орда жұлдызы+27 +19 Жексенбі, 9.09.2018 +24 +18 Сенбі, 8.09.2018 +26 +15...

8
+27 +19 Жексенбі, 9.09.2018 +18 +24 Сенбі, 8.09.2018 +26 +15 Жұма, 7.09.2018 +27 +16 Бейсенбі, 6.09.2018 +26 +15 Дүйсенбі, 10.09.2018 Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады Апталық басылым №36 (7123) 4 қыркүйек 2018 жыл Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газеті орда жұлдызы www.ordazhuldyzy.kz +28 +16 Сәрсенбі, 5.09.2018 +24 +19 Сейсенбі, 11.09.2018 Ағымдағы ақпарат Білім күні М.Мәметова атындағы орта мектептің жа- нынан бой көтерген заман та- лабына сай жаңа жатақхана ғимараты пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына аудан атқамінерлері, ауыл тұрғындары, оқушылар мен ұстаздар жина- лып, қуанышты бірге бөлісті. Алғашқы болып сөз алған об лыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев жиналған қауымды ме- рекемен құттықтай келе, «Елба сымыз білімді ұрпақ тәрбиелеуді басты мәселе етіп қойды. Ол – атааналар мен ұстаздарға, бар шамызға ортақ міндет. Бұл мін детті орындауға жағдай да жаса лып жатыр. Соның бір дәлелі – мына заманауи үлгідегі жатақ хана. Игілігіңізге пайдаланыңыз дар. Жас балғындарға сәттілік тілеймін!»деді. Мердігер «Аль- фа Строй Сервис» ЖШСның уәкілі Серік Басаров нысанның уақтылы аяқталуына қол ұшын берген аудан басшылары мен тұрғындарға ризашылығын біл- діріп, интернаттың символикалық кілтін мектеп директоры Асыл- хан Аманғалиевке салтанатты түрде табыстады. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов «Альфа Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымына алғысхат пен ескерткіш сыйлық ұсынды. Мәдениет саласының ардагері, шоңайлық зейнеткер Сағира Қажығалиева барша жер- лестерін жаңа ғимараттың ашы- луымен құттықтап, шәкірттер мен ұстаздарға ақ батасын берді. Жаңа үлгідегі жатақхана Оқы, жетіл, жас буын! Қыркүйектің бірінде, Күміс қоңырау күмбірлеп. Әр баланы қарсы алды, Мектеп біздің күлімдеп,деген өлең жолдарымен М.Мәметова атындағы орта мектепте басталған «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты алғашқы қоңырау салтанатында, алдымен, Қазақстан Республикасының Туы шығарылып, Гимні шырқалды. Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев даңқы тек батыс өңірде ғана емес, күллі Қазақстанға, тіпті, ТМД елдеріне аян Мәншүк апамыздың құрметіне еліміздің жүрегі – Астанада да елеулі нысандар ашылғандығын сөз етіп, оның есімін иеленген мектептің абыройын асыру осы шәкірттердің қолында екендігін атап көрсетті. «Болашақ балалардікі» деген аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, келер жылы осынау білім ұясы мен М.Бегалиева атындағы орта мектепте жөндеу жүргізілетінін жеткізді. Аталмыш мектеп директоры Асылхан Аманғалиев биыл оқушылар саны артып, 25 сыныпта 365 шәкірт білім алатынын, сонымен қатар, білім саласындағы соны өзгерістердің жүзеге асырылып жатқанына тоқталып, тәрбиенің ілгерілеуіне атааналарды атсалысуға шақырды. 1сыныпқа қадам басқан 56 шәкірттің бірқатары үш тілде тақпақтарын тақылдатып, жиынға келген меймандар мен атааналарды, ардагер ұстаздар мен мұғалімдерді бал тілдерімен таңдандырды. Қоңырау сыңғырла асыға, Үн қосқан қиядан асуға. Білім ал, еңбек ет, жас ұлан, Өрле биік шың басына,деп 1сынып оқушылары Айжұлдыз Кари- молла мен Елжан Бекболатов алғашқы қоңырауды соғып, оқушыларды сабаққа бастады. Осы күні ауданымыздағы 18 білім ошағында алғашқы қоңырау сыл- дыр қақты. Биыл мектеп партасына отырған 2440 шәкірттің 167сі бірінші сыныптықтар. Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ. Тұрғындардың есіне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл Агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл бюросының облыстық департаменті басшысы Ақмырзаев Рустам Сапарбекұлы 7 қыркүйек күні сағат 10:00ден бастап «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында (Сайқын ауылы, М.Бегалиева көшесі, №4 үй) азаматтарды жеке қабылдау өткізеді. Алғашқы қоңырау сыңғыры Жатақхананың есігіне керіл- ген лентаны М.Мәметова атындағы орта мектептің ди- ректоры Асылхан Тельманұлы мен ардагер ұстаз Күләш Байжұмашева қиып, дәстүр бойынша шашу шашылды. Шараға қатысушылар жаңа ғимаратты аралап көріп, та- нысты. Айта кетелік, бұл жатақхана 70 тәрбиеленушіге арналған. Бөлмелері кең де жарық, балалардың сапалы білім, са- налы тәрбие алуына толық жағдай қарастырылған. Сон- дайақ, кабинеттер заманауи оқу құралдарымен қамтылса, асхана, балалар демалатын орын, кітапхана, дәрігерлік көмек көрсету бөлмелері бар. Ауласында ойын алаңы жаб дықталған. Жалпы құны 321 млн. теңге құрайтын интернат құрылысын «Альфа Строй Сер- вис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 9 айда аяқтады. Интернатқа қабылданушы Әйгерім Бөкенованы (сурет- те) сөзге тартқанымызда ол: МС.Бабажанов атындағы орта мектептің 11сыныбында оқимын. Атаанам Жәрмеңке елді мекенінде тұратындықтан, мектеп жанындағы жатақханада тәрбиеленіп келгенмін. Міне, биыл жатақханамыз жаңадан салынып, қуанышымызда шек жоқ. Біздің білім алуымыз үшін барлық жағдайды жасап жатыр ған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы мен басшыларға құрбықұрдастарымның атынан алғысымды білдіремін,деді. Жаңа ғимарат құтты, білім жолына шыққан шәкірттердің қадамы оң болсын! Айша ҚҰРМАШ.

Upload: others

Post on 21-Aug-2020

14 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: орда жұлдызы+27 +19 Жексенбі, 9.09.2018 +24 +18 Сенбі, 8.09.2018 +26 +15 Жұма, 7.09.2018 +27 +16 Бейсенбі, 6.09.2018 +26 +15 Дүйсенбі, 10.09.2018

+27 +19

Жексенбі, 9.09.2018

+18+24Сенбі, 8.09.2018

+26 +15

Жұма, 7.09.2018

+27 +16

Бейсенбі, 6.09.2018

+26 +15

Дүйсенбі, 10.09.2018

Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық басылым№36 (7123) 4 қыркүйек 2018 жыл

Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газеті

орда жұлдызыwww.ordazhuldyzy.kz

+28 +16

Сәрсенбі, 5.09.2018

+24 +19

Сейсенбі, 11.09.2018

Ағымдағы ақпарат

Білім күні М.Мәметова атындағы орта мектептің жа-нынан бой көтерген заман та-лабына сай жаңа жатақхана ғимараты пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына аудан атқамінерлері, ауыл тұрғындары, оқушылар мен ұстаздар жина-лып, қуанышты бірге бөлісті.

Алғашқы болып сөз алған об­лыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев жиналған қауымды ме-рекемен құттықтай келе, «Елба­сымыз білімді ұрпақ тәрбиелеуді басты мәселе етіп қойды. Ол – ата­аналар мен ұстаздарға, бар­шамызға ортақ міндет. Бұл мін­детті орындауға жағдай да жаса­лып жатыр. Соның бір дәлелі – мына заманауи үлгідегі жатақ­хана. Игілігіңізге пайдаланыңыз­дар. Жас балғындарға сәттілік тілеймін!»­деді. Мердігер «Аль-фа Строй Сервис» ЖШС­ның уәкілі Серік Басаров нысанның уақтылы аяқталуына қол ұшын берген аудан басшылары мен тұрғындарға ризашылығын біл-діріп, интернаттың символикалық кілтін мектеп директоры Асыл-хан Аманғалиевке салтанатты түрде табыстады. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов «Альфа Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымына алғысхат пен ескерткіш сыйлық ұсынды. Мәдениет саласының ардагері, шоңайлық зейнеткер Сағира Қажығалиева барша жер-лестерін жаңа ғимараттың ашы-луымен құттықтап, шәкірттер мен ұстаздарға ақ батасын берді.

Жаңа үлгідегі жатақхана

Оқы, жетіл, жас буын!

Қыркүйектің бірінде, Күміс қоңырау күмбірлеп.Әр баланы қарсы алды,Мектеп біздің күлімдеп,­деген өлең жолдарымен М.Мәметова

атындағы орта мектепте басталған «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты алғашқы қоңырау салтанатында, алдымен, Қазақстан Республикасының Туы шығарылып, Гимні шырқалды.

Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев даңқы тек батыс өңірде ғана емес, күллі Қазақстанға, тіпті, ТМД елдеріне аян Мәншүк апамыздың құрметіне еліміздің жүрегі – Астанада да елеулі нысандар ашылғандығын сөз етіп, оның есімін иеленген мектептің абыройын асыру осы шәкірттердің қолында екендігін атап көрсетті. «Болашақ балалардікі» деген аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, келер жылы осынау білім ұясы мен М.Бегалиева атындағы орта мектепте жөндеу жүргізілетінін жеткізді. Аталмыш мектеп директоры Асылхан Аманғалиев биыл оқушылар саны артып, 25 сыныпта 365 шәкірт білім алатынын, сонымен қатар, білім саласындағы соны өзгерістердің жүзеге асырылып жатқанына тоқталып, тәрбиенің ілгерілеуіне ата­аналарды атсалысуға шақырды.

1­сыныпқа қадам басқан 56 шәкірттің бірқатары үш тілде тақпақтарын тақылдатып, жиынға келген меймандар мен ата­аналарды, ардагер ұстаздар мен мұғалімдерді бал тілдерімен таңдандырды.

Қоңырау сыңғырла асыға,Үн қосқан қиядан асуға.Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,Өрле биік шың басына,­деп 1­сынып оқушылары Айжұлдыз Кари-

молла мен Елжан Бекболатов алғашқы қоңырауды соғып, оқушыларды сабаққа бастады.

Осы күні ауданымыздағы 18 білім ошағында алғашқы қоңырау сыл-дыр қақты. Биыл мектеп партасына отырған 2440 шәкірттің 167­сі бірінші сыныптықтар.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ.

Тұрғындардың есінеҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс­қимыл Агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қимыл бюросының облыстық департаменті басшысы Ақмырзаев Рустам Сапарбекұлы 7 қыркүйек күні сағат 10:00­ден бастап «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында (Сайқын ауылы, М.Бегалиева көшесі, №4 үй) азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.

Алғашқы қоңырау сыңғырыЖатақхананың есігіне керіл-

ген лентаны М.Мәметова атындағы орта мектептің ди-ректоры Асылхан Тельманұлы мен ардагер ұстаз Күләш Байжұмашева қиып, дәстүр бойынша шашу шашылды. Шараға қатысушылар жаңа ғимаратты аралап көріп, та-нысты.

Айта кетелік, бұл жатақхана 70 тәрбиеленушіге арналған. Бөлмелері кең де жарық, балалардың сапалы білім, са-налы тәрбие алуына толық жағдай қарастырылған. Сон-дай­ақ, кабинеттер заманауи оқу құралдарымен қамтылса, асхана, балалар демалатын орын, кітапхана, дәрігерлік көмек көрсету бөлмелері бар. Ауласында ойын алаңы жаб­дықталған. Жалпы құны 321 млн. теңге құрайтын интернат

құрылысын «Альфа Строй Сер-вис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 9 айда аяқтады.

Интернатқа қабылданушы Әйгерім Бөкенованы (сурет-те) сөзге тартқанымызда ол: – М­С.Бабажанов атындағы орта мектептің 11­сыныбында оқимын. Ата­анам Жәрмеңке елді мекенінде тұратындықтан, мектеп жанындағы жатақханада тәрбиеленіп келгенмін. Міне, биыл жатақханамыз жаңадан салынып, қуанышымызда шек жоқ. Біздің білім алуымыз үшін барлық жағдайды жасап жатыр­ған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы мен басшыларға құрбы­құрдастарымның атынан алғысымды білдіремін,­деді.

Жаңа ғимарат құтты, білім жолына шыққан шәкірттердің қадамы оң болсын!

Айша ҚҰРМАШ.

Page 2: орда жұлдызы+27 +19 Жексенбі, 9.09.2018 +24 +18 Сенбі, 8.09.2018 +26 +15 Жұма, 7.09.2018 +27 +16 Бейсенбі, 6.09.2018 +26 +15 Дүйсенбі, 10.09.2018

4 қыркүйек 2018 жыл2 E-mail: [email protected]ЖҰЛДЫЗЫОрДа

Сақтар Хайроллин ақсақалдың мақаласын оқығаннан кейін са-намда жаңғырған аға туралы өзім білетін жайларды еске түсіріп, қолыма қалам алдым. Бүгінгі жастардың Шынбай Шарафедде-новты жете білмейтіндіктерін ес-кере отырып, мұрағаттық құжаттар негізінде төмендегі жайларды баяндамақпын.

Шәкең Батыс Қазақстан облысы-на танымал, мемлекет және қоғам қайраткері. «Сегіз қырлы, бір сырлы», әр қыры бір кітапқа жүк боларлық жан-жақты білімділігі-не қоса, бүкіл Еуропаға қазақ елін танытқан жан. Мамандығы ғалым-зоотехник болса да, ол – мықты математик. «Өмір өткелдері» кітабында айтылған естелікте көрсетілгендей, ол – саятшы-аңшы, ол кез келген салада: дін ту-ралы да, аспан әлемі мен әдебиет саласы жайлы да мағыналы әңгіме қозғай алатын білім-дар-ды. Бес ауданның құрметті азаматы еді. Жоғарғы Кеңеске депутат болғанда бірнеше баян-

дамалар мен қосымша баяндама жасап, «Тіл заңына» бір кісідей атсалысқан халық қалаулысы. Сайқын селосында тұңғыш «Ба-уырластар зиратының», шахмат-

тан бірнеше дүркін Қазақстанның чемпионы болған ордалық аза-мат Ш.Мырзағалиев атында Орал шахмат клубының ашы-луына мұрындық болды. Орда ұлт-аспаптар оркестрінің бүкіл Еуропаны аралап концерт беруі-не жағдай туғызып, қазақ өнерін танытуға мол үлес қосты. Обком-да қызмет жасап жүргенде ауыл шаруашылығы институты мен техникум түлектерінің мемле-кеттік емтихандарына комиссия төрағасы ретінде талай қатысты.

Сақтар ағаның «Есімін біз-дер елеп-ескермегенде, кейінгі толқынға не деп өкпе артамыз?! дегеніне орай, журналист Айтқали Нәріков пен Шынбайдың ағасы Ғайнеденнің кенже ұлы Зұлқожа Шарафедденовтің ертеректе облыстық газеттерде шыққан мақалаларын қоса жіберіп отыр-мын. Ретіне қарай пайдаланарсыз-дар.

Айтуған ҒАЙНЕДЕНҰЛЫ,зейнеткер.

Жаңақала ауылы.

«Ел-жұртына «Шәке»Есімі ұлықтауға лайықты

Ол бар болғаны 52 жыл өмір сүрді. Институт бітіріп, қызмет еткен ширек ғасырдан сәл астам уақыт ішінде Шәкең қатарластарынан қара үзіп шығып, кеңшардың бөлімше маманынан ауданның бірінші басшысына дейін өскен еді.

Кітаптағы Нәжімеддин Ес­қалиев, Рахметолла Сүйер­баев, Бақтыгерей Өскімбаев, Гүлжу Мәжитова сияқты кезін-де облыс, аудан басқарған азамат, азаматшалардың естеліктерінде Шынбай Шара­федденовтың маман, басшы, қайраткер ретіндегі өсу жолда-ры нақты мысалдармен негіз-деле баяндалады.

Өткенге тас атуға, ғайбат сөздер айтуға шебер болып кет-тік қой. Алайда, біржақты кетпе-геніміз жөн. Қалай десек те, ойы-мыз өндіріске, қырымыз малға толы болды ғой. Ешкім ішер ас, киер киімнен тапшылық көрген жоқ. Шынбай сияқты басшы азаматтар қоғамдық мал басын өсіруге, егіннен мүмкіндігінше мол өнім алуға, сол арқылы қарапайым адамдардың тұрмыс жағдайларын жақсартуға күш­жігерін сарқа жұмсады. Өзі де тыным таппады.

Шынбай Шарафедденов Қазталов ауданының «Қазта­лов», «Қараоба» кеңшарла­рында бас зоотехник болды. Көп кешікпей сол кездегі кадр­ларды тәрбиелеудің қалып­тасқан дәстүрі бойынша ол аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотех-нигіне жоғарылатылды. Сол бір жылдарда Қазталов ауда-нында қоғамдық төрт түлік мал саны жарты миллионнан астам

Күнделікті жұмыс күйбеңімен жүріп, абзал ағалардың болашақ ұрпақ алдын-да атқарған қызметтерін білгенмен де, оны жария етіп, кейінгілерге кеңінен насихаттауға келгенде әлі де болса басқа халықтарға қарағанда еңбегіміздің мар-дымсыз екенін мойындауымыз керек.

Теңіз өңірінің ардақты азаматтарының қаншасының өмірі белгісіз күйінде қалып, шаң басқан архивтерде жатыр екен?! Еліміздегі 1985 жылғы сәуір желінен кейінгі қайта құру, ел азаматтарының бет пердесін ашып берді. Сол қайта құру кезінде елім деп еңіреген азаматтардың бірі – Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депу-таты, Орал облыстық партиялық­бақылау комитетінің төрағасы Шынбай Шарафед-денов еді.

Ол Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Асан ауылында 1939 жылы қаңтардың 12 күні дүниеге келген. Бірнеше жыл со-вет жұмысында қызмет істеген, өмірінің соңғы жылдарында Орал облысында жұмыс жасады. Сіздерге аяулы аға, асыл азаматтың соңғы күндеріндегі атқарған істерін айтуды өзімнің парызым деп есептеймін. Әсіресе, 1988­89­90 жылдар Орал өңірін жайлаған казактардың шуы-лы бүкіл елімізді шошындырып, оларға тойтарыс беруде сылбырлық көрсеткен Орал облысының атқамінерлері де абыр-жулы болатын. Казактардың едіреңдеп,

Оралды казак ордасы етпекші болғаны, Ресей Президентіне қосылуға ашық хат жазуы, сол кездегі саяси жағдайдың күрт шиеленіскенін көрсетпей ме?! Осы тұста казактарға қарсы облыс басшылары ешқандай әрекет білдірмей жатқанда, ең алғаш халқым, жерім деп, арым жаным­

ның садағасы деп өз басын дауға салған азаматтардың бірі – осы Шынбай Шара-федденов. Ол Орал облыстық Советінің төрағасы Есқалиевке сол кездің өзінде­ақ облыс аудандарынан қазақтарды ал-дырып, үлкен митингі өткізіп, азшылықта қалған Орал қаласының қазақ санын көбейтейік, әйтпесе, кеш қимылдаймыз деп арпалысқа түскен еді. Бірақ, облыс басшылары теріс ыңғай көрсеткеннен кейін, жолдастарын қимай, жолға таста-май, іштей егілген.

Оралдағы алғашқы «Азат» партия­сының сол күнгі болатын жиналысына Орал облыстық Советі қызметкерлерінің бірде­біреуі бармай, үрке қарап, жылы орындарынан айырылып қаламыз деп, қарақан бастары үшін ел жүгін арқалаудан тығылып отырған кезде, ел үшін, ұрпақ үшін басын тауға да, тасқа да соғуға әзір екендігін танытқан Шәкең сол күні Орал облыстық Советінің төрағасы Есқалиевке кіріп, өзінің бүгінгі болатын «Азат» партиясының жиналы-сына бара жатқанын ескертіпті. Облыс

басшыларынан жалғыз өзі, сол кезде-гі Орал облыстық партиялық­бақылау комитетінің төрағасы Ш.Шарафедденов азаттықтардың басқосуына қатысады.

Сол күн, сол жиналыс өзінің өмірінің соңғы, ең бір тәтті кезі екенін білді ме екен?! «Азат» партиясы жиналысында

сөз сөйлеп, сұрақтарға жауап қайтарып, жас азатшыларға бағыт­бағдар беріп тұрғанда өзінің ең ақырғы аманаты екенін сезбеген де шығар. Аурулы, әлсіз жүрегі ұзақ отыруды көтере алмады. Ол сыртқа шығып, аздап демалғандай бол-ды. Ауыр ойдан арылар емес. Қой, үйге тез жетейін, жүрегі түскір де ескі ауруды шақырғалы тұр ма деп аяңдап, көше бой-лай үйіне бет алды. Жолшыбай «Саяхат» қонақ үйіне кідірістеді. Шілденің ыстығы әлсіз жүректі шыдатар емес. Салқын жерде аз­кем аялдады да, қайта сыртқы есікке бет алды. Баспалдақпен төмен түсіп барды да көз алды қарауытып, ты-нысы тарыла түсті, ең соңғы рет «аһ» деп бір­ақ демалды. Сөйтіп, асыл ер арман-да кетті. Бұл күн 1991 жылдың 6 шілдесі болатын. Бар болғаны 52 жас. Ұлтжанды жүрек қазақ елдігі мен бірлігі үшін соңғы соғысын осылай тоқтатты.

Зұлқожа ШАРАФЕДДЕНОВ,тарихшы.

(«Орал өңірі» газетінен).

Аға жүрегінің соңғы соғысы

1999 жылы Орал қаласындағы «Дастан» баспа-полиграфиялық корпорациясы «Өмір өткелдері» атты кітапты жарыққа шығарды. Бұл естелік-тер жинағы – Атырау облысының қазіргі Құрманғазы ауданын-да туып-өсіп, Батыс Қазақстан облысында білгір басшы, ойлы азамат, қажырлы қайраткер ретінде танылған Шынбай Ша-рафедденов туралы.

«Мұндай ажал көрдің бе, тонаудан бір күн тынбаған» деп дана Абай айтқандай, не-бір асыл азаматтар суық жердің қойнына мәңгілікке кетіп жа-тыр ғой. Алайда, екінің бірі хақында кітап шығып жатқан жоқ. Демек, Шынбай Шарафедденұлы мұндай құрметке лайық!

Page 3: орда жұлдызы+27 +19 Жексенбі, 9.09.2018 +24 +18 Сенбі, 8.09.2018 +26 +15 Жұма, 7.09.2018 +27 +16 Бейсенбі, 6.09.2018 +26 +15 Дүйсенбі, 10.09.2018

4 қыркүйек 2018 жыл 3E-mail: [email protected] ЖҰЛДЫЗЫОрДа

атанған азамат»

ауқымы кең қызметтерге

жоғарылатылды. Өте қысқа мерзім ішінде аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып тағайындалды. Осылайша, жұмыс ауқымы кеңи түсті. Біршама уақыттан соң Шынбай Шарафедденов партия қызметіне шақырылды.

Көрнекті мемлекет қайраткері Мұстахым Біләлұлы Ықсанов өз командасына кез келген адамды ала бермейтін. Оның сеніміне ие болу оңай шаруа емес­ті. М.Б.Ықсанов Шын-бай Шарафедденұлының іс-керлігін бағалап, үлкен үміт артты. Шәкең 1980 жылы облыстық партия комитеті ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет іс-тей бастады. Төрт жылдан соң Орда аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұл аймақ, былайша айтқанда, Шәкеңнің өз үйі, өлең төсегі еді. Сүйіндік, Балқұдық, Азғыр, Үштаған өңірлері – бәрі­бәрі Шынбайды тербеткен бесік іспетті болатын. Нарын құмын қоныс еткен малшы ауылда-рын аралап жүргенде, Шәкең Үштаған, Балқұдық жаққа тар-тып кеткісі келетін.

Шынбай Шарафедденов белсенді еңбек еткен жыл-дарда жоғары жақта көпірме сөздер, ал, оның есесіне төменгі жақта нақты іс көп бо-латын. Кеңшар, ұжымшар, бөлімше, жайлау­қыстауларда қайнаған еңбек байқалатын. Төл алу жоспарын орындау керек. Одан соң ет, жүн, сүт, астық дайындау жұмыстары

нәрсем, Шынбай қой шаруашылығының

нағыз патриоты екен. Көңіліме сол жылы орныққан осы бір байлам онымен аралас­құралас болған жылдардың бүкіл бедерінде әбден орныға түсті. Бір ғажабы, осы түлік ту-ралы әңгімесін Шәкең ғалым­зоотехник ретінде теорияның ауыр батпақтарына соқтырмай, қарапайым тілмен, өмірдің өзінен алынған нақты мы-салдармен ұғыныңқы жеткізе білетін және өзінің пікірлеріне сенің көзіңді анық жеткізгенше тоқтамастан, жанына жақын тақырыбын ерекше жүрек сезіміне бөленгендей жел-піне әңгімелейтін. Осы бір қазақы түлік жайындағы әңгімесі қыза­қыза келе ол құдды өлең оқып тұрған ақын кейпіне еніп кететін. Өз мамандығын жетік білудің бір үлгісі осындай­ақ болсын!». Бұл қысқаша үзіндіден біз Шынбай Шарафедденұлының мінезіндегі бір ғана қырды анықтағандай боламыз.

Иә, Шәкең білгір маман, іскер басшы еді. Соның нәтижесінде лауазым сатыларымен жоғарылай отырып, Жәнібек аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сай-ланды. Шынбай Шарафед-деинов басқарған жылдары бұл ауданның экономикалық және әлеуметтік жағдайлары күрт көтеріліп, басшысының аты жұрттың аузында жүрді. Халық сенім артып, №422 Жәнібек сайлау округі бойынша Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутатығына сайланды. Осы-лайша, Үштағаннан түлеп ұшқан ұлан қоғам қайраткері дәрежесіне дейін өсіп, заң

бай Шарафедденұлына облыстық кеңес атқару коми-теті төрағасының бірінші орын-басары қызметі ұсынылды. Ол Оралға көшіп келуге келісімін бергенмен, биік лауазым-ды қызметтен бас тартып, жолдықты өз шәкірттерінің біріне берді. Бұл да мәрттіктің бір белгісі еді! Шәкең қайтадан облыстық партия комитетін-де қызмет істей бастады. Бұл «дауылдатқан, құйындатқан» қайта құру кезеңімен тұспа­тұс келді.

Мен жоғарыда Шәкеңмен қатар оқыған, бірге қызмет істе-ген, достық қарым­қатынаста болған адамдардың естелік-теріне тоқталдым. Енді Шын-бай Шарафедденұлы туралы өзім бір­екі сөз айтсам дей-мін. Жоғарыда келтіргенімдей, қайта құру қарқыны Оралда өте қатты болды. Отызыншы жылдардың ойраны кезінде бір ақылды адам: «Москвада жел тұрса, Қазақстанда дауыл соғады» деген екен. Сол айт­қандай, республиканың басқа қалаларымен салыстырғанда Оралда саяси өрлеу қатты қарқын алды. Және де ол бір бағытқа қарай дамымай, алу-ан түрлі сипат алып, дүбірі мен дүмпуі күн санап күшейіп бара жатты. Неше түрлі қоғамдық қозғалыстар, ұйымдар, топтар құрылып, бұрындағы өңіңде ойламақ түгіл, түсіңе де кір-мейтін талаптар қойыла бас-тады. «Күріштің арқасында күрмек су ішеді» дегендей, кейбіреулер көпшіліктің аты-нан сөйлеген болып, өздерінің жеке жұмыстарын тындыруға тырысты. Ғасырлар бойы-на қоян­қолтық тұрып, ғұмыр кешкен халықтардың арасы-на салқын сызат түсу қаупі төнді. Әділін айтуым ке-

етіп көрінді. Ол жоғарыда айтылған алуан түрлі қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың басқосуларында, іргелі жина-лыстарында өміршең, соны-сымен құнды пікірлер айтып, мәселенің бұқара үшін оң бағыт алуына ықпал етті.

Ол кездері мен Қазақстан Жазушылар одағының об­лысаралық бөлімшесінде қызмет істейтін едім. Бұған қосымша облыстық «Қазақ тілі» қоғамы басқармасы төра­ғасының орынбасарлығына сайланған болатынмын. Га-зет шықпақшы болып, соның бас редакторлығы қызметіне ұсыныс жасалған­ды. Бір-де Шынбай Шарафедденұлы обкомдағы кабинетіне келуімді өтінді. Бардым. Әңгімені әріден бастап, бірте­бірте қазіргі жағдайларға қарай ойысты. Мен Шәкеңнің халқымыздың өткен­кеткенінен жақсы хабар-дар қариялардың әңгімелерін тыңдап өскенін байқадым. Ол мал маманы болмай, сөз өнерінің соңына түскенде, қалам қуатын танытып, біраз жерге баратыны күмәнсіз еді. Айтпақшы, Шәкең оң жағындағы үстелшеде тұрған графиндегі мөлдір суды стаканға құйып, жанқалтасынан әлдебір таб-летканы алып, оны быжылда-та суға тастап отырды. Әлгі дәрі әбден еріп біткеннен соң, екі­үш ұрттап қояды. «Айып етпеңіз, бұл дәрі жүрегімді де-меп жібереді. Уақыты келгенде ішпесем болмайды мұны» деп кешірім өтінді ол. Осы кезде-суде «Қазақ тілі» қоғамының жұмысы жайында, шығатын газеттің бағыт­бағдары тура-лы біраз пікір алмастық. Шын-бай Шарафедденұлының ой өрісінің биіктігін әлдеқашан мойындасам да, газетке, жал-пы журналистикаға, көркем

әдебиетке деген құштарлығы мені таңқалдырды. Баспасөз саласында ширек ғасырдай қызмет істеп, тәжірибелі журналист ретінде облысқа мәлім болдым, үш­төрт кітап шығарып, ақын ретінде таныл-дым деп жүрген маған оның соны ойлары қатты әсер етті. Біртүрлі қанат біткендей сер-піліп, серігіп кеттім. «Бұл кісі-мен байланысты үзбеуім керек екен» дедім өзіме­өзім іштей. Шәкең бірте­бірте қала зиялы өкілдерінің бірегей тұлғасына айнала бастады. Біз оған қарап ой түзейтін болдық.

Нарын құмы Орда селосы­ның күнбатыс жағына таман тұйықталады да, одан әрі жалпақ сор басталады. Мен бірінші рет Сүйіндікке осы бағытпен барған едім. Бір жағымыз құм, бір жағымыз сор, торабы тереңдеген жол қуатты «УАЗ» машинасының моторы-на едәуір салмақ түсіріп ке-леді. Елім деп еңіреген талай ерлердің кіндік қаны тамған қайран Нарынның сынақ алаңына айналғанына елу жылдан асып барады. Сорға құлаған ұшақ макеттерінен көз тұнады. Алыс­жақыннан аппақ болып, күнге шағылысады. Бірақ, бұл көріністерде ешқандай сұлулық жоқ. Өлі, сұрықсыз көріністер көңілді жабырқатып, жүректі сыздата-ды. Сынақ алаңы аймағында тұрып жатқан ағайындарға жа-ным ашып­ақ келеді. Мұндай өңірде қайратты, қажырлы, төзімді, туған жерін шексіз сүйетін адамдар тұрса керек­ті!

Тоталитарлық жүйенің озбырлығы, өркөкіректігі, даң­ғойлығы әскери қалашықтар­дан анық байқалады. Иесіз қалса да кеуделерін көтеріп, менменсіп, төңірекке маңыз­дана қарағандай. Мүмкін Шын-бай сияқты үлкен жүректі, нәзік жанды адамдардың өмірі қысқа болуына үздіксіз жүргізілген сынақтар себеп болған шығар. Бұған тіпті күмән жоқ!

Атырау облысында туып­өскен азаматтың Батыс Қазақстан облысында жақсы аты, тындырған істері, ойлы шәкірттері қалды. Сондай­ақ, Жәнібек және Қазталов ауыл-дарында Шынбай Шарафед-денов атында көшелер бар. Жерлестерімнің Шәкеңнің отба-сы туралы білгілері келері анық. Зайыбы Фариза Жұмашқызы азаматтың шаңырағын бір кісідей әспеттеп­ақ отыр. Ұл­қыздары Дәурен, Анар, Назгүл, Расұл әке үмітін ақтауда. Ұлдың алды ұяға, қыздың алды қияға қонып, өмірге ұрпақтар келіп, Үштағаннан басталған жол жалғасын тауып жатыр.

Айтқали НӘРІКОВ,ақын-журналист,

жазушы.(«Приуралье» газеті,

21 қазан 2003 жыл).

Үштағаннан түлеп

ұшқан ұлан

болатын. Осынша қарақұрым малдың өніміне жауап берді Шәкең. Айтуға ғана оңай!

Иә, қазір көп сыналып жүрген компартия кадрларды тәрбиелеу­іріктеу мәселесіне үлкен көңіл бөлді. Әрине, ро-бот емес, адамдар айналысқан соң жүз пайыз әділдік болмаған шығар. «Мәкеңдерге», «Сәкеңдерге» сүйеніп, еңселі үйлердегі жұмсақ кресло-ларда қонжиып отырғандар да болды. Алайда, Шынбай Шарафедденовтың өсуі заңды өсу еді. Себебі, ол кәсіби мамандығы жағынан да, ақыл­парасаты жағынан да үнемі өсіп отырды. Сосын бірте­бірте

да «алқымнан алып» тұрады. Рас, нақты адамдар еленбей, өнім көрсеткіштері «сөйлеген» кездер де болды. Қалай деген-де де, еңбегіміз жемісті болса, тұрмысымыз келісті болаты-нын біз жақсы түсіндік. Ол кез-де баршамыз да сол бағытта еңбек еттік.

Белгілі журналист Ғари­фолла Көшенов – Шәкеңнің құрдасы. Екеуі сонау Алма­тыдағы студент кездерінен достасып кеткен адамдар. Енді Ғарекеңнің естелігіне на-зар аударайық: «...Жалпы, осы сапарда анық көз жеткізген бір

шығару жұмыстарына аралас-ты.

Үздіксіз істеген жауапты жұмыстар денсаулыққа әсер ете бастады. Шәкеңнің тара-мыс денесі одан сайын тарала түсіп, жақтары суалып, көздері үңірейіп бара жатты. Көмірдей қара шаштарының арасынан бесті айғырдың қылындай ақ талшықтар анық көріне баста-ды. Иә, иә, жүрегі де сыр бере бастады.

Аудандарда біраз жылдар жемісті жұмыс істеген Шын-

рек, Нәжімеддин Есқалиев бастаған облыс әкімшілігі бір-ден­бір дұрыс саясат ұстады. Халықты бірлікке, татулыққа, достыққа шақырды. Зия-лы қауым өкілдерін «зиян-ды қауым» өкілдері ара-сында түсінік жұмыстарын жүргізуге шақырды. Міне, осы кезеңде Шынбай Шара­федденовтың азаматтық, ұйымдастырушылық, ше-шендік қасиеттері жарқ

“Орда жұлдызы”,3 шілде 2018 жыл

Page 4: орда жұлдызы+27 +19 Жексенбі, 9.09.2018 +24 +18 Сенбі, 8.09.2018 +26 +15 Жұма, 7.09.2018 +27 +16 Бейсенбі, 6.09.2018 +26 +15 Дүйсенбі, 10.09.2018

4 қыркүйек 2018 жыл4 E-mail: [email protected]ЖҰЛДЫЗЫОрДаwww.ordazhuldyzy.kz

Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Конститу-циясы күніне арналған аудандық мәде­ниет үйіндегі салтанат мемлекеттік Гимннің орындалуымен ашылып, аудан­дық соттың судьясы М.Шыңғалиевтің баяндамасы тыңдалды. Аудан әкімінің құттықтауы марапатқа жалғасты.

Киелі де қасиетті мекеннің құрметті азаматы атану сол өңірде туып, елінің өсіп­өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен жан үшін үлкен абырой екені даусыз. Ол атақ аудан әкімінің ұсынысымен мәслихат сессиясында талқыланып, халық қалаулыларының

ұйғарымымен беріледі. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс өткен XIX сессиясында еңбек ардагерлері, зей-неткерлер: сайқындықтар И.Бекқалиев, Ж.Еркеғалиев, ордалық У.Рушанова, бисендік Қ.Саматов және бұл күнде оралдық болып кеткен, ауданның бұрынғы әкімі, БҚО білім саласындағы бақылау департаменті басшысы Н.Са­быровқа Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы атағын беру жөнінде шешім алынғанды. Осы салтанат-та аудан әкімі Н.Рахымжанов пен мәслихат хатшысы Е.Таңатов аталмыш тұлғалардың өңірлеріне төсбелгі тағып, иықтарына алтын әріптермен жазылған лента іліп, куәліктерін табыс етті.

Мерекеде мерейі үстем болғандар арасында «Нұр Отан» партия-сы аудандық филиалының сектор меңгерушісі Э.Менеева да бар. Ол «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев қол қойған Құрмет грамотасын иеленді.

Салтанат соңы аудан көркемөнер­паздарының концерттік бағдарлама­сына ұласты.

Каримолла ҒАЙСИН.

Мерекеде мерейі тасығандар

Қарттық емес, қазына жас

– Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз,­деп басталып, ізгі тілектер тізбектелген аудан әкімінің құттықтау хаты жуырда аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, сайқындық зейнеткер Самиғолла Біләловке салтанатты түрде табысталды. Мадақтаумен қатар өзінің де ыстық лебізін білдірген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманбай Машотов мерейтой иесінің ауданымыздың өркендеуіне қосқан үлесін де тілге тиек етті. Осы шараға қатысқан ауыл ақсақалдары мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков те ақ ниеттерін жаудырды. Бір сөзбен айтқанда, қатысушылардың пейілдері:

Бұл 70 – қарттық емес, қазына жас,Бала менен немеренің назына мас.Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,Басыңыздан ешқашан ажырамас, –деген өлең жолдарымен астасып жатты.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ.

Бөкей ордасы тарихи мұражай кешенінің мәжіліс залында өткен аудандық билер кеңесі отыры-сы «Татуласу, сотқа дейін, сотта» тақырыбында өрбіді. Оған облыстық соттың судьясы, облыстағы билер кеңесін құру жөніндегі үйлестіруші Есенбай Боранбаев, аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, аудандық сот төрайымы Гүлжиһан Сағитова, ауылдық округ әкімдері, билер кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйымдар жетекшілері қатысты.

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың жариялаған үндеуінде қоғамдағы татуластыру рәсімдерінің маңыздылығы қозғалған бола-тын. «Дауды тек сот шешеді де-ген көзқарас санамызда қатып қалған. Сәл дау туса, дереу сотқа жүгінеміз. Мәселені сот арена-сына шығарып, шешкіміз келеді. Ал, даудың барлығын сотта шешу мүмкін емес. Сот екі жақты бірдей қанағаттандыра алмайды. Оның үстіне істің ақ­қарасын айыруға келмейтін жағдайлар бар» деген еді ол. Сот төрағасы ұсынған «Жеті түйін» бағдарламасы негізінде, жоғарыдағы жайды басшылыққа алған аталмыш отырысты Лариса Тельманқызы ашып, бұл қоғамдық құрылымның қолдану аясы кең екенін паш етті.

Билер кеңесінің үйлестірушісі Есенбай Нұрлыбайұлы кеңестің

қоғамдағы рөліне, ұлттық тарихы-мызда айшықты орын алған билер төрелігі шетелдік ғалымдардың зерттеу нысанына айналғандығына тоқталып, бабаларымыздай сал­мақты сөзбен тентекті тізгіндей-тін дәрежеге де жетерміз деді. Сонымен қатар құрметті мейман осынау отырыстың 12 биімен елді билеген хан Жәңгірдің ставкасын-да өткізілуінің өзінде терең мән жатқанын әңгімелеп, қызыл тілдің құдіретімен әділ төрелік айта біл-ген билердің ұстанымына үңілді. Ауданымыздағы билер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков те, кеңес мүшелері ордалықтар Алтын Бисалиева, Сейсен Байзо-нов, сайқындық Надия Әменова, жетібайлық Сейту Мұхамбетшин (Малтақан бидің төртінші ұрпағы) де елдің ертеңін қалыптастыруға, яғни, ұрпақты дұрыс жолға бағыттауға белсене атсалысып келгендерін, осы жұмысты ары қарай жалғастыра беретіндіктерін жеткізді.

Жиынды қорытындылаған Гүлжиһан Темірболатқызы: «Қай кезде де ең дұрысы – татула-су, келісу, бітімге, мәмілеге келу. Одан екі жақ та ұтылмайды, уақыт жоғалмайды, ақша үнемделеді, қатынас үзілмейді, абырой­бедел де сақталады»,­деді.

Раушан БАҚЫТОВА.

Аудандық кітапханада «Ардақты, айбынды Ата Заң» атты дөңгелек үстел оздырылды. Оған аудандық соттың судья-сы Марат Шыңғалиев пен соттың кеңсе меңгерушісі Зияш Зайноллина, облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ІІ полиция батольонның аудандық бөлімі қызметкерлері және «Нарын жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің маманы Жанаргүл Есляшева қатысты.

«Конституция – ерікті елдің құқы» тақырыбын библио-граф А.Төлеуова слайд арқылы ашса, аудандық соттың су-дьясы Марат Энгельсұлы «Конституция – кемелдік кепілі»

тақырыбында баяндама оқыды. Кітапханашы Қ.Әбуова мен аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі А.Батырханова қоғамымыздың даму заңдылықтары, Конституцияның ережелері мен баптары, адамның бас бостандығы мен абыройы, сөз бостандығы туралы әңгіме өрбітті. Қойылған сауалдарға жауап берілді.

Лаура МЫРЗАГЕРЕЕВА, аудандық кітапхананың

әдіскері.

Ақсақалдар отырысы

Билер кеңесі – төреліктің төресі

Дөңгелек үстел

Ата Заңға арналды

Page 5: орда жұлдызы+27 +19 Жексенбі, 9.09.2018 +24 +18 Сенбі, 8.09.2018 +26 +15 Жұма, 7.09.2018 +27 +16 Бейсенбі, 6.09.2018 +26 +15 Дүйсенбі, 10.09.2018

4 қыркүйек 2018 жыл 5E-mail: [email protected] ЖҰЛДЫЗЫОрДаwww.ordazhuldyzy.kz

Туысы бірдің – уысы бір

т.б. бірге 2­сыныпқа дейін оқып, кейін Ордадан 4, Қызыл үйден (Төменгі Басқұншақ) 7, Чапаевтан (қазіргі Ақжайық аудан орталығы) 10­сыныпты бітіргенмін.

Көкқамыс – менің жүрегім. Өйткені, сол топырақта дүниеге келдім. Мен үшін ол жер өте қымбат. Өзен бойында өсетін қамыстың бұл жердің атауына қандай қатысы бар десем, же-расты суы қол созым тереңдікте болғандықтан ойпаңында қамыс өседі екен. Бір ғажабы «Көкқа­мыстың» ашығында көктемде, күзде де қызыл, сары, көк, ақ гүлдер өсуші еді. Шөбі де құнарлы, бір тайпа елдің малына жететін. Сол маңдағы қоныста Мақсот Еслямғалиев, Кенжеғұл Қажкенов, Тұрақбай Шәкенов, Есекеш Сұлтанов, Сатқан Ибра-шев, Биболат Аюпов сынды ағайынды­тетелес балалар май желкек, жуа, сағыз, жиде теру-ге шығатынбыз. Ойлап қарасам, қазіргі сәбіз (морковь), пияз, т.б. солардан шыққан сияқты. Сол жемістерді, нан орнына құмаршықты жеп өстік. Туған ел, туған жер әркімге де қымбат. Көк қамыста бір үй тұрса да, мен үшін ол астана. Бара қалсам, көңілімді қуаныш кернейді.

Әкем Усағали, анам Үлпеш – қатардағы колхозшылар. Руы­мыз – жайық беріш, нағашыла­рым – тоқтағұл шеркеш. Атам Хаймолданы бір рулы ауыл, «ақ көке» дейді екен. Ол кісінің әкесі Зымық, атамның айтуынша, Исатай, Махамбет көтерілісіне қатысқан көрінеді. Өзіміз төрт ағайындымыз, отбасында екі ұл, екі қыз болдық. Ағам Ғабдра­хим – Фин, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Майданнан ауыр жа-ралы болып оралса да, Бөрлі ауылдық советінің «Алғабас», Теректі ауылдық советінің «Карл Маркс», Батырбек ауылдық советінің Сталин атындағы кол-хоздарында басқарма төрағасы болған. Оның жауынгерлік 1­2

Бөкейлік екенімді мақтан тұтамын

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқығанда «Өткеніңді білмесең, болашақты болжай алмайсың» қағидасы есіме түсті.

Мен еңбек жолымды өткен ғасырда бастап, егемендігін алған Қазақстан Республика-сына да қызмет еткен адам-мын. Кіндік қаным «Көкқамыс» деген жерде (бұрыңғы Орда ауданы, Талап ауыл советінің, «Көсем колхозы») тамған. То-лыбай­Теректінің «Карл Маркс» колхозы орталығында ақын Қайрат Жұмағалиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері Мұсағали Меңдіғалиев,

дәрежелі Ұлы Отан соғысы ор-дендері қатарына бейбіт кезде Ленин, «Құрмет белгісі» орден-дері мен 5 медаль қосылады. Апам Қалима (екі баланың анасы) – бухгалтер. Қарын­дасым Орынғаным қатардағы жұмысшы. Өзім 10­класс бітір-геннен кейін 2 жыл колхозда әртүрлі жұмыста (тракторшы, малда көмекші) істеп, Саратов қаласында зоовет институтқа түстім. Оны 1962 жылы бітіріп,

Тайпақ ауданы «Есенсай» совхо-зына бас зоотехник болдым.

Орда ауданының тарихтағы өз орны баршаға мәлім. Қазақ хандығының соңғы ізі қалған, кеңес өкіметі алғаш орнаған, талай тұңғыштар шыққан ме-кен. Ол – Исатай­Махамбеттің елі. Бұл жер Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Ахмедияр Құсайынов, Темір Масин сын-ды батырлар мен Ғұбайдолла Жәңгіров (патшалық) пен Шәкір Жексенбаев (кеңестік) сынды тұңғыш генералдарымыздың, 20­дан астам Социалистік Еңбек Ерінің Отаны. Кезінде тағдыр тәлкегіне ұшырап, бірнеше рет бөлшектелсе де, бұл күнде қайта түлеп, тұрақты дамып келе жатырған өңір.

Тарихқа көз жүгіртсек, Орда Одақта, Қазақстан көлемінде бірінші құрылған аудан. Кезінде басқару жұмыстарында еңбек ет-кен ағаларымның мәліметтеріне қарағанда, онда 1917 жылы 19722 түйе, 28492 жылқы, 50016 ірі қара, 129444 қой, 76 мың халық болған көрінеді. 1932 жылы ауданнан Қазталов, Тасқала аудандары-на, 1937­1939 жылдары Теректі ауданына біршама халық малда-рымен көшірілген.

Өзімнің анық білетінім (бала болсам да) 1947­1953 жылдары Шыңғырлау, Фурманов аудан-дарына №67 жылқы, №88 түйе заводтары, 1952 жылы «Көсем», «Энгельс», «Чапаев», «Баста-уыш», «Куйбышев» колхозда-ры Чапаев ауданына, Теректі ауылдық советінің «Карл Маркс» колхозы Тайпақ ауданына, «Ин-тернационал», «Калинин» кол-хоздары Шымкент облысына күшпен көшірілді. Осылайша, Орда ауданы таратылғанда, Сүйіндік ауылдық советінің «Карл Маркс», «Энгельс», Ла-бай ауылдық советінің 5 кол-хозы, Азғыр ауылдық советінің 2 колхозы, Батырбек ауылдық советінің 3 колхозы, Ноғайбай

ауылдық советінің 2 колхозы Гу-рьев (қазіргі Атырау) облысының Теңіз ауданына, қалған колхоз-дар Жәнібек ауданына берілді. Біздің «Көсем» колхозы 1200 жылқы, 500 түйе, 6000 қоймен Чапаев ауданы, «Киров» кол-хозына көшіп келгенде сол кол-хозда небәрі 18 жылқы, 500 қой, 1 түйе болған екен. Өзге малы «қоянның қысында» қырылып қалыпты.

Осы мәліметтерді ағам Ғабдрахим Хаймолдин жиі ай-тып, әңгімелеп отыратын. Біздің үйге талай басшылар, ағаммен бірге, іргелес колхоздарда қызмет жасаған адамдар келетін. Олардың аттарын да білемін, колхоз басқармалары болған Нара Еркінәлиев, Қанат Мәметов (Мәншүк Мәметованың туған ағасы), Біләл Әжіғалиев, Құмар Ибрашев, т.б. көре қалдым. Ұлы Отан соғысының батыры Ах-медияр Құсайынов та соғыстан келгенде біздің үйге түскен. Оны Алматыға (ҚазПИ­ге оқуға ке-терде) ағамның өзі шығарып салғанын білемін.

Өзім Тайпақ ауданында сов-хоз директоры, аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарып, еңбек жо-лымды облыс әкімшілігінде ауыл шаруашылығы жөніндегі кеңесшілікпен аяқтадым. Х сай­ланған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, Қазақстан Компартиясы 16 съезі делега-ты болдым. Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен және бес медальмен марапатталдым. Бү­гінде зейнеткермін, қоғамдық жұмыстарға әлі араласып жүр­мін. Бөкейлік екенімді мақтан тұтамын.

Ғазез ХАЙМОЛДИН, еңбек ардагері.

Орал қаласы.

Жеті атаңызды білесіз бе?

Бабаларымыз қан тазалығы мен туыстық қарым­қатынасты сақтау дәстүрінің маңыздылығын ерте түсінген және берік ұстанған. Ата­бабамыз жеті атаға дейін қан араластырмай, жақыншылық қалыпты бұзбаған және баласына жеті атасының кім екенін үйреткен. «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер» деген жүйелі сөз содан қалса ке-рек. Ата­бабаларымыз өз ұрпақтарына жеті атасының аты­жөнін, атамекенін, өз руынан шыққан белгілі батыр, би, жақсыларының есімін айтып, үйретіп отырған.

Тоқсан жастан асқан қайын атам Хисмет үйдегі, түздегі ұл­қыздарына, не-мерелеріне осы қағиданың тамырын терең түсіндіруден жалыққан емес. Ол кісінің айтуынша, жеті атасын білу, біріншіден, жеті атаның туыстық тәртібін, ағайынның бірлігі мен ынтымағын нығайта отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүруге үйретеді. Кеңес дәуіріне дейін бір рудың адамдары бір өңірді ме-кендеген. Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс­туғандардың тұрмыс­тіршілігі бір болған. Қиындықты да, қуаныш пен реніш­қайғыны да бірге көтеріп, бірін­бірі демеуші, қамқоршы­пана тұтқан. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан. Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен олардың ұрпақтары бір­бірімен жақсы араласқан. Осы қағидалар ағалы­інілі, апалы­сіңлілі дегендей сыйластықты, бауырмалдықты қалыптастырған. Әрбір әке­ана өз перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, бауырмал етіп тәрбиелеуге тырысады. Бәрі де олардың болашағы үшін. Өйткені, басына күн туған шақта, бөлісер жақсылығы болса, тіпті, кіндіктен біреу болып, жетім қалса да, айнала-сында арқа сүйер адамы болсын деген ниетті көздеген екен данагөйлеріміз. Сондықтан да біз «жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған елміз» деп мақтанышпен айтады үлкендеріміз. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда біз олай деп айта алмаймыз. Ал, оны түзеу өз қолымызда. Тек бабалар өсиетіне үңіліп, ертеңімізді екшеп, бүгінімізге аса жауапкершілікпен қарап және осыларды бала бойына сіңіре білуіміз шарт.

Екатерина ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ.Бисен ауылы.

Қонысың өрісті болсын,Еккенің келісті болсын,Еңбегің жемісті болсын!Жарың жібектей болсын,Арың түлектей болсын,Өнерің өрлей берсін,Өмірің төрлей берсін!

* * *О, Құдайым оңдасын,Қызыр бабам қолдасын.Жақсылық тауып арнасын,Жаманшылық болмасын!Ырыздық­нәсіп мол болып,Басыңа бақ орнасын.Сәбилерің көп болып,Төр алдында ойнасын.Үлгі етерлік ісіңді,Ұрпағың алға жалғасын.Денсаулығың мықты боп,Аман болсын мал басың,Аман болсын жан басың!

* * *Бақыт дейтін құс екен,Жел тұрса ұшып кететін.

Дәулет дейтін түс екен,Оянсаң көрінбей кететін.Денсаулыққа не жетсін,Ақылыңмен ұштасса,Мақсатыңа жетерсің!Қырандай қалқып жүрейік,Болаттай балқып күлейік.Атамекен аман боп,Ұзақ өмір сүрейік!

* * *Е, Құдайым оңда,Оң жолыңа баста!Жылқышы ата Қамбар,Жарылқасаң өзіңнен басқа кім бар!Шірендіріп жатқыз, көсілдіріп тұрғыз!Жаз жайлауын жаусыз ет,Қыс қыстауын қарсыз ет.Дүниеде мұңсыз ет,Толғатқанын ұл ет,Тамызғанын май ет.

Жинастырған Батырбек НОҒАЙБАЕВ.

“Әумин” деп қол жайсаң...

Page 6: орда жұлдызы+27 +19 Жексенбі, 9.09.2018 +24 +18 Сенбі, 8.09.2018 +26 +15 Жұма, 7.09.2018 +27 +16 Бейсенбі, 6.09.2018 +26 +15 Дүйсенбі, 10.09.2018

4 қыркүйек 2018 жыл6 E-mail: [email protected]ЖҰЛДЫЗЫОрДа

Маман түсіндірмесі

Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдала-ну туралы» кодексінің 22­бабына сай, жерді геологиялық зерделеуге, пай-далы қазбаларды барлауға, оларды өндіруге, жер қойнауын пайдалануға, кен іздеуге қолдануға болады. Алай-да, бұл операциялардың бәрі де тек келісім­шарт немесе мемлекет-тік құрылымдардың тиісті рұқсаты негізінде ғана жүзеге асырылады. Солай болса да, ауданымызда жер-гілікті пайдалы қазбаларды (құм, саз, қиыршық тас, т.б.) заңсыз иемдену жайлары ұшырасуда.

Ауданымызда ғана емес, облыс көлемінде де өткір мәселеге айна-лып келе жатқан бұл заңбұзушылық үшін бұрын қылмыстық жауапкер-шілік қарастырылмаған болса, қазіргі ҚР Қылмыстық кодексінде жер қойнауын, соның ішінде, жергілік-ті пайдалы қазбаларды өз бетінше пайдаланғандар үшін қылмыстық жа-уапкершілік көзделген. Осы әрекеттер салдарынан ірі мөлшерде залал кел-тірілген болса, айыпкерге Қылмыстық кодекстің 334­бабы 1­бөлігіне сай, 3000 АЕК көлемінде айып салу, 90 тәулікке дейін қамауға алу, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жа-засы тағайындалады. Сонымен қатар қылмыстық құқықбұзушылық жасау құралы болып есептелетін ақша және өзге де мүлік тәркіленеді. Айта ке-

телік, мүлікке қазбаны өндірген көлік құралы да жатады. Ата Заңымызда көрсетілгендей, жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар мемлекеттік меншік болып санала-ды.

Аталмыш құқықбұзушылықтар ор-ман және ауыл шаруашылығы жер-лерінде, өзен­көлдердің суын қорғау аймақтарында жүргізілгендіктен олар мемлекеттің материалдық мүддесіне ғана емес, жергілікті экологиялық ахуалға да өз зиянын тигізеді. Осы ретте, экологиялық құрылымдар жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың жолын кесу-мен күресті күшейтіп, қатаң шара-лар қолдануда. Тұрғындарымыз жоғарыда айтылған жайларды ес-керіп, мемлекеттік меншік құқығын бұзып, жер байлығын заңсыз пайдаланған жайларға куә болса, экологиялық құрылымдарға хабарла-суларын сұраймыз. Әрине, әр азамат өз шаруашылық мұқтаждарын өтеуге ұмтылады. Алайда, қай істі да заң шеңберінен шықпай қолға алған жөн екенін ескерейік, ағайын!

Ғарифолла БИСЕНҒАЛИЕВ,облыстық экология

департаментінің Бөкей орда-сы және Жәнібек аудандары бойынша уәкілетті мемле-

кеттік экология инспекторы.

Заңсыз иемденуге жол бермейік

№ Мектеп атауы Аты�������������� Оқу ор�ы�ың атауы Мама�дығы

1

Б.Ж

әнек

ешев

аты

ндағ

ы о

рта

мект

еп

Зинуллина Аяжан Бауыржанқызы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Биология

2 Әкімжанова Айнамкөз Асанқызы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Орман ресурстары және орман шаруашылығы

3 Хамидоллин Мербол Жүсіпұлы 7 География

4 Сабыр Гүлзат Берікқызы 27 Биотехнология

5 Биболқызы Қымбат 29 Геодезия және картография

6 Төлегенов Нұрғиса Дүйсенбайұлы 501 Құрылыс

7 Салауатова Альбина Арматовна 27 Жерге орналастыру

8 Қаиржанов Ждағат Мерекеұлы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Жерге орналастыру

9 Насырова Динара Жексенқызы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Кітапхана ісі

10 Мұқас Шыңғыс Ерболұлы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)

11 Түнғатарова Айкөркем Мадиқызы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Азық-түлік өнімдерінің

технологиясы

12

Ш.Ж

ексе

нбае

в ат

ынд

ағы

орт

а ме

ктеп Сабыргалиқызы Айдана М.Өтемісов атындағы Батыс

Қазақстан мемлекеттік университеті Химия

13 Маратова Балжан Шыңғысқызы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Биология

14 Өтегенова Елдана Қобландықызы 27 Қазақ тілі мен әдебиеті15 Мақсотова Айжан Ізғалиқызы 29 Мұнай газ ісі

16 Қайрауов Қолғанат Қалқаманұлы 22 Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы

17 Темірова Жанерке Нурлыбекқызы 2 Аграрлық техника және технология

18 Аннасова Саягүл Ерболатқызы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Ветеринарлық медицина

19 Калмияр Жайдарман Жасуланқызы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Ветеринарлық медицина

20

Жәң

гір

хан

аты

ндағ

ы о

рта

мект

еп

Өтежанова Жанерке Сергалиқызы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

21 Гайсина Толғанай Есқаққызы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Режиссура

22 Жамбылова Айымгул Берикқызы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

23 Мақсотова Ақнұр Болатбекқызы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Педагогика және психология

24 Вялых Шерхан Сергеевич Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Машина жасау

25 Жамбылов Даулет Серикұлы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Орман ресурстары және орман шаруашылығы

26 Есмұхан Әлем Өмірзақұлы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Ағылшын тілі мұғалімі

27

Қ.С

ағы

рбае

в ат

ынд

ағы

ор

та м

екте

п

Еркинқызы Элеонора 7 Дефектология

28 Өмірболатов Өркен Саржанұлы 27 Автоматтандыру және басқару

29 Төлеген Бақдаулет Ақболатұлы 27 Автоматтандыру және басқару

30 Маратқызы Аяна 27 Ақпараттық жүйелер

31 Ерес Бекарыс Айбатұлы 19 Көлік, көліктік техника және технологиялар

32 Нағим Әділхан Русланұлы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Тарих

33

М-С

.Баб

ажан

ов-С

.Баб

ажан

овС

. Баб

ажан

ов

аты

ндағ

ы о

рта

мект

еп Забесова Ақгүл Мұратқызы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетi Педагогика және психология

34 Сапаров Нұрсұлтан Нұртанұлы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Машина жасау

35 Билялов Алишер Арманұлы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Құрылыс

36 Темирболат Досжан Ақылбекұлы 24 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

37 Халиуллина Әдемі Абилқасымқызы 416 Ветеринарлық санитария

38

М.Б

егал

иева

ат

ынд

ағы

орт

а ме

ктеп

Рабқатова Дина Саматқызы 1�� Әлеуметтану

39 Садиқ Тұнғиық Сапарғалиұлы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Аспап жасау

40 Серікбайқызы Нурайым М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Мәдени-тынығу жұмысы

41 Нұрқуатқызы Ақбота 2� Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

42

Темі

р М

асин

ат

ында

ғы

орта

мек

теп Сағынғалиева Айымгүл

ЕсенгелдіқызыМ.Өтемісов атындағы Батыс

Қазақстан мемлекеттік университетіӘлеуметтік педагогика және

өзін-өзі тану

43 Наурызбаева Ақбота Нұрлыбекқызы 27 Мұражай ісі және

ескерткіштерді қорғау

44

М.М

әмет

ова

ат

ында

ғы

орта

мек

теп Маратова Алтынай Шамельқызы М.Өтемісов атындағы Батыс

Қазақстан мемлекеттік университеті Музыкалық білім

45

Жадраева Салтанат Сагынышевна 27 Әлеуметтік жұмыс

46

А.Қ

ұсай

ынов

ат

ында

ғы

орта

мек

теп

Камелов Нурбакыт Нурболатович Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Агрономия

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған дәстүрлі аудандық «Тіл –

тұтастық туы» жалпыхалықтық тіл фестивалінің жоспары

Мемлекеттік білім грантын иеленген түлектер

№ Іс�шара атауы Оры�далу мерз�м� Өтет�� ор�ы

1. «Тілге құрмет – елге құрмет» кітап көрмесі

Қыркүйек айы

Барлық кітапханалар

2. «Ана тілім – ардағым» поэзия кеші Қыркүйек айы

Барлық кітапханалар

3. Балабақша тәрбиеленушілері арасында «Бала тілі – бал» атты байқау 12 қыркүйек «Ертөстік»

бөбекжайы

4. «Тіл – біртектілікке бастар тіке жол» атты өзге ұлт өкілдері мен қазақ ұлт өкілдері жастары арасында дөңгелек үстел

13 қыркүйек Аудандық кітапхана

5. Мектеп оқушылары арасында «Ана тілің – арың бұл» атты шығарма жазудан байқау

10-15 қыркүйек

Барлық орта мектептерде

6. Аудан жастары арасында жерлес ақын Ғайса-Ғали Сейтақ оқуларын өткізу 18 қыркүйек Аудандық

кітапхана

7. Қазақстан халқы тілдері күніне арналған дәстүрлі аудандық «Тіл – тұтастық туы» жалпыхалықтық тіл фестивалі (мерекелік концерт, марапаттау)

21 қыркүйек Аудандық мәдениет үйі

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.

Page 7: орда жұлдызы+27 +19 Жексенбі, 9.09.2018 +24 +18 Сенбі, 8.09.2018 +26 +15 Жұма, 7.09.2018 +27 +16 Бейсенбі, 6.09.2018 +26 +15 Дүйсенбі, 10.09.2018

4 қыркүйек 2018 жыл 7E-mail: [email protected] ЖҰЛДЫЗЫОрДа

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты.

Мекенжайымыз: 090200 Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй. Телефондар: Редактор: 21­5­30. Тілшілер: 21­8­42 (факс).

Біздің электронды поштамыз: too­[email protected]А белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып

есептелінеді.

Меншік иесі:«Жайық Пресс» ЖШС

Бас директор Рауан СӘБиТОв

«Жайық Пресс» ЖШСБөкей ордасы филиалы

«Орда жұлдызы» Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газетінің

директор-редакторы міндетін атқарушы Каримолла ҒАйСиН

Газет БҚО Әділет департа-менті, Бөкей ордасы аудандық Әділет басқармасында 09.01.2012 жылы тіркелген. Тіркеу №7­1926­15­ф­л.

Газет Бөкей ордасы аудандық «Орда жұлдызы» газеті редакциясында компью-терлік әдіспен теріліп, беттелді.

«Полиграфсервис» ЖШС баспаханасын-да басылды.

Орал қаласы, Л.Толстой көшесі, 27/6

Газет аптасына 1 рет сейсенбі күні шығады.Көлемі 2 баспа табақ. Тапсырыс: 36Таралымы: 1663 дана.Корректор: Меңсұлу Сұлтанғалиева.

Газетті есепке қою тура-лы №12259­Г куәлікті 2012 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті берген.

Оқыңыз, қызық!

Ғаламшардағы адамдардың көпшілігі өз сағат белдеуіне сәйкес 20:00 мен 01:00 аралығында ұйықтайды, сағат 01:00­де дүние жүзінің 57 пайызы өз төсегінде түс көріп жатады.

* * *The Beatles тобының мүшесі Пол Мак-

картни «Yesterday» әнін алғаш түсінде естігенін айтады.

* * *Сиыр, жылқы, піл секілді кей жану-

арлар тізесінің жаратылысына бай-ланысты тұрып ұйықтай алады. Ал, қоқиқаздың (фламинго) қылығы тіпті таңғаларлық, ол бір аяғымен тұрып та мүлгиді. Бұл жануарлар тек өзін толықтай қауіпсіз сезінген жағдайда ғана жатып ұйықтайды.

* * *Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде

тура шекесіне оқ тиген венгер сарбазы өлім аузынан қалады. Бірақ, содан бері көз іліктіре алмайтын болыпты. Соған қарамастан өзін жақсы сезініп, ары қарай 40 жыл өмір сүрген екен.

* * *

Құлағы естімейтін адамдар түсінде де ым тілімен сөйлесіп жүреді, көзі көрмейтін адамдар да түс көреді, бірақ, ештеңе көзге көрінбейді, өмірдегідей. Олардың түсі денсаулығында ақау жоқ адамдардан еш айырмашылығы бол-майды.

* * *Қара қарлығаштар, ләйлектер,

бізтұмсық шағалалар ұшып келе жатқанда шаршап қалса, ауада қалықтап келе жатып 10 минут ұйықтап алады.

* * *2011 жылы Лондонда «Бесік жыры»

қойылымы болды. Көрермендер ке-реуетке орналасқанда ұйқыға кетті. Актерлердің де мақсаты оларға ты-ныш ұйқы сыйлау еді. Олар таңертең оянғанда билет бағасына татитын таңғы аспен тамақтандырды.

* * *Дельфиндер мен киттердің сол жақ

және оң жақ жарты шарындағы ми ке-зектесіп ұйықтайды. Ол жануар ұйықтап жатқанда да дем алуы үшін қажет.

* * *

Атақты суретші Сальвадор Дали үстелде сурет салып отырған жерін-де қолында ауыр кілтті ұстап отырған күйі жиі қалғып кетеді екен. Қолында ұстаған кілті жерге түсіп кеткен-де, соның дауысынан оянады. Осы оянғаннан кейін суретті ары қарай қалай жалғастырудың шешімін оңай табатын көрінеді.

* * *Адам оянғаннан 5 минуттан кейін

түсінің жартысын, ал, 10 минуттан кейін небәрі 10 пайызын ғана еске түсіре ала-ды.

* * *16 сағат ұйқысыз жүргеннен кейін

адам жұмысқа қабілеттілін жоғалта бас-тайды.

* * *Тәулігіне 8 сағаттан кем ұйықтаған

адам тамақсаулыққа, май басуға бейім болады.

* * *Адам түсінде көрген адамын таны-

майтын болса, демек оны өңінде бір рет болса да көргенінің белгісі.

* * *Адам көбіне ұйқыға жатқаннан кейін

шамамен жарты сағаттан соң түс көре бастайды.

Түрлі технологияны меңгерген заманда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, әлі де толық аша алмаған құпияларымыз көп. Сол құпиялардың бірі – адамның түсі. Бұрындары түс көрсек, ата­әжелерімізге жорытып, болашағымызға болжам жасайтынбыз. Түстің құдіреттілігі әдебиетте де айтылады. Эпостарда баяндалатындай, батыр-лар жорыққа аттанар алдында түс көріп, шайқаста жеңіске жетер­жетпейтінін алдын ала пайымдаған. Бұдан өзге шет елде қалаған түсіңізге тапсырыс беріп, оны көруге мүмкіндік беретін құрылғыларды табуға болады екен. «Түс – шындық па, қиял ма?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Жалпы, адамның бір түнде көретін түсінде оқиғалар толығымен баяндалып не аяқталмайды. Материалистердің айтуынша, түс дегеніміз – ми

функцияларының бірі ғана. Яғни, адам ұйқыға кеткен кезде ми сөніп, жалған қиялға сене бас-тайды екен. Ұйқыға кет-кенде ойыңда жоқ сурет-тер көз алдымызға келеді. Кейбір түс шындыққа жа-насса, енді бірі адам сен-гісіз күйде болады. Мыса-лы, үйіңіздегі бөлмелердің орны ауысады немесе сіз бұрын­соңды жақсы та-нитын адамдар өздеріне ұқсамайды. Тіпті, басқа жерде жүресіз, өміріңізде мүлдем көрмеген бейта-ныс адамдар кездеседі.

Идеализм – айнала­мыздағы жаратылыстың, заттардың барлығының санамызда пайда болып, өмір сүріп жатқандығын айтады. Бұл тұжырымды теріске шығаратындар да аз емес. Өмірде кез

келген нәрсенің екі жағы бар. Мамандардың ай-туынша, түстің не екенін түсіну үшін ең алдымен санамызды ретке келтіруіміз қажет көрінеді. Ми сөнген кезде, сана да өшеді. Адам ояу кезінде де бар билік санаға беріледі, ал, ол сөнген кезде билік жанға көшеді. Ұйқы кезінде сана да толық өшпей қарапайым бақылаушыға айналады. Жанымыз сол мезетте ақпарат жинауға кіріседі­мыс. Адамның санасы демалып жатқан сәтте, жаны оның өмірінің өзге арналарында қыдырады. Ол арналардың саны шексіз. Олар шындықтан алыстаған сайын, түстер де соғұрлым қияли болады. Ең бастысы, ешқандай сиқыр жоқ.

Дайындаған Айша ТІЛЕКҚЫЗЫ.

Түс көрудің сырлары

Сіз білесіз бе?

Арон КаукешевНарынның нар ұлдарының бірі

Арон Каукешев 27 тамыз күні жол апатынан қайтыс болды.

Каукешев Арон Сатыбалдыұлы 1967 жылы 18 мамырда Бисен ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Бисен Жәнекешев атындағы орта мектептің 1984 жылғы түлегі. 1985­1987 жылдар аралығында міндетті әскери борышын өтеп оралған соң, өзі түлеп ұшқан білім ордасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастайды. Кейін мектепте шаруашылық меңгерушісі, ішкі істер бөлімінің ауылдық учас-келік инспекторы, кеңшардың спорт саласы әдіскері жұмыстарын атқарған. 1996 жылы кеңшар тарағаннан кейін кәсіпкерлікке бой ұрады. Оның 2004 жылы құрған «А.Каукешев» шаруа қожалығы бүгінгі күні аудандағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі. Онда мал басын өсірумен қатар, тұқымын асылдандыру, бордақылау жұмыстары кең өріс алған. 2014 жылы асыл (қазақтың ақ бас) тұқымды мүйізді ірі қара малын өсіретін шаруашылық мәртебесін иеленді.

Арон Сатыбалдыұлы Бисен және Жиекқұм ауылдарындағы ауыз су құбыры нысандарын сенімгерлік басқаруға алып, тұрғындарды ауыз сумен жүйелі қамту жұмысын ұйымдастырды. Жеке шаруашылығын табысты жүргізумен қатар, әлеуметтік әлжуаз топтарға қол ұшын беру оның дағдылы ісі еді. Ұзақ жыл-дардан бері аудандағы мұқтаж жандарға қайырымдылық көмегін көрсетіп, демеушілік жасап, ауылдастарына арзан бағамен мал азығын сатып, аз қамтылған отбасыларға тегін беріп келді. Өзінің бай тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп, ауыл, аудан ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосты. Өңіріміздегі ауыл шаруашылығын дамытудағы еңбегі Үкімет пен қоғамдық ұйымдар тарапынан бағаланып, 2016 жылы бизнесте-гі әлеуметтік жауапкершілік бойынша өткізілген республикалық «Парыз» конкурсында лауреат атанса, Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Елбасының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» ме-далін өңіріне тақты. Аудан, облыс әкімдері тарапынан берілген мадақтамалары мен алғысхаттары өз алдына бір төбе.

Марқұмның артында қалған зайыбы Фарида мен ұл­қыздарына, келініне, өзге де тума­туыс, бауырларына қайғыларына ортақ екенімізді білдіріп, көңіл айтамыз. Асыл азаматтың жарқын бей-несі оны білетіндердің жүрегінде ұзақ сақталары хақ.

Н.Рахымжанов, Р.Зұлқашев, Л.Қайырғалиева, Е.Таңатов, Т.Арыстанбеков, К.Құрмашев.

Құттықтаймыз!Сайқын ауылының

тұрғыны, бірімізге күйеу, бірімізге бажа, жез-де Абаханов Ерлан Жәрдемұлын бүгінгі то-лып отырған 50 жасымен құттықтаймыз! Денің сау болып, ұлыңның қызығын көріп, жора­жолдастың, ағайынның арасында ұзақ ғұмыр кеше бер дейміз.

Сый­құрметті Құдай берсін басыңызға,

Әрқашан Қыдыр жүрсін қасыңызда.

Жасыңыз жүзден ассын деп тілейміз,Қосылып жылдар тағы

жасыңызға.

Құттықтаушылар: Абдиров, Мусин және

Зайноллиндер әулеті.

Page 8: орда жұлдызы+27 +19 Жексенбі, 9.09.2018 +24 +18 Сенбі, 8.09.2018 +26 +15 Жұма, 7.09.2018 +27 +16 Бейсенбі, 6.09.2018 +26 +15 Дүйсенбі, 10.09.2018

4 қыркүйек 2018 жыл8 E-mail: [email protected]ЖҰЛДЫЗЫОрДаwww.ordazhuldyzy.kz

Сүндет – ислам дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жа-салатын ғұрып. Ол Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) сүннеті болғандығы үшін де мұсылман халықтарында ерекше маңызға ие. Пайғамбарымыз өз ха-дисінде адам жаратылысының табиғи қажеттілігі ретінде мына бес нәрсені: сүндетке отыру, мұртты басу, қолтық пен ұятты жерді түктен таза ұстау, тырнақ қысқартуды атаған. Мекке-де ер балалар 3­7, Мысырда 5­6 жасында сүндеттеледі екен. Бізде де бұл рәсім негізінен 5­7 жас аралығында өткізіледі. Қазақ халқында сүндеттеуді бұрын қожа­молдалар атқарып келсе, қазір көбіне медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Бала сүндетке отырғызылған соң көрші­қолаңға қонақасы беріліп, Құран оқытылады. Жалпы сүндетке отырғызу ислам дінінен кіріп, бертін келе қазақтардың ұлттық әдет­ғұрпына айналған.

Сондай­ақ, сүндетке отырғызу тек мұсылмандық жол емес, оның ер адамның денсаулығына, ертеңгі күні ұрпағының өсіп­өнуіне де маңызы зор екені медицинада дәлелденген. Ме-дицина ғылымында оны «цир-кумцизия» (лат. Circumcisiо – дөңгелек кесу) деп атайды. Кей деректерде сүндеттелгендердің қатерлі ісікке (рак ауруына) анағұрлым аз шалдығатыны кел-тірілген. Ертеректе сүндеттелген балаға арнап, кең әрі ұзын «сүндетжейде», «сүндеткөрпе» тігетін болған. Оны бала жара толығымен жазылғанша ки-ген. Дәрігерлердің айтуынша, сүндеттелген бала синтетикалық талшық қосылған киім кимегені дұрыс.

Кез келген ұл баланың арма-ны – жігіт болу, азамат болу, сол себепті ол да іштей бұл күнді күтеді, асығады. Дәстүр бойын-ша осы күні балаға бастан­аяқ жаңа киім кигізіп, екі иығына үкі қадайтын болған. Содан кейін өзінің ашамайлы бәсірелі тайы-на мінгізген, қоржын салған. Қасына сәнді киінген 1­2 бозба-ланы ілестіріп, ағайын­туғанға тойдың қуанышын жеткізуге жі-береді екен.

Сүндет тойдың басқа той-лардан ерекшелігі – тойға сүндеттелетін баланың өзі шақыратындығында. Бұл баланың есейгендігінің бел-гісі. Өз тойына шақырып кел-ген балаға барған жерінде шашу шашқан. Атының жа-лына орамал, шүберек бай-лап, қоржынына тәтті салған. Сыйлығын беріп жіберген. Бала оралғанда «бізді де осы күнге жеткізсін» деген ниетпен ол ша-шуды ауыл қарадомалақтары бөлісіп алатын көрінеді. Ал, тойға келген тума­туыстар, құда­жекжаттар балаға міндетті түрде сый алып келген. Тіпті, қайсыбірі бала тойға шақырып барған кез-де­ақ атаған малын жетектетіп жіберген.

Қазақта бала үшін нағашы жұртының орны бөлек. Баланың нағашы жұртынан алынатын, бір жерде «қырық серкеш», енді бірінде «қырық шұбар тай» делінетін «жиендік үлесі» бо-лады. Нағашы жұрты жиенінің сүндетке отыруына орай, ертеңгі күні төлі өсетіндей етіп, осы үлестің бір бөлігін малын айдап келген. Оны өздеріне міндет әрі үлкен дәреже санаған. Баланың, анығы ер­азаматтың ауқатты бо-луы осылай өзіне тиесілі жеке мал басының жиналуынан бас-

Сүндеттеу пайғамбарымыздан қалған мағыналы іс екенін екінің бірі біле бермесі анық. Сүндеттеуді медицина тұрғысынан алып қарасаңыз да, діни жағынан қарасаңыз да денсаулыққа өте пайдалы. Сүндеттеудің төркіні – Ыбы-райым пайғамбарымыздан қалған көрінеді. Діни кітаптарда сүндеттеудің тарихы туралы мынадай деректер кезде-седі.

Бір күні ұлық Алла Жебірейіл періштеге:– Досым Мұхаммедтің дүниеге келетін уақыты

жақындап келеді. Бүгін таң сәріде ұйықтамай отырған момын пендемнің үстіне Мұхаммедтің нұрын шаш,­дейді. Жебірейіл ұйықтамай отырған тақуаны таба алмайды.

– Тек бір дінсіз адам пұт жонап отыр екен,­дейді. Қайта жібереді. Бұл жолы да таба алмай оралады.

– Дүниені шарладым. Әлгі дінсізден басқа ояу отырған бір адамды таба алмадым. Бәрі ұйқыда,­дей-ді.

– Олай болса, соның үстіне шаш,­дейді.Ұйықтамай пұт жонып отырған Ыбырайымның әкесі

Азар еді. Періштелер: – Иә, Алла, бірақ, ол саған емес, пұттарға табына-

ды. Кейінгі адам ұрпағы өздерін көпқұдайлықтың шыр-мауынан қалай шығарып алады?­дейді. Ұлық Алла:

– Мен шебер Алламын. Бір іс бастасам, ақырын әуелден көріп, біліп тұрамын. Азардың ұлын сүндеттейсіңдер. Бұл оның бір Құдайға табынушы екендігінің айғағы болсын. Одан тараған барша үмбет осы сүндетті ұстансын. Сонда олар көп құдайға шоқынып, надандыққа ұрынудан аман болады,­дейді.

Періштелер Азардың беліне Мұхаммед пайғамбардың нұрын шашады. Көп ұзамай өмірге Ыбырайым пайғамбар келеді. Ыбырайым жеті жасқа келгенде Жебірейіл періште келіп, оны сүндеттеген екен. Осыдан бастап ер бала бес немесе жеті жасқа толғанда оны сүндеттеу дәстүрге айналады. Оны мұсылмандықтың бір белгісі санаған.

Ал, медицина мамандары сүндеттелудің мынадай қатерден қорғайтынын алға тартады:

– жыныс мүшесінің қабынуының алдын алады;– жыныс жолы арқылы таралатын кеселдерді бол-

дырмайды;– әйелдің жатыр мойнының обырынан қорғайды.Сүндеттелген балаға ағайын­туыс, көршілер келіп

құтты болсын айтады. Арнайы мал сойылып, құдайы тамақ беріледі. Ал, ата­анасының жағдайы келсе, ұлан­асыр той жасап, ұлын атқа қондырады. Бұл қазақ салтында «Сүндет той» деп аталады.

Дайындаған Айша АСҚАР.

Қазақы болмысСүндет той һәм оның маңызы

Мұсы

лман

шы

лықт

ың б

ір бе

лгіс

і

Бар жақсысын баласына, ұрпағына арнаған қазекем құрсақ той, шілдехана, бесік той, қырқынан шығару, тұсаукесер, сүндет той өткізген. Мұсылман баласы үшін ұлын сүндеттеу парыз. Ол баланың ат жалын тартып мініп, азамат атанғандығының алғашқы белгісі. Мұндайда бай-қуатты адамдар ұлан-асыр той жасаған. Бәзбіреулер мұны «ысырап» деп түйсе, енді біреу «ата-салты» дегенді тілге тиек етеді. Дұрысы қайсы?

талады. Бұл бұрынғыдан қалған ұғым. Қалай болғанда да, бала сүндет тойында үлкен сыйға, құрметке ие болады.

Осы орайда, Хан орда-сы ауылының тұрғыны Альфия Аксенованы сөзге тартқанымызда ол былай деді:

– Ашамайлы атқа міндің,Мұсылмандық таққа міндің.Сүндетке отырғаның – иманды болғаның,Тойын тойлап, думан-

ды болғаның,­деп ұлымыз Нұрасылды жуырда сүндетке отырғыздық. Ата­әжесі, Ди-дар екеуміз де «сен енді нағыз жігітсің» деп жігерлендіру сөздерін айтып, ауырсынуын сездірмеуге тырысып бақтық. Мал сойып, құран бағыштап, ағайын­туғанның, үлкендердің батасын алдық. Той – халықтың қазынасы ғой. Сондықтан сүндет той жасап, балалардың қуанышын тойлағанды жөн са-наймын.

Сайқындық Гүлжауһан Молдағалиева: «Ер бала-ны сүндетке отырғызу бар-ша мұсылманның парызы деп білемін,­деді. Әрі оны 3­7 жас аралығында өткізген абзал. Тек алдын ала баланы дайындау керек. Мәселен, кішкентайы-нан «Бір, екі, үш, төрт, бес, шүметайымның басын кес!» сынды санамақтарды құлағына құйып, «сен нағыз азамат боласың» деп, салттың мәнін ұғындара білсек, баланың өзі іштей дайындалады, бұл күнді асыға күтеді. Әрі осы күні беріл-ген уәде де орындалуы шарт деп ойлаймын. Өйткені, ол балаға емес, азаматқа берілген сөз. Жалпы, екі ұлдың анасы ретінде сүндеттің пайдасы зор екені айқын деп айта аламын. Әсіресе, тұңғышым өзін жайсыз сезініп, ерте бастан циркумци-зия отасын, яғни, сүндеттеуді жасау қажет болғанда оған қайыра көзім жетті. Сондықтан түрлі урологиялық аурулар-дан, гигиеналық тазалықты сақтау үшін бұл салтты уақтылы әрі өзіндік сән­салтанатымен өткізген жөн».

Қазіргі шақта сүндет тойын ысырапқа балайтындар қатары қалыңдай бастағанымен, ұлан­асыр той жасап, даңқын асырғысы келетіндер де жоқ емес. Не десең де, бар жиғанын баласының жақсылық қуанышына арнаған ұлттың ұрпағы емеспіз бе?! Тек, өткізіп жатқан тойдың мәні мен маңызын ұл­қызыңыз ұғынып өссе екен деген тілек қана бар бізде.

Раушан АППАҚОВА.