ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ …...

48
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕБІ ҚЫЗЫЛОРДА, 2015 ЖЫЛ

Upload: others

Post on 11-Feb-2020

54 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕБІ

ҚЫЗЫЛОРДА, 2015 ЖЫЛ

2

МАЗМҰНЫ

1. Оқу жұмыстары

3

2. Оқу-әдістемелік жұмыстар

12

3. Тәрбие жұмыстары

18

4.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

26

5. Халықаралық байланыстар

32

6. Кадрмен қамтамасыз ету

35

7. Материалдық-техникалық базаны жабдықтау

37

8. Қаржылық қамтамасыз етілуі 39

9. Университеттің білім беру қызметін дамытудағы алда тұрған міндеттер

49

3

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕБІ

1. Оқу жұмыстары Университеттегі білім беру қызметі бакалавриат, магистратура, Phd

докторантура бағдарламалары бойынша 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен 2012 жылы 11 желтоқсанда шектеусіз мерзімге берілген лицензиясы (№12019394) және университет Жарғысы негізінде жүзеге асырылады.

Университеттің білім беру қызметінің басым бағыттары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы, Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадам» бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 2014-2020 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарында білім беру саласын дамытуға байланысты айқындалған міндеттерге сәйкес іске асырылады.

Университеттің миссиясы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті –Қазақстан Республикасы және аймақтың индустриалды-инновациялық дамуын қамтамасыз ететін, білім, ғылым мен мәдениет, экономика, инженерия, ауыл шаруашылығының негізгі бағыттарының мәселелерін шешуге бағдарланған, бәсекеге қабілетті заманауи жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімді мамандарды даярлауды жүзеге асыратын іргелі орталықтың бірі.

Университеттің Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың мақсатты индикаторларының бірі –институционалдық аккредиттеуден өту, содан кейін әлемнің жетекші аккредиттеу агенттіктерінен білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуден өткізу. Осыған байланысты университет 2012 жылы 26-28 қараша аралығында Білім сапасын қамсыздандырудың тәуелсіз қазақстандық агенттігі арқылы институционалдық аккредиттеуден өтіп, 2013

4

жылы 3 қаңтарда аталған агенттіктен университетке 5 жыл мерзімге куәлік (тіркеу нөмірі №0009) берілді.

Университеттің 47 білім беру бағдарламасы, оның ішінде 27 бакалавриат, 17 магистратура және 3 PhD докторантура мамандықтары Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі Қазақстандық тәуелсіз агенттігі (НКАОКО) арқылы мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

Университеттегі сапа менеджменті жүйесі 2004 жылы «Техцентр-Регистр» атты сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау органымен (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) аттестатталды. 2015 жылдың 3-4 наурыз аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің сертификатталған сапа менеджмент жүйесіне инспекциялық бақылау жүргізілді.

Инспекциялық бақылау нәтижесінде комиссия университеттегі сапа менеджменті жүйесі білім саласындағы қызметке қолданылатын ГОСТ ISO 9001-2011 (ISO 9001:2008) талаптарына сәйкес келеді деген қорытынды беріп, университет 2014 жылдың 16 сәуірінде №РОСС KZ.ИС20.К00607 сәйкестік сертификатын алды.

Университет жанында «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектерінің Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды. Қазіргі таңда бірлестіктің мыңнан аса мүшесі бар. Олар жаңа мазмұндағы дербес жоғары оқу орны мен жоғары білікті кәсіби мамандар даярлау орталығы ретіндегі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орнығуы мен дамуына үлестерін қосуда.

2013 жылғы 31 мамырынан бастап университетте Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың басшылығымен Қамқоршылық кеңесі жұмыс атқарады. Кеңес құрамында облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аймақтағы өндіріс орындарының басшылары, университет профессор-оқытушыларының өкілдері бар.

Есепті мерзімде университет келесі ұлттық рейтингтерге белсенді қатысты:

Білім сапасын қамсыздандырудың қазақстандық тәуелсіз агенттігі өткізген ұлттық институционалдық рейтинг нәтижелері бойынша университет Қазақстан Республикасының көпсалалы үздік жоғары оқу орындарының (ТОП-20) қатарына еніп, 2015 жылы 13 орынға ие болды.

Аккредиттеу және рейтинг өткізу тәуелсіз агенттігінің мамандар даярлау бағыттары мен деңгейлері бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жүргізген рейтинг қорытындысында университеттің 8 білім бағдарламасы үздік үштікке енді. Осының нәтижесінде Қорқыт Ата

5

атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қазақстандағы үздік топ-40 жоғары оқу орындарының арасында 20-ші орынды иеленді.

Университетке бакалавриаттың 54 мамандығы, магистратураның 29 мамандығы, PhD докторантураның 9 мамандығы бойынша білім беру қызметін жүргізуге лицензия берілген.

Қызылорда облысының индустриалды-инновациялық дамуын ескере отырып, 2015 жылы университет 5В070600 - Геология және пайдалы қазбалар, 5В070700-Тау-кен ісі, 5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 5В073700-Пайдалы қазбаларды байыту, 5В100200-Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын жүргізуге лицензия алды.

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында мемлекеттік аттестаттау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2015 жылғы 27 ақпаныңдағы № 287 бұйрығына сәйкес университет мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті.

Бакалавриат мамандықтары бойынша соңғы 3 жылдағы студенттер контингенті 1-диаграммада беріліп отыр. Талдауда көрсетілгендей, соңғы 3 жылда студенттер контингенті 8196-тен 4678-ке азайды. Оның ішінде күндізгі оқу нысаны бойынша 5989-ден 3953-ге азайса, сырттай оқу нысаны бойынша 2207-тен 725-ке азайды (диаграмма 1).

5989

2207

8196

5401

753

6154

3953

725

4678

2012-2013 2013-2014 2014-2015

Күндізгі оқунысаны

Сырттай оқунысаны

Барлығы

Диаграмма 1. Оқу нысаны бойынша соңғы 3 жылдағы студенттер контингенті

6

2014-2015 оқу жылында барлығы 4678 студент, оның ішінде мемлекеттік білім гранты негізінде 788 студент, ақылы негізде 3890 студент оқыды (диаграмма 2).

1344

6852

8196

1063

5091

6154

788

38904678

2012-2013 2013-2014 2014-2015

Мемлекеттікбілім грантынегізінде

Ақылы негізде

Барлығы

Диаграмма 2. Мемлекеттік білім гранты және ақылы негізде оқыған студенттер саны Соңғы 3 жылдағы талдау көрсетіп отырғандай, мемлекеттік білім

грантымен білім алушы студенттер контингенті жылдан-жылға азайып келе жатыр. Алдағы міндет – мемлекеттік білім грантымен оқитын студенттердің үлесін арттыру.

2014-2015 оқу жылына бакалавриаттың 46 мамандығы бойынша 1636 студент, оның ішінде 134-і мемлекеттік білім гранты негізінде, 1502-і ақылы негізде қабылданды (диаграмма 3).

7

198

8811079

162

9941156

134

15021636

2012-2013 2013-2014 2014-2015

Мемлекеттікбілім грантынегізіндеАқылы негізде

Барлығы

Диаграмма 3. Мемлекеттік білім гранты және ақылы негізде қабылданған студенттер

саны 2014-2015 оқу 1093 студент күндізгі оқу нысанына, 543 студент сырттай

оқу нысанына қабылданған (диаграмма 4).

994

85

1079 1096

60

1156 1093

543

1636

2012-2013 2013-2014 2014-2015

Күндізгі оқунысаны

Сырттай оқунысаны

Барлығы

Диаграмма 4. Оқу нысаны бойынша оқуға қабылданған студенттер саны

Есепті кезеңде оқу үдерісі 5 факультетте, оларға қарасты 33 кафедра және компьютерлік жобалау бойынша қосымша білім беру орталығында ұйымдастырылды.

2014-2015 оқу жылында бакалавриаттың 48 мамандығы бойынша 1433 студент бітіріп шықты. Оның ішінде күндізгі оқу нысаны бойынша 1131

8

студент, күндізгі оқу нысанының қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша 218 студент, сырттай оқу нысаны бойынша 84 студент бітірді (диаграмма 5).

1167

348

1515

2930

12881204

562

3054

1131

218 84

1433

2012-2013 2013-2014 2014-2015

күндізгі оқунысаны

қашықтықтаноқытутехнологиясы сырттай оқунысаны

Барлығы

Диаграмма 5. Соңғы 3 оқу жылындағы бітіруші студенттердің саны

2014-2015 оқу жылында магистратураға барлығы 160 магистрант, оның

100-і мемлекеттік білім гранты, 60-і ақылы негізде қабылданды (диаграмма 6).

125

50

175

94

56

150

100

60

160

2012-2013 2013-2014 2014-2015

Мемлекеттік білімгранты негізінде

Ақылы негізде

Барлығы

Диаграмма 6. Магистратураға қабылданған магистранттар саны

9

2014-2015 оқу жылында магистратура бағдарламасы бойынша 301 магистрант білім алды (диаграмма 7).

340

310

301

2012-20132013-20142014-2015

Диаграмма 7. Соңғы 3 оқу жылында магистратурада білім алған магистранттар саны

2014-2015 оқу жылында магистратура бағдарламасын 163 магистрант

бітірді (диаграмма 8).

181

169

163

2012-20132013-20142014-2015

Диаграмма 8. Соңғы 3 оқу жылында магистратураны бітірген магистранттар саны

2012-2013 оқу жылында докторантура бағдарламасы бойынша 4

мамандыққа 10 докторант, 2013-2014 оқу жылында – 4 мамандыққа 8, 2014-2015 оқу жылында 5 мамандыққа 8 докторант қабылданды. Есеп беру мерзімі аралығында 10 докторант толық оқу курсын аяқтап, қазіргі таңда диссертацияларын қорғауғауға дайындалуда.

Студенттер қатарынан Қазақстанның Қорғаныс күштері үшін қордағы офицерлер дайындау мақсатында университетте әскери кафедра жұмыс жасайды. Онда 2 мамандық бойынша оқытылады: 041900 – «Жақыннан әрекет ететін жылжымалы зениттік-зымыран кешенімен қаруланған

10

бөлімшелер мен бөлімдерді жауынгерлік қолдану», 310101 – «Әскерлердің жауынгерлік және шаруашылық қызметін қаржылық қамтамасыз ету.

2014-2015 оқу жылында университеттің күндізгі оқу нысанындағы студенттердің үлгірімі 97,0%, орташа балы 4,2, сапалық көрсеткіші 70,0% болды. Сырттай оқу нысаны бойынша студенттердің үлгерімі 92,1%, орташа балы 3,8, сапалық көрсеткіші 69,7%-ды құрады.

Соңғы 3 оқу жылындағы студенттердің үлгерім қорытындысы 1-кестеде берілген.

Кесте 1. Студенттердің үлгерім қорытындысы Бағалау

қорытындысы 2012-2013 2014-2015 2014-2015

күндізгі сырттай күндізгі сырттай күндізгі сырттай Үлгерім (%) 95,7 82 96,3 90 97,0 92,1 Орташа балл 4,32 4,11 4,25 3,9 4,2 3,8 Сапалық көрсеткіш (%)

82,3 78,8 88,55 70 70,0 69,7

Магистратура бойынша 2014-2015 оқу жылында магистранттардың

үлгерімі 98,0%, орташа балл 4,5, сапалық көрсеткіш 97,0%-ды құрады. Докторантура бойынша 2014-2015 оқу жылында докторанттардың

үлгерімі 100%, орташа балл 5,0, сапалық көрсеткіш 100%-ды құрады. Есеп беру мерзімінде университеттің 12 студенті Қазақстан

Республикасы Президенті стипендиясын, 3 студент мемлекеттік атаулы стипендияларды алды.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында университет 2012-2013 оқу жылынан бастап көптілді білім беру бағдарламасын оқу үдерісіне енгізді және оны жүзеге асыруда төмендегідей жұмыстар атқарылды:

- 2012-2017 жылдарға арналған көптілді білім берудің Тұжырымдамасы, бағдарламасы жасалды;

- көптілді білім беру бағдарламасына 2012-2013 оқу жылынан бастап университеттің 5В060200-Информатика, 5В070300-Ақпараттық жүйелер, 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтары, 2013-2014 оқу жылында 5В011200-Химия, 5В011300-Биология, 5В011100-Математика, 5В011100-Информатика, 5В050600-Экономика, 5В072900-Құрылыс, 5В072400-Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандықтары көшірілді. 2014-2015 оқу жылында 5В050800-Есеп және аудит, 5В050900-Қаржы, 5В051000- Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5В030100-Құқықтану, 5В011900- Шетел тілі: екі шетел тілі,

11

5В020700-Аударма ісі мамандықтары көшірілді. 2014-2015 оқу жылында университетте 5В011900-шет ел тілі: екі шет ел тілі мамандығы бойынша екінші шетел тілі ретінде корей, қытай, араб тілдері бойынша оқу топтары жасақталып, соған сәйкес оқу үдерісі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, 3 курс студенттерінің өз қалауларымен 5В070800-Мұнай газ ісі және 5В072400-Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандықтарында 4 кредит көлемінде «Қытай тілі» пәні қосымша оқу түрі ретінде оқытылады;

- көптілді білім беру бағдарламасымен оқитын студенттер контингенті 472 студентті құрайды;

- пәндердің оқу-әдістемелік кешендері оқыту тіліне сәйкес толық жасалған;

-көптілді білім беру бағдарламасымен оқитын мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларында оқытылатын оқу бағдарламалары қазақ тілінде-34%, орыс тілінде-33%, ағылшын тілінде - 33%-ға жоспарланған, соған сәйкес оқу үдерісі ұйымдастырылды; - көптілді білім беру бағдарламасымен оқитын оқу топтарын оқу-әдістемелік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, кітапхана қорын жаңа ағылшын тіліндегі оқулықтар мен оқу құралдарымен толықтыру ісі үздіксіз жалғасуда; - көптілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және материалдық-техникалық базаны дамыту мақсатында университетте тілдік сандық зертханалар жұмыс жасауда.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында көптілді білім беру бағдарламасымен оқитын оқу топтарына 2014-2015 оқу жылында Орынбор мемлекеттік университетінің профессорлары, п.ғ.д. С.М.Каргапольцев, п.ғ.д. А.В.Антонова, Мәскеу мемлекеттік машина құрастыру университетінің профессоры, т.ғ.д. Е.А.Черткова, Кангнам Ұлттық университетінің профессоры Ким Фил, корейтану докторы Ан Су Хен, Египет Араб Республикасы әль-Азхар университетінің араб тілі бойынша филология докторы Сайд Аббас Мұхаммед шақырылды..

Профессорлар дәріс оқып, практикалық сабақтарды өткізді және магистранттар мен докторанттарға олардың ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша кеңес берді.

12

2. Оқу-әдістемелік жұмыстар

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмысы ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген, 2014 жылы 2 маусымда №198 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары», 2014-2015 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары» негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің еуропалық білім беру кеңістігіне кірігуге бағытталған саясатына сәйкес Болон үдерісінің негізгі ұстанымдарын басшылыққа ала отырып оқу үдерісін ұйымдастыру және жүзеге асыру білім беру қызметіндегі негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.

2014-2015 оқу жылының университеттің оқу жұмысы, бақылау шаралары мен оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт мөлшері, академиялық ағындар мен топтар бойынша оқу жұмыстарының аудиториялық түрлерін жоспарлау тәртібі, профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық жүктемесін есептеудің уақыт мөлшері жасалып, бекітілді. 2014-2015 оқу жылында профессор-оқытушылардың педагогикалық жүктемесі мен студенттер контингентіне сәйкес штат 518,75 бірлікті құрады. Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша бір оқытушының орташа педагогикалық жүктемесі 661 сағат көлемінде бекітілді.

Университеттің бакалавриат, магистратура, докторантура мамандықтары бойынша мамандар даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілердің бәсекеге қабілетті мамандарға деген сұранысын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру қызметіндегі жаңалықтарды, инновациялық және педагогикалық технологияларды оқу үдерісіне енгізу, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, факультеттердің, кафедралардың оқу-әдістемелік жабдықталуына тұрақты талдау жүргізу және одан әрі жетілдіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында академиялық мәселелер жөніндегі департамент жанынан мамандық бағыттары бойынша Академиялық кеңестер жұмыс жасайды.

Университет мамандықтарының 2014-2015 оқу жылына арналған элективті пәндердің каталогы жұмыс берушілермен келісе отырып және жоғарыда аталған Академиялық кеңестерде талқыланып, дайындалды.

13

2014-2015 оқу жылында бакалавриат, магистратура, PhD докторантура мамандықтары бойынша модулдік білім беру бағдарламалары жасалды. Университетте білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлығын халықаралық қатынастар жөніндегі департамент және академиялық мәселелер жөніндегі департаменті ұйымдастырады. Әр жаңа оқу жылында университет ректорының бұйрығымен академиялық ұтқырлықты үйлестірушілер тағайындалады.

2014-2015 оқу жылында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 24 студент ұлттық университеттерде, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен 45 білім алушы Польша Республикасының Лодьз университетінде, Корей Республикасы, Каннам, Кангвон университеттерінде, Ресей Федерациясы жоғары оқу орындарында білім алды. Оқу жылы барысында 65 магистрант Ресей Федерациясы, Түркия және Польшаның жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университеттің оқу үдерісіне шет елдерден және ұлттық жоғары оқу орындарынан жетекші профессор-оқытушыларды тарту қызметі белсенді жүзеге асырылуда. 2014-2015 оқу жылында университетке академиялық ұтқырлық бағдарламасымен әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ - 2, Корея Республикасы, Кангвон және Каннам университетінен - 2, Ресей жоғары оқу орындарынан - 11, Өзбекистаннан – 1, Қытай Халық Республикасы, Пекин қаласындағы Санджи Мұнай және газ университетінен - 4, барлығы 20 профессор-оқытушылар келіп, дәріс оқыды.

Университетте білім алушылардың өзіндік жұмыстарын және оқытушымен бірге жүргізілетін өзіндік жұмыстарын орындауға толық жағдай жасалынған. Оларға 920 орындық 7 оқу залы және 2 электрондық оқу залы, сондай-ақ, толығымен интернет жүйесіне қосылған университеттің компьютерлік паркі қызмет жасайды.

2014-2015 оқу жылында университеттің кітапхана қоры 2 172 454 дананы құрап отыр.

Университет кітапханасы Қазақстандық Ұлттық электрондық кітапханаcымен (КазНЭБ) http://www.kazneb.kz, Республикалық жоғары оқу орындарының электронды кітапханасымен (РМЭБ) http://www.rmeb.kz келісім-шарт жасасып, «Ғылыми-техникалық ақпараттардың Ұлттық орталығы» АҚ Консорциумының мүшелігіне өтіп, The Web of Knowledge (Thomson Reuters) http://wokinfo.kom, Springerlink http://www.springerlink.com. ғылыми-техникалық ақпараттардың әлемдік ресурстары, Elsevier

14

http://www.skopus.com компаниясының SciVerse Science Direct толық мәтінді мәліметтер базасы, халықаралық «Британик Энциклопедия» www.britannica.com, «ПОЛПРЕД Анықтамалықтар» http://polpred.com. қорын тегін пайдалануға қол жеткізді. Инженерлік электротехника және электроника институтының www.ieee.org/ieexplore. желісі арқылы «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» базасына кіріп, құжаттарды пайдалануға жағдай жасалды.

Университеттің профессор-оқытушыларының баспадан шығарылған оқулықтарының, оқу-әдістемелік құралдарының, әдістемелік нұсқауларының, монографиялары мен электрондық оқулықтарының 95%-ы қазақ тілінде даярланған.

Есепті оқу жылында дайындалған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың, әдістемелік нұсқаулардың жалпы саны, көлемі, 1 оқытушыға шаққандағы баспа табақ көлемі 2-кестеде берілген.

Кесте 2. 1 оқытушыға шаққандағы баспа табақ көлемі

Оқу жылы Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар

Оның ішінде қазақ тіліндегі оқулықтар, оқу-әдістемелік

құралдар, әдістемелік нұсқаулар саны баспа

табақ көлемі

1 оқытушыға шаққандағы баспа табақ

көлемі

саны баспа табақ

көлемі

1 оқытушыға шаққандағы баспа

табақ көлемі

2014-2015 116 1128 2,05 110 978 1,8

Бакалавриат мамандықтарында кәсіптік практикалардың барлық түрлері бойынша кафедраларда оқу бағдарламалары құрастырылып, жыл сайын жұмыс бағдарламалары жаңартылып отырады, әдістемелік және қорытынды конференциялар ұйымдастырылады. Академиялық күнтізбеге сәйкес университет бойынша 2271 студент кәсіптік практикалардан өтуге жіберілді.

2014-2015 оқу жылында 1 академиялық кезеңде 694 студент, 2-ші академиялық кезеңде 1577 студент жоспарланған кәсіптік практикалардан өтті.

Кәсіби практикаларды өткізуге арналған университеттің өз базасы бар: 1. «Физика-химиялық анализдеу әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана

(«Химия», «Биология», «Экология» мамандықтары); 2. «Агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер» ғылыми

орталығының агробиологиялық учаскесінде және жылыжай

15

шаруашылығында («Химия», «Биология», «Экология», «География», «Агрономия» мамандықтары);

3. Оқу әскери-жаттығу полигоны («Бастапқы әскери дайындық») мамандығы және 2 әскери-есептік мамандықтары);

4. Ағаш және металл өндеу шеберханалары, тігін цехтары мен дәнекерлеу орталығы.

Агробиологиялық учаскесі мен әскери-жаттығу полигоны жазғы оқу практикаларды және әскери жиындарды өткізуге пайдаланылады.

2014-2015 оқу жылы педагогикалық практикаларды ұйымдастырудың базасы ретінде жалпы білім беретін орта мектептер, Назарбаев зияткерлік мектеп, қазақ-түрік лицейлер, облыстық балаларды оңалту орталығы, 2 коррекциялық мектеп, қаладағы 6 колледж, 11 балабақша болды.

Есепті мерзімде университеттің 165 профессор-оқытушылары кәсіби біліктілік курстарынан өткен. Оның ішінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы арқылы университеттің педагогикалық мамандықтары бойынша 54 оқытушы біліктілік көтеру курсынан өткен, оның 7-і Ұлыбританияның Ньюкасл (1 оқытушы), Германияның Дюссельдорф (2 оқытушы), Испанияның Валенсия (2 оқытушы), Португалияның Порто (2 оқытушы) қалаларында біліктілік көтеру курсынан өтіп, халықаралық деңгейдегі сертификаттарға ие болды,

Университеттің білім беру қызметінің негізгі мақсаты жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу болғандықтан, университеттің оқу-тәрбие үдерісінің негізі - білім беруде жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Университеттің профессор-оқытушылар құрамының білім беру тұжырымдамасы – үздіксіз конструктивті ізденіс және оқу үдерісінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану болып табылады. 2015 жылы Астана қаласында «Назарбаев зияткерлік мектептері» жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған педагог-тренерлерді дайындау курсының 2 кезеңінен университеттің 13 оқытушысы өтіп келді. Арнайы курстан өткен педагог-тренерлер 2015 жылдың наурыз-мамыр айларында 14 педагогикалық мамандықтар бойынша 402 бітіруші түлектерге Кембридж университетіндегі оқыту технологиясы бойынша 3 кредит көлемінде арнайы курс оқыды.

Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында жоғары оқу орнының 2 курсынан бастап кәсіпорындарда міндетті өндірістік практикадан өту тапсырылған. Бүгінгі күні осы тапсырманы орындау аясында университет 27 өндірістік кәсіпорын мен мекемелермен 12 техника және технология бағытындағы мамандықтар бойынша келісім-шарттар жасалды. ҚР Ұлттық экономикалық палатасының

16

Қызылорда облысы бойынша филиалы және Қызылорда облысының кәсіпкерлер Ассоциациясымен 3-жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта университет студенттерін практика базаларымен қамтамасыз ету және түлектерді кәсіпорынның мақсатты сұранысына сай дайындау жұмыстары жүргізіледі.

«Санаторий «Зеленый Бор» ЖШС мен 2017 жылға дейін ұзақ мерзімді келісім-шарт негізінде қысқы спорт түрлері бойынша «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері оқу-жаттығу жиынын жылдағы дәстүрмен Бурабай аймағында орналасқан спорттық-туристік базада өткізді.

«География» мамандығының 3 курс студенттері мамыр, маусым айларында «Алыс кешенді зонааралық» оқу практикасына Алматы облысы табиғи ландшафтық аймағына, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында орналасқан Қаратау шатқалына жіберілді.

«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығының студенттері үшін «КуатАмлонМунай» АҚ, «Ақ Берен» ЖШС-нің кеніштеріне, «Максимолсетикс» ЖШС-не, «Мелиоратор» ЖШС-не, «Құрылыс» ЖШС-не экскурсия ұйымдастырылды.

Университетте бітірушілердің жұмысқа орналасуы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Соңғы жыл бойынша түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 74,3 % құрап отыр.

17

3.Тәрбие жұмыстары

Университеттегі тәрбие жұмыстары Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы №285-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы №191 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын» басшылыққа ала отырып жүргізіледі.

Университеттің 2014-2015 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарында» көрсетілген бағыттарды негізге ала отырып дайындалды.

Жоспар бойынша 2014-2015 оқу жылында барлығы 364 тәрбиелік іс-шара өткізілді. Оның ішінде 76-ы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауларын түсіндіруге, насихаттауға, 92-і азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие беруге, 33-і рухани-адамгершілік тәрбиесіне, 25-і діни сауаттылықты жетілдіру, этносаралық және конфессияаралық келісімді дамытуға, 106-ы жас таланттарды қолдауға және студенттердің бойында әлеуметтік маңызды қасиеттер мен коммуникативті мәдениетті қалыптастыруға, 32-і салауатты өмір салтын қалыптастыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталды(кесте 4).

Кесте 4. 2014-2015 оқу жылында өткізілген іс-шаралар

№ Өткізілген іс-шаралардың бағыты Жалпы саны

1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауларын түсіндіру, насихаттау

76

2 Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие беру 92 3 Рухани-адамгершілік тәрбиесі 33 4 Діни сауаттылықты жетілдіру, этносаралық және

конфессияаралық келісімді дамыту 25

18

5 Жас таланттарды қолдау және студенттердің бойында әлеуметтік маңызды қасиеттер мен коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

106

6 Салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту

32

Барлығы 364 Есепті оқу жылында бакалавриаттың күндізгі оқу нысанында

студенттерге 241 топ тәлімгері тәлімгерлік жұмыстарды ұйымдастырды. Әрбір студенттің тәртібіне, сабаққа қатысуына, оқу үлгеріміне,

әлеуметтік жағдайына, оқу ақысының төлеміне үздіксіз қадағалау жасау мақсатында топ тәлімгерімен қатар кафедралар бойынша 8 студентке 1 профессор-оқытушыдан жауапты бекітілген.

Университетте студенттік өзін-өзі басқару жүйесі – студенттік кеңес, старосталар кеңесі, оқу үздіктер қоғамы және студенттік клубтар тәрбие жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілуіне, студенттердің бос уақыттарының тиімді ұйымдастырылуына тікелей ықпал етеді.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында университеттің Жастар ісі жөніндегі комитетінің үйлестіруімен «Студент Жастар Одағы» қоғамдық бірлестігі, «Жас Отан» Жастар қанаты, студенттер кәсіподақ комитеті, «Ұлағат ұландары» педагогикалық жасағы, «Ақиқат» дебат клубы, «Dream club» интеллектуалды клубы, «Жасыл ел» студенттер жасағы, «Қыран» еріктілер жасағы, «Қорқыт жастары» жайдарманшылары, «Қыз Жібек» қыздар кеңесі, тағы да басқа жалпы саны 14 жастар ұйымдары жұмыс жасайды. Бұл студенттік ұйымдардың барлығы да студент-жастардың рухани-мәдени, спорттық-сауықтыру, ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуына ықпал жасау, қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру бағытында жұмыс жүргізеді. Студенттік ұйымдар университеттің қоғамдық жұмыстарымен қатар, облыс көлемінде жастар саясатын жүзеге асыруда жетекші рөл атқарып келеді.

10 жылдан астам тәжірибесі бар «Студент Жастар Одағы», «Ұлағат ұландары» педагогикалық жасағы облыстық ішкі саясат басқармасының, облыстық жастар ресурстық орталығының, қалалық ішкі саясат бөлімінің жариялаған конкурстарына қатысып бірнеше әлеуметтік маңызды жобаларды орындауда.

Аталған жастар ұйымдарының және студенттік клубтардың мүшелері №1 Макаренко атындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа, балаларға арналған психоневрологиялық интернат үйіне, қарттар үйіне қамқорлық жасап келеді. Интернат

19

тұрғындарына өнерпаз жастардың өнерімен қатар, материалдық көмек көрсетіледі. Оқушылармен бірлескен іс-шаралар өткізіліп, оларға кәсіби бағдар беру бағытында ақпараттық насихат жүргізіледі.

Университетте жоспарланған тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты – азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие болып табылады.

Елбасы тұлғасының өнегесінде патриоттық тәрбие беру жұмыстары университетте жақсы жолға қойылған. Аталған тақырып аясында профессор-оқытушылар мен студенттердің жергілікті және республикалық баспасөз беттерінде мақалалары үнемі жарияланып отырады.

Азаматтық-патриоттық тәрбие беру жұмыстарында Қызылорда облысының әкімі, саяси ғылымдар докторы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың университет студенттеріне оқып келе жатқан дәстүрлі дәрістері ерекше орын алады. 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Әлем, Ел және Өңір дамуының басым бағыттары» тақырыбында және 2015 жылғы 23 қыркүйекте «Халықаралық валюта жүйесінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында студенттерге оқыған дәрістерінде облыс әкімі еліміздің дамуындағы өте маңызды да, өзекті болып саналатын сыртқы және ішкі факторлар, оның ішінде халықаралық интеграция, жасыл экономика, инвестициялық саясат, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, дін мәселелері жөнінде жан-жақты талқылады.

Жыл сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің, нашақорлықтың алдын алу мақсатында университет пен Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің бірлескен іс-шаралар жоспары жасалып, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіледі.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңды орындау, құқық бұзушылықты болдырмау, ішкі тәртіп ережелерін қадағалау, университеттегі білім беру қызметінің ережеге сай жүргізілуін қоғамдық бақылау мақсатында университетте Қоғамдық комиссия жұмыс жасап келеді.

Қоғамдық комиссияның құрамы жыл сайын жаңартылып отырады. «Нұр Отан» партиясының «Тұран» филиалының мүшелерінен, белсенді, өз жұмысына адал, ойын ашық айтып өзекті мәселелерді өткір қоя алатын профессор-оқытушылар мен магистранттардан, студент-жастар ұйымдарының өкілдерінен құралған қоғамдық комиссияның жалпы құрамы 67 мүшеден тұрады.

Қоғамдық комиссия сыбайлас жемқорлық пен өзге де құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарымен қатар, жатақханалардағы әлеуметтік-тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын, оқытушылардың кезекшілік кестесінің орындалуын, оқу үдерісінің

20

ұйымдастырылуын, сабақтың сапасын үнемі бақылап отырады және білім алушылардың үлгерім көрсеткіштеріне талдау жасайды.

Комиссия өз жұмысын «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім беру қызметін жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ережесін» басшылыққа ала отырып жыл бойы жүргізеді және жылына 2 рет Ғылыми кеңесте есеп береді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №03-4/1690 хатына сәйкес, университетте емтихан сессияларының ережеге сай өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде жұмыс штабы құрылған.

Жұмыс штабының құрамы 17 ректорат мүшелері мен профессор-оқытушылардан және «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, университет жанынан құрылған «Студент Жастар Одағы» қоғамдық бірлестігі секілді студент-жастар ұйымдарының мүшелері болып табылатын 19 белсенді студенттерден тұрады.

Штабтың атқаратын қызметі академиялық күнтізбеге және емтихан сессиясының кестесіне сәйкес емтихан өткізу кезінде профессор-оқытушылар және білім алушылар тарапынан келеңсіз жағдайларды болдырмау, құқық бұзушылық, жемқорлық оқиғаларының алдын алу, профессор-оқытушылар мен студенттер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Университетте діни сауаттылықты жетілдіру, этносаралық және конфессияаралық келісімді дамыту бағытындағы жұмыстарға ерекше мән беріледі. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандарымен бірлесе отырып «Жастарды жат ағымдардан сақтайық», «Қоғам және жастар», «Дін және жастар» тақырыптарында психолог мамандардың, мешіт имамдарының қатысуымен студенттермен кездесулер жыл бойына ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған деректі фильмдер студенттер арасында көрсетіліп, таныстырылады.

Университеттің тәрбие жоспарына жас таланттарды қолдауға және дамытуға, студенттердің бойында әлеуметтік маңызды қасиеттер мен коммуникативті мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар енгізілген. Аталған бағыт бойынша «Жайдарман» клубының лигалық ойындары, «Ақиқат» пікір-сайыс клубының турнирлері, 8 түрлі сайыстан

21

тұратын «Студенттік көктем» фестивалі, «Қыз Жібек» қыздар клубының «Университет аруы» байқаулары өткізілді.

Облыс, қала көлемінде дәстүрге айналған «Студенттік көктем» шығармашыл жастар фестивалінің жыл сайынғы жеңімпаздары – университет жастары. 2015 жылдың 28-30 сәуір аралығында ұйымдастырылған фестивальдің бас жүлдесін жалпы командалық есепте университет студенттері жеңіп алды.

Университетте білім алушылар жатақханамен толық қамтамасыз етілген. 2014-2015 оқу жылында облыс аудандары мен басқа қалалардан келген 1054 студенттің 824-і жатақханаларда, 82-і пәтерде, 148-і туыстарының үйінде тұрды. Жатақханада тұруға өтініш білдірген білім алушылардың өтініштері толық қанағаттандырылды.

Барлық жатақханаларда білім алушылардың тұрмыстық тұтыну қажеттіліктері толық қамтамасыз етілген. Студенттердің білім алуы, шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізуі, мәдени-көпшілік іс-шараларын ұйымдастыруы, бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін жатақханаларда оқу залдары, мәжіліс залдары, интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптар, демалыс бөлмелері пайдаланылады.

Оқу жылы бойына жатақханаларда жұмыс күндері сағат 18.00-22.00 аралығында, мейрам күндері сағат 09.00-22.00 аралығында оқытушылардың кезекшілігі ұйымдастырылды.

Университеттегі жүргізілетін жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі студенттердің әлеуметтік жағынан қорғалу мәселесі болып табылады.

Университетте күндізгі оқу нысанындағы барлық студенттердің әлеуметтік картасы жасалған. Онда студенттің ата-анасы, әлеуметтік хал-жағдайы жөніндегі мәліметтермен қатар студенттің қызығушылығы, пайдаланатын әлеуметтік желісі сияқты мәліметтер де толтырылады.

2014-2015 оқу жылында күндізгі оқу нысанында білім алған студенттердің ішінде келесідей әлеуметтік топ өкілдері болды:

- ата-анасының қамқорлығынан айрылған студенттер – 44; - толық емес отбасыдан шыққан студенттер – 205; - әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққандар – 169; - ата-анасы жұмыссыздар – 191; - көп балалы отбасыдан – 130; - мүгедек – 21. Әлеуметтік аз қамтылған студенттерге университет тарапынан және

студенттер кәсіподақ комитеті тарапынан мүмкіндігінше қаржылай қолдаулар көрсетілді. Атап айтқанда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

22

студенттерге тамақтануы үшін тәулігіне 389 теңгеден жалпы сомасы 3 018,9 мың теңге ақшалай төлем жасалды.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ақылы негізде оқитын 29 студенттің 10-ы облыс әкімінің, 6-ы «Бөбек» қорының стипендиаты, 13-не Ғылыми кеңестің шешімімен оқу ақыларына 50% жеңілдік берілді.

«Бөбек» қорының 6 стипендиатына 2014-2015 оқу жылында 4 320,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан ақылы негізде оқитын студенттердің оқу ақысына көмектесу жөнінде аймақтағы өндіріс орындарына университет тарапынан арнайы хаттар жолданып, нәтижесінде облыс аймағындағы «Қор», «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз», «Поиск нефти и газа», «Айдан Мұнай» компаниялары 41 білім алушыға 11 407 150 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті (кесте 5).

Кесте 5. Әлеуметтік аз қамтылған студенттерге берілген көмектер мен жеңілдіктер

№ Берілген көмектер мен жеңілдіктер Жалпы қаражат көлемі

1 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мемлекеттік білім грантымен оқитын 15 студентке тамақтануы үшін тәулігіне 389 теңгеден

1721714

2 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ақылы негізде оқитын 13 студентке Ғылыми кеңестің шешімімен оқу ақыларына 50% жеңілдік

2278250

3 «Бөбек» қоры арқылы 6 студентке 4320000 4 Аймақтағы «Қор», «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз»,

«Поиск нефти и газа», «Айдан Мұнай» компанияларының қолдауымен 41 студентке

11407150

5 Қызылорда қалалық әкімдігі арқылы 398 студентке қоғамдық көлікте тегін жүру үшін берілетін төлемақы (бірінші жарты жылдыққа)

4815800

Есепті оқу жылында Қызылорда қалалық әкімдігінің студенттерге

қоғамдық көлікте тегін жүру үшін берілетін көмегіне 398 студенттің өтініші ұсынылып, төленуге тиісті қаражаттың бірінші жартысы, яғни 4 815 800 теңге қаражат сәуір айында қалалық бюджеттен студенттерге төленді. Екінші жартысы алдағы қазан айында төленетін болады.

Университет профессор-оқытушылары мен білім алушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдайлар жасалған.

23

«Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені, оқу ғимараттарындағы 7 спорт залы және 3 жазғы спорт алаңы оқу үдерісінде ғана емес, жастардың сабақтан бос уақыттарында спортпен шұғылдануына мол мүмкіндік береді.

2014-2015 оқу жылы бойынша университетте 15 спорт секциясы жұмыс жасады, оған 400-ден астам студенттер қатысты. 5 спорт секциясын «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының профессор-оқытушылары, 10 спорт секциясын «Дене тәрбиесі» кафедрасының профессор-оқытушылары жүргізді.

Волейболдан ерлер арасындағы спорт секциясы аптасына 12 сағатқа, оқу жылына 245 сағатқа, ал қалған спорт секциялары бойынша аптасына 6 сағатқа, оқу жылына 140-160 сағат аралығына жоспарланды. Кесте жасау кезінде қысқы және жазғы сынақ-емтихан сессиялары мен мерекелік күндер ескерілді. Университеттің тәрбие жұмыстары және жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері тарапынан спорт секцияларының жүргізілу барысы үнемі қадағаланды және ректорат мәжілісінде, аппарат қызметкерлерінің апталық мәжілісінде талқыланып отырды.

Аталған спорт секцияларына қатысатын студенттер спорттық жарыстарда біршама жетістіктерге жетуде. Мысалы, ерлер арасындағы волейболға қатысатын 18 студенттің 8-і «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ» командасының мүшесі. Олар 2014 жылдың 10-17 қараша аралығында Хромтау қаласында волейболдан ерлер командалары арасында өткен Қазақстан Республикасының ХХІІ чемпионатының Жоғарғы лига Б-тобының І-айналымына қатысып 3-орын иеленді. ІІ-айналым желтоқсан айының 20-27 аралығында Қызылорда қаласында университеттің «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде өтіп, 2-орын иеленді. ІІІ-айналым 19-26 ақпан аралығында Алматы қаласында өтті, онда 3-орын иеленді.

Университетте өткізілетін спорт секцияларымен қатар, Қызылорда қаласындағы 9 спорт кешенінде спорттың 14 түрі бойынша секцияларға университеттен 150-ден астам студент қатысты.

Спортшы студенттер арасында халықаралық дәрежедегі 2 спорт шебері, Қазақстан Республикасының 7 спорт шебері, спорт шеберлігіне 17 үміткер, І разрядты 8 спортшы бар.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында университетте жыл сайын дәстүрге айналған профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы 2015 жылғы 8-15 қаңтар аралығында спорттың 11 түрінен өткізілді. Студенттер арасындағы спартакиада 2014 жылғы 3-8 қараша және 2015 жылғы 1-8 сәуір аралығында спорттың 9

24

түрінен өткізілді. Сонымен қатар, студенттер арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арнап шахматтан және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арнап қазақ күресінен жарыстар ұйымдастырылды. Аталған жарыстар соңғы жылдары дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Университеттегі сыр елінің өнері мен мәдениетінен тарихи сыр шертетін «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының көрме залы, «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залы, университет тарихының көрме залы студенттердің оқу-танымдық ізденіс жұмыстарына қызмет етеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлттық Жоспарын және «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында 2015 жылғы маусым айында «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залының жанынан «Назарбаевтану» ғылыми- оқу орталығы, сондай-ақ, педагогика және психология кафедрасының жанынан «Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталығы қоғамдық негізде құрылды. Бұл орталықтарды құрудағы мақсат – ел тәуелсіздігін баянды етудегі, халықаралық аренада Қазақстанның беделін арттырудағы Елбасының ерен еңбегін насихаттау, ұлттық сана-сезімі, азаматтық, отансүйгіштік қасиеттері жоғары, ұлт мәдениетін дамыту мен сақтаудағы жауапкершілікті сезіне білетін жастарды тәрбиелеу болып табылады.

Есепті оқу жылында шығармашыл студенттердің «Жас толқын» бірлестігіне 100-ге астам студенттер қатысты. Олармен облыстағы, қаладағы өнер саласындағы танымал қылқалам шеберлері, ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Оқу жылы бойында университет студенттерінің тыныс-тіршілігі жөнінде университеттің «Сыр түлегі» газетінде, www.korkyt.kz сайтында және басқа да республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырды.

Оқу жылының қорытындысы бойынша жыл сайын оқу үлгерімі үздік, университеттің қоғамдық-мәдени өміріне белсене қатысқан студенттерге облыстық кәсіподақ комитетінің қолдауымен университет арнаулы қаржысы есебінен қысқа мерзімді жазғы тынығу лагерлері ұйымдастырылып келеді. 2015 жылғы 25-29 тамыз аралығында Қызылорда қаласындағы «Сырдария» тынығу лагерінде университеттің 70 белсенді студенті демалып қайтты.

Университеттегі оқу-тәрбие үдерісінде студенттердің адамгершілік қадір-қасиетін дамытатын, Отанға деген сүйіспеншілік көзқарасын, патриоттық сезімін қалыптастыратын іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде үздіксіз жүргізілетін болады.

25

3. Ғылыми-зерттеу жұмысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғылыми-

зерттеу жұмыстарын аймақтың әлеуметтік-экономикалық және қалыптасқан тарихи ерекшеліктерін барынша ескере отырып, іргелі және қолданбалы бағыттар бойынша кафедраларда және «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институты, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы, «Агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер» ғылыми орталығы, «Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту және технологияларды коммерцияландыру» бөлімі, «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана сынды 5 ғылыми құрылымдық бөлімшеде жүргізіледі.

2012-2014 жылдары «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасында жүргізілген зерттеулер аясындабірқатар жаңа әдістер мен технологиялар жасалды. Атап айтқанда: парфюмерия-косметикалық тауарлар өндірісінде және фармацевтикалық салада антибактериалды заттар ретінде пайдалануға болатын препараттар алуға бағытталған карбон қышқылдарының күрделі эфирлерін алу тәсілдері,термиялық крекинг арқылы мұнайдың ауыр фракциясынан базалық жағармайлар алу технологиясы. Сондай-ақ,өсімдіктерді қорғау құралы ретінде пайдалануға болатын жаңа фосфорорганикалық қосылыстар, атеросклероздың алдын алу және бастапқы сатысында емдеу үшін «Жантақ» шөбі сығындысынан алынған биологиялық белсенді компоненттер тағы да бірқатар осындай химиялық заттар мен қосылыстар табылды.

Ресей ғылым академиясының Г.К.Скрябин атындағы Микроорганизмдер биохимиясы және физиологиясы институты ғалымдарының қатысуымен «Арал өңірінің мұнаймен ластанған топырақтарының мониторингі әдістерін және ыстық климат жағдайында биопрепараттарды қолдану арқылы оларды тазарту технологияларын жасау» тақырыбындағы жұмыс орындалуда.

«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институты басым бағытқа ие «Сыр өңірі ақын-жырауларының шығармашылығын әдеби, мәдени, тілдік, тарихи және танымдық сипаттау», «Қорқыт, Көрұғлы эпостары және Түркі өркениеті» тақырыптары бойынша Сыр өңірінің тарихи, әдеби және рухани мұрасын ғылыми талдауды ұйымдастыру әрі кешенді зерттеу ісімен айналысады. Қазіргі уақытта Қорқыт күйлерін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы Ресей ғылым академиясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және

26

антропология институты, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп, Сырдарияның төменгі ағысындағы ортағасырлық қалашықтарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде. Агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер ғылыми орталығы «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы» ҒЗИ, «Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин» ҒЗИ, «Пчан бақша шаруашылығы» ҒЗИ (Қытай Халық Республикасы) ынтымақтастық негізде «Отандық және шетелдік селекциядағы көкөніс-бақша дақылдарының сұрыптары мен будандарын экологиялық сортсынақтан өткізу», «Қылқан жапырақты және декоративтік ағаштарды аудандастыру» тақырыптарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту және технологияларды коммерцияландыру бөлімі ғалымдар мен жеке кәсіпкерлердің өзара іс-қимылын ұйымдастырумен айналысады.

2014-2015 оқу жылында университеттің профессор-оқытушылар құрамының 800-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді, оның ішінде 9 монография, 31 оқулық пен оқу құралдар жарық көрді. Жоғары рейтингілі импакт-факторы нөлден төмен емес шетелдік басылымдарда 169 ғылыми мақала жариялады (оның ішінде 48-і Thomson Reuters, Scopus базаларына енетін журналдарда журналдарда), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен тізбедегі басылымдарда 83 мақала, басқа да шетелдік басылымдарда 263 ғылыми мақала; электронды коммуникативтік алаң беттеріндегі жарияланымдардың жалпы саны 1060 мақала, оның ішінде «G-global» коммуникативтік алаңы беттерінде – 900 мақала, «Қазақстан тарихы» веб-порталында – 140 мақала жарияланды (6-кесте).

Кесте 6 - 2014-2015 оқу жылында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессор-

оқытушыларының жариялаған ғылыми мақалаларының саны

№ Басылымдар Саны 1 Thomson Reuters компаниясының мәліметтер базасына енген

нөлдік емес импакт-факторлы басылымдарда

18

1 Scopus мәліметтер базасына енген нөлдік емес импакт-факторлы басылымдарда

30

3 Ресей ғылыми сілтемелер индексінің (РИНЦ) мәліметтер базасына енген нөлдік емес импакт-факторлы басылымдарда

121

4 ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізбесіне енген басылымдарда

83

27

5 Шетел басылымдарында

263

6 G-global коммуникативтік алаң беттеріндегі жарияланымдар

900

7 «Қазақстан тарихы» Веб-порталы беттеріндегі жарияланымдар

140

2014-2015 оқу жылында университет ғалымдары 11 инновациялық

патент, 5 авторлық куәлік алды. Бұларға қоса, өнертабысқа 13 өтінім, Европалық патент ұйымына1 өтінім берілді.

Университеттің ғылыми қызметін қаржыландыру базалық және гранттық қаржыландыру негізінде, сонымен қатар кәсіпорындар, бизнес-құрылымдармен келісім-шарт бойынша жүргізіледі.

2014 жылы ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыруы (2012-2014жж.) аясында 10 жоба (жалпы құны 49 347 мың теңге) аяқталып, қараша айында есептері тапсырылды.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы негізінде 2013-2015жж. арналған 1 жоба (2015 жылға - 3 900,0 теңге), 2015-2017жж. арналған 4 жоба (жалпы құны 19 008, 408 мың теңге) орындалып келеді.

Инженерлік бейіндегі зертхананы базалық қаржыландыру көлемі 2014 жылы 13 470,0 мың теңге болса, 2015 жылға - 11 243,0 мың теңге құрады.

2015 жылы тұңғыш рет жергілікті бюджет есебінен жалпы құны 24 130,155 мың теңге болатын 3 жоба қаржыландырылып отыр.

ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің «Микробиология және вирусология» институтымен келісім-шарт негізінде 2014 жылы жалпы құны 4 472,0 мың теңге 2 жоба орындалса, 2015 жылы құны 5 000,0 мың теңге болатын 1 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде.

2014 жылы «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ тапсырысы бойынша жалпы құны 24 000 мың теңге болатын 2 ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс орындалды.

Есепті кезеңде заңды және жеке тұлғалар тапсырысы бойынша келісім-шарт негізінде орындалған жұмыстар көлемі 1 782,0 мың теңге құрады.

Университеттің ғылыми қызметін 2014 жылғы қаржыландыру көлемі 114 776,365 мың теңге, ағымдағы жылы – 65 063, 563 мың теңге (7-кесте).

28

Кесте 7- Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми қызметінің қаржыландырылуы (мың теңге)

№ Қаржыландыру көзі 2014 жылы 2015 жылы Бюджет 1 ҚР БҒМ ҒК 2012-2014 жж. гранттық

қаржыландыруы 46 694,0 -

2 ҚР БҒМ ҒК 2013-2015жж. гранттық қаржыландыруы

3 900,0 3 900,0

3 ҚР БҒМ ҒК 2015-2017 жж. гранттық қаржыландыруы

- 19 008,408

4 ҚР БҒМ ҒК базалық қаржыландыруы 13 470,0 11 243,0

5 Облыстық бюджеттен қаржыландыру - 24 130,155

Жалпы сомасы 64 064,0 58 281,563

Бюджеттен тыс

1

ҚР БҒМ ҒК Микробиология және вирусология институтымен келісімшарт негізінде

4 472,0

5 000,0 2 Келісім-шарт негізіндегі жұмыстар 46 240,42 1 782,0 Бюджеттен тыс қаржының жалпы

сомасы: 50 712,42 6 782,0

Жалпы университет бойынша 114 776,365 65 063,563

2014-2015 оқу жылы 36 ғылыми іс-шара, оның ішінде 5-і халықаралық, 8-і республикалық деңгейде өткізілді.

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде (-кесте).

Кесте 8- Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы мәлімет

№ Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері Саны 1 ҚР БҒМ жариялаған республикалық студенттік ғылыми-

зерттеу жұмыстары байқауының жүлдегерлері 2

2 Республикалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері 45 3 Ғылыми конференцияларға қатысу 600 4 Ғылыми жобалар конкурстарына, олимпиадаларға қатысу 175 5 Ғылыми мақалалар жариялау 47

29

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту – ғылыми қызметтің маңызды құрамдас бөлігі. Университетте ғылыми зерттеулермен білім алушылардың 35%-дан астамы қамтылған. 2015 жылы 2 студентіміз ҚР БҒМ студенттік ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпазы атанды. Жыл сайын университетте дәстүрлі студенттік ғылыми конференция, студенттік ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер, студенттік ғылыми жобалар байқаулары және т.б. өткізіліп тұрады. Студенттер мемлекеттік бюджеттен гранттық негізде қаржыландырылатын ғылыми жобаларға орындаушылар ретінде қатысып келеді. Олар облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлердегі ғылыми байқаулар мен конференцияларға белсене қатысады.

Университетімізде 2015 жылдың 15-17 сәуір аралығында «Студенттердің ғылыми-инновациялық шығармашылығы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары» атты XVII ғылыми конференциясы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналып өткізілді. Конференцияда 22 секция бойынша студенттердің 600-ден аса ғылыми жұмыстары тыңдалды. Конференцияның нәтижесі бойынша үздік баяндама жасаған 5 студент университеттің арнаулы қаржы есебінен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қолдауымен өткізілген II Ұлттық Экологиялық жастар форумы шеңберінде «Жаңдану әлемі» қорының ғылыми жобалар байқауында университет құрамасы 2 орынды иеленді.

Университет ректораты ғылыми-зерттеу жұмысында жоғары жетістіктерге жеткен студенттерді және олардың ғылыми жетекшілерін жүйелі моралды және материалды тұрғыда ынталандырып отырады.

Гранттық негізде жобаларды орындауға есепті кезеңде 9 магистрант, 4 докторант тартылды. Бұл қатарда: Г.И.Исамбаева (ПСМ-13-1м) «Композициялық материал арболитті алу үшін ауылшаруашылық қалдықтары – органикалық толтырғыштарды дайындау (қайта өңдеу) технологиясын жасау» (ғылыми жетекші: Қ.А.Бисенов); Э.Б.Дямуршаева (АГР-12-1д) «Арал өңірі жағдайында жабық топырақтарда көкөніс дақылдарын өсірудің инновациялық аз көлемді технологияларын әзірлеу және енгізу» (ғылыми жетекші: Р.И.Құдияров); Г.Б.Тоқтағанова (МРОЗ-13-1д) «Арал өңіріндегі тұзданған топырақ құнарлылығын эколого-географиялық мониторинг әдісі арқылы бағалау» (ғылыми жетекші: С.Ж.Ибадуллаева); Н.Б.Нұрғабылова (Кял-13-1м) «Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларының әдеби, мәдени, тілдік, тарихи және танымдық сипаты» (ғылыми жетекші: Б.Кәрібозұлы); А.Т. Төлебаева (Кял-12-1д) «Сыр өңірі журналистикасы: тарихы, қалыптасуы және даму кезеңдері» (ғылыми

30

жетекші: Тұяқбаев Ғ.Ә.); А.О.Уткельбаева (ПСМ-12-1д), Н.А.Сактаганова (ПСМ-13-1д) «Күн энергиясын пайдалану арқылы алуан түрлі бетон бұйымдары мен конструкцияларын өндірудің құрамдастырылған энергоүнемді және экологиялық таза технологиясын жасау және оны практика жүзінде қолдану» (ғылыми жетекші: Л.Б.Аруова); П.О.Бұланбаева (МРОЗ-12-1д) «Қызылорда облысы суармалы жүйесіндегі күріш дақылының экологиялық тиімді режимін жасау» (ғылыми жетекші: С.И.Қошқаров) тақырыбындағы жобаларға орындаушылар ретінде қатысты.

Магистранттардың, докторанттардың халықаралық, республикалық конференцияларға және конкурстарға белсене қатысуына жағдай жасалуы нәтижесінде көптеген магистранттарымыз, докторанттарымыз конференцияларда баяндама жасап, дипломдармен марапатталып, алғыс хаттармен мадақталды. Импакт факторы нөлден жоғары шетелдік басылымдарда докторанттар мен магистранттардың 7 мақаласы (докторанттар-3, магистранттар -4), халықаралық ғылыми конференциялар жинақтары мен ғылыми журналдарда 52 мақаласы (докторанттар-11, магистранттар -41) жарық көрді.

«6D073000-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандығының 2-курс докторанты С.М.Жарылғапов «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізген «Парасатты жас ғалым» байқауының лауреаты атанды.

Университет ғылыми-педагогикалық кадрларды Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының базасында мақсатты даярлау бағытын жалғастырып келеді. 2014-2015 оқу жылында Қазан Федералды университетінде – 6 аспирант білім алса, 12 магистрант осы оқу орнын тәмәмдады. Қазан мемлекеттік аграрлық университетін – 4 магистрант, Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетін – 4 магистрант бітірді. 1 жас ғалым Сабит Ибадулла 2015 жылғы 28 мамырда Ресей Халықтар достығы университетінде кандидаттық диссертациясын қорғады.

Сонымен қатар, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде – 3 докторант, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде – 2 докторант мақсатты даярлықтан өтуде. 2014-2015 оқу жылында 3 оқытушы қазақстандық жоғары оқу орындарының мақсатты PhD докторантурасын бітіріп, диссертацияларын қорғады.

31

4. Халықаралық байланыстар Университеттің халықаралық қызметі әлемдік білім және ғылыми

қауымдастыққа кірігуге бағытталған. Бұл жұмыс шетелдің жетекші университеттерімен ынтымақтастық бағдарламалары аясында, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларды, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметтерін жүзеге асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, оқытушы мамандармен өзара алмасу және студенттердің білімін дамыту ұтқырлық бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады.

Бүгінгі күнге дейін алыс және жақын шет елдердің дамыған жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен, өкілдіктерімен байланыс орнатылып, 70-тен астам ынтымақтастық жөніндегі келісім-шарттар мен меморандумдар жасалды.

Олардың ішінде: - Бельгия мемлекетінің Батыс Фландрия университеттік колледжі; - Ресей халықтар достығы университеті, Ресей Федерациясы; - Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының Қазан мемлекеттік

аграрлық университеті; - Қазан мемлекеттік мәдениет және өнер университеті; - Қазан Федералды университеті; - А.Н.Туполев атындағы Қазан ұлттық зерттеу техникалық университеті; - В.Корфантого атындағы Жоғарғысилез экономикалық университеті; - Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университеті; - В.С. Соболев атындағы геология және минерология институты; - Пекин қаласындағы Қытай мұнай университеті; - Барселонадағы ғаламдық бизнес мектебі; - Қолданбалы ғылымдар техникалық университеті, Австрия; - Н.И.Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университеті; - Санжы университеті, Қытай Халық Республикасы; - Түркия Республикасының Эрзинджан университеті (Мевлана алмасу

бағдарламасы); - Түркия Республикасының Ыгдыр университеті (Мевлана алмасу

бағдарламасы); - Сиянь технологиялық университеті; - Кубань мемлекеттік аграрлық университеті;

32

Сонымен қатар, Самсунг Электроникс КЗ Централ Эйжа компаниясы және Халықаралық білім және ғылыми ақпарат орталығымен (Германия Федеративті Республикасы) меморандумдар жасалды.

2015 жылдың бірінші жарты жылдығында шетелдік университеттер және компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында келіссөздер жүргізіліп, 6 келісім-шартпен меморандумдарға қол қойылды.

Олар: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ҚХР-ның

Дацин мұнай-газ кен орны «DPS-Кызылорда» компаниясымен Ынтымақтастық жөніндегі меморандум (10.01.2015);

Үндістан, Ченнай, Анна университетінің Ахмед дат филиалына қарасты Даниш инженерлік колледжі Менеджмент жоғары мектебімен, Ынтымақтастық туралы келісім (30.01.2015);

Ресейдегі Самара сәулет-құрылыс университетімен жоғары білім беру және ғылым саласындағы Ынтымақтастық келісімшарты (31.03.2015);

Түркиядағы Гази университетімен Ынтымақтастық жөніндегі Меморандум (11.04.2015);

Корея Республикасы, Чолланам-до провинциясының білім басқармасымен ынтымақтастық туралы меморандум (06.05.2015);

Дене шынықтыру және спорт саласындағы Сібір мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы келісім (15.05.2015).

Халықаралық стандарттарға сәйкес шетелде кадрларды дайындау, озық тәжірибелермен алмасу мақсатында 2014-2015 оқу жылының басында Қазан Федералды университетіне – 12 магистрант және 6 аспирант; Қазан мемлекеттік аграрлық университетіне – 4 магистрант және 3 студент; Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетіне – 4 магистрант оқуға жіберілді.

Шетелде оқыту нәтижесінде Қазан университеттерін бітірген 16 магистрлер диссертацияларын сәтті қорғап, университеттің кафедраларына жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, университет студенттік академиялық ұтқырлық бағдарламасын жоспарлы түрде жүзеге асыруда. Осы бағдарлама бойынша Польша Республикасының лодзь университетіне 33 білім алушы, Қазан федералды университетіне 3 студент 1 семестрге оқуға жіберілді.

Қос дипломды бағдарлама шеңберінде «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2 студенті Корея Республикасының Кангнам университетінде бір жылдық білім алуда. Сонымен қатар, аталмыш университетте «Есеп және аудит» және «Аударма ісі» мамандықтарының 2 студенті қос дипломды бағдарламасы шеңберінде оқуды бітіріп дипломдарын алды.

33

Эрасмус Мундус бағдарламасы шеңберінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығының бір студенті ««Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың кеңістіктік инфрақұрылымдарын gSmart орындарына пайдалану»» атты жобасының Еуропалық Одағы грантының жеңімпазы атанып Зальцбург университетіне (Зальцбург, Австрия) оқуға жберілді.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының екі студенті бір академиялық кезеңге Чанкыры Каратекин университетіне (Чанкыры қ., Түркия) 2015 жылдың 8 сәуіріндегі «Мевлана» алмасу бағдарламасының хаттамасы негізінде оқуға қабылданды.

Есепті кезең ішінде университет төмендегі Бірлескен Темпус жобалары және Эрасмус Мундус бағдарламасы жобалары бойынша жұмыстарды жалғастырды:

- 510978-TEMPUS-1-2010-1-AT-TEMPUS-JPCR «Геоинформатика: энергияны, ресурстарды және қоршаған ортаны басқару» жобасы;

- 517504-TEMPUS-1-2011-1-ES-TEMPUS-JPCR «Орталық Азия елдеріндегі педагогика және білім беруді басқару бойынша оқу бағдарламарын дамыту және модернизациялау»;

- 530786-TEMPUS-1-2012-1-NL-TEMPUS-SMHES TuCAHEA «Орталық Азия жоғары білім кеңістігі бағытында: Құрылым және сапа мәдениетінің тюнингі»;

- 516802-TEMPUS-1-2011-1-KZ-TEMPUS-SMGR «Қазақстанда студенттердің өзін-өзі басқаруы және демократиялық қатысу»;

- 545696-EM-1-2013-1-AT-ERA MUNDUS-EMA21 «Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың кеңістіктік инфрақұрылымдарын gSmart орындарына пайдалану»;

- 372356-1-2012-1-ES-ERAMUNDUS-EMA21-CANEM-2 КАНЕМ-2 Эразмус Мундус. Әрекет 2 «Экономика және менеджмент бойынша Орталық Азия жүйесі»;

- 543720-TEMPUS-1-2013-1-DE-TEMPUS-JPCR «Әзірбайжан, Израиль, Қазақстандағы экологиялық жүйені басқару мақсатында ғарышты қашықтықтан бақылау саласында білім беруді нығайту – SESREMO».

34

6. Кадрмен қамтамасыз ету 2014-2015 оқу жылында оқыту үдерісінде 550 профессор-оқытушы дәріс

жүргізді, оның ішінде 29 ғылым докторы, 2 PhD докторы, 244 ғылым кандидаты, 197 магистр қызмет атқарды. Штаттағы профессор-оқытушылардың үлесі 96,8% құрайды. Жалпы профессор-оқытушылар құрамының 92%-ы мемлекеттік тілде дәріс береді.

Салыстырмалы талдау жасау үшін соңғы 3 оқу жылындағы профессор-оқытушылардың саны жөніндегі мәлімет 9-диаграммада беріліп отыр.

Диаграмма 9. Қызмет атқарған профессор-оқытушылардың саны

Ғылыми дәрежесі және атағы бар профессор-оқытушылар құрамының

үлесі 2014-2015 оқу жылында 50,0 %-ды құрады (диаграмма 10).

Диаграмма 10. Профессор-оқытушылардың ғылыми әлеуеті

35

Университетте «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлерінің жалпы саны – 46, оның ішінде 2014 жылдың үздік оқытушысы – 3.

1 оқытушы Қазақстан Республикасы Президентінің алғысымен, 1 оқытушы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан 100 оқытушы марапатталған. Оның ішінде 2014-2015 оқу жылында 2 оқытушы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

ОПҚ қызметінің нәтижелері бойынша 2014 жылдың 1 қазанынан бастап 100 оқытушы үстемеақылар алды және ең жоғары көрсеткіштерге жеткен 5 оқытушыға Ғылыми кеңестің шешімімен «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Үздік оқытушысы» атағы берілді. Есепті жылы да «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Үздік кафедрасы» конкурсы өткізілді. Конкурс нәтижелері бойынша оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстардағы жоғары жетістіктері үшін 3 бітіртуші кафедра мен бір жалпы білім беру кафедрасы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2014 жылдың қараша айында тілдік кафедралар мен көптілді білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын кафедра оқытушыларының ағылшын тілінен білімдерін бағалау үшін университеттің шақыртуымен, Британ Кеңесінің мамандары IELTS халықаралық емтиханын өткізілді. Ағылшын тілін игерудің халықаралық бағалау нәтижелері бойынша университеттің 21 оқытушының жалақыларына жинаған жоғары баллдары үшін оқу жылы бойына 20-дан 100% дейін үстемеақы тағайындалды.

36

7. Материалдық-техникалық база Университеттің материалдық-техникалық базасы 10 оқу ғимараты, 5

жатақхана, Студенттер сарайы, 7 студенттік асхана, «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені, әскери полигон, 6 кітапхана мен оқу залдарынан тұрады.

Студенттерге арналған 1168 орындық 3 жатақхана, магистранттар мен докторанттарға арналған 176 орындық 1 жатақхана бар, олардың жалпы ауданы 17226 м2 .

Оқытушыларға арналған 59 пәтерлік 1 жатақхана бар, жалпы ауданы 3311,9 м2.

Университеттің жабық спорт алаңдарының ауданы 6486,7 кв.м2 құрайды, олардың құрамына «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені кіреді, онда жаттықтығу залы, ауданы 25х11м жүзу бассейні бар. Сонымен бірге университетте жазғы ашық спорт жайлары да бар, жалпы ауданы 8411 кв.м2.

Университет студенттері мен қызметкерлерінің тамақтануы үшін 900 орындық 7 асхана жұмыс істейді, жалпы ауданы 5165 м2. Университетте білім алушыларға алғашқы дәрігерлік көмек беруге және профилактикалық жұмыстарға арналған, жалпы ауданы 109 м2 медициналық орталық бар, ол қажетті медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектік заттармен жабдықталған.

Мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу үшін 456 орындық Студенттер сарайы жұмыс істейді, жалпы ауданы 1900,3 м2.

Ауданы 6,0 га агробиологиялық учаске аумағында жылыжай шаруашылығы орналасқан, ол аграрлық мамандық студенттерін канадалық технология бойынша жергілікті шикізатты қолдану арқылы жылыжай дақылдарын өсіру технологиясына оқыту үшін пайдаланылады. Топырақсыз негізде экологиялық таза өнім өсіріледі.

Әскери кафедраның оқу-тактикалық полигонының ауданы 75 га құрайды. Мұнда 7,0 га жерге база орналасқан: әскери штаб, санитарлық жайлар, 300 орындық асхана. Бұл аумақ инженерлік коммуникациялармен жарақтандырылған: тереңдігі 400м ұңғымадан сумен жабдықталынады, кәріз – т/б құдық, сиымдылығы 25 м3.

2014 жылы оқу ғимараттары мен жатақханаларда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы құрылыстық, кәріз және электротехникалық желілерге, су және жылу желілерінің ішкі және сыртқы сантехникалық жөндеу жұмыстары жасалынды. Университет асханаларының түскі ас орындары мен көмекші үй-жайларына, №1 студенттер жатақханасы жанындағы дыбыс жазу студиясы болып жабдықталған бөлмелерге жөндеу

37

жұмыстары жасалынды, бұл жұмыстар бюджеттен тыс қаржыландыру көзінен жүргізілді.

Университетте интернетке қолжетімділікті қаматамасыз ету үшін 20 мб/секунд жылдамдықпен шектеусіз трафик пайдаланылады. Барлық компьютерлер жиынтығы 980 дана құрайды. Оның ішінде 850 компьютер корпоративтік желіге қосылған. Сонымен бірге университеттің барлық оқу ғимараттары мен жатақханаларындағы компьютерлер 3 Мегабит/секунд жылдамдықтағы WiFi желісіне қосылған. Есепті оқу жылында оқу үдерісіне пайдаланылатын 2 сервер, техникалық мамандықтарға оқу зерттеу құрал-жабдықтары, және де жұмыс компьютерлеріне арналған түрлі лицензиялық бағдарламалар сатып алынды.

38

8. Қаржылық қамтамасыз етілуі

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ білім беру қызметін қаржыландыру 3 бюджеттік бағдарлама және бюджеттен тыс қаржылар арқылы жүзеге асырылады. 2014 жылға бекітілген шығындар сметасы 2 589 404,497 мың теңгені құраған, оның ішінде республикалық бюджеттен қаржыландыру 989404,497 мың теңге және бюджеттен тыс қаржы 1600000 теңгені құрап отыр. Республикалық бюджеттен қаржыландыру үш бюджеттік бағдарлама арқылы жүзеге асырылады: 020 "Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандарын даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" бағдарламасы бойынша 534818 мың теңге (оның ішінде білім алушыларды даярлауға – 513552,1 мың теңге, шетелден мамандар шақыртуға жұмсалғаны - 13200 мың теңге, білім алушылардың академиялық ұтқырлығы шеңберінде - 8065,9 мың теңге), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасы бойынша білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламасы бойынша 390521,9 мың теңге (оның ішінде шәкіртақымен қамтамасыз ету – 376431,7 мың теңге, жол жүру шығындары – 14015,9 мың теңге, пайдаланылмаған жол жүру шығындарын бюджетке қайтару - 74,3 мың теңге), 131 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық субъектілерді базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету» қосымшасы - 13470,597 мың теңге, 055 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нысандарын базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету» 101 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» - 50594 мың теңге (кесте 9)

Кесте 9. Университеттің 2014 жылғы жалпы табысының құрамы

№ Табыс түрлері Сомасы, мың

теңге Жалпы табыс

құрамын- дағы үлесі, %

1 Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

534818 21

оның ішінде ҚР ЖОО-на шет елдік мамандарды тарту

13200

Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы 8065,9 2 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

бағдарламалары бойынша оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету

390521,9 15,3

3 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық субъектілерді базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету

13470,597 0,5

39

4 Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру 50594 2 6 Жалпы бюджеттен түскен қаржы 989404,497 38,8 7 Ғылыми зерттеулер 50712,42 2 8 Ақылы білім беру қызметін көрсету 1369236,4 53,6 9 Өзге де ақылы білім беру қызметін көрсету 10839,082 0,4

10 Негізгі қызметтен тыс табыстар 132889,0 5,2 11 Жалпы бюджеттен тыс түскен қаржы 1563676,902 61,2 Барлығы 2553081,399 100,0

«Білім туралы» заңның 62 бабының 8 тармағына сәйкес, жоғары және

жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының ақылы негізде бір білім алушыға жұмсалатын шығындары білім беру грантының мөлшерінен кем болмауы тиіс.

2014-2015 оқу жылындағы оқу ақысын 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда өзгеріссіз қалды (Кесте 10).

Кесте 8. Білім алушылардың орташа оқу ақысы

Көрсеткіштер 2013-2014 оқу

жылы 2014-2015 оқу

жылы Студенттердің орташа оқу ақысы (келтірілген контингент бойынша), мың теңге

381,5

381,5

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің

2012 жылғы 28 ақпандағы № 52 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 140 бірлескен бұйрығына сәйкес, университетті 2012-2016 жылдарға арналған дамыту жоспарында еңбекақы шығындарының көлемі 60% жуығын құрап отыр, ол «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 Қаулысына, «Жоғарғы кәсіби білімді мамандар даярлау шығындарының жоспары және студенттер білім алу шығындар есебі туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 18 қыркүйек №681 нұсқаулығына, және де «Жоғарғы білім алушылардың қаржылық нормативтері туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы №374 бұйрығына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 8

40

қараша 2012 жылғы №501 бұйрықтары және басқа да нормативтік құжаттар негізінде құралып отыр.

Университеттің қаржылық залалы 2014 жылы 73564,9 мың теңгені құрады, бұл білім алушылар контингентінің бір жарым есеге дейін азаюы және күмәнді талаптар бойынша резервті құрумен байланысты болып отыр (кесте 11).

Кесте 11. 2014 жылғы қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері

Көрсеткіштер Сомасы, мың теңге

1 Жалпы табыс 2491455,7 2 Шығындар 2565020,6

2.1 Соның ішінде, өзіндік құны 2096457,1

2.2 Соның ішінде, әкімшілік шығындар 377266

2.3 Соның ішінде, негізгі қызметтен тыс шығындар 91297,5 3 Таза табыс (залал) (73564,9)

Ғылыми жобаларды қаржыландыру Ұлттық ғылыми кеңестің 2014

жылға гранттық қаржыландыру туралы шешіміне сәйкес жүргізілген, ол келесі 12 кестеде көрсетілген:

Кесте 12. 2014 жылғы ғылыми жобаларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру

№ Автордың аты-жөні Ғылыми жоба тақырыбының атауы 2014 жылға қаржыландыру

сомасы, мың теңге

1 Бисенов Қ.А. Үдербаев С.С.

Қасиеттері берілген материалдар алу үшін ЖЭО күлін және инертті шағыл құмды активтендіру – қайта өңдеу технологиясын жасау

4 850,0

2 Бисенов Қ.А. Үдербаев С.С.

Композициялық материал арболитті алу үшін ауылшаруашылық қалдықтары – органикалық толтырғыштарды дайындау (қайта өңдеу) технологиясын жасау

4 850,0

3 Бисенов Қ.А. Аруова Л.Б.

Күн энергиясын пайдалану арқылы алуан түрлі бетон бұйымдары мен конструкцияларын өндірудің құрамдастырылған энергоүнемді және экологиялық таза технологиясын жасау және оны практика жүзінде қолдану.

8 194,0

4 Ибадуллаева С.Ж. «Жантақ (Alhagi pseudoalhagi) дәрілік

41

Нарманова Р.А. өсімдік сығындысын атеросклероздың алдын алу және бастапқы формасын емдеуде қолдану перспективалары»

7 300,

5 Қошкаров С.И. «Қызылорда облысының суармалы жүйелеріндегі күріш дақылының экологиялық тиімді суару режимін жасау»

4 500,0

6 Аппазов Н. «Гетероциклді қатардағы кетондар негізіндегі жаңа полифункционалды фосфорорганикалық қосылыстар, биологиялық белсенді заттарды іздестіру»

4 000,0

7 Тұяқбаев Ғ.Ә. Сыр өңірі журналистикасы: тарихы, қалыптасуы және даму кезеңдері

3 000,0

8 Мейрманова Г.А. Сырдарияның төменгі ағысы қалаларының ортағасырлар кезеңіндегі этномәдени байланыстардағы рөлі (Жанкент қала жұрты)

4 000,0

9 Мейрманова Г.А. Оңтүстік-шығыс Арал маңын мекендеген ежелгі тайпалардың дүниетанымы мен идеологиясы және наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптары

3 000,0

10 Кәрібозұлы Б. Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларының әдеби, мәдени, тілдік, тарихи және танымдық сипаты

3 000,0

11 Құдияров Р.І. Арал өңірі жағдайында жабық топырақтарда көкөніс дақылдарын өсірудің инновациялық аз көлемді технологияларын әзірлеу және енгізу

3 900,0

БАРЛЫҒЫ 50 594,0 Бюджеттік емес қаржыдан қаржыландырылатын жобалар есебінен

Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссиямен мақұлданған шешімге сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Микробиология және вирусология интитутымен» бірлесіп ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар ортақ қаржыландыру негізінде жүргізілді. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық бағдарлама: 2012-2014 жылдарға арналған Қызылорда облысының мұнай өндіру барысында бұзылған экожүйелердің биоремедиациясы. Жоба тармағы: Техногенді мұнаймен ластанған экожүйелерді қалпына келтірудің мониторингі. Жоба жетекшісі С.Ж.Ибадуллаева 2014 жылға қаржыландыру 2 138 701 теңгені құрды. Ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша: 2012-2014 жылдарға арналған

42

«Арал өңірі тұзданған топырақтарының құнарлылығын қалпына келтіру». Жоба тармағы: «Арал өңірінің суармалы тұзданған топырағы құнарлылығын экологиялық-географиялық мониторинг әдісімен бағалау». Жоба жетекшісі С.Ж. Ибадуллаева, орындаушы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ. 2014 жылға қаржыландыру көлемі – 2 333 294 теңге. Қаржы толығымен игерілген.

2014 жылы бюджеттік бағдарлама бойынша 989330,197 мың теңге игерілген. Білім алушылардың 74,3 мың теңге жол жүру өтемақысы бюджет кірісіне қайтарылды (кесте 13).

Кесте 13. Университеттің 2014 жылы бюджеттік қаражаттарды игеруі, мың теңге

№ Бағдарламалар Түскені Игерілді Бюджетке

қайтарыл-ды

Ескерту

1 020 "Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандарын даярлау, білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету"

534818 534818

2 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету"

390521,9 390447,6 74,3 Жол жүру өтемақысының бюджетке қайтарылуы

3 131 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық субъектілерді базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету

13470,597 113470,597

5 055 «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер» 101 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» қосымша бағдарламасы

50594 50594

Жалпы 2013 жыл бойынша 989404,497

989330,197

74,3

2014 жылы алыс және жақын шетелінен алдыңғы қатарлы ғалымдарын

шақырту шығындары 13200 мың теңгені құрады (кесте 14).

Кесте 14. Университетте 2014 жылы 020 «ҚР ЖОО-на шетелдік мамандарды тарту»

43

бағдарламасы бойынша қаражаттың игерілуі, мың теңге № Аталуы сомасы, мың теңге 1 Қаражаттың түсуі 13200 2 Барлық игерілгені 13200 жолақы шығындары 1793,8 тәуліктік төлем төлеу 908,2 жататын орын ақы төлеу 2362,1 сыйақы төлеу 8135,9 3 Республикалық бюджетке қайтарылғаны 0

Еңбек ақы қоры 1274316,8 мың теңгені құрап отыр (еңбек ақы қоры -

1216694,1 мың теңге, қосымша төлем ақы – 6424,2 мың теңге, Қазақстан Республикасының "Арал өңiрiндегi экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 13 бабы 1 тармағы 4) тармақшасында көзделген сауықтыруға арналған материалдық көмек - 49007,0 мың теңге, әскери қызметшілерге аударылатын міндетті зейнетақы жарнасы -2191,5 мың теңге). Әлеуметтік салық – 51719,9 мың теңге, университет қызметкерлерінің еңбекақысынан әлеуметік аударым – 48399,1 мың теңгені құраған, яғни еңбек ақы қорының 3,8 %.

Университеттің жылдық орташа қызметкерлер саны 1186,25 штаттық бірлік құрайды, оның ішінде ОПҚ – 518,75 штаттық бірлік, оқу-көмекші тұлғалар -101 әкімшілік қызметкерлер және қызмет етуші тұлғалар – 566,5 штаттық бірлік (кесте 15).

Кесте 15. 2014 жылғы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлерінің құрамы, саны

және еңбек ақысы № Аталуы Өлшем бірлігі 2014 жыл

бойынша 1 Қызметкерлердің еңбек ақысы

(мың.теңге) мың.теңге 1274316,8

Оқытушы-профессор құрамы мың.теңге 692269,7 әкімшілік-басқару қызметкерлері мың.теңге 159586,81 оқу-көмекші қызметкерлер 94228,4 өзге және қызмет көрсету қызметкерлері мың.теңге 328231,89 2 Жұмыскерлердің штаттық саны,

барлығы бірлік

1186,25 оның ішінде: бірлік

Оқытушы-профессор құрамы бірлік 518,75

әкімшілік-басқару қызметкерлері бірлік 122

44

оқу-көмекші қызметкерлер бірлік 101

өзге және қызмет көрсету қызметкерлері бірлік 444,5

3 Жалпы университет бойынша орташа жалақы көлемі (теңге)

теңге 89519,97

Оқытушы-профессор құрамы теңге 111207,98

әкімшілік-басқару қызметкерлері теңге 109007,38

оқу-көмекші қызметкерлер теңге 77746,2

өзге және қызмет көрсету қызметкерлері теңге 61535,78

Университет өз қаржысының ауқымды бөлігін материалдық-

техникалық базаны нығайтуға жұмсайды, атап айтқанда оқу зертханаларын заманауи зертханалық жабдықтармен жарақтандыруға, компьютерлік техникалар, жиһаз және тағы басқалар сатып алуға жұмсалды. Университетте 2014 жылы барлығы 145570,6 мың теңгеге материалдар, 26973,81 мың теңгеге негізгі құрал-жабдықтар, 25861,4 мың теңгеге оқу әдебиеттері және материалдық емес активтер сатып алынды (кесте 16).

Кесте 16. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің 2014 жылға шығындарының кестесі

№ Шығын элементтері 2014 жыл Жалпы шығынға шаққандағы үлесі

(%) 1 Материалдық шығындар 351401,0 13,8

2 Қызметкерлердің еңбек ақысы, барлығы, оның ішінде 1274316,8 49,7

өтемақылар, материалдық көмек және сауықтыру жәрдемақылар 49007,1

3 Еңбек ақыдан аударымдар 99093,8 3,9 4 Тозу шығындары 183401,7 7,2

5 Білім алушылардың шәкіртақысы және жол жүру өтемақысы 409043,7 16

6 Коммуналдық шығындар 102023,5 4 7 Іссапар шығындары 51315,5 2 8 Шет елдік мамандарды тарту 15020,2 0,6 9 Оқушылардың академиялық ұтқырлығы 8065,9 0,3

10 Ағымды жөндеу және активтерге қызмет көрсету 39409,8 1,5

11 Салықтар мен бюджетке басқа да аударымдар 2499,8 0,1

12 Басқа да шығындар (оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер т.с.с.) 29428,9 0,9

45

Барлығы: 2565020,6 100

Оның ішінде:

Әкімшілік шығындар 377266 2014 жылы білім алушыларды шәкіртақымен қамтамасыз ету 395027,8

мың теңгені құрады. Білім алушылардың демалыс уақытындағы жол жүру өтемақысы 14015,9 мың теңге құрап отыр. Жетім балалардың тамақтануына 3018,9 мың теңге жұмсалған. 2014 жылдың пайдаланылмаған 74,3 мың теңге шәкіртақысы мен жол жүру өтемақының қайтарылған бөлігін қоса алғанда шығындар сомасы 412062,6 мың теңгені немесе университет бюджеттің 16 % құрап отыр.

Интернет және байланыс жүйесінің шығындары 9093,0 мың теңгені немесе университет бюджетінің 0,4 % құрады. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына арнаулы қаржы есебінен 39409,8 мың теңге немесе университет бюджетінің 1,5%. Білім алушылардың біліктілігін арттыру мақсатында алыс және жақын шетелдерге жіберу шығындары 15982,9 мың теңгені құрайды немесе университет бюджетінің 0,6 % .

Басқа да шығындар (біліктілік арттыру, шетел мамандарын тарту, оқушылардың академиялық ұтқырлығы, арендалық төлемдер, транспорттық қызмет, банктік шығындар және т.б.) университет бюджетінің 9,1 % құрап отыр.

Негізгі қызметтен, яғни білім беру қызметінен түсетін ақша қаражаттарын мемлекеттік бюджеттен де, сондай-ақ бюджеттен тыс жоспарлау студенттер контингентіне байланысты болады. Білім және ғылым қызметінен түскен қаржы университет бюджетінің 95 % құрайды. Барлық басқа шығындар: жатақханада тұру ақысы, ғимараттар мен үймереттерді пайдаланудан түскен ақша қаражаттары және т.с.с. 5% жуық. Университеттің төлемдер бойынша қарыздары жоқ, атап айтқанда, еңбек ақы төлемдеріне, коммуналдық қызмет төлемдері, жөндеу т.б. жұмыстар бойынша (кесте 17).

Кесте 17. 2014 жылға ақша қаражатының кірісі туралы ақпарат

Көрсеткішткер Сома, мың теңге Түскен қаражат, барлығы: 2363532,6 - республикалық бюджеттен: 989404,5 Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандарын даярлау, білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

534818

Жоғары кәсіби білім бағдарламасы бойынша білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

390521,9

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет 13470,6

46

субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету қосымша бағдарламасы Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру»

50594

- ақылы білім беру қызметін көрсету 1306757,2 - өзге де табыстар 67370,9

2014 жылдың ақша қаражаттарының шығыстары туралы ақпарат келесі

18 кестеде көрсетілген Кесте 18. 2014 жылы ақша қаражатының шығысы туралы ақпарат

Көрсеткіштер Сумма, в тыс.тенге Қаражат шығысы, барлығы: 2328110,6 Тауарлы-материалдық құндылықтар алуға 145570,5 Коммуналдық және байланыс қызметтерін төлеуге 102023,5 Білім алушылардың жол ақысын өтеуге, шәкіртақылар 409043,7 Қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуге 1274316,8 Еңбек ақыдан аударылымдарға 110119,1 Негізгі құралдар және материалдық емес активтерді алуға 52835,3 Ағымдағы жөндеу 39409,8 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың тағылымдамасы 15982,9 Шетелдік мамандарды тартуға кеткен шығындар 15020,2 Ақпараттық және банктік қызметтер 15948,6 Іссапар шығындары 51315,5 Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы 8065,9 Қызметкерлердің біліктілігін арттыру 1112,0 Салықтар, бюджетке басқа да міндетті төлемдер 2499,8 Сақтандыру 2334 Басқа да төлемдер 82513

Университет қызметінің ерекшелігіне байланысты ақша қаражатының

шығындары негізінен еңбекақы төлеуге жұмсалды. Сонымен қатар, тауарлы-материалдық құндылықтар сатып алуға, коммуналдық және басқа да қызмет көрсетулерге, негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалды.

Негізгі қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат 19-ші кестеде ұсынылды.

47

Кесте 19. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің 2014 жылғы негізгі қаражаттарының қозғалысы

Негізгі қаражаттар

2013 жылдың 1 қаңтарына % 2014 жылдың 1 қаңтарына %

Бастапқы құны

Жинақталған тозу

Қалдық құны

Бастапқы құны

Жинақталған тозу

Қалдық құны

БАРЛЫҒЫ 2033962,4 765567,9 1268394,5 100 2684103,4 936930,1 1747173,3 100 Оның ішінде: ғимараттар мен жайлар

864129,3 329922,4 534206,9 42 1440114,1 415117,7 1024996,4 59

Көлік құралдары 54868,4 18846,5 36021,9 3 51940,4 21977,9 29962,5 2 Компьютерлер, перифериялы құрылғылар, жихаз

806971,3 416799 390172,3 31 869231,3 499834,5 369396,8 21

Өзге де негізгі құралдар

307993,4 0 307993,4 24 322817,6 0 322817,6 18

2014 жылы теңгерім құнының 627000,0 мың теңгеге ұлғаюы №5

жатақхананы теңгерімге қабылдау есебінен болып отыр. Университеттің қаржылық жағдайы тұрақты, университет қызметі үшін

несие қаражаттар алынған жоқ, ұзақмерзімді дебиторлық және кредиторлық берешектер жоқ.

Университеттің ағымды қызметінде оқу үдерісін ұйымдастыру үшін мемлекеттік сатып алулар арқылы материалдар, шаруашылық тауарлары мен басқа да активтер алынады, олар 2014 жылдың шығынында 344586,8 мың теңге құрады немесе жалпы шығындар сомасының 14%.

Университет ақша және материалдық ресурстарды үнемдеу жөнінде мақсатты жұмыстар жүргізіп отырады:

- жыл сайын әкімшілік-басқару, оқу-көмекші және басқа персоналдар штаты мен құрылымды оңтайландыру жүргізіледі;

- университеттің барлық нысандары жылу және электр қуатын жұмсауды есепке алу құралдарымен жарақтандырылған;

- негізсіз шығындарды болдырмау жоспары жасалып, орындалу үстінде. Қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері Ғылыми кеңестің

мәжілістерінде тұрақты түрде қаралып отырады.

48

9. Университеттің білім беру қызметін дамытудағы алда тұрған міндеттер

Университет өз қызметін одан әрі дамыту үшін келесі жұмыстарды

жүзеге асыруды алдына міндет етеді: - студенттер, магистранттар, PhD докторанттардың, сондай-ақ,

профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлығын дамыту мақсатында әлемдік білім кеңістігіне одан әрі кірігу;

- көптілді білім бағдарламасымен мамандарды дайындау; - университеттің республикалық және халықаралық рейтингтеріне

қатысу; - іргелі және қолданбалы зертеулердің басым бағыттары бойынша

ғылыми жобаларды жүзеге асыру; - білім, ғылым және бизнестің интеграциясын жүзеге асыру; - университет ғалымдары әзірлеген жаңа технологиялар мен зияткерлік

меншік өнімдерін коммерцияландыру; - университеттің кадрлық әлеуетін күшейту; - автономиялылық пен есептілік, академиялық еркіндік, толеранттылық

пен ашықтық қағидаларына негізделген ЖОО басқаруды ұйымдастыру; - ЖОО байқау кеңесін құру, корпоративтік басқаруды енгізу; - оқу, ғылыми және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру; - білім мен ғылым саласында ақпараттық қамтамасыз етуді одан әрі

жетілдіру; - студент жастарды аймақтың қоғамдық-мәдени және рухани даму

үдерісіне тарту; - университеттің көпарналы қаржыландыру моделін әзірлеу; - бірлескен халықаралық жобаларды дамыту.

Ректор Қ.А.Бисенов