oral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/47.pdf · 2 aqparat Сенбі, 28...

12
www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpress Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСИ ГАЗЕТ + 25 0 С + 6 0 С СЕНБІ, 28 сәуір 2018 жыл №47 (20611) www.oraloniri.kz www.facebook.com/oraloniri [email protected] www.oraloniri.kz 7 «Қазақстандағы тұтастық пен табыстың негізі – бірлік» Oral óńіrі Oral óńіrі Құрметті батысқазақстандықтар! Жаңаөзеннен жүлдемен оралды «Рухани жаңғыру» бағдар- ламасы аясында Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына арналған жыр додасына бар- лығы 10 ақын қатысып, бақ сы- нады. Батысқазақстандық Жансая Муси- на Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында өткен «Бере- ке басы – бірлікте» атты аймақтық ақындар ай- тысында бірінші орынға ие болды. 1 мамыр – Қазақстанды мекендейтін түрі басқа болса да, тілегі бір, жүзі басқа болса да, жүрегі бір барлық ұлт- ұлыстың ортақ мейрамы. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген аталы сөзді бойтұмар тұтқан қазақстандықтар «қуана білгенге құт, бағалай білгенге бақ қонатынын» әуел бастан санасына тоқып өскен... Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн әрбір қазақстандықтың татулығы мен достығының, бір- лігі мен бауырмалдығының баға жетпес нышанына, жалпыұлттық жарасым мей- рамына айналды. Бүгінде ұлы дала төсіндегі тұғырлы мемлекетіміз өркендеп келеді. Бұл – қоғамдық ынтымақ пен саяси тұрақтылықтың жемісі, ұлт тұтасты- ғының жарқын үлгісі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен та- бысы мол болмақ» деген пікірінің өмірлік мән-маңызы зор. Бірлігі бекем еліміз- дің еңсесін биіктетуге, өңірімізде бейбітшілік пен достықтың мәңгі салтанат құруына облыс тұрғындары зор үлес қосып жүргендіктерін атап өткім келеді. Құрметті жерлестер! Сіздерге мықты денсаулық, құт-береке, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін! Бірлігіміз нығайып, берекеміз артып, әл-ауқатымыз жақсарып, өңіріміз гүлденіп, еліміз өрлей берсін! Құрметпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі А. КӨЛГІНОВ Ақын атындағы аудан Таяуда Астанадағы ҚР үкіметі жанындағы республикалық ономостикалық комиссиядан Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамы- ту басқармасына Орал қаласындағы бесінші ықшамауданды ақын Қадыр Мырза Әли атымен атау жөніндегі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұсынысын мақұлдаған ақжолтай хабар жетті. ү шбу ұсыныс республикалық оно- мастикалық комиссияның биыл- ғы оныншы сәуірдегі жиналысын- да мақұлданған. «Енді Орал қалалық әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешімі шықса болды, облыс орталығындағы 5- ықшамауданы ресми түрде абыз ақын- ның атымен аталатын болады» дейді об- лыстық тілдерді дамыту басқармасының басшылығы. Осы мәліметтен кейін біз Орал қалалық мәслихатының хатшысы Аққали Әубекеровке хабарластық. «Алдағы мамыр айында қалалық мәслихаттың бір сессиясын өткізуді көздеп отырмыз. Сол сессияда сіз айтқан мәселе бойын- ша Орал қалалық әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешімі қабылда- нуы тиіс» деді ол. Ретті жерінде айта кетелік, республикалық ономастикалық комиссияның 10 сәуір күн- гі талқылауында Орал қаласының 5-ші ық- шамауданындағы жаңа алаңды Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті ала- ңы деп атау, сондай-ақ «Жұлдыз», «Көк- жиек» «Сарыарқа» шағынаудандарындағы көптеген көшелерге жаңадан атау беру жө- ніндегі ұсыныстар да мақұлданған. Айтыс қорытындысында жа- ңаөзендік Абай Жолмағамбе- тов бас жүлдені (500 мың теңге) жеңіп алды. Жансаяға бірінші орын үшін 400 мың теңге берілді. Сондай-ақ аты- раулық Шалқарбай Ізбаса- ров екінші (300 мың теңге), астаналық Рауан Қайдаров, жаңаөзендік Арғынбек Қалбаев және ақтөбелік Марат Ахме- тов үшінші жүлдені (200 мың теңгеден) қанжығаға байлады. «Айтыс қызу өтті, бәсе- келестік жоғары болды. Ел- дің бірлігін, ұлттық құнды- лықтарымызды дәріптеу ке- ректігін, рухани жаңғырудағы табыс-жетістіктерімізді жыр- ладық. Әрине, Жаңаөзен қа- ласын да ұмытпадық», деді Ж. Мусина.

Upload: others

Post on 28-Dec-2019

21 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Oral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/47.pdf · 2 AQPARAT Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі Кейде күнделікті ұсақ-түйек

Құттықтаймыз!

www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpressГазет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСИ ГАЗЕТ

+ 250 С+ 60 С

СЕНБІ,28 сәуір 2018 жыл

№47 (20611)

www.oraloniri.kz

www.facebook.com/oraloniri

[email protected]

www.oraloniri.kz

7

«Қазақстандағы тұтастық пен табыстың негізі – бірлік»

Oral óńіrіOral óńіrі

Құрметті батысқазақстандықтар!

Жаңаөзеннен жүлдемен оралды

«Рухани жаңғыру» бағдар-ламасы аясында Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына

арналған жыр додасына бар- лығы 10 ақын қатысып, бақ сы-нады.

Батысқазақстандық Жансая Муси-на Маңғыстау

облысындағы Жаңаөзен қаласында өткен «Бере-ке басы – бірлікте» атты

аймақтық ақындар ай-тысында бірінші орынға

ие болды.

1 мамыр – Қазақстанды мекендейтін түрі басқа болса да, тілегі бір, жүзі басқа болса да, жүрегі бір барлық ұлт-ұлыстың ортақ мейрамы. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген аталы сөзді бойтұмар тұтқан қазақстандықтар «қуана білгенге құт, бағалай білгенге бақ қонатынын» әуел бастан санасына тоқып өскен...

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн әрбір қазақстандықтың татулығы мен достығының, бір-лігі мен бауырмалдығының баға жетпес нышанына, жалпыұлттық жарасым мей- рамына айналды. Бүгінде ұлы дала төсіндегі тұғырлы мемлекетіміз өркендеп келеді. Бұл – қоғамдық ынтымақ пен саяси тұрақтылықтың жемісі, ұлт тұтасты-ғының жарқын үлгісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен та-бысы мол болмақ» деген пікірінің өмірлік мән-маңызы зор. Бірлігі бекем еліміз- дің еңсесін биіктетуге, өңірімізде бейбітшілік пен достықтың мәңгі салтанат құруына облыс тұрғындары зор үлес қосып жүргендіктерін атап өткім келеді.

Құрметті жерлестер! Сіздерге мықты денсаулық, құт-береке, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін! Бірлігіміз нығайып, берекеміз артып, әл-ауқатымыз жақсарып, өңіріміз гүлденіп, еліміз өрлей берсін!

Құрметпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі А. КӨЛГІНОВ

Ақын атындағы

аудан

Таяуда Астанадағы ҚР үкіметі жанындағы республикалық ономостикалық комиссиядан Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамы-ту басқармасына Орал қаласындағы бесінші ықшамауданды ақын Қадыр Мырза Әли атымен атау жөніндегі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұсынысын мақұлдаған ақжолтай хабар жетті.

үшбу ұсыныс республикалық оно- мастикалық комиссияның биыл- ғы оныншы сәуірдегі жиналысын-

да мақұлданған. «Енді Орал қалалық әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешімі шықса болды, облыс орталығындағы 5-ықшамауданы ресми түрде абыз ақын-ның атымен аталатын болады» дейді об-лыстық тілдерді дамыту басқармасының басшылығы. Осы мәліметтен кейін біз Орал қалалық мәслихатының хатшысы Аққали Әубекеровке хабарластық. «Алдағы мамыр айында қалалық мәслихаттың бір сессиясын өткізуді көздеп отырмыз. Сол сессияда сіз айтқан мәселе бойын-ша Орал қалалық әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешімі қабылда- нуы тиіс» деді ол.

Ретті жерінде айта кетелік, республикалық ономастикалық комиссияның 10 сәуір күн- гі талқылауында Орал қаласының 5-ші ық- шамауданындағы жаңа алаңды Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті ала-ңы деп атау, сондай-ақ «Жұлдыз», «Көк-жиек» «Сарыарқа» шағынаудандарындағы көптеген көшелерге жаңадан атау беру жө- ніндегі ұсыныстар да мақұлданған.

Айтыс қорытындысында жа-ңаөзендік Абай Жолмағамбе- тов бас жүлдені (500 мың теңге) жеңіп алды. Жансаяға бірінші орын үшін 400 мың теңге берілді. Сондай-ақ аты-раулық Шалқарбай Ізбаса-ров екінші (300 мың теңге), астаналық Рауан Қайдаров, жаңаөзендік Арғынбек Қалбаев және ақтөбелік Марат Ахме-

тов үшінші жүлдені (200 мың теңгеден) қанжығаға байлады.

«Айтыс қызу өтті, бәсе- келестік жоғары болды. Ел-дің бірлігін, ұлттық құнды- лықтарымызды дәріптеу ке- ректігін, рухани жаңғырудағы табыс-жетістіктерімізді жыр- ладық. Әрине, Жаңаөзен қа-ласын да ұмытпадық», деді Ж. Мусина.

Page 2: Oral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/47.pdf · 2 AQPARAT Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі Кейде күнделікті ұсақ-түйек

AQPARAT2 Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Кейде күнделікті ұсақ-түйек жұмыстардың мәніне терең үңіліп жатпай, оларды «Рухани жаңғыру» деп ұрандатып жіберетініміз жасырын емес. Бұл біздің әлі де аталған бағдарламаның тұңғиығына бойлай еніп, талдап-тарқатып, саралай алмай жатқанымыз- дың дәлелі. Дегенмен, өзгелерге үлгі боларлықтай істер де аз емес. Осы орайда Шыңғырлау ауданы Ақ- тау ауылындағы Утва өзеніне жергілікті меценаттың көмегімен салған көпірдің ашылу салтанатын айтуға болады. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, біздің көңілімізден шықты. Кәсіпкер Мирболат Тас- мағамбетовтың жерлестеріне жасаған қайырымды-лығының өзі жүректі елжіретпей қоймайды. Жадын- да қазақ халқы баласын бағзы заманнан мемлекет- шіл, отаншыл, елшіл қылып тәрбиелегені және халқы-на қамқор ұлдардың текті, белді, аталы әулеттерден шыққаны халық ауыз әдебиетінің үлгілерінде сайрап жатыр.

Сарапшы пікірі

«Атымтай жомарт» қашан да ардақты

Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың доценті, тарих ғылымдарының кандидаты:

Жылдар бойы үстем таптың өкілі саналған «бай» туралы түсінігіміздің солғын тартқаны сондай, соң-ғы кезге дейін қазақтың эпостық жырларындағы бас кейіпкерлер, яғни ел қорғайтын ұлы мақсатта- ғы ерлер негізінен байдың ұлы болып келетініне онша мән бергеніміз жоқ. Алайда ұзаққа созылған отаршылдық дәуір қазақ баласының ұлттық сана-сын бірте-бірте деформациялап, ұлт болмысында- ғы ірілік, кісілік, мәрттік мінездің уақыт өте кө-мескіленіп, әлсіреп, ұсақталғанын кімнен жасыра-мыз?!

Қазақтың қанында бар асыл қасиеттерінің ел тәуелсіздігімен, әсіресе, қоғамдық сананың түле-уімен бірге қайта жаңғыруы назар аударарлық һәм көңіл сүйсінерлік нәрсе. Асылы мен нәсібіне арам араластыруды тексіздікке балаған дана хал-қымыз «дәулет сауаптан болса ғана қайырлы» деп, Атымтай жомартын қашан да ардақтап, ерекше құрметтегенін ұмытпайық!

Бабалар жолымен сапарға шыққан экспедиция то-бын Көктерек ауылын-

да аудан әкімі Абат Шыныбеков қарсылап алды.

Экспедиция тобы алдымен Көк- терек тарихи-өлкетану музейіне келіп, ескерткіш тақтаға гүл шоқ-тарын қойып, тағзым етіп, музей- ді аралап, жәдігерлермен таныс- ты. Осыдан кейін экспедиция то- бы Құрманғазы баба 1878-1870 жылдары қоныс тепкен бұрын «Талсай», қазіргі күнде «Құрманға-зы Қарасуы» атанып кеткен орын- мен танысып, «Нарсойған» сайы- ның жанына тал-теректер отыр-ғызды. Бұл жерді болашақта «Құр-манғазы тоғайына» айналдыру мақсат етіліп отыр.

Осыдан кейін Құрманғазы Са- ғырбайұлының Көктерекке келу тарихы жөнінде, дәулескер күй-

Экспедиция Көктерекке келді

Осыдан бірер күн бұрын ғылыми экспедиция Қазталов ауда-нының Көктерек ауылына ат басын тіреді.

ші туралы кеңінен мағлұмат алу мақсатында Көктерек орта мек-тебінде «Күй атасы – Құрманғазы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шараға қатысушы-лар Құрманғазы бабамыз туралы құнды деректер айтып, Көктерек тарихи-өлкетану музейінің қыз-меткері Ақмарал Әдиетқызы, Көк- терек орта мектебінің тарих пә-ні мұғалімі Кәмшат Әжікеева күй атасының Көктерекке келу тари- хы, отбасының жерленген орын-дары жөнінде баяндады. Ал Құр-манғазы бабаның тікелей ұрпағы Нұрболат Құбиев аталарынан ес-тіген деректерімен бөлісті. Шара күйші Едіге Нәбиев пен Асқар Кен- жеғалиевтің орындауындағы «Адай» және «Қоштасу» күйімен қорытын-дыланды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,Қазталов ауданы

Облыс әкімінің бұл жол- ғы шет мемлекетке жұ-мыс сапарының мақса-

ты – энергетика және тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу секілді салалардың қала инфрақұрылымын дамыту-да қолданылуы бағытындағы тә-жірибелерді сараптау болатын.

Жұмыс сапары барысында об-лыс әкімі Финляндия СІМ мемле-кеттік хатшысының орынбасары Маркк Кейняненмен кездесті. Он-да облыс әкімі Батыс Қазақстан об-лысы бойынша атқарылып жатқан шаралар Елбасы белгілеген стра-тегиялық тапсырмалар аясында жүзеге асып жатқанын айтты.

Шара барысында қазақстандық делегацияға «VTT» технологиялық зерттеулер орталығының маман-дары жасақтаған «Смарт-сити»

технологиясын енгізу және тұр-мыстық қалдықтарды өңдеудің жаңа тұжырымдамалары таныс-тырылды.

Облыс әкімі бұл сапарда сон- дай-ақ Эспоо қаласындағы тұр-мыстық қалдықтарды өңдеу орта-лығында болды. Бұл жерде об- лыс әкімі озық технологияларды енгізу жолында Финляндия елі- мен Батыс Қазақстан облысы ара- сында жан-жақты ынтымақтастық орнатуға мүдделі екендігін ай- тып өтті. Әсіресе, екі жақты келі-сімге сәйкес Орал қаласынан са- лынатын қатты тұрмыстық қал- дықтарды басқару жүйесі бойын- ша кешен құрылысын іске қосу- дың маңыздылығына тоқталды. Аталған жоба тұрмыстық қалдық- тарды толықтай басқаруға жағдай туғызады деп күтілуде. Сол ар- қылы тұрмыстық қалдықтарды жи-нау, тасымалдау, сұрыптау және

қайта өңдеу бір инфрақұрылымға біріктірілмек.

Кездесу барысында Хельсин- ки мен Батыс Қазақстан әкімдігі-нің, Фин «Бизнес-хаб» жобасы, «Collaprime» компаниясы арасын-да ынтамақтастық жөніндегі келі-сімге қол қойылды. Бұл өз кезе-гінде екі тараптың өткен жылы Астанада өткен «ЭКСПО - 2017» көрмесі кезіндегі келісімінің ке-лесі маңызды қадамы болып есеп-теледі. Айта кетейік, бұған дейін- гі БҚО әкімдігі мен «Collaprime» компаниясы арасындағы келісім 3D-жобалау бағытында колледж мұғалімдерінің біліктілігін артты-руға бағытталған еді.

Қос тарап финдік BIM-техноло-гиялары мен 3D-жобалау техно-логиясы облыстың инфрақұрылы- мы мен құрылысы саласына оң әсерін тигізетініне сенім білді-ретінін жеткізді. Айта кету керек, «Collaprime» 2016 жылы Финлян-дияның BIM-технологиялары бо- йынша үздік компаниясы атанған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Финдік технология қызықтырадыБейсенбі күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгі-

нов жұмыс сапарымен Финляндия елінің астанасы Хельсинки қаласында болды.

«Рухани жаңғыру» бағдарла-масының аясында «Жаңа гума-нитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылуын елдің жоғары білім беру жүйесіндегі интеллек-туалды серпіліс деп атауға бо-лады. Бәсекеге қабілетті ел болу және әлемдік стандарттар шең-беріндегі сұранысқа ие маман-дарды даярлау үшін, әлемдік бі-лім беру кеңістігіне бірігу қажет. Жоба нәтижелі жүзеге асқанда әлемнің зияткерлік құндылығы алғаш рет біздің азаматтары- мызға қазақ тілінде қолжетімді болады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Ғы-лыми таным – заманауи ұлттың бәсекеге қабілетті болуының бас- ты шарты. Жаңа оқулықтар білім-нің нағыз энциклопедиясы бо- лып саналады. Бүгінде оқу әдісі ғана емес, сондай-ақ оның маз-мұны да маңызды. Осыған орай «Рухани жаңғыру» бағдарлама- сы бес жылға арналған жалпы-ұлттық білім беру ісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді». Бұл жобаның ерекшелігі – кітаптар түпнұсқадан, яғни ағылшын, орыс, француз тілдерінен ауда-рылды. Сонымен қатар бұл экс-клюзивті гуманитарлық коллек-ция барлық қазақстандықтарға үш форматта қолжетімді бола- ды. Олар кітаптар, электрондық нұсқалар және бейне дәрістер.

Бұл жоба қазақстандық сту-денттерге, оқытушыларға, ғалым- дарға маңызды артықшылықтар береді. Аударылған еңбектер Оксфорд, Кембридж, Гарвард және басқа да көптеген алдың- ғы қатарлы университеттер кі- тапханаларының бетке ұстар оқулықтарының тізіміне кіреді.

Гуманитарлық білімнің жаңғыру негізі

Сонымен қатар осы бағдарлама- ны жүзеге асыру барысында ұлттық терминологияны дамы- туға үлкен үлес қосып, қазақ тілінің аударма мектебіне берік негіз қалады. Мемлекет басшы-сының тапсырмасы бойынша аталмыш кітаптарды бір ай ішін- де басып шығарып, еліміздің барлық жоғары оқу орындары-ның кітапханаларына сыйға тар-ту жоспарлануда.

М. Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасының қорын шетелдік авторлардың оқулық-тарымен толықтыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Үш тілде білім алатын топтар үшін Оксфорд, Гарвард және т. б. университеттердің әдебиеті са-тып алынады. Оксфорд универ-ситетінің Oxford University Press кітапханасына онлайн қолжетім- ділік бар. Шетелдік авторлар-дың бұл жинағына енді «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілін-дегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған әлемдік деңдейдегі оқулықтар сериясы қосылады. Жаңа оқу жылынан бастап олар оқу жоспарына енеді және біздің студенттер әлемдік деңгейдегі білімге қол жеткізу арқылы әлемнің жетек- ші сарапшыларының дағдыла- рын игеріп, алған білімдерін қа- зақстандық ғылыми ой-өрістер-дің өркендеуі мен жоғары ин-теллектуалды ұлттың жаңа ұрпа- ғын тәрбиелеу ісінде пайдала- на алады.

Тоты ӘЛІМБЕКЕРОВА,М. Өтемісов атындағы

БҚМУ-дың ғылыми кітапханасының директоры

Page 3: Oral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/47.pdf · 2 AQPARAT Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі Кейде күнделікті ұсақ-түйек

Әлі ұмытпайды

hAlyQ PeN bılikСенбі, 28 сәуір 2018 жыл 3Oral óńіrіOral óńіrі

Шаруашылықтардың жағдайларымен танысуда25-26 сәуір күндері облыс әкімінің бірін-

ші орынбасары Игорь Стексов Қазталов, Жәнібек аудандарында жұмыс сапарымен болды.

Құрамында облыстық ауыл шаруашылығы, жер қа-тынастары, ветеринария

басқармасының басшылары бар топ Қазталов ауданында болған кезде алдымен Талдыапан ауыл-дық округіне қарасты Байбоз қыс-тағына ат басын бұрды. «Дархан» шаруа қожалығының иелігінде бұл қыстақта 440 бас аналық ірі қара малы, 12 бас асыл тұқымды бұқа, 467 бас жылқы, 1080 бас қой өсіріледі. Нұрлыбай Жолдыбаев жетекшілік ететін қожалық мал басын түрлендіру, лизингке техни- ка алу секілді мемлекеттік, сала- лық бағдарламаларға қатысып келеді. Соңғы жылдары 22 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы тех-никаларын алған. Қазір мұнда 15 адам тұрақты жұмыспен қамты- лып отыр. Биыл ол «Бауырлар» ат-ты жаңа шаруа қожалығын құрып, 80 млн. теңгеге 260 бас қазақтың ақбас сиырын сатып алған.

– Елбасы өзінің Жолдауларын-да ауылдың, әсіресе, ауыл тұрғын-дарының әл-ахуалын көтеруге ерекше назар аударып, осы мақ-сатта атқарылуы тиісті ауқымды істерді белгілеп беруде. Соған орай ауылдағы ағайынның ұсы-ныс-пікірлерін тыңдау мақсатын- да келіп тұрмыз, – деді Игорь Стек-сов.

Аудандық мәслихаттың депу- таты Нұрлыбай Жолдыбайұлы қа- зіргі күні ауылдық жердегі ин- тернет желісінің шамалы екенін сөз етті. Игорь Валерьевич бұл бағытта тиісті жұмыстар жүріп жатқанын айтты.

Одан кейін Жалпақтал ауылын- дағы мал сою алаңының жұмы-сымен танысты. «Ынтымақ» несие-

лік бағдарламасы бойынша тұр-ғызылған нысан ауыл тұрғынына қызмет көрсетуде. Қасапханада тәулігіне 10-15 ірі қара союға бо-лады. Ет сақтайтын тоңазытқышы бар.

– Біз өзіміз мал бордақылап, соларды осында сойып, етке өт- кізгіміз келеді. Алайда оған қара-жатымыздың жоқтығы қолбай- лау. Сонымен қатар сойылған ірі қара малының етін тасу үшін ар-найы көлігіміз де болмай отыр. Ал жалпы болашақта мал сою беке- ті жанынан шұжық цехын, асхана мен қонақүй салу ойда бар, – деді «Жалпақтал» АӨК төрағасы Дар- хан Догоров. Облыс әкімінің бі- рінші орынбасары аталған мәсе- лелерді шешу бағытын қарасты-ратынын айтты.

Игорь Стексов Жалпақталдағы аумақтық ветеринариялық зерт- хана мен мекемеде болып, ма- мандармен кездесті. Одан кейін Қараөзеннің тасуы салдарынан Жалпақтал мен Қараөзен ауыл- дық округтерінің аумағындағы жайылымдарға шыққан су мөл-шерін бағамдап, «Автобаза», «Гү- рілдеуік» сынды бөгеттерге барып, Киров – Шежін каналының жұ- мысымен танысты. Содан соң Ақ- пәтер ауылдық округіндегі «Қам- қор» шаруашылығына табан тіре-ді. Ағайынды Хасановтардың қо- жалығы 1999 жылы құрылған. Мұнда қазір 470 бас көшім жыл-қысы, 1500 бас еділбай қойы, 250 бас герефорд сиыры, 600 бас ірі қара малы бағылады. Соңғы жылдары 1000 бас ірі қара ма-лына арналған бордақылау ала- ңын салып, онда өткен жылы 311 бас мал тұрса, биылғы жылы

әзірге 105 бас мал бордақыла- нып, Ақтау қаласына етке тапсы-рылды. Ағайынды жігіттердің қажырлы істеріне табыс тілеген облыс әкімінің бірінші орынбаса- ры еңбек ете білген жанға әрқа-шан да қолдаудың бар екендігін жеткізді.

Қазталов аудандық ветерина- рия стансасындағы дезинфек-циялық құрылғы орнатылған ав- токөлікті, оны дала өрттерін сөн- діруге де тиімді қолдануға бола-тындығын көрген И. Стексов жаз айларында орын алатын дала өр- тіне қарсы осындай автокөлік- терді көбейту туралы ұсынысын айтты.

Бұдан кейін облыс әкімінің бі- рінші орынбасары Тереңкөл ауыл-дық округіндегі «Кеңдала» шаруа қожалығына соғып, бүгінгі заман- ға сай салынған үй-жайлармен

және техникалармен танысып, ауыл шаруашылығының дамуы-на үлес қосып жүрген Әбуғали Ғұмаровқа өз ризашылығын біл-дірді.

***Игорь Стексовтың Жәнібек

ауданына сапары Ақоба ауылдық округіндегі Соркөл жайылымы-нан басталды. Бөгетке жиналған су мөлшерінің деңгейін көріп, Соркөл мен Әбділман жайылым-дары туралы толыққанды мәлімет алды.

Ақоба ауылында болған кезде «Өңірлерді дамыту – 2020» бағ-дарламасы аясында тұрғын үй-лерге су өткізу жұмысының жай-жапсарымен танысты.

Бұдан соң 1000 бас малды бор-дақылаумен айналысатын «Әлем» шаруа қожалығына бет түзеді. Аталған шаруа қожалығының же-

айтуынша, бордақылау орнын са- луды былтыр күзде бастап, қазір соның жартысы аяқтала келген, қалғаны биыл бітеді. «Мал бор- дақылау орнын салу үшін өз қа- ражатымнан 6,5 млн. теңге жұм-садым. Осы орынның ішінен те-реңдігі 60 метр ұңғыма құдық қаздырдым. Шаруашылығымда электр желісі жоқ, содан қиын- дық көреміз. Сондықтан балама- лы электр энергиясын өндіретін құрылғыға тапсырыс беріп қой-дым», – деді ол.

Жәнібек ауданының орталы- ғындағы «Қараш» шаруа қожалы- ғының мал сою, ет өндірумен шұ-ғылданатын орынға келген кезде қожалық қызметкері Бауыржан Қарашев қасапхана бүгінгі таңда жаңартылып, жаңғыртылып, мал сойып, ет өндіруге дайындалып

текшісі Ескендір Елемесов шаруа-шылығының тыныс-тіршілігінен хабардар етті. «Әлем» – мал шар-уашылығын ғылыми негізде ұш-тастырып отырған облыстағы са- наулы құрылымдардың бірі. Ірі қара малын сұрыптап, селекция-лық жұмыстарды жүргізуді де на-зардан тыс қалдырған емес. Мал бордақылау кешенін аралаған кезде Игорь Валерьевич шаруа қожалығында атқарылып жатыр- ған жұмыстарға, бизнес пен ғы- лымды шебер ұштастырған шар- уашылық басшысына ризашылы-ғын білдірді.

Ұзынкөл ауылындағы «Үміт» шаруа қожалығында 100 бас ірі қараны бордақылауға арналып салынып жатқан орынды көрді. Аталған шаруа қожалығының же-текшісі Ерлан Қуанышқалиевтың

жатқанын айтты. Мал соятын орынның жанында жаңадан екі будка орнатылып, оның ішіне жаңадан екі үлкен тоңазытқыш қо- йылған. Тоңазытқыштарға 30 тон-на ет сияды. Болашақта мұнда 30 адамды жұмыспен қамту жоспар-лануда. Облыс әкімінің бірінші орынбасары мал соятын орынның жұмысын бақылауда ұстайтынын айтып, кәсіп иесіне табыс тіледі.

Облыс әкімінің орынбасары бастаған топ аудандағы агроөнер-кәсіп саласының жұмыстарымен мұқият танысқан соң Бөкей орда-сы ауданына аттанды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,Қайрат ЖАҚЫП,

Гүлзара ТӨРЕҒАЛИЕВА, Нұрымбек ЖАПАҚОВ,

Қазталов ауданы,Жәнібек ауданы

Шарада сөз алған атал- мыш департамент бас- шысы, Әдеп жөніндегі

кеңестің төрағасы Болат Исақов жастарды сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға шақы-рып, әр адамның бұл қоғамдық кеселге қарсы бойында дағды қалыптастыру қажеттігін атап көрсетті.

Биыл наурыз айында респуб-ликалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны бастау алып, сонда Б. Исақов эстафетаны Зеленов ауда- нына тапсырған еді. Іс-шара шең-берінде Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров эстафетаны жал-

ғастыруды Тасқала ауданының әкі- мі Санжар Әлиевке табыстады. Ма- рафон жылдың аяғына дейін бар- лық ауданда өткізілмек. Сонымен қатар жастар шара барысында би билеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көлік шеруі өткізілді. Бар- лық замандасын азаматтық ұста-нымға берік болуға үндеді. Қазір ҚР Мемлекеттік қызмет істері жә- не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы-мен студенттер арасында «Адал бол!» және арнаулы орта білім беру оқу орындарында «Абырой-лы ұстаз» іс-шаралары өтуде.

Серпін САяҚ

«Өзіңнен баста!»Таяуда Жәңгір хан атында-

ғы БҚАТУ-да осындай атаумен шара өтті. Оны ҚР Мемлекет-тік қызмет істері және сыбай-лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бо- йынша департаменті мен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Бас-қосуға аудан әкімдері, жастар және студенттер қатысты.

Page 4: Oral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/47.pdf · 2 AQPARAT Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі Кейде күнделікті ұсақ-түйек

suhbAT4 Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

- Ғайса Хамедоллаұлы, бүгін- гі таңда Батыс Қазақстан облы-сы Қазақстан халқы ассамблея- сының қандай, қанша құры-лымдық бөлімшелері бар, ак- тив мүшелерінің саны қанша? Облыстық ассамблея және оның құрылымдық бөлімше-лерімен қандай жұмыстар ат-қарылуда?

– Қазір Батыс Қазақстан облы-сы Қазақстан халқы ассамблеясы – өңіріміздің әр түрлі саласында жұмыс істейтін, сан алуан салт-дәстүрді ұстанатын, жалындаған жастан бастап, елге танымал тұлғалардың, ақсақалдардың ба-сын біріктіріп, елдің тыныштығын сақтауға, бірлік пен келісімді нығайтуға арналған жұмыстарға атсалысып отырған конституция-лық құрылым.

Бүгінде ҚХА жанынан, ассам-блея, қоғамдық келісім, аналар, қайырымдылық кеңестері, ақса-қалдар алқасы, сарапшылық топ, журналистер қауымы, жастар қанаты сияқты құрылымдық бө-лімшелер жұмыс жасауда. Олар аудан орталықтарында да, ауыл- дық жерлерде де ұйымдасты-рылған. Сондай-ақ өңірде 51 этномәдени бірлестік жұмыс іс-тейді, оның 17-сі облыстық болып саналады. Осы құрылымдардың жұмысын қамтамасыз етумен «Қо-ғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі айналыса-ды. Облысымызда төрт Достық үйі бар: біреуі облыс орталығын- да болса, қалғаны Зеленов, Терек-ті және Бөрлі аудандарында.

Қазіргі кезде облыстық ассам- блеяның актив мүшелерінің саны 21 мыңнан астам адамды құрай- ды. Еліміздегі тұрақтылық пен татулықтың салтанат құруында олардың еңбегі зор. Сондықтан осы сәтті пайдалана отырып, ак- тив мүшелеріне абыройлы еңбек-тері үшін ризашылығымды біл-діремін.

Ассамблея өз жұмысын ашық та, жария түрде атқарып отыр. Оны көпшілік ақпарат құралдары

БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса ҚАПАҚОВ:

арқылы біліп жүргені аян. Тек өткен жылы облыс бойынша 800-ден астам түрлі іс-шара өт-кізіліп, оларға облыстың барлық тұрғыны тартылды. Биылдың өзін- де бекітілген жоспарға сәйкес 12 бағыттағы үлкенді-кішілі 130-ға тар- та шара өткізу көзделіп отыр. Қа- зір сол жоспардың жүзеге асуы- на тиянақты дайындық жұмыс-тары жүргізілуде.

«Рухани жаңғыру» бағдарла-масы ассамблея жұмысына жаңа тыныс, тың серпін берді де-сек, артық айтқандық емес. Жоспарланып отырған шара-лар Ақ Жайық өңірінде тату-лықтың, тұрақтылықтың одан әрі өркендеуіне өз әсерін беретініне сенімдімін.

- Өткен жылы облыс әкімі, БҚО ҚХА төрағасы Алтай Көл-гінов жыл сайын өңірімізде өткізіліп келе жатқан Этнос күнінің географиясын, идеялық мазмұнын байытуды ұсынып, бұл жобаны жүзеге асыру үшін тың идеялар, жаңа ракурстар керектігін мәлімдеді. Соған байланысты Этнос күндері қан-шалықты жаңаша сипат алды?

– Этнос күні жобасын жаңғыр- ту мақсатында бүгінде оның көкжиегі кеңейіп, «Этнос апталы- ғы» болып өзгертілді. Енді апта- ның әр күнінде мәдени-ағарту, көпшілік-танымдық бағыттағы эт- ностардың салт-дәстүрлеріне, өне-ріне, тіліне, әдебиетіне арналған іс-шаралар жүзеге асырылатын болады, яғни жоба аясында ап-таның әр күні тақырыптық бағыт бойынша атап өтіледі.

«Этнос апталығы» облыс жұрт-шылығына әр түрлі этникалық топтардың рухани құндылықта- рын танып, ұғынуға үлкен мүм- кіндік береді.

Сонымен қатар апталық аясын-да «Қазақ тану» жобасы кеңінен насихатталмақ. Бұл жобаның не-гізгі мақсаты – өз ұлтымыздың салт-дәстүрі, өнері, мәдениеті, та- рихы арқылы қазақ халқының

болмысын тану, жан-жүрегімен сезіну, қонақжайлығын, кең пейіл-ді дархан көңілін, бауырмалдығын, үлкенді құрметтеу қасиеттерін баршаға үлгі ету.

«Қазақ тану» жобасы қазақ халқының және қазіргі заманғы Қазақстан азаматының рухани келбетін барша әлемге таныстыру болып табылады.

– Биыл Қазақстандағы Өз- бекстан жылы болып жария-ланғаны мәлім. Бұл мерейлі датаға орай облысымызда қан-дай іс-шаралар жоспарланып отыр? Жалпы, өңірімізде өзбек этномәдени бірлестігін құру жоспары бар ма?

– Облысымызда бүгінгі таңда 600-ден астам өзбек этносы тұ-рып жатыр. Өткен жылы өзбек эт-носының өкілдері, өңірде қызмет етіп жатқан өзбек кәсіпкерлері тарапынан этномәдени бірлестік ашу туралы ұсыныстар түсті. Бо- лашақта облыстық ассамблеяның қатары толығады деп ойлай-мын.

Мерейлі датаға қатысты ша-ралар облысымызда да өтуде. Мәселен, Орал қаласына Өзбек- станның халық әртісі, профес- сор Ф. Садыков келіп, Дәулетке-рей атындағы облыстық халық аспаптарының оркестрімен бір- лесіп, жаңа концерттік бағдар- лама жасақтап, батысқазақстан- дықтарға ұсынды. Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу кү- ніне арналған концерт облыстық ассамблея мүшелерінің, тұрғын-дардың көңілінен шыққан сияқты.

– БҚО ассамблеясының жас- тар қанатының жұмысы сіз-ді қанағаттандыра ма? Бұл бағыттағы жұмыстарды дамы-ту мақсатында қандай қам-қарекеттер жасалуда?

– Облыстық ассамблеяның жас- тар қанатының тыныс-тіршілігі бү- гінде жаңа сипат алуда. Оралда республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік жұмыс штабы құрылды. Оларға ас-самблея үйі ғимаратынан арнайы орын бөлінді. 27 адамнан тұратын штаб құрамында облыстық ас-самблея жастар қанатының көш- басшылары, жоғары және арнау- лы орта оқу орындарындағы Достық клубтарының жетекші- лері бар. Таяуда штабтың бі- рінші отырысы өтті. Алдағы уа- қытта облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының І фору- мын өткізу жоспарлануда. Оған республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының көшбас-шысы Максим Споткай қатыс-пақшы.

«Жаңғыру жолы» жастар қозға- лысының қызметі жоғары оқу

орындарындағы, колледждердегі Достық клубтары және ірі ме- кеме-кәсіпорындардағы жастар бөлімшелері арқылы жүргізілетін болады. Бұл шара барысында аталмыш қозғалыстың құрамына жастарды кеңінен тарту өрісте-мек.

– Медиация институтын да-мыту бағытында қандай шара-лар алынуда?

– Медиация институтын дамы-ту бағытында облысымызда ауыз толтырып айтатын жұмыстар бар. Бүгінде өңірімізде (барлық аудан мен ауылдық округте) 145-тен ас- там медиация кабинеті мен бұ- рыштар ашылды. БҚО ҚХА кә-

сіби және кәсіби емес медиа-торларының тізіліміне сәйкес, оның құрамына 268 медиатор (40 кәсіби, 228 кәсіби емес) кіреді. Жақында «Батыс Қазақстан об-лысында медиацияның тиімді әдістері» атты медиаторлардың форумы өткені белгілі. Онда об- лыстағы барлық медиатор бас қосып, бірқатар көкейтесті мәсе-лелерді талқылаған болатын. Сол алқалы жиынның қорытындысы бойынша қоғамдық медиатор-лар қауымдастығын құру жөнін- де ұсыныс бірауыздан қабылда-нып, аталмыш ұйымның құры-луына қатысты ұйымдастыру мә- селелері қарастырылды. Қауым-дастықтың ережесі бекітіліп, жұ-мыс жоспары жасақталды.

- Ғайса Хамедоллаұлы, об- лыстағы ұлтаралық байланыс- ты нығайту және қазақстан- дық біртектілік пен бірлік-ті дамыту мақсатындағы іс-шараларға орай БҚО ҚХА-мен жүргізілетін әлеуметтік сауал- намалар жөнінде айтып өт-сеңіз...

– Биыл 17 наурызда ҚР Пре- зидентінің жанындағы Мемле- кеттік басқару академиясы Эт-носаралық және конфессияара-лық қатынастар орталығының же- текшісі А. Сәдуақасованың қаты-суымен облыстық ассамблея ке-ңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда өткен жылғы «Батыс Қазақ-стан облысында этносаралық жағдайға мониторинг жасау» әлеуметтану зерттеуінің қоры-тындысы тыңдалып, құрылымдық бөлімшелердің құрамдарына өз- герістер енгізіліп, облыстық ас-самблеяның биылғы жылға ар-налған жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар БҚО ҚХА ғылыми-сарапшылық тобы мен ассамблея кафедрасының есепті кезеңдегі жұмыстары да қорытындыланып, ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Бұл жиында облыстағы этносаралық ахуал туралы өңірлік, республикалық

Қазақстандағы этносаралық келі-сімді сақтау бойынша іске асы- рылып жатқан мемлекеттік сая-сатты қолдайтындарын білдіріп отыр.

– Жыл өткен сайын ассам-блеяның да жұмыс бағыты жа-ңаша сипатқа ие болуда. Осы-ған кеңірек тоқталып, алдағы жоспарларыңызды да айта кет-сеңіз...

– Елбасы өз сөзінде Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы көбеймесе, азаймайды деп атап көрсеткені белгілі. ҚХА-ның ХХV сессиясында ассамблея жұмысы- ның жаңа бағыттары айқындал-ды. Олардың арасында қоғам- дық келісім кеңестерін, қайы- рымдылықты және медиацияны дамытуды қамтамасыз ету, сол жұмысқа этномәдени бірлестік-тердің әлеуетін пайдалану, соны-мен қатар оларды жалпы мемле-кеттік мәселелерді шешуге тарту бар.

Батыс Қазақстан облысы Қазақ-стан халқы ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымда-масы бекітіліп, облыста қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бір-лікті нығайтудағы негізгі міндет-тер айқындалғаны белгілі. Тұ- жырымдамадағы негізгі міндет-терді жүзеге асыру мақсатында БҚО ҚХА-ның биылғы жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталды. 128 тармақтан тұра- тын жоспарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы бес бағыт- ты қамтитын шаралар қарас-тырылған. Облыстық ассамблея- ның құрылымдық бөлімшелері-мен өткізілетін іс-шараларда қо- ғамды толғандыратын өзекті мә-селелер талқыланып, оларды ше-шу жолдары қарастырылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарлама- сының «Туған жер» жобасы ая-сында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Зе- ленов ауданына қарасты Көшім ауылдық округінің Өркен ауылын өз қамқорлығына алып, абаттан-

«Рухани жаңғыру» бағдарламасыассамблея жұмысына тың серпін берді»

ауқымды өткізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері талқы-ланды.

Жалпы айтқанда, есепті кезең-де өңірімізде этносаралық қаты-настар барысында алаңдаушы- лық туғызатын әрекеттер бай-қалған жоқ, ахуал тұрақты. Әлеу- меттік сауалнамаға қатысқандар-дың 97,8%-ы Қазақстанның біртұ-тас халқының өкіліміз деп жауап берген. Респонденттердің басым көпшілігі өңірдегі этносаралық саладағы жағдайды «тыныш» деп санайды. Респонденттердің 92,1 %-ы басқа ұлт өкілдерінің оларға деген көзқарасы «жақсы» деп бағалады. Зерттеу нәтижелері бойынша сұрау салынғандардың басым көпшілігі, яғни 81%-ы

Page 5: Oral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/47.pdf · 2 AQPARAT Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі Кейде күнделікті ұсақ-түйек

5Aýyl-AımAQСенбі, 28 сәуір 2018 жылOral óńіrіOral óńіrі

2700 тал-терек егілдіСырым ауданы бойынша Бүкілқазақстандық ағаш

отырғызу күні республикалық акциясы аясында 2700 түп ағаш көшеті отырғызылды.

дыру мақсатында саябақ ашу тура-лы шешім қабылдады. Этномәдени бірлестіктер құрылыс материал-дарын, қара топырақ, тал-терек сатып алып, өз күштерімен құры-лыс жұмыстарын жүргізді. «Дос-тық» деп аталатын бұл саябақтың аумағы 40-90 шаршы метрді құ- райды, жаяу жүргіншілерге ар- налған жолдарға өрнектас төсе-ліп, темір шарбақпен қоршалды. Бақтың ашылу салтанатында 340 тал-терек егіліп, екі гүлзар аллеясы жасақталды. Осындай өнегелі ісімен ассамблея мүше- лері облысымызда этносаралық бірліктің мықтылығын іс жүзінде дәлелдей білді. Сонымен қатар «Туған жер» жобасы аясында «Ту-ған өлкем – тірегім» атты облыстық Достық клубтарының форумын, «Туған жерге – тағзым» атты меце-наттар форумын өткізу жоспарда бар. Аталмыш шараларды ұйым-дастырудағы мақсат – туған өл-кенің өзекті мәселелеріне назар аударып, ауыл-аймақтардың абат-тануына, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақса- руына ықпал ету.

«Қазақстанның киелі жерлері-нің географиясы» жобасы аясын-да Ақ Жайық өңірінің тарихы мен киелі жерлерін көршілес облыс жастарына таныстыру мақсатын- да арнайы этнографиялық-ту- ристік маршрут жобасы жасақ- талды. Жоба аясында Алаш му-зейіне, Ғұмар Қараштың жерлен-ген жеріне, Жұмағазы хазірет ке- сенесіне, Жайық қалашығына жә- не Хан ордасындағы тарихи-му-зей кешеніне бару жоспарлануда.

«Жаһандағы заманауи қазақ-стандық мәдениет» жобасы ая-сында қазақтың ұлттық өнерін таныстыру мақсатында Ресейдің көршілес облыстарына гастроль- дік сапарлар ұйымдастыру көз-делуде. Екі елдің жастары ара-сында этносаралық байланысты нығайту мақсатында «Достық» клубтарының кездесулерін өткізу-ді жоспарлаудамыз.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының облысымыз бойынша жеңімпаздарын қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шараларға қа- тыстыру және жастар мен аза-маттық қоғам институттарының өкілдерімен кездесулер, арнайы брифингтерді ұйымдастыру жос-парланып отыр.

Этномәдени бірлестіктер ара-сында латын әліпбиін енгізуге бай-ланысты семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілмекші, облыстық ассамблеяның ғылыми-сараптама тобының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылатын болады.

«Рухани жаңғыру» бағдарла-масы аясында жоспарланған ша- раларды жүзеге асыруға облыс- тың әр тұрғыны өзіндік үлесін қосқаны жөн. Сондай-ақ батыс-қазақстандықтар ассамблеямен атқарылған істерді жүрегімен се-зінгендері, әрі бұл істердің алдағы уақытта да жүйелі түрде жүзеге асуына атсалысқандары абзал. Бұл бағытта тиісті іс-шаралар алу – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі.

Сұхбаттасқан Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,

«Орал өңірі»

Сырым аудандық тұр-ғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолау-

шылар көлігі және автомо-биль жолдары бөлімінің бас-шысы Мейрам Қайырғалиевтің айтуынша, ағаш егу шарасы

тек аудан орталығы Жымпи-ты ауылын ғана емес, ауданға қарасты қалған округтердің орталықтарын да қамтыған. Егілген көшеттердің ішінде қарағай, көктерек және жеміс ағаштарының түптері бар.

Сол күні ауданда ұжымдық сенбілік өтті.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Әр көшеде – жас көшетЕлбасымыздың «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Туған жер» арнайы жобасы аясын-да, сондай-ақ Қаратөбе ауданынның құрылғанына 90 жыл толуына орай «Менің туған жерге қосқан үлесім» атты байқау басталды.

Аталмыш байқау аясында аудан ор- талығында орналасқан Мұхит атын-дағы мектеп пен Қаратөбе мектеп-

гимназиясында салтанатты акция өтті.Байқаудың мақсаты – ел Президенті

Н. Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы аясында оқушыларды табиғатты сүюге, эко-логиялық салауаттылықты қалыптастыру, өз

ауласын көгалдандыруға тәрбиелеу, пат-риоттық тәрбие беру.

Байқауға қатысушы Мұхит атындағы мек-теп пен Қаратөбе мектеп-гимназиясының 2-8-сынып оқушылары жетекшілерімен бір-лесе аудандық білім беру бөлімі арқылы жас көшеттерге сұраныс берді. Көшет отырғызу мерзімі 16 сәуір мен 16 мамыр аралығын қамтиды. Талап бойынша әр оқушы өз ауласына, соның ішінде көше бетіне үш көшеттен отырғызады. Көшетті еккен орын-ды дұрыс таңдауы, көшетті егу ережесінің дұрыс сақталуы, көшеттің үш тілде (қазақша, орысша, латынша) жазылған қалақшасының болуы ескеріледі.

Айта кетерлігі, оқушының көшетті егіп жатқан кезде түсірген видеожазбасы, оны жаз бойы баптаған іс-әрекеті, көшеттің өскендігінің дәлелдемесі болуы қажет.

Жұмыс нәтижелері биылғы қыркүйек

айының 10-ы мен 30-ы аралығында қабыл- данады. Қорытындысында жеңімпаздар аудан әкімдігінің марапатына ие болмақ.

Ертай БИМҰХАНОВ,Қаратөбе ауданы

Шараның басында ең- бек ардагері, аудан- ның құрметті азама-

ты Нәсіпқали Мақанов ақсақал игі бастамаға ризашылығын біл-діріп, ардагерлер атынан ізгі тіле-гін арнады. Ал аудан басшысы Наурызбай Қадырбайұлы аудан тұрғындарын тазалық мәселесіне баса көңіл бөлуге шақырды.

«Бір тал кессең, он тал ек» деген қағиданы берік ұстанған аудан тұрғындары күннің қо- лайсыздығына қарамай, көшет-терді өз қолдарымен отырғызып,

игілікті іс тындырды. Бұл күні аудан орталығында барлығы 1320-ға жуық көктерек егілді. Сонымен қатар нақ осы күні екі айға созылатын сенбілік жал-ғасын тауып, мектеп, балабақша, бірқатар мекеме-ұйымдар өз ау- мақтарын тазалады.

Аталған шара ауданның бар- лық елді мекен және ауылдық округтерінде өтті.

Ақсұңқар СӘДІР,Жаңақала ауданы

Акцияға атсалысты21 сәуір – Бүкілқазақстандық

ағаш отырғызу күніне орай Жаңақала ауданының орталығындағы «Тәуелсіздік», «Мәдени демалыс саябағы», тағы да басқа орындарда тал-терек егу акциясы өтті. Акцияға аудан әкімі Наурыз-бай Қарағойшин, орынбасар-лары Ж. Нұрғожин, А. Мұқамбетжанов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, мекемелердің басшы-қосшылары, ардагерлер, жастар, колледж студенттері мен мектеп оқушылары атсалысты.

Sharanyn basynda enbek ar-dageri, aydannyn qurmetti aza- maty Nasipqalı Maqanov aqsaqal ıgi bastamaga rızashylygyn bil-dirip, ardagerler atynan izgi tilegin arnady. Al aydan basshysy Nayryzbaı Qadyrbaıuly aydan tur-gyndaryn tazalyq maselesine basa konil bolyge shaqyrdy.

«Bir tal kessen, on tal ek» degen qagıdany berik ustangan aydan turgyndary kunnin qolaısyzdygyna qaramaı, koshetterdi oz qoldary-men otyrgyzyp, ıgilikti is tyndyrdy.

Bul kuni aydan ortalygynda barlygy 1320-ga jyyq kokterek egildi. Sonymen qatar naq osy kuni eki aıga sozylatyn senbilik jalgasyn tayyp, mektep, balabaqsha, birqatar mekeme-uıymdar oz ay-maqtaryn tazalady.

Atalgan shara aydannyn bar-lyq eldi meken jane ayyldyq ok-rygterinde otti.

Aqsunqar SADIR,Janaqala aydany

Aksıaga atsalysty21 sayir –

Bukilqazaqstandyq agash otyrgyzy kunine oraı Janaqala aydanynyn ortalygyndagy «Tayelsizdik», «Madenı demalys saıabagy», tagy da basqa oryndarda tal-terek egy aksıasy otti. Aksıaga aydan akimi Nayryzbaı Qaragoıshın, orynbasarlary J. Nurgojın, A. Muqambetjanov, «Nur Otan» partıasy aydandyq fılıaly, mekemelerdin basshy-qosshylary, ardagerler, jastar, kolledj stydentteri men mektep oqyshylary atsalysty.

Page 6: Oral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/47.pdf · 2 AQPARAT Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі Кейде күнделікті ұсақ-түйек

oTANDAsTAR6 Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Ким Федянин – біріншіден, ұстаз, екіншіден, қоғам қайраткері. Оның Жымпиты орта мектебін-

де басталған еңбек жолы 41 жылға жал- ғасқан. Ол 1984-1993 жылдар аралығын- да мектептің директоры қызметінде бол- ды. Басшылық қызметте болса да, Ким Федянин өзінің ең әуелі мұғалім екен-дігін ұмытпады. Ким Николаевич жасақ-таған физика кабинеті сол жылдарда облыс көлеміндегі уақыт талабына сай жабдықталған, материалдық базасы же- тік, озық кабинет атанды. Кейін бұл каби- неттен, берісі ұстазының жолын жалға- ған, әрісі Еуропа елдерінде тағылымда- мадан өткен, Назарбаев университеті сияқты атақты білім ордасында қызмет жасайтын ғалымдар шықты. Федянин ұс- таздың қайраткерлігі деп, оның білім беру ісінде қазақ балаларына ғылым- ды қазақ тілінде түсіндіру тәжірибесін енгізгенін айтар едік. Педагог оқулық- тардың тілін қазақша сөйлетіп қана қой-май, ғұмыр бойы қазақ тілінің айнымас жанашыры болып келеді. Осы қасиетте- рі Ким Федянинді әуелі аудан, соңынан облыс көлемінде зор абыройға бөледі.

Түске жақын аудандық мәдениет үйін- де Ким Федяниннің мерейлі 80 жасы- ның құрметіне орай «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты кездесу кеші өтті. Ардагер-ұстазды Сы-рым ауданының әкімі Төлеген Төреға- лиев құттықтады:

– Еңбегінің бағасын ел білетін ұстаз- дың біреуі – өзіңіз. Сіз тамаша ұстаз ға- на емес, біз үшін аузында аталы сөзі бар абыз ақсақалдың да біреуісіз. Сіздің то- йыңыз – шәкірттеріңіздің, тіпті тұтас елі- ңіздің тойы. Жақсылықты елмен бір- ге көре беріңіз! – деді аудан әкімі өзінің сөзінде. Осы сияқты кеш иесіне Сырым

Жуырда Сырым ауданындағы Қ. Мырзалиев атындағы мектептің физика сыныбына Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің үздігі, кезіндегі жаңашыл ұстаз, еңбек ардагері, Сырым ауданының құрметті азаматы Ким Федяниннің есімі салтанатты түрде берілді. Сыныптың ашылуы шарасына ардагер ұстаз Ким Федяниннің өзі және шәкірттері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

°стазды¢¢а арналµан µажайып µ±мыр

1

45

ìàìûð

Зеленов ауданының Пе-реметный ауылында дү- ниеге келген Полина 3-сы-

ныптан бастап домбыра тартуға әуестенді.

– Бала кезімнен өзге аспаптар-ға қарағанда домбыраның үнін ерекше ұнаттым. Әкем – жеке кә- сіпкер. Анам әкемнің жұмыста- рына көмектеседі. Үшінші сынып- тан бастап Переметный ауылын-дағы музыкалық мектепке бар-дым. Домбыра аспабы бойынша ұстазым Ағипа Шәкеновадан дә- ріс алдым. Сол кезде ол ауылдағы музыкалық мектепте және Орал-

Бойжеткен бүгінде Құрманға-зы атындағы саз колледжіндегі домбыра сыныбының I курсын-да оқиды. Бар зейінін музыкалық білімге арнаған ол сабаққа таңғы сағат 8.00-де барғаннан қосым- ша дәріс алып, ымырт үйіріле үйге қайтуды үйреншікті әдетке айналдырған. Бос уақытында фан- тастика жанры бойынша кітап оқығанды ұнатады. Ата-анасы ал- ғашында қыздарының өнер жо- лын таңдағанын емес, дәрігер болғанын қалаған. Алайда қай- сар қыз жүрек қалауынан жырақ кетпейтінін айтқан. Қазақтың қа- ра домбырасының құлағында ой- найтын қыздары облыстық, рес-

публикалық додаларда топ жар- ған соң рұқсатын берген. Бүгінде ағайын-туғандары жиналған оты-рыс Полинаның күй тартуынсыз өтпейді екен.

Кейіпкеріміз ең алғаш Құр- манғазының «Балбырауын» күйін тартып үйренген. Ол күйді үйрен-бес бұрын оның шығу тарихына зер салғанды жөн санайды. «Егер күйдің шығу төркінін білсең, күй тартқанда көз алдыңа көрініс ке- леді. Сонда ойыңда қалған әуен арқылы ноталары тез жатталып қалады», – дейді ол.

Полинаның өзге ұлт өкілдері- не үлгі боларлық тағы бір қы- ры – мемлекеттік тілді меңгеруге

Орыс қызы Полина Ищенко қазақтың қара домбырасының құлағында ойнайды. Ол тіпті осы өнерімен талай республика-лық додаларда топ жарып жүр.

¥нері¤ ¦рге ж ¬ зсін, Полина!454

Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіруші фактор

дағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде дәріс беретін. Ағипа Наурызбайқызы маған домбыра- ның қағысынан бастап күйді мә- нерлеп тартудың әдіс-тәсілдерін үйретті. Алғаш күй тартқанда, сау- сақтарымның басы ауырып қа- латын. Ойын баласы едім. Үйір-меден шыққан соң қыздармен «мак па мак», «резинка», «тығы-лыспақ» секілді ойындар ойнап, сол жерге домбырамды ұмытып кететін кездерім де болды. Үйге келген соң анам: «Бүгін қандай күй үйрендің?» деп алдымнан шыққанда, домбырам есіме түсіп,

кері жүгіретінмін. Үшінші сынып-тағы домбырамды әлі күнге де-йін пайдаланамын. Өйткені анам сыйлаған сол домбыра мен үшін ыстық. Келесі жылы жаңа дом-быра алмақпын. Ұстазым Ағипа Наурызбайқызына алғысым зор. Оны шәкірт тәрбиелеудегі шыдам-дылығы үшін қатты сыйлаймын. Сол кісіге еліктеп өстім. Содан тоғызыншы сыныпты бітірген соң, Құрманғазы атындағы саз кол-леджіне оқуға түстім. Арманым – елімізге танымал кәсіби домбы-рашы болу, – дейді Полина Сер-геевна.

аудандық мәслихаты, Қазталов ауданы-ның әкімдігі, БҚО Қазақстан халқы ас- самблеясы, облыстық білім басқармасы, аудандық білім беру бөлімі құттықтау лебіздерін жолдады.

Ким Федяниннің шәкірті, ҚР Суретші- лер одағының мүшесі Сатыбалды Құл- беков ұстазына майлы бояумен салын-ған төл туындысын сыйлады. Салтанат барысында өнерпаздар өнер көрсетіп, ардагер ұстаздың әр жылдардағы шәкірт-тері тілек білдірді.

– Ким Николаевичтің сабақ түсіндіруі ерекше еді. Сабақ емес, құдды ертегі тыңдағандай боласың. Ақиқат сөз айты- луы керек. Менің беретін бағам сол, Ким Федянин – Сырым ауданының №1 ұстазы, – деді шәкірттердің бірі Ербо- лат Исанов.

Жымпитының қадірлі ұстазына, сый- лы азаматына айналған Ким Николай- ұлының өмірбаянын қысқаша тарқата-йық. Ол 1938 жылы 13 сәуірде Жымпи-ты ауылында дүниеге келген. Әкесі, марқұм Николай кезінде гимназия бітіріп- ті. Қаржы саласында, кеңшарда басшы-лық қызметтер атқарған, Жымпитыда орыс тілі, тарих, математика пәндерінен дәріс берген, қазақ, татар, неміс, француз, латын тілдерін шебер меңгерген, скрип-када ойнап, халық әндерін құйқылжыта шырқайтын білімдар да өнерлі жан екен дейді көре қалғандар.

Ал атасы Иван өте білімді, Алаштың қайраткерлері Жаһанша және Халел Дос-мұхамедовтермен өте жақын араласқан жан. Ким ағамыз 1958 жылы Жымпи-ты орта мектебін (қазіргі Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп) ойдағыдай біті- ріп, сол кездердегі А. Пушкин атындағы педагогикалық институына оқуға түсіп, физика және өндіріс негіздері маман-

дығын меңгереді. Сөйтіп, жас маманның ұстаздық жолы 1963 жылы Жымпиты- дағы орта мектептің оқушыларына дәріс беруден басталады.

Ким Николайұлы орыс әдебиеті және орыс тілі пәндерінің оқытушысы Сафура Хұсайынқызымен екі ұл, үш қыз тәр- биелеп өсіріп, немере-жиендер күлкісі- не бөленген бақытты ата мен әже.

Сөздің ретіне қарай мына жәйтті де айта кеткен жөн болар. Ким Николайұлы- ның ағасы Борис Николайұлы мен апасы Надежда Николайқызы кезінде ауданның құрметті азаматтары атағын иеленген-дердің қатарында болса, енді, міне, 2015 жылдың қазан айында К. Федянинге де аудандық мәслихаттың шешімімен Сы- рым ауданының құрметті азаматы ата- ғы берілді.

Міне, бір әулетте Сырым ауданының үш бірдей құрметті азаматы, өнегелі өмір жолдарымен жан-жағына әдемі де жылы шуағын шашып тұр деген осы емес пе?!

Айта кетейік, Ким Федянин әулетінен шыққан жалғыз педагог емес. Федянин- дер жанұясы – 260 жылдық өтілі бар пе-дагогтар әулеті. Кимнің әкесі Федянин Николай кезінде Қадыр Мырзалиевке сабақ берген. Ал атасы Иван Федянин Алаш зиялылары Жаһанша Досмұхаме-дов, Халел Досмұхамедовтармен рухтас адам болған дедік жоғарыда. Суретші Сатыбалды Құлбеков Федяниндер әуле- ті туралы бір сөзінде: «Ким мырзаның ар- ғы тегі – орыс аристократиясының өкіл-дері» деп еді. Осындай тектен тараған Ким Федянин ағамыз қайдан осал бол-сын?!

Мүсірбек АЙТАШЕВ,Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Құрметті әріптестер!

Сіздерді та- тулық пен ке-лісімнің нұры- на малынған 1 мамыр – Қа- зақстан хал-

қының бірлігі мерекесімен құттық-таймын!

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір- мен достық ниеттің дәстүрі асыға кү- тер мейрамы. Бұл мереке адамзат- тың ең игі құндылықтарының негізі болып табылатын еліміздегі бірлік пен татулық, келісім мен ынтымақтас-тық дәстүрін насихаттайды.

Біздің мемлекетіміздің басты же-тістігі ел халқының ұлтаралық жә- не конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Осындай жарқын мере-кеде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Аспанымыз ашық болып, төрімізде шаттық пен татулық мәңгі орнықсын!

Құрметпен, Валерий БЕЛАШ,«Урал-Кров-Авто» ЖШС-ның

бас директоры

Қазақстан халқының бірлігі күні

«¡аза¢стандаµы т±тасты¢ пен табысты¤ негізі – бірлік»

Page 7: Oral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/47.pdf · 2 AQPARAT Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі Кейде күнделікті ұсақ-түйек

¥нері¤ ¦рге ж ¬ зсін, Полина!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді та- тулық пен ке-лісімнің нұры- на малынған 1 мамыр – Қа- зақстан хал-

қының бірлігі мерекесімен құттық-таймын!

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір- мен достық ниеттің дәстүрі асыға кү- тер мейрамы. Бұл мереке адамзат- тың ең игі құндылықтарының негізі болып табылатын еліміздегі бірлік пен татулық, келісім мен ынтымақтас-тық дәстүрін насихаттайды.

Біздің мемлекетіміздің басты же-тістігі ел халқының ұлтаралық жә- не конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Осындай жарқын мере-кеде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Аспанымыз ашық болып, төрімізде шаттық пен татулық мәңгі орнықсын!

Құрметпен, Валерий БЕЛАШ,«Урал-Кров-Авто» ЖШС-ның

бас директоры

7Сенбі, 28 сәуір 2018 жылOral óńіrіOral óńіrі

ден қойып, қазақша сөйлей бас-тағаны. Ол қазақ тілін үйрену үшін қазақша ән мен аудио ертегілер- ді тыңдайды екен. Анасы Светла- на Анатольевнаның кеңесі бойын-ша қазақ қыздарымен достасқан.

Кейіпкерімізді бала кезінен домбыраға баулыған Ағипа Шәке-

новамен тілдескен едік. Оның айтуынша, Поли-на – өз тобының ішіндегі беделді, еңбекқор қыз.

– «Ұстаздан шәкірт озар» демекші, оқушы-

ларым биіктен көрініп жатса, мен үшін ол үлкен мерей. Домбыра тартуға әркімнің қы-

зығуы мүмкін, бірақ оның тілін кез келген адам түсіне бермей-

ді. Өзге ұлт өкілі болғанына қа-рамастан, шәкіртім Полинаның бойында ұлттық аспабымызға де-ген сүйіспеншілік те, шеберлік те жетеді. Оған домбыраны қалай ұс-тау керектігінен бастап үйреттім. Жауапкершілігі мол. Дайындыққа уақытында келеді. Қабілеті жоға-

ры, күйді меңгеру техникасы жақ- сы. Айтқаныңды тез қағып алады. Ол маған екі сағат дайындалуға келсе, екеуміз домбыра тартып отырғанда уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қаламыз. Күй үйреткенде дыбыс қатарына, яғни гамма мен арпеджиосына, нота- ға, сандарға, штрихтарына, ритм-дарына қараймыз. Полина үйре- те бастаған күйді үйіне барған соң ғаламтор арқылы атақты дом-бырашылардың орындауынан қа- рап, сабаққа жаттығып келеді. Пе- реметный ауылындағы «Ел мұра» ансамблінің құрамында концерт-терге қатысып жүр. Адамгерші-лігі мол, жаны нәзік қыз. Жұ- мыс барысында қатты сөйлеп

қалсам, жылап қалады. Онымен қазақша сөйлесем, – дейді Ағипа Наурызбайқызы.

– Бүгінде бойжеткен дәулескер күйші Құрманғазы Сағырбайұлы-ның 200 жылдығына арналатын республикалық конкурсқа дайын-дық үстінде. Ол жас болса да об- лыстық, республикалық додалар-да бағын сынап үлгерген. Қазақ-станның халық әртісі, композитор Латиф Хамидидің 100 жылдығы- на арналған Семей қаласында өткен республикалық байқауда «Әртістік орындаушылық шебер-лігі үшін» аталымын жеңіп алса, «Балдәурен» республикалық кон- курсынан лауреат атанған. Об-

лыстық байқауларда да бірнеше мәрте жүлдеге ие болыпты.

Әңгімеміздің соңында Полина- ға қолқа салып, күй орындап бе- руін өтіндік. Орыс қызы қазақтың қара домбырасын қолына алып, халық күйі «Аққуды» шертті. Қа- сиетті қара домбыраның шана-ғынан төгілген күйдің күмбірле-ген сиқырлы үні жүректі баурап әкетті...

Талабыңа нұр жауып, өнерің өрге жүзсін, Полина!

Гүлсезім БИяШЕВА,«Орал өңірі»

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

45445445

Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіруші фактор

– Қазаққа күйеу бала екен-сіз. Қазақта жігіттің үш жұрты бар, соның бірі – қайын жұрт. Жалпы, қайын жұртқа барған- да күйеу баланың міндетін қа-лай атқарасыз?

– Қайын атам мен қайын енем өте қарапайым, бауырмал жан-дар. Бір қалада тұрғандықтан, жиі кездесіп тұрамыз, мерекелерде, қонақтықта бас қосамыз. Ол кісі-лер мені туған баласынан кем көрмейді, сыйлайды. Зайыбым Анжелика екеуміз екі жақтың ата- анасына да бірдей қараймыз. Қо- нақ шақырғанды, өзіміз де қонақ- қа барғанды жақсы көреміз. Елі-мізде аталып өтілетін Наурыз, Құрбан айт, Рождество, Пасха, Сабан той сияқты мейрамдар-дың барлығы да біздің «ассам-блеялық отбасы» үшін аса маңыз-ды. Достарымыздың қатарында орыс, қазақ, татар, украин және тағы басқа өзге ұлт өкілдері өте көп. Біз, қазақстандықтар, отан-дастарымызды ұлтына, ұстаны-мына, діни сенім-нанымына қа- рамастан, туыс-бауыр, дос-жаран ретінде құрметтейміз, татумыз. Меніңше, еліміздің және әрқай-сымыздың жетістігіміз – ортақ отанымыздағы татулық және ын-тымақпен өте тығыз байланысты.

– Отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз? Болашақ жарыңызбен қалай таныстыңыз?

– Зайыбым Анжелика Өте-генқызы – Орал қаласының ту-масы. Ресейде жоғары білім алып, универси-тетті қызыл дип-ломға бітірген. Оқудан жазғы демалысқа кел- генде өзіміздің туған қаламызда таныстық. Кейін көңіл жарасты-рып, шаңырақ көтердік. Маман- дығы инженер, қазір сәби күті-міне байланысты демалыста. Рад-мир және Вилор есімді қос ұлы-мыз бар, әзірге екеуі де мектеп жасына жете қойған жоқ. Бірақ анасы екеуміз қазірден көздері үйренсін, білсін деген ниетпен қазақ әліппесін көрнекті жерге іліп қойдық. Жалпы, үйде қазақ және орыс тілдерін қатар қолда-намыз. Дастарқанымыздан қазақ- тың сүрленген еті мен қазы-қар-тасынан пісірілген асы, күрең ба- уырсақ, көже үзілмейді. Орыс халқының ұлттық тағамдары да күнделікті ас мәзірімізден шет қалған емес.

– Қазақ тілінде тым тәуір сөй-лейсіз. Ойыңызды қысылмай, еркін жеткізесіз. Тіл үйрену үшін арнайы курстарға бардыңыз ба, әлде зайыбыңыз үйретті ме?

– Туған жерім – Орал қаласы. Балабақшада да, мектепте де қа-зақ балаларымен бірге жүрдім, қа-зақ достарым көп болды. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық универси-тетінде жоғары білім алдым. Яғ- ни, қазақ тілін қажеттіліктен, мәж-бүрліктен үйрендім деп айта ал-маймын. Өскен ортам, қаумала-ған достарым, Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы ас- самблеясы сынды достықтың ор- дасы – менің қазақ тілін қиындық-сыз меңгеруіме оң ықпал етті. Ендігі мақсатым – тілдік білім-бі-лігімді жетілдіріп, қазақ тілінде емін-еркін ойлап, таза сөйлесетін деңгейге жетсем деймін. Айна-ламдағы өзге ұлт өкілдеріне «Тағ- дырларыңды Қазақстанмен бай-

ланыстырғыларың келсе, ең ал-дымен мемлекеттік тілді білулерің керек» деп үнемі айтып жүремін. Өйткені Қазақстанда тұрып, қазақ тілін білмеу ұят. Шын ниетімен үйренгісі келген адамға қазақ тілін меңгерудің еш қиындығы жоқ. Күніне бір сөз үйренсең, бір жыл- да өз ойыңды іркілмей айта ала- тын дәрежеге жетуге болады.

– Мәдени-көпшілік шара-ларда қазақы ою-өрнекпен бе-зендірілген ерекше киімдер киіп жүресіз...

– Иә, мәдени-көпшілік шара-ларға киюге арналған қазақы ою-өрнекпен көмкерілген бірнеше костюмым бар. Оларды жергілік- ті дизайнерлерге арнайы тапсы-рыспен тіктірдім. Қазақстан хал- қы ассамблеясының сессиялары-на, мереке-мейрамдарда түрлі фо- румдар мен кездесулерде киіп жүрмін. Өзіме қатты ұнайды.

Өзге мемлекеттерге барғанда шетелдіктер ұлттық киімдеріме қатты қызығып, ою-өрнектердің қандай мағына беретінін білгісі келеді. Әр оюдың мән-маңызы, жалпы, қазақ халқының сәлт-дәс- түрі туралы қал-қадірімше түсін- діріп, айтып беруге тырысамын. Шет мемлекеттерде әдетте Қазақ-станнан келген барлық адамды, мейлі оның ұлты орыс, әлде бе-ларусь болсын, қазақтар деп қа-былдайды. Сондықтан Қазақстан туралы сұрағысы келсе, «Сіздің қазақ халқында қалай?» (Как у вас у казахов?) деп сұрайды. Осындай сәттерде ерекше толқып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» идеясының қоғамдық-саяси мән-маңызы зор екендігіне кезекті рет көз жеткіземін.

– Жыр алыбы Жамбыл ба-баның «Жігерлі болса, ер болар, бірлікті болса, ел болар» де- ген даналық сөзі бар. Өзіңіз же-

1 мамыр – Қазақстанды мекендейтін түрі басқа болса да, тілегі бір, жүзі басқа болса да, жүрегі бір барлық ұлт-ұлыстың ортақ мейрамы. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген аталы сөзді бойтұмар тұтқан қазақстандықтар «қуана білгенге құт, бағалай білгенге бақ қонатынын» әуел бастан санасына тоқып өскен. Тарихы терең, шежіресі шерлі қазақ халқының әрқашан құшағы ашық, пейілі кең болғаны әмбеге аян. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жастар қанатының жетекшісі, «яик» казак фольклорлық-этнографиялық орталығының жетек-шісі, облыстық жастар мәслихатының депутаты, жас кәсіпкер және қазақтың күйеу баласы Игорь Спиридонов Қазақстандағы тұтастық пен табыстың негізі – бірлік деп санайды.

текшілік жасайтын БҚО Қазақ-стан халқы ассамблеясының жастар қанаты мен «яик» казак фольклорлық-этнографиялық орталығы өңірде халықтар достығы мен Жайық жұртының ынтымағын нығайту мақсатын- да түрлі шаралардың ұйытқы- сы болып жүр. Болашақ жос-парларыңызбен бөліссеңіз?

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құ- рылған Қазақстан халқы ассам-блеясы өзінің өміршеңдігін та-нытып қана қойған жоқ, қазіргі таңда одан әрі өрлеу үстінде. Елімізге келген мәртебелі мей-мандар қазақстандық ынтымақ-татулықтың тірегіне айналған ас- самблея құрылымын, толерант-тылықтың ең таңдаулы үлгісі ре-тінде зерттеп, зерделеуге және оны өз елдерінде қолданысқа ен- гізуге ынталы екендерін ұдайы айтып жатады. Мен де еліміздің тұрақтылығы мен татулығына, бей- бітшілігі мен бірлігіне қызмет ете-тін ассамблея сияқты осындай айрықша институттың бір мүшесі екенімді мақтан тұтамын.

БҚО Қазақстан халқы ассам-блеясының жастар қанатының, «Яик» казак фольклорлық-этно-графиялық орталығының жетек-шісі ретінде, жалпы тәуелсіз Қа-зақстанның патриоты ретінде барлық білім-білігімді, жастық қа- жыр-қайратымды Отанымның өр- кендеп гүлденуі жолында жұм-сағым келеді.

Қазіргі таңда облыстық ассам- блеяның жастар қанаты Орал қа- ласы мен аудандарда түрлі бағыт-тағы мәдени, спорттық, қоғамдық шаралар мен қайырымдылық ак-цияларын ұйымдастыру жолын-да жұмыстануда. «Бірлік түбі – береке» демекші, ел мен жер тағ-дырына селқос қарамайтын, туған еліміздің, қазақстандық қоғамның кемелденуіне үлес қосқысы келе-тін жастарды ассамблея қатарына шақырамын.

Облыс халқын 1 мамыр – Қа-зақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дос-тығымыз бен татулығымыз нығая берсін, әр шаңыраққа бақ-бере- ке ұялап, татулық пен сыйлас- тық салтанат құрсын!

Сұхбаттасқан Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

«Орал өңірі»

oTANDAsTAR14

5

«¡аза¢стандаµы т±тасты¢ пен табысты¤ негізі – бірлік»

ìàìûð

Page 8: Oral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/47.pdf · 2 AQPARAT Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі Кейде күнделікті ұсақ-түйек

bRıfıNg8 Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Дәл осы күні өткен тағы бір баспасөз мәслихатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің об-лыс бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов, осы агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыс бойынша департаментінің бас-шысы Рустам Ақмырзаев және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыс бойын-ша филиалының директоры Жанболат Даухарин қатысты.

Алдымен Болат Әлмұқанұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамамен таныстырды. Ұлттық баяндамада еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының даму кезеңдері, сыбайлас жемқорлықтың ұлттық және халықаралық деңгейлердегі жай-күйі мен таралу деңгейлері, жемқорлықтың алдын алудағы шаралар мен оған қарсы күресу-дегі қоғамның рөлі, жең ұшынан жалғасқан бұл қылмысқа қарсы саясат пен заңнаманың даму мүм- кіндіктері мен болашағы сипат-талған. Баяндаманың бес бөліміне жеке-жеке тоқталған Болат Әлмұ- қанұлының айтуынша, осы құжат шеңберінде мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор-ларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуге ба-ғытталған ұсынымдар әзірленген.

Рустам Ақмырзаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлт- тық бюросының облыс бойынша департаментінің үш айлық жұмыс қорытындысы жөнінде мәлімет берді. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында сы- байлас жемқорлық құқықбұзушы-лықтар бойынша 25 қылмыстық іс орын алып, оның 22-сін депар-

Бейсенбі күні облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингке БҚО кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Сәкен Ка-рин мен аталмыш палатаның бөлім басшысы Мақсат Құланбаев қатысып, өңірдегі бизнестің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, кәсіпкерлік секторын дамыту жөнінде баяндады.

Сәкен Әбуханұлы айтып өт-кендей, соңғы жылдары шағын және орта кәсiпорындардың об-лыстың экономикасына қосқан үлесi айтарлықтай өскен. 2016 жылы өңірдегі шағын және орта бизнес құрылымындағы жалпы өңірлік өнім үлесі 42% құраған екен. Соңғы екі жылда сауда ай-налымы динамикасы экспорттың 31%-ға өскенін, импорттың 5,6%-ға төмендегенін көрсетеді.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанын-да кәсіпкерлікті қорғау саласын- да 71 жазбаша өтініш қаралып, оның 30-ы (42%) оң шешімін тап-қан. Қорғалған меншік құқығы 107 млн. теңгені құрап отыр. Өткен жылы жазбаша өтініштердің азай-ғаны байқалады. Облыста мем-лекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту бағытында да жоспарлы жұмыстар қолға алынған. Бүгінде бұл сала бойынша жалпы сомасы 19 125 495 мың теңгені құрайтын 14 жоба жүзеге асырылуда. Оның

7-уі білім беру, 3-уі денсаулық сақтау саласына бағытталса, қалғаны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экономика, жолдар, қоғамдық тәртіп және қауіпсіз- дік саласына тиесілі.

– Өткен жылы «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша облыста 938 адам оқытылса, биыл 2071 адамды оқыту жоспарлануда. Со- ның 20 пайызына қаржылай қол-дау көрсетіледі. Бизнес бастауға жалпы сомасы 441,3 млн. теңге-ге 188 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. 14 сәуіріндегі жағдай бойынша өңірде барлығы 216 ӘКК жұмыс істейді, оның 8-і сүт өндіру бағыты бойынша, 168-і се- лекциялық бағытта, 31-і бордақы-лау, 9-ы өсімдік шаруашылығы бойынша жұмыс жасайды. Күні бүгін ӘКК-лерге мал бордақы- лауға 2748,0 млн. теңге, аналық ірі қара мал сатып алуға 988,3 млн. теңге несие берілді. 2018 жылы сүт жинау пунктін ашу, мал бор-дақылау, асыл тұқымды мал ба- сын өсіру, мал сою алаңдарын салу, ауыл шаруашылығы жануар-ларын өсіру, жем-шөп тасымал-дарын ұйымдастыруға көлік құ- ралдарын сатып алу, ет өңдеу зауытын салуға бағытталған 11 ауыл шаруашылығы коопера- тивтерін құру көзделуде. Бұл ба- ғыттағы жұмыстарға республи-калық бюджеттен 4014,0 млн. теңге бөлінді, – деді Сәкен Карин.

ясипа РАҚЫМҚЫЗЫ, «Орал өңірі»

Өңірлік коммуникация-лар қызметі алаңында «ҚР Денсаулық сақтау министрінің Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары және облыстың денсаулық сақтау саласындағы цифрлық Қазақстан бағдарламасының жүзеге асуы» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингке спикер ретінде об- лыстық денсаулық сақтау бас-қармасы басшысының орынбаса-ры Гүлнәр Әбдірахманова және облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов қатысты.

– Жуырда өңірімізге іссапар-мен келген еліміздің денсаулық сақтау министрі облысымызда-ғы медициналық мекемелерде- гі цифрландыру жұмыстарының жүру барысымен танысты. Біздің облысымыз Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарымен қатар, денсаулық сақтау жүйесіндегі қағазсыз құжат айналым жобасы-на енгендігі белгілі. Министр №3

Жемқорлықтың жоғары деңгейі құқық қорғау саласында

тамент қызметкерлері анықтаған. Өндірістегі қылмыстық істердің 30 пайызынан көбі бюджет қара-жатын ұрлау дерегі, ал жартысы пара алу бойынша тіркелген.

– Департамент ағымдағы жыл-дың 6 наурызында «БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департа-менті» РММ-ның бөлім басшысы Кенжеғаным Ермекқалиеваның «БҚО дін істері бойынша басқар-масы» ММ қызметін аудиттеу ба- рысында экстремистік дінге және терроризмге қарсы тұруға бағыт-талған мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаража- тын игеру бойынша оң нәтижелі акті толтырғаны үшін 200 мың тең- ге пара алу жайын анықтады. 13 сәуір күні Орал қалалық сотының үкімімен К. Ермекқалиева кінәлі болып танылды және мемлекет-тік қызметте, жергілікті басқару органында лауазымды қызмет ат- қарудан өмір бойына айырылып, 12 млн. теңге сомасында айыппұл түрінде жаза қолданылды. Сон-дай-ақ пара берудің бастамашы- сы болып «БҚО дін істері бойын-ша басқармасы» ММ басшысы Саялбек Ғиззатов танылды. Оған да осындай айып тағылып, 6 млн. теңге сомасында айыппұл түрін- де жаза қолданылды, – деді Рус- там Сапарбекұлы.

Департамент өкілдерінің мәлі-метіне сүйенсек, өткен үш ай ішін-де облыста 14 тұлға сыбайлас жем-

қорлық қылмыстарын жасаған кү-діктілер болып танылған. Сыбай- лас жемқорлық бойынша әкімият және оның құрылымдық бөлім-шелерінің қызметкерлеріне қа- тысты тоғыз қылмыстық іс қоз-ғалған (алты тұлға күдікті болып танылған) болса, ІІМ жүйесі қыз- меткерлеріне қатысты бес қыл- мыстық іс (үш тұлға күдікті) анық- талды. Квазимемлекеттік сектор кәсіпорнының екі қызметкері қыл- мыс жасаған. Баяндамашы айтып өткеніндей, аймақтағы сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі құқық қорғау органдарында сақ-талып отыр. Жыл басталғалы бері ішкі істер органының алты қызмет-кері қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекет-тік басқару академиясына 1 нау-рыздан бастап құжаттар қабылдау басталған. Жанболат Даухарин академияда екі бағытта, яғни мем- лекеттік қызметкерлерге және ақы- лы оқуға мүмкіншілік бар екенін айтты. Бір және екі жылдық ма-гистратура, төрт бағыт бойынша оқытатын докторантура бар. Оқу- ға түсу үшін міндетті түрде шет тілін білу қажет. Бүгінде облыста- ғы мемлекеттік құрылымдарда осы академияның 17 түлегі қыз- мет етіп жүр.

ясипа РАБАЕВА,«Орал өңірі»

Биыл 11 кооператив құрылмақ

92 нормативке сәйкессіздік анықталған

емхана және облыстық клиникалық ауруханада, фельдшерлік-акушер-лік пунктте, дәрігерлік амбулато-рияда, сондай-ақ аудан-ауылдағы ауруханада болып, цифрландыру жұмыстарының барысына оң баға-

сын берді, – дейді Гүлнәр Мақсот-қызы.

Қоғамдық денсаулық сақтау де-партаментінің басшысы Жайдар Құрманов өзі басқаратын мекеме-дегі бүгінгі таңда атқарылып жат- қан жұмыстар жайында баяндады.

– Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің құрылғанына бір жыл- дай уақыт болды. Қоғамдық ден-саулық сақтау қызметінің басты ба- ғыты – тұрғындар арасында сала-уатты өмір салтын қалыптастыру,

әсіресе, салауатты тамақтану мә- селелерін кеңінен насихаттау бо- лып келеді. Осы бағытта денсау- лық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау және сектор-аралық байланысты дамыту жо-

басын жасаған болатын. Бұл жоба халық арасындағы жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың ал-дын алуға бағытталған. Осы жоба бойынша «Қауіпсіз тағам таңдау», «Өз денсаулығың өз қолыңда», «Таза қол», «Ұнды фортификация-лау», «Болашаққа қадам» және дене шынықтыру мәселесі бағыт-тарында ағарту жұмыстары жүр- гізіліп отыр. Осыған орай облы-сымызда биылғы жылдың бірін- ші тоқсанында 196 шара ұйымдас-

тырылды. Қауіпсіз тағамды таңдау бағытындағы шараларға 1250-ге тарта тұрғын қатысты. «Өз денсау-лығың өз қолыңда» бағытында 61 шара өтіп, мыңнан аса адам қамтылған. Осындай бағыттағы жұ- мыстар өз жалғасын тауып ке-леді. Біз халық тұтынатын тауар-ларды сауда орындарынан сатып алып, тиісті зертханалық тексеру жүргізуді де жалғастырып отыр-мыз. Осы жылдың үш айында жал-пы халық тұтынатын тауарлардың

818 сынамасы алынып, зертханада тексерілген болатын. Оның 726-сы тағам түрлері болса, қалғаны өзге заттар. Зертханалық тексеру қорытындысы бойынша 92 нор-мативке сәйкессіздік анықталды. Ол бойынша тиісті ұсыныстар мен әкімшілік шаралар қолданылды. Сапасы талапқа сай келмейтін та- ғамдар сауда орындарынан алы-нып, жойылды, – деді Жайдар Би-сенбайұлы.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,«Орал өңірі»

Page 9: Oral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/47.pdf · 2 AQPARAT Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі Кейде күнделікті ұсақ-түйек

buQARA 9Сенбі, 28 сәуір 2018 жылOral óńіrіOral óńіrі

«West Engineering Project» ЖШС:• «Нысандағы ауа баптау және ауа тартқыш желдету

жүйесін орнату: Қарашығанақ мұнай және газ конденсат кен орны аумағында Пилоттық қалашығының асханасы»

• «Нысандағы ауабаптау және ауа тартқыш желдету жүйесін орнату: Қарашығанақ мұнай және газ конденсат кен орны аумағында КӨК әкімшілік ғимаратының асхана-сы»

• «Нысандағы ауабаптау және ауа тартқыш желдету жүйесін орнату: Қарашығанақ мұнай және газ конденсат кен орны аумағында 2-ГКДҚ әкімшілік ғимаратының асха-насы».

Қоғамдық тыңдаулар 2018 жылғы 29 мамыр сағат 16.00- де келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Ақсай қ., Пром- зона, «Фариза» ғимараты, 218 конференц-залы.

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты тарап:ЖАҚ «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», (Tsy-

[email protected]).

Жоба бойынша құжаттар жергілікті атқарушы орган- ның ғаламтор-қордың мекенжайына жүктелген:

http://aksai-bko.gov.kz/ru/adsacxzc.htmlҚоғамдық өкілдері жобаның қағаз жүзіндегі материал-

дармен келесі мекенжай бойынша таныса алады:Ақсай қ., Промзона, «Баян» ғимараты, 212-кеңсе. Цыко-

ляк И. Ю. (тел.: 8 71133 6 6332, электронды пошта: TsykoI @kpo.kz)

Тулегенова А. С. (тел.: 8 71133 6 7862 электронды пошта:Т[email protected]) қызметкерлерге жолығыңыз.

Экологиялық сараптама келесі мекемелермен жасала-ды:

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және да-му министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммунал- дық шаруашылық істері комитетінің БҚО бойынша фи-лиал «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сарап- тау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК);

«Оралэкспертиза» ЖШС.Тапсырыс беруші компанияның аталуы мен байланыс

деректері:ҚПО б.в., Ақсай қ., Промзона, «Баян» ғимараты, 212-кең-

се. Цыколяк И. Ю. (тел.: 8 71133 6 6332, электронды пош- та: [email protected]), Тулегенова А. С. (тел.: 8 71133 6 7862 электронды пошта: Т[email protected]) қызметкерлерге жо-лығыңыз.

Өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды тапсырыс беру-ші компанияның ғаламтор-қордың мекенжайына немесе электронды поштаға жолдай аласыздар;

[email protected], Т[email protected].Құжаттарды жасаушының атауы мен байланыс дерек-

тері:«Уэст Инжиниринг Проджект» ЖШС.Мекенжайы: Орал қаласы, Достық даңғылы, № 191ғ./1, 39.

Жабық акционерлік қоғам «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», Қазақстан филиалы төменде берілген компаниялар дайындаған құрылыс жобалар бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды

Орал қаласындағы №40 орта мектепте облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерт-теу орталығы» КММ ұйымдастыруымен оқыту семинары өтті.

Басқосуды ашқан дін істері басқармасы басшысының мін-детін атқарушы Азамат Тулепов семинардың мақсаты облыстық деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мүшелерінің жұмыс сапасын жетілдіру, біліктілігін арттыру екенін атап өтті.

– Бүгінде дін мәселесі тек қазақ елінде ғана емес, бүкіл әлемді шарпыған дүние. Респуб-лика деңгейінде алып қарайтын болсақ, елді мекендерді аралап жүргенде байқайтынымыз, теріс діни ағымға еріп жатқандардың басым көпшілігі жастар. Себебі жастар еліктегіш, дереу еріп ке-теді. Әрине, бұған негізгі себеп – діни сауатсыздық, білімсіздік. Қай мәселенің де тетігін табатын, түйінін шешетін – кадр. Сол үшін қазір мамандардың білімін жетіл-діру жұмыстары жүріп жатыр. Біз жергілікті ақпараттық-түсіндіру топтарына қалай сөйлесу керек, адамдарға қалай бағыт-бағдар беру қажеттігі жөнінде оқыту курстарын өткізіп жатырмыз. Шығыс халқында «Таза ауа кірсін деп терезені ашсаң, таза ауамен қоса, шаң-тозаң да кіреді» деген тәмсіл бар. Дәл солай, егемен-дігімізді алғаш алған жылдары дінге еркіндік берілді. Дін де-геніміз адамды тура жолға бас-тайтын дүние дедік. Радикалды ағымнан басқа, заңға сәйкес дін-ді ұстануға рұқсат етілді. Міне, сол кезде әр түрлі жат ағымдар

кіріп кетті. Шыны керек, ол кез-де елімізде діни сауатты кадрлар тапшы болды. Ал қай мәселені де шешетін кадр. Қазір, Аллаға шүкір, елімізде «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті универ-ситеті жылына жүзден астам ма-ман дайындап шығарады. Олар тек мешіттерде емес, дін істер басқармаларына, дін мәселесін зерттеу орталықтарына қызмет- ке барып жатыр, – деді респуб-ликалық ақпараттық-насихат то- бының мүшесі, Алматыдағы “Нұр-Мүбәрак” Египет ислам мәде- ниеті университетінің аға оқыту-шысы Оралхан Сейдманов.

Семинарда Оралхан Рахмат-бекұлы дәстүрлі ислам жолын теріске шығарушылармен диа-лог жүргізу түрлері туралы дә- ріс оқыды. Әсіресе, салт-дәстүр- лерге қатысты мәселелерді жан- жақты талқылаған ол радикал-дардың асыра сілтеп, діни сауат-сыз жанды адастыратын теріс пиғылын әшкерелеу жолдарын айтты. Халқымыздың дәстүріне сіңісіп, күнделікті әдебі мен мә-дениетіне айналған салт-сана- дан теріс айналудың қажеті жоқ-тығын пайғамбарымыздың хадис-терімен пайымдап түсіндірді.

Семинар барысында, сондай-ақ ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов, облыс әкімдігінің терроризмге қарсы комиссия бөлімінің бас-шысы Талғат Нығметов сөз сөйлеп, дәстүрлі ислам жолын теріске шығарушылармен диа-лог жүргізу түрлері, зайырлылық ұстанымға қатысты мәселелер қозғалды. Мамандар дәріске қатысушылармен пікір алмасып, өзара тәжірибелерімен бөлісті.

ясипа РАБАЕВА, «Орал өңірі»

Тоғыз жер телімі аукционда өтті

Орал қалалық жер қаты-настары бөлімінің бас- шысы Арман Бисемба-

лиевтың айтуынша, ҚР-ның Жер кодексінің 48-бабына сәйкес ком- мерциялық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер телімдерін жалдау құқығын сату аукцион ар-қылы жүргізіледі. Сатып алушы-лар жер телімін үш жыл ішінде мақсатты пайдалануы керек. Олай болмаған жағдайда, ҚР Жер ко-дексінің 92-інші және 94-бапта-рына сәйкес жер телімі кері қай- тарылып алынады. Жалға алу құ- қығының үш жылдық мерзімі аяқ-талған соң кәсіпкер кадастрлық құнын қоса төлеп, жер телімін өз меншігіне аудара алады. Кезекті аукцион өткізілетіні жөнінде тиісті заңға сәйкес күнтізбелік 15 күн бұрын, яғни 11 сәуірде БАҚ-тарға

хабарландыру берілді. Аукционға қатысуға 32 адам 53 өтініш берді. Сауда-саттыққа шығарылған жер телімдері Орал қаласында және қалаға іргелес Зашаған кентінде орналасқан. Ең үлкен жер телімі- нің аумағы 2 гектар, өзгелері әр түрлі аумақты құрайды.

– Аукционға шығарылған 10 жер телімінің 9-ы ғана өтті. Бір жер теліміне бір адам ғана өтініш бер-гендіктен, ол жер телімі заң бойын-ша аукционға шығарылмады. Тоғыз жер телімі жалдау құқығымен са-тылып, одан 28 млн. 232 мың теңге түсті. Зашаған кентіндегі ең үлкен жер телімі 4 млн. 200 мың теңге-ге өтті. Сондай-ақ осы аудандағы академик Қ. Жұмалиев атындағы көшедегі 0,15 гектар жер ең қымбат бағаға өтті, яғни 5 млн. 50 теңгені құрады, – деді Арман Бисембалиев.

Оның айтуынша, өткен жылдан бері үш аукцион, бір конкурс өт-кізілгені белгілі. Үш аукционда 17 жер телімі жалдау құқығымен са-тылып, одан 72,3 млн. теңге түсті.

– Жер телімі жалдау құқығымен сатылатын аукциондардың өткізі- луіне көңілім толады. Бәрі ашық, көз алдыңда. Әркім өзіне қажетті жер телімін жағдайына қарай са- тып алады. Құрылысшы шағынау- данындағы жер телімі 65 мың тең- геге ұсынылды, мен оны 3 млн. 645 мың теңгеге алдым, – дейді «Полиграфсервис» ЖШС-ның өкілі Дәурен Қайыров.

Мамыр айының аяғына қарай тағы бір аукцион өткізіп, 15 жер телімі ұсынылады деп күтіледі.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,«Орал өңірі»

Бейсенбіде Орал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер телімдерін жалдау құқығын сату бойын-ша кезекті аукцион өтті. Аукционға 10 жер телімі шығарылды.

АТТ мүшелері білімдерін жетілдірді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Батыс Қазақстан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі

Жеке және заңды тұлғалардың сұрақтары мен арыз-шағымдарын қабылдау бойынша Батыс Қазақстан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде сенім телефоны іске қосылған: 51-27-66.

Күні Уақыты Аты-жөні ЛауазымыДүйсенбі 16.00-17.00 Құрманов Жайдар Бисенбайұлы БасшыСейсенбі 16.00-17.00 Щербина Сергей Николаевич Басшының орынбасарыСәрсенбі 16.00-17.00 Көпжасаров Дамир Асланұлы Басшының орынбасарыБейсенбі 16.00-17.00 Мұстаев Нұрлыбек Ермекұлы Басшының орынбасары

Жұма 16.00-17.00 Мұстаев Нұрлыбек Ермекұлы Басшының орынбасары

Page 10: Oral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/47.pdf · 2 AQPARAT Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі Кейде күнделікті ұсақ-түйек

esTelik10 Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Тектілігі тереңнен берілген...

Қазақ елі ел болғалы жер-суымызды, жер асты байлықтарымызды, мәдени асыл мұраларымыз бен салт- дәстүрлерімізді көзінің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу бабаларымыздың арманы болатын. Заманында еліміздің ертеңі үшін атқа қонған азаматтар тарихта аз болмаған. Әр адамның туған жеріне деген махаббаты кіші Отанынан басталады. Біздің кіші Отанымыз – Жалпақталға бір кісідей еңбек сіңірген, қарым-қабілеті кең бола тұра, туған жерінен табан қозғамай, еліне тер төгіп қызмет еткен азамат – Әли Ахметов.

Әли Сисенғалиұлы 1948 жы- лы 27 сәуірде бұрынғы Фурма-нов ауданы, Фурманов (қазіргі Жалпақтал) ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Фурманов орта мектебін бітіріп, А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына тарих пәні маман-дығы бойынша оқуға түсіп, бір жылдан соң жанұя жағдайына байланысты сырттай бөлімге ауы-сып, қызметке араласып, кейін ауыл шаруашылығы техникумын-да зоотехник мамандығын алған. Еңбек жолын 1966 жылы аудан-дық мәдениет үйінде моторист болудан бастап, 1966 жылы ау-дандық комсомол комитетінде нұсқаушы, 1968 жылы Целиноград жоғары комсомол мектебінде дә-ріс алып келген соң, аудандық ком-сомол комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болған. 1975-1982 жылдары аудандық партия комитетінде үгіт-насихат бөлімінде нұсқаушы, кейін меңге- руші, 1988 жылы аудандық ат-қару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылда- рында аудан әкімінің орынбаса-ры, 1994-1996 жылдары Фурма-нов аудандық ауыл шаруашылы-ғы кәсіподақ комитеті төрағасы қызметтерін атқарып, бірнеше рет аудандық кеңес депутаты бо-лып сайланған.

Ахметовтер әулетінің тарихына үңілсек, тектілігі тереңнен беріл-ген, Қараөзен мен Сарыөзеннің тоғысар тұсында, екі өзен ара- лығында Ащысай жүлгесінің са-ғасы, Қараөзеннің бойындағы Са-рышығанақ көлі жағалауындағы сулы да, нар қамысымен нулы, балығы мол, көкорай шалғын жер-ді жайлаған ата-бабалары үлкен рулы ел, біртұтас Ахмет ауылы болып тұрған. Дана халқымыздың «Өзен жағалағанның өзегі талмас» дегендей, қос өзеннің байлығын армансыз емген, шаруасына мы-ғым Ахмет әулеті артылған та-бысын ұрпағының болашағына жұмсаған болуы керек, «аталары шетінен білімдар болған» деседі.

Солардың жалғасы болған Әле- кеңнің бойында ұлы адамдарға

Асқар таулар алыстаған сайын биіктей түседі деген бар. Өңіріміздің танымал тұл-ғасы болған, азаматтығымен көзге түскен Марат Аронұлы Ирмановқа қарата айтылғандай. Жұлдызша ағып өте шыққан ғұмырының 36 жылын ол Қазталов, Фурманов, Жаңақала аудандарына және оның ша- руашылықтарына арнапты. Жұ- мыс жасаған жерінде бірінші мәселе етіп сол елді мекенді көркейту және экономикасын көтеру, ел тұрғындарының әлеу-

Әлі ұмытпайды

меттік тұрмыс жағдайын жақ- сартуды басты мәселе деп са-найтын. Сонымен қатар Ма-рат Аронұлы еңбек тәртібіне аса қатты мән берді. Кадр таңдауға ерекше көңіл бөлді және олардың жауапты жұ- мыстарының нәтижесін қатаң бақылап отырды. Ауылдың эко- номикасын көтеру барысын-

да табыс көзін өз ішінен ұйым- дастырып, төрт түлік мал тұқы- мын асылдандырып, малдан өндірілетін өнімнің саны мен сапасына баса мән берді. Марқұм Марат Аронұлы Еділ- бай қойын асылдандыру бағы-тында зор еңбек сіңірді. Соңына талай игі істерінің нәтижесін қалдырған бұл азаматты жоға-рыда айтқан аудандардың халқы әлі ұмытқан жоқ.

Бақыт ӘНЕСОВ, Орал қаласы

тән ерекше қасиеттер ата-баба- сының қанымен берілген болуы керек. Бойындағы әдемілік, киім киісі, жүріс-тұрысы көпке үлгі боларлықтай еді. Жан-жақты терең білімді, кейде замандас-тары діни білімі бар ма деп те қалатын. Өнердегі орны бір бөлек, көптің алдында сөз алса, тыңдаушысын ұйытып тастайтын еді. Ал музыкалық қабілетіне алты аспап та аздық етті. Осы қасиеттер бойына сыймай, елге еркелейтін уақыты да болатын. Әлекеңнің бе-делі ауылдастарының арасында мықты, оның дос-жолдастары көп еді. Солар арқылы елінен тыс жерлерге кеңінен танымал бол- ды. Ол замандастарынан ерте есейген, оны ерекше қадір-қа- сиеттері ортасынан даралап тұ-ратын. Қандай қызметте болса да, әріптестерінің ойына келмейтін тың бастамаларды қолға алып, кез келген істің көрігін қыздыратын.

– Мен Әлимен 1966 жылдары сол кездегі Фурманов ауданына қарасты С. Меңдешев атындағы Мәстексай орта білім беретін мектебінде алғашқы ұстаздық еңбек жолымды бастаған кезім-де танысқан болатынмын. Ол уақытта Әли аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы болып қызмет ететін. Совхоз, мектеп бас-тауыш комсомол ұйымдарының жиналыстарын өткізу барысын-да шаруашылықтың, мектептің басшыларына Әлидің жасаған ықпалын көріп, жиналыста сенім- ді, жігерлі айтқан сөздерін естіп, бұл жігіт алдағы уақытта ел басқаратын майталман басшы, халықты аузына қарататын ше-шен болады-ау деп топшылайтын едім. Қателеспеппін, ол көп ұза- май ел басқарудың қыры мен сы- рына қаныққан басшының дең- гейіне көтерілді. Әли Жалпақ- тал өңірінде елдің мәдениетін, өнері мен спортты дамыту жо- лында көп еңбек сіңірді. Сол жылдары аудан көлемінде екі халық театры, домбыра оркес-трлері, бірнеше жанұялық ан- самбльдер құрылды. Ол осы са-лаларда тек ұйымдастырушы не-месе басшы болып жүрген жоқ.

Әли мәдениетте, өнер мен спорт-та халықтың ортасында жүрді. Ол жан-жақты адам еді. Сахнаға шы-ғып ән айтып, оркестрде домбы- ра, баян тартып, спорттық са-йыстарды да қалт жібермеді. Әли әр уақытта адами қасиетін сақтайтын, үлкен-кішімен, білімді, өнерлі адамдармен ортақ тіл та- уып сөйлесе алатын, керек же-рінде ойлы пікір айтып, талас ту- ғыза алатын азамат еді. Қай кез- де де жолдастықты қадірлей біле- тін, достық қасиетке қылау түсір-мейтін, әр уақытта өз пікірінде қалатын шыншыл жан болды. Әли екеуміздің арамызда бірталай жас айырмашылығы болса да, біз жақсы жолдас бола білдік. Әт-тең, ғұмыры қысқа болды. Әли секілді нар тұлға азаматтардың қалыптастырған еңбектері туған жерінде жалғасын табуда. Оның туған елі үшін жасаған еңбегін халқы ешқашан ұмытпайды, – дей-ді кезінде қызметтес болған ағасы Кәрім Өтеғұлов.

«Болмасаң да ұқсап бақ» демек-ші, біз кейінгі толқын інілері Әли ағамызбен аз уақыт үзеңгілес бо- ла жүре, көп нәрсені үйренуге, еңбек жолымен жүруге тырыс-тық.

Әли Сисенғалиұлы бақытты да қысқа ғұмыр кешіп, аққан жұл-дыздай 48 жасында өмірден өтті. Кім білген еркеліктерінің ішкі ас-тарында мұңы да болған шығар. Қазір арамызда тірі жүрсе, бүгін- де 70 жасқа толатын, осы кезге дейін талай игі істерді тынды-рып, елдің азаматтарына ақыл- кеңесін беріп, елге қамқор бо- лар еді. Әлекеңді бүгінде жоқ-тайтын ұл-қыздары Сәкен, Ақ-марал, Ақсамал, Бәйкен, еске алатын туған-туыстары және ру- хы биік Жалпақталдай елі бар. Адам ұрпағымен мәңгілік демек- ші, ендігі жерде ағамыздың бойындағы асыл қасиеттері ұр- пақтарымен жалғасын тауып, ба-баларымыздың арманы жолын- да елге қызмет атқара берсін де-ген ниеттемін.

Есентай ҚАЛИЕВ,

Орал қаласы

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «№1 олимпиадалық резервтің ма-мандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» МКҚК лауазымды орындарға конкурс жариялайды:

1. Инженер – 1 бірлік2. Агроном – 1 бірлік

Қойылатын біліктілік талаптары:Инженер – жоғары білім, 5 жылдам кем емес. Агроном (футбол алаңы бойынша)– жоғары білім, 10 жылдан

кем емес.Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар:- Конкурсқа қатысу туралы өтініш, кадр есебі жөніндегі жеке іс

парағы;

- жеке куәлік көшірмесі;

- түйіндеме;

- білімін растайтын құжат (көшірме);

- еңбек кітапшасы;

- 3*4 фото 2 дана;

- медициналық кітапша;

- сотталмағаны жөніндегі анықтама;

- мекенжайы туралы анықтама.

Қажетті құжаттар конкурс жариялағаннан кейін 15 күн аралығында Орал қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі ½ мекен- жайына тапсырылуы қажет.

Тел: 50-30-44, пошта uralsksport1 @mail.ruФакс: 50-05-83.

Орал қалалық ІІБ қызмет- керлері жедел-іздестіру шара-сы барысында бір тәуліктен соң күдікті әйелді анықтады. Оның сол шарананың анасы екен- дігін дәлелдеу үшін сот молеку-лярлы-генетикалық сараптама жасады.

19 сәуір күнгі сараптама қорытындысымен аталған кү-

діктінің нәрестенің анасы екен-дігі 99,9 пайыз дәлелденді.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізу шарасы шеңберінде Қылмыстық кодекстің 100-бабына сәйкес күдіктіге «қаладан тысқары жер- ге шығуға және тиісті іс-әрекеттерге жол бермеу» шара-сы қолданылды.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Көкек-ана анықталды

Ағымдағы жылдың 5 наурызы күні Деркөл кентіндегі көпірдің астынан төсек жаймасына оралған шарананың өлі денесі табылғандығы бұдан бұрын хабарланған бо-латын.

Page 11: Oral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/47.pdf · 2 AQPARAT Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі Кейде күнделікті ұсақ-түйек

hAbAR-oshAR 11Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде

2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 54-18-08, 24-17-08.

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай-даланылмаған хат авторларына жауап қай-тарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жария-ланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басу-ға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылданады.

белгісімен жарияланған материалдар ақы-лы болып есептеледі.

Жауапты хатшы 54-38-22.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 54-04-90.

Е-mail: [email protected]

Телефондар:

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Полиграфсервис" ЖШС баспаханасында басылды. Л.Толстой көшесі, 27/6. Телефон: 50-51-46Индексі: 65533 Осы нөмірдің таралымы: 14 262, 3 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н. СҰЛТАНОВА, Г. ҚОЛғАНАТОВАКезекшi редактор: н. ТЕкЕБАЕв

А

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан Файзоллаұлы ҒҰБАЙДУЛЛИНРедакция алқасы: Сырымбек ТҰяҚОВ, Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),Нұртас САФУЛЛИН (гуманитарлық бөлім),Нұрбек ОРАЗАЕВ (экономика бөлімі).

Oral óńіrіOral óńіrі

Жаңақала ауданы Пятимар ауылы-ның тұрғыны болған, бірімізге адал жар, бірімізге сүйікті әке Құмар Дюсешұлы Есенғалиев тірі болса, 29 сәуір күні 60 жасқа толар еді.

Алдымызда асқар тау боп отырар ең,Осынау 60 деген толып жасқа.Айырылдық қой, жан әке, бір өзіңнен,Ұрпағыңның қызығын көрер шақта.

Сағына еске алушылар: зайыбы Сұлушаш, бала-келіндері Аманжол-Жансая, Айдарбек-Нұргүл, қыз-күйеу балалары,

немере-жиендері

Қаратөбе ауданында туып-өскен, Орал қаласының тұрғыны болған, бірімізге іні, аға, әке Қанат Шалабайұлы Тасимов ортамызда болса, сәуір айында 50 жасқа толар еді. Немересі Нұртілектің дүниеге келгенін көріп, қуанышына бөленер еді ғой! Тағдыр ісіне не шара?! Бейнесі мәңгі жүрегімізде. Жатқан жері жарық, топыра- ғы торқа, жаны жәннатта болсын.

Сағынышпен еске алушылар: ұл-қыздары, бауырлары

Сырым ауданы Жосалы ауылының ту- масы болған ініміз, аз өмірінде елдің ортақ баласына айналған Заманбек Халиоллаұлы Лұқманов тірі болса, сәуір айының 28-і күні 24 жасқа толар еді. За- манбек – қазақтың маңдайына сыймай кеткен жақсылардың тағдырын қайтала-ған адам. Бірақ оның өнерін көрген, өзін көрген ел ұмытпайды деп сенеміз.

Бауырымызды сағынышпен еске ала-мыз!

Ұқсадың ұлыларға, дараларға,Жасадың тек жақсылық әр адамға.Әттең, ерте үзілді салған әнің, Тағдырдың қылғанына шара бар ма?!Атыңнан айналайын Заманбекжан,Жұмақты нәсіп етсін саған Алла!

Сағына еске алушылар: ата-анасы Халиолла-Алтынай, апа-жездесі Мұрат-Балым, жиендері Ақерке, Қайсар,

ағайын тумалары, құда-құдағайлары

Хабарландыру«Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 жел-

тоқсандағы №337 «Жер қатынастары саласындағы мемлекет-тік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер-дің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz) көпшілік талқылауы үшін орналастырылды.

«Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (әрі қа- рай – тендер ұйымдастырушы) Астана қаласы, Ал-маты ауданы, Иманов көшесі, 2-пәтер және 2-кең- се мекенжайында орналасқан жылжымайтын мү-лікті 3 жыл сатып алуымен сенімгерлік басқаруға және сенімгерлік уақытында бөліп төлеу жолы- мен тендер 2018 жылдың 15 мамырында сағат 11.00-де өтетінін хабарлайды, өтінімдер салынған конверттер Орал қаласы, Чагано-Набережный кө-шесі, 84-үй мекенжайында қабылданады. Өтінімдер хабарлама шыққан уақыттан бастап 2018 жылдың 15 мамырдың сағат 11.00-ге дейін қабылданады.

Мүліктің бастапқы құны – 98 907 400 (тоқсан сегіз миллион тоғыз жүз жеті мың төрт жүз) теңге оның ішінде ҚҚС – 2 714 400 (екі миллион жеті жүз он төрт мың төрт жүз) теңге.

Мүліктің кепілдік жарнасы бастапқы құнынан есептегенде 15% кем болмауы тиіс, оның ішінде ҚҚС – 14 836 110 теңге. Кепілдік жарна конвертпен өтінім қабылданғанға дейін аударылуы тиіс. Жеңім-паз болып табылған және сенімгерлік басқару келісімшартын жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы бастапқы төлемге жатқызылады. Объек-тіні сатып алу үшін бастапқы төлем сомасы өтінім- де жеке көрсетіледі.

Мүліктің қалған құны сенімгерлік басқару мер-зімі уақытында жүзеге асырылады және төлеу кес-тесі теңбе-тең бөлініп, жылына 2 төлемнен кем бол-мау тиіс.

Мүліктің өтеу мерзімі сенімгерлік басқару келі-сімшартын жасаған мерзімінен 3 жылдан кем бол- мауы тиіс. Жеңімпаз сенімгерлік басқару мүлігін мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

Кепілдік жарна сатушыға қайтарылады:1) жеңімпазы – аукцион нәтижелері туралы хат-

тамаға немесе келісімшарт қол қоюдан бас тарт- қан жағдайда;

2) сатып алушы – келісімшарт бойынша міндет- темелерді тиісті және толық орындамаған жағ- дайда.

Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарналар қатысушының өтінімі арқылы 10 жұмыс күнінен кешіктірмей қайтарылады. Қатысушының кепілдік жарнасы жеке және заңды тұлғаның өтінімінде көрсетілген есепшотына қайтарылады.

Мүлікті сатып алушыларға қойылатын та- лаптар:

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру сала- сында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар тауар өндірушілер, ет өнімдерін өндіру бағыты басым- дыққа ие болады.

Тендер шарттары:1. Ұсынып отырған сатып алу құны бастапқы

құнынан кем болмауы тиіс (103 696 080 теңге).2. Кепілдік жарнасы мүліктің бастапқы құнын

есептегенде 15% кем болмауы тиіс.3. Сатып алуға ұсынылып отырған баға ең жоға-

ры болуы тиіс.4. Объектіні сатып алу үшін бастапқы төлем со-

масы кепілдік жарнадан кем болмауы керек. 5. Қатысушы мүлікті сенімгерлік басқаруды са-

тып алу кестеге ұсынуға құқылы және ұйымдас- тырушыға ыңғайлы төлеу шарттарын.

Сатып алу құны ең жоғары ұсынған және бас- тапқы жарнасы жалпы қосындысынан ең жоғары болған өтінім жеңімпаз болып танылады.

Егер бірдей ұсыныс түскен жағдайда, жеңімпаз болып ең жоғары бастапқы сатып алу құнын және сатып алу аз мерзім ұсынған қатысушы болып табылады.

Сенімгерлік басқарудың қатысушы ретінде тір- келу үшін бекітілген кесте негізінде өтінім және оған қоса талаптарға сәйкес талап етілетін құ- жаттарды қосымша ретінде ұсыну қажет (бекітіл-ген кестені және қатысушы ретінде тіркелу үшін кұжаттар тізбесін келесі мекенжайда алуға бола- ды: Орал қаласы, Чагано-Набережный, 84-үй неме- се www.spk-oral.kz сайтының «Сатып алу» бөлімі- нен).

Тендерге қатысу үшін ұсыныстар жабық кон- вертте жазбаша беріледі. Жалғыз қатысушыға са- туға рұқсат етіледі.

Тендердің нәтижелері туралы жеңімпазды элек- трондық пошта арқылы хабардар етіледі.

Сауда-саттықта ұтқан тұлға сауда-саттық нәти- желерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда, ол ен- гізген кепілдік жарнасын жоғалтады және сату- шыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалының орнын толты-рады.

Төлемді бөліп төлеу мерзімін бұзған жағдайда бастапқы (кепілдік) жарна және сатып алу төлем-дері қайтарылмайды.

Тендер өткізу бойынша қосымша ақпаратты Орал қ., Чагано-Набережный, 84-үй мекенжайы- нан және мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7112) 24-59-47, 87055121312.

Кепілдік төлемдер келесі реквезиттер ар- қылы жүзеге асырылады:

БСН 101140007330; ЖСК KZ87998RTB0000201954 (в KZT);

БСК TSESKZKA; «ЦеснаБанк» АҚ Орал қ.

Хабарлама

Қоғамдық пікірлердің есебін жүргізудің түрі бұқаралық ақпа- рат құралдары арқылы жұртшы- лыққа хабарлап, қоғамдық тың- дау өткізу жолымен анықталды.

Қоғамдық тыңдау 2018 жыл-дың 1 маусым, сағат 11.00-де мы-на мекенжай бойынша: Батыс

Қазақстан облысы, Зеленов ау- даны, Чебатарев селосы, село- лық клубында өткізіледі.

Қоғамдық тыңдау бойынша құ- жаттармен мына мекенжай бо- йынша: Орал қаласы, Достық даңғылы, 148 а-а1, тел: 8 (7112) 500508 танысуға болады.

Жобаны әзірлеуші: «Каспий- мұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС, Атырау қа- ласы, Жарбосынова көшесі, 89а, тел: 8 (7122) 30-54-43. Барлық ұсыныстар мен ескертулер [email protected] поштасы арқылы қабылданады.

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС

ҚР Экологиялық кодексінің 57-бабының және ҚР ҚОҚМ 07.05.2007 ж. №135-п бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережелерінің» 9-пунктінің

талаптарын орындауда «Урал Ойл энд Газ» ЖШС «Рожковское газоконденсатты кен орнын сынақпен игеру жобасына» арналған «Қоршаған ортаның әсерін алдын

ала бағалау» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетінін хабарлайды

«Казбургаз» АҚ барлық қызығушылық танытушы мүдделі тұлғаларды директорлар кеңесі отырысы- ның 10. 04. 2018 ж. №2-2018 хаттамасына сәйкес мәмі- ле жасасу туралы хабардар етеді.

Page 12: Oral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/47.pdf · 2 AQPARAT Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі Кейде күнделікті ұсақ-түйек

keRýeN sARAı12 Сенбі, 28 сәуір 2018 жыл

Құттықтаймыз!

Oral óńіrіOral óńіrі

Қадірлі балам, бауырымыз Иса Жандәулетұлы ЖҰМАБАЕВТЫ 65 жас- қа толған туған күнімен құттықтаймыз! Ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасы- на амандық тілейміз.

Өзіңіз ғой отбасының тірегі,Аман жүрсең, бізге сол ғой керегі.Бақытты боп, аман жүр деп тілейді,Анаң менен бауырлардың жүрегі.

Игі тілекпен: анаңыз Қалима, іні-келіндеріңіз, қарындасыңыз, бауырларыңыз

Орал қаласының тұрғыны, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, жо- ғары санаттағы зейнеткер ұстаз, анамыз, әжеміз Сәуле (Майра) Мұқанғалиқызы ДүЗЕЕВАНЫ мерейлі 70 жасымен құт-тықтаймыз!

Ұлы ұстаз, әкесі Мұқанғали Дүзеев аманат етіп тапсырған орыс тілі мен ана тілін ту етіп көтеріп, шәкірттерді егіз тілді сүюге, тіл маманы болуға тәрбиеледі.

Қарыздармыз, алдыңызда, анашым!Бәрімізге жылу берген панасың.Мейірімі күн нұрындай төгілген,Біздер үшін дүниеде дарасың!

Алдыңызда әлі сәби баламыз,Сіз бар жерде от боп біздер жанамыз.Күн нұрынан мейірімің кем емес,Аман болсын, есен болсын анамыз!

Анамызға жырдан шашу шашамыз,Қуаныштан ағын судай тасамыз.70 жасың құтты болсын, анашым,Алла жар боп, ұзақ ғұмыр жасаңыз.

Ақ жүректен пәк тілектер тіледі,Орындалсын немере-жиен тілегі.Тым алыста жүрсе-дағы шәкірттер,Сіздегі ұлы дархандықты біледі.

Оң қадамға тәрбиеледің мың алғыс!Қадірлісің жүрсек-тағы тым алыс.Аман-есен ортада жүр жарқырап,Сіз туған күн - мол бақыт, зор қуаныш!

Игі тілекпен: Орал қаласынан ұл-келініңіз Руслан-Жұлдызай, Табылды-Ләззат, Бөкей ордасы ауданынан

Нұрболат-Катя, немере-жиендеріңіз

Газеттің келесі саны 3 мамыр, бейсенбі күні шығады.

Жақында Достық үйінде «Еднання» украин этномәдени бірлестігінің «Берегиня» халықтық хор ұжымының есеп беру концерті өтті. Концертте ұжым «Смерека», «Украина-це мы», «Ой, калина червана» атты әндерін әуелетті. «Берегиняны» рухани тұрғыда қолдай келген өзге де өнер ұжымдары сахнаға шықты. «Ардагер» қалалық клубының «Ағалар әуені» мен «Ару аналар» халықтық вокалды топтары қазақ-орыс әндерін шырқады. «Берегиня» хор ұжымы да танымал композиторлар Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» мен Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» туындыларын нақышына келтіре орындады.

Белесті бағындырған

«Берегиня»

– Біздің ұжым Астана мен Ақ- төбе қалаларында және облысы- мыздың аудандарында өнер көр-сетті. Екі жыл бұрын Елбасының алдында ән шырқауға мүмкіндік берілді. Қазақстанның тұңғыш Президентінің металлург маман-дығы бойынша Украинада оқыға-нын мақтанышпен айтқым келеді. Қазіргі кезде екі елдің қарым-қа- тынасы жақсы. Украин халқы ән- ге бай. Сол елдегі жергілікті теле-арнаның бірі бес тәулік бойына үзіліссіз украин әндерін ашық эфирден бергені есімде, – деді ұжым мүшесі Вадим Юхименко.

Айта кетейік, «Берегиня» хор ұжымы 2002 жылдан бері өнер

көрсетіп келеді. Алғашында аралас вокалды топта сегіз адам болған. Бір жылдан кейін қатарларына аккомпаниатор Александр Томи-ленко қосылып, әріптестерін баян- мен сүйемелдеуге кірісті. 2004 жы- лы хормейстер Лариса Константи-нова ұжыммен жұмыстана баста-ды. «Берегиня» репертуарында қазақ, орыс, украин композитор-лары мен халық әндері пайда бол-ды. Бүгінде хор ұжымы 50-ге тарта әнді шырқайды. «Берегиняның» бүгінгі құрамы 22 адамнан тұрады. Әншілердің бірінің жасы тоқсанға келсе де, өнер айдынында қанаты талмапты. «Берегиня» еліміздегі өнер фестивальдерінде жүлделі

орындар алып, талай мәрте дип-ломдармен марапатталған.

Концертте БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшы-сының орынбасары Айгүл Сала- хатдинова, «Еднання» украин эт- номәдени бірлестігінің төрағасы Виктор Тарасенко, облыстық ха- лық шығармашылығы орталығы- ның бас маманы Галина Абылаева құттықтап, «Берегиня» ұжымына ҚР Мәдениет және спорт министр-лігінің бұйрығы негізінде «халық - тық ұжым» атағы берілгені тура- лы куәлікті салтанатты түрде тап-сырды.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,"Орал өңірі"

Жуырда Орал қаласындағы «Достық» үйінде облыстық қайырымдылық бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Оған БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық мең- герушісі Ғайса Қапақов, кәсіпкерлер, қоғам-дық және этномәдени бірлестіктерінің же-текшілері мен БАҚ өкілдері, Ресей Федера-циясы Шешенстан Республикасынан келген, «Рахьма» және «Даймохк» қайырымдылық қорларының жетекшілері Магамед-Эмин Баснукаев пен Хамзат Закриев қатысты. Шарада Ғайса Қапақов келген қонақтарды таныстырып, кеңес отырысына сәттілік ті- леді. Кейін «Аялаған алақан» қоғамдық қа-

йырымдылық қорының жетекшісі Р. Хайру-шева мен «Патриот» қоғамдық бірлестігі- нің өкілі Т. Чудобаев қайырымдылық шара-лары жөнінде баяндады. Ғайса Қапақов Қап тауынан (Кавказдан) келген Магомед-Эмин Баснукаев пен Хамзат Закриевке Ақ Жайық жұртының атынан шапан кигізді.

Шарадан соң орталық мешітке келген оларды ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл има- мы Еркебұлан Қарақұлов жылы шыраймен қарсы алып, облыс көлемінде атқарылған діни шаралар жөнінде айтып, жамағатпен таныстырды. «Рахьма» қайырымдылық қо-рының жетекшісі, әрі имамы Магомед-Эмин Баснукаев сөз алып, өткен ғасырда КСРО-да көптеген халықты күштеп жер аударғанын, тоталитарлық жүйе миллиондаған адамның

тағдырын қиғанын айтты. Тағдыр талайы қиын болған ұлттарға пана бола білген қа- зақ елінің жомарт пейіліне, дархан көңілі- не, қонақжай төріне ризашылығын білдірді. Кейін жамағатпен бірге намаз оқыды. Бас

имам Еркебұлан Ыбырайымұлы Магомед-Эмин Баснукаев пен Хамзат Закриевке ал-ғысхат табыстады.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,Орал қаласы

Қап тауынан келген мұсылмандар