ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне...

16
EUR/KZT 352.18 USD/KZT 315.18 RUB/KZT 5.53 CNY/KZT 46.37 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: Ұйымның іргесі кеңейіп, қуаты арта түсті ЭКСПО-2017 халықаралық көрме- сінің ашылу күнімен орайластыры- ла өткізілген бұл алқалы жиында ШЫҰ-ның əлемдік қоғамдастық ал- дындағы беделі өсе түсті. Өйткені, жиын барысында алғашқыда Қазақ- стан, Қырғызстан, Қытай, Ресей жəне Тəжікстан мемлекеттерінің қаты- суымен «Шанхай бестігі» ретінде құ- рылып (1996 ж.), кейіннен, яғни 2001 жылы аталған бірлестік қатарына Өз- бекстан қосылғаннан кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымы деп аталған бұл құрылымның іргесі одан əрі кеңейіп, ауқымы ұлғайып, қуаты арта түскеніне бүкіл əлем куə болды. ШЫҰ-ның қалыптасу тарихын- да Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың белсенді рөлі, халықара- лық беделі анық көрінеді. Сондықтан, Ұйымның бүгінгідей абыройының артуына Елбасының қосқан үлесі айрықша екенін атап өтуіміз қажет... ШЫҰ-ның бұл кезекті басқосуына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Қыр- ғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Тəжікстан Президенті Эмомали Рахмон, ШЫҰ байқаушы мемлекеттерінің бас- шылары: Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани Ахмадзай, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Беларусь Президенті Александр Лукашенко мен Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ибрагим Рахимпур, сондай-ақ, Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Моди мен Пəкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Мухамад Наваз Шариф, ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов, ШЫҰ-ның Терроризмге қарсы өңірлік құрылымы атқарушы комитетінің директоры Евгений Сысоев, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш, Азиядағы өзара іс- қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің Атқарушы директоры Гун Цзяньвэй, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы, атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, Ұжымдық қауіпсіздік ту- ралы шарт ұйымы Бас хатшысының орынбасары Аманжол Жанқұлиев, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының Бас хатшысы Ле Лыонг Минь қатысты. Шанхай ынтымақтастық ұйы- мына мүше мемлекеттер басшыла- ры кеңесінің отырысы алдымен ша- ғын құрамда өтті. Отырысты ашқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірінші кезекте қаты- сушылар атынан Өзбекстан Президенті болып сайланғаннан кейін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңе- сіне алғаш рет қатысып отырған Шавкат Мирзиеевтің қызметіне та- быс тіледі. Одан əрі Елбасы Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзінің 16 жыл- дық даму тарихында халықаралық тұрғыдан мойындалып, көп салалы өзара іс-қимылдың тиімді құрылымына айналғанын атап өтті. Астанада ШЫҰ-ның жаңа тарихы басталды ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– ткен жұмада елордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың трағалық етуімен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы тті. лем на- зарын аударған жиын барысында Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-ға толыққанды мүше болып қабылданды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– (Жалғасы 2-бетте) ДИДАР 16-бет РУХАНИЯТ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ 12-бет ЕСКІНІ ЖАҢАМЕН, ДӘСТҮРДІ ИННОВАЦИЯМЕН сабақтастыру сәті туды «АСТАНА БАЛЕТ»: сұлулық сахнасы 11-бет ЕЛОРДАНЫ КӨШПЕНДІЛЕР САЗЫ ТЕРБЕЙДІ ЭКСПО-2017 6-бет БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ – АДАМЗАТ АҚЫЛ- ОЙЫНЫҢ ЖЕМІСІ ҺӘМ ИГІЛІГІ №110 (29091) 12 МАУСЫМ, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ (Соңы 5-бетте) Еліміздің еңсесі биік екенін, ұлтымыздың ұлылығын, мемле- кеттілігіміздің мығымдығын, қазақ халқының жасампаз қасиеттерін жаһан жұртшылығына паш еткен тарихи сəтке куə болу үшін көптеген мемлекеттердің президенттері мен үкімет басшылары келді. Мəртебелі меймандардың қатарында Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Тəжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани Ахмадзай, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди мен Пəкістан Премьер-министрі Мухамад На- ваз Шариф бар. Сонымен қатар, Испания Королі Филипп VI, Сербия Президенті Александр Вучич, Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-министрі Ксавье Бет- тель болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мəртебелі меймандар- ды қалыптасқан халықаралық рəсімдерге сай, қазақ халқының қонақжай пейілін көрсетіп қарсы алды. Салтанатты рəсімде сөз сөй- леген Нұрсұлтан Назарбаев бар- ша жұртты Астанада халық- аралық ЭКСПО-2017 мамандан- дырылған көрмесінің ашылуымен құттықтады. Елбасы 115 мемле- кет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан ЭКСПО көрмесін Қазақстанның ТМД жəне Шығыс Еуропа елдері арасынан бірінші болып өткізіп отырғанын атап өтті. – Біз ЭКСПО көрмесін ТМД жəне Шығыс Еуропа елдері ара- сында тұңғыш рет өткізгелі отыр- мыз. Сөйтіп, Қазақ елінің ор- дасы айтулы көрмені өткізген əлемдегі 35 елдің қатарына қосылды. Астана үш ай бойы бүкіл адамзаттың жетістіктерін əйгілейтін басты алаңға айнала- ды. Тəуелсіз Қазақстанның симво- лы – Астана нағыз ХХІ ғасырдың қаласы ретінде жаңа қырынан та- нылатын болады, – деді Елбасы. Көрмеге дүние жүзінің 100- ден астам мемлекеті мен 20-дан астам халықаралық ұйым қаты- сып жатқаны белгілі. Қазақстан Президенті өз сөзінде олардың халықаралық көрмеге атсалыс- қандары үшін алғыс айтты. Жаһан жұртшылығы көз тіккен көрме –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– лем назарын Астанаға аударған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған крмесінің салтанатты ашылу рәсімі тті. Жаһан жұртшылығын бас қалаға қарап елеңдеткен ай- тулы оқиға Қазақ елінің халықаралық аренадағы абыройын асқақтата түсті деуге толық негіз бар. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017

Upload: others

Post on 28-May-2020

12 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

EUR/KZT 352.18 USD/KZT 315.18 RUB/KZT 5.53 CNY/KZT 46.37ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

Ұйымның іргесі кеңейіп, қуаты арта түсті

ЭКСПО-2017 халықаралық көрме-сі нің ашылу күнімен орайластыры-ла өткізілген бұл алқалы жиында ШЫҰ-ның əлемдік қоғамдастық ал-дын дағы беделі өсе түсті. Өйткені, жиын барысында алғашқыда Қазақ-стан, Қырғызстан, Қытай, Ресей жəне Тəжікстан мемлекеттерінің қаты-суымен «Шанхай бестігі» ретінде құ-ры лып (1996 ж.), кейіннен, яғни 2001 жы лы аталған бірлестік қатарына Өз-бекстан қосылғаннан кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымы деп аталған бұл

құрылымның іргесі одан əрі кеңейіп, ауқымы ұлғайып, қуаты арта түскеніне бүкіл əлем куə болды.

ШЫҰ-ның қалыптасу тарихын-да Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың белсенді рөлі, халық ара-лық беделі анық көрінеді. Сондықтан, Ұйымның бүгінгідей абыройының артуына Елбасының қосқан үлесі айрықша екенін атап өтуіміз қажет...

ШЫҰ-ның бұл кезекті басқосуына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбек стан Президенті Шавкат Мирзиеев, Қыр-ғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Тəжікстан Президенті Эмо мали Рахмон,

ШЫҰ байқаушы мем лек ет терінің бас-шылары: Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани Ахмадзай, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Беларусь Президенті Александр Лукашенко мен Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ибрагим Рахимпур, сондай-ақ, Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Моди мен Пəкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Мухамад Наваз Шариф, ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов, ШЫҰ-ның Терроризмге қарсы өңірлік құрылымы атқарушы комитетінің директоры Евгений Сысоев, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш, Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің Атқарушы директоры Гун Цзяньвэй, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы, атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, Ұжымдық қауіпсіздік ту-ралы шарт ұйымы Бас хатшысының

орынбасары Аманжол Жанқұлиев, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының Бас хатшысы Ле Лыонг Минь қатысты.

Шанхай ынтымақтастық ұйы-мы на мүше мемлекеттер басшыла-ры кеңесінің отырысы алдымен ша-ғын құрамда өтті. Отырысты ашқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірінші кезекте қаты-сушылар атынан Өзбекстан Президенті болып сайланғаннан кейін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңе-сіне алғаш рет қатысып отырған Шав кат Мирзиеевтің қызметіне та-быс тіледі. Одан əрі Елбасы Шанхай ынты мақтастық ұйымы өзінің 16 жыл-дық даму тарихында халықаралық тұрғыдан мойындалып, көп салалы өзара іс-қимылдың тиімді құрылымына айналғанын атап өтті.

Астанада ШЫҰ-ның жаңа тарихы басталды

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––�ткен жұмада елордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың т�рағалық етуімен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы �тті. �лем на-зарын аударған жиын барысында Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-ға толыққанды мүше болып қабылданды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

(Жалғасы 2-бетте)

ДИДАР

16-бет

РУХАНИЯТ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

12-бет

ЕСКІНІ ЖАҢАМЕН, ДӘСТҮРДІ ИННОВАЦИЯМЕНсабақтастыру сәті туды

«АСТАНА БАЛЕТ»:сұлулық сахнасы

11-бет

ЕЛОРДАНЫ КӨШПЕНДІЛЕР САЗЫ ТЕРБЕЙДІ

ЭКСПО-2017

6-бет

БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ – АДАМЗАТ АҚЫЛ-ОЙЫНЫҢ ЖЕМІСІ ҺӘМ ИГІЛІГІ

№110 (29091) 12 МАУСЫМ, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

(Соңы 5-бетте)

Еліміздің еңсесі биік екенін, ұлтымыздың ұлылығын, мем ле-кет тілігіміздің мығымдығын, қазақ халқының жасампаз қасиеттерін жаһан жұртшылығына паш еткен

тарихи сəтке куə болу үшін көптеген мемлекеттердің президенттері мен үкімет басшылары келді. Мəртебелі мей ман дардың қатарында Ресей Пре зиденті Владимир Путин,

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өз бекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Тəжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани Ахмадзай, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди мен Пəкістан Пре мьер-министрі Мухамад На-ваз Шариф бар. Сонымен қатар, Испания Королі Филипп VI, Сер бия

Президенті Александр Ву чич, Люксембург Ұлы Гер цог тігі нің Премьер-министрі Ксавье Бет-тель болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мəртебелі меймандар-ды қалыптасқан халықаралық рəсімдерге сай, қазақ халқының қонақжай пейілін көрсетіп қарсы алды.

Салтанатты рəсімде сөз сөй-леген Нұрсұлтан Назарбаев бар-ша жұртты Астанада халық-аралық ЭКСПО-2017 маман дан-ды рылған көрмесінің ашылуымен

құттықтады. Елбасы 115 мемле-кет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан ЭКСПО көрмесін Қазақстанның ТМД жəне Шығыс Еуропа елдері арасынан бірінші болып өткізіп отырғанын атап өтті.

– Біз ЭКСПО көрмесін ТМД жəне Шығыс Еуропа елдері ара-сында тұңғыш рет өткізгелі отыр-мыз. Сөйтіп, Қазақ елінің ор-дасы айтулы көрмені өткізген əлемдегі 35 елдің қатарына қо сылды. Астана үш ай бойы бүкіл адамзаттың жетістіктерін

əйгілейтін басты алаңға айнала-ды. Тəуелсіз Қазақстанның симво-лы – Астана нағыз ХХІ ғасырдың қаласы ретінде жаңа қырынан та-нылатын болады, – деді Елбасы.

Көрмеге дүние жүзінің 100-ден астам мемлекеті мен 20-дан астам халықаралық ұйым қаты-сып жатқаны белгілі. Қазақ стан Президенті өз сөзінде олар дың халықаралық көрмеге атса лыс-қандары үшін алғыс айтты.

Жаһан жұртшылығы көз тіккен көрме

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––�лем назарын Астанаға аударған ЭКСПО-2017 халықаралық ма ман дандырылған к�рмесінің салтанатты ашылу рәсімі �тті. Жаһан жұртшылығын бас қалаға қарап елеңдеткен ай-тулы оқиға Қазақ елінің халықаралық аренадағы абыройын асқақтата түсті деуге толық негіз бар.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017

Page 2: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

2 12 маусым 2017 жылСаяСат

– Аймақтық қауіпсіздікті ны­ғайту, елдеріміз арасындағы эко­но микалық өзара іс­қимылды ілге ­рі лету және мәдени­гумани тар лық ынтымақтастықты кеңей ту жо­лында ауқымды жұмыс атқа рыл­ды. Шарттық­құқықтық база қа­лыптасты. Ұйымның берік инсти­тут тық негізі жасалып, аймақ тық жә не жаһандық ықпалы артып ке­леді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті ШЫҰ­ның Астана саммиті ұйымның жа­ңа тарихына бастау болып отыр­ғанына тоқталды.

– Бұл отырыс алты тарапты фор­матта соңғы рет өтіп отыр. Бүгін біз Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасын қа былдау рәсімін аяқтап, оларға ШҰЫ­ның мүше мемлекеті мәрте­бесін беру жөніндегі шешімге қол қоямыз. Жаңа мүшелерді қа был­дау ұйымның дамуына зор серпін беріп, оның халықаралық беделінің артуына септігін тигізеді, – деді Қазақстан басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін­де Шанхай ынтымақтастық ұйы­мының жұмысында геосаясаттағы кейінгі үрдістер мен әлемдік эко­номикадағы негізгі трендтер ес ке­ріліп отыратынын сөз етті.

– Басты мақсаттарға біртіндеп қол жеткізу және барлық бірлескен шешімдерді тиімді іске асыру үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде. Тұ­рақтылық пен қауіпсіздікке төнген жаңа қауіп­қатерлерді еңсеру мәселелеріне ерекше назар ауда­рылады. Атап айтқанда, осы сам­мит аясында Халықаралық терро­ризмге қарсы бірлескен іс­қимыл туралы мәлімдеме қабылдап, Экстремизмге қарсы іс­қимыл жөніндегі конвенцияға қол қою жоспарланып отыр. Бұл Шанхай ынтымақтастық ұйымының осы жаһандық зұлматпен күресуге қосқан елеулі үлесі болмақ, – деді Қазақстан Президенті.

Бұдан кейін отырыс кеңей­тілген құрамда жалғасты. Оты­рыс тың күн тәртібіне сәйкес, тарап тар Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі жағдайына және оны дамыту перспективасы­на қатысты мәселелерді талқылап, ұйым аясында ынтымақтастықты

ілгерілету жөніндегі бірлескен қа дам жасау жайы, сондай­ақ, ха­лықаралық және өңірлік өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Отырысты ашқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан мен Пә кістанды Шанхай ынтымақ­тас тық ұйымының толық құқылы мү шесі етіп қабылдау рәсімінің аяқ талғанына назар аударып, сам­миттің тарихи маңызын атап өтті.

– Ұйымның құрамы алғаш рет кеңейіп отырғандықтан, біздің осы кездесуіміз тарихи шараға айналады десем, артық айтқандық емес. Бүгіннен бастап Үндістан Рес пуб ликасы мен Пәкістан Ис лам Республикасы Шанхай ынты мақтастық ұйымының то­лық құқылы мүшесі болды. Енді ұйымның жауапкершілік аясы 3 миллиардтан астам халқы бар ау мақты қамтиды. Сонымен, ол «Шанхай сегіздігі» сияқты инс ­титуттық дамудың жаңа кезеңі не қадам басты. Бүгінде біз ШЫҰ кеңістігіне іргелес кейбір аймақ­тарда жағдай ушығып, геосая­си шие леністің өрши түскеніне куә бо лып отырмыз. Осы орайда ШЫҰ­ға мүше мемлекеттер бас­шы ларының Халықаралық тер­ро ризм ге қарсы бірлескен іс­қи­мыл ту ралы мәлімдемесін қабыл­дауы мыз дер кезінде жасалған қа дам болды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан басшысы қол қою ға ұсынылған Экстремизмге қар сы іс­қи мыл жөніндегі ШЫҰ кон­вен циясының өзектілігіне де тоқ­талды.

Сонымен қатар, Қазақстан Пре зиденті «Бейбіт миссия» атауы мен өткізілген бірлескен анти тер рорлық жаттығулардың ұйым ға мүше мемлекеттердің тәжі рибе жүзіндегі ынтымақ тас­тығын нығайтуға үлес қосқа нын атап өтіп, биылғы сәуір айын да Астана қаласында ұйымдас ты рыл­ған «Есірткісіз әлем үшін» атты ха лықаралық акцияға қатыс қаны үшін барлық тарапқа ризашы­лығын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзін­де ШЫҰ­ның халықаралық ұйым­дармен және бірлестіктермен ын­ты мақ тастықты нығайту жөнін дегі жұмысына жеке тоқталды.

– 2016 жылғы қарашада БҰҰ

Бас Ассамблеясы ШЫҰ­мен ын ­тымақтастық жөніндегі қа рар қа­былдады. Трансұлттық есір ткі қыл мысына қарсы күрес мәсе ле­лері жөніндегі ШЫҰ­БҰҰ жоға­ры деңгейдегі бірлескен іс­шара­сының қорытындыларын бағалай­мыз. Шанхай ұйымының Халық­аралық Қызыл Крест комите тімен қарым­қатынастарын рәсімдеудің бо лашағы зор. ШЫҰ­ның Еура­зия лық экономикалық одақпен және Ислам Ынтымақтастығы Ұйы мы мен өзара іс­қимыл орнату­ын да қол даймыз, – деді Қазақстан басшысы.

Қазақстан Президенті Ұйым аясында экономикалық коопера­цияны ілгерілету мәселесіне назар аударып, осы саладағы жаңа инс­титуттық мүмкіндіктерді атап өтті.

– Шанхай ынтымақтастық ұйы мына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халық­аралық автомобиль тасымалы үшін қолайлы жағдай жасау жө ніндегі келісім күшіне енді. Еуразиялық экономикалық одақ жобаларының «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастама­сымен ұштасуын ескерер болсақ, өңірлік сауда­экономикалық ынтымақтастықтың болашағы жарқын екені байқалады. Ке ле­шекте ШЫҰ еркін сауда айма­ғын құру өзара сауданың арту­ына септігін тигізеді. Мәдени­гума нитарлық ынтымақтастық та қыз метіміздің маңызды бағыты болып табылады. Осыған орай Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетін құру және оның қызметі туралы келісімге қол қойылғанымен құттықтаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай­ақ, Қазақстан басшы­сы ШЫҰ­ға мүше мемлекеттердің 2017­2018 жылдардағы туризм саласындағы ынтымақтастығы бағдарламасын іске асыру жө нін­дегі бірлескен жұмыс жоспары аясындағы өзара іс­қимылдың белсенді болатынына назар ау­дарды.

Қазақстан Президенті еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өңірлік және жаһандық қақтығыстарды ше­шуге бар күш­жігерін салуға ұмтылатынын мәлімдеді.

– Ауғанстан басшылығының ел

ішіндегі саяси үнқатысуды нығайту мен оны тұрақты әрі орнықты да­мушы мемлекетке айналдыру­ды көздейтін шаралар жөніндегі қадамдарын қолдаймыз. Қазақстан «Астана процесі» басқосуында сирияаралық дағдарысты реттеу жөніндегі келіссөздер үдерісіне өз үлесін қосуын жалғастыра бер­мек. Осы келіссөздерге мүдделі барлық тараптардың қатысуын қамтамасыз ету маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан басшысы еліміздің ядролық қарусыздану мен таратпау идеясын берік қолдайтынын атап өтіп, еліміз Солтүстік Кореядағы ядролық қаруға қатысты проб­леманы реттеу жөніндегі келіс­сөздерді тезірек қайта бастауды құптайтынын айтты.

Қазақстан Президенті «жасыл энергетиканы» дамыту бағытында елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

– Бүгін барлығымыз «Бо ла­шақтың энергиясы» ұранымен дүниежүзілік ЭКСПО­2017 мамандандырылған көрмесінің ашы лу рәсіміне қатысамыз. Бірне­ше ай бойы бұл жерде экологиялық таза энергетика саласындағы ең озық технологиялар көрсетілетін бо лады. Астанадағы ЭКСПО көр­месі нәтижелерінің ШЫҰ­ның барлық елдері және жалпы ха­лықаралық қоғамдастық үшін пай­дасы зор болады деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Мемлекет басшы­сы ұйымды дамытудың барлық басты бағыттары бойынша өзара іс­қимылдың жоғары деңгейіне мемлекеттер ортақ күш­жігер жұмсағанда ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті.

Бұдан кейін сөз кезегін ШЫҰ­ға алдағы уақытта төрағалық етуші ел – Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин алды. Өз кезегінде ҚХР Төрағасы ШЫҰ жұмысын жоғары қарқынмен жан­жақты дамытудағы Қазақстанның сіңірген еңбегін жоғары бағалай келіп, ұйым қызметіне қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.

– Бүгін ШЫҰ­ға мүше мем­лекеттер қатарына Үндістан мен Пәкістан қосылды. Қытай ұйым аясындағы барлық әріптестерімен тығыз қарым­қатынас орнатуға

дайын, – деген Си Цзиньпин елдерді біріктіретін «Шанхай ру­хының» күші ең алдымен ұйым­ның дамуына кепілдік беретініне тоқталды. Оның айтуынша, ұйымға бұрыннан мүше және жаңадан қосылған мемлекет­тер күш біріктіріп, саяси байла­ныс пен сенімді нығайтып, өзара ынтымақтастықты күшейтуі керек.

– Біз ұзақ мерзімді тату көр­шілік және достық пен ынты­мақтастық туралы шарттың ере­желерін жүзеге асыру бойын­ша 5 жылдық кезеңге арналған іс­қимыл жоспарын әзірлеуді ұсынамыз. Біз ШЫҰ­ның сау­даны жеңілдету ресімдері тура­лы келісімге қол қоюды бастай алар едік. Халықаралық авто­мобиль тасымалы үшін қолай лы жағдайлар жасау туралы ШЫҰ­ға мүше мемлекеттердің үкі­меттері арасындағы келісімде қарастырылған трансшекаралық бағыттардың белгіленген уақытта ашылуын жақтаймыз. Біздің Ұйым қауіп­қатерлерге төтеп береді. Қытай экстремизмге қарсы іс­қимыл конвенциясын орындауға қолдау білдіреді. Осы орайда біз қауіпсіздік пен қорғаныс сала­ларына арналған форум өткізуді ұсынамыз. Бұл мақсатта сіздермен бірігіп, алдағы 3 жылға бағдарлама құрамыз. Сондай­ақ, Ауғанстан мәселелеріне қатысты барлық тарапты бейбітшілік пен ортақ келісімге келуге шақырамыз, – деді ҚХР Төрағасы.

Сондай­ақ, ол Қытайдың ұйым­ға төрағалық ететін кезеңде атқа­ратын жұмысына тоқтала келіп, БАҚ­пен тиімді қарым­қатынас орнату қажеттігін және Қытай тарапы ШЫҰ хатшылығының жұмысын одан әрі жанданды­ру үшін қосымша 10 млн юань бөлетінін жеткізді.

– БАҚ­пен қарым­қатынас орнатудың жаңа механизмдерін енгізуді ұсынамыз. Сондай­ақ, ШЫҰ­ның бірінші медиа­саммитін ұйымдастырамыз. Қытай ұйымға толыққанды мүшелікке не­месе байқаушы әрі серіктес ретінде өткісі келетін мемлекеттердің өтінішін қарастыруға дайын. Қытай тарапы ШЫҰ хатшылығына қосымша 10 млн юань бөледі, – деді Қытай басшысы.

Сөзінің соңында Си Цзиньпин Қазақстанның ШЫҰ­дағы ат қар­ған жұмысына жоғары баға бере отырып, алдағы уақытта Қы тай Ұйымның төрағалығын қабыл­дайтынын, ШЫҰ­ның келесі саммиті 2018 жылдың маусымын­да өтетінін мәлім етті.

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев өз кезегінде ШЫҰ­ның бұл саммиті ұйымның даму тарихында айрықша орын алатынын жеткізді. Ол Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ­ға толық құқылы мүше болып қабылдануы үлкен оқиға екенін, аталған қос мемлекеттің ұйым қатарына өтуін Қырғызстан тарапы қол­дай тынын жеткізді. Оның айту­ынша, ШЫҰ ауқымының кеңеюі ұйымның әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін көтереді әрі жауапкершілігін арттыра түседі.

Одан әрі А.Атамбаев қазір­гі таңда әлемнің бірқатар нүкте­ле рінде әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайлар орын алып отырғанын, сондықтан бейбітшілік пен тыныштықты сақтау мәселесі айрықша назар­да болуы маңызды екенін атап көрсетті. Сондай­ақ, ол ШЫҰ­ға мүше елдер арасындағы шекара­ларды бейбітшілік пен достықтың белдеуіне айналдыру қажеттігіне тоқталды.

– Тұрақсыздық факторларының алдын алу аясында шекаралық аудандардағы сенімді нығайту бойынша ынтымақтастықты тереңдетудің өзектілігі артып келе жатқандығын атап өтім келеді. Біз елдеріміз арасындағы шека­раны бейбітшілік пен достықтың белдеуіне айналдыруымыз керек. Сондықтан «Шанхай рухына» берік болып қала беруге және ШЫҰ­ға мүше мемлекеттердің Ше кара мәселелері жөніндегі ынты мақтастығы және өзара іс­қи мылы туралы келісімге сәйкес нақты іс­қимыл жасауға тиіспіз. Бұл келісім 2015 жылы қабыл­дан ған еді, – деді Қырғызстан бас шы сы.

Сонымен қатар, ол ШЫҰ Даму банкін құру туралы мәселені шешетін уақыттың жеткенін айт­ты. «Қырғызстанның «Шанхай

Астанада ШЫҰ-ның жаңа тарихы басталды

(Жалғасы. Басы 1-бетте)

(Жалғасы 3-бетте)

шет ел баСылымдарынан

Ұлы Жібек жолының жаңа парағы ашылды

Қ а з а қ с т а н а с т а н а с ы н д а ө т к е н Ш Ы Ұ -ға мүше мемле-кеттер басшы-лары кеңесінің

к е ң е й т і л г е н о т ы р ы с ы н д а Үндістан мен Пәкістан рес-ми түрде ШЫҰ мүшелігіне қ а б ы л д а н ы п , ұ й ы м ә л е м халқының 40%-ның, дүние жүзі экономикасының 30%-ын иелен-ген бірлестікке айналып үлгерді.

Саммитті ұйымдастырушы әрі төрағалық етуші елдің басшысы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның бүгінге дейінгі атқарған жұмысына жоғары баға бере келіп, жаңадан қабылданған Үндістан мен Пәкістанның премьер­министрлерін мүшелікке қабылдануымен құттық тады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы мүше мемлекеттердің өзара сауда­экономикалық қатынастары Ұлы Жібек жолын жаңғырту идея­сын ілгерілетіп отыр. 25 жылдық та­рихы бар Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық қатынасы жыл санап артып келеді. Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының биылдан бастап коммерциялық пайдалануға беріліп, Қытай тауарының Қазақстан мен Ресей арқылы Батыс Еуропа елдеріне жете бастағаны анық.

Осы орайда, ұйымға мүше Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев ШЫҰ елдерінің жаһандық экономикадағы маңызы транзиттік әлеуетіне де байла­нысты екенін айта келіп, Қырғызстан мен Өзбекстан арқылы да тасымал нарығын құру керектігіне назар аудар­ды. Атамбаевтың пі кі рінше, соңғы жыл­дары Қырғыз Республикасында қолға алынған инфрақұрылымдық жобалар мен Өзбекстанның сыртқы экономикаға ашыла бастауы Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасымен үндесері анық.

ШЫҰ елдерінің экономикалық әлеуеті

Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылғалы бері ұйым елдерінің өзара тиімді экономикалық және сауда қатынастарының орнауына мұрындық болып жүрген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл-дан бастап сегіз елдің басын біріктіріп отырған алпауыт ұйым елдерінің өзара еркін сауда аймағын құру керектігін айтты.

Экономикалық даму үшін ортақ нарық пен экономикалық интеграция­ны басшылыққа алатын Қазақстанның бұл жолғы бастамасы Қазақстан­Қытай сауда қатынасының екі ел ішінде ғана емес, жалпы Еуразия

кеңістігінде арта түсуін мақсат ететіні анық.

«Өзара сауда көлемінің артуы бола шақта ШЫҰ­ның еркін сауда аймағын құруға септігін тигізетіні анық. Бұл жерде біздің еліміз эко­номикалық өзара іс­қимыл сала сын­дағы өздерін қызықтыратын жоба­ларды зерделеуді бастау арқылы кезең­кезеңімен ілгерілей алады. Мұнан бөлек, біздің қызметіміздің маңызды векторы мәдени­гумани­тарлық ынтымақтастық саналады. Бұл тұрғыда ШЫҰ университетін құру және жұмысын жолға қою туралы келісімге қол қоюды қолдаймыз», – деген Қазақстан Президенті ШЫҰ­ға мүше мемлекеттердің 2017­2018 жылдарға арналған туризм саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын ұйым­дастырудағы бірлескен іс­қи мыл жос­парын қабылдау аталған сала дағы өзара іс­қимылға тың серпін бере тін­ді гін атап өтті.

Өз кезегінде Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев ШЫҰ Даму банкін ашу керектігін айтты. «Біз сауда­эко­номикалық ынтымақтастықтың бел ­ с енділ ігін қолдаймыз. Сондықтан ШЫҰ Даму банкін құру мәселесі туып отыр. Қырғызстан да ШЫҰ­ны құру­шы лардың бірі болды. Сол себепті аталған банк Бішкек қаласында орна­ласуы керек деген шешімді ұсынып отырмыз», – деді А.Атамбаев.

ДайындағанБауыржан МҰҚАНОВ,

«Егемен Қазақстан»

Әлем назарында «Шанхай сегіздігі»

Page 3: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

12 маусым 2017 жыл 3СаяСат

бестігін» құрушылардың бірі болғандығын, содан бері ШЫҰ Даму банкін құруға басымдық беріп келе жатқанын тағы да бір мәрте еске салғым келеді. Қыр­ғызстан ШЫҰ банкі құрылып, оның Бішкек қаласында орнала­суын қалайды», деді Алмазбек Атамбаев.

Ресей Федерациясының Пре ­зид енті Владимир Путин оты­рыс та ШЫҰ­ға Үндістан мен Пәкіс танның мүше болуы маңыз­ды оқиға екенін, бұл қадам ұйым ­ның экономикалық және гума­нитарлық салалардағы қуаты мен ықпалының арта түсуіне мүм кін­дік беретінін жеткізді.

– Бүгін ШЫҰ жаңа толық құ­қы лы мүшелермен толықты. Бұл мемлекеттерді қабылдау про цесін іске қосу туралы шешім Ресей төрағалығы кезінде, 2015 жы лы Уфада өткен саммитте қабыл­данған болатын. Екі жылға жет­пейтін уақыттың ішінде Үндістан мен Пәкістан барлық шарттарды орындап, қажетті ресімдерді аяқ­тады. Ендігі уақыттағы біздің мақ сатымыз жаңа серіктестердің ШЫҰ аясына бейімделуіне көмек көр сету болмақ, – деді Владимир Путин.

Ресей Президенті әлемдік тер­роризм мен экстремизм мәсе­лесiнiң талқылануы бүгiнгi жиын­ның мән­маңызын арттыра түс­кенін сөз етті әрі Сирия дағда­рысын реттеудегі «Астана про­цесіне» жоғары баға берді.

– Біз Таяу Шығыстағы, оның ішінде Сириядағы жанжалдарды реттеудегі күш­жігерімізді бірлесе отырып жандандыратынымызға сенімдімін. Соңғы уақытта Сирия дағдарысын реттеуде көңілге сенім ұялататын мүмкіндіктің пайда болғанын атап өткім келеді. Бұл Ресей, Түркия және Иранның көмегімен осы жерде, Астанада Сирия бойынша халықаралық кездесудің басталуымен тікелей байланысты. Енді соның негізінде әскери іс­қимылды тоқтатуға және Женевадағы келіссөздер процесіне серпін беруге шынайы мүмкіндік пайда болып отыр, – деді В.Путин.

Сонымен қатар, Ресей Пре­зи денті терроризммен күресті кү шейту қажеттігіне баса назар аударды. В.Путиннің сөзіне қара­ғанда, бұл келеңсіз жағдаймен бар­лық елдің халықаралық құқықты қорғау жүйесін шынайы және конс труктивті біріктіру арқылы күре суге болады. Террористермен күрес кешенді әрі қатал болуы ке­рек. Осы орайда, ШЫҰ өңір лік терроризмге қарсы құрылы мы­ның рөлі күшейе түседі. Құқық­тық негізді күшейтудегі маңыз­ды қызмет – экстремизмге қар сы тұжырымдама. Аталған тұжы­рым дамаға осы жолғы жиында қол қойылған болатын.

Бұған қоса, В.Путин 2009 жы лы қолға алынған ШЫҰ­Ау ған стан байланыс тобының қыз ме тін қайта жандандыруды ұсын ды. Ауғанстанда есірткі өн­діру көлемі ұлғайып отырған­дықтан, ШЫҰ­ның тиісті халық­аралық ұйымдардың бейінді құры­лымдарымен өзара іс­қимылын арттыру қажет.

– Өңірде есірткіге қарсы қауіп­сіздік белдеуін қалыптастыруға бар лығымыз мүдделіміз. Эконо­микалық аспектілерге келетін бол сақ , ШЫҰ­ның барлық

кеңіс тігінде ұлттық стратегия­лар мен көпжақты жобаларды үйлестіруде күш біріктіру ке­рек деген ойдамын, – деді Ресей Президенті.

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон өз сөзінде ШЫҰ­ға толық құқылы мүше болып қабылданған Үн діс­тан мен Пәкістан елдерінің бас­шылары мен делегацияларына табыс тілей отырып, ұйымның бүгінгі таңдағы қызметінің маңыз­дылығын атап өтті.

– Өткен кезеңдерде ШЫҰ шең­берінде аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде, экономикалық және гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты арт­ты руда көптеген жұмыстар жү­зеге асырылды. Биылғы жыл біздің ұйым үшін ерекше жыл бо­лып тұр. Осыдан үш жыл бұрын Душанбеде өткен ШЫҰ самми­тінде қабылданған құжаттар ұйы­мы мыздың кеңеюіне жол ашып берді. Биылғы жылы Үндістан мен Пәкістанды ШЫҰ қатарына қа былдауға қатысты үдерістер аяқ талды. Сондықтан, Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ­ға қабыл­да нуына байланысты осы елдер делегацияларының басшылары На рендра Моди мен Мұхамад Наваз Шарифті құттықтаймын, – деді Э.Рахмон.

Тәжікстан Президенті соңғы кезеңдерде әлемде зорлық­зом бы­лықтың, террорлық оқиғалар мен түрлі қақтығыстардың белең алып бара жатқанына алаңдаушылығын білдіре келіп, бұл бағытта ха лық­аралық деңгейде көптеген шаралар қолға алынғанымен, оң нәтиже бермей тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, ШЫҰ­ның Аймақтық антитеррорлық құрылымының қызметін жандандыру қажет.

Э.Рахмон терроризммен жә­не заңсыз есірткі тасымалымен күресте ШЫҰ аясында күш бірік­тірудің аса қажет екенін, Тәжік­стан бұл мәселеде БҰҰ және өзге де халықаралық ұйымдармен нәти желі ынтымақтастық орна­туда мол тәжірибе жинақтағанын атап өтті. Осы орайда Э.Рахмон өз әріп тестерін бұған дейін айтылған, Тәжік станда ШЫҰ­ның Есірткіге қарсы орталығын құру бастамасын қолдауға шақырды.

Қауіпсіздіктің кілті – аймақаралық тыныштықта

Алқалы жиында Шанхай ынтымақтастық ұйымының осы жолғы отырысына Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің алғаш рет қатысып отырғанын Мемлекет басшысы Н.Назарбаев айрықша атап өтті. Ал өз кезегінде сөз алған Өзбекстан Президенті халықаралық деңгейдегі беделі жо­ғары осы ұйымға ресми түрде мүше мемлекет ретінде қабылданып отырған тарихи сәтімен Пәкістан Ислам Республикасының Премьер­министрі Мұхамад Наваз Шариф пен Үндістан Республикасының Премьер­министрі Нарендра Модиді құттықтады. Сондай­ақ, ол аталған екі елмен бірлесе отырып, көп салалы нақты жоспарларды жүзеге асырып, қарышты дамуға үміт артатындығын білдірді.

«Шеті мен шегі көрінбейтін әскери қақтығыстар мен шие­леніскен дүрдараздықтар жер дүниеге орасан зор қауіп­қатер төндіріп отырған қазіргідей шақта

біз бір ғана елдің емес, бірнеше мемлекеттің уайымына айналған Ауғанстандағы жағдайдың тұрақталуынан үміттіміз және сол үшін бар күш­жігерімізді жұмсап әрекеттенеміз. Өзбекстан бұл елде тұрақтылық пен тыныштықтың орнап, халық бейбітшілік заманда мамыражай тіршілік кешеді де­ген сенімде және осы бағыттағы бар лық жұмыс, жоспарларды то­лықтай қолдайды», деген Ш.Мир­зиеев осы сәтті пайдалана отырып, ШЫҰ­ның келешектегі кемелді дамуы үшін өзекті деп танылған бірқатар басымдықтарды атады.

– Оның бірі – халықаралық шеңбердегі террористік ұйымдар мен кереғар жат ағымдарға қарсы күресте жастарды жат ағымның идеологиясының құрбаны болу­дан оларды қорғауда ШЫҰ ая­сында кең көлемді қарсы әрекеттер жасау қажеттігі деп есептелсе, енді бірі – жастардың рухани дүниелермен сусындап, діни көз­қарасын қалыптастыратын мате­риалдардың барлығын да мұ қият сүзгіден өткізіп, сараптауға көңіл бөлу керекпіз. Осылайша, адам­затты ізгілікке үндейтін, ба уыр­малдыққа баулитын Ислам дінін ұдайы зерттеп, жат ағымдардың қоқысынан қорғауды қажет деп санаймын, – деді Өзбекстан Пре­зиденті.

Өз кезегінде бұл кездесудің тарихи тұрғыдағы бір ерекшелігі – Шанхай ынтымақтастық ұйымына екі жаңа мүше мемлекеттің қо­сылуы екендігін атап өткен Н.Назарбаев мұндай шешім арқылы ШЫҰ әлемдік саясат пен жаһандық экономикада өзінің Жер шары тұрғындарының басым бөлігінің басын қосқан бүгінгідей құрамымен ұйымның беделі ар­тып, планетамыздың дамуына зор үлес қосатындығына сенім білдірді. Осындай айшықты ой­ларымен отырыс тізгінін ұстаған Мемлекет басшысы ШЫҰ­ның бұл жолғы кеңесіне Үндістан

Республикасы дәрежесі өзгерген ел ретінде қатысып отырғандығын ескертіп, сөз кезегін Үндістан Премьер­министрі Нарендра Модиге берді.

– Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақтық және жаһандық деңгейдегі қауіпсіздікке ба сым­дық беретіндігімен әлемдік қоғам­дастық алдында беделі артып отыр. Үндістан мүше мемлекет атан ғанға дейін де мұндағы әрбір мемлекетпен қарым­қатынасын әртараптандырған болатын. Бұдан кейінгі байланысымыз да жалғасын тауып, әріптестігіміз тереңдей түседі деген үміттемін, – деді Н.Моди.

Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жүргізу ШЫҰ басым бағытқа ие бағдар болғандықтан Үндістан аталған халықаралық ұйыммен ынтымақтасу, бірлесе әрекет ету қадамын құптайды. Сонымен қатар, қазір әлемде адам­зат баласының адамгершілікке үндейтін құндылықтарды сақтап қалуға ұмтылуы тіршіліктің басты талаптарына айнала бастағанын және сол үшін ШЫҰ­ға мүше мемлекеттермен бірлесе отырып, осы мақсаттағы жұмыстарды жандандыруға күш салатынын мәлімдеген Н.Модидің ізгі ойын оның әріптесі, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер­министрі Мухамад Наваз Шариф те құптай түсті.

– Пәкістан Ислам Респуб ли ка­сының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет ата­нып отырғанына біздер зор қуа­ныштымыз. Осы бағытта атқа­рылған жұмыстарға қолдау білдіріп, ниеттестік танытқандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Ал енді әлемдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудың алғашқы әрекеті – аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудан бас­та латындығын ескерсек, ШЫҰ­ға мүше мемлекеттердің мақ­сат­міндетінің айқындығына

қарап, оның маңыздылығы арта түсетіндігін ұғамыз. Сондықтан да, біз ұйымның толық құқылы мүшесі атана отырып, жоспарлы жұмыстарымызды жүйелі түрде бірге жүргіземіз деп сенемін, – деген Н.Шариф ШЫҰ әлемдегі қауіп сіздіктің қамтамасыз етілуіне елеу лі үлес қосып, табысты эко но­ми калық қатынас орнатудың тетігі бола алатындығына сенім білдірді.

Ұйымның толыққанды мүше мемлекеті атанып отырған екі ел премьер­министрлерінің маңызы зор мәлімдемелерінен кейін оларға айрықша қошемет біл дір­ген Президент Н.Назарбаев ке лесі сөзді ШЫҰ­ға байқаушы­мемле­кеттердің бірі – Ауғанстан Ислам Рес публикасының Президенті Мұ­хаммад Ашраф Ғаниге берді.

– Егер Еуразия құрлығындағы соңғы 15­20 жылдық жағдайды бағамдап қарайтын болсақ, біздің бағытымыз нақтыланып, ай мақ­тардағы ахуалымыз жақсарған деп айта аламыз, – деді ол. Осылайша, жалпылама түрде алғанда соңғы жылдары әлемдік әлеуеттің өсіп­өркендеуі мен қауіпсіздікке көңіл бөлуі қатты сезілетіндігін сөз еткен ол өркениетке бет бұрып, қарышты дамып жатқан әлем елдерінің көшінен Ауғанстан да қалыс қалмайтынын алға тартты.

– Әсіресе, біздегі инфра­құ ры лымдық нысандардағы жұмыс тардың ілгерілеуі Ау­ған станды алыс­жақын елдер­мен жақындастыра түсті. Айта ­лық, көрші мемлекеттермен ав­то мобиль мен темір жол және әуе қатынасын қалыпқа келтіру­деміз. Осы бағыттағы мақсаты мыз нақтыланып, бағыт­бағдарымыз ай қындалатын болса, бола шағы­мыз жарқын болады деген ойда­мын. Бұл ретте біз ШЫҰ секілді бе делді ұйыммен бірлесе еңбек етіп, әріптестігімізді тереңдетуге мүд деліміз. Себебі, Азияның қақ орта сында орналасқан Ауғанстан а з а м а т т а р ы ө з ө м і р л е р і н

қауіп­қа терге тігіп, аймақтағы тұрақтылық пен тыныштықтың орнауына мүд делілік танытуда, – деді Ашраф Ғани.

Сонымен қатар, ол келер жы­лы ұйымға төрағалық ететін Қы­тай елінің Төрағасына құттықтау ле бі зін білдіріп, жоғары деңгейде ұйым дастырылған осы жиын үшін Қазақ стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да зор алғысын айтты.

Орайы келгенде сөз алған ШЫҰ­ның байқаушы­мемлекеті – Бе ларусь Республикасының Пре зи денті Александр Лукашенко ШЫҰ ең ықпалды халықаралық құ ры лым дардың біріне жылдам айналып келе жатқандығын баса айтты.

– Өңірлік жанжалдардың қанат жайып келе жатқан жағдайында ғаламшардағы жарты әлемнің тұрғындары атынан өкілдік ететін елдердің бір­біріне жақындай түсу процесі айрықша құндылыққа ие болуда. Осындайда ауызбіршілік пен бірлік – терроризм, экстре­мизм, ұйымдасқан қылмысты қоса ал ғандағы қазіргі сын­қатерлерге қар сы тұрудың маңызды факторы, – деді Беларусь Президенті.

Сондай­ақ, ол бұған ШЫҰ беде лі нің нығаюы мен оған мүше елдер санының арта түсуі дәлел бола алатындығын алға тартты.

– Қуатты екі мемлекет – Үн­діс тан мен Пәкістан оның толық құқылы мүшесіне айналады. Мұ­ның маңызды нәтиже екендігі сөзсіз. Бұл – ұйымның батыл әрі жауапты қадамы. Ендеше, осын­дай қуатты мемлекеттердің ара­сындағы қарым­қатынастың бел­гілі бір түйткілді проблемалары да бар екендігін жасырмайық және бү гін оларды ШЫҰ құрамына қабылдауларыңыз жауапты қадам болып табылады. Және осылайша сіздер бұл проблеманың шешімін өздеріңізге алып отырсыздар, – деді А.Лукашенко.

Беларусь Президентінен кейін ойын ортаға салған ШЫҰ­ның бай қаушы­мемлекет мәртебесін иеленген Моңғолия Президенті Ца хиа гийн Элбегдорж Ұйым жұмысын әр кез жоғары бағалай­тын дығын білдірді.

– ШЫҰ байқаушы­мемлекеті мәртебесін алғаннан кейін Моң­ғолия әрқашанда осы ұйымның түрлі деңгейлі жиын, шаралары­на белсенді қатысып келеді. Біздің мемлекетіміз ұйымның осы кезге дейінгі жұмыстарын жоғары ба­ғалайды және оның болашағына зор сеніммен қарайды. Қытай бас тамасымен жүзеге асырылып жатқан «Бір белдеу, бір жол» жо­басына Моңғолия да қаты суға ықыласты. Сол мақсатта халық­аралық талаптарға сай өзіміздің мақсат­міндеттерімізді орындауға әзірміз, – деген Ц.Элбегдорж уақыт өткен сайын абырой­беделі асқақтап келе жатқан ШЫҰ­ға байқаушы­мемлекет мәртебесін алғаннан кейін өз еліндегі ғылым­білім мен мәдениет, өнеркәсіптік өндіріс салаларындағы байла­ныстар нығайып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Моңғолия ұйым аясындағы елдермен қа рым­қатынасын тереңдете оты рып, инфрақұрылымдық дамуға ин­вестициялық әлеуетті қатыс тыруға ниетті екенін жеткізді.

Беделді халықаралық ұйымға айналды

Шанхай ынтымақтастық ұйы­мына мүше мемлекеттер басшыла­ры кеңесінің отырысына бірқатар ірі халықаралық ұйымдардың же­текшілері де арнайы келіп қатыс­қан еді. Солардың арасынан ал­ғашқы болып сөз БҰҰ Бас хатшы­сы Антониу Гуттеришке берілді.

Саясаткер өзінің сөзінде қазіргі кездегі өткір мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлі ерекше маңызды екеніне тоқ­талды. Бас хатшының атап өту­ін ше, бүгінде әлемді алаң датып отырған проблемалар аз емес. Заңсыз есірткі айналымы, бос­қындар мәселесі, кедейшілік пен азық­түлік тапшылығы кезек күт­тірмейтін жағдайлар болып отыр. Сонымен қатар, түрлі жанжал дар мен қарулы қақтығыстар жиі рек көрініс бере бастады. Ал олар­дың алдын алу, күрделі мәсе­лелерді орнықты үнқатысу арқы­лы қалпына келтіру жекелеген мемлекеттердің ғана емес, халық­аралық ұйымдардың да белсенді іс­қимыл көрсетулерін қажет етеді.

Бас хатшы жаһандық проб ле­маның тағы бірі климат ауыт қу­шылығына қатысты пікірін ор­таға салды. А.Гуттериштің назар аудартқанындай, жаһандық осы мәселеге байланысты БҰҰ көп жылдардан бері өз ұсыныстарын білдіріп келеді. Тиісті құжаттар да қабылдаған. Өкініштісі, кейбір елдер олардың орындалуына онша көңіл бөлмейді. Бас хатшы, сондай­ақ, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм мен экстремизм сияқты қатерлермен күресу мәселелерін де қозғады.

Астанада ШЫҰ-ның жаңа тарихы басталды(Жалғасы. Басы 1-2-беттерде)

(Соңы 4-бетте)

Page 4: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

4 12 маусым 2017 жылСаяСат

Бұұ Бас хатшысымен кездесті––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысына Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемле-кеттер басшыларының кеңесіне қатысқаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

– Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихын-да БҰҰ Бас хатшысы оның жұмысына бірінші рет қатысуда. Сіздің осы шараға келуіңіз ұйым үшін тарихи сәт – ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанның қабылдануымен тұспа-тұс келіп отыр. Сол арқылы бұл ұйым аймақтық деңгеймен шектелмей, елеулі саяси күшке айналуда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы БҰҰ қызметін ің қағидаттары мен оның барлық бастамаларын Қазақстан әрдайым қолдап келгенін атап өтті.

– Өзіңіз білетіндей, Қазақстан антиядролық қозғалыстың көшбасшысы саналады және БҰҰ та-рапынан 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні болып жарияланды.

Мен Қазақстан тарапынан Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін берілетін сыйлық тағайындадым. Иордания Королі ІІ Абдалла осы халықаралық сыйлықтың бірінші лауреаты атан-ды, – деді Қазақстан Президенті.

БҰҰ Бас хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуімен құттықтап, оған Үндістан мен Пәкістанның мүше болып қабылдануының маңызы зор екенін атап өтті.

– Мен осы саммитке Шанхай ынтымақтастық ұйымының бірте-бірте бүкіл әлемдегі ықпалдастық орталығына айнала бастағанын жете сезініп келдім. Бұл ұйым, менің ойымша, бүгінгі әлемдік құрылымның маңызды тірегі болып саналады. Үндістан мен Пәкістан осы басқосуда сындарлы диалог жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие бо-лады деп ойлаймын, – деді А.Гутерриш.

Халықаралық шараларға келгені үшін алғыс айтты

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мемлекет басшысы кездесуде Сыртқы істер министріне Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына қатысуға келгені үшін алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Иранда өткен сайлауда қазіргі Президент Х.Руханидің жеңіске жеткені туралы хабарды ризашылықпен қабылдағанын атап өтті.

– Мені ислам әлемінде орын алып отырған қарама-қайшылықтар қатты алаңдатады. Өзара түсіністік пен сенім тезірек орнайды деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

– Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейде. Әсіресе, Сіздің және Иран Президентінің өзара жасаған сапарларыңыздың арқасында қарқынды дамуда, – деді М.Зариф.

Сондай-ақ, М.Зариф Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

Астанада ШЫұ-ның жаңа тарихы басталды

Оның айтуынша, осы бағытта Шанхай ынтымақтастық ұйымы көптеген жұмыстар жүргізіп келеді. Бұған қоса, ол жастарды жұмыспен қамту, олардың оқып – білім алуына қолдау көрсету мәселелерін атап өтті.

ШЫҰ-ның Бас хатшысы Ра-шид Алимов алдымен ұйымға төра ға лығын жоғары деңгейде және аса жауапкершілікпен атқар-ған Қазақстан басшылығына зор алғы сын білдірді. Оның сөзіне қара ғанда, Қазақстан ШЫҰ-ға төра ғалық еткен бір жыл ішінде халық аралық қоғамдастықтың ерек ше назарын аударған ауқымды іс-ша раларды жүзеге асырған. Ұйым ның Бас хатшылығы Қазақ-стан Президентіне ШЫҰ-ға төр-а ға лық еткен мерзім аралығын-дағы қызметіне байланысты то-лық қанды баяндама ұсынды. Ол құжатта атқарылған жұмыстар мен жүзеге асырылған іс-шаралардың барлығы көрініс тауып отыр.

– Шанхай ынтымақтастық ұйымы уақыт сынынан ойдағыдай өтті, – деп жалғастырды сөзін ол. – Бүгінде ұйым өңірлік және жаһандық саясатты орнықтырып, сауда-экономикалық байланыстар-ды нығайту бағытында көптеген нә тижелерге қол жеткізді. Қауіп-сіздік пен бейбітшілікті қамта-масыз етуде де табыстары аз емес. Терроризм және экстремизммен, заң сыз есірткі айналымымен, транс шекаралық ұйымдасқан қыл-мыс түрлерімен күрес ұйымның на-зарынан ешқашан тыс қалмайды».

Бас хатшы әрі қарай ШЫҰ-ның өзге халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығына тоқталды. Оның айтуынша, ұйым Америкада, Еуропада және басқа да өңірлерде өткен ірі халықаралық конферен-циялар мен жиындардың белсенді қатысуына айналды. ЭКСПО-2017

халықаралық мамандандырылған көрмесінің Астанада өткізілуі ШЫҰ үшін үлкен абырой болмақ. Осы көрме арқылы ұйым елдері өзге мемлекеттермен сауда-эко-но ми калық ынтымақтастығын да-мыта түседі.

Ал ШЫҰ Өңірлік анти тер-рор лық құрылымы атқарушы ко митетінің директоры Евгений Сысоевтың атап өтуінше, ұйымға мүше мемлекеттер басшылары өз сөздеріне өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қа-уіп-қатерлермен күрес, тағы басқа да өзекті мәселелерге жан-жақты тоқталып өтті.

– Өткен 2016 жылы бірлесе іс-қимыл көрсетудің нәтижесінде 40-тан астам террорлық әрекеттің жолы кесілді, 100-ге жуық ха-лық аралық террористік топтың мүшесі ұсталды. Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бары-сындағы іс-әрекеттердің арқа-сында алды алынған осы және бас қа да мәліметтер ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңе сіне ұсынылған баяндамада көр сетілген», – деді Е.Сысоев өзі же текшілік ететін құрылым жұмы-сына қатысты.

Осылай деген ол әрі қарай Ан ти террорлық құрылымның экстре мизммен күрес жөніндегі кон венция жобасына назар аударт-ты. Құрылым басшысының хабар-дар етуінше, құжатта экстре-мизммен, терроризммен бірлесіп күрес жүргізудің жолдары көр-сетілген. Аса сақтықты қажет ететін қатермен жалғыз-жарым күресу нәтиже бермейтінін өткен уақыт дәлелдеп отыр. Сонымен қатар, ол құрылымның ШЫҰ ая сында халықаралық беделді ұйым дармен тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды. Бұған мысал ретінде Қазақстанның төрағалығы кезінде құрылым БҰҰ-ның үнқатысу алаңындағы

жиындарға қатысып, өздерінің пікірлерімен бөліскенін және бірқатар антитеррорлық конфе рен-цияларға қатысқандарын келтірді. Үндістан мен Пәкістанның ұйым-ға мүше болып қабылдануы құ-ры лым жұмысына жаңаша серпін беретініне сенім білдірді.

ТМД Атқарушы комитетінің төр ағасы, атқарушы хатшысы Сергей Лебедев өз сөзінде халық-аралық ұйымдардың, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйы-мының қауіпсіздік пен бейбіт-шілікті қамтамасыз етудегі рөліне баса назар аударды. Оның айту-ынша, Достастыққа мүше тоғыз мемлекет өңірлік және жаһандық өзекті мәселелерді ШЫҰ-мен бірлесе отырып талқылап келеді. Екі халықаралық ұйым бір-бірімен тығыз байланыста. Әсіресе, екі ұйымның сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастығының болашағы зор.

– Сөз жоқ, Шанхай ынты ма қ - тастық ұйымының өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қам-тамасыз етудегі орны ерекше бөлек, – деді С.Лебедев. – ШЫҰ сияқ ты ТМД да халықаралық тер-роризммен және экстремизммен бірлесіп күресуге басымдық береді. Достастық БҰҰ-мен және оның құрылымдық бөлімшелерімен ты ғыз байланыста жұмыс істеуді өзінің міндеті санайды.

Оңтүстік-Шығыс Азия мем-ле кеттері қауымдастығының Бас хатшысы Ле Лыонг Минь өзі жетекшілік ететін ұйымның жұ-мысына байланысты ой қорыт-ты. Оның атап өткеніндей, ұйым өңірдегі қауіпсіздік пен тұ рақ-тылық мәселесіне ерекше на-зар аударады. Өңірдегі елдердің бір-бірімен және олардың өзге ай мақтардағы мемлекеттермен сауда-экономикалық байланыс-тарын дамытуға да ықпал етіп оты рады. Алдағы уақытта АСЕАН

Шанхай ынтымақтастық ұйы мы-мен ынтымақтастықты әрі қарай тереңдететін болады. Оған қажетті құжаттар бар, негізі қаланған.

Отырыста, сондай-ақ, Азия-дағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің атқарушы директоры Гун Цзяньвэй мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысының орынбасары Аманжол Жанқұлиев сөз сөйледі.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас шылары кеңесінің отыры-сын Қа зақстан Республикасының Пре зи денті Нұрсұлтан Назарбаев қорытты.

– Бүгін Қазақстан астанасын-да біздің ұйым үшін тарихи оқиға болды. Біз барлық міндеттемелерді орындап, ұйымға Үндістан мен Пәкістанды қабылдадық. Осы-лайша, ШЫҰ-ның әлемдік сая-сатта және ғаламдық экономикада беделі артты. Осы орайда Нарен-дра Моди мен Мухамад Наваз Ша рифті ШЫҰ-ға толыққанды мем лекет ретінде өтуімен құттық-таймын, – деді Қазақстан басшы-сы.

Шанхай ынтымақтастық ұйы-мына мүше мемлекеттер басшы-лары отырысының қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылданды:

Шанхай ынтымақтастық ұйы-мына мүше мемлекеттер басшы-ларының Астана декларациясы;

Экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ШЫҰ конвенциясы;

Үндістан Республикасын ШЫҰ мүшесі ретінде қабылдау рә сі мін аяқтау және оған Шанхай ын ты мақтастық ұйымына мүше мем лекет мәртебесін беру жөнін-дегі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;

Пәкістан Ислам Республикасын ШЫҰ-ның мүшесі рет інде қабылдау рәсімін аяқтау және оған Шанхай ын тымақтастық ұйымына

мүше мемлекет мәртебесін беру жөнін дегі ШЫҰ мүше мемлекет-тер басшылары кеңесінің шешімі;

Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасына ШЫҰ-ның мүше мемлекеті мәр-те бесінің берілуіне байланысты ШЫҰ мүше мемлекеттерінің үлес-тік жарналары туралы ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;

Шанхай ынтымақтастық ұйы-мының өткен жылдағы қыз меті жөніндегі ұйымның Бас хат шы-сының баяндамасын бекіту туралы ШЫҰ мүше мемлекеттер басшы-лары кеңесінің шешімі;

Өңірлік антитеррорлық құры-лымының 2016 жылғы қыз меті жөніндегі ШЫҰ Өңірлік анти тер-рорлық құрылым кеңесінің баян-дамасын бекіту туралы ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің ШЫҰ Өңірлік антитеррорлық құ-рылым жанындағы тұрақты өкілі жөніндегі ережені бекіту туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас-шылары кеңесінің шешімі;

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесі шешімдерінің күшін жою туралы ШЫҰ мүше мем лекеттер басшылары кеңесінің шешімі;

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас шыларының халықаралық терроризмге қарсы бірлескен іс-қимылы туралы мәлімдеме (қол қоюсыз қабылданады);

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ке ңесі отырысының қорытындысы бойынша ақпараттық хабарлама (қол қоюсыз қабылданады).

Отырыстың барлық рес-ми іс-шаралары аяқталған соң, оның қорытындысы бойын-ша ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов отандық және шетелдік Б А Қ ө к і л д е р і н е б а с п а с ө з мәслихатын өткізді. «Мемлекет

басшылары ШЫҰ-ға Қазақстан Республикасының төрағалығына ж о ғ а р ы б а ғ а б е р д і ж ә н е Астанадағы іс-шара барысында көрсетілген қонақжайлылығы үшін қазақстандық тарапқа ризашылық білдірді. Қазақстан Республикасының ШЫҰ-ға төрағалығы лайықты түрде ең жоғары бағасын алды. Бұл жол-да Қазақстан Президентінің жеке өзі тарапынан және Қазақстан Үкіметі тарапынан барынша қызығушылық көрсетіліп келді. Қазақстан төрағалығының 345 күнінде түрлі деңгейдегі бағытта 300-ден астам шара өткендігін атап өтсек те жеткілікті. Бұл іс-шаралардың шырқау шегі ШЫҰ-ның Астана отырысы болғаны сөзсіз. Шын мәнінде бұл ұйым қызметінің барлық саласындағы іскерлік белсенділіктің жарқын кезеңі еді», – деді Р.Алимов.

Оның айтуынша, Қазақ-станның төрағалығы кезінде Ази я, Еуропа мен Америка алаң-дарындағы 100-ден астам түрлі халықаралық форумдарда, конфе-ренцияларда ШЫҰ қызметі жан-жақты көр сетілді. Бұған қоса, ШЫҰ-ның БҰҰ-мен өзара іс-қимылы жаңа сапалы деңгейге көте рілді. «Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәте рінде, БҰҰ-ның Вена бөлім ше сінде тарихта алғаш рет ШЫҰ мен БҰҰ арасындағы ең жо ғары дең гей дегі бірлескен іс-ша ра өткі зілді», – деді ШЫҰ Бас хат шысы.

Осылайша, ШЫҰ-ға мүше ел-дер мемлекет басшыларының оты-рысы күн тәртібіне шығарылған барлық мәселе бойынша нақты шешімге қол жеткізіп, табысты қорытындыланды.

Жолдыбай БАЗАР,Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

(Соңы. Басы 1-3-беттерде)

Page 5: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

12 маусым 2017 жыл 5ЭКСПО-2017

– Біздің өтінішімізді және ұсынған тақырыбымызды қабыл алғандары үшін барлық елдер-ге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауқымдағы көрме – бір мемлекеттің ғана атқарған іс і емес, бұл – осында өз жетістіктерін көрсетуге келген халықаралық қоғамдастықтың еңбегі. Астанадағы ЭКСПО ха­лық аралық көрмесі – жаһандық кеңістікте елімізді танытудың және «Қазақстан» ұлттық брендін ілгерілетудің жаңа белесі. Біз « Б о л а ш а қ т ы ң э н е р г и я с ы » тақырыбын ұсына отырып, ғылыми прогрестің бел орта-сында болуды қалаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы осыдан бір жарым ғасыр бұрын Лондонда өткен алғашқы дүниежүзілік көрмеден кейін адамзат орасан зор технологиялық өзгерістерді бастан өткергеніне тоқталып, бүгінде тиімді және қауіпсіз энер-гия саласындағы тың жаңалықтар қарсаңында тұрғанымызды атап өтті. Қазақстан Президенті ЭКСПО­2017 көрмесі осы жаһан ­дық үдеріске өзінің айрықша үлес қосатынына сенім білдірді.

– Заманымыздың озық ойлы адамдарының қатысуы жоспар­ланған іс­шаралар адамзат дамуы­ның жаңа бағыттарын ай шықтайды. Миллиондаған қазақстандық пен дүние жүзінің түкпір­түкпірінен келетін 100 мыңдаған қонақ әлемдік ғылыми және инженерлік ақыл­ойдың керемет жетістіктерімен танысатын болады. ЭКСПО бағ­дарламасында 6 мың түрлі іс­шара өткізу жоспарланған. Олар әлем елдері арасындағы өзара түсіністікті дамытуға, ғылым, бизнес және қоғам арасындағы табысты іс­қимылға, сондай­ақ Қазақстан мәдениетімен танысуға септігін тигізеді. Біз келуге тілек білдіргендердің барлығын елі­міз дің басқа да өңірлерін аралап көруге, бірегей табиғатымызбен және тарихи мұрамызбен танысуға шақырамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы әлемнің экологиялық тұрғыдан теңдессіз ж ә н е о р н ы қ т ы д а м у ы н ы ң маңыздылығына тоқталып, ЭКСПО­2017 тақырыбының біз­дің еліміз үшін өзекті екеніне ерек-ше назар аударды.

– ЭКСПО – ғылыми жаңалық қана емес, барлық елдер мен өркениеттерді жалғайтын алтын көпір. Осыдан 166 жыл бұрын өткен тұңғыш көрмеден бері бұл шара ұдайы жаңа идеялар бесігі болып келе жатыр. Атап айтқанда, алғашқы телефон, ат­көлік, компьютер, Жер серігі

мен атом­электр стансасы секілді жаңалықтардың барлығының тұсауы осындай ЭКСПО­ларда кесілген болатын. Сол игі үрдісті жалғастырған Астана әлемдік инновациялар орталығының бірі ретінде танылады деп сенемін, – деді Президент.

Қазақстан көмірсутегі сынды энергия көздерінің мол қорына иелік ететіндігіне қарамастан, алдағы уақытта жаңғырмалы, қоршаған ортаға зиянсыз энер-гия тұтынуға белсенді түрде көшпек. Елбасы өз сөзінде бұған да тоқталды.

– Қазақстан орасан зор көмір­сутегі қорының бар екеніне қара­мастан, жаңартылатын энер-гия көздеріне белсенді түрде көшетін болады. Осындай мақ­сат біздің «Стратегия­2050» бағдарламамызда және «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамамызда көрініс тап-ты. Қазақстан 2050 жылға қарай жаңартылатын көздердің есебінен электр энергетикасының жалпы көлемінің жартысын өндіре алатын болады. Сонымен бірге, экономи-када энергияның жұмсалуы да азая­ды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылында энергияның жұмсалуы екі есеге қысқарған. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті тағы 30%­ға қысқарту жоспарланған. Әлемнің көптеген мемлекеттері мен корпорациялары да алдарына осындай міндет қойып отыр. Мұның барлығын бүгін ашылған көрмедегі бай мазмұнды экспозициялардан көруге болады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО­2017» көрме кешенінің нысандары мен халықаралық павильондардың қалай пайдала-нылатыны жөнінде айтып берді.

– Көрмені аралаушылар

назарына басты нысан – Жер шарын бейнелейтін «Нұр Әлем» сферасы ұсынылады. Оның әр деңгейі энергияның белгілі бір түріне арналған. Сфераның өзегінде біздің Ұлттық павильон орналасқан. Онда қазақстандық ғалымдардың ең озық жобала-ры көрсетілген Қазақстанмен танысу аймағы және «Жасампаз энергия» аймағы бар. ЭКСПО көрмесіне мемлекеттер мен халық­аралық ұйымдардың 130­дан астам экспозициялары әкелінді. Екі тақырыптық павильонда энер ге­тиканың эволюциясы, оның ХХІ ғасырдағы проблемалары және осы саладағы технологиялық өрлеу сәті көрсетіледі, – деді Мем­лекет басшысы.

Қазақстан Президенті көр­ме нің іскерлік бағдарламасына тоқталды. Оның аясында Астана экономикалық форумы, Шет ел инвесторларының кеңесі, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының саммиті сияқты бірқатар ірі ха­лық аралық іс­шара өткізу жос­парланғанын айтты.

Мемлекет басшысы көр менің халықаралық өзара ын ты мақ­тастыққа елеулі тың сер пін бе ріп, еліміздің ғылымын да мытуға жә­не экономикамызды жаңғыртуға сеп тігін тигізетініне сенім білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО­2017 көрмесі аяқталған соң оның инфра­құ ры лымы одан әрі пайдаланыла-тыны туралы айтты.

– Бұл жерде «Астана» ха­лықаралық қаржы орталығы жұмыс істейтін болады. «Жасыл» технологиялар мен инвести-цияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құрылады. ІТ­стартаптардың халықаралық технопаркі ашылады. Осылайша, еліміздің, өңіріміздің және

әлем нің игілігі үшін ЭКСПО­да­ғы «инно вацияның тамыр со ғы­сы» жалғасатын болады, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы ЭКСПО­2017 көрмесін дайын-дау үдерісіне қатысушылардың барлығына шынайы қолдау көр­сет кендері және көрме идеясын жү зеге асыруға атсалысқандары үшін алғыс айтты.

– Біздің мәртебелі қонақ­т а р ы м ы з ғ а – А с т а н а д а ғ ы ЭКСПО­2017 көрмесінің ашылу салтанатына қатысуға уақыт та у ып келген мемлекеттер мен үкіметтер басшыларына ерекше ризашылық білдіремін. Қадірлі қауым! Осымен халықаралық ЭКСПО­2017 көрмесін ашық деп жариялай-мын! Әлем жұртшылығы мен барлық отандастарымды көрмені тамашалауға шақырамын! Ұлы Далаға қош келдіңіздер! – деп сөзін түйіндеді Мемлекет басшысы.

Осылайша, Н.Назарбаев қазақ жұрты бірнеше жылдан бері күткен, әлем жұртшылығы на-зарын тіккен айтулы шараның ресми түрде ашылғанын жаһан жұртшылығына хабарлады.

ЭКСПО­2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсімінде Халықаралық көрмелер бюро­сының президенті Стин Кристенсен де сөз сөйледі. Қазақстан астанасы-на қонақ болу, Қазақстанға табан тіреу өзі үшін үлкен мәртебе екенін айтқан ол елордадағы беделді шараның мән­маңызына тоқталды. Стин Кристенсен Халықаралық көрмелер бюро сы ның 175 мемлекеті аты нан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты және ЭКСПО­2017 көрмесінің барлық ұйым дас тырушыларын осы айтулы оқиғамен құттықтап, алғысын білдірді.

– Қ ұ р м е т т і П р е з и д е н т Нұрсұлтан Назарбаев, Халық ара­лық көрмелер бюро сының 175 мем лекеті атынан Сізді осы ай-тулы оқиғамен құттықтаймын! Бұдан бөлек, көрменің барлық ұй­ым дастырушылары мен қа ты су­шыларына және Үкіметке атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіремін! Қазақстан ЭКСПО­2017 көрме сі­нің ар қасында дүниежүзілік қоғам назарын өзіне аударды. Көрменің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбы үнемі өзекті болған және болып қалады да. Бүгінгі таңда «жасыл энергия» мәселесі да мыған елдерді ғана емес, соны-мен қатар, дамушы мемлекеттерді де қызықтырады. 115 елдің арасы­нан әлемдік ауқымдағы 22 ком-пания дәл осы көрмеге тартылды, – деді ол.

Халықаралық көрмелер бюро­сының басшысы айтып өт кен дей, бұл оқиға әлемдегі көп тен күткен және ең көп келуші қаты сатын оқиға болып табылады.

– Дүниежүзілік ЭКСПО­2017 көрмесіне қатысып жатқа ны­мызға қуаныштымыз. Бар лық павильондар «жасыл энер ге­тиканың» дамуына үлкен үлес қоспақ. Себебі, болашақта біз энергияны қаншалықты қол­да натынымыз барша үшін қы­зықты. Энергия – өмірлік күш. Бүгінгі ЭКСПО көрмесіндегі кездесуіміз болашақта маңызды мәселелерді шешуге деген ынта­ықыласымызды арттырып отыр. Энергия тұрақты әрі баршамызға қолжетімді болуы керек. Таза энер-гиясыз планетаның болашағын елестету мүмкін емес. Энергия – бар өркениеттің өмірлік күші. Бү гінгі шара – үш айға созылатын мерекенің бастамасы. Үш ай бойы жасыл энергетика – болашақтың

энергиясы бойынша әртүрлі пікір­таластар өткіземіз. Осындай әлем үшін маңызды әрі Қазақстан үшін маңызды оқиғаның басталуымен баршаңызды құттықтаймын! – деді С.Кристенсен.

Көрменің салтанатты ашы-луы әсерлі театрландырылған қойылыммен басталды. Қойылым сценарийінде энергияның пайда болуы, жел, күн және су энер­гиясының қуаты көрсетілді. Әуеде қалықтаған алып шар арқы лы ұйымдастырушылар дүние жүзі қол жеткізген жаңалықтарды көрсетуге ұмтылды. Адамзат баласының атам заманнан бергі аралықта энергия алудың құпия­сына үңілген талпынысын балет бишілері би қимылдары арқылы бейнеледі. Ампер, Ньютон, Гальвани, Тесла сынды адам­заттың дамуына үлес қосқан ға­лымдардың еңбегі көрсетілді. Ак терлер қазақ даласының жел энер гетикасының қайнар көзі екенін бейнеледі. Халықаралық бай қаулардың лауреаты, таны-мал опера әншісі Мария Мудряк қазақтың халық әні «Япурайды» орындады.

Қазақстан Қарулы Күштерінің офицерлері еліміздің Мемлекеттік туын сахнаға алып шығу рәсімі де өте әсерлі көріністердің бірі бол-ды. Көк ту тутұғырдың басына көте ріл геннен кейін Қазақстанның Мемлекеттік әнұраны шырқалды. Әлем көз тіккен айтулы шара-да Әнұранды шырқау бақыты халықаралық байқаулардың лау-реаты, «Астана­Опера» театрының жетекші солисі Сүндет Байғожинге бұйырды.

Одан кейінгі кезекте амфи-театр сахнасына Халықаралық көрмелер бюросының ресми туы салтанатты жағдайда жеткізіліп, тұғырға көтерілді. Ақ түсті, ор-тасында Жер шары көк түспен бейнеленген ту Қазақстан астана-сында көрмеге қатысып жатқан 100­ден астам елдің туымен бірге 93 күн желбіреп тұратын болады.

Қойылым соңы жас жеткін­шек тердің балғын үнімен қо­рытындыланды. Олар әлемнің түрлі тілінде жасыл энергия тура лы өз ойларын айтты. Бұл Қазақстанның көп ұлтты ел екенін және болашақтың ұрпақтар қолында екенін білдірсе керек. Балалар салған суреттер арқылы ке­лешектегі футуристикалық Астана бейнеленді.

ЭКСПО­2017 көрмесінің ашы-лу салтанатындағы барлық шара ел халқының назарына телеарналардан тікелей эфир арқылы ұсынылғанын айта кетейік. Бұдан бөлек, «Astana EXPO­2017» ресми сайты мен «Youtube» ғаламтор арнасынан да тікелей эфир ұйымдастырылды. Көрме кешенінің аумағында орналасқан Медиа­орталықтағы журналистерге арналған үлкен бір зал лық толып тұрды. Әлемнің түкпір­түкпірінен және еліміздің өңірлерінен келген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көптігіне байланысты аккредиттеу мен қатысушыларға қызмет көрсету орталықтарының залдарын босатып беруге тура келіпті.

«Бізде масс­медиаға арналған 500 орын бар еді. Алайда, кел-ген журналистердің саны мыңнан асып кетті. Қазір мұнда шамамен 1200 журналист отыр. Оның 400­і өзіміздің БАҚ өкілдері болса, қалған 800­і – шетелдік жур на листер», дейді «Астана ЭКС ПО­2017» Ұлттық компания сы Қо ғаммен байланыс департа ментінің директоры Сергей Куянов.

Елбасы халықаралық көрмені ресми ашық деп жариялағаннан кейін Астананың аспаны таңға­жайып түспен мың құбылған әсем отшашуға бөленді. Шамамен 15 минутқа созылған отшашу қала тұрғындары мен көрмеге келген меймандарды таңғалдырғаны, тамсандырғаны анық. Көрме қа­лашығына жиналған қауым бұ­рын­соңды осындай отшашу ды көр мегендерін айтты. Отша шу дан соң халық көрме алаңының кін ді­гінд е орналасқан алып сфе рад а ғы проекциялық лазерлік шоуды та-машалады. Салтанатты шараның одан кейінгі кезегі концерттік бағдарламаға ұласты. Еліміздің бетке ұстар әнші лері, бишілері, өнер ұжымдары қатысқан концертте дәстүрлі музыкалық мұраларымыз бен шетелдік классикалық ту-ындылар жұртшылық назарына ұсынылды.

Сонымен, шымылдығы түріл­ген халықаралық көрме аясында 90 күн ішінде 3 мыңнан астам шара өтеді. Елорда мен елі міздің басқа қалаларындағы шаралар-ды айтпағанда, тек қана көрме аумағындағы павильондардың әрқайсысының ашылу рәсімінде бұрын­соңды болмаған экс­клюзивті шоулар өтетін болады.

Арнұр АСҚАР,«Егемен Қазақстан»

Суреттер Президенттің баспасөз

қызметінен алынды

Жаһан жұртшылығы көз тіккен көрме

(Соңы. Басы 1-бетте)

Page 6: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

6 12 маусым 2017 жыл

Көрме өткізудің маңызы жоғары–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Милош ЗЕМАН:Қазақстан – өңірдегі көшбасшы ел

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чех Республикасының Президенті Милош Земанмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ЭКСПО-ның ашылуымен құттықтады–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі VI Фелипемен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мемлекет басшысы Г.Бердімұ ха­медовке Астанадағы ЭКСПО­2017 ха лық­аралық көрмесінің ашылуына ша қыруын қабыл алғаны үшін алғыс айтты.

– Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысы аяқталып, оның қорытындысы бойынша ұйым қатарына екі жаңа мемле­кет – Үндістан мен Пәкістан қабылданды. Бү гінде ШЫҰ дегеніміз – бұл 4 ядролық дер жава, адамзаттың тең жартысы және әлем экономикасының 30%­ға жуығы, – деді Мемлекет басшысы.

Түрікменстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшін ризашылық білдіріп, ЭКСПО­2017 халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі зор екенін атап өтті.

– Осындай іс­шараға қатысып

отыр ға нымызға қуаныштымыз. «Бо ла­шақтың энергиясы» тақырыбы өте қы­зықты және көрме аясындағы көптеген мәселелер елдеріміз үшін маңызды. Со­лардың қатарында экология мәселесі де бар, – деді Түрікменстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Г.Бер ді­мұхамедов Түрікменстан Президентінің биылғы сәуір айында Қазақстанға келген сапарынан кейін екіжақты қатынастарды да мытудың оң қарқыны байқалып отыр­ғанын атап өтті.

Кездесу соңында Г.Бердімұхамедов Қа зақстан Президентін биылғы қыркүйек айында Ашғабадта жабық ғимаратта өте­тін және жауынгерлік өнер сынға түсе­тін V Азия ойындарын тамашалауға ша­қыр ды.

Мемлекет басшысы Чех Респуб ли ка­сының Президентіне ЭКСПО­2017 халық­аралық көрмесінің ашылуына қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

– Сіздің 2014 жылы Қазақстанға келген сапарыңыз есімде. Содан бері елдеріміз арасында көп жұмыс атқарылды, сая­си және экономикалық салада екіжақты қатынастардың дамуы оң қарқын алып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті М.Земанның мем­лекет қайраткері ретінде күн тәртібін дегі түрлі халықаралық және өңірлік мәсе ле лер бойынша өзінің жеке пікірі бар еке нін, ол әрдайым осы арқылы ерекше лене тінін атап өтті.

Чех Республикасының Президенті өзімен бірге кәсіпкерлер тобының келгенін,

олардың экономикалық байланыстарды дамытуға, Қазақстан экономикасының түрлі салаларына инвестиция салуға мүдделі екенін айтты.

– Мен Чехия Үкіметі алдында сөйлеген сөзімде ЭКСПО­2017 халықаралық көр ме­сіне қатысу қажеттілігін айтқан болатын­мын, өйткені, оны өте маңызды іс­ша ра деп санаймын. Оның үстіне, біз Қазақ станды өңірдегі көшбасшы ел ретінде қарас­тырамыз,– деді М.Земан.

Сондай­ақ, Чех Республикасының Пре­зи денті Астананың әсем қала екенін айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы мен салынған Қазақстан астанасының кел­бетінде көрініс тапқан архитектуралық идеяларды жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипені Қазақстанға бірінші рет ресми сапармен келуімен құттықтады.

– Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Испания біз үшін жақын ел болды. Ұлы тарихы мен мәдениеті қалыптасқан Испаниямен достық қарым­қатынаста болғанымызды мақтан тұтамыз. Осы ынтымақтастықтың негізі Король І Хуан Карлостың тұсында қаланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Испания Короліне Қа зақстан тәуелсіздігінің алғашқы жыл­дарын дағы жан­жақты қолдауы, сондай­ақ халықаралық аренадағы ниеттестігі үшін алғыс айтты.

– Сіздер Еуропадағы қауіпсіздік және ын тымақтастық ұйымында төраға болуымызға, сонымен қатар, БҰҰ

Қауіп сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сай лануымызға қолдау білдірдіңіздер. Біз ын тымақтастығымызды одан әрі жалғас ты руға дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы.

Испания Королі Қазақстан Президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс ай­тып, елімізді халықаралық ЭКСПО­2017» мамандандырылған көрмесінің ашылуымен құттықтады.

– Менің сапарымның Астанада ЭКСПО­2017 көрмесінің таңғажайып ашы­лу рәсіміне тұспа­тұс келуі – зор мәртебе. Сізді осындай ұлы оқиғамен құттықтаймын, – деді VI Фелипе.

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

ЭКСПО-2017

Айды айналып, Күн көрдім...Алдымен Қазақстан павильоны­

на ат шалдырсақ. Көрменің алғашқы күнінде ашылған павильонымыз күн, жел, су, биомасса, ғарыш, тіпті қозғалыс энергиясының озық үлгілерін көрсетті. Шар­сферада орналасқан аймағымызды аралап шығуға үш жарым сағаттай уақыт жұмсалатын көрінеді. Елбасы шет мемлекеттердің басшыларын қарсы алған сегіз қабатты ғимараттың іші де, сырты да көз сүйсінтеді. Ал экспозициялары­нан өркендеген болашақтың келбетін танисыз. Футуристік лифттер, шыныдан жасалған құрылғылар, лазерлік шоулар мен проекциялық көріністер – барлығы да адамзат баласының баламалы энер­гия көздерін іздеп, табиғи байлықты барынша сақтауға деген құлшынысын аңғартады. Осы саладағы технологиялар әлемнің қаншалықты жылдам дамып келе жатқандығын түсіндіреді.

Қазақстан павильонының бірінші қабатына екі шатыр тігілген. Туристерге арналған сиқырлы тақта қойылған бірін­ші шатырдан ұлтымыздың салт­дәс­түрлерімен танысуға болады. Ондағы ұлттық құндылықтардың атауларының біріне саусағыңызды тигізсеңіз бол­ды, суретті тақта сөйлей жөнеледі. Одан әрі өткенде еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін, батысы мен шығысын «шарлап шығасыз». Проекциядан күм­безге түсірілген көріністер арқылы Ұлы Даланың кеңдігін сезінуге болады. Павильонда жер мен көкті байланысты­ратын Бәйтерек пен Самұрық құстың алтын жұмыртқасының декорациясы орнатылған. Сондай­ақ, Есік қорғанынан табылған Алтын адамның көшірмесі тұр. Ал екінші шатыр арқылы елорданы «ара­лайсыз». Бірінші қабатта, сонымен қатар, қазақстандық өнертапқыштар ойлап тапқан жаңалықтар көпшілік назарына ұсынылған. Курчатовта тұрған «Токамак» атты ядролық синтез құрылғысының моделі де осында.

П а в и л ь о н н ы ң е к і н ш і қ а б а т ы толығымен су энергиясына арналған екен. Диірменнен бастап қазіргі озық технологияға дейінгі өнертабыстар, расында тартымды. Айталық, бүгінде мұхит жағасында тұратын мемлекеттер судан энергия алудың сан алуан жолда­рын меңгерген. Ең қызығы, энергияны алу жолы бір болса да, оны іске асыру амалдары әртүрлі. Мысалы, Шотландия, Дания, Ұлыбритания сияқты елдер ар найы құрылғылар арқасында қуат көздерін судың астынан, толқынынан өндіріп келеді. Бұл процестерді көзбен де көруге болады. Ал қазіргі әлемдегі бала­малы қуат көздерінің 76 пайызы су энер­гиясынан өндірілетінін сіз білесіз бе?..

Үшінші қабат. «Кинетикалық энер­гия» тақырыбындағы бұл жерден қоз­ғалыс нәтижесінде қуат көздерінің қалай өндірілетінін көруге болады. Мәсе лен, «Энергия дөңгелегі» деген экспози­ция екі акробат бір алып құрылғыны айнал дырып, қуат өндіруге болаты­нына көз жеткізеді. Арнайы велоси­педтер алаңында Астана көшелерімен жарысып қана қоймай, кинетикалық энергияның қалай пайда болатынын көресіз. Спорт алаңдарында желаяқтар жүгірген кезде алаңның астындағы ар­найы құрылғылар арқылы энергия алуға болады екен. Сол сияқты фитнесте тұрған жүгіру қондырғыларын жай айналдырып қана қоймай, одан да қуат шығарудың жолдары бар. Бұл жерде осы сияқты

қозғалыстан энергия өндірудің сан алуан мысалы қамтылған.

Төртінші қабатта биомассадан энер­гия алудың озық тәжірибесі таныстыры­лады. Биодизель, этонол, биокөмір және тағы басқа таза отын түрлерін өндіру жүйесі бар. Бесінші қабатта жел энер­гиясы және оның тариxына арналған үлкен экспозиция ашылған. Әлемге әйгілі Квадриганың үлгісі де осында. Біз жел энергиясы десе, қанаттары бар диірменді ғана көз алдымызға әкелеміз. Алайда, оны тік тұрған діңгекпен де өндіруге мүм­кіндік бар екен. Сол діңгектің бір үлгісі Қазақстан павильонынан орын тауыпты.

Арнайы залда қатты желден бастап салқын самалға дейінгі желдің түр­түрін сезінесіз. Алтыншы қабат күн энергия­сына арналған. Онда күн энергиясымен жүре тін көліктер, күн батареялары бар киімдер және басқа да озық технология­лар бар. Экспозиция арқылы Күннің ішіне «кіруге болады». Тамаша проекциялық көрі ністер арқылы Астанаға да саяxат жасайсыз...

Жетінші қабат ғарышқа «ұшырады». Шебер жасалған декорациялардың арқасында Айда серуендеп, ғарышкердің өмір салтымен, тағамдарымен танысасыз. Мұнда қонақтар назарына Халықаралық ғарыш стансасының толық тарихы да ұсынылған. Ал Планетарийде жер­жаһан шежіресін күмбезді проекция арқылы көресіз.

Сегізінші қабат толығымен Астананың болашағына, қазақтың келешегіне ар­налыпты. Шыныдан жасалған көпірмен жүріп, төмендегі бірінші қабатқа дейінгі аралықты тамашалауға болады.

Алып энергия – адамдарда

Алғашқы күні Америка Құрама Штаттарының да павильоны ашылды. Сал­танатты шарада «Астана ЭКСПО­2017» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов сөз сөйлеп, АҚШ­тың көрмемізге қатысуы біз үшін өте маңызды екенін айтты. Өйткені, дүние жүзіндегі жетекші елдің жаңғыртылған энергетика саласын­да жеткен жетістіктері көп­ақ. «АҚШ­тың көрмеге қатысу мәселесі оңайлықпен қабыл данбаған. Алайда, екіжақты күш біріктіру нәтижесінде мәселе оң шеші­мін тапты. ЭКСПО­2017 көрмесіне келу шілерге АҚШ павильонындағы экспо зициямен танысу өте қызықты болатындығына сенімдімін», деді ол.

АҚШ­тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол бірлескен іс­қимыл АҚШ пен Қазақстанның дипломатиялық қатынастарының энергия­сын көрсететіндігін жеткізсе, АҚШ павильо нының президенті Джошуа Уолкер Американың шексіз энергиясының қайнар көзі адамдар екендігін атап өтті.

АҚШ экспозициясы 1100 шаршы метр аумақты алып жатыр және ол үш бөліктен тұрады: бірінші зал – «Энергия кеңістігі», екінші зал – «Өмір энергиясы» және пост­шоу аймағы. Павильонның тағы бір ерекшелігі – қонақтарды қазақ немесе орыс тілдерін меңгерген қырық америкалық студент қарсы алады.

Кинетикалық құм да бір ғылым

ЭКСПО­2017 көрмесіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы павильонының таныс­тырылымында БҰҰ­ның ЭКСПО­дағы Бас комиссары Джихан Сұлтаноғлы сөз

сөйледі. «Қазақстан энергия тақырыбында көрме өткізу арқылы Париж келісімін ілгерілетуде бірегей мүмкіндік тудырып отыр. Әлемдегі энергетика жағдайын және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы қадамдардың маңыздылығын ескере отырып, енді жаңа жобаларды тез арада тәжірибе жүзінде іске қосуға айрықша мән береміз», деді ол. Оның сөзіне қарағанда, еліміз энергия тиімділігін іске асыру бағытында алдыңғы қатарлы шешімдерді енгізуде. Бұл ретте «жасыл экономикаға» ерекше назар аударып отырғанымызға БҰҰ тарапы жоғары баға беруде.

«Осы шара аясында Қазақстан ғылыми қоғамдастық пен сарапшыларды тар­ту үшін өзіндік тұғырнама құрып отыр. Ендігі кезекте ғылыми орта тәжірибесі мен жобаларын барша әлемге паш етуі тиіс», деген Бас комиссар Қазақстан мен БҰҰ ұзақ мерзімді серіктестер болып табылатындығын да әңгімеледі. Джихан Сұлтаноғлының сөзінше, Қазақстан тәжі­рибе алмасу арқылы дамушы елдерге көмек көрсетіп жатыр. Өйткені, бола­шақтың энергиясы алдағы ұрпақ үшін өте маңызды. «Біздің көрмеде ұсынған экс по наттарымыздан кинетикалық құмды көруге болады. Сонымен қатар, шөлейтті алқаптар үшін суармалы егістерді құрудың жолдарымен таныса аласыздар», деді БҰҰ өкілі.

Павильон өкілдері БҰҰ жүйесіндегі бірқатар ұйым жаңғырмалы энергети­ка және энергия тиімділігі саласында маңызды жаңашылдықтарға қол жеткізу үшін инвестицияларды шоғырландыру тұрғысында өздерінің зерттеу нәтижелерін көпшілікке таныстыратынын айтты.

Арктика мұзы – Астанада

ЭКСПО­2017 халықаралық ма­ман дандырылған көрмесіне Ресей Фе­дерациясы Арктика мұздығын әкелген. Ол аймақтан көршілес елдің энергетикалық әлеуетін, атом саласындағы жетістіктерін, гидроэнергетикадағы тың серпілісін көруге болады. «Барлық келушілер түрлі теңіздердің арасында, Солтүстік теңіз жолы бойында орналасқан Ресейдің өз табиғи артықшылықтарын қолдана оты­рып, болашақ энергияның инновациялық дамуына қадам басуын көре алады», деді жиында Ресей Федерациясының Қа­зақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников.

Салтанатты шарада әдеттегі лента қию рәсімі болған жоқ, есесіне, павиль­онның бас комиссары Георгий Каламанов пен ЭКСПО­2017 көрмесінің комисса­ры Рәпіл Жошыбаев және Михаил Бо­чарников сұйық азотпен мұз болып қатырылған лентаны балғамен жарды. Мұнда кірген қонақ мәңгілік мұзды ме­кен – Арктикаға тап болғандай әсер ала­ды. Ғимараттың қабырғалары тоң басқан мұз түрінде жабдықталған және ондағы сәулелер Арктика табиғатына ғана тән Солтүстік шұғыла құбылысын бейнелейді. Экспозицияның басты жаңалығы – Арктикадан – ғаламшардың ең биігінен жеткізілген мұз сеңі. Қалыңдығы 4 метр сең екі жылда түзілген және көрме аумағына арнайы контейнерлер арқылы жеткізілген.

«Біз «Болашақтың энергиясын» Ресей Арктикасы бірегей аймағы арқылы көр­сетеміз. Ол аймақта баламалы энергети­каны дамытудың болашағы зор. Бұдан бөлек, Арктикада пайдалы қазбалар да көп», дейді Г.Каламанов. Павильон экология жылына қолдау білдіру мақ­сатында өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға қатысты арнайы экспозиция ұсынады. Келушілер «Арктиканың табиғи әлемі», «Арктиканың су астындағы әлемі. Қайраң», «Арктиканың өсімдіктер мен жануарлар әлемі», «Мұздар» сынды ди­намикалық бейнеинсталяцияларды тама­шалайды және жануарлардың сиреп кет­кен түрлерін сақтау туралы мәліметтермен таныса алады.

8 қыркүйекте ЭКСПО­2017 көр ме­сіндегі Ресей күні өтпек.

Баламалы энергия көздері – адамзат ақыл-ойының жемісі һәм игілігіЭКСПО-2017 көрмесінің алғашқы күні ашылған павильондар осындай ойға жетелейді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––П р е з и д е н т Э К С П О - 2 0 1 7 х а л ы қ а р а л ы қ мамандандырылған көрмесін салтанатты жағдайда ашық деп жариялады. Беделі биік басқосуды қазақстандықтар мен ел қонақтары ғана тамашалаған жоқ, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жұрт тікелей транс-ляция арқылы көріп, ыстық ықыластарын білдірді. Ал кейінгі ахуал, тіпті қызық. Алып қалашықтың әр жеріндегі шаралар әртүрлі тақырыпты қамтиды. «Болашақтың энергиясын» әр мемлекет әртүрлі

бағытта айшықтаған. Осылардың әрқайсысы көп ұзамай-ақ адамзат игілігіне айналатыны тағы ақиқат.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

(Соңы 10-бетте)

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»

Page 7: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

12 маусым 2017 жыл 7ЭКСПО-2017

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»

фОтОреПОртаж

Page 8: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

8 12 маусым 2017 жыл

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елордада Люксембург Ұлы Герцогтігінің Құрметті консулдығы ашылды. Консулдықтың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Люксембургтің премьер-министрі Ксавье Беттель, екі мемлекет үкіметтерінің басқа да мүшелері қатысты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

экспо-2017

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келген Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен жұмыс бабында кездесті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» мамандан-дырылған көрмесі аумағындағы «Атом энергиясының әлемі» павильонына барды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келген Сербия Президенті Александр Вучичпен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Сингапур Республикасы Парламентінің Төрайымы Халима Якобпен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропа Қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі басқарушы ди-ректоры Нандита Паршадпен кездесті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мәжіліс Спикері екі ел ара­сындағы байланысты нығайтуда

Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев пен

Сингапурдың бірінші Премьер­министрі Ли Куан Ю арасындағы жоғары деңгейдегі кездесулері мен жеке қарым­қаты настарының маңызына тоқталды.

Сонымен қатар, әңгіме бары­сында Н.Нығматулин, Сингапур Қазақ станның Оңтүстік­Шығыс Азия аймағындағы сенімді әріп­тесі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Х.Якоб мемле­кеттер басшылары Н.Назарбаев пен Ли Куан Ю негізін қалаған екіжақты ынтымақтастықтың жал ғаса беретіндігіне сенім біл­дірді. Сингапур Парламентінің Төрайымы, сондай­ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің «ал­дымен − экономика, содан кейін саясат» атты формуласының тиім­ділігіне ерекше назар аударды.

Сонымен бірге, Сингапур Пар ламентінің Төрайымы халық­аралық ЭКСПО көрмесіне өз елі­нің ерекше ықыласпен қатыса­тыны туралы мәлімдеді.

− Біз Қазақстанның белсенді түр де дамып келе жатқанынан, эко но ми касының Орталық Азия өңі ріндегі қар қынынан

хабардармыз, сонд ық тан да елдеріңіздің біз үшін орны ерек­ше, – деді өз кезегінде Син гапур Пар ламентінің Төрайымы.

Сауда­экономикалық, инвес­тициялық ынтымақтастық және жаңа технологиялар мен иннова­ция саласындағы өзара екіжақты бай ланысты ұлғайту мәселелері басты бағыттар қатарында аталды.

Х.Якоб, сондай­ақ, Сингапур мен ЕурАзЭҚ­тың арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қоюға ниетін білдірді. Бұл, Син­гапур Парламенті Төрайымының айтуынша, ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін қосымша тұғырнама ретінде қызмет ететін болады.

Н.Нығматулин сингапурлық әріптестерін елімізде өткен Қазақ­стандағы конституциялық рефор­ма жайынан хабардар етті.

Кездесу барысында тарап­тар екі ел парламентшілерінің ара сындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді.

Мәжіліс Төрағасы парла­ментаралық қарым­қатынас тар­дың кеңеюі мемлекеттік бас­қару саласындағы заң шығару тәжірибесін алмасуға, инвестиция тартуға, жаңа технологияларды қолдау мен дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әңгіме барысында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының мәселелері талқыланды. Қ.То­қаев біздің еліміз БҰҰ­ны ба­лама сыз әрі әмбебап ұйым ре­тін де қарастыратынын айтты. «Қазақ станның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына белсене атсалысуы еліміздің сыртқы саясатының басым бағыты бо­лып табылады. Біз, сондай­ақ, БҰҰ­ны реформалау жөніндегі Бас хат шының күш­жігерін қол­даймыз», − деді Сенат Төрағасы.

А.Гутерриш Президент Н.Назарбаевтың бітімгерлік саласындағы, атап айтқанда, Сириядағы шиеленісті реттеуге бағытталған қызметін жоғары бағалады. Бас хатшының пі­кірінше, ЭКСПО­2017 ха лық­аралық көрмесі Қазақ станның экономикалық әлеуеті мен ха­лықаралық беделі жоғарылай түс кенінің нақты көрінісі болып табылады, деп хабарлады Қа­зақстан Республикасы Пар ла менті Сенатының баспасөз қыз меті.

Осыған байланысты депу­тат тардың қарауына Қазақ стан­Қырғызстан қарым­қаты нас та­рына қатысты бір топ заң жобасы ұсынылды.

Олар: «Қазақстан Республи­касының Үкіметі мен Қырғыз Рес публикасының Үкіметі ара­сындағы Көмек көрсету және

оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттаманы ратификация­лау туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қыр ғыз Республикасының Үкі­меті арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманы

ратификациялау туралы» заң жо­басы түзетулерімен.

Депутаттардың талқылауына берілетін осы топта «Қазақстан Респуб ликасы мен Қырғыз Респуб­ликасы арасындағы Тарифтік сая­сат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігі көрсететін қызметтерге қол жеткізуді реттеу тәртібін қол­дану туралы келісімді ратифика­ция лау туралы» заң жобасы да бар.

Сонымен бірге, палата күн тәртібіне Мәжіліске жаңа дан түс­кен заң жобалары да енгі зілді. Олар:

«Қазақстан Респуб лика сының кейбір заңна малық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толық тырулар енгізу туралы», «Қазақ стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгі­зу туралы» және «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заң намалық актілеріне ақпарат және комму­никациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толық тырулар енгізу туралы» заң жобалары.

Сенат Төрағасы Сербияның энергия жинақтау мен энергия­ның балама көздерін пайдалану са ласындағы әлемдік үздік же­тістіктер көрсе ті летін ЭКСПО­2017 халық ара лық көр месіне қа тыс қаны үшін А.Вучичке ри за шылығын білдірді. «Көр ме нің «Болашақтың энергиясы» та қырыбы сербтің ұлы өнер тап қы шы Никола Тесланың идея ла рының жалғасы, оның жұ­мыс тары қазіргі замандағы техно­логияларды дамытуға зор үлес қосты», − деді Төраға.

Қ.Тоқаев атап өткендей, Қазақ­стан Сербиямен барлық саладағы өзара іс­қимылды дамытуға мүд­делі болып отыр. Президент Н.Назарбаевтың 2016 жылғы та­мыз да Белградқа ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты те­рең детуге елеулі серпін берді.

Екі елдің заң шығару ор­гандары байланыстарының

ерекше маңызы бар. «Қазақстан Парламенті Сер бия Халық Скуп­щинасымен тығыз ынтымақ­тастықты дамы туға мүдделі. Пар ламенттік деле гациялардың са парлары біздің саяси диалогты кеңейтуге ғана емес, өзара іс­қи­мылдың барлық саласы бойынша екіжақты ынтымақтастықты ілге­рілетуге мүмкіндік береді», − деді Сенат Төрағасы.

Сондай­ақ, Қ.Тоқаев сауда­эко номи калық байланыстарды кеңейту мүмкіндіктеріне де тоқ­талды. Оның пікірінше, ауыл шаруа шы лығы, құрылыс, метал­лургия, машина жасау, фармацев­тика мен туризм салаларындағы ынты мақтастықтың келешегі зор. Еуропа мен Азияны байланысты­ратын Қазақстан аума ғындағы ауқымды жобаларды іске асыру аясында көлік­тасымал саласы да ықылас туғызады.

К.Вучич өз кезегінде Белград Қазақстанды өзінің аймақтағы аса маңызды әріптесі деп санайтынын, ал сербтің іскерлер қауымы сауда­экономикалық қатынастарын ұл­ғайтуға мүдделі екенін атап өт­ті. Сербия Президенті екіжақты бай ланыстарды парламентаралық ын тымақтастық тұрғысында ке­ңейтуді қолдайтынын айтты.

Ә ң г і м е б а р ы с ы н д а

гу мани тарлық бай ланыстарды, мә дениет, өнер және спорт са ла­сын дағы ынты мақ тастықты дамы­тудың келешегі де талқы ланды.

Қ.Тоқаев кездесуді қоры тын ­дылай келіп, Сербия Прези ден­тінің Астанаға сапары екі мем­лекеттің өркендеуі жолында көп­тарапты ынтымақтастықты жаңа мазмұнмен толықтыруға мүм­кіндік беретініне сенім білдірді.

Бауыржан МҰҚАНОВ, «Егемен Қазақстан»

Екіжақты кездесу барысында та­раптар ірі инфрақұрылымдық жоба­ларды іске асыру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін тал қы лады. ЕҚДБ Қазақстан Рес пуб ликасында 1993 жылдан бері жалпы көлемі 7,3 млрд еуро ны құ райтын 222 жобаны қаржыл андырған.

ЕҚДБ Энергетика және таби­ғи ресурстар жөніндегі басқа­рушы директоры Нандита Пар­шадтың пікірінше, аталған банк­тің Қазақстан экономикасына

бүгінге дейін салған 7,3 млрд еуроның 40 пайызы энергетика саласына, соның ішінде дәстүрлі қуат көздеріне инвестицияланса, соңғы кездері елдің баламалы энер гия көздеріне де бұл банк қаржы бөле бастаған. Атап ай­тар болсақ, банк бүгінге дейін Екібастұздағы жел электр станса­сы мен Бурное электр стансасын қаржыландырған. Қос стансада 50 МВт қуат шығаруға қауқарлы. Екі жобаға банк шамамен 150 млн доллар бөлген.

Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының халықаралық қ а р ж ы и н с т и т у т т а р ы м е н

ынты мақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті. Мемлекеттік хатшы банк әзірлеген ЕҚДБ­ның 5 жылға арналған Қазақстандағы ынты мақтастықты дамыту стра­тегиясының мемлекеттік және жеке сектордың рөлін реттеу, қаржы көздеріне қолжетімділікті кеңейту, банк секторын күшейту және жергілікті капитал нары ғын дамыту, өңіраралық іс­қимылды және халықаралық инте грацияны күшейту, жасыл экономикаға көшуді жеделдету сияқты салалар­да өзара тиімді ынтымақтастықтың орнағаны туралы айтты.

Тараптар екіжақты әріп тес­тіктің қазіргі деңгейін жоғары бағалай отырып, табиғи ресурстар мен энергетика секторындағы ЕҚДБ жобаларын іске асыру мәселелерін, соның ішінде ген­дерлік теңдік пен әйелдердің

осы сектордағы рөлін арттыру мәселелерін талқылады.

Сондай­ақ, Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметі мен ЕҚДБ ара­сындағы келісім шеңберінде «Әйел бизнесте» атты жоба іске асыры­лып жатқаны айтылып, бүгінде осы жоба бойынша 7 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне 5,8 млрд теңге көлемінде қарыз берілгені тілге тиек етілді. Қаржыландырудан бөлек, аталған банк бизнестегі жаңа технологиялардың игерілуін қамтамасыз ету жолында да жұмыс істейді.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Н.Пар­шадты Еуропа Қайта құру жә не даму банкінің басқарушы директо­ры лауазымына тағайындалуымен құттықтап, биылғы 31 тамызда ЭКСПО­2017 көрмесі аясында өтетін «Әйелдер болашақ энер­гиясы үшін» атты халықаралық форумға қатысуға шақырды.

Қазақстан Премьер­Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Грузия Премьер­министрінің орынбаса­ры Кахабер Каладземен кездесуі өтті, деп хабарлады Премьер­Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында сауда­эко номикалық, инвестициялық, тран зиттік­көлік және мәдени­гума нитарлық салалардағы екі­жақты ынтымақтастық, сон дай­ақ, Сауда­экономикалық ынты­мақтастық жөніндегі үкімет­аралық комиссияның алаңында қол жеткізген келісімдерді іске асыру мәселелері талқыланды.

Кездесуде ЭКСПО­2017 көр­месінің тақырыбына ерекше назар аударылды.

* * *Үкімет басшысы сондай­ақ,

ТМД елдеріндегі жұмыс жөніндегі вице­президент Джонатан Спэрроу басшылық еткен америкалық «Cisco» компаниясының өкіл­дерімен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Cisco Systems директорлар кеңесінің төрағасы Джон Чемберспен кез­десуінің нәтижесінде қол жет­кізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша бірлескен жоба­лардың ағымдағы нәтижелері талқыланды.

Сондай­ақ, екі тарап білім беру, электронды үкімет, интеллек­туалды көлік, тау­кен өндірісі технологиялары саласындағы жобалардың іске асырылу барысы мен Премьер­Министр Бақытжан Сағынтаевтың биыл сәуір айын­да Америка Құрама Штаттарына барған жұмыс сапары аясында аталған жобалар бойынша қол қойылған келісімдерді қарады.

«Цифрлы Қазақстан» мемле­кеттік бағдарламасының жобасын «Ақылды қала», «Электронды үкі мет», «Цифрлы экономика үшін ІТ білімді арттыру», «Жаңа буын шахталары», «Деректерді өң деудің бірыңғай мемлекеттік орталығы», «Елдегі ақпараттық қауіпс іздікті басқару саласындағы ин дустриялық талдау жүйесі» секілді жобалармен біріктірудің нә тижесіндегі экономикалық тиім­ділігіне ерекше назар аударылды.

* * *Премьер­Министр Бақытжан

Сағынтаевтың Сингапур Респуб­ликасы Парламентінің Спикері Халима Якобпен кездесуінде сауда­эконо микалық сала мен бизнеске

қолдау көрсету мәселелері, сондай­ақ, білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастық кеңінен талқыланды.

Бұдан өзге, тараптар Син­гапур мен Еуразиялық экономи­калық қоғам дастық арасындағы Еркін сауда туралы келісімге қол қою перспективасын, «Қа­зақстан­Азия­Тынық мұхи­ты сауда­инвестициялық пала­тасы» үкіметтік емес және ком­мерциялық емес ұйымы қыз­меттерінің нәтижесін, сонымен қатар, Сингапурдың «Ас тана» халықаралық қаржы ор талығының ж ұ м ы с ы м е н Э К С П О ­ 2 0 1 7 көрмесіне қатысуы мәсе лелерін қарады.

* * *Б.Сағынтаев Люксембург

Ұлы Герцогтігінің Премьер­министрі Ксавье Беттельмен кез­десу өткізді.

Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, инвестиция­лар, инновацияларды қолдау, инфра құрылымды дамыту, ве­домствоаралық және іскерлік бай ланыстарды жандандыру сала ларындағы ынтымақтастық перс пективаларын, сондай­ақ, Люк сембург Ұлы Герцогтігінің ЭКСПО­2017 көрмесіне қатысуын талқылады.

Бұдан өзге, аэроғарыш сала­сында, атап айтқанда, ғарыш кеңіс­тігіне ғылыми­зерттеу жүр гізу, ғарыш аппараттарын жасау және пайдалану, жерсеріктік байланыс және навигация аясында екіжақты байланысты нығайту мәселелері қаралды.

* * *Үкімет үйінде өткен келесі

кездесуде Премьер­Министр Бақытжан Сағынтаев Сербия Республикасының Президенті Алек сандр Вучичпен сауда­экономикалық қа ты нас тар ды тереңдету перспек ти валарын, инвес тиция лар са ласындағы ынты мақ тас тық ты және ауыл шаруа шы лы ғы, электр энерге­тикасы, қа лаларда «Smart city» жүйе сін ен гізу, қалдықтарды бас қа ру және т.б. салалардағы ортақ жобаларды іске асыруды талқылады.

Бұдан өзге, сауда­эконо ми­ка лық ынтымақтастық жөнін­дегі Үкіметаралық комиссия қыз­метінің нәтижелері мен Сербия Республикасының ЭКСПО­2017 көрмесіне қатысуы қаралды.

Жұмыс бабындағы жүздесу

Көптарапты ықпалдастыққа мүдделестік танытылды

Парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға келісті

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Жасыл энергетикаға қаржы салады

Премьер-Министр бірқатар кездесулер өткізді

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ па вильонында заманауи атом саласының әзірлемелері мен жетіс тіктері ұсынылған.

Көрмені аралау аясында Премьер­Министр Бақытжан Са ­ғын таев «Росатом» корпора ция­сының бас директоры Алексей Лихачевпен бейбіт мақсаттарда атом энергиясын пайдалану мәсе­лелері жөнінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында атом э н е р г е т и к а с ы , я д р о л ы қ ­отын циклы және ғылыми­технологиялық әрі инновациялық даму салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәсе лелері талқыланды.

«Токамак» қазақстандық мате­риалтану термоядролық реакторы жо басына ерекше назар аударыл­ды.

Атом павильонына барды

Арнұр АСҚАР,«Егемен Қазақстан»

Люксембургтің премьер­министрі Ксавье Беттель өз сөзінде Қазақстанмен арадағы қарым­қатынастарды нығайта түсуге мүдделі екенін жеткізді.

– Мен Астанаға осымен екінші рет келіп отырмын. Осы қалада Люксембург Ұлы Герцогтігі консулдығының ашылғанына қуаныштымын. Бұл б і зд ің еліміз үшін де, Қазақстан үшін де маңызды оқиға деп ойлай­мын. Астанаға алғаш келгеннен бергі аралықта Қазақстан ту­ралы көп мәліметке қанықтым. Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері, дін өкілдері тұратынын білдім, сан қилы мәдениеттердің ш о ғ ы р л а н ғ а н ж е р і е к е н і н түсіндім. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері әлем елдерімен дипломатиялық қатынас орнатуға дайын екенін көрсетті. Астанада ашылған консулдық Қазақстан­Люксембург арасындағы байла­ныстарды одан әрі кеңейте түсуге ықпал етеді деп сенемін,– деді Ксавье Беттель.

Қазақстан мен Люксембург

арасында дипломатиялық бай­ланыстар орнағанына биыл 25 жыл толатынын айта кету ке­рек. Содан бергі аралықта сауда­экономикалық, мәдени­гуманитарлық бағыттарда байла­ныс жолға қойылған.

Астанадағы басқосуда сөз алған Люксембургтің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жан­Клод Кнебелер:

– Б ү г і н г і ж и ы н ғ а е к і елдің экономикасы мен ішкі қауіпсіздігіне жауапты лауа­зымды тұлғалардың қатысқаны ашылу рәсімінің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Өз ба­сым бұл консулдыққа жиі келіп, елдің түрлі құрылымдарының өкілдерімен жиі кездесіп тұруға тырысамын. Біз бұл жерде ортақ бастамалар мен жобаларды іске асыратын боламыз,– деді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 60 пайызға өсіп, 18 млн доллардан асқанын айтып өткен жөн. Люксембург Қазақстанға негізінен көлік құралдарын, электр­техникалық жабдықтар, тоқыма маталары мен металл экс­порттайды.

Елордада Люксембургтің консулдығы ашылды

Page 9: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

12 МАУСЫМ 2017 ЖЫЛ 9ЭКСПО-2017

Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада 11-19 маусым аралығында өтетін мəдени шараға құрамында эстрада майталмандары, қолөнершілер, түрлі шығармашылық ұжым-дар бар 400-ден астам адам қатысуда. Өнер бəсе кесі алғашқы күні «Махаббатпен, Алма-тыдан!» деген атпен «Қазақстан» орта лық концерт залында шымылдығын түрді.

Алматының мемлекеттік қуыршақ теа-тры Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрында күніне екі рет «Құлыншақ пен Бөлтірік», «Веселые медвежата» атты үздік спектакльдерін қазақ жəне орыс тіл-дерінде ұсынады. «Аталған қойылым жаңа-шылдығымен, санқырлылығымен көрменің кішкентай көрермендерін баурап алады», дейді театр ұжымы.

Астананың «Жастар» театрында Ал-матыдағы «Алатау» дəстүрлі өнер театрының «Ас қақтай бер, қазақтың сазды əуені» атты музыкалық кеші көрерменге жол тартып, «жан біткенді жадыратар» əсем сазды əуен-дер сиқырлы сазымен көптің көзайымына ай налмақ.

«Этноауыл Алматы» көрмесінде үздік қолөнершілер мен суретшілер өз туынды-ларын ұсынып, шеберлік сыныптарын өткі зеді. Шет елдерден келген меймандар қол өнер шеберлерінің қолынан шыққан,

таным-тарихымыздан сыр шертетін түрлі бұйымдар арқылы ұлттық ерекшеліктерімізді тани алады. «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі арнайы концерттік б а ғ д а р л а м а ұ с ы н а д ы . С о н д а й - а қ , халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің амфи-театрында мə дени күндердің «Асқар таулы Алматы!» атты қорытынды концерті өтеді.

Үш ай бойы көрме қонақтарын əн мен күйге сусындататын іргелі өнер ұжым дары-ның сапында Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның ұжымы да бар. Бір кездері Ахмет Жұбанов сияқты қа зақ өнерінің қаймақтары іргетасын қалаған өнер ошағының атынан əлемге белгілі Мем лекеттік академиялық симфониялық оркестрі, Нұрғиса Тілендиев атын дағы академиялық фольклорлық-этногра-фиялық «Отырар сазы» оркестрі, Бақыт жан Байқадамов атындағы Азиядағы тұңғыш Мемлекеттік хор капелласы, Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, сон дай-ақ, Ғазиза Жұбанова атындағы мем лекеттік шекті аспаптар квартеті, Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтеті өз кəде сыйлары-мен жетті.

Жоғарыда аталған шығармашылық ұжым дары мен өнер иелері көрме кезінде Ал матыдан елордамызға аттанатын өнер-паз дардың бір парасы ғана.

АЛМАТЫ

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

ЭКСПО-2017 халықаралық көрме-сінің аясы мен ауқымы тек Астанамен шектелмейді. Оған қатысты өткі зі ле-тін аса ауқымды іс-шаралар еліміздің барлық аумағын қамтиды. Осы орай-да республикамыздағы экономикасы жоғары дамыған Ақтөбе об лы сының халықаралық көрмеге қо сатын үлесі қомақты болып отыр.

Атап айтқанда, өңір жаңа шыл-дары мен ғалымдары жəне өндірістік кəсіпорындар жетек шілері көрменің басты тақы рып тарының бірі – «жасыл эко номикаға» қатысты өз жобаларын əзірледі. Осыған орай облыстағы «TalanTeсhnology» ЖШС қо қыс өңдеу зауыты көр меге келу шілерге ТМД ауқы мында ешқан дай баламасы жоқ ай рықша жоба лар əзірлеген. Со-нымен бірге, «Кем пірсай» жел-электр станса сы жəне «Юнайтед Энерджи Ақтөбе» зау ыттары секілді кəсіп-орын дар ұсынған өнімдерде əлем нің əр қиы рынан келген көр мені қызық-таушыларды енжар қал дыра алмай-тынына сенім мол. ЭКСПО-2017 ха лықаралық көр месі аясында Астанаға келген меймандар кең-бай-тақ Қазақ станның көрікті де киелі қой нау ларымен танысып, кеңінен

аралай тыны жөнінде де арнайы бағ-дарлама жасақталғаны белгілі. Бұл бағытта олар үшін Ақтөбе ай мағында екі туристік маршрут белгіленген. Оның біріншісі – «Қобда – батыр-лар Отаны» тақы рыбы бойынша осы қасиетті топы рақпен танысу болып отыр. Сонымен бірге, қазақтың ба-тыр қызы Əлия Молдағұлованың туған жері Бұлақ ауылын аралай ды. Екінші бағыт «Мəртөк-Аққайың» бағыты бойынша болмақ. Мұнда сая-хатшылар бұл өлкенің өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қайталанбас келбетіне қаныға алады.

Өңірде көлік-логистика қыз-ме тінің жоғары деңгейде да мы-ға ны жəне ыңғайлы темір жол қатынасы мен Ақтөбе қала сындағы халықаралық дең гейдегі əуе жайдың қалыпты қызметі, ел қонақтарының өңірге келуіне қо лай лы жағдай туғызады, дейді Ақ төбе облыстық сыртқы байла ныс тар жəне туризм басқар масының басшысы Ермек Кен же ханұлы. Сонымен бірге, оның айтуы бойын ша Ақтөбе мəдениет пен өнер қызметкерлері де Астанаға келіп, көрмеге қатысушыларға өз өнер лерін ұсынбақ. Мұнда əсіресе, қолөнер шеберлерінің төл туын-дыларына басымдықтар беріл мек. Қазақтың зергерлік бұ йымдары мен

əшекейлері ұлттық бренд деңгейінен табыла алатын құндылықтар десек, қа телесе қоймаспыз. Бұл тұрғыда жиыр ма бес ақтөбелік қолөнер шебе-рі нің өз жобаларын этноауыл жо-ба сы аясында қонақтарға ұсы нуы артықтық етпесі анық.

«Қазақ поэзиясының пат -ри архы Қадыр Мырза Əлінің осы дан кем дегенде 40 жыл бұрын жазылған «Қазақтарды шет елдік қо нақтарға таныстыру» деген тамаша өлеңі оқыр ман дарға жақсы таныс деп ой-лай мын. Бұл өлмейтін, өшп ей тін, рухани құндылығын еш уа қыт та жоғалтпайтын нағыз клас си калық туынды. Халқы мыз дың бо йындағы барлық жақсы қа сиет тер осы өлеңде көрініс тап қан. Көрме кезінде бұл поэ зия туынды сын қазақ, орыс жəне ағыл шын тілдерінде көрнекі орын-дардың біріне іліп орналастыр са артықтық етпес еді» деген ойын білдірді га зет тілшісіне Ха лық аралық «Қа зақ тілі» қоғамы об лыстық бөлім-шесі төрағасының орынбасары Жан-ғабыл Қабақбаев.

Міне, ақтөбеліктердің шетел-дік қонақтарға ұсынатын тарту-таралғыларының сыр-сипаты осын-дай.

АҚТБЕ

Асхат РАЙҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Э К С П О - 2 0 1 7 х а л ы қ а р а л ы қ көрмесіне орай «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешеніндегі отызға тарта макет жаңартылды. Ашық аспан астындағы мұражай тағы 14 жəдігермен толыққан. Олардың қатарында Əбілқайыр мен Қарабура кесенелерінің, Қарағанды спорт сарайының, Қазақ мырыш зауытының, «Космонавт» монументінің, 4 облыстың тарихи өлкетану музейінің макеттері бар. Туристерге кең-байтақ жерімізді барынша көрсету үшін кешен аумағына қосымша 5 LED экран орнатылған.

Мұражай гидтері жыл сайын мектеп оқушылары арасынан арнайы сынақ арқылы іріктеліп алынады екен. Жазғы демалыстарында қонақтарға экскур-сия жүргізетін олар кемінде үш тілді меңгерген. Ағылшын тілінен бөлек, француз, неміс, қытай, түрік, испан жəне корей тілдерін білетін жеткіншек-гидтер де бар.

«Атамекен» Қазақстан карта-сы» этномемориалдық кешенінде шетелдік меймандарды қазақтың қонақжайлылығымен жақынырақ та-ныстыру үшін үш киіз үй тігіліпті.

«Этноауыл құрудың мақсаты терең. Себебі, қазіргі уақыт пен біздің өткен тарихымыз ұштасқан деп те айта ала-мын. Осындай керемет сақталған қазақы үйге келген адам таңғалатынына күмəнім жоқ. Əсіресе, өзге ұлттарға біздің

кешегіміз бен ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі қызықты деп ойлай-мын», дейді Астана қаласы əкімдігінің мəдениет, мұрағат жəне құжаттамалар басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Батыс пен Шығыс өрке ни етін жалғастырған алтын көпір атан-ған ару Астана өзінің тарих сах-насында салтанат құрған 20 жыл ғұмырында талай-талай аламан бəйгелерге ат қосып, талай-талай биік тер ді бағындырды. Міне, бү-гін тағы да төрткүл дүние тү гел Астанаға көз тігіп, адам зат ақыл-ойының тама ша жетістіктерінің бірі – ЭКСПО-2017 халықаралық ма мандандырылған көр ме сі нің салтанатты ашылу рə сі міне куə болып отыр. Бей біт шіліксүйгіш барша əлем асыға күткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ашу дың салтанатты рəсіміне Астана Саммитіне кел-ген Шан хай ынтымақтастық ұй-ы мы на қатысушы мемлекеттер бас шыларының қатысуының да символдық маңызы бар.

Бүкілəлемдік жетістіктер көр месін ұйымдастырудың 165 жылдан астам тарихында Орталық Азия аймағы, тіпті ТМД мемлекеттерінің еш қайсысында

да ЭКСПО жа лауы желбіреп көрген жоқ. Осыдан тура төрт жыл бұрын Парижде өт-кен аламан бəйгенің нə ти же-сінде бұл құрметке тарихта тұң-ғыш рет тəуелсіз Қазақстан ие болды. Бұл – Елбасы, əлемдік дəрежедегі дарабоз саясаткер Нұрсұлтан Назарбаев тың ха-лықаралық арена дағы үлкен беделінің арқасы екен дігі дау-сыз. Парижден жеткен сүйін ші хабардан кейін егемен елі міз үшін ғасыр сынына айнал ған осы бір жаһандық шараны өт-кізу дайындығына Мемлекет басшысының бастамасымен барша қазақстандықтар жұмыла кірі сіп кетті. Жауапкершілігі зор жа һандық шараны өткізудің ауқымды жұмыстарын атқаруда Алатаудан Арқаға, Алтайдан Атырауға дейінгі созылып жат-қан еліміздің барлық өңірлері бір кісідей жұмылып, ерекше ұйымшылдық танытты. Со-дан бергі өткен төрт жыл ішін-де елорда аумағында қай та-ланбас сəулет өнерлерінің жау-һарларынан тұратын тұ тас бір инно вациялық қала тұр ғы зыл ды.

Соның ішінде жалпы көлемі 80 метрді құрайтын, биіктігі 100 метр əлемде теңдесі жоқ бірден-бір шар тəріздес ғимарат – Нұр-Əлем ұлттық павильонын айтудың өзі неге тұрады.

Астана ЭКСПО-2017-нің бас-ты ұраны – «Болашақтың энерги-ясы». Бүгінде бұл бүкіл саналы адамзатты толғандырып отырған түйінді мəселе екендігі де даусыз. Ендеше, егемен еліміздің елорда-сынан бүкіл əлемді алаңдатқан толғақты тақырыптардың ше-шімі тарқатылады. Сондықтан да төрткүл дүниенің төрт құ-бы ла сындағы барлық сана лы адамзат өкілдері Ұлы Да ла ның бел ортасындағы ару Астанада желбіреген ЭКСПО-2017 көрме-сінің ақ ту ына асқақ үмітпен қарайды. Со нымен, қос ғасырлық та рихы бар əлемдік айтулы шара – ЭКСПО-2017 халықаралық ма ман дандырылған көрмесі өз жұмысын бастады. Іске сəт!

Газетіміздің бүгінгі нө мі рін де осы айтулы оқиғаға бай ланыс ты өңірлерден жеткен материалдар топтамасын оқыр мандар наза-рына ұсынып отыр мыз.

Қазақстанның тағы бір тарихи белесі

Ақтөбеліктердің тартуы да қомақты

Үш киіз үй өткенімізді ұлықтайды Алматылықтар көрме көркін келтірмек

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––�лемнің әр түкпірінен ағылған туристер мен түрлі халықтың �кілдері ЭКСПО-2017 к�рмесінде біздің мәдениетіміз бен інжу-маржан мұраларымызды �релі �неріміз арқылы таниды. Еліміздің рухани-мәдени ордасы Алматының да шығармашылық �кілдері мен �нер ұжымдары елордаға келіп жетті.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Қонақжайлылығымен танымал, қа-зағы қалың қоныстанған Оңтүстік Қа-зақ стан облысы халықаралық көрмеге кел ген туристерді күтіп алуға дайын. Қонақтарға «біздерде мынадай бар» дерлік тарихи-танымдық орындар да, табиғаты тамсандырар жерлер де же-терлік.

Бұл орайда, облыс əкімдігі өңірлік ту ристік ұйымдармен бірлесіп, көрме қонақтарына арналған 3 жəне 5 күндік туристік бағыттар əзірлепті. Нақтырақ айтсақ, Оңтүстікке келген қонақтар Түркістан қаласында «Əзірет Сұлтан» қорық-мұражайын, Сауран қалашығын аралап, Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесінде жəне Отырар қала шы-ғында болып ел тарихына қаныға ала-ды. Сондай-ақ, Бəйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгірі, Домалақ ана кесенесінің, Қазығұрт ауданындағы «Ке ме қалған» мемориалды ке шені мен «Адам ата-Жер Ана» табиғи ескерткіші шетел-дік терді қызықтырары анық. Ал Тө-леби ауданы аумағындағы «Сай рам-Өгем» мемлекеттік ұлт тық табиғи пар кі мен Түл кібас ауданындағы «Ақ-су-Жабағылы» мемлекеттік таби ғи қо-рықтың экологиялық бағыт тағы ту-ризмді ұнататын дар үшін берері мол. Əрине, облыс орталығы Шымкенттің

өзін де танымдық экскурсия жа сайтын орын көп. Саялы ағаш тарымен таны-мал Ден дросаябақта, авторлары Мем-ле кеттік сыйлық иегері атан ған ерекше жоба – Тəуел сіздік саябағы, Бəйдібек би ес керткіші, Наурыз алаңы, жаз айлары жағасы босамайтын «Жайлаукөл»... тізе берсек облыс орталығында қонақтарға мақтан ете көрсететін орын көп.

ЭКСПО-2017 халықаралық көр месі қонақтарына ұсыны латын туристік мар-шруттардың бойындағы қонақ үйлердің барлығы қызмет көрсетуге дайын. Сондай-ақ, қонақтар на за рына Түркістан жəне Оты рарда орналасқан 2 этноауыл ұсынылады.

Сондай-ақ, көрме шең бер інде тамыздың 29-ы мен қыр күйектің 3-і ара-лығында Оңтүстік Қазақстан облысының мəдени күндері өтеді. Оған 610 адам-нан құралған 17 шығармашыл ұжым қатысып, өнерлерін көпшілікке ұсынады. Оның ішінде жергілікті 22 қолөнер шеберлері де бар.

Оңтүстікке келуге ниет білдірген ту-ристерге барлық жағдай жасап отырған облыс əкімдігі халықаралық көрмеге ба-ратын жергілікті тұрғындарға да қолдау көрсетпек. Бұл орайда, Астана қаласында облыстан көрмеге қатысушыларды ор-наластыру үшін екі университеттің жа-тақ ханаларынан күніне 600 орын алдын ала алынып қойылған. Көрменің өту ке зеңіне көлік қатынасы ұлғайтылып,

қосымша орындар қарастырылған. Мысалы, темір жол құрамдары 86 вагон-мен толықтырылса, əуе қатынасы бойын-ша қосымша 16 755 орын беріліпті. Сон дай-ақ, 450 орындық 10 автобус қосы латын болады. Облыстан 3 750 мек-теп оқушысын, 179 ардагер, зейнеткер жəне мүмкіндігі шектеулі азаматтарды көрмеге алып бару жоспарланған.

Халықаралық көрменің тақырыбына сай қуат көзін жаңғырту бойынша оңтүстіктен 4 жоба интерактивті кар-тада таныстырылатын болады. Атап айтқанда, облыста электр энергиясын өндірудің тап шылығын төмендету жəне жаңғырмалы энергия көз дерін қолдану мақсатында жү зе ге асырылған Сайрам ауда нын дағы күн электр стан-сасы, Сарыағаш ауданы Келес өзеніндегі шағын ГЭС. Сондай-ақ, еліміздегі жəне сыртқы нарықтағы тұтынушылар мен ірі компанияларды жоғары сапалы май-лау материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтін, өндірістік қуаты жылына 70 мың тонна болатын «Hill Corporation» ЖШС-нің жобасы ұсынылмақ. Биогаз өндіретін жəне əрі қарай электр энергиясын алуға мүмкіндік беретін шөгінділерді өңдеу бағытындағы жоба да көрме қатысушыларына таныс-тырылады. Бұдан бөлек 35 кəсіпорын елорда тұрғындары мен қонақтарына ауылшаруашылық өнімдерін ұсынбақ.

Оңтүстік туристерді күтіп алуға дайын

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

ЭКСПО-2017 халықаралық маман дан-дырылған көрмесі аясындағы өңір лердің мəдениет күндері кестесіне сəй кес, Маң-ғыстау облысының мəдениет күн дері 15-18 та мыз аралығында өтеді. Маң ғыс тауда ар-найы облыстық іс-шара лар жоспары бекі-тіліп, штаб құрылды.

Көрме аясында концерттік бағдар ла-малар, қолданбалы қолөнер, киіз үй лер көр-месі, театр қойылымдары, жыр кеші, Есен-ғали Раушановтың шығар ма шылық ке шін өткізу жоспарланған. Сон дай-ақ, 10-20 та-мыз аралығында этноауыл аумағында ор-натылатын 2 киіз үй об лыстық мұражайлар қоры есебінен жаб дықталып, туындыларын сатуға, шеберлік сабақтар өткізуге 20 қол-өнер шебері қатысады.

Ассамблея хатшылығының ұйымдас-ты руымен 120 қатысушысы бар 15 шара «Арай» саябағында өтсе, 7 шара этноауыл ай ма ғында, 6 шара «Жерұйық» саябағында, 6 ша ра «Студенттер» саябағында, 6 шара

«Бəйтерек» монументінің алдындағы алаңда, 6 шара қала əкімдігі ғимараты алдын дағы алаңда, 2 шара М.Горький атындағы мем-лекеттік академиялық орыс драма театрын-да, 1 шара қуыршақ театрында, С.Адайдың шы ғармашылық кеші «Шабыт» сарайын-да, Маңғыстаудың дəстүрлі əн-күй-жыр саздарының концерті конгресс-холлда өтеді деп белгіленген.

Мəдениет күніне облыстан көркем өнер-паздардан, кəсіби ұжымдар мен əртістерден құралған барлығы 447 адам қатыспақ. Қазіргі таңда өнерпаздар үшін 247 бюджет есебінен, 36 демеушілер есебінен 273 жаңа киімдер тігіліп, жаңа бағдарламалар жасақталуда.

Қазіргі таңда 31 кəсіпорын, сонымен қа-тар, мекемелер мен ұйымдар, 5 аудан жəне Ақтау қаласы əкімдіктерінен 37695 адам, оның ішінде 5328 бала ЭКСПО-2017 көр ме-сіне қатысқалы отыр.

Маңғыстаулықтардың алғашқы легі ЭКСПО-2017 көрмесіне қонақ ретінде атта-нып кетті.

Маңғыстау облысы

Маңғыстаулықтар үлесі

Суреттерді түсірген Сұлтан СЕЙІТОВ

Page 10: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

10 12 маусым 2017 жыл

Меймандос мегаполис

Елді елеңдеткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ашылды. Аспан асты, жер үстіндегі айдай әлем Астанаға көз тігіп отыр. Бұйырса, мұнда жаһанға сүйіншілеп жар салуға жарарлық небір ғылыми-тех ни калық жаңалықтардың тұсауы кесілмек.

Бәлкім, солардың біразы қоғамның ілгері дамуын қалайтын ізгі ниетті адам-зат баласының ортақ игілігіне айналар. Талайларды таңдандырған тамаша идея­лар күнделікті тіршілігімізден көрініс та-бар. Әйтеуір, көбіне көктегіні көксейтін көңілімізде үкілеген үміт көп. Олай бол-са, айымыз оңынан туып, адалдықтан айнымас ақ жүректің арман­аңсарындай мақсат­мұраттарымыз бізді алға жетелей бергей.

Енді ежелгі Есіл жұртта жайнаған жас елордамызға алыс­жақыннан ағы­латын ағайынға бейбітшіліктің бесі­гін тербеткен берекелі ел екенімізді көрсеткеніміз абзал. Бабадан мирас бай дәстүріміз бойынша есігімізден енген қадірлі қонақтарымызды құшақ жая қарсы алуымыз қажет.

Қабақтарына қаяу түсірмей қайта­руы мыз керек. Олар ертең отандарына оралғанда қонақжай халқымыздың ыстық ықыласын емірене еске алып жатса, бір ғанибет емес пе?! Өркениет шыңына өр­мелеген тәуелсіз Қазақстан туралы жа­ғымды пікірлердің жайылуына мұндай шартараптық шаралардың да септігі тиетіні белгілі.

Ақордалы Астана – меймандос ме-гаполис. Шуақты шаһарымызға келіп­кетушілер қимастықпен арттарына қа­райлай­қарайлай аттанады. Ең бас тысы, бәрі оның даму динамикасына таң­дай қағып, арудай сыланған ажарына сүйсінеді. Адамдарының пәк пейіліне ризашылықтарын білдіріп жатады. Ал­қалы жиындарға арнайы шақырылған сарабдал саясат серкелерінің де, Нобель сыйлығын алған ғұлама ғалымдардың да, дүниежүзілік дүбірлі додаларда топ жарған саңлақ спортшылардың да, өрелі өнерімен көрермен көңілін жаулаған әйгілі әртістердің де ағынан жарыла Астана жайында жағымды пікір айтқандарын екі күннің бірінде көз көріп, құлақ естіп жүр.

Бес құрлыққа белгілі беделі бар Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі арқасында айбыны асқақ­таған Астана аса маңызды халық ара ­лық мәселелер талқыланатын тағ дыр ­шеш ті басқосулардың алаңына айнал­ды. ЕҚЫҰ­ның саммиті, Әлем дік және дәстүрлі діндер көш басшыларының съез­дері, эконо ми ка лық форумдар, араздас­қандарға ара ғайындық жасау бағы тын­дағы келіс сөздер ұйымд астыру процес­терін еске түсірсек, елор да мыздың ай-наласына тату лық аурасын та рататын ерекше рөлін ерік сіз мойындайсыз.

Алдағы үш айда елдігіміз сыналар тағы бір емтихан тапсырмақпыз. Мерейлі мемлекетіміз оған мейлінше әзірленгені әлемге аян. Сондықтан, іргелі істе іркіліс болмасына сенім мол. Ендеше, не тұрыс?! ЭКСПО меймандарын әдемі әсерге бөлейтін әртүрлі бағдарламаларымызды бастамаймыз ба? Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ұтым­ды шаралар ұйымдастырылмақ екен. Еліміздегі ең танымал өнер орда лары, жекелеген сахна жұлдыздары тоқсан күндік торқалы тойдың көркін кіргізбек. Мақтан тұтар маңдайалды театрлары-мыз спектакльдерін көрсетіп, операла-рын қойып, балеттерін билейді. Дәстүрлі әндеріміз дәріптеліп, шалқыма күйлеріміз шарықтайды. Музейлеріміз бен концерт залдарымыз есіктерін келушілерге айқара ашып тастайды. Дауысы көкте дамыл-дайтын Димашымыз талғамы жо ғары шетелдіктерді тағы да тамсандырып, құлақ құрыштарын қандыратын бо лады. Өңірлерден келетін өнерпаздар да ал­қалаған әлеуметтің алдында аянып қал­масы анық.

Қаладағы «Қазанат» ипподромын-да ұлттық спорт ойындарының көрігі қызады. Ұлы даланың ұландары ат жа-лында атойлап, дүйім жұрттың делебесін қоздырмақ. «Қыз қуу», «Теңге ілу», «Жам бы ату», «Аударыспақ» дейсіз бе, қан қыздырар қаптаған қызықтың бәрі осында. Сондай­ақ, салбурыншыл саят­шыларымыз қырдың қызыл түлкісіне құс салып, ит жүгіртіп аң аулаудың үздік үлгілерін ұсынбақ.

Ал көшпенділер өркениеттің көрме­сіндей елордадағы Этноауылдың та-машаларын айтып тауыса алмайсың. Он екі қанат ақ орданы айнала тігілген киіз үйлердің іші кірсең шыққысыз. Қолөнершілер ауылы алыстан мен­мұндалайды. Шын шеберлердің қолынан шыққан зергерлік бұйымдар өткен тарих-ты қайта тірілтуімен қымбат. Әсіресе, әйелдердің әшекей бұйымдары көздің жауын алады. Тоқылған кілем, басылған киіздің түрлі­түсті оюлары да амал-сыз назар аудартады. Қырмызыдай құлпырған қызыл қамзолды қыздар беті ңізге қарап әнтек жымия, қазақша, орысша, ағылшынша тіл қатып, қалаған жағыңызға жөн сілтейді.

ЭКСПО павильондағылар бізге «эври каларға» лайық ерек жоба­жоспар-ларын ұсынса, біз оларға өз еліміздің өнегелі тарихын танытып, сан ғасырлық салт­дәстүрімізді және басқа да ұлықтауға татитын ұлттық құндылықтарымызды көрсетіп қалсақ, құба­құп. Көрсін, арда қазақтың әріден желі тартқан алтын арқауының әлі үзілмегенін!

Талғат БАТЫРХАН,«Егемен Қазақстан»

ЭКСПО-2017

Ли ДЕНСУ, ҚХР «Синхуа» агенттігі Еуразия бюросының тілшісі:

– Бұл менің Астанаға ең алғаш келуім. Біз ЭКСПО­2017 көрмесі өте жақсы деңгейде өтеді деп күттік. Дайындық шараларына қарап, көп­шіліктің үміті ақталатынына сенімді болып жүрмін. Барлық ғимараттардың ажары таңдай қақтырады, өте әдемі. Кез келген нысанның заман талабына сай салынғанын көреміз.

Менің ойымша, Қазақстан көрмені деңгейіне сай ұйымдастырады. Қытайлық «Синхуа» агенттігінен жиырма шақты журналист қазақ топырағына табан тіреді. Жалпы, Аспанасты елінен 100­ге тарта бұ­қаралық ақпарат құралының өкілі осында бас қостық. Біз тікелей эфир

арқылы көптеген репортаждар жасай-тын боламыз.

Дина СЕКОРСКАЯ, Ресей Федерациясынан келген саяхатшы:

– Мен энергетика саласының мама-нымын, сондықтан Астанада басталған ЭКСПО көрмесінің тақырыбы мені қатты қызықтырады. Халықаралық шараға жүзден астам мемлекет қа­тысатынын естідім. Ал олардың ара-сында баламалы энергия көздерін өндіруден шарықтап дамыған елдердің де бары сөзсіз. Осы көрмедегі ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер тәжірибеге еніп, игілікке айналатын болса, пайда-сы ұшан­теңіз болар еді. Біз сол кезде жаңа өркениеттің шыңын бағындырған дәуірді басымыздан өткереміз.

Мамыр айынан бері Қазақстан өңірлерін аралап жүрмін. Шымбұлақ, «Медеу», Шарын шатқалынан алған әсерлерімді сөзбен айтып жеткізе ал-маймын. Мұндай табиғат пейзажын әлі күнге көрген емеспін. Астана қаласының ажары тіпті бөлек. Зәулім ғимараттар көз арбайды, сәулет кешендері сүйсіндіреді.

Жеңіс НҰРЛЫБЕК, Тараз қаласының тұрғыны:

– Астанаға Әулиеата шаһарынан шыққан экскурсия тобымен ілесіп келдім. Бас қаламызға осы уақытқа дейін бірнеше мәрте табаным тиген. Әр келген сайын әртүрлі әсерге бөленетінім бар. Осы ЭКСПО көрмесінің ашылуын тамашаладым. Көрме қалашығындағы ғимараттардың сәні бөлек әңгіме,

алғашқы күнгі мультимедиалық шоу, отшашу, өзге де мерекелік жиындар көңілімізді көтерді, айрықша әсер сый-лады.

Бірінен кейін бірі ашылып жатқан әр павильонда әртүрлі жаңалық барын сеземін. Өйткені, бір­бірін қайталамайды, ұқсамайды. Олардағы ғажайыптардың қай­қайсы да таң­дай қақтырмай қоймайды. Менің қуанғаным, дәл ортадағы дөңгелек сфе-рада орналасқан еліміздің павильоны басқа мемлекеттердің павильондарынан еш кем емес. Біздің өнертабыстарымыз бен жаңалықтарымыз да көпке шапағатын тигізетіні сөзсіз.

Жазып алған Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

Баламалы энергия көздері – адамзат ақыл-ойының жемісі һәм игілігіЭКСПО-2017 көрмесінің алғашқы күні ашылған павильондар осындай ойға жетелейді

Көрме меймандарының лебізі

Қазақстан жаһандық жаңа кезеңге аяқ басты

3 млрд АҚШ долларына салынған ЭКСПО­2017 қалашығы Диснейдегі Эпкот орталығына (Disney Epcot Center) ұқсайды. Шар түріндегі бас ғимараттағы Қазақстан павильоны атарбадан бастап, атом қуатына дейінгі энергетиканың даму эволюциясын таныстырып, болашақтың энергиясының қандай болуы керектігін көрсетеді.

«ЭКСПО­2017 көрмесін өткізу құқығын иелен-геннен кейін Астанадағы құрылыстың қарқыны мені қатты таң қалдырды. Айтулы көрмені абыроймен өткізу үшін Қазақстан үкіметі ауқымды жұмыстар атқарды. Қазақстан қазір экономиканы әртараптандыруға көшті. Осы бағытта Үкімет жаңа энергия көздеріне инвестиция тартуда», дейді Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссарталес.

ЭКСПО көрмесі аяқталғаннан кейін қалашықта Астана халықаралық қаржы орталығы жұмыс істей бастайды. Astana International Exchange (AIX) жылдың екінші жар-тысында ашылады. Қазіргі таңда Қазақстан ІЖӨ­сінің 5%­ы ғана қор биржаларында саудаланады. Ал Шығыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 20%­ға дейін жетеді. Осы орайда AIX Қазақстандағы ірі компаниялардың IPO­ға шығарылып, белсенді сауда жүргізуіне жол ашпақ.

Алысты болжай білген Қазақстан

П о с т к е ң е с т і к е л д е р і ш і н д е болашаққа нақты жос пар құра білген

мемлекеттердің бірі – Қазақстан. Оның дәлелі – үш айға созылатын ЭКСПО көрмесінің тақырыбы. «Болашақтың энергиясына» маманданған көрмеде қазақ үкіметі әлем елдерін дәстүрлі қуат көздерінен бас тартып, біртіндеп экологиялық таза, балама-лы энергияға ауысуға шақырады. Бұл тұрғыда мемлекетте экономиканы әртараптандыру мен білімге негізделген экономиканы дамыту шаралары қарқынды жүруде.

Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай жер қойнауы мен жүзден астам ұлт пен ұлыстан құралған халқы – мемлекеттің негізгі байлығы. Ал ЭКСПО көрмесінен кейін Астанада пайда болатын IT­стартап алаңы, жасыл энергетика технологиялары, туризм мен халықаралық қаржы орталығы елдің жаңаша дамуына серпін береді деп күтілуде. Ал ЭКСПО тақырыбының «жасыл энергетика» екенін ескерсек, бюджет кірісінің 50%­ын, экспорт көлемінің 60%­ын мұнай құрайтын қазақ экономикасында енді энер-гетика саласына жаңаша көзқарас пайда болатыны анық.

ЭКСПО қалашығында қор нарығы пайда боладыӨткен сәуір айында Еуропа Қайта

құру және даму банкі Орталық Азияда баламалы қуат көздерін дамыту

үшін Қазақстанға 1 млрд АҚШ доллары көлемінде қарыз берді. Бұл қаражат Қазақстандағы жаңа энергия көздерінің инфрақұрылымын дамытуға жұмсалмақ. Нәтижесінде Астана қаласы Ұлы Жібек жолы бойындағы жасыл энергетиканың халықаралық хабына айналады.

ЭКСПО көрмесінің қазақ экономикасына қанша қаржы әкелетіні туралы болжам жасар болсақ, алдымен бұған дейінгі көрмелердің статистикасына үңілу керек болады. Мәселен, 2010 жылы Шанхайда өткен ЭКСПО көрмесіндегі павильондар қалашығы 12 млрд еуро тап-са, жалпы қала 33 млрд еуро табыс тапқан. Ал 2015 жылы көрме өткізген Миланға келген туристер жылдық көрсеткіште 27%­ға артып, қонақ үй бағалары 30%­ға қымбаттапты. Өз кезегінде ЭКСПО­2017 көрмесінің басшылығы шараға келетін шетелдік туристердің санын 300 мыңның айналасында деп болжап отыр.

ДайындағанБауыржан МҰҚАНОВ,

«Егемен Қазақстан»

Асхат РАЙҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Бұл – министрлік конференция-сы және тұрақты даму энергетика-сы жөніндегі сегізінші халықаралық форум. Шараның ашылу рәсіміне Премьер­Министр Бақытжан Сағын­таев қатысып, Қазақстан әлемдік энер­гетиканың ұзақ мерзімге негізделуін әрі оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету стратегиясын ұстанатындығын жеткізді. Сонымен қатар, он жыл-дай бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында жаһандық энергиялық­экологиялық стратегияны әзірлеуді ұсынғанын, 2011 жылы БҰҰ Бас

Ассамблеясында өңірде жасыл эко­номикалық өсімді күшейтуге ар­налған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына бастамашы болғанын еске салды. 2012 жылы осы бағдарлама БҰҰ­ның Дүниежүзілік саммитінде мақұлданған.

«2013 жылы Қазақстан «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжы­рымдаманы қабылдады. Ол өз кезе гінде елдің энергетикалық секторында жүйелі түрленуге сәйкес жағдай туғызды. 2016 жылы біз климаттық бағыттағы Париж келісімін ратификация лау арқылы парниктік газдарды азайту бойынша міндеттемелер алдық. Қазіргі кезде Үкімет Қазақстан экономикасының Үшінші жаңғыруы бағытында жұмыс

істеуде. Осы орайда «жасыл» экономи-ка аясындағы реформамыз 2050 жылға қарай ішкі жалпы өнімді 3 пайызға арттыруға мүмкіндік береді деп жос­парлаудамыз», деді Үкімет басшысы.

Жиында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан экономикасы та­биғи ресурстарды, әсіресе көмірсутегі ши кі затын өндіруге негізделгенін жеткізді. «Елдің ішкі жалпы өнімінің шамамен 15 пайызы көмірсутегін са-тудан түскен кірістен қалыптасады. Қазақстанның мұнай, газ, көмір, уран-ды қоса алғандағы бастапқы энер-гия ресурстарының жиынтық қоры мұнай эквивалентімен 32 млрд тоннаға бағаланады. Бұл әлемдік энергия ресурстарының шамамен 4 пайы зын құрайды», деген министр Қазақстан энергия ресурстарын нетто­экспорттау­шы саналатындығын, елде өндірілетін ресурстардың 40 пайызға жуығын ғана тұтынатындығын айтты.

Ведомство басшысының сөзінше,

елдің ішкі жалпы өніміне 1 млн дол-лар қосу үшін мұнайдың 400 тонна-дан астам эквивалентін өндіру қажет. Біз 2020 жылға қарай ІЖӨ­дегі энер-гия қамтымдылықты 25 пайызға, 2050 жылға қарай 50 пайызға төмендетуді мақсат етудеміз. Экономиканы жаң­ғырту жолымен, оның ішінде елдің энергиялық теңгерімін балама және жаңаратын көздерімен қалыптастыра отырып, оның үлесін 2020 жылға қарай – 30, 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізбекпіз.

Конференция жұмысына Ресей, Сауд Арабиясы, Түркия сынды мемлекеттердің энергетика саласы-на жауапты басшылары белсене ат-салысуда. Бұдан бөлек, БҰҰ­ның өкілдері де арнайы мәлімдеме жасап, қатысушы елдерді қоршаған орта мәселелеріне айрықша назар аударуға шақырды.

Шара аясында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.

Энергетиканың тұрақты даму стратегиясы қаралды–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында бірнеше елдің министрлері мен БҰҰ өкілдері бас қосты. Төрт күнге созылатын ауқымды шарада тұрақты энергетика тақырыбы талқыға салынып, әлемдік сын-қатерлерді шешу жолдары нақтыланбақ. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

шет ел баСылымдарынан

ЭКСПО шетелдік ақпарат құралдарының көзімен

(Соңы. Басы 6-бетте)

Бұлшықет күшіндегі биоэнергия

Австрия көрмеге ойын түрінде ұйымдастырылған «Дене күші, ақыл және жан» ұранымен қатысады. 870 шаршы метрді қамтитын павильон түрлі жаттығу құрылғылармен жабдықталған, олар энер-гия өндіріп, музыка ойнайды және салқын самал естіреді. Австрия жайында бейне-таспаны тамашалау үшін қонақтардың барлығы бірлесіп велосипед тебу керек. Арқан тартып, әткеншек теуіп, тетікті айналдырғанда ғана жарықтар жанып, де-корациялар айналып, музыкалық аспап-тар іске қосылады екен. Сонымен қатар, шәйнектің қайнауы, шамдардың жануы, интернет желісінің іздеу жүйесінде бір тетікті басу, ұшақ немесе көлікті оталдыру үшін электр шығарудың қаншалықты қиын екендігі айқын көрсетілген. Сәулетшілер құрылғы арқылы энергия жеткізуге бұлшықет күшін жұмсап, адам әлеуетіне назар аудартады.

Австрияда жоғары технологиялар-мен айналысатын және бұл салада сәтті қадамдар жасап келе жатқан компаниялар көп­ақ. Ал павильон құрастырушыларының пікірінше, болашақта қандай энергия болатындығын тек адам ғана айқындай алады.

Құрылыс материалының ерекшелігі көп

ЭКСПО­2017 көрмесі алаңына Түркия мемлекеті жоғары дайындықпен кел-ген. Павильонның ашылу рәсімінде Қазақстанның Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек келіп, сөз сөйледі. Екі ел арасындағы достық пен серіктестік, өзара тиімді қарым­қатынас

ұзақ жылдарды қамтитынын айтқан ол бауырлас түрік халқының Қазақстан тәуелсіздігін таныған ең алғашқы мем-лекет екенін еске салды. ЭКСПО­2017 тақырыбы аса өзекті. Соңғы он жыл­дықта бүкіл әлемдік қоғамдастық ал-дында қоршаған ортаның ластануы, энергетикалық ресурстардың азаюы сияқты өткір мәселелер тұр. Әлемде энер-гетика, энергияны үнемдеу және қайта жаңарту салаларына инвестицияны арт-тыру тренді қалыптасуда. Бұл өз кезегінде болашақ энергиясына негізделген. Осы мазмұнда Түркия тарапының тәжірибесі бізге өте маңызды», деді министр.

Түркия Экономика министрінің орын-басары, ұлттық секциясының комисса-ры Тарык Сонмез ЭКСПО көрмелері халықтар арасындағы татулыққа, дос­тыққа, бейбітшілікке шақыратын үлкен іс­шара екенін жеткізді. «Біз ХІХ ғасырдан бастап бүгінге дейін ұйымдастырылған осы көрменің 34­іне қатыстық. Биылғы басқосуға «Тұрақты энергия» тақырыбын алып келдік», деді ол. Түркия павильо-нымен танысу барысында көпшілікті қолөнер шеберлерінің туындылары қатты қызықтырды.

Түркия тарапы көрмеде жел энер­гетикасының жобаларын көпшілікке ұсынған. Сонымен қатар, құрылыс са-ласында энергия үнемдеуге мүмкіндік беретін әйнектерді таныстырды. Бұл құрылыс материалының ыстықты және суықты, сырттағы шуды өткізбейтін ерекшелігі бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өнімді көптеген салада пайдалануға болады.

Газ өндірудің ғаламаттары

Көрме алаңындағы үлкен аумақты еншілеген Түрікменстанның ұлттық

павильонын сол ел Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ашты. Ол халықаралық көрменің ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, Қазақстанмен жемісті байланыс орнағандығын атап өтті. Оның сөзінше, бауырлас елдер бірқатар сәтті жобалар-ды жүзеге асырып келеді, олардың қа­тарында Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағытындағы темір жол құрылысы бар.

Түрікменстан ұлттық павильоны келушілерге жанармай­энергия саласын таныстырады. Онда жоспарланып отырған бірнеше жобаның үлгісі орналастырылған. Мәселен, жоспарға алынған гелиокешен-де жайылатын малдың тезегін құрылғы биогазға (газ тәрізді отын) өңдейді. Сонымен қатар, Түрікменстан билігі ав-тономды қалдықсыз өсімдік, құс және жылыжайда қозықұйрық өсіруге арналған биоаккумуляторлы гелиобиологиялық ке-шен салу ісін жүзеге асырмақ. Кешенде қалдықтар мен шығарынды газдарды толық пайдаланып, іске жарату көзделген.

Түрікменстан енгізіп отырған тағы бір жаңалық – пайдалы әсер коэффициенті жоғары біріктірілген электр тудырушы станса – бу­газды электр стансасы кешені. Мұның құрамында 4 газ, 2 бу турбинала-ры және 4 кәдеге жаратушы қазандық бар. Түрікмендердің есебінше, бұл электр стан-сасы жыл сайын миллиардтан астам текше метр табиғи газ үнемдеуге септігін тигізіп, буға айналушы газ қалдықтарын 3 млн тоннадан артық төмендетуге ықпал етеді.

Павильонда, сонымен қатар, ұлттық нақыштағы тауарлар мен электр энергиясының даму тарихынан сыр шертетін ашық аспан астындағы музей түріндегі 100 жылдық Гиндукуш су­электр стансасының макеті қойылған. Қазіргі таңда стансада 100 жыл бұрын орнатылған құрылғылар мен бұйымдар қолданылып келеді. Олар – су турбинала-ры, осы уақытқа дейін ақаусыз қызмет етіп

келе жатқан белгі (сигнал) шамдары, түрлі өлшемдегі кілттер және көше шамдары.

Венгр бәйтерегіМажар елінің павильоны жер ресур-

старын тиімді пайдалану мәселесіне ар-налыпты. Соның аясында күн энергия­сына басымдық беріп, баламалы энерге-тика саласындағы тәжірибесімен таныс­тырады. Павильонның қақ ортасында тамырын терең жайып, бұтағын биікке созған үлкен бәйтерек тұр. Негізгі идея – қоршаған ортаны сақтай отырып, табиғи құбылыстардың негізінде энер-гияны өндіру. «Астананың нышаны Бәйтерек болса, бізде ол Өмір ағашы. Міне, мажар мен қазақ бұл жағынан да ұқсас халықтар. Қазақтар осы бәйтеректі көріп, біздің тағы бір ұқсастығымызды жылы қабылдайды деп білеміз. Павильон 90 күн бойы жұмыс істейді. Көрме аяқталғанша елшілік толығымен осы жаққа көшіп келетін шығар. Ал әріптестік байланыстарымыз осы павильонның аясында ғана емес, көрмеден кейін де жалғасатынына сенемін», дейді Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Нандор Кортези.

Мажар павильонында ұйымдас­тырылатын мәдени шаралардың бірі – Қыпшақ күндері. Мереке аясында венгр­қазақ салт­дәстүрлері арасындағы бай-ланысты жан­жақты көрсету көзделген. «Қазақстанның ЭКСПО халықаралық көрмесін Орталық Азия аймағында алғаш рет ұйымдастыруы осы елдің мәртебесін, аймақтық және халықаралық деңгейдегі беделін көрсетсе керек», дейді Венгрияның Ұлттық экономика министрі Михай Варга.

Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»

Page 11: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

12 МАУСЫМ 2017 ЖЫЛ 11РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Өзгерісті өзімізден бастайық

Константин ЦХАЙ, Ақт�бе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы т�рағасының орынбасары, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақт�бе филиалының т�рағасы, Қ.Жұбанов атындағы Ақт�бе �ңірлік мемлекеттік университетінің профессоры

Тарих тағылымын құрметтеп, жақсылықтың сабағын тарихтан алған, ж а р қ ы н б о л а ш а қ қ а ақылмен, кемел саясаты-мен қадам басқан еліміз əлемдік сахнада өзінің к ө р е г е н с а я с а т ы н ы ң туын тігіп отыр. Бұл − болашақтың да мерейін үстем ететін ұлы жетістік.

Қ а з і р г і т а ң д а ғ ы біздің еліміздің жетістігі − ол ел ішінен шыққан ердің жетістігі. Туған елін аялай білген, елдің тұрақтылығын, тыныштығын сақтай білген Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың жүргізіп отырған стратегиялық саясаты барлық Қазақстан халқын елдік істерге жетелейді.

Тəуелсіздік алғаннан бергі уақытта Қазақстан-ның бағындырған белестері, шыққан биіктері аз емес. Ел дамуының қай саласында болса да қол жеткізген барлық жетістіктеріміз кейінгі ұрпаққа өзінің игілігін көрсететіні сөзсіз. Тарихи өмірдің қиын шылығын қазақ халқының бойындағы бір лік, татулығымен, қонақжайлығымен жеңген ха лық-пыз. Қазақ халқының, бүгінгі еліміздің бо йынан ізгілік шашқан қамқорлығы Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностың ұлттық нақышта өсіп, дамуына мүмкіндіктер бере отырып, тілі мен дінін, əдет-ғұрпы мен дəстүрін дамытуға жағдай жасауда. Бұл − əлемге үлгі болатын ұлағат.

Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында заман талабына сай ел болып, халық болып қамдануды, икемді өмір сүруді діттейтін тың ойлар айтылған. Шынымен де қазір жаһандану дəуірінде əлемнің дидары өзгерді, неше түрлі оқиғалар орын алып жа-тыр, құндылықтар бағдары өзгеруде. Осындай дағдарысы қатар жүретін өтпелі уақытта елді ел ететін, халықтың басын біріктіріп, игілік жолы-на ұйытатын құндылықтар қандай? Осы сұраққа Мемлекет басшысы өзінің халыққа, болашаққа ар-нап жазған мақаласында тиянақты жауап берген.

«Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Əлемде бағыты əлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға əбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икем-делу арқылы жаңа дəуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысы-на сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тəн қалыбы мен тəжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бəріне жаппай еріксіз таңуында. Əжептəуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын ру-хани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу», – дейді Мемлекет басшысы.

Жаңа айтып өткеніміздей, бүгінгі таңда тəуелсіз Қазақ елінде бір шаңырақтың астында өмір сүруіміз, бірінші кезекте, халықтың түсінігін, ауызбірлігін негіздейтін ұлттық қасиеттеріміздің, құндылықтарымыздың болуы. Қазақтың зия-лы ұлдарының бірі Мұстафа Шоқай айтқандай, «Жаман адам болғанымен, жаман халық жоқ». Біздің білетініміз, қазақ ұлты қашанда кез-келген халыққа, ұрпағына құрметпен қарауды үйреткен. Елбасының мақаласында зерделеніп, үлкен мəселе ретінде қоғам алдына қойылып отырған ұлттық сана мəселесі осы ұстанымды меңзейді.

«Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани та-мырынан нəр ала алмаса, ол адасуға бастай-ды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдыретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дəстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, əрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», − деп атап көрсеткен Елбасы мақаласында.

Баршаға белгілі, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеясы бүгінгі біздің уақытымыз үшін ғана емес, келер уақытта өмір сүретін, Қазақстанды өз Отаным, өз үйім деп санайтын ұрпақтар үшін, ел болашағы үшін аса қажет əрі ізгілігі мол дүние. Мұны зерделеп, халқымызға бағыт берер тағылымын насихаттау, көтерілген мəселелерді, ұсынылған идеяларды ұғынып, оның жүзеге асуына атсалысу − біздің тарих, ел, халық, ұрпақ алдындағы қасиетті боры-шымыз. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, «Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салты-на бір сəт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді əрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді». Мемлекет ортақ үйіміз, оның рухын жаңғыртып, мүддесін көздің қарашығындай сақтау кім-кім үшін де қасиетті іс болса керек.

Елбасы айтқандай, еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда. Заман талабына сай уақытты, білімді, еңбекті, денсаулықты қадірлейтін қоғам біздің мемлекетіміздің саясатын дұрыс түсінуден басталады. Сондықтан баршамыз болып осы та-рих алдындағы ұлы істі жүзеге асыруға жұмылуға тиістіміз.

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағ-дар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Ту-ған жер» бағдарламасын, «Қазақстандағы 100 жа ңа есім» «Жаһандағы заманауи қазақстандық мə дениет», «Қазақстандық қасиетті рухани құн-ды лықтар» жобаларын жүзеге асыруға этно мə-дени бірлестіктер толық жауапкершілікпен, бел-сенділікпен атсалысатын болады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында отандастарымыздың алдында қоғамдық сана мен рухани құндылықтарды қайта жаңғырту тұрғысынан қандай мін дет-тер тұрғанын айқындап берді. Қоғам-ның рухани жаңғыруы елдің саяси-экономикалық реформалар мен транс-формациялануы тұрғысынан мемле-кеттің үлкен жетістікпен ілгерілеу кезеңі нің талабы болып табылады. Байыр ғы салт негізінде қалыптасқан таным-түсінік пен ой толғау үлгісін ешқан дай өзгеріссіз сақтай отырып, прог рестік дамудың даңғыл жолына түсу мүмкін емес. Сондықтан да, барлық бағыт тағы даму көзқарасының түйінін ескіні – жаңамен, дəстүрді инновация-мен сабақтастыру мəселесі күн тəртібіне шығып отыр.

Мемлекет басшысы жаңғыртуға қатысты өзі ұсынған бағдарламасында тарихымыздың тереңінде жатқан ұлттық құндылықтарымызға ден қою қажеттігіне басымдық берген. Тек жаңа мен ескінің арасындағы диалектикалық қойылым мəселесінде өмірдің заңдылығына сай тамыр жайған дəстүрлердің ғана алға жылжуының шынайы мүмкіндіктері бар.

Өкінішке қарай, біздің қоғамда адамдардың жаңа заман талап-тарына сəйкес келмейтін сынаржақ метафизикалық ойлау тəсілі əлі де болса кездесіп жатады. Сондықтан да, Президент өзінің мақаласында мұндай əдісті біржақты дəрменсіздікке ба-лайды. Өйткені, мұндай біржақты ойлаудың себебінен біздің тарихымызда азаматтардың өмірін қайғыға душар ет-кен көптеген қателіктерге жол берілген.

Немістін ұлы философы Гегель айтқандай, дамуда бұрынғыны тек біржақты теріске шығаруға болмай-ды. Ал диалектиканың заңы бойынша, тек ескірген, жаңа уақыттың талабына сəйкес емес ой түйіндерін ғана принципті түрде бекер деуге болады. Əр халықтың рухани дамуында уақытқа тəуелсіз халықтың құндылықтары болады, мағыналы түрде жаңаша ойлау осындай құндылықтарды бекерге шығармайды. Олардың жаңа ойлармен, жаңа принцип-термен диалектикалық түрде сабақтас екені еш уақытта ұмытылмайды.

Тек бұрынғы тамаша құндылықтар мен жаңа ойлардың, жаңа принциптердің ішкі диалектикалық байланысын дұрыс түсінгенде ғана мағыналы түрде алға жылжу жүзеге асады.

Қазақстан тарихында да, басқа рес-публика тарихында да осы дамудың диалектикалық принципін түсінбеуінің себебінен ұлттардың тарихын, олардың рухани құндылықтарын біржақты бекер-ге шығарған концепциялар орын алған. Бұл сыңаржақ принциптер бойынша бұрынғының бəрі ескінің қалдығы, жаңа ойлауға қарсы принциптері деп түсінген. Мұндай қате пікірдің шындықпен ешқандай сəйкеспейтіндігі жұрттың бəріне белгілі болды.

Өткен тарих беттеріндегі кейбір ақтаңдақтар мен түзелмейтін ауқымды қателіктерге дұрыс ғылыми көзқарас өз тарихымыз бен рухани мəдениетіміздің қалыптасуына жетелейді. Біз қайта құру кезеңінен бері тарих қойнауындағы көптеген тағдырлы сəттер мен қай -ғ ы лы қателіктерді түзеумен айналы-са бастадық. Міне, осындай жағдай-лар дан сабақ алған біз ұлттық руха-ни құндылықтарға көңіл бөле оты-рып, Елбасы айтқандай ұлттың ұлт екендігінен, халықтың халық екендігінен хабар беретін «халықтың мəдени ко-дына» асқан ыждағаттылықпен қарай бастадық. Өйткені, халықтың мəдени кодын мойындамау, оның өмірі мен ұлттық рухын мүлдем мойындамауға алып келеді. Десек те, осы орайда диалектикалық жүріс қажет екендігі сөзсіз. Бірақ, халықтың ұлттық дəстүрі мен рухани, мəдени кодын сақтауға қатысты маңызды мəселені шешуде бұрынғының кейбір құндылықтарын ойсыз дəріптеуге жол берілмеуі тиіс екендігін де ескеру керек.

Өткеннің алдында иіліп, бас шұлғи бермейтін кездер де болады. Яғни, мерзімі өткен ұғымдар мен таптаурын ойларды парасат, пайыммен саралай отырып, көңілге қонымды мəдени жетістіктер мен жағымды құндылықтарды замана-уи талап пен уақытқа үндестіріп дамуды көздеу қажет. Себебі, өткен тарихтың қойнауына көз салсақ, əртараптанған

əмбебап мəдени құндылықтар мен көнерген əдет-ғұрыптар, дəстүрлер де жоқ емес. Оларды бүгінгі заман тала-бына сай бейімдеп, өзгерту арқылы бəсекеге қабілеттілігін арттыруды уақыт төрешінің өзі-ақ електен өткізуде.

Бүгінгі таңда əлемнің алдыңғы қатарлы елдерінен оларды он орап ала-тын өткен тарихыңмен бəсекеге түсіп, басып оза алмайсың. Сондықтан да, Президент өз мақаласында өткен мен бүгіннің жаңашылдық көзқарасын қабыстыру мəселесіне ғылыми тұрғыда келу қажеттігін астарлайды. «Біріншіден, ұлттық код, ұлттық мəдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншіден, алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», дейді Мемлекет бас-шысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында.

Сондай-ақ, Елбасы басымдық бере атап өткен тағы бір мəселе – білім беру ісі мен соған қатысты тапсыр-маларды жүзеге асыру жайы бол-ды. Қазіргідей заманауи əлемде соны білімге иелік етіп, сонымен жарақтанған адам ғана өзгелерден бір бас жоғары тұратындығы, бəсекеге қабілетті бола алатындығы бəрімізге белгілі. Ғылым-білімге құштар халық қана ғылыми-техникалық, экономикалық, əлеуметтік мəселелерді дер кезінде тиімді шешіп, дүние тарихында өз соқпағын сала алады. Сондықтан да Н.Назарбаев өз мақаласында білім саласын жаңғырту мен жетілдіру ісінің өзектілігін осындай терең ойлармен түйіндейді.

Инновацияның соңғы технология-лары мен өмірдің жаңа талаптары адамдардың жаңаша ойлап, шынайы түсінік қалыптастыруы мен түпнұсқалық біліммен жарақтануын қажет етеді. Ал мұндай қажеттілік білім берудің дəстүрлі ескі əдісімен – оқу материалдарын есте сақтауға басымдық беру, қа лыпты жалаң

жаттауға бейімдеу, ақ парат алуға бағдарлау, көптеген түрлі жағымсыз жағдайлар мен оларды ең серуге білім дайындығы сын-ды түйіт кіл дер бүгінгі таңдағы білім беру проце сін табандылықпен қайта қарауға мəжбүрлейді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта адамға ашықтық пен жасампаз ойлау, пробле-маны шешуге шығармашылық тұрғыдан келу қабілеті құнды. Егер кімде-кім жасампаздық қабілетпен түйінді тарқата алса, сол заманауи жаңашылдықтан қорықпай, сенімді түрде алға қадам ба-сады. Сол себептен де Мемлекет басшы-сы техникалық сала мен гуманитарлық бағытта əлемдегі үздік жүз оқулықты сауатты аудару тапсырмасын алдымызға міндет етіп қойып отыр.

Президент «табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін əркім терең түсінуі керек» деп нақты атап көрсетті. Сондықтан да, Н.Назарбаев ағылшын тілін оқып, үйренуге басымдық беру қажеттігіне орынды назар аударуда.

Қазақстанның алдында үдемелі даму жолын таңдау мəселесі тұрғанда, ұлы Абай өз заманында қазақ үшін қазақ тілін жетік меңгерумен қатар, орыс тілін білу қажеттігі əлемдік мəдениетке жол салу болып табылатындығын айтқан еді. Бүгінгі таңда заман өзгерді, қазіргі өмір қазақстандықтардан қазақ тілі мен орыс тілін білуді ғана емес (бұл жерде оларды бір-біріне қарсы қоюға болмай-ды, біз қазақ тілі мен орыс тілін білуді əркез тереңдетуіміз керек), ағылшын тіліне де жетік болуды талап етуде. Қазір ағылшын тілін білуге əлем баса назар ау-даруда, өйткені, барлық соңғы ғылыми жаңалықтар мен мəдени жетістіктер, технологияның аудармалары, идея мен тың ойлар, ең алдымен ағылшын тілінде жарық көріп, жариялануда.

Егер біздің азаматтар, əсіресе, жастар ағылшын тілін білмесе, онда олар ғылыми жаңалық пен мəдени жетістіктерге қатысты білім мен

ақпаратты орыс немесе қазақ тіліне аударылғанын күтіп, яғни екінші қолдан алу арқылы қымбат уақытын жоғалтады жəне кемелді келешегінде көптеген мүмкіндіктерден айырылып қалады. Оның үстіне, қазіргі заман кешігуді кешірмейді. Жасампаздыққа бейім əрбір адам уақыт тынысын қолында ұстап, əлемде орын алып жатқан оқиғалар мен соңғы жаңалықтарға қатысты ақпараттардан да хабардар болуы тиіс. Міне, бүгінгі күннің осындай талаптарын негізге алған Президент таяу жылдарда басым бағыттарды атап көрсетті. Оның бірі қазақ жазуының латын əліпбиіне көшуі мəселесі болатын.

Көптеген түркі тілдес көрші мем-лекеттер мұндай шешімді бізден бұрынырақ қабылдады. Ал Қазақстан аталған мəселеде асықпады. Латын таңбасына көшуді мұқият дайындықпен жүзеге асыруды жөн деп санады. Десек те, бұл проблема өзінің өзектілігін əлі де жойған жоқ. Өйткені, бүгінгі таңдағы біздің басты талабымыз бəсекеге қабілетті болу. Ол үшін ағылшын тілін еркін меңгеру арқылы заман талабына сай азамат атануымыз қажет. Латын əліпбиіне ауысу ағылшын тілін оқып-үйренуді жеңілдетеді. Себебі, Елбасы əркез табандылықпен ескертіп келе жатқан «латыншаға көшудің логикасы – бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми жəне білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланыс-ты» болып отыр.

Осы орайда, мұндағы əңгіме қазақ тілі мен орыс тілінің арасын алшақтату жайында өрбіп жатпағандығын да айрықша атап өткіміз келеді. Ондай орашолақ пікірді синтездік ойлау болжа-мы жоқ адамдар ғана пайымдауы мүмкін. Сол сияқты, қазақ тілі мен орыс тілін ешқашан ағылшын тіліне қарсы қоюға болмайды. Ағылшын тілінің мəселесі

арқылы қазақ тілі мен орыс тілінің есебі түгенделмеуі тиіс. Қазіргі кезде за-ман ағымына сай азамат үш тілді жетік меңгергені лазым.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында тағы бір түйінді тарқату жайы сөз бо-лып, талқыланды. Қоғамдық сананы жаңғырту мəселесін мұқият жүргізу арқылы өз жерімізге құрметпен қарап, оны ұқыпты ұстау жөнінде айтылды. Негізінен, əрбір халық, əр мемлекет өз азаматтарына патриоттық тəрбие берудің маңыздылығына мəн бере оты-рып, отанға деген сүйіспеншілік сезім мен патриоттық рух қалыптастыру арқылы мемлекетке құрметпен қарауға баулиды. Бұл жерде туған жерге деген сүйіспеншілік «оның мəдениеті мен салт-дəстүрлеріне айрықша іңкəрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты əншейін біріге салған қауым емес, шын мəніндегі ұлт ететін мəдени-генетикалық кодының негізі» деп Президент дұрыс пайымдады.

Сондықтан да Мемлекет басшы-сы отандастарымызды өз туған жеріне құрметпен қарап, ата-бабаларымыз са-лып кеткен табиғи экологиялық тұрмыс-салтқа сүйене отырып, дұрыс өмір сүруге шақырады. Қазақстан мен оның алып территориясы – ол жай ғана дала-лы аймақ, биік тау, көріксіз құмдауыт жерлер емес, ол – қазақ халқының жан əлеміне бастайтын таңғажайып жол. Байтақ даламыздың əрбір сүйем жері қасиет тұнған тарихи орындар. Туған жерге деген сүйіспеншілік, мəдениетке деген құрмет өткенге ұқыппен қарау – кемелді келешекке бастайды деп көзқарасын білдірген Президент өз мақаласында түйінді тарқатудың төте жолын да көрсетеді. Айталық, «Туған жер» жобасын жүзеге асыруда жергілікті жер мен елді мекендердегі тарихи ны-сандарды танып, білу арқылы ұлттық

рухты қалыптастыруға бағытталған болса, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасы аясында ру-хани қастерлі ескерткіштерімізді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруға меңзейді. Мұның бəрі де тұтаса келген-де халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды.

Елбасымыз өз мақаласында елімізді əлемге таныту мəселесін де тарқатып берді. Ол өз сөзінде əлем бізді мұнай ресурсы мен сыртқы саясаттағы ірі бас тамаларымызбен ғана емес, мəдени жетістіктерімізбен де танып, білуі тиістігін айтты. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында саяси, экономикалық, мəдени дамудың сатыларынан өтті. Сөйтіп, біздің еліміз экономикалық жетістіктерімен, Елбасының жаһандық саяси бастамаларымен көпшілікке та-ныла түсті.

«Мəдени мұра» бағдарламасы ая-сында ұлттық рухани құндылықтар мен аталған саланы дамытуға қатысты көптеген шаруалар атқарылды. Атап айтқанда, Қазақстан аумағындағы тарихи-мəдени ескерткіштер мен нысан-дарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсе, «Халық тарих толқынында» бағдарламасы арқылы еліміздің тұңғиық тарихына қатысты əлемдік деңгейдегі мұрағаттардағы құжаттармен танысып, деректер жүйелі түрде жинақталды. Осылайша, жүзеге асырылған жобалар ұлттық рухани-мəдени тарихымызды та-нып білуде маңызды қадам болды.

Негізінен, біздің тарихымызда орын алған ақтаңдақтар аз емес. Өйткені, біз себепсіз халық жауы атанған Ахмет Байтұрсынов, Шəкəрім Құдайбердіұлы, Əлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды көптеген қайраткерлерімізді білмей келдік. Бүгінде аталған ұлы тұлғалардың еңбектері мəдениетіміздің бір бөлігіне айналып, оларды зер салып оқып-тоқып, ұғыну мүмкіндігін алып отырмыз. Осылайша, тəуелсіздік жылда-рында біздің рухани мəдениетіміз қайта оралып, кемелдене түсті.

Егемендіктің елең-алаң кезеңінде де көптеген шаруалар атқарылғандығын жəне сол кезеңдегі жетістіктерімізді ептеп насихаттау қажеттігін Елбасы ешқашан назардан тыс қалдырмаған. Сондықтан да, біз қазіргі Қазақстанның қандай екендігін сергек ойдың серпініне салып əлемге паш етуіміз қажет. Халық кең-байтақ жері мен бай ре-сурсы немесе экономикалық жəне са-яси жетістіктерімен ғана құрметке ие болмайды. Əлем елдері үшін елдегі қалың бұқараның рухани жетістігі мен көзі ашық, саналы азаматтары қызықты. Сондықтан да тəуелсіздік жылдарында республикамызда тек қана саяси, экономикалық, рухани өрлеу ғана жүргізілген жоқ. Жеке тұлғалық қасиетті дамытудың үдерістері де ілгері басты. Ел ішінде белгілі ға лымдар мен мəдениет қайраткерлері та быс-ты еңбек етіп, олардың туындыларын кеңінен насихаттаудың да мүм кін-діктері мол. Ендеше, əлем біздің мұн-дай қайраткерлерімізді танып, білуі тиіс. Жал пыадамзаттық қоғамның құн ды лы-ғы на айналуы үшін Президент паш еткен идея – қазақстандық ғалымдар мен жа-зу шылардың үздік еңбектерін əлем тіл-де ріне аударуымыз керек.

Қазіргі Қазақстан өз тарихынан əркез сабақ ала отырып, эволюциялық даму жолын таңдайды. Біздің жүріп өткен жолымыз бен əдістемелік эволюциялық қозғалысымыз ұлтымыздың біртіндеп дамуына шынайы мүмкіндіктер береді. Н.Назарбаевтың атап өткеніндей, эво-лю циялық даму дегеніміз тұмша лау-ды білдірмейді, керісінше, халықтың тарихи жады əлемде болып жатқан жағдайларды байыпты жəне парасат пай-ыммен басқаша ойлауға жетелейді əрі оны болашақтың айқын ұғымы ретінде қабылдайды. Қарт тарихтың жаңа дөңгелегі мен жаңа дəуір жаңғырығында Елбасы еліміздің тарихи жаңаруын жаңа идеяға сүйенген жарқын болашақ үшін бірегей мүмкіндік екендігін атап көрсетті.

Жабайхан �БДІЛДИН,Ұлттық ғылым академиясының

академигі, Раушан �БДІЛДИНА,

Ұлттық ғылым академиясының академигі

Ескіні жаңамен, дәстүрді инновациямен сабақтастыру сәті туды

БАЙЫР ҒЫ САЛТ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН ТАНЫМ-ТҮСІНІК ПЕН ОЙ ТОЛҒАУ ҮЛГІСІН ЕШҚАН ДАЙ ӨЗГЕРІССІЗ САҚТАЙ ОТЫРЫП, ПРОГ РЕСТІК ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖО-ЛЫНА ТҮСУ МҮМКІН ЕМЕС. СОНДЫҚТАН ДА, БАРЛЫҚ БАҒЫТ ТАҒЫ ДАМУ КӨЗҚАРАСЫНЫҢ ТҮЙІНІН ЕСКІНІ – ЖАҢАМЕН, ДӘСТҮРДІ ИННОВАЦИЯМЕН САБАҚТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕ ШЫҒЫП ОТЫР.

Page 12: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

12 12 МАУСЫМ 2017 ЖЫЛ

ӨНЕР ТЕАТР

РУХАНИЯТ

Айгүл СЕЙІЛОВА,«Егемен Қазақстан»

Фильмді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен қытайлық «Shineworks Pictures» жəне «China fi lm coproduction corporation» компаниялары бірлесіп түсіреді. Былтыр «Композитор» атты көркем фильмді бірлесіп түсіру, қаржыландыру жəне бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қойылған.

«Қазақфильм» АҚ вице-президенті Серік Жұбандықов фильмнің 80 пайызы Алматыда, ал 20 пайызы Қытайда түсірілетінін, дегенмен монтаждау, компьютерлік графика жағымен қытай тарапы айналысатынын баяндады. «Фильм түсіру оңай. Қаржы мəселесі, прокат жағы қиын. Біз фильмнің сметасын тең бөліп алдық. Екі жақ та фильмді түсіру үшін елу-елу пайыздан қаржы шығарады. Келер жылы сəуірде

фильм түсіріліп бітеді. Мақсатымыз – Қытай нарығына шығу. Фильмнің Қытайдағы прокатына Пекин қалалық партия комитеті көмектесетін болады», деді ол.

«Композитор» ат ты көркем фильм-ге қос композитор Ба қыт жан Бай -қадамов пен Си Син хай дың дос тығы арқау етіп алын ған. Си Син хай – Қы-тай Халық Респуб лика сы ның Халық композиторы атағына ие болған, қыс қа ғана ғұмырында 300-ден аса шығарма тудырған дара талант иесі. Екінші дүниежүзілік со ғыс кезін де саяси қуғын-сүргін көр ген ол өмірі-нің соңғы жылдарын Қазақ стан да өткізген. Қазақтың көр некті ком пози-торы Бақытжан Байқа дамов пен дос болған. Дұрысы, Си Син хай ды аштық, қайыршылық күйден құт қа рып, қайта-дан шығармашылық ортаға оралуына Бақытжан Байқадамовтың септігі тиген.

Аталған шараға Мəдениет жəне

спорт министрі Арыстанбек Мұхаме-диұлы, ҚХР Баспасөз, кино, радио, теле-хабар мəселелері бойынша мем лекеттік əкімшілігінің министрі Не Ченьсимен бірге екі тараптың да кино гер лері, əртістері қатысты. Айта кетейік, атал-мыш фильмнің режиссері – Шеризат Яқұб, қоюшы режиссері – Сəбит

Құрманбеков. Олардан бөлек басты рөлдерді сомдайтын Ху Джун, Берік Айтжанов жəне Алтынай Нөгер бек те шарада қонақ ретінде бой көрсетті.

Суретті түсіргенЕрлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Театр 2012 жылы Мемлекет бас-шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылды. Алматыдағы А.В.Селезнев атындағы хореография училищесінің үздік түлектерінен құ-ралған труппа бүгінде классикалық, халықтық дəстүрлер мен заманауи стильді меңгеруімен, үздік үш үлгінің басын бір мақсатқа біріктіре білуімен үлкен құрметке ие.

Деректер театр аумағы 15 мың 467 шаршы метрді қамтиды дейді. Мы сал үшін айтатын болсақ, «Астана Опе ра» мемлекеттік опера жəне балет театры-ның үлкен залы 1250 орындық болса, «Астана Балеттің» көрермен залы 800-ге таяу. Төрт көтеріп-түсіру планшеті мен төрт əртістік көтергішпен жабдықталған сахна көлемі 536 шаршы метр жерді алып жатқандықтан, мұндағы əрбір техникалық тетік өнер адамының шығармашылық мүмкіндігін толықтай көрсетуіне орайластырылған. Жаңа «Астана Балет» театрының сыртқы сəулеттік ансамблі жас ұжымның өзіне тəн қолтаңбасын, шығармашылық шырқын айқын сипаттап тұрғандай əсер қалдырады. Классикалық мұраның үздік жетістіктерін сақтай отырып, пластика тілін жетік меңгеру, уақыт тынысын, көрермен аңсарын айқын тану, үнемі əрекет үстінде толысу, толығу театрдың басты мұраты болып табылады.

Жаңа театр ғимаратының тағы бір артықшылығы – залы, сахнасы, интерьері заманауи стильде жасал ған. Сахнаның параметрлері мен мүмкін-діктері сценографиясы күрделі спек-такльдерді, балет, опера, драма т.с.с. əртүрлі жанрларда өнер көрсетуге, алуан нақышты мəдени шаралар мен шығармашылық кештерді, сим-фония лық, эстрадалық, ұлт аспап-тар оркестр лері концерттерін, əсерлі заманауи шоулар мен мюзикл дер ді мінсіз өткізуге өте қолайлы һəм қо-нымды.

Бүгінде театрдың репертуарында классика, модерн, неоклассика, «con-temporary» стилінде сахналанған бір актілі 10 балет, 4 концерттік бағдарлама бар. Шығармашылық қор классикалық інжу-маржанға кенде емес. Мұнда сонымен қатар, Георгий

Ковтун, Алтынай Асылмұратова, Ри-кардо Амаранте, Исян Чжан, Никита Дмитриевский, Николай Маркелов сынды заманауи хореографтардың бірегей туындылары қайталанбас рухта орындалады.

Мəскеу, Санкт-Петербург, Бейжің, Париж, Вена, Сеул, Будапешт, Нью-Йорк, Токио, Варшава, Баку қалаларына сапары туралы көптеген танымал тұлғалар өз пікірлерін білдірген екен. Мұндағы лебіздерге тоқталатын бол-сақ, соның бірі, Ресейдің халық əртісі, «Астана Опера» театры сахнасын-да «Роден», «Анна Каренина» балет-терін қой ған белгілі хореограф Борис Эйфман:

– Мен бұл театр туралы сыртынан жылы пікірлерді көп естідім, – деді. – Олар Санкт-Петербургтің тарихи Мария театрының сахнасында өте жоғары деңгейде өнер көрсетті. Мұндай жаңа стильдегі рухани ошақтың құрылуы жалпы жер бетіндегі адамзат баласының бəріне ортақ қуаныш деп есептеймін. Хореограф ретінде Қазақстан балетін əлемге танытып жүрген ұжымның сахнасында тың қойылымдардың көптеп қойыла беруіне тілектеспін.

Балет тарихшысы əрі сыншысы, А.Ваганова атындағы академияның профессоры Ольга Розанова «Кармен» жəне «Клеопатра» балеттері жайында: «Мен əлемдік балеттен дəл мынадай құнды дүниені бұрын-соңды көргенім жоқ. «Кармен» идеясының өзі не тұрады? Спектакльде режиссерлік ізденістің, тапқырлықтың ізі сайрап тұр. Туынды авторы Мукарам Авахриді жеңісімен құттықтағым келеді. Ал, «Клеопатра» – ғажайып шоу. Николай Маркелов спектакльдің құрылымын қалай жаңаша ойластырған десеңші. Қойылым əсері əлсіремей, аяғына дейін бірте-бірте күшейе түсіп отырады», – деп кəсіби тұрғыда жоғары баға берді.

Белгілі хореограф Азарий Пли-сецкий:

– Мұның өзі ел мен оның мəдениеті үшін ғана маңызды оқиға емес, бұл күллі əлем үшін өте құнды да құтты құбылыс. Жаңа балет театрының ашылуы – қандай ғажап! Өйткені, ол арман құшқан тағдырларды тоғыс-тырған, күш-жігерлерді жаныған киелі мекенге айналуда, – десе, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева: «Əлемдік стандартқа

сай сахналанған ғажайып туындылар Отанымыздың рухани олжасы сана-лады», деп сүйіспеншілік білдірді.

«Астана Балет» театрының солистері жаңалықты тез қағып ала қояды. Би өнерінде ішкі сезімді, эмоцияны дəл жеткізе білу маңызды десек, жұмыс барысында олар міне, соны үйренді. Бұл мені қуантты. Өйткені, заманауи үлгідегі балет өнері көбіне экспрессивті болып келеді», – деді журналистермен əңгімесінде бразилиялық хореограф Рубен Терранова. Əйгілі балет сыншы-сы Джессика Тиг «Dance Europe» жур-налында жарияланған мақаласын да «Астана Балет» театрының репер-туары туралы ойларымен бөлісе келіп: «Классикалық балет өнері дəстүріне иек арта отырып, Шығыс пен Батысты ұнасымды үйлестіруі, халық билері элементтері мен неоклассикалық үлгі-дегі қимылдарды шебер игеруі – қазақ-стандық театр техникасының ерекше қырлары» деп дем берді.

Жыл сайын тың туындылармен толығып отыратын отандық театрдың репертуары жанрлық жағынан жалық-тырмайды. «Əлем» балетін алсақ, зама науи туынды адам баласының тір шіліктегі қам-қарекеті жайында баян дайды. Жарық дүние есігін ашқан замат тан бастап кісі басынан сан мың сы нақ сынаптай сырғып өтеді. Көктен жер бетіне бұл сын не үшін жіберіледі екен осы? Жұмбағы мол жұмыр жердің сыры мен құпиясы жария етілсе, адам өмі рі нің мəні бола ма екен? Жан əле мі жайындағы бұл қойылымды Санкт-Петербург, Вена, Мəскеу, Сеул жұрт шылығы зор сүйіспеншілікпен қабылдады.

Аңыз, əпсаналар негізінде туған «Жусан» балеті Ұлы Дала құшағының құлпын, ал «Клеопатра» балеті Мысыр патшайымының көпшілікке беймəлім қырларын ашады. Билікке барынша ұмтылып баққан ол тақ үшін өзінің сіңлісі Арсиноямен күреседі. Ішкі энергетикасы, динамикасы мол шоу-қойылымда көрермен бір сəт ежелгі Мысыр дəуіріне қарай дəрменсіз жетек-теле береді. Проспер Мерименің осы аттас новелласының бірегей хорео-графиялық нұсқасы болып табы латын «Кармен» – өнер ұжымының кəсі би деңгейін айқындаушы төлқұжат іспет-ті классикалық шығарма. Бес бале-рина əйел затының қилы-қилы қыр-ларынан қыруар сыр түйгізіп, əйел жаны ның жалғыздығын, трагедиясын паш етеді. Мұнда хореография, музыка мен бейнелеу өнері арқылы əлем мəдениетінің үш ғасыры қамтылады.

Жер шары жайлы қойылған «Gaia» заманауи хореографиясы жарқын оқиғасымен, əсерлі əуенімен тұшымды. Жердің бес тағаны – су мен жер, от пен

ауа, орман тылсымы тұтаса келіп, Жер тəңіриясы «Gaia» негізін құрайды. Театр Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарына сапарларында жұртшылыққа танымал хореографиялық миниатюралар мен бір актілі балеттердің үзінділерін ұсынды. Елордалық сахнадағыдай безендірілген бағдарлама, жалпы 2012 жылдан бастау алатын «Астана Балет GALA» жобасы ұжымның жылнамасы іспетті. Мұнда ұлттық нақышқа қоса, контемпорари, неоклассика мəнерінде əзірленген қойылымдар бар. Ал «Сағым сəттері» балеті шаңырақтың діңгегі неден құра-латынына мəн бергізеді. Негізі қазір қоғамда бəрі керісінше орын алып жатқан сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұлар сыртқы қабыршақтар ғана. Ежелгі қытай пəлсафасына сай, нəзік жандылар «инь» белгісіне жақын жəне жылдың қос мезгілі – күз бен қысқа ұқсас. Əйелдің ұлылығы, парасаты мен сабырлылығы жəне олардың қиындықты жеңу, кедергі, кептелістерді бұзып-жару жолындағы қайсарлығы бедерленетін спектакль көрермен көңілін бей-жай қалдырмайды. Абай поэзиясына арналған «Ғашықтың тілі тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл» балеті терең тебіреніс пен ой өрнегіне құрылған. Қойылым сегіз вариациядан тұрады: «Нұрға бөлену», «Сегіз аяқ», «Жыл мезгілдері», « Көзімнің қарасы», «Той бастар», «Татьянаның хаты», «Ақын арызы», «Желсiз түнде…». Шетел дік классикалық шығармаларды молы нан игеру əрине керек əрекет-ақ, со ған қарамастан ұлттық құндылықтың, оның ішінде Абай тағылымының қашан да маңызы зор. Өйткені, кез кел-ген шетелдік шығарманы дəл сол елдің ойнау деңгейінде мықшыңдап алып шығуға болар-ау, алайда, қай халыққа болсын алдымен, өзінің төл туындысы қымбат болып қала бермегі сөзсіз.

«Love fear loss» («Махаббат. Айы-рылу. Үрей») балеті Эдит Пиафтың ғажа йып өміріне, музыкасы мен əн-деріне негізделсе, «A fuego lento» («Баяу жалын») атты бір актілі балетте пластика арқылы адамның алғашқы сезімі, эмоциялық көңіл-күйі беріледі. «Diversity» қойылымы балет тарихына бойлатып, бірнеше ғасыр бұрын пайда болған өнердің қазіргі хал-ахуалын бейнелейді. Мұнда музыка мен костюм, пластика мен қимыл уақыт өте келе өзгеріске түсуі мүмкін, ал бірақ шабыт пен сұлулық ешқашан өзгермейді деген идеяны алға тартады. Мария жəне Михайлов театрларында, А.Ваганова атындағы Орыс балетінің академиясын-да, Ресей мен Украинаның көптеген теа-трларында шамамен 300-ге жуық балет пен хореографиялық нөмірлер қойған Георгий Ковтунның қойылымындағы «Вальпургиев түні» балетінде Ежелгі Грекияның аңыз, əпсаналары орыстың классикалық балет дəстүрі иірімдерімен баяндалады.

«Астана Балет» театры тарихындағы тағы бір елеулі жаңалық – биыл алғаш рет Джордж Баланчиннің неоклассикалық сирек туындысы, «Серенада» қойылы-мы мен бразилиялық хореограф Рубен Терранованың «Қайшылықтар» спек-таклі көрерменмен қауышты. Сонымен қатар, «Аstana Ballet» театрының дирек-торы Валерий Күзембаев алдағы уақыт-та труппа солистерін мұнан да жауап-ты жобалар мен гастрольдік сапарлар күтіп тұрғанын айтты. 11-18 маусым-да Белоруссияда өтетін халықаралық балет фестиваліне қатысу жоспарланса, 28 маусым мен 21 шілде аралығында олар алғаш рет Латын Америкасында, ал 1-5 тамызда Түркияда өнер көрсет-пек. «Бұл сапарлар арқылы біз еліміз-дің мəдениеті мен өнерін жоғары дең-гейде насихаттап қайтуды мақсат етіп отырмыз», дейді ұжым басшысы жур-налистерге берген сұхбатында... Қимыл-əрекеттері құралайдың елігіндей жеп-жеңіл əсем бейнелер бейне бір көк жүзін де қалықтаған көркем аққулардай елестейді. Аспандағы сұлулықтың символы аққу десек, көк майсалы шүйгін құрақты мекендеген сыңары сірə, осы бір бекзат өнер иелері болма-сына кім кепіл!

«Астана Балет»:сұлулық сахнасы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Байтақ елдің бас қаласының мәдениет ошақтары сәулеті мен сәні жағынан әлемдік деңгейдегі �нер ғимараттарымен тең түспесе, еш жері кем соғып тұрған жоқ. Соның бірі һәм бірегейі «Astana Ballet» театры ашылғанына к�п бола қоймаса да �зіндік стилі мен қағидасы қалыптасқан, қазіргі за-манауи талғамды халқымыздың байырғы құндылықтарымен байыта алған, яғни жаңа мен к�нені қағыстырмай, тоғыстыра білген �нер ұжымы болып саналады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

12ӨНЕР

Композиторлар достығын көрсетеді––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Баспас�з, кино, радио, те-лехабар мәселелері бойынша мемлекеттік әкімшілігі арасында үкіметаралық келісімге қол қою аясында «Композитор» фильмін түсірудің басталғанын айғақтайтын салтанатты рәсім �тті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

«Қорғансыздың» соны қойылымы

––––––––––––––––––––––––––––Заңғар жазушы М.�уезовтің «Қор ған сыздың күні» әңгімесі жуырда Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында тұңғыш рет сахнаға шықты. Қою-шы режиссер – Қазақстанның еңбек сіңір ген қайраткері �лімбек Оразбеков. ––––––––––––––––––––––––––––

Айгүл СЕЙІЛОВА,«Егемен Қазақстан»

Жазушының əңгімесінде уылжыған жас, арманшыл бойжеткен Ғазиза, оның соқыр шешесі мен кəрі əжесінің жəне көз байланған уақытта үйге кеп ойындағы арамза əрекетін жүзеге асыратын зинақор болыс Ақан мен жағымпаз, қу Қалтайдың бейнесі ғана бар. Айналасынан көрген қорлығы, жалғыз ұлдан айырылудың азабы, басқа да оқиғалар əңгімеде қарт əженің аузымен баяндалады. Осы əңгімені жаңаша зерделеген режиссер Əлімбек Оразбеков инсценировкасында бірқатар өзгерістер жасалыпты.

Режиссер «Қорғансыздың күнін-дегі» қарт əженің аузымен баяндалған оқиғаны тұтасымен сахнаға алып шық-қан. Тағы бір қосқан жаңалығы – қораға ұя салған қарлығаштар. Бүгінгі за-ман өнерінде символдың мəні жоғары. Біз қазір көп дүниені символ арқылы көрсетуге құштармыз. Қарлығаш бұл жерде сенімнің символы. Арманшыл, аңғал Ғазизаның қораға ұя салған қар-лығашты көргендегі шаттанысы оның жан дүниесіндегі тазалықтың, адамдарға

деген сенімінің белгісі. Əкесі мен қос шешесіне қатар еркелеп жүрген албырт Ғазиза сахнаға осы бейнесімен шықты. Ғазиза бейнесін жас актриса Жұлдыз Ибраева сомдады.

Жарық пен қараңғыны, яғни, із-гілік пен зұлымдықты бас кейіпкер-лер ретінде сахнаға алып шығу режис-сер тапқырлығының көрінісі. Жарық бейнесінде көрінген Жанат Оспанов пен Түнек бейнесіндегі Олжас Жақыпбек драманың өне бойында бүкіл оқиғаларға араласып отырады. Олардың əрқайсысы өмір туралы өз ойларын айтыса жүріп жеткізеді. Əсіресе, əзəзіл бейнесіндегі Түне к тің рөлі өте сəтті шыққан. Драма да оқиғалар тез ауысып отырады. Дина ми-каның жоғарылығы, табиғаттың қатал-дығын, кедейдің жамау-жасқау тіршілігін, адамдарға тəн қасиеттерді бейнелеуде символдың молдығы байқалады. Кейіп кер-лердің əрекеті, сөзі, мимикасы бəрі тылсым бір үндермен астасып сахналанған. Яғни, адамдарды өз сана-сезімі билемесе, жасы-рын əзəзіл күштер басқарады деген фило-софияға ырық берілген сыңайлы.

Заңғар жазушының жазбасы күні батқан, шіріп тозығы жеткен феодал-дық қоғамның тұрмыс-тіршілігінен, сол қоғамдағы адамдардың психологиясынан хабар беретін əңгіме. Күштінің əлсізді жеңуі табиғи заңдылық ретінде көркем тілмен əдіптелген. Кейіпкерлердің бəрінің образы тамаша ашылған. «Қорғансыздың күні» драмасында да сəтті образдар бар. Қызығы, мұнда қарау, дүниеқоңыз Дүйсен (Кеңесбай Нұрланов) мен оның əйелі (Сая Тоқманғалиева), қонақ боп келіп қызды қорлау туралы болысқа ой айтқан жағымпаз Қалтайдың (Қасымхан Бұғыбай) жексұрын бейнелері əсерлі шыққан. Бірақ, байқауымызша, режиссер бейнелерді ашу-ды мақсат етпеген сыңайлы. Адамдарды мəңгі толған дыратын ізгілік пен зұлым-дықтың тартысында зұлымдықтың жеңуі-нің себебін адамдардағы тобырлық қасиет-пен байланыстыруға күш салған.

Сахнаға көп кейіпкерлер шықты. Бірақ олар бірі көзін жұмса, екіншісі де жұмады, бірі айқайласа, екіншісі айқайлайды, оған үшіншісі қосылады. Олар біресе жанды кейіпкерге, біресе символға айнала жүріп, түрлі оқиғалар барысында адами мейірім, махаббаты кем қуыс кеуде тіршілік иелері екенін ғана көрсетті. Режиссер қор ған-сыздар тақырыбын ашуда байдың кедей-ден, не əлдінің əлсізден көрген қор лы-ғын көрсеткен жоқ. Кеудесінде жар ығы бар адамдардың тобырдан қорлық көріп, қорғансызға айналатынын не өлім құша-тынын бейнеледі.

Сахнаның алакөлеңкелігі, кейде тұтастай қараңғылығы, бас кейіпкер Жарық – жігіттің қол ындағы шырақты анда-санда ғана тұтатып жүгіріп жүруі, қорғансыз бейшаралардың ит-өмірі, қыздың төгілген абыройы, соңында қорлыққа шыдай алмай ажал құшуы – мұның бəрі қараңғының жарықты жеңуі болса да, режиссер тара пынан ізгі лік пен зұлымдықтың мəңгі тартысын бейне-лейтін символ драманың шешуші сəтіне қойылған. Бұл да болса үнемі қараңғылық жеңеді екен ғой деген ойдан арашалаудың бір тəсілі болса керек.

Page 13: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

12 маусым 2017 жыл 13қоғам

Мұхамеджан ТАЛАСОВ,генерал-майор, Бас штаб бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялықжұмыстар департаментінің бастығы

Қорғаныс министрлігінің жас ­тар ға әскери­патриоттық тәр бие беру ба ғытында атқарып жат­қан жұмыс та ры ның ауқымы жыл өткен сайын ұл ғайып, сапа­сы артып келеді. Ми ни с тр лік «Қазақстан­2020: болашаққа бас тар жол» Қазақстан Респуб ли ка сы мем­лекеттік жастар сая са тының 2020 жыл ға дейін гі тұжырымдамасы» ая сын да орта лық және аймақтық ат қа ру шы органдармен, қоғамдық ұй ым дар мен бірлесіп, еліміз бой ­ынша жас ар мия шылардың қо ­ғамдық қозғалысын жан дан дыру жұмыстарын ұдайы жүр гі зіп келеді.

Бүгінгі таңда бұл жұмыстар же­місті нәтижелерін беру үстін де деп толыққанды айта аламыз. Мәселен, соңғы жылдары елі мізде әскери­патриоттық клуб тар дың саны 13 есеге көбейсе (177­ден 2308­ге), оқушыларды әс кери­патриоттық шараларға тарту 70 пайызға өскен (38 000­нан 65 000­ға дейін). Біз бұдан жас тар дың бос уақыттарын не ғұрлым білім алу ға, әскери істі

меңгеруге арнайтынын аң ға рамыз. Жыл сайын маусым айын да

«Астана» өңірлік қол бас шы лы ­ғының «Спасск» оқу­жаттығу ор­талығында мемлекеттік дең гейде тарихи маңызы зор, тәр биелік ма­ғынасы басым «Ай бын» әскери­пат ри оттық жас тар жиынын өткізу дәстүрге ай налды. Осы жерде жиынның бас ты міндеттерін де атап өткен абзал. Тара тып айтар болсақ, ол – жастардың әскери­патриоттық тәрбиесін жетілдіру, әскери­патриоттық клубтардың іс­қи мылын үйлестіру, жастар­ды Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау, олардың бойын­да әскери қызметті өтеу кезіндегі қажет дағдылар мен ептілікті қалыптастыру, сондай­ақ жастарға саламатты өмір салтын насихат­тау, дене, әскери­қол данбалы және техникалық даяр лықты жоғарылату.

Қорғаныс министрлігі би ыл да әс кери­патриоттық жұ мыс­тарды одан әрі жетілдіру, әрт үрлі мемлекеттердегі жас сар баз дардың ұйым да ры мен ха лық аралық ынты­мақ тас тық тың пі шінін да мыту, ха лық аралық дос тықты ны ғай ту және жастарды интер на ци оналдық келісім мен өзара құр мет рухында тәр би елеу мақ са тында 12­17 мау­сым ара лығында «Спасск» оқу ор ­та лығында ІІІ халық аралық «Ай­бын» әскери­патриот тық жастар жи ынын өткізбек. Оған елі міз дің

әр аймағынан 600­ден астам жас қа тысатын болады.

Биылғы жиынның та ғы бір ерекшелігі, оған Өзбекстан Рес­публикасының өкіл дері қа тысқалы отыр. Шет мем ле кет тер дің әскери атта ше лері, аймақ тар дағы жас тар іс тері мәсе ле лері жөніндегі бас­қар ма лар дың ба с шылары жә не рес пуб ли кал ық жастар ұйым да­ры ның көш басшылары қонақ ре ­тінде ша қырылғанын да айта кет­кен орынды.

«Айбын» әскери­патриоттық жас тар жиыны 13 маусымда рес­ми түрде ашы лып, жалауын кө­тереді. Ха лық ара лық жиынның ашылуында қазақ стан дық әс кери қызметшілер жек пе­жек ұры­сы ның айла­тәсілдерін, ар на йы мақсаттағы бөлімшелердің жау ын­гер лері ұрыс қимылдарын, авиация

мен артиллерияның қол дауына сүйенген роталық­так тикалық топ жауынгерлік атыстар көрсетеді. Жиынға қаты су шылар мен мейман­дар Әскери әуе күштері Авиациялық оқу орталығының ұшу топтары мен парашютшілерінің, сондай­ақ Қарағанды әскери­техникалық мектебі мотоциклистерінің өне рін тамашалайтын болады.

Биылғы жылдың тағы бір жа­ңалығы, барлық аймақтық әс ке ри­патриоттық клубтардың жұ мысын орталықтандыру, «Жас сарбаз» Республикалық штабы ның ж ұ ­мысын жандандыру мақсатында, Қазақ стан Республикасы Қарулы Күште рі нің Ұлттық әскери­пат­ри оттық орта лы ғы «Айбын» ха­лық аралық әскери­пат ри от тық жастар жи ынының ресми сайтын іске қосты.

Сайттан халықаралық жиын ту­ралы, жиынға қатысушы команд­алар мен қа тысушыларға қажет ақпараттарды (жа рыс тар дың өт­кізілу ережесі, регла менті, жи ын ере жесі, жиын бас шы лы ғының құ­рамы, т.б.) алу ға болады. Со нымен бір ге, жи ынның өткен жыл дар да ғы ма те риалдарымен де толық таны­са аласыз.

Биылғы жиынның басты жа­ңалығы, оған қатысушы бар лық әскери­патриоттық клуб тар дың өзіндік белгілері бар ар найы жо­бамен дайындалған ки ім үлгісімен қам тамасыз етілуі бо лып отыр.

Бүгінде жастарды пат ри­о т тық тұр ғы дан тәрбиелеу, әс­кери­қолданбалы спорт түр ле­рін дәріптеу, спортқа баулу жұ­мыстарын күшейту, саламатты өмір сал тын наси ха т тау, оқу шылардың

дене даярлығының дең гейін көтеру – Қарулы Күштердің басты ұста нымы.

Жиын шеңберінде жастар­ды спортқа машықтандыру және интел лектуалдық қабілетін арт тыру мақсатында таныс ты ры лымдар, көрмелер, әскери­қол данбалы спорт түрлерінен жарыстар өт кізіледі. Оның негізгі мақ саты – жастар дың бойында патриоттық сезімді ояту, Қазақстан тарихы бойынша білім­дері мен шығармашылық ынтала рын анықтау, таным дық бел сен ділігін арттыру, инже нер лік­техникалық мін деттерді орындау қабілеті мен дос тық қарым­қатынаста әре кет ету ге баулу, саламатты өмір салтын ұстануға бейімдеу.

Бұрнағы жылдарға қарағанда, жарыс түрлеріне айтарлықтай өз­герістер еніп отыр. Жиын бағ­дарламасы «Эрудит» интел лек­туалдық ойыны, «Менің роб отым» роботехникалық кон кур сы, пнев­ма тикалық винтовка дан ату, бел­те мірге тар тылу, әскери кросс, коман да лық пей нт бол, мега­арт «Айбын дауысы» фес ти валі, «World of tanks» ком пью терлік ойынын қамтиды.

«Айбын» жиыны жас тар үшін отан сүй гіштіктің, дос тық тың және тұлға болып қа лып тасудың шы­найы мектебі. Біз – бірлік туын берік ұстаған, бар шаға үлгілі көпұлтты елміз. Сондықтан да мемлекет үшін жас тарға рухани­адамгершілік тәр­бие беру және шын мәніндегі па­триотты дайындау өте маңыз ды. Бұл өз кезегінде мемлекет ке жас­тарды патриоттық тәр би елеудің жаңа моделін қа лып тастыруға көмектеседі. Әскери­патриоттық ұйымдар қозғалыстарының жұмысын жан дандырып, жастарды қа­зақстандық отаншылдыққа тәр бие­леуге бағытталған жобаларды іске асыратын болады.

айбын

Ел ертеңі – айбынды жас сарбаздар!––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жаңа қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел идеясы! Қазіргі заманда әлеуетті әскері бар, технологиясы мен білімі дамыған мемлекеттің жастары заман талабына сай сау-атты, білімді болуы қажет. Бүгінгі күні біз жастардың спортқа қызығушылығының өскеніне, Отан алдындағы парызын өтеуге деген құлшынысының күн санап артып келе жатқанына куә болып отырмыз. Осы жағдайлар қазір дәстүрге, жастардың тілімен айтқанда, «брендке» айналып отыр. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Б.Бекназаров ЭКСПО-2017 халықаралық көр-ме сіндегі Сингапур па ви ль онының ашылуында сөз сөйлеген болатын, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––Курчатовтық ғалым-д а р Е л б а с ы н ы ң бейбіт атомды дамы-ту тап сыр масына орай ядролық энергети-ка саласындағы жа-ңа лық тарды ғылыми ор та ға дендеп ен гі-зуде. «Токамак» тер-мо ядролық ма те ри-ал тану реакторы – ЭКСПО-2017 көр ме-сін де тұсауы кесілді. ––––––––––––––––––

Сингапур – сенімді серіктес ел

«Қазақстанда алғаш рет өт кі зіліп отырған ЭКСПО­2017 «Бола шақтың энергиясы» халық ара лық көрмесіндегі Сингапур Рес публикасы павильонның ашы луына қатысып отырғаныма қу а­ныштымын. «ЭКСПО­2017 көрмесін Қазақстан энергетика мен экология мәселелерін ше шу дегі заманауи интел­ле к туа л дық технологияларды дамыту са ласындағы озық тә жі ри бе лермен алма­сатын жаһандық дең гейдегі алаң ретінде қарас ты рады», деді Б.Бекназаров.

Сондай­ақ, ол Сингапур Пар ла менті­нің басшысы Халима Якоб ха нымның көр ме ге қа ты суы біз үшін үлкен мәртебе ек е нін атап өтті. «Бұл екі мем ле кеттің жо ғары деңгейдегі пар ламентаралық жә­не іскерлік ын ты мақтастығының дәлелі.

Біздің елдерімізді қазіргі Қазақстан мен Сингапурдың негізін қа лып тастырған көшбасшылар Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Премьер­министр Ли Куан Ю орнатқан берік достық қаты нас­тар байланыстырып отыр», деді Төраға орынбасары.

«Сингапур – сауда­эко но ми калық және кон салтингтік тұр ғыдан Қазақстан үшін се німді әріптес. Мемлекет құ ры­лы мындағы тәсілдеріміз, әлемдік сая­сат пен экономика мәселелері жөніндегі ұста нымдарымыз өзара сәй кес келеді. Көптеген сту дент теріміз осы елде білім алып, қазіргі таңда еліміздің игілігі жо­лында еңбек етуде».

Осылай деген Б.Бекна за ров Син га­пур дың қол жет кізген жетіс тіктеріне

қазақ стандықтар үл кен қы зығушылық та нытатынын айтты. «Ли Куан Ю ұзақ мер зімді, тұрақты жә не жаңа же тіс­тіктерге қол же т кі зуге ба ғыт талған үлгіні қа лып тас тырды. Көрнекті саяси қай рат кердің ұстанымы – «Бас тысы, жа ңашылдықтан қорық па ған жөн», деді Төраға орынбасары.

«Біз бүгін Сингапурдың технология саласындағы сер пінді же тістіктерімен танысудың бі ре г ей мүмкіндіктеріне ие болып отырмыз. Көрменің ашылуы­на Сингапурдың қатысып отыр ға нына қуаныштымыз, – деді сөзі нің соңында Б.Бекназаров. – Инновациялық экономи­ка, энергетика, экология және әлеуметтік даму саласындағы сіздің елдің тәжірибесі өткізіліп отырған ЭКСПО­2017 көрмесінің мақсаттары мен ұстанымдарына толы ғы­мен сәйкес келеді».

Сингапурдың тәжіри бе сі мен танысу көрме қо нақ тарына ғылы ми­тех ни калық прогрестің озық үлгілерін тамашалауға, барша адамзаттың болашағы үшін адам мен табиғаттың маңызды үйлесімін терең түсінуге мүм кіндік береді.

Және көрменің бас­ты экспонатының бірі бо­лып отыр. Ұлттық Ядролық Орта лық тың бас директо­ры Эрлан Батырбековтың айтуынша, қазақстандық «Токамакқа» бүгінде әлем­д е г і я д р о л ы қ ғ ы л ы м и қауымдастық мүшелері ерек­ше қызығушылық танытуда. Материалтану реакторының негізі­термоядролық реак­ция, бұл ғылыми тілде­тер­моядролық синтез, яғни миллиондаған градус темпера­турада жүзеге асатын ядролық бірігу реакциясы деп аталады. Ғалымдар бұл реакторды жа­сау үшін 2003 жылдан бастап, 14 жыл бойы еңбек етіп келеді екен. Яғни Астанаға келуші туристердің басты назары осы «Токамакта» болмақ.

– Бүгінде бүкіл – әлем ғалым дары жаңа энергияның көзін ойлап табуға барлық күш­жі гер лерін жұмсап жа­тыр, – деді Эрлан Батырбеков. – Өйткені , жер бетінде көміртекті отын мен уранның қоры шектеулі. Сондықтан да энергиямен қамтамасыз етудің нақты б ір көз і ­термоядролық синтез, бұл

дегеніміз энергияның таусыл­мас қайнар көзі. «Токамакты» тіпті жердегі жасанды бір күн көзі десек те әбден лайық.

«Токамактың» ресейлік, жа пондық ғалымдармен де бірлесе жасап отырған бөлім­дері бар. Сонау 2003 жыл­дан бастап біздің ғалым­дар «Қазақстандық тер мо­ядролық материалтану реак­торы Токамак құру және іске асыруға ғылыми­техникалық қолдау (Токамак КТМ)» атты ҚР бағдарламасы Президент Нұрсұлтан Әбішұлының тап­сырмасымен жүзеге асырып келеді.

2010 жылдың 5 қыркүй е ­ гінде Токамак КТМ­ның алғашқы қанатқақты жо­басы іске қосыл ды. Онда қуаты 25кА болып табы­латын «алғашқы плазма» алынды. Ал 2012 жылы ма­мыр айында ТМД елдерінің

АТОМ­ТМД комиссиясы бо­лашақ термоядролық реа ктор­лардың вакумды камера және ішкі камералық бөліктерін іске қосуға болатындығын нақ тылады. Алыс­жақын ше т ел дердегі халықаралық тер­моя дролық қоғамдастықтың қазақ стандық Токамак КТМ­ға қызығушылығы арта тү­суде. Бұған дәлел әлемдегі ең ірі ғылыми орталықтар­мен бекітілген меморандум­дар атап айтқанда: Ресей­дің Курчатов инс титуты, INEA (Италия), «СIЕМАТ (Испания), JAEA (Япония) және тағы басқа елдер. Алдағы уақытта Токамак КТМ­ды қолданушылардың ха лық­аралық коалициясын құру жө нінде де ұсыныстар түсіп жатыр екен. Коалицияның алғашқысы болып жоғарыда атап өткендей, көш басын Ресей Федерациясы бас тап

отыр. Себебі, «Токамак» адамзат игілігі үшін қолға алын ған жоба, бейбіт атом­ды насихаттау барысында маңызы зор.

– 2016 жылы біз Токамак КТМ жобасының құрылысын жүзеге асыруда біршама жетіс тікке қол жеткіздік, – деді Эрлан Ғаділетұлы, –оған бюджеттен бөлінген қаражат осы жобаның сәтімен аяқталуына мүмкіндік берді. Жобаның аяқталу мерзімі, іске қосылуы Астанадағы ЭКСПО көрмесінде бастау алып отырғаны біз үшін үлкен мәр тебе.

Раушан

НұғМАНБЕКОВА, журналист

КуРчАТОВ

Суретті түсірген автор

Әдеби биеннале шақырады

Мира БАЙБЕК,«Егемен Қазақстан»

Президент Әкімшілігі мен Премьер­Министр кеңсесінің, Мәдениет және спорт мини стр лігінің, Сыртқы істер мини стр­лігінің, Ақпарат және комму никациялар министр лігінің, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жө ніндегі Ұлттық комиссияның, Қазақстан Рес пуб ликасындағы Біріккен Ұлттар Ұйым ының (БҰҰ) аймақтық өкілдігінің, «Ақ Орда» Республикалық қоз ға лы сының Құрметті төрағасы Қайрат Саты балдыұлының қол дау көрсетуімен Ұлттық кітап ха на ғимаратында бастал­ған Биенналеге әдебиет бойынша Нобель және басқа да сыйлықтар лау реат тары, белгілі жазушы лар, әлемнің 20­дан астам елінен ғы лым және мәде ни ет қай рат­керлері, 40­тан астам шет ел қонақтары келді.

Экономикалық өзара ықпал дас тықты нығайтумен қатар, әдебиет шілердің шығар ма шы лық әлеуетін пайдалана отырып, қоғамның рухани кеңіс ті гін кеңейте түсу қажет ті лі гін көрсетуді мақсат тұтқан Ха лық аралық әдеби би­еннале ЭКСПО­2017 көрмесіне арнал ған

мәдени іс­шаралар топтамасы ая сында өткізілуде.

Аталмыш шара Қазақстанды ұлт тық мәдениеті мен менталитеті сан алуан халықтардың бір­бірімен тату тұратын әрі достық пен рухани тұтастыққа ұласқан сындарлы байланыстар орна­та алатын қоғам үлгісі ретінде таныта түспек.

12­14 маусым аралығында өтетін, «Орталық Азия – Араб әлемі: тарих пен мәдениеттің өзара ықпалдастығы» халық аралық ғылыми­тәжірибелік кон­ференция сы, Библио­түн, «Қоғамның ру­хани жаңғы ру ындағы кітап ха налардың рөлі», «Ұлттық авторларды ағылшын тіліне аудару» атты дөң гелек үстелдер, «Маған кітап оқып берші» халықаралық акциясы, бей ресми әңгімелесу, кітап­экс­по зи ция лық және фото көр ме лер, арнайы экс курсиялық бағ дар ламалар, әлем­ге танымал жазушылармен кездесулер сияқты бірнеше бағдарламаны қам ти тын Биеннале қорытындысы бойынша Әлем мәдениеті қайраткерлеріне Үн деу жаса­лынатын болады.

АЛМАТЫ

–––––––––––––––––Қазақстан Рес пуб-ли касының ұлттық к ітап ха насы мен Қазақстан Жа зу-шы лар одағы бір ле-сіп ұйымдастырған «Қо ғамның руха ни көк жи егіне жа зу-шы лар дың ық палы. Әлем нің тұ рақ ты да-муы» атты ха лық ара-лық әдеби биеннале келушілерге есігін ай қара ашты. –––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы алғашқы мәдени іс-шарасы Н.Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концертімен басталды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Көрмеде Токамак жобасы іске қосылды

Айгүл СЕЙІЛОВА,«Егемен Қазақстан»

«Отырар сазы» оркестрі ұлттық аспаптарымыздың аса бай түрлерімен танысуға мүмкіндік беретін бірден­бір оркестр. Оркестрде домбыра мен қобыздан басқа баға жетпес мәдени мұра болып есептелетін жетіген, шер­тер, шаңқобыз, мес қо быз, сырнай мен сазсырнай, сы бызғы мен асатаяқ, дауыл­паз, тұяқтас қоңырау, қайрақ үн қатады. «Отырар сазының» негізін қалаушы

– Халық қаһарманы, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ком­позитор Нұрғиса Тілендиев еді. Музыка өнерінде қайталанбас із қалдырған тұлға оркестрді бірегей шығармашылық ұжымға айналдыра білді. Бүгінде ұжымға Н.Тілендиевтің қызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева жетекшілік етеді. Ал оркестрдің ди­рижерлері – Қазақстанның еңбек сі ңірген әртісі Жалғасбек Бегіндіков пен Мүсілім Әмзе. Оркестр тек өз елімізде ғана емес, әлемнің көптеген ел дерінде концерт өткізіп жүрген таң даулы ұжымдардың қатарында.

Астанада өткен концертке де «Отырар сазының» мол дайындықпен келгені көрінді. Қазақстанның еңбек с ің ірген қайраткерлер і Жәмила Серкебаева, Жәмила Баспақова, Гүлзия Стамбек, Лариса Насретдиновалар, сон­дай­ақ, Халықаралық байқаулардың лау реаттары Бақтыгүл Бисембаева, Фархад Кубиев, Нұрсұлтан Ша тыр­ханұлы концертте қазақ жә не шет ел композиторларының шығар ма ларын орындады.

«Отырар сазы» бастап берді

Page 14: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

14 12 МАУСЫМ 2017 ЖЫЛ

Сочи Олимпиадасынан сабақ алдық па?

Тоғыз айдан кейін Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында ХХІІІ Қысқы Олимпия ойындарының алауы жағылады. Ақ қар, көк мұз үстіндегі бұл аламанда əлемнің 90-ға жуық мемлекетінен қысқы спорттың небір хас шеберлері бақ сынайды екен.

Қысқы Олимпиада демекші, осы-дан төрт жыл бұрын Сочиде өткен ойындарда біздің ел Денис Теннің жалғыз ғана қола жүлдесімен көңіл жұбатқан. Аталған доданы көзбен көрген мына біз спорттық делегация-мызды басқарған азаматтардың сол кезде қатты сасқанына куə болған едік. Теннің «қоласы» болмаса, абыройдан жұрдай болады екенбіз-ау деп біз де демімізді ішке алғанбыз. Несін айта-сыз, сол Сочи біздегі қысқы спорттың кенжелеп қалғанын, қысылғанда қайрат қылар ұл-қыздарымыздың жоққа тəн екендігін көзге шұқып көрсеткен еді-ау...

Жоғарыдағы əңгімемізге оралайық. «Туған ай тураған етпен тең» деген қазақ. Əне-міне дегенше тоғыз айдың қалай өте шыққанын білмей де қаламыз. Сол себепті, осы бастан қамданбасақ болмайды. Қазақ елінің қысқы спортта таласы бар өрендеріне тастүйін дайын-дық керек. Ендігі мəселе мынада: біз Сочи-2014 Олимпиадасынан сабақ ала білдік пе?

Таяуда Спорт жəне дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовпен кездескенімізде , арадағы əңгімеміз қыр астындағы қысқы Олимпиадаға деген даярлық барысы арқау болды. Төрағаның ай-туынша, бүгінгі күннің өзінде 62 спортшымыз жолдамадан үміткер екен. Ал мұзда мəнерлеп сырғанаушы шеберлеріміздің лицензиясы ресми түрде расталған. Жолдаманың басым бөлігін алдымыздағы 2017-2018 жылғы маусымда өтетін халықаралық турнир-лерде алу жоспарланыпты.

Бұдан бөлек, ел құрамасының қысқы Олимпиадаға деген даярлығын талқылаған жиында Ұлттық Олимпиада комитет ін ің президенті Тимур Құлыбаев қалың ұйқы құшағында жүрген федерацияларды ояту керек деді. «Ұлттық құрама командалардың даярлық барысына Ұлттық Олимпиада комитеті жетекшілік ететін болады. Бізде «ұйқыдағы» федерациялар бар, оларға қозғау салатын уақыт жетті. Бұл шаруадан мəн шықпаса, онда оларды ауыстырамыз. Бізге спорттың жілігін шағып, майын ішкендер ғана емес, со-нымен қатар, осы саланың дамуына ин-вестиция құюға дайын адамдар керек», – деп атап айтты Құлыбаев мырза.

«Үш күндігін ойламаған əйелден без, үш жылдығын ойламаған ер-кектен без» дейді халық даналығы. Мұның бəрі дұрыс, əрине. Ерте бас-тан қамданған – күні ертең қапы қалмайды. Бірақ, осы жолғы дода-да Денис Теннен басқа үміт артатын кіміміз бар, өзі? Кешегі өткен XXVIII Бүкілəлемдік қысқы Универсиада жа-рысында 11 алтын, 8 күміс жəне 17 қола медальмен жалпы есепте тек қана Ресейді алға жіберіп, мəрені екінші бо-лып қидық деп мақтанғанда алдымен мəселеге тереңірек үңіліп алуымыз ке-рек шығар. Біріншіден, Олимпиада мен Универсиаданың арасы жер мен көктей. Екіншіден, студенттердің сол сайысына қысқы спорттағы саңлақтарымыздың бəрін қостық. Соның өзінде көршіміздің шаңына ілесе алмадық. Мақтаулы Денис Теннің деңгейі төмен бол-ды, жарылқайды деп жүрген желаяқ қызымыз Екатерина Айдова айдалада қалды, Роман Кречке де риза бол мадық, шорт-трекшілеріміз ол – шаң жұтып қалды. Бұларды алабөтен атап отыр-ғанымызда себеп бар: аталған спорт-шылар – Олимпиадада жүлде алады деп үміт артқан айналайындарымыз. Осының бəріне қарап отырып, «Əй, осы біз Сочиден сабақ ала алдық па?», деген ойға қаласың...

Иə, бүгінгі күнде Қазақ спортында қабырғалы өзгерістер болып жатыр. Ескі жүйенің орнына əлемдегі озық тəжірибелерге сүйенген есті жүйе келді. Мұнда спорттық федерацияларға мол мүмкіндіктер мен басымдықтар берілген. Жалпақ тілмен айтқанда, олардың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болады. Бірақ, сенім жүгі ар-тып, жауапкершілік те күшейген. Ес-туімізше, спорттың бірнеше түрінен шетелдік мамандар спортшыларымыз-ды жаттықтырып жүр екен.

Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы ел құрама командала-рын төртжылдықтың басты додасы-на дайындағанда кешенді-ғылыми топ тардың (КҒТ) маңызды рөл ат-қаратынына ерекше мəн беріп отыр. Дегенмен, өңірлерде қысқы спортты да-мытпай, инфрақұрылымға инвестиция құймай, шаңғы мен конькиді түсінде көретін балалар мен жасөспірімдерге жағдай жасамайынша, көсегеміз көгермейді. Міне, бірінші кезекте осыған мəн беру керек. Артынан қаулап өскен өңкей талант тіреп тұрмаса, ат төбеліндей аз ғана топпен алысқа бар-масымыз анық.

Қайрат �БІЛДИНОВ,

«Егемен Қазақстан»

МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ ФУТБОЛ

Тоғыз жасында топ жарды––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жақында шымкенттік тоғыз жасар Кәусар Ыбырайқызы мәнерлеп сырғанаудан Ресейде  ткен халықаралық турнирде 1-орын алып, қазақ елінің абыройын асқақтатты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Бала біткенді мультфильммен ал-дандыруға болады деген ата-аналардың қателесетінін осы Кəусар қыз дəлелдеп берді. Ес білгеннен спорттық жарыс-тар ды қызыға тамашалаған кішкентай көрермен, əсіресе, Сочиде өткен қысқы Олимпиада кезінде «көкжəшіктің» ал-дынан жиі табылған. Содан кейін ел қор-жынына жалғыз жүлдені салған Денис

Тенді теледидардан көрсе қуанышын

жа сырмаған. Қы -зының бо йын да ғы осы бір ерек ше-лікті, мə нерлеп сыр ға науға деген

қызығушылығын аңғарған анасы Жанбота Атабекова қысқы спорт мек-тебіне ертіп барады. Сөйтіп, Кəусар №8 қысқы спорт мектебінде тəжірибелі жаттықтырушы Марина Шевчуктан мұз үстіндегі өнерді үйрене бастай-ды. Жаттықтырушысымен тез тіл та-бысып, мəнерлеп сырғанаудың əрі өнер, əрі спорт екенін ерте ұғынған ол табандылығының арқасында елімізде өткен біріншіліктерде жүлделі орындар-дан көрінді. Нəтижесінде, халықаралық жарысқа қатысуға мүм кіндік алды. «Қызымның Ресейде өте тін халықаралық жарысқа баратынын ес тігенде қатты қуандым. Мəскеуге барғанымызда Ресейде спортқа қатты көңіл бөлінетінін

аң ғардық. Əлемдік стандартқа сай спорт кешенінде дү-ниенің түкпір-түкпірінен

кел ген спортшыларға қарап, жарыста Кəусарға қиын болатын

шығар деп топ шыладым. Олардың осалы жоқ, бар лығы тек жеңіске жетеміз деп келеді емес пе? Кəусар мұз айдыны-на шық қанда жүрегім дүрсілдеп, қатты тол қыдым. Дегенмен, қызым айдын да өзін еркін ұстап, секундтар өткен сай-ын менің күдігімді сейілтіп, сені мімді ны ғайта берді. Мың бұрала би билеп, кө рермендерді тəнті етті. Ең жо ғары ұпай жинады. Осылайша ол тур нир жеңімпазы атанды. Оның жаттық ты-ру шысы Марина Шевчукке жəне оқу-шы ларға жағдай жасап отырған мектеп директоры Бақытжан Зиябековке алғыс айт қым келеді», дейді Кəусардың анасы.

Кəусардың жеңіске жетуіне биге құмарлығы да септігін тигізгені анық. Ол қаладағы өнер мектебіндегі би үйірмесіне қатысады екен. Яғни, оқумен қатар спортқа да, би үйірмесіне де баруға уақыт тауып жүр. «Мұз айды-нында өнер көрсеткен қарсыластарыма қарап, «менен асып бара жатқан ештеңесі жоқ екен ғой», деп ойладым. Содан кейін өз-өзіме деген сенімділік пайда болып, ойымдағыны жүзеге асыра алдым», дейді Кəусар.

Тоғыз жасында халықаралық тур-нирде топ жарған Кəусар Ыбырайқызы болашақта қысқы Олимпиада жүлдегері немесе жеңімпазы болуды армандайды. Жəне осы мақсатта уақытының көбін спорт пен өнерге арнайтынын да

айтты.

ШЫМКЕНТ

● Италия астанасы Римде жеңіл атлетикадан «Гауһар лига» сайысының төртінші кезеңінде отандасымыз Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден қола медаль иегері атанды. Турнирдің алтын жүлдесіне Рио-2016 Олимпиадасының күміс жүлдегері венесуэлалық Юлимар Рохас 14.84 метр көрсеткішпен ие бол-ды. Ал Рио ойындарының чемпионы колумбиялық Катрин Ибаргуэн 14.78 метр нəтижемен жарысты екінші болып аяқтады. Төртінші кезеңнен кейін Юлимар Рохас сегіз, Катрин Ибаруэн жеті, Ольга Рыпакова алты ұпай жинады.

Еске салсақ, «Гауһар лига» жарысы 14 кезеңнен тұрады.

– Елмұрат Мұқашұлы, сіздің ел кикбоксингі та ри-хын да өз орныңыз бар екенін жақ сы білеміз. Бірақ жақында сіз ді кəсіпқой боксшылар Ба-тыр Жүкембаев пен Абы лай хан Құсайыновтың жанынан кө ріп қалдық...

– Негізі, біз де спортты сол бокс тан бастағанбыз. Алматы об лы сындағы Еңбекшіқазақ ауда-нына қарасты Нұра ауылында бокс үйірмесіне барып жүрдім. Кейіннен ғой кикбоксингке ауыс-қанымыз. Сондықтан соң ғы жыл-дары басымдықты олим пиялық спорт түріне беруді жөн тауып, жастарымызға аздап қол ғабыс етіп жүрген жайымыз бар.

– Екі боксшының соңғы жек пе-жектеріне қатысты бап-кер ретінде берген бағаңыз қан дай?

– Бұл бокс кешіне көпшіліктің көңілі толды. Батыр өзінің шыны-мен мықтылығын дəлелдей білді. Себебі, оның қарсыласы осал емес еді. Тəжірибелі, əрі ата ғы да бар. Соған қарамастан, Батыр дың басымдығы көзге анық көрініп тұрды. Абылайхан да жарады. Жас бола тұра кəсіп қой боксқа кездейсоқ келмегенін аң ғартты. Екеуі де дарынды. Батыр дың жойқын соққылары, жыл дам дығы шетелдік мамандар тара пынан да ескерусіз қал ған жоқ. Абылайхан

да сол аға сы ның ізін басып, жаңа белес тер ді бағындыруға ұмтылып келеді.

– Батырмен таныстық қалай басталған еді?

– Спортқа жанашыр бауыр-ларымыздың арқасында «осы салада жетістікке жетсем, ел абы ройын асқақтатсам» деген жастарымыздың қасынан табыл-дық. Батырмен үш-төрт жылдан бері бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Кейіннен бұл қатарға Абылайхан да қосылды.

Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Жанқош Тұраров секіл-ді бірталай боксшылары мыз

мұхит асып, қазақтың жуан жұ-дырығының əлеуетін байқатып жүр. Мақсат жастарымыз да сол ағаларының жолын қуса екен дейміз. Бұлар ізбасар інілеріміз ғой. Бұрындары батырларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел үшін, жер үшін қасық қаны қалғанша күрессе, бүгінгінің батырлары қазақтың атын жер-жаһанға та нытсақ дейді. Рас, бүгінгі күнде əлем Қазақстанды

білім, өнер жəне спорт сала ла-рындағы тола ғай табыстары мен береке-бірлігі арқылы танып, мойындай бастады. Ендеше, осы бағытты ұстанғандарға неге көмектеспеске?! «Ағайынның аты озғанша, ауылдасыңның тайы оз-сын» дейді ғой қазақ.

– Кəсіпқой бокста тағы кім-дерге қолдау көрсетіп жүр сіз?

– Асқат Уəлихановтың аяқ алысына қуанамыз. Одан бөлек, Қанат Ислам мен Жанқош Тұ ра-ровқа қолдан келгенше қолдау көрсеттік алдағы уақытта да кө-мек тен аянайын деп отырған жоқпыз.

– Кез келген кəсіпқой бокс-шы атақ-даңқпен қатар мол табысқа кенелгісі ке ле рі анық. Жалпы, Батыр мен Абы-лайханның алдына қой ыл ған басты міндет қандай?

– Бүгінге дейін Батыр тоғыз кездесуінің сегізін мерзімінен бұрын аяқтады. Бастамасы жаман емес. Дегенмен, осы жетістіктің өзіне дандайсып кетпеуі керек. Негізі, Батыр да, Абылайхан да өте қарапайым жігіттер. Батыр аты аңызға айналған Мұхамед Əли, Мэнни Пакьяо немесе Майк

Тай сон секілді былғары қолғап шеберлерінің жетістіктеріне жет-се, соған ұмтылса дейміз. Ең бас-ты сы, бұлардың көздерінде от бар, екеуінің де болашағы алда. Тек, еңбекқорлықтан танбау ке-рек.

Кезінде өзімнің де күніне үш-төрт сағат қана ұйықтап, жаттығу жасаған кездерім аз болған жоқ. Таңның атысы, күннің батысы залдан табылатынбыз. Соның арқасында Еуропада, Азияда үздік болдым. «Мені жеңетін қазақ əлі туған жоқ», деп жар салған əйгілі кикбоксшы Шабан Шадмановты да Еуропа чемпионатының фи-налында жеңдім. Үш рет əлем біріншілігіне қатысып, қола жүлдегер атандым. «Қоянды қамыс, ер жігітті намыс өлтіреді» деп айтады. Бізді де алға, жаңа жетістіктерге жетелеген – на-мыс. Енді біздің інілеріміз Серік Қонақбаев ағалары секілді өздерінің есімдерін бокс жылна-масына алтын əріптермен жазып қалдырса дейміз.

– Батыр мен Абылайханның жекпе-жектері шет елдерде өте ді. Ал жаттығу жұмыстары жол ға қалай қойылған?

– Əлгінде айтқандай, спорт-қа бейжай қарамайтын аға-ла рымыздың арқасында жат-тығуларына барып тұрамыз. Кезде су лер алдында осы бокс-шыла ры мыздың қасынан табы-лып, білген-түйгенімізбен бөлісіп, ақыл-кеңесімізді береміз. Бұл ба-лалардың болашағына қатысты жоспарлар аз емес. Алла сəтін салса, жастарымыздың əлемдік дең гейде танылуы жолында көп-теген жұмыстар істейтін бола мыз. Арық айтып, семіз шық қанға не жетсін! Іні ле ріміз біз ба ғындыра алмаған асулардан асса екен деп тілейміз.

– Сіздердей қамқоршы ағалары барда, олар əлі талай жетістікке жетеді деп ойлай-мыз. Əңгімеңізге рахмет.

Мадина АСЫЛБЕК,журналист

АСТАНА

СҰХБАТ

«Батыр мен Абылайханның болашағы алда»

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың IBO International белбеуін иеленгенін сүйіншілей хабарлағанбыз. Канаданың Монреаль қаласында  ткен жекпе-жекте ол мексикалық тәжірибелі Косме Ривераны мерзімінен бұрын ұтса, тағы бір жерлесіміз Абылайхан Құсайынов та қарсыласынан басым түсті. Сол бокс кешінде осы былғары қолғап шеберінің жанында ақыл-кеңесімен б лісіп жүрген еліміздің танымал кикбоксшысы Елмұрат ҚАЙЫПЖАНОВТЫ к зіміз шалып қалды. �ткен ғасырдағы 90-жылдардың соңына қарай кикбоксингтен әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанып, Азия мен Еуропада топ жарған Елмұрат Қайыпжанов соңғы уақытта былғары қолғап шеберлерін даярлауға ден қоя бастаған екен.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

WSB жобасында сынға түсіп жатқан «Астана арландары» клубының боксшылары Ұлыбритания «British Lionhearts» командасына қарсы өткен жартылай финалдың екінші кездесуінде 3:2 есебімен басым түсті. Жартылай финалдың қорытындысы бойынша қазақстандық клуб қарсыласын 7:3 нəтижесімен жеңіп, жобаның финалына шықты.

«Арландар» сапынан алғаш шаршы алаңға Олжас Сəттібаев шығып, қарсыласы Дин Фаррелды 2:1 есебімен ұтты. Екінші кездесу-де Зəкір Сафиуллин (60 кг) қарсыласы Чад Милнсды екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңді. 69 кило салмақтағы Асланбек Шымбергенов үндістандық легионер Кумар Манодждан басым түсті. Ал, Арман Рысбек (81 кг) WSB жобасында бірінші рет жеңілді. Ол Томас Уитаккер-Хартудан 1:2 есебімен ұтылса, аса ауыр салмақтағы дебютант Нұрсұлтан Аманжолов өзінің алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді.

БОКС

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

СПОРТ

Қайрат �БІЛДИНОВ,«Егемен Қазақстан»

Дания құрамасы біздің к о м а н д а н ы т ы м а қ п е н ұрып алды деп айтуға ауыз бар майды. Бірінші тайм-да Қазақ елінің құрамасы өзінен шеберлік деңгейі əлдеқайда жоғары ұжымға қ а р с ы т е ң д ə р е ж е д е өнер көрсетт і . Де ген-мен, қонақтардың шабу-ылы жиі əрі қауіптірек болды. Соның айғағындай, матчтың 27-минутында дат шабуылшысы Николай Йоргенсон есеп ашты. Біз дің футболшылардың есепті теңестірер бірнеше мүм кіндігі болған. Бірақ, шабуылды түйіндейтін ше-шуші сəтке келгенде ойын-шыларымыздың ойлағаны іске аспай-ақ қойды.

Бірінші таймның бі-туіне екі минуттай уақыт қалғанда құрамадағы көш-басшы ойыншылардың бірі Бауыржан Исламхан дөрекі ойыны үшін алаң-нан қуылды. Мақтап жүр-ген капитанымыз əуе де болған доп үшін талас та дат ойыншысы Вил льям Квистің жағынан шын тағы-мен ұрған еді.

Капитаны қуылып, адам саны кеміп қалғаннан кейін Қазақстан құрамасының ойынынан мəн кетті. Бұл аздай-ақ, кездесудің 50-ми-нутында қорғаушыларымыз өз айып алаңында Юссуф Поульсенге қарсы тəртіп

бұзып, төреші біздің қақ-паға 11 метрлік айып до-бын белгіледі. Кристиан Эриксен пенальтиден мүлт кетпеді. Ресейлік төреші Владислав Безбородовқа артар өкпе жоқ. Шешімінің бəрі де дау тудырмайтындай əділетті болған еді.

Негізі, Дания футбол-шыларының біздің қақпаға допты қарша боратарлық талай мүмкіндігі болды. Бірақ əбүйір болғанда, соққылардың көбі қақпадан қиыс кетіп жатты, кейбіріне қақпашымыз Лория тос-қауыл қоя білді.

Е к і д о п е н г і з і п , көңілдері жайланған соң қонақтар сəл босаңсып, с ы л б ы р л ы қ т а н ы т қ а н сəттің бірінде Исламбек Қ у а т қ а р с ы қ а қ п а д а н саңылау тауып, жауап гол соққан болатын. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа бар-мады. Алаңға ойыншы алмастырып шыққан Кас-пер Дольберг ойынның 81-ми нутында есептегі екі гол айырмашылықты қайта қалпына келтірді.

Жалпы, бұл ойында біздің Лория қорғаған қақпа торында алты бірдей доп

тулаған болатын. Алайда, оның үшеуін төреші ойын-нан тыс соғылды деп са-намай тастады.

Обалы нешік, біздің футболшылар ойыншы са ны ның аздығына қара-мастан, намысқа тырысып, азу көрсетіп бақты. Бірақ та, деңгейі жоғары қарсыластың алдында қажыр-қайрат һəм техникалық тұрғыда өзінің əлсіздігін амалсыз мойындады. Сонымен, ресейлік маман Александр Бородюк баптаған Қазақстан құрамасы қатарынан үш ойында жеңілістің ащы дəмін татты.

Енд і , Қазақ ел ін ің футболшылары іріктеу тур ниріндегі келесі ойын-ды 1 қыркүйек күні Чер-ногория ко ман дасымен өз ала ңын да өткізеді. Аталған қар сыласпен арада өткен бірінші кездесуде біздің футболшылар 0:5 есебімен ойсырай ұтылған болатын.

Қазақстан – Дания – 1:3 (0:1)

Николай Йоргенсен, 27 (0:1). Кристиан Эриксен, 50 пенальти (0:2). Исламбек Қуат, 76 (1:2). Каспер Дольберг, 81 (1:3).

Мықтының мысы басты––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Футболдан Қазақстанның Ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындары аясында Дания елінің құрамасын қабылдап,  кінішке қарай 1:3 есебімен жеңіліп қалды. �ткен жылы осы елдің құрамасымен  ткен алғашқы матчта да футболшыларымыз 1:4 есебімен есе жіберген болатын... ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сурет DV.dk сайтынан алынды

Турнир кестесіЕ тобы

О Құрамалар О Ж Т Ұ Доп Ұпай1 ПОЛЬША 6 5 1 0 15-7 162 ЧЕРНОГОРИЯ 6 3 1 2 14-7 103 ДАНИЯ 6 3 1 2 10-6 104 РУМЫНИЯ 6 1 3 2 7-7 65 АРМЕНИЯ 6 2 0 4 7-14 66 ҚАЗАҚСТАН 6 0 2 4 4-16 2

Page 15: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

12 маусым 2017 жыл 15

Егер сіз «Егемен Қазақстан»

газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана 37-64-48, 37-60-49.

Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11.

Электронды пошта: [email protected]

«Ақтөбе мұнай жабдығы зауыты» акционерлік қоғамы төмендегідей сұрақтарды күн тәртібінде қарау үшін акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыратыны туралы хабарлайды:

1) 2016 жылға қоғамның жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы; 2) 2016 жылғы таза кірісті бөлу тəртібі жəне қоғамның бір жай акциясына

есептелген дивиденд мөлшерін айқындау туралы;3) Акционерлердің қоғамның жəне оның лауазымды тұлғаларының іс-

əрекетіне өтініштері жəне оларды қарау қорытындылары туралы сұрақты қарау туралы.

Жиналыс 12.07.2017 ж. жергілікті уақытпен сағат 10.00-де атқарушы ор-ган орналасқан жері бойынша өткізіледі: Ақтөбе қаласы, 312-атқыштар ди-визиясы д-лы, 42 ж. Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты: сағат 09.00. Егер жиналыc болмауы жағдайында, жиналыс 13.07.2017 ж. сол уақытқа ауыстырылады. Акционерлердің тізімін жасау күні: 12.06.2017 ж. Жиналыс қоғамның Директорлар кеңесімен шақырылады. Күн тəртібінің сұрақтары бойынша материалдармен акционерлерді таныстыру тəртібі жəне жиналысты өткізу тəртібі: атқарушы органның орналасқан жерінде жəне «Акционерлік қоғам туралы» ҚР Заңына жəне қоғамның жарғысына сəйкес. Жиналысты жүргізуге негіз болатын заң актілерінің нормалары: «Акционерлік қоғам туралы» ҚР Заңы.

«Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, академик Марғұлан көшесі, 115-үй, байла-

ныс телефоны: 61-63-51, Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама

басқармасының «Шанырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас-шысы - облыстық мемлекеттік кәсіпорын басшысы бос ла-

уазымына конкурс жариялайдыКәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты – барлық ұлыстардың

мəдени болмысын сақтау шартында азаматтарды қазақстандық қоғамның бірыңғай рухани-мəдени құндылықтарына тарту: мəдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру: Павлодар облы-сында тұратын халықтардың мəдениетін, өнерін, салт-дəстүрлерін сақтауға жағдай жасау: инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету, кəсіпорынның материалдық-техникалық базасын нығайту жəне өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру: облыстың мəдениет саласындағы қызметкерлерінің кəсіптік деңгейін арттыру: мəдени-сауық қызметі мəселелері бойынша аудандық ұйымдарға ғылыми-əдістемелік, тəжірибелік жəне кеңестік көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары кəсіптік, мəдениет мекемелерінің басқару лауазымда-рында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы керек. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тура-лы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мəдениет туралы» заңдарын жəне Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың мəдениет жəне өнер мəселелері бойынша актілерін, мəдени-сауық жұмысының нысандары мен əдістерін, халық шығармашылығын дамыту перспективаларын, отандық жəне шетелдік əдістемелік орталықтармен шығармашылық көркемөнерпаздар ұжымдарының жұмыс тəжірибесін, еңбек туралы заңнамалар негіздерін, еңбекті қорғау жөніндегі ережені, экономика жəне қаржы негіздерін білу.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны конкурс жариялаған Павлодар облысы мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқар-масында құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін он бес күнтізбелік күні ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі:1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) Мемлекеттік жəне орыс тіліндегі түйіндеме;3) Еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) Білімі туралы құжаттар;5) Еңбек кітапшасы (бар болса) немесе еңбек шарты не болмаса

белгіленген тəртіпте куəландырылған сонғы жұмыс орнына жұмысқа қабылдануы жəне жұмыстан босатылуы туралы бұйрық көшірмелері;

6) Денсаулық жағдайы туралы белгілі нысандағы анықтама.Конкурсқа қатысушы білімі, жұмыс өтілі, кəсіби даярлық дең-

гейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дəреже мен атаққа ие болуы, ғылыми мақалалары, сонымен қатар, алдындағы жұмыс орны басшысынан ұсыныс туралы құжаттар көшірмелерін жəне тағы басқа) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарлама бұ-қара лық ақпарат құралдарында жарияланған күнінен бастап 15 күн тізбелік күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша «Павлодар облысының мəдениет, архивтер жəне құжаттама бас қар-масы» ММ-ге жіберілуі керек.

Акционерное общество «Актюбинский завод нефтяного оборудо-вания» объявляет о созыве годового общего собрания акционеров для рассмотрения на повестке дня следующих вопросов:

1) Об утверждении годовой финансовой отчетности общества за 2016 год; 2) Об определении порядка распределения чистого дохода за 2016 год

и размера дивиденда в расчете на одну простую акцию общества;3) О рассмотрении вопроса об обращениях акционеров на действия

общества и его должностных лиц и итогах их рассмотрения.Собрание состоится 12.07.2017 г. в 10 час. местного времени по месту

нахождения исполнительного органа: г.Актобе, пр.312-стрелковой диви-зии, 42ж. Время начала регистрации участников собрания: 09.00 час. При отсутствии кворума собрание переносится на тоже время 13.07.2017 г. Дата составления списка акционеров: 12.06.2017 г. Созывается Советом директоров общества. Порядок ознакомления акционеров с материалами по вопросам повестки дня и порядок проведения собрания: по месту на-хождения исполнительного органа и в соответствии с Законом РК «Об акционерных обществах» и Уставом общества. Нормы законодательных актов, в соответствии с которыми проводится собрание: Закон РК «Об акционерных обществах».

АО «GALANZ bottlers», 040705, Казахстан, Алматинская обл, Илийский р-н, с.Байсерке, ул. С. Бейбарс, уч. 27, уведомляет об увеличении сроков Генерального кредитного соглашения №200\0156-11 от 25.03.2011 г., Генерального кредитного соглашения №200\4896-12 от 01.10.2012 г., заключенных с АО «Цеснабанк», до 01.11.2017 г.

«GALANZ bottlers» АҚ, 040705, Қазақстан, Алматы обл., Іле ауд., Байсерке а., ул. С.Бейбарыс к-сі, 27-учаске, 01.11.2017 ж. дейін «Цеснабанк» АҚ-пен жасалған 25.03.2011 ж. №200\0156-11 Бас кредиттік келісім, 01.10.2012 ж. №200\4896-12 Бас кредиттік келісім мерзімдерінің арттырылғандығы туралы хабарлайды.

Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының басшылығы мен ұжымы белгілі ғалым, соғыс жəне еңбек ардагері

Нұри Едігеұлы ЕДІГЕНОВТІҢқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Ақтауда алқалы жиын өтті. Жүздеген бел сенді жастардың басын қосқан жиын – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акцио-нер лік қоғамының компаниялар тобына кіретін өндірістік жəне сервистік мекемелер жанынан құрылған жас мамандар кеңестері мүшелерінің отырысы. 400-ге тарта жастар жиылған форумға Маңғыстау облысының əкімі Ералы Тоғжанов, өзге де жергілікті атқару ұйымдарының бас-шылары, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компания-сы» акционерлік қоғамының адам ресурстарын басқару жөніндегі вице-президенті С.Әбденов жəне өндірістік мекеме жетекшілері қатысты.

– Жастар – қозғаушы күш. Жастар – елдің ер теңі. Олардың жасампаздыққа ұмтылысы, білім шыңына өрмелеп, елге қосар үлесі – жар қын болашақ кепілі. Бүгінде мен білімді де білікті, еңбекқор да отансүйгіш, көк ту-ымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатар жастармен кездесіп отырмын. Киелі өлкенің жас перзенттері осал болмайтынына сенемін. Осындай еркін форматтағы кездесу – екі тарапқа да жақсы мүмкіндік, тəжірибе алма-су алаңы болмақ, – деп форумды ашқан аймақ басшысы Е.Тоғжанов облыс экономикасының күретамыры саналатын – мұнай өнеркəсібі саласындағы жастармен кездесудің мəн-маңызы зор екендігін атап өтті.

Мемлекет басшысы 2012 жылдың 17 қара-шасы күні өткен «Жас Отан» Жастар қана ты-ның II съезінде жұмысшы жастармен жұ мыс ты күшейтіп, ірі кəсіпорындар мен меке мелерде жастар ісі жөніндегі арнайы құры лымдар құру бойынша нақты тапсырма берген болатын. Маңғыстау өңіріндегі жастар саясатына қатысты жұмыстар Елбасының тапсырмасын орын-дау аясында жүргізілді. Облыста 30 өндірістік кəсіпорында жастардың мекеме қызметіне жəне қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз ету, олардың кəсіптік жəне мансаптық өсуіне жəрдем ету, жас мамандардың ортақ жəне жеке проблемаларын анықтау мақсатында жастар ісі комитеттері мен кеңестері құрылды. Олардың қатарында 2871 жас маман бар. Өңірде жұмысшы жастарды қоғамдық мəдени іс-шараларға тар-ту жəне олардың шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында 30-дан астам мекеме-де жұмысшы жастармен тұрақты іс-шаралар өткізіліп келеді.

Форумда «ҚМГ» АҚ Жастар саясатының төрағасы С.Қайгелдинов компанияда жа-стар мəсе ле сінің жүргізілуі туралы баяндады. Айтуын ша, компанияда рационализаторлық дамыту бағыты, мəдени, сондай-ақ, кəсіби да-мыту бағыттары, əлеуметтік бағыт, саламатты өмір салтын, спортты дамыту бағыттары нақты жолға қойылған.

Аталған əр бағыт бойынша компанияда жасалып жатқан жұмыстарды таныстыру үшін кезек мұнайшы жастарға тиісімен олар өздеріне тəн жігермен форум жұмысын іліп əкетті.

Алғашқы болып рационализаторлық дамыту

бағыты бойынша сөз алған «Өзенмұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесінің төрағасы Бауыржан Баймбетов өз мекемесі қабырғасында иннова-ция лық даму бағыты бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, жастардың мұнай өндіру процестерін оңтайландыру үшін жасақтаған үш жобасы туралы баяндады. Жастардың бастама-сымен жəне іскерлігімен «Өзенмұнайгаз» АҚ-та робототехника жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңға дейін ұсынылған үш жобаның екеуі өндіріске қабылданса, «Интеллектуалды тербелмелі қондырғы» жобасы кəсіпшілікке сынақ жұмыстарына тапсырылған. Жас өнер-тапқыш Ақын Мұраттың бұл жобасының мақсаты – тербелмелі қондырғының жұмысын бақылап, апатты жағдайлардың алдын алу арқылы оны күтіп-ұстауға жұмсалатын шы-ғынды азайтып, жұмыс тиімділігін арттыру. Сынақ жұмыстары көрсеткендей, жобаланған құрылғы шығындарды жылына 3 милли-он теңгеден 350 мың теңгеге дейін, яғни 85 пайызға төмендетуге, сондай-ақ, тербелмелі қон дырғының тоқтап тұру уақытын қысқартуға, өндірілетін мұнай көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді екен. «Жастардың көкейі өндірістің қоршаған ортаға залалын азайтатын, шығынды төмендететін, үнемдейтін, тиімді озық ойлар, тың идеяларға тұнып тұруы керек. Өздеріне өндіріс қызметіне қандай үлес қоссам, қандай көмек көрсетсем болады деген сұрақтар қойған жөн», деген Б.Баймбетов инновациялық жо-баларды енгізу, жүзеге асыру үшін компания тарапынан семинар, оқыту, арнайы жүлде тағайындау сияқты ынталандыру болуы керектігін назарға ұсынды.

Байқап жүрміз, «Ел іші – өнер кеніші» де-гендей, мұнайшылар арасында өнерпаздар көп-ақ. Әсем дауысты əншілері де, мың бұрал ған бишілері де, ақындары мен сан түрлі аспап-тардың «құлағында ойнаған» музыканттары да кəсіби мамандардан кем түспейді. «Біз қазір əрбір мерекеде танымал əншілерді шақыруды қойдық, өз өнерпаздарымыз өзімізге жетеді», дейді сала өкілдері. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Жастар кеңесі атынан сөз алған жас маман Ғани Әбдісадық Кеңестің 2014 жылдан бері «Мəдени даму» бағытында атқарған қызметі туралы кеңінен баяндады. Кеңес «Ұлттық өнер кеші – домбыра кеші» мен «Өз өлкеңді таны» атты жобаларды та-ныстырып, қоғамның айнасына айналған компанияішілік мəдени-қоғамдық, тəрбиелік мəні зор шаралармен таныстырды. Серіктес-еншілес кəсіпорындар мен өңір басшылығына осы бағыттағы жұмыстарды үдете түсу мақ-сатында бірнеше ұсыныстар мен тілектер біл-дірді.

Жастар саясатының «Әлеуметтік қолдау» бағыты бойынша «Тұлпармұнайсервис» Жас мамандар кеңесінің төрағасы А.Ұлықпанов, «Кəсіби жетілу» бойынша «Қаражанбасмұнай» Жас мамандар кеңесінің төрағасы Д.Орал жəне «Саламатты өмір салтын насихаттау» бағыты жөнінде «OSK» ЖШС Жас мамандар кеңесінің төрағасы Ж.Кенжешов таныстырып,

үш бағыт бойынша атқарылған жұмыстар облыс басшысының назарына ұсынылды.

Кездесудің пікірсайыс алаңына айналған екінші бөлімінде жастарға көкейінде жүрген сұрақтарын тікелей облыс басшысына қойып, жауап алу мүмкіндігі туды. Бұл жерде де жиынға сайдың тасындай сайланып келген жастар нағыз отансүйгіштік пен елгезектіктің үлгісін көрсетіп, жан-жақты біліктіліктерін таныта білді. Бірі өңірдің экономикалық да-муы мен экологиялық қауіпсіздігіне алаңдаса, екіншісі қалалар көркіне зер салуды сұрап, электр энергиясы мен коммуналдық қызмет жүйесін оңтайландыру туралы ұсыныстар жасады. Жастар саясаты, тіл мəселесі, дін ахуалы мен əлеуметтік қамқорлыққа мұқтаж жандардың да жағдайы назардан тыс қалмады.

Мысалы, «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоға мының қызметкері Д.Оралдың Ақтау қала-сы нан «Жас мамандар аллеясын», «Мұнай шы-лар монументін» ашу туралы ұсынысы облыс əкі мінің қызығушылығын тудырды. Жаңа ша жаңару жолын іздеген Ақтауда алдағы уақыт-та бесік, ана мен балаға арналған аллея бола ды деп күтілуде, демек «мұнайшылар аллея сы» да ашылып, тұрғындарды қуантуы əбден мүмкін.

Мұнайшы жастар саясатының бағыт-бағдарын, қойған өзекті мəселелерін тыңдаған облыс əкімі Е.Тоғжанов жастар жұмысына, белсен ділігіне оң бағасын берді.

Өңір басшысымен ашық пікірлескен жиын-нан соң жас мұнайшылардың жартысы квест ойынының шартына сəйкес 6 автобусқа тиеліп, қаланың алты тарабында жасырылған Каспий теңізінің «қазынасын» іздеуге аттанса, тап сон-дай топ «Өз өлкеңді таны» акциясы бойынша облыстық өлкетану мұражайына бағыт алды.

Күн еңкейе ойыннан оралған көңілді топ пен мұражайдан қайтқан ойлы делегаттар Абай мəдениет үйінде форум аясында өткен «Ел-жұртым бар қолдайтын!...» атты ойнап жүріп, абайсызда электр тогына түсіп екі қо-лынан айырылған бейнеулік 11 жасар бүлдір-шін Балғынбек Бақтиярдың еміне көмек тесуге арналған қайырымдылық концертке қатыс ты.

Концерт соңында қайырымдылыққа жиналған қаражатты Балғынбек пен оның əкесіне табыстау үшін сахна төріне көтерілген «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-тың адам ресурстарын басқару жөніндегі вице-президенті С.Әбденов:

– Жылағанды жұбат, жығылғанды жебе, айырылысқанды табыстыр, сазды қосып жер ет, азды қосып, ел ет! Осы ұстаныммен ел болып, береке-бірлікте ғұмыр кешіп жатыр-мыз. Жас мамандар кеңесінің негізгі бағыты да осы. Өңірдегі мұнай мекемелерінің ұжымы біріге отырып жинаған бас-аяғы 850 мың теңге көлеміндегі қорды Балғынбек Бақтиярдың əкесіне табыстаймыз! – деді.

Мұнайшы жастардың шарасы теңіз жаға-лауын да Мемлекеттік рəміздер күніне орай орна тыл ған сахнада қала жұртшылығына арнал-ған мерекелік гала-концертке ұласты.

Маңғыстаудың қазыналы төсінде тарыдай шашылған, арасында шақырымдар жатқан ірілі-ұсақты кен орындарынан келіп Ақтауда екі күнге бас қосқан жас мұнайшылар қанаттанып, жасқа тəн жалынмен, іскерлікпен ой бөлісті, жаңа достар тапты.

Маңғыстау облысы

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жастар барлық салада бар және олар өз саласының негізгі күші, ертеңгі тұтқаұстарлар. Бір қуанарлығы – жастар белсенді, ой-сана ауқымы кең және білімді. Олардың бойындағы буырқанған күш тек бір бағытқа – күнделікті жұмысты атқаруға ғана емес, елді, Отанды дамытуға үлес қосуға, жаңаша ойлап, заманауи бастамалар көтеруге де негізделуі тиіс. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жас мамандардың жарқын үні

аймақ

«Атамекен» Қазақстан Рсепубликасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы (бұдан əрі – Ұлттық палата) ҰКП Төралқасының 13.05.2016 жылғы №11 шешімімен (əрі қарай – Ережелер) бекітілген Ұлттық палата жүйесіндегі кəсіпкерлік саласындағы қауымдастықтар (одақтар), өзін-өзі реттейтін ұйымдарды аккредиттеу Ережелері мен біліктілік талаптарына сəйкес Ұлттық палатадағы қауымдастық жəне өзін-өзі реттейтін ұйымдар фор-масында жеке кəсіпкерлер жəне (немесе) заңды тұлғаларды аккредиттеу өткізілетіні туралы хабарлайды.

Ұлттық палатадағы аккредиттеу республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сонымен қатар, шағын, орта жəне (неме-се) ірі кəсіпкерлік пен өзін-өзі реттейтін ұйымдардың республикалық қауымдастықтарға (одақтар) қатысты өткізіледі.

Аккредиттеуге құжат тапсыру мерзімі 2017 жылдың 15 маусымы-нан бастап 15 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Құжаттар топтама-сы қағаз жүзінде немесе электронды формада жолданады. Ережелермен қарастырылған құжаттар топтамасын қауымдастықтар Ұлттық палатаға келесі мекенжай бойынша жолдайды: ҚР, индекс 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі 8, «Зүбəржат орамы» бизнес орталығы, «Б» блогы, e-mail: [email protected] (байланыс телефоны: 91-93-56 (ішкі: 1972).

Ұлттық палатадан аккредиттеуден өту үшін Ұлттық палатаға жолдана-тын құжаттар тізбесі:

1) ережелердегі 1-қағидамен бекітілген форма (қауымдастықтар (одақтар) үшін) немесе 2-қағидамен бекітілген форма (өзін-өзі реттейтін ұйымдар үшін) бойынша өтініш беру. Аталмыш өтінішке қауымдастық (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйымның мүддесін сенімхатсыз немесе сенімхатпен (сенімхат көшірмесін қоса береді) таныстыруға өкілетті жетекшісі қол қоюы қажет;

2) қауымдастық (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйым қызметі туралы есеп пен біліктілік талаптарымен бекітілген қауымдастық (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйым қызметін растайтын құжаттар тапсыру;

3) сондай-ақ Ұлттық палатада аккредиттеу үшін:- Ұлттық палата Төралқасының оның құрамына қауымдастықтар

(одақтар) немесе өзін-өзі реттейтін ұйым дауыс беру құқығына ие өз өкілін (өкілдерін); Комитет қызметінің саласына жетекшілік ететін комитет тура-лы мəліметтер;

- жоғарыда көрсетілген өкіл (өкілдер) туралы мəліметтер (Т.А.Ә., түйіндеме, біліктілігі, кəсіби тəжірибесі туралы мəлімет, оның ішінде

экономиканың тиісті саласындағы жұмыс тəжірибесі, жеке куəліктің көшірмесі енгізілген);

- Ұлттық палата Төралқасының өзге де комитеттері туралы мəліметтер, қауымдастықтың (одақтың) немесе өзін-өзі реттейтін ұйымның кеңес беру дауысының құқығы бар өкілі (өкілдері), сондай-ақ жоғарыда аталған өкіл (өкілдер) туралы мəлімет (Т.А.Ә., түйіндеме, біліктілігі, кəсіби тəжірибесі туралы мəлімет, оның ішінде экономиканың тиісті саласындағы жұмыс тəжірибесі, жеке куəліктің көшірмесі енгізілген);

- қауымдастықтан (одақтан), өзін-өзі реттейтін ұйымнан Съезд жұмысына қатысуға ұсынылатын өкіл туралы мəлімет;

4) қауымдастықтың (одақтың), өзін-өзі реттейтін ұйымның штаттық қызметкерлерінің Т.А.Ә. мен атқаратын қызметі көрсетілген тізімі;

5) сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымды аккредиттеу үшін:- коммерциялық емес ұйымның қауымдастық (одақ) немесе Қазақстан

Республикасы заңымен бекіткен өзге ұйымдастырушылық-құқықтық түрдегі қалыпта мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы БСН көрсетілген анықтама;

- коммерциялық емес ұйымның міндетті немесе ерікті мүшелік (қатысу) негізіндегі өзін-өзі реттеу ұйымының қызметін жүзеге асыруы басталғаны туралы хабарламаны қабылдағаны туралы өкілетті органның көшірмесі;

- ҚР «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңында қарастырылған мəліметтер енгізілген Жарғы;

- өзін-өзі реттеу ұйымының ережесі мен стандартының тізімі; ал міндетті мүшелікке (қатысу) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымын аккредиттеу кезінде – ереже мен стандарттар мəтінін қосымша тіркеумен сондай өзін-өзі реттеу ұйымының əрбір ережесі мен стандартына Ұлттық палатаның қорытындысы;

- өздігінен реттелетін ұйым мүшелерінің тізімі, жалпы нарықтағы тауарлардың олардың жасаған тауарларының көлемін қоса есептегенде, сондай-ақ, əрбір адам туралы ақпарат: заңды тұлға атауы немесе тегі, жеке тұлғаның аты-жөні, мемлекеттік тіркеу анықтамасы бойынша заңды мекенжайы, байла-ныс ақпараты, (телефон, электронды поштасы), бірінші басшысының аты-жөні;

Біліктілік талаптар мен аккредиттеуден өту процедурасы Ережелермен бекітілген.

Ұлттық палата Төралқасының Комитеттері қағидалары мен Ережелерінің толық мəтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://palata.kz/ru/pages/127 «ҰКП құжаттары»: «Ұлттық кəсіпкерлер палатасы Ережелері мен басқа да құжаттары» IV тарауының 3-тармағы жəне «Ұлттық кəсіпкерлер палатасы Төралқасының Комитеттері туралы қағидасының» VII тарауы.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы қауымдастықтар (одақтар) мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарды аккредиттеуді қайта жаңарту туралы

Page 16: ЕЛ ТІЛЕГІ – ЭКСПО-2017 · 2017-09-29 · Қазақстанның ТМД жəне Шығыс ... “лем назарын Астанаа аударан ЭКСПО-2017

16 12 маусым 2017 жылдидар

ШЕНдЕСТІрУ

Қазақ – қашанда қазақ!

Ышқына ішін тартқан Ебі ме екен,Жоңғардың қақпасының желі ме екен.Құтырған қара құйын АрыстандыҚарабас – Қаратаудың демі ме екен?!

Қуат пен құдіретін демде үйірген,Қазаққа қызмет қылды жел диірмен.Жүгендеп ерке желін Ерейменнің,Желбағар жақты жарық енді үйімнен!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ,«Егемен Қазақстан»

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

––––––––––––––––––––––––––––Астанада 100-ден астам шебердің бұйымдары қойылған «Шебер-Керуен» қолөнершілер жәрмеңкесі өтіп жатыр. Әншейінде халық көп жүретін «Керуен» сауда орталығы бұл жолы да лықа толды. Осы күні сәнге айналған заманауи ұлттық нақыштағы киім топтамалары мен қыз-келіншектердің алуан түрлі сәндік әшекейлері көздің жауын ала, қаз-қатар тізіліскен. ––––––––––––––––––––––––––––

Ая ӨМІРТАЙ,«Егемен Қазақстан»

Көктем келіп, күн жылына басы то-латын бақбақты үлбіретіп сән ретінде тағуға да болады екен. Астана лық Наталья Пономареваның тұмса таби ғатты сыйдырған кішкентай әшекей леріне қарап тұрып көктем қайта туғандай әсерде қалдық. Алқа гүлдер тұқымдасына жата-тын улы итжидек те мөлдір шынының ішіне момақан қалыпта сыйып кетіпті. Одан бөлек бітеугүл, раушан мен әртүрлі бақша гүлдері де сырға мен сақина болып шыға келген.

– Ресейлік шеберлердің зергерлік шайырдан жасалған бұйымдарын ин-тернеттен көріп, қатты қызықтым. Отбасымызбен осы салаға әуестеніп

кеттік. Табиғат аясына шыға қалсақ болды, ерекше шөптер мен гүлдерді жинап жүретін болдық, – деген ше-бер бұйымдарын негізінен қалалық жәрмеңкелерге шығару арқылы сата-тынын айтты. Мұндай әшекейлерді жасау үшін эпоксидті шайырды белгілі бір формаға келтіріп, құю арқылы жасалады. Сапалы жасалған бұйым

бірнеше жылға дейін сақталады. Жәрмеңкеге арнайы келген БҰҰ-

ның «ЭКСПО-2017» бас комисса-ры Жихан Сұлтаноғлы қолданбалы өнер шеберлерінің жетістіктері мен мүмкіндіктері турасында айта келіп, өнердің баршаға ортақ екенін жеткізді.

– Өз елдеріңіздің тарихы мен сұлулығын түстер алуандығы мен

шығармашылықтарыңыз арқылы паш етесіздер. Шын мәнісінде өнер – ортақ, оны жас та, кәрі де түсінеді, – дейді Жи-хан Сұлтаноғлы. Бас комиссар көп ші-лік ті жәрмеңкеге қатысуға шақырып, ше бер лердің ісіне сәттілік тіледі.

Қызылордалық Айсұлу Садықова-ның адамдар мен жануарларды, табиғат элементтерін бейнелейтін ойыншықтар жасап келе жатқанына 12 жылдан асқан. Оның қолынан шыққан «Байдың қызы» атты қуыршақтың пошымынан өмірден қиындық көрмеген еркетотай қыздың дүңк етпе мінезі бірден байқалады. Оның айтуынша, кейіпкер бейнесін жасау да көбіне қазақ халқының аңыз-әңгі меле ріне, қиял-ғажайып ертегі-леріне жүгінеді.

– Әкем ағаштан түйін түйетін шебер. Ұл бала жоқ болғандықтан, кішкен-тайымнан әкеме көмектесіп жүріп, қыр-сырына қанығып өстім. Көрмеге қатысып жүргенде киізден ойыншықтар жасауға болатынын көріп, осы салаға ойыса бастадым. Қазір Түркістан қала-сы нан қолөнер бұйымдары дүкенін ашып жатырмын, – деген Айсұлу қуыр-шақ жасаудың қиын еместігін айтады.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»

«Жасанды күн» жарқырайды

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Қытай Халық Республикасының энер-гетика саласындағы 1000-нан астам кәсіпорны қатыспақ. Халықаралық сауда-саттыққа жәрдемдесу жөніндегі комитет төрағасы Цзян Цзэнвэйдің «Жэньминь жибао» газетіне жариялаған мақаласында айтылғандай, олар елордадағы павильо нын «Жасанды күн» деп атап, ядролық синтез-дің энергетикалық көзіне басымдық береді екен. «Біріншіден, Қытай өзінің экология саласындағы тұжырымын толық ашады. Екіншіден, қытайлықтар инновациялық дамудағы жетістіктерін әлемге паш етеді. Үшіншіден, энергия ресурстары және халықаралық өндіріс бағыттарындағы ынтымақтастыққа серпін береді. Қытай павильоны Қытай мен Қазақстанның энергетикалық ынтымақтастығы форумын ұйымдастырады. Оған Бейжің, Шанхай, Шаньдун және басқа 23 провинциядан мыңға жуық кәсіпорын келеді», деп атап көрсеткен Ц.Цзэнвэй.

Корейлер көрмемен танысты

Өткен аптада Сеулде астаналық ЭКСПО-2017 көрмесінің тұсаукесері өтті. Онда Оңтүстік Кореяның туроператор-ларына павильондардың үлгілері, халық-аралық көрменің белгілері – Қуат, Мөлдір және Сәуле үлгісі көрсетіліп, сыйлықтар тарту етілген. Қонақтарға көрме билеттері тегін үлестіріліп, олар әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің шара аясында өтетін жеке ән кешіне шақырылды.

Қазақстан туристік қауымдастығының басшысы Роза Асанбаеваның айтуынша, жыл сайын елімізге Оңтүстік Кореядан 22 мың саяхатшы қонақ болады екен. «Өзге мемлекеттердегі әріптестеріміз елорда-да өтетін әлемдік шараға, біздің бірегей туристік ресурсымызға қызығып отыр. Шет елдерде өзіміз өткізіп жүрген роуд-шоулар-да бұған көзіміз жетіп жүр. Қазақстан де-генде ықыластары ерекше. Астанада өтетін халықаралық көрме біздің отандастарымызға да, Жер шарына да маңызды серпіліс әкелетіні сөзсіз», дейді Р.Асанбаева.

Кореяда демалыс уақыты аз болған-дықтан, олар шет мемлекеттерге шыға бермейтін көрінеді. «Жыл сайын көбісі Алматыға жол тартатын, бізде Алма-Арасанға, Шымбұлаққа, Медеуге және Көк-төбеге турлар бар. Биыл ЭКСПО Астанада өтетін болғандықтан, барлығы бас қалаға жол тартпақ. Бұған дейін Қазақстандағы ЭКСПО жайында мағлұмат аз еді, бүгінгі тұсаукесерден көп ақпарат алдық», дейді туристік компания басшысы Ли Сон Ён.

Дайындаған Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Аталмыш фестивальдің өтуіне ұйытқы болып отырған мекеме Мәде-ниет және спорт министрлігінің жауап -ты қызметкері Анаргүл Мү бәракова -ның айтуына қарағанда, бұл мә де-ни жобаның маңызы – түркі тек тес халық тардың шығармашылық дәс түрін насихаттау және түбі бір жұрт тар дың туын көтеру арқылы туыс қан өнер қайраткерлерінің басын қосу.

Осы бір ұлы дала мұрагерлері өнер көрсететін концертке – қазақстандық этно ансамбль «Тиграхауд» және «Ал даспан» тобы, өзбекстандық өнер қайраткері Касим Аббосов же-текшілік ететін «Aббос», башқұрт бауыр ларымыздың «Арғымақ» этно-рок тобы, Венгрияның цыган музы-калық мотивіне негізделген «Tilla Torok’s Band» тобының скрип кашы-лары, татарстандық Талғат Хасенов басқарған ұлттық-дәстүрлі саз ұжы мы, буряттың «Namgar» және «Shono», тә-жікстандық «Avesto» топтары, қыз-ғызстандық дәстүрлі әнші Гүлзада Рысқұлова, Таулы Алтайдың қырыл-дақ кайчылары (жыршылары) Болот Байрышев пен Алексей Чичаков, өзіміздің көмей-жыршы Еділ Құ-сайынов және тыбалық көмейші Радик Тюлюш басқарған «Чалама»

тобы мен 1996 жылы Мұрат Эртел негізін қалаған даб-музыка жанрының насихатшысы түркиялық«Baba Zula» ұжымы қатысады деп күтілуде.

Жоғарыдағы өнер ұжымдары мен музыкалық топтардың қай-қай-сы да халықаралық деңгейде өнер көр сетіп жүрген танымал өнер тар-лан дары. Бұлардың басқа кәсіби музы канттардан айырмашылығы – өздерінің байырғы бабалар мұрасын қайта тірілтіп, оны қазіргі заманауи музыкалық стиль – джаз, рок пен фанк қоспасы арқылы байыта білуінде.

Бұл өнер ұжымдары қатарынан бес күн кешкі сағат 17.00-ден бастап «Этноауыл» қалашығында орналасқан 850 орындық этномюзикл залында концерт береді.

«Әлемге аты мәшһүр ЭКСПО көр-месі кезінде елордада ұлы даланың дәстүрлі музыкалық фестивалінің өтуі мерекелік атмосфераның жандануына үлкен үлес қосады», дейді шараны ұйымдастырушылар.

Суреттерде: Қазақстандық э т н о а н с а м б л ь « т и г р а х а у д » ; тыбалық көмейші радик тюлюш; қырғызстандық дәстүрлі әнші Гүлзада рысқұлова; башқұртстандық «Арғымақ» тобы; өзбекстандық «Aббос» тобы

көрмЕ

Шеберлер шеруі

мираС

Елорданы көшпенділер сазы тербейді––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––ЭКСПО көрмесі аясында ұйымдастырылып отырған ірі мәдени шара – 11-15 маусым аралығында жаңадан бой көтерген «Этноауыл» ұлттық-мәдени ойын-сауық орталығында өтетін «NOMAD WAY» атты көшпенділер мәдениетінің музыкалық фестивалі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚОВБас редакторҚуат БОРАШ

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыӘли БИТӨРЕ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (775) 336-47-57;Талдықорған – 8 (701) 236-76-99;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (707) 778-01-72;Қарағанды – 8 (701) 375-74-34;Қостанай – 8 (701) 150-94-43;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (702) 886-01-87;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (777) 449-74-78;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76; 8 (702) 608-91-98;Петропавл – 8 (777) 197-14-06.