отбасы бақыт мекені

5
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Сайрам» колледжі «Бекітемін» Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары __________А.Р. Сабуров «_10__» «__09_» 2016 ж Тренинг «Отбасы – бақыт мекені» «Келісілді» «Тілдер» ПЦК отырысында қаралды хаттама № _________ ПЦК төрайымы_______Балкибекова Г.Т.

Upload: oquzaman

Post on 08-Apr-2017

17 views

Category:

Internet


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: отбасы   бақыт мекені

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі«Сайрам» колледжі

«Бекітемін»Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

__________А.Р. Сабуров«_10__» «__09_» 2016 ж

Тренинг«Отбасы – бақыт мекені»

«Келісілді» «Тілдер» ПЦК

отырысында қаралды хаттама № _________

ПЦК төрайымы_______Балкибекова Г.Т.

Шымкент 2016 ж

Page 2: отбасы   бақыт мекені

Тақырыбы: «Отбасы-бақыт мекені»Өтілетін уақыты:10 .09.16жҚатысушы топ: І курс ата-аналарыӨтілетін жері: «Сайрам» колледжі Сабақ түрі: Тренинг

Мақсаты:отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.

Тәрбиенің ең тамаша жері—отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу.

Көрнекілігі:шарлар ,гүлдер, интерактивті тақта, плакат, қағаздан қиып жасалынған ағаш жапырақтары.

Тренинг ережесі:1.Тыңдай білу;2.Сөзді бөлмеу;3.Белсенділік;4.Шығармашылық;5.Төзімділік;6.Сыйластық;7.Түсіністік қарым-қатынас;Тренинг барысы : -- Сәлеметсіздер ме Құрметті ата-аналар! Сіздерді

көргеніме сондай қуаныштымын. Бүгінгі өткелі отырған «Жапырақ тамырдан нәр алады...» атты тренингке қош келдіңіздер.!

1.Кіріспе сөз. Қай уақытта болса да кез-келген ата-ананың басты арманы-балаларының жақсы болып шығуы.Олардың адал, еңбексүйгіш, қарапайым, білімді болғанын қалайды. Соған өз балаларын тәрбиелейді.Баланың көп уақыты отбасымен бірге өтеді. Отбасындағы берілетін тәрбие тек ақыл айтумен, дұрыс сөйлесумен, баламен әңгімелесумен ғана шектелмейді. Тәрбие- тұрмысты тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде. Демек, әр еккен ағашымыз жайқалып әдемі болып өссін десек, яғни сол ағашқа көрік беретін жапыраққа баланы теңесек, сол жапыраққа нәр беретін тамыр- мына біздер- ата-аналар екенбіз.

Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды.

Баланы тек киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай, олардың тәрбиесіне де аса мән беруіміз керек.

Біздің мақсатымыз- балаларымызбен қарым-қатынасымызды бұрынғыдан да жақсартып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

2.Танысу.Ата-аналарды шаттық шеңберіне шақыру.Әр ата-ана өз баласының есімінің бас әрпінен басталатын әріпке сәйкес баласының бойындағы жақсы қасиеттерді айтады.

3.Ата-аналарға арналған ертегімен танысу.

Page 3: отбасы   бақыт мекені

Бір күні пердеде кішкене шығатын орын пайда болды.Өтіп бара жатқан адам бірнеше сағат көбелектің пердеден шығуын бақылады.

Көп уақыт өтті, көбелектің пердеден шығатын күші біткен сияқты. Ол қанша тырысса да, басқаға күші қалмаған.

Адам көбелекке көмектескісі келді ол қайшы алып пердені кыйды.көбелек сол сәтте далаға шықты. Бірақ оның қанаттары дамымаған, әрең қозғалады.Денесінде күш те жоқ. Адам оның қанаты қатайып ұшып кетеді деп ойлап, бақылап тұрды.

Себебі адам көбелекке көмектесейін деген еді. Көбелек кішкене тесікті өзі жарып шықса, оның денесіндегі сұйық қанатына беріліп, ұшып кетер еді.

Өмір көбелекті өз пердесін әрең тастап кетуге үйреткен, сонда ғана ол өзі өсіп, дами алады. Көбелек адамға риза болу керек сияқты еді, бірақ бұл солай ма?

Біз, ата-аналар балаға өмірде өз күштері керек екенін түсінбейміз.Егерде өмірде қиындықтарсыз өмір сүрсек, біздің қолымыздан ештеңе келмес еді.Біз қазіргідей күшті болмас едік. Біз ешқашан «Ұша алмас» едік.

Топқа бөлу. 1,2,3,4 деп санау арқылы төрт топқа бөлінедіІ топ – «Үлгілі отбасы»ІІ топ- « Білімді отбасы»ІІІ топ- « Әке рөлі»VІ топ- «Ана рөлі»Ата-аналарға ватман таралатылады. Әр топ өз атын қорғайды. Басқа топ мүшелері қосымша толықтыруларына немесе сұрақ қоюларына болады. Соңында талқыланады. Тренинг соңында ата-аналарға қағаздан қиылған жапырақтар үлестіріліп беріледі. Оған ата-аналар тренингтен алған әсерлерін жазып «Тілек ағашына» іледі.

Тренингті қорытындылау.

Page 4: отбасы   бақыт мекені