БҚМУ ХАБАРШЫСЫ ВЕСТНИК ЗКГУ

12
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ им. М. УТЕМИСОВА БҚМУ ХАБАРШЫСЫ Жылына 4 рет шығады № 2 (74) - 2019 ВЕСТНИК ЗКГУ Выходит 4 раза в год

Upload: khangminh22

Post on 24-Jan-2023

2 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.

0

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКИЙ

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ

УНИВЕРСИТЕТ

им. М. УТЕМИСОВА

БҚМУ

ХАБАРШЫСЫ

Жылына 4 рет шығады

№ 2 (74) - 2019

ВЕСТНИК ЗКГУ Выходит 4 раза в год

Орал-Уральск

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.

ӘОЖ 373.1.013 Текесбаева А.М. – педагогика ғылымдарының кандидаты,

қауымдастырылған профессор, Қазақ мемлекеттік

қыздар педагогика университеті Текесбаева Г.М. – педагогика ғылымдарының

магистрі,

аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті

E-mail: [email protected]

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН

ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Аңдатпа. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын

қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин шығармаларының маңызы сөз болады.

Сондай-ақ, Ыбырай Алтынсарин шығармалары қысқа мазмұнды, балалар

түсінігіне жеңіл етіп жазыла отырып, бастауыш сынып оқушыларының

дүниетанымын кеңейтудегі маңызы ерекше. Тұңғыш педагогтың

шығармалары табиғатты суреттеуге, жастарды ізгілікке, адамгершілікке

тәрбиелеуге, ата-ананы құрметтей білуге тәрбиелеуге арналған. Мақалада

Ыбырай Алтынсарин шығармалары талданып, олардың бастауыш сынып

оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудағы орны туралы айтылады.

Тірек сөздер: дүниетаным, тәрбие, ұлттық болмыс, өнер-білім, адамгершілік, үлгі-өнеге.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру

жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,

ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,

дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар

жасау» [1] – деп айтылған. Білім беру мәселесі Қазақстан Республикасының

Конституциясында [2], «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында [3]

және де басқа да мемлекеттік құжаттарда көтерілген.

Білім беру жүйесінің приоритетті міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан жас

ұрпақ дүниетанымын қалыптастыру. Оның себебі егемендікке қол жеткізген

уақытта заман сұранысына сай ұлттық рухани ерекшеліктерді еске ала отырып

ұлттық салт-дәстүрдің озық үлгілерін, туған өлкенің дүниетанымдық

мүмкіндіктерін өсіп келе жатқан жас ұрпақ бойында қалыптастыру – бүгінгі

таңның кезек күттірмес мәселелерінің бірі болып отыр.

Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи -

құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік

болмысы. Қоршаған дүние жайлы көзқарастың қалыптасуы – танымға

байланысты.

Кез-келген тарихи кезеңдерде дүниенің жаралуы, табиғаттың түрлі

құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болады. Дүниеге

көзқарас – адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі.

Дүниетаным сөзінің мағынасына, оның лексикалық құрылымына көңіл

бөлсек, бұл ұғым ”дүние” және “таным” сөзінен шыққан. Дүние – бұл

қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем. Ал “таным” философиялық ұғым “…

айналадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнеленуі”. Дәлірек

айтқанда, дүниетаным адамның санасының өзінше ерекше түрі, -қоршаған

ортаға оның көзқарасы дүние және сол дүниеден оның алатын орны.

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.

Дүниетанымның басты категориясы ретінде “дүние” және “адам” алынады,

өйткені, дүние кең байтақ ұшы-қиыры жоқ, оны танитын, оның сырын ашатын

табиғаттың перзенті – адам.

Адам ойлауға, қорытынды жасауға қабілеті бар болғандықтан ол біртіндеп,

тек күнделікті тұрмыстағы сұрақтарға ғана емес, сонымен қоса терең,

ауқымды: қоршаған әлемнің пайда болуы және оның даму заңдылықтарының

көптеген жалпы мәселелері туралы, өмір, жан, ақиқат дегеніміз не,

жаратылыстың тізбегі неге осылай, намыс, парыз, жауапкершілік дегеніміз не,

жақсылық пен жамандықты қалай ажыратамыз, өмір неліктен осылай

құрылған, адам өмірінің мәні неде, ол қандай заңдылықтар бойынша дамиды,

адамның туу мен өлімінің, бақыты мен қайғы-қасіретінің себебі неде деген

сияқты сауалдарға ойлана бастайды. Себебі табиғат құбылыстары тылсым

жұмбақ болып көрініп, адам санасына елеулі әсерін тигізеді.

Дүниетаным ғылыми білімдердің жүйесіне негізделеді. Дүниетанымның

қалыптасуы күрделі үдеріс болғандықтан оны баланың кішкентай кезінен

бастап жүзеге асырудың маңызы зор.

Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын

қалыптастырудың маңызды алғы шарттарының бірі – нақты деректерге

негізделген білімді меңгеру. Ғылыми дүниетанымның негізделетін фундаменті

ғылыми білім екенін білеміз. Ғылыми білім жеке тұлғаны қалыптастырудың

және дүниені танып білудің тірегі болып табылады. Білім неғұрлым ғылыми,

терең, нақты деректерге негізделген болса, соғұрлым оқушының табиғат пен

қоғам дамуының объективтік заңдылықтары туралы түсінігі жинақталып,

объективтік дүние құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсінеді. Білім объективті

дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы адам

табиғаттың, қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттеп, түсінеді.

Бұл жайлы С.М.Торайғыров бізді қоршап тұрған дүние сыры мол, үлкен дүние,

бірақ оны тануға әбден болады деп, мұнда ғылымның алатын орнын ерекше

екендігін былайша түйеді:

Зерттесе де адамға білмейтін ғып,

Дүние ешбір сырын жасырмаған…

Әлемдегі терең сыр

Ғылыммен ғана ашылмақ. Қазіргі таңда мемлекетіміздің алдында біртұтас білім кеңістігін

қалыптастыру міндеті тұр. Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқушыларға

тек белгілі бір білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларда адамзаттық

позицияларды, құндылық бағдарды дамытатын дүниетанымды қалыптастыру.

Дүниетанымды қалыптастыру өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеудің,

қиындықты жеңе білуде дайын болуға тәрбиелеудің қажетті шарты болып

табылады. Бүгінгі нарықтық заманда дүниетаным мәселесі – білім берудің ең жоғарғы

мақсаттарының бірі болып отыр. Еркін елдің ертеңгі кемеңгерлерін ұлттық

игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтап,

олардың дүниетанымының жан-жақты болуына жағдай жасау қажеттігі туып

отыр. Жас ұрпақ санасына туған халқының дүниетанымына деген құрметпен

қарап, мақтаныш сезімін оятып, ұлттық рухты сіңіру, тарихы мен өнерін

қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту өмір талабы болып отыр.

Адамның дүниетанымының негізі, рухани әлемінің бастауы саналатын ана

тілін заман талабына сай қоғам сұранысымен үндестіре оқыту оқушының дара

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.

тұлғалық қабілеттерін жан-жақты дамытатын сөйлеу мәдениетін меңгертуге

келіп тіреледі. Өйткені өмірдің мәнін танытатын, оған гуманистік келбет пен

шынайы нәр беретін дүниелер – рухани құндылықтар. Осы құндылықтардың

ішіндегі ең негізгі құндылық – әр халықтың ана тілін жан- жақты меңгерту,

яғни ана тілінде өз ойын анық әрі еркін жеткізе білуге үйрету. Ендеше, бұл

құндылықты қалыптастырудың бірден бір жолы - ана тілінде, бала тіліне, оның

дүниетанымына, түсінігіне жеңіл етіп жазылған шығармалар.

Жастарды ұлттық салт-санаға, тәлім-тәрбие берудегі халықтық

педагогиканың бастамасын, қазақ балалар әдебиетінің белгілі жүйеге

келтірілуі Ыбырай Алтынсарин атымен тығыз байланысты екені ғылымда

белгілі. Қазақ халқының қоғамдық тарихында, мәдениеті мен әдебиетінде бай

қазына қалдырған даламыздың дара ұстазы Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл

өмірін балалардың дүниетанымын қалыптастырып, жетілдіру мен халық

ағарту ісіне арнаған.

Ыбырай Алтынсарин туындылары ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап

түрлі баспасөз беттерінде талқыланды. Қазан төңкерісіне дейін үш рет жеке

кітап болып жарияланды. Ағартушы-педагогтың еңбектері туралы зерттеу

жұмыстары жарық көргені белгілі. Ыбырайдың ағартушылық-педагогтік ой-пікірлері, негізінен туған

халқының болашағы мен қабілетіне деген сенімнен нәр алған. Ыбырай:

«Қазақ халқы - қарапайым, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық», «Қазақ

халқы - қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де

көп жақсылық табамыз», «Қазақ халқы деген оқу-білімге сусап отырған

халық» [4, 213 б.], - дейді.

Сондықтан Ыбырай өз халқын оқу-білімге баулып, оның дарынын ашуды

өзінің басты мақсаты етіп алады.

Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық және әдеби-педагогикалық

қызметін анықтауда оның 1879 жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы»

атты еңбегі ерекше орын алады. «Қазақ хрестоматиясы» - өз дәуіріндегі қазақ

халқының тарихи-мәдени ескерткіші. Ыбырай бұл кітапты орыс-қазақ

мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқулық етіп ұсынған.

Кітапты құрастыруда сол кезде өзі білген, пайдаланған оқулықтардың ең тәуір

үлгілерін басшылыққа ала отырып, оқу материалдарын бастауыш мектеп

балаларының жас ерекшелігіне лайықтап, олардың дүниеге дұрыс көзқарасын

қалыптастыратын, дамытатын, тәрбиелік мәні бар шығармалардан іріктеген.

Ұлы педагог әдебиетті бала санасына әсер ететін, оның дүниетанымын

қалыптастыратын құрал деп санады. Сондықтан да оның бүкіл әдеби мұрасы

ағартушылық идеясына бағынғанын айқын көреміз. Оның «Қазақ

хрестоматиясына» енген әңгіме-новеллалары, өлеңдері баланың ұғымына

лайықты, тілі жеңіл, мазмұны тартымды, кіші мектеп жасындағы балалардың

ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге бағытталған. Онда балаларды өнер-

білімге, оқуға, еңбекті сүюге, елін, жерін сүйетін отаншылдық сезімге, жігерлі,

кішіпейіл, талапты болуға үндейді.

Ыбырай Алтынсарин шығармалары аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-

мәтел, қанатты сөздерді орынды қолдануымен ерекшеленеді.

Бүкіл ғұмырын ағарту ісіне арнаған тұңғыш педагогтың «Қазақ

хрестоматиясына» енген өлеңдерінде халық ағарту идеясын көтереді. Оның

«Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері оқу, білім алудағы мақсат неде екенін, білімнің дүниетанымдық маңызын көрсетеді.

«Кел, балалар, оқылық» өлеңінде балаларды оқуға, білім алуға шақырады,

өлеңнің әр шумағында оқудың пайдасын әр жақты түсіндіре келе:

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.

Сиса көйлек үстіңде

Тоқуменен табылған

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған

Өнер-білім бәрі де

Оқуменен табылған [5, 6 б.], - деп балаларды оқуға, білімге шақыра отырып,

ғылым-білімнің бала дүниетанымының қалыптасуына қажет екенін

аңғартады.

Ұлағатты ұстаз «Өнер-білім бар жұртар» өлеңінде оқу-мәдениет жағынан

артта қалған өз еліне «тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден

көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын» озық мәдениетті елдерді

үлгі-өнеге етеді. Табиғат – адам баласының өмір сүретін ортасы. Оны әлемнің классик

ақындарының бәрі де жырлаған, Ыбырай да өзінше жырлаған.

Бастауыш сынып оқушыларын табиғат сұлулығына тамсандыра отырып,

мәдениеті мен дүниетанымын дамытатын туған өлкеге, өскен елге деген

сүйіспеншілігін арттыруда Ыбырайдың «Өзен», «Жаз» өлеңдерінің орны

ерекше.

Ақын «Жаз» өлеңінде жерді көк майса шалғын басып, дүние гүл жайнап,

оның хош иісі адамды рахатқа бөлеп жатқан ең бір әсем кезеңі – көктемнің

тамаша көрінісін жасайды.

Сәуірде алуан-алуан жауар нөсер,

Нөсердің қуатымен жер шөбі өсер.

Көкорай дүние жүзі шалғын болып,

Мал, айуан, адамзат бауырын төсер.

Жән-жәндік рахат тауып тұру үшін

Ұшпақтан қош иісті желдер есер, -

деп табиғат кестесін мал баққан шаруаның тұрмысымен ұштастыра,

көшпелі елдің өміріне сай суреттейді. Өлеңде табиғат, адамзат пен жан-

жануарлар, аң мен құстардың тіршілігіндегі үйлесім сөз болып, табиғаттың

адамдар мен жан-жануарларға тигізер әсері бейнелі сөз айшықтарымен

суреттейді. Оны ақынның «қыстаудан ел шығады алуан-алуан», «күлісіп,

құшақтасып әзіл етер», «жүгіріп киік, құлан тау мен қырға, қуанып ықыласпен

келген жылға» деген бейнелі сөздерінен байқауымызға болады. Ақынның

«Жаз» өлеңін оқыта отырып, жас ұрпақтың көңілін табиғаттың әсем келбетіне

аудару арқылы өз елін, туған жерін сүюге, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеп,

дүниеге деген көзқарастарын кеңейтіп, дүниетанымын арттыруға болады.

Ақын «Өзен» өлеңінде:

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстықсоқса бәр қалыпта.

Аралап тау мен тасты арқыраған, - деп, табиғат суретін тамаша бейнелей

келе:

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады,

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады, - деп, табиғат пен адам өмірінің

байланысын, бүкіл тіршілік иесі мен табиғаттың біртұтастығын суреттейді.

Суға толы өзеннің ағысы өмір сырын бейнелеп, өзеннің тынымсыз ағып, адам, жан-жануар біткенге өмір нәрін ұсынатынын арқау етеді.

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.

«Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Әке мен бала»,

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Сәтемір хан» тағы басқа әңгіме-

новеллаларында табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам өміріне, ісіне, ой-сезіміне тигізер әсері мен бала дүниетанымын қалыптастыратынын

әңгімелейді. Бұл әңгіме-новеллалары төменгі сынып оқушыларын табиғат пен қоршаған дүниеге терең оймен көз жіберуге, табиғаттың әсемдігі мен тылсым

құпиясын танып, білуге үйретеді. Мысалы, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде баланы, ұшқан құс, түрлі жәндіктердің тіршілігімен таныстырады, олардың әрекеттерін мысал етіп, баланы еңбекті сүюге тәрбиелейді. Әңгімеде

атасы он жасар немересімен далада келе жатып, жерде құмырсқа, ағашта өрмекші, көкте қарлығаш тіршілік үшін еңбек етіп жатқанын көрсетіп,

«Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де Құдай тағала еңбек етуге жаратқан», -деп өсиет айтады. Сөйтіп, еңбек – адамның екінші анасы, ол

адамды өмір сүруге үйретеді деп ой қорытады.

Ағартушы-педагог «Мейірімді бала» әңгімесінде ежелгі Қытай елінде

ұрлық жасаған адамның қолын шабатын заңы сөз болады. Осында іспен

қылмысты болып ұсталған әкесінің орнына жас қызының өз қолын кесуге

келісім бергенін баяндай отырып, баланың әкеге деген мейірімін дәріптей

отырып, баланы өмірге әкеп асырап-бағатын қамқоршысы екенін, бала да ата-

анасына мәңгі қарыздар екенін, ата-аналардың балаға деген махаббаты қандай

күшті болса, баланың да ата-анаға деген сүйіспеншілігі сондай болуы керек

деген идеяны құптайды. Қаламгердің «Бұл кім?» өлеңінде де осы идея

басшылыққа алынған.

Айналасына ас қойып,

Изені көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Исін жұпар аңқытқан [5, 9 б.], - деп, жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа,

ата-ананы сыйлауға шақыра отырып, сүйіспеншілік пен мейірімділікті сөз

етеді.

«Талаптың пайдасы» атты әңгімесінде шіркеуде орыс патшасы Петрдің

суретін салуға талпынған баланы патшаның көріп қалып, талабына риза

болып, баланы шетелге суретшілер дайындайтын мектепке жіберуі, кейін әлгі

баланың атақты суретші болғандығы баяндалады. Ұлы педагог өз әңгімесі

арқылы жас ұрпаққа «Талапты ерге нұр жауар» деген халық нақылын дәріптеп,

жастарды үнемі білім мен өнерге талпынуға үгіттейді. Жазушының осы

әңгімесі арқылы бастауыш сынып оқушыларын жақсылыққа талпыну

қажеттілігін ескертеді, өнер үйреніп, білім алуға шақырып, олардың

дүниетанымын арттырады.

Жазушы «Байұлы» атты әңгімесінде «Батамен ел көгерер», «Баталы ұл

арымас» деген халық ұғымының өміршеңдігін, қазақ ұғымында батаның

киелілігін аңғартады. Әңгімеде Байұлының әкесі мінгізген тайын кедейдің

баласына беруін көріп, оның қайырымдылығы мен жомарттығына сүйсінген

қарт кісінің: «Ей, Құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер!» деп

бата беруін, сол ақсақалдың батасы қабыл болып, ақырында Байұлының он екі

балалы болып, олардың бәрі де асқан бай адам болғанын, олардан елге қадірлі

«Он екі ата Байұлы» деген ру тарағанын баяндайды. Жазушы осы әңгімесі

арқылы қазақ халқының ұлттық дүниетанымын білдіре отырып, жастарды

қайырымдылыққа үндейді.

Ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай этнограф - ғалым да болған. Оның

"Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамдарды жерлеу және оған ас

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.

беру дәстүрінің очеркі", "Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз

ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі" атты еңбектері көпке таныс.

Ыбырайдың халқымыздың салт-дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты –

дәстүрдің озығы мен тозығына ғылыми талдау жасау арқылы өз көзқарасын

білдіріп, мәнін ашу, озық дәстүрді дәріптеп, тәрбие құралына айналдыру.

Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан

өміршең өнер. Ы.Алтынсарин халқымыздың қолөнерін жоғары бағалап,

бірнеше қолөнер мектебін ашқан.

Ұлы педагог өз шығармаларының басым көпшілігінде тіршілік тұтқасы

еңбекте деген ой қорытып, өнер де, білім де, байлық та еңбексіз қолға

түспейтінін айта отырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге база назар

аударады. Оның «Атымтай жомарт», «Білгеннің пайдасы», «Зеректік»

әңгімелері – осы мақсатты көздей отырып жазылған туындылар.

Бүгінгідей қайта түлеу, рухани қайта жаңғыру заманымызда аталған

еңбектердің балалардың ұлттық сана сезімін оятып, ұлттық дүниетанымын

қалыптастыруда маңызы зор. Ыбырай Алтынсарин шығармалары аз сөзге көп

мағына сыйғызу, мақал-мәтел, қанатты сөздерді орынды қолдануымен

ерекшелене отырып, бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын

кеңейтуде маңызды рөл атқарады.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы // Егемен Қазақстан. –

1999. – 11 маусым.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы // Егемен Қазақстан. –

1995.

3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030». Ел президентінің Қазақстан

халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 1998. – 11 қазан.

4. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: ҚазССР ҒА

баспасы, 1955. – 268 б. 5. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ: Өлеңдер, әңгімелер, хаттар, очерктер. –

Алматы: Жазушы, 1988. – 320 б.

Текесбаева А.М., Текесбаева Г.М.

ЗНАЧЕНИЕ ПРОИЗВЕДЕНИЙ Ы.АЛТЫНСАРИНА В

ФОРМИРОВАНИИ МИРОВОЗЗРЕНИЯ УЧАЩИХСЯ НАЧАЛЬНЫХ

КЛАССОВ

В статье говорится о значении произведений Ы.Алтынсарина в

формировании мировоззрения учащихся начальных классов. Произведения

педагога очень интересны, привлекательны, доступны детскому восприятию.

Творчество Ы.Алтынсарина способствует нравственному развитию личности,

формированию их мировоззрения, воспитанию любви к родине. Авторы

попытались сделать анализ творчеству выдающегося педагога. Ключевые слова: мировоззрение, воспитание, образование,

нравственность, искусство, пример.

***

Тekesbayeva A.M., Тekesbayeva G.M.

THE VALUE OF THE WORKS OF Y.ALTYNSARIN IN SHAPING THE

OUTLOOK OF PRIMARY SCHOOL STUDENTS The article talks about the significance of the works of Y. Altynsarin in shaping

the outlook of primary school students. Works of the teacher are very interesting,

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.

8

attractive, accessible to children's perception. Creativity Y.

Altynsarin contributes to the moral development of the

individual, the formation of their worldview, education of love of

country. The authors tried to make an analysis of the work of an

outstanding teacher.

Keywords: worldview, education, education, morality, art, example.

503

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.

МАЗМҰНЫ-СОДЕРЖАНИЕ-CONTENTS

ПЕДАГОГИКА/PEDAGOGICS

Сарсенбаева Б.И., Аманбаев А.С.

О ПРОБЛЕМАХ ФОРМИРОВАНИЯ ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ СОВРЕМЕННОГО СПЕЦИАЛИСТА .............................................................. 3

Албытова Н.П., Сламбекова Т.С. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

ПРОБЛЕМАЛАРЫ ............................................................................................. 10

Нургалиева С.А., Майлыбаева Г.С., Асылова Р.О., Утегулов Д.Е.

ЭФФЕКТИВНОСТЬ СИСТЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ КАЗАХСТАНА: ОЦЕНКА

PISA ..................................................................................................................... 19 Сәдуақас Г.Т., Хамидуллина А.М.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ....................................................... 32 Сейсенбеков Е.К., Тастанов Ә.Ж., Әшімханов Ғ.Р., Телахынов Е.Б.

МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫ – ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ РЕТІНДЕ .................................................................................................... 44

Шаштыгарин М.М., Сутеева М.А.

ИЗУЧЕНИЕ КУРСА «ТЕХНИЧЕСКОЕ ТВОРЧЕСТВО ШКОЛЬНИКОВ» В

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ПОДГОТОВКЕ УЧИТЕЛЯ ТЕХНОЛОГИИ ......... 54

Нұрғалиев К.А., Жанабаева К.Р.

ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ МАҢЫЗДАНУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

АСПЕКТІЛЕРІ..................................................................................................... 61 Ниязбекова А.Б., Назарова Д.С.

ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА БЕЛСЕНДІ ФОРМАЛАРЫ МЕН

ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ ..................................................................................... 70

Текесбаева А.М., Текесбаева Г.М.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН

ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ

МАҢЫЗЫ ............................................................................................................ 76 Кощанова Г. Р., Медешова А.Б., Мамаева В. А.

ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ МАТЕМАТИКА

КУРСЫНЫҢ ПӘН РЕТІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІГІ ............ 83 Давлетова А.Х., Касымова А.Х., Айтжан Е., Адырбекова А.Д.

ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА

ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ............................................................................... 91 Байтлесова Л.И., Кенесарина К.Х.

БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ .............................. 101

Үсен А.Ә.

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ..................... 109

Иргалиев А.С., Жалмаханова Л.А.

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ

ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

СИПАТТАМАСЫ.......................................................................................................119

504

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.

Исабаева С.Н., Абдыкеримова Э.А., Абишева Н.М., Пазилова Б.А.,

Талпакова Б.Ә.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН

ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ РӨЛІ............................... 127

Сырым Ж.С., Ахметов М.Г., Муратова К.М.

МЕХАНИКА КУРСЫ БОЙЫНША ТІРЕК КОНСПЕКТІЛЕРІН

ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..................................... 134

Бимагамбетова Г.А., Құрмекеш.Ә.Д., Ережепова Т.А.

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ

ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ..................................... 141

Кисметова Г.Н., Мустафина Г.Е.

СПЕЦИФИКА КУЛЬТУРЫ ДЕЛОВОГО ОБЩЕНИЯ БУДУЩИХ

УЧИТЕЛЕЙ ХИМИИ ....................................................................................... 148

Жилова Ю.П.

ПРОЕКТНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ КАК СРЕДСТВО

ЭФФЕКТИВНОГО РАЗВИТИЯ ТВОРЧЕСКОГО ПОТЕНЦИАЛА ДЕТЕЙ С

ЗАДЕРЖКОЙ ПСИХИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ .............................................. 161

Өмірзақова Л.Қ.

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР МҰРАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ............. 171

Исалиева А.А.

ФОРМАТИВНОЕ ОЦЕНИВАНИЕ В ОБУЧЕНИИ СТУДЕНТОВ ТЕХНИЧЕСКИХ СПЕЦИАЛЬНОСТЕЙ ...................................................... 179

Жардемова А.Б.

МУЗЫКА САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ............................................................................................. 187

Искалиева А.Т.

ИНТЕРАКТИВНЫЕ МЕТОДЫ ОБУЧЕНИЯ ЯЗЫКОВЫМ ДИСЦИПЛИНАМ .............................................................................................. 195

Тапишев М.С., Жумагалиев И.К.

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ – ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА

СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН

ЕРЕКШЕ ОҚЫТУ ТҮРІ .................................................................................. 204

Джуманова Л.С., Тугамбекова М.А.

ПОЛИЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ СТУДЕНТОВ КАК ФАКТОР

ЭФФЕКТИВНОСТИ МЕЖКУЛЬТУРНОГО ОБЩЕНИЯ ............................. 211

Макулова Р.К.

НЕКОТОРЫЕ ПРИЕМЫ ОБУЧЕНИЯ ДИАЛОГИЧЕСКОЙ РЕЧИ НА

ЗАНЯТИЯХ ПО РУССКОМУ ЯЗЫКУ В ВЫСШЕЙ ШКОЛЕ ..................... 218

Курманова Б. Х.

ПРИМЕНЕНИЕ ИНТЕНСИВНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ ОБУЧЕНИЯ РУССКОМУ

ЯЗЫКУ ДЛЯ СТУДЕНТОВ ТЕХНИЧЕСКИХ СПЕЦИАЛЬНОСТЕЙ ......... 226 ФИЛОЛОГИЯ/ФИЛОЛОГИЯ/PHILOLOGY

Алдаш А.

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БІРІККЕН СӨЗДЕР: ЖАҢА ЕМЛЕ ЖАҒДАЙЫНДА..234

Қыдыршаев А.С., Таңатарова А.Х.

ҚАЗАҚ АФОРИСТИКАСЫ: ТАБИҒАТЫ, ЛОГИКАЛЫҚ-ҒЫЛЫМИ ТАРАЛЫМЫ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ ....................................... 241

505

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.

Есимкулов Б.Н.

ПРОБЛЕМАТИКА ИССЛЕДОВАНИЙ В ОБЛАСТИ ФУНКЦИОНАЛЬНОЙ

ЛЕКСИКОЛОГИИ ........................................................................................... 248

Хасанов Ғ.Қ., Нұрғалиева Г.Ж.

М.ЕСЛАМҒАЛИЕВ ПРОЗАСЫНЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ................ 257

Садуақас Н.А.

ЛАТЫН НЕГІЗДІ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ МЕН ЖАЗУЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ .. 265

Мүтиев З.Ж., Амангельдиева Г.Қ.

ӘДЕБИ ӨЛКЕТАНУ: ҒАЙСА-ҒАЛИ СЕЙТАҚ ПОЭЗИЯСЫ, КЕЙІПКЕРЛЕР

ӘЛЕМІ, ТАРИХИ ДЕРЕК, КӨРКЕМДІК ШЕШІМ ....................................... 276

Даутова Г.Р., Султан Е.

ЭПОСТЫҚ ЖАНРЛАРДАҒЫ МИФТІК КЕЙІПКЕРЛЕР ҚЫЗМЕТІ:

МЫСТАН КЕМПІР МЕН ЖАЛМАУЫЗ. ......................................................... 285

Рысбаева Г.Қ., Исаева Ж.Т., Тұңғышбаева Ғ.Ж.

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МИФТІК ТАНЫМЫНДАҒЫ

ЖЫЛАН ЖӘНЕ ҮКІ ТОТЕМІ ......................................................................... 292

Sultagalieva R.B., Sagidullieva S.S. MICRO-SUBJECT PROSE WORKS OF THE INDEPENDENCE PERIOD AND

UNIVERSAL HUMAN VALUES IN THE STORIES OF AYAGUL

MANTAI ......................................................................................................... 301

Кішкенбаева Ж. Қ. КӨРКЕМ МӘТІНДІ ДИСКУРСТЫҚ ТАЛДАУ:АВТОР, МӘТІН ЖӘНЕ

ДИСКУРС .......................................................................................................... 309

Амангазиева М.К.

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ТІЛІНДЕГІ АСПАН ДЕНЕЛЕРІ АТАУЛАРЫНЫҢ КОГНИТИВТІК СИПАТЫ ............................................................................... 316

Садықова А.Т., Қобданова Р.С. С.ЖИЕНБАЕВТЫҢ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЛИРИКА ............................................................................................................ 325

Рахманова Н.М.

ТАРИХИ ТҰЛҒА ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ ........................................... 335

Есимкулов Б.Н., ЩербовскихИ.Г.

АНАЛИЗ СИНТАГМАТИЧЕСКИХ ОТНОШЕНИЙ ГЛАГОЛЬНЫХ

ПОЛИСЕМАНТОВ В АСПЕКТЕ ЛЕКСИКО-СИНТАКСИЧЕСКОЙ

КООРДИНАЦИИ ...............................................................................................342

Курмамбаева Ж.Б.

ҚЫРЫҚ СӨЗІНІҢ ЛИНГВОАКСИОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ .............................. 352

Джумабекова А.А. Х.ЕСЕНЖАНОВТЫҢ «АҚ ЖАЙЫҚ» ТРИЛОГИЯСЫ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕРІ ........................................................................... 362 ТАРИХ/ИСТОРИЯ/HISTORY

Рысбеков Т.З., Муканалиева А.

ОБЗОР СОВРЕМЕННОЙ ИСТОРИОГРАФИИ ПРОБЛЕМЫ

РАСПРОСТРАНЕНИЯ МИРОВЫХ РЕЛИГИЙ НА ТЕРРИТОРИИ

ЗАПАДНОГО КАЗАХСТАНА ........................................................................ 374

Мұқтар Ә.Қ., Жусупов Р.Б. КІШІ ЖҮЗ ХАНЫ ШЕРҒАЗЫ АЙШУАҚҰЛЫНЫҢ РЕСЕЙМЕН ҚАРЫМ-

ҚАТЫНАСЫ ..................................................................................................... 385

506

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.

Нығметов Б.С.

БАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТҰҢҒЫШ ХАЛЫҚ КОМИССАРЫ ................... 393

Рысбеков Т.З., Бахитжанова Ж.Б.

ЖАҢА ТАТАР СЛОБОДКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ........................................ 400

Қасымова С.С.

СӘКЕН СЕЙФУЛИННІҢ АШТЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ӘРЕКЕТІ ....................... 409

Мухангалиева Ж.К.

ӘУЛИЕЛІК КУЛЬТІНІҢ ҚАЗАҚ ТҰРМЫСЫНДАҒЫ РӨЛІ ....................... 417

Тоқсанбаев А.Қ.

КӨШПЕЛІЛЕР ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ

МӘСЕЛЕЛЕРІ ................................................................................................... 427

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ /БИОЛОГИЯ И ЭКОЛОГИЯ /

BIOLOGY AND ECOLOGY

Кузовенко А.Е., Васильев С.А., Маленький А.А.

ПТИЦЫ БИТИКСКОГО ВОДОХРАНИЛИЩА И ОКРЕСТНОСТЕЙ ......... 435

Утебаев А.А., Курганбеков Ж.Н., Саттар К.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ

КӨКӨНІС ЖӘНЕ ЖЕМІСТЕРГЕ ШОҒЫРЛАНУЫН ЗЕРТТЕУ .................. 450

Сарсенова Б.Б., Махмудова А.К., Шарифолла М. Ш., Мұрадым Ж.М.,

Салемгареев А.

ИССЛЕДОВАНИЕ ФИТОЦЕНОЗОВ ПУСТЫННЫХ СТЕПЕЙ СЕВЕРНОГО

ПРИКАСПИЯ (НА ПРИМЕРЕ БАССЕЙНА РЕКИ АЩИОЗЕК) ................. 456

ГЕОГРАФИЯ/GEOGRAPHY

Ахмеденов К.М., Идрисова Г.З.

РОДНИКИ ЗАПАДНОГО КАЗАХСТАНА КАК ПЕРСПЕКТИВНЫЕ

ОБЪЕКТЫ РЕЛИГИОЗНОГО ТУРИЗМА ...................................................... 462

Кривцов И.В., Шарапов Д.Ю., Казиева З.М.

СОЛЕНЫЕ ОЗЕРА СЕВЕРНОГО ПРИКАСПИЯ И ИХ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ

ДЛЯ РАЗВИТИЯ РАЗЛИЧНЫХ ВИДОВ ТУРИЗМА НА СОПРЕДЕЛЬНЫХ

ТЕРРИТОРИЯХ РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ И РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН ................................................................................................. 476

Имашев Э.Ж. ПРОСТРАНСТВЕННЫЙ АНАЛИЗ ИННОВАЦИОННОЙ АКТИВНОСТИ

ПРОМЫШЛЕННОСТИ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ ................................ 483

Ахмеденов К.М., Шпигельман М.И.

АРЕАЛ РАСПРОСТРАНЕНИЯ УШАСТОГО ЕЖА HEMIECHINUS AURITUS

В ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ .............................................. 492