e-mail: [email protected] №234 5 ЖЕЛТОСАН, СЕЙСЕНБІ … · Германия...

48
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федеративтік Республикасының іскер топтар кілдерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– №234 (29215) 5 ЖЕЛТОҚСАН, СЕЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЭКОНОМИКА РУХАНИЯТ 5-бет 10-бет ҚОҒАМ 3-бет «100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» – ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ» 6-бет АТАЖҰРТ – ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ ЦИФРЛАНДЫРУ СИҚЫРЫ «МАРКО ПОЛОНЫҢ» АРҚАСЫНДА БІР МАРҚАЙДЫМ EUR/KZT 391.4 USD/KZT 331.22 RUB/KZT 5.65 CNY/KZT 50.07 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: Кездесуге Германия экономи- касы Шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле, «Кнауф» ком- паниясының иесі Николас Кнауф жəне Германия Федеративтік Респуб- ликасының Қазақстан Республи- касындағы елшісі Рольф Мафаэль қатысты. Мемлекет басшысы Астанаға іскерлік сапармен келген неміс биз- несмендеріне табыс тіледі. – Астанаға қош келдіңіздер. Сіздердің делегацияларыңыз мықты құраммен келіпті. Сіздер Үкіметте кездесулер өткізіп, Қазақстанның бизнесмендерімен де жолығасыздар. Бұл кездесулердің жемісті болаты- нына сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті биылғы қазан айында Сочи қаласында Гер- мания Федеративтік Республикасы іскер топтар өкілдерімен өткізген кез- десуінің нəтижелі болғанын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан неміс компанияларының көп екенін айтып, екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына назар аударды. Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле кездесуге мүмкіндік туғыз- ғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Сочи қаласындағы ке- ліссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға тоқталды. – Қазақстан мен Германия арасын- да қарқынды экономикалық қарым- қатынас орнады. Оның дамуы 2017 жылы оң нəтиже көрсетіп отыр. Бұл ретте, Германияға Қазақстаннан келетін импорттың арта түскенін атап өткен жөн, – деді В.Бюхеле. Сурет Президенттің баспасз қызметінен алынды Германия іскер топтары өкілдерімен кездесті –––––––––––––––––––––––––––––––––– рбір адамға шаңырақ құрып, артына ұрпақ қалдыру – парыз. Бақыттың тресі де – бала сүю. кінішке қарай, нәрестенің іңгәлаған үнін есту бақыты некеге тұрған барлық отба- сына бірдей бұйырмаған. Бүгінде республика бойынша 14 мың әйел бедеу, 1 мыңнан астам еркек белсіз ретінде диспансерлік есепте тұр. Жалпы елімізде жыл сайын 20 мың жұп бедеуліктен зардап шексе, олардың 8 мыңнан астамы денеден тыс ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісіне мұқтаж екен. –––––––––––––––––––––––––––––––––– КӨКЕЙКЕСТІ Қымбат ТОҚТАМҰРАТ, «Егемен Қазақстан» Экстракорпоралды ұрықтандыру – медицинаның үлкен жетістігі Қазір денеден тыс ұрықтандыру əдісі медицина саласында қалыпты құбылысқа айналды. Əлемде жасанды жолмен дүниеге келген сəбилердің саны бүгінде 6 миллионнан асады. Ал Қазақстанда ЭКҰ жолымен туған балалардың саны бүгінде 14 мыңға жеткен. Жалпы, бедеулік пен белсіздік – тек бір отбасының ғана емес, күллі қоғамның қасіреті. Қай кезеңде де өзекті болған бұл мəселені оңтайлы шешу үшін ме- дицина саласының мамандары аз тер төккен жоқ. Табиғи жолмен бала көтеруге қауқарсыз жандарға көмектесу үшін ғалымдар өткен ғасырдың қырқыншы жылдарынан бастап жатырдан тыс ұрықтандыру əдісін сынап көре бастады. Алғашқы сынақтар əуелі кеміргіштерге жүргізілді. Ғалымдар аналық жасушаның ұрықтану уақытын, оның жатырға дейінгі өмір сүру ұзақтығын, сақталу əдісін ұзақ зерттеді. Одан кейін Кембридж университетінің зерттеушісі, белгілі дəрігер-гинеколог Роберт Эдвардс адам ұрығын зертханалық жағдайда өсіру мəселесін зерттеуді қолға алды. Аналық жəне аталық жасуша- ны жатырдан тыс ұрықтандырып, пайда болған эм- брионды жатырға əкеліп салу əдістерін игеру үшін ғалымдарға 10 жылдай еңбектенуге тура келген. Əрине, басында қоғам бұл əдісті онша қабылдай қойған жоқ. Діни көзқарас тұрғысынан да талай сынға іліккеніне қарамастан зерттеушілер 1975 жылы дене- ден тыс ұрықтандыру əдісін адамға қолданып көрді. Алайда алғашқы талпыныс сəтсіз аяқталды: ұрық жатыр түтікшесінде біткендіктен оны алып тастауға тура келді. Араға екі жыл салып, Роберт Эдвардс пен эм- бриолог Патрик Стептоу жатырдан тыс ұрықтанды- ру əдісіне тағы бір қадам жасап көрді. Осылайша, 1978 жылдың жазында əлемдегі ең алғашқы «құты- дағы сəби» Луиза Браун дүниеге келіп, оған дейін тоғыз жыл бойы бала сүйе алмаған британдық Джон мен Лесли Браундардың отбасына үлкен қуаныш сыйлады. Браундар бір баламен шектелген жоқ. Төрт жылдан кейін тағы да ЭКҰ əдісіне жүгініп, екінші сəбиі – Наталиді өмірге əкеледі. Профессор Р.Эдвардс болса, адамзатқа пайдалы істің негізін қалағаны үшін Нобель сыйлығымен марапатталды. Ал Қазақстанда денеден тыс ұрықтандыру əдісі алғаш рет 1995 жылы енгізілгенін, оны елі- мізге алып келген белгілі ғалым, репродуктолог- эмбриолог Салтанат Байқошқарова екенін жұрт- шылық жақсы біледі. Дəл осы жылы Салтанат Бер- денқызының бастамасымен Алматыдағы «Экомед» адам ұрпағын өрбіту орталығында тұңғыш рет ЭКҰ жасалып, бір жылдан кейін еліміздегі алғашқы құтыдағы сəби дүниеге келеді. 1996 жылдың шілдесінде туған қыз бала бүгінде – 21 жаста, Англияда оқиды. (Соңы 8-бетте) Құтыдағы бақыт ХАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 10-бет Серік НЕГИМОВ БАҒАДАҒЫ БАССЫЗДЫҚ 8-бет Анар ТЛЕУХАНҚЫЗЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2018 жыл – 2 600 000 000 мың теңге; 2019 жыл – 2 300 000 000 мың теңге; 2020 жыл – 2 000 000 000 мың теңге. 2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі 1. Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 21, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 30 қараша № 111-VI ҚРЗ ПРЕЗИДЕНТ ПОШТАСЫНАН Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Қазақстан Президентін Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің та- бысты өтуімен құттықтап, осы көрмеге қатысқан барлық елдердің ыстық ықыласын жеткізді. «Менің атыма қатысушы елдерден ЭКСПО көрмесі мамандандырылған көр- мелер тарихындағы ең жарқын əрі жемісті болғаны жөнінде хаттар келіп түсуде. Бұл келешекте өтетін мамандандырылған көрмелердің дамуына септігін тигізетініне сенімдімін. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің та- бысты болуына Сіздің жеке қолдауыңыздың жəне бұл жобаны іске асыруға белсенді түрде атсалысуыңыздың арқасында қол жеткізілді. Қазақстан Үкіметі жəне А.Есімов басқаратын «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компания- сы көрме инфрақұрылымының алғашқы қонақтарды қабылдауға дайын болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар халықаралық көрмеге қатысушылардың бəрі қазақтың ерекше қонақжайлылығын сезінуі үшін қолдан келгенін аямады. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге мені құрметтеп, Қазақстан Республи- касының «Достық» орденімен марапат- тағаныңыз үшін алғыс білдіремін. Маған бұл шешім туралы хабарлағанда, тебіре- нісімді жасыра алмадым. Сізбен алты жыл бойы тығыз жұмыс істеу менің өмір жо- лымдағы ең баға жетпес тəжірибе болғанын айтқым келеді. Мен Астанаға келіп, көрме аумағын көремін, сондай-ақ тек Қазақстан халқы үшін ғана емес, бүкіл əлем үшін салынған ЭКСПО-2017 көрмесінің мұрасымен та- нысамын деп үміттенемін», – делінген же- делхатта. Соңында В.Г. Лоссерталес Қазақстан мен Халықаралық көрмелер бюросы ара- сындағы өзара тығыз іс-қимылды жалғас- тыруға ниетті екенін айтты. ЭКСПО-2017 – көрмелер тарихындағы ең жарқын әрі жемісті көрме –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Халықаралық крмелер бюросының бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссер- талес Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады, деп хабар- лады Президенттің баспасз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Upload: others

Post on 07-Jul-2020

40 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

  • –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федеративтік Республикасының іскер топтар �кілдерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспас�з қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    №234 (29215) 5 ЖЕЛТОҚСАН, СЕЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

    1919 жылғы 17 желтоқсаннан

    шыға бастады

    ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

    РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

    ЭКОНОМИКА

    РУХАНИЯТ

    5-бет

    10-бет

    ҚОҒАМ

    3-бет

    «100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» – ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ»

    6-бет

    АТАЖҰРТ – ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ

    ЦИФРЛАНДЫРУ СИҚЫРЫ

    «МАРКО ПОЛОНЫҢ» АРҚАСЫНДА БІР МАРҚАЙДЫМ

    EUR/KZT 391.4 USD/KZT 331.22 RUB/KZT 5.65 CNY/KZT 50.07ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

    Кездесуге Германия экономи-касы Шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле, «Кнауф» ком-па ния сының иесі Николас Кнауф жəне Германия Федеративтік Респуб-ли касының Қазақстан Республи-касындағы елшісі Рольф Мафаэль қатысты.

    Мемлекет басшысы Астанаға іскерлік сапармен келген неміс биз-нес мендеріне табыс тіледі.

    – Астанаға қош келдіңіздер. Сіздердің делегацияларыңыз мықты құраммен келіпті. Сіздер Үкіметте

    кездесулер өткізіп, Қазақстанның бизнесмендерімен де жолығасыздар. Бұл кездесулердің жемісті болаты-нына сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Қазақстан Президенті биылғы қазан айында Сочи қаласында Гер-мания Федеративтік Республикасы іскер топтар өкілдерімен өткізген кез-де суінің нəтижелі болғанын атап өтті.

    Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан неміс компанияларының көп екенін айтып, екі елдің іскер топтары арасындағы

    ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

    Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле кездесуге мүмкіндік туғыз-ғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Сочи қаласындағы ке-ліссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға тоқталды.

    – Қазақстан мен Германия арасын-да қарқынды экономикалық қарым-қатынас орнады. Оның дамуы 2017 жылы оң нəтиже көрсетіп отыр. Бұл ретте, Германияға Қазақстаннан келетін импорттың арта түскенін атап өткен жөн, – деді В.Бю хеле.

    Сурет Президенттің баспасз қызметінен алынды

    Германия іскер топтары өкілдерімен кездесті

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––рбір адамға шаңырақ құрып, артына ұрпақ қалдыру – парыз. Бақыттың т�ресі де – бала сүю. кінішке қарай, нәрестенің іңгәлаған үнін есту бақыты некеге тұрған барлық отба-сына бірдей бұйырмаған. Бүгінде республика бойынша 14 мың әйел бедеу, 1 мыңнан астам еркек белсіз ретінде диспансерлік есепте тұр. Жалпы елімізде жыл сайын 20 мың жұп бедеуліктен зардап шексе, олардың 8 мыңнан астамы денеден тыс ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісіне мұқтаж екен. ––––––––––––––––––––––––––––––––––

    КӨКЕЙКЕСТІ

    Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,«Егемен Қазақстан»

    Экстракорпоралды ұрықтандыру – медицинаның

    үлкен жетістігіҚазір денеден тыс ұрықтандыру əдісі медицина

    саласында қалыпты құбылысқа айналды. Əлемде жасанды жолмен дүниеге келген сəбилердің саны бүгінде 6 миллионнан асады. Ал Қазақстанда ЭКҰ жолымен туған балалардың саны бүгінде 14 мыңға жеткен.

    Жалпы, бедеулік пен белсіздік – тек бір отбасының ғана емес, күллі қоғамның қасіреті. Қай кезеңде де өзекті болған бұл мəселені оңтайлы шешу үшін ме-дицина саласының мамандары аз тер төккен жоқ. Табиғи жолмен бала көтеруге қауқарсыз жандарға көмектесу үшін ғалымдар өткен ғасырдың қырқыншы жылдарынан бастап жатырдан тыс ұрықтандыру əдісін сынап көре бастады. Алғашқы сынақтар əуелі кеміргіштерге жүргізілді. Ғалымдар аналық жасушаның ұрықтану уақытын, оның жатырға дейінгі өмір сүру ұзақтығын, сақталу əдісін ұзақ зерттеді. Одан кейін Кембридж университетінің зерттеушісі, белгілі дəрігер-гинеколог Роберт Эдвардс адам ұрығын зертханалық жағдайда өсіру мəселесін зерттеуді қолға алды. Аналық жəне аталық жасуша-ны жатырдан тыс ұрықтандырып, пайда болған эм-брионды жатырға əкеліп салу əдістерін игеру үшін ғалымдарға 10 жылдай еңбектенуге тура келген. Əрине, басында қоғам бұл əдісті онша қабылдай қойған жоқ. Діни көзқарас тұрғысынан да талай сынға

    іліккеніне қарамастан зерттеушілер 1975 жылы дене-ден тыс ұрықтандыру əдісін адамға қолданып көрді. Алайда алғашқы талпыныс сəтсіз аяқталды: ұрық жатыр түтікшесінде біткендіктен оны алып тастауға тура келді.

    Араға екі жыл салып, Роберт Эдвардс пен эм-брио лог Патрик Стептоу жатырдан тыс ұрықтан ды-ру əдісіне тағы бір қадам жасап көрді. Осылайша, 1978 жылдың жазында əлемдегі ең алғашқы «құ ты-дағы сəби» Луиза Браун дүниеге келіп, оған дейін тоғыз жыл бойы бала сүйе алмаған британдық Джон мен Лесли Браундардың отбасына үлкен қуа ныш сыйлады. Браундар бір баламен шектелген жоқ. Төрт жылдан кейін тағы да ЭКҰ əдісіне жүгі ніп, екінші сəбиі – Наталиді өмірге əкеледі. Про фес сор

    Р.Эдвардс болса, адамзатқа пайдалы істің негізін қа лағаны үшін Нобель сыйлығымен мара патталды.

    Ал Қазақстанда денеден тыс ұрықтандыру əді сі алғаш рет 1995 жылы енгізілгенін, оны елі-мізге алып келген белгілі ғалым, репродуктолог-эмбриолог Салтанат Байқошқарова екенін жұрт-шылық жақсы біледі. Дəл осы жылы Салтанат Бер-денқызының бас тамасымен Алматыдағы «Экомед» адам ұрпағын өрбіту орталығында тұңғыш рет ЭКҰ жасалып, бір жылдан кейін еліміздегі алғашқы құтыдағы сəби дүниеге келеді. 1996 жылдың шілдесінде туған қыз бала бүгінде – 21 жаста, Англияда оқиды.

    (Соңы 8-бетте)

    Құтыдағы бақыт

    ХАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

    10-бет

    Серік НЕГИМОВ

    БАҒАДАҒЫ БАССЫЗДЫҚ

    8-бет

    АнарТЛЕУХАНҚЫЗЫ

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға

    арналған кепілдендірілген трансферт туралы1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің

    мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған

    республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:2018 жыл – 2 600 000 000 мың теңге;2019 жыл – 2 300 000 000 мың теңге;2020 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі1. Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған

    кепілдендірілген трансферт туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 21, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

    Астана, Ақорда, 2017 жылғы 30 қараша № 111-VI ҚРЗ

    ПРЕЗИДЕНТ ПОШТАСЫНАН

    Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Қазақстан Президентін Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің та-бысты өтуімен құттықтап, осы көрмеге қатысқан барлық елдердің ыстық ықыласын жеткізді.

    «Менің атыма қатысушы елдерден ЭКСПО көрмесі мамандандырылған көр-мелер тарихындағы ең жарқын əрі жемісті бол ғаны жөнінде хаттар келіп түсуде. Бұл келешекте өтетін мамандандырылған көрме лердің дамуы на септігін тигізетініне сенімдімін.

    Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің та-бысты болуына Сіздің жеке қолдауың ыздың жəне бұл жобаны іске асыруға белсенді түрде атсалысуыңыздың арқа сында қол жеткізілді. Қазақстан Үкіметі жəне А.Есімов басқаратын «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компания-сы көрме инфрақұрылымының алғашқы қонақтарды қабылдауға дайын болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар

    халықаралық көрмеге қатысушылардың бəрі қазақтың ерекше қонақжайлылығын сезінуі үшін қолдан келгенін аямады.

    Мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге мені құрметтеп, Қазақстан Рес пуб ли-касының «Достық» орденімен мара пат-тағаныңыз үшін алғыс білдіремін. Маған бұл шешім туралы хабарлағанда, тебі ре-нісімді жасыра алмадым. Сізбен алты жыл бойы тығыз жұмыс істеу менің өмір жо-лымдағы ең баға жетпес тəжірибе болғанын айтқым келеді.

    Мен Астанаға келіп, көрме аумағын көремін, сондай-ақ тек Қазақстан халқы үшін ғана емес, бүкіл əлем үшін салынған ЭКСПО-2017 көрмесінің мұрасымен та-нысамын деп үміттенемін», – делінген же-делхатта.

    Соңында В.Г. Лоссерталес Қазақстан мен Халықаралық көрмелер бюросы ара-сындағы өзара тығыз іс-қимылды жал ғас-тыруға ниетті екенін айтты.

    ЭКСПО-2017 – көрмелер тарихындағыең жарқын әрі жемісті көрме

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Халықаралық к�рмелер бюросының бас хатшысы Висенте Гонсалес Лос сер-талес Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады, деп хабар-лады Президенттің баспас�з қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

  • 2 5 ЖЕЛТОҚСАН 2017 ЖЫЛСАЯСАТ

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының Бюро отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Микко Кивикоскиді қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары комитеттерге бөлініп берілді. Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті «Жер қойнауы және жер қойнауын пай-далану туралы» кодексінің жобасы және заңнамаға жер қойнауын пай-далану мәселелері бойынша түзету енгізетін заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

    Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау орган-дары комитетіне «Қазақстан Республикасындағы бағалау қыз меті туралы» және «Қазақстан Рес публикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша ұсыныстар жинақтап, қорытынды әзірлеу тап-сырылды.

    «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобасына түзетулер енгізу бойын-ша Қаржы және бюджет комитеті бас комитет болып белгіленді.

    Бюрода Палатаның 2017 жылы 7 желтоқсанда өтетін кезекті отырысының күн тәртібі бойынша

    ұсыныстар да енгізілді және саясиқоғамдық және экономикалық маңызы зор заң жобалары тал қыланды.

    Сенаторлар Қазақстан Рес публикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкi арасын дағы (ОңтүстікБатыс автомобиль жол-дарын дамыту жобасы: «Ба тыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі) қарыз ту-ралы келісімхатты ратификация-лау туралы заң жобасын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокө лік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақ тастығы туралы келісімді ратифи кациялау туралы заң жо-басын, Заңнамаға құқық қорғау қызме тінің процестік негіздерін жаң ғырту мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жо-басын, «Салық және бюджет-ке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің жо-басын және Заңнамаға салық салу мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заңның жобасын қарайтын болды.

    Халық қалаулыларының наза-рына Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты және Қа зақстанТүрікменстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімдерді ратификациялау ту-ралы заң жобасы ұсынылады.

    Сонымен бірге жәбір ле ну шілер ге зиянды өтеу қоры туралы заң жо басы ілеспе түзетулерімен екінші оқы лымда қаралады деп жос пар ланды.

    Сондайақ «Білім туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Қазақстан Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салу-ды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы кон-венцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы заң жо-басы бойынша бейінді комитет-ке қорытынды әзірлеу мерзімін белгілеу көзделген.

    Тараптар екіжақты қарымқаты насты, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

    Мәжіліс Төрағасы елшіні жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, енді бірнеше күннен кейін Суомидің 100 жылдық ме-рейтойы аталып өтілетіндігін алға тарта келе, фин халқына гүлдену мен бақбереке тіледі.

    Осы жылы екі ел арасында дипломатиялық қарымқатынастың орнағанына 25 жыл толды. Төраға атап өткендей, Финляндия Солтүстік Еуропа елдерінің ішінде алғашқылардың бірі бо-лып, Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. Осы уақыттар ішінде

    қос мемлекет басшыларының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан мен Финляндия Орталық Азия мен Солтүстік Еуропадағы стра тегиялық әріптестерге айналды.

    Мәжіліс Төрағасының пікірін ше, аталған мемлекет барлық деңгейде сындарлы үнқатысуға қол жеткізген Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық әріптесі. Өз кезегінде елші Қазақстанның та-быстарына өте жоғары баға беріп, біздің еліміздің экономикалық сала дағы тәжірибесі әлемдегі бірқа тар елдерге үлгі екенін жеткізді. Тараптар Қазақстанда өткен ЭКСПО халықаралық көрмесіне айрықша назар аударып, бұл екі елдің байланысына жаңа серпін беретіндігіне тоқталды.

    Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,«Егемен Қазақстан»

    Цифрландыру – экономикалық жаңғыруға тың серпін

    20182022 жылдарға арналған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жо-басы туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев баяндады.

    Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында экономиканың жедел технологиялық дамуына жол ашып, цифрландыру мәселесіне ерекше ден қою – Елбасы қойып отырған маңызды стратегиялық міндет. Осыған байланысты ар-найы бағдарлама әзірлеу аталған министрлікке тапсырылған болатын. Д.Абаевтың айтуын-ша, министрлік Мемлекет басшысы айтқан барлық мәселені барынша қамти отырып, бағдарламаның соңғы нұсқасын дайындап шыққан. Бағдарлама бес бағытты қамтиды. Оның біріншісі – экономика салаларын цифрландыру. Бұл бағыт еңбек өнімділігін өсіру және капиталдандыруды арттыруды мақсат тұтып, серпінді технологияларды пайдалану арқылы экономиканың дәстүрлі салаларын түрлендіруді көздейді. Екіншісі – «Цифрлы мемлекетке көшу». Бұл бағыт мемлекеттік қызмет көрсету саласын жаңа сапаға көтеруді мақсат етеді. Әсіресе, қағаз жүзіндегі жұмыстар электронды нұсқаға көшірілумен ерекшеленбек. Министрдің айту-ынша, қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 2530 пайызы электронды нұсқада көрсетілсе, төрт жылдан кейін бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

    Ал бағдарламаның үшінші «Цифрлы Жібек жолын жүзеге асыру» бағытында мәліметтерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдығына қол жеткізілмек. Төртіншісі – «Адам капиталын дамыту». Бұл бағытта «білім экономикасына» көшу үшін креативті қоғам құру қолға алынады.

    Бесіншісі – «Инновациялық экожүйе құру» бағыты. Мұнда бизнес, ғылыми орта және мем-лекет арасындағы тұрақты байланыс орнатып, технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамытуға қолайлы жағдай жасау мәселелері қамтылып отыр.

    Д.Абаевтың айтуынша, бағдарламада қамтылған мәселелердің бір бөлігі таяу жыл-дары нақты нәтижесін береді. Қалғандары экономикаға тың серпін беруші сала ретінде алдағы онжылдықта жемісін беретін болады.

    Мәселені қарау барысында министрлер кабинеті «Цифрлы Қазақстан» бағдарла масының жобасын қолдады. ПремьерМинистр Бақытжан Сағынтаевтың сөзіне қарағанда, аталған бағдарламаны енгізудің нәтижесінде бүгінгі күнгі экономикалық тиімділік 2,2 трлн теңгені құрайтын болады. Енді бағдарлама нұсқасы Елбасының қарауына жолданбақ. «Бағдарламаға қатысты шаруа-ларды тиянақтау үшін бірқатар министрлік жұмыла жұмыс істеуі керек. Бірінші кезекте Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп,

    бір айдың ішінде мемлекеттік бағдарламаны ұйымдастыру жөніндегі жоспарды әзірлеп бекітуі тиіс. Бизнес үшін де, халық үшін де кешенді ақпараттық түсіндіру шараларын қолға алуды тапсырамын», деді Үкімет басшысы.

    Дәрі-дәрмек уақтылы жеткізілуі керек

    Бүгінде елімізде 400ден астам дәрі 2,5 млн адамға тегін беріледі екен. Бұлардың бәрі – созылмалы аурулармен диспансерлік есепте тұрған пациенттер. Халықты дәрідәр мекпен қамтамасыз ету жайында Үкімет отыры сында сөз сөйлеген Денсаулық сақтау минис трі Елжан Біртановтың айтуынша, тегін және жеңілдікпен дәрілер беру жүйесі Қазақ станда 2005 жылы іске қосылған екен. Алғаш қы жылы осы мақсатқа 2,8 млрд теңге бөлінсе, биыл қаржының көлемі 130 млрд теңгеге жеткен. Аталған қаражаттың 36 млрд теңгесі – вакциналарға, 94 млрд теңгесі тікелей рецепт бойынша берілетін дәрідәрмектерге жұмсалады.

    Амбулаторлық негізде тегін берілетін дәрілердің көбі жиі кездесетін әлеуметтік ауруларға беріледі. Мұндай сырқаттардың ішінде бірінші орында қант диабеті тұр. Оған 2016 жылы 8,8 млрд теңге бағытталған. Екінші орында қан қысымының жоғарылауын емдеуге арналған дәрілер, үшінші орында онкологиялық және қан аурулары тұр. «Қазір біз амбулаторлық негізде тегін берілетін дәрілер жүйесін әлі де жетілдіре түспекпіз. Қаржының көбі жиі кездесетін ауруларға жұмсалады. Бірақ кейде өте сирек кездесетін қан ауруларына да қаржы көп кетеді. Мәселен, 585 ауруға 6 млрд теңге қаржы жұмсалып отыр», деді министр.

    Әлбетте, тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілердің бәрі бірдей табыла бермейді. Министрлік пен «СКФармация» бірыңғай дистрибьюторы бірлесе жүргізген ақпараттық зерттеу бойынша, 2018 жылға кем дегенде 32% немесе 60 млрд теңге көлеміндегі дәрідәрмек тапшылығы байқалған. Осы мәселені ескере отырып, тиісті азаматтар-ды тегін дәрілермен жеткілікті түрде қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медицина лық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тізімдерінің ережесі бекітіліп, Әділет министр лігіне мемлекеттік тіркеуге жіберіліпті.

    Жалпы, тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілерді сатып алу тендер бойынша жүзеге асырылатыны белгілі. Бірыңғай дистрибью-тор жүргізетін екі кезеңді тендер рәсімнің ұзақтығы – 59 күн. Сондықтан келесі жылға дәрідәрмекті жеткізудің басталу мерзімі ша-мамен 2018 жылдың 15 ақпанынан 10 науры-зына дейін жоспарланып отыр.

    Осыған байланысты тегін немесе же ңілдікпен дәрі алатын азаматтарға дәрілерді уақ тылы жеткізу үшін министрлік Үкімет қаулысының жобасына толықтыру енгізуді ұсынды. Министрдің айтуынша, бірыңғай дистрибьюторға 2018 жылға арналған дәрідәрмектер мен медициналық бұйымдарды бір

    жерден сатып алу мүмкіндігі берілуі керек. Сонда тендер бітпейінше халыққа дәрілердің жетпей қалу мәселесі туындамайды.

    Мәселені қорытындылаған ПремьерМинистр дәрідәрмек сатып алу мәселелері Мемлекет басшысының тікелей бақы лауында екенін айта келіп, елді дәрідәрмекпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету жауапкершілігін министрдің тікелей өзіне жүктеді. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігіне дәрідәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарына түзетулер енгізіп, жоспардағы кемшіліктерді жою тура-лы тапсырма берілді.

    Халықаралық қаржы орталығы: алғашқы адымдар

    Осыдан екі жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы Конституциялық заңға қол қойғаны белгілі. Енді міне, экономиканың ең тиімді жобаларының бірінен саналатын «Астана» халықаралық қаржы орталығы келесі жылдың қаңтарынан толыққанды жұмысқа кіріскелі отыр. Оның алғашқы адымдары мен бірегей жоспарлары Үкімет отырысында талқыланды.

    АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов бұған дейін қолға алынған қыруар жұмыстың нәтижесінде қаржы орталығы шаруаны бастауға толыққанды дайын екенін мәлімдеді.

    Халықаралық орталықтың ресми тілі ағылшын тілі әрі бұл – ТМД кеңістігі елдерінің ара сында ағылшындық құқық қағидатымен жұ мыс істейтін тұңғыш қаржы институты. Бү гінде әлемдік қаржы орталықтарының 90 па йы зы осы ағылшын қағидаттарына сүйенеді екен.

    Қ.Келімбетов өткен айда қаржы орталығы алаңында оның биржасы тіркелгенін атап өтті. Оның жұмысын жаңа құрылым – қаржы қызметтерін реттеу комитеті үйлестіреді.

    Жалпы, биржа, қаржы қызметтерін реттеуші, арбитраж орталығы мен қаржы соты «Астана» қаржы орталығының басты ор-гандары болады. Орталық нақты алты бағытқа басымдық береді. Олар – капитал нарықтарын дамыту, мемлекеттік активтерді басқару, жаңа қаржы теxнологияларын дамыту, жеке адамдардың әлауқатын басқару, исламдық қаржыландыру мен цифрландыруды дамыту.

    «Астана» қаржы орталығы алаңында инвесторларға да теңдессіз жеңілдік шарттары қарастырылып отыр. Айталық, инвесторларды ынталандыру үшін 2065 жылдың аяғына дейін корпоративтік және жеке табыс салығынан босататын салықтық жеңілдіктер ұсынылады.

    Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айту-ынша, Қазақстанның қор нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2018 жылдың бірінші тоқсанында АХҚО биржасына мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және орналасты-ру көзделген.

    Сондайақ Қаржы министрлігі ислам құнды қағаздары – сукукты шығару мүмкіндігін қарастыруда. 2018 жылдың бірінші жарты-сында АХҚО биржасында сукукты шығару да көзделуде.

    Тақырыпты түйіндеген Үкімет басшысы қаржы орталығын ашу жауапкершілігі үлкен ауқымды жоба екенін айта келіп, жыл аяғына дейін барлық мәселені реттестіруді тапсыр-ды. Сонымен қатар, ол теңдесі жоқ мұндай ірі орталықтың Қазақстанда ашылғанын жержаһанға жариялау қажеттігін атап өтті.

    Астанада өтетін «Kazakhstan Global Investment Roundtable» фо-румы аясында ПремьерМинистр Ба қытжан Сағынтаев Cathay Industrial Biotech компаниясының пре зиденті Лю Шикаймен, Areva Mines ком паниясының басқарушы дирек-торы Жак Питьемен және CNBC ар насында «STREET SIGNS» бағдар ламасын бірлесіп жазған автор

    Ориэл Моррисонмен бірқатар екіжақ ты кездесу өткізді, деп хабарлады ПремьерМинистрдің бас пасөз қызметі.

    Кездесулер барысында ын тымақтастықты одан әрі нығайту, ин дус трияландыру және атом өнер кәсібі саласында жаңа инвести циялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

    Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

    Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева жетекшілік еткен жиында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы негізгі баян-дама жасады.

    «Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында ауқымды жо-балар бойынша ісшаралар басталып кетті. Латын әліпбиіне көшу жөнінде Президенттің Жарлығы шықты, «100 Жаңа есім» жобасы қорытындыланды. Бұл жобалар бірнеше жылға бағытталған. Ендігі жерде қабылданып, орындалатын ісшаралар халқымыздың мәдени талғамын және жалпы мәдениеттілік дең гейін көтеруге бағытталуының маңызы зор екендігін естен шығармауымыз қажет», деді Г.Исимбаева өзінің алғы сөзінде.

    Ал одан кейін министрлік атқарып жатқан шаруалар жөнінде мәлімдеген А.Мұхамедиұлы жұмысты жетілдіру мақсатында 2014 жылы Президент Жарлығымен тарихымызда тұңғыш рет Қазақстан Республикасындағы Мәдени сая-сат тұжырымдамасы бекітілгенін атап өтті. Оның айтуынша, аталған құжатқа сәйкес, саланы дамытудың шешуші бағыттары

    түгелдей жаңғыртылып, әрбір өңірдің мәдени әлеуетін бренд ретінде ілгерілетуге арналған негізгі туристікмәдени кластер-лер анықталған. Сол сияқты осы тарихи құжатқа сәйкес репертуарлық саясатты реттеп, күшейту жолында өнердің түрлі саласы бойынша елімізде бұрын болмаған 13 көркемдік кеңес дүниеге келген.

    «Олардың қатарында театр, музыка, цирк, хореография өнері, киноөндіріс, музей, кітапхана ісі, археология, қорықмузейлер, көркемсурет, сәулет, ди-зайн өнері, әдебиет және кітап шығару жөніндегі кеңестер бар. Бұл кеңестер белгілі мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен жыл сайын өткізіліп, мәдениет және өнер саласын дамыту бой-ынша өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылайды», деді министр.

    Бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» мен «Қазіргі заманғы Қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» және «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі» арнайы жобаларының басты орындаушы ор-ганы болып табылады. Бұл жобаларды тиімді жүзеге асыру мақсатында Ұлттық

    музей жанынан «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығы және ең білікті мамандарды біріктірген «Туған жер» Қазақстан өлкетанушылар бірлестігі құрылған. Мамыр айында жобаның ал-дына қойған міндеттерін белгілеп алу мақсатында барлық өлкетанушылардың қатысуымен Бірінші республикалық фо-рум өткендігін де айта кеткен жөн.

    Ал киелі орындарды анықтау және зерттеу мақсатында ғалымдардың қатысуымен Қазақстанның барлық өңірлеріне 6 бағыт бойынша – Солтүстік, Батыс, Шығыс, Оңтүстік, Орталық, ОңтүстікШығыс деген атаулармен экс-педиция ұйымдастырылған. Нәтижесінде, жалпы ұлттық маңызы бар 100, жергілікті маңызы бар 500 киелі жердің тізімдері жа-салып, жүйеленген. Министрдің айтуын-ша, бұл тізімдерді толықтыру жұмыстары алдағы жылдары да жалғасатын болады.

    Отырыста министр баяндамасы-нан кейінгі сұрақжауап бөлімінде де-путаттар қалың бұқараның көкейінде жүрген бірқатар мәселелердің мәнжайын сұрап, аныққанығына көз жеткізді. Мәселен, алғаш болып сауал қойған де-путат Қуаныш Сұлтанов Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының жаңа ғимаратының қашан салынатындығын сұрады. «Осыдан біраз жыл бұрын Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ театры құрылысы туралы Үкіметке берген сауалыма оң жауап алып едім. Сол театр үйі қашан, қай жерде са-лынады?» деді депутат.

    «Жақында ғана Елбасы Астананың бас жоспарын көргенде Қ.Қуанышбаев

    театрына жаңа ғимарат салу мәселесі қаралған еді. Жаңа ғимарат құрылысының жұмысы «СамұрықҚазына» акционерлік қоғамына жүктелді. Бүгінде ол үшін жер қарастырылып жатыр. Астананың 20 жылдық мерекесі шарасында алғашқы құрылыс капсуласы міндетті түрде қағылады», деп жауап берді министр.

    Сондайақ депутаттар сөз еткен өткір мәселенің тағы бірі мәдениет саласы қызметкерлері еңбекақысының төмендігі болды. Өз кезегінде А.Мұхамедиұлы оны жоққа шығармады. «Көпшілік жағдайда аш адам шығармашылықта табысты бо-лады деп жатады. Оған Бетховен мен Моцартты мысалға келтіреді. Осы орайда айтарым, біздің таланттарымыз мардым-сыз жалақы алып жүрсе де халықаралық деңгейге шығып жатыр. Әртістер өз талан-тымен биіктерді бағындырса, кітапхана, музей, мәдениет үйлері сынды салалар қаржылық қолдауға мұқтаж болып отыр», деді Мәдениет және спорт министрі.

    Сондайақ аталған мәселе бойын-ша сөзге араласқан Қаржы вицеминистрі Татьяна Савельева мен Еңбек және әлеуметтік қорғау вицеминис трі Светлана Жақыпова мәдениет сала сындағы еңбекақыны төлеу мәселесі өте өзекті екендігін айтты. «Мемлекет деңгейінде олардың жалақысы 2005 жылдан 2011 жылға дейін 5 рет 2530 пайызға көте ріліп отырған. Соңғы рет мәдениет қыз мет керлерінің жалақысын төлеуді рефор малау аясында 2016 жылы 40 пайыз ға көбейтілді», деді Т.Савельева. Ал С.Жақыпованың айтуына қарағанда, өткен жылы жүргізілген еңбекақыны төлеу реформасы аясында 50 мыңға жуық

    мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өскен. Әсіресе, ең төменгі жалақы алатын кі тапханашылардың жалақысы 52 мыңнан 70 мың теңгеге дейін, архив қызмет керлерінің жалақысы 44 мыңнан 62 мың теңгеге көтерілген.

    Алқалы жиын аясында Арыстанбек Мұхамедиұлы отандық кино өндірісі ту-ралы айта келе, Қазақстанға Голливуд ин вес тициясын тартуға қатысты пікір білдірді. Оның түсіндіруінше, бүгінде қазақстандық прокаттағы отандық кино үлесі 6 па йызды құрайды. 2014 жылдан бастап, ми нистрліктің тапсырысы бойынша, 194 картина шығарылып, соңғы үш жылда 200ден астам туынды көптеген фести-вальдер мен халықаралық көрсетілімдерге қатысқан.

    «Біздің міндетіміз әлемнің жетекші кинокомпанияларымен шедевр түсіру. Жақында ғана ЛосАнджелесте Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмін, классикамыз «Қыз Жібекті», Рүстем Әбдірашевтың «Алмас қылышын» және Елбасы туралы «Балалық шағымның аспа-ны» туындыларын көрсеттік. Бұл фильмдер елеулі табысқа кенелді. Көрсетілім кезінде әлемдік кино компаниялардың жетекшілерімен жүздестік. Paramount Pictures, Warner Brothers, HBO, Disney сын ды кинокомпаниялардың вицепрезиденттері Қазақстан нарығына қатысуға ниет білдірді. Яғни олардың инвестициялары мен шығармашылық әлеуетін Қа зақстанға әкеле аламыз», деді министр.

    Осылайша, Үкімет сағатының нәтижелері бойынша бірқатар ұсыныстар әзір леніп, олар Әлеуметтікмәдени даму комитетіне тапсырылды.

    Мәдениет саласының жай-күйі талқыланды–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Мәжілісінде «Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру тұрғысында» тақырыбымен Үкімет сағаты өтіп, онда елдегі мәдениет нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуы мен мәдениет қызметкерлері тұрмысы және ауылдық жерлер-де мәдениет ұйымдары желісінің жай-күйі сынды мәселелермен қатар, алда тұрған жаңа жобаларды жүзеге асырудың тетіктері талқыланды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Маңызды мәселелерге мән берілдіКүн тәртібі бекітілді

    Қаралатын заң жобалары нақтыланды

    Финляндия елшісін қабылдады

    Форум аясындағы кездесулер

    «Ұлттық аграрлық ғылымибілім беру орталығы» КеАҚ (әрі қарай – «ҰАҒБО» КеАҚ) Директорлар кеңесі нің кезек тен тыс өткен отыры сында ПремьерМинистр дің орын басары – Ауыл ша руа шы лығы министрі А.Мырзах ме товтің шешімімен Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігі

    мерзімінен бұрын тоқтатылып, кеңестің жаңа құрамы сайлан-ды.

    Қайта сайланған дирек-торлар кеңесі құрамының төрағасы болып Ауыл шаруа шылығы бірінші вицеминистрі Қ.Айтуғанов сайланды, деп ха-барлады АШМның баспасөз қызметі.

    Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

    –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет оты-рысында 2018-2022 жылдар аралығын қамтитын «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қорытынды нұсқасы таныстырылды. Сондай-ақ жиында 2018 жылдың 1 қаңтарынан толыққанды жұмысқа кірісетін «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмыс жоспары және амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайы мен салық, кеден саласын цифрландыру бағыттары кеңінен талқыланды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

  • 5 ЖЕЛТОҚСАН 2017 ЖЫЛ 3

    – «100 жаңа оқулық» жобасының маңызы қандай?

    – Елбасының «Болашаққа бағдар: ру хани жаңғыру» мақаласында алты үл кен жоба аталды. Сол жобалардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Мен бұны арнайы айтып жатқан себебім, бұл бас-тама ауызекі тілде «100 жаңа оқу лық» деп аталып жүр. Бірақ бұл жоба ның мақсаты 100 кітап аударып шыға ру дан əлдеқайда кең. Сөзсіз, тамаша оқу лық-тар аударылады, басылып тарайды. Бі рақ мұның барлығы түпкі, үлкен мақсат қа жол салатын құрал. Ол қандай мақсат? Жаңа оқулықтар арқылы біз қазақ ауди-торияларындағы талқының мазмұны мен деңгейін көтереміз. Сол арқы лы жалпы гуманитарлық білімнің маз мұны мен са-пасы мүлде жаңа деңгейге шығуы тиіс. Өйткені əлемдік гу ма нитарлық ғылым қазақ тіліне мұн дай көлемде ешқашан аударылған емес. Енді бұл оқулықтарды ертең оқу бағдарламасына қалай енгіземіз? Осыған орай оқытушылардың жұмысы қалай өзгеруі керек?

    Қазақы интеллектуалды, гума ни-тарлық ғылыми орта, оқытушылар мен студенттер бұл жобаға өздерінің күнделікті өміріне, ертеңіне тікелей қатысы бар мүмкіндік деп қарауы керек. ХХ ғасырдың басында Алаш қайраткерлері аудармамен көптеп ай-налысты. Бірақ ол кезде қазіргідей мүмкіндік болған жоқ. Қазір мүлде басқа уақыт, басқа мүмкіндік. Біз осы мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек. Мемлекет тарапынан барлық жағдай жа-салып жатыр. Сондықтан бұған атсалыса алатын орта жұмылуы қажет. Біз аудар-ма ісін білетін мамандарға аса зəруміз.

    Бұл жоба – рухани жаңғыру деген ауқымды бағдарламаның құрамдас бөлігі. Кеңестер заманында гуманитарлық ғылымдар саясаттың қызметінде, идеологияның құралы болғаны белгілі. Зиялы ортаның көзқарастары мен құндылықтарына ықпалы зор осы білім салалары бізде əлі күнге дейін ескі сарыннан арылмаған. Жоғары оқу орындарындағы студенттердің 70 пайы-зы қазақ тілінде оқиды деп марқаямыз, ал олардың не оқып жүргендеріне енді ғана ден қоя бастадық. Мұның сыр-тында, бұл оқулықтар қазақ тіліндегі гуманитарлық біліммен бірге қазақ тілінің өзін де өрге тартатын бастама деп білемін. Тіліміз халықаралық ғылыми лексикамен толығады.

    – Осы мақсаттарға жету үшін бізге 100 оқулық аудару жеткілікті ме?

    – «100 жаңа оқулық», «100 жаңа тұлға» деп жобаларға шартты ат қойы лады. Ол есте сақтауға, насихат тап таратуға ыңғайлы. Бірақ ол 100 оқулықпен шектелеміз деген сөз емес. Оқулықтар жақсы аударылып, оған үлкен сұраныс болып, жақсы нəтиже көрсетіп жатсақ, ол жүзден əлдеқайда көп болуы мүмкін. Таңдалған гуманитарлық бағыттар бой-ынша алдыңғы қатарлы университеттер мен баспалардан жыл сайын жүздеген жаңа оқулықтар шығады. Оның сыр-тында, оқулық деуге келмейтін, бірақ ғылым саласының дамуына зор үлес қосқан жекелеген авторлардың зерттеуі негізінде шыққан монографиялар бар. Олар да оқу бағдарламаларына міндетті түрде оқылуы тиіс кітаптар тізіміне кірген. Ол аз десеңіз, ғылыми танымдық бағытта жазылған, ондаған тілге ау-дарылып, миллиондаған таралыммен шығып жатқан басқа да кітаптар бар. Өз басым осының барлығы аударылса деймін. Жоғарыда аталған мақсатқа жету – бір науқанмен бітетін шаруа емес, ол

    процесс, қазіргі аударма тілінде үдеріс. Ол ұдайы ізденісті, тоқтаусыз жаңаруды талап етеді. Біз ұмтылған ілгері дамыған 30 елдің қай-қайсысында да осы үдеріс бар. Сондықтан «Жаңа гуманитарлық

    білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жо-басы сол үдерістің басы деуге болады. Сонымен бірге бұл бізге үлкен сын, ғылыми ортаның қуаты, аудармашы-лар ортасының əлеуеті сыналып жатыр. Қазір осы жұмысқа 120-дан астап адам жұмылдырылған. Үлкен қауым. Осы кісілердің барлығы тура мағынасында күні-түні жұмыс істеп отыр.

    – Оқулықтар ғалымдардың, оқу орындарының ұсынысымен таң да-лып жатыр деп естідік. Бұл кітаптар оқулықтар ма, əлде жекелеген авторлардың зерттеу еңбектері ме?

    – Аударылатын кітапқа қойылатын талаптар мен оларды іріктеу жүйесі жұмыс тобында ұзақ талқыланды. Кеңесе келе, мынадай критерийлерге тоқтадық: таңдалатын кітап əлемдегі озық 100 университеттің оқу бағдарламасында болуы шарт, ол оқулық кемінде үш басы-лым көруі тиіс, соңғы басылымы өткен үш жылда шығуы керек. Бұл талаптар оқулыққа деген сұраныстың жоғары екендігін, оның мазмұн тұрғысынан өзектілігін растайды. Иə, іріктеудің басы оқу орындарынан басталды. Біз оларға өтініш жіберіп, өздеріне қажет деген оқулықтар тізімін сұраттық. 800-ден аса оқулықтың тізімдері келді. Оның ішінде оқулықтар да, жекеле-ген зерттеу еңбектері де болды. Бірақ барлығы да алдыңғы қатарлы оқу орын-дарында гуманитарлық бағыттағы оқу бағдарламасында бар кітаптар.

    – Философияға байланысты да кітап аударылды. Басқа салаларға қара ғанда философия дүниетанымға, көз қарасқа, діни танымға əсер етеді. Осы аударылған кітап қазақ дүние-танымына сəйкес келе ме?

    – Жаңа гуманитарлық білім де-генде Елбасы мақаласында ғылымның жеті бағыты аталды. Ол философия, əлеуметтану, психология, мəдениеттану, тарих, филология жəне саясаттану. Осы саланың барлығы қамтылып жатыр. Бұлардың қай-қайсысы да адамның жеке тұлға жəне маман ретінде қалыптасуына зор ықпал ететін білім салалары. Олар қоғамдағы азаматтық ұстаным, моралдық құндылық, ар-ождан негіздерін қалайды. Адамның өзіне,

    айналасына, елге деген көзқарасын қалыптастырады. Біз дүние жүзіндегі ғылым мен білімнің мазмұнына жол ашу арқылы ілгері дамыған қоғамдардағы осындай көзқарас жəне ұстаным қалыптастыру құралдарымен жақын танысуға мүмкіндік алдық. Мақсат – ол білімді айна-қатесіз көшіріп алып, соған илану емес. Біз əлемнің қалай ойлап, нені құнды, нені дұрыс, нені бұрыс деп білетінін ескере отырып, өз бағытымызды анықтауда қателеспей, өзіміздің қазақстандық жолымыздан жаңылмауымыз қажет. Сондықтан да рухани жаңғыру аясындағы өзге жо-балар өз тарихымызға, өлкетануға, төл мəдениетке арқасүйейді. Қазақ

    дүниетанымын қорғау сөзсіз қажет, бірақ ол тұйықталу дегенді білдірмейді.

    – Аударма сапасы туралы, «Мəдени мұра» бағдарламасы аясындағы аударманың кемшілігі жайлы көп ай-тылды. Соны қайталамайсыздар ма деген қауіп те бар. Осы жобада аудар-ма жұмысын қалай ұйымдастырып жатырсыздар?

    – Елдегі аударма ісіне айтылып жүрген сын белгілі. Бұл күрделі, жүйелі түрде шешілуі тиіс мəселе. Аудар ма кітап шығарып, оны таратудың ком-мер циялық арнаға түскен индустриясы болмағаннан кейін, аударма ісі де қа-жетті кəсіби биікке шыға алмай жатыр. Аударма мектебі əлсіз, соның ішінде, əсі ресе ғылыми аударма саласы кенже-леп қалған, өзі сала маманы, өзі аудар-машы бола алатын ғалымдар өте аз, оты рып сапалы жұмыс істеуден гөрі наз бен сын айтуға əуес тіл жанашыр-лары өте көп.

    Ғылыми аударма болғаннан кейін, аударманы тіл білетін сала мамандары жасауы шарт. Сондықтан алғашқы ау-дарма мəтіні негізінен ұлттық жоғары оқу орындарының тиісті кафедра мамандарының қолынан шығып жа-тыр. Осыдан кейін аударма тобында болмаған сала маманы ғылыми редак-ция жасайды. Оның міндеті – мəтіннің ғылыми дəлдігін тексеріп, растау. Осыдан кейін əдеби редакция жүреді. Оны тіл мамандарынан құралған, кəсіби редакторлар жасайды. Олардың міндеті – мəтіннің сауаттылығын, тіл нормала-рына сəйкестігін қарап, оның ұғынықты, жатық болуын қамтамасыз ету. Қажет болса, осы сатылар бір емес, бірнеше мəрте жасалады. Осыдан кейін кітап беттеліп, корректордың қарауына өтеді. Оның міндеті – əріп қателерін жөндеп, үтір-нүктенің, тыныс белгілерінің дұрыстығын қарау.

    Жұмыс өте қауырт. Мəтінді жетіл-діру кітапты баспаға тапсырғанша жү-ре ді. Əр аудармашы, əр редактор кеше ғана тапсырып кеткен жұмысын, қайта-дан қарап, өзгерістер енгізіп жа тыр. Оқулықтарымыз көлемді, ең шағы -ны 300 бет, көлемдісі, мəселен, «Эко-номикс» 850 беттен асады.

    – Бір кітапты қанша аудармашы аударып жатыр?

    – Сол «Экономиксті» аударуға ұлт-тық университеттің он шақты маманы атсалысты. Одан бөлек редакторлар мен техникалық қызметкерлерді есептегенде жиырма шақты адамға барады. Мəтінді көрсеңіз, графика, иллюстрация, кесте көп. Соның бəрі қайтадан жасалып, өңделді. Жаңадан еніп жатқан ұғымдар өте көп.

    – Терминдерге байланысты жұ-мыс тарды терминком немесе тілші ға-лым дармен ақылдасып аудардыңыз-дар ма? Əлде сала мамандарымен жұмыс істедіңіздер ме?

    – Шынын айтқанда біз жүгіне қоятын, кез келген сұрағымызға жауап табатын не бір институт, не бір орталық жоқ. Салалық сөздіктер негізінен ғылыми ұғымдарды қолдану контексін ескермей құрастырылған, тартынбай сөздіктегідей ала беруге келмейді. Ол сөздер ғылыми мəтінде, сөйлемнің ішінде кездескен кез-де өз қызметін қалай атқарады дегенге мүлде назар аударылмаған. Мысалы, сұраныс пен ұсыныс, сұраным мен ұсыным деп жүр. Бірде бір маман ол сөздерді сол күйінде алуға дайын емес. Сондықтан терминком бекіткен аудар-ма да, институттар шығарған салалық сөздіктер де біз арқасүйейтін сенімді көмекші құрал бола алмады.

    Бұл оқу орындарында қолданылатын оқулық болғаннан кейін, оқу орында-рымен тығыз жұмыс істеп отырмыз. Осы тұста оқытушы ғалымдар аударма мəтіні ғылыми дəлдіктен ажырамауы тиіс дегенді айтады. Сондықтан кей ұғымдар мен сөздер тікелей аударылып, ұсынылады. Екінші жағынан, əдеби ре-дакторлар ондай аударманы “калька” дейді. Ондай мəтінді қазақ түсінбейді дегенді айтады. Оған ғалымдарымыз: «Бұл кешке жантайып жатып оқитын көркем шығарма емес. Бұл белгілі дайындықпен келуді қажет ететін ғылыми əдебиет» дегенді алға тарта-ды. Əрқайсының уəжі өзінше дұрыс. Осы екіарадан жол тауып, тепе-теңдік іздеуге тура келеді. Жəне оның дайын тұрған формуласы жоқ. Əр жағдайды жеке қарап, мəтінді мұқият оқып, ақылдасамыз. Жұмыс барысында əдеби редакторларымыз ғылыми аударманың қиындығын, аудармашы ғалымдарымыз көркем тілдің ерекшеліктерін түсініп, өзара ұғысуда.

    – Ал сол аудармашыларға пай-далы болар, филология саласынан қандай кітаптар аударылды?

    – Виктория Фромкин деген тілші маманның көп тілдерде жарық көрген «Тіл біліміне кіріспе» деген оқулығы аударылды. Сондай-ақ Светлана Тер-Минасованың «Тіл жəне мəдениетаралық коммуникация» деген кітабы бар.

    – Кітаптың мазмұны қандай?– Мұнда тіл туралы білім, тілдің

    табиғаты, оның даму заңдылықтары көп тілдерді салыстыра отырып беріледі. Бізде тіл білімін өзге тілдермен салысты-ра отырып зерттеу енді өріс алып келе жатыр, сондықтан бұл оқулықтардың пайдасы зор болады деп ойлаймын. Аталған кітаптардың аудармасы мен ре-дакциясында отырған тілшілер айтады: «Өмір бойы тіл саласында жүрсек те, көп жаңалықты енді біліп жатырмыз» деп. «Тіл жəне мəдениетаралық коммуника-ция». Бұл да қызық тақырып. Ағылшын жəне орыс тілді орталарды салыстыра отырып, мəдени түсіністік үшін тілдің маңыздылығын, тілді меңгеру үшін мəдениетті білудің қандай маңызды екендігін көрсетеді.

    – Ал əдебиеттануға байланысты оқулықтар бар ма?

    – Ол келесі жылғы жоспарда бар. Ке-лер жылы əдебиеттану мен педагогика деген үлкен екі сала аударылады. Əде-биет теориясы да өте маңызды бағыт.

    – Əңгімеңізге рахмет.

    �ңгімелескен Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

    «Егемен Қазақстан»

    Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының» атқарушы директоры:

    «100 жаңа оқулық» – қазақ ғылымының жаңа белесі»

    Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың: «Ұлт та-рихы өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтар, əлемдік құндылықтар мен ұлттық құн дылықтар құрайтын болса, өлке тарихы сол құндылықтардың бас-тау бұлағы», деген ұлағатты сөзі өмір-сүріп жатқан өз өлкеңді та-нып-бі лу керектігін айтып тұрған бізге бағ даршам іспеттес болуы керек.

    Отан тарихы өлке тарихы нан бастау алады. Адамзат өрке ние-тінің туып-қалыптасуына негіз болған Еуразия даласындағы «Алаштың анасы» атанған Сыр өңірінің дамуы мен өркендеуіне Сыр бойында өмір сүрген сақ тайпалары жəне оның көсемдері Томирис, Спаргапсис, Скунха, Спитамен, одан кейінгі заманда Қаңғлы мемлекеті (Кангюй), Сыр өңіріндегі Ақ Орда мемлекеті, оның астанасы Сығанақ, Ақ Орданың хандары Шымтай, Ұрыс (Орыс), Барақ, т.б. одан кейінгі Қазақ хандығы кезеңі де осы

    өлкенің тарихымен байланысты. Сыр өңірінің табиғаты қан дай

    бай болса, оның тарихы да сон-ша лықты бай. Бүгінгі Сыр бойы-ның жерінде сонау тас дəуірі нің жəдігерлері осы өлкенің өзін дік өркениеті болғандығының дəле-лі. Аталған өңірде Шірік-рабат, Жанкент, Жент, Сауран, Сыға нақ, Құмиян, Аққорған, Өзгент, т.б. қалалардың болуы жəне соны мен қоса ерте феодалдық мемле кет-тердің орталығы болғандығы біз үшін үлкен мақтаныш.

    Сыр өңірін жоңғарлардын, құба-қалмақтардын, Хиуа , Қоқан хандықтарынын, Бұқар əмірлігінің, Ресей империясының басқыншылығынан қорғаған Сыр өңірінен шыққан Келмембет, Қожамберді батыр Аманбайұлы, Жалаңтөс, Бақсайыс, Əйтеке би, Сəлтеке, Жолай, Баймұрат, Ер Көшек, Жанқожа, Уəлі би, Пірəлі би атты батыр-билердің, осы өңірде хандық құрған көшпелі қазақ-өзбек хандығының ханы Əбілқайырдың, Қазақ хандығының хандары Əбілқайыр, Ералы, Қайып

    ханның баласы Батыр хан, Сыр өңірінде ХІХ ғасырың бірінші жартысында хандық құрған Əбілғазы хан, Сыр өңірінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында хандық құрған Елікей хан, елді имандылыққа шақырған Хорасан, Оқшы ата, Ес абыз, Қарасопы, Қармақшы əулие, Мүсірəлі Азиз, Қосым қожа, Жапырақшы əулие, Алдашбай ахун, Айқожа ишан, Марал ишан, Қалжан ахун, Садық ахун, Қамыс əулие, Алтынқожа ишан, Жүсіп қажы Базаралыұлы сынды қайраткерлердің өмірі Сыр бойы тарихымен тікелей байла-нысты. Осындай дана, ардақты бабаларымыздың өмірі, елге жасаған игі істері кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге болатыны ақиқат. Қа-зір гі ұрпаққа тəуелсіздікті сақтау жəне нығайту міндеті жүктелген. Тарихтан білеміз, жер бетінде 5000-ға жуық халық бар, бірақ оның тек қана 200-інде мемлекеті, тілі, жері, ұлт тарихы бар, қалғандары ондай бақыттан айырылып қалған.

    1991 жылға дейін Сыр өңір ін-дегі ата-бабаларымыздан қалған

    қа лалар жөнінде, қазақ көшпелі жəне отырықшы халық болғанын айтпай келдік. Ал шындығында көшпенді халықтың өзінің мықты ерекше өркениеті болған.

    Мысалы, Сыр өңірінде біздің ата-бабаларымыздың 4 астанасы орналасқан. Олар: 1. Шірік-Рабат қаласы б.з.б. ІV-ІІ ғасырлармен б.з. Х-ХІІІ ғасырларға дейін өмір сүрген сақ-аппасиақтардың аста-насы болған. Бұл қала бүкіл Еу ра-зия құрлығындағы алғашқы қала-лардың бірі болып саналады.

    2. Жанкент қаласы – Оғыз қаға-натының астанасы Х-ХІ ғасыр-ларда өмір сүрген ірі қала.

    3. Сығанақ – VІ - ХVІІІ ғасыр-лар да өмір сүрген ірі қала, кезінде Қыпшақ хандығының, Ақ Ор да-ның, Көшпелі қазақ-өзбек хан-дығының жəне Қазақ хандығының астанасы болған атақты қала.

    4. Қызылорда қаласы – 1925-1929 жылдары Қазақ АКСР-нің ас танасы.

    Бұдан бөлек VІІІ-ІХ ғасырларда өмір сүрген Өзкент қаласы жəне Х-ХІІ ғасырларда өмір сүрген

    Жент қаласы заманында ірі сая-си қалалар болған. Сондай-ақ Сыр өңірінде 50-ден аса басқа да маңызды қалалар болған, мыса-лы Келінтөбе, Аққорған, Ашнас, Құмиян, Күйік қалалар жəне əйгілі Жетіасар мəдениетіне жататын асарлар. Осылардың барлығы да біздің ұлттық құндылықтарымыз.

    Тағы бір айта кетерлігі, Сыр өңірінде көне жəне ортағасырлық пантеондар орналасқан:

    1. Қармақшы ауданындағы Түгіскенде 60 абыз əйел жерлен-ген қорым.

    2. Қармақшы ауданындағы Ш і р і к - р а б а т қ а л а с ы н д а ғ ы көсемдер қорымы.

    3. Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата қорымы.

    4. Шиелі ауданындағы Оқшы Ата қорымы əулие, билер.

    5. Жаңақорған ауданындағы Төлегетай-Қылышты Ата қорымы.

    6. Жаңақорған ауданындағы Хорасан қорымы.

    7. Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қаласындағы Ақ Орда хандарының қорымы.

    8. Қармақшы ауданындағы Марал ишан қорымы.

    9. Қазалы ауданындағы Жан-қожа батыр қорымы.

    10. Жаңақорған ауданындағы Аққорған қорымы.

    11. Сырдария ауданындағы Қожжан қожа қорымы.

    12. Қармақшы ауданындағы Қарақ тауындағы билер мен батыр-лар қорымы.

    Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев: «Ұлттық салт-дəстүрлеріміз, тілі-міз бен музыкамыз, əдебиетіміз, жо ралғыларымыз, бір сөзбен айт-қан да, ұлттық рухымыз бойымызда мəңгі қалуға тиіс», – деген еді. Сон-дықтан кейінгі ұрпақ бабалар тари-хын жадына тоқып өссе, біз ұл ттық құндылықтарымызды жоғалт-паймыз. Рухани жаңғырудың бас-ты мақсаты да осы.

    Бақытжан АХМЕТБЕК,Қорқыт Ата атындағы Қызыл орда

    мемлекеттік университеті «Қорқыттану және �лке тарихы»

    ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері

    Жалпыұлттық мереке қалыптасып келеді

    ––––––––––––––––––––––––––––Желтоқсан айы еліміз үшін елеулі мерекелерге толы. Ең алғашқысы Қазақстан Республикасының Тұң ғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шара Қазақстан хал қы Ассамблеясы кілдерінің қаты суымен Алматыдағы Ұлттық кітапханада тті. Жиын-ды жүргізген Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келі сім» ККМ директоры Жаннат Мұры нова з сзін басқосуға жинал ған зиялы қауымға Алматы қалалық ономастика жнін дегі комиссиясының ел Үкіметі жанындағы ономастика комис сиясының келісімі-мен Фурманов кшесін Н.Назарбаев тың атына ауыс тыру туралы шешімін оқып, сүйінші сұраудан бастады. ––––––––––––––––––––––––––––

    Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

    Ұлттық кітапхана директоры Ж.Сей-думанов бүкіл дүние жүзінің кітапханалар жүйесімен байланыстың нығайып келе жатқанын, əлемнің қай еліне, қандай Ұлттық кітапханасына барса да, рухани мұра мен мол кітап қорына жетекшілік жасап отырған бас-шылар тарапынан Қазақстан Президентінің жасампаз ісіне қызыға қарайтынын, Президент Н.Назарбаевтың еңбектерін немесе Елбасы туралы жазылған кітаптарды сыйға тарту-ын сұрайтын өтініштердің жиі жасалатынын айтты. Президенттің кітаптары Қазақстанды ме кендейтін ұлттардың көпшілігінің тіліне аударылған, сондықтан Н.Назарбаев толық қан-ды шығармаларының бүтін коллекциясы жи-нақталған бірден-бір автор болып есептеледі.

    Алматы қаласындағы «Ирныхас» осетин мəдени ағартушылық орталығының төр ағасы Қазбек Мамсуров тəуелсіздік жыл дарынан бергі өзі сүйсініп, бағалаған Пре зиденттің бірнеше еңбегінің мазмұнын тар қатты. Ал Алматыдағы корей ұлттық орта лығы төрағасының орын-басары, тарих ғылым дарының докторы, профессор Георгий Кан өзі үшін жəне өзі секілді Қазақстанды Ота ным деп танитын тағдырластары үшін Тұң ғыш Президент күнінің мəн-мазмұны ай рықша екенін толқи отырып жеткізді. Тұң ғыш Президент күні – жай саяси атау лы күннен əлдеқайда жоғары тұратын жал пы ұлттық мереке. Президент күнін тек Қазақ стан ғана емес, сонау 1855 жылдан бері АҚШ халқы, Исландия жұрты, сондай-ақ Ботс вана, ағылшын монархиясының атаулы күнін Ұлыбритания, Король күнін Голлан-дия, тағы басқа əлем елдері де байырғы кезең-дерден бері тойлап, жалпыұлттық мереке-ге айналдырған. Тұңғыш Президент күнін атап өтудің қазақстандық дəстүрінің қалып-тас қанына да биыл, міне, алтыншы жыл. Корей ұлттық орталығы жетекшілерінің бірі Г.Кан Президент туралы тебіреніске толы жүрекжарды сөзін Абайдың 39-қарасөзімен қисынды байланыстырды. «Мен Абайды оқымай бір күн де көз ілген емеспін. Барлық сұрағымның жауабын Абайдан табамын. Абай Елбасы туралы толғамын баяғыда, өзі өмір сүрген заманда-ақ 39-қарасөзінде айтып кеткен. «Ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы мен топ басылары қала