атырау қаласы

11
«Ертегідегі музыка» Мақсаты: Балаларға орыс классика мәдениетін, драма театр, дирижер және балет түсініктерін тереңірек қалыптастыру. П.И.Чайковский композиторымен таныстыру. Балалар музыка ырғағымен зал ішіне орналасады. Музыка жетекшісі:Балалар сәлеметсіздер ме? -Балалар! Таңертең терезеге қарасақ біз нені көреміз? -Күнді көреміз. -Күнді көргенде біз қалай қуанамыз? -Алақай (қол шапалақтайды)

Upload: -

Post on 08-Feb-2017

82 views

Category:

Internet


0 download

TRANSCRIPT

«Ертегідегі музыка»Мақсаты: Балаларға орыс классика мәдениетін, драма театр, дирижер және балет түсініктерін тереңірек қалыптастыру. П.И.Чайковский композиторымен таныстыру.

Балалар музыка ырғағымен зал ішіне орналасады.Музыка жетекшісі:Балалар сәлеметсіздер ме?-Балалар! Таңертең терезеге қарасақ біз нені көреміз?-Күнді көреміз.-Күнді көргенде біз қалай қуанамыз?-Алақай (қол шапалақтайды)

Таңертең ертемен кездескен адамдармен,достарыңмен,көршілеріңмен қалай амандасасыңдар?-Қайырлы таң!-Қайырлы күн!-Сәлеметсізбе?

Музыка жетекшісі: Дұрыс-ақ балалар!Олай болса бүгін мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.Көңіл күйлеріңіз қалай?Балалар: Жақсы,көңілді.Музыка жетекшісі:Мен сендердің көздеріңнің, бүгін не болады деп күтіп тұрған бір қызығушылықты байқап тұрмын.Солай ма ,балалар?Балалар : ИяМузыка жетекшісі: Балалар сендер менімен музыка патшалығына барғыларың келе ма?.Сендер балет деген не екенін білесіңдер ме? Олай болса жолға шығайық.Балалар:Ия. Ол би,музыка.Музыка жетекшісі:Дұрыс айтасыңдар, балеттегі адаммен әншінің атқаратын қызметі бірдей ме? Балалар: Жоқ?Музыка жетекшісі: Неге?Балалар: Балетте мимика ,қимыл-қозғалыс арқылы музыканың көңіл күйін жеткізіп,ертегіні баяндайды,ал әнші ән айтады.Музыка жетекшісі: Дирижермен балеттегі адамның айырмашылығы қандай?Балалар: Дирижер ол оркестрді сүйемелдейді.Музыка жетекшісі: Дұрыс айтасыңдар,балет музыка мен бидің байланысуынан пайда болған, ол кез-келген музыкалық ертегіні сөзбен айтып жатпай ақ,қимыл-қозғалыстар арқылы жеткізіп,баяндай алады.-Тыңдаңдаршы балалар ,сөйлемей, қимыл арқылы ертегіні қалай баяндауға болады?Балалар: Қимыл-қозғалыс,мимика арқылы.-Қазір балалар ортаға шығып,музыканы тыңдай жүре қимылдар жасаймыз.

1. «Аққу».2. «Марш»3. «Жалмауыз кемпір»4. «Гүлдер»

Музыка жетекшісі:Жарайсыңдар балалар! Маған сіздердің көрсеткен қимылдарыңыз өте қатты ұнады.Балалардан қандай гүлдердің суретін көрсеткені туралы сұрау. Міне ертедегі кейіпкерлердің бет-бейнесін қимылдар,мимикалар арқылы көріп тамашалауға болады екен.Музыка жетекшісі:Біздер көптеген қазақ композиторларын білеміз,бүгін жаңа орыс композиторымен танысамыз.

(слаид) П.И.Чайковский –ұлы орыс композиторы. Ол балаларға арнап коптеген шығармалар жазған. Мысалы: «Балалар

альбомы», «Жыл мезгілдері», жаңа біз қимылдар жасаған «Щелкунщик» опера балеттері т.т.б. Чайковскийдің атында үлкен-үлкен театрлар бар. Ал сендер театрға барғыларың келе ма?-Қане балалар мына жерде сиқырлы сандықша тұрған сияқты ,ашып көрейікші (музыка ойналады) ,енді көзімізді жұмайық әйтпесе біз ертегілер еліне тап бола алмаймыз.

(гирляндалар жанады)-Міне балалар мына әдемі сиқырлы сандықшаның әуенімен біздер ертегідегі музыка еліне тап болдық.Айналамыз қандай әдемі. Қараңыздар, біздер драма театрына тап болдық ! Өте тамаша. Алдында үлкен колонналары бар. Бірінші біз кең фаесіне кіреміз,бұл жерде адамдар бір-бірімен кездеседі,әңгімелеседі, киімдерін шешеді.

-Балалар мен сендерге неге әдемі болып киініп келіңдер дедім ,қане кім айтады?Балалар : Себебі бүгін мереке,біздер бәріміз театрға келдік.Ал театрға адамдар әдемі болып киініп келеді.Фаеден жоғары баспалдақ арқылы көтеріліп,негізгі үлкен сахнаға тап боламыз.Ортада әдемі сылдырлаған люстра тұр. Бүгін біздер бұл сахнадан П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» деген операсын көріп тамашалаймыз. Мен қазір бұл ертегіні баяндап,оқып беремін ,ал сіздер оны қимыл-қозғалыс,мимикалар арқылы жеткізіп отырасыздар.-Ертегі басталды.Терезе алдында ұлпақарлар дөңгеленіп ,ұшып жер бетіне аппақ болып төселіп жатыр. Балалар шыршаны айналып билеп жүр.Кенет, аяқ астынан сиқыршы пайда

болып,Машага ойыншық әкеліп береді,оған қатты риза болып,би билейді. Інісі касына келіп,оның ойыншығын тартып алып,сындырып тастайды.Маша жылап-жылап шаршайды,келген қонақтар өздерінің үйлеріне кетеді. Ал Маша шыршаның қасына қайтадан келеді,сол кезде шыршадағы ойыншықтардың барлығына жан бітіп,жерге түседі.Кішкентай ойыншықтар үлкен ойыншыққа айналады.Маша оларға таң қалып,бірге көңіл көтеріп,ойыншықтармен ұзақ би билейді. Кенет тышқандардың королі өз балаларымен бірге келіп,Машаны қорқытады,жерге отырып жылай бастайды,сол кезде аяқ астынан «Щелкунщик» шыға келіп,қолындағы қылышымен тышқандарды қуып жібереді.Щелкунщик Машаның қолынан ұстап , кішкентай,сиқырлы аяқ киімнің ішіне отырып,ертегілер еліне ұшып келеді.Оларды Фея драже қарсы алады,осы жерде күтпеген жағдай орын алады,Сүйкімді Фея драже Щелкунщикті нағыз ханзадаға айналдырып жібереді.Міне балалар біздің ертегіміз осылай бітеді екен.-Қане балалар менің қасыма жақындап келіңдер,жарайсыңдар ,өте тамаша болды,сендер беріліп тұрып,ертегідегі балетті жақсы орындап шықтыңдар,маған қатты ұнады.Енді мына орындықтарға отырып,тамаша музыкалық шығарма тыңдаймыз. «Щелкунщик» ертегісінің бір маңызды кейіпкері ол - Фея драже.Бұл ертегінің ең әдемі үзіндісі- ол Фея Драженің биі.Көңілімізді сол әдемі биге аударайық,балалар. Тыңдау «Фея драженің биі»

Музыка жетекшісі: Балалар сіздерге ұнады ма?Балалар: ия

Музыка жетекшісі:Мінезі қандай?Балалар:сиқырлы,көңілді.Музыка жетекшісі:Сендер осы шығарманы тыңдағаннан кейін, қандай көңіл күйдесіңдер?Балалар: бақытты,жақсы.Музыка жетекшісі:Балалар айтыңдаршы, қандай аспаптардың дауысын естідіңдер? Балалар: қоңыраулар,труба,үшбұрыш.Музыка жетекшісі: Білесіңдер ме балақайлар,менде солай ойлап,осы аспаптарда ойнап қарасам тап сондай дыбыстар шықпады.Сөйтсем сол аспаптардың жиындығынан шыққан дыбыстар - «Челеста» деген музыкалық аспаптан естілген екен.Фея драженің биі осы аспаптың сүйемелдеуімен орындалған и екен.Қараңыздар ,оның келбеті осындай.

-Челестаның атын балалар 1,2 рет қайталайды.Музыка жетекшісі: Челеста-оның дауысы өте ерекше. Қане балалар Челеста деп 1,2 рет қайталайықшы. (Балалардан жекелеп сұрау)-Челестаның клавиштары пианинодағыдай,бірақ оның барабанының ішіндегі сымдарында кішкентай дискилер тұрады.Сондықтан оны ойнаған кезде өте басқа ерекше дыбыстар шығады.Челеста аспабы-ол урмалы шекті аспаптар қатарына жатады.-Қазір балалар мен сендермен «Аспаптардың атын атау» ойынын ойнағым келіп тұр.

-Жарайсыңдар балалар!Ұрмалы аспаптар мен шекті аспаптарды жақсы ажырата алады екенсіңдер. Сиқырлы сандықшаның музыкасы орындалады,сол кезде балалар орындарынан тұрып қасына барады.Музыка жетекшісі: Қане ашып қарайық, мына түрлі-түсті конфеттерді кім беріп жіберді екен. (Тарартылады) Фея драженің музыкасы жүргенде :Балалар мына музыканы тыңдадық емес пе ,бұл біздің сүйкімді Фея драженің беріп жіберген тәттілер болды ғой. Дәмін татып көріңдер балалар,дәмді екен. -Қане ,мына театрдың ішін тағы да көз тастап қарап жіберейік.

-Балеттегі адамдар қалай киінеді?Балалар сендер нағыз балетті көргілерің келе ме?Олай болса орындықтарға жайғасып отырайық.

Слаидттан балеттен үзінді көрсетіледі.

-Міне біз балеттегі нағыз бишілерді көрдік. Өте тамаша. Сиқырлы сандықшаның музыкасы естіледі.-Балалар Фея драженің биінің қалай билейтінін біз көрсете аламыз ба? Ортаға шығайық.Балалар ортаға шығып биді көрсетеді.-Жарайсыңдар балалар,жақсы биледіңдер.

Сиқырлы сандықшаның музыкасы естіледі.-Фея драже бізге тағыда қандай тосын сый дайындап қойды екен?Қане балалар іздеп көрейік. Үстелдің үстіндегі қолдан жасалған аспаптарға барып, оларды қолымызға алайық.Тағыда Фея драженің шығармасын тыңдай отырып,аспаптармен сүйемелдеп жіберейік.Ал мен сіздердің дирижерларыңыз боламын.Жарайсыңдар балалар біздерден жақсы оркестр шықты. Қане аспаптарды орындарына апарып қояйық. Сіздер бір дауысты естіп тұрсыңдар ма ? (Бой курантов)

Сиқырлы сандықшаның дауысы естіледі.-Балалар өз балабақшамызға қайтатын уақыт болған сияқты.

Көздерімізді жұмып,сиқырлы музыкамызды тыңдайық.-Өз балабақшамызға да келдік.