45minutkz.files.wordpress.com · web view2014/06/22  · Мұның өзі білім...

14
Испусинова Лариса Бержанқызы Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ш. Уәлиханов атындағы №9 орта мектеп Атырау қаласы Көркем шығарма желісімен драмалық қойылымдар дайындау жолдары ҚР ХХI ғасырда болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру жүйесінің жаңа парадигмасын қалыптастыруды ең негізгі міндет етіп қойып отыр. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қарастыруды көздейді.Білім мен тәрбие парадигмасы жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамытуды, рухани интеллектуалдық тұрғыда тәрбиелеу, адамзаттық құндылықтарды сіңіру, нәтижелі ізденіске жетелеу, өзгермелі өмір жағдайына бейімдеу сияқты басты мақсат мазмұнымен анықталады. Мұның өзі білім берудің жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың нәтижелі ізденістерін мақсатты түрде ұйымдастыра білуді, оған басшылық жасай отырып,оқушылардың білімді өз ізденісі, белсенділіктерімен ала білулеріне түрткі жасауға бағыттайды. [ 12.17] Оқушы өздігінен ізденбесе, ілгері баса алмайды. Ол үшін мұғалім сабағын, тәрбиелік шарасын негізгі проблема төңірегінде құра отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға, білуге ынталандыруға, ойлана

Upload: others

Post on 11-Jun-2020

20 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view2014/06/22  · Мұның өзі білім берудің жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың нәтижелі

Испусинова Лариса БержанқызыЖоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ш. Уәлиханов атындағы №9 орта мектепАтырау қаласы

Көркем шығарма желісімен драмалыққойылымдар дайындау жолдары

ҚР ХХI ғасырда болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру жүйесінің жаңа парадигмасын қалыптастыруды ең негізгі міндет етіп қойып отыр. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қарастыруды көздейді.Білім мен тәрбие парадигмасы жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамытуды, рухани интеллектуалдық тұрғыда тәрбиелеу, адамзаттық құндылықтарды сіңіру, нәтижелі ізденіске жетелеу, өзгермелі өмір жағдайына бейімдеу сияқты басты мақсат мазмұнымен анықталады. Мұның өзі білім берудің жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың нәтижелі ізденістерін мақсатты түрде ұйымдастыра білуді, оған басшылық жасай отырып,оқушылардың білімді өз ізденісі, белсенділіктерімен ала білулеріне түрткі жасауға бағыттайды. [ 12.17]

Оқушы өздігінен ізденбесе, ілгері баса алмайды. Ол үшін мұғалім сабағын, тәрбиелік шарасын негізгі проблема төңірегінде құра отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға, білуге ынталандыруға, ойлана іздене білім алуға дағдыландыра білуі керек. Оқушылардың ой – пікір еркіндігіне мүмкіндік берген жөн. Олар шығармашылық зерттеу сипатта жұмыстар жүргізуге әдеттенеді. Ең бастысы, оқушыларда өзіндік идея, тұжырым пайда болады, шешімге келеді.

Жеке тұлғаны дамытудың жаңа тұжырымдамасы білім берудің даралық сипатын көздейді. Әрбір адамның нақты мүмкіндіктерін және оның өзін –өзі дамытуға, қабілеттерін ескеруге мүмкіндік береді.

Оқыту мен тәрбиелеу мазмұны шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, танымдық мәдениеті жоғары, ұлттық құндылықтарымызды жете меңгерген

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view2014/06/22  · Мұның өзі білім берудің жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың нәтижелі

шәкірт тұлғасымен бағаланбақ. Мұндай маңызды міндеттерді іске асыруда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің орны ерекше.

Бүгінде мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың жаңа түрлері қалыптастыруда ізденістер жандана түсуде. Оқыту – мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу –оқушының танымдық, тәрбиелік әрекеті.

Оқушы мен мұғалім әрекеті – тәсілдердің жиынтығы. Мұғалім әр тәсілді шеберлікпен, орынды пайдалана білген жөн. Кезінде А.Байтұрсынов: « Әдіс – қажеттіліктен, керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы – жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай»,- деп текке айтпаса керек. Әдебиетті оқыту барысынды баяндау, әңгімелеу, салыстыру, дәлелдеу, проблемалық, зерттеу әдістерін қолдану өте тиімді және оқушының танымдық әрекетіне жол ашады. Дара тұлғаны қалыптастыруға ерекше мән беріліп отырғанда, білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Қазақ халқының бай ауыз әдебиетінен бастап, бүгінге дейін әдебиеттердің қай-қайсысы болмасын, баланың жан дүниесінің баюына, өй-өрісінің дамып, дүниетанымының артуына көмектеседі.

Жүйелі білім мен тәрбие негізінде тұлғаға айналады. Жастардың тұлға ретінде қалыптасуында әдебиет пәнінен игерген білімдері адами қасиеттерімен сабақтасып жатады.

Көркем шығарма мәтінімен жұмыс істеуде мынадай міндеттер жүзеге асырылады: Суреткердің не айтқысы келгенін, нені айқындау керек екенін шәкірт санасына жеткізу.

Шығармада айтылғанның бәрін жарқын елестетуге сүйене отырып, кейіпкерлер әлеміне көз жеткізу.

Туындыны оқи отырып, оқушының алған әсерін ,сезімін анықтауға көмек беру. Оқыту үрдісі нәтижеге бағдарланған білім моделін айқындау. Өзгермелі өмір жағдайына бейімделе білетін, қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру.

Әдеби білім негізінде әр түрлі оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізе алатын шығармашылық қабілетін дамыту.

Қазақ әдебиетінің классикалық көркем туындыларын өз халқының төл мәдениеті ретінде ұлтжандылықпен меңгеру.

Эстетикалық талғамы жоғары, өзіндік ой пікірі мол, ұлттық дүниетанымы бай,шығармашылық қабілеті зор мәдениетті оқырман дайындау.

Әдеби білім мен әдіс-тәсілдерді терең меңгере отырып, жаңа ақпараттық мағлұматтарды сын көзімен жете бағалап, талдай білу дағдысын қалыптастыру. Жастарды рухани, интеллектуалдық тұрғыдан тәрбиелеу, өз

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view2014/06/22  · Мұның өзі білім берудің жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың нәтижелі

елінің тарихын, әдебиеті мен мәдениетін өнерін қастерлеуге баулу, дүниежүзілік өркениет жетістіктеріне ұмтылдыру.

Білім мен тәрбие парадигмасы

Әдебиет – асыл мұратпен, таза ар – намыспен қадам аттауға болатын – зәулім сарай.

Сол құпия сарайдың есігін келбетті адами қасиеті, рухани қуаты асқан парасат иесі ғана аша алады. Әдебиет әлемі өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы- жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Адам бойында асқақ арман, ізгі қасиет, берік сенім, сұлулық пен әсемдікке , өмірге құштарлық, таза шынайы ерекше әсер етеді.Әдебиет пәні оқушы жүрегіне жол тауып, оның зердесіне замана келбетін, өмірдің тылсым тіршілігін жеткізетін өмір оқулығы болып табылады. Бұл туралы ғалым З.Қабдолов «Сөз өнері» атты еңбегінде: «Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы»,- деп жазды. [3.28]

Адамның ой – қиялын, сезім, жан дүниесін баурап, сол жолда сан саналы із қалдыратын әдебиеттің сөз өнері екенін дәлелдей келіп,ғалым былай дейді: «Өнердің кәусар туындысы халық өмірінің терең және мөлдір

Нәтижелі ізденіске жетелеу

Рухани, интеллектуалдық тұрғыда тәрбиелеу

Адамзаттық құндылықтарды

Шығармашылық қабілеттерін дамыту

Өзгермелі өмір жағдайына бейімдеу

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view2014/06/22  · Мұның өзі білім берудің жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың нәтижелі

қайнарынан шымырлап шығады да, сол халықтың рухани сусына айналады». [3.34]

Көркем шығарманы өнер дейміз ғой, сол өнер өмірдің өзінен туады. Жазушы, ақын өмірден таңдап, талғап алған өмір құбылысын оқырманды соншама қызықтыратын көркем шығармаға айналдырады да, сол құбылысқа өз бағасын береді. Оның бағасында жазушының дүниеге көзқарасы көрінеді.Көркем әдебиеттің объектісі – өмір. Адам тұрмысы,жұмысы, махаббаты, арманы. Әдебиет объектісі- шынайы өмір болғанда, сол өмірдегі әдебиеттің негізгі тірегі – адам. Себебі бар тіршілік адамға байланысты. Әдеби шығармалардың әрқайсысының алғашқы бетін ашқанда іздейтініміз – адам, адам бейнесі, оның тағдыры, тіршілік әрекеті. Образ – адам бейнесі, көркем шығармадағы бейне.Шығармадағы тұлға, шығарманы оқып отырғанымызда оқырманның бүкіл қиял дүниесін баурап алатын тірі адамға айналған көркем образ.[11.31]

Бұл пән арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері қалыптасады.

Басты мақсат – көркем өнерді таныту, сөз өнерінің құдіретін сезіндіру, ой қозғалысына жетелеу, эстетикалық мұратқа бағыттау, шығармашылық қабілетін ояту, әртістік өнерге бейімдеу.Оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыра отырып,халық өсиеттерінен нәр алуға, кітапқа деген ынтасын оятуға, инабаттылық, парасаттылыққа баулып отырамын.

Әдебиеттің сөз сандығы – көркем шығарма. Көркем шығарма сезіміңді сергітеді, санаға шуақ шашып, жаныңды жадыратады, талғампаз талаттың тіл шеберлігіне тәнті етеді»,-деп З.Сейтжанов айтқандай, көркем

О ойы мен сезіміБ бейнелі сөздің қуатыР рухани құндылық себелеуші А ақиқаттың сырлы суретіЗ зерделі заман талабы

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view2014/06/22  · Мұның өзі білім берудің жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың нәтижелі

шығарманың құдіреті, сөз өнерінің қуаты - он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние.

Оны оқытудың қызықтығы да, күрделілігі де осында жатса керек. Оқушыда көркем мәтінді оқуға қызығушылық туғызу мұғалімнің білімділігіне байланысты.Әрбір көркем шығарманы қызыға оқып түсініп, нәр, ләззат ала білгенде ғана оқушының рухани жан дүниесі байып, ойдағыдай өсіп жетіледі. Сезім мен ойды, бейнелі сөздің қуатын, рухани құндылығын себелеу, ақиқаттың сырлы суретін зерделеу - заман талабы. Образдар әлемінен сезім, эмоция, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу сияқты психологиялық күйге ене отырып, өз бойына інжулерді, жан әлеміне ыстық леп пен жақсылық нұрын құяды. Өнер туындысының ерекше қуатын бағалай біліп, танымдық, тәрбиелік мәніне ой жүгіртіп, зерделей алу қажет.Оқушылардың сана сарайын ашып, рухани дүниесіне қозғау салғанда ғана тұлғаның жан – жақты дамуына жол ашылады.

Оқушылардың көркем шығармаға деген қызығушылығын оятып, шығармашылық әркетін қалыптастыруға тырысамыз.Көркем туындыны шығармашылық шабытпен оқыта білу –бүгінгі заман талабы. «Көркем шығарма мәтінін тереңдете талдау әдістеме ғылымында әуелден бар қағида. Ендеше, оқушыға он жыл оқитын бірде-бір шығарма тілін талдамау тәрізді кемшіліктен арылатын уақыт жетті демекпін. Әрине, көркем шығарма тілін оқытуда тіл білімі мамандары осы салаға арнайы назар аударар, сөйтіп, аса маңызды, көкейтесті іс - мектепте көркем шығарма тілін оқыту мәселесі ескерусіз қалмас деп сенеміз» ,- деп филолог ғалым Мәшһүр –Жүсіп Қуандық айтып өткендей , көркем шығарма үлгілерін сапалы да саналы тәрбиенің негізі ретінде меңгертудің жолдарын іздестіру, әлемдік білім кеңістігіндегі жаңа бағыттарға сай оқыту – мұғалімнің нәтижеге бағдарланған білім моделі болып табылады. [9.15] Әрине, көркем туындыларды оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім мен тәрбие беру жөніндегі заңдылықтарға сүйене отырып, педагогика ғылымының теориясы мен ережелерін басшылыққа аламыз.Мұның өзі қазақ әдебиеті сабақтарында жастарымыздың танымы терең, талғамы жоғары дара тұлғаның қабілеттерін жан-жақты дамытуға игі ықпалын тигізетіні сөзсіз. Көркем шығарманы оқыту әдістемесінің тәрбиелік мүмкіндіктері ұшан –теңіз. Шығарманы жан –жақты білгірлікпен, психологиялық тұрғыда талдау – өте күрделі мәселе. Бұл мұғалімнің шеберлігіне байланысты іске асады.Кейіпкерлердің қуанышын, қайғы – мұңын, бүкіл болмысын, жан – дүниесін сезіну, әр пейжаздық көрініс –сурет-бәрі сабақтаса келгенде кейіпкерлерді тану жолындағы танымдық әрекеттер- білім мазмұнын

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view2014/06/22  · Мұның өзі білім берудің жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың нәтижелі

игерудің қайнар көзі.Сабақта шығарманы сөйлету үшін мұғалім тиімді әдіс –тәсілдерді ретіне қарай пайдаланады. Әрине, мұғалім сабаққа қойылар дидактикалық, әдістемелік талаптар биігінде болып, соны шығармашылықпен қолдана білуге тиісті. Әрбір өнер адамы сияқты, мұғалімнің өз қолтаңбасы, әдісі болуы лазым. Адам тәрбиелеудің асқан ұсталарының әдістемелік тәсідері мен шеберлік мектептерінен үйрене жүріп, мен де өзіндік әдістемемді табуға талпындым. Мен «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, шеберлігімді шыңдап, бала болашағына ықпал етіп, өзін – өзі тәрбиелеп, дамытуына жағдай туғызып отырамын.

Page 7: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view2014/06/22  · Мұның өзі білім берудің жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың нәтижелі

Айталық , С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романын өткенде әр оқушының өзіндік ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығарманы тереңірек білуге қызығушылығын тудыруда жақтаушы және даттаушы топтар өзі қарарлары мен дәлелдемелерін, кілт сөздерін ортаға салды.

Жақтаушы топ:

Даттаушы топ:

«Семантикалық карта» арқылы пікірлерін дәлелдейді.

Тақырып: Қамар мен Ахмет - романтикалық бейнелер.Үзінді: «Уа, шіркін, мынау, Қамардай екен!». « Оқыды деп Жәукенің баласын айт».Тақырып: Амалсыз арды түйіп қалам алдым: Кеткен соң ғашық оты бойымды алып.Үзінді: «Құдайым, сол Қамарды бақытты қыл», - деп, Ғашығым қолын жайып қала берсін. Тақырып: Омар – мейірімді әке, Қасен – қамқор аға.

Қарары:

Бейнеңе елжіреген,Тым ұзақ жаутаңдадым.Жанымның мөлдіреген,

Сырларын айта алмадым. Т.Оразбаева

Кілт сөздер:

Қарағым, қаралама, ая меніАянғаннан айтамын мен де сені

Күйдіріп бір сен үшін ата-анамды,Елге бүлік салудың келмес жөні.

«Қамар сұлу» романынанДәлелдеме: 1. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды. Қ

азыбек би 2. Байдың күні пәрменмен, Жарлының күні арманмен.

Халық мақалы

Қарары:

Қалдырмай бір жағыңнан мұны да ойла,Тамағыңнан басқаны жауып қойма.Не пайда, сен де оқыдың, мен де оқыдым,Қалмаса арттағыға үлгі бойда?

«Қамар сұлу» романынан

Кілт сөздер:

Артында не боламын тірі қалып? Барады ішім күйіп, от боп жанып. Көрсеткен саған қорлық жауыздардан Кетермін, тым құрығанда , өшіңді алып.

«Қамар сұлу» романынанДәлелдеме:

1.Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

Б.Момышұлы2.Тәуекел тау жығады.

Халық мақалы

Page 8: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view2014/06/22  · Мұның өзі білім берудің жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың нәтижелі

Үзінді: Мынау сөз Омардың маңдайына тоқпақпен ұрғандай жайсыз еді...Тақырып: Еріксіз бір есекке қостың елім, Дүниеде не қорлық бар онан ауыр?Үзінді: Қамардың қайғысына көз жастары бетін жуып...Тақырып: «Ғибрат ал мен сорлыдан, қазақ қызы».Үзінді: «Артында не боламын тірі қалып?....» Жақтаушы мен даттаушы топтары өз қарарлары мен дәлелдемелерін

басшылыққа ала отырып, кілт сөздерінің шешімін табады.

Пирамидалық кестені толтырады.

Үлгі: 1. Сұлу Қамар.2. Ақылды, парасатты.3. Омардың уйі, ойын – сауық, Нұрымның үйі.4. Сағыныш, мазасыз ойлар, айықпас дерт, сұм ажал.5. Ғашықтық хат, қимас жан, күдік, суық хабар, жалғыздық.6. Ашылмаған сор, жауыз тұзағы, мейірімсіз шеше, әке парызы,

жақынның жауыздығы, әзірлік.7. Ырым, қоштасу, «сүйкімсіз жануар» , қалың мал, жығылғанға

жұдырық, бақсының сандырағы, ақтық дем.8. Қамар трагедиясы.

Тақырып – 1 сөзКейіпкердің мінез –құлқы, көңіл-күйі – 2 сөзОқиға орны – 3 сөзОқиға барысында туған қайшылықтар – 4 сөзТақырыпты ашатын бір оқиға – 5 сөзЕкінші оқиға туралы – 6 сөзҮшінші оқиға – 7 сөзТақырыптың шешімі – 8сөз

Page 9: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view2014/06/22  · Мұның өзі білім берудің жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың нәтижелі

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын өткенде басты тартыстар мен шиеленістіретін сұрақтар беру арқылы шығарма мәтінін оқушы ізденісі, шығармашылық қабілеті арқылы ашылып, «Автор орындығы» стратегиясымен жұмыс жүргізілді.

• 1. Қарабайлар әлемі, ескі әдет-салт, оған қарсы жастар сезімі, махаббаты

• 2. Сұм Жантық әлемі. Оның ішкі есебі. Қарабайға да, Қодар, Қозы, Баянға да құрған зұлым торы.

• 3. Қара жүрек Қодар. Оның ақ махаббат алдындағы кешірілмес күнәсі. • 4. Қозы мен Баян. Олардың ақ сезімі, махаббаты және дала жауыздығы.• 5. Күнекей мен Мақпал. Олардың бойындағы гуманизм, дала

тағдырларына қарсы айбынды үні.• 6. Трагедияның зұлымдық пен жауыздық, сарандық, аярлыққа қарсы

қаһарлы үні мен өлмес, өшпес махаббатты дәріптейтін өр, асқақ, салтанатты, қасиетті үні.

Мәтінді осылай талдай отырып, проблемалық жағдаят тудыра оқушылардың шығармашылық қабілетін оятуға қадам жасалынды. Тақырыпты қорытындылау барысында шығарманың өн бойынан инсценировка құрылып, оқушылар сахна төріне шығарады.

Сабақ барысында жүргізілетін «Диалог – журнал» , «Кейіпкермен сырласу», « Екі жақты күнделік» сияқты стратегиялар оқушыларды ойлау операцияларына жетелейді. «Олар өздерінің ішкі «үндерін» сыртқа шығарады, олардың ізденуіне жағдай жасалып, әр түрлі және әр дәрежеде ой -пікір жинақтайды». [2.4]

Мысал өлеңдер- оқушылардың рөлге бөліп оқуға қызығатын қолайлы мәтіндер. Ондағы айқын бейнелер, оқиғаның диалог түрінде берілуі, дауыс

Page 10: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view2014/06/22  · Мұның өзі білім берудің жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың нәтижелі

ырғағы кідірістерді қалай сақтап оқу керектігін үйретуге мүмкіндік береді. Сондай – ақ оқушылардың өмір құбылысын кеңінен тани білу ісіне көмектеседі.

Оқушылар дайындаған «Өгіз бен бақа» мысал өлеңі желісіндегі инсценировка үлгісі төмендегідей:

Автор: Бір өгіз айдын шалқар көлге келді, Жағалап суаты бар жерге келді. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.Өгіз: - Ой, жанның рақаты – ай! Өлуге шақ қалып едім. Жанымның жай

тапқанын қарашы?! ( Суды ұрттап іше бастады.)Автор: Өгізді суға тойған Бақа көрді, Секіріп көршісіне жетіп келді.Бақа: - Менің Өгізден қай жерім кем? Мен де Өгіздей «здоровый»

болсам ғой, шіркін ?! Бәлкім, құпиясы осы су шығар. Су іше берсем, Өгіздей сеп – семіз болармын. ( Суды іше бастады, күмп ете құлайды.)

Автор: Дүниеде мұнан күншіл келеді Бақа Зарланды қарын керіп енді бақа Шыдамай жұқа қарын керуіне Жарылып сол арада өлді Бақа.Осылайша оқушылардың ойлануына, қорытынды жасауына, шешім

қабылдауына мүмкіндіктер жасалады. Олардың өз бетімен жұмыс жасауға төселіп, шеберлігі арта түседі.

Қабілет пен қызығушылық - нәтижеге бағыттайтын саналы әрекеті және асыл қасиет.

Қызығушылық – адам бойындағы ең асыл қасиеттерінің бірі. Өмір сүрудің өзі қызығушылықпен біте қайнасқан. Қызығушылық – адамның саналы әрекеті. Қызығушылықтың дамуында оқушылар өздерінің күшіне сеніп, атқаратын жұмысына ынтамен кіріседі. Ол жұмыстың нәтижесін, табысын көрсе, онда көңіл күйі, рухы да көтеріңкі болады. Белгілі бір мақсаттарға жету кейде арман да болады. Арманға жету –адам бақыты. «Арман», «бақыт» дегендердің бәрі де өмірде қызығушылықпен астасып жатса керек. Бала қызығушылығын тәрбиелеуде оқу мен еңбектің маңызы ерекше. Нендей бір жұмысты қызыға, құлшына атқарудың нәтижесі адамның қабілетін шыңдайды.

Қабілет – іс –әрекеттің белгілі бір түрін нәтижелі орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілет те, қызығушылық та іс –әрекет үстінде қалыптастады, дамиды.

Мектеп сахнасында инсценировка жасау –оқущылар үшін қызықты шығармашылық іс. Шағын ертегі, мысал, әңгімелерге, шығарма мәтіндеріне инсценировка жасау, сахналық қойылымдар оқушылардың драма табиғатын

Page 11: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view2014/06/22  · Мұның өзі білім берудің жеке тұлғаны жан – жақты дамытудың нәтижелі

тани түсуіне көмектеседі. Шығарма мәтініне, яғни автордың тұжырымына, идеясына бойлай отырып, жан –жақты талдау жүргізе, автордың айтпақ ойын түсінеді, одан рухани әсер алады. Шығарма мәтінін диологты әрекетке құрып, сахна төрінде көрсетуге лайықтап жазылады. Шығарма оқиғасы кейіпкер сөзімен өрбіп, әрекетке айналып жатады.