bilimnur.files.wordpress.com  · web view2015-12-30 · Ақтөбе қаласы №15орта...

6
Ақтөбе қаласы №15орта мектебінің Бастауыш класс мұғалімі Мамбетниязова Даригул Карагуловна Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы Мақсаты: 1.Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін және ауданын табудың әр түрлі тәсілдері туралы ұғым беру. 2.Оқушының дұрыс көбейту, бөлу амалын орындауға үйрету және өздігінен ойлап есеп шығарып, дұрыстығын анықтай білуге дағдыландыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, 3.Білімділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, дәлелдеу, талдау,көрнекілік. Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кестелер, сызбалар, шығармашылық тапсырма,тренинг. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық. Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан. Барлық ғылым саған үйір болады, Досың солар табылатын қасыңнан. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:№7 оқу, талдау (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) ІҮ. Жаңа сабақ: Ұжымдық талдау.

Upload: others

Post on 21-Feb-2020

19 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-12-30 · Ақтөбе қаласы №15орта мектебінің. Бастауыш класс мұғалімі. Мамбетниязова

Ақтөбе қаласы№15орта мектебінің

Бастауыш класс мұғаліміМамбетниязова Даригул Карагуловна

Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы

Мақсаты: 1.Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін және ауданын табудың әр түрлі тәсілдері туралы ұғым беру. 2.Оқушының дұрыс көбейту, бөлу амалын орындауға үйрету және өздігінен ойлап есеп шығарып, дұрыстығын анықтай білуге дағдыландыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, 3.Білімділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, дәлелдеу, талдау,көрнекілік. Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кестелер, сызбалар, шығармашылық тапсырма,тренинг.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Психологиялық дайындық. Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,Математикаға орын берсең басыңнан.Барлық ғылым саған үйір болады,Досың солар табылатын қасыңнан.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:№7 оқу, талдау (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) ІҮ. Жаңа сабақ: Ұжымдық талдау.

Геометриялық фигуралардың ішінен тік төртбұрышты және шаршыны ажырата білуТік төртбұрыш туралы не білесің, оның периметрін қалай табамыз?Шаршы туралы не білесің, оның периметрін қалай табамыз?

Page 2: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-12-30 · Ақтөбе қаласы №15орта мектебінің. Бастауыш класс мұғалімі. Мамбетниязова

Тік төртбұрыштың және шаршының периметрі мен ауданын табуды түсіндіру

3+4+3+4= 143*2+4*2 = 14(3+4) * 2= 14 Жауабы: 14см

Тік төртбұрыштың ауданы бірдей бірлікпен алынған оның ұзындығының еніне көбейтіндісіне тең.

3*4= 124*3= 12Жауабы:12см

2+2+2+2= 82*4= 8Жауабы:8см

Шаршының ауданы оның екі қабырғасының көбейтіндісіне тең.2*2= 4Жауабы:4смОқулықпен жұмыс№1Тік төртбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын өлше.Олардың аудандары мен периметрін тап,№2Кішкене күнтізбенің ұзындығы 10см, ені 7см.Осы күнтізбе бетін неше квадрат сантиметрге бөлуге болады? 10*7= 70 смСергіту сәтіБойыңды сергек тік ұста,Емін-еркін тыныста

Тік төртбұрыштың периметрін былайша табуға болады:

1- тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы;

2- тәсіл: оның тең емес қабырғаларының ұзындықтарын қосып, алынған

қосындыны 2-ге көбейту арқылы

Шаршының периметрін былайша табуға болады:

1-тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу;

2-тәсіл: оның бір қабырғасының ұзындығын 4-ке көбейту.

Page 3: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-12-30 · Ақтөбе қаласы №15орта мектебінің. Бастауыш класс мұғалімі. Мамбетниязова

Оң қолыңды соз алға,Қол ұшына қара даТөтрбұрыш сыз ауадаСол қол босқа тұрмасынШеңбер жасап зырласын. №3Шиелі-Телікөл каналының ұзындығы 90км, алШиелі Шіркейлі каналы одан49 км ұзын. Екі каналдың ұзындығы неше километр?Шиелі-Телікөл каналы-90кмШиелі-Шіркейлі-? 49 км ұзынБарлығы-?Шешуі:90+( 90+49)=229Жауабы:229 км

№4Бекіре балығының массасы 80кг. Оның массасының 1/4 бөлігі қара уылдырық болады. Бекіренің қара уылдырығы неше килограмм?Бекіре-80кгҚара уылдырық-? ¼Шешуі:80:4= 20 Жауабы: 20кг Шығармашылық тапсырма:Берілген геометриялық фигуралардан сюжетті сурет құрастыр

№5 Бос тор көзге тиісті санды жаз:6 бірл. ∙ 5 = бірл. 6 см ∙ 5 = см 9 кг ∙ 5 = кг 6 онд. ∙ 5 = онд. 6 дм ∙ 5 = дм 7 л ∙4 = л

Page 4: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-12-30 · Ақтөбе қаласы №15орта мектебінің. Бастауыш класс мұғалімі. Мамбетниязова

18 бірл. : 2 = бірл. 30 см : 6 = см 12 кг : 3 = кг 9 онд. : 3 = онд. 30 дм : 6 = дм 21 л : 3 = лСабақты бекіту: «Фигуралық есеп» ойын Торкөздегі тапсырманы орындап, шаршы мен тік төртбұрышты ашып алу. Тік төртбұрыш пен шаршыны салыстыру.Шаршының ауданын қалай табамыз?Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

Тренинг «Адам есімінің түстері»Мақсаты: оқушыларға психологиялық тұрғыдан шабуыл жасау арқылы, ойлау қабілеттерін дамыту, өздеріне деген сенімдерін қалыптастыру, өзін бағалай алуға, өзін тануға ықпал жасау. Төртбұрыштардың түрлерін ажыратуға үйрету.Шарты: оқушылардың алдына қызыл, жасыл, сары, көк түсті парақшалар таратылады. Содан таңдау жасап, өзі қалаған парақшаны көтереді. Қызыл - өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандарЖасыл – ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар\Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт жандарКөк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандарҮйге тапсырма: №6 94бет.Бағалау: Оқушылардың өз мүмкіншіліктерін бағалауын қадағалау.

Сабақ өте жақсы ұнады және бар мүмкіндігімді пайдаландымСабақ ұнады және өз мүмкіндігімше қатыстымМаған әлі осы тақырыптар бойынша жұмыс жасау керекҚорытынды:

Page 5: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-12-30 · Ақтөбе қаласы №15орта мектебінің. Бастауыш класс мұғалімі. Мамбетниязова

Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме.Жасынан оқу оқып, өнер қуғанЖан жетпес, көңілі жүйрік кемеңгерге.