e-mail: [email protected] №232 1 ЖЕЛТО’САН, …Нұрсұлтан Назарбаевқа...

36
–––––––––––––––––––––––––– Кеше Нұрсұлтан Назарбаев Бе- ларусь Республикасына жұмыс са- пары аясында бірқатар кездесулер ткізіп, Ұжымдық қауіпсіздік шар- ты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысты. –––––––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шығармашылық және зиялы қауым, қоғамдық ұйымдар мен іскер топ кілдерінен, сондай-ақ Қазақстан мен таяу шетелдер азаматтарынан кптеген құттықтау хат келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– №232 (29213) 1 ЖЕЛТОҚСАН, ЖҰМА 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ ПРЕЗИДЕНТ ПОШТАСЫНАН 6-бет 12-бет 4-бет ӨРІСТІ ЕЛ – ӨРІСТІ ЖОЛДА 5-бет ОТАН МЕРЕЙІ НАЗАРБАЕВ НОУ-ХАУЫ – ҮЙРЕНЕРЛІК ҮЗДІК ҮЛГІ САРҒАЙҒАН СУРЕТТІҢ СЫРЫ Ұлылық даңғылы ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Қазақ елінің соңғы ғасырлар бедерінде тәуелсіз даму арнасына түскеніне ширек ғасырдан астам уақыт тті. Бұл жекелеген адамдар үшін елеулі уақыт болса, ал тарих үшін қас қағым ғана сәт. Алайда осынау аз ғана уақыт ішінде еліміз ғасырға татитын жолды жүріп тті. Ғасырлар тоғысында жалғыз Қазақ елі ғана емес, бүкіл әлем буырқанып, ірі-ірі згерістерді басынан кешіруде. Дүбірлі дүниедегі бұл згерістер экономиканы, руханиятты, саясатты, мәдениетті түгел шарпып, жаһанданудың әсер-ықпалы тимеген ел сирек. Дүниені қайта бліске салғысы келген, жер бетінде жаңа тәртіп орнатуды кздеген, геосая- си кеңістікте з ықпалын арттыруға жаныға кіріскен алпауыт елдердің жаңа тұрпаттағы, згеше сипаттағы қызу әрекеті қарқын алды. Осындай алмағайып сәтте тарих сахнасына Тәуелсіз ел ретінде шығып, туын тіктеген Қазақ елінің кшін аудармай, мақсатты жеріне трт құбыласын түгел сай етіп жеткізудің қаншалықты жауапты да салмақты іс екенін басынан кешкен адам ғана түсінер. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– мірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА-ның академигі Тағдыршешті кезеңде Қазақ елінің тізгінін ұстап, көшін бастауды тағдыр Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың маңдайына жазған екен. Қазақ елінің тізгінін қолына алған Елбасы əуелгі сəттен бастап-ақ баба- лар аманатына сай алысты көздеген, байырқалы болашақты баянды ететін байыпты жолды таңдады. Елін де осы ұстанымға ұйытты. Ұлы мақсат жо- лына жұмылдырды. Əрекені емес, берекені, ашуды емес, ақылды алға ұстап, ақырын жүріп анық басуды Өзі ғана емес, тағдырын қолына се- ніп тапсырған халқына, одан қалды маңайын қоршаған өзге елдерге де ұғындырды. Осындай сарабдал саясат, салиқалы ұстанымның нəтижесінде Қазақ елі дау-дамайдан аман, ұрыс- жанжалдан тыс өз арнасымен дамып келеді... (Соңы 7-бетте) 1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ Құттықтауларда Қазақстан Прези- дентінің басшылық етуімен еліміздің қарқынды дамып, халқымыздың əл- ауқаты артып келе жатқаны, сонымен бірге əлемдік қоғамдастық тарапынан Қазақстанға деген сенімнің нығая түс- кені атап өтілген. Осындай хаттарды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Хасанға- лиев, жазушы, Мемлекеттік сыйлық- тың лауреаты С.Досанов, опера əншісі М.Мудряк, «Kazenergy» қауымдасты- ғы төрағасының орынбасары Ұ.Қа- рабалин, Қазақстанның Православие шіркеуінің басшысы, Астана жəне Қа- зақстан митрополиті Александр, Ресей Жаратылыстану академиясының про- фессоры М.Өтеубаев, Астана қала- сынан Рогалевтар отбасы, Алматы қаласының тұрғыны Б.Жолымбетов, Павлодар қаласындағы орта мектеп оқушысы С.Шайзади, Рудный қаласы- ның тұрғыны Е.Серікбайұлы, «Дуст- лик» өзбек этномəдени бірлестіктері қауымдастығының мүшелері мен «Kazzinc Holdings» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы жол- дады. Тараз қаласындағы №54 мек- тептің 7-сынып оқушысы Н.Сəлімова мен Шығыс Қазақстан облысы Зай- сан ауданындағы М.Əуезов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Н.Бектұрова өздерінің ыстық ықы- ластарын өлеңмен жеткізген. Өскемен қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі С.Қалиғожин Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің өлең жинағы мен əндерін арнаған. «Kazzinc Holdings» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорлар ке- ңесінің төрағасы Никола Попович «Сіз- дің бойыңыздан адалдық, шынайылық, толеранттық жəне бекзаттық сияқты қазақстандықтардың ең үздік қасиет- терін көреміз. Біз Сізді рухы биік əрі əлем сыйлайтын заманауи егемен ел- дің дамуы жолындағы мақсаттарға қол жеткізудегі табандылығыңызды құр- мет тұтамыз», деп атап өткен. Сондай-ақ Мемлекет басшысының атына өзінің ыстық лебіздерін Маң- ғыстау облысының азаматтық қо- ғам өкілдері жолдаған. Олардың қа- тарында «Рухани жаңғыру – «Нұр капитал» форумына қатысушылар, об- лыс ардагерлері мен мəдениет қайрат- керлері, оқытушылар мен медицина қызметкерлері, кəсіпкерлер, спортшы- лар, ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері жəне өңірдің белсенді жастары бар. Мəскеуден жолданған жеделхатта қазақстандық ардагерлер Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық арена- дағы беделінің зор екенін айтып, оның өңірлік шиеленістерді реттеудегі үле- сін жоғары бағалаған. Хат иелері «Сіз бүгінде əлемнің беделді саясаткерінің бірісіз. Сіздің Сириядағы қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеудегі еңбегіңізді Біріккен Ұлттар Ұйымы мен көптеген елдердің көшбасшылары бағалады. «Астана процесі» бұл елдегі ұрыс қимылдарын тоқтату жөніндегі нақты жетістік болып саналады», деп атап өткен. Елбасы қызметіне лайықты баға Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» – Минскіден (Беларусь) Беларусь еліндегі жұмыс сапарының екінші күнін Қазақстан Президенті Минскінің символы саналатын Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қоюдан ба- стады. Одан кейін Мемлекет басшы- сы Минскідегі Жоғары технологиялар паркін аралап, осы елдегі Қазақстанның елшілігіне барды. Сонымен қатар Минскіде ҰҚШҰ саммиті аясында Нұрсұлтан Əбішұлы Қырғызстанның жаңа сайланған бас- шысы Сооронбай Жээнбековпен екі- жақты кездесу өткізіп, қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды талқылады. Елбасы С.Жээнбековті Қырғызстанның Президенті болып сайлануымен құт- тықтап, «Біз бауырлас халық ретінде, көрші мемлекеттер ретінде республи- каларымыз арасындағы тығыз қарым- қатынасты дамыта береміз», деген Елбасы екі ел арасындағы туыстық-бауырластық қатынасты тұтастай қалпына келтіру қа- жет екенін атап көрсетті. Мемлекет басшысы екі елдің үкімет- тері арасында жүзеге асырылатын жол картасын талқылау қажеттігіне тоқталды. «Бұл – екі халықтың мүддесі. Мен Соо- ронбай Шəріпұлын Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын. Сол кезде екі ел үкіметтерінің жұмыс топтары жол картасы бойынша жұмыс істеп, оған қол қоятын болады. Содан соң қырғыз тара- пының өтініші бойынша Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы қазіргі мə- селелер өз шешімін табады», деді Елбасы. Президенттің айтуынша, Қазақстан тарапынан да, Қырғызстан тарапынан да шекараға бақылау қою туралы шешім қабылданған. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ тарапынан да шека- радан өтетін жүктерді қадағалау жүзеге асырылатын болады. Қырғыз басшысы өз кезегінде «Бар- лық проблемалар бойынша сөйлесіп, бір шешімге келдік. Екі елдің үкіметтері жол картасын жасайды. Шешілмейтін про- блема болмайды. Көп мəселе бар, оларды екі тарап бірлесе отырып шешеміз деп ойлаймын», деп атап көрсетті. Сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаев Мин- скіде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің ме- рейтойлық сессиясына қатысты. Жиынға Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян, Беларусь Республикасы- ның Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федера- циясының Президенті Владимир Пу- тин жəне Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қатысты. Саммитте аталған мемлекеттер басшы- лары ұйым жұмысын, халықаралық жəне аймақтық қауіпсіздіктің маңызды мəселе- лерін талқылады. Сонымен қатар жиында Корей түбе- гіндегі, Ауғанстандағы жəне Сириядағы мəселелер туралы да айтылды. Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет- тер басшылары Астана келіссөздерінің маңызын ерекше атап өтті. Минск сам- митінің қорытындысы бойынша Қазақ- стан 2018 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалық ететін болды. (Соңы 2-бетте) Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық етеді EUR/KZT 393.42 USD/KZT 331.61 RUB/KZT 5.69 CNY/KZT 50.25 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

Upload: others

Post on 09-Jan-2020

53 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

  • ––––––––––––––––––––––––––Кеше Нұрсұлтан Назарбаев Бе-ларусь Республикасына жұмыс са-пары аясында бірқатар кездесулер �ткізіп, Ұжымдық қауіпсіздік шар-ты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік ке ңесінің мерейтойлық сессиясына қатысты. ––––––––––––––––––––––––––

    –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шығармашылық және зиялы қауым, қоғамдық ұйымдар мен іскер топ �кілдерінен, сондай-ақ Қазақстан мен таяу шетелдер азаматтарынан к�птеген құттықтау хат келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспас�з қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    №232 (29213) 1 ЖЕЛТОҚСАН, ЖҰМА 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

    1919 жылғы 17 желтоқсаннан

    шыға бастады

    ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

    ПРЕЗИДЕНТ ПОШТАСЫНАН

    6-бет

    12-бет

    4-бет

    ӨРІСТІ ЕЛ –ӨРІСТІ ЖОЛДА

    5-бет

    ОТАН МЕРЕЙІ

    НАЗАРБАЕВ НОУ-ХАУЫ – ҮЙРЕНЕРЛІК ҮЗДІК ҮЛГІ

    САРҒАЙҒАН СУРЕТТІҢ СЫРЫ

    Ұлылық даңғылы–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақ елінің соңғы ғасырлар бедерінде тәуелсіз даму арнасына түскеніне ширек ғасырдан астам уақыт �тті. Бұл жекелеген адамдар үшін елеулі уақыт болса, ал тарих үшін қас қағым ғана сәт. Алайда осынау аз ғана уақыт ішінде еліміз ғасырға татитын жолды жүріп �тті. Ғасырлар тоғысында жалғыз Қазақ елі ғана емес, бүкіл әлем буырқанып, ірі-ірі �згерістерді басынан кешіруде. Дүбірлі дүниедегі бұл �згерістер экономиканы, руханиятты, саясатты, мәдениетті түгел шарпып, жаһанданудың әсер-ықпалы тимеген ел сирек. Дүниені қайта б�ліске салғысы келген, жер бетінде жаңа тәртіп орнатуды к�здеген, геосая-си кеңістікте �з ықпалын арттыруға жаныға кіріскен алпауыт елдердің жаңа тұрпаттағы, �згеше сипаттағы қызу әрекеті қарқын алды. Осындай алмағайып сәтте тарих сахнасына Тәуелсіз ел ретінде шығып, туын тіктеген Қазақ елінің к�шін аудармай, мақсатты жеріне т�рт құбыласын түгел сай етіп жеткізудің қаншалықты жауапты да салмақты іс екенін басынан кешкен адам ғана түсінер. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    мірзақ АЙТБАЙҰЛЫ,А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА-ның академигі

    Тағдыршешті кезеңде Қазақ елінің тізгінін ұстап, көшін бастауды тағдыр Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың маң дайына жазған екен. Қазақ елі нің тізгінін қолына ал ған Ел ба сы əуелгі сəттен бастап-ақ ба ба-лар аманатына сай алысты көз деген, байырқалы болашақты баян ды ететін

    байыпты жолды таңдады. Елін де осы ұстанымға ұйытты. Ұлы мақсат жо-лына жұмылдырды. Əрекені емес, бере кені, ашуды емес, ақылды алға ұстап, ақырын жүріп анық басуды Өзі ғана емес, тағдырын қолына се-ніп тапсырған халқына, одан қалды маңайын қоршаған өзге елдерге де ұғын дырды. Осын дай сарабдал сая сат, са ли қалы ұстанымның нəти жесінде Қа зақ елі дау-дамайдан аман, ұрыс-жан жалдан тыс өз арнасымен дамып келеді...

    (Соңы 7-бетте)

    1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

    Құттықтауларда Қазақстан Пре зи-дентінің басшылық етуімен еліміздің қарқынды дамып, халқымыздың əл-ауқаты артып келе жатқаны, сонымен бірге əлемдік қоғамдастық тарапынан Қа зақстанға деген сенімнің нығая түс-кені атап өтілген.

    Осындай хаттарды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Хасан ға-лиев, жазушы, Мемлекеттік сый лық-тың лауреаты С.Досанов, опера əнші сі М.Мудряк, «Kazenergy» қауым дас ты-ғы төрағасының орынбасары Ұ.Қа-ра б алин, Қазақстанның Правос лавие шір кеуінің басшысы, Астана жəне Қа-зақстан митрополиті Александр, Ресей

    Жа ра тылыстану академиясының про-фес соры М.Өтеубаев, Астана қала-сы нан Рогалевтар отбасы, Алматы қа ла сының тұрғыны Б.Жолымбетов, Пав лодар қаласындағы орта мектеп оқушысы С.Шайзади, Рудный қаласы-ның тұрғыны Е.Серікбайұлы, «Дуст-лик» өзбек этномəдени бірлестіктері қауымдастығының мүшелері мен «Kazzinc Holdings» жауапкершілігі шек теулі серіктестігінің ұжымы жол-да ды. Тараз қаласындағы №54 мек-теп тің 7-сынып оқушысы Н.Сəлі мова мен Шығыс Қазақстан облысы Зай-сан ауданындағы М.Əуезов атын дағы орта мектептің 10-сынып оқу шысы

    Н.Бектұрова өздерінің ыстық ықы-лас тарын өлеңмен жеткізген. Өскемен қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» пар тиясының мүшесі С.Қа ли ғожин Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің өлең жинағы мен əндерін арнаған.

    «Kazzinc Holdings» жауапкершілігі шек теулі серіктестігі директорлар ке-ңе сінің төрағасы Никола Попович «Сіз-дің бойыңыздан адалдық, шынайы лық, толеранттық жəне бекзаттық сияқ ты қазақстандықтардың ең үздік қасиет-терін көреміз. Біз Сізді рухы биік əрі əлем сыйлайтын заманауи егемен ел-дің дамуы жолындағы мақсаттарға қол жеткізудегі табандылығыңызды құр-мет тұтамыз», деп атап өткен.

    Сондай-ақ Мемлекет басшысының атына өзінің ыстық лебіздерін Маң-ғыс тау облысының азаматтық қо-ғам өкілдері жолдаған. Олардың қа-тар ында «Рухани жаңғыру – «Нұр

    капитал» форумына қатысушылар, об-лыс ардагерлері мен мəдениет қай рат-керлері, оқытушылар мен медицина қызметкерлері, кəсіпкерлер, спортшы-лар, ауыл шаруашылығы саласының ең беккерлері жəне өңірдің белсенді жастары бар.

    Мəскеуден жолданған жеделхатта қазақстандық ардагерлер Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық арена-дағы беделінің зор екенін айтып, оның өңірлік шиеленістерді реттеудегі үле-сін жоғары бағалаған. Хат иелері «Сіз бүгінде əлемнің беделді саясаткерінің бірісіз. Сіздің Сириядағы қақтығысты дип ломатиялық жолмен реттеудегі еңбегіңізді Біріккен Ұлттар Ұйымы мен көптеген елдердің көшбасшылары бағалады. «Астана процесі» бұл елдегі ұрыс қимылдарын тоқтату жөніндегі нақты жетістік болып саналады», деп атап өткен.

    Елбасы қызметіне лайықты баға

    Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан» – Минскіден (Беларусь)

    Беларусь еліндегі жұмыс са парының екінші күнін Қазақстан Президенті Минскінің символы саналатын Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қоюдан ба-стады. Одан кейін Мемлекет басшы-сы Минскідегі Жоғары технологиялар паркін аралап, осы елдегі Қазақстанның елшілігіне барды.

    Сонымен қатар Минскіде ҰҚШҰ саммиті аясында Нұрсұлтан Əбішұлы Қырғыз стан ның жаңа сайланған бас-шысы Сооронбай Жээнбековпен екі-жақты кездесу өткізіп, қа зақ-қырғыз шекарасындағы жағ дайды талқылады. Елбасы С.Жээн бековті Қырғызстанның Прези денті болып сайлануымен құт-тықтап, «Біз бауырлас халық ретінде, көрші мемлекеттер ретінде респуб ли-ка ларымыз ара сындағы тығыз қарым-қатынасты дамыта береміз», деген Елбасы екі ел арасындағы туыстық-бауырластық қатынасты тұтастай қалпына келтіру қа-жет екенін атап көрсетті.

    Мемлекет бас шысы екі ел дің үкі мет-тері ара сында жүзеге асырылатын жол картасын талқылау қажеттігіне тоқталды. «Бұл – екі халықтың мүддесі. Мен Соо-рон бай Шəріпұлын Қазақстан ға ресми сапар мен келуге шақы рамын. Сол кезде екі ел үкімет терінің жұмыс топтары жол кар тасы бойынша жұмыс істеп, оған қол

    қоятын болады. Содан соң қырғыз та ра-пы ның өтініші бойынша Қазақстан мен Қыр ғызстан шекарасындағы қазіргі мə-се лелер өз шешімін табады», деді Ел басы.

    Президенттің айтуын ша, Қа зақ стан тарапынан да, Қыр ғыз стан тарапынан да шекараға бақы лау қою туралы шешім қабыл данған. Сонымен қатар Еура зия лық экономикалық одақ тара пынан да шека-радан өтетін жүктерді қада ға лау жүзеге асырылатын болады.

    Қырғыз басшысы өз кезегінде «Бар-лық проблемалар бойынша сөйлесіп, бір шешімге келдік. Екі елдің үкіметтері жол картасын жасайды. Шешілмейтін про-блема болмайды. Көп мəселе бар, оларды екі тарап бірлесе отырып шешеміз деп ойлаймын», деп атап көрсетті.

    Сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаев Мин-скі де Ұжым дық қауіп сіздік кеңесінің ме-рей той лық сессиясына қатысты. Жиынға Армения Респуб ли касының Президенті

    Серж Сар гсян, Беларусь Рес пуб ли касы-ның Президенті Алек сандр Лу кашенко, Қыр ғыз Рес пуб ликасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Феде ра-циясының Президенті Влади мир Пу-тин жəне Тəжікстан Респуб лика сының Пре зиденті Эмо мали Рахмон қа тысты. Саммит те аталған мемлекеттер басшы-лары ұйым жұмысын, халық ара лық жəне аймақтық қауіп сіздіктің ма ңызды мəселе-лерін талқылады.

    Сонымен қатар жиында Корей түбе-гіндегі, Ау ған стандағы жəне Сириядағы мəсе лелер туралы да айтылды. Кез десу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет-тер басшылары Ас тана келіссөздерінің маңызын ерекше атап өтті. Минск сам -митінің қорытындысы бойынша Қа зақ-стан 2018 жылы ҰҚШҰ-ға төра ға лық ететін болды.

    (Соңы 2-бетте)

    Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздікшарты ұйымына төрағалық етеді

    EUR/KZT 393.42 USD/KZT 331.61 RUB/KZT 5.69 CNY/KZT 50.25ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

  • 2 1 ЖЕЛТОҚСАН 2017 ЖЫЛСАЯСАТ

    (Соңы. Басы 1-бетте)

    Сонымен қатар келес і жылы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессия-сы Қазақстанда өтетіні айтылды.

    Ұйымның мерейтойлық сессиясында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасы мен оның Президенті Александр Лукашенкоға қонақжай лылығы мен отырысты жоғары дең гейде өткізгені үшін алғыс білдірді. Қа зақстан басшысы сол сияқты жиынға алғаш қатысып отырған Қырғыз Республикасының жаңа Президенті Сооронбай Жээнбековке табыс, ал қырғыз халқына бірлік пен ынтымақ тіле ді. Сонымен қатар ұжымдық қауіпсіздік жө ніндегі келісімнің 25 жылдығымен және ұйымның 15 жылдығымен құт тықтады.

    Шағын құрамда өткен отырыста біз әлемдегі қазіргі жағдайды талқыладық, ұжымдық қауіпсіздікті күшейтудің шарттарын белгіледік, күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырдық. Сондайақ барлық дайындалған құжаттарға келісетінімізді мәлімдедік, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Елбасы өз сөзінде Қазақстанның мерейтойлық декларацияны қолдай тынын айта келіп, оны өткен уақыт аралығында бірлесе отырып жеткен жетістік деп бағалады. Сонымен қатар қауіпсіздік шаралары туралы ұйымның көзқарасы айқындалғанын, ал шағын құрамда өткен отырыста ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында келісім жасалғанын жеткізді. Күн тәртібінде тұрған барлық құжаттарды Қазақстан тарапы қолдайтынын мәлімдеді.

    Нұрсұлтан Назарбаев келер жылы ҰҚШҰға төрағалық ету Қазақстанға өтетінін зор ықыласпен қабылдап, өз риза шылығын білдірді. Сонымен бірге Ұйымға басшылық етуге байланысты қыз меттің тиісті басымдықтары әзірленген бірнеше бағытты атады. Олардың қатарында ҰҚШҰның терроризмге қарсы әрекет етудің халықаралық жүйесін қалып тастыруға қатысуы, ұйымға мүше мем лекеттердің біріге отырып киберқауіп сіздікті қамтамасыз етуі, есірткінің заң сыз айналымына қарсы ісқимылдың тиімділігін арттыру секілді бағыттар бар.

    Сөз соңында Қазақстан Президенті ҰҚШҰның келесі сессиясы Астанада өтетінін мәлімдеді.

    Жалпы, Минск саммитінің қорытындысында мемлекеттер басшылары 1 дек ларация, 3 мәлімдеме, 2 халықаралық шарт, 13 Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шешімін және 2 хат тамалық шешім қабылдады. Оның қатар ында ҰҚШҰның 15 жылдығы мен ҰҚКның құрылғанына 25 жыл толуы на орай мерейтойлық декларация, «ҰҚШҰ форматында серіктестік инсти тутын

    құқықтық ресімдеу туралы» ҰҚШҰ ҰҚК шешімі , «Сирия дағы және оның төңірегіндегі ахуал туралы» ҰҚШҰға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен мәлімдемесі, «Таулы Қарабақ жанжалын реттеу жөніндегі ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағаларының араағайындық күшжігеріне қолдау көрсету туралы» ҰҚШҰға мүше мемлекеттер басшы ларының бірлескен мәлімдемесі, «ҰҚШҰға

    мүше мемлекеттердің қорға ныс әлеуетін нығайту жөніндегі бірлес кен шара-лар туралы ҰҚШҰға мүше мем-лекеттер басшыларының бірлес кен мәлімдемесі, ҰҚШҰ Бас хатшысының жыл сайынғы баяндамасы тура-лы, ҰҚШҰға мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім, «2025 жылға дейінгі кезеңге арналған ҰҚШҰның ұжымдық қауіпсіздігі стратегия сын

    жүзеге асыру жоспары туралы» ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі, «Заңсыз көшіқонға қарсы тұру ша-раларын жетілдіру туралы», «ҰҚШҰ хатшылығының саны мен құрылымы туралы», «ҰҚШҰның эмблемасы мен туы туралы», «2016 жылғы ҰҚШҰ бюджетінің орындалу есебі туралы», «2018 жылға арналған ҰҚШҰ бюджеті туралы» ҰҚШҰ ҰҚК шешімдері бар.

    Бір айта кетерлігі, биыл Ұжымдық

    қау іпс і зд ік туралы шартқа қол қойылғанына – 25 жыл, Ұйымның құрылғанына 15 жыл толды. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы – халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті артты-ру, тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылы 15 мамырда құрылған халықаралық ұйым. Оған мүше елдер қатарында Қазақстаннан басқа Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь мемлекеттері бар. Бұл республикалар арасында мемлекетаралық келісім – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт жұмыс істейді. Келісім бес жыл сайын ұзартылып отыра-ды. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер мемлекетаралық қатынастарда күш қолданбауға, әскери одақтарға немесе қандай да болмасын басқа топтастықтарға, сонымен қатар қатысушы мемлекеттердің басқаларға бағытталған әрекеттеріне қатыспауға міндеттеме алған. Бір немесе бірнеше қатысушы мемлекеттің аумақтық тұтастығына және тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, басқалары бірлескен кеңес арқылы жұмыс істейтін болады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің жоғары саяси органы — Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі. Оның құрамына Ұжымдық қауіпсіздік тура-лы шартқа қатысушы мемлекеттер бас-шылары, Сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Бас хатшысы кіреді.

    Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

    Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздікшарты ұйымына төрағалық етеді

    Майгүл СҰЛТАН,«Егемен Қазақстан»

    Сессия барысында Алматы әкімі ономастикалық комиссияға қайталанатын 112 көшенің атауларын өзгерту туралы зиялы қауым өкілдерінен, ҮЕҰдан, қала тұрғындары мен әсіресе жастардан мегаполистің бас ты көшелерінің бірі Фурманов көшесіне Елбасы есімін беру жөнінде көптеген ұсыныстар түскенін атап өтті.

    «Біз биыл Астананың 20 жылдығын мерекелейміз. Егер еске алатын болсақ, тарихтың өзі астананы көшіру туралы Елбасы шешімінің барынша көрегенді әрі дұрыс екенін дәлелдеді. Соның арқасында Еуразия орталығында жаңа заманауи қала пайда болды әрі еліміздің іскерлік орталығы ретінде Алматы жаңа серпінмен дами бастады. Тарихи маңызы зор шешім мен Президенттің экономикалық реформалары өзара

    ұштасып, жеке бастамаларды ын-таландырды, кәсіпкерлік рухты дамытты. Бүгінгі күні Алматы – өңірлік тартылыс күші, Орталық Азияның ірі мега полисі», деді Бауыржан Байбек.

    Қала әкімі Мемлекет басшысы Алматы қаласында Конс ти туция, Ұлттық валюта, Қарулы Күштер жа сағын құру, мемлекеттік рәміздерді бекіту, Семей полигонын жа бу сияқты талай тарихи шешімдер ді қабылдағанын еске алып, бұл ұсыныстың жайданжай жасал мағанын айтты.

    «Елбасы абыройының арқасында Қазақстан халықаралық дағ дарыстарды шешуде басты рөл ат қаратын елге, сенімді серіктеске айналды. Ол кісі әлемдік дәре жеде ядролық қару дан бас тар туға ұсыныс жаса ған, әлемді яд ро лық қарудан арыл туға үлес қос қан бірденбір тұлға. Мен әріптестерімнің пікіріне қосыламын. Бүгінгі Фурманов көшесінің

    атауын беру туралы шешім дер ке зінде әрі дұрыс қабылданған шешім», деді әкім.

    Елбасы атына Алматыдағы үл кен даңғылдың берілгені тура-лы шешімді қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері жаппай қолдап отыр. Қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков бұл ха-барды естігенде қатты қуанғанын айтып, өз ойымен бөлісті.

    «Кешегі Кеңес заманында қазақ тарихына, қазақ халқына, Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ адамдардың аты қалаға да, далаға да, көшелер мен меке мелерге де бе рілді. Біз кеше тарихымыз, арож данымыз тапталған елміз. Қазақ хандары, билері келеке, мазаққа айналған за манды да басымыздан кештік. Нұрсұлтан Назарбаев ба ба лар аманатын орындаған, арманын жүзеге асырған үлкен қайраткер. Ол қирандыдан мемлекет орнат-ты. Оны әлемге танытты, мой-ындатты. Назарбаев басқарып отырған Қазақстандай тәуелсіз мемлекет Ұлы Даланың төсінде болған емес. Алматы мәдени, экономикалық орталыққа ай-налды. Ал Астана Қазақстанды өрге сүй реді. Осындай тарихи шешімді ерлікпен қабылдаған да Елбасы болатын. Нұрсұлтан

    Назарбаев мақ тауға да, мақтануға да татитын ұлы тұлға. Сондықтан Алма тының үлкен бір күре тамы-ры сияқ ты даңғылы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атал ға нына шын жүректен қуаныш тымын», дейді М.Жолдас беков.

    Мемлекет басшысының есімі елдің мәдени астанасына айналған Алматыдағы көшеге берілгенін халық әртісі Бибігүл Төлегенова да қуана құптап отыр.

    Әншінің айтуынша, Елбасына өзі түлеп ұшқан Алматыдан көше атының берілуінің маңызы зор. «Елбасының басқа еңбектерін былай қойғанда, мәдениетіміздің бүгінгідей деңгейде дамуына қосқан үлесі ерекше. Сондықтан мәдениеттің астанасы, ежелгі қала Алматыдағы көшеге Елбасы есімінің берілуі өте құптарлық шешім», деді Б.Төлегенова.

    Еске салар болсақ, осыдан

    10 жыл бұрын Қазақстан Прези денті Н.Ә.Назарбаевтың есімі Иорд ания ның Амман қаласындағы жә не Чешен Республи ка сының Гроз ный қаласындағы көшелердің біріне берілген болатын. Бұ лардан өзге, Қазақстанның Тұң ғыш Президентінің есі мімен Түр кияның бірнеше қа ла ларының көшелері аталады, Татарстан аста насы Қазанның магистралды кө шесіне Елбасы есімі берілген.

    Азаттықтың арайлы бесігінде – Назарбаев даңғылы––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше VI шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының сессия-сы барысында мегаполис тұрғындарының көптеген ұсыныстарын ескере келіп және қалалық ономастика комиссиясының, Қазақстан Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының келісімімен Алматының басты көшелерінің біріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін беру туралы шешім қабылданды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

  • 1 ЖЕЛТОҚСАН 2017 ЖЫЛ 3

    –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен болған палатаның кезекті жал-пы отырысында екі мәселе қаралды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Жақсыбай САМРАТ,«Егемен Қазақстан»

    Бірінші мәселе Еуразиялық эконо ми калық одақтың Ке ден кодексі туралы шартты ратифи кациялауға арналды. Заң жобасы бойынша Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндама жасап, сена торларға оның қаншалықты қажеттігі туралы айтып берді. «Ке ден кодексі халықаралық стан дарттарға және кедендік әкімші лендірудің озық тәжірибелеріне негізделді. Ол кедендегі бизнес процестерді автоматтандыруды көздейді. Біз бизнес қауымдастығымен өзара ісқимыл жасаудың мүлдем жаңа алгоритмін енгіздік. Соның ішінде элек тронды декларациялау да бар. Бұл қан дай да бір растау құжаттарын қоса беру ді талап етпейді. Барлық қажетті мәлі мет тер декларацияның өзінде көрсеті леді. Сонымен бірге «бір терезе» қағи даты заңды түрде қамтылды. Міне, осы лар тауарларды автоматты түрде шыға руға мүмкіндік береді», деді министр. Сонымен бірге ми нистрдің айтуынша, бұл заң жобасы декларация толтыру процесін жеңілдетеді жә не сыбайлас жемқорлық тудыру мүмкіндігін жояды. «Кеден кодексінің тағы бір жаңа шыл ды ғы уәкілетті экономикалық операторлар инс титутын жаңғырту болып табылады. Атап айтқанда, осындай мәртебенің үш дең гейлі жүйесі енгізіліп, арнайы жеңілдіктер тізімі кеңейтілген», деді Т.Сүлей менов.

    Баяндама аяқталған соң сенатор На риман Төреғалиев сұрақ беріп, заң жоба сында ұлттық мүдделеріміздің қаншалық ты ескерілгенін және осы шарттың біздің еліміз үшін нақты тиімділігі қандай екенді гін сұрады. «Ұлттық мүдде лерімізді қорғау кодекс жоба сын әзірлеу барысында біздің ең басты мақсатымыз болды. Осы мақсат үшін біздің министрлікте айрықша жұмыс тобы құрылып, олар әрбір норманы, әрбір бапты мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ және Кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, талқылап

    отырды. Сондықтан да қазақстан дық тараптың түзетулері 67 пайызға дейін жетті, ал тиім ділігі жөнінде айтатын бол сақ, 2009 жылы жасалған бұ рын ғы кодекс моральдық жә не тех никалық тұрғыдан ескірген еді, ал жаңа кодекс біздің тран зиттік әлеуетімізді артты ра тынына сенімдіміз», деді қойылған сұраққа жауап бер ген министр.

    Қосымша баяндаманы Экономикалық саясат, иннова циялық даму және кәсіп керлік ко митетінің мүшесі Михаил Борт ник жасады. Оның айтуынша, шарт тың негізгі мақсаты Еуразиялық эконо микалық одақ та бірыңғай кедендік реттеу ді қамтамасыз ету болып та былады. Сонымен қатар жаңа Кеден кодексі декларация негізінде толтырылған құжат тарды кеден органына ұсынбай, электронды түрде беруді, тауарларды шығаруды декларация тіркелген сәттен бастап төрт сағаттың ішінде жүзеге асыруды және т.б. қамтамасыз етеді. Шағын талқылаудан кейін заң бірауыздан қабылданды.

    Жалпы отырыста қаралған екінші мәселе – «Қазақстан Республикасының кейбір заңна малық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өз герістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірін ші оқылымда қарауға арнал ды. Заң жобасы туралы баян даманы Қорғаныс министрінің орынбасары, гене рал Талғат Мұхтаров жасады, өйткені құжат енгізетін өз ге рістер тұтасымен әскери қыз метшілерді баспанамен қам тамасыз ету мәселесіне арна лыпты. «Заң жобасының мақ саты – баспанаға мұқтаж әске ри қызметшілердің барлық са наттарын тұрғын үй мен тү гелдей қамтамасыз ету жә не оған қол жеткізудің келесі те тіктерін қарастырған: әскери қызметшілерге екінші деңгейдегі банктердегі жеке, арнаулы есепшотына ай сайын тұрғын үй төлемдері аударылып отырады. Оның мөлшері еліміздің аймақтарындағы тұрғын үй құнының 1 шаршы метрінің бағасын ескере отырып, отбасы

    мүшелерінің әрқайсысына 18 шаршы метрден есептеледі. Осы қаражатты әскери қызметкер ипотеканы пайдалана отырып, тек тұрғын үй сатып алуға, сондайақ тұрғын үй арендасын төлеуге, өзі тұрған баспананы кейіннен сатып алуға, үлес керлікке немесе тұрғын үй құ рылысы кооперативінің жар насын төлеуге жұмсай алады. Сондайақ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға да пайдалану мүмкіндігі бар. Соның ішінде тұрғын үйінің ауданын ке ңейтуге мүмкіндік алады. Со нымен қатар заң жобасы әске ри қыз мет шілердің тұрғын үй мәселесіне байла нысты бас қа да түйткілдерін таратуға ба ғыт талған. Соның ішінде 20 жыл дан артық қызмет еткен әскери зейнет керлердің тұрғын үй мә се лесін түбегейлі шешуді қарас тырған», деді Т.Мұх таров өзінің баяндамасында.

    Қосымша баяндаманы Халық аралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік коми тетінің хатшысы Дархан Кәле таев жасады. Оның баян да ма сынан заң жобасы жалғыз әске ри лер емес, ішкі істер әскер лерін, әскери прокуратура мен қауіпсіздік комитеті қызмет керлерін де қам титындығы айтылды.

    Заң жобасы бірінші оқылымда шағын талқылаудан ке йін мақұлданған соң Халықаралық қатынастар, қорға ныс және қауіпсіздік комите тінің төрайымы Дариға Назарбаеваның ұсынысымен екінші оқылымда да шағын үзілістен кейін қаралып, ол бірауыздан қа былданды.

    Осыдан кейін сенаторлардың орталық билік органдарына жолдайтын сауалдары жа рияланды. Соның ішінде Халықаралық қатынастар, қорға ныс және қауіпсіздік комите тінің төрайымы Дариға Назарбаеваның «Қазтелерадио» АҚқа тиесілі «Отау ТВ» кәсіпорны ның мә се лесіне байланысты жә не сенатор На риман Төре ға лиевтың балет пен би әр тіс тері нің зейнеткерлік жас мөл шерін бел гілеуді қайта қарау ту ралы ПремьерМи нистр Б.Са ғынтаевтың атына жол даған депутаттық сауалдары жарияланды.

    Отырыс соңында Сенат Төр ағасы Қ.Тоқаев сенаторларды Қазақстан Республикасы Тұң ғыш Президентінің күнімен құт тықтады.

    Әскерилердің пәтер мәселесі шешілетін болды

    САЯСАТ

    Әли ГАСАНОВ, Әзербайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі

    Әлемдік тарихқа Әзербайжан хал қы ның жалпыұлттық көш басшысы Гейдар Әлиев пен Қазақстанның жалпыұлттық көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ жылдарды қамтыған халық арасындағы өмір мектебінен өтіп барып енді. Олар Әзер байжан мен Қазақстанның саяси сахна сына бауырлас түркі халқының ең маңызды және аса қиын кезең інде көтеріл ді. Мемлекет басшы лары өз елдерін гео сая си ауырт палықтарға қарамастан білгір лікпен басқару арқылы кездескен қиындықтардан алып шықты. Алға қойған мақсатмүдделерін ұлттық даму тұжы рымдамалары негізінде табысты жүзеге асырды.

    Егер тоқсаныншы жылдардың басын дағы саяси үдерістерге назар салатын болсақ, біздің көз алды мызға Әзербай жан ның ұлттық және мемлекеттік тәуелсіздігі жолындағы күресі келеді. Жал пыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің саяси ерікжігерінің және ел басқарудағы мол тәжіри бесінің нәтижесінде Әзербайжан өз егемен дігін қалыптастырды, уақыт

    өте эконо микалық даму жолына түсті. Дәл осындай аса қиын саяси миссияны Қазақстан Пре зиденті Нұрсұлтан Назарбаев та мүл тік сіз орындап шықты. Елін өркениетті мем ле кеттердің қатар ына қосу үшін қажетті барлық мәселелердің жолын іздестірді.

    Өз Отанын, өз елін саяси және эко но ми калық ауыр кезеңде басқару ды қолға алған ол халық алдын дағы жауапкершілікті сезіне отырып, тығырықтан шығудың ең тиімді жолын қарастырды. Көп кешік пей оны тапты да. Санаулы жылдар ішінде Қазақстан басшысы Қазақстанды қарқынды дамыту арқылы көпшілік сенімінен шықты, ел сүйіспеншілігіне бөленді. Өз елінің мүддесін әлемдік деңгейде қорғау арқылы беделді көшбасшы екенін іс жүзінде дәлелдеді. Қазақстанды, қазақ халқын халықаралық қоғамдастық Н.Ә.Назарбаев арқылы таныды.

    Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі ірі саясаткер, ерекше тұлға екендігі оның көп этносты Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық ын тымақ пен сыйластықты, береке мен бірлікті нық орнықтыра білген дігімен де ерекшеленеді. Бүгінде әлемдік қо ғам дастыққа бірегей институт ретінде танылған Қазақстан халқы Ассамблея сы ның алатын

    орны бөлек. Өйткені осы бірегей құрылым Қазақстанда саяси экономикалық дамуға арқау болып отырғанын біз жақсы білеміз, қызыға қарайтынымызды жасырмаймыз.

    Қазақ елінде экономикалық реформалар табысты жүзеге асырылды. Мемлекеттің шет елдермен түрлі салалар бойынша қатынастар жасауына негізделген қажетті заңнамалар қабылданды.Өз отандастарын тарихи отанына оралуға шақырған, оларға жағдайлар жасаған дүние жүзінде санаулы ғана елдер бар. Солардың бірі – түр кітілдес әрі бауырлас қазақ хал қы және оның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев екенін біздер, әзер бай жандар мақтан етеміз. Ел басшы сының бастамасымен іске асы рылған «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы соған нақты дәлел болады.

    Ерекше дара тұлға, ірі де беделді саясаткер Н.Ә.Назарбаевты бүгінде әлем жұртшы лығы жақсы біледі және жанжақты таниды. Оның басшылы ғымен Қазақстан болашақта биік белес терді бағындыратынына, әлемде ең дамыған мемлекеттердің қатарынан орын алатынына сеніміміз мол. Әзербайжан мен Қазақстанның бағындыратын белестері, қол жеткізетін жетіс тіктері мол болғай деп тілейміз.

    Оларды өмір мектебі саяси аренаға шығарды

    –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай партияға қабылдау рәсімі өтті. Онда пар-тия Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед өз саласында биік белестерді бағындырған талантты жас қазақстандықтарға партиялық билеттерін салтанатты жағдайда тапсырды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жолдыбай БАЗАР,«Егемен Қазақстан»

    «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Елбасымыздың жастарды үнемі қолдап, олардың сапалы білім алуына және бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына барлық жағ дайды жасап келе жатқанына назар аударды. Сондайақ ол тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырда жеткен жетістіктері мен бүкіл әлем таңдай қаққан табыстары Тұңғыш Президентіміздің ерең еңбегінің нәтижесі екенін айрықша атап өтті.

    – «Нұр Отан» – Елбасының пар тиясы. Сондықтан Мемлекет басшысының саясатын қолдай тын, елін, жерін сүйетін, халқына адал қызмет еткісі келетін әрбір жас қазақстандық осы партияның қатарынан табылуы керек. Елбасы салған даңғыл жолдан жаңылмай жаһан көшінің алдынан көріну енді ел жастарының, яғни сіздердің абыройлы міндеттеріңіз, – деді Мұхтар ҚұлМұхаммед.

    Сонымен қатар партия Төрағасының бірінші орынбасары талантты жастардың дәл Тұңғыш Президент күні қарсаңында партия мүшесі атануының маңызы зор екеніне тоқталып өтті.

    – Дәл 1 желтоқсан күні бүкіл халық болып өзіміздің Тұңғыш Президентімізді сайладық. Содан бері Елбасымыз бізді биік белестер мен жарқын жеңістерге батыл бастап келеді. Сондықтан бұл күн барша қазақстандықтар үшін жалпыұлттық мереке. Осындай тарихи күн қарсаңында Елбасы партиясына өтуді жаңа шыңдарға бастайтын қадам деп білемін, – деген Мұхтар ҚұлМұхаммед жастарға алдағы өмірде тек сәттілік тіледі.

    Партия мүшесі атанған жас тардың қатарында белгілі әнші, айтыскер ақын Төреғали Төреәлі де бар. Жиынға қатысу шы ларды Тұңғыш Президент күнімен құттық таған ол «Нұр Отан» партиясының мүшесі атану зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік екенін айтты.

    Өз кезегінде бірнеше хит әндердің орындау шысы Ерке Есмахан партия қатары на өтуі туған күнімен тұспатұс келге нін айтып, оны жақсылыққа жори тынын жеткізді.

    – Қазақстан тәуелсіздік жылдарында өнер саласында тамаша жетістіктерге қол жеткізді. Біз сияқты жас әншілер үшін де сапалы жұмыс істеуге барлық жағдай жасалды. Мұның бәрі Елбасымыздың жастарға деген қамқорлығы мен қолдауының оң нәтижесі, – дейді Е.Есмахан.

    Бұлардан бөлек осы күні спортта ел намысын абыроймен қорғап жүрген жас азаматтар да партиялық билеттерін алды. Атап айтқанда, ауыр атлетикадан РиодеЖанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичева мен кәсіпқой бокстан әлемнің эксчемпионы Жанат Жақиянов жас нұротандықтардың қатарын толықтырды.

    Сондайақ ғылым саласында орасан зор табыстарға қол жеткізген жас ғалым, «Техника мен технологияның дамуына қосқан үлесі үшін» Н.Тесла атын дағы алтын медальмен, ғылым дағы аса зор табыстары үшін Еуропалық Ғылым академиясы президиумының Лейб ниц атындағы медалімен марапат талған Әуес хан Оспанов, археоло гияда өнімді еңбек етіп жүр ген жас маман Айбар Қасе налин, республикалық психиатрия, пси хотерапия және наркология ғы лымипрактикалық орталығының дәрігері Алуа Масалимова, Ақ төбе облысы, Алға аудандық балалар үйі директорының орынбасары Вероника Власова, «Ауыл шаруашылығы саласындағы ең үздік жас маман» байқауының жеңімпазы Егемен Жұмағали, республикалық және халықаралық дебат турнирлерінің бірнеше дүр кін жүлдегері Уәлихан Тұрарбек, жас кәсіпкер Нұрлан Қабыш таев, «Дипломмен – ауылға!» бағдар ламасының қатысушысы Ахмет Магомедов, «Болашақ» бағ дарламасының стипендиаты Жал ғас Молжігіт, жас шахтер Нико лай Алейников және жас ме тал лург Дмитрий Бобылев «Нұр Отан» партиясының мүшесі атанды.

    Ісшара соңында партия Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар ҚұлМұхаммед барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, жаңадан қабылданған жас партия мүшелері Елбасы бастамаларының табысты жүзеге асуына өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.

    «Нұр Отан» партиясы жас таланттармен толықты –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астанада «Қоғамдық сананы жаңғыртуда дін саласындағы мемлекет

    саясатының рөлі» атты Қазақстан дінтанушыларының VII форумы өтті. Іс-шараны Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұйымдастырды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

    Жиынға Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі қатысты. Форумның пленарлық отырысында кіріспе сөз сөйлеген Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев заманауи кезеңдегі дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарына тоқталды.

    Ведомство басшысы ең алдымен тарихи ерекшеліктерімізге сәйкес діни көзқарас қалыптасуы қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекет пен діннің өзара ісқимылының қазақстандық моделін жасау жөнінде шаралар атқарылып жатыр. Аталған үлгі рухани, моральдықэтикалық құндылықтар мен діни көзқарасқа қарамастан, барлық азаматтардың құқығын қорғауға негізделеді.

    Екіншіден, мемлекет пен дін арасындағы өзара ісқимылдың жаңа моделін заңмен бекіту үшін бірқатар түзетулер енгізу ұсынылған. Н.Ермекбаевтың пікірінше, бұл түзетулер діни бірлестіктер қызметіне қолайлы жағдай жасап, жауапкершілік пен құқықтық мемлекет принциптерін нығайтуға бағытталған.

    Келесі бағыт – мемлекет, қоғам және

    діни бірлестіктер арасында тұрақты диалог жасау. Осыған сәйкес ПремьерМинистрдің өкімімен дін саласындағы ведомствоаралық комиссия құрылған. Сондайақ діни мекемелердің қауіпсіздігі күшейтіліп, діни материалдарды тарату арналарына тұрақты бақылау жасау жолға қойылған. Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып «Қоғам және дін» оқулығы әзірленіп жатыр. Н.Ермекбаевтың айтуынша, оқулық алдағы уақытта мектеп бағдарламасына қосылады.

    Сонымен қатар ақпараттық түсіндіру жұмысы жаңғыртылып, радикализммен күресудің жаңа әдістәсілдері жасалмақ. Осыған сай, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҚМДБ және Қазақстанның Православ шіркеуімен меморандумға қол қойған. Соның нәтижесінде мешітте өзінөзі ұстау ережелері, «Жаназаның» әдетғұрыптары әзірленіп, қолданысқа енгізілді. «Нұр Мүбәрак» университетінде қайта даярлау институты, діни бірлестіктерді қолдау мақсатында «Уақып» қайырымдылық қоры құрылды.

    Н.Ермекбаев деструктивті идеологиямен және экстремизммен күресудегі маңызды аспектілерге тоқталды. Оның айтуынша, бұл мәселемен қоғам болып күресу қажет. Бұдан бөлек, Дінтанушылар қауымдастығының алдағы міндеттерін тарқатып айтып берді.

    Содан кейін сөз сөйлеген Мәжіліс

    депутаты М.Әшімбаев дін саласындағы мемле кет тік саясатты жүргізу жөніндегі өз ойымен бөлісті. Оның сөзіне сүйенсек, Елбасы ның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа ласында дін саласына қатысты айтылған ойлар қалың көпшілік арасында қызу қолдауға ие болды. М.Әшімбаев Президент мақаласында халықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға нақты жауап берілгенін атап өтті.

    «Ұлттық кодымыз діни толеранттық, бейімділік, басқа этнос пен дін өкілдеріне құрметпен қарау, сананың ашықтығын білдіреді. Халқымыз үшін сананың ашықтығы – көнеден келе жатқан дәстүр. Қазақстанда мұндай жағдай қалыптасуының бірқатар себебі бар. Соның бірі – еліміздің географиялық орны. Қазақстан Еуропа мен Азияның түйіскен тұсында орналасқан, екі тараптың мәдениетін, дінін біріктірген ел екені тарихтан белгілі», деді М.Әшімбаев.

    Ал «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Д.Қыдырәлі сананың сілкінуі, жадының жаңғыруы, ұлттық кодтың ұлықталуы жөнінде сөз қозғады. Сонымен қатар ол қазіргі таңда дін саласы маңында кездесетін түйткілдерге де тоқталды.

    Оның айтуынша, «Ұлттық код – біздің сан ғасырлық дәстүріміз, діліміз, әдетғұрпымыз, өмір салтымыз. Елбасы «діннің діңгегі дәстүрмен берік» деп атап өткен болатын. Сондықтан руханият саласында тарихи санаға, озық дәстүрлерге ден қойған абзал. Біздің бабаларымыздың діни ұстанымы зайырлы негізде болған. Тәңірлік сенімде, ислам дәуірінде ешбір түркі елін молдалар басқарған емес. Қағандар мен хандар ел тізгінін ұстаған, рухани тұлғаларға құрмет көрсеткен.

    Форумның пленарлық отырысы аяқталған соң кезек секциялық жұмыстарға берілді. Оның шеңберінде дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2 0 1 7 2 0 2 0 ж ы л д а р ғ а а р н а л ғ а н тұжырымдамасын іске асыру мен діни қызмет саласындағы заңнаманы жаңғырту бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Сондайақ халықтың діни және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша ақпараттықтүсіндіру ісшараларының мәртебесі мен бағыты анықталып, дерадикализация және діни экстремизмнің алдын алудың заманауи тәжірибелері сараланды.

    Суретті түсірген Ерлан ОМАР,

    «Егемен Қазақстан»

    Рухани құндылықты насихаттаған форум

  • 4 1 ЖЕЛТОҚСАН 2017 ЖЫЛ1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

    – Біздің халқы мыз дың бойында сан ғасырдан бері ешуақыт та жадынан шығармайтын бір құнды лық бар, ол – елдің тыныш тығы, ха лық тың бір лігі. Тұңғыш Президен тіміз Нұрсұлтан Назарбаев тың бүгін гі ұста нып отырған сая саты, міне, осы бағыт та – кө регендік пен кемең герлік аясында жүр гі зіліп келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақтың біртуар ғана емес бі регейлі, өзі нің жолы, ауқымды бағытбағдары бар мем лекет басшысы. Мен бір кезде Елбасы мыз ға «Біздің алысты меңзейтін әрі көз ұшындағыны көздейтін Прези ден тіміз» деп баға беріп ем. Ол ойым нан айныған жоқпын. Естерің ізде болса, 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанның тарихында тұң ғыш рет Президент сайлауы өтті. Еліміздің Тұңғыш Президенті 98,78 пайыз дауыс жинап Қазақстан халқының зор сеніміне ие болды. Араға екі жұма уақыт салып Қазақ стан тәуелсіздігін жариялады. Уақыт жүйрік, одан бері де ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Ал, әй гілі сол 1 желтоқсан жас мемле кетіміз үшін жыл сайынғы Президент күнін атап өту дәстүріне сай бүкілхалықтық ресми мерекеге айналды.

    – Сұлтан аға, Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаевпен етене жақын таныстығыңыз қалай басталды?

    – 90жылдардың басында Ақ ор дада 10 адамнан тұратын Прези денттік кеңес құрылды, мен соның бір мүшесі болдым. Президентпен етене жақын танысқаным сол кезден басталды ғой деп ойлаймын. Халық игілігі үшін күнтүн демей еңбек еттік. Бұрын сырттай бақылап жүргенмен де ол кісімен жақын әңгімелесіп, жүздесіп, нағыз пікір алысқан кезім сол. Оның үстіне Назарбаев сөз саптауы мен ой өрісі арқылы ақылы асқан азамат, көріпкелдігі кең, алысты меңзейтін саясаткер екенін бірден аңғартты. Алғаш жүзбежүз кездескенге дейін де менің бойымда ол кісі туралы жоғары пікір қалыптасып, жиналып қалған. Өзім заңгер әрі саясаткер болғандықтан бұған дейін де шет мемлекет басшыларының, атап айтқанда президенттерінің бірқатарының өмір жолдарын, қызметін, адами болмысын зерттеп, ой жинақтаған жайым бар. Олардың озық ойлыларының өмірдеректерімен тереңнен таныса жүріп, болашақ Қазақстанның да маңдайына Алла тағалам сондай бір тұлғаны жазса екен деп тілеуші едім. Президент ең алдымен халықтың ойынан шығу керек десек, менің бұл тұрғыдағы арманым орындалды. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бірегейлі кемең гер мемлекет қайраткері еке нін өз халқының ғана емес, әлем жұртшы лығының алдында дәлелдеп шықты.

    – Ондай күнге бір сәтте жет пе геніміз анық, кезінде Қазақстанды кездейсоқ Колбин басқарған елдің болашағы

    дүдәмал тұста қазақ зиялыларының қатарында сіздің өз басыңыз қандай ой құшағында жүрдіңіз?!

    – Өте дұрыс айт тыңыз, Колбин Қазақстанға кез дейсоқ келген жай ғана партияның қатардағы қызметкері еді. Керек де сеңіз, Қазақстандай үлкен рес публиканы басқаратындай білім деңгейі де шамалы, тіпті әлдеқайда төмен болатын. КСРОдағы Ресейден кейінгі жер ресурсы мен аумағы жағынан ең бақуат та бай елді басқару оған түс көргенмен теңдейтін. Оның ақырын өзіңіз де білесіз. Мұның бәрі де ресейлік шовинизм сарқыншағының салдары. Тарих парақтарын ақтарсаңыздар, кезінде КСРОны басқарған – бұзау баптаған жүгері өсіруші Хрущевтің «Патша империясының 100 жылда жүзеге асыра алмаған ойын біз он жылда жүзеге асырдық», деп мақтанатыны бар. Әлгі Колбин сондай колониялдық сұрқия саясат астауының жәй ғана жұғындысы. Ал, Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекет басына келген бойда туған елдің, барша қазақтың бірден сүйіспеншілігіне бөленді. Мемлекет құрудағы оның стратегиялық бастамасы мен ұлт болып ұйысудағы тың ойлары мен мақсаттары бірден халықтың жүрегіне жетті. Ол өзінің бойында қандай да болсын мемлекеттік маңызды мәселелерді алыстан сезетін, болашақты меңзейтін көріпкелдігі бар қайраткерлік қасиеті барын байқатты.

    – 90жыл дар дағы Жоғарғы Кеңестің «шуы» құла ғыңыздан кет пейтін шығар, түсіңізге кір мей ме? Болашақ Қазақ мемле ке ті нің негізі, заң жүзіндегі тұғырлы қалпы сол жылдары қызу та ластартыспен, күреспен нақты лан ғаны рас қой?

    – Түсіме кірмейді... Дегенмен ол жылдардың кезеңдері, өзіңіз айтқандай, ушуы естен ешуақытта кетпейді. Жоғарғы Кеңестің бір оты рысы айқайшусыз, қызу пікір та лассыз өтпейтін. Тіпті, жаға жыртыс қан кездеріміз де аз емес. Свойк деген бір депутат Қазақ елі өз алдына жеке мемлекет болып құ р ылды дегенде «Мен сонда бір күнде бөтен мемлекеттің азаматы болып шыға келдім бе?», деп күллі Мәжіліс залына ызадан жарыла жар салды. Мен де қарап қалмадым: «Сіздің бұл сөзіңізді қалай түсінсек екен? Байқап отырсам, бойыңызда ұлы империяның шови нис тік сарқыншағы сақ талып қалыпты ғой. Біздің халқы мыз сізге дауыс беріп, Жоғарғы Кеңестің депутаты етіп сайлады. Болашақ тағ дырын сізге сеніп тап сырды. Ал сіздің биік мінберден көкіп ай тып тұрғаныңыз мынау...». Содан көп ұза май тәубесіне келді ғой деймін, мінбеге сұра нып шығып жариялы түрде менен, халықтан кешірім

    сұрады. Сіздердің «Егемен Қазақстан» га зетінің бетінде «Сартаев сөйлесе ол халықтың үні еді, ол Парламенттің сәні еді» деген мақаланың шық қан кезі сол тұс. Мен Парламент мінберінде өте көп сөйлеген депутаттың бірімін. Елдің ойына сәйкес, болашағына бағыт беріп тұрған әрбір заң актілері үшін жанымызды салып, ой мен қиялы әртүрлі депутат тар алдында оны қыз ғыштай қорғадық. Ха лық тың тілегін, мүддесін ал дымызға бірінші мә селе

    етіп қой дық. Құр жалаң сөйлеудің күшқауқары жоқ. Мә селен, біздің бостандыққа жаңадан қол жеткізген мемлекетіміз үшін Президенттік басқарудың қырсырына тереңдеп бару жолында мен Америка Құрама Штаттарындағы президенттік басқару жүйесін толықтай зерттеп, оқып шықтым. Зердеме әбден құйдым. Президент деген сөздің мазмұны «елдің алдында отыру» деген ұғымды білдіреді. Содан кейін ғана барып Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы мәжі лістерінің бірінде мен Қазақстанда Пре зидент қызметін тағайындау туралы алғаш ұсыныс жасадым. Ол кезде бұл көпте ген факторларға бай ланысты да еді. Қоғам көпұлтты елде кон фе дерацияның тиімсіз дігін сезіне де, түсіне де білді. Ұсыныс депу тат тар тарапынан қолдау тауып, 1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақстанда Прези дент қызметін тағайындау туралы Заң қабылданды. Кейін біздің Тұңғыш Президентіміз болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.

    – Тарих көші алға жедел жыл жыған сайын кезеңдердің ұмы тылмас оқиға лары да көмескілене түсе тіні хақ. Ай тыңызшы, сол тұста Нұрсұлтан Назарбаевқа бала ма болар, яки елдің алдына маң дайы жарқырап шығар өзге де қай раткер азаматтар легі болған шығар?

    – Өтірік айта алмаймын. Ондай жан болған жоқ. Сондықтан Пре зи денттікке ол кісіні сайладық, халық сайлады. Жасыратын несі бар, Назарбаевпен бәсекеге түсіп сайлауда жеңіп шығам деген үміткердің өзі де шамасына қарап, ойланған шығар. Өйткені мемлекет басшысы болу деген оңай іс емес. Әрі Еура зия құрылығында жаңадан жапжас мемлекет құрылып жатты. Елімізді алда неше түрлі қиыншы лық тар күтіп тұрды. Бүгін оның бәрі айтқанға ғана жеңіл боп қал ды ғой. Ал ол кезде біздің Тұңғыш Президентіміз халықты сол қиын шылықтардың барлығынан аманесен, шашау шығармай алып шықты. Мен нағыз ерлік деп осыны айтар едім!

    – Сол кезеңдердегі Парла мент тілшісі ретінде менің есімде қалғаны Мәжі лістегі қызыл кеңір дек сөз таласы даудамайға ұла сып, жағдай ушы ғып бара жатқан тұста ақырғы сөзді Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ай тар еді, депутаттар тынышталар еді...

    – Жоғарғы Кеңестің Мәжіліс залы

    нағыз пікірталас додасының ортасына айналды. Тіпті қызынақызына келіп депу таттардың әрқайсысы өздерін бірбір билік тұтқасы екенін сезінді, шектен де шы ға бастағандары болды. Бүгінгі мемле кетіміздің заңдық негізі опоңай қалана салды дейсіз бе? Әрине, жоқ! Депу таттар бір пікірге келе алмай дау ласып, тіпті жауласып дейінші, тым қатты кеткенде Мәжіліс залының ең биік төрінде бәрін де кірпік қақпай бақылап отыра тын Президент ақырғы шешімді сөзін айтар еді. Нұрекең Президент тағына отырған алғашқы күнненақ елінің, халқының болашаққа деген ойарманын ақтауға ты рысып, бар жігерін жұмсады. Бүгінге дейінгі саясаткерзаңгерлеріміздің атақты ака демик Зимановтан кейінгі ақса қалы ретінде, қазіргі заң ғылымының көшбасшысы ретінде мен былай дер едім: егер сол кезеңде халқын сүйген ерлер болмаса, олардың алдында Нұрсұлтан Назарбаев тұрмаса, біз дәл бүгінгідей жағдайға жете алмас едік. Біз мұны әманда біліп жүруіміз әрі жадымызда сақтауымыз керек.

    – Тәуелсіз елдің Президентімен бірге алыс шетелге барған ал ғаш қы мем лекеттік сапарлар жайын да естелік айта отырыңызшы.

    – Мен Тұңғыш Президент іміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен мем лекеттік делегацияның құра мында Хельсинкиге Қорытынды Актіге қол қою рәсіміне қатыстым. Бұл 1992 жыл дың шілдесі болатын. Белгілі форумда Тәуел сіз Қазақстанның Тұңғыш Пре зиденті санатында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қауымдастық алдында Дүниежүзінің картасында экономикалық потенциалы зор жас мемлекеттің пайда болғаны туралы қасқайып тұрып сөйлеп, жария етті. Ол бұл елдің халықаралық құ қық талаптарына сәйкес өзіндік ұста нымы, экономикалық зор қоры бар дегенді айтқанда, әлем жұртшылығының өкілдері ризашылықпен, ол тұста, бәлкім, сыпайылық та сақтағаны шығар, дүрілдетіп қол соқты. Бірақ, Хель син кидің дәл төрінде отырып сондағы менің бір байқағаным әрі сүйсінгенімді де жасыра алмаймын, Нұрекең шетелде кіммен, қай елдің басшысымен болмасын иығы тең дәрежеде сөйлесе білді. Президентіміздің мемлекет мүд десін қорғаған талапшылдығы – біз үшін мүлдем бейтаныс жаңа ортаға қатты әсер етті. Өйткені Нұрекеңнің ойлау қа білеті, ой өрісі халықаралық қауым дас тықтың танымал серкелерінен асып түс песе, кем түсіп жатпады. Мен Хельсинкиде соны байқадым да іштей тәубе дедім. Делегацияның құрамы мен басшысы халықаралық мұндай келісім шарттардың талабына дипломатиялық тұрғыда біл гірлікпен жауап қатуы тиіс. Шетелде сіздің әрбір қадамыңыз бен ауыздан шыққан әрбір сөзіңіздің құны ерекше есепте тұрады. Басыңыздан ерекше бақылау сынын өткізесіз.

    – Сіздің қазақ тілі нің заңдық негізін сонау кеңес зама ны ның өзінде таптұйнақтай етіп жасап, кір пішін қалаған өр мінезді заңгерғалым екеніңізді жақсы білеміз. Бү гінгі қазақ тілінің жайкүйіне көңі ліңіз тола ма?

    – Ана тілінің мәртебесін көтеру туралы Заң актілерін жазбас бұрын мен ең алдымен халыққа арнап, шақыру ретінде өлең жаз ғаным бар, алдымен соны жатқа оқып берейінші...

    Оу, замандастар, құрбылар, Ана тілді білмеуің – ананың

    арын төккендей,Оны бұзып сөйлеуің,

    өзіңдіөзің сөккендей. Тілге олқылық бой алса,

    тым алысқа бармассың,Ана тілің жойылса,

    қазақ болып қалмассың!Бүгінгі күні Жер шарында 7,5 млрд ха

    лық бар. Осыншама халық нөпірі Жара тушымыздың құдіретімен Ананың ақ сүтінен нәр алған азаматтар. Олар 5 мың нан астам ұлтты құрайды. Мыңнан астам тілде сөйлейтін 149 мемлекетте уа қыт көшіне ілесе алмаған қаншама тіл мәңгілікке жоғалып кетті, білесіз бе? Бұл тарих үшін орны толмас олқылық саналады. Өйткені әрбір ұлт тілінің өзі қаншама жылдар бойында түзеліп, араға ға сыр лар салып, тұрақты қалыптасады. Сон дай құндылықтарды жоғалту, әрине, адамзат үшін кешіріл мес күнә. Құдайға шүкір, Елбасы ның көрегендік саясатының арқасын да жойылуға шақ қалған қазақ тілі тәуел сіз елімізбен бірге өсіпөркендеді. Мәң гілік ел боламыз десек, ана тіліміз ді тек қана аялай беруіміз керек. Шүкір, тіліміздің бүгінгі ахуалы менің кө ңілімнен шы ғады. Латыншаға көшуіміз – тілдің даму үрдісінің жаңа заманға сай қаланған жаңа сатысы дер едім.

    – Сұлтан аға, айтулы күнге орай құрылған бүгінгі әңгімеміздің соңын Президент күні мен Президент туралы өз ойыңызбен түйіндеңізші!

    – Мен шамам келгенше, жылына бір рет ел ішін аралаймын. Қай жерге бармайын, ең алдымен құрылыс крандарын көргенде көңілім жайланып қалады. Құрылыстың салынуы деген сөз – ел өрісті жолда келе жатыр деген сөз. Халыққа баспана, мектеп, аурухана, денешынықтыру орталықтары ауадай қажет. Елімізде ондай ғимараттар есепсіз салынуда. Мұның бәрі Тұңғыш Президентіміздің ертеден көздеген игі мақсаттары. Ол – үлкен елді басқарудағы үлкен саясаттың бүгінгі шынайы көріністері. Мен бұрын да талай айтқанмын, қазір де қайталаймын. Біздің еліміздің байлығы қажет десе 1 мил лиардтан астам халықты асы рау ға жетеді. Ал ен ді ол елдегі азаматтары мыздың рухани байлығымен үйлескенде Елбасымыз Нұрекең айтқандай, біз еште ңеден де, ешуақытта да таршылық көрмей міз.

    Қазақтың маңдайына 100 жылда бір біткен Тұлғасы – Нұрсұлтан Назарбаевқа Ал ла жар болып, жас мемлекетімізді осынау өрісті жолмен, халықтың ұйысқан келі сімімен алға бастап жүре берсін деп тілеймін.

    – Әңгімеңізге рахмет.

    Әңгімелескен Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

    АЛМАТЫ

    Өрісті ел – өрісті жолда

    Мұхтар АЛТЫНБАЕВ,армия генералы, Халық қаһарманы

    Мемлекет басшысының сындарлы ішкі және сыртқы саясаты қоғамды алаңдаушылықтардан, елді құлдыраудан сақтап қалды, өтпелі кезеңнің барлық қатерлері мен қиынқыстауларынан өтуге мүм кіндік берді. Тарихи өлшем дер бойынша қысқа кезеңде Қазақ стан әлемнің бәсекелестікке ең қабілетті 50 елдің қатарына сенімді түрде кірді, халықаралық қоғам дастықтың толыққанды мүшесі болды, қарқынды даму, тұрақтылық пен келісімнің үлгісі бола білді.

    Президенттің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құрудағы бірегей формуласы мен рөлі бүгінгі күні одан сайын бірегей бола түсуде. Нұрсұлтан Әбішұлының жі гері мен стратегиялық пайымдауы еліміз үшін, сонымен қатар Қарулы Күштер үшін де пәрменді ше шім болды. Қазақстан өз мемлекеттік шекарасын заңды түрде ре сімдеу мен белгілеу жөнін дегі мәселелерді шешті, өз аумағының барлық периметрі бойынша достық