ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ...

217
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН ГУМАНИТАРЛЫ- ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ (оқу-әдістемелік құрал) 0

Upload: others

Post on 16-Jan-2020

23 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ(оқу-әдістемелік құрал)

Саран 2013

0

Page 2: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Құрастырған: Қозыбағаров А.И. – қоғамдық пәндер оқытушысы.

Пікір жазған: Турмухамедова Г.С. – жоғары санатты тарих пәнінің оқытушысы, Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

.

Қоғамдық және жаратылыстану пәндері бірлестігінің отырысында талқыланған.Хаттама № 2 «11» 09. 2013 жыл.Пән бірлестігінің төрайымы: Бассалыго О.В.

Пән бірлестігінің түйіндемесі“Қазақстан тарихы” пәнінің оқу - әдістемелік құралы колледж күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне арналған. Кешен оқу бағдарламасы, пәннің оқу- әдістемелік материалдары: лекциялардың толық конспектісі, семинар сабағының тапсырмалары, студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналған тапсырмалар, оқытушының жетекшілігімен орындалатын тапсырмалар, әдебиет пен әдістемелік нұсқаулардан тұрады.

1

Page 3: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Күндізгі бөлім

Мамандықтары Дәріс түрі Бақылау түріТеориялық Практикалық Барлық

сағат саны

0105000 «Бастауыш білім беру»

58 20 78 Емтихан

0111000 «Негізгі орта білім беру»,

58 20 78 Емтихан

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»,

58 20 78 Емтихан

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»

58 20 78 Емтихан

Сырттай бөлім

Мамандықтары Дәріс түрі Бақылау түріТеориялық Практикалық Барлық

сағат саны

0105000 «Бастауыш білім беру»

20 20 Бақылау жұмысыЕмтихан

0111000 «Негізгі орта білім беру»,

20 20 Бақылау жұмысыЕмтихан

0101000 «Мектепке

20 20 Бақылау жұмысы

2

Page 4: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

дейінгі тәрбие және оқыту»,

Емтихан

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»

20 20 Бақылау жұмысыЕмтихан

Пәннің пререквизиттері: «Қазақстан тарихы» пәні курсын оқып меңгеру үшін студенттердің осы пән бойынша мектептің негізгі және жоғарғы сатыларында алған білімдері болуы тиіс. Пәннің постреквизиттері: «Қазақстан тарихы» пәні курсы бойынша алған білім студенттерге алдағы уақытта «Философия», «Саясаттану», «Әлеуметтану» сияқты қоғамдық пәндерді игеруге қажет. Пәннің қысқаша сипаттамасы Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихы курсының мақсаты - Қазақстанның ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан студенттердің жүйелі білімдерін қалыптастыру. Студенттердің бойындағы қазақстандық патриотизмді, азаматтық сезімді дамыту. Пәннің міндеттері: - Студенттердің басты назарын қоғам тарихына; адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектеcу;- Студенттердің бойында өз халқы мен өзге халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтей білу сезімін қалыптастыру, мәдени мұраны сақтауға және байытуға үлес қосуға тәрбиелеу;- Дүниеге ғылыми көзқарас қалыптастыру, студенттерге адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту. Пәннің қысқаша мазмұны: Қазақстан тарихы пәні курсы алғашқы қауымдық қоғам кезінен бастап қазіргі кезге дейінгі Қазақстан жеріндегі ең маңызды тарихи мәселелерді оқытады. Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдардың тіршілігі мен ескерткіштерінің зерттелуі, алғашқы тайпалық одақтар мен мемлекеттердің тарихы, қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы, көшпелілер қоғамының мәдени құндылықтары, Қазақстанның Ресей империясы отарына айналуы және оның салдары, тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстар, Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы, тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы және т. б. аса маңызды тарихи кезеңдерді қамтиды. Пәнді меңгергеннен кейін студент келесі білімдер мен дағдыларды игеруі керек: - Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдерін, ғылыми мәселелерін білуі;

3

Page 5: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

- Қазақстанда мемлекеттіліктің тууы, дамуы, қалыптасуы ерекшеліктерін білуі;- Тәуелсіз Қазақстанда болған қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдениет, халықаралық қатынастар саласындағы өзгерістерді және т.б. Пән бойынша оқу- әдістемелік материалдарКурстың тақырыптық жоспары

№ Бөлімдер мен тақырыптар аттарыНаименование разделов и тем

Сағат саныКол-во часов

1. Тас дәуірі кезеңіндегі Қазақстан 2

2. Қола дәуіріндегі Қазақстан (б.з.б. ХҮІІІ – ІХғғ.)

2

3. Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар және ежелгі мемлекеттер

2

4. Ерте ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттер

2

5. Ерте ортағасырлық Қазақстандағы мәдениет

2

6. Х-ХІІІ ғ.ғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер

2

7. Моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстан 2

8. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттер

2

9. Қазақ хандығының құрылуы және Қазақ хандығының қалыптасуы

2

10. ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. Қазақ хандығы 2

11. ХҮІІІ ғ. Қазақ хандығы. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары

2

12. Қазақ хандығы кезеңіндегі мәдениет 2

13. Қазақстан Ресей империясының құрамында. Қазақстанның Ресейге қосылуы

2

4

Page 6: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

14. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы

2

15. Қазақ халқының патша отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күрестері

2

16. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік реформалар және Ресей отарына айналуы

2

17. ХІХ ғ. Патшалық Ресейдің көші-қон саясаты және қазақ ауылдарының экономикалық дамуы

2

18. ХХ ғ. басындағы Қазақстан 2

19. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс 2

20. Қазақстан азаматтық қарсыласу жылдарында (1917-1921 жж.)

2

21. Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында 2

22. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты

2

23. Қазақстан индустрияландыру жылдарында 2

24. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнауы, саяси репрессиялар

2

25. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында 2

26. Соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру

2

27. 50-жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. Тың игеру 2

28. Қазақстан 60-жылдарда 2

29. 70-80 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

2

30. Қазақстан «Қайта құру» жылдарында. (1985 – 1991 жж.)

2

31. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. ТМД-ның құрылуы

2

32. Қазақстанның саяси-құқықтық құрылымының қалыптасуы

2

33. Қазақстан нарықтық экономика жылдарында. Экономикалық даму

2

34. Қазақстанның сыртқы саясаты және шетелдермен 25

Page 7: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

қарым-қатынастары.35. Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы

Н.Ә.Назарбаев.2

36. «Қазақстан -2030» және «Қазақстан – 2050» даму стратегиялары.

2

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:Негізгі әдебиеттер:1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдықтың І томы. Алматы, 1996.2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдықтың ІІ томы. Алматы, 1998.3. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдықтың ІІІ томы. Алматы, 2002.4. Артықбаев Ж. О. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. Астана, 2000.5. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.6. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. Алматы «Ана тілі», 1995.7. Кан Г. В., Шаяхметов Н. У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007.8. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Оқулық. Алматы «Қазақ университеті», 2005.9. Қазақ тарихынан. Құрастырған Е. Аққошқаров. Алматы «Жалын», 1997.10. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.11. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995.12. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы, 1995.13. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003.14. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Оқулық. Алматы, 2005.15. Мұхамедов М. Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2007.16. Мыңжан Нығмет. Қазақтың көне тарихы. Алматы «Жалын», 1993.17. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы «Санат», 1999.18. История Казахстана и Центральной Азии. Алматы «Білім», 2001.

Қосымша әдебиеттер:

6

Page 8: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

1. Алпысбаев К. А. «Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана». Алма-Ата, «Наука»-1979.2. Абуев Қ. Қ. Қазақстан: тарих және тағылым. Астана «Елорда», 2006.3. Абуев Қ. Қ. Көкшетау. Исторические очерки. Кокшетау, 1997.4. Әбжанов Х. Қазақстан: Тарих. Тіл. Ұлт. Астана, 2007.5. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғ.-ң 20-40 жылдарында. Алматы «Санат», 1994. 6. Жеріңнің аты – еліңнің хаты. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2006.7. Гумилев Л. Н. Хұндар. Алматы, 1998.8. Гумилев Л. Н. Древние тюрки. Москва, 2004.9. Жандарбеков З. З. «Насаб-нама» нұсқалары және түркі тарихы. Алматы: Дайк-Пресс, 2002. 10. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. Екі томдық. Алматы, «Қазақ энциклопедиясы»-2006.11. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2006.12. Қуанғанов Ш. Ғұн және арғұн тарихы туралы. Алматы «Білім», 1997.13. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. Алматы «Қазақ университеті», 2004.14. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан жолы. Астана, 2007.15. Назарбаев Н. Ә. Сындарлы он жыл. Алматы «Атамұра», 2003.16. Озғанбай Ө. Ресей мемлекеттік Думасы және Қазақстан. Алматы, 2000.17. Хазанов А. М. Кочевники и внешний мир. Алматы, 2000. 18. Шыңғысхан. Әлем сілкіндірушісі. Құрастырған І. Есенберлин. Алматы, 2002.

7

Page 9: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Дәріс сабақтарының тезистері

Тас дәуірі кезеңіндегі Қазақстан.

Азамат тарихы әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты үлкен кезеңдерге бөлінеді. Археологияда адамзат тарихы өзіндік кезеңдерге бөлінген: тас ғасыры, қола және темір ғасырлары. Алғашқы адам басқа ірі жыртқыштарға қарағанда әлсіз болды, өйткені адамның күшті тістері мен тырнақтары болған жоқ. Оның есесіне алғашқы Гоминидтер еңбек құралдарын жасау мен қолдану арқылы сол әлсіздіктерін білдірмеді. Тас ең ұзақ қолданылған құрал болды, ол осыдан б.з.д. 2,5 млн. жыл бұрыннан б.з.д. 5 мың. жылға дейін адамзат техникасында басты орын алды. Бұл кезеңді археологтар тас ғасыры деп атап, оны екі кезеңге бөледі: Палеолит (ерте тас ғасыры) және Неолит (жаңа тас ғасыры). Олардың арасындағы өтпелі кезеңді Мезолит (орта тас ғасыры) деп атады. Өз кезегінде палеолит те екіге бөлінеді: төменгі (б.з.д. 2 млн. ж.– б.з.д. 40 мың ж.) және жоғарғы (б.з.д. 40 мың ж. – б.з.д. 12 мың ж.). Ең көне бастапқы замандардағы адамдардың өмірі туралы түсінік қалыптастыру үшін, олардың тіршілігін, олардың мекенін, еңбек құралдарын, тамақ қалдықтарын, жануарлардың сүйек қаңқаларын зерттеп білу қажет болды. Сондай-ақ, этнографиялық мәліметтердің де мәні зор. Ол мәліметтер ең көне замандардағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір қырларын тура түсінуге мүмкіндік туғызады. Дегенмен, негізгі мәліметті, бастапқы адамдық қоғамның жалпыға ортақ материалы – тастан жасалған еңбек құралдары береді. Тарих

8

Page 10: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – адамзат қоғамының даму тарихын кезеңдерге бөлу. Кезеңдер – бұл қоғамдық даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырған дәуірлерді анықтау. Дәуірлерді анықтауда қоғамдағы негізгі үдемелі өзгерістерді қамтасыз ете алатын факторлар алынады.Тарих ғылымының қалыптасу барысында, тарихшы-ғалымдар кезеңдердің бірнеше, яғни айналым теориясы (Пифагор, б.з.д. ҮІ ғ.), формациялық (К.Маркс, ХІХ ғ.), өркениеттік (А.Тойнби ж. б. батыс ғалымдары, ХХ ғ.) және басқа варианттарын ұсынды. Өркениеттің басталу мезгілін зерттеп, тануда ғылымда кең қолдау тапқан археологиялық кезеңдер. Ол еңбек құралдарын жасауда пайдаланылған материалдар және жасау техникасындағы айырмашылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, ең көне дәуірді үш кезеңге бөлуге болады: тас ғасыры (адамның пайда болуынан б.з.д. ІІІ-мыңжылдыққа дейін), қола ғасыры (б.з.д. ІІ-мыңжылдықтан б.з.д. І-мыңжылдыққа дейін), темір ғасыры (б.з.д. І-мыңжылдықтан бері).Қазақстан территориясындағы тас ғасыры. Тас ғасыры өз ретінде көне тас (палеолит), орта тас (мезолит), жаңа тас (неолит) және қола ғасырына өтпелі арадағы мыс пен тас қатар тараған ғасыр (энеолит) болып бөлінеді. Палеолит – көне тас ғасыры, ол б.з.д. 2,6 млн. – 12 мың жылдыққа дейін созылады. Ерте (б.з. 2,6 млн. – 35-30 мың жыл бұрын) және кейінгі (б.з. 35-30 - 12 мың жыл бұрын) палеолит болып екіге бөлінеді. Адамзат анайы шаруашылық қам-қаракеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен шектелген. Мезолит грекше аударғанда орта тас ғасыры дегенді білдіреді, ол б.з.д. 12-7 мың жыл. Бұл кезең Қазақстан тарихында ең аз зерттелген. Тек соңғы он жылда оншақты мезолит тас индустрия кешендеріне жататын ескерткіштер және тұрақтар табылып отыр. Жерлеу кешендері, алғашқы кезеңдер сияқты анықталмаған. Неолит - жаңа тас ғасыры, ол б.з.д. 6-4 мыңжылдықты қамтиды. Соңғы жылдардағы зертеулер бірнеше неолиттік мәдениеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Тобыл бойындағы Маханджар, Есілде – Атбасар және Орталық Қазақстан ескерткіштер тобы. Бұлардан ертерек Батыс Қазақстанда – Кельтеминар, Шығыс Қазақстанда – Усть-

9

Page 11: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Нарым мәдениеттері табылған. Неолит – тас индустриаландырудың дамыған кезі. Тас өңдеу жаңа технологиялары пайда болды: аралау, бұрғылау, сүргілеу. Энеолит – мыс пен тас ғасыры, б.з.д. 4-3 мыңжылдық орын алады. Соңғы уақытқа дейін энеолитті тас ғасырынан қола ғасырынан өтетін өтпелі кезең деп қарастырған. Алайда, бірқатар зерттеушілер энеолитті тарихтағы маңызды кезең деп біледі және оны біздің еліміздің оңтүстігінде мал және жер шаруашылығымен айналысатын тайпалардың гүлденуімен байланыстырады. Қазақстанның далалық және орманды бөліктердегі энеолит дәстүрі аңшылық-балықшылық кезең ретінде қарастырылады, бірақ Тобыл, Есіл бойындағы энеолит ескерткіштерін зерттеу өзгерістер әкеледі.Ежелгі тас ғасырының алғашқы құралы, бүтін тастан жасалған шаппа тастар болған. Олар дөрекі, өңделмеген болатын. Бұл көне құралдар щель мәдениетіне байланысты, кезінде австролопитектер жасап шығарған. Кейінгі кезеңдерде ондай шаппа тастардың өңделген түрлері табылды. Сонымен қатар құралдардың дифференциясы байқалды. Адамдар енді қырғыштар, тас пышақтарды, үшкір ұшты құралдарды жасай бастады. Құралдарды жасаудың екі жолы болған: біріншісінде тастардан шабу арқылы шақпақтар алынып, оларды қайта өңдеген. Бұл мәдениеті ашель деп аталды. Тас құралдардан басқа тік жүретін адам еңбек құралдарын сүйек пен ағаштан жасаған. Отты пайдалануға байланысты ол ұшы күйдірілген найза мен қазықтар жасады.

Қола дәуіріндегі Қазақстан (б.з.б. ХҮІІІ – ІХғғ.).

Металл балқытуымен адамзат өз дамуында келесі кезеңге өтті. Бұл кезеңнің негізгі материалы мыс пен қалайының қоспасы болғандықтан археологтар оны қола ғасыры деп атады. Қоладан әртүрлі еңбек құралдары жасалды – орақ, кетпен, әшекейлер т.б. құралдар. Қола ғасырының өзіне тән ерекшелігі – металлургия мен дамыған жер және мал шаруашылығының кешенді

10

Page 12: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

дамуы. Қазақстан жерінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуымен жаңа өзіндік мәдениет қауымдастықтары пайда болды, олар неолит дәстүрін жалғастырды. Осы жергілікті мәдениеттердің бәрі көп жағдайда ұқсас болды, сондықтан оларды жаңа археологиялық мәдениетке – Андронов мәдениетіне біріктірді. Бұл мәдениет Минусинк ойпатында табылған жердің атымен аталды. Ол екі кезеңге ерте және орта қола ғасыры болып бөлінеді. Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының заңды кезеңі болды. Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дәуірінде басталды. Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға үйретілген жануарлардың саны көбейді. Малдың түр құрамы да көбейді. Қола дәуірі шаруашылық нысаны ретіндегі мал шаруашылығының үздіксіз дамыған уақыты болды. Үй маңында мал бағу бірте-бірте жайлауда малмен бірге бір жайылымнан екінші жайылымға жылжи көшіп отырды. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың негізгі саласына айналды және көшпелі мал шаруашылығына жақын түрге ие болды. Өнімді мал шаруашылығына көшу ілгері басқан құбылыс болды. Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады. Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншілік бірін-бірі толтырып, өзара байланысты болды. Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді және мал өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды, бірақ ол тамақ өнімдерін алудың маңызды көзі болды. Қола дәуірінде аң және балық аулау өзінің бұрынғы маңызынан айырылды. Жабайы жануарлардың сүйектерінің үлесі алдыңғы қола дәуірінің қоныстарында 3,6%, соңғы қола дәуірінде 1% -ке дейін болды. Қола дәуіріндегі тайпалар үй маңында мал өсіруден жайлаудан мал бағуға, одан кейінгі көшпелі мал шаруашылығына көшті. Кен ісі, металлургия. Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштердің дамуында мал шаруашылығымен және егіншілікпен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті ұқсату аса маңызды рөл атқарды. Қоныстар мен тұрғын үйлер. Қазақстан аумағындағы қола дәуірі

11

Page 13: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

қоныстарының көп екені мәлім, олардың 60-да археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Әдетте, қоныстар өзен жағасында, көл маңында орналасты. Қоныстар 60-10 үйден, үлкендері 20 үйден құрылды, олар бір немесе екі қатар үйлер болып бөлінді. Жартылай жертөлелердің негізгі үш түрін атап өтеуге болады, олар: тік бұрышты, сопақ және сегіздік тәрізді, бәрінің шаршы метрден 300-400 шаршы метрге дейін жетіп отырды. Үй-қоралардан жайғасуы, жер ошақтардың, шаруашылық саны мен орны үйдің немесе оның жеке бөлігінің нақ неге арналуына байланысты болды. Қоныстарға жақын жерде рулық зираттар орналасты. Үйдегі кәсіптер. Мал шаруашылығы тамақ өнімдерін ғана емес, сонымен қатар киім мен аяқ киім тігілетін шикізаттар да берді. Қола дәуірінде тоқыма кәсібі қарапайым тоқыма станогінің ұршықтарының табылуынан дәлелденді. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылады. Діни нанымдар мен табынушылықтар. Қола дәуіріндегі тайпалардың тұрмысы мен әл-әуқаты түгелдей табиғат деп білді. Бұл ең алдымен күн, от, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі болды. Күн мен от жылының біреуі – мұның бәрі қайырымды, құдіретті рухтармен байланыстырылды. Қола дәуіріндегі тайпалар отқа табынған, мұны сол дәуірде кең таралған өлікті өртеу ғұрпы көрсетеді. Ежелгі адамдардың ұғымынша, ол денені жамандықтардан тазартады және өлген адамды зұлым рухтардан қорғайды. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде шаруашылықтың жаңа түрі көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты күнге табынумен бірдей ай мен жұлдыздарға табыну пайда болды, өйткені көшпелілер түнде көшкенде соларға қарап бағыт ұстайтын болды.Қола дәуірінде тайпалардың ата-бабаларына айнуы және о дүниеге сенуі кеңінен таралды. Сондықтан қола дәуірінің тайпалары өлген құралдармен, қарумен, сәндік заттармен мүмкіндігінше жақсылап жабдықтауға тырысты. Бейіттері үйге ұқсас етіп салынды және айналасы шарбақтармен қоршалғанҚазіргі уақытта Орталық Қазақстанда қола дәуірінің 50-ге жуық қонысы мен 150 ірі қорымы табылды. Қазба ісі 40 қорым мен 10 қонысты жүргізілді. Орталық Қазақстанға Андронов

12

Page 14: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

мәдениеті тайпалары өз дамуында бірінен соң келетін екі кезеңнен өтті, алдыңғысы – Нұра кезеңі, ортаңғысы – Атасу кезеңі. Соңғы қола дәуірінде (б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ.) олар Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары, көрнекті Дәндібай-Беғазы мәдениетін құрды. Дәндібай – Беғазы заманындағы (б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ.) тайпалар мәдениеттік дамуы бірінен кейін бірі келетін үш кезеңге: өтпелі, дамыған және соңғы кезеңдерге бөлінеді. Атасу заманынан Дәндібай-Беғазы заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен сиппатталады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбара-2, Бесоба, Бұғым-3 кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге, бір жағынан, Андронов мәдениеті дәстүрлерінің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттік жаңа элементтердің - тұрпаты ерекше бейіт тамдардың, жатаған домалақ ыдыстардың пайда болуы тән. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктетілген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі қола, ерте темір дәуірінде Қазақстан аумағында тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.Дәндібай-Беғазы мәдениетінің дамыған дәуіріне жататындар Беғазы, Айбас-Дарасы, Аққойтас, Дәндібай, Ортау-3, Саңғыру-1-3 зираттары, Ұлытау, Шортанды бұлақ, Қарқаралы-1-3 және басқалары. Бұл қорымдар мен қоныстар тұрған үйлер мен ғұрыптық табыну үйлерінің сәулет-құрылыс жағынан жетілгендігімен сиппаталады. Беғазыдағы бай кесенелердің көңіл қоярлық ерекшеліктердің бірі – діни ғұрыптың заттарды қою үшін және құрбан шалу үшін арнайы істелген мехрап орны. Шаруашылықтың көшпелі қалыпқа бейімделумен сиппатталатын кейінгі даму кезеңінде бір кезде жоғары дәрежеде болған Дәндібай-Беғазы мәдениеті жаңа сатыға көшеді. өткен замандағы күрделі бейіттік құрылыстардың орнына қоршаусыз ірі тас жәшіктерден жасалған қарапайым құрылыстар пайда болды. Бұлар Қарқаралы маңын Кент тауларындағы, Айдарлы, Бұғылы-2, құрылыс алқаптарындағы ескерткіштер. Қыш ыдыстарда өткен уақыттағы дәстүрлер әлі сақталады. Ыдыстардағы өрнектер қара дүрсінденіп, негізінде тегіс

13

Page 15: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

қалыппен белдеулей салынған қиғаш кертпелер, біріне-бірі көлденең сызықшалар, көлбей сызылған айқаспа шаршалар түрінде болып келеді. Кейбір ыдыстардың мойны меруерт – деп аталатын шығыңқы шеңбермен сәнделеді, бұлар көзінің ішінен ұшы жұмырланған таяқшамен басу арқылы жасалған. Орталық Қазақстанның таулы аймағының тұрғындары бұл кезде де үйді жертөле және жартылай жертөле түрінде салатын болған. Жер ошақтар дөңгелек шұңқыр түрінде жасалып, олардың астына жалпақ тастар төселді. Дәндібай-Беғазы заманының төл-тума мәдениеті бар тұрғындары Қазақстан даласында ертедегі темір дәуірінде қалыптасқан жаңа этникалық-мәдени құрамдардың бір компоненті болды. Қазақстан тарихындағы б.з.д. 1 мыңжылдықтың соңы мен біздің заманымыздың басы түбегейлі бетбұрыс болып табылады. Б.з.д. ҮІІІ-ҮІІ ғғ. темірдің пайда болуы мен өндірістің көшпелі түріне көшу Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың шаруашылығында күрделі өзгерістерге әкелді. Жетісуда - сақ-үйсін, Арал өңірінде - қаңлы, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағында - ғұн, Батыс Қазақстанда - алан этномәдени қауымдастықтары қалыптасты. Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.д. 1 мыңжылдықта тайпалар одағы ретінде қалыптаса бастады. Сөйтіп, Қазақстанда сақ-даха (массагет), сақ-рауки (тиграхауда), исседон, аримаспа бірлестіктері пайда болды.

Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар және ежелгі мемлекеттер.

Сақтар (б.з.б. ҮІІ – ІІІ ғғ.). Б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар «сақ» атауымен белгілі. Жазба деректердің мәліметі бойынша олар Қазақстанның барлық этникалық территориясында қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда сақтары (грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары. Солтүстік шығыста – аримаспы, Орталық Қазақстанда – исседондар, Батыс савроматтар, Геродот бойынша

14

Page 16: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

савроматтар аржағында, «биіктаулардың етегінде», оңтүстік шығыс Орал таулары болуы мүмкін, аргипей тайпалары өмір сүрген. Сақ тайпалары мал шаруашылығының үш түрімен айналысты; көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта және күнделікті тұрмыста жылқы жиі пайдаланды, мұны археологиялық деректер де растайды. Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін ашқанда жылқылардың сүйектері табылған. Асыл тұқымды жылқымен бірге қарапайым жылқылар да болды, олар аса биік емес, аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді болды. Жетісу жерінде сақ дәуірінің керемет бір ескерткіші – Есік қорғаны. Ол Алматының шығысында, км. жерде Іле Алатауының бөктерінде орналасқан. Қорғанның диаметрі 60 м. биіктігі 6 м. Үйілген топырақтың астында екі бейіт бар – 1-уі орталық, 2-сі жанынан табылған. Орталық мүрде тоналған, ал жанындағы аман. Тянь-Шань қарағайларын сүргілеп, қима моланың көлемі 2,9 м., тереңдігі 1,5. Еденінде жақсылап 10 тақтай төселген. Анықталғандай, мәйіт жатқан еденінің үстінде көрпе жайылып, алтын қаптамалармен безендірілген. Оның үстінде басын батысқа қаратып, бай киімдерін киіп, қару асынып мәйіт жатты. Антропологтардың айтуынша, өлген адамның жасы 17-18-де , бойы 165 см. Қазір көп ғалымдар оларды Иран тілдес дейді. Дәлелдеулер көрсеткендей, көне көшпелілер Қазақстанның қазіргі жергілікті халқының ата-бабасы бола алмайды. Бірақ, б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғғ. жерленген адамдардың бас сүйегін зерттеген антропологтар оларда монголоидты нәсілдің араласқанын байқайды. Монголоидты элементтердің таралуы индоевропалық тілдің емес, түрік тілінің таралуымен байланысты болды. Археологиялық мәліметтерге қарағанда, Қазақстан тайпаларында күн мен отқа табыну болған, ол жөнінде антикалық та, ерте деректер де толық дәлел. Сонымен қатар бұрыннан қалған антимизм, тотемизм, магия сияқты нанымдар да орын алған. Үйсіндер және қаңлылар (б.з.б. ІІ – б.з. Ү ғғ.). Б.з.д. 1 мың аяғында Жетісу, Тянь-Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай

15

Page 17: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

деректерінде «Үйсін елі» деп аталды. Алғашында үйсіндер Данхэ өзенінің бойында мекендеген, б.з.д. ІІІ ғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан Монғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, ал мұнда Ғұндардан соққы алғаннан кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Үйсін мемлекетінің басында «Күнбек» титулы бар билеушісі тұрды. Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босанып осы аймақта ең күшті мемлекттердің біріне айналды. Ү ғ. басында үйсін атауы деректерден кездеспейді. Айта кетуі керек, «Үйсін» этнонимі бүгінгі күнге дейін жетті. Қазақтардың Ұлы жүзінің бір руы «Үйсін» деп аталды. Кангюй атауы (Қытайша Канцзюй) алғашқы рет деректерде б.з.д. ІІ ғ. кездеседі. Б.з.д. 138 ж. Қытай императоры У-Ди Чжан-Цянь бастаған сауда елшілігін батыс елдеріне жібереді. Ол елшілік тек 13 жылдан кейін қайтып келеді. Оның жазбаларында бұған дейін Қытайға мәлім болмаған мемлекеттер сиппатталған. Солардың ішінде Чжан Цянь билеушісінің ордасында болған Кангюй мемлекеті де бар. Кангюй халқының этникалық сипаты әлі де болса күрделі сұрақ, толық зерттелмеген. Қангюйлер қай тілде сөйлеген туралы әлі де тұтас пікір жоқ. А.М.Бернштамның пікірінше, Кангюйлер түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік Иран малшы тайпалары, б.з.д. І ғ. ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді. Ғұндар. Ғұндар жазба деректерде алғашқы рет б.з.д. 822 аталады, ол кезде олар Қытайға үлкен жорық жасаған. Б.з.д. ІІІ ғ. ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры Ұлы Қорған салдырды. Бұл кезде ғұндар туысқан рулардың одағы ретінде қалыптасып, оны сайлаған көсем басқарды. Б.з.д. 209 ж. Туман атты көсемнің баласы Моде өзін «сенгер» деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн мемлекет құру барысында қызмет ете бастады. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з.д. ІІ ғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан және қангар тайпалары ІІІ ғасыр бойы көшіп, Иран, Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа түсті. Осы уақытқа

16

Page 18: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айырылып, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимиляцияға түсті осыдан жаңа этнос пайда болды, енді біз оны Хунну емес Ғұн дейміз. Оларды осылай батыс деректері де атайды.

Ерте ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттер. (ҮІ - Х ғғ.).

Түрік қағанаты (552-603 жж). Қазақстан жерлері ҮІ ғасырда құдіретті держава – билеушілері түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік энтонимі ең алғаш аталуы қытай жылнамаларында кездеседі. Шежірелерде түріктер Қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік бөліктеріне жыл сайын шапқыншылық жасап тұрғандығы айтылады. 546 жылы тирек тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген тиректер армиясының сан жағынан көп болғаны белгісіз, бірақ олардың нөпірі сұсты болған деп топшаланады, өйткені тиректердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға аз күштермен қарсы тұра алуы екіталай еді. Түрік қағаны Бумын тирек армиясына шабуыл жасап күйрете жеңіске жетеді. Осы мемлекеттің ойрандалған орнында олар Түрік қағанатын құрады. Бұл этникалық - әлеуметтік бірлестіктің атасы Бумын қаған болады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңіп, билеушілері Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Сөйтіп аварлардың күш қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады. 553 жылы Бумын қаған қаза табады, оның орнына таққа інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескінің мұрагері Мұқан қаған, оның лақап аты Нанту болады. Мұқан қаған (552-554 жж.)

17

Page 19: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

билік құрған уақытта Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Бұл жылдары түріктердің батысқа жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды, кейін оны батыс түріктердің түпкі атасы Батыс түрік қағанатының негізін салушы деп атайды. 552-553 жылдары түріктер «Батыста идті (эфтал) бағындырады». Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы одан арғы саясаттың негізі болады. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иелігі Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан болатын. Түрік қағанатындағы әлеуметтік қайшылықтар және мал індеттерінің күшейіп ашаршылықпен ушыға түсуі, Сүй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581-618 жж.) Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуіне әкеліп соғады.Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелді болды. Билік түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болған еді. Батыс қағанатының орталығы Суяб (Жетісу) болды. Аумағы Қаратаудың Шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқант, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Айдхой) отырықшы егіншілік мұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы – қаған жоғарғы билеушісі әскербасы болды. Алғашқы кезде қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатына шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп өзара күрес тудырып бұзылып отырды. Қаған мемлекетінің ішкі және сыртқы істеріне басшылық етіп, дәулеттік шонжарларға сүйеніп ру басшыларын сайлады. Қағанатта қоғамдық экономикалық қатынастардың дамуы Евразияның басқа аудандарындағы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығуы арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды. Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған.

18

Page 20: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар – ябғу, шад және елтебер - қаған руының өкілдеріне тиесілі еді. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тарқандар атқарды. Бектер – тайпа бастықтары мен өкілдері – жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған. Мал өсіретін ерікті қауым мүшелері қағанаттың қарауында болған. Бағыныштылық әрқашан алым-салым төлеумен қатар жүріп отырған. Бағындырылған тайпалардан құлдар тобы қалыптасқан. Түріктердің көрші тайпаларға шапқыншылық жасауының себебінің бірі құлдар алу болған. Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс түрік қағанатында топтардың құрылуы және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық. Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Батыс түрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне алып келді. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісуда Нарзұқ-Иркин, Тургеш Чиқан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған. Түрік Хусэлонның бастауымен армия құрылады. Бұл армия халқын тыныштандыру үшін ұйымдастырылған еді. Қағанатта үлкен күш пайда болып, мұның қуаттылығы соншалық, Хусэло жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады. Түргештің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға еместі – қағанаттың сол жақ құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер ҮІ ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісу керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болған делінеді. Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол ордасының Шу бойындағы Суябқа орналастырып, ал екінші ордасы Хунгіт қаласы болды. Үш-Елік қалған елді 20 түтіктікке (елшілікке) бөлді, оның әрқайсысында 7 мыңнан әскері бар еді.

19

Page 21: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып баласы Сақал қаған (706-711 жж.) таққа отырған. Түргеш қағанатында талас-тартыс туып ішкі бірлік болмайды. Мемлекеттің сыртқы жағдайына мәз еместі. Сол уақытта зор қауіп төндіріп тұрған Таң әулеті, Орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктері Қапаған қаған бастаған әскери одағы, 711 жылы Болучу өзені бойында түргештерді ойсырата жеңеді. Бұл жеңілістен кейін түргештер өз ордасын Таласқа көшіреді. Қаған тағына Шапыш тайпасының өкілі Сұлықты отырғызады. Түргеш қағанатының ішкі саяси жағдайы бірнеше жылдар бойы құбылып отырады. Бірақ Сұлық қаған (715-738 жж.) таққа отырғаннан кейін қағанаттың жағдайы қайта күшейе түседі. Сұлық қаған айлакер қолбасшысы екі майданда күрес жүргізеді. Ол олжаларды бөліске салмай өз қолында ұстады. Дау–жанжалдар қара және сары түргештер арасында күреске ұласты. Сұлық қаған өлген соң күрес шиеленісе түсті. 756 жылы қағанат түрік тілді қарлық тайпасының тегеурініне шыдамай құлады. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер (759-940 жж.) «бұлақ» деген атпен мәлім болған. Көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағынан қоныс тепкен «үш қарлұқ» тайпалық бірлестігі ретінде мәлім. Қарлұқ тайпаларының көсемі Елтебер деген атпен аталған. Монғолияда Шығыс түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлұқтар оған тәуелді болып жүрді. Орхон жазуларында айтылғандай Қарлұқтар түрік қағанаттарына қарсы бірнеше рет қарсы соғыс жорықтарын ұйымдастырып отырған. 742 жылы Монғолия даласындағы саяси жетекшілік Шығыс түріктерінің өкіметін қиратқан үш тайпаның қарлұқтардың ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшеді. Аз уақыт басмылдардың бағы жанып, олардың көсемі қаған болады.ХІІ-Х ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең көсіліп жатқан акумақты қоныс еткен. Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік тайпалық жүйенің дамыған түрлерінің болуымен

20

Page 22: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

сиппатталады. Қарлұқтардың жабғуының билігі сөз жүзінде ғана болды. Жікіл, Тухси және Ягма сияқты ірі тайпаларды басқарып отырған үлестік билеушілер өздерінің жартылай дербес және іс жүзінде тәуелсіз иеліктерін нығайтуда ұмтылды. Қарлұқ қағанатының үлестік тайпалық одағы, бір орталықты мойындамай, билік жолындағы күрестің күшеюіне себепші болды. Х ғасырдың алғашқы жартысында қарлұқ бірлестігінің ұлан-байтақ аумағында батыраңқылық күшейеді. Қашқардың түрік билеушілері пайдаланып, 940 жылы Баласағұнды басып алады да содан кейін Қарлұқ мемлекеті құлайды. Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғғ.). ҮІІІ ғасырдың бас кезінде Сырдария алқабында жартылай көшпелі печенег-кангар тайпаларының жалпы басшылығымен біріккен біртұтас саяси конфедерация пайда болады. Саяси орталығы Отырар болған еді. Кангар-печенег тайпалары Жетісудан кете бастаған оғыз тайпаларының бірлестігіне табанды күрес жүргізеді. Түргештердің мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, тау баурайларына Шу алқабына кетіп қалған болатын. ІХ ғасырдың орта шенінде қарлұқтар мен кимектер одақтасып кангар-печенег тайпаларын талқандайды. ІХ ғасырдың соңында Арал өңірінің солтүстік жағындағы саяси үстемдікті қолына алады. Хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал-Еділ арасын қол астына қаратады. ХІ-Х ғасырда Сырдарияның орта ағысында Оғыз мемлекеті қалыптасады. Оғыздардың құрамында Сырдария алқабы мен Арал өңірінің, Каспий далаларының үнді-еуропа және финн-угор тектес ежелгі этикалық компоненттер, сонымен бірге, Жетісу мен Сібірдің Халаджулар, Жагарлар, Чуруктер, Қарлұқтар секілді көшпелі және жартылай көшпелі тайпалары болады. Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы Янгигент немесе жаңа Гузия деп аталған. Янгигент кимек даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл және Нұра бойларына баратын керуен жолының үстінде болды. Ертедегі феодалдық мемлекеттер сияқты Оғыздар мемлекеті тұтас топтасқан мемлекет болған жоқ. ІХ-ХІ ғасырларда Оғыз мемлекетінің басшысы «жабғу» деген атағы бар жоғарғы билеуші болған.

21

Page 23: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Жабғудың билігі, ресми түрде патшалыққа сайланып қойылған деп есептесе де, мұраға қалып отырды. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік табиғаты жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. Х-ХІ ғасырлар шебінде Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырай бастайды. Алым-салықтардың жиілей түсуіне оғыз тайпалары наразылық білдіріп, көтеріліс жиілей түсті. Х ғасырдың орта кезінде келген Әш ханның басқаруына қарсы жүргізілді. Осы наразылықты сезген Жентке жақын жерге келіп орын тепкен салжұқ көсемдері пайдаланады. Көп ұзамай салжұқ көсемдері Жентті басып алады, бірақ ұзақ ұстап тұра алмайды. Осы уақытта Әли ханның мұрагері Шахмәлік өкіметі күшейіп шыға келеді. Шахмәлік тұсында 1041 ж. оғыздар Хорезмді басып алады. Деректемелер бойынша Шахмәлік салжұқтардың қолынан мерт болған соңғы оғыз жабғуы болған. Сан жылдар бойы жүргізген соғыстарының нәтижесінде оғыздар әлсіреп, Оғыздар мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққыларынан кейін құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардың тегеурінен Шығыс Европаға, Кіші Азияға кетті. Біразы Мауреннахрдың Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына өтті. Кейін келе Дешті қыпшақ түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті. Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы . - ХІ ғ. басы). Кимектер тарихының ертедегі кезеңі қытай деректемелерінде ҮІІ ғасырдағы батыс ортасында болған оқиғаларға тікелей қатысты яньмо тайпасына байланысты айтылған. Яньмолар ҮІІ ғасырдың бас кезінде Солтүстік батыс Моңғолияны мекендеген. Олардың оғыздар болып, оңтүстігінде Түргештер қарлұқтар қоныстанған. ҮІІ ғасырлар ортасына таман қимақтар Ертіс өңіріне көшіп келіп 656 жылы Батыс түрік тайпалары құлағаннан кейін оқшауланады. 766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс, Алтай, Тарбағатай және Алакөл ойпаты аумағын ірге теуіп Шығыс Түркістанда мекендеген тоғыз-оғыздардың солтүстік шектеріне дейін жетті. ІХ ғасырдың басында кимектер Сырдарияға қарай жылжыды, сонан соң қарлұқтармен одақтаса отырып печенег тайпаларын жеңіп, Сырдария Арал өңірінен ығыстырыпшығаруына көмектесті. ҮІІІ

22

Page 24: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

ғасырдың екінші жартысы – ІХ ғасырды қаулаған оқиғалар Кимек қағанатының құрылуына себеп болды. Кимектердің мекемелері жөнінде алғашқы лебіз ІХ ғ. аяғы мен Х ғ. араб тілінде жазылған Таиха – жағрапиялық шығармаларда айтылады. Мәліметтері мейлінше дәл болып келетін Әл-Яқұба (ІХ ғ.) кимектермен біршама түркі тілдес халықтардың мемлекеттігі туралы былай дейді: Түріктердің әр тайпасының жеке мемлекеті бар және олар бір-бірімен соғысып жатады. Кимек билеушісі едәуір құдіретті болған. Кимек қағанаты қалыптасқан уақыттан кейін, олардың патшасы түріктердің ең жоғарғы атымен қаған деп аталды. Қаған атағы Яғбу атағынан екі саты жоғары тұрған. Өз мемлекеті шегінде билеушілерін тағайындаған, тайпа шонжар өкілдері болған. Қағанның басқарушысы мұра ретінде өтіп отырған. Әскери жетекшілер болып, олар қағанның қызметі үшін үлестер алып отырған. Бұл үлестердегі этникалық орта негізінен алғанда, көбінесе белгілі бір тайпаның өкілдерінен құралады. ІХ ғ. аяғында тарихи-жағрафиялық еңбектерге қарағанда Қимақ мемлекеті өзінің территориялық жағынан ұлғайғандығын көрсетеді. Қимақ тайпаларының бірлестігі Орал тауының қыраттарынан Арал теңізінің далалы аудандарына дейінгі жерлерді, Орталық және Шығыс Қазақстан мен Жетісудің солтүстік шығыс аудандарының арасындағы ұланғайыр кең алқапты алып жатты. Кимектер қағанның орталығы, оның ордасы Имекия (немесе Кимекия) қаласында болды, ол темір қақпалы дуалмен бекітіліп қоршалды. Қалада оның сансыз көп әскері мен қазынасы болды. Қаған билігі мен мемлекеттік өкімет арасында айырмашылық болған жоқ. Кимек мемлекетінде алым-салықтың болғандығын түріктердің өндіріліген алтынынан билеушінің міндетті түрде үлес алу фактісіне қарап топшылауға болады. Этникалық тайпалық құрамы. Кимек федерациясының алғашқы құрамы әл-Гардизи еңбегінде келтірілген. Бұл одаққа жеті тайпа: эймур, имек, татар, байандұр, қыпшақ, ланиказ, ажлар тайпалары кіреді. Кимек одағына кірген тайпалардың тарихын қарастыру олар Қазақстан аумағына Орталық Азиядан көшіп келді деп топшылауға негіз береді. Кимек тайпаларының біріншісі

23

Page 25: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

эймур тайпасы, оғыздар арасында белгілі. Эймурлар оғыздарға да, кимектерге де сіңісіп кеткен жоқ, тек тайпа ретінде кірді. Кимектердің үшінші тайпасы - татарлар. Бұл тайпалар тобы Монғолияның солтүстік шығыс жағында мекендеген деп санауға болады. 840 жылдары татарлар Ұйғыр қағанатының құрамына кірген. Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Кимек мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Қыпшақ хандарының орталық билікке бағынбауы және өз мемлекеттігін құруға ұмтылғандығы ішкі сиппаттағы себеп болды. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі 916 жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо мемлекетінің құрылуы болды. Қыпшақ хандары оғыздардың жерін басып алғаннан кейін едәуір күшейіп күш қуаты жағынан басым болады. Осы оқиғалар кимектерді саяси үстемдігінен айырып қана қойған жоқ, сонымен қатар олар қыпшақтарға тәуелді болып қалды.

Ерте ортағасырлық Қазақстандағы мәдениет.

Евразия далалары үлкен территорияларды қамтиды. Ол құдды үлкен көлемде мал өсіруге арналғандай. Тянь-Шань мен Алтай таулары он екіге бөліп жатыр. Жартылай далалардың өсімдіктермен жабылған, әсіресе шығыста, тау беткейлері тамаша жаздық жайлау болды. Далалардың көпшілік бөлігінің жайылымдары өсімдікке бай, ал қуақ аудандарда толық кетпейді, тек аздаған далалық бөліктің территориясы саздар мен сусыз шөлдерге жатады. Жазық дерлік рельеф далада жылқылармен жылдам жылжуына мүмкіндік береді (әскери жорықтар кезінде күніне 50 км.). Жылқы өсіру көшпелі түркі тайпалардың негізгі кәсібі. Ол кездерде олардың тобындары жүздеген не мыңдаған жылқылардан тұрады. Жылқылар көшпелілердің негізгі қозғалыс көлігі және әскери күші болды. Сай аттылар соғыс кезінде басты роль атқарып, қарсыластарынан басым болуға мүмкіндік береді. Олар әскери жылқыларды жақсы дайындады, ал атты садақшыларды қахарлы күшке санады. Олардың тактикасының негізінде тез қозғалғыштық жатты. Негізгі қаруларға садақ, найза

24

Page 26: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

және семсер жатты. Түріктердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы әдеттегі тамақ құрамы ет, сүт болған. Қолға ұстайтын малдан алып отырған, әсіресе қой малшысы. Көшпенділердің сүйікті жұмысы бұл аңшылық. Көсемдер жиі-жиі үлкен аңшылыққа шығып, оған барлық тайпалар еліктеп отырған. Көшпенділер өз ресурстарымен ғана өмір сүре алады. Мысалы, қой жүнімен киіз жасап. Өз салты бойынша киізді жасап киіз үй жасаған. Жүннен киім тоқыған, кілем және қанар тіккен. Әр түрлі мақсаттарда үй мал шаруашылығының терісі мен былғарысын пайдаланған. Ұсталар металлдардан бұйым жасай білген. Айта кететін болсақ бағалы металлдан және жүн мен былғарыдан жасаған. Сонымен шебер қарзінке тоқыған. Түріктер бейбіт кездерде саудамен айналысқан. Жылқы, түйе, қой сияқты малдарын айырбастап отырған. Өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын (жүннен жасалған бұйым, киіз, кілем, былғары, тондарын) басқа заттарға айырбастаған. Келісімнің өзіндік түрлері қарапайым айырбас немесе қытайдың жібегімен бағаланды, болмаса жүннен жасалған мата мен белгіленіп мөшерленген. Азиядағылардың кең тараған төлемдері ол металлдан жасаған ақша болған. Қытай мен Батыс Азия арасындағы негізгі сауда керуен жолдарын бақылай отырып өткен керуендеріне салық төлеткен. Жазба деректер бойынша ерте орта ғасыр қалалары Оңтүстік Қазақстанда немесе Жетісуда көп болмаса да жеткілікті көрсетілген. Ең үлкен қалалар – Суяб, Тараз, Испиджиб, Отырар. Бұл қалалар қол өнер орталығы болып есептелді. Мұнда бұйымдарға сұраныс көбейіп, отырықшылықпен және мал шаруашылығымен айналысушы халықтарды қанағаттандырған. Бұл кездегі қол өнердің дамығандығын археологиялық қазба материал арқылы көруге болды. Түріктердің дініндегі негізгі құдайын Тәңір деп санаған, аспан құдайы. Түрік жазбаларының дәлелдеуінше ҮІІІ ғ. Монғолияда Ежелгі Түрік мифологиясында Умай құдай – анасы қағанның әйелінің қорғаушысы және жас сәбилердің анасы болған. Соған байланысты қасиетті жер мен сауда айтылады, бірақ аспан мен жердегі барлығы Тәңір еркімен орындалады. Осы жоғарғы әлемдік құдай түріктердің христиандықты

25

Page 27: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

да, исламды да қабылдау кезінде сақталады. Түрік көшпелілері ұстанған дін, шаманизмнің әлдебір формасында болды. Оны біз бүгінгі күндері Сібір немесе Бурят моңғолдарынан көреміз. Ол тәңірі культімен қатар жүріп отырды, бірақ онымен ешқашанда бірікпеген. Шаманизм негізінде, өсімдіктер мен жануарларға, сонымен қатар тау, өзен және көлдерге күш берген анимизм жатты. Бұл наным-сенімдер, алғашқы түрі деректік көздердің жетіспеуінен белгісіз, біртіндеп басқа діндердің, әсіресе буддизмнің элементтерін қоса алады. Шаман бір мезетте екі рольді атқарады – балгер немесе емші. Ол құдіретті сиқыршы бола алатын. Кей шамалар ауа-райын өзгертіп, жауын жаудырған. Түрік хандары және олардың билеушілері әр-түрлі діндерге қатты назар аударып, түрлі діндерге сеніп, кейде бір сеніммен келесісіне өтіп отырған немесе әр-түрлі сенімдерді араластырған. Мысалы, Жібек жолы бойынша тағы бір дін манихейлік тараған. Ол ІІІ ғ. Иранда шығып, тез арада Италия мен Қытай аралығында тарады. Ол зорастризм мен христиандықтың синтезінен тұрды. Манихейлік, ең алдымен, отырықшы елдер арасына тарады.ҮІІ ғ. аяғында жаңа дін ислам пайда болды. Қазақстанның өңірінде көптеген христиан шіркеулері мешіттерге айналады. Жаңа дін Жібек жолының көптеген қалаларына орнықты. Ұлы Жібек жолы сауда мен континенттерді жалғастырды. Бұл түрік халықтардың өміріне игі әсерін тигізуі, өйткені олар сол арқылы Евразияның ұлы отырықшы өркениеттерімен байланысты. Олар бақылап отырған және өздері белсене араласқан құрлық саудасы, теңіз саудасына маңызды толықтыру болды. Х ғ. ортасында Қарахан мемлекетінің құрылуы немесе олардың Орта Азияны басып алуы онымен Оңтүстік Қазақстан немесе Жетісу регионын жақындатты. Қалалардың көтерілуі жалғасты, қолөнер және сауда, ғылым мен мәдениет дамыды. Қарахандардың Қазақстан мен Оңтүстік Азиядағы үстемдігі қалалардың дамуындағы маңызды кезең болады. Қалалардың өсуі негізінен көшпенділердің отырықшылыққа көшуінен болды. ІХ-Х ғғ. Іле құғырында бегінген елді мекендер пайда болады. Олардың кейбіреулері қалаларға, қолөнер

26

Page 28: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

немесе сауда орталықтарына айналды. Отырықшылық немесе қала мәдениеті Шығыс Қазақстанға, Ертіс бойына, Орталық немесе Батыс Қазақстанға таралды. Одан әрі қалалық қол өнер дамыды. Суару ыдыстарын өндіру басталды. Қаралып отырған кезеңдегі ірі қалалардың біріне Тараз жатты. Осы кездерде мұнда құбырлары, қоғамдық моншалар салынады. Феодалдық қатынастардың дамуы ауыл қауымының натуралдық шаруашылығының тұйықтығының бұзылуына әкеліп қол өнер өнімдеріне сұранысты арттырды. Қалаларда халық санының өсуі қолөнершілер қабатының көбейуіне әкелді. Қолөнердің бұрқана өсуі барлық жерге тән еді. Бірқатар қалаларда темір ақшалар соғылды. Олардың Исфиджиб, Отырар, Тараз шығарды.Қазақстан қалаларының гүлденуі әлеуметтік-экономикалық алға жылжудың салдарынан, ең алдымен феодализмнің дамуынан болды. Орта Азияда қалалардың дамуына және жылдам өсуінің себептерінің бірі оған ауыл халқының ағылуы болды. Шаруаларды қанау олардың кедейленуіне әкеледі. Ауыр экономикалық жағдай оларды қалаларға қуды. Көшпенділердің отырықшылануына Ислам дінінің де белгілі бір рөлі болды. Қаладағы жер өңдеудің ерекшелігі сол, жер мемлекет меншігінде емес, жекеменшікте болды. ІХ-Х ғғ. архитектуралық құрылыс дәстүрі немесе жаңа идеология (ислам) күшті қоспасы нәтижесінде архитектуралық типология негізі қалыптасып кейінгі мыңжылдықта дамыды. Қоғамдық немесе ғибадат құрылыстарының архитектурасы Ислам канондарына сай немесе жалпы «Мұсылман Шығысы» елдерінің архитектурасы бағытында дамыды. Әсіресе ғибадат комплекстері қатты дамыды. Аталған кезеңде моншалар пайда болды. Үлкен қалаларда бірнеше монша болды. ІХ-ХІІ ғғ. Исламның кең тарауымен араб тілі кең қолданысқа ие болды. Араб тілінде Шығыстың атақты ғалымы Әбу Насыр Әл-Фараби жазды, ол Отырар түбіндегі Весидж қаласында туылып, сосын Бұхара мен Бағдатта оқыған. Әл-Фараби энциклопедист-ғалым болып саналады. Оның ғылыми көзқарастары өз заманынан көп озық болды. ХІ ғ. сол заманның маңызды тарихи және әдеби шығармасы – «Құтты білік» жазылған (авторы Жүсіп Баласұғын). Бұл бізге бірінші болып жеткен Қазақстан немесе Орта Азия

27

Page 29: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

түркі халықтарының әдеби ескерткіші. Махмұд Қашқаридің еңбегі құнды болып саналады. Ол түркі халықтарының «Диван лұғат ат-түрік» сөздігін жасаған. Өз заманының әйгілі ойшылы немесе ақыны болып Ахмет Яссауи саналады. Ол «Диван-и-хикмет» атты өлеңдер жинағын жазған.

Х-ХІІІ ғ.ғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер.

Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). Х ғасырдың орта кезінде оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекетінің құрылуы тарихында Қарлұқ конфедерациясы зор роль атқарды. Қарлұқтар мен бірге шікілдер мен яғма кірді. Қарахан мемлекетінің құрылуы Батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және Шығыста Қашқарға дейінгі ұланбайтақ аумақта болған саяси оқиғалар және Қарлұқ мемлекетінің ыдырауымен тығыз байланысты болды. Оғулшақтың немере інісі Сатұқ Боғраханды (915-955) Қарахан әулетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғрахан Оғулшаққа қарсы шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырды: 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Сатұқ өлгеннен кейін билік басына Мұса қаған келді. Ол Қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астанасы Қашқар болды. Мұса қаған қаза болған соң билік Әли-Арыстан қағанға өтеді. Ол Тараз бен Баласағұнды да өзіне бағынышты қалалар есебінде жариялаған. Қарахан мемлекетінің алғашқы саяси тарихы, Сатұқ ұрпақтарының ішіндегі ең күшті екі әулетінің Әли-Арыстан хан мен Хасан Бура ханның тұқымдарының арасында билік үшін ұзақ жылдарға созылған талас тартыстар басталды. Қарахан мемлекеті екі иеліктен тұрды: 1) Шығыс хандық. Оның жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан, астанасы Баласағұн, кейде Қашқар қаласы болып тұрған; 2) Батыс хандық. Орталығы Тараз, кейде Бұхар болған. Шығыс хандық

28

Page 30: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

қарахандықтардың негізгі бөлігі болып саналған. Сондықтан да оның қағаны дәстүр бойынша ұлы қаған деп есептелген.Жетісу мен Шығыс Түркістанды ХІ ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Тұған хан билеп тұрды. Онымен Борға хан баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды. 1005 жылы Туған ханды Қадырхан Қашқардан тықсырып шығарды. 1017-1018 жылы Жетісу көшпелі тайпалар шабуылына ұшырап, көп ұзамай Туған хан дүние салды. Қадырхан күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына көшеді. 1032 ж. Қадырхан иелігіне Жетісу, Испиджиб пен Тараз өңірлері Шығыс Түркістан қарайды. 1056 жылы Қадырхан баласы Иннал-тегін өкімет басына келеді. Иннал-тегіннің баласы Ибрахим болады. Осыдан кейін Шығыс қағанатының да он бес жыл бойы Қадырханның балалары Юсуар Торғулхан мен Бограхан Харун басқарады. Екі қағанат арсындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Орта Азия мемлекеттерімен қызу сауда жүргізеді. 1089 жылы Орта Азиядағы Салжұқ сұлтандығы шабуыл жасап Самарқант қаласын басып алады. Осы кезде Шығыс Қарахан қағанатына Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Тоғырыл шабуыл жасап Қашқар қаласын өзіне қаратты. Осындай шапқыншылықтан кейін ХІІ ғ. 1-жартыжылдығында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды. Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.). Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Қиданның Ляо мемлекеті (907-1125 жж.) құрылды. Қидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. Маньчжур тайпаларының соққысынан кейін бас көтерместей жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін қидан тайпалары Елюй Дашының басшылығымен батысқа келіп қоныстанған. Оларды жергілікті жерлерде қара қытай деп атады. Сөйтіп, олар Оңтүстік-Шығыс пен, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Қидандар Орта Азияға Қарай жылжып, Салжұқ сұлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдан кейін Елюй Дашы өзін Горхан деп жариялайды. Қайтар жолда горхан әскерлері Бұхараны оңай басып алып, Баласағұн аймағына келіп орналасты. ХҮ ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Мауереннахр аймағының жері қара қытай иелігіне кірді. Елюй Дашы

29

Page 31: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

1143 ж. қайтыс болды. Баласы Иле жас болғандықтан хандықты Елюй Дашының әйелі Набұян басқарды. Жеті жылдан соң Даштың ұлы Иле әкесінің тағына отырып, 1150-1164 жж. горхан болды. Ол қайтыс болған соң қарындасы Бұбұған таққа отырып, 1164-1177 жж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде қарақытай ордасында саяси өзгерістер көп болды, Бұбұған өлтіріледі. Оның орнына Иелінің баласы Жилучу горхан болды. Жилучу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді. Бұл кезде қарақытай Орта Азиядағы басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Аңғал аймағынан шыққан Турид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы береді. Наймандар мен керейт ұлыстары (ХІІ ғ. басы–ХІІІ ғ.). Наймандардың, керейттердің ертеректегі мемлекеттері Орталық Азияның шығыстан Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар. Көшпелі мемлекеттіктің бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тән болды. Найман тайпалар одағы ҮІІІ ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейінен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. Найман тайпалар одағы ХІІ ғасырдың бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты аталады. Елюй Даши күштерін батысқа жинап, чжурчжендерді қуып шығып, қидандардың Ляо империясын қалпына келтірмекші болды. Елюй Дашиді ұйғыр идикуты қабылдаған кезде найман билеушілері оның әскерлерінің қажеттері үшін оған мал әкеліп берген. Х-ХІІ басында наймандар Ляо империясына вассалдық тәуелділікте болып, оның батыс шетінде, яғни Шығыс Қазақстан мен Батыс Монғолия жерінде тұрған. Жетісуда Қарақытайлар мемлекеті құрылғаннан кейін наймандардың жерлері солардың иеліктерімен көрші болды. Рашид ад-Дин наймандар

30

Page 32: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

жөнінде бір бөлігі «өте тау-тасты жерлерді», ал бір бөлігі жазира-жазықтары мекендеген көшпелілер дейді. Деректемелердің көрсеткеніндей, кеш дегенде ХІ ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының Шығыс сілімдеріне дейінгі шығыстан батысқа тараған аумақты алып жатқан. Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер ХІ ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады. Олар Тола өзенінің аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онгын өзенінің аңғарын алып жатқан. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында керейттер бүкіл қазіргі Монғолия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, монғолдар да солардың қол астында болған. Наймандар мен керейіттердің ұлыстары «бастапқы үлгідегі мемлекеттер», яғни ертедегі феодалдық мемлекеттік құрылымдар болды. Монғолдар талқандағаннан кейін найман мен керейіт топтары, қалыптасып жатқан көптеген түрік халықтарының құрамына, атап айтқанда қазақ халқының құрамына біртіндеп сіңісе береді. Наймандар монғол дәуірінде қазақ даласына қоныс аударып, Сырдарияға дейін жетіп, қазақ халқының қалыптасуына белсене қатысқан. Керейіттерге келетін болсақ, олардың бір бөлігі батысқа, Еділ бойына дейін барып, онда өздерінің керейіт деген этонимін сақтап қалды және кейініректе осы атаумен өзбектер мен қырғыздардың құрамына, ал шағын тобы қазақтардың да құрамына кірді. Керейіт этнонимі Қара теңіз өңірі далаларының топономиясынан да кездеседі. Керейіттердің басқа бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалды. Олар бұрынғы этнонимдегі –іт жалғауын жоғалтып, Керей (қара керей, абақ керей) деген атпен Орта жүз қазақтарына қосылды. Егер орта ғасырлардағы дала халқының монғол дәуірінде тұрақты түрде және алыстан қоныс аударуын ескерер болсақ, керейіттер мен керейлерді олар батыс керейіттердің шығысқа қарай кері көшіп немесе керейлердің жекелеген топтарының батысқа қарай одан әрі ілгерілеп қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Орталық Азия халықтарының этникалық тарихынан жақсы біліп

31

Page 33: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

отырғанымыздай, мұндай араласу мейлінше дағдылы құбылыс болған. Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы–1224 ж.). «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. Ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман дерек-терінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (ІХ ғ.) жылнамалық жағынан ҮІІІ ғ. жататын, түрік тайпаларының тізімінде көрсетіледі. 656 ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы ҮІІІ ғ. соңында оларды Кимек федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. ІХ-Х ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі: қыпшақтар кимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Кимек қағанаты құрамына кіреді. ХІ ғ. екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орнығады, олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді. Қыпшақтардың ХІ ғ. орта кезінде батысқа қарай жылжуының бастапқы кезеңі Махмұт Қашқаридің жағрафиялық картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Еділ өзенінің өзі Қыпшақ елі ішінде қалады. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлімен Алакөл шұңқырының көлдері болады. Солтүстік-шығыс бетте қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің Саян-Алтай ошағымен байланысты болған, бұл мәдениеттің иелері қырғыздар мен хакастар және басқа да тайпалар еді. Қыпшақ хандығының солтүстік шекарасы қазіргі қазақ даласын Батыс Сібірден айырып тұратын орманды дала зонасы арқылы өткен. Солтүстік Батыс жағында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің

32

Page 34: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

халқымен этникалық мәдени және саяси қарым-қатынас жасаған. Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізінен тұрақты болған, тек оңтүстік-батыс шекарада ХІІ ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ тайпаларының ХІ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезінде бұлғарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған. Қыпшақ ақсүйектері Шығыс Дешті қыпшақ тайпаларының қоныстық-өрістік жерін едәуір кеңейтуге себепші болған және Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетімен, Орта Азиядағы Салжықтар, Хорезмшахтар және Қарахандар әулеттерімен соғысқа және соғыстарға әкеліп жеткізген ХІ ғ. бірінші жартысындағы буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құрудың объективті себебіне айналды. ХІ ғ. екінші жартысында ХІІ бірінші ширегі біткенге дейін қыпшақ хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақтанып, саяси бірлігі біраз жақсарды. Бұған қарағанда, қыпшақтың этникалық - әлеуметтік қауымдастығында өз билігін бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі – малға жекеменшік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулердің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған деседі. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері – таңбалар басылған. Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігіне заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін меншіктеген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған. Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған Хорезмшах Мұхаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына ХІІІ ғ. бас кезінде Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақ иелігінен айырылып

33

Page 35: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешті қыпшақ еліне Мұхаммед Хорезмшах талай рет жорық жасайды. 1216 ж. Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғыс хан қолымен кездейсоқ соқтығысып қалады. Сұлтанмен айқасып қалғаннан кейін, монғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, бұған ілесе қыпшақтардың Хорезмшахтармен ұзаққа созылған бәсекесі тоқтап қалады. Моңғол басқыншылығының дәуірі келіп жеткен еді.

Моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстан.

Шыңғыс ханның жаулаушылық соғыстары. ХШ ғасырдың бас кезінде Моңғол империясының құрылуы Орталық және Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырына орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы Еуразия аймағын мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым-қатынасымен өзара байланысын бұзды және олардың этникалық-саяси, шаруашылық-мәдени дамуының үрдісін өзгертіп жіберді.XII ғ. орта шенінде монғол тайпалары Монғол Алтайы мен Ертістің жоғарғы жағынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып, түрік тілді топтарға сіңісіп, түріктерден материалдық медениетінің көптеген элементтерін, шаруашылық пен тұрмыстың түрлерін, көшпеліліктің әдет-ғұрпын, мал тұқымдарын ала отырып, Орхон мен Керулен бойларынан батысқа қарай жылжыды. Сол уақыттан бастап түріктер мен монғолдардың кейінгі уақытқа дейін сақталған қоныстарының шекарасы анықталып қалыптасты. Монғолдар жайлаған аумақ солтүстікте Байкалдан, Ертіс пен Енисейдің жоғарғы бойынан Оңтүстік Гоби шөліне дейін кең көсіліп жатады. Егер ескі дүниенің картасына көз салсақ, онда өркениеттің екі полюсінің - Шығыстағы Қытай мен Үндістанның және батыстағы грек-роман әлемі арасында байланыстырушы болып ұзын лента теріздес түрік-моңғол халықтары жатқанын көруге болады. Осы халықтарды біріктіріп, біртұтас мемлекет құрса, ол шығыс пен батыс арасындағы өркениет көпіріне айналар еді. Осы үлкен мақсатты орындауға кірісу және "темір мен оттың" көмегімен аяғына дейін жеткізу ХШ ғасырда Шыңғыс ханның үлесіне тиді. ХП ғасырдың аяғы - ХШ ғасырдың басындағы Орталық Азия мен Қазақстан далаларында

34

Page 36: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

билік етуші тайпалар арасындағы күрес асқынып кетті. Күрес барысында моңғол тайпалары көсемдерінің бірі Тимучиннің (Шыңғыс хан) мерейі үстем болып, ол Орта Азия тайпаларының басын қосқан құдіретті билеушіге айналды. Тимучин, яғни болашақ, Шыңғыс хан 1155 жылы ақпанда (кейбір деректе 1162 жылы) Онон өзенінің жағасында, Дели-Чюн-Болдок шатқалында дүниеге келді. Оның әкесі белгілі моңғол билеушісі ноян Есугей-бахадүр текті әулеттен шыққан, халық арасында белгілі кісі болатын. Отбасының тұңғышы Тимучин дүниеге келуі жөнінде монғол-қытай жазбасы ("Юань-ши") былай дейді: «Есугей батыр татар тайпаларына қарсы жорықта жеңіске жетіп, олардың басшысы Тимучинді қолға түсіреді. Осы кезде батырдың әйелі императорды (Шыңғысты) босанады. Оның қолында ұйып қалған қан болыпты-мыс. Жеңістің құрметіне оған қолға түскен татар батыры - Тимучиннің атын қояды». Тимучин мәртебесін көтеруге оның керейттер ұлысының билеушісі Тоғырыл Ван-ханмен ынтымақтасуы маңызды болды. Керейттердің наймандармен, моңғол тілдес татарлармен және меркіттермен соғысында Тимучин Ван-ханның вассалы ретінде соғысып, құрметті атақтарға қолы жетті. 1185 жылы Ван-хан, Тимучин және моңғол тайпасы жаджираттан шыққан Жамуха Селенга өзенін сағалаған меркіт ұлысын талқандайды. Жеңіс Тимучинннің күшін арттырып, оны басқа да белгілі билеушілердің қатарына қосты. Тимучинге жалайыр, барлас, т. б. рулар қосылды. 1199 жылы Тимучин мен Ван-хан найман хандарының бірі Бұйрыққа шабуыл жасап, талқандап жеңді. 1200 жылы Тимучин мен Ван-хан меркіттерді жеңді. 1202 жылы Жамуха найман, меркіт, ойрат, т.б. тайпалардан күш жиып, Тимучин мен Ван-ханға қарсы шығып, жеңіліс тапты. 1202 жылы Тимучин татар ұлысын түпкілікті талқандайды. Бірақ Тимучиннің жаңа қарсыласы меркіттер мен наймандардың біріккен күштері басында Бұйрық хан тұрды. Уақытты ұттырғысы келмеген Тимучин 1204 жылы 45 мың атты әскермен наймандарға жорығын бастайды. Бұл шайқас Нагу тауы етегінде басталады. Әйтсе де наймандардың бір бөлігін бастап Даян ханның баласы Күшлік құтылып кетеді. 1206 жылы монғолдар найман ханы Бұйрықты талқандайды. Енді Тимучин Орталық Азия даласындағы жалғыз билеуші болып шыға келді. 1206 жылдың көктемінде Онон өзені сағасында Тимучинді жақтаушы көшпелі билеушілер бас қосып, қасиетті ақ туды көтерді, құрылтай шақырып, Тимучинді ұлы хан деп жариялап, оған Шыңғыс хан атағын берді.1208 жылы Шыңғыс ханның әскері қашқан наймандар мен меркіттерді қуалай отырып, оларды Ертіс жағалауында екінші рет талқандайды. Ал жеңіліс тапқан наймандар мен керейттер Күшлік ханның бастауымен Жетісуға келіп паналайды, ал меркіттер болса, Орталық Қазақстан даласына қашты. Осы тұста Жетісуда да аласапыран

35

Page 37: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

мезгіл туған еді. Оған себепкерлер Шығыс Түркістандағы ұйғырлар, қарақытайға бағынышты жетісулық, қарлұқтар мен қаңлылар еді. 1211 жылы Жетісуда алғашқы моңғол әскерлері пайда болады. Көп кешікпей оларды Шыңғыс хан солтүстік Қытайдағы Цзинь империясымен соғысқа шақырып алады. Шыңғыс хан әскері 1211-1215 жж. Қытайға жасаған жорығынан кейін моңғол армиясында Қытайдың әскери техникасы - қабырға құлатқыш, тас атқыш және от атқыш қарулары пайда болды. 1216 жылы Солтүстік Қытайдағы бұл науқан сәтімен аяқталған соң моңғолдар батысқа жылжуын қайта жалғастырды. 1218-1219 жж. моңғолдар көптеген көрші халықтарды бағындырды. Енисей қырғыздары мен буряттар жері жаулап алынды. Ұйғыр, Тұрпан князьдіктері моңғолдар билігін ерікті түрде қабылдады. Цзинь империясының армиясын талқандағаннан кейін монғолдар солтүстік Қытайды басып алды. Шыңғыс ханның ендігі ойы батыс елдерін - Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказ сырты, Шығыс Еуропаны жаулап алу болды. Әлі жаулап алынбаған Ертістің, Арал теңізі мен Әмударияның батысындағы жерді үлкен ұлы Жошы мен оның ұрпақтарының ұлысы етіп берді. Шыңғыс хан үлкен ұлы Жошыға қьпшақтарды паналаған меркіттерді талқандауға, сүйікті қолбасшысы Жебе ноянға Күшлік ханды бағындыруды табыстады. Жетісуда билік басында отырған Күшлік хан 1218 жылы моңғолдардан тағы да жеңіліс тауып, Бадахшанда қолға түсіп басы шабылады. Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болған Шыңғыс хан Жетісуды аса көп қарсылықсыз-ақ басып алды. Жебе ноян жарлық беріп, бейбіт халықтың мал-мүлкіне тиісуге тыйым салды, ал мұсылмандарға кұдайға құлшылық, етуге рұқсат берді. Моңғолдар үшін Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алу Ескі дүниені тұтастай жаулап алу стратегиясының құрамдас бөлігі деп қараған жөн. Шыңғыс хан ат тұяғы жеткен жердің бәрін өзіне қаратуды алға қойды. Орта Азия мен Қазақстанды қарату оған Шығыс Еуропаға және Алдыңғы Азияға апаратын жолды ашты. Осы себепті бұл жорыққа Шыңғыс хан мұқият даярланды. Моңғолдарға қызмет еткен мұсылман көпестер мен қашқындар Қарақытай мемлекеті, кейінде Хорезмшах жайлы мәліметтер тасумен болды. Шығыс Түркістан мен Жетісудың моңғол қолына өтуі Оңтүстік Қазақстанда, Орта Азияда дүрбелең туғызды. Хорезмшах пен Шыңғыс хан қайта-қайта елшіліктер алмасумен болды. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мауреннахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорығына жол ашылды. Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан сауда керуенін жіберді. Онда 450 адам, 500 түйе бар еді. 1218 жылдың жазында керуен Отырарға жетеді. Отырар билеушісі Қайырхан Иналшық көпестердің тыңшы екенін байқаған соң керуенді кұртып

36

Page 38: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

жіберуге бұйрық береді. Енді Шыңғыс хан Хорезмшах алдына Қайырханды қолыма бер деген талап қояды. Бірақ осы талапты айтуға келген елшілер де өлтіріледі. Осылайша Шыңғыс ханның Хорезмге қарсы жорығы басталады. Жорық 1219 жылдың қыркүйек айында Ертіс жағалауынан басталады. Шамамен 150 мың әскер жинаған Шыңғыс хан Ертістен Сырдарияға жетті, әрі бұл жорық Жетісу арқылы жүріп өтті. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде Шыңғыс ханның ұлдары Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа бір шоғырын Сыр бойымен Жент және Жаңакент қалаларына жіберді. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғысхан ұлы Төлеймен әскердің негізгі күштерімен Бұқараға беттеді. 1219 жылдың күзінде Шыңғысхан орасан зор әскерді бастап, Жетісу арқылы Мауереннахрға аттанды. Ол алғашқы соққыны Сырдария бойындағы қалаларға бағыттады. Моңғолдардың қарамағында бұл тұста көптеген жергілікті феодалдар мен көпестер бар еді. Олар Шыңғыс ханды қажетті мәліметтермен жабдықтап отырды. Жетісуда Шыңғыс ханға өз әскерлерімен Бесбалық қаласының билеушісі мен Алмалықтың ірі феодалы - Сугнак тегін келіп қосылды. Шыңғыс хан нөкерлері ішінде Қойлық қаласынын әмірі де болды. 1219 жылы қыркүйекте Шыңғыс хан әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның халық бұқарасының монғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқын көрінісі болды. Қаланы қоршау 5 айға жуық уақытқа созылды. Қаланың құлауына опасыздық себеп болды. Хорезмдік әскербасы-Қараджа хаджиб түн жамыла қаланың Софыхан қақпасынан шығып, моңғолдарға өтіп кетті. Қаланы қоршап тұрған монғол әскерлері осы қақпа арқылы қалаға лап беріп, басып кірді. Монғолдар оны әбден тонады, халқын қырғынға ұшыратты. Осыған қарамастан әскердің бір бөлігі мен қала халқы оның ішкі қамалына кіріп алып, бір ай бойы қайыспай қарсылық көрсетіп, бір адамы қалғанша соғысты. Әбден титықтап барып алған қамалдағы жаралы, ауру адамдарды моңғолдар қырып салды. Сөйтіп, Отырар қамалын жермен-жексен етіп, Шағатай мен Үгедей бастаған моңғол шоғырлары Шыңғысханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғысхан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы Сыр бойындағы қыпшақтар астанасы Сығанақты 7 күн және 7 түн қоршады. Ақыры басып алған соң тұрғындарын тегіс қырып жіберді. Сырдың бойымен төмен жүріп отырып Өзгент және Баршынлықкент қалаларын қарсылықсыз алды. Ашнас қаласын қорғаған керейлер қатты қарсылық көрсетті. Бірақ күш тең емес еді. Қала халқының көбі қырылып кетті. Бұдан кейін Жент пен

37

Page 39: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Янгикент қалалары кұлады. Осының бәрі 1219-1220 жылдың қысы мен көктемінде болған оқиғалар еді. 1220 жылды Жошы хан Жент қаласында өткізді. Ал 1221 жылы Гургендж (Үргеніш) қаласының тұрғындары қаланы бірнеше ай бойы ерлікпен қорғады. Сондықтан бұл қалаға Жошы, Шағатай және Шыңғыс хан әскерлерін әкелуге мәжбүр болды. Қала алдырмады. Оны тура шабуылмен ала алмағаннан кейін, моңғолдар Әмудария өзенінің бөгетін бұзып, қаланы суға толтырып барып басып алды. Монғол басқыншыларына Орта Азияның ең ірі қалалары Бұқара мен Самарқанд қалаларының халқы да табанды қарсылық көрсетті. Оңтүстік және Оңтүстік Қазақстан арқылы сапар шеккен Плано Карпини осынау жерден яғни Сырдарияның төменгі жағынан "қиратылған сансыз қалаларды, бұзылған бекіністерді, көптеген қаңырап қалған қыстақтарды көргендігін" айтады. Қалалармен қатар суару жүйелері бұзылып, егістіктер тапталады және сол маңайдағы егіншілік аймақтары құртылады. Сырдария бойындағы егінді мекендердің көптеген халқы қырылады, егіншілері тұтқынға алынады, үшіншілері басы ауған жаққа бытырап қашады. Тұтас бір аудандар, оның ішінде көшпелілері де бар, құлазып бос қалады. 1219 жылдан 1221 жылға дейін Шыңғыс хан әскерлері бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Талай қалаларды талап, жойып жіберді. Хорезмшах Мұхамед Иранға қашып кетті. Ол кейін Каспий теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдарғы қысқы жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты. Жебе ноян мен Сүбедей ноян басқарған 30 мың әскер Солтүстік Иран арқылы 1222 жылы Кавказға баса көктеп кіріп, аландарды, қыпшақтарды (орыс жылнамаларында половецтер) және Калкада орыстарды талқандаған соң қазіргі Қазақстан даласы арқылы (Шығыс Дешті Қыпшақ) Ертістегі Шыңғыс хан ордасына 1224 жылы оралды. Осылайша 1219-1224 жж. моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына енді. Шыңғысханның жаулап алған байтақ жері түгелімен оның балаларына бөлініп берілді. Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империя құрған Шыңғыс хан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: кіші ұлы Төлей Шыңғысханның негізгі жұртын - Моңғолияның өзін, сондай-ақ, моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды. Моңғолиядан батысқа қарай жаулап алынған ұлан-ғайыр аумақ, үлкен ұлдарына бөлінді, бұл орайда олардың әрқайсысына тұрақты әскерден 4 мың адамнан бөлініп берілді. Шыңғыс ханның үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен ұлысының орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды.

38

Page 40: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Өзін ұлы хан деп жариялағаннан кейін (1228/29-1241) Үгедей, Орхонда, Қарақорымда тұрды. Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, ұйғырлар өлкесінің шекарасынан Самарқанд пен Бұқараға дейінгі жерлердің, яғни Шығыс Түркістанды, Жетісу мен Мауереннахрдың денін қамтыды. Жамал Қаршидің деректері бойынша, Шағатай иеліктерінің негізгі бөлігін құраған өлке Аларғу елі деп аталды; оның басты қаласы Алмалық болды. Шағатайдың жазғы ордасы Іле өзенінің, алқабындағы Кұяш деген жер болды. Оның мирасқорларының ордасы, Жувейни деректері бойынша, түрікше Ұлығ-Иф (Ив) деген атпен, яғни «Үлкен үй» деген атпен мәлім болған. Шағатай мен оның мирасқорлары иеліктерінің кұрамына Балх және Хорасан өлкелері де кірді. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай және Қойлық пен Хорезм шекарасынан Саксин мен Бұлғардың татар аттарының тұяғы тиген жерлерге дейінгі ұшы-қиырсыз аймақты алып жатты, сөйтіп Жетісудың солтүстік бөлігін және Төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті-Қыпшақты қамтыды. Рашид ад-Диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы Ертісте болған, бірақ басқа деректемелер бойынша, ол Сарысуға жақын маңда, қыпшақтар елінде жерленген. Ертісте, Алакөл көлінің маңында, Плано Карпинидің дәлелдеуі бойынша, ХШ ғасырдың орта шенінде Жошының баласы Орда-Ежен тұрған. Алтын Орданың құрылуына байланысты Жошы ұлысының саяси өмірінің орталығы Төменгі Еділге ауысты. Сонымен Қазақстан аумағы моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі - Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі - Үгедей ұлысына кірді.Шыңғыс ханның тірі кезінде ұлдарына бөліп берген жерлер олар үшін тек қана пайда көзі болды, бірақ империя басшысына бағынышты болып қала берді Ол өлгеннен кейін жағдай өзгерді. Моңғол державасының ұланғайыр кеңдігі, ұлыстардың иелері тұрған жерлердің Орхондағы жалпы империя орталығынан шалғайлығына байланысты жергілікті жерлердегі билік қана шын мәнінде билік болып қалды. Ұлыстық жүйенің әулеттік бастамасы, ұлыстардағы іс жүзіндегі биліктің Шыңғыс ханның ұлдары ұрпақтарына ауысуы ұлыс қарауында елеулі әскери күші бар Шыңғыс хан ұрпақтарын өз әулеттерін толығымен дербес етіп алуға, ал ұлыстарды тәуелсіз иеліктерге айналдыруға итермеледі. Ұлыс билеушілері қолына біртіндеп бүкіл билік толығымен көшіп, империя бірнеше дербес мемлекетке ыдырады. Оның ыдырауының негізгі себептері халық бұқарасының моңғол езгісіне қарсы күресі, көптеген елдер мен халықтарды қарудың күшімен өзіне қаратып алған империяның іргесінің берік еместігі, қырық құрау болып, үнемі жалғасқан өзара

39

Page 41: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

қырқыстар, экономикалық байланыстардың, медени-тарихи дәстүрлердің болмауы еді. 1227 жылы Шыңғыс хан дүние салғаннан кейін, бұл ұмтылыс күшейе түседі де, империя бірнеше тәуелсіз мемлекетке бөлініп кетеді. Оның себебі Моңғол державасының ұлан-ғайыр кеңістігі, ұлыстардың иелері тұрған жерлердің Орхондағы жалпы империя орталығынан шалғайлығына байланысты іс жүзінде әрбір ұлыс теуелсіз бола бастады. Ұлыс басшыларының қолына біртіндеп бүкіл билік толығымен көшіп, империя бірнеше дербес мемлекетке ыдырады. Оның ыдырауының басты себептері мынада: 1) халық бұқарасының моңғолдық езгіге қарсы күресі; 2) көптеген елдер мен халықтарды қарудың күшімен қаратып алған империяның берік болмауында; 3) өзара үдіксіз жүргізілген соғыстарда; 4) экономикалық мәдени байланыстардың, тарихи дәстүрлердің болмауында.

ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттер.

Алтын Орда хандығы. Шыңғыс хан қазаға ұшырағаннан кейін 1235 жылы Қарақорымда моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерлерін Шыңғыс ханның немересі Жошының екінші ұлы Бату хан басқаратын болды. Батый әскері моңғол шоғырларына еріксіз енгізілген, әртектес тайпалардың жауынгерлерінен құралды. Ондағы басқару қызметтерінің бәрінде моңғол феодалдары болды. Батудың самсаған әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарияны, мордваларды талқандап, 1237-1240 жылдары орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде моңғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар болды. Орыстардың шағын ғана қаласы Козельск тұрғындары жеті апта бойы монғолдарға жан аямай қарсылық көрсетті. Осы ұрыстарда мыңдаған моңғол қырылды. Бірақ сан жағынан әлдеқайда көп Бату әскерлері қаланы басып алып, оны жермен жексен етті. 1239 жылдың басында Бату әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып моңғолдар Переяславль қаласы, онан кейін Чернигов жеріндегі Глух қаласын алды. 1239 жылдың қазан айында олар Чернигов қаласын қоршауға алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Бату әскерлері Киевті қоршады. Киев халқы ұзақ уақыт қаланың сыртында, тіпті монғолдар қала ішіне басып кіргеннен кейін де қарсылығын тоқтатпады. Олар түгелімен дерлік қырғынға ұшырады. Одан кейін, Польшаны, Венгрияны, Дальмацияны шапты, Грузияны жеңіп, Кавказдың басқа да кейбір халықтарын бағындырды. Алтын Орда шекарасы Ертістен Днестрге дейін созылды. Шығыс Еуропада оған Еділ бұлғарларының жері, Дешті Қыпшақ, Қырым және Дербентке дейінгі Солтүстік Кавказ (кейде Бакуғе дейін), Орта Азияда

40

Page 42: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Үргеніш қаласымен қоса Солтүстік Хорезм, Сырдарияның теменгі ағысына дейінгі аймақ түгел қарады. Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің Алтын Орда деген атауы орнықты. Алғашында Алтын Орда Моңғол империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал ХШ ғасырдың 60-жылдарынан кейін ол дербес хандық болып бөлінді. Алтын Орда астанасы алғашқы кезде Еділ сағасындағы Сарай-Бату қаласында (қазіргі Астрахань маңында) болды; көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды. Кейінірек Сарай Беркеге (Еділ бойымен Сарай-Батудан жоғарырақ) көшірілді. "Алтын Орда" ұғымы біртекті емес; бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның мирасқорлары Беркенің жеке иелігіндегі жерлер, яғни Төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады. Бату хан (1227-1255 жж.) зор беделге ие болды және іс жүзінде империяны өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен бірге биледі. Алайда Бату да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Бату хан Шығыс Еуропаға жасаған жеті жылдық (1236-1242) жорығынан кейін ата-бабадан келе жатқан әдет-ғұрыпқа бағып, өзінің басқа бауырларына да үлес берген. Інісі Орда Еженнің ұлысына Жетісудың солтүстік-шығыс белігіндегі жерлер, Ертіс бойындағы кең-байтақ аумақ Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер кірді. Ұлыстың аумағы біртіндеп кеңейе берді. ХІІІ ғ. екінші жартысында-ақ Орда Еженнің немересі Қонышанның тұрған жері, деректеме бойынша, Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында болған, ұлыстың саяси орталығы осы жерге ауысқан еді.Іс жүзінде ХШ ғ. ортасынан бастап Орда Ежен ұлысы дербес мемлекет болып, шығыс деректемелерінде ол Ақ Орда деп аталған. Орда Ежен ұлысынан батысқа қарай Шайбани иелігіндегі жерлер жатты. Шайбани ұлысының бөлінуі туралы Махмұд ибн Уәли былай деп хабарлайды: "... Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның баласы Шайбани хан жеті жылдық жорықта астар, орыстар, черкестер және бұлғарлар елдерін жаулап алған кезде ептілік көрсетіп, ағасы Батудан сыйлық ретінде төрт омақ алды". Шайбани ұлысының аумағы туралы Әбілғазы былай деп хабарлайды: "Шайбани жазда Орал бөктеріндегі, Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерде, ал қыста Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерін бойлап және Сырдарияның төменгі ағысында кешіп жүрген". ХШ ғ. екінші жартысындағы ХІV ғ. басындағы Алтын Орданың тарихы орыс князьдықтарымен, Иранның Құлағу әулетімен болған үздіксіз соғыстарға толы, бұлардан Берке (1257-1266) мен оның мирасқорлары Әзірбайжанға және Оңтүстік Каспий маңындағы басқа да жерлерді иелену құқығына таласты. Мөңке-Темір тұсында (1266-1280) Алтын Орда Монғол империясының орталығынан біржола оқшауланып,

41

Page 43: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

тұңғыш рет өз атынан теңге соға бастады, Орта Азия мен Жетісуда Шағатай ұрпақтарының билігін нығату үшін ұлы ханға қарсы күресінде Хайдуды қолдап отырды. Алтын Орда ХШ - XIV ғасырлар аралығында күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекет ретінде беделі өсіп, көрші елдермен қарым-қатынасы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезендерде Алтын Орданың қол астындағы жерлерде, әсіресе Бату Сарайы, Берке Сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет салалары өсті. Оған біріншіден түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың медениеті, әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әл-Бируни, Ас-Сығанақи, ибн Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану мен ілгері дамыту оң әсерін тигізсе, екіншіден көрші елдер мәдениетін үйренудің ізгі ықпалы болды. Алтын Орда көп ұлтты мемлекеттік құрылым еді. Ол қоғамдық- экономикалық дамуының деңгейі жағынан бір-бірнен айырмашылығы үлкен, өзіндік мәдениеті мен әдет-ғұрыптары бар, әр алуан халықтар мен тайпалардан құралатын. Дешті Қыпшақ даласындағы көшпелілердің басым көпшілігі ең әуелі қыпшақтар содан кейін қаңлылар, қарлұқтар, наймандар, т.б. болатын. Алтын Орданың отырықшы облысында бұлғарлар мен мордва, орыстар мен гректер, шеркестер мен хорезмдіктер, т.б. тұратын. Монғолдардың өздері тіпті аз еді. ХШ-ХІV ғасырлардың шамасында, әсіресе XIV ғ. монғолдар іс жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы "татарлар" деп атала бастады. Алтын Орданың хандары Бату (1241-1256 жж.), Берке (1257-1266 жж.), Мөңке-Темір (1266-1280 жж), Туда-Мөңке (1280-1287жж.), Төле-Бұқа (1287-1291 жж.), Тоқты (1291-1312 жж.), Өзбек (1312-1342 жж.), Жәнібек (1342-1357 жж.) хандар тұсында Алтын Орданың қуаты арта түсіп, билігі мейлінше күшейді. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бас иген болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін толықтай тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропа және Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттығы өркендеді, әртүрлі кәсіпшілік пен қолөнері дамыды. Берке тұсында Алтын Ордаға ислам діні ене бастап, Өзбек тұсында ол үстем дінге айналды. Өзбек ханның (1312-1342 жж.) және оның баласы Жәнібектің (1342-1357 жж.) тұсында Алтын Орданың күш-қуаты барынша кемел кезіне жетті. Өзбек хан Орда-Ежен ұрпақтарының бұрынғы вассалдық тәуелділігін қайтаруға тырысып, Сығанақта өзінің баласы Тыныбекті хан тағына отырғызды; алайда ол көп кешікпей өлтіріліп, билік Орда-Еженнің ұрпақтарына қайта көшті. Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші әулеттің өкілдері бастаған әскери-феодалдық алпауыт-бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы тұтас алғанда Шыныс хан

42

Page 44: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

енгізген үлгінің ізімен жүрді. Мемлекет Жошы ұрпағынан шыққан хандардың меншігі саналды. Аса маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін билеуші әулет мүшелері бастаған ақсүйектердің, жалпы жиналысы - құрылтай шақырылатын болған, Әлеуметтік қызметерді атқаруға билеуші топтың өз адамдары – оғландар, әмірлер, даруға бектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері - бақауыл, тұқауыл, жасауыл, қази, муфти, дуан бітікшілері, талғамшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін губернаторлар - жаруғашылар, басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау әскердің күшімен алым-салық жинау еді. Алтын Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды. Көшпелі халықтарда (қыпшақ, моңғол, татар тайпалары) жартылай патриархтық, жартылай феодалдық қатынастар үстемдік етті. Шаруалардың жағдайы мейлінше ауыр болды, олар екі жақтан бірдей қаналды: ханға да, жергілікті ірі алпауыттарға да алым-салық төледі. Кейіннен Алтын Орда хандары жергілікті билеушілерге тархандық жарлық үлестіруді кеңінен қолданды. Мұның өзі феодалдардың бағынышты халықты шексіз билеуіне және салықты өз қалауынша жинауына ерік берді. Егінші шаруалар өңделген жерден заттай алынатын салық төледі. Серіктес шаруалар феодалдарға еріксіз жұмыс істеп салықтарын өтеді. Жекеменшікті қорғау үшін мемлекеттік заң және мемлекеттік идеология қалыптасты. Ол туралы Лев Гумилев "Мені Евразиялық деп атайды" атты еңбегінде: "Жошы ұлысына қарайтын бүкіл елге - Еділдегі Алтын Ордадан, Тюменьдегі Көк Орда мен Ертістегі Ақ Ордаға дейін ислам дінін қабылдауға мәжбүр етілді" – дейді. Феодалық қатынастар дамыған сайын Алтын Орданы билеушілер арасында талас күшейіп, феодалдардың өзара күресі мемлекетті жегідей жеді. Мұның үстіне жаулап алынған тәуелді халықтардың күресі етек алды. Моңғол езгісіндегі тайпалар мен халықтар құлдық бұғауынан құтылуға тырысты. 1238 жылы Бұқарада қолөнерші Махмұд-Тараби бастаған көтеріліс болды. Көтерілісшілер қаланы басып алғанмен моңғол әскерлері көтерілісті аса қаталдықпен басып жаныштады. Бұқарада болған көтеріліс моңғолдарға қарсы азаттық күресінің өрістеуіне мықты ықпал жасады. Қыпшақтар, половшылар, чуваштар, мордвалар, марийлер және басқалары бас көтерді. 1240-1241 жж., сондай-ақ 1270 жылы кама бұлғарлары моңғолдарға қарсы көтеріліс жасады. Мұның өзі Алтын Орданы әлсірете берді. 1259 жылы Новгородта, 1262 жылы Ростовта, Суздальда, Ярославльде болған көтерілістен Алтын Орданың іргесі шайқалды. 50-жж. орта шенінде Жәнібек ханды оның үлкен ұлы Бердібек өлтіргеннен кейін, "ұлы алапат" (1359-1379 жж.) деген атпен мәлім болған жиырма жылдық өзара қырқыс басталды. Алтын Орданың батыс бөлігі бірнеше

43

Page 45: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

иеліктерге бөлінді. Еділ бойында, Астраханда, Қырымда, Сарайшықта жергілікті әмірлер, Қара теңіз өңірінде түменбасы Мамай орнықты. 1380 жылы Алтын Орданың нағыз билеушісі мыңбасы Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен тас-талқан болып жеңілді. Жошының ұрпағы Тоқтамыс Мамайдың күйрегенін пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алады. Өз өкіметін әскери жеңістермен нығайту үшін 1382 жылы Мәскеуді өртейді, Мәуреннахр мен Кавказдың ар жағына бірқатар жорықтар жасайды. Ал Мауереннахр билеушісі Әмір Темір өз тарапынан Алтын Ордаға бірнеше рет қанды жорық жасап оны ойрандап кетеді. Осы соққыдан ол оңала алмайды. Жошы ұрпақтарынан тараған жекелеген хандар мен ірі тайпалардың жетекшіліктері оларды уақытша біріктіргенімен де, XV ғ. өзінде-ақ бұл иеліктер тәуелсіз Қазан, Астрахан, Қырым, Үлкен Орда хандықтарына айналды. Қазақстан мен Түркістанның далалық аумағында жергілікті билік нығайды, сөйтіп, Алтын Орданың күні өтіп шаруасы бітеді. Әлгі ұлыстар ішіндегі ең ірісі Еділ мен Дон арасынан құрылған Үлкен Орда (XV ғасырдың 30 жылдары) болады. Ақ Орда хандығы. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының ауыр зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Бүліншілікке ұшыраған шаруашылықты, қираған қалаларды қалпына келтіруге бағытталған шаралар жемісін беріп, феодал-байлардың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары біраз жақсарды. Сонымен бірге бұл тұста моңғолдардың қол астында болып келген көптеген ұлыстар мен ел дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздікке ие болып Қазақстан жеріне алғаш рет жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет Ақ Орда болды. 1227 жылы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы өлген соң, Ертіс өзенінің Дунай дариясына дейін созылған Жошы ұлысы (Қыпшақ ұлысы) оның ұлдарына енші ретінде бөлініп, батыс және шығыс бөлікке айырылды. Жошының Алтын Орда хандығы әскери негіздегі мемлекет еді. Сондықтан аумақтық қарулы күштердің бөлігіне бағынышты болды: Алтын Орданың барлық қарулы күштері "оң қол" және "сол қол" деп екі қанатқа бөлінді. Жошының орнын басқан мұрагері - Алтын Орданың ұлы ханы Батый қарулы күштердің оң қанатын тікелей өз қарамағына қалдырды, сол қанатын ағасы Орда-Ежен билігіне берді. Мемлекеттің батыс бөлігі - Еділ алқабымен және оның батысындағы жерлер, Қырым, Солтүстік Кавказ, Солтүстік Хорезм және осы өңірлерде мекендеген халықтар Батый ханмен Тоқай-Темірдің үлесіне тиді де, оны Алтын Орда тікелей басқарды. Мемлекеттің шығыс бөлігі Алтай таулары мен Ертіс өзені мен Жайық (Орал) өзеніне дейін, Балқаш көлінен Сырдария алабы мен Арал теңізінің солтүстігіне дейінгі ұлан байтақ өңір және оған іргелес жерлерді мекендеген халықтар Орда-Ежен мен оның төрт

44

Page 46: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

інісінің (Удор, Торқа-Темір, Шинкум, Синкум) үлесіне тиді де, бұл өңірде Ақ Орда хандығы кұрылды.ХІІІ ғ. ортасынан бастап Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағында өмір сүрген Ақ Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер, Рашид ад-Диннің айтуынша, өздерін Батый хан ұрпақтарының вассалдары деп сөз жүзінде ғана санаған "өз ұлысының тәуелсіз патшалары" болды. Осы Ақ Орда құрамына қосылған үйсін, қаңлы, қарлұқ, қыпшақ, т.б. тайпалар Батыс түрік (VІ-VІІІ ғ.ғ.) дәуірі мен түркеш, қарлұқ (VІІІ-Х) дәуірінде өз алдына халық болып қалыптаса бастаған қазақ халқының негізгі тұлғасы еді. Ол XI ғасырдан бастап XIII ғасырдың басына дейін кең байтақ қазақ даласына үстемдік еткен қыпшақ бірлестігіне еніп, қыпшақ елі атанған. ХШ ғ. басындағы Шыңғыс ханның жорығынан соң Жошы ұлысына еніп, ХІІІ ғ. екінші жартысында Алтын Ордадан бөлінген Ақ Орданың негізгі халқы болды. Ақ Ордаға үстемдік еткен моңғол хандары мен билік басындағы шонжарлар аз санды адамдар еді. Олар жергілікті халықтың шаруашылық тұрмысы мен мәдениетіне ықпал жасай алған жоқ, қайта өздері ұзаққа бармай-ақ жергілікті халыққа сіңіп кетті. Сол заманда жасаған әйгілі араб тарихшысы, моңғолдар туралы жазба хаттардың авторы Әл-Омари бұл жөнінде былай дейді: "Ертеде бұл мемлекет - қыпшақтар елі болған еді, ал оларды татарлар (моңғолдар) билеп алғаннан кейін қыпшақтар солардың қол астына қарап қалды. Сонан кейін олар (моңғолдар) бұлармен (қыпшақтармен) араласып туыс болып кетті, жер олардың (моңғолдардың) табиғи және нәсілдік сипатып өзгертіп жіберді, олардың бәрі (бұлармен) бір атадан туғандай, дәл қыпшақ болып кетті. Осыдан келіп моңғолдар қыпшақ жеріне мекендеп қалды. Бұлармен неке қиысып, осылардың (қыпшақтардың) жерінде тұрып қалды".Ақ Орда хандығының аумағы - қазіргі Қазақстан жерін түгел қамтыды. Оның халқы этникалық жағынан біріңғай түрік тілдес тайпалар мен халықтар – қыпшақ, қаңлы, үйсін, жалайыр, алшы, қарлұқ, найман, керей, қаракесек (арғын), қоңырат, маңғыт т.б. еді. Бұлардың әлеуметтік даму деңгейі біркелкі, шаруашылық тұрмысы негізінен көшпенді және жратылай көшпенді мал шаруашылығы болды. Мәдениеттік даму дәрежесі қарайлас, тілі түрік тілдердің бір тармағы қыпшақ тілі болған. Ақ Орда құрамына кірген тайпалардың ішіндегі алты арыс ел – қыпшақ, жалайыр, найман, қоңырат, қаракесек (арғын), алшындар - Шыңғыс ханның батысқа жасаған жорығының алғашқы кезінде- ақ "алты сан алаш" деген атпен Жошы ұлысына енген. Жошы хан оларды үйсін Майқы би арқылы басқарған. Алты сан алаштың ол кездегі қоныстанған жері - Алтай мен Каспий теңізінің аралығы бір шеті Тобыл мен Сыр бойы, Жетісу өлкесі.Ақ Ордада хан ордасы алғашында Ертісте және Алакөл маңында, яғни Орда-Еженнің әкесі Жошы ханның бастапқы отырған жерінде болды. XIV ғ. бас кезінен Орда-Ежен

45

Page 47: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

ұрпақтарының Сыр өңірінің қалалары мен Жетісу жайылымдары үшін Шағатай ұрпақтарымен күрес жүргізілді. Ақ Орданың билеушілері XIV ғ. екінші жартысында өздері Алтын Орданың қол астында екенін сөз жүзінде мойындағанымен, іс жүзінде тәуелсіз саясат жүргізді. Барлық саяси күш Ақ Орданың өзінде болды. Сол себептен де шығыс қолжазбаларында Ақ Орда Алтын Ордамен қатар өмір сүрген, одан бөлек жеке мемлекет ретінде сипатталады. Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы XIV ғ. екінші ширегінде, Ерзен мен Мүбәрәкқожа хандар билігі тұсында болған делінеді. Ол XIV ғ. 60-70 билік еткен Ұрыс хан кезінде едәуір нығайды.Мұсылман хандығының хронологиялық кестесінде көрсетілген Ақ Орда хандары - Орда-Ежен, Сартақ, Қонишы (Қойшы), Баян, Сасы-Бұқа, Ерзен, Мүбәрәк, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ және Барақ. Жәнібек хан қайтыс болғаннан кейін Алтын Ордада кезекті аласапыран кезең мен сарай төңкерісі басталды. Ақ Орданың үстем табы Алтын Ордада қалыптасқан жағдайды пайдаланып, Жошы ұлысының екі бөлігін өз билігінде саяси жағынан тұтас етіп біріктіргісі келді. Бердібек хан қайтыс болған соң сарай тағына отыруға, мысалы, Ақ Орда ханы Шымтай (1344-1361) ресми түрде шақырылды, ол шақыруды қабылдамады, бірақ Алтын Орда тағы үшін күреске Орыс хан белсене қатысты.Алғашында ата қонысы ретінде Ертіс бойын мекендеген Ақ Орда орталығы бірте-бірте Жетісудың шұрайлы жерлері мен Сырдария алабындағы қалаларға қарай ауыса бастады.Орыс хан 1368 - 1379 жж. Ақ Ордада атасының (Орда-Еженнің) орнына таққа отырды. 1368-1369 жж. бастап-ақ Ақ Орданың астанасын Сығанақ қаласына көшірді және осы қалада Орыс хан соқтырған теңгелер осы кезден бастап белгілі болды. Ақ Орда Орыс хан кезінде (XIV ғ. 60-70 жж.) айтарлықтай күшейді. Орыс хан Ақ Орданы дербес билеп, оның саяси тәуелсіздігін нығайтуға ұмтылды. Ақ Орданың Сырдария аймақтарында егін және қала шаруашылықтарын дамьпуды қолға алғаны белгілі. Орыс хан Шымтай ханның тұсында-ақ Алтын Орданы өзіне бағындыруға әрекет етті.Алайда Орыс ханның табысы ұзағынан болмады, ол Алтын Ордада әмірі жүріп тұрған Мамайды тағынан тайдыра алмады, 1376 ж. Сырдария бойына қайтып оралды. Осы кезде Орта Азияны билеуші Әмір Темір Ақ Орданың оңтүстік шекарасында өзінің жаулап алушылық әрекеттерін күшейте түскен еді. Орыс хан өлтірген Ақ Орда феодалдарының біреуінің ұлы Тоқтамыс тарихи аренаға шығады, ол Самарқанға қашып барып, Әмір Темірдің қол астында қызмет атқара жүріп, әкесін өлтірген адамнан кек алуды ойлайды. Темір Тоқтамысты өзінің жаулаушылық мақсатында пайдаланып, оған әскер беріп Орыс ханға қарсы жіберді. Тоқтамыс Темірдің көмегімен 1378-1379 жылдары Ақ Орданың астанасы Сығанақты жаулайды да, тақты тартып алады. 1380 жылы ол Алтын

46

Page 48: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Орданы басып алып, өз билігін жүргізеді. Темірмен соғыстар, Тоқтамыстың Русь пен Орта Азияға шапқыншылықтары, Ақ Ордадағы тартыстар оның Сарай мен Сығанақтағы билік құрған кезін сипаттайды. 1395 ж. Тоқтамыс Темірден күйрей жеңіліс тауып, Сібірге қашып кетті.XIV ғ. аяғы - XV ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда едәуір әлсіреп кетті. Жиырмасыншы жылдарда Ұрыс ханның немересі Барақ хан өз әулеттінің билігін бірсыпыра уақытқа қалпына келтірді. 20-жылдардың аяғында Шығыс Дешті Қыпшақтың үлкен бөлігіндегі билік Шайбани ұрпағы Әбілхайырдың, қолына көшті. XV ғ. екінші ширегінде Орыс хан мен Барақ ұрпақтары Қазақстанның оңтүстік аудандарында өз биліктерін сақтап қалды. Моғолстан (ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басы).Ұлы ханға тауелді болмаған саяси бірлік түріндегі Орта Азиялық шыңғыстықтардың мемлекеті - Хайду мемлекеті. Хайду (1269-1301 жж.) билеген кезде мемлекеттің құрылымы өзінің толысу шегіне жетті. Жамал қаршының сөзіне қарағанда, Хайду әділетті, қайырымды, жұмсақ мінезді, елінің мүддесін қорғайтын білімді мұсылмандарға қамқор хан болған. Үгедейдің немересі Хайду өлгеннен кейін көп кешікпей, 1306-1307 жж. шамасында мемлекеттегі билік Барақ ханның ұлы, Шағатайдың шөбересі Туваға (Дуваға) ауысты. Сөйтіп, Шағатай әулетінің Орта Азия мен Жетісудағы рөлі қалпына келді. В.В. Бартольдтың айтуына қарғанда, оны Шағатай мемлекетінің негізін салушы ретінде танып-білу керек. Бірақ Шағатай мемлекеті көп тұрған жоқ. Өзара тартыстың әсерінен әлсіреген хандық биліктің беделінің түсуі әскери көшпелі қауымның алға шығуына себепші болды. XIV ғасырдың 40 және 50-жылдары ол он шақты иелікке бөлініп кетті. 1346 жылы Шағатай мемлекетінен Моғолстан деп аталған солтүстік-шығыстағы аумақ бөлініп шықты. Моғолстанның құрылуы пайда болған кезінен бастап-ақ саяси және экономикалық жағынан біртұтас ел болмаған Шағатай ұрпағы мемлекетінің ыдырауымен байланысты. Мауереннахрды жаулап алған моңғолдар жергілікті отырықшы - егіншіліктің және қала дәстүрлерінің ықпалымен жаңа жағдайға бейімделіп, отырықщылыққа ауыса бастады. Жетісуда қалған моңғолдар болса, олар мұнда елеулі дәрежеде түріктенсе де, негізінен көшпелі тұрмысты сақтап қалды, ол былай тұрсын, жергілікті халықтың егіншілері мен жартылай көшпенділерінің біразы көшпелі тұрмысқа көше бастады. Таусылмайтын феодалдық соғыстар мен тартыстар елдің ауыр шаруашылығын күйзеліске ұшыратты. Мұнда 1306 жылдан 1370 жылға дейін 20 хан ауысты. Осының бәрі XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай мемлекетінің ыдырап, батыс пен шығыс бөліктерге бөлінуіне әкеп соқты. Шығыс бөлігі Моғолстан атанды, ал батысы - Мауереннахр

47

Page 49: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

дербес аймақ күйінде қала берді.Орта ғасырдағы тарихшылардың келтірген деректеріне қарағанда, XIV ғасырға таман осындағы ру-тайпалар "моғол" деп аталған. Бірақ бір кездегі "моғол" сөзі XIV ғ. қалыптасқан халықтың аты емес, әскери-саяси одақтың ғана аты болған еді. XIV ғасырдың ортасыңда осы "моғол" одағы негіз болып құрылған хандық Моғолстан деп аталады. Алайда тарихи оқиғаларға байланысты Моғолстанның жер көлемі бірде кеңейіп, бірде тарылып отырды. Дулат феодалының тәуелді иелігі болған Маңғылай Сүбе өлкесі Моғолстанға кейде қосылып, кейде бөлініп кетіп отырды. Маңғылай Сүбе өлкесі Моғолстан мемлекетінің негізгі халқы түркі тілдес тайпалар - дулат, албан, суан, қаңлы, керей, арғын, найман т.б. Бұлардың басым көпшілігі ежелден осы өңірді мекендеген түрік тілдес тайпалар, олардың ішінде жергілікті түрік тілдес халықтарға сіңіп, түріктеніп кеткен моңғол тайпалары да болды.Моғолстан атанған бұрынғы Шағатай ұрпағы мемлекетінің шығыс аймақтарының көшпелі шонжарлары хижра бойынша 748 ж. /1347-48 ж. Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан қойды. Хан өзінің билігін ортағасырлық шығыстағы сыннан өткен идеологиялық тірек - мұсылман діні арқылы нығайтуды ұйғарды. Мұнда XIV ғ. ортасында саяси өмірдегі басты рөлді Мауереннахрдан бөліну жолындағы қозғалысты басқарған дулат тайпасының көсемдері атқара бастады. Дулаттар бұл кезде Жетісудағы ең ірі түрік тайпаларының бірі болатын.Моғолстан шекарасы Мұхаммед Хайдардың "Тарих-и-Рашиди" атты кітабында былай баяндалады: "Қазір Моғолстан деп аталатын жер аумағының ені мен ұзындығы 7-8 айға созылатын жолды көрсетеді. Моғолстанның шығыс шеті қалмақтар жеріне кіріп жатыр, ол өзіне Барс көл, Еміл, Ертісті қосып алады. Солтүстігінде Көкше теңізбен (Балқаш көлі), Бом және Қараталмен, батысында Түркістан және Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсу, Шалыс және Турфанмен шектеседі". Яғни сол кездегі Моғолстанға қазіргі Оңтүстік-шығыс және Оңтүстік Қазақстан жер аумағы кірген. Одан әрі қарай Хайдар былай жалғастырады: "Моғолстанда үлкен өзендер көп, үлкендігі Джейхунға (Әмудария) ұқсайды. Олардың ішінде Іле, Еміл, Ертіс, Шұйлық және Нарын бар. Бұл өзендер Сырдариядан кем түспейді. Бұл өзендердің көп бөлігі Көкше теңіз (Балқаш) көліне құяды, ол Моғолстан мен Өзбек ұлысының ортасын да бөліп тұрады". Бұл мемлекет Шағатай ұлысының бір бөлігі еді, ал екінші бөлгінде Мауереннахр өмір сүріп жатты.Моғолстанның құрамына Түркістан, Оңтүстік-шығыс Қазақстан облыстары және Орта Азияның кейбір облыстары кірді. Моғолстан ортағасырлық авторлардың тарихи деректерінде мемлекет өзінің құрылу кезеңдеріне қарай "моғол" атты этникалық-саяси бір тұтастыққа енудің ұзақ араласу және сіңісу процесінен өткен жергілікті түрік және түріктенген моңғол тайпаларының мемлекеттік-саяси бірлестігі болып

48

Page 50: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

көрінеді. Оған кіретін тайпалар: дулаттар, албандар, суандар, қаңлылар, керейлер, арғындар, барластар т.б. Моғолстан ордасының орныққан орталығы Алмалық қаласы болды. Моғолстан бұрынғы Шағатай ұлысының және Жошының оңтүстік-шығыстағы әскерлеріне толық билік жүргізді. Тоғылық-Темір Мауереннахр өлкесін Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 жылы астыртын кісі жіберіп Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жыл өткен соң ірі соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагер ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Мауереннахр бірнеше тәуелсіз облыстарға бөлініп кетті. Бұл жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық-Темір оларды бағындыруға кірісті. 1360 жылдары Тоғылық-Темір Орта Азиядағы Шағатай мемлекетінің бұрынғы қалпына қайта келтіру үшін Мауереннахрға екінші рет жорық жасап, екеуін де жеңіспен аяқтап, баласы Ілияс Қожаны хан тағына отырғызып қайтады. Бұл жолы ол Орта Азияның болашақ билеушісі әмір Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс Қожаға көшкенде Мауереннахрға билеуші болып, Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Осы тұста қарындасына үйленіп Хұсайынмен дос болған әмір Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мауеренахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Темір билік биігіне өрлегенде мұсылман дініне сүйенді. Ол діндар емес еді. Дін тиым салған талай күнәларға белшесінен батып жүріп көптеген мешіттер, діни оқу орындарын салдырды. Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидің мазарын салдырған да соның өзі.XIV ғасырдың 70-90 жж. Орта Азия билеушісіне айналған әмір Темір Моғолстан мен Ақ Ордаға қайта-қайта шапқыншылық жорықтар жасады. Әмір Темірдің әскерлері Алмалық маңына дейін келді және осы өңірдегі керей тайпасын талан-таражға ұшыратты. Әмір Темірдің шақыншылық жорықтары Ақ Орда мен Моғолстан халқына ауыр азап шектірді. Егін шаруашылығы бүлінді, қала-қыстақтар қирап, сауда мен қолөнер құлдырап, мал басы кеміп кетті. Осынын нәтижесінде 70-80-жж. өзінде-ақ Моғолстан билеушілері Қызыр Қожа ханның (1388-1389 жж.), әмір Қамар ад-дин Дулаттың, Енге төренің және басқалардың Жетісу мен Қашқарияға Темір әскерлерінің басып кіруіне қарсы ұзаққа созылған және табан тірескен күрес жүргізуіне тура келді. Осы күрес барысында Ақ Ордамен күш біріктіруге әрекет жасалды. Әмір Темірге қарсы бірлескен күресінің Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Жетісу халқының саяси, шаруашылық байланыстарын орнату үшін зор маңызы болды. Орта Азия билеушісі жорықтарының нәтижесінде Моғолстан уақытша үлестерге бөлініп кетті. Қызыр Қожа хан өзін Темірдің вассалы деп тануға мәжбүр болды. Темір ұрпақтары XV ғасырдың І-жартысында

49

Page 51: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан жерлерінен дәмеленуін тоқтатпады.Қызыр Қожа хан өлген соң, оның балалары билеген кезеңдерде өзара талас-тартыс қайта өршіді. Моғолстан мемлекеті бірнеше бөлікке ыдырады. 1408 жылдан Моғолстан ханы Мұхаммед ханның тұсында Моғолстан іс жүзінде Темір әулетіне тәуелді болған жоқ. Бұл хан Темір әулеті билігінен Моғолстанның батыс аудандарын, Шу, Талас алқабын азат етіп қоймай, сонымен қатар Түркістан мен Ферғананың егіншілікті алқаптарына қол жеткізу үшін одан әрі жылжуға күш салды. Мұхаммед Хайдар Дулати атап көрсеткендей Мұхаммед хан ел басқару ісін тәртіпке келтірді.Дегенмен Мұхаммед ханнан кейін Моғолстанда бүліктер мен өзара дау-жанжал қайта өрбіп, мұны Мауереннахр билеушілері пайдаланды. 1414 ж. Қашқария қайтадан Темір әулетінің иелігіне көшті. Әмір Темірдің ұрпағы Ұлықбек 20-жж. Моғолстанның өз ішінде Жетісу жерлерінде, Солтүстік Тянь-Шаньда Темір әулетінің ықпалын кеңейту қадамдарын жасады.1418-1421 жж. Моғолстанда үкімет билігі Уәйіс ханның қолында болды. Моғол тағына екінші бір үміткер Шер-Мұхаммедтің өтініші бойынша 1421 ж. маусымда Ұлықбектің өзі Моғолстанға жорыққа аттанды. Ұлықбектің көмегіне сүйенген Шер-Мұхаммед 1421 ж. елде билікті өз қолына алды. Моғол әмірлері мен бектерінің бір тобы оны қолдаса, енді бір тобы Уәйіс хан жағында қалды. Уәйіс хан тұсында (1418-1428 жж.) ойраттардың Моғолстанның шығыс шекараларына қысымы күшейе түсті.Уәйіс хан 1422 ж. Турфан қаласын басып алып, оны өз астанасына айналдырды, ал ойраттар Хами қаласына шабуып жасады. Уәйіс хан он жыл ішінде қалмақтардың барлығы 61 шабуылына тойтарыс берген.XV ғасырдын I-жартысында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан тынымсыз өзара алауыздық қырқысулар сахнасына айналды. Қызыр Қожа хан, Мұхаммед хан, Уейіс хан тұстарында Моғолстанда үкімет билігін орталықтандыру мен ішкі саяси жағдайларды уақытша тұрақтандырудың жекелеген кезеңдерін феодалдық күресінің жаңа толқындарымен, Жетісу аумағына батыстан Темір әулеті және шығыстан ойраттар жасаған үздіксіз шапқыншылықтары бұзып отырды.Уейіс хан өлгеннен кейін 1433-1434 жылдар шамасында хан тағына 13 жасар Есен-Бұға отырды. Арада бірнеше жыл өткен соң моғол көшпелі ақсүйектерінің талап етуімен жаңа хан Есен-Бұға Сайрам, Түркістан, Ташкентке тонаушылық шапқыншылықтар жасады. Келесі жолғы жорықта Есен-Бұға Әндіжанға дейін жетіп, қамалды қоршады.XV ғасырдың 50-жылдарында ойраттар Моғолстан аумағына келіп, Шу өзенінің жағасына жетті. Қашқардағы алауыздық қырқысулардан қолы босамай жүрген Есен-Бұға хан оларға айтарлықғай қарсылық көрсете алмады. Соғыстар мен өзара қырқысулардың салдарынан Жетісудағы қазақ тайпалары орталық және оңтүстік

50

Page 52: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

өңірлерден қол үзіп қалды, тайпалардың этникалық ұлт болып бірігу процесі баяулады.XV ғ. ойраттар шапқыншылығы бірнеше рет қайталанды. Олар Моғолстанды әлсірете түсті, міне сондықтан да Моғолстан ханы Есен-Бұға 50-жж. аяғында Батыс Жетісуға келген қазақтар Жәнібек пен Керейді ойраттар бетін қайтару үшін пайдаланбақ болды. Қазақтар, іс жүзінде, әсіресе 60-жж. ортасында Жетісудағы өз иеліктерін ойраттардан қорғай алды. Әбілқайыр хандығы. (1428 –1468 жж.). Феодалдық бытыраңқылықтың күшеюі XV ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның орталық аймағында Әбілқайыр хандығының пайда болуына әкелді. XV ғасырдың 20-жылдарының аяғында Ақ Орданың далалық аумағының үлкен бөлігінде, XIV ғасырдың өзінде-ақ біріккен, Орда – Ежен мен Шайбани ұрпақтары билігіндегі халық пен жерде билеуші әулет ауысады: Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі шонжарларының қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік біріншісінің мұрагерлерінен екіншісінің мұрагерлеріне ауысады. Бұл күрестің пайда болуы мен етек алуына саяси және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көптеген себебтерге байланысты Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы себепші болды. Ортағасырлық авторлардың бірі Махмұд ибн Уәли Ақ Ордада Шайбани ұрпақтарының билік басына келу фактісін жалпы Алтын Орданың күйреуімен орынды байланыстырады.Ақ Орда хандарынан айырмашылығы – Шайбани ұрпақтары Орда тағы үшін жан аямай, өздерінің материалдық және адам ресурстарын ысырап еткен жоқ. Олардың Темір мен оның мұрагерлерінің басқыншылық дәмелеріне тойтарыс беруіне де тура келмеді. Өйткені Темір ұрпақтарын бұл ауданда көшіп жүретін даладан гөрі бірінші кезекте Сырдария аңғарындағы бекініс-қалалар қызықтырған еді. Осының бәрі Шайбани ұрпақтарына Орда–Ежен мен Тоқа-Темір әулетінен өрбіген хандарға қарама-қарсы Ақ Орда аумағында билік ету құқығын білдіру және Шығыс Дешті Қыпшақ пен кейініректе Түркістанның саяси картасын өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етті. Шайбани ұрпағы Жұмадық хан 1428 жылы маңғыт әмірлерімен және Жошы ұрпағы Қажы-Мұхаммедпен Жайтар-Жалқын сайында болған шайқаста қаза тапқаннан кейін Шайбани ұрпағы Дәулет-Шайхтың баласы Әбілқайыр хижра бойынша 833 жылы (1428-1429 жж.) Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан деп жарияланады. Оның хандығының құрамына қият, маңғыт, шынбай, найман, қарлұқ, үйсін тағы басқа сол сияқты тайпалар енді. Шығыс Дешті Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген "Көшпелі өзбектер мемлекетінің" яғни Әбілқайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Әбілқайыр хан құрған мемлекеттің атауы деретемелерде дәстүр бойынша "Өзбек ұлысы", сондай-ақ "Шайбани ұлысы", "Әбілқайыр ұлысы" деп аталған. "Ұлыс "

51

Page 53: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

атауы деректемелерде ел атауымен, "ел және өзбек ұлысы" деген түрде тәуелді халықтың этносаяси жалпы атауы ретінде айтылады. Бұл соңғы ат сонымен бірге географиялық "дийар "- ел (Дийар-и өзбек) ұғымымен қоса қолданылады. Тарихи әдебиетте Әбілқайыр мемлекетін "Өзбек хандығы", "Көшпелі өзбектер мемлекеті", "Әбілқайыр хандығы" деп атайды. Соңғы атау неғұрлым бейтараптау көрінеді, өйткені Орта Азиядағы өзбек халқының болашақ компоненті ретінде хандық аумағында тек көшпелі өзбектер ғана өмір сүрген жоқ, солармен бірге көп нәрседен хабардар болған XV ғасыр авторы Рузбихан Исфаханидің жазбаларына қарағанда, негізінен қазақтар, маңғыттар тұрған. Осы аумақты мекен еткен, Әбілқайыр мемлекетінің құрамына кірген аса үлкен этникалық топтардың бірінің атауымен оны Қыпшақ хандығы деп атауға да толық негіз бар. Әбілқайырдың жаулаушылық соғыстары XV ғасырдың 30-жылдарында басталады. Тоқа Темір әулетіне қарсы жорыққа Әбілқайыр көп әскер жиды. Әбілқайырдың төменгі Сырдария аймағына жорыққа шығуының басты себебі әулеттік күрес қана емес, сонымен бірге Сырдария мен Арал жағалауы төңірегінен қысқы жайылымдық алу қажеттілігі еді. Сырдарияның төменгі сағасына иелік ету көшпелі мемлекеттің қуатын арттыру үшін аса қажетті Түркістан қалаларына жол ашатын. Шайқас 1431 ж. Екітүреп деген жерде болып, Тоқа-Темірдің жеңілуімен аяқталады. Әбілқайырдың келесі жеңісі 1446 жылы Атбасар маңында болды. Ол жолы Мұстафа ханды тас-талқан еткен. Ол бағындыру мақсатымен оңтүстік аймақтар мен елдерге әскери жорықтарға шыға бастады. Ол 1430 жылы қысқа мерзімге Хорезмді басып алды, Үргенішті тонады. 1446 жылы Ұлықбектің тақ мұрасы істеріне байланысты Мауереннахрдың оңтүстігі мен Хорасанға кеткенін білген Әбілқайыр жазғы көші-қонысын қоя тұрып, Самарқанд пен Бұқараға тап берді, олардың төңірегіндегі жерлерді тонап, ортаңғы Сырдарияның бірқатар қалаларын басып алды. Әбілқайыр хан бұрынғы Барақ хан сияқты, Ақ Орданың экономикалық жағынан анағұрлым қуатты оңтүстік аудандарын өз қол астына кіргізудің маңызын жақсы түсінді. Ол үшін Сырдария қалалары, бұрынғы Ақ Ордадағы сияқты, бірігудің, мемлекеттің далалық аймақтарын өз билігінде ұстаудың факторы бола алатын еді. Қазақстанның далалық көшпелі аудандар тұрғындары үнемі ұмтылып келген кәсіпшілік пен сауда орталықтары саналатын Сырдария қалаларын алу Әбілқайыр хандығын нығайтуға айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз. Әбілқайыр Дешті Қыпшақтағы өз жақтастарының қыруар күшіне, далаға жиырма жыл бойы үстемдігін жүргізген өз қуатына сүйенгендіктен де Сырдария қалаларын тез басып алды. Бұл жағдай өзара ағайындас Шайбани ұлысы мен Орда ұлысы тайпаларының арасындағы қырғи қабақ қатынастарды бұрынғыдан бетер шиеленістіре түсті. Өйткені Әбілқайырдың қалалар мен оның

52

Page 54: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

төңірегіндегі алқаптарды алуы Жәнібек пен Керейдің және оған тәуелді, Сырдария бойы мен Қаратау өңірінде көшіп-қонып жүрген қазақтардың мүдделеріне қайшы келді. Бұл олардың арасындағы күрестің қайта жанданып, қазақ сұлтандары мен оларға қарасты рулар мен тайпалардың көшіп кетуіне әкеліп соқтырған аса маңызды себеп болды. 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде қалмақтардан күйрей жеңілген Әбілқайыр Түркістанның талан-таражыға түскенқалаларын тастап шығып, Дешті-Қыпшаққа кетуге мәжбүр болды. Жеңілудің басты себебі оның мемлекетінің ішкі әлсіздігінде жатыр еді. Шыңғыс әулеті арасындағы толассыз қырқыстар мен алауыздықтар, рулар мен тайпалардың көшпелі ақсүйектерінің оқшаулыққа ұмтылуы, феодалдық жоғары топтар мен қатардағы көшпелі және жартылай көшпелі бұқара арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі, ішкі және сыртқы соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып, күйреу дәрежесіне жеткізген еді. 1468 жылы Жетісу жорығы кезінде Әбілқайыр қаза тапты. Қазақ хандығының құрылып, нығаюына байланысты Шайбани әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады. Ноғай ордасы. Алтын Орда ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой кетерген мемлекеттік құрылымдардың бірі - Ноғай Ордасы еді. Ноғай Ордасы XIII ғ. екінші жартысында бөлектене бастады. Бұл процесс XIV ғ. әмір Едіге тұсында жалғасып, оның баласы Нұраддиннің (1426-1440) кезінде аяқталды. Ноғай Ордасы Еділ мен Жайықтың арасындағы созылып жатқан жалпақ дала мен құмды, таулы жерлерді мекендеді. Орталығы Еділдің төменгі бойында немесе Сарайшық (Жайық) ауданында болатын. Шығысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауы бойында көшіп жүрді, олардың көшіп жүретін жерлері солтүстік-шығысында Батыс-Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батысында Қазанға дейін, оңтүстік-батысында Арал теңізі мен Каспий өңірінің солтүстігіне дейін жететін, ал кейде олар Маңғыстау мен Хорезмге барып жүретін.Ноғай Ордасы негізінен Жайық пен Еділ арасын жайлаған негізгі тайпа манғыттардан тұрды, сол себепті де бұл ұлыс "Маңғыт жұрты" деп атанды. "Ноғай", "ноғайлықтар", "Ноғай Ордасы" деген терминдер әдебиетте алғашқы рет тек XVI ғ. басында ғана пайда болды. Сонымен қатар Ноғай Ордасының құрамына қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын, қыпшақ, кенгерес, қарлұқ, алаша, тама және басқа ру тайпалар кірді.XIV ғ. аяғында саяси аренаға шығып, Ноғай Ордасының негізін қалаған Едіге 1396-1411 жылдар аралығында Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарып келді. "Беклер бегі" ұлы әмір атанған Едіге көрші ұлыстардың өміріне де ықпал етіп отырған. Клавихоның айтуына қарағанда, "Едіге өз Ордасында екі жүз мыңнан астам атты әскерді ұдайы ұстаған".Едіге түрік тектес халықтардың

53

Page 55: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

тарихи зердесінде өшпес із қалдырды. "Ел қамын жеген Едіге" деп ардақтаған халық оның тұлғасын: "Артынан келіп қарасам, қаhардан пайда болғандай, алдынан келіп қарасам, лапылдан пайда болғандай,"- деп сүйсіне жырға қосты. Ол 1399 жылы Литва-Польша әскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете соққы берді. 1408 ж. Едіге орыс әскерлерін талқандап, Мәскеуге дейінгі жерлерді жеңісті жорықпен жүріп өтті. Оның есімі тарихи шежіре жылнамалардың бәрінде де үлкен құрметпен аталды.Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық өмір шын мәнінде Едіге ұрпағы маңғыт әмірлерінің қолында болды және оны рудағы жасы үлкендігіне қарай мұраға қалдырып отырды. Алтын Ордадан бөлектенген бірқатар иеліктердің аумақтарында Шыңғыс ұрпақтарынан қайсыбір адамды хан көтеру Едіге ұрпақтарының келісімінсіз жарамсыз деп танылатын дәстүр болған. Шығыс Деті Қыпшақтың саяси өмірінде XV ғасырда Едігенің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы және басқалар зор рөл атқарды.Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туыстығы туралы Ш.Ш. Уәлиханов айтқан болатын. Ол алғашқы қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды "екі туысқан Орда" деп атаған. Мұндай қатынастар кейін де, меселен, деректермелерде "қазақтар мен ноғайлардың ханы" аталатын Хақназар хан тұсында XVI ғ. ортасында да сақталды.XVI ғ. Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық және саяси байланыстар бірте-бірте қалыптаса бастады. XVI ғ. екінші жартысында Казан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін Ноғай ордасы бірнеше дербес иеліктерге ыдырап кетті, оның ыдырау процесінде халықтың бір бөлігі Кіші жүз құрамына енді. Солтүстік-шығыста тұратын ноғай рулары Сібір иеліктеріне қарап кетті.

Қазақ хандығының құрылуы және Қазақ хандығының қалыптасуы.

Қазақ халқының қалыптасуы. Ғылыми әдебиетте этнос (яғни халық-тайпа, жұрт, ұлт) ұғымы жалпыға ортақ сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мен мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің біріңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним, мысалы "қазақ") бекітілген, адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығын білдіреді. Этностың құралуын және оның тұтастығын бұдан былай да сақтап қала беруі үшін ол жайлаған территорияның біріңғай тұтастығы және қажет. Адамдарды өзге этностардан бөліп ерекше етіп керсететін жалпыға ортақ кескін-кейпі пайда болуы үшін олар ұзақ уақыт бойы бір-бірімен ұдайы аралас-

54

Page 56: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

құралас тұруға тиіс, ал мұндай жағдай олар тек біріңғай тұрақты бір территория шебінде қоныстанғанда ғана болуы мүмкін, бұл әсіресе этностың құрылуы, бас қосып бірігуі кезеңінде өте-мөте қажет болады.XV-XVI ғғ. қазақ халқы мен оның этникалық аумығының құрылып, қалыптасуының сан ғасырлық процесі негізінен аяқталады.Қазақ халқының құрылуына себеп болған этникалық процесстердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан - алғашқы қауым қоғамының ыдырау дәуірінен барып шығады да өз дамуында оның бірнеше кезеңі айрықша көзге түседі. Антропологиялық мәліметтерге қарасақ этникалық даму барысында ұзақ замандар бойына халықтың еуропатекті түрі тұрақтанып сақталып қалады да , кейінірек жүре келе азды көпті моңғолтекті түрге қарай өзгере бастайды. Тілдік хал-ахуал да өзгермей тұрмайды, ежелгі тайпалардың иран тілі бірте-бірте сатылап, осынау территорияның кейінгі қоныстанушыларының тілі түрік тіліне орын береді. Қола дәуірінде мал өсірумен, егіншілікпен шұғылданған, бет-бейнесі еуропатектес болып келетін андроновтық үнді-иран тайпаларының орнын ерте темір кезеңінде оңтүстік пен шығыс облыстарда - скифтерге туыс, көшпелі малшаруашылықты сақ тайпалары, солтүстік пен батыс облыстарда -савромат тайпалары басады.Қазақстандағы және күллі Евразия территориясының далалық аймақтарындағы этникалық процесстің шешуші кезені б.з. 1-мың жылдығының орта кезінде Солтүстік Моңғолиядан Амударияға дейін - Жетісуды қосқанда - оңтүстік және оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан орасан зор территорияға біртіндеп түрік тайпалары тарап, мекендей бастады.VI ғ. көне түрік мемлекеті - Түрік қағанатының, содан кейін Батыс Түрік қағанатының ұйымдасуы түрік тілді тайпалардың батыс жеріне тасқындап келуіне, сөйтіп Қазақстанның жергілікті халқын түріктендіруге, антропологиялық түрдің бірте-бірте моңғолдануына, түрік тайпаларының белгілі бір территорияда тұрақтап қалуына себепші болды, Бірқатар түрік мемлекеттері пайда болған дәуірде Қазақстан жеріндегі этникалық процесстерде бірігу әрекеті күшейе түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Түркеш қағанаты VII- VIII ғғ. Шу мен Іле арасындағы аумақты территорияның тайпаларын біріктірді. Жетісу жеріне Батыс-Алтай мен Тарбағатай арасында жатқан облыстан ауып келген қарлық тайпалары федерациясына (ҮІІІ-Х ғғ.) қарлықтың өздерімен бірге, «қарлық» атымен тізе қосқан түріктілді тайпалар енеді.ІХ-ХІ ғғ. Оғыздар мемлекеті Оңтүстік Қазақстан территориясында Сырдария алқабы мен Арал-Каспий алқабының тайпалары мен этникалық топтарын сол сияқты Жетісудан жылжып барған көшпелі түрік тайпалары мен этникалық топтарының басын біріктірген еді.Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аудандарында VIII-XI ғғ. өздерінің ерте

55

Page 57: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

феодалдық мемлекетін құған Қимақ саяси бірлестігінің құрамына көшпелі және жартылай көшпелі түрік тайпалары кіреді. Ең ірі тайпаларының бірі - қыпшақтар Қимақ мемлекетінің мұрагері болып қалады.Қазақстаннын оңтүстік және оңтүстік шығысындағы халықтар мен тайпалардың өзара шауашылық және мәдени әрекеттестігі мен этникалық-саяси жағынан біріге түсуіне Х-ХШ ғғ. Орта Азия мен Шығыс Түркістанда, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстанның орасан зор аумағын алып жатқан Қарахандар әулеті мемлекетінің құрамында ұзақ уақыт болуы себебін тигізеді.Қыпшақ тайпаларының мемлекеттік бірлестігі (ХІ-ХП ғғ.) Ертістен Орал мен Еділге дейін, тіпті одан әрі Батысқа қарай ұшы-қиыры жоқ кең территорияда жайылып жатқан түрік тайпаларының этникалық-саяси және шаруашылық-мәдени байланыстарына қолайлы жағдай туғызады.XIII ғ. бас кезінде Шығыс және Оңтүстік Шығыс Қазақстанға Моңғолия мен Алтайдан, Шынғысхан қолының тегеурінді тепкісінен түрік тілді (басқа деректер бойынша моңғол тілді) наймандар мен керейттер жер ауып келеді, олардың этникалық қауымдастық деңгейіне жеткен мемлекеттік-саяси бірлестіктері бар еді.Моңғол жаулаушылығы тұтас алғанда Қазақстан территориясындағы этникалық процесс барысына қатты ықпал жасады. Халықтың дені қырылып-жойылып, құлдыққа алынып, ел-жұрт шебінен алысқа жер аударылып жіберілді. Қазақстандағы түрік тайпаларының қалған бөлігі жаңа саяси құрылымдар арасына - Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының арасына бөлшектеніп кетеді, бірақ территорияларды шектеп белгілерде бұрыннан қалыптасқан этникалық шекара есепке алынады. Қазақстан территориясындағы халықтар құрылуының бұрынғы эволюциялық жолы кесіліп тасталады. Халықтың этникалық құрамы, оның этникалық-әлеуметтік ұйымдасу түрлері, өмір тіршілігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басқалары қатты өзгереді. Дегенмен жүре келе моңғолдар қалың түрік арасына сіңіп, түріктеніп кетеді. Олардың тілі мен әдет-ғұрпын қабылдайды. Моңғол империясы құрылып, ұлыстар ұйымдасып біткеннен кейін тайпалар мен халықтардың бұрын осы жерді мекендегендері де, шығыстан келгендері де бар - бәр-бәрінің араласып тіл табысу, бірлесу процестері жеделдей түседі.Біртіндеп шаруашылық өмірі де қалпына келеді. Қазақстанның түскей бетіндегі қаладар қайта жаңарып, бұрынғы отырықшы мәдениет зоналарындағы егіншілік ошақтары жаңғыра бастайды, тауар айналымы кеңейіп, әртүрлі облыстар халықтарының шаруашылық саласында қарым-қатынас орнығады, бұл әрине тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінің, басқа да этникалық-саяси топтардың өзара байланысын, алыс-берісін қамтамасыз етеді. Бұл процестердің бәрі Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мен Моғолстан мемлекеттерінің құрылып нығаюына байланысты болатын. Ақ

56

Page 58: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Орданың, Әбілқайыр хандығы мен Ноғай Ордасы халықтарының этникалық құрамы бірдей еді. Оларда сол уақытттың жазба деректерінде жинақтауыш этно-саяси термин "өзбек" атымен белгілі болған түріктілді тайпалар мекендеді. Бұл тайпалардың көпшілігі қазақтың Орта және Кіші жүздерінің құрамынан белгілі. Оның басқа бөлігі ХҮ-ХҮІ ғасырлар шамасында Орта Азияға өздерімен бірге "өзбек" атын ала кетеді.Моғолстан құрамына кірген Жетісуды орта ғасырлар деректерінен жинақтауыш этно-саяси термин "моғолдар" атымен белгілі болған тайпалардың негізгі бөлігі қазақтардын басқа бұтағы - Ұлы жүз құрамына кіреді. Моғолдардың енді бір бөлігі Шығыс Түркістанға барып, ұйғырлар қатарын толықтырады, ал үшінші бөлігі - тән-шән өңіріне өтіп, қырғыздарға сіңісіп кетеді. Халықтың, бұрын моңғол ұлыстарында болғаны сияқты, ұзақ уақыт ХІҮ-ХҮ ғғ. жеке мемлекеттер құрамында болғаны жоғарыда айтылған факторлар әсерін күшейте түседі, соның нәтижесінде Қазақстан жерінде үш жүз түрінде бірнеше этникалық бірлестік торабы пайда болады. Қазақ жүздерінің әрқайсысының көшіп-қонатын жолдары мен жерлері, ілгеріде аталған мемлекеттер территориясының негізгі бөлігімен сәйкес келетін жалпыға ортақ этникалық территориясы болады. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік- Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі Кіші жүздің мекені саналатын. ХҮ ғ. екінші жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру (Қазақ хандығын құру және территориясын кеңейту) халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.Қазақ хандығының Әбілқайыр хандығы мен Ақ Ордадан, сол сияқты Моғолстаннан бір айырмасы - оның аналардан гөрі кең, тиянақты этникалық негізгі қалыптасып біткен халқы болды. Моңғол жаулаушылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың Түркістан мен Жетісудың күллі түрік рулары мен тайпалары түгелге жуық бір мемлекетке біріктірілді.ХҮ ғ. екінші жартысынан бастап, осы бір қалыптасқан халық көршілері арасында да сол заман оқиғаларын көрсететін жазба деректерде де "қазақ" атымен белгілі болды. Деректерде бұл термин әуелгі кезде әлеуметтік мәнінде қолданылып, «өз мемлекетінен, тайпасы мен руынан оқшауланып шығып, шытырман оқиғалар іздеуге мәжбүр болған адам". (В.В.Бартольд) мағынасында қолданылады. "Тарих-и Рашиди" мен өзге деректерде "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кететін саяси топты білдіру үшін бастапқыда "өзбек-қазақ", сосын "қазақ" түрінде пайдаланылады. ХҮ ғ. "өзбек", "қазақ" терминдерінің этникалық мәні болмайды. Мысалы, Ибн Рузбихан XVI ғ. бас кезінде былай деп жазады: "Шыңғыс

57

Page 59: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

хан иеліктерінен шыққан, асыл текті үш тайпаны өзбектерге жатқызады. Қазір (олардың) біреуі - шайбанилер, ал оның мәртебелі ұлы ханы бірқатар ата-бабаларынан кейін солардың билеушісі болып келеді және болып отыр. Екінші тайпа - қазақтар, олар барша әлемге күш қайратымен, ержүрек батылдығымен әйгілі, үшінші тайпа - маңғыттар, олар патшалары астраханнан".Жәнібек пен Керей хандығы нығайғаннан кейін, олардың қамтуындағы халық түгелдей қазақтар деп атала бастады. Бірте-бірте "қазақ" атауы этникалық мәнге ие болады да, Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның әбден қалыптасқан түріктектес халқының этнонимі ретінде қолданыла бастайды.ХҮІІ ғ. және ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси дамуы. Қазақстан аумағында мемлекеттілік дамуының тамырлары тереңде жатыр. Ол көне дәуірде және орта ғасырларда Қазақстан аумағын мекендеген көптеген тайпалар мен халықтардың тарихына байланысты. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуын тарихи әдебиетте Қазақ хандығының дәуірімен байланыстыру қабылданған.Дамудың маңызды кезеңдерінің бірі моңғолдардан кейінгі кезең ХІV-ХV ғасырлар болды. Сол кезде Шығыс Дешті Қыпшақтың (Қазақстанның далалық бөлігі), Жетісу мен Түркістанның (деректемелерде соңғы орта ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан аумағы осылай аталған) көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы-егінші халқын этникалық және саяси жағынан топтастыру аяқталды. Қазақстан тарихындағы бұл күрделі дәуірдің бастапқы кезеңі моңғол ұлыстарының - Дешті Қыпшақ пен Орта Азиядағы (Мауереннахрдағы) Шыңғыс ұрпақтары иеліктерінің ыдырауымен, соңғы кезеңі нақ Қазақ мемлекетінің, Қазақ хандығының құрылуымен сипатталады.Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның кең байтақ, аумағындағы әлеуметтік-экономикалық процесстердің заңды қорытындысы болды. Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік, қала шаруашылығы қалыптасқан аралас экономикалы өлкелердің табиғи тығыз байланысы негізінде ХІҮ-ХҮ ғасырларда тұтас экономикалық ауданның құрылуы аймақтың бүкіл жерінің бір саяси құрылымға бірігуіне қолайлы жағдай әзірледі. Аймақтың көшпелі және отырықшы халқының экономикалық мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарының нығаюы Қазақ рулары мен тайпаларының этникалық жағынан бірігуіне, халықтың ұзаққа созылған қалыптасу процесінің іс жүзіндс аяқталуына себепші болды. Өз кезегінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы шеңберінде жергілікті этникалық негізде мемлекеттіктің даму тәжірибесі қалыптасып жатқан біртұтас халықтың саяси жағынан бірігу қажет екенін түсінуіне жәрдемдесті. Этникалық қауымдастықты айқындайтын көптеген элементтерді - тіл, материалдық мәдениет,

58

Page 60: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

тұрмыс, тарихи зерде, халықтың ғұрпы, ойлау салты элементтерін қайта жаңғыртуда, оны дамыту мен этникалық аумағын қорғауда мемлекеттің жетекші рөл атқаратыны белгілі.Біртұтас мемлекет қана халықтың этникалық құралу процесіндегі ықпалдардың әсерін жойып, оның этнос ретіндегі мәдени-шаруашылық дамуын қамтамасыз етеді.Бірқатар зерттеушілер көшпелілердің мемлекеттілігі егінші өңір мен қалаларды жаулап алуы арқылы қалыптасады деген пікір ұстанатынын атап өткен жөн. Бірақ тарихи шындыққа қарағанда арғы ата-бабалары сияқты қазақтар таза көшпелі мал шаруашылығымен айналыспаған, олар отырықшы, жартылай отырықшы болған, егіншілік те, қала мәдениетін де білген.Шынына келгенде, қазақ мемлекеттігі Ақ Орданың өзінде-ақ қалыптасқан. Халықтың шаруашылық үлгісінің, ортақтығы, бірдей материалдық мәдениеті мен тұрмысы, Қазақстан аумағында түрік тілдес тайпалардың тіл жөнінен жақындығы орын алған. Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында да, Қазақ хандығында да халықтың ортақ қоныстану аумағы болды.XV ғасырда Ақ Орда әлсіреп, феодалдық талас-тартыстар жағдайында және Барақ ханның қаза табуына байланысты Қазақстан даласының көп бөлігінде биліктің Шайбани ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшуі - нақ сол Жошы ұрпақтары әулеттерінің алмасуы ғана болып табылады. Ал халық өзгермей, нақ сол аумақ шеңберінде қалды, оны шаруашылықтың материалдық мәдениет пен тұрмыстың ортақ түрлері біріктірді. Әбілқайыр хандығы ыдырағаннан кейін нақ сол қалыптасқан халықта, нақ сол этникалық аумақта, нақ сол шаруашылық-экономикалық жағдайларда билеуші әулет қана алмасып, Жошы ұрпақтарының бұрынғы тармағының (Ақ Орда хандарының ұрпақтары) билігі қалпына келтірілді. Билеуші әулеттердің алмасуы, саясат саласындағы езгерістер қоғамның экономикалық негізде әсер еткен жоқ.Қазақ халқының негізін қалаған Ақ Орда хандарының ұрпақтары Жәнібек пен Керей "қазақтарының" Әбілқайыр "өзбектерінен" этникалық құрамы жөнінен де, әлеуметтік-мәдени дамуы, кәсібінің тегі, материалдық тұрмысы, шаруашылығы жөнінен де еш айырмашылығы болмады. Қазақ хандығы Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы мемлекеттігінің тікелей жалғасы болды.Ақ Орда мемлекеттін, Әбілқайыр хандығын, Моғолстанның солтүстік бөлігін (Жетісуды) және Ноғай Ордасын қазақ халқының ірі-ірі этникалық топтары мекендеді. Осы мемлекеттерде мемлекеттік даму, шаруашылық, мәдениет саласында моңғолдар жаулап алуының теріс зардаптарын біртіндеп жоюмен бірге XIV-XV ғасырларда қазақ халқынын одан әрі бірігу, топтасу процесі жүріп жатты. Моңғолдар жаулап алуының зардаптарын жоюдың бүкіл кезеңі бойында, Қазақстан аумағында Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы өмір сүрген кезең бойында нақ қазақ мемлекеттігін нығайту міндеті

59

Page 61: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

алда тұрды. Этникалық жағынан жақын топтардың саяси бытыраңқылығын жою, саяси және шаруашылық байланыстардың үзілуіне әкеп соққан үздіксіз соғыстары мен талас-тартыстарды жою, сол үшін сол кезде-ақ іс жүзінде халық болып қалыптасқан қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті барынша қажет болды. Оны нақты шешуге біртұтас мемлекет құру жәрдемдесе алатын еді. Ол кейінгі ғасырларда қазақ халқынын топтасуын, оның этникалық аумағының тұтастығын халықтың сан ғасырлық мәдениетінің дамуын қамтамасыз еткен Қазақ хандығы болуға тиіс еді. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығының негізін салушылар Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек еді. Қазақстан рулары мен тайпаларының едәуір бөлігі сонау XV ғ. 40-50-жылдарының өзінде Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерде - Қаратау баурайларында, Сырдарияның төменгі ағысында, Түркістанның солтүстік бөлігінде Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасқан еді. Әбілқайыр хан өз билігін нығайту жолындағы күреспен, көптеген Жошы ұрпақтарының және рулар мен тайпалардың бағынбаған басшыларының қарсыласын басумен әлек болып жүргенде, Ақ Орда хандарының мұрагерлері бұл аумақта тұрақты билігін қамтамасыз етіп алды.Тарихи әдебиетте Ұрұс хан, ал сол арқылы Барақ хан және Жәнібек пен Керей де Орда Еженнің (Жошының үлкен ұлы деп айтылады) ұрпақтары деп саналатын болған, дегенмен бұл туралы деректемелерде нақты мәліметтер жоқАвторы белгісіз "Таварих-и гузида-йи нусрат наме" мен Махмуд бен Әмір Уәлидің "Бахр-әл асрар фи манакиб әл-ахийары" қазақ хандарының генеалогиясын Жошының 13-ұлы Тоқа-Темірге апарып тірейді: Жошы-Тоқа-Темір - Үз-Темір – Қожа - Бәдік - Ұрұс хан - Қаруджақ (Құйыршық) – Барақ -Жәнібек хан, оны Бу Са"ид деп атаған. Қадырғали Жалаири де Ұрұс ханды Жошының 13-ұлы Тоқа Темірдің ұрпағы деп атайды ("Жамиғ-ат тауарих").Ұрус хан мен оның ұрпақтарының Жошы тармағындағы Тоқа-Темірден тарайтындығының немесе олардың тегі Орда-Еженмен байланысты болуының принципті маңызы жоқ. Олардың екеуі де дәстүр бойынша Ақ Орданың дәрежесі тең билеушілері деп саналған. Тоқа Темірдің ұрпақтары XIII ғасырдың өзінде-ақ Орда-Ежен ұлысына жатады деп саналған. Бірақ ХІҮ-ХV ғасырлар шебінде Алтын Орданың ыңырауы кезеңінде олардың көбі оның Сарайдағы тағына үміткер болды."Таварих-и ғузида-йи нұсрат намеде" берілген шежіреге сәйкес, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей немере ағайын болған, яғни өте жақын туыс болмаған. Керей ханның шежіресі: Ұрұс хан – Тоқтақия – Полад - Керей хан. Жәнібек ханның шежіресі: Ұрұс хан – Кұйыршық –Барақ хан - Жәнібек хан. Осы қосарласып билік еткен қазақ хандарының XV ғасырдың 60-70-жылдарындағы іс-

60

Page 62: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

қимылдары туралы баяндайтын деректемелерде екі ханның қайсысы басты хан болғаны дәл түсіндірілмейді, олардың есімдері қатар жазылады және бірақ қатаң ретпен жазылмайды. Жәнібек хан өз әкесі Барақ ханның тура мұрагері және мирасқоры болатын, оның атасы Құйыршық та хан болған. Керей ханның Жәнібектен жасы үлкен болған және ол Ұрұс ханның үлкен ұлы және мирасқоры Тоқтақияның немересі еді, ал Жәнібек Ұрұс ханның төртінші ұлы Құйыршықтың немересі болатын. Демек Жәнібек сұлтан сияқты хан атағына Керей сұлтан да үміт ете алатын. 50-жылдардың аяғында Әбілқайыр қалмақтардан (ойраттардан) жеңілгеннен кейін, ол ойрандалған ұлыстарда қатаң шаралар қолданып тәртіп орнатуға кіріскен кезде, Керей мен Жәнібекке бағынған көшпелі рулар мен тайпалардың жағдайы бұрынғыдан да қысымшылыққа ұшырады, Әбілғазы Шыңғыс ұрпақтарының арасында "ханның қысымына ұшырамаған не оның садағының оғы дарымаған бірде-бір адам қалмады" деп жазады. Әбілқайырдың көрші елдердің ішкі істеріне үнемі дерлік араласып отыруы, үздіксіз жүргізген соғыстары мен шапқыпшылықтары мемлекетті құлдырауға жеткізді. Осының бәрі өзбек және қазақ тайпаларының ара жігінің ажырауына және соңғыларының ұлыстың оңтүстік-шығыс аумағына көшіп кетуіне алып келді. Моғолстан ханының Жетісу халқын ойраттардың шапқыншылығынан корғай алмауы сияқты, Әбілқайырдың іс-әрекеттері де бүкіл аймақтың соғыстар мен талас-тартыстар күйзелткен халық бұқарасының бұрынғыдан да зор наразылығын туғызды. Халық өзінің ауыр жағдайы үшін орта ғасырлардағы көшпелі қоғамға тән қарсылық түрі - Шығыс Дешті Қыпшақта да, Жетісуда да билеушілерінің қол астынан көшіп кетумен жауап қайырды. 50-жылдардың аяғында осындай көшіп кетуді Жәнібек пен Керей басқарды. XV ғасырдың 50-жылдарының соңынан бастап, 70-жылдардың басына дейін Шығыс Дешті Қыпшақтан, Сырдария бойындағы алқаптар мен Қаратау бөктерлерінен Батыс Жетісуға екі мыңға дейінгі адам, негізінен қыпшақ рулары мен тайпалары көшіп кеткен. Тұрғын халықтың жаппай көшуін Жәнібек пен Керей бастады. 1458-1459 жылдары Әбілқайыр хандығынан тысқары, Моғолстанға, Батыс Жетісу жерлеріне ертіп кетті. Көшіп кету әсіресе 1468 ж. Әбілқайыр өлген соң, мемлекет ыдыраған кезде тым күшейіп кетеді. Жәнібек пен Керей хандар бастаған қазақтардың қалың бұқарасының Оңтүстік және Орталық Қазақстаннан Жетісуға, Шу, Талас алқабына қарай ойысуы тегін емес. Бұған Ақ Орданың Моғолстанмен, ең бастысы оның Жетісудың солтүстік бөлігінің иелерімен ертеден бергі достық қатынастары; Жәнібек пен Керейге қарасты өлкенің басым бөлігін мекендейтін тұрғындарының этникалық жақындығы; ең соңында, феодалдық-бытыраңқы Моғолстанның, оның билеушісінің Жетісудағы үкімет билігін өз

61

Page 63: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

қолында ұстап тұра алмайтын әлсіздігі себеп болды.Жәнібек хан мен Керей ханның көшіп келуін Моғолстан ханы Есен-Бұға құрметтпен және ықыласпен қарсы алған. Моғолстан ханы көшіп келген Қазақ басшыларының көмегімен өзінің ішкі және сыртқы дұшпандарын әлсіретіп алмақ болған. Ол уақытша болса да інісі Жүніс ханның бақталастық бәсекесін тойтара алды. Есен-Бұға хан қазақтарды ойраттарға тойтарыс беру үшін де нақты әскери күш ретінде пайдалануға тырысқан. Ал өз кезегінде Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның толық құлдырау сәтін тиімді пайдаланып, өздерінің саяси дербестігін нығайтты.Шығыс Дешті Қыпшақта Ақ Орда хандары әулетінің билігін қалпына келтіру жолында Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, олар халық бұқарасының наразылығын пайдалана білді.Зерттеуші-тарихшылар Қазақ хандығы тарихын есептеу үшін қабылдаған бірнеше уақыттар немесе оқиғалар бар. Хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің таралу уақытын Мырза Мұхамед Хайдар Дұғлаттың "Та'рих-и Рашидидегі" мағлұматтарына сүйеніп, В.В. Вильяминов-Зернов әлдеқашан-ақ хижраның 870 жылы, XV ғасырдың 60-жылдарының ортасы деп есептеуді ұсынған.Осы мағлұматты толық келтірейік. "Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек хан мен Керей хан одан Моғолстанға қашып кетті. Есен-Бұға хан оларды шын ықыласымен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы округын берді. Олар бұл жақта жақсы жайғасып алған кезде, Әбілқайыр өлген соң, өзбек ұлысы бұзылып сала берді: онда үлкен-үлкен шатақтар басталды. Оның қол астындағылардың үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны екі жүз мың адамға жетті. Олар енді өзбектер-қазақтар (өзбек-қазақ) деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі сегіз жүз жетпісінші жылдан басталады, бәрін де бір Алла біледі."Осы уақыт хижраның 870 жылы - біздің жыл санауымыздың 1465-1466 жылдар бес томдық "Қазақ ССР-ның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихында" Қазақ хандығының құрылған уақыты ретінде алынған. Бұл оқиға Жетісудың батыс беллігіндегі аумағымен байланысты деп көрсетілген. Қазақ тайпалары мен руларының бір бөлігі Шығыс Дешті Қыпшақтан ондаған жылдар бойы тап осында ауысып келген. Моғолстанның жоғарыда аталған ханы Есен-Бұға 1462 ж. өлгеннен кейін Жетісуда Қазақ билеушілеріне қарсы тура алатын нақты күш болған жоқ. Оның інісі Жүніс хан ол кезде Ташкентте жүрген. Осындай жағдайда бұл аумақта жаңа саяси құрылым - Қазақ хандығының дербес шығуы толық жүзеге асатын құбылыс еді. Оның пайда болуы және Қазақ басшыларынын дербес шығуы үшін 1468 жылғы Әбілқайыр өліміне

62

Page 64: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

байланысты Дештідегі оқиғалардың барысын күтудің қажеті жоқ болатын. XV ғасырдың 60-жылдарының аяғы мен 70-жылдарының басында және одан кейінгі жылдары Қазақ хандарының билігі Қазақ хандығының құрамына енгізілген басқа жерлері мен оны мекендеген халықтары, Түркістан және Шығыс Дешті Қыпшақтағы ұлан-ғайыр жазық далаларда бірте-бірте кең тарай бастады. "Та'рих-и Рашидиден" жоғарыда келтірілген үзіндіде Әбілқайыр өлгеннен кейін "оның кол астындағылардың үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті" делінген. Хандарға дейді. Олар бұл уақытта хан болған. Бұл сөздер Әбілқайырдың өлімінен (хижраның 874 жылы-1468/69 жылдар немесе тышқан жылы - 1468 жылдың күзі) бұрын іске асқан оқиғаны білдіреді.XVI ғасырлардың 40-жылдарында Жетісуда Қазақ хандығының құрылуы туралы еңбегін жазған Мұхамед Хайдар мағлұматы жалғыз және ең ертедегі дерек деуге болмайды. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Түркістандағы өкімет билігі жолындағы күресте қазақ хандарының қарсыласы Әбілқайырдың немересі Мұхамед Шайбани ханның құзырымен жазылып, тікелей бақылауынан өткен Шайбани әулеті ортасының деректемелері деп аталатын топтама Қазақ хандығының алғашқы кезеңі тарихына байланысты жағдайларды бағалау үшін қажетті көптеген материалдар береді. XVI ғасырлардың басындағы бұл деректемелерде де (Камал ад-дин Әли-Бинаидың "Таварих-и гузида-йи нусрат-наме", "Шайбани-наме", Шадидің "Фатх-наме", Рузбихан Исфаханидің "Михман-наме-йи Бухара", Мас'уд бен Усман Кухистанидің " Та'рихи Абу-л-Хаир-хани" және басқалары) Жәнібек пен Керей хандар аталады.ХV-ХVІ ғасырлар деректемелеріндегі меліметтер "Та'рих-и Рашидиде" кслтірілген Қазақ хандығының Шығыс Дешті Қыпшақта емес, Батыс Жетісуда (Шу мен Талас алқаптарында) іргесі қаланғаны туралы мағлұматты тікелей немесе жанама түрде растайды. Зайн ад-дин Васифи (XVI ғ) "Бадаи ал-вакай" атты шығармасында тап осы аймақты "Қазақстан" деп атауы көңіл аудартады.Қазақ билеушілерінің алдында олар мемлекет болып бөлініп шыққан бойдан-ақ жаңадан пайда болған мемлекетті нығайту, мемлекет құрамына қазақтар мекендейтін аумақтарды қосып алу мақсатымен оның шекарасын кеңейту міндеттері, сондай-ақ хандықты көрші мемлекеттердің жер жөніндегі талаптарынан қорғау міндеттері тұрды. XV ғасырдың соңғы үштен бірінде қазақ хандарының Шайбани ұрпақтарымен және Моғолстан билеушілерімен өзара қатынастарын сол міндеттер анықтады.60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында Әбілқайыр хан өлгеннен кейін Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан қашып келген көшпелілер есебінен Жәнібек пен Керей едәуір күшейді. Жергілікті халық қолдаған Жәнібек хан мен Керей хан Шығыс Дешті Қыпшақ халқына билік ету үшін Жошыдан тарайтын көптеген

63

Page 65: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

сұлтандарға қарсы күреске шығуды кешіктірмеді. Олардың басты қарсыластары Әбілқайырдың мұрагерлері - оның ұлы Шаих-Хайдар хан және немерелері шайбандық сұлтандар - Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болатын. Оларға қарсы күресте Қазақ билеушілері Жошыдан тарайтын Тоқа-Темірдің ұрпағы, Кіші-Мұхамед ханның ұлы Ахмет ханмен, Шайбани ұрпақтары Ибақ ханмен, Бұрыж оғланмен, Маңғыт әмірлерімен тізе коса отырып қимылдады. Бірнеше шайқас болып, Қамал ад-дин Әли Бинаидің айтуынша, "екі жақтан да көп адамдар қаза тапты". Шайқастардың бірінде Шайх-Хайдар ханды Үлкен орда ханы Ахметтің әскерімен келген Ибақ хан өлтірді. Мұхамед Шайбани інісімен бірге Қажы-Тарханның (Астраханның) билеушісі, Темір-Құтлық ханның (Тоқа-Темірдің) ұрпағы Қасым ханға барып паналады. Қаланы Ахмет хан, Ибақ хан және Ноғай ұлысының билеушісі Аббас бек қоршап алып, Мұхамед Шайбани інісімен бірге Түркістан уалаятына қашты, сөйтіп онда Темір ұрпактарының әкімі Мұхамед-Мазид тарханнан қолдау тауып, Әбілқайыр ханның бұрынғы әскербасылары арасынан өзін жақтаушыларды жинауға үміттенді.1470 жылдың қысына қарай Қазақ әміршілері Түркістанда едәуір ілгері басты. Жәнібек ханның Үлкен ұлы Махмұд сұлтан Қаратау етегінде Созақты алды. Басқа бір ұлы Еренші сұлтан Сауранды иеленді, енді Керей ханның өзі Түркістанға жақындап келді. Қазақстанның оңтүстігінде қазақтардың іс-қимылының жандануы Мұхамед Шайбанидің Мауереннахрға Темір ұрпақтарының қол астына шұғыл түрде кетуге мәжбүр етті. Шайбанилік сұлтандарға Түркістаннан кетуге кеңес беріп, Мұхамед өз иеліктеріне қазақтардың шабуыл жасау қатерінің бетін бұрмақ болды. Екі жылдан кейін Темір ұрпақтарынан әскери көмек алған Мұхамед Шайбани Түркістанға келіп, бірқатар бекіністерді басып алды. Сырдарияның сол жағалауындағы Аркөкті, соған сүйене отырып Шығыс Дешті Қыпшақ шекарасына беттеп, Сығанақты басып алды. Сол кезге қарай Ноғай ұлысының басшысы Мұса мырза Түркістанға жақындап келіп, Мұхамед Шайбанимен одақтасуға ұмтылды. Бұған Бұрындық басқарған қазақ әскерлерінің Батыс Жетісудан Түркістан шекарасына асығыс келіп жетуі кедергі жасады. Әскербасыларының бірі қазақтың болашақтағы ханы Қасым сұлтан болатын. Осы оқиғалар туралы хабарлаған деректемелерде Бұрындық хан мен Мұхамед Шайбани арасындағы шайқас Қаратау тауының Соғұнлұқ асуында өтті. Шайқаста Жәнібек ханның ұлы, Созақ әміршісі Мұхамед Сұлтан қаза тапса да, Мұхамед Шайбани жеңіліске ұшыраған. Мұхамед Шайбани Түркістаннан Маңғыстауға кетуге мәжбүр болды. Бұрындық хан Сығанақты алды.Сонымен, Жәнібек пен Керей хандар, содан соң, соңғысының ұлы Бұрындық хан басқарған Қазақ хандығы XV ғасырдың 70-жылдарында Орталық Қазақстан

64

Page 66: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

даласында нақты саяси күшке айналды.80-жылдарда және 90-жылдардың басында Мұхамед Шайбани тарапынан да, қазақтар тарапынан да жасалған соғыс қимылдары барынша табандылығымен және қаталдығымен ерекшеленді, олардың қатынастарына Темір ұрпақтарына қоса, моғол хандары да араласты.Қазақтар мен олардың одақтастарына қарсы толассыз жүргізілді деуге болатын үш жылдық күрестегі жеңістер Мұхамед Шайбаниді 1486 жылдары Түркістанды тастап шығып, Хорезмде соғыс сәттілігін іздестіруге мәжбур етті.80-жылдардың аяғы - 90-жылдардың басында Ташкент пен Сауранда билік құрған моғол ханы Сұлтан Махмұдтың (онын әкесі Жүніс хан 1487 ж. Ташкентте өлген еді) қазақ хандары мен Шайбани ұрпақтарының Сыр бойындағы қалалар үшін күресіне араласып, бірде бір жағын, бірде екінші жағын қолдай отырып, өзінің Түркістандағы ықпалын кеңейтуге тырысуы сәтсіз болған жоқ. 1488 жылы ол Темір ұрпағының әкімі Мұхамед-Мазидті Отырардан қуып шықты. Сыр өңірінде қазақтарға қарсы өзге одақтас ету үшін Отырарға Мұхамед Шайбаниді шақырды. Моғол ханынан қолдау тауып және Отырарға сүйене отырып, Мұхамед Шайбани тағы да екі үлкен бекініс-қала Сауран мен Ясыны (Түркістанды) басып алды.Қазақ хандары мен Мұхамед Шайбани арасындағы соғыс қимылдары XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында толассыз жүріп жатты және ғасыр аяғына қарай уақытша бітіммен аяқталды. Бұрындық хан өзінің екі қызын шайбанилік сұлтандарға ұзатты. Шайбани ұрпақтары Отырар, Ясы (Түркістан), Аркөк, Үзкент қалаларында өз жағдайларын табанды күреспен нығайтып, олардан Темір ұрпақтарының әкімдерін ығыстырып шығарды. Ташкент пен Сайранда моғол ханы Сұлтан Махмұд отырды. Түркістан аумағының орталығы Сығанақта, Сауранда, Қаратаудың Созақпен қоса алғандағы жапсарлас ауданы және онын теріскейі мен күнгейіндегі, Сырдарияның төменгі ағысындағы басқа да қоныстар, Арал өңірі Қазақ хандарының қолында қалды.XV ғасырдың аяғына қарай қазақ хандарының мемлекеті едәуір нығайды, оның алғашқы шекарасы кеңейе түсті. Оның құрамына Жетісудан басқа Оңтүстік Қазақстанның жоғарыда аталған қалалары мен алқаптар, төңірегіндегі далалық аумақтармен бірге, Қаратау өңірі, Сырдарияның төменгі ағыстары мен Солтүстік Арал жағалауы, Орталық Қазақстанның үлкен бөлігі енді, Жетісудағы иеліктері де кеңейді. Шайбани әулетіне қарсы ұзаққа созылған күресте олардың үкіметіне қайта қалпына келуіне кедергі жасады. Мұхамед Шайбани 1500 ж. қол астындағы көшпелі өзбектердің бір бөлігін ертіп, Мауереннахрға кетті де, Түркістанның Оңтүстік бөлігінде өзі басып алған қалалардың көмегіне сүйеніп, басқыншылық мақсатпен Темір әулеті мемлекетіне ұмтылды.XV ғасырдың екінші жартысында Моғолстанда қалыптасқан ішкі жағдай, сондай-ақ аймақтағы әскери-саяси оқиғалар моғол

65

Page 67: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

хандарының Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы ықпалының біртіндеп әлсіреуіне, ал сонан соң, XVI ғасырдың басында толық жойылуына және бұл өлкенің қазақ тайпаларының олардың билігінен шығуына негіз жасады. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның қазақтары біртіндеп Моғолстан хандарының билігінен шығып, басқа аудандардың қазақтарымен бір мемлекетке - Қазақ хандығына бірікті. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан халқының кейіннен бір әулет хандарының (Моғолстандағы Шағатай ұрпактарының) билігінен шығып, басқа әулет хандарының (Жошы ұрпақтарының - Ақ Орда хандары ұрпақтарының) билігіне көшуі неліктен көп шиеленіс туғызбағанын этникалық тегінің, тарихи тағдырларының ортақтығымен, достық қатынастарының дәстүрлігімен түсіндіруге болады. XVI және XVII ғасырлар қазақ халқының тарихында айырықша орын алады. Осы ғасырларда қазақ хандары бұрын әр мемлекеттің құрамында болып келген қазақ руларын біріктіре отырып, бүгінгі теуелсіз Қазақстан Республикасының территориясын қалыптастырды және қорғады. Бұрындық хан басқарған жылдары (1480-1511) стратегиялық және экономикалық маңызы бар, Сыр бойындағы Сауран, Сығанақ, Созақ, Түркістан қалалары үшін Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани басқарған өзбектер мен қазақтар арасында 30 жылға жуық күрес жүрді. Қазақтардан ығысқан Мұхаммед Шайбани 1500 жылы Мауереннахр жеріне басып кіріп, ондағы билікті Әмір Темір әулетінен тартып алады. Аз уақыттың ішінде күшейіп алғаннан кейін ол Сыр бойындағы қалаларды басып алу үшін бірнеше жорықтар жасады. 1510 жылы Көк Кесене шайқасында Қасым сұлтан басқарған қазақтар Мұхаммед Шайбани әскеріне қарсы ұрыста ірі жеңіске жетіп Сыр бойындағы қалаларға берік орнықты.XVI ғасырдың басында Моғолстан ханы Жүністің ұрпақтары арасындағы үкімет билігі не таласқан алауыздықтың салдарынан Моғолстан мемлекеті ыдырады.Моғолстанның орталық өңірі - Жетісу жерінің көбі және оны мекендеген қазақ тайпалары Қазақ хандығына қосылды.

ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. Қазақ хандығы.

Қасым хан басқарқан жылдары (1511-1518) қазақ халқының саны 1 миллионға жетіп, қуатты мемлекетке айналды.Қазақ халқы дербес халық ретінде Батыс Еуропаға әйгілі болды. Қасым хан Мәскеу князі III Василиймен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.Әмір Темірдің ұрпағы, Үндістандағы Ұлы Моғол империясының негізін салған ұлы жазушы Бабыр өзінің атақты "Бабырнама" кітабында: "Қазақ халқының бұрынғы-соңғы хан-сұлтандарының ішінде Қасым хандай құдіретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскері бар еді" деп жазған. Сонымен бірге тарихшы Мұхамед Хайдар Дұғлат "Тарихи Рашиди"

66

Page 68: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

деген еңбегінде: "Шыңғыстың ұлы Жошы ханнан соңғы жерде бұл жұртта Қасымнан асқан кұдіретті хан болған жоқ" деп жазды.Қасым хан алғашқы қазақ заңы "Қасқа жолды" жарыққа шығарды. Бұл заң қазақтар арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды.Бұл заңның сол кездегі мұсылман елдердегі жаппай қолданылып, жүрген ислам дінінің заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді етіп жасалды. Халық арасында бұл заң "Қасым ханның қасқа жолы" деп аталды.Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының территориясы қазіргі территориямыздың негізгі аймақтарын біріктірді.Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, Оңтүстік-батыста Сырдың оң жағалауы, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты, солтүстікте Ұлытауға дейігі жерлер, оңтүстік-шығыста Жетісудың көп бөлігі қарады.Қасым ханнан кейінгі Қазақ хандығын басқарған Мамаш (1518-1523), Тахир (1523-1533), Буйдаш (1533-151557), Тоғым (1533/34-1537/38) хандардың кезінде өзара ішкі таластың салдарынан біршама әлсіреп, өзбектермен және моғолдармен күресте, Қасым ханның кезінде ие болған жерлердің біразынан айырылып қалды. Қазақ хандығы Қасым ханның баласы Хақназар ханның басқарған жылдары бұрынғы күш-қуатына ие болды.Хақназар Қазақ хандығын 42 жыл (1538-1580) биледі. Ол дарынды қолбасшы, қажырлы қайраткер, сонымен бірге сыртқы саясатта дипломат екенін керсетті. Хақназар хан басқарған жылдары Қазақ хандығының батыстағы шекарасында ірі өзгерістер болды.Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай жылжып 1552 жылы Қазақ хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасындағы ұлан-байтақ территорияны мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасындағы қазақ тайпалары Қазақ хандығына келіп қосылды. Ноғай ордасының әлсірегенін пайдаланып Хақназар Ноғай ордасының көп бөлігін өзіне қосып алды. Соған байланысты Хакназарды "қазақтар мен ноғайлардың ханы" деп атаған. Ноғай Ордасы 1569 жылы өзінің мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Сонымен бірге Хақназар Моғолстан мемлекетінің Жетісуға жасаған бірнеше жорықтарына тойтарыс берді. Орта Азиядағы күшейіп келе жатқан Бұқар ханы II Абдаллахпен өзара көмектесу жөнінде шарт жасасты. XVI ғ. 60-70 жылдары соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Хақназар II Абдаллахпен бірлесіп, Ташкент билеушісі Баба Сұлтанға қарсы күресті, сөйтіп, бұрын өзбектер басып алған Түркістан аймағындағы бірнеше қалаларды қайтарып алды.1580-1582 жж. Шығай ханнан кейін Қазақ хандығын басқарған Тәуекел ханның тұсында (1582-1598) Қазақ хандығының территориясы одан әрі кеңейе түсті. Теуекел ханның

67

Page 69: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

тұсында қалмақтардыц біраз бөліп қазақтарға қарады. Соған байланысты Тәуекелді "Қазақ пен қалмақтың ханы" деп атады.Қазақ хандығы күшейіп алғаннан кейін 1598 жылы Тәуекелдің басшылығына Орта Азияға басып кіріп, Ташкент, Әндіжан, Самарқант қалаларын басып алды. Тәуекел хан 1598 жылы Бұқара қаласын коршауда жараланып, Ташкент қаласында қаза болды.Оның орнына болған Есім хан өзбектермен бітім шартын жасасты. Бұл шарт бойынша Ташкент қаласы өзінің аймағымен қоса Қазақ хандығына қарады.Қазақтар 1798 жылға дейін Ташкент қаласында билік жүргізді.Тәуекелден кейін Қазақ хандығының тағына отырған Есім хан (1598-1628) бүкіл саналы өмірін ат үстінде өткізген, Қазақ хандығының шекарасын кеңейту, қорғау жолында халқына өлшеусіз қызмет етті. Халық оны "Еңсегей бойлы ер Есім" деп атады.Есім ханның кезінде Бұқар ханы Иманқұл, Ташкент, Түркістан аймағын қайтару үшін 1612-1620 жылдары қазақтарға бірнеше рет соғыс ашты. Бұл соғыстарда қазақтар өз жерлерін қорғап қалды.Сонымен бірге Есім ханның кезінде қазақ жеріне ойрат тайпалары да бірнеше рет шапқыншылық жасады. Бұл шапқыншылықтарға қазақтар тойтарыс беріп отырды. Есім ханнан кейін қазақ хандығының тағына оның баласы Жәңгір отырды.1635 жылы Батыр Қонтайшы бытырап жүрген ойрат тайпаларын біріктіріп, Моңғолияның батыс аймағында Жоңғар мемлекетін құрды. Бұрынғы бытырап жүрген ойрат тайпалары біріккеннен кейін Қазақ хандығына үлкен қауіп туғызды. Осы кезден бастап жоңғарлардың Қазақ жеріне ірі шапқыншылықтары басталды.Жәңгір хан басқарған жылдары қазақтар мен жоңғарлардың арасында үш ірі соғыс болған. Біріншісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 жылы. 1643 жылғы ұрыста қазақтар екі таудын арасына ор қазып, жоңғарларға қарсы соғысты. Осы соғыста Жәңгір хан 6 мыңдай әскерімен 50 мың жоңғарларға тойтарыс берді. Осы ұрыста Жоңғар ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс Бахадүр 20 мың әскерімен көмекке келген. Жәңгір хан 1652 жылы кезекті қазақ-жоңғар соғысында қаза табады.

ХҮІІІ ғ. Қазақ хандығы. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары.

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-

68

Page 70: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды.Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі. Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандадаы» - дейді.Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ көрсетті. Солардың ішінде ең қауіптісі шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.XIV ғ. II-ші жартысында Моңғолия территориясы екі иелікке бөлінеді. Ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс Моңғолия және бұрынғы Қытай императорының бақылауындағы Шығыс бөлікке. “Жоңғар” деген аттың шығуы – Шыңғысханның шапқыншылығы кезеңінде ойраттар қашанда армиясының “сол қанатын” құраған, моңғолша ол “зюнгор” деген мағынаны білдіреді. Содан “зюнгор” – жоңғар деп аталып кеткен. Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын (Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген 1456 жылы). Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті. Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды. Цэван Рабданның жаулап алу программасының ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан көрінді.1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болды. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ

69

Page 71: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

еліне тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырады. Сақталған мәліметтерге қарағанда, Ұлы жүз бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы Хиуаға қарай босқан екен. Босқындардың біразы Алакөл маңына барып паналаған көрінеді.Дәл осындай ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың қамын ойлаған атақты Хандарымыз бен билерімізбен қатар батырларымыз да болды.Бұқар жырау өзінің 29 толғауында олардың аттарын атайды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Райымбек, Малайсары. Осындай ауыр кезде еңсесі түскен елдің есін жиғызып, зар жылаған халықтың көз жасын тиғызған атақты билеріміз болды. Халықты алқалы жиынға шақырған да сол бабаларымыз болды.1726 жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болды. Осында үш жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға қарсы бірігіп аттануда, сол қолға басшы-етіп Әбілхайырды сайлайды. Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді: «Сол кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық көрсетсе де, сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың кең байтақ орталық бөлігіне әл-күші жетпеді» – дейді.Сөйтіп біріккен қазақ халқының қолы 1727 жылы Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға күйрете соққы береді. Бұл жеңіске жеткен жер «Қалмақ қырылған» деп аталады. 1729 жылы көктемде қазақ-жоңғар соғысының аса ірі шайқасы болады. Ол Балқаш көлінің маңында (оңтүстік батыс) қалмақтарға екінші рет күйрете соққы береді. Бұл жер

70

Page 72: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

кейіннен тарихта «Аңрақай шайқасы» деген атпен белгілі болады.Осы тұста Болат хан (Тәуекелдің баласы) қайтыс болып, осыған байланысты қазақ хандығының тағдырына қатысты ірі оқиғалар болады. Енді Сәмеке, Әбілхайыр, Болаттың үшінші баласы Әбілмәмбет арасында күрес туады. Сөйтіп, аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Әбілмәмбет сайланады. Мұндай таңдау жасалғанына Әбілхайыр да, Сәмеке де наразы болып майдан шебінен әскерін алып кетеді. Сөйтіп қайтадан феодалдық бытыраңқылық күшейіп, жан-жаққа бөліне бастайды. Бұл кезде Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісті, жоңғарлар үнемі қауіп төндіріп отырды.Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сенуі керектігі және үш жүздің басын қосып, жоңғарларға қарсы тұру керектігіне көздері жетті. Осы идеяны жүзеге асыруда Абылай хан еңбек сіңірді. Ол 1731 жылы ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, ерлігімен, батылдығмен көзге түседі.1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішінде билік үшін күрес туып, (Қалдан Церен өлген соң) туысқандар арасында дүбелең жағдай қалыптасады. Содан 1758 жылы олардың түбіне Қытай империясы жеңді. Сөйтіп енді қазақ жеріне Цин империясы шабуылын бастады. Осы ауыр кезде Абылай өзінің шебер ішкі, сыртқы саясатымен көзге түсті. Осы кезде Ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, қытаймен соғысты соза беруге болмайтынын, халықтың азып-тозып кеткенін айтып, қытаймен елшілік қатынас орнату мақсатында адамдар жібереді. Сөйтіп, олармен сауда, экономикалық байланыс орнатудың жолдарын қарастырды. Ресеймен қарым-қатынасын да ұлғайтты. Қазақ жерін екі елдің қаупінен қорғап қалуда үлкен еңбек сіңірді, өзінің нәзік саясатымен тіл табысты, өзінше билік, өзінше саясат жүргізді.1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде хандар мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді.

Қазақ хандығы кезеңіндегі мәдениет.

71

Page 73: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Хандар кезеңінде қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы негізгі әлеуметтік топтан – ақсүйектер мен қарсүйектерден тұрды, олардың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды. Шыңғысханның әке жағынан тарайтын, хан болмаған ұрпақтарын білдіру үшін сұлтан терминімен қатар «төре» немесе «оғлан» термині қолданылған. Алайда «төре» деген сөз сұлтандарды ғана емес, неғұрлым көп адамдарды – жалпы алғанда көрнекті және атақты адамдарды да, қазы, билерді де білдіру үшін қолданған.Ұлыстарды басқару сұлтандарға ұлыс адамдарына әскери-саяси билік етуге де, іс жүзінде жайылымдарды, су көздерін және т.б. билеп-төстеуге де құқық беретін еді. Әрбір ұлыс сұлтаны ұлыс аумағының мұраға алатын құқығы бар жеке иеленуші емес, ең алдымен ұлысты басқару және ұлыс әскеріне қолбасшылық ететін құқығы бар билеушісі болды. «Сұлтанды немесе қожаны өлтірген адам, - делінген «Жеті Жарғы» қаулыларында, - өлтірілген адамның туыстарына жеті адамның құнын төлейді. Сұлтанға немесе қожаға тіл тигізіп ренжіткен 9 мал, ал қол тигізген 27 мал төлеумен жазаланады». Қоғамның басқа мүшелері алдындағы тағы бір артықшылығы – оларға дүре соғуға болмады және билер соттамады. Шыңғысханның ұрпақтарын сұлтан немесе ханның өзі соттайтын болды. Әңгімелескен кезде қарапайым адамдардың оларды атымен атауына болмайтын еді, есімінің орнына тақсыр (мырза) деген қолдануға тиіс болды. Сұлтанмен кездескен кезде кез-келген қарапайым адам атынан түсіп, онымен бір тізесін бүгіп тұрып сәлемдесуге тиіс болған. Сәлеміне жауап ретінде сұлтан оның иығына қолын салған. Сұлтанның үйі ақ киізбен жабылған. Ақсүйектердің барлық өкілдері тек қана ақ киіздің үстінде отырған. Сұлтандар (әскери міндеткерліктен басқа) ешқандайда міндеткерліктер атқармады. Қазақ ұлысы барлық сұлтандардың «Асқар» деп аталатын бір ғана ерекше ұраны болды, оны қарапайым халық – қарасүйектер қолдануына болмады.Шонжар ақсүйектер тобына қарама-қарсы хандықтың өзге халқы қарасүйек деп аталады. Қарасүйек адамдардың әр-түрлі категорияларын атау

72

Page 74: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

үшін бірнеше термин: қараша, қаракісі, құлқұтан, шаруа, бұқара терминдері қолданылды.Әлеуметтік қарасүйектер тобында рулар мен тайпалардың басшылары – билердің ғана ерекше құқықтары болды. Би деген сөз бұрынғы бек сөзінің кейіннен өзгерген түрі болып табылады және деректемелерде ХҮ ғасырдан ерте кездеспейді, ал түріктердің «бек» деген сөзі моңғолдардың «ноян» және арабтардың «әмір» деген сөздеріне сәйкес келеді.Көшпелі қазақтар қоғамында жеке басы еркін адамдардан басқа, бас бостандығы жоқ еркектер (құлдар) мен бас бостандығы жоқ әйелдер (күңдер) болған.ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ қоғамы игі жақсыларының тобына батырларды да жатқызуға болады. Түрік-моңғолдың «батыр», «баһадүр» сөзі бастапқыда шайқас алдында жауын жекпе-жекке шақыратын батыл, ержүрек адамды білдірген. Шыңғысхан кезінен бастап батыр – «феодалданған әскери-көшпелі шонжарлардың» өкілдеріне берілетін феодалдық иерархия атақтарының бірі, сондай-ақ шайқаста жеке басының көрсеткен ерлігі немесе соғыс қимылдарына шебер басшылық еткені үшін хан немесе сұлтандар аталатын құрметті атақ. Бұл сөз атақ ретінде адамның атына қосылып айтылған.«Ақсақал» - түрік сөзі. Деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, саяси өмірде айтарлықтай рөл атқарған.Мәдениеті. Қазақ хандығының нығаюы, Қазақ хандығының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстанның тарихымен тығыз байланыста болды. Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы–егіншілік мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ осы, бірден-бір ауданында сақталып қалды.Оңтүстік Қазақстан ХІҮ-ХҮІ ғасырдың жазба деректемелерінде Түркістан деп аталады.Бұл тарихи географиялық термин орта ғасырлар деректемелерінде Мауреннахр (Сырдария және Әмудария өзендерінің аралығы осылай аталған) мен Шығыс Дешті Қыпшақ (Қаратаудан Сырдарияның төменгі ағысы мен Аралдан солтүстікке қарай көсіліп жатқан далалық кеңістік) арасында жатқан Орта Сырдария алабына қатысты айтылады, яғни оңтүстік-шығысында – Сайрам қаласынан оңтүстікке таман (Шымкент маңайында), Шыршық және Бадам аңғарларының су

73

Page 75: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

айрығымен және солтүстік-шығысында – Қаратау жотасымен шектелетін Сырдарияның сол жағалауын бойлай жатқан кең өңірдің жері Түркістан деп атаған.ХҮ-ХҮІ ғасырлар шебінде, Қазақ хандығының нығаю дәуірінде ол айтқан «Түркістанның отыз бекінісінің» ең ірілері Сырдарияның оң жақ жағалауы мен оның салалары бойындағы Ясы (Түркістан), Отырар, Сайрам, Сауран, Иқан, оның сол жағалауындағы Аркөк, Үзгент, Аққорған, Қожан, Қаратаудың теріскей беткейіндегі Созақ, Құмкент қалалары болған. Сол кездің деректемелерінде қалалар мен қалашықтардың, бекіністер мен қыстақтардың жиырмадан астам атауы ауызға алынады (археологтар тапқан қала жұртының саны бұдан артық). Мәселен, Ясы қаласының төңірегіндегі Иқан, Қарнақ, Йунка, Қарашоқ, Сура қалалары мен қыстақтарын айтады. Отырар өңірінде Игілік қыстағы, Сайрамға жақын жерде Шымкент қалашығы, төменіректе Арыста-Халадж-Қараспан, Жақанкент (Иаканкент) болған. Қаратау беткейлерінде Қарақұрым қонысы мен Жылан-Қарауыл бекінісі болған.Қалаларда құрылыс ісі және соған байланысты қолөнер (кірпіш, шыны жасау) дамыды. Қала құрылысында тұрғын үйлер, мешіттер, медреселер, мазарлар, моншалар, дүкендер, жабық базарлар, керуен-сарайлар, кесенелер салынды.ХҮ ғасырдың екінші жартысы – ХҮІІ ғасырдағы халықаралық саудада Қазақстан даласы мен Түркістан қалалары арқылы Орта Азия мен Ресей сауда экономиканың дамуында маңызды факторға айналады. Ресей мен орта Азияның Қазақстан арқылы сауда және дипломатиялық қатынастары ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда жанданды.Халықаралық саудамен қатар Сырдария қалаларының көшпелі дүниемен дәстүрлі саудасы және жергілікті сауда жүргізіледі. Сырдария қалаларынан далаға астық, қала қолөнерінің өнімдері, мата апарылды.Қалалар төңіректегі егінші және көшпелі халықты қажетті товарлармен базар арқылы жабдықтап отырды.Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Қазақтар негізінен қой, жылқы және түйе өсірген; қазақтардың шаруашылығында мүйізді ірі қара болмашы орын алған, өйткені ол жыл бойы бағуға, әсіресе қыс кезінде қар астынан тебіндеп жайылуға нашар

74

Page 76: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

бейімделген.Деректемлердің кейбір хабарларынан қазақтардың егіншілікпен шұғылданғаны байқалады. Бірақ Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы мейлінше әркелкі болды, аудандардың басым көпшілігінде егін шаруашылығы төменгі дәрежеде болды, немесе болмады. Алайда, кейбір аудандарда егіншілік зор маңызға ие болды, бұл ең алдымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қатысты еді.Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды, олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Қазақтар ежелден тері өңдеп, киіз басуды, оларды түрлі түске бояуды білген, олар теріге, металға және тағы басқа материалдарға батыру арқылы өрнектеуді, құрап жамау және кестелеп тігу тәсілін шебер меңгерген.Өз мемлекетінің құрылуы қазақ халқы рухани мәдениетінің одан әрі дамуында зор маңызы болды. Оның түрі тақырыбы мен мазмұны алуан түрлі болып, бұрынғы дәуірлердің мәдениетін қисынды жалғастырды. Оның құрамында аңыз хикаялар мен кейінгі фольклорлық туындылар, орта ғасырдағы қолжазба кітаби дүниелер мен қазақтың төл әдебиеті, тарихи шежірелік және құқық қатынастар мен шешендік өнері, музыкалық және халықтық-драмалық шығармашылық пен халықтық көңіл көтеретін ойындары түгел қамтылған.Дербес мемлекеттілік, оны қорғау мен нығайту қажеттілігі жағдайында бір мезгілде әрі көреген суырып салма ақын, әрі хандықтың бас идеологі, әрі хандардың серігі мен кеңесшісі, әрі тайпаның жауынгер басшысы ретінде көрінген жыраулардың рөлі едәуір арта түсті.ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясының аса ірі өкілдері – Шалкиіз (Шалгез) Тіленшіұлы (1465-1560), Доспамбет жырау (шамамен 1490-1523), Жиембет Жырау (ХҮІІ ғ.), Марғасқа жырау (ХҮІІ ғ.), Ақтамберді жырау (1675-1768), Тәтіқара ақын (ХҮІІІ ғ.), Үмбетей жырау (1693-1787).Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының өзіндік ерекшелігі, халық өмірінің ерекше жағдайлары мен өзіндік ерекшелігі бар қазақ қоғамы «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы би-шешендер

75

Page 77: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665-1765) және Әйтеке Байбекұлы (1687-1766) ерекше бөлек орын алады, олар Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Жоңғария мен Цин империясында танымал болған. Қазақ халқының рухани мәдениетінде жазбаша әдебиет те дамыды, ол негізінен алғанда сарай маңындағы ортада және көбінесе тарихи шығармалар түрінде қалыптасты.Тарихта сақталған шежірелік және наративтік деректемелер ретінде ғана емес, сонымен қатар соңғы орта ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстанның түрік халықтары көркем әдебиетінің ескерткіштері ретінде де маңызы бар шығармалар аз емес. Олардың ішінен Захир ад-дин Бабырдың (1483-1530) «Бабыр наме», Камал ад-дин Бинаидың «Шайбани намесін», Мұхамед Хайдар Дұғлатидің (1499-1551) «Тарихи Рашидиін», Қожамқұл бек Балхидің «Тарих-и Қыпшағын», Қадырғали бектің (1555-1607) «Жами-ат-таварихын», Әбілғазы Баһадүрдің (1603-1664) «Түрік шежіресін» және басқаларын арнайы бөліп көрсетуге болады. Бұл авторлар тек оқиғаларды суреттеумен және билеушілер генеалогиясының тарихын баяндаумен ғана шектелмеген. Олар өз суреттемелеріне қоса көркем бейнелер жасап, ауыспалы мән беріп отырған, кейде шайқастардың немесе басқа оқиғалардың әдеби көріністерін беріп, өздерінің сөз саптауларын алуан түрлі айшықты топтармен әрлендіре түскен, хикаяларына өздерінің сирек кездесетін поэтикалық таланты мен кең көлемді эрудициясы бар екендігін дәлелдейтін өлең жолдарын енгізіп отырған. Қазақ халқының тұрғын-үй – материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Қазақтың киіз үйі ағаш сүйегі мен киізден тұрады. Ағаш сүйегі мынадай төрт бөліктен тұрады: 1) құрастырмалы-жиналмалы қабырғасы – қанат, олардан киіз үйдің қабырғалары (кереге) құралады; 2) күмбез сүйегі (уық); 3) дөңгелек төбесі (шаңырақ); 4) есік немесе сықырлауық. Ағаш сүйектің әрбір бөлігіне белгілі бір киіз жамылғы сәйкес келеді, оларды шебер қазақ әйелдері жасайды, олар: 1) керегелерге тұтылатын туырлық, олар

76

Page 78: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

бірнешеу; 2) үзік күмбезге жабылады, олар екеу; 3) түндік – шаңыраққа жабылатын шаршы киіз; 4) Киіз есік – киіз үйдің есік ойығын жауып тұратын ұзынша киіз.Қанаттың тор көзі ортасынан қиғаштап жіңішке қайыстармен (көк) біріктірілген шағын кереге ағаштарынан құралады, уықтар жиынтығы жеңіл де қатты, өңдеуге жақсы талдан жасалды. Дөңгелек шаңырақ қайыңнан иілген екі жарты шеңберден құрастырылады, ал есігі екі жаққа айқара ашылатын қос жақтаулы етіп қарағайдан жасалады.Керегелерінің санына қарай киіз үйлер: 6 қанатты, 7 қанатты, 8 қанатты және т.б. үйлер болып бөлінеді, яғни керегелерден құралатын қанаттары неғұрлым көп болса, киіз үй соғұрлым үлкен болады. Киіз үйдің сүйегі киізбен жабылып, арқанмен бекітілген. Қыста жылы болу үшін киіз үйді екі қабат киізбен қауып, керегеге әсем өрнектелген ши тұтылған. Еденге әдетте киіз, тері, кілемдер төселген. Көшпелінің киіз үйінің ортасында күз бен қыс айларындағы суықта үйді жылытып тұратын ошақ орналасқан.Егіншілік мәдениеті бар аудандарда отырықшы үйлер салынған. Киіз үй тәрізді дөңгелек жартылай жертөбелер немесе киіз үйге ұқсатып, жоспарланған жербетіне дөңгелетіп тұрғызылған құрылыстар, сондай-ақ жер бетіндегі тұрғын үйлер (бір, екі, үш бөлмелі) қолда бар табиғи материалдан: өзен аңғарларында шикі кірпіштен, тауларда тақта тастардан салынған.Қазақтың темір ұсталары негізгі еңбек құралдарын, балта, пышақ, қырықтық, шеге және басқаларын жасады. Темір ұсталары сонымен қатар басқа да шаруашылық-тұрмыс заттарын, қару жарақтар, найзалар менжебелердің темір ұштарын соққан. Қазақтардың негізгі қаруы қылыш пен садақ болатын. Жауынгерлік қарудың басқа түрлерінен айбалта, шоқпар, жалғыз сапты күзді, екі басты шоқпар, бір шоқ жылқы қылымен шашақталып, қарсыласын ерден жұлып алып үшін ілмек жасаған ұзын найза аталады.

Қазақстан Ресей империясының құрамында. Қазақстанның Ресейге қосылуы.

77

Page 79: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы қазақтың билеуші тобының Ресеймен жақындаса түсуіне түрткі болды. Тәуке хан өлгеннен кейін қазақ хандығының ішкі жағдайы қиындай түсті. Тәукенің орнына Қайып сұлтан аға хан болды. Кіші жүздегі иеліктердің бірін билейтін Әбілқайыр хан өзінің Қайыпқа бағынышты, оған тәуелді екенін мойындайды. Бірақ көп ұзамай-ақ 1723 жылы аға ханның атағын Әбілқайыр алады. Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген билері де Әбілхайырды хан деп танымады, осының салдарынан қазақ жері жеке-жеке хандық, сұлтандық иеліктерге бөлініп кетті. Қазақтың ішкі саяси жағдайының тұрақсыздығы мен феодалдық бытыраңқылығын пайдаланған жоңғар феодалдары қазақ жеріне басып кірді. 1723 жылы басталған бұл жойқын, әрі тұтқиылдан шабуыл Қазақ хандығының берекесін кетірді.Сонымен, Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдың 30-жылдарының бас кезіндегі ішкі және сыртқы саяси жағдайы жоғарыда айтылғандай өте қиын жағдайда болды. Әбілқайыр ханға Тәуке кезінде басталған Ресей мемлекетімен қатынас жасау саясатын жалғастырып, Қазақ хандығының күресу тәжірибесі өз күшімен сыртқы жаулардан түпкі сақтанып қалу мүмкіндігінің жеткіліксіз екенін көрсетті. Сондықтан да, Әбілқайыр хан сыртқы шапқыншылықтардан қорғану үшін және хан билігін нығайтуға қажет күшті тіректі солтүстік-батыстағы көршісі – Ресей мемлекетінен іздеуге мәжбүр болды. Әбілқайырдың Түркістаннан Ырғыз жағына кетіп қалуы, Кіші жүз жеріне Ресейдің қол астындағы қалмақ пен башқұрт феодалдарының қазақ жеріне тынымсыз шабуылдарын күшейтті. Ресей патшасына бодан болуы туралы 1730 жылы қыркүйектің 8 күні хат жазып, елшісі Сейітқұл мен Құлымбетті орыс мемлекетінің астанасы Петербургке жіберді. Әбілқайырдың бұл тілегін Анна Ионовнаның үкіметі қабылдап, қазақтарды Ресейдің қарамағына алуға ұйғарды. Содан соң 1731 жылы 19 ақпанда императрица Аннаның Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Ресей бодандығына қабылданғаны туралы грамотасын тапсыру үшін және Кіші жүз қазақтарынан ант алуға Сыртқы істер коллегиясының тілмашы әрі дипломат А.И.Тевкелеев

78

Page 80: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

басқарған елшілері келді. Елшілер Қазақстанның Ресей қол астына алынғандығы туралы Ресей патшасы Анна Ионовнаның Әбілқайыр атына жазылған грамотасы мен қазақ сұлтандары үшін көптеген сый-тартулар алып келеді.1731 жылы қазан айының 7-10 күндері Кіші жүздің ханы Әбілхайыр бас болып 27 сұлтан Ресейдің қол астына бодан болғандығын сендіріп ант берді. Мұның өзі қазақтардың Ресейге қосылуының алғашқы кезеңі еді. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге кіруіне Кіші жүз бен Орта жүз сұлтандары мен билері қарсы болды.ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстандағы саяси жағдай, түптеп келгенде, Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасында жаңа кезең болғандығын естен шығармауымыз керек. 1735 жылы желтоқсанның аяғында Орта жүздің Ресей қол астына қабылдануын қуаттаған жаңадан сайланған Күшік хан мен Барақ сұлтан Орта жүзге Ресей елшілігін жіберуді өтінді. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет 1740 жылы Ресейге қосылу жөнінде Орынборда ант берді. Кіші жүз бен Орта жүз бодан болғаннан кейін де қазақ даласында саяси жағдай түзеле қойған жоқ. Ресей патшасы өз алдына нақты міндеттер қойды. Біріншіден, Ресей империясының шығыс шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екіншіден, қазақтармен айырбас сауданы кеңейту және қазақ жерін Шығыс елдермен сауда жасаудағы дәнекерлік мақсатта пайдалану болды. Патша үкіметінің бұл міндетттері А.И.Тевкелевке берген сыртқы істер коллегиясының нұсқауынан анық байқауға болады.Ресей патшасы Кіші жүз ханы Әбілқайыр мен оның айналасындағы адамдарды пайдаланып, қазақ даласына өз ықпалын нығайта түсті.ХҮІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан. 1734 жылы Кириллов экспедициясын Орынбор өлкесіне аттандырып жатып, патша үкіметі оның алдына мынандай талаптар қояды:- қазақ даласымен сауда байланысын күшейте отырып, қазақтарды тәуелді ету;- қазақ даласы мен башқұрттардың шекарасынан Орынбор қаласын тұрғызып, оған орыс адамдарын қоныстандыру;- қандай тәсілмен болса да, қайырымды болып көріну, немесе сыйлықтар беру арқылы, күш көрсету немесе

79

Page 81: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

үнемі үрейде ұстау арқылы болса да, әйтеуір қалай да қазақтарды мойынсұндырып, ырыққа көндіру;- Жайық өзенін бойлай қазақтар өте алмайтындай етіп әскери бекіністердің шебін салу;- алтын және басқада бағалы кен орындарын іздеп тауып, зауыт салу. Орта Азия мен сауда жүргізу және Арал теңізде кеме қатынастарын орнату;- қазақтар мен башқұрттарды үнемі бақылауда ұстау;- егер олардан патша үкіметінің жүргізген саясатына қарсылық білдірген толқулар білінсе, оларды бір-біріне айдап салып, өзара қырқыстыру.

ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

1731 жылғы келісімді көп ұзамай Ресей патшалығы бұзды. Ресейге бағынышты қалмақтардың, башқұрттардың, казак-орыстардың қазақ еліне шабуылы тоқтаған жоқ. Ор өзенінің бойына салынған қорған-қала Орынбор Әбілқайыр үшін емес, бүкіл қазақ даласын басып алуға арналған бекініс болды. Көп ұзамай Кіші жүзде – Переволоцкая, Новосергеевка, Чернореченская, Кулагинская, Калмыковская, Иргульская, Орская, Сажерная, Губернинская сияқты казак-орыстардың әскери бекіністері қаптап кетті.ХҮІІІ ғасырдың 40-шы жылдары үздіксіз қан төгіс, қарулы қақтығыстардан титықтаған қазақтар мен ойраттар өзара жақындасуға қадам жасауға мәжбүр болды. Бірақ, орыс үкіметі мен Орынбор әкімшілігі Орта жүз бен Кіші жүздің жоңғарлармен жақындасуына кедергі жасап бақты. Орынбор комиссиясының бастығы И. Кириллов 1734 жылы мамыр айында патша Анна Ионовнаға жазған жолдамасында «Үш жүз ынтымақты болғанда, бірлескен күшпен жауларын жеңе алар еді»-деп пайымдады.1740 жылдың қыркүйегінде қазақ даласына құрамында поручик Д.У. Гладышев және өзгелер бар Ресей елшілігі өз үкіметі алдында Әбілқайырдың сенімсіздігі жөнінде және бұл өңірде орыс ықпалын күшейту тұрғысында шұғыл шараларды жүзеге асыру жайлы тұңғыш рет ресми түрде мәселе қойды. Осы жайды Әбілқайыр

80

Page 82: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

ордасында болған прапорщик Муравиннің жазбалары да растайды. Патша үкіметі Әбілқайырды Ресейдің Қазақстандағы ықпалын күшейтуге барынша пайдалана алғаннан кейін, енді оны ауырсына бастады. Орыс билеушілері қазақ қоғамының жоғарғы буынды әртүрлі топтарының арасындағы келіспеушіліктерді өз қажетіне пайдаланып, оларды бір-біріне айдап салды. Ақыры Барақ сұлтан болған топ 1749 жылы Әбілхайырды өлтіреді.Осы фактілердің өзі-ақ патша үкіметі мен жергілікті билік органдары өздерінің қол астына кірген елге әскери және дипломатиялық жәрдем беру ісіне аяқасты қарағанын байқауға болады. Ресей империясы ХҮІІ ғасырдың аяғында-ақ Ертістің жоғарғы жағынан, ХҮІІІ ғасырдың басында Бұқтырма, Үлбі өзендерімен және Зайсан көлін басып, өз жері деп есептеген. Орыс үкіметі Кіші жүздің Ресей қарауына кірісімен қазақ көшпенділерін өздері жасаған линиялар мен бекіністерін әрірек ығыстыруға барынша күш салды. С.Д. Асфендияровтың мәліметтеріне қарағанда, әскери линиялар жартылай қоршау ретінде Қазақстанда (Каспий, Атырау) теңізінің жағалауына Ертістің жоғарғы сағасына дейін жеткен. Бұл уақытқа дейін Орал, Сібір, Орынбор әскери құрамалары құрылып, оларға жер бөлініп, басқа да жеңілдіктер берілген.Орынбор губернаторы Неплюевтің 1842 жылғы шешімі патша Елизоветтаның 1756 жылғы қабылданған жарлығы бойынша Кіші және Орта жүздің руларына Жайық пен Ертіс арқылы мал айдап өтуге, Есіл мен Тобылдың төменгі сағаларын жайлауға тиым салып, бұл шекаралық өңірге алдын-ала бекіністер тұрғызылды.Шекара бойындағы он шақырымдық қаптапқа жақындауға рұқсат берілмейтін болды. Қазақ жүздері мен руларының басшылары айтылған өзендерден әрі-бері өтуге тиым салынуына талай қарсылық білдірді. 1761 жылы Ресей патшалығы Бұқтырма бекінісін салды. Қазақ еліне отарлаудың қамытын берік кигізу мақсатында стратегиялық маңызы бар, маңызды деген нүктелерге берік бекіністер шебін құрып алып, патша үкіметі елді өлкедегі отаршылар санын көбейту қамына кірісті.1745 жылы мұнда Астрахань төңірегінде көшіп жүрген қоңырат, татарларды да зорлықпен қоныстандырды.

81

Page 83: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

1744 жылы өз еріктерімен Қазан татарлары көшірілген еді.Жалпы алғанда, ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында ерікті шаруалар келіп қоныстана бастаса, Орынбор өлкесіне помещиктермен қоса Ресейден әкелінген шаруалар да көшірілді.1807-1828 жылдары Орынбор өлкесіне мемлекеттік шаруалар қоныстандырылып, оларға әрбір адамға, жасына қарамастан 15 десятина жер бөлініп берілді. Ал, Алтай өлкесіне қоныстанған мемлекеттік шаруалар саны жылдан жылға көбейе берді. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі 200 жылға созылып келіп, ел басқарған батыр, ақылды билердің ұйымдастыруымен халқымыз жеңіске жетті. Алайда, осы жеңіс үшін талай жыл күрескен, сол күрес жылдарында саны азайып, әлсіреген елімізге Ресей империясы біртіндеп, бірде алдап-арбап, бірде әскери күшпен келіп отарға айналдырды. Тәуелсіздік арманға айналып, зор өкініштерге әкелді. 1781 жылы Абылайдың қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақтары арасындағы кикілжіңдер хан билігін әлсіретті. 1795 жылы екі сұлтан, 19 ақсақал және 122360 қазақ императрица ІІ Екатеринаның атына Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы шешім жіберді. Үкімет ол кезде хан билігін жою жөн емес деп тапты, алайда оны әлсірету мақсатымен біраз кейініректе Орта жүзде Уәлимен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан, ал екі жылдан соң Уәли хан қайтыс болды. Ресей билігі таралған аудандар жоғарғы билеушісіз қалып, нақты биліктің қандай нысаны болмаған жағдай орын алды. Хандық ықпалды сұлтандармен көзбе-көз келіспей немесе алдын-ала келіссөз жүргізілмей, іс жүзінде жоғарғы жақтан жойып жіберілді. Жаңа реформаны әзірлеуді патша үкіметі граф М.М. Сперанскийге жүктеді. 1822 жылғы 22 маусымда патша «Сібір губернияларына арналған мекемелер», «Бұратаналарды басқару туралы жарғы», «Қырғыз-қайсақтары» басқару туралы жарғы, этаптар туралы жарғы, жер міндеткерлігі туралы ережелер, астық қорлары, шаруалар мен «бұратаналар арасындағы борышкерлік міндеттемелер» туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті.«Сібір... мемкемелеріне» сәйкес, азиялық Ресей 2 генерал-губернаторлыққа:

82

Page 84: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

орталығы Тобыл болған Батыс Сібір, орталығы Иркутск болған Шығыс Сібір генерал-губернаторлығына бөлінді. Біріншісіне Тобыл, соңғысының құрамына Томск губерниялары енгізілмекші болып ұйғарылды.Орта жүздегі дәстүрлі мемлекеттілікті таратып, хан атағын «мүлде артық» деп жойып жіберген үкімет Сібір қазақтары туралы жарғыға сүйеніп, басқарудың жаңа нысанын енгізді. 3-тарауға сәйкес, Оңтүстік-батыс Сібірді мекендеген қазақтар «көшпелі бұратаналар сословиесі» болып есептелінді және тең құқықтарды пайдаланды, ал «сібір қазақтары елі» ең алдымен 1838 жылы Батыс Сібір қазақтарын шекаралық басқару құрылғанға дейін Омбы облысына бағынып келген сыртқы округтерден құралды.Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Бұл орайда М. Сперанский мен оның төңірегіндегілер әдейі бесжылдық жеңілдік белгіледі немесе көшпелі халықтың барлық санаттарын барлық алымдардан босатты; мұндай бетбұрыс бұрынғы феодалдық жүйе бойынша міндеткерлік атқаруға: көшпелі аудандарда зекет пен соғым, егіншілікті аудандарда ұшыр төлеуге дағдыланған халық наразылығының алдын алуға ұмтылысқа байланысты болса керек.ХІХ ғасырдың басында Бұқтырма, Өскемен бекіністерінің Петропавлдың, Семейдің маңызы едәуір арта түсті.Алғашқы сыртқы округ – Қарқаралы округі 1824 жылғы 8 сәуірде ашылды. Жаңадан құрылған округке кірген болыстар құрамында 20 мыңдай шаңырақ, шамамен алған есептеулер бойынша, 60000-ға дейін ер азамат болды.Бұдан кейін бірқатар сыртқы округтер: 1825 жылы - Құсмұрын, 1826 жылы - Баянауыл, 1831 жылы - Аягөз (Сергиополь), 1832 жылы Ақмола округтері құрылды.1822 жылы Орынбор губернаторы П.К. Эсеннің қатысуымен дайындалған «Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі жарғы» бойынша Кіші жүз жеріне үш хан тағайындау жоспарланды, бірақ ол іске аспады. Жарғының бұл жылы бекітілмей қалуына да осы жай себеп болды. Ал, Орынбор губернаторы 1824 жылы Кіші жүз ханы Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, сондағы бір қызметке тағайындады да, Кіші жүздегі хандық билікті жойды. Тек Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы Кіші орда немесе Бөкей хандығы ғана

83

Page 85: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

1845 жылға дейін сақталды.Сонымен Орта және Кіші жүзде хандық, феодалдық мемлекеттіліктің жойылуы, бір жағынан, қазақ қоғамының өзінде ішкі рулық талас-тартыстардың жалғасуы салдарынан, екінші жағынан, патша үкіметінің әскери-әкімшілік әрекеттерінің нәтиежесінде болды. 1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы, 1824 жылғы Орынбор қазақтары туралы жарғы алғашқы патшалық реформа ретінде, бүкіл дәстүрлі билік құрылымын қиратып, әлеуметтік-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын қамтыды, қазақ қоғамы ішіндегі, ең алдымен патшалық өзгерістерді, негізінен, қиналмай қабылданған шеп маңайындағы ауылдар арасындағы және кең далада еркін көшіп жүріп, көшпелі тәуелсіздіктің ең берілген жақтаушылары ретінде сұлтандардың, билердің ақыл беруі бойынша патшалық өзгерістерге көнбегендер арасындағы онсыз да өткір қайшылықтарды тереңдетіп, Кавказдағы, Еділ бойының түркі тілдес аймағындағы және далалық табиғи ландшафты реформаның іске асырылуын белгілі бір дәрежеде қиындатқан Қазақстандағы отаршылдыққа қарсы топтардың бірігуін күшейте түсті.

Қазақ халқының патша отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күрестері.

Сырым Датұлы басшылығындағы Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797 жж.). ХҮІІІ ғасырдың 70-80 жылдары хан мен сұлтандар билігі, патша әкімшілігі арқылы күшейіп отырса, старшиналардың елді басқару ісі шектеле бастады. Олардың әрекетінің негізі хандық билікті жою. Бұл сол кездегі қазақ қоғамындағы дағдарыстың басталғанын көреміз.Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 1783 жылы басталады. Сырым Байбақты руының старшинасы болған. Гавердовскийдің жазуына қарағанда, Сырым өте бай адам болған. Нұралы ханның Сырымның қарындасын алуы, хан тұқымымен құда болуы – сол кездегі Сырымның би болғандығының дәлелі. Сырым басқарған антифеодалдық қозғалыстың басталуы 1783 жылғы оқиғаға байланысты болды. Сол жылы Сырым ауылының үстінен орыс саудагері Филипп

84

Page 86: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Григорьев өтіп бара жатқанда, қазақтар шабуыл жасап тонайды. Осыған байланысты Орынбор Экспедициясы Сырымға, «құрметті старшина, сіздің ру арасындағы беделіңізді ескере отырып, Григорьевтің тоналған заттарын қайтарып беруге көмектеседі деп сенеміз», - дейді. Бұдан кейін Сырымды Тополин бекінісінде тұтқындап, Орал қаласында түрмеге жабады. Бұл оқиғаның болуына негізгі себеп – Жайық казактары жағына шыққан Шаганов деген старшинаны Сырым қолға түсіріп, Хиуа хандығына сатып жібереді. Оны тұтқындаудың себебі де сол Шагановтың өшін алу еді.1783 жылдың тамыз айынан бастап Жайық казактары Сырым мен Нұралы ханның ауылына тонаушылық жорықтар жасай бастады. Сол себепті де Нұралы хан Сырымды тұтқыннан босатып алуға көмектеседі. Ол 1784 жылы көктемде Сырымды 70 жылқы мен 350 сом ақша беріп, шығарып алады. Сырым түрмеден шыққаннан кейін Жайық казактарының озбырлығына қарсы күрес кең етек алады. Сырым мен Барақ 1000 адамдай қол жинап, төменгі Орал және Елек бекіністеріне шабуыл жасайды. Қазақтардың патша әкімшілігіне қарсы күресі кең етек алған кезде, Нұралы хан Сырым мен басқа старшиналардың іс-әрекетіне қарсы шығып, патша әкімшілігінен әскери көмек сұрайды. 1784 жылы Нұралы Рейнсдорфқа жазған хатында ... елдегі бүлікті басу үшін, қосымша әскери күш жіберуін сұрап, өзінің көмектесетіндігін айтады. Осы уақыттан бастап Сырым мен Нұралы ханның арасында араздық туып, ол тек қана Жайық казактарына қарсы емес, ханға қарсы да қозғалысқа шығады. 1785 жылы көктем айында Сырым бастаған қазақтар қозғалысының негізгі ауданы – төменгі Орал бекінісінің маңында ірі шайқастар болды. 1783-1785 жылдар арасында Сырымнан басқа Тама руының старшиналары – Қадыр мен Садыр айтарлықтай ерлікпен күрес жүргізді.Көтеріліске қарсы Орынбор шекара комиссиясы жазалаушы әскери топтар ұйымдастырады.1785 жылы ақпан айының 17-сі күні Орынбор қаласынан Елек өзенінің жоғарғы жағына генерал-майор Смирнов жасағы, одан кейін көп кешікпей наурыздың 15-сі күні Сарайшық бекінісінен Жайық казактары Колпаков пен Пономарев бастаған

85

Page 87: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

жасақшылар ішке қарай аттанады. Колпаков отряды Қаракөл маңындағы ауылдарға, шабуыл жасап, 102 адам тұтқынға алынады, оның 14-і ер адам, қалғандары әйелдер мен балалар болды. Сонымен қоса 83 түйе мен 2755 жылқыны айдап әкетеді. Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалысы 1791-1792 жылдары кең етек алмағанмен, патша үкіметі үшін өте қауіпті болған. 1795 жылы Кіші жүзде Есім хан болып тағайындалды. Оның тағайындалуын Сырым қолдамады. Бұл оқиғаға орай Сырымның ханға қарсы қарулы қозғалысы басталды. 1797 жылы наурыздың 26-нан 27-не қараған түні Краснояр бекінісінен бес шақырым жерде Есім ханды өлтіріп, ауылдарын тонап кетеді. Орал атаманы Донсков әскер жинап, Сырымды ұстауға шығады. Бұл жорыққа Бөкей, Қаратай да 800 адамнан қатысады. Сырым бұдан кейін Сыр бойына көшіп кетеді. Патша әкімшілігі сұлтан топтарын қолдап, хандық билікті қайтадан қалпына келтіреді. Сырым Датұлы заманында мемлекетті үлкен деңгейде ойлай отырып, қазақ даласында тұңғыш рет реформатор болған. Бұған дәлел 1786 жылы хандық биліктің орнына «халық кеңесін» енгізеді. Сырым аға старшина болған кезде Кіші жүзде 1785 жылы, 1786 және 1787 жылдары съездері шақырылады. Сырымның бұл ұсынысынан бар мәселені демократиялық, көпшілік жолмен шешуге тырысқаны байқалады. Бұл - ел билеудің демократиялық жаңа формасы.Сырым Датұлының ұлт-азаттық қозғалысы өз заманында қазақ даласындағы ең ауыр екі жағдайдан алып шыға алды. Отаршылдық тынымсыз шабуылын тидырса, өрісі тарылған Жайықтың арғы шүйгін жайылымдарына шығуына жол ашылды. Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлының басшылығындағы шаруалар көтерілісі (1836-1838 жж.).ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары аралығындағы отарлау саясаты қазақ еңбекшілері үшін өте ауыр жағдайға әкеліп, екі бірдей қанауға түсірді. 1837 жылдағы Кіші жүз қазақтарына түтін салығын енгізу, ол сұлтандар мен билер әртүрлі сылтаулармен қазақ кедейлерінен салық алып тонап отырды. Сол сияқты ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарының екінші жартысында Бөкей ордасының ханы Жәңгір старшиналардың әлеуметтік билігін тежеп, жерлерін

86

Page 88: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

тартып алып, өзінің тума-туыстарына үлестіріп беріп, Ордадағы қазақ кедейлеріне ханның салығы көбейді, салықты төлеу, қарапайым күн көріс ауырлады. Осының барлығы қазақ халқының ашу-ызасын келтіріп, отарлық саясатқа және қанауға қарсы шығып, ұлт-азаттық қозғалыстың кең етек ала бастауына әкелді.ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары арасында Кіші және Орта жүз даласында Ресей империясының отарлық саясатына қарсы өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ халқының ұлдары Исатай мен Махамбет болды.ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Еділ және Жайық өзенінің аралығында орналасқан Бөкей хандығында әлеуметтік қайшылық күшейіп, қанаудың ауыр болуы, қазақ руларының Кіші жүзге қайтып күшейді, бұл құбылысқа хан басшылығы мен Орынбор әкімшілігі де қарсы болды.1835 жылы Жәңгір хан Адай руына Қарауыл Қожаны тағайындап, бұл өңірде тұрған старшиналар мен ауылды бағындырды. Соның ішінде 1812 жылдан Беріш руының старшыны болып келген Исатай ауылы да кіреді.1837 жылы қыркүйектің 16 күні Исатай мен Махамбет Қарауыл Қожа ауылына шабуыл жасап, кедейлердің өшін алып, қозғалыс бүкіл Бөкей ордасына кең жайыла түсті. Бұны естіген Орынбор генерал-губернаторы Перовский, Ордаға Покатилов бастаған Жайық казактарының құрамын жібереді. Олардың мақсаты Исатайды тұтқындап Орынборға алып кету еді. Бірақ Исатайды қолға түсіре алмайды. Қазан айының бас кезінде Исатай хан ордасына келіп 12 шақырым жерге келіп орналасады. Екі жеті хан ордасына шабуыл жасамай, ханмен хат алысып, өзінің талаптарының орындалуын күтіп жатады. «Хан ордасына келген кезде Жәңгір хан уақытты ұту үшін Исатаймен келіссөз жүргізе отырып, Орынбордан көмек сұрайды. Қазан айының 17 күні Перовский Орынбордан подполковник Генсті Бөкей ордасына аттандырды. Подполковник Геке Орынбордан шығып Орал қаласына келеді.Полковник Меркульевке әскери казактарды алып Исатайдың ауылына шабуыл жасау керек екенін білдіреді, бұл кезде Исатай ауылы Теректі-Құмда болатын. Бұл кезде Исатай ешқандай шара қолданбай хан ордасын қоршап жатқан болатын. Жалпы Исатай мен Махамбет соғыссыз ханды көндіруді

87

Page 89: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

ойлаған. Полковник Меркульевтің әскери құрамдары қараша айының 7-күні Исатайдың ауылына келіп, ауылын ойрандап, Исатайдың семьясын тұтқындайды. Бұл хабар Исатайға жеткеннен кейін бір түнде хан ордасынан шығып ауылына көмекке кетеді.Қарашаның 8- күні Исатай әскері Меркульев жасақшыларын қоршап, ауылдарының адамдардын босатуын талап етеді, егер босатпаса, онда соғысатынын айтады. Қоршауда отырған Меркульев күштің тең емес екенін біліп, Исатайдың талаптарын орындап, өзі хан ордасындағы Генске қосылуға кетеді. Сөйтіп орыстардың әскери құрамдары соғыссыз беріліп, Исатай әскері жеңіске жетеді. Халық қозғалысының мәні өзгереді. Исатай мен Махамбет бастаған халық қозғалысы тек қана ханға қарсы емес, ханды қолдап отырған Орынбор әкімшілігіне қарсы күреске шығады.Қарашаның 9 күні Генс хан ордасынан шығып Исатай ауылына келе жатқан Жайық казактарымен қосылу үшін Берекелі-Қуаға бағыт алады. Бірақ Генс қарсы жақ күштермен Бекетай ауылында кездесіп, тосыннан Тас-Төбе құмына қарай жүруге бұйрық береді.Сөйтіп 1837 жылы қараша айының 15 күні Тас-Төбеде болған соғыста күштің тең болмауы себепті Бөкей ордасындағы Исатай мен Махамбет бастаған халық қозғалысы жеңіліс табады. Бұл шайқаста Исатай бастаған жігіттер 60 адамнан айырылады, баласы Ақия өледі, көптеген жігіттер қолға түседі.Тас-Төбе шайқасынан кейін Бөкей хандығындағы қозғалыс жеңіліс тауып, оның басшылары Исатай мен Махамбет жасырынып жүріп, Жайық арқылы Кіші жүз жеріне өтіп кетуге күш салады. Жайық казактары бірнеше рет қолға түсіруге әрекет жасайды. Желтоқсан айының 12-нен 13-не қараған түнде боранды пайдаланып Жайық казактарының Еменхимин мен Баксай бекіністерінің арасынан өтіп Кіші жүз даласына жетеді.Исатай мен Махамбет бастаған халық қозғалысы Кіші жүзге өткеннен кейін де тоқтамайды. Кіші жүзде Хиуа ханының қолдауымен орыстарға қарсы күреске шығады. Исатай Кіші жүзде 2000 қол жиып, Кіші жүздегі Орыс патшасының қолшоқпары болып жүрген Баймұхаммед Айшуақовқа қарсы күреседі.Осы кезде Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кең

88

Page 90: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

етек алып, Торғай және Елек өзені бойындағы Кенесары қозғалысына қосылуға бағыт алған болатын. Сондықтан Орынбор генерал-губернаторы Перовский соғыс министрлігімен келіспей, маусымның 28 күні подполковник Генсті шақырып, әскери құрам құрып, далаға баруға бұйрық береді. Полковник Генс Орынбор және Жайық казактарынан 150 адам және екі зеңбірек қаруымен, азық-түлік алып, шілденің 6-сы күні далаға енеді. Осы шайқаста Исатай ерлікпен қаза табады.Қазақ халқының ер жүрек батыры Исатай Тайманұлы өлгеннен кейін халық қозғалысы жеңілді. Исатайдың досы Махамбет Өтемісұлы аман қалған достарымен Хиуа хандығына өтеді. Одан кейін Орынбор әкімшілігі қолға түсіріп Орынборда соттап, Атырау өңіріне жібереді. Орынбор әкімшілігі сотының үкіміне риза болмаған Баймұхаммед жігіттері 1846 жылы қыркүйек айында Махамбетті үйінде отырған жерінде қонақ болып келіп өлтіріп кетеді. 1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған барлық басқа ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, - оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысты. Көтерілістің бүкіл халықтылығы, кең қанат жаюы, айқын көрінген саяси сипаты Кенесары көтерілісінің өзіне тән ерекшелігі еді деу керек. Көтеріліске қатысушы рулардың саны 1843-1845 жылдары көбейе түскен. Кенесарыны анағұрлым белсене қолдағандар: Қыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын рулары т.б. Кенесары көтерілісіне ру шонжарлары – билер және басқа ірі феодалдар қатысты. Мысалы, Ш. Едігенов, Шорман Күшінов, Мұса Шорманов т.б.Кенесары 1837 жылы көктемде, өзі көтеріліске шығар алдында, патша үкіметін Көкшетауда және Ақмолада, яғни Кенесарының өзінің тұрған жерінде бекініс жүйесін салудан бас тарту қажеттілігіне көзін жеткізу үшін әрекеттер жасаған болатын. Бұл кезде Қоқан хандығы иелігінде көшіп-қонып жүрген Кенесары, осы мақсатпен патша үкіметіне арнап, наразалық білдірген бірнеше хат жолдады. «Ата – бабаларымыз мұра еткен, - деп жазды ол осындай хаттардың бірінде, - Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау,

89

Page 91: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Қарқаралы, Тобыл, Құсмұрын, Оралға дейінгі Тоңзақ т.б. қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салынып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті». Күткендей-ақ бұл хаттар жауапсыз қалды.Орта жүздегі бытыраңқы көтеріліс ошақтары Кенесарының басшылығымен 1837-1838 жылдар аралығында біртұтас қозғалысқа біріге бастады.1838 жылы Ақтау мен Ақмола арасындағы разъезге Кенесары әскері шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мың оқ, 490 пистолет патронын және т.б. қару-жарақтарды қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше қарулы күреске түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен айқас мықты бекіністердің бірі болып саналатын Ақмола приказы үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдайменнің әскерлері мен әскер старшыны Қарбышев басқарған жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесары қарсы жақтың едәуір әскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарды олжалады.1838 жылдың аяғына қарай Кенесары Ырғыз бен Торғай жаққа көшті. Ол кезде бұл жерлер Орынбор әскери губернаторлығына қарайтын. Оның генерал-губернаторы граф В.А. Перовский еді. Ол көтерілісшілермен ара-қатынасты бейбіт жолмен шешуге тырысты. Келіссөздер барысынды В.А.Перовский уақытша келісімге келді. Ол бойынша Кенесары шекара шебіне шабуыл жасамауға уәде берді. Бұл тыныштық 1842 жылға дейін созылды. Дегенмен, бұл кезде де Батыс Сібір отрядтарымен қарулы қақтығыстар тоқталған жоқ. 1841 жылы қыркүйекте қазақтың үш жүзінің өкілдері жиналып Кенесарыны ата-бабамыздың салты бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкіл қазақ халқының ханы етіп сайлады. Орынбор әкімшілігімен уақытша бітімге келген кезде, 1841-1842 жылдары Кенесары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін қайтару үшін күрес жүргізеді. Соғыс нәтижесінде, Созақ, Сауран қалалары азат етіледі. Түркістанды қоршайды. Қоқан хандығы келіссөз

90

Page 92: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

жүргізуге мәжбүр болады. 1842 жылы В.А. Перовский Петербургке қызметке кетіп, оның орнына генерал-губернатор болып Обручев келді. Перовскийге қарағанда оның Кенесарыға және арадағы мәселені шешуге көзқарасы басқа еді. Соны пайдаланып, Горчаков сол жылы Сотников басқарған отрядты Кенесарының ауылын шабуға жібереді. Сөйтіп, патша әкімшілігімен жасалған бітім Горчаков тарапынан бұзылды. 1843 жылдың 27 маусымында Николай І қазақ даласына көтерілісті басу үшін әскер жіберу туралы өкім шығарды. Кенесарының басын әкелген адамға 3000 теңге сыйылық жариялады. Патша әкімшілігі 1844 жылдың көктемінде қатарынан үш отрядын жіберуді ұйғарды. Олар Ор бекінісінінен, Ұлытаудан және Тобыл өзенінен бір мезгілде аттанып, Кенесары жасақтарын жан-жақтан қоршап, оларға шешуші соққы беру қатаң тапсырылды. Бұған қоса Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан Лебедев және Фалилев басқарған екі патша үкіметіне берілген сұлтандардың басшылығымен қазақтардан қосымша отрядтар жасақталды. Барлық соғыс операциясын басқару генерал-майор Жемчужниковке жүктеледі. Бұл кезде Кенесары санында 20 мыңдай әскер бар еді. Патша отрядтарының бастарын біріктірмей, жеке-жеке соққы беруді шешті. Жауынгерлердің бір бөлігін Сібірден шыққан отрядқа қарсы жіберді. Кейін Лебедев Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздік көрсеткені үшін Орынборға шақыртылып, орнынан босатылып, сотқа берілді. Бұл кезде Кенесары өзінің негізгі күшімен Константиновск бекінісін шапты. 1844 жылы шілденің 20-нан 21-не қарайтын түні Өлкеаяқ өзенінің жанында Ахмет Жантөриннің отрядын тұтқындап қоршап, толық қиратты. 1846 жылдардың басында Кенесары әскерелерімен Балқаш көлі маңайына қоныс аударды. Патша үкіметі Кенесары басқарған көтерілістерді жоюға генерал-майор Вишневский басқарған әскерлерді жіберді. Кенесары 1846 жылы Қоқанға қарсы күресте Әулиеата (Тараз), Мерке қалаларын алады. 1846 жылы Кенесарыны қолдаушы Ұлы жүздің Саурық батыры қырғыздардың Жаманқора деген батырын өлтіреді. Қырғыздар оған жауап ретінде Саурық батырдың ауылына шабуыл жасап, жігіттерімен бірге оны өлтіріп,

91

Page 93: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

мал-мүлкін тонап кетеді. Осындай шиеленістердің нәтиежесінде 1847 жылы Кенесары 10 мың сарбазымен қырғыздар жеріне басып кіреді. Кенесарының соңғы шайқасы Кекілік сеңгірінде өтті, қырғыз манаптары, Вишневскийдің отряды және Қоқан хандығының әскерлері «Алмалы сай» шатқалында үш жақтан Кенесары әскерін қоршады. Күштері әлденеше есе көп жау әскерімен қаһармандық күресте Кенесары 32 қазақ сұлтандарымен бірге қаза тапты. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық көтерілістің жеңілуіне бірнеше себептер болды. Оның ішінде ең бастысы бүкіл қазақ халқының біртұтас бірікпеуі, кейбір ру басшыларының өз бетіне бас болмақ болуы, рулық жіктелу, қазақ феодалдарының Ресей мемлекетін қолдауы. Кенесарыға Ресей, Қоқан, Бұхар хандықтарымен күресуде күші тең болмады. Сонымен қатар ол өзін жақтамаған қазақ және қырғыз ауылдарын шабуы сол жердің халқының наразылығын тудырып, көтерілісті әлсіретті. Сонымен, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жеңіліс тапқанымен, ол қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпес із қалдырды және тарихи маңызы зор болды.

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік реформалар және Қазақстанның Ресей отарына айналуы.

Ресей империясы қазақ жерінде ХІХ ғасырдың 60-90 жылдары әкімшілік-территориялық реформалар жүргізді. 1867 жылы “Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже” бекітілді, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын басқару туралы уақытша ереже бекітілді. Осы ережелерге сәйкес бүкіл Қазақстан территориясы Түркістан, Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына бөлінді. Барлық билік – азаматтық, әскери биліктер бір ғана генерал-губернатордың қолында болды. Орынборға Орал мен Торғай облыстары, Батыс-Сібірге Ақмола мен Семей облыстары; Түркістанға Жетісу мен Сырдария облыстары кірді. Бұрынғы Бөкей хандығының территориясы Астрахан губерниясының құрамына, Маңғышылақ 1870 жылы Кавказ әскери округының құрамына кірді. Генерал-губернаторлар тағайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті шонжар тап өкілдерінен алынды. Уезд бастықтарына полиция да, әскери бөлімдер де, уездегі мекемелер де,

92

Page 94: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

бекіністер де бағынды. Уездер территориялық пинципке негізделген болыстарға, ал болыстар 100-200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді.1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Сот мекемелері Ресей империясының отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Уездік және әскери соттар бұқараны қанауды үдетті. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды. ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан Ресей империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар басым болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды.Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының көп бөлігін иелік етіп қана қоймай, сонымен бірге қазақтарды рухани жағынан отарлады. Халықты тілінен, дінінен, жерінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асыра бастады. Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған “Қазағым менің, елім менің” – атты мақаласына былай деп ашына жазған еді: “Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық, оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады.Енді патша чиновниктері біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға тиісе бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды”. ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясында таптық күрес шиеленісе түсті. Патша үкіметі осы таптық күресті шешу мақсатында қазақтардан көптеген жаңа жерлерді тартып алып, оған Ресейден орыс шаруаларын жаппай қоныс аудара бастады. Ресейден қоныс аударған шаруалар салықтан, әскерден босатылды. Оларға алғашқы кезде ақшалай жәрдем берді. Бұл Қазақстанға қоныс аударған орыс шаруалары Ресей империясының Қазақстанды отарлауының тірегі болды.Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару, әсіресе Столыпинның аграрлық саясаты кезінде кең өрістеді. Бір ғана 1906 жылдан 1917 жылға дейінгі аралықта қазақтардан 17 миллион десятина құнарлы жер тартып алынды. Қазақтарды құмды, шөлейт жерлерге ығыстырып тастады. Бұл қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына алып келді.

ХІХ ғ. Патшалық Ресейдің көші-қон саясаты және қазақ ауылдарының экономикалық дамуы.

ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында патша үкіметі шаруалар толқуын әлсіретіп, жер мәселесін шешу мақсатында орыс шаруаларын Қазақстан, Орта Азия сияқты ұлттың аймақтарға қоныс аударту мәселесін қолға ала бастады. 1868 ж. “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы” ереже қабылданды. 1870 жылдан бастап Ресей мен Украинадан Жетісу,

93

Page 95: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Семей, Орал, Сырдария, Ақмола облыстарына көптеген шаруалар қоныс тепті. 1862-1877 жылы Қытайда ұйғырлар мен дүнгендердің азаттық көтерілісі болды. Көтеріліс нәтиежесінде Ұйғыр мемлекеті құрылды. Кейін Цинь империясы Ұйғыр мемлекетін құлатты, Цинь империясының қыспаққа алуы, ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуына себеп болды.1883 жылы “Жетісу облысына орыс, ұйғыр, дүнгендерді орналастыру туралы” ереже қабылданды. Қоныс аударған ұйғырлар саны 45000, дүнгендер саны 5000 болды. Жаркент, Ақсу, Ақкент, Малыбай, Қарасу, Қорамса болыстарының негізін ұйғырлар қалады. 1897 жылы Жетісудағы ұйғырлар саны 55999 адамға; дүнгендер саны 14136 адамға жетті. ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейден, Украинадан Қазақстанға 1,5 миллионға жуық адам келді. 1897 жылы Бүкіл Ресейлік халық санағы бойынша қазақтар өз жеріндегі халықтың 81% құраса, 1914 жылы олардың саны 65%-ке төмендеді. Сонымен бірге ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанға капиталистік қатынастар ене бастады.Қазақстанда негізінен кен қазып шығару және тау-кен зауыттары, өңдеуші кәсіпорындар дамыды.Тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындары Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. ХХ ғ. басында Қазақстандағы мыс, алтын, темір және басқа қазба байлықтар шығаратын тау-кен өнеркәсібі шетелдіктердің қолында боды. ХХ ғ. бас кезіндегі тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды. Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары пайдаланылды. Сондай-ақ тұз өндіру ісі де біршама дамыды. Семейде, Павлодарда тұз кәсіпшіліктері болды. Батыс Қазақстандағы Орал-Ембі аймағында мұнай шығарылды. Жалпы алғанда ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін, теріден былғары жасайтын, май шыжғыратын, сабын қайнататын, спирт шығаратын кәсіпорындар басым болды.1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.ХІХ ғасырдың аяғына қарай шаруашылықтың дамуына байланысты Қазақстанда банкілер пайда болды. Орал банкісі (1876 ж.), Қызылжар банкісі (1881 ж.), Семей банкісі (1895 ж.), Омбы банкісі (1895 ж.), Верный банкісі (1912 ж.) ашылды. Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты сауда, айырбас ісі қанат жайды. ХІХ ғасырда қазақ даласында сауда ісінде маңызды орын алған көптеген жәрмеңкелер ашылды. Алғашқы жәрмеңке 1832 ж. Бөкей ордасында ұйымдастырылды. 1848 ж. Қазақстандағы ең ірі жәрмеңке Талдықоянды деген жерде ашылды. Қарқара жәрмеңкесі, негізінен Қытаймен сауда жасайтын ірі орталық болды. 1880 ж. Қазақстанның шығыс өңірінде 70-ке жуық маңызды сауда орталығы (жәрмеңке) болған.ХІХ ғасырдың І-жартысында Қазақстан, Қытай Шынжаң араларында сауда байланысы дами түсті. Екі

94

Page 96: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

ел арасындағы ірі сауда орталықтары: Бұқтырма, Кереку, Өскемен бекіністері мен Семей, Қызылжар (Петропавл) қалалары.

Қазақстан мәдениеті (ХҮІІІ ғасыр – ХХ ғасырдың басы).Қазақстанда ХҮІІІ ғ. 30-жылдарынан ХІХ ғасырдың 80-жылдарына дейінгі Ресейге қосылу кезеңі білім беру жүйесіне біраз өзгерістер енгізді. 1789 ж. Азиялық училище ашылды. 1813 ж. Орынбор училищесі, 1931 ж. Омбы, Семейде орысша білім беретін училищелер, 1836 ж. Өскеменде қазақ балаларына арналған интернат-училище, 1837 ж. Бөкей ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен қазақ балаларына арналған орысша және татарша білім беретін мектеп ашылды. 1844 ж.Орынбор училищесі негізінде Орынбор Неплюев кадет корпусы ашылды.Қазақстан халқының тарихын зерттеуде И. Завалишин, Э.Мейер, А.Левшин сияқты орыс ғалымдар көп еңбек етті. Белгілі орыс ғалымы В.И.Даль Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісін қолдаған. “Бөкей мен Мәулен” повесін жазды. А.С.Пушкин Оралда “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасын қағазға түсірген.ХІХ ғ. төмендегі қазақ ақындары өмір сүрді: Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.),Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867 жж.).Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 жж.).Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895 жж.).Шаруалар мүдделерін қорғап, өз жырларына қосты. Музыка өнерін дамытуға Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889 жж.) артына 60 күй қалдырған. Мысалы, “Көшкентай”, “Сарыарқа”, “Қызылқайың”, “Балбырауын”, “Адай”, “Көбік шашқан”, “Ақсақ киік”, “Ақтай” т.б.Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887 жж.). Дәулеткерейдің 40-қа жуық күйібізге жеткен: “Желдірме”, “Құдаша”, “Ысқырма”, “Қосалқы”, “Тартыс” т.б., Тәттімбет Қазанғапұлы (1915-1962 жж.): “Балбырауын”, “Сал қоңыр”, “Былқылдақ күйі” т.б. Ықылас Дүкенұлы (1843-1916 жж.): “Қорқыт”, “Қоңыр күйі”, “Ықыластың күйі” т.б.Әнші, ақын, сазгерлерден Жаяу Мұсаны (1835-1916 жж.), Біржан Салды (1834-1897 жж.), Ақан Серіні (1843-1913 жж.) айтуға болады.

ХХ ғ. басындағы Қазақстан.

Ресейдегі 1905-1907 жылдар аралығында болған бірінші буржуазиялық-демократиялық революция Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, ұлт-азаттық қозғалыстың дамуына әсер етті.1905 жылғы Петербургте болған қанды жексенбі оқиғасы Қазақстанға да тарады. Соған байланысты Түркістан, Шалқар, Перовск, Жосалы темір жолшылары ереуілге шықты.Сонымен бірге бұл революция қазақ зиялыларының саяси көзқарасының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына ықпал жасады. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Бақытжан

95

Page 97: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Қаратаев, Міржақып Дулатов бұл революцияға белсене қатысты.Олар 1905 жылы қазанда Оралда бес облыстағы қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғауға тиісті өздерінің партиясын құруға әрекет жасады. Олар өздерінің алдына орыс шаруаларының Қазақстанға жер беру, мектептер ашу, дін тұту ерекшелігін алу, ұлттық мәдениетті дамыту, қазақ тілін басқа тілдермен теңестіруін қойды.1905-1907 жылдар Қазақстанның саяси өмірі мен ұлттық интеллигенциясы тарихында І және ІІ мемлекеттік Думаға сайлау ерекше маңызды болып табылады. Бұл науқанға ұлтық интеллигенцияның белгілі өкілдері белсенді түрде қатысты. І мемлекеттік Думаға қазақ өлкесінен сайланғандар қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Алпысбай Қалменовтер болды.Ал ІІ мемлекеттік Думаның қатарына Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев, Әлихан Бөкейхановтар болды. Бақытжан Қаратаев Думаның 1907 жылғы мәжілісіне сөйлеген сөзінде Столыпинның Қазақстандағы аграрлық саясатын қатты сынға алды. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аударуды тоқтатуға шақырды. Бірінші дүние жүзілік соғысқа Ресей империясының қатысуына байланысты, Қазақстан ол кезде Ресей империясының отары болғандықтан соғыстың бар ауыртпалығы қазақ халқының басына түсті.Қазақ халқының жерлерін тартып алу, соғыс қажеті үшін киімдерін, малын және азық-түлік өнімдерін мемлекет есебіне деп еріксіз алды. Соғыс салығы түріндегі барлығы 10-ға жуық әр түрлі салықтар салынды. Бір ғана Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе тасып әкетілді.Қазақстанда жалпы ұлттық дағдарыс пісіп-жетілді. Осы кездегі қазақ халқының хал-жағдайын суреттеген А.Байтұрсынов: “Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды,” – деп жазды. Осы қазақ халқының ауыр тұрмысы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себебі болды.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске патшаның 19 жастан 43 жас аралығында еңбекке жарамды халықты майданның қара жұмысына алу туралы 25 маусымдағы жарлығы сылтау болды. Бұл қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам алу жоспарланды. 1916 жылы шілде айының басында Қазақстанның барлық аймақтарында қарулы көтеріліс басталды. 1916 жылы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттыққа жету болды. Торғай облысы 1916 жылғы көтерілістің ірі орталықтарының бірі болды. Мұнда қазақтардың күресі

96

Page 98: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

ұзаққа созылды. Торғай даласындағы көтерілісшілердің саны 50 мыңға дейін жеткен. 1916 ж. қазан айында Амангелді бастаған көтерілісшілер Торғай қаласын қоршады. Көтерілісті талқандау үшін патша үкіметі генерал Лаврентьев басқарған тоғыз мың адамдық жазалаушы корпус жіберді. Патшаның жазалаушы әскерлері қазақ ауылдарын шауып өртеп, халықты қырғынға ұшыратты. Көтерілісшілер Торғайды ала алмағаннан кейін партизандық күреске көшіп, жазалаушы әскерлерге елеулі соққы беріп отырды. Торғай көтерілісі 1917 жылы Ақпан революциясына дейін созылды.Сонымен қатар көтерілістің ірі орталықтарының бірі Жетісу жері болды. Қазақстанның оңтүстігінде Қарқара аймағы халықтық революцияның ірі ошағы болды. 1916 жылы 11 тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршап алды. Көтерілісшілер Кравченконың жазалау отрядын талқандап, жәрмеңкені басып алды. Лепсі уезінде, Меркеде, Әулиеатада, Мойынқұмда көтерілісшілер патшаның жазалаушы отрядтарына қарсы табанды шайқас жүргізді. Жетісудағы халық көтерілісін басып-жаншу үшін патша үкіметі құрамында 14 батальон, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы бар тұтас жазалау экспедициясын жіберді. Нашар қаруланған көтерілісшілер жеңілуге мәжбүр болды. Көтерілісшілердің көпшілігі Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Патшаның жазалаушы отрядтары қазақ ауылдарын шауып, өртеп халықты қырғынға ұшыратты.Көтерілістің жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, жеткілікті түрде ұйымдаспағаны болды. Сонымен бірге ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Біреулері әскери қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметімен келіссөз жүргізді.1916 жылы көтеріліс қазақ халқының ұлттық сана – сезімінің өсуіне үлкен әсер етті. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінің 19-43 жас аралығынағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы » жарлығының шығуы. Қазақ даласында патша жарлығыны көзқарас әртүрлі болды: - Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. - Революцияшыл топ өкілдері ( Ә Жангелдин, А. Иманов, Т. Бокин, Б.Әшекеев, Ж. Мәмбетов ) қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. - Либералды-демократиялық зиялылар (Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов) патша үкіметінен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.

97

Page 99: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Олардың мақсаттары қазақтардың тыл жұмысына дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт ұту, қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу және ұлттық автономия құру болды. Көтерілістің сипаты, жеңілу себептері және тарихи маңызы. 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс имперализмге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Ол шығыстағы қамтыған революциялық дағдарыстың маңызды элементтерінің бірі болған еді. Қазақтардың ата қоныстарына Ресей мұжықтарын қоныстандыру арқылы жүргізген отарлау саясаты қарқын алған сайын көптеген орыс- украин поселкелері мен қазақ станциялары пайда болған аймақтардағы көтеріліс қарсы айқын аңғарылғансипат алды. Атап айтқанда, Жетісу облысында осылай болды, онда қоныстанушылардың 94 селосы көтерісшілердің шабуылына ұшырады. Ұлтаралық қақтығыстардың салдарынан орыстар мен украиндардан 1905 адам өліп, 684 адам жараланды. Жазалау отрядтары небәрі 171 адамын жоғалтты. Отаршылдық психологиямен уланып, патшалық генералист пен отаршыл әкімшілік айдап салған патша шенеуліктері, қоныстанушы шаруалар, казактар империялық саясат айдап салған патша шенеуліктері, қоныстанушы шаруалар, казактар империялық саясат жүргізді.Олар жауынгерлік жасақтарға, жазалауотрядтарына, қазақ ауылдары мен қырғыз ауылдарын ойрандауға қатысты. Осындай жағдайда 4 Мемлекеттік думанның кадет әне әсер фракциясы көтерісшілерді жақтап, орыс демократиясының ар- намысын қорғады. 4-Мемлекеттік дума 1916 жылғы 1-3 желтоқсанда А.Ф.Керенскийдің көтеріліс қанға тұншықтырылып басылғаннан кейін Түркістанға барған сапары туралы баяндамасын талқылады. А.Ф. Керенский жазалаушыларды әшкерлеп өткір сөз сөйлеп, патша үкіметін және Түркістан мен Дала өлкесінің отаршыл әкімшілігін қатты сынға алды. Патша үкіметінің саясатын Ресей социал-демократтары да айыптады. Қостанай социал-демократиялық ұйымын құрушылардың бірі, публицист С. Ужгин «Қарабалдақтағы оқиғалар туралы сөз» деген прокламауия шығарды: «Қаруды тастамандар! Оны көбірек құя беріндер! Бір адым да шегінбеңдер! Өздерің оңайырақ төтеп беретін алыс далада күш жинаңдар! Сендерге орыс жұмысшыларынан көмек келетінін есте сақтаңдар!». Орыс шаруаларының демократияшыл бөлігі көтерісшілерге жанашырлықпен қарады. «Казанск – Богородское селосында, - деп хабарлады Верный полицмейстері әскери губернатор М.А. Фольбаумға, - шаруалар Иван Долматов пен Дермидон Федосов .... қырғыздар тобырын олардан шақыратын бұратаналардың тізімін жасауға жол бермеуге шақырды ». Бүрген (Жетісу ) селосында Демко деген кедей ағайынды үш Қанаевтар мен Айдосовты үйіне жасырған. Павел

98

Page 100: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Аркадьев жазалаушылардан Д. Жайнақовты жасырып қалған. Басқа орыс кедейлері де көтеріліске қатысушыларды жасырған. Ал Торғайда Никита Кротов көтерісшілерді соғыс ісі шеберлігіне үйретіп, оның өзі жазалаушыларға қарсы шайқастардың бірінде қаза тапты. Көтерілістің Қарқара ошағын көрнекті ұйымдастырушылардың бірі Е.Е. Курьев болды. Кәсіпкердің қызы Софья Алексеевна Вербицкая көтерілісшілер жағында шайқасты. Ұлт- азаттық көтерілісті басып- жаныштау барысында патша өкіметі өртке оранған жер стратегиясын жүзеге асырды, Түркістан өлкесі генерал-губернаторының айтуы бойынша, ол Қазақстан мен Қырғызстанның отарлауға мейлінше қолайлы аудандарын « тазалау » болатын. Көтерілістің жеңіліс табуының ең батсы себептері оның бытыраңқылығы, аймақ ауқымында ұйымшылдықтың жеткілікті болмауы еді. Патша үкіметі қалыптасқан жағдайды бағалап, халық қозғалысынан шұғыл шаралар қолданды. Оның үстіне күш те соның жағында болды. Ол қоныстандыру қозғалысын жеделдете жүргізіліп жатқан аймақтарда орыс, украин шаруалары, казактар және қазақ, қырғыз шаруалары, дүнген, ұйғыр, өзбек диқандары арасындағы қайшылықтарды пайдалана білді. Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Біреулері әскери қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметінен келіссөз жүргізді. Даланың бетке ұстарлары ( батырлар, хандар, қазылар ) көптеген реттерде қозғалыс басына келгеннен кейін дәйектілік, батылдық көрсетпеді. Бірқатар жағдайларда кейбір бай-феодалдар, хандар көтерілісшілердің мүдделерін сатып кетіп отырды. Патша үкіметі қозғалысты тез арада басшыларынан айыра білді. Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Бекболат Әшекеев Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылды. Қарқарадағы көтерілістің ең басында көтерісшілер қозғалысы жетекшілерінің бірі Жәменке Мәмбетов түрмеге қамалды, басқа 12 басшы азаптап өлтірілді.

Қазақстан азаматтық қарсыласу жылдарында(1917-1921 жж.)

1917 жылғы Ақпан төңкерісі. 1917 жылы 27 ақпанда Ресейде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы жеңіске жетіп, ІІ Николай патша тақтан құлатылды. Патша тақтан құлатылғаннан кейін елде қос үкімет орнады. Оның бірі - жұмысшы-солдат депутаттарының Кеңесі болса, екіншісі - Уақытша үкімет еді. Ресейде болып жатқан оқиғалар Қазақстанда да қанат жайды. Уақытша үкімет өзінің

99

Page 101: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Қазақстандағы билігін сақтап қалу үшін бұрынғы облыс басындағы генерал-губернаторлардың орнына комиссарлар тағайындады. 1917 жылғы сәуір айында Түркістан өлкесін басқару үшін Түркістан комитеті құрылды. Бұл комитеттің құрамына қазақтардан Мұхамеджан Тынышбаев, Әлихан Бөкейханов кірді. Әлихан Бөкейханов сонымен бірге Торғай облысының комиссары болды. Уақытша үкімет органдарымен қатар Қазақстанда екінші үкімет – жұмысшы, солдат депутаттардың Кеңестері өмір сүрді. Сөйтіп, Қазақстандағы губернаторлардың, уезд бастықтарының, болыстардың үкімет билігі барлық жерде жойылды. Қазақстанның облыстары мен уездеріндегі уақытша үкіметтің сенімді тірегі Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу Казак әскерлерінен құралған “Казак комитеттері” еді. Қазақ халқының көпшілігі патша құлатылғаннан кейін ұлттық езгі де құриды, Уақытша үкімет Ресей халықтарының теңдігі мен туысқандығын қамтамасыз етеді деп сенді. Қазақстандағы қос үкіметтің орталық аудандарға қарағанда әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты, аймақтық отар ретіндегі саяси жағдайына байланысты және көп ұлттылығына байланысты өзгешелігі болды. 1917 жылғы көктем және жазғы айларда қазақ еңбекшілерінің ұйымдары құрылды. “Қара жұмысшылар одағы” Верный қаласында, “Жұмысшылар одағы” Жаркентте, “Мұсылман еңбекшілерінің одағы” Түркістанда құрылды. Сонымен бірге қазақтың демократиялық интеллигенциясын біріктірген “Жас қазақ” ұйымы Ақмолада, “Талап” Қызылжарда, “Жанар” Семейде, Тұрар Рысқұлов басқарған “Қазақ жастарының революциялық Одағы” Меркеде құрылды. Елдегі революциялық қозғалыстың өсуіне байланысты бұл ұйымдардың кейбіреулері большевиктер жағына шықса, кейбіреулері “Алаш” партиясын қолдап, автономия идеясын жақтады.Ақпан революциясы ұлт мәселесін шешкен жоқ. Қазақстанды отар деп білген буржуазиялық уақытша үкімет қазақ халқына ешқандай право берген жоқ. Мектептерде оқыту ісі және мекемелерде кеңсе ісі бұрынғыша тек орыс тілінде ғана жүргізілді. Уақытша үкімет бұрынғы патша үкіметінің жер жөніндегі саясатын жүргізіп отырды. Өнеркәсіпті бұрынғыша шетел капиталистері мен орыс капиталистері билеп төстеумен болды. Қазақстанда құрылған жұмысшы солдат депутаттары кеңесінің жұмысына келетін болсақ олар жергілікті халықтың мұң-мұқтажын ескермей Қазақстанда революциялық ұрандармен ойларына келгендерін істеді. Алғашқы кезде құрылған Кеңестер тек орыстардан тұрды. Аудандардағы билікті қолына алған жұмысшылар мен солдаттар ауылдарға келіп, үйлерді тінтіп, “революция мен оның құрбандарының” пайдасына деп халықтан көптеген салық алып, жақсы ат, қымбат кілем, алтын-күміс сияқты заттарды тартып алып кетіп отырған. Алғашқы кезде құрылған қазақ партияларымен қоғамдарының жұмысшы-солдат

100

Page 102: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

депутаттары Кеңесіне жақындаудан тартынғандығының басты себебі осы еді. Міне, осындай қиын-қыстау кезеңде халқымыздың көзі ашық азаматтары елді осы қиындықтан алып шығу үшін әрекет жасады. “Шорай Исламия”, “Ғұлама қоғамы”, “Алаш” партиясы, “Үш жүз” саяси партиясы осы кезеңдерде пайда болған еді. Осы ұйымдар мен партиялардың ішіндегі халқымыздың тарихында елеулі орын алатыны “Алаш” партиясы. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында бірінші бүкіл қазақ съезі болды. Съездегі ең бірінші мәселе – мемлекеттік басқару туралы мәселе болды. «Ресейде демократиялық, федерациялық, парламенттік республика болуы керек. Қазақ облыстары автономия алуы тиіс» деген шешім қабылданды.“Алаш” партиясының бағдарламасы 1917 жылы 21 қарашада “Қазақ” газетінде жарияланды. Бағдарлама 10 тармаққа бөлінген. Онда мынадай басты мәселелер қаралған: Ресей демократиялық-федеративтік-парламенттік республика болуы керек; Қазақ автономиясы басқа халықтармен қатар Ресей федерациясына кіреді; Ресей федерациясында теңдік және адамның мүддесіне қол сұғылмауы, сөз бостандығы қамтамасыз етіледі; Жұмысшы заңдары жұмысшының мүддесіне сай болуы тиіс; Сайлау правосы тегіне, дініне, жынысына қарамай баршаға бірдей берілуі керек; Дін мемлекеттен бөлінуі тиіс; Сот алдымен айыптау, тергеу жұмыстарын жүргізбей тұрып ешкімді тұтқындай алмайды; Халыққа білім тегін беріледі; Бастауыш мектепте сабақ ана тілінде жүргізілүі тиіс.“Алаш” партиясымен бірге құрылып, халықты азаттық үшін күреске шақырған қоғамдық ұйымдардың бірі “Үш жүз” социалистік партиясы еді. “Үш жүз” партиясы алғашқы құрылған кезден бастап-ақ большевиктер жағына шығып, алаштықтарға қарсы болды. Бұл партияның қатарында жұмысшылар мен жатақтар көп еді. “Үш жүз” партиясы большевиктер жағында болғанымен олардың бағдарламаларының кейбір тұстары большевиктерден бөлек болды. Олар пролетариат диктатурасын мойындамады. Коммунистер партиясының қоғамдағы басшылық ролін мойындамады. Мемлекет басқару ісіне дінді араластыру керек деді. Сондықтан да 1920 жылы большевиктер бұл партияны таратып жіберді. 1917 ж. Ресейдегі Қазан төңкерісі. Ақпан революциясының нәтиежесінде орнаған уақытша үкімет халықтың алдында тұрған көптеген мәселелерді шешіп бере алмады. Халықтың жағдайы бұрынғыдан да қиындай түсті. Ресейдің І-дүние жүзілік соғысқа одан әрі қатысуы көптеген қиыншылықтар туғызды. Міне, осы халықтың басындағы қиын жағдайды большевиктер пайдаланып қалуға тырысты.Большевиктер «Барлық билік Кеңестерге берілсін!», «Жердің бәрі шаруаларға берілсін!», «Заводтар, фабрикалар жұмысшыларға берілсін!» деген ұрандар көтерді. Бұл большевиктік насихаттың елеулі

101

Page 103: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

әсері болды. Бұл ұрандарға сенген халық большевиктер жағына шыға бастады.1917 жылы 24-шы қазанда Петербургте қарулы төңкеріс басталды. Келесі күні төңкеріске шыққан жұмысшылар, солдаттар, матростар астананың маңызды жерлерін басып алды. 25 қазан айының кешінде жұмысшы және солдаттар Кеңестерінің Бүкілресейлік ІІ съезі ашылды. Съезд Ленин жазған «жұмышыларға, солдаттар мен шаруаларға» деген үндеуді қабылдады. Бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің қолына көшетіндігін жариялады. Лениннің баяндамасы бойынша Кеңестер съезі бітім туралы және жер туралы декрет қабылдады. Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Кеңес үкіметін – Халық комиссарлар кеңесін құрды. Оның төрағасы болып Ленин сайланды.Орталықта Кеңес үкіметінің орнауына байланысты жер-жерлерде, шет аймақтарда да Кеңес үкіметі орнай бастады.Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату 1917 жылдың қазан айынан 1918 жылдың наурыз айына дейін жүргізілді. Сонымен қатар Қазақстанда Кеңес үкіметі билігінің орнауының өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары болды. Қазақстанда жұмысшы ұйымдары аз болды. Патша үкіметі тұсында қолайлы жерлерге орналасып, байып алған орыс шаруалары жерден айырылып қаламыз деп қауптенді. Сондай-ақ, Қазақстанда большевиктік топтар аз болды. Қазақ ауылдары бұл төңкерістің мәнін жете түсінген жоқ. Төңкерістің себептері, мақсаты тағы басқа жақтары күңгірт болды.Қазақстанның ішкі өмірінде революцияға дайындық пісіп жетілмеген еді. Қазақ халқына революциядан гөрі отарлық езгігі қарсы күрес маңыздырақ еді. Сонымен бірге қазақ халқының көпшілік бөлігі қолдаған «Алаш» партиясы Кеңес үкіметін мойындамады. Оған қарсы шықты.Осындай елдегі аласапыран кезде кейбір халықтар автономия жариялады. Мәселен, Башқұрт, Татар автономиялары құрылды.1917 жылы 26-28 қараша аралығында Қоқан қаласында түркістандықтардың өлкелік төтенше съезі болған еді. Бұл съездің шешімімен Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) деп аталған ұлттық өкімет құрылған болатын. Автономияның төрағасы Мұхамеджан Тынышпайұлы болды. Үкіметтің төрағасы Тынышбайұлы орнынан кеткен соң, оның орнына Мұстафа Шоқайұлы сайланды. Бұл үкімет Түркістанның ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы жолында күреске шығып, небары екі ай ғана өмір сүрді. 1918 жылы ақпан айында Қызыл армия Түркістан автономиясына қарсы соғыс ашып, оны қарудың күшімен басып тастады. Бұл автономияның басты мақсаты Орта Азиядағы түркі халықтарын біріктіріп, өз алдына тәуелсіз автономия алу еді.Ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Бүкілқазақтық ІІ съез өтті. Съезде Халел Ғаббасов автономия туралы баяндама жасады. Съез баяндаманы талқылап мынадай қаулы қабылдады:

102

Page 104: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

1. Қазақ автономиясы құрылсын.2. Қазақ автономиясы «Алаш» деп аталатын болсын.3. Алаш автономиясының жері, суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын.4. Алаш облыстарын қазіргі бүлікшіліктен қорғау мақсатымен Халық кеңесі құрылсын, оның аты «Алашорда» болсын.Съездің шешімімен Алашорда үкіметінің төрағасы болып Бөкейханов сайланды. Съездің ұйғарымымен сайланған Алашорда үкіметінің министрлері мыналар: төраға орынбасары Халел Ғаббасұлы, ішкі істер министрі Мұхамеджан Тынышпайұлы, әділет министрі Ахмет Бірімжанұлы, оқу министрі Ахмет Байтұрсынұлы, ұлттық қорғаныс министрі Әлімхан Ермекұлы. Азамат соғысы және шетел интервенциясы (1918 – 1920 жж.). 1918 жылдың көктемінде азамат соғысы басталды. Ресейдегі ақгвардияшылардың басшылары Қазақстандағы Кеңес үкіметіне қарсы Чехославак корпусының бүлігін ұйымдастырды. Бұл бүлік Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанды қамтиды. Олар Петропавлды, Ақмоланы, Атбасарды, Көкшетауды, Павлодарды, Семейді басып алды. Қазақстандағы ақтар қозғалысының басты тірегі Орал, Сібір, Орынбор және Жетісу Казак әскері еді.Чехославак корпусының бүлігі және соның артынша ішкі революцияға қарсы күштердің Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күреске шығуы Қазақстандағы саяси жағдайды өзгертіп жіберді. Дутов әскерлері 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Қазақстан мен Орта Азияны Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Азамат соғысы басталған кезде Қазақстандағы Кеңес өкіметіне қарсы батыста атаман Дутовтың әскерлері солтүстікте адмирал Колчактың әскерлері, Жетісуда атаман Анненковтың ірі әскери топтары күресті.Ақгвардияшылармен күресу үшін Қазақстанда Орал майданы, Ақтөбе майданы, Сотүстік Жетісу майданы құрылды. Қазақстан жеріндегі ақгвардияшыларға қарсы ірі соғыс операцияларын Фрунзе, Тухачевский, Чапаев сияқты белгілі қолбасшыларымен қатар Иманов, Жангельдин секілді талантты командирлер басқарды.Азамат соғысы басталғаннан кейін «Алашорда» басшылары Самарадағы құрылтай жиналысы комитетімен, Орынбордағы атаман Дутовпен және Омскідегі Колчакпен байланыс орнатты. Мұндағы «Алаштықтардың» мақсаты осылардың көмегімен қазақ халқына автономия әперу еді.1918 ж. Алаш Орда үкіметі бірқатар жарлықтар шығарды. Бұл жарлықтар бойынша Алаш территориясындағы Кеңес үкіметі шығарған заңдар күшін жояды деп жариялады. Ақгвардияшылардың көмегімен батыста, Торғайда, Қостанайда, Семейде, Алаш атты әскерлер полктерді құрылып, Қызыл Армияға қарсы күресті.Сонымен бірге қазақ еңбекшілерінен құрылған Қызыл әскер полктері де құрылды. 1918

103

Page 105: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

жылы күзде Бөкей ордасында бірінші Қазақ Қызыл әскер полкі құрылды. Кеңестік Ресейдің Қазақстан мен Орта Азия кеңестеріне көрсеткен көмегінің айқын үлгісі Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу жөніндегі экспедиция болды. Бұл экспедиция далалық өлкенің төтенше комиссары Әліби Жангельдиннің басшылығымен жүргізілді.1919 ж. жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды.1920 жылы сәуірде Қазақстандағы ақгвардияшылардың соңғы тірегі Жетісу жері ақгвардияшылардан тазартылды. Ақгвардияшылардың қалдықтарымен бірге атаман Дутов пен атаман Анненков Қытайға қашты.1919 жылы наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті Алаш ордаға кешірім жариялағаннан кейін, алаштықтардың шығыс бөлігі Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар Кеңес үкіметі жағына шықты. 1920 жылы батыс алаштықтар да Кеңестер жағына шықты.Азамат соғысы жылдарында қазақ халқының жағдайы өте ауыр болды. Атаман Анненковтың жендеттері тарихта болмаған, бұрын-сонды адамзат баласы естімеген неше түрлі зұлымдықтарды істеді. Анненковшылар Аягөзге келгенде қаланың тең жартысын өртеп, 800-ге жуық адамды дарға асып, атқан. Семей қаласынан 50 шақырымдай жерде орналасқан Знаменка селосында жендеттер жергілікті тұрғындардың бірін қалдырмай бауыздап кеткен. Сонымен бірге азамат соғысы жылдарында Қызыл Армия жауынгерлерінің де халқымызға істеген зияны аз емес.

Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында.

Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы. Қазақстанда Кеңес өкіметі әр түрлі жолдарымен орнады. Сырдария, Ақмола облыстарының және Бөкей ордасының көптеген аудандарында большевиктер бастаған күштер көп болғандықтан бұл жерлерде Кеңес өкіметі бейбіт жолмен орнады.Уақытша үкіметтің жақтастары едәуір күшке ие болған Торғай, Орал, Семей және Жетісу облыстарында қарудың күшімен орнады. Кеңес өкіметі алғаш рет Сырдария облысында орнады. 30 қазанда Ташкентте, 6 қараша Перовскіде билік Кеңестер қолына көшті. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Жетісу аймағында Бокин, Рысқұлов, Масанчи, Розыбакиев, Ораз Жандосов, Виноградов, Емелевтер белсене қатынасты. Торғай облысында Жангелдин, Амангелді Иманов, Орталық Қазақстанда Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов, Әлібек Майкөтов, Батыс Қазақстанда Сейітқали Меңдешев, Әбдірахман Әйтиев, Сақыпкерей Арғыншиевтер

104

Page 106: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

белсене қатынасты. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауына белсене қатысқан көрнекті тұлғалардың бірі Тұрар Рысқұлов 1917-1920 жылдардағы оқиғаларды бейнелейтін «Төңкеріс және Түркістанның жергілікті халқы» деген еңбегінде былай деп жазды: «Мұсылмандардан бәрін тартып алады, сөйтіп қана қоймай, оларды өлтіріп те тастайды. Біздің солдаттарымыз қорғаудың орнына тонаумен және өлтірумен айналысты. Міне осындай істерден кейін езілген ұлттардың арасында наразылық туып, Кеңес үкіметіне қарсы шығуы да заңды болса керек».1918-1919 жылдары Қазақстанда қатты ашаршылық болды. Ашаршылықтың басты себебі: азамат соғысы жылдарында қазақтардан ақтардың және қызылдардың малды тартып алуы болды.Кеңес өкіметі орнағаннан кейін қазақ халқының алдында автономия алу мәселесі тұрды. Ленин бастаған большевиктер ұлттық автономия «Алашорда» автономиясын қолдамады. Олар өздерінің барлық халықтарға теңдік, бостандық береміз деген сөздерінде тұрмады. Олар өздерінің айтқанынан шықпайтын, таптық тұрғыдағы Ресейге бағынышты автономияны жақтады.Автономияға байланысты Тұрар Рысқұлов 1920 жылы қаңтарда Түркістан коммунистік партиясының 5 конференциясында мынадай ұсыныс енгізді:1. Түркістан автономиялық Республикасы «Түрік Кеңес республикасы» деп аталуға тиіс;2. Түркістан коммунистік партиясы «түрік халықтарының коммунистік партиясы» деп аталып, Мәскеуге бағынышты емес, тәуелсіз партия болуы керек;3. Түркістанда мұсылман түрік армиясы құрылып және мұсылман емес әскерлер Түркістаннан әкетілуі қажет;4. Түркістан республикасының бөлек конституциясы болуы керек;5. Сыртқы істер, әскери қызмет, қаржы-қаражат және сауда Түрік республикасының өз құзырында болуға тиіс;Тұрар Рысқұловтың бұл ұсынысы жоғарыда аталған конференцияда мақұлданған болатын.Бірақ Кеңестік Ресейдің Түркістан майданындағы қолбасшы Фрунзе бұған келіспеді. Фрунзені Ленин және Сталин қолдады. Түркістан Ресейден бөлініп кетеді деп қорыққан олар, Тұрар Рысқұловты басқа жұмысқа ауыстырып жібереді.Сонымен бірге Қазақ АКСР-ын құру ісі де өте қиындықпен жүрді. Бұрын бөлшектеніп кеткен қазақ жерлерін «Сібір ревкомы» сияқты кейбір аймақ басшылары Қазақстанға бергісі келмеді. Ертістің оң жағалауы, кенді Алтай аймағы, Каспий теңізінің жағалауындағы жерлер үшін қатты тартыс болды.Сол кездегі халқымыздың көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Ораз Жандосов, Әлімхан Ермеков, Әлихан Бөкейхановтар Лениннің қабылдауында бірнеше рет болып, бұл жерлердің ежелгі қазақ жерлері

105

Page 107: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

екенін дәлелдеді. Соның арқасында бұл жерлер Қазақстанға берілді. 1920 жылы 26 тамызда Ленин мен Калинин қол қойған Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен РСФСР Халық комиссарлары кеңесінің Қазақ АКСР-ын құру туралы декреті шықты. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР-ның құрылтай съезі болды. Съезде жоғарғы кеңес басшылығы сайланды. Қазақ АКСР-ы Орталық Атқару комитетінің төрағасы болып Сейітқали Меңдешев, Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Радус-Зенкович сайланды.Елімізде азамат соғысы мен шетелдік интервенциясы аяқталғаннан кейін 1921 жылы Кеңес елі тағы да ауыр сынға душар болды. 1921-1922 жылғы қарсыз әрі ұзаққа созылған қыстан кейінгі қуаңшыл жаз келді. 1921 жылдың жазында елдің көптеген аудандарында ең алдымен Еділ бойын, жантүршігерлік аштық жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай Кеңес елінде 20 миллионнан астам адам аштыққа ұшырады. Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты (1918 – 1921 ж. наурыз). Бұл қуаңшылықпен қоса ашаршылықтың себептерінің бірі азамат соғысы жылдарында Совет өкіметі жүзеге асырған «соғыс коммунизм» саясатының елдің халық шаруашылығына аса ауыр соққы болып тигенін және ашаршылықтың кең өрістеуіне себепші болғанын айтуымыз керек.«Соғыс коммунизм» саясатының шарттарына сәйкес азамат соғысының алғашқы екі жылында 1918-1919 жылдары жау басып алмаған және азат етілген Қазақстанның оңтүстік, орталық, солтүстік, батыс аудандарынан миллиондаған мал басы мен қаражат, азық-түлік, киім-кешек халықтан ешбір ақысыз мемлекет пайдасына алынып отырды. Бұл шешімдер национализациялау, конфискациялау сияқты айқай-шу ұрандары арқылы жүргізілді.Сондай-ақ Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларындағы егілген егін қуаңшылықтан шықпай қалды. 1920-1921 жылғы қыстың өте қатал болып, ұзаққа созылуы, Торғай уезінде мал басының жаппай қырылуына әкеп соқты. Міне, осындай жағдайлардан кейін 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-ына қарайтын жеті губернияның бесеуінде Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Бөкей губерниялардың тұрғындары аштыққа ұшырады. Аштықтың болуы көптеген ауруларды туғызды. Емдеу орындарының жетіспеушілігінен аштыққа ұшырағандардың көпшілігі қаза тапты. Республиканың денсаулық сақтау халық комиссариатының мәліметтері бойынша 1921 ж. қараша айынан 1922 ж. шілдесіне дейін Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында аштықтың салдарынан 37, 657 адам өлген. 1921 ж. бүкіл Қазақ АКСР-і бойынша 128 мың бала ата-анасынан айырылып балалар үйіне орналастырылса, ал олардың саны 1922 ж. наурызына дейін 480 мыңға жеткен.Қазақстанның қуаңшылыққа, аштыққа ұшыраған губернияларында мал басы күрт азайды. Мәселен Қостанай

106

Page 108: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

губерниясы бойынша 1922 жылмен салыстырғанда жылқы саны 63%, сиыр малы 50%, қой 65%, ал егіс көлемі 62% кеміді. Семей мен Орал губернияларында 1917 ж. 5 миллиондай мал болса, 1922 жылы 2 миллиондай ғана мал қалды.Сонымен бірге азамат соғысы аяқталған соң еліміздің халықтары бейбіт құрылысқа көшіп, халық шаруашылығын қалпына келтіруді қолға ала бастады. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). Азамат соғысы кезінде Қазақстанда национализацияланған 307 кәсіпорынның 230-ы жұмыс істемеді. Шегініп бара жатқан казак бандылар, патша әскері Қазақ жерін тонап, қиратты, халықты қырғынға ұшыратты. Жезқазған мен Успенск рудниктерін су басып Ембі мұнай кәсіпшіліктері қиратылды. Сол кездегі елдің экономикасын көтеру үшін 1921 ж. наурызда коммунистік партияның Х съезіне әскери коммунизм саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу белгіленді. Жаңа экономикалық саясаттың әскери коммунизм саясатынан ерекшелігі салғыртты заттай салықпен ауыстыру. Бұның мәнісі енді шаруа өзінің белгілі салығын өтегеннен кейін қалғанын өзінің керегіне жаратты. Сондай-ақ ұсақ кәсіпшілікке ұсақ жеке меншікке рұқсат етілді. Меншіктің бірнеше түрлері болды. Мемлекеттік меншік, жеке меншік, кооперация тағы басқа меншіктер. Жаңа экономикалық саясат аз уақыттың ішінде үлкен табыстарға жеткізді. Бұл саясат 1929 жылға дейін қолданылды. Ал кейіннен Сталин ауыл шаруашылығын бір ғана колхоздық меншікке айналдырды. Жаңа экономикалық саясат кезінде қазақ еңбекшілерін мемлекеттік шаруашылық құрылысқа тартуда 1921 ж. Ораз Жандосовтың басшылығында құрылған «Қосшы» одағы үлкен роль атқарды. «Қосшы» кедейлерге жер бөліп беруге қамқорлық жасады, еңбекшілердің саяси сана-сезімін, мәдени дәрежесін көтеру жөнінде көп жұмыс жүргізді.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты.

1927 жылы партияның ХҮ съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді.1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде

107

Page 109: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады.Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады.Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті.Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды.Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды.Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл

108

Page 110: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандарды қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.

Қазақстан индустрияландыру жылдарында.

1925 жылы партияның ХІҮ съезіне елді индустрияландыруға бағыт алуға шешім қабылданды. Индустрияландыру бағыты елімізде завод, фабрикалар салумен, өнеркәсіпті дамытумен байланысты. Қазақстандағы индустрияландыру жылдарындағы үлкен құрылыстардың бірі Түркістан-Сібір темір жолы болды. Құрылысы 1927 жылы басталған темір жол 1930 жылы аяқталды. Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары Рысқұлов, темір жол инженері Тынышпаев темір жолды салуда елеулі қосты. Индустрияландыру жылдары Риддер полиметалл, Қарсақбай мыс қорыту комбинаттары іске қосылды. Балхаш мыс қорыту заводы Шымкент қорғасын заводы жұмыс істей бастады. Жезқазған мыс қорыту, Текелі полиметалл комбинаттары, Өскемен мырыш заводы салына бастады. Қарағанды өңірі ірі көмір аймағына айналды. Ембі мұнай кәсіпшілігі қарқынмен жұмыс істей бастады. Сондай-ақ республикадағы химия өнеркәсібінің тұңғышы Ақтөбе химия комбинаты салынды. Сонымен қатар елімізді индустрияландыруда қателіктер де жіберілді. Қазақстандағы индустрияландыру тек шикізат өндіруге бағытталды. Қазақстанда салынған заводтардың барлығы шикізат шығарды. Шикізат Республикадан тасып әкетіліп, дайын өнім Ресей заводтарында шығарылды. Республикадағы өнеркәсіптің бұлай қалыптасуына Смағұл Сәдуақасов сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Сәдуақасовтың айтуынша республикадағы шикізат басқа жаққа тасылмай, шикізат алынған жерде өңделіп, дайын өнім шығарылуы тиіс болды. Бірақ оны Голощекин сияқтылар ұлтшыл деп айыптап, республикадан кетуге мәжбүр етті.

Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнауы, саяси репрессиялар.

1936 жылы КСРО Конституциясы қабылданды. Бұл Конституция әміршіл-әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмухамедов т.б. ұшырады. 1937-1938 жылдары

109

Page 111: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

жазалау шаралар өте күшті өтті. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар: -Кеңес өкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтиев, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешов, С. Арғыншиев, А. Асылбеков т.б.-Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов, Қ. Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов т.б.-Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер: Т. Әлиев, М. Масанчи, С. Жақыпов т.б.-қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Дулатов, М. Жұмабаев, С. Аспандияров, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Төлебаев т.б.- орталықтан Қазақстанға жіберілген партия қызметкерлері: Л. И. Мирзоян, К. Я. Рафальский, В. Н. Андроников т.б.Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты. Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг т.б. Осылардың ішінде ең ірісі «ЧСИР»-халық жауларының отбасы мүшелеріне арналған лагерь. Кейіннен ол «Алжир» халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері атанды. Жеке адамға тоталитарлық жүйе кесірінен 101 000 қазақстандық лагерь азабын көрді. Олардың 27 000-ы атылды.

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

Екінші дүние жүзілік соғыс (1939-1945 жж.) тарихтағы ірі соғыстардың бірі, оның өртін халықаралық империализмнің екпінді күштері: фашистік Германия, фашистік Италия және милитаристік Жапония тұтандырды. Ол капитализмнің жалпы дағдырысының екінші кезеңінде империалистік мемлекеттер арасындағы қайшылықтың мейлінше шиеленісуінен басталды.1923-1933 жылдары дүние жүзілік эконмикалық дағдарыс капиталистік елдерде саяси реакцияның барлық бағытта күшеюіне әкеліп соқты. Сөйтіп, монополистік буржуазия өз үстемдігінің буржуазиялық демократия түрлерін террорлық билікпен алмастыруға тырысты. 1933 жылы үкімет басына келген Герман фашизмі өз саясатымен, идеологиясымен Герман монополистік капиталының дүние жүзіне үстемдік ету ниетін іске асыруға ұмтылды. Расизмнің барып тұрған сорақы түрлерінің жиынтығы, агрессорлық «өмір кеңестігі» теориясы – фашизмнің негізіне арқау болды. Ол өзінің жауыздық мақсатына жету құралы тек күш көрсету, сондықтан соғыс әрбір неміс азаматы үшін қасиетті іс деп жариялады. 1933 жылы фашистік Германия Ұлттар Лигасынан шықты. Халықаралық аренада

110

Page 112: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Германияның, Жапонияның және Италияның агрессиялық күштері бас көтере бастады. 1936 жылы 25 қарашада Германия және Жапония «Антикоминтеріндік пактіге» қол қойды. 1937 жылы қарашада оған Италия қосылды. Өзара қырқысқан капиталистік топтар дүние жүзін қайта бөлісу және товар өткізу рыноктарына ие болу үшін күресе отырып, сонымен бірге КСРО-ны құртуды көздеді. Сондықтан АҚШ, Англия, Франция өздерінің бірініші дүние жүзілік соғыстағы қарсыласы Германияның әскери экономикалық қуатын жедел қалпына келтіруге көмектесе отырып, болашақ агрессияны Кеңес Одағына қарап айдап салуға тырысып бақты. Ал қыркүйекте, Мюнхен келісімінің нәтиежесінде, Англия мен Францияның Судет облысын Германияның басып алуына келісті. Мұны АҚШ қолдады. Соғыс қаупінің күшеюіне байланысты Кеңес үкіметі соғысты болдырмау, бейбітшілікті сақтау үшін ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құрып, агрессорларды ауыздықтау саясатын жүргізді.Англия мен Франция үкіметтері қоғамдық пікірден сескеніп және Германияның одан әрі күшеюінен қауіптеніп, КСРО-мен келіссөз жүргізді. Бірақ, Англия мен Францияның теріс бағыт ұстауы салдарынан келіссөз сәтсіз болды да, 1939 жылы 23 тамызда КСРО өз қауіпсіздігі үшін Германиямен өзара шабуыл жасаспау шартына келісті. Кеңес үкіметінің жүргізген дұрыс және дәйекті саясатының нәтижесінде, екінші дүние жүзілік соғыс Батыс державалардың үмітін ақтамай, капиталистік дүниенің өз бетіндегі державалардың үмітін ақтамай, капиталистік дүниенің өз бетіндегі қақтығысынан басталды.Соғыстың бірінші кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек – 1941 ж. 21 маусым) - фашистік Германияның соғыста уақытша жеңіске ие болған кезі. 1939 ж. 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы еді. 3 қыркүйекте Англия мен Франция Германияға қарсы соғыс жариялады. 1939 ж. 23 тамыздағы Кеңес-Герман келісімі бойынша КСРО-ның әскері Батыс Белоруссияға, 17 қыркүйекте Қызыл Армия совет-поляк мемлекеттік шекарасынан өтіп, Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны қосып алды. 1939 ж. қыркүйек – қазан айларында КСРО Эстония, Латвия, Литваны күшпен қосып алды. 1939-1940 жж. совет-фин соғысы барысында КСРО өзінің Солтүстік батыс шекарасын қауіпсіздендіруге жағдай жасады. 1940 ж. 12 наурызда КСРО мен Финляндия өзара бейбіт шартқа қол қойды. КСРО-ның шекарасы батысқа қарай 200 км жылжытылды. Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағанымен 1940 ж. мамырға дейін ешқандай ұрыс әрекетін жасамады. 1940 ж. гитлершілдер Норвегия, Дания, Бельгия, Голландия, Люксембург және Франция басып алды. 1940 ж. жазынан бастап гитлершілдер Шығыстағы агрессияны шұғыл күшейтті. 27 қыркүйекте Германия, Италия және Жапония өзара Үштік одақ пактісіне қол

111

Page 113: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

қойды.1940 ж. 18 желтоқсанда Гитлер КСРО-ға қарсы соғыстың «Барбаросса жоспарын» бекітті. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде «Остландия» (Белоруссия мен Прибалтика), «Украина» (Украина, Россия, Волга өңірі, Воронеж), «Москва» (Москва, Тува, Ленинград, Горький, Вятка, Казан, Уфа, Пермь), «Еділ-Орал», «Үлкен Түркістан» сияқты отар елдерді құруды жоспарлады. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына (Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан) кіргізілді. 1941ж. 22 маусымда фашистік Германия соғыс жарияламастан, жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. Елімізде 2 миллионнан астам адам міндетті әскери даярлықтан өтті. Майдандағы Қызыл Армия қатарына 1 200 000-ға жуық (1 196 164) қазақстандық аттанды. Майданға қажетті әскери кадрларды даярлау ісі тылда қарқынды жүргізілді. Соғыс болып жатқан өңірлерден Қазақстанға 27 әскери оқу орны көшірілді. Онда соғысқа қажетті 16 000 әскери офицер даярлайды. 42 000 қазақстандық әскери училищеде оқыды.Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 зауыт пен фабриканы, кәсіпорынды Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіп орындары негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Беларусь жерлерінен әкелінді.Москва қаласы мен Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авиация жасау зауыты, Дзержинский атындағы электротехника зауыты, Москва рентген зауыты, С. Орджоникидзе атындағы механика т.б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан 40 зауыт орналастырылды.Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника зауыты, Днепропетровск вагон жөндеу зауыты т.б. Соғыс жылдарында Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі әскери өнеркәсіп базасы болды. 1942 ж. Қазақстан КСРО-да өндірілген көмірдің 13%, қорғасынның 85%, молибденнің 60% берді. Ауыл шаруашылығының жағдайы өте ауыр болды. Жұмысшылар саны 600 000 адамға кеміді (1942 ж.). Ерлердің жаппай майданға аттануы себебінен 1942 жылы шаруашылықта әйелдер еңбегінің үлесі 75% -ға жетті. Қазақстан майданды малмен және мал өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі республика болды. Соғыс кезінде Қазақстан мал саны жөнінен одақта Ресейден кейінгі 2-орында болды.Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар Кеңес әскерлерінің қатарында жауға қарсы соғысты. 1 миллион 200 мың жерлесіміз Кеңес әскерлерінің қатарында болды. Соғыстың алғашқы айларында қазақстандықтардан 238, 310, 114, 316, 387 және 391 атқыштар дивизиясы құрылды. Қазақстандықтардың ерлік істері сол

112

Page 114: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

кездегі астанамыз Москваны қорғауда ерекше көрінді. Республикада жасақталған 316 атқыштар дивизиясы астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғау тапсырылды. Генерал-майор Панфилов басқарған дивизия өзіне берілген тапсырманы абыроймен ақтап шықты. Осы соғыста Панфиловтың өзі де қаза тапты. Аға лейтенант панфилофшы Бауыржан Момышұлы Москва түбіндегі ұрыста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Сонымен қатар Москваны қорғауда ерекше ерлік көрсеткені үшін панфиловшылар Вихревке, Мәлік Ғабдуллинге, Төлеген Тоқтаровқа, Рамазан Амангельдиевке Кеңес одағының батыры атағы берілді. 1941 жылы желтоқсан айында Москва түбінде неміс әскерлері алғаш рет жеңіліске ұшырады. Москва түбіндегі ұрыстың үлкен тарихи маңызы болды. Бұл соғыс неміс әскерлері жеңілмейді деген дақпыртты жоққа шығарды. Кеңес әскерлерінің Москва түбіндегі жеңісі басқа халықтардың да фашизмге қарсы көтерілуіне мүмкіндік берді.1942 жылдың шілде айынан 1943 жылдың ақпан айына дейін созылған Сталинград шайқасы Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болды. Бұл ұрыста Германия 1,5 млн. адамнан айырылды. Генерал-фельдмаршал Паулюс бастаған 22 неміс дивизиясы талқандалып, тұтқынға түсті. Сталинград шайқасында қазақстандық 38 атқыштар дивизиясы болды. Сонымен бірге қазақстандықтар жау тылындағы партизан соғысына да белсене қатысты. Олар Украинадағы, Белоруссиядағы, Ленинград облысындағы партизан қозғалыстарына қатысты. Партизан қозғалысының қатарында Ғұсман Ахмедияров, Әди Шарипов, Жұмағали Сайн, Жангелдин, Омаров тағы басқалар болды. Қасым Қайсенов Украинадағы партизан отрядтарының бірін басқарды.Жалпы алғанда қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының барлық майдандарына қатысып ерекше ерлік көрсетті. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 100-і қазақ.Олардың қатарында Шығыстың қос жұлдызы аталған Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, жаудың пулеметін кеудесімен жапқан Сұлтан Баймағамбетов, жанып бара жатқан самолетін жаудың үстіне түсірген Нүркен Әбдіров және тағы басқалар бар. Ерекше ерлік көрсеткені үшін 4 қазақстандыққа 2 рет Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Олар: Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда, Иван Павлов. 1945 жылы май айында Берлиндегі рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақстандық Рахымжан Қошқарбаев еді. Германия әскерлері Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы Ресейдің көптеген аудандарын басып алғаннан кейін соғыстың бар ауыртпалығы Қазақстан мен Орта Азия Республикаларына түсті. Қазақстанда 1941-1945 жылдары 460 завод, фабрика, рудник, шахталар салынып іске қосылды. Олар соғыс қажетіне байланысты қару-жарақ, оқ-дәрі және

113

Page 115: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

басқа өнімдер жасады. Қарағанды көмірі, Ембіның мұнайы, Шымкент қорғасын заводының қорғасыны, Алматы Киров заводтың оқ-дәрісі майданға өте үлкен көмек жасады. Қазақстанда соғыс жылдарында 500 мыңға жуық кісі майдан мақсатындағы жұмысқа тартылды және 200 мыңнан астам қазақстандықтар Ресей кәсіпорындарында еңбек етті. Тылдағы еңбекшілерден тары өсірудің шебері Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер Ыбырай Жақаев, Ким Ман Самды, астық өсірушілер Мұнира Сатыбалдина, Нүрке Алпысбаевалар ерен ерлік көрсетті. Алматыға майдан өңірінен 20-ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылыми академиясының қазақ филиалы да соғыс мұқтажына жұмыс істеді. Майдан қажетіне байланысты сирек металды зерттеу ісінде Қ.И.Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 1942 жылы Қ.И.Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарын зерттеу еңбегіне байланысты Мемлекеттік сыйлық берілді. Қазақстанда орналасқан Москва авиация, алтын және түсті металдар институттары, Киев университеті ерекше екпінді еңбек етті. Соғыс жылдарында Қазақстанда ашылған жоғары оқу орындары: Алматы шет тілдер институты, Шымкент технология институты, Дене шынықтыру институты т.б.90-ға жуық ақын, жазушы майдандағы жауынгерлер қатарында болды. Соғыс жылдарында Ж. Жабаев «Ленинградтық өренімді», Ж. Саин өлеңдер жинағын, Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңызды», С. Мұқанов «Өмір мектебін», М. Әуезов «Абай» роман-эпопеясының 1 кітабын жазды. А. Толстой Қазақстан жерінде болғанда, «Иван Грозный» кітабын жазды. Майдан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді. 1941 жылы Қазақстанға «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары көшіріліп әкелінді. Бұл киностудиялар Алматы киностудиясымен бірігіп, екі жыл ішінде 23 кино-картина түсірді. Олардың ішінде «Партизандар», «Екі жауынгер», «Георгий Сакадзе» сияқты танымал кинокартиналар бар. Соғыс жылдарында Алматыда актерлерді даярлайтын бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты жұмыс істеді. Киностудиялар М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т.б. жазушылардың көмегімен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», «Саған майдан», «8-гвардиялық» сияқты картиналарды түсірді. Қазақстанда құрылған 11 концерт бригадасы майданда өнер көрсетті. Соғыс жылдарында ғылым мен мәдениет майдан қажетіне осылай аянбай қызмет етті.ХХ ғасырдың елеулі оқиғасы болып табылатын екінші дүние жүзілік соғыс КСРО-ның жеңісімен аяқталды. Ұлы Отан соғысында КСРО 27 млн. адамнан айырылды. 600 000-ға жуық қазақстандық майданда қаза тапты.

Соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру (1946 – 1953 жж.)

114

Page 116: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа оралды. Соғыстан кейінгі жылдарда елдегі қоғамдық-саяси өмірде жұрттың ой-пікіріне қатаң бақылау орнату, коммунистік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша орнату, коммунистік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша ойлаумен күрес жүргізу, демократияны барынша шектеумен сиппатталды. Елде Сталиннің жеке басына табыну күшейді. 1937 жылдардағы репрессия жалғасып, Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс», «Дәрігерлер ісі» қолдан жасалып, Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. 1947 жылы шыққан Ермұхан Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген еңбегі буржуазияшыл ұлтшыл еңбек деп жарияланды. 1950 ж. «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақаласында Бекмахановтың кітабын айыптады. Осы мақаладан кейін Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылды. 1952 жылы 25 жылға соттады.Сондай-ақ республиканың көрнекті ғалымдары А. Жұбанов, Жұмалиев, Б. Сүлейменов, жалған саяси айыптармен жазаланды. Әбішев, Аманжолов, Бекхожин, Бегалин және басқа жазушылар буржуазиялық ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Осындай қуғындаудан кейін ғалым Қ. Сәтбаев пен жазушы М. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды.

50-жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. Тың игеру.

1953 жылы наурызда Сталин қайтыс болғаннан кейін бұл ғалымдар мен жазушылар қуғындаудан құтылды. Сталиннен кейін Кеңес Одағын басқарған Хрущевтың кезінде де Қазақстанның саяси жағдайы жақсы болмады. Көп жыл Қазақстан партия ұйымын басқарған Шаяхметов орнынан алынып, оның орнына Республика халқының пікірі сұралмастан орталықтың тағайындаған адамдары қойылды. Республиканы 1954-1955 жж. Пономаренко, 1955-1956 жж. Брежнев, 1956-1957 жж. Яковлев, 1957-1960 жж. Беляев, 1960-1962 жж. Қонаев, 1962-1964 жж. Юсуповтар басқарды. Кеңес одағын Хрущевтың басқарған жылдары Оңтүстік Қазақстанның 4 ауданы көрші Өзбекстан Республикасына берілді. Қазақстанды Юсупов басқарған жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының жерінде ұйғыр автономиясын құрып, астанасын Алматы қаласы ету әрекеті жасалды. Солтүстіктегі 5 облыстан тың аймағын құрып, Ресейге қосу, Маңғыстау облысын Түрікменстанға беру әрекеттері жасалды. Бұл әрекеттерге сол кездегі Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің төрағасы Жұмабай Тәшенов қарсы шықты. Осы әрекеті үшін ол орнынан алынды. 1964 жылы қазан

115

Page 117: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

айында Хрущев орнынан түскеннен кейін бұл әрекеттер іске аспай қалды.1964 жылдан Қазақстан Компартиясын қайта басқарған Д. А. Қонаев 1972 жылы Өзбекстанға берген 4 ауданның екеуін қайтарып алды, ал екі аудан, 500 мыңға жуық мал сол күйінде Өзбекстанда қалып қойды.1956 жылы партияның ХХ съезі болды. Осы съезде Хрущев «Жеке басқа табыну және оның зардаптарын жою» туралы баяндама жасады. Бұл баяндама алғаш рет Сталиннің еліміздегі 1937-1939 жылдары аралығында жүргізген жазықсыз жазалаулары туралы ашық айтылып, оның зардаптарын жоюға шақырды. Соған байланысты жазықсыз жазаланған мыңдаған адамдар түрмеден босатылып, тағылған саяси айыптар алынды.Соғыстан кейінгі жылдары 700-дей кәсіпорын қатарға қосылды. Оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Өскемен су-электр станциясы, Бұқтырма су-электр станциясы, Қарағанды 2-жылу электр станциясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаттары бар. 1960 жылы Қазақстанда 32 млн. тонна көмір өндірілді. 1953 жылы Қарағанды металлургия комбинаты іске қосылды. Сондай-ақ Маңғыстау өңірі ірі мұнайлы аймаққа айналды.Қазақстанда салынған заводтардың барлығы шикізат өңдеуге арналғандықтан адам денсаулығына үлкен зиянын тигізетін заводтар болды. Өскемендегі, Ақтөбедегі, Шымкенттегі, Жамбылдағы химфарм, сары фосфор, мырыш өңдеуші заводтар осындай заводтар еді.1949 жылы 29 тамызда Семей өңірінде ядролық зарядты тұңғыш сынау өткізілді. 1949-1963 жылға дейін жер үстіне 113 жарылыс жасалды. 1964 жылдан бастап 1989 жылға дейін жер астында 343 сынақ жасалған. Бұның барлығы полигонға жақын тұратын халықтарға өте үлкен зардабын тигізді. Тың игеру. Кеңес Одағы коммунистік партиясының орталық комитетінің 1954 жылғы ақпан-наурыз пленумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Қиыр Шығыстың кейбір аудандарында жаңа тың жерлерді игеруге шешім қабылданды.Қазақстандағы тың жерлерді игеру ғылыми түрде зерттелмей өте асығыс жүргізілді. Тың игергеннен кейін Қазақстан 6 рет Отан қоймасына 1 миллиард астық берді. Бірақ бұл миллиардтар шын мәнінде ауа райы қолайлы жылдары ғана алынды. 1954-1960 жылдары Қазақстанда 25 миллион гектар жер жыртылды, кейінгі жылдары оның мөлшері 35 млн. жеткізілді. Ғылыми түрде зерттелмей асығыс түрде көп мөлшерде жердің жыртылуы салдарынан 9 млн.-ға жуық жер жартылай сондай-ақ толығымен эррозияға ұшырады. Республиканың ежелгі халқы – қазақтарды тыңды игеруге шақыру назардан тыс қалды. 1954-1958 жылдары Ресейден және Украинадан 640 мың адам әкелді, кейінгі жылдары олардың саны 1,5 млн.-ға жетті. Бұл республиканың демографиясына үлкен өзгеріс әкелді. Қазақтар өз жерінде азшылық болып 1962 жылғы санақ бойынша республика халқының 29%-ын құрады.Сонымен бірге Қазақстанның

116

Page 118: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

географиялық жағдайы да үлкен өзгеріске ұшырады. 1954-1964 жылдардың ішінде тың өлкесі құрамына енген бес облыста 200-ден астам селолық және ауылдық кеңестердің аттары орыс тіліне өзгертілді. Жалпы республика бойынша 3500 елді мекендердің жер-сулардың аттары өзгертілген.Әр түрлі Московский, Астраханский, Бауманский, Ростовский сияқты әр түрлі аттар пайда болып, бұрынғы атаулар алынып тасталды. Сонымен қатар тыңды игерудің мал жайылымына тигізген зияны үлкен болды. Мал жайылымдық жерлер азайды. Жылқы 3 есе, түйе 5 есе азайды. Тыңды игеру жылдары солтүстік облыстарда 700-ге жуық қазақ мектептері жабылды. Бұл қазақ тілінің дамуына үлкен зиянын тигізді. Бір мезгілде шет жақтардан өте көп адамның келуіне байланысты, оларға дер кезінде жағдай жасалмады. Соның салдарынан 1959 жылы Теміртау қаласында үлкен ереуіл болды. Ереуілдің себебі тамақтың сапасыздығы, ешқандай дұрыс жағдайдың жасалмауы болды. Ереуілге шыққан халыққа қарсы армия күштері жіберіліп, ереуіл үлкен қан төгіспен басып тасталынды.

Қазақстан 60-жылдарда.

1962—1969 жылдардағы реформашылдық дүрбелең елдің ішінара алмастырулар және жетілдірулер жолымен қол жеткізуге болатын өзгерістер шегіне тірелгенін керсетті. Жүргізілген шараларда экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көзделмеді. Туындаған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құру дүрмегін діттеген субъективтік түрде жол-жөнекей шешіліп отырды. Шалағай ойластырылған әрі бірін-бірі жиі алмастырған қайта құру толқыны тұрақсыздық, тұрмыс деңгейінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреу қаупін төндірді. Коммунистік болашақ идеясы да жағдайды жеңілдете алған жоқ.Қоғамды саяси және экономикалық тұрғыдан ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі күш-жігер мен ізденістерге баға бергенде, 50-жылдардың ортасынан 60-жылдардың ортасына дейінгі аралықта, түптеп келгенде, басты екі бет-бағыт арасындағы текетірестік орын алғандығын ескеру қажет. Бұлардың алғашқысы қоғамдық жүйені, оның бүкіл салалары мен құрылымдарын түбегейлі өзгертудің объективтік қажеттілігін бейнеледі. Оған ең алдымен қоғамның сталинизмнің ауыр зардабынан рухани бостандық ала бастауы себеп болды.Кеңес мемлекетін, ең алдымен Кеңестерді дамыту мен нығайту өзекті мәселеге айналды. Кенестер рөлінің арта түсуі партияның XXII сьезі қабылдаған КОКП-ның үшінші Бағдарламасында атап көрсетілді. КОКП Бағдарламасында сондай-ақ қоғамның коммунистік құрылым кезеңіндегі саяси ұйымына сипаттама берілді. Онда әлемдегі тұңғыш социалистік мемлекет марксизм-

117

Page 119: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

ленинизм ілімімен толық сәйкестікте дами келіп, өзінің пролетариат диктатурасы мемлекеті ретіндегі тарихи миссиясын ақтағандығы айтылды. Ішкі даму тұрғысынан қарағанда да, антагонистік тап-тардың жойылуына, социализмнің толық және түпкілікті жеңіске жетуіне, халықтың барлық таптарының жұмысшы табының идеялық-саяси айқындамаларына көшуіне байланысты мүндай диктатура кажет болмай қалды. Бұл объективтік процестер Кенес мемлекетінің жалпыхалықтық мемлекетке ұласқандығын және өз дамуының жаңа сатысына аяқ басқандығын көрсетті. Қоғамдағы осьндай жаңа қоғамдық-саяси ахуал қалыптасқандығын, мәселен, шопандар, колхозшылар, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары, техникалық интеллигенция, ғылым мен өнер адамдары, партия және шаруашылық басшылары құрамына енетін КСРО Жоғарғы Кеңесі айғақтайтындай болып көрінді. Еңбекшілер бұрынғысьшша жергілікті, облыстық, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестеріне өз өкілдерін сайлады. Республика Жоғарғы Кенесінің тұрақты комиссияларына мүше депутаттар заңды талқылап, қабылдады, ал ауылдар мен елді мекендер, аудандар мен калалар мәселелерді Жоғарғы Кеңес пен оның төралқасының карауына әзірлеуге катысты. Мысалы, 1961 жылдың соңында білім беру және мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру женіндегі тұрақты комиссиялар депутаттардың қатысуымен республикадағы мектеп, балалар және емдеу-профилактикалық мекемелері қүрылысы жөнівде мәселе әзірлеп, Жоғарғы Кеңес сессиясына енгізді. Республика Жоғарғы Кеңесінің тұрақты комиссиялары сондай-ақ жергілікті жерлерде өздерінің көшпелі мәжілістерін өткізіп, Кеңестің заңдары мен қаулыларының орындалу барысына бакылау жүргізіп отырды.1963 жылы республика Жоғарғы Кеңесіне сайланған 473 депутаттың 158-і әйелдер болды. Қазак КСР-інің әр түрлі дәрежедегі еңбекшілер депутаттары Кеңестеріне 98806 депутат сайланды. Олардың көпшілігі, яғни 45,4 проценті КОКП мүшелері мен мүшелікке кандидаттары еді. Жергілікті Кеңестер жанында тұрақты комиссиялар, көше және махалла комитеттері, үй басқармасы жанындағы жәрдемдесу комиссиялары, жолдастық соттар, т. б. тәрізді көптеген ұйымдар коғамдық негізде жұмыс істеді. Еңбекшілер депутаттары қалалық және аудандық Кеңестері жанынан штаттан тыс бөлімдер құрылып, оларға азаматтар жұмысқа тартылды.Солай бола тұрғанымен, кеңес органдарының қызметі партиялық нормалар негізінде жүргізілді. Кеңестер жұмысы екінші дәрежелі сипатта қала берді және олардың талқылауына көбінесе алдын-ала шешіліп қойған мәселелер ұсынылды. Бұл аздық етсе, Кеңестер құрамын жасақтаумен, кеңес аппаратьша кадрлар іріктеу және

118

Page 120: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

орналастырумен де партия органдарының өзі шұғылданды. Шынтуайттап келгенде, мемлекеттік органдар мен лауа-зымды қызметкерлердің жұмысын Кеңестер мен депутаттар емес, керісінше аппарат қызметкерлері бақылап, тіпті Кеңес депутаттарына әмірін жүргізетін жағдай қалыптасты.Кәсіподақ және комсомол ұйымдарындағы жағдай да осыншалық кайшылықты болды. Қарастырылып отырған кезеңде кәсіподақ комитеттері өз қатарына миллиондаған адамдарды біріктірді. 1966 жылғы қаңтардың 1-інде кәсіподақтардың 4 миллион мүшесі болды. Кәсіподақ ұйымдары халық шаруашылығы мәселелерін шешуге, социалистік жарысты ұйымдастыруға, жаңашылдар қозғалысына атсалысып отырды. Барлық шипажайлар мен демалыс үйлерін басқару 1960 жылдан бастап кәсіподақтардың құзырына берілді. Олардың колында еңбек корғаудың, әлеуметтік сақтандырудың көптеген мәселелері болды. 1961 жылдың соңында кәсіподақтардың қарамағына колхоз-совхоздардағы мемлекеттік клубтар, кітапханалар мен кинокондырғылар сияқты халыққа мәдени қызмет көрсету учаскелері де көшірілді. Еңбеккерлердің әлеуметтік-түрмыстық жағдайын жақсарту мәселелері кәсіподақтардың басты міндеттерінің бірі деп танылады. Өндірістік жоспарларды орындау, енбекшілерге тұрмыстық және мәдени қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында кәсіподақтар кәсіпорын әкімшіліктерімен ұжымдық шарттар жасай бастады. Кәсіподақ комитеттері ұдайы өткізілетін өндірістік кеңестер сияқты жұмыс түрлерін де пайдаланды. Бірақ кәсіподақтар көп жағдайда қосалқы функциялар атқарды және партия комитеттеріне бағынышты жағдайда болды. Олар жөнінде қалыптасқан "тұтқа", "қозғау тетігі" деген түсініктер де осыған сәйкес келетін.60-жылдардағы екінші бір бұқаралық ұйым комсомол болатын. 1965 жылдың соңына қарай республика комсомолы өз катарына 1 миллион жігіт пен қызды біріктірді. Өнеркәсіпте, көлікте, қүрылыста, ауыл шаруашылығында 400 мыңнан астам комсомол мүшесі жүмыс істеді.Аса маңызды құрылыстарды қамқорлыққа алу Қазақстан комсомолы жұмысының басты бір бағыты болды. Оның жолдамалары бойынша бұл құрылыстарға 8000-нан астам қыз-жігіттер жөнелтілді. 1962 жылы Қазақстан ЛКЖО X съезінде республика комсомолы мал шаруашылығын қамқорлыкқа алды. Жастардың спортты өркендетудегі, қоғамдық тәртіпті сақтаудағы рөлі өсе түсті. Қоғамдық өмірді демократияландыру процесі басталғандығының арқасында шекара сыртында өз еркінен тыс қалып қойған отандастарымыз Қазақстанға қайта оралуға мүмкіндік алды. М.Тәтімов, Б.Төлепов, В.П.Осипов сияқты ғалымдардың пікіріне қарағанда, бұл жылдары Қытай Халық Республикасынан Кеңес Одағына 350000-ға жуық адам оралған, оның

119

Page 121: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

200000-нан астамы Қазақстанға келген. Бұл адамдар Отанын сатпағанын, өктемшіл жүйенің құрбандығына шалынғандығын естен шығаруға болмайды. Репатрионттардың, яғни, оралмандардың құрамында қазақ, өзбек, дүнген, орыс, ұйғыр, т. б. көптеген ұлттардың өкілдері болды. Республика үкіметі жанадан келгендерді карсы алу үшін бірқатар шара қабылдауының нәтижесінде олар негізінен бір кезде кетуге мәжбүр болған жерлеріне қайта қоныстандырылды. Бұл адамгершілік актісі болатын. Бірақ әр түрлі себептерге байланысты мұндай қоныс аударулар 1963 жылға қарай тоқталып қалды.Қоғамның прогресшіл бағытта дамуына қоғамдық құрылымдардың қатып-семуіне, төрешілденуіне, демократияны тежеуге және 30—40-жылдардың идеологиялық бағдарларын сақтап қалуға итермелейтін, екінші бет-бағыттағы күштер мен процестер бөгет жасады. 60-жылдардың екінші жартысьшда бұл бетбағыт өмір сүріп отырған социализм мен оның үлгілерінің, басқарудың бұрынғы өктемдік әдістерінің сақталуының арқасында күшейе түсті. Бірақ бұл бірден жүзеге аса қойған жок, өйткені ұнамды бағытта өріс алған демократияландыру процесі экономика саласына ауысып үлгерген еді. Іс жүзінде бұрынғы бесжылдықтар ізденісін жалғастырған, 1965 жылы кабылданған шаруашылық шешімдері осыны көрсетті.1964 жылғы шешімдерден бастау алған саяси бағыт бұрынғы реформалар кезівде өзін-өзі актай алмаған көзқарастар аясында дүниеге келген еді. КОКП ОК-нің 1964 жылы қазан пленумында партия мен ел басшылыеы ауыстырылды. КСРО Жоғаргы саяси басшылығының бір тобы Н. С. Хрущевті орнынан алуға аса құпия түрде дайындалды. Бұл төңкерісті ұйымдастыруда Л. И. Брежнев, П. Н. Игнатов, А. Н. Шелепин, М. А. Суслов және КСРО Мемлекеттік хауіпсіздік комитетінін төрағасы В. Е. Семичастный айрықша белсенділік танытты. Н. С. Хрущев 1964 жылғы қазанның 14-і күні демалып жатқан жерінен тұтқиылдан шақырылып алынған соң, КОКП ОК пленумы болып, онда М. А. Суслов Н. С. Хрущевті айыптайтын баяндама жасады.Бұл пленумның жұмысына бір топ қазақстандық коммунистер де қатынасты. Олардың ішінде Д. А. Қонаев та болды. КОКП ОК пленумы Н.С.Хрущевті ОК-тің бірінші хатшысы, КСРО Министрлер Кеңесінін төрағасы және Төралқа мүшесі қызметтерінен босатты. КОКП ОК-нің бірінші хатшылығына Л. И. Брежнев сайланды. Осыдан көп ұзамай Жоғарғы Кеңес А. Н. Косыгинді Кеңес үкіметінің басшысы етіп тағайындады.Халық шаруашылығын басқаруда орын алған волюнтаризм мен әкімшілдікті айыптайтын бірқатар арнайы партиялық, шешімдер қабылданды. Алайда бұл құбылыс үшін Н. С. Хрущевті кінәлаудың дұрыстығы екіталай еді, өйткені КСРО бұдан кейінгі кезеңдерде де ел басқарудағы волюнтаристік көзқарастардан айығып кете алған жоқ.

120

Page 122: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

70-80 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

1965-1985 жылдары республиканың өнеркәсібі біршама өсті. Өнеркәсіпті дамыту үшін 40 млрд. қаржы жұмсалды. Химия, мұнай саласы 3 есе, машина жасау 5 есе өсті. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар қосылды. Олардың ішінде Ақтаудағы пластмасс заводы, Қарағандыдағы резина бұйымдарын жасау заводы, Павлодар мен Шымкенттегі мұнай өңдеу заводы. Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай ГРЭС-і. Жайрам кен байыту комбинаты, Ақтау қаласындағы атом реакторы болды. Өнеркәсіп саласынан Қазақстан Украина мен Ресейден кейінгі үшінші орынды алды, 70-80 жылдардағы Қазақстанның барлық өнеркәсіптері шикізат өндіруге бағытталған артта қалған өнеркәсіп орындары болды. Халық тұтынатын товарлардың 60%-ке жуығы Қазақстанға басқа республикалардан әкелінді. Бұл жылдары Қазақстан орталыққа қорғасын, мырыш, титан, магни мен қалайының 70%-ін фосфор мен хромның 90%-ін, күмістің 60%-ін, мыстың 30%-ін жыл сайын 142 миллион тонна көмір, 30 млн. тонна астық өндіріп беріп келді. Қазақстандағы өнеркәсіптердің 50%-ға жуығы орталықтағы министрліктерге бағынды. Орталық Қазақстаннан шығарылған өнімдерді шет елдерге шығарудан жылына 1 миллиард 700 млн. доллар пайда түсіріп отырды. Оның аз ғана бөлігі Қазақстанға берілді. Одақтық министрліктер Қазақстанның әлеуметтік дамуына, ұлттық кадрларды дайындауға көңіл бөлмеді. Қазақстан жеріндегі экологиялық апат аймақтары Арал мен Семей полигонының зардаптарын жоюға ешқандай көмек көрсетілмеді. 70 жылдардан бастап Кеңес еліндегі экономикада, мәдени-саяси өмірде тоқырау белең алды.Республикадағы барлық мәселелер командалық-әкімшілік әдістермен шешілді. Жоғарыдан жоспар бекітіліп берілді. Бұл кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етіп, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістердегі еңбек коллективтерінің мүддесі ескрілмеді. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың салдарынан халық шаруашылығының өнімдері тоғызыншы бесжылдықта 12%, оныншы бесжылдықта 3,6%-ке орындалмады. Сол кездегі еліміздің басшылары ана съезбен мына съездің аралығында экономикадағы көрсеткіштер жылдан жылға өсіп келе жатыр деп жалған ақпараттар беріп отырды. 1970 жылы табысы аз шығыны көп совхоздар мен колхоздардың жалпы саны 15%-тей болса, олар 1985 жылы 51%-ке өсті. Өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, өнім саласының нашарлауы, ғылыми-техникалық прогресс саласындағы артта қалушылықты күшейтті. Кеңес

121

Page 123: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

елі кибернетика, компьютерлендіру, автоматтандыру сияқты салалар бойынша алдыңғы қатарлы капиталистік елдерден 50-60 жылғы артқа қалып қойды. Жоғарыдан қатаң әміршілдік басқару, еңбекке ақы төлеудегі теңгермешілдік, мемлекеттік меншіктің монополиясы, еңбекшіні меншіктен және еңбек нәтиежесінен алыстату, өндірісті басқарудағы демократиялық бастамалардың тежелуі салдарынан жұмысшы табының шығармашылық белсенділігі күрт төмендеді.Осы жылдары Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Қазақстан орталықтың бір шет аймағы болып қалды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. Орыс емес халықтардың тілі, әдет-ғұрып, ерекшелігі ескерілмеді. Кеңес халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің ролін асыра бағалау процесі жүрді. Біздің тарихымыздың бір бөлігі болып табылатын көшпелілік цивилизациясы мен шығыс мәдениеті жауып тасталды. Адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. Қазақстанда тіл саясатын тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ол ұлт тілі туралы айтылмады. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуге, мемлекеттік дипломатиялық әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95%-і орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70%-і орыс тілінде болды.Осы жылдары басқаша ойлаудың барлық түрі қудаланады. Әдебиет пен өнер саласындағы бірқатар интеллигенттер қуғынға ұшырады. Ақын О.Сүлейменовтың «Аз и Я» деген кітабы ұлтшылдық, пантюркистік деп қуғынға түсті. Философия институтының коллективі даярлаған «Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы» деген кітапты басып шығаруға тиым салды. Антрополог Исмағұловтың «Қазақстанның этностық геногеографиясы» деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды.1979 жылы жазда орталық Қазақстан басшыларымен, жергілікті қазақ халқымен сананспай Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудандарынан орталығы Ерейментау қаласы етіп, Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялы облыс құру, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. Олар Ақмолада, Ерейментауда, Көкшетауда митингілер өткізіп, «Қазақстан бөлінбейді», «Неміс автономия болмасын» деген ұрандар көтерді.

Қазақстан «Қайта құру» жылдарында. (1985 – 1991 жж.)

1985 жылдан бастап елімізде қайта құру процесстері басталды. Қайта құру процестері Кеңес Одағы Коммунистік партиясының 1985-1991 жылдар арлығында бірінішісі хатшысы болып істеген М.

122

Page 124: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Горбачевтың есімімен тікелей байланысты болды. 1985 жылы СОКП Орталық комитетінің сәуір пленумында «Әлеуметтік-экономикалық дамуда» жеделдету бағыты жарияланды. Әлеуметтік салада мектептерді компьютерлендіру, маскүнемдіктен күрес, еңбексіз табыс табумен күрес мәселесі қойылды. 1987 жылы СОКП орталық комитетінің қаңтар пленумы елімізді экономикалық және саяси реформаларға бастама болды.Экономикалық реформаларды дамытуда екі бағыт бойынша жүргізу көзделді. Бірінші мемлекеттік өндіріс орындарының өзін-өзі билеуін кеңейту, екіншісі, экономикадағы жеке меншік сектордың рөлін кеңейту еді. Сонымен бірге саяси өмірде М. Горбачев «жариялық» түсінігін енгізді. Соның нәтиежесінде елімізде қордаланып қалған саяси өмірдегі көптеген мәселелер жарыққа шығып, демократия ұғымдары қанатын жая бастады. Горбачев өкімет басына келгеннен кейін, бұрынғы экономикадағы және басқа да салалардағы артта қалушылықты жойып, Кеңес елінің экономикасын көтеру мақсатын қойды. Сонымен бірге 1988-1991 жылдары КСРО-ның сыртқы саясаты түбірінен өзгеріске ұшырады. Жаңаша саяси ойлаудың нәтижесінде алғаш рет Америкамен соғыс қару-жарақтарын жасаудан жарысу тоқтатылып, әлемдегі соғыс қаупін болдырмау шаралары іске асырылды. Алыс және орта қашықтыққа ататын ракеталарды жоюға келісті. 1988 жылдан бастап Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Қайта құру жылдарындағы Қазақстандағы елеулі оқиғаның бірі Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болды. Халықтың, әсіресе жастардың көтерілуіне 1964 жылдан 1986 жылға дейін үздіксіз басқарған Дінмұхамед Қонаевтың зейнетті демалысқа шығып, оның орнына Қазақстанға белгісіз Ресейдің Ульяновск облысын басқарған Колбинді тағайындалуы түрткі болды. Сол кездегі әміршіл-әкімшіл жүйе қазақ халқының мүддесін ескермеді, онымен санаспады. 17 желтоқсан күні жастар алаңға қолдарына плакаттар алып, бейбіт демонстрацияға шықты. Ол плакаттарда «Лениндік ұлт саясаты жасасын!», «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болуы керек», «Ешқашандай ұлтқа артықшылық берілмесін» деген сияқты ұрандар жазылған еді. Ешкіммен ақылдаспай командалық әдіспен шешуді үйренген сол кездегі империялық жүйе демонстрацияны күштеп қуып таратты. Демонстрацияларға қатысушылардың саны американдық Хельсинки тобының деректері бойынша 30-мыңға жеткен. Демонстрацияны қуып тарату үшін 50 мың әскери адамдар, 20 мың милиционерлер, 16 мың жасақшылар жұмылдырылды. Колбин бастаған топ өздерінің арсыз қылықтарын жабу үшін демонстрацияға қатысқандарға «балалар бақшасын қиратты», «балалар әлемін талқандады» деген жалған ақпарат

123

Page 125: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

таратып, жала жапты. Желтоқсан көтерілісін зерттеу үшін М. Шаханов бастаған Қазақ КСР жоғарғы Кеңесі комиссиясы құрылды. Бұл комиссиясының анықтағанындай ішкі істер министрлігі – 2236, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті - 2212, прокуратура-2401 адам ұстаған. Жалпы 8500 адам ұсталған. 99 адам әр түрлі мерзімге сотталған. Ек адам Рысқұлбеков пен Әбдіқұлов ату жазасына кесілді. Артынан кешірім жарияланып Рысқұлбековтың жазасы 20 жылға, Әбдіқұловтың жазасы 15 жылға ауыстырылды. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев сынды жастар Желтоқсан көтерілісі салдарынан қаза тапты. Желтоқсан көтерілісі күшпен басылғаннан кейін қазақ жастарын қуғындау басталды. 264 адам жоғарғы оқу орнынан шығарылды. Жоғарғы оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Жалпы 90 мыңға жуық қазақ жастары басқа аймақтарға кетуге мәжбір болды.1986 жылғы СОКП орталық комитетінің 25 желтоқсандағы мәжілісінде қазақ жастарының демократиялық бой көрсетуі «қазақ ұлтшылығының көрінісі» деп бағаланды. Тек үш жылдан кейін ғана 1989 жылы Қазақстан жоғарғы Кеңесі бұл бағаны айыптап, қазақ жастарының қозғалысын демократиялық қозғалыс деп әділ бағасын берді.

Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.ТМД-ның құрылуы.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы және тәуелсіздік туралы заң. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Сөйтіп, Қазақстан 260 жылға созылған отарлық бұғаудан құтылып, өз алдына дербес мемлекет құруға мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, әлемдік нормалары қатаң сақтай отырып, әлемдік қауымдастықпен байланысқа көшті. Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Қазіргі уақытта Қазақстан дүние жүзінің ірілі-кішілі мемлекеттерімен тең дәрежеде байланыс жасауда. Қазақстанды әлемнің 140-қа жуық елдері ресми таныды. Қазақстан 50-ге жуық мемлекеттерде өз елшіліктерін ашты. Қазақстан дүние жүзінде территориясы жағынан 9-шы, адам саны жағынан 50-ші орын алады. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Соның ішіндегі негізгі қазақ халқы 1997 жылы демограф, ғалым Мақаш Тәтімовтың есептеуі бойынша, 8 млн.-ға жетіп, Республика халқының жартысынан астамын құрап отыр. Дүние жүзі бойынша қазақтардың саны 12 млн.-ға жетті. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құру (ТМД). 1990 және 1991 жылдары еліміздегі басты мәселелердің бірі жаңа Одақтық

124

Page 126: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

келісімге қол қою болды. Жаңа келісім шартқа 1991 жылы 20 тамызда қол қою көзделген еді. 1991 жылы тамыздың 19-ы мен 21-і арасында Кеңестер Одағында әскери төңкеріс әрекеті жасалды. Төңкерісті ұйымдастырушылар Г. Янаев, О. Бакланов, В. Павлов елде төтенше комитет құрды. Олар ел Президенті М. С. Горбачевті үш тәулік бойы Форостағы демалыс үйінде қамауда ұстап, өз еркімен Президенттік өкілдігінен бас тартуды талап еткен. Сонымен бір мезгілде, 19-20 күндері әскери бөлімдер күшімен Россия жоғарғы Кеңесінің үйін басып алуға бірнеше рет әрекет жасады. Ельцин бастаған Россия басшыларын халық қолдады. Соның нәтижесінде төңкерісшілер Ақ үйді басып ала алмады.Бұл күндері Қазақстанда жағдай бір қалыпты болды. 20 тамызда Н.Назарбаев арнайы мәлімдеме жасап, төтенше комитетінің іс-әрекеттерінің ешқандай заңға, Конституцияға сәйкес келмейтінін ашық айтты. Осы оқиғадан кейін Одақтық шартқа басқаша көзқарас туды. Бұл оқиға Одақтың ыдырауын шапшаңдатты. 1991 жылы 8 желтоқсанда Белоруссияда Россия, Белоруссия, Украина басшылары тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімге қол қойды. Сонымен бірге 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда тоғыз мемлекеттен тұратын тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылды. Алматы кездесуінде КСРО-ның ыдырап, ТМД-ның құрылғаны туралы Декларация қабылданды.Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін «Тәуелсіздік туралы заңын» жариялады. Оның негізгі тұжырымдарын қысқартып айтатын болсақ, 1 бабында былай дейді: Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқтық мемлекет. Ол өз территориясында үкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді. 2-ші бап: Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттерімен өзара қатынас халықаралық құқ принциптері бойынша құрады. 3-ші бап: Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. 4-ші бап: Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында бітұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылды. 5-ші бап: Жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, экономикалық және ғылыми техникалық потенциал Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрай отырып, тек қана соның меншігінде болады.

Қазақстанның саяси-құқықтық құрылымының қалыптасуы.

Тәуелсіз Қазақстандағы саяси реформалар. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін саяси саладғы мақсаттар мынадай басты

125

Page 127: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

міндеттерге жұмылдырылды. Күшті Президенттік басқару бағытындағы мемлекеттің дамуы, көппартиялық жүйені құру; тұрақты экономикалық реформаны қамтамсыз ету; көп бағытты әскери-саяси және экономикалық одақтармен келісімдерге келу, демократиялық құқықтар мен адам бостандығын сақтай отырып, Қазақстанның әлемдігі саяси салмағын көтеру, әлемдік қатынаста Қазақстанның геосаяси жағдайын пайдалану болды.Мемлекеттік елтаңбалардың заңды түрде қалыптастыру жұмыстары басталды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Жоғарғы Кеңес суретші Шәкен Ниязбеков жасаған мемлекеттік елтаңбаны, архитекторлар Жандарбек Малибеков пен Шота Уалиханов жасаған мемлекеттік елтаңбаларға жоғарғы баға берді. Ән ұранның авторлары Мұзафар Әлімбаев, Қадір Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева болды. 1992 жылы 4 маусымда жоғарғы Кеңес жаңа мемлекеттік рәміздерді бекітті. Осы жылдардағы саяси өмірдегі басты міндеттердің бірі еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау болды. Конституция халықтың талқылауына ұсынылды. Жоғарғы Кеңесте және халық арасында: экономикалық мәселелер, жерге жеке меншік. Қазақстанның әкімшілік-территориялық құрылымы, мемлекеттік тіл төңірегіндегі пікірлер қызу талқыланды. 1993 жылы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Бұл бірінші Конституциямыз, елімізде демократияны дамытуда, құқықтық мемлекеттің заңдық базарларын қалыптастыруда, Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен байланысын дамытуда үлкен роль атқарды.Сонымен бірге бұл Конституциядағы көптеген әлеуметтік жеңілдіктер, экономикадағы нарықтың заңдарымен сәйкес келмеді. Сондай-ақ еліміздегі Президент билігін күшейту және заң шығару саласын жетілдіру қажеттігі де туындады.Соған орай 1995 жылы шілде айының басында бүкіл халықтық талқылауға жаңа Конституцияның жобасы ұсынылды. Бүкіл халықтық талқылаудан кейін 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституциясының жобасы бойынша Республикалық референдум болды. Бүкіл халықтық референдумда дауыс берген халықтың 89% жаңа Конституцияны қабылдауға дауыс берді. 30 тамыз мемлекеттік мереке, Конституция күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституцияның мынадай негізгі баптары бойынша өзгешеліктер бар. Президенттік басқаруға байланысты, заң шығарушы парламентке байланысты, жерге байланысты, халыққа білім беруге байланысты, денсаулық сақтауға байланысты және тілге байланысты.1995 жылы 29 сәуірде Президенттің өкілеттілігін 2000 жылға дейін ұзарту туралы бүкіл халықтық референдум болды. Референдумға қатысқан халықтың 95% Президенттің өкілеттілігін ұзартуға дауыс берді.

126

Page 128: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасуы. Еліміздегі демократиялық процестердің жандануына байланысты 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың бас кезінде Республикамызда түрлі бағыттағы қозғалыстар мен партиялар құрылды. Олар: экологиялық бағыттағы «Невада-Семей» қозғалысы, Балқаш пен Арал проблемалары жөніндегі комитет, Азат қозғалысы, белгілі бір ұлттың немесе ұлттық топтардың мүддесін көздейтін «Единство», «Алаш», «Желтоқсан», Қазақстан социал-демократиялық, Халық конгрессі тәрізді партиялар еді. 90 жылдардағы құрылған саяси қозғалыстардың бірі «Азат» қозғалысы еді. Халқымыздың тәуелсіздік алуы жолындағы қажырлы еңбек еткен саяси қозғалыстардың бірі «Азат» ұйымы болғандықтан оның жарғысына тоқтала кетейік.1. Қазақстанның «Азат» республикалық қозғалысы еріктілік негізде Қазақстан азаматтарының басын қосатын саяси ұйымы. «Азат» Қазақстан жерінде гуманистық, әлеуметтік мұраттар мен ұлттық әділеттілікті мақсат ететін иманжүзді қазіргі дәуірге сай ұлттық демократиялық тәуелсіз мемлекет орнату жолында күреседі.2. Қазақстанның толық саяси және экономикалық тәуелсіздігіне жету, ел басқаруда «Халық үкіметі» принципін қатаң сақтау, ұлттың өзін-өзі билеу саясатын іс жүзіне асыру, олардың саяси-әлеуметтік қамқоршысы болу «Азат» қозғалысының басты мақсаты.Осы құрылған партиялармен қозғалыстардың ішінде ұлтаралық тыныштықты бұзып, келеңсіз қылықтарымен көрінгендері де болмай қалған жоқ. Мәселен, «Единство» партиясының қабылданған құжаттарында, партия халықтың барлық топтарын біріктіреді, ұлтына қарап бөлінуге жол бермейді, қозғалыс ұлтшылдықтың, шовинизмнің, ұлтына қарай артықшылық жасаудың кез келген көріністеріне қарсы күреседі делінген. Ал іс жүзінде олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне қарсы күресуде. Тек славян халықтарының мүддесін көтеруде.1994 жылға дейін Қазақстанда арнайы әділет министрлігінің тіркеуінен өткен мынандай партиялар мен қозғалыстар болды. Партиялар: Қазақстан социалистік партиясы, Қазақстан Республикалық партиясы, Қазақстан Халық Конгресі партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы. Қозғалыстар: «Невада-Семей», «Азат»,«Қазақстан жұмысшы қозғалысы», «Лад» республикалық славян қозғалысы. 1995 жылдан бастап елімізде жаңадан құрылған саяси партиялар пайда болды. 1995 жылы қаңтар айында Қазақстанның «Өрлеу» партиясы құрылды. Партия еліміздің әлеуметтік қорғансыз бөлігі: әйелдер, мүгедектер, зиялы еңбек қызметкерлерінің мүддесін қорғайды делінген. 1995 жылдың бас кезінде Қазақстанның аграрлық партиясы құрылды. Оның басты мақсаты ауыл шаруашылығы саласы халқының әлеуметтік-

127

Page 129: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

экономикалық және саяси мүддесін қорғау болды. Сонымен бірге 1999 жылы елімізде «Отан», Азаматтық партия сияқты жаңа партиялар да пайда болып, саяси процесстерге белсене араласуда. Бұлардың қатарын 2002 жылы наурыз айында құрылған «Ақ жол», 2003 жылы желтоқсан айында құрылған «Асар» партиялары толықтыра түсті. Сонымен, Тәуелсіздік алғаннан бергі саяси процестерді қортындылайтын болсақ, ол бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезең (1991-1993 жж.) бұрынғы саяси жүйені өзгертіп, жаңа саяси жүйені қалыптастыруға бағыт алынды. Бір партияның билігі жойылып, көппартиялық жүйе енгізілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кеңейтілді. Елімізді парламенттік-президенттік басқару формасы қалыптасты. Екінші кезең (1994-1995 жж.) саяси жүйедегі еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, психологиялық, геосаяси, ұлттық ерекшеліктерін қарастыру процессі жүргізілді. Алғаш рет еліміздегі Жоғарғы Кеңеске баламалы түрде сайлау өткізіліп, жергілікті жерлердегі өкілетті билік өкілдері қалыптасты. Үшінші кезеңде (1996-1998 жж.) 1995 жылы референдумда қабылданған Конституция, Президенттік басқару формасына өтуде заңдық тұрғыдан бекітіп, алдағы уақыттағы саяси жүйенің даму бағытын айқындап берді. Елімізде екі палаталы кәсіпқой Парламент және басқа да саяси жүйе институттары құрылды.Төртінші жаңа кезең 1998 жылдың қыркүйегіне бастау алады. Бұл кезең Президенттің Қазақстан халқына арналған жолдауын жария етуден және 1998 жылы күзде еліміздің Конституциясына және басқа заңдық актілеріне өзгеріс енгізуден, Парламенттің құқықтарын кеңейтуден басталды. Сайлау жүйесіне реформа да жүргізілді. Рухани даму. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қоғам өмірінің өзекті салаларының бірі ретінде мәдениет құрылысы саласына айрықша назар аударыла бастады. Өйткені, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын қағажу көрген тілімізді, өнерімізді, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді, жалпы мәдениетіміздің даму деңгейі көтеріп, қолдау аясын кеңейтуге мүмкіндік туды. Мемлекетіміздегі мәдени құрылысының үлкен бір бөлігі – білім саласы. Сондықтан-да, тәуелсіздік жылдары қазақ балабақшалары мен қазақ мектептерін ашу жолында көптеген жұмыстар атқарылды. Мәселен, 1989 жылмен 1993 жыл аралығында 4 жылда қазақ мектептерінің саны 839-ға көбейген. Сонымен қатар, Республикамыздағы білім беру саласында проблемалық мәселелер де болды. Оның себептері мен кемшіліктері әр алуан болатын. Ең бастысы, Қазақстан республикасы «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы» заңының 7-бабының 3 тармағының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 39-тармағының 2,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік және білім беру жүйесінің ғимараттарын жалға беруге болмайтындығының өрескел

128

Page 130: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

бұзылғандығы болды. Нарық заңын сылтауратып, көптеген басшылық орындарында отырған шенеуніктердің балабақшаларды, орта мектептерді жеке меншікке сатуы немесе жалға беруі білім беру саласындағы жағдайды ұшықтыра түсті. Президент Н.Назарбаев 1997 жылы Республика активінің жиналысы алдында сөйлеген сөзінде халыққа білім беру жөніндегі бүгінгі күні жіберіліп отырған кемшіліктерді дереу түзетуді, жалпыға міндетті оқумен қамтамасыз етуді, жағдайы төмен ауыл мектептеріне жәрдем беруді талап етті. Экономикамыз қиын жағдайда тұрғанына қарамастан, мемлекет тарапынан мектептерді компьютерлендіруге 22 миллион АҚШ доллары бөлінетін және 1998 жылдан бастап мектептердің компьютерлермен жабдықталынатыны айтылды. Республикамыз нарық қатынасы өтуіне байланысты, білім беру жүйесі елеулі өзгеріске ұшырады. Нарық заңына сай мемлекеттік оқу орындарымен қатар, жеке меншік оқу орындары пайда болды. Республикамызда оқу жоспары сан-салалы балабақшалар, мектептер, лицейлер, колледждер, жоғары оқу орындары көптеп ашылды. Тәуелсіз Республикамыз білім саласы бойынша шет мемлекеттермен тікелей байланысқа көшті. Соның нәтижесінде жастарымыздың шетелдерде білім алуына мүмкіндік туды. Осыған сай «Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық степендияларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 5 қарашада №1394 қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес Президенттің «Болашақ» атты 250 халықаралық степендиясы белгіленді. Алайда, шетелдерде озық, жетекші жастарды іріктеп жіберудің алғашқы кезеңінен бастап-ақ, осы іске жауапты білім, мәдениет Министрліктері тарапынан және республикамыздың жоғары оқу орындары басшылары тарапынан елеулі кемшіліктер жіберілді. Мәселен, Білім Министрлігі Президенттің қаулысын орындау мақсатында нақты жоспарланған, айқын шаралар қолданбаған. Әрбір степендиятпен келісім-шарт сауатты жасалмаған. Степендияттарды іріктеуде әдеп нормаларына ауытқып, тамыр-таныстыққа жол берілген. Соның салдарынан үш жыл ішінде шетелге жіберген 30 степендият сабаққа үлгермеуі себебінен оқудан шығарылып, 21-елге қайтып оралмады. Еліміздегі жүргізіліп отырған мәдениет құрылысы саласында ғылымның орны ерекше болып отыр. Дүние жүзіндегі көптеген елдер экономикадағы елеулі жетістікке осы ғылым мен білімнің арқасында жетіп отырғаны белгілі. Қазіргі таңда ел экономикасын көтерудің бірден-бір жолы ғылымды дамыту, оған айрықша көңіл бөлу болып отыр. Осыған сай ең бірінші кезекте республикамыздағы барлық ғылыми-техникалық орталықтар мен мекемелердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің мүддесіне қызмет ететін келелі ғылыми орталықтарын құру болды. Республика

129

Page 131: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Президентінің жарлығымен: экология және табиғи ұлттық орталығы, радиоэлектроника және байланыстар жөніндегі ұлттық орталық, информатика және есептеу техникасы жөніндегі орталық, биотехнология жөніндегі ұлтық орталық, механика мен машина жасау орталығы, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты және басқа ғылыми мекемелер мен зерттеу орталықтары құрылды. Салалық ғылым академиялары жүйесі кеңейтіліп, 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы инженерлік және ауыл шаруашылық академиялары жұмыс істей бастады. Мәдени құндылықтарымыз ажырамас бөлігінің бір саласы көркем әдебиет пен өнеріміз тәуелсіздік жылдары үлкен өзгерістерге ұшырады. Республикамыздың мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі 1992 жылы маусым айында бүкіл дүниежүзілік қазақтардың бірінші құрылтайы болды. Осы бастаманың жалғасы бүкіл дүние жүзілік қазақтардың үшінші құрылтайы 2002 жылы қараша айында Түркістан қаласында өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кеңестік дәуірде жазықсыз жазаланып атылып кеткен А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың әдеби мұралары жарыққа шықты. 1995 жылы ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 150 жылдығы дүние жүзінде аталып өтілді, 1996 жылы ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы республикамызда кеңінен аталып өтілді, ал 1997 жылы қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойының аталып өтілуі және осы салада біршама істердің атқарылуы нәтижесінде, рухани құндылықтарымыз молая түсті.

Қазақстан нарықтық экономика жылдарында. Экономикалық даму.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты жұмыс істеп отырған кәсіпорындар бірінен соң бірі тоқтап жатты, соған орай, жұмыссыздық көбейіп кетті, тұрмысқа қажетті тауарлардың жаппай тапшылығы үдей түсті. Асқынған инфляция шарықтап кетті. Мәселен 1991-1993 жылдар аралығында еліміздегі инфляция деңгейі 2.200 пайызға дейін өскен. Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты, нарықтық экономика жолына 1992 жылдың қаңтар айынан аяқ басты. Алғашқы кезде елімізде өзара байланысып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:- экономиканы тұрақтандыру және дағдарыстан шығару;- нарықтық қатынастарды құру және дамыту.

130

Page 132: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Еліміздің алғашқы кездегі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылы жарияланған «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» және 1993 жылы көрген «Қоғамның идеялық бірігуі - Қазақстанның дамуының кепіл» деген еңбектерінде жарияланды. Олар:- реформаларды ойдағыдай жүзеге асырудың сөзсіз саяси шарты ретінде тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты қамтамсыз етуі;- меншіктің мемлекеттік және мемлекетті емес нысандарын қамтитын әлеуметтік рыноктың шартты және практикалық базасын жасау;- өзінің барлық азаматтарының жеткілікті әл-әуқат дәрежесін қамтамасыз ететін қоғам құру;- адамның еркіндігі мен құқтарын сақтау, дүниежүзілік экономикада бекем шептерге ие болу негізінде Қазақстанның дүние жүзілік қауымдастықтағы лайықты беделін қалыптастыру;- демократиялық өзгерістерді тереңдету, саясатта алуан пікірлікті қамтамасыз ету;- Қазақстанның дамуы үшін шетел инвестициясын тарту және пайдалану;- Ұлттық валютаны енгізу және оның ішкі, сыртқы еркін айналымын қамтамасыз ету.Сонымен елімізде жүргізілген экономикалық реформаның алғашқы кезеңі. 1992-1993 жылдардың аралығы болып табылады. Бұл кезең экономиканы түбегейлі қайта құрудан, яғни жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуден басталып, ұлттық валютамызды енгізгенге дейін аралықты қамтиды. Нарықтық экономиканың заңдық базасы құрылды. Сыртқы экономикалық қатынас, оның ішінде шетел капиталын тарту, банкі саласын қалыптастыру шаралары жүргізілді. Экономикалық реформаның екінші кезеңі 1993 жылы қараша айында ұлттық валютамызды енгізуден және өзіміздің макроэкономикалық саясатымызды қалыптастырудан басталды. Ұлттық теңгеміздің енгізілуі еліміздің экономикалық және саяси өміріндегі үлкен маңызды оқиға болды. Еліміз 1992 жылдан бастап нарықтық қатынасқа көшкеннен кейін мемлекеттік нысандар жаппай жекешелендірілді. Өйткені, жекешеледіру экономикалық реформалар саясатының басты бағыттарының бірі болды. Содан бергі аралықта республика бойынша жеке кәсіпорындардың үлес салмағы 80 пайыз, соның ішінде өнеркәсіпте – 86, ауыл шаруашылығында – 95, құрылыста – 84, көлікте – 96 пайыз. Ұлттық өнім өндірісінің ортақ көлеміндегі жеке сектордың үлесі 50 пайыз, оның ішінде өнеркәсіпте – 40, ауыл шаруашылығында - 90 пайызға жуық, құрылыста – 60, саудада – 85 пайыз болып отыр. Сөйтіп, ел экономикасында жеке сектор басым болып отыр. Сөйтіп, ел

131

Page 133: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

экономикасында жеке сектор басым болып отыр. Қазіргі уақытта «Жеке меншік кәсіпорындарда 4,7 млн. адам жұмыс істейді, бұл экономикада жалпы еңбекпен қамтылғандардың 77 пайызын құрайды. Елімізде миллионға жуық азамат еңбек ететін 400 мыңдай шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істейді. Республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізінен алғанда шикізат кешенінің даму бағытын тікелей байланысты болып отыр. Олай дейтініміз Қазақстан әлеміндегі шикізат қоры бай елдердің қатарына жатады және экономикасы шикізат өндіруге бағытталған. Қазақстан фольфрам, ванадий, уран және барий қоры жөнінде бірінші орын алса, әлемдік мыс қорының 10 пайызын, қорғасынның – 19, мырыштың – 13, темірдің – 10, көмірдің – 9, марганецтің – 25, хромий кендерінің – 30 пайызын иеленіп отыр. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы экономикалық дамуда көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, ілгері дамып келеді. Жетістіктері баршылық. Мәселен, 2000 жылы ішкі жалпы өкімінің өсімі 9,6% болды. Өндіріс көлемі – 14,6%, жүк тасымалдау – 13,3%, сыртқы тауар айналымы – 56,7% өсті. 2000 жылы елдің экономикалық өсімі 10%-ға жуық көтерілді. 2001 жылы бұл көрсеткіш 12%-ға артты. Соның нәтижесінде әлеуметтік сала бойынша жалақы мен зейнетақы деңгейін көтеріп, ТМД елдері арасында алдыңғы қатарға шығуға мүмкіндік туды. Қазақстанның ішкі экономикасын көтеру арқылы инвестициялық ахуалын жақсартуға негіз қаланды. Он жылдың ішінде еліміздің экономикасына 18,5 млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылды.

Қазақстанның сыртқы саясаты және шетелдермен қарым-қатынастары.

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін өз шекарасының мызғымастығы және қауіпсіздігін бірінші кезекке қойды. Сыртқы саясат саласында жас тәуелсіз мемлекеттің алдында күрделі міндеттер тұрды. Бұл міндеттер туралы Нұрсұлтан Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде былай деп жазды: «Біріншіден, біздің мемлекетіміздің шын сипатын танытуымыз керек болды. Екіншіден, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуіміз қажет болды. Үшіншіден, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласуымыз қажет болды. Біздің сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі осындай өрелі міндеттерді жүзеге асырудан басталды».Қазақстан барлық ядролық зымырандарды Ресейге алып кетуге келісім берді. Осындай салиқалы саясаттың нәтижесінде дүние жүзілік қауымдастықтың Қазақстанға деген сенімі артты. Өз кезегінде

132

Page 134: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

Қазақстан да ұлы мемлекеттерден өз қауіпсіздігіне кепілдік беруді талап етті. 1994 жылы желтоқсан айында АҚШ, Ұлыбритания және Ресей Қазақстанның шекарасының мызғымастығы және оған қарсы ядролық қаруды қолданбайтындығы туралы келісімге қол қойды.Қазақстанды сыртқы саясат саласында қуаттап дем берген ең алғашқы мемлекет – Түркия мемлекеті болды. Түбіміз бір, тіліміз бір, мәдениетіміз ұқсас Түркия елі Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныды. Қазақстан Түркиямен дипломатиялық және экономикалық қатынасты дамытуға маңыз бере отырып, 1991 жылдың қыркүйек айында қазақ-түрік іскерлік кеңесін құрды. Кеңес 73 қазақстандық және 183 түркиялық кәсіпорындар ассоциация, фирма, банк, биржалардың басын біріктірді. Олардың қатарында «Қарағанды көмір», «Екібастұз көмір», «Маңғыстау мұнай өндірістік бірлестікетері» және тағы басқа ірі өндіріс фондары бар.Қазақстан Репсубликасы өзінің сыртқы саясат үлкен мемлекет Қытаймен қарым-қатынасқа үлкен мән беруде. Кеңестер дәуірінде Қытаймен арадағы қатынас ушығып кеткен болатын. Сонымен бірге Қазақстанның Қытаймен арадағы шекарасы 1740 километрге созылып жатыр. 1992 жылы тамыз айында Қазақстан мен Қытай арасында, ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойылды. Қытайда Қазақстан елшілігінің ашылуы, Қазақстан-Қытай шекара келісіміне қол жетуі – Республикамыздың сыртқы қатынастарға зор табысы. 1995 жылғы ақпанда ҚХР-дың Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік бергені екі елдің қарым-қатынасын одан әрі баянды ете түсті.Қазақстан Республикасының АҚШ, Канада және Батыс Европадағы дамыған елдермен дипломатиялық және экономикалық қатынасын дамытудың маңызы зор. 1992 жылғы мамырда Президент Н.Назарбаевтың АҚШ-қа барған сапарында Президент Дж. Буш екеуі үш келісімге қол қойды. Бұл келісімдер сауда, экономикалық және инвестициялар саласындағы байланыстарды кеңейту үшін құқтық негіз қалады.Францияның «Эльф Акитен», Англияның «Бритиш газ», Италияның «Аджип» сияқты компанияларымен мұнай және газ өндіру үшін іскерлік байланыстар жасалуда.Сонымен қатар, тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерімен Қазақстан арасында шекараның ашықтығы, азаматтардың жүріп-тұру бостандығы сақталып отыр. 1996 жылы желтоқсан айында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары арасында мәңгілік достық қол қойылды. Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден

133

Page 135: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды

Курс бойынша студенттердің өз бетімен орындайтын рефераттар мен баяндамалардың тақырыптары:

1. Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары.2. Қазақстандық археологтар және олардың қызметі.3. Қазақстандағы тас дәуірінің ескерткіштері.4. Андронов мәдениеті.

134

Page 136: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

5. Қола дәуірі адамдарының діни түсініктері мен өнері.6. Қола дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық ескерткіштері. 7. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.8. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан тайпалары. 9. «Алтын адам» ескерткіші.10. Ежелгі парсы және грек жазба деректеріндегі сақтардың тарихы.11. Ғұн тәңірқұттары және олардың саясаты. 12. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.13. Үйсін мемлекеті.14. Қаңлы мемлекеті.15. Үйсіндер мен қаңлылардың ескерткіштері.16. Ерте орта ғасырлардағы (VI-XII ғғ.) Қазақстан қалалары.17. Ерте ортағасырлық Қазақстанның рухани мәдениеті.18. Әбу Насыр әл Фараби және оның әлемдік ғылымға қосқан үлесі.19. Ұлы Жібек жолы және оның қазақстандық тармақтары.20. Қыпшақ хандығы.21. Қарахандар мемлекетіндегі феодалдық қатынастар.22. Алтын Орда мемлекеті.23. Мұхаммед Хайдар Дулати тағылымы.24. Қазақ халқының шығу тегі туралы.25. Қозыбасы – Қазақ хандығының туы тігілген жер.26. Қазақ хандары.27. ХVI-ХVIІ ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті.28. Көшпелі қазақтардың елшілігі.29. Қазақ-жоңғар қатынастары.30. Тәуке хан және оның «Жеті Жарғысы».31. Қазақ билері.32. Қазақтарды жоңғар басқыншылығына қарсы күресіндегі қазақ батырлары.33. Қазақ жерлерінің Ресей империясы құрамына қосылуы.34. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы.35. ХVIІІ ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.36. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс.37. ХІХ ғасырдағы қазақ-қытай байланыстары.38. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.39. Шоқан Уәлиханов және оның ғылыми қызметі.40. ХІХ ғ.-ң екінші жартысындағы Қазақстандағы өлкетану және ғылыми зерттеу ұйымдарының қызметі.41. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қатынас жолдары мен сауданың жағдайы.

135

Page 137: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

42. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктер.43. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар және олардың ерліктері.44. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарындағы Қазақстан.45. ХХ ғ.-ң екінші жартысындағы Қазақстанның экологиялық проблемалары.46. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты мен халықаралық жағдайы.

Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары

1 - НҰСҚА1. Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның алғашқы іздері қандай дәуірлерге жатады

136

Page 138: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

A) НеолитB) ЭнеолитC) Ерте палеолитD) МезолитE) Соңғы палеолит

2. Андронов мәдениетінің тұрақтары алғаш рет ... қаласына жақын жерде табылды

A) ОрынборB) Тараз C) АлматыD) Ачинск E) Шымкент

3. "Шошақ бөрікті" сақтардың мекені:A) Мургаб аңғары.B) Алтай.C) Арал маңы.D) Қара теңіз маңы.E) Жетісуда.

4. ІХ ғ. мен ХІ ғ. бас кезінде қандай тайпалар Сырдариядан Еділге дейінгі аумақты иеленді?

A) ОғызB) ҚарлұқC) ТүркешD) ҚарақытайE) Қарахандықтар

5. Қазақстанның оңтүстігінде XІғ. Тұрғын үйдің жаңа түрлері, біркелкі, тура есіктермен жалғастырыла салынған бөлмелері бар үйдің атауы:

A) Крестік.B) Анфиладалы.C) Фасадтық.D) Порталдық.E) Бағаналық.

6. Ерте орта ғасырларда Орта Азияда соғдылықтар қандай дінді таратқан:

A) Будда.B) Христиан.C) Мұсылман.D) Манихейлік.E) Зороастра.

8. Моғолстан кімдермен болған соғыста әлсіреп бөлшектеніп кетті?A) Ақ ордаменB) Темір мемлекетімен

137

Page 139: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

C) Алтын Орда хандарыменD) ЖоңғарларменE) Ноғай ордасымен

9. 1510 ж. Сығанақ түбінде Мұхаммед Шайбани кімнің әскерлерінен күйрей жеңіліске ұшырады?

A) ОйраттарB) ҚасымC) ТемірD) ХақназарE) Есенбұға

10. Кесенелерді салудағы негізгі үлгі:A) Күмбез тәріздес.B) Конус тәрізді.C) Өткір ұшты.D) Куб тәріздес.E) Шатыр тәріздес.

11. XVІІІ ғ. І жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы.

A) Батыр сұлтан.B) Барақ сұлтан.C) Абылай хан.D) Сәмеке хан.E) Әбілқайыр хан.

12. Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін қай қазақ жауынгеріне көгілдір ленталы медаль берілді?

A) Әмен Байбатырұлы.B) Сүлеймен батыр.C) Нарынбай Жанжігітұлы.D) Ықсан Әубәкірұлы.

E) Қарынбай Зындағұлұлы.13. Қоқан әскер күштерінің Қаскелең өзені жағалауында салған Таушыбек бекінісін орыс әскерлері қай жылғы жазда басып алды?

A) 1853 ж.B) 1854 ж.C) 1852 ж.D) 1851 ж.E) 1850 ж.

14. 1813 ж. Орынборда ашылған училищеде даярланған мамандар.A) МолдаларB) ОфицерлерC) МұғалімдерD) Аудармашылар

138

Page 140: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

E) Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер15. 1867-68жж. "Ереженің" ең негізгі түйінді жері.

A) Округтардың жойылуыB) Әскери губернатордың облыстағы казак әскерінің атаманы болып есептелуі.C) Түркістан генерал -губернаторлығын құрылуы.D) Әскери соттардың құрылуыE) Әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолына шоғырлануы

16. Шоқан Уалиханов қашан Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.

A) 1856 жылы.B) 1854 жылы.C) 1848 жылы.D) 1857 жылы.E) 1853 жылы.

17. ''Қалқаман-Мамыр'' поэмасының авторы:A) Ш.Құдайбердіұлы.B) А.Байтұрсынұлы.C) Ә.Бөкейханов.D) С.Сейфуллин. E) М.Шоқай.

18. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстың әлеуметтік базасын атаңыз.A) Қолөнершілер.B) Шаруалар.C) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.D) Зиялылар.

E) Жұмысшылар.19. 1917 ж. шілдеде Верныйда реквизицияланған жұмысшылардан құрылған Қара жұмысшылар одағын кім басқарды?

A) Ж.Алдоңғаров.B) Р.Марсенов.C) Ж.Аубаев.D) Ж.Бабаев.E) М.Айтпенов.

20. 1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған түні қарулы көтерілістің нәтижесінде Кеңес үкіметі қай қалада орнады?

A) ВерныйB) ПетропавлC) АқтөбеD) Семей

139

Page 141: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

E) Қостанай21. Қазақ АКСР-нің құрылғанын жариялаған құжат:

A) Құрылтай съезінің резолюциясы.B) "Қазақ АКСР-нің құрылуы жөніндегі" декрет.C) Қазақ АКСР-нің құрылуы туралы заң.D) КСРО Конституциясы.E) Қазақ АКСР-нің Конституциясы.

22. 1921ж. еңбекшілердің жағдайын жақсарту үшін Түркістан ХКК-і декрет қабылдады:

A) Асханалардағы түскі ас ақысын төмендету.B) Жанар-жағар май бағасын төмендету.C) Сауда-саттық және отынды халыққа тегін жіберу.D) Коммуналды қызметтер ақысын төмендету.E) Сауда-саттық бағасын төмендету.

23. 1930-32 ж.ж. еліміздегі жағдай:A) Қаржы дағдарысы.B) Ашаршылық.C) Саяси дағдарыс.D) Экономикалық дағдарыс.E) Діни негіздегі қарама-қайшылық.

24. 1931 жылы Қарағанды облысының аумағында Осакаров ауданында шамамен болған қоныс-обсервация саны:

A) 25 B) 35 C) 20 D) 30

E) 4025. Алматыда медицина институты қашан ашылды?

A) 1930 ж.B) 1928 ж. C) 1931 ж.D) 1929 ж.E) 1932 ж.

26. Әлия Молдағұлованың майдандағы әскери қызметі:A) Пулеметші.B) Байланысшы.C) Мерген.D) Медбике.E) Бақылаушы.

27. 1945 жылы фашистік басқыншылардан зардап шеккен аудандарға 500 трактор мен ауыл шаруашылық машиналарды көмек ретінде қайда жіберді?

140

Page 142: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

A) Латвия.B) Украина.C) Молдова.D) Белоруссия.E) Литва.

28. 1967 жылы Л.И.Брежнев КСРО-да төмендегідей қоғам орнады деп мәлімдеді.

A) Социализм негізі.B) "Адам келбетті" социализм.C) Коммунистік қоғам.D) Кемелденген социализм.E) Коммунизм негізі.

29. 1990 жылдың қазан айында Қазақстан өзінің :A) Ішкі істер әскерін құрды.B) Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.C) Жаңа Конституциясын қабылдады.D) Президентін сайлады.E) Егемендік туралы Декларациясын қабылдады.

30. Қазіргі Конституция бойынша Қазақстан Республикасында басқарудың қандай формасы бекітілген?

A) Аралас.B) Теократтық.C) Монархиялық.D) Президенттік.Е) Парламенттік.

2 - НҰСҚА1. Ежелгі мустьер кезењіндегі адамдардыњ атауы:

A) Епті адам.B) Кроманьон.C) Неандерталь.D) Питекантроп.E) Синантроп.

2. От құдайы Агнияға арнап құрбандыққа шалынған мал:A) Жылқы.B) Сиыр.C) Бұқа.D) Қой.E) Ешкі.

3. Қазақстан жерінің негізгі бөлігін б.з.д. VІІ-ІV ғ.ғ. ... жайладыA) СақтарB) АландарC) Үйсіндер

141

Page 143: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

D) ҚаңлыларE) Түркілер

4. Түркеш қағанатының астанасы - A) БаласағұнB) СығанақC) СуябD) ТаразE) Фараб

5. Ерте ортағасырлық түрік тілдес тайпалардің діні:A) Маниге табынуB) Аллаға табынуC) Иисусқа табынуD) Тәңірге табынуE) Буддаға табыну

6. Қазақстан аумағында ескерткіштің жаңа түрі балбалдар тізбегінің мүсіні кімдердің келуіне байланысты пайда болды?

A) ТүркілердіңB) ҚытайлардыңC) АрабтардыңD) ВизантиялықтардыңE) Соғдылардың

7. Монғол империясының негізін салушы Шыңғыс хан қай жылы туды?

A) 1155 ж.B) 1166 ж.C) 1177 ж.D) 1144 ж.E) 1133 ж.

8. 1428-1468 ж.ж. батысында Жайықтан шығысында Балқашқа дейінгі аумақта қай хан билік етті?

A) ЖәнібекB) ЕсенбұғаC) ҚасымD) ӘбілқайырE) Ақназар

9. Қазақ хандығында тәртіп сақтау және мемлекеттік құрылыстың негізгі принциптерін анықтаған "Жеті жарғы" заң жобасы қай ханның тұсында жасалды?

A) АбылайB) ХақназарC) Есім ханD) Қасым

142

Page 144: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

E) Тәуке10. Тарихшы Рузбихан қай кесене туралы "дүние жүзіндегі ең ірі құрылыстың бірі, кесенеде адамзаттың сәулет өнеріндегі жетістіктері таңғажайып дәрежеде берілген- деп жазды.

A) Айша бибі кесенесіB) Есім кесенесіC) Ахмет Яссауи кесенесіD) Бабаша-хатун кесенесіE) Қарахан кесенесі

11. Абылай хан қайда жерленген?A) Таразда.B) Қойлықта.C) Созақта.D) Түркістанда.E) Сығанақта.

12. 1841 жылы тамыз айындағы Кенесарының Ташкентке жорығының тоқтап қалу себебі:

A) Жаппас руының қарсылығы.B) Жұт.C) Қоқан ханының одақ болуға ұсынысы. D) Жантөре сұлтанның Кенесарыға қарсылығы.E) Сарбаздар арасында жұқпалы аурудың тарауы.

13. Верный аумағындағы Татар слободкасында алғашқы су диірмені ашылған жыл.

A) 1857 ж.B) 1855 ж.C) 1856 ж.D) 1854 ж.

E) 1858 ж.14. 1867-1868 жылғы реформа бойынша салықтан босатылғандар

A) молдалар мен имамдар.B) байлар.C) батырлар.D) Шыңғыс ханның ұрпақтары.E) билер.

15. 1870 ж. Маңғыстау көтерілісі адайлар үшін қандай нәтиже берді?A) Отарлық езгі әлсіреді.B) Шаңырақ салығын көбейтті.C) Соғыс шығыны ретінде 90000 қой өткізді.D) Салықты көбейтті.E) Су көздері бар құнарлы жерлер тартып алынды.

16. Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жылдары.143

Page 145: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

A) 1820-1850 ж.B) 1840-1870 ж.C) 1835-1865 ж.D) 1850-1880 ж.E) 1830-1860 ж.

17. 1914-1916 ж.ж. Түркістан өлкесі Ресейдің орталық аудандарын қандай шикізатпен қамтамасыз етті?

A) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.B) Ет өнімі.C) Мал.D) Мақта.E) Киіз үй.

18. 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы бойынша Түркістаннан және Дала өлкесінен қара жұмысқа алынуға тиісті адам саны:

A) 500 мың адам.B) 300 мың адам.C) 200 мың адам.D) 400 мың адам.E) 600 мың адам.

19. Жетісуда Кеңес өкіметі орнаған мерзім:A) 1918 ж. мамыр.B) 1918 ж. наурыз.C) 1917 ж. наурыз.D) 1917 ж. сәуір.E) 1919 ж. ақпан.

20. Қазақстанда азамат соғысының соңғы - Солтүстік Жетісу майданы қашан жойылды?

A) 1920 ж. мамырда.B) 1920 ж. наурызда.C) 1920 ж. ақпанда.D) 1920 ж. қаңтарда.

E) 1920 ж. маусымда.21. ЖЭС жылдары Ембі мұнайын өңдеуден түскен пайданың қанша проценті қазақ өлкелік бюджетіне түсті?

A) 8 %.B) 5 %.C) 2 %.D) 10 %.E) 12 %.

22. Кіші Қазан саясатына қарсы жақ қандай идеяны талап етті?A) Түйеден социализмге өту мүмкін емес.B) Далада зауыт пен фабриканы орналастырудың жөнсіздігі.

144

Page 146: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

C) Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақын орналастыру.D) Ауыл шаруашылық өндірісінің нәтижесін пайдалану.E) Орта және ұсақ кәсіпорындар салу.

23. 1930-1932 жылдардағы аштық кезеңінде республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен қазақтар саны:

A) 1 млн.B) 1 млн-нан астам.C) 950 мыңға жуық.D) 900 мыңға жуық.E) 800 мыңнан астам.

24. 1931 жылы наурызда алғашқы оқу жылын бастаған қай оқу орны?A) Ветеринарлық-зоотехникалық институт.B) Алғашқы педагогикалық институт.C) Қазақ мемлекеттік университеті.D) Алматы дәрігерлік институты.E) Қазақ ауыл шаруашылық институты.

25. Соғыс кезінде теңіз порты салынған қала:A) Балқаш.B) Гурьев.C) Семей.D) Ақтау.E) Арал.

26. Биология, медицина, геология саласындағы біраз ғалымдарға тағылған айып:

A) Идеологиялық тұрғыдан сенімсіз.B) Саяси сенімсіз.C) Дарынсыз.D) Ұлтшылдық.

E) "Космополит".27. Шығыс Қазақстан облысының орыс тілі мұғалімі, "өзгеше ойлайтын" деп айыпталып, КОКП қатарынан шығарылған:

A) Е.Бекмаханов.B) Қ.Жұмалиев.C) А.Асфендияров.D) Е.Исмаилов. E) М.Елікбаев.

28. XX ғ. 70 ж. Қазақстанның ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формаларын ұсынған, сол үшін сотқа тартылып түрмеде қайтыс болған ауыл шаруашылық саласының қызметкері кім?

A) А.Қадыров.B) И.Головацкий.C) С.Мұсанов.

145

Page 147: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

D) Н.Ким.E) И.Худенко.

29. Әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шиеленісуінен 1989ж. маусымда көпшілік тәртіпсіздіктерге ұласқан қала:

A) Алматы.B) Целиноград.C) Теміртау.D) Жаңа Өзен.E) Орал.

30. Президенттің қазақ халқына Жолдауындағы (2030) пікірі бойынша қазіргі кездегі республикада ауыр жүктерді тасуда қандай транспорт түрінің ролі зор?

A) Құбыр желісі.B) Темір жол.C) Әуе.D) Теңіз.E) Автомобиль.

3 - НҰСҚА1. Алғашқы құралдарды адам неден жасады?

A) ҚоладанB) АғаштанC) ҚыштанD) ТемірденE) Тастан

2. Жартылай және жартылай көшпелі мал шаруашылығына көшуге байланысты ... саны азайды

A) ТүйеB) ЖылқыC) Мүйізді ірі қараD) ЕшкіE) Қой

3. Ғұндар қанша руға бөлінді?A) 40B) 24C) 45D) 35E) 30

4. Ұйғыр қағанатының өмір сүруін кімдер тоқтатты?A) Түргештер.B) Арабтар.C) Қарлұқтар.

146

Page 148: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

D) Қытайлар.E) Енисей қырғыздары.

5. Деректер "даңқты әрі ізгі ниетті түрік-чаруктардың қаласы" деп қай қаланы айтты?

A) ИмақияB) ТаразC) СуябD) НавакетE) Янгикент

6. Жібек жолында Византиялық алтын солид үлкен сұраныста болып, не ретінде кеңінен пайдаланылды?

A) Елшілерге берілетін сыйақы ретіндеB) Айырбас теңге ретіндеC) Жалдамалы әскерге төленетін ақы ретіндеD) Әшекей бұйым ретіндеE) Халықаралық валюта ретінде

7. Темучинді (Шынғысханды) монғолдардың жоғарғы билеушісі деп жариялаған жыл.

A) 1211 жыл.B) 1219 жыл.C) 1205 жыл.D) 1155 жыл.E) 1221 жыл.

8. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға бара жатып қай қалада қайтыс болды?

A) БаласағұнB) ТаразC) СығанақD) ОтырарE) Сайрам

9. 1598 ж. Тәуекел хан қайтыс болды. Оған қай қаладағы ұрыста алған ауыр жарақаты себеп болды?

A) Үргеніштегі.B) Женттегі.C) Бұхардағы.D) Самарқандағы.E) Қашқардағы.

10. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің нәтижесінде Кіші жүз ханы болып кім сайланды?

A) Айшуақ.B) Нұралы.C) Қайып.

147

Page 149: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

D) Барақ.E) Уәли.

11. Кіші жүзде хандық билік жойылған жыл.A) 1819 ж.B) 1825 ж.C) 1822 ж.D) 1824 ж.E) 1817 ж.

12. 1858 ж. наурызда Қоқан билігіне қарсы Жетісуда болған көтеріліске қатысушылардың қозғаушы күштері:

A) қолөнершілер мен шеберлер.B) ұйғырлар мен өзбектер.C) қазақ және қырғаз шаруалары.D) мақташылар.

E) Жетісу жұмысшылары.

13. 1841ж. орысша-татарша білім беретін мектепті ұйымдастырушы.A) Орта жүз ханы Бөкей.B) Орынбор әкімшілігінің шенеунігі В.И. Даль.C) Ы. Алтынсарин.D) Батыс - Сібір губернаторы Гасфорт.E) Бөкей ордасының ханы Жәңгір.

14. 1967-68 ж.ж. Реформа бойынша Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына кірген облыстар.

A) Закаспий, АстраханьB) Сырдария, ЖетісуC) Ақмола, СемейD) Түркістан, ЖетісуE) Орынбор, Торғай

15. Құрманғазының дүниеге келген жеріA) Маңғыстау өңіріB) Бөкей Ордасы.C) Жетісу өлкесіD) Атырау бекінісіE) Ақмола облысы

16. 1905-1907 ж.ж. Семейдегі бұқаралық ереуілге шығушылар қандай талаптар қойды?

A) Жұмысшылардың ауырған күндеріне жалақы төлеу.B) Жұмыс уақытынан тыс кезде ақысыз жұмыс істеуге тыйым салу.C) Жұмыс күнін 10 сағатқа қысқарту.D) Жалақыны көбейту.

148

Page 150: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

E) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.17. 1916 жылы саналы компромисс тактикасын ұсынғандар:

A) Шаруалар.B) Революцияшыл демократиялық интеллигенция өкілдері.C) Пролетариат.D) Билер.E) Мұсылман дін басылары.

18. Орал облысында Кеңес үкіметі түпкілікті орнады.A) Азамат соғысы қарсаңында.B) Азамат соғысы кезінде.C) Петроградтағы Қазан төңкерілісінен кейінгі екінші күні.D) Кеңес үкіметінің салтанатты шеруі кезінде.E) Азамат соғысынан кейін.

19. Азамат соғысы жылдарында атаман Анненковтың бұйрығымен Монғол кемесінде кімді тірідей өртеді?

A) М. Летуновты.B) Л. Емелевті.C) К. Иноземцевті.D) Я. Ушановты.

E) А. Мироновты.20. Ж. Э. С-кезіндегі тауар ауыстыру мен тауар айналымының маңызын күшейткен үкімет қабылдаған декрет.:

A) 1921 ж. 24 мамырдағы "айырбас" туралы декрет.B) Партияның Х-шы съезінің азық-түлік салғыртын, азық-түлік салығымен ауыстыру туралы шешім.C) 1921 ж. 19 сәуірдегі қазақтың еңбекші халқына жерін қайтару туралы.D) 1927 ж. 14 маусымдағы етке натуралды салық туралы.E) 1923 ж. 22 қарашада іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді енгізу туралы.

21. Индустрияландырудың қарсаңында Қазақстанда академик Губкиннің басшылығындағы экспедиция нені зерттеді?

A) Жезқазған мысын.B) Жамбыл облысындағы минералды тыңайтқыш шикізатын.C) Солтүстік Қазақстандағы темір рудасының қорын.D) Орал-Ембі мұнай ауданын.E) Минералды-шикізат ресурсын.

22. Асыра сілтеу болмасын - аша тұяқ қалмасын! - деп ұран тастаған асыра сілтеушілер:

A) Торғай асыра сілтеушілері.B) Жетісу асыра сілтеушілері.C) Петропавл асыра сілтеушілері.

149

Page 151: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

D) Семейлік асыра сілтеушілер.E) Орал асыра сілтеушілері.

23. Соғыс қарсаңында мұғалімдер саны қаншаға жетті?A) 64000.B) 24000.C) 44000.D) 34000.E) 54000.

24. 1941 жылы 16 қарашада Дубосеково разъезі түбінде ерлік көрсеткен әскери құрама:

A) 1075-атқыштар полкі.B) 316-атқыштар дивизиясы.C) 1236-атқыштар дивизиясы.D) 8-гвардиялық дивизиясы.E) 30-гвардиялық дивизиясы.

25. Соғыстан кейін ақша реформасы қай жылы жүргізілді?A) 1947 ж.B) 1945 ж.C) 1948 ж.D) 1946 ж.

E) 1949 ж.26. Қазақстанда тың жерлер игерілген облыстар саны:

A) 8.B) 6.C) 5.D) 7.E) 4.

27. ХХ ғ.-ң 70-ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға өз үлесін қосып, қағазбастылыққа шектеу қойған кім?

A) И. ХуденкоB) А. КадыровC) С. МұқановD) И. ГоловацкийE) Н. Ким

28. КОКП ОК нің "Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы" мәселені талқылаған пленумы:

A) 1985 ж.сәуір.B) 1987 ж. шілде.C) 1987 ж. қазан.D) 1987 ж. қаңтар.E) 1987 ж. маусым.

150

Page 152: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

29. 1991 жылы қазанда құрылған Қазақстанның Халық Конгресі партиясының тең төрағалары болып кімдер сайланды?

A) М. Оспанов пен Х. ҚожахметовB) О. Сүлейменов пен С. ТерещенкоC) М. Оспанов пен М. ШахановD) О. Сүлейменов пен М. ШахановE) Х. Қожахметов пен С. Терещенко

30. Конституция бойынша Қазақстан Республикасының президенті сайланатын мерзім

A) 4 жылB) 5 жылC) 10 жылD) 6 жылE) 7 жыл

Курс бойынша емтихан тапсырмалары:

1-билет.1. Жалайырлар, наймандар және керейлер.2. 40-50 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір.3. Кіші Жүздің Ресейге қосылуы.

151

Page 153: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

2-билет.1. Қола дәуіріндегі Қазақстан.2. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. Қазақ хандығы.3. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары.

3-билет.1. Сақтар және оның саяси тарихы.2. «Орынбор қазақтары туралы» және «Сібір қазақтары туралы»

Жарғылар.3. 1993 жылғы ҚР-сының Конституциясы.

4-билет. 1. Түрік қағанаты. Көне түрік жазбалары.2. 1868-69 жылдардағы реформа.3. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі.

5-билет.1. Тас ғасыры дәуіріндегі Қазақстан2. Моғолстан мемлекеті.3. Қазақстандағы индустрияландыру кезеңі.

6-билет.1. Ғұндар: саяси тарихы мен шаруашылығы.2. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Қазақ хандығы.3. Қазақ кеңестік әдебиетінің қалыптасуы.

7-билет.1. Үйсіндер, қаңлылар, сарматтар.2. Сырым Датұлы бастаған Кіші Жүз қазақтарының көтерілісі.3. 1985 жылғы Қайта құру саясаты.

8-билет.1. Қыпшақ хандығы.2. Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты.3. 1991 жылғы Тамыз оқиғалары.

9-билет.1. Түргеш қағанаты.2. Қазақ хандығының құрылуы.3. 1945-91 жж. Қазақстан мәдениеті.

10-билет.1. Қарахан мемлекеті.2. 1836-38 жж. Бөкей (Ішкі) Ордасындағы көтеріліс.3. Қазақстандағы тың игеру кезеңі.

11-билет.1. Қарақытай мемлекеті.2. Ұлы Жүздің Ресейге қосылуы.3. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық саясаты.

12-билет.152

Page 154: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

1. Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде.2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.3. 70-80 жылдардағы Қазақстан.

13-билет.1. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы.2. ХҮІІІ ғ. ІІ. жартысындағы Қазақстан жері. Абылай хан.3. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

14-билет.1. Алтын Орда хандығы.2. 1917 жылғы Қазан төңкерісі. Кеңес үкіметінің орнауы.3. 50-60 жылдардағы Қазақстан.

15-билет.1. Ақ Орда хандығы.2. Қазақстан жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) кезеңінде.3. КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы.

16-билет.1. 1917 жылғы Ақпан төңкерісі.2. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасы.3. 40-50 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір.

17-билет.1. Қазақ хандығының рухани және материалдық мәдениеті.2. Сыр бойындағы және Маңғыстаудағы отаршылдарға қарсы

көтерілістер.3. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан.

18-билет.1. Оғыз мемлекеті.2. Алаш Орда үкіметі. Қазақ зиялыларының ұлттық саясаты.3. Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық-саяси құрылымы.

19-билет.1. Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттер.2. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-

экономикалық ахуал.3. ҚР-сының 1995 жылғы Конституциясы.

20-билет.1. Қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті.2. Қазақ АКСР-нің құрылуы. Жер-су реформасы.3. Қазақстанның тәуелсіздік алуы.

21-билет.1. Қазақстан шетел интервенциясы және азамат соғысы кезінде.

153

Page 155: ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ …saran-sgtk.ucoz.org/SR/sillabus-aza-stan_tarikhy-amangel... · Web view2 Қазақстанда тоталитарлық

2. Тас ғасыры дәуіріндегі Қазақстан3. Қазақ халқының қалыптасу процессі.

22-билет.1. Арабтардың жаулаушылық соғыстары. Ислам дінінің келуі.2. 40-50 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір.3. ХҮІІІ ғ. ІІ. жартысындағы Қазақстан жері. Абылай хан.

23-билет.1. Ноғай Ордасы.2. ХХ ғ. бас кезеңіндегі Қазақстан.3. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары.

24-билет.1. Қазақстанның ортағасырлық мәдениеті.2. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.3. Қазақстан Республикасының халықаралық саясаты.

25-билет.1. Батыс Түрік қағанаты.2. ХІХ ғ. Қазақстан мәдениеті.3. 70-80 жылдардағы Қазақстан.

154