Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы....

45
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру Әдістемелік құрал Астана 2013 1

Upload: others

Post on 04-Jan-2020

38 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында

оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Әдістемелік құрал

Астана 2013

1

Page 2: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі № 2 хаттама).

Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында

оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 45 б.

Бұл әдістемелік құралда оқушылардың функционалдық сауаттылығын

жобалау және зерттеу қызметі негізінде қалыптастыру, оның ішінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың мәселелері қарастырылған. Отандық және халықаралық бағалау әдістеріне талдау жасалып, соның негізінде білім алушылардың құзыреттерін қалыптастыруды бағалаудың критерийлері ұсынылды.

Әдістемелік құрал мұғалімдерге, мектеп басшыларына, педагог зерттеушілерге, оқушыларға және ата-аналарға арналған.

© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013

2

Page 3: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында 2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуі туралы нақты тапсырма берілді [1].

Оқушылардың функционалдық дамуы туралы мәселе алғаш рет Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының негізгі бағыты» Жолдауында [2]. көтерілген болатын. Онда осы мәселе бойынша бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы нақты тапсырма қойылған болатын.

Осы стратегиялық маңызды мәселені шешу тұлғаның негізгі функционалдық сапасын: белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және бейтаныс жағдайда мәселенің шешімін таба білуін, кәсіптік даму жолдарын таба білуін, өмір бойы оқуын қалыптастыруға тікелей байланысты. Білім алушылардың функционалдық қабілеттері мектеп жағдайында қалыптасуға тиісті [2].

Функционалдық сауаттылықтың жалпы бағыты ретінде жалпы білім беру мектептеріндегі азаматтардың интеллектуалдық, рухани және дене дамуы, олардың білімін әлемдегі жылдам өзгеріс жағдайында әлеуметтік жағдайға бейімдеу Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген [3].

Жолдаудағы тапсырмаға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) [4].

Ұлттық жоспарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту процесін ғылыми-әдіснамалық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің кешенді іс-шараларын жүргізу көзделген. Ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруды Қазақстан Республикасында білім сапасын жетілдірудің өзекті мәселесі ретінде қарап, оның бірөзектілігін, толықтығын және іс-әрекет жүйелігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған жоспарда: - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және

халықаралық тәжірибелерін зерделеу; - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі жүйелік

шараларды іске асыру тетіктерін анықтау; - білім беру мазмұнын: стандарттарды, оқу жоспарларын және оқу

бағдарламаларын жаңартуды қамтамасыз ету; - оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету; - оқушылардың білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізуді

жетілдіру;

3

Page 4: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

- қосымша білім беру жүйесін ұйымдастыру және мектептердің материалдық-техникалық базасын күшейту көзделген.

«Функционалдық сауаттылық» деген түсінік алғаш рет ЮНЕСКО-ның құжаттарында өткен ғасырдың 60-шы жылдарында пайда болған болатын және кейінірек зерттеушілер оны өз еңбектерінде қолдана бастады. Функционалдық сауаттылықтың ең кең анықтамасы бойынша оны тұлғаның әлеуметтік бейімділігінің, адамзаттың әр салалы қызметі мен білімі арасындағы интеграциялық байланыс деңгейін анықтайтын шама ретінде қарастыруға болады. Қазіргі жылдам өзгеріс жағдайындағы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге қарқынды араласуын, адамдардың өмір бойы оқуын қамтамасыз ететін негізгі базалық факторлардың бірі болып саналады.

Сауаттылықтың жаңа деңгейін қалыптастыруға көптеген әлеуметтік факторлар және қазіргі кезеңдегі қоғамдық басымдылықтар: өндірістер мен гуманитарлық процестердің терең технологияландырылуы, даму процесінің жаһандануы, қызметтердің жүйелендірілуі және кәсіпкерленуі, әлеуметті қатынастардың нарықтануы және т.б. әсер етеді.

Елімізде жалпы сауаттылықтың мынадай: тілдік, компьютерлік және ақпараттық, графикалық, заңдық, азаматтық, қаржылық, экологиялық және т.б. параметрлері маңызды болып отыр.

Қазіргі қоғамға постиндустриалдық әлемдегі болып жатқан өзгерістерге жылдам бейімделетін мамандар керек. Адамның білім деңгейіне, оның білімділігіне қойылатын талаптардың арттуы объективті тарихи заңдылық болып табылады. Осы жаңа жағдайда мектептегі оқыту процесі оқушылардың өмір бойы оқуын қамтамасыз ететін құзыреттерінің қалыптасуына және артуына негізделуі тиіс.

Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзыреттіліктермен анықталады.

Сондықтан Қазақстанда орта білімнің 12-жылдыққа көшуіне байланысты функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызы аса зор.

Мақсаты: Оқытудың 12-жылдық жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын зерттеу және жобалау жұмыстарының негізінде қалыптастыру және дамыту.

Міндеттері: - зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы функционалдық сауаттылықты

қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негізін анықтау; - 12-жылдық жағдайда оқушылардың зерттеу және жобалау іс-әрекеттерін

дамыту; - функционалдық сауаттылықты бағалау жүйесінің критерийлерін жасау

және оларға түсініктеме беру.

4

Page 5: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

1 Ғылыми-әдістемелік негізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

1.1 Білім берудің мазмұнын жаңарту – функционалдық сауаттылықтың

негізі «Функционалдық сауаттылық» деген түсінік жоғарыда айтылғандай 20-шы

ғасырдың 60-шы жылдарында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды, одан кейін осы түсінік ғалымдар мен педагогтардың еңбектерінде көптеп қолданыла бастады. Функционалдық сауаттылық деп кең жағдайда адамзаттың сан салалы іс-әрекеттері мен білімнің (бірінші кезекте жалпы білімнің) интеграциялық байланысын, тұлғаның әлеуметтік бейімделу тәсілдерін айтады. Әлем тез өзгеріп жатқанда функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық іс-әрекеттерге белсенді араласуын анықтайтын, «өмір бойы оқу» парадигмасын іске асыру жолындағы негізгі базалық факторларына айналды.

Халықаралық зерттеулердің нәтижелері оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасындағы білімнің даму стратегиясын анықтауға жәрдемін тигізді [3].

Солардың бірі ретінде жаңа қабылданған 11 жылдық білім берудің, сонымен қатар қабылданатын 12 жылдықтың мемлекеттік стандарттарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту білім беру саласының басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылып отыр [5].

Функционалдық сауаттылықтан күтілетін нәтиже білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерді (практикалық жағдайларда және әлеуметтік бейімделу процесінде оларды тиімді қолдана білу) меңгеруі болып табылады.

Бұл жағдайларда түйінді құзыреттер орта мектеп бітірушілерінің білім нәтижелеріне мемлекет тарапынан мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары арқылы қойылатын талаптар арқылы анықталады.

Былайша айтқанда, түйінді құзыреттер – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларында көрсетілген білім берудің нәтижесі ретінде орта мектепті бітірушілердің жеке тұлғасының сапасына қойылатын мемлекет талаптар.

Орта мектепті бітірушілерге мынадай: - басқарушылық (мәселелерді шешу қабілеті); - ақпараттық (өзіндік тану іс-әрекетін жүргізуге және өмір бойы оқуға

қабілеттілігі); - коммуникативтік (қазақ, орыс, ағылшын (шетел) тілдерінде ауызша, жазбаша,

продуктивтік коммуникация қабілеттілігі); - әлеуметтік (әлеуметтік өзара әсерлесу қабілеттілігі); - жекетұлғалық (өзіндік ұйымдастыру, өзіндік жетілдіру, өмірде кәсіптік

тұрғыдан өзін көрсете білуі, толерантты болу қабілеттілігі); - азаматтық (қазақстандық мәдениет және патриоттық тұрғыда өз елі үшін

жауапкершілік міндетін алып жүру қабілеттілігі);

5

Page 6: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

- технологиялық (технологияларды, оның ішінде тиімді пайдаланушы деңгейінде ғылыми, сандық технологияларды қолдана білу қабілеттілігі) түйінді құзыреттер ретінде белгіленеді [4].

Одан басқа жеке пәндер шеңберінде пәндік құзыреттер: оқу пәні шеңберінде арнайы білім, ептілік және дағдылар анықталады.

Түйінді және пәндік құзыреттер білім берудің нәтижелері ретінде нақты, өлшенетіндей, қол жетімді және уақыт бойынша анықталған шамалар болуы керек.

Оқу бағдарламалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және түйінді, пәндік құзыреттерді қол жеткізуге бағытталуы тиіс.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының орта білім жүйесіндегі орта мектеп бітірушілерін даярлауды халықаралық стандарттарға, Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру талаптарына сәйкестендіру көзделіп отыр.

PISA халықаралық зерттеуі мектептердің типтік оқу жоспарларды реттеудегі, инварианттық және вариативтік компоненттердегі оқу сағаттары көлемдерінің ара қатынасын анықтаудағы автономиялығы функционалдық сауаттылыққа әсер ететінін анықтады.

Оларды жоспарлауда оқу, математика және жаратылыстану, ақпараттық, тілдік пәндерді оқыту үшін оқу сағаттарын тиісті деңгейге көтеру көзделген.

Білім нәтижелерінің жетістіктерін қамтамасыз ететін логикалық, критикалық және конструктивтік ойлауды қалыптастыру, алынған ептілікті оқу және практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу үшін жаңа тиімді нысандар мен әдістемелерді енгізу қажет.

Айтылғандарға байланысты педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру бағдарламаларын және оларды қайта даярлаудың мазмұнын жоғары оқу орындарының, педагогикалық іскерлік орталықтарының және біліктіліктерді көтерудің өңірлік орталықтарының базасында қайта қарау және іске асыру қажет.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамыту мәселесі оның міндетті түрде ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз етілуін қажет етеді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамуы білім беру мазмұнын жаңартуды, жаңа оқу бағдарламаларын жасауды мен оқулықтарды қайта қарауды, алынған білімді оқу және практикалық жағдайларда қолдана білуді талап етеді.

Сонымен, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша іс-әрекеттер оқытудың әдіснамасын және мазмұнын түбірлі қайта қараумен, 12-жылдық мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жасаумен және оны іске асырумен анықталады.

1.2 Сауаттылықтың жаңа нысандары. Қазіргі кездегі сауаттылықтың

жаңа түрлері Мектептегі білімнің қазіргі кездегі моделінде сауаттылықтың екі нысаны бар

екенін атап өтуге болады, олар – жалпы және функционалдық. Жалпы сауаттылық жүйеленген білімнің негізінде қалыптасады және адамның қоршаған ортаны дұрыс түсінуіне негізделеді.

6

Page 7: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Функционалдық сауаттылық деп құзыретті және тиімді іс-әрекетті айтады. Оған адамның қызығушылығын жүзеге асыру және адамның қоғаммен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы байланысты болады.

Білім саласында жалпы және функционалдық сауаттылықтан басқа базалық жалпымәдениет сауаттылығы деген түсінік бар. Оған адам, табиғат және қоғам туралы іргелі ғылымдардың, көркем мәдениеттің негізгі түсініктерін меңгеру жатады. Осы түсінікке қарама-қарсы термин – білімсіздік. Білімсіздік деп ғылым мен мәдениетте болып жатқан көптеген мәселелерді түсінбеуді айтады.

Үздіксіз білім негізіне жаңа білімдерді өздігімен меңгеру жатады. Мұндай білім алудың негізінде функционалдық сауаттылық жатыр. Функционалдық сауаттылықтың мәні танып білу әдістерін, ойлану операциясын, аналитикалық практикалық тәсілдерді, барлық іс-әрекеттерге тән әдістерді меңгеру болып табылады.

Қазіргі таңдағы әртүрлі сауаттылыққа өзіне тән функционалдық сауаттылық сәйкес келеді. Сауаттылықтың мынадай түрлері бар:

а) жалпы мәдени – жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша, сонымен қатар тарих және қазіргі көркем мәдениет бойынша білімнің болуы;

б) іс-қимылдық – жай адамдық қасиеттердің нормалары, қызметтік және басқа да этика, жағдайға қарай іс-қимыл жасау туралы білім және оларды түсіну;

в) әдіснамалық – теориялық білім мен әлеуметтік тәжірибенің интеграциясы негізінде білімді және өмірді түсінуді терең меңгеру. Соңғы сауаттылық басқалардың негізі болып табылады;

г) әлеуметтік-коммуникативтік – басқаларды түсіне білу, сөйлеу тілі арқылы және басқалай берілетін «тілдерді» түсіну, өзара түсіну дағдылары және бірге іс-қимыл жасау;

д) технологиялық – кәсіптік қызмет саласында мәселелерді тиімді және құзыретті шеше білу қабілеті;

е) экономикалық – шаруашылық қызметтердің теориялық білім негіздерін, экономикалық байланыстар мен қатынастың негізін түсіну; нақты қаржылық-экономикалық жағдайды талдай білу;

ж) азаматтық-құқықтық – кең қоғамдық аспектіде өз құқықтарын және міндеттерін білу және түсіну;

з) саяси – билік пен мемлекеттің әлеуметтік табиғатын түсіну, жалпы істерді жүргізу және ортақ мүддені қорғау туралы ептілік және дағдылар.

Компьютерлік, экологиялық, кұқықтық, саяси, экономикалық, географиялық сауаттылық туралы айтқанда, олар туралы тиісті түйінді жүйелерді меңгеруді және олардың элементтерін қолдана білуді ескереді. Зияткерлік қызметтің барлық түрлері – әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шеше білуді көздейді, бұл деңгей неғұрлым биік болған сайын іс-қимылдың зияткерлік-түсіну компоненті соғұрлым маңызды болады және алдын ала оқытуды қажет етеді. Қазіргі жағдайда адамның барлық қажетті қызығушылығын іске асыру зерттеу және жобалау жұмыстары арқылы атқарылады.

Жоғарыда айтылғандай, сауаттылықтың түрлерін жіктеудің әртүрлі жолдары бар, мысалы, оны жатық өлшеу, ол толықтырылуы және кеңеюі мүмкін.

7

Page 8: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Сауаттылықты бұлай жіктеу оның негізгі компоненттерін түсініп білуге мүмкіндік береді. Сауаттылықты сипаттайтын аса маңызды параметрлердің бірі – функционалдық, құзыретті және тиімді іс-қимыл жасай білу, оның ішінде зерттеу және жобалау іс-қимылдарды көрсете білу. Сондықтан функционалдық сауаттылықтың деңгейі туралы мәселе қазіргі кезде аса маңызды.

Жоғарыда ұсынылған сауаттылықты жіктеу түрі тұлғаның үздіксіз дамуына негізделген және осы процестің негізгі кезеңдерін белгілейді.

Мысалы, сауаттылықтың негізі ретінде бейнелеуді қарастыруға болады. Бұл сауаттылық адамның интеллектуалды дамуының негізін қалайды. «Ертедегі адамдардың бейнелеу өнері - олардың ақылды адам ретінде өзгешеліктердің бірі еді. Қазіргі кезеңде ол бейнелер визуалды ақпараттың аса күшті құралына айналды, бұл құралсыз ғылымның, техниканың және өнердің ешбір түрлерін көз алдында елестету мүмкін емес» [ 6 ].

Оқушының функционалдық графикалық сауаттылығын оларды зерттеу және жобалық жұмыстармен қамтудың алға шарты ретінде қарастыруға болады. Жұмыстарды зерделеу мынаны көрсетті: функционалдық графикалық сауаттылығы жоқ оқушылар өз құрдастарынан кейбір мынадай интеллектуалдық даму көрсеткіштері: кеңістікте денелерді кескіндей білу; жалпылама символдарды, белгілік кескіндерді пайдалана білу; креативтік ойлану қабілеті бойынша қалып қоятынын көрсетті [ 7, 8 ].

Графикалық бейнелеуді меңгеру адамға зерттеу және жобалау жұмыстарында визуалдық ақпаратты қолдана білуге, оны түрлендірудің негізгі құралы болады. Сонымен қатар олар коммуникацияның және ақпаратты берудің негізгі құралы бола алады. Уақыт ағымында кеңістікте болып жатқан барлық объектілер, процестер және құбылыстар тек бақыланып қана қоймай, сонымен қатар олар түсірілген графикалық кескіндерін (схемаларын, сызуларын, графикаларын, диаграммаларын, бейнелік кескіндерін) терең талдау арқылы зерделенеді. Адамдардың практикалық кәсіптік қызметтерінде графикалық (визуалды) ақпаратты сақтауға, түрлендіруге, оларды өңдеуге және тасымалдауға қойылатын талаптар сапалы өзгерістерге ұшырауда. Соған байланысты функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызы зор. Жылдан-жылға бейнелеуді аспаптық (қолмен) тұрғызу азайып, бұл мақсатта компьютерлік графика құралдарын қолдану артып келеді.

Графикалық модельдеудің, бейнелеуді түрлендірудің негізгі әдістерімен танысу адамдардың барлық саладағы қызметтерінде: оқуда, ғылымда, техникада және өнерде аса қажет. Ғылымның болжауынша, жақын арада өңделетін ақпараттың 80 - 90% графикалық түрде берілетін болады. Біртіндеп технологиялық қоғамның ақпараттық қоғамға өтуі оқушылардың графикалық біліміне және оларды жаңа ақпараттық технологиялар құралдарында қолдана білулеріне жаңа талаптар қояды.

Графикалық бейнелеуді мәдениеттің бір тілі (графикалық мәдениет), бейненің алғашқы функциясын ойлану құралы деп түсіну, екіншіден ақпаратты белгілеу және түрлендіру құралы ретінде оқушылардың көзқарастарын қалыптастыру қажет.

12 жылдыққа көшу жағдайында функционалдық графикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін вариативтік сағаттар есебінен мектепте жаңа «графика және

8

Page 9: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

жобалау» пәнін оқыту қарастырылды, ол оқушылардың графикалық білімінің жаңа тұжырымдамасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. (қосымша ).

Функционалдық графикалық сауаттылық тұрғысынан қарағанда графикалық бастауыш сауаттылық деп графикалық бейнелердің әртүрін тұрғыза білу және оларды түсіне білу қабілетін айтады.

Халықаралық зерттеу көрсеткендей [7] оқушылардың жетістіктерінің математикадан және жаратылыстану пәндерінен жоғары болу себептерінің бірі олардың зерттеу және жобалау жұмыстарында функционалдық графикалық сауаттылығының қалыптасқандығы болып табылады.

Функционалдық сауаттылық немесе құзыреттілік деп көп жағдайларда теориялық білім мен қоғамдық өмірдің әр саласындағы (экономика, технология, саясат, мәдениет) практикалық тәжірибені тиімді үйлестіру арқылы білім алушылардың әлеуметтік өмірдегі мәселелерді нормативтік тұрғыда талдау, шешу қабілетін айтады. [10, 11] Функционалдық сауаттылық терминімен қатар жоғары функционалдық сауаттылық термині де қолданылады. Оған функционалдық талаптардан жоғары білім көлемінің, интеллектуалдық әлеуеттің, рухани әлемнің дамуы жатады.

Шығармашылық сауаттылық деп жаңаша іс-қимылға, жаңаны жасауға іскерлік танытуды, әлеуметтік тәжірибені өз тәжірибесімен толықтыра білуді айтады. Шығармашылық сауаттылықтың да бірнеше деңгейі бар. Олардың негізгілері: а) қоғамдық тәжірибедегі жаңашылдыққа қабілеттілік; б) жаңа сапалы білім ойлап табу қабілеттілігі.

Олардан басқа метасауаттылық деген түсінік қолданылады. Бұл түсінік шығармашылық әлеуеттің оқытудан, өзіндік білімнен және басқа да білім алудың нысандарынан да жоғары даму деңгейін көрсетеді. Ол көбінесе туа біткен қасиеттерге, интуицияға, тану объектісіне эмоционалдық көзқарасқа байланысты материалдық-рухани өндіріс салаларында зерттеу процесіне ізденісті тиімді жүргізуге мүмкіндік тудырады. Қабілеттілік деп жиі өзіндік білім алу, теориялық білімді пайдалана отырып, ойланып іздену процесін құру ептілігін айтады.

Шығармашылық сауаттылық деген түсінік белгілі жүйелерді белсене қолдана отырып, жаңашыл қадамдарды жасау қабілетін анықтайды. Алайда шығармашылық (жаңашылдық) іс-қимылға қабілет жалпы және функционалдық сауаттылық қалыптасқан жағдайда ғана іске асады. Ол сауаттылықтар жобалау-зерттеу іс-қимылы негізінде ғана қалыптасады.

Сонымен, 12-жылдық мектеп аясында оқушылардың құзыреттілігі олардың шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған жалпы және функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға негізделеді.

1.3 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері Елімізде функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған реформа

жүргізілуде. Оның негізі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары болып табылады. Осы жоспарда көрсетілген тапсырмаларға сәйкес Қазақстан

9

Page 10: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың барлық факторлары ескеріліп, тетіктері ұсынылатын болады.

Ұлттық жоспар алған білімді практика жүзінде қолданып қана қоймай, сонымен қатар орта білім парадигмасын тұтас өзгертуді көздейді. Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты арттырудың негізгі төрт механизмі қарастырылған. Оның біріншісі – оқытудың мазмұны мен әдіснамасын түбегейлі жаңарту.

Соған байланысты оқушылар мен мұғалімдердің субъектілік рольдерін дамытуға және функционалдық құзыреттілікке бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды жүйелі енгізу жұмыстары басталды. Соның негізінде оқытудың 12-жылдық моделінің әдіснамасы мен мазмұны қалыптасуда.

Екінші тетік – оқытудың нәтижелерін бағалаудың жүйесін жаңғырту. Функционалдық сауаттылықтың дамуы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға жаңа критерийлер: «білім – түсінік – қолдану – жүйелеу және жалпылау» арқылы қол жеткізуді көздейді. Мұндай жүйені енгізу әлемдік тәжірибелерді талдауды талап етеді. Мысалы, бүгінде Қазақстанда неліктен «5», «4» немесе «3» бағаларын қою керек екендігі туралы нақты анықтама жоқ. Бағалаудың критериалдық жүйесі мұндай әр деңгей үшін нақты анықтама беретін болады. Сондықтан барлық мектептерге арналып пәндер бойынша әртүрлі деңгейлі бақылау тапсырмалары жасалуы керек.

Үшінші тетік балалардың білімдерінің қалыптасуына, тәрбиесіне ата-аналардың белсенді араласуын талап етеді. Ол үшін ата-аналарға арнап семинарлар, тренингтер, жаңа әдіснамалар жасау қажет. Бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық қоғамның басқа да секторлары қатысады. Нәтижесінде білім беру мен қоғамның арасында жаңа байланыс жүйесі жасалатын болады

Төртінші тетік қосымша білім беруді дамыту қажеттігіне арналады. Жаңа технологиялар мен инновациялық нысандар: интерактивті балабақша паркі, технопарктер, музейлер, ғылыми үйірмелер және т.б. іске қосылады. Аталғандардың барлығы тұлғаның кәсіптік өзіндік дамуына және оқушылардың шығармашылық жұмысқа деген қажеттіліктің туындауына ықпал етеді.

Ұлттық жоспарды жүзеге асыру оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізін қалайтын болады. Соның арқасында әлемдік талаптарға сәйкес орта мектептің жаңа моделі қалыптасады.

Оқытудың аса маңызды бағыттарының бірі оқытушылардың жеке бастарының әртүрлі жұмыстарды, оның ішінде зерттеу және жобалық жұмыстарды жүргізе білуін, сонымен қатар оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған қабілеттерін дамыту болып табылады. Функционалдық сауаттылықты арттыру жаңа критерийлер: «білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жалпылау» бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жүйесіне негізделеді. Сонымен қатар, әр деңгей бойынша бағалаудың жаңа критериалдық жүйесін анықтау қажет болады.

10

Page 11: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

2 Жобалау қызметі негізінде оқушылардың зерттеушілік мәдениетін дамыту жолдары

2.1 Жобалау және зерттеу жұмысын ұйымдастырудың негізгі

қағидалары Қазіргі кезде білімнің жаңа парадигмасына байланысты оқушылардың

функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін «зерттеу мәдениетін» меңгерудің маңызы зор.

Ғылыми әдебиетте «зерттеу мәдениетін» түсіндіретін әртүрлі анықтамалар бар.

Зерттеу мәдениеті деп зерттеу қызметін жүргізуге қажет білім, ептілік, дағды және құзыретті және теориялық және практикалық мәні бар зерттеу әрекетінің стратегиясы мен тактикасын анықтайтын көзқарасты айтады [12]. Зерттеу мәдениетінің жалпы құрылымында үш инварианттық: когнитивтік-бағалау, операциялық-әрекеттік және бағалық-мотивациялық компонент бар. Оқушылардың зерттеу мәдениеті негізінде жоғары сыныптарда қалыптасады [13]. Осы анықтамаға сүйене отырып, оны жобалау іс-әрекеті мәдениетіне бейімдеу арқылы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмысының мәдениеті мынадай негізгі критерийлермен сипатталатынын байқауға болады: зерттеу мотивациясы, ойлаудың ғылыми стилі, зерттеуге ақпараттық және технологиялық дайындық, шығармашылық белсенділік. Аталған критерийлер оқушылардың жобалау іс-әрекетінің табыстылығын анықтауға бағытталған.

Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмыстары психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқа да проблемаларды кешенді шешудің сауатты ғылыми тәсілінің болуын талап етеді. Мұғалімдерде жобалау және зерттеу технологияларын меңгеру үшін тиісті деңгейде ғылыми-әдістемелік даярлықтарының болуы қажет.

Білім алушылардың зерттеу іс-әрекеті — шешімі алдын-ала белгісіз (табиғаттың заңдарын көрсету тәжіріибесінен өзге) шығармашылық, зерттеу мәселелерін шешуге байланысты және ғылым саласындағы зерттеулерге тән негізгі кезеңдердің (мәселені қоя білу, осы проблематиканы шешуге байланысты теорияны зерделеу, зерттеу әдісін таңдай ала білу және оны өз мақсатында қолдана білу, өз материалдарын жинау, оны талдау және жинақтау, өзіндік қорытынды) болуын ескеретін оқушылардың әрекеті болып табылады.

Білім алушылардың жобалау іс-әрекеті – оқушылардың бір мақсаттағы, келісілген әдістемесі бар жалпы жетістікке қол жеткізуге бағытталған оқу-танымдылық, шығармашылық және ойын әрекеті. Жобалау әрекетінің негізгі шарты ретінде әрекеттің алдын ала келісілген нәтижесінің, жобалаудың кезеңдерінің (жобалаудың мақсаты мен мәселелерін анықтау, жоспар құру,

11

Page 12: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

жобалауды іске асыруды ұйымдастыру), жобалауды іске асыру кезеңдерінің болуы айтылады.

Жобалау-зерттеу іс-әрекеті – жобалау бойынша мақсат пен мәселелерді анықтауға, әдістемелерді таңдау ұстанымдарын анықтауға, зерттеу барысын жоспарлауға, күтілетін нәтижені анықтауға, зерттеуді жүзеге асыруды бағалауға, керек ресурстарды анықтауға бағытталған іс-әрекет. Зерттеудің ұйымдастыру шеңбері болып табылады.

Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу. Білім саласындағы зерттеудің негізгі түйіні ол оқулық зерттеу болып табылады. Оқу зерттеуінің негізгі мақсаты «үлкен» ғылымдағыдай объективтік жаңа нәтиже алу емес, тұлғаларды дамыту болып табылады. Егер ғылымдағы негізгі мақсат жаңа білім өндіру болса, білім саласындаңы зерттеудің мақсаты - оқушылардың функционалдық дағдыларын жетілдіру, зерттеу түрінде ойлау қабілетін дамыту, субъективтік жаңа білімге (әр оқушыға маңызды да жаңа болып табылатын, өзіндік іс-әрекеттермен жинақталған білім) байланысты білім процесіндегі оқушылардың тұлғалық позициясын жандандыру.

Сондықтан зерттеу іс-әрекетінің негізінде білім беру процесін ұйымдастыруда бірінші орынға зерттеуді жобалау мәселесі шығады. Оқушылардың зерттеу жұмысын жобалаудың негізіне соңғы жүздеген жылдарда қалыптасқан зерттеудің моделі мен әдіснамасы алынады. Бұл модельде кез келген зерттеуге тән бірнеше қалыптасқан кезеңдер бар. Алайда оқушылардың зерттеу жұмыстары оқулық зерттеу жұмыстарына ғана тән, ғылыми қоғам дайындаған дәстүрлер негізінде жүргізіледі және дамиды.

Оқу зерттеуі іс-әрекетіндегі субъект-субъект қатынасының дамуы. Қалыптасқан оқу процесінде стандарттық позициялық схема «мұғалім — оқушы» жүзеге асырылады. Мұғалім білім береді, оқушы білім алады, ол процесс қалыптасқан дәстүрлі сынып-сабақ тәсімі түрінде өткізіледі. Зерттеу іс-әрекетін дамыту барысында аталған тәсімде қарама-қайшылықтар туады: сынып тақтасында көрсетіліп берілетін білімнің дайын эталоны жоқ, табиғатта көрінетін құбылыстар дайын тәсімдермен түсіндіруге жатпайды, нақты жағдайларға байланысты өзіндік талдауды қажет етеді. Бұл қоршаған ортадағы түсінудегі білім саласындағы объект-субъектілік парадигманың эволюциялық өзгеруіне, біртіндеп «әріптес-әріптес» бірлестігінің туындауына әкеліп тірейді. Мұғалім «жетекші-кіші жолдас» жұбы тәсімі бойынша практикалық әрекеттегі дағдыларды оқушыларда қалыптастырады. Мұндай ұстаз бен шәкірт аралығындағы қатынас жетекшінің жоғары беделі арқылы жүзеге асырылады.

2.2 Қазіргі кездегі оқушылардың зерттеу іс-әрекетін түсіну Кейбір ТМД елдерінде оқушылардың зерттеу іс-әрекетінде бұрыннан

қалыптасқан дәстүрі бар. Мысалы, бір кездерде жасөспірімдердің ғылыми-техникалық қоғамдары, кіші ғылым академиялары жұмыс істеген болатын.

12

Page 13: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Бұл іс-әрекеттердің негізгі мақсаттары мектеп бітірушілерін жоғары оқу орындарына түсуге және болашақта ғылыми-зерттеу институттарына жас кадрларды даярлау болып табылатын. Қазіргі жағдайда балалардың оқу жүктемесін азайту мәселесі өзекті болып тұрғанда «оқушылардың зерттеу іс-әрекеті» деген терминнің мағынасы аздап өзгеріске ұшырады. Онда кәсіптік бағдарлау компоненті, зерттеу жұмысының жаңалық факторлары азайып, білім беру сапасын арттыру аспабы ретінде ғылыми іс-әрекет түсінігіне байланысты білім беру мазмұнының маңызы артты.

Зерттеу іс-әрекетінің жобалау мен конструктивтік іс-әрекеттерінен айырмашылығы. Зерттеу іс-әрекетінің негізгі нәтижесі зерттеу рәсімінің негізінде әртүрлі шындықты анықтайтын интеллектуалдық өнім болып табылады. Зерттеудің негізгі жетістігі - шындықты анықтау екенін баса көрсету қажет. Конкурстар мен конференцияларда практикалық мәні бар талаптар, зерттеу нәтижесін практикалық жағдайда қолдану мүмкіндігі, зерттеудің әлеуметтік мәні (мысалы табиғатты қорғаудың мәні) ғана айтылады. Мұндай іс-әрекет (әрине, өзіндік мәні бар) зерттеу іс-әрекетінің құралымен әлеуметтік-практикалық атқарымдарды іске асыруды көздейді.

Зерттеу мәселелерін іске асырудың ерекшеліктері. Зерттеу тақырыбына жастардың жасына, психологиясына байланысты белгілі бір талаптар қойылады. Жасөспірімдердің білім деңгейінің әлі де жеткіліксіздігіне, көзқарастың толық қалыптаспағанына, өзіндік талдау деңгейлерінің толық дамымауына байланысты оларға зерттеу саласында көп тапсырма беру олардың жалпы білім деңгейіне, дамуына нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан ғылымның кейбір мәселелерін зерттеуді мектептерде жүргізу тиімді болмауы да мүмкін. Мұндай ғылыми мәселелер оқушылардың жобалау, зерттеу жұмыстарын жүргізудің жалпы талаптарын қанағаттандыруы қажет.

Күрделігі бойынша мәселелерді жіктеу. Мұндай мәселелерге қойылатын талаптарға эксперименттік материалдардың көлемінің, математикалық аппараттардың, пәнаралық талдаудың шектеулігі жатады. Эксперименттік деректерді талдау күрделігі бойынша мәселелер практикалық, зерттеулік және ғылыми болып бөлінеді.

Практикалық мәселелер нақты құбылысты суреттеу үшін қолданылады. Бұл жағдайда нақты параметрдің (мысалы, температураның) өзгеруі, соған байланысты басқа параметрдің (мысалы көлемнің) өзгеруі зерттеледі. Егер, нәтиже тұрақты болса, онда талдауды қажет етпейді.

Зерттеу мәселелері білім беру ұйымдарында қолданылатын мәселелердің жиынтығын анықтайды. Оларда зерттелетін шама бірнеше қиын емес факторлардан тұрады (мысалы, жердің ластануының зауыт құбырына дейінгі ара қашықтыққа, метеожағдайға, желдің бағытына тәуелділігі). Факторлардың зерттеу нысанына әсері оқушылардың шамасы келетін талдауының жақсы мысалы бола алады.

Ғылыми мәселелерде зерттеу шамаларына әсер ететін факторлар көп және күрделі болады. Мұндай мәселелерді талдау кең білімді және ғылыми

13

Page 14: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

интуицияны қажет етеді, оларды білім процесінде қолдану аса қиындықты тудырады, сондықтан тиімді болмауы мүмкін.

Зерттеу нәтижесін көрсете білу. Қазіргі кезеңде зерттеу нәтижесін көрсете білудің маңызы барлық жұмыстар үшін аса зор. Зерттеу жұмысының нәтижесін көрсетудің бірнеше қалыпты көрсеткіштері бар: тезистер, ғылыми мақала, ауызша баяндама, диссертация, монография, мақала. Осы әр көрсеткіштің тілі, көлемі, құрылымы анықталған. Нәтижелерді көрсетуде жетекші мен оқушы алдын ала қай жанрда жұмыс істейтінін анықтап алулары керек, содан кейін сол жанрдың талаптарына сәйкес жұмыс істеулері тиіс. Қазіргі кездегі жастар конференцияларында қолданылатын жанрлар: тезистер, мақалалар, баяндамалар. Жанрлардың бұл түрінде зерттеу жұмыстарының нәтижелелері ғана емес, сонымен қатар рефераттар немесе сипаттау жұмыстары да берілуі мүмкін.

Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жіктелуі. Конференциялар мен конкурстарға берілген жұмыстарды мынадай түрлерге бөлуге болады:

- проблемалық-реферативтік — бірнеше әдебиет көздеріне негізделіп жазылған, әр көздердің деректерін салыстырып, қойылған мәселе бойынша өз көзқарасын қалыптастыратын шығармашылық жұмыстар;

- эксперименттік — ғылымда сипатталған және белгілі нәтижесі бар шығармашылық жұмыс. Көбінесе суреттеу түрінде беріледі және нәтиженің ерекшеліктеріне өзіндік түсініктеме бере алатын шығармашылық жұмыстар;

- табиғи және суреттемелік — белгілі бір құбылысты бақылауға және сапалы сипаттауға бағытталған шығармашылық жұмыстар. Ғылыми жаңалықтың элементтері болуы да, болмауы да мүмкін. Айырмашылық ерекшелігі зерттеудің әдістемесінің болмауы мүмкін. Табиғи жұмыстардың бірі ретінде қоғамдық-экологиялық бағыттағы жұмыстарды атауға болады. Соңғы кезде «экология» терминінің тағы бір лексикалық мағынасы пайда болды: қоршаған ортаның антропогендік ластануына қарсы қозғалыс экологиялық деп айтылатын болды. Бұл бағытта жасалған зерттеу жұмыстары, көбінесе, оларда ғылыми әдістің жоқтығын көрсетеді.

- зерттеулік — ғылыми тұрғыдан қарағанда нақты әдістемелік негізде жасалған және осы әдістеме бойынша алынған эксперименталдық материалдар бар және осы материалдар негізінде зерттеу құбылысы бойынша талдау және қорытынды жасалған шығармашылық жұмыстар. Мұндай жұмыстардың ерекшіліктері – зерттеу бойынша анықталатын нәтижелердің алдын-ала белгісіздігі.

Жалпы білім беру ұйымдарындағы ұйымдастырып оқыту – жалпы және қосымша білімнің интеграцияланған бағдарламалар шеңберінде жүргізілетін зерттеу іс-әрекеттері болып табылады. Бұл жағдайда зерттеулік іс-әрекет типтік оқу жоспарына кірген курстар (инварианттық компонент), мектеп компонентіндегі курстар; қосымша білімдегі курстар, теориялық және практикалық даярлық жүйесі, каникулярлық уақытта сыртқа шығатын

14

Page 15: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

ісшаралар (экскурсиялар, экспедициялар) кезіндегі өзіндік зерттеу жұмыстары негізінде жасалады. Зерттеулік іс-әрекеттер технологиясының негізінде бейіндік мектеп моделі жалпы мектеп немесе қосымша білім ұйымы мен жоғары оқу орындарының базасында іске асырылатын болады.

Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті қосымша білім технологиясына ұқсас болып табылады, себебі оның қосымша білімге тән екі белгісі бар:

- жұмыс қойылған мәселенің ерекшелігіне байланысты нақты білім алушының икемділігіне қарай жасалады;

- педагог пен оқушының жеке жұмыс түрі ретінде топтық және жеке сабақтар мен консультациялар, семинарлар мен конференциялар есепке алынады.

Мәскеу қаласында (РФ) оқушылардың зерттеу іс-әрекетін дамыту үшін жобалау-зерттеу мектептері салынуда. Мысалы, онда оқушылардың зерттеу іс-әрекетін жүргізу дәстүрі және мәдениеті қалыптасқан білім беру ұйымдарының тобы (мектептер, балаларға қосымша білім беретін білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар жанындағы балалар ұжымдары және т.б.) қызмет істейді. Осы топқа кіретін әр ұйымның белгілі бір тақырыптармен, немесе әдістемемен, немесе зерттеу жұмысын жүргізу орнымен ерекшеленетін өзіндік сипаттары бар. Оларды жобалау-зерттеу мектептері деп атайды және олар әртүрлі салаға маманданған. Жобалау-зерттеу мектептері арасындағы тығыз байланыс инновациялық желі арқылы жүзе асырылады, ол арқылы білім ортасындағы оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің технологиялық моделі таратылады [14].

Білім беру процесіндегі әр қатысушы оқушылардың осы іс-әрекетін жоспарлауда және ұйымдастыруда өз жұмысын жақсы меңгеруі қажет.

Мұғалімнің : - оқушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекетін жүргізуі көзделген

курстың оқу-тақырыптық жоспарын жасай білуі; - оқу жобалау немесе зерттеу жұмысына оқушыны даярлай білуі; - белгілі оқу жобасын немесе зерттеу тақырыбын өз сыныбына, білім

беру ұйымына және нақты жағдайға бейімдей алуы; - оқу жобасын жасай немесе зерттеу тақырыбын ала білуі; - оқу жобалау немесе зерттеуді орындау нәтижесінде педагогикалық

мәселелердің орындалуын бағалай білуі; - оқу жобалау мен зерттеуді іске асыра және білім іс-әрекетінің түрлерін

қолдана білуі; - жобалау-зерттеу жұмысының мазмұны бойынша консультация жүргізе

білуі қажет. Бұл мәселені қарастыруда жарияланым материалдары, әдістемелік және

ақпараттық сайттар көмегін тигізеді, сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесінде курстық және модульдік даярлықтан өтуі талап етіледі.

15

Page 16: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізудегі мұғалімдердің ролі аса зор. Бар білімді, ақпаратты білетін тұлғадан гөрі мұғалім оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушыға, әртүрлі көздерден керекті білім мен ақпаратты таба білу бойынша консультантқа, әріптеске айналады. Оқу жобалау және зерттеу жұмыстары даусыз педагогиканы ұйымдастыруға, оқу процесін жалықтырғыш міндеттіліктен гөрі өнімді, шығармашылық жұмысқа айналдыруға мүмкіндік береді.

Оқушы көзімен қарағандағы оқу жобалау және зерттеу - өзінің шығармашылық әлеуетін толық ашу мүмкіндігіне ие болу деген сөз. Бұл іс-әрекет жеке және топта оқушылардың өзін көрсете білуіне, өз білімін қолдана білуіне, жария жағдайда қол жеткізілген нәтижені көрсете білуіне толық мүмкіндік береді. Ол жұмыс кей жағдайда оқушылардың өздері ойлап тапқан қызықты практикалық маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталады,

Мұғалім тарапынан қарағанда оқу жобалау және зерттеу – оқушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекеті бойынша арнай білімі мен дағдыларын қалыптастыратын және дамытатын оқыту және тәрбиелеудің интегративтік дидактикалық құралы болып табылады. Ол мыналарға үйретуді:

- проблемалық мәселелерді (проблемалардан туындаған мәселелерді қоя білу);

- мақсатты тұжырымдау және оқушының мазмұнды іс-әрекетін жоспарлауды;

- өзін-өзі талдауды және рефлексияны; - өз іс-әрекетінің нәтижесін және жұмыс барысын көрсетуді; - арнайы дайындалған жобалаудың өнімін әртүрлі жағдайда көрсетуді; - маңызды ақпараттты іздеу және жинауды, қажетті білімді меңгеруді; - мектептегі білімді әртүрлі жағдайда, оның ішінде типтік емес жағдайда,

практикалық тұрғыда қолдана білуді; - жобалау өнімін дайындаудың керекті технологиясын таңдай білу,

қолдана білуді; - зерттеу жүргізуді (талдау, жинақтау, болжам ұсыну, нақтылау және

жалпылау) көздейді. Білімнің барлық деңгейлерінде бағытталған жүйелі жұмыс ретінде білім

беру ұйымдарында оқушылардың өзіндік жобалау және зерттеу іс-әрекетін меңгеру іске асырылуы тиіс.

Педагогикалық зерттеулердің нәтижесі [15] білімді меңгеру төрт сатылы екенін көрсетті: түсіну, жаттау, ереже бойынша білімді қолдану және шығармашылық есептерді шығару. Білімді меңгерудің аталған сатылары белгілі бір іс-әрекеттерде: тани білу, қайталап қолдану, типтік есептерді шешу және білімді жаңа жағдайда, типтік емес есептерді шеше білуде анықталады. Сондықтан білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу оқытудың нәтижесі ретінде қаралады. Егер оқу бағдарламалары білімді шығармашылық тұрғыда қолдануды ескермеген жағдайда, білім беру процесі

16

Page 17: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

аяқталмаған деп санауға болады. Бұл қорытындының дидактикалық маңызы зор.

Қолданыстағы оқу бағдарламаларын талдау олардың көбінде шығармашылық (жобалық) тапсырмалардың аз берілетінін, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындауда оқушылардың қиналатындарын көрсетті. Оның себептерінің бірі - оқушылардың алдыңғы оқылған пәндер бойынша да шығармашылық тәжірибесінің жоқтығы.

Қазіргі кезде мұғалімдер оқушыларға шығармашылық, жобалық тапсырмалар берудің маңызын жақсы түсінеді. Сондықтан оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда оқу процесінде жобалау-зерттеу, шығармашылық іс-әрекеттерінің элементтерін көптеп қолданудың маңызы өте зор. Бір айта кететін мәселе, осындай шығармашылық тапсырмалар берудің алдында оқуларға пропедевтикалық есептер беру тиімді, себебі мұндай есептерді шығару оқушыларда негізгі ережелердің есте қалуына ықпал етеді және оларды қолданып жоғары деңгейдегі шығармашылық, жобалау-зерттеу іс-әрекеттерін атқаруға мүмкіндік береді.

2.3 Білім алушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру жүйесі Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті мәдениетін қалыптастыру жүйесін оқу

зерттеуі жұмысын тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін мазмұны, әдістемесі және түрлері ортақ педагогтар мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттерінің нәтижесі деп қарастыруға болады. Оқушының өзі құрастырған тұлғалық білім моделін оқытудан ілімге қарай бағыттаудың маңызы зор [ 16, 17, 18 ].

Жобалау және зерттеу іс-әрекетін, білім жобаларын ұйымдастыруда типтік оқу жоспарының вариативтік компонентін тиімді пайдалану қажет. Осыған байланысты педагогтардың алдында мынадай, шешуін қажет ететін маңызды мәселелер тұр:

- білім беру, тәрбие, ғылыми қоғамның аспаптарын білім саласында қолдану мәселелерін шешу үшін оқушылардың зерттеу іс-әрекеті білім беру технологиясының бір бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс;

- оқушылардың шығармашылық зерттеу белсенділігін арттыруға жағдай жасау, білім алушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекетін қалыптастыру механизмдерін жасау;

- білім алушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекетінің негізінде білімді, ептілікті, дағдыларды және құзыреттілікті қалыптастыру үшін негізгі және қосымша білімді интеграциялауға қол жеткізу.

Осы мақсаттарға жету үшін әртүрлі деңгейде: мектептен халықаралық деңгейге дейін жүргізілетін конференциялардың, олимпиадалардың, конкурстардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін толық пайдалану қажет.

Мектепте оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де, оларды дамытатын зерттеу ортасын қалыптастыру керек. Осы мақсатта мектептің нормативтік актілері білім алушылардың зерттеу іс-әрекетін дамытатын білім беру

17

Page 18: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

процесін жүзе асыруды көздеуі шарт. Олар ғылыми-зерттеу іс-әрекеті туралы ережелерді, мектептің ғылыми қоғамы, мектептің ғылыми-практикалық конференциясы, мектеп жобасы туралы ережелерді қамтиды.

Мұғалімдерді даярлау, оқу-зерттеу іс-әрекетін жүргізу жөнінде мұғалімдердің кәсіптік құзыретін жетілдіру үшін педагогтарға жобалау мен зерттеудің жетекшілері мен консультанттары ретінде қарап, әдістемелік ұсынымдар жасау керек. Ол үшін түрлі оқытатын семинарлар, курстар ұйымдастырылатын болады, мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысуы көзделген.

Әдістемелік құралдар жобалау және ғылыми іс-әрекеттер жүргізетін оқушылар үшін де жасалуы қажет.

Оқу-тәрбие процесінде, білім оқу бағдарламаларында зерттеу бағытында жұмыстар жүргізілетіндігі ескерілетін болады. Осыған байланысты оқу процесіне вариативтік: математикалық пәндермен, химиямен, тарихпен, географиямен және өлкетанумен интеграцияланған жобалау және зерттеу жұмыстарын жүргізу көзделген курстар еңгізу маңызды орын алады.

2.4 Білім алушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыруда

интернет-технологиялардың қолданылуы Оқушылардың оқу-зерттеу мәдениетін қалыптастыру үшін әртүрлі

жағдайда (интернетпен қамтамасыз етілу деңгейіне байланысты) педагогикалық практикада интернет-технологиялар қолданылады [17].

Интернет-технологиялар негізінде зерттеу мәдениетінің қалыптасуын бағалау үшін мынадай критерийлер ұсынылады: зерттеу мотивациясы, ойлаудың ғылыми стилі, оқу-зерттеу іс-әрекетіне технологиялық дайындық, білім алушылардың шығармашылық белсенділігі [19] .

Оқушылардың зерттеу мотивациясы мынадай көрсеткіштермен: тану қажеттілігінің қарқындылығымен, зерттеудің құндылығын түсіну және зерттеумен әуестенумен сипатталады.

Оқушылардың ойлауының ғылыми стилі олардың оқу-зерттеу мәдениетінің критерийі ретінде мынадай көрсеткіштерді қамтиды: өзіндік зерттеу іс-әрекетінің құрылымдық бөліктерін ой елегінен өткізу, ойлаудың ғылыми стилінің нормасы мен талаптарын орындау.

Зерттеуге технологиялық дайындық зерттеу проблемасының түсініктеме аппаратын білуді, ғылыми ілім әдістерін қолдану ептілігі мен дағдыларының болуын, оқушылардың еңбегін ғылыми ұйымдастыру ережелерін сақтауды көздейді.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігі идеялар мен олардың арасындағы байланысты түрлендірудегі тәуелсіздік деңгейімен, ғылымның тарихы және олардың проблемаларымен таныстық деңгейімен анықталады.

Оқу-зерттеу мәдениетін қалыптастыру бойынша қойылған мәселелерге сәйкес оқу процесінде және оқушылардың ғылыми қоғамының қызметінде

18

Page 19: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

интернет-технологияларды қолданудың негізгі бағыттары белгіленді. Оларға: интернет желісінде ғылыми жұмыстар үшін материалдарды іздестіру; конференциялар, конкурстар және гранттар туралы ақпараттар алу; конференцияларға сұраным, баяндамалар жіберу; мектептің сайтында зерттеу жұмысының нәтижесін жариялау; оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыратын ұйымдармен байланыс жасау; басқа қалалардағы, елдердегі әріптестермен хат жазысу; үй тапсырмасын орындау үшін ізденіс ұйымдастыру; оқу жылы барысында оқушылардың таңдаған проблемасы бойынша жүйелі түрде рефераттар жазу жатады.

Бұл мақсат үшін мыналар: зерттеу жұмысын жасауға қатысты сайттар тізімдері жасалады; үй жұмыстарын орындау үшін ақпараттарды іздеу ұйымдастырылады; іздеу тапсырмаларын орындау бойынша оқушылардың пікірталастық тобы құрылады; Интернет желісінде коммуникация әдістерін оқытатын әдістемелік ұсынымдар жасалады; оқушылар үшін конкурстар туралы ақпарат жиналады. Педагогтерге көмек көрсету, оқу-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру үшін арнайы сайттар жасалуы мүмкін.

Интернет-технологияларды педагогикалық практикада, оның ішінде жалпы орта білімде, қолдану оқу процесі мен оқушылардың ғылыми қоғамын тиімді байланыстыруға, оқушылардың оқу-зерттеу мәдениетінің көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу мәселелерін шешу үшін Интернет желісін қолдану арқылы оқушылар гипермәтінмен жұмыс әдістемесін, бағдарламалық өнімдерді қолдану арқылы коммуникативтік дағдыларды меңгереді. Оқушылардың ғылыми қоғамдары іс-әрекеттерінің барысында 12 жылдық білім жағдайында бейінді сынып оқушылары қашықтан жүргізілетін (дистанциялық) олимпиадаларға, конкурстарға, гранттық бағдарламаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Интернеттегі жұмыстың тиімділігін арттыру үшін зерделенетін оқу тақырыбына байланысты проблемалық сұрақтарды тіркеу үшін картотекалар қолдану тиімді болады. Картотекалар арқылы керек ақпаратты Интернеттен іздеу жеңілдік туғызады.

Интернет желісінде ақпараттық технологияларды зерттеу жұмыстарында кең қолдану орта мектеп оқушыларының оқу-зерттеу мәдениетін қалыптастырудың тағы бір критерийі болып табылады.

19

Page 20: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

3 Оқушылардың функционалдық сауаттытылығын қалыптастыруды бағалаудың критерийлерін жасау

3.1 PISA халықаралық зерттеуінің тәжірибелері Ұлттық жоспар негізгі мәселелердің бірі ретінде оқушылардың білім

сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесін дамытуды қарастырады [ 4 ].

Халықаралық бағалаулық зерттеудің бірі ретінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ОЫДҰ) жүргізетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасын (Programme for International Student Assessment - PISA) қарастыруға болады [20]. PISA 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімін, іскерлігін және дағдыларын адамзаттың әртүрлі қызметінде өмірде кездесетін мәселелерді шешуге, сонымен қатар оларды тұлғааралық қатынаста және әлеуметтік қатынастарда қолдана білу қабілеттерін бағалайды.

PISA зерттеуі қазіргі кезде мектептегі білімнің тиімділігін салыстыра бағалаудың әлемдегі универсалды инструменті ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер білім беру жүйесін дамыту стратегиясын қалыптастырудың, оның ішінде білім берудің мазмұнын және әдістемесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.

PISA зерттеу шеңберінде функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және ғылыми жаратылыстану сауаттылығы. Зерттеу үш жылда бір рет өткізіледі. Әр зерттеуде үш саланың бірі ғана бойынша функционалдық сауаттылық бағаланады. Мысалы 2009 жылы оқу сауаттылығы зерттелді.

2009 жылы Қазақстан PISA зерттеуіне алғаш рет қатысты. Зерттеу нәтижесінде Қазақстан оқушылары мынадай көрсеткіштерге қол

жеткізді: - аса күрделі емес оқу мәтіндерін қолдана және оларды күнделікті жағдайда

пайдалана білетіндердің үлесі зерттеуге қатысушылардың тек 5 пайызын ғана құрады (ОЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш - 28,6 %);

- нақты модельдермен нақты жағдайларда тиімді жұмыс істей алатын, әртүрлі тапсырмаларды дамыта және кіріктіре алатын оқушылардың үлесі математикалық сауаттылық бойынша қатысқан оқушылардың 4,2 пайызын құрады (ОЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 16 %);

- жаратылыстану ғылымдарының ролі туралы қорытынды жасауды керек ететін жағдайларда, әртүрлі жаратылыстану пәндерін біріктіріп, түсініктеме беру алатын және ол түсініктемелерді әртүрлі өмірде кездесетін жағдайларда қолдана білетін оқушылардың үлесі ғылыми жаратылыстану сауаттылығына қатысқан оқушылардың жалпы санының 3,6 % құрады (ОЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5 %);

Сонымен PISA зерттеуіне Қазақстанның қатысуының нәтижесі жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдері пәндік білімдерді өте жақсы беретінін көрсетті.

20

Page 21: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Сонымен қатар ол білімді өмірде кездесетін жағдайларда дұрыс қолдануға үйретпейтіндері анықталды.

PISA зерттеуінде алдыңғы қатардағы елдердің (Австралия, Финляндия, Япония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) көрсеткіштері оқушылардың функционалдық сауаттылығына мынадай факторлардың әсер ететінін көрсетті:

1) білім мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары; 2) оқытудың түрлері мен әдістемелері; 3) білім алушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және бағалау

жүйесі; 4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; 5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысаны, оқу жоспарын

реттеуде мектеп автономиясының жоғары деңгейі); 6) барлық қызығушылық танытқандармен әріптестік принциптерге

негізделген достық жағдайдағы білім беру ортасының болуы; 7) балаларды оқытудағы және тәрбиелеудегі ата-аналардың белсенді ролі. PISA зерттеуі мынадай бағыттарда жүргізіледі: - мәтін оқу; - математикалық сауаттылық; - ғылыми жаратылыстану сауаттылығы; - әртүрлі мәселелерді шешудегі құзыреттілік. Мектептегі білім сапасына мониторинг жүргізуде негізгі назар

оқушылардың жалпыоқу және интеллектуалдық дағдыларын меңгеруді бағалауға аударылады. Математикалық сауаттылықты, оқу сауаттылығын, ғылыми жаратылыстану сауаттылығын және мәселелерді шешудегі ептіліктерді тексеру үшін кешенді және құрылымданған тапсырмалар жасалады.

Әр тапсырманың мәтіні бар, онда жеке мәселелер қарастырылады, сонымен қатар қиындығы әртүрлі 1-6 сұрақ беріледі. Тапсырманы орындау нәтижесі бойынша оқушының қойылған мәселені әр пәндерден алған білімін қолдана отырып, шешу қабілеті бағаланады.

Математикалық сауаттылық – қоршаған ортадағы математиканың ролін анықтау және түсіну қабілетінің деңгейі, жақсы негізделген математикалық ой-пікірді жеткізе білу және математиканы қажеттіліктен туындайтын мақсаттарда қолдана білу.

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы – ғылыми-жаратылыстану білімін қолдана білу қабілетінің деңгейі, мәселелерді анықтай білу және қоршаған ортаны, сонымен қатар тиісті шешім қабылдау үшін адамның әсерінен онда болып жатқан өзгерістерді түсіне білуге негізделген қорытындылар жасай білу.

Мәтінді оқу сауаттылығы – жазбаша мәтіндерді ой елегінен өткізу, оларға рефлексия жүргізу, мәтіндерді өз мақсаттарына қолдана білу, қоғам өміріне белсене араласу үшін білімі мен мүмкіндіктерін қолдана білу қабілетінің деңгейі. Зерттеуде мәтінді оқу техникасы, оны оқу жылдамдығы қаралмайды, оның орнына мәтінге рефлексия, оны түсіну және оқылған мәтінді әр түрлі мақсаттарға қолдана білу қабілеті қаралады.

21

Page 22: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Мәселені шешудегі құзыреттілік – бір қарағанда, шешу жолдары көрінбейтін пәнаралық мәселелерді шешу үшін ептілікті қолдану қабілеті. Тестілерде әртүрлі нысандағы сұрақтар қолданылады. Олардың жартысы еркін жауап берілетін сұрақтар. 12 пайыз сұрақтарға өзіндік жауаптар берілуі тиіс, бірақ ол жауаптар жеке сөздермен және сандармен шектеледі. Жауаптары дайын сұрақтар барлық сұрақтардың 33 пайызын (1/3) құрайды.

Жалпы халықаралық мониторинг барысында математикадан 54 тапсырма (барлығы 85 сұрақ), оқудан 8 тапсырма (барлығы 28 сұрақ), жаратылыстанудан 13 тапсырма (барлығы 35 сұрақ) және 10 тапсырма мәселелерді шешуге (барлығы 19 сұрақ) беріледі. Әр оқушы оларға 2 сағат ішінде жазбаша жауап беруі тиіс. Тестілерге жауап берілгеннен кейін жарты сағаттың ішінде әр оқушы анкетаға жауап береді. Онда ол білім беру ұйымы, өзінің қызығушылығы, оқуға көзқарасы туралы ақпарат береді. Қосымша білім беру ұйымдарының басшылары (директорлары) анкеталауға қатысады.

Басқа бағалау жүйелеріне қарағанда (мысалы TIMSS) PISA-да бағалау объектісі пәндерді (оқу бағдарламасын) меңгеру деңгейі мен сапасы емес, олардың үш бағыттағы: мәтінді оқу, математика, жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылықтар салаларындағы құзыреттілігін қалыптастыру деңгейі болып табылады.

«Сауаттылық» термині бағалауға жататын білімнің, ептіліктің, дағдылардың кеңдігін көрсету үшін арнайы қабылданған. Жалпы PISA дамыған сайын оқушылардың мектеп бағдарламаларынан да кең құзыреттілігін бағалаудың мәні біртіндеп артатын болады.

3.2 TIMSS мектептегі білім сапасын халықаралық зерттеудің

тәжірибесі TIMSS мектептегі білім сапасын халықаралық зерттеу – Trends in

International Mathematics and Science Study – әлемнің 60 елдерінде жаратылыстану-математика бағыты бойынша мектептегі білімнің даму басымдылығын анықтау үшін жүргізіледі.

Білім үш деңгейлік тұрғыдан қарастырылады [7]: - жоспарланған (мемлекет тарапынан әлеуметтік тапсырыс ретінде

анықталады); - жүзеге асырылған (мектептердегі нақты оқу процестерімен анықталады); - қол жеткізілген (мектептердегі оқытудың нәтижелерімен анықталады). Білім алушылардың білім жетістіктерін анықтау үшін жаратылыстану-

математика циклы пәндері бойынша тестілер мен тестілік тапсырмалар, фондық ақпараттың нақты параметрлері анықталады.

TIMSS зерттеуінің негізгі компоненті ретінде 4 және 8 сыныптар оқушыларының оқу жетістіктері қаралады. 4-ші сынып оқушыларының тестік тапсырмаларының әр варианты 44-50 тапсырмадан тұрады, 8 сынып оқушылары үшін – 55-60 тапсырма қарастырылған. Онда жауаптар әртүрлі болуы мүмкін. Тапсырманы орындау үшін 4-ші сынып оқушыларына 72 минут,

22

Page 23: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

8 сынып оқушыларына 90 минут уақыт бөлінеді. Бағалау диапазоны 0-ден 1000 балл аралығында болады, орташа статистикалық балл 500 баллды құрайды.

Тестілеу тапсырмаларын бағалау төрт деңгейде жүзеге асырылады: - ілгері (625 – 1000 балл); - жоғары (550 – 624 балл); - орта (475 – 549 балл); - төмен (400 – 474 балл). Жабық тапсырма бойынша әр дұрыс жауапқа халықаралық эксперттер 1

балл береді. Ашық тапсырмалар бойынша әр жауапқа арнайы екі таңбалы код беріледі – «дұрыс жауап», «жартылай дұрыс жауап», «жауап дұрыс емес».

Зерттеулерге арнайы сауалнамаларға жауап беру арқылы Ұлттық координаторлар қатысады. Бұл жауаптар алынған нәтижелердің кейбір себептерін түсіну үшін қосымша фондық ақпараттарды құрайды. 4-ші және 8-ші сынып оқушылары мектептегі пәндерге көзқарастары, педагогтар тарапынан сабақтарды ұйымдастыру, сыныптан тыс ісшараларға қатысу, отбасын сипаттау туралы анкеталық сұрақтарға жауап береді.

Сауалнама сұрақтарына берілген жауаптар арқылы оқушылардың нәтижелеріне әсер ететін фондық ақпарат ретінде кейбір факторлар анықталады. Мысалы халықаралық сарапшылар жасаған модель бойынша мынадай факторлар:

- оқушылардың демографиялық сипаттары (тестілеу кезіндегі оқушылардың жасы және олардың жынысы);

- жанұяның әлеуметтік-экономикалық жағдайы (жанұяда компьютердің, мобильдік телефонның, автомобильдің бар болуы және т.б.);

- жанұя мәдениеті (үй кітапханасының бар болуы, сөйлесу тілі); - өз жетістіктерін бағалау (пәнге деген көзқараспен анықталады –

«жалықтыратын пән», «жеңіл пән», «әр адамның өмірінде маңызды»); - оқушының уәждемесі (білім траекториясы, пәнді игеруге тиісті жігердің,

қызығушылықтың болуы); - мектептен тыс іс-әрекеттер (оқушыны әртүрлі мектептен тыс шараларға

қатыстыру, бос уақытты тиімді пайдалану); - мектептегі және сыныптағы психологиялық ахуал анықталады. Кадрлық әлеуеттің оқу процесін ұйымдастыру сапасына әсерін пән

мұғалімдерінің анкета сұрақтарына берген жауаптары арқылы анықталатынын атап өту қажет. Бұның арқасында мынадай фондық ақпарат алынады: мұғалімдердің жеке мінездемелері (жынысы, жасы, жұмыс стажы, білім деңгейі), кәсіптік құзыреттілігі (сабаққа дайындалу, оқу жұмыстары, оқу жетістерін бағалау, мұғалімдер мен оқушылардың ынтымақтастығы, біліктілікті көтеру және т.б.).

Халықаралық сарапшылардың көзқарасы бойынша оқушылардың оқу жетістіктеріне мынадай факторлар: мектептің орналасуы, білім беру ұйымының материалдық ресурстары, тәртіп деңгейі, психологиялық «ахуал» және басқару қызметінің жекеленген аспектілері әсер етеді. Бұл сұрақтар бойынша алынған

23

Page 24: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

фондық ақпарат білім беру ұйымының басшыларын анкеталау барысында алынады.

3.3 Кейбір елдердегі оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесі Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша әдебиеттік талдау

олардың нәтижелерін бағалаудың көптеген түрлерінің бар екенін көрсетті. Мысалы, әртүрлі бағалау жүйесі бар екені белгілі: 7-баллдық, 10-баллдық, 11-баллдық, 12-баллдық, 100-баллдық, рейтингтік және т.б. Бұл бағалау жүйелеріндегі көрсеткіштердің айырмашылығына қарамастан, оларда бір ерекшілік бар екенін атап өту қажет – ол оқушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейін дифференциациялау және бағалаудың критериалдығы.

Білім берудің құзыреттілік моделіне көшуге байланысты оқудың нәтижесі оқушылардың пәндер бойынша білімі, ептілігі және дағдылары ретінде емес, олардың нақты жиынтығын қалыпты емес, әртүрлі жағдайларда қолдана білу ретінде қарастырылатын болады және оқу жетістіктері деген термин енгізілді. Осыған байланысты білім алушылардың білімі, ептілігі, дағдылары ғана емес, сонымен қатар міндетті түрде олардың құзыреттері бағалануы тиіс болады.

Әр елдердегі оқу нәтижелерін бағалау жүйелерін сараптау мынаны көрсетті. Ұлыбритания мен Норвегияда орта мектепте оқу жетістіктері жеті балдық

жүйемен бағаланады. Мысалы, Ұлыбританияда әріптік жүйе қабылданған: А, В, С, D, F, G, мұндағы А - «өте жақсы», G- «қанағаттанарлықсыз». Норвегияда цифрлік жүйе қолданылады: 0-2 балл – ортадан төмен, 3-4 - орта, 5- 6 – ортадан жоғары, 7 - өте жақсы.

Финляндия, Исландия, Испания және Нидерланды елдерінде жалпы орта білімде 10 баллдық жүйе бар. Мысалы Италияда жалпы орта білімді бағалаудың 100 баллдық жүйесі қолданылады, алайда бұл жағдайда ең төменгі балл 60 балл болып саналады.

Бельгия мен Люксембургта 60 баллдық жүйе пайдаланады, ең төменгі балл 30 балл.

Австрия, Испания, Португалия (бастауыш және негізгі орта мектеп), Италия (бастауыш және негізгі орта мектеп), Россия (орта мектеп) және кейбір ТМД елдерінде 5 балдық жүйе кең қолданылады.

Швецияда төртбалдық бағалау жүйесі бар: «өте жақсы тапсырылды», «жақсы тапсырылды», «тапсырылды», «тапсырылмады».

Данияда 13 баллдық бағалау жүйесі кең пайдаланады (0 -13 балл), мұндағы 0 - «нашар», 13 - «өте жақсы».

3.4 12-жылдық білім беруге көшу жағдайында бағалау жүйесі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (МЖМБС)

шеңберінде қазіргі 11-жылдық, алдыдағы 12-жылдық мектептерде оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру білім берудің басым бағыттарының бірі болып табылады.

24

Page 25: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі ретінде білім алушылардың практикалық жағдайларда, әлеуметтік бейімделу процесінде тиімді қолдана алатын түйінді құзыреттерін меңгеруі қарастырылатын болады.

12-жылдық білім беруге көшу мектептегі оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін қайта қарауды талап етеді. Қолданыстағы бағалаудың 5 балдық жүйесі оқушылардың оқу жетістіктерін, олардың даярлық деңгейлерін толық қамти алмайды. Оның үстіне орта білімде 5 балдық жүйенің орнына іс жүзінде 4 балдық жүйе қолданылады, себебі «бір» бағасы іс жүзінде қолданылмайды десе де болады.

Оқу жетістіктерін бағалаудың мақсаты - оқыту сапасының деңгейін анықтау, яғни бітірушілердің алған білімі, ептілігі, дағдылары негізінде құзыреттерін, оларды қалыптасқан және әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуін қалыптастыру болып табылады.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мәселелері: - оқушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейін анықтау; - күтілетін нәтижелерге оқытудың нәтижелерінің сәйкестігін анықтау; - оқушылардың білімінде ақаулықтардың бар екендігі анықталған

жағдайда түзету жұмыстарын жүргізу; - оқушылардың оқуға уәждемесін арттыру; - сындарлы ойлау және өзіндік бағалау қабілетін арттыру болып табылады. Орта білім жүйесінде құзыреттілікті қалыптастыру жағдайында білім

алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі мынадай ұстанымдар ескерілуі керек:

- білімді меңгеру деңгейін саралау; - бағалаудың критериалдылығы; - бағалаудың объективтілігі; - бағалауды жекелендіру; - бағалаудың жариялылығы; - баллдарды жинақтау. Білім алушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейін саралау

ұстанымы бағалау шкаласының критериалдық-бағалау базасын жасауға мүмкіндік береді, соның арқасында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігіне қол жеткізіледі. Бағалау жариялылығы психологиялық кейбір мәселелерді: мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналарының арасындағы араздасушылықты, өзара түсінбеушілікті шешуге мүмкіндік туғызады.

Баллдарды жинақтау бағалауды жекелендіріп қарауға, білім алушылардың өздерін дамытудың жеке траекториясын қабылдауына және өздерінің мүмкіндіктеріне қарай білімдірін, ептіліктерін және дағдыларын жинақтауға мүмкіндік береді. Оқушылар, олардың ата-аналары және мұғалімдер әр оқушының даму өзгерісін (тоқсанда, жарты жылдықта, оқу жылында) тұрақты бақылауға мүмкіндік алады.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген ұстанымдарды ескере отырып, құзыреттілікті қалыптастыру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін

25

Page 26: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

бағалау жүйесін жасау мектеп практикасына қажеттілік пен жаңа білім парадигмасы мен бағалау құралдарының арасындағы қарама-қайшылықты жоюға мүмкіндік береді.

Оқыту процесінің сапасын бағалау үшін: - мектеп деңгейінде тұрақты, үздіксіз диагностика мен бағалау болып

табылатын білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі (кірістегі, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау), оқу жетістіктеріне мониторинг жасау;

- оқыту материалдарының мазмұны мен көлемдерін ескере отырып, бақылау-өлшеу материалдарының қорын жасау;

- оқушылардың өзіндік дамуға ұмтылыстарын, тұлғаны өзіндік бағалау, оқу және когнитивтік іс-қимылдарды сапа критерийлеріне сәйкес жасалған тапсырмаларға негізделген бағалау жүйесінің тетіктерін жасау;

- оқу процесінің сапасын көтеру жөнінде басқару шешімдерін қабылдау үшін оқу жетістіктерін бағалау мен мониторингтік зерттеу нәтижелерінің дерек базасын жасау қажет.

12 жылдық білім берудің мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының жобасын жасауда оқушылардың түйіндік және пәндік құзыреттерін қалыптастыруға ерекше назар аударылатын болады.

12 жылдық білім беруге көшу оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа критериалдық бағалау жүйесін енгізуді талап етеді. Бағалау түрлерінің көп болуына қарамастан, ол негізінде сыртқы және ішкі бағалау болып екі топқа бөлінеді.

Сыртқы бағалау оқушылардың оқуы аяқталғанда олардың оқу жетістіктерінің күтілетін деңгейге сәйкестігін тексеру үшін (БҰТ, ОЖСБ және т.б.), сонымен қатар халықаралық зерттеулерге (TIMSS, PISA и PIRLS) қатысу арқылы жүргізіледі.

Сыртқы бағалаудың негізгі мақсаты - оқушылардың оқу жетістіктерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына, оқу бағдарламаларында анықталған мақсаттарға сәйкестігін анықтау болып табылады.

Сыртқы бағалауда білімнің, ептіліктің, дағдылардың және құзыреттердің деңгейлерін өлшеу үшін мазмұны, рәсімі және тексеруі бойынша тапсырмалардың стандартталған жүйесі қолданылады.

Ішкі бақылау МЖМБС талаптарына (аралық және қорытынды бағалау) сәйкес нақты жеке жетістіктерді анықтау үшін оқыту сапасына оқу пәні бойынша диагностика жүргізу арқылы іске асырылады.

Өзіндік бағалау білім алушылардың өзін-өзі ұйымдастыра алу, өзін-өзі дамыта білу (өзін-өзі бағалау және білім алушылардың жетістіктерін есепке алу) жетістіктері бойынша іске асырылады.

МЖМБС-те көрсетілген талаптар (критерийлер) бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін критерийлік бағалау жүйесі енгізілетін болады. МЖМБС және оқу бағдарламаларындағы барлық оқу нәтижелері, оның ішіндегі түйінді және пәндік құзыреттер бағаланатын болады.

26

Page 27: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Ішкі бағалау стандартталған тапсырмалардан басқа стандартталмаған арнайы тапсырмалар арқылы да жүргізіледі. Бұл тапсырмалар (тапсырма-өлшегіштер) оқытудың күтілетін нәтижелеріне сәйкес жасалады.

Мониторинг нәтижесі оқушылардың функционалдық сауаттылығының динамикасын, оқушылардың, мұғалімдердің, мектептердің жетістіктерін, сонымен қатар стандарттарды, оқу бағдарламаларын және оқулықтарды жаңартудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

3.5 Білім алушылардың оқу нәтижесін бағалаудың негізгі құрамдары Халықаралық және отандық тәжірибелерді ескере отырып, білім

алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда мынадай көрсеткіштер қамтылуы керек.

1. Бақылау-өлшеу материалдарының қоры Оқытудың әр мезгілінде оқушылардың когнитивтік іс-әрекеттерінің

көлемін, ерекшелігін және оқу материалдарының көлемі мен мазмұнын ескеретін әртүрлі бақылаудың мақсатына сәйкес ашық және жабық тестілер түрі ретінде бақылау-өлшеу материалдарының қоры жасалуы керек.

Тестілеу тапсырмаларды бағалауды, халықаралық зерттеулерді ескере отырып, төрт деңгейде жасалуы ұсынылады:

- ілгерілі; - жоғары; - орта; - төмен. Жабық тест сұрағында әр тура жауапқа бір балл беру ұсынылады. Ашық

тест тапсырмасына әр тура жауапқа екі мәнді код беріледі: «тура жауап» - 2 балл, «жартылай тура жауап» - 1 балл, «жауап дұрыс емес» - 0 балл.

2. Білім алушылардың сауалнамасы Сауалнаманың халықаралық тәжірибесі оқушылардың оқу жетістіктеріне

белгілі бір жағдайларда мынадай факторлардың әсер ететінін көрсетті: - оқушылардың демографиялық сипаты (тестілеу кезіндегі оқушылардың

жасы және олардың жынысы); - отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы (компьютердің, мобильдік

телефонның, автомобильдің және т.б. бар болуы); - отбасының мәдениеті (үйде кітапхананың бар болуы және өзара

қолданатын тілі); - өз жетістіктерін бағалау (пәнге деген көзқарас – «пән қызық емес», «жеңіл

пән», «адам өміріндегі пәннің маңызы»); - оқушының уәждемесі (білім траекториясы, пәнге деген қызығушылық; - мектептен тыс шаралар (оқушының әртүрлі мектептен тыс шараларға

қатысуы, бос уақытын тиімді пайдалану); - мектептегі және сыныптағы психологиялық ахуал. Оқушылар үшін сауалнамаларды құрастырғанда, осы жағдайлар еске

алынуы тиіс.

27

Page 28: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

3. Білім беру ұйымдарының кадрлық әлеуеті. Оқу сапасына, оқушылардың функционалдық сауаттылығына тікелей әсер

ететін факторлардың бірі – білім беру ұйымының кадрлық әлеуеті – мұғалімдердің біліктілік сипаты. Білім беру ұйымының кадрлық әлеуеті, олардың оқу процесінің сапасына әсері пән мұғалімдері арасында сауалнама жүргізу барысында анықталатынын атап өту қажет.

Сауалнама барысында кадрлардың мынадай көрсеткіштеріне жауап алынуы қажет: мұғалімдердің жеке тұлғалық сипаттамасы (жынысы, жасы, жұмыс стажы, білім деңгейі), кәсіптік біліктілігі (сабаққа дайындалуы, оқыту қызметі, оқу жетістіктерін бағалау, мұғалімдер мен оқушылардың ынтымақтастығы, біліктілігін көтеру және т.б.), олардың категориясы, біліктілігін көтеру курстарынан өту жиілігі, мемлекет тарапынан марапатталуы және т.б..

4. Білім беру ұйымының материалдық ресурсы. Халықаралық сарапшылар оқушылардың оқу үлгеріміне мынадай

факторлардың әсер ететінін көрсетті: мектептің орналасқан жері, білім беру ұйымының материалдық ресурстары, тәртіп деңгейі, мектептегі, сыныптағы психологиялық ахуал және басқару қызметіндегі жекелеген аспектілер. Бұл мәселелерге жауап білім беру ұйымдарының басшылары арасында сауалнама жүргізу барысында алынатын болады.

5. Балалардың білім мен тәрбиесіне ата-аналардың белсенді араласуын қамтамасыз ету.

Отбасы баланы ерте жасынан рухани құндылықтарға, тиімді және жемісті өмір сүруге баулуы қажет. PISA-2009, TIMSS-2011, PIRLS зерттеулері оқушылардың функционалдық сауаттылығының деңгейіне ата-аналардың оқыту және тәрбиелеу процесіне араласуының оң әсер ететінін көрсетті.

Бұл халықаралық зерттеулердің барысында оқушылардың оқу жетістіктері жанұя ресурстарының: ата-аналардың білім деңгейі, олардың кәсіптік қызметтері, үйдегі кітаптың саны, Интернетке кіру мүмкіндігі, баланың өз бөлмесінің болуы тікелей есер ететінін көрсетті. Сонымен қатар балаларының жетістігіне, олардың дамуына, өмірдің құндылықтарын меңгеруіне, теріс іс-қимылдарын жеңе білуіне ата-аналардың қызығушылық танытуы аса маңызды факторлардың бірі екені анықталды.

Сондықтан ата-аналардың мектептің өміріне белсенді араласуын көздейтін іс-шараларды жасау қажет: ата-аналардың ассоциациясының, ата-аналардың кеңесінің құрылуы тиіс. Бұл қоғамдық институттар отбасының әрбір білім алушымен әріптестік қарым-қатынас орнатуына, бірін-бірі қолдау, мектеп пен отбасының мүдделерінің ортақ болуына мүмкіндік береді. Бұл жағдайда мектеп қызметі мен оқушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат толық және ашық болады.

Осы аталған факторлар оқушылардың функционалдық сауаттылығына тікелей әсер ететін көрсеткіштер ретінде олардың оқу жетістіктерін бағалау барысында ескерілуі тиіс.

28

Page 29: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Әр оқушының оқу жетістігі (білімі, ептілігі, дағдысы, құзыреті) ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көрсетілген талаптарға сәйкес критерийлер мен көрсеткіштер бойынша бағаланады.

3.6 Білім алушылардың оқу нәтижесін бағалаудың критерийлері Жоғарыда аталғандай, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандарттарының талаптарына сәйкес білім алушылардың білімі, ептілігі, дағдылары және құзыреті бойынша оқу жетістіктері сыртқы және ішкі бағалануға жататын болады [ 21 ].

Ішкі бағалау нақты оқушыға бағытталған және оның барысында мағынасы, рәсімі, тексеруі бойынша стандартталмаған тапсырмалар жүйесі қолданылады. Ол оқушының білімді меңгеру барысындағы кемшіліктерді анықтап, сол білімді аса тиімділікпен толықтыруға бағытталады.

Ішкі және сыртқы бағалау барысында: - әр курстың оқу бағдарламаларында көрсетілген білім, ептілік, дағды және

құзырет түріндегі оқу жетістіктері; - оқытудың міндетті нәтижесі ретінде түйінді және пәндік құзыреттердің

қалыптасуы анықталатын болады. Оқушылардың оқу жетістіктерінің төрт деңгейін (минималды, орта,

оңтайлы және жоғары) ескере отырып, оқытудың 12 жылдыққа көшуіне байланысты мынадай критерийлер ішкі бағалау үшін ұсынылады (1-кесте).

1-кесте – Оқушылардың оқу жетістіктерін ішкі бағалаудың критерийлері

Оқу

жетістіктерінің деңгейлері

Критерийлер Көрсеткіштер (оқушылардың күтілетін іс-әрекеті)

минималдық Білімді, ептілікті және дағдыны қайталап көрсету

- кейбір базалық материалдарды өзі қайталап көрсете алады;

- мұғалімнің көмегімен оқу материалдарын толығырақ қайталап көрсете алады;

- берілген үлгі бойынша типтік оқу тапсырмаларын орындайды;

- объектілерді тани және ажырата алады; - элементарлық білімді, фактілерді негізге

ала біледі: оқулықтан негізгі түсініктерді қолдана алады, мысал келтіре біледі;

- жеке пәндік және жалпы зияткерлік ептілікті қолдануда қиындықты сезеді;

- маңызды қателерді аз жібереді. Орта түсіну (білімді,

ептілікті және дағдыны көрсете білу және түрлендіру)

- оқу материалын өз бетінше қайталап көрсете алады;

- жай жағдайларда базалық материалдарды қолдана алады;

- фактілер мен құбылыстарды суреттеу 29

Page 30: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

негізінде салыстыра алады, ұқсастық пен айырмашылықтың себебін анықтай алады;

- берілген алгоритм бойынша типтік тапсырмаларды орындай біледі;

- құбылысты түсіндіру үшін білімді қолдана біледі;

- жұмыста маңызы аз қателіктерді жібереді. оңтайлы меңгерілген білімді

стандарттық жағдайда қолдана білу (білімді, ептілікті және дағдыны қолдана және интеграциялай білу)

- оқу материалын стандартты жағдайды қолдана білу; белгілі фактілер мен ақпараттты жалпылау, жіктеу, жүйелеу, талдау және синтездеу;

- құбылысты жорамалдау үшін білімді қолдана білу;

- оқулықта бар мәліметтер негізінде себеп-салдарды анықтай білу; қолдағы деректердің салдарын жорамалдай және сипаттай білу;

- арнайы пәндік іс-әрекеттің алгоритмін меңгеру; оқу тапсырмасы мен тапсырма ішілік есептің арасындағы тікелей байланысын ескере отырып оқу тапсырмасын орындай білу;

- мұғалімнің аздаған көмегі арқасында арнайы пәндік және жалпыоқулық интеллектуалды ептілікті қолдана біледі;

- маңызды емес аздаған қателіктер жібереді және оларды жөндей біледі.

жоғары Оқу материалдарын әртүрлі жағдайда қолдана білу (модельдеу, кешенді білімді,ептілікті және дағдыларды түрлендіре және қолдана білу)

- оқу материалдарын таныс және таныс емес жағдайда қолдана білу, сонымен қатар өз бетімен тапқан қосымша мәліметтерді қолдана біледі;

- білімді шығармашылық деңгейде пайдалана біледі, әртүрлі дерек көздерінен және салалардан мысал келтіре білу; керекті көрнекті құралдарды, сызбаларды, графикаларды қолдана білу, қорытындыларды түсіндіре білу;

- оқу пәнінің әр тақырыптары мен оқу пәндерінің арасындағы байланысты, сонымен қатар пәнаралық байланысты анықтай білу; ұқсастық пен айырмашылық себептерін түсіндіре білу, фактілердің, құбылыстардың, процестердің өзара байланысын таба білу;

- негізгі және қосымша материалдарды анықтай білу; өмірдегі проблемалармен

30

Page 31: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

байланысы бар әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін алған білімін толық қолдана білу;

- оқушы өзі жөндей алатын аздаған қателіктер жіберуі мүмкін;

- оқу жағдайында, сонымен қатар күнделікті өмірде пәндік және пән аралық білімді өзінше және еркін қолдана біледі.

Ұсынылған бағалаудың критериалдық жүйесі мұғалімге оқушының білімін, ептілігін және дағдысын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оларды оқушының функционалдық сауаттылығымен байланыстырып қарауға мүмкіндік береді.

Сыртқы бағалау барысында [21] білім беру саласындағы өкілетті орган бекіткен мазмұны, рәсімі және тексеруі бойынша стандартталған тапсырмалар жүйесі қолданылады. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың топтарына (сынып, мектеп, өңір немесе республика бойынша) арналады және ол оқушылардың білімнің нақты мазмұнын игеру қорытындысын бірыңғай белгілеуге бағытталады.

Сыртқы бағалауға мемлекеттік бақылауға сәйкес мыналар: - оқу бағдарламаларында көрсетілген міндетті түрде меңгерілуге тиіс: білім,

ептілік және дағдылар; - МЖМБС анықталған түйінді және пәндік құзыреттерді меңгеру деңгейі

жатады. Білім, ептілік және дағдылар ретінде білім нәтижесін меңгеру деңгейі мен

түйінді құзыреттердің қалыптасу деңгейі жеке бағаланады. Мұндай тәсіл Блум таксономиясына негізделеді [22]. Онда мақсатқа жетудің 6 деңгейі көрсетілген.

1. Білім. Бұл категория нақты фактіліер мен бүкіл теорияға дейінгі оқылған

материалдарды еске сақтаумен және қайталап көрсете білумен шектеледі. Оқушы терминдерді, нақты фактілерді, негізгі түсініктерді, ережелер мен ұстанымдарды қайталап көрсете біледі.

2. Түсіну Түсінудің негізгі көрсеткіші ретінде материалдарды айтудың бір түрінен

екінші түріне айналдыра білуді, құбылыс пен оқиғалардың даму бағытын жорамалдай білуді айтуға болады. Оқушы фактілерді, ережелерді, принциптерді түсіндіре біледі; сөзбен айтылған материалдарды математикалық формулаларға айналдырады; берілген деректер бойынша келешектегі оқиғаларды суреттей алады.

3. Қолдану. Бұл категрория оқылған материалдарды нақты жағдайларда немесе жаңа

жағдайларда қолдана біледі. Оқушы заңдарды, теорияларды нақты практикалық жағдайларда қолданады; жаңа жағдайларда түсініктер мен ұстанымдарды қолданады.

31

Page 32: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

4. Талдау. Аталған категория материалдарды құрылымдық бөлімдерге жіктей білу

қабілетін көрсетеді. Оқушы бүтін материалдарды жіктей алады; олардың арасындағы байланысты анықтай біледі; бүтін затты ұйымдастыру қағидаттарын біледі; түсіндіру логикасындағы қателіктер мен кемшіліктерді көре біледі; фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты біледі; деректердің маңызын бағалайды.

5. Жинақтау. Бұл категория жаңалығы бар бүтін затты құрастыруда оның жеке

элементтерін қолдана біледі. Оқушы шығарма, баяндама, реферат жазады; эксперимент жасау жоспарын құрастырады; есептің схемасын жасайды.

6. Бағалау. Бұл категория әртүрлі материалдардың мағынасын бағалай білуді көрсетеді.

Оқушы жазбаша мәтіннің тұрғызылған логикасын бағалайды; бар деректерге жасалған қорытындының сәйкестігін бағалайды; іс-әрекеттің әртүрлі өнімдерінің маңызын бағалайды.

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін ішкі бағалауда бағалаудың мынадай түрдегі «білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жалпылау» төрт деңгейлі критериалдық жүйесі ұсынылады. Бұл жүйе оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін әртүрлі: типтік, вариативтік және жаңа (проблемалық) оқу жағдайында қолданылады.

Ұсынылған тәсіл төрт көрсеткіш бойынша оқушылардың іс-әрекеттерінің әдістемесін жасауды қажет етеді:

- ой іс-әрекетінің жетістік деңгейі; - оқу қиыншылықтарын сезіну; - оқу іс-әрекетінің тиімді және жалпыланған әдістерін меңгеру; - оқушының өзіндік іс-әрекетінің көріну деңгейі. Бұл көрсеткіштер әр деңгей бойынша оқушылардың жетістіктерінің

нәтижелерін бағалауға және саралауға мүмкіндік береді. Төрт деңгейлі критериалдық жүйе бойынша бағалау және саралауда

әртүрлі: 5 баллдық, 12 баллдық және 100 баллдық жүйелер қолданылуы мүмкін. Соған байланысты 2 кестеде оларды критериалдық жүйеде қолдану мүмкіндігі көрсетілген.

2-кесте – Төрт деңгейлі критериалдық жүйедегі бағалау

Оқу жетістіктерінің Деңгейлері

Балл шкалалары 5 балл 12 балл 100 балл

1 – минималды 1 - 2 1 -2 0 - 40 2 – орта 3 3 – 4 41 - 74 3 – оңтайлы 4 5 – 7 75 - 84 4 - жоғары 5 8 – 12 85 - 100

32

Page 33: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Қорытынды

1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының түрлері анықталып, оларға талдау жасалды, оларды дамытудың негізгі бағыттары (жобалау, зерттеу іс-әрекеттері) қарастырылды.

2. Білім берудің 12 жылдық моделіне көшуге байланысты мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары тарапынан оқу мазмұнына қойылатын талаптардың, оның ішінде жобалау және зерттеу іс-әрекеттерінің функционалдық сауаттылықтың артуына тигізетін әсерлері анықталды.

3. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тетіктері келтіріліп, оларға талдау жасалды.

4. 12 жылдық білім беруде оқушылардың жобалау іс-әрекеті негізінде оларда зерттеу мәдениетін қалыптастырудың маңызы көрсетілді, оның барысында оқудың «объект-субъект» парадигмасынан біртіндеп мұғалім мен оқушының арасында әріптестік қатынасқа көшудің маңызы айқындалды.

5. Оқушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекеттерінің түрлері келтірілді, олардың ерекшеліктері атап өтілді.

6. Білім алушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастырудағы оқу бағдарламаларының мазмұнын тиімді анықтаудың, оның ішінде интернет-технологиялардың маңызы мен ролі көрсетілді.

7. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық (PISA, TIMSS және т.б.) және отандық тәжірибелеріне талдау жасалып, оқушылардың оқу жетістіктерін анықтаудағы олардың ерекшеліктері айқындалды. Олардың функционалдық сауаттылықтарын бағалаудың негізгі шарттары белгіленді.

8. Отандық және халықаралық тәжірибелерді талдау арқылы білім алушылардың оқу нәтижелерін критериалдық бағалаудың негізгі құрамдары анықталып ұсынылды.

9. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесінде қолданылатын критерийлер ұсынылды.

10. Жобалау іс-әрекеті негізінде оқушылардың функционалдық графикалық сауаттылығын қалыптастырудың маңыздылығы айқындалды.

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында функционалдық графикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін «Графика және жобалаудың» пәнін оқыту мәселелері қарастырылды.

33

Page 34: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Қосымша

Жобалау іс-әрекеті негізінде оқушылардың функционалдық графикалық сауаттылығын қалыптастыру

Сауаттылықтың негізі ретінде графикалық (белгілік) бейнелеуді

қарастыруға болады, ол адамның интеллектуалдық дамуының негізін қалайды. Зерттеулер көрсеткендей, функционалдық графикалық сауаттылығы қалыптаспаған оқушылар өзінің құрбыларынан көптеген интеллектуалдық даму көрсеткіштері бойынша қалып қоятынын көрсетті: – кеңістікте елестетуді дамыту деңгейі (кеңістіктегі кейіптерге сүйену қабілеті), белгілік кескіндемелерді, абстрактылық символдарды қолдану, креативтік ойлау және ұғыну және жаңаны жасай білу [23,24,25].

«Өте ерте замандағы жасалған кескіндемелер ақылды адамдардың іс-әрекетін көрсететін белгілердің бірі болып саналады. Қазіргі кезде бұл кескіндемелер визуалдық ақпаратты сипаттайтын өте күшті құралдарға айналды, олардың көмегінсіз қазіргі кездегі ғылымның, техниканың және өнердің бірде-бір түрін көз алдыда елестету мүмкін емес [6].

Графикалық, белгілік кескіндемелер адамға визуалдық ақпаратты тиянақтаудың, түрлендірудің және оны өзінің зерттеу және жобалау іс-әрекеттерін жүргізудегі негізгі құралы болып табылады. Сонымен қатар ол коммуникация мен ақпарат берудің маңызды құралы ретінде белгілі. Уақыт пен кеңістікте өтіп жатқан объектілер, процестер және құбылыстар тікелей бақылаумен ғана зерделенбейді, сонымен қатар олар графикалық кескіндемелерін (схемаларын, сызбаларын, графиктерін, диаграммаларын, белгілік және басқа да кескіндемелерін) терең талдау арқылы да зерделенеді. Адам қызметтерінің көптеген салаларында графикалық (көзбен көретін) ақпараттардың сақтауға, түрлендіруге, өңдеуге және беруге қойылатын талаптар сапалық өзгерістерге ұшырауда және олардың функционалдық графикалық сауаттылыққа әсері мол екені даусыз. Кескіндемелерді инструменталдық (қолмен) тұрғызу көлемі жыл санап азайып келеді, оның үстіне оларды компьютерлік графика құралдарын қолдана отырып жасауға қойылатын талаптар артып келеді. Графикалық модельдеудің негізгі әдістерімен, кескіндемелерді олардан ақпарат алу үшін түрлендірумен танысу адамға қай салада қызмет істесе де: оқуда, ғылымда, техникада және өнерде болсын қажет.

Ғылымның болжауы бойынша келешекте өңделетін ақпараттың 80–90% графикалық түрде берілетін болады. Технологиялық қоғамнан ақпараттық қоғамға өту қазірдің өзінде оқушылардың графикалық біліміне, ақпараттық технологияларды қолдануына жаңа талаптар қояды. Оқушылардың графикалық кескіндемелерге олардың бірыңғай мәдениет тілі (графикалық мәдениет) ретінде көзқарастарын қалыптастыру қажет.

Сонымен функционалдық графикалық сауаттылық (графикалық мәдениет) деп көзбен көретін ақпаратты графикалық түрде беру әдісі мен тәсілін

34

Page 35: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

меңгеруді, графиканы оқуда, ғылымда, өндірісте және жай өмірде қолданылатын ойды бейнелейтін құрал ретінде қолдана білуді айтады.

12 жылдыққа көшу жағдайында функционалдық графикалық сауаттылықты қалыптастыруда «Графика және жобалаудың» оқу пәнін оқу процесіне еңгізудің маңызы зор. Ол оқушылардың графикалық білімін жаңа концепциясын іске асырады. Концептуалдық ереженің негізін оқушылардың графикалық мәдениеті ретінде адамзаттың көзбен көретін ақпаратты графиканың дәстүрлік құралдарымен (қолмен, инструменттерді қолданып), сонымен қатар ақпараттық технологияларды (компьютерлік графика) қолданып өңдеу, түрлендіру және тасымалдау салаларындағы жетістіктерінің жиынтығын түсінеді.

Жобалық «Графика және жобалау» оқу пәнінің жаңа бағдарламасының жобасы оқушылардың графикалық мәдениетін және жобалау іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған. 3 кестеде оқу пәнінің құрылымы мен логикасы берілген.

«Графика және жобалау» оқу пәнінің мазмұнын реттейтін дидактикалық негізі оқушылардың графикалық білімінің жаңа концепциясы арқылы анықталады. Оның мағынасы «графика» және «жобалау» терминдеріне негізделіп, графикалық білімнің жаңа мазмұнын педагогикалық тұрғыда белгіленетін болады.

«Графика» деп Үлкен энциклопедиялық сөздік (ҮЭС) бойынша көзбен көретін ақпаратты тиянақтау құралын, ал «жобалау» нақты тіл (графикалық) нысанында ақпараттық түрде белгіленген объектілерді жасауға бағытталған зерттеу-жобалық мазмұны бар кез келген интеллектуалдық іс-әрекетті айтады. Алайда жобалау процесі тек қана графикалық іс-әрекетпен ғана шектелмейтінін айта кету керек.

Қазіргі заманда жобалаулық ақыл-ой мәдениеттің типтік сипаттарының аса маңызды бөлігі болып табылады, ол ғылымда, өнерде, білімде және адамның басқа да интеллектуалдық, шығармашылық қызмет салаларында кең қолданылады.

«Графика және жобалау» пәні жобаланатын объектілерді тек қана жазықтықтарда кескіндеуді ғана үйретіп қана қоймай, сонымен қатар болашақтың кескінін, іс-әрекеттің (жобалаудың) нәтижесін кеңістікте көре білуге баулитын болады.

35

Page 36: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

3-кесте – «Графика және жобалау» оқу пәнін құрастырудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі

Кескіндердің жалпы теориясы Жобалау қызметінің саласы

Графика құралдарымен ақпаратты көзбен көру, түрлендіру және бейнелеу

Ақпаратты графиканың қол құралдарымен (инструменталдық)

бейнелеу

Ақпаратты машиналық графика

құралдарымен (САПР) бейнелеу

Геометриялық-графикалық модельдеу: - табиғи объектілердің графикалық көзбен көрінетін кескіні; - проекциялық кескіндерді тұрғызу; - кескіндерді елестету және қайта конструкциялау; - кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру; - объектілердің және олардың бөліктерінің кеңістіктегі орындары мен нысандарын түрлендіру; - жобалау және ғылыми-зерттеу іс-әрекетін көзбен көру және графикалық модельдеу

Графикалық білімнің құрылымы және мазмұны

Жалпы білімдік графикалық даярлық

(базалық мазмұн) 7-10 сыныптар

Бейіналды графикалық даярлық 9-10 сыныптар

Бейіндік терең графикалық даярлық

(вариативтік мазмұн) 11-12 сыныптар

36

Page 37: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

«Графика және жобалау» - интегративтік пән болып табылады, ол «Сызу» пәнін өз компоненті ретінде қарай отырып, оқушылардың интеллектуалдық әлеуетінің дамуына жағдай жасайды, кескіндемелерді оймен түрлендіруге, жобалау-зерттеу іс-әрекетін жүргізуге үйретеді.

Курсты оқудың барлық кезеңдерінде шығармашылық жұмыс жүргізу оқу бағдарламасының тұжырымдамалық идеясы болып табылады.

Жаңа оқу пәнін 7-10 сыныптарда (негізгі орта білім), 11-12 сыныптарда (жалпы орта білім) вариативтік компонент есебінен оқыту ұсынылады. Мысалы, 7-10 сыныптарды аптасына 1 сағат, 11-12 сыныптарда аптасына 2 сағат оқыту ұсынылады.

Оқушылардың жобалау іс-әрекетін жүргізу оқытудың барлық кезеңінде арнайы шығармашылық тапсырмалар («оқушылардың жобалау іс-әрекетіне жалпы даярлығын дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар», «кіші шығармашылық тапсырмалар», «жобалау іс-әрекетінің элементтері бар шығармашылық тапсырмалар») беру арқылы жүзеге асырылады.

Шығармашылық графикалық іс-әрекеттен басқа курсты оқыту барысында сызу пәні бойынша дәстүрлі есептерді шығару үшін, орындаушылық графикалық іс-әрекетті жүргізу қажет болады.

Жаңа оқу пәнінің мазмұны төмендегі білім бағыттары негізінде жасалатын болады:

- ақпаратты көзбен көрудің графикалық жүйелері, әдістері және құралдары; - кескіндемелер. Графикалық кескіндемелердің типтері мен түрлері.

Кескіндемелерді түрлендіру; - графикалық модельдеу. Нысандарды жасау. Конструкциялау; - жобалау. Жобалау әдістері. Жобалау графикасы; - компьютерлік графика. Автоматтанған жобалау жүйелері (САПР). 11-12 сыныптардағы «Графика және жобалау» пәнінің мазмұны жоғары

оқу орындарының алғашқы екі курстарындағы графикалық пәндерді (мысалы, Инженерлік графика, Сызба геометриясы, Архитектуралық-құрылым графикасы) интеграциялау арқылы ЭЕМ базасында оқытылады. Ол курстың вариативті-модульдік негізде оқытылуы ұсынылады.

Графикалық білім мазмұнының модульдері кәсіптік жобалау іс-әрекетінің ауқымдылығына байланысты анықталады. Әр модуль екі құрамдық компоненттен тұрады:

1 модуль. (Техника, технология және графика) - «Инженерлік графика», «Компьютерлік графика- I».

2 модуль. (Көркем образ және графика) - «Архитектуралық графика», «Компьютерлік графика- II».

3 модуль. (Жобалау графикасы) - «Сызба геометрияся және перспектива», «Компьютерлік графика- III».

4 модуль. (Ақпаратты, деректерді және білімді көзбен көру арқылы беру) - «Ақпараттық графика (Ақпаграфика)», «Компьютерлік графика- IV».

«Компьютерлік графика - I, II, III, IV» пәндерінің бағыттары мынадай болады:

- «Компьютерлік графика-I» - техника объектілерін конструкциялау және

37

Page 38: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

көзбен көру барысында «КОМПАС», «AutoCAD» бағдарламалық пакеттерін қолдану тәсілдерін меңгеру;

- «Компьютерлік графика-II» - архитектура және монументалдық өнер объектілерін конструкциялау және көзбен көру үшін «AutoCAD», «Arch CAD», «КОМПАС» бағдарламаларының пакеттерін қолдану тәсілдерін меңгеру;

- «Компьютерлік графика-III» - дизайн және декоративтік-қосалқы өнер объектілерін конструкциялау және көзбен көру үшін «Adobe Photoshop», «Corel Draw» бағдарламалық пакеттерін қолдану тәсілдерін меңгеру.

- «Компьютерлік графика-IV» - уақыт пен кеңістіктегі заттар мен фактілердің ара қатынасының деректік массивтерін графикалық кескіндеудің компьютерлік технологияларын қолдану тәсілдерін және олардың даму тенденцияларын меңгеру.

«Графика және жобалау» пәні бойынша білім процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Курстың оқу бағдарламаларының негізіне курстың әр бөліміне шығармашылық жұмыстарды кіргізу арқылы графикалық іс-әрекетті оқу шығармашылығымен байыту идеясы алынатын болады. Осы мақсатты іске асырудың дидактикалық құралы болып оқушылардың жобалау іс-әрекетінің жалпы дайындығын дамытудың арнайы пропедевтикалық есептері, тапсырмалары қолданылады.

Пропедевтикалық есептердің бірінші категориясына қоршаған ортадан, жобалау-конструкторлық іс-әрекеттен, практикадан алынған есептер («қызықты проекциялар», «тілдік жұмбақтар», «модель-жұмбақтар», «ұқсастарды құрастыру», «ойша түрлендіру есептері», «эвристикалық графикалық есептер», «ойындық тапсырмалар» және т.б.) жатады, оларды оқытудың алғашқы кезеңінде қолдану ұсынылады.

Пропедевтикалық тапсырмалардың әр түрі курстың нақты бөліміне арналады, олар графикалық білімді қалыптастыруға, бекітуге және қолдана білуге көмектеседі. Мұндай есептер жүйесі М.М. Хасеновтың, Л.В. Павлованың, Г.Ф. Хакимовтың және Р.Р. Вахитовтың оқулықтары мен әдістемелік құралдарында берілген [ 26 - 30].

Екінші категорияға шығармашылық кәсіп мамандарының графикалық іс-әрекетін модельдейтін есептер жатады. Олардың ішіндегі маңыздыларының бірі - техникалық конструкциялаумен байланысты есептер, оған себеп ғылыми-техникалық прогрестің басым бағыттарындағы мысалдар қолданылады.

Оқушыларға есептеліп және курстың логикасына сәйкес жасалған есептерге: конструкцияның жетпейтін тетігін толықтыратын; ұқсас типтер негізінде конструкцияны жетілдіру (қайта конструкциялау); техникалық шарттарға байланысты конструкциялау (пәндік-графикалық негізде) есептері болып табылады.

Осы көрсетілген ұсыныстарды еске ала отырып, архитектура мен дизайн салаларында конструкциялау ғана емес, сонымен қатар жобалау есептері де жасалып, қолданылуы мүмкін.

Ұсынылатын тапсырмалар жүйесі оқушылардың шығармашылық графикалық іс-әрекетін дамытудың негізгі құралы болып табылады. Сондықтан

38

Page 39: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

жобалау іс-әрекетінің элементтері бар шығармашылық графикалық тапсырмаларды жасау мен қолдануға қойылатын талаптар өте маңызды. Сонымен қатар мұғалімнің ондай тапсырмаларды орындаудың негізгі әдістемелерін білуі қажет болады.

Сонымен қатар шығармашылық, негізгі компонент ретінде, заттардың кеңістіктегі орнына және оны ойша нысанын өзгертуге бағытталған түрлендіру іс-әрекетінің болуын көздейді. Графикалық негізде іске асырылатын адамның интеллектуалдық іс-әрекетінің бұл жағын психологтар кеңістіктік ойлау деп анықтайды. Кеңістіктік ойлаудың негізгі көрсеткіші ретінде образды пайдалану түрлері алынады.

Оқушылардың интеллектуалдық қасиеттерін дамытуға уақтылы диагностика жасау графикалық және жобалау іс-әрекетін қалыптастыруға педагогикалық тиімді әсердің маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Функционалдық графикалық сауаттылық бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.

Графикалық білімнің мазмұнының жаңаруына байланысты «Графика және жобалау» пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілуі керек. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау әртүрлі кескіндерді қолдану және түрлендіру бойынша графикалық барлық іс-әрекеттердің нәтижелілігін, сонымен қатар олардың жеке және тұлғалық қасиеттерін ескеруі қажет.

Оқу жетістіктерінің нәтижелері графикалық іс-әрекеттің негізгі түрлерін: құру, қайта конструрциялау, кескіндерді әртүрлі жағдайда (типтік, вариативтік және жаңа жағдайларда) түрлендіре білуді меңгеру деңгейлері бойынша саралануы керек.

Ол жетістіктердің әр деңгейі төрт қосынды көрсеткіштермен: 1 – ой іс-әрекеті жетістіктерінің деңгейімен; 2 – туындайтын қиындықтармен; 3 – графикалық іс-әрекеттің арнайы әдістерін меңгерумен; 4 – оқушының өзіндік қызметінің көріну деңгейімен анықталады.

Оқушылардың жобалау-графикалық іс-әрекетінің жетістіктерін бес баллдық шкаламен бағалау ұсынылады. Жүйелік-іс-әрекеттің қорытынды нәтижесі пән олимпиадаларымен, шығармашылық оқу жобаларын және басқа да жобалау-графикалық іс-әрекетті (портфолиода белгіленген) орындаумен анықталады.

Оқушылардың оқу жетістіктері әртүрлі: типтік, вариативтік және жаңа (проблемалық) жағдайда бағалануы қажет.

Жобалау-графикалық іс-әрекетте оқушылардың оқу жетістіктері мынадай түрде көрінеді:

типтік жағдайда – проекциялау әдістерін қолдана біледі, заттардың аксонометриялық проекцияларға негізделе отырып заттардың кешенді сызбаларын жасау; көз алдыға елестете білу (кескіндердің аксонометриялық және тік бұрышты координаталардағы проекциялары арқылы заттардың нысандарын анықтай білу); заттардың контурлық кескіндері (толық, жартылай) бойынша осьтік симметрияны және сызбадағы шартты белгілерді қолдана отырып, олардың нысандарын қайта конструкциялау әдістерін меңгеру;

39

Page 40: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

кескіндердің (берілген шарттар бойынша) құрамы мен түрлері бойынша олардың бастапқы кескіндерін анықтай білу; заттардың кеңістіктегі орындары мен нысандарын (түрлендірудің берілген шарттары бойынша) өзгерте алады;

вариативтік жағдайда – заттың нысанын анықтау үшін кескіндеменің әртүрлерін қолдану мүмкіндігін ескереді; сызбалардың вариативтігін ескере отырып, оларды тиімді жолмен сызу жолдарын біледі; заттың нысанын анықтау үшін оның кескіндемесін түрлендірудің тиімді жолдарын біледі; заттың нысанын модельдеу үшін толық емес деректер бойынша кескіндемені қайта реконструкциялауды біледі; тапсырманың алғы шарттары өзгергенде заттың нысанын және кеңістіктегі орнын өзгерте білуі керек;

жаңа (проблемалық) жағдайда – кескіндердің сипаттарын оларда белгіленген ақпаратты толық түсіну үшін еркін анықтай алады; тиісті графикалық ақпаратты толық көрсету үшін әртүрлі кескіндемелерді қолдана біледі; шығармашылық есептерді шешу үшін кескіндемелерді қайта реконструкциялау әдістерін қолдана біледі; заттың жаңа нысанының моделін жасау үшін берілген кескіндемелерді түрлендіру әдістерін өз бетімен анықтай біледі; кескіндемелер бойынша кеңістік қасиеттерін (модельдеудің, конструкциялаудың және жобалаудың сызбалары бойынша шығармашылық есептерді шешуде) түрлендіру әдістерін өз бетімен анықтай біледі.

Оқу процесін қамтамасыз ету үшін жобалау-графикалық іс-әрекеттің элементтері бар тапсырмаларды орындау бойынша жетістіктерді бағалау критерийлері ұсынылады. Ұсынылатын бағалаудың деңгейлік критерийлері төмендегідей:

І деңгей - минималдық (1-2 балл) – шығармашылық белсенділік танытады, бірақ сәтсіз болуы мүмкін деген

қобалжу бар; кескіндемелерді ойша түрлендіру қабілеті бар, бірақ басқа шешу варианттарын өз бетімен іздемейді;

– мұғалімнің көмегінсіз вариативтік шешімдерді жасауда қиындықтарды сезеді; қалыпты нысандарды кескіндеуде графикалық білімді қолдана біледі; объект нысанының ерекшелігін анықтау үшін кескіндердің тиімді санын анықтауда қиындықтарды сезінеді;

– шығармашылық процесс сызбасын негіздей отырып жұмыс жүргізу және орындалатын тапсырма бойынша қосымша түсініктеме беру қабілеті бар;

– тапсырманы түсіну және орындау үшін көбінесе мұғалімнің көмегі қажет. ІІ деңгей – орта (3 балл) – шығармашылық белсенділік; шығармашылық процесс сызбасына сүйене

отырып, жұмыс жасау қабілеті; ойша түрлендіруді жүзеге асыра алады, бірақ есепті шешудің басқа варианттарын іздеуде шектеледі;

– шектеу шеңберін ескере отырып, шешудің тек екі ғана варианты ұсынылады; кескіннің тиімді санын алуда қателіктер жібереді;

– кескіндерді орындау барысында шығармашылық ерекшеліктеріне қатысы жоқ қателіктер жіберілуі мүмкін, графикалық білімді қолдана біледі;

– есептердің шартын өзінше немесе жартылай мұғалімнің көмегімен түсіне алады; керекті қосымша білім алуға немесе тікелей мұғалімдерден анықтама алуға ұмтылады.

40

Page 41: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

ІІІ деңгей – оңтайлы (4 балл) – жалпы шығармашылық белсенділік; шығармашылық процеске сүйене

отырып, жұмысты жүргізуге қабілетті; – есептің шешуін іздеуде қиындықтарды сезіну; берілген шектеулер

шеңберінде шешімнің екі, үш вариантын ұсынады; – кескіндемелерді жасау барысында шығармашылыққа қатысы жоқ

қателіктердің болуы мүмкін, оның барысында графикалық білімді қолдана білу қабілетінің бар болуы; конструкцияда негізгіні анықтауға мүмкіндік беретін кескіндемелердің тиімді санын анықтауда қателіктер жіберіледі;

– тапсырманың шартын өз бетімен немесе жартылай мұғалімнің көмегімен түсіне алады.

ІV деңгей – жоғары (5 балл) 4.4. жалпы шығармашылық белсенділігі; есептің шартын өзінше түсіне

білу; есеп шарттарының шектелу шеңберінде вариативтік шешім жолдарын және графикалық жұмыстар схемасын ұсыну;

4.5. кескіндерді жасау барысында графикалық білімді қолдануға қиналмайды; шығармашылық процестің схемасына сүйенбей-ақ жұмыс жүргізу қабілетінің бар;

– курстың оқылған бөлімдеріне сүйеніп, айтарлықтай қате жібермей кескіндерді орындауға қабілетті; объекті нысанының ерекшеліктерін ашу үшін кескіндердің тиімді санын қолдана біледі;

– өз бетімен немесе мұғалімнің жетекшілігімен білімін кеңейту, оқулықтарды, сөздіктерді және т.б. қолдана отырып, керекті анықтаманы алу қабілетінің бар.

Бағалаудың көрсетілген критериалдық жүйесі оқушылардың графикалық сауаттылығын дамытуға байланысты 12 жылдық білімге көшуге жағдайында оқушылардың іс-әрекеті жетістіктерінің нәтижесін бағалау үшін жасалды. Соның негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерінің диагностикасын және бағалауды қамтамасыз етеді.

41

Page 42: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». www.akorda.kz.

2. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» www.akorda.kz.

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 қаулысымен бекітілген).

4. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген).

5. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы.

6. Вавилов С.И. Современные проблемы науки и техники. Собр. соч. Т. 3. -М., 1956.

7. Результаты международного исследования TIMSS - 2011 (Оценки учебных достижений учащихся 4-х и 8-х классов общеобразовательных школ Казахстана). Национальный отчет. –Астана: НЦОСО, 2013. - 237 с.

8. Ермоленко В.А., Перченок Р.Л., Черноглазкин С.Ю. Дидактические основы функциональной грамотности в современных условиях. -М.: ИТОП РАО, 1999. - 228 с.

9. Ботвинников А.Д., Ломов Б.Ф. Научные основы формирования графических знаний, умений и навыков школьников. – М.: Педагогика, 1979. -256 с.

10. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау (12 жылдық оқытудың құрылымы мен мазмұнын жетілдіру бойынша экспериментке қатысушылар үшін әдістемелік ұсынымдар). – Астана, 2006. - 29 б.

11. Педагогические технологии: Учебное пособие для студентов педагогических специальностей / Под общей редакцией В.С.Кукушкина. - М.: ИКЦ «МарТ»: - Ростов н/Д Издательский центр «МарТ», 2006. - 336 с.

12. Исследовательская деятельность учащихся. Научно-методический сборник М.: 2007. – С.35–46.

13. Организация проектной учебно-исследовательской деятельности школьников. / Авт.-сост. И.И.Белова, С.М.Гетманцева, Ю.Н.Гребенникова, О.А.Гущина. – Великий Новгород, 2002. – 63 с.

14. Кайгородова О.В. Развитие процессов интеграции образовательных учреждений в системе педагогического образования: Автореферат дис. ... канд. пед. наук: 13.00.08. - Калининград, 2008. – 20 с.

42

Page 43: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

15. Гервер В.А. Творчество на уроках черчения: Книга для учителя. –М.: Гуманит. изд центр Владос, 1988. – 188 с.

16. Хасенов М.М., Кожиков Ж.А. Графикалық білім беру іс-әрекетіндегі оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі. Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, №3, 2011, Б. 2-6.

17. Щукина Г.И. Роль деятельности в учебном процессе. -М.: Просвещение, 1986. - 142 с.

18. Шипилина Л.А. Методология психолого-педагогических исследований. - Омск: Изд-во ОмГПУ, 2006. – 138 с.

19. Макотрова Г.В. Интернет-технологии в школе исследовательской культуры личности // Фундаментальные исследования. – 2007. – № 11.

20. Каликова С. Казахстан получил международную оценку учебных достижений 15-летних учащихся. Фонд Сорос Казахстана, Manager, 25.01.2011.

21. Отчет о НИР «Научные основы государственного контроля и системы оценивания результатов образования Республики Казахстан» (заключительный). № госрегистрации 0109РК00235, инв.№ 0211РК00566Ю, Астана, 2011, 136 с.

22. Bloom B.S. (Ed.). 1956. Taxonomy of educational objectives: The classification of educational goals: Handbook I, cognitive domain. New York: Longman.

23. Соболев Н.А. Общая теория изображений: / Учеб. пособие для вузов. –М.: «Изд-во «Архитектура-С», 2004. - 672 с.

24. Развитие графического образования в Республике Казахстан. Графика и проектирование в школе: Материалы регион. науч.-практ. конф. / Орг. комитет С.Ш. Магавин, Ж.Ш. Резин, М.М. Хасенов и др. –Караганда. Изд-во КарГУ, 2011. – 197 с.

25. М.М. Хасенов. Сызу. Графикалық кескіндерді түрлендіру. Алматы, «Мектеп» баспасы, 2005. - 71 б.

26. Хасенов М.М. Разработка проекта образовательной программы нового учебного предмета «Графика и проектирование» для 12-летней школы. Научно-педагогический журнал «Проблемы инженерной графики и профессионального образования», 2010. - №4. - С. 86-91 .

27. Хасенов М.М. Преобразования изображений в графической деятельности школьников: Пособие для учителей общеобразовательных школ. –Алматы, Мектеп, 2005. – 76 с.

28. Павлова Л.В. Нетрадиционные подходы к обучению черчению: Учебное пособие. –Н.Новгород. Изд-во Нижегород. гос. техн. ун-та, 2002. – 70 с.

29. Хакимов Г.Ф., Вахитов Р.Р. Эвристические графические задачи: В помощь учителю черчения. –М.: Школа-ПРЕСС. Вып. 3. - 1999. - 112 с.

30. Хасенов М.М. Развитие способности школьников к мысленным преоб9азованиям предметов по изображениям: Учебное пособие. –Алматы. Рауан, 1992. – 136 с.

43

Page 44: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................ 3 1 Ғылыми-әдістемелік негізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ..................................................................

5

1.1. Білім берудің мазмұнын жаңарту – функционалдық сауаттылықтың негізі ..............................................................................

4

1.2. Сауаттылықтың жаңа нысандары. Қазіргі кездегі сауаттылықтың жаңа түрлері ............................................................................................

6

1.3. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері 9

2 Жобалау қызметі негізінде оқушылардың зерттеушілік мәдениетін дамыту жолдары .....................................................................................

11

2.1 Жобалау және зерттеу жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидалары ...............................................................................................

11

2.2 Қазіргі кездегі оқушылардың зерттеу іс-әрекетін түсіну .................... 12 2.3 Білім алушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру жүйесі ...... 17 2.4 Білім алушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыруда интернет-технологиялардың қолданылуы ..............................................................

18

3 Оқушылардың функционалдық сауаттытылығын қалыптастыруды бағалаудың критерийлерін жасау ............................................................

20

3.1 PISA халықаралық зерттеуінің тәжірибелері .................................. 20 3.2 TIMSS мектептегі білім сапасын халықаралық зерттеудің тәжірибесі ..................................................................................................

22

3.3 Кейбір елдердегі оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесі ................... 24 3.4 12-жылдық білім беруге көшу жағдайында бағалау жүйесі............ 24 3.5 Білім алушылардың оқу нәтижесін бағалаудың негізгі құрамдары... 27

3.6 Білім алушылардың оқу нәтижесін бағалаудың критерийлері...... 29

Қорытынды .............................................................................................. 33

Қосымша .................................................................................................. 34

Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 42

44

Page 45: Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 ...Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен

Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Әдістемелік құрал

Басуға 19.04.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 2,3.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК 010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург» с.-і. о., 13-қабат.

45