e-mail: [email protected] №225 22 €АРАША, …КІТАПХАНА˝А ЖИІ КЕЛЕТІН О...

36
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің трағасы және бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– №225 (29206) 22 ҚАРАША, CРСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ ТҰЛҒАТАНУ ЖОЛЫ 10-бет Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ ҚАРАЛЫ ЖИЫН БАСЫНДА ИМАМ СӨЗІ ХАҚ БОЛАР 5-бет Талғат СҮЙІНБАЙ ТӘЛІМ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ 3-бет ӘЛЕУМЕТ 7-бет КІТАПХАНАҒА ЖИІ КЕЛЕТІН ОҚУШЫ ОЗЫҚ БОЛАДЫ 8-бет ОТБАСЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ – ҰЛТТЫҚ ҮЛГІ ШІРІК-РАБАТ АСТАНА БОЛМАҒАН БА? EUR/KZT 390.32 USD/KZT 331 RUB/KZT 5.59 CNY/KZT 49.94 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: Ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды Кездесу барысында тараптар Қа- зақстанның «Шеврон» компаниясымен мұнай-газ саласындағы ынтымақтас- тығын одан əрі нығайту мəселелерін талқылады. Мемлекет басшысы мұнай-газ са- ласына қатысты жобаларды бірлесе іске асырудың тиімділігін айтып, Джон Уотсонға осы жұмыстарды атқаруға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді. – Қазақстан «Шеврон» компания- сымен ерекше қарым-қатынас орнатты. Біз ширек ғасырдан астам уақыттан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Мен бірлесе атқарған жұмыстарыңыз үшін сізге алғыс айтқым келеді. Біз сіздермен өзара тиімді ынтымақтастық орната білдік, – деді Қазақстан Президенті. Джон Уотсон Қазақстан мен «Шев- рон» компаниясының ынтымақтастық мəселелерін талқылап, оны əрі қарай дамытуға қатысты пікір алмасуға мүм- кіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Кездесуде Джон Уотсон Мемлекет басшысына 2018 жылдың ақпан айы- нан бастап компанияның бас атқарушы директоры болатын Майкл Виртті та- ныстырды. Сурет Президенттің баспасз қызметінен алынды ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азық-түлік қауіпсіздігі жніндегі Ислам Ұйымы арасындағы штаб-пәтер туралы келісімді ратификациялау туралы 2017 жылғы 2 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азық- түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы арасындағы штаб-пəтер туралы келісім ратифи- кациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 20 қараша №110-VI ҚРЗ –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Еліміздің халықаралық ауқымдағы бастамалары мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке қатер тндірген түрлі кикілжіңдерді реттеудегі қызметі адамзаттың кз алдында. Олардың барлығы Қазақстанның сыртқы саясаттағы жемісті қадамдарын айқын сипаттайды. Сондай-ақ, бұл бағыттағы табыста- рымыз еліміздің ркениет тріндегі орнын белгілеп, аса беделді халықаралық ұйымдардың жұмысына белсене қатысуға жол ашты. сіресе Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі атануы тарихи оқиға ретінде бағалануда. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– ТӘУЕЛСІЗДІК ТАБЫСТАРЫ Қазақстан бастамалары ізгілікке негізделген Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан» Бұл беделді ұйымға мүше болу мəртебесі Қазақстанға жайдан-жай кел- ген жоқ. Бұл арада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгершілік бастама- лары, жаһандық қауіпсіздік саласына қатысты ұстанымдары, еліміздің іргелі халықаралық құрылымдарға төрағалық ету тəжірибесі барынша ескерілгені сөзсіз. Осы орайда, еліміздің жалпы сая- саты Президент тарапынан айқындала- тынын ескеретін болсақ, Мемлекет бас- шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың əлемдік дəрежедегі саясаткерлігі айқын көрінеді. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметін бастағанына бір жылға жуықтады. Осы аралықта атқарылған нəтижелі жұмыстар аз емес. Олардың барлығы Н.Назарбаевтың еліміздің 2017-2018 жылдар кезеңіне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өкілеттігінің басталуына орай жариялаған Қазақстанның қауіпсіз, əділ жəне өркендеген əлем құру үшін жаһандық əріптестікті нығайту жөніндегі тұжырымдамалық көзқарасында, яғни Қауіпсіздік Кеңесіне арнаған сая- си Үндеуінде атап көрсетілген жеті басымдық аясында жүзеге асырылуда. Естеріңізде болар, 2016 жылғы 28 маусымда, Нью-Йорк қаласында орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пəтерінде беделді делегациялардың қатысуымен болған 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерін сайлау шарасында еліміздің бəсі жоғары болып, аталған кеңеске мүшелікке енген болатын. Бұл сайлау бəсекелес əрбір мемлекет үшін халықаралық үлкен жауапкершілік жүктейтіні айтпаса да түсінікті. Сол жолы Азия-Тынық мұхиты аймағынан сайлауға түскен екі үміткер – Қазақстан мен Таиландтың жеңіске жету мүмкіндігі бірдей еді. Алайда еліміздің айы оңынан туып, көзделген мақсатқа қол жеткізілді. Бұл арада Қазақстанның БҰҰ-дағы «дипломатиялық десанттары» да əбжілдік танытып, сайлау шарасының қарбаласты сəтінде сауатты іс-қимыл жасай білгенін айтуымыз керек... Қазіргі таңда Сыртқы істер минис- трлігі Елбасының БҰҰ-ға мүше елдерге арнаған саяси Үндеуінде көрсетілген басымдықтарды басшылыққа ала оты- рып, аталған Кеңестегі жұмысын бел- сенді жүргізуде. (Соңы 2-бетте) Қымбат ТОҚТАМҰРАТ, «Егемен Қазақстан» Сарапшылардың пікірінше, фаст- фудтарды жиі тұтыну, уақытылы ыстық тамақ ішпеу жəне қимыл- қозғалыстың аздығы артық салмаққа əкеліп отыр. Семіздікке бейім балалар өсе келе қант диабеті, жүрек-қан та- мырлары ауруларына жиі шалдығады. Əрі артық салмақ асқазанның созылу- ына, тойымсыздыққа əкеліп соғады. Сондықтан бұл қазір жаһандық мəселеге айналып отыр. Былтыр ғана Біріккен Ұлттар Ұйымы ба- лалар арасындағы семіздікті жою- ды жəне бұл проблеманы уақыт өткізбей шешуді ұсынғаны есімізде. Ал Қазақстанда бертінге дейін жеткіншектер арасындағы семіздік онша үлкен мəселе ретінде қаралған жоқ, оған себеп те аз-тын. Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы тек 2015-2016 оқу жылында баста- уыш сынып балалары арасында ар- тық салмақ пен семіздік белгілеріне, олардың ұстанған өмір салтына, тамақтану мəдениетіне алғаш рет мониторинг жасады. Арнайы COSI хаттамасы негізінде жүргізілген зерттеу жұмысына қазақстандық 5500 бала мен 5 мыңға жуық отбасы жəне 142 мектеп қатысқан. Солардың ішінде артық салмақ – 13,1 пайыз- ды, семіздік 6 пайызды құраған. Осылайша, мамандар Қазақстанда 8-10 жас аралығындағы əр бесінші бала семіздікке шалдыққан деген қорытындыға келді. Денсаулық сақтау министр- лігінің Денсаулық сақтауды дамы- ту республикалық орта лығының мəліметіне сүйенсек, қазіргі таңда еліміздің жалпы білім беретін оқу орындарында «денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп- тер» қанатқақты жобасын енгізу қолға алынған. Мұндай бастама- ны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы кеңсесі көтеріп отыр. Осыған байланыс- ты өткен дөңгелек үстел жиынын- да аталған ұйымның сарапшысы, Еуропадағы денсаулық мектептері желісінің кеңесшісі Гуф Бауэрс жобаға қатысушы мектептер үшін арнайы нұсқаулықтар беріп, Қазақстанда мектеп оқушылары денсаулығын нығайту бағдарламалары бойынша ұлттық стратегия əзірлеу керектігін алға тартты. ДДҰ-ның қанатқақты жоба- сы əзірше еліміздің төрт өңірінде – Астана мен Алматы қаласында жəне Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында енгізіліп отыр. Осы жобаға қатысушы Алматы қаласын- дағы №116 мектептің директоры Екатерина Анисимованың айтуын- ша, жоба қолға алынғалы білім оша- ғының тəрбие үдерісіне өзгерістер енгізіліп қана қоймай, оқушылар тағамының сапасы артып, ас қауіп- сіздігі мен үйлесімді мəзірге ерек- ше ден қойыла бастаған. Ата-аналар мен оқушылар арасында саламатты тамақтануға байланысты пайдалы дəрістер оқылып, тəрбие жұмыстары жүргізілген. Ал Астана қаласының №10 мектеп-гимназиясының мұға- лімі Ербол Əреновтің атуынша, қанатқақты жобаның арқасында оқушыларға арналған емдеу-шынық- тыру бөлмесі жабдықталып, жаңа үйірмелер ашылған. Сондай-ақ бас- тауыш сыныптардың оқушылары денсаулық əліппесімен қамтамасыз етілген. Енді осы жобаны Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің барлық мектебіне таратуды көздеп отыр. Ал «Қазақстандағы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы мен ДДҰ-ның тəжірибесі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының сай- тында жарияланып, қызығушылық та- нытқан жандарға қолжетімді болмақ. Жалпы, қазақ халқы ертеден-ақ тамақтану жағына сауатты болған. Ал қазір адамның сана-сезімі заманға сай өзгеріп, материалдық-техникалық жағдайымыз қарыштап дамыса да дұрыс тамақтану мəдениетін меңгере алмай келеміз. Аурудың басты себебі тағамтанудың дұрыс жолға қойыл- мауынан екендігін жете түсіне ал- маудамыз. Тамақ режімін, тəртібін сақтауға көңіл бөле бермейтініміз сондықтан. «Кедейдің бір тойғаны – шала байығаны» деп кейде шек- тен тыс көп жейміз немесе күні бойы ашқұрсақ жүреміз де, кешкісін тыңқиып тойып аламыз. Мұның өзі ағзаға үлкен зиян. Мамандардың айтуынша, қазір адамдардың басым көпшілігі екі рет ыстық тамақ ішуді ұмытқан. Тіпті 9 пайызы тəулігіне бір-ақ рет тамақтанады екен. Көпшілік жеміс-жидекті неғұрлым көп тұтынса, соғұрлым пайдалы екенін саналы түрде білсе де, оны сақтай бермейді. Міне, үлкендердің тамақтану мəдениетіндегі осы олқылықтар енді балаларға «жұғып» жатыр. Жеткіншектердің жартылай дайын тағамға үйірсектігі, далада ой- наудан гөрі үйде монитордың алдын- да көбірек телміруі жəне үйлесімді тамақтанбаудың соңы семіздікке əкеліп отыр. АЛАҢДАТАРЛЫҚ АХУАЛ Әр бесінші бала семіздікке шалдыққан ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Бұрын семіздік Еуропа мен Америка елдеріне ғана тән мәселедей крінетін. Алайда қазір артық салмақ біздің елімізді де, соның ішінде ба- лаларды да айналдыра бастады. Айталық, әлемде 1-5 жас аралығындағы 41 миллион бала семіздікке шалдықса, Қазақстанда әр бесінші бала артық салмақтан зардап шегуде. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Upload: others

Post on 26-Aug-2020

10 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

  • ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің т�рағасы және бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспас�з қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    №225 (29206) 22 ҚАРАША, C�РСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

    1919 жылғы 17 желтоқсаннан

    шыға бастады

    ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

    ТҰЛҒАТАНУ ЖОЛЫ

    10-бет

    Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ

    ҚАРАЛЫ ЖИЫН БАСЫНДА ИМАМ СӨЗІ ХАҚ БОЛАР

    5-бет

    Талғат СҮЙІНБАЙ

    ТӘЛІМ

    РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

    3-бет

    ӘЛЕУМЕТ

    7-бет

    КІТАПХАНАҒА ЖИІ КЕЛЕТІН ОҚУШЫ ОЗЫҚ БОЛАДЫ

    8-бет

    ОТБАСЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ –ҰЛТТЫҚ ҮЛГІ

    ШІРІК-РАБАТ АСТАНА БОЛМАҒАН БА?

    EUR/KZT 390.32 USD/KZT 331 RUB/KZT 5.59 CNY/KZT 49.94ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

    Ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

    Кездесу барысында тараптар Қа -зақ станның «Шеврон» компания сымен мұнай-газ саласындағы ынты мақ тас-тығын одан əрі нығайту мəселелерін тал қылады.

    Мемлекет басшысы мұнай-газ са-ласына қатысты жобаларды бірлесе іске асырудың тиімділігін айтып, Джон Уотсонға осы жұмыстарды атқаруға

    қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді.– Қазақстан «Шеврон» компания-

    сымен ерекше қарым-қатынас орнатты. Біз ширек ғасырдан астам уақыттан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Мен бірлесе атқарған жұмыстарыңыз үшін сізге алғыс айтқым келеді. Біз сіздермен өзара тиімді ынтымақтастық орната білдік, – деді Қазақстан Президенті.

    Джон Уотсон Қазақстан мен «Шев-рон» компаниясының ынтымақтастық мə се лелерін талқылап, оны əрі қарай дамытуға қатысты пікір алмасуға мүм-кіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

    Кездесуде Джон Уотсон Мемлекет басшысына 2018 жылдың ақпан айы-нан бастап компанияның бас атқарушы директоры болатын Майкл Виртті та-ныстырды.

    Сурет Президенттің баспасз қызметінен алынды

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

    Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азық-түлік қауіпсіздігі ж�ніндегі

    Ислам Ұйымы арасындағы штаб-пәтер туралы келісімді ратификациялау туралы

    2017 жылғы 2 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы арасындағы штаб-пəтер туралы келісім ратифи-кациялансын.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

    Астана, Ақорда, 2017 жылғы 20 қараша №110-VI ҚРЗ

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Еліміздің халықаралық ауқымдағы бастамалары мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке қатер т�ндірген түрлі кикілжіңдерді реттеудегі қызметі адамзаттың к�з алдында. Олардың барлығы Қазақстанның сыртқы саясаттағы жемісті қадамдарын айқын сипаттайды. Сондай-ақ, бұл бағыттағы табыста-рымыз еліміздің �ркениет т�ріндегі орнын белгілеп, аса беделді халықаралық ұйымдардың жұмысына белсене қатысуға жол ашты. сіресе Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі атануы тарихи оқиға ретінде бағалануда.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    ТӘУЕЛСІЗДІК ТАБЫСТАРЫ

    Қазақстан бастамалары ізгілікке негізделген

    Жолдыбай БАЗАР,«Егемен Қазақстан»

    Бұл беделді ұйымға мүше болу мəртебесі Қазақстанға жайдан-жай кел-ген жоқ. Бұл арада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгершілік бастама-лары, жаһандық қауіпсіздік саласына қатысты ұстанымдары, еліміздің ірге лі халықаралық құрылымдарға төра ға лық ету тəжірибесі барынша еске ріл гені сөзсіз. Осы орайда, еліміздің жалпы сая-саты Президент тарапынан айқын дала-тынын ескеретін болсақ, Мемлекет бас-шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың əлемдік дəрежедегі саясаткерлігі айқын көрінеді.

    Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметін бастағанына бір жылға жуықтады. Осы аралықта атқарылған нəтижелі жұмыстар аз емес. Олардың барлығы Н.Назарбаевтың еліміздің 2017-2018 жылдар кезеңіне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өкілеттігінің басталуына орай жариялаған Қазақстанның қауіпсіз, əділ жəне өркендеген əлем құру үшін жаһандық əріптестікті нығайту жөніндегі тұжырымдамалық көзқарасында, яғни Қауіпсіздік Кеңесіне арнаған сая-си Үндеуінде атап көрсетілген жеті

    басымдық аясында жүзеге асырылуда.Естеріңізде болар, 2016 жылғы

    28 маусымда, Нью-Йорк қаласында орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пəтерінде беделді делегациялардың қатысуымен болған 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерін сайлау шарасында еліміздің бəсі жоғары болып, аталған кеңеске мүшелікке енген болатын. Бұл сайлау бəсекелес əрбір мемлекет үшін халықаралық үлкен жауапкершілік жүктейтіні айтпаса да түсінікті. Сол жолы Азия-Тынық мұхиты аймағынан сайлауға түскен екі үміткер – Қазақстан мен Таиландтың жеңіске жету мүмкіндігі бірдей еді. Алайда еліміздің айы оңынан туып, көзделген мақсатқа қол жеткізілді. Бұл арада Қазақстанның БҰҰ-дағы «дипломатиялық десанттары» да əбжілдік танытып, сайлау шарасының қарбаласты сəтінде сауатты іс-қимыл жасай білгенін айтуымыз керек...

    Қазіргі таңда Сыртқы істер ми нис-трлігі Елбасының БҰҰ-ға мүше елдерге арнаған саяси Үндеуінде көрсетілген басымдықтарды басшылыққа ала оты-рып, аталған Кеңестегі жұмысын бел-сенді жүргізуде.

    (Соңы 2-бетте)

    Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,«Егемен Қазақстан»

    Сарапшылардың пікірінше, фаст-фудтарды жиі тұтыну, уақытылы ыстық тамақ ішпеу жəне қимыл-қозғалыстың аздығы артық салмаққа əкеліп отыр. Семіздікке бейім балалар өсе келе қант диабеті, жүрек-қан та-мырлары ауруларына жиі шалдығады. Əрі артық салмақ асқазанның созылу-ына, тойымсыздыққа əкеліп соғады. Сондықтан бұл қазір жаһандық мəселеге айналып отыр. Был тыр ғана Біріккен Ұлттар Ұйы мы ба-лалар арасындағы се міздікті жою-ды жəне бұл проблеманы уақыт өткізбей шешуді ұсынғаны есімізде. Ал Қазақстанда бертінге дейін жеткіншектер арасындағы семіздік онша үлкен мəселе ретінде қаралған жоқ, оған себеп те аз-тын. Саламатты ө м і р с а л т ы н қ а л ы п т а с т ы р у проблемаларының ұлттық ор талығы тек 2015-2016 оқу жылында баста-уыш сынып балалары арасында ар-тық салмақ пен семіздік бел гілеріне, олардың ұстанған өмір салтына, тамақтану мə дениетіне алғаш рет мони торинг жасады. Арнайы COSI хаттамасы негізінде жүр гізілген зерттеу жұмысына қа зақ стандық 5500 бала мен 5 мың ға жуық отбасы жəне 142 мектеп қатысқан. Солардың ішінде артық салмақ – 13,1 пайыз-ды, семіздік 6 пайызды құраған. Осылайша, мамандар Қазақстанда 8-10 жас аралығындағы əр бесінші бала семіздікке шалдыққан деген қорытындыға келді.

    Денсаулық сақтау министр-лігінің Денсаулық сақтауды дамы-ту республикалық орта лығының мəліметіне сүйенсек, қазіргі таңда еліміздің жалпы білім беретін оқу орындарында «денсаулықты ны ғайтуға ықпал ететін мектеп-тер» қанатқақты жобасын ен гізу

    қолға алынған. Мұндай бастама-ны Дүниежүзілік ден саулық сақтау ұйымының Қазақстандағы кеңсесі көтеріп отыр. Осыған байланыс-ты өткен дөңгелек үстел жиынын-да аталған ұйымның сарапшысы, Еуропадағы ден саулық мектептері желі сінің кеңесшісі Гуф Бауэрс жо баға қатысушы мектептер үшін арнайы нұсқаулықтар беріп, Қазақстанда мектеп оқу шылары денсаулығын ны ғайту бағдарламалары бойынша ұлттық стратегия əзірлеу ке рек тігін алға тартты.

    ДДҰ-ның қанатқақты жоба-сы əзірше еліміздің төрт өңі рінде – Астана мен Алматы қаласында жəне Маңғыстау мен Қызылорда облыстарын да енгізіліп отыр. Осы жобаға қатысушы Алматы қа ласын-дағы №116 мектептің директоры Екатерина Ани симованың айтуын-ша, жо ба қолға алын ғалы білім оша-ғының тəрбие үдерісіне өзге рістер енгізіліп қана қоймай, оқушылар та ғамының сапасы артып, ас қауіп-сіздігі мен үйлесімді мə зірге ерек-ше ден қойыла бас таған. Ата-аналар мен оқу шылар арасында саламатты тамақ тануға байланысты пайдалы дəрістер оқылып, тəрбие жұ мыстары жүргізілген. Ал Ас тана қаласының №10 мек теп-гимназиясының мұға-лімі Ербол Əреновтің атуынша, қа нат қақты жобаның арқа сында оқушы ларға арналған емдеу-шынық-тыру бөлмесі жабдықталып, жаңа үйірмелер ашылған. Сондай-ақ бас-тауыш сыныптардың оқушылары денсаулық əліппесімен қамта масыз етілген.

    Енді осы жобаны Денсау лық сақтау министрлігі еліміздің барлық мектебіне та ратуды көздеп отыр. Ал «Қазақстандағы денсау лық ты нығайтуға ықпал ете тін мектептер» жобасы мен ДДҰ-ның тəжірибесі Ден саулық сақтауды дамыту

    респуб ликалық орталы ғы ның сай-тында жарияланып, қызығушылық та-нытқан жандарға қолжетімді болмақ.

    Жалпы, қазақ халқы ерте ден-ақ тамақтану жағына сауатты болған. Ал қазір адамның сана-сезімі заманға сай өзгеріп, материалдық-техникалық жағ дайымыз қарыштап дамыса да дұрыс тамақтану мəде ниетін меңгере алмай келеміз. Аурудың басты себебі та ғам танудың дұрыс жолға қойыл-мауынан екендігін жете түсіне ал-маудамыз. Тамақ режімін, тəртібін сақтауға көңіл бөле бер мейтініміз сондықтан. «Кедейдің бір тойғаны – шала ба йығаны» деп кейде шек-тен тыс көп жейміз немесе күні бойы ашқұрсақ жүреміз де, кешкісін

    тыңқиып тойып аламыз. Мұның өзі ағзаға үлкен зиян. Мамандардың айтуынша, қазір адамдардың басым көпшілігі екі рет ыстық тамақ ішуді ұмытқан. Тіпті 9 пайызы тəулігіне бір-ақ рет тамақтанады екен. Көпшілік жеміс-жидекті неғұрлым көп тұтынса, соғұрлым пайдалы екенін саналы түрде білсе де, оны сақтай бермейді. Міне, үлкендердің тамақтану мəдениетіндегі осы олқылықтар енді балаларға «жұғып» жа тыр. Жеткіншектердің жар тылай дайын тағамға үйір сектігі, далада ой-наудан гөрі үйде монитордың алдын-да көбірек телміруі жəне үйле сімді тамақтанбаудың соңы семіздікке əкеліп отыр.

    АЛАҢДАТАРЛЫҚ АХУАЛ

    Әр бесінші бала семіздікке шалдыққан–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бұрын семіздік Еуропа мен Америка елдеріне ғана тән мәселедей к�рінетін. Алайда қазір артық салмақ біздің елімізді де, соның ішінде ба-лаларды да айналдыра бастады. Айталық, әлемде 1-5 жас аралығындағы 41 миллион бала семіздікке шалдықса, Қазақстанда әр бесінші бала артық салмақтан зардап шегуде. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

  • 2 22 ҚАРАША 2017 ЖЫЛСАЯСАТ

    Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,«Егемен Қазақстан»

    Елімізде өндірілген азық-түлікке сұраныс

    жоғарыИнвестициялар және даму

    министрі Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, бүгінде Қазақстан экспорттаушы елдердің ішінде 52-ші орында екен. Еліміз әлемнің 113 еліне 800-ден астам өнім түрін экспорттайды. Атап айтқанда, уран, мыс, титан, ферроқорытпа, сары фосфордан басқа, тағам өнімдерінен ұн, мақта майы, бидай, зығыр тұқымын сыртқа шығарады. Министрдің айтуын-ша, соңғы 5 жылда экспорттың сапалық құрылымы едәуір жақ-сар ған. Әлем елдеріне жеткізілетін өнім нің үштен бірі экономиканың ши кі заттық емес секторына тиесілі.

    Қазақстанда шыққан электро-воз дар, тепловоздар Түрікмен-стан, Тәжікстан, Әзербайжан, Қыр ғызстан, Украина елдеріне экспорт талса, елімізде құрасты-рылған автокөліктер Тәжікстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Қытайға шығарылады. Енді жо-лаушылар вагондарын, рельстер мен әскери-өнеркәсіп кешенінің өнімдерін экспортқа шығару көзделіп отыр. Жақында іске қосылған Орал трансформатор за-уыты өз өнімдерінің 96 пайызын шетелге экспорттайды екен.

    Министр өз сөзінде шет мем-лекеттерде қазақстандық тағам өнімдері жоғары сұранысқа ие екенін жеткізді. «Отандық азық-түлік тауарларын жалпы экспорт-тау көлемі 2 млрд АҚШ доллары-нан асады немесе 145 млн тонна өнімді қамтып отыр.

    Ж.Қасымбек фарма цев ти-ка лық нарықта да жағымды үрдіс байқалып отырғанын айта кетті. Бүгінде ішкі тасымалдау көлемі 34 пайызға, яғни 19 млн АҚШ долларына артқан. Не гіз-гі сауда нарықтарынан басқа, фармацевтикалық және меди ци-налық өнімдер алдымен Моңғолия мен Вьетнамға экспортталды. Жал пы алғанда, қазақстандық өнімдерді экспорттайтын негізгі нарық Ресей, Орталық Азия

    және Қытай болып қала береді.Мемлекет басшысы шик і-

    заттық емес экспортты 2025 жылға қарай екі есеге арттыру міндетін белгілегені белгілі. Осыған орай Үкімет Ұлттық экспорттық стра-тегия бағдарламасын әзірледі.

    Бақытжан Сағынтаев қазақ-стан дық тауардың экспорты үлесінде органикалық өнімге айрық ша екпін қоюды тапсырды. «Біз ДСҰ мен ЕАЭО аясындағы сауданы талқыладық. Осы орай-да органикалық өнім «жасыл себетте» қамтылып отырғанын жақсы білеміз және бұл бағытта ешқандай проблема болмай-ды. Сондықтан да оған ерек-ше көңіл бөлу керек. Бұл жер-де көлем аз болғанымен, баға мәнінде көбірек ұтатынымыз анық», деді Үкімет басшы-сы. Ал вице-премьер Ерболат Досаев Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті органикалық өнім бойынша төрт стандарттың жобасын даяр-лап жатқанын жеткізді. «Біз осының барлығын қарастырып, желтоқсанда тиісті ұсынысты енгіземіз», деді ол. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлі метінше, өсімдік шаруашы-лы ғынан картоп экспорты 19 есе-ге, Ресейге томат тұздығы мен қиярдың экспорты 3,5 есеге, Қы-тай мен Ресейге жаңғақ экспорты 3 есеге өскен.

    Азаматтарға – оңтайлы қызмет

    Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осы салада қолға алынған бірыңғай қызметтер жөнінде баяндады.

    Министрдің айтуынша, бі рың-ғай ақпараттық жүйе дегеніміз – 14,5 млн азаматтың дерекқоры. Бұл дерекқор онлайн режімде жаңар тылып отырады әрі азамат-тарға көрсетілетін барлық қызмет түрі автоматтандырылған. Осы оңтайлы қызмет бүгінге дейін 19 млн азаматқа көрсетіліпті.

    Жалпы, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруды да-мыту бағытында бірнеше жоба жүзеге асырылуда екен. Оның біріншісі – бірыңғай электронды

    еңбек биржасы. «Ертеректе еңбек нарығының құрылымы бөлек-бөлек болатын. Жұмыс іздеуші сабылып, бірнеше жұмыс берушіні аралап шығатын болса, кәсіпорынның жұмыс берушімен әңгімелесуі көбінесе нәтижесіз болатын. Осыдан келіп, әсіресе, жұмыс іздеуші азамат жапа шегетін әрі уақыты мен қаржысын текке кетіретін. Енді Мемлекет басшысының тапсыр-масы бойынша биылғы қазан айы-нан бастап еліміздің 4 өңірінде бірыңғай электронды еңбек бир-жасы іске қосылды», деді Тамара Дүйсенова. Оның айтуынша, бұл қызметтің тиімділігі сол, жұмыс іздеуші ешқайда сабылмай, ин-тернет арқылы мәселесін шешуге болады.

    Сондай-ақ еңбек келісім шарт-тарын тіркеудің бірыңғай жүйесін енгізудің арқасында қазақ-стандықтар еңбек кітапшасынан құтылатын болады, яғни еңбек келі сімшарттарын электронды фор матқа көшіру қағаз еңбек кітап шасын алып тастауға мүм-кін дік береді.

    Цифрландыру мәселесіне қа-тысты Ақпарат және коммуни-кациялар министрі Дәурен Абаев сөз алып, Еңбек және халық-ты әлеуметтік қорғау министр-лігінің жұмысын цифрландыру-да бірқатар жетістіктер барын атап өтті. «Бүгінгі күні Мем-ле кет басшысының тапсырма-сына сай «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жан-жақты әзірленіп жатқаны бел гілі. Экономиканың бәсекеге қабі-леттілігін арттыруға бағытталған осы іргелі бастаманың аясында ал-дымызда көптеген міндеттер тұр. Осы орайда Еңбек және ха лық-ты әлеуметтік қорғау министр-лігіне архитектура әзірлеу ба-ры сында министрліктегі негізгі мә селелер айқындалып, автомат-тандыруға жол ашатын страте-гиялық маңызды бағыттар нақты-ланды», деді ол. Министр негізгі жетістіктер ретінде қайталанатын ақпараттық жүйелерді біріктіру, оларға арналған шығындарды оң тайландыру мәселелерін алға тартты. Қолға алынған жұмыс-тарға байланысты жобалардың архитектурасы мен жол картасы әзірленген. Соның ішінде ма ңыз-дысы – электронды еңбек бир-жасын дамыту, әлеуметтік мәрте-белер мен әлеуметтік көмекті есепке алудың бірыңғай жүйесі, қызметкерлердің профилін жүр-гізу және еңбек шарттарын есеп-ке алу жүйесін құру, проактивті әлеу меттік қызметтер көрсету үшін өміршең жағдайлар жүйесін есепке алу.

    Орман – қоршаған ортаның қорғаныБиологиялық алуантүрлілікті

    сақтау және оны пайдалану жө-нінде Үкімет отырысында баянда-ма жасаған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев республиканың орман қорының жалпы алқабы – 29,4 млн гектар, оның ішінде орман көмкерген жер 12,7 млн гектар екенін айтты. Бұл орайда биік діңді ағаштардың үлесі небәрі 3,3 млн гектарды не-месе республика аумағының 1,2 пайызын құрайды. Осы жайт-ты ескере отырып, министрлік бірқатар жұмыстарды қолға алған. Атап айтқанда, 2004 жылдан жұмыр ағаш экспортына тыйым салынған. 2015 жылдан сексеуіл ор мандарында ағаш кесудің барлық түріне мораторий жария-ланды, биыл республиканың сау-да орындарында сексеуіл сатуға тыйым салу шарасы енгізілді, со-нымен бірге, ағашы өртенген ал-қапты қалпына келтіруді қоса ал-ғанд а, қылқан жапырақты орман-дар да санитариялық мақсатта ағаш кесуге қатаң тыйым салын-ған.

    Е.Нысанбаевтың айтуын-ша, орман шаруашылығын жүргізудің негізгі құжаттары орман орналастыру материалда-ры болып та бы лады. Қазіргі кезде 30 орман ша руашылығында 6,2 млн гектар және ерекше қорғауға алын ған 12 табиғи аумақта 3,5 млн гек тар мемлекеттік орман қоры ал қабында орман орналас-тыру жо балары жүргізілмеген. «Бұл проб леманы шешу үшін орман орна ластыру жұмыстарын қаржы ландыруды 2022 жылға дейін орташа есеппен алғанда жылына 400 млн теңгеге кезең-кезеңмен ұлғайтып отыру қажет», деді ол.

    Браконьерлікпен күресті кү-шей ту жайына тоқталған Е.Ны-сан баев биыл аңшылық қару дың саны 1 аңшыға шаққанда 10 бір-ліктің орнына 4-еуге дейін заң на-малық тұрғыда шектел генін атап өтті. Аңдарды қор ғау мақсатында жүргізіліп отырған осы шара бес жылға дейін ұзаруы керек деп есептейді министрліктегілер. Себебі биыл бес айдың ішінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 16 фактісі анықталып, олардың материалдары құқық қорғау органдарына берілген.

    Үкімет отырысын түйіндеген Премьер-Министр Бақытжан Са-ғынтаев күн тәртібінде көтерілген мә селелерге орай нақты тапсыр-малар беріп, мемлекет үшін маңызды міндеттерді жұмыла орындау қажеттігін ескертті.

    –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында үш мәселе қаралды. Оның біріншісі – Қазақстанның экспорт жағдайы мен отандық компаниялардың сыртқы нарыққа шығуын ынталандыру бол-са, екіншісі – биологиялық алуантүрлілікті сақтау және оны орнықты пайдалану, үшіншісі халықты әлеуметтік қорғау және еңбек саласын цифрландыру жайы болды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевичті оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Сенат Төрағасы Польша Қа-зақ станның Еуропа Одағындағы маңызды әріптестерінің бірі екенін атап өтті.

    Парламент жоғарғы Пала-та сының басшысы парламент-ара лық үнқатысуға қарқын беру және екіжақты өзара іс-қи мыл ды өрістету жайында айтты. «Пар-ламент Сенаты екі ел ара сындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге әзір», деді Қ.Тоқаев.

    Сенат Төрағасы Мемлекет бас-шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылы Польшаға барған сапа-ры нәтижелі болғанын, сапар бары-сында 845 миллион доллар болатын келісімдер мен инвестициялық жобаларға қол қойылғанын атап өте келіп, ЭКСПО-2017 халық ара-лық көрмесі аясындағы Поль ша ның Ұлттық күндеріне қатысқаны үшін президент А.Дуда бастаған Польша басшылығына алғыс біл дірді.

    Дінаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері де талқыланды. С.Хазбиевич Сенат Төрағасы, Әлем дік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшы лы-ғының басшысына Польшада 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Католиктер мен мұсыл-ман дар кеңесімен өзара іс-қимыл мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Қ.Тоқаев алдағы жылы қазанда Астанада өтетін кезекті съезге дайындық аясындағы ынтымақтастыққа шақыра оты-рып, «Біз үнқатысудың кез келген түрін жақтаймыз», деді.

    Сол күні Қ.Тоқаев ілтипат біл-діріп келген Француз Респуб ли-касының Қазақстандағы елшісі

    Филипп Мартинэні де қабылдады және оған ізгілікті істе табысты болуына тілектестігін білдірді. Ол биылғы қазан айында осы лауазымға тағайындалған бола-тын. Сенат Төрағасының айтуын-ша, Қазақстан ірі және маңызды халықаралық форумдар өтетін орын ретінде дипломаттарға зор ықылас танытып отыр.

    Екіжақты қатынастардың жо-ғары деңгейін атап өткен Қ.Тоқаев француз парламентшілерін Аста-на ға арнайы сапармен келуге ша-қыр ды. «Байланыстар көп әрі жиі бол ған сайын біздің елдеріміз арасын дағы ынтымақтастық та нәти желі бола түседі», деді Сенат Төрағасы.

    Қ.Тоқаев француз тілінің БҰҰ ресми тілдерінің бірі ретіндегі маңызын атап өте келіп, Қазақстанда ол тілдің кеңінен қанат жаюы-на жәрдемдесу туралы ниетіне қолдау білдірді. Оның айтуынша, достық пен ынтымақтастықты нығайту Францияның мәдени құн ды лықтарын ілгерілетуге, гума нитарлық байланыстарды тереңдетуге ықпал етер еді.

    Франция елшісі Қазақстан басшылығының осы көзқарасы үшін алғыс айтты және өз елінде қазақ студенттерінің үкімет пен жеке сектордан бөлінетін гранттар мен стипендияға оқу мүмкіндігін алатынын атап өтті.

    Ф.Мартинэ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығай-туға жәрдемдесетін Франция мен Орталық Азия арасында жаңа сипаттағы ынтымақтастық әзірленіп жатқаны туралы Сенат Төрағасын хабардар етті.

    Польша және Франция елшілерін қабылдады

    Экспорт көлемі артып келеді

    (Соңы. Басы 1-бетте)

    Мемлекет басшысы ұсынған басымдықтар қатарында жаһандық соғыс қатерінің жолын кесу, ядролық қарусыз әлем құру, Ауғанстанда ты-ныш тық орнатуға ықпал ету, Орта-лық Азиядағы бейбітшілікті нығай-ту, БҰҰ қамқорлығымен жаһан дық лаңкестікке қарсы күш бірік тіру, Африканың бейбіт дамуына кө-мектесу, БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын, бейбітшілік, қауіп-сіздік және даму арасындағы ажыра-мас байланысты ілгерілету, БҰҰ-ны ХХІ ғасыр талаптарына бейім деу және жаһандық проблемаларды шешу үшін ұжымдық саяси ерікті нығайту мақсатында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары дең гейінде Қа уіпсіздік Кеңесіне мүше мем ле-кеттердің тұрақты кездесулер те тігін жасауға келісу сияқты мәселелер бар.

    Бүгінге дейін қазақстандық дип-ломаттар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе сінің көптеген ресми отырыстары на, бей-ресми жиналыстарына бел сене атса-лысты. Сонымен қатар Қа зақстанның қатысуымен Қауіпсіздік Кеңесінің Е-10 атты тұрақты емес мүшелер кіретін топтың маңызды басқосулары өтті. Бұдан бөлек, біздің дипломаттар Кеңес мүшелерінің бірқатар ресми са-парына қатысты. Сондай-ақ еліміздің араласуымен Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар маңызды қарарлары, ҚК төрағасының мәлімдемелері, Кеңестің көптеген ресми релиздері қабылданды.

    Қазақстан тарапының қатысуымен ұйымдастырылған шаралардың ба-сым бөлігі Таяу Шығыс, Сирия және Йемендегі жағдайларға, Африкадағы кикілжіңдерге, ядролық қаруды та-ратпау ісіне, Солтүстік Кореяның жөн-жосықсыз әрекеттер іне , халық ара лық терроризм мен діни

    экс тремизмге байланысты тақырып-тарға арналды.

    Негізінен Қазақстан өзі төрағалық ететін комитеттердің жұмысын жо-ғары дәрежеде ұйымдастыруда. Мә-селен, «Ислам мемлекетіне» (Қазақ-станда тыйым салынған) қарсы күрес, Ауғанстанды қалпына келтіру және Сомали/Эритреядағы жағ дай жөніндегі комитеттерге қатыс ты жұмыс аясында Кеңестің бірқа тар маңызды қарары әзірленіп, қабыл-данды. Олардың арасында экстре-мис тердің мәдени мұра нысанда-рын күйретуіне қарсы күрес, ҚК-нің Ауған стандағы жағдайдың Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздігіне әсері, лаңкестердің үгіт-насихат әрекет теріне қарсы халықаралық ынты мақ тастық және Сомалидегі жағдай ды қалпына келтіру туралы аса маңызды қарарлар бар.

    Түсіне білгенге комитеттерге төра ға лық жасау үлкен жауап кер-шілікті және дипломатиялық тұр-ғыдағы жоғары деңгейлі біліктілікті талап етеді. Бүгінде қазақстандық дипломаттардың қызметі сұранысқа ие. Бұған дәлел ретінде айтарымыз, біздің дипломаттарымызды Қауіп-сіздік Кеңесіндегі әріптестері Сол-түстік Корея мен Иранның ядролық бағ дарламаларына қатысты ар-найы комитеттердің отырыстарына жиі ша қыратын болған. Бұл жерде Қазақстанның ядролық қауіпсіздік саласындағы мол тәжірибесінің де ескерілетіні белгілі.

    Жалпы, біздің еліміздің Қауіп-сіздік Кеңесінің мүшелігіне Орталық Азия елдерінің ішінде бірінші бо-лып сайланғаны белгілі. Бұл өз кезегінде Қазақстанды Орталық Азияның БҰҰ ҚК-дегі өкілі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Осы орайда біздің дипломаттарымыз Орталық Азия мемлекеттерінің

    өкілдерімен мейілінше жиі арала-сып, түрлі деңгейдегі басқосуларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Негізінен бұл үрдіс аймақ елдерінің сыртқы саясатқа бағытталған күш-жігерін бір арнаға тоғыстырып, ортақ мүдде орайындағы мәселелерді бірлесе шешуге оң ықпалын тигізуде.

    Осы арада ерекше тоқтала ке-тер жайт, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуы Еуразия кеңістігі үшін, Орталық Азия үшін тиімділігін көрсетуде. Өйткені, аталған аймақ-тар дағы өзекті мәселелер бұрын әлем дік қоғамдастықтың назарынан сырт қалып жататын, ал қазір бұл үр-діске тоқтам салынған. Өйткені Қа-зақ стан БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшесі ретінде осы өңірлердегі өткір мәселелерді күн тәртібінде шығара алады.

    Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесіне 2018 жылғы қаңтар айында төрағалық ететін болады. Осы төрағалық кезінде Орталық Азияға қатысты ҚК-нің ар-найы қарары қабылданбақ. Бұл Қауіп-сіздік Кеңесінің шешімі, дәлірегі, қарары халықаралық қоғамдас-тықтың назарын Орталық Азияға ау дарып, өңірдің қауіпсіздігі мен тұрақ тылығына, орнықты дамуына оң ықпалын тигізеді деп күтілуде.

    Елбасының жоғарыда аталып өткен Үндеуінде айтылғандай, «Қа-зақ стан Кеңесте барлық мүше елдер -мен аталған басым бағыттар бо йын ша ашық, әділ және саяси жағ даят сыз, жауапты, салмақты және сын дарлы түрде жұмыс істеуге ниетті».

    Қорыта айтқанда, БҰҰ Жарғы-сының 24-бабына сәйкес, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау басты міндеті саналатын Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның жұмысы жоғары деңгейде. Бұл еліміздің халықаралық қоғамдастық алдындағы биік беделін көрсетеді.

    Қазақстан бастамалары ізгілікке негізделген

    Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев корпорацияның бас атқарушы ди-ректоры, директорлар кеңесінің төр-ағасы Джон Уотсон бастаған «Шев-рон» өкілдерімен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында мұнай-газ

    саласында бірлескен жобаларды одан әрі іске асыру мәселелері талқыланды.

    Айта кету керек, «Шеврон» компаниясы әлемдегі бесінші ірі біріктірілген энергетикалық компа-ния және Каспий өңірінде жұмыс

    істейтін көшбастаушы жеке мұнай өндірушісі. Компания мұнай мен газ өндіру, қайта өңдеу, мұнай химиясы, электр энергиясын өндірумен айна-лысады, геотермалды энергия және биоотын саласында әзірлемелер жүргізеді.

    «Шеврон» компаниясы өкілдерімен кездесті

    Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

    Рәсімнің ашылу салтана-тында сөз сөйлеген Г.Әбдіқа-лықова әлеуметтік мәселе лер-ді шешуге елеулі үлес қосып жүрген үкіметтік емес ұйым-дарға сыйақы тағайындау «Рухани жаңғыру» бағдар-ла масы аясында ұйымдас ты-рыл ғанын атап өтті. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азамат-тық қоғам, оның ішінде үкі-мет тік емес ұйымдар демокра-тияның ажырамас бөлігі деп айтып өткен болатын. Мем-лекетіміздің өсіп-өркен деуі мен қоғамдық сана ның жаң-ғыруы азаматтар бел сен ді-лігі нің артуы арқылы жүзеге аса тыны анық», деді Г.Әб ді-қалықова.

    Мемлекеттік хатшы қоғам санасын жаңғырту әлеуметтің белсенділігі, азаматтардың қазіргі заман мен болашақ алдындағы жауапкершілігі болмаса жүзеге аспайтынын

    жеткізді. Оның айтуынша, үкіметтік емес ұйымдардың жұ мы сын жандандыру және оны қол дау осы бағытта атқа-ры латын маңызды шаралар қатарында.

    Г.Әбдіқалықова Қазақ-стандағы ҮЕҰ қызметінің та-рихына көз жүгіртіп, елімізде тұңғыш құрылған үкіметтік емес ұйым ретінде «Семей-Невада» қозғалысын атап көрсетті. Тәуелсіздік жылда-рынан бері елімізде олардың қызметі қарқын алды. Соның нәтижесінде, қазіргі таңда Қазақстанда 19 мыңнан астам ҮЕҰ тіркеліп, онда 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Мем лекеттік хатшының сөзіне сү йенсек, үкіметтік емес ұйым-дар Астана, Алматы қала лар-ын да және Оңтүстік Қазақстан облысында белсене қызмет ат қарады.

    Мемлекеттік хатшы ҮЕҰ-лар ға бөлінген қаражат пен олар дың атқарған жұмыс-тарының есебіне тоқталды. Сон дай-ақ елдің дамуына

    үлес қосып жүрген бірқатар үкі меттік емес ұйымдардың қызметін жоғары бағалады. «Осы сыйақы – үкіметтік емес ұйымдардың қызметін мем-ле кеттің бағалауы. Олар дың маңызды әлеуметтік мәсе-лелерді шешуге қосқан үлесі мол. Солардың кейбірін атап өтуді жөн көріп отырмын. Мә-се лен, Алматыда Серікқазы Кәкібалановтың бастамасымен құрылған «Қазақ интернеті» қо ғамдық қоры 2005 жылдан бері қазақ интернетін дамы-туға елеулі үлес қосып, 500- ден астам интернет ресур-сын жасады. Қор жасаған ре сурстар ішінде «Егемен Қазақ стан», «Ана тілі», «Қазақ әде биеті» секілді сайттар бар», деді Г.Әбдіқалықова.

    Байқауға 216 өтініш келіп түскен. Арнайы құрылған сарапшылар тобы солардың ішінен 15 аталым бойынша 59 үкіметтік емес ұйымды үздік деп тауыпты. Жүлдегерлерге 4,5 миллион теңге көлеміндегі сыйақы тағайындалған. Үз дік-тер қатарында «Қазақстан КВН одағы» республикалық жас тар қоғамдық бірлестігі, «Ар дагер» қоғамдық бірлестігі, «Бо-лашақ» халықаралық стипен-диясы стипендиаттарының қа уым дастығы» секілді белді ұйымдар бар.

    Жүлдегерлердің бірі – «Қа-зақ стан КВН одағы» респуб-ли калық жастар қоғамдық бір лестігінің президенті Есен Елеу кеннің пайымдауынша, мұн дай сыйақылар үкіметтік емес ұйымдарды одан әрі бел-сене жұмыс істеуге ынталан-дырады.

    Өтінімдердің басым бөлігі халықтың әлеуметтік осал топ-тарын, жастар мен балалардың бастамаларын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту секілді бағыттар бо-йынша келіп түскен.

    Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ,

    «Егемен Қазақстан»

    Үздік үкіметтік емес ұйымдар марапатталды

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Шабыт» қазақ ұлттық өнер университетінде үздік үкіметтік емес ұйымдарды анықтауға арналған байқаудың қорытындысы шығарылып, жүлдегерлерге сыйақы табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев және мемлекеттік мекемелердің, сарапшылар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

  • 22 ҚАРАША 2017 ЖЫЛ 3

    Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан»

    Қолбасшының қабіріШірік-Рабат мəдениетін зерттеу жұ-

    мыс тары 1946 жылы басталды. Сыр-да рия ның ежелгі арналары – Іңкəрда-рия жəне Жаңадария бойында орна-ласқан Шірік-Рабат мəдениетінің ескерт-кіштеріне Баланды жəне Бəбіш-мола қа лаларының да жататынын айта кет кен абзал. Ал алғаш археологиялық бар лау жүргізіліп, қазбалардың алына бас тауы 1950-60 жылдарға сəйкес келеді.

    Ескерткіш мықты қорғаныс жүйе лері-мен қоршалған. Төбенің төменгі етегінде қазылған ор бар. Бүгінде оның тереңдігі бес метрге жуық, ені 40 метр шамасын-да. Одан шыққан топырақтан сыртқы дуал тұрғызылған. Сақталған биіктігі 3 метр, тарабындағы ені 8-10 метрді құрайды. Дуал қалашықты солтүстіктен жəне шығыстан қорғап тұрған. Бұл жер-де қала жұртына қоныстанудың бірнеше кезеңі болғанын атап өткен жөн. Төбенің солтүстік беті, яғни биік жағы ең көне бо-лып есептеледі. Онда екі үлкен оба мен үш биік қабырғалы, дөңгелек пішінді қоршаулар орналасқан.

    «Мəдени мұра» бағдарламасының аясында Əлкей Марғұлан атындағы Археология институты мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік уни вер ситеті бірлесіп «Шірік-Рабат архео логиялық экспедициясын» құрды. Жетекшісі – белгілі археолог Жол дасбек Құрманқұлов. Олар ескерт кіштердегі əр кезеңді қамтитын бірне ше нысанға қазба жұмыстарын жүргі зіп келеді. Бүгінде 30-ға жуық нысанда ар хеологиялық зерттеулер жасалды. Олардың кейбірі толық зерттеліп бітсе, енді басқалары əлі қазылып жатыр. Қазіргі біз астана болған деп санайтын Шірік-Рабат қаласының елдің ордасы емес, үлкен қабірстан, яки пантеон бол ға нын да осы экспедиция мəлімдеп отыр.

    Қазба барысында бұған дейінгі қабірлердің ешбіріне ұқсамайтын күрделі қабір құрылысы шыққан. Пішіні төртбұрышты бұл қабірдің ішінен бір-біріне ұқсас батыс жəне шығыс лақаттар табылған. Лақаттардың арасы 3 метр ша-масында. Екі лақаттың аузы да қам кесек-термен жабылған. Айта кетерлігі, батыс лақат бөлігі ерте заманда тоналған. Оның аузына қаланған кірпіш қалдықтары, марқұммен бірге жерленген бұйымдар, адам сүйектері шашылып қалған. Ұрылар аса қымбат заттарды алғанымен, аса бұзылмағаны шығыс лақаты. Ұзындығы 2,85 метр, ені 1,75 метрді құрайтын шығыс лақаттың төбесі күмбез тəрізді. Оның аузын жапқан қабырғаның биіктігі еден деңгейінен 165 сантиметр болса, ені екі қам кесек қалыңдығындай. Лақат ішінен үш адамның мəйіті шықты. Бастарын оңтүстікке қаратып жерленген олардың шығыс іргедегі екеуі бірінің үстіне бірі қабаттастырылып қойылған. Сондай-ақ мəйіттермен қоса көмілген бұйымдар табылған. Атап айтқанда, батыс беттегі жеке жатқан мəйіттің сол жақ тұсынан ұзындығы 1 метрден асатын темір семсер мен белдіктің қоладан жасалған жапсыр-малары мен тоғасы шыққан. Семсердің ромб тəрізді болып келетін жетесі мен конус секілді балдағы қоладан құйылған. Мəйіттің оң жағынан темір қанжардың қалдығы алынған. Шығыс бетте екі мəйіт бір-бірінің үстінде жатыр дедік қой, ша-масы олар киізге немесе кілемшеге ора-лып қойылған. Астындағы əйел адам, ал үстіндегі жасөспірім ер баланың мəйіті. Ғалымдардың пайымдауынша, ол жер-ленген батырдың күңі мен құлы болуы мүмкін. Астыңғы мəйіттің белінен қайыс белдіктің қалдықтары мен киімдерге жапсырып тігілген алтыннан, пастадан, інжуден жəне асыл тас тардан жасалған моншақтар табылды. Мəйіттердің сол жағында құрбандық малының сүйектері, бас жағынан сыртында парфяндық жазу үлгісінде, соны мен қатар Есіктен табылған күміс тостағандағы таңбаларға да ұқсас жазуы бар қыш құмыра-көнек пен кү міспен құрсауланған ағаш тостағанның қал дығы шықса, ал аяқ жағында қыш-тан жасалған шамдал жатқан. Сол сияқты мəйіт маңында алтын жіптер-мен əсемделген парша тəрізді мата, ағаш зембілдің қалдықтары болған. Та был-ған дүниелерге қарап бұл жерге сақ тай-паларының əлдебір қолбасшысы жерлен-ген деп тұжырым жасауға болады.

    Ғибадатхана ғұрыптарыШірік-Рабатта төрт ғиба дат ханаға

    зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның бірінде өлікті өртеу, екіншісінде жуып, бальзамдау, үшіншісінде əйел мүсініне табыну іздері анықталған. Соның ішінде мол жəдігерлер шыққан біреуі бар. Төрт бұрышты болып келген ғибадатхананың бү гін гі сақталған биіктігі 1,5 метр ге, көлемі 20х20 метрге жете ді. Қабырғасы тік бұрышты қам ке сектермен тұрғызылған. Құры лыс керамикасының ішкі беті пахса блоктарынан өрілге ні бел гілі болған. Бұл қабыр ғаның үсті жұқа сылақпен сыла -нып, ақ түспен боялған. Сы лақ та қызыл жəне қара түсті бояу лардың да іздері бар. Кезінде сурет салынған сияқты. Ғимарат то налған. Соған қарамастан, одан бірқатар құнды заттар алынды. Атап айтқанда,

    б.д.д. ІІІ-ІІ ға сырлардағы Шірік-Рабат мəде ниетінің ескерткіштеріне тəн қыш ыдыстардың, темір жебенің сынықтары, алтын жапсырмалар, ағаш қалдықтары жəне эллинизм дəуіріне жататын екі ыдыс табылды. Гипстен жасалған мұндай ыды-стар Жерорта теңізінің бойындағы елдер-де кең таралған. Сол жақтан əкелінген деу-ге болады. Өйткені екеуінің де иығында көне грек алфавитімен жазылған жазу сақталған.

    – Жазуды оқыған ресейлік ғалымдар оны осы ыдысқа құ йыл ған бальзамның аты деп анық тады. Бальзам Африка құрлы ғында өсетін ағаштан жасалған. Не гізінен мүрдені о дүниеге жөнелту кезінде пайдаланған. Ол, əсіресе көне Мысырда кең қолданылған, – дейді та-рих ғылымдарының кандидаты Əзілхан Тəжекеев. Сонда Сырдың бойын ме-кен еткен сақтардың Африка елдерімен байланысы болғаны, мəйітті бальзамдау тəсілін меңгергені осыдан аңғарылмай ма? Ғажап, ə?!

    «Біз жүргізген зерттеу жұ мыс-тары Аралдың шығыс бетін б.д.д. І мыңжылдықта мекен ет кен қалың елдің тарихын əр кезең мен анықтап, материалдық, руха ни мəдениетінің деңгейін білуге мүмкіндік берері анық. Осы қазба жұ мыстарының нəтижесінде адамдардың қалашықта бірнеше мəрте қоныстанғандығы анық талды. Екі бекініс қамалы мен қор шалған, аумағы 40 гек-тардан астам жерді алып жатқан ескерт-кіштің солтүстік бөлігіндегі құ рылыстар б.д.д. ІV-II ғасырларда тұрғызылса, ал биіктігі 4 метрге, ені 4,5 метрге жететін мықты бекініспен қоршалған оңтүстік бөлігі моңғол шапқыншылығына дейінгі дамыған орта ғасырларда, яғни, Х-ХІІ ғасырларда пайда болған. Сонда оғыз тайпалары мың жылға жуық уақыт ты-ныш жатқан сақтардың пантеонына айналған Шірік-Рабаттың үстіне қала салған. Шірік-Рабаттың көлемі үлкен болғандықтан олар тек құрылыстың жар-тысын пайдаланған. Орта ғасырларда келген халық бекіністі қамал ішінде биіктігі 15-20 метрге жететін обалар мен ғибадатханаларды қарауыл төбелер немесе бекіністі мұнаралар ретінде пайдаланған», дейді экспедиция жетекшісі Жолдасбек Құрманқұлов. Олай болса, бүгінде біз астана санап жүр ген Шірік-Рабат пантеон бол ған деп тұжырым жасауға толық негіз бар сияқты. Арада мың жыл ға жуық уақыт өткенде оғыз дар оның үстіне қала салған. Сол се бепті де Шірік-Рабатты қала атап кеткен. Экспедиция мүшелерінің зерттеуі осылай деп отыр. Негізсіз емес тəрізді.

    Жалпы алғанда, Шір ік -Рабат қалашығының өңірдегі стра те гиялық

    маңызы зор болған. Ол – Əмудария мен Сырдарияның ара лығындағы ке-руен жолдарының түйіскен жерінде орналасқан. Қала Бактрия, Парфия, Қосөзен аралығындағы мемлекеттер-мен жəне Мысырмен саяси жəне сауда-саттық байланыста болған. Табылған жəдігерлер б.д.д. І мыңжылдықта өмір сүрген тайпалардың ірі рухани-əкімшілік орталықтары болғанын, беделді ру немесе мемлекет басшылары өмір сүргенін, со-нымен қатар абыз, əскербасылар сияқты са ты ларға бөлінгенін көрсетіп отыр. Көлемді де күрделі қала құры лысы оның төңірегінде қоныстанған елдің санының көп болғандығын айғақтайды. Жəне бұл жұмыстарға жаугершілікте қолға түскен тұтқындар мен жалдамалы жұмысшылар еңбегі пайдаланылғанынан хабар береді.

    Бәбіш-мола астана ма?Шірік-Рабатты астана бол маған дедік.

    Сондай-ақ бұл жерде үлкен тайпалардың өмір сүргенін, олардың басшылары болғанын, əлді əскермен жасақталғанын айттық. Осындай құрылымның астана-сы болмауы мүмкін емес қой енді. Онда олардың орталығы қай жер?

    Қармақшы ауданының Кө мек баев ауылынан оңтүстікке қарай 47 шақырым жерде Бəбіш-мола дейтін ескі қаланың орны бар. Ғалымдар Шірік-Рабат осы өлкені мекендеген сақ тайпаларының діни-рухани орталығы болса, онда Бəбіш-мола бірнеше мыңдаған адам қоныстанған ірі орталығы немесе астана-сы болған деп болжам жасап отыр. Бəбіш-мола ескерткіштерінің өзі екі бөліктен тұрады. Жаңадария сағаларының арасын-да орналасқан қала мен ғибадатхананың көлемі ендік бағытта 40 шақырым жəне мери диандық бағытта 15-20 шақы рымға дейін созылып жатыр.

    «Бəбіш-мола қалашығы – бекіністі ду-алдармен қоршалған қоныс орны. Оның

    солтүстік бөлігінде пішіні шаршы цита-дель орналасқан, қабырғалары пахсадан салынған, шығыс бөлігінің ортасында жəне бұрыштарында шағын шеңберлі мұнаралары бар. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы жүргізген қазба жұмыстарының нəтижесі бойын-ша бекіністі қамал бірнеше құрылыс кезеңдерінен тұратындығы, олар б.д.д. ІV-ІІ ғасырларға сəйкес келетіні анықталған. Бəбіш-мола оази сін дегі елді мекендер де осы кезеңмен мерзімделеді», дейді Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Археология жəне эт-нография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Əзілхан Тəжекеев. Былайша айтқанда, Бəбіш-мола қаланың барлық өлшемдеріне сəйкес келетін ірі орталық. Онда адамдар өмір сүріп, шаруашылықпен айналысқан. Сонымен қатар қаланың жа-нында ғибадатхана да орналасқан. Ал Шірік-Рабатта пантеоннан басқа халық өмір сүрді дейтін дəлелдер жоқ.

    Бəбіш-мола ғибадатханасы қаладан батысқа қарай 200 метр жерде орналасқан. Көлемі – 21х21 метр, биіктігі – 7 метр. Ғимараттың жоспары симметриялы. Дəл ортадан қиылысқан төбесі балқы етіп жабылған. Дəліз жерлеу камераларына бөліп тұр. Бөлмелердің ішкі қабырғалары алебастр аралас сылақпен сыланған. Жерлеу дəстүрі барысында өлік жай еденнің үстіне немесе суфаға қойылған, сонымен бірге байлар мү ліктерімен қоса жерленген. Қанша жерден тонал-са да алтын жапсырмалар, сырғалар, моншақтар жəне басқа да бұйымдар қалған. Ғибадатханадан табылған кера-микалар қала құрылысына пайдаланған заттарға ұқсас келеді. Кесене б.д.д. ІV-ІІ ғасырларда са лынған деген болжам бар. Бəбіш-моланы тексере келе, ғалымдар сақ тайпаларының астанасы осы ара деп топшылап отыр.

    Шірік-Рабат ескерткішінен шы ғысқа қарай 40 шақырым жерде Баланды қаласы орналасқан. Бұл қаланы 1959 жылы

    Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы ашып, зерттеген. 2006 жылдан Шірік-Рабат архео логиялық экс-педициясы қайта зерттеп, географиялық коорди нат тарын анықтап, суретке тү-сірді. 2007 жылы қырық жылға жуық үзілістен соң Баланды ес керт кішінде тұрақты археоло гиялық қазба жұмыстары басталды.

    Баланды бекініс қонысы тікбұрыш пішінді, аумағының өл шемдері 80х130 метр, қам кесек терден тұрғызылған қабыр ғамен қоршалған. Бекініс қабыр-ғаларында екі мұнара сақталған. Олардың биіктігі – 3 метр. Қа быр ғалар мен мұнараларда атыс ойығы салынған, қамалға кіре тін қақпа солтүстік-батыс қабыр ғада орналасқан. Қамал жекеле-ген үйлерден тұратын қонысқа жалғасып кеткен, оның беткі қабатында қыш ыдыс фрагменттері мен кварцит сынықтары шашылып жатыр. Үйлердің арасынан қонысты солтүстік жəне солтүстік-батыстан суландырып жатқан кішігірім каналдан бастау алатын арықтардың қалдықтары анықталды. Каналдың ұзын-дығы 2,5 шақырым, ені 2,5 метрден ас-пайды. Баланды қамалы Арал маңы ның урбанизация процесі мен шаһар шаруа-шылығының қалыптасуынан мəлімет беретін антикалық мəдениеттің эталонды ескерткіші деп санайды ғалымдар.

    Баланды кесенесі бекіністен шығысқа қарай бір шақырым жерде жатыр. Күмбезді құрылыс осы уақытқа дейін Орта Азияның антикалық кезеңінің ар-хитектурасында белгісіз болып келеді. Ал мұнда үлкен күмбезді ғимарат бар. Сол нысанға тағы жеті кішкене бөлмелер жапсарласа салынған. Олардың да төбесі күмбезделген. Ғалымдар бұл

    ғибадатхананы б.д.д. ІV ғасырға жата-ды деп топ шы л айды. Мұндай күмбезді ғимарат тар Рим архитектурасында кез-деседі. Олардың салынуын б.д.д І ғасыр деп белгілейді. Олай болса, Баландыдағы күмбезді құрылыс Рим империясынан бұрын пайда болған деуге əбден болады.

    Бабадан қалған бекінісШірік-Рабат, Бəбіш-мола, Баланды

    қоныстарының арасы егістік алқаптармен жəне ауылдармен жалғасып жатыр. Оларды батыстан, яғни Хорезм жақтан қорғайтын Шірік 3, Қарабас қала əскери бекіністері болған. Ал солтүстік тұсынан, яки Батыс Қазақстан мен Орталық Қазақстан жерлерін мекен ет-кен көшпелі тайпалардан туындайтын қауіптен сақтану үшін Қабылдың қорғаны мен Алыптың қорғаны сияқты əскери қамалдар тұрғызылған. Бұл қалалардың əскери-инженерлік жəне архитектуралық-құры лыс тық тəсілдерінде хорезмдік мəде-ниетінің əсері анық байқалады. Хорезмнің сақтар мəдениетіне ықпалы керамикалық өндіріс саласынан да көрінеді. Десек те, жергілікті дəстүр де басымдыққа ие.

    Ондағы əскери бекініс жүйе лерін анықтау мақсатында Шірік-Рабат қаласының, Баланды бе кінісінің жəне Қабылдың қор ғанының дуалдарына қималық қазбалар салынған болатын. Нəтижесінде, қамалдардың салыну əдістері мен мерзімдері анықталды. Осы зерттеулерді жалғастыру мақсатында Шірік-Рабат қаласынан батысқа қарай 9,5 шақырым жерде Жаңадарияның оң жағалауында орналасқан Қарабас қала бекінісінде зерттеу жүргізілді. Ескерткішті 2006 жылы «Шірік-Рабат археологиялық эспедициясының» бар-лау отряды анықтап, өлшемдерінің жо-басын, сипаттамасын жəне шамамен өмір сүрген кезеңін анықтады. Бекініс төртбұрышты, шығыс қабырғасының

    ұзындығы – 130 метр, батыс бөлігі – 105 метр, солтүстігі мен оңтүстігі 40 метр ге тең. Қабырғасының қалың-дығы – 2-2,5 метр, биіктігі – 1,5-2 метр. Жеті бекіністі мұнара лары сақталған. Оңтүстік-шығы сы мен оңтүстік-батыс бұры шында құрылыстың іздері анық бай-қала ды. Осы екі құрылыстың ортасын-да бекіністің негізгі қақпасы бол ғанға ұқсайды. Шығыс қабыр ға сындағы екі мұнарада жебе атуға арналған ойықтары сақталған. Сыртқы көріністері бойынша Баланды бекінісіне ұқсайды.

    Бұл əскери бекіністі Шірік-Рабат мə-дениетінің өкілдері салған жəне олардың негізгі қызметі осы аймақты қорғау болған. Қамалдардың географиялық орналасуының өзінде мəн жатыр, олар Шірік-Рабат оазисінің батыс жəне солтүстік шекараларында орналасқан.

    Шірік 3 жəне Қарабас қала бекі-ністерінің Шірік-Рабатқа қарама-қарсы, яғни Жаңадарияның оң жағалауында орналасуы олардың өзеннен өтетін порт қызметін де қоса атқаруы мүмкін деген ойға жетелейді. Бұл қамалдар Александр Македонскийдің Орта Азияға жорығымен байланысты болуы да мүмкін дейді экспедиция мүшелері.

    Шірік-Рабат, Бəбіш-мола, Баланды қалалары мен қамалдар, олардың арасын жалғап жатқан ауылдар, ірі шаруашылықтардың іздері бұл арада үлкен мəдениеттің болғанын айғақтайды. Өркениетті өмірдің қалыптасқанын көрсетеді. Ал Шірік-Рабат пен Бəбіш-мола қалаларының қайсысы астана болғанын ғалымдар алдағы уақытта əлі де нақтылай түседі деген ойдамыз.

    Қызылорда облысы

    КӨНЕ ТАРИХ КӨМБЕСІ

    Шірік-Рабат астана болмаған ба?Шірік-Рабат астана болмаған ба?Шірік-Рабат астана болмаған ба?Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

    Жақында облыстың ең шалғайындағы, Барқытбелдің баурайындағы Үржар ауданының Көлденең ауылына жол түскен. «Осында туған ауылын шашау шығармай, береке-бірлігін жарастырып ұстап отырған, мешіт, Мəдениет үйі мен спорт модулін өз қаржысына салып берген Мамырбек Қарашев деген азамат тұрады» дегенді естіп, кездесіп, тілдесуге құмартқанбыз. Бірден жолығудың сəті түспеді. Бірақ өзімен жүздескенше жолай кездескен адамдар арқылы Атымтай жомарт жігіт ағасының ауыл игілігі жолында атқарған жұмыстарына қанығып, біршама тани, біле түскендей болғанбыз. «Ол кісі осындағы 1996 жылы құрылған «Юбилейный» ЖШС-ін бірнеше жылдан бері басқарып келеді. Мектепті осы ауылдан бітірген. Содан бері осы жерде. Туған ауылынан кіндігін үзген емес. 2008 жылы ауылға мешіт салып берді, келесі жылы қатымхана ашты. 2010 жылы өз қаржысына спорт модулін тұрғызып, ау-ылдастарына сыйға тартты. Ауылда көп жылдан бері қараусыз қалып, қаңырап тұрған Мəдениет үйін 24 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткізіп, 2014 жылы қайтарымсыз түрде мемлекеттің қарамағына берді. Осының арқасында елді мекендегі 10-ға жуық адам жұмыспен қамтылды. Кəсіпкер ауылдағы өлім-жітім, той-томалақ кезінде де көмектесіп тұрады. Басқа жақтан көшіп келген, жағдайы төмен жұмысшыларға, жас мамандарға үй сатып алып береді. Келесі жылы жұмысшыларына арнап 2 пəтерлі үй салуды жоспарлап отыр. Қазір сүт фермасын салып жатыр. Жақында ашылса, талай кісіге жұмыс табылады», деген бізді елді мекен сыртында қарсы алған Көлденең ауылдық округінің əкімі Сайлаухан Истемесов.

    Екеуара əңгімеден аңғар ға нымыз, бүгінде ауылдастарының арқасүйеріне айналған Мамырбек Қарашев барлық баспалдақтан өтіп, өмірдің ыстық-суығын аз татпаған секілді. Сегіз жыл комбайнның құлағын ұстапты, 10 жыл мал бағыпты, ұзын ырғасы 31 жыл қарапайым жұмысшы болып тер төгіпті. 1994 жылы комбайн жүргізуден Қазақстанның чемпионы атаныпты. Содан да болар ауылдастарының ешқайсысы қулығын асыра алмайды екен. Бұл кісі сыр-тынан бір қарап кетіп бара жатқан малдың ішінде қайсысы ауырып тұрғанын, қайсысы ақсақ, қайсысы тоқсақ екенін, жүріп бара жатқан көліктің қандай ақауы барына дейін біліп қоятын көрінеді. Бірде мынадай қызық болыпты. Арбаға шүмшитіп шөп тиеп алған ауылдың бір жігіті ойында ештеңе жоқ, ағамыздың алдынан шықпай ма? Арбаны тоқтатқан кейіпкеріміз «баяғыда жас шағымызда осылай шөп тиеп, астына жем салып алушы едік» деп əзілдеп, сол жерде ауылдасының «қылмысын» əшкерелеп тас-тапты.

    Іздеген адамымызды жұмыс басынан кезіктірдік. Қарапайым екен, іске мығым болғанымен, сөзге сараң секілді көрінді. «Ауылыңызға осындай іс жасапсыз, əйтіпсіз, бүйтіпсіз» деп бастап келе жатыр ек: «Мұның бəрі халыққа, елге қажет дүние ғой. Ауылға көмектеспегенде қайда көмектесеміз? Бүгінгі жеткеніміз, асып-тасып жүргеніміз – осы ауылдың арқасы. Осында алған білімнің арқасы. Перзенттік парыз деген болады. Соны ешқайсымыз ұмытпауға тиіспіз. Осы ауылда туып-өстік. Ер жеттік. Боқ дүниені өзімізбен бірге арқалап кетпейміз ғой. Жасап жатқан істеріміз ертеңгі ұрпаққа үлгі-өнеге болса, кейінгі буын осыны жалғастырса дейміз», деп қысқа қайырды.

    Темекі тартар мезеттегі əңгіме бары-сынан түйгеніміз, кəсіпкер басқаратын «Юбилейный» ЖШС мал жəне егін шаруашылығымен шұғылданады. Өздерінің наубайханасы да бар. Халық нанды осы жер-ден сенесіз бе, сенбейсіз бе, 50 теңгеге сатып алады. Көлденең ауылының 114 тұрғыны еңбек ететін мекемеге агроном, зоотехник, инженер, мал дəрігері секілді мамандар қажет екен. М.Қарашев жақында ауылдағы мек-тепке барып, осы мамандықтарды игергісі келетін оқушыларды университетте тегін оқытып, кейін жұмысқа алып, баспанамен қамтуға əзір екенін айтыпты.

    Ауылға əдейілеп келіп тұр ған нан кейін кəсіпкер салдырған спорт модулін де тамашаладық. Іші қыз-қыз қайнап тұр. Бір бұрышта балғын бокс шылар, бір шетте жас балуандар, ортада волейбол ойнаған бой-жеткендер. Кейіпкеріміз арнайы шақырып, баспана алып берген Қанатжан Дүйсенбаев бес жылдан бері осында бокстан бапкерлік қызмет атқарып жатыр екен. Шəкірттерінің алды аудан, облысты қойып, республиканы бағындырып үлгеріпті. Қазір Өскемендегі дарынды балаларға арналған мектеп-интер-натында оқитын шəкірті Ернұр Сымашев жақында К�