«ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ...

125
1

Upload: others

Post on 03-Feb-2020

41 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

1

Page 2: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ ФИЛИАЛЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

ФИЛИАЛ АО«НЦПК «ӨРЛЕУ» ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ

ПЕДАГОГИЧЕСКИХ РАБОТНИКОВ ПО АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ-

ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ»

тақырыбындағы облыстық слеттің

(«Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі»

білім беру қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесі аясында)

МАТЕРИАЛДАРЫ

МАТЕРИАЛЫ

областного слета на тему

«СОВРЕМЕННЫЕ ФОРМЫ И МЕТОДЫ ЭФФЕКТИВНОГО

ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ СЕМЬИ И ШКОЛЫ»

(в рамках августовского педагогического совещания работников образования

«Модернизация Казахстана 3.0 – вклад образования»)

Ақтөбе, 2017 ж.

Page 3: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

3

Редакциялық алқа

Абишева Н.М., Хон А.Р., Қибатаева Н.Қ., Қаплиева А.Қ., Рахатова К.Ж., Утаров Б.С.,

Трнабаева Н.С.

«Отбасы мен мектептің өзара тиімді қарым-қатынасының заманауи түрлері мен

тәсілдері» тақырыбындағы облыстық слеттің материалдары. – Ақтөбе, 2017 ж. 125 - бет.

Материалы областного слета на тему: «Современные формы и методы эффективного

взаимодействия семьи и школы» – Актобе, 2017 г. 125 - стр.

Слет жинағында жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеуде отбасы мен мектептің

ынтымақтастығы және өзара тиімді қарым-қатынас жасау, білімге ұмтылу, жаңартылған

білім беру жағдайында оқушылардың сапалы білім мен тәрбие беру, ата-аналар арасындағы

тиімді қарым-қатынас жасаудың әдіс-тәсілдерін анықтау бағыттарында өз ойларымен

бөліскен.

Жинақ білім беру мекемелері мұғалімдеріне, әдіскерлер мен класс жетекшілерге,

психологтар, әлеуметтік педагогтары мен білім беру мекемелерінің тәрбиешілеріне

арналады.

В сборнике представлены материалы областного слета, в которых рассматриваются

способы и методы эффективного взаимодействия педагогических работников и родителей,

направленные на качество процесса обучения, воспитания и развития школьников в

условиях обновленного содержания образования .

Адресуются педагогам, методистам, воспитателям интернатных организаций

образования, классным руководителям, психологам и социальным педагогам системы

образования.

Page 4: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

4

АЛҒЫ СӨЗ

Бүгінгі слеттің өз дәрежесінде өтуіне ұйытқы болған біздің серіктес мекеме – облыс

әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі

комиссиясы. Бұл слеттің маңызы жаңартылған білім беру мазмұны аясында өз үлесін

өзектендіреді. Осы тұрғыдан әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.

Құрметті слетке қатысушылар! Адамзаттың ең мықты діңгегі мен құндылығы – ол

отбасының ынтымағы мен рухани мәдениеті. Осы құндылықтар ғана өшпес тәрбиелік

ресурстардың негізін қалайды.

Өркениетті қоғамда өмір сүріп, оны сақтау үшін, білімді адам болу жеткіліксіз. Білімі

мен білігі бар, нағыз зиялы тұлға ғана өз тәрбиесі мен мәдениетін алға тартады, солар

арқылы ғана қоғамдағы мәдени-әлеуметтік құндылықтарды қалыптастырып сақтай алады.

ХХІ ғасырда ақпарат пен техниканың, озық технологиялардың қарқынды дамуына көз

жеткізіп отырмыз. Қазіргі адам баласы цифрлық қауымдастық өкіліне айналды, ол біздің

өміріміздің ақиқат факторлары.

Осындай өркениетті даму мазмұнында рухани адам келбетін сақтап қалуымыз – басты

шарт пен міндет. Оның шешу жолдарын табатын ата-аналар мен ұстаздар қауымы.

Мектеп пен отбасының байланысы мерекелік шаралармен ғана шектелмей, осындай

терең тәрбие мәселелерін шешетін жолда болса, олардың тиімді әдістемесін тапса, қоғам

үшін құнсыз жетістік болары анық.

Біз үшін ең қымбат, ең маңызды, ең жақын - отбасы. Баланың болашағы ата-ананың

сіңірген еңбегіне, берген тәлім-тәрбиесіне байланысты болады. Осы орайда, слетке

республикалық байқаудың үздік отбасылары қатысып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісуге

келіп отыр.

Құрметті әріптестер! Бүгінгі таңда қоғамдағы ауқымды мәселелер - жемқорлыққа

қарсы тәрбие және құқықтық тәрбие беру мәселелері маңызды болып табылады. Сонымен

қатар, ерекше балалардың тәрбиесіне де назар аударуымыз керек. Өздеріңіз білесіздер,

тәрбие беру ғылыммен тығыз байланыста. Слетте осы мәселені тереңнен саралайтын

ғалымдарымыздың ғылыми еңбектері жарияланып отыр.

Отбасылық тәрбие мен педагогикалық тәрбиенің үндесуі – осындай бас қосулардан

бастау алатыны сөзсіз.

Баршаңызды зиялы қоғам өкілін тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздеуге шақырамын!

Ұйымдастыру комитеті

Page 5: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

5

ОСНОВНЫЕ ПРИОРИТЕТЫ ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ СЕМЬИ И ШКОЛЫ В

УСЛОВИЯХ ПЕРЕХОДА НА ОБНОВЛЕННОЕ СОДЕРЖАНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ

Кибатаева Н.К.,

зам. директора филиала АО «НЦПК» «Өрлеу»

ИПК ПР по Актюбинской области, к.п.н.

Сіздер ұлт болашағына үлес қосып, ұрпақ сабақтастығын жалғастырып келесіздер.

Адам дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алып, ер жетеді. Сондықтан да

отбасы – адам баласының берік діңгегі, бала тәрбиесінің алтын бесігі.

Балалардың болашағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты

болады. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсемен

салыстыруға болмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы

тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр.

Для современного мира характерно стремление к образованию. Именно образование

является самым фундаментальным фактором успешного развития общества и страны. Чем

больше вкладывают государство, общество, бизнес в образование, тем выше

интеллектуальный потенциал страны, многообразнее перспективы для развития личности в

образовательном пространстве. Президент страны Н.А. Назарбаев в программной статье

«Взгляд на будущее: модернизация общественного сознания» подчеркивает, что «Казахстан

сегодня в числе самых передовых стран мира по доле бюджетных расходов на образование».

Одним из важнейших ориентиров модернизации современного образования является

развитие сотрудничества семьи и школы в успешном обучении учащихся в условиях

обновленного содержания образования. Идея взаимодействия - одна из популярных в

современной педагогике. Уже не требует доказательства то, что осознаваемая взаимная

деятельность субъектов по достижению общей цели может существенно повысить качество

обучения и воспитания.

Большую социальную значимость играет целенаправленное общение школы с семьей,

активное привлечение родителей к организации учебно-воспитательного процесса. Родители

осознают, как важно быть вовлеченным в образование своих детей. Именно родители –

первые воспитатели – имеют самое сильное влияние на детей. Еще Ж.Ж. Руссо утверждал,

что каждый последующий воспитатель оказывает на ребенка меньше влияния, чем

предыдущий. Если родители с первых дней рождения ребенка уделяют ему должное

внимание, формируют у него творческие способности и познавательные интересы, то они

являются для ребенка авторитетом.

Поэтому взаимодействие семьи и школы является одним из факторов успешности

обучения, так как взаимоотношения всех участников учебно-воспитательного процесса,

положительные жизненные примеры и духовные ценности, способствуют становлению и

развитию личности.

Мир не стоит на месте, постоянно меняется и людям тоже нужно вливаться в общее

течение, постоянно совершенствую себя, поднимая уровень профессиональных знаний.

Поэтому в Казахстане новым прорывом в образовании считается переход на новый формат

повышения квалификации педагогов, взят курс на обновление содержания образования.

В системе среднего образования происходят значительные перемены по переходу на

обновленное содержание образования ( 2016г. – в 1 классах, 2017г. – во 2, 5, 7 классах). B

этом случае нужна огромная поддержка и психологическое сопровождение детей со

стороны родителей. Возможно, это родительские сердечные беседы, совместная подготовка

к урокам, семейные чтения книг, а также активная вовлеченность родителей в

общественную жизнь класса, школы, переход школ от доминирующих сегодня массовой

работы с семьей к групповым и индивидуальным формам взаимодействия, построенном на

диалоговой основе; существление на практике дифференцированного и индивидуального

Page 6: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

6

подхода к семьям; установление эффективного контроля, основанного на диагностике и

поэтапного анализа процессов обучения и воспитания детей, обеспчение своевременной их

коррекции в связи с возникающими трудностями и отклонениями в развитии детей.

Таким образом, проведенные исследования и опыт практической работы

свидетельствуют о том, что вовлеченность родителей в дела школы существенно влияет на

успеваемость детей, улучшает микроклимат в коллективе, направленный по понимание

целей, задач обновления содержания образования.

Құрметті білім жаңашырлары, кадірлі әріптестер, ардақты ата-аналар!

Баршамыз бірге атқарған игі істер бұл келешек ұрпаққа қалдырған үлгі өнегеміз. Жаңа

оқу жыл қарсаңында ата-ана қауымдастығымен білім ұйымдарының бірлескен жұмыстары

қоғам мүшелерінің қолдаумен нығайтып, жемісі болады деген сенімдеміз.

Қазақстан еліміздің ертені нұрлы, болашағы жарқын болғай!!!

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Дүйсенбаев А.Қ.,

«Өрлеу» ҰБАО АҚ Ақтөбе ОПҚБАИ кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент

Аннотация. Мақалада қоғамдағы отбасы тәрбиесінің этнопедагогикалық

проблемалары қарастырылып, жан-жақты ғылыми-педагогикалық сипаттама беріледі.

Түйін сөздер. Отбасы, отағасы, әке, ана, бауыр.

Аннотация. В статье рассматриваются этнопедагогические проблемы семейного

воспитания и дается всесторонний научно-педагогический анализ.

Ключевые слова. Семья, глава семьи, отец, мать, родственник.

Annotation. The article deals with the ethnopedagogical problems of family education and

provides a comprehensive scientific and pedagogical analysis.

Keywords. Family, the head of the family, father, mother, cousin.

Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің этнопедагогикалық аспектілері гуманистік бағытқа

байланысты туындап отыр. Отбасы иесін қазақ қоғамында «отағасы» деп атайды. Ал соңғы

кездері отанасы деп те айтылып жүргенін байқап жүрміз. Бұл дұрыс емес. Себебі қазақ

халқында «отағасы» сөзі отбасы иесіне ерекше құрмет ретінде айтылады. Ал әйел адамды

«ошақ иесі» деп сипаттайды. Оның үлкен философиялық мәні бар. Яғни үйдің ішкі тыныс-

тіршілігі әйел адамға байланысты болып келеді. Сондықтан біз ата-бабаларымыздың салты

бойыншы отбасы құндылықтарын дұрыс қолдануымыз қажет. Анықтамалық сөздікте:

«Отбасы – туысқандық байланыста болатын (күйеуі, әйелі, ата-анасы, әжесі т.б.)

бірлесіп, әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Мынадай функциялар жүзеге

асырылады: репродуктивтік, яғни балалардың тууы; шаруашылық-экономикалық;

тәрбиелеушілік; адамгершілік-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету; отбасы ішілік

қарым-қатынасты ұйымдастыру; бос уақытты өткізуді ұйымдастыру», - деп келтірілген [1,

183-184].

Олай болса, отбасы құрылымы – отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның

мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы

құрылымын талдау барысында отбасында кім басшылық етеді және кім орындаушы, отбасы

мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.

Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына

қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып

табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің

тең бөлінбеуі, өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни

маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының

қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани

қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының

Page 7: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

7

бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық

қақтығыстар екенін мойындау керек.

Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу деректерінің өскеніне байланысты жас

отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан, ғаламтордан

көруге болады. Әр отбасында бұл құндылықтар әртүрлі болып келеді. Бірақ олардың ұқсас

жақтары да бар. Мысалы, «кез-келген обасында дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ

жалғастыру, балаларды тәрбиелеу деген дәстүрлі құндылықтар ортақ болады» [2, 83].

Қоғамда отбасылардың бұрынғы салт-дәстүрді ұстануына бірнеше факторлар әсер

етеді. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі болып

табылады. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты қалыптасады.

Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын

адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе т.б.

құнды заттар сыйлайды.

Отбасына этнопедагогикалық ықпал ету – ондағы тәрбиелік және білім беру

мәселелерін шешуге бағытталған. Оны біз отбасының материалдық және рухани игілікпен

қамтамасыз ету, баланы сүндетке отырғызу, ұлды үйлендіріп отауын тігіп, еншісін беру,

қызды орнықты жерге ұзату, сондай-ақ, балаларын сауаттандыру, оқытып, білім беруге

мүмкіндік жасау т.б. мәдени-әлеуметтік маңызды міндеттер ата-ананың мойнындағы

жауапты іс. Осымен байланысты ата-ананы сыйлау, құрметтеу, оған қарсы келмеу

отбасылық этиканың, қарым-қатынастың императивті әлеуметтік нормалары қатарына

жатады.

Әке – өзінен туған немесе асырап алған баласы бар ер адам, туыстық қатынасты

білдіретін ұғымның атауы. Ғылыми еңбектерде: «Әке туыстық терминдер жүйесіндегі

түпқазық ұғым, өйткені қазақ шежіресінде жеті атаға дейін санау дәстүрінде санақ әкеден

басталады... Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің

мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі,

өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы», - деп сипатталады [4, 97].

Отбасының пейілі, береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан

маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан

бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке

тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі

ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала-

шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан

жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді және сырт көзге отағасының беделімен

сипатталады.

Түсіндірмелік сөздікте «Отағасы – әлеуметтік зерттеулер терминдеріне әсер ететін

отбасындағы үлкен ер азамат (яғни ХІХ ғасырдың ұғымындағы «асыраушы»), үкіметтік

шолуларда отағасы фирманың иегері немесе арендаторы немесе фирманың иегері

немесе арендаторы әйелмен тұратын ер адам ретінде» анықталады [3, 344].

Баланың туған әкесі емес, асырап алған немесе ерлі-зайыптылардың ажырасып, екінші

мәрте үйленуімен немесе тұрмыс құруымен отбасыға ие болған адамды өгей әке деп атаған.

Дүниеге келген баланың кіндік шешесі болған әйелдің күйеуі өкіл әке деп аталады. Сондай-

ақ, өкіл әкені баланың өз әке-шешесі тағайындайтын жағдай да кездеседі, алайда өкіл

әке болған адам балаға өз әкесіндей ақылшы, қамқоршы болады.

Ата – көне түркі дәуірлерінде әрі қолбасы, әрі елбасы болған кісілер есіміне жанама

қосылатын атау. «Ата» сөзі тіркескен қасиетті орындардың бәрі де сондай адамдардың

аттарымен байланысты болып келеді. Ата – осындай жерді, мекенді киелі рухқа теңеуден

шыққан. Демек, ол – ұран тектес сөз. Бұл әсіресе, ежелден аталар рухына – аруаққа

сыйынған түркі қауымдарына тән нәрсе. Ата – көне замандарда ру, тайпа иелігіндегі белгілі-

бір аймақ, өңір болса, бертін келе туған жер, Отан ұғымдарының баламасына айналған. Ол

еліміздің, мемлекеттілігіміздің негізі. Аумалы-төкпелі заманда империялық отаршыл және

Page 8: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

8

кеңестік қызыл саясат салдарынан шетке ауып кеткен қандас бауырлар Қазақстанның

егемендік алуына орай өз Атамекеніне қайтып оралуда.

Сонымен қатар туыстық атауларда: «Аға – орта ғасырдағы түркі мемлекеттеріндегі

әскери атақ. ХҮ-ХҮІІ ғасырларда Түркияда янычарлар корпусының қолбасшылары аға деп

аталған. Ауыз әдебиетінің деректері мұндай қолбасылық дәреже осы кезде қалыптасқан

Ноғайлы Ордасында, Қырым хандығында, Қазақ хандығында да болғанын көрсетеді. Қазақ

тілінде «қол ағалық» сөз тіркесі аға сөзінің әскербасы мағынасын көрсетеді. Биік әскери

дәрежені көрсететін аға сөзі шығыста хан сарайларындағы «есік ағасы», «есік ағасыбасы»,

«шора ағасы» дәрежелерінде де сақталған. Өзінің толғауында айтылғандай Доспамбет жырау

да аға дәрежесіндегі әскербасы болған. Аға дәрежесі әмір, бек дәрежесімен тең болған», -

деп сипаттайды [5, 138].

Кейін аға сөзі жалпы басшы, жетекші, ақылшы мағынасында қолданыла бастады.

Мысалы, «ел ағасы», «отағасы» деген сөздерде кездеседі:

адамның жас жағынан үлкен бауыры, ер адам. Кез келген жасы үлкен ақылшы,

жетекші ер адамдарды да аға деп атай береді.

қызмет, шен, лауазым дәрежесін көрсететін ұғым (аға лейтенант, аға ғылыми

қызметкер, аға сұлтан т. б.).

аға – бірге туған, туысқан, ағайынды, аталас, рулас ер адамдардың патролиния (әке)

жағынан жасы үлкені.

Сонымен қатар, ана жағынан туысса, бұл атауға нағашы сөзі қосылып, нағашы аға деп

айтылады. Аға ұғымы жалпылама мәнде жұмсалғанмен, оны айтушы «эго» бірге туган аға,

туысқан аға, аталас аға, рулас аға дегендерді ретімен қандық жағынан алыс-жақындығына

қарай ажыратады. Сондай-ақ дәстүрлі ортада туыстық байланысы болмаса да өзінен жасы

үлкен ер адамдарың барлығын да аға ретінде құрмет тұту моральдық-этикалық

нормалардың қатарынан орын алған.

Дәстүрлі қазақ қоғамында елеулі орын алатын аға мен іні сыйластығы – этностың

қорғаныс механизмінің қалыпты, әрі ырғақты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін әдеп

нормалары және моральдық құндылықтар қатарында ағаның жөні де, жолы да үлкен деп

есептеледі. Қазақ тәрбиесінде інінің қашан да өзінен жасы үлкен ағасын сыйлап, ақылын

тыңдап, әдепті ілтипатты, ізетті болуы талап етіледі. Ағасы болса інісіне көмектесіп,

қамқорлық көрсетіп жүреді. Ағалы-інілі адамдардың арасындағы қатынастың мұндай

әлеуметтік ерекше мәні «ағасы бардың жағасы бар»; «Үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без, аға

тұрып, іні сөйлегеннен без»; «Ағаға қарап іні өсер»; «Ағаның үйі ақжайлау»; «Жеңім жаман

болса да, жағам жақсы, өзім жаман болсам да, ағам жақсы»; «Көп ақымақтың ағасы

болғанша, бір ақылдының інісі бол» т.б. мақал-мәтелдерден де аңғарылады. Бұл мақалдар

туысқандар арасындағы өнегелі қарым-қатынас, үлкенді-кішілі адамдардың өзара

сыйластығы, қайырымдылық пен адалдығының нормалары тәрізді. Аға – жасы кішілер үшін

айбар, қорған, сүйеніш әрі мақтаныш. Қазақта өзінен үлкен деп сыйлап, құрметтеуге

байланысты аға тұтты деп айту қалыптасқан. Әдеп (этикет) бойынша өзінің туған ағасына

немесе ағасымен тұстас, жақсы көретін адамын құрметтеу мәнінде аға, ағажан, ағажай,

ағатай сияқты атауыш қаратпалар қолданылады. Сондай-ақ, әпкелерінің, тіпті шешесінің

де отбасылық үрдісте қалыптасқан ахуал бойынша аға атап кететін жайт, және

ағаны тәте деп те атайтын жергілікті ерекшеліктер ұшырасады.

Ана – отбасы ұғымында балалы әйел, туған шеше; туыстық байланыста – әже, апа,

қарындас, жеңге, балдыз, құдағи, құдаша т.б. Ана бейнесі ежелден жыр, аңыз желісі болып

келе жатыр. Хауа Ана есімі қасиетті кітаптарға түскен. Хәууа көне түркі, араб тілінде «өмір

бастауы», «әнам» – парсыша (кітаби) адамдар, адамзат, қарапайым жандар деген ұғымды

білдіреді. Тарихи деректерде: «Ананың көшпелілер қоғамында алатын орнын, бітім-

болмысын жан-жақты ашып көрсететін мұрағаттарды қадым замандардан көптеп табуға

болады. Зерттеушілер Қазақстан жеріндегі археологиялық қазбалардан табылған заттарға,

кісіні жерлеу ерекшеліктеріне сүйеніп, ежелгі дәуір адамдарының ұғым-нанымында ру

Page 9: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

9

басшысы және ошақ иесі ретінде Анаға табынғандығын жазады. Бұған Қазақ даласынан

табылған сүйектен ойып, тастан қашап жасалған әйел мүсіндері куә», - деп келтіреді [6, 87].

Қазақстан жеріндегі Аналар атымен аталған жер-су, кешендер, күмбездер, қалалар,

тайпа-ру атаулары бұған айқын айғақ бола алады. Мысалы, Қозы Көрпеш – Баян сұлу

күмбезі (Аягөз өзені бойында), Бикен-мұнара (Сырдария бойында), Белең-Ана, Жұбан-Ана

күмбездері (Сарысу өзенінің бойында) сақталған. Жеке ескерткіштерді былай қойғанның

өзінде, ортағасырлық талғам-түсінікпен тұтас бір қаланың әйел атымен аталғаны дүние

жүзінде сирек кездесетін құбылыс. Бұл ретте қазақ даласында Қатын қала, Баршынкент т.б.

болғанын атап айту керек.

Тарихи-дерекнамалық еңбектерде қазақ ішіндегі қасиетті Аналардың ел басқару ісіне

араласып, кейде олардың есімімен тұтас ру-тайпалардың аталу деректері көп кездеседі.

Мысалы Енең (шын аты Бөкей), Домалақ-енең (Албан-Суан, Дулат руларын кейде осылай

атайды), Қызай (Найман), Дәулетбике, Алтын, Мәукеш, Айбике, Нұрбике, Ұлдай, Жезбике,

Нәнжіл т.б. Аналар есімдері ру атына айналған. Тіпті, кейбір қазақ руларының елдігін

танытатын ұрандары да Ана есімімен аталған. Мысалы, Арғыннан тарайтын Сүйіндік

руының ұраны да – Қызай т.б. Халық болмысының айнасы іспеттес фольклорымыздан

(ертек, аңыз, әңгіме, жыр, шешендік сөз, қисса-эпостарымыздан) қиял-ғажайып мыстан

кемпірден басқа жағымсыз әйел бейнесін кездестіру қиын. Оның орнына Құртқа,

Гүлбаршын, Қаракөз, Қарлыға, Назым, Ақжүніс, Қыз Жібек, Баян сұлу, Айман, Шолпан,

Қарашаштың бірі ақылымен, бірі көркімен, енді бірі өжеттік-ерлігімен елге қорған, ұрпаққа

Ана болғанын көреміз.

Қазақ қоғамында ұрпақ тәрбиесі, дәстүр жалғастығы, әдет-ғұрыптардың қалтқысыз

орындалуын қадағалап отыруда Ананың қызметі айрықша. Аналар әуелі үй-ішімен, отбасы

береке-бірлігінің ұйытқысы болып, одан асса, ауыл-ел ынтымағының жарасуына ықпал

жасаған. Адуын би, азулы хандардың өзі ел Аналарының айтқан ақылына құлақ асып

отырған. Аналар бейнесі қазақ жазушыларының тарихи-көркем шығармаларында да жан-

жақты сомдалған. М.Әуезовтің «Абай жолындағы» Зере, Ұлжан, Ғ.Мүсіреповтің Ұлпаны т.б.

көркем бейнелерде бүкіл қазақ әйелдерінің бітім-болмысы жинақталып, шеберлікпен

көрсетілген. Халқымыз қара жерді – Жер-Ана деп құрметтеп, туған тілін – Ана тілі деп

әспеттеген.

Кіндік шеше – әйел босанғанда көмек көрсетіп, нәрестенің кіндігін кесетін әйел. Қазақ

салтындағы үлкен бір сыйлы ана, мол кәделі әйел «кіндік шеше» болып табылады. Туу

үстінде баланың кіндігін кескен әйелді «кіндік шеше» деп атайды. Кіндік шеше баланың

екінші анасы болып саналады. Қазақтар екінің бірі, егіздің сыңарына баланың кіндігін

кестіре бермейді, қол-аяғы жеңіл, ауылда, ел ішінде беделі бар, мінезі жайраң қаққан, ақ еділ

аналарға ғана кестіреді. Өйткені, бала кіндік кескен адамға тартады, кіндік апасы қандай

болса, балада дәл сондай болады деп ырымдайды. Кіндік жолын алған әйел балаға ит көйлек

әкеп кигізеді. Бала қырқынан шыққанша қарап, тамақ жасап беріп көмектеседі. Әуелі үлкен

азамат болғанда, азамат боп толғанда да кіндік шешесін құрметтеп, кәдесін өтеп жүреді.

Оған кіндік кескені үшін мал атап, қымбат бұйым сыйға тартылады. Баланың мінез-құлқы,

жүріс-тұрысы, ақылы, адамгершілігі, еңбекқорлығы Кіндік шешеге тартады деген түсінік

бар.

Қарындас – туыстық атаулар. Дәстүрлі қазақ қоғамында ер адамдардан

жасы кіші қыздар қарындас аталады. Қыздар ағаларына туыстық жақындығына

қарай немере, шөбере, аталас қарындас деп те бөлінеді. Сондай-ақ, руластық, елдестік,

тіпті тайпаластық бірлікті ескере отырып, жасы кіші әйелдерді, қыздарды қарындас дей

береді. Қазақтар қарындасты ерекше құрметтеп, оған әрдайым қамқорлық жасап отырған.

Бауыр – туыстық атау. Дәстүрлі ортада бір әке-шешеден туған, жақын немере,

туысқан адамдар бауыр деп аталады. Бір әкеден, бір анадан туған ағайынды адамдарды бірге

туған бауыр, бірінен кейін бірі туған бір әкенің балаларын төте бауыр, бір әкеден туған,

жастары үлкенді-кішілі адамдарды туған бауыр дейді. Бауырдың кішісі өзінен үлкенге арқа

сүйеп еркелесе, үлкені жақсысына сүйініп, жаманына күйінеді, тілегін тілеп, ақыл-кеңес

Page 10: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

10

береді. Кейде немере, шөберелер, тіпті рулас адамдар да бірін-бірі бауыр дейді. Қазақтар

жақыны қайтқанда «Ой, бауырымдап» дауыс салып келеді. Бұл дәстүрлі қазақ қоғамында

бауырдың өте үлкен мәнге ие екендігін білдірсе керек. Құдалық барысында жақын туыс

болғандығын білдіретін «құйрық-бауыр жеу» дәстүрі көне наным-сенімнен туған. Этнотілдік

ұжымның сөз қолданысындағы бауыры езілу, жер бауырлап қалу, жерден бауырын көтере

алмай қалу сынды тіркестер қайғыға душар болған адамға қатысты айтылатын сөз орамдары.

Мұның негізінде ең жақын, етжақын туыс дегенді білдіретін ұғым жатыр. Дәстүрлі ортада

бауыр қимас жан, орны ерекше туыс сипатында түсініледі.

Ел аузындағы аңыздарда бауырдың жақындығын көрсететін үлгілер көптеп кездеседі.

Солардың бірінің мазмұны мынадай: «Ертеде Төлек атты батыр болыпты. Қазақ пен

қалмақтың арасындағы бір қақтығыста қазақ жағы жеңіліске ұшырап, Төлек батыр ұлын

артына мінгестіріп қашып келе жатса, «ағатай, бізді қалдырма!» деп Есенбай, Құлтан деген

інілері алдынан шығыпты. Соңынан дұшпаны өкшелеп, алдынан екі інісі шырқырағанда

Төлек батыр: «Көзімнен аққан қанды жас, Атаңды күнде жау қумас. Әйелдің ұлы аттан түс,

құдайым ұлсыз қалдырмас. Емшектес болған қос бауыр, Төлекке қайтып табылмас!» - деп

баласын жауға қалдырып, екі інісін құтқарып қалған деседі. Осы тектес бір нұсқада әйел

адамның бауыры үшін баласы мен күйеуін өлімге қиғаны туралы айтылады.

Сөзімізді жинақтай келе, отбасының тағылымдық өнегелері ұлттық құндылықтармен

байланысып жатқан халық санасындағы ғасырлар бойғы қалыптасқан архетиптер, сана

түкпірінен тамыр тартатын қалыптасып қалған ішкі дүниеден хабар беретін жадыдағы

мәліметтер екенін атап өтеміз. Сондықтан мұндай салттардың қалыптастырушылық,

реттеушілік, тәрбиелік, өнегелілік функцияларының маңызы айрықша зор. Ұрпақ

тәрбиелеудің негізгі, басты ықпал етуші құралы да осы деп білуіміз қажет.

Әдебиеттер:

1. Дүйсенбаев А.Қ. Педагогика және психологиядан анықтамалық сөздік. – Алматы:

«Отан», 2015. – 285 б.

2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Сөздік-

Словарь», 2007. – 344 б.

3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы

редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. – 569 б.

4. Кульсариева С.П. Традиции и формирование этнического менталитета у казахских

детей//Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі және бүгіні. – Алматы:

«Ғылым», 2011. – 211 с.

5. Айбын. Энциклопедия /Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. –

880 бет.

6. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі.

Энциклопедия. – Алматы: «DPS», 2011. – 344 б.

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС КЕЗІНДЕГІ ТҰЛҒА ДАМУЫ ЖӘНЕ

ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ

Қаплиева А.Қ.,

«Өрлеу» ҰБАО АҚ Ақтөбе ОПҚБАИ кафедра меңгерушісі,п.ғ.к., доцент

Ерболатқызы С.,

«Өрлеу» ҰБАО АҚ Ақтөбе ОПҚБАИ кафедра лаборанты

Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым - қатынас жасайды.

Осындай әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары, қадір қасиеттері, іс - әрекет

жасау қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері

оның іс - әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. А.С.Золотнякованың пікірінше,

қарым -қатынас - бұл әлеуметтік және тұлғаға бағытталған процесс, мұңда жеке тұлғалық

Page 11: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

11

қатынастармен қатар, құқықтық құндылық шарттары жүзеге асады. Оның ойынша, қарым -

қатынас әлеуметтік процесс болып табылады. Осы орайда, қарым - қатынас

коммуникативтік- процесс ретінде түсіндіріліп, тек әлеуметтік құндылық мөлшерін

реттеумен шектелмейді, индивид пен әлеуметтік жүйенің сол құндылықтарды игеруін реттеп

отыруымен сипатталады.

Тұлғаның дамуында өзін адам етіп сезіндіретін, оны кемсітуге, қорлауға басуға,

дербестік құқығынан айырылтуға болмайтын өршіген сезім пайда болады. Алайда оларда

ересектер статусының әлеметтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына

жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады. Материалдық жағынан олар ата-аналар

қарауында. Мектепте, үйде бір жағынан сен есейдің, үлкейдің десе, екінші жағынан тіл

алуды талап етеді. Баланың әлеуметтеңуі мен тұлғалық дамуында, оның жақын достары мен

құрбыларының қатынасы ерекше мәнге ие. Жыл өткен сайын құрбыларымен қарым-қатынас

байланысы ерекше қажетті. Ол сыныптас құрбыларымен өзара достық қатынас жасауға

тырысады, мүмкіндігінше оны сақтауға талпынады. Сол арқылы құрбылары арасында беделі

көтеріледі, бірін-бірі сыйлау қасиеті артады. Қорыта келе, қарым - қатынас - ол тұлғаның

өміріндегі негізгі рухани, адамгершілік, білім қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады.

Осындай қажеттіліктерді өтеуге қарым-қатынастың мәнерлі белгілері мен құралдарын

меңгеру негізгі міндеттерді атқарады. Қарым - қатынас - әлеуметтік құбылыс. Бұл байланыс

тұлға әлеуметтенуінің қайнар көзінің бірі ретінде анықталады. Тұлғаның әлеуметтеңу

принципі екі жағдайда сипатталуы қажет: біріншіден, қарым - қатынас факторы, адамның

әлеуметтік өмірімен өзара байланысы жүзеге асырылатын алеуметтік қайнар көзі ретінде

есептелінуі керек; екіншіден, әлеуметтену екі аспектіде қарастырылады, ол меңгеру

әлеуметтік бағдарлама құру және оны таратуы. Қарым - қатынас - біріншіден, біріккен іс -

әрекетте пайда болатын адамдар арасында байланыс орнату және оны дамыту процесі болса,

екіншіден, тұлғалардың бірлескен іс-әрекетте қажеттіліктен пайда болған өзара белгі

құралдарымен жүзеге асатын күйі, мінез құлқы. Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор

Қ.Жарықбаев қарым-қатынас туралы былай деген: «қарым - қатынас - адам іс - әрекетінің аса

ауқымды саласы, өмір сүру, тыныс тіршіліктің негізгі арқауын білдіретін ұғым. Адамға ауа,

тамақ, киім, баспана қандай қажет болса, айналасындағылармен қарым-қатынаста болу да

аса маңызды». Сондықтан қарым-қатынас тіршіліктің барлық кезеңінде адам үшін маңызды

орын алады. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуында негізгі факторлардың бірі - ол қарым-

қатынас.

Тарихи -қоғамдағы обьективті талаптар және қоғамның дамуындағы әлеуметтік

заңдылықтар тұлғаның қарым - қатынас процесіндегі рөлін анықтайды. Қарым - қатынас

барысында тұлғаның әлеуметтенуінде байқалатын өзіндік ерекшелектер мәселесіне көңіл

бөле отырып, қазіргі кезеңде бұл салада жүйелі зерттеулерді қажет етеді. Бұл салада

жоспарланған зерттеулер өзіндік ерекшеліктердің қарым-қатынас процесінің кез-келген

аспектілеріне ықпалы айқын байқалуда. Аталған өзіндік сипаттың бірнеше деңгейі

ерекшеленеді. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері, ол неге талпынады және неден

қашады, Сонымен қатар ұғым, ұйымшылдық дәрежесі, оның белсенділігінің интенсивті және

қорытынды нәтижесі, өмірлік тапсырманы шешуге сәйкес бағытталуынан көрінеді. Әрбір

жеке адамға тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі өзіндік әрекет жасай алатын

қабілеті, білімі мен тәрбиесі бар екенін ескере отырып қарым - қатынасқа деген ынтасын

арттыру, олардың жеке басылық қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға

мүмкіндік жасау. Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік психологиялық факторлары

біріншіден, әлеуметтенудің - мәдени, тарихи, ұлттық ерекшеліктерін қарастыратын

әлеуметтік топ болса, екіншіден, белгілі бір денгейде өмір жолының кезеңдерінде көрінетін

жеке тұлғалық топ. Осы орайда В.Г.Крыско тұлғаның әлеуметтенуінің үш түрлі факторын

ұсынды. Олар: микрофакторлар - отбасы, микроәлеумет, тәрбие институттары, діни

ұйымдар; мезофакторлар - этнос, аймақтық шарттар, мекені, қарым - қатынас құралдары;

макрофакторлар - мемлекет қоғам ел және мәдениет. Қарым - қатынас сан алуан адамдардың

қатынастары жағдайында жүзеге асады, яғни әлеуметтік және тұлғааралық қатынастардың

Page 12: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

12

жағымды да, кері де жағдайларында болуы мүмкін. Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты

біздің іс - әрекетімізбен қатар мінез-құлқымыз да өзгермелі. Соған сәйкес карым-қатынас

стильдері де өзгермелі болады. Қарым - қатынас стилі адамның басқа адаммен өзара

әсерлесуі барысындағы мінез-құлқын көрсететеді. Сонымен адамнын қарым - қатынас стилі,

оның анықталған нақты бір қарым - қатынаска орнықталынуы, бағытталуы соған дайындығы

мен адамның сол жағдайдағы өзін көрсетуі. Қарым - қатынас адам өмірінің рухани және

материалдық формаларының сан алуандығын сипаттайды және тұлға өміріндегі ең маңызды

қажеттілік болып табылады. Кейде «қарым - қатынас», «әлеуметтік қарым - қатынас»,

«тұлғаралық қарым - қатынас» түсініктерін теңдестіру тенденциялары көрініс береді.

Дегенмен бұл түсініктер өзара байланысты болғанымен, бір - біріне тепе - тең болмайды.

себебі олардың өз өзгешеліктері болады. Қарым - қатынас, біріншіден. топтар арасындағы,

топтар мен ұйымдардағы әріптестер, әрекет субъектілері арасындағы аппарат алмасу:

екіншіден, қарым - қатынас субъектілерінің бірлескен әрекет стратегияларының өнімін;

үшіншіден, қарым -қатынас - бірлескен міндeттepдi шешу процесіндегі адамдардын бірін -

бірі қабылдауы мен түсінуі. Адамзаттың барлық өмірі үнемі басқа адаммен қарым - қатынас

негізінде өтеді. Қарым - қатынас процесінің барлық жақтары (коммуникативті, интерактивті.

перцептивті) басқа құрылымдық тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Олар кез келген іс -

әрекетте бір - бірін қабылдау, түсіну, бірлескен әрекет ұйымдастыру мақсатыңды іс -

әрекеттің мазмұнына байланысты орындалатын процестің негізінде туындайтын қарым -

қатынастың түрлері мен арақашықтықтары. Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-

әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататынкүрделі процесс; екі немесе одан да көп

адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер,

біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және

қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдардың

танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және

өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.

Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және

мезо, марко, микро, рухани, істер т.б. деңгейлері болады.

Негізгі қызметі: 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпараталмасу және адамдардың

бірін-бірі тануымен байланысты);

2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті

ұйымдастыру);

3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол

жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы

зор.

Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік

береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, т.сініспеушілік,

ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды.

Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі:

барлық адамдармен тең дәрежеде,дөрекілік пен жағымпасдықсыз жағымпасздықсыз қарым-

қатынас жасау; сұхпаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде

қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу.

Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен

қарап,сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың

негізгі өлшемі болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі

бірпедагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-

әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды

психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан

тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Перцептивтік қарым-қатынас. Перцептивтік

қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке

Page 13: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

13

сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы.

Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет. Фатикалық

қарым-қатынас. Фатикалық қарым-қатынас (латыншы: fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас

үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас. Қарым-қатынастың жетекші түрі. Қарым-

қатынастың жетекші түрі - осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым-қатынас түрі, бұл

арқылы тұлға дамуының осы сатысына сәйкес негізгі тұлғалық қасиеттер қалыптасады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Харламов И.П. Педагогика. - М.,1990.

2. Р. Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.

3. Источник: http://refleader.ru/poljgeqasujgaty.html

ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІ БОЙЫНША

ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚТАРЫН КЕҢЕЙТУ

Рахатова К.Ж.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының бөлім басшысы, п.ғ.м.

Жапақова Г.Қ.

«Өрлеу» ҰБАО АҚ Ақтөбе ОПҚБАИ кафедраның аға оқытушысы, п.ғ.м.

Еліміздің біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтардың біліктілігін арттыру

курстарының бағдарламаларын жаңарту, базалық мазмұнды кұру, вариативті мазмұнды әрі

қарай дамытуды қолдау бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру

институттарының аймақтық стратегияларын басқаруды орынды орталықтандыруды

болжамдайтын корпоративті басқарудың бірегейлік тәжірибесі дамуда.

Біліктілікті арттыру кезінде мұғалімдерді кәсіби дамыту бойынша жүргізілетін

жұмыстар:

• проблемаларды анықтау мақсатында зерттеулер жүргізу;

• курс мазмұнын қалыптастыру;

• басқа ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

• мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы үшін жағдай жасау;

• мектептердегі психологиялық-педагогикалық қызметті кеңейту;

• озық қазақстандық және халықаралық тәжірибелермен таныстырып, оларды тарату;

• курстан өткен мұғалімдердің кәсіби қызметінің мониторингін жүргізу;

• жаңашыл педагогтардың дерекқорын құру және оны жүйелі толықтырып отыру;

• білім беру бағдарламалары мен оқу материалдарын әзірлеу және сараптау

жұмыстарына педагогтарды тарту.

Осы орайда тұлғаны әлеуметтендіру мен тәрбиелеу кезінде мұғалімдер үшін

туындайтын қиындықтар аясын жіктеп көрейік:

-тәрбиелеу үдерісінің басқарушылық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық-

сараптамалық, жобалық-зерттеушілік, инновациялық саласындағы теориялық білімді нашар

меңгеруі;

-білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтінінде тәрбие үдерісінің тиімділігін қамтамасыз

ететін тәжірибелік дағдылар мен тәсілдерді жеткіліксіз деңгейде меңгеруі;

-мектептегі тәрбие жұмысын білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында

психологиялық-педагогикалық негіздерді жеткіліксіз меңгеруі;

-білім беру үдерісіне жеке тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру тәсілдерін, АКТ мен

тәрбие беру инновацияларын енгізу механизмдерін жеткіліксіз меңгеруі;

-тұлғаны әлеуметтендіру, тәрбие ортасын жаңартуға бағытталған тәрбие жұмысын

стратегиялық және тактикалық жоспарлау дағдыларын меңгеру деңгейінің төмендігі;

-оқушылардың тәрбиелік деңгейлерінің қалыптасқандығын бақылау-диагностикалық

зерттеулерді нашар меңгеруі.

Page 14: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

14

Мұғалімдер үшін қиындық туғызып жүрген мәселелерді шешу мақсатында алдымен

тұлғаны әлеуметтендіру мен тәрбиелеудің ғылыми-теориялық мәліметтері ұсынылады.

Солардың ішіне ҚР нормативтік-құқықтық құжаттары да енеді: «100 нақты қадам: баршаға

арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты

Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015

жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»

атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан

халқына Жолдауы, .«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму

жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы

№922 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205

Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды

дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Тәрбиенің

тұжырымдамалық негіздері.

Сәйкесінше, мұғалімдердің мектептегі тәрбие жұмысын білім беру мазмұнын жаңарту

жағдайында психологиялық-педагогикалық негіздерді жеткіліксіз меңгеруін келесідей

дәрістермен, тренингтермен меңгертуге болады: тәрбие мазмұнын жаңарту мәнмәтінінде

тәрбие үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу; тұлғааралық өзара қарым-

қатынас психологиясы - оқушының тұлғалық қалыптасуының негізі ретінде қалыптасуының

негізі; тұлғааралық қарым-қатынастар талдауы; тұлғаның әлеуметтік ролінің қалыптасуының

психологиялық-педагогикалық негіздері; оқушылардың дамуы және бейімделуінің

психологиялық ерекшеліктері және т.б..

Тұлғаны әлеуметтендіру мен тәрбиелеу үшін мұғалім алдына тәрбие процесін

ұйымдастырудың заманауи технологияларына үйрену міндетін қоямыз.

Оқыту үрдісін әлеуметтендіру кезінде тұлғаның дамуына білім мазмұны, оқыту мен

тәрбиелеу әдістері, оқыту мен тәрбиелеуге қолданылатын ұйымдастыру формалары, оқыту

процесіне қатысушылар арасындағы келесідей қатынастар әсер етеді.

Кестеде көрсетілген педагогтардың өз құзырлылығы бойынша көмекті қажет ететін

балаларды әлеуметтік қорғау кезінде құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісі

басшылыққа алынады:

Педагог жалпы

орта білім беретін

мектеп жағдайында жеке

тұлғаны

әлеуметтендіруді

төмендегідей

негізгі

бағыттарда

ұйымдастырады

Кәмелетке толмағандардың, кәмелет

жасындағы тәрбиешілердің құқықтық

тәрбиесін ұйымдастыру, мәдени

элементтерді түсіндіру, әлеуметтік

мұрағаттар мен құндылықтарды игеру

негізінде жеке тұлға қасиеттерін

қалыптастыру

Диагностикалық

қызмет

Өз құзырлылығы

шеңбері бойынша

көмекті қажет

ететін балаларды

әлеуметтік қорғау

Page 15: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

15

* түйінді құзыреттер;

* жалпыланған пәндік біліктіліктер;

* қолданбалы пәндік біліктіліктер;

* өмірлік дағдылар.

Бұл төрт бағыттың бәрі тұлғаны әлеуметтендіру мен тәрбиелеу үшін өте қажет.

Бұлардың әрқайсысын орындау тұлғаның құзыреттіліктерін дамытуға, өмірге дайындығын

арттыруға себепкер болады. Мектепте білім берудің тәрбиелік әлеуетін арттыруға

бағытталған шараларды ұйымдастырып, өткізу кезінде қоғамымыздағы жағымды да,

жағымсыз да беталыстарды педагог есінде ұстауы қажет. Жағымды беталыстар:

1) қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы демократиялық үдерістер күшеюде;

2) мәдениеттер диалогы дамып жатыр;

3) Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа белсенді кірісуде.

5. Мұның барлығы адамгершілік-рухани, шығармашылық, іскерлік, дамушы тұлғаға,

көшбасшыға әлеуметтік сұранысты арттырады.

6. Жағымсыз беталыстар:

1) бейруханият;

2) әлеуметтік жіктелу, азаматтардың әлеуметтік қорғалмауы;

3) қоғамның қылмыстандырылуы;

4) бұқаралық ақпарат құралдарында зорлық-зомбылықтың насихатталуы.

Мұғалім өзінің кәсіби құзырлылықтарын дамыта отырып, оқушы бойындағы

әлеуметтік құзырлылықтарды да дамытады.

Тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру туралы біліктілікті арттыру жүйесінде

мұғалімдерге ұсынылатын өзекті мәселелер:

білім беру ұйымдарында тәрбие үдерісін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар;

тәрбие үдерісінің инновациялық, жобалық-зерттеушілік, ақпараттық-талдаушылық,

психологиялық-педагогикалық, басқарушылық жұмысының теориялық және әдістемелік

негіздері;

тұлғалық-бағдарлы тәсілге бағытталған тәрбие жұмысын стратегиялық және

тактикалық жоспарлауды әзірлеу;

рухани-адамгершілік, патриоттық және көшбасшылық қасиеттерді

қалыптастырудың тиімділігін қамтамасыз ететін тәрбие жұмысы жүйесіне инновациялық

әдістер мен АКТ-ны енгізу;

оқушының тәрбиелік деңгейінің қалыптасқандығын анықтаудың заманауи бақылау-

диагностикалық әдістерін, сыныптан тыс іс-шараларды талдау және өзіндік талдау

әдістемесін, тәрбие жұмысын бағалаудың критериалдық тәсілін әзірлеу және тәжірибеде

қолдану.

тәрбие үдерісін басқарудың тәсілін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және

көшбасшылық қасиеттерін;

білім беру ортасында тәрбие үдерісін ұйымдастыру және іске асырудың тәжірибелік

біліктері мен дағдыларын;

әлеуметтік

бейімділікке

үйрету

әлеуметтік

жауапкершілікке

үйрету

әлеуметтік-

экономикалық

еріктілікке үйрету

этномәдени, саяси-әлеуметтік

сәйкестілікке баулу және

ақпараттық біліктілікке үйрету

Мұғалім құзырлылығы көмегімен оқушы бойындағы

әлеуметтік құндылықтарды дамыту

Page 16: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

16

білім мазмұнын жаңарту жағдайында тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру

негіздері ретінде патриотизм мен көшбасшылық қасиеттерді дамыту және қалыптастыруға

әсер ететін зерттеушілік жұмысты ұйымдастыру бойынша кәсіби құзыреттілікті.

Жоғарыдағы қиындықтар аясын күтілетін нәтижеге әкелу үшін педагогтердің білім

берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама–

қайшылықты үйретуіміз, меңгертуіміз, қолдантуымыз керек. Сол себепті мектеп

мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог – мамандардың біліктілігін

жетілдіру жүйесінде ұйымдастыру, олардың кәсіби құзырлылығы негізінде жүзеге асыру

қажеттігі туындайды.

РОЛЬ СЕМЬИ В ТРУДОВОМ ВОСПИТАНИИ

Бухарбаев Б.К.,

старший преподаватель кафедры инновационных технологий и методики преподавания

естестественно-научных (гуманитарных) дисциплин

«Я точно знаю, что вся жизнь держится трудом рабочего человека и движется только

благодаря труду.»- Президент Республики Казахстан Н.А.Назарбаев

«Человек рожден для труда; труд составляет его земное счастье, труд — лучший хранитель

человеческой нравственности, и труд же должен быть воспитателем человека».

К.Д. Ушинский

Семья это царство отца, мир матери и рай ребенка.

В статье рассматривается вопрос роли семьи в организации позитивного отношения к

труду, к трудовой деятельности, любви и мотивации к труду с раннего возраста.

Ключевые слова: семья, воспитание, педагог, труд.

Благополучие каждой семьи – основа стабильности в обществе и успешного развития

государства.

Семья – это первооснова общества, выполняющая множество социальных функций, к

важнейшей из которых, несомненно, относится рождение и воспитание детей. Ведь именно

семья воспроизводит общество и прежде всего в семье ребенку прививаются вечные

духовно-нравственные ценности, нормы морали, семейные традиции, общепринятые

понятия – честь, добро, справедливость.

На церемонии награждения победителей Национального конкурса «Мерейліотбасы» в

сентябре 2014 года ЕлбасыН.А.Назарбаев отметил, что «…семья – это величайшая ценность.

Сквозь тысячелетия и века, от поколения к поколению семья является хранительницей

моральных устоев, национальных традиций каждого общества. …семья – это неиссякаемый

источник любви к своему народу, его культуре и быту. Это родник патриотизма и вечной

заботы о процветании Родины сквозь призму счастья родителей, детей и внуков».[1]

Главная функция семьи — воспитание детей. Семейное воспитание правомерно

основано на взаимном уважении и понимании, уважении к личности ребенка. Авторитет

семьи основывается на взаимной любви, на том,что создает благоприятную для семейного

воспитания атмосферу, вызывает у ребенка стремление прислушиваться к советам, просьбам

старших, охотно их выполнять.

Каждый ребенок имеет право жить и воспитываться в семье, право знать своих

родителей и других близких родственников, право на их заботу и воспитание, за

исключением случаев, когда это противоречит его интересам.[2]

Брак и семья, материнство, отцовство и детство находятся под защитой государства.

Брачно-семейное законодательство Республики Казахстан основывается на принципах:

1) добровольности брачного союза мужчины и женщины;

Page 17: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

17

2) равенства прав супругов в семье;

3) недопустимости произвольного вмешательства кого-либо в дела семьи;

4) разрешения внутрисемейных вопросов по взаимному согласию;

5) приоритета семейного воспитания детей, заботы об их развитии и благосостоянии;

6) приоритетной защиты прав и интересов несовершеннолетних и нетрудоспособных

членов семьи;

7) обеспечения беспрепятственного осуществления членами семьи своих прав,

возможности судебной защиты этих прав;

8) стимулирования здорового образа жизни всех членов семьи. [3]

Сила семейного воспитания на ребенка объясняется теплым, эмоциональном характере

отношений, основанных на родственных чувствах и взаимной любви. Особенно

благоприятная обстановка для развития у ребенка доброты, сострадания, заботливости

создается в семьях, где есть четкие нравственные установки и преемственность поколений.

Любовь ребенка к матери и отцу, бабушке и дедушке, братьям и сестрам побуждает его

подражать им, брать с них пример, ребенок с раннего детства начинает стремиться к труду.

Родители должны понимать, что они хотят воспитать в ребенке, обязаны думать о своей

ответственности перед обществом и государством за его воспитание. Проблема трудового

воспитания актуальна для всех родителей. Приучаясь к труду с раннего возраста, дети

овладевают полезными умениями и навыками, получают определенные знания. Главное же

состоит в том, что у них воспитывается уважение к старшим, стремление проявить свою

заботу о них. В совместной работе укрепляется семья, взаимопомощь. Хорошо воспитанные

дети вырастают в семьях, где родители чувствуют свою ответственность за будущее ребенка

и поддерживают тесные связи со школой и педагогами, стремление узнать как можно

больше о ребенке, особенностях его воспитания и образования, понимании своей

родительской роли в подготовке детей к будущей жизни и труду в обществе.Влияние семьи

на воспитание детей, их подготовку к трудовой деятельности в будущей жизни огромно.

Семья – главная модель поведения для ребенка. Ценности и установки семьи ребенок

впитывает с детства. Личный пример родителей, стимулируют ребенка к поиску

интересного увлечения, хобби, любимого предмета в школе, а затем и к выбору трудовой

профессиональной деятельности.Главное – сам труд, непосредственное участие в нем детей.

Без собственного практического опыта, личных каждодневных физических усилий,

трудовое воспитание немыслимо. В процессе труда, при активном участии детей в

самостоятельных, практических делах воспитывается трудолюбие, чувство долга,

дисциплинированность, характер, формируются трудовые умения и навыки.Велика роль

семьи в трудовом воспитании детей. В семье у детей закладываются основы трудолюбия,

вырабатываются трудовые умения и навыки. В труде воспитываются личностные качества

человека. Труд является главным фактором для физического, умственного и нравственного

совершенствования ребенка. Он необходим для человеческого достоинства, для свободы и

его счастья. Труду ребенок обязан минутами высокого наслаждения.Трудовое воспитание

детей укрепляет семейную жизнь. Правильное воспитание невозможно себе представить как

воспитание нетрудовое. В воспитательной работе труд должен быть одним из самых

основных элементов, ребенок, не умеющий трудиться и добросовестно относиться к труду,

вызывает жалость и осуждение, поскольку он всегда нуждается в услугах других, постоянная

занятость ребенка, увлеченность его трудом – надежная гарантия того, что он не станет

пустым, никчемным человеком.Задачей трудового воспитания ребенка в семье является

развитие в нем нравственных, физических и умственных качеств, развитие его личности,

приобщение к труду. Труд, укрепляет силы детей и его здоровье, повышает его жизненную

энергию, развивает умственные способности детей, его сообразительность, творческую

смекалку. Труд без идущего рядом образования, воспитания не приносит воспитательной

пользы, трудовое образование, воспитание детей – это подготовка и воспитание не только

будущего хорошего гражданина, но и воспитание его будущего жизненного уровня, его

благосостояния, его семьи, его будущий детей.

Page 18: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

18

Творческий труд ребенка возможен только тогда, когда в семье относятся к работе с

любовью, когда семья сознательно видит в ней радость, понимает пользу и необходимость

труда, когда труд делается для ребенка основной формой проявления личности и таланта. В

трудовом усилии воспитывается не только подготовка ребенка, но и воспитывается

правильное нравственное отношение к другим людям, к правильной оценке и уважении

чужого труда.Без активного труда, ребенок теряет, умение адекватно оценивать различные

жизненные ситуации, возможность находить другие варианты решения задач. Ребенку

всегда требуется поддержка — не преодоление трудности вместо него, а помощь, позитивное

отношение семьи, школы, родителей и педагогов указание на ошибку, вера в его

положительные, творческие качества и способности. Каждый родитель мечтает о том,

чтобы его ребенок стал полноценной творческой личностью, добился поставленных целей,

в будущей жизни и трудовой деятельности.

Литература.

1.Статья Государственного секретаря Республики Казахстан Г.Абдыкаликовой «Беречь

величайшую ценность»

2.Закон Республики Казахстан от 8 августа 2002 года № 345-II

О правах ребенка в Республике Казахстан. Глава 4 статья 21.

3. Закон РК О браке и семье Закон Республики Казахстан.

ОТБАСЫ – РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Сеткереева Г.А.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының аға оқытушы

Иманиязова С.С.,

Ақтөбе қаласы №48 жалпы білім беретін орта мектепбінің бастауыш класс мұғалімі

«Адамзаттық күштің маңыздысының бірі – адамгершілікке ұмтылу. Осыдан біздің ішкі

тұрақтылығымыз бен тіршілік етуіміз басталады. Біздің өмірімізде адамгершілік қана

біздің қылықтарымызға әсемдік пен сенімділікті береді. Оны жігерлендіру мен оның

мағынасын анық түсінуге көмектесу – білім берудің басты мақсаты

Альберт Эйнштейн

Адамдарды сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу –

адамгершiлiктiң белгiсi.Адамның шынайы байлығы затта емес,рухани қазынада

В. Сухомлинский

Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының

алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды.

Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан

келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға

пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз

орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-

қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады. Ал,

отбасындағы тәрбие бесік жырынан бастау алады. Осыған орай ұлы жазушы М. Әуезов

«Халқым ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтып кеткендей, отбасындағы тәрбиенің бесік

жырынан нәр алуының маңызы айрықша. Ата-ана баласына ертегі, аңыз, әңгіме, жыр-

дастандарды айту арқылы, оның ойлау, қиялдау, тыңдай білушілік пен армандау қабілетін

ұштайды.

Жас ұрпақ өкілдеріне отбасында тәрбие беруде ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа

беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиенің, халықтық педагогиканың маңызы орасан.

Халықтық педагогиканың негізінде ұлттық сана-сезімді, ар-ожданды, ұлтжандылықты,

Page 19: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

19

отансүйгіштікті, қоғамдағы ережелер мен ұстанымдарды, ұлттық рухты ұрпақ жадына

тоқыту әрекеті жүзеге асырылады. Осыған орай белгілі педагог-ғалым К. Оразбекова «Иман

және инабат» еңбегінде: «Халық педагогикасының негізгі көздер мақсаты - бай тарихи

тәжірибеге сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге,

отбасы, ауыл-аймақтың, елдің ар-намысын қорғауға тағы басқа ізгі қасиеттерге баулу, яғни,

адамның белсенді бет-бағдарын қалыптастыру» - деген тұжырым жасайды. Сонымен,

халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиелік негізі ретінде - ата-ананы, үлкенді құрметтеу,

кішіге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға қайыр қылу, әдептілік, парасаттылық,

адалдық, шыншылдық, тектілік сияқты және т.б. қасиеттер кең байтақ өлкемізде ғасырлар

бойы буыннан буынға жалғасын табуда.

Осылайша, бала мінез-құлқының негізін қалыптастыруда, оның бойына рухани-

адамгершілік сезімін, инабаттылық, әділеттілік, шыншылдық тәрізді адамдық абзал

қасиеттерді егуде отбасы ең алғашқы және басты рөлді атқарады. Нақ осы жағымды

қасиеттерді жас ұрпақтың бойына дарыту ең алдымен отбасындағы тәрбие арқылы жүзеге

асатыны белгілі. Осымен байланысты «Тәрбие -табалдырықтан басталады» деген нақылдың

өзі өмірден алынған шындық.

Отбасында ата-анасы және өзге де отбасы мүшелері баланың тәлімді де тәрбиелі болып

өсуіне ерекше назар аударатыны анық. Осы тұрғыдан алғанда баланың бойына жас кезінен

ұлттық сана-сезім мен рухани-адамгершілік құндылықтардың негізін орнықтырудың маңызы

өте зор. Себебі бала жасынан қалыптасқан мінез, тәлім-тәрбие, қарым-қатынас қағидалары

көбінесе есейгенде де сақталынады. Сондықтан әр адам өзінің ар-намысын, қадір-қасиетін

жоғары ұстап, өзін-өзі тәрбиелей білуі керек. Өзін-өзі тәрбиелеуге әр адамның жақсы қасиет

пен талғамға үйренуінің негізінде өз бойындағы бағалы адамгершілік қасиеттерін жетілдіруі

жатады. Олай болса, «моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы

арқылы олардың бойында адамгершілік, әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, сөйтіп

адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу болып саналады». Осымен байланысты ұлы

ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби адамның бойына кішіпейілділік,

қайырымдылық, шешендік, қанағаттылық, жомарттық және т.б. ізгі қасиеттерді негіздеуде

тәрбие мәселесіне зор мән берген. Бұл ретте ол «тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына

білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз… Тәрбиелеу кезінде

халықтар мен қалалықтарға білімге негізделген қасиеттерден туатын іс-әрекет жасау

дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке жігерлендіріледі.., сөйтіп, осы қасиеттер және

бұлармен байланысты әрекеттер адамдардың жан дүниесін баурап алатындай және

адамдарды осыған жан-тәнімен құштар ететіндей болуы көзделеді», - деген тұжырым

жасайды. Сонымен қатар, ұлы ойшылдың жас ұрпақты жеке тұлға етіп қалыптастыруда

адамгершілік тәрбиесін негіз етіп алудың маңыздылығы турасындағы ой-пікірлерінің орны

айрықша. Соған орай ұлы ойшыл: «Енді біз жақсы адамгершілік сапалар туралы, сондай-ақ,

осылардың негізінде туатын және мораль саласында ең абзалы болып табылатын нәрсеге

қарай ойымызды сілтейтін мінез-құлық нормалары туралы әңгімелегеніміз жөн», - дейді.

Сондай-ақ, ұлы ойшыл әр адамның жеке-дара тұлға болып қалыптасуы үшін екі әдісті -

ерікті түрде және күштеу арқылы тәрбиелеуді ұштастыра қолдануды талап етеді. Яғни, ол:

«Күштеу арқылы тәрбиелеу және ерікті түрде тәрбиелеу тәлім-тәрбие алушы адамдар

болмысының мәніне байланысты, бұлар өзінің аумағы мен күшіне қарай дараланып

отырады… Ерікті түрде тәрбиелеу өнері өте-мөте көп күшті керек етеді. Күштеп тәрбиелеу

өнері жөнінде де осыны айтуға болады, ал мұның мәнісі, басқасын былай қойғанда адамның

өмірдегі арманы болып табылатын бақытқа жеткізерлік белгілі бір іс-әрекет жасау… деген

сөз», - деп пайымдайды.

Ал, әйгілі түрік ойшылы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасындағы:

«Сәбиінде көкірекке түйгені

Өлгенінше санасында жүреді!

Ұяда не көрсе, соны іледі,

Page 20: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

20

Сүтпен сіңген өле-өлгенше жүреді!», - деген бәйіті «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны

іледі», «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деген мақалдармен үндес. Яғни, Ж. Баласағұн

бұл бәйіттерінде өмір есігін енді ғана ашқан жас ұрпақты отбасында және қоғамдық ортада

адамгершілікке тәрбиелеудің орны бөлектігін атап көрсеткен. Міне, сонда ғана әрбір бала

ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ізгі қасиеттерді, әдеп ережелерін өз өміріне серік

етіп өседі дейді.

Қазақ халқының ұлы ойшыл философы Абай Құнанбайұлының (1845-1904жж.)

поэтикалық шығармалары мен «Қара сөздері» педагогикалық ой-пікірлерге толы. Ұлы

ойшыл өзінің бүкіл саналы өмірі мен шығармашылық күш-қуатын адамды жеке тұлға етіп

қалыптастыруға, адамдық қасиеттерді биіктетуге, адамды түбірінен жаңартып, оның рухани

дүниетанымын байытуға, жетілдіруге сарп етті.

Адам мәселесі ұлы ойшыл шығармаларындағы негізгі рухани-әлеуметтік мәселе болып

табылады. Ол адамның жеке тұлға ретінде әлеуметтік тұрғыда жетілуіне ықпал ететін

алғышарттардың қатарында - «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды» атап көрсеткен.

Толыққанды, жетілген адам - адамгершілігі мол, білімді, еңбекқор, сабырлы, имандылығы

мен ұяты жоғары, қанағатшыл болуға тиіс дейді. Ол халықты осындай қасиеттерді өз

бойларына дарытуға шақырып, жалпыадамзаттық ізгілік пен рухани-адамгершілікке үндеді.

Ұлы Абай адамның әрқашан өзін-өзі жүйелі түрде жетілдіріп, тәрбиелеп отыруына

айрықша көңіл бөліп, он бесінші сөзінде былай деп атап көрсетеді: «…Егерде есті кісілердің

қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір

өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не

білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды күніңді өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?

Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?». Олай болса, бұдан

шығатын қорытынды – адам күнделікті істеген әрекетіне талдау жасап, өмірін мәнді де

мағыналы өткізуге тырысып, дүниедегі өз орнын тауып, лайықты іс-әрекет жасауға ұмтылуы

тиіс.

Ұлы Абай адамды биікке көтерді, оны толық жетілген адам дәрежесіне жеткізуді

мақсат етті. Ойшыл-дана сомдаған «Толық адам» келбеті немесе оның жүрек тәрбиесі

туралы ой қозғауы – қазақ халқының ертеден келе жатқан ұлттық тәрбиесі мен халық

даналығынан бастау алған. Осылайша, ұлы ойшыл адам бойындағы адамгершілік, ақыл

тәрізді қасиеттерді аса жоғары бағалаған. Ойшыл қоғам мүшелерінің адамгершілік мінез-

құлқына талдау жасап, адамды оның жоғары деңгейдегі сана-сезіміне, өз ел-жұртына

көрсетер қызметіне қарай бағалау керектігін атап көрсетеді. Оның адамгершілік мәселесі

туралы толғаныстарына терең үңілетін тұс – қазіргі кезең. Еліміздің барлық саласында

түбегейлі жаңарулар болып жатқан бүгінгі күндерде ұлы ойшылдың әлеуметтік ой-

пікірлерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі мәні өте зор.

Ұлы Абай өзінің бүкіл саналы өмірінде «Адам бол!» деген этикалық қағиданы ұстанып,

қалың қауымды адамгершілікке, адамшылыққа, ізгілікке үндеді. Адамның өмірінің соңына

дейін шын мағынасында адамдық қасиетін жоғалтпай, өз халқына адалдығын сақтап,

адамзатты құрметтеуі – бүгінгі таңда да көкейтесті мәселе. Ойшыл үлгі етіп ұсынған адам

болудың жолы әрқашан, қай қоғамда да өзінің мән-мағынасын жоғалтпайтын қағида болып

табылады.

Ұлы Абайдың жастарды халқымыздың әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-

тәрбие алуға шақыруы дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі.

Мәіне, осылайша, өскелең ұрпақтың жадына тәрбие қағидаларын дарыту отбасында ең

алдымен ата-анасының ыстық махаббаты мен мейірімінен, шынайы қамқорлығынан

басталады. Яғни, адамға, қоршаған ортаға, Отанға деген қымбат қасиет бала жүрегінде

отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды. Сондықтан да мұны «Отан - отбасынан

басталады» деп түйіндейді халық даналығы. Жас балдырғандарға адамгершілік пен

борыштың, арлылық пен намыстың мәнін жете ұғындырудың маңызы зор. Өйткені борышқа

деген саналы көзқарасы қалыптасқан, ар-намысы берік жас ұрпақ ғана кейін өзінің Отан

алдындағы, халық алдындағы парызын адал орындап, адамзат бақыты мен ел игілігі үшін

Page 21: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

21

қызмет ететіні сөзсіз. Біздің міндетіміз-отбасындағы әрбір баланың жадына «Қазақстан –

менің Отаным» деген қастерлі сезімді егу болып табылады.

Отбасының жеке тұлғаның әлеуметтік тұрғыда қалыптасуындағы орны мен рөлі

жайында кеңестік педагогика ғылымы саласында әртүрлі пікірлер орын алғаны белгілі.

Көрнекті педагог А.С.Макаренко: «Жақсы да, жаман да семьялар болады. Семья ойдағыдай

тәрбиелейді деп кепіл болуға болмайды. Семья қалай тәрбиелесе, солай тәрбиелесін деп біз

айта алмаймыз. Семьялық тәрбиені біз ұйымдастыруға тиіспіз және мемлекеттік тәрбиенің

өкілі ретінде бастапқы ұйымдастырушы мектеп болуға тиісті. Семьяларға мектеп басшылық

етуге тиісті»,-деп өскелең ұрпақты қалыптастыру ісінде отбасына қарағанда мектеп

жетекшілік рөл атқаруы керек деген ұйғарымды ұсынды. Ал, педагог-ғалым

В.А.Сухомлинский: «Мектеп, семьяны, әсіресе шешені толық дәрежеде алмастыра

алмайды... Мектеп пен ата-ананың міндеті - әр балаға бақыт беру. Бақыт алуан қырлы. Ол –

адамның өз қабілетін ашып, еңбекті сүйіп, онда жасампаз бола білуінде де және қоршаған

дүниенің әсемдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасауында да, басқа адамды сүйіп,

өзі де біреудің сүйіктісі болып балаларды нағыз адам етіп өсіре білуінде. Тек ата-аналармен

бірлесіп ортақ күш-жігер жұмсағанда ғана мұғалімдер балаларға зор адамдық бақыт бере

алады», - деп тек отбасымен бірлескенде ғана мектеп ізгі қабілет-қасиеттері бойында

тоғысқан жеке тұлғаны тәрбиелей алады деген тұжырымға келді. Демек, жас ұрпаққа мектеп,

ата-ана және әлеуметтік ортаның өзара сабақтаса отырып, мақсатты түрде рухани-

адамгершілік тәрбие беруді ұйымдастыруының маңызы зор. Себебі ұлы ақын Абай

Құнанбайұлы тұжырымдағандай: «адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы

ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».

Бала сонымен қатар отбасында дау-жанжалдың қалай туындайтынын және оны шешу

жолдарын, бағынуды немесе қарсы тұруды, өзара келісімге келуде адамгершілік қасиеттерді

ұстануды және т.б. әрекеттерді басынан өткізеді. Назар аударарлығы, отбасындағы үстемдік

етуші қарым-қатынастың сипаты дербес өмір құруға қадам басушы жеке тұлғаның

болашақтағы мінез-құлқында зор маңызға ие, мәселен, келісілген істі орындауға қабілетінің

болуы, өз көзқарасына қарсы пікірлерді талқылай алу мүмкіндігі, агрессивтік мінез көрсету

немесе көрсетпеу тәрізді ерекшеліктерді қалыптастырады деп атап көрсетеді поляк ғалымы

Е. Вятр. Міне, осылайша рухани-адамгершілік құндылықтар мен ұстанымдар жайлы

отбасында қалыптасқан көзқарас пен көңіл-күй көп жағдайда баланың есінде өмір бойына

сақталынады. Сонымен бірге, өсе келе оның мінез-құлқында көрініс тауып, өмірлік

ұстанатын бағытына айналады. Бұған қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі «Отан от басынан

басталады», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» және т.б. нақылдар дәлел.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «...Дағдарыстар өтеді, кетеді.

Ал, мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады»,

- деп тұжырымдағандай рухани-адамгершілік құндылықтарды өрістетуде отбасының рөлі

ерекше. Отбасында тұрмыстың қалыпты жағдайлары жасалып, адамның мінез-құлқының

негізі, сондай-ақ, еңбекке, қоғамдық ортаға, адамгершілік, идеялық және рухани

құндылықтарға деген қарым-қатынасы дамып, жетіледі.

Демек, отбасы - адам өмірінде, оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда ерекше рөл

атқарады. Ата-ана мен отбасының өзге мүшелері баланың жас және жеке-дара

ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік тәрбие берудің формалары мен

әдістерін нақты жүзеге асыра білуі тиіс. Қоғамда рухани-адамгершілік тәрбие беру

үдерісінде ұлттық және әлемдік деңгейдегі құндылықтарды өзара байланыстыра отырып,

жеке тұлғаның бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып,

дамытудың мәні зор. Себебі адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы

қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ғана

ардақталады. Ал, қоғамдағы адамгершілік тәрбиесі - адамгершілік сезімді, ұлттық сананы,

парасатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруде жалпыадамзаттық

құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпыадамзаттық тәрбиенің бір бөлігі.

Page 22: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

22

Сондықтан бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісінің басты мақсаты - ақылды да әдепті, жан-жақты

жетілген, адамгершілігі мол жас ұрпақ өкілдерін тәрбиелеу болып табылады.

Әдебиеттер

1. Оразбекова К.А. Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында. –

А.: Дәуір, 2000. - 152 б.

2. Әл-Фараби. Бақытқа жету жайында // Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. -

Алматы: Ғылым, 1975. - 420 б.

3. Әл-Фараби. Бақыт жолын сілтеу // Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. - Алматы:

Ғылым, 1975. - 17-б.

4. Баласағұн Ж. Құтты білік. - Алматы: Жазушы, 1986. - 175-б.

5. Абай. Өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1977. - 33-б.

6. Абай. Қара сөз, поэмалар. - Алматы Ел, 1993. – 36-б.

7. Макаренко А.С. Коммунистік тәрбие туралы. – А.: Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика

баспасы, 1960. – 370-б.

8. Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. - А.: Мектеп, 1976. - 105, 29-бб.

9. Вятр Е. Социология политических отношений.-М.: Прогресс, 1979.- С.376.

10. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы // Айқын,

2009. - 7 наурыз.

СОЗВЕЗДИЕ СОТРУДНИЧЕСТВА: РОДИТЕЛЬ-РЕБЁНОК-УЧИТЕЛЬ

Токбасова А.С.,

тренер НДО «Самопознание» ФАО НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по Актюбинской области

Система образования Казахстана сегодня переживает период переосмысления

философских оснований и общих целевых установок своей деятельности. Прежде всего,

стремительно изменился уклад жизни, трансформировалась система ценностей. Наиболее

восприимчивой к негативным воздействиям, в силу своей несформированности

мировоззренческих позиций, оказалась самая незащищённая часть общества - дети и

подростки.

Поэтому стратегически значимые государственные приоритеты тесно связаны с

целями развития образования с решением проблем преодоления духовного кризиса

общества, где актуальна постановка задач воспитания как приоритета образовательной

политики, которое обращено в первую очередь на формирование духовности и высокой

нравственности. Для поворота ребенка к духовности педагоги и родители сами должны

стать носителем высших духовных ценностей. Первый шаг на этом пути - понимание

недостаточности своего культурного кругозора. Следующим шагом должна стать попытка

изменить свой внутренний мир, наполнив его новым содержанием. Необходимо дать толчок

личностному саморазвитию (это побуждение внутреннее «Кто есть Я?»). Педагог -

посредник между ребенком и духовными ценностями прошлых и современных поколений.

Эти ценности, знания, морально-этические нормы не доходят до детей в стерилизованном

виде, а несут в себе личностные черты учителя, его оценки. Эффективное осуществление

системы воспитания детей всецело зависит от гуманистической направленности личности

педагога и родителя. Высшей ценностью воспитания является личность ребенка. Однако

чтобы эта ценность вошла в сознание взрослых, в систему его личностных ориентиров,

необходимо раскрепощение самого человека, смена его образов, мыслей и поступков. Ведь

чтобы воспитать нравственную личность нужно самому быть личностью. Нельзя научить

детей тому, что сам не выполняешь. Поэтому педагог

должен быть не только высокообразованным специалистом, постоянно повышающим свою

квалификацию, но и прежде всего, работать над собой в деле духовно-нравственного

становления собственной личности. Проблему разработки нравственных ориентиров

Page 23: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

23

невозможно представить без осознанного отрефлексированного отношения педагога и

родителя к своей жизни и профессии: «Кто Я? В каком мире я живу? Что я могу изменить в

себе и в других людях? Что я могу передать ценного детям?

Сегодня -это воспитание в сотрудничестве:

1. Любить любого ребенка, ибо любовь есть преобразующая сила.

2. Понимать ребенка и принимать его таким, какой он есть.

3. Восполниться оптимизмом в отношении любого ребенка.

Сотрудничество - понимание того, что ребенок это отдельная личность, человек (чело

веков). Он появился из вечности и уйдет в вечность. Он пришел со своей миссией. Он принес

новое. Родители и педагоги с любовью и уважением создают условия для выявления того

лучшего, что заложено в ребенке. Ребенок при этом признает авторитет взрослых, уважает

их и склонен слушаться.

Качества хорошей семьи:

Имеют огромную любовь

Все выполняют свой долг

Живут в радости и мире

Имеют хорошее общение в семье

Живут нравственными ценностями

Хорошие родители должны:

Быть авторитетными

Учить различению

Растить любящих детей

Учить детей думать прежде, чем действовать

Родители и педагоги должны быть в жизни примером для детей, учить их видеть

в других людях хорошее и поступать с другими людьми так, как хотели бы, чтобы и другие

поступали с ними.

ТӘРБИЕ МАЗМҰНЫНЫҢ ПСИХОЛОИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Сансызбаева Қ.З.,

«Өрлеу» БАҰО филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, пс.ғ..к.

Айпеисова А.К.,

«Өрлеу» БАҰО филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, магистр

Тәрбие – жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтардың

тәжірибесін беру және игеру, сананы қалыптастыру, тәрбиеленушілердің сезімін дамыту

және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбие

процесінде жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, бұл процеске балаларды күту және олардың

дене күшін дамыту; белгілі бір идеологияны, мінез-құлық белгілерін қалыптастыру; мәдени

мұраға тарту, көркемдік талғамды дамыту енеді.

Тәрбие процесін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің мақсатты бағыттағы және өзара

байланысты қызметі, олардың осы қызмет процесінде жеке адам мен ұжымның қалыптасуы

мен дамуына себепші болатын қарым-қатынастары ретінде анықтауға болады.

Мақсатты бағыттағы барлық қызмет сияқты, бұл процесс еріктік күш-жігер мен

талпыныстарды қамтиды, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің санасы мен сезімдеріне

қозғау салады.Тәрбие қызметі қоғамның қажеттіліктерімен толық сәйкес, қоғамдық даму

заңдылықтарын есепке ала ұйымдастырылады. Ол адамдардың обьективті жағдайларымен

негізделген. Тәрбие берудің қоғам ішінде болатындығы олардың еркі мен санасына тәуелді

емес.Оны ысырып тастауға да, тоқтатуға да болмайды; бұл қоғам дамуының қажетті шарты.

Page 24: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

24

Психологтар мен педагогтардың зертттеулері жеке адамның дамуында сыртқы

факторлардың ықпалы (жағымды және жағымсыз) мәнге өзінен өзі емес,адамның жеке

позициясы, оның осы факторларға деген көзқарасы, осы көзқарастардың оның әрекеттері

мен қылықтарында практикалық іске асуы арқасында ие болатынын дәлелдейді.Жеке адам

тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен өзара байланыстылығы – тәрбие процесі

заңдылықтарының бірі. Оның мазмұны, формалары мен әдістері көбіне тәрбиеленушірердің

жалпы дамуы деңгейіне тәуелді. Ал олардың дамуы – ең алдымен тәрбие берудің нәтижесі.

Жеке адам тәрбиелене және үйрене отырып дамиды (С.Л.Рубинштейн).

Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу үшін олардың

білімін жетілдірумен шектелмей, психологиялық мәдениеті мен денсаулығын қалыптастыру

қажет.

Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие

заңдылықтарын ескеруді қажет етеді.

Тәрбиенің заңдылықтарына:

Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи процесс.

Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;

Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара ықпалдастығы;

Тәрбиеде бірыңғай дайын рецетінің болмауы және оны қолдану мүмкіндігі;

Қоғамның үнемі өркендеп дамуы.

Оқу мен тәрбие - өзара байланысты екі процесс.

Тәрбиелік іс - әрекет тәрбиешінің жекеленген әрекет аймағы түрінде

Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:

- тәрбие процесі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды: - оқу процесі мұғалім мен оқушы

арасындағы ықпалдасты іс;

- оқу және тәрбие процестерінде бірдей әдістер (түсіндіру, қадағалау, бақылау).

Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы принциптік

айырмашылық:

Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:

- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігі);

- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестік);

- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);

- көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды;

- ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей

үздіксіздігі (жүйелі және өмірлік ойы);

- баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік тәжірибесінің әр

түрлілігі);

- екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші–мұғалім, ал тәрбие процесі - өмірлік, ол

қозғалмалы да ауыспалы);

- тәрбиеші тұлғасы – тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие-қарама–

қайшылықты болуы (қарама – қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші).

ТҰЛҒАНЫҢ ПАТРИОТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Ермекбаева Л.Ж.,

жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту

әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы (Ақтөбе қ.)

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында

жастардың бойында жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру туралы тұрақты түрде

айтып, оны үлкен міндет етіп қойып келе жатқаны белгілі.

Page 25: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

25

Иә, егемен еліміздің кемел келешегі, жарқын болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында.

Олар аға ұрпақтың, аталары мен әкелерінің ерлігі мен қаһармандығын жақсы біліп, үнемі

үлгі тұтуы, мақтан етуі керек. Сонда ғана ертеңімізге берік сеніммен қарайтынымыз анық.

Бүгінгі таңда патриотизм ұғымы тек мемлекеттік тұрғыда ғана емес, әлемдік деңгейде

бейбітшілік пен тыныштықты сақтау мәселесі тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық

патриотизмді әлемдік тыныштық пен бейбітшілікті сақтаудың негізгі бір тұғыры деп айтуға

болады.

Еліміздің алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартуы, сынақ алаңдарын

жабуы, бұл әлемдік бейбітшілікті сақтауға жасалған негізгі қадам болып табылады.

Патриотизмнің қалыптасуының тарихи алғы шарттары ежелгі сақ, ғұн, Түркі қағанаты,

Алтын Орда, XYI - XYIII ғ. ғ., XIX ғасырдың басындағы ұлт - азаттық көтеріліс, Екінші

дүниежүзілік соғыс кезінде негізі қаланып, 1986 жылғы қазақ жастарының еліміздің

тәуелсіздігі үшін күресі арқылы жалғасын тауып, бүгінгі еліміздің дамуы үшін өз үлестерін

қосып жатқан Қазақстан халықтарының еңбектерінен көрініс тауып жатыр.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері балалардың, жасөспірімдердің оқу-

тәрбие ісіне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу-тәрбие ісінде назар аударып отырған тәрбие

салаларының бірі – патриоттық тәрбие.

Бүгінгі мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мазмұны: әр азамат тың өз

Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну, мемлекеттік

рәміздеріне, мемлекеттік тілге, тарихқа, мәдениетке құрметпен қарау, сонымен қатар өзге

ұлтты, олардың салтына, дәстүріне, мәдениетіне құрметпен қарау.

Тәрбиенің заңдылықтарына сүйене отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру

жүйесі“мектеп - отбасы - әлеуметтік ортаны” кіріктіре отырып, сабақ үрдісіндегі және

сабақтан тыс уақытта тығыз байланыста жүргізілуі тиіс. Жеке тұлғаның бойында патриоттық

құндылықтарды қалыптастыруға байланысты сабақта және сабақтан тыс уақытта шараларды

жүргізу барысында пән сабақтарындағы білім мазмұны мен сыныптан тыс уақыттағы

жүргізілетін тәрбие жұмыстарын өзара байланыстыра, ұлттық және жалпы адамзаттық

құндылықтардан білім мен тәрбие бере отырып, елін, жерін сүйетін және оны қорғай білетін

патриот - азамат тәрбиелеу.

Осы мақсатты жүзеге асыруда негізгі міндеттер:

- тұлғаның патриоттық құндылықтарын қалыптастыру;

- ұлттық ерлік дәстүрлерден, әдет - ғұрыптардан нәр ала отырып, туған елге, жерге, ана тілге

деген сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілігін туғызып, дамытып, қалыптастыру;

- ұлттық рәміздердің пайда болуы және олардың шығу тарихын біле отырып, еліміздің

рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру;

- Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтайтын және халықтар арасындағы бейбітшілік

пен достықты нығайтатын азамат тәрбиелеу.

Отанға қызмет ету әрбір жеке тұлғаның тарихтағы орыны мен еңбегінен олардың

өшпес өнері мен ғұламаларының өсиеттерінен үлгі алған, солардан рухтанған

ұрпақтарымыздың патриоттық күшімен өлшенеді. Екінің бірі тумысынан дара, ғұлама

болмайды, оқудан, таңдау, үйренуден барып, адам өзін толыққанды етіп тәрбиелейді.

Қазақстандық патриотизм дегеніміз - қазақ мемлекетін Отаным деп сезіну, басқа

ұлттың қазақ халқына сый - құрметпен қарауы, әр ұлттың құқықтық еркіндігін қуаттай, туған

жерін көркейтуге, қорғауға дайын болуы. Жалпы патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы

тәрбиесінен бастау алып, өсе келе мектепте әрі қарай дамып, жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты –

жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік

рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет

жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін

әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.

Page 26: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

26

Тәрбие қазіргі өзгермелі, сан салалы, көпмәдениетті, көпэтникалық үлкен өмірге енуге

дайын қабілетті, тұлғаның дамуына бағытталған және рухани құндылықтарының негізінде

құрылады.

Тәрбие жұмысы – ол арнайы ұйымдастырылған қалыптастырушы үрдіс және

ізгіліктілікті қабылдайтын, әлеуметтік құндылықтар мен азаматтық мінез-құлық үлгілері

бола отырып, тек ғылыми негізделген тәрбие жүйесінің аясында ғана өзін іс жүзінде

көрсетіп, өзін-өзі қалыптастырған тұлға үлгісіне жағдай жасайды.

Қазіргі уақыт талабы жаңаша дүниелік көзқарас тұрғысынан жаңаша ойлап, шешім

қабылдай алатын, креативті ойлау қабілеті дамыған тұлғаны, өз елі мен жерінің, туған тілінің

жанашырын дайындауды міндеттеп отыр. Бұл міндет жаңа уақыт талаптарына төтеп бере

алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті, ұлтжанды азамат тәрбиелеу ісінің

өзектілігін алға тартады.

Қорыта келгенде, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпы

адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру оқушы бойындағы сана - сезімді, намысты,

парызды қалыптастырумен қатар егемен еліміздің тәуелсіздігін, ынтымағын, бірлігін сақтап

қала алатын патриот - азамат тәрбиелеуге толық мүмкіндігіміздің бар екендігі анық. Осы

жолда сілтер бағытымыз, көрсетер жолымыз түзу болсын дегім келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан

халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан. - 28 қаңтар, 2012.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасы».

2. СайдахметоваЛ. Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу.А.,

2002.

3. БекайдарТ. Елін сүйген ұрпақ- ұлт мақтанышы . //Қазақстан мектебі. №9 2003.

4. Иманбаева С.Т. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие теориясы мен әдістемесі.

Алматы: 2007. -310 б.

ФОРМИРОВАНИЕ ТОЛЕРАНТНОСТИ В СОВРЕМЕННОЙ ШКОЛЕ НА ОСНОВЕ

ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ «РОДИТЕЛИ – ДЕТИ - ПЕДАГОГ»

Табынбаева А.К.,Отарбаева Л.Л.,

специалисты инновационного отдела АО «НЦПК «Өрлеу»

ИПК ПР по Актюбинской области

Мы, жители третьего тысячилетия, стали свидетелями выдающихся разработок в

области науки и техники, освоения космоса и атомной энергии, информационных и нано-

технологий, но все чаще сталкиваемся с такой проблемой, как падение нравственной

культуры общества, отсутствие лучших человеческих качеств, умение владеть собой в

различных жизненных ситуациях, быть доброжелательным, способным к сопереживанию, не

осуждать других, проявлять гуманность, умение слушать и слышать. Мы забываем, что

величайшее счастье - жить в мире без насилия и жестокости, в мире, где главная ценность -

это человек.

В последнее время мы все чаще наблюдаем негативное влияние на общественное

сознание большинства социальных и возрастных групп населения. Получили широкое

распространение равнодушие, эгоизм, индивидуализм, цинизм, немотивированная

агрессивность. Нетерпимость, обусловленная личным, национальным или религиозным

высокомерием, - стала одной из актуальных проблем нашего общества. В этих условиях

очевидна неотложность подготовки подрастающего поколения к жизни в полиэтничном и

поликультурном мире, предполагающей формирование толерантности. Под толерантностью

понимается признание прав другого, восприятие другого как себе равного, претендующего

Page 27: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

27

на понимание и сочувствие, готовность принять представителей других народов и культур

такими, какие они есть, и взаимодействовать с ними на основе согласия и уважения.

Прививать идею стремления к толерантному обществу надо с детства, когда формируется

характер и развивается личность. С малых лет важно приучать детей к доброму общению,

формировать у них умение слушать, слышать, понимать, не манипулировать и не применять

насилия к партнеру по общению, а пытаться открыть себя так, чтобы быть понятым.

Воспитание является наиболее эффективным средством предупреждения

нетерпимости, способствует улучшению взаимопонимания, укреплению солидарности и

терпимости в отношениях, как между отдельными, так и между этническими, социальными,

культурными, религиозными и языковыми группами, а также нациями. Школа на

сегодняшний день является самым сильным воспитательным «механизмом», который

работает ежедневно, ежеурочно, организуя досуг учащихся и дополнительные занятия.

Собирая под своей крышей сотни детей – школа должна быть основой для толерантного

воспитания детей и подростков.

В настоящее время перед всеми педагогами встает вопрос: как обеспечить

формирование толерантных качеств личности школьника в процессе поликультурного

образования. В современной социокультурной ситуации школа, должна стать местом, где

создаются благоприятные условия для межэтнического общения, где всем учащимся

прививается уважение к своей культуре и культурам других народов, поскольку именно в

учебно-воспитательном процессе создаются ситуации культурного, межличностного,

межнационального, формального и неформального общения.

Современная школа, должна строить свою работу, ориентируясь на следующие

задачи:

воспитание и формирование у школьников гражданской

ответственности и правового самосознания;

развитие познавательных интересов, творческой активности,

потребности в познании культурно – исторических ценностей, накопленные

различными этническими группами населяющими нашу страну;

воспитание чувств гуманизма, милосердия;

объединять усилия школы и семьи в формировании жизненно-важных

навыков у детей для определения своего места в жизни. Воспитание культуры

толерантности осуществлять по формуле «родители + дети + педагог».

Мероприятия, в которых принимают участие родители, служат хорошим примером

взаимодействия двух самых важных факторов в жизни ребенка, школы и семьи,

объединивших свои усилия в учебном процессе, направленном на воспитание открытого

непредвзятого отношения к человеческому многообразию.

Активную воспитательную работу в данном направлении необходимо начинать уже в

начальных классах, так как именно в младшем возрасте возникают психологические

предпосылки для формирования толерантности как качества личности. Основой воспитания

толерантности являются любовь и уважение - чувства, формирующиеся на протяжении

жизни человека. Сначала это привязанность к матери, к отчему дому, которая с годами

постепенно перерастает в любовь к своему краю, городу, в любовь к Родине, в добрые

отношения ко всем, кто рядом.

Для начальной школы проблема воспитания толерантной личности актуальна сама по

себе. На этом жизненном этапе начинает складываться взаимодействие между 20-30 детьми,

пришедшими из разных домов, с разным жизненным опытом и с несформированностью

коммуникативной деятельности. Для плодотворного обучения в классе необходимо свести

эти противоречия в процессе взаимодействия к общей основе. Ненасильственное,

уважительное отношение, гармонизация отношений в классе, воспитание личности

способствуют развитию сотрудничества.

В связи с этим, педагог на предметных уроках, в особенности на классных часах,

должен уделять внимание патриотическому воспитанию, направленному на формирование

Page 28: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

28

уважительного отношения к Родине, родным местам, историческому прошлому, родной

культуре, собственному народу и народам проживающих в Казахстане.

Таким образом, воспитательная работа по формированию межэтнической и

межличностной толерантности у школьников приводит к следующим результатам:

формированию развитой, творческой, способной к

самосовершенствованию личности, которою характеризуют следующие черты

толерантной личности: расположенность к другим, терпение, доверие, умение владеть собой,

гуманизм;

созданию благоприятного психологического климата в школе;

установлению добрых взаимоотношений между учащимися,

педагогами, родителями;

осознанию учащимися того, что рядом с ними такие же

личности, достойные уважения независимо от их социального статуса и национальной

принадлежности;

сокращению случаев девиантного (отклоняющегося) поведения в

школьной среде.

Формирование толерантной личности - это длительный и сложный процесс… И тем не

менее, каждому педагогу необходимо продолжать работу в этом направлении. И одним из

условий воспитания толерантной личности - является создание образовательной среды,

которая предполагает использование уже накопленного опыта толерантного взаимодействия,

демократический стиль педагогического сообщества, психологическую защищенность

учащихся.

На основе таких главных понятий, как справедливость, равенство, свобода, патриотизм

веками складывались основные принципы этики и морали. Поэтому так важно, сегодня

воспитывать в нашей молодежи такие нравственные ценности, как любовь,

добросердечность, милосердие, сострадание, уважение к родителям, старшим, к учителям,

забота о младших, помощь неимущим – это те принципы поведения людей, которые

необходимо передавать из поколения в поколение.

БҮГІНГІ ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жубаева Ж.О.,

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және

бастауыш білім» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.магистрі

Отбасы құндылығы – біздің мемлекетіміз ұстанып отырған басты саясат. Шаңырақтың

үйлесімді дамуы мемлекеттің іргетасының берік болуына қызмет етеді. Мемлекет басшысы

Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылда халыққа арнайтын Жолдауында да отбасылық

құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесі мәселесін дәріптеу, ата-аналардың балаларын шынайы

қамқорлыққа алу мәселелері тұрақты сөз болып келеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) «Неке мен отбасы, ана мен

әке және бала мемлекеттің қорғауына болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды

тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті», - делінген. Бұл жолдар әр баланың білім

алуына мемлекеттің басты назар аударатынын және ол отбасының парызы екенін айғақтай

түседі.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы

тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ отбасы тәрбиесінің

өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде

бейнеленген. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән

беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Қазақ

табиғатында отбасы иелері ең әуелі өз ұлы мен қызының алдында тәрбиелі, өнегелі, көргенді,

Page 29: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

29

үлгілі болуға тырысқан. Оның ең басты себебі, «ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде»

деп бағалағандықтан.

Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы - ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып

табылады. Ұлт тәрбиесінің сезімдік әсері зор. Сондықтан халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен

тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Бұл қазаққа тән жақсы

қасиеттер мен ұлттық сананы ұрпаққа қалыптастыру, ұлтымыздың дүниетанымдық

тәжірибесін жалғастыру дегенге саяды.

Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды

хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-

өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Қазаққа тән игілік пен ұлттық сана дегеніміз ол -

әдептілік, бауырмалдық, қонақжайлылық, еңбекқұмарлық, ұрлық, қиянат жасамау, үлкенді

сыйлау, тағы сондай сияқты. Қазақ ойшылдарының көзқарасындағы басты идея «атаның

баласы болма, адамның баласы бол, жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген

гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Қазақ халқы баланы жамандықтан жиреніп,

жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болуын, һәм байсалды, ойламды, шымыр болып

өсуін ұлт тәрбиесінің негізгі қағидасы етіп ұсынған.

Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие

жұмысын атқаруға кіріседі. Отбасының ең негізгі қызметі ұрпақ жалғастыру болса, екінші

кезекте сол ұрпағына дұрыс тәрбие беру қызметі тұрады.

Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның

өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін

қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой

еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу,

жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени

құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Отбасындағы ата-ана -

баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы

ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты.

Тәрбие берудің негізгі мәйегі - мейірім мен сүйіспеншілікте. Бала кімнен мейірім көрсе,

сол адамды ерекше жақсы көреді. Өзі жақсы көрген кісіге еліктегіш келеді. Баланың қатесін

түзетіп, дұрысын үйретуде жаза берудің ерекше орны бар екенін жоққа шығармаймыз. Бірақ

жазалаудан бұрын қателерді түзетуде ең әуелі мейірім мен насихаттың әсері мол екенін

ескергеніміз жөн. Себебі, балалар көбіне жасаған қателіктерінің парқына бара бермейді.

Мұндай жағдайда балаларға ұрсып-зекудің пайдасынан зияны басым болуы кәдік. Ата-ана

яки кез келген педагог үшін балаға көп ұрсып, оған ұзақ ақыл айтқаннан гөрі оның басынан

сипап, мейірім көрсетіп, арқасынан қағуы әлдеқайда әсерлі. Зерттеушілер құшаққа алынып,

құштарлана сүйілмеген, басынан сипалып, маңдайынан иіскелмеген балалардың кейбір

психологиялық ауруларға ұшырайтынын дәлелдеуде.

Біздің халық ер адамды ұлықтаған, ол - үйдің отағасы, балалардың әкесі. Бүгінгі таңда

әке түрлі себептермен отбасындағы күшін жоғалтуда. Сонымен бірге әке тәрбиесі

жетіспейтін отбасылар да көптеп кездесуде. Ата-ананың мейірімін көріп, сезініп өспеген

бала - өте қамкөңіл, тез ренжігіш, күйгелек мінезді, қатыгез болып келетіндігі анықталған.

Бүгінгі қоғамның даму жағдайындағы отбасы тәрбиесінің күй-жайы ерекше көңіл

аударуды қажет етеді. Өйткені, қоғамда орын алып отырған келеңсіз жайттардың барлығы

дерлік осы отбасы тәрбиесінің олқылықтарымен байланысты болып отыр.

Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз қоғамның ықпалында болады.

Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас.

Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының

болашағын бағалау үшін бүкіл XXI ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған

түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.

XXI ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас

өзгерістерге ұшырады. Жасөспірімдердің білім алуында, тәрбиесінің дұрыс қалыптасуында

мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынаста болуы қажетті жағдай болып отыр. Бұл ретте

Page 30: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

30

жаңартылған бағдарлама негізінде білім беру үрдісіне көшу кезінде ата-анамен жұмыс

жандандырылып, бес күндік оқыту үдерісінің де артықшылықтары да қарастырылған.

Бүгінгі отбасы жағдайында бала тәрбиесін ұйымдастыру көптеген ғылым саласынан

білімді де, қабілетті болуды керек етеді. Әл-Фарабидің «Тек бақытты адамдар ғана ізгі істер

атқаруға қабілетті болады» деген ұлағатты сөзін ескеретін болсақ, отбасында татулық пен

береке болған ортадан шыққан маман ғана қоғамға пайдалы істермен айналыса алмақ.

Бүгінгі таңда қазақтың біртуар перзенті М. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деп

айтқанындай әрбір дүниеге келген бала тағдырын мемлекеттік деңгейде отбасылық тәрбие

жағдайында іске асыруды ойластыра отырып, дәстүрлі ұлттық тұрғыдағы отбасылық тәрбие

жұмысын жүйелі жүргізу қажеттігі артып отыр.

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Утаров Б.С., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институтының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету

бөлімінің жетекші маманы, экономика және бизнес магистрі

Қазақстан қазіргі уақытта қоғамдық өмірдің барлық саласында батыл өзгеріс-терді

бастан кешіріп отыр. Сондықтан да қоғамымыздың стратегиялық негізгі даму бағытын

анықтау, ұлттық ерекшелігімізді жоғалтпай, әлемдік қауымдастықпен бірігуге мүмкін-дік

беретін жүйе құру өте маңызды.

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі

дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптас тыруда, оны ұтымды

пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондай-ақ, ұлттық

мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы да жас

ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Ел президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына

жолдауында айтыл ғандай «Iшкi саяси тұтастық пен қоғамның топтасуы саяси,

идеологиялық, дiни, этникалық немесе таптық мүдделердi бiрiктiруге бағытталған ұлттық

салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениеттi насихаттауға байланысты» деп қарауға тура келедi.

Тарихтың даму белестерінде әрбір халық саяси-әлеуметтік, мәдени және идеоло-гиялық

жағдайына сай рухани-дәстүрлік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып оны ұрпақтар

игілігіне қалдырып отырады. Оның орнықтылығы әрі тереңдігі, мәнділігі қоғамның бетке

ұстаған саяси және тәрбиелік бағдарына келіп тіреледі. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз

халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәде-ниетті, адами қасиеті

мол, шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу - өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы жас ұрпаққа жан-жақты білім мен

тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап берді:

Қазақстанның барлық азаматтарының білім алуға тең құқылы, әрбір азаматтың интел-

лектуалдық дамуына, психо-физиологиялық ерекшелік теріне қарай, білімнің барлық

деңгейіне кең жол ашылды. Әрбір азаматтың білім алуға құқылығын негізге ала оты-рып,

оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәр-биелеуде

дидактикалық шарттар, яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты

қамту қажет тілігі туындайды.

Қазақ мәдениеті - ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-

тәрбиенің негізінде дамып қалыптасады. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамы-тудың

қозғаушы күші болып табылады. Ұлт мәдениетiнiң өзiндiк ерекшелiгiн ақ-тара қарап терең

зерттеген педагог ғалымдардың бәрi де оның тәрбиелiк мәнiн сөз ет-пей өткен емес.

«Халықтық тәрбиеден тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ» деп орыстың ұлы

педагогы К.Д.Ушинский текке айтпаған. Сонымен бірге жетекші ел-дердің білім беру

жүйесін талдай келе, К.Д.Ушинский мынадай қорытындыға келеді: халық тәрбиесінің жалпы

Page 31: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

31

жүйесі барлық халықта тек тәжірибе жүзінде ғана емес, теория жүзінде де жоқ. Әрбір

халықтың өзіндік ерекше ұлттық тәрбие беру жүйесі бар. Шетелдік тәрбие жүйесін алып сол

күйінде пайдалану мүмкін емес. Тәрбиелеу жұмы-сында басқа халықтардың тәжірибесінде

барлығына қымбат мұра бар. Дүниежүзілік тарих тәжірибесі бүкіл халыққа тән, бірақ

құрылымы мен мазмұны қанша жақсы бол-ғанымен, басқа халықтың педагогикалық

жүйесімен тәрбиелеуге болмайды. Әрбір халық өзінің тарихи мүмкіндіктеріне сүйене

отырып, өзіндік тәрбие жүйесін құрасты-руы қажет.

Әлеуметтік педагогика - педагогиканың әлеуметтік тәрбиелік және білім берушілік

тұрғыдан өзіндік ерекше әдістері бар дербес саласы. Әлеуметтік педагогиканың әдістері

тұлғаның өзін-өзі жетілуіне, өзін-өзі тәрбиелеуі мен дамуына бағытталған. Бала тәрбиелеу

жүйесінің маңызды элементтерінің бірі - бала үшін маңызды мәселелерді шешуге

әлеуметтік-педагог тарапынан көмек көрсету. Бала тұлғасының дамуына педагогикалық

ықпал етуі жетістікке әкелу үшін, педагог проблемалық жағдайды дұрыс шешуге және дер

кезінде байқай алу қабілетін иелену керек.

Адамның өмірлік іс-әрекеті мен табиғи заңдылығын анықтайтын ізгілік қағида-лары

әлеуметтік педагогиканың мәні мен оптимистік бастамасын құрайды. Осылайша, жас

ұрпақты өмірлік іс-әрекетке дайындауда халықтың тарихи-педагогикалық тәжіри-бесі

әлеуметтік педагогиканың алғаш әрі «мәңгілік жойылмайтын» қайнар көзі болып табылады.

Әлеуметтік педагогикалық білімнің пайда болуының алғашқы формасы мен әлеуметтік

педагогикалық іс-әрекеттің негізгі қайнар көзі - халық педагоги касы. Ол әлеуметтік

тәрбиенің теориясы мен тәжірибесін үйлесімді сәйкес тендіреді.

Бәрімізге белгілі, алғашқы ғылыми-педагогикалық білімдер философиялық зерт-теулер

мен тұжырымдамалардың аясында туды: философия - табиғаттың, қоғамның және танымның

даму заңдылықтарын жалпылаушы ғылым болғандықтан, жас ұрпақты дербес іс-әрекетке,

өмірге даярлау мәселелерін қарастырмай кетуі мүмкін емес еді. Сондықтан, философиялық

білімдер - әлеуметтік педагогикалық теорияның, жүйенің, тұжырымдаманың құрылуы мен

дамуының маңызды дерек көзі. Ол әдістемелік ірге-тасты анықтап, тұтастай философиялық

оқулар мен мектептер әлеуметтік педагогика теориясы мен тәжірибесінде жалпы

әдіснамалық қызметті орындайды.

Әлеуметтік педагогиканың дамуының маңызды деректемесі - педагогиканың тұтастай

теориясы, соның ішінде әлеуметтік теория. Бұрынғы атақты педагогтардың барлығын

әлеуметтік педагогиканың жаршысы деп сеніммен айтуға болады.

Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі

себептер тұрғысынан жетім және әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байла-

нысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар,

психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтама сыз ету, тек арнайы педагогикада ғана

емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылым-дардың

ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш бала-лар тобы

психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан

ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті

толғандыруда. Әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспен-

шілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан

Республикасының «Қазақстан-2050» даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі

тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факто-ры

ұлттық тәрбие деп көрсетілген. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие

тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі - бүгінгі күн талабы.

Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалып-тасуының

өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке салынып қадаға-ланылады, бұл

бала дамуында артта қалушылықты, масылдықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі

деңгейін туындатады.

Page 32: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

32

Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиет-терде

әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және «әлеуметтендіру», «бейімдеу» ұғымдары

бөліп қарастырылады. Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық

ғалымдардың зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, прак-тикалық

тұрғыда сипаттау қазіргі педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп болады.

Айталық, жетім балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және олар-дың

педагогикалық-психологиялық даму өзгешеліктерін Е.М.Рыбиновский Д.Янхольц,

И.В.Дубровина, А.Г.Рузская, Дж.Боулби, И.М.Бгажнова, С.А.Беличева, Ю.В.Василь-кова

және т.б. ғалымдар қарастырды. Жетім балаларды тәрбиелеудегі дене мәдение-тінің мәнін

Н.И.Пономарев, В.И.Жолдак, С.Б.Тихвинский, И.М.Воронцов, О.Ю.Фадеева және т.б.

өзіндік тұрғыдан ашқан. Бұл мәселені зерттеуде А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых және

О.Ажнина отбасында және отбасынан тыс тәрбиеленетін жасөспірімдердің психикалық

дамуындағы ерекшеліктерін қарастырған. М.В.Осорина жетім баланың жеке дамуын және

даму барысындағы өзгерістер байланысын қарастырған.

Ата-ананың қамқорлығысыз қалған балалар болған, қазір де бар. Мұндай жағдай-да

қоғам мен мемлекет балалардың дамуы мен тәрбиесін, балаларға деген қамқорлықты өз

қолына алып отырған.

Өткен ғасырларға көз жіберсек, қамқорсыз қалған балаларға көрсеті летін әлеу-меттік

көмек терең мәдени-тарихи дәстүрді көрсетеді.

Ата-анасының аялы алақанынан ерте айырылған балалардың болашақ тағы өмірін

дұрыс қалыптастыру мақсатында, оларға педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік көмек

беру мақсатында түрлі мемлекеттік мекемелер жұмыс істей бастады.

Ұлы Қазан революциясынан кейін мемелекет өте ауыр жағдайдағы балаларды

қамқорлыққа алуға мүдделі болды. Өйткені, сол кезеңде жетім және қамқорсыз қалған

балалардың саны күрт өсіп, әлеуметтік-педагогикалық мәселелер шұғыл шешім қажет ететін

мәселе болды. Ресейден бастап, барлық одақтас мемелекеттер ішінде кәмелет жасқа

толмағандарды әлеуметтік-құқықтық қорғау жүйесі құрыла бастады. Бұл жүйенің негізгі

тапсырмаларының бірі ата-ананың қамқорлығысыз қалған балаларды тәрбиелеу және қайта

тәрбиелеу.

XX ғасырдың 20-шы жылдары елімізде қамқорсыз қалған балаларды әлеуметтік

қамтамасыздандыру мақсатында әр түрлі категориядағы балалар үйі құрылды. Олар:

мектепке дейінгі, оқу жасындағыларға арналған, кәсіби білім беретін, емдік және

мүгедектерге арналған мекемелер. Сонымен қатар, тәрбиесі қиын балаларға арналған еңбек

колониялары мен еңбек коммуналары, мұндағы тәрбиеленушілердің көпшілігі жетімдер

немесе отбасымен байланысы айрылған балалар.

80 жылдары қамқорсыз қалған балалармен жұмыс істеу мекемелер жүйесі өсті:

жаңадан отбасылық балалар үйі, бала асырап алатын отбасылар пайда бола бастады.

Сонымен қатар бұл мекемелердің жұмыс істеу функциялары да өсті, баланы әлеуметтік

қорғау, медико-психологиялық-педагогикалық реабилитациясы, қоғамдағы осындай

балалардың әлеуметтік бейімделуі мен интеграциясы, міне осының бәрі жаңа жұмыс

функциялары.

Жетімдік – әлеуметтік құбылыс ретінде адамзат қоғамы пайда болғаннан бері бар.

Барлық уақытта соғыстар, эпидемиялар, уайым-қайғы т.б. нәтижесінде ата-аналарынан

айырылған жетімдердің пайда болуына әкеліп соқты.

Қазақстан қоғамының жоспарлы экономикадан нарықтық, тоталитарлық жүйе-ден

демократиялық жүйеге ауысуы ескі проблемалардың шиеленісуіне жаңа проблема-лардың

соның ішінде жастар ортасында да пайдалануына әкеліп соғуда. Балалар мен жастардың

әлеуметтік проблемалары - халық арасындағы ерекше әлеуметтік-демогра-фикалық тобының

өздері және қоғам үшін маңызды салаларындағы проблемалары. Бұл проблеманы шешу үшін

өскелең ұрпақтың және оны әлеуметтендіру институтының белсенділігін ғана емес,

мемлекет пен қоғам тарапынан арнайы саясаты қажет етеді.

Page 33: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

33

Жас ұрпаққа саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде

солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүр-мен

сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Ұлттық

құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;

- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін

ұялату, ұлттық рухын дамыту;

- ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени

мұраларды қастерлеу;

- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін

қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.

Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата

тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар,

қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақор лыққа салынған жастар, тағы басқаларды

бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие

алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі.

Сондықтан да ұлттық тәрбие - ел болашағы.

Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан

ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстети-калық

құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыка-лық, кәсіби,

тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне,

жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбие-лік ой-пікірлерді:

Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн,

Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын-жырау-ларының мұраларынан, билер мен

шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз. Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға

біліммен қатар, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың хас жауы», -

деген екен. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін оқып

үйрену, өнеге тұту, жас ұрпақты ізгілікке баулу үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»

Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына

Жолдауы.

2.Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. Алматы, 2012.

ОТБАСЫ МЕН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӘКЕНІҢ РӨЛІ

Қайдасов Ә.Ж.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша

ПҚБАИ кафедра аға оқытушысы, тарих магистрі

«Ондаған, жүздеген мандықтар, кәсіптер, мамандықтар бар: бірі темір жолын

құрайды, басқасы үй салады, үшіншісі бидай өсіреді, төртіншісі адамдарды емдейді,

бесіншісі киім тігеді. Бірақ, өзі әмбебап, өзі күрделі және өзі асыл жұмыс бар, барлығы

үшін біртұтас болып тұрған, сонымен бірге өзіндік және әрбір жанұяда қайталанбас

біртума,-бұл адамды жарату. Күзетшіден бастап министрге дейінгі кез-келген

қызметкермен, одан да талапты адаммен ауыстыруға болады. Ал жақсы әкені дәл осындай

жақсы әкемен алмастыру мүмкін емес»

В.А.Сухомлинский

Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, оған ерекше көңіл бөлген. Себебі, ол

баланы отбасының және өмірдің жағасы мен болашағы деп санаған. Мысалы, отбасында

Page 34: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

34

баланың болуын және көп болуын тілеген. Оған халқымыздың мынадай даналық сөздері

дәлел: «Бесіксіз үйде береке жоқ», «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар», «Бала адамның

бауыр еті», «Артында қызы бардың көзі бар, ал ұлы бардың өзі бар»- деуі баланы

халқымыздың ерекше жақсы көргені. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің алатын

орны мен рөлі ерекше болған. Әке орны қай заманда да биік болған, әрі оның орнын ештеңе

толтыра алмайды. Табиғат пен қоғамда әрбір ер адам жар, әке болуға, әрбір әйел жар, ана

болуға дайындалады. Әке балалары үшін әлем туралы, еңбек туралы, техника туралы

танымдардың қайнар көзі болып табылады. Әке - бұл күнделікті тұрмыстағы отбасының

тірегі, ақылы, күші. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері, білімі-баланың

көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысаны.

Бабам қазақ бала тәрбиесіне қашан да бей-жай қарамаған. Баланы ертеңгі ел қорғайтын

ер, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсалыққа, кеңдікке тәрбиелейтін болған.

Тәрбиеге тоқталсақ, бір ғана «баланы жастан» деген сөздің астарынан қазақтың бала

тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлгенін аңғаруға болады. Әл-Фараби бабамыз: «тәрбиесіз

берілген білім адамзаттың қас жауы» деген салмақты сөз қалдырған. Қазақта тәрбиенің

мынадай түрлері бар, олар: отбасы тәрбиесі және ер адам тәрбиесі. Үйде әке-шеше тәрбиесі.

Мектепте ұстаз тәрбиелейді. Баласы есейіп он төрт-он бес жасқа келгенде атқа мінгізіп

алыстағы аузы дуалы ақсақал қарттарға сәлем беріп кел деп жіберетін болған, ондағы мақсат:

көпті көрген көне көз қазыналы қарттардан тарихта болған жайларды, бабалар ерлігін

тыңдап, кең байтақ жерімізді батыр бабаларымыз ерлікпен қорғағанын, дарқан даламыздың

бүгінгі және кейінгі ұрпаққа аманат екенін саналы түрде санасына сіңіріп отырған. Міне, бұл

ер тәрбиесі. Әр отбасы-жеке мемлекет. Меніңше, бұл кішкентай мемлекеттің іргетасын

қалаушы, оны басқарушы, отағасы-әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан

құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып

табылатын әке демеу болса, ана-ерекше мейірімділік пен махаббаттың көзі. Әке алақаны мен

ана жүрегінің жылуы бала үшін таптырмас байлық. Мұндай байлыққа, дүниенің еш кереметі

жетпесі анық. Өкінішке орай бұл қарапайым ғана баққа бәрі бірдей ие емес. Сондықтан,

мұның қадірін білген жөн. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен,

жүрегі жұмақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай

қажет болып жатады.

Қазақ халқымыз бала тәрбиесіне бұрынғы қиын замандардан бері қатты көңіл бөлген.

Бұрындары жас жеткіншек қыз тәрбиесіне көп көңіл бөліп, «қызға қырық үйден тыю»,

«қызға өзінен басқаның бәрі жау» деп айтып кеткен еді, қазіргі кезде ер бала тәрбиесіне көп

көңіл бөлген бек абзал. Қазіргі таңда бәрімізде туындайтын сұрақ, бұл сұрақ барлық жанның

көкейінде жүр де білемін. «Балабақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында ер

ұстаздар неге аз? Не себептен еліміздің білім беру орталықтарында әйел саны көп? Ер

балаларға дұрыс тәлім-тәрбие беретін, оқушылардың, студенттердің екінші әкелері болатын,

білім беретін, ақыл айтатын ер ұстаздар қайда?

Иә, аналық тәрбие қажет, дегенмен ер баланың тәрбиесін де ұмытпаған жөн. Елімізді

қорғайтын, халқын сүйетін, тілі, діні, ділі үшін қам жейтін ер азаматтар азайып барады. Қазір

ер азаматтарымыз жалақысы көп, көп ойлануды қажет етпейтін қызметтер атқарып жүр. Ол

да дұрыс шығар. Бірақ, адамның рухани азығы болады емес пе?

Қазіргі таңда ер адамның бала тәрбиесіндегі орны өте саябырлап бара жатқан секілді.

Бұл жағдайды біреу білсе, кейбіреулері біле бермейді. Себебі, менің ойымша көбінесе

отбасындағы ер адамдар жұмыстарына байланысты сырт елдерге сапарға аттанып жатады.

Сол кезде олар балаларына көп көңіл бөле алмайды. Екіншіден, балабақшаларда,

мектептерде, жоғары оқу орындарында ер мұғалімдер жоқтың қасы. Өйткені, әйелдер саны

көп болғандықтан, олар қазіргі заманда кез келген жұмысқа бейім келеді. Көбіне, бала

тәрбиесіне де көңіл бөлетін әйел атаулылар. Мысалы, кейбір адамдардың ойынша, бала

тәрбиесіне ер адамдар да, әйел адамдар да көп көңіл бөлу керек. Бұл жағдайда қыз

тәрбиесіне де, ұл тәрбиесіне де әкенің рөлі ерекше . Себебі, ұл бала әкесіне жақын, ал қыз

Page 35: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

35

бала шешесіне жақын болғанымен, «қызды қырық үйден тыю» дегендей оған әрдайым әкенің

тәрбиесі ерекше ықпал етсе, келешек ұрпақ тәрбиелі, намысшыл болып өседі.

Үй ішінің жайлы өмір сүруі, бала-шағаның тәртіпті болып өсуі- отағасының ақылымен

еңбекқорлығына байланысты. Сондықтан әйел үй-ішінің берекесін келтірсе, сол берекеге

берік негіз қалайтын ер адам екенін ұмытпайық. Әке- баласы үшін шыңы биік асқар тау!

Шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де

міндетті адам. Тәрбие дұрыс берілуі үшін үйде ата- ананың, мектепте ұстаздың айтқан сөзі

үндесіп жатуы керек. Әр отбасындағы тәрбие – өзінше жеке ілім, жеке дәстүр. Әкесі

маскүнем, үнемі айқай-шу шығарып жүретін отбасындағы бала ашуланшақ, жасық, сабаққа

ынтасы болмай, өзін өзгеден төмен санап қорланып өседі. Әке тәрбиесінің дұрыс берілмеуі

бала болашағына үлкен әсерін тигізеді. Олай болса, сөзімнің соңында болашақ ұрпағымызға

дұрыс бағыт-бағдар беріп, тірек, қорған болатын әке бола білейік дегім келеді.

Әдебиеттер

1. Атайбекова Ғ. Иманды жан-әдепті // Отбасы және балабақша.-2005. -№ 5. – Б. 14-16

2. Ахметов С. Ата-ана не үшін өмір сүреді // Тәрбие құралы. -2005. -№ 3. – Б. 76-77

ОБРАЗОВАНИЕ ВОСПИТАНИЕ, СВЯЗЬ СЕМЬИ И ШКОЛЫ

Акбатырова С.С.,

Актюбинская обл., Мартукский р-он, Жайсанская средняя школа

учитель русского языка и литературы

При организации взаимодействия семьи и школы необходимо определить цель и

педагогические условия этого взаимодействия, соблюдение которых поможет повысить его

эффективность.

Цель взаимодействия состоит в привлечении семьи к совместной со школой социально-

значимой деятельности, в обеспечении взаимопонимания и однонаправленности стремлений

школ и семьи в развитии личности ребенка, его ценностных социальных ориентаций и

творческого потенциала.

Выбор содержания, форм и методов для осуществления взаимодействия принадлежит

школе. Они зависят от общественных установок и устремления родителей, а также от

конкретных задач, стоящих перед школой и семьей на данном этапе.

Семья - один из основных институтов, обеспечивающих взаимодействие личности и

общества, интеграцию и определение приоритетности их интересов и потребностей. Она

дает человеку представления о жизненных целях и ценностях, о том, что нужно знать и как

себя надо вести. В семье ребенок получает первые практические навыки применения этих

представлений во взаимоотношениях с другими людьми

Однако воспитание детей - не только личное дело родителей, в нем заинтересованно

все общество. Важнейшим фактором, содействия формированию значимых социальных и

духовных качеств личности ребенка, подростка является создание единого воспитательно-

образовательного пространства «семья - образовательное учреждение». Чем теснее будет

связь семьи и школы, тем полновеснее будет отдача от проводимых реформ.

Современная школа ставит своей целью обеспечить: доступность, эффективность, качество

образования, развитие гармонической, разносторонне развитой личности, способной к

самореализации, сотрудничеству с людьми разных мировоззренческих взглядов.

Работа с родителями всегда считалась одной из самых трудных в педагогической

деятельности учителя. Родители учеников являются основными участниками

образовательного процесса, с которыми делятся усилия и ответственность за итоги

педагогической работы.

Родители нуждаются не только в информировании со стороны школы. Родитель

должен чувствовать, что он нужен школе и что школа работает с ним постоянно и системно.

Page 36: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

36

Это не должен быть просто перечень мероприятий по работе с семьёй, а комплексное и

планомерное взаимодействие с ней.

Работа должна строиться не от праздника к празднику, а иметь своеобразный круг дел,

когда родители вместе с педагогическим коллективом постепенно становятся готовыми к

взаимодействию. Сегодня в школе есть родители, которые полностью посвящают себя

воспитанию детей, они ждут от педагогов советов и рекомендаций, готовы подключиться к

любым общественным делам и активно проявляют себя в общественной и досуговой жизни

своего ребенка и всего классного коллектива в целом.

Система работы руководства школы, классного руководителя с семьей складывается

годами путем отбора самых рациональных форм и методов и должна отвечать ряду

требований.

Руководствуясь основным законом государства- Конституцией Республики

Казахстан, где отмечено, что в стране создается открытое, правовое демократическое

общество, высшая ценность которого- человек, его жизнь, права и свободы, педагоги-

новаторы определили основные принципы обновления образования. Такими принципами

могут быть гуманизация, демократизация и гуманитаризация образования, которые

направлены на реализацию гуманистической парадигмы образования.

Принцип обновления образования тесно связан с процессом воспитания, поэтому

основное внимание в своей педагогической деятельности я уделяю вопросам

воспитания.

Да, нельзя объять необъятное. Но учитель перестает быть учителем, если

перестает учиться. Значит, надо идти в ногу со временем, чтобы ни на шаг, ни на миг

не отстать от него.

Нам серьезно стоит задуматься об улучшении и совершенствовании трудового

воспитания школьников, чтобы поле практической деятельности, сферы приложения

знаний и способностей учащихся постоянно расширялись, чтобы в наших детях росло

стремление решать практически и творчески ту или иную задачу.

Сейчас, в век научно-технического прогресса, когда идет преобладание электронной

и компьютерной техники, и жизнь диктует свои законы, наши дети должны обладать

тем уровнем знаний, умений и навыков, который соответствует современным

стандартам.

В данное время, как раньше, нет связи школы с производствами, что усложняет

профессиональную ориентацию наших школьников.

Новое мышление касается всех сфер нашей жизни, и мы считаем своим долгом

пропагандировать его составные- верность исторической правде и изживание

духовного рабства - на самом высоком уровне детям, которые будут определять

общественно-политическую и духовную жизнь государства в будущем.

Социальные катаклизмы сказываются на нравственной ориентации общества,

поэтому меня очень волнует нравственная ориентация моих детей.

Нет выше цели, чем вырастить, воспитать настоящего человека с его

нежностью и бескомпромиссностью, с отзывчивостью и принципиальностью, с

умением наслаждаться красотой и создавать прекрасное, с неиссякаемым стремлением

увеличивать на земле добро и ненавидеть зло, с готовностью не жалеть жизни в

борьбе с насилием, в борьбе за мир для всех людей планеты.

Необходимо серьезное внимание уделять, по-моему, половому воспитанию. В

этом плане хорошо преуспели рекламные ролики по телевидению, которые

рекламируют все, что можно, но полезно ли это, мне кажется, мало кто задумывается.

На второй план нельзя отодвигать физическое воспитание, так как мало кто сдает

зачеты по физической культуре на должном уровне. Горько видеть, когда висит

мальчик на турнике, как мешок, и не может подтянуться, а девочка, пробежав

немного, задыхается, как после марафонского бега. В здоровом теле- здоровый дух!

Page 37: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

37

Формирование правосознания, воспитание гражданской ответственности- одна из

неотъемлемых частей воспитания. Мы живем в правовом обществе, поэтому наши

воспитанники должны обладать хоть элементарным правосознанием, у них должна

быть сформирована гражданская ответственность.

Я думаю, что у нас страдает и эстетическое воспитание. Оглядываясь на

двадцать веков, наполненных жестокостью, ненавистью и кровью, мы возвращаемся к

истокам всей современной культуры и уклада жизни.

Ведь эти века стали нашим сознанием, нашей гордостью и нашим стыдом, нашей

болью и нашей радостью. Мы возвращаемся к истокам. И главные заветы ее - жить

праведно и честно, жить по совести.

Красота спасет мир. Но какая? Сказав это, Достоевский подразумевал гармонию

человеческих отношений, гармонию человеческой души.

«В человеке должно быть все прекрасно: и лицо, и одежда, и душа, и мысли»-

эти, ставшие хрестоматийными, строки А.П.Чехова относятся не только к людям его

времени. Они обращены и к нам. Мы должны быть прекрасны, и не только тогда,

когда хотим, чтобы нас такими считали. Всегда! Тогда, может, перестанет, наконец,

человечество бояться войн, голода, экологических катастроф. Потому что это –

уродливые явления, потому что все во Вселенной взаимосвязано, и, значит,

человеческая красота рождает гармонию Вселенной. И тогда, безусловно, красота спасет

мир.

Огромное внимание необходимо уделять патриотическому воспитанию. Редко кто

из старших подростков хочет идти в армию, многие стараются отлынить. Почему?

Раньше, наоборот, юноши старались отслужить. Кто не служил, его не уважали.

Когда говоришь с детьми о патриотизме, они просто ухмыляются, а в сочинениях

пишут общие фразы, чтобы только не получить «два».

Откуда идет это равнодушие? Почему оно так часто торжествует? И ведь,

равнодушие и жестокость, как две сестры, неразлучны.

Конечно, здесь очень много причин: войны и революции пршлых веков,

сталинские лагеря, через которые прошло чуть ли не полстраны, повальное пьянство и

безотцовщина, даже то, что школа ставит ни за что тройки, позволяя бездельничать.

Да, это так!

А сейчас, когда все чаще выявляются коррупция, злоупотребления, когда

расшатаны идеалы, когда чаще торжествует зло, изворотливость, беспамятство и

глупость, а не здравый смысл и порядочность- растерялись многие ценности. В период

миграции, переселения, перемещения, чувство патриотизма у людей как бы

притупилось, отошло на задний план.

Все начинается с родного очага, с родного края, с Родины – эти понятия все

равно должны прочным фундаментом залечь в основу формирующейся личности.

Еще меня волнует национальный вопрос. Вспышки на такой основе возникают

во многих регионах. И это не радует. Нельзя спокойно сидеть и думать, что это

обойдет нас стороной. Нет! Через это пройдем и мы, но готовы ли мы к этому?

Казахстан издавна был многонациональным государством. В программе

2030 предусмотрены почти все аспекты, в том числе и этот.

Я думаю, что наша республика проводит гуманную политику, не ущемляя при

этом другие нации.

Каждый народ должен чтить свои традиции, обычаи, язык. Что говорить, у нас, в

Западном Казахстане почти все казахи обрусели, теряя национальное своеобразие,

забывая свою национальную культуру, язык, традиции, обычаи.

В то же время, возрождая все национальное, нельзя унижать достоинство других

наций, и надо придерживаться позиции, как сказал известный казахский поэт Олжас

Сулейменов:

Возвысим степь, не унижая гор

Page 38: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

38

И первоначальной основой гармонично развитой личности, я считаю, воспитание

культуры поведения. По-моему, это источник, который питает составные части

воспитательного процесса. Культуру поведения надо специально воспитывать, ибо

человек нашего столетия вступает в контакт с десятками людей в день, находится в

постоянном общении.

Культура поведения тесно связана с моралью, с общим развитием человека, его

знаниями и мировоззрением, со всем, что составляет внутреннюю культуру человека.

Многие правила культуры поведения, характеризующие отношение человека к другим

людям и самому себе, вытекают непосредственно из норм морали. От внутренней

культуры в значительной мере зависит культура внешняя. Поэтому нельзя пренебрегать

внешней формой поведения, считать ее несущественной, неважной.

И чтобы воспитать гармонично развитую личность, нам необходимо проводить

систематическую, целенаправленную работу на научной основе. И это невозможно

решить без практической деятельности, без упорного труда учителя.

Список используемой литературы:

1.Конституция Республики Казахстан

(принята на республиканском референдуме 30 августа 1995 года)

2. Азаров Ю.П. Искусство воспитывать: Книга для учителя. 2-е изд., испр. и доп. - М.:

Просвещение, 1989. - 448 с.

3. Антонов А.И., Борисов А.Л. Кризис семьи и пути его преодоления: Научный доклад. - М.,

1990. - 36 с.

4. Байбородова Л. В. Взаимодействие школы и семьи: Учебно-методическое пособие. - Я.:

Академия развития, 2003. - 224 с.

5. Бордовская Н.В. Педагогика: Учебник для вузов - СПб / Н.В. Бордовская, А.А. Реан.

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕ БАЛАЛАРМЕН ҚАРЫМ –ҚАТЫНАС ТЫҢ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАЙ –КҮЙІ

Ақылбай Қ.,

Актөбе облысы, Алға ауданы, Маржанбұлак ауылы

Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады,

оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды

қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

Отбасының бала тәрбиесіндегі міндеттері:

- баланың дене және танымдық дамуы үшін максималды қауіпсіз жағдайлар мен түрлі

мүмкіндіктер жасау;

- баланы эмоционалдық қолдауды қамтамасыз ету;

- баланың тіршілік іс –әрекетінде қауіпсіздік туралы алғашқы білім қалыптастыру;

- балаларды өз – өзіне қызмет етуге және жақындарына көмектесуге бағытталған қолданбалы

дағдылар мен іскерлікке үйрету;

- тілдік қатынастың дамуын қамтамасыз ету;

- баланың бейімі мен қызығушылығын дамыту.

Ата- ананың басты қуанышы- бала.

Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын

кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге

дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -

жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат,

сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері

және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз

ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына

Page 39: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

39

ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз

баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни 6

сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі,

мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала –

дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында,

мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің

бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын

табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен

ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің

негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек.

Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім

алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу

қажет.

Бізде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді.

Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз

туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке

құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы

басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер

сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу - үлгеріміне әсер

етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата - ана өз баласының ынтасын үйдегі

тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады.

Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады.

Жоғарғыда айтылғандай бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие

ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып

өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен

тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма?

Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей

ме?

Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген

ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш

қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына

дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң

солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір

ата - ананың қолында.

Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай

болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті

алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне

өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған

сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек.

Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады.

Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан

мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.

Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы

перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып,

мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып

өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет! 7.

Мұғалімнің сөзі: Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл

бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - балапан ұшыру емес» деген

мақал - мәтелдерден көруіңізге болады.

Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ

түріңіз:

Page 40: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

40

1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз

бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке

тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс

ұйымдастырмаңыз.

2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып

айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;

4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген

ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне

тілектестік білдіріңіз;

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың

астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап

келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені

тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ

айтады;

7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы

қатыстырмаңыз;

8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3

сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің

сәтті кезі.

9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс

жасау дұрыс;

10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан

да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың

жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып

әңгімелесіп тұрыңыз.

13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан

зорығуы мүмкін.

14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен,

дәрігермен кеңесіңіз.

Отбасы - болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани

байлықты сіңіретін тәрбие ошағы. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ой-өрісі, әдептілігі

мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады. Сондықтан отбасы тәрбиесі бірінші орында

тұруы тиіс. Болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың

ықпалымен қалыптасады. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. «Дәулет

есіктен, ақыл бесіктен кіреді» дегендей, білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан

бастау алатындығын ата-анаға ұғындыру - ұстаздардың басты парызы. Отбасы - адам

баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап,

сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Баланың бас

ұстазы - ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөз бар.

Бала әкеден ақыл, анадан мейрім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі

деп білсек, ана - ұйтқысы, жылуы, шуағы. «Бала - адамның бауыр еті» деген. Сондықтан қай

ата-ана болмасын, баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын

қалайды. «Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп

көңіл бөлген. «Тәрбие - баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана

шектелмейді. Тәрбие - тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы

өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты

болуы керек». Бүгінгі өте қажетті тақырыпта өткізіліп жатқан үлкен іс-шара – отбасы мен

мектеп арасындағы байланыс. Қарап отырсаң, әрине отбасы туралы әңгіме еткенде отбасы-

Page 41: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

41

бұл өзіміздің ұлттың болашағы. Себебі, ұлттық болашағы от басында жасалады. « Отбасы »-

деп қазақ бекер айтпаған. « Отбасы»- деген киелі ұғым. Біреулер жанұя- деп жатады. Бірақ,

шын мәнінде отбасы деген ұғым дұрыс қой деп ойлаймын. Себебі,қазақ отың сөнбесін,

шырағың сөнбесін, отың мәңгі жалғаса берсін,-деген еді. Қазақта мынадай сөз бар жетіге

келген бала жетілген бала яғни, мектепке келген бала- жетілген бала. Ол көп нәрседен

хабардар,түсінеді,біледі.Керек десеңіз, астарлы сөздің өзін түсінеді. Сондықтан да мектептің

алдында тұрған үлкен бір міндет, сол жетіліп келген баланы өшірмей өсіре білу. Одан ары

қарай дамыта білу. Ал ол үшін не қажет? Ол үшін сол баланың жан-дүниесін түсіне білу. Ол

баланың өсіріп отырған ұясы қандай,ұясының жағдайын білу. Солай екен, біз әр баланың

тәрбиесі үшін жауаптымыз. Ал тәрбиенің отбасынан бастау алатыны белгілі десек те,мектеп

пен ата-ананың бірге жұмыс істеуі ерекше маңызды. Адам баласының қасиетті міндеті-

дүниеге ұрпақ әкеліп, артына із қалдыру. Бала тәрбиесі- қиын да күрделі үдеріс. Баласының

жақсы болғанын армандамайтын ата-ана жоқ. Тіпті баласының болашағы үшін отқа да, суға

да түсіп, жарғақ құлақтары жастыққа тимей жүрген ата-аналар қаншама десеңізші?! Бала

тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға «сіз

балаңыздың бір жарым жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз баланы іште жатқаннан бастап

тәрбиелеу керек» деп аса кемелдікпен жауап берген жер бетінде қазақтан асқан балажан

халық жоқ шығар. Неге десеңіз, «бала бауыр еті», «балалы үй базар» деген халықтың бір

қызын бір ауыл болып тәрбиелейтін өзіндік үлгісі әлемнің өзге бірде бір жұртында

кездеспейтін құбылыс десек артық айтқандық емес. Барлық ата-ана баласының дарынды да

тәрбиелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалайды. Баланы осы мақсатқа сай

тәрбиелеу тек оның білім алатын орны, яғни мектепте ғана деп ойлаймыз. Әлбетте, бұл бала

тәрбиесі үшін жеткіліксіз. Өйткені бала тәрбиесі ерекше күш жігерді, еңбекті қажет

ететіндігін бәріміз білсек те, көбінесе онымен айналысуға қолымыз тие бермейтіні де, тіпті,

осы ғибратты іске мән бермей жататынымыз да жасырын емес. Кейін баламыз есейген кезде

«сен маған тартпағансын», «ананы олай істемедің, мынаны бұлай істемедің» деп кінәлап

жатамыз. Баланың әр қызығы – бал қылық, бірақ, сол қызыққа талғап, талдап

қарамайтынымыз да белгілі. Кішкентай кезінде баламыздың біреуді дөреке сөздермен

балағаттағанын қызық көреміз, оны ересектерге айтақтап, қыздыра түсетініміз және бар.

Баламызды «үлкендерді сыйла, құрметте» деп тәрбиелеудің орнына теріс жолға салып

отырғанымызды бағамдай бермейміз. Кейін өскенде өзімізбен дөрекі сөйлессе, ренжіп, бірге

шылым шексе, жекіп жатамыз, бала кішкентай кезінде кез келген істе ересектердің өзін

қолдап, мақтайтынын сезсе сол іске тез бейімделіп, әдеттеніп кететінін жете ұғына

бермейміз. Жалпы біз балажан халық болғанымызбен оны тұлға деп танып, ақыл иесі ретінде

қабылдай бермейміз. Біздің ойымызша баламыз біздің айтқанымызды істеп, айдағанымызбен

жүретін, әлі ақыл иесі тола қоймаған тіршілік иесі дейміз де бірақ талап қоюға келгенде

қатайып кететініміз рас. Сол талаптың үддесінен шыға білмесе, баламызды жер қылып

жасытамыз. Балаға жекіріп, зекіген сайын жасыта беретінімізді аңғармаймыз. Мұндай

отбасында тәрбиеленген балалар екі түрлі болып өседі. Біреулері – бөз өкпе, жасық болса,

екіншілері- жекіп сөйлемесең сөз өтпейтін сабаздың өзі болып шығады. Алдынғылары үнемі

жалтандап, өздігінен шешім қабылдай алмайтын болса, кейінгілері өмір бойы жүйкемізді

жұқартып, өмірде өз орнын таба алмайды. Бүгінгідей жаһандану кезеңінде ұлттың кемел

болашағын қамтамасыз етудің сенімді жолы бала тәрбиесіне айырықша көңіл бөлу болып

табылатындығы сөзсіз. Сөзіміздің соңын мына бір даналық сөзбен қортындылауды жөн

көрдік. «Күндердің күнінде Лұқман хакім қатты науқастанып жатып шәкірттеріне былай

дейді: «Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп әуре болмандар! Денсаулығымның қалпына

келуінен әлдеқашан үміт үзгенмін. Мен көз жұмған соң қайғырмандар, сендерге қалдырар

жеті өсиетім бар». «Құрметті ұстаз, айтыңыз, қалтықсыз орындаймыз!» - дейді шәкірттері.

«Біріншісі - ерте тұру, екіншісі - орта тазалығын ұстау, үшіншісі - дене шынықтыру,

төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, бесіншісі- үнемі сергек жүру, алтыншысы- артық тамақ

ішпеу, жетіншісі- көп ұйықтап, жалқау болмау. Міне бұлардың барлығы денсаулықты

Page 42: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

42

сақтаудың негізгі кепілі» деген екен.Сондықтан құрметті, оқырман қауым, ел ертеңі, ұлт

болашағы, ата-ана жалғасы болар ұрпағымызға саналы тәрбие, сапалы білім бере білейік.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Баетова А – «мектеп пен ата –ананың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы / тәрбие сағаты

-2015ж № 1-29 бет/

Құдайқұлов М.А. – Икемділік пен дағды қабілеті- Алматы ,1986ж

Жүндібаева Т.Н. «Отбасы педагогикасы» 2014ж

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ-ҚОҒАМ НЕГІЗІНІҢ БАСТАУЫ

Алдоңғарова К.Ы.,

Облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернат тәрбиешісі

Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.

Тәрбиенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік

бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой.

Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға

кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің

бірлігінде болмақ. Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-

біріне, балаларына қалай қарайтындығына байланысты. Ерте кезде балалар оқыса да,

оқымаса да дін талап еткен тұрмыс ережесін білуге, орындауға тиісті болған. Ғасырлар бойы

қалыптасқан, халық дәстүрлері мен салттары болған, отбасы тәртібі солар арқылы қатаң

реттеліп отырған. Мысалы: қызға қандай киім лайықты, шашты бір өрім бе, әлде екі өрім

етіп өруі дұрыс па, оны шашбаумен сәндеу керек пе, не орамалдың, не кимешектің астына

жасырып қойған жөн бе? дейтін жайларды жіктеген. Ал, қазіргі кезде қыздарымыздың

кіндігін көрсетіп жүруі, жарассын-жараспасын киімдерді киюі, өміріміздің бір бөлшегіне

айналғанын жасыра алмаймыз. Баланың жақсы адам болуы тек ғана өмірдің ағымынан

қалмай киіну ғана емес, ең негізгісі өмірден өз орнын таба алатын азамат ретінде тәрбиелеу

жағы ақсап жатады. Ұрпақ – болашақ, яғни ол адамзаттың болашағы, ал отбасы кішкене

мемлекет. Отбасында ынтымақ болмауынан, ерлі-зайыптылар арасындағы алауыздықтан,

бірінің сөзін екіншісі тыңдамауы, бала тәрбиесін тым қиындатып жібереді сондықтан ата-ана

беделден, тіл алғызу ықпалынан айырылады. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған

ұясы, өз отының басындағы, ата-ана тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы ата-анасы» демекші

отбасындағы таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойында қалатын сол қасиет солай

қалыптасады. «Болса тәртіп, бала өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» деп

Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы шектен тыс

шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулу ата-ананың басты міндеттерінің бірі.

Отбасында бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторлардан ата-ана әрқашан аулақ болуы

керек. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген

тон пішер» демекші, жалпы отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде

шешенің орны ерекше. «Қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол, ұлың өссе, ұлы жақсымен

ауылдас бол», «Ұл туса елдің қорғаны, Қыз туса елдің көркі» деп халқымыз бекер айтпаған

шығар. Мұның бәрі әке-шешенің бала тәрбиелеудегі өздерінің үлгі-өнегесіне де тікелей

байланысты болмақ. Ата-бабамыз отбасы тәрбиесінде еңбекке де көп мән беріп, ол туралы да

өзіндік ойларды қалдырған. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған айуанның бірі

боласың.

Адамзаттың қамы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлы боласың» деп отбасында

баланы жастайынан еңбекке баулудың маңыздылығын жоғары қоя білген. «Ата – ана балаға

сыншы». Балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, немен айналысып жүргендігіне

жіте көңіл бөлсе, мерзімдік басылымдарға жаздырып, әдеби шығармаларды оқуға жасынан

дағдыландырса кейін бармақ тістейтін оқиғалардың алдын алуға болар еді. Үлкенді

Page 43: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

43

құрметпен қадір тұту, ілтипатты қарым-қатынаста болу, сыйласа білу, ата-ананы қартайғанда

қарау, кішіге қамқор болу-бұл қазақ халқы үшін жазылмаған заңдар. «Үлкенді сен сыйласаң,

кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды», «Аға әдепті болса, іні әдепті, апа

әдепті болса, сіңлі әдепті» т. б. мақалдардан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиеге ерекше назар

аударғанын көреміз, Сонымен, ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Тәрбие –

табалдырықтан басталады» нақылы өмірден алынған шындық. Бала тәрбиесі – нәзік те

күрделі, әрі қоғамдық жауапкершілікке жатады. Бала – өмірдің гүлі, сол әлеуметтің

болашағы. Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе, ең алдымен өзіміз

кіршіксіз таза, тәрбиелі адам болуымыз керек. Адамгершілік пен саналықтың бастапқы

қарапайым белгілерін өнегелі отбасында дарытқан баланың болашағы жарқын, өмірі мәнді

болмақ. «Біздің балалар-біздің қарттығымыз, жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз, бұл

біздің көз жасымыз, бұл басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз»

демекші кең байтақ елімізде ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргенділік,

мейірімділік, шарапаттылық салтанат құрып үйлесімділік тауып жатса, сол қымбат

қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаятынын естен

шығармауымыз керек. Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы – бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне

тікелей тәуелді, бала тәрбиесі баршамызға ортақ. Өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін

білім нәрімен сусындатып, халықтың ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып,

ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек: «Көкірек көзін оята

тәрбиелеу» - ата-ана жауапкершілігінен басталып, мектепке жалғасып, бүкіл қоғам болып

көтеретін жауапты міндеттердің бірі болып табылады. Осы міндеттерді шешу жолында

интернат жағдайы болысын, отбасы болсын дұрыс тәлім-тәрбие беру нәтижесінде тәрбиелі

бала, мейірімді ана, ұлтжанды инабатты тұлға тәрбиелеп шығарсақ, қазақ елінің дамуы,

ғасырлар бойы жалғасын табатынына сенеміз.

Әдебиеттер тізімі:

1. Дүйсенбаев А.Қ. Отбасы тәрбиесінің этнопедагогикалық негіздері. Ақтөбе. 2014.

2. «Отбасы және денсаулық»// 2015 ж № 3

3. «Бала тәрбиесі» //2016 ж № 3

ШАЛҚАР АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ АТА-АНАЛАРМЕН

ЖҮРГІЗГЕН ЖҰМЫСТАРЫ

Асан Д.,

Шалқар ауданының білім бөлімі әдіскері

Тәрбие жұмысын құруда педагог пен ата-аналардың өзара әрекеттестігі маңызды буын

болып табылады. Мектеп жарғысына сай сайланған ата-аналар комитетінің жұмысы оқу-

тәрбие жұмысын жүргізуде маңызды рөл атқарады. Мектеп әкімшілігі мен білім беру үрдісін

ұйымдастыру шарттарын жетілдіру, оқушылардың денсаулығы мен өмірін қорғау, білім

алушылардың заңды құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау, жалпы аудандық

шараларды ұйымдастыру және өткізуде бірлесе қызмет атқару барысында төмендегідей

жұмыстар жүргізілді.

Шалқар ауданының білім бөлімінің басшысының қатысуымен 2016 жылдың 22

желтоқсанында аудандық ата-аналар кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде:

«Оқушылардың кешкі мезгілде жүрмеуін қадағалау; сабақ уақытында смартфонды, бағалы

заттарды қолданбау; мерекелік іс-шараларды өткізу кезеңінде төтенше жағдайларға жол

бермеу; мектепте ата-аналардан ақша жинауға тыйым салу; білім беру мекемелерінде

екпеден бас тартқан оқушылармен жұмыс жүргізу» мәселелері қаралды. Аудандық ата-

аналар кеңесінің қаулысына сәйкес 2017 жылдан бастап әр сенбі күні мектептерде ата-аналар

үшін ашық есік күні болып жарияланды. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан түскен

сұрақтар мен түрлі мәселелер бойынша хабардар болу мақсатында ватсап желісі арқылы

Page 44: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

44

білім бөлімінің ата-аналармен бірлескен тобы құрылды. Аудандық ата-аналар кеңесінің

төрағасы сайланып, аудандық аналар және әкелер кеңесі құрылып, жоспары бекітілді.

Сонымен қатар мектеп директорларына ата-аналар комитетінің төрағасын мектептің

педагоггикалық кеңесіне қатыстыру міндеттеліп, қаңтар айында өткізілген педагогикалық

кеңеске ата-аналар комитетінің төрағасы қатыстырылды.

Аудандық ата-аналар кеңесінің мүшелері аудан бойынша өтетін барлық іс-шараларына

белсенді түрде қатыстырылады. Аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы Жалғасбаева

Айтгүл Әшімбайқызы аудан бойынша өткізілетін түрлі сайыстар мен шараларға ат салысып,

оқушылардың өміріне маңызды мәселелерді шешкенде ата-аналар тарапынан жиналыстарға

қатысып, өз пікірін білдіріп отырады, қазіргі таңда ұстаз бен ата-ана арасында үзілмес

көпірге айналып отыр десек те болады. Ауданда 30 орта мектеп болатын болса, осы

мектептердің барлығында ата-аналар кеңесі құрылып, аудан бойынша 30 ата-аналар

кеңесінің төрайымы және 148 мүшесі бар. Ата-аналар кеңесі мектептің барлық тыныс-

тіршілігімен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс жасайды. Аз қамтылған отбасы

балаларының толық оқулықпен қамтылуын, сабақ үлгерімдерін, мектеп формасын

қамтамасыз етілуін қадағалау және ретке келтіруде ата-аналар комитетінің мүшелері үнемі

мектеп әкімшілігімен байланыста жұмыс жасап келеді.

Ауданның бірқатар мектептері мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «Ата-

аналар мектебі» құрылып, жоспары бекітіліп, біршама жұмыстар жасалған болатын. №12

балабақшасында психологиялық қолдау көрсету қызметінің негізінде «Отбасы үйлесімділігі»

мектебі жұмыс жасайды. Сонымен қатар ауданда №8 ЖОББМ негізінде ата-аналарға кеңес

беру пункті жұмыс жасайды. Пунктте аудандық білім бөлімінің мамандары мен әдіскерлері

және «Жан Нұры» психологиялық қолдау көрсету кабинетінің психологі кесте бойынша

жұмыс жасайды.

Ата-аналар комитетінің бастамасымен мамыр айында білім беру ұйымдары мен

отбасы арасындағы сабақтастықты дамыту, ата-аналармен жұмыс тәжірибелерін анықтау

және тарату, олардың бала тәрбиесіне қосқан үлестерін атап көрсету мақсатында «Ең үздік

ата-аналар комитеті» сайысы ұйымдастырылып, ауданның 30 мектебінен 26 ата-аналар

комитеті қатысқан болатын. Сайыстың ұтқан тұстары: барлық білім беру ұйымдарының ата-

аналар комитеттері бір-бірімен тәжірибесімен бөлісіп, тыныс-тіршілігімен танысты. Сайыс

қорытындысы бойынша барлық комитеттер марапатталды.

Мектеп және ата-аналар арасындағы өзара байланысты күшейту жұмыстарын

жүйелендіру мақсатында мектептерде ата-аналар мен оқушыларға ақпараттық-түсіндірме

жұмыстары жүргізіліп келеді. «Жол ережесін сақта!», «Мен және менің құқығым», «Ата-ана.

Мектеп. Қоғам», «Бала құқығы қорғала ма?» тақырыптарында ІІБ-нің қызметкерлерімен

кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектептерде «Тәртіп сақшылары» мен

«Еріктілер тобы» бірігіп апталықтар ұйымдастырады. Ата-аналардың және оқушылардың

құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мектептерде құқық қорғау қызметкерлерінің

қатысуымен жоспарлы шаралар өткізіліп отырады. «Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру

жолдары» тақырыбында ата-аналар жиналысында баяндамалар тыңдалып, «Ата-ана,

бақытты бала» ата-аналар мен мұғалімдер арасында дөңгелек үстелдер, «Жасөспірімдердің

арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары», «Менің өмірімдегі бала орны»

тақырыбында ата-аналарға арналған дөңгелек үстелдер өткізілді. Мектептерде «Жасөспірім,

құқық, дін» тақырыбында құқық қорғау қызметкерлерімен кездесу кештері, ата-аналар

жиналыстарында «Сіз қандай ата-анасыз?» анкетасы алынды, оқушылар арасында

маскүнемдік пен алкоголизмді, нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Есірткісіз өмір»,

«Дені сау жастар», «Толағай» атты түрлі спорттық шаралар өткізілді. «Отбасы – тұрмыстық

зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар

саласында шаралар ұйымдастырылады. «Отбасы берекесі – үйлесімділікте!» тақырыбында

ата –аналар арасында психологиялық тренингтер өткізіліп, «Жасөспірімдердің мінез-

құлқында кездесетін қиындықтарды жеңу жолдары» тақырыбында практикалық семинар

өткізілді. «Жылы сөз – салқын судан да жақсы сергітеді» тақырыбында ата – аналарға

Page 45: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

45

жадынама таратылды. « ... қалай болу керектігін білмеймін, бірақ сізге қосыламын» ата –

аналар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.

Сонымен қатар барлық білім беру және қосымша білім беру ұйымдарында «Ата-

ананың жұмысындағы бір күн» акциясы ұйымдастырылып, оқушыларға кәсіптік бағдар

берілді.

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Елшебаева М.Ш., Жекекова Л.С.,

облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернаты тәрбиешілері

Тәрбиенің негізгісі – ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен

берілген-ұлттық педагогика. Сан ғасырлар бойы шектеулі шеңбер аясынан шырмауықта

шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиені жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып

өскелең жас ұрпаққа толыққанды тайға таңба басқандай жеткізсек, таптырмас тағылым

болары сөзсіз. Ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық тағылымы- көнермей, заман

ағымымен өзгеріп,жетіліп отырады. Қазақ халқының даналығы, тәрбие тағылымы- тамыры

тереңде жатқан таусылмас қазына. Сондықтан, тәрбиенің деңгейін босатпай, тілімізді

шұбарламай, тектілікпен, бар игі мұрамызды негізге ала отырып, ұрпақ тәрбиелеу басты

борышымыз. Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз

ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін

дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру,

оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне

байланысты.

Тәрбиенің негізгі міндеті – қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс,

ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.

Отбасында ғана болашақ ұрпағымызға біз өмір туралы, айналада қоршаған орта,

табиғат, адамдар қарым-қатынасы жайлы ең алғашқы ұғымдар береміз. Бұл жұмыстың

жүзеге асырылуына, әрине, ұрпақтар тәжірибесі кеңінен қолданылады.

Әр ата-ана өзінің баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін

еш уақытта да ұмытпауы тиіс. Егер әр ата-ана өзінің баласын саналы, адамгершілігі мол,

рухани жағынан жетілген, еңбекке бейім, қолынан әр түрлі өнер келетіндей етіп тәрбиелесе,

онда біз егеменді еліміздің болашағы жарқын деп айта алар едік.

Кейбір ата-аналарымыз өз балаларын қиыншылықтан қорғап, барлық жағдайлар жасап,

«не киемін, не ішемін» деп ойландырмай, өсіргеннің арқасында көптеген жағдайларда

мансапқор, езімшіл, қолынан еш нәрсе келмейтін, соның салдарынан әр түрлі қылмысқа

баратын балалар тәрбиеленеді. Сол ата-аналар баласының сондай жағдайға қалай жеткенін

білмейді, өздерінің тәрбиелеу барысында жіберген қателіктерін кеш түсінеді. Балалардың

бойында еңбекке деген саналы, шығармашылық қатынасты тәрбиелеуде және сол қатынасты

қоғамдық парыз ретінде түсіндірудің рөлі өте зор. Ата-аналар мен балалардың бірігіп

атқарар ісі неғұрлым көп болса, соғұрлым әке-шешесінің ұл мен қызға ықпалы, үлгісінің

күші де зор болмақ. Ата-ананың жеке басының ықпапы балалар үшін ешқандай салыстыруға

келмейтін ұлағатты өнеге. Балалар жақсы-жаманды бірдей көріп өседі, ең абзалы жақсы-

жаманды айыра білуі, оны ұғындыратын әке мен шеше, үлкендер балаларына адамдарға сый-

құрмет көрсетудің, еңбекке шын ниетімен, бар ынтасымен кірісудің өнегесін көрсетеді.

Соның негізінде балалар еңбекті сыйлап, ешқандай қиыншылықтан бас тартпауды, өз

еңбегінің нәтижесін көріп, қуануды үйренеді.

Балаларды кішкене кезінен Отанды сүюге, туған жер мен құстарға табиғатқа деген

сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін дамытып, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеуде.

«Бала – адамның бауыр еті» демекші, әр ата – ана баласының білімді, әдепті, ақылды,

тәртіпті және жан – жақты болғанын қалайды. «Атаңның баласы болма, адамның баласы

Page 46: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

46

бол» - деген халық нақылын жадында ұстайтын ата –аналар бала тәрбиесіне күнделікті көңіл

бөліп ,тәрбиешілермен тығыз қарым – қатынаста жұмыстар жүргізуі қажет. А.С.Макаренко

«Ата – анаға арналған кітабында»...Бала тәрбиесінде сіздің іс – қимылыңыздың өзі шешуші

роль атқарады. Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым – қатынас түрлерінің

орнығуына байланысты.Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық

қарым – қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым –

қатынасты орнатуды көздейді.Бала әрқашанда ата – анадан жүрек жылуын,мейірімділікті

қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды.

Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке

ұмтылу,ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу,ата – баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу,

халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу,халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен

сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке,бала-ның жасына

сай еңбек түрлеріне және қоғамдық – пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Ата-ана

және әлеуметтік орта болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін, оның

тәнінің дұрыс түзіліп қалыптасуына,салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені

бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады. Ересек бала өзінен кішіге қарым-

қатынас құрып, әлеуметтік мәдени қалыптарды үйретіп,қамқорлық көрсетіп, өз ісіне

жауапкершілікпен қараған.Отбасында қалыптасқан дәстүрлі мерекелерді өткізу арқылы,

баланың тұлғалық қасиетін жетілдіру іске асырылған. Мысалы,баланың дүниеге

келуі,кәмелетке толуы,үйлену тойы,т,б. Отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі

балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі,оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген

сенімін арттыру керек. Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: «Егер сен бір

жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа ек, онжылдық өміріңді ойласаң, онда ағаш ек, ал

ғасырлық өміріңді ойласаң, Онда бала тәрбиеле»

Ана тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным,түсінік, рух,

иман отбасынан қаналады. Егер жас бала отбасынан осы түсініктерді ана тілі арқылы

халықтың сарқылмас, мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық

дүниетанымымыздың арнасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп,терең меңгерсек,

онда дербес ел ретінде нық тұрамыз.

Атақты педагог А.С.Макаренконың «...баланы дүниеге келген сәтінен тәрбиелеу

керек.» деген тұжырымдары терең орын алады және тәрбие тал бесіктен басталатын-ын

ескерсек, ата – бабадан бүгінгі ұрпаққа жеткен «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген

даналық сөзі де осы мақсатпен үйлесім тапқан.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, балабақшадағы тағылымды тәрбие-

нің негізі: тәуелсіз Қазақстан Республикасын өркениетке жеткізу жолында келер ұрпақты

жоғары мәдениеттілік пен имандылыққа тәрбиелеу,баланың бойына рухани адамгершілік

қасиеттерді ерте жастан сіңіру, жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыру білім мазмұнын

жаңарту, оқу-әдістемелік еңбектермен қамтамасыз ету,өз болашағына үлкен

жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Әрбір қазаққа шама – шарқынша Абайды тану мұрат. Абай шыққан биікке талпыну

парыз. Өйткені ол туған халқының тірлік-тынысынан бір елі де бөлектенбейтін,бүкіл адамзат

тағдырымен өзектес,ұлы суреткер.Ұлтын ойлаған ұлтының ұрпағын да ойлайды.Абайды

балаларға кішкентайынан таныстырып ,шығармаларын түсініктеріне қарай мазмұндай білуді

сабақтарда іске асырып отыру керек. Ол үшін, жыл мезгілдеріне арналған табиғат

жырларынан үзінділер жаттап, рольдерге бөліп сахналату,балалардың шығармашылықтарын

дамытуға ерекше мән беру қажет.

Ұлттық тәрбиеде тағылымы халық болашағына арналған, асыл жүректе саналы

тәрбиенің даналық шумақтары,халықтың өзіне тән эталондық адамгершілік қасиеттері.

Отанын сүйгіштік , әлемдік деңгейдегі білімді игеру, адамзаттықтың орасан қасиетті

эталонын, яғни болашақ маманды әсерлі тәрбиелеу-ептілігі,елдің болашағын тәрбиелеу деп

білгеніміз жөн. «Баланың өскен бесігі-кең дүниенің есігі», ұяда талап қоюшылықпен өскен

Page 47: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

47

баланың болашағы жарқын болады. Ең бастысы бала тәрбиесінің қандайда түрі болмасын

ұлттық ойындарды қолдану тиімді .Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе секілді.

Ол арқылы баланың рухани сезімі жапсампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған, дүние

туралы түсінік алады. Адамды өжетікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа,

байсалдылыққа үйрететін –осы ойын. Бастапқыда балалар ойыншықтарға басқа заттарға

қарағандай қарайды, яғни олар үшін ойыншықтардың басқа заттардан айырмасы жоқ. Екі

жасқа толғанда олардың ойыншықтармен ойнауы елеусіз болады.Бір жарым жастан бастап

үлкендер көрсеткен әрекеттермен қатар өзі бақылаған әрекеттерді де жасай бастайды:олар

жасанады,таранады, қуыршақты құшақтайды, оны сүйеді-бұл ролдік ойын. Осы роль арқылы

бала тамақ жейді, үстелге таяқшаман жазу жазады, оқиды. Бұл мектеп жасына дейінгі

балалардың ойын әрекетінің негізгі кезеңдері.Осыдан келе балалар мектеп жасына келгенде

спорттық ойындарға әуестігі артады.Сондықтан мұндай ойындар бастаманы, жылдамдықты,

ептілікті, тапқырлықты қажет етеді, өз қимылдарын жолдас-тарының қимыл-қозғалысына

бағындыруды үйренеді, жолдасқа көмек беруді,өз коман-дасы үшін бар мүмкіндігін

пайдалануды ойлай бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың сыртқы бағасына деген

қажеттілігі өте жоғары екені белгілі, бірақ ол әрқашан толық түрде қанағаттандырмайды.

Тәрбиенің негізгі міндеті – қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс,

ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.

Отбасында ғана болашақ ұрпағымызға біз өмір туралы, айналада қоршаған орта,

табиғат, адамдар қарым-қатынасы жайлы ең алғашқы ұғымдар береміз. Бұл жұмыстың

жүзеге асырылуына, әрине, ұрпақтар тәжірибесі кеңінен қолданылады.

Әр ата-ана өзінің баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін

еш уақытта да ұмытпауы тиіс. Егер әр ата-ана өзінің баласын саналы, адамгершілігі мол,

рухани жағынан жетілген, еңбекке бейім, қолынан әр түрлі өнер келетіндей етіп тәрбиелесе,

онда біз егеменді еліміздің болашағы жарқын деп айта алар едік.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мектепке дейінгі тәрбие және отбасы. // Журнал №1-4. 2014 ж.

2. Отбасы және балабақша. Журнал.//№6, 2015ж.

ҚАЗІРГІ ТАҢДА МЕКТЕП-АТА-АНА-ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

Жасанова А.М.,

Ақтөбе қаласы, №24 лингвистикалық мектеп-гимназияның

бастауыш класс мұғалімі

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту,бала

тәрбиесінің бағбаны-ата-ана мен мұғалім екенін ұғындыру. Оқушы мен ата - ана, мұғалім

арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір бірінің жан дүниесіне

үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.

Шаттық шеңбері. Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің

қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Бұрыннан

келе жатқан ата-аналар жаңа келген ата-аналармен танысады. Мына үлгі бойынша:

Page 48: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

48

өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал,

мен ақкөңіл Алуамын…. Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

Топқа бөлу. «Мен ұнататын іс» тақырыппен топқа бөлу. Ұнататын істі санамалауды класс

жетекші бастайды. Аталған хоббиларды таңдау арқылы ата-аналардың 3 тобы анықталады.

Пікірталас тақырыбы беріледі. «Қазіргі таңда мектеп-ата-ана-оқушы арасындағы байланыс»

өз деңгейінде ме, қанағаттандыра ма?

1-топ- жақтаушы

2-топ- даттаушы

3-топ-сараптаушы

Әр топ постер қорғау арқылы өз ойларын жеткізеді. Сараптаушы топ пікірталастың

қорытындысын шығарады.

IV . «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

Баланың жан дүниесі – бұл болып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай

болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті

алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне

өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған

сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда, ата- ананың махаббаты,

сүйіспеншілігі бала үшін бақыт. Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге

үйретесіздер.

Тренинг әңгіме: "Шегенің ізі"

Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан

сайын ызалана түсіпті.Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: (қалай

ойлайсыздар ары қарай не болады?)

«Маңайындағылармен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып

отыр», - деп табыстапты. Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты.

Page 49: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

49

Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт

жұмсамапты. (Ендіне болды, кім қалай ойлайды?) Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған:

«Енді сол кісілермен жеке-жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», -

дейді. (Сіздердің ойыңызша бала не істер еді?) Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса,

қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын

тақтайдың алдына ертіп әкеліп: (Әкесі не айтады?)«Балам, жарайсың, жарадың, - депті, -

алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған

орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі

болып қалмады. Адамдармен қарым - қатынасыңды бұзған сайын арада жаман сөздер

айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір-бір дақ қалдырып отырады,

сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға

шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырып.

Қандай әсер алдыңыздар? (Ата-аналар жауабы)

Бұл тапсырманың мақсаты: Оқушы мен ата-ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді

болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір - бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге,

сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.

Қорытынды сөз: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ

буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да,

тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттейміз» дейді. Ендеше

бала тәрбиесіне тобасы ,мектеп,оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала

тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе. Сондықтан да, мұғалім –

оқушы – ата-ана тығыз байланыста жұмыс жасау керек.

ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Жолдыбаева Ж.Ж.,

№4 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

“Қазақстан - 2030“ даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Елбасының Қазақстан

халқына Жолдауында “Дағдарыстар өтеді де кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты,

ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады ” делінген.

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл

сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

Мектеп ұжымының ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие

жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Мұғалім үшін ата-аналарды

педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор

жауапкершілікті қажет етеді.

Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты

тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады.

Мектеп ешуақытта ата-аналардың қоғамынан бөлініп, өз бетінше жеке дербес мекеме болған

емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи

байланысты. Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және

біріктіру ролін атқарады. Осы тұрғыдан мектеп оқушыларымен тәрбие жұмыстарын

ұйымдастырудың жеке адамның дамуында және қалыптасуында сынып жетекшісінің негізгі

функциясы ата-аналардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы болып табылады.

Әрбір отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан

ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Жанұя, отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-

дәстүрлердің сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, қоршаған ортамен

Page 50: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

50

танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның

азамат болып өсуінің негізі.

Сынып жетекшісінің жұмысы — оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы

болу. Өйткені, бала тәрбиесінің мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа

негізделеді.

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен

мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың өзара қарым–

қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін

оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі

біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш –

мұғалім - оқушы – ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие

болды.

Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын

жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен университеттері, ата –

аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына

бару т.с.с.

Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып

отыр. Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым – қатынас,

тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын

тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының

нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және

тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет

етеді. Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың

байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен

сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты

ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады.

Сынып пен отбасының байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда

көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, еңбек демалыс, оқушылардың бос уақыты,

кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің

нақты жолдары қарастырылады.

Сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы байланыс тек жиналыс өткізу деп

есептесе, қателеседі. Ата-аналар жиналысында оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы жайында сөз

болады. Сол себепті ата-аналар сынып жиналысына аз келеді. Ата-аналар да жұмыс

бастылыққа салынып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөле бермейді. Сол себепті мұғалім ата-

аналар жиналысында осы проблеманы да «Сізді тәрбиелеймін» деп емес, сіздерге «көмек»

деп түрлі формада өткізсе , баланы ата-анасы жақсы танып, кемшілікті дер кезінде түзер еді.

Бала мектептен көрі үйде көп болады. Ендеше, отбасы дене және психологиялық жағынан

сау, ақыл- ой және интеллектуалды дамыған, алдында күтіп тұрған еңбекке, қоғамдық және

отбасылық өмірге даяр жеке тұлғаны қалыптастыруға міндетті.

Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен

технологияларды пайдаланған сияқты, ата-аналарға көмек ретінде ата-аналар жиналысының

дәстүрлі емес жұмыс формасын пайдаланған өте тиімді.

Мектептегі оқу-тәрбие үдерісі қайткенде нәтижелі болмақ? Әрине, бұл сұраққа әркім

әрқилы жауап беруі мүмкін, алайда олардың басым бөлігі «Мұғалім мен ата-ана бірлесе

жұмыс атқарғанда» дер еді. Шынында да, бала тәрбиесіне мектептен өзге оның ортасы мен

отбасының күшті ықпал ететінін ескерсек, онда мектептің ата-аналармен тығыз байланыста

болуы өте маңызды. Ата-аналармен байланысты арттыру мақсатында мектеп- ұжымы ашық

есік күндерін, тәрбие сағаттары мен семинарларын, спорт жарыстары мен табиғат аясында

демалыс шараларын өткізіп келеді.

Қандай жұмыс түрі тиімді? Әрине дәстүрлі емес жұмыс түрі тиімді. Олар. Бақылау,

лекторийлер, консилиумдар, сауалнамалар, тренингтер және т.б.

Page 51: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

51

Ата – аналармен жұмыстағы жаңа технологиялар ретінде 2014-2017 оқу жылынан

бастап мектебімізде ата-аналарға арналған жылына үш рет (қараша, қаңтар, наурыз)

педогогикалық консилиум күндері. Сонымен қатар бір тоқсанда бір рет ата – аналардың

ашық күні ұйымдастырылуда.

Бұл шаралардың мақсаты: Бала тұлғасы дамитын бірыңғай тәрбиелеу орталығын құру,

ата-аналарды білім мекемесіндегі мақсатты бағытталған тәрбие жұмысы үрдісіне тарту; ата-

аналарды білім мекемесіндегі сан алуан қызмет саласына араластыру;ата-аналардың

психологиялық-педагогикалық мәдениетін көтеру; әр отбасының бала тәрбиесіне белсене

қатысуының маңызын көрсету; баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп, өсу

жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке

қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін

арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер,

ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарутды көздейді.

Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі

формаларын қолданады:

- сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш,

спорттық жарыстар, т.с.с.;

- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп

бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер

мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу т.б.);

- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық

есік күніне т.б.;

- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу,

- мектеп ауласын көгалдандыруға қатысу, кітапхана қорын молайтуға;

- мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру;

Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.

Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге

байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.

Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық

ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы

жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта

тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден

басталады. Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына

барынша қолдау көрсетеді. Мысалы,баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер

болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті

материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне

араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады. Сонымен

бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және

аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса

шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі,

тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Байланыс нысандарының бірі - педагогтардың оқушылар үйіне баруы.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі - педагогикалық насихат, яғни ата-

аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және қалық бұқара арасында

психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудық маңызы өте зор. Насихат

жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді.

Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс

та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы

көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата

– аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы

міндеттеледі.

Page 52: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

52

Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым

пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық

кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп

отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада

жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу

барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл –

кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл –

кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы

тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа

талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық

білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді.

Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл

шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата–аналармен

кездесуін, ата–аналар жиналысын ұйымдастыру, ата–аналар комитетін құру, ата–аналар

белсенділерімен жұмыс істеу, ата–аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру,

конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

«Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер

балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Баланың дара қасиеттерін

қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде,

отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы

мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Олай болса, бұл

мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің бір негізі деп

білемін.

Әдебиеттер тізімі:

1. К.Ж.Қожахметова. Сынып жетекшісі. - Алматы: Әлем, 2014.

2. Ю.П. Азаров. Отбасы педагогикасы. - Москва, 1985.

3. Е.Сағындықұлы, Педагогика(дәстүркурсы). - Алматы, 2000.

4. Қ. Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 2011.

5. А.О. Пинт. Ата-аналар, сіздер үшін. - Алматы, 1972.

6. В.А.Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. -Алматы, 1983.

7.Р.М.Қоянбаев.Педагогика.-Алматы,2000.

8 В.Харламов Н. Педагогика. М., 1990.

9. Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі. Алматы: Дарын., 2004.

10. Педагогика және психология. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме

сөздігі. Алматы, 2002.

УЧИТЕЛЬ – ТВОРЕЦ ОТНОШЕНИЙ С РОДИТЕЛЯМИ

Жулумбетова Н.А.,

СШ №35 г. Актобе

“Отец и мать создают новое существо - сына, дочь. Это самое высокое, бессмертное

творчество.путь к бессмертию заключается здесь в том, чтобы повторить в своих детях

самого себя, но повторить на высшей основе - воспитать человека лучше, чем ты сам.”

(В.А. Сухомлинский)

«Всё течет, всё меняется» - говорил древнегреческий философ Гераклит. И сегодня эти

слова звучат как никогда актуально. Меняется наша жизнь, меняются взаимоотношения

между людьми. И школа, как воплощение будущего претерпевает изменения как никто иной.

Сегодня она призвана, не просто давать ребенку знания, её основной задачей становится

научить учиться, раскрыть творческий, индивидуальный потенциал личности, привить

Page 53: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

53

нестандартные формы мышления. Именно эти качества личности в будущем станут

востребованными в обществе. И, ставя перед собой такую задачу, школа не может с ней

справится самостоятельно, она нуждается в помощи самых близких людей для школьника,

его родителей. Кто как не они знают особенности своего ребенка, кто может иметь большую

мотивацию для дальнейшей его полноценной реализации. Поэтому сегодня школа

неотделима от родителей, и в этом аспекте она должна уходить от стандартного

формалистического подхода к союзу учитель-родитель. Однако проблема привлечения

родителей к участию в школьной жизни кроется не только в консерватизме образовательных

учреждений, родители, зачастую, относятся к учителям либо с тревожностью (когда их

приглашают на беседу в школу). Либо с твердой убежденностью, что именно задача школы

воспитать гармоничную личность, а в их обязанности входит накормить ребенка, одеть,

создать условия для нормального быта. Таким образом, в условиях изменяющегося мира,

претерпеть изменения должны будут и отношения между учителями и родителями. На смену

авторитарному лидерству школы должно прийти равноправное сотрудничество между

педагогом и родителями. Конечно, для установления таких отношений нужно поломать

привычные стереотипы, что сопряжено с определенными трудностями. И прав был

Конфуций, когда говорил: «Не дай Вам Бог жить в эпоху перемен». В мире каждый день

появляется так много интересного, от новых возможностей захватывает дух, а если это

еще и «эпоха перемен», то возникают целые источники для вдохновения, есть, где

развернуться душе.[1] Однако если человеку даются испытания, значит, даются и силы его

преодолеть.

Общение родителей и детей в семье - это своеобразная «психологическая изнанка»

многих проблемных ситуаций, которые возникают во взаимоотношениях учителя и детей в

школе. Воспитательный процесс в семье-это прежде всего постоянное общение детей и

родителей.

Отношения в семье имеет свои закономерности и особенности. Учитель должен

представлять себе эту сложную ткань семейных взаимоотношений, стремиться делать их

педагогически целесообразными. Педагогу нужно помочь родителям, опираясь на

рекомендации, осознать собственные взаимоотношения в семье не просто как личностные, а

как органическую составную часть педагогического процесса. На родительских собраниях, в

ходе индивидуальных консультаций с родителями выявлять и формулировать для них

педагогический контекст взаимоотношения в семье, показать полифонизм их влияния на

формирующуюся личность ребенка. [2]

Взаимоотношения в семье,есть прежде всего отношения педагогические, они прямо

или косвенно влияют на детей, формируют психологический микроклимат их семейного

бытия.

Основной задачей школы по этой проблеме является организация системы работы

учителя с родителями. Цель этой работы - помочь ребёнку стать уверенной зрелой

личностью, которая сможет найти своё место в современном обществе, понимать и

принимать общечеловеческие ценности. Психолого-педагогическое просвещение родителей.

Здоровье, счастье и успешность детей - норма жизни в современном обществе.

Семья, родители являются основными воспитателями.нравственность и здоровый быт -

важнейшие условия семейного воспитания.

Школа призвана помочь семье в воспитании детей и основная главная роль отводится

учителю. Поэтому эффективность воспитательной работы зависит от взаимоотношений

учителя с родителями, его умения сотрудничать с семьёй, опираться на её помощь и

поддержку. Это кропотливая ежедневная работа и формы, методы её разнообразны. Это и

родительские собрания, групповые и индивидуальные беседы, пропаганда психолого-

педагогических знаний, консультации, педагогические практикумы, “круглые столы”,

посещения на дому, привлечение к непосредственной работе с детьми. Однако учитель

должен понимать, что разнообразие форм и методов ещё не всегда обеспечивает успех

работы. Основная и главная задача педагога - сделать семью своим союзником,

Page 54: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

54

единомышленником, создать демократичный стиль отношений.он должен обладать большим

терпением и тактом. Порой с родителями работать значительно труднее, чем с детьми.

Учителю необходимо изучить каждую семью, выяснить роль семейных традиций и

праздников, духовных интересов.

“….Вы родили и воспитываете сына или дочь не только для вашей родительской

радости. В вашей семье и под вашим руководством растёт будущий гражданин, будущий

деятель и будущий борец…. всё, что совершается в стране, через вашу душу и вашу мысль

должно переходить к детям.” (А.С. Макаренко)[3].

Работая с родителями, педагог постоянно даёт оценку поступкам ребёнка, его успехам,

удачам и неудачам в учёбе, отношению к своим обязанностям и т.д. в этих оценках должна

соблюдаться корректность и мера. Здесь надо помнить: оценивай конкретный поступок, а не

личность ребёнка в целом! Оценивая ребёнка, учитель тем самым даёт оценку и родителям.

Не следует на публичных собраниях допускать разговора о слабых сторонах тех или иных

детей. Лучше разобрать общие и актуальные для всех вопросы.в индивидуальной же беседе в

тактичной форме, делая акцент на положительные характеристики ученика, раскрыть

волнующую проблему и вместе с родителями наметить пути её решения. особый дискомфорт

на собраниях испытывают родители отстающих и трудных учащихся. Учителю необходимо

всегда помнить “золотое правило”: относись к людям так, как бы ты хотел, чтобы

относились к тебе.

Уважения к себе требуют не только взрослые, но и современные дети. Порой желание

малыша отстоять своё собственное мнение мы принимаем за дерзость и невоспитанность. Со

временем непонимание, нелюбовь, обиды, несправедливость (в детском представлении)

делают ребёнка “трудным”. Уважение и искренняя любовь в сочетании с педагогическим

мастерством учителя - вот ключ к воспитанию и развитию личности!

Учитель, как несущий просветительную миссию, должен инициировать процесс смены

парадигмы отношения к родителям. Вот несколько рекомендаций, которые помогут наладить

двухстороннее конструктивное сотрудничество:

1. Учитель, приглашая родителей в школу – задает тон беседы. Начать он должен с

установления оптимально взаимодействия. В этом поможет упражнение «нейтрализации»,

целью которого будет защитить педагога от психологического давления родителей. Чаще

всего, родители при встрече с учителем выбирают либо наступательную тактику, либо

начинают жаловаться на жизнь, рассказывая, что у них нет времени заниматься воспитанием

ребенка. Учителю важно не поддаться на эмоциональный прессинг и занять нейтральную

позицию по отношению к эмоциональному фону собеседника. Лучше всего, в течение 10-15

минут, дать возможность человеку высказаться, не принимая прямого участия в беседе, а

вежливо поддерживая ее нейтральными выражениями, типа: «Я Вас понимаю», «Я слушаю

Вас». Через определенное время эмоциональный фон родителя начнет спадать, и он

психологически станет готов к конструктивному диалогу.[4]

2. Теперь учитель должен создать равноправное взаимодействие с родителями, что

означает: привлечение их к активному воспитательному процессу. На данном этапе ему

необходимо понять чувства матери и отца к своему ребенку, и отнестись к ним с должным

уважением. Педагог должен показать свое доброжелательное отношение к собеседникам, что

станет первым шагом к равноправному сотрудничеству. Далее необходимо донести, что в

воспитательном процессе должны участвовать обе стороны: школа и семья, и только тогда,

этот процесс принесет свои положительные плоды. Важно показать родителям их

значимость в этом деле, пояснить их роль в развитии гармоничной личности ребенка. Одним

из наиболее важных моментов является положительная характеристика личных качеств

ребенка. Не один родитель не останется равнодушным к учителю, который видит что-то

хорошее в его чаде.

Таким образом, показав открытость и доброжелательный настрой, учитель снимет

«психологическую защиту» родителей и сможет приступить к конструктивному диалогу.[5]

3. Правильное построение беседы – залог того, что Вас «услышат».

Page 55: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

55

Приглашая родителей на беседу, не пытайтесь, во что бы то ни стало, отстоять своё

мнение, слушайте аргументы собеседника и ищите компромиссы;

Обсуждайте проблемные моменты, а не характер ребенка, направляйте беседу на

раскрытие аспектов воспитания без перехода на личности, например, у ребенка плохое

поведение, как результат самоутверждения перед одноклассниками, подумайте вместе: в

каких областях он мог бы себя реализовать: спорт, художественная самодеятельность,

подработка и т.д.

В рекомендациях родителям, необходимо учитывать их круг интересов, и исходя из

этого, предлагать меры воспитательного воздействия, например, папа любит ходить на

рыбалку, посоветуйте брать сына или дочь чаще с собой. Рекомендуйте родителям все

домашние дела делать вместе с детьми: чинить машину, клеить обои, красить забор и т.д.

Ваша беседа с родителями прошла конструктивно, если: вы избежали противостояния,

не втянулись в череду обвинений, смогли донести до родителей суть проблемы и вместе

решить: какие меры воздействия можно предпринять.

4. Ищите неформальные формы работы с родителями. Родительские собрания, на

которых учитель информирует родителей и констатирует факты, уходят в прошлое. На смену

этому должны прийти нестандартные формы работы, которые бы мотивировали родителей

идти в школу:

Так можно предложить родителям самостоятельно провести собрание, на котором они

могли бы поделиться опытом налаживания взаимоотношений со своими детьми, и получить

практические советы по воспитанию из первых уст;

Внедрить практику открытых уроков для родителей. Организовывать неформальные

встречи родителей, во время которых поднимались бы проблемные вопросы.

Родители - активные участники воспитательного процесса, а не пассивные

наблюдатели формирования личности ребенка.

Таким образом, родители, изменяя свое отношение к школе, а учителя, строя

конструктивные взаимоотношения с ними, делают одно общее дело: воспитывают

гармоничную личность ребенка. И помните, не ошибается только тот, кто ничего не делает.

И если на сегодняшний день, ваши взаимоотношения оставляют желать лучшего, то самое

время их изменить. Удачи Вам, на этом нелегком поприще – воспитании творческой и

неординарной личности!

Список литературы:

1. forum.daode.ru//«Не дай Вам Бог жить в эпоху перемен». Конфуций

2. psihotesti.ru. < Словарь «Консультация психолога» // Взаимоотношения.

3. https://murzim.ru/nauka/pedagogika//Педагогическая система А.С. Макаренко

4. ru.wikipedia.org< Википедия // Собрание.

5. nsportal.ru< Социальная сеть работников образования // Проблемы взаимоотношений

Учитель - Родитель.

МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

ЖОЛДАРЫ

Калдина В.Т.,

№51гимназияның бастауыш класс мұғалімі, Ақтөбе қаласы

Бала тәрбиесінің негізі - бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір

мектебі. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы,

білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты.

Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге

міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған

«Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы

Page 56: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

56

заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002),

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы»

(2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады [1,2,3,4]. 2004 жылы ақпан айында Үкіметтен

қолдау тапқан «Білім тұжырымдамасы» үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы

балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін

жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал ата-ананың

педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының

тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада

тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазіргі кездегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі, жастардың

нашақорлығы, адамзаттың басынан төніп тұрған әр түрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді

алаңдатып отыр. Баланың негізгі тәрбиешісі-өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Баланың

дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы-

жастан…» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс

мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Жасөспірімдердің білім алуында,

тәрбиесінің дұрыс қалыптасуында мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынаста болуы

қажетті жағдай болып отыр.

Ерте замандағы грек ғалымдары Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит өз

еңбектерінде тәрбиенің мақсатын құл иеленуші мемлекеттің саяси міндетімен ұштастыруға

тырысты, адамның рухани өмірінің заңдарын ашты, тәрбие қызметінде басшылыққа алуға

болатын бірқатар ережелерді қалыптастырды. «Баланы кішкентай кезінен бастап тәрбиелеу

керек, жеке адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне, алған біліміне

байланысты», - дейді Демокрит. Оның: «Әкенің жағымды ой тастауы – балаға деген дұрыс

тәлімгерлік», - деген сөзінен әкенің балаға өз сөзімен, ісімен, сенімімен үлгі бола білуіне

үлкен көңіл бөлгенін көреміз. Сол кездегі грек философы Пифагор «Заңды сыйла»

ережесінде балаға білім, тәрбие беруді ата-анаға міндеттеген; білім ордаларында отбасы мен

мектеп бірлесе баланың білім, тәрбие алуына ортақ мүдделес екенін айтқан; жас ұрпақтың

әкені, үлкенді сыйлауына көңіл бөлген; адамдар, туыстар арасында сыйласымдылық

қалыптасуын көздеген.

XI ғасырда жазылған Қайқауыстың «Кабуснама» еңбегі де отбасы тәрбиесіндегі ата –

ана рөлін аша түседі. Кабуснамадағы «Ей, перзентім, сен осы үгіттерімді ұғып іске асырсаң,

мен аталық парызымды өтегенім. Жақсы көрген адамым да, үмітім де өзіңсің. Сондықтан бар

асылымды өзіңе тапсырдым, сен оны дұрыс пайдаланып, қисық жолға қадам баспағайсың»

[5, 10 б.] - деген насихат сөздері бүгінгі күнге дейін тәрбиелік құндылығын жойған жоқ.

Қазіргі жасөспірімдеріміздің көбісі басына түскен қийыншылықта көтере алмай жаман

жолға түсіп кетуде. Бұрын қандай қиналса да , жігерлілікпен жеңе жүрді емес пе? Сол

қиындық адам басына түскенде бағыт беретін жандар кездесіп, мына жол дұрыс емес деп,

мына жолмен жүр деп бір бағыт берсе, сол қиындықтан шығып кетеді. Осы біздерге бағыт-

бағдар беріп отыратын бізді тәрбиелеп өсіретін, ата-аналар мен мектептегі мұғалімдер емес

пе? Біз бұл салада ата-анамен мектеп бірге отырып, саналы, тәрбиелі, білімді, адамға тән

жақсы қасиеттердің бәрін бойына сіңірген болашақ жастарды тәрбиелеуіміз керек. «Баланы

жастан»- демекші бала туылғаннан бастап, оны тәрбиелеуміз керек. «Бұрын бір кісі бір

білімді, иманды молдаға барып «мен баламды қалай тәрбиелейін және қай уақыттан бастап

деп сұраса, молда одан сұрапты, балаң қаншада деп, Ол 3 айлық дегенде онда сен үш ай

кешігіпсің»- деген екен». Сол үшін менің балам әлі жас үлкейгенде ақыл кіреді, сонда бәрін

түсіндіремін деп жүріп, уақыттың қалай өткізіп алғанын сезбестен, көпшілік ата-аналар

баларын қолдан шығырып алуда. Кейбір ата –аналар бар өздерінің балаларының тәрбиесіне,

оқуына, күнделікті не істеп жүргенін қадағаламай, бір күні баласының жаман жолға түсіп

кеткенін білген ата-ана мектепке барып, мұғаліміне айқайлайды, сонда оның ойынша мектеп

жасындағы жасөспірімдерді тек мектеп ғана тәрбиелейді - деген ата-аналар аз емес. Негізінде

бұндай ой дұрыс емес , бала мектепте ары барса 3-4 сағат ғана болады, ал қалған уақытын

үйде өткізеді емес пе? Қазіргі кездегі жасөспірімдердің байқаусызда жаман жолға түсіп кетіп

Page 57: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

57

жатқанының бірден бір себебі осы. Мекеп пен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың

болмауы. Мектеп пен отбасының өзара әрекетінің басты қызметтері: ақпараттық;

тәрбиелілік-дамытушылық; қалыптастырушылық; қорғау-сауықтырушылық; бақылаушылық;

тұрмыстық.

Аталған өзара әрекеттің міндеттері: Ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын

қалыптастыру; Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім, біліктермен

қаруландыру; Бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қалыптастыру.

Мектеп пен отбысың өзара әерекетін үйымдастыру жолдары: Отбасының тәрбиелік

мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында зерттеу; Отбасының адамгершілік

бағыттылығына қарай оларды топтастыру; Олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және

соңғы нәтижелерін талдау.

Яғни, отбасы мен мектептің бірлескен әрекетін тиімді ұйымдастыру педагогикалық

зерттеулерден басталады.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы дегеніміз – бала тәрбиесінде отбасы мен

мектептің бірін-бірі толықтыруы, өзара хабарласа, келісе әсер етуі, ықпал жасауы деген

қорытындыға келдік.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы жасөспірім тәрбесінде – ортақ мақсатты бірлесе

талдау, өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп, қуанышта ортақтас болу секілді кең

ауқымды эмоция түрлерін қамтиды. Жасөспірімдерді тәрбиелеуде ортақ келісімде іс-

әрекеттер, өзара түсіністік қалыптасады. Бұл жерде мектеп ұжымының ынтымақтастығы,

жасөспірімдердің бірі-бірімен ынтымақтастығы және отбасы мүшелерінің ішкі

ынтымақтастығы да аса маңызды факторлар екендігі айту керек.

Жасөспірімдердің тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығы дегеніміз –

жасөспірімнің тәрбиесін жақсарту мақсатында бағытталған, келісілген, үйлестірілген, әсер

ететін шаралардың бір жүйеге бірігуі.Жасөспірімдерді тәрбиелеуде мектеп пен отбасы

ынтымақтастығының жоғары өлшемді болуына сынып жетекші, педагог-психолог,

әлеуметтік-педагогтың орны ерекше. Сонымен қатар пән мұғалімдері де жасөспірімді

тәрбиелеуде өз үлестерін қосып отырады. Олар жасөспірімдердің пәнге деген ынта-

ықыласына байланысты жасөспірім бойындағы белгілі бір ерекшеліктері, қызығушылықтары

арқылы тәрбиелей алады.

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Мектеп еш уақытта

отбасынан, қоғамнан бөлініп, жеке болған мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті

отбасымен, қоғаммен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Мектепте іс-әрекеттің ең

бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі)

мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады. Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие

жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және

мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы

жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен,

отбасымен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері. 1. Ата–

аналармен тұрақты байланыс орнату. 2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының

бірлігін қамтамасыз ету. 3. Ата–аналар ұжымын құру. 4. Ата–аналардың педагогикалық білім

дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.

Ұстаздар мен ата –аналардың өзара қатынасының функциялары: тәрбиелік-

дамытушылық; қалыптастырушылық; бақылаушылық; тұрмыстық; хабарламалық.

Міндеттер: ата- аналарды белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру; ата – аналарды

педагогикалық білім – білікпен қалыптастыру; ата – аналарды бала тәрбиесіне белсенді

қатыстыру. Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі формалары: ата- аналар жиналысы; жалпы

сыныптық және жалпы мектептік конференциялар; ұстаздың жеке ақыл-кеңесі, әңгімесі;

оқушылардың үйін аралау; ата – аналар университеті; ашық есік күні.

Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формалары: тақырыптық ақыл- кеңес, әңгіме;

ата-аналар оқуы; ата-аналар кеші; ата- аналар тренингі. Мектеп пен отбасының

Page 58: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

58

ынтымақтастығының жасөспірімдер тәрбиесін қалыптастыруда сананы қалыптастыру, іс-

әрекет ұйымдастыру, ынталандыру әдістері және ата-аналар жиналысы, т.б. сынып және

сыныптан тыс сағаттар, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Е.Н. Ильин [6] өз еңбектерінде мектеп пен отбасының байланысы жөнінде жазған. Ол

мектеп пен отбасының ынтымақтастығында әдістер көрсеткен. Соның негізінде «ашық хат»

үлгісін алып қарасақ. Осы «ашық хатты» қазіргі кезде де қолданысқа жеткізсек, мектеп пен

отбасының ынтымақтастығы нығая түсуші еді. Біз осы әдісті ұсынып отырмыз. Мектеп пен

отбасы ынтымақтастығын, сынып жетекшінің ата-аналармен жұмыс істеуіне септігін

тигізеді. Ашық хаттың мақсаты: оқушылардың ата-аналарына өз балаларының оқу-үлгерімі

жайында мадақтап хат жіберу, сол арқылы ата-аналарды жиналысқа толық қатыстыру,

мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту.

Оқушы – мұғалім, оқушы ата –ана, мұғалім-ата –ана- адамгершілікке бағытталған

тұлға аралық қатынасты қалыптастыруға күш салатын үштік одақ. Ата — ана мектеппен

байланысын күшейтуі арқылы ғана бала тәрбиесінде жақсы жетістікке қол жеткізе алатыны

ақиқат. Ал, ата –ана мен ұстаздар арасындағы қарым –қатынасынан біз тамаша нәтиже

күтеміз. Бар әдемілік пен әдептілікті бойына жинаған, халықтық тәрбиемен сусындаған, өз

отбасына, өз ұстаздарына, өз мектебіне, сыныптас достарына, еліне құрмет сезімі

қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыра аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. «Балалар құқығы туралы Конвенция», 1989 ж. Нью Иорк. БҰҰ бас штаб пәтері

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы», 2007 ж.

3. Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы»,

4. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» ,

2004 ж.

5. Кайкаус. Қабуснама / Өзб.ауд. Т.Айнабеков. – А.: балауса, 1992. – 160 б. Б.10

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ДІҢГЕГІ - МЕКТЕП ПЕН ЖАНҰЯ

Ж.Қ. Калиева, Н.А.Такенова,

Әйтеке би ауданы Қыналы НМ мұғалімдері

«Бала тәрбиесі басты байлығың,

кешіксең көретінің қайғы-мұң»

Абай

Жаңаша үшінші мыңжылдықта алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен қатар Қазақстан

ғылым мен білімді әлемдік ақпараттық, білім және ғылым кеңістігіне халықаралық талаптар

мен стандарттарға және ұлттық ерекшелікке сай үйлесімді жетілдірудың жолдарын

қарастыруда. Осы кезде ұлттық мәдениеттің тарихы кеңейіп, қайта жаңғырып өркендеуі

халықтардың өз рухани мұраларын, дәстүрлерін қастерлеуі әлемдік жаһандану процесі жедел

дамуымен ғылым, технология және өндірістің айрықша белгісімен сипатталады. Тәрбиенің

сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста

кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін, қиялын дамытатын

білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - мектеп. Бастауыш саты білім, дағды,

іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен

кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы мектепте қаланады.

Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі

жағдайда жан-жақты талданып отыр.

Өйткені, оқушының жеке қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің

қалыптасуы жанұя, мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектепте жүзеге аспақ.

Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің шығармашылық қабілетінің, жалпы

Page 59: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

59

мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Жалпы мектептің негізгі міндеті-жеке тұлғаны дамытып,

оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі

мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын, қиялын оятып, ынтасын

арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға-

мұғалім. Тек мықты мұғалім ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Алдыңғы

қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа

технологияларын енгізіп, оқушылардың, жалпы дамуын қамтамасыз ету керек. Бала жаны

жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені алуға тырысатын

болғандықтан, мектеп мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс.

Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-

тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру жолдарын түрлендіре отыру мұғалімнің басты

міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық

қабілеті үлкен роль атқарады. Мектеп оқушылары үшін мұғалім олардың еліктейтін, үлгі

ететін адамдары. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне,

адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол, адал да

мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім беріп, жан

дүниесіне әсер ете алады. Оқушылардың тиімді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, рухани тәрбие

негіздерін беру мұғалім шеберлігімен тығыз байланысты. Мектеп табалдырығын аттаған

жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы етіп тәрбиелеу-әрбір

ұстаздың борышы.

Бүгінгі мұғалім мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтық

педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық,

адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, қазақ

халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгерту және тиімді іс-әрекеттер жасауға үйрету

болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымы, ұлттық сана-

сезімі мен мінез-құлқы өздерін қоршаған мәдени құндылықтар негізінде дамып, жетіліп

отырады. Олай болса, енді қалыптасып келе жатқан жас ұрпақ бойына осы ұлттық

ерекшеліктерімізді жан-жақты сіңіру, біздің азаматтық міндетіміз болып саналады.

Осы орайда, М.Шоқай «ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан

халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды. Халықтың рухани

дүниесі – біртұтас құбылыс» деген болатын. Бұл міндеттерді шешуде адамзаттың рухани

байлығы болып саналатын білім мен ілім мәдениетінің жаңа парадигмасына сай білім,

ғылым, мәдениет, менталитет, дүниетанымына, сезім, өзіндік сана, көзқарас, мұрат

арасындағы байланыстарды қарастыра отырып рухани-адамгершілік құндылық адамдық

тәртіп пен рухани болмысты қалыптастыратын жүйе. Тарихи дамуға көз жіберсек, адам

тәрбиелеуде адамгершілікке мән беріп, ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы

жалғастырып отырған.

Мәселен, халқымыздың мақал-мәтелдері жай ғана айтылған ұқсас сөздер емес, олардың

тәрбиесінің негізгі ұстанымы – адамгершілік мәні болған. «Атаның баласы болма, адамның

баласы бол», «Әдептілік ар-ұят адамдықтың белгісі» т.б. кісілік қасиеттерді, парасаттылықты

арқау еткен мысалдар дәлел бола алады. Жалпы құндылық проблемасының басты өзегі –

Адам. Адам үшін ең басты құндылық – Өмір. Оның мәнін сезіне білу, өмірдің мәнін өз

бойынан іздеп, өмірді рухани толықтыру. Адам өмірінің мәні маңызды іс-әрекет пен мақсат,

мұрат, күш-қайрат және өмір сүру жолдарымен бағаланады. Адам мақсатын адамгершілік

қасиеттер арқылы жүзеге асырады. Олай болса, құндылық – адамдық қасиеттің өлшемі,

талпынысы, өзге адамдарға жанашырлығы, қоғамдағы орны, өмір сүру тәсілі, ізденісі және

рухани-адамгершілік қасиеті.

Қазақ халқының рухани зор байлықтың мұрагері екенін бәріміз білсек керек. Ұлы

бабамыз Әл-Фарабиден бастап өшпес мұра қалдырған ойшылдарымыз Ж.Баласа-ғұни,

Қашқари, Яссауи, Хорезми, Дулати, Жалайри, т.б. еңбектері – қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін

теңдесі жоқ қазыналар. Ал Асан Қайғы, Ақтамберді, Майлықожа сияқты ақын-жыраулардың

толғаулары мен дана өсиеттерінің қазіргі жастардың тәрбиесі мен біліміне берер пайдасы,

Page 60: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

60

қосар үлесі қаншама. Ал Абай мұрасының, оның педагогикалық көзқарастарының алар орны

тіпті ерекше.

Жарық жұлдыздарымыз Шоқан, Ыбырайлармен қатар XX ғ.басында тәлімдік ой-

пікірлерімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек,

Міржақыптардың педагогикалық, психологиялық тұжырымдары қазіргі заман талабымен

үйлесіп жатыр. Халқымыздың осындай даналары мен кемеңгерлерінің еңбектері, ойлары,

көзқарастары тәрбие жұмысында, әсіресе, рухани тәрбие беруде ұстаздарға көмек болатын

асыл қазына. Мәселен, Қорқыт-сазгер, жыршы. Қорқыт атаның құндылығы – адамды, адами

қасиеттерді сақтауы. Ол адам үшін ең қауіптісі – адамшылықты жоғалту деп ескертеді. Әл-

Фараби «барлық халық бейбіт өмір сүрсе, жер беті бақытқа толады» деп адамгершіліктің ең

биік сатысы - бейбіт өмір сүру, яғни адамдар арасындағы өзара түсіністік, өзара келісім,

өзара сыйластықтың аса маңызды екенін айтады.

Бүгінгі Қазақстандық қоғамда құндылықтар қатарында ұлтжандылық, отаншылдық

сезімдері, яғни, өз халқымызды, оның салт - дәстүрін, тілін, мәдениетін, әдеттерін, туған ел

табиғатын құрметтеп, білу жоғары маңызға ие болып отыр. Сонымен бірге әрбір адам үшін

жоғары құндылық – бұл өмір, тіршілікке болған қамқорлық, гуманистік қатынастар негізі әр

адамның өз басын сыйлауы, өз адамгершілік сапаларына болған құндылықты қатынас; ата-

ананы, туған-туысқанды, отбасы, бала-шағаны ардақ тұту, табиғатты аялау және ең жоғары

инабатты құндылық ретінде еңбекті қадір тұту. Сонымен «құндылық», «рухани-адамгершілік

құндылық», «руханилық», «адамгершілік» ұғымдарының мағыналарын негізге ала отырып,

«құндылық» адамның өміріндегі өмір сүруге деген қажеттілік деп түсінеміз. Мұндағы

«қажеттілік» - мінез-құлық, білім, тәртіп, білік. Ал «руханилық» адамның ішкі танымы, ішкі

түйсік арқылы игерілетін сезімі және «адамгершілік» сана арқылы игеріліп, тән арқылы

әрекет ететін әлуметтік дәреже.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде де халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар, сол мол

тәжірибені пайдалануға тырысып, ең бірінші жаны таза, адамгершілігі мол, парасатты,

халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеуді мақсат етіп жүрміз. Ең алдымен таза жанды,

иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құндылықтарды сүйетін тұлға тәрбиелеуге

ұмтылуымыз керек.

Белгілі жазушы Ж.Аймауытов өзінің «Тәрбие» деп аталатын еңбегінде «Тәрбие екі

түрлі: дене тәрбиесі және рух тәрбиесі деген екен. Хайуан көбінесе денесін тәрбиелейді, ал

адам баласына дене тәрбиелеумен бірге рухын, ақылын, сезімін, жігерін, мінезін тәрбие

қылуы керек. Дене мен рухы бірдей тәрбиеленбеген кісі сыңаржақтау болады» депті. Міне,

тән мен рухты бірдей тәрбиелеу ісін қолға алу керек, тіпті, тәннен бұрын рухты тәрбиелеуге

күш салу керек. Барлық тәрбие мен білім берудің тамыры мен өзегі осы рухты тәрбиелеуде,

яғни рухани тәрбиеде жатыр. Адамға алдымен рухани тәрбие бермей, тәрбиенің басқа

салаларын жүзеге асыру мүмкін емес. Жан дүниесі рухани тәрбиемен нұрланбаған адам

өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі

мүмкін. Рухани тәрбие арқылы адамның бойында адамгершілік ізгі қасиеттерді

қалыптастыра аламыз. Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани құндылықтарын

бала бойына сіңіреміз, өз елінің, Отанының адал азаматын тәрбиелейміз. Ендеше,

егемендігіміз мәңгілік болсын десек, оның болашағы – жастардың тәрбиесін, оларға тәрбие

беру ісін бүгін қолға алғанымыз жөн.

МЕКТЕП ПЕН ЖАНҰЯНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК ФОРМАЛАРЫ

Кенжеғазина А.С.,

Ақтөбе қаласы Новый орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі

.

Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі

рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып

Page 61: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

61

табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен

мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы

барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.

Сынып жетекшісінің бірінші міндеті жұмыс мазмұнына байланысты. Бір мақсатқа

ұмтылған, ынтымақты оқушылар коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі

басты және негізгі коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі

бөлім болып табылады. Коллективті топтастыру жұмысы актив арқылы, түрлі

комиссияларды, штабтарды құру арқылы және коллективті түрде, жұмылып атқаратын

жұмыстарды ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Оқушыларды топтастыра отырып,

сынып жетекшісі оқу-тәрбие міндеттерін шешуге жақсы жағдай жасайды. Сынып жетекшісі

тек өзінің беделімен ғана емес сонымен қатар қоғамдық пікірді қалыптастыру жолдарымен

де оқушыларға ықпал жасайды. [8,9].

Елбасы мемлекет тағдырымен ұрпақ тағдырын қатар қою арқылы мемлекетіміздің

бүгінгі стратегиясы- өз жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, ата-бабаның әдет ғұрпы

мен салт - дәстүрін бойына сіңірген парасатты, өз ойын еркін жеткізе алатын дарынды,

білімді, салауатты ғылыми жұмыстарға бейім тұлғаны тәрбиелеу мәселесін алға тартып

«Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш мектеп партасында отырған оқушылар мен

15-20 жас аралығындағы жастар» деген болатын. Осыған орай, мұғалім мен оқушы

қатынасының өзіндік мақсаты бірін-бірі түсінуі. Сабақты жоспарлап отырғанда, өз ойын

жақсы жеткізе алуға, өзінің талаптарын туындата білуге үйрету, оқушылармен жұмыс істеу

барысында олардың сабаққа қызығушылығын арттыратын әдістерді қолдануы қажет.

Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті

(жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты

формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-

аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар

комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады.

Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5

мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер,

комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін. [6,7].

Дұрыс және тұрақты қызмет ететін ата-аналар комитеті -сынып жетекшісінің оң қолы.

Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық,

тәрбиелік, бақылаушылық, үгіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық

ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің

мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың жанұялары арасындағы байланысты

орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды,

театрға саяхатты, т.б.) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар

балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады.

Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болу шарттары -оның мүшелерінің ата-

аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекетіне дем беру (алғыстар, грамоталар,

жұмыс тәжірибесін талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару арқылы), сынып

жетекшісімен үздіксіз ынтымақтастық әрекет.

Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде

мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып

келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық

сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді (көп

балалы отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға).

Кей мектептерде құрамына жергілікті әкімшілік өкілдері, кәсіпорын, фирма, мәдени-

ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кіретін қамқорлық кеңестері

қызмет етеді. Қамқорлық кеңестер мектепке жөндеу және жабдықтау жұмыстарында,

компьютерлеуде, тілек-қалаулары бойынша клубтарды ұйымдастыруға, кәсіби

бағыттарында, еңбекке орналасуда, мектеп бітірушілердің одан әрі білімін жалғастыруда

Page 62: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

62

демеушілік көмек көрсетеді. Мұғалім балалармен дұрыс қарым-қатынаста болу үшін олар

туралы мынандай деректерді білуі қажет:

Оқушының аты-жөні, мекен-жайы, жанұясы, сырт-

қы келбеті, сөйлеу ерекшеліктері, оқуға, еңбекке бейіні, адамдармен қарым- қатынасы, ақыл

мен дарындылық қасиеті.

Оқушылардың әлеуметтік дағдыларымен пәнге қатысуына ықпал ететін факторлардың

бірі пән мұғалімінің балалармен тіл табыса білу қабілеті болып саналады. Мұғалімнің жеке

басының қажеттілігі оқушының пәнге деген қызығушылығына елеулі әсер етеді. Оның сөзі,

жүріс тұрысы, өзін-өзі ұстауы, мәдениеттілігі әр дайым бала үшін үлгі болып табылады.

Жасөспірімдер үшін мұғалімнің рухани дүниесі өздеріне деген көз қарасы маңызды рөл

атқарады. Қазіргі қоғам мұғалімнің оқушыға өз іс-әрекетінің субъектісі деп қарау

қажеттілігін талап еткенімен, мұғалімдер де соған жетуді көздегенімен нақты оқу үрдісінде

оны толық жүзеге асыра бермейтіні жиі байқалады. [3].

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және

оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық

көрсетілген. «Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай

сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң», «Жоғары және

орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу

міндеті жүктелген. [1].

Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі

бекемделе түсті. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен

қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала

тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында

өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы - ата-

анасы.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл

атқарады. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен

маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. [5]

Педагогика практикасында оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісінің

жұмысының бірнеше түрлі қызметтері бар.

1-кезең: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны және әдістемесімен таныстырады.

Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады. Өзінің болашақта

жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие

жұмысының жоспарымен, ата-аналар комитетінің жоспарлы атқаратын жұмыстарын, кезекті

мәселелерді бірігіп талқылайды.

2-кезең: Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру.

Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады:

тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық

конференциялар ұйымдастыру;

қызығушылық негізінде ата-аналарға сауалнамалар мен анкеталық сұрақтар беру;

сыныптық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып

ұжымын жүйелі зерттеулер жүргізу;

психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер.

Ата-аналар сауалнамаларына тоқталу. Ата-аналардан оқу жылының басында 3 түрлі

сұраққа жауап алуға болады?

Балаңыздың бойынан мектепке келгеннен кейін қандай өзгерістер байқадыңыз?

Мұғалімнің және ата-ананың тарапынан қандай көмек керек?

Ата-аналар жиналысына қандай тақырыптар ұсынасыз?.

Әр жиналыстан немесе жыл аяғында ата-аналардан әртүрлі сауалнамаларды алып

қорытып, әрі келер жылғы ата-аналар жиналысын жоспарлауға болады.

Әр жиналыс сайын кері байланыс парағы таратылып отырады. Бұл жұмыстан мен өзім

Page 63: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

63

жоспарлап өткізген жиналыстың бағасын білем және ұсыныстарды ескеріп келесі жиналыста

талдап түсіндіруге тырысамын.

Заң: Ата-аналарға құқықтық білім беру негізінде өткізілген жиналыста ата-аналар

топтарға бөлінеді. Әр топқа төмендегідей үлгідегі тапсырмалар беріледі:

а) Қазақстан Республикасының құқығы жайлы балалардың құқығы қалай қорғалған?

ә) Өз балаңыздың құқығы бұзылған кезі болды ма? Сіздің әрекетіңіз, т. б

б) Ата-ананың бала алдында міндеті қандай? Сіз қалай орындап жүрсіз?

Осы тапсырмалар төңірегінде ата-аналар ой бөліседі, пікір алмасады. Пікірталас соңында

заңгер ата-аналардың және сынып жетекшісінің қорытынды сөзі айтылады.

-принциптер;

-ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрме ұйымдастыру.

Оқырмандар конференциясын ұйымдастыру формалары:

- сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық,

серуен, саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары);

- жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды

қатыстыру (сыныптағы іс-шараға қатысу және ата-аналар арасында әр түрлі жарыстар

ұйымдастыру);

- әр түрлі жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу;

- отбасылық ойын байқаулары;

- оқырмандар конференциясы (ата-аналар жиналысының хаттамасына тоқталу);

- жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбие түзету жұмыстарын жүргізу. [7].

Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен

көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы

ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек.

Осы арада өзімнің ата-аналар жиналысында таныстыруды қалай ұйымдастыратыныма

тоқтала кетсем. Ата-аналар әртүрлі қиындыларды біріктіру арқылы жұптарын табады. Әркім

өз жұбын таныстырады. Таныстыру әр түрлі формада: өлең, эссе, сурет салу, әңгіме жазу, т.

б. Осылай танысу ата-аналарды жақындастыра отырып, ұйымшылдығын арттыруға көп

көмегін тигізетініне көзім жетті. Сол секілді әр жиналыстың басында өткен жиналыс пен

соңғы жиналыс аралығында өз отбасында қандай елеулі, қуанышты оқиғалар болғанын

әңгімелейді. Бұл әрекет ата-аналардың бір-бірінің қуанышына ортақтасуға, жақындастыруға

және ынтымақтастығын арттыруға арналады.

Ұзын сонар баяндама оқып тыңдау сияқты ата-аналар жиналысын өткізудің ескі

формасын осы сияқты жұмыстармен алмастырып түрлендіруге болады.

Сынып жетекшісі, отбасы салыстырмалы түрде тәрбиенің тыйым институты, ал ата-

аналардың тәрбиелік күш-қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеруі

тиіс. [6,11].

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе табыссыз болуы оның

таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби

құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында барлық

қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөніндегі қазақ

халқына жолдауында негізгі стратегиялық бағыт «Халықтың көптеген топтарының бірлігі

жекешіл және қоғамдық негіздерін салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың

жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі» деуінің өзі қоғамдық ұйым,

бірлестіктердің дамуына мүмкіндік ашып отыр. Жас ұрпақты бір бағытқа бейімдеп, олардың

іскерлік қабілетін тәрбиелеп жетілдіретін ерікті қоғамдардың бүгінгі ТМД елдерінде, тіпті

Америка, Ұлыбритания, Франция сияқты өркениетті елдерде де өмір сүріп отырғанын жақсы

білеміз.

Олай болса, жас ұрпақтың білім, білік дағдыларын қоғамдық іске бейімдейтін саясатын

тысқары ерікті қоғамын құрудың мектептегі оқу-тәрбие ісін жүйеге келтіру де пайдалы екені

сөзсіз. [4].

Page 64: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

64

Ата-аналардың өзіне мектеп тарапынан алға қойған мақсатымызды жүргізу үшін нақты

педагогикалық көмектер ұйымдастырған абзал.

Бұл-тәрбие саласындағы аса бір қажеттілік. Тәлім-тәрбие беру барысында ата-

аналардың да саяси сауатты, көкірегі ояу болғаны жөн. Осы мақсатта мектебімізде ата-

аналар комитеті құрылып, оның мүшелері сайланды. Ата-аналар комитеті мүшелерінің өз

алдына жұмыс жоспары құрылып, кездесулер өткізіліп тұрады.

Ата-аналар комитетімен бірлесе сынып жетекшісінің жүргізілетін жұмыс түрлері:

Топтың жиналыс әңгімесі, алғыс сөз.

Жанұямен жеке дара жұмыс.

Оқушының мінездемесі.

Қоғамдық негізде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру.

Педагогикалық талап.

Қиын жанұялармен жұмыс.

Педагогикалық консультация, жеке әңгіме.

Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және

олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер

атқарады:

Бірінші топ міндеттері - әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету,

әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың

дамуына және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін

байланыс орнату.

Екінші топ міндеттері - диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын

дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.

Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен

жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік

шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.

Төртінші топ міндеттері — жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен

жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын

жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.

Осы бастапқы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері

айқындалады. Олар: диагностикалық, коммуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық,

ұйымдастырушылық-әрекеттік, дамытушылық, әдептілік, ынталандырушылық,

бағалаушылық, қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік.

Осы атқарылатын жұмыстардың мазмұнына жеке дара тоқталатын болсақ:

Алғыс-қызметтің биік адамгершілік мотивтерін жүзеге асырудағы табыстарды

қолдап, көтермелеудің шарасы. Ата-аналарға алғыс жариялау сынып жетекшісі мен мектеп

әкімшілігінің жанұяға назар аударуының қамқорлық көрсеткіші.

Топтың жеке әігімесі-жанұямен саралап жұмыс істеудің жетерліктей тиімді әдісі.

Әңгімелесу тәрбие істерін жақсарту жолдарын бірлесіп іздестіру сипатында болды.

Тәрбиелік міндеттерді шешуде ата-аналармен толық әңгіме жиналыс өткізу керек.

Жанұямен жеке дара жұмыс жүргізу-сынып жетекшісінің ата-анамен араласуының

күрделі түрі, баланың даралық қабілеті мен отбасы туралы білімдерін нақтылай түсуіне, жеке

басты дамытудың жеке бағдарламасын жасау үшін ұйымдастырылады.

Оқушының мінездемесі - жеке адамды дамыту туралы, оның негізгі жеке даралық

ерекшеліктері туралы құжат. Ол-оның оқушылармен және ата-аналармен жеке жұмысындағы

педагогикалық қызметі, педагогтың баланың қалыптасып келе жатқан жеке басы жөніндегі

мінездеме таныстыруы.

Қоғамдық негіздерде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру - ата-

ананың мектептің тәрбие жұмыстарына белсене қатысуы.

Ата-аналармен жеке әңгімелесуге қойылатын психологиялық-педагогикалық

талаптар-фактілерді жинақтау қорыту, бақылауды талдау және қорыту, педагогикалық

тапсырма беру, мұғалімдер бөлмесінде, дәлізде талқыға салмай, жеке талқылау.

Page 65: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

65

Қиын жанұялармен жүргізілетін жұмыстар - бала үшін күрестің әрқашан азап шегудің

куәгері болып көрінетін, оның ата-анасының жеке басына қатысы жөнінен инабаттылықтың

барлық нормалары барынша қатаң сақтау жағдайында өз әсерінің үдемелілігін қамтамасыз

етуге тиіс.

Педагогикалық консультация - ата-анамен жүргізілетін педагогтың жұмыстары. [10].

Қорытындылай келе жаңадан қабылданған ҚР-ның «Білім туралы» заңын, ҚР-да білім

беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, 12 жылдық

білім беруге көшу ұстанымдарын орындай отырып, ҚР-ның әлемдік білім беру кеңістігіне

енуі үшін педагогтар қауымы өз бойындағы күш-жігерін оқушыларға сапалы білім, үлгілі

тәрбие беруде аямайды деп сенемін. Тәрбиелі бала, баланың болашағы деп шырылдайтын

ата-ана, қоғамның өз деңгейінде жүруіне әсер ете алатын ата-аналар мен сынып

жетекшілерінің жұмыстары жандана берсін демекпін. [1,3].

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2. ҚР-ның «Білім туралы» Заңы.

3. ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

4. ҚР-дағы білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысыны

кешенді бағдарламасы.

5. Н. Ә Назарбаев «Қазақстан -2030» Алматы «Білім» 1997жыл 176 бет.

6. «Бастауыш мектеп» республикалық ғылыми әдістемелік және педагогикалық журнал №

09, № 10, 2005жыл.

7. «Сыр мектебі» №18, 2008жыл.

8. Б.И. Иманбекова. Тұлғаны тәрбиелеуде тәрбие субъектілерінің мүмкіндігін кіріктіру.

9. Интернет беттерінен.

10. В.А. Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. - Алматы, 1983.

Н.И.Болдыров. Сынып жетекші. - Алматы, 1980

АТА-АНА МЕН БАЛАНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ МАХАББАТ

Кожашева А.,

Темір ауданы Шүбарши орта мектебінің өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

Мен әр таным арайлап атқан сайын: Маған тәңірім бала берді. Бұл- менің ең сыйлы

қонағым, оның болғаныүшін сан мәрте алғыс айтамын. Оны да мен сияқты өмір сүру үшін

жаратты, бұл бізді біріктіреді. Мен оның балалық шағын қорғаймын, оны түсінемін, оған

шыдаймын, кешіремін, өйткені мен оны жақсы көремін.- деп жар саламын.

Симон Соловейчик.

Баланың алғашқы тәрбиешісі- ата-анасы.Баланың жеке басының алғашқы қалыптасуы

отбасынан басталады. Ол ержетіп өседі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері

қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы жүреді.

Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта.Ата-ана міндеті- баланың өз санасында жаңа

жаңа түсініктер жасауына көмектесу, баланың өз іс- әрекетін ұйымдастыра білуіне және

соның нәтижесінде әрекет салдары ретіндегі өзінің жаңа біліміне жеке өз жолымен қол

жеткізуіне жәрдемдесу.

Тамаша педагог А.С. Макаренко:«Біздіңбалаларымызбұл-біздіңқарттығымыз.

Дұрыстәрбиелеубұл- біздіңбақыттықарттығымыз. Нашар тәрбиелеу бұл- біздің болашақтағы

қайғымыз»,- дегенеді. Ата-анамен бала арасындасабырлы да, салмақтықарым- қатынас болу

керек.

21 ғасырда өмір сүріп еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар

бойы жинақтап уақыт талабынана өткен бай қазынасын отбасы тәрбиесінде қолдану – кезек

күттірмейтін мәселе екені даусыз Қазіргі уақытта баланы заман талабына сай жеке тұлға етіп

Page 66: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

66

қалыптастыру қазақ отбасындағы барлық ата-аналар үшін көптеген қиындықтар туғызуда.

Бұрын бәрімізге белгілі халқымыздың аса күшті қасиеті балажандылығы деп саналған. Тіпті

қазақ әйелі әулиеге түнеп перзент үшін өмір сүретін. Ал, қазір қазақ әйелдері арасында

балаға деген сүйіспеншілік күрт бәсендеп кеткен сияқты. Себебі сәби өмірге мүлде дәрменсіз

күйде келеді. Нәрестенің өмірге келіп, кіндігінің кесісліп, жөргекке оралуынан бастап дені

сау, ақылды да тәлімді бала етіп өсіру мақсатындағы ата-ананың өмірінде таусылып

бітпейтін қарбаласы басталады. Халық педагогикасында тәрбие ісі баланың жас ерекшелігін

ескере жүргізуді талап ете отырып: «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа

дейін қосшындай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досындай бағала» - ақылшым деп

санаудың өзі ғылыми педагогиканың ынтымақтастық заңдылықтарымен байланысады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің

қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында

өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап,

құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген

қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.Адам өмірінің

мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі — баланың ата-анасын ардақ тұтып,

өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың

мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.Ата-ананың

тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбек сүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы бастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірденжұрдайқасқабоп,

Әкем-біреу, анамда біреу менің,

Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім,

Олар барда – мереке.

Көрген емен,

Қабақтарын шытқанын түнергенін

Әке-білек, саусағы-балалары,

Қан тамырмен жалғасқан аралары.

Ана-тамыр бойымен бәріне де,

Тіршіліктің жылуы таралады.

Ата-ана сенімі мен махаббаты балада оптимизм, жақсы, үлгілі болуға деген тілекті

қалыптастырады.Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі

міндеті. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.Баланың

бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын

көтермелеп отыру керек.

Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.

«Бала бақшадағы гүлің-оны тәрбиелей білу –үлкен ғылым.»,«Құс балапаны үшін

тұзаққа түседі,адам баласы үшін азапқа түседі»Шындап келгенде,отбасы бақыты ата-

аналардың өз қолында!

Қолданылғын әдебиеттер тізімі:

1. Күнсләмова Т.К Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелу және эго күйдің

белсендірілуі мен агрессиялықтан өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг

негізінде зерттеу . Автореф. канд. дис. Алматы, 2002.

2. Колокина Р.С. Қазақстан балалары мен жасөспірімдерінің адамгершілігі қалыптасуына

және денсаулығының сақталуына отбасылық қарым-қатынасының ықпал етуі Валеология.

Денсаулық және өмірлік дағдылар.2009.

3. Баймуканова М.Т. Отбасымен және балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс

бойынша практикум: оқу-әдіст. құрал Карағанды: КарМУ баспасы, 2006.

Page 67: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

67

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕ БАЛАЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІ

Конкабаева Г.Қ.,

Ақтөбе қаласы №15 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

республикалық «Үздік педагог-2013» грант иегері, мектеп тренері

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

Отбасы –шағын мемлекет,

Мен- президент,сен – премьер ,- дегені бар.

Шынында , отбасы – ол да бір шағын мемлекет.Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен

өнім бөлісі,сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі мен міндет- қымет бөлінісі,қасиеттеп,

қастерлеп ұстанатын рәміздері,тағы да басқа болатыны сияқты ,әр отбасы болмыс-

тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты

қажет етеді.Және оның өзі адамзат қоғамының сан ғасырлық дамуы барысында өткелектен

өткізіліп ,жетілдіріп,берік қалыптасқан.Сондықтан отбасының қоғамының құрылымына зор

маңыз беріліп,мәнін қорғаған, отбасының ар- намысын сақтауға ,сырын шашпауға,

мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады»

дегенінің мәнісі де осында. Отбасының бейіл-береке ,ынтымағы үшін отағасының әділ,

ұстамды болуы-орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ата-ана өз отбасын нығайта

отырып,сонымен бірге оның балиғатқа толған мүшелерін үй болуға ,өз шаңырағын көтеруге

әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады.Жас отаудың түтіні түзу

шығып,махаббат пен тату-тәттілік,береке- бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы,босағасы

берік ,болашағы нұрлы болуы көбіне жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі,көрген

өнегесіне байланысты. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің»,-деп, «Әке көрген оқ жонар,

шеше көрген тон- пішер»-деп, «Көріп алған көріктіден көрмей алған текті артық»,-деп ,

«Анасына қарап, қызын ал»,-деп, халық бәрін бастан кешіп,сынақтан өткізгендіктен айтқан.

Отбасындағы тәрбиенің кереметі- еңбекке баулу. Ол-адамдық кемелденудің негізі.Еңбек ете

білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды.Сондықтан

отбасындағы да,қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге тәрбиелеу басты

нысана болуға тиіс.Сонда ғана отбасы мүшелері арасындағы қарым қатынаста әдеп-инабат

,адалдық пен ақ пейілділік үстем бола алады.Отбасының ұйытқысы,берекесі,мейір –шапағат

көзі-әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына,бала-шағаның анаға деген

сүйіспеншілігімен ,қамқорлығымен,ана жанын қас-қабағынан ,жанарынан танығыштықпен

нығая түседі. Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын

анықтайтынын берік есте болуға тиіс.Мұның өзі үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық.

Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі,іс-қимылы,қас-қабағы арқылы

қалыптасады.Аналардың балаларға : «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі» , «әкеңнің айтқанын

істе»деген сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыру қандай ғанибет! Атақты

«Абай»эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір

тағылымды эпизод бар.Семей қаласында үш жыл оқып,жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре

жетіп жығылған 13 жасар шәкірт бала- Абай аттан түскен бетте ,амандасу үшін шешеге

қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй,балам,анда әкеңдер тұр,әкеңе

барып,сәлем бер!»-дейді.Бір сәтке балалық сезім жеңіп ,қателік жіберіп алғанын түйсінген

жас Абай кілт бұрылып ,ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай

адымдай жөнеледі.Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халыққа тәрбиелік маңызы зор

екендігін келтіріп отырғандығы анық.

Адамдар арасындағы қарым- қатынаста адамгершілік ,әдеп- инабат үрдістерінің

қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында

өркен жаюына,яғни баланың ата- анасын жан-жүрек қалауымен ,саналы түрде ардақтап,

құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып,өздерінің үлкендерге деген

қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асыруларына байланысты. Сондықтан да адам

Page 68: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

68

өмірінің мәні мен сұлулығы ,адам келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ

тұтып,өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл-жас ұрпақтың

мәдениеттілігінің , әдептілігінің ғана емес ,ең алдымен, адамшылығының белгісі.Демек,

бала-ата-ана өмірінің жалғасы. «Бала- ата-ананың бауыр еті», «Балалы үй-базар, баласыз үй-

мазар»,- деген сияқты толып жатқан мақалдарда ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі

жатқан жоқ па !

Ата-анаға көз қуаныш-

Алдына алған еркесі,

Көңіліңе көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі,-

деп, ұлы Абай баланың ата-ананың қуанышы ,гүлденген үміт-арманы екенін тебірене

жырлайды.Шынында , баласын алдына алып отырған атаның «ой өлкесінің гүлденуі» қандай

тамаша десеңізші!Әсіресе , тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні , мейірімнің

кәусар бұлағы- Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ.Өмір есігін жаңа ашқан

нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін ,балбыратып уілдететін ,уататын тұңғыш

тәтті сазы,пәк те балғын көкірегіне пайғамбар үніндей құйылатын ән- өлеңі де сол ғазиз Ана

бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры. Сондықтан да ата- ананың сөзін

сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы –ақ бала

ата-анасының мерейін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі.

Отбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары

қабақ,бейіл-береке – оның барлық мүшелерінің ырысы, ойға алған істерінің өрге

басып,мақсаттарының жүзеге асуының кепілі. Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың

бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Мәселен, шәкірт баланың

оқуын жақсы оқуы, сабақтас жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста

болып,ұстаздарына,мектептегі басқа да үлкендерге ілтипат көрсетуі,мектептің ішкі-сыртқы

тазалығын сақтау, ауласын,айналасын көгалдандыру ,түрлі қоғамдық іс-шараларды

атқарысуға ынта қойып әрі іскерлікпен араласуы да ата-анасын сыйлаудың,үміт-тілегін

ақтаудың белгісі,болашақта оларға сүйеніш,қамқор, айналасына қадірлі болар азамат өсіп

келе жатқанының нышаны. Қорыта келгенде,ұл-қыз әдептілігінің негізі –ата-ананы риза

қылып,үнемі алғысын, батасын алуда. Сонда үлкендердің де мерейі көтеріліп, ұл-қыздың

өркені өспек!

Қолданылған әдебиеттер:

1.Әдеп жолы әріден басталады.Алматы «Рауан»баспасы

2.Әдеп-инабаттылықтың негізі.Алматы-1998

АТА АНАЛАРДЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН

АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Д.М.Қыстаубаева

Ақтөбе қаласы Новый орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі

Отбасылық тәрбие жауапкершілігінің деңгейі жайында жаңашыл педагог

А.С.Макаренко былай деп жазған: «Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата-аналар елдің

келешек тарихын, демек – әлем тарихын тәрбиелейді».

Ата-аналар жауапкершілігі туралы мәселе көкейкесті болғандығы соншалық, ол

халықаралық деңгейге көтеріліп отыр, ол туралы 1989 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясы

қабылданған бала құқығы туралы Конвенция дәлелдейді.

Жақсы ата-аналар отбасылық тәрбие міндеттерін орындаудағы өздерінің

жауапкершіліктерін сезінуі керек. Олардың ең бастысы:

- баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету: оның дене дамуы, зияткерлік, рухани

– адамгершілік және жалпы мәдениеттік дамуына қамқорлық жасау;

Page 69: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

69

- оның талабын, мүддесін және икемділігін дамыту;

- оқу үрдісі кезінде көмек көрсету;

- әлеуметтенуіне көмектесу – қоғамда өмір сүріп, еңбектенуіне;

- еңбек тәрбиесі;

- мамандық таңдауға көмектесу,

- бала тұлғасында шығармашылық потенциалды дамыту;

- айналасындағы адамдармен адамгершіліктік, эмоционалдық, толеранттық қарым-

қатынасын орнықтыру және қолдау көрсету;

- жыныстық тәрбие; болашақ отбасылық өмірге дайындық;

- жауапкершілікті қалыптастыру, елжандылық пен ауызбіршілік құндылықтарына,

отан үшін белсенді жұмысқа дайындығына бағыттау;

- өзін-өзі тәрбиелеу мен есейген кезінде өзін-өзі дамытуға дайындығы.

Барлық отбасылық ішкі қарым-қатынас кешені баланың жеке менін қалыптастыруға,

оның денелік, рухани, әлеуметтік, психикалық және зияткерлік қасиеттерінің толыққанды

дамуы үшін жақсы жағдай құруға ықпал ететіндей болуы керек. Бұл жағдайда әрбір жақсы

ата-ана отбасылық тәрбиенің басты тәрбиелеуші факторлары ретінде ата-аналардың

өздерінің тұлғалары, олардың өмір сүру ықпалы, еңбекке көзқарасы, олардың өмірлік

басымдықтары мен құндылықтарының жүйесі, жауапкершілік, бірізділік, мақсатқа жетудегі

тұрақтылық, бір-біріне, басқа ұлтқа, дінге деген сыйластығы саналатынын есте сақтау керек.

Отбасылық тәрбие проблемалары барлығымызға келешекте өмір сүретін қоғамның

глобальды мәселелері болуы да мүмкін: ата-аналардың педагогикалық біліксіздігі,

отбасындағы психологиялық бейжайлық пен тұрақсыз ахуал азаматтарымыздың жаңа

ұрпағының бойында еліміздің өміріне теріс әсер беретін барабар емес, деструктивті өмірлік

ұстанымдарды қалыптастыру мүмкін.

Ата-аналарға өздерінің ата-аналық қызметін орындауда көмек көрсету халықаралық

терминмен «ата-ананы тәрбиелеу» деп аталады. Көмек әр түрлі үлгіде болуы мүмкін, бірақ

ең бастысы, баланың қалыптасуы мен дамуына отбасының ықпалы мәселесі бойынша ата-

аналарға қажетті білім беру.

Ата-аналарды тәрбиелеудің стратегиялық міндеті – әрқайсысына сауатты, өзінің

құндылық бағыттарын, ұстанымдары мен күтулерін, өзінің ата-аналық сезімдерін және

мақсаттарын сезінетін және балаға үйлесімді тұлға ретінде дамуына кері әсер тигізетіндерін

түзете білетін ата-ана болуына көмектесу.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығындағы басты рөлді сынып жетекшілер мен

мектеп психологтары атқарады. Олардың жұмысынан отбасының мектеп тарапынан бала

тәрбиесі мен тұлғаның дамуына қатысты саясатты түсінетіндігі, оны жүзеге асыруда

қаншалықты белсенді қатысатындығы байланысты болады. Оның үстіне отбасы балаларды

тәрбиелеудегі басты тапсырыс беруші мен одақтас ретінде көрінуі керек, ал ата-аналар мен

педагогтардың талпыныстарын біріктіру бала үшін қолайлы жағдайды жасау ретінде

танылуы қажет.

Отбасы мен білім мекемелері мамандарының бірлесіп әрекеттесу негізінде өзара

мүдделік, бір-біріне сенімділік, қолдау мен көмек көрсету, шыдамдылық пен бір-біріне төзе

білу принципі болу керек. Қарым-қатынас, ынтымақтастық тепе-тең болып жүзеге асырылуы

керек – педагогтар мен ата-аналардың мұндай бірлесіп қызмет атқаруында ешбір жағы

басқару немесе бақылау құқығына ие бола алмайды.

Ата-аналармен конструктивті өзара әрекетте болуға педагогтардың ата-аналармен

қарым-қатынасындағы келесі ережелерді сақтауы ықпалын тигізеді:

- Ата-аналарға түсінікті тілде сөйлеу – арнайы терминологияны қолданбау

арқылы;

- Нақты болу, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беру;

- Белсенді болу, ата-ананың бастауынсыз - ақ онымен диалогты өзі бастау: ата-

аналар педагогтан интервью алмауы тиіс;

- Ата-ананың эмоционалдық жай-күйін есепке алу;

Page 70: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

70

- Үйретуден, ақыл айтушылықтан, өр көкіректіктен бас тарту;

- Серіктестік тұрғысында сөйлесу;

- Ата-анамен сөйлесу мазмұнын алдын-ала дайындау;

- Қайырымды болу;

- Ата-анадан мүддесін қорғап, әкімшілік тарапынан ата-анаға басымдылық

танытатын құралға айналмау;

- Ата-анадан немесе басқа туыстардан алынған ақпаратты құпия түрде сақтау

Ата-аналардың мұғалімдермен қарым-қатынасы тәжірибесінде мектепке келуші ата-

аналардың балаларын үлгілі деп атауға болмайтынын көрсетеді. Тіпті, қарым-қатынас

сипаты қатысушылардың жеке қасиеттеріне байланысты болса да, педагогтардың жіберетін

бірқатар ортақ типтік қателерін атауға болады:

- Тиімді келіспеушіліксіз қарым-қатынас техникасын білмеу;

- Жұмсақтықтың болмауы, ата-анаға қатысты қатал күтулер;

- Ата-аналарды бағалау;

- Ата-аналарға қатысты директивті ұстаным;

- Ата-ананың сөздері мен әрекеттеріне жауабындағы әбігершілік, артық

эмоционалдылық;

- Қарым-қатынасты күрделендіретін стереотиптер мен ұстанымдарды пайдалану;

- Ата-анаға өзінің күтетін жағдайларын жапсыру;

- Басқыншылық, әдепсіздік;

- Немқұрайлылық, жабырқаулылық.

Ата-анамен педагог-психологтың әңгімелесу мақсаты ортақ (бір нәрсе туралы

ақпараттандыру) немесе нақты (сыныптың алдыңғы күндердегі саяхат жайында әкесін

шақыру) болады. Бастысы – ата-аналармен тек қана қажет нәрсе туралы, керек уақытында

сөйлесу қажет.

Әрбір білім мекемесі ата-аналармен жүргізілетін жұмысында, оның ішкі пәлсапасына,

білімділік бағдарламасына қаншалықты сәйкес келетін үлгілерін таңдап пайдаланады.

Ата-аналармен жұмыстың тиімділігіне кепіл болып табылатын:

- ата-аналармен бірлесіп жұмыс істегенде, пікірлес адаммен жұмыс істеумен

барабар болатындай ұстаным («ата-ана – жау, бәсекелес, конкурент» ұстанымының орнына);

- бала мен ата-анаға мейірімді қарым-қатынаста болу (педагогтың айып тағу

ұстанымының орнына);

- баланың проблемасын шешудегі педагогтың мүдделі болуы («формалды қарым-

қатынас» орнына);

- ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың жүйелілік сипаты («бір реттік» аяқ асты

болатын іс-шаралар орынына)

Сонымен қатар, ата-аналармен жұмыс істеудегі дифференциалдық түрлерін де атауға

болады, олар әр отбасының өмір сүру жағдайын, ата-аналар жасын, тәрбие ісінде олардың

дайындық деңгейін есепке алуды қарастырады. Дифференциалдық жұмыс түрлері тиімді

байланыс табуға, әрбір отбасыға жеке көзқараста болуға көмек көрсетеді. Дифференциалау

оқушылардың отбасыларын зерттеудің белгілі бағдарламасы негізінде жүргізілуі тиіс, олар

сауалнама алу, тестілеу, отбасыларға бару сияқты әдістерден құралады. Нәтижесінде келесі

мәселелерді анықтау қажет:

- отбасының құрылымын (отбасы құрамына неше адам кіреді, олардың жасы,

білімі, мамандығы, отбасының психологиялық жағдайы мен ахуалын (тұлға аралық қарым-

қатынастар, байланыс түрлері);

- отбасылық өмірдің стилі мен көңіл-күй сипаты: отбасында қақтығыстардың

болуы, оларды шешу себептері мен тәсілдері, ата-аналар мен балалардың жағымсыз

толқуларының болуы;

- отбасындағы ананың, әкенің, арғы аталарының әлеуметтік мәртебесі, ата-

аналардың тәрбие үрдісіне қатысу дәрежесі, оларды баланы тәрбиелеуге деген тілектерінің

болуы;

Page 71: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

71

- отбасының тәрбиелік жағдайы, үйдегі педагогикалық жүйенің болуы немесе

болмауы (тәрбиенің мақсаттары, міндеттері мен әдістерін түсінуі) ана мен әкенің отбасылық

педагогикалық қызметке қатысуы(конструктивтік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік)

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс үлгілері үнемі өзгеріп отырады: кейбіреулері

тиімділігінің болмауынан өз маңыздылығын жоғалтады, басқалары – пайда бола бастайды:

кеңінен интерактивтік жұмыс әдістері пайдаланылып келеді, олар ата-аналарды оқыту мен

тәрбиелеу үрдісіне тиімдірек баулуға мүмкіндік туғызады.

Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана

шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі

оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа

қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да

ата-аналармен келісіп алуы керек.

Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол

кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен

тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса

ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі

жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету»,

«Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау

керек» т.б.

Сөзімді қорытындылай келе,педагог-психологтың ата-аналармен жауапкершілігін

арттырудағы жұмыстың табысты не табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-

қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлылығына байланысты

болатынын ұмытпау керек. Қазіргі кезде сынып оқушыларының тәрбие ісін әрі қарай

жетілдіру отбасы мен мектептің бірлескен жұмысын дамыта және нығайта түсу арқылы

жүзеге асады. Отбасы мен мектептің немесе сынып жетекші мен ата-ананың бірлесіп жасаған

жұмыс нәтижесі ХХІ ғасыр талабына сай, жаңашыл, шығармашыл, жан-жақты мәдениетті,

саяси сауатты жеке тұлға қалыптастырмақ.

Сондықтан ата-бабамыздың – «Баланы жетіге келгенше тыйма, ал жетіден он төртке

келгенше құлыңша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла», - деген философиялық

тәрбие жүйесін әр уақытта назарда ұстаған жөн демекпіз.

Егер жақсы ата-ана болам десеңіз – балаңыздың жүрегіне мейірім ортаныңдар. Одан

кейін шыдамдылық, табандылық білімділік, сыйластық, еңбекқорлық, кішіпейілділік,

адамгершілік қасиеттерін сіңдіру керек.

Егер балаңызға шектен тыс қамқорлық көрсетіп, дегенін істеп, ойымен санаспай, алдап,

жәбірлеп, оны керек етпей, шектен тыс қадағалап, мүлде бақылаусыз жіберіп, айқайлап

ұрсып, зекіп, қақпайласа, онда ол бала жігерсіз, еріксіз, жалтақ, тартыншақ, жалқау, қатыгез,

сенімсіз, әлсіз, ойсыз болып өседі.

Ал егер ынтымаққа келіп, келісім беріп, бірлесіп әрекет жасап, ақыл-кеңес беріп, балаға

өтініш жасап, білгірлігін көрсетіп отырса, онда бала – өзіне, басқаларға сенімді, табанды,

мейірімді, қайырымды, жігерлі, батыл, ұқыпты, жауапкершілікті болып өседі.

Егер де жақсы ата-ана боламын десеңіз, тәрбиені – талғаммен, әділетті, рухани, білімді,

иманды түрде сіңдіріңіз.

Ата-ана білуі керек: ата-ана міндетін, бала құқығын, баланың денсаулығын, тазалаған,

баланың қарым қатынас ортасын, баланың икемділігін, бейімділігін, бала тәрбиелеудегі әдіс-

тәсілдерді, мектеп ережесін, ата-ана құқығын.

Ата-ана болуы керек: дені сау, салауатты өмір салтына сай, мемлекетпен тығыз

байланыста, ұстаздармен таныс болуы, еңбекқор, парасатты, мәдениетті, үлгілі, ата-ана

құқығына лайықты.

Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, Жақсы, жаман болса да бала-солардан - деп, Баласағұн

атамыздың сөзінен кейін қалай десек те, денсаулығы дұрыс ата-ана өз баласының

алдындағы міндеттері мен құқықтарын өзінен басқа ешкім бөліп атқара алмайтынын біледі.

Page 72: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

72

Сондықтан да ата-ана болып, мектеп болып бірігіп, жақсы адам тәрбиелеп шығаруға

атсалысайық!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Отбасылық тәрбие 1,2 кітап

2. Отбасылық тәрбие 3/2014

3. А.М.Исагулова Ата-ана жиналысын тартымды өткізу де - басты мәселе. Қарағанды 2008

4. Тәрбие құралы 2/2006

5. Ф.З. Буланова Сынып жетекшісі және ата-ана Сынып жетекшісі 4/2004

6. Мұғалім 1/2009

7. Воспитание школьника 5/2009

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 6/2008

ВЛИЯНИЕ СЕМЕЙНОГО ВОСПИТАНИЯ НА РАЗВИТИЕ РЕБЕНКА

Махатова З.А.,

заместитель директора по воспитательной работе Актюбинской средней школы с.Ясное

Проблема влияния семейного воспитания и роли семьи в воспитании детей становится

из года в год всё актуальнее и поднимается сегодня начиная с учреждений образования и

заканчивая СМИ. Воспитание ребенка процесс непрерывный и многообразный. Условно

воспитание можно разделить на четыре вида: воспитание старшим поколением, школьно-

уличное воспитание, родительское воспитание, наёмное воспитание. У каждого из этих

видов воспитания несомненно есть свои плюсы и минусы и в данной статье я не буду

останавливаться на каждом отдельно.

Дети, как чистый лист бумаги, на котором все мы оставляем свои следы. Кто же мы -

«писатели» и «художники» детских душ ? Мы - это те, кто их любит, кто считает своим

долгом воспитывать, кто занимается с детьми по стольку, поскольку и те, кто имеет к этому

делу непосредственное прямое отношение по долгу службы. И все мы воспитатели

становимся ответственными за развитие ребенка и становление его как личности. Пока нет

проблем с детьми, все мы гордимся успехами и достижениями в образовании, пожинаем

плоды своих трудов, восхищаясь нашими творениями. И это правильно. Но когда возникают

трудности в воспитании ребенка, будь, то у родителя или педагога, мы понимаем, что где-то

и кто-то допустил упущение. А ведь в данной ситуации виноваты все участники

воспитательного процесса и становится обидно, когда все наши знания, достижения не могут

помочь нам справится с одним ребенком, с одной ситуацией. Анализируя ситуацию, каждый

из нас понимает и принимает тот факт, что все дети, воспитывались в одной социальной

школьной среде, где требования и условия предъявлялись ко всем одинаковые, тем не менее,

с отдельными детьми трудности и проблемы, почему то возникали. Где же кроется наша

педагогическая ошибка в воспитании ребенка? И 90 % опрошенных людей скажут, что все

начинается с семьи, все начинается с любви.

Действительно, главной и первой «окружающей средой» детей, формирующей их

личность и влияющей на всю дальнейшую судьбу является его семья. Формирование

личностных качеств детей в первую очередь напрямую зависит от стиля общения и

взаимодействия в их семье. Ученые всего мира доказали что именно семья будет

удовлетворять психические потребности своего ребенка и предоставлять ребенку

оптимальные возможности для формирования его личности и естественно введёт его в

постоянно расширяющиеся социальные отношения, а значит создаст предпосылки для его

социализации. Семья и ее ценности представляют собой порождение культуры и как другие

социальные институты, семья существует, воспроизводя традиции, следуя определенным

образцам деятельности, без которых немыслимо само ее развитие. В азиатском менталитете

доминируют духовность, коллективизм, трудолюбие, уважение семейных ценностей и

Page 73: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

73

социальная послушность. И задачей нашего казахстанского общества сегодня должны стать

сохранение менталитета казахского народа, его особенность, проявляющуюся в

толерантности, любви и уважении к родной земле, своему народу, к старшим, почитании

семейных ценностей, соблюдении обычаев и традиций. Ведь основа традиций – ценность

семьи, определяющая смысл традиционного поведения и соблюдения обычаев. Каждый

обычай имеет воспитательную цель, свой определенный смысл, предписание определенных

действий в конкретных ситуациях, т.е. что следует или не следует делать. Но, ни один

обычай не указывает, каким нужно быть, потому что право выбора остается за каждым

человеком, каким ему быть помогает решить семья. На протяжении веков народное

воспитание, основанное на традициях и обычаях, помогало семье. Сегодня мир изменился,

меняются взгляды, и традиции мы вынуждены это признать. Но отказаться от

общечеловеческих ценностей, духовно- нравственных ценностей в воспитании

подрастающего поколения мы не имеем права! Ни один родитель на свете не хотел бы

остаться в старости в одиночестве, без любви, так же как и не хотел бы что бы его любимый

ребенок оказался за бортом жизни. На основе любви можно воспитать нравственное

поведение: только любовь способна научить любви. Любящая семья – это семья, достигшая

гармоничного взаимопонимания и взаимоадаптации с детьми, где общение с детьми –

большая радость, где доминирует положительный, благожелательный эмоциональный тон.

Разумная любовь характеризуется принятием ребенка, сочетанием положительного

эмоционального отношения к нему с разумными требованиями и кооперацией во

взаимодействии. Искренняя заинтересованность родителей во всем, что происходит в жизни

ребенка, интерес к его детским, пусть самым пустяковым проблемам – в этом выражение

любви родителей к ребенку.

В последние годы в обществе наблюдается опасное явление – оторванность,

отчуждение молодых людей от других людей, негативное отношение к общественно-

полезным делам и в конечном счете - неспособность молодых людей найти своё место в

жизни общества. Многолетние наблюдения и опыт показали, что корни такого явления надо

искать в современном семейном воспитании. Казахстанские и зарубежные психологи, изучая

особенности воспитания в разных семьях, пришли к выводу, что в современных семьях,

особенно в отношении подростков, стала распространяться тактика, так называемого

мирного существования на основе толерантности и невмешательства. В настоящее время

усилилась социальная тенденция самоустранения многих родителей от решения вопросов

воспитания и личностного развития ребенка. Родители стали придерживаться принципа:

дети должны расти самостоятельными, независимыми, свободными. Казалось бы,

демократические и человеческие ценности поставлены во главу, отношения родителей и

детей основаны на доверии и сотрудничестве, т.е. то что и требуется. На деле же происходит

следующее: своими бесконтрольностью и попустительством родители в семейном

воспитании становятся просто наблюдателями. Детей в таких семьях такое положение тоже

устраивает: минимум требований, правил, норм поведения и главное - есть уверенность, что

в любом случае, всегда родители будут ярыми защитниками только своих и твоих интересов.

Но мы, то знаем, что отсутствие каких-либо ограничений приводит к непослушанию и

агрессивности, а попустительство перейдёт к открытой неприязни к школе, к учителям как

со стороны детей, так и со стороны родителей. В дальнейшем дети из таких семей

импульсивны, часто на людях ведут себя неадекватно, они не переносят никаких

ограничений, они не умеют понимать и принимать во внимание интересы других, склонны

потакать своим слабостям и со временем не способны сочувствовать уже даже своим

родителям. В итоге происходит игнорирование всех требований и правил со стороны детей и

постепенное отчуждение ребенка от родителей, а родителя от конфликтного ребенка.

Ребенка никто и ничто не удерживает от того, чтобы дать волю своим самым

разрушительным импульсам. А последствия такого воспитания, которые проявляются в

эмоциональной и мотивационной сфере общества: неприязнь, безразличие,

безответственность и неспособность к делам, требующим усердия и настойчивости,

Page 74: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

74

ухудшение способности мыслить, оперировать понятиями и числами и уклонение от

ответственности, непонимание своего негативного поведения даже на самом элементарном

уровне. Крайне редко, дети в таких семьях становятся активными, решительными и

творческими личностями, которые способны найти своё место в жизни. А это уже, я считаю,

станет не просто бедой, а трагедией не только семьи, но и нашей с вами.

Вот почему сегодня мы все должны и обязаны уделять внимание семье и ее роли в

воспитании будущего гражданина и Человека. Психические потребности ребенка лучше

всего будет удовлетворять хорошая семейная обстановка. Создание хорошей семейной

обстановки- вот одно из направлений воспитательной работы в нашей школе. С целью

усиления влияния семейного воспитания на развитие ребенка должна быть выстроена

система принципов семейного воспитания. Опираясь на опыт, сложившийся годами в

Актюбинской средней школе с.Ясное по привлечению родителей в общественные, школьные

мероприятия мы сделали вывод, что необходимо сотрудничество, характеризующееся

балансом любви, уважения и требовательности. Различные трудности, возникающие у

взрослого человека в социальной сфере, в значительной степени обусловлены тем, что в

детские годы они жили в конфликтующей, холодной атмосфере или подвергались в семье

разным, порой противоречивым, методам воспитания. Все эти факты отразились на

мировоззрении наших родителей и с этим ничего не поделаешь. Многие наши родители – это

дети перестроечных 90 –х годов. И сегодня вместе с детьми, нам порой приходится

воспитывать и наших родителей. Родители, не владея в достаточной мере знанием

возрастных и индивидуальных особенностей развития ребенка, порой осуществляют

воспитание вслепую, интуитивно. В работе с родителями мы используем знакомые всем

формы работы как университет педагогических и психологических знаний для мам, для пап,

для родителей, для бабушек. Мы учим их тому, что дети должны расти и воспитываться в

атмосфере доброжелательности и любви, что родители должны понять и принять своего

ребенка таким, каков он есть, и воспитательные воздействия должны строиться с учетом

возрастных, половых и индивидуальных особенностей. Деятельность родителей в интересах

ребенка может быть успешной только в том случае, если они станут с педагогами

союзниками, что позволит им лучше узнать ребенка, увидеть его в разных ситуациях и

помочь взрослым в понимании индивидуальных особенностей детей, развитии их

способностей, формировании ценностных жизненных ориентиров. Мы проводим различные

конкурсы и акции «Моя семья», спортивные соревнования «Мама, папа, я – спортивная

семья!», родители участвуют в собраниях, конференциях и субботниках.

Все мы заметили такую закономерность: если в начальных классах родители ежедневно

интересуются делами ребенка, постепенно с взрослением детей родители мало интересуются

тем, что происходит в жизни класса, школы, им достаточно знать о состоянии успеваемости

и дисциплины. Поэтому, что бы родители жили школьной жизнью вместе со своим ребенком

мы стали открывать и придумывать новые формы и методы работы с ними. В фойе школы

возле входа ежедневно организован показ слайдов фото и репортажей из жизни школы.

Родители и школьники могут увидеть не только то, что происходит в школе, но и посмотреть

на себя со стороны. Мы наблюдаем и видим, что это работает: просмотренные материалы

бурно обсуждаются, вызывают интерес, все с улыбкой вспоминают как происходил тот или

праздник. Понимая, что личность самих родителей – идеальная модель для подражания

детей мы придумали новые формы работы с родителями, в которых воспитание должно

строиться с опорой на положительные примеры, воздействия, оптимистическое настрой и

позитивное настроение. Все виды деятельности, организуемые нами в школе с семьями,

построены на КТД (на коллективных творческих делах). Приведу примеры наших форм

работы. Десять лет назад, в Актюбинской средней школе с.Ясное к празднованию Дня

Независимости, мы начали проводить Фестиваль танцев народов Казахстана. Скажу прямо,

было нелегко устроить настоящий массовый праздник танца. Во- первых, предстояло

научить танцевать каждого ребенка, каждый класс, всю школу. Во- вторых, стоило больших

трудов убедить, уговорить ребенка, его классного руководителя и его родителей участвовать

Page 75: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

75

в таком мероприятии. Все знают, что танцами занимаются в основном девочки и мальчиков

вовлечь в народный танец, тем более среднего и старшего звена трудно. А в-третьих, в –

четвертых было много-много трудностей с которыми мы всё таки справились. Одной из

главных задач фестиваля было привлечение родительской общественности к жизни школы,

к участию жизни класса и школьной жизни своего ребенка. Родители из года в год меняли

свое отношение к Фестивалю. Если в первый год они своими руками готовили элементы

национального костюма, вырезали по готовым лекалам орнаменты и пришивали дома

каждый для своего ребенка. В последующие годы ситуация в корне изменилась: родители

стали собираться в школе часто, почти каждый день. В каждом классе появились

инициативные группы, которые были мозгом и двигателем КТД. Каждый вечер вместе с

классным руководителем, а порой и без него родители придумывали декорации,

моделировали и шили костюмы, которые дети носили ещё не один год и на разные

школьные праздники. Родители приходили на праздники не только посмотреть утренник или

праздник, а были активными участниками происходящего. Они помогали классному

руководителю одевать детей, держали декорации, кто- то отвечал за съемку, а во время

выступления традиционно овациями поддерживали всех детей, восторгались от идей других

классов и выступлений. Этот праздник ждали каждый год и дети и родители. Фестиваль

получался грандиозным многонациональным праздником и танцевальным шоу, он стал

традиционным! Воспитательной цели мы достигли. Сегодня в нашей школе праздники мы

проводим в новом формате. Танцевальный фестиваль дружбы народов сменил осенний

«Праздник урожая», а к Дню Независимости в этом году мы провели конкурс флешмобов с

участием всех классов, с обязательным участием и родителей. Каково же было наше

удивление, что в классах, где мамы и папы были на работе, с удовольствием участвовали

наши бабушки. На сцену выходили взрослые и дети. Они помогали друг другу,

поддерживали взглядами и улыбками. Но мы знали, что за улыбками был большой

совместный труд, творческий поиск и трудности с которыми все они достойно справились. И

самое главное в этом деле то, что каждый ребенок чувствовал участие, заботу, интерес

взрослого к своей личности. Ребенок учился реагировать на постоянно изменяющиеся

социальные ситуации. Ребенок усваивал готовый социальный опыт, с другой стороны – он

сам активно включался в социальную среду и в действие, он понимал как многое от него

зависит, учился ответственности и ещё больше любил своими родителей, потому что

гордился ими.

Весной этого года, к юбилею- 45- летию школы нам пришла идея провести трудовой

конкурс «Лучший участок класса» с целью благоустройства пришкольного двора и участка.

В марте- апреле этого года мы разбили весь пришкольный участок и распределили по

классам с 1-8 класс. На родительских собраниях была предложена идея по благоустройству и

озеленению участков, подкрепленная материалами которые скачали с интернета. В мае,

казалось, что зря мы пошли на такой рискованный шаг: могли настроить против себя

родителей и не распланировать школьный участок. Активность была слабая, родители

восприняли эту идею по-разному: кто промолчал, кто- то поддержал, были такие, которые

слушали с неохотой. Наступил момент, когда опустились руки, стали бояться что конкурса

не получится. Но потом, наша находчивая умница-классный руководитель, дипломант

Городского конкурса «Лучший классный руководитель 2015 года», провела с ребятами в

классе беседу об экологии и труде, о труде на домашних участках и дачах с показом слайдов

как можно украсить домашний и классный пришкольный уголок. И как бы невзначай,

сообщила детям, что сегодня вечером она будет в школе на участке класса создавать клумбы

и цветники. Когда дети спросили с кем она собирается работать на участке, она уверенно

сказала , что с ними и если есть желающие ей помочь, она будет очень рада и детям и их

родителям, ведь вместе и веселее и быстрее и легче работается. Дети- это лучшие

организаторы на свете! Уже вечером десяток деток с родителями натаскали автомобильных

шин, разной рассады и перекапывали землю на участке, разбили клумбы. За один вечер они

Page 76: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

76

конечно не управились и это понятно. На следующий день встречу уже назначили родители

потому, что работа не закончена и появились новые идеи, проекты…

Пример Омельченко Светланы Николаевны и её родителей превзошел все ожидания!

Уже через неделю весь пришкольный участок гудел как улей. Дело пошло! Школьники

вместе с родителями создавали красоту, а родители учились сами, учили своих детей труду,

доброте и любви. Везде клумбы и цветники, фигурки животных и птиц- школьный участок

расцвёл как никогда!

Не скрою, были родители, которые пришли что называется «для галочки», но их

оказалось мало. Зато было много таких, которые решили, что раз это конкурс, то именно их

класс и участок будет лучшим. Нашлись и спонсоры конкурса- семья работников школы и

школьный профсоюз. Все родители и дети с нетерпением ждут сентября и подведения

итогов конкурса.

Специальное исследование темы роли сотрудничества семьи и школы и многолетний

опыт работы показывают, что воспитательные ошибки связаны с тем, что родители не

всегда учитывают роль личного примера по усилению влияния семейного воспитания на

развитие детей. Поэтому я всегда на собраниях говорю родителям о соблюдении законов,

правил дорожного движения о том, что бы слова родителей не расходились с делом.

Президент Казахстана Н.А. Назарбаев в своём выступлении на встрече с

представительницами женской общественности Казахстана «Көктем шуағы» в Акорде

отметил: «Человеку нужны дети, которых ты правильно воспитал - это главные ценности…

Мы отвечаем за воспитание наших детей, за то, чтобы они взяли у нас все то хорошее, чем

мы живем: нашу дружбу, нашу доброту» [1]. Влияние воспитания, родительского

отношения, стоящего за родительским поведением, стилем воспитания огромно.

Личность ребёнка формируется под влиянием всех общественных отношений, в

которых протекает его жизнь и деятельность. Однако уровень нравственной культуры

родителей, их жизненные планы и устремления, социальные связи, семейные традиции

имеют решающее значение в развитии личности молодого человека. В семье ребёнок

приобретает убеждения, общественно одобряемые формы поведения, необходимые для

нормальной жизни в обществе. Чем выше культура семьи, тем выше культура общества и

государства. Разные сферы жизнедеятельности семьи строятся в соответствии с различными

типами образцов, которые воспроизводятся каждым новым поколением семьи и

регламентируют создание новой семьи: супружеские, родительские отношения, отношение к

обществу, ведение домашнего хозяйства, проведение досуга и т.д. С помощью родителей, у

которых ребенок находит опору, он завязывает новые отношения, занимает определенные

роли и позиции. Уверенность ребенка, так же как и здоровая самоуверенность, его

общественная позиция, вытекающая из теплых чувств в собственной семье,

взаимопонимания, взаимоподдержки и сотрудничества семьи со школой облегчает

социальную адаптацию в детстве и способствует последующему взрослению и

формированию гражданской позиции и активности. Семейное воспитание имеет широкий

временной диапазон воздействия и наша задача учителей школы на пути развития и

взросления ребенка научить родителей любить жизнь и помочь найти жизненный путь детей.

Литература

1 Послание Президента Республики Казахстан – Лидера нации Н. Назарбаева народу

Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося

государства». 14. 12. 2012. http://www.akorda.kz/

2 Выступление Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на встрече с

представительницами женской общественности Казахстана «Көктем шуағы». - г.Астана,

Акорда. – 2013 г., 7 марта.

3 Зверева О.Л. Семейная педагогика и домашнее воспитание. -М.: Педагогика, 2009. – 249 с.

4 Бейсембаева Ш.А. Патриотическое воспитание школьников на основе сотрудничества

семьи и школы. – Астана, 2013. – С. 29-33.

Page 77: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

77

4 Ковалев А.Г. Психология семейного воспитания. -М.: 2009. – С. 4-5. 5 Синягина Н.Ю.

Современная молодая семья: взрослые и дети. – СПб.: КАРО, 2007. – 208 с.

5 Психолого-педагогические основы духовно-нравственного развития личности в

этнокультурном пространстве. – Астана, 2014. – 252 с.

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕ БАЛАЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАЙ –КҮЙІ

Мусина Г.Е.,

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты —

балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген

құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін.

Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен

қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз

бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз

тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры

мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз —

ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық,

татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие

балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер,

шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге

әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің,

істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің

жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне

көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына

төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Осылайша баланың бірте-бірте еңбекке

деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт

бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді

сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку,

сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін

түсіреді.

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының

жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен

әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе

алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан

қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен

сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй

шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал,

үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің

сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің

әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра,

балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың

алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен

темекінің зиянын қалай ұқтырамыз?

Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе

жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі,

ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды

Page 78: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

78

немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе,

онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан

шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі

сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп

отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не

көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін

мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-

ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол

нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз

бақытымызды бағалай білейік.

Мінез — құлық бұзылушылықтың 4 себебі бар екен. Бұл себептер баланың тәртібінің

бұзылып, ата — аналарға бағынбауына әкеліп соқтырады.

Бірінші себеп — назар үшін күрес: Тыңдамау — бұл өзіне назар аудару әрекеті. Назар

аудару эмоционалды көңіл — күй туғызу үшін қажет.

Екінші себеп — өзіндік пікір үшін күрес: Бала бітпейтін нұсқауға, ескертуге және

ересектердің қауіптенуіне қарсы шығады. Өзіндік пікірде болу, өзіндік шешім қабылдау. Бұл

қате болса да тәжірибе алуға керек.

Үшінші себеп — кек алу тілегі:

Бала кекшіл болуы мүмкін:

өзінің үлкен — кіші аға — апаларымен салыстырғанда;

отбасы мүшелері бірін — бірі кеміткенде;

ажырасу мен отбасында жаңа мүше пайда болғанда;

әділетсіздік пен уәде орындалмағанда;

ересектердің бір — біріне деген аса үлкен махаббатын сезінбесе.

Төртінші себеп — өзінің жетістігіне деген сенімсіздік: Өзіне — өзі сенбеушілік.

Оқудағы, сыныптағы сәтсіздіктерге, мұғаліммен қарым — қатынас, өзіндік төмен бағалау.

Осы мінез — құлқындағы қиындықтарды жеңу заңдарына назар аударсаңыздар:

1 — Заң: Баланың есі кіріп,есейген уақытында талап қою мен тыйым салу кеш. Оған

ақырындап, шыдамдылықпен айту керек.

2 — Заң: Тыйым мен талаптар шектеулі, көп болмауы қажет.

3 — Заң: Тыйым мен талаптар баланың маңызды мұқтаждығына қарама — қайшы

болмауы қажет.

4 — Заң: Тыйым мен талап балаға түсіндірілуі қажет.

5 — Заң: Тыйым мен талап сабырлы, байсалды үнмен айтылуы керек.

6 — Заң: Тыйым мен талаптар ата — аналар тарапынан бірыңғай, біркелкі болуы

қажет.

«Айналдырған тас» туралы аңызды тыңдап көріңіздерші: «Ел кезіп жүрген бір адам

келе жатса, бір алдында жатқан үлкен тасты көреді. Ол таста «Аудар да, оқы» — деп

жазылған жазуды көреді. Ол тасты әрең дегенде аударып, екінші жағын қараса, «Өз білгеніңе

назар аудармай, жаңа білім неге іздейсің?» — деген жазуды оқиды», яғни бала тәрбиесінде

туындап жатқан мәселенің шешімі өзімізде екен.

Өз баламызға: мен сені жақсы көремін, мен сенімен біргемін. Бірге біз барлығын да

жеңеміз! — деуді бүгіннен бастайықшы, құрметті ата-аналар!

1) Егер баланы үнемі сынап отырса, оның өмірге деген құлқы болмайды;

2) Балаға үнемі күліп, кекетіп, мұқатса, бұйығы болып өседі;

3) Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады;

4) Баланы қолдап отырса, өз ісіне сенімді болады;

5) Бала төзімділікте өссе, адал болып жетіледі;

6) Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен қарайды;

7) Бала кекшілдікте өссе, ол қатыгез болып өседі;

Page 79: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

79

8) Бала адалдықта өссе, әділ болып жетіледі;

9) Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйренеді;

МЕКТЕПТІҢ ОТБАСЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Наурыз Л.Қ.,

№3 Алға қазақ ОМ

«Отбасы-біздің қоғамымыздың алтын қазығы»

В.А.Сухомлинский.

Қазіргі отбасылар әрі сапалы, жаңа ,әрі қарама-қайшы қоғамдық жағдайда дамып

келеді. Бір жағынан, қоғамның отбасының келелі мәселелері мен қажеттіліктеріне бетбұрысы

байқалады, бала тәрбиесіндегі отбасы маңыздылығын бекіту мен жоғарылату бағытында

жаңа кешенді бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Екінші жағынан, қоғамда

отбасындағы келеңсіз жағдайлардың күшеюіне әкеліп соқтыратын құбылыстар да

байқалады. Отбасылардың көпшілігінің әр түрлі себептен тұрмыс жағдайларының төмендеуі,

ата-аналардың айырылысуы, толық емес, яғни, әкесі не шешесі жоқ отбасыларының көбеюі,

отбасындағы балаға қамқорлық пен мейірімнің жетіспеушілігі тағы басқалар. Осының бәрі

әлемдегі, елдегі, қоғамдағы жағымсыз жағдайлардан, отбасының шырқының бұзылуынан

екені сөзсіз. Отбасының келелі мәселелері балалардың өздерін де толғандырады.

Жасөспірімдердің, ең алдымен, өз ата-аналарына ұқсағысы келеді. Дегенмен,

балалардың бәрі бірдей өздерін өз отбасында жақсы сезінбейді. Отбасындағы

келіспеушіліктерде ата-аналардың көпшілігі балалармен қатаң әңгіме жүргізеді, балалықтың

әртүрлі нәрлі сезімдерінен айырады, ол жұмсайды. Баланың жан дүниесін тани отырып,

оның көңілін толғандыратын келелі мәселелеріне үн қатып немесе керісінше, екеуін де

елемей, ата-аналар олар-

дың сана-сезімдерін және бүтіндей жеке тұлғасын қалыптастырады. Сондықтан да

отбасындағы жағдайды танып-білу, бала тәрбиесіндегі ата-анаға теориялық көмек беру

маңызды.

Мұғалімдер мен ата-аналардың мақсатты, ұйымдасқан, бірлескен іс-әрекеттері белгілі

кезеңдер бойынша жүзеге асады. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс жақсы нәтижеге жетеді.

Мұғалім отбасылық тәрбиенің жағымды жақтарына сүйенеді. Оны жан-жақты таратып,

жағымсыз жағын жоюда қолданады.

Мұғалім мен ата-ана арасындағы бір-біріне деген сенімділік – бірінші және шешуші

шарт. Арадағы қарым-қатынас ата-ананың тәрбие ісіне қызығуын оятып, табысқа

ұмтылдыратындай, өз күшіне сенімділік тудыратындай болуы тиіс.

Мұғалімнің екінші бір маңызды міндеті-отбасын педагогикалық білік-дағдылармен

қамту, оларды теориялық және практикалық түрде меңгерту.

Дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынастың аяғы ата-аналардың өз

балаларының ғана емес, жалпы сынып тәрбие жұмысына қатысуына әкеледі. Мұғалім мен

ата-аналар әріптес ретінде тәрбие жұмысында бірін-бірі толықтырып отырады.

Оқушының отбасын зерттеу оның өзін жақын тануға мүмкіндік береді. Отбасының

өзіне тән өмір сүру ерекшеліктері, оның қалыптасуы, дәстүрлері, рухани байлықтары,

тәрбиелік мүмкіндіктері, оқушының үйдегі ата-анасымен қарым-қатынасы, осының бәрін

түсіну үшін мұғалім психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың кешенді, дәстүрлі

әдістерін қолдана алады:бақылау, әңгімелесу,тест, сауалнама жүргізу, іскерлік ойындар т.б.

Отбасын зерттеу өте нәзік құбылыс, мұғалімнен отбасының барлық мүшелеріне сыйластық

танытуды, шыншылдықты, бала тәрбиесінде көмек көрсетуге ниет білдіруді қажет етеді.

Оқушыны , оның отбасын зерттеу барысында педагогті, ең алдымен, төмендегідей

мәліметтер қызықтыруы, толғандыруы керек.

Page 80: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

80

1.Ата-аналар және отбасының басқа мүшелері туралы жалпы мәліметтер. Тұрмыстық,

материалдық жағдайы. Отбасының мектеп істеріне қызығуы, көзқарасы.

2.Балалар туралы жалпы мәліметтер. Жас ерекшелігі,қызығуы, икемділіктері, тәрбиелік

деңгейлері.

3.Отбасының тәрбиелеу мүмкіндіктері. Ата-аналардың педагогикалық, мәдени

деңгейлері. Отбасының ішкі ахуалы. Отбасы дәстүрлері, тәрбиелік жағдайлары/қолайлы,

қолайсыз жақтары, қиыншылықтар/

Отбасының педагогикалық мүмкіндігін өз баласын және сыныпты тәрбиелеуге

қолдану үшін оларды 5 түрге бөлуге болады:

1-түрі. Адамгершілік қатынастары жоғары отбасы. Балаларының өз икемділіктерін

жүзеге асыруға толық мүмкіндіктері бар.Мұғалімнің көп араласуын қажет етпейді, дегенмен,

нақты бір кезеңде тәрбиелеу ерекшеліктеріне байланысты ұсыныстар мен кеңестер артық

болмайды.

2-түрі. Ата-аналардың қарым-қатынасы жақсы, дегенмен, тәрбиелеудің дұрыс

бағыттарын ұстанбайтын отбасылар. Балалар ата-аналарының «ерекше» қамқорлығында

болуы мүмкін, осыған байланысты менмендік, өзімшілдік ойы басым дамиды. Бұл

мұғалімнің көңіл бөлуін сөзсіз талап етеді.

3-түрі. Дау-жанжалды отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналардың баламен ісі жоқ,

олар өзара қарым-атынастарын шеше алмайды. Ешқандай парасатты тәрбие туралы сөз

болуы да мүмкін емес. Бәрі өз бетімен жіберіледі.

4-түрі. Сырттай сәтті, бірақ адамгершілік құндылықтары жоқ, дамып келе жатқан

ұрпақтар арасындағы сезімталдық , көңіл-күй байланысы жиі бұзылып тұратын отбасылар.

Дегенмен, кейбір балалар отбасылық психологияның сыртқы сәттілігін жақсы меңгереді,

сондықтан да мұндай отбасылармен тәрбие жұмысын жүргізу қиынға соғады.

5-түрі. Сәтсіз құрылған отбасылар, бұларға қатігездік, ұрыс-жанжал, адамгершілікке

жат қылықтар тән. Мұндай отбасылар мұғалімнің үздіксіз қадағалап

отыруын, кейде тіпті балалардың құқықтарын жақтау үшін белсене араласуды да талап етеді.

Мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін жұмыс жүйесінде психологиялық-педагогикалық

ағартуға ерекше көңіл бөлінеді.

Оның кейбір түрлерін қарастырайық:

Дәріс. Ең үздік дәріс беруші- ата-аналардың уайымы мен келелі мәселелерін жетік

білетін мұғалім. Дәрістегі ең бастысы-тәрбиелік жағдайлар мен құбылыстарды ғылыми

талдау.Осы құбылыстардың себептерін, оның даму, өрбу жағдайларын ашып, баланың даму

механизмін, психикасының даму заңдылықтарын ескеру керек. Дәрісті дайындауда негізгі

талаптың бірі-отбасылық тәрбиенің тәжірибесіне сүйену. Дәрістердің тақырыбы әр түрлі,

ата-аналар үшін қызықты да маңызды болуы керек: «Балалардың жас ерекшелік

психологиясы», «Оқушының күн тәртібі», «Өзін-өзі тәрбиелеу деген не?», «Табиғат және

бала»,т.б.

Конференция. Бала тәрбиесі туралы білімді тереңдетіп, бекітеді. Конференция

жылына бір рет өткізіледі, мұқият, жан-жақты әзірлікті, ата-аналардың белсене қатысуын

талап етеді. Ата-аналарға арналған кітаптар, оқушылар шығармашылығы көрмесі,

балалардың шығармашылық концерттері ұйымдастырылады.

Конференция тақырыптары нақты болуы тиіс. Мысалы: «Бала өміріндегі ойын»,

«Баланың отбасындағы адамгершілік тәрбиесі»,т.б. Конференция сыныпта болса, сынып

жетекші сөзімен ашылады. Алдын-ала дайындалған бірнеше ата-ана өзінің отбасындағы

тәжірибесі туралы хабарлама жасайды. Соңынан қойылған мәселе бойынша сөз беріледі.

Практикум. Бұл –ата-аналардың бала тәрбиесіндегі педагогикалық жағдайларды

тиімді шешу жолындағы өзіндік жаттығулары.

Педагогикалық практика кезінде мұғалім ата-ана мен бала, мектеп пен ата-ана,т.б.

арасында кездесетін қандай да болсын ұсынылған немесе өмірде болған жанжалды

жағдайдан шығу жолдарын табуды, соған орай өз көзқарасын түсіндіруді ұсынады.

Page 81: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

81

Ашық сабақтар.Әдетте, ата-аналарды оқу пәнінің жаңа бағдарламаларымен, оқыту

әдістерімен, мұғалімнің қоятын талаптарымен таныстыру үшін ұйымдастырылады. Жоқ

дегенде ата-ананың 3-4 ашық сабаққа қатысуына мүмкіндік туғызу керек. Ата-аналардың

мектептегі оқыту ерекшеліктерінің егжей-тегжейін түсінбеуінен туатын көптеген даулы

жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Мектептегі сыныптан тыс тәрбие шараларына ата-аналарды тартып, қатыстырып

отырған дұрыс.Осының барлығы ата-аналарға өз балаларын одан әрі танып білуге,

балаларының бойындағы өздеріне белгісіз қызығушылықтарын, талантын, өнерлерін

анықтауға мүмкіндік тудырады.

Педагогикалық талқылау (пікірталас). Пікірталас- педагогикалық мәдениетті

көтерудің қызықты жүйелерінің бірі. Қатысушылар бір ай бұрын өтетін пікірталас

тақырыбымен, негізгі талқыланатын сұрақтарымен таныстырылуы қажет. Пікірталас кезінде

алдын-ала уақыт тәртібін белгілеп, сөйлеушілердің бәрін тыңдап,өз ойларын дәлелдеп,

ұсынып, соңында қорытындылап, қандай да бір шешім шығаруы тиіс.

Тақырыптық жеке кеңестер. Кеңес жүргізу ата-ана үшін қандай маңызды болса,

мұғалім үшін де сондай маңызды.

Ата-анамен әңгімелескенде мұғалім барынша сыпайылық ,әдептілік танытуы тиіс.

Ата-ананы ұялтуға, олардың өз ұлына немесе қызына қатысты өз міндеттерін дұрыс

атқармағанын тұспалдап та айтуға болмайды. Мұғалімнің арым-қатынасы мынадай болуы

шарт: «Біздің алдымызда ортақ келелі мәселе тұр, оны шешу үшін біз нендей әрекет жасай

аламыз?»

Оқушының үйіне бару. Мұғалімнің ата-анамен жүргізетін жұмысының нәтижелі түрі.

Оқушының үйіне барған кезде оның тұрмыстық жағдайымен жақын танысады. Ата-ана мен

оқушының мінез-құлқы, қызығуы мен ынтасы, икемділіктері , ата-анаға, мектепке деген

көзқарасы туралы әңгімелесіп, баланың жетістіктерін мәлімдеп, үй тапсырмасын орындауды

ұйымдастыру жөнінде кеңес береді.

Хат арқылы байланыс. Ата-аналарды балаларының тәртібі, жетістіктері туралы хат

арқылы ақпараттандыру.Алдағы уақытта бірге жүргізілетін істер жөнінде хабардар ету,

мерекемен құттықтау, бала тәрбиесіндегі кеңестер мен тілектерді жолдау. Хат алмасудағы ең

басты шарт-бұл хаттың тілектестік сарыны, қуаныштың лебі.

Ата-аналар жиналысы. Жалпы мектепішілік жиналыс жылына екі рет өткізіледі.

Сыныптың ата-аналар жиналысы жылына 4-5 рет өткізіледі. Сыныптың оқу-тәрбие жоспары

талқыланады, отбасының мектеппен тығыз қарым-қатынас жасау жолдары белгіленеді.

Ата-аналар жиналысында оқу үлгерімі жетістіктерінің ғана қорытындысы жасалып

қоймай, сонымен қатар педагогиканың маңызды мәселелері қарастырылса ғана жемісті

болмақ.

Ата-аналар жиналысын дайындап, өткізуде бірнеше жағдайларды ескерген жөн:

-бала тәрбиесіндегі және мінез-құлқындағы кемшіліктерді жеңу бағдарламасын жүзеге

асырудағы отбасы мен мектеп байланысының қалыпты болуы;

-жиналыс ықпалы:кеңес береміз, талқылаймыз;

-мұғалімнің кәсіптік қажеттілігі- білім / әр баланың мектептегі ғана емес, мектеп

сыртындағы өмірін білу, олардың қажеттілік деңгейі, денсаулық жағдайы, балалар

ұжымындағы қарым-қатынастармен таныс болу/;

-мейірімді, сенімді қарым-қатынас /жақсы кепіл, өзара түсіністік,өзара көмек, сыр

шерту, шын көңіл/;

-ата-аналар жиналысы нәтижесінің ең басты көрсеткіші –ата-аналардың белсене

қатысуы, қойылған сұрақтарды ынтамен шешу, тәжірибе алмасу, кеңестер мен ұсыныстар/.

Пайдаланылған әдебиет

1. М.Ғабдуллин. Ата-аналарға тәрбиелік кеңес.1966.

3. Мектептің отбасымен байланысы.-Тәрбие құралы,2003.

Page 82: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

82

АТА-АНАМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ

ФОРМАЛАРЫ

Өтесін М.Ө.,

Темір ауданы

Бала тәрбиесінің негізі - бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір

мектебі. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы,

білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты.

Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге

міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған

«Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы

заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002),

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы»

(2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады [1,2,3,4]. 2004 жылы ақпан айында Үкіметтен

қолдау тапқан «Білім тұжырымдамасы» үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы

балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін

жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал ата-ананың

педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының

тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада

тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазіргі кездегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі, жастардың

нашақорлығы, адамзаттың басынан төніп тұрған әр түрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді

алаңдатып отыр. Баланың негізгі тәрбиешісі-өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Баланың

дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы-

жастан…» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс

мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Жасөспірімдердің білім алуында,

тәрбиесінің дұрыс қалыптасуында мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынаста болуы

қажетті жағдай болып отыр.

Педагогикалық ұжымның міндеттері:

- Ата-аналардың белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру;

- Ата-аналарды педагогикалық білім-білікпен қаруландыру;

- Ата-аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру;

ҚР Гуманитарлық академиясының академигі, педагогикалық ғылымының докторы,

Қалыбекова Асма Ахметқызы былай деп жазған: «Бізде ұзақ уақыт бойы баланың

тәрбиешісі-мектеп, ал отбасы оның көмекшісі, одақтасы деп келдік. Алайда, өмір

тәжірибесінің көрсетуінше, тұлғаның ең басты тәрбиешісі отбасының өзі екен. Бұдан

шығатын маңызды қорытынды: ата-аналар мектеп педагогтерінен кем емес деңгейде

педагогикалық білім-біліктермен қарулануы тиіс» Шыныменен қай маман болмасын өнімнің

сапалы болып шығуы үшін өз білімдерін толықтырып отырады. Ал ата-ана педагогикалық

білімді қайдан және қалай алмақшы? Осы орайда ата-анамен жүргізілетін жұмыс формасын

дұрыс ұйымдастыру қажеттігі туындайды.

Ата-анаменжүргізілетінжұмыстыұйымдастырудыңформасы

Сынып кеңесі,

сыныптағы ата-

аналар комитеті

Мектепкеңесі

Ата-аналарды оқу-

тәрбие үрдісіне тарту

Отбасылық байқаулар

Педагогикалық,

психологиялық, заң туралы

кеңестер беру

Page 83: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

83

Отбасы мен мектептің өзара әрекетін қалай ұйымдастырамыз?

Отбасын зерттеу: мақсат-отбасының тәрбиелік мүмкіндігін, күш қуатын анықтау

Топтастыру: мақсат: -отбасының тәрбиедегі бағыт-бағдарынтану, жасалған

әрекеттерден алынған нәтижелерді талдау.

Отбасын зерттеуде педагог төмендегідей мәліметтерге басты көңіл бөлуі керек

Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік материалдық тжағдайлары мен мектеп

ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет, отбасындағы балалардың тәрбиелілік

деңгейі, отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері

Отбасын зерттеуде сынып жетекшісімына ережелерді сақтағаны дұрыс:

-ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс;

- зерттеу мақсатты, жоспарланған, жүйелі болуы қажет;

- зерттеу әдістері мен тәрбие әдістері өзара байланысты болуы керек;

- психологиялық-педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде қолданылуы

керек;

Отбасын зерттеу педагогқа не береді? Оқушы отбасын зерттеу педагогке отбасының

тәрбиелік мүмкіндігімен оның күш-қуатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен

әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты

шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық-психологиялық

диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу-сынып жетекшіден кәсіби

шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе.

Топтастыру. Ата-анамен жұмыста дифференциалды ықпал ету.

Жанұя 5 типке бөлінеді

-Балалары үлгілі жанұя

- Бала тәрбиесіне ұстаз көмегін қажетететін жанұя

- Ынтымақсыз жанұя

- Жағымсыз қасиеттері басым жанұя

- Қоғамдық орындардың араласуын үнемі қажет ететін жанұя

Жанұядағы адамгершілік құндылық жоғары деңгейде қалыптасқан. Бақытты, дені сау

жанұя. Балаларға мүмкіндік жасалған. Кей уақытта жекелеме кеңестер қажет бола тұра,

ұстаздардың араласуы қажет емес. Жанұядағы ата-аналардың қарым-қатынасы жақсы бола

тұра, бала тәрбиесінде бағыт жоқ. бала тек ата-ананың «ерекше» қамқорлығын сезінеді.

«Өзімшіл» болып өсіп келеді. Сондықтан ұстаздың көңіл аударуы сөзсіз талап етіледі.

Мұндай жағдайда ата-аналар өзара қарым-қатынасдауынан аса алмайды. Бала тәрбиесі мүлде

ескерусіз қалған. Өсіп келе жатқан ұрпаққа әсері болмас үшін, жанұядағы көңіл-күйді

өзгертуге белсенді педагогикалық ықпал қажет. Сырттай қарағанды қолайлы жанұя

қатарында болмағанымен рухсыздық, нақты адамгершілік құндылықтар, ұрпақтар ізгілігінің

бұзылуы сияқты жағымсыз қасиеттер басым. Мұндай жанұя мен тәрбие жұмысын жүргізу

ерекше қиындық туғызады. Қолайсыз жанұя, мұнда дөрекілік, ұрыс-керіс, жағымсыз тәртіп

сияқты сипаттар көп. Баланың қызығушылығын қорғау үшін мұндай жанұяларға тұрақты

педагогикалық бақылау, қоғамды қорындардың араласуы үнемі қажет және талап етіледі.

Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерге сараптау, талдау жұмыстарын жүргізе

отырып, төмендегідей қорытындыға келу:

-Төрт одақ жұмысын жандандыру; (отбасы, бала, мұғалім, қоғам)

Ынтымақтастықты нығайтуда, мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысындағы міндеттердің

жүзеге асуына, ата-аналарды педагогикалық біліммен қаруландыруда, олардың

белсенділіктерін көтеруде - ата-аналар жиналысының маңызы ерекше.

Ата-аналар жиналысының тақырыптары мектептің жылдық жоспарындағы тәрбие

жұмысының іс-шараларына, сыныптың жас ерекшелігіне, ағымдағы міндеттерге байланысты

іріктеліп алынып, бір апта бұрын жиналыстардың өткізілу кестесі бекітіледі.

Page 84: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

84

Ата-аналар жиналысын дайындау ережесі:

Бірінші ереже

-Ата-аналар жиналысының тақырыбы өзекті болуы керек.

Екінші ереже

-Ата-аналар жиналысы оларға ыңғайлы уақытта болуы тиіс.

Үшінші ереже

-Ата-аналарға жиналыстың өту жоспары белгілі болуы қажет.

Төртінші ереже

-Жиналыс ата-аналармен сыйластық қарым-қатынаста өтуі керек.

Бесінші ереже

-Жиналыс жоғары дайындық пен өтуі тиіс.

Ата-ана мен жүргізілетін жұмыс формасынан күтілетін нәтиже:

-Отбасының әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат құрылады

-Мектеп өміріне қатысуға ата-ана өз қажеттігін сезінетіндей жағдай жасалады

-Ата-аналар тақырыптық кеңестер алуына мүмкіндіктер туады

-Шығармашылық кештер бағдарламасы жүзеге асады

-Қызығушылықтарына орай отбасылық клубтар құрылады

-Әр түрлі типтегі жанұя мен мектеп арасындағы кері байланыстар ұйымдастырылады

Ата-анамен бірлескен іс-әрекетар қасында тәрбиеленген тұлға диагностикасы

шығады:

-Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген;

- Алған тәрбие мен білімінөзөмірінепайдаланаалатын;

- Отбасылыққұндылықтар мен этномәдениқұндылықтарғасүйіспеншілігі бар;

- Ата-ана мен Отан алдындағы перзенттік парыз бен борышты сезінетін тұлға

тәрбиелеу.

Қорытынды:В.А. Сухомлинский оқушылардың ата - аналарымен жұмыс істеудің

мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата - аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру

арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Олай болса,

отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын

жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің

кеңдігіне қарамастан ата - аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.Педагогика. - Алматы, 2000.

2. К.Ж.Қожахметова. Сынып жетекшісі. - Алматы: Әлем, 2000.

3. Ю.П. Азаров. Отбасы педагогикасы. - Москва, 1985.

4. В.А.Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. -Алматы, 1983.

5. Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ РУХАНИ ТАНЫМ НЕГІЗДЕРІ

Сактаганова Ж.А., Канибаева Г.М.

Облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернат тәрбиешілері

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені,озық өнегелі

дәстүрді,адамгершілігі бар асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда,оны ұтымды

пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз Сондықтан ұлттық

мәдениеттің,әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тарихы мен болашағы да

мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Бала тәрбиесінің алтын бесігі – отбасы.Бұл

шағын әлеуметтік топ-бала үшін өмір мектебі. Қазақстан Республикасы Ата заңының 9

тарауы «Отбасы» деп аталып, оның 51 бабында «Ата-аналардың және олардың

орындарындағы адамдардың міндеті-балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту»-деп нақты

Page 85: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

85

көрсетілген. Ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Балалардың болашағы

олардың өмірден татар несібесі мен еншісінің үлес салмағы ата-ананың сіңірген еңбегіне,

тәлім-тәрбиесіне байланысты болады. Сондықтан ата -ана өзінің баласын еңбекқор, елінің

қамқоршысы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті . Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы

сатысы балабақшадан басталып, белгілі бір бағдарлама негізіне сүйене отырып, мектеп

жасына дейінгі балаларға оқыту мен тәрбиелеу мәселесін жоспарлап, отбасына

педагогикалық көмек беруді мақсат етті. Ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым

жоғары болуын олардың қоғам алдындағы өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін

жауапкершілігін арттырады. Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие

тұжырымдамасында:«Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы

болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс.

Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі,

солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа

халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің

тағдыры мен талаптарын обьективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге

даярлап, оларды жинақталған тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының

рухани мұрасын игере түсуі керек» деп айтылған. Қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалық

жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі,

адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтасының азаюы,

отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің

бел алуы т.б мәселелері жастар тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Сонымен қатар

қазақ халқының әріден келе жатқан мәдениетін және білім, тәлім-тәрбие беру жүйесінің

негіздерімен жан-жақты танысу бүгінгі күннің басты бағдары, талабы десекте болады. Қазақ

халқының тарихы дәстүрге өтебай. Отбасы үшін ежелден тән қасиеті балажандылық,

балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс,

көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар-осының бәрі қазақ

халқының тұрмыс қалпына байланысты болған. Қазақ қыз-келіншектері мен ер-

азаматтарының бойында өзге халық өкілдерінің бойынан көрінетін даралық қазақы

болмысының жарқырай көрініп, жүрекке жылы әсер еткен. Әсемдік пен әдептілік

үйлесімділік тапқан. Халық өнерін игеру жастарды еңбексүйгіштікке, әсемдікке бағыттап

халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдет ғұрыптарын жалғастыруға

баулиды. Ұлттық тәжірибеміз отбасынан басталып кейінде жалғасын тауып жатса, қазіргідей

қазақ халқының қанында жоқ ата-баба тәрбиесіне жат өзін жарық дүниеге әкелген анасын,

әлпештеп өсірген асқар тауы әкесін қарттар үйіне өткізген, нашақорлықпен маскүнемдікке

салынғандардың шаңырағы ортаға түспес еді. « Алтын кездік қап түбінде жатпайды»-дейді

халық даналығы Бұл ой мен сөздің түпкі сырына ден қойсақ, шын асыл қымбат қазына қилы

кезең, шытырман уақытта да сыны мен сипатын өзгертпейді. Бала жүрегін жолды сөзбенде,

айла тәсілмен де балаға деген жүрек сезімін махабатпен де табуға болады. Жылы-жылы

сөйлесең жібімейтін жүрек жоқ тек соған апаратын жолды таба білуіміз керек.

Сондықтан отбасын насихаттауда төмендегідей жұмыс түрлерін атап өтуге болады:

1.Тәрбиешілер отбасы тәрбиесі туралы, сайыстар, кештер, апталықтар өткізу;

2. Еңбек пен оқуды ұштастыра отырып, отбасының дәстүрін кеңейту

Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді деген атамыз. Яғни отбасы ауыл-

аймақ, көпшілік, қоғам болып тәрбиелеу қазақ халқының өмірінен өзекті орын алған. Салт-

санасы , әдет-ғұрпы, ойын-тойы осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген.

Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде

барлық адамгершілік қасиеттерін үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі «ұлдың ұяты

әкеде,қыздың ұяты шешеде» деп бағалағандықтан. Сондықтан ата-ана балаларын тұрмыс пен

салтқа бейімдеп, шешеден көріп тон пішуге, әкеден көріп оқ жонуға баулитын болған.

Қазіргі кезде заман ағымына қарай отбасында еркіндік қарым-қатынасқа ұмтылушылық

бар,яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді. Отбасында

орныққан қарым -қатынас арқылы баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да

Page 86: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

86

ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді.ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды

Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, айтушы болып табылады.Қазақ халқы баланы дүниедегі

барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына арманына балаған.

«Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар», «Босағасын алтыннан соқсаң да перзент

сүймей, адамның мейірі қанбас»-деп барлы асыл сөздерін арнаған. Қазақ отбасы ата-ана, әке-

шеше, балалар атты үш құрамнан тұрған. Ата-ана мен әке-шешенің қарым-қатынасы жас

баланың адамгершілік жағынан толысып жетілуіне үлкен үлес қосады және ізгілікті іске

баулиды. Мектеп-ата-аналарының тәрбие істеріне бағдар-бағыт беріп, оларды жан-жақты

тәрбиелеуге жұмылдырады. Балаға негізінен үш ортадан тәрбие жұғады, үш орта бала

тәрбиесіне әсер ететін негізгі фактор. Біріншісі-ата-ана, екіншісі-ұстаз, мектеп, үшіншісі-дос

құрбысы. Балаға тәрбие беру кілті ата-ананың қолында. Ұлы педагог А С

Макаренко:»Баланы жас кезінде, әсіресебес жасқа дейін тәрбиелей білу керек». Оның

келешекте қандай адам болуы, ең алдымен бес жасқа дейін дұрыс тәрбие бере алмасаңыз,

кейін оны қайта тәрбиелеуге тура келеді. Ал қайта тәрбиелеу-өте қиын іс,-дейді де қайта:

«Баланы дұрыс тәрбиелесек, қартайғанда өміріміз бақытты болмақ, жаман тәрбиелесек зор

қайғыға ұшырап, үлкен бақытсыздыққа тап болғанымыз. Жаман тәрбиеленген бала-басқа

адамдар алдында, бүкіл еліміз алдында жасаған үлкен кінәміз» деп атап көрсеткен. Ата-ана

баланы қалай тәрбиелесе бала соған қарай бейімделеді.рбір ата-ана мұғаліммен тығыз

байланыста болғаны жөн, онсыз бала тәрбиесінде жақсы нәтижеге жету мүмкін емес. Ата-

ана мен мұғалім бірлесіп жұмыс жасағанда ғана бала бойына ізгі қасиеттерді толығынан

сіңіруге болады. Баланың ақыл-ой, адамгершілік-әдеп тәрбиесімен қоса, жас шамасына

лайықты еңбек тәрбиесі, спорт түрлерімен шұғылдануын ата-ана қадағалауы керек

Балалардың жан сұлулығымен қатар тән сұлулығына да мән берген жөн Тапсырылған

жұмысты дұрыс орындамаса жекіп ұрса берудің орнына, жұмыстың қалай жасалатындығын

көрсетіп, үйретумен бірге баланың шамасына, икеміне қарап содан кейін оның дұрыс

орындалуын талап ету керек. Даналық сөздермен оза білген қазақ халқымызда «Балаңды өз

тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген сөз бар. Тоқсан ауыз

сөздің тобықтай түйініне келсек, біз халықтың нақыл сөзінен сусындаған, аталар сөзімен

өсіп-өнген,даналар өсиетінен тәрбие алған, ұлылар тәрбиесінен тағзым еткен дана халықтың

ұрпағымыз. Қорыта айтқанда бүгінгі күнде интернатта тәрбиеленетін балалардың басқа

балалар тәрбиесіндегі ерекшеліктерін ескере отырып ұлттық дәстүрімізді, әдет-

ғұрыптарымызды, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын балалар санасына сіңіре

білу басты міндетіміз болуы қажет.

Әдебиеттер тізімі:

1. Сейсенбаева Ж.А. Ұлттық тәрбиенің ғылыми негізі.

Оқу құралы. Алматы 2011. - 158б.

2. Мектеп. Отбасы. Қоғам №5, 2015. - 29б.

3. Мастер-класс №1, 2015. - 18-19б.

4. Тәрбие және білім №3-4, 2015. - 5-6б.

ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ ОШАҒЫ

Самиянова А.Е., Нуркасынова С.М.,

Ақтөбе қаласындағы №15 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімдері

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі, бір бөлігі.Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік-

экономикалық өзгерістер әсерінен отбасында моральдық және психологиялық ахуал

біртіндеп өзгеріске түседі .Отбасының өзгеріске ұшырауына биологиялық,психологиялық

және демографиялық жағдайлар әсер етеді.

Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең

басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап,

Page 87: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

87

оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі

үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігін толық қанағаттандыру, оны дене

және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға

тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан

мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Халықтың әл-ауқат деңгейі әр түрлі болғандықтан ата-аналар мен балалар арасындағы

қатынас та әр түрлі болады . Біреулер мейлінше өбектеп тәрбие мәселесін қолдан шығарып

алуы мүмкін Ондай отбасындағы балалар жалқау,енжар болып тәрбиеленеді .

Отбасы тәрбиесінің мақсаты болашақ азаматтарды ізгілікке,өмірде өз орнын таба

білуге,алдында кездесетін кедергілерді жеңе білуге,белсенді,оз ой-пікірін дәлелдей алатын,

жетістікке жетуге және келешекте мықты отбасын құруға бағдарланған тұлға тәрбиелеу

болуы тиіс. Мектептегі тәрбиеден отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшелігі бар. Отбасындағы

тәрбиеде баланың жеке басына тән қасиеттерді дамытудың маңызы зор. Отбасы тәрбиесіне

ата-ана, отбасы мүшелері қатысады. Отбасы тәрбиесінің міндеттері: баланың өзін-өзі тануын

дамыту , өзгелермен үйлесімді қарым- қатынас құруға үйрету , айналасымен мәдени қарым-

қатынас құру, мықты отбасын қалыптастыруын санасына сіңіру, адамгершілік және

эстетикалық жағынан қалыптастыру , денсаулығын нығайту , ақыл-ой шығармашылық

қабілетін жетілдіру. Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің мазмұны төмендегідей: Жас баланы

қоғам талаптарына қарай тәрбиелеу , жеке басының мүмкүндіктерін жетілдіру, ақыл-ой сана-

сезімін қалыптастыру ұлттық сана-сезімін қалыптастыру ,ұлттық салт-дәстүрлер арқылы

мәдениеттілікке тәрбиелеу, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас

құруға,белсенділікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Отбасы құндылықтарын,

мейірімділік,рахымдылық,қамқорлық,қасиеттерін бала бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің

қаражатының күнделікті тұрмыста қалай пайдаланатынын түсініп, келешекте ата-анасына,

отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу. Баланың алғашқы тәрбие алатын орны –

отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт

тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.

Тәрбие – күрделі үрдіс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған.

Саналы да, білімді ұрпақ тәрбиелеу, әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы.

Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің негізін

сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық

қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы.

«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың

ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы

қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.

Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы

жан-жақты болса жемісті болады. Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана

берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін саналы азамат болып

қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші зор міндет атқарады.

Отбасы мен мектеп, ұстаз бен ата - ана, ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас

жайлы мәселе – қашан да өзектілігін жоймайтын мәселе болып қала бермек. Ұстаз бен ата -

ана бірікпей қоғамның саналы ұрпақ тәрбиелеуде жетістіктерге жете алмасы белгілі.

Қазіргідей жан - жақтан технологиялық ақпараттар жаулаған заманда ұрпақ тәрбиесін мектеп

пен мұғалімге жүктеп қойып бейқам жүрудің ертеңі өкінішке апарып соқтырмасына кім

кепіл? Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата -

ана ұмытпай, жадында сақтаса игі.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын

қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін

шынайы іс - жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат болды. «Біздің болашаққа

барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға

байланысты. Демек, бұл үшін еліміздің әрбір тұрғыны осы стратегиялық жоспарды жүзеге

асыруға қатысатыны белгілі.

Page 88: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

88

Осы тұста мектеп мұғалімдеріне қойылатын міндет те зор болмақ. Тек бала тәрбиесімен

ғана айналысып қоймайтын мектеп ұстаздары ата - анамен де жұмысты қатар алып жүретіні

белгілі.

Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты

тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлінген емес.

Сондықтан оның іс - әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз

байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.

«Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата - аналармен, қоғамдастықпен

мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала өмірінің басым

бөлігі отбасында өтеді. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата

- ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата -

анасы.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл

атқарады. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа

негізделеді. Ал бұл ынтымақтастың орнауы әрине, сынып жетекшісіне байланысты. Жалпы

білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сыныптан тыс тәрбие жұмысын

ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысады, сонымен қатар ата - аналармен

жасалатын жұмысты да осы педагог атқарады.

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары

болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап- тілектері - баланың

«әдепті бала» болып өсуі.

Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: « Әдепті бол, үлкенді сыйла, көргенсіз болма»

деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.

Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі

жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты,

ұқыпты болып шыға келеді.

Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді,

өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен.

Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп

қойған.

Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әйел. Әйелдің бұл рөлі

отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана

жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де

өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату –

сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.

Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге

жиынтығының жемісі. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп

қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген

сүйіспеншіліктен басталады » деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы

бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты.

Балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата – аналар сіз бен бізге

байланысты.

ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ – БАЛАНЫ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН

НЕГІЗГІ КҮШ

Сарсенғалиева С.С., Сағынтаева Қ.С.

Ақтөбе қаласы №34 ОМ бастауыш класс мұғалімдері

Үмітін үкілеп, арманымен қанаттанып, болашаққа нық қадам басқан еліміздің ертеңі –

мектеп қабырғасындағы жас жеткіншектер. «Ел үміті мен сенімі – жастар» екенін түсінген

Page 89: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

89

Алаш ардақтысы М.Жұмабаев: «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деген екен.

Иә, әрине, мектеп – бала тәрбиесінің негізін қалаушы, дамытушы, бәсекеге қабілетті тұлғаны

қалыптастырушы орда. Ал ондағы қызмет жасаушы ұстаздар – «Тәрбие деген Тәңірдің»

құдіретін танытушылар мен адамдық қасиеттерді бала бойына сіңіртушілер. Іс нәтижелі

болуы үшін ұстазға ата-ана көмекші болуы тиіс. Бұған В.А.Сухомлинскийдің: «Тек қана ата-

аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен

адамдық бағыт беруі мүмкін» деген даналық пікірі дәлел бола алады. Себебі, ата-ана – бала

тәрбиесіндегі басты тұлға. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27-бап, 2-тармағында:

«Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі

парызы» делінуінің де маңызы осында.

Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектебінде тәрбие жұмыстары жақсы жолға қойылған.

Білім мен тәрбие – егіз ұғым десек те, тәрбие арқылы білім беруді басты назарда ұстанатын

ұстаздар ұжымы ата-аналармен, шәкірттермен біте қайнасып жұмыс жасап келеміз. Сабақтан

тыс уақыттарын тиімді өткізу мақсатында оқушылардың қызығушылықтарын арттырып,

түрлі шаралар ұйымдастырылып отырылады. Мысалы, «Денсаулық фестивалі» апталығы,

спорттық сайыстар, «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында «Қараңызшы, біз қаншалықты

ұқсаймыз?» тақырыптарында байқаулар ұйымдастырылды. «Отбасы – қоғам негізі»

тақырыбында сынып сағаттары, «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық сайыстар

ұйымдастырылды.

Мектеп пен жанұяның тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер

қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші әдістерге оқушыларға ата-аналардың

педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы әсер ету жатса, екіншісіне – тікелей әсер ету

жатады. Бірінші топқа ата-аналар жиналысын жатқызуға болады.

Қыркүйек айындағы алғашқы ата-аналар жиналысында тәрбие беру шараларын

өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға тәрбие берудің жолдары айтылады. Балаларға

тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне тоқталып, осы бағытта да жүргізіліп жатқан

жұмыстармен таныстырылды. Мектебімізде «Аналар» клубы құрылып, аналарымызды

мектепішілік барлық іс-шараларға тарту жұмыстары жүргізіледі.

Бала – біздің өміріміздің мәні.

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.

Тәрбиенің кілті – отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік

бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой.

Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-анасының қамқорлығын көріп, яғни ол өзін

қоршаған шынайы махаббатты сезініп өсуі керек екен. Сонда өмірге деген шынайы

көзқарастары қалыптаса бастайды. Отбасының берік негізі осындай рухани мүдденің

бірлігінде болмақ. Оның біртұтас әрі тату болуы, береке-бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-

біріне, балаларына қалай қарайтындығына байланысты. Біз баланы сүйеміз, оларды барынша

жақсылықтарға бөлейміз. Қазақ айтады: «Балаңа бақыт сыйлағаның – өзіңнің бақытты

болғаның...» деп. Балаға бақыт дегеннің қайдан келетіндігін айтып, өмірде ненің және кімнің

маңызды екендігін түсіндірген жөн. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетудің мәнін ашып

көрсете білуіміз керек. Ұрпақ – болашақ, ол адамзаттың болашағы, ал отбасы – кішкене

мемлекет.

Кез-келген адам баласы өзін қоршаған дүниеде тіршілік ете отырып, сол өзі өмір сүріп

отырған қоғамның, елдің, ұлттың бір мүшесі ретінде өзіндік болмысымен, қарым-

қабілетімен, мінез-құлқымен көрінуге қам жасайды. Бәріне ортақ мінез, қасиет болуы мүмкін

емес. Оның қажеті де шамалы. Өйткені оқушы дара тұлға, жеке бір әлем. Осы даралық,

тұлғалық қасиетінің қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері, жолдары болады. Қоршаған

ортаны қабылдап, құбылыстар мен оқиғаларға өзіндік баға беріп түйсінуі де әр балада

әркелкі. Ол әр адамның жеке психикалық және физиологиялық ерекшелігіне тікелей

қатысты. Уақыт өте келе тұлғаның есеюіне, ой-санасының кемелденуіне қарай қоршаған

ортаға, оқиғаларға, жалпы дүниеге деген көзқарасы жаңарып отыратындығы, өзгеше сипат

Page 90: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

90

алуы тұрақты құбылыс. Сондықтан әр адамның табиғи ерекшелігіне орай дамып жетілуі де

әр қилы.

Педагог-ғалымдар, психолог мамандар жеке адамның тұлға ретінде қалыптасуында

негізгі фактор деп – тәрбие мәселесін алдыға қояды. Тәрбие қуатты күш болғандықтан, оның

дұрыс берілмеуі, жеткіліксіздігі бала санасының, психикасының дамуына кері әсер етеді.

Халқымыз «Тәрбие – отбасынан басталады» дейді. Өйткені «отбасылық тәрбие» баланың

тұлға ретінде қалыптасуында шешуші мәнге ие болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны

ілесің» деген халық даналығы да осы пікірімізге орайлас. Бала құрсаққа біткеннен бастап, өз

ата-анасының, жанұясының тәлімін алу арқылы қалыптасады.

Өткен дәуірлерде ғұмыр кешкен ата-бабаларымыз отбасы құндылықтарына, жанұяның

бала тәрбиесіндегі маңыздылығына ерекше мән берген. Отбасы – табиғат сыйлаған

кереметтердің бірі әрі бірегейі деп түсінген. Жастың кемелденіп есеюінде, толыққанды

азамат болып ер жетуінде отбасылық тәрбиенің маңыздылығын жоғары бағалап қана қоймай,

оны бұлжытпай орындалуын қатаң қадағалап отырған. Туған үйде берілген тәлім-тәрбие,

жылулық оның бойында өмірінің соңына дейін сақталады деп білген. Әр адамның

бойындағы ар-ұяты, адами қасиеттері, ақыл-ойы, мәдениеттілікті үйренуде, өзге жандармен

қарым-қатынас жасауда отбасы алғашқы қадам болып есептеледі. Өйткені жанұя, отбасы

бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Ал бала болса, отбасының тірегі, діңгегі, алтын қазығы.

Сондықтан отбасының берекесіне, ынтымағына үлкендер тарапы ерекше көңіл бөлген,

отбасыны адам ғұмырының тірегі ғана емес, мемлекеттің, қоғамның негізі, іргетасы деп

түсінген.

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім –

адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен әл-Фараби

бабамыз. Жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсуі тәрбие жұмысының азаматтық,

патриоттық, адамгершілік, эстетикалық, құқықтық түрлері арқылы іске асырылады.

Ш.А.Амонашвили айтқандай, «... Педагогикадағы жаңа ұғым – бұл рухани ізгілік. Ол

бүкіл білім беру жүйесіне енуі тиіс. Руханилық, ізгілік, сүйіспеншілік, мейірімділік,

бейбітшілік, игілік, ұғымдарының негізінде педагогикалық сананы өзгерту ғана білім

берудегі кедергілерді – қоғамдағы рухсыздық пен өнегесіздікті жеңуге мүмкіндік береді»

деген сөздерімен толық келісеміз.

Қазіргі өркениетті қоғамда жас ұрпақты дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани

ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, болуында басқа

да игі қасиеттер қалыптасқан, өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білетін етіп

тәрбиелеу заман талабы. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып қасиеттерімен сусындаған ұлттық

ерекшеліктерімен өрнектелген мәдениетке сай өнегелі, рухани бай адамды қалыптастыру –

оның туған кезінен басталуы керек. Баланы жастайынан мейірімділікке, қайырымдылыққа,

адамгершілікке тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздардың ролі өте маңызды.

А.С.Макаренко баланың бойында ата-аналар алдындағы борыштылық, міндеттілік

сезімін тәрбиелеу қажеттілігін атап көрсеткен болатын. «Біздің балаларымыз – бұл біздің

қарттығымыз. Дұрыс тәрбие – бұл біздің бақытты қарттығымыз, жаман тәрбие – бұл біздің

көз жасымыз, бұл біздің адамдар алдындағы, бүкіл еліміздің алдындағы күнәміз» - деп жазды

ол.

Егеменді еліміздің болашақ азаматтары – жас балаларды дамыту үшін қажетті сезімдер,

ең алдымен, оқытушыларда және балалардың ата-аналарының өзінде және олардың

күнделікті жұмыс әрекеттерінде айқын және шын орын алуы керек. Отанды, білімді, өзінің

халқын шексіз сүю сезімдері мектеп оқытушысының жұмысында, үйде ата-аналардың ісінде

үнемі орын алатын болса, оның балаға да үлгі болатыны табиғи нәрсе. Егер балалар еліктеуге

жарарлық үлгі, өнеге көрмесе, онда бұл сезімдер сөнетін, ілгері дамымайтын болады.

Ұстаз – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған

бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілік пен сезімталдыққа, шыдамдылық пен

бауырмалдыққа, еңбексүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге

баулитын жан. Үлкендерге ілтипаттылық көрсетуді алға мақсат етіп тәрбиелеу жұмысы

Page 91: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

91

көптеген тиімді әдістер мен іс-қимылдар арқылы жүзеге асады: пікірлесу, мақал-мәтелдер,

жаңылтпаштар үйрету, әдеби шығармаларды талдау, диафильм құрастыру, табиғатқа

серуендеу, жобалау, ұлттық ойындар мен сайыстар өткізу.

Осы жұмыс түрлері әр сабақта қолданылып отырса оқушының білім сапасының

ойдағыдай деңгейде нәтиже беретініне үлкен үміт артуымызға болады. Осылардың барлығы

оқушы санасына жеткізе білу ұстаздың шеберлігімен, іскерлігімен тікелей байланысты. Осы

жұмыстарды атқаруда жұмыс түрлерін түрлендіре отырып әр формада технологияларды

пайдалана отырып жүргізу қажеттілігі заман талабына сай туындайды. Әр күнгі сабақта

біріне-бірі жақсы тілек айтудан бастаса, бірде тыныштықта сазды әуенді қойып, іштерінен

ата-анасына, бауырларына, достарына жақсы тілек айтады. Оқушылар бір-бірінің жақсы

қасиеттерін айтып, сүйіспеншілік ойына, сәлемдесу ойына өткізу балалар арасында достық

қарым-қатынас қалыптастырады. Сабақта ұнамды әдеттер, адамгершілік сезімдер, парыздық

сезімдерді сіңіре отырып рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеп дамытамыз:

үлкендерге дәстүрлі сәлем беру, көмектесу, қолайлы жерге отырғызу, үйіне шығарып салу,

орын беру; тілек, өтініш жасай отырып, әдептілік көрсету, үлкендермен сөйлескенде

ұстамды болу, олардың сөзін бөлмеу, шыдамдылықпен тыңдау. Оқушылардың қабілеттерін

шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген

атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Балаға жан-жақты терең

білім беріп, оның жүрегінде адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі

азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал

етері сөзсіз.

Дара туған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев: «...Мектебің мынау, класың, Осында он

жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың» деп балаларға арнап қандай

керемет әрі тартымды өлең жазғандығы баршамыздың есімізде. Адамның адам болып

қалыптасып, білім нәрімен сусындап, рухани жетілген, жан-жақты азамат болып

қалыптасуында мектеп бізге әрдайым қасиетті мекен болып қала бермек. Ең үлкен байлық –

ақыл-ой десек, ал ең үлкен мұра – ол ғылым. Ақыл-ойға ие болып, білім-ғылымды меңгеру

оңай шаруа емес, ол үшін қажетті жағдай, дәстүр мен тәртіп орнатылуы керек-ақ. Мұндай

дәстүрді қалыптастыратын, тәртіпті мүлтіксіз орындайтын киелі де қасиетті мекен әрине ол

мектеп, мектеп пен отбасы тәрбиесі. Біз әрдайым мектеп пен мектептік тәрбиені

ғұмырымызға мән-мағына үстейтін ерекше құндылық, басты байлық деп түсінуге тиіспіз.

Театрдағы мәдениет киім ілгіштен басталады десек, мектептегі тәрбие білім мекемесінің

табалдырығын аттаған күннен басталады. Мектеп – киелі орда, мұнда қалыптасқан тәртіп

мүлтіксіз орындалуы қажет. Тәртіптілік, әдептілік жоқ жерде білім де жоқ. Білім жоқ жерде

әрине, ақыл да жоқ.

Мектеп - білім мен тәрбиенің киелі ошағы. Бұл киелі ошақтың, рухани мекеменің

өзіндік рухани қуаты болады. Кеңістіктің негізгі мақсаты да, басты ұстанымы да –

шәкірттерді білімге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, оқудың ғажайыптығына

иландыру. Мектеп табалдырығын аттасымен-ақ жас шәкірт сол рухани лепті, тылсым

дүниені сезінуі керек, оның бүкіл жан-дүниесін баурап алуы тиіс. Сонда ғана оқушының оқу-

білімге деген ынтызарлығы, құштарлығы оянып, ізденуге бет алады.

Іздену арқылы адам боламыз. Білім мен ғылым арқылы жаңа әлемнің есігін аша

түсеміз. Бұл ақиқатты бекер айтып отырғанымыз жоқ. Ұзақ жылдық тәжірибесі бар, білім

саласының маманы ретінде, әрі бастауыш класс мұғалімі болып қызмет атқарып

жүргендіктен руханият әлемінде болып жатқан жаңалықтар мен оқиғаларға әрдайым зер

салып, көз қырын қойып отыратындығымыз аян. Елде болып жатқан, қоршап тұрған

дүниелердің бәрі бізге қатысы бар. Дүниені пайымдап, оның анығына жетуден артық бұл

өмірден асқан қуаныш бар ма?! Рухани әлемнің ортасында жүргендіктен, жас ұрпақтың

бойында сол кіршіксіз таза дүниенің сәулесін түсіріп, жан-дүниесін байытуды өзіміздің

азаматтық парызымыз деп білеміз. Біз, ұстаздар қауымы, өз кәсібіміздің қасиетті де құдіретті

екендігімен мақтан тұтамыз. Өйткені біз адамзаттың ұлы ұстазы әл-Фарабидің ұрпағымыз,

кешегі Шоқан, Ыбырай, Абай салып кеткен сара да дара жолдың мұрагеріміз, ертеңгі ел

Page 92: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

92

тұтқасын ұстайтын ұлтжанды азаматтардың тәлімгер-ұстазымыз. Рухани дүниенің ұстаздар

қауымының өкілі болғандықтан біз қызмет еткен жерде әрдайым қолайлы кеңістік орнап,

рухани ортаның қалыптасуына ұйытқы болып келеміз. Білім мекемелері мен киелі

ошақтардың қасиетін арттырып, сол арқылы жас ұрпақтың жан-дүниесін біліммен

нұрландырып, ізгі қасиеттерінің қалыптасуына мұрындық та боламыз. Бұл біздің басты

ұстанымымыз әрі парызымыз. Ұстаз тек мектептің жүрегі ғана емес, ол рухани орта

қалыптастырушы жан. Осы мақсатта еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелейді. Және солай бола да

бермек.

Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі – мектеп пен ата-аналар

арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасының дұрыс жолға қойылуы. Өйткені адамзат

бесігін тербеткен баланың басты ұстазы ата-ана. «отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер

жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыстарына

деген сүйіспеншіліктен басталады» - деп Елбасы айтқандай, бала әкеден – ақыл, анадан –

мейір алып өседі. Қай ата-ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті болуын

қалайды.

Қазіргі ұрпақ тәрбиелеудегі басты мәселе тұлғаның рухани дамуы. Рухани даму

дегеніміз – өмірдегі өз орнын тауып, атқаратын міндетін, жауапкершілігін сезіну, өзін-өзі

үздіксіз жетілдіру. Балаға тәрбие ата-ана, мектеп, қоршаған орта арқылы беріледі. Мектеп

жан-жақты дамыған жас ұрпақ тәрбиелеуге байланысты негізгі қамқорлықты өз міндетіне

алса, ата-ана баланы асыраушы ғана емес, үйретуші, азаматтық дағдыны, қалыптастырушы.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиенің

маңызы зор. «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» демекші, отбасындағы таным, түсінік қалай

қалыптасса, адамның бойында қалатын сол қасиет солай қалыптасады. «Болса тәртіп, бала

өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі

кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал,

тілалғыш етіп баулу – ата-ананың басты міндеттерінің бірі.

Қорыта айтқанда, бала жүрегі – теңіздің тереңіндей тұңғиық. Өз сыры бар, өз айтары

бар. Оның көзіндегі тұнып тұрған сұрақтарды көріп, жауап бере білудің өзі – керемет дүние.

Оның көзінен бір тамшы жас тамса, ананың жүрегі қоса ауырып, оның бабын табуға

ұмтылады. Осы бір құрметті түсінетін, жүрегінде нұры бар бала болып өссе, нұр үстіне нұр

болар еді. Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский: «Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы

іс» деп дәл айтса керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Р.А.Мұқажанова, Г.А.Омарова, Р.Мұратханова «Мұғалімге арналған нұсқаулық. Негізгі

деңгей», Алматы «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015

2. Петракова Т.И. Духовные основы нравственного воспитания – М.: Импэто, 1997

3. Ш.Амонашвили. Основы гуманной педагогики. В 20 кн. КН. 2. Как любить детей. – М.:

Амрита-Русь, 2012

4. Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана «Социально-

экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана» // Казахстанская

правда, 28.01.2012г.

5. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Санат, 1995 - 481б.

ОТБАСЫ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Сисенбаева Л.Ө.,

№4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Отбасы – бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің негізгі құралы болып келеді.

Сондықтан ол – адам үшін ең үлкен орта.Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды

өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады,

Page 93: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

93

моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып

өсуінің кепілі.Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала

тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала

тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа

негізделеді.Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата –

аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық

қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының,

ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы,

балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін

санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып,

әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. Отбасында басты мәселелерд ің бірі

– баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері,

қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру

жатады. Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі – ұтымды

ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп

өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру. Отбасы жағдайын және баланың

жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата-аналар түрлі еңбек іс-әрекеттеріне үйретулері қажет.

Бала – отбасы мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы – зор қуаныш. Отбасының

бала еңбегіне артық салмақ түсірмей, парасатты ұйымдастырғаны жөн. Үйге берілген оқу

тапсырмаларын үнемі орындап отыруға бақылау жасау, көмектесу, балаларды өз бетімен

жұмыс жасай білуге үйрету. Балалардың бос уақыты – бұл шығармашылыққа еліктеу, қызығу

дүниесі. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына,

кинофильмдерге, спектакльдерге қатысады. Көптеген отбасыларында ата-аналардың

балаларымен бірігіп серуендеуі ізгі дәстүрге айналған. Егер ата-аналар қоршаған табиғат пен

өз өлкесінің көз тартарлық көрнекі орындары жөнінде әңгіме өткізсе, мұндай серуендердің

танымдық маңызы зор болар еді. Адамдардың ара-қатынасын белгілейтін ұғымдар сырына

терең үңілсек, адамгершілікті адамның тұлғалық жан дүниесінен орыналатын рухани

байлықты байқауға болады. Адамның өмір салтын құрайтын іс-әрекет тұрғысынан қарасақ,

біздің халықта бұл мәдениет әр адамның әлеуметтік орнына қарай қалыптасқан қарым-

қатынастың іс-әрекеттік байлығы адам тұлғасының орынды сапалық қасиеттерінің қайнар

көзі болып табылады. Отбасында, мектепте бұл қатынастар тәрбиенің пәрменді құралына

айналуы қажет.Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші

буын ата-әже іс-әрекетінің төңірегіне шоғырланған. Себебі, отбасында әке мен шеше негізгі

еңбек иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз

дәрежесінде даналық ақыл-ойдың, орынды дүниетанымының, талғамның, денсаулық

бағбанының, орынды тәртіп пен мінез-құлықтың мектебі болып табылады. Қорыта айтқанда,

күнделікті ертемен маңдайынан иіскемеген, әже бауырының ыстығын сезбей өскен бөбектің

рухани жан дүниесіне нұқсан келе береді.Өскелең жас ұрпақ – қазақ шаңырағының берік

болғандығын өмірінің арқауы еткені, аға ұрпақ дәстүрінен аттамағаны жөн.Отбасы –

қоғамның алғашқы ұяларының бірі. Отбасында баланың айналасын қоршаған дүние жайлы

алғашқы түсінігі, көзқарасы, сезімі, әдет- дағдылары бой көрсетіп қалыптасады. Баланың

дұрыс өсуіне қажетті жағдайлар жасау, оның орта білім алуына, мамандық, кәсіп таңдауына

көмектесу, еңбекке дағдыландыру, қоғам мен өз мүлкіне ұқыпты қарауға үйрету ата-ананың

басты борышы.Баланы бүгінгі өмір талабына сай азамат етіп өсіру үшін оған жас кезінен

дұрыс тәрбие беру қажет. Ата-ана өз баласының неге қызығатынын, нені жақсы көретінін,

неден қорқатынын, қандай іс-әрекеттерге ынта-ықыласы барын, қандай іске бейім екенін

біліп отыруға тиіс. «Ел болу үшін бесігіңді түзе» деген ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар

– білімді, парасатты, ұл-қыз, немере тәрбиелеу бәріміздің басты парызымыз.

«Неке және отбасы» туралы Заңда ата-аналардың балалары алдындағы міндеттері

айқын көрсетілген. Мысалы, 62-бапта мыналар көрсетілген.

ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті;

ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті;

Page 94: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

94

ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым

құқығы бар;

бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің

шегінде оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір

сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.

Міне осы заң арқылы қоғам ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін

арттырып отыр.

Ата-аналардың бала тәрбиесіне қатынасы әртүрлі болатыны белгілі. Тәжірибе

барысында ата-аналардың бала тәрбиесіндегі білім-іскерліктерінің қалыптасуының

мынандай өлшемдері (критерийлері) анықталды: ата-аналардың балалары, мектеп, қоғамдық

ұйымдар арасындағы өзара байланысы, бала тәрбиесі туралы білімді меңгеру; ондағы ата-

аналардың мінез-құлқы бала тәрбиесін жақсартуға бағытталған іс-әрекеттер; балаларды

тәрбиелеудегі белсенділік, ынталылық және дербестік; бала тәрбиесінде жауапкершілік

қарым-қатынасын көрсету; отбасындағы тәрбиеге қызығушылық; отбасы тәрбиесіндегі

іскерліктері мен дағдылары; бала тәрбиесінің қажеттігін және маңызын түсінуі.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада»

деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің

өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын

байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді.

Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі

ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса

керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен

бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.Ол —

бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан

артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік,

инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды,

үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық

даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді.

Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып

жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан

келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген

тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған

жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін

ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң

етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға

қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе

әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты

тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы

ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып

отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар

«Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт

жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті

жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге

болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше

басқа біреуді сөгуі, балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің

әдептілік танытқаны жөн.

Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс

жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Сонда

негізгі кінәні кімнен іздейміз?!Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Жас шыбықты

қалай исең, солай өседі . Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана

тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді

дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса

Page 95: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

95

дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала

тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ.

Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.Шәкәрім

атамыздың « Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады,олар барлығынан үстем

болатын адал еңбек, мінсіз ақыл,таза жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен

бастап тәрбиелейді» дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру -

шынында да оның туған кезінен басталса керек.

Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын

салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша

тыңдайды, бірақ ата-анасының уысынан шыққан соң өзін- өзі ұстай алмайтын жағдайға

жетеді.Мұғалім оқушыға материалдық жағдай жасағанмен, оның өміріне азық болар ең

қымбат асыл қасиеттер: адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етіп,

қаруландырады. Алтын бесік - отбасы болса,алтын ұя - мектеп.Иә, олардың алтынға балануы

неліктен? Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі.Өйткені, отбасы Адамды дүниеге әкеліп,

қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақылы мен білімі адамзаттық

құндылықтармен толысқан, жан-жақты жетілген,өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған

ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды Адам етіп тәрбиелеп шығарады. Осы

екі ортаның да мақсаты - ортақ, міндет - біреу. Демек , мұғалім мен тәрбиеші қаумының

қиындықтарға жиі кездесіп, үнемі толғаныста жүретіні де содан..Абай атамыздың жетінші

қара сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.Біріншісі -

ішсем,жесем,ұйықтасам деп туады.Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй

бола алмайды,hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі - білсем екен деп ұмтылып,одан

ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол

немене ?» «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді ?» деп, көзі көрген, құлағы

естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Сол себептен бала айналасындағыны бойына

сіңіріп өседі.Сондықтан да әр ісіміз бен сөзімізге үлкен жауапкершілікпен қарап, әр

қадамымыздың балаға беретін тәрбие екендігін естен шығармалық. Отбасы тұлғаны

дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай,

оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында

баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында

махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік

қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына

жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты

білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -

ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде ,

яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.Жас ұрпақ біздің өміріміздің

тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі

ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи

қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді.

Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек,

отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге

келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі

мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан -

жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың

мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына

қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

Бізде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында

мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы

ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы

артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде

көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса,

ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу - үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы

Page 96: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

96

қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата - ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі

жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін

ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Жоғарғыда айтылғандай бір

тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып

қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата -

ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес.

Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс

жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген

ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш

қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына

дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң

солай өседі. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет

етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы,

жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде

көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы

ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қоңырбаева С.С. Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге этномәдени құндылықтар

негізінде даярлаудың педдагогикалық шарттары: п.ғ.к. дисс. – А., 2008.

2. Шүйіншина Ш.М. Оқушылардың білім сапасын арттырудағы отбасы мен мектептің

бірлігінің педагогикалық шарттары: п.ғ.к. дисс. Aстана, 2008.

3. Ж.Б.Қоянбаев., Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Астана: «ЕАУ» , 1998 ж.

4. 18. Б.И.Иманбекова.Тәрбиеге жетекші: - Алматы, 2004.

ТӘРБИЕДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Спанова А.К., Қаплиева Н.Ж.,

Облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернат тәрбиешілері

«Денсаулық-зор байлық »деген мақал тегін айтылмаған.Адамның басты байлығы-

денсаулық. Денсаулық-адамға Табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Денсаулықты әртүрлі

тәсілдермен сақтап, нығайтуға болады. Әркім өз денсаулығына ерекше мән беруі қажет. Өз

денсаулығыңа жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын сақтау қажет. Бүгінгі адам

салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып,өзін білімді адам деп санай

алмайды. Өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ

еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни, адамдардың

денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал

денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да елбасы

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында, дұрыс тамақтануымызға,

тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған»деп атап көрсеткен. Оқушы

мектеп-интернаттқа келеді. Ол бір жылын осы «екінші үйінде » өткізеді. Білім алады,

денсаулығын нығайтады. Казақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес «Білім

ұйымдарындағы оқу-тәрбиелеу процесі оқушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулық

жағдайларын есепке алып, жүзеге асыралады. Білім ұйымдарында аурулардың алдын алу

,денсаулықты нығайту, дене тәрбиесін жетілдіру, оқушылардың, тәрбиеленушілердің

салауатты өмір салтына жағдай жасау бойынша қажетті іс-шаралардың орындалуы

қамтамасыз етіледі. Білім ұйымдарында оқытудың, тәрбиеленудің еңбек пен демалыстың

салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау олардың басшылары мен құрылтайшыларына

жүктеледі.»

Page 97: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

97

Бала денсаулығын сақтау үшін- білім сапасын арттырудың маңызды жағдайына

байланысты инетрнатымызда дәстүрге айналған оқу- тәрбие шаралары өткізіледі. Өткізілетін

шараларды ұйымдастыратын инертнат тәрбиешілері, топ жетекшілері. «Денсаулық-зор

байлық» деп қазақ халқы дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Дене тәрбиесіне жеңіл

қарауға болмайды. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса, иесі де мықты. «Сау денеде –

салауатты рух болады» деген мақал ескіден қалған. Адам саулыққа көңіл қойылған жағдайда

адам елмен силасымды, ойлау қабілеті жоғары шама шарқынбілетін, ақылмен іс істейтін өте

сезімтал ,ұстамды да байсалды , қоғамдағы ел орнын білетін , жауапкершілігіне

ұқыптылықпен қарайтын, адамдармен тез тіл табыса алатын, табиғатты сүйетін, қоршаған

ортадан хабардар, бақыт дегенің не екенін түсінетін жан болады. Ал, рухани саулығы жоқ

адам аталған барлық қасиетін жұрдай болмақ. Әр мектепте өзінің тәрбие жүйесі бар, өзінің

бағыт бағдары бар. Тәрибешілік жоспарларымызда бастауыш кластарда «Адам

денсаулығы», «Денсаулық- салауатты өмір салты» «Пайдалы және зиянды әдеттер»,

«Тазалықты сүйеміз»т.б тақырыптарда сайыстар мен тәрбие сағаттары өткіземіз. Өйткені,

біріншіден балалар ата-анасының жанында емес жыл бойы интернатта тәрбиешілерідң

қарауында болады. Атап айтқанда, спортық жарыс, спорттық сайыс, «Денсаулық күні»

эстафеталық жарыс сияқты мерекелер өткізе отырып балалардың денсаулығын одан әрі

нығайтуға жұмыстар жүргіземіз. Біздің алдымыздағы басты мақсат- қолымыздағы

тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау жолында тұрған ең басты мәселе- оларды

салауатты өмір сүруге және оны сақтау және нығайтуға бағытталған жолдарды білу. Қорыта

айтқанда, бүгінгі таңда интернаттың негізгі міндеті - әлеуметтік ортада жас ұрпаққа сапалы

білім, баланың саулығын сақтап, саналы тәрбие беру. Олардың әрқайсысына өмірден өз

жолын табуға көмектесуді негізгі мақсат еткені абзал. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік

мұрасын, салт-дәстүрін пайдалана отырып, «баланы-жастан»демекші, дені сау, сана-сезімі

терең, ақыл ойы зерек ұрпақ тәрбиелеу, баланы бесігінен жақсы әдетке баулу әр ата- ананың

міндеті. Оқушының денсаулығына зиян келтірмей, қайта оны сақтауды, нығайтуды білім

беру арқылы үйретіп, оқушының өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру мұғалімнің

міндеті. «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы-денсаулық», «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл-

үшеуімен бақытты болады өмір» Ендеше, мектеп-интернатт және қоғамның игілікті болашақ

жолындағы өзара ынтымақтастығы күннен –күнге арта беруі тиіс.

Әдебиеттер тізімі:

1. «Бастауыш мектепке оқыту» //2017ж № 1

2. «Отбасы және денсаулық»// 2016 ж № 3

3. «Бастауыш сынып.//Начальная школа» 2016ж № 2.3

ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ ІРГЕ ТАСЫ

Таубаева С.Ж., «Ақтөбе облыстық туберкулез-санаториясы мектеп -интернаты» КММ-сінің тәрбиешісі

«Адамның адамшылғы – ақыл, ғылым,

жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,

жақсы ұстаздан болады» /Абай/

Елімізде білім берудің бүгінгі жайы қоғамдық өмірдің барлық салаларына түбегейлі

өзгертуде маңызды мәнге және оның дамуы жалпы мемлекеттік саясаттың басты буыны

ретінде қарастырып отыр. Өйткені экономикалық қоғамдық жаңарудың қазіргі аяқ алысында

білім беру жүйесінің алдында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына

кіруге негізгі тірек болатын білімді азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр.Бұл үшін білім

беру саласы халықаралық деңгейдегі сатыға көтерілуі тиіс. Міне, осы талап тұрғысынан

қарасақ бала тәрбиесі отбасынан басталады. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі.

Page 98: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

98

Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының

тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің

күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш

нәрсе толтыра алмайды. Ең дұрысы баламен жақын қарым – қатынаста болу. Тәрбиелеу бір

сөзбен ғана емес, немесе айтқанын істеу арқылы емес, жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы,

тума – туысқан, көрші – қолаңмен түсіністік сыйластықта болу, сөйлеу мәнерінің мәнді

болуы. Бала – жанұя тәрбиесінің айнасы. Отбасы қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан оны

нығайту, тәрбиелік мәнін арттыру, сол қоғамның басты назарында болуы керек. Барлық

өнеге отбасынан тарайды. Әр отбасы кішкене тәрбие мектебі болуы тиіс. Балаларына

қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата – ананың табиғи құқығы әрі парызы. Ересектер

тарапынан ұлттық, халықтық тәрбиеге баулу жетіспей жатады. Ана сүтімен бірге даритын,

үлкенді сыйлап, ізет көрсету, кішіге қамқорлық жасау секілді асыл қасиеттерді дәріптеуде

кемшілік тұстар көп. Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы ағамыздың мына бір

ұлағатты сөзіне құлақ салсақ, жаудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп

жүр. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын

айқындап тұр емес пе?

Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен

рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.

Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі- ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген

сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру - әрбір ата-ананың

қасиетті борышы. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа

адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам.

Сондықтан отбасы өте қажетті, басқа ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне

берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-

ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, берекелі-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса,

босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.Отбасында баланың тұлғалық

қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшесінің мәдени

деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді. Отбасы

тәрбиесінде балаларды білімді, ізгілікті, жан-жақты жетілген, өз өмірінің құндылығын жете

түсінетін етіп тәрбиелеуді қажет етеді.Ата-ана баланың мүмкіндіктерін барынша дамытып,

оны өмірге қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрі болса да атқаруға

психологиялық даяр болуға, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет. Жас

ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың балаға деген мейірімділігі мен

махаббаты қажет. Бала отбасында жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтанда

халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің

сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық

нормаларын игереді.

Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең

басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның

өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін

қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой

еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу,

жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени

құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы

тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.

Page 99: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

99

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика

мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында

жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар

болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып,

халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.

Отбасы - бала жанына жақын, жеке туысқандық қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.

Үлкендердің балаға шексіз сүйіспеншілігі емін-еркін сөйлесу, аялау, еркелету қалыптасқан

отбасылық дәстүрлер әдет және т.б. тағылымды тәрбие негізін қалайды.

Әрбір отбасының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар: олардың ішінде жас ерекшелігі

және туысқандық қатынастар бойынша құрамының әртүрлі болуы, отбасы өмірінің стилі,

материалдық пен рухани құндылықтарды пайдалану мүмкіндігі, отбасының ересек

мүшелерінің әлеуметтік кемелдігі т.б. Бұның барлығы баланың күнделікті өмірін

ұйымдастыру және оған тәрбиелік ықпал жолдарын анықтайды. Жеке тұлғаның қалыптасуы

отбасы өмірінің тұрмыс тіршілігін ұйымдастыру көңіл-күй адамгершілік тынысы

қалыптасқан отбасылық дәстүрлері сияқты барлық саламен тығыз байланысты. Міне,

сондықтанда баланы тәрбиелеу , оның өмірін ұйымдастыру, ата-ананың өзін-өзі тәрбиелеу,

отбасы өмірін дұрыс ұйымдастыра білу, жылы да бейбіт микроклиматты қамтамасыз ететін

ізгілікке құрылған үй ішілік қарым-қатынасты орнықтырудан басталады. Ал отбасылық

микроклиматтың дұрыс болуы көбінесе педагогикалық ықпалдың тиімділігін арттыруға

септігін тигізеді, яғни өзара құрмет, достық, сенім атмосферасында өскен бала жетекке оңай

жүріп, тәрбиелік әсерге көнгіш келеді.

Сонымен, отбасының тәрбиелеу ықпалы деңгейін былайша анықтауға болады:

1. Отбасының әлеуметтік құндылығы.

Бұл отбасының беріктігімен, оның мүшелерінің адами, рухани жан сауығымен, ортақ

іске қызығушылықтың болуымен анықталады.

2. Балаға оны тәрбиелеуші ересек адамдардың тарапынан қойылатын бірлігі.

Отбасының барлық ересек мүшелері бала үшін тәрбиеші, олардың тарапынан болатын

талаптың бірлігі өте маңызды.

3. Отбасылық өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы.

Парасатқа құрылған әке-шеше қатынасы баланың адамгершлік сапаларына жетудегі

теңдесі жоқ үлгі өнеге.

4. Отбасылық дәстүрлер.

Отбасының рухани байлығы мен тәрбиелік мүмкіндіктерін онда қалыптасқан

дәстүрлерге қарап анықтаймыз.Уақыт сынынан, өмір елегінен өткізілген отбасылық

дәстүрлер бала тәрбиесіне аса зор ықпал етеді.

5. Отбасындағы еңбекке қатынас.

Үйдегі барлық отбасы мүшелеріне ортақ жұмыстарға үлкендермен бірге араласа

отырып бала әркімнің өзіндік міндеті бар екенін, оны орындау қажеттілігінің маңызын

байқайды.

Отбасындағы қарым-қатынастар шын ниетпен, кең пейілмен құрылған болса, онда

балалар басқа адамдармен араласу барысында осындай жақсы қасиеттерді сақтауға

тырысады. Отбасында өзара көмек көрсету кішілерге үлгі өнеге болу, бірін-бірі қолдау,

үлкендерге сый құрмет көрсету, бірлесе істеген еңбек нәтижесінде ортақ жетістіктер

қуанышына бөлену, бірлесе өткізген демалыс уақыттары – барлығы бастауыш сынып

жасындағы балалар жүрегінде ерекше із қалдырады.

Ата-аналар балаларды белсенділікке ынталандырулары, оларды тек бағынышты

субъектке айналдырмай, оның тұлғалық қасиеттерін ескеріп, еркін дамуына, ішкі

қабілеттерін ашуға жағдай жасаулары қажет. Педагогикада ата-аналардан балаға тек бала

деп қарамай, оны өздерімен тең құқылы қарым-қатынасқа қатысушы деп бағалап оның

идеяларымен, көзқарастарымен, қызығушылықтарымен санасуларын талап етеді. Ата-аналар

үшін қарым-қатынас өнерін меңгерулері балаларды ашық әңгімеге шақыруларына, олардың

сырларын , құпияларын сақтай алуларына байланысты болады. Осындай сенімді қарым-

Page 100: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

100

қатынастар ата-аналардың өз балаларының ерекшеліктерін дұрыс білуге оған артқан

сеніммен негізделеді. Егер де ата-аналар өз сөздерінде тұрмаса, берген уәделерін орындамаса

бала жүрегінде сенімсіздік пайда болады, бала сырын көп ашып айта беретін болмайды, ал

ата-аналар өз абыройларын төмендетеді.

Әрбір ата-ана өз баласын «Менің қуанышым, бақытым» дейді, өз махаббатының

нұрына бөлейді. Бала үшін олар барлық күш жігерін жұмсайды. Сондықтан әке мен ана

баласының келешегін ойлап, отбасындағы сабырлы мінез үлгісін еңбектегі қол жеткен

табыстар нәтижелерін көрсете отырып, оны адалдыққа, шындыққа,

еңбексүйгіштікке,ұжымдылыққа тәрбиелейді. Салмақты, ілтипатты,тәртіпті, еңбекқор,

білімдар әке мен ананы бала жанындай жақсы көреді, бас иеді, сыйлайды. Ол өзінің әкесі мен

анасының бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді қатты бағалайды. Ата-аналардың

бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі қателіктердің барлығын байқауға болады.

Қайсібір ата-аналар: « менің міндетім баламды киім және тамақпен қамтамасыз ету, білім,

тәрбие беру мектептің ісі»,- деп түсінеді. «Адам болатын бала айтқанымды екі етпейді,

өздігінен оқиды, білім алады», - деушілер де бар.

Ал балаларын шамадан тыс еркелету үшін олардың орынсыз талаптарын бұлжытпай

орындаушы, шексізеркелететін ата-аналар да кездеседі. Кейде баласын орынсыз сөгіп, «Сен

топастан ештеңе шықпайды»,-деп сағын қайтаратын ата-аналар да болады. Бұндай теріс

ұғымдар баланың келешегіне зиян келтіреді, ал орынсыз балағаттап баланың абыройын төгу

ата-аналардың беделін түсіреді.

Отбасы - ең үлкен, мықты тәрбие ошағы. Себебі келешек әулет барыстары сонда

тәрбиеленеді, адамның жеке басының бастапқы басқышы пайда болады, мінездің негізі

қаланады, және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады. Демек, баланың келешекте

қандай болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа

байланысты болмағы күмәнсіз.

Өз тәжірибемде ата-аналармен кездескен кезде міндетті түрде отбасы тәрбиесіне, бала

мен ата-ана қарым-қатынасына, мектеп өмірі жайлы баяндамалар оқылып, талданады,

тренингтер өткізіледі. Олар өз ойларымен бөліседі. Мысалы: «Бақытты жанұя» моделін құру,

«Тілек шамы»,«Кері байланыс»жаттығуы, «Ой-түйін» рефлексиясы.

Қорыта келе, атақты педагог В.А.Сухомлинский сөздерімен түйін жасағым келеді.

«Өз балаларыңызды сүйе отырып, оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз –

қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз».

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.С. Ғ.Тәжібаева Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы. Оқу құралы.

Алматы,Білім,2008

2. О.К. Трубецкая Балалардың рухани- адамгершілік құндылықтарын қалай жетілдіруге

болады // Сынып жетекшінің анықтамалығы №12(48) 2012

3. Л. Омарова Адамгершілік тәрбиені қалыптастыру мәселелері // Бастауыш мектеп № 2

2004

СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ АТА – АНАЛАРМЕН АТҚАРАТЫН

ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Төлеген Г.Б.,

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы ГКС-12 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі

В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына

ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында

мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы

мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды.

Page 101: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

101

Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне

қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен

мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың өзара қарым–

қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін

оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі

біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш –

мұғалім - оқушы – ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие

болды. Олай болса осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік басқару жүйеде ендігі

жерде келмеске кетті.

Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын

жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен университеттері, ата –

аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына

бару т.с.с.

Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар ата – аналармен

оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің

ата–аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде.

Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып

отыр.

Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым – қатынас,

тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын

тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының

нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және

тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет

етеді.

Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың

байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең

алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы

ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге

қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда

отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде

қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен

мектеп пен ата – аналар және балалардың өзара қарым қатынасымен әрекетінде бірлікке,

ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай

жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол

ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет,

өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне

айналуы тиіс.

Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді.

Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата –

аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге

болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ

мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі

ерекшеліктері мен жағдайын жан – жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.

Олай болса сынып жетекшісінің ата–аналармен жұмыс істеу қажеттіліг неде:

- баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді шешуде

ортақ көзқарастың болуында баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және

әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

- баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере

отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттері дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың

болуында;

Page 102: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

102

- баланың жан – жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі

ұйымдастыруда;

- балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата – аналармен

жұртшылықтың педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда;

- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан – жақты жақсы танып білуі үшін;

- балаға ықпал етудің жалпы тәсілімен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір

жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру үшін;

- сынып жетекшісі, оқушылар және ата – аналардың жағымды көңіл күйін өзара

жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым – қатынасын орнықтыруда.

Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара

қызметінің маңыздылығы түсінікті.

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның

мүшелерінің өзара қарым–қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы ата–

ананың педагогика білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала

тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы

мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету,

жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін

мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру.

3. Ата–аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл

бағытта ата–аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі

қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды

міндеттейді.

4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып

отыру. Ол үшін ата–аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл

бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, пеадагогикалық білімдер

жетілдіру универсистеттерінде лекторияларды, семинарларға, ғылыми практикалық

конференцияларда, ата–аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттау.

Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі

Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндетіне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.

1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен

таныстыру. Сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге

қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық қөзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және

міндеттерімен, соған сай әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен тәрбие жоспарымен

таныстырады. Ата–аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдары қарастырады. Осындай

отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігінде шақыру

мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері,

мазмұнымен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарынан

қатысты мәселелерімен ата–аналарды таныстырады.

2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын

ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытты ата–аналардың педагогикалық және

психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалар әлеументтік ортадағы мінез – құлқын

жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата –

аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда бұл олардың педагогикалық көзқарастарында

қателіктің болмауынан сенімін орнықтырады. Дегенменде педагогикалық және

психологиялық зерттеу нәтижесі ата – аналардың психологиялық педагогикалық мәдени

деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-

аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда.

Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп

жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп

Page 103: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

103

тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына

қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.

3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.

Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін

арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер,

ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарутды көздейді.

Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі

формаларын қолданады:

- сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш,

спорттық жарыстар, т.с.с.;

- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп

бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер

мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу т.б.);

- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық

есік күніне т.б.;

- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу,

өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);

- өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын

ұйымдастыру;

- балалардың аула клубтарын құруға;

- мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыру қатысу,

кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;

- мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге

өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау т.б.

4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.

Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге

байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.

5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық

ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы

жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта

тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден

басталады.

Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына

барынша қолдау көрсетеді. Мысалы,баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер

болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті

материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне

араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады.

Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі

және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді

ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау

мекемелері т.б.).

Әдебиеттер

1. Әбенбаев С.Ш Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы, 1987.

2. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі. – Алама-Ата, 1980.

3. Жұмабаев Ә. Ата – аналар жауапкершіліг. – Алма-Ата, 1977.

4. Капралова Р. Сынып жетекшіснің ата – аналармен жүргізетін жұмысы. – Алма-Ата, 1973.

5. Керимов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. – Алма-Ата, 1990.

6. Макаренко А.С. Ата – аналар кітабы. – Алма-Ата, 1985.

7. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны – Алма-Ата, 1978.

Page 104: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

104

ОТБАСЫНДА БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ

Тулегенова А.М.,

педагогика пән оқытушысы, Ақтөбе гуманитарлық колледжі

Ата-бабамыз «Адам ұрпағымен мың жасайды» деп ұлағатты көрегенділік таныта

отырып, ұрпақ тәрбиесі мен болашағына қажетті рухани байлықты жинай білген. Жас бала –

жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры

тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеу мен үзбей күтімді

керек етеді. Адам да сол тәрізді. Бала тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап, 2-ші тармағында «Балаларына

қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» делінсе,

Елбасы жолдаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси

бағытында «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз өз балаларымыз бен

немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде

көргіміз келеді…» дей келе, ұрпақ тағдырына сәйкесті үкіметке бірнеше тапсырмалар

берілгендігі белгілі.

Бүгінгі күні тәрбиеге жауапты кейбір ата-ананың келеңсіз қылықтарға бой алдыруы

бала тәрбиесіне деген жауапкершілікті төмендетуде. Көзін ашқалы әке-шешесінің әбес

қылықтарын көріп өскен баланың үлкейгенде сол қылықтарды жатсынуы екіталай. Бұл -

талас тудырмайтын мәселе. Ендеше, тәрбиені неден бастау керек? «Бас тәрбиешінің» өзі

тәрбиелі ме? Жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, іс-әрекеті, ата-ана арасындағы бір-бірімен қарым-

қатынасы түгелімен үлгі-өнеге боларлық па? Міне, гәптің бәрі осында. «Сәби деген - таза

тақта, не жазсаң, соны оқисың» деген ойшыл Аристотель мен ұстаз Джон Локтың сөздері

тегін емес. Өйткені, бала көзін ашқалы өз көргендерін айнытпай қайталаумен болады. Кейбір

жанұяларда өз балаларының жасаған қылықтарынан өздерін тамашалап отыратын жайттар

да кездеседі. Сүйіспеншілік, сенім, қолдау, қорғау көрген бала өзіне сенімді, ашық-жарқын

және ақжүрек болып өседі. Алдау-арбауға ұшырап, қағажу көріп өскен бала жігерсіз,

сенімсіз, ынжық болады. Көңіл бөлінбей өз бетімен өскен балалардың әлсіз, зиянды

әдеттерге әуес болып өсу ықтималы көбірек. Сүйіспеншілік - балаға қараған сәтте

жанарыңыздан төгіліп тұратын сәуле: мұны баланың басынан сипау, жай сөйлеу, оған көңіл

бөлу, онымен ойнау арқылы әрдайым сездіре аласыз. Кейбіреулер бала тым еркелеп кетер

деген үреймен көп сөйлеспейді, сезімдерін іште сақтайды. Бала ұйықтап жатқанда ғана

иіскеп, тамашалайтындар да жоқ емес.

«Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда

оны түзете алмайсың» дегендей біздің елімізде жалпы ақпараттық қауіпсіздіктің

қадағалануынан гөрі ең әуелі әр адам өзін, сосын өз отбасын қорғағаны жеңілдеу секілді.

Әсіресе, бала өсіріп отырған отбасыларға бұл мәселені ескермесе болмайды. Бұрынғылар

"қызым үйде, қылығы түзде" десе, бүгінде оны "балам интернетте, ой-санасы әлемде" деп

түсінуге де болатындай.

ХV ғасырда өмір сүрген ағылшын оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны да

туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының өз еркінде»-

деген болатын. Ендеше, ақ қағаздың бетіне қайтадан өшіре алмайтын шимай-шатпақ

түспесін десек, бала тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен кіріскеніміз жөн.

Еврей халқының дәстүрінде егер жанұяда бала оқыса, бәрі сонымен бірге оқиды. Бұлай

болмаса әке мен баланың арасы алшақтап, «әр тілде» сөйлесуге әкеп соғады. Ұлы педагог

В.А.Сухомлинскийдің «Балаларға жүрек жылуы» кітабында: «Бала - жанұяның айнасы; бір

тамшы суда күн сәулесі қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік тазалығы да бала

бойында солай бейнеленеді» делінген.

Олай болса, отбасында бала мен ата-ана қарым-қатынасы қалыпты жағдайда болуы

үшін отбасында адалдық, татулық, бауырмалдық, бірлік, түсіністік, ынтымақтастық,

Page 105: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

105

қамқорлық, кішіпейілділік, мейірімділік, кешірімділік, тыныштық, жылылық, сүйіспеншілік,

махаббат керек екен.

Түйін: Лашын құсқа - ауа қадірлі, жүйрік атқа - дала қадірлі, ата-анаға - бала қадірлі

болса, баланың да мерейі – әке мен ана.

Бала үшін:

Әке – асауды ауыздықтайтын, тентекті жөнге салатын, елдікті сақтайтын, ерлікті

жақтайтын, шаңырақты шаттыққа толтыратын отбасының негізгі діңгегі.

Ана - дүниенің нұры, өмірдің гүлі, тіршіліктің қайнар көзі, бастапқы дәнекері,

махаббаттың шуағы, мейірімнің кәусәр бұлағы, нәзіктік атаулының жиынтығы, үйдің

берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі.

4 жасар баладан «Адамға екі қол неге берілген?» деп сұрағанда, бала ойланбастан

«Бір қолмен папаны, екінші қолмен маманы ұстап жүру үшін» деп жауап берген.

Ата-ана мен бала қарым-қатынасы берік болуы үшін әр адам білуге тиіс отбасылық

тәрбиенің парыздары:

Балаңыз қандай болса, сол күйінде қабылдаңыз. Өз қалауыңызға орай

оларға ешқашан бұйырып сөйлемеңіз. Баланың өміріне үнемі араласа беру қауіпті.

Сонымен қатар олардың кінәсін кешіре беруге де болмайды, өйткені

бала өз кінәсінің жағымсыз салдарын түсінбей кетеді. Балаға қатесіне өкіну, теріс

қылығына өзін кінәлі сезіну пайдалы.

Шешімді жалғыз қабылдамаңыз. Шешімді тек ата - аналар арасында

келісім болғанда ғана қабылдау керек.

Ата-аналардың мінез-құлқы-бала тәрбиесіндегі басты фактор. Әсіресе

отбасындағы дау - жанжалдың зияны көп.

Не нәрсе жайлы да қорықпай сөз етіп, сізге қарсы қитұрқы сұрақ

қойғанда да оған сеніммен қараңыз. Балаңызбен әңгімелесіңіз, оларды өз

жұмысыңызды, үй жұмыстарын, ақша жайлы, алда тұрған демалыс жайын талқылауға

тартыңыз. Дауласыңыз, бірақ оларды құрметтеңіз, балаларға деген көзқарасыңызды

өзгертпеңіз.

Балаларға сыйлық жасауда артық кетуге жол бермеңіз. Көбіне балалар жарнамаға

елігіп, қыр соныңыздан қалмай қояды. Ақырында ата - аналар олардың бетін қайтаруды

ұмытады, ал бетін қайтарудың пайдасы зор.

Қандай да бір қиындық туа қалса, оны балаға түсіндіріп, бірлесе жеңу керек.

Отбасындағы міндеттерді бөлісіп атқарған жөн. Анасы үйдегі қызметші емес екенін бала

түсінуі тиіс.

Үйдің есігі оның достарына ашық болсын. Бала өзін байлаулы сияқты сезінбесін.

Балаларға сенім білдіру керек, олар да еркіндікке үйренуі тиіс, бірақ, бұл оңай нәрсе емес.

Дер кезінде шеттей біліңіз.

Әрине, балалардың туған ұясын тастап шығуы қашан да мұң шақырады. Бірақ оған

кедергі жасамаңыз. Өйткені отбасы міндеттерінің бірі - баланың бойындағы бар жақсылықты

анықтап, оны дамыту және қоғам иелігіне ұсыну. Ата - аналарынан дербес тіршілікке

бөлініп шыққан бала ешқашан таусылмайтын жаңа өмір циклін бастайды.

Даналық сөздің ойшылы Эпикет: «Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие

алып шыққан адам болып табылады», - дейді. Қоғамда әдеп – инабат өлшемдерінің терең

тамыры отбасынан басталады. Әлемнің нұрлануы, алға жылжуы отбасы тәрбиесімен тығыз

бірлікте. Ендеше, бірлігіміз берік, тірлігіміз тындырымды болғай.

Page 106: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

106

ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Урашова А.Б.,

№4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Тәрбие балаға отбасынан беріледі,

Тәрбиеден бала не көрсе соны іледі.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам

деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл

немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін

сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені.

(А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі). Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы.

Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін

ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. «Ұл тәрбиелей

отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы

тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен

туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс

тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық-

психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық,

ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы

кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді. Балаға деген таза көңілді жанашырлық,

ата-аналардың: балаларына деген мейірімі мен қамқорлығы, балалары үшін отқа да, суға да

түсуге әзірлігі, өмірлік ауыртпалықтар мен қиындықтардан қорғап, сақтап отыруға

тырысушылықтары, саналы тәлім-тәрбие, бала жасынан еңбекке баулулары, жан тазалығына,

биік адамгершілік қадір касиеттерге талаптандырулары, баланың еркін, саналы, жігерлі,

мығым, намысшыл, басқаларға мейірімді, адал да таза тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал

ететін отбасылық ахуал мен тәлім-тәрбие қандай болуын білдірсе керек. Әке-шешенің жеке

басты үлгі-өнегелері баланың дұрыс тәрбиелеуінің ең ықпалды құралы болып саналады. Ата-

аналардың үлгі-өнегесінің тәрбиелік мәні балаларға тән үлкендерге, олар тарапынан

жасалатын жақсы игілікті іс-әрекеттерге еліктеушілікпен туындайды. Өйткені, бала бойына

жеткілікті өмірлік тәжірибе, бейімділік пен икемділік әлі де болса толық қалыптасып

бітпегендіктен, ол үлкендердің мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, сұхбаттасу мәнеріне, іс-

әрекетіне, басқалармен ара-қатынасына еліктейді. Олай болса, әке-шеше қарым-қатынасы,

өзара сыйластығы, бір-бірін қадірлей, мақтан тұта білулері, үй шаруашылығын келісе

отырып шешулері бір-біріне көмектесіп отырулары, өзара сұхбаттасу қалыптары, бала үлгі-

өнеге тұтып, қабылдап алып, өзінің іс-әрекетінде жасауға тырысатын қылықтарының

сипатын құрайды. Үлгі өнегелік бағдаршамы ретінде қабылданады. Отбасылық тәрбие бала

тәлімінің мәні бала нәрестелік шағынан ержетіп, оң-солын тани бастаған шақ аралығындағы

үрдісінің мазмұнын құрайтындығы нақты тұрмыстық, тәрбиесі және өнегелік үлгілер

негізінде пысықталады. Ата-ана тәрбиесі қоғамдық тәрбиемен ұштасады, бірін-бірі

толықтырады. Ата-ана тәрбиесі терең ата-аналық сүйіспеншілік пен қамқорлыққа толы

болса, қоғамдық тәрбие балалардың өзін көпшілік ортада ұстай білу қалыптарына

тәлімдейді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын

имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек, тәлім-тәрбие берсек, сонда ғана рухы

дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз деген сөзін

басшылыққа алған біздің балабақша ұжымы бүгінгі таңда білім мен тәрбие жұмысын

дамыту, өркендету барысында жұмыс жасайды.

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру

- қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттеріміздің бірі.

Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымы ең

Page 107: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

107

маңызды міндеттердің біріне айналады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі

білімді дамыту тұжырымдамасындағы «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің

алғашқы сапасы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық»

делінген. Баланы тәрбиелеу, дамыту мен білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша

ұжымы өзара тығыз байланыста болуы қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бала

тәрбиелеуде іске асырушылар – балабақша мен отбасы. Отбасылық тәрбиелеудің

басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым-

қатынасын талап етеді. Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің

максат, міндеттерін түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруларына ықпал етеміз. Ата-

аналардың өз балаларының балабақшадағы өмірін, қалай өсіп жетілетіндігі интеллектуалдық

жеке қабілетінің қалыптасатынын көріп, біліп отырғаны абзал. Ата-ана мен балабақша

атқаратын істер әрқилы болады да, бірінің жұмысын екіншісі атқара алмайды, сондықтан

олардың қарым-қатынасы бірін-бірі толықтыруы, бір-бірімен түсінісуі, бір-бірінің бағытында

құрылуы тиіс.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына арналған Жолдауында: «Біз

Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген

сүйіспеншіліктерін дамытуға тиіспіз және оларды қалыптастыру басты міндеттеріміздің бірі»

деген сөзін басшылыққа ала отырып, балабақшада ата-аналардың катысуымен «Менің

Қазақстаным» атты ұлттық тәрбие жұмысын жүргіздім. Мұндай шаралар аналардың және

баланың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Балалардың шығармаларын шындай

түсу мақсатында «Біз бақытты отбасы» атты сайысын көрсету, қолөнер шеберліктерін,

сауалнамалар, тестілеу тапсырмаларын орындау сияқты сайыс кезеңдерінен өте отыра өз

бағаларын алды. Отбасында өсіп келе жатқан ұл-қызға тәлім-тәрбие беру мақсатымен арнайы

ата-аналарды балаларымен балабақша ауласын көгалдандыру іс-шараларына қатыстыра

отыра, қоршаған ортаға, табиғатты сүюге, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттырдық.

Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген мақсатымен ата-

аналарды балаларымен спорттық ойындар кешендеріне қатысуы жиі жоспарланып отырады.

Себебі, ойындардың басты тәжірибелік мәні - болашақ ұрпақты жан-жақты дамытып, ой-

өрісін өрбітеді. «Әкем анам және мен» атты спорттық жарыс өткізіліп, ата-анаммен

балабақшаны бір-біріне жақындастырып, қиыншылықты бірге жеңіп, табысқа жетуге

баулиды. Отбасы педагогикалық процеске тарту, тәрбиеші жеке басына құрметпен, сеніммен

қарауға итермелейді. Осы тұрғыда балалардың ата-аналарының үйлеріне бару, Бұл мақсата

әртүрлі болуы мүмкін. Тәрбиешінің отбасына баруы, ата-аналарда тәрбиешінің жеке басы

туралы көзқарастарын, оның балаларының қарым-қатынас тәсілдері мен әдістері жайлы

түсініктерін қалыптастырады. Тәрбиеші сонымен қатар ата-аналардың нені кадірлейтінін,

өмір жағдайы, психологиялық ахуалы туралы мәлімет алады. Осы мақсатта ата-аналарды топ

өміріне тартып, әртүрлі бірлескен іс-әрекеттер түрлерін, мерекелер мен сауық кештерінің

ұйымдастырылуы қажет. Толық емес отбасында тәрбиеленіп жаткан балаларға ата-

аналардың толық мүмкіншіліктері жетпей жатқанда, каржы мәселесін тұрмыстық мәселенің

шешуін таба алмай, еңселері түсіп жүрген ата-аналарға психологиялық тұрғыдан көмек

болатындай баяндамалар, кеңестер ұсынамын. Бұл отбасылардың өмірдің бастарына түсірген

тауқыметіне қарсы тұра алатындай өмірге тез бейімделіп кетуіне себеп болады.

Ұжымымызда әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықтағы, көпбалалы отбасына көмек

ұйымдастырылды. «Қайырымды болсаң өзгеге, шапағаты тиер өзіңе» акциясы

ұйымдастырылды. Отбасы мен балабақша - бұл екі тәрбиелік феномен. Әрқайсының

әлеуметтік тәжірибесі балаға берері бөлек. Алайда, екеуінің үйлесімділігі кішкентай баланың

үлкен өмірге енуіне ыңғайлы ықпал жасайды. Ата-аналар және балабакшаның өзара қарым-

қатынасының бірден қалыптасуы сирек кездеседі. Бұл ұзақ мерзімді процесс, таңдалған

мақсатты ұдайы зерттеуі, шыдамдылықты талап етуші, ұзақ еңбекті қажет ететін еңбек.

Сондықтан ұйымның өзара қарым-қатынасы өте киын жұмыс. Оның нәтижесі педагогтің

шыдамдылығы және талапшылдығымен оның отбасында кәсіби көмекші болу іскерлігімен

анықталады. Барлық бұл әрекеттер әрбір баланың ойлау және танымдық қасиеттерін,

Page 108: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

108

шығармашылық қабілеттерін, ең басты, оны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталады.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп

өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да

туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Ақын сөзімен айтқанда:

«Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның

бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста,

мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті,

басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық,

жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты

қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері

мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін

атқару ғана емес береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік

отбасына айналары сөзсіз.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің

қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында

өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап,

құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген

қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-

анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл –

жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар

жүретін күрделі процесс. Жазушы – педагог Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір

тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп

еліктегіш келеді. »

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп

Кешкенің өмір босқа тек - дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына

сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –

ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға

ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.

Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру,

мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы

баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар

тренингтердің маңызы орасан зор.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Әтемова Қ.Т. Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының

бірлескен жұмысы: п.ғ.к. дисс. – А.: 1999.

2. Шарафадин А.А. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың

педагогикалық шарттары. п.ғ.к. дисс. – А., 2004.

3. Қоңырбаева С.С. Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге этномәдени

құндылықтар негізінде даярлаудың педдагогикалық шарттары: п.ғ.к. дисс. – А., 2008.

4. Шүйіншина Ш.М. Оқушылардың білім сапасын арттырудағы отбасы мен мектептің

бірлігінің педагогикалық шарттары: п.ғ.к. дисс. Aстана, 2008.

5. Ж.Б.Қоянбаев., Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Астана: «ЕАУ» , 1998 ж. 378 бет.

Page 109: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

109

МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ ЖАС ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Э.Шаманова,

№17 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мектеп – жасөспiрiмдерге бiлiм және тәрбие берудiң жетекшi институттарының бiрi.

Отбасылық өмiрге баулуда мектептегi әрбiр пәннiң тәрбиелiк маңызы зор және өзiндiк

ерекшелiгi бар. Соның iшiнде биология сабақтарында отбасылық өмiрге даярлау мәселесiнде

жасөспiрiмдерге негiзгi тәрбие беруге қолайлы.

Оқушылармен оқудан тыс жұргiзiлетiн тәрбие жұмыстарының барынша көптiгiне

қарамастан жүзеге асырылатын бiрқатар ортақ ұйымдастыру формаларын бөлiп көрсетуге

болады. Салтанатты кештер мен мерекелер – бұлар қалың көпшiлiктi қамту, әзiрлiк

жұмысына барлық сыныптарды тарту тән. Бiрнеше параллель сыныптары бар iрi

мектептерде көбiнесе қос параллель сыныптар бiрiктiрiледi. Осындай бiрiктiру мектеп

мекемелерiне әзiрлiктi жақсырақ ұйымдастыруға, оқушылардың жас ерекшелiктерi мен көңiл

қалауларын ескертуге көмектеседi. Тақырыптық кештер мен ертеңгiлiктер ең алдымен бiр

нәрсенi бiле түсуге бағытталады және белгiлi бiр арнаулы жеке тақырыпқа айналады. Олар

бiр сыныптағы оқушылардың инициативасымен және күшiмен де өткiзiледi.

Елiмiздiң атақты адамдарымен және мектепке шақырылған өзге де адамдармен

кездесулер. Мұндай кездесулер салтанатты тақырыптық кештермен және ертеңгiлiктермен

табиғи үйлесе алады. Бiрақ, мысалы, оқушыларды өмiрлiк жолдарын таңдауға жақсырақ

әзiрлеу мақсатындағы сынып оқушыларының әр түрлi мамандық өкiлдерiмен кездесуi

сияқты арнаулы тәрбиелiк мақсаттағы кездесулер болады.

Сабақтан тыс жұмысты өткiзудiң формасын таңдағанда ең әуелi тәрбие жұмысының

нақты мақсаттары мен мiндеттерiн есте ұстау жөн, ұйымдастыру тәсiлдерiнiң бiразы

көбiнесе шағын шеңбердегi тәрбиелеу мiндеттерiн шешу үшiн қолданылатыны күмәнсiз.

Мысалы, этикалық әңгiмелер көбiнесе адамгершiлiк тәрбие мақсаттары үшiн қолданылады.

Екiншi бiр ұйымдастыру жұмысы неғұрлым кең шеңбердегi тәрбиелеу мiндеттерiн

шешуге қолданылады. Мысалы, кештер мен ертеңгiлiктер, байқаулар мен конкурстар,

көрмелер мен экскурсиялар, лекциялар мен әңгiмелер тағы сол сияқты.

Мектеп, өнер, әдебиет, мәдени орындары, клубтар, кітапхана, мұражайлар, театр, кино,

түрлі спорттық, туристік орталықтар, нарық экономикасына байланысты акционерлік

бірлестіктер, фирмалар, әртүрлі қоғамдар, орта және шағын бизнестер т.б. тәрбиелік, білімдік

мақсатта, қарым-қатынаста болуы болашақ ұрпақтың қазіргі қоғамның өркениетті бағытта

дамуына сай тәрбиеленуіне мүмкіндік жасайды.

Мектептен тыс мекемелер оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыратын

шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыратын қоршаған ортамен таныстыратын,

гуманистік және демократиялық тұрғыда қоғамды құруға қатынастарын әлеуметтік тәрбие

институты болып табылады. Мектептен тыс тәрбие – үздіксіз білім беру жүйесінің толық

құқылы саласы, ол барлық балалар мен жасөспірімдердің мүмкіндігін анықтауға, сабақтан

тыс уақытта әр баланың қызығушылығына, қабілетіне, дарындылығына қарай жан-жақты

дамуына мүмкіндік береді. Мектептен тыс мекемелердің негізгі міндеттері:

1. Әр оқушының қалыпты дамуына тиімді жағдай жасау;

2. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;

3. Аадамгершілік қасиеттерін дамыту;

4. Ұлттық мәдени дәрежесін көтеру;

5. Өзбетімен білімін көтеруге жағдай жасау;

6. Еңбекке баулу, кәсіби бағдар беру;

7. Балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу.

Балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымдары, мектеп пен жанұямен бірлесіп, саяси-

экономикалық , білім және тәрбие жүйесінде өздерінің орнын тауып, жастардың мүддесіне

Page 110: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

110

және тілегіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер ақыл-ойын, шығармашылығын,

қабілеттерін дамытуға нақты үлес қосулары қажет. Мектепте осы негізде тәрбие жұмысын

жүзеге асыратын диагностикалық талдау жасалынып, жоспар жасалды және оны жүзеге

асыратын тәрбие орталықтары құрылды. Оның ерекшеліктерін 1 - суреттен көре аламыз.

Осы тәрбие орталықтары арқылы тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстардың

ерекшелігіне тоқталайық. Бұл орайда ата-ана комитетінің рөлі ерекше. Мектеп жанына

құрылған ата-ана комиеті бала тәрбиесіне ықпал етуде көптеген игі істердің бастамасы

болуда.

Мектеп, жанұя және қоғамдық ұйымдардың тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінің

әртүрлі әдістері қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады: бірініші әдістерге оқушыларға

ата-аналардың пелагогикалық мәдениетін көру арқылы әсер ету жатса, екіншісіне – тікелей

әсер ету жатады.

ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ

Шенгелбаева Г.С.,

В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Отбасы, қарым - қатынас деген сөздің өзі өте кең ауқымды, жан – жақты қарастырып

зерттеуге болады.Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.

Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді

кажеттіліқтердіқанағат-тандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан

адамдар тобы. Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден

құндылықтар түсіп, бір - бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық

құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба

алмайды.

Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген

ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне

байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасы туралы түсініктерін теледидардан,

ғаламтордан көруге болады. Яғни, жастарға ақыл кеңес беретін үлкендердің аздығы.

Осындай жағдайларда отбасындағы балалардың психикасы мүлдем басқа жаққа бет бұрады,

өзгерістер пайда болады. Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар

некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін

кешіріп, қайта бірге болады. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ,

«Адамның бақыты - балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын

бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де

мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен

қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз

бақытты - тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз

тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні - өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге

келген сәттен бастап ата - ана алдында нәзік те қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет

тұрады.Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз - ата - ана. Бала үшін үй ішінен,

ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Баланы еңбекке баулу отбасындағы тәрбиенің ең дұрысы

деп ойлаймын. Ол – адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген

адамның отбасы берекелі болмайды. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық,

әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер - жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен

дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»

дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен - ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге

көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке - шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді

бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп

жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен

Page 111: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

111

орынды. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді

сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку,

сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата - ананың беделін

түсіреді.

Ата – ана - бала тәрбиесіндегібастытұлға. Сондықтанәке де, шеше де балаларының жан

дүниесіне үңіліп, мінез – құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен

әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе

алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан

қолтимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен

сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл – қыздармен

үйшаруасында жүріп – ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал,

үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің

сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсеретеді. Бала алдында әке – шеше үй ішінің үлкендердің

әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра,

балалардың көзінше арақ ішіп, үсті – үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың

алыстығы жоқ» дейді, ертең – ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Қазіргі таңда

отбасындағы мәселелерге балаларды қатыстырмай шеттететініміз тағы да бар. Меніңше,

балаға да болып жатқан жағдайды жаймен, сабырлықпен түсіндірсек баланың сеніміне

кіруге, оның ойымен санасу, ақыл кеңесу оңайырақ болар ма? Тіпті, Қазақстан

телеарнасында болып жатқан отандық сериалдарды мысалға алсақ, «Анашым, мені тастама»,

«Ғашық жүрек» қазіргі қоғамдағы мәселелерді қозғап, балаланың дамуына кедергілер

соқтырып, психикасын бұзып, басқаша көзқарастар пайда болады. Отбасындағы дау -

жанжалдардан балаға уақыт бөлмей, ата – аналар өздерімен қырық пышақ болып жатқанда

баладан айырылып қалған отбасылар қаншама.Жазушы - педагог Ж.Аймауытов айтқандай:

«Баланы тәр-биелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып

ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез

болсын, іспен көрсету керек».

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына

дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау -

ата - ананың басты пары-зы. «Ертеде бір адам ғұламаға келіп: - Баланы неше жастан бастап

тәрбиелеген дұрыс? – деп сұрапты. Ғұлама: - Балаңыз қаншада? – деп өзіне сұрақ қояды. –

Бес – ақ ай толды, - дейді ол кісі. Сонда ғұлама басын шайқап: - Бес айға кешіккен екенсіз, -

деген екен». Халық арасына кең тараған бұл аңыздың айтпағы баршаға түінікті, яғни баланы

туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек. Бала тәрбиесіне тікелей отбасындағы психологиялық

жағдайлар әсер етеді.Бала әрқашанда өз ата – анасына ұқсағысы келеді. Қарапайым мысалға

жүгінсек, мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тілалғыш, жүрегі таза, сезімі пәк жас

бүлдіршін орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп сала береді? Сондықтан мына

бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті? Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды?

Неге озбырлық жасауға бейім болып алды?- деген сияқты сауалдар алдыңнан кесе -

көлденеңдейді. Әрине, оның себеп-терін жан - жақтан іздеуге болады. Ата - анасын жүрген

ортасын қос-қанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар. Балаға

жүрек жылуы қашан да қажет және ол ешқашан артық болмайды. Ата - анасынан көрмеген

сүйіспеншілікті мұғалімнен көр-ген бала менің ата - анам да осындай болса, деп армандауы

мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл

болып көрінеді. Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата - ананың

қолынан келе бермейді.

Ғұлама Әл - Фараби «Дүниедегі ең оңай нәрсе ақыл айту, ең қиыны өзіңді өзің түсіну»

десе, К. Маркс «Өзіңді өзің тану даналықтың бірінші белгісі» деп ескертеді. Ең бастысы,

баланың жан азығына зәру екенін еш уақытта ұмытуға болмайды. Мемлекетіміз бен

Үкіметіміз өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту мәселесіне шексіз қамқорлық жасап келеді.

Тәрбие жұмысын жүргізу - қиын да күрделі іс.Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы -

егемен еліміздің ертеңгі болашағы. Жас ұрпақтың тәрбиесі – қоғам алдындағы ортақ іс.Әрбір

Page 112: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

112

ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл

азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз

отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт.

Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.

Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие

сенімді және негізді.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі,

тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-

ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Қорыта келгенде, психикалық денсаулығы толыққанды тұлғаны тәрбиелеу үшін

отбасымен ұйымдастырылған жұмыстарды жүргізуде психологиялық мәселелерге ерекше

мән бергені жақсы.

Ата-аналардыңпсихологиялықсауаттылығынкөтеру;

Жасата-аналардытәрбиеніжоспарлы, әріжүйеліұйымдасты-руғаүйрету;

Балаларменқарым-қатынастағыата-аналардың тұлғалық мәселелері мен

ерекшеліктері.

Аталған мәселелерді шешу үшін мектептерде, балалар ұйымдары мен білім беру

мекемелерінде арнайы тренингтер мен семинарлар, ата-аналарға арналған психологиялық

оқулар ұйымдастырып отырған дұрыс. Өйткені, балаларымен дұрыс қарым - қатынас орнату

нәтижелі болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қ.Жарықбаев, Ж.Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.

2. Семья өміріндегі әдеп және психология. – Алматы «Рауан» 1990

3. Интернет беттерінен – Қазіргі отбасының психологиялық мәселелері. http://www.enu.kz

4. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. Республикалық педагогикалық журнал. №2 – 2014ж

ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ – ЕГІЗ ҰҒЫМ

Жиенмурзина Ш.Т., Куспанова Г.Д.,

Ақтөбе қаласы №31 қазақ орта мектебінің мұғалімдері

Қазақ халқы – бала тәрбиесіне ерекше көңіл аударған халық. «Ұяда не көрсең, ұшқанда

соны ілесің» деген мақалдың өзінен қазақтың бала тәрбиесіндегі отбасы ролін қаншалықты

бағалағанын көре аламыз. Ал қазіргі таңда бала тәрбиесіне байланысты көптеген мәселелер

қозғалып жүр. Көбіне бала тәрбиесіне байланысты мектептен мол жауапкершілікті талап

етеді. Мектептің бала тәрбиесіндегі рөлін, әрине, жоққа шығармаймыз. Өйткені тәрбие жоқ

жерде білім жоқ, білім болмаса, тәрбие толық болмайды. Білім дегенде жаттанды оқып-білу

емес, оқи отырып, адами құндылықтарды бойын сіңіріп, сақтау деп білеміз. Сондықтан

білім беру мекемелері мен педагогтар алдына жалпы адамзаттың құндылықтары мен ұлттық

рухани мұраларды игерген, білімділігі мен қабілет-қарымы арқылы әлемдік кеңістіктен өзіне

тиесілі орын алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өз жолдауындағы «Ұлттың бәсекелестік қабілеті

бірінші кезекте оның білімділік, тәрбиелік деңгейімен анықталады» деген сөзі – білім

берудің ұлттық моделіне көшкен білім беру мекемелерінің ,әрбір педагогтың мақсат-

мұратына, жол басшысына айналауы. ҚР-ның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін

педагогтар қауымы өз бойындағы күш-жігерін оқушыларға сапалы білім, үлгілі тәрбие

беруде аямайды деп сенеміз. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-

аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені анық. Мұғалім мен ата-

ананың қарым-қатынасында негізгі рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның

негізгі мамандығы. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына,

оқудағы табыстары мен көзқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады. Әрбір жағдайдан

Page 113: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

113

шығудың, оны түзетудің жолдарын табуы қажет. Мектебімізде ата-аналар ортасындағы

арақатынасты одан әрі нығайтуға негіз боларлықтай тартымды да қызықты іс-шаралар

өткізіп отырамыз. Отырыстар мен тренингтер ата-аналармен мектеп арасындағы

алшақтықты жақындатар ең төте жол боларын нық сеніммен айта аламыз.Тәрбие

сағаттарында, аналар жиналыстарында ұсыныстар мен кеңестер, сауалнамалар, ойындар,

пікір-таластар, ойашар сұрақтары, тренингтер т.б. жұмыстар жүргізіп отырамыз. Сондай

жұмыстардың бірі - ата-аналармен өткізілген «Ата-ананың міндеті не?» тақырыбындағы

коучинг. Оның мақсаты – ата-ананың балаларының тәрбиесіндегі рөлін, міндетін сезіндіру

болды. Коучинг сәлемдесу, жанындағы ата-ананы жұпта таныстыру арқылы басталды.

Топқа әндер арқылы бөлінді. Одан кейін ата-аналардың ойын шақыру мақсатында «Көбелек»

бейнебаяны көрсетіліп, талданып, ««Ата-ана міндеті» не деп ойлайсыздар?» деген сұраққа

үш топ өзара ойласып, ойларын постер арқылы қорғады. «Әке мен бала» бейнебаяны

бойынша бірінші топ ана көзімен, екінші топ бала көзімен, үшінші сарапшылартобы өз

ойларын ортаға ортаға салды.Әрі қарай мына аңыз бойынша жұмыс жасалды:

Бір ананың жалғыз ұлы бар еді. Ол жалғыз перзентінің бақыты үшін күні-түні жолына

бәйек болып, оның бір рет те қабақ шытып мұңаймауы үшін оған қарсы даусын тіпті сәл-пәл

көтеріліп те сөйлемейтін еді. Өсиет айтса да, бір нәрсеге жұмсаса да «Қарағым», «Шырағым»

дегеннен басқа қатты сөзі жоқ еді. Ол балам білім-тәлім алып, қатарларының алды болсын

деген мақсатпен бар тапқанын сатып, қаражат қылып оны бөтен елге оқуға жібереді.(Бала

қандай болып өседі деп ойлайсыздар)

Баласы жеті жыл оқып келеді. Анасы баяғысынша оның ішіп-жеуіне, киіміне

жұмсайды. Бірақ баласына оның еш әрекеті ұнамайды. Анасы алдына тамақ қойған сайын

«Олай емес, бұлай немесе бұлай емес, олай» деп жанжал шығарады. Тігіп берген киімдерін

жаратпай, анасын азаптайды. Анасы бір нәрсе десе жұдырық көрсететін әдет шығарады.

(Бұдан әрі не болуы мүмкін?)

Бұған әрі-бері шыдап баққан ана бір күні оны қасына отырғызып, өсиет айтпақшы

болған екен. (Не айтуы мүмкін?)

«Мен сенен емес, сен менен өсиет тыңдауың керек»,- деп анасын түйіп-түйіп үйінен

шығып кетеді. (Бұдан әрі не болуы мүмкін?)

Содан ол ауыл маңындағы тоғайдың арасына кіріп, бір түп тораңғының астына барып

жатқан кезде әлде-қайдан жалғыз бөлтірігін ертіп келе жатқан қорқауды көзі шалады да,

еріккенен оның қылықтарын тамашалай бастайды.Қорқау бір түп жыңғылдың тасасына

тоқтап, бұтақта қонып отырған аңқау шымшықты қағып ұстап алады да, жүнін жұлып-

жұлып бөлтірігіне береді. Өзі аш қалған ене қорқау тек мұрнын жалап, бөлтірігінің

тойғанына мәз-мейрам болып, күн көзіне жатады. Бөлтірік тойып алған соң күн көзінне

секіріп ойнап, енесін тістелей бастайды.(Бұдан кейін не болуы мүмкін?)

Жігіттің бөлтірікке ызасы келеді: «Кішкентай шымшықты өзінің тамағынан жырып

тойдырған анасын неге талайды, оңбаған!» деп оны ұрмақ болып орнынан тұрған кезде

қолына құмыра ұстаған өз анасына көзі түседі.(Бала не істеуі мүмкін ?)

Анасы жалғыз перзентінің ашумен тамақ ішпей шығып кетіп, аш қалатынына дәті

шыдамай соңынан тамақ әкеле жатыр екен.(Не болуы мүмкін?)

Баласы қатесін енді түсініп, тезірек кешірім сұрау үшін асығып алдынан жүгіреді.(Не

болуы мүмкін?)

Анасы баламның ашуы әлі тарқамаған екен және ұрмақшы екен деп түсініп, артына

жалтақ-жалтақ қарап қарап ( бұдан әрі қарай не болуы мүмкін?)

Бара жатқанда абайсызда ескі құдыққа құлап өледі...

Ана барлық жағдайда да ана. Перзент өзінің перзент екенін ұмытпауға тиіс. Әрбір

азамат халқы жөнінде де осылай ойлауға тиіс.

Сен сенсің, халқың – халық!

Ата-аналар қызығушылық танытып, ойларын ортаға салды. «Қате кімнен кетті?» деген

сұрақ талданып болған соң, 1-топ аналарына, 2-3 балаларына хат жазды. Алдын ала

дайындалған оқушылардың хатын оқылып, ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сауалнама

Page 114: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

114

алынып, «Қызыл өрік» аяқталды. Коучинг барысында байқағаным: біріншіден, ата-аналар

бала тәрбиесіндегі өздерінің ролін анық біледі; екіншіден, бала тәрбиесіндегі мектеп беретін

тәрбие мен білімді де жоққа шығармайды; үшіншіден, өз балаларының болашағы үшін

жауапкершілігін сезінуі.

Қорытындылай келе, «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман»

деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай, білімге басты назар аударылып отырғанмен, адам өмірінде

тәрбиенің алатын орны да ерекше.Отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын

табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жиғанша, негізінен әке мен

ананың тәрбиесінде болады. Сонымен қатар мектеп пен ата-ана әрбір балаға түбегейлі

біліммен мәдениеттің негіздерін бойына сіңіретін және олардың жан – жақты дамуына

жағдай жасайтын басты тетік болып табылады. Ата-аналар мектеппен тығыз байланыста

болғанда ғана баланы оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері және түрлері ата-аналармен

мұғалімдерге пайдалы болады және тәрбие мен білімді қатар ұстағанда ғана табысты

нәтижеге қол жеткізе аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.А.Қ.Әлімов. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану: Оқу құралы. – Алматы, 2015. –

180 бет.

2. Ғ.С.Тәжібаева, Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы Алматы «Білім»

баспасы. 2008 жыл.

3. Ісламия Халитова, Әлеуметтік педагогика. Алматы «Білім» баспасы. 2008 жыл.

4. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №10 [49,50,] 2013 жыл.

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӘРБИЕДЕГІ КӨРІНІСІ

Бисенгалиева А.Ш.,

№51 гимназияның бастауыш класс мұғалімі

Балаларды адамгершілік тұрғыдан дамытушы күрделі әрі тұтас жүйе – отбасы

болып табылады. Отбасы азаматтық мінез-құлықтың негізін қалыптастырып, жастарға

өзінің мәдени және әлеуметтік тәжірибесін сіңіреді. Жастар үшін отбасы әке мен анаға,

олардың түсінігі мен қолдауына, өз «Менін» жүзеге асыруға және тағы басқа әлеуметтік

және психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін таптырмас орын. Осы

көзқарас тұрғысынан алар болсақ, отбасы – маңызды құндылық. Сондай-ақ, қоғамда

болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер ең алдымен отбасыға ықпал

етеді.

Елбасы: «Өз тілін, тарихын, мәдениеті мен дәстүрін қадірлей білген ұлт қана

толыққанды болып табылады. Біздің қоғамда дәстүрді сақтаудың маңызды институты –

Отбасы. Мемлекет пен қоғамның өмір сүруі тұтастығына тәуелді. Біз мемлекетімізді

нығайтудың маңызды факторы ретінде қоғамдағы дәстүрлі отбасылық құндылықтарды

нығайтуға тырысамыз».

Сондықтан қоғамның рухани-адамгершілік жағдайы – бүгін біздің мемлекетіміздің ең

маңызды проблемаларының бірі. Маңызды міндет – ол тартымды отбасы үлгісін

қалыптастыруға жағдай жасау болып табылады. Барлығы әрбір адамның құндылықты

ұстанымдарына байланысты. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымы қанша

ауысқанымен, отбасы оның негізі болып қала береді.

Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас

болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да әлеуметтік

құбылыс бола отырып, ол адамзат өмір сүру жағдайына қарай құрылып, оның дәстүрлері мен

әдеттері ғасыр өткен сайын жаңа сипатта көрініс береді. Отбасын әлеуметтану ғылымында

былай деп көрсетеді «отбасы дегеніміз –тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның

жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар

Page 115: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

115

жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір

экономикалық қызметті іске асыру». Яғни, адамзат отбасын құра отырып, сол шағын

мемлекетке әлеуметтенеді, отбасылық құндылықтар қалыптастырады және әдет-ғұрып

дәстүрлерін дамытады. Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол -

отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын

әлеуметтік топ.

Ең алдымен біз жастар тәрбиесіндегі отбасының рөлін айқындап алайық. Әдебиеттерде

көрсеткендей, “Отбасы – жанұя, үй деген сөздің синонимі”, яғни бір оттың (ошақтың)

басында өмір сүріп жатқан қандас адамдар жиынтығы. Бір оттың басында өмір сүруге

дайындық физиологиялық және психологиялық тұрғыдан негіздеуді қажет ететіндігі сөзсіз.

Ер адам мен әйел адамның сезімдерінен туындаған шешім мен жауапкершілікті ұғыну

негізінде отбасылық өмір бастала отырып, ұрпақ жалғастыру процесі жүзеге асады.

Кейбір ғылыми зерттеулерде, отбасыға мынадай анықтама берілген: қазіргі заманғы

отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ,

отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының негізгі

функцияларының қатарына мыналар кіреді: өмірге бала әкелу, оны тәрбиелеп, өсіру, басқа

ішкі және сыртқы (әлеуметтік, экономикалық) мұқтаждықтарын өтеу.

Отбасы қоғамдағы әлеуметтік мәнді тәжірибелерді жинақтау арқылы дамудың белгілі

бір сатысынан өтеді. Осы сатыдан өту барысында, отбасы шағын мемлекет ретінде

адамзаттың рухани қазынасы болып табылатын қасиеттерді, яғни, үлкенді сыйлауға,

еңбексүйгіштік пен адамгершілікке, имандылық пен парасаттылыққа тәрбиелей отырып,

оның негізінде ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді қалыптастырады. Отбасы кешенді

әлеуметтік институт ретінде адамды тек тәрбиелеуге ғана емес, сонымен қатар білім алуда,

мамандық таңдауда, өмірлік ұстанымды табуда бағыт-бағдар береді және көмектеседі.

Осыған орай, отбасы қоғам мен мемлекет тарапынан көптеген ақпарат легін алады да, сол

ақпаратты игеру арқылы отбасында адам өмірінің негізгі процестері қалыптасады.

Қазақстандағы отбасы және мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерге

тән жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму

кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады. Осыған байланысты, көптеген

отбасыдағы проблемалар бүгін ғана туындап отырған жоқ, толымсыз отбасы, ажырасу, ерлі-

зайыптылар жанжалы, сондай-ақ, жалғызбастылар проблемасы бұрын да болған, бірақ, оған

жете мән берілмеген. Оған қоса, адамның өзінің жеке өміріне, некеге, сүйіспеншілікті

мүдделерінің қанағаттандырылуына, рухани жақындыққа деген талабы да арта түскен.

Некелік-отбасылық қатынас бүгінгі таңдағы аса маңызды қоғамдық-саяси мәселенің бірі.

Отбасы – халықтың өсіп-өркендеуінде, өсіп келе жатқан ұрпақтар тәрбиесінде, ата-

бабаларымыз мұра еткен саяси-әлеуметтік тәрбие мен мәдени құндылықтарды жеткізуде өте

маңызды роль атқратын қоғамның құрамдас бір бөлігі. Отбасының тіршілік әрекеті

экономикада, саясатта және мәдениетте жүретін процестермен байланысып, саяси-

әлеуметтік шынайлықпен астарласып жатыр.

Отбасы — адамның жаны тыныштық тауып, рахатқа бөленетiн, бойға қуат, ойға шуақ

алатын құтты мекенi. Ол имандылықтың ұясы, өзара келiсiм мен сүйiспеншiлiктiң

тұрағы. Отбасы — үлкен тәрбие мектебi. Балалар үшiн ғана емес, үлкендер үшiн де.

Әркiмнiң отбасы осындай болғанда ғана ол шын мәнiнде бақытты болмақ. Тек бақытты

адамдар ғана ұлы iстердi, қайырлы iстердi атқара алмақ. Мұның бәрiн дана халқымыз «Отан

отбасыдан басталады» деп бiрауыз сөзбен түйген.

Елбасы жарлығымен 2013 жылдың қыркүйек айының екiншi жексенбiсi Отбасы күнi

мерекесi ретiнде белгiленiп отыр. Орынды, әрине. Отбасылық құндылықтар дәрiптелмек.

Оның әлеуметтiк институт ретiнде нығаюына ықпал ететiн iс-шаралар атқарылмақ. Бүгiнгi

қазақ қоғамы осындай мерекеге, тап осындай насихатқа сусап отыр. Өз үйiне тек

тамақтанып, түнеп шығатын, жуынып-шайынатын, шаршаса тынығатын әрi кетсе

компьютерден ғаламтор қарап, теледидар тамашалайтын орын деп қана қарайтын адамдар

көбейiп барады. Отбасы күнi дегендi естiп, бәлкiм, ойланар. Оннан бiрiнiң санасына сәуле

Page 116: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

116

түсiп, әр отбасының киесi барын, оны қадiрлеу, сүю керектiгiн, қуанышына ортақтасып,

ауыртпалығын көтеру қажет екенiн ұғынса, қане?!

Бүгiнде қазақ отбасы қандай? Оның басты құндылықтары қайсы? Жақында Англиядағы

тәуелсiз әлеуметтiк зерттеу орталықтарының бiрi «Отбасы берiк әрi бақытты болуы үшiн ең

алдымен не керек?» деген сауалнама өткiзiптi. Оған Ұлыбритания, Франция, Германия,

Испания, Италия елдерiнен 10 мыңдай ерлi-зайыпты қатысқан. Респонденттердiң 34

пайызы отбасылық бақыт үшiн ең алдымен, тұрақты әрi қомақты табыс керек деп есептесе,

29 пайызы жұбының көрiктi болуын немесе өзара сүйiспеншiлiктi, ал 27

пайызы түсiнiстiктi некенiң баянды болуының басты кепiлi деп көрсеткен. Сұралғандардың

4,6 пайызы толық бақытты болу үшiн ерлi-зайыптылардың ең болмағанда бiреуi танымал,

дәулеттi немесе лауазымы жоғары болуы керек деп ойласа, тек 3,9 пайызы ғана «отбасы

балалармен бақытты» деп есептейдi. Сауалнамаға қатысушылардың қалған 1,5 пайызы

«қызығушылықтардың немесе кәсiптiң ортақ болуы», «бала кезден бiрге өсу» деген секiлдi

жауаптар берген.

Бұл көрсеткiштер еуропалықтардың рухани тұрғыдан қаншалықты құлдырағанын

көрсететiндей. Әрине, қазақ отбасының сипаты өзгешелеу. Бiзде әлi де мейiрiм мен

тәрбиелiлiк басым. Алайда, өкiнiшке қарай, бүгiнгi қазақ қоғамында да отбасылық

құндылықтарға жеңiл қарау, материалдық игiлiктi бiрiншi орынға шығару секiлдi жағымсыз

тенденция байқалады. Көп жiгiттер үйленудi оқу, жұмысқа орналасу, үй салу секiлдi көп

қажеттiлiктiң бiрi ретiнде бағалайды. Жарайды, үйлендi-ақ делiк. Бiрақ отбасылық өмiр

даңғыл жол емес. Оның өзiне ғана тән қалтарыс-бұлтарысы көп. Әрi қажеттiлiк деп алған

жары жансыз зат емес, оның да мiнезi, жандүниесi, өз көзқарастары мен дүниетанымы бар.

Содан қиындықтар, түсiнбеушiлiктер туындайды. Есi барлары кеш те болса ойланып,

ортадағы балалардың обалын, некенiң қадiрiн сезiнiп, қалай да отбасын сақтап қалудың

жағына шығады. Ал қалғандары барлық қиындықтардан құтылудың жалғыз жолы ажырасу

деп шешедi.

Осылайша, 2010 жылы елiмiзде 146 мың 443 неке тiркелсе, 41 мың 617 жұп ажырасқан,

2011 жылы 160 мың 494 жұп заңды некеге тұрса, 44 мың 862 отбасы бұзылған.

Қазақ отбасы сипатының өзгеруiне, құндылықтарымыздың алмасуына нарықтық

қатынасқа көшкен тұстағы әлеуметтiк қиындықтар да әсерiн тигiзбей қалмады. Онсыз да

жаны жүдеу, рухы пәс азаматтар жұмыссыздық пен кедейлiкке төтеп бере алмады. Осы тұста

әйелдер отбасының асыраушысына айналды. Сөйтiп, үйдегi «билiктiң алмасуы» талай

ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен ережелердiң тас-талқанын шығарды.

Отбасының әлеуметтiк институт ретiндегi рөлiнiң төмендеуi қоғамда түрлi жағымсыз

құбылыстардың туындауына себеп болды. Ең бастысы, бұл жәйттер демографияға керi әсер

еттi. Елімізде халық саны 17 миллионнан асса, отбасылардың шынайы саны 4 миллионнан

артық. Отбасылардың 70 пайызға жуығының құрамында 3-тен 5-ке дейін адам бар. Жалпы

халық санының 30 пайызын балалар құрайды.

Бұрынырақта қазақтың отбасында 2-3 келiнге дейiн еншi алыспай бiрге тұрған. Ата-

әже, бала мен келiн және немере деген үш ұрпақтың өкiлдерi 10-15 адамға дейiн бiр

шаңырақтың астында ғұмыр кешкен. Қазiр еншi алыспай бiрге тұратындар сирек. Оның

үстiне қазiр көптеген отбасыларда бала саны 2-3-тен аспайтыны белгiлi. Отбасы көп, бiрақ

ондағы адам саны аз. Орташа әр отбасында 4, 3 адамнан өмiр сүруде. Мұны қалыпты жағдай

деп қабылдайтын болғанымыздан шығар, қазiр адамдар көп балалы отбасы десе, мүсiркей

қарайтынды шығарды. Шын мәнiнде, қиындықтары бар болғанымен үлкен отбасы дегенiңiз

— үлкен бақыт, мол шаттық.

Ата-ана тәрбиесі негізінде отбасында тұлғаның адами сапалары қалыптасады. Бұл

адами сапаларға адамгершілік, қайғыра білу, сөйлеу мәдениеті, зейінділік, мақсаттылық,

инабаттылық, ізгілік және т.б. қасиеттер кіреді. Керісінше, ата-ана стиліне қарай, отбасылық

қарым-қатынасқа байланысты өзімшілдік, қаталдық, үлкенге деген дөрекілік, қоршаған

ортаға салғырттық, жауапсыздық және аяусыздық сияқты жаман қылықтар да дамитыны

сөзсіз. Осы орайда, ұрпағының тұлғалық сапаларын қалыптастыру мақсатында ата-аналар әр

Page 117: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

117

жағдайда отбасылық салт-дәстүрді ұстанып, өз ата-анасына құрметпен қарап, баласына үлгі

боларлық тәрбиеші болып, шыншылдық, адалдығын көрсетіп, оны жетілдіруі керек.

Жалпы тәрбиеде психологтар жасөспірімдер әлемінде агрессия мен суицидтің етек

алып бара жатқанын байқайды. Бұл жастардың әлемді, өмірді өз бетінше қабылдауынан.

Жаңа ұрпақтың деңгейіне жету үшін балалар мен ересектерді жаңаша тәрбиелеу керек. Қазір

еркектер үйленгісі келмейді, ал қыздар тұрмысқа шығып, бала тууға құлшынбайды. Бұл –

жеке адамдардың ғана емес, қоғамның проблемасы. Демек, отбасылық құндылықтарды

үйдегі ата-анамен бірге ұстаздар қауымы да мектеп қабырғасында да насихаттағаны абзал.

ӘР БАЛА ТЕК ӨЗ ОТБАСЫМЕН БАҚЫТТЫ

Елеусінова Ш.А.,

№36 қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі

Бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде

мектеп , ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен

ата –ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп , болашағына үнемі

алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі .

«Отан отбасынан басталады» демекші , ата –аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ

тәрбиелеп , оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата –

аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз.

Адамгершілік –адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу

дегеніміз- адамгершіліктің асқар шыңы . Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік

қасиеттерімен ардақталады. Адамгершілік негізі – имнадылық пен ізеттілікте . Ол әрбір

отбасынан басталады . Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке ,

ізеттілікке ,инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Ер балаларға үлкендерге

қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап жол беруді, жасы үлкендердің алдын

кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық , кішіпейілділік қағидаларын үнемі

сіңірумен болған. Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие .

Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Жас шыбық қалай иілгіш болса, жас адам

да сондай жақсыға да , жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата –ананың үйдегі іс –

әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала

тәрбиесіне ықпалы зор. Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам

мүддесіне сай, оның мұң –мұқтажын өтерлік, елін, жерін , халқын көзінің қарашығындай

қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді.

Бүгінгі ұрпақ –еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз –қазіргі қоғам

мұратына сай жан –жақты жарасымды тұлға өсіру

Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін, өсімдіктің күн

сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады. Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне

қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет .

Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі,

яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өсіреді. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала

кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен

жаманды ажырата білуі өзін қошаған ортасына , мұғаліміне, ата –анасына, құрбы –

құрдастарына, олардың іс –әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты.

Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата –

бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың

әдепті болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге –өсиетін сабақта ұтымды пайдалана

білуімізге де байланысты деп ойлаймын.

Page 118: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

118

Әке –шешесі жақсы болса, балалары да жақсы тәрбие алып өседі. Бұл сөздерді біз өте

жиі естісек те, соншалықты жиі «жақсы әке –шеше» деген сөз қандай мағына беретінін

түсіндіре алмаймыз. Әке –шеше болатын адамдар жақсы ата – ана болу үшін арнайы

әдебиеттерді оқу немесе тәрбиенің ерекше тәсілдерін үйрену керек деп ойлайды . Әрине

педагогикалық және психологиялық білім керек, бірақ бұл әдетте жеткіліксіз болып

табылады . Адамның қандай да бір іс –әрекетін бағалағанда көбінесе біз белгілі бір нормалар

мен идеалдарға сүйенеміз, тәрбие іс –әрекетінде мұндай нормалар жоқ. .. Әйел болуды, күйеу

болуды үйренген тәрізді немесе қандай да бір жұмыста шеберлікке үйренген тәрізді әке –

шеше болуды да үйренеміз. Жақсы әке –шеше болуда қандай да бір әрекет түрінде

қателіктер, сенімсіздіктер, сәтсіздіктер, жеңілістер сонымен қатар жеңістер де болуы мүмкін.

Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады. Және де біздің жүріс –тұрысымыз,

тіпті біздің балаға деген сеніміміздің өзі де күрделі, бірқалыпсыз, кейде қарама –

қайшылықта болып келеді. Балалар бір –біріне қаншалықты ұқсамайтын болса , әке мен

шеше де бір –біріне соншалқыты ұқсас емес. Баламен қарым –қатынас та терең

индивидуалды және бір –біріне ұқсамайтын болып келеді. Әке-шешенің көбісі балаға жақсы

көретініңді білдіртпеу керек деп ойлайды . Олардың ойынша баланы тым жақсы көру

олардың ерке болуына, өзімшіл болуына әкеп соғады деп ойлайды . Бұл ойды жоққа шығару

керек. Осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер керісінше, осы балаға деген махабаттың

жетіспеушілігінен пайда болады . Баламен үнемі терең психологиялық байланыс орнату –

тәрбиенің әмбебап шарты болып табылады. Бұндай байланыс балаға қай жаста болса да

керек. Ата –анасымен байланысты білу, сезіну –балаға әке –шеше махаббатын,

қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді. Осыған баланы сендіру керек. Тәрбие диалогын

қалай құру керек. Оның психологиялық сипаты қандай болу керек. Ондағы басты мақсат –

ортақ мақсатқа бірге талпыну, әр түрлі ситуацияларда әке –шеше мен баланың біржақты

бағыт ұстануы болып табылады. Бұл көзқарастар мен бағалаудың міндетті түрде бірдей

болуы керек деген сөз емес. Көбінесе әке –шеше мен баланың көзқарастары сәйкес келе

бермейді. Дегенмен мәселелерді шешуде екі жақ бір бағытты ұстанатын бала әрқашан білуі,

түсінуі керек.

Бала әке –шешенің тәрбиелеу объектісі емес, ортақ отбасылық өмірдің одақтасы болу

керек. Сондықтан отбасылық өмірге, мақсаттар мен жоспарларға ортақтас болғанда ғана

біржақты тәрбие жойылып, маңызды диалог құрыла бастайды.

Диалогтық тәрбиелік қарым –қатынастың ең басты сипаты –бала мен ересектің

позицияларын тең деңгейде қоюы болып табылады .

Тәрбие диалогтан басқа өте бір маңызды ереже бар. Әке –шеше мен бала қатынасының

бұл жағы психологиялық тілде –баланы қабылдау деп аталады. Қабылдау сөзінің мағынасы

–баланың индивидуалды болуына, басқаға және әке-шешесіне ұқсамайтын болуына деген

құқығын қабылдау. Баланы қабылдау – баланың өзіне сай ерекшеліктерін, тұлғалық

қасиеттерінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын бірдей қабылдай білу. Ең алдымен әке –

шешенің баламен қарым –қатынасын бағалауына назар аудару керек. Оның мінезінің

ерекшеліктері мен тұлғалық қасиетіне жағымсыз баға беруден міндетті түрде бас тарту

керек. Өкінішке орай көптеген әке–шешелерде «Өй, миғұла қолыңнан түк келмейді, басқа

балаларға қарашы қандай, а!», «Неге ғана сені өмірге әкелдім екен?» сияқты сөздер әдетке

айналып кетті.

Отбасында баланың жан-жақты өсіп дамуы үшін қажетті жағдай - еңбек. Бала еңбегінің

негізгі түрі - оқу. Баланың жақсы оқып, табиғат пен қоғам өміріндегі заңды құбылыстарды

жан-жақты түснуі - оның болашағына жол ашады. Көп балалы отбасыларында баланы

тәрбиелеу үрдісі анағұрлым жеңіл әрі нәтижелі болмақ. Себебі онда балаларды болашақ

өмірдің қиындықтарына дайындау қызметі жақсы атқарылады. Балалар бақшасында,

мектепте көп баланың ішінен мұндай отбасынан шыққан сәбиді не жасөспірімді ешбір

қиындықсыз оңай ажыратуға болады. Бұл балалар биязы, пысық, іске икемді, өз бетімен

жұмыс істей алатын, көбінесе оларда жүрек жылылығы, басқаға деген қамқорлық басым,

Page 119: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

119

менмендік, өзімшілдік аз. Олардың сабақ үлгерімі де отбасындағы жалғыз балалар

үлгерімінен аз да болса ерекшеленіп тұрады.

Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесін қорытындылай келе, көп балалы қазақ

отбасыларында тәрбиелеудің жеңілдігі мынадай төрт бағытта жүзеге асырылады деп

тұжырым жасауға болады:

1. Балаларды отбасында ерте кезден үлкенді сыйлауға үйретеді. Олар әртүрлі жолмен

жүзеге асырылады. Ең бірінші жолы - ата-аналардың өз өнегелері. Содан соң отбасылық

салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, әр түрлі нанымдар мен тыйымдар және т.б;

2. Отбасындағы балаларға жүйелі түрде өз бауырларына қамқоршы да көмекші болу

керектігін, олардың болашағына жауапкершілікпен қарауды түсіндіріп, сендіріп

отырады;

3. Балаларды өз бетінше еңбектенуге, қоршаған ортаға, адамдарға үнемі көмектесуғе дайын

болуға тәрбиелеп, адамдық қасиеттер негізін қалайды;

4. Жастайынан өнерге баулып, шығармашылық қабілеттілігін (сөз шешендігі, қарым-

қатынас мәдениеті, күй, ән т.б.) қалыптастырады.

Кейбір отбасыларында тәрбиелік маңызы бар өзінше қалыптасқан дәстүрді байқауға

болады. Осы дәстүр отбасындағы күнделікті еңбек әрекетін жолға салып, тәлім-тәрбие

жұмысын жоғарылатып, жақсы сапаға жеткізеді. Баланы жан-жақты дамытып, ынталы,

жігерлі болуын жетілдіру мақсатында жүргізілетін жұмыстарда, әсіресе, отбасының рөлі зор.

Қорытындылай келе , тәрбиедегі ең басты ережелер – балаға керекті кезде назар аудара

білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін

түсіне білу болып табылады дегім келеді. Сонымен жаңа ғасырда, қоғам мүддесіне сай

лайықты жан –жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру

отбасының, балабақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.

ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДА МЕКТЕПТІҢ АТА-АНАЛАРМЕН

БІРЛЕСЕ ЖҮРГІЗЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

Нургалиева Ж.Д.

Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталық директорының орынбасары

“ХХІ ғасырда әрбір отбасы тату, білімді әрі өнерлі болуы тиіс”

Н.Назарбаев

Дегенменен де, өз баяндамамды И.Павловтың «Әрбір баланың мінез –құлқы ата-

анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады» деген сөзін ұстанып

бастағым келеді. Ұлы ғұлама, филосов А.Құнанбаевтың өзі “Бала тәрбиесі басты байлығың,

Кешіксең көретінің қайғы -мұң” деді емес пе?, халқымыздың сан ғасырдан бергі

даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір

бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен

келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреуге бақытбайлықта, біреуге даңқ пен атақта, мансап

пен қызметте. Дұрыс түсінген адамға нағыз бақыт — тәрбиелі ұрпағында! «Адам ұрпағымен

мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Әр ұрпақ жалғасы шырылдап дүниеге

келгеннен ата-ана алдында үлкен қоғамдық міндет тұр.Ол, әрине — бала тәрбиесі.

Сондықтан да бала тәрбиесіндегі ең алғашқы ұстазы — ата-анасы. Бала үшін ата-анадан, ата-

әжеден, ағасы мен әпкесінен артық тәрбиеші жоқ. Жанұядағы тәрбие балаға өзінен

үлкендердің үлгісімен сіңетін үлкен тәрбие. Ал, мектеп – баланың екінші үйі, олай болса,

осы үйдегі ұстаз- ұрпақ тәрбиелеудегі саналы, білімді, парасатты, патриотты, қайырымды,

адамгершіл, ұлағатты даңғыл жолды сілтеуші көшбасшысы! Үлкеннің бала басынан

сипап,маңдайынан сүйіп иіскеуі,арқасынан қағуы,құшағына тартып, тербетуі,бәрі-бәрі

балаға оң әсерін тигізеді.Бұның астарында сөзбен жеткізуге келмейтін ата-ана мен бала,

мұғалім мен бала, үлкен мен бала арасындағы небір ілтипат сезімдер бар.Ұл тәрбиелей

Page 120: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

120

отырып,жер иесін тәрбиелейміз,Қыз тәрбиелей отырып,ұлтты тәрбиелейміз.Баланың жақсы

ісін мадақтап, терісін оң түзеп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген

тапсырмасын орындауға құлшыныс білдіріп тұратыны анық. Орынсыз ұрысу, зеку,

сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін

түсіреді.

Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті де жоқ сияқты. Ұл-қыздармен үй

шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге болары анық.

«Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетсе, қыз өсіп бой жетеді

емес пе... Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты айналасындағы, үйдегі, мектептегі,

баарлық үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен

формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке,

кішіпейілділікке, батылдыққа тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін

жұмысты баламен бірге ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу барысында іске асады.

Әр баланың жеке басы - оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау - бүгінгі күннің

және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.

Адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген

жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдап отыруы

керек.Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек етуі, өзара көмек, сондай-ақ

қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формаларықоғамымыздың қоғамдыққұндылықтарын

құрады.

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына

дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарынын дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау,

қоғамға пайдалы азамат шығару - Сіз бен Біздің басты парызымыз. Ендеше бала тәрбиесінде

ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ екендігін

ескерте келе, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Ақтөбе қаласында

балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын және демалысын тиімді пайдалануына мүмкіндік

беретін қосымша білім беру Орталықтарына тоқталғым келеді.

Қосымша білім берудің мән – мағынасының артуы оның балалар мен жасөспірімдердің

қолы бос жағдайында еріктілік негізде шығармашылық және танымдық мотивациясын

дамыту дербес талаптарын қанағаттандыру, өз еркіне сай мақсатты айналысуына әсіресе

кәсіп таңдауына жәрдемдесу, сөйтіп өмірге бейімдеу, салауатты өмір салтына тарту, сайып

келгенде бос уақытты мазмұнды өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдай жасауында.

Қаладағы мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыстанатын қосымша білім беру

ұйымдарының саны – 15 (қамтылған бала саны - 13834 ). Ақтөбе қаласында 2- аула клубы, 2- станция, 2- орталық, 3- музыкалық мектеп, 1- өнер

мектебі, 1-көркемсурет лицейі, 1- ұшқыштар мектебі және 2 - шығармашылық үйі мен 1-

оқушылар сарайы жұмыс жасайды.

Жас шыбықты қалай исең, солай өседі. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы

ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз.

Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР ҮШІН ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ

Түменбаев Ш.Б., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институтының баспа қызметі және қоғамдық ортамен байланыс

бөлімінің жетекші маманы

Балалар үйі - өзіне тән жұмыс тәртібі бар, өте ерекше таңғажайып балалар әлемі.

Балалар үйінің жұмысының басқа да білім мекемелерінен – балабақша мен мектептен

Page 121: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

121

айырмашылығы мүлдем басқа. Балалар үйіндегі басты міндеттер — балалардың жағдайын

ата-анасы ретінде жасау арқылы жанұялық жылу беру және оларды қоғамда өз ісіне жауап

бере алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Қазіргі таңда балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге отбасылық ортаға биімдеу

мәселесі маңызды болып табылады. Балалар үйіндегі тәрбиеленушінің тұлғалық бағдары –

басқалардан ерекшелендіретін прогрессивті құбылыс. Отбасылық тәрбие принциптерін,

адамгершілігін дамытатын білімдік процесті ұйымдастырудың алғашқы қадамы. Әрбір

балаға индивидуалды тәртіп, әрбір баланың тұлғалық даму әдістемесі анықталатын дамудың

индивидуалды маршруттары, баланы маңызды түрлі қызметтерге араластыру, индивидуалды

сауықтыру шаралары, өз ойын білдіруге жағдай жасау, топқа бөлу кезінде психиологиялық

сәйкестікті ескеру – осылардың бәрі микрсоциумның білімдік кеңістігі гуманизациясын

сипаттайтын жағдайлар мен амалдардың негізгі тізімі.

Осы принциптерді ұстана отырып балалар үйі - мектеп жасына дейінгі және мектеп

жасындағы балаларды қоғам талабына сай тәрбиеленуін жүзеге асыратын ұйым, ол

демократиялық қоғамның тұлғаларын даярлап тәрбиеленушілерге отбасылық құндылықтар

мен рухани тәрибе беріп сонымен қатар балалардың тәртібі, оқуы, тазалығы, бос

уақыттарын тиімді өткізуі, түзету жұмыстары т.б. Балалар өмірі мен денсаулығын қорғаудан

басқа балалардың рухани жанын кеңейту және мамандық таңдауларына көмектесу маңызды

орын алады.

Балалар үйінде отбасылық тәрбие беру мен отбасындағы тәрибенің арасына үлкен

айырмашылық бар. Балалар үйінде отбасылық тәрбиенің 60% бере алады. Себебі бұл жерде

балаларға күнделікті тәрбие сабақ түрінде жаттанды болып беріледі. Бала бұндай жағдайда

берілген тәрбиені естіп, тыңдап көргенімен іс жүзінде бала кері жасауы мүмкін.

Кішкентайынан келе жатқан тәрбиеленуші мен 12-13 жастан жоғары балалар үйіне енді

орналасқан баланың тәрбиесін бірдей деп айтуға болмайды. Тәрбиеші жаңадан келген бала

және бұрыннан тәрбиеленіп келе жатқан балаға бірдей қарамауы керек. Кейбір балалар

келеген кезде үйренісуі ұзаққа созылып жатады. Бұл яғни өзінің отбасында туыстарының

жанында болған бала. Ал, кейбір балалар бар таныс тамырдың ортасында тәрбиеленгендер

тез үйренісіп ондағы балалармен тез араласып кетіп жатады. Оларға тәрбиеші деген жай ғана

адам болып көрінеді. Себебі өз қалауымен, өз дегенімен жүргендіктен ешкімді тыңдағысы

келмейді. Бұл жағдайда сол балаларға отбасылық тәрбиені беру өте қиын.Сондықтан

тәрбиеленетін балалардың көбісі ата-ана қамқорлығынсыз және қараусыз қалған балалар

болғандықтан отбасылық тәрбиеге қалай тез биімдеуге болады? Бұл сұрақтарға жауап беріп

іздеп көрсек.

Балалар үйіндегі баланы жай ғана үйге алып кесең оларға бәрі қызық болып көрінеді.

Қарапайым үйде ана, әке, тәте, аға т.б туыстық сөздер көп айтылады. Ол атаулардың

барлығы сыйластық белгісі және оның астарында тәрбие мен үлкен мағына бар. Сол

арқылы қарапайым отбасында тәрбие үздіксіз жүріп отырады.

Ал балалар үйінде туыстық атаулар мүлде айтылмайды. Ондағы қарым-қатынас басқа

болғандықтан балалар отбасылық тәрибеден алыстай түседі. Арнайы ұйымдарда балаларды

жасына қарап кіші топ, үлкен топ деп топқа бөліп тастаймыз. Ол балабақша немесе мектеп

емес. Бұл жағдайда 14-15 баланы тәрбиеші тәрбиелу мүмкін емес. Олардың барлығы тәртіпті

емес, арасында көше көргендеріде болуы мүмкін. Олар ешқашан жасаған қателіктерін

мойындамайды және оны жасады деп ешқайсы айтпай жасырып қалады. Бұндай жағдайлар

көп кездеседі. Сондықтан отбасылық тәрбие толық дарымаса бала зардап шегуі мүмкін.

Егер балаларды қарапайым отбасындай етіп араластырып үлкені мен кішісін біріктірсек

онда отбасылық тәрбиенің 60-70% беруге болады.Баланы тәрбиелейтін тәрбиешіге де оңай

болар еді.

Асырап алған балалардың барлығы бірдей отбасына бейімделіп кете аламайды. Бір

жыл немесе 8-9 айдан кейін қайта тапсырып жатады. Бала отбасылық өмірге бейімделе

алмады. Асырап алған баланы тәрбиелеуде ең бірінші баламен дос болып сырласу керек.

Бірден әмір беріп тәрбиелеу қате. Балалар – біздің айнамыз, олар бізден үлгі алады. (басқа

Page 122: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

122

үлгі аларлық олардың көз алдарында ешкім жоқ). Оларға көп уақыт бөліп, өзіңді соларға

арнасаң, жаның мен жүрегіңді сезіндіре алсаң балалар да жылдам қолын созады. Балалар

тәрбиелеуде таңғажайыптар мен шығармашылыққа берілген дұрыс, бірақ та бала

тәрбиелеуде педагогикалық еңбектің ауыр, қиын жолына даяр болу керек.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен арнайы ұйымдарда тәрбиеленетін

балалардың ерекшеліктерін анықтаудағы мақсат – балалардың тұлғасын қалыптастыру мен

оларды әлуметтендіру жолдарын іздестіру, бағыт-бағдарын айқындау, нағыз ұлттық тәрбие

беру болды.

Page 123: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

123

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз .................................................................................................................................

Кибатаева Н.К.

Основные приоритеты взаимодействия семьи и школы в условиях перехода на

обновленное содержание образования ................................................................................

Дүйсенбаев А.Қ.

Отбасы тәрбиесінің этнопедагогикалық негіздері..............................................................

Қаплиева А.Қ., Ерболатқызы С.

Қарым-қатынас кезіндегі тұлға дамуы және қалыптасуының ғылыми негізі..................

Рахатова К.Ж., Жапақова Г.Қ.

Тұлғаны әлеуметтендіру мен тәрбиелеу үдерісі бойынша педагогтердің кәсіби

құзырлылықтарын кеңейту ..................................................................................................

Бухарбаев Б.К.

Роль семьи в трудовом воспитании......................................................................................

Сеткереева Г.А., Иманиязова С.С.

Отбасы – рухани-адамгершілік тәрбие бастауы..................................................................

Токбасова А.С.

Созвездие сотрудничества: родитель-ребёнок-учитель....................................................

Сансызбаева Қ.З. ,Айпеисова А.К.

Тәрбие мазмұнының психолоиялық-педагогикалық негіздері..........................................

Ермекбаева Л.Ж.

Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастыру............................................................

Табынбаева А.К.,Отарбаева Л.Л.

Формирование толерантности в современной школе на основе взаимодействия

«Родители – Дети - Педагог»...............................................................................................

Жубаева Ж.О.

Бүгінгі қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің өзекті мәселелері.........................................

Утаров Б.С. Ұлттық тәрбие - ел болашағы..............................................................................................

Қайдасов Ә.Ж.

Отбасы мен бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі.........................................................................

Акбатырова С.С.

Образование воспитание, связь семьи и школы ..............................................................

Ақылбай Қ.

Отбасы тәрбиесінде балалармен қарым –қатынас тың психологиялық жай –күйі....

Алдоңғарова К.Ы.

Отбасы тәрбиесі-қоғам негізінің бастауы............................................................................

Асан Д.

Шалқар ауданы білім беру мекемелерінің ата-аналармен жүргізген жұмыстары...........

Елшебаева М.Ш., Жекекова Л.С.

Отбасы тәрбиесіндегі тиімді қарым-қатынас жасаудың маңызы......................................

Жасанова А.М.

Қазіргі таңда мектеп-ата-ана-оқушы арасындағы байланыс..............................................

Жолдыбаева Ж.Ж.

Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы.............................................................................

Жулумбетова Н.А.

Учитель – творец отношений с родителями........................................................................

Калдина В.Т.

Мектеп пен отбасының өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары.......................................

Жанат Қ.К., Нұргүл А.Т.

Ұлттық тәрбиенің діңгегі - мектеп пен жанұя.....................................................................

3

5

6

10

13

16

18

22

23

24

26

28

30

33

35

38

42

43

45

47

49

52

55

58

Page 124: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

124

Кенжеғазина А.С.

Мектеп пен жанұяның өзара әрекеттестік формалары...................................................

Кожашева А.

Ата-ана мен баланың арасындағы махаббат........................................................................

Конкабаева Г.Қ.

Отбасы тәрбиесінде балалармен қарым-қатынастың психологиялық жай-күйі.............

Қыстаубаева Д.М.

Ата аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттырудың жаңа

технологиялары......................................................................................................................

Махатова З.А.

Влияние семейного воспитания на развитие ребенка........................................................

Мусина Г.Е.

Отбасы тәрбиесінде балалармен қарым-қатынастың психологиялық жай –күйі.............

Наурыз Л.Қ.

Мектептің отбасымен байланысы.........................................................................................

Өтесін М.Ө.

Ата-анамен жұмысты ұйымдастырудың тиімді формалары..............................................

Сактаганова Ж.А., Канибаева Г.М.

Отбасы тәрбиесінің рухани таным негіздері.......................................................................

Самиянова А.Е., Нуркасынова С.М.

Отбасы – тәрбие ошағы........................................................................................................

Сарсенғалиева С.С., Сағынтаева Қ.С. Отбасылық тәрбие – баланы тұлға ретінде қалыптастыратын негізгі күш......................

Сисенбаева Л.Ө.

Отбасы тәрбие бастауы..........................................................................................................

Спанова А.К., Қаплиева Н.Ж.

Тәрбиедегі денсаулықты сақтау өзекті мәселе....................................................................

Таубаева С.Ж. Отбасы – тәрбие ірге тасы.....................................................................................................

Төлеген Г.Б.

Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен

міндеттері................................................................................................................................

Тулегенова А.М.

Отбасында бала тәрбиелеудің маңызы ................................................................................

Урашова А.Б.

Отбасы – тәрбие бастауы.......................................................................................................

Шаманова Э.

Мектеп пен отбасының жас ұрпақты тәрбиелеудегі ынтымақтастығының

маңыздылығы.........................................................................................................................

Шенгелбаева Г.С.

Отбасындағы бала тәрбиесі..................................................................................................

Жиенмурзина Ш.Т., Куспанова Г.Д. Тәрбие мен білім – егіз ұғым................................................................................................

Бисенгалиева А.Ш.

Отбасы құндылықтарының тәрбиедегі көрінісі...................................................................

Елеусінова Ш.А.

Әр бала тек өз отбасымен бақытты .....................................................................................

Нургалиева Ж.Д.

Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектептің ата-аналармен бірлесе жүргізетін

тәрбиелік жұмыстары.............................................................................................................

Түменбаев Ш.Б.

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер үшін отбасылық және әлеуметтік тәрбиенің маңызы

60

65

67

68

72

77

79

82

84

86

88

92

96

97

100

103

106

108

110

112

114

117

119

120

Page 125: «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ …aktobe-orleu.kz/attachments/article/520/slet08.17.pdf · «Отбасы ± туысқандық байланыста

125

«ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ

ЗАМАНАУИ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ»

тақырыбындағы облыстық слеттің

(«Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі»

білім беру қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесі аясында)

МАТЕРИАЛДАРЫ

МАТЕРИАЛЫ

областного слета на тему

«СОВРЕМЕННЫЕ ФОРМЫ И МЕТОДЫ

ЭФФЕКТИВНОГО ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ СЕМЬИ И ШКОЛЫ»

(в рамках августовского педагогического совещания работников образования

«Модернизация Казахстана 3.0 – вклад образования»)

Баспаға 28.08.2017 қол қойылды.

Пішімі 210 х 297 1/8. Қағазы офсеттік.

Шартты баспа табағы 15

₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы

Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру

институтының редакциялық – баспа орталығы Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86. Тел: 56-

05-37