ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП...

22
1 ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ « «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҚАҒАЗ ПЛАСТИКАСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЮ- ӨРНЕКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ» Махамбетова Сымбат Серикызы КМҚК №23 «Ақниет»б/б тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

Upload: others

Post on 03-Jan-2020

36 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

1

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ

« «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ

ҚАҒАЗ ПЛАСТИКАСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЮ-

ӨРНЕКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ»

Махамбетова Сымбат Серикызы

КМҚК №23 «Ақниет»б/б

тәрбиешісі

ҚАРАҒАНДЫ 2016

Page 2: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

2

МАЗМҰНЫ

1. ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ ..........................................................................................3

2. ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ« «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ

БАЛАЛАРДЫ ҚАҒАЗ ПЛАСТИКАСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЮ-

ӨРНЕКТЕРІМЕН тАНЫСТЫРУ»...........................................................................4-10

3. ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................11-21

4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................... 22

Page 3: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

3

1. ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

Қазіргі таңда өскелең ұрпаққтың елдің ертеңі болар озық ойлы ел тірегі болар

азамат болып өсуі үшін, біздер педагогтар қауымы қашанда ізденісте болуымыз

қажет. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру бойынша «Зерек бала»

бағдарламасында «Қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық

тәжірибеге негізделіп жасалған баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарыны

мен талантын ашуға және оны жан-жақты дамытуға бағытталған бағдарламалар

қажет» деп көрсетілген. Жан-жақты дамыған, елінің мәдениеті мен өнерін бойына

сіңірген өрендерді тәрбиелеуді балабақша қабырғасынан бастауымыз қажет. Осы

негізде, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға негіз болатын сүйікті іс-

әрекеттерінің бірегейі қағаз пластикасы десек қателеспейміз.

Жоспарланған ОІӘ кестесінен тыс күннің екінші жартысында балаларды қағаз

пластикасы арқылы ұлттық өнеріміздің басты белгілерінің бірі ұлттық ою

өрнектерімізбен таныстыру бойынша әдістемелік ұсынымды ұсынамыз.

Мақсаты:

Қағаз пластикасы арқылы мектепке дейінгі балаларды қазақтың ұлттық

ою-өрнектерімен таныстыру.

Міндеттері:

Қағаздың қасиеттерімен таныстыру.

Қазақтың ою-өрнектерімен танысытру.

Эстетикалық қабылдауын, көркемдік шығармашылық қабілетін дамыту.

Балаларды қағаз пластикасына деген қызығушылығын ояту.

Ұсақ қол моторикасын , кеңістікті бағдарлауын дамыту.

Әдістемелік ұсынымның өзектілігі мен ерекшелігі – қағаз пластикасы

арқылы балаларды қазақтың ою-өрнектеріне ерте жастан қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

балалардың шығармашылық қабілеті қағаз пластикасы арқылы дамиды.

Қазақ халқының ою-өрнектерімен танысады;

Ұлттық қолөнерге деген танымдық қызығушылығы артады;

шығармашылық білігі мен эстетикалық талғамы қалыптасады;

ұсақ қол моторикасын дамиды.

Page 4: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

4

2. ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ

««Оюлар әлемі» мектеп жасына дейінгі балаларды қағаз пластикасы

арқылы қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен таныстыру»

Әдістемелік ұсынымның бағдарламасын жүзеге асыру арқылы балалардың

бейнелеу өнеріне әсемдік әлеміне деген деген белсенді қызығушылығы дамытуға

болады. Мектеп жасына дейінгі балалар қолмен ұстап сезініп, көзді қуантар

бейнелеу өнерінің түрлеріне үлкен қызыушылық танытады. Мектеп жасына дейінгі

балаларды қолөнеріміздің алтын діңгегі ою-өрнектермен таныстыруда жапсырудың

дәстүрден тыс формаларының бірегейі умаждалған қағаз домалақтармен көлемді

жапсыру әдісін қолдану балалардың шығармашылыққа деген үлкен

қызығушылығын тудырады. Қағаз домалақтарды майлық, гофра, газет, журнал,

түрлі-түсті қағаздардан әзірлеу балалардың тактильдік сезімін, ұсақ қол

моторикасын, түстер үндестігін тану білігін дамытады. Мектеп жасына дейінгі

балалар қағаздың өзіне тән ерекшеліктерін айыра алады. Баланың жапсыру білігін,

шығармашылыққа деген құштарлығын, ұлттық ою-өрнектерге деген

қызығушылығын қалыптастыруды ортаңғы топтан бастауымыз қажет. Күнделікті

ОІӘ кестесіндегі жапсыру ұйымдастырылған іс-әрекетінен бөлек күннің екінші

жартысында қағаз домалақтар арқылы ою-өрнектермен таныстыруды мақсат

тұтқан үйірме жұмысын жүргізу олардың шығармашылық құзіреттілігін шыңдай

түседі.

Ұлттық ою-өрнектерімізді жастайынан көріп, тәжірибеде пайдаланған өрен

ғана келешекте мектепте, қоғамдық өмірде ұлтымыздың қолөнерінің үлкен

жаңашыры бола алады. Ұлтымыздың ертеңі жеткіншектеріміздің бабалар мұрасы

ою-өрнектерімізбен таныстыру әліппесін бастарда, педагогтар қауымы балалардың

жас ерекшелігін ескеруі қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық

құзіреттілігіне сай ою-өрнектердің қарапайым түрін іріктеп алуы қажет. Ою-

өрнектердің геометриялық, өсімдік және жануарлар әлемінен алған элементтерін

қолдану баланың жан дүниесіне жақын болғандықтан, олардың қызығушылығын

арттырады. Халқымыздың ұлы жәдігері ою-өрнектерімізді бала танымына сіңіре

отырып, оның қолдану аясы ұлттық ыдыстарымыз, тұрмыстық заттарымызбен

ұлттық киімдеріміз жайлы олардың білімі мен білігін ұштап қалыптастырамыз.

Аталмыш әдістемелік ұсыным балалардың шығармашылық қабілетінің

ашылуына, қиялын дамытуға, кеңістікті бағдарлауына , әсемдікті сезінуіне, есте

сақтауын, ұсақ қол моторикасы мен, түстерді сезініп, композиция жасау біліктерін

жетілдіреді. Балалар тарапынан көрінген кішігірім талпыныстың өзі қағаз

пластикасының осы түрінің қайталанбас орындалуымен тартымды.

Балалардың жыл соңында бағдарламаны игеруі олардың қағазбен жұмыстың

ұсақтап жырту, умаждау,дөңгелету сынды түрлі тәсілдерін меңгеру білігін, үлгі

бойынша өзінің шығармашылық жұмыстарын тудыруына негіз болады. Ұжымдық

жұмыстар жасай отырып, мектеп жасына дейінгі балалар жолдастарына деген

мейірімді қарым-қатынасқа, қоғамдық пайдалы жұмыстың қажеттілігін түсінуіне

сеп болады.

Page 5: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

5

Әдістемелік ұсынымның бағдарламалық мазмұнын жүзеге асыру

қорытындысын балабақшада балалар жұмысының көрмесін ұйымдастыру, үздік

жұмыстар альбомын құрастыру арқылы көрсетуге болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ортаңғы тобына арналған

қағаз пластикасы бойынша «Оюлар әлемі» үйірме жұмысының

жылдық жоспары

р/с Тақырыбы Мақсаты

Қыркүйек

1. «Қағаз деген не?

Қағазбен не істеуге

болады?» (1 қосымша)

Балаларды қағаз және оның қасиеттерімен

таныстыру. Түрлі-түсті қағаз, майлық, газет,

журнал, гофра, картон және фольга сынды қағаз

түрлері жайлы білімін қалыптастыру.

Тактильдік сезімін дамыту.

Қағаз пластикасына қызығушылыққа тәрбиелеу.

2. «Қағаздың домалақтарға

айналуы. Доп.» (2 қосымша)

Туындыға қажет қағаз домалақтар әзірлеуді

үйрету. Оны жапсыру білігін қалыптастыру.

Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қазан

4. «Оюлар-өрнектер деген

не?»

(3 қосымша)

Қазақ халқының ою-өрнектерімен таныстыру.

Ою-өрнектердің қолдану аясы жайлы білімін

қалыптастыру.

Көре отырып, есте сақтау қабілетін дамыту.

Халық қолөнеріне деген қызығушылыққа

тәрбиелеу.

5. «Қошақан»

(4 қосымша)

Газеттен әзірленген домалақтардан қошақан

бейнесін жапсыруды үйрету.

Көре отырып, есте сақтау қабілетін дамыту.

Ұқыптылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Қараша

6. «Тайқазан» (құс қанаты)

Балаларды қазақ халқының ұлттық ыдысы

тайқазанмен таныстыру. Тайқазан шаблонын

«құс қанаты» оюымен безендіріп, қағаз

домалақтармен жапсыруды үйрету.

Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Ұлттық ыдыстарға деген қызығушылыққа баулу.

7. «Кигіз үй» (құлын)

Балаларды «құлын» оюымен таныстыру. Кигіз

үйді «құлын» оюымен қиюластырып жапсыруды

үйрету.

Ұсақ қол моторикасы мен қиялын дамыту.

Қолөнерге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Желтоқсан

Page 6: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

6

8. «Торсық» (қошқар мүйіз)

( 5 қосымша)

Қазақ халқының ұлттық ыдыстары жайлы

білімін қалыптастыру. «Қошқар мүйіз» оюымен

таныстыру. Дайын торсық шаблонына

домаланған қағаздармен оюды орналастырып,

жан-жағын толықтыра отырып жапсыруды

үйрету.

Тактильдік сезімін дамыту.

Қағазбен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

9. «Қар жауады

тынбастан...»

ұжымдық жұмыс (төрт таған)

(6 қосымша)

Балаларды «төрт таған» оюымен таныстыру.

«Төрт таған» оюынан қар ұшқындарын

жапсыруды үйрету.

Эстетикалық талғамын дамыту.

Мерекелік көңіл-күйге тәрбиелеу.

Қаңтар

10. «Күбі» (қарлығаш)

Балалардың күбі ыдысы жайлы түсінігін

қалыптастыру. «Қарлығаш» оюымен

таныстыру. Күбі шаблонына оюды үйлестіріп

жапсыруды үйрету.

Қол ептілігін дамыту.

Қағазбен жұмыс істеуге қызығушылығын

дамыту.

11. «Тостаған» (бүркіт)

Балаларды «бүркіт» оюымен таныстыру.

Тостағанды «бүркіт» оюымен безендіріп

жапсыруды үйрету.

Эстетикалық талғамын дамыту.

Желіммен ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Ақпан

12. «Құрақ көрпе»

ұжымдық жұмыс

(тұмарша)

Балаларды «тұмарша» оюымен таныстыру.

Құрақ көрпені тұмарша оюымен қиюластыра

жапсыруды үйрету.

Ұсақ қол қимылын дамыту.

Ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

13. «Табақ» (ит құйрық) Балаларды «итқұйрық» оюымен таныстыру.

Табақ жиектерін «итқұйрық» оюымен

жапсыруды үйрету.

Қиялын, ойлауын дамыту.

Ұлттық қолөнерге деген сүйіспеншілікке

тәрбиелеу.

Наурыз

14. «Батыр қалқаны»

(түйе табан)

Батырдың қалқан құралы жайлы түсінігін

қалыптастыру. «Түйе табан» оюымен

таныстыру. Қалқанды оюмен әрлеп жапсыру

білігін ұштау.

Ұсақ қол моторикасыын, эстетикалық талғамын

Page 7: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

7

дамыту.

Қолөнерге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

15. «Түрлі-түсті

текемет» ұжымдық

жұмыс ( қошқар мүйіз,

итқұйрық, құс қанат)

(7 қосымша)

Балалардың «қошқар мүйіз», «итқұйрық», «құс

қанаты» оюлары жайлы білімін бекіту.

Аталмыш оюларды текемет бетіне үйлесімді

жапсыруға үйрету.

Тактильдік сезімін дамыту.

Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сәуір

16. «Түйе» (түйе табан)

Майлықтардан әзірленген қағаз домалақтардан

түйе бейнесін жапсыруды үйрету. «Түйе табан»

оюымен таныстыру.

Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Ұқыптылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Төрт

түлікке деген қызығушылығын ояту.

17. «Жел бау» (қарға тұяқ) Кигіз үй бұйымы жел бау жайлы түсінігін

қалыптастыру. «Қарға тұяқ» оюымен

таныстыру. Желбау шаблонына оюды

қиюластыра жапсыруды үйрету.

Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Халық қолөнеріне деген сүйіспеншілікке

тәрбиелеу.

Мамыр

18. «Көгілдір көктем»

ұжымдық жұмыс (бота көз, қызғалдақ,

түйе табан)

Балалалардың «бота көз», «қызғалдақ», «түйе

табан» оюлары жайлы білімін пысықтау.

Оюларды қолдана отырып көктем бейнесін

жапсыруды үйрету.

Ұсақ қол моторикасы мен қиялын дамыту.

Қолөнерге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

19. «Оюлар әлемі»

көрмесі

Жыл бойы қағаз пластикасы арқылы танысқан

қазақ ою-өрнектері жайлы білімін бекіту.

Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Халық қолөнеріне дегенсүйіспеншілікке

тәрбиелеу.

Page 8: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

8

Қосымша 1

«Қағаз деген не? Қағазбен не істеуге болады?» Мақсаты:Балаларды қағаз және оның қасиеттерімен таныстыру. Түрлі-түсті қағаз,

майлық, газет, журнал, гофра, картон және фольга сынды қағаз түрлері жайлы

білімін қалыптастыру.Тактильдік сезімін дамыту.Қағаз пластикасына

қызығушылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Ақ және түрлі-түсті қағаздар, қағаз майлықтар, газеттер-журналдар, гофра, картон,

фольга және қағаз заттар (дәптер, кітап, альбом, ашықхаттар).

Барысы:

Жылулық шеңбері «Табиғатқа құштарлық» Армысың, асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жер - ана!

Армысың, кең дала!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қос қолым!

-Балалар, бүгін біз сендермен ғажайып қағаздар әлеміне саяхатқа барамыз

Балаларды топтағы бейнелеу өнері орналасқан орталыққа апарады.

«Қағаз деген не?» әңгіме

-Балалар, мен сендерді бейнелеу өнерінің негізгі құралы қағаз түрлерімен

таныстырайын. Қағазды адам өмірде жиі қолданады. Қағаздар қасиетіне қарай әр

түрлі болады. Қағаздар жұмсақ және қатты болып келеді. Өмірде қолданатын қағаз

бұйымдар көптеп саналады. Дәптерлер, ашықхаттар, фотоальбомдар, кітаптар

қағаздан саналады. Қағаздан жиһаздар да жасайды. Қағаздың гофра, фольга, картон

сынды түрлері бар. Олар тығыздығына байланысты ерекшеленіп тұрады.

Қане, қағаздарды ұстап көріңдерші. Қандай екен? (балалардың жауабы).

Сергіту сәті «Балақан»

Бала, бала, балақан,

Қане, қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойлап.

Топ-топ басамыз,

Жалаудан күн жасаймыз.

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса, жаса алтын күн!

«Қағазбен не істеуге болады?» (практикалық сәт)

-Балалар, қағазбен не істеуге болатынын білесіңдер ме? Қане, бірге қарастырайық.

Қағазды бүктеуге болады. Қане, бірге бүктейік. (балалар қағазды бүктейді).

- Қағазды ұсақтап жыртуға болады. Қане бірге жыртайық. (балалар қағазды

жыртады).

-Қағазды умаждауға болады. Қане, біре умаждайық. (балалар қағазды бүктейді).

-Міне балалар, біз бүгін қағаздан не істеуге болатынын, қағаздың түрлерімен

таныстық.

«Біз не білдік?»

Алғашқы оқу іс-әрекетінен алған білімдерін сауалдар қоя отырып бекіту.

Page 9: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

9

Қосымша 2

«Қағаздың домалақтарға айналуы. Доп.»

Мақсаты: Туындыға қажет қағаз домалақтарды түрлі қағаз түрлерінен әзірлеуді

үйрету.

Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

«Табиғат – қандай тамаша!»

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған Жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман – есен болайық

Табиғатты қорғайық.

-Балалар бүгін бізге добын жоғалтқан кішкентай Қонжық келіп отыр. Көмектесеміз

бе?

-Бізге көмекке ғажайып қағаз келеді. Біз майлық, газет, түрлі-түсті қағаз, гофра

қағаздарын ұсақтап жыртып, умаждап дөңгелету арқылы қағаз домалақтар

жасаймыз. (балалар алдарындағы қағаздарды ұсақтап жыртады.)

-Балалар қағаз доптар жасамас бұрын саусақтарымызды сергітіп алайық.

«Қуырмаш» саусақ гимнастикасы

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкентай бөбек,

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш!

«Қағаздың допқа айналуы. Доп» (практикалық сәт)

-Балалар, енді ұсақ қағаздарды бір-бірлеп умаждап домалақтаймыз. (балалар ұсақ

қағаздардан домалақтар жасайды.)

-Қандай қағаздардан доптар жасадық? (балалардың жауабы)

-Ал, енді осы доптарды кішкентай Қонжыққа тарту етейік.

«Біз не білдік?»

Оқу іс-әрекетін жетекші сауалдар арқылы бекіту.

Page 10: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

10

Қосымша 3

«Оюлар-өрнектер деген не?»

Мақсаты:

Қазақ халқының ою-өрнектерімен таныстыру. Ою-өрнектердің қолдану аясы жайлы

білімін қалыптастыру.

Көре отырып, есте сақтау қабілетін дамыту.

Халық қолөнеріне деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: қолөнер туындылары, ою-өрнектер

Барысы:

Шаттық шеңбері

«Күлкі көңіл ажары»

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

-Балалар, бүгін сендермен қолөнер көрмесіне барамыз. (қолөнер туындылары

орталығына келеді).

-Қолөнер көрмесінде қазақ халқының қолөнер туындылары орналасқан. Әр

халықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ұлттық жәдігерлері болады. Әр ұлттың

болмысын заттар өздеріне өрнектерімен ерекшеленеді. Біздің қазақ халқының

қолөнерінде оюлар ерекше орын алады. Ою-өрнектерді ұлттық киімдерде, ұлттық

ыдыстарда, тұрмыстық заттардан көруге болады. Ою-өрнектің әртүрлерін

қарастырады және оның түрлерін (зооморфтық, өсімдіктік, ғарыштық,

геометриялық) анықтау ұсынылады. Қазақ ою-өрнектерін қарастыруда балаларға

әрбір элементтің мәнін түсіндіреді.

Тәрбиеші алуан түрлі геометриялық пішіндерге өрнекті қалай орналастыру

керектігіне назар аударады. Ою-өрнектер жануарларға, өсімдіктерге ұқсастырып

салынады. Сондықтан да, соған ұқсас атаулары болады. «Қошқармүйіз», «Құлын»,

«Түйе табан», «Қызғалдақ», «Қарлығаш», «Құс қанаты» деп аталады.

Сергіту сәті «Тынығып алайық!» Кел, балалар, кел бері,

Қыздырайық денені,

Орнымызда тұрып-ақ

Жүгірейік бір уақ,

1-2-3

Екі қолды жоғары,

Сәл көтерсек болады.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып. Бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

«Ою неге ұқсайды?» ойын жаттығу

Оюлардың суретін көрсетіп, неге ұқсайтынын сұрап, атауымен таныстырады.

«Біз не білдік?»

Ою-өрнектер жайлы білімін сауалдар қоя отырып бекіту.

Page 11: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

11

Қосымша 4

«Қошақан»

Мақсаты:

Газеттен әзірленген домалақтардан қошақан бейнесін жапсыруды үйрету.

Көре отырып, есте сақтау қабілетін дамыту.

Ұқыптылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: газеттен әзірленген қағаз домалақтар, қошақан шаблоны, желім,

майлық.

Барысы:

Жылулық шеңбері «Жылы сыйлық» Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық.

Жиналған жылы шуақты

Көршімізге сыйлайық.

-Бүгін балалар бізге Қошақан келіп отыр. Ол достар іздеп жүр екен. Көмектессек

қайтсек екен? (балалардың жауабы)

«Домалақ қағаздар» практикалық сәт

-Балалар, мен бүгін сендерге газет қиындыларын әкеліп отырмын. Қане осы газет

ұсақтарынан домалақтар жасайық. (балалар газет қиындыларын умаждап

домалатып, домалақтар жасайды)

Сергіту сәті «Қошақан»

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

Томпиып тұр бүйірің

Қай өрістен тойдың.

«Қой баласы Қошақан» практикалық сәт Қошақан шаблонын әзірлеген газет домалақтарымен толтырып жапсыруды үйрету

және жапсырту.

Балаларға көмек көрсету.

«Біз не білдік?» Тақырыпты сұрақтармен бекіту. Көрме ұйымдастыру.

«Қошақаным» әнін орындау.

Қошақанмен қоштасу.

Page 12: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

12

Қосымша 5

«Торсық» (қошқар мүйіз оюы)

Мақсаты:Қазақ халқының ұлттық ыдыстары жайлы білімін қалыптастыру.

«Қошқар мүйіз» оюымен таныстыру. Дайын торсық шаблонына домаланған

қағаздармен оюды орналастырып, жан-жағын толықтыра отырып жапсыруды

үйрету.

Тактильдік сезімін дамыту.

Қағазбен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар:торсық, торсық шаблоны, «қошқар мүйіз» оюы, желім, қағаз

домалақтар, майлықтар.

Барысы :

Жылулық шеңбері «Бала, бала, баламыз!»

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Ең алдымен бақшаға,

Тәрбиеші келеді,

Сені, мені күтеді,

Күлімдейді сүйсіне.

-Балалар, бүгін Айша апай қоңаққа келіп отыр. Айша апайға торсық өте қажет екен.

Торсық дүкенде сатылмайды екен. Көмектесеміз бе? (балалардың жауабы)

«Торсық қазақтың ұлттық ыдысы» -Балалар, торсық қазақтың ұлттық ыдысы. Торсыққа қымыз, сүт, айран құйып

сақтайды. Торсықты теріден жасап, оюмен өрнектеген. Біз бүгін сендермен

торсықты «қошқар мүйіз» оюымен өрнектейміз. «Қошқар мүйіз» деп оюды

қошқардың мүйізіне ұқсаған сон атаған. Жапсыруға кіріспес бұрын қолымызды

сергітіп алайық.

Ш. Шұғаевтің «Санамақ» өлеңімен саусақ гимнастикасы. Бас бармағым – ағасы,

Балаң үйрек – нағашы.

Ортан терек – атасы,

Шылдыр шүмек – анасы.

Шынашағым- қарлығаш.

Барлығына қарындас.

Бесеуіде бауырлас,

Ағайын, дос, бауырлас!

«Торсық» (қошқар мүйіз)практикалық сәт Торсық шаблонына қошқар мүйіз оюын қағаз домалақтардан жапсырып, жан жағын

басқа түспен жапсыруды ұсынады.

Балаларға көмектеседі.

«Біз не білдік?» Қазақтың ұлттық ыдысы торсық жайлы, «Қошқар мүйіз» оюы жайлы білімін бекіту.

Жасаған туындыларын Айша әжейге ұсынып, көрме ұйымдастыру.

Page 13: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

13

Қосымша 6

«Қар жауады тынбастан...» ұжымдық жұмыс (төрт таған)

Мерекелік көңіл-күйге тәрбиелеу

Барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Өзі қыса келеді,

Ұлпасы ұша келеді.

Қадірін білгенді,

Құша келеді. (Қыс)

«Төрт т аған» оюымен танысу.

-Мынау, «төрт таған» оюы. «Төрт таған» оюы қошқар мүйіз оюларынан құралады.

Бүгін біз сендермен «төрт таған» оюынан қар ұшқындарын шығаруды үйренеміз.

Балалар, қыс бейнесін қар ұшқындары әрлейді.Үлгіні көрсетеді.

Аппликация көгілдір фонға желімденеді.

Жұмысты орындау реті:

1.Аппликация сюжетін ойластыру.

2.Құрылымдық бейнелеу үшін ұшқындарды орналастыру..

3.Фонға арналған параққа бөлшектерді орналастыру.

4. «Төрт таған» оюынан қар ұшқындарын желімдеу.

Сергіту сәті «Саусақтар»

Саусақтарды бүгеміз,

Саусақтарды бүреміз.

Бүгіп , бүріп саусақты,

Сергіп қалдық, міне, біз.

Балаларға жұмыстарын бастауды ұсынады.

«Төрт таған» оюынан тұратын қар ұшқындарын жапсыртады.

«Біз не білдік?»

« Төрт таған» оюы жайлы білімін бекіту.

Жасаған туындыларынан көрме ұйымдастыру.

Мақсаты: Балаларды «төрт таған» оюымен таныстыру. «Төрт таған» оюынан қар

ұшқындарын жапсыруды үйрету.

Эстетикалық талғамын дамыту.

Page 14: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

14

Қосымша 7

«Түрлі-түсті текемет» ұжымдық жұмыс ( қошқар мүйіз, итқұйрық, құс қанат)

Мақсаты:

Балалардың «қошқар мүйіз», «итқұйрық», «құс қанаты» оюлары жайлы білімін

бекіту. Аталмыш оюларды текемет бетіне үйлесімді жапсыруға үйрету.

Тактильдік сезімін дамыту.

Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Барысы: Тәрбиеші балалармен төсеніш-кілемді қарастырады.

Төсеніш-кілем-текеметтердің өсімдік өрнектері, киіз үйдің ішкі жағынан

керегелеріне көлденең жүргізілетін, өрнекті мата таспалар-басқұрдың

абстрактылық, ғарыштық оюлары әшекейленген жиһаздар көшпелі қазақтың өзі

өмір сүрген әлеміндегі тұрмыс пен сұлулық туралы түсінігінен көрініс береді.

Ою-өрнектің әртүрлерін қарастырады және оның түрлерін (зооморфтық, өсімдіктік,

ғарыштық, геометриялық) анықтау ұсынылады. Қазақ ою-өрнектерін қарастыруда

балаларға әрбір элементтің мәнін түсіндіреді.

Балалардың «қошқар мүйіз», «итқұйрық», «құс қанаты» оюлары жайлы білімін

бекіту.

Тәрбиеші алуан түрлі геометриялық пішіндерге өрнекті қалай орналастыру

керектігіне назар аударады. Жұмысты орындау ретін көрсетеді.

1.Ою-өрнектің геометриялық пішіні мен элементтерін қиып алу.

2.Раппортты анықтау.

3.Қажетті оюларды қарастыру..

4.Орналастыру (алдымен ортасын, сонан соң бұрыштары мен жан-жағын).

5.Желімдеу.

Сергіту сәті: «Алақанды ұрайық!» Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ егер шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Сол жақтағы балаға,

Оң жақтағы балаға.

Шапалақта, шапалақ,

Шапалақта, шапалақ.

Балалардың дұрыс жұмыс істеулерін қадағалайды.

«Біз не білдік?» Тақырыпты сұрақтармен бекіту. Көрме ұйымдастыру. « Наурыз» әнін орындау.

Page 15: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

15

1 фото «Қағаздың домалақтарға айналуы. Доп.»

2 фото «Қошақан»

Page 16: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

16

3 фото «Тайқазан»

Page 17: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

17

4 фото «Кигіз үй»

Page 18: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

18

5 фото «Түйе»

Page 19: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

19

6 фото «Күбі» (қарлығаш)

7 фото «Торсық» (қошқар мүйіз)

Page 20: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

20

8 фото «Тостаған» (бүркіт)

9 фото «Түрлі-түсті текемет» ұжымдық жұмыс

( қошқар мүйіз, итқұйрық, құс қанат)

Page 21: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

21

10 фото «Көгілдір көктем» ұжымдық жұмыс

(бота көз, қызғалдақ, түйе табан)

11 фото «Қар жауады тынбастан...» ұжымдық жұмыс (төрт таған)

Page 22: ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ «ОЮЛАР ӘЛЕМІ» МЕКТЕП …dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/09/... · тәрбиешісі ҚАРАҒАНДЫ 2016

22

4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. «Зерек бала» мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан 5 жасқа дейін)

балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы 2009 жыл.

2. Под редакцией Л.А.Парамоновой Программа « Истоки»,

3. Л.А.Парамонова- «Бумагопластика» 2000 жыл.

4. Журнал «Обруч» № 6, 2000 жыл.

5. «Обруч» №2, 1997г.