Казахская средняя школа №2€¦  · web viewАбай Құнанбаев...

31
Абай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп Тақырыбы: Аспан сырларының халық ауыз әдебиетіндегі алатын орны Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және келешектегі туристік маршруттары Халық ауыз әдебиетінің астрономиямен байланысын зерттеу. Секция: Әдебиет Орындаған: Райханұлы Ерсін 10 -сынып Жетекшісі: Шамшина Гүлнар Балғақызы Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Upload: others

Post on 08-Aug-2020

24 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

Абай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп

Тақырыбы: Аспан сырларының халық ауыз әдебиетіндегіалатын орны

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және келешектегі туристік маршруттары Халық ауыз әдебиетінің астрономиямен байланысын зерттеу.

Секция: Әдебиет

Орындаған: Райханұлы Ерсін 10 -сынып

Жетекшісі: Шамшина Гүлнар Балғақызы Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

2017 жыл

Page 2: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

МазмұныМазмұны………………………………………………………………………….2

Абстракт.................................................................................................................3-5

Кіріспе.....................................................................................................................7

Негізгі бөлімі .........................................................................................................8

1.Халықтың астрономиялық ұғымдары және оның мәні.

2.Халық ауыз әдебиеті мен аспан шырақтары.

3.Әлемді тану мекеніміз бен өзіміздің қоршаған ортаны сүюден басталады.

Қорытынды ...........................................................................................................14

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................17

Аннотация................................................................................................................18

Сын пікір.................................................................................................................19

2

Page 3: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

Абстракт.Жұмыстың мақсаты

Халық ауыз әдебиетінің аспан шырақтарымен, яғни астрономиямен байланысын зерттей отырып, өзімізді қоршаған ортаны сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар табиғат тынысын сезіне білуімізге үйрену. Халқымның өткен тынысы мен бүгінін зерттей отырып, қазақ халқының аспан шырақтарын жетік меңгеруі қай тұрғыдан қарағанда да құнды екенін дәлелдеу.

Жұмыстың гипотезасы Қазіргі таңда аспан әлемін, бізді қоршаған ортаны зерттеу қарқынды дамып келеді. Бір кездері тек қана қиял – ғажайып ертегілерден оқып, теледидардан көріп таңданып отыратын болсақ... Қазір ешбір таң қалатыны жоқ. Себебі: зерттеу, тексеру үшін емес, техниканың, адам санасының дамығаны сондай, аспан әлеміне саяхаттап, қызықтап қайтатын кезеңдеміз. Оған дәлел іздеп керек емес тәрізді. Міне осының бәрі бізді қоршаған табиғатқа кері әсерін тигізері сөзсіз. Қазақ халқының осы табиғат сырын ертеден меңгерген, меңгеріп қана қоймай, поэзиямен байланыстыра алған және табиғатты көзінің қарашығындай қорғаған. Осы жұмыс арқылы табиғаттың сырларын, құпияларын аша жүріп оны қорғау қажеттігін жеткізу.

Зерттеу жұмысының этаптары1. Халық ауыз әдебиті мен аспан шырақтарының сырлары.2. Экологиялық проблемалардың туындауы.3. Аспан шырақтарын зерттеулердің табиғатқа әсері.4. Табиғатты қорғау.

Жұмыстың жаңашыл тұстары Көші – қон жүрген қазақ халқы аспан шырақтарын жиі пайдаланғаны, егжей – тегжейін күнделікті қадағалап отырып, тұрмыста қолданғаны - әрине, жаңалық емес. Алайда оның поэзиямен жеткізілгені, аспан денелері жайындағы халық творчествосы астрономиямен тығыз байланысты. Халықтың астрономиялық, ғылыми тілмен түсінбегенмен, нағыз құнды астрономиялық дерек екендігі.

Қорытынды1. Аспан әлемін білу үшін жүргізілген зерттеулердің табиғатқа тигізер зиян тұстары бар, ол климаттың өзгеруіне әкеліп соқтырады.2. Аспан сырларын зерттеу барысында табиғатқа зиян келмейтін жақтарын қарастыру керек.3. Ол үшін сапалы, жаңа, дамыған технологиялардың зиянсыз варианттарын қарастыру жөн.

3

Page 4: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

Абстракт.Цель работы.

Исследуя взаимосвязь устного народного творчество с небесными созвездиями (астрономия), проивить любовь к окружающим миру, оберегать природные ценности, научиться жить в гармонии с природой. Исследуя прошлое и настоящее своего народа доказать, что казахский народ хорошо знал и пользовался всесторонне ценностями небесного созвездия.

Гипотеза работы.В наше время можно твердо сказать, что хорошо ведутся исследовательские

работы по познанию космоса и окружавшего мира. Было время когда мы об этом читали в фантастических ,чудесных сказках ,смотрели по телевидению. Сейчас ,в наше время ,мы ничему не удивляемся .Причиной этому является то, что человечество настолько стало развито ,что совершить путешествие в космос ради интереса а не ради исследования ,проведение опыта, не составляет труда .Это не требует ,надеюсь ,доказательство. И все это ,соответственно , наносит вред окружающей нас природе.

С помощью своей работы хочется донести до человечество ,что исследуя секреты и явления природы. Нужно не забывать о том ,что природу нужно беречь и защищать.

Этапы исследовательской работы.1.Устное народное творчество и секреты небесных созвездий .2.Причины возникновения экологических проблем.3.Вред, наносими природе, при исследовании небесных созвездий.4.Защита природы.

Исследование ,новшество в работе.Кочующий казахский народ систематически наблюдал и пользовался

небесными созвездиями. Народное творчество о небесных телах тесно связано с астрономией и все эти особенности природы и народного творчество донеслись до нас через поэзию.

Доказательство, что наши предки будучи не зная языка астрономий и науки исследования ,донесли до нас ценные астрономические директивы.

Заключение. Вывод.

1.Научные работы ,провидимые для исследования космоса ,приносят вред природе ,способствует изменению климата .

2.Необходимо проводить исследовательские работы так, чтобы не причинять вред окружающей среде.

3.Для этого необходимо использовать новые качественное развитые технологий.

4

Page 5: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

The purpose of the work.Exploring the relationship of folklore with the heavenly constellations

(astronomy), to instill a love for the surrounding world, to protect the natural values, to learn how to live in harmony with nature. Exploring the past and present of the people to prove that the Kazakh people knew and used extensively the values of the heavenly constellations.

Work hypothesis.Presently it is possible to tell firmly that research works on space and world around knowledge are well conducted. There was time when we about it read in fantastic, wonderful fairy tales, looked on TV. Now, presently, we are surprised to nothing. The reason for it is that the mankind became so developed what to make travel to space for the sake of interest, instead of for the sake of research, experience carrying out, it is possible. It does not demand, I hope, proofs. And all it, accordingly, harms to the nature surrounding us. And the Kazakh people for a long time solving riddles of the nature not only them used, but also could connect them with poetry, make thrifty use of the nature. By means of the work it would be desirable to inform to mankind that investigating secrets and natural phenomena, it is necessary not to forget that the nature needs to be protected and protected. Stages of research work.1. Oral national creativity and secrets of heavenly constellations. 2. The reasons of occurrence of environmental problems. 3. The harm put to the nature, at research of heavenly constellations. 4. Nature protection.

Research, innovation in work.The wandering Kazakh people regular observed and used heavenly constellations. National creativity about heavenly bodies is closely connected with astronomy and all these features of the nature and national creativity have reached us through poetry. I prove that our ancestors being without knowing language of astronomy and a research science, valuable astronomical instructions have informed to us.

The conclusion.1. The scientific works conducted for research of space, harm the nature, promotes climate change. 2. It is necessary to spend research works so that not to harm environment. 3. For this purpose it is necessary to use the new qualitatively developed technologies.

5

Page 6: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

К і р і с п е б ө л і м і

Өмірде кез келген нәрсенің сыры салыстыру арқылы анықталды. (Олай дейтінім, адам ертеден табиғат сырын білуді арман еткен!) Соның ішінде аспан ғылымының тарихы ғасырлар түкпірінен басталады. Аспан ғылымы деп сөз етуім менің бүгінгі ғылыми жұмысымда осы аспан ғылымын біздің, қазақ халқының ауыз әдебиетімен байланысын зерттеп жеткізгім келеді.

Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып, аспан астында аттың жалында түйенің қолында өмір сүріп келген халықтардың бірі. Халықтың ертедегі тағдыры малға, ал малдың тағдыры шөбі шүйгін, суы мол жайылымға байланысты болған.

Қазақ халқы да ертеде көшпенді халықтардың бірі, көшпенділерді ертеде «Жеті жұт» күйзелтіп отырғаны белгілі, сол тәрізді Мысыр халқын дарияның тасуы күйзелтіп отырған. Неге «Мысыр» туралы оның ертедегі өмірі жаппай туындалып отыр, себебі аспан ғылымының алғашқы отаны - Мысыр елі. Ніл өзенінің тасуы мысырлықтарды үнемі күйзеліске ұшыратып, халқын қинатып отырды.

Кейін Мысыр абыздары өзеннің «Сүмбіле» жұлдызы туған кезде таситынын аңғарды. Осыдан «Сүмбіле» (Сириус) календары жасалып, астрономиялық білімдер қорлана бастады. Астрономия ғылымы тек математиканың жәрдемімен дами алады. Осыған сәйкес Ф.Энгельстің «Табиғат диалектикасы» (Москва, 1946жыл) атты еңбегінен үзіндіні дәлел ретінде келтіре кеткім келеді.

«Жаратылыстанудың жеке салаларының жүйелі дамуын зерттеп білу қажет.

Әуелі астрономия, ал мал өсіретін және егін салатын халықтарға тіпті жыл мезгілдерін айыру үшін - ақ сөзсіз қажет деп түйеді...»

Ендеше ежелден мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының да астроно-мияда белгілі үлесі болуы керек. Астрономия кейін ежелгі Вавилон, Үндістан, Қытай, Греция, Орта Азия елдерінде жойыла бастап, гректер жүйеге келтіріп ғылым ретінде қалыптастырды. Бертін келе астрономиядағы қазақтың үлесі туралы физика-математика ғылымының кандидаты Әбишев Хасен зерттеген болатын.

Қазақстанның ежелгі тайпалары Күн мен Айдың қозғалысын, көптеген жұлдыз-дардың туатын және бататын кезеңдерін, көрінетін орындарын жақсы білген. Бұл білімдері атадан балаға мирас болып, халық ауыз әдебиетінен орын алған. Яғни Сәкен тілімен айтқан:

«Қарттардың баян қылған әңгімесінЕстіген кейінгілер жаттап алған».

Астрономияға байланысты аңыздар, ертегілер, жырлар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер өте көп, халық ауыз әдебиетінде ұшан- теңіз.

Ақындардың өлеңдерін оқып отырсақ «алтын Күн, күміс Ай, маржан Жұлдызды» жырға қоспаған бірде-бір ақын жоқ.

Қазақ халқы ежелгі түркі тайпаларының жұрағаты екені мәлім. Түркілердің астрономиядан білімі болғаны бізге тарихи деректерден белгілі. Мысалы, ерте кезден мүшел календарын қолдану, жеті қарақшы, Үркер,

6

Page 7: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

Темірқазық тағы да басқалары бізге сол түркілерден қалған. Түркілердің жазба ескерткіштерінде жұлдыз аттары жиі кездеседі. Оларды жұлдызды бақылап жүретін абыздар «жұлдызшылар» деп аталған. Археологтардың Орталық Қазақстандағы Жаңғабабыл өзенінің бойынан VIII-Xғасырларда жерленген жұлдызшының зиратындағы жұлдыз белгілерінің, табылуға түркі халықтарының аса құнды ескерткіштерінің бірі - «Құтты білік» Жүсіп Баласағұнидің еңбегіндегі V тараудағы «дүниенің төрт элементі, жеті планета және зодиактың 12 шоқжұлдызы» 14-тарауындағы астрономия туралы қосымшалар, деректерге дәлел. Тіпті: Әт- Түрки мен оның баласы Ғабдұл- Хасен (ІХғ), Ғаббас Жауһари (ІХғ), Әбу Насыр Әл- Фараби (870-950жж), Тарағи Ұлықбек (1384-1449жж) тағы да басқа ғалымдарды айта кетуге болады.

Кейін түркі халықтары, солардың ішінде қазақтар да, Орта Азияның ұлы ғұламалары: Мұхаммед Хорезми (780-850жж), Әбурайхан Бируни (972-1050жж), Омар Хайям (1048-1131жж), Жәмшид Кәмидің (1385-1456жж) астрономия ғылымдарымен таныс болды. Алайда қазақ халқының астроно-миялық білімдері ұзақ уақыт ғалымдардың назарынан тыс қалып келді, елеулі еңбектерді жоқтың қасы деп атауға болады. Бұл сырды зерттеуді өткен ғасырдың орта шенінен халқымыздың ұлы перзенті Ш.Уәлиханов бастады. Халық санасына сіңген үйреншікті ұғымдардың ғылыми астрономиямен ұштасып жатқандығын байқады. Құлаққа таныс бұл ұғымдар тыңдаушының жүрегіне жылы тиіп, түсініктірек болады. Мысалы, Венераға ракета ұшты дегеннен гөрі Шолпанға ұшты деген бұқара халыққа түсініктірек. Яғни мал қамы үшін ғасырлар бойы халқымыз жұлдыздардың туып-батуын, қозғалысын бақылап «есептеп отырғанын, пайымдағанын» поэзиялық формада тұжырымдап халықтық астрономия жасады.

«Аңыздар мен өлеңдер өмірі өшпейтін асыл заттар... бұлардан бұқара халықтың үні, тарихтың әуені естіледі», дейді Анри Барбюс.

Астрономиялық білімді халықтың бұл жөніндегі өзінің замандар бойы қалыптасқан түсінігін Темірқазық, Үркер сияқты жұлдыздарға қойған аттары мен олардың ауыз әдебиетімізде кездесуін айта кетуге болады.

7

Page 8: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

Н е г і з г і б ө л і м іЕнді, астрономия мен халық ауыз әдебиетінің байланысы қазақ

әдебиетінде қай тұста көрінеді, осыған тоқталайық.Аспан шырақтары туралы әңгімелер т.б. әлеуметтік өмірдің қажеттерімен

жұптаса туындайды. Алдымен Абай атамыздың шығармалары арқылы түсіндіруден бастасақ: Өте жақсы көретін ұлы Әбдірахман өлгенде, баласының қысқа ғұмырын былай бейнелейді:

Құйрықты жұлдыз секілді,Туды да, көп тұрмады...

Көрген, білген өкінді,Мін тағар жан болмады.

Қандай тамаша дәл теңеу! Шыңында да құйрықты жұлдыз өзге жұлдыздардан ерекше жарқырап шығады, бірақ өзі тез алыстап кетеді де, аспан шеңберінде көзге көп көрініп тұрмайды.

Мал ішінде өскен қазақтың атқа мініп, құрық ұстап, жылқы күзетпегені бар ма? Міне, жалынды ақын Қасым Аманжолов:

«Қызылжал», «Қаракемер», «Қызбел», «Құсаң»,Баурында жылқым бұлттай жатыр бусап,

Өргізгей гүрілдеген көп өзенге,Жарқырап маңдайымнан Шолпан туса-ақ –

деген өлең жолдары арқылы Шолпанның таң ата туатынын көрсетеді.Осы арада халықтың толып жатқан ауыз әдебиетінен, өте ескі уақыттағы

жоқтау жырынан да үзінді келтіре кетсем:Таудан асқан сұңқарым,Топтан асқан тұлпарым,

Бұланай таудың ар жағы, Бұлттан шыққан Шолпаным- дейді. Мында нені ерекше айта кетуге болады.

Халықтың ең жақсы көретін адамын, жер жүзіне нұр шашып, қараңғылықты сырып келе жатқан Күннің хабаршысы сұлу Шолпанмен теңеуі заңды.

Қазақ халқы: Таң атар, Таңды Шолпан оятар деп жиі айтады. Себебі Шолпанның өзгеден бөлек жарқыраған алып жұлдыз екені белгілі, жарығы кішігірім Айдай. Анықтап қарағанда «Шолпан Айдың қызы» деген еріксіз еске түседі.

Қазақта, ел аузында «Күн мен Ай» үзеңгілес жүретін болса, Шолпан мен Ай тетелес келеді.

Оны халық ауыз әдебиетіндегі халық поэзиясының үлгілерін талдап қарасақ, Шолпанды мадақтау, асқан сұлуларды Ай мен Шолпанға теңеу жиі ұшырайтынын көреміз. Дастанның басты кейіпкерлері әрі ақылды, әрі пысық тетелес екі сұлу: Айман мен Шолпан болды.

8

Page 9: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

Ай

Шолпан

Енді, Шолпанның сипаттарын поэзиялық лебіздерден естігеніміз жөн болар:

Үлкен Айдың жорығы, Шолпан қызы,Қауыспенен қатады Сырдың мұзы,Жамалыңа қарасам жан жетпейді,

Бір келбетің ұқсайды қырдың қызы. (Ел аузынан).

Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан, Шолпандай таң алдында жалғыз туған.

(Халық әнінен).

Таң мезгілі болғанда,Шолпанның туған жұлдызы...

(Қыз Жібек).

Таң сарғайтып атқанда, Шолпан жұлдыз батқанда...

Таң Шолпаны батқанда,Қызарып Күн шыққанда.

(Қобыланды).Жоғарыдағы келтірілген үзіндіден халық поэзиясын, астрономияның,

қазақ халқының өмірінің біте қайналып жатқанын көреміз. Аспан әлемінің құбылысына қазақ халқының әлеуметтік өмірінің тікелей қатысы болғандықтан тіпті қазақ халқының әрбір адамын ақын, астроном ба деп қаласың. Менің талдау, зерттеуім арқылы халықтың көктегі мен жеріндегі пайымдағанын, оны халық ауыз әдебиеті мен поэзиямен ұшталып жатқанын жеткізу.

Мысалдар келтіретін болсақ поэзиялық шығарма өз алдына, афоризмдер өз алдына. Аспан шырақтары жайындағы өлең, ертегі, аңыздардың тағы бір бағалы жері олардың сюжетінде, табиғат сырын, өзгерісін сипаттайтын сырлы сөздерінде тілімізден табылады және Лингвистикалық түрлері бірнеше.

Елу жылда ел жаңа, Жүз жылда- қазан,- деп бір түрінде айтылмай, екінші бірінде:

Елу жылда ел жаңа, Жүз жылда жер жаңа. немесе,

Қырық жылда қазан жаңа –делінеді.

Сонымен қатар, сыртқы форма жағынан алып қарағанда фольклор түрінде тараған қазақтың астрономиялық ұғымдарында әсемдік, поэзиялық сарын күшті.

9

Page 10: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

Көркем аңыздардағы ішкі қисын да мығым. Ашық, жылы түндерде сұлу табиғаттың ортасында жүрген адамның поэзияға киелі көңілі көкті шарлап, сайраған жұлдыздардың түрін, қозғалыстарын абайлап, олардың ішкі қиялмен батырларды сұлу әйелдерді, мергендерді, қарақшыларды, жүйрік аттарды, арқарларды тауып, қисындырып сюжет ойлап шығарады. Аспан денелері жайындағы әңгімелердің сюжеті жердегі адамның өзіне таныс тұрмысының айнасы.

Методология тұрғысынан алып қарағанда, бағалағанда еліміздің аспан шырақтары жайындағы фольклорының өте-мөте құндылығы оның қай жанрында болса да аспан денелері және олардың поэзиялық формада ғылыми шыңдыққа сәйкес суреттелуінде.

Фольклордың мазмұны реалистік бағытта болып, оның қай жанрында болса да практикалық өмірге керекті қай мезгілде, қандай жұлдыздар аспанның қай жерінде болады деген маңызды мәселені шешеді.

Мысалы, Ертек аңыздарда Жетіқарақшы, Ақбозат, Көкбозат жұлдыздарының батпайтынын, олардың Темірқазықты айнала қозғалып жүретінін аңғарамыз.

Қазақ ертегілері бойынша Жетіқарақшы және Темірқазыққа қатысты екі ертегі сақталған.

Біріншісі: Тәңірі өз аттарын Темірқазыққа байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз сол Ақбозат пен Көкбозат есептеледі. Темірқазыққа арқандалған тұлпарларды ұрлау үшін жеті қарақшы жылқыны торуылдап, жайылған жылқының соңынан қуалап баспалап айналып жүреді. Бірақ әр күні таң атып кетіп олар қапы қалып отырады.

Екіншісі: Осыдан көп заман бұрын аспан әлемінде ағайынды жеті жігіт өмір сүріпті. Өздерінің ауызбіршілігі мықты, күшті, сотқарлықпен аты шығып жүріпті. Күндердің күнінде ағайындылардың бірі  Үркер шоқжұлдызының Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып, ұрлап кетіпті. Сол әрекетінен кейін оларды басқалар Жетіқарақшы атап кетіпті. Қыздарын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Қуып жеткенде олардың қырғын соғысынан ақырзаман болады дейді, аңыз. Ең жарқырап тұрғаны қарақшылардың атаманы, жанында көмескіленіп тұрғаны сол Үлпілдек ару екен. Шын мәнінде зер салып байқап қарасақ, Жетіқарақшының сабы жағынан қарасыңыз Екінші әлде үшінші жұлдыздың түбінен әлсіз жарықты жұлдызды көресіз. Одан соң аспан әлемінің екеуі екі қарама қарсы тұсынан туса да таң бозарғанда бір-біріне өте жақындап қалады,

Бәлкім, көптеген халықтарда жеті санының қастерлі болуы, әсіресе, апта санауының жеті күнді негіз етуі осы жеті жұлдыздан құралған Жетіқарақшыға қатысты болса керек.

10

Page 11: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

Қазақ атаулының күлмісіне таныс «Темірқазық» ғылым тілінде кіші аюдағы α жұлдызы. Арабша-орысша сөздіктен Құтыб арабша аты, қазақ, қырғыз, түркі тілдес халықтарда бәрі де оны Темірқазық деп атайды.

Киіз үйлі қазақтың киіз үйін ұшырмай, дауылға жықтырмай, көгендегі қозыны, желідегі құлынды, арқандаулы атты ұстап тұратын мықты қазықтың керектігі соншама еді. Елдің ой-өрісінде, салт-санасында ол бекем орнықты. Ақындар да оның адастырмайтынын, мызғымайтынын сипаттады.

Сондай ақындардың ақындық сөздердің мысалдары мынадай: Темірқазық аумаса,

Бас бұршақтай жаумаса, Ағаң бір келер өлмесе.

(Ауыз әдебиетінен).

Қазақ мифологиясында Темірқазық пен жетіқарақшы туралы ертегі айтылады. Аңыз бойынша Темірқазық Тәңірінің құдіретімен аспанға қағылған ат байлайтын алтын қазық болып, ол дүниенің кіндігі есептеледі. Оған Ақбозат пен Көкбозат арқандаулы тұрады, олар түнімен Темірқазықты айнала оттап жүреді. Ал, шөміш пішінді Жетіқарақшы болса олардың соңынан аңдиды да жүреді. Негізі Темірқазықты төңіректеп әр түні бір айналып шығатын Жетіқарақшы (Үлкен аю шоқжұлдызы, ондағы жеті жұлдыз Үлкен аю α、β、γ、δ、ε、ζ және η жұлдыздары) және Қара құрт (Кассиопея шоқжұлдызы, W әрібіне ұқсайтын, Темірқазықтың бір шетінде Жетіқарақшыға қарсы орналасқан бес жұлдыз) шоқжұлдыздары орналасқан.

Түн жақтан қолын былғап Темірқазық,Аймағын қалмасын деп жолдан азып.

С. Торайғыров. «Темірқазық аумаса...» дегеннің өзі өткір сөз, бұл қатерлі, ұзақ жолдан

аман қайтудың серті, адаспай келудің шарты сияқты. Мүмкін, аласапыран, жорық кездерінде көп айтылған сөздің мәтелі болса керек. Темірқазықтың астрономиялық бақылау үшін де маңызы бар.

«Аспанның тап ортасы Темірқазық...» дегендей адам дүниедегі тамаша қисынды заңдылықтарды бірте-бірте шешіп, табиғаттың сырын өлеңге қоса бастады. Тіпті, көзбен көріп отырып, халықтың Темірқазықты ерекше қастерлейтінін де көруге болады.

Темірқазық жастанбай,Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?- деп Махамбет ел үшін азап шеккен ерлердің ауыр михнатын 5-6 сөзбен келістіре суреттеп, мән -мағынасын ашып береді. Мұндағы “Темірқазық жастану” — сол жұлдызы самсыған түнде батырлардың далаға түнеуі мағынасын береді. Ондайда адам басы бейне қу толағай секілді қатып қалады дегенді айтса керек.

11

Page 12: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

Қағулы сырықтар арқылы Темірқазықты анықтау. Қағулы сырықтар арқылы Темірқазықты анықтау.

Түн келеді Күн кеткен соң қараңғылау,Аспанда Ай, жұлдыздың бәрі айналды,

Жалғыз-ақ Темірқазық тапжылмайды- ау, Күн батып, Ай жұлдыздың айналуы, Шыныңда дөңгеленген Жер жүріс-ау, деген жолдардан аспан денелерінің басқа сыр-сипатын оқымаса да топшылап, дұрыс түсініп, оны сырлы сөздермен ұқсатып айтып бергенге таң қаласың. Ұзақ баяндауды тілейтін осы жәйтті, ақын бір-ақ ауыз шумаққа ықшамдап сыйғызып тұр.Адассаң  темірқазыққа   бақ –деген мақалдан да осыны білуге болады. Темірқазық - аспанның солтүстік жиегіне орналасқан, кіші аю шоқ жұлдызындағы ең жарық жұлдыз. Бүкіл жұлдыздардың ішінде тұрған орнынан ауып кетпегендіктен ол осылай аталған. Қазақ халқы қараңғы түнде адасып кетпеу үшін Темірқазыққа қарап бағытын анықтап отырған.

Зерттеуімді, тақырыбымды аша түсу үшін аспан шырақтарының ең халық арасында түсінік мол қалыптасқан тұстарын ашып көрсетіп отырмын, өйткені әрбір жұлдыздың да өзіндік ерекшелігі бар, әрқайсының өзі бір-бір зерттеу, бір-бір ғылыми жұмыс болары сөзсіз.

Темірқазық, Шолпан, Үркер, Айлардың қазақ халқының күнделікті тіршілігіне етене айналғаны соншалық, тіпті күнім, айым, жұлдызым деп еркелету, жақсы көру ұғымдарына еріп кетті. Оны «Күн ортақ, Ай ортақ, жақсы ортақ»- деген мақал да дәлелдей алады.

Астрономияда айдың ұштарын «Ай мүйізі» деп атайды, ал қазақ халқы еш уақытта айға апарып мүйізді орналастырмайды, айдың мүйізі деп айтпайды. Керісінше, Ай мүйізді қошқарым, Ай мүйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен айтады, мадақтайды. Ай мен Күнге байланысты аңыз да халық арасында кеңінен тараған. Ондай Ай бетіндегі даңққа байланысты дерек айтылады, осыған қарап халық тек қа-на тамсанып қоймай, оның ерекшеліктерін де байқап ауыз әдебиетіне қосқан тәрізді. Әлі бұл аңыз ертегіде аллегориялық форма кеңінен көрінеді. Яғни айды күннен кем көрмеген тәрізді, өйткені мұны ай десе аузы, күн десе көзі бар деген теңеулер немесе Айгүл, Айсұлу, Айжарық деген ай... түбірлі аттардың ел арасына көп тарап кеткендігін еске түсірсек те жеткілікті. Шоқан Уәлиханов өзінің бір еңбегінде (156 бет) тіпті қазақтар айды бұрын «құдай» тұтқан болу керек дейді. Оған «ай» көргенде бата қылу, айға тағзым ету, тәжім ету т.б. ырымдары (ересектер адамдар арасында көп ұшырасады) дәлел. Мына төмендегі мысалдарға тоқталып өтейік:

1. Айдан аман сақта,Айлардың айында,Жылдардың жылында,Жаңа ай жарылқа,Ескі ай есірке.2. Туған айдай қылып жарылқа,Шыққан күндей қылып жарылқа.Басты алсаң бауырды бүтін қыл,

12

Page 13: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

Отыңа оралтпа, суыңа сүрінтпе,Келесі ай, келесі жылға аман қыла гөр.3. Бұл туған айНәсіпті ай бола гөр,Халыққа тыныштыАй бола гөр...4. Ай көрдік, аман көрдік,Ат басындай гауһар көрдік,Келер ай, келер жылдардан аман сақта!

5. Жаңа айдан жақсылық,Ауырлығым жерде, жеңілдігім менде.

Бұл тілек - баталардан айға деген ерекше ықыласты көруге болады.

Жаңа ай

жарылқа. Шалқасынан жатуы өзіне жайлы, халыққа жайсыз.

Туған жаңа ай.Халық арасындағы айға байланысты деректерге қысқаша тоқталып өттік, енді айдың ел арасына тараған әр түрлі фазаларын сипаттауын қарастырамын.

Жаңа ай имек болып келеді. 8-інде, 22-сінде жап-жарты кескен таба нанның жартысындай, 13-14- інде ай орталап қалады, 15-інде шеңбер шарлы түгел толып дөңгеленеді, мінсіз болады.

Осы кезеңде ақындар сұлулардың өздерін осы 15-інде толған аймен, ал олардың қастарын жаңа туған аймен салыстырады.

13

8 -22 13 -14 15

Page 14: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

1. Жалғыз қызы Гүлбаршын, Он бесте туған ай еді. (Алпамыс).2. Толған айдай толықсып,

Ақ сазандай булықсып, Буралып кетіп барады, Неше алуан қылықсып. (Қыз Жібек).

3. Сары белден сарғайып таң атады, Бидай өңді аққура түнғатады. Қайтып шыдар ер жігіт таң атқанша, Толған айдай толықсып қыз жатады. (Халық әні).4. Туған айдай иілген, Екі қастың арасы. (Қыз Жібек). Бұл поэзиялық шығармалардан халықтың аспан денелерін күнделікті

қолдарына ұстап көріп, біліп қойғандай жеткізеді. Жоғарыда келтірген мақалдың тағы бір түрі:

Жақсы Ай мен Күндей,Жарығы әлемге бірдей.

Айдың жарығы төңірегіне түседі,өзіне түспейді .

Бұл мақалдардан мін таба алмайсың, Ай мен Күнді қазақ халық ауыз әдебиетінде мақалда да, поэзия шығармасында сұлулыққа теңейтіні белгілі. Алайда, Күн мен Айды алғысқа да, қарғысқа да жаратқан тәрізді. Оған мына бір сөздерді келтіруге болады:

«Күннің шығуымен, Айдың батуымен, Күн күнептпей, түн түнептпей, құмдай батыр, судай сіңір» немесе, «Күн сөнбей сөнбе», «Ай  жарқырап күн болмас », «Атқан таңдай, шыққан Күндей, туған Айдай етіп әр нәрсеге қолыңды жеткіз», «Ашылатын күн  айқұлақтанып батады», «Айдың шалқалап туғаны,боран - шашынның болғаны»,т.б. Осыдан-ақ халықтың жақсыны, жаманды халық көріп қана қоймай, оны сезіммен жеткізе бергені байқалады.

14

Page 15: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

Қорытынды бөлім.Тоғыс айы (тоғыс есебі).

Үркер мен Ай. Үркер мен Ай тоғысуы.

Қыз Назымға таласып, Екі батыр соғысты,

Бұлт шайқап, мұз бүркіп,Үркер мен Ай тоғысты.

(Қамбар батыр).Бұл мысалда да аспан денесінің сырын, халық ауыз әдебиетінде

салыстырма түрінде көрсетеді. Немесе:Туар ай.

Әр малдың оты басқа, Әр айдың аты басқа.

(Мақал).«...Айдан ай өтті, жылдан жыл өтті,Темір етіктен теңгедей,Темір аяқтан тебендей қалды...»-деп, ертегіде айтылғандай, қазақ халқы

құбылыстың өзгеріп отырғанын да ертеден - ақ уақыт өлшеу үшін пайдаланған.

15

Page 16: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

Үркер, Үшарқар, Сүмбіле үш айда Үш жерден бір - ақ күнде батады. туып...

Қазақ елінде Үркер мен Айдың тоғысуына негізделген ерекше ай санағы бар. Үркер жұлдыз шоғырын білмейтін қазақ жоқ деуге болады. Бұл жарықтығы бір келкі, бір үйір жұлдыз оп-оңай көзге түседі. Жаздың қысқа түндерінен басқа уақыттың бәрінде де Үркерді аспаннан көруге болады. Қазақ халқында аспандағы ерекше көзге түсетін жұлдыз шоғырын “үріккен үйірлі жылқыға” ұқсату нәтижесінде “Үркер” атауы шыққан. Қазақтың дәстүрлі Аспан аңыздарында Үркер үйірі туралы әңгіме көп. Ел арасында Үркерді “жұлдыз ағасы” деп есептеген.Үркер аспандағы Күн мен Айдың орбитасына жақын тұрғандықтан, оған қатысты Күн мен Айдың орналасуына қарап қазақ халқы түнгі бағытты, жыл, түн мезгілдерін және ай тоғыстарын (қ. Тоғыс есебі) анықтап отырған. Қазақтың тоғыс есебінің өзі ай санау есебі тәрізді нәрсе. Бұл күні ол есептердің сыры ұмыт болған. Халқымызда "Үркерлі айдың бәрі қыс", "Үркер жерге түспей жер қызбайды" дейтін ұғымдар бар. Үркер күз басында іңірде күн шығыстан, қыс басында іңірде төбеден, көктем басында күн батыстан көрінеді. Ал шілде айында Үркер күннің жанында болып, түнде көрінбей кетеді.

Жаңаша 7-айдың 3- 5 - күндерінен кейін үркер көтеріледі. Бұл кезде Үркер таңға жақын шығыстан көрінеді. Шаруалар "үркер көтерілген соң мал көтеріледі, егін көтеріледі, қозы-лақ көтеріледі" деп ерте жұмыс бастаудың белгісі еткен. Жауда болғанда Үркер батар,

Батқан соң жер астында қырық күн жатар,Үркерді табиғат сондай жаратқан,Жер жүзінің суығы астына тартар.

Таразы, Сүмбіле, Үркерменен бір күн батар,Таразы екі ай, Сүмбіле үш ай жатар.

Үшеуі үш жерден, бір- ақ күнде батып, Үш айда туып, әр жерден таңмен атар.

Үшеуінің батыс- туысы амал болар, Ол амалда әр түрлі самал болар. Үркер тасқа, жерге, суға түсті дер,

Тасқа түссе, жаз- қысы жаман болар.Ғылым жетілмеген кезде қазақ өзінше тәжірибе жасап, күнді

болжамақшы болған. Ел арасында есепші болған жоғарыда келтірілген өлең жолдарында ел арасында болған «Дүйсебай» (қосымша деректерге қарағанда) деген есепшінің айналадағы жаратылыс өмірін шын жүрегімен сезе білгені, поэзияға икемі бар адам екені көрініп тұр. Өлеңде жұлдыз есебі де бар, осылай

16

Page 17: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

есепшінің үш басты жұлдыздардың туып-бату мезгілдерін қолмен қойғандай қылып айтып, тіпті өлең жолдарымен келістіре жеткізгеніне таң қаласың.

Үркердің жерге түсуі, «күннің жылынуымен, Сүмбіленің тууы суықтың түсуімен сабақтас. Бұған жануарлардың үркерді іздеп шығуы» аңызы әрине дәлел бола алады. Және сонымен қатар ел арасында таралып кеткен:

Үркер үйден көрінсе,Үй ай тоқсан қысың бар;

Үркер іңірде жамбасқа ілінсе, Жаз шықпағанда несі бар.

Тамыз айында Сүмбіленің суы жүреді, сондықтан да қазақтар "Сүмбіленің суы жүріп пе екен?" – деп сұрайтын болған. Сүмбіле жаңбыры болып өткен жердің көдесінің түбі көк, малға от болады деп, жылқыны қыста сол жерге тебіндеткен.

Сүмбіле туған соң суда сүлік өле бастайды. Және "Сүмбіле туса сұмпиып,ат тойынар құнтиып" деген сөз бар. Бұл сүмбіле тууымен күн салқындап , жылқы баласына шыбын-шіркейсіз мезгіл басталатынын, әсіресе, суда сүлік өліп, жылқылар жақсы жайыла бастайтынынан болса керек. Қазақта

Сүмбіле туса су суыр,

Таразы туса таң суыр,-

деген сөз бар. Яғни, қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келеді. Жауын басталады. Сүмбіле жұлдызы туған шақтан бастап өзен-көлдердің суы ептеп салқындай бастайды. Сүмбіленің аспанда көрінуі елімізде қыстың алғашқы лебімен тұспа-тұс келеді.Мақалдардың бас - аяғы ұйқасып, үйлесіп тұр, мазмұны арқылы табиғаттың құбылысын да береді.

Міне, аспан шырақтары туралы деректі өтірік өлеңнен де, жоқтау жырынан да, қысқасы халық шығармасынан да көреміз. Басқаны былай қойғанда, аспан шырақтары мен олардың қозғалысының қазақ әйелдеріне шейін аян болғандығы көрінеді. Қыздың көрісу жырынан үзінді:

Жүруші едік балдай боп,Қосақталған талдай боп,Енді айрылып барамыз,

Үркерден қашқан Айдай боп.

Қырық өтірік ертегісінен үзінді:«Көзімді шарт жұмғанда аспанға қарағанымда, мұнан артық не тамаша

болсын, Темірқазықтың ар жағында, Шолпан жұлдыздың бер жағында, манадан бері таба алмай жүрген жирен құлыным бәйтеректің басына шығып құлындап, құлынын емізіп тұр екен».

(Тазша бала).Айтыстан үзінді:

Айтып көрші шамаң болса байлығыңды,Шолпандай аспандағы айлы түнгі.

17

Page 18: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

Сұлу қыздың басында қара құндыз,Тексермей сұлуларды неғып тұрмыз,Үркердің жалғыз қызын ұрлап алып,Қарақшы мына тұрған жеті жұлдыз.

тағы сол сияқты әлем құрылысын материалистік тұрғыдан баяндап, оны ұғымды тілмен халыққа өлең арқылы түсіндірмекші болады.

Айқайлап: «Таң мынау» деп Шолпан туып, Өзгеден алты Үркердің түсі суық,- дейді.

Міне, осы деректерге сүйене отырып ақын жанды, поэзияны жанындай сүйетін қазақ халқы өз ауыз әдебиетін аспан шырақтары яғни, астрономиямен тығыз байланыстырды.

Әрине, оның астроном ғылымы, құнды деректер екенін білмеген болар, мүмкін тұрмыс-тіршілігінен туындап отырған шығар. Көші- қон жүретін қазақ халқы аспан шырақтарын жиі пайдаланғаны туралы тоқталып өттім, ендеше сол шырақтардың орналасуын, егжей-тегжейін күнделікті қадағалап отырып, оны тек тұрмыста ғана қолдана қоймағанын, олардың сұлулығын, керемет ерекшеліктерін поэзияға кіріктіргеніне де куә болып отырмыз.Сонымен қатар осындай терең , мағыналы аспан сырларын халқымыз аша біліп, бірақ бірде-бір табиғатқа зиян келтірмегенін де байқадық. Керісінше, табиғат пен терең байланыста болып, оған қамқорлық жасаған.Осы құнды деректерді ешбір аспан әлеміне ақау келтірместен зерттеген.Ал, қазір ше... Яғни мен өз зерттеуімді, сөзімді аяқтай келіп халық ауыз әдебиеті мен астрономия тығыз байланысты және аспан денелері жайындағы халық шығармашылығы қай тұрғыдан алып қарағанда да құнды деп аяқтаймын.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Пайдаланылған әдебиет тізімі.

1. Әбішев Х. «Аспан сыры». Алматы, «Қазақстан баспасы, 1966 жыл. 2. Ақшолақов Т., Жұмажанов Т. «Қазақ әдебиеті» 5-9 сыныпқа арналған

оқулықтар. Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002-2006 жыл.3. Башарұлы Р., Қазақбаева Д. «Физика және астрономия» 7-9 сыныпқа

арналған оқулықтар. Алматы, «Мектеп» баспасы, 2003-2005 жыл.4. «Бес ғасыр жырлайды» 1- том, Алматы, «Жазушы» баспасы, 1989 жыл.

362-371 бет.5. «Бес ғасыр жырлайды» 2- том, Алматы, «Жазушы» баспасы, 1989 жыл.

18

Page 19: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

480- 495бет.6. «Қобыланды батыр» халық дастаны. Алматы, «Жалын» баспасы, 1993

жыл.7. Игісін Қ.А. «Ұлы дала». Тарихи- ғибраттық шежіре. Астана, «Фолиант»

баспасы, 2002 жыл. 318-319 бет.8. «Тазша бала» қазақ халық ертегісі. Алматы, «Жалын» баспасы, 1983 жыл.9. Әлімқұлов Б., Әбдіраманов Е. «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл».

Алматы, «Санат» баспасы, 1994 жыл. 118-129бет, 197-201бет.10. Тілемісов Х. «Ауыл кеші көңілді. Қазақ халық өлеңдері. Алматы,

«Қайнар» баспасы, 1991 жыл.11. Дәуренбеков Т. «Қазақ халық ертегілері». Алматы, «Жалын баспасы, 1979 жыл.12. Кейкін Ж. «Қазақтың 7777 мақалы мен мәтелі». Алматы, «Өлке» баспасы, 2002 жыл. 13. «Ақ бата» жинағы. Алматы, «Өнер» баспасы, 2001 жыл.14. «Қазақ ССР энциклопедиясы» 4- том, 624-625 бет.15. Дүйсен К. «Ай аттарының сыры». Алматы, «Аруана» баспасы, 2002 жыл.16. Абай Құнанбайұлы «Қалың елім қазағым». Алматы, «Жалын» баспасы,

1995 жыл. 140-143бет.17. Дорожкин Н.Я. «Мен әлемді танимын. Астрономия». Мәскеу, «Астрель»

баспасы, 2003 жыл. 349-376 бет. 18. Торайғыров С. «Сарыарқаның жаңбыры». Алматы, «Жазушы» баспасы,

1987 жыл.19. Қалиев С., Оразаев М., Смайылова М. «Қазақ халқының салт-

дәстүрлері». Алматы, «Рауан» баспасы, 1994 жыл. 161-174 бет.20. «Дастандар» 2-том. Қазақ халық әдебиеті. Алматы, «Жазушы» баспасы,

1990 жыл.

Аннотация. «Аспан сырларының халық ауыз әдебиетіндегі алатын орны» тақырыбында Райханұлы Ерсін ғылыми жұмыс жазды. Ғылыми жұмыс аспан әлемі мен халық ауыз әдебиетінің байланысын зерттеуге бағытталған. Ғылыми жұмыс барысында халық ауыз әдебиетінің түрлерін халықтың күнделікті тұрмыс – тіршілігінде қолдана білгенін ашып көрсетеді. Аннотация. На научный проект Райханулы Ерсин на тему «Аспан сырларының халық ауыз әдебиетіндегі алатын орны» значение созвездий в устном народном творчестве и в поэзий. Научный проект направлен на разработку рекомендаций по изучении созвездий в устном народном творчестве и в поэзий.

19

Page 20: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

В теоретическом разделе раскрыты теоретико - методологические аспекты значении звезд в устном народном творчестве и в поэзий. В частности, отражены роль, сущность и развитие звезд в устном народном творчестве и в поэзий. В аналитико – конструктивной части выявленны особенности созвездий, исследован значений звезд в жизни народа. The summary.

On the scientific project of Raihanuly Ersin on a theme: "Аспан сырларының халық ауыз әдебиетіндегі алатын орны" (Value of constellations in oral national creativity) the Scientific project is directed on working out of recommendations after studying of constellations in oral national creativity. In theoretical section it is opened theoretical-methodological aspects value of stars in oral national creativity. In particular, the role, essence and development of stars in oral creativity are reflected. In an analytical-constructive part features of constellations are revealed, is an investigated value of stars in people life.

Ғылыми жұмысқа СЫН - ПІКІР

Оқушы: Райханұлы Ерсін 10-сынып

Ғылыми жетекшісі: Шамшина Г.Б.Сын - пікір білдіруші: Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік

педагогикалық институтының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты

Дүйсебекова Айсауле Есенғазықызы

20

Page 21: Казахская средняя школа №2€¦  · Web viewАбай Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп. Тақырыбы:

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Аспан сырларының халық ауыз әдебиетіндегі алатын орны. Тақырыптың өзектілігі:

Қазақ халқының астрономияға қосқан үлесі зор. Халық ауыз әдебиетіндегі поэзиялық шығармаларындағы астрономия мен әдебиет байланысын зерделеу қажеттілігі туындайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі:

Халық ауыз әдебиеті мен астрономияның байланысын ашып, жүйелеп жарыққа шығару.

Тақырыптың мазмұны мен ашылуы:

Ғылыми жұмыс кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерінен тұрады. Негізгі бөлімде халық ауыз әдебиетіндегі астрономияның байланысы, мәні, маңызы, сипаты көрсетілген.

Халық ауыз әдебиетіндегі астрономияның көрінетін тұстары: поэзиялық шығар-малардан, нақыл сөздерден үзінділер келтіріп талданған. Оның әрқайсысының ма-ңызы мен ұқсастығын дәлелдеген.

Жұмысқа ескертпе:Ғылыми жұмыста астрономиялық негіздерді көбірек пайдаланса одан да жақсыболар еді.

Жұмысты бағалау:Ғылыми жұмысты «өте жақсы» деп бағалаймын.

Сын - пікір білдіруші: Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы,

филология ғылымдарының кандидаты Дүйсебекова Айсауле Есенғазықызы

21