2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ...

193
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ АХУАЛЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАМА

Upload: others

Post on 03-Jan-2020

9 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Адам құқықтары жөніндегі комиссия

2010 жылы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ АХУАЛЫ ТУРАЛЫ

БАЯНДАМА

Page 2: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

2

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі

комиссия

«2010 жылы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы»

баяндама. Жалпы редакциясын басқарған Тастемір Əбішев, Сағынбек Тұрсынов. Астана,

2011. - 192 б.

Оқырмандардың назарына ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы

Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «2010 жылы Қазақстан

Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы» баяндамасы (бұдан əрі –

баяндама) есепті жылдағы Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты ахуалды талдауға

арналған.

Баяндамада Қазақстанда ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жылындағы адам құқықтарының

ахуалына жалпы баға беріліп, адам құқықтарын қорғаудың түйінді проблемалары мен оны

шешу жолдары айқындалған.

Баяндама Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құқық қорғау қызметінің

нəтижелеріне жəне оның өткен уақыт кезеңіндегі арнайы зерттеулеріне негізделген. Онда

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының,

халықаралық ұйымдардың мəліметтері кеңінен тартылған.

Баяндама Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 мамырдағы

№ 32-36.166 қарарымен мақұлданған.

Баяндама адам құқықтары жөніндегі ұлттық заңнаманы салыстырмалы талдаудан,

мемлекеттік органдардың қызметіне баға беруден, адам құқықтары саласындағы ахуал

жөніндегі қорытындылардан, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі комиссияның

құқықтық саясатты, ұлттық заңнаманы жəне құқық қолдану практикасын Қазақстан

ратификациялаған адам құқықтары саласындағы халықаралық пактілер мен

конвенциялардың талаптарына сəйкес одан əрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдарынан

тұрады.

Комиссияның қорытындылары мен ұсынымдарын Адам құқықтары саласындағы

Ұлттық іс-қимыл жоспарының, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Қазақстан

Республикасына арналған Əмбебап кезеңдік шолу шеңберінде шығарылған ұсынымдарын

іске асыру процесінде ескеруге болады.

Баяндамадағы қамтылған материалдар заңмалық, атқарушы жəне сот билігі

органдарына, құқық қорғау органдарына, адвокаттарға, адам құқықтарын соттан тыс

қорғау институттары, үкіметтік емес жəне халықаралық ұйымдар, басқа да қоғамдық

бірлестіктер, Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық қызметтер өкілдеріне

пайдалы болмақ.

Бұл жарияланым (есеп) Ұлыбританияның Қазақстандағы жəне Қырғызстандағы

Елшілігінің, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының техникалық қолдауымен дайындалды.

Жарияланым (есеп) материалдарының Елшілік пен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының

ресми көзарастарын білдіруі міндетті емес.

Page 3: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

3

МАЗМҰНЫ

Кіріспе …………………………………………………………...………. 4

Əмбебап кезеңдік шолу шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі

ұлттық баяндаманы қорғау нəтижелері туралы …......………………....

7

Нəсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы

халықаралық конвенцияның ережелерін орындау жөніндегі

ұлттық баяндаманы қорғау нəтижелері туралы .......................................

11

Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы

халықаралық пактінің ережелерін орындау жөніндегі

ұлттық баяндаманы қорғау нəтижелері туралы ………….......................

13

Өмір сүру құқығы ....…………………………………………….…........... 15

Бірлесу құқығы …………………………………………………………… 18

Ойлау, ар-ождан жəне дін бостандығы құқығы ..………………………. 29

Бейбіт жиналыстар мен митингтер бостандығы құқығы ……………… 37

Сөз бостандығы жəне ақпарат алу құқығы ……..……………………… 41

Мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығы (еркін жəне əділ сайлау)... 48

Еңбек қатынастары саласындағы адам құқықтары …………………….. 53

Əлеуметтік қамсыздандыру құқығы …………………………………….. 57

Денсаулық сақтау жəне білікті медициналық көмек алу құқығы........ 61

Бала құқықтары ..................................................................................... 79

Əйел құқықтары .………………………………………………....... 88

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары…………………….…...... 114

Этностар мен этностық топтардың (аз ұлттардың) құқықтары…........... 117

Халықты құқықтық ағарту ……………………………………………….. 121

Адам саудасының алдын алу …………………………………………….. 123

Азаптаулардан жəне басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын

жəне ар-намысты қорлайтын іс-əрекеттер мен жазалау түрлерінен

еркін болу құқығы ………………

127

Алдын ала тергеу жəне анықтау кезеңіндегі адам құқықтары ............... 138

Сотта қорғалу жəне əділ сот ісін жүргізу құқығы .................................... 145

Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары ………........... 170

Сотталғандар құқықтары ………………………………………………… 174

Қорытынды ……………………………………………………………….. 185

Қосымшалар ……………………………………………………………..... 190

Page 4: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

4

КІРІСПЕ

2010 жылы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы

туралы бұл ақпараттық-талдау баяндаманы (бұдан əрі – баяндама) Қазақстан

Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі

комиссия Хатшылығы (бұдан əрі – Комиссия хатшылығы) дайындап,

əзірлеген.

Баяндаманың мақсаты Қазақстан Республикасының Президентін,

Парламенті мен Үкіметін 2010 жылы Қазақстандағы адамның жəне азаматтың

құқықтарының ахуалы туралы хабардар ету, Қазақстанда ЕҚЫҰ-ға төрағалық

ету жылындағы адам құқықтарының ахуалына жалпы баға беру, адам

құқықтарын қорғаудың түйінді проблемалары мен оны шешу жолдарын

айқындау болып табылады.

2010 жылы Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ға төрағалық қызметін

жоғары деңгейде сəтті атқарды. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның барлық «үш себеті»

мүдделерінің теңдестігін тең дəрежеде қамтамасыз етті. Адами өлшем

мəселелері бойынша адам құқықтары саласындағы бірқатар ірі іс-шаралар

өткізілді: Варшавадағы (2010 жылғы 30 қыркүйектен 8 қазанға дейін) жəне

Астанадағы (2010 жылғы 26-28 қараша аралығында) ЕҚЫҰ-ның Адами

өлшем жөніндегі шолу конференциясы; Вена, Копенгаген, Астана жəне

Алматыдағы конференциялар мен «дөңгелек үстелдер». Қазақстан

делегациясы барлық құқық қорғау форумдарына сындарлы ұсынымдармен

белсенді қатысып, баяндамалар жасап, сөз сөйледі. Қазақстан Республикасы

Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия (бұдан əрі –

Комиссия) адам құқықтарын қорғау саласындағы бағдарламалық

құжаттардың: 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының (бұдан əрі –

Ұлттық жоспар), Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға

дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының орыс жəне

ағылшын тілдеріндегі тұсаукесерін сəтті өткізді. Комиссияның Қазақстандағы

адам құқықтарының ахуалы туралы баяндамалары да зор қызығушылық

туғызды.

2010 жылғы 2 желтоқсанда Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінде «Қауіпсіздік

қоғамдастығына қадам» атты Астана декларациясы қабылданды.

Халықаралық сарапшылар Комиссияның Ұлттық жоспары мен

баяндамаларының ұсынымдарына, қағидаларына оң баға бергенін ерекше атап

өткен жөн. Баяндаманы дайындау кезінде Адам құқықтары жөніндегі комиссияның

материалдары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының,

үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының, Қазақстанда аккредитацияланған

халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың берген

мəліметтері пайдаланылды. Баяндамада сол сияқты Адам құқықтары

жөніндегі комиссия мүшелерінің пенитенциарлық жүйе, денсаулық сақтау,

Page 5: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

5

əлеуметтік қорғау, білім беру, мəдениет мекемелерінде, құрылыс нысандары

мен басқа да ұйымдарда болу нəтижесінде алынған мəліметтер; сондай-ақ

Адам құқықтары жөніндегі комиссия мемлекеттік органдармен жəне ҚР ҮЕҰ-

мен, адам құқықтары саласындағы халықаралық ұйымдармен бірлесіп 2010

жылы өткізген халықаралық конференциялардың, «дөңгелек үстелдер» мен

семинарлардың, тренингтердің материалдары; ЕҚЫҰ-ның адами өлшем

жөніндегі 2010 жылғы Шолу конференциясының материалдары, жеке жəне

заңды тұлғалардың Адам құқықтары жөніндегі комиссияға жазған

шағымдарын қорыту жəне талдау нəтижелері пайдаланылды.

Баяндамада адамның жəне азаматтың азаматтық, саяси, əлеуметтік,

экономикалық жəне мəдени құқықтарының қамтамасыз етілуі мəселелері

талданады.

Баяндаманың құрылымы үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары,

ЕҚЫҰ, БҰҰ, басқа да халықаралық ұйымдар тарапынан назар аударылған

адамның жəне азаматтың азаматтық (жеке), саяси, экономикалық, əлеуметтік

жəне мəдени құқықтарының мəселелері егжей-тегжейлі қамтиды.

Бірінші бөлімде адамның өмір сүру жəне жеке басының өміріне қол

сұғылмау, бірлесу, ойлау, ар-ождан жəне дін бостандығы, бейбіт жиналыстар

мен митингтер өткізу бостандығы, мемлекет істерін басқаруға қатысу (еркін

жəне əділ сайлау), сөз жəне ақпарат алу бостандығы құқықтарының сақталу

мəселелері егжей-тегжейлі талданады.

Бұл бөлімде Женевадағы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі

кеңесінің Қазақстан Республикасына арналған Əмбебап кезеңдік шолуы

шеңберіндегі адам құқықтары жөніндегі ұлттық баяндаманы қорғау

нəтижелері туралы ақпарат, сондай-ақ БҰҰ-ның келісім-шарттық

ұйымдарындағы басқа ұлттық баяндамаларды қорғау нəтижелері берілген.

Осы баяндамаларды дайындауға жəне қорғауға Адам құқықтары жөніндегі

комиссия тікелей атсалысты.

Екінші бөлімде Адам құқықтары жөніндегі комиссияның адам

құқықтары сақталуының жəне еңбек, əлеуметтік жəне гендерлік қатынастар

саласындағы заңдылықты қамтамасыз етудің өзекті мəселелеріне арналған

арнайы зерттеулерінің нəтижелері келтірілген. Сонымен бірге, осы бөлімде

азаматтардың денсаулығын сақтау жəне білікті медициналық көмек алу

құқығын қамтамасыз етудің өзекті мəселелері көрсетілген. Əрі қарай өзекті

мəселелер тізбесін балалардың, əйелдердің, мүмкіндіктері шектеулі

адамдардың саны аз этностардың (ұлттардың) құқықтарын қамтамасыз ету,

халықты ағарту мəселелері толықтырады.

Баяндаманың үшінші бөлімінде адамның жəне азаматтың алдын ала

тергеу мен анықтау барысында; қылмыстық, азаматтық жəне əкімшілік істер

бойынша сот төрелігін жүргізу саласындағы; атқару ісін жүргізу

сатысындағы; пенитенциарлық жүйедегі құқықтарының сақталуы талданады.

Баяндаманың жекелеген тараулары адамның азаптаулардан жəне басқа да

қатыгез, адамгершілікке жатпайтын жəне ар-намысты қорлайтын іс-əрекеттер

Page 6: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

6

мен жазалау түрлерінен еркін болу құқықтарының, адам саудасы құрбандары

құқықтарының сақталуы мен қамтамасыз етілуі мəселелеріне арналған.

Баяндаманың барлық тарауларында адам құқықтары саласын реттейтін

ұлттық заңнаманы оның халықаралық стандарттарға сəйкестігі тұрғысынан

салыстырмалы-құқықтық талдау, сондай-ақ қорытындылар жəне адам

құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнама мен құқық қолдану

практикасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар келтірілген.

2010 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең ішінде

Комиссияның хатшылығына жеке жəне заңды тұлғалардың адамның жəне

азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына байланысты

1320 жазбаша шағым келіп түсті (№ 1, 2 қосымшалар).

Келіп түскен шағымдарды талдау барысында мынандай үрдістер

анықталды: азаматтардың қылмыстық, азаматтық, əкімшілік, ювеналдық істер

бойынша соттар шешімдеріне келіспейтін шағымдары Адам құқықтары

жөніндегі комиссияға түскен жазбаша шағымдардың жалпы санының 27,20%;

құқық қорғау органдарының əрекеттері мен əрекетсіздіктеріне шағымдары –

19,62%; əкімдердің, атқарушы жəне өкілді билік тармақтары органдарының

өзге де лауазымды адамдарының əрекеттері мен əрекетсіздіктеріне

шағымдары – 9,39% (2009 жылы 1,49%); сот шешімдерінің орындалмауына

қатысты шағымдар – 6,51%; азаматтардың əлеуметтік-мəдени құқықтарының

бұзылуымен байланысты шағымдар – 6,06%; азаматтардың тұрғын үй

құқықтарының бұзылуымен байланысты шағымдары – 5,83%; азаматтардың

еңбек құқықтарының бұзылуымен байланысты шағымдар – 5,37%;

азаматтардың əлеуметтік құқықтарының бұзылуымен байланысты шағымдар

– 4,92%; түзеу мекемелерінің лауазымды адамдарының əрекеттері мен

əрекетсіздіктеріне жəне пенитенциарлық жүйе мекемелеріндегі ұстау

жағдайларына шағымдар – 3,48% (2009 жылы 1,06%); шаруашылық

жүргізуші субъектілердің лауазымды адамдарының əрекеттері мен

əрекетсіздіктеріне шағымдар – 2,95%; сот органдарының əрекеттері мен

əрекетсіздіктеріне шағымдары – 1,97%; екінші деңгейдегі банктердің

лауазымды адамдарының əрекеттері мен əрекетсіздіктеріне шағымдар –

1,93%; (азаматтардың Адам құқықтары жөніндегі комиссияға жазбаша

шағымдарының құрылымының неғұрлым егжей-тегжейлі бейнесі осы

баяндаманың № 1 қосымшасында келтірілген). Азаматтардың Адам

құқықтары жөніндегі комиссияға келіп түскен шағымдарының талдауы осы

баяндаманың тиісті бөлімдерінде беріледі. Келіп түскен азаматтардың

шағымдары Мемлекет басшысы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі

комиссияның тиісті ұсынымдарымен не болмаса қорытындыларымен мəні

бойынша қарау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына

(прокуратураға, сотқа, орталық жəне жергілікті атқарушы органдарға),

сондай-ақ шетелдік азаматтардың шағымдары бойынша шетел

мемлекеттерінің адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелеріне жіберіліп

отырды. Сонымен бірге 2010 жылы Адам құқықтары жөніндегі комиссия

Хатшылығы азаматтардың соттан тыс тəртіпте олардың құқықтарын қорғауға

Page 7: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

7

қатысты 450 ауызша шағымдарын қарады. Адам құқықтары жөніндегі

комиссияға ауызша шағым жасаған барлық азаматтарға (бұл негізінен

халықтың əлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтар)

Комиссия мүшелері мен Хатшылық қызметкерлері, Адам құқықтары

жөніндегі комиссияның сарапшылары жан-жақты толық заңгерлік

консультациялар берді.

2010 жылы Комиссия хатшылығы Президент Əкімшілігінің Қоғамдық

қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау үшін 12 қабылдау

ұйымдастырып, өткізді.

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері де тұрақты жұмыс

орындарында азаматтарды қабылдап, оларға құқықтық көмек көрсетті.

Келіп түскен жазбаша шағымдарды зерделеу барысында Комиссия

азаматтардың 57 шағымын оны қараған уəкілетті мемлекеттік органдардың

қарауының дұрыстығы дəлелді күмəн туғызғандықтан ерекше бақылауға

алды. Оның ішіндегі 25 шағымдағы адам құқықтарының бұзылу фактілері

расталды. Мемлекет басшысы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі

комиссияның тікелей көмегімен бұл азаматтардың бұзылған құқықтары қайта

қалпына келтірілді.

Іс жүзінде баяндаманың əрбір тарауында адам құқықтарының бұзылуын

салыстырмалы талдау үшін Адам құқықтары жөніндегі комиссияға 2010

жылы келіп түскен азаматтардың оң шешімін тапқан шағымдары туралы

мəліметтер келтіріледі.

Баяндаманың қорытындысында Қазақстан Республикасы Президентінің

жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Қазақстан

Республикасында адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын

қамтамасыз ету мен қорғау жүйесін жетілдіру мəселелеріне арналған негізгі

қорытындылары тұжырымдалған.

Əмбебап кезеңдік шолу шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі

ұлттық баяндаманы қорғау нəтижелері туралы

2010 жылғы ақпанның 12 мен 16 аралығындағы кезеңде Женевада

Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаев басқарған қазақстандық

делегация БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің (АҚК) Əмбебап кезеңдік

(мерзімдік) шолуының (ƏКШ) шеңберінде адам құқықтары жөніндегі ұлттық

баяндаманы қорғауға қатысты.

ƏКШ – бұл БҰҰ Бас Ассамблеясының 2006 жылғы 5 наурыздағы 60/251

қарарына сəйкес БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жаңа құқық

қорғау тетігі.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мерзімді негізде 4 жылда бір

рет БҰҰ-ға мүше 192 мемлекеттің əрқайсысының адам құқықтары

саласындағы міндеттемелерінің орындалуын бақылау міндеті жүктелген.

ƏКШ шеңберіндегі шолу Қазақстан делегациясымен үш сағаттық

интерактивті диалог нысанында өтті, оған БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің

Page 8: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

8

өкілдері жіберілді. ҮЕҰ өкілдері дауыс беру құқығынсыз бақылаушы ретінде

қатысты.

Қазақстан бойынша ƏКШ барысында сөз сөйлеуге жазылған 72

мемлекеттің ішінен 54 делегация сөз сөйледі.

Олар ұсынған 128 ұсыным ƏКШ Жұмыс тобының 2010 жылғы

16 ақпанда қабылданған қорытынды баяндамасына енгізілді.

Елдік ұсынымдар Қазақстандағы адамның құқықтары мен

бостандықтарын қорғаудың түрлі аспектілеріне қатысты болды.

Елдердің өкілдері өз сөздерінде Қазақстанның ƏКШ процесіне жоғары

дайындық деңгейін жəне делегацияның жоғары өкілді құрамын атап өтті, бұл

олардың пікірінше мемлекеттің жауапты көзқарасы мен ұлттық құқық қорғау

жүйесін одан жетілдіруге мүдделілігін білдіреді.

Қазақстанның азаматтық жəне саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне

мəдени құқықтарды ілгерілету ісінде елеулі прогреске қол жеткізгені атап

өтілді. Ұсынымдардың көп бөлігі жүргізіліп жатқан құқықтық саясат пен

жүзеге асырылып жатқан реформаларды жалғастыруға тілек білдіру ретінде

айтылды. Атап айтқанда, мемлекеттің ұлтаралық жəне конфессияаралық

келісімді, азаматтардың білім алу құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі

саясатына, əйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі нақты

қамдамдарына, құқықтық жүйені одан əрі жетілдіру ниеттеріне жоғары баға

берілді.

Қазақстанда 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан

Республикасындағы Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл

жоспарының əзірленуі мен іске асырылуы тудырған оң серпінді ерекше атап

өткен жөн. Сөз сөйлеген 54 мемлекет делегацияларының 50-і қазақстандық

Ұлттық іс-қимыл жоспарының қағидаларына жоғары баға берді.

4 мемлекеттің делегациясы Ұлттық іс-қимыл жоспары ұсынымдарының сəтті

іске асырылуына тілек білдірді. Бірқатар елдердің делегациялары

Қазақстанның Ұлттық іс-қимыл жоспары мен Адам құқықтары жөніндегі

комиссияның цифрлық кітапханасын əзірлеу жөніндегі тəжірибесін

қабылдауды ұсынды.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға іс басындағы төраға болып сайлануы адами

өлшем саласындағы елеулі жетістіктерінің мойындалуы болып табылатыны

атап өтілді.

Сонымен бірге, бірқатар батыс елдері өз ұсынымдарын тұжырымдау

кезінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі уəкіл (Ұлттық Омбудсмен) институты

қызметінің БҰҰ жалпыға бірдей танылған Париж принциптеріне сəйкес

келмеуі (Венгрия, Германия), босқындар мен баспана іздеген адамдарды

елден шығарып жіберу (Бельгия), құқық қорғаушылардың, журналистердің,

адвокаттардың жəне БАҚ бостандығына шектеудің ахуалы (Норвегия), саны

жағынан аз дін өкілдерімен жөнсіз қарым-қатынас (АҚШ), азаптауды

қолданғаны үшін жауапкершілікке тарту тетігінің жоқтығы, Интернетке

бақылауды қатайтатын заңнаманың қабылдануы (Ұлыбритания),

сотталғандарға азаптау мен қатыгездік қарым-қатынас жағдайлары, жала

Page 9: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

9

жапқаны үшін қылмыстық қудалау жəне жиналу құқығы туралы шектеуші

заңнама (Австралия), түрмелердегі ахуалдар, өз ойларын білдіру

бостандықтары, саяси партиялардың жағдайлары жəне əйелдерге қатысты

зорлық-зомбылықтың кең таралуы (Словения) жағдайлары бойынша

алаңдаушылықтарын білдірді.

ƏКШ шеңберіндегі ұлттық баяндаманы қорғауға қатысқан Жұмыс тобы

128 ұсынымның қалған 26-сын пысықтауды жалғастырды. 2010 жылғы

мамырдың ортасында бұл ұсынымдар бойынша жауаптар ҚР СІМ арқылы

АҚК ƏКШ Жұмыс тобына жіберілді.

2010 жылғы маусымның 9 мен 10 аралығында Женевада Қазақстан

Республикасы Əділет министрлігінің жауапты хатшысы М.Бекетаев бастаған

қазақстандық делегация 2010 жылғы 12 ақпандағы БҰҰ АҚК Əмбебап

кезеңдік (мерзімдік) шолу (ƏКШ) шеберінде адам құқықтары жөніндегі

ұлттық баяндаманы қарау нəтижелері бойынша дайындалған БҰҰ Адам

құқықтары жөніндегі кеңесі (БҰҰ АҚК) ƏКШ Жұмыс тобы баяндамасының

жобасын талқылауға жəне бекітуге қатысты.

Бұрындары хабарланғандай, Қазақстан бойынша ƏКШ барысында сөз

сөйлеуге жазылған 72 мемлекеттің 54-і сөз сөйледі. Олар ұсынған 128 ұсыным

2010 жылғы 16 ақпанда қабылданған БҰҰ АҚК Жұмыс тобының қорытынды

баяндамасының жобасына енді. 112 ұсынымға Қазақстан делегациясы ұлттық

баяндаманы қорғау барысында дəйекті жауаптар берді. БҰҰ АҚК

процедураларына сəйкес ƏКШ шеңберінде ұлттық баяндаманы қорғауға

қатысқан жұмыс тобы Женевадан қайтып оралған соң қалған 26 ұсынымды

пысықтап, мүдделі мемлекеттік органдармен келісті.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Жұмыс тобы баяндамасының

жобасын талқылау барысында қазақстандық делегация жетекшісі өз

баяндамасында 26 ұсынымның 19-ы қарауға қабылданғанын, ал 7-уі қабыл-

данбағанын атап өтті.

Қазақстан делегациясы БҰҰ қатысушы мемлекеттердің мына

ұсынымдарын дəлелді түрде қабылдамады:

Қазақстан Республикасының Барлық мигрант еңбекшілер мен олардың

отбасылары мүшелерінің құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық

конвенцияны ратификациялауы (Алжирдің ұсынымы);

Қазақстан Республикасының Сексуалдық бағдар мен гендерлік

сəйкестілік туралы декларацияға қосылуы (Франция);

Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық соттың Римдік

мəртебесін ратификациялауы (Словения);

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі үшін Əмбебап кезеңдік шолу

ұсынымдарына сəйкес кейінгі қызмет мəселелері бойынша жыл сайынғы

брифинг өткізу (Венгрия);

2005 жылы қабылдаған ҚР Əкімшілік кодексіне экстремизмді жою жəне

ұлттық қауіпсіздікті нығайту мақсатында енгізілген діни топтарды тіркеу

жөніндегі талаптардың күшін жою туралы, сондай-ақ діни сенім

бостандықтарының жəне діни бірлестіктерді тіркеу кезіндегі кемсітпейтін

Page 10: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

10

құқықтық жүйенің тиімді кепілдіктерін беру мақсатында «Діни сенім

бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңның қағидаларына шолу

жүргізу (Мексика);

Конституция мен халықаралық нормаларды сақтау үшін дəстүрлі емес

деп саналатын діндерді қоса алғанда конфессияаралық жарасымға жəрдемдесу

үшін діни топтарды тіркеу ережелерін қарау жəне шаралар қабылдау

(Норвегия);

Интернетте таратқан жаласы үшін қылмыстық заңнаманы қолдануды

болдырмау, сондай-ақ саяси мəселелерге қатысты ой-пікірлерін білдіру

еркіндігін жəне баспасөз бостандығын нығайту үшін Ақпараттық-

коммуникациялық желілер туралы Заңға түзетуді қайта қарау туралы

(Испания).

Қазақстандық делегация жетекшісінің 8 минуттық баяндамасынан кейін

(БҰҰ АҚК белгіленген процедураларына сəйкес делегацияға 20 минут, ал

БҰҰ-ға қатысушы мемлекеттерге жəне ЭКОСОС-та аккредитацияланған

халықаралық ҮЕҰ-ға – 40 минут беріледі) Бахреин, Алжир, Өзбекстан,

Пакистан, Малайзия, Индонезия, Катар, Белоруссия, АҚШ, Ирак, Норвегия,

Ресей Федерациясы делегациялары, сондай-ақ «Human Rights Watch»,

«International Federation for Human Rights Leagues», «Amnesty International»,

«Interfaith International», «Reporters Without Borders», «European Region of the

International Lesbian and Gay Federation» халықаралық ҮЕҰ өкілдері сөз

сөйледі.

БҰҰ-ға қатысушы мемлекеттер өз сөздерінде Қазақстанның ƏКШ

процесіне жоғары дайындық деңгейін жəне мемлекеттің ұлттық құқық қорғау

жүйесін одан əрі жетілдіруге мүдделілігін атап өтті.

Қазақстанның азаматтық жəне саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне

мəдени құқықтарды ілгерілету ісінде қол жеткізген елеулі прогресі атап

өтілді. Ұсынымдардың көп бөлігі жүргізіліп жатқан құқықтық саясат пен

жүзеге асырып жатқан реформаларды жалғастыруға тілек білдіру ретінде

айтылған. Атап айтқанда, мемлекеттің ұлтаралық жəне конфессияаралық

келісімді, азаматтардың білім алу құқығын қамтамасыз ету жөніндегі

саясатына, əйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі нақты

қадамдарына, құқықтық жүйені одан əрі дамыту ниеттеріне жоғары берілді.

Қазақстанда 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан

Республикасындағы Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл

жоспарының əзірленуі мен іске асырылуы тудырған оң резонансты ерекше

атап өткен жөн. Сөз сөйлеген 12 мемлекет делегацияларының 10-ы

қазақстандық Ұлттық іс-қимыл жоспарының қағидаларына жоғары баға берді.

4 мемлекеттің делегациясы Ұлттық іс-қимыл жоспары ұсынымдарының сəтті

іске асырылуына тілек білдірді (АҚШ, Норвегия, Бахреин, Индонезия).

Сонымен бірге, бірқатар елдер мен ЭКОСОС-та аккредитацияланған

халықаралық ҮЕҰ өкілдері өз позицияларын тұжырымдау кезінде ҚР Адам

құқықтары жөніндегі уəкіл (Ұлттық Омбудсмен) институты қызметінің БҰҰ

жалпыға бірдей танылған Париж принциптеріне сəйкес келмеуі (Пакистан,

Page 11: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

11

Индонезия, «Human Rights Watch»), құқық қорғаушылардың, журналистердің,

адвокаттардың жəне БАҚ бостандығына шектеудің ахуалы (Норвегия,

«Human Rights Watch», «Reporters Without Borders»), аз дін өкілдерімен жөнсіз

қарым-қатынас (АҚШ, Норвегия), айыпталушылар мен сотталғандарға

азаптау мен қатыгездік қарым-қатынас жағдайлары, жала жапқаны үшін

қылмыстық қудалау жəне жиналу құқығы туралы шектеуші заңнама (АҚШ,

«Amnesty International»), сексуалдық жағынан аз топтардың құқықтарының

бұзылуы («European Region of the International Lesbian and Gay Federation»)

жағдайлары бойынша тағы да алаңдаушылықтарын білдірді.

АҚШ пен «Human Rights Watch» өкілдері өз сөздерінде Қазақстан

Республикасы сот органдарының Е.Жовтисті, Р.Есіркеповті М.Жəкішевті

соттау фактілерін атап өтті.

ƏКШ шеңберінде адам құқықтары жөніндегі ұлттық баяндаманы қарау

нəтижелері бойынша дайындалған БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі

Жұмыс тобы баяндамасының жобасын талқылау барысында айтылған

сұрақтарға Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Т.Əбішев

дəйекті жауаптар берді.

Талқылау нəтижелері бойынша БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі

ƏКШ шеңберінде адам құқықтары жөніндегі ұлттық баяндаманы қарау

нəтижелері бойынша айтылған ескертулерді жəне қазақстандық делегацияның

ұсыныстарын ескере отырып дайындалған БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі

кеңесі Жұмыс тобы баяндамасын бекітті.

Үкімет ƏКШ ұсынымдарын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын

əзірледі жəне қазіргі уақытта ҚР Əділет министрлігі мүдделі мемлекеттік

органдар мен ҮЕҰ қатысуымен ƏКШ ұсынымдарын кезең-кезеңімен іске

асырумен айналысуда.

Нəсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы

халықаралық конвенцияның ережелерін орындау

жөніндегі ұлттық баяндаманы қорғау нəтижелері туралы

2010 жылғы 26 ақпан мен 1 наурыз аралығындағы кезеңде БҰҰ

Нəсілдік кемсітуді жою жөніндегі комитетінің (бұдан əрі – БҰҰ Комитеті)

76 сессиясы шеңберінде қазақстандық делегация Нəсілдік кемсітудің барлық

нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның ережелерін орындау

жөніндегі біріккен төртінші жəне бесінші ұлттық баяндаманы сəтті қорғап

шықты.

БҰҰ Комитетінің Төрағасы Анвар Кемаль мырза (Пəкістан) отырысты

ашты, сонан соң ҚР делегациясының жетекшісі, сол кездегі Мəдениет жəне

ақпарат вице-министрі Ғ.Телебаев баяндама жасады.

Ғ.Телебаевтан соң БҰҰ Комитетінің Қазақстан жөніндегі арнайы

баяндамашысы Ион Диакон мырза (Румыния) баяндама жасады.

Отырыстың бірінші күні БҰҰ Комитетінің сарапшылары қазақстандық

делегация мүшелеріне 45-тен астам сұрақ қойды. Сол күні БҰҰ Комитеті

Page 12: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

12

сарапшыларының (Нигерия, Румыния жəне Ресей) бірқатар сұрақтарына Адам

құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері толық жауап берді.

Демалыс күндері (27-28 ақпан) делегация мүшелері қалған 40 сұраққа

жауап дайындады.

2010 жылғы 1 наурызда үш сағаттық интерактивті диалог барысында

қазақстандық делегация мүшелері БҰҰ сарапшыларының баяндаманы

қорғаудың бірінші күнінде жəне екінші күнінде берген сұрақтарының

барлығына жауап берді.

БҰҰ сарапшылары өз сөздерінде Қазақстанның ұлттық баяндаманы

қорғауға дайындығының жоғары деңгейін атап өтті.

Қазақстанның аз ұлттар құқықтарын қорғауды ілгерілету ісіндегі қол

жеткізген елеулі прогресі атап өтілді. Атап айтқанда, мемлекеттің ұлтаралық

жəне конфессияаралық келісімді, аз ұлт өкілдерінің бірігу, білім алу

құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ олардың əлеуметтік-

экономикалық жəне мəдени құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі саясатына

жоғары баға берілді. Сол сияқты Қазақстан халқы Ассамблеясы

институтының қызметіне, 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан

Республикасындағы Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл

жоспарының ережелеріне оң баға берілді.

БҰҰ сарапшыларын тіл, көші-қон саясатының, нəсілдік кемсітудің

профилактикасы саласындағы құқық қорғау практикасының мəселелері,

сондай-ақ Ақтау қаласында, Маловодныйда, Майлыбайда, Шелекте жəне

Маятаста орын алған жанжалдар қызықтырды.

Сонымен бірге, бірқатар сарапшылар ҚР Адам құқықтары жөніндегі

уəкіл (Ұлттық Омбудсмен) институты қызметінің БҰҰ жалпыға бірдей

танылған Париж принциптеріне сəйкес келмеуі (Ирландия, Франция), аз дін

өкілдерімен жөнсіз қарым-қатынас (Франция, Ұлыбритания), нəсілдік кемсіту

көріністеріне қарсы күрес жөніндегі жеке заңның жоқтығы, сондай-ақ ҚР

Қылмыстық кодексі мен Əкімшілік кодексінде ұлттық алауыздық тудырғаны

жəне нəсілдік артықшылықты насихаттағаны үшін тиісінше қылмыстық не

болмаса əкімшілік жауаптылықты көздейтін жеке баптың жоқтығы (Франция,

Ирландия, Румыния, Ұлыбритания) жағдайлары бойынша

алаңдаушылықтарын білдірді. Қазақстандық делегация мүшелері БҰҰ

сарапшылары қойған барлық сұрақтарға дəйекті жауаптар берді.

Үкімет БҰҰ Нəсілдік кемсітуді жою жөніндегі комитетінің Нəсілдік

кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның

ережелерін орындау жөніндегі біріккен төртінші жəне бесінші ұлттық

баяндаманы қарау нəтижелері бойынша ұсынымдарын іске асыру жөніндегі

Іс-шаралар жоспарын бекітті. Қазіргі уақытта Мəдениет министрлігі мүдделі

мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ қатысуымен БҰҰ Комитеті ұсынымдарын

кезең-кезеңімен іске асырумен айналысуда.

Page 13: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

13

Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы

халықаралық пактінің ережелерін орындау жөніндегі

ұлттық баяндаманы қорғау нəтижелері туралы

2010 жылғы мамырдың 10 мен 11 аралығындағы кезеңде Женевада

БҰҰ Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар жөніндегі комитетінің

(бұдан əрі – БҰҰ Комитеті) 44 сессиясы шеңберінде қазақстандық делегация

Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы халықаралық

пактінің (бұдан əрі – Халықаралық пакт) ережелерін орындау жөніндегі

бірінші ұлттық баяндаманы сəтті қорғап шықты.

БҰҰ Комитетінің Төрағасы Хайме Маршан Ромеро мырза (Эквадор)

отырысты ашты, сонан соң ҚР делегациясының жетекшісі, Еңбек жəне

халықты əлеуметтік қорғау вице-министрі Ə.Нүсіпова баяндама жасады.

Бірінші күні ұлттық баяндаманы қорғау Қазақстан делегациясымен үш

сағаттық интерактивті диалог нысанында өтті, оған Женева Халықаралық

құқық академиясының студенттері мен ҮЕҰ өкілдері сөз сөйлеу жəне дауыс

беру құқығынсыз бақылаушы ретінде жіберілді.

Делегация жетекшісінің баяндамасы аяқталған соң БҰҰ Комитеті

сарапшылары сөз сөйлеп, адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі

бойынша, сондай-ақ Халықаралық пактінің 1 – 5 баптары бойынша 30-дан

астам сұрақ қойды. Қазақстан делегациясы сол күннің өзінде-ақ қойылған

сұрақтарға жауап берді.

2010 жылғы 11 мамырда алты сағаттық интерактивтік диалог

барысында БҰҰ Комитеті сарапшылары адам құқықтарын қорғау

саласындағы мемлекеттік құқықтық саясат бойынша, сондай-ақ Халықаралық

пактінің 6 - 9, 10 - 12, 13-15 баптары бойынша 50-ден астам сұрақ қойды.

Делегация мүшелері қайталанатын сұрақтарды алдын ала топтастырып, БҰҰ

сарапшыларының баяндаманы қорғаудың бірінші күнінде жəне екінші

күнінде берген барлық сұрақтарына жауап берді.

БҰҰ Комитеті сарапшылары өз сөздерінде Қазақстанның Халықаралық

пактінің ережелерін іске асыру жөніндегі бірінші ұлттық баяндаманы қорғауға

дайындығының жоғары деңгейін атап өтті. Атап айтқанда, БҰҰ Комитетінің

Төрағасы Х.Ромеро мырза (Эквадор) Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық

саладағы табыстарын атап өтті жəне Қазақстанның БҰҰ Комитетінің

қарауына ұлттық баяндаманы БҰҰ-ға қатысушы басқа мемлекеттермен

салыстырғанда өз мерзімінде ұсыну фактісін ерекше атап өтті.

Комитет Төрағасының орынбасары Виргиния Боноан-Дандан ханым

(Филиппин Республикасы) өз сөзінде қазақстандық делегация мүшелеріне

адамның əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени құқықтарын қорғау жəне іске

асыру саласындағы Қазақстанның сəтті жетістіктерін таныстыруы жəне осы

салалардағы жұмыс тəжірибесімен алмасуы қажеттігі туралы тілектерін

білдірді.

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени құқықтарды

ілгерілету ісінде қол жеткізген елеулі прогресі атап өтілді. Атап айтқанда,

Page 14: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

14

мемлекеттің ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімді, азаматтардың

əлеуметтік қамсыздандыру, білім алу құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі

саясатына, əйелдер мен балалардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі

адамдардың жағдайын жақсарту жөніндегі нақты қадамдарына, құқықтық

жүйені одан əрі дамыту ниеттеріне жоғары берілді.

Сол сияқты Адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл

жоспарының ережелеріне, мемлекеттің əйелдер мен ерлердің тең құқықтары

мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі саясатына, дағдарыс

жағдайында елдегі əлеуметтік-экономикалық жəне саяси тұрақтылықты

қамтамасыз ету жөніндегі тиімді шараларына оң баға берілді.

БҰҰ сарапшыларын экономикалық, əлеуметтік, мəдени жəне тілдік

саясат, азаматтардың əлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету

саласындағы құқық қолдану практикасы мəселелері қызықтырды.

Сонымен бірге, бірқатар сарапшылар ҚР Адам құқықтары жөніндегі

уəкіл (Ұлттық Омбудсмен) институты қызметінің БҰҰ жалпыға бірдей

танылған Париж принциптеріне сəйкес келмеуі (Маврикий, Германия,

Франция, Польша, Нидерландия, Коста-Рика), сот органдарының нақты істі

қараған кезде Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы

халықаралық пактінің нормаларын қолданбауы (Камерун, Польша,

Нидерланды, Филиппин), жеке кемсітуге қарсы заңнаманың жоқтығы

(Иордания), сот органдарының тəуелсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз ету

мəселелері (Маврикий, Камерун, Колумбия, Польша, Нидерландия),

Конституция нормаларының Қазақстан ратификациялаған адам құқықтары

саласындағы халықаралық шарттар нормаларынан басым тұруы (Польша,

Камерун, Иордания, Нидерландия, Франция), əйелдер мен балаларға қатысты

тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жəне «Тұрмыстық зорлық-

зомбылықтың профилактикасы туралы» ҚР Заңын іске асыру мəселелері

жөніндегі превентивті тетіктер (Польша, Германия, Египет), əйелдер саудасы

фактілері (Иордания, Коста-Рика), еңбек мигранттары мен азаматтығы жоқ

адамдардың ахуалы (Франция, Алжир), шалғай ауылдар мен селолардың

халқын ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ Арал теңізін қалпына келтіру

проблемалары (Португалия, Германия, Колумбия) жағдайлары бойынша

алаңдаушылықтарын білдірді. Қазақстандық делегация мүшелері БҰҰ

Комитеті сарапшылары қойған барлық сұрақтарға дəйекті жауаптар берді.

Үкімет БҰҰ Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар

жөніндегі комитетінің Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар

туралы халықаралық конвенцияның ережелерін орындау жөніндегі ұлттық

баяндаманы қарау нəтижелері бойынша ұсынымдарын іске асыру жөніндегі

Іс-шаралар жоспарын бекітті. Қазіргі уақытта Еңбек жəне халықты əлеуметтік

қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ қатысуымен БҰҰ

Комитеті ұсынымдарын кезең-кезеңімен іске асырумен айналысуда.

Page 15: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

15

Өмір сүру құқығы

Қазақстан Республикасы Конституциясы 15-бабының 1 тармағына

сəйкес əркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар. Сондықтан 2003 жылдың

17 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасында өлім жазасына

мораторий енгізу туралы» Президент Жарлығы сот-құқықтық реформасының

стратегиясын іске асыру процесінде маңызды сатысы болды, ол əлі күнге

дейін сақталуда.

2007 жылғы мамырда жүргізілген конституциялық реформа

қорытындысы бойынша өлім жазасын қолдану аясы қысқарып, оны қолдану

тек адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны

үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең

ауыр жаза ретінде заңмен белгілеумен шектелген, бұл іс жүзінде өлім жазасын

жоюға əкеп соқты.

Конституциялық реформа қылмыстық құқық саясатын одан əрі

жетілдіру үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Конституцияның 15-бабына

енгізілген өмір сүру құқығына кепілдік беретін түзету іс жүзінде бұл жазалау

түрін жояды, өйткені ол түзетуге сəйкес өлім жазасы соғыс уақытында ерекше

ауыр қылмыстар жасағаны үшін жəне адамдардың қаза болуымен байланысты

террористік қылмыстар жасағаны үшін көзделуі мүмкін. Бұл Конституцияның

онда айтылған барлық қылмыстар үшін өлім жазасы түрінде жазалауды

белгілеуге міндеттейтінін білдірмейді. Конституциялық норма өлім жазасын

қолдану аясын шектей отырып, тек оның заңмен қатаң шектелген қылмыс

тізбесі үшін белгіленуі мүмкіндігіне жол береді.

ҚР Конституциясы 15-бабы 2 тармағының (өлім жазасын қолдану

мүмкіндігінің) сақталуы адам құқықтары мен бостандықтарының

абсолюттiлігі мен ешкiм айыра алмайтынына кепілдік беретін ҚР

Конституциясы 12-бабының ережелеріне, əркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар

екендігі туралы Конституцияның 15-бабының 1 тармағына жəне өмір сүру

құқығы ешқандай да жағдайда шектеуге жатпайтындығын көрсететін

Конституцияның 39-бабының 3 тармағына қайшы келетінін атап өткен жөн.

Қылмыстық заңнамада өлім жазасы түріндегі жазалаудың болуы ҚР

Конституцияның аталған нормаларына қайшы келеді, сондай-ақ ҚР

Кылмыстық кодексі 38-бабында көрсетілген қылмыстық жазалау

мақсаттарына сай келмейді, денелік зардап шегумен байланысты, бұған Заңда

тыйым салынған.

Оның үстіне Конституцияның 12-бабында əркiмге тумысынан жазылған

абсолютті жəне ешкім айыра алмайтын Конституциямен кепілдік берілген

адам құқықтары мен бостандықтары заңдардың мазмұнын айқындайды,

сондықтан Қылмыстық кодексте (ҚК) қолдану кезінде өмір сүрудің

конституциялық құқығын бұзуға мүмкіндік беретін ҚК 49-бабы болмауға тиіс.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2006 жылғы 19 желтоқсандағы 61

сессиясында Республикамыз Еуропалық Одақтың өлім жазасын жою туралы

Мəлімдемесіне қосылды.

Page 16: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

16

Қазақстан Республикасының Конституциясы өлім жазасының

қолдануын заңнамалық негізде шектейді, бірақ өлім жазасын жоюға

бағытталған Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы Факультативтік

хаттаманы ратификациялауға кедергі жасамайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы

№858 Жарлығымен бекітілген 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге

арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы

қылмыстық заңнаманы одан əрі жетілдіруді, ішінара алғанда өлім жазасын

қолдану аясын біртіндеп тарылтуға бағытталған курсты одан əрі

жалғастыруды, қылмыстық заңнаманы ырықтандыруды, соның ішінде қоғам

үшін елеулі қауіп тудырмайтын қылмыстарды криминалсыздандыру жəне

оларды əкімшілік құқық бұзушылық санатына өткізу жолымен

ырықтандыруды, жауапкершілік пен жазадан босату негіздемелерін

кеңейтуді, соңынан осы саладағы халықаралық тəжірибені енгізу мақсатымен

зерделеуді көздейді.

Президент Əкімшілігімен келісе отырып, ҚР Əділет министрлігінің

өкілі Испания Үкіметі ұсынған Өлім жазасына қарсы халықаралық комиссия

(ӨЖХК) құрамына кірді. Əділет министрі Қазақстан Республикасы

Президенті Əкімшілігімен келісе отырып 2011 жылғы 6 қаңтарда Əділет

министрлігі Департаментінің директоры Э.Əзімованы Қазақстанның ӨЖХК-

дағы ұлттық үйлестірушісі етіп тағайындады.

Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жолымен жүйелі жүріп

келеді. Қылмыстық кодекстің жеке баптарын қылмыстық жауаптылықты

əкімшілік жауаптылықпен алмастыру жолымен криминалсыздандыру процесі

жүріп жатыр. Анықтау жəне тергеу процедурасы оңайландырылып,

тараптарды татуластыру институты енгізілуде.

Бұл жұмыстың барлығы жүйелі сипатқа ие жəне қылмыстық саясатты

ізгілендіру бағдарламасы бағыттарының бірі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, 2003 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан

Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан

Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол

қойды. Бұл Жарлыққа Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы

Конституциясының əркімнің өмір сүру құқығын бекітетін 15-бабының

1 тармағына сəйкес қол қойған, ол Қазақстан Республикасының қылмыстық

заңнаманы одан əрі ізгілендіру туралы құқықтық саясат тұжырымдамасының

қағидаларын жүзеге асыруға бағытталған жəне өлім жазасын қолдануды

шектеуге бағытталған бағдарының заңды жалғасы болып табылады.

Жарлық соттардың өлім жазасы туралы үкімді орындауды тоқтата

тұруын көздейді. Өлім жазасын заңнамалық деңгейде толық жойғанға дейін

өлім жазасына балама ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыруды енгізу

өзін-өзі ақтайды деп ойлаймыз.

Өмір бойы қамауда ұстау институтының пайда болуы соттардың өлім

жазасына кесу жағдайларын барынша азайтады, бұл өлім жазасынан толықтай

бас тарту үшін нақты алғышарттар жасайды деп ойлауға əбден негіз бар.

Page 17: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

17

Қазіргі уақытта Қазақстанның Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы

халықаралық пактінің Екінші Факультативтік хаттамасына қол қойып,

ратификациялау мүмкіндіктері туралы мəселе жəне еліміздің қылмыстық

жазалау ретіндегі өлім жазасын қолданудан толықтай бас тартуы бойынша

пікірталас жүруде. Бұл ҚР Конституциясының адам өмірі мен оны қорғаудың

ажырамас қағидасын жариялауымен тікелей байланысты.

ҚР Конституциясының 15-бабына енгізілген өзгерістер өлім жазасын

қолдану шеңберін едəуір тарылтып, бұл мəселенің түпкілікті шешілуін

заңның қарауына береді.

Өлім жазасына мораторий жарияланған сəттен бері жеті жылдан астам

уақыт өтті жəне бүгін өлім жазасынан бас тарту, дəл сол сияқты жалпы

қылмыстық саясатты ізгілендіру процесі қылмыстылықтың өршуін тудырған

жоқ, ал Қазақстандағы қылмыстық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты

күйінде қалуда. Елде мораторийдің күшін жойып, жазаны қалпына келтіруді

талап ететін қандай да бір қоғамдық қозғалыс пайда болған жоқ. Оның үстіне,

қоғамдық пікірдің өлшемдері өлім жазасына қарсы адамдар санының

мораторий енгізгеннен кейін артқанын көрсетіп отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда өлім жазасына кесілгендер жоқ. Өлім

жазасын қолдануға мораторийдің қолданылуы жалғануда жəне ол Жарлықта

атап көрсетілгеніндей өлім жазасын жою туралы мəселені шешкенге дейін

мерзімі шектелмеген.

Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің Қылмыстық-атқару

жүйесі комитетінің мəліметтері бойынша атқару жүйесі мекемелерінде өмір

бойы бас бостандығынан айыруға сотталған 86 адам жазасын өтеуде, оның 28

ақталған адамдар (3 адам аурудан қайтыс болған).

Қазақстанда өлім жазасы сияқты жазалаудан толық бас тарту мүмкін

бе? Конституциялық-құқықтық көзқарас тұрғысынан – иə. Қазақстан

Республикасының Конституциялық Кеңесі 2003 жылғы 30 қаңтардың өзінде-

ақ №10 «Қазақстан Республикасының Конституциясының 52-бабының

4 тармағына, 71-бабының 5 тармағына, 79-бабының 2 тармағына, 83-бабының

3 тармағына жəне 15-бабының 2 тармағына ресми түсініктеме беру туралы»

нормативтік қаулы қабылдады. Ата Заңның 15-бабы 2 тармағының өлім

жазасы түріндегі жазалау көзделуі мүмкін қылмыстық іс-əрекеттердің аясын

айқындайтын нормаларын түсіндіре отырып, Конституциялық Кеңес оларды

шектеуші сипатқа ие деп атап өтті. Яғни заң шығарушы қандай да бір қылмыс

үшін өлім жазасын белгілеу кезінде Конституция нормасында белгіленген

шектен шығуға құқықсыз. Сонымен бірге, конституциялық бақылау органы

көрсеткендей, 15-баптың 2 тармағында келтірілген қылмыстар үшін өлім

жазасынан басқа өзге де жазалар белгіленуі мүмкін. Бұдан келіп шығатыны,

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы ең ауыр жазаны

қолдану аясын одан əрі шектеуге немесе одан толықтай бас тартуға кедергі

жасамайды. Ол үшін Қылмыстық кодекске тиісті түзету енгізсе жеткілікті.

Page 18: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

18

Көп елдер өлім жазасын қолданудан бас тартты, олардың ішінде

дамыған Еуропа елдері де, экономика, саяси өмір, құқық тəртібі саласында

проблемалары бар елдер де бар.

Қылмыстық кодексте өлім жазасы түріндегі жазаның болуы

Қазақстандағы қылмыстық іс саясатының репрессивтілігі, ізгілікті еместігі

туралы пікірлер айтылуға сылтау болып табылады. Демек, Қылмыстық

кодекске тиісті өзгертулер енгізу қажет.

Қазақстанда соттан тыс немесе өз бетімен жазалау немесе құқық қорғау

органдары немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жасаған адамдардың

зорлықпен жойылып кету практикасы жоқ.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары

жөніндегі комиссияның көзқарасы бойынша Қазақстанның адамды, оның

өмірін, құқықтары мен бостандықтарын жоғары құндылық деп танитын БҰҰ

мен ЕҚЫҰ мүшесі ретінде Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы

Халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қол қойып,

ратификациялағаны жөн болады.

ҰСЫНЫМДАР:

1. Қазақстан Республикасында адамның жəне азаматтың құқықтарын

қорғаудың ұлттық тетіктерін жетілдіру, адам құқықтарын қорғаудың

халықаралық тетіктерін күшейту мақсатында жəне заңнамалық деңгейде өлім

жазасын толықтай жою үшін 1989 жылғы 15 желтоқсандағы Азаматтық жəне

саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің өлім жазасын жоюға

бағытталған Екінші Факультативтік хаттамасына қол қойылсын (БҰҰ Бас

Ассамблеясының 1989 жылғы 15 желтоқсандағы 44/128 қарары).

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен 49-бап алынып

тасталсын.

3. Қазақстанның Өлім жазасына қарсы халықаралық комиссиядағы

ұлттық үйлестірушісінің жұмысы жандандырылсын.

Бірлесу құқығы

Қазақстан Республикасында бірлесу құқығы Конституцияның 5 жəне 23

баптарымен, Азаматтық кодекстің 2 тарауының VII бөлімімен, коммерциялық

емес ұйымдар туралы, саяси партиялар туралы, қоғамдық бірлестіктер туралы,

кəсіподақтар туралы, діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы,

заңнаманың ұлттық қауіпсіздік пен экстремизмге қарсы əрекет ету туралы

кейбір ережелерімен, қылмыстық, əкімшілік жəне салық заңнамаларымен,

сондай-ақ бірқатар заңға тəуелді актілермен: нұсқаулықтармен, ережелермен,

қағидалармен жəне т.б. реттеледі.

Қазақстанда идеологиялық жəне саяси əралуандылық танылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық қоғамдық бірлестіктердің

заң алдында тең екенін айқындайды.

Азаматтардың еркін бірлесу құқығы (бірлесу құқығы, одақ құру

еркіндігі, əрбір адамның басқалармен қауымдасу құқығы немесе əрбір

адамның коммерциялық емес ұйымдар мен одақтарға кіру құқығы) адамның

Page 19: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

19

жəне азаматтың маңызды жəне ажырамас конституциялық құқықтарының бірі

болып табылады, оның іске асырылуы қоғам мүддесіне сай жəне мемлекеттің

қорғауында.

Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктер құру бостандығына

кепілдік береді.

Бостандық мүмкін болатын жүріс-тұрыс шарасы ретінде азаматтың

қоғамдық бірлестік қызметіне қатысуы немесе қатыспауы оның құқықтары

мен бостандықтарын шектеуге негіз бола алмайтынымен де қамтамасыз

етілген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда азаматтық қоғам институттарының –

үкіметтік емес ұйымдардың, соның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен саяси

партиялардың дамуы үшін барлық қажетті құқықтық жəне саяси жағдайлар

жасалған.

Азаматтық қоғамның маңызды сегменті – үкіметтік емес ұйымдар едəуір

нығайды. Егер де тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде үкіметтік емес

ұйымдар іс жүзінде жоқ болған болса, ал қазір тіркелген үкіметтік емес жəне

коммерциялық емес ұйымдардың саны 18 мыңнан асады. Тендер негізінде

іріктелген бұл ұйымдардың мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты іске асыруы

үшін мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 13 млн.-нан астам АҚШ доллары

бөлінеді.

Бүгінгі таңда азаматтық бастамалар қоғам өмірінің барлық салаларында

көрініс табуда, қоғамдық бірлестіктер қоғам мүдделерінің кең ауқымын

танытады.

Қоғамдық бiрлестiктер азаматтардың экономикалық, саяси, əлеуметтiк

жəне мəдени құқықтары мен бостандықтарын iске асыру мен қорғау,

белсендiлiгi мен ынталылығын дамыту; кəсiби жəне əуесқойлық мүдделерiн

қанағаттандыру, ғылыми, техникалық жəне көркем шығармашылығын дамыту,

адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау;

қайырымдылық қызметке қатысу; мəдени-ағарту, спорт-сауықтыру

жұмыстарын жүргiзу; тарих жəне мəдениет ескерткiштерiн қорғау; патриоттық

жəне адамгершiлiк тəрбие беру; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жəне

нығайту; Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де

қызметтi жүзеге асыру мақсаттарында құрылады.

1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан

Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы азаматтарының еркін бірлесу

құқықтарын іске асыруымен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің

құрылуымен, қызметімен, қайта құрылуымен жəне жойылуымен байланысты

туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

2010 жылы əділет органдарына мемлекеттік тіркеуге 720 өтініш келіп

түсті, оның ішінде 210 заңды тұлғаға қатысты тіркеуден бас тартылды.

Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестік деп саяси партиялар,

кəсіптік одақтар жəне азаматтардың заңнамаға қайшы келмейтін ортақ

мақсатқа қол жеткізу үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері

танылады.

Page 20: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

20

2002 жылғы 15 шілдедегі «Саяси партиялар туралы» Қазақстан

Республикасының Заңы саяси партиялар құрудың құқықтық негіздерін,

олардың құқықтары мен міндеттерін, қызметінің кепілдіктерін айқындайды,

саяси партиялардың мемлекеттік органдармен жəне басқа да ұйымдармен

қатынасын реттейді.

Заңның 3-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының азаматтары саяси

партияларға еркін бірлесу құқығына ие.

Демократиялық қоғамда саяси партиялар арнайы функциялар жəне ең

алдымен əртүрлі əлеуметтік топтардың мүдделерін таныту функциясын

орындайтын институт болып табылады əрі сол арқылы қоғамдағы саяси

плюрализмді іске асырады.

Саяси партиялардың негізгі мақсаттары қоғамдық пікірді қалыптастыру;

азаматтарға саяси білім жəне тəрбие беру; азаматтардың қоғам өмірінің кез

келген мəселелері жөніндегі пікірлерін білдіру, бұл пікірлерді жұртшылық

қауым мен мемлекеттік билік органдарына жеткізу болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының аумағында Əділет

министрлігі белгіленген тəртіппен тіркеген 10 саяси партия қызмет етеді.

****

Бірлесу құқығының кепілдіктері адам құқықтары жөніндегі негізгі

халықаралық құжаттарда – Адам құқықтарының жалпыға бірдей

декларациясында (20-бап), Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы

халықаралық пактіде (22-бап), көптеген БҰҰ-ның конвенцияларында жəне

адам құқықтары жөніндегі өңірлік құжаттарда бар.

Бірлесу құқығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерге қатысты

бірқатар қағидалар ЕҚЫҰ кеңестерінде қабылданған осы ұйымның

құжаттарында бар.

Қазақстан Республикасы Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы

халықаралық пактіні ратификациялады, ал БҰҰ-на жəне ЕҚЫҰ-на кірген

кезде өзіне адамның құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде бірлесу

құқығын сақтауға белгілі бір міндеттемелер алды.

Бұл міндеттемелер Конституция мен ұлттық заңнамада бірлесу құқығын

бекітіп қою ғана емес, сонымен қатар оның бұл құқықты қазіргі заманғы

баяндалуын, оның реттелуі мен заңдылығын, енгізілетін шектеулердің

негізділігі мен мөлшерлестігін қабылдауда.

Осылайша əңгіме бірлесу құқығына кепілдік берудің саяси міндеттемесі

туралы ғана емес, сонымен бірге бұл міндеттеменің нақты жағдайда қалай

жүзеге асатыны туралы да болып отыр.

1. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің

құқықтық жағдайының мəселелері

ҚР Конституциясының 23-бабының 1 тармағы Қазақстан Республикасы

азаматтарының еркін бірлесу құқығы бар деп белгілейді. Қоғамдық

бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі.

Page 21: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

21

Егер де осы тармақтың бірінші сөйлемінің мағынасын қатаң қабылдар

болсақ, ҚР Конституциясы толықтай халықаралық құқықтарға сəйкес

азаматтың қоғамдық бірлестік құру мақсатында басқа азаматтармен бірігуі

құқығына кепілдік береді.

Алайда, ҚР Конституциясының 23-бабы 1 тармағының екінші сөйлемі-

нің мағынасына жəне 5-бабына орай бірлесудің бір нысаны ғана – қызметі

заңмен реттелетін қоғамдық бірлестіктер ғана конституциялық түрде

бекітілген.

ҚР Конституциясының 5-бабына сəйкес мақсаты немесе iс-əрекетi

Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның

тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, əлеуметтiк,

нəсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық жəне рулық араздықты қоздыруға

бағытталған қоғамдық бiрлестiктер құруға жəне олардың қызметiне, сондай-

ақ заңдарда көзделмеген əскерилендiрiлген құрамалар құруға тыйым

салынады.

Осыған ұқсас тыйымдар 1996 жылғы 31 мамырдағы Қоғамдық

бірлестіктер туралы (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) заңның 5-

бабында бар, бірақ бұл жерде оған қоса тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің

қызметіне тыйым салынған.

Растау үшін, мəселен, Еуропалық Кеңестің Министрлер Кеңесі

Комитетінің 2003 жылғы 16 сəуірдегі Шешімімен қолдау көрсетілген

«Еуропадағы үкіметтік емес ұйымдар мəртебесінің негізгі принциптері»

(бұдан əрі – Негізгі принциптер) атты құжатқа қарайық.

Еуропаның барлық дерлік елдері Еуропадағы қауіпсіздік жəне

ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қатысушылары болып табылатынын

ескерсек, іс жүзінде бұл құжат ЕҚЫҰ шеңберіндегі міндеттемелерге

енгізілген бірлесу құқығының халықаралық стандарттарының түсінігін

айқындайды.

Осы құжатқа сəйкес «ҮЕҰ» деп қауымдастықтар, одақтар, қоғамдық

бірлестіктер, қорлар, қайырымдылық қоғамдары, коммерциялық емес

ұйымдар жəне т.б. айтылады. ҮЕҰ қызметінің аясы да əралуан, өйткені ҮЕҰ –

мысалға, селолық шахмат клубы сияқты бірнеше мүшесі бар жергілікті шағын

ұйым да болуы мүмкін, əрі дүние жүзіне танымал, ішінара алғанда құқық

қорғау қызметімен айналысатын халықаралық қауымдастықтар да болуы

мүмкін. Негізгі принциптердің мəтінінде ҮЕҰ əр түрінің мысалдары

келтіріледі, алайда бұл тізбе толыққанды емес. Оған кəсіподақтар мен діни

бірлестіктер кірмейді. Кейбір елдерде бұл құрылымдардың барлығы немесе

олардың кейбіреулері қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманың қолданылу

аясына жатады, ал басқа елдерде олар жеке заңдардың шеңберінде əрекет

етеді. Саяси партиялар ҮЕҰ-ға жатпайды.

Негізгі принциптердің 4 тармағында көрсетілгеніндей, ҮЕҰ негізгі

сипаттамасы – олардың басты мақсаттарының ішінде табыс табудың жоқтығы

болып табылады. Барша ҮЕҰ үшін жалпы ерекшелік - өзін-өзі басқаруы жəне

еріктілігі.

Page 22: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

22

Аталған құжаттың 5 тармағы ҮЕҰ тіркелуінің міндеттілігі көзқарасы

тұрғысынан өте маңызды: «ҮЕҰ бейресми ұйым да болуы мүмкін жəне құқық

субъектілігіне ие құрылым да болуы мүмкін. ҮЕҰ алатын қаржылық жəне

өзге де қолдау түріндегі айырмашылықтарды көрсету мақсатында құқық

субъектілігіне қоса олар ұлттық заңнамаға сəйкес əртүрлі мəртебелерді

пайдалана алады».

Яғни əңгіме құқық субъектілігін алғысы келмейтін ҮЕҰ мен заңды

тұлға мəртебесіне ие ҮЕҰ арасындағы айырмашылықтар туралы. Көптеген

елдердің заңнамасындағы сияқты, Принциптердің мəтінінде тек құқық

субъектілігі бар ҮЕҰ-ға ғана қатысты бірқатар ережелер бар. Дегенмен де

құжатта ҮЕҰ өз қызметін мұндай мəртебе алмай-ақ жүзеге асыруға құқылы

болатын принцип мойындалады. Бұл ретте мұның ұлттық заңнамада да

бекітілгені маңызды екендігі атап өтіледі.

Осылайша, бұл Принциптер еуропалық мемлекеттер үшін ортақ

болғандықтан барлық еуропалық елдерде ҮЕҰ ресми жəне бейресми ұйымдар

бола алады деп мойындалады.

Жоғарыда айтылғандай, қазақстандық заңнамада тіркелмеген қоғамдық

бірлестіктердің қызметіне тыйым салынады, бұл заң саласындағы терминдер

мен түсініктерді пайдалануда белгілі бір проблемалар туғызады.

Біріншіден, қоғамдық бірлестік – бұл коммерциялық емес ұйымның

ұйымдық-құқықтық нысанының бірі, ол өз кезегінде заңды тұлғалардың бір

түрі болып табылады (1994 жылғы ҚР Азаматтық кодексі, 34-бап). Бұл

құқықтық мəртебе. Əділет органдарында тіркелгенге дейін қоғамдық бірлестік

заңгерлік тұрғыдан жоқ боп саналады, тек коммерциялық емес ұйым түрінде

жəне қоғамдық бірлестік ұйымдық-құқықтық нысанда заңды тұлғаның

құқықтық субъектілігін алуға үміткер азаматтардың тобы ғана бар. Яғни

азаматтар тобы өздерін комитет, кеңес, клуб, қоғамдық ұйым деп жəне т.б.

атағанымен бұл əлі оның қоғамдық бірлестік екенін білдірмейді.

Екіншіден, неге екені белгісіз, заңнамада тек тіркелмеген қоғамдық

бірлестікті құруға жəне қызмет етуіне тыйым салынған, əйтсе де

коммерциялық емес ұйымдардың ішінде мекеме, қоғамдық қор жəне т.б.

сияқты ұйымдық-құқықтық нысандар бар.

Үшіншіден, егер де тіркелмеген қоғамдық бірлестіктерді құруға жəне

қызметіне тыйым салынар болса, онда бұл мүшелері он немесе одан көп

ұйымдарға қатысты ма (қазақстандық заңнама бойынша қоғамдық бірлестік

құру үшін бастамашы азаматтардың ең аз саны), əлде мүшелерінің саны

аздарына қатысты ма, сол жағы түсініксіз. Мысалға, төрағасымен қоса алғанда

бес адамнан тұратын ауланы тазарту жөніндегі қоғамдық комитеттің заңды

немесе заңсыз екендігі туралы сұрақ туады. Сонымен қатар, қайсы бір

бірлестіктің заңда белгіленген рəсімге сəйкес тіркелмеген болса, оның

заңгерлік тұрғыдан бірлестік болғанын қалай анықтау жағы түсініксіз.

Осылайша, мынандай қорытынды жасауға болады: азаматтар бірлестігін

тіркеудің міндеттілігі мен тіркеуден өтпегені себепті қызметіне жауапты

Page 23: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

23

болуы туралы құқықтық нормалар халықаралық стандарттарға сəйкес

келмейді.

Осыған байланысты ұлттық заңнаманы адам құқықтары мен

бостандықтарының халықаралық стандарттарына сəйкес келтіру үшін

адамның бірлестіктер, қауымдастықтар, соның ішінде бейресми сипаттағысын

құру немесе оларға кіру құқығын бекіту қажет.

Ол үшін азаматтардың бірлесу құқығы туралы жеке заң қабылдау қажет

(мысалға Польша Республикасының үлгісімен), не болмаса заңда көзделген

субъектілерге ҚР Конституциясының 23-бабының 1 тармағын азаматтардың

кез келген, ресми жəне бейресми нысандағы бірлесу құқығы бөлігінде

түсіндіріп беруі үшін Конституциялық кеңеске өтініш жасау қажет.

2. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық ұйымдар мүшелерінің,

ұйымдастырушыларының жəне құрылтайшыларының мəселелері

Қазақстан Республикасы 2005 жылы ратификациялаған Азаматтық жəне

саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде мынандай тұжырым бар:

«Əрбір адамның басқалармен қауымдастықтар құру ... құқығы бар».

«Əрбір» сөзінің кең ауқымды сипаты бірлесу бостандығы принципінде

азамат болып табылмайтын адамдарды да (яғни басқа мемлекеттердің

азаматтары болып табылатын адамдарды, босқындар мен азаматтығы жоқ

адамдарды, оралмандарды ) қамтиды.

Халықаралық құқық нақты мемлекеттің азаматы болып табылмайтын

(азамат емес) адамдардың саяси қызметіне кейбір шектеулер енгізу

мүмкіндігін мойындайды, бұл бірлесу құқығына да қолданылады. Алайда

саяси демократия принциптеріне, бостандық пен заңның жоғары тұруына

сəйкес келетін шектеулер ғана қолданылуға болады деп саналады. Сондықтан

саяси партияларға азамат еместердің мүше болуына тыйым салу дəйекті

болып табылады, өйткені партиялар биліктің жалпыұлттық органдарын

жасақтауға қатысады.

Негізгі принциптердің 15 тармағына сəйкес кез келген жеке немесе

заңды тұлға, елдің азаматы немесе шетелдік, не болмаса сондай адамдардың

тобы еркін түрде ҮЕҰ құруға құқылы болуға тиіс. Бұл ретте Негізгі

принциптерге түсіндірме жазбада шетелдік азаматтар үшін ҮЕҰ құру

құқығын шектеуге ешқандай негіздеме болуға тиіс емес деп көрсетілген.

Əрине, мұның жоғарыда атап өтілгендей ҮЕҰ болып табылатын саяси

партияларға қатысы жоқ.

Осылайша, адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттардың

ережелері мен шетелдік тəжірибеге орай мынандай қорытынды жасауға

болады: шетелдік азаматтар, босқындар мен азаматтығы жоқ адамдар,

оралмандар үшін коммерциялық емес ұйымдар құруда, мүшелігінде жəне

қызметіне қатысуында олардың саяси қызметінің (атап айтқанда саяси

партиялардың қызметіне қатысудың, сайлау науқандарын қаржыландырудың

Page 24: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

24

жəне т.б.) кейбір шектеулерінен басқа ешқандай шектеу жоқ. Сонымен қатар,

азамат еместер үшін коммерциялық емес ұйымға немесе оның филиалына

(өкілдігіне) басшылық жасау құқығына шектеулер жоқ.

3. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық ұйымдарды тіркеу

мəселелері

Жоғарыда атап өтілгеніндей, халықаралық стандарттарға жəне əлемнің

көптеген елдерінің тəжірибесіне сəйкес ҮЕҰ заңды тұлға мəртебесін алып та,

алмай да жұмыс істей береді.

Дегенменде, ҮЕҰ көпшілігі мұндай мəртебені (коммерциялық емес

ұйым түрінде) алғанды қалайды, өйткені бұл оларға салық жеңілдіктерін,

мемлекеттің қолдауын алуға мүмкіндік береді жəне жалпы қызметін

жеңілдетеді.

Негізгі принциптерде кез келген жеке немесе заңды тұлға, елдің азаматы

немесе шетелдік, не болмаса осындай адамдардың тобы ҮЕҰ еркін құруға

құқылы болуға тиіс деп көрсетілген. Екі немесе одан көп адам мүшелік

принципіне негізделген ҮЕҰ құруға құқылы болуға тиіс. Заңды тұлға

мəртебесін алу үшін мүшелердің саны көп болуы талап етілуі мүмкін, алайда

ол ҮЕҰ құруға кедергі жасайтын деңгейде болмауға тиіс. Кез келген адам

мұра ету немесе сыйлау жолымен ҮЕҰ құру құқығына ие болуға тиіс, əдетте

оның нəтижесінде қор немесе траст құрылады.

Негізгі принциптерге Түсіндірме жазбада ҮЕҰ құруға қажетті

адамдардың ең аз саны туралы мəселе осы құжатты дайындау барысында ұзақ

уақыт бойы талқыланды, өйткені əртүрлі елдердің заңдарында бұл сан өзгеріп

отырады деп нақтыланған. Кейбір елдерде бұл үшін бір адам жеткілікті; басқа

елдерде заңда жоғарырақ деңгей белгіленеді – екі, үш немесе бес адам, тіпті

одан да көп. Түптеп келгенде бейресми ұйымдар мен құқық субъектілігін

алғысы келетін ұйымдар арасындағы айырмашылықты айқындауға шешім

қабылданды. Бірінші жағдайда мүшелік принципіне негізделген ҮЕҰ құру

үшін екі адам жеткілікті, ал құқық субъектілігін алу үшін мүшелерінің саны

көп болуы талап етілуі мүмкін. Бірақ бұл жағдайда берілген сан өзінің

мөлшері жағынан ұйымды құруға кедергі жасамауға тиіс.

Заңды тұлға мəртебесін алып ұйым құру жөніндегі процедураның өзі

Еуропалық одақ елдері арасында əртүрлі. Ұйымдар заңды тұлға мəртебесін

жариялау (өзінің құрылғаны туралы мəлімдеме), оның жарғысын нотариалдық

куəландыру, құзырлы органды хабардар ету немесе тіркеу нəтижесінде алуы

мүмкін.

Қазақстанда заңды тұлға мəртебесін алуды тіркеу жүйесі бар.

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеуге қатысты айтар болсақ, ҚР

заңнамасы ҮЕҰ-дың тіркелмей (заңды тұлға мəртебесін алмай) жұмыс

істеуіне тікелей тыйым салмайды. Мұндай тікелей тыйым салу, жоғарыда атап

өтілгеніндей, тек қоғамдық бірлестіктерге қатысты белгіленген.

Page 25: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

25

Алайда əділет жəне прокуратура органдарының құқық қолдану

практикасынан келіп шығатын бірқатар жағдайда азаматтар тобы құрған

қоғамдық бірлестік мəртебесін алуды талап етпейтін жəне заңды тұлға

мəртебесін алмаған ҮЕҰ тіркелмеген қоғамдық бірлестік ретінде

қарастырылады жəне оның ұйымдастырушылары əкімшілік жауапкершілікке

тартылады. Осыған ұқсас проблемалар тіркелмеген діни бірлестіктерде де

пайда болады.

Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды тіркеудің рұқсат беру

тəртібі белгіленгенін атап өткен жөн. Республикадағы бұл тəртіп мемлекеттің

ұйымды егер де оның құрылтайшылары мұндай ұйымды құруға қойылатын

заңнаманың барлық тиісті талаптарын орындаған жағдайда тіркеу міндетін

көздейді.

Қазақстанда заңды тұлға мəртебесін алу процедурасының өзі мен

процедураға қойылатын талаптар заңды тұлғаларды тіркеу туралы Заңда (1995

жылы қабылданған) жəне Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу ережелерінде

(1999 жылы қабылданған) белгіленген.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты қазақстандық заңнаманы адам

құқықтары мен бостандықтарының халықаралық стандарттарына сəйкес

келтіру үшін коммерциялық емес ұйымдардың заңды тұлға мəртебесін алуы

саласында мыналар атқарылуы қажет:

заңнама мен практикада коммерциялық емес заңды тұлғаларды

тіркеудің оңайлатылған тəртібін қамтамасыз ету;

коммерциялық емес ұйымдар үшін олардың заңды тұлға мəртебесін

алуын жеңілдету жəне азаматтық қоғамды дамытуға жəрдемдесу мақсатында

тіркеу алымының мөлшерін төмендету;

қоғамдық бірлестікке өңірлік немесе республикалық мəртебесін

растаған кезде берілетін қосымша құқықтарды немесе артықшылықтарды

заңнамада бекіту немесе бұл ережелерді қоғамдық бірлестіктер туралы

заңнамадан алып тастау;

саны оннан аз азаматтарға мүшелігі жоқ, бірақ бұл ретте қор немесе

мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында емес ҮЕҰ құруға мүмкіндік беру үшін

коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамада ең кем дегенде тағы бір

мүшелік емес ҮЕҰ ұйымдық-құқықтық нысанын бекіту, мысалға «қоғамдық

ұйым» атауымен.

4. Қазақстан Республикасындағы бірлесу құқығын шектеу жəне

қоғамдық ұйымдардың жауапкершілігі мəселелері

ҚР Конституциясының 5-бабына сəйкес Қазақстан Республикасында

мақсаты немесе iс-əрекетi Республиканың конституциялық құрылысын

күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан

келтiруге, əлеуметтiк, нəсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық жəне рулық

араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бiрлестiктер құруға жəне

Page 26: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

26

олардың қызметiне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген əскерилендiрiлген

құрамалар құруға тыйым салынады.

Тікелей алғанда бұл конституциялық ереже халықаралық құқықтар

талаптарына сəйкес келеді.

Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 39-бабына сəйкес адамның жəне

азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты

қорғау, қоғамдық тəртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын,

халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада

ғана жəне тек заңмен шектелуi мүмкiн. Бұл ереже де қандай да бір құқыққа

шектеу енгізу көзқарасы тұрғысынан халықаралық стандарттарға сəйкес

келеді.

Алайда бірлесу құқығын реттеуге қатысты заңнамалық актілерді тікелей

талдау конституциялық нормаларды кеңейтіп түсіндірумен байланысты жəне

халықаралық құқықтық теория мен практика көзқарасы тұрғысынан мұндай

шектеулерге қойылатын талаптарға сəйкес келмейтін шектеулердің саны

едəуір көп екенін көрсетеді.

«Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 374-бабында

«Қоғамдық бiрлестiк басшылары мен мүшелерiнiң осы қоғамдық

бiрлестiктердiң жарғыларымен белгiленген мақсаттары мен мiндеттерiнiң

шегiнен шығып кеткен немесе жазбаша ескертілгеннен кейін де Қазақстан

Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын iс-

əрекеттер жасауы - ескерту жасауға немесе қоғамдық бiрлестiктiң басшы

органы құрамына кіретін адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға

дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. Қоғамдық бiрлестiктiң

Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы не осы баптың бірінші бөлігінде

көзделген əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде нақ сол іс-

əрекеттерді қайталап жасауы - қоғамдық бiрлестiк қызметiн алты айға дейiнгі

мерзiмге тоқтата отырып, қоғамдық бiрлестiктiң басшы органының құрамына

кіретін адамдарға айлық есептiк көрсеткіштің он беске дейiнгі мөлшерiнде

айыппұл салуға əкеп соғады. Осы баптың бірінші жəне екiншi бөлiктерiнде

көзделген əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап

жасалған нақ сол iс-əрекеттер – осы қоғамдық бiрлестіктің қызметiне тыйым

салуға əкеп соғады» деп көрсетілген.

Тұтас алғанда қолданыстағы əкімшілік заңнамада қоғамдық бірлестік –

қоғамдық бірлестіктер туралы жалпы қолданыстағы заңнаманың шеңберінде

қайталап заң бұзғаны үшін тыйым салынатын заңды тұлғаның жалғыз

ұйымдық-құқықтық нысаны.

Кез келген заңды тұлғаның қызметіне тыйым салу ең шеткі ықпал ету

шарасы болып табылады жəне нақ сондықтан заңнамада да, практикада да бұл

шараның қажеттігі, негізділігі жəне мөлшерлестігі дəлелденуге тиіс.

Егер де қоғамдық бірлестіктің мақсаты мен іс-қимылы конституциялық

құрылысты күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет

қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, əртүрлі араздықты қоздыруға,

əскерилендiрiлген құрамалар құруға, денсаулығы мен адамгершілік

Page 27: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

27

ұстанымдарына қол сұғуға бағытталған болса, онда бұзушылықтың

маңыздылығы мен салдарының дəрежесіне қарай ондай қоғамдық

бірлестіктердің қызметін тоқтату туралы шаралардың орынды екенін айтуға

болады. Алайда, кез келген ұсақ, тіпті қайталанған немесе бірнеше

бұзушылықтар қызметін тоқтатуға немесе тыйым салынуына əкеп соқпауы

тиіс.

Осыған орай, бұл нормалар алдын ала болжай алуға, икемділікке жəне

тиімділікке қойылатын талаптарға сəйкес келуі жəне оларды кең ауқымда

түсіндіруге мүмкіндік бермеуі үшін əкімшілік заңнамаға коммерциялық емес

ұйымдардың, соның ішінде қоғамдық бірлестіктердің қызметі саласындағы

əкімшілік құқық бұзушылықтар үшін əкімшілік жауапкершіліктерді

нақтыландыру бөлігінде өзгерістер енгізуді жалғастыру қисынды болмақ.

Сондықтан айқын жəне коммерциялық емес ұйымдардың

мақсаттарының, міндеттері мен қызмет түрлерінің заңды жəне заңсыздығына,

олардың ҮЕҰ жарғыларында көрсетілуіне қатысты шектеу қоюға жол беру

талаптары саласындағы халықаралық стандарттарға сəйкес келетін ресімдеме

туралы мəселені қарау қажет.

Біздің қылмыстық заңнамамыздың қоғамдық бірлестіктердің

басшылары мен мүшелерінің жауапкершілігі бөлігіндегі ережелеріне қайта

оралу қажет.

ҚР Қылмыстық кодексінде қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен

мүшелерінің қоғамдық бірлестіктердің мүшелері болып табылмайтын

азаматтармен салыстырғандағы қылмыстық жауапкершілігін көздейтін

бірқатар баптар бар.

ҚР Қылмыстық кодексінің 336-бабында «қоғамдық бірлестіктер

мүшелерінің мемлекеттік органдар жұмысына заңсыз араласқаны үшін»

қылмыстық жауапкершілік белгіленген, бұл ретте қоғамдық бірлестіктер

мүшелері үшін заңда көзделген санкция айыппұлды немесе төрт айға дейінгі

мерзімге қамауға алуды, ал қоғамдық бірлестік басшысын – бір жылға дейінгі

мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын құрайды. Бір қызығы, қарапайым

адам немесе коммерциялық ұйымның қызметкері үшін Қылмыстық кодексте

мұндай баптар көзделмеген, яғни олар мұндай əрекет істегенде жауапқа

«Бұзақылық», «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бабы немесе ҚР

Қылмыстық кодексінің «Мемлекеттің конституциялық құрылысына жəне

қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» атты 5 тарауының бірқатар баптары

бойынша тартылады.

Тұтас алғанда ҚР əкімшілік жəне қылмыстық заңнамасы қоғамдық

бірлестіктердің жауапкершілігі бөлігінде бір жағынан, қоғамдық бірлестіктер

мен коммерциялық емес немесе коммерциялық ұйымдардың басқа да

ұйымдық-құқықтық нысандары арасындағы «теңсіздікті» жою, екінші

жағынан шектеулер мен санкцияларды мұндай шектеулерге жол берудің

халықаралық стандарттары мен критерийлеріне сəйкес келтіру мақсатында

жетілдіруді талап етеді.

Page 28: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

28

Кəсіптік одақтар құру жəне оған кіру құқығы

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы қызметкерлерге

ерікті негізде кəсіптік одақтар құруға жəне оған кіруге мүмкіндік береді. Бұл

ереже Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Халықаралық еңбек

ұйымының (ХЕҰ) №87 Конвенциясымен жəне «Кəсіптік одақтар туралы»

Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.

Білім беру, көмір, металлургия, денсаулық сақтау, темір жол байланысы

сияқты көптеген экономиканың ірі салалары олардың кəсіпорындарында

құрылған жəне жұмыс істеп жүрген кəсіподақтармен қамтылған.

Еңбекшілердің құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік

құрылымдардың ҮЕҰ-мен өзара белсенді іс-қимыл жасауы үшін мемлекет

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басшылық ететін Əлеуметтік

əріптестік пен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі

Республикалық үшжақты комиссия (РҮК) құрған.

Еліміздің еңбекшілерінің барынша бұқаралық жəне өкілді, екі

миллионнан астам кəсіподақтар мүшелерін біріктіретін ұйымы Қазақстан

Республикасының Кəсіподақтар федерациясы (ҚРКФ) болып табылады, оған

26 республикалық салалық кəсіптік одақ, 14 облыстық бірлестік жəне

елордамыз Астана қаласының кəсіподақтары одағы кіреді. Олардың

құрылымында 17 мыңнан астам бастауыш, 530-дан астам қалалық жəне

аудандық, 190 облыстық кəсіподақтар ұйымдары бар.

Кəсіптік одақтар өзінің еңбекшілердің əлеуметтік-экономикалық жəне

еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі қызметін мемлекеттік билік органдарына,

жұмыс берушілерге, саяси партияларға тəуелсіз жүзеге асырады.

Үкіметтік емес ұйымдардың белсенді бірлесу процесі байқалады.

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары конфедерациясы (90-дай ҮЕҰ-ны

біріктіреді), Қазақстанның Азаматтық альянсы (500-ден астам ҮЕҰ), Астана

қаласының үкіметтік емес ұйымдары форумы құрылған. Кəсіподақтардың

3 біріккен ұйымы (Қазақстан Республикасының Кəсіподақтар федерациясы,

Қазақстанның Еңбек конфедерациясы, Қазақстанның еркін кəсіподақтары

конфедерациясы) жұмыс істейді.

Өкінішке орай, практикада кəсіподақтар құруға кедергі жасау фактілері

кездеседі.

Мысалға, Шығыс Қазақстан облысында «Азия Авто» АҚ машина жасау

зауыты жұмыс істейді. Осы зауыттың президенті М. машина жасау

қызметкерлері салалық кəсіподағының өкілдерін зауытта кəсіптік одақ құру

үшін зауыт аумағына жібермеген. Мұндай ұстанымын ол оның кəсіпорнына

кəсіподақтың керегі жоқтығымен жəне қызметкерлер өкілдерімен ұжымдық

шарт жасасқанымен түсіндірген.

Іс жүзінде қызметкерлердің өкілдерімен жасалған мұндай ұжымдық

шарттар тек Еңбек кодексінің нормаларын көшіріп алады жəне

қызметкерлердің жағдайын ешқандай да жақсартпайды.

Page 29: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

29

ҰСЫНЫМДАР:

1. Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерін тіркеу тəртібі заңнамалық

түрде оңайлатылсын.

2. Заңнамада əр адамның бірлестіктер, одақтар, қауымдастықтар, соның

ішінде бейресми сипаттағыларын құру жəне кіру құқығы айқын бекітілуі тиіс.

Ол үшін «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңына тиісті толықтырулар мен

өзгерістер енгізген жөн.

3. Заңнамада жəне практикада коммерциялық емес заңды тұлғаларды

тіркеудің қарапайымдатылған тəртібі қамтамасыз етілсін.

4. Коммерциялық емес ұйымдар үшін олардың заңды тұлға мəртебесін

алуын жеңілдету жəне азаматтық қоғамның дамуына жəрдемдесу мақсатында

тіркеу алымының мөлшері төмендетілсін.

5. Заңнамалық деңгейде ҮЕҰ үшін мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс

шеңберінде тендерлер өткізудің ашықтығы қамтамасыз етілсін.

6. «Кəсіптік одақтар туралы» ҚР-ның жаңа Заңы əзірленіп,

қабылдансын.

7. Саяси партияларды тіркеу, қайта тіркеу жəне жою рəсімдері

заңнамалық жолмен қарапайымдатылсын.

Ойлау, ар-ождан жəне дін бостандығы құқығы

Демократиялық өзгерістер, тəуелсіздікке ие болу, атеистік идеологиядан

бас тарту Қазақстанда діннің дамуы үшін көп əсер етті. Тəуелсіздіктің он

тоғыз жылы ішінде Қазақстандағы конфессиялар саны 7-ден 45-ке дейін, діни

бірлестіктер саны 671-ден 4,4 мыңға дейін артты. Қазіргі қазақстандық

қоғамда діннің рөлі мен орны айтарлықтай өзгерді. Қазіргі кезде – бұл

қоғамның əлеуметтік жəне рухани өмірінің нақты компоненті болып

табылады. Нақ дін арқылы адамдар дəстүрлі құндылықтар мен имандылық

ұстанымдарын қалпына келтіруге тырысады.

Қазақстанда əртүрлі діндердің бейбіт қатар өмір сүруінің айрықша

тəжірибесі қалыптасқан. Біздің мемлекетіміздің тарихында дінаралық

қатынастарда елеулі қарама-қайшылықтардың жоқтығына жəне ешқашан

болмағанына мақтануға хақымыз бар.

Конфессиялар арасындағы бейбіт қатар өмір сүру мен диалогтың бұл

тəжірибесін Қазақстан сандаған халықаралық бастамалар арқылы əлем

қауымдастығына береді. ЕҚЫҰ-ға 2010 жылғы Төраға ретінде Қазақстан

халықтар мен конфессиялар арасына толеранттылықты таратуды басымдық

ретінде таңдады.

Елімізде 2,7 мың мұсылман қауымдастықтары, 300-дей православие

қауымдастықтары жұмыс істейді. Католик, протестант, буддизм, иудашылар

жəне т.б. қауымдастықтар белсенді жұмыс істейді. Бахаи ізбасарлары, Кришна

Санасы Қоғамы, Иегова куəлары, Бірлестік Шіркеулері (Муна) бірлестіктері

тіркелген.

Page 30: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

30

1999 жылғы желтоқсанда Қазақстанның еврейлер конгресі құрылды, ол

республика еврейлерінің ұлттық əдет-ғұрыптары мен салт-дəстүрлерін,

мəдени жəне діни мұрасын сақтауға жəне танымал етуге жəрдемдесуге

ұмтылады.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы діни

бірлестіктердің саны 4479 құраған, діни ғимараттар саны – 3377.

Діни бірлестіктер мен топтардың бұл санына 2756 ислам, 303

православиелік, 1260-дан астам протестанттық, 87 католиктік, 27 иудалық

жəне басқа діни бірлестіктер кіреді.

Пайызға шаққанда бұл былай болады:

61,10% - ислам, 6,80% - православие, 28,50% - протестантизм,

1,90% - католицизм, 0,60% - иудаизм жəне басқалар.

Діндарлардың иелігінде 2416 мешіт, 269 православие шіркеуі, 88

католик храмы, 6 синагога, 600-ден астам протестанттар мен «жаңа» діни

бірлестіктердің ғибадатханалары бар (№1 кестені қараңыз).

Олар 38 мерзімді баспасөз басылымын шығарады. Қазіргі сəтте

Қазақстанда 24 діни оқу орны тіркелген. Олардың 8 – исламдық, 1 –

православиелік, 1 – католиктік, 14 – протестанттық оқу орны.

Жалпы, республикадағы діни саланың жағдайы тұрақты күйде қалуда,

діни негіздегі ашық жанжалдар жоқ.

Сонымен бірге, діни саладағы ахуалды дамытуға теріс ықпал ететін

бірқатар факторлар сақталып отыр.

Қазақстан əлем қауымдастығына өзінің конфессияаралық келісім

тəжірибесін ұсынады. Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаевтың бастамасымен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер

көшбасшыларының Бірінші жəне Екінші Съездері ұйымдастырылды, олар

Астана қаласында 2003 жəне 2006 жылдары өтті.

2009 жылы Астанада əлемдік діндердің үшінші съезі өтті, оған əлемнің

əртүрлі діни кофессияларының 60-тан астам делегациясы қатысты. Құрметті

қонақтар ретінде съезге белгілі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері

шақырылды, олар: Израиль президенті Шимон Перес, БҰҰ Бас хатшысының

орынбасары Сергей Орджоникидзе, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де

Бришамбо, Испанияның Сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос,

Норвегияның экс-премьер-министрі Кьелл Бондевик, БҰҰ Өркениеттер

Альянсы хатшылығының директоры Марк Шойер жəне басқалар.

Астанада 2010 жылғы 29-30 маусымда толеранттылық пен кемсітпеу

жөніндегі жоғары деңгейдегі ЕҚЫҰ конференциясының өтуі əртүрлі

мəдениеттер мен діндер арасындағы өзара іс-қимыл мəселелерін талқылауға,

бұрындары қабылданған шешімдердің практикаға енгізілуіне маңызды үлес

қосты.

Page 31: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

31

Қазақстандағы ойлау, ар-ождан жəне дін бостандығы

Қазақстандағы діни бірлестіктер қоғамдағы азаматтық татулық пен

рухани келісімді нығайтуға бағытталған əлеуметтік-мəдени іс-шараларға

қатысуға тартылады, ірі діни орталықтар мен бірлестіктердің жетекшілері

республикалық жəне кіші Қазақстан халқы Ассамблеяларының,

Демократиялық реформалар бағдарламаларын əзірлеу жəне нақтылау

жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Діни бірлестіктермен байланыс

жөніндегі кеңестердің құрамына кіреді.

Діни дəстүрлер белсенді қалпына келтіріліп, діни ғимараттар –

мешіттер, храмдар, мінəжатханалар салынуда, сондай-ақ діни-ағарту

орталықтары, бұқаралық ақпарат құралдары пайда болуда. Бұл ретте

халықтың діни құндылықтарға бет бұруы дəстүрлі мəдениетті қалпына

келтіру аспектілерінің біріне айналды. Сарапшылардың бағалуы бойынша

дінге сенетін қазақстандықтар саны 80-ші жылдардың ортасымен

салыстырғанда шамамен 20-дан 40%-ға дейін көбейген.

Конституция бойынша зайырлы мемлекет болып табылатын Қазақстан

барлық діни конфессиялардың дамуына кепілдік береді жəне діни

ассоциацияның құқықтары мен бостандығын сақтау саласындағы бар

нормалар мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелері бойынша құқық

қолдану практикасының мол тəжірибесіне ие.

Қазақстан адам құқықтарын қорғау саласындағы барлық жалпыға ортақ

танылған халықаралық актілерді, соның ішінде Адам құқықтарының жалпыға

бірдей декларациясы мен Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы

халықаралық пактіні ратификациялаған жəне оларға арқа сүйейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 22-бабының 1 тармағында

əркімнің ар-ождан бостандығын – сенім-наным бостандығын бекітіп берді.

1992 жылы «Діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы» Заң

қабылданды, оны сарапшылар либералды деп таныды.

Қазақстан заңнамасы азаматтардың діни сенім бостандығының іске

асырылуына кепілдік береді. Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы

халықаралық пакті сияқты Қазақстан заңнамасы дінді тұтыну немесе наным-

сенімдерін тарату бостандықтарына құқықтарын жүзеге асыру заңнамамен тек

қоғамдық тəртіпті жəне басқа азаматтардың өмірінің қауіпсіздігін,

денсаулығын, имандылығын немесе құқықтары мен бостандықтарын қорғау

мақсатында ғана шектелуі мүмкін екенін бекітті.

Аталған конституциялық құқықты бұлжытпай қамтамасыз ету

мақсатында мемлекет тұрақты негізде осы саладағы кез келген заңдылықты

бұзушылықты айқындау жəне жою, дінге сенушілердің қай дінге жататынына

қарамастан олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі

шараларды қабылдайды.

Қазақстан халқын біріктіруге жағдай жасайтын конфессияаралық

диалогты дамытуға, этностық жəне конфессиялық келісімнің қазақстандық

моделін жетілдіруге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясатты

Page 32: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

32

жүргізу үшін екі бағдарлама бекітілді, оның үйлестірушілері Қазақстан

Республикасы Мəдениет министрлігінің Діни істер комитеті болып табылады.

2004 жылдан бастап қолданылатын діни бірлестіктерді тіркеудің

оңайлату тетігі, сондай-ақ діни бірлестіктерді түскен пайдаға жəне шіркеу

алымдарына салық төлеуден босатуға бағытталған мемлекеттің салық саясаты

мемлекет аумағында тіркелген діни бірлестіктердің еркін дамуына жағдай

жасайды.

2006 жылғы шілдеде Президент 2006-2011 жылдарға арналған

Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол

қойды, оның мақсаты азаматтық қоғам институттарын жəне олардың адам

құқықтары мен адами өлшемдері саласындағы халықаралық келісім-шарттар

мен пактілер шеңберіндегі халықаралық-құқықтық құралдарына сəйкес

мемлекетпен тең дəрежелі əріптестігін жан-жақты дамыту үшін заңнамалық,

əлеуметтік-экономикалық жəне ұйымдық-əдістемелік базаны одан əрі

жетілдіру. Азаматтық қоғам институттарының ішінде діни бірлестіктер де

көрсетілген. Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам институттарының өзара

іс-қимылының шешуші сəті діни сенім бостандығы мен азаматтардың бірлесу

құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

Елдегі қолданыстағы азаматтық татулық пен келісім моделінің

нəтижелілігіне орай Қазақстанның атына ЕҚЫҰ, БҰҰ жəне басқа да

халықаралық ұйымдардың бірқатар оң бағасы берілді.

Қазақстанда қалыптасқан конфессияаралық келісім моделіне 2002 жылы

елімізге сапармен келген Рим Папасы Иоанн Павел Екінші, Қазақстанда əлемдік

діндер көшбасшыларының съездерінде болған əртүрлі конфессиялардың

жетекшілері жоғары баға берді.

Қазақстан Республикасында ойлау, ар-ождан жəне дін бостандығына

кепілдіктерінің ҚР Конституциясының 22-бабында бар екенін атап өткен жөн:

«1. Əркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар.

2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық жəне

азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы мiндеттерге байланысты

болмауға немесе оларды шектемеуге тиiс».

ҚР Конституциясының 39-бабы былай деп белгілейді:

«1. Адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтары

конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тəртiптi, адамның құқықтары

мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау

мақсатына қажеттi шамада ғана жəне тек заңмен шектелуi мүмкiн».

Сонымен қатар, ҚР Конституциясы 39-бабының 3 тармағы ар-ождан

бостандығын қандай да бiр түрде шектеуге жол берiлмейтін құқықтар мен

бостандықтар тізбесіне енгізеді.

Қазақстанда ар-ождан мен діни сенім бостандығын құқықтық реттеу

«Діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы» Заң (бұдан əрі – Діни

сенім бостандығы туралы Заң); Азаматтық кодекс жəне басқа да заңнамалық

актілер арқылы жүзеге асырылады.

Ар-ождан мен дін бостандығын жүзеге асыруға қандай да бір дəрежеде

Page 33: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

33

ықпал ететін нормативтік құқықтық актілердің жалпы саны жүз атаудан

асады.

2010 жылғы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан

Республикасындағы діни бірлестіктердің, миссионерлердің

жəне ғибадатханалардың саны туралы мəліметтер

№ Конфессиялар,

деноминациялар атауы

Діни

бірлестіктер

мен

топтардың

жалпы

саны

соның ішінде:

Шетелдік

миссионерлер

саны

Ғибадатханалар

саны

заңды

тұлға

немесе

филиалы

ретінде

тіркел

-

гендері

шағы

н топ

ретінде

есепке

қойылғандары

тіркеусіз

жұмыс

істейтін

-

дері

1 2 3 4 5 6 7 8

ИСЛАМ

1 Суннизм 2681 2301 350 30 8 2335

2 Шиизм 5 5 3

3 Суфизм 7 7 2

4 Ахмади Жамағаты 4 4 2 3

Барлығы: 2697 2317 350 30 10 2343

ПРАВОСЛАВИЕ

5 Орыс православие шіркеуі 286 274 12 41 259

6 Шетелдегі ОПШ 2 2 1

7 Ескі ғұрып шіркеулері, соның ішінде

Белокриницк келісімі 1 1 1

Австриялық сипатта 1 1 1

Поморск сипатында 4 3 1 2

Древнеправославие шіркеуі 2 2 2

8 Армян-григориан шіркеуі 1 1

Барлығы: 297 284 13 41 266

КАТОЛИЦИЗМ

9 Рим-католик шіркеуі 83 81 2 197 86

10 Грек-католик шіркеуі 5 5 3 2

Барлығы: 88 86 2 200 88

ПРОТЕСТАНТИЗМ

11 Лютеран шіркеуі 36 25 11 21

12

Інжіл христиан-баптистері, барлығы, соның ішінде:

ІХБ шіркеулері одағы Інжіл христиан-баптистері 316 232 80 4 17 188

ІХБ шіркеулері кеңесі Інжіл христиан-баптистері 48 48 2 8

13 Меннониттер 5 4 1 4

14 Əдіскерлер (Тірі Лоза жəне т.б.) 15 13 2 4 8

XIX-XX ғасырларда пайда болған

конфессиялар

15 Жетінші күн адвентисттері 68 56 10 2 10 41

16 Новоапостольская шіркеуі 47 46 1 1 29

Page 34: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

34

17 Иегова куəлары 77 72 5 45

18 Соңғы күндер əулиелері Иисус Христос шіркеуі (мормондар) 2 2 9 1

19 Бірлестік шіркеуі (Муниттер) 2 2

20 "Христиан ғылымы" шіркеуі 1 1

21 Елуліктер, соның ішінде

1) Апостолдар рухындағы Інжіл христиандары 1 1 1

2) Құдай шіркеуі (Құдайдың ұлдары) 1 1 1

3) Сун Бок Ым 12 12 3 9

4) Інжіл сенімі Христиандары одағы 20 18 1 1 14

5) Құдай Ассамблеясы 2 2 1

6) жəне басқалары 29 29 8 12

Барлығы: 65 62 1 2 11 38

22 Протестантизмдегі пресвитериан

бағыты, соның ішінде:

1) "Грейс" миссиясы 76 39 34 1 30

2) "Благодать" шіркеуі 52 42 12 4 27

3) "Үміт" миссиясы 13 9 4 3 8

4) "Эммануил" миссиясы 13 7 6 4 4

5) "Назарянин" миссиясы 6 6

6) "Косин" миссиясы

7) "Құтқару" миссиясы 2 2

8) "Сион" шіркеуі 4 3 1 2 1

9) "Коре" шіркеуі 1 1 2 1

10) "Галбори" шіркеуі

11) "Онсезан" шіркеуі 1 1 1 1

12) жəне басқалары 73 73 22 20

Барлығы: 241 183 57 1 38 92

23 Протестантизмдегі харизмалық

бағыты, соның ішінде:

1) "Жаңа өмір" шіркеуі 57 52 5 26

2) "Агапе" миссиясы 51 44 7 1 33

3) "Ізгі Хабар" шіркеуі 6 6 5

4) "Егін орағы" шіркеуі 12 11 1 5

5) "Тірі сөз" шіркеуі 4 4 2

6) "Вефиль" шіркеуі 5 5 1 3

7) Толық Інжіл шіркеуі 32 31 1 5

8) "Қайта өрлеу" миссиясы 5 4 1

9) "Дүние жарығы " шіркеуі 6 4 2 1

10) "Махаббат" шіркеуі 10 10 4

11) Қазақстандағы корей-американ миссиясы 1 1 1

12) Жастардың азат інжілдендіру шіркеуі 1 1

13) «Шапағат» шіркеуі» 1 1

14) жəне басқалары 152 144 8 18 37

Барлығы: 343 318 25 0 20 122

БУДДИЗМ

24 Тибет-Будда орталығы 2 1 1

25 Вон-Буддизм жəне басқалары 3 3 1 1

ИУДАИЗМ

Page 35: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

35

26 Иудей қауымдары 28 28 3 5

Дəстүрлі емес діндер

27 Бахаи сенімі 19 19 2

28 Сознания Кришна Санасы қоғамы 12 10 2 2

29 Вайшнавтар 3 3

30 Саентология (Дианетика) шіркеуі 4 3 1 1

31 Соңғы Өсиет шіркеуі (Виссариондықтар) 2 2

32 Христос бауырлары (христадельфиандар)

33 Басқалары 6 4 1 1

Барлығы: 46 41 3 2 5

Жалпы: 4427 3776 561 90 367 3305

Мониторинг көрсеткеніндей, Қазақстанда əрекет ететін діни

бірлестіктер, саны аз діни топтар мен миссионерлер негізінен қолданыстағы

заңнаманы сақтайды, олардың қызметі қоғамдағы дінаралық келісімді

нығайтуға жағдай жасайды.

Діни бірлестіктердің өткен жылғы қызметінің негізгі нысаны мінəжат

ету, намазға жиналу жəне миссионерлік болды.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі шеңберінде прокуратура

органдары 2010 жылы дінге сенушілердің құқықтарын қорғау жəне

бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ заңнаманы бұзушылық айқындалған кезде

түсіндіру жұмысын жүргізу жөніндегі қосымша шаралар қабылдады.

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының прокуратурасы 2010

жылғы 28 қаңтарда аудандық полиция қызметкерлерінің тіркелмеген «Інжіл

христиан баптистері шіркеулерінің Халықаралық кеңесі» қауымының (бұдан

əрі – ІХБ ШҚК) 6 мүшесінен заңсыз түрде саусақтарының таңбасын түсіріп

алуы жəне діни əдебиетті алып қоюы фактісін анықтаған.

Аудан прокуратурасының ұсыныс хаты бойынша аудандық ішкі істер

бөлімінің бастығының 2010 жылғы 29 қаңтардағы №31 бұйрығымен 3

полиция қызметкеріне сөгіс жарияланып, заңсыз алынған діни кітаптар

қауымға қайтарылды.

«Рақым» саны аз діни топты заңсыз тексеру жəне Н.Нұралиновтың осы

топты есептік тіркеу туралы өтінішінің уақтында қаралмауы фактісі бойынша

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының прокуратурасы 2010 жылғы 26

ақпанда аудан əкімінің атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс

енгізді.

Осыған байланысты Аягөз ауданы əкімінің 2010 жылғы 10 наурыздағы

№548-к бұйрығымен ішкі саясат бөлімінің бас маманы Р.Қайырбаева ескерту

түріндегі тəртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сол сияқты Бас прокуратура Қазақстан Республикасының Жоғарғы

Сотына 2010 жылғы 10 ақпанда «Иегова Куəларының Дүниежүзілік Басқару

Кеңесі» мүшелері Т.Ярач пен Дж.Кикотты Алматы қаласында діндестері

алдында Библияны уағыздағаны үшін ƏҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша

Page 36: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

36

əкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сот актілерін жою туралы наразылық

енгізді.

Наразылық енгізу үшін аталған адамдардың іс-əрекеттерінде бұл құқық

бұзушылықтың белгілері болмағандығы негіз болды, өйткені «Діни сенім

бостандығы жəне діни білестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының

1-1-бабы 2 тармақшасында бекітілген миссионерлік қызмет ұғымына

жатпайды.

Наразылықты қарау бойынша Жоғарғы Сот 2010 жылғы 17 наурызда

аталған адамдарға қатысты сот актілерінің күшін жойды.

Сонымен бірге, Бас прокуратураның наразылығымен Қазақстан

Республикасының Жоғарғы Сотына 2010 жылғы 17 наурызда Қызылорда

облысы Қазалы аудандық сотының 2010 жылғы 20 қаңтардағы тіркелмеген

ІХБ ШҚК қауымына басшылық жасағаны үшін Раудовичті ҚРƏҚК 374-1-

бабының 1 бөлігі бойынша 100 АЕК мөлшеріндегі айыппұл түріндегі

əкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулысының күшін жойды.

Бас прокуратура наразылық енгізген кезде Раудовичтің ауыр

материалдық жағдайын, өйткені отбасы кірісінің жалғыз көзі оның қарауыл

боп жұмыс істейтін жұбайы – Б.Ж.-ның жалақысы болып табылады, олардың

кəмелетке толмаған 7 бала асырап отырғанын, сондай-ақ құқық бұзушылықты

жасау жағдайын назарға алды. Бұл ретте Р.Ж. іс-əрекетінің біліктілігі

наразылықта дауланған жоқ.

Жалпы, прокуратура органдары 2010 жылы заңдылықты бұзуға жол

берген адамдарға, негізінен мемлекеттік басқару органдарында тіркелусіз

заңсыз миссионерлігі мен діни қызметі үшін 400-дей заңды түсіндіру

жұмысын жүргізген.

Сонымен бірге, діни бірлестіктер мен миссионерлердің қызметінде

заңнаманы бұзушылық анықталған, сол үшін заңнаманы бұзушылар заңда

белгіленген жауапкершілікке тартылған.

Прокурорлардың талап арыздары бойынша сот тəртібімен 5 əрекетсіз

діни бірлестік жойылып, 2 діни бірлестіктің қызметі тоқтатылды.

Мысалға, Ақтөбе қаласы прокуратурасының талап арызы бойынша

Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының 2010 жылғы 7

мамырдағы шешімімен салық заңнамасын сақтамағаны үшін «Фатих мешіті»

діни бірлестігінің қызметі 3 айға тоқтатылды.

2010 жылы прокуратура органдары заңсыз миссонерлік қызмет атқару

фактілерін анықтады. Мұндай фактілерге тіркелмеген ІХБ ШҚК жəне

«Таблиги Джамаат» қауымдарының мүшелері жол берген.

Миссонерлік қызмет

Діни сенім бостандығы туралы заң миссонерлік қызметті «өз қызметiн

Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын дiни бiрлестiктердiң

жарғылық ережелерінде жоқ дiни сенiмдi діни ағартушылық қызмет арқылы

уағыздау жəне тарату» деп анықтайды (1-1-баптың 2 тармағы), «Қазақстан

Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар

(бұдан əрi - миссионер) Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлiк

Page 37: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

37

қызметтi уəкілеттi органда есептiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.

Миссионерлiк қызметтi есептік тіркеусіз жүзеге асыруға тыйым салынады»

(4-1-бап).

2010 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанда ҚР Сыртқы істер

министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген

виза берудің жаңа ережелері (бұдан əрі – Ережелер) енгізілген. Ережелер

визаның жаңа түрін – «миссионерлік» визаны белгілейді, ол Қазақстан

Республикасында тіркелген діни бірлестіктің діни бірлестіктермен байланыс

жөніндегі уəкілетті органмен келісілген шақыруы негізінде бір реттік, екі

реттік, көп реттік кіруге жəне шығуға беріледі, ұзартуға жатпайды, бұл біздің

көзқарасымызша Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабына,

Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің ережелеріне

жəне басқа да ратификацияланған адам құқықтары саласындағы халықаралық

құқықтық актілерге сəйкес жетілдіруді талап етеді.

ҰСЫНЫМДАР:

1. «Діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы мен

діни қатынастар саласындағы құқық қолдану практикасы Азаматтық жəне

саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге жəне Қазақстан

Республикасының ЕҚЫҰ шеңберіндегі міндеттемелеріне сəйкес

жетілдірілсін.

2. ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен

бұйрығымен бекітілген виза берудің жаңа ережелерінің нормалары Қазақстан

Республикасы Конституциясының нормалары мен адам құқықтары

саласындағы ратификацияланған халықаралық келісім-шарттардың

нормаларына сəйкес келтірілсін.

Бейбіт жиналыстар мен митингтер бостандығы

Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар бостандығының

кепілдігі ҚР Конституциясының 32-бабында белгіленген: «Қазақстан

Республикасының азаматтары бейбiт əрi қарусыз жиналуға, жиналыстар,

митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткiзуге жəне тосқауылдарға

тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттiк қауiпсiздiк, қоғамдық

тəртiп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен

бостандықтарын қорғау мүдделерi үшін заңмен шектелуi мүмкiн».

Осыған қосымша ҚР Конституциясының 39-бабында:

«1. Адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтары

конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тəртiптi, адамның

құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын

сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана жəне тек заңмен шектелуi

мүмкiн...» деп белгіленген.

Қазақстандағы бейбіт жиналыстар бостандығын құқықтық реттеу 1995

жылдың 17 наурызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы бейбіт

жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер жəне демонстрациялар

Page 38: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

38

ұйымдастыру мен өткiзу тəртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен

(əрі қарай – Заң) жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар бостандығын

құқықтық реттеуге қатысты жеке нормалар 21.12.1995 ж. «Қазақстан

Республикасының Ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңында, 26.12.1998 ж.

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңында бар.

Қазақстандағы бейбіт жиналыстар бостандығын реттейтін заңға тəуелді

актілерге мыналар жатады: ҚР Ішкі істер министрлігінің 31.12.1993 ж. «Ішкі

істер органдарының қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі жұмысын

ұйымдастыру туралы» бұйрығы; ҚР Ішкі істер министрлігінің 06.12.2000 ж.

«Ішкі істер органдары бөлімшелерінің қоғамдық бірлестіктердің көшелерде

жəне басқа да қоғамдық орындарда іс-шаралар өткізуі кезіндегі қоғамдық

тəртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі

жұмысын ұйымдастыру туралы ережелерді бекіту туралы» бұйрығы; ҚР Ішкі

істер министрлігінің 05.07.2002 ж. «Қазақстан Республикасының ішкі істер

органдарының қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі

патрульдік-постық қызметі ережелерін бекіту туралы» бұйрығы; Астана

қаласы мəслихатының 02.05.2002 ж. «Бейбіт жиналыстар, митингтер жəне

пикеттер өткізу тəртібі мен орнын қосымша регламенттеу туралы» шешімі

жəне Алматы қаласы Мəслихатының 29.07.2005 ж. XVII сессиясының

«Қалалық инфрақұрылым объектілерін оңтайлы пайдаланудың кейбір

мəселелері» атты шешімі.

ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (бұдан əрі – ƏҚК)

(373-бабы) жəне ҚР Қылмыстық кодексінде (334-бабы) бейбіт жиналыстар,

митингтер, шерулер, пикеттер жəне демонстрациялар ұйымдастыру мен

өткiзу тəртiбiн бұзғаны үшін айыппұл мен 15 тəулікке дейінгі əкімшілік

қамауға алудан бастап бір жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі

санкциялар бар.

2010 жылы Қазақстанда жалпы 70 мыңдай адам қатысқан əртүрлі 359

акция тіркелген (2009 жылы – 373), оның ішінде 53 мыңнан астам адам

қатысқан, 171-і тіркелмеген (2009 жылы – 160).

Рұқсатсыз өткізілген іс-шаралардың себептері халықтың белгілі бір

бөлігінің жер жəне тұрғын үй мəселелерімен, ипотекалық несие берумен,

жалақымен жəне т.б. байланысты өзінің əлеуметтік-экономикалық жағдайына

көңілі толмау болды.

Халық наразылығының негізгі ошақтары 2010 жылдың өткен кезеңінде

Астана мен Алматы қалаларында, Маңғыстау, Атырау, Ақмола, Шығыс

Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында орын алған.

Азаматардың жиналыс бостандығы құқығы ел Конституциясын

бекітілген (32-бап). Оларды ұйымдастыру жəне өткізу тəртібі «Қазақстан

Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер жəне

демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тəртiбi туралы» Заңда (бұдан əрі –

Заң) регламенттелген.

Page 39: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

39

Бұл заң азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын

іске асыру, бұл іс-шараларды көшелерде, алаңдарда жəне өзге де қоғамдық

орындарда өткізген кезде қоғамдық қауіпсіздік пен тəртіпті қамтамасыз ету

үшін жағдай жасауға арналған.

Наразылық акциялары өткізілген кезде заңдылық пен құқық тəртібін

сақтауға, мұндай акциялардың себептері мен көздерін оларды құқықтық

шешудің жолдары мен тетіктерін іздей отырып жедел оқшаулауға ерекше

көңіл бөлінеді.

Рұқсат етілмеген акциялар өткізілген кезде прокуратура органдары тез

арада қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіру жəне кінəлі

адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке, соның ішінде ƏҚК 373-

бабының тəртібімен əкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі шаралар

қабылдайды.

Азаматтың бостандықтары мен құқықтарын сенімі, қоғамдық

бірлестіктерге қатыстылығы себептерiмен немесе өзге кез келген жағдайлар

бойынша тiкелей немесе жанама шектеуге қылмыстық жауапкершілік

белгіленген (ҚР ҚК 141-бабы).

2010 жылы бірде-бір адам жиналыстар өткізу тəртібін бұзғаны үшін

қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ.

Қазақстан бүгінгі таңда əлем қоғамдастығына қарқынды

интеграцияланып жатқандықтан, 2007 жылы əзірленген ЕҚЫҰ/ДИАҚБ бейбіт

жиналыстар бостандығы басшылық принциптеріне ерекше көңіл бөледі.

Соңғы екі жылда бірде бір жиналысқа қатысушы құқық қорғау

органдары қызметкерлерінің іс-əрекетінен зардап шекпеген, тек 24 жиналыс

оны өткізу тəртібінің өрескел бұзылуы себепті тоқтатылған.

Конституцияның 12-бабының 5 тармағында «адамның жəне азаматтың

өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың

құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен

қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс» деп белгіленген.

Бұл ретте, ішкі істер органдарына іс-шаралар өткізілген кезде қоғамдық

тəртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін күзету, сондай-ақ рұқсат етілмеген

акцияларды болдырмау жəне олардың ұйымдастырушылары мен белсенді

қатысушыларын əкімшілік жауапкершілікке тарту (ƏҚК 373-бабы «Бейбiт

жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар мен демонстрациялар

ұйымдастыру мен өткiзудiң тəртiбi туралы заңдарды бұзу») жөніндегі

функциялар жүктелген.

Бұқаралық іс-шаралар барысында қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті

қамтамасыз етудің қажетті шарты оларды ұйымдастыру мен өткізу тəртібін,

сондай-ақ мемлекеттік билік жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарының

осы тəртіпті бұзушылықтың жолын кесуге, кінəлі адамдарды жауапкершілікке

тартуға бағытталған іс-əрекеттерін айқын құқықтық реттеу болып табылады.

2010 жылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын

бұзғаны үшін 236 адам əкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Page 40: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

40

****

Үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарын бақылау, соның ішінде «Адам

құқықтары үшін Хартиясы» қоғамдық қоры жүргізген мониторинг

көрсеткендей, құқық қолдану практикасы да толық жетілмеген жəне түбегейлі

өзгертуді талап етеді.

Мынандай проблемалар айқындалған:

1. Жиналыстар бостандығын жергілікті биліктер ұжымдық құқық деп

түсіндіреді, бұл Конституцияға да, халықаралық стандарттарға да қарама-

қайшы. Нəтижесінде адамның жеке өзі бейбіт жиналыс бостандығына ие бола

алмайтындай жағдай жасалған.

2. Соттар жиналыс өткізуге рұқсат беруден бас тартуға шағымданған

талаптарды қарау кезінде жəне жиналыстар бостандығы туралы заңнаманың

бұзылуы туралы айыптау жөніндегі əкімшілік істерді қарау кезінде

жиналыстар бостандығын шектеудің пропорционалдық немесе өлшемділік

принципін қолданбайды.

3. Құқық қорғау органдары демонстранттарды ұстағанда барлық кезде

бірдей нақты қатердің бар болуын басшылыққа ала бермейді, соның

салдарынан заңсыз ұсталғандар саны көп болып жатады. Ұстау көбінесе

жиналысқа қатысу ниеті болды деген жалғыз күдіктену негізінде жүреді.

4. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мінез-құлқы азаматтардың

белгісіздік жəне болжап болмас сезімдерін тудырады. Бірқатар жиналыстарды

мəжбүрлеп тоқтату жағдайларында полиция қатысушыларға өздерінің іс-

əрекеттері туралы ескертпейді.

5. Жергілікті билік органдары жиналыс өткізу туралы өтінішті қарай

отырып, көбінесе болмайтын себептермен бас тарту түріндегі ақтық шара-

ларды қолдануға бейім. Бұл ретте көбінесе өтініш берушілерден қосымша

мəліметтер сұрату жəне жиналыс өткізу жайлы ұйымдастырушыларымен

алдын ала келіссөздер жасасу мүмкіндіктерін елемейді.

Жоғарыда айтылғандарға орай, ҚР Президентінің жанындағы Адам

құқықтары жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының бейбіт

жиналыстар өткізу жөніндегі заңнамасын жетілдіргенді жөн деп есептейді.

ҰСЫНЫМДАР:

1. «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер,

шерулер, пикеттер жəне демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тəртiбi

туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін не болмаса

халықаралық стандарттарға сəйкес бейбіт жиналыстар бостандығы туралы

жаңа заңның жобасы əзірленсін.

2. Ішкі істер органдары (полицейлер) мен жергілікті атқарушы органдар

қызметкерлері үшін халықаралық стандарттарды ескере отырып бейбіт

жиналыстар мен демонстрациялар мəселелері жөніндегі семинарлар мен

тренингтер жүйелі түрде өткізілсін.

Page 41: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

41

Сөз бостандығы жəне ақпарат алу құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы сөз жəне шығармашылық

бостандығына кепілдік береді, цензураға тыйым салады, əр адамның заңда

тыйым салынбаған кез келген əдіспен ақпарат алу жəне тарату құқығын

бекіткен.

Сонымен қатар халықаралық практикада қабылданған шектеулер де бар.

ҚР Конституциясы 20-бабы 3 тармағымен республиканың конституциялық

құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет

қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, əлеуметтiк, нəсiлдiк, ұлттық, дiни,

тектiк-топтық жəне рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-

зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi.

Аталған бостандықтар, құқықтар мен шектеулер «Бұқаралық ақпарат

құралдары туралы» ҚР Заңының 2-бабында да қайта жаңғыртылған.

Азаматтардың ақпарат алу құқықтары мен бостандықтарын жүзеге

асырудың маңызды құралдарының бірі масс-медиа болып табылады.

Қазақстанда өткен жылдар ішінде бұқаралық ақпарат құралдары

саласында түбегейлі өзгерістер болып өтті. БАҚ секторы мемлекеттен

алынды, соның нəтижесінде бүгінде БАҚ-тардың 85%-ға жуығы

мемлекеттік емес.

«Взгляд», «Деловая неделя», «Свобода слова», «Время», «Жас алаш»

жəне басқа да басылымдар Қазақстан аумағында еркін тарайды. Аталған

басылымдардың журналистері орталық жəне жергілікті билік органдарында

аккредитацияланған.

Нарықтық реформалар БАҚ-тардың сандық жəне сапалық өсуіне əкеп

соқты. Қазақстан бүгінде БАҚ-тардың даму қарқыны бойынша Орталық Азия

мен Закавказье елдерінің көпшілігінен алда келеді. Елдегі жыл сайын

Еуразиялық медиа-форумның өту фактісі Қазақстанның медиялық

инфрақұрылым дамуы бойынша көшбасшылығын білдіреді.

Дегенмен де, практикада азаматтардың сөз бостандығын шектеу

фактілері кездеседі. Кейбір ҮЕҰ атап өткеніндей, Қазақстанда адамның сөз

бостандығы құқықтарының бұзылу фактілері бар. Журналистердің қаза болу

фактілері бірен-саран кездеседі, бұқаралық ақпарат құралдарының кейбір

өкілдерінің дене жарақатын алу фактілері кездеседі.

2010 жылы сот шешімімен Интернет-ресурстар қызметінің доғарылуы

немесе тоқтатыла тұруы фактісі болған жоқ.

Байланыс жəне ақпарат министрлігінің Ақпарат жəне мұрағаттар

комитетіне жыл сайын бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы 700-

ден астам өтініш түседі. Есепке қою кезінде меншік иелері 4 құжат ұсынады:

БАҚ-ты есепке қою туралы өтініш;

меншік иесінің мемлекеттік тіркелуі туралы куəлігінің көшірмесі;

меншік иесі жарғысының көшірмесі;

мемлекеттік баж салығының төленгендігі туралы түбіртек (салық 5 АЕК

немесе 50 АҚШ долларын құрайды).

Page 42: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

42

БАҚ-ты есепке қоюдан бас тарту туралы негіздеме «БАҚ туралы» ҚР

Заңында айқын регламенттелген. Бір таралу аумағында БАҚ атауларының бір-

бірін қайталайтын жағдайында, сондай-ақ егер де өтініш қолданыстағы Заң

талаптарына сəйкес келмесе Уəкілетті орган БАҚ-ты тіркеуден бас тартуы

мүмкін.

Мерзімді баспасөз басылымдары БАҚ-ты есепке қою туралы куəлікті 15

күнтізбелік күн ішінде алады.

Осылайша, есепке қою процедурасы БАҚ-тың дамуына жүк салмайды.

Сонымен қатар, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңға

енгізілген өзгеріспен артық əкімшілік кедергілер жойылды. «БАҚ туралы»

Заңның 10-бабының жаңа редакциясында телерадиохабарларын тарататын

ұйымдарды есепке қоюдың күші жойылды. Сол сияқты баспасөз БАҚ-тары

мен ақпараттық агенттіктер үшін редакцияның мекен-жайы мен редакторы

ауысқан жағдайда қайта есепке алудың күші жойылған. БАҚ-ты есепке қою

процедурасы еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен бірге, əлемдік тəжірибеге сəйкес əртүрлі елдердегі БАҚ-тарды

тіркеу процедурасының өзіндік белгілі бір ерекшеліктері бар. Еуропа

елдерінің ішінен баспасөз БАҚ-тарын тіркеу Францияда, Щвецияда,

Польшада, Молдавияда, Латвияда, сондай-ақ ТМД елдерінің ішінен: Ресейде,

Əзербайжанда, Украинада, Белоруссияда, Қырғызстанда жүзеге асырылады.

Мысалға, Францияда БАҚ-ты тіркеуді прокуратура органдары жүзеге

асырады. Польшада тіркеуді жүзеге асыруға соттар уəкілетті. Швецияда

басып шығаруға лицензияны билік органдары береді. Посткеңестік кеңістікте

баспасөз басылымдарын есепке қоюды уəкілетті органдар жүзеге асырады.

Осылайша, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан БАҚ-ты есепке қою

процедурасы халықаралық стандарттарға қайшы келмейді.

****

Қазақстан Интернеттің қазақстандық сегментін дамытуға бағытталған

шаралар қабылдауда. Ақпараттық теңсіздікпен күресудің маңызды бағыты –

Интернетті дамыту. Бұл жерде Қазақстан үшін маңызды басымдықтардың

бірі жаһандық желіге қол жеткізуді кеңейту болып табылады. Осы мақсатта

мемлекет халықты Интернетпен қамтуды кеңейту жəне ақпараттық

технологияларды дамыту шараларын қабылдауда.

Шалғай аудандардың байланыс қызметін көрсетуге толыққанды қол

жеткізуін қамтамасыз ету жəне ауылда Интернет желісіне қол жеткізу

қызметін көрсету мақсатында ауылдағы байланысты дамыту жұмысы

жүргізілуде. CDMA технологиясы бойынша 450 МГц диапазонында

өткізгішсіз қол жеткізу желісінің құрылысы жүріп жатыр. CDMA радиомен

қол жеткізу желісін дамыту жоспарында желінің қамту алаңын 2009 жылғы

59%-дан 2012 жылы 100%-ға дейін жеткізу көзделген.

Пилоттық жобалар Қостанай жəне Ақтөбе облыстарында іске қосылған.

Қазіргі кезде CDMA 450 өткізгішсіз қол жеткізу жүйесімен 1560 ауылдық елді

мекен қамтылған.

Page 43: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

43

Жаһандық желінің қазақстандық сегментін дамытуды заңнамалық

қамтамасыз етуді жетілдіруге көңіл бөлінуде. Бұл нарыққа қатысушылардың

барлығына ортақ ойын ережесін анықтау үшін қажет. Осы мақсатпен 2009

жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына ақпараттық-

коммуникациялық желілер мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы» Заң қабылданды.

Салыстырмалы талдау нəтижелері көрсеткеніндей, «Интернет туралы»

Қазақстан Республикасының Заңы либералдық болып табылады. Негізінен

Интернеттің қазақстандық сегментінде заңсыз ақпараттың таралуына жол

бермеуге бағытталған. Бұл ретте ақпараттың заңсыздығын тек қана сот

анықтайды.

Интернет-ресурстарды БАҚ-қа теңестіруге қатысты атап өтетін жайт,

2001 жылдан бастап веб-сайттар «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР

Заңына сəйкес БАҚ-тарға теңестірілген. Бұл Заң ондағы «веб-сайт» ұғымының

аталуын «интернет-ресурс» деп ауыстырған, ал қандай да бір құралды БАҚ-қа

жатқызу критериі өзгеріссіз қалған, яғни олар бұқаралық ақпараттың мерзімді

немесе үздіксіз көпшілікке жария таратылуының нысаны болып табылады.

Бұл ретте интернет-ресурстар толыққанды БАҚ-қа айналмайды: олар уəкілетті

органда тіркелмейді жəне тиісті лицензия алмайды. Интернет-ресурстарды

мұндай түрінде БАҚ-қа теңестіру əлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде

бірқатар ЕҚЫҰ-ға мүше елдерде (мысалға, Польшада, Австрияда, Ресейде)

кең тараған практика болып табылады.

Орнатылған, соның ішінде құқыққа қайшы ақпаратқа ресурс иесі

жауапты болады. Қабылданған Заң жаһандық желінің қазақстандық аймағы

субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастардың өркениетті арнаға

өтуіне жағдай жасайды.

Қабылданған түзетулер Интернеттегі жанжалдық ахуалдарды сотқа

дейін реттеуге, киберқылмыстың алдын алуға жағдай жасайды.

Осылайша, іс жүзінде Заңның қабылдануымен желінің қазақстандық

сегментінің өзін-өзі реттеуінің тиімді тетігі құрылды. Интернет туралы заң

қабылданған сəттен бастап интернет-ресурстың бірде-бір жабылуы не болмаса

ақпаратты таратуды өзге де шектеу жағдайы болған жоқ.

Ақпарат алу конституциялық құқығын қамтамасыз етудің маңызды

құраушылардың бірі көпшілік ақпаратқа қол жеткізу болып табылады.

Қазақстан Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010-2011 жылдарға

арналған перспективалық жоспарымен «Ақпарат жəне ақпаратты қорғау

туралы» заң жобасын əзірлеу көзделген. Оның тұжырымдамасы ақпаратқа қол

жеткізуді қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге оны қорғаудың тетіктерін

де көздеген. Алайда азаматтық қоғам өкілдерімен талқылаулар сериясы

барысында ақпаратқа қол жеткізуді реттейтін арнайы заң əзірлеудің

басымдылығы анықталды.

Нəтижесінде 2010 жылғы қыркүйекте Қазақстан Үкіметі жанындағы Заң

жобалау қызметі мəселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия

отырысында ақпарат пен оны қорғау туралы жеке заң əзірлеуден бас тартып,

Page 44: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

44

қолданыстағы заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізумен шектелу

туралы шешім қабылданды.

Бірмезгілде Парламент депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдар

құрамындағы бастамашыл топ халықаралық тəжірибе негізінде «Көпшілік

ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасын əзірледі. «Көпшілік ақпаратқа қол

жеткізу туралы» заңның жобасы қоғамдық тыңдауларға ұсынылып,

мақұлданды, соның нəтижелері бойынша Парламентке аттас заң жобасын

əзірлеуді заңнамалық бастама ретінде шығару ұсынылды.

Қазақстан БАҚ-тың еркін дамуы, сөз бостандығы жəне ақпаратқа қол

жеткізу үшін жағдай жасауға ілгерілемелі қозғалысты бұдан əрі де

жалғыстыратын болады.

Диффамация саласындағы шетелдер заңнамасына шолу

Диффамация термині латынның — «diffamatio», «fama» - «атақ, абырой»

деген сөзінен шыққан. Одан ағылшынның «defame» сөзі жасалған, мұны

аударғанда «жамандау, күйе жағу» дегенді білдіреді. Бүгінгі таңда

«диффамация» термині бұрынғысынша роман-герман жəне ағылшын-америка

құқықтары елдерінің көпшілігінде сақталып келеді, бірақ енді бұл термин

жала жабуды немесе оның түрлерін білдіреді.

Əрбір адамның жеке өміріне қол сұғылмау құқығын қамтамасыз ету

мəселелері жəне абыройы мен қадір-қасиетін қорғау əрқашан өзекті болып

қала береді.

Осыған байланысты ең көп талқыланатын проблемалар санатына

ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер үкіметтерінің осы саладағы ұлттық заңнамалар

нормаларын Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің

стандарттарына жақындату жөніндегі іс-қимылдары жатады.

ЕҚЫҰ-ның бұл мəселелердегі стратегиялық межесі жала жабу мен

намысын қорлауды толық криминалсыздандыруға қол жеткізу болып

табылады.

Жеке елдердің заңнамасы диффамация үшін қылмыстық жазалауды

көздейді.

Ішінара алғанда Польша Республикасының Қылмыстық кодексінде (ҚК)

осы мəселе жөнінде арнайы нормалар бар. Польшаның Қылмыстық кодексінің

212-бабына сəйкес жай жала жабу бостандығын шектеумен немесе болмаса

бір жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Польша Республикасының ҚК бұқаралық ақпарат құралдарын

пайдалана отырып жасалған жала жабу мен намысын қорлау үшін айыппұл

немесе бостандығын шектеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан

айыру түрінде жазалуды көздейді. Польша ҚК-де лауазымды адамды

қызметтік міндеттерін орындап жатқан кезде немесе соған байланысты

көпшілік алдында намысын қорлағаны, сондай-ақ елдің конституциялық

органын қорлағаны немесе намысын кемсіткені үшін жаза бар.

Page 45: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

45

Польша Республикасының Президентін көпшілік алдында қорлау үш

жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сондай-ақ басқа

адамның діни сезімдерін қорлау, діни қасиетті заттарды немесе діни

ғұрыптарды жамағатпен орындауға арналған орынды көпшілік алдында

қорлау қылмыстық жазалауға жатады.

Бұл елде адамдарды немесе адамдар топтарын олардың ұлтына,

нəсіліне, дініне байланысты немесе атеистік көзқарастарына байланысты

көпшілік алдында қорлағаны үшін неғұрлым қатаң жауапкершілік көзделген.

Испанияның заңнамасына сəйкес жала жабу - адамның оның жалған

екенін біле тұра таратқан əрекеті қылмыстық əрекет деп танылады.

Испания ҚК 210-бабында «маңызды» аталатын көпшілік алдындағы

қорлау да қылмыс ретінде танылады.

Көпшілік адамдар арасында таратылған жала жабу үшін айыптылар екі

айдан алты айға дейін бас бостандығынан айырумен не ақшалай айыппұлмен

жазаланады.

Францияда диффамациялық фактінің шынайылығы баспасөз

бостандығы туралы заңнамаға сəйкес анықталады. Диффамация деп француз

юриспруденциясы жеке адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін

айыптаулар мен шындыққа жанаспайтын пікірлерді таниды.

Францияда қандай да бір адамға қатысты көпшілік алдында емес

намысын қорлау, егер оның алдын арандату болса, қылмыстық жазаланатын

əрекет болуы мүмкін.

Хабарламаны алатын адамның тұратын жеріндегі əдептілік ережелеріне

қайшы келетін хабарламаны жөнелту немесе жеткізіп беру əрекеті де ақшалай

айыппұл түрінде жазаланады.

Француз қылмыстық заңнамасында белгіленген жағдайларда

диффамация үшін қылмыстық жауапкершілікке заңды тұлғалар да тартылады.

Францияда көпшілік алдындағы жəне көпшілік алдындағы емес

диффамация жасағаны əрі нəсілдік немесе кемсітушілік сипаттағы намысын

қорлағаны үшін жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да қылмыстық

жауапкершілікке тартылады.

Францияның қылмыстық заңнамасы жалған сөз тасығаны үшін де

жазалауды көздейді. Атап айтқанда, сот ведомствосының лауазымды

адамына, соттық немесе əкімшілік полицияның, не болмаса қылмыстық

қудалау құқығы бар органның лауазымды адамына қарсы айыптайтын сөз

тасу бес жыл түрмеге қамаумен жəне 300 мың франк мөлшеріндегі

айыппұлмен жазаланады.

Сөз тасушыға қарсы қойылған айыптауларды тек қана сот бағалайды.

Франция ҚК сөзде, ымдауда, қорқытуда, кез келген сипаттағы

жарияланбаған мəтінде немесе суреттерде өрнектелген намысын қорлау үшін,

не пошта бойынша қандай да болмасын затты мемлекеттік қызметтегі адамға

олардың өз қызметтік міндеттерін жүзеге асырған кезінде немесе жүзеге

асырумен байланысты жіберу жолымен қорлау үшін, егер де қорлау оның

қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге немесе оған жүктелген функцияларға

Page 46: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

46

байланысты көрсетілуге тиіс құрметке қол сұғылуға əкеп соғатын болса,

жауапкершілікті көздейді.

ГФР Қылмыстық кодексі біле тұра жалған мəліметтер таратумен

байланысты бірқатар қылмыс құрамын көздейді. Атап айтқанда, намысын

қорлау бір жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл түрінде

жазалауға жатады. Егер де намысын қорлау іс-əрекет түрінде болса, онда ол

екі жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. Ғайбат сөздер де

қылмыстық жазалуаға жатады.

ГФР ҚК «Жала жабу» атты параграфында былай делінген: «Кімде-кім

басқа адамға қатысты қасақана біле тұра бұл адамды жұртшылықтың көз

алдында қаралайтын немесе оның қадір-қасиетін түсіретін жалған фактіге

сендірсе немесе таратса, немесе егер бұл мəліметтер дəлелденген болмаса екі

жылға дейін бас бостандығынан айырумен немесе ақшалай айыппұлмен

жазаланады. Егер де əрекет көпшілік алдында немесе жазбаша материалдарды

тарату жолымен жасалса екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан

айырумен немесе ақшалай айыппұлмен жазаланады».

Германия ҚК жалған, саяси қайраткерді қаралайтын оның қоғамдық

қызметімен байланысты өсекті көпшілік алдында немесе жазбаша түрде

таратқаны үшін жауапкершілікті көздейді. Мұндай əрекетті жасауға кінəлі

адам үш айдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Германияда бундесверге қарсы бағытталған насихат қылмыстық жазаланады.

Азаматтарды ақпараттандыру жəне қоғамдық пікірді еркін

қалыптастыру мəселелеріндегі БАҚ-қа қатысты проблемаларды шешумен

Герман баспасөз істері жөніндегі кеңесі айналысады. Бұл орган БАҚ

жарияланымдары мен қызметкерлерінің іс-əрекетіне шағымдарды қарайды.

Норвегияда БАҚ-та ақпарат бергені үшін жауапкершілікті реттейтін

негізгі құқықтық құжат БАҚ жөніндегі Акт болып табылады, оған сəйкес жеке

жəне заңды тұлғалар радиодан жəне/немесе теледидардан жарияланған немесе

таратылған ақпаратты ол жөнсіз немесе дұрыс болмаған жағдайда БАҚ-та

жəне БАҚ жөніндегі Апелляциялық Кеңесте даулауға құқылы.

Италия Республикасында да БАҚ-тағы диффамация үшін жауапкершілік

мəселесі қылмыстық жазықтықта қарастырылады. Жала жабу жəне атақ-

абыройына нұқсан келтіру үшін алты айдан үш жылға дейін бас

бостандығынан айырумен немесе айыппұл төлеумен жазалау көзделген.

«Диффамация» термині британ заңнамасында жазбаша жала жабу

(libel), яғни баспасөзге шыққан жала, жəне өсек (slander), ауызша айтылған

деп бөлінеді. Бүгінгі таңда Ұлыбританияда бұл саладағы екі негізгі

заңнамалық акт бар: 1996 жылғы Диффамация туралы акт жəне Жала туралы

қылмыстық акт (Criminal Libel Act 1819).

Жала егер де құдайға тіл тигізетін, бүлдіретін немесе бүлікке айдап

салатын, сондай-ақ əдепсіз болса Қылмыстық акт ережесіне кіреді. Теория

жүзінде бұл елдегі бір басылым əкімшілік те, қылмыстық та сот ісіне

ұшырауы, ал баспагер түрмеге қамалып, келтірілген зияны үшін айыппұл

төлеуге мəжбүрленуі мүмкін.

Page 47: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

47

Дейтұрғанмен де практикада британдық қылмыстық заңнамасының

аталған нормалары қолданылмайды десе де болады.

Канаданың ҚК 300-бабына сəйкес «Біле тұра жалған, беделді түсіретін

ақпаратты жариялаған əрбір адам қылмыс жасады деп танылып, бес жылға

дейінгі мерзімге түрмеге қамау түріндегі жазалауға жатады».

Канаданың ҚК 301-бабына сəйкес: «Тұлғаны қаралайтын, беделін

түсіретін ақпарат жариялаған əрбір адам қылмыс жасады деп танылып, екі

жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамау түріндегі жазалауға жатады».

АҚШ-тағы бұқаралық ақпарат құралдарындағы диффамацияны реттеу

практикасы еуропалық практикадан едəуір өзгеше. Бұл ретте америкалық

заңнамада диффамация үшін қылмыстық жауапкершілік жоқ. Сонымен бірге

негізгі басымдық ұлттық БАҚ-тардың ақпаратқа қол жеткізу жəне тарату

конституциялық құқықтарының қорғалуына беріледі. Америкалық

диффамациялық құқыққа тəн ерекшелік диффамация фактісін дəлелдеу

салмағының əрқашан талапкерге жүктелетіні болып табылады, ол таққан

кінəнің бар екенін дəлелдеуге тиіс. Бұл ретте «кінəлілік дəрежесі» талапкердің

мемлекеттік лауазымды адам, қоғам қайраткері немесе жай жеке адам екеніне

байланысты.

Оның үстіне америкалық құқықта «диффамациялық артықшылықтар»

деп аталатын тұжырымдама бар. Сондықтан баспасөздегі шындыққа сай

келмейтін хабарламалар сот ісін жүргізу немесе заңнамалық процесс

барысында диффамация үшін жауапкершіліктен босатылады. Ерекше атап

өтетін жайт, бұл жағдайда БАҚ-тың мұндай ресми процестерді жариялау

конституциялық құқығы халықты олар туралы барынша көп хабардар ету

мақсатында қорғауға жатады.

АҚШ-тың жекелеген штаттарында «агенттік артықшылық» деген бар,

ол ақпараттық агенттіктер дайындаған материалдарды жариялайтын БАҚ-

тарды жала үшін жауапкершіліктен қорғаштайды.

Америкалық құқық «диффамация» деп алдын ала жалған, атақ-

абыройын төгетін, басқалардың кінəлауына (жек көруіне) итермелейтін

немесе бизнесіне нұқсан келтіретін пайым-пікірді таниды. Бұл ретте егер де

диффамация жазбаша түрде жарияланса, ол пасквил деп, ал ауызша айтылса –

жала деп аталады.

Диффамация туралы іс бойынша сотқа жүгіну үшін қуынудың ескіру

мерзімі бұл елде орташа есеппен БАҚ-та қаралайтын материал жариялаған

сəттен бастап шамамен бір жылды құрайды.

Сонымен бірге штаттардың көпшілігінде талап қоюшының БАҚ-қа

ақпараттың жалғандығын ашып көрсету үшін оның жарияланған күнінен

бастап 30 күн ішінде жазбаша талаппен жүгінуіне мүмкіндік беретін «Теріске

шығару туралы заңы» бар.

Қазақстан Республикасының заңнамасын сөз, ақпарат алу жəне

тарату бостандығына қатысты БҰҰ жалпыға бірдей халықаралық

стандарттары мен ЕҚЫҰ принциптеріне сəйкес келтіру жөніндегі

ҰСЫНЫМДАР:

Page 48: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

48

1. Азаматтардың ақпарат алу конституциялық құқықтарын толық

қамтамасыз ету мақсатында «Көпшілік ақпаратқа қол жеткізуі туралы» ҚР

Заңы əзірленіп, қабылдансын.

2. Жала мен намысын қорлау құрамын заңнамалық деңгейде

криминалсыздандыру, оларды азаматтық-құқықтық жауапкершілік санатына

көшіру жөніндегі жұмыс жалғастырылсын.

3. Абыройы мен қадір-қасиетін қорғау туралы іс бойынша талаптың

ескіруі мерзімі заңнамалық түрде белгіленсін. Мұндай даулар бойынша

мемлекеттік баж салығының сомасы талап етілген моральдық зиянды өтеу

сомасына сəйкес келтірілуге тиіс. Мұндай өтемақылардың жоғарғы шектерін

белгілеу, сондай-ақ қасақана əдейі келтірілмеген моральдық зиян үшін БАҚ

жауапкершілігін алып тастау қажет.

Жеке бастың мүліктік емес құқықтары мен іскерлік беделін бұзғаны

үшін жауапкершілікті дифференциациялау қажет, іскерлік беделге иелері тек

шаруашылық қызметпен айналысатын дербес заңды тұлғалар болып

табылады деп айқындалуы қажет.

4. Процедуралық бұзушылық үшін бұқаралық ақпарат құралдарының

шығарылымдары мен құрал-жабдықтарды тəркілеуге немесе олардың

қызметін тоқтатуға жол беруге болмайды жəне халықаралық стандарттарға

қайшы келеді. БАҚ қызметін тоқтатуға тек сот шешімімен ғана жол берілуге

тиіс.

5. Өскелең ұрпақтардың құқықтық санасының қалыптасуына

қатыгездікке табынудың теріс ықпалын болдырмау мақсатында зорлық-

зомбылыққа, қатыгездікке жəне адам өлтіруге табыну элементтері бар

фильмдер, бейнефильмдер көрсету заңнамалық деңгейде реттелсін.

Мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығы

(еркін жəне əділ сайлау)

Мемлекет iсiн басқаруға қатысу, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi

өзiн-өзi басқару органдарын сайлау жəне оларға сайлану құқығы Қазақстан

Республикасы Конституциясының 33-бабында, сондай-ақ Адам

құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 21-бабында жəне

Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 25-бабында

бекітілген.

Сайлау негізінде Мемлекет басшысы, Парламент, жергілікті өкілді

органдар сайланады. Президентті, Республика Парламентінің Мəжілісі мен

мəслихаттар депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау

құқығымен жасырын дауыс беру жолымен жүреді. Республика Парламенті

Сенатының депутаттарының сайлауы жанама сайлау құқығының негізінде

жасырын дауыс беру арқылы өтеді.

Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толған азаматтары тегiне,

əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне,

Page 49: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

49

ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез

келген өзге жағдаяттарға қарамастан белсенді сайлау құқығына ие.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 3 тармағына

сəйкес сот iс-əрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмi бойынша бас

бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлауға қатыспайды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы

Конституциялық заңының (бұдан əрі – Сайлау туралы Заң) 4-бабының 4

тармағына сəйкес сотталуы заңда белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе

алынбаған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан

Республикасының Парламенті депутаттығына, соның ішінде партиялық

тізімдер бойынша, мəслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ өзге

де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат бола

алмайды.

Конституцияда сайланбалы лауазымға кандидаттарға қойылатын

орнықтылық цензы, жасына байланысты цензы жəне бірқатар басқа да

талаптар көзделген.

Президент болып тумысынан республика азаматы болып табылатын 40

жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген əрi Қазақстанда соңғы 15 жыл

бойы тұратын Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады.

Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын жəне оның

аумағында соңғы 10 жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты

бола алады. Жасы 30-ға толған, жоғары білімі жəне кемінде 5 жыл жұмыс өтілі

бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика

астанасының аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат

депутаты бола алады. 25 жасқа толған адам Мəжіліс депутаты бола алады.

Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мəслихат

депутаты болып сайлана алады.

Азаматтардың белсенді сайлау құқықтарын қамтамасыз ету саласында

мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (мүгедектердің) сайлау мен

референдумдарға қатысуына арналған жағдайды жақсарту қажет екенін атап

өткен жөн. Бұл дауыс беру пункттерінде пандустар орнатуға, зағип

сайлаушылар үшін арнайы сайлау бюллетеньдерін пайдалануға, мүмкіндігі

шектеулі адамдардың дауыс беруіне арналған жаңа технологияларды

пайдалануға қатысты. Осыған орай тиісті шетел (ең алдымен АҚШ, Еуропалық

Одақ елдері) тəжірибесін зерделеніп, мүгедектердің сайлау процесіне толық

қатысуын қамтамасыз етуге арналған тиісті нормативтік-құқықтық база

қабылданса пайдалы болар еді.

Сайланбалы лауазымның кандидаттарына қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасын-

дағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен, сондай-ақ Қазақстан

Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Қалыптасқан электоральдық циклге сəйкес 2009 жылы кезекті сайлау

өткен жоқ.

Page 50: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

50

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы

Конституциялық заңының 101-бабы 4 тармағына сəйкес 2010 жылғы 28

наурызда жəне 31 қазанда республика өңірлерінде босаған орындарға мəслихат

депутаттарының сайлауы өтті. 2010 жылы барлығы 115 депутат сайланды,

оның ішінде 17 облыстық, 12 қалалық жəне 86 аудандық мəслихаттар

депутаттары.

Мəслихат депутаттары өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы

мына себептерге байланысты болған: заңнама бойынша депутаттық міндетті

орындаумен қатар алып жүруге болмайтын қызметке сайлану немесе

тағайындалу - 32 адам (27,8%); тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік шекарасынан

тыс жерге көшіп кету – 42 адам (36,5%); депутаттың қызметтен кетуі туралы

жеке өтініш беруіне байланысты – 16 адам (13,9%); депутат өлімі – 20

(17,4%); депутаттың өз міндеттерін жүйелі түрде орындамауы – 2 (1,8%).

Сайлау өткізуге облыстық, қалалық, аудандық 115 округтік жəне 562

учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары толық көлемде қажетті

əдістемелік жəне нормативтік материалдармен жабдықталды. Сайлауды

қаржыландыру бюджеттік қаражатпен қамтамасыз етілді.

Жалпы сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына

сай өтті.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтері мен

учаскелерінің шекаралары туралы мəліметтер, аумақтық, округтік жəне

учаскелік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жері дер кезінде

жарияланды, сайлау комиссияларындағы бос орындарды толтыру жұмысы

жүргізілді, сайлаушылар тізімдері нақтыланды.

Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну жəне тіркеу бекітілген іс-

шаралардың күнтізбелік жоспарына сəйкес жүргізілді.

Сайлау науқаны барысында мəслихат депутаттығына барлығы 316

кандидат ұсынылып, 256 тіркелді, оның ішінде 36 облыстық, 191 аудандық

жəне 29 қалалық мəслихатқа кандидаттар. Тіркелген кандидатардың 140

(54,6%) өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған, 114-ін (44,5%) «Нұр Отан» ХДП

жəне 2-ін - (0,9%) қоғамдық бірлестіктер ұсынған.

Дауыс беру 562 сайлау учаскесінде өтті. Сайлаушылар тізімдеріне

жалпы алғанда 496226 сайлаушы енгізілген, дауыс беруге 390231-і (78,6%)

қатысқан. Бұл ретте барлық облыстарда 2009 жылмен салыстырғанда

сайлаушылардың белсенділігі өскен. Сайланған мəслихаттар депутаттарының

құрамында:

«Нұр Отан» ХДП мүшелері - 115 (100%)

ерлер – 97 (84,3%)

әйелдер – 18 (15,7%)

жоғары білімділер – 105 (91,3%)

орта арнаулы білімділер – 7 (6,1%)

орта білімділер – 3 (2,6%)

әкімдер мен мәслихатар аппараттарының қызметкерлері – 8 (7,0%)

Page 51: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

51

мемлекеттік сала қызметкерлері – 51 (44,3%)

коммерциялық құрылымдар қызметкерлері - 55 (37,4%)

саяси партиялар мен ҮЕҚ қызметкерлері – 8 (7,0%)

зейнеткерлер – 1 (0,9%)

басқалар - 4 (3,5%).

Дауыс беру барысын және дауыстарды санау процедурасын 1571

кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялар, қоғамдық

бірлестіктер және БАҚ өкілдері бақылады.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес 2010 жылғы 23

сәуірде босаған орынға Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенаты депутатының сайлауы өтті.

Сайлау науқаны барысында барлығы екі кандидат ұсынылды, оларды

Қостанай облыстық сайлау комиссиясы 1 сәуірде тіркеді. Олардың аты-

жөндері сайлау бюллетеньдеріне енгізілді.

Дауыс беру, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін

жариялауды Қостанай облыстық сайлау комиссиясы бір күннің ішінде – 23

сәуірде жүргізді. Таңдаушылардың келуі 95,7% құрады.

Тізімге енгізілген 300 таңдаушының дауыс беруге 287 немесе жалпы

санының 95,8 пайызы қатысты.

Дауыс беру барысын жəне дауыстарды санау процедурасын 23

кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялар, қоғамдық

бірлестіктер және БАҚ өкілдері бақылады. Ж.М.Нұрғалиевті жақтап 265 таңдаушы немесе 92,7%, ал

А.А.Мұратовты жақтап – 21 таңдаушы, немесе 7,3% дауыс берген. Бір

бюллетень жарамсыз деп танылған.

Жалпы сайлау науқандары сайлау заңнамасы нормаларының

талаптарына сəйкес өтті. Орталық сайлау комиссиясына шағымдар мен

арыздар түскен жоқ.

1995 жылғы 28 қыркүйекте Сайлау туралы Конституциялық заң

қабылданғаннан кейін оны жетілдіру жəне оны халықаралық сайлау

құқықтары нормаларына сəйкес келтіру мақсатында оған он бір рет – 1997

жылғы 19 маусымдағы, 1998 жылғы 8 мамырдағы, 1998 жылғы 6 қарашадағы,

1999 жылғы 6 мамырдағы, 1999 жылғы 28 маусымдағы, 2004 жылғы 14

сəуірдегі, 2005 жылғы 15 сəуірдегі, 2006 жылғы 25 желтоқсандағы, 2007

жылғы 19 маусымдағы, 2009 жылғы 9 ақпандағы, 2010 жылғы 14 маусымдағы

конституциялық заңдармен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2010 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық

заңдарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының

қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мəселелері

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан

Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 53-бабына өзгеріс

Page 52: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

52

енгізілді. Соған сəйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне

Елбасы мəртебесі берілді.

Қазіргі таңда сайлау заңнамасын одан əрі жетілдіру жұмысы жалғасуда.

Ішінара алғанда, Орталық сайлау комиссиясы жүйелі негізде осы мəселе

бойынша халықаралық ұйымдармен, Қазақстан Республикасының саяси

партияларымен жəне қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастықта жұмыс

істейді. Бұл жұмыстың басты мақсаты Қазақстан Республикасындағы сайлау

процесін жалпыға ортақ демократиялық стандарттарға сəйкес жақсарту болып

табылады.

Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар жəне

адам құқықтары жөніндегі бюросымен (бұдан əрі – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) Қазақстан

Республикасының сайлау заңнамасын жетілдіру мəселелері бойынша өзара

тығыз іс-қимыл жасауда. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен 6 негізгі құжатта: 1999 жəне

2005 жылдарғы президент сайлауын бақылау жөніндегі есептерде, 1999, 2004

жəне 2007 жылдардағы парламенттік сайлауларды бақылау қорытындылары

жөніндегі есептерде, сондай-ақ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 2004 жылғы 24 тамыздағы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы

Конституциялық заңына берген бағасында баяндалған ұсынымдар

талқыланды.

Жалпы алғанда жоғарыда аталған құжаттарда 161 ұсыным бар. Оның 54

– қайталанатындар.

Осылайша, 107 ұсынымнан қазіргі сəтте еліміздің сайлау заңнамасы мен

сайлау практикасында 61 іске асырылды.

Іске асыру мүмкіндіктерін талқылау сатысында тағы да бірқатар

ұсынымдар бар.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның бірқатар ұсынымдары Орталық сайлау комиссиясы

қаулылары деңгейінде іске асырылды.

Қазақстан жағы 23 ұсынымды бірқатар себептер бойынша қабылдай

алмайды, атап айтқанда: Конституцияға қайшы, сайлау процесіне

қатысушылардың жағдайын нашарлатады, не болмаса елдегі саяси жағдайға

сəйкес келмейді немесе Қазақстан қосылған халықаралық құжаттарда

баяндалған талаптарға сай келмейді.

Мысалға: тек қана саяси партиялар иелігіндегі партиялық тізім бойынша

сайланатын Мəжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну жөніндегі

шектеулерді алып тастау; республика Президентін Конституциялық Кеңеске

Президент, Сенат жəне Мəжіліс депутаттары сайлауының дұрыстығы

мəселелері бойынша жүгіну құқығынан айыру; Мəжілістің барлық

депутаттарын жалпыхалықтық дауыс беру жолымен сайлау, яғни Мəжіліс

депутаттарын Қазақстан халқы Ассамблеясының сайлауынан бас тарту;

Мəжіліс депутаттығына кандидаттар үшін Қазақстан аумағында сайлау

алдындағы 10 жылда Қазақстан аумағында тұру туралы талаптарды алып

тастау; сайлау комиссиясының шешімдері мен əрекеттеріне

(əрекетсіздіктеріне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына шағымдануға

арналған мерзімдерді қысқарту; Қазақстан Республикасынан тыс жерде

Page 53: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

53

басылған үгіт баспасөз материалдарын пайдалануға салынған тыйымды алып

тастау жəне т.б.

ҰСЫНЫМДАР:

1. БҰҰ жəне ЕҚЫҰ белгілеген халықаралық стандарттарға сəйкес

сайлау заңнамасын одан əрі жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылсын.

2. Сайлау комиссияларының қызметіне белгіленген тəртіппен тіркелген

барлық саяси партиялар өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етілсін, бұл ретте

мұндай қатысу комиссия мүшелерін сайлайтын мəслихаттардың саяси

құрамына тəуелді болмай, сайлау комиссиясының қызметіне барлық саяси

күштердің объективті қатысуын көздейтін тетікке негізделуі тиіс.

3. Жергілікті атқарушы органдардың сайлаушылар тізімін жасауының

ашықтығы заңнамалық түрде қамтамасыз етілсін.

4. Электрондық дауыс беру жүйесіне, сайлау учаскесіндегі дауысты

санау кезеңіндегі жəне дауысты санау нəтижелері туралы хаттама

толтырудағы қоғамдық бақылау заңнама түрінде бекітілсін.

Еңбек қатынастары саласындағы адам құқықтары

Азаматтың еңбек бостандығы, қызмет түрі мен кəсібін еркін таңдау;

қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайына; еңбегі үшін

қандай да бір кемсітусіз сыйақы алу конституциялық құқықтары еңбек

заңнамасының негізіне алынған.

ҚР Еңбек кодексіне (бұдан əрі – Кодекс) сəйкес əркімнің өзінің еңбекке

қабілетін еркін пайдалану, ешқандай да кемсітусіз жəне мəжбүрлеусіз қандай

да бір қызмет түрін таңдау құқығы бар.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңына

сəйкес, мемлекет азаматтардың жемісті жəне еркін таңдаған жұмыспен

қамтылуына қол жеткізуге жағдай жасайтын саясат жүргізуді қамтамасыз

етеді.

Бұл орайда мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында

жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғауға, уəкілеттік органдар арқылы жұмыс

таңдауға жəне жұмыспен қамтуға жəрдемдесуге кепілдік береді.

Еңбек нарығындағы ахуал туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау

министрлігі (бұдан əрі – Министрлік) мен Қазақстан Республикасының

Статистика агенттігі жүзеге асыратын тұрақты мониторинг еңбек

нарығындағы ахуалдың тұрақты екенін куəландырады. Экономикалық

белсенді халық саны 2010 жылғы IV тоқсанда 2009 жылдың осындай

кезеңімен салыстырғанда 146,9 мың адамға өсіп, 8616,1 мың адамды, ал

жұмыспен қамтылған халық саны 8141,4 мың адамды құраған немесе 204,0

мың адамға артқан.

Page 54: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

54

Егер 2010 жылдың басында жұмыссыз адамдар саны 532,9 мың адамды,

ал жұмыссыздық деңгейі – 6,3% құраса, 2010 жылғы IV тоқсанның аяғында

жұмыссыздар саны шамамен 55,2 мыңға азайып, 477,7 мың адамды,

жұмыссыздық деңгейі – 5,5% құраған.

Еңбек нарығындағы ахуалды жақсарту, жұмыссыздықтың өсуіне жол

бермеу мақсатында уəкілетті жұмыспен қамту органдары халықты жұмыспен

қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруда.

Жергілікті атқарушы органдардың мəліметтері бойынша 2011 жылғы

1 қаңтарда жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны 35,4

мың адамды құраған. 2010 жылы республиканың жұмыспен қамту

органдарына еңбекке делдал болуды сұрап 434,3 мың адам өтініш білдірген,

олардың 381,7 мыңы (87,9%) жұмыспен қамтылды.

Халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламаларына сəйкес «Жол

картасы» бағдарламасымен есептік кезеңде 58,1 мың жұмыссыз кəсіптік

дайындыққа жіберілген, қоғамдық жұмыстарға 100,3 мың адам қатысқан,

əлеуметтік жұмыс орындарына 46,6 мың жұмыссыз азамат орналасқан,

«жастар практикасынан» өтуге білім беру орындарының 42,0 мың түлегі

жіберілген.

Жастар практикасы жəне əлеуметтік жұмыс орындарын құру

бағдарламасы жастар жұмыссыздығы деңгейіне елеулі ықпал етті. Оның 2010

жылғы ІІІ тоқсандағы көрсеткіші 4,7% болды, бұл 2009 жылғы осындай

кезеңдегіден 1,2 пайыздық тармаққа төмен (5,9%).

Еңбек нарығындағы шиеленісті төмендету жəне халықтың жұмыспен

қамтылуын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс

орындарын құру жөнінде жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

2010 жылы барлығы 260,9 мың жаңа жұмыс орны құрылған, оның 120,1

мыңы ауылдық жерде. Бұл ретте өреркəсіпте - 32,1 мың, саудада – 30,2 мың,

құрылыс жəне коммуналдық шаруашылықта – 35,6 мың, ауыл шаруашы-

лығында – 17,6 мың жұмыс орны құрылды. Жалпы құрылған жұмыс

орындарының 179,5 мыңы – тұрақты жұмыс орындары, 76,1 мыңы шағын

бизнес саласында.

2010 жылы республика бойынша еңбек жөніндегі мемлекеттік

инспекторлардың саны 323 адамды құраған.

Еңбек заңнамасы нормаларының бұзылу фактілері

Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторлар 2010 жылы 71,1 еңбек

заңнамасының бұзылуын анықтаған, соның ішінде жалақыны уақтылы

төлемеу жөніндегі фактілер – 5303, еңбек шарттарын заңсыз бұзу фактілері –

409.

Еңбек заңнамасының бұзылуына жол берген адамдарға қатысты 15825

ұйғарым беріліп, жалпы сомасы 409,4 млн. теңгеге 11311 əкімшілік айыппұл

салынған.

Page 55: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

55

2010 жылы республика соттарында босатылған адамдарды жұмысына

қайта алғызумен байланысты 2136 азаматтық іс жəне жалақы төлеу туралы

5233 іс болған. Соның ішінде тиісінше шешім шығарыла отырып 1266 жəне

3365 іс қаралған.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мəселелері прокуратура

органдарының тұрақты назарында.

2010 жылы прокурорлар 1599 ұйғарым жəне заңдылықтың бұзылуын

жою туралы 669 ұйғарым енгізген, заңға 1066 түсініктеме берілген, жалақы

төлемеу фактілері бойынша 39 қылмыстық іс қозғалған, прокурорлардың

қаулылары бойынша 1604 адам əкімшілік жауапкершілікке, 1350 адам

тəртіптік жауапкершілікке тартылған, жұмыс берушілер жалақы бойынша 9,3

млрд. теңге берешегін өтеген, қабылданған шаралар нəтижесінде 225 мыңнан

астам адамның конституциялық құқықтары қорғалған.

Жалақыны ұзақ уақыт бойы (3 айдан артық) төлемейтін

кəсіпорындармен жұмыс жандандырылған.

Алматы қаласы əкімінің «Қуат» корпорациясы» АҚ-ның Шығыс

айналма жолын салуға арналған жер телімін сатып алуға жұмсаған

шығыстарын өтеу есебіне республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы

қолдаухаты бойынша (Алматы қаласы прокуратурасының 26.10.2010 ж.

ұйғарымының орындалуы үшін енгізілген) Қазақстан Республикасының

Үкіметі оң шешім қабылдады, Қазақстан Республикасының Көлік жəне

коммуникация министрлігіне Үкіметтің шұғыл шығындарға арналған

қорынан əрі қарай аталған мақсаттарға мақсатты ағымдағы трансферт түрінде

Алматы қаласының əкімдігіне аудару үшін 3 млрд. теңге мөлшерінде қаражат

бөлінді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.11.2010 ж. №1288 қаулысы).

Осындай жұмысты аумақтық прокурорлар да жүргізуде.

Мысалға, прокуратура органдары қабылдаған шаралар нəтижесінде

2010 жылғы желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында 5 кəсіпорнындағы

365 қызметкер алдындағы 8,5 млн. теңге сомасындағы, Алматы қаласында

9 кəсіпорындағы 1984 қызметкер алдындағы 200 млн. теңге сомасындағы,

Жамбыл облысында 4 кəсіпорындағы 356 қызметкер алдындағы 10,6 млн.

теңге сомасындағы жалақы бойынша берешек өтелді.

Аумақтық прокурорлардың еңбек, атқару ісін жүргізу, сондай-ақ

қабілетсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі органдармен бірлесіп жүргізген

тексерулерінің нəтижесі көрсеткеніндей, Қазақстан Республикасында 224

кəсіпорында жалпы сомасы 4,310 млрд. теңге берешек бар.

Жалақы бойынша барынша көп берешек құрылыс саласындағы, өңдеуші

өнеркəсіптегі, көлік пен қойма, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларындағы

жəне облыстардағы кəсіпорындарында атап өтіледі.

2010 жылы Қазақстан прокурорлары кəсіпорындардың жалақы бойынша

9,3 миллиард теңге сомасындағы берешегін өндіріп берді.

2010 жылғы желтоқсанда прокуратураның ұйғарымы бойынша

«Көкшетауқұрылыс» ӨҚК» ЖШС кəсіпорындарындағы 250 қызметкер

Page 56: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

56

алдындағы жалақы бойынша жалпы сомасы 15 880 604 теңге болатын

берешегі өтелді.

Астана қаласы бойынша прокурорлық ден қою шаралары бойынша 8

кəсіпорынның жалақы жөніндегі 103 миллионнан астам теңге сомасындағы

берешегі өтелді.

Алматы қаласында тек 2010 жылғы желтоқсанның өзінде жалақы

бойынша 200 миллион теңге сомасындағы берешек өтелді.

Соттың үкімі бойынша «Олжа Əлем» ЖШС директоры сотталды, ол

кəсіпорынның 8 851 929 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын жалақы

бойынша берешекті өтеудің орнына өзінің жеке басының қажетіне жұмсаған.

Қолданыстағы заңнамаға сəйкес, еңбек жөніндегі мемлекеттік

инспекциямен қатар, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы қоғамдық

бақылау да жүзеге асырылады.

Еңбек кодексінің 341-бабы еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық

инспекторға жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау

жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, жұмыс берушінің ұйымдардағы

жұмыс орындарында қалыпты еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын

жасау жөніндегі келісімдерді, ұжымдық шарттарды сақтауын қоғамдық

бақылау арқылы жұмыс берушілер алдында қызметкерлердің еңбекті қорғау

құқықтарының қорғалуын жүзеге асыруға құқық береді.

Қазіргі таңда қоғамдық инспекторлар саны шамамен 19 мың адамды

құрайды.

Қоғамдық инспекторлардың 2010 жылы анықтаған заң бұзушылықтары

124 700 тармақты құраған, оның ішінде 43 материал мемлекеттік еңбек

инспекциясына ұйымдар басшыларына шара қолдану үшін жіберілген, 29

материал сотқа берілген.

Еңбектің қауіпсіздігі мен оны қорғау мəселелеріндегі жүргізіліп жатқан

жұмыстарға жəне заңнамалық базаның жетілдірілуіне қарамастан өндірістегі

бақытсыздық жағдайлар жалғасуда жəне адам трагедиясына айналуы, елеулі

экономикалық шығындарға себеп болуы сирек емес. Өндірістегі бақытсыздық

жағдайлардан қоғамның экономикалық зардап шегуі өтемақы төлеуге кеткен

шығыстармен ғана емес, басқа да көптеген шығындармен өрнектеледі.

2006-2010 жылдардағы өндірістік жарақаттану кестесі

Жылдар 2006 2007 2008 2009 2010

Барлық зардап

шеккендер

3138

2892

2450

2103

2151

Өлімге əкеп

соқтырғандары

457

408

405

344

363

Page 57: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

57

Кестеден көрініп тұрғандай, талданған жылдар ішінде өндірістік

жарақаттану жиілігі жалпы республика бойынша төмендеген, бірақ 2010

жылы жарақаттану қайтадан 5,3%-ға, өлімге əкеп соқтырғандары – 22,8%-ға

өскен.

Əлеуметтік қамсыздандыру құқығы

Əлеуметтік қамту жүйесінің негізгі басымдығы əлеуметтік қамтудың

конституциялық кепілдіктерін іске асыру жəне оны барынша дамыған

елдердің стандарттарына келтіру болып қала береді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына, «Нұр Отан» ХДП əлеуметтік

бағдарламасының жəне Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасының негізгі

қағидаларына сəйкес 2010 жылы республикалық бюджеттегі əлеуметтік қамту

мен əлеуметтік көмекке арналған шығыстар 25% артты.

Жыл сайын ынтымақтық (бөліп тарату) зейнетақылары мен Мемлекеттік

əлеуметтік жəрдемақылар мөлшерлері инфляцияның болжамдық деңгейінің

алдын ала отырып индекстеледі.

Əлеуметтік бағдарламаларды өскелең қаржыландыру оны

алатындардың барлық санаттары үшін əлеуметтік төлемдер деңгейін көтеруге

мүмкіндік берді.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (ЗТМО) мəліметтері

бойынша 2010 жылы республикадағы зейнеткерлердің жылдық орташа саны

1677,2 мыңнан астам адамды құраған.

Президенттің 2008 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын

іске асыру шеңберінде 2007 жылға қатысты жалпы зейнетақылардың орташа

мөлшерін 2012 жылға 2,5 есе арттыру бөлігінде іске асыру барысында 2010

жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 25%-ға көтерілді.

Зейнет демалысына жаңадан шыққан зейнеткерлерге бұрынғы

зейнеткерлермен мөлшерлес көтеріңкі ең жоғары зейнетақы мөлшерін

қамтамасыз ету үшін 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақылар мөлшерін

есептеу үшін қабылданатын кіріс 28 АЕК-тен 32 АЕК-ке дейін көтерілді.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастан базалық зейнетақы төлемінің мөлшері

2009 жылмен салыстырғанда 9%-ға көтеріліп, 5981 теңгені құраған, бұл

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен

бекітілген ең төменгі күн көріс деңгейі шамасының 40%-на сəйкес келеді.

Нəтижесінде зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері базалық

зейнетақыны ескере отырып 18325 теңгені, орташасы – 27481 теңгені жəне

ең жоғарысы – 39 893 теңгені құраған.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақылар

(бұдан əрі - МƏЖ) мен арнайы мемлекеттік жəрдемақылар мөлшері 9%-ға

артты. №1 жəне №2 Тізімдер бойынша арнайы мемлекеттік жəрдемақылар

мөлшерлері де 9%-ға артып, тиісінше 12717 теңгені жəне 11304 теңгені

құраған.

Page 58: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

58

Міндетті зейнетақылық жарналарды төлеудің толықтығы жəне

уақтылылығын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес

салық органдары жүзеге асырады.

Бас прокуратура азаматтардың жүктілікке жəне босануға байланысты

кірісінен айрылған жағдайда əлеуметтік қорғауға жəне Мемлекеттік

əлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан əрі – Қор) қолдауға (бұдан əрі -

жəрдемақы) құқықтарының қамтамасыз етілуінің заңдылығы жағдайын

талдады.

Жүргізілген талдау нəтижелері қарастырылып отырған саладағы

қолданылып жүрген заңнаманы тезарада жетілдіру қажеттігі туралы

куəландырады.

Мысалға, бірнеше табыс көзінен кіріс алған кезде Қордан əлеуметтік

төлемдердің мөлшерін есептеудің тəртібін реттейтін жəне анықтайтын

құқықтық нормалар жеке талқылауды қажет етеді – орташа айлық кіріс əрбір

жұмыс беруші бойынша жеке-жеке есептелініп, кейін жинақталатыны

заңнамамен бекітілген (Үкіметтің 28.12.2007 жылғы №1307 қаулысымен

бекітілген Мемлекеттiк əлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн

əлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу, қайта есептеу (айқындау) жəне

арттыру ережесiнің 17 тармағы).

Əлеуметтік тəуекелдің болу фактісі еңбекке жарамсыздық парағын

ұсынумен расталады – бір қарағанда бұл норма құқықтық салдарларды

анықтауға əбден қабілетті.

Алайда, талдау нəтижелері көрсеткендей, заң шығарушы əлеуметтік

тəуекелдің болуы жəне əлеуметтік төлемді тағайындау жəне мөлшерін

анықтау кезінде кірістері есепке алынған табыс көздерінен кіріс алуды

жалғастырған кездегі жағдайларды реттемеген.

Мысалға, міндетті əлеуметтік сақтандыруға қатысушы М.-ның «Кью

жəне Ди» ЖШС жəне «СБ и И Европа БВ» компаниясы Қазақстандық

филиалы беген жалақы туралы анықтама негізінде Қордан шамамен 1,85 млн.

теңге мөлшерінде əлеуметтік төлемдер алған.

Əлеуметтік тəуекелдің болуын негіздеуге М.-ға «Кью жəне Ди» ЖШС

еңбекке жарамсыздық парағын белгілі бір кезеңді көрсете отырып берген.

Алайда, Атырау облысының прокурорлары М.-ның еңбекке

жарамсыздығы кезеңінде «СБ и И Европа БВ» компаниясы Қазақстандық

филиалынан кіріс алуын жалғастырғанын анықтаған, тиісінше бұл жұмыс

орны бойынша əлеуметтік тəуекел болмаған.

Əлеуметтік төлемнің мөлшерін тек «Кью жəне Ди» ЖШС кірісін ескере

отырып есептеген кезде 762 182 теңге болар еді.

Бұл айтылған жайт Денсаулық сақтау министрінің 23.10.2009 ж. №556

бұйрығымен бекітілген азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы

мен анықтамасын беру ережелерін (бұдан əрі – ҚР ДСМ Ережелері)

қолданудың əртүрлі практикаларын қолдану салдарында мүмкін болған.

ҚР ДСМ Ережелерінің 25 тармағына сəйкес, егер де азамат бірнеше

жұмыс берушіде жұмыс істесе, онда оған əрбір жұмыс орны бойынша жұмыс

Page 59: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

59

берушінің атауы көрсетілген бірнеше уақытша еңбекке жарамсыздық

парақтары беріледі.

Алайда, осы Ережелердің 26 тармағымен əйелдерге жүктілігіне немесе

босануына байланысты Қордан əлеуметтік төлем жасалуы үшін уақытша

еңбекке жарамсыздық парағы (жалғыз данамен) беріледі.

Бұл жағдайда, заң шығарушы өтініш иелеріне Қордан əлеуметтік төлем

алу үшін əрбір жұмыс орнынан еңбекке жарамсыздық парақтарын беруін

талап етуді бекітпеген.

Демек, уəкілетті орган əрбір жұмыс орнынан еңбекке жарамсыздық

парақтарын талап етуге құқылы емес.

Біздің көзқарасымызша, қарастырылып отырған жағдай құқықтық

реттеуді талап етеді.

Сондай-ақ заңнаманың екі немесе одан көп бала туу кезіндегі

коэффициентті реттейтін нормаларын қайта қарау қажет деп ойлаймыз.

«Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы

Заңының (бұдан əрі – Заң) 23-1 бабының 4 тармағымен жəне Ережелердің 12

бабымен жүктілік пен босану кезінде «4,2» жəне «5,7» коэффициенттері, ал

ауыр босанған немесе екi жəне одан да көп бала туған жағдайда «4,7» жəне

«6,2» коэффициенттері көзделген.

Отбасында екі жəне одан көп баланың өмірге келгендегі шығындар бір

бала туған кездегіден гөрі орасан көп болады, бұл жаңа туған нəресте үшін

бірінші кезектегі қажетті заттар сатып алуға ғана емес, сонымен бірге

олардың табиғи дамуы төмендеуімен, əдетте денсаулығы əлжуаз болып

туылуымен де байланысты деп ойлаймыз.

Осылайша, «4,2» жəне «5,7» коэффициенттерін əрбір бала үшін бөлек

анықтауды, ал «4,2» жəне «5,7» коэффициенттерін ауыр босанған жағдайға

бекітуді ұсынамыз.

Сонымен қатар, жəрдемақының ең төменгі мөлшерін ЕЖ 10-15 не одан

көп еселік шеңберінде (149 520 – 224 280 теңге) анықтау қажет, өйткені

төмен кіріс алатындар бірінші кезектегі қажетті құралдарды сатып алуға

жеткіліксіз арзымайтын əлеуметтік төлемдер алуға душар, ал ұсынылып

отырған ең төменгі мөлшер жаңа туған нəресте отбасына елеулі материалдық

көмек көрсете алады.

Кері талап қоюшылар (регрессшілер) – бұл əдетте еңбек шарттары ауыр,

зиянды əрі қауіпті кəсіпорындарда көп жыл жұмыс істеген жəне соған

байланысты кəсіптік ауруға ұшыраған немесе жарақаттанған бұрынғы

жұмысшылар. Соның салдарынан олар еңбекке қабілетін жоғалтқан, не

болмаса өндірістегі апаттан жəне бақытсыздық жағдайынан еңбекке жарамсыз

болып қалған.

Кері талап қоюшылар құқықтарын қамтамасыз ету мəселелері бүгінгі

таңда айрықша өзекті. Бұл жоғалтқан табысын (кірісін) өтеу сомасының,

жəбірленушінің денсаулығының залалдануы мен өліміне байланысты

тағайындалған басқа да төлемдердің айлық орташа көрсеткіштің артуымен

пропорционал өсуімен байланысты.

Page 60: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

60

Қолданыстағы азаматтық заңнаманың қазақстандық қызметкерлердің –

|кері талап қоюшылардың жағдайын нашарлататын көптеген мысалдарының

бірін келтіре кетуге болады.

«СК Сожис» ЖШС құрылыс кəсіпорынында ағаш шебері Т. 2000 жылы

өндірістік жарақат алған болатын. Нəтижесінде оған 3 дəрежелі мүгедектік

берілген (кəсіптік еңбекке қабілетінің 40% жоғалтқан). Сол кездегі оның

жалақысы 4 500 теңге болған. Зиянды өтеу сомасы 1800 теңгені құраған. 2011

жылғы 1 қаңтарда зиянды өтеудің ай сайынғы төлемі бар-жоғы 3 250 теңгені

құраған.

Бүгінгі таңда бұл саладағы орташа жалақы 70 000 теңгені құрайды.

Бұрынғы қолданған заңнама бойынша (1999 жылғы Азаматтық кодекс) Т.

28 000 теңге алған болар еді (70 000 теңге х 40% = 28 000 теңге).

2008 жылы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінде

арнайы жұмыс тобы құрылды. «Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу мəселелері

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын

əзірленді. Қазіргі уақытта бұл Заңды Парламент қабылдап та қойған.

Бұл мəселенің өзектілігі əсіресе Қарағанды облысында анық көрінеді.

Кері талап қоюшы шахтерлердің қарағандылық қозғалысының екі тармағы –

қазірде жабылып қалған бұрынғы кеңестік Қазақстанның жабық

шахталарында еңбекке қабілеттерін жоғалтқан жəне қазіргі таңда ешқандай

жəрдемақы алмайтын (өз кезінде олар шахта жойылған кезде 70 жасқа

толғанға дейін төлем алатын) «аққошқаровшылар» дейтіндер (белсенділер

көшбасшысы - Аққошқаров), сондай-ақ жəрдемақы 1995 жылғы 1 қарашадағы

жалақы бойынша есептелінетін Лакшми Митталдың көмір кəсіпорындарының

мүгедектері əділдікке ортақ қол жеткізу үшін бірікті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары

жөніндегі комиссияның ұстанымы тұрғысынан əкімшілік жəне саяси

мемлекеттік қызметшілердің зейнетақымен қамтамасыз етілуі қоғамдағы

ерекше жағдайды, мемлекет алдында сіңірген еңбек жылдарын, мемлекеттік

қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, жетілдіруді талап етеді.

Қазақстанның экономикалық өсуін, мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін

ескере, сондай-ақ басқа мемлекеттердің өз мемлекеттік қызметшілерін

лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі оң тəжірибесіне назар

аудара отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентіне

мемлекеттік қызметшілерді еңбек сіңірген жылдарына байланысты

зейнетақымен қамтамасыз етудің ерекше тəртібін көздейтін «Қазақстан

Республикасында зейнетақымен қамтасыз ету туралы» ҚР Заңына өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын əзірлеп, қабылдауды

ұсынамыз. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеуді

1991 жылғы 16 желтоқсаннан, Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік алған

күнінен бастап есептеуді ұсынамыз.

Page 61: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

61

ҰСЫНЫМДАР:

1. Еңбек кодексі жетілдірілсін, оған шетелдік компаниялар

қызметкерлерінің бірдей еңбегіне ақы төлеу кезінде олардың ұлтына,

азаматтығына қарамастан кемсітудің кез келген түріне тыйым салу жөніндегі

толықтырулар енгізілсін.

2. ХЕҰ-ның №95 «Жалақыны қорғау туралы» Конвенциясы

ратификациялансын.

3. ХЕҰ-ның №131 «Ең төменгі жалақыны белгілеу туралы»

Конвенциясы ратификациялансын.

4. Азаматтардың əлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауды

күшейту мақсатында Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар

туралы халықаралық пактінің Факультативтік хаттамасы ратификациялансын.

5. Заңнаманың екі не одан көп бала туған кездегі коэффициенттерді

реттейтін жеке нормаларын қайта қарау жəне «Міндетті əлеуметтік

сақтандыру туралы» Заңға, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрінің 23.10.2009 ж. №556 бұйрығымен бекітілген «Азаматтарға

уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын беру ережелеріне»

тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

6. Ресей Федерациясы, Еуропалық Одақ елдері, басқа да мемлекеттердің

мемлекетік қызметшілердің зейнетақымен қамту құқықтарын қамтамасыз ету

жөніндегі оң тəжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі

агенттігіне мемлекеттік қызметшілерді еңбек сіңірген жылдарына қарай

зейнетақымен қамтамасыз етудің ерекше тəртібін көздейтін «Қазақстан

Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын əзірлеп,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің қарауына шығару

ұсынылсын. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеуді

1991 жылғы 16 желтоқсаннан, Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік алған

сəтінен бастап есептеуді ұсынамыз.

Денсаулықты сақтау жəне білікті медициналық

көмек алу құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың

денсаулығын сақтауға, заңда белгіленген тегін медициналық көмектің

кепілдік берілген көлемін жəне ақылы медициналық көмек алуға, мемлекеттік

жəне жекеменшік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық

практикамен шұғылданатын адамдардан ақылы медициналық көмек алуға

құқығын көздейді.

Халықтың денсаулығы республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз

етудің басты факторларының бірі болып табылады. Денсаулық сақтау

саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен міндеттері

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғауға, сапалы

Page 62: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

62

медициналық қызмет көрсетілуіне конституциялық құқықтарын сақтау жəне

оларды мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекет басшысы, Үкімет бұл мəселелерге оларды ұлттық басымдық

рангісіне жатқыза отырып ерекше көңіл бөледі, сондықтан халықтың

денсаулық күйінің жақсаруы жəне саланың одан əрі дамуы Қазақстанның

əлемнің бəсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіруінің міндетті шарты ретінде

қарастырылады.

Денсаулық сақтау органары мен ұйымдары Денсаулық сақтауды

дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске

асыру жұмыстарын жалғастырды. 2010 жылы балалардың 96,2%

профилактикалық тексерумен қамтылды, балалардың 26,8%-да патология

анықталып, олардың ішіндегі 68,3% науқас сауықты. Əйелдерге ұрпақты болу

жүйесінің онкопатологиясын айқындауға арналған скрингтік тексерулер

жүргізілді. Жатыр мойыншығы рагін анықтау мақсатында əйелдердің

жоспарланған санының 95% тексеріліп, 6,9% науқас анықталған, оның 69%

сауықтырылды; сүт бездері рагін анықтауға əйелдердің 98% тексерілді, 12,7%

науқас анықталып, олардың 62% сауықтырылды. 5 жасқа дейінгі тегін жəне

жеңілдікті дəрі-дəрмекпен қамтамасыз ету бойынша балалардың 99,2% дəрі-

дəрмектер алды.

2010 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген

көлемінің (бұдан əрі – ТМККК) тізбесіне қосалқы ұрпақты болу технологиясы,

соның ішінде экстракорпоралдық ұрықтандыру (бұдан əрі – ЭКҰ) бойынша

қызмет көрсету енгізілген. 2015 жылға дейінгі мерзімге ТМККК ЭКҰ циклі

санын арттыру бөлігінде кеңейтілген.

Ерте жастағы балалардың аурушаңдығы мен өлімін төмендету

мақсатында Ұлттық егу күнтізбесіне 2010 жылдан бастап пнавмококк

жұқтыруға қарсы егу енгізілді, 2010 жылғы желтоқсаннан бастап егу

Маңғыстау жəне Шығыс Қазақстан облыстарында басталды, бұл жерлерде 5

жасқа дейінгі балалардың пневмониямен науқастану жəне өлу деңгейі жоғары.

Əйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, ана жəне

бала өлімін төмендету мақсатында жүкті əйелдер мен жаңа туған

нəрестелердің денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған акушерлік,

гинекология жəне перинатология саалсындағы тиімді халықаралық

технологияларды, перинаталдық көмекті өңірлендіру принциптерін енгізу

жұмыстары жалғастырылды. Балалардағы туа біткен жəне тұқым

қуалайатын аурулардың скринингтік босануға дейінгі диагностикасы мен

профилактикасын жүргізу жұмыстары жалғасуда. Стационарлар

практикасы мен амбулаториялық-емханалық буынға Дүниежүзіліқ

денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған «Балалық жастағы ауруларды

интеграцияланған емдеу» бағдарламасы енгізілуде.

Президенттің тапсырмасы бойынша республика деңгейінде жəне

өңірлерде Ана мен бала өлімін төмендету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау

жөніндегі штабтар жұмыс істейді. 2010 жылы Штабтың облыстар мен

қалалар əкімдерінің орынбасарларының, республикалық жəне облыстық

Page 63: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

63

медициналық ұйымдар басшыларының, медициналық ЖОО мен ғылыми

орталықтар өкілдерінің қатысуымен 16, соның ішінде 5 көшпелі

республикалық отырысы өтті. 2010 жылы əйелдер мен балалардың

денсаулық жағдайын жақсартуға, ана мен бала өлімін төмендетуге

бағытталған 2008-2010 жылдарға арналған ана мен бала өлімін төмендету

жөніндегі салалық бағдарламаны іске асыру аяқталды.

Халықтың жəне бірінші кезекте ауыл халқының медициналық көмекке қол

жеткізуін жақсарту мақсатында бастапқы медициналық-санитарлық көмек

(бұдан əрі – БМСК) ұйымдары желісін бекітілген нормативке сəйкес келтіру

жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Қазіргі таңда республиканың ауылдық

халқына 180 орталық аудандық жəне аудандық ауруханалар, 163 ауылдық

учаскелік жəне ауылдық ауруханалар (бұдан əрі – АУА жəне АА), 1508

дəрігерлік амбулаториялар (ДА) мен отбасылық-дəрігерлік амбулаториялар

(ОДА), 43 бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары (БМСК

орталықтары), 556 фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП); 4 фельдшерлік

пункттер (ФП); 3710 медициналық пункттер (МК) жəне 262 жеке үй-жайсыз

медицина қызметкерлері емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді.

Қазіргі уақытта барлық ауылдық елді мекендер денсаулық сақтау

ұйымдары желісінің бекітілген мемлекеттік нормативтерге сəйкес

медициналық құрылымдармен қамтамасыз етілген, бұл ауыл тұрғындарының

медициналық-санитарлық алғашқы көмекке қол жетімдігін қамтамасыз етеді.

Халыққа профилактикалық тексеру жүргізу үшін штаттық көшпелі

дəрігерлермен жасақталған жылжымалы медициналық кешендермен ауыл

халқын қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде, бұл да бейіндік мамандар мен

қажетті диагностика жоқ елді мекендерде медициналық қызмет көрсетудің қол

жетімдігін арттырады. Жалпы дəрігерлік практикаға көшу жалғастырылды.

Жалпы практика дəрігерлері лауазымдарының МСАК дəрігерлерінің жалпы

санындағы үлесі 35% құрайды.

Халық арасында қан айналымы жүйесі ауруларымен (бұдан əрі – ҚЖА)

науқастану мен көз жұму деңгейін төмендету іс-шаралары Қазақстан

Республикасында кардиологиялық жəне кардиохирургиялық көмекті

дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге

асырылды. Бұл Бағдарламаны іске асыру нəтижесінде ҚЖА-дан көз жұму

көрсеткішінің 2005 жылы 100 мың адамға шаққандағы 535,5-тен 2010 жылы

406,4-ке дейін төмендеу үрдісі айқын байқалады. Бүгінгі таңда елімізде

кардиологиялық жəне кардиохирургиялық ұйымдар желісі құрылған. Егер

2006 жылы кардиохирургиялық көмекті тек медициналық ұйым көрсетсе,

2010 жылдың аяғында 22 медициналық ұйым халыққа медициналық қызмет

көрсеткен: 4 республикалық маңызды ғылыми орталықтар мен ҒЗИ-да,

сондай-ақ өңірлерде – көпбейінді қалалық жəне облыстық ауруханалардың

кардиологиялық бөлімшелерінде, 5 дербес облыстық кардиологиялық

орталықта (Қарағанды, Шымкент, Орал, Талдықорған, Петропавл қалалары),

Алматы мен Астанадағы қалалық кардиоорталықтарда (күндізгі

стационарларда), «Ана мен баланы қорғау ұлттық орталығы» АҚ

Page 64: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

64

кардиоревматологиялық бөлімінде, 30 облыстық (қалалық) ауруханалдардың

кардиологиялық бөлімдерінде. Кардиологиялық көмек көрсететін денсаулық

сақтау ұйымдарында 2926 кардиологиялық төсек қойылған.

ДДҰ есептері бойынша Қазақстан тұрғындарының кардиохирургиялық

операцияларға сұранысы жылына 16 мың операцияны құрайды. 2009 жылы 5

мыңнан астам операция жасалса, 2010 жылдың аяғына 9 мыңнан астам

операция жасалған.

Қазақстанда жүрек ауыстырудан басқа ересектер мен балаларға

жасанды қан айналымы аппаратын пайдаланып жəне/немесе жұмыс істеп

тұрған жүректе кардиохирургиялық емдеудің іс жүзінде барлық түрлері

жүзеге асырылады.

Халықтың денсаулығымен байланысты маңызды проблемалардың бірі

жарақаттану мен улану болып табылады. Бұл ретте, 2009 жылмен

салыстырғанда жарақаттану мен улану саны 100 мың адамға шаққандағы

4080,4-тен 2010 жылғы 3817,3-ке дейін төмендеген. Барынша жоғары бұл

көрсеткіш Қарағанды (5758,9), Батыс Қазақстан (5303,3), Павлодар (4866,2),

Солтүстік Қазақстан (4754,7), Ақмола (4626,4), Шығыс Қазақстан (4565,9)

жəне Жамбыл (4095,6) облыстарында тіркелген.

Бақытсыздық жағдайынан, уланудан жəне жарақаттан көз жұму өлім-

жітімнің негізгі себептерінің ішінде 3 орын алады, бұл көрсеткіш 100 мың

адамға шаққанда 109,8 құраған, ал 2009 жылы ол 108,2 болған.

Барлық жарақаттардан қаза болу құрылымында жол-көлік оқиғасы

(ЖКО) нəтижесіндегі көз жұму 23,6% құрайды, ол барлық уақытта бірдей

медициналық көмекке байланысты бола бермейді. ЖКО кезіндегі қазалы

жағдайлардың 75% оқиға болған жерде немесе тасымалдау жолында болады,

негізінен естен танудан жəне қан жоғалтудан.

Республикалық жəне облыстық маңызды жолдардағы ЖКО нəтижесінде

зардап шеккендерге дер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету

мақсатында санитарлық авиация қызметін дамыту жұмысы жүргізілуде.

Республикалық маңызды жолдардағы ЖКО нəтижесінде зардап шеккендерге

дер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жыл сайын

реанимобилдер сатып алынады (2010 жылы – 14 бірлік, 2011 жылға 15 бірлік

сатып алу жоспарланған). 2011 жылдан бастап республикалық жəне облыстық

маңызды жолдардың жол-көлік оқиғалары көп болатын барынша қауіпті

учаскелерінің бойында «əуеде» кезекшілік ұйымдастыруды көздеу

жоспарлануда.

Туберкулезбен аурудың деңгейін төмендету үшін республикада БМСК

желісінде, ведомстволық мекемелерде, туберкулезді ерте анықтау мəселелері,

аурудың профилактикасы мен дер кезінде диагностикалау мəселелері

күшеюде, нозокомиалды туберкулездің алдын алу мақсатында туберкулезге

қарсы мекемелерді қайта құрылымдау жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2010 жылғы тамызда 1 полиомиелитті

енгізу жағдайы тіркелген. ДДҰ ұсынымдарына сəйкес полиомелиттің

таралуын болдырмау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жүйелі

Page 65: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

65

шаралар қабылдады, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының

республикада полиомелиттің таралуының алдын алу бойынша қызметін

үйлестіру жөніндегі штаб құрылды, иммундандырудың қосымша туры

жүргізілді.

2002-2010 жылдарға арналған Республикалық «Ауыз су» бағдарламасын

іске асыру нəтижесінде халықтың құбырлы ауыз сумен қамтылуы 8,3%-ға

артып, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 82,5% болды. Жұмыс

істемейтін су құбырлары мен санитарлық талаптарға сай келмейтін су

құбырлары санының жыл сайын төмендеу үрдісі атап өтіледі. Жұмыс

істемейтін су құбырлары 2002 жылдан бастап қазіргі кезге дейін 346-дан 139-

ға дейін 2,4 есе қысқарды, ал санитарлық талаптарға сай келмейтін су

құбырларының саны 524-тен 133-ке дейін 3,9 есе қысқарды.

Құбырлы ауыз судың гигиеналық нормативтерге сəйкестілік

көрсеткіштері жақсарды, оның ішінде санитарлық-химиялық көрсеткіштер

2002 жылғы 7,2%-дан 2010 жылдың қорытындысы бойынша 1,7%-ға дейін,

бактериологиялық көрсеткіштер бойынша 3,2%-дан 1,4%-ға дейін.

Құбырлы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіштерінің жақсаруы су

факторымен байланысты жұқпалы ауруларға шалдығудың төмендеуіне ықпал

етті.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Денсаулық сақтау

министрлігінің бастамасы бойынша бұл мəселе аумақ əкімдері қызметінің

рейтингіне енгізілді. Ауыз су сапасына мониторинг тоқсан сайын жүзеге

асырылады. Су кодексіне жəне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық əл-

ауқатын қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сəйкес Қазақстан

Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі

комитетімен өзара іс-қимылды жүзеге асыруда.

Құбырлы ауыз судың санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша

нормативтерге сəйкессіздігінің жоғары көрсеткіштері, су құбыры

желілеріндегі жоғары апаттылық халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің

жағдайына ықпал ететін проблемалық мəселелер болып қалуда. Бұл бағытағы

негізгі міндеттер жұмыс істемейтін жəне санитарлық талаптарға сай

келмейтін су құбырларының үлес салмағын төмендету жəне республиканың

жеке өңірлеріндегі құбырлы ауыз сулардың сапалық көрсеткіштерін жақсарту

болып қалуда.

Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде кедендік одақтың сыртқы

шекарасында жəне кедендік одақ аумағында санитарлық-эпидемиологиялық

бақылауға жататын тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне рұқсат

беру құжаттарын өзара тану есебінен олардың еркін айналысын қамтамасыз

ету жөніндегі қадағалаудың (бақылаудың) бірыңғай жүйесін құру жөнінде

үлкен жұмыс жүргізілді.

2010 жылғы 1 шілдеден бастап «Санитарлық шаралар жөніндегі

келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне

енді, ол Кеден одағының аумағында жəне сыртқы шекарасында мемлекеттік

Page 66: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

66

санитарлық эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асырудың

бірыңғай саясаты принциптерін регламенттейді.

Жалған дəрілік заттар проблемаларының өзектілігі ұлттық

қауіпсіздікпен, тұтынушылардың дəрі-дəрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне

сенімін жоғалтумен байланысты.

Тəуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша республиканың жалған

дəрілер нарығы 10-12% құрайды (ТМД елдерінде 10-нан 30%-ға дейін).

Əдетте, жақсы таныс жəне үлкен сұранысқа ие дəрілік заттар бұрмаланады.

Қолда бар мəліметтерді талдау жалған дəрілік заттардың 80%-дан астамы

алыс шетелде өндірілетін дəрі-дəрмектерге тура келеді деген қорытынды

жасауға мүмкіндік береді.

Сапасыз жəне жалған дəрілік заттардың таралуын болдырмау

мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі нормативтік құқықтық базаны

əзірлеу жəне «жалған дəрілік заттар» ұғымын енгізу, жалған заттарды

айналымға салғаны үшін əкімшілік жауапкершілік енгізу (ҚР Əкімшілік

құқық бұзушылық туралы кодексінің 324-бабы) жолымен өзгерту бөлігінде оң

қадамдар жасады. Дəрілік заттарды міндетті түрде мемлекеттік тілде таңбалау

туралы норма көзделген. ТМД үкімет басшылары, соның ішінде Қазақстан

Республикасы Жасанды дəрілік заттардың айналуына қарсы күрестегі

ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды (2008 жылғы 14 қараша,

Кишинев қаласы).

Жасанды дəрілік заттардың таралуымен күресте оң тəжіриберлердің бар

болғанына қарамастан жасанды дəрілердің айналымға түсуін анықтау жəне

болдырмау жөніндегі кешенді шаралар күшейтуді талап етеді.

2010 жыл ағымында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің

(бұдан əрі – БҰДЖ) негізгі принциптері іске асырылды. БҰДЖ шеңберінде

жұмыс істейтін төсектер (психиатрия, туберкулез жəне жұқпалы аурулар

төсектерін қоспағанда) 78 266 құраған (2009 жылы – 78 352 төсек).

Төсектермен қамтамасыз ету 10 мың адамға шаққанда 47,7 құраған (2009

жылы – 49,0).

Пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдау принципінің арқасында

халық үшін медициналық көмектің қол жетімділігі артты. Жоспарлы

тəртіппен стационарларда ем қабылдаған 550 мың адам таңдау құқығын

пайдаланды, бұл ретте 36,3% ауыл тұрғандары құраған.

Госпиталдандыру бюросының жұмыс істеуімен қатар 2010 жылы web-

технологияға негізделген жаңа Жоспарлы госпиталдандыру порталы енгізілді,

ол дəрігердің жедел түрде қабылдаған орнынан госпиталдандыру кодын

беруге жəне пациент таңдаған стационарға госпиталдандыру мерзімін

анықтауға мүмкіндік береді. БҰДЖ енгізгеннен бастап пациент үшін жоғары

мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) жақындай түскен жəне қол

жетімдігі қамтамасыз етілген. БҰДЖ жағдайында түпкі нəтижеге ақы төлеу

жүйесі енгізілгенен бастап өңірлердегі жаңа медициналық технологияларды

қаржыландыру мүмкіндігі пайда болды.

Page 67: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

67

БҰДЖ енгізілгеннен бастап барлық емханалар мен стационарларда

күндізгі төсектер ашылған, бұл халық үшін стационарды алмастыратын

көмекке қол жетімділікті арттырды. Егер де 2009 жылы күндізгі

стационарларда 377 441 пациент емделген болса, 2010 жылы 826 289 адам

емделген. Аз шығынды стационар алмастыратын көмекті тұтынудың артуы

мен жоғары шығынды стационарлық көмектің 9%-ға төмендеуі тиісінше 14,6

млрд. теңгені өңірлердегі ЖММК дамытуға, стационар алмастыратын көмекті

өсіруге, ерте қалпына келтіріп емдеуге жəне медициналық оңалтуға қайта

инвестициялауға мүмкіндік берді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде

бекітілген бағамен дəрілік заттар босататын дəріханалық ұйымдар санын

арттыру жолымен пациенттерге дəріхана мен дəрілік заттарды таңдау құқығы

қамтамасыз етіледі.

Пациенттердің құқықтарын қорғау, медицина қызметкерлерінің

қателіктері мен кəсібіне сай болмауы үшін жауапкершілігін күшейту, білікті

медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында барлық медициналық

ұйымдарда ішкі аудит қызметі (бұдан əрі – қызмет) ұйымдастырылған.

Қызметтің жұмысы медициналық ұйымдар жұмысындағы ақаулардың алдын

алуға жəне жоюға, көрсетілетін медициналық көмек сапасына шағымдарды

қысқартуға жəне жергілікті жерде шешуге бағытталған іс-шараларды

əзірлеуге бағытталған.

Барлық өңірлерде денсаулық сақтау ұйымдары базасында «Нұр Отан»

партиясымен бірлесіп азаматтарды қабылдау, азаматтардың медициналық

көмек көрсету сапасына шағымдарын тіркеу, сенім телефондарына шағымдар

қабылдау жүзеге асырылады.

Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту жөніндегі қабылданған

шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы

№1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық

сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты

Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан əрі – Бағдарлама) шеңберінде

өзінің қисынды жалғасын тапты. Бағдарламаның мақсаты елiмiздiң орнықты

əлеуметтiк-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан

азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады. 2010 жылғы

Президент Жолдауына сəйкес Бағдарламада негізгі назар саламатты өмір

салтын көпшілікке танымал етуге жəне адамның өз денсаулығы үшін

ынтымақты жауапкершілігі принципіне бөлінген. Бағдарламаны іске асыру

мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

азаматтардың денсаулығын сақтау мəселелерi бойынша сектораралық

жəне ведомствоаралық өзара iс-қимылдың тиiмдiлiгiн арттыру;

профилактикалық iс-шараларды, скринингтiк зерттеулердi күшейту,

негiзгi əлеуметтiк мəнi бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды,

емдеудi жəне оңалтуды жетiлдiру;

санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi жетiлдiру;

Page 68: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

68

денсаулық сақтаудың бiрыңғай ұлттық жүйесiнде медициналық көмектi

ұйымдастыруды, басқару мен қаржыландыруды жетiлдiру;

медициналық, фармацевтикалық бiлiмдi жетiлдiру, медицинада

инновациялық технологияларды дамыту жəне енгiзу;

халыққа дəрiлiк заттардың қолжетiмдiгi мен сапасын арттыру,

денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды

жақсарту.

Бағдарламаны іске асыру Қазақстанның 2020 жылға дейінгі

Стратегиялық даму жоспарында қойылған мақсаттарға қол жеткізуге,

халықтың сұранысына сай денсаулық сақтаудың бəсекеге қабілетті жүйесін

құруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жағдайы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мəліметтері бойынша

республиканың негізгі демографиялық көрсеткіштері 2010 жылғы

1 желтоқсандағы жағдай бойынша 1000 адамға шаққандағы мынандай

көрсеткіштермен сипатталады: халықтың табиғи өсімі – 13,55 (2009 жылдың

11 айында – 13,50); туу – 22,61 (2009 жылдың 11 айында – 22,52); өлім-жітім –

9,06 (2009 жылдың 11 айында - 9,02).

Өлім-жітім көрсеткішін себептердің негізгі жіктемелері бойынша талдау

кезінде 2010 жылдың 11 айының қорытындылары бойынша өткен жылдың

осындай кезеңімен салыстырғанда мынандай динамика атап өтіледі.

Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 100 мың адамға

шаққанда тиісінше 415,4-тен 406,4-ке дейін, жаңа ісіктерден болатын өлім-

жітім - 112,7-ден 110,9-ға дейін, ал бақытсыздық жағдайдан, уланудан жəне

жарақаттардан болатын өлім-жітім - 108,2-ден 109,8-ге дейін төмендеген.

Сəбилер өлім-жітімінің көрсеткіші 2010 жылдың қорытындылары

бойынша тірі туған 1000 балаға 16,7 құраған, бұл 2009 жылы 18,3 болған.

Сəбилер өлім-жітімінің барынша жоғары көрсеткіштері Қызылорда (20,7),

Шығыс Қазақстан (20,1), Оңтүстік Қазақстан (19,4), Маңғыстау (18,2) жəне

Атырау (17,0) облыстарында тіркелген.

2010 жылдың қорытындылары бойынша республикада ана өлім-

жітімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға 23,1 (85 əйел) құраған, бұл

көрсеткіш 2009 жылы 36,8 (133 əйел) болған. Ана өлім-жітімінің барынша

жоғары көрсеткіштері Қызылорда (35,1), Ақтөбе (33,9), Жамбыл (29,5),

Оңтүстік Қазақстан (27,7), Шығыс Қазақстан (26,0), Cолтүстік Қазақстан

(24,1) облыстарында жəне Алматы қаласында (28,0) тіркелген.

Ана өлім-жітімі себептерінің құрылымында бірінші орында акушерлік

қан жоғалту (30%), екінші орында ауыр дəрежедегі преэклампсия мен

эклампсия (25%).

Алдын ала мəліметтер бойынша республика халқының

сырқаттанушылық көрсеткішінің 2009 жылғы 100 мың адамға шаққандағы

60107,7-ден 2010 жылғы 54971,5-ке дейін төмендегені атап өтіледі.

Page 69: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

69

Алдын ала мəліметтер бойынша республикада 2010 жылдың

қорытындылары бойынша қан айналым жүйесі ауруларымен сырқаттану

көрсеткішінің 2009 жылғы 100 мың адамға шаққандағы 2273,1-ден 2010

жылғы 2220,2-ге дейін төмендегені атап өтіледі. Қан айналым жүйесі

ауруларымен сырқаттанудың барынша жоғары көрсеткіштері Қызылорда

(3906,0), Алматы (3155,9), Жамбыл (2641,3), Солтүстік Қазақстан (2571,9),

Оңтүстік Қазақстан (2242,1), Шығыс Қазақстан (2225,9) облыстары мен

Алматы (2594,2) қаласында байқалады.

Туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал 2010 жылдың алдын ала

мəліметтері бойынша жақсарған. Туберкулезбен сырқаттанушылық

көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 95,5 құраған, бұл көрсеткіш 2009 жылы

105,3 болған. Төмендеу қарқыны 9,3%-ға тең. Туберкулезбен

сырқаттанушылықтың орташа республикалық деңгейден жоғары

көрсеткіштері Шығыс Қазақстан (124,1), Ақмола (121,9), Атырау (116,0),

Қостанай (110,0), Қызылорда (107,8), Солтүстік Қазақстан (105,7) облыстары

мен Астана қаласында (166,6) атап өтіледі.

Туберкулезден өлім-жітімнің есептік жылдағы көрсеткіші де төмендеп,

100 мыңға адамға шаққандағы 10,3 құраған, бұл көрсеткіш 2009 жылы 12,9

болған. Өлім-жітімнің орташа республикалық деңгейден жоғары

көрсеткіштері Солтүстік Қазақстан (17,8), Шығыс Қазақстан (17,7), Қарағанды

(14,7), Павлодар (13,8) облыстарында атап өтіледі.

2010 жылдың алдын ала мəліметтері бойынша республикада қатерлі

жаңа ісіктермен сырқаттанушылық деңгейінің төмендегені атап өтіледі, ол

100 мың адамға шаққандағы 174,2 құраған, 2009 жылы 182,6 болған. Орташа

республикалық деңгейден жоғары бұл көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан

(282,6), Павлодар (270,5), Шығыс Қазақстан (262,7), Қостанай (246,6),

Қарағанды (215,0), Батыс Қазақстан (211,5), Ақмола (203,6) облыстары мен

Алматы қаласында (224,3) атап өтіледі.

2010 жылдың қорытындылары бойынша қатерлі жаңа ісіктерден өлім-

жітім көрсеткіші республикада 100 000 адамға шаққанда 98,4 құраған, 2009

жылы 111,8 болған. Орташа республикалық деңгейден жоғары бұл

көрсеткіштер Шығыс Қазақстан (156,1), Солтүстік Қазақстан (142,5), Батыс

Қазақстан (141,7), Павлодар (138,1), Қарағанды (133,3), Ақмола (124,7),

Қостанай (115,1) облыстары мен Алматы қаласында (118,5) атап өтіледі.

Республикада алдын-ала мəліметтер бойынша психикасы мен мінез-

құлқының бұзылуымен сырқаттанушылық көрсеткішінің 2009 жылғы 100 мың

адамға шаққандағы 124,2-ден 2010 жылғы 118,3-ке дейін төмендегені атап

өтіледі. Бұл ретте психикасы мен мінез-құлқының бұзылуымен

сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі Қостанай (190,2), Қарағанды (189,6),

Солтүстік Қазақстан (148,6), Павлодар (147,4), Шығыс Қазақстан (145,2),

Батыс Қазақстан (144,1), Қызылорда (130,3) облыстары мен Алматы

қаласында (128,0) сақталып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі 2010 жылғы 31 мамырда Астанада

«Қазақстан Республикасындағы психиатриялық жəне наркологиялық көмектің

Page 70: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

70

жай-күйі туралы» кеңейтілген алқа мəжілісін өткізді, оның қорытындысы

бойынша халыққа психиатриялық көмек көрсетуді жақсарту, психиатриялық

көмек көрсететін медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық

базасын нығайту жəне кадрлармен жасақтау жөнінде жүйелі шаралар

көзделген. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау

органдарына психиатриялық ұйымдардағы пациенттердің тұрмыс жағдайы

мен тамақтануына санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды қатайту

тапсырылды.

Психиатриялық стационарларда лайықты жағдай жасау шеңберінде

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559

«Денсаулық сақтау саласындағы аккредитациялау ережелерін бекіту туралы»

қаулысына сəйкес 2010 жылғы тамыз-қараша аралығында барлық

психиатриялық медициналық ұйымдар аккредитацияланды, оның барысында

пациенттер құқықтарын сақтау талаптарын қатайту тапсырылды.

Психиатриялық стационарларға еріксіз госпиталдандыру фактілеріне

жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға қажет болған

жағдайда мұндай фактілер туралы прокуратура органдарына хабарлау

тапсырылды. Психиатриялық ұйымдардың медициналық персоналдарының

өзінің функционалдық міндеттерін дұрыс орындамағыны үшін 147 адам,

соның ішінде 7 лауазымды адам тəртіптік жауапкершілікке, 10 адам, оның

ішінде 4 бас дəрігер əкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ақтөбе жəне

Қостанай облыстарында 2 адам қызметінен босатылды. Пациенттердің

медицина қызметкерлері əрекеттеріне шағымдану құқықтарын

қанағаттандыру үшін психиатриялық ұйымдарға азаматтардың өтініштері мен

шағымдарына арналған жəшіктер орнатылған.

Жоғарыда айтылғандармен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы №15 «Қазақстан

Республикасындағы психиатриялық ұйымдардың қызметі туралы ережені

бекіту туралы» жəне №16 «Қазақстан Республикасында психиатриялық көмек

көрсету ережелерін бекіту туралы» бұйрықтарын əзірлеп, бекітті.

Азаматтарды мəжбүрлеп госпиталдандыру туралы мəселені сотта қарау

мəселесі азаматтың өз құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін сотта

қорғауының негізгі нысандарының бірі болып табылады.

Алайда, «Халықтың денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы»

кодексінің (бұдан əрі – Кодекс) қолданыстағы нормасын қолдану жағдайында,

яғни психиатриялық ұйымдар, психиатр дəрігер мəжбүрлеп госпиталдандыру

туралы қадағалау жəне сот органдарына тəуелсіз шешім қабылдауға құқылы

болатын жағдайда азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын сотта

қорғау құқығынан айрылуы мүмкін.

Кодексте бекітілген азаматтарды госпиталдандыру тəртібі

психиатриялық көмек көрсетудің халықаралық құқықтық стандарттарына да

сай келмейді.

Мысалға, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1991 жылғы 17 желтоқсандағы

№ 46/119 Қарарымен психикалық науқастарды қорғау жəне психиатриялық

Page 71: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

71

көмекті жақсарту принциптері қабылданды.

17 Принциптің 1 тармағына сəйкес сот немесе өзге тəуелсіз

қадағалаушы органның рұқсатынсыз адамды мəжбүрлеп госпиталдандыруға

жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 16, 17, 18 жəне 13 (2

бөлігі) баптарына сəйкес бостандықты шектеуге тек соттың санкциясымен

ғана жол беріледі; соттың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын

мерзiмге ұстауға болады; əркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот

арқылы қорғалуына кепілдік беріледі.

Бостандық пен жеке басына тиіспеушілік құқығын шектеумен

байланысты жағдайларда сот арқылы қорғау кепілдіктері ерекше маңызға ие

болады.

Бұл халықаралық-құқықтық актілермен де танылған, оған сəйкес əрбір

қылмыстық айыптау бойынша тұтқындалған немесе ұсталған адамға ақылға

қонымды мерзім ішінде сотта қарау құқығы немесе бостандыққа шығу

құқығы қамтамасыз етілуге тиіс (Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы

халықаралық пактінің 9-бабының 3 тармағы, Адамның құқықтары мен

негізгі бостандықтарын қорғау туралы конвенцияның 5-бабының

3 тармағы).

Осылайша, халықаралық практикада бостандық пен жеке басына

тиіспеушілікті шектеудің едəуір уақыт ішінде сот бақылауынан тыс қалуына

жол берілмейді.

Кодекстің 125-бабына сəйкес адамды психиатриялық стационарға

госпиталдандыру үшін адамның психикалық ауытқуы (ауруы) бар екендігі

туралы бір психиатр дəрігердің қорытындысы жəне стационар жағдайында

тексеру немесе емдеу жүргізу қажеттігі туралы шешімі жеткілікті.

Адамды психиатриялық стационарға еріксіз орналастыру - оның жеке

басының бостандығын (жүріп-тұру, бірдеңені пайдалану, иелік ету

бостандықтарын) шектеуді, мəжбүрлі түрде медициналық емдеуді

қолдануды, жүздесу құқығын (демек, сыртқы əлеммен қарым-қатынас

құқығын) шектеу болып табылады.

Кодексте адамды психиатриялық ұйымда мəжбүрлеп ұстау мерзімі

шектелмеген, ол адамның денсаулығы жағдайына байланысты, ал бұл өз

кезегінде əдістердің, дəрі-дəрмектердің жəне сол емдеуші дəрігердің

тактикасының дұрыстығына байланысты.

Осылайша, Кодекстің 125-бабына сəйкес адамның өмірі мен тағдырын

психиатр дəрігердің жеке пікірі анықтайды.

Практика көрсеткендей, адамды психиатриялық мекемеге мəжбүрлеп

орналастыру мен ұстаудың заңдылығы мен негізділігін оқиға болып

кеткеннен кейін тексерудің нəтижесі аз. Сондықтан мұндай заңсыз мəжбүрлеп

жатқызуды болдырмаған абзал.

Психикалық науқастарды қорғау жəне психиатриялық көмекті жақсарту

принциптеріне сəйкес (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1991 жылғы

17 желтоқсандағы № 46/119 Қарарымен қабылданған) адамды бір маманның

Page 72: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

72

жеке пікірінің негізінде мəжбүрлеп госпиталдандыруға жол берілмейді

(16 Принциптің 1 тармағының b) тармақшасы).

Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы

конвенцияның 5 жəне 6 баптарына сəйкес Адам құқықтары жөніндегі

Еуропалық Соттың түсіндіруінде əркімнің бостандығы мен жеке басына

тиіспеушілік құқығы есі ауысқан адамдардың заңда белгіленген тəртіптен

басқалай бостандығынан айырылуы жəне қамауда ұсталуы мүмкін емес

екендігін көздейді, мұндай адамдардың əділ сот төрелігіне, соның ішінде істі

ақылға қонымды мерзімде заңның негізінде құрылған тəуелсіз жəне əділ

соттың қарауына құқығына, сондай-ақ өзі немесе өзі таңдаған қорғаушы

арқылы өзін қорғау құқығына кепілдік берілуге тиіс.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясы Конституциялық Сотының 2009

жылғы 27 ақпандағы № 4-П қаулысымен «Психиатриялық көмек жəне оны

көрсету кезіндегі азаматтардың құқықтарының кепілдіктері туралы» Ресей

Федерациясы Заңының ережелері конституциялық емес деп танылды, ол

ережелерге сəйкес əрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарды мəжбүрлеп

госпиталдандыруға мұндай госпиталдандырудың негізділігі мен қажеттілігін

тексеру нəтижесі бойынша қабылданған тиісті сот шешімінсіз жол берілген.

Осылайша, қазіргі таңда азаматтардың бостандықтары мен мүдделерінің

конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында психиатриялық

ұйымдарға мəжбүрлеп госпиталдандырудың қалыптасқан тетігі 2009 жылғы

18 қыркүйектегі №193-IV «Халықтың денсаулығы жəне денсаулық сақтау

жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің нормаларын қайта

қарауды талап етеді.

Жоғарыда айтылған ұсыныстар қазіргі таңда 2010 жылғы 29

желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде

ұстаудың негіздерін, тəртібі мен шарттарын бекіту мəселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы

Заңында ескерілген.

Тексеру көрсеткендей, медицина қызметкерлерінің психикалық ауруға

шалдыққан азаматтарға қатысты əрекеттерінің құқыққа қайшылығы пациентті

стационардан шығару туралы мəселені шешу кезінде де кездеседі.

Медициналық көмекке зəру азаматтардың денсаулығын дұрыс

бағаламау тек мерзімінен ерте шығаруға ғана емес, сонымен бірге олдардың

өз əрекеттерінің ұқыпсыздығынан құқыққа қайшы əрекет жасауына əкеп

соққан.

Атап айтқанда, 2010 жылғы ақпанда Қостанай облыстық психиатриялық

ауруханасынан психикалық жағдайының нашарлауына байланысты Ч.

шығарылған, ол «тон тəрізді» шизофрения салдарынан көрініс табатын

агрессивті мінез-құлқы себепті белсенді диспансерлік есепте тұрған.

Шығарылған күнінен бастап бір айдың ішінде (2010 жылғы наурызда)

Ч. анасы мен немере інісін өлтірген, соған байланысты оған қатысты

қылмыстық іс қозғалып, айыпталушының психикалық сырқатының

Page 73: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

73

салдарынан медициналық сипаттағы мəжбүрлеп емдеу тағайындалып, іс

тоқтатылған. Ертеректе, 1993 жылы Ч. ұлын өлтірген болатын.

Мұндай фактілер (заңсыз госпиталдандыру, госпиталдандырудың

мерзімін мезгілсіз ұзарту жəне ерте шығару) медициналық персоналдың

оларға жүктелген психиатриялық стационар жағдайында медициналық көмек

көрсетумен байланысты функционалдық міндеттерін орындауға субъективті

(мүлде жол берілмейтін) көзқарасын куəландырады.

Пациенттерді психиатриялық ауруханаларда ұстау жағдайларын

тексеруде Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Кодексте көзделген

(91 жəне 120 баптар) құқықтарының кемсітілуін көрсететін көптеген

бұзушылықтар айқындалған.

Бұған барынша тəн құқық бұзушылықтар көрсетілетін медициналық

қызметтер көлемінің толымсыздығы, үй-жайдың толтырылу лимитінің

асып кетуі, сыртқы əлеммен байланыстың жоқтығы, зертханалық

диагностикада тексеруден өтпеген өлшеу құралдарын пайдалану, оңалту

жұмыстарының жоқтығы, бюджеттік қаражаттар мен пациенттердің

əлеуметтік төлемдерін оңтайсыз пайдалану болып табылады.

Бұл бұзушылықтардың тізбесі мұнымен бітпейді, бұдан медициналық

мекемелердің медициналық персоналы азаматтардың құқықтарына

жауапсыз қарайды деген қорытынды жасауға болады, бұл денсаулығының

бұзылуынан тіршілікте онсыз да шектеулі адамдардың жағдайын қиындата

түседі.

Кодекстің 127-бабына сəйкес стационарлық психиатриялық көмекті,

ауруханаға жатқызылған адам мен басқа да адамдардың қауіпсіздігін

қамтамасыз ететін неғұрлым аз шектеулі жағдайларда, медицина персоналы

оның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, жүзеге асырады.

Прокуратура органдарының тексерулері көрсеткендей, пациенттердің

құқықтарын қорғаудың қазіргі жүйесі айтарлықтай тиімді емес, ал

республиканың кейбір облыстарында ол мүлде елеусіз.

Мысалға, Жамбыл жəне Солтүстік Қазақстан облыстарының денсаулық

сақтау мекемелерінде өтініштерге арналған жəшіктер жоқ, соның салдарынан

пациенттер медициналық персонал тарапынан оларға қатысты əрекеттерге не

болмаса əрекетсіздіктерге шағымдану құқығынан айрылған, бұл Қазақстан

Республикасы Конституциясының 13-бабының 1 тармағын жəне Кодекстің

91-бабының 8 тармағын бұзушылық болып табылады.

Ал Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында дəл осындай

кемшіліктер тиісті үкіметтік емес ұйымдардың араласуынан кейін ғана

жойылған.

Пациент азаматтардың қадір-қасиетін төмендетудің басқа тəсілі

оларды санитарлық жəне өртке қарсы нормативттер талаптарына сай

емес жағдайларда ұстау болып табылады.

Мысалға, Оңтүстік Қазақстан облысында белгіленген толтырылу

лимитінен асып кеткендіктен (160 адамға) облыстық психоневрологиялық

диспансердің пациенттері жеке заттарын жастықтары мен төсеніштерінің

Page 74: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

74

астында сақтауға мəжбүр.

Оның үстіне, осы мекемеде күз-қыс мерзімінде техникалық

мүмкіндіктің жоқтығынан (терезелер ашылып-жабылуға

ыңғайландырылмаған) бөлмелері (палаталары) желдетілмейді.

Психиатриялық стационарлардың шамадан тыс толу фактілері Алматы,

Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында жəне Алматы

қаласында анықталған.

Мұнымен қатар, əрбір өңірде психиатриялық стационарлардың үй-

жайлары күрделі жəне ағымдағы жөндеуді, жұмсақ инвентарларды

жаңартуды, автоматты өртке қарсы дабыл құралын орнатуды, терезелердегі

тар темір торларды алмастыруды, өрт сөндіру инвентарларын жаңартуды,

өртке қарсы сумен қамтамасыз ету желілерін тиісті дəрежеде жабдықтауды,

балалардың ойын бөлмелерін жəне білім беру қызметін жүргізетін үй-

жайларды жабдықтауды талап етеді.

Заңнамада белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын елемеу азаматтардың

(пациенттердің) өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді, сондай-ақ

мемлекеттік жəне жеке мүлікке зиянын тигізеді.

Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде (Атырау, Қызылорда жəне Солтүстік

Қазақстан облыстарында) жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тамақ өнімдерін

сақтау, тамақ өнімдерін сақтау шарттарын сақтамау, тамақ дайындауға сапасы

мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ өнімдерді пайдалану түрінде

көрініс тапқан пациенттерді тамақтандырудың дұрыс ұйымдастырылмау

фактілері анықталған.

Стационар жағдайындағы пациенттердің денсаулық жағдайын ескере

отырып оларды ұстаудың ұқсас шарттары (жайлы ортаның жоқтығы)

азаматтардың сауығуына оң ықпал етпейді, керісінше тек психологиялық

проблемалардың тууына жағдай жасайды жəне олардың өмірі мен

денсаулығына зиян келтіру қатерін туғызады.

Бұл мекемелердің пациенттерідің орналасудағы жайсыздығымен қатар

Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Кодексте кепілдік берілген

басқа құқықтары да шектелген.

Атап айтқанда, Ата Заңның 20-бабының 2 тармағы, Кодекстің 88-

бабының 1 тармағының 8 тармақшасы жəне 91-бабы бұзыла отырып

медициналық мекемелердің пациенттері өз құқықтары туралы жеткіліксіз

хабардар.

Мысалға, Қостанай жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының

психиатриялық стационарларының үй-жайларында тиісті ақпараттық стендтер

жоқ.

Үкіметтік емес ұйымдардың пациенттер арасында олардың өз

құқықтары туралы хабардар болуы тұрғысынан жүргізген сауалнамадан көп

жағдайда медициналық қызмет көрсетуді пайдаланушылардың оларға

заңнамада ұсынылатын құқықтар туралы медициналық персоналдан ғана жəне

ауызша түрде естіп-білетінін анықтаған.

Бостандығынан айырылған немесе шектелген адамдарға қатысты

Page 75: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

75

сақталауға тиіс маңызды құқықтардың бірі сыртқы əлеммен байланысын

сақтау болып табылады. Толық оқшаулау пациенттердің емделуі мен оңалуы

процесіне теріс əсер етеді.

Прокурорлық тексеру көрсеткендей, іс жүзінде Қазақстан

Республикасы Конституциясының 18 жəне 22 баптарында, Кодекстің 91-

бабының 1 тармағының 4 тармақшасында, 120-бабының 2 тармағының 5

тармақшасында көзделген азаматтардың құқықтары сақталмайды.

Мысалға, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау жəне Оңтүстік Қазақстан

облыстарының медициналық ұйымдарында телефонның жоқтығы байқалады.

Алматы қаласы, Жамбыл, Батыс Қазақстан жəне Солтүстік Қазақстан

облыстарының ауруханаларында туыстарымен кездесуге, сондай-ақ діни

ғибадаттарға арналған жеке үй-жайлар, бөлмелер жоқ.

Ал Қостанай облысының Рудный қалалық психиатриялық

ауруханасында Ата Заңның 18-бабына қайшы пациенттердің шығыс жəне

кіріс хат-хабарлары цензурасына жол беріледі.

Сонымен қатар, еліміздің көптеген облыстарында азаматтардың

(пациенттердің) емді таңдау, емдеу əдістері мен тəсілдері туралы хабардар

болу құқықтары (Кодекстің 88, 91 жəне 120 баптары) шектеледі.

Осы тексеруге тартылған медициналық жəне фармацевтикалық

қызметті бақылау жөніндегі органдардың мамандары білікті медициналық

персонал тапшылығы, көрсетілетін медициналық қызметтің толымсыздығы

фактілерін анықтады, соның салдары ретінде қайтадан госпиталдандыру,

жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дəрілік заттарды сақтау, кейбір медициналық

қызметкерлердің мамандық сертификаттары болмауы, бірқатар дəрігерлер

мен медбикелердің біліктілікті көтеру курсынан өтпеуі байқалады.

Бірқатар облыстарда (Ақтөбе, Атырау жəне Солтүстік Қазақстан

облыстары) медициналық мекемелер «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету

туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұза отырып зертханалық

диагностика процесінде (науқастар талдамасын зерттеу кезінде) тексеруден

өтпеген құрал-жабдықтар пайдаланылады, соған байланысты зерттеулер

нəтижелерінің сенімділігі күмəн тудырады.

Азаматтардың денсаулығын қорғау жəне тегін медициналық көмектің

кепілдік берілген көлеміне құқықтарының бұзылу фактілері Ақтөбе, Ақмола,

Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл Қостанай, Маңғыстау,

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жəне

Алматы қаласында анықталған.

Мысалға, Алматы қаласының Психикалық денсаулық орталығы

көрсететін психиатриялық көмек білікті (дəрігер) кадрлардың

жеткіліксіздігінен тиімділігі төмен деп саналады (56%-ға жасақталған,

республикалық көрсеткіш 73%).

Мұнда психотерапевтік көмек ұйымдастырылмаған, штаттық

психотерапевтер мен мамандандырылған кабинеттер жоқ. Дəл осындай

себеппен ауруларға психологиялық түзетулер жүргізілмейді.

Нəтижесінде, кадрлармен қамтамасыз етудің төмендігі бөлімшелерде

Page 76: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

76

70-80 науқастарға бір дəрігерден, бөлім меңгерушісінен жəне ординатордан

келеді. Оның салдары медициналық қызметтің сапасына əсер етіп, қайтадан

госпиталдандыруды тудырады.

Сондай-ақ тексеру барысында Кодекстің 116 жəне 122 баптарында

көзделген оңалту бағдарламалары науқастың денсаулық жағдайына ықпал

етпейтін бірсарынды жұмысқа айналдырылған не мүлде жоқ.

Мұндай фактілер Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан жəне

Оңтүстік Қазақстан облыстарында атап өтілген.

Жүргізілген тексерулер нəтижелері 7 мыңнан астам азаматтардың (33

психиатриялық стационарлардың пациенттері) конституциялық құқықтарын

шектеуге əкеп соққан жоғарыда аталған заң бұзушылықтар (800-ден астам)

медициналық персоналдың оларға жүктелген функционалдық міндеттерді

дұрыс орындамауы, заңнамалық базаның жетілдірілмеуі, сондай-ақ денсаулық

сақтауды басқару органдары тарапынан тиісті ведомстволық бақылаудың

болмауы салдарынан мүмкін болған.

Бас прокуратураның тексеруі қорытындылары бойынша Қазақстан

Республикасы Премьер-Министрінің атына анықталған заң бұзушылықтарды

жою жəне алдағы уақытта жол бермеу жөніндегі кешенді шара қабылдау

туралы ұсыныспен тиісті ұсыным хат енгізілді.

Астана қаласының «№1 Қалалық аурухана» МҚКК-да

азаматтардың денсаулығын қорғау конституциялық құқықтарының

сақталуы мониторингінің нəтижелері туралы

Президент Əкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің

жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның (бұдан əрі - Комиссия)

2011 жылға арналған жұмыс жоспарларына сəйкес, сондай-ақ «2010 жылы

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы»

Комиссияның Мемлекет басшысына жыл сайынғы баяндамасын дайындау

шеңберінде 2011 жылғы 15 наурызда Адам құқықтары жөніндегі

комиссияның мүшелері оның төрағасы С.Тұрсыновтың басшылығымен

Астана қаласының «№1 Қалалық аурухана» МҚКК-да, уроандрология

жəне оториноларингология бөлімдерінде болды. Комиссия мүшелері №1

қалалық ауруханаға барғанға дейін Хатшылық қызметкерлері 2010 жылғы 5

сəуір мен 30 желтоқсан аралығындағы кезеңде аталған емдеу мекемесі

басшылығының, дəрігерлерінің жəне басқа да медициналық қызметкерлерінің

Конституцияда жəне «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі

туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде, Экономикалық, əлеуметтік

жəне мəдени құқықтар туралы халықаралық пактіде кепілдік берілген

азаматтардың денсаулығын қорғау жəне білікті медициналық көмек алу

құқықтарын сақтау мəселелері бойынша мониторингтік зерттеу жүргізді.

№1 қалалық ауруханаға танысу сапары барысында Комиссия мүшелері

азаматтардың денсаулығын сақтау жəне білікті медициналық көмек алу

конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, Астана қаласы мен

Page 77: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

77

Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындарына медициналық көмектің қол

жетімдігі, сондай-ақ дəрігерлер мен басқа да медициналық қызметкерлерінің

əлеуметтік-құқықтық қорғалуы, олардың Еуропалық Одақ елдерінде,

Израильде, Ресейде (Мəскеу мен Санкт-Петербургте) біліктіліктерін көтеру

мəселелеріне қызығушылық танытты.

Комиссия хатшылығы Астана қаласының «№1 Қалалық аурухана»

МҚКК-да азаматтардың денсаулығын қорғау жəне білікті медициналық көмек

алу конституциялық құқықтарын сақтау бөлігінде жүргізген алдын ала

мониторинг, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің аталған емдеу мекемесіне бару

нəтижелері Астана қаласының «№1 Қалалық аурухана» МҚКК азаматтардың

денсаулығын қорғау жəне білікті медициналық көмек алу конституциялық

құқықтарының сақталуын Қазақстан Республикасы қолданыстағы

заңнамасының шеңберінде қамтамасыз ететінін көрсетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары

жөніндегі комиссия кəсіби шеберліктері жəне дəрігерлік борыш пен өнерге

адалдығы үшін №1 аурухананың бас дəрігері, доцент Аманжол Жұмағалиұлы

Бəйменовтің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиясының академигі,

медицина ғылымдарының докторы, профессор Раис Қажыкенұлы

Төлебаевтың, оториноларингология бөлімінің меңгерушісі, медицина

ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Амантайқызы

Мұхамадиеваның, медицина ғылымдарының докторы, оториноларингология

кафедрасының профессоры Болатбек Зиябекұлы Жүсіповтің, уроандрология

бөлімінің меңгерушісі Шерияздан Уақапұлы Əбдіғалымовтың, урологтар

Асқар Жұмағалиұлы Жəшеновтің, Анастасия Секенқызы Оспанованың, лор-

дəрігерлер Наталия Михайловна Популованың, Арман Амангелдіұлы

Əбілевтің жұмыстарын ерекше атап өтті.

Аталған дəрігерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің

жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның тиісті алғыс хаттарын

Комиссия төрағасы 2011 жылғы 27 сəуірде тапсырды.

ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның

мүшелері Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына Астана

қаласының «№1 Қалалық аурухана» МҚКК оториноларингология жəне

уроандрология бөлімдеріндегі сырқат пациенттерді емдеудің оң тəжірибесін

елорда мен республиканың басқа емдеу мекемелеріне таратуды ұсынды.

«Астана Медициналық университеті» АҚ оториноларингология

кафедрасының профессорлары мен доценттерінің науқас пациенттерді

емдеуінің оң тəжірибесін ескере отырып жəне оториноларингология

кафедрасында академик Раис Қажыкенұлы Төлебаевтың жетекшілігімен бес

медицина ғылымдарының докторы жұмыс істейтінін назарға ала отырып,

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары

жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Денсаулық

сақтау министрлігіне, «Астана Медициналық университеті» АҚ ректорына

«Астана Медициналық университеті» АҚ жанынан Қазақстанның барлық

өңірлерінен келетін сырқат пациенттерге консультация беруге жəне емдеуге

Page 78: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

78

арналған институт түріндегі республикалық ғылыми-медициналық

оториноларингология орталығын құруды ұсынды.

Медициналық кадрлардың сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында

Комиссия бірінші қалалық аурухана мен Астана қаласының Денсаулық сақтау

басқармасының басшылығына жас дəрігерлердің Германияның, Австрияның,

Францияның жəне Еуропалық Одақтың басқа елдерінің, Израильдің, Ресейдің

жетекші емдеу мекемелерінде біліктілігін көтеру жөніндегі жұмысты жүйелі

түрде ұйымдастыру ұсынылды.

ҰСЫНЫМДАР:

1. Азаматтардың денсаулығын сақтау жəне білікті медициналық көмек

алу конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында аудандық жəне

ауылдық мемлекеттік емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын

нығайтуға жəне оларды білікті медициналық қызметкерлермен қамтамасыз

етуге бағытталған жұмыс жалғастырылсын.

2. Азаматтардың денсаулығын сақтау жəне нығайту мəселелерінде

азаматтардың, жұмыс берушілердің, медициналық қызмет көрсетушілердің

жəне мемлекеттің жауапкершіліктері мен мүдделерінің оңтайлы балансы

қамтамасыз етілсін.

3. Санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық жəне фармацевтика-

лық қызмет саласындағы бақылау тəуекелдерді басқарудың жаңа жүйесін

енгізу жолымен оңтайландырылсын.

4. Азаматтардың мүгедектігі мен мезгілсіз өлім-жітімін төмендету

жөніндегі қажетті тиімді шаралар қабылдансын.

5. Барлық деңгейлердегі туберкулезге қарсы қызметтің жұмысына баға

берілсін, туберкулезбен сырқаттанған адамдарды емдеудің қатаң

эпидемиологиялық бақылау жүйесі енгізілсін, сатып алынатын туберкулезге

қарсы дəрі-дəрмектердің сапасына қойылар талаптар күшейтілсін.

6. 2011 жылы экстракорпоралдық ұрықтандыру бойынша бөлінетін

квота саны көбейтілсін.

7. Медициналық қызметкерлердің мəдениеті мен халыққа медициналық

қызмет көрсету сапасы деңгейін көтеру жөнінде қажетті шаралар

қабылдансын.

8. Ауыз су мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қазіргі заманғы бақылау

жүйесін, соның ішінде шетелден келетін тамақ өнімдерінің гендік

модификацияланған көздеріне тиімді бақылауды қалыптастыру мен жетілдіру

қамтамасыз етілсін.

9. Дəрілерге тіркелген референттік бағаларды пайдалана отырып

халықты амбулаториялық деңгейде дəрілермен қамтамасыз етудің жаңа тиімді

моделі енгізілсін.

10. Қазақстанның емдеу мекемелерінің қызметіне қызмет көрсетудің

сапасы мен мəдениетінің еуропалық стандарттары енгізілсін.

11. «Астана Медициналық университеті» АҚ оториноларингология

кафедрасының профессорлары мен доценттерінің науқас пациенттерді

емдеуінің оң тəжірибесін ескере отырып, сондай-ақ оториноларингология

Page 79: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

79

кафедрасында академик Раис Қажыкенұлы Төлебаевтың жетекшілігімен бес

медицина ғылымдарының докторы, сондай-ақ жоғары білікті мамандар

жұмыс істейтінін назарға ала отырып «Астана Медициналық университеті»

АҚ жанынан Қазақстанның барлық өңірлерінен келетін сырқат пациенттерге

консультация беруге жəне емдеуге арналған институт түріндегі

республикалық ғылыми-медициналық оториноларингология орталығы

құрылсын.

12. Медициналық кадрлардың сабақтастығын қамтамасыз ету

мақсатында Астана қаласының «№1 Қалалық аурухана» МҚКК

уроандрология, оториноларингология, хирургия бөлімдері мен басқа да

мемлекеттік емдеу мекемелері жас дəрігерлерінің Германияның, Австрияның,

Францияның жəне Еуропалық Одақтың басқа елдерінің, Израильдің, Ресейдің

жетекші емдеу мекемелерінде біліктілігін көтеру жөніндегі жұмыс жүйелі

түрде жүргізілсін.

13. Астана қаласының «№1 Қалалық аурухана» МҚКК

оториноларингология жəне уроандрология бөлімдеріндегі сырқат

пациенттерді емдеудің оң тəжірибесін елорда мен республиканың басқа емдеу

мекемелеріне тарату шаралары қабылдансын.

14. Мемлекеттік емдеу мекемелерінің, сондай-ақ денсаулық сақтау

саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасы мен бəсекеге қабілеттілігі

қамтамасыз етілсін.

15. Медициналық қызметкерлерге жүктемені азайту, соның ішінде

дəрігерлерді өздеріне тəн емес функциялардан жəне денсаулық сақтауды

ақпараттандыру есебінен қаптаған қағаз жазу жұмыстарынан босату

шаралары қабылдансын.

16. Қазақстан Республикасының Денсаулық министрлігі дəрігерлердің,

басқа медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеру жөніндегі қажетті

негіздемелер мен есептеулерді дайындап, оларды Қазақстан

Республикасының Үкіметіне қарауға енгізсін.

Бала құқықтары

Балалардың құқықтарын қорғау мəселелері Қазақстан Республикасының

мемлекеттік саясатында басымдық мəселелер болып табылады.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда туғанынан

бастап 18 жасқа дейінгі 4 млн. 940 мың 494 бала тұрып жатыр, бұл республика

халқының үштен бірін құрайды. Оның ішінде мектеп жасына дейінгілері –

2 097 996; мектеп жасындағылары – 2 523 857.

Соның ішінде:

дамуындағы шектеулі мүмкіндігі барлары - 147 679 бала;

жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар -

38 386,

олардың ішіндегі: мінезінде ауытқуы барлар - 13 766 бала,

Page 80: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

80

тұрмысы жəне жағдайы нашар отбасында тəрбиеленетіндері - 17 481

бала.

Облыстар жəне Астана, Алматы қалалары Білім басқармаларының

ақпараты бойынша 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 825 ата-ана

өздерінің ата-аналық құқықтарынан айырылған. Жоғарыда аталған ата-

аналардың 1072 баласы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз

қалған балаларға арналған балалар мекемелеріне орналастырылған немесе

отбасына (қамқорлыққа, патронаттыққа, бала асырап алуға) берілген.

Балалардың құқықтарын жəне заңды мүдделерін қорғау саласындағы

мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының

Білім жəне ғылым министрлігі (бұдан əрі – ҚР БҒМ) балалар өмірі сапасының

əлеусметтік жəне құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар

кешенін жүзеге асыруда.

Балалар құқықтарын қорғау мəселелеріндегі маңызды жайттардың бірі

мемлекеттік құрылымдардың, ҮЕҰ жəне халықаралық ұйымдардың балалар

құқықтарын қорғау мəселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдың

тиімді жүйесін құру болып табылады.

Бүгінде балалар мəселелерімен 9 министрлік пен ведомство, өздерінің

ерекшеліктеріне сəйкес əлеуметтік, медициналық, құқықтық жəне өзге де

қызметтер көрсететін 184 ҮЕҰ айналысады.

Ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету жəне мемлекеттің бала

құқықтарын қорғау саласындағы саясатының іске асырылуына бақылауды

жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кəмелетке

толмағандар істері жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі

ведомствоаралық комиссия (бұдан əрі – ВАК) жұмыс істейді. Комиссия

құрамына 18 министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ 3

үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

Комиссияның негізгі міндеті бала құқықтары мен мүдделерін қорғау

саласындағы проблемалар жөніндегі ұсыныстар əзірлеу болып табылады.

ҚР БҒМ Бала құқықтарын қорғау комитеті БҰҰ Балалар қорымен

(ЮНИСЕФ) бірлесіп «Балаға дос ниетті қала» халықаралық жобасын іске

асырып жатыр.

ЮНИСЕФ-тің қолдауымен БҰҰ Бала құқықтары туралы

конвенциясының 20 жылдығына арналған «ХХІ ғасырдың балалары: біздің

құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз» атты Балалар саммиті, Қазақстан

Республикасының балаға дос ниетті қалаларының І республикалық саммиті

өтті.

Бала құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы

Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде

Келісуші мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық жүйесін құру жəне

бала асырап алу актісін өзара тануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан

Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 253-IV «Балаларды қорғау

жəне баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы

Page 81: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

81

конвенцияны ратификациялау туралы» Заңы қабылданды. Бұл Конвенцияны

ратификациялау шетел азаматтары асырап алған балаларды қорғау

мəселелерінде кеңейтілген өкілеттіктер береді.

Жоғарыда аталған Конвенцияның нормаларын іске асыру мақсатында

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі №966

«Балаларды қорғау жəне баланы шетелдiк асырап алуға қатысты

ынтымақтастық туралы конвенциядан туындайтын Қазақстан Республика-

сының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар

туралы» қаулысы қабылданды.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылғы 5 наурыздағы

Қазақстан əйелдерінің V Форумында берген тапсырмаларын орындау үшін

«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан

Республикасының Заңына қамқоршыларға (қорғаншыларға) ата-аналарының

қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырауға жəрдемақылар

тағайындау жəне төлеу туралы мəселе енгізілді.

Бұл мақсаттарға 2011-2013 жылдарға арналған республикалық

бюджеттен 14 млрд. 387 млн. 204 мың теңге бөлінді, оның ішінде:

2011 жылы – 3821, 429 млн. теңге,

2012 жылы – 5004, 3 млн. теңге,

2013 жылы – 5561, 5 млн. теңге. Төлем 2011 наурыздың басынан

басталады.

Гаагада 1980 жылғы 25 қазанда қол қойылған «Қазақстан

Республикасының халықаралық Балаларды ұрлаудың азаматтық аспектілері

туралы» Заңның жобасын əзірлеу басталды.

2011 жылға арналған əлеуметтік жетімдіктің профилактикасына, жетім

балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап

алуды насихаттауға бағытталған үгіт-насихат жұмысы іс-шараларының

жоспары əзірленіп, оны Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі

Басшысының орынбасары М.Əшімбаев 2011 жылғы 14 қаңтарда бекітті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 маусымдағы №985

қаулысымен бекітілген 2009-2010 жылдарға арналған Қазақстан

Республикасында қоғамдық тəртіптің бұзылуына қарсы іс-қимылды күшейту

жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін ҚР БҒМ 12.04.2010 ж. № 166

жəне ҚР ІІМ 26.03.2010 ж. №119 «ҚР ІІМ Ингтеграцияланған деректер банкі

негізінде қиын өмірлік жағдайдағы кəмелетке толмаған балалардың бірыңғай

есебін құру туралы» бірлескен бұйрығы дайындалды.

Əлеуметтік жетімдікті болдырмау стратегиясын

іске асыру жəне профилактикасы жөнінде

Қазақстанда жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз

қалған балалардың саны 38 мыңнан астам баланы құрайды. Оның ішінде

22067 бала – қамқоршылар жəне қорғаншылар қарамағында, 2 267 бала -

Page 82: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

82

патронаттық тəрбиеге берілген, 14 052 – жетім балалар мен ата-аналарының

қамқорлығынсыз қалған балалар 210 білім беру, денсаулық сақтау жəне

халықты əлеуметтік қорғау ұйымдарында тəрбиеленуде.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған

балалардың санын азайту үшін БАҚ арқылы жетім балаларды қазақстандық

азаматтар отбасыларына орналастыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру

жұмысы жандандырылды, газеттерде «Əрбір балаға – отбасы» тақырыбында

арнайы айдарлар ашылды.

Əлеуетті бала асырап алушыларды тарту мақсатында республикада

«Қуан сəби», «День опекуна», «Ризашылық» республикалық акциялары

өткізіледі.

ЮНИСЕФ-тің қолдауымен республиканың екі өңірінде жоғарыда

аталған санаттағы балаларды тəрбиелеуге алған отбасыларын қолдау

орталықтары, 6 өңірде – өз отбасыларына жетім балаларды алғысы келетін

азаматтарды дайындауға арналған Қабылдап алған ата-аналар мектептері

құрылды.

ҮЕҰ-мен бірге қамқоршы мен бала арасындағы өзара сенімді қарым-

қатынасты қалпына келтіруге, жетім балалардың психологиялық

ерекшеліктерін түсінуіне көмектесетін қамқоршылар мен қорғаншылар

қауымдастықтары, кеңестері құрылуда. Осылайша, қамқоршылар балалардан

бас тартуға (екінші немесе үшінші рет) жəне оларды интернаттық

мекемелерге орналастыруға мəжбүр болатын жағдайдағы екінші рет жетім

болу қатері төмендейді.

Қабылданған шаралар нəтижесінде жетім балалар мен ата-аналарының

қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы саны 4 108 балаға (9,6%) азайды

(2009 жылы – 42 494, 2010 ж. – 38 386), балалар үйлеріндегі жетім балалар

саны 1064 балаға (7%) азайды, патронаттық тəрбиедегі балалар саны 204

балаға (10%) артты ( 2009 ж. – 2063, 2010 ж. – 2267).

Балалардың білім алу конституциялық құқықтарының

сақталуы жөнінде

Мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтуды қамтамасыз ету

мақсатында Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі

облыстар, Астана, Алматы қалалары əкімдерімен, ішкі істер, білім беру жəне

балалардың құқықтарын қорғау органдарымен бірлесіп мынандай шараларды

қабылдауда.

Балалардың мектепке баруына мониторинг жүргізіледі. Білім беру

органдарының 2010 жылғы 15 желтоқсанға мəліметтері бойынша мектепке

себепсіз бармаған 929 оқушы анықталған (2009 жылы - 1363). Оның 690

мектепке қайтарылған, 239 мектепке бармауын əлі жалғастыруда (2009 жылы -

313). Бармауының негізгі себептері: көшіп-қону – 50, оқығысы келмеу – 81,

тергеуде – 16 жəне іздеуде болуы – 92.

Page 83: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

83

Тұрмсы жағынан аз қамтылған оқушыларға əлеуметтік қолдау көрсету

үшін жергілікті атқарушы органдар 2010 жылы 5,5 млрд. теңге бөлді. Жалпы

шамамен 520 мың оқушыға материалдық жəне қаржылай көмек көрсетілді,

соның ішінде ыстық тамақпен 223 618 оқушы қамтамасыз етілді, 168 691 бала

киім мен аяқ киім түрінде көмек алды, 108 976 бала қаладан тыс лагерьлерде

демалып, денсаулықтарын түзеді, 19642 бала қаржылай көмек алып, мəдени-

бұқаралық жəне спорттық шараларға қатысты.

Қиын өмірлік жағдайда қалған балалар мен отбасыларын қолдау үшін

«Мектепке жол», «Қамқорлық» республикалық акциялары өткізілді. 2010

жылғы тамыз-қыркүйекте «Мектепке жол» акциясы барысында 271 мыңдай

бала шамамен 1,5 млрд. теңге сомасында көмек алды (2009 ж. - 194 мыңнан

астам балаға 1 млрд. теңгеден артық сомада көмек алған).

2010 жылғы қаңтарда «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы

барысында 103 937 мектеп оқушысы 232,5 млн. теңгеден астам көмек алған.

Ауыл мектеп оқушыларының білім алу құқықтарын қамтамасыз ету

үшін «Оқушылар мен тəрбиеленушілерді жалпы білім беретін білім

ұйымдарына жəне кері тегін тасуды қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет

көрсету стандартының жобасы əзірленді, оны 2011 жылдың бірінші

тоқсанында бекіту жоспарланған.

Мектепте сапалы тамақтануды ұйымдастыруға мониторинг жұмысы

жүргізіледі. Республиканың 5777 (77%) мектебінде 1 741 822 оқушы немесе

барлық оқушылардың 70% үшін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Олардың

590795 (34%) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, оның ішінде 204 875

(80%) аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар.

Тегін ыстық тамақпен барынша көп қамту Ақтөбе, Батыс Қазақстан,

Қарағанды облыстарында жəне Астана мен Алматы қалаларында орын алған.

Тегін ыстық тамақпен барынша аз қамту Алматы, Атырау, Оңтүстік

Қазақстан облыстарында кездеседі.

Оқушылар мен тəрбиеленушілердің тамақтану сапасына бақылауды

жүзеге асыру мақсатында 2010 жылғы қыркүйек-қазанда Ақтөбе облысы Білім

беру органдары мен ұйымдарының жалпы білім беретін мектептерде

оқушылардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру жəне жалпы оқыту

мəселелері жөніндегі қызметі зерделенді.

2010 жылғы сəуірде, қыркүйекте 6 республикалық мектеп-интернаттың

тəрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру мəселелері жөніндегі

қызметі зерделенді, оның ішінде Шымкент пен Қарағанды қалаларындағы

əскери мектептер, Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-

интернаттар бар.

2010 жылы жергілікті атқарушы органдармен мектепте тамақтандыруды

ұйымдастыру, оқумен қамту, мектепке тасу, Кəмелетке толмағандарды

бейімдеу орталықтарының қызметі мəселелері, балалар еңбегінің ең нашар

түрлерін пайдалануға мониторинг жөніндегі өзара іс-қимыл жандандырылды.

Мектепте тамақтандыруды жаңарту мен жалпы оқытуды қамтамасыз ету

мəселелері Қазақстан Республикасында Бiлiм берудi дамытудың 2011-2020

Page 84: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

84

жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына, сондай-ақ ҚР БҒМ

стратегиялық жоспарлары мен өңірлердің 2011-2015 жылдарға арналған даму

бағдарламаларына енгізілген.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен біресіп 2

əлеуметтанулық зерттеу жүргізіліп, балалардың құқықтары мен заңды

мүдделерін қамтамасыз ету мəселелері жөніндегі «Білім беру ұйымдарындағы

балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы», «Жаппай оқыту»

оқушылар қозғалысы мониторингінің автоматтандырылған жүйесі» атты

əдістемелік құралдар шығарылды.

Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының

қызметін үйлестіру жəне бақылау

Адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспарының

ұсынымдарын орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2010

жылғы 17 тамыздағы №1039 «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау

қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін көтеру шаралары туралы» Жарлығымен

18 кəмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу жəне оңалту

орталықтары (бұдан əрі – КУОБОО) штат санының 386 бірлігімен жергілікті

атқарушы органдардың білім беру жүйелеріне берілді.

Бұл шешім біздің қоғамымыздың кəмелетке толмағандарға қатысты

ізгілендірудің жалпыəлемдік үрдісін ескере отырып балалардың қараусыз

жəне қадағалаусыз қалуы профилактикасының қалыптасқан жүйесін

өзгертуге ұмтылысынан туып отыр.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер

органдарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметін

жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес КУОБОО кəмелетке

толмағандарды бейімдеу орталықтарына (бұдан əрі – КБО) айналады.

Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары қызметінің ережелері

əзірленіп, ҚР Білім жəне ғылым министрінің 10.01.2011 жылғы №1

бұйрығымен бекітілді (бұйрық Нормативтік құқықтық актілерді

мемлекеттік тіркеу реестрінде 14.01.2011 жылы № 6734 тіркелген).

КБО-ға 3-тен 18 жасқа дейінгі балалар: қараусыз жəне қадағалаусыз

қалған балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, арнайы

білім беру ұйымдарына жіберілетін кəмелетке толмағандар орналастырылады.

Қылмыстық белгісі бар қоғамдық қауіпті əрекет жасаған, соттың

шешімімен қылмыстық жауаптылықтан босатылған, айрықша ұстау

режиміндегі арнайы білім беру ұйымдарына жіберілген кəмелетке толмаған

балалар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына,

қамқоршыларына, қорғаншыларына жəне оларды тəрбиелеу жөніндегі

міндеттер жүктелген өзге адамдарға беріледі немесе оларды қоғамнан

оқшаулау қажет болған жағдайда арнайы мекемелерде ұсталады.

Page 85: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

85

Сонымен қатар, КБО міндеттеріне кəмелетке толмағандардың

дағдарыстық жағдайдан шығуына, олардың жайласуына, баланың отбасымен

қосылуына жедел көмектесу кіреді.

Қазіргі таңда өңірлерде жаңадан құрылған кəмелетке толмағандарды

бейімдеу орталықтарының қызметін ұйымдастыру жөнінде белсенді жұмыс

жүргізілуде.

Балалар еңбегінің, суицидтің жəне зорлық-зомбылықтың

профилактикасы жөнінде

Балалар еңбегінің ең нашар нысанын, кəмелетке толмағандардың

қадағалаусыздығы мен қараусыздығының профилактикасы мен алдын алу

үшін тоқсан сайын «Балалар түнгі қалада», «Көше», «Жеткіншек» акциялары

өткізіліп тұрады.

2010 жылғы маусымның 1 мен 12 аралығында МОТ-ИПЕК,

«Интеллектуалдық еңбек əйелдерінің одағы» ҮЕҰ бірлесіп «Балалар еңбегін

қанауға қарсы күрестің 12 күні» атты 5-ші Ұлттық ақпараттық науқан

өткізілді.

Науқанның мақсаты – балалар еңбегінің ең нащар нысандарының

проблемалары туралы жұртшылықтың назарын аудару жəне кеңінен хабардар

ету, балалар еңбегінің ең нашар нысандарын түбірімен жоюда мемлекеттік

органдардың ҮЕҰ, БАҚ-тармен өзара белсенді іс-қимыл жасауы.

Науқан шеңберінде 300 мыңнан астам ересектер мен балаларды

қамтыған төрт мыңнан артық іс-шаралар өткізілді.

2010 жылы қайыр сұраған жəне даяшы, машина жуушы жəне т.б. жұмыс

істеген кəмелетке толмаған балалар еңбегінің 553 фактісі анықталды (2009

жылы – 911 болған).

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жəне

арнайы есепке алу комитетінің ақпараты бойынша 2010 жылдың тоғыз айы

ішінде тіркелген өзін-өзі өлтірген адамның жалпы саны 2359 адамды құраған.

Жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтірудің жиілеп кеткен

жағдайларының проблемасына арналған «Жасөспірімдер мен жастардың

психикалық денсаулығын қалай сақтау керек?» атты халықаралық

конференция Алматы қалалық Білім басқармасының, «Ар-Намыс»

оқытушылардың республикалық қоғамдық бірлестігінің жəне «Комиссар»

құқықтық консалтинг қызметінің жəрдемдесуімен өткізілді. Мектеп

оқытушылары, психологтары жəне əлеуметтік қызметкерлері

жасөспірімдердегі суицидтік мінездің дамуына ықпал ететін басты

факторларды ашып көрсетті.

Психолог Галина Спивактың пікірінше суицидтік көңіл-күйдің дамуына

жастардың ата-аналарымен қарым-қатынастары, интернетті шектен тыс

жақсы көру, оқу орындары мен субмəдениеттер ықпал етеді. Бірақ

жиналғандар «Үміт» халықаралық орталығының президенті Гарри Энтони

Мак Дауэлді көбірек қолдады, ол былай деген еді: «Суицидтік көңіл-күй –

Page 86: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

86

шынында да қорқынышты нəрсе. Интернет пайда болғаннен кейін суицидтер

көрсеткіші қарқынды өсіп келеді. Өйткені нақ осы интернет порнография,

зорлық-зомбылық жəне қатыгездік сияқты көптеген тыйым салынған

материалдарды насихаттайды. Сайттардан бала өзін-өзі өлтірудің əдістерін де

біліп алуы мүмкін. Зорлық-зомбылыққа табындыратын бейнеойындардың кең

танымал екенін ұмытпау керек». Əрі қарай Гарри Энтони Мак Дауэлл былай

деп жалғастырды: «Психикасы қатаймаған адам өзінің ұнатқан кейіпкерлеріне

еліктейді. Бірақ көп жағдайда тұлғаның тəрбиесі мен дамуына отбасы жауап

береді. Сондықтан да біз тікелей ата-аналармен тренингтер өткіземіз. Біз

ағаштарды неге ақтаймыз? Олардың тамырларын, іргесін нығайту үшін.

Баламен де солай. Бəрі ата-аналардың үлесіне байланысты».

Мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың кəмелетке

толмағандар арасындағы өзін-өзі өлтіруге бағытталған мінез-құлықтың алдын

алу жөніндегі жауапкершілігін күшейту мақсатында Білім жəне ғылым, Ішкі

істер, Денсаулық сақтау, Байланыс жəне ақпарат, Мəдениет, Туризм жəне

спорт министрліктерінің 2011 жылға арналған суицидтік мінез-құлықтың

профилактикасы мен алдын алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары

əзірленді, бұл барлық мүдделі органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың осы

мəселе жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіруге мүмкіндік береді.

2010 жылғы қарашада Талдықорған қаласында ІІМ өкілдерінің,

облыстар, қалалар əкімдері орынбасарларының, білім беру басқармалары мен

балалардың құқықтарын қорғау департаменттері бастықтарының қатысуымен

кəмелетке толмағандар арасындағы суицидтің профилактикасы мəселелері

жөніндегі семинар-кеңес өтті.

2010 жылғы желтоқсанда ҚР Білім жəне ғылым министрлігінде

Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Байланыс жəне ақпарат, Мəдениет, Еңбек жəне

халықты əлеуметтік қорғау министрліктері өкілдерінің қатысуымен суицидтің

жəне балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының

профилактикасы мəселелері жөніндегі дөңгелек үстел өтті.

Бала құқықтарының бұзылу фактілері туралы

2010 жылдың ішінде Қазақстан Республикасының прокуратура

органдары кəмелетке толмағандар құқықтарының сақталуы мəселелері

бойынша 3064 тексеру жүргізген, оның нəтижесі бойынша 39247 заң

бұзушылық анықталған жəне жалпы алғанда 133398 баланың құқықтары

қорғалған.

Балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жəне қолдау

прокуратура органдары қызметіндегі басымдықтардың бірі болып табылады.

Кəмелетке толмаған балалар əртүрлі себептермен ерекше қамқорлық пен

құқықтарының қорғалуына мұқтаж. 2010 жылы бұл бағытта белгілі жұмыстар

атқарылды – балаларды қорғаумен жəне қолдаумен байланысты мəселелер

зерделеніп, проблемалары айқындалды, тиісті тексерулер жүргізілді, олардың

нəтижелері бойынша ден қою шаралары қабылданды.

Page 87: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

87

Бас прокуратура Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы

мен халықаралық келісімдерінің кəмелетке толмағандардың еңбек

құқықтарын қорғауға, соның ішінде оларды өмірі мен денсаулығына қауіпті

еңбекке тартуға жол бермеуге бағытталған талаптарының сақталуына тексеру

жүргізді.

Жүргізілген тексеру Қазақстанда əлі де болса балалар еңбегін заңсыз

пайдалану фактілерінің бар екенін көрсетті. Жүргізілген тексеру кəмелетке

толмағандардың еңбек құқықтарының бұзылуларын, соның ішінде олардың

құқықтарын қорғауға жəне қамтамасыз етуші уəкілетті мемлекеттік органдар

тарапынан орын алғанын да айқындады.

Тексеру қорытындылары бойынша прокуратура органдары тиісті

уəкілетті органдарға заңдылықтың бұзылуы туралы 103 ұсыныс, 1 ұйғарым

енгізді, 109 əкімшілік жəне 3 тəртіптік іс қозғалды, заңсыз актілерге 2

наразалық енгізілді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атына ұсыныс енгізілді.

Прокуратура органдары өткен жылы жетім балалар мен ата-аналарының

қамқорлығынсыз қалған балаларды асырайтын, тəрбиелейтін жəне оқытатын

ұйымдар қызметіндегі заңдылықтың сақталуын тексерді, ондағы мақсат,

бірінші кезекте, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету болды.

Тексеру барысында балалар үйлеріндегі, сəби үйіндегі балалардың

əлеуметтік жəне мүліктік құқықтарының бұзылуы, тамақтану жəне киім-

кешекпен қамтамасыз ету нормаларының, санитарлық-эпидемиологиялық

жəне өртке қарсы нормалардың, сондай-ақ қарастырылып отырған санаттағы

балаларды айқындау жəне уақтылы жайластыру талаптарының сақталмауы

анықталды.

Тексеру нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің

атына тиісті қадағалау актілері, соның ішінде заңдылықтың бұзылуын жəне

оларға итермелейтін себептер мен шарттарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Кəмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық профилактикасы

мəселелеріне ерекше көңіл бөлінді, ол Құқық қорғау органдары үйлестіру

кеңесінің қарауына шығарылды.

Бас прокуратураның хатын қарау нəтижесі бойынша Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі №776 қаулысымен

бекітілген кəмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргiзiлетiн табыс

жəне (немесе) өзге де кiрiс түрлерiнiң тізбесіне өзгерістер енгізілді. Енгізілген

өзгерістерге сəйкес балаларды асыруға арналған алименттер сыйақылардың

барлық түрлерінен ұсталады.

Ата-аналар құқықтарынан айыру бөлігінде сттатистикалық мəліметтерге

сəйкес 2010 жылы республика соттарында ата-аналар құқықтарынан айыру

туралы барлығы 2369 азаматтық іс болған. Оның ішінде 1687 іс шешім

шығарылып қаралған.

ҰСЫНЫМДАР:

1. «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан

Республикасы Кодексінің қабылдануы жылдамдатылсын.

Page 88: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

88

2. Халықаралық Балаларды ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері

туралы конвенция (Гаага, 1980 жылғы 25 қазан) ратификациялансын.

3. Білім беру саласындағы кемсітумен күрес туралы конвенция

ратификациялансын.

4. Балалардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында

Бала құқықтары жөніндегі Ұлттық Омбудсмен құру мүмкіндігі

қарастырылсын.

5. Қазақстанның барлық өңірлерінде балалардың құқықтарын

қорғайтын қылмыстық істерді де, азаматтық жəне əкімшілік істерді де қарай

алатын мамандандырылған ювеналдық соттар құрылсын.

6. Мұғалімнің əлеуметтік мəртебесін, оның материалдық жағдайын

көтеру, мұғалім кəсібінің қоғамдағы абыройын арттыру; педагогтың кəсіби

шеберлігін, қосымша жүктемелерін жəне т.б. толықтай ескеретін еңбек ақы

төлеу жүйесіне көшу жүзеге асырылсын.

7. Еңбектің ең нашар түрлеріне тартылған, əртүрлі зорлық-

зомбылықтың құрбандары болған балаларды анықтау тетіктері мен

процедуралары əзірленіп, заңнамалық тəртіппен бекітілсін.

8. Республикалық, облыстық, қалалық жəне аудандық БАҚ-тарда

отбасы, балалар, отбасылық тəрбие дəстүрлеріне, сондай-ақ кəмелетке

толмағандар арасында суицид фактілерінің алдын алу жəне болдырмау

проблемаларына арналған міндетті жəне тұрақты хабарлар мен рубрикалар

циклі тұрақты түрде ұйымдастырылсын.

Əйел құқықтары

2000 жылы əлемнің көптеген елдері қол қойған БҰҰ-ның Мыңжылдық

декларациясында ерлер мен əйелдердің теңдігін көтермелеу, əйелдердің

құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшінші мыңжылдықтағы адамзат

дамуының негізгі мақсаттары ретінде анықталған.

Қазақстан өз тəуелсіздігінің 20 жылы ішінде əйелдер мен ерлердің

құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында белгілі бір жетістіктерге

қол жеткізді.

1998 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Əйелдерге қатысты кемсітудің барлық

нысандарын жою туралы конвенцияны ратификациялады. Сол сияқты БҰҰ-

ның «Əйелдердің саяси құқықтары туралы» жəне «Тұрмыстағы əйелдердің

азаматтығы туралы» конвенциялары ратификацияланған. Қазақстан жалпы

60-тан астам адам құқықтары жөніндегі көпжақты халықаралық əмбебап

келісім-шарттарды ратификациялады.

БҰҰ-ның Əйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою

жөніндегі сарапшылары Қазақстандағы əйел құқықтарын қорғаудың ахуалын

жалпы оң бағалағанын атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы

№1677 Жарлығымен Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға

арналған гендерлік теңдік стратегиясы (бұдан əрі – Стратегия) бекітілді.

Page 89: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

89

Стратегия мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған

маңызды құжат, мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оны іске асыру

мониторингтеу құралы, демократияны дамытудың маңызды факторы болып

табылады. Стратегияны іске асыру əйелдер мен ерлердің өз құқықтарын

бірқалыпты іске асыруы үшін жағдай жасауға жəрдемдесетін болады жəне

2006 жəне 2016 жылдар аралығындағы кезеңде ерлер мен əйелдердің тең

құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне қол жеткізу жөніндегі міндеттерді

шешуді көздейді.

1. Еңбек, жұмыспен қамту жəне зейнетақымен қамтамасыз ету

саласындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету құқығы

Əйелдер мен ерлердің еңбек қатынастары саласындағы тең құқықтары

мен тең мүмкіндіктері туралы мəселені енгізу бас, салалық, өңірлік келісімдер

деңгейінде өзара байланысқан нормалар мен ережелер негізінде жүзеге

асырылатын əлеуметтік əріптестік тетігі арқылы жүргізіледі.

Үшжақты келісімдер бөлімдерінің негізі əйелдердің құқықтарын қорғау

жəне кепілдіктері мəселелері болып табылады. Үкімет, қызметкерлердің

республикалық бірлестіктері жəне жұмыс берушілердің республикалық

бірлестіктері арасындағы Бас келісімде еңбекші əйелдер мен жұмысшы

жастар құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде бөлім енгізілген.

Бұл бөлімде əлеуметтік əріптестік тараптары өзіне ана мен баланы

қорғауды қамтамасыз етуге, əйелдерді əлеуметтік қолдауға, əлеуметтік-еңбек

қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуге, еңбекші

əйелдерді кемсітуді жоюға бағытталған кешенді шараларды əзірлеу жəне іске

асыру міндеттерін қабылдады.

Əлеуметтік əріптестер сондай-ақ ХЕҰ №103 «Ана болуды қорғау

туралы» конвенцияны ратификациялау мүмкіндігін қарастырды.

Жасалған салалық келісімдерді талдау 12 салалық келісімде еңбекші

əйелдердің құқықтары мен кепілдіктеріне қатысты тармақтар бар екенін

көрсетті.

Электр энергетикасы, машина жасау, қарулы күштер, байланыс,

теміржол, мəдениет, денсаулық сақтау, құрылыс, білім беру, азаматтық

авиация қызметкерлерінің салалық келісімдерінде мектепке дейінгі жəне

төмен мектеп жасындағы балалары бар əйелдерге қосымша жеңілдіктер мен

өтемақылар көзделген.

Əйелдерді өндірістік ортаның зиянды əсерінен, ауыр жұмыс істеуден

қорғау жөніндегі, жүкті əйелдерді жеңіл жұмысқа міндетті түрде ауыстыру

жөніндегі заңнамалық нормалардың сақталуы көзделген. Теміржолшылардың

салалық келісімінде саланың қызметкерлері мен олардың балаларын жоғары

жəне орта арнаулы оқу орындарында оқытуға арналған қаражат көзделген. 19

салалық келісімде əйелдер үшін міндетті профилактикалық медициналық

тексерулер көзделген.

Page 90: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

90

Қазақстанның барлық өңірлерінде əлеуметтік əріптестік жөніндегі

үшжақты келісімдерде сол сияқты еңбекші əйелдер мен жұмыс істейтін

жастардың құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі тараулар

енгізілген.

Іс жүзінде барлық тараптар үшжақты келісімдерде 2006-2016 жылдарға

арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі не болмаса

соның негізіндегі міндеттемелер қабылдаған.

Өңірлерде сондай-ақ ұжымдық шарттарға жұмыс істейтін əйелдердің

еңбек қауіпсіздігі мен қорғау, олардың əлеуметтік жағдайын жақсарту

мəселелері жөніндегі тараулар қосу жұмыстары жүргізілуде.

2009 жылғы желтоқсанда «Ерлердің жəне əйелдердің тең құқықтары

мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» ҚР Заңы

қабылданды, ол жұмыс берушілердің əйелдер мен ерлердің еңбек ақысын

төлеудегі алшақтықты кəсіби дайындығын теңестіру жолымен жою жөніндегі

арнайы бағдарламаларды іске асыруы міндетін көздейді. Жұмыс берушілерді

жұмысты отбасылық міндеттемелерін орындаумен қоса атқаруға мүмкіндік

беретін еңбек жағдайын жасауға да міндеттейді (жұмыстың жылжымалы

кестесін енгізу, мерзімнен тыс жұмыстан босату, толық емес жұмыс күнін

белгілеу, жұмыс уақытында біліктілігін көтеру). Жұмыс берушінің «Ерлердің

жəне əйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік

кепілдіктері туралы» ҚР Заңын орындамағаны немесе жөнсіз орындағаны

үшін əкімшілік жауапкершілік көзделеді.

2009 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы

туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Еңбекші əйелдер конгресінің қарарында айтылған талаптар бойынша

2008 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер жүктілік пен босану

жөніндегі жəрдемақылар төлеуден босатылған. Қазір ондай төлемдерді

Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асырады, бұл ретте

зейнетақылық жинақтарға ақша аудару декреттік демалыс пен бір жасқа

дейінгі баланы күту жөніндегі демалыс кезінде де жалғаса береді.

Балалы отбасыларына мемлекеттік жəрдемақылар 15 АЕК-тен 30 АЕК-

ке дейін өсті. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап төрт жəне одан көп бала туған

əйелдерге біржолғы мемлекеттік төлемдер 50 айлық есептік көрсеткішті

(АЕК), ал бірінші, екінші жəне үшінші балаға біржолғы мемлекеттік төлемдер

30 АЕК құрайды.

ҚР Статистика агенттігінің мəліметтері бойынша 2010 жылғы үшінші

тоқсанда 15 жəне одан жоғары жастағы əлеуметтік белсенді халықтың саны

8652,7 мың адамға жеткен, оның ішінде əйелдер – 4263,2 мың (2009 жылғы III

тоқсанда – 8490,8 мың; əйелдер - 4202,5 мың).

Республиканың экономикасында 8171,1 мың адам жұмыспен

қамтылған, оның ішінде əйелдер – 3995,1 мың (2009 жылғы III тоқсанда –

7955,2 мың; əйелдер - 3896,6 мың). Экономикалық белсенді халыққа шаққанда

əйелдердің жұмыспен қамтылу деңгейі 93,7% болған, ал 2009 жылғы ІІІ

тоқсанда - 92,7%. Жұмыспен қамтылғандар құрылымында жалданбалы

Page 91: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

91

əйелдер саны артуда. Ол 2607,6 мың əйелді құрайды, бұл 2009 жылдың

осындай кезеңіндегіден 83,6 мың адамға көп. Ауылды жерлерде əйелдердің

ішінен жалданбалы жұмыста істейтіндер саны 18,1 мың адамға артып, 2010

жылдың ІІІ тоқсанында 866,8 мың адамды құрады.

Əйелдер экономиканың барлық салаларында жұмыс істейді. Алайда

əйелдердің басым бөлігі денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қызмет

көрсету жəне сауда салаларында жұмыс істейді. Сонымен бірге жұмыспен

қамтылған əйелдердің үлесі өнеркəсіпте (тау-кен өнеркəсібінде), өндірісте жəне

электр энергиясын, газ жəне су бөлуде, балық аулауда барынша аз.

Өз бетінше жұмыс істейтін əйелдердің саны 2009 жылғы осындай

кезеңмен салыстырғанда шамалы өскен жəне 1387,4 адамды, ауылды жерлерде

– 974,7 мың адамды құрайды.

Жұмыссыз əйелдердің саны өткен жылдың осындай кезеңімен

салыстырғанда 37,7 мың адамға азайып, əйелдердің жұмыссыздық деңгейі

268,1 мың адамды құраған, жұмыссыз əйелдер саны 6,3% құрады (2009 жылы

- 7,3%).

Өңірлік жұмыспен қамту бағдарламалары, «Жол картасы»

бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамту уəкілетті органдары

жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларын,

соның ішінде əйелдерді жұмыспен қамтуға жəрдемдесу, қоғамдық

жұмыстарды ұйымдастыру, кəсіптік дайындау жəне қайта дайындау,

əлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасына жұмыспен қамту

шараларын іске асырды.

2010 жылы жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 207,7 мың

əйелдердің ішінен тұрақты жұмыс орындарына 173,3 мың адам немесе 83,4%

орналасқан. Қоғамдық жұмыстарға 64,7 мың əйел қатысты. Əлеуметтік жұмыс

орындарына əйелдердің ішінен 21,6 мың адам жұмыспен қамтылған, жастар

практикасына 28,5 мың əйел жіберілді.

Əйелдердің еңбек нарығындағы бəсекеге қабілеттілігін арттыру

мақсатында жұмыспен қамту органдарының жолдамалары бойынша 20,0 мың

əйел кəсіби білім алуын аяқтады, олардың ішінен 13,2 мың адам (66%)

тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі «2020 – Жұмыспен

қамту» бағдарламасын бекітті.

Бағдарлама шеңберінде өз бетінше жұмыс істейтін халықтың елеулі

бөлігін, соның ішінде əйелдерді ресми еңбек нарығына тарту, олардың жұмыс

істеуін оңтайландыру жəне тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске

асыру көзделген.

Əйелдердің құқықтарын қорғау мəселелері үшжақты келісімдердің

негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады.

Еңбек қатынастары тараптарының мүдделері теңдестігін қамтамыз ету

мақсатында Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі əлеуметтік

əріптестермен бірлесіп ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Еңбек

кодексіне ұсыныстардың, соның ішінде гендерлік теңдік аспектілері бойынша

Page 92: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

92

ұсыныстардың басым бөлігі қаралды. Осылайша, келісілген ұсыныстар

Парламенттің қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының Еңбек

кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының

жобасында көрініс тапты.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамту туралы» Заңға сəйкес

əйелдерге зейнетақы тағайындау ерлерге қарағанда (63 жас) бес жылға ерте

(58 жас) жүзеге асырылады. Бес жəне одан көп бала туған жəне оларды 8

жасқа дейін тəрбиелеген əйелдерге 53 жаста зейнет демалысына шығу құқығы

берілген. Бұрын мұндай құқыққа тек ауылды жерде тұратын əйелдер ғана ие

болатын.

Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы

халықаралық міндеттемелерін жəне ішкі еңбек нарығының сұраныстарын

ескере отырып, сондай-ақ зейнет демалысына шығу кезінде əйелдерге

қатысты жыныстық белгі бойынша кемсітуді болдырмау мақсатында

заңнамалық негізде жас бойынша зейнет демалысына шығар кезде ерлер мен

əйелдердің тең құқықтарын іске асыруын бұл ретте əйелдерге зейнет

демалысына 58 жаста не 63 жаста шығуды таңдау еркіндігін қалдыра отырып

қамтамасыз ету қажет деп есептейміз.

2. Əйелдердің мемлекет істерін басқарудағы құқықтары

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Парламентінде əйелдердің

саны жалпы депутаттар санының 14% құрайды. Мəслихаттарда - 17,1%

əйелдер. Еуропалық одақтың дамыған елдерінде биліктің өкілді

органдарындағы əйелдердің саны депутаттар санының 30% құрайды.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-

бабына сəйкес мемлекеттік қызметке кірген кезде жынысына қатысты қандай

да бір тікелей немесе жанама кемсітуге жол берілмейді.

Мемлекеттік атқарушы органдардағы əйелдердің саны артып, қазіргі

таңда 58% құрайды. Саяси мемлекеттік қызметші лауазымында, яғни шешім

қабылдау деңгейінде əйелдер бар-жоғы 7% құрайды.

БҰҰ-ның Əйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою

жөніндегі комитетінің ұсынымдарына сəйкес заңнамалық түрде мемлекеттік

биліктің өкілді органдарында əйелдер үшін депутаттардың жалпы санының

30%-на квота белгілеу қажет деп есептейміз. Сондай-ақ əйелдердің

мемлекеттік атқарушы орандардағы шешім қабылдау деңгейіндегі өкілділігін

арттыру қажет.

3. Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылық жəне оны

болдырмаудағы медициналық мекемелердің ролі

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993 жылғы 20 желтоқсандағы 48/104

Қарарымен жарияланған Əйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түбірімен

жою туралы декларацияға сəйкес əйелдерге қатысты зорлық-зомбылық

Page 93: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

93

жыныстық белгі негізінде жасалған əйелдерге күш көрсету, жыныстық немесе

психологиялық зиян немесе зардап шектіретін кез келген зорлық-зомбылық

актісін, сондай-ақ қоғамдық немесе жеке өмірдегі мұндай актілерді жасаудың

қатері, мəжбүрлеп немесе ерікті бостандығынан айыруды білдіреді.

Гендерге негізделген зорлық-зомбылық – бұл бір жыныс өкілінің басқа

жыныстың өкіліне қатысты қолданатын зорлық-зомбылығы. Зорлық-

зомбылықтың бұл түрі əйелдер мен ерлердің арасындағы теңсіздікті көрсетеді

жəне күшейтеді, құрбан болған адамның денсаулығын, қадір-қасиетін,

қауіпсіздігін жəне тəуелсіздігін бұзады. Ол балаларға сексуалдық зорлық-

зомбылық жасау, зорлау, үйдегі зорлық-зомбылық, дəмешілдік нəпсі, əйелдер

мен қыздар саудасы жəне зиянды салт-дəстүрлерді қоса алғандағы адам

құқықтарын бұзудың кең ауқымын қамтиды. Бұл жағдайлар терең

психологиялық жарақат қалдырады, əйелдердің ұрпақты болу жəне

сексуалдық денсаулығын қоса алғандағы денсаулықты бұзады, кейбір

жағдайларда өліммен аяқталады.

Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылық (ГНЗ) құрбандарына қатысты

көптеген стереотипті жалған сенімдер бар, шындығында кез келген əйел оның

құрбаны болуы мүмкін. ГНЗ құрбандары ішінде байлар мен кедейлер,

білімділер мен сауатсыздар, тұрмыстағы əйелдер, жесірлер мен ажырасқандар

кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) келтірген бағаға

сəйкес ерте ме, кеш пе əрбір бесінші əйел ГНЗ құрбаны болады (WHO, 1997).

Басқа баға бойынша үш əйелдің біреуі зорлық-зомбылықтың құрбаны болады.

2008 жылғы ақпанда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун бүкіл əдемдегі

əйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға жəне

тоқтатуға бағытталған күш-жігерді біріктіру жөніндегі көпжылдық науқанды

бастады.

«Əйелдерге қатысты зорлық-зомбылық – тез арада шешуді талап ететін

проблема. Статистикалық мəлеметтерге көз жүгіртсе де жеткілікті. Кем

дегенде əлемде əрбір үшінші əйел өз өмірінде соққыға, жыныстық қатынасқа

кіруге немесе басқалай жəбірлеуге ұшырайды» – деп мəлімдеді Бас хатшы

науқанды жариялау барысында. – «Əйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен

күресте əмбебап тəсіл жоқ. Бір елде жұмыс істейтін амал басқа елде

қаламайтын нəтижеге əкеп соғуы мүмкін. Əрбір мемлекет өз стратегиясын

əзірлеуі тиіс», - деді ол. – «Алайда, барлық елдерге, мəдениеттерге жəне

қоғамдастықтарға қолданылатын жалпыға бірдей бір шындық бар: əйелдерге

қатысты зорлық-зомбылық абсолютті түрде қабылданбайды, кешірілмейді

жəне шыдауға болмайды».

Науқан 2008-2012 жылдарға арналған, сол арқылы Мыңжылдық

декларациясында тұжырымдалған даму саласындағы мақсаттарға (МДДМ)

қол жеткізудің берілген мерзімдеріне орайластырылған. Науқан үкіметтерді,

азаматтық қоғамды, əйелдер ұйымдарын, жеке секторды, БАҚ-ты жəне БҰҰ

барлық жүйесін əйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың

жаһандық пандемиясымен күресте күш біріктіруге шақырады. Науқанның

негізі ретінде халықаралық саяси-құқықтық база жəне осы проблеманың

Page 94: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

94

айналасында шоғырланған, БҰҰ жүйесі əріптестерінің, үкіметтер мен ҮЕҰ

тарапынан бастамалар санының артуымен өрнектелген қуатты қозғаушы күш

пайдаланылады.

Отбасындағы зорлық-зомбылық (үйдегі зорлық-зомбылық) – интимдік

əріптес немесе отбасы мүшесі жасайтын күш көрсету, психологиялық,

сексуалдық, сондай-ақ экономикалық зорлық-зомбылық. БҰҰ Бас хатшысы

Пан Ги Мун 2007 жылғы 8 наурызда былай деді: «Əйелдерге қатысты зорлық-

зомбылықтың жүгенсіздігі барлық құрлықтарда, барлық елдерде жəне

қоғамның барлық топтары ішінде жалғасуда. Оның əйелдер, олардың

отбасылары жəне жалпы қоғам үшін ең ауыр салдары болады. Қоғамдардың

көпшілігінде мұндай зорлық-зомбылықтарға тыйым салынған, шынайы

өмірде оны көбінесе жасырады немесе оған көндігеді».

Үйдегі зорлық-зомбылық – бір адам басқа адамның мінез-құлқы мен

сезімін бақылайтын немесе бақылауға тырысатын жағдайы. Жалпыланған

санаттар ретіндегі үйдегі зорлық-зомбылықтың ішінде ренжітуші мен

құрбанның арасындағы қарым-қатынастың табиғатымен, сондай-ақ олардың

өмір сүру жағдайларымен анықталатын одан да ерекшеленген санаттары бар.

Үйдегі зорлық-зомбылықтың төрт түрі бар – күш көрсету, сексуалдық,

психологиялық жəне экономикалық.

КҮШ КӨРСЕТУ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҒЫ

Бұл əйелге зиян немесе жарақат келтіру үшін дене күшін немесе

құралды қасақана қолдану.

Ол мыналарды қамтиды: шапалақпен ұру, сабау, соққылар, денсаулыққа

зиян келтіретін, кейде өлімге соқтыратын пышақпен жарақаттау.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бағасы бойынша

еркектер əйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты оларды дəстүрлі əйелдердің

рөлін бұзғаны үшін немесе олардың еркектік қасиеттеріне қарсы тұрғаны

үшін жазалау əдісі ретінде пайдаланады.

СЕКСУАЛДЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ

Бұл əйелді оның келісімінсіз сексуалдық байланысқа түсуге

мəжбүрлейтін жыныстық зорлық-зомбылық актісі, ауру немесе мүгедек

əйелмен қысым жасай отырып немесе алкогольдік не есірткілік мастықтың

əсерімен жасалған жыныстық акт.

Ең шектік жағдайы зорлау болып табылатын сексуалдық агрессия

күрделі əрі көп деңгейлі құбылыс болып табылады. Ол негізгі үш нысанда

болады: дəмешілдік нəпсі, мəжбүрлеу жəне зорлау.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ

Бұл əйелді бақылау жəне оқшаулау, сондай-ақ қорлау.

Үнемі сынау, намысын қорлау, кемсіту түрінде болады. Сондай-ақ

мынандай түрлерде болады – əріптесіне бақылау орнату үшін балаларға

немесе басқа адамдарға қатысты зорлық-зомбылық актісі; өзіне, құрбанға

Page 95: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

95

немесе басқа адамдарға қатысты зорлық-зомбылық қатерімен қорқыту; үй

жануарларына қатысты зорлық-зомбылық жасау немесе меншік заттарын

қирату арқылы қорқыту; қудалау; құрбанның қызметін бақылау; құрбанның

қарым-қатынас аясын бақылау; құрбанның əртүрлі ресурстарға (əлеуметтік

жəне медициналық көмек алу, дəрі-дəрмектер, автокөлік, достарымен қарым-

қатынас жасау, білім алу, жұмыс істеу жəне т.б.) қол жеткізуін бақылау;

эмоционалдық зорлық-зомбылық; құрбанды оны қорлайтын іс-əрекет жасауға

мəжбүрлеу; құрбанның күн ережесін бақылау жəне т.с.с.

Құрбанды жəбірлеушінің оқшаулап қоюы зорлық-зомбылық көрінісің

маңызды қыры болып табылады. Бұл оның біртіндеп оның ата-анасының

отбасынан бастап, əлеуметтік айналасы мен байланыстарын бұзуымен

өрнектеледі. Бұл бірден болмайды, ашық емес, біртіндеп манипуляциялау

жолымен, мысалға «сенің ата-анаң мені қабылдамайды» немесе «сенің дос

қызың менімен қылымсиды» деген сөздерден бастайды, ал ол (əйел) оған

сеніп жəне өзінің онымен қарым-қатынасын сақтағысы келе отырып, оның

сөздеріне сенімсіздік танытқаннан гөрі жақындарымен байланысын үзеді.

Психологиялық зорлық-зомбылық та көп тараған жəне іс жүзінде

отбасындағы зорлық-зомбылықтың барлық жағдайларында кездеседі.

Қайталанатын зорлық-зомбылық елеулі психологиялық зардап шегуге,

жарақаттан кейінгі жабығуға, күйзеліске, басылмайтын үрей-қорқыныш

сезімі, ал кейде анағұрлым маңызды салдарға – мысалға өзін-өзі өлтіруге

тырысуға əкеп соғады.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ

Бұл əйелге күн көріс құралдарына қол жеткізу мүмкіндігін беруден бас

тарту жəне оны бақылау.

Балаларды асыраудан бас тартуда; кірістерін жасырып қалуда; отбасы

ақшаларын шашуда, көптеген қаржылық шешімдерді өз бетінше

қабылдауында көрініс табады – бұл, мысалға мынандай жағдай, азық-түлік

сатып алғанда балаларының немесе əйелінің қажеттіліктері ескерілмейді,

нəтижесінде балалар олардың жасында қажет тамаққа ие бола алмайды; əйелі

сатып алған заттары туралы чекпен есеп беруге тиіс жəне т.с.с.

Бұл зорлық-зомбылық нысаны құқық бұзушылық анықтамасына

кірмейді жəне өте қауіпті. Ол жазасыз психикалық, күш көрсету жəне

сексуалдық зорлық-зомбылық жасаудың алғышарттарын жасайды, өйткені

құрбан болған адам жəбірлеуші адамға тəуелді болады.

Екінші жағынан, тіпті жұмыс істейтін жəне күйеуінен көп табыс

табатын əйелдер де зорлық-зомбылық құрбаны болады. Дағдарыстық

орталықтар жұмысы практикасында күйеуі əйеліне азық-түлікке арзымайтын

ақша қалдырып, барлық ақшаларына иелік ететін жағдайлар өте жиі кездеседі.

Күйеуі жиі əйелінің жалақысын да толықтай алып қояды. Бұл ретте күйеуінен

көп табыс табу дəстүрлі болмағандықтан өздерін кінəлі сезініп жəне күйеуінің

өзін табыс табушы ретінде «жүзеге асыра алмағаны» үшін аяныш сезімінен

Page 96: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

96

əйелдер де үйдегі зорлық-зомбылық ахуалына тап болғанын бірден түсіне

алмай қалады.

Əйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрестегі стратегияны

анықтайтын негізгі құжат Тұрғылықты халық жөніндегі халықаралық

конференцияның іс-қимыл бағдарламасы (Каир, 1994 жыл) болып табылады,

онда қатысушылар əйелдерге неғұрлым кеңірек құқық беру, қыздар мен

əйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандарын түбірімен жою

тұрғылықты халық пен даму саласындағы саясаттың маңызды мəселелері

болып табылатыны туралы ортақ пікірге келді.1

Əйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші дүниежүзілік конференцияда

қабылдаған Пекин Платформасында зорлық-зомбылық актілері немесе

мұндай актілерді жасау қатері отбасында немесе қауымда

қолданылғандығына, мемлекеттің өзінің немесе оның атүсті қарауынан

болғанына қарамастан əйелдердің өміріне қорқыныш пен қауіпсіз еместік

сезімін əкеледі жəне олардың теңдікке қол жеткізуге ұмтылысын іске асыруға,

сондай-ақ дамуы мен татулыққа кедергі болып табылатыны атап өтіледі.

Зорлық-зомбылық алдындағы, соның ішінде дəмешілдіктердің алдындағы

үрей əйелдердің мобильділігі үшін үнемі кедергі жасап, олардың ресурстар

мен негізгі қызмет түрлеріне қол жеткізуін шектейді.2 Сонымен қатар,

əйелдерге қатысты зорлық-зомбылық əлеуметтік қысым көрсетуден, ең

бастысы əйелдерге өздеріне қатысты жасалатын белгілі бір актілер туралы

хабарлауға мүмкіндік бермейтін ұят сезімімен; əйелдердің заңгерлік

ақпаратқа, көмекке немесе қорғауға қол жетімдігінің жоқтығынан, əйелдерге

қатысты зорлық-зомбылыққа іс-жүзінде тыйым салатын заңдардың

жоқтығынан, қолданыстағы заңнаманы реформалау қабілетінің жоқтығынан;

мемлекеттік органдар тарапынан қолданыстағы заңдар ақпараттың таралуына

жəрдемдесу жөнінде жəне олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде

жеткіліксіз күш салуынан; зорлық-зомбылықтың себептері мен салдарларын

жою жөніндегі ағартушылық жəне басқа да шаралардың жоқтығынан ушыға

түседі. Осыған байланысты, əйелдерге қатысты зорлық-зомбылық əлеуметтік-

экономикалық саладағы жəне денсаулық сақтау саласындағы шығындарға

байланысты, соның ішінде, бұл ерекше маңызды, гендерлік негіздегі зорлық-

зомбылықпен байланысты шығындар қоғамның əрбір мүшесіне қатысты.

Осыған байланысты гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықпен күрес

қазіргі кезде төтенше өзекті болып табылады.

БҰҰ «гендерлік зорлық-зомбылық» терминін мұндай зорлық-

зомбылықтың гендерлік теңсіздіктен шығатынын жəне көбінесе оған заңдар,

институционалдық жəне қоғамдық нормалар жол беретінін немесе оған

салғырттықпен қарайтынын растау үшін пайдаланады; гендерлік зорлық-

зомбылық бұл тек гендерлік теңсіздіктің көрінісі ғана емес, ол гендерлік

1 Тұрғылықты халық жəне даму жөніндегі халықаралық конференцияның баяндамасы, Каир, 1994 жылғы 5-13 қыркүйек,

A/Conf/171/13/Rev./ 2 Əйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші дүниежүзілік конференцияда қабылдаған іс-қимыл платформасы IV тарау, D. Əйелдерге

қатысты зорлық-зомбылық

Page 97: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

97

теңсіздікті күшейтуге жиі жағдай жасайды (Heise, Ellsberg and Gottemoeller,

1999).

Дүниежүзілік банктің есебінде гендерлік негіздегі зорлық-зомбылық

(ГНЗ) жəне бірінші кезекте əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық ұрпақты болу

жасындағы əйелдердің өлімі мен қабілетке жарамсыздығына онкологиялық

аурулар, безгек жəне жол-көлік бақытсыздық жағдайларына қарағанда көп

ықпал ететін маңызды фактор ретінде бағаланады. ГНЗ созылмалы

психологиялық жəне дене бұзылуының дамуына əкеп соғуы жəне əйел

өмірінің əртүрлі қырларына теріс ықпал етуі мүмкін. Халықаралық

құжаттарда отбасындағы агрессивтік мінез-құлық жазасыздығынан, құқық

қорғау органдары тарапынан шаралардың жеткіліксіздігінен жəне

жұртшылықтың əйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа төзушілігінен маңызды

проблема болып қалуда.

Əлемнің 71 елінде жүргізілген зерттеулер нəтижесінің негізінде

дайындалған есепке сəйкес, БҰҰ-ға мүше 102 елдің үйдегі зорлық-

зомбылыққа тыйым салатын белгілі бір заңдары жоқ, 53 қатысушы ел

жұбайлық зорлауға қатысты істерді сот тəртібінің көмегімен қарай алмайды

жəне барлығы 93 қатысушы елдің əйел саудасына тыйым салатын заңдары

бар. Сонымен қатар, БҰҰ-ның 89 мүшесі үйдегі зорлық-зомбылыққа қатысты

заңнама əзірлегенін, 140 ел сот тəртібімен жұбайлық зорлауға қатысты істерді

қарағанын, ал тағы 90 елдің жұмыс орнындағы дəмешілдік нəпсі туралы

заңнама əзірлегенін анықтаған. Дегенмен де, барлық қатысушы елдердің

жартысының мұндай заңы жоқ.

Көп қоғамдарда құқықтық жүйе мен жұртшылық зорлық-зомбылық

құрбандарына зиян келтіретін көзқарас танытады. Көп жағдайда əйелдер

өздеріне қарсы жасалған зорлық-зомбылық үшін жауапты болады, ал кейбір

елдерде қолданылатын заңдар қылмыскерлердің жазасыз қалуына мүмкіндік

береді.

Əлемнің бірқатар елдерінде үйдегі зорлық-зомбылықты болдырмайтын

заңнамның бар екніне қарамастан, ол əлі күнге жоғары деңгейде кездеседі.

Бұл факторды жою үшін қабылданған заңнамалық актілердің орындалуы мен

атқарылуына көп көңіл бөлу жəне отбасының қосылуын əйелдер мен

қыздардың құқықтарынан жоғары қоятын заңдарды жою қажет.

Қазақстанда соңғы жылдары гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде жəне

əйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауда елеулі қадамдар

жасалды. Қазақстанның Əйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын

жою туралы конвенцияға жəне осы саладағы басқа да халықаралық құқықтық

құжаттарға қосылуы айрықша маңызды рөл атқарды, бұл əйелдер мен

балаларға қатысты зорлық-зомбылықты, əсіресе тұрмыстық зорлық-

зомбылықты түбірімен жоюға неғұрлым мұқият көңіл бөлуге мүмкіндік берді.

Бұл мəселеде Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22

желтоқсандағы Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы

Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық

саясат жөніндегі ұлттық комиссия ерекше рөл атқарады. Комиссия

Page 98: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

98

Республиканың министрліктерімен жəне ведомстволарымен бірлесіп

əйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түбірімен жою жөнінде баға жетпес

жұмыстар жұргізуде.

Дегенмен де, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар

саны айтарлықтай жоғары күйде қалуда. Қазақстан Республикасы Ішкі істер

министрлігінің мəліметтері бойынша 2008 жылдың 12 айы ішінде отбасылық-

тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыс саны 954 болған (жалпы

тіркелген қылмыстар саны 118965), оның 65 ауыр емес қылмыс, 215 –

ауырлығы орташа қылмыс, 336 – ауыр, 338 – аса ауыр қылмыс.

Жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстар санының ішінен тұрмыс

саласында 903 қылмыс жасалған, оның 336 – кісі өлтіру, 328 - денсаулығына

əдейі ауыр зиян келтіру, соның ішінде байқаусызда жəбірленушіні өлтіріп алу

– 201 жəне зорлау – 2.

2009 жылдың 12 айы ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар

саласындағы қылмыс саны 887 болған (жалпы тіркелген қылмыстар саны

110103), оның 61 ауыр емес қылмыс, 207 – ауырлығы орташа қылмыс, 297 –

ауыр, 322 – аса ауыр қылмыс.

Жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстар санының ішінен тұрмыс

саласында 842 қылмыс жасалған, оның 320 – кісі өлтіру, 291 - денсаулығына

əдейі ауыр зиян келтіру, соның ішінде байқаусызда жəбірленушіні өлтіріп алу

– 149 жəне зорлау – 3.

2010 жылдың 3 айы ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар

саласындағы қылмыс саны 194 болған (жалпы тіркелген қылмыстар саны

38689), оның 19 ауыр емес қылмыс, 25 – ауырлығы орташа қылмыс, 72 –

ауыр, 78 – аса ауыр қылмыс.

Жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстар санының ішінен тұрмыс

саласында 189 қылмыс жасалған, оның 78 – кісі өлтіру, 71 - денсаулығына

əдейі ауыр зиян келтіру, соның ішінде байқаусызда жəбірленушіні өлтіріп алу

– 36 жəне зорлау – 0.

Оқиғалардың негізгі бөлігі тіркелмей қалатындықтан, зардап

шеккендердің нақты саны ресми статистика цифрларынан еселеп көп болса

керек. Агрессивті іс-əрекеттердің құрбандары күш көрсету, психикалық,

моральдық азап шегумен қатар қорғансыздық күйін сезінетіні, мемлекеттің

олардың конституциялық құқықтары мен жеке бастарының қауіпсіздігін

қорғау мүмкіндігіне сенімін жоғалтатыны жағдайды қиындата түседі.

Қазақстан халқының тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабардар болуы

деңгейін зерттеу Қазақстан əйелдерінің 60%-дан астамы өмірінде бір рет

болса да зорлық-зомбылықтың кез келген (күш көрсету, сексуалдық,

экономикалық, əлеуметтік, психологиялық жəне т.б.) түріне ұшырағанын

жəне отбасындағы зорлық-зомбылықтың объектісі отбасының кез келген

мүшесі болуы мүмкін екенін көрсетті, бірақ нақты фактілер отбасылық

зорлық-зомбылықты бастан кешкендердің 95% əйелдер мен балалар екенін

көрсетеді.

Page 99: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

99

«Халықтың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабардар болуы

деңгейі» зерттеуінің нəтижелері респонденттер ұшырасқан немесе естіген

отбасындағы зорлық-зомбылықтың неғұрлым тараған түрі моральдық-

психологиялық түрі болып табылатынын көрсетті, 306 (53,7%) респондент

осылай деп есептейді – бұл əрбір екінші жауап. Таралуы жағынан екінші

орында – күш көрсету зорлық-зомбылығы, оны 290 (51,1%) адам көрсеткен –

бұл шамамен əрбір екінші жауап. Сауалдама нəтижелері бойынша үшінші

орынға экономикалық зорлық-зомбылық жатады, оны 198 (34,7%) адам

атайды – бұл шамамен əрбір үшінші жауап. Сексуалдық зорлық-зомбылықты

131 (23,0%) адам белгілеген – бұл əрбір төртіншісі. Адамдар «қандай да бір

жерде» болған зорлық-зомбылық туралы қуана айтатынын атап өткен жөн.

Дейтұрғанмен де, 570 отбасының əрбір 12-де отбасылық зорлық-зомбылық

жағдайы орын алады. Достардың əрбір 8-ші отбасында зорлық-зомбылық

кездеседі, жəне де əрбір 4-ші көрші отбасында да отбасылық зорлық-

зомбылық болады.

Гендерлік саясатты іске асырудың жəне зорлық-зомбылықты

болдырмаудың практикалық шараларының бірі 1998 жылы ішкі істер

органдарының құрылымында əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау

жөніндегі бөлімше құрылуы болды. Қазіргі таңда бөлімшелерде 126 полиция

қызметкері жұмыс істейді.

Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістікте мұндай бөлімше құрылған

жалғыз ел болып табылады. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен əйелдерге

көмек көрсету мақсатында бөлімше қызметкерлері дағдарыстық

орталықтармен жұмысты жолға қойды. Қазіргі уақытта елде 21 дағдарыстық

орталық бар, олардың қызметі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен əйелдерге

көмек көрсетумен байланысты. Кейбір дағдарыстық орталықтардың əйелдер

мен оның балаларына өз үй-жайларынан баспана беру мүмкіндігі бар (Алматы

қаласының «Подруги», «Қамқорлық», Қарағанды облысының «ГИАЦ»

дағдарыстық орталықтары жəне т.б.)

Бұл саладағы жағдайды жақсарту мақсатында 2010 жылы ІІМ əзірлеген

əдістеме бойынша республиканың əртүрлі өңірлеріндегі əйелдерге

отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын зорлық-

зомбылықтардың нысандары, əдістері туралы білуін тексеру тұрғысынан

сауалнама жүргізілді. Зерттеу əйелдерге ғана емес, сонымен бірге балаларға,

ерлерге, қарт ата-аналарға жəне отбасының басқа мүшелеріне қатысты

зорлық-зомбылық туралы да ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Сауалдама нəтижелері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы

зорлық-зомбылықтардың алдын алудың жəне болдырмаудың жаңа нысандары

мен əдістерін, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін оның

профилактикасы жөніндегі ұсынымдар əзірлеуге жағдай жасады. Зерттеу ІІМ

Академиясы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп өткізілді.

ІІМ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері

жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен жəне

Елбасының жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен өзара тығыз

Page 100: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

100

іс-қимыл жасайды. Ұлттық комиссия өкілдерімен бірлесіп əйелдерге қатысты

зорлық-зомбылықтың алдын алу жəне жолын кесу жөніндегі дөңгелек

үстелдер, семинарлар, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында адамдық қадір-қасиетін

түсіру, ұрып-соғу, азаптау, дене жарақатын жасау, өлтіру жəне т.б. сияқты

тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты саладағы əртүрлі құқық

бұзушылықтар үшін қылмыстық жəне əкімшілік жауапкершілік көзделгенін

атап өткен жөн. Мұнымен қатар, Азаматтық кодексте əрбір адамға сот

тəртібімен біреудің құқықтарын бұзатын немесе олардың бұзылу қаупін

тудыратын адамның іс-əрекеттерінің жолын кесу мүмкіндігін беретін

ережелер көзделген. Дегенмен де, бұл заңнамалық актілер тұрмыстық зорлық-

зомбылық құрбандарына қатысты барлық уақытта бірдей қолданылмаған, бұл

өз кезегінде мұндай зорлық-зомбылық фактісінің жедел жолын кесуге жəне

əлеуетті құрбандарға қауіпсіз жағдай жасауға, оларға қажетті медициналық

психологиялық, құқықтық жəне өзге де əлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік

бермеді.

Гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі жəне үйдегі зорлық-зомбылыққа

қарсы күрестегі елеулі қадам 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік

стратегиясы, сондай-ақ ел Президенті 2009 жылғы желтоқсанда қол қойған

«Ерлердің жəне əйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің

мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заң жəне əсіресе «Тұрмыстық зорлық-

зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңы сияқты бірқатар маңызды

құжаттардың қабылдануы болып табылады. Бұл заңдарды орындау үшін басқа

заңнамалық актілерге, ішінара алғанда Қылмыстық іс жүргізу кодексіне,

Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, 2008 жылы Кодекс отбасылық-

тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы іс-əрекеттер үшін

жауапкершілік белгілейтін нормамен толықтырылды (79-5 бап), ішкі істер

органдары туралы, қару айналымы туралы жəне т.б. заңдарға түзетулер енгізу

қажеттігі туындады.

2009 жылғы 4 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы

мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң

қабылданды. Бұл құқықтық құжаттың ерекшелігі - жақсы тұжырымдалған

түсінік аппараты болып табылады. Атап айтқанда, онда күш көрсету,

сексуалдық, психологиялық жəне экономикалық зорлық-зомбылықтың

түсініктері берілген. Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық деп отбасы-

тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты

дене зардабы жəне (немесе) психикалық зардап келтіру қаупі бар құқыққа

қарсы қасақана əрекеті (іс-əрекеті немесе əрекетсіздігі) түсіндіріледі.

Отбасылық-тұрмыстық деп жеке тұрғын үй, пəтер немесе өзге де тұрғын үй-

жай шегінде бірге тұратын некелік-отбасылық қатынастағы адамдар

арасындағы, сондай-ақ бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-

қатынастар аясы сипатталған.

Page 101: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

101

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын

субъектілердің – Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың, əйелдер істері

жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі, кəмелетке толмағандар

істері жөніндегі комиссиялардың, ішкі істер органдарының, білім беру жəне

денсаулық сақтау, халықты əлеуметтік қорғау органдарының жəне т.б.

құзыретін анықтау Заңның өте маңызды ережесі болып табылады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдағы белгілі бір

қиындық жəбірленушілер көбінесе зорлықшыны өз жағдайын қиындатудан

қорқып айтқысы келмейтінінде. Осыған байланысты жəбірленушілер үшін

қауіпсіз жағдай жасау, оларға қажетті ақпараттық, құқықтық жəне

психологиялық қолдау көрсету, сондай-ақ құқық бұзушыға жеке

профилактика шараларын қолдану мемлекеттік органдар тарапынан жедел

атқарылуы тиіс. Зорлық-зомбылық жасайтын адамдардың жауапкершілігі

туралы мəселеге қатысты айтар болсақ, ол қолданыстағы қылмыстық жəне

əкімшілік заңнама шеңберінде сəтті шешілуде. Жаңа заңнамалық актілерге

сəйкес полиция қызметкерлеріне құқық бұзушылармен профилактикалық

əңгіме жүргізу құқығы; оны ішкі істер органдарына хаттаманы немесе қорғау

ұйғарымын ресімдеуге беру құқығы; зорлықшының құрбанға қатысты мінез-

құлқын шектейтін қорғау ұйғарымын шығару құқығы; 48 сағатқа дейін

əкімшілік ұстау (құрбаннан оқшаулау) құқығы; сот алдында құқық

бұзушының жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш жасау

құқығы; жолын кесу шарасы ретінде ешқайда шықпау жəне жөнді жүріс-

тұрыс туралы қол қою шарасы қабылданған күдіктінің немесе

айыпталушының құқықтарын тергеу кезеңінде шектеу құқығы сияқты

қосымша өкілеттіктер беріледі. Қылмыстық процесс жүргізетін орган күдікті,

айыпты адамға жəбірленушіні іздеуге, қудалауға, іздеп баруға, ауызша,

телефонмен сөйлесуге жəне онымен басқа əдістермен байланысқа түсуге

тыйым салынатыны туралы жазбаша ескерту жасайды.

Қорғау ұйғарымын, құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше

талаптарды бұзғаны жəне қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамдарға

қатысты белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін заң шығарушы неғұрлым

қатаң жауапкершілік не болмаса жолын кесудің қатаңырақ шарасын

белгілейді.

Қалаған жағдайда құрбан өтініш беріп жəне прокурордың санкциясын

алып, қорғау ұйғарымын 30 тəулікке дейін соза алады. Егер де зорлықшы

белгіленген талаптарды бұзар болса, онда полиция қызметкері хаттама

толтыруға жəне істі сотқа жіберуге құқылы, ол (сот) тиісті шектеуді бір жыл

шегінде анықтауы мүмкін.

ҚР ІІМ мəліметтері бойынша 2009 жылы отбасылық-тұрмыстық

қатынастар саласындағы құқыққа қайшы əрекеттері үшін əкімшілік

жауапкершілікке 27 мыңнан астам құқық бұзушы тартылған.

«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне

құқық бұзушылықтың профилактикасы мəселелері бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданғаннан

Page 102: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

102

кейін тұрмыста құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарға қатысты 8

мыңнан астам қорғау ұйғарымын шығарылды.

Қабылданған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасына

бағытталған ұйымдастыру-практикалық шаралар нəтижесінде 2009 жылы

тұрмыстық-отбасылық қатынастар саласында жасалған қылмыстар саны

12,8%-ға төмендеді.

Сонымен қатар судьялар мен адвокаттарды əйелдер құқықтарын қорғау

саласындағы құқық қолдану практикасы мəселелеріне оқыту ерекше маңызға

ие болады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жəне оның

профилактикасы мəселелері құқық қорғау, сот, медициналық жəне білім беру

ұйымдарымен кешенді түрде шешілуге тиіс екені айдан анық.

ГНЗ-мен күресте жəне оны болдырмауда денсаулық сақтау

ұйымдарының қызметі ерекше маңызға ие, өйткені əйелдің сексуалдық жəне

ұрпақты болу денсаулығы арасында тығыз өзара байланыс бар.

Балалық шағында сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған əйел

қауіпсіз секс ережелерін елемеудің жоғары қатеріне, соның салдарынан жас

өспірім жəне ересек жасында АҚТҚ/ЖҚТБ жұқтыруға бейім.

Күш қолдану зорлық-зомбылығына ұшыраған əйелдер басқалардан гөрі

көбірек жоспарланбаған жүктілік жағдайына тап болады.

Көптеген зорлау құрбандары елеулі дене жəне психикалық жарақат

алады, тіпті ақылынан адасуға немесе өлуге дейін барады. Зорлау құрбандары

арасында өзін-өзі өлтіру ықтималдылығы зорлық-зомбылық көрмеген

əйелдерге қарағанда тоғыз есе жоғары.

Таяу уақыттарға дейін ГНЗ проблемасы үндемеген күйі айтылмай келді,

əрине мұндайда зорлық-зомбылық құрбандары медициналық қызметкерлерге

болған жағдай туралы айтпайды.

Сонымен бірге, бастан кешкен – бұрын болсын, бүгін болсын – зорлық-

зомбылық əйелдің мінез-құлқына жəне оның адамдарға көзқарсына орасан

ықпал етеді. Мысалға, балалық шағында азғындық құрбаны болған əйелдер

айып мен ұят сезімін жиі бастан кешіп, өзін үнемі кінəлайды. Мұндай өзіне

деген теріс эмоциялар оларды көбінесе ақталмаған сексуалдық тəуекелге

итермелейді, бұл оларды əіресе жоспардан тыс жүктілікке, оған қоса

АҚТҚ/ЖҚТБ, бедеулікке шалдықтырады. Зерттеулер бұл əйелдердің

жасөспірім шағында жəне ересек жасында қайталанатын зорлық-зомбылық

актісінің ықтималдылығы көзқарасы тұрғысынан жоғары əлжуаздықпен

азаптанатынын көрсетеді, бұл олардың психикалық жарақатын қиындатып,

денсаулығын одан сайын бұзады.

Статистикаға қарасақ, зорлау құрбандары одан кейінгі жылдарда

медициналық мекемелерге оған дейінгіге қарағанда 50- пайыздан астам көп

жүгінеді. Сонда да болса бұл əйелдердің көпшілігі медицина қызметкерлеріне

сексуалдық жарақат туралы ештеңе айтпайды, ал олар оны сұрамайды да.

Біз бəріміз медициналық қызметкерлер пациент əйелдермен ГНЗ

тақырыбында сөйлеспесе де шын мəнісінде оларға күн сайын дерлік зорлық-

Page 103: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

103

зомбылықтан зардап шеккендерді емдеуге тура келетінін түсінеміз. Құрбандар

табиғаты түсініксіз күшейіп бара жатқан сырқатына, қаламаған жүктілігіне

жиі шағымданады. ГНЗ əйелдің ұрпақты болу жəне сексуалдық денсаулығына

көптеген əсерін тигізеді. Осыған байланысты медициналық қызметкерлердің

рөлі орасан зор, олар гендерлік негіздегі зорлық-зомбылыққа ұшыраған

адамның медициналық жəне психологиялық проблемаларын шешуі қажет.

Сондықтан медициналық қызметкерлер үшін ГНЗ белгілерін тани білуді

үйренуі жəне сонымен байланысты медициналық проблемаларды шешуі

ерекше маңызды. Медициналық мекеме жағдайында құрбандар көбінесе

«күрделі» пациенттер атына ие əйелдер болады. Оларға «бейшара» сияқты

атақ жиі таңылады, өйткені олар: оларға белгіленген отбасын жоспарлау

əдістерін дұрыс пайдалануға, дəрігер мен психологтың ұсынымдарын

орындауға, қайта қабылдауға уақтылы келуге қабілетсіз. Олардың денсаулығы

бара-бара нашарлайды, не болмаса белгісіз, күшейіп бара жатқан ауру

белгілеріне, бас ауруына, іш ауруына, арқасының ауруына, асқазан-ішек

жолдары проблемаларына шағымдануын жалғастырады.

Мұндай мінез-құлық пен белгілердің ар-жағында өте жиі

айқындалмаған ГНЗ жағдайы жатады. Яғни шынайы проблема бұл əйелдердің

қажетті көмекті ала алмауында. Осылайша, ГНЗ-ты дер кезінде анықтамаса

жəне оның салдарларын емдеумен айналыспаса, онда ұрпақты болу жəне

сексуалдық денсаулықты қорғау бағдарламасының тиімділігі күрт төмендейді.

Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылық салдарынан туындайтын мүмкін

болатын медициналық салдарлары мен қатер факторлары өте жоғары.

Құрбандардың көбі ГНЗ-тан зардап шеккенін өздігінен мойындамайды.

Олардың көпшілігі мүлде ешкімге ештеңе айтпайды. Зерттеулер медицина

қызметкерлерінің құрбандардың көбінен ГНЗ туралы сұрап білмегенін

көрсетеді.

Зерттеу нəтижелері əйелдер медиктерге басынан кешкен зорлық-

зомбылық туралы егер де олар бұл туралы тікелей сұраса айтап берер ме еді

деген сұраққа 70% жағымды жауап бергенін көрсетеді. Шынтуайтында

мұндай сұрақтар аталған зерттеу барысында сұралған əйелдердің тек 6%

əйтеуір бір кезде қойылған. Əйелдердің 90%, олардың субъективті пікірлері

бойынша, сексуалдық зорлық-зомбылық нəтижесінде бастан кешетін

проблемаларын шешуге дəрігерлер көмектесуге қабілетті ме деген сұраққа

жағымды жауап берген. Құрбандар басында мойындау қиын болса да, ГНЗ

жайында күні бұрын кешіп-пішпей, жылы ниетпен өзі сұраған медициналық

қызметкерлермен жеке сөйлескісі келетінін хабарлайды. Ал өмір шындығы

мынандай, бұл əйелдердің көпшілігі медиктер олардың өміріндегі зорлық-

зомбылық проблемалары жайлы сұрап-біледі деп ұзақ күткен əрі күткені

орындалмаған.

Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылық проблемаларын шешуде

медициналық мекемелерге ГНЗ проблемасымен айналысатын басқа

ұйымдармен жəне топтармен бірыңғай желі шеңберінде жұмыс істеу өте

Page 104: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

104

маңызды. Осыған байланысты гендерлік негіздегі зорлық-зомбылық туралы

тиісті заңдар немесе заңдарға түзетулер қабылдау ерекше маңызға ие болады.

Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылық профилактикасы мəселелерінің

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы

заңнамалық актілерде көрсетілуі

Қазақстан Республикасының заңнамасында гендерлік негіздегі зорлық-

зомбылық мəселелері 2009 жылғы 4 желтоқсандағы 214-IV «Тұрмыстық

зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы» Қазақстан Республикасының

Заңында көрсетілген. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы»

туралы» Заңда денсаулық сақтау ұйымдарына қатысты ішкі істер

органдарының құзыретіне жəбiрленушiлердi көмек көрсету жөнiндегi

ұйымдарға немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жiберу кіретіні атап өтілген

(10-баптың 7 тармағы), сонымен қатар аталған Заңның 12-бабы денсаулық

сақтау саласындағы уəкілетті органның құзыретін реттейді, соның нормасына

сəйкес ол:

1) арнаулы əлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын əзiрлейдi жəне

халықты əлеуметтiк қорғау жəне бiлiм беру саласындағы уəкiлеттi

органдардың келiсiмiмен бекiтедi;

2) жəбiрленушiлерге медициналық жəне психологиялық көмек көрсету

жөнiндегi əдiстемелiк ұсынымдарды əзiрлейдi жəне денсаулық сақтау

ұйымдары жұмысының практикасына енгiзедi;

3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы

нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын əзiрлеуге қатысады.

Сонымен қатар аталған заңның 13-бабы денсаулық сақтау

ұйымдарының құзыретiн реттейді, олар:

1) жəбiрленушiлер мен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға

наркологиялық, психологиялық, психиатриялық емдеу-профилактикалық

көмегiн көрсетедi жəне оларға медициналық оңалтуды жүргiзедi;

2) жəбiрленушiлердiң жəрдем сұрауы жəне оларға медициналық көмек

көрсету фактiлерi туралы iшкi iстер органдарына хабарлайды;

3) алкоголизмнiң, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың алдын алу

жөнiндегi iс-шараларды iске асырады.

Жаңа заңның прогрессивтілігі көрініп тұрғанына қарамастан оны іске

асырудың практикалық тетіктері əзірленбеген.

Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықтың профилактикасы мəслелерінің

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық

актілерінде қалай көрініс табатынын қарайық. 18.09.2009 ж. №193-4 «Халық

денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан

Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін денсаулық сақтау

саласындағы заңнама бір жағынан бірін-бірі қайталайтын, ал тағы бір

жағынан қарама-қайшы ережелері бар бірқатар заңдар мен нормативтік

құқықтық актілерді қамтығанын атап өткен жөн.

Page 105: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

105

«Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан

Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін денсаулық сақтау

саласындағы заңнама елеулі үйлестіріліп, жүйелендірілді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау

саласындағы қолданыстағы мынандай заңнамалық жəне нормативтік

құқықтық актілеріне сараптама жасалды:

«Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан

Республикасының Кодексі.

15.07.2008 жылғы АҚТҚ-ға жасырын тестiлеу жəне АҚТҚ/ЖҚТБ

жөнiнде психоəлеуметтiк консультация беру кабинеттерi туралы ереже.

Санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің

ережелері, 21.07.2008 ж.

21.07.2008 ж. Халыққа білікті медициналық көмек көрсету ережелері.

21.07.2008 ж. Консультативтік-диагностикалық көмек көрсету ереже-

лері.

2008 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы аумағында жүрген

Шетелдіктердің жəне азаматтығы жоқ адамдардың медициналық көмек алу

ережелері.

Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықты бастан кешкен адамдарға

жəрдемдесу көзқарасы тұрғысынан олардың емдеу мекемесіне өтініштерінің

құпиялылығын сақтау өте маңызды. Осыған байланысты «Халық денсаулығы

жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының

Кодексінде 95-бапта дəрігерлік құпия туралы ережелер реттелетінін атап

өтеміз, атап айтқанда: медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың

денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны

зерттеп-қарау жəне (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мəліметтер

дəрігерлік құпияны құрайды. Осы баптың 3 жəне 4-тармақтарында

белгіленген жағдайлардан басқа, оқыту, кəсіптік, қызметтік жəне өзге де

міндеттерді орындау кезінде дəрігерлік құпияны құрайтын мəліметтер белгілі

болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді.

Пациенттің рұқсатынсыз оның жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы

ақпаратты автоматтандырылған деректер базаларына енгізуге жəне

пайдалануға жол берілмейді.

Жеке сипаттағы автоматтандырылған деректер базаларын

пациенттердің жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты пайдалану

кезінде пациенттердің рұқсатынсыз, оларды басқа деректер базаларымен

байланыстыратын желілерге қосуға жол берілмейді.

96-бап Азаматтардың ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы

құқықтары мен міндеттерін реттейді. Азаматтардың: ұрпақты болуды еркін

таңдауға; ұрпақты болу денсаулығын сақтау жəне отбасын жоспарлау жөнінде

көрсетілетін қызметтерді алуға; өзінің ұрпақты болу денсаулығының жай-күйі

туралы дəйекті жəне толық ақпарат алуға; бедеуліктен емделуге, оның ішінде

Қазақстан Республикасында рұқсат етілген, ұрпақты болудың қазіргі заманғы

қосалқы əдістері мен технологияларын қолдана отырып емделуге; жыныстық

Page 106: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

106

жасушалар донорлығына; контрацепция əдістерін пайдалануға жəне еркін

таңдауға; хирургиялық стерилизациялануға; жүктілікті жасанды түрде үзуге;

өзінің ұрпақты болу құқықтарын қорғауға; балалардың санына жəне олардың

некеде немесе некесіз тууының уақытына, туу аралығындағы ана мен баланың

денсаулығын сақтау үшін қажетті аралық жиілікке қатысты шешімді ерікті

түрде қабылдауға; жыныстық жасушаларды сақтауға құқығы бар.

Кəмелетке толмаған адамдардың ұрпақты болу денсаулығын сақтауға,

сондай-ақ имандылық-жыныстық тəрбие алуға құқығы бар.

Азаматтар өздерінің ұрпақты болу құқықтарын жүзеге асыру кезінде

басқа азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін

сақтауға міндетті.

104-бапта жүктілікті жасанды түрде үзу мəселелері реттеледі, бұл

əсіресе сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдар үшін маңызды.

Бұл ретте жасанды түсіктің ана өлімінің басты себептерінің бірі болып

қалуын жалғастырып жатқанын есте ұстау қажет. Кодексте əйелдің жүктілікті

жасанды түрде үзуге құқығы бар екені атап өтілген. Жүктілікті жасанды түрде

үзудің алдын алу мақсатында дəрігерлер моральдық-этикалық, психологиялық

жəне физиологиялық теріс салдарларды, ықтимал асқынуларды түсіндіруге

бағытталған əңгімелер өткізуге міндетті.

Жүктілікті жасанды түрде үзу əйелдің қалауы бойынша жүктіліктің он

екі аптаға дейінгі мерзімінде, əлеуметтік айғақтар бойынша - жүктіліктің

жиырма екі аптаға дейінгі мерзімінде, ал жүкті əйелдің жəне (немесе)

шарананың өміріне қатер төндіретін медициналық айғақтар болған кезде

(шарананың дамуы мен жай-күйінің өмірмен сыйыспайтын туа біткен

кемістігі түзелмейтін монотектік генетикалық аурулар болған кезде) -

жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады. Кəмелетке толмаған адамның

жүктілікті жасанды түрде үзуі олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды

өкілдерінің келісімімен жүргізіледі (104-баптың 1-3 тармақтары).

Емдеу-профилактикалық ұйымдарда əйелдің қалауы бойынша

жүктілікті жасанды түрде үзуге дейін жəне одан кейін, контрацепция əдістері

мен құралдарын жеке іріктеуді қоса алғанда, медициналық-əлеуметтік

консультация өткізілетіні туралы ереже маңызды сəт болып табылады (104-

баптың 4 тармағы).

Кодекстің 19-тарауында көрсетілген АИТВ инфекциясын

жұқтырғандарға жəне ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық-

əлеуметтік көмек көрсету гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықтың

профилактикасында өзектілікке ие болады.

112-бап АИТВ инфекциясының жəне ЖИТС-тың профилактикасы,

диагностикасы жəне оны емдеу мəселелеріндегі мемлекет кепілдіктерін

қамтамасыз етеді, атап айтқанда, мемлекет АИТВ инфекциясын

жұқтырғандарға жəне ЖИТС-пен ауыратын науқастарға: 1) тегін негізде

ерікті түрде жасырын жəне (немесе) құпия медициналық зерттеп-қараудың

қолжетімділігі мен сапасына, динамикалық байқауды қамтамасыз етуге,

психологиялық-əлеуметтік, заңдық жəне медициналық консультациялар

Page 107: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

107

беруге; 2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде

медициналық көмекке жəне дəрі-дəрмекпен қамтамасыз етуге; 3) əлеуметтік

жəне құқықтық қорғауға; 4) ауруының сипатына байланысты қандай да бір

кемсітушілік нысандарына жол бермеуіне; 5) АИТВ инфекциясының анадан

ұрыққа берілу қаупін азайту жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге

асыруға кепілдік береді. 113-бап АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен

ауыратын адамдарды əлеуметтік қорғауды реттейді. АИТВ жұқтырған немесе

ЖИТС-пен ауыратын балалардың мектепте жəне басқа оқу орындарында оқуы

қамтамасыз етіледі. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын

адамдарды жұмыстан шығаруға, жұмысқа, мектеп жасына дейінгі балалар

мекемелеріне жəне оқу орындарына қабылдаудан бас тартуға, сондай-ақ

олардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол

сияқты олардың туыстары мен жақындарының тұрғын үй жəне өзге де

құқықтарына нұқсан келтіруге жол берілмейді. АИТВ жұқтыру немесе ЖИТС

ауруы медицина қызметкерлерінің жəне тұрмыстық қызмет көрсету саласы

қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан болған

адамдардың өз өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан

Республикасының заңнамасына сəйкес өтетуге құқығы бар.

Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықтың профилактикасындағы

маңызды мəселе АИТВ инфекциясының профилактикасы болып табылады

(114-бап). Бұл баптың ережелеріне сəйкес АИТВ инфекциясының

профилактикасы жөніндегі іс-шаралар: халықтың түрлі топтарына арналған

нысаналы профилактикалық жəне білім беру бағдарламаларын əзірлеу жəне

іске асыру; халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АИТВ

инфекциясы бойынша эпидемия жағдайы туралы жəне профилактика

шаралары туралы хабардар ету; халықтың түрлі топтары үшін ақпараттық

материалдар əзірлеу жəне тарату; АИТВ инфекциясының жыныстық қатынас

жəне қан арқылы жұғуынан қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;

сенім, жасырын тестілеу, психологиялық, заңдық жəне медициналық

консультациялар беру пункттерін құру; тері қабаттары бүтіндігінің бұзылуына

байланысты халыққа қызметтер көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

жолымен жүзеге асырылады.

115-бап АИТВ-ға зерттеліп-қаралуға қатысты ережелерді реттейді, онда

Қазақстан Республикасы азаматтарының жəне оралмандардың тегін негізде

ерікті түрде жасырын жəне (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралуға

жəне АИТВ инфекциясы мəселелері бойынша консультациялар алуға құқығы

бар екені атап өтілген.

АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеліп-

қаралуға: өздеріне қатысты денсаулық сақтау, прокуратура, тергеу жəне сот

органдарының сұрау салуы негізінде АИТВ жұқтырғаны ықтимал деуге

жеткілікті негіздер бар адамдар (115-бап, 2 тармақ); уəкілетті орган бекіткен

қағидаларға сəйкес клиникалық жəне эпидемиологиялық айғақтар бойынша

адамдар жатады (2 тармақ, 3 тармақша); Қазақстан Республикасының

аумағында тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар АИТВ-

Page 108: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

108

ның болуына зерттеліп-қаралудан жалтарған жағдайда Қазақстан

Республикасының шегінен тыс жерлерге шығарып жіберіледі (3 тармақ).

Кəмелетке толмаған адамдар мен əрекетке қабілетсіз адамдарды

куəландыру олардың заңды өкілдерінің келісімімен немесе олардың қалауы

бойынша жүргізіледі (115-бап, 4 тармақ). Медициналық зерттеп-қарау кезінде

АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісін анықтаған денсаулық сақтау

ұйымдары зерттеліп-қаралатын адамға алынған нəтиже туралы жазбаша түрде

хабар беріп, өз денсаулығын жəне айналасындағылардың денсаулығын

сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы ұғындырады,

сондай-ақ емделуден жалтарғаны жəне басқа адамдарға жұқтырғаны үшін

əкімшілік жəне қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді.

Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықтың профилактикасы тұрғысынан

алкоголизммен, нашақорлықпен жəне уытқұмарлықпен ауыратындардың

профилактикасы мен оларды емдеу үлкен маңызға ие, бұл Кодекстің 21

тарауында көрсетілген.

130-бап алкоголизммен, нашақорлықпен жəне уытқұмарлықпен

ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды анықтайды,

бұл ретте мемлекет алкоголизмнің, нашақорлықтың жəне уытқұмарлықтың

алдын алу жəне оларды емдеу жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз етеді.

Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары қылмыс жасаған,

алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж

деп танылған адамдарға қатысты, сондай-ақ əкімшілік құқық бұзушылық

жасаған жəне созылмалы алкоголизммен, нашақорлықпен немесе

уытқұмарлықпен ауырады деп танылған жəне ерікті түрде емделуден

жалтарған адамдарға сот шешімі бойынша қолданылады

Алкоголизммен, нашақорлықпен жəне уытқұмарлықпен ауыратын

адамдар наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға

медициналық көмек сұрап өтініш жасаған жағдайда, оларды медициналық-

əлеуметтік оңалту ерікті түрде жүргізіледі жəне пациенттің қалауы бойынша –

жасырын түрде жүзеге асырылуы мүмкін (131-бап, 1 тармақ). Алкоголизммен,

нашақорлықпен жəне уытқұмарлықпен ауыратын кəмелетке толмаған адамды,

сондай-ақ нашақорлықпен ауыратын, сот əрекетке қабілетсіз деп таныған

адамды медициналық-əлеуметтік оңалту олардың заңды өкілдерінің

келісімімен жүргізіледі (2 тармақ).

Адамды алкоголизммен, нашақорлықпен жəне уытқұмарлықпен

ауырады деп тануды уəкілетті орган белгілеген тəртіппен тиісті медициналық

куəландырудан кейін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге

асырады (132-бап, 1 тармақ).

Алкоголизммен, нашақорлықпен жəне уытқұмарлықпен ауырады деп

танылған адам мұнымен келіспеген жағдайда, оның мұндай шешімге жоғары

тұрған денсаулық сақтауды басқару органына жəне (немесе) сотқа шағым

жасауына болады (132-бап, 2 тармақ). 133-бапта алкоголизммен,

нашақорлықпен жəне уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың құқықтары

реттеледі. Алкоголизммен, нашақорлықпен жəне уытқұмарлықпен ауыратын

Page 109: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

109

адамдардың: білікті медициналық көмек алуға; наркологиялық ұйымды

таңдауға; өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының

сипаты, емдеу мен медициналық-əлеуметтік оңалтудың қолданылатын

əдістері туралы ақпарат алуға; медициналық-əлеуметтік оңалтуды

тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда – жүрген жері

бойынша өткізуге құқығы бар (133-бап, 1 тармақ). Нашақорлықпен ауыратын

науқастың немесе оның заңды өкілінің ұсынылатын медициналық-əлеуметтік

оңалтудың кез келген сатысында одан бас тартуға құқығы бар (2 тармақ).

Медициналық-əлеуметтік оңалтудан бас тартқан адамға не оның заңды

өкіліне медициналық-əлеуметтік оңалтудан бас тартудың ықтимал зардаптары

түсіндірілуге тиіс. Медициналық-əлеуметтік оңалтудан бас тарту, оның

ықтимал зардаптары туралы мəліметтер көрсетіле отырып, медициналық

құжаттамаға жазбамен ресімделеді, оған нашақорлықпен ауыратын адамның

немесе оның заңды өкілінің жəне психиатр-нарколог дəрігердің қолы

қойылады (3 тармақ). Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген

жағдайларды қоспағанда, нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары

мен бостандықтарын нашақорлық диагнозының болуы, наркологиялық

ұйымда динамикалық байқауда тұру фактісі негізінде ғана шектеуге жол

берілмейді (4 тармақ).

134-бап алкоголизммен, нашақорлықпен жəне уытқұмарлықпен

ауыратын адамдарды есепке алу жəне байқауды реттейді. Алкоголизммен,

нашақорлықпен жəне уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адамдар

тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепке тұруға

жəне байқауға алынуға жатады жəне оларда уəкілетті орган белгілейтін

тəртіппен емдеуден өтеді.

Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықтың профилактикасында

салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекше маңызға ие болады (25 тарау,

154-бап). Салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты нығайту жəне

өмір салтымен байланысты аурулардың алдын алу мəселелерінде халықты

ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту мен тəрбиелеу жолымен

салауатты өмір салтын насихаттауды, дұрыс тамақтануды жəне аурулардың

профилактикасын қамтиды. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды

денсаулық сақтау субъектілері уəкілетті органның үйлестіруімен жəне

əдістемелік басшылығымен басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп,

халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен қамтамасыз

етеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 26

ақпандағы № 134 Бұйрығымен бекітілген дəрігерге дейінгі медициналық

көмектің түрлері мен көлемдері туралы 21.07.2008 жылғы тізбеде аурулардың

алдын алу, соның ішінде халық арасында салауатты өмір салтын

насихаттауды; жүкті əйелдерді босануға психопрофилактикалық даярлауды

жүргізу қажеттігі атап өтіледі. Дəрігерге дейінгі медициналық көмектің

көлемдері - профилактика мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу жəне

медициналық оңалту əдiстерiн дəрiгердiң қатысуымен пайдалануды талап

Page 110: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

110

етпейтiн аурулар кезiнде медициналық орта бiлiмi бар медицина

қызметкерлерi көрсететiн іс-шаралар кешені анықталады (4 тармақ). Дəрігерге

дейінгі медициналық көмектің көлемдері денсаулық сақтау саласындағы

уəкілетті орган бекіткен диагностика мен емдеудің стандарттарына

(хаттамаларына) сəйкес айқындалады. Стандарттар (хаттамалар) болмаған

жағдайда диагностикалық жəне емдік іс-шаралардың көлемі көпшілік

мақұлдаған тəсілдерге сəйкес медициналық айғақтар бойынша айқындалады

(5 тармақ).

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 қыркүйектегi № 853

Қаулысымен бекітілген 16.07.2008 жылғы Тегiн медициналық көмектiң

кепiлдi көлемiнiң 2008-2009 жылдарға арналған тiзбесiн анықтайтын басқа

нормативтік құқықтық құжатта жедел медициналық көмек нысанында

көрсетiлетiн медициналық көмек денсаулық сақтау саласындағы уəкiлеттi

орган (бұдан əрi - уəкiлеттi орган) белгiлеген тəртiппен негiзгi (өмiрлiк

маңызы бар) дəрiлiк заттар тiзiмiнiң шегiнде дəрi-дəрмекпен қамтамасыз етудi

қоса алғанда, жiтi аурулардан, созылмалы аурулардың асқынуынан,

жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан, уланудан, сондай-ақ жүктiлiк пен

босанудан туындаған адам өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн

жағдайларда (шұғыл жағдайлар) халықтың барлық санаттары үшiн тегiн

жүзеге асырылады деп атап өтіледі (4 тармақ).

Гендерлік негіздегі зорлық-зомблықтың профилактикасы мен оған

қарсы күресте АҚТҚ/ЖҚТБ профилактикасы жөніндегі жұмыс өте маңызды.

Бұл тұрғыда АҚТҚ-ға жасырын тестiлеу жəне АҚТҚ/ЖҚТБ жөнiнде

психоəлеуметтiк консультация беру кабинеттерінің қызметі зор рөл атқарады,

ол 15.07.2008 жылғы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң

2004 жылғы 9 наурыздағы № 227 «АҚТҚ-ға жасырын тестiлеу жəне

АҚТҚ/ЖҚТБ жөнiнде психоəлеуметтiк консультация беру кабинеттерiнiң

қызметiн ұйымдастыру туралы» бұйрығымен бекiтiлген АҚТҚ-ға жасырын

тестiлеу жəне АҚТҚ/ЖҚТБ жөнiнде психоəлеуметтiк консультация беру

кабинеттерi туралы ережемен реттеледі. АҚТҚ-ға жасырын тестiлеу (бұдан

əрi - ЖТ кабинетi) жəне АҚТҚ/ЖҚТБ жөнiнде психоəлеуметтiк консультация

беру (бұдан əрi - ПƏК) кабинеттерi ЖҚТБ-ның алдын алу жəне оған қарсы

күрес жөнiндегi аумақтық орталықтардың жанында, басқа да мемлекеттiк

медициналық ұйымдарында (əйелдер консультациясының, клиникалық-

диагностикалық емханалардың, студенттiк емханалардың, отбасылық-

дəрiгерлiк амбулаториялардың, наркологиялық жəне терi-венерологиялық

диспансерлердiң жəне басқа) ұйымдастырылады жəне олардың құрылымдық

бөлiмшелерi болып табылады (2 тармақ). Сексуалдық негіздегі зорлық-

зомбылыққа ұшыраған адамдар үшін өте маңыздысы, АҚТҚ-ға тестiлеу

тестiлеуге дейiнгi психоəлеуметтiк консультация беру элементтерiмен қан

алғанға дейiн əңгiмелесу түрiнде жүргiзiледi. ЖТ кабинетiнде АҚТҚ/ЖҚТБ

мəселелерi бойынша даярлықтан өткен жəне АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша тестiге

дейiнгi жəне одан кейiнгi консультация беру дағдысына ие маман жұмыс

iстейдi (3 тармақ).

Page 111: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

111

Бұл нормативтік құқықтық актіде былай анықталған, психоəлеуметтiк

консультация беру – мақсаты тексеру мiндеттерi мен себептерiн талқылау,

консультация алушының мiнез-құлқы ерекшелiктерiне байланысты АҚТҚ

инфекциясын жұқтыру қаупi дəрежесiн бағалау, тестi нəтижесiн

хабарлағаннан кейiн көңiл-күйi мен ықтимал салдарды анықтау, қауiпсiз

мiнез-құлық дағдыларын үйрету болып табылатын консультация алушы мен

консультация берушiнiң арасындағы құпия диалог (14 тармақ). ПƏК

кабинетiнiң қызметi көмекке жүгiнген адамдарға АҚТҚ/ЖҚТБ мəселелерi

жөнiнде консультация берудi жүзеге асыруға əрi тестiге дейiн жəне тестiден

кейiн АҚТҚ-ға психоəлеуметтiк консультация беруге бағытталған (15 тармақ).

ПƏК кабинетiнде АҚТҚ/ЖҚТБ мəселелерi жəне АҚТҚ/ЖҚТБ жөнiнде тестiге

дейiн жəне тестiден кейiн психоəлеуметтiк консультация беру дағдыларына ие

мамандар жұмыс iстейдi (16 тармақ).

Халыққа білікті медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 23 қыркүйектегі № 701

бұйрығымен бекітілген 21.07.2008 жылғы Халыққа білікті медициналық

көмек көрсету ережесімен реттеледі, онда халыққа амбулаториялық-

емханалық деңгейдегі білікті медициналық көмекті жасөспірімдер

кабинеттерін (бөлімшелерін) қоса алғанда, аудандық (орталық) ауруханалар

жанындағы ауылдық дəрігерлік амбулаториялар, отбасылық дəрігерлік

амбулаториялар, емханалар (консультациялар), балалар, əйелдер

консультацияларын қоса алғанда, консультативтік-диагностикалық емханалар

мен басқа да амбулаториялық-емханалық ұйымдар көрсетеді деп атап өтілген

(10 тармақ).

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 16 қазандағы № 997

қаулысымен бекiтiлген 17.07.2008 жылғы Қазақстан Республикасының

аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың

медициналық көмек алу ережесi адамдардың осы санатына медициналық

көмек көрсетудің тəртібін реттейді.

Осылайша, Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау

саласындағы заңнаманы талдау гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықтың

профилактикасы туралы ортаңқол ережелердің бар екені туралы қорытынды

жасауға мүмкіндік береді, сонымен бірге гендерлік негіздегі зорлық-

зомбылықты басынан кешкен адамдарға медициналық жəне психологиялық

көмек көрсету тəртібі туралы тікелей ереже жоқ, бұл сөз жоқ толықтыруды

талап етеді. Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықты болдырмауға жағдай

жасайтын негізгі стратегиялық құжат «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың

профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, сондай-ақ

Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік

стратегиясы болып табылады. Қазіргі сəтте «Тұрмыстық зорлық-

зомбылықтың профилактикасы туралы» заңды іске асырудың тетіктері

əзірленбеген, сондай-ақ əйелдердің құқықтарын неғұрлым тиімді қорғау

мақсатында соттарда БҰҰ-ның Əйелдерге қатысты кемсітудің барлық

Page 112: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

112

нысандарын жою туралы конвенция нормаларын қолдану тетіктерін əзірлеу

талап етіледі.

Негізгі екпін əйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың себептерін

түбірімен жоюға, тіпті дағдарыс жағдайында да шынайы гендерлік теңдікті

қамтамасыз ету жолымен зорлық-зомбылықты болдырмау жəне ерте бастан

алдын алу жағдайларын қалыптастыруға шоғырлануға тиіс. Дағдарыс

əйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа итермелейтін кедейлікті,

жұмыссыздықты, маскүнемдікті, нашақорлықты, əйелдерді жезөкшелікке

тартуды, əйелдер мен қыздарды сатуды жəне оларды сексуалдық қанауды

қоса алғандағы көптеген қатерлерді көп есе күшейтіп жіберді.

Жалпы проблемаларды шешу жұмысын жасап жүрген əртүрлі

ұйымдармен өзара іс-қимыл оң өзгерістерге қол жеткізу ықтималдылығын

арттырады. Мұндай өзгерістер тиісті заңдарды немесе ГНЗ туралы заңдарға

түзетулерді қабылдауды, ГНЗ құрбандарына көрсетілетін базалық қызмет

көрсету жиынтығын мемлекеттік қолдауды жəне/немесе қаржыландыруды

қамтамасыз етуді, гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі

шараларды іске асыруға жəрдемдесетін үкіметтік емес ұйымдарды

қалыптастыруды немесе кеңейтуді қамтуы мүмкін.

Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықтың көріністерімен күрестегі

бірлескен күш-жігер басқаларымен қоса ГНЗ құрбандарына көрсетілетін

қызметтердің қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді. Медициналық

мекемелер дəрігерлерге отбасын жоспарлау, босануға дейінгі бақылау немесе

педиатрия мəселелері бойынша жүгінген көптеген əйелдердің ГНЗ құрбаны

болып табылатынын тура мойындауға тиіс жəне бұл мəселені əйелдің

медициналық көмек үшін өтініш жасаған кезінде міндетті түрде көтеруі

қажет. Бірде-бір əйел ГНЗ-тан сақтанбағандықтан пациент əйел-қыздардың

барлығын осы тұрғыдан бағалау өте маңызды.

Медициналық қызметкерлердің кейбіреуінің ГНЗ жағдайын айқындау

жөніндегі арнайы дайындығы болуы мүмкін, алайда жай ғана оларға өз

дағдыларын пайдалану мүмкіндігі тумайды, өйткені олардың медициналық

мекемесі іске асыратын медициналық қызмет көрсетудің жалпы бағдарламасы

шеңберіндегі ГНЗ құрбандарына арнайы көмек жобасы түріндегі ұйымдық

қолдауды кездестірмейді. Медиктердің ішінен кейбіреулері пациент əйел-

қыздарға ГНЗ-ға қатысты сұрақтар беруге тиіс шығар, ал олар мұны жиі

жасамайды. Олардың бұл олқылықтың себебін сұрағанда, олар алдына келген

əйел-қыздарға ондай сұрақты көтерген ыңғайсыз деп түсіндіреді, өйткені

оларды өздеріне қарсы қойып аламыз ба деп қорқады немесе əйелдер дұрыс

жауап берсе немен көмектесуін білмейді.

Кейбір əкімшілер олардан бұл туралы сұрағанда егер де проблема

ашылса ГНЗ құрбандарының қажеттіліктерін персоналға жүктейді ме деп

қорқатынын айтады. Нəтижесінде медиктердің бəріне қоса өздерінің негізгі

міндеттерін орындауға шамасы жетпей қалады.

Іс жүзінде пациент əйел-қыздарды ГНЗ тұрғысынан бағалау тіпті басқа

бағыттар бойынша көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға

Page 113: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

113

мүмкіндік береді. Əйел-қыздарға ГНЗ тұрғысынан сауалдама жүргізу

медициналық мекемеге де, оның клиенттеріне де пайдалы болатынын

тəжірибе көрсетіп отыр. ГНЗ құрбаны болған пациент əйел-қыздар үшін

мұндай жоба өздерінің қорқынышты құпияларын жалғыз сақтаушысы болған

өздерін оқшаулану құрсауынан шығуға, өздерін езгілеген кінə мен масқара

сезімінен ішінара болса да арылуға, ауру белгілері мен ГНЗ арасындағы өзара

байланыстылық деңгейін сезіну деңгейін көтеруге мүмкіндік ашады. Бұл

барлық араласу құрбандарға өз өмірін бақылауға алуына жəне өздерін күшті

сезінуге мүмкіндік береді.

Персоналға келер болсақ, ГНЗ салдарларын анықтау жəне емдеу

мəселелері бойынша дайындықтан өте отырып олар өз кəсіби дағдыларының

арсеналын кеңейтіп, нығайтады. Олар жаңадан көп нəрсе біліп қана қоймай,

сонымен бірге пациенттермен жалпы кінəмшіл мəселелерді талқылау

техникасына үйренеді, тұлғамен қарым-қатынас дағдысын жақсартады жəне

түптеп келгенде дəрігерлер мен пациенттер арасындағы қарым-қатынас

сапалық жаңа деңгейге көтеріледі.

Бұл ұрпақты болу денсаулығы, жыныстық гигиена, ана мен баланы

қорғау саласында қызмет көрсететін клиникалар үшін ерекше маңызды,

алайда мұндай жол əйелдер жүгінетін кез келген мекеме, мысалға, барлық

жаңалыққа көбінесе бірінші боп ден қоятын ммелекетттік немесе жеке

əлеуметтік көмек ұйымдары шеңберінде пайдаланылуы мүмкін. ГНЗ басынан

кешкен əйелдерге қайда жүгінсе де көмектесу қажет екенін естен шығармау

маңызды.

Сондықтан ГНЗ көріністері мен ұрпақты болу, сексуалдық денсаулық

арасындағы байланыстардың сипатын түсіну соншама маңызды. Осыған

байланысты ГНЗ бастан кешкен адамдармен жұмыс жөніндегі медициналық

қызметкерлерді дайындау бағдарламасы өте зор өзектілікке ие болады.

Осылайша, əйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларын одан

əрі зерделеу, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

жөніндегі ұсыныстар əзірлеу, зорлық-зомбылық құрбандарымен жəне оны

жасаған адамдармен жұмыстың нысандары мен əдістерін жетілдіру алға

қойылған міндеттерді нəтижелі шешуге мүмкіндік береді.

ҰСЫНЫМДАР:

1. Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы

халықаралық міндеттемелерін жəне ішкі еңбек нарығының сұраныстарын

ескере отырып, сондай-ақ зейнет демалысына шығу кезінде мемлекеттік

қызметші əйелдерге қатысты жыныстық белгі бойынша кемсітуді болдырмау

мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентіне

заңнамалық негізде жас бойынша зейнет демалысына шығар кезде ерлер мен

əйелдердің тең құқықтарын іске асыруын бұл ретте əйелдерге зейнет

демалысына 58 жаста не 63 жаста шығуды таңдау еркіндігін қалдыра отырып,

қамтамасыз ету қажет деп есептейміз.

2. Заңнамалық түрде мемлекеттік биліктің өкілді органдарында əйелдер

үшін депутаттардың жалпы санының 30%-на квота белгіленсін. Əйелдердің

Page 114: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

114

мемлекеттік атқарушы орандардағы шешім қабылдау деңгейіндегі өкілділігін

арттыру жөніндегі практикалық шаралар əзірленсін.

3. БҰҰ-ның Əйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою

жөніндегі комитетінің Қазақстан Республикасының Əйелдерге қатысты

кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерін

орындауы туралы баяндамасын қарау нəтижелері бойынша ұсынымдары іс

жүзіне асырылсын.

4. 1952 жылғы 28 маусымдағы «Ананы қорғау туралы» конвенция

ратификациялансын.

5. 1951 жылғы 29 маусымдағы «Ерлер мен əйелдерге тең құндылықты

еңбек үшін тең сыйақы беру туралы» конвенция ратификациялансын.

6. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы»,

«Ерлердің жəне əйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің

мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңдардың нормаларын іс жүзіне асырудың

тетіктерін əзірлеу жөніндегі қажетті шаралар қабылдансын.

7. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласындағы

заңнаманы талдау гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықтың профилактикасы

туралы ортаңқол ережелердің бар екені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік

береді, сонымен бірге гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықты басынан

кешкен адамдарға медициналық жəне психологиялық көмек көрсету тəртібі

туралы тікелей ереже жоқ, бұл сөз жоқ толықтыруды талап етеді.

8. Негізгі екпін əйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың себептерін

түбірімен жоюға, тіпті дағдарыс жағдайында да шынайы гендерлік теңдікті

қамтамасыз ету жолымен зорлық-зомбылықты болдырмау жəне ерте бастан

алдын алу жағдайларын қалыптастыруға шоғырлануға тиіс.

9. Облыс орталықтарында, Астана мен Алматы қалаларында тұрмыстық

жəне гендерлік зорлық-зомбылықтан, адам саудасынан жəне басқа да кемсіту

түрлерінен зардап шеккен əйелдерге арналған баспаналар ашылсын.

10. Гендерлік негіздегі зоролық-зомбылықты бастан кешкен адамдармен

(құрбандармен) жұмыс жөніндегі медициналық қызметкерлерді дайындау

бағдарламасы əзірленіп, қабылдансын.

11. Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықпен байланысты құқық

бұзушылықтың алдын алуға немесе жолын кесуге бағытталған жүйелі

профилактикалық іс-шаралар жүргізілсін.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтары

«Қазақстан Республикасында мүгедектердi əлеуметтiк қорғау

туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан əрі – Заң) мүгедектерді

əлеуметтік қорғаудың заңнамалық негізі болып табылады, ол мүгедектердi

əлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен

қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық,

экономикалық жəне ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.

Page 115: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

115

Əрбір мүгедекке оңалту əлеуетіне сəйкес оңалтудың жеке бағдарламасы

(бұдан əрі – ОЖБ) əзірленеді, ол организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан

функцияларын қалпына келтiруге жəне (немесе) өтемін төлеуге бағытталған

медициналық, əлеуметтік, кəсіптік оңалту шараларын қамтитын оңалту іс-

шаралар кешенін анықтайды.

ОЖБ-ға сəйкес мүгедектер Қазақстан Республикасының Үкіметі

анықтайтын тізбе бойынша жəне тəртіппен протездік-ортопедиялық

көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы

жүріп-тұру құралдарымен, санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз

етіледі.

Сонымен қатар, мұқтаж мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен,

ымдау тілі мамандарының қызметімен, жеке көмекшілермен қамтамасыз

етіледі.

2010 жылдың қорытындысы бойынша 6,7 мыңнан астам мүгедек 701,8

млн. теңге сомасындағы протездік-ортопедиялық бұйымдармен жəне

протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етілген. 2 мыңдай мүгедек

үшін 201,2 млн. теңге сомасындағы кресло-арба сатып алынды.

4,1 мыңнан астам есту бойынша мүгедектерге 230,5 млн. теңге

сомасындағы сурдотехникалық құралдар ұсынылды.

6,6 мыңнан астам мүгедек 169,6 млн. теңге сомасындағы

тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді.

8,6 мыңнан астам мүгедек 746,7 млн. теңге сомасында санаториялық-

курорттық емделуден өтті.

Сондай-ақ мыналар ұсынылды:

жеке көмекші қызметі – 1 топтағы 5,6 мың мүгедекке, ымдау тілі

мамандарының қызметі – есту бойынша 2,2 мың мүгедекке 1,1 млрд. теңге

сомасында;

міндетті гигиеналық құралдар 13,6 мың мүгедекке 872,9 млн. теңге

сомасында.

Жергілікті атқарушы органдар мүгедектердің əлеуметтік инфрақұрылым

объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету шараларын

қабылдауда.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 13270 астам

мүгедектер арбаларына арналған жолдар, пандустар, қондырғылар

орнатылған.

Мүгедектер үшін жалпы пайдалану көліктеріне отырғызуға арналған

3544 жолаушы аялдамалары жасақталған.

Республикадағы 12852 қоғамдық автобустың ішінен 458 автобус

мүгедектерді отырғызып, түсіретін құрылғылар орнатылған.

Дыбыстық жəне жарық құрылғыларымен 669 жолуашылар өткелдері

жабдықталған, мүгедектерге қызмет көрсетуге арналған 156 арнайы автобус

пайдалануда.

Page 116: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

116

Жергілікті атқарушы органдардың мəліметтері бойынша 2010 жылы

ОЖБ бар 11,7 мың мүгедек жұмыспен қамтуға ұсынылған, оның 30,9% (3630

адам) жұмысқа орналасқан.

Квота бойынша жұмысқа орналасқан адамдар саны 4257 адамды

құрайды.

ОЖБ бар 552 мүгедек кəсіптік дайындыққа жіберілген, олардың ішінде

235 адам оқуын аяқтаған соң тұрақты жұмысқа орналасқан. Мүгедектерді

кəсіптік дайындау мына мамандықтар бойынша жүргізілді: массажист, аспаз-

кондитер, шаштаразшы, бухгалтер, ДЭЕМ операторы, шағын бизнес

менеджері жəне т.б.

Республика бойынша 2010 жылы оқуды аяқтаған мүгедектердің жалпы

санының 99 уақытша жұмысқа орналасқан.

«Арнайы əлеуметтік қызмет көрсету туралы» Заңды іске асыру

шеңберінде стационар жағдайындағы психоневрологиялық патологиялы

балаларға арналған стандартты енгізу жұмысы жалғасуда, сондай-ақ 2010

жылғы бірінші қаңтардан бастап 18 жастан жоғары психоневрологиялық

сырқаты бар адамдарға арналған жалпы 2026,1 млн. теңге сомасындағы

арнайы əлеуметтік қызмет көрсету стандарты қолданысқа енгізілді.

Тамақтанудың жаңа нысандарын одан əрі енгізуге 2010 жылы 2789,3

млн. теңге бөлінді.

Мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2010 жылы

республиканың тоғыз өңірінде жалпы сомасы 453,5 млн. теңгеге арнайы

əлеуметтік қызмет көрсету сатып алынды.

Медициналық-əлеуметтік мекемелерде күндіз болу желілерін дамытуға

республиканың сегіз өңірінде 2010 жылы 202,3 млн. теңге көзделген.

Республикада Қазақстанның Мүгедектердің құқықтары туралы

конвенцияны жəне оның Факультативтік хаттамасын ратификациялауына

жағдай дайындау жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстан Республикасы Премьер-Мнистрінің 2009 жылғы

6 қарашадағы №157-ө өкімімен Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың

құқықтарын қамтамасыз ету жəне өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұзақ

мерзімді перспективаға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының жобасын

(бұдан əрі - Ұлттық жоспардың жобасы) əзірлеуге арналған жұмыс тобы

құрылды.

2010 жыл ағымында жұмыс тобының 11 отырысы өткізіліп, онда

мүдделі орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың Ұлттық

жоспардың жобасына ұсыныстары қаралды.

Жоспар жобасын Үкіметке енгізу 2011 жылдың 1 тоқсанына

жоспарланып отыр.

Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға

дайындық мақсатында бірқатар таяу жəне алыс шетелдердің тəжірибесі

зерделенді.

ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі мен

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы екі жылдық (2010-2011 жылдар)

Page 117: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

117

БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары туралы конвенциясының шеңберінде

мүмкіндіктері шектеулі адамдарды əлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жəне

арнайы əлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту» жобасын іске асыруды

жалғастыруда.

Жоғарыда аталған жоба шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар Мүгедектер

құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау үшін жағдай жасауға

дайындыққа бағытталған іс-шараларды іске асыруда.

ҰСЫНЫМДАР:

1. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету

жəне өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға

арналған ұлттық іс-қимыл жоспары əзірленіп, қабылдансын.

2. БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясы мен оның

Факультативтік хаттамасы ратификациялансын.

Этностар мен этностық топтардың (аз ұлттардың) құқықтары

Тəуелсіздік жылдарында Қазақстанда өзіндік «саналуандықтағы

бірлік» қағидатына негізделген ұлтаралық жəне конфессияаралық

келісімді сақтау мен нығайтудың моделі құрылды. Этносаралық жəне

конфессияаралық қатынастар мəселесін шешудің қазақстандық нұсқасын

ЕҚЫҰ-дан БҰҰ-ға дейінгі халықаралық қоғамдастық танып отыр.

Толеранттылық мəселелері 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық

етуінің төрт ұранының бірі болды.

1992 жылы тəуелсіздіктің бір жылдығына арналған І этностық форумда

Президент Нұрсұлтан Назарбаев этносаралық қатынастарды институттандыру

қажеттігі туралы мəселе көтеріп, Қазақстан халқы Ассамблеясын (бұдан əрі

– Ассамблея, ҚХА) құру туралы идея ұсынды жəне этностық

мəдениеттердің қайта өрлеу процесіне үнемі қолдау көрсетіп отырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілік пен келісім идеалдарының бас

таратушысы, барлық этностардың өзара іс-қимылы мен олардың мүдделерінің

келісілуі қамтамасыз етілген айрықша алаңша болды. 2007 жылы Ассамблея

жаңа мəртебеге ие болып, консультативтік-кеңесші органнан еліміздегі аз

этностардың республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өкілділігін

қамтамасыз ететін конституциялық органға айналды.

Өткен 2010 жыл ел экономикасының əлемдік қаржы дағдарысынан

кейін айтарлықтай нығайған кезеңі болды, күтілген ІЖӨ өсімі 7%-дан астам

болды. Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму

бағдарламасы бастау алды. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму

стратегиясы қабылданды. Біз өзіміздің əлеуметтік жетістіктерімізді сақтап,

көбейте білдік.

ЕҚЫҰ-ға сəтті төрағалық ету жəне Астана Саммитіндегі табысымыз

Елбасы мен барша Қазақстан халқының, оның көпвекторлы сыртқы

саясатының əлемдік деңгейдегі зор жеңісі болды.

Page 118: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

118

Бұл табыстар Қазақстанның ішкі саясатының, тұрақтылығымыздың,

бейбітшілік пен қоғамдық келісім саясатының нығаюының арқасында мүмкін

болып отыр жəне де сапалық жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Мемлекет

басшысының қоғамдық-саяси өмірдегі жəне мемлекеттік басқарудағы

шынайы мəртебесін бекіткен Елбасы туралы заң қабылданды.

Қазақстан халқының маңызды саяси табысы ірі идеологиялық құжаттың

– Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасының (бұдан əрі – Доктрина)

талқылануы жəне оны Қазақстан халқы Ассамблеясының қабылдауы болды,

ол ортақ құндылықтарға жəне олардың ішіндегі ең бастысы Тəуелсіздікке

негізделген. Оның қағидалары Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму

стратегиясын əзірлеу кезінде ескерілген, Доктринаны іске асыру жөніндегі

шаралар орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық даму

жоспарларына, соның ішінде 12 министрліктің бағдарламаларына енгізілген.

Президент Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық

келісімнің қазақстандық моделі формуласы ғылыми-теориялық жəне

қоғамдық-саяси тұрғыдан əзірленіп, Қазақстанның төрағалығы шеңберінде

ЕҚЫҰ-ның барлық іс-шараларында, сондай-ақ БҰҰ-ның Бас Хатшысы Пан

Ги Мунның қатысуымен БҰҰ-да таныстырылды. Бүгінде бұл модель əлемде

танылған, уақыт сынынан өткен, практикада дəлелденген пəрменді саяси жəне

қоғамдық тетікке айналды. Тек 2010 жылы 11 мемлекеттің өкілі біздің

моделімізбен танысуға арнайы ат басын бұрды - АҚШ, Ұлыбритания,

Франция, Қытай, Нидерландия, ГФР жəне т.б. Бұл біздің тəжірибеміздің

өзектілігін, бүкіл əлемнің бірлік формуласын іздеуде екенін көрсетеді.

М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де, Ресей мемлекеттік гуманитарлық

университетінде «Этносаралық толеранттылықтың қазақстандық моделі»

арнайы курсы, соның ішінде қазақ тілінде оқылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының орта мерзімді (2011 жылға дейінгі)

кезеңге арналған Стратегиясының негізгі мақсаттары, міндеттері мен

ережелеріне қол жеткізілді. Президент Əкімшілігінің Басшысы өзінің

Мемлекет басшысына баяндамасында «Стратегия шеңберінде «негізгі

мақсаттық көрсеткіштерге қол жеткізілді. Қазақстанның этносаралық

қатынастар саласындағы тəжірибесі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық

етуінің маңызды факторларының біріне айналды, БҰҰ институттарының оң

бағасын алды» деп хабарлады.

2010 жыл Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығын

жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығын мерекелеу жылы

болды. Еліміздің тарихында бұл оқиғалар мəңгіге бір-бірімен ажырамастай

байланысқан күйде қалады. Оның қарсаңында «Нұрсұлтан Назарбаев:

бейбітшілік пен қоғамдық келісім идеясы» (үш тілде) жəне «Қазақстан

халқының Ассамблеясы: тарихи очерк» (2 тілде) атты ірі ғылыми-зерттеу

монографиялары таныстырылды. Мемлекет басшысының барлық 15

сессиядағы сөйлеген сөздерін талдау олардың Қазақстанның саясатын

қалыптастыру үшін тарихи маңызды болғанын, тұрақтылық, сенім,

экономикалық жəне əлеуметтік жетістіктер, əлемнің тануы халықтың

Page 119: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

119

бірлігінің, этносаралық келісімнің, этносаралық қатынастар саласындағы

конституциялық принциптердің жүйелі іске асырылуының арқасында мүмкін

болғанын көрсетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясы «Сенім, Дəстүр,

Ашықтық, Толеранттылық» ұранымен өтті, қоғамдық келісімнің негізін

қалаған Елбасының үлгісін барша əлемге паш етті. Мұны Астанадағы

толеанттылық пен кемсітпеу жөніндегі ЕҚЫҰ жоғары деңгейлі

конференциясының нəтижелері дəлелдеді.

Бүкіл əлемде қалыптасқан саяси-философиялық феномен, ХХІ ғасырда

қоғам мен мемлекеттің өмір сүру моделі, сенім, келісім, өзара құрметтеу жəне

саналуандықтағы бірлік принциптеріне негізделген əлемге ортақ ұмтылыс

символы ретінде «Астана рухы» туралы кездейсоқ айтылған жоқ.

Ассамблея 2010 жылы қол жеткізген нəтижелердің қатарында

этносаралық ахуалды мониторингтеу жəне жедел бақылау жүйесінің

күшейгенін атап өту қажет. Соңғы 3 жылда ҚХА этностық негіздегі

жанжалдық жағдайларды 4 есеге төмендете алды, 2010 жылдың 2 жартысында

олар мүлде болған жоқ, бірақ бұл көңіл бөлуді азайтпайды жəне жұмыс

жалғаса береді.

Этносаралық қатынастар саласын инфрақұрылымдық нығайтуға қол

жеткізілді. Ғылыми-сараптамалық кеңес, үш қоғамдық қор, Этностық

мəселелер жөніндегі жетекші журналист-сарапшылар клубы, соның ішінде

өңірлік деңгейде құрылды. ҚХА көпфункционалды веб-порталы дамып

келеді, «Менің елім» жəне «Достық – Дружба» журналдары шығып тұрады.

Астанадағы Бейбітшілік пен Келісім сарайы, облыс орталықтарындағы

Достық үйлері этномəдени орталықтардың иелігінде.

Бұл тізбелердің артында жүздеген адамның: ғалымдардың,

сарапшылардың, этномəдени бірлестіктер белсенділерінің қажымас тынымсыз

еңбегі жатыр.

Ассамблеяның жастармен жұмысы айтарлықтай күшейді, «Қамқор»

студенттік қозғалысы құрылды, «Жастар Қазақстан халқының бірлігі үшін»

жалпыұлттық форумы өтті.

ҚХА хатшылығының ұлттық саясатты іске асырудағы үйлестірушілік

рөлі күшейді. Ол елдегі этносаралық келісімді қамтамасыз етудің ақпараттық,

білім беру-тəрбиелік, құқық қорғау жəне құқықтық, сондай-ақ халықаралық

қырларын қамтиды.

Өкінішке орай, Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мыңжылдықтың басында

ескерткендей, «сындарлы онжылдық» төзбеушілік пен жауласудың өсуімен,

бүкіл əлемдегі этностық жəне конфессионалдық жанжалдардың өршуімен

байланысты болды.

Еуропадағы мультикультурализм саясатының дағдарысын мойындау,

Балкан елдерінің проблемалары, Таяу Шығыстағы жартығасырдан асқан

жанжал əлемнің күн тəртібінде полиэтностық қоғамдардың бірлігі туралы

мəселе алғашқы орындардың бірінде қала беретінін білдіреді.

Page 120: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

120

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздік күніне арналған өз сөзінде

достық пен келісім дəстүрлерін келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап

өтті. Сондықтан ол Қазақстан халқы бірлігі күнін мерекелеудің жаңа

тұжырымдамасын жасауды, оны жаңа форматта өткізуді тапсырды.

Əлем өркениет дамуының əлемнің мəдени полифониясы өзін барған

сайын дербес жаһандық құбылыс ретінде мəлімдейтін сəтіне жетті. Əлемнің

əртүрлі өңірлерінің өмір салтын, дəстүрін, мəдениетін, этностық тарихын

елемеуге болмайтыны айқын бола түсуде.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан

халқының этностық жəне мəдени саналуандығын сақтаудың жаңа жолдарын

іздеу міндетін қойып, Ассамблеяның хатшылығы мен «Самұрық-Қазына»

Ұлттық əл-ауқат қорына Астана қаласы əкімдігімен бірлесе отырып Астанада

этноауыл құру жөнінде ұсынысты пысықтап, енгізуді тапсырды. Бұл

маңызды инновациялық жоба біздің басты байлығымызға – Тəуелсіздікке,

жерге, бірлік пен руханиятқа ұқыптылықпен қарауды қоғамдық нормаға жəне

əрбір адамның ішкі қажеттілігіне айналдыруды мақсат тұтады.

Қазақстандық патриотизмді тəрбиелеу, қазақстандық сəйкестілік пен

ұлттық бірлікті қалыптастыру – бұл Қазақстан Республикасының əрбір

азаматының тікелей қатысуын жəне нақты үлес қосуын талап ететін күн

тəртібінің маңызды мəселесі.

Астанада этносаралық қатынастар, толеранттылықтың қазақстандық

моделін жалпы түсінігі мен жаңа тетіктерін əзірлеу жөніндегі салааралық

орталық құрылатынын атап өткен жөн.

Жоғарыда айтылғандар барлық аз ұлттар өкілдерінің қажеттіліктерін

қанағаттандыру жəне ұлтаралық аралық қатынастардың үйлесімділігі үшін

Қазақстанда қажетті жағдайлар жасалғаны туралы атап өтуге мүмкіндік

береді. Қазақстанның аз ұлттарының азаматтық, саяси, экономикалық,

əлеуметтік жəне мəдени құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар БҰҰ-ның аз

ұлттарға немесе этностарға, діндер мен тілдерге жататын адамдардың

құқықтары туралы декларациясының, ТМД-ның аз ұлттарға жататын

адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету туралы конвенциясының

стандарттарына сəйкес келеді.

ҰСЫНЫМДАР:

1. Нəсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық

конвенцияның 4-бабының талаптарын іске асыру мақсатында «Нəсілдік

(ұлттық) кемсітудің көріністеріне қарсы іс-қимыл туралы» арнайы ҚР Заңы

қабылдансын не болмаса нəсілдік (ұлттық) немесе этностық артықшылықты

насихаттайтын, сондай-ақ басқа адамдарға қатысты нəсілдік (ұлттық)

кемсітудің көріністеріне жол берген адамдардың əкімшілік жəне қылмыстық

жауапкершіліктері бөлек заңнамалық түрде белгіленсін.

2. 1994 жылғы 21 қазандағы ТМД-ның аз ұлттарға жататын адамдардың

құқықтарын қамтамасыз ету туралы конвенциясы ратификациялансын.

Page 121: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

121

Халықты құқықтық ағарту

Мемлекеттік құқық қорғаушы тетіктердің тиімділігі ел халқының

қоғамдық құқықтық санасы мен құқықтық мəдениеті деңгейіне тікелей

тəуелді болады.

Жалпы төмен мəдени құқық жағдайында жемқорлық құқық бұзушылық

пен қылмыс жасау үшін қолайлы орта сақталады.

Жоғары құқықтық мəдениет қалыптастыру саласындағы қызмет кəсіби

заңгерлерді дайындау сапасын көтеруге, құқық қорғау органдары

қызметкерлерін қоса алғандағы мемлекеттік аппарат қызметкерлерін

құқықтық оқытуға, сондай-ақ ел халқын құқықтық ағартуға бағдарланған екі

бағытта жүруге тиіс.

2006 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан халқы үшін құқықтық ақпаратқа

тегін жол беретін Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің

жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасы

іске қосылды. Ел аумағында цифрлы кітапхананы ұстап тұру Қазақстан

Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына (ҚР ҰАК) сеніп

тапсырылған. Кітапхананың құжаттары http://hrc.nabrk.kz мекен-жайында

қазақ жəне орыс тілдерінде қол жетімді, кітапхананың интерфейсі қазақ, орыс,

француз жəне ағылшын тілдерінде жүзеге асырылған.

Цифрлы кітапхананы құру Адам құқықтары жөніндегі ұлттық іс-

қимыл жоспарын дайындау процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол

Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының, Алматыдағы ЮНЕСКО-ның

Кластерлік бюросының, Мемлекет басшысы жанындағы Адам құқықтары

жөніндегі комиссияның бірлесіп күш салуымен құрылған.

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның цифрлы кітапханасы іс

жүзінде Балтық жағалауы, Шығыс Еуропа, ТМД мен Орталық Азия

елдері үшін заңгерлік ақпаратқа, ашық қоғамдық қызметтер арқылы

баршаға арналған адам құқықтары саласындағы білім беруге қол

жеткізуді жақсарту процесіндегі инновациялық қадам екенін атап өту

қажет.

Цифрлы кітапхананың маңызды сипаттамалары: көптілділік,

пайдаланудың оңайлығы, көлемі: Адам құқықтары жөніндегі комиссия

Хатшылығының адам құқықтарының бұзылуы саласындағы азаматтардың

шағымдарын өңдеуі негізіндегі 1000-нан астам құжат.

Мақсатты аудитория, бірінші кезекте, ауыл жұртшылығы, халықтың

əлеуметтік жағынан қорғалатын топтары – мүгедектер, зейнеткерлер, əйелдер,

балалар, кедейлер жəне құқықтық ақпаратқа қолдары жетпегендер болып

табылады. Бұл үшін адам құқықтары саласындағы білімдерді жүйелейтін

адамдарға түсінікті 70-тен астам санатты қамтитын кітапхананың «Əдістер»

бөлімі қарастырылған. Жиі қойылатын сұрақтар санаттардың көпшілігінде

берілген.

Page 122: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

122

Цифрлы кітапхана халықтың адам құқықтары жөнінде хабардар болуы

деңгейін едəуір көтеріп, тиімді білім беру құралына айнала алады.

Гринстоуннің еркін бағдарламалық қамтамасыз етуін ЮНЕСКО

ұсынды, оны Жаңа Зеландияның Вайкато университеті əзірлеген

http://www.greenstone.org.

Цифрлы кітапхананың құралдары қол жеткізудің екі режимін

қарастырады:

- Интернет – онлайн арқылы,

- мұндай қосылусыз жеке компьютерде немесе жергілікті компьютерлік

желіде - оффлайн.

Цифрлы кітапхана ақпараттық технологиялар саласындағы кəсіптік

дайындықты талап етпейді, мазмұнын көрсететін жəне дамытатын еркін

аспаптары бар.

Халқы аз үлкен аумақта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар –

ақпарат таратудың барынша тиімді жолы.

Қазіргі таңда Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, БҰҰ Даму

Бағдарламасының жəне ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросының жəрдемімен

Алматы мен Шымкент қалаларында Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан

облысы əкімдігі мен мəслихатының Адам құқықтары жөніндегі цифрлық

кітапханасы сəтті іске қосылды.

ҰСЫНЫМДАР:

1. Орта жалпы білім беретін мектептерге, колледждерге жəне жоғары

оқу орындарына арналған мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі «Қазақстандағы

адам құқықтары» оқу құралын əзірлесін.

2. 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Адам

құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде,

ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия

Қазақстанның Адам құқықтары жəне заңдылықтық сақталуы жөніндегі

халықаралық бюросымен бірлесіп ҚР БҒМ мен БҰҰ-ның Демократияны

дамыту жөніндегі қорының (UNDEF) қолдауымен адам құқықтары саласында

полиция қызметкерлеріне арналған екі негізгі компоненттен тұратын білім

беру жөніндегі арнайы бағдарлама əзірлесін:

а) ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына жалпыға міндетті адам құқықтары

жөніндегі курс əзірлеп, енгізсін;

б) ҚР ІІМ орта-арнаулы оқу орындарына адам құқықтары жөніндегі

арнайы курс əзірлеп, енгізсін.

3. БАҚ-тарда республика халқының кең ауқымды бөлігіне арналған

адам құқықтарын қорғаудың өзекті мəселелері, ұстау, тұтқындау кезіндегі,

келісім-шарттар жасасу, жоғары оқу орнына түсу, жұмысқа тұру жəне босау

жəне т.б. кезіндегі адам құқықтары туралы жаднамалар жариялауды қоса

алғанда жүйелі түрде жариялансын.

4. ҚР Əділет министрлігі Ұлттық академиялық кітапханамен бірлесіп

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының веб-сайтында: http://hrc.nabrk.kz

орналасқан Цифрлы кітапхананың мəліметтер базасын мемлекеттік жəне орыс

Page 123: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

123

тілдерінде бөлімдер мен айдарлар тақырыбы бойынша нормативтік құқықтық

актілермен үнемі жаңартып отыруды қамтамасыз етсін.

5. Мəдениет министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапхана Адам

құқықтары жөніндегі Цифрлық кітапхананың тұрақты жұмыс істеуін

қамтамасыз етсін.

6. Облыстардың жəне Астана қаласының əкімдіктері (Алматы қаласы

мен Оңтүстек Қазақстан облысынан басқалары) Адам құқықтары жөніндегі

өңірлік Цифрлық кітапхананы құру жəне іске қосу жөніндегі қажетті

шараларды қабылдасын.

Адам саудасының алдын алу

Адам саудасы адам құқықтарының қатаң бұзылуы болып табылады,

сондықтан тек ЕҚЫҰ өңірінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі қауіпсіздікке

қатер төндіреді. Халықаралық ұйымдар мен елдердің үкіметтері келісілген,

жүйелі жəне үйлестірілген амалдың қажеттігін назарға ала отырып, адам

саудасына қарсы күреске бағытталған, азаматтық қоғаммен өсіп келе жатқан

ынтымақтастықта қабылданатын тұтастай іс-шаралар қатарын əзірлеп, жүзеге

асыруда. Мұндай амалдың маңыздылығы 2003 жылы ЕҚЫҰ-ға мүше

мемлекеттер қабылдаған ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес жөніндегі

Іс-қимыл жоспарында атап өтілген.

Адам саудасы құрбандарының адам құқықтарын құрметтеуге

негізделген адам саудасымен күрес жөніндегі кешенді саясатты жүзеге асыру

заңның үстемдігі принципіне негізделген демократиялық жəне транспарентті

басқару элементі ретінде қарастырылуға тиіс. Осылайша, адам саудасымен

күрес жөніндегі тиімді шаралардың маңызды кепілі жергілікті жəне

республикалық деңгейлерде тиісті институттар құрып, нығайту болып

табылады.

Құқық қорғау органдарына, мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік

емес ұйымдарға (ҮЕҰ) тəжірибе, даярланған мамандар, сондай-ақ адам

саудасы құрбандарының ерекше сұраныстарына тиімді ден қою үшін

түсінушілік жетіспей жататынын атап өткен жөн. Заңнама полиция

бөлімшесінен құрбандарды олардың ел аумағында болған кезінде жасаған іс-

қимылдары үшін, тіпті оны мəжбүрлеумен жасаса да, ұстауды талап ете алады

немесе полиция, негізінен, адам саудасының құрбандарын ұйымдасқан

қылмыспен байланысты адамдар туралы ақпарат алу үшін пайдалануға

мүдделі болуы мүмкін. Басқа билік өкілдері негізгі назарын адам саудасы

құрбандарында тиісті құжаттардың жоқтығына немесе заңсыз иммигрант

мəртебесіне аударуы мүмкін. Шыққан елдері тиісті жол жүру құжаттары мен

азаматтығын растайтын құжаттары жоқ болған жағдайда өздерінің

азаматтарын қабылдауға немқұрайды қарауы мүмкін. Үкіметтік емес

ұйымдарға адам саудасы құрбандарының қауіпсіздігі мен əлеуметтік

интеграциясына кепілдік беру үшін ресурстар немесе тəжірибе жетіспеуі

мүмкін. Соның салдары ретінде, құрбандар тіпті адам сатушылар

Page 124: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

124

шырмауынан босатылған кездің өзінде, олар əрі қарай да өздерін

бостандықтары шектеулі, бақылауда жүргендей, тиісті дəрежеде қарала алмай

жүргендей жəне олар бұрынғысынша өздерінің өмірлеріне қатысты шешім

қабылдай алмайтындай сезінуі мүмкін.

Адам саудасы құрбандарына адам құқықтарын сақтауға негізделген

көзқарастарды қабылдау мұндай өрескелдіктерге жою үшін ең маңызды қадам

болып табылады. Адам құқықтарына негізделген көзқарас адам саудасының

жай заңға қарсы қызмет түрі ғана емес екенін мойындайды. Бұл адам

құқықтарымен тікелей байланысты заңға қарсы бұл қызмет түрі жəне бұл

адам саудасының құрбандарына да, адам саудасының құрбандарына

көмектесуі тиіс мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ға да қатысты. Ұлттық

деңгейде адам саудасы құрбандарын өткізіп жіберудің (ҚӨМ) тиімді

тетіктерін жасау адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғауға кепілдік

беру жолындағы маңызды қадам бола алады.

ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Іс-қимыл жоспары

құқық қорғау органдары мен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастық схемасын құру

жолымен, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын дəл анықтауға, адам

саудасымен күрес саясатын əзірлеуге жəне бағыты мен енгізілуін қадағалап

отыруға қабілетті сектораралық жəне пəнаралық топтар жасақтауға мүмкіндік

беретін басшылық нұсқаулықтар тұжырымдау жолымен ҚӨМ жасауды

ұсынады.

2010 жылдың 12 айы ішінде республика бойынша адам саудасымен

байланысты 501 қылмыс тіркелген, оның ішінде:

ҚР ҚК 128-бабы бойынша (адам саудасы) – 22;

ҚР ҚК 133-бабы бойынша (кəмелетке толмағандар саудасы) – 17;

ҚР ҚК 125-бабы бойынша (адамды ұрлау) – 127;

ҚР ҚК 126-бабы бойынша (бостандығынан заңсыз айыру) – 137;

ҚР ҚК 270-бабы бойынша (жезөкшелікпен айналысуға тарту) – 7;

ҚР ҚК 271-бабы бойынша (жезөкшелікпен айналысуға арналған притон

ұйымдастыру немесе ұстау жəне жеңгетайлық) – 191;

ҚР ҚК 113-бабы бойынша (адамның органдары мен тiнiн алуға мəжбүр

ету немесе заңсыз алу) – қылмыс тіркелмеген.

Осы кезең ішінде сотқа 368 іс жіберілген, оның ішінде:

ҚР ҚК 128-бабы бойынша (адам саудасы) – 15;

ҚР ҚК 133-бабы бойынша (кəмелетке толмағандар саудасы) – 19;

ҚР ҚК 125-бабы бойынша (адамды ұрлау) – 74;

ҚР ҚК 126-бабы бойынша (бостандығынан заңсыз айыру) – 98;

ҚР ҚК 270-бабы бойынша (жезөкшелікпен айналысуға тарту) – 6;

ҚР ҚК 271-бабы бойынша (жезөкшелікпен айналысуға арналған притон

ұйымдастыру немесе ұстау жəне жеңгетайлық) – 156.

ҚР сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау

жүйесінің статистикалық мəліметтеріне сəйкес республика соттары үкім

шығара отырып ҚР ҚК 128-бабы бойынша (адам саудасы) – 4 іс, ҚР ҚК 133-

бабы бойынша (кəмелетке толмағандар саудасы) – 2 іс, ҚР ҚК 125-бабы

Page 125: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

125

бойынша (адамды ұрлау) – 25 іс, ҚР ҚК 126-бабы бойынша (бостандығынан

заңсыз айыру) – 7 іс қараған, ҚР ҚК 270, 271 баптары бойынша – есепте

көрсетілмеген.

Сот үкімдерімен 193 адам бас бостандығынан айыруға сотталған, оның

ішінде:

ҚР ҚК 128-бабы бойынша (адам саудасы) – 5 адам;

ҚР ҚК 133-бабы бойынша (кəмелетке толмағандар саудасы) – 5 адам;

ҚР ҚК 125-бабы бойынша (адамды ұрлау) – 32 адам;

ҚР ҚК 126-бабы бойынша (бостандығынан заңсыз айыру) – 16 адам;

ҚР ҚК 271-бабы бойынша (жезөкшелікпен айналысуға арналған притон

ұйымдастыру немесе ұстау жəне жеңгетайлық) – 135 адам.

2010 жылы Алматы облысының Қарасай аудандық соты Сулиев,

Ахунжанова, Иманбекова жəне Масивоваға қатысты қылмыстық істі қарады,

олар спирт ішімдігін ішіп алған соң азаматша В.-ны үйінен шақырып алып,

оның еркіне қарсы автомашинаға отырғызған, сосын Алматы қаласындағы

Сейфуллин көшесінде тергеу анықтамаған адамға 20000 теңгеге сатқан.

Соттың 22.02.2010 ж. үкімімен Сулиев 8 жылға бас бостандығынан

айыруға, Ахунжанова мен Масивова 6 жылға, ал Иманбекова 1 жылға шартты

түрде сотталды.

Теміртау қаласында К.А.-ның қылмыстық əрекетінің жолы кесілді, ол

2008 жылы алдау жолымен кəмелетке толмаған П.-ны Ақтас кентіндегі №31

жатақханадан алып шыққан, сосын анықталмаған затты ішкізіп жəбірленушіні

ұйықтатып тастап, Астана қаласына алып келген, ол жерде қорқытып, Жанар

атты əйелге беріп, жезөкшелікпен айналысуға тартқан, ол кəмелетке толмаған

қызды қала пəтерлерінің бірінде жезөкше ретінде пайдаланған.

Осындай жолмен К. тағы да үш кəмелетке толмаған қызды алып шығып,

жезөкшелікпен айналысуға тартқан.

Қылмыстық істі тергеу барысында К.А.-ның қылмыстық тобына

қатысқан – Ч., Ж., У. жəне О. анықталды.

Жоғарыда аталған адамдарға қатысты ҚР ҚК 132-бабының 3 бөлігі –

кəмелетке толмаған адамды күш қолданамын деп қорқытып жезөкшелікпен

айналысуға тарту, ҚК 128-бабы 2 бөлігінің «а, в, з» тармақшалары – адамды

саудаға салу, пайдалану мақсатында тасымалдау, ҚК 126-бабы 3 бөлігі –

кəмелетке толмағандарды саудаға салу бойынша жалпы саны 24 қылмыстық

іс қозғалды.

Бұл қылмыстар сексуалдық жəне еңбекке пайдалану мақсатымен

жасалған деп екі түрге бөлінеді. Қылмыстың бірінші тобы бойынша

жəбірленушілердің ең көп санын Қазақстан Республикасының азаматтары

болып табылатын 14-тен 25 жасқа дейінгі əйелдер құрайды.

Адам саудасы жөніндегі қылмыстан зардап шегетін əйелдерді қорғау,

сондай-ақ өз құқықтарын қорғау жəне құқықтық насихат мақсатымен

құқықтық білім деңгейін көтеру мақсатында Əділет министрлігі екінші жыл

мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 əлеуметтік-маңызды жобаны

іске асыруда:

Page 126: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

126

1) адам саудасы құрбандарының мəселелерімен айналысатын үкіметтік

емес ұйымдарға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету жəне адам саудасы бойынша

қылмыстардан зардап шеккендермен жедел байланысты қамтамасыз ету

мақсатында «Сall Center» құру жөніндегі;

2) адам саудасымен күрес мəселелері жөніндегі əлеуметтік бейне

роликтерді дайындап, республикалық БАҚ-ға орналастыру;

3) шетелге шығатын республика азаматтары үшін Қазақстан

Республикасының шетелдегі мекемелерінің мекен-жайлары, телефондары

көрсетілген арнайы брошюралар басып шығару;

4) Астана қаласындағы адам саудасының құрбандарының уақытша тұруы

жəне оңалуына арналған «Көмек» дағдарыс орталығының қызметін одан əрі

қаржыландыру.

Мемлекеттің бюджетінен 2010 жылы Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігіне 010 «Шет мемлекеттерге заңсыз шығарылған

жəне адам саудасының құрбаны болған, сондай-ақ шетелде басқа

қылмыстардан зардап шеккен жəне форс-мажор жағдайларға ұшыраған

Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылық көмек көрсету»

республикалық бюджеттік бағдарламадан 5 865,00 мың теңге қаражат

бөлінген, оның шеңберінде Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері

2010 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасының 7

азаматына жалпы сомасы 967 231, 68 теңгені құрайтын көмек көрсеткен.

Сыртқы істер министрлігінің ақпараты ойынша аталған азаматтардың

ішінде адам саудасымен байланысты қылмыстардың құрбандары жоқ.

Біздің қазіргі қоғамымыздағы бұл теріс құбылысты түбірімен жою үшін

жəне қылмыстық аталған санатының – «адамды саудаға салудың»

трансұлттық жəне трансшекаралық сипатқа ие екенін ескере отырып, адам

саудасы құрбандарын алып шығу, алып кіру жəне транзиттеу елдерінің құқық

қорғау органдарының өзара іс-қимылын күшейтуді ұсынамыз.

ҰСЫНЫМДАР:

1. Адам саудасымен, жыныстық, еңбек немесе өзге қанаумен

байланысты қылмыстардың алдын алу жəне жолын кесуге бағытталған жүйелі

алдын алу іс-шараларын жүргізу.

2. ҚР ІІМ адам саудасымен күрес жөніндегі арнайы бөлімшесінің кадр

құрамын қосымша штат бірліктерін бере отырып жоғары білікті мамандармен

күшейту.

3. Барлық облыс орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан,

адам саудасынан жəне басқа да кемсіту түрлерінен жəбір көрген əйелдер мен

балаларға арналған баспаналар ашу.

4. 2003 жылы Маастрихттегі Министрлер кеңесінің кездесуінде

бекітілген ЕҚЫҰ Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл

жоспарының ұсынымдарын іс жүзіне асыру.

5. Қазақстанда адам саудасы проблемалары жөніндегі ұлттық

баяндамашы институтын құрудың мүмкіндіктерін қарастыру.

Page 127: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

127

6. ҮЕҰ-мен бірлесіп құқық қорғау органдары қызметкерлері мен

жұртшылық өкілдері арасында адам құқықтары жөніндегі тұрақты жұмыс

істейтін курстар, семинарлар, тренингтер ұйымдастыру.

7. Адам саудасы саласындағы құқық бұзушылықтар профилактика-

сында, сондай-ақ адам саудасымен байланысты сексуалдық жəне еңбекке

пайдалану мақсатындағы қылмыстарды тергеу кезінде мамандандырылған

ҮЕҰ-ды тұрақты тарту.

Азаптаулардан жəне басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын

жəне ар-намысты қорлайтын іс-əрекеттер мен жазалау

түрлерінен еркін болу құқығы

Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алған уақыттан бері азаптауға жəне

басқадай қатыгездiк жəбiр көрсетумен не жазалаумен күрес саласында жүйелі

сипаттағы бірқатар қадамдар жасады.

Бұл қадамдар заңнамалық салада да, институттық жəне практикалық

салада да жасалды.

Заңнамалық реформалар саласында 1998 жылғы 29 маусымда

Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Азаптауларға жəне басқа да қатыгез,

адамгершілікке жатпайтын жəне ар-намысты қорлайтын іс-əрекеттер мен

жазалау түрлеріне қарсы конвенциясын (бұдан əрі – Азаптауларға қарсы

конвенция) ратификациялағанын атап өту қажет.

1999 жылғы 30 наурызда ұсталғандардың құқықтарының, соның ішінде

азаптаудан қорғалу құқықтарының сақталуының бірқатар кепілдіктерін

бекіткен «Сезікті жəне қылмыс жасады деп айыпталған адамдарды қамауда

ұстаудың тəртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

қабылданды.

2002 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық,

Қылмыстық іс жүргізу жəне Қылмыстық атқару кодекстеріне өзгерістер мен

толықтырулар енгізілді, соларға сəйкес ҚР Қылмыстық кодексіне азаптауды

қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 347-1 бап енгізілді,

ал қылмыстық іс жүргізу заңнамасында азаптауды қолданып алынған

дəлелдерге жол беруге болмайтындығы туралы норма бекітілді.

2005 жылғы 21 қарашада Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы

халықаралық пакті ратификацияланды.

2008 жылы Азаптауларға қарсы конвенцияның Факультативтік

хаттамасы ратификацияланды жəне Азаптауларға қарсы конвенцияның 21

жəне 22 баптары бойынша мəлімдемелер жасалды.

2008 жылғы 10 шілдеде ҚР Жоғарғы Соты сот практикасында

халықаралық келісім-шарттар нормаларын қолдану туралы нормативтік қаулы

қабылдады.

2009 жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасы азаматтарға БҰҰ

Адам құқықтары жөніндегі комитетіне жеке шағымдарымен арыздануға

Page 128: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

128

мүмкіндік беретін Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық

пактінің Факультативтік хаттамасын ратификациялады.

Институттық реформалар саласында мыналарды атап өту қажет:

2002 жылғы 19 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Адам

құқықтары жөніндегі Уəкіл (Омбудсмен) лауазымы құрылды.

2001-2002 жылдары пенитенциарлық жүйені жəне алдын ала қамау

орындары (тергеу изоляторлары) жүйесін Ішкі істер министрлігінің

қарамағынан Əділет министрлігінің қарамағына беру туралы шешім

қабылданды, оны жүзеге асыру 2003 жылғы 1 қаңтардан басталды. Алайда

бұл реформа аяғына дейін жеткізілген жоқ, өйткені уақытша ұстау

изоляторлары Ішкі істер министрлігінің қарамағында қалды, ал Ұлттық

қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторлары Əділет министрлігіне сол күйі

берілмеген.

2006 жылғы 16 қаңтарда əділ сот төрелігі жүйесін жетілдірудегі елеулі

қадам болған алқа билер туралы заңнама қабылданды.

Сонымен қатар, оң қадамдарға мыналарды жатқызуға болады:

2004-2005 жылдары қамауда ұстау орындарын қоғамдық байқау

комиссиялары жүйесінің құрылуы.

2004 жылғы 29 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне əділет органдары мəселелері бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан əрі

– Заң) қол қойылды, онда қылмыстық жазалауды атқарушы мекемелер мен

органдарда ұстаудағы адамдардың құқықтарының, бостандықтарының жəне

заңды мүдделерінің қорғалуына қоғамдық бақылауды ұйымдастыру

көзделген.

Қоғамдық бақылауды қоғамдық бірлестіктер түзеу мекемелерінде жəне

тергеу изоляторларында қамаудағы адамдарға олардың құқықтары мен заңды

мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қамауда

ұстау, медициналық-санитарлық қамтамасыз ету, еңбек етуін, бос уақытын

жəне оқуын ұйымдастыру жағдайлары бөлігінде жүзеге асыруына жəрдемдесу

мақсатында жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі

қаулысымен қоғамдық бақылау жүргізетін облыстық (республикалық

маңызды қалалық) қоғамдық қадағалау комиссияларын құру ережелері

бекітілді.

Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару жүйесін (ҚАЖ) дамыту

бағдарламасының 11 тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Əділет

министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сезікті, айыпталушы жəне

сотталған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына

бақылау жасау жөніндегі ұсынымдар əзірлеп, барлық қоғамдық қадағалау

комиссияларына жіберді.

Қоғамдық қадағалау комиссиялары (ҚҚК) еліміздің барлық өңірлерінде

дерлік құрылған жəне оған үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының

өкілдері кіреді.

Page 129: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

129

Алайда бұл комиссиялардың мəртебесі мен қызметі заңда бекітілмеген

жəне бас бостандығынан айыру орындарына олардың кенеттен кіріп бару

құқықтары жоқ;

құқық қорғау ұйымдарының қатысуымен ҚР Адам құқықтары жөніндегі

Уəкілі (Омбудсмен) жанындағы азаптаудың алдын алу жөніндегі жұмыс

тобының құрылуы, оның міндетіне қамауда ұстау орындарында болу, ұлттық

превентивтік тетіктер құру моделі мен процедурасы жөніндегі ұсынымдар

əзірлеу кіреді. Жұмыс тобы 2008 жылғы қазанда бірқатар қамауда ұстау

орындарында болды;

2008 жылы Ішкі істер министрлігінің жанынан қоғамдық кеңестің

құрылуы жəне Алматы қаласында құқық қорғаушы ҮЕҰ өкілдерінен полиция

учаскелері мен Ішкі істер министрлігінің қарамағында уақытша ұстау

изоляторларына кенеттен кіріп бару құқықтары бар ұсталғандардың

құқықтарының сақталуына мониторинг жасау жөніндегі мониторинг тобын

құру жөніндегі пилоттық жобаның жүзеге асырылуы. Жоба Ішкі істер

министрлігінің бастамасы бойынша жүзеге асырылып, Қазақстанның басқа

бірнеше өңірлеріне таратылатын болады.

Бұл оң қадамдарға қарамастан жалпы ахуал жауап алу мен тергеудің

заңсыз əдістерін, соның ішінде азаптау мен қатыгездік көрсетудің басқа да

түрлерін қолдану ауқымы жəне онымен күрестің тиімсіздігі алаңдаушылық

туғызатындай халде.

1. Заңнамалық сипаттағы проблемалар.

Бұл баптан, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының азаптауды

қолданумен алынған дəлелдемелерге жол беруге болмайтынына қатысты

нормадан, ҚР Жоғарғы Сотының халықаралық келісім-шарттар нормаларын

қолдану туралы жеткіліксіз анықталған нормативтік қаулысынан басқа

азаптауға қарсы күрес жөнінде ешқандай өзге заңнамалық қадамдар жасалған

жоқ. Азаптау туралы хабарламаларды тергеу жөніндегі тəуелсіз органдарға

қатысты заңнамалық қағидалар, азаптау туралы хабарламаларды тиімді

тергеуге жəне т.б. қатысты процедуралық сипаттағы ешқандай ережелер

пайда болған жоқ.

Оның үстіне, мысалға, адамдарды ұлттық қауіпсіздік органдарының

уақытша ұстау изоляторларында ұстау ережелері сияқты маңызды құжат

«қызмет бабында пайдалану үшін» грифіне ие, яғни жұртшылық үшін жабық,

бұл басқаларды айтпағанның өзінде адамның құқықтары мен бостандықтарын

қозғайтын жарияланбаған нормативтік құқықтық актілерді пайдалануға

тыйым салатын ҚР Конституциясын бұзу болып табылады.

2. Институттық сипаттағы проблемалар.

Азаптау туралы хабарламаны тиімді тергеуге арналған тəуелсіз

органдар құрылған жоқ. Ішкі істер министрлігі жүйесінде азаптауға қарсы

хабарламаны тергеуге арналған Өзіндік қауіпсіздік басқармасының құрылуы

ахуалға ведомство ішіндегі кəдімгі корпоративтілік себепті ықпал еткен жоқ.

Page 130: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

130

Оның үстіне, Ішкі істер министрлігінің тергеу изоляторлары жүйесінің

Əділет министрлігінің қарамағына берілгеніне қарамастан Ұлттық қауіпсіздік

органдарының тергеу изоляторлары сол күйі ҚР Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің қарамағында қалды.

2002 жылы құрылған Адам құқықтары жөніндегі Уəкіл (Омбудсмен)

институты адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің мəртебесіне

қатысты Париж принципіне сəйкес келмейді, Заңмен емес, заңға тəуелді

актімен құрылған, құзырлары мен уəкілеттілігі шектеулі.

БҰҰ белгілеген халықаралық стандарттарға жəне ЕҚЫҰ ұсынымдарына

сəйкес Омбудсмен институты адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттың

тəуелсіздігінің жалпы критерийлері мен қызметінің тиімділігін белгілейтін

Париж принциптеріне сəйкес келуге тиіс. Париж принциптеріне сəйкес

құрылмаған ұлттық мекемелер тəуелді боп саналады жəне халықаралық

қоғамдастық тарапынан жеткілікті сенімге ие бола алмайды.

Осыған байланысты Омбудсмен институты Конституцияға сəйкес не

болмаса бөлек Заңмен құрылуға, яғни юрисдикциясы мен уəкілеттіктері анық

көрсетіліп, тəуелсіз болуға тиіс. Бұл ретте Омбудсменді тағайындау

процедурасы Заң бойынша ел Парламентінің қатысуымен жүргізілуге тиіс.

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы Адам құқықтары жөніндегі уəкілді

тағайындауға Президент пен Парламенттің Конституцияға өзгеріс енгізбей-ақ

тең дəрежеде қатысуына мүмкіндік береді жəне Омбудсмен туралы жаңа Заң

қабылдауға болады. Мысалға, Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің

(Омбудсменнің) кандидатурасын ел Президенті ұсынып, Парламент Мəжілісі

не тұтас Парламенттің өзі бекітеді, бұл БҰҰ жалпыға ортақ Париж

принциптеріне жəне ЕҚЫҰ ұсынымдарына сəйкес келеді.

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкіл

туралы» ҚР Заңын қабылдаудың қажеттігі Қазақстан Республикасы

Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы

халықаралық ұйымдармен бірлесіп өткізген адам құқықтары жөніндегі

халықаралық конференциялардың қорытынды құжаттарында бірнеше рет атап

өтіліп, тиісті уəкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізілген.

Бірқатар БҰҰ келісім-шарттық органдары мен БҰҰ-ның Адам

құқықтары жөніндегі кеңесі, БҰҰ-ның азаптауды болдырмау жөніндегі

арнайы баяндамашысы Манфред Новак мырза, БҰҰ-ның жеткілікті тұрғын үй

туралы мəселе жөніндегі арнайы баяндамашысы Ракель Рольник ханым

Қазақстанға БҰҰ Париж принциптеріне сəйкес Омбудсмен институтын

құруды ұсынды.

Қазіргі кезде «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары

жөніндегі уəкіл туралы» ҚР Заңын əзірлеп, оны қабылдаудың қажеттігі пісіп

жетілді.

Мұндай Заңның қабылдануы қазақстандық Омбудсменнің мəртебесін

халықаралық стандарттарға сəйкес көтеруге мүмкіндік берер еді жəне де ол

«халық адвокаты» ретінде өзін мемлекеттік билік пен олардың лауазымды

тұлғалары, басқа да ұйымдар тарапынан жасалған əділетсіз іс-əрекеттің

Page 131: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

131

құрбаны санайтын нақты адамның бұзылған құқықтарын тиімді қорғайтын

еді. Бұл қазақстандық Омбудсмен институтының қызметін халықаралық жəне

құқық қорғау ұйымдары тарапынан сынауға жол бермес еді.

Азаптау туралы шағымдар бойынша тергеу жүргізетін ішкі істер

органдарындағы Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен тергеу іс-əрекеттеріне

санкция беретін жəне соттағы айыптауды қолдайтын прокуратура органдары

корпоративтілікпен жəне өз функцияларымен бір-бірімен байланысқан

органдар болып табылады, азаптау туралы хабарламаны тəуелсіз жəне тиімді

тергеуді көздемейді. Сол сияқты азаптау құрбаны болғандарды тəуелсіз

куəландыруға арналған тəуелсіз медициналық қызмет те жоқ, ал бас

бостандығынан айыру орындарының жəне алдын ала қамауда ұстау

орындарының медициналық-санитарлық бөлімдері тиісінше пенитенциарлық

жүйе мен ішкі істер органдарының құрамында.

2008 жылғы қарашада БҰҰ Азаптауларға қарсы комитетінде БҰҰ

Азаптауларға қарсы конвенциясының орындалуы туралы Қазақстан

Республикасының екінші баяндамасы қаралды. Қазақстанның үкіметтік емес

құқық қорғау ұйымдары да өзінің балама баяндамасын ұсынды.

БҰҰ Азаптауларға қарсы комитетінің Қазақстан Республикасының

екінші баяндамасын қарау нəтижесі бойынша балама баяндаманың

қағидаларын ескере отырып жасаған Қорытынды ескертулерінде азаптаудың

алдын алудың жəне онымен тиімді күресудің заңнамалық, институттық жəне

процедуралық сəттеріне қатысты 20-дан астам ұсынымдар бар.

2009 жылғы мамырда Қазақстанға БҰҰ-ның Азаптауларға жəне басқа да

қатыгез, адамгершілікке жатпайтын жəне ар-намысты қорлайтын іс-əрекеттер

мен жазалау түрлерін жою жөніндегі арнайы баяндамашысы Манфред Новак

мырза келді.

М.Новак мырза жеке адам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы

саласында азаптау мен өзге зорлық-зомбылықтың алдын алудың құқықтық

тетігін тезірек құру туралы пікірін айтты. Ішінара алғанда ҚР Жоғарғы Соты

тарапынан тиісті нормативтік қаулы қабылдаған жөн деп танылған.

ҚР Жоғарғы Соты 2007-2008 жылдардағы соттың азаптау туралы істерді

қарау практикасын зерделеді, соның негізінде 2009 жылғы 28 желтоқсанда

тиісті нормативтік қаулы қабылдады. Қаулы жобасымен жұмыс істеу кезінде

ол облыстық жəне соларға теңестірілген соттарға, мүдделі мемлекеттік

органдарға, ғалымдарға, Жоғарғы Соттың жанындағы ғылыми-

консультативтік кеңес мүшелеріне жіберілді.

Жоғарғы Соттың «Адамның жеке бас бостандығы мен қадір-қасиетіне

қол сұғылмауы, азаптауға, зорлауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық

қадiр-қасиетiн қорлайтындай жəбiр көрсетуге не жазалауға қарсы іс-қимыл

мəселелері жөніндегі қылмыстық жəне қылмыстық іс жүргізу заңнамасының

нормаларын қолдану туралы» нормативтік қаулысында Азаптау мəселелері

жөніндегі Арнайы баяндамашы Новак мырзаның баяндамасында көтерілген

мəселелер көрініс тапты.

Page 132: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

132

Баяндамашы ұстау сəті мен полиция учаскесіне алып келу

тіркелмейтінін, қамауда алғашқы ұстаудың үш сағаттық ең ұзақ шегі

сақталуын анықтау мүмкін еместігін көрсеткен. Құқық қорғау органдары

айғақ алу үшін ұстаудың алғашқы сағаттарын азаптауды қолдана отырып

пайдаланады.

Мұндай жағдайды болдырмау мақсатында нормативтік қаулыда

ұсталған адам тез арада, бірақ ұсталған сəтінен бастап 3 сағаттан

кешіктірмей оны сот ісіне ұстау туралы мəселені шешу үшін тергеушіге

немесе анықтаушыға берілуге тиіс екені көзделген. Іс жүзіндегі ұсталған

уақыты ұстау хаттамасында міндетті түрде минутқа дейінгі дəлдікпен

көрсетілуге тиіс.

БҰҰ-ның Арнайы баяндамашысы тергеу жəне анықтау органдары

қызметкерлерінің азаптауды қолдануға үндемей келісуіне лайықты ден

қойылмайтынына да алаңдаушылығын білдірді.

Осыған байланысты Жоғарғы Сот нормативтік қаулының 18 тармағында

қылмысқа қатысқаны үшін қылмыстық жауапқа дене жəне психикалық зардап

шеккізген лауазымды адамдар ғана емес, сонымен бірге лауазымды адам

болып табылатын азаптауды ұйымдастырушылар, азғырушылар жəне

азаптауға айдап салушылар да тартылатынын түсіндірген. Егер

қарамағындағы атқарушы оның біле тұра үндемегенінен немесе үндемей

келіскенінен, сондай-ақ салғырттығынан не болмаса алдын ала жасыруға уəде

беруінен азаптаған болса, онда сол лауазымды адам қылмысқа айдап салушы

деп танылады. Осы жағдайлардың барлығында адамдар азаптауға қатысқаны

үшін жауап береді жəне олардың іс-əрекеттері ҚК 141-1-бабы бойынша ҚК

28-қолдана отырып сараланады. Мұндай қағида БҰҰ Азаптауларға жəне басқа

да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын жəне ар-намысты қорлайтын іс-

əрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясының 1-бабына сəйкес

келеді, бұл бапқа сəйкес азаптауды қолданғаны үшін атқарушыдан басқа

азаптауға азғырған немесе оның біле тұрып үндемеуінен немесе үндемей

келісуінен жасалған адамдар да жауапқа тартылады.

Нормативтік қаулыда азаптауды қолдану туралы арыз-шағымдарды

қарау мен тексеру, сабақтас қылмыстық құрамдардан азаптауды шектеу

мəселелері, азаптаудан келген зиянды өтеу мəселелері қозғалған.

Жоғарғы Соттың барлық түсініктемелері Новак мырзаның

ұсынымдарына сай келеді.

Шағым беру құқығы

2008 жылғы ақпанда Қазақстан азаматтарға жеке хабарламаларын БҰҰ-

ның Азаптауға қарсы комитетіне жолдауға мүмкіндік бере отырып БҰҰ-ның

Азаптауға қарсы конвенциясына қатысты айтылатын ескертулерді жойды,

2009 жылы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне де шағым беру

мүмкіндігі пайда болды.

Page 133: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

133

2008 жылғы қазанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары

жөніндегі уəкілдің жанында азаптаудың жəне басқадай қатыгездiк,

адамгершілікке жат немесе қадiр-қасиетiн қорлайтындай жəбiр көрсетудің не

жазалаудың қолданылу фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Оның құрамына барлық құқық қорғау органдарының өкілдері мен азаматтық

қоғам өкілдері кіреді.

«Азаптау» қылмысын анықтау, азаптау туралы

хабарламаны тергеу жəне кінəлілерді жазалау

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық

заңнаманы одан əрi iзгiлендiру жəне қылмыстық процестегi заңдылықтың

кепiлдiктерiн күшейту мəселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар

енгiзу туралы» ҚР Заңына сəйкес ҚР ҚК 347-1 бабы (азаптау) жойылды. Сол

заңмен ҚР ҚК 141-1 баппен (азаптау) толықтырылды. Осылайша, заң

шығарушы БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитеті ұсынымдарының бірін

орындады, ол бұл бапты «Сот төрелiгiне жəне жазалардың орындалу тəртiбiне

қарсы қылмыстар» тарауынан «Жеке адамға қарсы қылмыстар» тарауына

ауыстыруды талап еткен болатын. Сонымен қатар, азаптаудың анықтамасына

«не олардың айдап салуымен немесе үнсiз келiсiмiмен басқа адамның, не

олардың бiлуiмен» деген нақтылау енгізілген.

Практика көрсеткендей, тергеу жүргізудің заңсыз əдістерін қолданғаны

үшін қылмыстық істер көбінесе билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра

пайдаланғаны үшін жазалауды көздейтін ҚР ҚК 308-бабы бойынша

қозғалады.

2009-2010 жылдарда азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірқатар

заңнамалық шаралар қабылданды. 2009 жылғы 28 желтоқсанда Жоғарғы

Соттың соттардың азаптауға қарсы нормаларды қолдануы туралы нормативтік

қаулысы қабылданды.3 2010 жылғы 1 ақпанда Бас прокурордың бұйрығымен

бекітілген азаптау (қинау) туралы арыз-шағымдарды тексеру туралы

нұсқаулық күшіне енді4. 2010 жылы бірқатар министрліктердің абақтыда

ұсталған адамдарға куəлік беру кезінде сот медицинасы саласындағы

мамандардың қатысуы туралы бірлескен бұйрығы5, сондай-ақ азаптау туралы

3 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы №7

«Қылмыстық жəне қылмыстық іс жүргізу заңнамасының адамның жеке бас бостандығын

сақтау жəне қадір-қасиетіне қол сұқпау, азаптауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез

немесе адамның ар-намысын қорлайтын əрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мəселелер

жөніндегі нормаларын қолдану туралы» нормативтік қаулысы. 4 «Азаптау жəне басқа да заңсыз əдістер қолданумен байланысты қылмыстық іс жүргізуге

тартылған жəне арнайы мекемелерде ұсталған адамдарға қатысты аса қатыгездік

танытқаны жөніндегі арыз-шағымдарды тексеру жəне олардың алдын алу туралы нұсқау». 5 «Уақытша ұстау изоляторында жəне қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде

ұсталатын адамдарға дене жарақатының бар болуы тұрғысынан медициналық куəландыру

жүргізу сот медицина мамандарының міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету туралы»

Page 134: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

134

шағымдарды тексеру кезінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл туралы

бірлескен бұйрығы6 қабылданды.

Практикада, полициядағы азаптау туралы хабарламаларды шағым

түскен министрліктердің өздері: ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті өңірлік

қызметтері немесе Əділет министрлігі тексереді. Тексеру құпия, жасырын,

ішкі ведомвстволық сипатта болады. Өтініш берушінің іс жүзінде

медициналық куəландыру, куəларды шақыру, айғақтарды іске қосу туралы

қолдаухат өтінуіне құқығы жоқ, тексеру материалдарына қол жеткізе

алмайды. Əдетте, мұндай тексерулер тым ұзаққа созылады, бұл дəлелдерді

дер кезінде құжаттастыруға кедергі жасайды жəне қылмыстық іс қозғаудан

бас тартумен аяқталады. Жүргізілген тексеру нəтижелері туралы себепті

қаулының болмауы іс жүзінде мəлімдеушіні оның негізді түрде шағымдануы

құқығынан, нəтижесінде – сотта қорғалу құқығынан айырады. Мəлімдеушіні

өтінішін қайтып алуға, кейде тіпті қайтадан азаптап қысым жасаумен

мəжбүрлейтін жағдайлар аз емес.

Алайда, соңғы уақыттарда бұл салада кейбір оң өзгерістер байқалуда,

ҚР ҚК 141-1 бабы (азаптау) бойынша қозғалып қойған қылмыстық іс

бойынша алдан ала тергеу жүргізумен ҚР Экономикалық қылмысқа жəне

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)

айналысады, ол ІІМ мен Əділет министрлігіне тəуелсіз.

Тəуелсіз алдын алу тетіктері туралы заң жобасы

Қазақстан 2008 жылғы маусымда Азаптауларға қарсы конвенцияға

Факультативтік хаттаманы (АҚКФХ) ратификациялай отырып 2009 жылғы 21

қарашада Ұлттық алдын алу тетігін (ҰАТ) құруға міндеттеме алды. 2010

жылғы ақпанда Үкімет мəлімдеме жасады, бұл Қазақстанға ҰАТ құруды үш

жылға дейін шегеруге мүмкіндік береді.

2010 жылдың басында ҚР Əділет министрлігінің жанынан «Тəуелсіз

алдын алу тетіктері туралы» заңды талқылау жөніндегі жұмыс тобы құрылды,

оған мемлекеттік органдар өкілдері, азаматтық қоғам мен халықаралық

ұйымдар өкілдері кіреді.

ҚР Əділет министрлігі талқылау үшін заңнамалық актілердің тұтас

бірқатарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заң жобасын ұсынды.

Ұсынылған өзгерістер мекемелердің əр түрінің, денсаулық сақтау мекемелері

мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ерекшеліктерін ескермейді.

Сондай-ақ Əділет министрлігі ҰАТ туралы жеке заң жобасын əзірледі. Бірақ

бірлескен бұйрық, Əділет, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктері мен Ұлттық

қауіпсіздік комитеті қол қойған. 6 ҚР Əділет министрлігінің, ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің,

ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің

«Алдын ала анықтау жəне тергеу жүргізу кезіндегі азаптау жəне өзге де рұқсат берілмеген

əдістер, сондай-ақ осы фактілер бойынша қылмыстық қудалау туралы арыз-шағымдарды

тексерген кездегі өзара іс-қимыл туралы» бірлескен бұйрығы.

Page 135: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

135

қазіргі кезге дейін заң жобаларының қайсысы басымдыққа ие екені туралы

түпкілікті шешім қабылданған жоқ, сондықтан 2 заң жобасы талқылануда.

Азаптауға қарсы коалиция, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ БҰҰ-ның

азаптау мəселелері жөніндегі Арнайы баяндамашысы ҰАТ туралы жеке заң

əзірлеу қажеттігін атап өтеді. Коалиция ҚР Əділет министрлігіне ҰАТ Адам

құқықтары жөніндегі уəкілдің базасында қоғамдық бақылау комиссиясының

қатысуымен құру туралы ұсыныс жасады («Омбудсман+» моделі). Сондай-ақ

БҰҰ Париж принциптеріне сəйкес келетін Адам құқықтары жөніндегі уəкіл

туралы заңды əзірлеу, талқылау жəне қабылдау қажет. Азаматтық қоғам

өкілдері ҰАТ туралы екі балама заң жобасын əзірлеп, ұсынды.

Жұмыс тобына кіретін ҮЕҰ пікірінше Əділет министрлігі ұсынып

отырған ҰАТ моделі Факультативтік хаттаманың талаптарына ҰАТ атқарушы

органы функцияларын атқаратын мемлекеттік институтты; ҰАТ

өкілеттіктерінің көздерін (жеке заң не болмаса қолданыстағы заңнамаға

өзгерістер мен толықтырулар енгізу); мандатын, сондай-ақ ҰАТ қызмет ету

көздері мен тəртібін анықтау бөлігінде сəйкес келмейді. Ішінара алғанда,

Азаптауға қарсы коалиция құрылатын ҰАТ-ті мемлекеттік əлеуметтік

тапсырыс шеңберінде қаржыландыруды қолайсыз санайды, өйткені бұл ҰАТ

функционалдық тəуелсіздігіне, тұрақтылығы мен жеделдігіне қатер төндіреді.

Əлеуметтік тапсырыстың қолайсыздығын БҰҰ-ның азаптау мəселелері

жөніндегі Арнайы баяндамашысы Новак мырза да атап өтті.

***

2010 жылы азаптауды қолданғаны үшін 22 құқық қорғау органдары

қызметкерлеріне қатысты 14 қылмыс бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу нəтижелері бойынша айып тағылып, 6 қылмыстық іс сотқа

жіберілді, ол бойынша 7 адам Қылмыстық кодекстің 347-1 баптың 2 бөлігі

бойынша сотталды.

2010 жылғы тамызда Семей қаласының соты мен Шығыс Қазақстан

облыстық сотының үкімімен Семей қаласының ІІД полиция қызметкерлері

Бармаков пен Шарипов ҚК 347-1 бабының 2 бөлігі бойынша кінəлі деп

танылып, əртүрлі жылға жалпы режимдегі түзеу колоняларында өтей отырып

бас бостандығынан айыруға сотталды.

Бармаков пен Шариповті қылмыстық қудалауға олардың 2009 жылғы

мамырда Т.-ны Семей қаласы ІІД Əуезов полиция бөлімшесіне заңсыз алып

келіп, уақытша ұстау изоляторына қамағаны жəне оған дене жарақатын

жасағаны негіз болған.

Құқық қорғаушы ҮЕҰ-дың мəліметтері бойынша 2010 жылы

азаматтардың азаптау мен қатызегдік жасалғаны туралы 263 арыз-шағымдары

тіркелген (мəлімет үшін: 2009 жылы – 286 шағым, 2008 жылы – 212 өтініш,

2007 жылы – 178, 2006 жылы – 137, 2005 жылы – 64, 2004 жылы – 104).

Сонымен бірге, ресми статистика бойынша 2009 жылы азаптауды қолданғаны

үшін қылмыстық жауапкершілікке (ҚР ҚК 347-1 бабы бойынша) тек 1 ішкі

істер органының қызметкері тартылған, 2010 жылы, жоғарыда айтылғандай,

заңды күшіне енген үкім бойынша 7 адам сотталған.

Page 136: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

136

***

2010 жылғы наурыздың бірінші онкүндігінде Женевада Біріккен Ұлттар

Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің он үшінші сессиясы

шеңберінде БҰҰ-ның Азаптауларға жəне басқа да қатыгез, адамгершілікке

жатпайтын жəне ар-намысты қорлайтын іс-əрекеттер мен жазалау түрлерін

жою жөніндегі арнайы баяндамашысы Манфред Новактың жыл сайынғы

баяндамасын интерактивті талқылау өтті. Адам құқықтарының

жалпыеуропалық ахуалын азаптауға қарсы іс-қимыл тұрғысында талдай

отырып, құқық қорғаушы бірқатар посткеңестік мемлекеттерге, соның ішінде

– Қазақстан Республикасына мамырдағы 2009 жылғы мамырдағы жұмыс

сапарының қорытындыларына ерекше тоқталды.

Профессор Манфред Новактың пікірінше, соңғы жылдары Қазақстанда

азаптаулардың алдын алу мен қарсы іс-қимыл мəселелерінде елеулі прогресс

атап өтілген.

БҰҰ арнайы баяндамашысы бас бостандығынан айыру орындарында

сотталғандарды ұстау жағдайы жақсарғанын, ал азаптаулар көп тарамағанын

жəне жүйелі емес екенін атап өтті.

Бұрынырақ Автриялық ақпарат агенттігіне (ААА) берген өз сұхбатында

Манфред Новак Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалын посткеңестік

кеңістіктегі үздіктерінің бірі деп есептеуге болады жəне Республика ЕҚЫҰ-ға

төраға болып лайықты сайланды деп атап өтті.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Қазақстан Үкіметі өкілінің

БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитеті берген ұсынымдарды жүзеге асыру

жөніндегі елдің қабылдап жатқан шаралары туралы ақпаратын оң қабылдады.

Қазақстанның азаптауды қолдануға қарсы іс-қимыл саласындағы елеулі

прогресі атап өтіледі. Республика адам құқықтары саласындағы 60-тан астам

көпжақты əмбебап халықаралық келісім-шарттардың толыққанды

қатысушысы болып табылады. Азаптауға қарсы конвенция мен оған

Факультативтік хаттаманы ратификациялау теріс оқиғаға төзбеушілік

көзқарасты білдіреді.

Қазақстан өзнің пенитенциарлық жүйесін айтарлықтай реформалады,

2002 жылы ол Ішкі істер министрлігінің қарамағынан алынып, Əділет

министрлігінің қарамағына берілді, бұл оң өзгерістерге əкеп соқты:

сотталғандардың тұрмыстық жағдайы, медициналық қызмет көрсету сапасы

жақсарды, білім беру жүйесі мен кəсіптік оқыту жүйесі дамуда.

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 4 ақпандағы №71 қаулысымен заңнаманы

жетілдіруге, жұртшылықты хабардар етуге, құқық қорғау органдары

қызметкерлерінің кəсібилігін көтеруге бағытталған 2010-2012 жылдарға

арналған БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитетінің ұсынымдарын іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Арнайы баяндамашы Қазақстан Үкіметіне баяндама үшін қажетті

қолдау көрсеткені, ынтымақтастығы жəне ақпарат бергені үшін ерекше

алғысын білдірді.

Өз кезегінде ҚР Үкіметі БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесімен

Page 137: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

137

одан əрі сындарлы əріптестікке дайын екенін білдірді. Арнайы баяндамашыға

республиканың БҰҰ Кеңесі ұсынымдарын орындау жөнінде қабылдап

отырған күш-жігерін бағалау үшін қайта сапарға келу ұсынылды.

***

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2010 жылғы 1 ақпандағы

бұйрығымен азапатау жəне басқа да қатыгездікпен байланысты заңсыз əдістер

туралы арыз-шағымдарды тексеру туралы нұсқау бекітілді. Нұсқау

қылмыстық іс жүргізуге тартылған жəне арнайы мекемелерде ұсталған

адамдарға қатысты.

Нұсқаулық прокурорлық қадағалауды одан əрі жетілдіру мақсатында

жəне БҰҰ Арнайы баяндамашысы Манфред Новактың ұсынымдарын ескере

отырып қабылданған. Бұл құжатта қылмыстық іс жүргізу мен жазалауды

орындаудың барлық сатыларындағы азаптаудың жəне басқадай қатыгездік

жəбір көрсетудің алдын алу мен жолын кесу жөніндегі шаралар кешені

көзделген.

Алдын ала қамау орындарында, сондай-ақ жазаны орындау

мекемелерінде прокурор апта сайын барлық сезіктілерді, айыпталушыларды,

сотталушыларды жəне сотталғандарды жасырын қабылдайды.

Сонымен қатар, нұсқаулық ұсталғандар мен тұтқындалғандарды

уақытша ұстау изоляторларынан тергеу изоляторына əрбір алып келген кезде

міндетті медициналық тексеруді жəне куəландыруды көздейді. Медициналық

тексеру азаптауды қолдану туралы түскен əрбір арыз бойынша да жүргізіледі.

Бұл жағымсыз факторлар расталған жағдайда рұқсат етілмеген əдісті

қолданып алынған дəлелге жол берілуі туралы мəселе қойылып, айыптаудан

бас тартуға дейін барады. Ықпал етудің рұқсат етілмеген əдістерін қолданған

қызметкерлер жəне бұл əрекеттердің мүмкін болуына салғырттығы не

болмаса айдап салуы себеп болған лауазымды адамдар қылмыстық жауапқа

тартылатын болады.

Жоғарыда айтылғандарға жəне БҰҰ-ның Азаптауларға қарсы комитеті,

БҰҰ Арнайы баяндамашысы М.Новак берген ұсынымдарға, сондай-ақ

Қазақстан Республикасы бірқатар ұсынымдардың орындалуы туралы есепті

2012 жылдың аяғына дейін ұсынуға тиіс екеніне сəйкес берілетін азаптаудан

жəне басқадай қатыгездік жəбір көрсету не жазалаудан қорғау саласындағы

заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған бірқатар

ҰСЫНЫМДАР:

1. Азаматтық қоғам ұсыныстарын ескере отырып азаптауды болдырмау

жөніндегі тəуелсіз алдын алу тетіктерін құру жөніндегі Заңның қабылдануын

жылдамдату.

2. Адам құқықтары жөніндегі уəкіл (Омбудсмен) институтын БҰҰ-ның

Париж принциптеріне сəйкес келтіру жөніндегі Заң жобасын əзірлеу

3. Құқық қорғау органдары, пенитенциарлық жүйе қызметкерлеріне,

азаптауды болдырмау жөніндегі ұлттық превентивтік тетіктер қызметіне

қатысты қоғамдық мониторингке арналған нұсқаулық жəне əдістемелік

материал əзірлеу.

Page 138: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

138

4. Құқық қорғау органдары, пенитенциарлық жүйе, прокуратура, сот

органдары қызметкерлеріне, қоғамдық мониторларға азаптауды болдырмау

жөніндегі ұлттық превентивтік тетіктер шеңберінде халықаралық стандарттар

мен азаптаудан қорғау процедураларын кешенді оқытуды іске асыру.

Қылмыстық кодекске:

адамдарды ұстау жəне оларды полиция бөлімшелеріне жеткізу

мерзімдерін жалған бұрмалау үшін қылмыстық жауапкершілік туралы –

өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Қылмыстық іс жүргізу кодексіне:

қамалғандардың ұлттық превентивтік органның атына, сондай-ақ

прокурорға, сотқа (міндетті түрде жасырын тексерусіз жабық конвертте)

шағым беру тəртібін өзгерту туралы;

превентивтік органның, прокурордың, соттың азаптауды жəне басқадай

қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жəбiр көрсетуді

қолдану туралы шағымды қараудың іс жүргізу тəртібі туралы беру тəртібін

өзгерту туралы;

істі алдын ала қарау, адамдарды ұстау, оларды бас бостандығынан

айыру орындарында ұстау заңдылығының сақталуын қадағалайтын

прокурордың азаптауды жəне басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-

қасиетiн қорлайтындай жəбiр көрсетуді анықтау жəне жолын кесу, кінəлілерді

қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі міндеттері туралы өзгерістер мен

толықтырулар енгізу.

6. Соттардың сотталушылардың алдын ала тергеу барысында азаптауды

қолдану туралы хабарламаларын қарауының айқын процедурасын

заңнамалық түрде белгілеу.

7. Азаптауды мемлекеттік билік органдары мен олардың лауазымды

адамдарының заңсыз іс-əрекеттері тізбесіне енгізу, оны жасау олардан жəбір

көрген адамдарға моральдық жəне материалдық зиянын өтеуіне əкеп соғады.

8. Тəуелсіз медициналық сараптама институтын енгізу, бұл азаптау

іздерінің бар екеніне айғақтар жинауды мүмкін етеді.

9. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне азаптауды қолдану мəселесі

бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізілу кезеңінде азаптауды

қолданған лауазымды адамды міндетті түрде қызметінен босату туралы

норманы енгізу.

Алдын ала тергеу жəне жауап алу кезеңіндегі

адам құқықтары

Қадағалау қызметі мен құқық қолдану практикасын, соның ішінде

құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз əрекеттеріне шағымдану

мəселесі бойынша талдаудан қазіргі уақытқа дейін азаматтардың

конституциялық құқықтарын заңсыз ұстау, тергеудің рұқсат етілмеген

əдістерін қолдану жəне тіпті азаматтарға қатысты күш қолдану мен басқа да

Page 139: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

139

адамдық қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынасты қолдану сияқты бұзу

түрлері кең тарағаны көрінеді.

Орын алған құқық бұзушылықтар, жоғарыда атап өтілгендей, құқық

қорғау органдарының қызметін бағалау жүйесінің дұрыс еместігінен болып

отыр.

Басқа да маңыздылығы кем емес фактор кадрларды іріктеу жəне орын-

орындарына қою, қылмыстық тергеу органдарының жеткіліксіз материалдық-

техникалық қамтамасыз етілуі мəселелері болып табылады.

Практика азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына көп

жағдайда өз қызметтік міндеттерін тиісті дəрежеде орындамаумен, жедел

жəне тергеу қызметкерлерін дайындаудың кəсіптік деңгейінің төмендігімен,

тіпті кейде олардың қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, Қазақстан

ратификациялаған адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықтық

актілердің нормаларын білмеумен байланысты жол берілетінін көрсетіп отыр.

Аталған кемшіліктер қылмыстық істер бойынша дəлелдер жинау

сапасыз жүргізілген, тергеу былығына жол берілген кездегі «іс жүргізуге

немқұрайды қарауды» туғызады, бұл заңсыз іс жүргізу шешімдерін

қабылдауға, соның салдары ретінде қылмыстық іс жүргізуге қатысушы

азаматтардың құқықтарының бұзылуына əкеп соғады.

Қызметкерлердің біліктілігін көтерудің тиімді жүйесін пысықтап, енгізу

қажет, оның басымдықтары кəсіпқойлық, заңдылықты бұлжытпай сақтау,

азаматтар мен мемлекет алдындағы парыз бен жауапкершілік сезімі болуы

керек.

***

Қылмыстық іс жүргізуде азаматтардың конституциялық құқықтарын

қорғау прокурорлардың қадағалау қызметінің негізгі басымдығы болып қала

береді.

Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы фактілерін

анықтау, жолын кесу жəне жол бермеу жөніндегі қылмыстық қудалау

органдары жүргізетін жұмыстар əлі де болса қойылатын талаптарға сай

келмейді.

Өзінің қызметтік міндеттеріне немқұрайды қарау, тиісті кəсібиліктің

жоқтығы, құқықтық мəдениеттің төмен болуы, құқық қорғау органдарының

кейбір қызмткерлерінің қара күш, психикалық қысым жəне басқа да заңға

қайшы əдістер қолдануына əкеп соғады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты азаматтардың

конституциялық құқықтарын бұзушылық үшін барлығы 71 қылмыстық іс

қозғалған, оның 23-ін прокурорлар қозғаған. ІІМ органдары қызметкерлеріне

қатысты 56 іс, қаржы полициясы қызметкерлеріне қатысты – 3, кеденшілерге

қатысты – 1, ҚАЖК-не қатысты 9, ТөЖ органдары қызметкерлеріне қатысты –

2 іс қозғалған. 54 адамға қатысты 34 іс сотқа жіберілген.

Мысалға, 2009 жылғы сəуірде жедел уəкілдер Жүсіпов пен Нұрғазиннің

тарапынан мойындау көрсетуін алу үшін жасаған соққыға шыдамаған

Қостанай қаласының тұрғыны С. Қостанай қаласы ІІБ Северный ПБ

Page 140: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

140

ғимаратының екінші қабатынан терезеден секірген, содан аяқ-қолын

сындырған.

Қостанай қаласы сотының 26.02.2010 жылғы үкімімен Жүсіпов пен

Нұрғазин ҚК 308-тармағы 4 бөлігінің «а» тармағы бойынша 3 жылға бас

бостандығынан айыруға сотталды.

Статистикаға сəйкес 2010 жылы қылмыстық қудалау органдары

қызметтік кабинеттерден прокурорлар 1043 азаматты босатқан, оның басым

бөлігі ішкі істер органдарына келеді – 1034.

Мысалға, 2010 жылғы 11 қазанда Қостанай облысының кезекші

прокурорлары Қостанай қаласының ІІБ-нан жасалған қылмысқа

қатыстылығын тексеру сылтауымен ІІБ ғимаратында 5 сағаттан артық

ұсталған кəмелетке толмаған Сейдахметов пен Сесинді босатты.

Нəтижесінде кінəлі лауазымды адамдар қатаң тəртіптік жауапкершілікке

тартылды.

УҰИ-ын тексеру жəне тұтқындауды санкциялау туралы мəселені шешу

кезінде прокурорлар 1144 адамды босатқан, оның ішінде қылмысты жасады

деген күдіктің расталмауына байланысты – 35, тұтқындау түріндегі

бұлжытпау шарасын қолдануға негіздің жоқтығымен байланысты – 1094,

ұстау тəртібінің бұзылуымен байланысты – 15 адам босатылған.

ҚР ҚІК 153-бабы 13 тармағының талаптарына сəйкес 4 адам қамаудан

босатылған (Молдашов, Маликова – Тараз қаласының тергеу изоляторы

(бұдан əрі – ТИЗО), Қанафин - Астана қаласының ТИЗО-12, Тасқұлов -

Алматы қаласының ТИЗО-8).

Статистикалық мəліметтерге сəйкес 2010 жылы прокуратура органдары

жедел-іздестіру қызметінің (ЖІҚ) заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру

барысында 59 қылмыстық іс қозғаған (ІІМ – 57, ЭСЖКА – 2), оның ішінде

ЖІҚ атқаратын лауазымды адамдарға қатыстысы – 5.

Мысалға, прокурорлық тексерулер жедел-іздестіру іс-шараларын (бұдан

əрі – ЖІІ) жүргізу кезіндегі іс жүргізу қағаздарын бұрмалау фактілерін

анықтаған.

Н.-нің арызы бойынша Қостанай облысы прокуратурасы жүргізген

тексеру нəтижелері бойынша облыстық ЭСЖКД қызметкерлері Улановқа

10000 теңге сомасындағы ақша қаражатын беру жəне химиялық өңдеудің

қасақана жалған хаттамасын толтырған, аталған ақша қаражатын əрі қарай

анықталмаған адам «Фольксваген Пассат Б6» маркалы автомашинаға апарып

қойған, оның иесі жəне жүргізушісі М.Ш.-ның бауыры – Б.Ш. болған.

Сонымен бірге купюрларының нөмірлері мен сериялары басқа 10000

теңге сомасындағы пара алу заты Улановтан алғанан кейін Н.-нің делдалы

Лисаковск қаласы ЖПБ АПБ аумағына жасырып қойған, сол жерден облыс

прокуратурасы қызметкерлері тауып алған.

09.09.2009 ж. жоғарыда аталған факті бойынша Қостанай облысының

прокуратурасы ҚК 348-бабы 3 бөлігінде көзделген қылмыс құрамы бегілері

бойынша №09390001100015 қылмыстық іс қозғады.

Page 141: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

141

Аталған қылмыстық істі тергеу тобының жетекшісі, ҚР Бас

прокурорының аға көмекшісі өндіріске қабылдады.

Айғақтарды бұрмалау, қылмыстық істі тергеуге кедергі жасау фактілері

бойынша облыс ЭСЖКД қызметкерлерінің құқыққа қайшы қызметін

құжаттастыру, сондай-ақ қылмыстық істі жедел сүйемелдеу мақсатында

14.09.2009 жылы облыс прокуроры ЖІІ жүргізу туралы қаулы шығарып, ол

ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша Департаментінің бастығына орындау

үшін жіберілді.

Осы қылмыстық істі тергеу барысында облыс прокуроры санкция

берген тергеу-жедел жəне арнайы іс-шаралар өткізу арқылы аталған сыбайлас

жемқорлық қылмысты жасауға қатысы бар лауазымды адамдар тобы

анықталды.

29.01.2010 ж. тергеу тобы Қостанай облысы ЭСЖКД қызметкерлері

Мухеевке, Шамбуловаға, Хакимоваға, Кайдаулға, Соколовқа қатысты ҚК 307-

бабының 2 бөлігі, 314-бабының 2 бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Лисаковск қалалық сотының 05.08.2010 ж. үкімімен Мухеев,

Шамбулов, Кайдаул, Соколов, Хакимов ҚК 349-бабының 2, 28-бабының 2

жəне 3 бөлігі, 348-бабының 3 бөлігі, 145-бабының 3 бөлігі бойынша əртүрлі

мерзімге бас бостандығынан айыруға тартылған.

Сонымен қатар, прокурорлар ЖІІ өткізу барысында азаматтарды заңсыз

ұстаудың 9 фактісін анықтаған (ІІМ – 89, ЭСЖКА – 1).

Тексеруде 03.11.2010 ж. Алматы қаласы Əуезов аудандық ІІБ полиция

қызметкерлерінің кəмелетке толмаған Төлегеновті қызметтік үй-жайда заңсыз

ұстағаны анықталған.

Прокурорлар жүргізген тексерулер нəтижесі бойынша заңсыз

жүргізілген ЖІІ-ні тоқтату туралы 385 қаулы шығарылды, оның ішінде ішкі

істер органдары желісі бойынша – 350, қаржы полициясы бойынша – 29,

кеден бойынша – 3, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК)

бойынша – 3.

Мысалға, Астана қаласы прокуратурасының Астана қаласы бойынша

ЭСЖКД-де өндірісте жатқан ҚР ТөЖМ лауазымды адамдарының құқыққа

қарсы қызметі туралы жедел есепке алу ісін зерделеуінде істің шындыққа сай

келмейтін тек бір ғана хабарлама негізінде жүргізілгені анықталған.

Тексеру көрсеткендей, тексерілетін адам іс жүзінде тексеру

материалдарында көрсетілген лауазымда жүмыс істемейді, соған байланысты

онымен байланысты құқыққа қарсы қызметті атқара алмайды.

Оның үстіне, іс материалдарында жедел ақпараттың тексерілгенін

растайтын қандай да бір құжаттар жоқ. Осыған байланысты, қала

прокуратурасы тексеру объектісіне қатысты ЖІІ тоқтату туралы шешім

қабылдады.

Құқық бұзушыларды олардың материалдақ жағдайына байланысты

жауапкершіліктен негізсіз босату фактісі бар.

Мысалға, Астана қаласы бойынша ЭСЖКД қызметкерлері М. жəне Б.

анықталмаған адамдармен алдын ала ауыз жаласқан топта əрекет етіп, Ковган

Page 142: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

142

мен Панасюктің жалған кəсіпорын құру туралы заңсыз əрекеттері туралы

анық біле отырып, қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін олардан

бірнеше рет жалпы сомасы 30 160 000 теңге ақшалай сыйлық алған.

Жоғарыда аталған қызметкерлердің жəне басқа да анықталмаған

адамдардың заңсыз іс-əрекеттерінің нəтижесінде мемлекетке жалған

кəсіпорынның заңсыз қызметінен бюджетке салық төлемеу түрінде

өрнектелген аса ірі мөлшерде зиян келген.

24.12.2010 ж. осы факті бойынша Астана қаласы бойынша ЭСЖКД

тергеу басқармасы М., Б. жəне басқа да анықталмаған адамдарға қатысты ҚК

307-бабының 4 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2010 жылы «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған

адамдар, сотталғандар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық

істердің қозғалысы туралы жəне сыбайлас жемқорлық қылмыстар

субъектілері туралы» №3-К нысанды статистикалық есептің 6 тарауының

мəліметтеріне сəйкес сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ІІМ – 51;

прокуратура органдарының – 2; ҚАЖК – 12; ЭжСЖКА – 12; Қаржы

министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің (КБК) – 8; ҰҚК Шекара

қызметінің (ШҚ) – 7 қызметкері жұмыстан босатылды.

Қаржы полициясы органдары 109 құқық қорғау органдары

қызметкерлеріне қатысты 167 сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы іс

қозғады, оның ішінде: ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты – 89,

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметкерлеріне қатысты – 32, Кедендік

бақылау комитетінің (КБК) қызметкерлеріне қатысты – 18, Төтенше

жағдайлар министрлігі қызметкерлеріне қатысты – 14, қаржы полициясы

қызметкерлеріне қатысты – 11 жəне Ұлттық қауіпсіздік комитеті

қызметкерлеріне қатысты – 3 іс қозғаған.

Құқық қорғау органдарының 94 қызметкеріне айып тағылып, ол сотқа

берілді, оның ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлері – 43,

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері – 17, Кедендік бақылау

комитетінің қызметкерлері – 15, қаржы полициясы қызметкерлері – 5,

төтенше жағдайлар органдары қызметкерлері – 11 жəне Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің қызметкерлері – 3. Қалған 15 іс өндірісте.

Қаржы полициясы органдарының азаптауды қолданғаны үшін 3

қылмыстық іс қозғаған, соның шеңберінде 10 құқық қорғау қызметкеріне

айып тағылды (оның 2 сотталды, 4 сотқа берілді жəне 4 адамға қатысты

қылмыстық іс айыптау қорытындысымен прокурорға жіберілді).

2010 жылғы қаңтарда Ақмола облыстық орман шаруашылығы

орманшысы Ш.М.-ның шағымы келіп түсті, онда оны Ақкөл ауданы Искра

ауылының əкімі Х.Н., осы ауылдың тұрғыны А.К. жəне Ақкөл АІІБ

қызметкері Ш.А. соққыға жыққаны хабарланған. Дене жарақатын жасау

фактісі бойынша Ақкөл АІІБ қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы

қаулы шығарды.

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның араласуынан кейін,

баяндалған фактілер дəлелденіп, 2010 жылғы 5 ақпанда Ақмола облысының

Page 143: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

143

прокуратурасы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының күшін

жойып, істің материалдары қосымша тексеру жүргізу үшін Ақмола

облысының ІІД-не жіберді.

Комиссияға шағымданған азаматтардың басым бөлігін құқық қорғау

органдары лауазымды адамдарының əрекеттері мен əрекетсіздіктерінің

заңдылығын даулайтын адамдар құрайды.

Комиссияға адвокат Е.А.-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

Экономикалық жəне сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес департаменті

(қаржы полициясы) қызметкерлерінің əрекеттеріне шағымдануы мысал

болып табылады.

Адвокат Е.А.-ның ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары

жөніндегі комиссияға шағымдануынан кейін ғана оған қатысты ҚР ҚК 177-

бабы 2 бөлігі «в» тармағы бойынша заңсыз қозғалған қылмыстық іс қылмыс

құрамының жоқтығынан тоқтатылды.

2010 жылы тергеу изоляторларында тергеудегі тұтқындалғандар мен

сотталғандар өлімінің 27 фактісі тіркелген, оның ішінде 3 суицид фактісі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің уақытша ұстау изоляторларында (УҰИ)

7 өлім фактісі тіркелген, оның 4 суицид фактісі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 141-1 бабында қарастырылған қылмыстардың ашылуы статистикасы БҰҰ-ның Азаптауларға қарсы комитетінің қалған ұсынымдарын заңнамалық жəне құқық қорғау

практикасында іске асырудың аса қажеттігі туралы куəландырады. Бүгінгі таңда Комитеттің ұсынымдарының бір бөлігі орындалмауда:

азаптау мен қатыгездік қарым-қатынас туралы арыздарды, шағымдарды

жылдам, əділ жəне толық қараудың пəрменді тетігі жоқ;

практикада азаптау мен қатыгездік қарым-қатынасты қолданып алынған

дəлелдерге жол бермеу принципінің толық сақталуына кепілдік жоқ;

алдын ала қамау орындарын тəуелсіз инспекциялау мен алдын ала

қамаудың ұзақтығы мен жағдайларына тəуелсіз сот бақылауы жоқ;

БҰҰ-ның Азаптауларға қарсы комитетінің ұсынымдары жұртшылық

қауымға жеткізілмеген.

Жалпы алғанда алдын ала тергеу мен жауап алу саласындағы ахуалды

талдау қылмыстық-құқықтық қатынастар орбитасына тартылған адамның

жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілдігін

күшейтуге бағытталған заңнама мен құқық қолдану практикасын одан əрі

жетілдіру қажеттігі туралы куəландырады.

Тергеушілердің (жауап алушылардың), жедел қызметкерлердің қылмыс

істеді деген күдікті адамдарды ұстау, оларды ішкі істер (ҰҚК, қаржы

полициясы жəне т.б.) органдарына жеткізу жəне уақытша ұстау

изоляторларына (УҰИ) орналастыру, алғашқы тергеу жүргізу процесіндегі

қызметін егжей-тегжейлі регламенттеу қажет. Қылмыстық процесс жүргізетін

адамға күдіктіге (айыпталушыға) оның процессуалдық құқықтарын, соның

ішінде білікті заң көмегін алу, туыстарына ұсталу (тұтқындалу) фактісі

Page 144: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

144

туралы хабарлау құқықтарын дер кезінде түсіндіру бөлігінде қатаң талаптар

қойып, жауапкершілігін күшейту қажет.

Алдын ала тергеу жəне жауап алу барысында теріс пайдаланушылық

пен қызметтік өкілеттіліктерін асыра сілтеудің алдын алу мақсатында

ұсталғандардың, күдіктілердің, айыпталушылардың тəуелсіз медициналық

тексеруден өту құқығын заңнамалық түрде бекіту қажет.

Қылмыстан жəбір шеккендер мен куəлардың құқықтарын тиімді қорғау

үшін барлық қажетті процессуалдық іс-қимылдарды қабылдау қажет.

«Қылмыстық процеске қатысқан адамдарды мемлекеттік қорғау

туралы» ҚР Заңын жүзеге асырудың үкіметтік бағдарламасын əзірлеп, онда

материалдық-қаржылық, ұйымдық қамтамасыз етуді жəне жүзеге асырудың

пəрменді тетігін көздеу қажет.

Адамдарды УҰИ-дан тыс жерлерде, кабинеттерде жəне басқа да

жабдықталмаған үй-жайларда ұстағаны үшін лауазымды адамдардың

жауапкершілігін қатайту қажет. Уақытша ұстау изоляторлары ҚР Əділет

министрлігінің қарамағына берілуге тиіс.

ҰСЫНЫМДАР:

1. Еліміздің қылмыстық іс жүргізу заңнамасын адамды нақты ұстауды

жүзеге асыратын құқық қорғау органдары қызметкерін оған тез арада кем

дегенде мыналар туралы хабарлауды міндеттейтін нормамен толықтыру

қажет:

- ұстауға негіздер;

- ол жасады деген сезік тудырған немесе айып тағылған қылмыстың

сипаттамасы;

- өз таңдауы бойынша адвокатқа (қорғаушыға), соның ішінде тегін

заңгерлік көмекке жəне алғашқы жауап алуға дейін адвокатпен құпия

кездесуге құқығы;

- үндемеу құқығы (өзіне қарсы куəлік бермеу құқығы);

- ұстауды сотта шағымдану құқығы;

- өзінің ұсталғаны туралы туысқандарын тез арада хабардар ету құқығы.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында адамды жоғарыда аталған

құқықтары туралы хабардар етпеу сезікті, айыпталған адамның іс жүргізу

құқықтарының елеулі бұзушылығы болап табылатынын бекіту қажет, ол

кейіннен бұл адамды қылмыстық қудалауды тоқтатуға əкеп соғуы мүмкін.

2. Қылмыстық іс жүргізуші органдар кінəсіздік презумпциясы

принципінің сақталуына кепілдік берсін.

3. Қылмыстық іс жүргізуші органдар күдіктілердің, айыптылардың ғана

емес, сонымен бірге жəбірленушілердің де білікті заңгерлік көмек алуына

кепілдік берсін.

4. Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы уақытша ұстау

изоляторлары Əділет министрлігінің қарамағына берілсін жəне қоғамдық

қадағалау комиссияларына бұл нысандарды ескертусіз тексеру құқығы

берілсін.

Page 145: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

145

5. Қылмыстық іс жүргізуші органдар адам құқықтары жөніндегі

қызметкерлердің біліктілігін көтерудің қажетті жəне шұғыл шараларын

қабылдасын.

Сотта қорғалу жəне əділ сот ісін жүргізу құқығы

Əділ сот ісін жүргізу құқығы адамның іргелі құқығы болып табылады.

Бұл барлық жерде қолданылатын, халықаралық құқық қорғау жүйесінің

негізгі идеясы болып табылатын принциптердің бірі. 1948 жылдан бастап

Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы жəне Азаматтық жəне

саяси құқықтар туралы халықаралық пакті (АСҚХП) таныған əділ сот ісін

жүргізу құқығы əдеттегі халықаралық құқықтың құрамдас бөлігі ретінде

барлық мемлекеттердің құқықтық міндеттемесіне айналды.

Əділ сот ісін жүргізу құқығы басқа да БҰҰ мен өңірлік үкіметаралық

органдар қабылдаған көптеген халықаралық жəне өңірлік келісім-шарттар мен

келісім-шарттық емес нормаларда танылған жəне ерекше атап өтілген. Бұл

құқық қорғау нормалары əлемнің барлық құқықтық жүйелеріне

қолданылатындай құқықтық процедуралардың əр алуандығын ескере отырып

əзірленген – оларда барлық жүйелер ұсынуға тиіс ең төменгі кепілдіктер

келтірілген.

Мысалға, ЕҚЫҰ құжаттарында əділ сот ісін жүргізу құқығын

қамтамасыз ету үшін қатысушы мемлекеттер жасауға тиіс қажетті шарттар

ресімделген. Олардың ішінде: соттардың тəуелсіздігі мен мемлекеттік сот

қызметінің əділ жұмыс істеуі; қылмыстық айыптау бойынша тұтқындауды

немесе ұстауға соттың санкция беруі; заң негізінде құрылған білікті,

тəуелсіз жəне əділ соттың əділ жəне ашық сот ісін жүргізуі; кедергісіз

білікті, соның ішінде сот тəртібімен қудаланатын адамның материалдық

жағдайы жетпейтін жағдайда ақысыз заңгерлік көмек алу мүмкіндігі;

кінəсіздік презумпциясы; заңның үстемдігі жəне сот жүйесінің тəуелсіздігі.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес əділ сот ісін тек

сот жүргізеді. Сот жүйесін Жоғарғы Сот пен жергілікті (облыстық, аудандық)

соттар құрайды.

Сот жүйесі адамның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жəне

қорғаудың мемлекеттік биліктің заң шығарушы жəне атқарушы тармақтарына

тəуелсіз негізгі мемлекеттік институты бола отырып мемлекеттік құқықты

қорғау тетігінде орталық орын алады.

Қазақстанда сот жүйесін дамыту, сот ісін жүргізудің тиімділігі мен

объективтілігін арттыру, сот процедураларының ашықтығы мен мөлдірлігін

барынша қамтамасыз ету жəне азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын

жəне заңды мүдделерін қорғау міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралар

жүйелі түрде қабылданып келеді.

Ішінара алғанда, 2008 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан

Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мəртебесі туралы» ҚР

Page 146: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

146

Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

ҚР Конституциялық заңымен мемлекеттің сот жүйесі елеулі реформаларды

бастан кешті. Облыстық жəне соған теңестірілген соттарда кассациялық

инстанция енгізілетін болды. Мемлекеттің жоғары сот органы – ҚР Жоғарғы

Соты тек қадағалау инстанциясы соты ретінде анықталатын болады.

Мамандандырылған соттар ретінде əскери, қаржы, экономикалық, əкімшілік,

кəмелетке толмағандар істері жөніндегі жəне т.б. соттар анықталған.

Жоғарғы Сот əділ сот төрелігін жүргізудің сапасы мен уақтылылығын

жақсарту, азаматтардың соттарға сенімін нығайту жөніндегі жоспарлы

жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі таңда соттар қызметін ұйымдастыру жəне судьялар мəртебесі,

судьялық кадрларды іріктеу жəне тағайындау тəртібі мəселелері, сондай-ақ

соттар қызметін қаржыландыру жəне материалдық-техникалық қамтамасыз

ету мəселелері конституциялық деңгейде реттелген, бұл соттардың шешім

қабылдау кезінде конституциялық дербестігі мен тəуелсіздігін көрсетеді.

Жоғарғы Сот басқаратын біртұтас сот жүйесі, соттар қызметін

регламенттейтін тиімді заңнамалық база жасалды. Мамандандырылған

экономикалық, əкімшілік, əскери соттар, кəмелетке толмағандар істері

жөніндегі соттар жəне қаржылық сот құрылды.

2007 жылы алқа билердің қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысуымен

байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін «Алқа билер туралы» Заң

қолданысқа енді, алқа билердің құқықтық мəртебесін, тəуелсіздігінің

кепілдігін, қызметін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық жəне

ұйымдастыру негіздерін анықтайды. Алқа билер қатысқан соттар өзінің

өміршеңдігін дəлелдеді, халықтың кең ауқымына əділ сот төрелігін атқару

процесіне қатысуға мүмкіндік берді.

2008 жылғы 1 тамыздан бастап тұтқындауға соттың санкция беруі

енгізілді.

Соттың құзырына сезікті немесе қылмыс жасады деп айыпталушы

адамды қамауға алуға санкция беру құқығын беру біздің еліміздің өзіне алған

халықаралық міндеттемелерін, ішінара алғанда Қазақстан ратификациялаған

Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің ережелерін,

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұсынымдарын бұлжымай сақтауға деген ықыласының айқын

дəлелі болып табылады.

Тұтқындауға санкция беруді прокуратура органдарынан сот

органдарына беру, алқа билер соты институтын енгізу, əкімшілік жəне

ювеналдық соттарды құру ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары

жөніндегі комиссияның ұсынымдарына сəйкес құрылғанын атап өткен жөн.

Сот құрылымдары мен сот ісін жүргізуді жетілдіру процестері

қоғамдағы тұрақтылықты жəне мемлекетте құқықтық үстемдігін қамтамасыз

ететін институттардың тұрақтылығын сақтау стратегиялық курсын

қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасының 2010 жыл мен 2020 жылдар аралығындағы

кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасымен (бұдан əрі –

Page 147: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

147

Тұжырымдама) сот жүйесін одан əрі дамытудың негізгі бағыттары, соның

ішінде сот жəне соттан тыс тəртіппен жеке құқықтық жанжалдар (медиация,

делдалдық жəне т.б.) тараптары арасындағы компромистерге қол жеткізудің

əртүрлі жолдары мен əдістерін бекіту анықталды.

Осыған байланысты, Тұжырымдаманың ережелерін, сондай-ақ

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы

соттарының V съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-

шаралар жоспарының 6 тармағын, Үкіметтің 2010 жылға арналған заң

жобалау жұмыстарының жоспарын жəне Қазақстан Республикасы

Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы №1039 «Қазақстан Республикасында

құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі

шаралар туралы» Жарлығының ережелерін іске асыру мақсатында Жоғарғы

Сот «Медиация туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне медиация институтын енгізу мəселері бойынша

өзерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдардың жобаларын əзірледі.

Заң жобалары барлық мүдделі органдармен келісіліп, Премьер-

Министрдің Кеңсесіне енгізілді, Қазақстан Республикасы Парламентінің

Мəжілісі мен Сенатында қаралып, Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

2011 жылғы 28 қаңтарда аталған заңдарға Қазақстан Республикасының

Президенті қол қойды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы

№1039 «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің

тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының (бұдан əрі –

Жарлық) сот жүйесін жетілдіруге бағытталған ережелерін де атап өткен жөн.

Жарлықты орындау үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент

(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) жəне оның аумақтық

бөлімшелері (соттар кеңселері) жəне Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Сотының жанындағы Сот əкімшілігі жөніндегі комитетті қайта құру жолымен

Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау

жөніндегі комитет құрылды.

2010 жылғы 3 қарашада Президент №1093 «Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету жөніндегі

департамент (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы

ережелерді бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.

Сонымен бірге, Жоғарғы Сот Жарлықты іске асыру жөніндегі іс-

шаралар жоспарының 5 тармағын орындау үшін «Қазақстан

Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мəртебесі туралы» Қазақстан

Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын əзірледі. Конституциялық

заңның жобасында соттар қызметін ұйымдастыру жəне материалдық-

техникалық қамтамасыз етуді, облыстық, аудандық жəне соларға

теңестірілген соттар құру тəртібі, жоғарғы жəне облыстық соттар

Page 148: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

148

төрағаларының жəне осы соттардың жалпы отырыстарының өкілеттіктерін

анықтайтын тиісті түзетулер енгізу көзделген.

Сонымен қатар, Конституциялық заңның жобасымен судьялардың

біліктілік сыныптары жойылады, судьяларды қызметінен орнынан түсіріп

босату үшін қосымша талаптар белгіленеді, судьяның орнынан түсуін тоқтату

негіздері қысқартылады, сондай-ақ судьяның орнынан түсуін тоқтата тұру

негіздері көзделеді.

Бұл Конституциялық заң жобасы барлық мүдделі органдармен келісіліп,

Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілді, Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мəжілісі мен Сенатында қаралып, Президентке қол қоюға

жіберілді.

2010 жылғы 29 желтоқсанда Конституциялық заңға Қазақстан

Республикасының Президенті қол қойды.

Жарлықты іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан

Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасын əзірледі.

Заң жобасы судьялар мен судья лауазымына кандидаттарға арналған

жоғарылатылған критерийлер мен стандарттарды енгізу көзделеді, бұл сапалы

судьялық корпус қалыптастыруға жағдай жасайтын болады.

2011 жылғы 10 қаңтарда Президент «Қазақстан Республикасының сот

жүйесі жəне судьялардың мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының

Конституциялық заңына сəйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан

Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының

Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан

Республикасының Заңына қол қойды.

Соттарға негізгі əділ сот төрелігін жүргізу принциптерін сақтай отырып

сотта қараудың дайындық сатысында сотқа дейінгі іс өндірісінің

ақтаңдақтарын толтыру жөніндегі қосымша өкілеттіктер беру, азаматтар мен

ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін жедел

жəне əділ қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сот ісі өндірісін жетілдіру

жəне оңайлату, сотқа дейінгі іс өндірісіндегі соттық бақылау шектерін

кеңейту мəселелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Заңнама

жəне сот-құқықтық реформа комитетінің қарауындағы «Қазақстан

Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жəне қылмыстық

іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы шеңберінде шешіледі.

Сот жүйесінің жай-күйін талдау оны сот құрылысын ұйымдастыру, сот

ісі өндірісі тəртібін жетілдіру, заңнамадағы қарама-қайшылықтар мен

қақтығуларды жою жəне соттар қызметіне əкімшілік етуді оңтайландыру

тұрғысынан кешенді реформалаудың қажеттігін көрсетеді.

Page 149: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

149

Судьяға кадрлар іріктеу тетіктерін жетілдіру, соның ішінде кезеңдік

конкурс өткізуді енгізу жөніндегі шаралар туралы

Жергілікті соттар судьяларының бос орындарына жарияланған

конкурсқа қойылатын талаптарға сай келетін кандидатуралардың қатысуын

қамтамасыз ету мақсатында судья кадрларын іріктеу тəртібі мен тетігін ең

алдымен алғашқы екі кезеңінде: біліктілік емтиханын тапсыру жəне сотта

тағылымдамадан өтуде жетілдіру жөніндегі бірқатар шаралар қабылданды.

Президенттің 2001 жылғы 26 маусымдағы №643 Жарлығымен

бекітілген «Судьяға кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы» ережеге сотта

тағылымдамадан өту тəртібі мен тетіктерін жетілдіруге қатысты мəселелер

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Президент

Жарлығының жобасы əзірленді.

Жобада тағылымдаманың жетекшісі етіп аудандық соттың судьясымен

қатар облыстық соттың да судьясын тағайындау көзделген, тағылымдама

жетекшілерінің – облыстық жəне аудандық сот судьяларының функциялары

нақтыланған, тағылымдама жетекшісінің тағылымгер кандидатқа пікір

(ұсыным) беру қажеттігі белгіленеді, сондай-ақ тағылымдама өтудің ең аз

мерзімін көбейту көзделеді, облыстық жəне соған теңестірілген соттың жалпы

отырысының теріс қорытындысын алудың құқықтық салдарлары анықталады,

тағылымдаманы негізгі жұмыс орнындағы лауазымын сақтай отырып тұрақты

негізде өту мəселелері регламенттеледі.

Жалпы, бұл судьяға кандидаттың барынша толық əрі сапалы

дайындалуына жағдай жасайды, оның моральдық-адамгершілік бейнесін

танып-білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ судьяның бос орнына жарияланған

конкурсқа барынша лайықты үміткерлердің қатысуына жол беруге жағдай

жасайтын болады.

Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен, Қаржы

министрлігімен жəне Əділет министрлігімен келісілген Жарлықтың жобасы

Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілген.

Судьялардың бос орындарына конкурстар өктізкен кезде Жоғары Сот

Кеңесі судьяларға кандидаттардың жас критерийлеріне, сондай-ақ іскерлік

жəне моральдық қасиеттерін зерделеуге ерекше көңіл бөледі.

Жоғары Сот Кеңесінің 2010 жылғы мамырда өткізген жергілікті жəне

басқа да соттардың судьяларының бос орындарына өткізген конкурсының

қорытындылары бойынша мамандандырылған магистратурада емтихан

тапсырған, сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік

органдарда, құқық қорғау органдарында, адвокатурада заңгерлік мамандығы

бойынша бес жылдан кем емес өтілі бар адамдарға ұсынымдар берілді.

Іріктеуден өткен жəне алғаш рет судья қызметіне ұсынылған кандидаттардың

орташа жасы 34 жасты жəне заңгерлік кəсіп бойынша жұмыс өтілі – бестен

артық жылды құраған.

Судьяларға кандидаттардың кəсіптік жəне моральдық қасиеттерін

зерделеу мақсатында үміткерлерге қатысты материалдар облыстық соттарға

Page 150: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

150

жіберіледі, кейіннен олар туралы мəліметтер бұқаралық ақпарат

құралдарында жарияланады. Бұл мəліметтердің жариялануы жұртшылықтың

судьяларға кандидаттарды іріктеуге қатысуын қамтамасыз етеді,

азаматтардың пікірлері судья лауазымына үміткердің моральдық қасиеттерін

анықтауға жағдай жасайды.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі жəне судьялардың мəртебесі

туралы» Конституциялық заңға жəне «Қазақстан Республикасының Жоғары

Сот Кеңесі туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олар

облыстық сот пен Жоғарғы сот судьялары лауазымына кандидаттарға

қойылатын қосымша талаптарды көздейді. Бұл түзетулер сондай-ақ судьялар

лауазымына барынша тəжірибелі кандидаттарды ірікетуді қамтамасыз етуге

бағытталған.

Президенттің 2008 жылғы 25 қарашадағы кеңесте берген тапсырмасын

(Президенттің қатысуымен өткен кеңестің 2008 жылғы 25 қарашадағы №01-

7.19 хаттамасының 6 тармағы) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының

3 тармағын орындау үшін Жоғары Сот Кеңесі мен Жоғарғы Сот судья

лауазымдарына қойылған талаптарға сай келмейтін адамдардың

тағайындалуына жағдай жасайтын себептер мен шарттарды жою жөніндегі

білескен іс-қимыл тетігін пысықтады.

Тұрақты негізде судья кадрлары құрамын іріктеу жəне қалыптастыру

процесінің барынша ашықтығы мен мөлдірлігін қамтамасыз ету жұмысы

жүргізіледі.

Судьяларға кадрлар іріктеу жүйесінің құқықтық негізін өзгерту сот

билігі беделін нығайтуға, судьялардың тəуелсіздігі мен жеке басына

тиіспеушілігіне кепілдігін қамтамасыз етуге, судьялар корпусы құрамы мен

оның резервінде «кездейсоқ» адамдардың болуына жол бермеуге бағытталған.

Судьяға кандидаттарды дұрыс іріктеу мінсіз судья корпусын құрудың

іргетасы болып табылады.

Судья лауазымына талаптанған адамдарды конкурстық іріктеу

процедураларының мөлдірлігі мен объективтілігі қамтамасыз етіледі. Судья

лауазымына үміткер адамның моралдық-адамгершілік жарамдылығын алдын

ала зерделеу практикасы бар. Судьяның бос лауазымына жарияланған

конкурсқа қатысушы барлық адамдардың тізімдері олардың жеке адами жəне

моральдық қасиеттерін зерделеу үшін облыстық жəне соларға теңестірілген

соттарға жіберілді. Конкурсқа қатысатын кандидаттар тізімдері бұқаралық

ақпарат құралдарында жарияланады. Əрбір кандидат облыстық сот

отырысында талқыланады.

Абыройын түсіретін мəліметтерді дер кезінде байқау беделін кір шалған

адамдарды «електен өткізіп», судья лауазымына лайықты кандидаттарды

іріктеуге жағдай жасайды.

Судьяларға талапты арттыру, заңдылық пен судья этикасы нормаларын

кез келген бұзушылыққа принципті ұстаным жөніндегі қабылданып жатқан

шаралар 2010 жылы жағымсыз себептермен қызметінен босатылған судьялар

санының 2009 жылмен салыстырғанда екі есе төмендеуіне алып келді.

Page 151: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

151

2010 жылы Президенттің Жарлығымен жағымсыз себеппен 14 судья

қызметінен босатылды (2009 жылы – 29), оның ішінде:

Сот алқасының қорытындысына байланысты - 4 (2009 жылы - 7);

судьяға қойылатын талаптарды орындамағаны үшін - 10 (2009 жыл -

22).

Судьялардың əрбір сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау жəне құқық

бұзушылық фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілген, олардың

нəтижелері бойынша кінəлі лауазымды адамдар тəртіптік жауапкершілікке

тартылды.

Судья Ж.Г.-ны ұстау фактісіне орай қызметтік тергеу нəтижелері

бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының төрағасы

Г.С. қызметінен босатылды.

Астана қаласы соттарының судьялары Ж.Р. мен Р.А.-ны сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөіндегі жұмысты лайықты қамтамасыз

етпегені үшін Алматы аудандық сотының төрағасы А.К. тəртіптік

жауапкершілікке тартылып, сөгіс жарияланды.

Судьялар К.Н. жəне Б.Е.-нің ұсталуы фактілеріне орай қызметтік

тергеулер нəтижелері бойынша Қарасай аудандық сотының төрағасы Е.Г.,

Талғар аудандық сотының төрағасы Ш.Т. тəртіптік жауапкершілікке

тартылып, сөгіс жарияланды.

Судья К.Ш.-ны ұстау фактісін тексеру нəтижелері бойынша Оңтүстік

Қазақстан облысы Отырар аудандық сотының төрағасы К.К.-ге сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі лауазымдық міндеттерін дұрыс

орындамағаны үшін сөгіс түріндегі тəртіптік жаза қолданылды.

Сонымен қатар, жүргізілген қызметтік тергеулерді талқылау нəтижелері

бойынша Алматы, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстық

соттарының, сондай-ақ Астана қаласы сотының төрағаларына сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жəне судьялардың «Судьялар этикасы»

нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етудің пəрменді

шараларын қабылдау қажеттігі ескертілді.

Жоғарғы Сот республиканың əрбір судьясының қызметіне əділ сот

төрелігін жүргізудің сапасы мен жеделдігі бойынша мониторинг жасайды.

Əділ сот төрелігін жүргізудің сапасын арттыруға бағытталған сот

мониторингін жүргізу тəртібін анықтау мақсатында Жоғарғы Соттың

Төрағасы оны жүргізу жөніндегі əдістемелік ұсынымдарды бекітті.

Құқық қорғау органдарының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету

мəселелерінде сот билігі мен азаматтық қоғам арасындағы байланыстырушы

буын ретінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі маңызды. Сондықтан

сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жəне судьялардың «Судьялар

этикасы» нормаларын сақтауы жөніндегі жұмыстың тиімділігін қамтамасыз

ету іс-шараларын Жоғарғы Сот бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз

қарым-қатынаста жүргізеді.

Page 152: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

152

Қазақстанда əділ сот төрелігін іске асыру сапасының бағасы

Соттар қызметінің негіз қалаушы критерийлерінің бірі əділ сот төрелігін

іске асыру сапасы болып табылады.

Соттардың қол жетімдігін заңнамалық кеңейту азматтар үшін өз

құқықтарын қорғау мүмкіншіліктеріндегі шектеулерді толық жоюға

мүмкіндік берді, сондай-ақ сот билігіне деген сенімді арттырды. Республика

соттарының қызметін талдау азаматтардың соттарға деген сенімі жылдан-

жылға өсіп келе жатқанын көрсетті. Бұған азаматтар мен заңды тұлғалардың

өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды сұрап сотқа өтініш

жасау санының өсуі куə.

Соңғы жылдары Жоғарғы Сот соттар қызметін ұйымдық нығайту жəне

жетілдіру, оларға тиісті жұмыс жағдайын жасау, судьялар тəуелсіздігінің

материалдық жене əлеуметтік кепілдіктерін күшейту, сондай-ақ олардың өз

қызметтік міндеттерін əділ жəне адал орындауға жауапкершілігін арттыру

үшін аз шара қолданған жоқ.

Жүргізілген реформалар əділ сот төрелігін іске асырудың жоғары

сапасын қамтамасыз етуге, сот қателіктерінің санын азайтуға мүмкіндік берді,

мұны статистика көрсетіп отыр.

2010 жылы соттар өндірісінде барлығы 59455 қылмыстық іс (кезеңнің

басына қалдықтарымен) болған. Өндіріспен 55701 қылмыстық іс аяқталған.

Оның ішінде 30130 үкім шығарылып қаралған, олар бойынша 36185 адам

сотталып, 694 адам ақталған. 24170 адамға қатысты 21329 қылмыстық іс

тоқтатылған.

Қылмыстық істер бойынша əділ сот төрелігін жүргізу өткен

жылдардағыдай Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына

сəйкес жүзеге асырылды. 2009 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда

қылмыстық істер бойынша əділ сот төрелігін жүргізу сапасының шамалы

жақсарғаны байқалады (2010 жылы апелляциялық, кассациялық жəне

қадағалау тəртібімен күшін жою мен өзгертудің орташа республикалық

көрсеткіші 3,1% құраған, ол 2009 жылы 3,9% болған.

Қадағалау тəртібімен азаматтық істер мен əкімшілік құқық бұзушылық

туралы істерді қарауға қатысты 2010 жылғы 12 айдың ішінде Жоғарғы Сотқа

13580 (2009 ж. - 6026) өтініш түсті, есептік кезеңнің басындағы қалдық 243

өтінішті құраған, өндірісте барлығы 13823 өтініш болған, бұл 2009 жылдың

осындай кезеңіндегіден 120%-ға артық (6255).

Осылайша, 2010 жылғы 12 айдың көрсеткіштерін өткен жылдың

осындай кезеңіндегімен (6026) салыстырғанда түскен өтініштер саны 13337

(талданып отырған кезеңнің басындағы қалдықты есептемегенде) іс жүзінде

екі есеге (7311-ге немесе 121,3%-ға) артқаны көрінеді.

Қадағалау алқасы судьялары алдын ала 7554 өтінішті зерделеген (2009

жылы – 3312), оның ішінде қаралғандары – 7017, бұл өткен жылдың 12 айына

қарағанда (3003) екі жарым есе немесе 133,6%-ға артық, судьялар

қаулыларымен 537 (309) қайтарылған.

Page 153: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

153

Өтініштерді ала қарау нəтижелері бойынша қадағалау алқаларының

судьялары 654 немесе 9,32% (339 немесе 11,3%) өтініш бойынша қайта қарау

туралы шешім қабылдаған, 6363 немесе істің мəнісі бойынша қаралған 7017

(3003) өтініштің жалпы санының 90,6% бойынша қайта қараудан бас тартқан.

Осылайша, есептік кезеңде қадағалау өндірісін қозғау туралы

шешімдердің үлес салмағы 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда

1,98%-ға төмендеген. Сонымен бірге, есептік кезеңде қабылданған сот

актілерін қайта қараудан бас тарту туралы шешімдердің үлес салмағының

1,9%-ға артқаны байқалады.

Қадағалау алқасы азаматтық жəне əкімшілік істер бойынша сот

актілерін қайта қарау туралы жалпы 922 (383) өтініштер мен наразылықтарды

қараған. Олардың ішінде 609 (316) өтініш пен 137 (39) наразылық азаматтық

істер бойынша, 176 (28) наразылық əкімшілік істер бойынша.

Сегіз азаматтық іс бойынша сот актілерін қайта қарау өтініш бойынша

да, прокурордың наразылығы бойынша да орын алған.

Осылайша, 2010 жылдың 12 айының көрсеткіштерін өткен жылдың

осындай кезеңімен салыстырғанда қадағалау сот алқасы қараған азаматтық

жəне əкімшілік істер бойынша өтініштер мен наразылықтар саны 597-ге

немесе 147%-ға артқаны көрінеді.

Статистикалық мəліметтерге сəйкес 2010 жылдың 12 айының ішінде

республика соттары 304631 (2009 жылы – 310067) азаматтық істі шешім

шығарып қараған.

2009 жылы қадағалау тəртібімен 891 немесе 0,2% сот актісі күшін

жойып, 434 немесе 0,1% өзгертілген. Күшін жою мен өзгертудің жалпы саны

1325 немесе 0,4% құрайды.

2010 жылдың 12 айының ішінде Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасы

бірінші инстанция соттарының 355 шешімінің немесе 0,1%-ның күшін жойып,

112 шешімін өзгерткен. Жалпы 467 немесе 0,2% шешімнің күші жойылған

жəне өзгертілген.

Облыстық жəне соларға теңестірілген қалалық соттардың кассациялық

алқалары 371 немесе 0,1% шешімнің күшін жойып, 457 немесе 0,1% шешімді

өзгерткен. Жалпы 828 немесе 0,2% шешімнің күші жойылған жəне

өзгертілген. Кассациялық қадағалау тəртібімен күшін жою мен өзгертудің

жалпы көрсеткіші 1295, бұл 0,4% құрайды, оның ішінде күші жойылғаны -

726 немесе 0,1%, өзгертілгені – 569.

Осылайша, 2010 жылдың 12 айы ішінде қадағалау жəне кассациялық

тəртіппен күшін жою немесе өзгерту көрсеткіші өткен жылдың осындай

кезеңі көрсеткішімен салыстырғанда қадағалау тəртібінде сол деңгейде

қалған.

2010 жылы бірінші инстанция бойынша мамандандырылған

ауданаралық соттар қылмыстық істер бойынша алқа билердің қатысуымен

барлығы 262 қылмыстық істі аяқтаған.

Оның ішінде үкім шығарылып қаралғаны 258 іс. Аталған істер бойынша

323 адам сотталып, 43 адам ақталған.

Page 154: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

154

Осылайша, алқа билердің қатысуымен қаралған қылмыстық істердің

саны, сондай-ақ олардың ақтаған адамдарының саны өткен жылдармен

салыстырғанда едəуір өскен.

Практикада жергілікті соттардың шешімдерімен байланысты

азаматтардың құқықтарының бұзылу фактілері оқта-текте кездеседі.

Мысалға, 2010 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы

Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияға

Шымкент қаласының тұрғыны, көп балалы ана Мейірбековадан шағым келіп

түсті.

Арызданушының айтуы бойынша, ол 2009 жылғы 8 маусымда

Комиссияның жеке қабылдауы барысында арыз берген, онда азамат А.-ның

кінəсі бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы

жəне сот органдарының жəрдемімен оның жеке тұрғын үй құрылысына

құқығы бұзылған. Қақаған қыс айында сот шешімін орындау үшін тұрғын

үйдің 30% бұзылған, ал көп балалы ана отбасымен бірге басқа тұрғын үй

берілместен шығарылған.

Тек ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі

комиссияның араласуынан кейін ғана көп балалы ана Мейірбекованың

бұзылған құқықтары толығымен қалпына келтірілді. Осы арыз бойынша

сюжет «Қазақстан» ҰТА-дан көрсетілді.

2010 жылы Қазақстан Республикасының соттарына қатысты Бас

прокуратура олардың сыбайлас жемқорлық бағытындағы қылмыс жасағаны

үшін 4 қылмыстық іс (4 адамға қатысты) қозғады.

Саны аталған істің ішінде: 1 – сотқа жіберілген; 1 – жауапқа тартылатын

адамның өліміне байланысты тоқтатылған; 2 адам сотталған (2009 жылы

сотқа берілгендерін ескере отырып).

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Арнайы

баяндамашысы Леонардо Деспуидің Қазақстанның судьялары мен

адвокаттарының тəуелсіздігін нығайту жөніндегі ұсынымдарын іске

асырудың нəтижелері.

Баяндамашының ұсынымдарының 72 тармағының 1 жəне 3

тармақшалары бойынша (сот жəне құрылымдық реформалар)

1 тармақша. сот жүйесінің барлық жүйелерінің судьяларын

тағайындау процесі, олардың қызметте болуы, лауазымнан шеттетілуі,

жалақысының мөлшері, олар іс жүзінде тек Республика Президентінің ғана

айрықша құзырында қалмауға тиіс.

Жергілікті жəне басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына

кандидаттар іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі конкурстық негізде жүзеге асырады.

Жоғары Сот Кеңесі конкурстың нəтижелері бойынша жергілікті жəне басқа

соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке

тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

Бұл ретте, облыстық соттың судьялары қызметінің бос орындарына

кандидатураларды Жоғары Сот Кеңесі тиісті облыстық соттың жалпы

отырысының оң қорытындысы болған кезде қарайды.

Page 155: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

155

Жергілікті жəне басқа соттардың сот алқалары төрағаларын, Жоғарғы

Соттың сот алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы

жəне Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот

Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының

Президенті тағайындайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан

Республикасы Президентiнiң Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне

негiзделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.

Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына

негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша бес жыл

мерзімге Сенат сайлайды.

Жергілікті жəне басқа соттардың төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң

ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге

тағайындайды.

Жоғарғы Сот Төрағасы Конституциялық заңмен көзделген негiздер

туындаған жағдайда, Жоғары Сот Кеңесiне Республика соттары

төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкiлеттiгiн

тоқтату мəселесi бойынша ұсыныс пен материалдар енгiзедi.

Кəсіби жарамсыздығынан тəртіптік теріс қылық жасағаны үшін немесе

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі

туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын

орындамағаны үшін судьяны қызметінен босату туралы ұсынысты Жоғары

Сот Төрағасы Кеңеске судьялардың тəртiптiк-бiлiктiлiк алқасының немесе

Сот жюриінің шешiмiнің негізінде енгізеді.

Судьяның өкiлеттiгiн тоқтатудың негіздері:

1) судьяның орнынан түсуі;

1-1) судьяның өз тiлегi бойынша қызметiнен босауы;

2) медициналық қорытындыға сəйкес кəсiптiк мiндеттерiн одан əрi

атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы;

3) судьяны iс-əрекетке қабiлетсiз немесе iс-əрекетке қабiлетi шектеулi

деп тану не оған медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану

туралы сот шешiмiнің заңды күшiне енуі;

4) осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнің заңды күшiне енуі;

5) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы;

6) судьяның қайтыс болуы немесе соттың оны қайтыс болды деп

жариялау туралы шешiмiнің заңды күшiне енуі;

7) судьяның басқа лауазымға тағайындалуы, сайлануы жəне оның басқа

жұмысқа ауысуы;

8) соттың таратылуы немесе өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуi, егер соттың

төрағасы, сот алқасының төрағасы немесе судья басқа соттағы бос қызмет

орнына орналасуға келiсiмiн бермеген жағдайда;

9) Сот жюриiнiң қорытындысы;

10) судья қызметінде болудың шекті жасына толуы.

Page 156: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

156

Сот төрағасының не сот алқасы төрағасының өкiлеттiктерi оның өз

тілегі бойынша не олар жүктелген өкілеттіктерді орындамаған жағдайда

мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

Судьяны қызметтен босату туралы шешiм:

1) Жоғарғы Соттың Төрағасына, судьяларына қатысты Қазақстан

Республикасы Президентiнiң ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы

Парламентi Сенатының қаулысымен;

2) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына, жергілікті жəне

басқа соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына

қатысты - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады.

Судьяны қызметiнен босату сонымен бiр мезгiлде тиiстi соттың

төрағасы немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына əкеп

соғады.

Тиiстi соттың төрағасын немесе сот алқасының төрағасын олардың өз

тілегі бойынша не өкілеттік мерзiмiнiң өтуiне байланысты қызметтен босату

оларды осы соттың судьясы қызметiнен босатуға əкеп соқпайды.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі

туралы» Конституциялық заңның (бұдан əрі - Конституциялық заң) 35-1-

бабына сəйкес судьялар үшiн судьяның орташа айлық кірісінің 10%

мөлшерінде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қосымша мiндеттi

зейнетақы жарналары белгiленедi. Бұл ретте судья терiс себептер бойынша

қызметiнен босатылған кезде аталған жарналар республикалық бюджетке

алынады.

Бас прокуратураның ақпараты бойынша мұндай қосымша жарналарды

алып қою тетіктері қазіргі кезге дейін əзірленбеген.

Сонымен қатар, Конституциялық заңда теріс себептер бойынша босату

деп есептеуге болатын негіздердің тізбесі нақтыланбаған.

Осыған байланысты Бас прокуратура:

1) қосымша зейнетақы жарналарын алып қою тетігін əзірлеуді;

2) Конституциялық заңда теріс себептер бойынша судьяларды

қызметінен босатуға арналған негіздердің тізбесін нақтылауды ұсынады.

Бас прокуратураның ұсыныстарын қолдай отырып, ҚР Үкіметіне

қосымша зейнетақы жарналарын алып қою тетігін əзірлеуді қамтамасыз етуді

ұсынамыз.

Бас прокуратураның теріс себептер бойынша судьяларды қызметінен

босатуға арналған негіздердің тізбесін нақтылау туралы ұсынысын жөн деп

санаймыз.

Бұл ретте судьяларды қызметінен босатудың теріс себептеріне судьяға

қарсы айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты, Сот жюриінің

қорытындысына байланысты, сондай-ақ судьялардың тəртіптік-біліктілік

алқасының шешімі бойынша қызметінен босатуды жатқызған жөн.

Үкіметтің 2011 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының

25 тармағына сəйкес 2011 жылғы қарашада Парламентке əзірлеушісі болып

Жоғарғы Сот белгіленген «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен

Page 157: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

157

судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының

Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулдар енгізу туралы» заң

жобасын енгізу жоспарланып отырғанын бір мезгілде атап өтеміз. Бас

прокуратура ұсынған түзетулерді осы заңнамада көрсету қажет деп ойлаймыз.

2009 жылы сот инстанциясы санын қысқартуға, республикада үш

буынды сот жүйесін құруға, сот актілерін қайта қарау тəртібін бір ізге салуға,

сотқа дейінгі іс жүргізу өндірісін оңайлатуға жəне т.б. бағытталған азаматтық,

қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу жəне азаматтық іс жүргізу заңнамасын

жетілдіру туралы бірқатар заң қабылданды.

Қадағалау функциялары тек Жоғарғы Сотқа тиесілі, оған тиісті

өкілеттіктер Конституцияда берілген.

Өзге де жаңа шаралардың ішінде заңды жəне жеке тұлғаларды

азаматтық істер бойынша сот актілеріне шағымдану кезінде мемлекеттік баж

салығын төлеуден босату көзделген, бұл апелляциялық инстанцияға қол

жеткізуді кеңейтуге жағдай жасайды.

3 тармақша. Республика Президентінің ғана айрықша құзырындағы

Жоғары Сот Кеңесінің құрамы мен қызметі.

Жоғары Сот Кеңесінің міндеттері Қазақстан Республикасы

Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық

өкілеттіктерін, соттардың тəуелсізідігі мен олардың жеке басына

тиіспеушіліктің кепілдіктерін, сот жүйесі мен заңнаманы жетілдіруді

қамтамасыз ету болып табылады.

Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жəне

босататын Төрағадан, хатшыдан жəне басқа мүшелерінен тұрады.

Кеңес Төрағасының, хатшысының жəне мүшесінің лауазымы

коммерциялық ұйымның басшылық органы мен бақылау кеңесінің құрамына

кірумен, саяси партияларда басшылық лауазымда болумен сыйыспайды.

Кеңес қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің аппараты жүзеге асырады.

Жоғары Сот Кеңесінің өкілетітктері, сондай-ақ отырыстар өткізу тəртібі

«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңда егжей-

тегжейлі баяндалған.

Ұсынымдардың 73 тармағы бойынша (Адам құқықтары

саласындағы халықаралық-құқықтық актілерді ратификациялау жəне

құқықтық саладағы тиісті шаралар)

Жергілікті соттардың біркелкі практикасын қамтамасыз ету үшін сот

практикасының нормативтік түсініктемелерінде Жоғарғы Сот халықаралық

құқық нормаларына сілтеме жасап қана қоймай, сонымен бірге оны

қолданудың құқықтық тетігін айтарлықтай дамытуда.

Сот актілерінде Республиканың халықаралық міндеттемелеріне

сілтеменің болмауы соттардың халықаралық құқық қорғау стандарттарын

сақтамауын білдірмейді.

Адам құқықтары саласындағы негіз қалайтын халықаралық нормалар

мен принциптер Қазақстан Республикаксының Конституциясына, қылмыстық

Page 158: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

158

іс жүргізу жəне азаматтық іс жүргізу кодекстеріне енгізілген, соттар оны

қызметінде басшылыққа алады.

Ұсынымдардың 74 тармағы бойынша (Адам құқықтары

саласындағы білім беру жəне кəсіптік дайындық)

Сот жүйесі үшін жоғары білікті мамандар дайындау құқықтық

реформаның көптеген мəселелерін шешуге, ішінара алғанда сот жүйесінің

имиджін, əділ сот төрелігін жүргізудің сапасын көтеруге жағдай жасайды.

Бұл мəселелерді шешу үшін Жоғарғы Сот 2009-2011 жылдарға арналған

Сот білімі стратегиясын əзірледі, ол сот білім беру жүйесін жаңартуға, сот

жүйесі мамандарын даярлаудың, қайта даярлаудың сапасын көтеруге

бағытталған.

Сот жүйесі үшін кадрларды мақсаттық дайындауды Қазақстан

Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару

академиясының Əділ сот төрелігі институты жүзеге асырады, ол

юриспруденция магистрлерін, кəсіби заңгерлерді дайындайды.

Институт сондай-ақ судьялар мен Қазақстанның барша сот жүйесі

қызметкерлерінің кəсіптік деңгейін көтеруді жүзеге асырады.

Əділ сот төрелігі институты аудандық жəне соларға теңестірілген соттар

судьялары кадрларын, сондай-ақ кеңсе қызметкерлерін қайта даярлауды

жүзеге асырады. Оқыту судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін

көтерудің жоспар-кестесіне сəйкес Мемлекеттік басқару академиясының Əділ

сот институтында өтеді. Семинарлық жəне лекциялық сабақтар тақырыптары

судьялардың мамандануына жəне олардың оқу қажеттіліктеріне сəйкес

əзірленеді.

Лекциялық сабақтар тақырыбына халықаралық бала асырап алуды,

халықаралық процесті, халықаралық дауларды, шетелдік заңды тұлғаның

қатысуымен дауларды жəне т.б. оқып-үйрену сағаттары енген.

Мысалға, Əділ сот төрелігі институты БҰҰ Балалар қорымен

(ЮНИСЕФ) тығыз ынтымақтастықта, ол ювенальдық əділет саласындағы

халықаралық стандарттарды зерделеу жөнінде сараптамалық көмек көрсетеді.

Жергілікті соттардағы судьяларды үздіксіз оқытуды сондай-ақ оқу

орталықтары жүзеге асырады, олардың қызметін оқу бағдарламаларының

үйлестірушілері жұмыс жоспарына сəйкес жүзеге асырады. Оқу

бағдарламаларының білім беру бағдарламалары (оқыту семинарлары)

судьялардың оқуға қажеттіліктерін талдау негізінде, судьялардың əділ сот

төрелігін атқаруы кезіндегі туындайтын мəселелер мен проблемалар бойынша

(істердің белгілі бір санаттары бойынша) жүргізіледі. Оқу орталықтары

судьяларды оқыту жоспарларына сол сияқты тұрмыстық зорлық-зомбылықты

қоса алғандағы отбасы, əйелдер, балалар мəселелеріне жəне т.б. қатысты

халықаралық келісім-шарттарды оқып-үйрену мен қолдану тақырыптарын

қосады.

Əділ сот төрелігі институтының бағдарламасына қосымша адам

құқықтарының халықаралық құқықтары, халықаралық гуманитарлық құқық

Page 159: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

159

міндетті курстарын оқып-үйрену енгізілетін болады, өйткені республика

соттары осы санаттағы істерді қарайды.

Ұсынымдардың 78 тармағы бойынша (Гендерлік проблема туралы

хабардар болу)

2010 жылғы желтоқсанда Жоғарғы Сот Департаменті Халықаралық-

құқық бөлімі жергілікті соттардың судьялары үшін БҰҰ-ның ерлер мен

əйелдердің тең құқылық мəселелері жөніндегі халықаралық құқықтық

құжаттарының жинағын жасап, Жоғарғы Соттың сайтына («Халықаралық

ынтымақтастық» бөлімі) орналастырды.

Судьялар мен сот қызметкерлері арасында тарату үшін бұл жинақты

2011 жылы басып шығарып, республиканың барлық соттарына беру

жоспарланып отыр.

Ұсынымдардың 80 тармағы бойынша (Судьялар). Судьяларға

қатысты тəртіптік санкция қолдану туралы мəселені олардың сот үкімін

шығару немесе шағымдану тəртібімен іс бойынша шешім қабылдау

мəселесінен тез арада бөлген жөн. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген

актілері заң бойынша тиісті жазалауға алып баруына қол жеткізген жөн.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі

туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сəйкес судья

сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты бұзғаны үшiн; судья əдебiне қайшы

келетiн терiс қылық жасағаны үшiн; еңбек тəртiбiн өрескел бұзғаны үшiн

тəртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкін.

Бұл ретте, сот актiсiнiң күшiн жою немесе өзгерту, егер бұл орайда

заңды өрескел бұзуға жол берiлмеген жəне ол туралы жоғары тұрған сот

орнының сот актiсiнде көрсетiлмеген болса, өздiгiнен судьялардың

жауаптылығына əкеп соқпайтынын атап өткен жөн.

2. Сот төрағалары жəне соттардың сот алқаларының төрағалары осы

Конституциялық заңда көзделген лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше

орындамағаны үшін тəртiптiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

Судьялардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасау

фактілері анықталған жағдайда оларға Конституциялық заңда көзделген

қызметінен босатуға дейінгі тəртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады.

Ұсынымдардың 86 тармағы бойынша (Этикалық нормалар,

транспаренттілік жəне есептілік). Жұртшылықтың сот жүйесіне сенімін

қамтамасыз ету үшін тиімді əрі орындалуы міндетті кəсіптік этика

кодексін əзірлеу жəне есеп берушілікті күшейту жөніндегі батыл да шұғыл

шаралар қабылдау қажет.

Сот жүйесінің барлық деңгейлеріндегі сыбайлас жемқорлықтың

профилактикасы мен сыбайлас жемқорлық іс-əрекеттер жəне парақорлық

үшін жазалау маңызды жəне басымдық міндет екені айқын. Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы бастамаларды дайындау мен жүзеге асыруды, мүмкін

халықаралық қоғамдыстықтың жəрдемімен, соттардағы сыбайлас

жемқорлануды көтермелейтін дəстүрлі практиканың негізгі себептерін

түбірімен жоюға жəне тиісті жаза қолдануға шоғырландырған жөн.

Page 160: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

160

2009 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы соттарының 5

съезінде «Судья этикасы» кодексінің жаңа редакциясы қабылданды, ол

Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының

сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының

Конституциялық заңына, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылғы 29

қарашадағы №40/32 жəне 1985 жылғы 13 желтоқсандағы №40/146

қарарларымен мақұлданған Сот органдары тəуелсіздігінің негізгі

принциптеріне, сондай-ақ Судьялар мінез-құлқының Бангалор принциптеріне

сəйкес іс басындағы судьялар мен орнынан түскен судьяларға арналған

этикалық мінез-құлық стандарттарын белгілейді.

Сондай-ақ, əрбір облыстық сотта Республика судьялары одағының

судья этикасы жөніндегі комиссиялары жұмыс істейді, олар əділ сот төрелігін

жүргізу жөніндегі кəсіптік қызметті жүзеге асырумен байланысты

мəселелерді реттеудегі жəне соттан тыс қызметтегі пəрменді тетік болып

табылады, судьялардың Судья этикасы кодексін неғұрлым тиімді сақтауына,

судьялардың тəртіптік жауапкершілігіне негіз болатын айқын критерийлерді,

этикалық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын анықтау

кезіндегі олардың мінез-құлқын бағалау критерийлерін анықтауға, жағдай

жасайды.

Жоғарғы Сот ұйымдастыру жəне профилактикалық сипаттағы шаралар

қабылдау жолымен судьялар ортасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын

алу жəне қарсы іс-қимыл жөнінде жүйелі жұмыс жүргізуде.

Судьялардың əділ сот төрелігін атқару кезінде жəне соттан тыс

қызметінде «Судья этикасы» кодексінің талаптарын бұлжытпай сақтауы

Жоғарғы Соттың жалпыаралық отырыстарында жүйелі түрде талқыланады.

Судьялар жол беретін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен

«Судья этикасы» кодексінің нормаларын бұзушылық туралы мəліметтер

түскен кезде оларға қатысты жан-жақты мониторинг жүргізіле отырып тиісті

ден қою шаралары қабылданады.

Тəртіптік-біліктілік алқалары қызметі жандандырылды. Олардың

судьялар ортасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы

жөніндегі жұмыстарын күшейту мақсатында, тұрақты негізде облыстық

тəртіптік-біліктілік алқалары төрағаларының бұзушылыққа жол берген

судьяларға қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараты

тыңдалады.

Құқық қорғау органдарының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету

мəселелерінде сот билігі мен азаматтық қоғамның арасындағы

байланыстырушы буын қызметін атқаратын бұқаралық ақпарат құралдарының

рөлі маңызды. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес жəне судьялардың

«Судья этикасы» кодексінің нормаларын сақтауы жөніндегі жұмыстың

тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды Жоғарғы Сот бұқаралық

ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтастықта жүргізеді.

Page 161: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

161

Ұсынымдардың 87 тармағы бойынша (Соттарға қол жеткізу)

Республика соттары азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру

жөнінде тұрақты жұмыс жүргізеді. Жүйелі түрде əртүрлі қоғамдық

бірлестіктермен, соның ішінде халықаралық ұйымдармен құқықтың

үстемдігін қамтамасыз ету, сотта іс қарау мониторингі, жалпы сот жүйесін

жетілдіру мəселелері бойынша ынтымақтаста жұмыс істейді.

«Қазақстанда ақпарат пен əділ сот төрелігінің ашықтығы жəне қол

жеткізу» жобасы шеңберінде 2010 жылғы ақпан-наурызда Астана мен

Алматыдағы 5 сотта азаматтарға арналған ақпараттық киоскілер орнатылды.

Соттарда ақпараттық киоскілер, процеске қатысушыларға сотқа келмей-

ақ Интернет бойынша соттағы өз құжаттарының ілгерілуімен танысуына

мүмкіндік беретін іс жүргізу өндірісін электрондық бақылауды орнату

жұмысы жалғасуда.

Кəмелетке толмағандар істері жөніндегі əділ сот төрелігі

2008 жылғы тамызда 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстанда

ювеналдық юстиция жүйесін дамыту тұжырымдамасы мақұлданды, ал 2010-

2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасымен ювеналдық

соттар елдегі құрылып жатқан ювеналдық юстицияның орталық буынына

айналуға тиіс деп бекітілді, өйткені нақ ювеналдық судьяның сот шешімі бала

тағдырына қатысты заңды қоғамдық қызметке негіз болып табылады.

Бұған қоса, Құқықтық саясат тұжырымдамасында мамандандырылған

(ювеналдық) соттар қызметінің оң тəжірибелерін тарату мақсатында оларды

республиканың барлық аумақтарында құру мəселесі пысықталатыны

бекітілген.

Сонымен қатар, елдегі сот жүйесін дамытудағы оң үрдістер əлі толық

жетілген деуге болмайды.

Қылмыстық істерді қарау кезінде айыптауға бейімдіктің үстем болуы

жалғасуда. Ақтау үкімдерінің аса сирек шығарылуы жəне судьялар

ортасындағы мұндай жағдайларға абайлап қараудың сақталуы бұған жанама

дəлел бола алады.

Сот жүйесінде жемқорлық, заң мен «Судьялық этика» кодексінің

талаптарын бұзу жағдайлары бар.

Сот тыңдауының əділдігін бағалау кезінде пайдаланылатын аса

маңызды критерий қорғау мен айыптаудың өкілеттіктерінің теңдік принципін

сақтау болып табылады. Сотта істі қараудың бүкіл барысында өкілеттіктердің

теңдігі сот процесі ағымында тараптарға қатысты процедуралық іс-

қимылдарды тең дəрежеде қолдануды ұйғарады. Бұл принциптің барлық

бұзылуының ақтық тізбесін беру мүмкін емес. Мұндай бұзушылықтарға

айыпталушыға жəне/немесе оның адвокатына қорғауға дайындыққа қажетті

жеткілікті уақыт бермеу де, айыпталушыны жəне/немесе оның адвокатын

тиісті істі айыптаушының қатысуымен апелляциялық сотта тыңдауға жіберуге

кедергі жасауға тырысу да жатады.

Page 162: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

162

Қазақстан Республикасындағы заңнама мен құқық қолдану практикасы

қорғау мен айыптау тараптары өкілеттіктерінің теңдігіне əлі қол

жетпегендігін көрсетіп отыр.

АСҚХП 14-бабының 1 тармағы да əділ сот ісін жүргізу

тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды элементі ретінде соттың жария

тыңдауын талап ету құқығына кепілдік береді. Сот процесінің жариялылық

принципі сот тыңдауының да (бірақ ешқандай да басқа сот-тергеу іс-

қимылдарының ашықтығын көздемейді), осы сот ісі бойынша шешімнің де

ашықтығын ұйғарады. Бұл құқық осы сот талқылауына қатысушы екі жаққа

да, демократиялық қоғамдағы кең жұртшылыққа да тиесілі. Сотта жария

тыңдауды талап ету құқығы сот процесі жүзбе-жүз жəне жария түрде

ешқандай да алдын ала тараптар жасайтын мəлімдемесіз жүргізілетінін

білдіреді. Сот ақылға қонымды мерзімде мүдделі тараптарды сот тыңдауының

уақыты мен орны туралы хабардар етуге, сондай-ақ сот процесіне қатысқысы

келетін кең жұртшылыққа қажетті қолайлылықтарды ұсынуға міндетті. Бұл

ретте бұқаралық ақпарат құралдары мен кең жұртшылық өкілдері АСҚХП 14-

бабының 1 тармағындағы нормалардың талаптарына сəйкес сот мəжілісі

залынан шығарылып жіберілуі мүмкін, алайда мұндай іс-қимылдар

қолданыстағы процедуралық нормаларға сəйкес шығарылған сот шешіміне

негізделуге тиіс.

Жұртшылық өкілдері «адамгершілік, қоғамдық тəртіп, демократиялық

мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан немесе тартысқан

жақтардың мүдделерін қорғауды ескере отырып» сот мəжілісі залына

жіберілмеуі мүмкін. Жұртшылық өкілдері сол сияқты «соттың пікірінше

шеңберінде соттың істі қарауы əділеттілік принциптеріне нұқсан келтіруі

мүмкін айрықша жағдайлар бар кезде» сот мəжілісі залына жіберілмеуі

мүмкін. Жыныстық құқық бұзушылықпен байланысты қылмыстық істі қарау

кезінде адамгершілік сипаттағы ниет əдетте кең жұртшылық өкілдерін сот

мəжілісі залына жібермеуге жеткілікті негіз болып табылады. Бұл тұрғыда

«қоғамдық тəртіп» термині сот мəжілісі залында тиісті тəртіпті ұстау ретінде

түсіндіріледі, ұлттық қауіпсіздік ниеттері əңгіме əскери немесе мемлекеттік

құпияларды жария етпеу туралы болған кезде алға шығады. Алайда қай

жағдайда болса да жұртшылық өкілдерін сот мəжілісі залына жіберу

жөніндегі шектеу сот шешімдерін шығарар кезде жөнсіздікке жол бермеу

жөніндегі күш салу негізіндегі демократиялық қоғамның құқықтық

принциптеріне сай болуға тиіс. Процесс тараптарының жеке өмірге (отбасы

мүшелері мен туыстарының мүдделерін қамтитын) араласпауы да сот мəжілісі

залына жіберуді шектеу үшін жеткілікті негіз бола алады. Сот отырысының

ашықтығы тараптардың біріне зиян келтіруге жағдай жасайтын қамқоршы

болу туралы істі қарау мұндай ахуалдың мысалы бола алады. Сот мəжілісі

залына кең жұртшылық өкілдерін жіберу əділеттілік мүддесі үшін шектелуі

мүмкін, бұл айрықша жағдайларда жасалады жəне соттың тиісті шешімімен

мұқият уəжделеді.

Page 163: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

163

Жасырын отырыста сот тыңдауын талап ететін жағдайлар тізбесі

айтарлықтай кең, олар əдетте сот шешімін жариялау кезеңіне жүрмейді.

АСҚХП 14 бабының 1 тармағының ережелеріне сəйкес əңгіме жас құқық

бұзушылардың мүдделерін сақтау жəне балаларға қамқоршы болу туралы

мəселелерді шешу туралы болатын жағдайлардан басқа жағдайларда сот

шешімдері «жария хабарланады». Осылайша, жария сот тыңдауы ережесіне

кірмейтіндер айтарлықтай дəрежедегі егжей-тегжейлілікпен анықталуы

мүмкін. Сот шешімі егер де ол сот мəжілісі залында ауызша жарияланса

немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланса, не болмаса екі тəсіл де

бірдей пайдаланылып жариялылыққа берілсе ол жария болып есептелінеді.

Қалай болған жағдайда да ашықтықты анықтайтын фактор сот шешімінің

барлық мүдделі тараптар үшін қол жетімдігі болып табылады.

Принципінде қазақстандық заңнама жариялылық принциптерін сақтауға

қатысты жоғарыда аталған халықаралық стандарттарға сəйкес келеді.

Алайда, судьялардың əділ сот ісін жүргізудің осы принциптерін еркін-

бұра түсінуін болдырмау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының,

жұртшылықтың жəне т.б. өкілдерінің қатысуымен сот процестерінің

ашықтығын заңнамада бекіту дұрыс болар еді.

Кез келген қылмыстық іс бойынша əділ тыңдауды талап ету құқығын

қамтамасыз ету тетігін əдетте заңнамада белгіленген ережелерге (АСҚХП 14

бабының 1 тармағы) сəйкес жұмыс істейтін білікті, тəуелсіз жəне əділ соттар

жүзеге асырады. Бұл ереженің мағынасы биліктің саяси немесе əкімшілік

органдары қылмыстық істі қараған кездегі жөнсіздікті немесе субъективизмді

болдырмауда. Сот білікті жəне заң шеңберінде іс-қимыл жасауға тиіс. Бұл екі

талап та ажырамас бірлікте. Соттың біліктілігі мəселелері əдетте сот

юрисдикциясы проблемаларымен байланысты болса да, кез келген сот

белгіленген нормативтік-құқықтық ережелер шеңберінде жұмыс істеуге тиіс.

Бұл ереженің негізгі мақсаты қандай да бір нақты сот ісіне немесе құқық

бұзушылыққа қарамай қылмыстық істерді заңнамалық түрде құрылған сот

инстанциялары қарайтын құқықтық орта құруда.

Тəуелсіздік өкілеттіліктерді бөлісуді жəне сот органдарын олардың ісіне

атқарушы билік тарапынан жəне аз дəрежеде мемлекеттің заңнамалық билік

органдары тарапынан заңсыз араласудан қорғауды білдіреді.

Соттың əділдігі туралы айтқан кезде, біржақты пікірдің болуы (немесе

болмауы) қандай да бір сот инстанциясының əділдігінің негізгі критерийі

ретінде қарастырылатынын атап өтуге болады. Судьяның біржақты еместігіне

егер де ол бұл сот ісін қарауға қандай да бір басқа сапада қатысса немесе

оның қандай да бір саяси партияға қатысы болса, не болмаса оның жеке басы

осы сот ісіне мүдделі болса бірден күмəн тудыруға болады.

Барлық осы принциптер Қазақстан Республикасының заңнамасында

ресми түрде жүзеге асырылған.

АСҚХП 14 бабының 2 тармағына сəйкес «қылмыстық іс бойынша

айыпталған əрбір адам кінəсі сотта дəлелденгенге дейін кінəсіздік

презумпциясына құқылы». Əділ сот тыңдауын талап құқығының негізгі

Page 164: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

164

компоненті болып табылатын кінəсіздік презумпциясы, басқалардың

арасында, қылмыстық іс бойынша сот процесі барысындағы дəлелдеу

ауыртпалығы ең алдымен айыптаушы жаққа тиетінін, сондай-ақ айыпталушы

кінəсіздік презумпциясын пайдалануға тиіс екендігін білдіреді. Бұған қоса,

кінəсіздік презумпциясы сот тыңдауы барысында сотталушыға ғана қатысты

емес, сол сияқты сотқа дейінгі кезең барысында күдіктіге немесе

айыпталушыға да қатысты сақталуға тиіс. Құқық қорғау органдарының

лауазымды тұлғалары мен билік өкілдері «қаралып жатқан сот ісі бойынша

қандай да бір алдын-ала шешімдер шығарудан тежелу» жолымен кінəсіздік

презумпциясын сақтау үшін қажеттіліктің барлығын жасауға міндетті.

ҚР Конституциясында жəне қылмыстық іс жүргізу заңнамасында

кінəсіздік презумпциясы принципі бекітілгеніне қарамастан практикада ол

көбінесе сақталмайды. Қылмыстық процесті жүргізетін судья сотта істі

қарағанға дейін айыптау жағы дайындаған қылмыстық істің материалдарымен

танысатынын атап өткен жеткілікті. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы алдын

ала тергеу жүргізетін органды күдікті, айыпталушы адамды айыптайтын да,

ақтайтын да дəлелдерді іздеуге міндеттейтініне қарамастан бұл іс жүзінде

сақталмайды. Практикада жауап алу жəне тергеу органдары кінəсіздігінің

немесе айыпталушының пайдасына өзге де дəлелдерді қорғау жағы жинайды

деп ойлап, адамның кінəсінің дəлелдерін іздейді. Сондықтан көп жағдайларда

істің материалдары – бұл айыптау жағының версиясы мен айыптау

қорытындысын дəлелдейтін ұқыпты (əрине ұқыптылықтың қандай да бір

дəрежесінде) жиналған дəлелдер. Бұл материалдар судьяның үстеліне түседі,

ол бұлармен танысу процесінде сөзсіз айыптау версиясының «тұтқынында»

болады. Нəтижесінде қорғау жағы əдетте өз версиясын ұсына жəне дəлелдей

алмайды, тек айыптау жағы ұсынған жеке дəлелдерге күмəн туғызумен ғана

айналысады. Кінəсіздік презумпциясының принципін практикада қамтамасыз

ету үшін бұл тəртіп түбегейлі қайта қарауды қажет етеді.

Алқабилер сотын енгізу қандай да бір оң рөл атқаруы мүмкін, алайда

бұл мəселені шешуде оған жоқ дегенде алқабилер сотының қатысуымен

қаралуы мүмкін қылмыстық істер санатының шектеулігініне орай толықтай

үміт артуға болмайды.

АСҚХП 14 бабының 3 (b) тармағының ережелерінде қылмыстық құқық

бұзды деген айып тағылған жағдайда əрбір адамның «қорғау шараларына

дайындық жүргізуге жəне өзі таңдап алған қорғаушымен жүздесіп-тілдесуге

мүмкіндік беріліп, жеткілікті уақытпен қамсыздандырылуына» құқығы бар

делінген. Қажетті уақыт жəне қорғануға дайындалу үшін жағдай талап ету

құқығы айыпталушыға да, оның адвокатына да қатысты. Бұл құқықтық норма

сотта істі қараудың барлық кезеңдерінде сақталуға тиіс. «Жеткілікті уақыт»

ұғымы сотта істі қараудың сипатына жəне нақты істің жағдайына байланысты.

Бұл жағдайда сот ісінің күрделілігі, айыпталушының куəгерлердің

жауаптарына қол жеткізуі, ішкі заңнамаға сəйкес соттың қандай да бір іс-

қимылдарының орындалу мерзімдері жəне т.б. сияқты факторлар назарға

алынады. «Жағдайлар» термині өзгелердің арасында айыпталушының жəне

Page 165: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

165

оның адвокатының қорғауға дайындалуға қажетті тиісті ақпаратқа, файлдар

мен құжаттарға қол жеткізуін, сондай-ақ айыпталушыны өз адвокатымен

құпиялылық жағдайында қарым-қатынас жасауына арналған тиісті

техникалық құралдармен қамтамасыз етуді білдіреді. Айыпталушының өз

таңдауы бойынша адвокатпен қарым-қатынас жасау құқығы қорғауға

дайындалуға арналған қажетті жағдайларды алу құқығының маңызды

элементі болып табылады.

Жалпы қазақстандық қылмыстық іс жүргізу заңнамасында мұндай

кепілдіктер бар. Алайда адвокаттың қорғауындағы қамаудағы адаммен өз

қалауы бойынша кездесу мүмкіндігі бөлігінде тергеушіге тəуелділігін жою

қажет.

Қылмыстық істерді қарау кезінде сотқа дейінгі кезеңде адвокат алу

құқығы АСҚХП 14 бабының 3 (d) тармағымен көзделген сотта істі қарау

барысында қорғану құқығымен тікелей байланысты. Бұл ережеде əрбір адам

«оның ісін қараған кезде жеке өзі немесе өзінің таңдауы бойынша

адвокаттың қызметін пайдаланып қорғана отырып сотқа жеке басының

қатысуына; егер де ол адвокаттар қызметін пайдаланбайтын жағдайда

ондай құқығының бар екендігі туралы хабардар болуға; əңгіме əділеттілік

мүддесін қамтамасыз ету туралы болғанда тағайындалған адвокаттың

қызметін пайдалануға» құқылы делінген. Соңғы жағдайда жеткілікті қаржы

қаражаты жоқ айыпталушы адвокат қызметіне ақы төлеуден босатылады. Бұл

заңнамалық норма мынандай нақты құқықтарды ұйғарады:

өз ісі бойынша соттың тыңдауына жеке қатысу құқы. Түсіндіру

тұрғысынан бұл норма неғұрлым даулы болып табылады. Бұл норманы

əріппе-əріп оқу сырттай сот тыңдауын жоққа шығарады. Бұл ұстанымды адам

құқықтары жөніндегі халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың көпшілігі,

сондай-ақ Халықаралық қылмыстық сот бөліседі. Алайда, Адам құқықтары

жөніндегі комиссия сарапшыларының пікіріне сəйкес соттың сырттай

тыңдауына мемлекеттің «айыпталушыны алдағы болатын сот туралы

хабардар ету мақсатында, сол арқылы оған өзін қорғауға алдын ала

дайындалуға мүмкіндік бере отырып жеткілікті күш салғанында» ғана жол

беруге болады;

жеке қорғану құқығы;

өз қалауы бойынша адвокат таңдау құқығы;

адвокаттық қызметті пайдалану құқығы туралы хабардар болу құқығы;

тегін құқықтық көмек алу құқығы.

АСҚХП негіз қалаушы ережелерін басым түсіндіруге сəйкес адвокат

қызметін алу құқығы қылмыстық істер бойынша сотта істі қараудың алдын

ала тергеу мен сотқа дейінгі ұстауды қоса алғандағы барлық кезеңдерінде

жүреді. Егер де айыпталушының адвокат қызметін өз таңдауы бойынша

пайдалану мүмкіндігі болса адвокатты соттың тағайындауы əділеттілік

принципіне қайшы келеді. Сот тағайындайтын адвокат айыпталушының

мүдделерін осы мақсатқа өзінің тəжірибесі мен кəсіптік дағдыларын

пайдалана отырып, тиімді қорғауға қабілетті болуға тиіс.

Page 166: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

166

Принципінде айыпталушының бұл құқықтарына қазақстандық

заңнамада кепілдік берілген. Дегенмен де, практикада адвокат алу құқығын

айыпталушының таңдауы бойынша қамтамасыз ету қажет. Сол сияқты білікті

заңгерлік көмек көрсету жүйесін мемлекеттік бюджет есебінен едəуір

жетілдіру қажет.

«Қылмысы үшін сотталған əрбір адам шығарылған сот үкіміне

қолданыстағы заңнама нормаларына сəйкес жоғары сот инстанциясына

шағымдануға құқылы» [АСҚХП 14(5) бабы]. Бұл құқық жоқ дегенде екінші

деңгейде жоғары тұрған сот инстанциясы болатын екі деңгейлі сот ісін

қарауды қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Кез келген сот ісін қайта қарау

өзінің сипаты бойынша мазмұнды болып табылады, бұл өзге мəселелердің

ішінде жоғары тұрған соттың тиісті шағымда көтерілген мəселелерді

қараумен ғана емес, мəселелердің кең ауқымымен айналысатынын білдіреді.

Апелляциялық процессуалдық іс-қимылдар дер кезінде болуға тиіс.

Апелляция құқығын жүзеге асырудың тікелей салдары соттың бірінші

инстанция соты шығарған кез келген үкімнің орындалуын осы істі

апелляциялық соттың қайта қарауы аяқталғанға дейін тоқтата тұруға міндетті

екендігі болып табылады. Бұл принцип егер де сотталған адам бірінші

инстанция соты шығарған үкімді өз еркімен қабылдаған жағдайда

қолданылуын тоқтатады. Қылмыс жасады деп сотталған барлық адамдар сол

қылмыстың ауырлығына жəне бірінші инстанция соты шығарған үкімге

қарамастан апелляция құқығына ие. Əділ сот ісін қарау кепілдіктері

апелляциялық процессуалдық іс-қимылдардың барлық кезеңдерінде сақталуға

тиіс.

Шағымдану құқығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы

заңнамасында бекітілген.

Дейтұрғанмен де, заңды күшіне енген сот үкімінің мəнісімен

байланысты сотталғандардың құқықтарын неғұрлым толық қамтамасыз етуге

бағытталған заңнаманы жетілдіру қажет. Бұл кезеңде адамның сотта тыңдалу,

білікті заңгерлік көмек алу құқығы көбінесе бұзылады.

«Егер қайсыбір адам қылмыстық іс жасағаны үшін ақтық шешім

бойынша сотталып, одан кейін соттың қателігін даусыз дəлелдейтін қайсыбір

жаңа немесе бұрын мəлім болмаған мəн-жайдың негізінде шығарылған үкім

бұзылса немесе оған кешірім жасалса жəне де жаңадан табылған жағдай

кезінде мəлім болмағандығынан сотталушының өзі ішінара немесе толық

кінəлі еместігі дəлелденсе, онда осындай сотталудың нəтижесінде жазаланған

адамға заң бойынша өтемақы төленеді» [АСҚХП 14(6) бабы]. Бұл ретте сот

қателігін өтеу тиісті сот инстанциясы осы іс бойынша ақтық шешім шығарған

жағдайда ғана мүмкін болатынын атап өту керек. Сот шешіміне жасалған

қылмыстың ауырлығына қарамастан шағымдануға болады. Бұл құқықты

жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін келесі үш шарт сақталуы қажет:

1) жіберілген сот қателігі ресми мойындалуға жəне сот үкімінің жойылуымен

немесе соттың ақтау туралы шешімімен расталуға тиіс; 2) тиісті мəн-

жайлардың кешіктіріліп ашылуы сотталған адамның іс-қимылдарымен

Page 167: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

167

байланысты болмауға тиіс; 3) сотталған адамға қатысты ақтық үкім

жіберілген сот қателігі нəтижесінде шығарылуға тиіс. «Заңға сəйкес» сөйлемі

мемлекеттер қолданыстағы заңнамада көзделген тəртіпке сəйкес келтірілген

зиянды өтеуге міндетті дегенді білдіреді.

Жасалған сот қателігі үшін зиянды өтеуді талап ету құқығы Қазақстан

Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітілген.

Жоғарыда айтылғандардан келіп шығатынындай, əділ сот ісін жүргізу

құқығын қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан Республикасының

заңнамасында халықаралық стандарттарға сəйкес келетін негізгі кепілдіктер

бар. Іс жүзінде адамның қылмыстық процесс барысындағы құқықтары мен

бостандықтарының барша тізбесі қандай да бір түрде ҚР қылмыстық іс

жүргізу жəне қылмыстық атқару заңнамаларында бекітілген.

Дейтұрғанмен де, қолданыстағы заңнаманың нормаларын

салыстырмалы талдау жəне құқық қолдану практикасы адамның жеке

бостандығы мен қауіпсіздігінің, сондай-ақ сотқа дейінгі, соттағы жəне соттан

кейінгі құқықтарының қолданыстағы кепілдіктерін күшейту қажеттігі туралы

куəландырады.

Сонымен қатар, əділ сот ісі саласындағы адам құқықтарын қамтамасыз

етудің қажетті шарты биліктің шынайы тəуелсіз сот тармағының, өзінің

абыройы мен əлеуметтік мəртебесін қастерлейтін соттардың білікті жəне

жоғары кəсіби қауымдастығының болуы боп табылады.

Азаматтардың əділ сот ісіне құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Əділет

министрлігі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, басқа да уəкілетті

мемлекеттік органдар іс жүзінде мына ҰСЫНЫМДАРДЫ іске асырсын:

1. Сот процедураларының, сондай-ақ сот билігі органдары қызметінің ашықтығы мен мөлдірлігіне бағытталған шаралар қабылдау.

Бұл мақсаттарға ең алдымен сот отырыстарында болып жатқандарды міндетті түрде аудио немесе бейнежазбаға түсіру сияқты сот процестерін жазып алудың объективті əдістерін енгізу жолымен қол жеткізуге болады. Қазіргі кезде сот отырысының барысын азды-көпті ең дұрыс жазып алатын жалғыз құжат сот отырысының хаттамасы болып табылады.

Əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамамен сот отырысының хаттамасын міндетті түрде жүргізу мүлде көзделмеген, ал тараптың іс бойынша процесте аудио-бейне жазбаны қолдану құқығы іс бойынша төрағалық етушінің келісімімен ғана жүзеге асуы мүмкін. Сондықтан сот отырысы барысын бұзу мүмкіндігін болдырмау үшін іс жүргізу заңдарына

осындай өзгерістер енгізген жөн. Ұсынылып отырған жаңалық сот процесін мөлдір етеді жəне сот ісін

жүргізудің жариялылығы мен ашықтығы принципін нақты іске асыруға алып барады, іс бойынша шешімнің тек зерттелген жəне хаттама мен аудио- бейнежазбада тіркелген дəлелдердің негізінде ғана қабылдануына жағдай жасайды, бұл істі объективті қарауды қамтамасыз етеді жəне сот шешімдерінің сапасын жоғарылатады.

Page 168: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

168

Электрондық байланыс құралдарын неғұрлым кеңінен пайдалану туралы

мəселені қараған жөн. Мысалға, бастапқы кезеңде процестерді қашықтан қатысу режимінде жүргізу үшін, ішінара алғанда қабылданып қойған сот актілерін қайта қарау кезінде соттарда бейнеконференция байланысын енгізуге болады.

2. Əділ сот төрелігінің жариялылығы мен мөлдірлігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді соттың басқа мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен жəне жұртшылықпен өзара қарым-қатынас тəртібін реттеуден де көреміз.

Соттағы істің қозғалысы туралы ақпаратты мөлдір ету, сот актілерінің қол жетімдігіне кепілдік берілу қажет. Азаматтар мен ұйымдар соттардың қызметі, судьяларға кандидаттарды іріктеу жəне т.б. туралы мəліметтерді

еркін алуға тиіс. Бұл айтылғандар Қазақстан Республикасындағы əділ сот төрелігінің жариялылық пен мөлдірлік принциптерін толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

3. Əділ сот төрелігін жүргізу сапасы, бірінші кезекте, қандай да бір судьяның кəсіпқойлығы мен сауаттылығына байланысты, судьялар корпусының сапасында проблемалардың бар екені анық. Бұған судьяға кандидаттарды іріктеу рəсімінің сапасыз жəне объективті емес түрде жүргізілуі кем жағдай жасамайды. Сондықтан судьяларды тағайындаудың əлдеқайда мөлдір тəртібі қажет. Бұл проблеманы шешу мақсатында Жоғарғы Сот Төрағасының судьялардың, барлық деңгейлердегі соттар мен сот инстанцияларының басшыларының бос орындарына тағайындауға ұсынатын адамдарының тізімі алдын ала БАҚ-та не Интернетте жұртшылықтың

назарына жеткізу үшін жариялануы қажет.

Судьялар лауазымына кандидатураларды талқылау кезінде соттар қызметіне қатысы бар кəсіптік ассоциацияларды қоса алғандағы азаматтық қоғам институттарымен консультациялар жүргізу қажет.

4. Соттар мен судьялардың мамандандырылуын тереңдету жөніндегі шаралар қабылдау: Қазақстан өңірлерінде ювенальдық соттарды дамыту; салық, еңбек жəне басқа соттарды құрудың негізділігін зерделеу.

5. Азаматтық істерді қарау мерзімдерін, сот ісін жүргізу мен атқару ісін жүргізу кезінде келтірілген нұқсанды өтеу тетіктерін белгілеуге қатысты қағидаларды жетілдіру талап етіледі. Ішінара алғанда, істерді заңда белгіленген мерзімінен артық қараумен байланысты барлық мəселелерді азаматтарға соттардың істі қарау мерзімдерін бұзуымен байланысты пайда болған нұқсанды өтеуді талап ету құқықтарын бере отырып реттеу қажет.

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (ҚР АІК)

нормалары ҚР Азаматтық кодексінің 923-бабына сəйкес сот қызметкерлері келтірген зиянды өтеудің іс жүргізу регламентациясын мүлде қарастырмайды. АІК-нің сотқа талап қою туралы əңгіме етілетін жалғыз бабы мүдделі адамға қалағанына қол жеткізуге мүмкіндік бермейді, дəл осы кезде мұндай шағымдар кең таралған жəне атаулы жеріне жетпейтінін практика көрсетіп отыр.

Page 169: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

169

Осыған байланысты конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды

ұлғайту жəне оған азаматтарды оларға бұзылған конституциялық құқықтарын қорғау үшін Конституциялық Кеңеске жүгіну мүмкіндігін бере отырып қосу туралы мəселені қараған дұрыс болар еді.

6. Қазақстан Республикасының Əкімшілік іс жүргізу кодексінің қабылдануы жылдамдатылсын.

7. Соттық тергеу институтын енгізудің дұрыстығы зерделенсін. 8. Айыптау тарапынан іс жүргізу теңдігіне қол жеткізу бағытында

адвокаттардың мəртебесі мен іс жүргізу мүмкіндіктерін заңнамалық жолмен

көтеру қажет.

9. Судьялардың тəуелсіздігін нығайту мақсатында соттар алқасы

төрағаларының тиісті соттар судьяларымен сайланбалылығын заңнамалық

түрде белгілеу.

10. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамы оған

азаматтық қоғам институты өкілдерін кіргізе отырып кеңейтілсін.

11. Қадағалау шағымдарын алдын ала қараудың қолданыстағы тəртібін

қайта қаралсын, ол процеске қатысушылардың құқықтарын елеулі шектейді,

оларды прокурормен тең емес дəрежеге қояды, ал прокурордың қадағалау

наразылығы алдын ала қарау процедурасын қажет етпейді.

Адвокаттардың, сотталғандардың, жəбірленушілердің жəне процестің

басқа да қатысушыларының қадағалау инстанциясына берген қадағалау

шағымдарын прокурорлардың наразылықтары сияқты тікелей қадағалау

алқасында іс жүргізу шешімдерін қабылдай отырып қарау қажет.

12. Қадағалау шағымын 3 судья құрамында алдын ала қарау

азаматтардың олардың шағымдарын объективті қарауға құқықтарына

жасалатын қысым ретінде жойылсын. Қазіргі уақытта қадағалау

инстанциялары 2 сатыдан тұрады: 3 судья құрамымен істі алдын ала қарау,

олардың қаулысына шағым жасалмайды; 5 судья құрамын түпкілікті қарау,

олар істі егер де алдын ала қарауда іс қозғалған болса қарайды. Мұндай тетік

азаматтар мен заңды тұлғалардың негізделген қанағаттанбаушылығын

тудырады.

13. Адвокаттың мемлекеттік, коммерциялық жəне басқа да заңмен

қорғалатын құпияны құрайтын құжаттарды талап ету құқықтары туралы

мəселе заңнамалық түрде реттелсін.

14. Сауалдама жүргізу тəртібі туралы, сауалдама нəтижесі бойынша

алынған мəліметтерді жазу туралы, мұндай дəлелдерді бағалау мен

пайдалануға жол беру туралы мəселелерді заңнамалық түрде бекіту,

адвокаттардың дəлелдемелер, құжаттар жəне басқа да мəліметтер жинау

жөніндегі құқықтарын ұлғайтудың құқықтық негізін құру, яғни

адвокаттардың сот процесінде дəлелдемелерді ұсынуы туралы мəселені

заңнамалық тəртіппен олардың рұқсат етілген болуын мойындау көзқарасы

тұрғысынан шешу қажет.

Page 170: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

170

15. Қылмыстық жазалаудың түрі ретіндегі өлім жазасы жойылып,

Азаматтық жəне саяси құқықтары туралы халықаралық пактінің екінші

Факультативтік хаттамасы ратификациялансын.

16. Сот органдарына қылмыстық, азаматтық, əкімшілік жəне өзге

істер бойынша əділ сот төрелігін атқару кезінде адам құқықтары

саласындағы ратификацияланған халықаралық келісім-шарттардың

нормаларын кеңінен қолдану ұсынылсын.

17. Жұмыс істеп жүрген судьялардың 5 жылда бір рет міндетті

біліктілігін көтеру курсын практикаға енгізу.

18. «Тегін білікті заңгерлік көмек көрсету туралы» ҚР Заңының

жобасын əзірлеп қабылдау.

Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары

Атқарушылық іс жүргізу сот ісін жүргізудің азаматтардың құқықтары іс

жүзінде жүзеге асатын жəне бұзылған құқықтары қалпына келетін кезеңі

болып табылады.

2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Адам

құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының ұсынымдарына жəне

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі №1066

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы №1039

Жарлығын іске асырудың кейбір мəселелері туралы» Жарлығына сəйкес

Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің Сот актілерін орындау

жөніндегі комитет құрылды.

Азаматтардың атқарушылық іс жүргізу саласындағы құқықтарын жүзеге

асыру барша сот жүйесінің ажырамас бір бөлігі болып табылады.

2010 жылы есептік мерзімде орындауда 1 102 845 атқару өндірісі

болған, оның ішінде 695 024 атқару өндірісі аяқталған. Есептік мерзімде

барлығы 80 247 құжат азаматтардың пайдасына аяқталған, 37,8 млрд. теңге

өндірілген. Оның ішінде 1,3 млрд. теңге сомасында жалақыны өндіріп алу

туралы 5 029 атқару құжаты аяқталған, 156,8 млн. теңге сомасындағы

зейнетақы мен жəрдемақыларды өндіріп алу туралы 187 құжат аяқталған.

2010 жылы аяқталмаған құжаттардың 2011 жылға қалдығы 405 572

құжатты құрайды жəне өндірілмеген сомалардың қалдығы 550 млрд. теңгені

құрайды.

Атқару өндірісінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүзеге

асыру нəтижелері атқару құжаттарының орындалмауының басты себептерінің

бірі сот атқарушыларының əрекетсіздігі болып табылатынын көрсетеді.

Субъективті себептермен қатар атқару өндірісінің жай-күйіне теріс ықпал

ететін объективті жағдайлар да бар.

Бұл, бірінші кезекте, жалақының төмен деңгейі жəне сонымен

байланысты кадрлардың көп тұрақтамауы.

Атқару құжаттарының саны жəне олардың сомасы жылдан-жылға өсіп

келе жатқанын, қазіргі штат саны мен кадрлар тұрақтамауынан атқару

Page 171: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

171

құжаттарының орындалуы барған сайын қиындап бара жатқанын талдау

көрсетіп отыр. Мұны соңғы статистикалық мəліметтер куəландырады.

Орташа алғанда бір сот атқарушысына 400-450 атқару өндірісінен

келеді. Мұндай салмақпен сот атқарушылары барлық атқару құжаттары

бойынша уақтылы барлық шараларды қабылдап үлгермейді, соның салдары

ретінде азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол беріледі.

Статистикалық мəлеметтерге сəйкес соңғы бірнеше жылдар бойы

Қазақстанда атқару құжаттарының 75% ғана орындалады, ал ақшамен

өрнектегенде одан да аз – борышкерлерден өндірілуге тиіс соманың үштен бір

бөлігі.

Бұл ретте тікелей сот атқарушылары атқару құжаттарының 25%

орындайды.

Осылайша, сот актілерінің орындалмауы салдарынан азаматтардың,

заңды тұлғалардың едəуір санының конституциялық құқықтары, сондай-ақ

мемлекеттің мүдделері бұзылады, соған байланысты оларды қалпына келтіру

жəне қорғау осы саладағы прокурорлық қадағалаудың басымдық

бағыттарының бірі болып табылады.

Жыл сайын проркурорлық ден қою шараларымен 11 мыңнан астам

атқару құжаттары орындалады, яғни заңдардың бұзылуы сот

процедурасынсыз жəне қомақты күш пен қаражат жұмсалмай жойылған.

Прокурорлық қадағалау актілерінің құқықтық негізділігі, олардың нанымды

дəйектері сөзсіз өз рөлін атқарғаны көрініп тұр.

2010 жылы орындауда кəмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ

еңбекке жарамсыз ата-аналарды асырауға арналған алименттерді өндіру

туралы 5560 атқару құжаты болған. 1734 атқару құжаты бойынша өндіріс

аяқталған, соның ішінде борышкерлерге іздеу жариялаумен байланысты жəне

талап өндірушілердің арыздары бойынша 1550 атқару құжаты кері

қайтарылған. Осы санаттағы атқару құжаттарының негізгі саны

борышкерлердің жұмыс орны бойынша орындалады жəне сот атқарушылары

əдетте соманы ұстап қалудың дұрыстығы мен уақтылылығына жəне ұсталған

сомалардың өндірушіге жіберілуіне жүйелі түрде бақылау жасайды.

Сонымен бірге, атқару құжаттарының көпшілігі тиісті дəрежеде

орындалмайды, ал кейбір атқару өндірістері қозғалыссыз жатады,

борышкерлерге қатысты шаралар қабылданбайды.

Мысалға, Алматы қаласының прокуратура органдары азамат

Шихалеваның Французовтан алимент өндіріп алу туралы сот актісінің ұзақ

уақыт бойы орындалмауы туралы арызы бойынша тексеру жүргізген. Алматы

қаласының Соттар əкімшісі Турксиб аумақтық бөлімшесі бөлімшесінің сот

атқарушысы Рахметуллинге Французовтан атқару өндірісі қозғалған барлық

табысының ¼ бөлігі мөлшерінде Шихалеваның пайдасына алимент өндіріп

алу туралы сот бұйрығы келіп түскені анықталды. Бұрындары сот

атқарушысы Одировтың 08.06.07 ж. қаулысымен сот бұйрығы борышкердің

жұмыс орны бойынша «Спира Берга» ЖШС-не Французовтың жалақысынан

алимет ұстау ісін жүргізу үшін жіберілген. Жүргізілген тексеру кезінде

Page 172: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

172

қолданаста болған 30.06.1998 ж. «Атқарушылық iс жүргiзу жəне сот

орындаушыларының мəртебесi туралы» ҚР Заңы 57-бабының сот

орындаушысының алименттерді дұрыс жəне уақтылы ұстап қалуды бақылау

міндеттері туралы талаптарының сақталмағанын көрсеткен. «Спира Берга»

ЖШС директорының 31.07.08 ж. №105а бұйрығымен Французов бұл ЖШС-

нен жұмыстан босатылған, алайда сот бұйрығын жұмыс беруші 2 жыл бойы

сот атқарушысына қайтармаған. Осы факті бойынша 15.07.20 ж. Алматы

қаласы Соттар əкімшісінің атына жұмыс берушіні əкімшілік жауапкершілікке

тарту туралы мəселе қоя отырып заңдылық бұзушылықты жою туралы

ұйғарым енгізілді. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық

əкімшілік сотының 13.08.10 ж. қаулысымен «Спира Берга» ЖШС бас

бухгалтері ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 525-бабы

1 бөлігінде көзделген əкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінəлі деп

танылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл төлеу түріндегі

əкімшілік жазаға тартылды.

Еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға балаларының алимент

төлеуден қашу фактілері кездеседі.

24.11.2010 ж. Алматы қаласының прокуратурасына Алматы қаласы

Əуезов аудандық сотының 27.12.2006 жылғы шешімінің ұзақ уақыт бойы

орындамалғаны үшін 1929 жылы туған Ш.М. шағымданған. Материалдарды

зерделегенде аталған соттың шешімімен Ш.Т., Ш.Н. жəне Х.Б.-дан Ш.М.-ның

пайдасына орташа айлық есептік көрсеткіштің бес есе мөлшерінде алимент

өндірілгені анықталған. Əуезов аудандық ІІБ Жауап алу бөлімінің жауап

алушысы Айнақұловтың қаулысымен борышкерлердің іс-əрекетінде қылмыс

құрамының жоқтығынан ҚР Қылмыстық кодексінің 136-бабы бойынша

қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі

нормаларын дұрыс пайдаланбаудан сот актілерін орындаудан өрескел қашқан

борышкерлердің жауапкершілігі туралы мəселені қарау Алматы қаласы

прокуратура органдарының араласуынсыз мүмкін болмаған, өйткені жауап

алушы қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы дұрыс емес шешім

қабылдаған. Алматы қаласының прокуратурасы іс жүргізу заңының 185-

бабының талаптарын бұзуға жол берілгендіктен жауап алушының

қаулысының күшін жойды. Қылмыстық қудалау органына əрі қарай

борышкерлерге қатысты іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материалдарды

сотқа жіберу қажеттігі айтылды.

Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру, соның ішінде жеке атқарушы

институтын енгізу жолымен жетілдіру Комитеттің 2011 жылға арналған

маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Атқарушылық іс жүргізу

тарихында, соның ішінде ТМД елдері қатарында мұндай қадамдар алғаш рет

жасалып отыр. Бұл міндеттерді іске асыру атқарушылық іс жүргізуді сапалық

жаңа деңгейге көтеруге жəне азаматтардың құқықтарын неғұрлым толық

қорғауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының жанындағы Адам құқықтары жөніндегі

комиссияның көзқарасы тұрғысынан проблеманы шешуге сот

Page 173: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

173

атқарушыларының еңбегін ынталандыру тетігін енгізу жəрдемдесер еді, мұны

халықаралық сəтті тəжірибе де дəлелдеп отыр.

Францияның, Польшаның, Словакияның, Балтия елдерінің,

Германияның, Əзербайжанның, Арменияның, Белоруссияның, Молдованың

мемлекеттік атқару жүйесінде сот атқарушылары бекітілген жалақысымен

қатар борышкердің қаражаты есебінен əрбір атқарылған іс-қимыл бойынша

өндірілген сомаларға қарай сыйақы алады.

Мұндай ақы төлеу схемасы Германияда сот шешімдерін атқарудың жүз

пайыздық дерлік атқарылуына қол жеткізуге мүмкіндік берген. Жəне де бірде-

бір сот атқарушысы қылмыстық жауапқа тартылмаған.

Осыған ұқсас тетікті Қазақстанда енгізу сот атқарушыларының кадрлық

құрамын сапалық жақсартуға, республика бюджетіне түсімді арттыруға, сот

атқарушылары институтын ұстауға мемлекет шығынан азайтуға жəне атқару

ісін жүргізу органдарындағы жемқорлық проблемасын шешуге мүмкіндік

берер еді.

Бұл тетікті енгізу кезінде атқару сапасы артып, сот атқарушыларының

штаттық бірліктерін бөлу қажеттігі жойылатынын атап өткен жөн.

Өкінішке орай, борышкерлерді сот актілерін орындаудан бас тартқаны

үшін қылмыстық жəне басқа да жауапкершілікке тарту тетігі тиімсіз боп

қалуда.

Атқару ісін жүргізу органдарын одан əрі реформалау қажет. Атқару ісін

жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың

тиімділігі атқару ісін жүргізу органдарының құқықтық мəртебесін, сот

актілерінің орындалуын бақылау тетігін айқын анықтауға байланысты.

Борышкерді өз міндеттерін орындауға жанама мəжбүрлеу шараларын

қолданудың жəне астрэнт (тұрақты өсіп отыратын өсім) институтын енгізудің

шетелдік тəжірибесі назар аударуға тұрарлық, бұл борышкерлердің

тəртіптілігіне əкеп соғады. Борышкерлердің сот орындаушысының талап етуі

бойынша өз активтерін декларациялау міндетін заңнамалық түрде бекіту жəне

сот орындаушысына борышкердің өз мүлкін ажырату жөніндегі оның

мүліктерді өндіріп алудан жасыру мақсатында жасаған мəмілесін жарамсыз

деп тану туралы сотқа жүгіну құқығын беру туралы мəселені де зерделеуге

болады.

ҰСЫНЫМДАР:

1. Талап қоюшыларға, əсіресе жалғыз басты аналарға алиментшілердің,

сондай-ақ жасаған қылмысымен келтірген зиянды өтемеген сотталған

адамның төлем қабілетсіздігі кезеңінде арнайы мемлекеттік жəрдемақы

төлеудің тетігін əзірлеп, енгізу. Бұл ретте борышкерден мемлекеттің жұмсаған

шығынын регрессивті өтеу үшін əрі қарай талап ету құқығын белгілеу;

2. Халықаралық озық тəжірибелерді зерделеу негізінде сот

атқарушыларының еңбегін материалдық ынталандыру тетіктерін əзірлеп,

енгізу.

Page 174: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

174

3. Сот актілерін мемлекеттік органдардың, республикалық жəне

жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелердің орындау

тəртібін өзгерту. Бұл мақсатта бюджеттік заңнамаға мемлекеттік мекемелеріне

өздерінің алдағы қаржы жылына бюджеттерін жоспарлау кезінде сот актілері

бойынша өз міндеттемелерін өтеуге қаражатты көздеуді міндеттейтін норма

енгізу қажет.

4 Мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының сот актілерінің

орындалмағаны үшін жауапкершіліктерін заңнамалық түрде қарастыру.

5 Шет елдердің мəжбүрлеп атқару саласындағы практикасының

тиімділігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының атқару ісін жүргізу

туралы заңнамасында борышкерді өз міндеттерін орындауға мəжбүрлеудің

жанама шараларын қолдануды қарастыру қажет, олар мəжбүрлеп атқарудан

едəуір өзгеше жəне атқару ісін жүргізудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ол үшін

астрэнт (тұрақты өсіп отыратын өсім) институтын енгізу қажет, бұл əділ сот

ісін жүргізудің, атқару ісін жүргізу субъектілерінің құқығын қорғаудың

тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.

6 Заңнамалық түрде сот орындаушыларын əлеуметтік қорғау шараларын

көздеу. Сот орындаушыларының қызметін материалдық-техникалық, соның

ішінде қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етудің қажетті шараларын

қабылдау.

Сотталғандар құқықтары

Республиканың түзеу мекемелері Қазақстан Республикасы Əділет

министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚР ƏдМ ҚАЖК)

қарамағында.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық-атқару

заңнамасы қамаудағы жəне сот үкімімен бас бостандығынан айырылған

адамдардың құқықтарын қорғайтын халықаралық стандарттардың көпшілігіне

сəйкес келеді.

Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылған адамдардың

құқықтық мəртебесі сотталғандардың басқа санаттарымен салыстырғанда

барынша шектелген болып табылады. Бұл ереже Қазақстан Республикасының

Конституциясына, қылмыстық-атқару заңнамасына толықтай сəйкес келеді.

Адам құқықтары тек қана заңдармен жəне конституциялық құрылысты қорғау

мақсатында қаншалықты қажет шамамен шектелуі мүмкін. Мысалға,

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сəйкес сотталған-

дардың сайлау жəне сайлану, республикалық референдумға қатысу құқығы

жоқ. Олар сол сияқты орын ауыстыру, тұратын жер таңдау жəне т.б.

құқықтарында да шектелген. Алайда сотталғандар Қазақстан Респуб-

ликасының азаматы бола отырып, əрбір адамға тиесілі табиғи құқықтарға ие,

олар: өмір сүру, денсаулығын қорғау, білім алу, сана мен діни сенім

бостандығы, адамдық қадір-қасиетін құрметтеу, ана тілін пайдалану жəне т.б.

құқықтарын қамтиды.

Page 175: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

175

Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі сотталғандардың жаза-

ларын, бірінші кезекте түзеу колонияларында бас бостандығынан айыру

түрінде жазасын өтеу кезеңіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін қамта-

масыз етуге бағытталған шаралардың ауқымды кешенін іске асырды. Алынған

нəтижелер бұл бағыттағы кейбір жетістіктерді атап өтуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан əрі - ҚАЖ)

құрамында 94 түзеу мекемесі жұмыс істейді (2009 ж. – 93), оның: 1 - түрме,

4 – тəрбиелеу колониясы, 5 – айрықша, 19 – қатаң, 22 – жалпы режимдегі

колониялар, соның ішінде 5 сотталған əйелдерді ұстауға арналған колония, 16

– қоныс колониясы, 8 – емдеу мекемесі, 19 – тергеу изоляторы. 94 мекемедегі

орындардың жалпы лимиті 76600 орынды құрайды (2009 ж. – 75310).

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚАЖ мекемелерінде 57038

адам жазаларын өтеуде (2009 ж. – 63445, 2008 ж. - 58692), соның ішінде түзеу

мекемелерінде 49401 сотталған адам (2009 ж. – 55140, 2008 ж. - 50394), 7637 адам

тергеу изоляторында (2009 ж. – 8305, 2008 ж. - 8298). Жалпы санының 240 –

тəрбилеу колонияларында (2009 ж. - 427), емдеу мекемелерінде – 2971 (2009 ж. -

3401), жалпы режимдегі колонияларда – 17837 (2009 ж. - 23726), соның ішінде

əйелдер колонияларында – 2971 (2009 ж. - 3301), қатаң режимдегі колонияларда

– 17736 (2009 жыл – 19511), айрықша режимдегі колонияларда – 3717 (2009 ж. –

4446), қоныс колонияларда - 3559 (2009 ж. – 3394). Мерімі аяқталған - 6653

(2009 ж. – 5696), шартты түрде мерзімінен бұрын – 11301 (2009 ж. – 7134)

сотталған адам босатылды.

ҚАЖ Комитеті өзінің практикалық қызметінде Қазақстан Республикасы

ратификациялаған сотталғандардың құқықтарын қорғау саласындағы

халықаралық құжаттарды (Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы

халықаралық пактіні, Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар

туралы халықаралық пактіні, Азаптауға қарсы конвенцияны, Бала

құқықтары туралы конвенцияны жəне т.б.), азаматтың жəне адамның

конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін ұлттық

заңнаманы басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы

заңнамасы азаптауға, зорлық-зомбылықты, басқадай қатыгездiк немесе

адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жəбiр көрсетуге не жазалауға тыйым

салады.

Адам құқықтарын сақтау жəне азаптауға, зорлық-зомбылықты, басқадай

қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жəбiр көрсетуге не

жазалауға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан заңнамасын іске асыру

мақсатында ҚАЖ Комитеті əзірлеген Əділет министрінің 2010 жылғы 27

қыркүйектегі №268 «Əділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына қол қойылды, онда

ведомстволық актілерге сотталғандардың азаптауға, зорлық-зомбылықты,

басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жəбiр

көрсетуге не жазалауға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сотталғандарды қандай да

бір белгісі бойынша кемсіту мəселелері жөніндегі құқықтарын іске асыру

Page 176: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

176

бөлігінде өзгерістер енгізілді (БҰҰ-ның Азаптауға қарсы конвенциясы мен

Конституцияның талаптарына сəйкес келтіру).

Соңғы жылдарда мемлекет республиканың пенитенциарлық жүйесін

елеулі өзгертуге, оның ішкі мазмұнын жалпыға ортақ танылған халықаралық

стандарттарға жақындатуға жағдай жасайтын бірқатар маңызды заңнамалық

актілерді қабылдады.

Олардың іске асырылуы өзінің қажеттігі мен дұрыстығын дəлелдеді,

бас бостандығынан айыру орындарында құқық тəртібін нығайтуға,

сотталғандарды ұсталғандарды ұстау жағдайы мен олардың жазаны өтеу

тəртібін жақсартуға, олардың құқықтарын ұлғайтуға, ҚАЖ персоналы мен

сотталғандар арасындағы тайталасты азайтуға, азаматтық қоғамның

пенитенциарлық жүйе қызмеіне қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.

2002 жылы түзеу мекемелерін, ал 2004 жылы тергеу изоляторларын

Ішкі істер министрлігінің қарамағынан Əділет министрлігіне беруді

азаматтық қоғам, халықаралық сарапшылар мен құқық қорғау ұйымдары оң

қабылдады.

Қазіргі таңда ҚАЖ-ін одан əрі дамыту жұмысы жалғасуда.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге

арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында жəне 2009-2012 жылдарға

арналған Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары саласындағы

ұлттық іс-қимыл жоспарында қылмыстық юстиция саласына азаматтардың

тартылуын барынша азайту мақсатында қоғамнан оқшаулаумен байланысты

емес қылмыстық-құқықтық шараларды неғұрлым кеңінен қолдануға арналған

жағдайлар жасау көзделген.

Мемлекет бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың санын

қысқарту жөніндегі шаралар кешенін қабылдауда.

Сонымен қатар, қылмыстық заңнаманы криминалсыздандыруға жəне

ырықтандыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одын əрі ізгілендіру жəне

қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мəселелері

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан

Республикасының заңы қабылданды, ол қабылданғанан кейін бас

бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың саны айтарлықтай

қысқарды.

Атаған заңмен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға

сотталған (бостандығын шектеу, шартты сотталған) адамдардың жүріс-

тұрысын «электрондық білезік» деп аталатын электрондық аңду құралын

пайдалану жолымен бақылау құқығы бекітіледі.

Ізгілендіру, сотталғандарға ықпал ету нысандары мен əдістерін өзгерту,

оларды бостандықтағы өмірге дайындау мақсатында ҚАЖ Комитеті

заңнамаға мынадай бөлігінде өзгерістерге бастама көтерді:

сотталғандардың сотқа тікелей арыздануы жолымен сотталғандарды

жазаны əрі қарай өтеуден шартты-мерзімінен бұрын босату тетігін оңайлату.

Сотталғандарды шартты-мерзімінен бұрын босату не босатпауды тек сот

Page 177: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

177

шешетін болады. Түзеу мекемелерінің əкімшілігі сотқа сотталғандардың

тұлғасын, олардың жазаны өтеу кезіндегі мінез-құлқын сипаттайтын

мəліметтерді ғана енгізеді;

бұрындары шартты-мерзімінен бұрын босаған сотталғандарды шартты-

мерзімінен бұрын босату жөнінде шектеулерді алып тастау;

бір жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет

сотталғандардың жазаны колония-қоныстарда өтеуіне. Нəтижесінде аталған

адамдар жазаны бостандығынан айыру орындарында ұзақ уақыттан бері

жүрген сотталған адамдармен бірге өтемейді жəне теріс ықпалға түспейді;

кəмелетке толмаған сотталғандарға жолығу санын екі ұзақ мерзімді

жəне қысқа мерзімді жолығуға, сондай-ақ екі посылкаға, сəлем-сауқаттарға,

бандерольға арттыру (қолданыстағы редакциясы бойынша: кəдімгі

жағдайдағы ұзақ жолығулар - 2, қысқа мерзімдісі - 6, посылкалар - 8,

бандерольдар – 8);

сотталғандарға өз туыстарымен бейнесөйлесу (бейнежолығу)

мүмкіндігін беру. 2010 жылғы қыркүйекте ҚАЖ Комитеті сотталғандардың

бейнежолығуы жөніндегі пилоттық жоба жүргізді. Бұл жоба сəтті шықты, бұл

ретте мұндай жаңашылдық əдеттегі немесе қысқа мерзімді жолығуды

алмастырмайды. Олар телефонмен сөйлесулерге теңестіріледі.

Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2010 жылғы 12

наурыздағы №80 бұйрығымен бекітілген Əділет министрлігінің қылмыстық-

атқару жүйесінде Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға

дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру

жөніндегі перспективалық іс-шаралар жоспарында қылмыстық-атқару

инспекциясын (бұдан əрі – ҚАИ) қадағалау функциясын орындаудан бас

бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды бейімдеуге

бағытталған əлеуметтік-оңалту қызметін іске асыруға қайта бағдарлай отырып

пробация қызметін құру мəселесін шешу көзделген. 2011 жылы ҚАЖ

Комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

пробация қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы» ҚР Заңының жобасын əзірлеуді көздеуде, бұл Қазақстанда өз

пробация моделін құрудағы алғашқы қадам болып табылады.

Кəмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін нығайту

мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен

(19.08.2008 ж., №646) Қазақстан Республикасындағы ювенальды əділет

жүйесін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы

мақұлданды. Жарлықты орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2009-2011 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді (Үкіметтің 2008

жылғы 18 қарашадағы №1067 қаулысы).

Тұжырымдама ювенальды əділетті дамытуға жəрдемдеседі, онда Ішкі

істер, Білім жəне ғылым, Əділет министрліктерінде, соттарда, прокуратуралар

мен адвокатураларда кəмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі арнайы

бөлімшелер құру көзделген. Əділет министрлігі Астана, Алматы, Көкшетау,

Page 178: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

178

Павлодар жəне Екібастұз қалаларында мамандандырылған ювенальды

заңгерлік консультациялар ашқан.

2010 жылы ҚАИ есептеулері бойынша қоғамнан оқшаулауға

байланысты емес жазаларға сотталған 2444 (2009 ж. – 2649) кəмелетке толмаған

адам өткен, 2011 жылғы 1 қаңтарда есепте 707 (2009 ж. – 1086) адам тұрған.

ҚАЖ Комитетінде қолдағы штат саны есебінен орталық аппаратта

кəмелетке толмағандар істері жөніндегі бас маман лауазымы жəне облыстық

бөлімшелердегі кəмелетке толмағандар істері жөніндегі 15 маман-инспектор

лауазымы енгізілді.

Үкіметтің 31.05.2010 ж. №494 Қаулысымен қылмыстық-атқару

инспекциясының штат саны 2010 жылы 591 бірлікке ұлғайтылды, оның

ішінде аудандық жəне қалалық инспекциялар штаттарына 210 бірлік санымен

ювенальды əділет топтарының мамандары қосымша енгізілді.

Кəмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс

нəтижелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кəмелетке

толмағандар істері жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі

ведомствоаралық комиссияның (ҚРҮ 2009 жылғы 7 мамырдағы №415

қаулысымен құрылған) отырыстарында қаралады.

Біздің елімізде ювенальды əділет жүйесінің құрылуы бүгінгі күннің

талабына сай келеді, кəмелетке толмағандарға қатысты əділ сот төрелігін

жетілдіру жəне олардың құқықтарын қорғау міндеттерін шешеді.

Қазақстанның пенитенциарлық жүйесін халықаралық стандарттарға

жақындату жөніндегі қызметтің басқа бір бағыты адамдарды бас

бостандығынан айыру орындарында камералық ұстауға көшу болып

табылады, бұл сотталғандар үшін де, қызметкерлер үшін де барынша оңтайлы

əрі қауіпсіз, сондай-ақ жалпыға бірдей танылған практикаға сай болып

табылады.

Сотталғандарды нақ осы камералық ұстау кезінде жазаны өтеуді

дербестендіру жəне түзету-тəрбиелік ықпал ету нысандары мен əдістерін

жіктеп қолдану принципін тереңдетіп іске асыру үшін жағдай болады.

2009 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне жазаны өтеу жүйесі мен қылмыстық-атқару

жүйесін одан əрі жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында əртүрлі режимге сотталған

адамдарды қатаң оқшаулауды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған

учаскелер құру жолымен камералық ұстау мүмкіндігі бекітілген.

Қазіргі таңда республиканың ҚАЖ-де Алматы қаласы жəне Алматы,

Қостанай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстары

бойынша ҚАЖКД-де камералық ұстау қолданылатын 5 түзеу мекемесі жұмыс

істейді.

Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2001 жылғы

11 желтоқсандағы №148 «Түзеу мекемелерінің ішкі тəртібі ережелерін

бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістермен (ҚР Əділет министрінің

2010 жылғы 27 қыркүйектегі №268 бұйрығы) қоныс-колонияларда жазасын

Page 179: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

179

өтеп жүрген сотталған адамдарға мекеменің аумағынан тыс жерлерде ұялы

телефондарды пайдалануға рұқсат етілді.

Конституцияның 24-бабына сəйкес «Əркiмнiң еңбек ету бостандығына,

қызмет пен кəсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың

үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол

берiледi». ҚАК 99-бабы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың

еңбегi» былай деп белгілейді: «Бас бостандығынан айыруға

сотталғандардың бəрi түзеу мекемесiнiң əкiмшiлiгi белгiлеген орындар мен

жұмыстарда еңбек етуге мiндеттi. Сотталғандар өздерiн тиiстi күзетпен

жəне оқшаулаумен қамтамасыз еткен жағдайда түзеу мекемелерiнiң

кəсiпорындарында, мемлекеттiк кəсiпорындарда немесе өзге де меншiк

нысанындағы кəсiпорындарда жұмысқа тартылады. Сотталғандар дербес

еңбек қызметiмен айналысуға құқылы».

ҚАЖ қызметі басымдық бағыттарының бірі сотталғандар үшін ҚАЖ

кəсіпорындарында жұмыс орындарын құру болып табылады. Тақырып

айтарлықтай өзекті, сондықтан сотталғандарды жұмыспен қамту мəселелерін

шешуге Əділет министрлігінің басшылығы ерекше көңіл бөледі.

Қазақстандық пенитенциарлық мекемелерде, практика көрсеткендей,

жаңа өндірістер жоспарлы түрде ашылуда, сотталғандадың жұмыспен

қамтылу көрсеткіші нық сеніммен артып келеді. Тек 2010 жылдың өзінде

жұмыспен 14 мың сотталған адам қосымша қамтылған, қосымша 5 жаңа

өндіріс түрі ашылып, 38 түрлі бұйым шығару жолға қойылды.

49 түзеу мекемесінде сотталғандарды 32 мамандық бойынша оқыту

ұйымдастырылған. Жекелеген колонияларда кəсіптік мамандығымен қатар

сотталғандар міндетті түрде компьютерлік сауатын ашады. Тек 2009/2010 оқу

жылында барлығы 4626 адам əртүрлі жұмысшы мамандықтарын алған.

Өндірістік кəсіпорын жұмыс істейтін республиканың барлық мекемелерінде

үздік токарь, үздік наубайшы, үздік темір ұстасы, үздік тігінші жəне т.б.

конкурстары өткізілді.

ҚР ƏдМ жедел (операциялық) жоспарымен 2010 жылға Атырау облысы

бойынша ҚАЖКД УГ-157/11, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖКД

ЕС-164/4, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖКД АК-159/20 жəне Оңтүстік

Қазақстан облысы бойынша ҚАЖКД ИЧ-167/4, ИЧ-167/10 мекемелерінде

кəсіптік мектеп ашу жоспарланған.

2010 жылы Қазақстан Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім

беруді дамытудың 2010-20123 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша

алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында 4 кəсіптік мектеп ашылды.

Сонымен бірге ОҚО бойынша ҚАЖКД ИЧ-167/10 түзеу мекемесінде

кəсіптік мектеп ашу 2010 жылға арналған бюджет қаражаты болмағандықтан

мүмкін болмай қалды. Кəсіптік мектеп ашу мəселесі Оңтүстік Қазақстан

облысының əкімі төрағалық ететін консультативтік-кеңесші орган

отырысының қарауына шығарылды. Қазіргі таңда бұл мəселе бойынша 2011

жылға арналған облыстық бюджеттен ИЧ-167/10 мекемесінде кəсіптік мектеп

ашу үшін қаржылай қаражат қарастыру туралы шешім қабылданды.

Page 180: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

180

ҚР қылмыстық-атқару заңнамасына сəйкес жалпы білім беріп оқыту

сотталғандарды түзеудің негізгі құралдарының бірі болып табылады.

ҚАК 108-бабының 1 тармағына сəйкес түзеу мекемелерінде 30 жасқа

толмаған сотталғандардың міндетті түрде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта

білім алуы ұйымдастырылады. Бас бостандығынан айыру орындарында орта

білімі жоқ 30 жасқа дейінгі сотталғандардың саны 5 мыңнан асады немесе

жалпы сотталғандардың 11%.

Егер 2000 жылға дейін түзеу мекемелерінде 19 жалпы білім беретін оқу

орны жұмыс істеген болса, қазіргі таңда республиканың түзеу мекемелерінде

56 жалпы білім беретін оқу орны жұмыс істейді, онда 5286 сотталған адам

оқиды, 53790 жаңа буын оқулығы бар.

ҚАК 10-бабының 2 тармағына сəйкес сотталғандар адамның құқықтары

мен бостандықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік органдарға, мемлекеттік

емес органдарға (қоғамдық бірлестіктерге) жəне мемлекетаралық органдарға

ұсыныстармен, арыздармен жəне шағымдармен өтініш жасауға құқылы.

Қорғау əдістерін таңдау, мысалға, прокуратураға, сотқа не құқық қорғау

бірлестіктеріне жүгіну сотталған адамның құқығы болып табылады.

ҚАК сотталғандарға адвокаттан немесе мұндай көмек көрсетуге құқығы

бар өзге адамдардан қылмыстық жазасын өтеу процесінде, яғни сотта іс қарау

аяқталып, үкім шыққан кезде заңгерлік көмек алуға кепілдік береді.

Конституцияның 22-бабына сəйкес əрбір азаматқа ар-ождан

бостандығына кепілдік беріледі. Ар-ождан мен діни сенім бостандығы

Азматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пакітімен кепілдік

берілген адамның негізгі құқықтары болып табылады.

ҚАК 12-бабының 1 тармағында сотталғандарға ешқандай шектеусіз ар-

ождан мен діни сенім бостандығына кепілдік беріледі: «Сотталғандарға ар-

ождан бостандығы мен дiн ұстану бостандығына кепiлдiк берiледi». Осы

баптың 5 тармағында ар-ождан мен діни сенім бостандығын жүзеге асырудың

еріктілігі арнайы атап өтіледі: «Дiни ғұрыптарды орындау ерiктi болып

табылады. Ол iшкi тəртiптi бұзбауға, сондай-ақ жазасын өтеушi басқа

адамдардың құқықтарына нұқсан келтiрмеуге тиiс».

Сотталғандардың заңда тыйым салынбаған діни ғұрыптарды

орындауына, діни заттар мен əдебиетті пайдалануына рұқсат етіледі.

ҚАК 19-1-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі №924 қаулысымен бекітілген

облыстық (республикалық маңызды қалалардың, елорданың) қоғамдық

бақылау комиссияларын (бұдан əрі – ҚБК) құру ережелеріне сəйкес

республиканың барлық облыстарында ҚБК құрылды. ҚБК қызметі түзеу

мекемелері мен тергеу изоляторларында ұсталған адамдарға олардың

құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға жəрдемдесуге жəне ҚАЖ

мекемелерінің əкімшілігіне бұл мəселелерде жəрдем көрсетуге бағытталған.

2010 жылы ҚБК өкілдері ҚАЖ мекемелеріне 966 сапар жасап, 1008

кездесу, «дөңгелек үстел» жəне сабақ өткізді.

Page 181: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

181

ҚАЖ қызметкерлері үшін «дөңгелек үстелдер», семинарлар өткізу,

сондай-ақ таяу жəне алыс шетелдердің түрме жүйелерін зерделеу мəселелері

бойынша өзара сапарлар ұйымдастыру жолымен тұрақты тəжірибе алмасу

жүзеге асырылады.

Мысалға, Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік Департаменті

ұйымдастырған «АҚШ түрмелерін басқару» бағдарламасына қатысу үшін

ҚАЖ Комитеті қызметкерлерінің АҚШ-қа сапары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Орталық Азиядағы Фридрих Эберт атындағы Германия

қоры өкілдерінің қолдауымен Астана мен Қостанай қаласында 2 халықаралық

семинар ұйымдастырылып, пенитенциарлық жүйені зерделеу мақсатында

ҚАЖ қызметкерлері Германияға сапар шекті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары

жөніндегі комиссия сотталғандардың, күдіктілердің, айыпталушылардың

тергеу изоляторлары, түзеу мекемелері қызметкерлерінің əрекеттері мен

əрекетсіздіктеріне жəне оларды ұстау шарттарына шағымдарымен жасалатын

жұмысқа ерекше көңіл бөлетінін атап өткен жөн.

2010 жылғы сəуірде Комиссияға сотталған Колотуриннің,

Нұрғалиевтің, Евдокименконың, Разживиннің жəне Танабергеновтің

туыстары ҚАЖК Ақмола облысы бойынша Басқармасының ЕЦ-164/4, ЕЦ-

166/18 мекемесі əкімшілігінің құқыққа қайшы əрекетеріне шағымданды.

Прокуратура органдарының тексеруі барысында сотталғандардың

арыздарындағы баяндалған медициналық көмекті лайықты көрсетпеу

туралы фактілер дəлелденді.

Бұл арыздардың мониторингі сотталғандардың түзеу мекемелерінің

лауазымды адамдарының əрекеттері мен əрекетсіздіктеріне жəне

пенитенциарлық жүйе мекемелерінде ұстау шарттарына шағымдарының

2009 жылғы 12-ден 2010 жылғы 46-ға дейін едəуір өскенін көрсетеді.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметіндегі белгілі бір

жетістіктерге қарамастан практикада Қазақстан Республикасының бірқатар

облыстары колонияларындағы соңғы оқиғалар ҚАЖ-нің қылмыстық жəне

қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары мен міндеттерін орындау

жөніндегі қызметінде елеулі проблемалар бар екенін көрсетті, оған жағдай

жасаған бірқатар себептер мен алғышарттар мыналар:

1. Кадр саясатындағы жүйелілік пен реттіліктің жоқтығы, ол ҚАЖ

Комитетінің төрағалары орынбасарлары мен маңызды бөлімшелері

басшыларының жиі ауысуын тудырды, жазаны орындауға басшылық

жасайтын органның қызметіне жалпы теріс ықпалын тигізді.

Əділет министрлігінің қарамағына берген уақыттан бастап əрбір жаңа

Министр мен ҚАЖК төрағасы тағайындалғаннан кейін ҚАЖК төрағасының

орынбасалары, бөлімшелерінің, аумақтық басқармаларының басшылары жəне

мекемелер бастықтары ауысып отырды.

Бұл ретте аталған лауазымдарға бұл жүйеде тəжірибесі мен дағдысы

жоқ адамдар тағайындалды. Тек соңғы бір жарым жылдың ішінде төрағаның 7

орынбасары ауыстырылған.

Page 182: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

182

Қызметкерлердің, əсіресе бақылаушылар мен медициналық

персоналдың əлеуметтік қорғалмауы мен төмен жалақысы ұрпақтар

сабақтастығы мен ҚАЖ-де қызмет істеудің беделін жоғалтуға əкеп соқты.

2. Бас бостандығынан айыру орындарында жұмыстың жоқтығы

жағдайды тұрақсыздандыруға, криминалдық субмəдениет пен əртүрлі

дəстүрлі емес діни ағымдардың қамаудағыларға теріс ықпал етуіне жағдай

жасады.

Бас бостандығынан айыру орындарында ақы төленетін жұмыста еңбекке

жарамды сотталғандардың тек үштен бір бөлігі жұмыс істеді.

Соның салдарынан сот актілері қылмыстан келген зиянның орнын

толтыру бөлігінде орындалмайды.

Бүгінгі таңда атқару парақтары бойынша берешектер 19 миллиардтан

астам теңгені құрайды. Жəне де бұл 7 миллиард теңгеге атқару парақтары

мекемеге келіп түспегенін есептемегенде.

Жұмыссыздық нəтижесінде сотталғандар сол сияқты талап арыздардан

туындайтын берешекті өтеу мүмкіндігінен айрылады. Өз кезегінде,

қылмыстан келген зиянды өтеуге шара қабылдамау шартты-мерзімінен бұрын

босатуды қолданудан бас тартуға негіздердің бірі болып табылады.

Сотталғандарды жұмыспен қамту проблемасын кезең-кезеңімен шешу

қажет.

Бастапқыда өндірісті дамыту жəне жұмыс орындарын құру мүмкіндігі

бар жерлерде мамандығы бар жəне қылмыс əлемінің субмəдениетінің

ықпалына азырақ берілетін сотталғандарды шоғырландырған жөн.

Ондай мекемелерді тауар өндіруге, жұмыс орындауға жəне қызметр

көрсетуге мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз еткен жөн.

3. Негізгі міндетті өндіріс пен жұмыс орнын құру жолымен

сотталғандарды ақы төленетін еңбекке тарту болып табылатын «Еңбек» РМК-

нің дəрменсіздігі.

Бас прокуратураның мəліметтері бойынша, «Еңбек» РМК арзан жұмыс

қолы «армиясы» бола тұра алдына қойған міндеттердің үдесінен шыға алмай,

сыбайлас жемқорлыққа батқан.

Тек 2 жылдың өзінде мемлекет қаражатын ұрлаумен айналысқан

7 қылмыстық іс қозғалған, соның ішінде ҚАЖ Комитеті төрағасының

орынбасарына, қаржы қызметінің бастығына жəне ресурстық қамтамасыз ету

бөлімінің бастығына, сондай-ақ 6 РМК директорына қатысты қылмыстық іс

қозғалған.

Өндірісті бас бостандығынан айыру орындарында ұйымдастыру жəне

сотталғандарды еңбекке тарту функцияларын түзеу мекемелерінің қарамағына

беруді ұсынамыз.

4. Өткен ғасырдың 30-60 жылдары салынған түзеу мекемелерінің

инженерлік-техникалық күзет құралдарының, ғимараттары мен

құрылыстарының, коммуникацияларының тозуы мен пайдалану мерзімінің

бітуі сотталғандардың қашып шығуына жағдай жасайды.

Page 183: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

183

Бұл мəселені шешу үшін инженерлік-техникалық құрылғылар, заманауи

белгі беру жүйелерін, ұялы байланыс операторларының сигналын басқыштар

сатып алуға жəне орнатуға, сондай-ақ жаңа мекемелер салуға қаражат бөлу

қажет.

5. Жедел-профилактикалық есепте тұратын қамаудағыларға жəне

жедел-режимдік жағдайға («заңдағы ұрылар», «беделділер» дейтіндер,

криминалдық құрылымдар серкелері мен мүшелері), сондай-ақ діни

экстремизм мен лаңкестік танытқаны үшін сотталғандарға теріс ықпалы.

Бұл проблеманы шешу үшін, бірінші кезекте, аталған санаттағы

сотталғандардың жазасын жеке түзеу мекемелерінде өтеуін ұйымдастыру

қажет.

Сотталғандарды камералық ұстау үшін қайта құрудың техникалық

мүмкіндіктері бар мекемелерді пайдалануды ұсынамыз.

Осы мекемелердің тұрғын үй-жайларында 4-6 сотталған адамды ұстау

мүмкіндігі бар камералар соғу үшін қаражат табу қажет.

Арқалық қаласының түрмесінде тиісті режимді қамтамасыз етуге шұғыл

шара қабылдаған жөн, қазіргі кезде оның қызметі тікелей мақсатына –

барынша қауіпті қылмыскерлер мен ұстау режимін өрескел бұшыларды түзеу

мақсатына сай болудан қалған.

6. Құқық қорғау органдарының жедел қызметтерінің бас бостандығынан

айыру орындарында қылмыстар мен топтық бағынбау акцияларының жолын

кесу жөніндегі тиісті өзара іс-қимылының жоқтығы.

Бұл проблеманы жою үшін құқық қорғау органдары жедел

қызметтерінің қылмыстық-атқару жүйесімен өзара іс-қимылының

нəтижелерін Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінде жарты жылда

бір рет қарауды ұсынамыз.

Осылайша, пенитенциарлық жүйені реформалауда адамның жапа

шегуін азайту, жеке адамның психикасын өзгерту мен криминалдық

субмəдениетке тəуелділікті төмендету сияқты бірқатар толғақты

проблемаларды шешетін барабар шаралар қабылдау қажеттігі пісіп жетілді,

жəне де маңыздысы - бұл мемлекет үшін экономикалық жағынан тиімді.

ҰСЫНЫМДАР:

1. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін құзырлы жəне білікті

кадрлармен жасақтау жұмысы жалғастырылсын.

2. Қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелері қызметкерлерінің

əлеуметтік-құқықтық қорғалуы жөніндегі қажетті жəне шұғыл шаралар

қабылдансын, олардың жалақылары басқа құқық қорғау органдарының,

мысалға, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының ақшалай

үлесіне теңестірілсін.

3. Құқық қорғаушы ҮЕҰ-дың белсене қатысуымен Азаптауларға жəне

басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын жəне ар-намысты қорлайтын іс-

əрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясына Факультативтік

хаттамасына сəйкес азаптауды болдырмаудың тəуелсіз превентивтік

тетіктерін құруды көздейтін ҚР Заңын қабылдау жылдамдатылсын.

Page 184: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

184

4. Бас бостандығынан айыруға балама жаза түрлерін неғұрлым кеңінен

қолдануға, түрме халқының барынша толық жұмыспен қамтылуына жəне бас

бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азматтардың сəтті қайта

əлеуметтенуіне жағдай жасайтын пробациялар қызметі құрылсын,

қылмыстық-атқарушы мекемелердің негізгі қорлары мен өндірістік базалары

жаңартылсын.

5. ҚР Əділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жазасын

өтеп жүрген адамдар үшін жұмыс орнын арттырудың қажетті шараларын

жасасын, бұл бұл талап арыздан туындайтын берешекті уақтылы өтеуге жəне

ШМБ құқығын іске асыруға жағджай жасайтын болады.

6. Өндірісті бас бостандығынан айыру орындарында ұйымдастыру жəне

сотталғандарды еңбекке тарту функцияларын түзеу мекемелерінің қарамағына

берілсін.

7. Инженерлік-техникалық құрылғылар, заманауи белгі беру жүйелерін,

ұялы байланыс операторларының сигналын басқыштар сатып алуға жəне

түзеу мекемелерінің аумағында орнатуға, сондай-ақ жаңа мекемелер салуға

қаражат бөлінсін.

8. Сотталғандар мен түзеу мекемелері қызметкерлерінің шартты түрде-

мерзімінен бұрын босату мəселелері бойынша хабардар болуы мен құқықтық

сауаттылығын көтеруге бағытталған ақпараттық материалдар əзірленсін жəне

басып шығарылсын.

9. Сотталғандардың түзелуін бағалаудың айқын – түзелу жолына түсті,

түзелу жолына берік түсті, түзелгенін дəлелдеді атты критерийлері əзірленсін.

10. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген адамдарды

бейімдеу орталықтарын құру жұмысы жалғастырылсын, өйткені оларды

қазіргі Қазақстанның қылмыстық-атқару мекемелерінде ұстау шарттары көп

жағдайда қоғамның қалыпты өміріне ұзақ уақыт кіріге алмайтын адамның

денелік жəне психикалық денсаулығына белгілі бір зиянын тигізеді.

11. ҚР Əділет министрлігі Павлодар облысы бойынша ҚАЖКД АП-162/5

мамандандырылған туберкулезге қарсы мекемесінің қызметі сақталсын.

12. Қазақстан Республикасы Əділет министрлігі Қылмыстық-атқару

жүйесі комитетінің медициналық емдеу мекемелерінің тəуелсіздігін

қамтамасыз ету мақсатында оларды Қазақстан Республикасының Денсаулық

сақтау министрлігінің қарамағаны берудің дұрыстығы зерделенсін.

Page 185: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

185

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам, оның өмірі,

құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің жоғары құндылықтары деп

жарияланған. Ата заңға сəйкес адамның құқықтары мен бостандықтары

əркімге тумысынан беріледі, абсолютті жəне ажырамас бөлігі ретінде

танылады, құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды.

Конституция заң шығарушыны заңдарды қабылдау кезінде, бірінші кезекте,

осы норманы басшылыққа алуға жəне адамның құқықтарына басты көңіл

бөлуге міндеттеді.

Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы адам құқықтары

саласындағы халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамада бекіту жөнінде

елеулі қадамдар жасады.

Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың толыққанды

субъектісіне жəне адам құқықтары саласындағы 60 көпжақты əмбебап

халықаралық келісім-шарттың, соның ішінде «адам құқықтарын қорғаудың

халықаралық құралдары» деп аталатын БҰҰ-ның 7 негізгі құқық қорғау

конвенциясының қатысушысына айналды.

2009 жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Конституциясы,

басқа да заңнамалық актілері жариялаған жəне бекіткен адамның жəне

азаматтың құқықтары мен бостандықтары 2010 жылы одан əрі дамып,

нақтыланды. Қазақстан Республикасы Конституциясымен жəне қолданыстағы

заңнамасымен, оның адам құқықтары саласындағы халықаралық

міндеттемелерімен кепілдік берілген адамның жəне азаматтың азаматтық,

саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтары мен бостандықтары

осы баяндамада жəне басқа уəкілетті мемлекеттік органдардың, құқық

қорғаушы ҮЕҰ-дың есептерінде көрсетілген кейбір заңдылық пен адам

құқықтарының бұзылуы фактілерін қоспағанда, негізінен сақталды.

2010 жыл Қазақстан Республикасы үшін ерекше маңызды болды.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету миссиясын Ұйым қызметінің барлық үш

өлшемдеріне серпін бере отырып, сəтті аяқтады

Жылдың маңызды оқиғасы соңғы 11 жыл бойы өтпеген ЕҚЫҰ

Саммитінің Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша өтуі. Саммитте

қабылданған Астана декрациясы ЕҚЫҰ дамуының жаңа векторын – бірыңғай

жəне бөлінбейтін Еуро-Атлантикалық жəне Еуразиялық қоғамдастыққа

ілгерілеуді анықтады.

2011 жыл Қазақстан үшін тұтастай атаулы даталар қатарымен

ерекшеленеді. Бұл Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 20 жылдығы,

Семей ядролық полигоны жабылуының мерейтойы, əлемнің көптеген

мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 20

жылдығы.

2011 жылғы 3 сəуірде кезектен тыс Президент сайлауында Нұрсұлтан

Назарбаев сайлауға қатысқан сайлаушылардың 95,5% дауысын жинап,

Page 186: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

186

Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Қазақстан

Республикасы Президентінің сайлауы Конституция мен «Сайлау туралы»

Конституциялық заңға, халықаралық құқықтық актілер мен демократиялық

стандарттарға сəйкес өтті.

Қазақстан Республикасы белгілі бір белеске жетті жəне оның дамуының

кейбір қорытындыларын жасауға болады.

Өткен жиырма жыл ішінде Қазақстанда ұлттық негіздегі жанжал болған

жоқ. Этностар мен этностық топтардың (аз ұлттардың) құқықтары мен

бостандықтары халықаралық стандарттар деңгейінде қамтамасыз етілді.

Этносаралық жəне конфессияаралық келісімнің, толеранттылықтың

қазақстандық моделі БҰҰ, ЕҚЫҰ жəне ИКҰ-ға қатысушы мемлекеттер үшін

үлгі болды.

Жаһандық экономикалық дағдарыстың ықпалына қарамастан өткен

жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ өсуі 7% құрады.

Жалпы 1993 жылдан бастап ІЖӨ адам басына шаққанда 12 еседен астам

өсіп, 9 мың долларды құраған. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан

Республикасы Орталық жəне Шығыс Еуропаның бірқатар елдерінен алда

келеді.

Бүгінде Қазақстан дамудың жаңа белесінде. Үдемелі индустриялық-

инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жаңа əлеуметтік

жаңару бағдарламасының шеңберінде білім жəне ғылым салаларына,

жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын іске асыруға ерекше мəн беріледі.

Уақыт Қазақстан Республикасының саяси реформалардың эволюциялық

ілгерілеуі үшін берік əлеуметтік-экономикалық негізді қамтамасыз ету

стратегиясының дұрыстығын дəлелдеп берді.

2007 жылы сəтті конституциялық реформа жасалды, оның шеңберінде

Парламент пен жергілікті өкілді органдардың өкілеттіктері кеңейтілді, саяси

партиялардың рөлі күшейтілді, сот органдарының тəуелсіздігі артты.

Этносаралық қатынастарды реттеудің негізгі институты ретінде

Қазақстан халқы Ассамблеясының конституциялық мəртебесі бекітілді.

2009 жылы Парламентті кем дегенде екі партияның қатысуымен

қалыптастыруға мүмкіндік беретін құқықтық тетік құрылды. Сонымен қатар,

саяси партияларды мемлекеттік тіркеу үшін қолайлы шарттар жасалды,

электоралдық процесс процедуралары жетілдірілді, бұқаралық ақпарат

құралдарының қызметін реттейтін артық бюрократиялық нормалар алынып

тасталды.

Сол жылы гендерлік саясат саласындағы ерлердің жəне əйелдердің тең

құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ

тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңдар қабылданды.

2009-2012 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-

қимыл жоспары іске асырылуда.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге

арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды, оның шеңберінде

сот жүйесінің тəуелсіздігін арттыру, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жəне

Page 187: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

187

кейбір қылмыстар құрамын криминалсыздандыру жөніндегі шаралар

қабылдануда.

Қазақстанның нарықтық экономика, қоғамды демократияландыру,

ұлтаралық жəне конфессияаралық қатынастардың тұрақтылығын сақтау,

азаматтық қоғам институттарын дамыту, қылмыстық саясатты кезең-

кезеңімен ізгілендіру, адам құқықтарын қорғау жəне көтермелеу саласындағы

мақсатты құрылымдық жұмысы айшықты жəне əлемнің көптеген

мемлекеттері, халықаралық жəне үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары

мойындап отырғанын атап өткен жөн.

Мемлекеттік саясаттың келешектегі негізгі бағыттары 2010 жылғы 29

қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланған

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа

экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан

халқына Жолдауында белгіленген. Жолдау қолданыстағы Конституцияның

əлеуеті негізінде биліктің заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарының

қызметін одан əрі жетілдіруді, құқық қорғау органдарын реформалауды,

азаматтық қоғам институттарын дамытуды, сыбайлас жемқорлықпен жəне

қылмыспен күресті күшейтуді көздейді.

Алға қойылған міндеттерді іске асыру, сөзсіз заң шығарушылық

процестің тиімділігін арттыруға жəне құқық қолдану практикасын жақсартуға

жағдай жасайтын болады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның пікірі бойынша, мемлекеттік

органдар қызметінде, əсіресе құқық қорағу органдарында адам құқықтары

мəселесінің өзектілігін арттыру, қазақстандық Омбудсмен мен азаматтық

қоғам институттарының мүмкіндіктерін адам құқықтарын қорғауда

толығырақ пайдалану қажет.

Адам құқықтары мен бостандықтары іргелі маңызға ие мемлекетті

демократияландыру процесі билік институттарын қалыптастыру барысында

адамның саяси құқықтарын дамытумен біте салмайды (Президентті,

Парламент пен мəслихаттар депутаттарын сайлау, мемлекеттік биліктің

орталық жəне жергілікті атқарушы органдарын қалыптастыру).

Демократиялық саяси жүйе Қазақстан ратификациялаған халықаралық

пактілер мен конвенцияларда бекітілген адамның азаматтық, саяси,

экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтарын жүйелі қорғауға тиіс. Бұл

өте маңызды мəселенің іске асырылуында əлі де болса кемшіліктер мен

шешілмеген проблемалар бар.

Парламент қабылдайтын заңдардың сапасы мен деңгейін жетілдіру

қажет. Республика заңдары Қазақстан ратификациялаған халықаралық

пактілер мен конвенциялардың нормаларына сəйкес келтірілуі тиіс.

Əкімшілік, құқық қорғау жəне сот органдарын реформалау жөніндегі

жұмысты демократиялық қоғамдағы адамның, жеке бастың құқықтарын

қорғау тұрғысынан жүйелі жүргізу қажет.

Page 188: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

188

БҰҰ белгілеген халықаралық стандарттарға жəне ЕҚЫҰ ұсынымдарына

сəйкес Омбудсмен институтының қызметі ұлттық құқық қорғау

институтының тəуелсіздігі мен жұмыс істеу тиімділігінің жалпы

критерийлерін белгілейтін БҰҰ-ның Париж принциптеріне сəйкес келуге тиіс.

Осыған байланысты, сондай-ақ Омбудсменнің құқық қорғау қызметін

күшейту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары

жөніндегі уəкіл туралы» ҚР Заңын əзірлеп, қабылдау қажет.

Елді демократияландыру деңгейі адам құқықтары мен

бостандықтарының қорғалу деңгейімен анықталады. Сондықтан

демократиялық мемлекет адам құқықтарын жүйелі түрде қамтамасыз етуі,

адамның құқықтары мен бостандықтары жөніндегі халықаралық стандарттар

жүзеге асып, іс жүзінде қолданылуы үшін барлық мүмкін болатындарды

жасауы тиіс.

Ұлттық заңнама мен елдің құқық қорғау практикасын жетілдіру

барысында адамның құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын заң

жобаларын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді талқылауға азаматтық

қоғам өкілдерінің толыққанды қатысуы үшін барлық жағдайды жасау қажет.

Паритеттік бастамадағы сұхбатты, пікірсайысты дамыту құқық қорғау

органдары қызметіндегі адам құқықтарының сақталуын қоғамдық бақылау

нысанын нығайтуға жəне адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік тетігінің

барлық элементтерін жетілдіруге жағдай жасайтын болады.

Адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жəне қоғамдық тетіктерін

күшейту мақсатында Қазақстанның адам құқықтары саласындағы ұлттық

баяндамаларын қарау нəтижелері бойынша шығарылған БҰҰ-ның тиісті

келісім-шарттық Комитеттерінің, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі

кеңесінің Əмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі, БҰҰ-ның азаптауға қарсы

Арнайы баяндамашысы Манфред Новак мырзаның, БҰҰ Адам құқықтары

жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Аз ұлттар мəселелері

жөніндегі тəуелсіз сарапшысы Г.Макдугалл ханымның, БҰҰ-ның жеткілікті

тұрғын үй мəселелері жөніндегі Арнайы баяндамашысы Ракель Рольник

ханымның ұсынымдарын іске асыруды ұсынамыз.

ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның

хатшылығы Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығына, Қазақстандағы БҰҰ Даму

Бағдарламасына, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-на, Қазақстан Республикасының

Конституциялық Кеңесіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік

органдары мен үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарына, халықаралық

үкіметтік емес ұйымдарға, Қазақстанда аккредитацияланған халықаралық

ұйымдарға (ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы, БҰҰ Босқындар

ісі жөніндегі Жоғары Комиссарының Басқармасы, Көші-қон жөніндегі

халықаралық ұйым, Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ),

Еуропалық Комиссияның Қазақстан Республикасындағы, Қырғыз

Республикасындағы жəне Тəжік Республикасындағы Өкілдігі), БҰҰ Адам

құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Орталық Азиядағы

Өкілдігіне, ҚР Сыртқы істер министрлігіне жəне АҚШ-тың Мемлекеттік

Page 189: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

189

Департаментіне, Қазақстан Республикасының БҰҰ Бөлімшесі жəне

Женевадағы басқа халықаралық ұйымдардың жанындағы Тұрақты Өкілдігіне,

Қазақстандағы Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Нидерландия

Корольдігі, Канада, Ресей, Германия, Литва Республикасы, Чех Республикасы

Елшіліктеріне, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің заң

факультетіне осы баяндаманы дайындау барысында қолданылған

материалдарды бергені үшін шын жүректен ризашылық білдіреді.

Комиссия хатшылығы сондай-ақ халықаралық жəне ұлттық сарапшылар

Рейн Мюллерсонға, Лейла Байшинаға жəне Сергей Сироткинге осы

баяндаманы дайындау барысындағы құнды кеңестері үшін алғыс айтады.

Page 190: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

190

№ 1 қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшылығына

2010 жылы келіп түскен азаматтардың жазбаша шағымдарының

СИПАТЫ

Жеке жəне заңды тұлғалардың

шағымдарында көтерілген

проблемалар аясы

Арыздар саны %

Сот актілерімен келіспеу 359 27,20%

Құқық қорғау органдарының əрекеттері мен

əрекетсіздіктеріне шағымдану

198 15,00%

Əкімдердің, биліктің атқарушы жəне өкілді

тармақтары органдары лауазымды адамдары-

ның əрекеттері мен əрекетсіздіктеріне

шағымдану

124 9,39%

Сот шешімдерінің орындалмауы 86 6,51%

Тұрғын үй мəселелері 77 5,83%

Еңбек құқықтарының бұзылуы 71 5,37%

Зейнетақылар, жəрдемақылар, материалдық

көмек, өтемақылар, əлеуметтік жеңілдіктер,

əлеуметтік қамсыздандырудың өзге де

мəселелері

65 4,92%

Қылмыстық іс қозғаумен келіспеу 61 4,62%

Білім беру, мəдениет, денсаулық сақтау

ұйымдары, өзге де ұйымдар мен мекемелердің

лауазымды адамдарының əрекеттері мен

əрекетсіздіктеріне шағымдану

49 3,71%

Түзеу мекемелерінің лауазымды адамдарының

əрекеттері мен əрекетсіздіктеріне жəне ұстау

шарттарына шағымдану

46 3,48%

Шаруашылық жүргізуші субъектілер

лауазымды адамдарының əрекеттері мен

əрекетсіздіктеріне шағымдану

39 2,95%

Білім беру, денсаулық сақтау жəне мəдениет

ұйымдары мəселелері бойынша

31 2,35

Сот органдарының əрекеттері мен

əрекетсіздіктеріне шағымдану 26 1,97%

Екінші деңгейдегі банктердің əрекеттері мен

əрекетсіздіктеріне шағымдану

18 1,36%

Үлескерлер құқықтарының бұзылуы туралы 18 1,36%

Page 191: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

191

Азаматтар өтініштерін қарау тəртібін бұзу

туралы

17 1,29%

Оралмандар құқықтарының бұзылуы туралы

10 0,76%

Денсаулығын қорғау құқықтарының бұзылуы

туралы

5 0,38%

Дін мəселелері бойынша 5 0,38%

Нəсілдік (ұлттық) белгісі бойынша кемсіту 4 0,30%

Өзге мəселелер 11 0,83%

Барлығы

1320 100%

Page 192: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

192

№ 2 қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары

жөніндегі комиссияның хатшылығына 2010 жылғы азаматтардың

жазбаша өтініштерінің өңірлер бойынша бөлінісі

Əкімшілік-аумақтық

бірліктің атауы

Өтініштер

саны

Пайыздық

қатынасы, %

1 Астана қаласы 249 18,86%

2 Алматы қаласы 179 13,56%

3 Қарағанды облысы 99 7,50%

4 Оңтүстік Қазақстан облысы 91 6,89%

5 Ақмола облысы 88 6,67%

6 Шығыс Қазақстан облысы 81 6,14%

7 Алматы облысы 78 5,91%

8 Қостанай облысы 56 4,24%

9 Солтүстік Қазақстан облысы 51 3,86%

10 Ақтөбе облысы 46 3,48%

11 Жамбыл облысы 46 3,48%

12 Павлодар облысы 43 3,26%

13 Батыс Қазақстан облысы 39 2,95%

14 Қызылорда облысы 29 2,20%

15 Атырау облысы 28 2,12%

16 Маңғыстау облысы 26 1,97%

Шетел мемлекеттері 91 6,89%

БАРЛЫҒЫ 1320 100%

Page 193: 2010 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ …old.unesco.kz/publications/ci/2011/HR-2010-report/HRCKZ-2011-report-KZ.pdf · анықталды :

193

Мұқабаны безендіруде

КƏМІЛ МУЛЛАШЕВТЫҢ

жұмысы пайдаланылды

Дизайнер

ҚУАНЫШ ӨМІРБЕК

ОТПЕЧАТАНО В ТОО «ДАМЕ», г. Астана, ул. Бигельдинова 10, офис 1, � 8 /7172/ 23 01 49