ҚАЗАҚСТАН...

53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде мақұлданған (2018 жылғы 28 тамыздағы 33 хаттама) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2019 2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ

Upload: others

Post on 06-Sep-2019

29 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің мәжілісінде

мақұлданған

(2018 жылғы 28 тамыздағы

№ 33 хаттама)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

2019 – 2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ДАМУ БОЛЖАМЫ

Page 2: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

2

МАЗМҰНЫ:

I Экономиканың сыртқы және ішкі даму шарттары .................................... 4 1. Қазақстан Республикасының 2017 – 2018 жылдардағы әлеуметтік-

экономикалық дамуының негізгі үрдістері.......................................................4 2. Даму перспективалары және сценарийлік болжамдар................................6

II 2019 – 2023 жылдарға арналған экономикалық саясаттың

мақсаттары мен басымдықтары ..................................................................... 11 ІІІ Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен шаралары ............. 13

1. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету ............................... 13 1.1 Инфляцияны тежеу бойынша шараларды қоса алғанда, ақша-кредит

саясаты .................................................................................................................... 13 1.2 Қаржы секторын реттеу және тұрақтылығын қамтамасыз ету

саласындағы саясат ............................................................................................... 14 1.3 Квазимемлекеттік секторды ескере отырып, мемлекеттің

міндеттемелерін басқару саясаты. ....................................................................... 14 1.4 Бюджет-салық саясатының негізгі басымдықтары ............................. 15 1.5 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру

және пайдалану саясаты ....................................................................................... 16 1.6 Бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары ............ 16 1.7 Бюджетаралық қатынастар .................................................................... 18

2. Экономика салаларын дамыту саясаты.......................................................19 Отын-энергетикалық кешені ........................................................................ 19 Тау-кен металлургиялық кешен .................................................................. 21 Агроөнеркәсіп кешені ................................................................................... 21 Жеңіл өнеркәсіп ............................................................................................ 22 Химия өнеркәсібі ........................................................................................... 23 Фармацевтика ................................................................................................ 23 Машина жасау ............................................................................................... 23 Құрылыс саласы ............................................................................................ 24 Ішкі сауданы дамыту.....................................................................................24 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ......................................... 24 Көлік инфрақұрылымы ................................................................................. 25 Туризм ............................................................................................................ 25 Жасыл экономика .......................................................................................... 26 Жергілікті қамту ............................................................................................ 26

3. Бизнес-ортаны және инвестициялық тартымдылықты жақсарту.............26 Мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін төмендету ................................ 27 Инвестициялық саясат .................................................................................. 28 МЖӘ дамыту ................................................................................................. 29 Тарифтік және монополияға қарсы саясат ................................................. 29

4. Адами капиталдың сапасын жақсарту........................................................29 Білім беру саласы .......................................................................................... 30 Денсаулық сақтау саласы ............................................................................. 31 Мәдениет саласы ........................................................................................... 32

Page 3: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

3

Өнімді жұмыспен қамту ............................................................................... 33 Көші-қон саясаты .......................................................................................... 34 Әлеуметтік қамтамасыз ету ......................................................................... 34

5. Теңгерімделген өңірлік даму........................................................................34 6. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру..........................36 7. Халықаралық интеграция және өзара іс-қимыл.........................................37

IV 2019 – 2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму

көрсеткіштерінің болжамы ............................................................................... 39 1. Экономикалық өсу факторлары ................................................................... 39 2. Экономика салалары дамуының болжамы.................................................41 3. Ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің болжамы .................................... 42 4. Төлем теңгерімі көрсеткіштерінің болжамы..............................................42 5. Әлеуметтік сала көрсеткіштерінің болжамы ............................................. 43

V Ішкі және сыртқы үкіметтік борыштың болжамын қоса алғанда,

мемлекет міндеттемелерінің параметрлері .................................................... 44 VI Мемлекеттік қаржы тұрақтылығын бағалау .......................................... 46 VII Қазақстан Республикасының 2019 – 2021 жылдарға арналған бюджет

параметрлерінің болжамы................................................................................. 48 1. Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің,

Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдары 48 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қор түсімдерінің болжамы..................51 3. 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыстарының

басымдылықтары................................................................................................... 52 4. Шығыстардың жаңа бастамалары ............................................................... 53

Қосымша: Қазақстан Республикасының 2019-2023 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштері

(кестелер)

Page 4: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

4

I Экономиканың сыртқы және ішкі даму шарттары

1. Қазақстан Республикасының 2017 – 2018 жылдардағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі үрдістері

2017 жылы Қазақстан экономикасы сыртқы экономикалық

ахуалдардың біртіндеп жақсаруы жағдайында дамыды. 2017 жылдың

қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің нақты өсуі 2016 жылғы 1,1 %-ға қарағанда

4,1 %-ды құрады.

Экономиканың өсуі ішкі сұраныстың қалпына келуі есебінен

қамтамасыз етілді, бұл экономикаға жаңа инвестицияларды тарту, сондай-ақ

сауда-саттық салаларында өндірісті кеңеюінен және экономиканың барлық

дерлік салаларындағы теңгерімді өсуінен орын алды.

Оң сыртқы жағдайдың негізгі факторларына әлемдік нарықтағы мұнай

мен металл бағасының өсуін және негізгі сауда серіктестердің - Еуропалық

Одақтың (бұдан әрі – ЕО), Ресей мен Қытайдың экономикалық

жағдайларының жақсаруын жатқызуға болады. 2017 жылы Brent маркалы

мұнайдың бағасы бір жылда орташа есеппен барреліне 54,4 АҚШ долларын

құрады.

Экономиканың нақты секторында тау - кен өндіру өнеркәсібінің

қарқынды өсуі байқалады. Жалпы, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2017 жылы

7,3 %-ға өсті. Мұнай, табиғи газ, металл кені, көмір және лигнит өндірісінің

ұлғаюы өнеркәсіптің өсуіне айтарлықтай әсер етті. Тау - кен өндіру

өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс 9,3 %-ға, өңдеу өнеркәсібінде

5,6 %-ға өсті. Өндіруші салалардың қарқынды өсуіне қарамастан, ЖІӨ-нің

өсу көздері экономиканың шикізаттық емес сегментінде шоғырланған.

Экономиканың негізгі өсу факторларының бірі инвестициялық

белсенділікті арттыру болды. Инфрақұрылымды дамытудың

2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы

(бұдан әрі – «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы) және

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың

2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі –

ИИДМБ) аясында индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық

жобаларды іске асыру нәтижесінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі

5,8 %-ға 8,8 трлн. теңгеге дейін өсті. Бұл ретте инвестициялардың ең көп

өсуі: құрылыста – 41,1 %-ға, байланыс қызметінде – 31,3 %-ға, ауыл

шаруашылығында – 27,8 %-ға, саудада – 24,3 %-ға және өндіру

өнеркәсібінде – 3,4 %-ға байқалады.

Сыртқы сауда серпіні жақсарды. Сыртқы сауда айналымы 2017 жылы

77,6 млрд. АҚШ долларын құрады және 2016 жылмен салыстырғанда

25,0 %-ға, оның ішінде экспорт – 48,3 млрд. АҚШ долларына (өсу 31,6 %-ға),

импорт – 29,3 млрд. АҚШ долларына (өсу 15,5 %-ға) ұлғайды.

Іскерлік белсенділік аясында экономиканы кредиттеудің өсуі

байқалады. 2017 жылы берілген кредиттер көлемі 10,0 %-ға өсіп,

10 819,1 млрд. теңгені құрады.

Депозиттер 3,0 %-ға төмендеп, 17 509,7 млрд. теңгеге жетті, оның

Page 5: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

5

ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 9 388,8 млрд. теңге (8,1 %-ға

төмендеді), жеке тұлғалардың депозиттері 8 120,9 млрд. теңге (3,7 %-ға

ұлғайды). Ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі 2016 жылдың

желтоқсанында 45,5 %-дан 2017 жылдың желтоқсанында 52,3 %-ға дейін

өсті.

Елдің халықаралық резервтері 2018 жылғы 1 қаңтардағы жай күйі

89,1 млрд. АҚШ долл. құрады және бір жыл ішінде 2,0 %-ға қысқарды, оның

ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шетел валютасындағы

активтері 2017 жылдың басынан бері 4,7 %-ға 58,3 млрд. АҚШ долларына

дейін төмендеді. Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері 30,7 млрд. АҚШ

долларын құрап, 3,5 %-ға өсті.

Жыл қорытындысы бойынша инфляция 7,1 %-ды құрады, бұл

2016 жылғы қорытындыдан 1,4 пайыздық тармаққа төмен. Баға өсіміне

салынған негізгі үлес – 2,7 пайыздық тармақты құраған азық-түлік емес

тауарларының қымбаттауы, оның бағасы 2017 жылы 8,9% -ға өсті. Азық-

түлік тауарларының бағалары 6,5 %-ға (үлесі – 2,5 пайыздық тармақ), ақылы

қызметтер – 5,9 %-ға (үлесі – 1,9 пайыздық тармақ) өсті. Жұмыссыздық

деңгейі 4,9 %-ды құрады.

2017 жылы орташа айлық номиналды жалақы 149,7 мың теңгені

құрады және номиналды мәнде 5,1 %-ға ұлғайды, нақты мәнде – 2,1 %-ға

төмендеді.

2018 жылы Қазақстанның экономикасы дамудың жоғары серпінін

сақтауда және 1 тоқсанның қорытындысы бойынша экономиканың өсуі

4,1 %-ды құрады.

Өсудің негізгі қозғаушы күші байланыс қызметтері (өсуі 5,9 %), сауда

(5,9 %), өнеркәсіп (5,2 %), көлік (4,9 %), және ауыл шаруашылығы (4,0 %)

болды.

Тау - кен өндіру өнеркәсібі 5,5 % және өңдеуші өнеркәсіптің

5,2 % жоғары өсу қарқыны есебінен 2018 жылдың басынан бастап

өнеркәсіптік өндіріс оң серпінді көрсетіп отыр.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2017 жылғы ұқсас кезеңімен

салыстырғанда 4 529,9 млрд. теңге құрап, 25,8 %-ға өсті. Инвестициялардың

елеулі өсуі өнеркәсіпте (33,7 %-ға), көлік саласында (30,1 %-ға), байланыс

қызметінде (19,1 %-ға), және саудада (12,4 %-ға) байқалады.

Әлемдік нарықтағы қолайлы баға конъюнктурасы және экспорттың

импорттан басым болуы сыртқы саудада жоғары көрсеткіштерге қол

жеткізуге ықпал етті. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында елдің

сыртқы сауда айналымы 24,3 %-ға ұлғайып 21,0 млрд. АҚШ долларын, оның

ішінде экспорт 13,8 млрд. АҚШ долларын (өсім 27,4 %-ға), импорт –

7,2 млрд. АҚШ долларын (өсім 19,4 %-ға) құрады.

Инфляция төмен қарқынды сақтауда. Ағымдағы жылдың маусымында,

жылдың басына қарағанда, 2,6 % құрады. Жылдық мәндегі инфляция деңгейі

5,9 % құрады, бұл белгіленген дәліз (5,0 – 7,0 %) шегінде орналасқан.

Жүргізіліп жатқан реформалардың, сыртқы және ішкі жағдайлардың

біртіндеп жақсаруын ескере отырып, ағымдағы жылы экономиканың өсуі

Page 6: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

6

шикізаттық емес секторының қарқынмен өсуі есебінен қамтамасыз етілетін

болады. Бұған өңделетін және қызмет көрсету салаларындағы ИИДМБ

жобаларын іске асыру, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске

асыруды жалғастыру және «Цифрлық Қазақстан» жаңа мемлекеттік

бағдарлама шеңберінде цифрлық технологиялар базасында перспективалы

салаларды дамыту арқылы қабылданып жатқан шаралар ықпал ететін

болады. 2017 – 2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың

мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – АӨК дамыту бағдарламасы) іске

асыру арқылы ауыл шаруашылығын дамытудың тұрақты серпіні сақталып,

сондай-ақ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі –

«Нұрлы жер» бағдарламасы) шеңберінде жаппай тұрғын үй құрылысы

қамтамасыз етілетін болады.

2 Даму перспективалары және сценарийлік болжамдар

Халықаралық Валюта Қорының (бұдан әрі - ХВҚ) шілдедегі

болжамына сәйкес 2017 жылы байқалған әлем экономика өсімінің қалпына

келуі 3,9 %-ға дейін жеделдей отырып, 2018-2019 жылдары да жалғасын

табады.

1-сурет

2018 – 2019 жылдары жаһандық экономика өсімінің қарқынына

экономикасы дамыған елдердегі жақсарып жатқан экономикалық белсенділік

пен дамушы елдердегі жиынтық өсімнің жоғарылауы, сондай-ақ биржалық

тауарларға сақталып отырған бірқалыпты бағалар оң әсер ететін болады.

Аталған кезеңде экономикасы дамыған елдердің өсу тиісінше 2,4 және

2,2 % деңгейлерінде күтілуде. Нарығы қалыптасып келе жатқан елдер мен

дамушы елдерде өсу кейіннен 2019 жылы 5,1 %-ға дейін ұлғаюмен 2018

жылы 4,9 % деңгейінде болжанып отыр.

Page 7: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

7

2-сурет

Еуроаймақ. Жалпы іскерлік белсенділік пен экономиканың өсуін

ынталандыруға бағытталған, жүргізіліп жатқан монетарлық және фискалдық

саясат аясында Еуроаймақ елдерінде оң үрдістер жалғасатын болады.

Оң өзгеріс ішкі және сыртқы сұраныстың ұлғаюы болып табылады, бұл

2018-2019 жылдары өсуді 2,2 – 1,9 % деңгейінде тұрақтандырады.

Өңірдегі экономикалық өсудің сақталуына негізгі қауіп жұмыссыздық

болып табылады. Жұмыссыздық бойынша жоғары көрсеткіштер 2017 жылы

20,2% деңгейінде Грекияда және 15,2% деңгейінде Испанияда сақталып

отыр.

АҚШ. АҚШ-тағы макроэкономикалық жағдай 2017 жылы қолайлы

трендтердің сақталуымен сипатталды. Макроэкономикалық жағдайдың

жандануы еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруымен, іскерлік

белсенділіктің артуымен және тұтыну секторының өсуімен байланысты.

ХВҚ сарапшыларының жаңартылған болжамдарына сәйкес

экономикалық өсу кейіннен 2019 жылы 2,7 %-ға дейін бәсеңдеуімен

2018 жылы 2,9 %-ды құрайды. Экономикалық белсенділіктің артуы сыртқы

сұраныстың артуына, ішкі тұтыну мен инвестицияның өсуіне, сондай-ақ

салық реформасынан күтіліп отырған макроэкономикалық әсер аясында

бюджет саясатында шығыстардың өсуіне бағдарлануға негізделеді деп

күтілуде.

Қытай. Болжамдарға сәйкес 2018 – 2019 жылдары Қытайда 6,6-6,4 %-

ға дейін экономиканың өсуінің бәсеңдеуі күтілуде, бұл 2017 жылғы

деңгейден тиісінше 0,3-0,5%-ға төмен. Әлсіз сыртқы сұранысқа, жеке

инвестициялар деңгейінің төмендігіне, сондай-ақ кейбір салалардағы артық

қуаттың барына қарамастан, макроэкономикалық саясат өсудің ішкі

драйверлерін қолдайды.

Ресей. Ресейде ЖІӨ-нің екі жылғы құлдырауынан кейін 2017 жылы

1,5%-ға өсті, осыған мұнайға неғұрлым жоғары баға мен анағұрлым төмен

инфляция аясындағы қолдаушы ақша-несие саясаты мүмкіндік туғызды.

Құбылмалы айырбас бағамы мен қаржы секторын қолдау шараларының іске

асырылуы мұнай бағасының құлдырауы мен Украинадағы және Сириядағы

жағдайға байланысты күшейіп келе жатқан геосаяси ахуалдан туындаған

Page 8: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

8

халықаралық экономикалық санкциялардың салдарларын жұмсартуға

мүмкіндік берді. ХВҚ-ның болжамы бойынша экономиканың өсу қарқыны

кейіннен 2019 жылы 1,5 %-ға дейін бәсеңдеуімен 2018 жылы 1,7 %-ға дейін

жеделдейді.

Сонымен бірге, АҚШ-тың Ресейге қарсы күшейе түскен санкциялық

саясаты Ресей Федерациясы экономикасының тежегіштік әсер беруі мүмкін.

Тұтастай алғанда, орта мерзімді перспективада әлемдік экономиканың

өсуі қолайлы болады және экономикалық өсу көбінесе дамыған елдер

есебінен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен бірге, жағымсыз үрдістерді

туындатуға қабілетті тәуекелдер әлі де сақталуда.

Бірінші тәуекел – АҚШ-тың ақша-несие саясатының қатаңдауы.

Федеральды резервтік жүйе (бұда әрі - ФРЖ) экономикалық ахуалдың

жақсаруы аясында бірқалыпты экономикалық дамуды қолдау үшін АҚШ-тың

ақша-несие саясатын қатаңдатуда. ФРЖ ағымдағы жылғы маусым айындағы

отырыс қорытындысы бойынша базалық мөлшерлемені 1,75-2%-ға дейін

көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл биылғы жылы көрсеткіштің екінші рет

өсуі екенін айта кету керек. ФРЖ 2018 жылы пайыздық мөлшерлеменің

деңгейі бойынша тағы екі отырыс өткізуді жоспарлап отыр. Тұрақты

макроэкономикалық жағдайды ескере отырып, алдағы уақытта ол 3%-ға

дейін өсуі мүмкін.

Базалық пайыздық мөлшерлеменің артуы инвесторлардың дамушы

нарықтардан кетуіне алып келеді. Дамушы нарықтары және төлем балансы

мен бюджет жетіспеушілігі бар елдер АҚШ-тың ақша-несие саясаты әсеріне

көбірек ұшырайды. АҚШ-тың жүргізіп отырған монетарлық саясаты осындай

елдерден капиталдың кетуіне және олардың ұлттық валюталарының

әлсіреуіне әкеледі.

Екінші тәуекел – сауда қақтығысы және бизнес процестердің

келіспеушілігі. Протекционизмнің күшеюі, бизнес шектеулердің қатаңдауы,

сауда қақтығыстары (АҚШ - Қытай), сондай-ақ Ұлыбритания мен

Еуроодақтың сауда-экономикалық режимдерінің келіспеушілігі әлемдік

сауданың бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін және мұнай бағасына қысым

жасауы мүмкін.

ХВҚ сарапшыларының болжамына сәйкес сауда қатынастарындағы

шиеленістің қарсаңында әлемдік сауда өсуінің 2018 жылы 4,8%-ға дейін,

2019 жылы 4,5%-ға дейін бәсеңдеуі күтілуде, бұл сәуірдегі бағалаудан 0,3

және тиісінше 0,2%-ға төмен.

Үшінші тәуекел – әлемдегі геосаяси ахуалдың нашарлауы.

Украинадағы, Сириядағы және тұтастай алғанда Таяу Шығыстағы жағымсыз

геосаяси ахуалдың жалғасуы сыртқы сауда мен сыртқы шетел

инвестицияларының екінші арналары арқылы қосымша тәуекелді туындатуы

мүмкін.

Осының аясында АҚШ-тың ұзақ уақытқа созылған санкциялық

саясатының қатаңдатылуы Ресей экономикасын бәсеңдетуі мүмкін, бұл

Қазақстанның ЖІӨ өсуіне жағымсыз әсер етеді.

Бір жағынан жоғарыда айтылған факторларды назарға ала отырып және

Page 9: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

9

АҚШ-тың және басқа да дамыған елдердің экономикалық жағдайының

жақсаруынан дамушы елдерден дамыған елдерге капиталдың әкетілу

тәуекелі туындауы мүмкін. Инвестициялық белсенділіктің болжалды

төмендеуі нәтижесінде дамушы елдерде жүйе құраушы салалардағы

өндірістің қысқаруына байланысты жұмыссыздықтың өсуі және ақысы төмен

жұмыс күшіне сұраныс күшейеді, сол арқылы дамыған нарықтарға

мигранттардың ағылуы және білікті кадрлардың кету тәуекелі артады.

Сценарийлік өсу болжамдары. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық

дамуын бес жылдық кезеңге болжау экономиканың дамуына ықпал ететін

факторлар мен үрдістерге қарай үш сценарий бойынша жүргізіледі.

Даму сценарийлерін қалыптастыру үшін әлемдік экономиканың даму

үрдістерінің, мұнайдың әлемдік бағаларының және әлемдік қаржы

нарықтарындағы жағдайдың өзгеруі негізгі факторлар ретінде қабылданған.

Оптимистік сценарий әлемдік экономиканың 2019 – 2023 жылдардағы

үдемелі дамуын білдіреді. АҚШ-тағы және басқа да дамыған елдердегі

экономикалық және инвестициялық белсенділікті жақсарту бойынша

саясатты ойдағыдай іске асыру әлемдік тауар нарықтарында сұраныстың

нығаюына алып келеді, бұл дамыған елдерде неғұрлым жоғары

экономикалық өсуге себепші болады.

Оптимистік сценарийде 2019 – 2023 жылдары мұнайдың әлемдік

бағасы бір барреліне 70 АҚШ доллары деңгейінде болады. ЖІӨ-нің орташа

жылдық өсуі 4,5 %-ды құрайды. Қолайлы сыртқы және ішкі ахуал есебінен

экономиканың барлық сегменттері бойынша анағұрлым жоғары өсу күтілуде.

Экономиканың сатылатын секторлары орташа 4,1 %, сатылмайтын секторлар

4,8% қарқынында өсетін болады.

Экономика салаларындағы өндіріс өсімінің артуы республикалық

бюджет кірістерінің 2019 жылы 6 982,0 млрд. теңгеден 2021 жылы

8 226,1 млрд. теңгеге дейін маңызды ұлғаюына ықпал етеді.

Базалық сценарий оның тұрақтылығын сақтай отырып,

2019 – 2023 жылдары әлемдік экономиканың өсу қарқынының біртіндеп

ұлғаюын болжайды.

Дамудың осы нұсқасы дамыған елдерде (АҚШ, Еуроаймақ) орташа өсу

қарқыны сақтала отырып, жақсарып келе жатқан экономикалық ахуалдың

жалғасуын пайымдайды. Бұл ретте нарығы қалыптасып келе жатқан елдер

мен дамушы елдер экономикасы сыртқы биржалық нарықтарда аз

құбылмалы жағдай мен жаһандық дамудың жаңа реалиясына экономикалық

саясаттың толық бейімделуі есебінен біртіндеп өсетін болады.

2019 – 2023 жылдары мұнайдың әлемдік бағасы бір барреліне 60 АҚШ

доллары деңгейінде қалыптасады. ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуі 4,2%-ды

құрайды. Ішкі сұраныстың қалыпқа келуі мен төмен инфляция жағдайында

экономиканың сатылмайтын сегментті 4,4%-дағы озық қарқынмен өсетін

болады, бұл ретте сатылатын сектор 3,9%-ға өседі.

Экономикалық өсімнің тұрақты параметрлері кірістердің түсуінің

ұлғаюына әсер етеді. 2019 жылы кірістер 6 809,7 млрд. теңге млрд. көлемінде

2020 және 2021 жылдары 7 382,0 және 8 024,7 млрд. теңгеге дейін ұлғаюмен

Page 10: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

10

күтіледі.

Пессимистік сценарий әлемдік экономика өсуінің баяулауына, ірі

әлемдік экономикалардың – Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің, атап

айтқанда Еуроаймақтың, Қытайдың, Ресейдің қолайсыз дамуына, сондай-ақ

энергия ресурстарының негізгі түрлеріне және Қазақстанның басқа да

экспорттық тауарларына төмен әлемдік бағаның сақталуына негізделген

экономикадағы дағдарыстық көріністердің басталуымен сипатталады.

Инвестициялық кірістер қысқарады, олардың донор елдерге репатриациясы

күшейетін болады.

2019 – 2023 жылдары мұнайдың бағасы барреліне 50 АҚШ доллары

деңгейінде сақталады. ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуі 3,9%-ды құрайды.

Сыртқы жағдайдың нашарлауы мен іскерлік белсенділіктің төмендеуі

экономиканың барлық секторларында өсуді тежейтін болады. Сатылатын

секторларда орташа өсу 3,7%-ға дейін, сатылмайтын секторларда 4,1%-ға

дейін бәсеңдейді.

Экономикалық процестердің дамуының баяулауы салық түсімдерінен

кірістердің өсімін ұстайды. Осылайша, кірістер 2019 жылы 6 757,9 млрд.

теңге көлемінде, 2020 жылы 7 312,1 млрд. теңге және 2021 жылы

7 953,6 млрд. теңге көлемінде болжанады.

Аталған сценарий орын алған жағдайда өткен кезеңдерде қабылданған

дағдарысқа қарсы ден қою шараларының тәжірибесі ескеріліп, экономикалық

белсенділікті ынталандыру бойынша шаралар іске асырылатын болады. Олар

макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды,

оның ішінде ақна-кредит саясатының құралдарын, экономиканың нақты

секторы мен ШОБ-ты, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз етуді қолдау

бойынша нақты шараларды қамтиды. Бұл ретте басталатын дағдарыстық

жағдайдың сипатына байланысты шаралар қайта қаралатын болады және

ағымдағы ахуалға бейімделетін болады.

Жылдың басынан бастап ел экономикасының қалыптасқан даму

үрдістері мен әлемдік экономикадағы жағдайды ескере отырып, елдің

әлеуметтік – экономикалық даму болжамды қалыптастыру кезінде

параметрлері ағымдағы күтулерден елеусіз ғана ауытқумен неғұрлым

ықтимал болып табылатын базалық нұсқа негізге алынды.

Page 11: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

11

II 2019 – 2023 жылдарға арналған экономикалық саясаттың

мақсаттары мен басымдықтары

2019 – 2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық

саясаттың негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз

ету жөніндегі «Қазақстан - 2050» Стратегиясының ұзақ мерзімді

басымдықтарды одан әрі іске асыру және қазақстандық экономиканың

тұрақты моделін құру.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін экономикалық өсудің

тұрақтылығын, әлеуметтік ахуал мен нәтижелі жұмыспен қамтуды, сондай-ақ

инфляция деңгейінің біртіндеп төмендеуін және баға тұрақтылығын

қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешу жалғасады.

Бес институционалдық реформа бойынша «100 нақты қадам» Ұлт

жоспарын және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыруды,

сондай-ақ Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына

жолдауларының негізгі ережелерін ескере отырып, елдің әлеуметтік-

экономикалық саясатының негізгі басымдықтары болып мыналар

айқындалды:

– инфляция деңгейін 3,0-4,0 %-ке дейін кезең-кезеңімен төмендетумен

болжамды ақша-кредит саясаты, бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу,

сондай-ақ жасанды тапшылықты, бағалық келісімді және әділетсіз

бәсекелестікті құру мүмкіндігін болдырмау; халық мүддесін сақтауға

кепілдік берумен бизнесті ұзақ мерзімді ресурстармен қамтамасыз етумен;

инвестициялық климатты жақсартумен және қор нарығын дамытумен қаржы

секторын «қалпына келтіру»; ынталандырушы салық саясатымен, бюджет

шығыстарын ұтымды етумен, жаппай фискалды орталықтандырумен және

мемлекет міндеттермелерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын

тиімді басқарумен қаржылық тұрақтылық арқылы макроэкономикалық

тұрақтылықты қамтамасыз ету;

– кешенді ақпараттық-технологиялық платформалар енгізу,

технологиялық қайта жарақтандыру, экспорттық әлеуетті арттыру және

еңбек өнімділігі есебінен дәстүрлі негізгі салаларды дамытуға, агроөнеркәсіп

кешенінің ғылыми қарқындылығын арттыру, көлік-логистикалық

инфрақұрылымның тиімділігі, туризм, сауда, сондай-ақ зияткерлік көлік

жүйесін, құрылыс саласындағы заманауи технологияларды енгізуге серпін

беру арқылы салаларды технологиялық жаңғырту;

– бизнесті қолдаудың институционалдық негіздерін одан әрі жетілдіру,

жеңілдікті микрокредит беру арқылы микрокредиттер беруді кеңейту,

мемлекеттік қызмет көрсетуді бизнеске беру есебінен кәсіпкерлер үшін

шығасыларды қысқарту, бәсекелестікті дамыту және монополияға қарсы

реттеу құралдарын тиімді пайдалану арқылы экономикаға жеке капитал тарту

жолымен бизнес-ортаны кеңейту мен ынталандыру;

– білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету және деңгейін арттыру,

денсаулық сақтау саласын қайта құру, өнімді жұмыспен қамту, сондай-ақ

атаулы сипат арқылы әділ әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін енгізу есебінен

Page 12: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

12

адами капиталдың сапасын арттыру;

– өңірлердің экономикалық тәуелсіздігі мен жауапкершілігін кеңейту

және нығайту, тұратын жеріне қарамастан өмір сүру мен жұмыс

жағдайларына теңдей қол жеткізу, халықтың өмір сүру сапасын қолжетімді

тұрғын үйді арттыру және елді одан әрі газдандыру есебінен өңірді

теңгерімді дамыту;

– заманауи кәсіби мемлекеттік аппарат құру, әкімшілік рәсімдерді

төрешілдіктен босату, ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру

арқылы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

– экономикалық интеграциялық бірлестіктерде еліміздің экономикалық

мүдделерін ілгерілету мен қорғау есебінен халықаралық интеграция және

өзара әрекеттесу болып айқындалды.

Page 13: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

13

ІІІ Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен шаралары

1. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету

1.1 Инфляцияны тежеу бойынша шараларды қоса алғанда, ақша-

кредит саясаты

Ақша-кредит саясаты елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге,

кейін оларды 4,0-6,0% -ға дейін 5,0-7,0% дәлізінде инфляция бойынша

нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге, орта мерзімді кезеңде 2019 жылы

3,0 – 4,0% -ға дейін төмендетуге бағытталатын болады.

Инфляцияны төмендету Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлесіп күш

жұмсауымен жүзеге асырылатын болады және теңгерімді сипатта болады.

Елде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ұзақ мерзімді

тұрақты экономикалық өсуге қажетті жағдай жасауға ықпал етеді.

Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін Ұлттық Банк трансмиссиялық

тетіктер арнасының тиімділігін арттыра отырып теңгерімделген ақша-кредит

саясатын жүргізетін болады.

Пайыздық саясат инфляциялық процестерді реттеу және кредиттік

ресурстарға қолжетімділік бөлігінде ақылға қонымды теңгерімді қамтамасыз

ету мақсатында нақты мәніндегі базалық мөлшерлемені ұзақ мерзімді

экономикалық өсу қарқындарынан артық емес деңгейде ұстап тұруға

бағытталатын болады.

Нарықтық мөлшерлемелерді негізгі пайыздық мөлшерлеменің

пайыздық дәлізі шегінде ұстап қалу инфляциялық күтулер мен айырбас

бағамына қатысты күтулерді тиімді реттеуге мүмкіндік береді, осылайша

ақша нарығындағы құбылмалылықты шектеуге және ұзақ мерзімді пайыздық

мөлшерлемелерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Нарықтық күтулерді басқаруда тиімділікті арттыру үшін Ұлттық Банк

инфляциялық таргеттеудің стратегиялық маңызды элементтерінің бірі

коммуникациялық саясат құралдарын пайдалануды жалғастырады. Ақша-

кредит саясатының шешімдері бойынша ақпаратты белсенді түрде жариялау,

макроэкономикалық көрсеткіштер мен шешімдер қабылдау серпіні негізінде

факторлар мен себептерді түсіндіру жалғасатын болады.

Үкімет пен Ұлттық Банк инфляцияның өсуіне жол бермеу және оны

жоспарланған нысаналы дәлізде ұстап тұру үшін ішкі нарықтағы бағалардың

тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыруды

жалғастыратын болады. Тұтыну бағаларына әсер ететін сыртқы және ішкі

факторлар, ішкі нарықтарды дамыту, бағалық сөз байласу мен жосықсыз

бәсекеге қабілетті күресті ескере отырып, азық-түлік тауарлары мен отынның

бағаларын ұстап тұру жөніндегі шаралар жедел іске асырылатын болады.

Желінің азық-түлік ритейлін дамытуға екпін жасай отырып,

мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік-құқықтық актілерге

толықтырулар пакеті дайындалатын болады.

Экономикалық жағдайды және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік

тауарларына (бұдан әрі - ӘМАТ) бағаны көтеру үрдісін ескере отырып, шекті

Page 14: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

14

мәндері мен олардың шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының

мөлшерін бекіту сақталады.

Қолданыстағы шекті және рұқсат етілетін бөлшек сауда бағаларын

белгілеу әдіснамасын жетілдіру мақсатында ӘМАТ бағасын реттеу жөніндегі

заңнамаға өзгерістер енгізілетін болады.

Мәселен, бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері және шекті

бағасының мөлшерін бекітуді жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

ӘМАТ шекті бағасының мөлшерін сақтауды мемлекеттік бақылау және

қадағалау жетілдірілетін болады, ал ӘМАТ-ға рұқсат етілген шекті бөлшек

сауда бағасының мөлшерінен асырғаны үшін айыппұл, сауда қызметі

субъектісіне құқықтық нысанын және бизнесті жүргізу көлеміне қарай

бөлінеді.

1.2 Қаржы секторын реттеу және тұрақтылығын қамтамасыз ету

саласындағы саясат

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету Ұлттық Банктің қаржы

секторын пруденциалдық реттеу, оны қадағалау мен инспекциялау

шеңберінде жүзеге асырылатын негізгі міндеттердің бірі.

Қаржы секторын реттеу саласындағы үздік халықаралық тәжірибені

ретімен енгізу және капиталдың жеткіліктігі мен өтімділігіне қойылатын

талаптар бөлігінде қазақстандық банк жүйесінің Базель 3 нормативтік реттеу

стандарттарына кезең кезеңімен көшуі жалғасады. Проблемалық банктерді

тиімді реттеудің негізгі қағидаттары іске асырылатын болады.

Қадағалау және реттеу саясатын қайта қарау бойынша жүйелі

жұмыстар жалғасады. Институционалдық және заңнамалық шектеулерді

жою, қадағалау қызметінің тиімділігін және проблемалық банктерді реттеу

режимін арттыру мақсатында, халықаралық ұйымдардың (Қаржы

тұрақтылығы жөніндегі кеңес, Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті,

Халықаралық валюта қоры) ұсынымдарын ескере отырып, заңнамалық

түзетулерді одан әрі іске асыру жалғасады. Қадағалау шараларын қолдану

негіздерін кеңейту және капитал мен өтімділікті, корпоративтік басқаруды,

банк жүргізетін операцияларды жақсарту бойынша шараларды күшейту

арқылы қадағалаушылық ден қою шаралары жүйесі қайта қаралатын болады.

Қаржы секторын реттеу саласындағы басымды бағыттардың бірі банк

секторының реттеушілік есептілікке және ақпараттық инфрақұрылымына

қойылатын талаптарды арттыру және жетілдіру болады.

Ұлттық валютада орта және ұзақ мерзімді қорландыру мақсатында

Ұлттық Банк «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-мен

бірлесіп, тартылатын ресурстардың жеделділігіне негізделген депозиттік

базаны одан әрі нығайтуға және салымдардың құнын реттеуге бағытталған

шаралар қабылдайтын болады. Түрлі мерзімдерде қорландыру құнының

бағдары ретінде пайдаланатын, кірістілік қисығын қалыптастыру бойынша

жұмыс жалғасады.

1.3 Квазимемлекеттік секторды ескере отырып, мемлекеттің

Page 15: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

15

міндеттемелерін басқару саясаты

Бюджетке түсетін борыштық жүктемені төмендету және борышты

еліміз үшін қауіпсіз деңгейде ұстап тұру мақсатында жыл сайын үкімет

борышының, мемлекеттік кепілдемелер ұсыну лимиттері белгіленеді, сондай-

ақ жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттері бекітіледі.

Үкіметтік қарызды өтеу және қызмет көрсету бойынша шығыстар

Ұлттық қордан берілетін трансферттерді қоса алғанда, республикалық

бюджет кірістерінің 15% -нан аспауға тиіс.

Осы мақсаттарда үкімет борышының және мемлекет кепілдік берген

борыштың лимиттерін айқындай отырып, квазимемлекеттік сектордың қарыз

алу бойынша шектеу қойылатын болады.

Елдің және квазимемлекеттік сектордың сыртқы мемлекеттік

борышының деңгейін бақылауды қамтамасыз ету үшін 2023 жылға қарай

жиынтығында ЖІӨ-нің 60%-ынан аспауы тиіс мемлекеттік және

квазимемлекеттік борыштың жоғары шегі көзделген.

Бұдан басқа, жиынтық кірісті басқару үшін Үкімет борышының көлемі

және квазимемемлекеттік сектордың сыртқы борышы бойынша қосымша

шектеулер (мемлекет кепілдендірілген борышты ескере отырып) енгізілді, ол

Ұлттық қордың валюталық активтерінің көлемінен аспауы қажет.

Жалпы борыштық саясат бюджет тапшылығын қаржыландыру және

елдің борышын қауіпсіз деңгейде ұстап тұру үшін үкіметтік қарыз алудың

қолайлы шарттары бойынша жүзеге асыруға бағытталады.

Мемлекеттік және үкімет борышы параметрлерінің болжамы

1 - қосымшада көрсетілген.

1.4 Бюджет-салық саясатының негізгі басымдықтары

Бюджет саясаты мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға және

экономиканың одан әрі өсуін қолдауға бағытталатын болады.

2019 – 2021 жылдарға арналған бюджет саясатының негізгі міндеттері:

– бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін төмендету;

– Ұлттық қордың активтерін тұрақтандыру және сақтау;

– бюджет шығыстарының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру;

– фискалдық орталықсыздандыруды жалғастыру және жергілікті

атқарушы органдардың дербестігін арттыру болады.

Бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін төмендету мақсатында

бюджет саясаты ЖІӨ-ге қатысты мұнай емес тапшылықты бірте бірте

төмендету және мұнай емес кірістерді ұлғайту негізінде қалыптастырылатын

болады.

Орта мерзімді кезеңде мұнай емес тапшылық деңгейін 2020 жылы

ЖІӨ-ге қатысты 6,3 %-ға дейін төмендетуі бағдар болып табылады.

Бұл ретте бюджет тапшылығын 2019 жылдан бастап ЖІӨ-ге қатысты

1,5 % деңгейде ұстап тұру жоспарланып отыр, бұл Үкімет борышын ЖІӨ-ге

қатысты 20,0 %-дан аспайтын деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Мұнай емес тапшылықты төмендетуді Ұлттық қордың қаражатын

пайдалануды қысқарту, мұнайдан тыс сектордан түсетін кірістердің өсуін

Page 16: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

16

ынталандыру, сондай-ақ бюджет шығыстарын ұтымды ету есебінен

қамтамасыз етілетін болады.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қаражат

тиімсіз бағдарламалардан әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарының

іске асырылуын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларға қайта

бөлінетін болады.

Мемлекет қатысатын кәсіпорындарды жекешелендіру және бәсекелес

ортаға беру, сондай-ақ бюджеттің шығыс бөлігіне жүктемені төмендетуге

және қаражаттың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

1.5 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын

қалыптастыру және пайдалану саясаты

Орта мерзімді перспективада Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру

және пайдалану саясаты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

қаражатын қалыптастыру және пайдалану жаңа тұжырымдамасында

белгіленген шектеулер мен толықтыруларға сәйкес Ұлттық қор активтерінің

қысқаруына жол бермеуге және оларды болашақ ұрпақ үшін жинақтауды

қайта жаңартуға бағытталады.

1) 2020 жылдан бастап Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген

трансфертті 200,0 млрд. теңге мөлшерінде айқындау және теңгеде тіркеу;

2) нысаналы трансферттерді тек:

– экономиканың құлдырауы немесе экономиканың өсу қарқынының

баяулауы кезеңдерінде дағдарысқа қарсы бағдарламаларды;

– балама қаржыландыру көздері болмаған жағдайда, ұлттық ауқымдағы

өзін-өзі ақтамайтын, әлеуметтік маңызы бар жобаларды, стратегиялық

маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан

Республикасы Президентінің шешімі бойынша бөлу;

3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы құралдарын сатып

алуына тыйым салуды енгізу;

4) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық

компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түскен түсімдер

түрінде Ұлттық қорды толтырудың қосымша көзін айқындау.

Ұлттық қор қаражатының пайдалануына бақылауды Ұлттық қордан

берілетін қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия жүзеге

асырады.

1.6 Бюджеттік инвестициялық саясаттың (оның ішінде бюджеттік

инвестициялар) негізгі басымдықтары

Бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық, бағдарламалық

құжаттарда, Мемлекет басшысының тапсырмаларында, Қазақстан халқына

Жолдауларда, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарында және « Президенттің

бес әлеуметтіқ бастамасында» айқындалған мақсаттар мен міндеттерді іске

асыруға бағытталған.

Page 17: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

17

Қосымша қаржыландыру көздерін тарту үшін мемлекеттік

инвестициялық жобаларды іске асыру мемлекеттік-жекешелік әріптестік

(бұдан әрі – МЖӘ) тетіктеріне қайта бағдарланатын болады.

Экономиканың және жұмыспен қамтудың өсуіне мультипликативті

әсер ететін салалар бюджеттік инвестициялар үшін басымды болады.

Мемлекеттің ұзақ мерзімді міндеттерін жүзеге асыру, ел экономикасында

құрылымдық реформалар жалғасады және әлеуметтік, индустриалдық

инновациялық инфрақұрылымды құру бойынша мемлекеттік бастамаларды

аяқтау және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын

арттыру.

Бюджеттік инвестицияның негізгі бағыттары:

1) Экономиканың сабақтас секторларын дамыту және экономикалық

белсенділікті сақтау арқылы экономиканы әртараптандыру және

инфрақұрылымды дамыту. «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының,

ИИДМБ, АӨК-ті дамыту мемлекеттік бағдарламаларының және салалық

бағдарламалардың іс-шаралары басымды қаржыландырылатын болады.

Орта мерзімді перспективада Атыраудағы «Ұлттық индустриялық

мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аумақтың

инфрақұрылымның құрылысын, сондай-ақ «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-

Шығыс», Алматы-Өскемен, Атырау-Астрахань, Орал-Каменка-Ресей

Фередерациясының шекарасы, Ұзынағаш-Отар, Жетібай-Жаңаөзен, Ақтөбе-

Мақат автожол жобаларының құрылысы аяқталатын болады.

Су тасқынының алдын алу, елді мекендерді су басып қалу қаупін

болдырмау, инфрақұрылым объектілерін бұзу үшін су шаруашылығы

құрылыстарын (су қоймаларын) салу жоспарлануда.

2) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын, су және

жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй құрылысын дамыту,

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру,

құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерін одан әрі дамыту арқылы

өңірлік драйверлерді дамыту және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту.

Шағын және орта бизнес (бұдан әрі - ШОБ) өндірісінің көлемін сақтау

және халықты жұмыспен қамту үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті

қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын (бұдан әрі – «Бизнестің жол

картасы 2020») іске асыру жалғасады.

Еліміздің макроөңірлерін дамыту мақсатында халықаралық қаржы

ұйымдары (Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам

даму банкі, Дүниежүзілік банк және басқалар) бірлесіп тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіп кешені, көлік, логистика және

коммуникация инфрақұрылымын дамыту жобалары қаржыландырылатын

болады.

3) Әлеуметтік саланы жаңғырту. Мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер

мен денсаулық сақтау мекемелерінің желісін кеңейтуді қаржыландыру

апатты мектептерді жою және үш ауысымдық білім беру проблемаларын

шешу, мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын азайту есебінен

жүзеге асырылады. Білім беру мен ғылым, денсаулық сақтау және жұмыспен

Page 18: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

18

қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар іске асыру жалғасатын

болады.

4) Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу арқылы

мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және және мемлекеттік

функцияларды іске асыру. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде «Ақпараттық

Қазақстан-2020» («Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы),

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары аясында жүзеге

асырылатын шаралар басым қаржыландырылатын болады.

1.7 Бюджетаралық қатынастар

Орта мерзімді кезеңдегі халыққа бюджеттік қызмет көрсетуде

өңірлерге тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бюджетаралық

қатынастар саясатының негізгі мақсаты болып табылады. Бюджетаралық

қатынастар жалпы сипаттағы үш жылдық кезеңге арналған трансферттерге

(субвенциялар мен алып қоюларға) негізделетін болады.

Нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға байланысты жергілікті

бюджет кірістерінің шығындары не қосымша шығыстар туындаған кезде

жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) шығындары ағымдағы

нысаналы трансферттер бөлу арқылы республикалық бюджеттен өтелетін

болады.

Бұдан басқа, жалпы сипаттағы үш жылдық трансферттерді қолдану

кезеңінде ЖАО-лар өңірлік деңгейдегі мәселелерді шешу үшін жергілікті

бюджетке түсетін артық кірістерін өз бетінше иеленетін болады.

Жалпы сипаттағы трансферттерге салынған, жергілікті бюджеттер

болжамының ұлғаюын ескере отырып, ЖАО қаржылық дербестігін арттыру

мақсатында өңірлерге республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму

трансферттер көлемдері қысқартылды. Жергілікті деңгейдегі объектілер

(білім беру объектілерін, фельдшерлік-акушерлік пункттерді, медициналық

пункттерді, сумен жабдықтау жүйесін, жергілікті деңгейдегі автомобиль

жолдарын және т.б) құрылысын қаржыландыру жергілікті бюджетке берілуге

тиіс.

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері

өңірлердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіндегі өткір сәйкессіздіктерді

жою және ұлттық маңызы бар жобаларды іске асыру үшін ғана бөлінетін

болады.

Орта мерзімді кезеңде жергілікті бюджет шығыстарының

басымдықтары:

– мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің толық көлемде

орындалуы;

– халыққа бюджеттік қызметтердің толық көлемде ұсынылуын

қамтамасыз ету;

– білім беру, денсаулық сақтау объектілерін, қолжетімді тұрғын үй

және инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым салу және

реконструкциялау;

Page 19: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

19

– халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған объектілер салу;

– жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдарын дамыту болуы тиіс.

Одан әрі фискалдық орталықсыздандыру саясаты шеңберінде ЖАО

қаржылық дербестігін және жауапкершілігін кеңейту мақсатында ШОБ-тен

КТС түсімдерін жергілікті бюджеттерге беру тәсілдері пысықталатын

болады.

Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі ЖАО-ға ШОБ-тен

КТС бөлігін беру тәсілдерін ескере отырып 2019 жылы қайта қаралады және

жетілдіріледі және осының негізінде 2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы

сипаттағы трансферттердің көлемдері есептелінген.

2. Экономика салаларын дамыту саясаты

Өсіп келе жатқан жаһандық экономикалық бәсекелестік, Төртінші

өнеркәсіптік революция жағдайында экономика салаларын дамыту саясаты

елдің дамуын экономиканың орташа әлемдік көрсеткіштерден жоғары өсуін

және дамыған 30 елдің қатарына кіруді қамтамасыз ете отырып

ынталандыруға бағытталады.

Орта мерзімді перспективада өнеркәсіптік кәсіпорындардың

цифрландыру, өз экожүйесін дамыту, нақты сектор тарапынан жаңа

технологияларға сұранысты ынталандыру және еңбек өнімділігін арттыру

есебінен экспортқа бағдарлана отырып, экономиканы технологиялық

жаңғырту жалғастырылады. Сонымен қатар, жеке венчурлық қаржыландыру

нарығын дамытуға, ІТ және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді

дамытуға және «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған

индустриаландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге бағытталатын

болады.

«Цифрлық Қазақстан» жаңа мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде

3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық сервистер

перспективалы салалар, оның ішінде денсаулық сақтау мен білім беруде және

экономиканың құрылымын оңтайландыруға және дәстүрлі салаларға жаңа

сапа беруге бағытталған басқа да перспективалы салалар дамитын болады.

Отын-энергетикалық кешені (бұдан әрі – ОЭК)

Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатында

шешуші рөл атқарады. ОЭК-ін дамытудың негізгі бағыттары 2030 жылға

дейінгі Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамыту

тұжырымдамасында айқындалған, ол әлемдегі ең үздік тәжірибелерді және

әлемдік энергетиканы дамытудың соңғы үрдістерін ескере отырып, мұнай-

газ, көмір, атом және электр энергетикасы салаларын біртұтас дүниеге

байланыстырады.

Мұнай-газ секторын дамыту ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне

қажеттілігін қамтамасыз етуге, мұнайды тасымалдаудың экспорттық

бағдарларын әртараптандыруға бағытталатын болады.

Мұнай-газ саласын одан әрі дамыту жаңа кен орындары ашылған

жағдайда қорлардың өсімімен қамтамасыз етілетін болады. Көмірсутегі

шикізаты қорларының өсімі негізінен Каспий маңы бассейнінде теңіз кен

Page 20: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

20

орындары есебінен жүргізілетін болады.

Геологиялық барлауға және құрлықта өндіруге инвестицияларды

ынталандыру, рентабельділігі төмен кен орындарын дамыту, интеграциялық

процестерді ескере отырып, венчурлық тетіктерді қалыптастыру үшін

саланың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыс

жүргізілетін болады.

Мұнай экспортын қамтамасыз ету үшін «Каспий Құбыр Консорциумы»

және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырларының өткізу қабілетін ұлғайту

арқылы көлік дәліздерін кеңейту бойынша жұмыстар жалғасады.

Кеш өндірілетін кен орындары бойынша көмірсутегі шикізатын өндіру

көлемінің өсуіне қосымша резерв мұнай өндіруді жақсартудың заманауи

әдістері мен технологияларын қолдану болып табылады.

Электр энергетикасы саласының инвестициялық тартымдылығын

қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап, электр

энергиясы нарығымен қатар электр энергиясын генерациялауға бағытталған

электр қуатының нарығы жұмыс істейді.

Сол сияқты қуаттылықтар нарығы жаңа электр станцияларын салуға да,

қолданыстағы қуаттарды сақтауға, сондай-ақ қолданыстағы электр

станцияларының арасында бәсекелестікті күшейтуге қажетті салаға

инвестициялар тартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі міндет -

өңірлер арасында электр энергиясына тарифтердің айырмасын жою, энергия

өндіруші ұйымдардың инвестициялық шығындарын өтеуді қамтамасыз ету

және электр энергетикасына инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау.

Атом өнеркәсібін дамыту мемлекеттік саясаты уран өндірудің әлемдік

нарығында елдің жетекші позицияларын сақтап қалуға, сондай-ақ жаңа

ядролық отын циклы өндірістерін құруға, атом энергетиксы инфрақұрылымы

мен атом ғылымын дамытуға бағытталатын болады. Атом саласының негізгі

өндіруші кәсіпорындары Қазақстанның негізгі барланған қорлары мен уран-

кені провинциялары Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында

орналасқан.

Жылу бөлгіш құрастырмалар шығару зауытын салу, уран өндіруші

кәсіпорындарда ІТ-технологияларын енгізу, сондай-ақ уранның минералдық-

шикізат базасын толтыруға арналған іздестіру жұмыстарын күшейту

бойынша жобалар іске асырылатын болады.

Қазақстан табиғи уранды өндіру мен жеткізуді ғана емес, сол сияқты

жоғары қосылған құны қайта өңдеу дәрежесі неғұрлым жоғары уран

өнімдерін өндіру мен өткізуге де мүдделі. Осы мақсатта ядролық отын

циклінің сатылас интеграцияланған кешенін құру көзделген, ол үшін уранды

байыту - ядролық отын циклінің барлық жетіспейтін буындарында

конверциялау және Қазақстан Республикасының қатысуы бойынша жұмыс

жүргізілуде.

Көмір өнеркәсібі. Қазақстанда көмір өндіретін кәсіпорындардың

техникалық мүмкіндіктері ішкі нарықтағы сұранысты толық

қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Экспорттық бағытта қазақстандық

көмірдің көлемін ұлғайту салыстырмалы түрде сапасы төмен және көлік

Page 21: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

21

шығындарының жоғары болуына байланысты мүмкін емес. «Жасыл

экономикаға» көшудегі әлемдік үрдістер қатты отынды әлемдік тұтыну

көлеміне әсер етеді.

Перспективада 2030 жылға дейін қазақстандық энергетикалық көмірге

сұраныстың негізгі көзі ішкі көмір генерациясы болып қалады.

Саланы одан әрі дамыту көмірді тереңдетілген кешенді өңдеу

бағдарламаларын кеңейту есебінен көмір өндіруді қазіргі деңгейде сақтауға,

сондай-ақ көмірден дизель отыны мен басқа да сұйық синтетикалық

өнімдерді өндіруді қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Тау-кен металлургиялық кешен

Тау-кен металлургия өнеркәсібінде ел ішіндегі шикізатты барынша

қайта өңдеуді қамтамасыз етуге және машина жасау, құрылыс индустриясы

және химия өнеркәсібі сияқты сабақтас салаларды дамытуды қамтамасыз

ететін қайта өңдеу дәрежесі жоғары өнімдер өндірісін қамтамасыз етуге

бағытталатын болады.

Тау-кен металлургия саласын дамыту:

– шағын және орта бизнесті (бұдан әрі - ШОБ) тарту арқылы бәсекеге

қабілетті өндірістер құру, номенклатураны кеңейту және қосылған құны

жоғары терең өңдеу өнімдерінің үлесін арттыру;

– ресурстық және энергетикалық қарқынды төмендету, еңбек

өнімділігін арттыру мақсатында салада жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды

жаңғырту;

– табиғи ресурстарды басқаруда, өнімнің жаңа түрлерін әзірлеуде

кешенді ақпараттық технологиялық енгізу және инновациялық процестерге

саланың ғылыми-техникалық әлеуетін белсенді тарту арқылы шикізатты

өндіру және кешенді өңдеу технологиялары бойынша инновацияларды

дамыту;

– салалық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету,

минералды-шикізат базасын кеңейту және молайту, саланы білікті кадрлық

ресурстармен қамту жолымен қамтамасыз етіледі.

Агроөнеркәсіп кешені

Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясат мақсаты еңбек

өнімділігін және ауыл шаруашылық өңделген өнім экспортын ұлғайту

жолымен саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылатын АӨК

дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын болады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін одан әрі дамыту мақсатында

зәкірлік ауыл шаруашылығы кооперациясының моделі қолданылатын

болады. Бұл көлденең және сатылас кооперация элементтерін пайдалана

отырып, ірі және шағын агроөнеркәсіп кешенінің (бұдан әрі – АӨК)

субъектілерін біріктіруге мүмкіндік береді.

АӨК субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру үшін

бағаның түзілуін тікелей бұрмалайтын және Дүниежүзілік сауда ұйымының

(бұдан әрі-ДСҰ) әдістемесі бойынша «сары» себетке жататын тиімсіз

субсидияларды кезең-кезеңмен қысқарту жоспарлануда, бұл тауарлық-

спецификалық (алаң бірлігіне, өнім бірлігіне арналған) субсидиялар.

Page 22: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

22

Тауарлық-спецификалық субсидиялардың орнына кредит пен лизинг

бойынша пайыздық мөлшерлемені арзандатуға, сондай-ақ АӨК субъектілері

инвестициялық жобаларды іске асырған кезде шеккен шығындардың бір

бөлігін өтеуге арналған субсидиялардың үлесі кеңейтілетін болады.

Сондай-ақ, жаңа қаржы құралы – электрондық аграрлық қолхаттар

(фермерлердің кредиторлармен болашақтағы өнім есебінен есептесуінің

міндеттемесі) енгізілетін болады. Аграрлық қолхаттың номиналды құны

соңғы бес жылдағы өнім мен баға бойынша статистикалық деректердің

негізінде, өндірілген өнімнің ықтимал көлемі құнының пайыздық

қатынасымен анықталады. Аграрлық қолхаттар шығару құқығына жеке

меншік немесе жер пайдалану құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы

жер учаскелеріне иелік ететін жұмыс істеп тұрған АӨК субъектілері ие

болады.

Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда шағын аграрлық бизнесті

дамыту мақсатында АӨК субъектілерін кепілдендірудің жаңа өнімдері

енгізілетін болады.

Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін реформалау

шеңберінде АӨК субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру

үшін сақтандыру төлемақы емес, сақтандыру сыйақыларын субсидиялау

арқылы сақтандыру тетіктерін енгізу жолымен коммерциялық

сақтандырушылар мен өзара сақтандыру қоғамдары үшін тең жағдайлар

жасалатын болады.

Агрохимияға – минералды тыңайтқыштарды енгізуді ынталандыруға

және тұқымның сапалы сұрыптарын себу алаңдарының үлесін ұлғайтуға -

ерекше назар аударылатын болады. Минералды тыңайтқыштарды тиімді

қолдану мақсатында ауыл шаруашылығында ауыл шаруашылығы

тауарларын өндірушілерін олардың сатып алуларын субсидиялау, оның

ішінде тыңайытқыштарды сараланған енгізуді қоса алғанда, нақты жер өңдеу

элементтерін енгізу арқылы қолдау жалғасатын болады.

АӨК мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында жер қатынастары,

ветеринария, фитосанитария, органикалық өнімдер мен ғылым саласындағы

қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілетін болады.

АӨК-дегі техникалық жарақтану деңгейін жақсарту инвестициялық

субсидиялау және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған

кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

арқылы АШТӨ-нің жаңа техникаға қолжетімділігін қамтамасыз ету есебінен

жүзеге асырылатын болады.

Техникалық жаңарту отандық кәсіпорындарда өндірілген техниканы

сатып алуды ынталандыру жолымен де жүргізілетін болады.

Жеңіл өнеркәсіптегі даму саясаты қосылған құн тізбегін ұлғайтуға

бағытталған, бұл ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды бағыттарын

қалпына келтіруге және дамытуға көмектесетін және ел ішіндегі төлем

қабілеттілігі сұранысының артуына және ішкі нарықтың сыйымдылығына

әсер ететін болады.

Бұл мәселелерді шешуге қазақстандық өндірушіні қорғау,

Page 23: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

23

контрафактілік және контрабандалық өнімдерге қарсы күрес, субсидияларды,

лизингілік схемаларды, инвестициялық қорларды пайдалану, мемлекеттік-

жекешелік әріптестікті дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру ықпал

ететін болады.

Саланы дамыту жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі кешенді жоспары

шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Химия өнеркәсібін одан әрі дамыту саланың - агрохимия және

өнеркәсіпке арналған химикаттар - басым бағыттары шеңберінде жалғасатын

болады.

Агрохимиялық секторды дамыту күрделі (NPK -тыңайтқыштар), калий

тыңайтқыштарын және өсімдіктерді қорғау өнімдерін өндіру бойынша басым

бағыттарды іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Химиялық кластерді одан әрі дамыту шеңберінде кейін жем-шөп

фосфаттарын өндіре отырып, экстракциялық фосфор қышқылын өндіруге,

метанол және аммиак негізіндегі химиялық өнімдерін өндіруге арналған

жобалар іске асырылатын болады.

Жамбыл облысындағы «Еврохим-Тыңайтқыштар» ЖШС кешенді

минералды тыңайтқыштар өндіру, Қызылорда облысындағы «АралСода»

ЖШС «Кальций содасы өндірісі» бойынша жобалар іске асырылатын

болады.

Фармацевтика саласындағы саясат, қолданыстағыны жаңғырту және

жаңаларын салу, саланы білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету және

жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту жолымен

отандық өндіріс есебінен елдің дәрілік заттарға қажеттілігін қанағаттандыру

дәрежесіне қарай үлесін арттыруға бағытталатын болады.

Саланы дамыту Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті

дамытудың кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) шеңберінде

халықаралық стандарттарға сәйкес келетін дәрілік заттардың отандық

өндірушілердің тіркеу куәліктерін өзара мойындау мәселесі пысықталатын

болады.

Орта мерзімді перспективада онкологиялық, туберкулезге қарсы,

кардиологиялық, диабетке қарсы, вирусқа қарсы, гастроэнтерологиялық

препараттарды, инфузионды ерітінділерді, антибиотиктер мен медициналық

мақсаттағы өнімдерді өндіру бойынша жобалар жүзеге асырылады.

Елдің машина жасау саласын дамыту саясаты ішкі нарықтың

қажеттілігін барынша қанағаттандыруға және қосылған құны жоғары

түпкілікті өнімді өндіру есебінен экспортты кеңейтуге бағытталатын болады.

Автокөлік өнеркәсібі мен автокомпонент өндірісін дамыту машина

жасау саласының негізі болуы керек. 2020 жылға қарай отандық

өндірушілердің өндірісі 100 мың бірлік деңгейінде автомобиль шығаруы

болжанып отыр.

Ауылшаруашылық техникасын сатып алу кезінде ауыл шаруашылығы

тауарын өндірушілерді субсидиялау тетіктерін жетілдіруге және өз ауыл

шаруашылығы техникасы өнімдерін жеткізілімдердің жалпы көлемінде

Page 24: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

24

30,0% -ға дейін жеткізуге күш салынатын болады.

Жаңа Салық кодексінде көлік құралдарын, ауылшаруашылығы

техникасын және арнайы инвестициялық келісімшарттар көлік құралдарын

ҚҚС-тан босату бойынша нормалар көзделген. Сондай-ақ Жеңілдетілген

автокредиттер мен лизингке қосымша 14 млрд. теңге бөлінетін болады.

Құрылыс индустриясында құрылыс саласын техникалық реттеу

жүйесін реформалау және құрылыста сметалық баға белгілеу жүйесін

жетілдіру есебінен құрылыс материалдарын өндіру қамтамасыз етіледі.

Салада Құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту жол картасы

шеңберінде табақ әйнек шығару, цемент өндірісін құру және жаңғырту,

құрғақ құрылыс қоспаларын, табиғи тас өндіру бойынша басымды бағыттар

іске асырылатын болады.

Мәселен, «Шымкент Цемент» АҚ (Түркістан облысы) цемент

өндірудің «құрғақ әдісіне» көшу арқылы өндірісті жаңғырту аяқталады.

Бұдан басқа, «Зерде-Керамика Ақтөбе» керамикалық гранит зауыты және

Қызылорда облысында әйнек зауытые өндіру көлемі жылына 197,1 мың

тоннаға дейін сатылас интеграцияланған жоғары технологиялық шыны

өнімдері өндірісін құруды көздейтін шыны зауыты салынады.

Ішкі сауданы дамыту

Орта мерзімді кезеңде ішкі, оның ішінде электронды сауданы жүйелі

дамыту үшін қажетті заңнамалық базаны одан әрі жетілдіруі жалғасады.

Сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасы шеңберінде

интернет-дүкендер құру, «интернет-дүкен» ұғымын енгізу, сапасыз тауарлар

үшін тұтынушылар алдындағы жауапкершілік мәселелері және интернет-

ресурстар арқылы тауарлардың сипаттамалары мен сапасы туралы ақпарат

беру регламенттелетін болады.

Кәсіпкерлік қызметті реттеуді мәселелері жөніндегі заң жобасында

2018 жылдан 2022 жылға дейін елордада, республикалық маңызы бар қалада

және 2020 жылдан бастап 2025 жылға дейін облыстық маңызы бар қалаларда

сауда нарықтарының заманауи форматына кезең кезеңімен көшу көзделген.

Ломбардтардың қызметін реттеу мақсатында сауданы дамыту

жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне ломбардтардың сауда-саттық

қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту бойынша норма енгізілетін

болады. Бұл норма ломбардтардың қызметін бақылау процесін елеулі

жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Салада «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруы

жалғасады. Неғұрлым ашық, қолжетімді және бәсекеге қабілетті

экономиканы құру үшін экономика салаларына зияткерлік жүйелерді

барынша енгізу көзделуде.

Негізгі күш 3G, 4G технологиялары бойынша мобильді байланыс

қызметтерін кең жолақты Интернет желісінің абоненттерін ұлғайтуға

бағытталатын болады.

Ауылдың сандық теңсіздігін төмендету және ауыл тұрғындарының

электронды мемлекеттік қызметтерін алуы үшін 2020 жылы 1249 неғұрлым

Page 25: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

25

перспективалы ауылдық елді мекеннің жоғары жылдамдықты Интернет

желісіне қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, талшықты-оптикалық

байланыс желісінің құрылысы аяқталады.

2020 жылдың соңына дейін 95 % халықты цифрлық эфирлік

телерадиохабар таратумен қамту мақсатында 827 радиотелевизиялық

станциялар салу және жаңғырту көзделген.

Бизнес жүргізу шарттарын жақсарту, халықаралық рейтингтердегі

Казақстан позициясын жақсарту үшін мемлекеттік қызмет көрсету процесін

барынша оңтайландыру, мерзімі мен құжаттар тізбесін қысқарту,

қайталанатын рәсімдерді болдырмау және оларды толық электрондық

форматқа көшіру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Көлік инфрақұрылымы

Саланы дамытудың негізгі мақсаты ақылылық енгізе отырып, 7 мың км

автожол салу және реконструкциялау, транзиттік контейнерлік

тасымалдауды 2 миллион контейнерге дейін, транзиттік әуе жолаушылар

ағынын 1,6 млн. дейін жеткізу, теңіз порттарының өткізу қабілетін 26 млн.

тоннаға дейін ұлғайту және кезең-кезеңмен Зияткерлік көлік жүйесін құру

болады.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өсіп келе жатқан

жүк ағынын көліктік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ете алатын,

көлік инфрақұрылымын құру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Автомобиль құрауышы мен Құрық портында паром кешенін салу

бойынша жобаны іске асыруды ескере отырып, паромдық қуатты жыл сайын

23,5 млн. тоннаға дуйін арттыру жоспарлануда.

Туризм

Туристік қызметті дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының

туристік саласын дамыту тұжырымдамасын 2023 жылға дейін жүзеге асыру

жалғасатын болады. Кету, келу және ішкі туризмді дамыту үшін қолайлы

жағдайлар жасау мақсатында туристік қызмет мәселелері бойынша кейбір

заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Өңірлерде жекелеген туризм басқармаларын, сондай-ақ «Астана

Конвеншн Бюро» ЖШС қағидаты бойынша дестинацияларды басқару

жөніндегі ұйымдарды құру арқылы институционалдық қайта құру

жұмыстары жалғасады.

Ірі жобаларды одан әрі тиімді дамыту және якорлы инвесторларды

тарту үшін тау шаңғы инфрақұрылымы құрылысын қаржыландыруды

мемлекеттік қолдау және инженерлік-көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз

ету. Ойын бизнесін дамытуға арналған аумақтардың тізімі кеңейтілетін

болады. Қолайлы инвестициялық ахуалмен қамтамасыз ету мақсатында

«Арнайы туристік аймақтар» енгізіледі және туристік қызығушылыққа

танымал орындар бағыттары бойынша авиа, теміржол, автобус рейстерін

субсидиялау мәселелері шешіледі.

Визалық-көші-қон режимін ырықтандыру бойынша (63 экономикалық

дамыған және саяси тұрғыдан тұрақты елдер), сондай-ақ басым елдерде

Page 26: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

26

визалық орталықтар ашу және Алматы мен Астана халықаралық әуежайлары

арқылы 72 сағаттық визасыз транзитті енгізу бойынша жұмыстар жалғасады.

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі

тұжырымдама шеңберінде «жасыл экономика» саласында қайта

құрулардың жоғары қарқыны басталды. Мәселен, 2020 жылға қарай энергия

тиімділігінде ЖІӨ-ге қарағанда энергияны қажетсіну 25%-ға кемиді;

халықтың жеткілікті саны ауыз сумен қамтамасыз етіледі, ауыл

шаруашылығы алқаптарының өнімділігі 1,5 есеге өседі; 2030 жылға қарай

баламалы және жаңартылатын электр энергиясының үлесі 10 %-ға жететін

болады, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен халық 100% қамтылады;

қоршаған ортаға күкірт оксидтері мен азот шығарындылары бойынша

еуропалық деңгейге қол жеткізу үшін бар күш-жігер салынады.

Экологиялық заңнаманы ЭЫДҰ нормаларына сәйкестендіру және

табиғат пайдаланушыларды жасыл технологияларды енгізуге ынталандыру

мақсатында Экологиялық кодекстің жаңа редакциясы әзірленетін болады.

Қазақстанның жасыл экономикаға өтуін жылдамдатуға жәрдемдесу

мақсатында «Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың

халықаралық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан

әрі – Орталық) құрылатын болады. Орталық «жасыл» технологиялар тізілімін

қалыптастырады, шетел әріптестердің трансферті мен Қазақстандағы

жобаларын іске асыруы бойынша оларды іздеуді, ең үздік қолжетімді

технологияларды енгізу тетіктерін жетілдіру бойынша Орталық Азия

елдерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге

асырады жүргізіледі.

Астана экономикалық форумы шеңберінде Корея Республикасы Жасыл

технологиялар орталығымен және Қытай Халық Республикасының Ғылым

академиясы жанындағы Қашқар қ. қашықтықтан зондтау және сандық Жер

зерттеу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол

қойылды.

Жергілікті қамту бойынша жүргізіліп жатқан саясат отандық

экономиканың өсуіне, шикізаттық емес сектор үлесін ұлғайтуға, жаңа

өнімдерді шығаруға және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін

қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

ЕАЭҚ, ДСҰ интеграциялық процестері шеңберінде отандық жаңа

өндірістерді дамытуды және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуды

ынталандыру жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады.

3. Бизнес-ортаны және инвестициялық тартымдылықты жақсарту

Бизнес ахуалды жақсарту мақсатында бизнесті қолдаудың

институционалдық негізін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс

жалғастырылады.

Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселесі жөніндегі заң жобасы

шеңберінде бақылау-қадағалау қызметін реформалау, ақпараттық

құралдарды реттеуді және реттеушілік әсерді талдау тетіктерін жетілдіру,

табиғи монополия субъектілері мен квазимемлекеттік сектор ұсынатын

Page 27: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

27

міндетті қызметтерді реформалау, сондай-ақ бәсекелестікке кедергі

келтіретін нормаларды алып тастау бойынша өзгерістер енгізілетін болады.

Заңнамалық актіні қабылдау мемлекеттік бақылау және қадағалау

жүйесін түбегейлі өзгертеді. Профилактикалық бақылау институты

енгізілетін болады. Қолданыстағы тексеру жүйесінен айырмашылығы - бұл

әкімшілік іс қозғаусыз заңның бұзылуын болдырмау және алдын-алу болып

табылады. Бизнеске бақылау және қадағалау жүктемесі айтарлықтай

төмендейді, мәселен 114 бақылаудан 20 саланы алып тастау, бақылау

функцияларын және есептер санын 30% қысқарту ұсынылады.

Табиғи монополиялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің

жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету (рұқсат беру сипатындағы түрлі

міндетті құжаттарды беру) мәселесі заңнамалық түрде реттеледі. Бұл шара

табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өзара

іс-қимыл жасасу кезінде кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды

қамтамасыз етеді.

Кәсіпкердің техникалық, экологиялық, монополияға қарсы реттеу, жер

қатынастары, табиғи монополиялар және басқасын қоса алғанда, түрлі

салалардағы өндірістік емес шығындары қысқартылады.

Бизнестің операциялық шығасыларын қысқарту және реформаларды

жалғастыру мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құжаттарына мөр

басу талаптарына тыйым салу енгізілетін болады.

Банкроттық және оңалту рәсімдерін қаржыландырудың қосымша

көздерін тарту үшін факторинг және қаржылық лизинг құралдарын енгізу

ұсынылады.

Жалпы, бұл бизнестің өндірістік емес шығындарын ауқымды

қысқартуды, ресурстарды үнемдеуді, еңбек өнімділігінің өсуін және бизнес

ахуалды жақсартуды қамтамасыз етеді, бұл Қазақстанға Doing Business

рейтингісінде өз көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы және 2017 – 2021

жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті

дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Нәтижелі жұмыспен қамту және

кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы) 2025 жылға дейін кәсіпкерлікті

қолдаудың жаңа бағытымен толықтырылады.

Кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа бағыты шеңберінде шағын және орта

бизнесті қаржыландыруды ұлғайту, бизнес-инкубаторлардағы бизнесті

дамыту, арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды аймақтарды

дамыту бойынша жұмыстары жалғасады.

Мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін төмендету:

– 2016 – 2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын

іске асыру;

– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының

(бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) Трансформациялау

бағдарламасын іске асыруы;

Page 28: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

28

– Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған

«Yellow Pages» қағидаттарын жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілетін

болады.

Жекешелендіру бағдарламасы жүйелі және тұрақты сипатқа ие.

«Yellow Pages Rule» қағидаттарын жүзеге асыру үшін жыл сайын тауар

нарықтарына талдау жүргізу негізінде, бәсекелестік ортада қызмет ететін

мемлекеттік ұйымдар жекешелендіруге ұсынылатын болады.

Ведомстволық бағынысты ұйымдарды түгендеудің қорытындысы

бойынша 2016 – 2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді

жоспары 105 ұйыммен, сондай-ақ 50%-дан астам акциялары (жарғылық

капиталындағы қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі және олармен үлестес

тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін 32

ұйыммен толықтырылды.

Мемлекет 874 кәсіпорынды, соның ішінде:

– 66 ірі компанияны, олардың ішінде 12 республикалық меншіктегі,

1 коммуналдық меншіктегі, 41 ұйым ұлттық басқарушы холдингтердегі

кәсіпорындар;

– «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ-ның 146 ұйымы;

– республикалық меншіктегі 74 және коммуналдық меншіктегі

437 ұйым;

– ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтердің,

компаниялардың 163 ұйымын, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік

корпорацияларын сатады.

Ұсынылып отырған шаралар 2020 жылға қарай мемлекеттің

экономикадағы үлесін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін – ЖІӨ-нің 15,0 %-ға

қысқартуға (2015 жылдың қорытындысы бойынша – 18,6 %) және экономика

өсуінің бас генераторы ретінде жеке секторды қалыптастыру үшін елдегі

жеке бастаманы жандандыруға мүмкіндік береді.

Елдің Инвестициялық саясаты Дүниежүзілік банктің қатысуымен

әзірленген Ұлттық инвестициялық стратегияда (бұдан әрі – Стратегия)

айқындалған және тиімділігін арттыруға бағытталған қолайлы

инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге, инвестициялар тартуға

бағытталған. Жаңа инвесторларды тартуға ғана емес, сол сияқты жұмыс

істейтін инвесторларды ұстап тұруға және қайта инвестициялауды

ынталандыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Инвестициялық стратегиясын іске асыру мақсатында инвестициялық

саясаттың ашықтығы мен болжамдылығын арттыру, шетелдік жұмыс күшін

тарту, шарттарын жақсарту, инвестициялық омбудсмен институтын

реформалау, визалық және көші-қон режимдерін жетілдіру бойынша жұмыс

жалғастырылады. Нәтижелері жыл сайын Қазақстанның инвестициялық

ахуалы туралы баяндамада жарияланатын болады.

Инвестициялық жобалар карталары интеграцияланған, инвестициялық

жобалардың ақпараттық мониторингілеу жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Өңірлік стратегияларға сәйкес инвестицияларды тарту өңірлік деңгейде

қайта форматталатын болады, нақты индикаторларды, жобаларды көздейтін,

Page 29: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

29

сондай-ақ белгілі бір саланың немесе өңірде инвестициялық ахуалды

жақсарту бойынша жүйелі шараларды қамтамасыз ету, жыл сайынғы салалық

және өңірлік инвестициялар тарту жоспарлары әзірленетін болады.

2022 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:

– жалпы тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 1,26 есе ұлғаяды;

– тиімділікті арттыруға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі тікелей

шетелдік инвестициялар жалпы ағыны 1,5 есе ұлғаяды;

– шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған

инвестициялар (мемлекеттік бюджетті қоспағанда) 1,46 есе ұлғаяды;

– экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына

салынған сыртқы инвестициялар көлемі 1,5 есе ұлғаяды.

МЖӘ одан әрі дамыту және оның тетігін қолдану рәсімдерін

жеңілдету мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессиялар

туралы заңдардың нормаларын біріктіру арқылы МЖӘ заңнамасын

оңтайландыру және біріздендіру жоспарлануда.

Инвесторлардың жобаға ақшалай қаражат тартуына жағдай жасау үшін

Ұлттық Банкпен бірлесіп ЕДБ үшін кепілзатты қамтамасыз ету ретінде

мемлекет тарапынан төлемдерді көздейтін МЖӘ шарттарын тану мәселесі

бойынша жұмыс жалғасады.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы және МЖӘ стандартталған

(біртектес) жобаларының рәсімдерін жеңілдету және іске асыру мақсатында

(салалық ерекшелікті ескере отырып, жобаларды іріктеудің шарттары мен

өлшемшарттары) мен базалық параметрлер және мемлекеттік қолдау

шараларын айқындау бөлігінде тиісті түзетулер әзірленеді.

Тарифтік және монополияға қарсы саясат

Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру

мақсатында:

– қолданыстағы рәсімдерді жетілдіру, сондай-ақ тариф белгілеудің

баламалы әдістерін енгізу;

– үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін ынталандырушы реттеу

әдістерін кезең кезеңімен енгізуге жағдайлар жасау;

– табиғи монополиялар субъектілері мен уәкілетті орган қызметінің

тиімділігі мен ашықтығын арттыру бойынша шаралар қабылданады.

2020 жылға дейін Республиканың заңнамасына сәйкес электр

энергиясын орталықтандырылған сатуды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар

нарықтарда мемлекеттік бағалық реттеу жүзеге асырылады.

2020 жылға дейін «Yellow Pages Rule» қағидаттарына сай келмейтін

мемлекеттік меншіктегі барлық кәсіпорындар мен ұйымдарды жеке секторға

беру немесе тарату бойынша іс-шараларды іске асыру жалғасады.

Бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнаманы жетілдіру және ЭЫДҰ

стандарттарына жақындату жұмысы жалғасады.

4. Адами капиталдың сапасын жақсарту

Үшінші технологиялық жаңғырту мен Төртінші өнеркәсіптік

революцияның басты ресурсы жоғары білікті адами капитал болып

Page 30: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

30

табылады. Елдің болашағы қоғамның білімділік деңгейіне, азаматтардың

өмір сүру салтына байланысты.

Орта мерзімді перспективада жаңа білім беру мен денсаулық сақтау

жүйесіне, сондай-ақ әлеуметтік жүйені жетілдіруге баса назар аударылатын

белсенді әлеуметтік саясат жүргізілетін болады.

Білім беру саласында Қазақстан Республикасының білім беруді және

ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім берудің

қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға ерекше назар

аударылатын болады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі инфрақұрылым

жергілікті бюджет пен МЖӘ тетіктері есебінен мемлекеттік және жеке

меншік балабақшалар, шағын орталықтар салу және ашу арқылы кеңейту

жалғастырылатын болады.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің білім беру

бағдарламаларын іске асыруда сабақтастық құрылады. Балаларды

жастайынан дамытудың кешенді жүйесі денсаулықты, тиімді тамақтануды,

қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ерте жастан когнитивті, әлеуметтік және

өздігінен оқу дағдыларына үйретуге бағытталатын болады.

Орта білім беру жүйесінде оқушылардың бойында функционалдық

сауаттылықты, сыни ойлауды, білімі мен дағдыларын нақты өмірде қолдану

қабілеттерін қалыптастыруға бағдарланған жаңартылған қамтуды енгізу

жалғастырылады. Оқу бағдарламаларына жаңа технологияларды, ғылыми

инновацияларды, математикалық модельдеуді, бағдарламалауды, робот

техникасын және бастауыш технологиялық даярлауды дамытуға бағытталған

STEM-элементтері енгізілетін болады.

Педагогикалық мәртебенің беделін арттыру үшін ұлттық біліктілік

тестілеудің нәтижесі бойынша кәсіптік даярлық деңгейін, құзыреттілігін,

жеке қасиеттерін бағалайтын мұғалімдерге арналған санаттардың жаңа торы

енгізілетін болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекет кепілдік

берген бірінші жұмысшы мамандығын алу тегін қамтамасыз етілетін болады,

оның ішінде барлық тілек білдірушілерге оқу орталықтары мен

колледждердің базасында курстық даярлау арқылы.

Білім беру сапасын арттыру мақсатында дуальды оқытудың негізгі

қағидаттарын және World Skills International халықаралық стандарттарының

талаптары ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларын енгізу

жалғастырылады. Ерекше білім беруді талап ететін студенттер Abilympics

және DeafSkills халықаралық кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысатын

болады.

ТжКБ жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативтері

қайта қаралып, ТжКБ ұйымдарын сенімгерлік басқаруға беру мәселесі

пысықталатын болады. ТжКБ білім беру бағдарламаларының және жоғары

білімнің бағалау қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларының

неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар тізілімі жаңартылатын болады.

Президенттің үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру үшін

Page 31: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

31

2018-2019 оқу жылдары жоғары білімнің қол жетімділігін арттыру үшін

қосымша 20 мың грант бөлу жоспарланып отыр.

Студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін 2022 жылдың

соңына дейін жаңа жатақханалардың кем дегенде 75 мың орны пайдалануға

беріледі.

Жоғары оқу орындарын (бұдан әрі – ЖОО) орталықсыздандыру және

олардың академиялық, басқарушылық дербестігін арттыру мақсатында, оқу

бағдарламаларын әзірлеуде, кадрлық жұмысты ұйымдастыруда және

бюджетті басқаруда дербестік берілетін болады. Республикалық бюджетке

түсетін жүктемені азайту және әлемдік үрдістер контексінде

университеттерді насихаттау мақсатында қосымша инвестиция тарту үшін

ЖОО-дарды қайта құру жалғасады. ЖОО-лардың білім бағдарламаларының

тәуелсіз рейтингі өткізілетін болады.

Денсаулық сақтау саласындағы саясат сапалы және қолжетімді

медициналық көмек көрсетуге және сапалы әрі қауіпсіз дәрілік

препараттармен қамтамасыз етуге бағытталатын болады. «Денсаулық»

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік

бағдарламасы шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек

деңгейінде аурулардың алдын алу және ерте анықтау денсаулық сақтауды

дамытудың басымды бағыттары болып табылады.

Халықтың денсаулығын және жастардың репродуктивті денсаулығын

нығайту мақсатында Қоғамдық денсаулықты басқарудың

2018 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.

Ұлттық скрининг бағдарламасын жетілдіру, диагностикалау,

ауруларды емдеу және оңалтудың жаңа стандарттарын енгізу жұмыстары

одан әрі жалғасады.

2020 жылға қарай мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың

бірлескен қатысуы негізінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

жүйесі кезең кезеңімен енгізіледі.

Денсаулық сақтау саласындағы саясат, сондай-ақ МЖӘ негізінде

денсаулық сақтау инфрақұрылымын, денсаулық сақтауды ақпараттандыруды

дамытуға және смарт медицинаны дамытуға, медициналық білім беруді

жаңғырту мен медициналық ғылымды дамытуға бағытталатын болады.

Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі реформалау халықтың қолжетімді,

толыққанды және сапалы медициналық қызметтерге қажеттілігіне икемді

түрде ден қоятын инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталатын болады.

Денсаулық сақтау желісінің конфигурациясы ЭЫДҰ ұсынымдарын

ескере отырып өзгертіледі және инфрақұрылымды жаңартуға

инвестициялардың ұзақ мерзімді қажеттілігі анықталады.

Медициналық және фармацевтикалық білім беру мен ғылымды

жаңғырту «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы моделінің

мысалында және медициналық ЖОО-лар мен ғылыми орталықтардың

шетелдік университеттермен стратегиялық әріптестігі арқылы озық шетелдік

медициналық стандарттар трансфертінің негізінде жүргізілетін болады.

Университеттік клиникалар мен интеграцияланған академиялық

Page 32: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

32

медициналық орталықтар құру білім беру, ғылым және практика

интеграциясын қамтамасыз етеді. Медициналық ЖОО академиялық және

басқарушылық дербестігін бірте-бірте кеңейту үшін олардың білім беру

бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкес түрлендіру және

аккредиттеу жұмысы басталды. Мейірбикелік білім беруді жаңғырту

жұмысы Финдік модель негізінде жалғасады.

Медициналық кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету үшін

медициналық ЖОО мен колледждер түлектерінің кәсіби дайындықтарын,

медициналық ЖОО мен колледждер оқытушыларының кәсіби және

педагогикалық құзыретін білімдер мен дағдыларды бағалаудың тәуелсіз

органының міндетті түрде бағалауы бекітілген.

Қауіпсіз білікті медициналық көмек көрсету үшін дербес кәсіби

қызметке лицензия беру жүйесі енгізіледі.

Аурудың пайда болуы мен асқыну қаупін төмендету мақсатында

денсаулық сақтау жүйесінде алдын алу бағыты дамиды және аурулардың

диагностикасы мен емделуіне дербестендірілген тәсіл енгізілетін болады.

Жалпы бұл азаматтардың денсаулығын нығайтуға, өмір сүру

ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайтуға медициналық көмектің қолжетімділігі

мен сапасын арттыруға, халықтың сұранысына ден қоятын денсаулық сақтау

жүйесін құруға тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді

кеңейтуге ынтымақты жауапкершілігі мен қызығушылығына қол жеткізуге

мүмкіндік береді.

Мәдениет саласын дамытудың негізгі басымдықтары Қазақстанның

әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін бай мәдени мұрасы мен

шығармашылық әлеуеті бар қазақстандықтарды шоғырландыруға арналған

«Рухани жаңғыру» қоғам санасын жаңғырту бағдарламасында айқындалған.

Ғылым және зерттеу қызметі белсенді түрде дамитын болады, жетекші

халықаралық ұйымдардың (ЮНЕСКО, ТЮРКСОЙ, ИСЕСКО және т.б.)

жобаларына интеграциялау күшейтіледі.

Мемлекеттік тілдің Қазақстан халқының дәстүрлері мен тілдерін,

мәдениетін дамытудың шоғырландырушы факторы ретіндегі рөлі

нығайтылады. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталының одан әрі

дамуына жағдай жасалды.

Елдің бірыңғай мәдени кеңістігін қалыптастыру шеңберінде

«e-culture.kz» бірыңғай ұлттық ақпараттық порталы және «Цифрлық

Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бірыңғай электрондық

құжаттар архиві» ақпараттық жүйесі құрылады.

Жалпы алғанда «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет»

арнайы жобасының шеңберінде отандық мәдениетті дәріптеуге,

«Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасын іске асыруға, мәдени мұра

объектілерін қалпына келтіруге, реставрациялауға және қорғауға

бағытталатын болады.

Кинофильмдер сапалы тақырыбы мен жанры бойынша қазақстандық

фильмдері алуан түрлі бәсекеге қабілетті, кинематографиясы инвестициялық

тартымды және қазақстандық киноның шетелде мойындалуы негізінде

Page 33: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

33

киноиндустрия дамитын болады.

2030 жылға дейін ұлттық кітапханалық кітап қорын жаңа түсімдерін

100% цифрландыруға қамтамасыз етілетін болады.

Еліміздің Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуы мен дәріптелуі

қамтамасыз етіледі және 2020 жылға қарай білім беру деңгейлерінің дуальді

оқыту жүйесінің сабақтастығы дамытылады.

Елдің бірыңғай мәдени кеңістігін қалыптастыру шеңберінде

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында электрондық

құжаттардың ұзақ уақыт сақталуын және архивтер қызметінің процестерін

автоматтандыруды қамтамасыз ету бойынша «e-culture.kz» ұлттық бірыңғай

ақпараттық порталы және «Бірыңғай электрондық құжаттар архиві»

ақпараттық жүйесі құрылады.

Өнімді жұмыспен қамту. Еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін

арттыру, экономика салаларын Үшінші технологиялық жаңғыру және

Индустрия 4.0 білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен

қамтудың жаңа құрылымы мен техникалық және жоғары, техникалық және

кәсіби білімнің сапасын жаңғыртуды ескере отырып, кадрлар даярлау

бойынша жүйелі шаралар қабылданатын болады.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктіліктерді

алу, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ еңбек делдалдығының тиімді

моделін құру үшін 2017 – 2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен

қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын

(бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру басталды.

Бағдарлама шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар

және өзге де біліктілігі жоқ адамдар өнімді жұмыспен қамтуға үш бағыт

бойынша тартылады.

Бірінші бағыт бойынша колледждер базасында 2,5 жылға дейін тегін

техникалық және кәсіптік білім беріледі, сондай-ақ колледждер және

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқу орталықтары базасында

оқыту мерзімі 1 айдан 6 айға дейінгі қысқа мерзімді дуальді оқыту курстары

ұйымдастырылған.

Екінші бағыт шеңберінде Бағдарлама қатысушыларын «Бастау Бизнес»

жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды іске асыру жалғасады

және ауылдар мен қалаларда кәсіпкерлікке ынталандыруды қолдау іске

асырылуда.

Бағдарламаның үшінші бағыты азаматтарды жұмыспен қамтуда атаулы

қолдау көрсетуді күшейтуді, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды

және еңбек нарығының инфақұрылымын дамытуды көздейді.

Жұмыс іздеуге белгілі бір санаттағы азаматтарды жұмыспен

қамтамасыз етуді және еңбек ресурстарының ұтқырлығын қолдау «Еңбек

биржасы» немесе Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы құрылды.

Бұл жұмыс қолданыстағы enbek.kz платформасы базасында жүзеге

асырылатын болады.

Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, еңбек

ресурстарының сапалы өсуіне және 2023 жылы жұмыссыздық деңгейінің

Page 34: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

34

4,8 %-ға дейін төмендеуіне ықпал етеді.

Көші-қон саясаты:

– ішкі көші-қонның дамуына-азаматтардың басым өңірлерге ерікті

көшуіне жәрдемдесуге;

– шетелдік жұмыс күшін тарту, іріктеу және пайдалану тетіктерін

жетілдіруге;

– көшіп-қонушылардың бейімделуіне, көшіп-қонушылар мен

қабылдаушы қоғамдастықтың арасында сындарлы өзара іс-қимылды

қалыптастыруға жәрдемдесуге;

– заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталады.

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мемлекет саясаты, оның

атаулы сипатын күшейту арқылы әлеуметтік көмекті оңтайландыруға

бағдарланған.

Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі

тұжырымдамасына сәйкес және Мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін

ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы қайта қаралды.

Аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік төлемдердің үш түрі

(4 немесе одан да көп балалары бар отбасыларға берілетін арнайы

мемлекеттік жәрдемақы, аз қамтылған отбасылардан шыққан 18 жасқа

дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек) бір

жәрдемақыға біріктірілді, ол әлеуметтік келісімшарт жасасу қағидаттарына

негізделген, халықтың аз қамтылған санаттарын әлеуметтік қолдауға

бағытталады.

Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың ұзақ мерзімді

тұжырымдамасы шеңберінде зейнетақымен қамтамасыз етудің қолданыстағы

көпдеңгейлі жүйесін сақтай отырып, мемлекеттің, жұмыс берушінің және

жұмыскердің жауапкершілігін күшейте отырып, 2030 жылға дейінгі

зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту одан әрі жалғасатын

болады.

5. Теңгерімделген өңірлік даму

Елдің өңірлік саясаты өңірлердің ішкі және сыртқы бәсекеге

қабілеттілігін арттыру үшін, тұратын жеріне қарамастан халықтың өмір сүру

сапасын арттыруға қолайлы жағлайлар мен факторларды қалыптастыруға

бағытталатын болады.

Елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, халық пен

капиталдың экономикалық өсу орталықтарында шоғырлануын ынталандыру

арқылы өңірлердің әлеуетін дамыту мақсатында Өңірлерді дамытудың

2020 жылға дейінгі бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру

жалғастырылады.

Өңірлерді дамыту бағдарламасында экономикалық өсу

орталықтарының жіктемесі айқындалған:

– орталықтары Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында

орналасқан агломерациялардың 1-ші деңгейдегі қалалары;

Page 35: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

35

– 2-ші деңгейдегі қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан

қалалары);

– 3-ші деңгейдегі қалалар (моно- және шағын қалалар); тірек ауылдық

елді мекендер, шекара маңындағы аумақтар.

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі үшін

ел қалаларын одан әрі урбандау бойынша жүйелі жұмыс жалғасады. Бұдан

басқа, 2050 жылға дейін ірі қалаларды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы

әзірленетін болады.

Өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту мақсатында «Нұрлы жер»

бағдарламасы мен «7–20–25» жаңа ипотекалық бағдарламасы шеңберінде

жаңа тұрғын үйге қол жеткізу жолымен өңірлерде қолайлы әрі жайлы өмір

сүру жағдайларын қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Бағдарламаларды іске асыру жеке капиталды тартуға бағытталған және

тұрақты кірісі бар әрбір азаматқа тұрғын үй мәселесін шешуге және

отбасылық бюджетке нұқсан келтірмей ипотекаға қызмет көрсетуге

мүмкіндік береді. 2030 жылға қарай тұрғын үй қолжетімділігін 1 адамға

30 шаршы метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр, бұл тұрғын үй құрылысы

индустриясының дамуына серпін береді және экономиканың одан әрі өсуі

үшін едәуір мультипликативті әсер туғызады.

Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды

схемасын (бұдан әрі – Болжамды схема) әзірлеу кезінде негізгі

басымдықтардың бірі – күшті өңірлерді қалыптастыру және жаңа тәсілдерді

қолдану арқылы урбанизацияны дамыту болады. Агломерацияларды

дамытуға ғана емес, сонымен қатар экономикалық әлеуеті бар Қазақстанның

орташа қалаларына да ерекше көңіл бөлінеді.

Болжамды схеманы жандандыру және әзірлеу

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму

жоспарының 7 жүйелік реформасына негізделеді.

2020 жылға қарай «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

үшін 1000 км жылумен жабдықтау желілері және 6000 км сумен жабдықтау

мен су бұру желілері салынып, реконструкцияланады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде

орталықтандырылған сумен жабдықтау желілеріне қол жеткізу: қалаларда

97,0 %; ауылдарда 62,0 % және су бұру желілеріне: қалаларда 97,0 %,

ауылдарда 13,0 % дейін артады. 4385,0 км сумен жабдықтау, 616,0 км су бұру

желілері салынып, реконструкцияланды.

Елімізді газдандыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Елді

газдандырудың бас схемасы шеңберінде халықты газдандыру деңгейі

2030 жылға қарай 56,0 %-ға жетеді, бұл 1,6 мыңнан астам елді мекенді газбен

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал тұтынылатын газ көлемі 2016 жылғы

13,1 млрд. текше метрден 2030 жылы 18,0 млрд. текше метрге дейін өседі.

«Президентті бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру шеңберінде

2018 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап жалпы құны 370 млрд. теңге

көлемінде «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы басталады.

Page 36: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

36

Астана қаласын, елдің орта және солтүстік өңірлерін газдандыру үшін

газ құбырының «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана –

Көкшетау – Пертопавл» бағыты бойынша жүргізіледі. Газды Қазақстанның

батыс кен орындары тобынан (Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз, Жаңажол және

Өріктау) «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырына қосылу арқылы жеткізу

көзделген.

Ұзындығы 1081 км, құны 267,3 млрд. теңге болатын «Қызылорда –

Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша газ құбыры

2019 жылдың соңына дейін аяқталады. Жобаны іске асыру магистральдық газ

құбырының трассасы бойына жақын жатқан инфрақұрлымды дамытуға және

табиғи газды қолданумен жаңа өндірістер құруға; шығарындылар

эмиссиясын көмірмен салыстырғанда 5,7 есеге және дизотынмен

салыстырғанда 3 есеге немесе жылына 36 мың тоннаға азайтуға септігін

тигізеді.

6. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру

Бес институционалдық реформалар шеңберінде экономикалық

бағдарламалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз ететін және

мемлекеттік қызметтерді ұсынатын заманауи және кәсіби мемлекеттік

аппаратты құру бойынша жұмыс жалғасады.

Мемлекеттік қызметті жетілдіру мемлекеттік қызметшілерді өнімді

еңбекке, кәсіптік және мансаптық өсуге ынталандыру арқылы мансаптық

модельді нығайту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік қызметті одан әрі қалыптастыруы меритократия, тиімділік

және қоғам алдындағы есептілік қағидаттарын жүзеге асырудың

халықаралық тәжірибесін, құзыреттілік тәсілін және жаңа еңбекақы төлеу

жүйелерін ескере отырып, жүзеге асырылатын болады.

Жаңа еңбекақы төлеу жүйесі орындалатын функциялардың ауқымын

жауапкершілігі мен күрделілігін есепке алуға, сондай-ақ мемлекеттік орган

үшін лауазымдық жалақының мөлшері мен маңыздылығын салыстыруға

мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметшілер мақсаттарына қол жеткізуі және

құзыреттілігін көрсету бойынша бағаланатын болады және мақсаттарға қол

жеткізуді бағалау нәтижелері бойынша бонустар төленеді.

Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру ротация институттарын дамыту,

қызметкерлерді оқыту арқылы қамтамасыз етіледі.

Бірыңғай құзыреттілік жүйесін енгізу мемлекеттік қызметте

құзыреттілік тәсілін күшейтеді.

Меритократия қағидасын барынша арттыру мақсатында жұмыс құқық

қорғау және мемлекеттік қызмет стандарттарын үйлестіруді жалғастырады.

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін жақсарту

мемлекеттік аппараттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жоғары

деңгейдегі мамандарды мемлекеттік секторға тартуға ықпал етеді.

Меритократия қағидаттарын күшейту және протекционизм мен

непотизмді болдырмау үшін азаматтардың іріктеу жүйесіне сенімін арттыру,

оның ішінде адами ресурстарды басқару қызметтерінің жұмысын үйлестіру

Page 37: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

37

және конкурстық рәсімдерді бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту арқылы

күшейтілген шаралар қабылданатын болады.

Мемлекеттік басқаруды жетілдіру мемлекеттік қызмет көрсетуді қоса

алғанда, әкімшілік рәсімдерді төрешілікдіктен арылтумен

байланыстырылады.

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау және сыбайлас жемқорлық қаупін

болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін

оңтайландыру және оларды толық автоматтандыру бойынша жұмыстар

жүргізілетін болады.

Үкіметтің деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі

шараларды іске асыру орталық және жергілікті атқарушы органдардың

дербестігі мен жауапкершілігін күшейтеді, құжат айналымын

оңтайландырады және мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға

жақындатады.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ететін

факторлардың бірі олардың бір бөлігін бәсекелестік ортаға беру болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету біртіндеп «бір терезе» қағидатынан «бір

өтінішке» ауысады.

Мемлекеттік аппараттың жұмысына халықтың сенімі деңгейін

жақсарту мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің этикасын жетілдіру

бойынша жұмыс жалғасады.

Азаматтық қоғаммен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлықты жалпы

жұртшылықтың қабылдамауы үшін бірқатар шаралар қабылданатын болады.

7. Халықаралық интеграция және өзара іс-қимыл

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының сыртқы

саясатының тұжырымдамасы мен ЕАЭО туралы шартқа сәйкес

интеграциялық бірлестіктермен және жекелеген елдермен өзара тиімді

ынтымақтасуды құру бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Еуразиялық экономикалық одақтың шектеулерсіз және алып

қоюларсыз тиімді жұмыс істеуі мақсатында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен

еуразиялық экономикалық интеграцияны кезең-кезеңмен дамыту бойынша

уағдаластыққа қол жеткізілді:

2019 жылға қарай ЕАЭО ортақ электр энергетика нарығы құрылатын

болады, ол Қазақстанның электр энергетикасы саласының экспорттық

әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді.

2025 жылға қарай өзара саудада экспорттық кедендік баждарды

(баламалы маңызы бар басқа да баждарды, салықтар мен алымдарды) және

шектеулерді қолданбауды көздейтін газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ

нарығы қалыптастырылатын болады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің газ,

мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне тең қолжетімділік

берілетін болады, бұл Қашаған мен Қарашығанақ кен орындарын игеруге

байланысты Қазақстанның болашақта дамуы үшін стратегиялық тұрғыдан

маңызды.

Page 38: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

38

2025 жылға дейін жалпы автокөліктік қызмет көрсету нарығы

қалыптастырылытын және ЕАЭО мүше мемлекеттерге ЕАЭО бүкіл аумағы

бойынша жүк автомобиль көлігінің қызмет көрсетуіне қол жеткізуі

жеңілдетілетін болады.

Көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі

ұсынылатын қызметтердің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді, жаңа

технологияларды жаңартуға және түрлi салаларға мамандарды тартуға ықпал

етеді.

Сондай-ақ, ЕАЭО шеңберінде 2025 жылға дейін экономика

салаларын, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер, капитал және еңбек

нарықтарын, интеграциялық процесстерді басқаруды цифрлық

трансформациялау жоспарлануда.

Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаты әлемдік сауда жүйесіне

интеграциялану жолымен елдің экономикалық мүдделерін қорғау мен

ілгерлетудің тиімді және жедел жүйесін құру болмақ және мыналарға

бағытталады:

– ДСҰ-ға мүшелік шеңберінде Қазақстан Республикасы қабылдаған

мүдделерді ұсыну және міндеттемелерді орындау;

– ЕАЭО және ДСҰ-ға Қазақстан Республикасының мүшелігі

шеңберінде интеграциялық процестерді ескере отырып, экономиканың

өзгермелі жағдайлары шеңберінде шаралар қабылдау;

– ДСҰ шеңберінде сауданы жеңілдету;

– үшінші елдермен (Израиль, Сербия, Сингапур, Үндістан және

Мысыр) еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы келіссөздер бойынша

жұмыстарды жалғастыру;

– Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде еркін сауда режимін

жетілдіру және тереңдету;

– ЕАЭО үшінші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығының

басым бағыттарын айқындайтын құжаттарды әзірлеуге қатысу;

– Дүниежүзілік Банктің «Doing business» рейтингісіндегі

«Халықаралық сауда» индикаторын жақсарту бойынша жұмысты

жалғастыру;

– кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу шараларын қолдану, сондай-

ақ отандық өндірушілер мен тауар тұтынушыларды қолдау мақсатында

демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау шараларын қолдану

бойынша жұмыстар жүргізу;

– Еуразиялық экономикалық комиссия шеңберінде отандық

шаруашылық жүргізуші субъектілердің кедендік әкелу баждарының

мөлшерлемелерін өзгерту жөніндегі ұсыныстарын келісу бойынша

жұмыстарды жалғастыру;

– сыртқы сауданы реттеу шараларын қабылдау және қарау жеделдігін

арттыруға бағытталған ұлттық заңнаманы жетілдіру.

Page 39: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

39

IV 2019 – 2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму

көрсеткіштерінің болжамы

1. Экономикалық өсудің негізгі факторлары

Бүгінгі таңда экономикалық процестердің тереңдеп саясилануы мен

геосаяси қауырттылықтың сақталуы қосымша тәуекелдерді туғызады және

жаһандық экономикада белгісіздікті күшейтеді.

Сауда барьерлерінің ұлғаю мен реттеу жүйесінің қайта қаралуы

жаһандық инвестициялық ағындарға кері әсерін тигізеді және оқшаулануды

үдетуге ықпал ете отырып, әлемнің барлық өңірлерінде экономикалық өсуді

шектейтін болады.

Сыртқы белгісіздік жағдайында экономикалық саясаттың орта мерзімді

кезеңге негізгі құралы бағдарламалық құжаттарды, «100 нақты қадам» Ұлт

жоспарын, Мемлекет басшысының жолдаулары мен жаңа әлеуметтік

бастамаларын іке асыру болып табылады.

Аталған реформалардың тиімді іске асырылуы ел экономикасының

тұрақты және теңдестірілген дамуын қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-

экономикалық үдерістерге оң әсер етеді.

Экономиканың өсу қарқыны 2019 – 2023 жылдары 3,9 – 4,6%-ды құрайды.

Қазақстан экономикасы әлемдік экономика өсуінің қалыпты

қарқындары, сұраныстың біртіндеп қалпына келтірілуі, сондай-ақ шикізат

тауарларының орташа бағасының сақталуы аясында дамитын болады.

Сонымен қатар жалпы жинақтардың неғұрлым көбірек ұлғаюы, халықтың

тұтынуының және экспорттың бірқалыпты және тұрақты өсуі есебінен

орнықты және үдемелі экономикалық серпін күтілуде.

1-кесте

2019 – 2023 жылдарға арналған ЖІӨ құрамдауыштарының болжамды

көрсеткіштері, өткен жылға қатысты %-бен

Атауы 2018 2019 2020 2021 2022 2023

Бағалау Болжам

Түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстар 102,2 103,2 103,1 103,1 102,8 103,0

үй шаруашылықтары 103,2 103,4 103,2 103,1 102,9 103,1

мемлекеттік басқару органдары 97,7 102,4 102,5 102,7 102,2 102,4

үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін

коммерциялық емес ұйымдар

104,0 102,2 102,2 102,4 102,1 102,4

Жалпы жинақ 103,2 106,7 107,3 107,3 107,4 107,5

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің таза

экспорты

118,4 102,6 102,8 102,9 102,6 105,8

тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспорты 106,1 101,4 102,3 102,2 102,0 103,1

тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импорты 102,3 100,8 102,1 102,0 101,8 102,1

Жалпы ішкі өнім 103,8 103,9 104,1 104,3 104,2 104,6

Инвестициялар экономикалық өсуді қолдаудың елеулі факторы

болады. Ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға

арналған мемлекеттік инвестициялар, отандық және шетелдік бизнестің,

халықаралық қаржы ұйымдарының инвестицияларын тарту ішкі сұраныс

серпініне инвестициялар салымын арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы

жинақтардың орташа жылдық өсу қарқыны 7,3 % шегінде күтілуде.

Page 40: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

40

Инвестициялардың озық өсуіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің

мынадай іс-шараларының іске асырылуы ықпал етеді:

- бизнес шығындарын төмендетуге, еңбек өнімділігін арттыруға,

жобаны жедел әрі тиімді басқару арқылы қосылған құнды ұлғайтуға және

тартылған инвестициялық қаражатты оңтайлы пайдалануға бағытталған

Жобаны басқарудың бастамалары;

- өңдеу және агроөнеркәсіптік секторлар, сондай-ақ көрсетілетін

қызметтер салаларында кәсіпорындардың аталған тобының топтарының

инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған орта және шағын

кәсіпкерлікті кредиттеу бойынша шаралар;

- тұрғын үй және жоғары білім беру салаларындағы инвестицияларды

ұлғайту есебінен, осы салаларға қолжетімділікті арттыруды көздейтін жаңа

әлеуметтік бастамалар;

- борыш капиталын қоса алғанда, жеке капиталды инфрақұлымдық

құрылысқа инвестициялау үшін тартымды жағдайлар туғызу арқылы

мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тиімді тетіктері.

Экономика мұнай мен металдардың әлемдік бағасының құлдырауына

бейімделгеннен кейін 2019 – 2023 жылдары тауарлар және көрсетілетін

қызметтер экспортының серпіні қолайлы өсу траекториясын сақтайды.

Сондай-ақ, импорт біртіндеп өсумен сипатталатын болады. Тұтыну

өнімі түрінде халық тарапынан да, сол сияқты инвестициялық тауарлар

ретінде бизнес саласы тарапынан да серпінді дамып келе жатқан ішкі

сұранысты қанағаттандыру қажеттігінен, елге сырттан келетін тауарлардың

өсу серпіні болжанған деңгейден жоғары қалыптасуы мүмкін.

Тауарлар мен қызметтер экспортының болжамды өсуін ескере отырып,

2019 – 2023 жылдары ЖІӨ-нің өсуіне таза экспорттың оң салымы

байқалатын болады.

3-сурет

Page 41: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

41

2. Экономика салалары дамуының болжамы

Экономикалық саясат басымдықтарын ескере отырып, орта мерзімді

перспективада экономикалық белсенділіктің өсуінің негізгі қозғаушы күші

өңдеу және АӨК салалары, құрылыс индустриясы, көлік-логистика саласы

және сервистік экономика болады.

ИДМБ және АӨК жобаларын іске асырудың нәтижесінде жоғары

деңгейдегі қайта өңдеу салаларын жеделдетіп дамыту, шикізаттық емес

экспортты ұлғайту және тікелей шетелдік инвестицияларды шикізаттық емес

секторға тарту есебінен экономиканы әртараптандыру жалғасатын болады.

Өңдеу өнеркәсібі бәсекелестігін арттыру елдің басты мақсаты және

орта мерзімді перспективада экономиканың дамуының ең маңызды

факторларының біріне айналады, себебі дәл өңдеу өнеркәсібі экономиканың

технологиялық жаңғыруына қол жеткізуге мүмкіндік береді, неғұрлым көп

жұмыс орындарын қалыптастырады, сондай-ақ ұлттық экономикаға сыртқы

экономикалық факторлардың әсер ету деңгейін төмендетуге мүмкіндік

береді.

Мәселен, өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосылған құны (бұдан әрі – ЖҚҚ)

2019 – 2023 жылдары орташа есеппен 4,4 %-ға өседі және ЖҚҚ орта жылдық

өсімі 3,0 % құрайтын кен өндіру өнеркәсібінің өсу қарқынын басып озады.

Өнеркәсіптің ЖҚҚ-сы 2019 – 2023 жылдары орташа есеппен 3,4 %-ға өседі.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсімі

6,4 %-ды құрайды. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік

бағдарламасының одан әрі іске асырылуы нарықтарда сұранысы жоғары

бәсекеге қабілетті өнімдердің өндірісін қамтамасыз ете отырып, ауыл

шаруашылығы өнімдерінің шығарылымына оң әсер ететін болады. Ауыл

шаруашылығының қарқындап өсуіне минералды тыңайтқыштарды енгізуді

ынталандырумен және тұқымдардардың сапалы сұрыптарын егу алаңының

үлесін ұлғайтумен агрохимияны дамыту ықпал ететін болады.

Құрылыс ЖҚҚ орташа жылдық өсімі 4,2 %-ды құрайтын болады,

мұнда «Нұрлы жер» және «7-20-25» тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру

құрылыс жұмыстары көлемінің өсуіне оң әсерін тигізеді.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы Орталық Еуразиядағы

көліктік-логистикалық хаб ретінде елдің транзиттік әлеуетін арттырудың

негізін салды, бұл көлік қызметтеріне сыртқы және ішкі сұранысты

ынталандыратын болады. Осының есебінде көлік салаласының даму серпіні

орташа 3,4 % деңгейінде күтілуде.

Өндірістік секторлардағы кеңейту және экономиканың әлеуметтік

секторларына жұмсалатын бюджет шығыстарын арттыру, сондай-ақ

қызметтер көрсетуді цифрландыру экономикада көрсетілетін қызметтер

өндірісі көлемінің ұлғаюын қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметтер

өндірісі орташа есеппен 4,4 %-ға қарқынмен өседі.

Ішкі тұтынушылық белсенділік сауда қызметтерінің өсуіне ықпал етеді,

орташа есеппен 4,6 %-ды құрайды.

Page 42: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

42

2-кесте

Экономика салалары дамуының болжамы, өткен жылға қатысты

%-бен

Наименование 2018 2019 2020 2021 2022 2023

Бағалау Болжам

ТАУАРЛАР ӨНДІРІСІ 103,4 103,4 104,0 103,7 103,5 105,0

Ауыл шаруашылығы 103,6 106,2 108,0 105,2 106,3 106,3

Өнеркәсіп 103,3 102,9 103,4 103,3 102,8 104,8

Тау-кен өндірісі 101,9 102,1 102,1 102,3 101,4 107,0

Көмір және лигнит өндіру 100,0 99,0 98,0 96,0 94,0 92,0

Мұнай өндіру 100,9 101,1 101,1 101,1 100,0 110,0

Табиғи газ өндіру 101,0 101,1 101,1 101,1 100,0 110,0

Өңдеу 105,1 104,1 105,3 104,7 104,5 103,3

Тамақ өнімдері 105,0 106,5 107,0 107,3 108,0 109,0

Мұнай өңдеу 108,3 100,0 100,0 100,0 100,0 100,0

Химия 105,8 103,1 112,1 112,9 111,0 100,7

Металл емес минералды өнім 105,8 104,8 105,8 105,7 105,0 105,0

Металлургия 104,7 104,2 105,4 103,4 102,3 100,2

Машина жасау 107,0 105,2 106,1 105,1 105,9 106,0

Электрмен, газбен жабдықтау

және ауа баптау

101,9 100,1 100,1 100,1 100,1 100,1

Құрылыс 103,6 103,8 103,9 104,2 104,4 104,8

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР

ӨНДІРІСІ

104,1 104,3 104,2 104,7 104,6 104,4

Сауда 103,9 104,4 104,6 104,7 104,3 105,0

Көлік және қоймаға қою 104,8 103,8 103,2 103,2 103,2 103,5

Ақпарат және байланыс 104,5 103,0 103,2 103,7 104,0 104,2

ЖІӨ 103,8 103,9 104,1 104,3 104,2 104,6

3. Ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің болжамы

2019 – 2023 жылдары ақша-кредит саясаты инвестициялық нарықты

дамытуға, банк секторының кредиттік белсенділігін ынталандыруға қолайлы

ықпал ететін болады. ЕДБ кредиттеудің орташа жылдық өсу қарқыны

болжамдалған кезеңде 7,9 % деңгейде күтілуде, номиналды мәнде 2019 жылы

15,2 трлн. теңгеден 2023 жылы 20,6 трлн. теңгеге дейін өседі. Бұл кезеңде

резиденттердің депозиттері 8,1 % денгейінде ұлғаятын болады және

2023 жылы 28,8 трлн. теңгені құрайды. Ақша жиынының деңгейі

экономиканың дамуына тепе-тең болады, жалпы ЖІӨ-ге шаққанда

монеталандырудың жоспарланған мөлшері орташа есеппен 37,3 % шегінде

болады.

Болжанатын кезеңде инфляция деңгейін 2020 – 2023 жылдары

3,0-4,0 %-ға дейін төмендету жоспарлануда.

4. Төлем теңгерімі көрсеткіштерінің болжамы

Сыртқы сауда айналымы 2019 жылғы экспортпен салыстырғанда

тауарлар импортының ілгері өсу қарқыны аясындағы 3,9 %-дық төмендеуден

кейін, 2020 және 2022 жылы аралығында орташа деңгейде 3,6 %-ға өсетін

болады, 2023 жылы номиналды мәнде 26,6 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Тау-кен өнеркәсібіндегі күтілетін нақты көлемнің ұлғаюы нәтижесінде

Page 43: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

43

алдағы кезеңде тауарлар экспортының өсуі 5 % орташа деңгейінде

болжанады және 2023 жылы 68,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын болады.

Болжамды кезеңде импорттың ортажылдық өсу қарқыны, сондай-ақ

4,7 %-ды құрайды және номиналды мәнде 2023 жылы 41,9 млрд. АҚШ

долларына жетеді.

Ағымдағы шоттың тапшылығы ЖІӨ-нің 0,3-0,4 % деңгейінде

тұрақтандырылуы күтілуде, ал 2023 жылы теңгерімде тұрақтылық күтілуде.

5. Әлеуметтік сала көрсеткіштерінің болжамы

Әлеуметтік секторды одан әрі жаңғырту мақсатында білім беру және

денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын жақсарту, жұмыссыздық пен

кедейлік деңгейін төмендету бойынша шараларды іске асыру жалғасатын

болады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға

апрналған бағдарламаны іске асыру 2023 жылға қарай жұмыссыздық

деңгейін 4,8 %-ға дейін төмендетуге ықпал етеді.

Ең аз жалақы мөлшері 2019 жылы 29698 теңгеден 2023 жылы

34742 теңгеге дейін өседі. Орташа айлық номиналды жалақы оң өсу серпініне

ие болмақ және 2023 жылға қарай 198238 теңгеге жетеді.

2019 жылы ең төмен күнкөріс деңгейінің құрылымын қайта қарау

салдарынан халықтың ең төмен күнкөріс деңгейінің үлесі 4,0%-дан 8,0%-ға

ұлғаяды, сонымен қатар оның азық-түлік және азық-түлік емес бөлігінің

арақатынасы 60/40-тан 55/45-ке өзгерді.

Page 44: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

44

V Ішкі және сыртқы үкіметтік борыштың болжамын қоса алғанда,

мемлекет міндеттемелерінің параметрлері

Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасына сәйкес ЖІӨ-ге қатысты

1 %-ға дейін бюджет тапшылығын төмендеткен жағдайда мемлекеттік

борыштың мөлшері 2020 жылы ЖІӨ-ге қатысты 27,0 %-дан аспауы тиіс, бұл

ретте үкіметтік борыш ЖІӨ-ге қатысты 25,0 %-дан аспауы тиіс.

Сонымен қатар, мемлекеттік борыштың ЖІӨ-ге қатысты 2018 жылғы

24,5%-дан 2023 жылы 21,8%-дейін, оның ішінде үкіметтік борыштың

2018 жылғы 18,7 %-дан 2023 жылы 17,8%-ға дейін кезең кезеңімен төмендеуі

болжануда.

4-сурет

2022 жылға дейінгі кезеңде бағдарламалық құжаттарда, оның ішінде

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында көзделген бірқатар жобаларды

және муниципалдық инфрақұрылымды жаңғырту, шағын және орта бизнесті

қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, әлеуметтік жаңғырту бойынша және

т.б. стратегиялық маңызды жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Осыған байланысты, үкіметтік борыштың 2018 жылғы 10951 млрд.

теңгеден 2023 жылы 15504 млрд. теңгеге дейін ұлғаюы жобалануда.

5-сурет

2018 2019 2020 2021 2022 2023

24,5 23,9 23,6 23,1 22,5 21,8 18,7 18,5 18,7 18,6 18,2 17,8

2018-2023 жылдарға арналған мемлекеттік және квазимемлекеттік

борыштың болжамы

мемлекеттік борыш, ЖІӨ-ге қатысты %.

үкіметтік борыш, ЖІӨ-ге қатысты %.

4 970 4 762 4 562 4 506 4 473 4 150

5 981 7 135 8 332 9 326 10 161 11 354

2018 2019 2020 2021 2022 2023

2018-2023 жылдарға арналған ішкі және сыртқы үкіметтік

борыштың болжамы

сыртқы үкіметтік борыш, млрд.теңгеде

ішкі үкіметтік борыш, млрд.теңгеде

10 951 11 897 12 895 13 831 14 634 15 504

Page 45: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

45

Елдің және квазимемлекеттік сектордың сыртқы мемлекеттік

борышының деңгейін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Жаңа бюджет

саясаты тұжырымдамасында мемлекеттік және квазимемлекеттік борыштың

жоғарғы деңгейлерінің шектеулері көзделген, олардың жиынтығы

2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 60 %-дан аспауы тиіс.

6-сурет

Осылайша, борыш саясаты бюджет тапшылығын қаржыландыру және

үкіметтің қолайлы жағдайларда қарыз алуын жүзеге асыруға елдің борышын

қауіпсіз деңгейде ұстауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының 2019 – 2023 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы 1-қосымшада

ұсынылған.

28,7 31,3 33,2 35,2 36,8 38,3

49,1 48,8 48,1 47,2 45,9 44,0

2018 2019 2020 2021 2022 2023

2018 – 2023 жылдарға арналған мемлекеттік және

квазимемлекеттік жиынтық борыштың болжамы

2018-2023 жылдарға арналған жиынтық мемлекеттік және квазимемлекеттік

борыш

Page 46: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

46

VI Мемлекеттік қаржы тұрақтылығын бағалау

Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі

толыққанды, орнықты және тұрақты қаржы жүйесін қалыптастыру болып

табылады.

Мемлекеттік қаржыны басқару тиімділігі негізінен мемлекеттік

қаржының жағдайы мен тұрақтылығын сипаттайтын негізделген

көрсеткіштер жүйесіне байланысты.

Экономика мен бюджеттің шикізат ресурстарына тәуелділігі

макроэкономикалық тәуекелдерді тудырады. Әлемдік шикізат

нарықтарындағы бағаның өзгеруі кезінде бюджетке түсетін түсімдердің

ауытқуы бюджет шығыстарын ұлғайту немесе азайту, салық ставкаларын

қайта қарау не төмендеген кірістерді алмастыру үшін қарыз алу

қажеттілігіне алып келеді.

Фискалдық тәуекелдердің негізгісі макроэкономикалық тәуекелдер

болып табылады. Оларға:

– мұнайдың күйзеліс бағасы;

– айырбас бағамының күрт ауытқуы;

– сыртқы сұраныстың күрт төмендеуімен байланысты күйзелістер

жатады.

Нақты фискалдық тәуекелдерге:

– қаржы секторына әсер ету;

– мемлекеттік кәсіпорындар (квазимемлекеттік сектор);

– контингенттердің міндеттері жатады.

Фискалдық тәуекелдерді басқаруды және ашуды кешенді талдау

мемлекеттік қаржыға макроэкономикалық тұрақтылықты жақсартуға

көмектеседі.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік борыштың қаржылық әсерін бағалау

үшін индикаторлар болып мынадай:

1. ЖІӨ-ге өтелмеген жалпы мемлекеттік борыш, %;

2. Әрбір азаматқа тиесілі ауыртпалықты сипаттайтын жан басына

шаққандағы борыш;

3. ЖІӨ-ге тапшылықтың қатынасы;

4. ЖІӨ-ге төлемдердің үлесі;

5. Қоғамдық мемлекеттік шығыстардағы жаңа қарыздардың үлесі;

6. Жалпы қоғамдық - мемлекеттік шығыстардағы пайыздар бойынша

төлемдердің үлесі;

7. Пайыздық төлемдер бойынша шығыстар мен салық түсімдерінің

жалпы саны арасындағы қатынасты сипаттайтын коэффициенттер алынады.

Борыш көлемінің ЖІӨ көлеміне қатынасы борыштық жүктемені

бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын

борыш индикаторын сипаттайды.

Ұзақ мерзімді кезеңде мемлекеттік борыштың 2018 жылы ЖІӨ-ге

25,1 % -дан 2028 жылы 18,7 %-ға дейін төмендеуі күтілуде.

Page 47: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

47

ЖІӨ-ге борыштың үлесі неғұрлым төмен болса, ел соғұрлым төлемге

қабілетті және кредит төлеуге қабілетті. ЖІӨ-дегі борыштың 10-50 %

шегіндегі үлесі оңтайлы көрсеткіш деп есептеледі.

Алайда, мемлекеттік борыштың болмауы әрдайым елдің жетістігі

туралы куәландырмайды. Борыштың төмен болуы ел экономикасының қарыз

қаражатын тарту бойынша үлкен мүмкіндіктері жоқ екендігін дәлелдейді.

Қазақстанда мемлекеттік қарыздың өсуін болдырмау үшін бюджет

тапшылығын шектеу бойынша бюджеттік қағидалар қолданылады.

Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану

тұжырымдамасында Үкіметтің жиынтық сыртқы борышы (мемлекет кепілдік

берген сыртқы борышты есепке ала отырып) және квазимемлекеттік

сектордың сыртқы борышы Ұлттық қордың валюталық активтерінен аспауы

тиіс борыштық индикатор көзделген.

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сыртқы үкіметтік борыш

13,6 млрд. АҚШ долларын құрады немесе ЖІӨ-ге 8,1 %, сыртқы

квазимемлекеттік борыш 23,8 млрд. АҚШ долларын құрады немесе ЖІӨ-ге

14,2 %, Ұлттық қордың валюталық активтері 58,1 млрд. АҚШ долларын

немесе ЖІӨ-ге 34,6 % құрады.

Ықтимал фискалдық тәуекелдерге талдау және олардың фискалдық

тұрақтылығына бағалау жүргізілді.

Ұзақ мерзімді кезеңде мұнай бағасы бір баррельге 60 АҚШ доллары

болған кезде Үкімет борышының және квазимемлекеттік сектордың сыртқы

борышының жиынтық көлемі Ұлттық қордың валюталық активтерінің

көлемінен аспайды.

Мұнай бағасы бір баррельге 60 АҚШ доллары болған кезде

шоғырландырылған бюджет теңгерімді болады.

Болжам бойынша 2028 жылға дейін мұнай бағасының бір баррельге

55 АҚШ доллары сақталған кезде 2024 жылы Ұлттық қор қаражатының

көлемі ЖІӨ-ге қатысты 30%-дан төмен болуы мүмкін.

Ұлттық қордың валюталық активтері мұнай бағасы бір баррельге

50 АҚШ доллары болған кезде төмендейді деп болжануда.

Елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін болашақ

міндеттемелер мен жеке сектордың талаптарына, сондай-ақ осы сектордың

мүмкін шартты міндеттемелеріне байланысты тәуекелдерді барынша азайту

мақсатында салмақты борыштық басқару стратегиясы мен тәуекелдерді

басқару бойынша үздік тәжірибелерді ұстану орынды.

Page 48: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

48

VII Қазақстан Республикасының 2019 – 2021 жылдарға арналған

бюджет параметрлерінің болжамы

1. Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің,

Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің

болжамдары

Қазақстан экономикасының базалық сценарий бойынша (мұнайдың

әлемдік бағасы барреліне 60 АҚШ доллары) дамуының болжанатын сыртқы

шарттары мен 2019 – 2021 жылдарға арналған макроэкономикалық

көрсеткіштер болжамын ескере отырып, мемлекеттік бюджет кірістері

(трансферттерді есепке алмағанда) болжам бойынша 2019 жылы 8 901,6

млрд. теңгеден 2021 жылы 10 715,7 млрд. теңгеге дейін өседі.

3-кесте Мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы (трансферттерді есепке алмағанда), млрд. теңге

Атауы

2018

жыл 2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл

болжам

Кірістер (трансферттерді есепке алмағанда) 8

116,7 8 901,6 9 771,2 10 715,7 Салықтық түсімдер 7 893,3 8 730,7 9 590,2 10 524,9

Салықтық емес түсімдер 195,8 144,4 147,7 157,6

Капиталмен операциялардан түскен кірістер 27,7 26,6 33,2 33,2

Бюджет кірістерінің өсуі негізінен мемлекеттік бюджет кірістерінде

98,1 %-ды алып отырған, салық түсімдерінің болжанатын ұлғаюымен

қамтамасыз етілетін болады.

Болжам бойынша салықтық түсімдерінің өсу қарқыны алдыңғы

жылмен салыстырғанда 2019 жылы 11 %, 2020 – 2021 жылдары 10 %

құрайтын болады.

Корпоративтік табыс салығы (мұнай секторынан түсімдерді

қоспағанда) түсімдерінің өсуіне мұнай емес сектордың одан әрі дамуы және

осымен байланысты мұнай емес сектордың ЖҚҚ болжамды өсуі ықпал

ететін болады.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтар түсімдерінің ұлғаюы

жалпы экономиканың өсуі аясында салалардағы жалақы қорының

жоғарылауымен қамтамасыз етілетін болады.

Қызмет көрсетулер мен тауарлар өндіру көлемінің өсуі, импорт

көлемінің ұлғаюы қосылған құн салығы түсімдерінің ұлғаюына ықпал ететін

болады.

Экспорт және импорт көлемдерінің өсуімен халықаралық саудаға және

сыртқы операцияларға салықтардың өсуі болжанады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген

трансферттің мөлшері 2019 жылғы 2 450 млрд. теңге көлемінде белгіленген,

2020 жылы 2 000 млрд. теңгеге дейін қысқартылатын болады.

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт тартуды ескере отырып,

мемлекеттік бюджетке жалпы түсімдер көлемі 2019 жылғы 11 439,8 млрд.

Page 49: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

49

теңгеден 2021 жылы 12 817,8 млрд. теңгеге өсуі болжанып отыр.

7-сурет

Мұнай емес сектордан түсетін түсімдердің аясында Ұлттық қордан

тартылатын қаржы көлемінің төмендеуі мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің

жалпы көлемінде Ұлттық қордың трансферттері мен мұнайға ЭКБ қоса

алғанда, мұнайдан кірістер үлесінің төмендеуіне ықпал ететін болады.

8-сурет

Бюджет тапшылығы деңгейін 2019 жылы ЖІӨ-ге қатысты 1,5 %-дан

2021 жылы ЖІӨ-ге қатысты 1,3 %-ға дейін қысқарту жоспарланып отыр.

Абсолюттік мәнінде бюджет тапшылығы үш жылдық кезеңде 960,0 млрд.

теңгеден аспайтын көлемде сақталатын болады.

9-сурет

2 600 2 450 2 300 2 000

8 116,7 8 901,6 9 771,2 10 715,7

94,5 88,2 67,5 102,1

-3 000

1 000

5 000

9 000

13 000

2018 2019 2020 2021

Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің болжамы, млрд. теңге

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттер Ұлттық қордан нысаналы трансферттер Кірістер (трансферттерді ескермегенде) Басқада түсімдер

11 439,8 12 127,7 12 817,8 10 811,2

2 880 2 600 2 450 2 300 2 000

1 534,3

38

24 21

19 16

0

10

20

30

40

0

900

1 800

2 700

3 600

4 500

2017 2018 2019 2020 2021

Мемлекеттік бюджетке түскен Ұлттық қордың тартылған

қаражаттары

Ұлттық қордан тартылған нысаналы трансферттер, млрд. теңге Ұлттық қордан тартылған кепілдендірілген трансферттер, млрд. теңге Мемлекеттік бюджетке түскеннің жалпы көлемі %

883,3 945,4 997,7

936,7

1,5 1,5 1,4 1,3

0

1

2

3

4

0

400

800

1 200

1 600

2018 2019 2020 2021

Мемлекеттік бюджет тапшылығы

млрд. теңге ЖІӨ-ге қатысты %

Page 50: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

50

Бюджет тапшылығын 2019 – 2021 жылдары ЖІӨ-ге қатысты 1,5 %

деңгейде ұстап тұру Үкімет борышын ЖІӨ-ге қатысты 20 %-дан аспайтын

қалыпты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Болжанатын түсімдер мен жоспарланып отырған бюджет

тапшылығының төмендетілуіне сүйене отырып, мемлекеттік бюджет

шығыстарын 2019 жылғы 12 385,2 млрд. теңгеден 2021 жылы 13 754,5 млрд.

теңгеге ұлғаюы болжанады.

Сонымен бірге ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік бюджет шығыстарының

төмендету болжанып отыр.

10-сурет

Бюджеттің мұнай емес кірістерінің ұлғаюы аясында Ұлттық қор

қаражатын пайдалануды қысқарту және тапшылықты төмен деңгейде ұстау

бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігі саясатына сәйкес мұнай емес

тапшылықты қысқартуға ықпал ететін болады.

Болжам бойынша мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығы

(шикі мұнайға әкету кедендік бажын есептемегенде) 2019 жылғы ЖІӨ-ге

қатысты 6,9 %-дан 2021 жылы ЖІӨ-ге қатысты 5,3 %-ға дейін төмендейді.

2019-2021 жылдары мұнай емес тапшылық бойынша болжамды серпін

мұнай емес тапшылық деңгейін 2020 жылы ЖІӨ-ге қатысты 7,0 %-ға және

2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 6,0 %-ға төмендеуі бойынша жаңа Ұлттық қор

қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында белгіленген

нысаналы бағдарламаларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

11-сурет

11 694,4 12 385,2 13 136,5 13 754,5

20,0 19,3 19,0 18,5

5

7

9

11

13

15

17

19

21

0

2 000

4 000

6 000

8 000

10 000

12 000

14 000

2018 2019 2020 2021

Мемлекеттік бюджет шығыстарының болжамы

млрд. теңге ЖІӨ-ге қатысты %

4 493,7 4 417,7 4 324,2 3 970,5

7,7 6,9 6,3

5,3

0

5

10

15

20

0

2 000

4 000

6 000

8 000

2018 2019 2020 2021

Мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығы

млрд. теңге ЖІӨ-ге қатысты %

Page 51: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

51

Мұнай емес тапшылық деңгейінің төмендеуі бюджеттің мұнайдан

түскен кірістерге тәуелділігін төмендеуін көрсетеді.

Шоғырландырылған бюджет болжамы

Мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордың түсімдерін ескере отырып,

шоғырландырылған бюджет түсімдері 2019 жылы 12 040,2 млрд.теңгеден

2021 жылы 13 762,4 млрд. теңгеге дейін ұлғаюымен болжануда.

Шоғырландырылған бюджет шығыстары 2019 жылғы 12 392,4 млрд.

теңгеден 2021 жылы 13 570,6 млрд. теңгеге дейін өсуі болжануда.

2019 – 2021 жылдары Brent маркалы мұнай бағасының орташа

болжамды әлемдік бағасы барреліне 60 АҚШ доллары болған кезде

шоғырландырылған бюджет тапшылығы 2019 жылы ЖІӨ-ге қатысты

0,5 %-дан 2021 жылы профицитпен ЖІӨ-ге қатысты 0,2 %-ға дейін

төмендету болжанып отыр, бұл бюджеттік шоғырланудың және мемлекеттік

қаржының тұрақтылығын нығайтудың оң серпінін көрсетеді.

4-кесте Шоғырландырылған бюджет болжамы, млрд. теңге

Атауы 2018 жыл 2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл

бағалау болжам

Түсімдер 11 586,4 12 040,2 12 892,4 13 931,7

ЖІӨ-ге қатысты % 19,8 18,8 18,7 18,7

Мұнай 3 663,7 3 434,5 3 421,1 3 468,3

Мұнай емес 7 922,7 8 605,7 9 471,3 10 463,4

Шығыстар 11 701,3 12 392,4 13 144,1 13 762,4

ЖІӨ-ге қатысты % 20,0 19,3 19,0 18,5

Шоғырландырылған баланс -114,9 -352,2 -251,7 169,3

ЖІӨ-ге қатысты % -0,2 -0,5 -0,4 0,2

Мұнай емес баланс -3 778,6 -3 786,7 -3 672,9 -3 299,0

ЖІӨ-ге қатысты % -6,5 -5,9 -5,3 -4,4

Әлемдік және қазақстандық экономикалардағы жағдай өзгерген кезде

бюджет саясатын түзету бойынша, оның ішінде бюджеттік параметрлерді

нақтылау жолымен жедел және икемді шаралар қабылданатын болады.

2019 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік және республикалық

бюджет параметрлерінің болжамы 1-қосымшада көрсетілген.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қор түсімдерінің болжамы

Күтілетін мұнай өндіру көлемін және барреліне 60 АҚШ долларындағы

«Brent» маркалы мұнайдың болжамды әлемдік бағасын ескере отырып,

мұнай секторы кәсіпорындарынан Ұлттық қорға түсетін тікелей салықтар

болжам бойынша 2019 жылы 2 412,2 млрд. теңгені, 2020 жылы – 2 394,7

млрд. теңгені, 2021 жылы – 2 434,5 млрд. теңгені құрайтын болады.

Ұлттық қордың активтерін басқарудан түсетін инвестициялық кіріс 3 %

деңгейіндегі орташа жылдық индикативтік кірістілік кезінде жыл сайын

600 млрд. теңгеден астам көлемде болжануда.

Сондай-ақ 2017 жылдан бастап Ұлттық қорға республикалық меншікті

Page 52: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

52

және ұлттық холдингті жекешелендіруден түсетін түсімдер жіберілетін

болады.

12-сурет

Кепілдендірілген трансферттер көлемінің біртіндеп қысқаруы Ұлттық

қордың валюталық активтерін тұрақтандыруға мүмкіндік береді, ол

2021 жылдың соңына қарай болжам бойынша кемінде 67,6 млрд. АҚШ

долларын құрайды (мұнай бағасының орташа әлемдік бағасы барреліне

60 АҚШ доллары болғанда).

13-сурет

3. 2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет

шығыстарының басымдылықтары

Негізгі елдердің орта мерзімді кезеңге қойылған

әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін ескере отырып, 2019 – 2021

жылдарға арналған републикалық бюджет шығыстарының басымдықтары:

1. Мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;

2. Әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту және адами

капиталдың сапасын арттыру;

3. Жоғарғы білімнің қолжетімділігін және сапасын арттыру,

студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсарту;

2 653,3 2 412,2 2 394,7 2 434,5

595,0 636,2 654,0 676,4

2 600,0 2 450,0 2 300,0 2 000,0

0

1 000

2 000

3 000

4 000

5 000

2018 2019 2020 2021

Ұлттық қорға түсімдер мен пайдалану болжамы, млрд. теңге

Инвестициялық табыстар Тікелей салықтар мен мұнай секторы түсімдері Республикалық бюджетке түскен түсімдер

58,3 60,6

62,3 64,4

67,6

36,5 35,2 34,0

32,6 31,8

20

40

60

40

45

50

55

60

65

70

2017 2018 2019 2020 2021

Ұлттық қордың валюталық активтерінің болжамы

млрд. АҚШ доллары ЖІӨ-ге қатысты %

Page 53: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢeconomy.gov.kz/sites/default/files/pages/pser_2019_2023_2_etap_kaz.pdf2 МАЗМҰНЫ: i Экономиканың сыртқы және

53

4. Өнімді жұмыспен қамтуды ынталандыру және жаппай кәсіпкерлікті

дамыту арқылы тұрғындардың жұмыспен қамтылуын сақтау;

5. АӨК тиімділігін арттыру және арттыру, өңделген өнімдердің

экспортын ынталандыру арқылы ШОБ қолдау;

6. Елдің транзиттік әлеуетін және көлік логистикалық

инфрақұрылымын дамыту;

7. Экономикалық секторларды технологиялық жаңғырту және

цифрландыру үшін жағдай жасау;

8. Тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру және тұрғын үй

қолжетімділігін арттыру;

9. Елдің энергетикалық инфрақұрылымын және газдандыруын дамыту;

10. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және су

және жылу желілерін жаңғырту;

11. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

4. Шығыстардың жаңа бастамалары

Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, 2019 жылға

республикалық бюджетте шығыстардың жаңа бастамалары көзделген:

– I топтағы ересектерге балалық шақтан күтім жасайтын ата-аналарға

мемлекеттік жәрдемақылар енгізу

– микрокредиттерді кеңейту;

– жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.

2019 жылға арналған шартты қаржыландырылатын шығыстар тізбесін

қалыптастыру көзделмеген.

Қазақстан Республикасы 2019 – 2021 жылдарға арналған бюджеттің

және Ұлттық қордың негізгі көрсеткіштерінің болжамы 1-қосымшада

көрсетілген.