Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен...

23
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы «17» маусымдағы № 261 бұйрығымен бекітілген ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ. МАГИСТРАТУРА. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР ҚР МЖМБС 5.04.033-2011 Астана, 2011

Upload: others

Post on 19-Jan-2020

42 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым Министрінің

2011 жылғы «17» маусымдағы

№ 261 бұйрығымен бекітілген

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ. МАГИСТРАТУРА.

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

ҚР МЖМБС 5.04.033-2011

Астана, 2011

Page 2: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

2

1 Қолдану саласы

Осы стандарт магистратураның білім беру бағдарламасы мазмұнына,

білім алушының білім траекториясына, білімнің құрылымы мен мазмұнына,

түлектердің алған білім деңгейі мен академиялық дәрежесін бағалауға

қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандарт жоғары білім саласындағы халықаралық құжаттармен, ECTS

қолданушыға басшылық бағдарламасының ұсыныстарымен (ECTS Users’

Guide), «Европалық ЖОО-дағы білім құрылымдарын жӛнге келтіру» ("Tuning

Educational Structures in Europe") үйлестірілген.

Стандарт ережелері Қазақстан Республикасының магистрларды

даярлайтын нақты мамандық бойынша жалпыға міндетті білім беру стандартын

әзірлейтін жоғары оқу орындары (ЖОО) орындау үшін міндетті, олардың

меншік түріне, ведомствалық бағыныштылығына, ұйымдық-құқықтық түріне

тәуелсіз міндетті түрде сақталуы керек.

Стандартты мемлекеттік басқару, аккредиттік органдары, ғылым және

білім ұйымдарын аттестаттау және лицензия беру комиссиялары, мамандық

бойынша оқу-әдістемелік секциялары (кеңес), тапсырыс берушілер мен қызмет

берушілер пайдалана алады және магистранттарды дайындаудың сапасын

саралауға негіз болады.

2 Нормативті сілтемелер

Осы стандартта келесі нормативті құжаттарға сілтеме жасалды:

2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы»

Заңы.

ҚР МЖМБС 5.04.019-2011 «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі

ережелер», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

бұйрығымен бекітілген 2011 жылғы «17» маусым № 261.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың

20 сәуірінде № 152 бұйрығымен бекітілген оқытудың кредиттік технологиясы

бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелері.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және

қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы

№ 125 бұйрығына (2011 жылы 16 наурызда № 94 ӛзгерістер мен толықтырулар

енгізілген).

3 Терминдер мен анықтамалар

Page 3: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

3

Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына

(2007 ж.), ҚР МЖМБС 5.04.019-2011 «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі

ережелер», Болон декларациясына (1999 ж.) және білім саласындағы басқа

халықаралық құжаттарға, кредиттерді ауыстыру мен жинаудың европалық

жүйесіне сәйкес қысқартулар, терминдер және анықтамалар қолданылған.

Оған қосымша осы стандартта тӛмендегідей терминдер мен анықтамалар

белгіленген:

3.1 Магистрант: Магистратурада білім алушы тұлға.

3.2 Магистратура: Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің ғылыми және

педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған, «магистр» академиялық

дәрежесіне сәйкес мамандық бойынша беретін, нормативті оқу мерзімі

1-2 жылдан кем емес кәсіби білім бағдарламасы.

3.3 Магистрлік диссертация: Тиiстi ғылым саласының нақты

мамандығының кӛкейкестi мәселелерiнің бірін магистрант ӛзіндік зерттеу

нәтижесін қорытындылап, жалпылап ұсынатын ғылыми жұмысы.

4 Жалпы ережелер

4.1 Магистратураның бiлiм беру бағдарламаларын магистратураның

тиiстi мамандықтары бойынша бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына

лицензиясы бар жоғары оқу орындары, ведомствалық бағынудан тәуелсiз және

жеке меншiк түрде іске асырады.

4.2 Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында магистрлерді

даярлау тӛмендегі құжаттарға сәйкес іске асырылады:

- осы стандарттың негізінде жасалатын магистратураның мамандықтары

бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандарттарына;

- Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі

білім мамандықтарының жіктеуішіне;

- жұмыстың оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбе;

- магистранттың жеке оқу жоспарлары;

- пәндер мен силлабустар бойынша оқу бағдарламалары;

4.3 Магистратурада ғылыми, педагогикалық және кадрларды басқаруды

дайындау екі бағытта жүзеге асады:

- ғылыми және педагогикалық 2 жыл оқу мерзімінде;

- кәсіптік 1 жылдан кем емес оқу мерзімінде.

(Мерзім алдынғы дайындық деңгейіне және пререквизиттер болуына

байланысты қойылады).

4.4 Кәсіптік магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі

кәсіптік оқу бағдарламалары экономика саласындағы топ-менеджерді,

медицина, құқық, ӛнер, қызмет кӛрсету және бизнес (оның ішінде басқару)

саласы үшін кәсіптік дайындықты терең білетін кадрларды дайындауды іске

асырады.

Page 4: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

4

4.5 Ғылыми және педагогикалық магистратура жоғары оқу орнынан

кейінгі білім берудегі кәсіптік оқу бағдарламалары жоғары оқу орнына, жоғары

оқу орнынан кейінгі және ғылыми сфералары үшін кәсіптік дайындықты терең

білетін ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындауды іске асырады.

4.6 Магистратурада білім алу мемлекеттік білім тапсырысы негізінде тек

ғана күндізгі оқу түрінде жүргізіледі.

4.7 Магистратураның білім бағдарламасын меңгерген және магистрлік

диссертация кӛпшілік алдында қорғаған тұлғаға «магистр» академиялық

дәрежесі беріледі.

4.8 Осы стандарт ережелерінің негізгі мақсаты:

- магистранттардың дайындық деңгейiне және жоғары оқу орындарының

бiлiм беретiн қызметiне бiлiм сапасының кепiлдiлігін мiндеттi талаптар

есебінен қамтамасыз етеді;

- білім беру қызметінің барлық субъектілеріне құқықты реттеу;

- магистранттардың дайындығын бағалау мен білім беру бағдарламалары-

ның сапасын ақпараттануды және объективтікті жоғарлату;

- магистранттарға академиялық ұтқырлық жағдайын жасау;

- Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ету;

- «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау туралы Қазақстан

Республикасы құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және

халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету.

4.9 МЖМБС магистратура мамандықтары осы стандарттың ережелеріне

сәйкес болуы тиіс сондай-ақ құрылымына, магистратура білім беру

бағдарламасының мазмұнына, кӛлеміне және магистранттар дайындығының

деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын айқындауы қажет.

Білім беру бағдарламаларының тізімін жоғары оқу орны ӛзі анықтайды.

Білім беру бағдарламалары Дублин дескрипторларына сәйкес жасалады.

Біліктіліктің Еуропалық аясымен үйлестірілген Дублин дескрипторлары

білім алушылардың жоғары білім мен жоғары білімнен кейінгі білімнің білім

беру бағдарламаларының әрбір деңгейін (сатысын) аяқтағаннан кейін алатын

білімінің, іскерлігінің, дағдысының және құзіреттілігінің деңгейі мен кӛлемінің

сипаттамасы болып табылады.

Дескрпиторлар білім алу нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттілікке,

сонымен бірге ЕСТS бірліктерінің жалпы кредиттер санына негізделеді.

5 Магистратураның білім беру бағдарламасы құрылымына және

мазмұнына қойылатын талаптар

5.1 Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы әртүрлі

білім беру мазмұнын анықтайтын оқу және ғылыми жұмыс, практика

түрлерінен құралады, олардың ӛзара ара-қатынасын, ӛлшемі мен есебін

кӛрсетеді.

5.2 Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұнына:

Page 5: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

5

- теориялық оқытуға, базалық және кәсіптік пәндер циклдерін оқыту

кіреді;

- кәсіби тәжiрибе (педагогикалық немесе зерттеу);

- ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми және педагогикалық магистратура

үшін магистрлік диссертацияның орындалуы кіреді;

- эксперименталды-зерттеу жұмысы, кәсіптік магистратура үшін

магистрлік диссертацияның орындалуы кіреді;

- аралық және қорытынды аттестация.

5.3 Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу игерген

материал кӛлемімен жүзеге асырылады және кредитпен ӛлшенеді. Сондай-ақ

алдыңғы білім деңгейінде игерілген, кредитті ескерілетін, жинақтаушы

кредиттік жүйе қызмет етеді.

Магистрант магистратураға түсер алдында магистратураның сәйкес

кәсіби оқу бағдарламасына қажетті барлық пререквизиттерді меңгерген болуы

керек. Қажетті пререквизиттер тізімін ЖОО ӛзі анықтайды.

Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы

түрде меңгеруге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда магистратурада білім алу

магистрант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады.

5.4 Кредиттік технология бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруда оқу

пәнiнiң кӛлемi бүтiн санды құрауы керек. Сонымен қатар пәндер 3 кредиттен

кем емес кӛлемде бағаланады.

Пәнді бағалауда ерекшелік ретінде 1 немесе 2 кредитке рұқсат етiледi.

5.5 Магистратураның оқу жоспары барлық формаларда оқу пәндерiн

кодтаудың бiрыңғай жүйесi қолданылады.

Әрбiр пән атауы қайталанбайтын болу керек. Ол бiр академиялық мерзiм

аяқтағаннан кейін магистранттардың емтихан формасында қорытынды бақылау

тапсыру керек.

5.6 Магистратураның бiлiм беру бағдарламалары модулдiк жүйе негiзiнде

жобаланады.

5.7 Базалық пәндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау бойынша

компонент пәндерінен тұрады.

5.8 Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің

кӛлемі типтік оқу жоспарының жалпы кӛлемінің 47% құрайды, оның ішінде

50% міндетті компонент пәндеріне, ал 50% - таңдау бойынша компонент

пәндеріне бӛлінеді.

Кәсіптік бағыттағы магистратурада БП циклінің кӛлемі типтік оқу

жоспарының жалпы кӛлемінің 50% құрайды (оқу мерзімі 1 жыл) және 35% (оқу

мерзімі 1,5 жыл), оның ішінде 55,5% және 50% міндетті компонент пәндеріне,

ал 44,5% және 50% - таңдау бойынша компонент пәндеріне бӛлінеді.

5.9. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада кәсіби

пәндер (КП) циклінің кӛлемі типтік оқу жоспарының жалпы кӛлемінің 53%,

оның ішінде 11% міндетті компонент пәндеріне және 89% - таңдау бойынша

компонент пәндеріне бӛлінеді.

Page 6: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

6

Кәсіптік бағыттағы магистратурада кәсіби пәндер (КП) циклінің кӛлемі

типтік оқу жоспарының жалпы кӛлемінің 50% құрайды (оқу мерзімі 1 жыл)

және 65% (оқу мерзімі 1,5 жыл), оның ішінде 11% және 16% міндетті

компонент пәндеріне, ал 89% және 84% - таңдау бойынша компонент пәндеріне

бӛлінеді.

5.10 Міндетті компонент пәндерінің тізімі типтік оқу жоспарымен

анықталады. Міндетті компонент пәндерінің кӛлемін қысқартуға рұқсат

етілмейді.

5.11 Таңдау бойынша пәндер тізімін жоғары оқу орны ӛзі анықтайды.

Сонымен бiрге жұмыс берушілердің талап-тілегі мен еңбек нарығының

сұраныстары ескеріледі.

5.12 Сонымен бірге магистратураның білім беру бағдарламасының

құрылымы тӛмендегілерді қамтиды:

- магистранттардың практикалық дайындығын: практиканың әр түрлері,

кәсiби сынау мерзiмдерi және магистерлiк диссертацияның орындауы;

- магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы.

5.13 Ғылыми және педагогикалық бағыттары бойынша магистратураның

білім беру бағдарламасының мазмұны 1-ші кестеге сәйкес белгіленеді.

1 – кесте

Пән атауы

Кредит саны

1. Базалық пәндер (БП) 16

1.1 Міндетті компонент: (МК) 9

Ғылым тарихы мен философиясы 2

Шетел тілі (кәсіби) 2*

Педагогика 2

Психология 2

1.2 Таңдау бойынша компонент (ТК) 8

2 Кәсіптік пәндер (КП) 18

2.1 Міндетті компонент (МК) 2

2.2 Таңдау бойынша компонент (ТК) 16

3 Практика (педагогикалық, ғылыми-зерттеу) 6-дан кем

емес**

4 Магистрлік диссертацияның орындалуын

қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу

жұмысы (МҒЗЖ)

7-дан кем емес

5 Қортынды аттестация (ҚА) 4

5.1 Кешенді емтихан (КЕ) 1

5.2 Магистрлік диссертация қорғау (МДҚ) 3

Барлығы 51-ден кем

Page 7: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

7

емес * Педагогикалық пәндер бойынша кредит саны шет тілі (кәсіби) бойынша базалық цикл

пәндерінде 3 кредит, таңдауы бойынша компонент – 7 кредит құрайды.

** Практикаға бӛлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының кӛлеміне

кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бӛлінген кредит санын кӛбейте

алады.

5.14 Магистратураның профильдік бағыты бойынша білім беру

бағдарламасының мазмұны 2-ші кестеге сәйкес белгіленеді.

2 – кесте

п/п

Пән атауы

Кредит саны

Оқу мерзімі**

1 жыл 1,5 жыл

1 Базалық пәндер (БП) 9 10

1.1. Міндетті компонент (МК) 5 5

Ғылым тарихы мен философиясы 1 1

Шетел тілі (кәсіби) 2 2

Менеджмент 1 1

Психология 1 1

1.2. Таңдауы бойынша компонент (ТК) 4 5

2 Кәсіптік пәндер (КП) 9 18

2.1 Міндетті компонент (МК) 1 3

2.2 Таңдауы бойынша компонент (ТК) 8 15

3 Практика (ӛндірістік) 2-тен

кем

емес

3-тен

кем

емес

4 Магистрлік диссертацияның орындалуын

қамтитын магистранттың эксперименталды –

зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

2-тен

кем

емес

3-тен

кем

емес

5 Қорытынды аттестация (ҚА) 4 4

5.1 Кешенді емтихан (КЕ) 1 1

5.2 Магистрлік диссертация қорғау (МДҚ) 3 3

Барлығы

26-дан

кем

емес

38-дан

кем

емес

*Практикаға бӛлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының кӛлеміне кірмейді.

Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бӛлінген кредит санын кӛбейте алады.

**Оқу мерзімінің ұзақтығы магистранттар мен мамандардың бұған дейінгі дайындық

деңгейіне байланысты мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес

анықталады.

Page 8: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

8

5.15 Профильді магистратураны бітірген магистрант педагогикалық

қызметке кәсіби педагогикалық білім беру бағдарламасын қосымша

меңгергеннен кейін ғана жіберіледі.

5.16 Кәсіптік магистратураны бітіргендер үшін профильді педагогикалық

білім беру бағдарламасының мазмұны 3-ші кестеге сәйкес белгіленеді.

3 – кесте

Пән атауы

Кредит саны

1. Міндетті компонент 5

Ғылым тарихы мен философиясы 1

Педагогика 3

Психология 1

Таңдау бойынша компонент 2

2. Практика (педагогикалық) 6-дан кем емес

Барлығы 7-ден кем емес * Практикаға бӛлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының кӛлеміне

кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бӛлінген кредит санын кӛбейте

алады.

5.17 Ақпараттық технология саласының мамандықтары бойынша

даярланатын магистрлік бағдарламаларды ағылшын тілінде оқыту

қарастырылады. Соған байланысты (кәсіби) ағылшын тілін оқытуға бӛлінетін

кредит саны кӛбейтіледі.

6. Білім беру мазмұнын жоспарлауға қойылатын талаптар

6.1 Бiлiм беру қызметі ұйымының оқу үдерісін жоспарлау мен білім

мазмұны барысында, олардың ӛткiзу әдiстерiн таңдау арқылы iске асады.

6.2 Бiлiм беру мазмұнының құрылым бiлiм берудегі есептiк-ӛлшеу

құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес анықталады: оқу жоспары мен

бағдарламалары, оқу жүктемесінің кӛлемі, академиялық мерзiмнің ұзақтығы,

академиялық жұмыстың түрлерi, оқу материалының кӛлемiне және тағы

басқалар жатады.

6.3 Бiлiм беру бағдарламасы мамандықтардың білім беру бағдарламалары

мен оқу пәндерiнің мазмұнына қойылатын талаптарын бекітеді.

6.4 Бiлiм беру қызметiн жоспарлау және ұйымдастыру оқу жоспары

негiзінде iске асады.

Page 9: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

9

6.5 Оқу жоспары типтік (ТОЖ), жеке (ЖОЖ), жұмыс (ОЖЖ) деп

бӛлінеді.

ТОЖ магистратураның нақты мамандықтары бойынша мемлекеттік

жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және білім беру саласындағы

ӛкілеттік органмен бекітіледі.

ТОЖ-да міндетті компоненттiң әрбiр оқу пәнiнiң еңбек сиымдылығын

және кредиттік әрбір оқу қызметін (практика, кешендi емтихан, магистрлік

диссертацияны жазу және қорғау), оқу пәндерiнiң әрбiр циклi бойынша

таңдауы бойынша компонент кредиттің жалпы санында кӛрсетіледі.

6.6 Жыл сайын жоғары оқу орыны ТОЖ қосымша ретiнде ЭПК

құрастырылып, таңдауы бойынша компоненттердің барлық пәндерiн жүйелi

аннотациялық тiзiм болады.

6.7 Магистрант ӛз ЖОЖ эдвайзердің кӛмегі арқылы ТОЖ және ЭПК

негiзiнде құрайды. Оған міндетті компоненттiң барлық пәнi кіруі керек, кӛлемі

МЖМБС анықталғаннан кем емес болу керек. ЖОЖ негізінде магистранттар

ОЖЖ құрастырады.

6.8 ЖОЖ әрбір білім алушының бiлiм беру траекториясын жеке

анықтайды.

ЭПК негiзде магистрант таңдауы бойынша компонент пәндерi жеке

анықталады. Магистрантпен меңгерілетін таңдау бойынша компонент

кредитінің жалпы саны, МЖМБС бекітілгеннен кем емес болуы керек.

6.9 ЖОЖ және ОЖЖ құрастыру және бекіту формасы мен құрылымы

жоғары оқу орынымен жеке анықталады.

6.10 Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен

анықталады. Оқу бағдарламалары типтік және силлабустар деп бӛлінеді.

6.11 Типтік оқу бағдарламалары (ТОБ) міндетті компоненттер пәндері

бойынша жасалады және білім саласындағы ӛкілетті ұйыммен бекітіледі.

6.12 Силлабустар оқу жоспарының барлық пәндері бойынша жасалады

және жоғары оқу орны ӛзі бекітеді. Сонымен бірге міндетті компоненттер

пәндері бойынша силлабустар типтік оқу бағдарламалары (ТОБ) негізінде

жасалады, ал таңдау бойынша компонент пәндері бойынша жоғары оқу орны

ӛзі жасайды.

6.13 Магистрант эдвайзер мен ғылыми кеңесшілердің кӛмегімен

жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.

6.14 Магистранттың жұмыс жоспары оқудың толық мерзіміне жасалады

және келесі бӛлімдерден тұрады:

- ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын толықтырылады);

- ғылыми-зерттеу/экспериментті-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу

бағыты, мерзімі және есеп беру түрі);

- практика (бағдарлама, база, мерзімі және есеп беру түрі);

- негіздемесі мен құрылымы кӛрсетілген докторлық диссертация

тақырыбы;

- докторлық диссертацияны орындау жоспары;

- ғылыми мақалалар мен стажировкалар жоспары.

Page 10: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

10

6.15 Магистратурадағы оқу дәрістер инновациялық технологиялар мен

оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып жүргізілуі керек.

6.16 Оқу үдерісін жоспарлаған кезде ЖОО магистратураның білім беру

бағдарламасының компоненттерінің 1 қосымшаға (ғылыми және педагогикалық

бағыттар үшін) және 2 қосымшаға (кәсіптік магистратура үшін) сәйкес таралу

нормаларын басшылыққа алады.

7 Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі

7.1 Білім алушының оқу жоспарының жүктемесі әрбiр оқу пәнi бойынша

оқу жыл iшiнде меңгерiлетiн кредитпен ӛлшенедi. 7.2 ОПҚ оқу жүктемесін жоспарлау оқытушының студентпен аудиториялық оқу

сабақтарындағы кесте бойынша немесе оқу жұмыстарының басқа түрлері үшін жеке

бекітілген график бойынша қарым-қатынастық жұмысының уақыты болып табылатын

академиялық сағатпен жүзеге асады.

Аудиторлық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Академиялық

сағаттары сәйкесінше 75 минутқа тең студиялық сабақтар немесе 100 минутқа тең

зертханалық сабақтар пәндері бұған кірмейді. Білім алушының ғылыми-зерттеу жұмыстары, қорытынды мемлекеттік аттестациясы,

практикасының барлық түрлерінің бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.

7.3 Оқу жұмысының кӛлемiн жоспарлауда бір кредит 15 академиялық

сағатқа тең оқу жұмыстың келесі түрлері жатады:

- магистранттың аудиториялық жұмысы академиялық кезең бойы семестр

түрінде, аптасына 1 сағатқа теңдей бӛлінген;

- кәсiби және зерттеушi тәжiрибелердiң мерзiмінде магистранттың

оқытушымен жұмысы;

- магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысы,

магистерлiк диссертациясы орындау мерзiміндегі магистранттың оқытушымен

жұмысы;

- магистранттың магистерлiк диссертацияны жазу және қорғау бойынша

жұмыстары;

- кешендi емтиханды тапсыру және дайындалу бойынша магистранттың

жұмыстары. 7.4 Білім алушылардың оқу жүктемесі әртүрлі оқу жұмыстарына бӛлінетін

академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу сағаттарының (50 минуттан)

кӛлемімен анықталады.

7.5 Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75 немесе 100

минутқа тең болуы мүмкін. Білім алушының аудиториялық жұмысының академиялық

сағаттары білім алушының ӛзіндік жұмысы сағаттарының сәйкес санымен келесі түрде

толықтырылады: бір кредитке білім алушының семестр түрдегі академиялық кезеңдегі

апталық оқу жүктемесінің жиынтығы 4 немесе 5 сағатқа тең, сәйкесiнше кәсіптік

және ғылыми және педагогикалық магистратурада солай.

7.6. Практиканың әр академиялық сағаты (оқу сағатынан басқа) білім

алушының қосымша жұмысының оқу сағаттарының сәйкес санымен

Page 11: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

11

қамтамасыз етіледі: педагогикалық тәжірибе - 1 сағат, ӛндірістік тәжірибе

– 4 сағат және зерттеу тәжірибесіне – 7 сағат.

7.7. Ғылыми зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының әрбiр

академиялық сағаты білім алушының магистерлiк диссертациясының

орындауын қоса, білім алушының ӛзіндік жұмысын 7сағатқа сәйкес жүргізіледі.

7.8. Білім алушының қорытынды аттестациясының әр академиялық сағаты

магистрлік диссертацияны орындау және қорғау немесе кешенді емтиханға

дайындық және тапсыру бойынша білім алушының оқытушымен қарым-

қатынастық жұмысының бір сағаты болып табылады. Білім алушының

қорытынды аттестациясының әр академиялық сағаты 6 сағаттық ӛзіндік

жұмысымен сәйкес жүргізіледі.

7.9 Кредиттік оқу технологиясы кезінде магистранттардың орындайтын

ӛзiндiк жұмыстың кӛлемі ӛседі, оқытушының басқаруымен магистранттың

ӛзіндік жұмысы (ОБМӚЖ) және магистранттың ӛзі толық орындайтын бӛлігі

(БӚЖ) болып екі түрге бӛлінеді.

7.10 Оқытушының жетекшілігімен Магистранттың ӛзiндiк жұмысы

магистранттың аудиториядан тыс жұмыс түрiне жатады, ол жеке кесте

бойынша оқытушымен түйісуде жасалады, жалпы оқу сабағының кестесіне

кiрмейді.

7.11 Ӛзiндiк жұмысты жалпы кӛлемдегi ОБМӚЖ бен БӚЖ аралығында

байланыс жоғары оқу орнымен жеке анықталады.

7.12 Дәрiстер және тәжірибе (семинарлық) сабақ кезінде магистранттың

оқытушысымен қарым-қатынас сағат жұмысы, кәсіптік және ғылыми және

педагогикалық магистратурада да, МӚЖ 3 және 4 сағатымен ӛткізіледі.

7.13 Магистранттың студия және лабораториялық сабақтары, ғылыми-

зерттеу/эксперементалды-зерттеу жұмыстары, ОБМӚЖ жоспарлаудағы

қортынды аттестация және оның кӛлемі (мысалы, магистерлiк

диссертациясының орындалу жүрiсiн бақылау) жоғары оқу орнымен жеке

бекітіледі.

7.14 Оқу жылы академиялық мерзiмдерден, аралық бақылау

аттестация/қортынды бақылау, тәжірибе, демалыстар, магистранттың ғылыми-

зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысынан және бiтiретін курста

қорытынды аттестация кезеңдерінен тұрады.

7.15 Академиялық мерзiм оның формасына байланысты семестр үшiн

15 аптаны, триместр үшiн 10 аптаны, тоқсан үшiн 8 апта ұзақтығын құрайды.

7.16 Әрбiр академиялық мерзiмнен кейiнгі аралық аттестация ұзақтығы

2 аптаны құрайды.

7.17 Аралық аттестация кезінде барлық оқылған пәндер бойынша

ағымдағы үлгерiмнiң бағаларын есепке алуымен (ағымдағы және аралық

бақылаудың орташа арифметикалық бағалары) қорытынды бақылау жүргiзiледi

және қорытынды бағалар қойылады.

Пән қорытынды бағасы бойынша ағымдағы үлгерiм үлесінің бағасы

кемiнде 60% құрауы керек, ал қорытынды бақылаудың үлгерім үлесінің

бағасы - 30% кем болмау керек.

Page 12: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

12

7.18 Әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттарға демалыс беріледі,

демалыс уақытының ұзақтығы оқу жылында 7 аптадан аспауы керек.

7.19 Магистранттың практикасы академиялық күнтізбеге және

магистранттың жеке жұмыс жоспарының пәндер бойынша жоғары оқу орнынан

кейінгі тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында

бекітілген кӛлеміне сәйкес жүргізіледі.

7.20 Практиканың ұзақтығы аптаның ішінде 30 сағаттарға тең білім

алушының нормативтік жұмыс уақытына анықталады (5 күндік жұмыс

аптасында бір күнде 6 сағат) кредиттік тәжiрибенiң кӛлемi апталардың санын

есептеу үшiн оны оқу сағаттарындағы практиканың тиiстi түрiнiң еңбек

сыйымдылығына кӛбейтіледі және iс жүзiнде аптаның iшiнде білім алушының

тәжірибедегі жұмысының ұзақтығына, демек, 30 сағатқа бӛлінеді.

Оқыту тәжiрибесі үшін жұмыс кӛлемі 1 тәжірибенің 15 сағатына

(50 мин.), педагогикалық тәжірибе үшін 30 сағат (50 мин.) ӛндірістік тәжірибе

үшін 75 сағат (50 мин.) зерттеу тәжірибесіне 120 сағатты (50 мин.) құрайды.

Тәжірибенің 1 кредиті ұзақтылығы бір аптада: оқу тәжірибе үшін 0,5,

педагогикалық тәжірибеге – 1 апта, ӛндірістік тәжірибе үшін – 2,5 аптаны және

зерттеу тәжірибесі – 4 аптаны құрайды.

7.21 Білім алушының қортынды аттестациясы және МҒЗЖ, МЭЗЖ

жоспарлау бір аптаның ішінде білім алушының нормативті жұмысы бір апта

уақытымен анықталады, 54 сағатқа тең (6 апталық жұмыс күнінде БӚЖ

қосқанда күніне 9 сағат).

МҒЗЖ, МЭЗЖ бір кредитті білім алушының жұмысының 120 (15х8)

сағатына сәйкес, яғни 2,2 апта.

Қортынды аттестация бір кредитті 105 (15х7) сағатына сәйкес, яғни

2 апта. Оның ішінде білім алушының оқытушымен қарым-қатынас жұмысы

15 сағат және БӚЖ 90 сағат.

Магистрлік диссертацияны жазуға және қорғауға 3 кредит, яғни 6 апта

беріледі.

7.22 Магистрлік диссертацияны орындауда МҒЗЖ, МЭЗЖ кезінде

жасалады.

7.23 Қосымша оқуды қажеттiлiгін қанағаттандыру, академиялық қарызды

жоюға немесе оқу жоспарындағы айырмашылықты, басқа жоғары оқу

орындағы игерiлген кредитті ӛз жоғары оқу орнында қайта тапсыру үшiн

6 аптаға созылатын міндетті бітіруші курстан басқасына жазғы семестр курсын

енгізу рұқсат етiледi.

7.24 Магистратурада білім беру процесін аяқтаудың негізгі критерийлері

магистранттың:

ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде – 51 кредиттен кем емес,

оның ішінде 34 кредит теоретикалық оқытуға, практикаға 6-дан кем емес,

ғылыми-зерттеу жұмысына 7 кредиттен кем емес;

кәсіптік дайындық кезінде – 26 кредиттен кем емес (оқу мерзімі 1 жыл)

және 28 кредиттен кем емес (оқу мерзімі 1,5 жыл), оның ішінде 18 және 28

Page 13: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

13

кредиттен кем емес теоретикалық оқытуға, практикаға 2 және 5 кредиттен кем

емес, ғылыми-зерттеу жұмысына 2 және 3 кредиттен кем емес.

Магистратураның білім беру бағдарламасын жедел меңгерген және оған

қойылған талаптарды орындаған жағдайда білім беру мерзімі есепке алынбай-

ақ, магистрантқа «магистр» академиялық дәрежесі берілуі мүмкін.

7.25 Кәсіптік магистратураны бітірген магистрант ғылыми және

педагогикалық жұмыстарымен педагогикалық мамандық пәндері циклін

меңгерген және педагогикалық практикадан ӛткен жағдайда ғана айналыса

алады. Аталған цикл қосымша академиялық кезең ішінде игеріледі, оқу

соңында негізгі дипломға сәйкес куәлік беріледі.

7.26 Магистратураның білім беру бағдарламасының толық теориялық

оқыту курсын меңгерген, бірақ белгіленген уақытта магистрлік диссертациясын

қорғамаған магистранттың магистратурадағы оқу мерзімі ақылы негізде

ұзартылуы мүмкін.

7.27 Магистратураның білім беру бағдарламасының толық теориялық

оқыту курсын меңгерген, бірақ белгіленген уақытта ғылыми-зерттеу

компонентін орындамаған магистрантқа келесі оқу жылында ақылы негізде

зерттеу компонентінің кредитін қайта меңгеруге және магистрлік

диссертациясын қорғауға мүмкіндік беріледі.

8 Магистратурадағы білім ортасына қойылатын талаптар

8.1 Жоғары оқу орны магистратурадағы оқу үрдісін алынған лицензияға

және білім беру қызметін лицензиялаған кезде біліктілікке қойылатын

талаптарға сәйкес жүргізеді.

8.2 Жоғары оқу орны білім беру қызметін жүзеге асыруда материалды-

техникалық базамен, білікті профессор-оқытушы құраммен, кітапхана қорымен,

интернетке және басқа да ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігін, басқа

қалалық магистранттарды жатақханамен қамтамасыз ету.

8.3 Материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етілуінің

талаптары.

Магистратураның білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын

жоғары оқу орнында оқу жоспарында көрсетілген теориялық,

практикалық дайындық жүргізудің барлық түрін жүргізу үшін, сонымен

қатар магистранттың ғылыми зерттеу-эксперименталдық зерттеу

жұмыстарының нәтижелі орындалуына жағдай жасалуы үшін

санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес материалды-техникалық база

(аудиториялық қор, компьютерлік класс, зертхана, приборлық

қамтамасыздық, қор материалдары) болуы қажет.

8.4 Оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуінің талаптары.

Магистранттар магистратураның білім беру бағдарламасын сапалы

түрде меңгерудің оқу үрдісін оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз

ету ісі кепіл болу керек.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында халықаралық

Page 14: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

14

ақпараттық жүйелерді, мәліметтердің электрондық базасын, кітапхана

қорын, компьютерлік технологияны, оқу-әдістемелік және ғылыми

әдебиеттерді кеңінен пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

8.5 Практиканы ұйымдастыру талаптары.

Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасы

практиканың екі түрін қарастырады:

- педагогикалық – білім беру мекемелерінде;

- зерттеу жұмысын жүргізу – диссертация орындау орны бойынша.

Педагогикалық практика практикалық дағдымен оқыту методикасын

қалыптастыру мақсатында ӛткізіледі.

Педагогикалық практика теориялық білім беру барысында оқу процесінен

қол үзбей-ақ ӛткізілуіне болады.

Магистранттың зерттеулік практикасы зерттеу деректерін кӛрсету мен

эксперименталды мәліметтерді ӛңдеудің, баяндаудың қазіргі ғылыми зерттеу

әдістері және отандық, шетелдік ғылымның жаңа теориялық, методикалық

және технологиялық жетістіктерімен таныстыру мақсатында жүргізіледі.

Кәсіптік магистратураның білім беру бағдарламасына ӛндірістік практика

енгізіледі.

Магистранттың ӛндірістік практикасы оқу процесінде алған теориялық

білімін бекітуге, практикалық дағды мен компетенциясының қалыптасуына

және озық тәжірибені игеруіне бағытталған.

Зерттеу/ӛндірістік практика мазмұны диссертациялық зерттеудің

тақырыбымен анықталады.

Практиканың барлық түрі жеке оқу жоспарында белгіленген мерзімде,

академиялық күнтізбеде және магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес

орындалады.

Магистранттың жеке оқу жоспарында шетел ғылыми сынағынан міндетті

түрде ӛту ескерiледi.

8.6 Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар.

Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу

жұмысының міндеттері:

- магистрлік диссертацияда қорғалатын мамандықтың негізгі

проблемасына сәйкес келуі;

- ӛзекті, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының болуы;

- ғылым мен практиканың қазіргі кезеңдегі теориялық, методикалық,

технологиялық жетістіктеріне сүйену;

- ғылыми зерттеудің қазіргі замандағы әдістерін қолдану арқылы

орындау;

- негізгі қорғалатын қағидалар бойынша ғылыми зерттеу (методикалық,

практикалық) тарауларының болуы;

- қажетті білім саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге

сүйену.

8.7 Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмыстарына қойылатын

талаптар.

Page 15: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

15

Бейіндік магистратурадағы эксперименттік зерттеу жұмыстарының

міндеттері:

- қорғалатын магистрлік жұмыстың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

- ғылым мен техниканың, ӛндірістің қазіргі жетістіктерін негізге ала

отырып, нақты практикалық ұсыныстар мен басқару мәселелерінің ӛзіндік

шешімін табы;

- алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны пайдалана отырып

орындалуы қажет;

- негізгі қорғалатын қағидалар бойынша эксперименттік-зерттеу

(методикалық, практикалық) тарауларының болуы.

8.8 Ғылыми-зерттеу және эксприменттік-зерттеу жұмысының нәтижесі

әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде кӛрсетіледі.

8.9 Магистранттың ғылыми-зерттеу және эксприменттік-зерттеу

жұмысының соңғы қорытындысы магистрлік диссертация болып табылады.

8.10 Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижесі ең кемі бір жарияланым

және/немесе ғылыми-практикалық конференцияға қатысымы болуы керек.

8.11 Магистрлік диссертацияның мазмұны мен толтырылуына, оның

дайындығы мен қорғалуына қойылатын талаптар білім саласындағы ӛкілетті

органның құқықтық акт талаптарымен анықталады.

8.12 Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиат тексерілуден ӛтуі

керек.

8.13 Жоғары оқу орнының кадрлық құрамына қойылатын талаптар

лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын квалификациялық

талаптармен анықталған.

8.14 Магистратураға қабылданғаннан кейін екі айдың ішінде магистрлік

диссертацияның басшылыққа алу үшін ғылыми жетекші тағайындалады.

Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы жоғары оқу

орнының Ғылыми кеңестің шешімі негізінде ректор бұйрығымен бекітіледі.

Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесі және ғылымның

осы саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми

зерттеулермен белсене шұғылдануы керек. Қажет жағдайда ұқсас ғылым

саласы бойынша ғылыми кеңесшілер тағайындауға болады.

8.15. Жоғары оқу орны магистранттың зерттеу нәтижелерін

жариялауға көмегін тигізу керек.

9 Оқыту нәтижелерiне және бiтiрушiлердiң дайындық деңгейiне

қойылатын талаптар

9.1 Оқу нәтижесі құзыреттілік арқылы кӛрсетіледі және Дублин

дескрипторларының 2 деңгейлi оқыту (магистратура) негiзiнде жобаланған

және магистратураны бiтiрушiлердің келесi қабiлеттiлiктер мен дағдыларды

алуға сәйкес келедi:

Page 16: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

16

- жоғарғы кәсiби бiлiм деңгейінде алған бiлiм мен түсiнікті кӛрсетсiн,

даму немесе ғылыми зерттеулердiң контекстiнде жиi қолданатын идеяларды

қолдану үшiн негiз немесе мүмкiндiк болып табылады;

- бiлiмді қолдану, түсіну және оқытылатын саламен байланысты жаңа

немесе белгісіз жағдайларда контекстер мен кеңірек шеңберде мәселелерді

шешу қабілеті;

- бiлiмдi интегралдау, күрделiлiктерді жеңу білу және талқылауға толық

емес немесе шектеулі ақпараттың негізінде, бұл талқылау мен білімді

қолдануға әдеп және әлеуметтiк жауапкершiлiктi есепке алып шығару;

- ӛз қорытындыларын және бiлiмін, олардың дәйектемесiн мамандарға

және маман еместерге айқын және ашық хабарлау;

- оқуды ӛздігінен жалғастыру.

9.2 Кәсіптік магистратураны бiтiрушiлердің құзыреттілігіне қойылатын

талаптар:

түсінігі болу керек:

ғылыми танымды дамытудың қазiргi тенденциялары туралы;

жаратылыстану ғылымының (әлеуметтік, гуманитарлық,

экономикалық) әдiстемелiк және философиялық көкейкестi мәселелер

туралы;

ғаламдану үдерісінің қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық

салдары туралы;

әлемдік бизнес-әрiптестiктің, қазiргi экономикалық, саяси, құқықтық,

мәдени және технологиялық ортаның жағдайы туралы;

кәсiпорынды стратегиялық басқару, инновациялық менеджментi,

жетекшiлiк теориялары ұйымдастыру туралы;

кәсiпорынның жұмыс істеуінің негiзгi қаржы-шаруашылық мәселелер

жӛнінде.

білуі керек:

ғылыми танымның әдiстемесін;

экономика құрылымын өзгертетін негiзгi қозғаушы күші;

инвестициялық ынтымақтастықтың ерекшелiгі мен ережелерiн;

ғылыми зерттеулер мен практикалық тәжiрибе өткiзуге мүмкiндiк

беретiн, кәсiби деңгейде меңгерген бiрден кем емес шет тiлiн.

істей білу керек:

кәсiби қызметте танымның ғылыми әдiстерiн қолдануды;

үдерістер мен құбылыстарды зерттеудiң теориясы мен қолданылуы, қазiргi

тұжырымдамалар

арды сынап талдау;

әртүрлi пәннің шеңберiнде алған бiлiмді, жаңа белгісіз жағдайда

аналитикалық және басқару есебін шешу үшiн оларды қолдануды;

кәсiпорынның шаруашылық жұмысына микроэкономиялық талдау жүргiзу

және оның нәтижелерiн кәсiпорынды басқаруда қолдануды;

Page 17: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

17

маркетинг пен менеджменттi ұйымдастыруды жаңа жолдарын практикада

қолдануды;

кәсiпорынның (фирмалар) шаруашылық жұмысын ұйымдастыру мен

басқару аясында күрделi және қалыпсыз жағдайларда шешiм қабылдауды;

экономикалық қатынастарды реттеудiң тӛңiрегiндегi Қазақстан

Республикасының заң нормасын iс жүзiнде қолдануды;

жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуде креативтi ойлану және

шығармашылық кӛзқарасты қолдану;

ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысын

жүргізу кезінде қазiргi ақпараттық технологияларды тарту;

эксперименталды-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін

жалпылауды диссертация, есеп, мақала, аналитикалық жазбалар және тағы

басқаша түрде

дағдысы болуы керек:

ғылыми және кәсiби мәселесін шешу;

ұйымдар мен кәсiпорындардың экономикалық қызметiн басқаруда және

ұйымдастыруда ғылыми талдау және мәселелерді шешу;

менеджмент және маркетинг аясында мәселелерi зерттеу және алынған

нәтижелерді кәсiпорынды басқару әдiстерiн жетiлдiру үшiн қолдану;

кәсiби қарым-қатынас және мәдениаралық байланыс;

ораторлық ӛнер, ӛз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және

логикалы ресiмдеу;

күнделiктi кәсiби қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін

бiлiмін кеңейту және тереңдету;

кәсiби қызмет саласында ақпараттық және компъютерлік технологияларды

қолдану.

білікті болуы керек:

мамандық бойынша зерттеу әдiстемесі саласында

қазiргi әлемдiк экономика мәселелерi аясында және дүниешаруашылық

үдерістердегі ұлттық экономика қатысуда;

кәсiпорын қызметiн басқару және ұйымдастыруда;

әр түрлi ұйымдармен, соның iшiнде мемлекеттiк қызмет ұйымдарымен

ӛндiрiстiк байланыстарды жүзеге асыруда

бiлiмдi тұрақты жаңартуы, кәсiби дағдыны және біліктілікті кеңейтуді

қамтамасыз етуде

9.3 Ғылыми және педагогикалық магистратураның бiтiрушi құзыретіне

қойылатын талаптары:

керек:

түсінігі болуы керек:

қоғамдық өмiрдегi ғылым және бiлiмiнiң ролі туралы;

ғылым танымын дамытудың қазiргi тенденциялары туралы;

нақты ғылымның әдiстемелiк және философиялық (әлеуметтiк,

гуманитарлық, экономикалық) көкейкестi мәселелерi туралы;

Page 18: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

18

жоғары мектеп оқытушысының кәсiби біліктілігі туралы;

ғаламдану үдерісінің қайшылықтары және әлеуметтiк-

экономикалық салдары туралы;

білуі керек:

ғылыми танымның әдістемесін;

ғылыми жұмысты ұйымдастырудың құрылымын және

қағидаларын;

оқу барысында студенттердің психологиялық танымдылық

қызметін;

психологиялық әдістемесін және тиімділігін жоғарлату құралын және

оқудың сапасын көтеруін;

істей білуі керек:

алған білімді өсуге және ғылыми зерттеу контекстінде идеяларды

қолдануды;

үдерістер мен құбылыстарды зерттеудiң теориясы мен қолданылуы, қазiргi

тұжырымдамаларды сынап талдауды;

әртүрлi пәннің аясында алған бiлiмді интегралдауды жаңа белгісіз

жағдайда зерттеу мәселесін шешу үшiн қолдануды;

толық емес немесе шектелген ақпараттың негiзiнде бiлiм

интеграциясы жолымен талқылауға шығару және шешiм қабылдау;

өз педагогикалық қызметiнде жоғары мектеп педагогикасы мен

психологиясынан алған бiлiмді қолдану;

оқытудың интерактивті әдiстемесін қолдану;

ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысын

жүргізуге қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану тарту;

жаңа мәселелер мен жағдайларды шешу үшін креативтi ойлау және

шығармашылық кӛзқараспен қарау;

ғылыми зерттеулерді жүргізу және жоғары оқу орындарында арнайы

пәндерді оқытуды жүзеге асыру үшін шет тілін кәсiби деңгейде меңгеру;

ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін диссертация,

есеп, мақала, аналитикалық жазбалар және тағы басқа түрде жалпылау;

дағдысы болуы керек:

ғылыми-зерттеу қызметiне, стандартты ғылыми мәселені шешуге;

кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру және педагогикалық

қызметті жүзеге асыру;

кәсiби пәндердiң оқыту әдiстемесі;

оқу үдерісінде қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану;

кәсiби қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;

шешендік ӛнер, ӛз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және

логикалық тұрғыдан рәсiмдеу;

күнделiктi кәсiби қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін

бiлiмін кеңейту және тереңдету.

Page 19: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

ГОСО РК 5.04.033-2011

19

білікті болуы керек:

ғылыми зерттеу әдістемесі аясында;

жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық

қызметтiң аясында;

қазiргi бiлiм беру технологиялары қатысты сұрақтардан;

кәсiби салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;

бiлiмдi тұрақты жаңартуды, кәсiби дағдыларды кеңейтуді қамтамасыз ету.

9.4 Магистратураның әрбiр мамандығы жұмыс берушiлердiң талаптары

мен қоғамның әлеуметтік сұранысының талаптарына сәйкес арнайы

компентенциясымен жасалады.

9.5 Магистранттардың қорытынды аттестациясы – магистратура

мамандықтары бойынша магистранттың білімі, қабілеті, дағдысы және

біліктілігі мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына

сәйкестігін анықтауға бағытталған магистранттың оқу жетістігін бағалайтын

мемлекеттік бақылау түрі.

9.6 Магистранттардың қорытынды аттестациясы академиялық

күнтiзбемен және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарында ескерiлген

мерзiмдерде кешендi емтихан және магистерлiк диссертацияны қорғау

формасында жүргiзiледi.

9.7 Кешендi емтихан мен диссертацияның қорғалуын Мемлекеттiк

аттестация комиссиясымен (МАК) жүргiзiледi.

9.8 МАК тӛрағасы білім саласының ӛкілетті органдары қабылдаған тәртіп

бойынша бекітіледі.

9.9 Кешенді емтихан диссертация қорғауға кемінде 1 ай қалғанда

ӛткізіледі. Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратура

бағдарламасындағы кәсіби пәндер және міндетті базалық пәндер циклі кіреді.

9.10 Магистрлік диссертацияны қорғау тәртібін жоғары және ЖОО-нан

кейінгі білім беру мекемелеріндегі оқу кәсіби бағдарламасы бойынша білім

беру мекемелеріндегі білім алушылардың ағымдық үлгерімі, аралық және

қорытынды аттестациясының Типтік ережесіне сәйкестігі арқылы ЖОО-ның

ӛзі анықтайды.

9.11 Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды бітірген

тұлғаға «магистр» академиялық дәрежесі тағайындалып, дипломға

қосымшамен (транскриптпен) қоса мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Page 20: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

Қосымша 1

Ғылыми және педагогикалық магистратура білім бағдарламасы компоненттерін бөлу

НОРМАСЫ

(оқу мерзімі 2 жыл)

Қызмет түрлері Кредит саны Апта саны Жалпы сағат

саны

Соның ішінде Орташа

апта

жүктемесі аудиториялық

/ оқытушымен

қарым-

қатынас

МӚЖ

1 Теориялық оқыту (1:3) 34 45 2550 510 2040 56, 7

2 Ғылыми-зерттеу жұмысы магистерлік

диссертацияны орындауды қоса

есептегенде (1:7)

7 15 840 - 840 54,5

3 Қорытынды аттестация

4 8 420

60 360 52,5

БАРЛЫҒЫ 45 68 3810 570 3240

4 Практика (педагогикалық) (1:1) 3 3 90 45 45 30,00

5 Практика (ғылыми) (1:7) 3 12 360 45 315 30,00

6 Демалыстар - 15 - - -

7 Емтихандық сессия (3х2 апта) - 6 - - -

БАРЛЫҒЫ 52 апта х 2 жыл = 104 51 104 4260 660 3600

Ескерту:

1. Магистр деңгейін алу үшін білім алушы мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден басқа теориялық оқудың 34-тен кем емес кредитін және кәсіби

практиканың 6-дан және магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы 7-ден кем емес кредитін игеруі тиіс.

2. Мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден басқа мамандық бойынша кешенді емтиханға 1 кредит, магистр диссертациясын қорғау және жазуға -3

кредит жоспарланған.

3. Практикаға бӛлінетін кредиттердің саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте магистратураның барлық мамандықтары үшін жоғары оқу орындары 3 кредит

педагогикалық тәжірибеге және ғылыми тәжірибеге 3 кредиттен кем емес белгілейді.

4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы кӛлемі (сағатпен) магистранттың апталық жүктемесіне енбейді.

5. Қызмет түрлері бойынша апталар саны ӛзгеруі мүмкін, бұл ретте магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс.

6. Каникулдың ұзақтығы оқу жылында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан жоғары каникулдық уақытты жоғары оқу орны ӛздігінен

қызметтің басқа түрлеріне қайта бӛле алады.

7. Жазғы семестр, оқытудың қосымша түрлері каникул есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бӛлек жоспарлануы мүмкін.

Page 21: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

21

Қосымша 2

Кәсіптік магистратура білім бағдарламасы компоненттерін бөлу

НОРМАСЫ

(оқу мерзімі 1 жыл)

Қызмет түрлері Кредит саны Апта саны Жалпы сағат

саны

Соның ішінде Орташа

апта

жүктемесі аудиториялық

/ оқытушымен

қарым-

қатынас

МӚЖ

1 Теориялық оқыту (1:3) 18 20 1080 270 810 54,0

2 Ғылыми-зерттеу жұмысы магистерлік

диссертацияны орындауды қоса

есептегенде (1:7)

2 4 240 30 210 54,6

3 Қорытынды аттестация (1:6)

4 8 420

60 360 52,5

БАРЛЫҒЫ 24 32 1740 360 1380

4 Практика (ӛндiрiстiгi) (1:4) 2 5 150 30 120 30,00

5 Демалыстар 11

6 Емтихандық сессия (2х2 апта) 4

БАРЛЫҒЫ 52 апта х 1 жыл =52 26 52 1890 390 1500

ЕСКЕРТУ:

1. Магистр деңгейін алу үшін білім алушы мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден басқа теориялық оқудың 18-тен кем емес кредитін және кәсіби

практиканың 2-ден және магистранттың экспериментті-зерттеу жұмысы 2-ден кем емес кредитін игеруі тиіс.

2. Мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден басқа мамандық бойынша кешенді емтиханға 1 кредит, магистр диссертациясын қорғау және жазуға -3

кредит жоспарланған.

3. Мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден басқа магистратураның барлық мамандықтары үшін жоғары оқу орындары кәсіптік тәжірибеге 2 кредиттен

кем емес белгілейді.

4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы кӛлемі (сағатпен) магистранттың апталық жүктемесіне енбейді.

5. Қызмет түрлері бойынша апталар саны ӛзгеруі мүмкін, бұл ретте магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс.

6. Каникулдың ұзақтығы оқу жылында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан жоғары каникулдық уақытты жоғары оқу орны ӛздігінен

қызметтің басқа түрлеріне қайта бӛле алады.

7. Жазғы семестр, оқытудың қосымша түрлері каникул есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бӛлек жоспарлануы мүмкін.

Page 22: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы

22

Қосымша 3

Кәсіптік магистратура білім бағдарламасы компоненттерін бөлу

НОРМАСЫ

(оқу мерзімі 1,5 жыл)

Қызмет түрлері Кредит саны Апта саны Жалпы сағат

саны

Соның ішінде Орташа

апта

жүктемесі аудиториялық

/ оқытушымен

қарым-

қатынас

МӚЖ

1 Теориялық оқыту (1:3) 28 30 1680 420 1260 56,0

2 Ғылыми-зерттеу жұмысы магистерлік

диссертацияны орындауды қоса

есептегенде (1:7)

4 9 480 60 480 54,6

3 Қорытынды аттестация (1:6)

4 8 420

60 360 52,5

БАРЛЫҒЫ 36 47 2580 540 2040

4 Практика (ӛндiрiстiгi) (1:4) 4 10 300 60 300 30,00

5 Демалыстар 15

6 Емтихандық сессия (3х2 апта) 6

БАРЛЫҒЫ 52 апта х 1,5 жыл =78 40 78 2880 600 2280

ЕСКЕРТУ:

1. Магистр деңгейін алу үшін білім алушы мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден басқа теориялық оқудың 28-ден кем емес кредитін және кәсіби

практиканың 3-ден және магистранттың экспериментті-зерттеу жұмысы 3-ден кем емес кредитін игеруі тиіс.

2. Мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден басқа мамандық бойынша кешенді емтиханға 1 кредит, магистр диссертациясын қорғау және жазуға -3

кредит жоспарланған.

3. Мамандықтың МЖМБС жоспарланған кредиттерден басқа магистратураның барлық мамандықтары үшін жоғары оқу орындары кәсіптік тәжірибеге 3 кредиттен

кем емес белгілейді.

4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы кӛлемі (сағатпен) магистранттың апталық жүктемесіне енбейді.

5. Қызмет түрлері бойынша апталар саны ӛзгеруі мүмкін, бұл ретте магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс.

6. Каникулдың ұзақтығы оқу жылында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан жоғары каникулдық уақытты жоғары оқу орны ӛздігінен

қызметтің басқа түрлеріне қайта бӛле алады.

7. Жазғы семестр, оқытудың қосымша түрлері каникул есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бӛлек жоспарлануы мүмкін.

Page 23: Қазақстан Республикасы № 261 бұйрығымен бекітілгенmsi-edu.kz/images/pdf_file/documentaciy/vneshniy/... · Қазақстан Республикасы