Ашық сабақ - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/... ·...

13
Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: Талшықтар

Upload: others

Post on 26-Dec-2019

81 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: Талшықтар

Сабақ тақырыбы: Талшықтар

Сабақ мақсаты:

Білімділік мақсаты : Табиғи талшықтар мен химиялық талшықтардың

қасиеттері, құрамы жөнінде білімдерін жетілдіру. Өткен тақырып бойынша

оқушылардың білімін жан-жақты тексеру, білімдерін жүйелеу;

Дамытушылық мақсаты : Ой-өрісін, шығармашылық қабілетін, ойлау

қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты : қызығушылықтарын арттыру, ұқыптылыққа,

шыдамдылыққа, еңбек сүйгіштікке, зейін қоюға тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: сұрақ, жауап, ойын түрінде сабақты бекіту

Сабақ түрі : Бекіту сабағы.

Пән аралық байланыс: Технология, жабдық, химия, ағылшын тілі, орыс

тілі,тарих.

Көрнекілігі : Табиғи, химиялық талшықтар коллекциясы, микроскоптар,

постр, интерактивті тақта, тәжірибелік жұмысқа қолдалынатын құралдар.

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру бөлімі.1-3минут

Оқушылардың қатысымын журнал бойынша тексеру.Оқушылырдың сабаққа

дайындығын тексеру.

ІІ Өткен сабақтарды қайталап еске түсіру

/ 5-минут талшықтарға сипаттама беру.1-5 слайд/

1 Мақта-өсімдіктің ұрығын жауып

тұратын "коза"деп аталатын өте

жіңішке бір жылдық талшық.

Ұзындығы мен жуандығы сортына

байланысты, мықтылығы пісіп

жетілуіне байланысты, ылғалды тез

сіңіріп, тез шығарады, сілтіге қарсы

тұра алмайды, қағаз сияқты жыртылып

қалады. Күн сәулесі 940 сағатта 50%

мықтылығын жоғалтады. Мақтаның

табиғи түсі - ақ немесе ақ сары, кейбір

жағдайда қою сары және жасылдау

болуы мүмкін. Сипағанда талшық

жұмсақ, жылы. Мақта талшығы жылтыр

болмайды, күңгірт болып келеді

Жануы: Мақта талшығы қызады,

тұтанады және жақсы жанады. Егер

жану кезінде жалынды өшіретін болса,

онда жанып жатқан соңы бықсып

түтінденеді, түтіні ашық түсті болып

келеді, жанған қағаздың иісі шығады

2 Зығыр -өсімдік

сабағынан қабықты

бөлігінен алынатын

талшық. Ұзындығы

өсімдік сабағына

байланысты,

мықтылығы үзу

күшімен

сипатталады,

ылғалды тез сіңіріп,

тез шығарады,

қышқыл мен сілтіге қағаз сияқты тез

жылтырып қалады. Күн сәулесі 990

сағат, 50%мықтылығын

3 Жүн-жануарладың тері

жамылғысы,дене түгі 3 қабаттан:

қабықты, қабыршақты өзекті қабаттан

тұрады және 3типтен тұрады: түбіт,

ауыспалы жіне өлі шаш, қылшық.

Жуандығы талшық түріне байланысты,

мықтылығы, жуандығы мен

құрылымына байланысты.

Органикалық еріткіштерге жүн төзімді.

Олардың ішіндегі ең жақсы материал

беретін екі түрлі ешкі бар: ангор және

кашемир. Ангор ешкісінің аталуы Кіші

Азиядағы Ангор қаласына сәйкес

қойылған. Ангор жүні жұқа, аз

бұйраланған, және ұзын (150 мм дейін)

болып келеді. Кашемир ешкісінің жүні

аралас түкті жабын- нан, түбіттен және

дөрекі шаштан тұрады.Жүн талшығы

(түк) түбірден және сабақшадан тұрады.

Түбір терінің астында жатады. Сабақша

тері жамылғының сыртында болады

және кератин деген белоктан тұрады.

Түктің сабақшасы үш қабаттан тұрады:

қабыршақты, қабықты және өзекті

қабат. Күн сәулесіне 1120сағатта 50%

мықтылығын жоғалтады

4 Таза жібек -жібек құрты шығатын өте

жіңішке жіптер. Какон жібінің

ұзындығы 1500м, жетеді. Пайдаға

асатыны 600-900 метр. Таза жібек аз

қыртыстанады. Жібек жібін алу үшін

(3000) жыл бұрын тұт ағашының жібек

құртын пайдаланған, отаны Қытай

халқы болып саналады. Жібек

шаруашылығымен негізінен ТМД

елдерінің Орта Азия республикалары,

Кавказ, Украина және Молдова елдері

айналысады. Жібекте фибрион (75%)

және серицин (25%) белоктарынан

тұрады. Органикалық еріткіштерге

төзімді. 110 температурада

мықтылығын жоғалтады. 200 сағатта

50% кемиді.

5 Асбест-отқа төзімді электр және жылу

өткізгіштік қасиеті бар, техникалық

мақсаттарға пайдалынатын таза

минералды талшық. Асбест

талшықтарының бағалылығы - өте

жоғары темпе- ратураларға

шыдамдылығында. «Асбест» сөзі грек

тілінен «жанбай- тын» деген мағына

береді. Асбестті 100 С қыздырған кезде

өзінің 10%,200С қыздырған кезде өзінің

35% өзінің қасиеттерін өзгертпейді. Тек

қана 600 С асбест химиялық түрін

өзгерте бастайды. Асбесттің балқу

нүктесі 1500 С, талшығынан түрлі

заттар жасалынады, мысалы: өртке

қарсы мақсатта қорғағыш жаймалар,

ыстық цехта жұмыс істейтін

жұмысшылырға арналған киімдер,

қолғаптар

Химиялық талшықтар -жасанды, синтетикалық, органикалық емес болып

бөлінеді Жасанды талшық : вискозды талшық - шикізатты шырша , қарағай

,шамшат,самырсын ағаш целлюзиясы жатады. көп жылтырмайды, жануы

мақтаға ұқсас, қышқыл мен сілтіге сезімтал.

Полинозды талшық – мақта талшығына жақын, дымқыл жағдайда мықтылығын аз

жоғалтады ,сілтіге төзімді.

Мыс-аммиакты талшық- мақта целлюзиясынан алынады.

Жіңішке,жұмсақ,жылтыры аз

Ацетатты талшық- шикізаты мақта қалдығы.Жоғары температурада балқиды,

талшық жәйжанады.Ультракүлгін сәулесін өткізеді.

Триацетатты талшықтар: шыны мен металл жіптер алынады, мықты

,иілгіш,жарық өткізгіш, отқа төзімді,техникалық мақсаттарға ,парча сияқты сәнді

маталар, погондар, атақты белгілер үшін пайдаланылады.

Синтетикалық талшық: Полиамидты талшық – капрон, шикізаты тас

көмір-капрон алынады. Мақта, жіптер, арқан шығаруға пайдалынады. Созғанға

мықты, тозбайды, суыққа, химиялық әсерге төзімді. Жалыны көкшіл, үгітілмейтін

қара түйршік пайда болады. Полиэфирлі талшықтар -шикізатты мұнай, лавсан

алынады.Тігін жібін, жасанды мех, кілем түктерін дайындауға пайдалынады. 140

температурада түсін өзгертеді, мата бетінде кетпейтін дақ пайда болады.

Полиуретанды -спандекс алынады, үйкегенде жылуға төзімді. Трикотаж, спорт

емдеу бұйымдарын жасауға пайдаланады,иілгіш талшық. Полиакрилонитрильді

талшық- /нитрон/ шикізаты мұнай, газ,жұмсақ жібектей тұрады. Жылу сақтау

қасиеті жүннен артық.200-250 температурада балқиды, түтіндейді, сары

жалынмен лапылдап жанады, көйлек, костюм маталарын шығаруға пайдаланады.

Поливинилхлоридті талшық -алынады хлорин-серпімді, сілтіге қышқылға

шыдамды шірімейді. Жылу сақтау қасиеті жүннен кем емес. Хлорин жанбайды,

жанғанға қосылмайды.

Поливинилхлоридті талшық - алынады винал. Жарыққа үйкеліске шыдамды.

Жылуда отырады, балқиды. Мақта, жүн талшықтарына қосып мата шығаруға

қолданылады.

ІІІ-кезең Сұрақ-жауап кезеңі. /Топты 3ке бөлемін,

1-топ : Алғырлар тобы/ өсімдік тектес табиғи талшықтар / , 2-топ : Тапқырлар

тобы /мал тектес табиғи талшықтар / , 3- топ Болашақ тобы/ химиялық

талшықтар /

1-тапсырма 3минут, 1-топ : Алғырлар тобы 6-слайд

Бұл кестеде дұрыс жауаптары интрактивті тақтада перделермен жабық

тұрады, оқушылар дұрыс жауаптарын белгілейді.

2 – тапсырма Жас тілші ғалымдар зерттейді 5- минут

2-топ: Тапқырлар тобы , талшықтардың 3 тілде аудармасын табу.

Дұрыс жауаптарын тауып орнына қою.7-слайд

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде

Зығыр

Мақта

Жүн

Жібек

асбесть

Химиялық талшықтар

Синтетикалық талшық

Жасанды талшық

Лён, man-made fiber , химическая волокна , Wool Silk, Хлопок, synthetic fibers,

искусственная волокна, chemical fiber, синтетическая волокна, Asbestos,

асбесь,Cotton, Шерсть, Шёлк, linen

Дұрыс жауаптары :

Зығыр Лён linen

Мақта Хлопок Cotton

Жүн Шерсть Wool

Жібек Шёлк Silk

асбес асбес Asbestos

Химиялық талшықтар химическая волокна chemical fiber

Синтетикалық талшық синтетическая волокна synthetic fibers

Жасанды талшық искусственная волокна man-made fiber

3 –тапсырма Біліміңді байқап көр/8 –слайд видио/ Алдымен /Визкоза жасанды талшықты алу жолы. видио көру/ 9минут

Бұл видиода Вискоза талшығының алу жолдарын көрсетеді, шикізаты –шырша,

қарағай,шамшат,самырсын ағаштары.Целлюлоза – қағаз комбинатында ағашты

ұзындығы 7мм дей етіп жаңқалайды,сілті ертіндісіне қайнатады,соның

нәтижесінде шыққан целлюза массасын ағартып картон қылып престейді,одан әрі

қарай жіп ертінділерін алады, одан әрі қарай тоқу станоктарынан мата тоқып

шығарылады.

Сұрақ: 1.Вискоза талшығын алу жолдарының реттілігін жаз:3минут 9-слайд

2. Сұрақ:/10-слайд/ 1. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді/ Жасанды, Синтетикалық/

2. Жасанды талшық шикізаты/ Ағаш целлюлозасы, Мақта қалдығы, Шыны,

Металдар/

3.Синтетикалық талшық шикізаты/ Газ, Мұнай, Тас көмір/

4.Жасанды талшықты алу қай ғасырда пайдаға асты/18 ғасыр/

5.Капрон алудағы басты шикізат/ Таскөмір/

6. Лавсан алудағы басты шикізат/ Мұнай/

Тақтамен жұмыс. 3- топ Болашақ командасына тапсырма /2 минут/

ІІІ – Жас ғалымдар зерттейді Талшықтардың жануын/талшықтарды жағып көрсету және микроскоппен

жұмыс//3 минут/

Мақта талшығы мен зығыр талшығының жануы –сары түсті жалынмен түгел

жанып , сұр түсті күлге айналады. Қағаз иісі сезіледі, үгітілетін қара түйіршік

пайда болады.

Жүн талшығының жануы - жалында піседі, жалыннан алсақ жанғаны басылады,

ұшында үгітілетін қара түйіршік пайда болады, күйген қауырсынның иісі

сезіледі.

Химиялық талшықтың жануы- пластмасса иісі сезіледі, үгітілмейтін қара

түйіршік пайда болады , сары жалынмен жанады.

әр топ команда болып постермен жұмыс жасайды ,өсімдік тектес табиғи талшық мақта, жүн және химиялық талшықтарды микроскоппен

қарағандағы түрін жазу және суретін салу және жанғандағы ерекшелігіне тоқталу.

Командыдан бір оқушы қорғайды.

Қорғауға /6-7 минут/ беріледі.А3 постр толтыру.

Тақтадан 11-слайд интрактивті тақтадан талшықтарды микроскоппен қарау

Табиғи және химиялық талшықтарды микроскоппен қарағандағы бейнесі.

1минут

1 Микроскоппен қарағанда мақта

талшығы талшығы қабысқан, ұзынша,

жұқа қабырғалы,кең өзекті болып

көрінеді

2 Микроскоппен қарағанда зығыр

талшығы ұзына бойына қабырғасы

қалың, жіңішке өзекті, қисық буын,

өсімдік клеткасы көрінеді

3 Микроскоппен қарағанда жүн

талшығы түбір және сабақшадан

тұрады, формасы сақина

тәріздес,мықты, серпімді.Қылшық

дөрекілеу, түбіт биязы

,жұмсақ.Ұзындығы 55 мм артық

4 Микроскоппен қарағанда жібек

талшығы көлденең қимасы

дөңгелек,сопақша ,доғаланған,тегіс,

ұзынша болып келеді

5 1.Микроскоппен қарағандағы жасанды

талшық көлденең қимасыны

талшықтың мықты бөлшегі болып

табылады.

2. Микроскоппен қарағандағы

синтетикалық талшық. Сыртқы қабаты

тығыз қырынпішінді, жіңішке

6 Асбест микроскоппен қарағанда

шашырыңқы

Сабақты қортындылау: 12-слайд

Өмір терегіне оқушылар түрлі түсті стикерлерді ілу арқылы талшықтырдың

жақсы қасиеттерін жазып іледі.

Мақта - жұмсақ, жеңіл, жылы, үлпілдек, ауа өткізеді, жылу сақтайды.

Зығыр- жаздық киім үшін таптырмайтын мата, мықты, формасын жақсы

сақтайды,

Жібек – жұмсақ,жеңіл, көп қыртыстанбайды

Жүн- жылы, мықты,ауа өткізеді ,төзімді. Асбест – отқа төзімді,жылу өткізеді.

Химиялық талшықтар – табиғи талшықтардан кем түспейді, мықты, төзімді

Бағалау: Бүгінгі сабақ бойынша бағалау парағын белгілеу.

Оқушылардың білімін бағалау /13-слайд/

Үйге тапсырма: Талшықтар туралы реферат жазып, әр оқушы 10 сөзден 3-тілде

аудармасын жазу және талшықтарды салыстырып Венн диограммасын толтыру.