ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ...

388

Upload: others

Post on 27-Feb-2020

82 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

  • 1

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ ФИЛИАЛЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

    ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

    МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    ФИЛИАЛ АО «НЦПК «ӨРЛЕУ» ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ

    ПЕДАГОГИЧЕСКИХ РАБОТНИКОВ ПО АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

    «ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ

    ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ: ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ» облыстық ғылыми-практикалық конференция

    МАТЕРИАЛДАРЫ

    МАТЕРИАЛЫ

    областной научно-практической конференции

    «СОЦИАЛИЗАЦИЯ ЛИЧНОСТИ ДЕТЕЙ

    С ОСОБЫМИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ:

    ОТ ТЕОРИИ К ПРАКТИКЕ»

    Ақтөбе

    2019

  • 2

    УДК 376

    ББК 74.3

    Е 66

    Редакциялық алқа // Редакционная коллегия

    Абишева Н.М., Қаплиева А.Қ., Уразымбетова А.Б., Сансызбаева Қ.З.,

    Сеткереева Ғ.А., Ермекова Н.Н.

    Е66 Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың жеке тұлғасын

    әлеуметтендіру: теориядан тәжірибеге: облыстық ғылыми-практикалық

    конференция материалдары = Социализация личности детей с особыми

    образовательными потребностиями: от теории к практике: Материалы областной

    научно-практической конференции .– Ақтөбе, 2019.- 387 бет.

    ISBN 978-601-7954-26-0

    Жинақта ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды психологиялық-

    педагогикалық қолдаудың әлеуметтік маңызы, білім беруді қажет ететін

    балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіруді тәжірибеде қолдану әдістерінің

    тиімді жолдарын қарастырған.

    Жинақ білім беру мекемелерінің педагогтарына, психологтарына,

    дефектологтарына, әлеуметтік педагогтар қауымына арналады.

    В сборнике представлены материалы, посвященные актуальным

    проблемам развития инклюзивного образования, внедрению современных

    технологий сопровождения и развития детей с особыми образовательными

    потребностями, созданию безбаръерной развивающей среды.

    Адресуются педагогам, психологам, дефектологам, социальным педагогам

    системы образования.

    УДК 376

    ББК 74.3

    ISBN 978-601-7954-26-0 ©АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ, 2019

  • 3

    АЛҒЫ СӨЗ

    Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басым міндеттерінің бірі

    әрбір балаға сапалы білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып

    табылады. Бұл жағдайда балалардың құқықтары Қазақстан Республикасының

    Конституциясымен, "Білім туралы", "Бала құқықтары туралы" және т. б.

    Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген. Балалар үшін арнайы

    жағдайлар жасауда оқу үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу

    маңызды рөл атқарады.

    Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу балаларды қиын уақытта

    қолдаудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Облыстық ғылыми-практикалық

    конференция инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелеріне, ерекше

    білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мен дамытудың қазіргі заманғы

    технологияларын енгізуге, сондай-ақ білім беру жүйесінде кедергісіз ортасын

    құруға арналған.

    Ұйымдастыру комитеті

    ПРЕДИСЛОВИЕ

    Одной из приоритетных задач государства в области развития образования

    является обеспечение каждого ребенка равного доступа к качественному

    образованию. Права детей в данном случае закреплены Конституцией

    Республики Казахстан, Законами Республики Казахстан «Об образовании», «О

    правах ребенка» и др. В деле обеспечения каждого качественного образования

    необходимо учитывать тот факт, что в школьной популяции имеются учащиеся,

    испытывающие те или иные трудности в обучении, причинами которых могут

    быть социокультурные факторы и особенности психофизического развития.

    Важная роль в создании специальных условий для детей - психолого-

    педагогическое сопровождение учебного процесса.

    Психолого-педагогическое сопровождение рассматривается как особый

    вид поддержки детей в трудную минуту. Областная научно-практическая

    конференция посвящена актуальным проблемам развития инклюзивного

    образования, внедрению современных технологий сопровождения и развития

    детей с особыми образовательными потребностями, а также созданию

    безбаръерной развивающей среды в системе образования.

    Организационный комитет

  • 4

    ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ

    АСПЕКТ

    Қаплиева А.Қ.,

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

    біліктілігін арттыру институты кафедра меңғерушісі, п.ғ.к.доцент.

    Қазіргі қоғамның заманауи дамуы кезеңінде бір жағынан алып қарағанда кіріктіруге

    бағытталған (техникалық және технологиялық жүйелердің, ақпараттық-коммуникативтік

    құралдардың дамуы), екінші жағынан қарағанда адамзаттың дербестікке ұмтылып қоғамнан

    оқшаулана бастауы анық байқалатын, жалпы әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылықтарға толы

    динамизмі нақты көрініс беріп отыр. Көптеген күнделікті мәселелер, нақты өмірдің тауқыметі,

    қоғамның өзгеру деңгейлерінің жылдам алмасуы адамдардан жоғары белсенділікпен қатар

    алға ұмтылуды, ізденімпаздықты және де үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан

    болар, заманауи әлеуметтік жағдай өмір мен тұрмыстың бітпейтін мәселелерін, әрбір жаңа

    буынның, әрбір жеке адамның алдында тұрған және жалпы адамзатта қалыптасқан мәдени-

    тұрмыстық түсініктер мен шешімдерге тәуелсіз түрде, жаңаша тұрғыда қайтадан ой елегінен

    өткізуді алдыңғы орындардың біріне шығарып отыр. Қазіргі қоғамда заманауи әлеуметтік-

    экономикалық ахуалда өсіп келе жатырған жас ұрпақтың нақты да сенімді әлеуметтік

    бағыттарды жоғалтып ала бастағаны байқалады. Әлеуметтендірудің қалыптасқан дәстүрлі

    формаларының қазіргі заманға лайықталмаған жарамсыздығы, олардың бір жолды таңдауын,

    яғни жастардың өз болашағы үшін өздерінің жауапкершілігі жоғары болуын талап етеді. Бұл

    жағдайда жастар мен жасөспірімдердің заманауи қоғамдық қатынастарға бейімделмегендігі

    мен дайын еместігі көптеген маңызды мәселелердің туындауына себеп болады. Бұл

    мәселелерге тән ортақ белгі бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту қазіргі заманның

    талаптары мен тілектері ескеріле отырып жүргізілуі керек.

    Қазіргі күрделі әлеуметтік даму жағдайында, құндылықтар мен әлеуметтік нормалардың

    өзгере бастаған заманында, отбасында берілетін тәрбиенің ықпалы азайған заманда балаларды

    психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдаудың маңызы өсетіні белгілі. Педагог пен

    баланың қарым-қатынасындағы ұстанымдар мен парадигмалар да өзгереді: «оқушы мен

    оқытушы» орнына, «адам мен адам» парадигмасы қалыптаса бастады.

    Педагогика мен психологияда «өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар», элеуметтік аз

    қорғалған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан, ата-аналарының қамқорлығынан

    айрылған, мүгедектігі бар және дамуында бұзылыстары бар, оқыс жағдайларға тап болған,

    зорлық-зомбылық көрген балалар деген сияқты терминдер мен түсініктер жиі қолданыла

    бастады. Сондай,ақ «қолдау», «қорғау», «инклюзив», «ерекше балалар» терминдерді

    қолданысқа енді. Олай болса, бүгінгі тақырыбымызға тоқталамыз: Ерекше білім беруге

    қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың әлеуметтік маңызы:

    теориялық аспект.

    Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар - бұл әрбір жас кезеңіне тән өзіндік

    морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму

    үстіндегі организмдегі әрбір бала, өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына

    дақарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі деңгейдегі

    көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуынан туындаған әлеуметтік топ. (И.Г.Кузина, Н.Б.

    Крылова, М.Р. Битянова )

    Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады:

    - мүмкіндіктері шектеулі балалар; - мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан

    шыққан балалар;

  • 5

    - қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-

    психологиялық мәртебесі жоғары және төмен отбасынан шыққан балалар)

    - қоғам дамуында өзіндік жас ерекшелігінен физиологиялық дамуы жоғары, өте жоғары топ балалары да болуы мүмкін (дарынды, данышпан, ақылды, креативті т.с.с)

    Сондықтан, ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып Балаларды психологиялық-

    педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау,

    оның белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның

    адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өзбетінше

    қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір сүру салтын

    қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмектесу болып табылады.

    Психологиялық-педагогикалық қолдаудың маңызы - мамандардың біртұтас, жүйелі

    ұйымдасқан қызметін білдіретін білім беру-тәрбие процесінде балаға көмектің (немесе

    қолдаудың) ерекше түрі ретінде қарастырылады. Оның барысында баланың мүмкіндіктері мен

    қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және

    педагогикалық шарттар жасалады. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың нысаны

    (обьектісі) ретінде білім беру (оқу-тәрбиелік) үдерісі қарастырылады.

    Психологиялық-педагогикалық қолдаудың мақсаты - баланың әлеммен,

    айналасындағылармен (ересектер, құрбылар), өз-өзімен қарым-қатынасының жүйесі ретінде

    оның даму жағдайы.

    Балалар мен жасөспірімдерге білікті психологиялық көмек көрсету проблемасының

    аясында пайда болған «Қолдау» түсінігінің мазмұнын талдап көрейік. Орыс тілінің түсіндірме

    сөздігіне сәйкес бұл термин қандай да бір құбылыспен бірге жүретін әрекетті білдіреді.

    Зерттеуші Ю. Слюсарев «қолдау» түсінігін адамның өзіндік ресурстарын белсендіретін және

    өзін өзі дамыту механизмдерін іске қосатын тұлғаның өзіндік санасының дамуы мен өзін өзі

    дамытуына бағытталған психологиялық көмек көрсету ретінде қолдануы десе, М.Р. Битянова

    қолдауды «баланың эмоционалдық қолайлылығы, оның табысты дамуы мен оқуына

    бағытталған психологтың білім беру ортасындағы кәсіби әрекеттерінің жүйесі» ретіндегі

    көрсеткіші деп анықтайды. Ал, «әлеуметтік-педагогикалық қолдау» терминінің талдауына И.

    А. Липский «тұлға дамуын педагогикалық қолдау кешенді сипатта болады: әлеуметтік

    саладағы адамдардың өзара әрекеттестігінің механизмдерін көрсетеді, бір мезетте уақыттық,

    кеңістіктік және институционалды формаларда болады, жүйелі-құрылымдық, процессуалдық

    және әрекеттік сипаттамалар арқылы көрініс табады» деп есептейді.

    «Қолдау», «әлеуметтік қолдау» және «педагогикалық қолдау»терминдерінің негізгі

    анықтамаларын зерттей келе біз «әлеуметтік-педагогикалық қолдау» түсінігінің мазмұнына

    талдау жасай аламыз.

    Е.И. Казакова психологиялық-педагогикалық қолдау «балаға, оның отбасына және

    педагогтарға көмек көрсету, оның негізінде өзекті проблеманың шешу жолын таңдауда

    дамыту субъктінің барынша бостандығы мен жауапкершілігін сақтау; педагогтар,

    психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен қамтамасыз

    етілетін мультипәндік әдіс; проблеманың диагностикасы мен оны шешудің субъектілік

    әлеуеті, мүмкін болатын шешу жолдарын ақпараттық іздеу, әрекеттер жоспарын құру мен оны

    іске асырудағы алғашқы көмек арасындағы үйлесімді бірлік; даму субъектінің өзі әрекеттері

    үшін жауапты болатын бағдарлық аумақты құруда көмек көрсету» деп түсінуіміз керек.

    Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытудағы жалпы білім берумен өзара

    байланыстағы мақсаты – әлеуметтендіру және өзін-өзі іске асыруы, тез өзгеретін әлемде өмір

    сүруге үйрету, өмір бойы оқу болып табылады.

    ЕБҚББ қанағатандырудағы әлемдік САПА

    - Оқу бағдарламасының өзгеруі - Оқу жоспарының өзгеруі - Оқыту нәтижесіне жетудегі даралық және бағалау - Оқытуда арнайы мамандандырылған тиімді әдісті қолдану

  • 6

    - Оқулықты, оқу –әдістемелік құралды, дидактикалық тәсілді таңдау - Оқытатын ортаға бейімделу және оқу ортасына кірігу - Техникалық құралдардың жан-жақтылығы - Арнайы педагогикалық қолдау - Оқытушыға жан-жақты жағдай жасау - Психологиялық көмек, кеңес - Әлеуметтік-педагогикалық қолдау ҚР БжҒМ осы сапаны басшылыққа ала отырып типтік оқубағдарламасын бектіуі осының

    дәлелі

    Жалпы білім беретін мекемелерде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаға мұндай

    сыныптарда жұмыс жасайтын педагогтар оқытудың педагогикалық шарттары кешенін іске

    асыруы қажет:

    - қажетті нормативтік құқықтық базаны таңдау; - баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның

    тиімділігін анықтау;

    - оқушының жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу;

    - жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау; - баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың

    алдын алуға бағытталған диагностика жүргізу.

    Олай болса, мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың жетекшілері мен мұғалімдері

    үшін кіріктіре оқытудың түрлі үлгілерін білу, түсіну және саралау, сонымен қатар оларды

    тәжірибе барысында жүзеге асыра білу өте маңызды болып табылады.

    Нәтижесінде жалпы және арнайы білім беру арасындағы тосқауылдарды жеңе отырып,

    олардың арасындағы шекараны ашып, сапалы жаңа қарым-қатынас жасау үшін кедергісіз орта

    құру.

    Кедергісіз орта - білім алу талаптарына сай, оларды оқыту үдерісі барысында

    балалардың мүмкіндіктері жалпы әлеуметтік талаптарға, білім берудегі табыстылық

    ережелеріне және қоғамда қалыптасқан тәртіп пен қарым-қатынас ережелеріне сәйкес келмеу

    қиындықтарын болдырмау.

    Өйткені, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің айрықша ерекшелігі оның

    кешенділігі және арнайы педагогикалық көмекті қажет ететін балаларды уақытында

    анықтауға бағдарлану болып табылады.

    ППҚ сатыларының нәтижесі:

    - бала мен ата-ана арасындағы байланыстарды сақтау және балаға өз отбасының күнделікті тыныс-тіршілігіне толық араласуына мүмкіндік беру;

    - келешекте еңбек нарығында бәсекеге жарамды және әлеуметтік жинақы болуға мүмкіндік беретін сапалы білім алуды;

    - қатарларымен және ересектермен әлеуметтік әрекет етудің оң тәжірибесін игеру; - қоғамдастықта әлеуметтік осал топқа жататын балалар мен ересектерге қолдау

    көрсету бойынша әлеуметтік дағдылар қалыптастыруды, бұл барлық қоғамды

    мейлінше орнықты және біртұтас ету.

    Олай болса, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуды тиімді

    жүзеге асыруға байланысты педагогтарға қойылатын талаптар:

    1. Педагогтармен (пән мұғалімдері, арнайы білім мамандары, әлеуметтік педагог,

    психолог) ынтымақтастықта жұмыс жасау.

    2. Әртүрлі педагогикалық тәсілдер мен оқыту стратегияларын ұтымды ұштастыруды

    үйрену.

    3. Арнайы білім мамандарынан баланың жеке мүмкіндіктеріне қарай саралап оқыту

    әдістерін кәсіби қолдану тәжірибесін үйрену.

    4. Кәсіби қауымдастық желісі арқылы арнайы білім ұйымдарымен байланыс орнату.

    5. Ата-ананы қатыстыру арқылы триангуляция әдісін пайдалану.

  • 7

    6. Үздіксіз бақылау динамикасы бойынша жұмыс жоспарына тиісті өзгерістер мен

    толықтырулар енгізіп отыру.

    7. Баланы әлеуметтендіруге ықпал ету үшін қолайлы орта қалыптастыру.

    8. Баланың қоршаған ортасымен ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

    Бүгінгі таңда балалардың ерекше қабілетін дамытуға бағытталған мемлекеттік

    саясаттың негізгі ұстанымы – барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең

    құқығын жүзеге асыру болып табылады. Мұндағы, мүмкіндік балалар қоғамнан, әлеуметтік

    ортадан бөлектеніп қалмауы керек. Сөзімді грек ойшылы Платонның «Егер етікші нашар аяқ

    киім тіккен болса, онда бүкіл мемлекет адамдары нашар аяқ киім киеді, ал егер мұғалімдерінен

    осындай қателік кетсе, бүкіл буын адамдар өкілі осындай қателікке ұрынады» - дегендей,

    қоғам өмірщеңдігі әлеуметтік ортаға бейімделу болса, осы жауапкершілікті сезінуде ат

    салысайқ.

    ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ САЙ БАЛАЛАРДЫ

    ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕ КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ

    Г.Ш.Балымбетова,

    Ақтөбе қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация әдіскері

    Егер ата-аналар балаларының денсаулығына қатысты күрделі мәселелерге, атап

    айтқанда, есту, көру қабілетінің нашарлауы, тірек-қимыл аппараты қызметтерінің бұзылуы,

    тілінің кеш шығуы немесе нашар сөйлеуі, кез-келген білімді игерудегі, қарым-қатынас жасау

    мен мінез-құлқындағы қиындықтарға тап болса, психологиялық-медициналық-педагогикалық

    кеңес дәл осындай балалардың даму мәселелері жөнінде ата-аналарға кеңес және арнайы

    мамандардың (логопед, психолог, дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог, әлеуметтік

    педагог) мұндай балаларға арнайы көмек беру, арнайы оқыту мен тәрбиелеуге қатысты

    ұсыныстарын беретін ұйым болып табылады. ПМПК туғаннан он сегіз жасқа дейінгі

    балаларды зерттейді. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің міндеті ерекше

    білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму бұзылыстарын табысты түрде түзеуге қажет

    оптималды жағдай жасау. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес ерекше білім

    беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналарын моральдық тұрғыда қолдау,

    осындай әр баланың тағдырына шынайы алаңдау, мейірімді әрі сезімтал қарым-қатынас,

    әдептілікпен кәсіби кеңес беру. Аталмыш мәселе туғанда не істеу қажет?

    Ата-аналардың әрекеті:

    Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске қоңырау шалу арқылы немесе

    арнайы келіп баланы қабылдауға жазу.

    Қажетті құжаттар:

    1) Баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі) 2) Емханадан амбулаторлық картасы (Болған жағдайда, емделу нәтижелері мен

    барысы жазылған медициналық көшірмелер, міндетті түрде – дәрігер-невропатолог,

    окулист, лор-дәрігердің қорытындылары)

    3) Оқу/тәрбие мекемесінен мінездеме 4) Мүгедектігі жөнінде анықтама (болған жағдайда) (+ көшірмесі) 5) Анасының жеке куәлігі (көшірмесі) 6) Балаға және ата-анасының біреуіне ХҚКО-ынан алынған мекен-жай анықтамасы. Белгіленген күні қабылдауға ата-ана баласымен және жоғарыда аталған құжаттарын

    алып келуі тиіс. Ата-анасы жоқ немесе қандай да бір себептермен келе алмаған жағдайда

    баланы ата-анасының біреуі немесе қамқорлық көрсету туралы растау құжаты бар заңды өкілі

    (асырап алушысы, қамқоршысы) алып жүруі керек.Психологиялық-медициналық-

    педагогикалық консультация ғимаратына кіргенде ата-ана алдымен зерттеу картасын рәсімдеу

    мен құжаттардың толықтығын тексеру мақсатында тіркеушіге жүгінеді.Бұдан кейін баланы

  • 8

    дәрігер-невролог пен басқа да маман дәрігерлері қарап шығады. Келесі кезекте балаға қатысты

    арнайы педагогтар тобы (логопед, психолог, дефектолог, тифлопедагог, сурдопедагог,

    әлеуметтік педагог) зерттеу жасап, кеңес береді.Осы зерттеудің нәтижелері бойынша ата-анаға

    баланың жағдайы, оны зерттеу қорытындылары, оның жеке арнайы қажеттіліктерінің болуына

    қарай арнайы білім беру көмегін қажетсінуі, нақты қандай арнайы маманның көмегін қажет

    екені түсіндіріледі. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мамандары баланың

    жағдайы бойынша қорытынды береді, бұл қорытындыда белгілі бір білім беру мекемесінде

    баланың мамандардың көмегін алуына ұсыныстар, медициналық, білім беру мен әлеуметтік

    қызметтер жөнінде ұсыныстар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы

    ұйымдар мен арнайы білім беру ұйымдарына жолдама (Білім және ғылым министрлігі 2017

    жылдың 14 ақпанында бекіткен «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес

    қызметінің типтік ережелерінің» 1 қосымшасындағы формаға сәйкес) беріледі.Қажет болған

    жағдайда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мамандары балаға қайталап

    зерттеу жүргізеді (баланың психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріндегі сабағы

    аяқталған кезде, арнайы мектепке дейінгі білім беру мекемесіне бару мерзімі

    аяқталғанда, белгілі бір білім беру мекемесі жағдайында баланы оқыту мүмкіндіктерін

    диагностикалық зерттеу мерзімі аяқталғанда).

    ПМПК-да кеңес беру қалай болғанда да психологиялық бағытталған сипат алады,

    өйткені оны дәрігер, психолог немесе педагог болсын - кім жүргізсе де, ол баламен, ата-

    анасымен және басқа да отбасы мүшелерімен жұмыс істейді. Әрбір маманға баланың

    отбасымен қатынасқа шығуға, ата-анасының сұраныстарын, пікірлерін, тілектерін тыңдауға

    және ескеруге, кейбір мәселелер бойынша келісу-келіспеуін білуге тура келеді. Кеңес беру

    (адамдардың тікелей қарым- қатынасы) барысында алуан түрлі сезімдер, эмоциялар, соның

    ішінде наразылық та, жаксы көру, жек көру де, ашу да өзектілене түсетіні сөзсіз, оларды

    түйсіну, қадағалау әрқашан мүмкін бола бермеиді, бұл кеңес берудің табысты өтуіне кедергі

    жасауы да ықтимал. Ал кеңес беруші, егер өзінің мақсаттарына жеткісі келетін болса, өзінің

    кеңес беруді қалай және қаншалықты тиімді өткізіп отырғанын аңғаруы тиіс.

    Ерте жасалған диагностика мен дер кезіндегі түзету жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі

    шектеулі балаларды әлеуметтендіру нәтижелі болары сөзсіз.Ол үшін ата-ана ПМПК

    мекемесіне неғұрлым ерте жүгінсе соғұрлым нәтижелі болады. Өйткені ПМПК мамандары

    баланы жан-жақты тексеруден өткізіп, арнайы түзету мекемесіне жолдама береді. Арнайы

    мекемелерде диагностикалық зерттеуді тереңдету мақсатында әлеуметтік-педагогикалық

    қолдау міндеттерін жүзеге асыру үшін негізгі мамандар дефектолог, логопед, психолог,

    әлеуметтік педагог мамандарыныңролі басым. Яғни, мүмкіндігі шектелген баланы

    психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге

    асырылады. Мамандардың міндеті де балалардың кемшілігін жою және азайту. Бұл

    балалардың тәрбиесі мен денсаулығы өзінің қиындығымен ерекшеленіп, ол көп еңбекпен

    қамқорлықты қажет етеді. Балалардың жүйке жүйесіне түскен салмақ сөйлеу тілінің

    бұзылуына, не қабілетіне, сергектігіне, алғырлығына әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан

    кемшіліктің бәрін түзету әр баланың ерекшелігіне қарай шебер әдіс-тәсілмен қарым-қатынас

    жасау арқылы тәрбиелеу, үйрету үлкен жұмыс. Арнайы мамандардың жүргізілген түзете-

    дамыту жұмысы бойынша баланың жеке психофизикалық дамуының ерекшелігін ескере

    отырып кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі

    балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу және оқыту

    жұмыстарында түрлі әдіс тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып ұйымдастыру нәтижелі

    болмақ.

  • 9

    АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА САЙ

    ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК МАҢЫЗЫ

    Эльвира Абдрашкызы Коблаш,

    Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған

    балалар мектеп-интернат-колледжінің әдіскері

    «Адамзат» әр түрлі ғылым салаларының басты объектісі болып келеді, себебі ғылым мен

    адамзат бір бірімен тығыз байланыста. Өз тарихын, мәдениетін, табиғи болмысын танып

    білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Адамның даму заңдары мен

    болмысының мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның дамуы үшін өте қажет.

    Көп жағдайда адамдардың жеке және ұжымдық әрекеттерінің механизмі, әрекет, әлеуметтік

    бағыт, тәртіп стереотиптерінің қалыптасу заңдылықтары жөніндегі білімдерді пайдаланбай,

    сезім, психологиялық климатты танып білмей, жеке адамның ерекшеліктері мен

    психологиялық қасиеттерін,қабілетін,сезімін, мінезін, адам аралық қатынастарын зерттемей,

    әлеуметтік процестер мен құбылыстардың мәні толық ашылмайды. Өйткені әлемдік

    проблемаларды шешуден бастап қашанда топтың өкілі болғандықтан,оның ортаға бейімделуі,

    күнделікті тұрмыстағы кездесетін қақтығыс, күйзелістерді зерттеп, қажетті шешімдерге қол

    жеткізуге болады. Адам баласында өмірге келген сәттен бастап, белгілі ортаға бейімделу

    процесі жүреді.

    Әлеуметтік бейімделу – тек дені сау адамдардың ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі

    шектеулі балалардың да әлеуметтік ортаға қосылуы, қоғамда өмір сүруге бейімделуі.

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Әр баланың жеке қабілетіне

    қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты бүгінгі күнде

    өзекті мәселелер енгізіліп отырған белгілі. Білім беру- оқытудың, тәрбие мен дамытудың

    үздіксіз процесі.

    Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар

    енгізілуде. Өйткені қазіргі заманда еліміздің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының

    парасаттылығымен анықталады. Сондықтан білім жүйесінде болып жатқан жаңалық

    болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларымызды заманауи әдіс-тәсілдермен

    оқытып, олардың саналы азамат болып тәрбиелеу қажеттілігіде осы себептен туындап отыр.

    Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру оның алған білімін өмірде

    пайдалана білуіне жол ашу,оларды әлеуметтік өмірге бейімдеу арнаулы мектеп мұғалімдеріне

    үлкен жауапкершілік міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнының жаңару жүйесінің негізі

    арнайы мектепте де қолданыла бастады.

    Жаңартылған білім беру жүйесі оқушылардың құзіреттілігі мен сапалы білім алуына

    бағытталған бағдарлама. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға,

    оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және оның тиімді жақтарын жүзеге

    асыру үшін қажетті оқыту әдіс-тәсілдерді (коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жұппен,

    топпен жұмыс, АКТ-ны қолдану, сын тұрғысынан ойлау, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді

    стратегияларын) үйретеді.

    Арнайы білім беру мазмұнындағы оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Білім

    және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №66 бұйрығымен бекітілген арнайы білім

    беру ұйымдары түрлерінің қызметінің Үлгілік ережелерімен, Қазақстан Республикасы Білім

    және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61, 2016 жылғы 15 шілдедегі №453, 2017

    жылғы 29 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған

    бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің үлгілік оқу жоспарларымен жүргізіледі.

    Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған кластарда оқытудың

    ерекшеліктері:

    Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді:

    − бастауыш білім – 0, 1-4 сыныптар;

    − негізгі орта білім - 5-10 сыныптар.

  • 10

    Республика мектептерінде естімейтін оқушыларды оқыту есту-көру негізінде іске

    асырылады, оқыту процесіндегі ыммен сөйлеу оқушыларға бағдарламалық материалды

    сапалы меңгеруге көмектесетін көмекші құрал ретінде пайдаланылады;

    Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін,кейіннен естімей қалған) оқушыларды арналған

    кластарда оқытудың ерекшеліктері:

    Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді:

    − бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;

    − негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.

    Қалыптастырудың есту-көру негізін жасауға және оқушылардың ауызша сөйлеу тілін

    жетілдіруге мүмкіндік туғызатын есту қабілетін дамытуға, дыбыстардың айтылуымен

    жұмысқа, еріннен оқуға арнайы көңіл бөлінеді.

    Адамзат тарихына көз салсақ, адам баласы әрдайым көкке қызыққан, біз білетін әлемдегі

    жеті кереметтің бірі пирамидалар мәңгіге көкпен шектескен. Олар адам өмірінде де құрылысы

    жағынан ерекше мән -мағына береді, пирамиданың құрылысы -астыңғы бөлігі нық, берік

    қаланған, ортасынан бастап сүйірлене келе, ұшар басы көкке ұмтылған- бұл білім беру

    саласында да нық берілген тәрбиенің баланың өз болашағында дұрыс пайдалана білуі деген

    сөз.

    Мектеп -интернат -колледжінің білім беру үрдісін осы пирамиданың құрылысымен

    сәйкестіндірсек, басқы басқалдағын бейімдеу деп анықтама берер едік.

    Арнайы білім беру базасында балабақша жұмыс істейді. Балабақшаға орналастырылған

    балалардың толықтай дамуына, өзгерістерді түсінуіне, өз бетімен білімін жетілдіруіне барлық

    жағдай жасалған, мұнда балалар тікелей дәрігерлердің бақылауында болады. Балабақшаға

    келген әр баламен қарқынды терапиялық жұмыстар жүргізе отырып, оларға физио,

    психотерапия, дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары

    қолданылады.Қабылданған баланы тәрбиеші әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-

    жайын танып, оларды тереңірек түсінуіне, оның ізденімпаздық әрекетін тудыруына, өз-өзіне

    қызмет ете алуына, мектеп өміріне бейімделуіне үйретеді. Балабақша тәрбиеленушісін

    экскурсия, сюжетті-рольді ойындар, ертегі қойылымдар арқылы сыртқы ортаның

    қасиеттерімен, құбылыстарымен таныстырады. Бұл балалардың мүмкіндіктерін пайдалана

    отырып, өздеріне қызмет ету, тұрмыста қиын емес еңбек түрлерін орындауға, мүмкіндігінше

    қоршаған ортаға икемделуге бағытталған жұмыстар болып табылады. Осындай жұмыстар

    барысында дамуында проблемасы бар балалар белсенділік көрсетіп, өз беттерінше жұмыс

    істей алуға, түрлі жағдаяттар барысына сай әрекет етуге, өзін өзгелердің бағалауына парапар

    ұстауға үйренеді. Түзету жұмыстары барысында жасаған жұмыстарына сын көзбен қарауға

    үйреніп қана қоймай, салыстырмалы түрде бағалауға, өзгелердің сындарын қабылдай және

    текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын қолдауға, көмек қолын созуға үйренеді.

    Сондықтан, балаларды өмірге бейімдеуде тақырыпқа сай өткізілген экскурсиялар, сабақтар,

    түрлі ойындар бала дамуында жетекші орын алады.

    Сонымен, балабақшаға келген мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамытуда тұлғалық

    қалыптасуына төмендегідей мүмкіндіктері айқындалды,

    - баланың өздігінен күн тәртібін орындауға бейімдеу;

    - қасындағы балалармен жекелеген достық қарым қатынасқа үйрету;

    - әр түрлі бағытта жеке қабілеттерін қалыптастыруға бейімдеу;

    Осы аталғандарды Балалар құқығы Конвенциясында (1989ж) балаларды туылғаннан

    әлеуметтендіру, әртүрлі әлеуметтік ортаға бейімдеу кезеңі немесе алғашқы сатысы деп

    қарастырады.

    Пирамиданың екінші бөлігін әлеуметтендіру деп бағыттасақ, балабақшадан мектеп

    жасына келген оқушыны мектептің педагог қызметкерлері есту қабілеті бұзылған балалардың

    отбасы жағдайымен, баланың психологиялық ерекшеліктерімен физиологиялық дамуындағы

    ерекшеліктерін зерттей келе, балаға жан-жақты білім мен тәрбие бере отырып, баланың

    әлеуметтендіру жолдарын әрі қарай жалғастырады. Мектептегі тәрбие баланың бүкіл өміріне

    түбегейлі, өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекетінің

  • 11

    жаңа түрі-оқып -үйрену енеді.Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір

    жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және

    отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді, бала бұны біртіндеп

    сезіп біледі, бойын, ойын түзейді, мектептің сан-салалы өміріне араласып,оқуға , жазуға

    үйреніп, сөздік қорлары молайып, өмірлік тәжірибенің алғашқы сатысынан өтеді.Сонымен

    қатар оқушыларды спорттық сайыстарға, түрлі шығармашылық байқауларға қатыстыру

    арқылы өмірге құлшыныстарын, танымдық қабілеттері дамытады. Осы мақсатты орындауда

    негізгі міндет оқушылардың әлеуметтік тәрбие мәселелерін көре білу, ондағы кедергілерді

    мүмкіндігінше жоя білу, және орнын толтыру яғни мүмкіндігі шектеулі баланы қатарға қосу

    болып табылады.

    Әлеуметтендіру немесе әлеуметтік дамуы дегеніміз - бұл өмірге келген барлық

    адамның қоғамдық өмірге араласып, өмір сүруге арналған білім-біліктер мен тәжірибелерді

    меңгере отырып қоғам мен мәдениетке кіруі.

    Мектеп жасына келген оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне арналған бірнеше

    класс комплектілері бар, барлық жабдықтармен жабдықталған спорт, би залы, балалардың

    маусымдық ауруларының алдын алу шараларын кеңейту мақсатындағы физиотерапиялық

    кабинеттер,медициналық бөлме,(ауырған балаларды оқшауландыру бөлмесі), сенсорлық,

    дефектолог мамандардың жабдықталған арнайы бөлмелері, жайлы ойын бөлмелері бар,

    сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен педагогтың, оқушының

    шығармашылықпен жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалынған.

    Сабақтан тыс уақыттардағы ұйымдастырылған тәрбие сағаттарында тәрбиенің сегіз

    бағыты бойынша оқушыларды тәрбиелей отырып, тұрмыстық икемділікке, қоғамдық тәртіп

    ережелеріне, әлеуметтендіру жолдарына үйретіледі. Сонымен қатар,балалармен жеке,

    топтық жұмыс жасау кезеңінде, баланың ішкі сезімін, көңіл күйін, ықыласын, қажеттілігін

    сезіне отырып, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетіледі. Мектептегі әлеуметтік-

    психологиялық жұмыс оқушының әлеуметтік жағдайын жан-жақты зерттеп көп балалы,

    табысы аз отбасыларды анықтай отырып, оқушының өмірге бейімделуіне мақсатты

    әлеуметтік қолдау көрсетеді. Жетім, қамқорлықсыз қалған балаларға, қамқорлықтағы

    балаларға қолдау көрсету аясында мектеп-интернат-колледж жағдайында бірнеше жұмыстар

    атқарылып келеді. Осындай дұрыс жолға қойылған әлеуметтік-психологиялық және

    педагогикалық қызмет оқушының толыққанды, жан-жақты дамыған тұлға болуына көп

    септігін тигізеді.

    Пирамиданың үшінші бөлігі қоғамдық өмірге араластыру деп қарастырсақ, мектеп –

    қоғамнан тыс өмір сүре алмайтын білім ордасы. Қоғам қандай болса, мектеп те сондай. Ал

    ертеңгі мектепті бітірген азаматтар қоғамға араласады. Демек, қоғамдағы құндылықтарды

    қалыптастырады. Осы тұрғыдан келгенде қоғамның рухани-мәдени келбетіне мектептің

    тигізер ықпалы күшті. Бір сөзбен айтқанда, мектеп – тәрбие мен білімнің қазыналы ордасы.

    Шәкірт бірнеше жылын мектепте өткізетін болса, тұлға тәрбиелеуде мектепке жүктелер

    міндет те зор болмақ. Мектеп-интернат-колледжде балаларға мектепішілік шаралармен ,

    конкурстармен қатар, қалалық,облыстық, республикалық байқаулар деңгейіне шығуға толық

    мүмкіндік жасалған. Жасөспірімдерді қоғамдық өмірге дайындау бағытында мынадай жұмыс

    түрлерін атап айтуға болады:

    *оқушылармен даралап жұмыс жүргізу.

    *дәстүрлі мектепішілік, мектептен тыс іс-шараларға, ұжымдық шығармашылық істерге

    қатыстыру,

    *сынып ұжымының қызығушылықтарына және сұраныстарына сәйкес өткізілетін іс-

    шараларға қатыстыру.

    Мектеп-интернат жанында балаларға арналған секциялар мен үйірмелер

    ұйымдастырылған, ал қатысу мүмкіндігі бола бермейтін денсаулығының ерекше

    қажеттіліктері бар балаларға қол өнер , театр үйірмелері жұмыс жасайды, оқушының бұл

    игерген қабілет, икемділіктері алдағы өміріне тигізер пайдасы зор.

  • 12

    Еліміздің қоғамдық әлеуметтік өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты

    экономикалық, әлеуметтік мәдени, рухани жағдайлар жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін

    жаңаша ойластыруды талап етеді. Осыған байланысты біздің мақсатымыз бала жанын түсіну,

    сезімін, көңіл күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін сезіну, оқушының жеке тұлғасын

    қалыптастыру және дамытуда оны әлеуметтік тұрғыдан қолдау болып табылады. Мектеп

    оқушылары биыл облыстық, республикалық көркем эстетикалық бағыттағы конкурстарға

    қатысым көлемін ұлғайтты. жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі обьективті

    факторлары ретінде биологиялық факторды, сыртқы ортаны және тәрбиені айтуымызға

    болады. Биологиялық факторларға балаға ата-анасының қасиеттері мен ерекшеліктерінің

    берілуі кіреді. Сыртқы ортаға: әлеуметтік орта, отбасы, мектеп, құрбылары жатады.

    Сондықтан баланы тәрбиелеуде жан-жақтағы әсер етуші факторларды ескеріп оқушының

    отбасы жағдайын, жеке ерекшеліктерін естен шығармауымыз керек.

    Пирамиданың құрылысымен, жоғарымен шектесу бөлігін мамандық таңдау десек,

    мамандық таңдау-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі, мамандық таңдау-белгілі бір

    даярлықты қажет ететін іс-әрекет түрі , тіршілік көзі, дағды жүйесі және жасөспірімдік

    кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің бірі, арнаулы білім ордасында мүмкіндігі

    шектеулі балалар болашақ мамандығын таңдауға саналы түрде дайындалады, алдын ала

    тәрбиеленушілердің интеллектуалды, психофизикалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып

    кәсіби бағдар бойынша жұмыс жүргізіледі. 9-10 класс аралығындағы оқушылармен мамандық

    таңдау туралы тәрбие сағаттары жүргізіліп, ата-аналармен кездесулер, психологпен әңгіме

    сабақтары жүргізіледі. Ал таңдалған мамандығы бойынша жоғары колледж топтарына түскен

    оқушылар үшін мектепте еңбек шеберханасы бар, тігін, қол өнер шеберханасы, шаштараз

    кабинеті, шаштараз мамандығын игерген педагогтар жұмыс жасайды.

    Құрылыстағы заңдылық секілді нық қаланған қабырғаның сөгітілуі екі талай,

    пирамиданың құрылысы да нық қаланатыны белгілі, сондықтан балабақшада алғашқы

    қадамынан бастап тәрбиеге бейімдеп, мектепте білім бере отырып әлеуметтік өмірге

    дайындап, колледж қабырғасында мамандығын таңдауға дұрыс бағыт беріп, қоғамға

    дайындаудың дұрыс жолын қарастыруды басты мақсат етіп, жеке тұлғаны нық сеніммен өмір

    сүру жағдайына жетелейміз.

    "Сенде бір кірпіш дүниеге , тетігін тап та бар қалан," демекші пирамиданың шарықтау

    шегін жеке тұлғаны қоғамға орналастыру десек, осындай бірізділікті сатыдан өткен мектеп

    түлегі қоғамға қажетті, біліктілікке сай азамат болып қалыптасады.

    Бүгінгі таңда өзіміз тәлім – тәрбие беріп жатқан ұрпақ ертеңгі күні тек білімді маман ғана

    емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани

    кемелденген азамат болып жетілуі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Білімді, сауатты

    адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының қозғаушы күші. Бүгінгі күн-талантты, жігерлі,

    өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар

    адамдардың уақыты”,- деп айтқанындай жас ұрпақ-еліміздің тірегі, болашағы.

    Қолданылған әдебиеттер:

    1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы.

    2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» заңы. 3. Бала құқығы туралы конвенция. 20.11.1989 ж. 4. 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін

    ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік

    нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. –

    368 б.

    5. Сурдопедагогика, под ред. Е.Г.Речицской Москва «Владос» 2004г.

  • 13

    ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ

    ӘДІСТЕМЕЛІК ТҰРҒЫДАН ҚОЛДАУ

    Бошанова Карлыгаш Аскаровна,

    №1 Алға мектеп-бақшасының география пәні мұғалімі, Алға ауданы

    Ерекше оқытуды қажет ететін (әрі қарай ЕОҚЕ) балаларға сабақ беретін мұғалім бүгінгі

    заман талабына сай білікті, терең білімді, ашық жарқын мінезді, қажыр- қайратты, жаңашыл

    еңбекқор мұғалім болғаны дұрыс. Қарым-қатынас кезінде әр баланың жан-дүниесін сезініп

    кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болуы қажет. Дегенмен оқыту оңай емес,

    бірақ жанында ізгілік пен жанашырлық, өз ісіне деген сүйіспеншілікті бойына сіңіре білген

    ұстазға ерекше балалармен жұмыс жасау игі іс екені белгілі.

    Жалпы класта оқушы саны көп болғандықтан, әр балаға жеке көңіл бөліп, назардан тыс

    қалдырмай жұмыстану қажет, дегенмен өкінішке орай осы жайт ескерусіз қалып жатады.

    Мектептердегі мұғалімдер ерекше бала класқа келген кезде оны қандай оқулықтармен

    оқытып, қандай әдістемелік құралдарды пайдалану керектігін білу бүгінгі күннің

    сұранымы.Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе кадр жеткіліксіздігі. Осыған орай

    ауданымызда соңғы 2015- 2018 жыл аралығында үйден және инклюзивті сабақ беретін пән

    мұғалімдеріне арналған «Өрлеу» біліктілігін арттыру институтына сұраныс жазып арнаулы

    курстан 145 мұғалім өтіп, өз білімін жетілдірді. Курс соңында педагогтар инклюзивті білім

    беру мен ерекше балаларды оқыту барысындағы мәселелерге көзқарастарын толық өзгертіп,

    түсіністікпен қарайтыны белгілі. Осыған орай мен әлі де мүмкіндік болса курстан өтпеген

    педагогтарымызды арнайы курстан өткізуге ықпал ету керек деп ойлаймын.

    ҚР заңдылықтар мен Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсынымдамалары

    мен нұсқаулықтарын басшылыққа алып, инклюзивті оқыту барысында оқу-әдістемелік

    құралдар мен дидактикалық материалдар қорын жинақтап жұмыс барысында қолдану қажет.

    Инклюзивті оқыту кезінде ПМПК қорытындысы негізінде ұсынылған, білім беру

    бағдарламаларына сәйкес оқушының білім деңгейіне талдау жұмыстарын жүргізе отырып,

    жеке оқыту бағдарламалары құрып, бекітілуі тиіс екендігі ескеру керек.Сонымен, инклюзивті

    білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама

    бойынша реттеледі. Атап айтқанда:

    1. Жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары;

    2. ЕОҚЕ балалардың жеңіл ақыл ой кемістігі бар балаларға арналған І типті оқу

    бағдарламалары және орташа ақыл ой кемістігі бар балаларға арналған ІІ типті оқу

    бағдарламалары;

    3. ЕОҚЕ балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін

    оқытудың жеке (арнайы) бағдарламасы.

    ЕОҚЕ оқушыларға білім беру бағдарламасы негізінде, типтік оқу жоспарларына сәйкес

    мектеп директорының орынбасары жеке сабақ кестесін жасайды. Оны ата-аналары мен және

    жүктемелері оқу жоспары бойынша бөлінген мүғалімдермен келіседі. Ата-аналармен

    келісілген кестені мектеп директоры бекітеді. Оқытудың ұсынылған бағдарламасына

    сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспар жалпы тәртіп бойынша бекітіледі.Мектеп

    әкімшілігі сабақтардың дер кезінде өткізілуіне, оқу бағдарламалары мен жеке оқыту

    әдістемелерінің орындалуына бақылау жасайды. Бұл мәселе жылына 2 рет мектепішілік

    бақылау кезінде, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша педагогикалық кеңесте

    қарастырылады. Тоқсан қорытындысы бойынша педконсилиум отырысында ЕОҚЕ

    оқушыларды бағдарламаны меңгергендігі немесе білім деңгейі, психологиялық, әлеуметтік

    жай-күйі туралы мәселелер талданып, педконсилиум төрағасыныңталдау есебі тыңдалады.

    Пән мұғалімдері әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына

    қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы

    айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде

    мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін

  • 14

    диагностикалау негізінде анықтауға болады. Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің

    обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен

    зерттеуәдістерін меңгерулері керек. Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың

    өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға әсерін тигізері анық.

    Интеллекті бұзылған оқушыларды соның ішінде ақыл ой кемісті бар оқушыларды оқыту

    барысында пән мұғалімдері зейіні тұрақсыз, тіл мүкістігі бар баланы қалай оқытып,

    сауаттандыратынын білмейді. Өз жұмысына, баланың болашағына жауапкершілік танытқан

    педагог ізденіп, қалайда алдына келген оқушыны деңгейіне қарай қатарынан қосуға тырысуы

    қажет.

    Типтік оқу жоспарларында көрсетілгендей, орташа ақыл- ой кемістігі бар оқушылар 1-9

    класс аралығында бастауыш білім беру деңгейінің типтік оқу бағдарламасы (ІІтип)арқылы

    білім алады. Бұл дегеніміз 1 кластан бастап 9 класқа дейін аталған диагнозы бар оқушылардың

    пәндері өзгермей, негізгі оқулары әлеуметтік тұрмыстық бағдарға бағытталады.

    Жоғарыда интелекті бұзылған ЕОҚЕ балалар 3 түрлі бағдарламамен оқытылатын айтқан

    болатынмын, соның бірі орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған «Санау» пәні

    туралы айта кетсек.

    Ақыл-ойы кешеуілдеген балаларда танымдық әрекеттерінің терең жетіспеушілігі

    байқалып, есептеу әрекетін игеруге күрделі қиындықтар келтіреді. Сондықтан оқушыларды

    оқыту едәуір дайындық кезеңінен басталып, ұзақтығы 2 жылға дейін созылуы мүмкін.

    Дайындық кезеңінде оқу үрдісі пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады. Барлық сабақтар

    кіріктендіре оқылып оқушылардың жалпы дамуына (қарым-қатынас, қимыл-қозғалыс, сөйлеу,

    сезімдік) бағытталған. Оқушылардың жеке дара дамуына қарай, оқу үрдісіндегі жағымды

    өзгеріс байқалған жағдайда пәндік оқытуға ауысады.

    «Санау» оқу пәнінің мақсаты – оқушылардың тұрмыста бейімделуге және қолжетімді

    шаруашылық-еңбекті меңгеруге қажетті қарапайым математикалық түсініктерді, икем және

    дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Бұл дегеніміз оқушыға көбейту кестесін т.б.

    есептерді үйретіп оқушыны жалықтырмай, қиындығы және көлемі қолжетімді деңгейдегі

    материалмен жұмыс жүргізу керек

    Санау пәнінің негізгі міндеттері:

    1) қарапайым есептеу әрекетін меңгерген икем-дағдыларын күнделікті өмірде қолдануды

    үйрету;

    2) танымдық аймағын, жағымды сезімдік-еріктік қасиеттерін, қозғалыс ептілігін, заттық-

    тәжірибелік әрекеттерін дамытып, қалыптастыруға ықпалдасу;

    3) сабаққа қызығушылығын арттыру, басқа балалармен және ересектермен қарым-

    қатынас орната білуін дамыту.

    Аталған бағдарламаның дайындық кезеңінде (пәнсіз оқыту кезеңі) және «Санау» пәні

    бойынша мұғалімнің жеке оқыту бағдарламасын құрастырғанда қолданатын оқу

    материалының үлгілі тізімі берілген. Бағдарлама мазмұны ұсыныс ретінде беріледі, сондықтан

    мұғалім әр оқушының мүмкіндігін және ерекше қажеттіліктерін ескере отырып оқыту

    мазмұнына өзгерістер енгізуге құқылы.

    Бағдарламадағы оқу материалдары оқу кезеңдеріне сәйкес бөлінген. Әр кезеңнің

    материалы аяқталған және жүйеленген, алдыңғы және келесі кезеңдегі материалмен

    логикалық байланыста және қиындығы және көлемі біртіндеп арта береді.

    Балаларды оқытудың жаңа кезеңіне алдыңғы кезеңдегі дағдыларды бекіткеннен кейін

    ауыстырады. Әр деңгейдің икем-дағдыларын қалыптастыруға қажетті уақытты сыныптағы

    оқушыларға мұғалім өзі білгілейді. Мұғалім оқушыларымен қиындығы және көлемі

    қолжетімді деңгейдегі материалмен жұмыс жүргізу керек. Бұл оқудағы нәтижені қамтамасыз

    етеді жәнекүнделікті өмірде қарапайым математикалық дағдыларды қолдануымен

    айқындалады

    Оқушылармен жұмыс жүргізу кезінде пән шеңберінде келесі пәндермен пәнаралық

    байланыс орнатылады: «Дүниетану», «Заттық-практикалық әрекет», «Өзі-өзіне қызмет

    көрсету», «Бейнелеу», «Психомотрика және сенсорлы үрдістерді дамыту» түзету курсымен

  • 15

    әсіресе дайындық кезеңінде. Дайындық кезеңіндегі және қарапайым математикалық

    түсініктерді қалыптастыру кезеңіндегі сабақтарда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру

    барысында аталған оқу пәндерінің мазмұнын пайдалану қажет..

    Оқушыларды оқытудың бірінші кезеңінен күтілетін нәтижелер төмендегідей:

    1) заттардың санын саусақтар санымен, сан есіммен және цифрмен сәйкестендіру;

    2) берілген цифрды үлгімен және аталуы бойынша цифрлер кассадан табу;

    3) түпнұсқаға, үлгіге қарап геометриялық пішіндерден қарапайым аппликациялар

    құрастыру

    4) заттардың топтарын жұпатастыру, қайта санау арқылы салыстыру;

    5) заттардың екі тобын қосу және кейбір бөліктерін топтан алу. Осы практикалық

    әрекеттерді «+» және «-» амалдарымен сәйкестендіру;

    6) цифрлар мен белгілерден қосу және азайту амалдарына заттық-тәжірибелік әрекеттің

    артынан мысалдар келтіру. Осы мысалдарды оқу;

    7) амалдың нәтижесін анықтау үшін заттық әрекеттік амалды қолдануымен,

    калькуляторды пайдалануымен

    8) тиындарды ойында және жаттығуларда тану;

    9) 5 теңге тиынын майдалау, 1 теңгелік 5 тиынды 5 теңгелік тиынмен алмастыру;

    ЕОҚЕ балаларды оқыту барысында «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше

    қажеттіліктері бар оқушылардыңоқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» әдістемлік

    ұсынымы арқылы бағалау жүргіземіз.

    Критериалды бағалау – бағалау мен өзін өзі бағалаудың әртүрлі пішіні, әдістері аясында

    қолданылатын тәсілдеме. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде арнайы оқу бағдарламалары

    материалдарын меңгеруде зерде бұзылыстары бар балалардың білімдердің, икемдердің және

    дағдылардың сапасына әсерін тигізетін спецификалық (өзіне тән, ерекше) қиыншылықтарын

    бақылау барысында 4 типологиялық топтарға үйлестіретін оқушылардың білім алу

    мүмкіндіктері бойынша оқушылардың педагогикалық жіктемесі жасалды. Көру, есту

    қабілеттерінде, тірек-қимыл аппаратында күрделі бұзылыстары, психикалық дамуында

    тежелулері бар балалардың санатын да ескеру қажет. Олардың жалпы білім беру

    бағдарламаларын меңгеру нәтижелері бастауыш жалпы білім деңгейіне сәйкес келмейді.

    Ондай балалар жоғары сыныптардағы білімін бастауыш сатыға сабақтас бағдарламасына

    сәйкес бағдарлама бойынша жалғастыра алады. Жетістіктерді формальды бағалауға

    балалардың бұл санаты жатпайды. Алайда, осы топтағы балалардың білім сапасына міндетті

    түрде мониторинг жүргізілуі тиіс.