w oral óńіrіoral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/45.pdf2 aqparat...

12
221 адам қабылдауға келді Қағазсыз медицина жүйесі іске қосылды 3 12 Сынға шыдамаған аялдама «шалқасынан» түсті «Орал өңірі» газетінің 19 сәуір күнгі №43 санында «Аялдамалардың аянышты күйі немесе желге ұшқан миллиондар» тақырыбында мақала жарияланған бола- тын... 2 Суретті түсірген Айбатыр НҰРАШ www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpress Құрметті оқырмандар! “Орал өңірі” газеті және zhaikpress.kz сайты об- лыс тұрғындарымен жедел де тіке байланыс орнату мақсатында арнайы 8 707 808 48 55 Whatsapp нөмірін іске қосты. Оған сіз хабарлама жіберіп, газетке неме- се сайтқа өз тақырыбыңызды ұсынуға болады. Елге, халыққа пайдасы тиетін маңызды мәселені, әлеумет назарын аударатындай оқыс оқиғаны шұғыл хабар- лап, газет журналистерінің іссапармен келіп, зерттеу жүргізуіне мұрындық боласыз. Газет жанынан ашы- лып отырған жедел байланыс түрі оқырман мен үнқағаздың үндестігін бұрынғыдан да жақсарта түседі деп сенеміз. 8 707 808 48 55 Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСИ ГАЗЕТ + 6 0 С 0 0 С СЕЙСЕНБі, 24 сәуір 2018 жыл №45 (20609) www.oraloniri.kz www.facebook.com/oraloniri [email protected] www.oraloniri.kz 4 Тарих қойнауына саяхат Oral óńіrі Oral óńіrі АРҒЫМАҚ АҚПАРАТТАР Өткен сенбі күні өңір жастарының бастамасымен «Гүлдене бер, туған ел!» атты экологиялық акция өтті. «Гүлдене бер, туған ел!» Облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өткен апта соңында қалалық көпбейінді аурухана ұжымымен кездесті... «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан студенттер альянсы- ның мүшелері, студенттер құры- лыс отрядтарының сарбаздары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының мүшелері жалпықалалық сенбілікке белсе- не қатысты. 300-ден астам жас қаламыздың «Ол күндердің даң- қы өшпейді» ескерткіші алаңы, Жәңгір хан көшесінің бойы мен Зашаған кенттік округінің кейбір көшелерін қоқыстан тазалап, шаһарымыздың шырайын келті- руге атсалысты. Сенбіліктегі ак- цияның негізгі мақсаты жастар- дың экологиялық мәдениетін көтеру және туған өлкенің табиғатын қорғау болып табы- лады. Біз өз оқу орнымыздың немесе үйіміздің аумағын ғана емес, көшелер мен алаңдарды, саябақтар мен гүлзарларды, өзен жағалауларын тазалауды басты мін- детімізге алуымыз қажет. Өңіріміз- дің барша жастары мен жалпы облыс тұрғындарын сенбілік жұ- мыстарына белсенді қатысуға ша- қырамын. Мұның өзі табиғатқа деген құрметіміз болып саналады. Еліміздің тазалығын өзімізден бас- тайық! – дейді Қазақстан студент- тер альянсының мүшесі Мұса Көнеев. Азия чемпионы атанды Ақмола облысының Щучье қаласында қол күресінен мәреге жеткен Азия чемпионатында батысқазақстандықтар жеңімпаз атанды. жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, сурдолимпиадалық қол күре- сі бойынша Ақтоты Мәлік, Жиенбек Қошанов, Есеней Жақы- пов жеңімпаз атанса, Орын- басар Сариев қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар паралим- пиадалық қол күресінен Азон Шаймарданов алтын медальді жеңіп алды. Бұл жерлестеріміз- дің бәрін де Оралдағы мүмкін- дігі шектеулі адам- дарға арналған спорт клубының жаттықтырушы- сы Аманбек Қо- шанов дайын- дап апарды. Со- нымен қатар ба- тысқазақстадық- тар жасөспірім- дер мен жастар және қыздар ара- сындағы сында да жүлдесіз қал- ған жоқ. Атап айтқанда, 1997- 1999 жылғы қыздар арасын- да Кенжеқыз Қаупенова 65 кг салмақта Азия чемпионы атанды. Жастар арасында Сүйесін Құма- ров пен 2000 жылғы және одан кіші қыздардан Арай- лым Қанатова үшінші орынға көтерілді. Олардың бапкерлері Мұрат Ибатов пен Нұрхат Нысанов. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, чемпионат жасөспірімдер мен жастар, ар- дагерлер, қыздар және мүмкін- дігі шектеулі жандар арасында өтті. Айтулы додаға 12 елден 700- дей спортшы қатысса, соның 200-ге жуығы – мүмкіндігі шек- теулі жандар. Мүмкіндігі шектеулі жан- дар арасындағы сынға Батыс Қазақстан облысынан алты спортшы түсіп, соның бесеуі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» жобасы аясындағы халықаралық ғылыми экспедиция мүшелерін облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов Қаратөбе ауданына бастап келді.

Upload: others

Post on 30-Nov-2020

24 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: w Oral óńіrіOral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/45.pdf2 AQPARAT Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі 221 адам қабылдауға

221 адам қабылдауға келді

Қағазсыз медицина жүйесі іске қосылды

3

12

Сынға шыдамаған аялдама «шалқасынан» түсті

«Орал өңірі» газетінің 19 сәуір күнгі №43 санында «Аялдамалардың аянышты күйі немесе желге ұшқан миллиондар» тақырыбында мақала жарияланған бола-тын... 2

Суре

тті

түсі

рген

Айб

аты

р Н

ҰРАШ

www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpress

Құрметті оқырмандар!“Орал өңірі” газеті және zhaikpress.kz сайты об-

лыс тұрғындарымен жедел де тіке байланыс орнату мақсатында арнайы 8 707 808 48 55 whatsapp нөмірін іске қосты. Оған сіз хабарлама жіберіп, газетке неме-се сайтқа өз тақырыбыңызды ұсынуға болады. Елге, халыққа пайдасы тиетін маңызды мәселені, әлеумет

назарын аударатындай оқыс оқиғаны шұғыл хабар-лап, газет журналистерінің іссапармен келіп, зерттеу жүргізуіне мұрындық боласыз. Газет жанынан ашы-

лып отырған жедел байланыс түрі оқырман мен үнқағаздың үндестігін бұрынғыдан да жақсарта

түседі деп сенеміз.

8 707 808 48 55

Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСИ ГАЗЕТ

+ 60 С00 С

СЕЙСЕНБі,24 сәуір 2018 жыл

№45 (20609)

www.oraloniri.kz

www.facebook.com/oraloniri

[email protected]

www.oraloniri.kz

4

Тарих қойнауына саяхат

Oral óńіrіOral óńіrі

АРҒЫМАҚ АҚПАРАТТАР

Өткен сенбі күні өңір жастарының бастамасымен «Гүлдене бер, туған ел!» атты экологиялық акция өтті.

«Гүлдене бер, туған ел!»

Облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өткен апта соңында қалалық көпбейінді аурухана ұжымымен кездесті...

«Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан студенттер альянсы- ның мүшелері, студенттер құры- лыс отрядтарының сарбаздары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының мүшелері жалпықалалық сенбілікке белсе- не қатысты. 300-ден астам жас қаламыздың «Ол күндердің даң- қы өшпейді» ескерткіші алаңы, Жәңгір хан көшесінің бойы мен Зашаған кенттік округінің кейбір көшелерін қоқыстан тазалап, шаһарымыздың шырайын келті-руге атсалысты. Сенбіліктегі ак- цияның негізгі мақсаты жастар- дың экологиялық мәдениетін

көтеру және туған өлкенің табиғатын қорғау болып табы-лады.

– Біз өз оқу орнымыздың немесе үйіміздің аумағын ғана емес, көшелер мен алаңдарды, саябақтар мен гүлзарларды, өзен жағалауларын тазалауды басты мін- детімізге алуымыз қажет. Өңіріміз- дің барша жастары мен жалпы облыс тұрғындарын сенбілік жұ- мыстарына белсенді қатысуға ша- қырамын. Мұның өзі табиғатқа деген құрметіміз болып саналады. Еліміздің тазалығын өзімізден бас- тайық! – дейді Қазақстан студент-тер альянсының мүшесі Мұса Көнеев.

Азия чемпионы атандыАқмола облысының

Щучье қаласында қол күресінен мәреге жеткен Азия чемпионатында батысқазақстандықтар жеңімпаз атанды.

жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, сурдолимпиадалық қол күре-сі бойынша Ақтоты Мәлік, Жиенбек Қошанов, Есеней Жақы- пов жеңімпаз атанса, Орын-басар Сариев қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар паралим-пиадалық қол күресінен Азон Шаймарданов алтын медальді жеңіп алды. Бұл жерлестеріміз-дің бәрін де Оралдағы мүмкін-

дігі шектеулі адам- дарға арналған

спорт клубының жаттықтырушы-сы Аманбек Қо- шанов дайын- дап апарды. Со- нымен қатар ба- тысқазақстадық- тар жасөспірім- дер мен жастар және қыздар ара-сындағы сында да жүлдесіз қал-

ған жоқ. Атап айтқанда, 1997-1999 жылғы қыздар арасын- да Кенжеқыз Қаупенова 65 кг салмақта Азия чемпионы атанды. Жастар арасында Сүйесін Құма- ров пен 2000 жылғы және одан кіші қыздардан Арай- лым Қанатова үшінші орынға көтерілді. Олардың бапкерлері – Мұрат Ибатов пен Нұрхат Нысанов.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, чемпионат жасөспірімдер мен жастар, ар- дагерлер, қыздар және мүмкін-дігі шектеулі жандар арасында өтті.

Айтулы додаға 12 елден 700-дей спортшы қатысса, соның 200-ге жуығы – мүмкіндігі шек-теулі жандар.

Мүмкіндігі шектеулі жан-дар арасындағы сынға Батыс Қазақстан облысынан алты спортшы түсіп, соның бесеуі

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» жобасы аясындағы халықаралық ғылыми экспедиция мүшелерін облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов Қаратөбе ауданына бастап келді.

«Ертөстікті» таныстырды

Page 2: w Oral óńіrіOral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/45.pdf2 AQPARAT Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі 221 адам қабылдауға

AQPARAT2 Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

221 адам қабылдауға келді

Сенбі күні Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының фойесінде кезекті «Ашық әкімдік» шарасы өтті. Облыс және қала тұрғындары өздерін толғандырған сауалда-рын облыс әкімі Алтай Көлгіновке, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевқа, облыс әкімінің орынбасарлары мен облыстық депар-тамент, басқарма басшыларына қойып, сол мезетте тұшымды жауап алды.

Билік пен бұқара арасын- да кедергісіз тікелей бай-ланыс орнатуға бағыт-

талған «Ашық әкімдік» шарасы- на келушілердің қарасы бұл жолы да әдеттегідей мол болды. Айта кету керек, аталмыш шара жыл басынан бері екінші рет ұйымдас-тырылып отыр. Көпшіліктің кө-кейіндегі түйткілдің дені тұрғын үй мен жер кезегі, коммуналдық қызмет сапасын жақсарту, әлеу-меттік қолдау, қоғамдық қауіпсіз-дік мәселелеріне қатысты.

Ерік Баданов «Ашық әкімдік» шарасына Бөкей ордасы ауданы-ның Ұялы ауылынан арнайы кел- ген екен. Шағын шаруа қожалы-ғының иесі облыс әкімі Алтай Көлгіновке Жаңақала және Бөкей ордасы аудандарының шекара- сында орналасқан бөгетті тазалап беруге ықпал етуін сұрады.

– Бөгет 1967 жылы салынған, қазір тіпті теп-тегіс болып кетті. Су жинап алу үшін бөгетті таза-лап беруін өтініп, былтыр аудан

әкіміне бардым, ол Жаңақала ау- данының жері деді. Биыл тағы аяқсыз қалар деп алаңдап, сіздің қабылдауыңызға келіп отырмын. Су жетпегендіктен, былтыр 500

бас қойымды, біраз ірі қарамды саттым. 200-ге тарта мал қалды, қазір судан тарығып отырмын. Екінші мәселем, облыс орталығы-нан ет сататын орын болса, – дей- ді шаруа.

Алтай Сейдірұлы бөгет мәсе-лесі бойынша Бөкей ордасы мен Жаңақала аудандарының әкімде-ріне тиісті тапсырма беретінін, ал сауда орнына қатысты сәрсенбі күні Орал қаласының әкімі Мұ- рат Мұқаев жеке қабылдайтынын айтты.

Облыс әкімінің қабылдауында болған ҚР Мәдениет саласының үздігі, Х. Бөкеева атындағы об-лыстық қазақ драма театрының әртісі Нұрлыгүл Жұбатова облыс әкіміне өнер шаңырағының 25 жылдығына орай, оған қоса өнер саңлағы Хадиша Бөкееваның аты берілгенін кең көлемде насихат-тау мақсатында, Мәскеу, Самара, Македония, Түркия театрларымен арадағы шығармашылық байла- нысты нығайта түсу үшін халық-аралық театрлар фестивалін ұйымдастыру туралы ұсыныс айт-

ты. Алтай Көлгінов ұсынысты қол- дайтынын айтып, ақылдасып, ке-ңесе отырып атқарылатын жауап-ты іс екендігін жеткізді.

«Ашық әкімдік» шарасына ал- ғаш келушілердің бірі – оралдық Қалес Рахметов. Бірінші топ мү- гедегі Қалес Темірұлы Орал қала-сының әкіміне тұрғын үй мәсе- лесі бойынша жолықса, облыс- тық денсаулық сақтау басқарма- сы мен облыстық жұмыспен қам-туды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарынан екінші және үшін- ші топтағы мүгедек ұлдарына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлері, шипажайларға жолдама алу, жұмысқа орналасу жайлы нақты кеңестер алды.

Облыс, қала әкімдері мен бас- қарма басшыларының қабылда-уында жалпы саны 221 адам бол- ды. Әрине, барлық мәселені бір күнде шешіп тастау мүмкін емес. Әйтсе де, «Ашық әкімдік» азамат- тарға өздерін толғандырған түрлі түйткілді ашық талқылауға, қор-даланған мәселелерді құзырлы мекеме мамандарымен бірлесе шешуге мүмкіндік беретін алаңға айналып келеді.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,«Орал өңірі»

Суреттерді түсірген Айбатыр НҰРАШ

Айлық кезінде облыс орталығын, елді мекен-дерді көгалдандыру жә-

не абаттандыру бойынша кешен-ді шаралар атқарылатын бола-ды. Аталмыш шара аясында «Бү-кілқазақстандық ағаш отырғызу күні» республикалық экология- лық акциясы өткізілді. Акция ба-рысында облыс аумағындағы жа- сыл желектер алаңы ұлғайтыл-ды. Облыс бойынша 50 мың дана ағаш көшеттерінің отырғызылуы-на 29 мыңнан астам адам белсе- не қатысты. Орал қаласы бойын-ша 10 мыңнан аса көшеттер Әбіл-қайыр хан даңғылынан Желаев трассасына дейінгі аралықта, №3 көше және Зашаған кентіндегі

М. Мөңкеұлы көшелеріне отыр- ғызылды. Акция барысында шыр-ша, шетен, мамыргүл ағашы, те-рек, татар үйеңкісін отырғызуға мемлекеттік қызметшілер, жастар қоғамдық бірлестіктері, «Жасыл ел» жасақтары және сонымен қа-

тар қаламыздың оқу орындары-ның өкілдері жұмылдырылды. Жиырма округ бойынша кәсіп-керлер мен ірі ұйымдарды тарту арқылы көшеттер отырғызу бо- йынша жұмыстар ұйымдастырыл-ды. Қатысушылар саны 7500 адам-

Табиғатты аялау өзімізден басталадыАғымдағы жылдың 14 сәуірі

мен 14 мамыры аралығында санитарлық-экологиялық ай-лық жарияланды.

ды құрайды. Бұған қоса 95 жыл- дығы құрметіне орай «Қазақстан- ның Халық банкі» АҚ Батыс Қа- зақстан облыстық филиалының қолдауымен жаңа алаң аумағы- на 95 дана емен, қайың, үйеңкі көшеттері отырғызылды. Соны-

мен қатар Ақжайық ауданының орталығында ашылған «Бүлдір- шін» саябағына 115 әр түрлі ағаш егілді. Шыңғырлау ауданында да «Бір тал кессең, он тал ек» де-ген ұранмен жалпы саны 4952 көшет отырғызылды. Өткен жы-лы басталған «Туған жер» бағ-дарламасы аясында ағаш егу ак-циясы барысы биыл да жалғасын тауып, Подстепный – Әуежай жо- лына 800-ден астам қарағай егілді. Өткен жұма күні «Ел ыры- сы» базарында екпе материал-дарын сату бойынша жәрмеңке өткізілді. Оған Ақжайық, Бөрлі, Орал қаласы, Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемеле- рі жергілікті орман тұқымбақта-рында өсірген өзіміздің климат- қа бейімделген қарағай, қайың, емен, терек, шаған, канада үйең-кісі, өрік секілді ағаш көшетте- рін саттыққа шығарды.

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу

басқармасы

Page 3: w Oral óńіrіOral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/45.pdf2 AQPARAT Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі 221 адам қабылдауға

3qoǵamСейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл

Облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өткен апта соңында қалалық көпбейінді аурухана ұжымымен кездесті. Ашық пікір алма-су форматында өткен жиында денсаулық сақтау саласын цифрландыру, медициналық қызмет сапасын жетілдіру, кадр тапшылығын жою, дәрігерлердің біліктілігін арттыру сияқты өзекті мәселелер талқыланып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды. Министр саладағы қордаланған мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. Басқосуға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Oral óńіrіOral óńіrі

– Қазіргі кезде ең маңызды мәселе – халыққа елімізде жүр-гізіліп жатқан реформалардың мақсатын, ең алдымен медици-налық сақтандыруды енгізу ту-ралы түсіндіру. Бұл реформаның негізгі мақсаты – қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ететін қаржыланды- рудың жаңа үлгісіне көшу. Елі- міздегі мемлекеттік медицина-

медициналық ұйымдар автоматты түрде алып келген қаражат бә-секелестік ортаға түскен кезде жеке клиникаларға бөлініп кетті. Бұл – нарық талабы. Екінші мәселе, жеке секторға мүмкіндік беру арқылы біз жеке инвестициялар көлемін екі есеге дейін арттырдық. Яғни, медицина саласына құйылған қаражаттың тең жартысын жеке инвестициялар құрап отыр, – дей

лық ұйымдардың 85 пайызы шаруашылық жүргізу құқығын- дағы кәсіпорындар, бұл орайда шешім шығаруда басшылыққа дербестік беріледі. Басқарудың бұл тәсілі ресурстарды мейлін- ше тиімді пайдалануға, маман- дардың жалақысын жүктемеге лайық тағайындауға және тұрғын- дарға сапалы медициналық кө- мек көрсетуге жол ашады. Меди- цина саласында жан басына шаққандағы нормативті артты-руды жоспарлап отырмыз. Ам- булаторлық көмек бағалау не-гізінде болады, ал стационарлық қызмет көрсетуде тиімділігі тө- мен ресурстар әлі де бар. Сондықтан, бұл бағытта жаңа норматив бекітілді, кезең-кезеңі-мен оңтайландыру жұмыстары жүргізілетін болады. Облыс әкім-дері жергілікті басқару органы ретінде оңтайландыру барысын- да үнемделген қаржының меди-цина қызметкерлерінің жалақы-сын арттыруға бағытталуын қа-дағалап отыруы тиіс.

Қазір денсаулық сақтау жүйесі экономиканың нақты секторына айналды. Биылдан бастап еліміз- де медицина саласындағы жеке секторды қаржыландыру көлемі артты. Бұған дейін мемлекеттік

келе Елжан Біртанов дәрі-дәр-мекпен қамтамасыз ету мәселе-сіне тоқталып өтті. Министрдің айтуынша, биылдан бастап дәрі-дәрмекті сатып алудың тендерлік рәсімдері толықтай онлайн тәр- тіпте өтеді және отандық дәрі-дәрмек түрлеріне басымдық бері-леді.

– Дәрі-дәрмек қорын жасақтау барысында жоспарлауға қатысты мәселелер анықталды. Қыс айла- рында сіздің облыста тегін бе-рілетін дәрілердің тапшылығы- на байланысты қиындықтар туын- дағаны белгілі. Фармация ко- митеті мен «СК фармация» ком-паниясы мамандарының түбегей- лі тексеруі нәтижесінде дәрі-дәрмек қорының жасақталмауы, науқастарға уақтылы жеткізілмеуі сияқты олқылықтар анықталды. Оған қоса заңнаманың кеш қа-былдануы да кедергі тудырды. Биыл осы жағдай қайталанбас үшін тегін препараттар алатын науқастар санын алдын ала нақ-тылап, қажетті дәрі-дәрмек қорын жасақтауға баса көңіл бөлінуі тиіс. Қан айналым жүйесі және қатерлі ісік ауруларын ерте диаг-ностикалау үшін скринингтік тек- серулерді уақтылы әрі сапалы жүргізу қажет, – деді министр.

Е. Біртанов міндетті медицина- лық сақтандыруды енгізу, бәсе- келестікті дамытуды реттеу, мемлекеттік-жеке меншік әріп-тестік бойынша инвестициялар тарту, дәрі нарығын, медицина-лық туризм мен қоғамдық ден- саулық сақтауды дамыту сияқты басым бағыттар аясындағы мақ- сат-міндеттерді де саралап ай- тып берді. Елімізде медицина шығындарын қайта қарайтын жә- не негізгі қаражатты салауатты өмір салты индустриясына жұм- сайтын уақыт келгендігі туралы пікірімен де бөлісті.

Биылдан бастап қағазсыз ден- саулық сақтау жүйесі еліміз бо-йынша төрт өңірде, яғни Қараған-ды, Қостанай, Ақмола және Ба- тыс Қазақстан облыстарында пилоттық режимде іске қосыл-ғаны белгілі. Министрдің айтуын- ша, денсаулық сақтау саласын цифрландыру медицина қызмет- керлерінің еңбек өнімділігін ұл- ғайтып, қызмет сапасын жақсар-тып, халықтың медициналық қызметтерге қанағаттану деңге-йін арттырмақ. Облыстың ден-саулық сақтау мекемелерінде бо-лып, триаж жүйесімен, қағазсыз құжат айналым, кезексіз емхана, науқастың электронды денсаулық төлқұжаты, «K-vrach.k» мобильді қосымша сияқты жаңа өнімдердің жұмысымен танысып, оң баға-сын берген министр өңірдің цифрландыру бағдарламасын жү-зеге асыруда нақты нәтижелерге қол жеткізіп, республикада көш бастап келе жатқанын айтты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаевтың мәлімдеуінше, өт-кен жылы облыста жалпы өлім көрсеткіші 5,1 пайызға, бала өлімі 14,1 пайызға, туберкулез ауруынан өлім 3,7 пайызға, қатерлі дерт салдарынан болатын өлім көрсеткіші 4,7 пайызға кеміген. Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім 2,1 пайызға артқан, бір ана өлімі тіркелген. Алдын алу және скринингтік шаралар барысында 128 802 адам тек-серуден өткен. Жедел жәрдем қызметі жаңартылып, ребрендинг жасалған. Шақыруларды өңдеу уақыты азайып, жедел қызмет көрсету сапасы артқан.

Өңірде дәрігер мамандар тап- шылығы әлі күнге күн тәрті-бінен түспей келеді. Қанат Дүй-сенбайұлының айтуынша, былтыр

облысқа 86 дәрігер келген, олар- дың 42-сі аудан-ауылдарға жол- данған. Дейтұрғанмен, әлі 207 дә- рігерге сұраныс бар, соның ішін- де 51 жалпы тәжірибедегі дәрі-гер, 25 акушер-гинеколог, анес- тезиология және реаниматоло-гия саласында 19, кардиологияда 10 дәрігер қажет.

Былтыр облыстың 160 мектеп түлегіне жергілікті бюджет қаржы-сына жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік берілген еді. Мемлекеттік грант- қа ие болғандардың 24-і дәрігер мамандығын таңдаған. Жиында сөз алған облыс әкімі Алтай Көлгінов бұл үрдіс биыл да жалғасын табатынын, соның ішін-де медицина мамандықтарына 24 грант бөлінетінін жеткізді.

– Облыстық бюджет есебінен тегін оқып, мамандыққа ие болған соң түлектер басқа мамандықта жұмыс жасай алмайды. Басты талап – оқуларын аяқтағаннан кейін Батыс Қазақстан облысына келіп, кемі бес жыл келісімшарт бойынша еңбек етуге міндетті. Оған қоса, дәрігерлерді шет мемлекеттерге тағылымдамаға жіберу, танымал медицина мамандарын облыс- қа шақырып, шеберлік сағат-тарын өткізу жоспарда бар. Министрдің өзі келіп, мемлекеттік бағдарламалардың тетіктерін ай- тып бергенінің өзі шеберлік сағаты біз үшін. Облыстағы 40 медицина ұйымының 19-ы то- лықтай қағазсыз құжат айналым жүйесіне көшті. Жыл соңына де-йін қалған 21 ұйым да қосылады. Цифрландырудың тиімділігін дә-рігерлермен қатар емделушілер де сезініп отыр. «K-vrach.k» мо- бильді қосымшаны дамыту ар-қылы медициналық қызметтің қолжетімділігін және ашықтығын қамтамасыз етеміз. Жетістіктеріміз мол, кемшін тұстарымыз да жоқ емес. Ескертулер мен кеңестерді ескереміз, – деді облыс әкімі.

Жиын барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, сала ардагерлері, дә-рігерлер ведомство басшысына көкейдегі сауалдарын қойып, нақ- ты жауап алды. Қысқасы, бұл министр мен медицина қызмет- керлері, билік пен бұқара арасын-да ашық диалог орнаған екіжақты тиімді кездесу болды.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,«Орал өңірі»

Қағазсыз медицина жүйесі іске қосылды Шара барысында кітапхана қыз-

меткерлері оқырмандар назары- на ақпараттық ашық кітап көр-месін ұсынды. Кітап көрмесіне қойылған Елбасы Жолдауларына, Қазақстанның көрікті жерлеріне және Астананың 20 жылдығына, сондай-ақ «Бір ел – бір кітап» акциясына байланысты кітаптарға ақпараттық шолу жасады.

Адамзаттың алдында тұрған ұлы міндеттердің ең бастысы са-лауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Ал кітап арқылы жас ұрпақтың талабы мен талғамын қанағаттандыра отырып, рухани ой-өрісі дамыған, ақыл-парасаты жан-жақты жетілген ұр-пақ тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы міндетіміз.

Бақытжамал ИСАҒАЛИЕвА, М. Горький атындағы

№1 балалар кітапханасының қызметкері,

Орал қаласы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша облыс орталығындағы Ж. Молдағалиев атындағы №2 мектепте ашық есік күні ұйымдастырылды.

Ақпараттық ашық кітап

көрмесі

Shara barysynda kitaphana qyz-metkerleri oqyrmandar nazaryna aqparattyq ashyq kitap kormesin usyndy. Kitap kormesine qoıylgan Elbasy Joldaylaryna, Qazaqstannyn korikti jerlerine jane Astananyn 20 jyldygyna, sondaı-aq «Bir el – bir kitap» aksıasyna baılanysty kitaptarga aqparattyq sholy jasady.

Adamzattyn aldynda turgan uly mindetterdin en bastysy salayatty, sanaly urpaq tarbıeley bolyp tabylady. Urpaq tarbıesi – keleshek qogam tarbıesi. Al kitap arqyly jas urpaqtyn talaby men talgamyn qanagattandyra otyryp, ryhanı oı-orisi damygan, aqyl-parasaty jan-jaqty jetilgen ur-paq tarbıeley – bizdin de qogam aldyndagy mindetimiz.

Baqytjamal ISAGALIEVA,M. Gorkıı atyndagy

№1 balalar kitaphanasynyn qyzmetkeri,Oral qalasy

«Ryhanı jangyry» bagdarlamasy boıynsha oblys ortalygyndagy J. Moldagalıev atyndagy №2 mektepte ashyq esik kuni uıymdastyryldy.

Aqparattyq ashyq kitap

kormesi

Page 4: w Oral óńіrіOral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/45.pdf2 AQPARAT Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі 221 адам қабылдауға

taǵzym4 Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Тарих қойнауына саяхат

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» жобасы аясындағы халықаралық ғылыми экспеди-ция мүшелерін облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов Қаратөбе ауданына бастап келді.

Экспедиция бастауын ХІХ ға­сырда Бөкей хандығына аты жа­йылған, күй жарысында аса да­ рынды күйші ретінде жүлдені өз­геге бермеген, қара домбыраның шанағынан күй саулатқан Құр­манғазының өнердегі ұстазы Ұзақ

күйшінің мәңгілік тыныс тапқан жері Қаратөбе ауданынан бастау алуы да өнердің өміршеңдігін көрсетсе керек.

Экспедиция құрамында БҚО та­ рихи­өлкетану музейінің қызмет­керлері, ғылыми экспедицияның жетекшілері, ардагер журналист, ақын­жазушылар, өлкетанушылар, күйші, домбыра жасау шебері, «Орал сазы» ансамблінің жетекші­сі, Дина Нұрпейісова атындағы саз мектебінің мұғалімдері, Қаратөбе, Жаңақала, Қазталов, Бөкей орда­сы ауданы әкімдігінің өкілдері, өлкетанушылар, мәдениет саласы қызметкерлері бар.

Экспедиция мақсаты «Күй ата­ сы» атанған, ұлы қүйші­компози­ тор, дәулескер домбырашы, өне­ рінен өнеге дарыған Құрманғазы Сағырбайұлының ғұмырнамасы­ ның ақиқатын, күйлерінің шығу тарихын, шығармашылық­қайрат­ керлік болмысын сипаттау бағы­тында зерттеп­зерделеу, қазақ му­

зыка мәдениетінде өшпес із қал­ дырған Ақ Жайық өңірінің айтулы, атақты күйшілерінің өмірдерек­тері, олардың күйлерін зерттеу және құнды мұраларды қасиет­ теп қастерлеу болып табылады.

Ғылыми­экспедицияның марш­

руты Қаратөбе ауданы – Жаңақала ауданы – Қазталов ауданы Көкте­ рек ауылы – Бөкей ордасы ауда­ны – Ресей мемлекетінің Астрахан облысының Володар ауданында­ ғы Алтынжар ауылдарын қамтиды.

Өнердің құты дарыған Қаратө­ бе ауданынан бастау алған экспе­диция мүшелері алдымен Аққозы ауылдық округінің Ақтұлым же­ рінде бой көтерген күй атасы Құр­манғазы бабамыздың ұстазы Ұзақ Мырзабайұлының кесенесіне тағ­зым етіп, аруақты бабаның рухы­ на Құран бағыштады.

­ Бүгін Орал қаласынан таңмен ерте жолға шыққан халықаралық ғылыми экспедицияның алғаш аялдаған жері – күй атасы Құрман­ ғазы Сағырбайұлының ұстазы Ұзақ бабаның кесенесі. Елбасының «Бо­ лашаққа бағдар: рухани жаңғы­ ру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл толу аясында өңірде көптеген шара­ лар, жұмыстар атқарылды. Соның ішінде «Рухани қазына» кіші бағ­

дарламасы аясында көнеден келе жатқан ел тарихына жете мән бе­ ріп, рухани қазынамызды жаңғыр­тып, жұмыстануда халықаралық экспедиция мүшелері көтерген жүк жеңіл емес.

Рухани қазынамызды жинау ісінде экспедиция мүшелеріне зор табыс тілейміз. Тарихымызды, мәдениетімізді жаңғыртуға бәрі­ міз де атсалысайық! – деді «Ға­сырлар қойнауынан жеткен баба­лар үні» жобасының басты мақсат­міндеттерін жұртшылыққа баян еткен облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов.

Одан соң ардагер журналист Тихон Әліпқали, ақын Дариға Мұш­танова, Ұзақ бабаның ұрпағы Ай­жан Қазбаева сөз алып, бабалар мұрасын кейінгі ұрпаққа наси­хаттау, қасиетті домбыраны қадір тұту турасында ой өрбітті. Шараға қатысушы меймандар кесене ма­ңына 20 түп көшет отырғызды.

Аудан орталығына келген мей­ мандар әкімдіктің мәжіліс за­лында «Қос ішектегі құдірет» атты дөңгелек үстелге қатысты. Басқо­ суда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұ­

лов экспедиция жұмысына сәтті­ лік тіледі.

Дөңгелек үстелде танымал ар­ дагер журналист Тихон Әліпқали бабалар мұрасы, күй құдіреті ха­ қында тереңнен ой қозғаса, ақын Дариға Мұштанова Ұзақ бабамыз­ ға арналған сиясы кеппеген төл туындысын оқып берді.

Ал Құрманғазы домбырасы­ ның көшірмесін жасаған танымал күйші, республикалық «Үкілі дом­ быра» байқауының екі мәрте жүл­ дегері Едіге Нәбиев пен белгілі домбырашы, ұстаз Асқар Кенже­ғалиев Құрманғазы бабамыздың шығармаларын орындады.

Аудан басшысы Жанат Асан­таев жүргізген дөңгелек үстелде Қаратөбе аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ер­мекқалиев, еңбек ардагері Мәу­ лен Қожахметов сөз сөйлеп, Қара­ төбе өңірінен бастау алған тағы­лымды шара жанашырларына оң сапар тілесті. Тағылымды басқо­суда қаратөбелік жас күйші Қай­ рат Байғұтты жиналғандар құр­метіне күй тартып берді.

Дөңгелек үстелге БҚО мәде­ниет, архивтер және құжаттама

басқармасының басшысы Қадыр­болат Мұсағалиев, БҚО тарихи­өлкетану музейінің директоры, ғылыми экспедицияның жетекшісі Мирболат Ерсаев, ардагер журна­лист, өлкетанушы Тихон Әліпқали, ақын Дариға Мұштанова, күйші, домбыра жасаушы шебер Едіге Нәбиев, «Орал сазы» ансамблі­нің жетекшісі, Дина Нұрпейісова атындағы саз мектебінің мұғалімі Асқар Кенжеғалиев, облыстық та­ рихи­өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Рысты Кажушева, Жәң­ гір хан атындағы тарихи­этногра­фиялық музейінің меңгерушісі Нұржан Төлепов, облыстық му­зейдің экспозиция және көрме­ні жабдықтау бөлімінің маманы Мөлдір Төлегенова, программист­дизайнер Сәндігүл Тілепберге­ нова, жергілікті әкімшілік өкілде­ рі және өнерпаздар, аудан орта­лығындағы музыкалық мектептің оқушылары қатысып отырды.

Дөңгелек үстел соңында аудан­дық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев бата берді.

Ертай БИМҰХАНОВ,Қаратөбе ауданы

Page 5: w Oral óńіrіOral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/45.pdf2 AQPARAT Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі 221 адам қабылдауға

Облысымызда меритократия қағидаттары қалай жүзеге асып жатыр, тамыр-таныстықпен әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға келуге бола ма, жастарымыздың мемле-кеттік қызметке келуі қалай? Міне, осындай сауалдармен облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Асылұлан Досжановқа жолыққан едік.

«Әлеуметтік желілердегі «артық әңгімелерге» негіз жоқ»

sUHBat Cейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл 5Oral óńіrіOral óńіrі

Елбасымыз «Бұдан былай мемлекеттік қызметші ла- уазымдық сатымен кезең-

кезеңмен, билік иерархиясының бір сатысынан келесісіне өзінің машығын жетілдіре және кәсіби деңгейін арттыра отырып көте- рілетін болады» деп атап көрсет-кен еді. 100 нақты қадам – Ұлт жоспарында кәсіби аппарат құ- ру туралы нақты айтылған. Соған сәйкес облысымызда да мерито-кратия қағидатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүруде. Қазіргі таңда мем-лекеттік қызметшілер облысіші- лік және деңгейаралық («орталық-өңір», «өңір-орталық») жүйе бо-йынша ротациялануда. Мәселен, облыс ішінде жоғары тұрған лауа-зымдарға ауысу тәртібіне келсек, таяуда облыс әкімінің орынбаса-ры болып тағайындалған Мир- жан Сатқановты айтуға болады. Ол қызметін маманнан бастап басқарма басшысына дейін көте- рілді. Он жыл Сырым ауданы әкі- мінің орынбасары болған Төле-ген Төреғалиев қазір аудан бас- қарып отыр. Сегіз жылдан астам уақыт Шыңғырлау ауданы әкімі- нің орынбасары болған Қалияр Айтмұхамбетов қазір облыстық жұмыспен қамту басқармасына жетекшілік етуде. Бірнеше басқар-мада орынбасар болып қызмет еткен Берік Есенғалиев (ауыл шар- уашылығы басқармасының бас-шысы), Дулат Имашев (қаржы бас- қармасының басшысы) қазір бас-шылық қызметтерге тағайындал-ды. Сонымен қатар бірнеше жыл облыс әкімі аппаратында инспек-тор болып қызмет атқарған кадр-лар қазір аудандарда басшылық қызметтерді атқаруда. Мәселен, Жаңақала ауданы әкімінің екі бір- дей орынбасары, Бөрлі, Шыңғыр-лау, Қаратөбе ауданы әкімдері- нің аппарат басшылары облыс

әкімі аппаратынан жолданған жандар. Бір сөзбен айтқанда, білімді, білікті жастарға облыс әкімінің қолдауы ерекше, жас- тарға жол ашылуда. Орал қа- ласы әкімдігінде бөлім басқар-ған Еркебұлан Ихсанов (Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары), Ринат Шәуенов (Зеленов ауданы әкімінің орынбасары), Виталий Кушнер (Теректі ауданы әкімінің орынбасары) сияқты жас маман-дар халықтың арасында жүріп тәжірибе жинауда.

Менің өзім де мемқызметтегі еңбек жолымды ҚР Мемлекет-тік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінде 2004 жылы бас маман лауазымынан бастадым. Кейін консультант, бө-лім басшысы болып, департамент басшысының орынбасарына де- йін өстім. 2014 жылы Зеленов ау- даны әкімінің орынбасары қыз- метіне тағайындалдым, өткен жыл-дың желтоқсанынан бастап осы лауазымда еңбек етудемін.

«Өңір – орталық» жүйесіне тоқ- талсам, облыс әкімінің бірінші орынбасары болған Арман Өте-ғұлов өңірде әр түрлі деңгейдегі басшылық қызметтерді атқарғаны-мен, орталықта жұмыс істемеген. Жуырда осы ротацияға сәйкес, ҚР Президенті жанындағы ұлттық комиссиясының шешімімен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Облыстық ішкі саясат басқармасының бас-шысы қызметін атқарған Бақыт-жан Нарымбетов ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары болып ауысты. Облыс әкімі аппараты- ның орынбасары Расул Медетов ҚР Мемлекеттік қызмет істері жә-не сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің департамент басшысының орынбасары лауазы-мына барып, жақында аталмыш агенттіктің Ақтөбе облысы бо- йынша департамент басшысы бо- лып бекітілді. «Орталық – өңір» жү- йесі негізінде орталық мемлекет-тік құрылымдардан облысымыз- ға келген облыс әкімінің орынба-сары Ғабидолла Оспанқұловты, облыстық денсаулық сақтау бас-қармасының басшысы Қанат Тө-секбаевтарды айтуға болады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік әкім-шілік қызмет персоналын дамыту жөніндегі жұмыс шеңберінде та- ғылымдамадан (стажировка) өткі- зу нысанына ерекше маңыз бері-леді. Өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер орталыққа, яғни ҚР Президентінің әкімшілігіне, Үкімет кеңсесіне, министрліктерге ба- рып тағылымдамадан табысты өт- се, олардың мансаптық өсу перс- пективаларына жол ашылады. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарла- масымен шетелде, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқа- ру академиясында оқуы да лауа-зымның жоғарылауына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, облыста Мемлекет басшысының 100 нақ- ты қадам – Ұлт жоспарында ай-тылған талаптарға сай жұмыстар атқарылуда.

– Асылұлан Тұрсынұлы, қазір заңға сәйкес бірде-бір басшы өзіне жақын адамдарды айна-ласына топтастыра алмайды ғой...

– Әрине. ҚР «Мемлекеттік қыз- мет туралы» заңымен мұндай әре- кеттер көзделмеген. Бұрынғыдай

ауысу тәртібі де жоқ. Бос әкiмшi-лiк мемлекеттiк лауазымдарға тек конкурс арқылы орналасады. Өз- дерінің білімі мен біліктілік дең-гейлерін жақсы көрсеткендер ға- на конкурстан өте алады. Ал үміт- керлерді бағалайтын комиссия құрамында сол мекеме қызмет-керлерімен қатар, байқаушылар, сарапшылар қатысады. Бұл кон-курстың ашықтығын қамтамасыз етеді.

– Жергілікті жердегі бос әкiм- шiлiк мемлекеттiк лауазым-дарға өзге жердің азаматта-ры тағайындалса, кейде түрлі әңгіме тарап жататыны бар...

– Сұрағыңызды түсіндім. Өзім бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауа-зымдарға конкурстан өтіп келген азаматтарды жергілікті, жергілікті емес деп бөлуді дұрыс деп сана-маймын. Жоғарыда айтып өтке- німдей, конкурста білімі мен бі-ліктіктілігі жағынан бәсекеге қабі-летті екендерін дәлелдегендер сол лауазымға тағайындалады.

Осы жерге айта кетейін, бірқа- тар басшылық қызметтерде бол- ған кезде байқағаным, жастары-мыздың мемқызметке деген тал-пынысы төмендеу. Конкурсқа түс- кендердің арасында да білім дең-гейімен ерекшеленіп тұратындар да аз. Қызмет барысында талпы-нып, кәсіби біліктілігін арттыру- ға ұмтылып жүретін, өзін көрсе-те білетіндер де көп емес. Оның өзіндік себептері де бар шығар. Біреулері мемқызметкердің жала-қысының төмендігін айтса, екін-шілері жұмыс ауқымының көпті- гін сөз етеді. Бірақ бұл сылтау емес деп ойлаймын. Егер әрбір азамат өз жұмысын жоспарлап, белгілі бір деңгейге қойып, соны орындай білсе, уақтылы үйіне ке-туіне болады. Тіпті қазір мемле- кет қызмет саласына осындай та-лап қойылып отыр. Мемқызмет-кердің еңбекақысы дүркіретіп той жасауға жетпес, дегенмен от-басын асырауға, көштен қалмау- ға болады. Тағы бір айта кететін жайт, биылдан бастап Астана қа- ласы мен Маңғыстау облысында және екі министрлікте пилоттық

жоба ретінде бонустық жүйе ен- гізілуде. Бұл жүйе бойынша тө- менгі лауазымдағы мемқызмет-керлердің табысы үш, одан лауа-зымы жоғарылардың табысы екі есеге дейін көбеймек. Жалпы, өзім мемқызметті ең тұрақты қызмет-тің бірі деп есептеймін. Себебі, уақтылы жұмысыңа барасың, ең-бекақыңды аласың, демаласың дегендей.

Сөздің шыны керек, әлі де бі-раз жастарымыз ауырдың үсті-мен, жеңілдің астымен жүргісі келеді. Мәселен, біреулері 4-5 сағат дәмхана-мейрамханаларда даяшы болып қызмет етіп, тапқан ақшасын алып, екі-үш күн қыды-руды көздейді. Ал айналасын- дағы жандар олардың бұл әре-кеттеріне қарап жұмыс жоқтық- тан осылай істеп жүр деп ой-лайды. Сонымен қатар әлеумет-тік желілердегі «бос лауазымға өздерінің адамдарын қояды» де-ген негізсіз сөздер де жастары- мыздың мемқызметке жөнді кел- меуіне себепші болуда деп ой-лаймын. Соңғы жүргізген талдау нәтижелері көрсеткеніндей, об-лыстық мемлекеттік мекемелер-де 42, қала мен аудандарда 92 бос орын бар. Осы сәтті пайда-ланып, азаматтар мен азаматша-ларды бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың конкурстарына қатысуға шақырғым келеді. Сөй-тіп, болашақтарын мемлекеттік қызметпен байланыстырса екен деймін.

Егер жергілікті дегенге келетін болсақ, бүгінгі таңда облыстық басқармалардың басшылары да, қала мен аудандардың әкімдері де негізінен батысқазақстандық азаматтар мен азаматшалар. Сө- зіме дәлел болсын 24 облыстық басқарманың 20-сын батысқазақ-стандық мамандар басқарып отыр. Ал қалған төртеуінің басшысы үш-төрт жыл көлемінде осы өңір- де еңбек етіп жатқан еліміздің азаматтары. Сондықтан әлеумет- тік желілерде жазып жатқан кей-бір «артық әңгімелерге» негіз жоқ деп ойлаймын.

Сұхбаттасқан Сәкен ӘБіЛХАЛЫҚОв

Жәрмеңкеде М. Өтемі-сов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік

университетіндегі мәдениет және өнер факультетінің кітапхана ісі мамандығына оқитын студент-

тер және олардың оқытушылары, Ж. Молдағалиев атындағы облыс-тық ғылыми-әмбебап, М. Горький атындағы қалалық және аудан-ауыл кітапханаларының жас ма- мандары бас қосты. Олар әр түрлі

инновациялық идеяларды ұсы-нып, түрлі жобаларды талқылап, оқырмандармен жұмыс істеудің озық әдістерін көрсетті. Шараға қатысушылар облыстағы оқыр-мандарды ақпаратпен қамтама- сыз ету жолдары жайында әңгі- мелеп, қызықты іс-тәжірибелері- мен бөлісті. Басқосуда 35 кітапха-нашының жұмысы таныстырылып, жаңа бағыттағы жұмыс түрлері мен әдістері бойынша тәжірибе алмасты.

Жас мамандар облыстық мә-дениет, архивтер және құжатта- ма басқармасының басшысы Қа- дырболат Мұсағалиевтың, М. Өте-

місов атындағы БҚМУ-дың қазақ филологиясы кафедрасының про-фессоры, педагогика ғылымда- рының докторы Абат Қыдыр-шаевтың тағылымды әңгімелерін тыңдады.

Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша «Ең үздік креативті жо- ба» аталымын Сырым ауданында-ғы Аралтөбе модельді кітапхана-сы, Қазталов аудандық модельді балалар кітапханасы, Орал қа-лалық №13 және №2 кітапхана филиалдары, Х. Есенжанов атын- дағы облыстық балалар кітапха-насының мамандары иеленді.

Креативті идеялар жәрмеңкесіЖақында Х. Есенжанов атындағы облыстық

балалар және жасөспірімдер кітапханасында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған ел – туған жер» базалық бағытын жүзеге асыру аясында жас кітапхана маманда-рына арналған «Жас ұрпақ оқуы – елдің интеллектуалды ресур-сы» облыстық креативті идеялар жәрмеңкесі өткізілді.

Басқосу соңында жас кітапха-нашылар ұлттық сананың жаңғы- руы жолында балалар кітапхана-сында атқарылатын жұмыстардың библиофреш, сторителлинг, биб-лиоквест, көрме-инсталляция, ұсы- ныс пен кеңес, оқырман бенефи-сі секілді және т. б. кітапханалық жұмыс түрлері мен көрмелердің жаңа бағыттары мен жаңашыл жолдары көпшілікке ұсынылды. Үздік деп табылған жұмыстарды облыс көлеміндегі балалар кітап- ханаларының жұмыс тәжірибеле-ріне енгізу, кеңінен тарату жайы да ескерілетін болады.

Жазира БИСЕКЕНОвА,Айбек БОРАНБАЕв,

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің

студенттері

Page 6: w Oral óńіrіOral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/45.pdf2 AQPARAT Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі 221 адам қабылдауға

tsıfrlyq qazaqstan6 Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы

мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан бағаланған қазақстан­

дық татулық пен келісімді паш етеді. Қоғамдық түсіністік пен этносаралық татулықты

сақтау – қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдағы келісім мен саяси

тұрақтылық біздің ең басты байлығымыз. Біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздік деп

Елбасы ұлықтағандай, сол құндылықтарды қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз.

Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт­береке, ырыс

пен бақ тілеймін!

Құрметті әріптестер және қала жолаушылары!

Құрметпен: Александр БАКЛАН, “Урал Тех Сервис” ЖШС-ның директоры

Кеше «Нұр Отан» партия-сы ғимаратының үлкен залында «БатысБілімТаlks» лекторий жобасының і сессиясы «Цифрландыру: баршаға қолжетімді сапа-лы білім» тақырыбымен өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Алтай Көлгінов, «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, «BilimmediaGroup» ЖШС-ның директоры Рауан Кенжеханұлы, «Knowledge Egineering» ЖШС-ның директоры Нартай Әшім қатысты.

Облыстық білім басқар- масының ұйымдасты- руымен педагог қызмет-

керлерді кәсіби тұрғыдан дамыту-ды, педагог мамандығының мәр- тебесін көтеруді, білім беру орта-сында цифрлық технологияларды қолдануды көздеген «БатысБілім-Таlks» лекторийінің жобасы құрыл- ды. Басты мақсат – «Рухани жаңғы-ру» бағдарламасы аясында оқы- ту мен тәрбиелеудің ұлттық жүйе-сін дамыту. Соған орай өткен сес- сияға аудандық, қалалық білім бе- ру бөлімдерінің басшылары, әдіс-керлер, білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер, сту- денттер қатысты. Сессия жұмысы- на облыстық білім беру басқар- масының басшысы Шолпан Қады-рова модераторлық етті.

Сессияға қатысушылар жиын барысында сандық режимде тір-келіп, спикерлермен онлайн ре-жимінде кері байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Қатысушылар смартфон арқылы спикерге сұрақ-тар қойып, тиісті жауаптар алды.

Облыс әкімі жиынға қатысушы-ларға «қош келдіңіздер» айтып, Ел-басымен қабылданған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясын- да қолға алынған жұмыстарға, бі- лім беру саласын цифрландыру- дың үлкен жетістіктерге бастай- тынын, Елбасының биылғы Жолда-уын да «ақылды қалалар» жөнін- де, «Рухани жаңғыру» бағдарлама- сында да цифрлық білімнің салта-нат құруына мән-маңыз берілгені-

не, мұғалімдерді цифрландыруға даярлаудың маңыздылығына тоқ-талды.

– Қазіргі уақытта өңірде 152 ел- ді мекен интернетке қосылмаған. Бұл 35 пайызды құрайды. Шалғай-дағы ауылдарда шағын комплек- тілі мектептер бар. Сол мектеп-терден сессияға директорлар, мұ-ғалімдер келіп отыр. Аталған мек- тептер қала мектептерінен кем болмауы үшін биыл 220 білім ошағына «Білім book» электрон-ды жүйесін жеткізуге қаражат бө- лінді, қазір конкурс жүруде, 1 қыр- күйекте, жаңа оқу жылында жаңа компьютерлермен, бағдарламасы- мен онлайн контентпен қамтама- сыз етіледі. Аудан орталықтарын- дағы мектептерде оқушылар элек- трондық бағдарламаларды, жаңа технологияларды толық қолда-натын болады. Бұл жұмысты жыл сайын жаңғыртып отыруымыз ке- рек. Бүгін мұғалімдерімізді жаңа-лықтармен таныстыратын бола-мыз, – деген облыс әкімі облыста қолға алынған цифрландыру жо-баларына, соның ішінде «Смарт Сити», «Қауіпсіз қала» жобалары- на тоқталды.

– Біз «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма басшысы Бақытбек Есе-кеевпен «Жол картасына» қол қоя- мыз. Онда денсаулық сақтау са-ласын цифрландыру бағыты қа-ралған. Жақында ҚР Денсаулық сақтау министрі өңірімізге ісса- пармен келіп кетті. Аудандағы ме- дициналық нысандарда, медпункт- терде, ауылдық дәрігерлік амбу- латорияларда, облыстық клини-калық ауруханада болды. Интер-нетке кіру жылдамдығына, интер-нетке қолжетімділік мәселелері бойынша түйткілдер баршылық. Міне, таяудағы үш жыл ішінде осы түйткілдерді шешеміз. Бізде бұған қатысты ҚР Ақпарат және комму-никациялар министрлігімен бірге жасалған жоспар бар. Бұл жос-пар бойынша 100 елді мекен кең жолақты интернетке қосылады. Мұның барлығы цифрландыруды кеңейтуге мүмкіндік береді және шәкірттерді цифрландыруға оқы-туға жол ашады. Биыл Оралда «Қа-зақтелекоммен» бірге «Қауіпсіз ау- ла» бойынша қосымша 2 мың бей- некамера орнатылады. Бұл жоба 200 көпқабатты тұрғын үйді қам-

тиды. Яғни 30 мың адам тұратын бір мың подъездге бейнекамера қойылады, – деді Алтай Сейдірұлы. Облыс әкімінің айтуынша, мұндай кездесулер тұрақты өтетін бола- ды, өйткені алдымен балаларды оқытатын мұғалімдерді цифрлан-дыруға даярлап, кәсіби біліктілі- гін көтеру керек.

Жиында сөз алған Бақытбек Есекеев «Қазтелекомның» интер-неттің, жаңа технологиялардың дамуына инвестиция құятынын айта келе, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын белсенді іске асы-ру кезеңі басталғанын тілге тиек етті. «Алдағы екі жылда БҚО-дағы бес ауданның орталығын оптика- лық-талшықты байланыс желісіне қосу жоспарланды. Ондай желіге қосылудың арқасында интернетке қосылған мектептердің саны және интернетке қосылу жылдамдығы артады. Осыған орай білім сапа-сының да жоғарылайтыны анық. Бүгінде елімізде смартфондар ар- қылы интернеттен ақпарат алу-шылар қатары өсті. Компания ба- лалардың тыйым салынған ақпа- ратты алмауы үшін мектептерге фильтрация, сүзу жұмыстарын жа- сайды. Екінші үлкен шаруа – фи- зикалық тұрғыдағы қауіпсіздік, үйлердің кіреберістеріне бей-

некамера қою жұмыстары жүр-гізілмек. Қорыта айтсақ, біздің компания ауыл және қала мек-тептері арасындағы цифрлық тең- сіздікті жою бағытындағы жұмыс-тарға қатысуға және әлеуметтік жауапкершілікті мойнына алуға ниетті», – деді Бақытбек Есекеев. Облыс әкімі алдағы жаңа оқу жы-лында барлық аудан орталығы сапалы интернетпен қамтылаты-нын жеткізіп, мұғалімдерді қуантты.

Сессияда «BilimmediaGroup» ЖШС-ның директоры Рауан Кен-жеханұлы, «Knowledge Egineering» ЖШС-ның директоры Нартай Әшім «Білім берудегі заманауи трендтер» және «Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға ар- налған сандық ресурстар» тақы-рыптарында сөз сөйледі. Алды- мен Рауан Кенжеханұлы Ұлттық аударма бюросының басшысы ре- тінде «Рухани жаңғыру» бағдар-ламасы бойынша аударылып, ба-сып шығарылған 18 оқулықтың таныстырылымын өңірлер арасы-нан БҚО-да жасады. Оның айту- ынша, алты негізгі бағыттан тұра-тын бағдарламаның бір бағыты «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жоба-сы бойынша студенттер әлемнің маңдайалды университеттері ға-

«Цифрландыру:баршаға қолжетімді сапалы білім»

лымдарының еңбектерін мемле-кеттік тілде оқитын болады. Сол 100 кітаптың алғашқы 18-і жөнінде ролик көрсетілді. Ондай оқулық-тардың қатарында «Көпке ұмтыл- ған жалғыз. Әлеуметтік психоло-гияға кіріспе», «Әлеуметтану негіз- дері», «Менеджмент», «Тіл біліміне кіріспе», «Тіл және мәдениетара- лық коммуникация», «Кәсіпкерлік» оқулықтары және өзгелері бар. Р. Кенжеханұлының айтуынша, ал- дағы оқу жылында оқулықтар кі-тапханаларға және ЖОО-ларға түседі.

Сессияда шәкірттерге жаңа технологиялы білім беру ресурс-тарымен, заманауи трендтер, мұ-ғалімдердің білім-білігін көтеру- ге арналған сандық ресурстар («Bi-lim land», «Bilim book», «Аkademia.kz»

т.б.) жайында кеңінен әңгімеленді. – «Білім book» жобасы шағын

комплектілі мектептерге қолай-лы. Онда компьютер жадына қажетті білім ресурсы салынған. Интернеттің қажеті жоқ. Бір сы- ныпта әр сыныптан 15 бала оқи-тын болса, мұғалім олардың әр-қайсысына әр түрлі электрондық тапсырма бере алады. Бала сабақ-ты игермейінше бағдарламамен алға жылжи алмайды. Мұны біз еліміздің үш шағын мектебінде байқап көрдік. Нәтижесі жаман емес. Биыл облыс әкімінің қолда-уымен БҚО-дағы шағын мектеп-терде осы платформа бойынша жұмыстанбақпыз. Бұған қатыса-тын мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік оқулықтар дайын-даймыз. Техникалық, әдістемелік көмек көрсетеміз. Шалғайдағы ауыл мектептеріндегі білім сапа-сын жаңа деңгейге көтеру мін- детін қойып отырмыз. Дүние жү-зінде мектептер шағын болса, білім сапасы жоғары болады де-ген түсінік бар. Ал бізде әзірге олай емес. Жаңа технологиялар арқылы соған жетеміз, – деді Рауан Кенжеханұлы.

Гүлбаршын ӘЖіГЕРЕЕвА,«Орал өңірі»

Page 7: w Oral óńіrіOral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/45.pdf2 AQPARAT Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі 221 адам қабылдауға

Құрметті әріптестер және қала жолаушылары!

«Цифрландыру:баршаға қолжетімді сапалы білім»

7aýyl-aımaqСейсенбі, 24 сәуір 2018 жылOral óńіrіOral óńіrі

Бөрліде 302 млрд. теңгенің 10 жобасы жүзеге аспақ

Биыл «Бөрлі ауданының энциклопедиясын» дайын-дау қолға алынбақ. Сон-дай-ақ Ақсай қаласындағы қызмет көрсету орында-ры, сауда үйлері, ауру-хана тәрізді алты жерге «Кітап алмасу» шарасы ұйымдастырылады. яғни, кез келген адамға кітапты тегін алып оқу үшін арнайы бұрыш жасақталады.

Бұл туралы Елбасының «Болашаққа бағдар: ру-хани жаңғыру» мақала-

сының жарияланғанына бір жыл толуына орай Ақсай қаласында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Жалпы, жиын барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданда атқарылып жат-қан істер туралы сөз болды.

«Рухани қазына» кіші бағдар-ламасының аудандағы үйлестіру-шісі болып табылатын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алпамыс Көш-кінбаевтың сөзіне қарағанда, бұл бағытта бір жыл ішінде атқарыл-ған жұмыстар туралы ауыз тол-тырып айтуға болады. Туған өл-кенің тарихына үңіліп, кейінгі ұрпақтың ата-баба тарихын біліп, өткенді бүгінге жеткізу мақсатын-да ауданда штаб құрылды. «Ту- ған жерге – тағзым» деп аталатын штаб ауданның қасиетті де киелі жерлерін аралады. Осы шара ба- рысында Успен ауылында Айшуақ ханның ұрпағы Асфандияр сұл- танның зираты табылды. Бұл ел тарихы үшін де маңызды еке- ні сөзсіз. Артынан бейіттегі құл-пытас жаңартылып, қоршалды. Ау- дандағы құлпытастарды зерт- теу жұмыстары биыл да жал- ғасын табатын болады. Штаб жұмысының өткен жылғы атқар- ған жұмыстары бойынша «Ама- нат» атты деректі фильм түсірі- ліп, тұрғындарға әлеуметтік желі арқылы таныстырылды. Сонымен қатар бағдарламаның «Қасиетті Қазақстан» бағыты бойынша ау-дан оқушылары каникул кезінде қасиетті жерлерге саяхат жаса- ды. Білім беру саласында да өлкетану жұмыстарын жүргізіп, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру қолға алынбақшы.

– Этномәдени бірлестіктермен бірлесе, көршілес Ресейдің Орын- бор қаласымен Елек ауданына барып, қазақ мәдениетінің бүгін- гі қол жеткізген жетістігін көр- сету мақсатында өткізілетін мәде-ни шараларды да ерекше атап өтуге болады. Жақында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Ихсанов бастаған топ Орынбор қаласына барып, қазақ диаспо- расы өкілдері және қала әкім-шілігімен кездесіп, мәдени шара- ларды өткізу жайында келіс-сөздер жүргізіп қайтты. Осы- дан төрт жыл бұрын белгілі ақын Дариға Нұрашеваның же- текшілігімен ақындар мектебі ашылған болатын. Мектеп жұ- мысының нәтижесі ретінде ау- дандағы бір топ ақындардың өлеңдері жинақталып, «Жыр жа- замын жүрегімнен» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті, – деді Алпамыс Көшкінбаев.

«Тәрбие және білім» кіші бағ- дарламасының негізгі мақсатта- рының бірі – өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу, ұлт- тық сананы қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін кеңі- нен насихаттау. Аудандық білім беру бөліміндегі әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ләззат Жолбатырованың сөзіне қара-ғанда, кіші бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыс үш ба-ғытта: оқушылармен, ата-аналар- мен, ұстаздармен жүргізіледі. Қа- зіргі таңда Назарбаев зияткер- лік мектебінің «100 кітап», «100 ән», «28 ілмек» жобалары бар- лық мектепке енгізілді. Білім ұяларында үзіліс кезінде күй ой- налады.

– Облысымызда алғаш болып жас туристер стансасы жаны- нан музейтану бөлімі ашылды, мектеп мұражайы жұмысының тәжірибесі қаңтар айында рес- публика көлемінде таратылды. Мамыр айында Қазан қаласын- да өтетін халықаралық конфе- ренцияға қатысу жоспарлануда. «Рухани жаңғыру» бағдарлама- сын іске асыруда мектеп мұра- жайлары да зор үлес қосуда, қазақ тілі, Қазақстан тарихы, география пәндері бойынша мұ- ражайдағы сабақ бағдарла- масы бойынша 150 ашық сабақ өткізілді. Былтыр және биыл аудан оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауы оз-дырылды. Осы байқаудың бір бағыты «Кіші отаным: білімділік-өлкетану жобасы» аясында оқу- шылар өзінің туған өлкесін, кі-ші отанының тарихи дамуын

зерттеуден ғылыми жобалар қор- ғады. Байқау қорытындысы бо- йынша «Менің өлкем әйгілі» атты Бөрлі ауданының 3Д картасын жасау жоспарлануда. 130 оқушы ата-аналарының көмегімен «Қа-зақстанның киелі жерлеріне сая- хат» акциясы бойынша Түркістан қаласына барып келді. Мектеп- терде «Әжелер клубы» ашылуда, қазіргі таңда Ақсай қаласының №7, Бөрлі ауылының №1, Григо-рьев мектептеріндегі «Әжелер клубтарының» тәжірибелері ау-дан, облыс көлемінде таратыл-ды. Ал Ақсай қаласының №5 мектебінде «Әкелер клубы» тұ-рақты түрде жұмыс жасауда жыл сайын әкелер форумы өтеді. Сонымен қатар қыздарымызға ұлттық тәрбие беру мақсатында 2015 жылдан бері барлық мек-тепте қыздар клубтары ашы- лып жұмыс жасауда. «Ұстаз – өз-герістер елшісі» жобасы аясында ұстаздардың мәртебесін көтеру және кәсіби шеберлігін арттыру бойынша көптеген кәсіби шы-ғармашылық байқау өтуде. Тәжі- рибелі ұстаздарымыздың еңбе- гін кеңінен тарату, насихаттау мақсатында «Бөрлі ауданының 100 үлгілі ұстазы» телебағдар-ламасының түсірілімі басталды, – деді Ләззат Жолбатырова.

«Атамекен» кіші бағдарламасы әркімді өзінің туған өлкесіне немесе қызмет жасап жатқан жеріне жақсылық игі іс жасауға шақыратыны белгілі. Сол себепті бағдарлама жарияланғаннан бері Бөрлі ауданында біраз іс-ша-ралар жоспары жасақталып, бір- неше ауқымды істер атқары-

луда. Сонымен қатар аудан кә-сіпкерлерімен мүмкіндігі шектеу- лі жандардың үйіне газ өткізу, протез жабдықтарын алып беру, киім-кешектермен және күнде- лікті тұрмысқа қажетті азық-тү-ліктермен қамтамасыз ету тәрізді көмектер көрсетілді.

– Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүріне құр- метін қалыптастыру және дамы-туға бағытталған «Жастар – Отанға» жастардың саяси лагері, «Әкелер даңқы жолымен» турис- тік слеті, өлкетану жұмыста- ры, «Сұңқар» әскери-партриот-тық лагерьлері, «Туған жерге – тағзым» атты жастар штабының жұмысы қорытындыланып, «Ту- ған жер – тірегім» атты жастар форумы ұйымдастырылды. «Әлеу-меттік бастамалар картасына» жалпы құны 302 476 500 теңге болатын 10 жоба облысқа ұсы-нылды.

Оның алғашқысы – Ақ- сай қаласындағы «Нау-рыз» саябағын абаттан-

дыру және жаңарту. Осы мақ-сатта ауданның кәсіпкерлері бірлесіп, саябақта архитектуралық пішіндер орнату, жүгіру жо- лын төсеу, жарықтандыру, бақы-лау камераларын қою сынды абаттандыру жұмыстарын жүргі- зеді. Бұл жобаның құны 280 млн. теңге. Екінші жоба - Ақсай қаласының кәсіпкерлерін жұмыл-дыра отырып, қаланың солтүстік бөлігінде «Streetworkout» спорт алаңын салу. Сонымен қатар Александров ауылы аумағындағы алма бағын қалпына келтіру мақсатында «Салеман» шаруа қо-

жалығы алма ағаштарын отыр-ғызу, күтіп-баптау жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Төртіншісі, Бумакөл ауылында ша- ғын саябақ салу (2,5 млн. тең-ге). Ауылдың белсенді азаматы Э. Исеналиев шағын саябақтың құрылысын жүргізу мен оған ағаштар отырғызу жұмыстары жоспарланып, бағаланып отыр. Тағы бір жоба бойынша Бөрлі ауылындағы «Жеңіс» саябағы абаттандырылмақшы. Ауыл кәсіп- керлері саябақта субұрқақ жә- не шағын архитектуралық пі-шіндер орнату үшін 6 млн. теңге жұмсамақ ниетте. Бөрлі ауылын-да суармалы плантациялар салу және жайластыру бойынша кә- сіпкер А. Агаев арнайы техника- лар бөліп, жер дайындап, ауыл тұрғындарының көкөністер егуі- не көмек көрсетеді. Ал Киров ауылында белсенді тұрғындары- ның көмегімен волейбол ала- ңы салынбақшы. Приурал ауы- лында кәсіпкерлер ауыл тұрғын-дары үшін Жайық өзені бойын- да арнайы жағажайды жай-ластырып, демалатын орын, ойын алаңдары және т. б. жұмыстар жүргізбекші. Пугачев ауылының кәсіпкерлерінің көмегімен сая- бақ салу жұмыстары қолға алы-нады және ауыл маңындағы бұ- рынғы қорым қоршалып, ағаш-тар отырғызылатын болады. Жа-ңаталап ауылындағы кітапхана мен дәрігерлік пунктінің ғима-раттарын қоршау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жобалар ауда-нымыздың әлеуетін арттырып, көшелерді көріктендіруге үлкен мүмкіндік берері сөзсіз, – деген «Атамекен» кіші бағдарламасы- ның жетекшісі, аудандық жас-тармен жұмыс жөніндегі ресурс-тық орталығының басшысы Тол-қын Ахметова.

Ал «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасына жауапты аудан-дық ішкі саясат бөлімінің басшы- сы Ақмарал Исмағұлова еліміз- дің дамуы үшін қоғамның рухани бай болуы маңызды екенін ай-тып, атқарылған іс-шараларды жыл бойы тұрғындарға кеңінен насихаттаған БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді. «Рухани жаңғы-ру» бағдарламасы шеңберінде бір жыл ішінде баспасөз бетте-рінде 97 мақала жарияланса, соңғы үш айдың өзінде 93 мақа- ла жарық көрген.

Айым НҰРҒАЛИЕвА,Бөрлі ауданы

Page 8: w Oral óńіrіOral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/45.pdf2 AQPARAT Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі 221 адам қабылдауға

EstElіK8 Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Еспе құмдар қанша көшсе де, тарихтың талай іздерін жасыра алмаған Жәңгір

хан ордасына жақын орналасқан шағын ауылдың бірі – Жиекқұм. Қырық жыл полигонның гүрсілін естіген бұл ауыл бүгінде бесік тербеп, түйе сауып, түтін түтетіп отыр. Өмір бар жерде өлім бар, әрине, ауыл шеті көне қорым. Сондағы үш құлпытастағы жазуға үңілдім. О, ғажап! Үшеуі де ескі таныстарым сияқты. Өйткені, үше- уінің де ұрпағымен мен мына өмірде қоян-қолтық қатар жүріп келеді екенмін. Бірі – Кәлембаев Қабікен. Ол кісі – Қазақстан Рес-публикасының еңбек сіңірген әр- тісі, Құрманғазы атындағы кон- серваторияның деканы болған қо-бызшы Меруерт Кәлембаеваның әкесі. Екіншісі – Смағұлов Абдол-ла. Ол кісі – Атырау облысында ұзақ жылдар жауапты қызметтер атқарған, күні кеше Атырау облы-сы мәслихатына хатшы болған Аб-долова Нұржиянның әкесі. Үшін- шісі – Сарының Мәжиті. Кешегі күндерде ауыл, аудан басқарған, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесіне де-путаттыққа сайланған, бұл күн- де дәмдес болып, жанымда жүр-ген Гүлжу Мәжитқызының әкесі екен. Әке атын ардақтаған, есім-дерін өшірмеген үш қызға риза болған үш рухтың басындағы құл-пытастардың да еңсесі биік бо- лып көрінді маған. Өйткені, адам жер бетінде өмір сүріп, өзіне абы-рой жинаса, өлгенде соңында қалған ұрпақ сүйегіме таңба сал-маса екен деп тілейді емес пе? Сол әке арманын арқалап, ама-натын ардақтап жүрген қаракөз қазақ қыздарының бірі – Гүлжу Мәжитқызы.

Менің Гүлжу Мәжитқызымен таныстығым ертеректе Ақ Жа- йыққа келген бір сапарымда бас- талған болатын.

Алдымнан шықшы, ақ боран,Шабытың болар сақтаған,Менің де жаным мазасызБұрқанбай тыным таппаған,Алдымнан шықшы, ақ боран, –

деп елге келдім. Бұл 1985 жылдың сақылдаған

қаңтар айы еді. Ол кезде қалам-гер келсе, облыстық партия коми-тетінің идеология бөліміне соғу- ға міндетті. Бар шаруа солар ар-қылы шешілетін еді. Естіген елдің жаңалығының ішінде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа Оралдан қазақ әйелі ұсынылуы көңілімді елең еткізді. Мен осы сапарымда Гүлжу Мәжитқызымен кездескім келетінін айттым. Келе- сі күні онымен жолығу мүмкіндігі барын да білдім.

Қазіргі Тасқала, ол кезгі Камен ауданы қаладан онша қашық емес, жолы да жайлы болып шықты.

Сөйтіп, Гүлжу Мәжитқызы бас-қарып отырған «Красный маяк» кеңшарына келіп жеттік. Мен ой жетегінде келемін. Анау егіс да-ласын кезіп, мал қорасын аралап, тракторшылармен айқайласып, құрылысшылармен қиқылдасып жүрген партия қызметіне жегіл- ген директор әйелдің мінезін бар-лаймын. Аудан тұрғындарының да қазақы салттан алыстап кет-кенін сезем, ол жылдар бұл ау-данда бір ғана қазақ мектебі қал- ғанын да естігем-ді. Елді мекен Тас-қаланы ұмытып, картаға аты Ка-мен болып түскен, кеңшар атауы – «Красный маяк». Оның дирек-торы маған қара матадан келте етіп тіккен етекшеге ақ жейде ки-ген, шашын кесіп тастаған, өзінше пысық, шайға сүт әкел деп, реті келсе, күйеуін жұмсай салатын еркекшора сияқты болып елес-тейді, сонда мен ол жайында не жазбақпын?! Қателесіппін. Кенет менің алдымнан көзі күлімдеген, қара бұрымын ұқыпты жинап

Жалындаған жиырма жасынан бастап ком-сомол, партия, кеңес органдарында, ауыл шаруашылығы саласында жауапты қызметтер атқарып, «Халықтар достығы» ордені және бірнеше медальмен марапатталған Гүлжу Мәжитованың есімі Ақ Жайық өңіріне жақсы таныс. Бөкей ордасы ауданының Жиекқұм ауылында дүниеге келген Гүлжу Мәжитқызы Ордадағы М. Горький атындағы орта мектеп-ті бітірісімен, Орал қаласындағы ауыл шаруа-шылығы техникумына оқуға түседі. Еңбек жолын Бөкей ордасы ауданында зоотехник болып бастап, кейін Жәнібек, Жымпиты және Тасқала аудандарында жауапты қызметтер атқарған. Әсіресе, Тасқала ауданында 14 жыл-ға жуық абыройлы қызмет атқарып, аудан экономикасының дамуына зор үлес қосып еді. Өткен наурыз айының 18-і күні 80 жасқа толған шағында Гүлжу Мәжитқызы өмірден озды. Аяулы жанның көзі тірісінде жарық көрген «Әр өмір – ортақ шежіре бұлағы» атты кітабында халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның да естелігі жарияланған болатын. Гүлжу апайдың бақилыққа аттанғанына 40 күн болар қарсаңында осы естелікті оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕвА, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

Еңбек бақыты

желкеге түйген, байсалды да мейі- рімді дала келіншегі шықты.

... Оның әңгімесінен балалық шағы соғыс жылдарымен қабат келгенін, көрген қиындығы ерте есейткенін сездім. Сол бір қиын- қыстау заманда атқа мініп, ауыл басқарған атасы да, кейіннен ба- ба жолын жалғаған әкесі де ең-бекке құштар, елім деп есейген, өз қара басы емес, өзгелерге қам- қор көпшіл азаматтар болған екен. Солардан тәлім көрген Гүл- жу сызылып шай құюға ғана жа-райтын, билігі бір қазаннан ас-пайтын келін болып қана қоюды мақсат тұтпағанға ұқсайды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демей ме қазақ?! Жас қыз бір- ден-ақ алаңсыз ауыл шаруашы-лығы мамандығын қалапты. Об- лыс орталығындағы ауыл шаруа-шылығы техникумын бітірісімен Мәншүк Мәметова атындағы кең-шарға зоотехник болып орнала-сады. Содан белді бекем буып, өзі өскен ортаға оралып, қайнап жатқан еңбекке араласып кетеді. Гүлжудың бағына кеңшар дирек-

ның мекеніне қоян да өсірді олар. Бәріне де абыроймен жетекшілік ете білген қажырлы қыз Алма-тыдағы Жоғары партия мектебі- не жолдама алды. Ол сол кезде үлкен сенімге ие болу деген сөз еді. Жар да сүйді, бесік те тербетті.

Оқуын аяқтаған соң, басқару орындарына қызметке тағайын-далды. Жымпиты ауданында жа-уапты жұмыстан Каменге жіберіл-ді. Сол кезде аудандық партия комитетін басқарған Әли Сабы-ровтан көп нәрсе үйренгенін ай-тады Гүлжу. Әсіресе, 1977 жылдың қуаңшылығын ұмытар емес. Жаз бойына тамшы тамбай, бүкіл шөп қурап кеткен. Малды қыстан алып шығу мүмкін емесін сезген ол аудан механизаторларын жинап, Қостанай облысына аттанады.

– Жаз бойы үйден жырақта ба- ла-шағасын тастап, шөпшілер қо-сынында жүру нәзік жаратылыс иесі үшін аз қиындық емес еді, – дейді ол.

Оның өзіне тапсырылған жауап-кершіліктен бас тартқан не жас- қаншақтық танытқан кезі болған емес. Сол еңбекқорлық, сол қай-сар мінез оны жыл өткен сайын есейтті. Ол Камен ауданы пар-тия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне дейін көтерілді. Оның кезінде Камен ауданы тұрғында- ры газ тұтынды, көгілдір отын жақты.

Сол кездері облыстық партия комитетін басқарған білікті бас-шы Мұстахым Ықсановтың сенімі- нен шығу кез келгеннің қолынан келе бермейтін. Ол аудан басшы-ларын да өзі тәрбиелейтін. Өзі-не етене таныс құрылыс саласын көтеруге оған сенім артып отыр-ғанын, «Красный маяк» кеңшарын көркейтуге дәл Гүлжудей жанның қолы керегін айтады. Ол қателес-педі. Үш жылдың ішінде кеңшар-да жаңа мектеп, бөлімшелерде дәрігерлік пункттер мен кітапха-налар, сауда нүктелері салынды, су құбырлары тартылды. Респуб-ликалық жарыста бұл елді мекен үлгілі ауыл атағына ие болды.

Ал бүгін Гүлжу әңгімесін бы- лай жалғастырады:

– «Красный маякқа» барға- нымда, 60 мың гектар жер бол-са, соның 21 мың гектарына егін салынатын еді. Бір ғана шаруа-шылықта 2 мың сиыр, 17 мың қой болған. Кешегі жекешелендіру тұ- сында қаншама қателікке ұрын- дық. Қыруар малдан айырылып қалдық. Малшы жұмыссыз қалды, қарапайым халық кедейлік зар- дабын тартты. Мәдениет ошақта- рын жаппай ойын-сауық залы-на айналдыру жас ұрпақтың тәр-биесіне кері әсерін тигізді. Бү- гінде имандылықтың азаюына, ру- хани жүдеулікке ұшырауға бір-ден-бір себеп болған мұндай қыр-сыздықтың тамырын қию енді қиынға соғуда.

Балалық шағы құм кезіп, жас- тығы қысы-жазы егіс даласы мен малшылар бригадасында өткен Гүлжу Мәжитқызының еңбегі кезінде лайықты бағасын алып, бейнетіне сай зейнетін көруде ме, жоқ па, білмеймін. Бірақ, мейірім-ділік пен ізгілікке толы қазақтың дархан даласындай мінезі бар оның бүгінде тағдыр қосқан қоса-ғы – Шафхат Төремұратұлымен бірге ұлын ұяға қондырған, не-мере-шөбере сүйген аяулы ана екені әмбеге аян.

...Бөкей ордасының Жиекқұ-мында сап түзеген үш құлпытас есіме түседі. Үш есімді мәңгілік- пен тілдестірген үш ару жүр көз алдымда. «Жер – Ана» деп, құнар-лы топырақты құндаққа, даланың құшағына теңеу болып сіңген ұғым санаға самала нұр құяды. Сол жердің құдіретін сезінген ең-беккер аналар сол жердің киесі сынды көрінеді маған...

торы Мұрат Насимуллин әкесін-дей қамқоршы, жол көрсетер мейірбан басшы болған көрінеді. Сол кісі жас маманға жақсы ұс- таз бола білді. Гүлжу осы бір білік-ті басшыдан ел сүюді, ең басты-сы, адам сыйлауды үйренді. «Дү-ниедегі ұлы ұғымның бірі – кісіні сыйлай білу, қадіріңді жоғалтпау, өзгеге өзіңді сыйлата білу», – деп үйретті кеудесіне қос-қостан орден таққан ұстаз аға. Қыз бала-ның ұстамды да сабырлы, мейір-ман болуы қажеттігін қадап айтты. Бөкей орданың Мәншүк атында- ғы кеңшарына ол кезде келуші жұрт көп болатын. Қонақтарды қарсы алу, еңбек адамдарымен сөйлесу, кісі күту мәдениетін сол жерден үйренді.

Зердесінде сәулесі бар Гүлжу Мәжитқызының ұйымдастырғыш қабілеті көзге ілінбей қалған жоқ, ол жұмысшы жастар бригадасын құрды. Сол кезгі саясатқа орай құмды өңірге жайқалтып жүгері екті. Бүкілодақтық көрмелерде та- лайды тамсантқан еділбай қойы-

Тың игерудің 30 жылдығына орай өткен республикалық жиналысқа Тасқала ауданынан қатысқан делегаттар. Алматы, 1986 жыл

Page 9: w Oral óńіrіOral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/45.pdf2 AQPARAT Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі 221 адам қабылдауға

9DAlA-QAlAСейсенбі, 24 сәуір 2018 жылOral óńіrіOral óńіrіЖаңақала ауданындағы Жаңақала кол-

леджінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған алғашқы 18 кітапты талқылау ша-расы өтті. Оған студенттер мен оқытушылар қатысты.

– Біз, аға ұрпақ өкілдері заманымызға орай қазақ қаламгерлерінің, әрі кетсе орыс ойшылдарының шығармаларын ғана оқып өстік. Көреген Елбасымыз бүгінгі ұрпаққа әлем ойшылдарының ұлы еңбектерін оқуға жол ашып отыр. Бүгін талқыланып отырған 18 оқулық соның дәлелі, – деді

жиында бірінші болып сөз алған аудандық мәслихат хатшысы, ақын Зәкария Сисенғали. Мұнан кейін аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Дәурен Қуатұлы бейнекөрініс арқылы осы оқулықтарды оқырмандарға кеңінен таныстырды.

Ашық әңгіме түрінде өткен талқылау-

Осыған байланысты ҚР Бас прокурату-расының тапсырмасы негізінде тәуекелділігі жоғары сауда нысандарының, сонымен қатар жеке кәсіпкерлік білім беру нысандарының өртке қарсы жай-күйіне тексеріс жүргізу тапсырылды.

Батыс Қазақстан облысында тәуекелділігі жоғары 55 сауда нысаны бар. Бүгінгі күнге дейін соның 29-ына тексеріс жүргізіліп, нәтижесін- де 668 құқықбұзушылық анықталып, 634 830 теңге көлемінде 23 әкімшілік хаттама толтырылды. Орта есеппен алғанда күніне 10 мың адамға дейін келетін облыстағы ірі сауда орталықтарының бірі «Сити центр» ОСО бо-лып табылады.

Өрт қауіпсіздігін қадағалау және адам өмірін сақтау мақсатында БҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы 2017 жылғы 27 желтоқсанда ерекше тәртіп бойын-ша «Сити центр» ОСО-ға тексеріс жүргізген болатын. Тексеріс қорытындысы бойынша 97 құқықбұзушылық анықталған еді. 2018 жыл- дың 6 сәуірінде жүргізілген бақылаулық тексеріс нәтижесінде 36 құқықбұзушылық қалпына келтірілмегендігі анықталды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі- нің 462-бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Орал қаласы маман-дандырылған әкімшілік сотына жолданды.

19 сәуір күні сот анықталған олқылықтарды қалпына келтірмегені үшін «Серік ӨЖК» ЖШС-ына 200 АЕК көлемінде айыппұл салып, сауда орталығының қызметін бір айға тоқта-ту туралы қаулы етті. Сонымен қатар соттың шешімімен БҚО МСҚБ басқармасының мекенжайына тиісті шараларды қабылдау туралы жеке қаулы шығарылды.

– Істі қарай келе, цокольды қабатта сауда бөлімдері және алты қабатта кеңселер орналасқандығы анықталды. Алайда жоба бойынша цокольды қабатта аутоколік тұ-рағы орналасу қажет. Жобалық-сметалық құ- жаттамада жертөле (цокольды қабат) және алты қабаттар «Серік ӨЖК» ЖШС-на тиісті емес. Бұл МСҚБ басқармасына тексеріс жүргізуіне сеп болады, – деп хабарлады сот төрағасы.

Е. ТУРЕГЕЛДИЕв,БҚО ТЖД ӨҚСБ және

ПҚБ-ның басшысы,азаматтық қорғау подполковнигі

Айта кететін жайт, биылғы 25 наурызда Кемерово қаласындағы (Ресей) «Зимняя вишня» ойын-сауық орталығында ірі өрт оқиғасы орын алып, 64 адамның өмірін қиды. Себебі көп, зардабы қайғылы.

«Сити центр» бір айға

жабылмақ

Қостанайлықтар көш бастаушы команда-лардың бірі болса,

«Ақжайық» турнир кестесінде бел ортада келеді. Соған қарамастан, Владимир Мазяр- дың шәкірттері жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Соның дәлеліндей қарымта шабуыл кезінде оралдықтар 12-минут- та-ақ есеп ашып үлгерді. Украиналық легионер Андрей Ткачук алыстан Азат Ерсә-лімовке дәл пас берді. Оң қапталдан суырылып шыққан Азат тағы бір украиналық ойыншы Адеринсола Хабиб Эсеоланы тапты. Эсеола мүлт кеткен жоқ. Сөйтіп, ол биылғы чемпионаттағы үшін- ші голын соқты.

Алаң иелері алға ұмтылып баққанымен, көпке дейін ештеңе шығара алмады. 33-

минутта астаналық төреші Тимур Құмашев оралдық Еркебұлан Нұрғалиевті симу- ляция жасады деп, екінші ес- керту беріп, алаңнан қуды. Бұл жерде керісінше қоста-найлық футболшының Еркебұ- ланның өкшесін басып қал-ғаны көрініп тұрды. Сөйтіп, төрешінің «көмегінен» кейін он ойыншымен «Ақжайық» қиын жағдайда қалды. Енді оларға тек қорғануға тура келді.

Екінші таймда «Тобылдың» бас бапкері Владимир Ники- тенко басқа амалы таусылған соң, 58-минутта Таңат Нөсер- баевты шығарды. Көп ұзамай бұл әдіс өз жемісін берді. Команда капитаны Азат Нұр- ғалиевтің пасынан кейін Т. Нө- сербаев 70-минутта таразы басын теңестірді.

Бұдан кейін қостанайлық-

Футболдан ел біріншілігінің алтыншы турында Оралдың «Ақжайығы» сырт алаңда Қостанайдың «То-былымен» күш сынасты.

да сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалаубек Теміров «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жас-тарымыздың болашағы, еліміздің ер-теңі үшін іске асырылып жатқанына тоқталып, жыл соңына дейін әлі 12 оқулық аударылып басылатынын, олардың са-палы аударылатынына мән берілетінін, ол кітаптарды қалай оқуға болатынын, аударма ісін дамытуға көңіл бөлінетінді-гін түсіндірді.

Шара барысында «100 жаңа оқулық» жобасы, аударылған оқулықтар, оның гуманитарлық білім берудегі маңызы ту-ралы толық мағлұмат берді.

Өмірзақ АҚБАСОв,Жаңақала ауданы

тардың жеңісті жұлып ала-тындай мүмкіндіктері бол- ды. Дегенмен кейде оларға дәлдік жетіспеді. Оған қоса «Ақжайықтың» қақпашысы, ук- раиналық Евгений Боровик сәтті ойнап, екі мәрте өз қақпасын аман сақтап қалды.

Осылайша қос коман- да 1:1 есебімен тең тарқасты.

Қазіргі кезде қостанайлық-

тар ел біріншілігінде үздік үштікті түйіндеп тұрса, орал- дықтар 8 ұпаймен бұрынғы-сынша алтыншы орында ке- леді. «Ақжайық» келесі кез-десуін 28 сәуір күні өз алаңын- да турнир кестесінде бесін- ші сатыда тұрған Қарағанды-ның «Шахтерімен» өткізеді.

Ғайса БӘЙМЕН

«Тобылмен» тең ойнады

«Ақбереннен» жүлдемен! Жуырда Павлодар

қаласында 8-11-сынып оқушылары арасында ақындық пен шешендік шеберлігінен «Ақберен» V республикалық байқауы өтті.

Бұл байқауға біздің облы- сымыздан С. Ешкаев (Жаңақа- ла ауданы, Мәстексай ауылы, Мұқыр елді мекенінің Ә. Жан- гелдин атындағы мектеп, 11- сынып), Ғ. Амандық (№40 мек- теп, 10-сынып), Ш. Құсайынова (Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей, 10-сынып), Ж. Үмбетқалиев, (№38 мектеп- лицей, 9-сынып), Қ. Елеуов (Сы-

Ахмет Яссауи атындағы Ха- лықаралық қазақ-түрік уни- верситетінің грант иегері атанды. Ал көркемсөз оқудан Ш. Құсайынова 2-орынға ие болса, эссе жазудан А. Есе- кеш ерекше жетістігі үшін марапатталды. Әр баланың жетістігі – ата-ана үшін қуаныш. Әрине, республикалық дең- гейге дейін барып қатыс- қан балаларымыз үшін де қуанамыз. Сондықтан осы жа- рысқа балаларымызбен бірге барып, олардың басы-қасын- да болған жетекшілері Р. Ба- қытқызына және М. Жампо-зовқа ата-аналар атынан ал- ғысымызды айтып, ризашы-лығымызды білдіреміз.

Ата-аналар атынан Нұрлыгүл СҰЛТАНОвА,

Орал қаласы

Жаңа ілімге жолашар іс

рым ауданы, Ж. Досмұхамедов атындағы мектеп, 9-сынып), А. Есекеш (№38 мектеп-лицей, 8-сынып) қатысқан болатын.

Аталмыш байқау ұлттық ас-папта ойнау, көркемсөз оқу, ақындар мүшәйрасы, шешен-

дік өнер, ақындар айтысы, эссе жазу бағытында өткен еді. Байқауда жерлестеріміз жақ- сы жетістіктерге қол жеткіз- ді. С. Ешкаев ұлттық аспапта өнер көрсетіп, 1-орын алып, Түркістан қаласындағы Қожа

Тарих қойнауына саяхат

Page 10: w Oral óńіrіOral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/45.pdf2 AQPARAT Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі 221 адам қабылдауға

10 ÁlEýmEt Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

«Мен кінәлі емеспін ғой, ағатайлар!»

Су жаңа «Land Cruiser» қаланың тұйық көшесіне қарай бұрылды. Рульде

өзі отырған. Қалта телефоны шыр ете түсті. «Қазір барамын», – деді де көлігін тоқтатып, айналасына қарады. Тұйық көше тым-тырыс. Қарсы беттегі үй маңында 7-8 жасар бала доп теуіп, өзімен-өзі ойнап жүр. Сол сәтте жеңіл көлік қасына келіп тоқтай қалғаны. Кө- лік ішінен шыққан жас жігіт қой- нынан алған конвертті мұның қолына ұстата берді. Кенет ыс-қырып келіп, тағы бір жеңіл көлік тоқтай қалды. Не болғаны түсініксіз. Қолына сарт етіп кісен салынды. Көзі қарауытып кетті.

жандар еді. Үйдегі төрт ба- ла өсіп, ер жетті. Өзі де мек-теп бітіріп, оқуға барды. Бірақ жолы болмай, қайтып келді. Со-дан ауылда әр түрлі жұмыстың басын қайырып жүргенде, Отан алдындағы борышын өтеуге шақырды. Әскери борышын үл- гілі атқарып, елге оралды. Кел- геннен кейін бір кездегі доста- рын іздеді. Көбі басқа жерлер- де түрлі қызметтерде болса, енді біреулері ауылда әр түрлі кәсіппен шұғылданып жүр екен.

Бір күні ойда жоқта, аудан орталығындағы кафеде бала күн- гі досы Қайраттың кездесе қал-ғаны. Сол жолы екеуі салқын сы-

Жүрегі дүрс-дүрс. Есін жиғанын-да екі жігіттің ортасында көлікте отыр екен.

Жеңіл көлік зулап келіп, өзіне таныс ғимараттың алдына тоқта-ды. Бөлмеде оны қарсы алған 30-40 жас шамасындағы түсі суық жігіт ағасы:

– Азамат Досан Манатов, сіз пара алу үстінде ұсталдыңыз. Қызметтік бабыңызды пайдала- на отырып, ірі мөлшердегі пара алғаныңыз үшін сізді прокура-тураның санкциясымен уақытша қамау абақтысында ұстай тұра- тын боламыз, – дегені.

Басы айналғандай болды. Мең-зең күйде айдауылдың жетегінде келеді. Ауыр темір есік ашылып, лезде тарс жабылды. Нардың үс-тіне отыра кетті.

* * *Ата-анасы облыс орталығынан

шалғай ауылда тұратын. Отба- сылары қарапайым қызметтегі

раны сіміре отырып, өткен шақ- тың қызықты жайттарының біра- зының басын қайырған-ды. Сыра әсер етті ме, Қайрат желпініп сөйлеуге кірісті. – Дөке, бола-шақты ойлау керек. Жұмыстың түрі табылар, бірақ сол жұмыстан пайда бар ма? Мен саған бір ой айтайын. Мына МАИ ме-кемесінде бір жолдасым бар. Сені соған жолықтырып, қыз-метке алуға ұсыныс жасайын. МАИ – майлы ботқа екенін білесің ғой. Шаруаң да түзеледі, – деп ойландырып тастады. Бұл келісі-мін беріп, көп ұзамай-ақ МАИ қызметкері болып шыға келді. Ал-ғашқы кездері қиналып жүрді. Ала таяқты ұстап, азын-шоғын жол ережесін бұзған тамыр-та-ныстарды тоқтатып, ескерту жасағанда, өзі де қысылатын еді. Кезекшілікте жүрген кезін-де сылқия тойған бір «еркені» тоқтатты. Ережеге сәйкес көлік жүргізу куәлігін алып, жеңіл

көлікті арнайы орынға өзі айдап апарып қойғаны сол еді, қалта те- лефоны шыр ете қалғаны. Бейта- ныс нөмір. – Қарағым, бүкіл ел болып түзей алмай жатқан тәр- тіпті сен түзеп ештеңе шығара алмайсың! Құжатыңды толтыр-май тұрғанда куәлікті де, көлікті де қайтар. Бір қателік кетті. Жа-бар-сың! Еңбегіңді ескереміз.

Байланыс кілт үзілді.Сөйтсе, әлгі «ерке» аудандағы

бір дөкейдің баласы екен, қолына бір конвертті ұстатты. Барлық құжатын беріп болғаннан кейін конвертті алып қараса, 100 мың теңге. Бір айлық қызметінің ең-бекақысы бір сағатқа жетпей, қал-таға өзі келіп түсті.

Осылайша ала таяқ сермелген сайын ақша құйыла берді, құйыла берді. Досан мінбеген шетелдік көліктер қалмады.

Ауланың ішінен үш қабатты зәулім үй бой көтерді. Жаңа қо- нысты жолдастарымен бірге той-

лап, қызып отырғанда кенет көз алдына 13 жасар баланың бей- күнә жүзі мен құлағына жылаған әйелдің дауысы жетті. Селт ете түсті. Елес екен. Достары бай дастарқандағы ішіп-жеудің қызы-ғынан мұның селк ете түскенін байқамаған сияқты. Есіне түсті. Қатты келе жатқан жеңіл көлік аялдамада тұрған 13 жасар ба-ланы қағып кетті. Жас бала тілге келместен мерт болды. Айып-керлер тағы да Досанның қыз- метіне сүйенді. Досан құтқарып шықты. Кінәлі бала болды. Сот үкімін естіп отырған орта жас-тағы әйел:

– Айналайындар-ай, неге көз- деріңді ашып қарамайсыңдар? Құдай бар ма, жоқ па?! Бір зауа- лын тартқызар, – деп айқайла- ған. Бірақ қызыл ақшамен біте- ліп қалған «құлақтар» ана зарын естіген жоқ. Сол жолы Досан- ның қалтасы толып шықты, том-пайып шықты.

* * *«Сот келеді, орындарыңыздан

тұрыңыздар!» – деген дауыс ес-тілді. Үкім оқылып жатыр. Бірін естісе, бірін естімейді. Бес жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режімде өтесін! Дүние-мүлкі тәркіленсін! – деген үкімнің соңғы сөйлемі құлағына еміс-еміс жетті. Сот залындағы тордан қолына кісен салып алып бара жатқанда, құлағына алыстан бір үн келгендей болды: «Айна-лайындар, неге көздеріңді ашып қарамайсыңдар? Құдай бар ма, жоқ па?! Бір зауалын тартқызар!..» деген осыдан үш жыл бұрынғы жылаған әйелдің дауысы. Көз ал-дына бейкүнә баланың бейнесі елестеді. Оның жүзінде «Мен кі-нәлі емеспін ғой, ағатайлар!» де-ген бір жалыныш тұрғандай...

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,Қазталов ауданы

Батыс Қазақстан облысындағы ДЕМОГРАФИяЛЫҚ ахуал

1 наурыз 2018 жыл

Ақпаркесте облыстық статистика департаменті берген мәлімет бойынша дайындалды

334,8 мың адам қала

Облыс халқының саны ағымдағы есеп бойынша

647,8 мың адам,

оның ішінде:

313 мың адамауыл

тұрғындары

2018 жылғы қаңтар-ақпанда

АХАТ органдарында

2172 туылған

сәби тіркелді

2018 жылғы қаңтар-ақпанда облыс бойынша

954 адам қайтыс болды

2018 жылдың қаңтар-ақпанда облысқа келгендер 6186,

ал кеткендер 6459 адам

Көші-қон қозғалысында облысаралық алмасу

128, халықаралық алмасу

145 адамды құрады

Облысішілік алмасу бойынша қалаға қоныстанған ауылдықтар саны 969 адамды құрады

Қағазсыз медицина жүйесі іске қосылды

Page 11: w Oral óńіrіOral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/45.pdf2 AQPARAT Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі 221 адам қабылдауға

hAT-hAbARСейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде

2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 54-18-08, 24-17-08.

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай-даланылмаған хат авторларына жауап қай-тарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жария-ланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басу-ға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылданады.

белгісімен жарияланған материалдар ақы-лы болып есептеледі.

Жауапты хатшы 54-38-22.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 54-04-90.

Е-mail: [email protected]

Телефондар:

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Полиграфсервис" ЖШС баспаханасында басылды. Л.Толстой көшесі, 27/6. Телефон: 50-51-46Индексі: 65533 Осы нөмірдің таралымы: 14 312, 3 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н. СҰЛТАНОВА, Г. ҚОЛғАНАТОВАКезекшi редактор: н. САфуЛЛин

А

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан Файзоллаұлы ҒҰБАЙДУЛЛИНРедакция алқасы: Сырымбек ТҰяҚОв, Сәкен ӘБіЛХАЛЫҚОв (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕвА (жауапты хатшы),Нұртас САФУЛЛИН (гуманитарлық бөлім),Нұрбек ОРАЗАЕв (экономика бөлімі).

11Oral óńіrіOral óńіrі

Орал қаласының тұрғыны, елінің адал азаматы, милиция полковнигі, аяулы жар, асқар таудай болған әкеміз, сүйікті ата Жұмабай Набиұлы Набиев көзі тірі бол-са, 25 сәуір күні 70 жасқа толар еді. Сұм ажал ортамыздан алып кеткеніне 5 жыл толып отыр. Әкемізді сағына еске ала отырып, топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын деп тілейміз.

Оқыған дұғамыз қабыл болып, әкеміздің жаны жұмақта болсын!

Өтті, кетті зымырап талай күндер,Сен ғана жоқсың біздің арамызда.Жүрек сыздап, еңсе түсіп егілеміз,Ойсыраған орнына қараймыз да.Кетсе де көзден ғайып,Көңілден кеткен емес,Асыл бейнең ешқашан болмас елес.Жәннатта жаны болсын деп сұраймыз,Алладан дұға қылып ертелі-кеш.

Еске алушылар: зайыбы Шайғаным, балалары

2018 жылғы 28 мамыр сағат 11.00-де Зеленов ауданы, Январцев ауылының орта мектеп ғимаратында

1. «Жабдық пен материалдарды сақтауға арналған алаңның қаң- қа-қалқаланған жаппасы»

2. «ЧМГККО. Бұрғылау қалдықтарын кәдеге жаратуға дайындай- тын цехтың территориясындағы Тұзеріткіш торапты қайта құру»

3. «ЧМГККО. ГКДҚ-3 қосылғаннан кейін ГКДҚ-1/2 газ бен конден-саттың технологиялық құбырлар жүйесінің түрлендірулері» жоба- сы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

Мүдделі тұлғалар мен қоғамдық ұйымдар «ҚОӘБ» құжаттары- мен төмендегі мекенжай арқылы хабарласа алады: БҚО, Орал қаласы, А. Карев көшесі, 43/1, «Жайықмұнай» ЖШС, байланыс телефоны: 8-7112-93-39-00 (6153).

2018 жылғы 28 мамыр сағат 11.00-де Зеленов ауданы, Январцев ауылының орта мектеп ғимаратында

1. «Чинаревское мұнай-газ конденсат кен орнын өнеркәсіптік өңдеу жобасына толықтыру» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

Мүдделі тұлғалар мен қоғамдық ұйымдар «ҚОӘБ» құжаттарымен төмендегі мекенжай арқылы хабарласа алады: БҚО, Орал қаласы, А. Карев көшесі, 43/1, «Жайықмұнай» ЖШС, байланыс телефоны: 8-7112-93-39-00 (6153).

Зеленов ауданының орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Құлпытастар сыр шертеді» атты дөңгелек үстел өтті.

Ел тарихын түгендеу мақсатын- да кітапхана ұжымы ұйымдастыр- ған шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Тө-лепқалиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықты-ру және спорт бөлімінің басшы-сы Бибігүл Ахметжанова, Асан ауылдық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Жахатов, аудан- дық «Ауыл тынысы» газетінің ди- ректор-редакторы Нұржан Дүзба- тыров, аудандық жастармен жұ-мыс жөніндегі ресурстық орта-лық басшысы Нұржан Ешмұратов, ауыл ақсақалдары мен кітапхана оқырмандары, кітапханашылар, оқушылар мен жастар қатысты.

– Ауданнан табылған құлпытас-тар осы күнге дейін аудан тари- хына қатысты айтылып келген жаң- сақ пікірлерге түбегейлі тосқауыл. «Зеленов ауданы тек орыс-казак

Құлпытас дерегі – дақпыртқа тосқауыл

переселендерінің келуімен пайда болды», – деген пікірдің дақпырт екендігін көрсетеді. ХVІІІ-ХІХ ға-сырға тиесілі құлпытастар бұл ай- мақтың қазақтардың атажұрты екендігін дәлелдейді, – деді жиында сөз алған «Ауыл тынысы» қоғам- дық-саяси газетінің директор-ре-дакторы Нұржан Тоғызбайұлы.

Тарихымызды түгендеуде та-лай іс атқарған Мұратбек қажы Жахатов өңір аумағынан табылған құлпытастар жайында терең мағ- лұмат беріп өтті. Осы күнге дейін облысымыздың 11 ауданынан та-

былған 3 мыңға жуық құлпытасты оқыған ол кейбір би-шешендер мен бай-батыр, хан-төрелердің өмір дерегі мен айтқан нақылда-рынан үзінділер келтіріп, әсерлі әңгіме өрбітті.

Жиынға қатысушылар құлпытас зерделеу ісінің маңыздылығы ту-ралы өз ойларын білдіріп, қоғам-ды рухани жаңғырту бағытындағы игі бастамаға белсенді атсалысуға уағдаласты.

Түгелбай БИСЕН,Зеленов ауданы

Сай-саладағы, орманның қалтарыс-қуыстарындағы қар толық еріп, жер кеуіп, күн санап мезгіл жазға таянған сайын өрт қаупі күшейе түседі.

Бұл қауіп-қатер облыс аума-ғында сәуірден бастап қазанға дейін созылады. Өңірде өрт қаупі өте күшейетін кез – шілде-қыр-күйек айлары.

Ормандағы өрт оқиғалары кө- бінесе демалыс және мейрам күн- дері орын алады. Өйткені бұл күн-дері көптеген тұрғын өздерінің саяжай учаскелеріне және таби-ғатқа демалуға шығады. Орман өрттерін сөндіру – адам өміріне қауіп төндіреді әрі өте ауыр жұ-мыс. Тек өткен жылы облыстың орман қорында 17 орман өрті бо-лып, 405,7 гектар орман аумағы отқа оранды. Орман қорына кел- ген залал 2 296,4 мың теңге көле-мінде бағаланды. Сол 17 орман өр- тінің 15-і мемлекеттік орман қо-ры аумағымен шекараласатын ай-

Енді өрт қаупі күшейеді...мақтардан, яғни бақылаусыз дала өрттерінен болды.

Инспекция ормандарда өрт қа- уіпсіздігі талаптарын және сани-тарлық қағидаларын бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық тура- лы кодекстің 367-бабына сәйкес азаматтарды әкімшілік жауапкер-шілікке тарту туралы ескертеді және келесідей: жеке тұлғаларға – 24 050 теңге, лауазымды адамдар- ға, шағын кәсiпкерлiк нысандары-на – 72 150 теңге, орта кәсiпкер- лiк нысандарына – 120 250 тең- ге, iрi кәсiпкерлiк нысандарына 360 750 теңге мөлшерінде айып- пұл салады.

Ормандарда өртті болдырмас үшін мынадай өрт қауіпсіздігі ере-желерін әрқайсымыз сақтауымыз керек:

– жас қылқан жапырақты ағаш-тарда, ескі өртеңдерде, бүлінген орман учаскелерінде (жел, дауыл құлатқан), кесілген ағаш қалдық-тары мен дайындалған сүрек жат- қан кеспеағаштарда, шөбі қурап қалған жерлерде, сондай-ақ ағаш-

тар ұшарбасының түбінде от жа-ғуға жол берілмейді;

– жанып тұрған шырпыны, те- мекі тұқылын тастауға және теме-кінің ыстық шоқтарын қағып түсі-руге;

– аң аулау кезінде тез немесе бықсып жанатын материалдардан жасалған оқ тығындарын пайда-лануға;

– жанар-жағармай заттары сің-ген сүрту материалын олар үшін арнайы көзделмеген орындарда қалдыруға;

– іштен жанатын қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда отын багы-на жанармай құюға, оталғышының май шашу жүйесі бұзылған маши-наларды пайдалануға, сондай-ақ жанар-жағармай құйылып жатқан машиналардың жанында шылым шегуге немесе ашық отты пайда-лануға тыйым салынады;

– өрт қаупi жағдайын бәсеңде- ту мақсатында орманшылар өткi-зетiн орман қоры аумағындағы және оған iргелес аумақтарда бас-қарылатын өртеуден басқа, жер-

дiң барлық санатында шөптесiн өсiмдiктердi жағуға;

– орманды тұрмыстық қалдық-тармен, қоқыстармен ластауға, ор- манға қоқыс пен құрылыс қалдық-тарын төгуге болмайды.

Орманда от жағу үшін ені кемін-

де төрт метр минералды жолақтар жасалуы керек. Демалып болған соң, отты топырақпен мұқият кө-міп, ол бықсып жанып біткенше су құйылуы керек. Орманда өрттің тұтануын байқаған кезде мына төмендегідей:

БҚО ТЖД «СПиАСР» ММ 101, 51-05-94;Орал қ. орман мекемесінің радиожайы 26-49-37;Жергілікті атқарушы құрылымы 50-92-70, 26-52-57;Аумақтық инспекция 51-40-76телефон нөмірлеріне міндетті түрде хабарлау қажет.

Альфия ЖӘҢГіРОвА, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі

аумақтық инспекциясының бас маманы

Page 12: w Oral óńіrіOral óńіrіoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/04/45.pdf2 AQPARAT Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жыл Oral óńіrі 221 адам қабылдауға

12 Сейсенбі, 24 сәуір 2018 жылKEryEn saraı` Oral óńіrіOral óńіrі

Қазақстан Республикасының аза-маты, шешен ұлтынан шыққан қаламгер Мұхтар Бокаевтың қазақ тілінде жазған «Ертөстік» атты екі кітаптан тұратын хикаяты жарық көрді.

«Ертөстікті» таныстырды

2016 жылы дүние салған қа-ламгердің артында қалған атал-мыш мұрасын баспаға дайындап, алғысөзін жазған – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков.

«... Жеті музаның қай-қайсын да шебер меңгерген жандарды облыс жұртшылығы жақсы біле-ді, құрмет тұтады. Солардың ара- сынан Қазақстан халқы ассам-блеясының мүшесі, қазақстандық шешен азаматы Мұхтар Бокаев ерекшеленіп тұратын еді. Ол бес жасында тағдыр тәлкегіне ұшы- рап, Қазақстанға келіп, тұрақтап қалып, еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, ел сыйлаған азамат деңгейіне көтерілді. Мұхтар ағаның қалам-герлік қабілеті күшті еді. Ол шы- ғармаларын шешен, қазақ, орыс тілдерінде жазды. Оның кітапта-ры Алматыда, Грозныйда, Орал-да, Ақсайда жарық көрді. Мұхтар Бокаевтың туындыларының ал-тын қазығы халықтар достығы болды. Ол әңгіме, повестерінде қазақ халқының игі қасиеттерін жүрек тебірентерлік тұрғыда жа-за білді. Осынау «Ертөстік» хи- каятында депортацияға ұшыра- ған шешен халқының ауыр халі сегіз жастағы баланың аузымен айтылады. Баланың атасына қа-зақ шалы сыйлаған Ертөстік ат- ты бүркіттің Кавказ тауларына

бауыр басуын суреттеу арқылы автор бүкіл бір әулеттің өмірін көз алдыңа әкеледі. Егер бала- ның атасы қазақ досының арқа-сында аман қалмағанда, үлкен әулеттің тамырына балта шабы-латын еді. Ал шын мәнінде «жау» атанған шешен халқы кезінде Қазақстаннан пана тапты ғой. Бір емес, жүз, мың әулетті қазақ хал- қы сақтап қалды емес пе?! Осы-ны өз көзімен көрген Мұхтар аға бәрін қағазға түсіріп кетті. Осы- нау аманат қолжазбаны редак-циялап, кітап болып шығуына үл- кен еңбек сіңірген Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Айтқали Нәріков ағамызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Бұл кітап халықтар арасында- ғы достық идеясына қызмет ете-тін болады», – деп жазыпты облыс әкімі Алтай Көлгінов аталмыш кітапқа кіріспе сөзінде.

Өткен аптаның бейсенбі күні Орал қаласындағы Достық үйін-де «Ертөстік» кітабының таныс-тырылымы өтті. Тағылымды ша- раға ғалымдар мен студенттер, этномәдени бірлестік өкілдері, кітап авторының зайыбы, шетел- де тұратын қызы, сондай-ақ оның тарихи Отанынан келген шешен ұлтының өкілдері қатысты.

Өз тілшіміз

Өткен апта соңында А. Островский атындағы облыстық орыс драма театрында Қазталов ауда-ны М. Ғұмаров атындағы Жалпақтал халықтық теат-ры Мұнайдар Балмолданың «Он төрт (Жалпақталдағы жалын)» атты романы желісінде дайындалған қойылымды көрермен назарына ұсынды.

Өңірге танымал ақын, жур- налист Мұнайдар Бал- молданың аталмыш ро-

манының тұсаукесері өткен жыл- дың соңында «Жайық Пресс» ме- диахолдингінде өтіп, артынан бір- қатар аудан-ауылдарда танысты-рылымы ұйымдастырылған бола-тын. Жалпақтал ауылында өткен кітаптың таныстырылымында қо- йылым көрермен назарына ұсы-нылған еді.

Бұл кітаптағы оқиға сонау 1940-1941 жылдары Жалпақтал ауы-лында құрылған «Қазақ халқының қорғаушылар одағы» мүшелерінің тағдырлары туралы өрбиді. Сол кездің өзінде Қазақстанның Кеңес өкіметінен бөлініп, өз алдына дер- бес ел болуы жолында күрес жүр-гізуге жұмылған өрімдей жастар-дың әрекеттері “әшкере” болып, алды өлім жазасына кесіліп, кей- бірі оққа ұшқан. Өлім жазасынан аман қалғандары жас өмірін абақ-

тыда өткізгендігі туралы баяндалады.Әр қилы оқиғаға толы роман-

ның желісінде өрбіген тарихи дра-маны жалпақталдықтар жиналған көрермендерге тамаша жеткізе білді. Әсіресе, басты рөлдерді сом- даған Нұрхат Жалмұханов, Мержан Дүйсенов, Анар Мусина, Нұрбек Мұқамбетқалиев, Азамат Дүйсеков, Талғат Неғметуллин, Айдар Боран- ғалиев, Раухат Чавкин, Шалқыма Мерқұлова сынды аталған театр- дың жас актерлері өз кейіпкер-лерінің келбетін шынайы жеткіз-ді. Қосалқы рөлдердегі актерлер жақсы ойнады.

Айта кетейік, аталмыш театр тек облыс көлеміне ғана емес, респубикаға танымал ұжым. Театр-дың іргетасын 1950 жылдардың соңында өңірге танымал режиссер Мұхамбетжан Ғұмаров қалаған. Туған халқы «көке» деп сыйлаған режиссер өз «таяғын» 1981 жылы талантты шәкірті Нұрлан Шақа-

наевқа тапсырған. Өткен жылы зейнеткер жасына жеткен Нұрлан ағамыз саналы ғұмырын арнаған өнерден бүгін де қол үзген емес.

- Мұхамбетжан Ғұмаров атын- дағы Жалпақтал халықтық театры- ның құрылғанына келер жылы 60 жыл толмақ. Жарты ғасырдан ас-там уақытта театр көп биіктерді бағындырып, көрермен көңілінен шығып жүр. Бүгінгі таңдағы театр- дың режиссері жас, талантты да білімді Шалқыма Мерқұлова ұжым- ның жұмысын жемісті жалғап ке-леді. Бүгінгі қойылымның оралдық көрермен көңілінен шыққанына ризамыз. Біздің бастаған ісіміз-ді жалғар жас таланттардың бо-луы көңіл қуантады, - дейді ҚР Мәдениет қайраткері, театр өнері-нің ардагері, қойылымның режис-сері Нұрлан Шақанаев.

Нұрбек ЗӘКӘРИяҰЛЫ,«Орал өңірі»

14 оғлан

«Орал өңірі» газетінің 19 сәуір күн- гі №43 санында «Аялдамалардың аянышты күйі немесе желге ұшқан миллиондар» тақырыбында мақала жарияланған болатын. Мақалада За- шаған кентінде орнатылған аялдама-лар сапасының сын көтермейтіндігі, ызғырық жел мен жауын-шашыннан қалқандарының қирап қалғандығы баяндалған еді. Сондай-ақ жауапты құ- рылым басшылары аялдамалардың сынуы адами фактордан екендігін алға тартқандығы да мақалада жазылды.

Өткен жексенбі Гринько көшесі бо-йындағы «Экспресс» дүкені маңында-

ғы аялдама тұтастай шалқасынан түсті. Сынға іліккен аялдаманың бұл жолғы сыр беруі сол күнгі желдің әсерінен болғаны анық. Жол жанына төселген бос топыраққа орнатылған аялдама бағандарының түбіне бір күрек бойы ғана цемент құйылыпты. Ал сол көше бойына қойылған екінші аялдаманың төбесі желге ұшқан. Аялдамалардың бірі «шапкасын» шешіп, екіншісі «шал-қасынан» құлауына бұл жолы «адами фактордың» әсер етпегені шүбәсіз.

Нұрбек ОРАЗАЕв,«Орал өңірі»

Сынға шыдамаған аялдама «шалқасынан» түсті

Суре

тті

түс

ірге

н Т

. ТО

ҚМА

МБЕ

ТОВ

Жазылған жайттың жаңғырығы