45minutkz.files.wordpress.com  · web viewmeasure leaf burning. ......

29
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Тараз қаласы әкімдігінің білім, спорт және дене шынықтыру бөлімі «Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Абдукәрімова Адия 9 «Ә» сынып оқушысы «Жапырақ өртеуге жол бермейік !» Бағыты:Таза табиғи орта -Қазақстан 2030 стратегиясын іске асырудың негізі. Секциясы: Химия Ғылыми жетекшісі: Дауталиева Гульмира Аширбековна химия пәнінің мұғалімі

Upload: ledung

Post on 25-Apr-2018

247 views

Category:

Documents


3 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігіТараз қаласы әкімдігінің білім, спорт және дене

шынықтыру бөлімі«Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Абдукәрімова Адия 9 «Ә» сынып оқушысы

«Жапырақ өртеуге жол бермейік !»

Бағыты:Таза табиғи орта -Қазақстан 2030 стратегиясын іске асырудың негізі.

Секциясы: Химия

Ғылыми жетекшісі: Дауталиева Гульмира Аширбековна

химия пәнінің мұғалімі

Тараз қаласы, 2016 жылТөле би көшесі 77

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

Аннатация

Жапырақ түтінінің химиялық құрамын анықтау және қандай мөлшерде

бөлінетініне сараптама жасау. Жапырақ өртеуге жол бермеу шараларын

қарастырады.

Аннатация

В данном научном проекте рассматриваются вопросы определения

химического состава листьев при возгорании и в каком объеме.

Меры пересечения жигания листьев.

Abstract – Annotation

Thisresearchprojectaddressesthe issueof determining – the chemical

composition of the leaves of ignition when and in what amount preventive

measure leaf burning.

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

АннотацияТақырыбы: «Жапырақты өртеуге жол бермейік !».

Жамбыл облысы Тараз қаласы

Керімбай атындағы№12 мектеп-гимназиясы9 «Ә» сынып оқушысыАбдукәрімова Адия

Ғылыми жетекшісі:Матниязова Гульсум Кадыржановна РhД докторы,М.Х Дулати атындағы Тар МУ, «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті.

Жетекшісі: Дауталиева ГульмираМақсаты: Атмосфералық ауа боссейнінің ластану проблемаларын және қозғалмалы көздерден бөлінген улы, зиянды заттардың сандық және сапалық құрамын зерттеу. Ластану және оны болдырмау шараларын айқындау.

Міндеттері:

1.Атмосфералық ауаны ластайтын антропогендік көздері жайлы ғылыми деректер негізінде мәліметтер жинау.

2.Жапырақ түтінінің химиялық құрамын зертханада зерттеп ,нәтижесіне талдау жасау.

3 .Қорғасынның қандай ауруларды қоздыратынын анықтау.

4 . Жапырақты өртеу барысында ауаны ластамау шараларын қарастыру.

Зерттеу әдісі:салыстыру, ақпарат жинау, зертханамен байланыс жасау, мониторинг, кестелер арқылы жұмысты қортындылау.

Зерттеу кезеңдері:

І.Дайындық кезеңі: Тақырып таңдау, ғылыми жетекші,ғылыми кеңесшімен байланыста болу.

ІІ.Зерттеу кезеңі: Ғылыми деректерге сүйініп, теориялық мәліметтержинау және талдау.

ІІІ.Эксперименттік кезең: Тар МУ зертханасында жапырақты өртеу кезінде бөлінген зиянды заттар мен қорғасынның мөлшерін анықтау.

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

Мазмұны

Аннотация

Кіріспе --------------------------------------------------------------------------------------

І. Теориялық бөлім -----------------------------------------------------------------------

1.1. Атмосфералық ластанудың антропогендік көздері -----------------------

1.2. Жапырақ – ауаның табиғи тазартқышы ---------------------------------------

ІІ. Эксперименттік бөлім ---------------------------------------------------------------

1.1. Газоанализатордың құрылысы --------------------------------------------------

1.2. Жапырақ өртеуде бөлінген зиянды заттар мен қорғасынның

мөлшерін анықтау ---------------------------------------------------------------

Қорытынды -------------------------------------------------------------------------------

Пайдаланған әдебиеттер ---------------------------------------------------------------

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

Кіріспе

Тақырыбы: «Жапырақты өртеуге жол бермейік!».

Ғылыми жетекшісі:Матниязова Гульсим Кадыржановна РhД докторы, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі доценті.

Жетекшісі: Дауталиева Гульмира

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жазылған «Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу» деген сөз жолдары болашақ ұрпаққа зор міндеттерді жүктейді. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының экологиялық құқық заңдарының шыңдалуы мен дамуы арқылы табиғи ресурстар, яғни байлықтар туралы жеке – жеке заңдар қабылданады.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық прогресс пен өнеркәсіп өндірісі қарқынмен дамыған жағдайда қоршаған ортаны қорғау проблемасы өте өткір мәселеге айналып отыр, қоршаған ортаның негізгі компонеттердің бірі – атмосфералық ауаның ластануы қазіргі кезеңде адам денсаулығына, ауқымды және аймақтық климаттық жағдайға айтарлықтай әсерін тигізуде. Ластаушы заттардың негізгі түрлері газ тәрізді заттар. Отын жанғанда, автокөлік қозғалысы кезінде өте улы заттар бөлінеді, әсіресе қорғасын адам денсаулығына зиян. Бөлінген улы заттарды өсімдік жапырақтары сіңіреді, ал ол жапырақты өртеу арқылы ауаға қайтадан еселеніп улы заттар фенол, қорғасын, иіс газы тарайды. Сондықтан жапырақты өртеуге жол бермеу өзекті мәселе болып отыр.

Жұмыстың мақсаты: Атмосфералық ауа бассейінінің ластану проблемалары және қозғалмалы көздерден бөлінген улы, зиянды заттардың сандық және сапалық құрамын зерттеу. Ластану және оны болдырмау шараларын айқындау.

Міндеттері

1.1. Атмосфералық ауаны ластайтын антропогендік көздері жайлы ғылыми деректер негізінде мәліметтер жинау.

2. Жапырақ түтінінің химиялық құрамын зертханада зерттеп ,нәтижесіне талдау жасау.

3 .Қорғасынның қандай ауруларды қоздыратынын анықтау.

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

4 . Жапырақты өртеу барысында ауаны ластамау шараларын қарастыру.

Зерттеу әдісі: Салыстыру, ақпарат жинау, зертханамен байланыс жасау, мониторинг, кестелер арқылы жұмысты қортындылау.

Page 7: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

1.Теориялық бөлім.

1.1.Атмосфералық ластанудың антропогендік көздері.

Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады. Атмосферада табиғи және антропогендік кезеңдерден қосылатын әр түрлі қосындылар әр кезеңде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады. Олар негізінен өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері газдар да жатады. Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропегендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автакөлік және жылу энергетикасы жатады. Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орын көздерінен атмосфераға жыл сайын (2009ж – 3,1миллион, 2010ж – 2,37 миллион, 2012ж – 2,33 миллион) зиянды заттар шығады. Атмосферада зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады. Еңкөп тарайтын улы заттар – көміртек (ІІ) оксиді, күкірттің диоксиді (SО2), азоттың оксиді және өте улы фтордың қосындысы хлор, қорғасын, сынап және бензапрен. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда.Атмосфера – жер шарының күшті газды қабаты. Оның массасы 5х1015

тоннаға жетеді. Атмосфераның құрамын үш топқа жіктеуге болады: тұрақты, ауыспалы және кездейсоқ. тұрақтылары: азот (78%), оттек (21%), инертті газдар (1%). Ауыспалы: көміртектің диоксиді (0,02-0,04%), су буы (3% шамасында). Кездейсоқ: күкірт диоксиді (металлургиялық зауыттар маңында), аммиак (органикалық қалдықтардың ыдырауы) және т.б. Тұрақты және ауыспалы бөліктері шаң тәрізді және газ тәрізді ластаушылардан арылған таза ауаны құрайды. Атмосфераның құрамын антропогендік факторлар күрт өзгертеді. Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне көлік, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады.

Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздері- автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары. Зерттеу мәліметтері бойынша антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын 25,5 млрд тонна көміртегі оксиді, 190 млн тонна күкірт оксиді, 65 млн тонна азот оксиді, 1,4 млн тонна хлорлы және фторлы көміртектер (фреондар), көмірсутектің, қорғасынның органикалық қосылыстары, сондай-ақ қатерлі ісік ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді. Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып, 800кг көміртек оксидін, 40 кг азот оксидін және 200килограммдай әртүрлі көмірсутектерді атмосфера бөлінеді.

Page 8: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

Автокөліктерден бөлінетін 200-дей заттардың қоспалары мұнда отынның толық және жартылай жанған өнімдері көмірсутектер болады. Транспорт моторы жай айналымды, жылдамдық алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер көп бөлінеді. осындай жағдайда отын толық жанбайды да, лас ауа 10 есе көп бөлінеді. Қалыпты жағдайда қозғалғыштан бөлінетін газдың құрамында СО2-27% болса, жылдамдықты түсірген жағдайда СО2- 36%, ал жай қозғалған кезде - 69% -ға дейін көбейеді. Адам ағзасына жағымсыз әсерлердің бірі – көмірсутектерден бөлінетін газ құрамында кездесетін қорғасын. Ауадағы қорғасын мөлшері көбейген сайын оның мөлшері адам қанында да көбейе түседі. Нәтижесінде қанның оттегімен қанығуы нашарлап, ферминттердің белсенділігі төмендейді. Ал бұл өз кезегінде зат алмасу процесінің бұзылуына әкеліп соғады. Сондай –ақ көміртек (ІІ) оксиді де қандағы гемоглобинмен қосылып басқа мүшелерге оттегінің жеткізуін қиындатады. Транспорттан бөлінген газдардың құрамында одан да басқа иісі күшті, тітіркендіргіш альдегидтер (формальдегид) болады. Мұнан басқа отынның толық жанбауыннан ыдырап бітпеген көмірсутектер болады. Отынның толық жанбауы себебінен көмірсутектердің бір бөлігі құрамында шайырлы заттары бар қара күйеге айналады. Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил – қорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин жанғанда ауаға 200-700мг қорғасын бөлініп отырады. Бензин құрамына тетроэтилқорғасынды антидетонатор ретінде қосылады. Тетроэтилқорғасын жану кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары планета атмосферасына таралады. Соңғы 100 жылда Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері 5 есе, ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы 20 жылда мұхитта 10 есе көбейген. Атмосфераға бөлінетін қорғасынның 86% автокөліктерден бөлінеді.

Организмде қорғасынның аз мөлшерінің өзі адамды депрессияға ұшыратып, көңіл-күйді төмендетеді. Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынандай: Тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босануы, түсік тастау. Қорғасын өзінің химиялық және биологиялық қасиеттеріне қарай топыраққа және тірі ағзаға сіңіруге өте бейім металл. Ауыр металдар өсімдіктерге 2 жолмен, яғни топырақтың тамыры арқылы және атмосферадан жапырақтары арқылы түседі.

Адамдар ауасыз күн көре алмайды,таңдауға мұршасы болмай, қандай ауа болса да дем алуға мәжбүр болады. Егер тамақсыз 5 апта, сусыз 5 күн өмір сүруге болса, ауасыз 4-5 минуттан артық тұра алмайды. Тәулігіне адамдар өкпесі арқылы 25 кг немесе 10-15 мың литр ауа қажет екен.

Page 9: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

Антропогендік ластаушылар :1.Өнеркәсіп,отын өндірісі, машина жасау, тау-кен өндірісі.2.Көліктер.3.Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық(орталық және жеке жылу орталықтары,қоқыстарды өртеу,олардың шіруі)4.Ауыл шаруашылық кешендері( мал, құс өсіру кешендері,химиялық заттар қолдану, ауыл шаруашылық затарын өңдеу, ағаш өңдеу) Тараз қаласында 2014 жылғы мәлімет бойынша автокөліктерден 64,4 мың тонна ластаушы заттар бөлініп шыққан .Атмосфераның жерге жақын қабатын автокөліктен шыққан улы заттар ластайды. Тар көшелерде ,көше қиылыстарында, бағдаршам маңында көміртек тотығы көп жиналады, норма бойынша 3 мг/м3орнына 25- 125мг/ м3дейін жетеді.

Қала Негізгі ластаушы

көздері

Ластаушы заттар.

Тараз Фосфор зауыты, автокөліктер

Бенз(а)пирен, формальдегид,қорғасын,күкірт,көміртек,азот оксидтері, мырш, хлор, ауыр металдар,көмірсутектер.

Бір ғана көміртектің монооксидімен улану белгілеріне мысал келтіруге болады.

СО концентрациясы, мг/л

Әсер ету ұзақтығы Белгілері

05 - 06 4 – 5 сағат Бас айналуы, жүрек айну, құсу.

0,8 – 1,7 2 сағат Естен тану1,3 – 1,7 1,5 сағат Өлім

3,5 20 – 30 минут Өлім

Химиялық экологиямен шұғылданушы Г.А.Богдановскийдің пікірінше озонның бүлінуі негізінен азоттық циклменанықталады.

NО + О2 = NО2 + О2

NО2 + О = NО + О2

О3 + О = О2 + О2

Қорғасын адамдармен ғасырлар бойы қолданылуда. Бұл күнделікті тұрмыста да, өндірісте де пайдалынылады. Бұрыннан бері белгілі.

Page 10: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

Қорғасынмен улану симптомдары - сатуризм. XX ғасырда қорғасынның таралуы күрт өсті, ал адам ағзасына осы металдың уытты әсері туралы жұмыстар легі басталды. Тараз қаласында қорғасынның таралу көздерінің бірі ретінде автокөліктер қарастырылды. Соған байланысты талдау, сараптау жұмыстарын жасау негізінде және олардан шығатын зиянды заттарды білу мақсатында Тараз қаласындағы автокөлікинспекция қызметкерлерінің берген мәліметтері бойынша төмендегі көрсеткішті ұсындық.

Машина саны : 2014жылы бойынша 34176 мемлекттік номер берілген.

Машина саны: 2015 жылы бойынша 36002 мемлекеттік номер берілген.

бойынша 36002

Сүйек ұлпасының бұзылуы

Қанда протеин синтезделуінің тежелуі

Бүйректің жұмысының бұзылуы

Жүйке жүйесінің бұзылуы

Қорғасынның адам денсаулығына кері әсері

Көру қабілетінің бұзылуы

Page 11: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

1.2.Жапырақ – ауаның табиғи тазартқышы

Адам денсаулығына қатерлі көптеген зиянды заттар жапырақта жинақталады. Мәселен жапырақта қаладағы автокөлік газынан тараған қорғасын көп. Көктемде және жазда жапырақтың жинап алған улы қалдықтары оны өрттегенде ауаға таралып, адам ағзасын улайды. Өйткені жапырақты өрттегенде оның құрамындағы бүкіл зиянды заттар шоғырланып сыртқа шығады, қауіпті қалдықтар бірнеше ай бойы жиналады. Экологтердің айтуы бойынша, күзде және көктемде жапырақты өрттеу адам денсаулығы үшін өте қауіпті екенін үнемі айтуда. Бұл адамдардың белгілі бір тобы үшін аса қатерлі: астма, бронхит және өзге де тыныс жолдары сырқаттарына шалдыққандарға қиын тиеді. Жапырақ түтіні ауруды қоздырып, ушықтырып жібереді. Сондықтан аула сыпырушылардың жапырақты өрттуге жол бермеген дұрыс. Көктем, күз мезгілдерінде елді мекендер мен қалаларымызда сенбілік тазалық жұмыстары белсенді атқарылады. Бұл күні көше, аула тазалықтары нәтижесінде ағаш діңдері әктеліп, күл-қоқыстар шығарылып, ағаш жапырақтары да өрттенеді. Ал енді осы ағаш жапырақтарын өртеп көзін құрту қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Табиғат аясында өсіп тұрған орман-тоғайлардың жапырағы жиналмай-ақ тіршілігін жалғастырып жатқан жоқ па? Олар жерге түскен жапырақтарынан пайда алмаса, ешқақан зиян шеккен емес. Сонда біздер ағаштың өзіне зиян келтірмейтін жапырақты не үшін өртедік? Біз тек ағаштың қамы үшін емес, өз ақылымызға салып, қаланың, көшенің эстетикалық талабына орындаған болдық. Ал адам баласы жерге түскен жапырақтарды жинап, өртеп үлкен қателік жасап жатқанын білер ме екен? Жапырақ органикалық зат болғандықтан, оны ыдыратып сол ағаштың өзіне қорек дайындаушы бактерияның қызметіне біз неге араластық? Біздің міндеттеріміз өзіміз ластаған қоқыстарды (шөлмектер, әртүрлі қағаздар, шыны, пластмассалар, полиэтиленді заттар т.б.) жинау еді. Егер ағашқа тіл бітіп адам баласымен сөйлесетін болса, журналистер жарыса жүріп интервью алар еді. Қаладағы ағаштың алғашқы адамнан өтініп талап ететіні, «менің жерге түскен жапырақтарымды жинап өртемеңдерші» деп айтушы еді. Оның себебі, ағаш тамыры арқылы топырақтан алған минералды заттардың 80% жуығы жапырағына береді екен. Енді ол жапырақтар күз келгенде жерге түседі. Яғни, құрамы минералды затқа бай, жерге түскен жапырақтарды бактериялар ыдыратып, қара шіріндіге айналдырып, ағаштың қайтадан тұтынуына дайындап береді. Осылайша жапырақ құрамындағы минералды заттар, үнемі айналысқа түсіп тұрады. Ал адамдар жапырақты жинап алып, өртеп көзін құртады. Сонда біздер былайша айтқанда ағаштың витаминдерін (дәрумендер) тартып алады екенбіз. Қалада өсетін ағаштар, далада өсетіндерге қарағанда аурушаң болатынын ғалымдар айтып - ақ жатыр. Оның себебі, минералды қоректер жұтып қалғандығында. Сонымен қатар жапырақпен қоса, қаншама қоқысты өрттеп, ауаны ластап жатқандығымызды естен шығардық. Ормандардағы

Page 12: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

қалың болып түскен жапырақтар орман төсенішіне айналып, ағаштың тамырын қысты күні қатты аяздан қатпауына да көмектесетінін біріміз білсек, біріміз білмеспіз. Егер біз ағашқа шынымен - ақ жанымыз ашыса, жапырағын жинап алып, түбіне көміп тастағанымыз дұрыс болатын еді. Әрі өзіне қажетті пайдалы заттардан жұтатпаймыз, сонымен қатар көше тазалығы да орындалады. Ең пайдалысы ағаштың түбін қопсытып, жаздың ыстық күндері суарып, отырса үлкен сауапты іс болар еді.

Page 13: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

2.Эксперименттік бөлім.

2.1.Газоанализатордың құрылысы.

Жұмыстың эксперименттік бөлігі газонализаторда жүргізіледі. Универсалды газонализаторлар МЕГАКОН 10К 300 – ден астам улы газдар мен олардың буын анықтауға арналған. Бұл приборда 10 компонентке дейін анықтауға болады. Соның ішінде қорғасын, СО, СО2, О2, NО, NО2, SО2. Көмірсутектерді, спирттерді, күрделі эфирлерді, альдегидтерді т.б. заттарды анықтауға болады. Конструкциясында универсалды фотоакустикалық датчик және оптикалықтарамдар орналасқан. Әсер ету принципі газды компоненттің оптикалық сүргінің инфрақызыл спектрін таңдамалы сіңіруге негізделген.

1-сурет. Газоанализатор түрі.

Page 14: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

Газоанализаторлар :

1. Қосымша химиялық реакциясы бар физикалық анализ әдісіне негізделген приборлар. Бұл газоанализатор арқылы газды қоспаның көлемі мен қысымының өзгерісін анықтайды.

2. Қосымша термохимиялық, электро-химиялық фотоколоромертлік, храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне негізделген приборлар. Таза физикалық анализ әдістеріне негізделген приборлар.

2.2.Жапырақ өртеуде бөлінген зиянды заттар мен қорғасынның мөлшерін анықтау.

Зерттеуді ғылыми деректерде көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып жүргіздік. Жапырақ түтінінің химялық құрамын анықтау үшін міндетті түрде автокөліктерден бөлінетін зиянды заттардың химиялық құрамын білу керек. Тараз қаласы бойынша күн көтеріле көшелердегі көлік қозғалысы қыза келе қаланы көмкерген көкжелек иісін де сезінуден қаласың, мұрныңа бұрқ етіп резеңке, асфальт, түтік – газ иісі тебеді. Көк түтін көктен түсіп жатқан жоқ, бір ғана Тараздың өзіне түрлі маркалы 30 мыңнан астам маймен жүретін темір көлік бар екен. Бұған бірнеше мыңнан асып жығылатын қоғамдық жүк және жолаушылар таситын автомашиналарды қосыңыз. Жамбыл облысы экология департаментінің аналитикалық зертханасымен тығыз байланыста отырып деректермен таныстық. Автокөлік жұмыс істеп тұрғанда бөлінетін газдардың құрамы өте улы болуы мүмкін.

Бөліктер Қозғалтқыш Бензинді Дизельді

Көміртек (ІІ) оксиді 0,5-12% айналым 0,001-0,005%

Азот (ІҮ) оксиді 0,001-08% 0,0005-0,5% айналым

Қара күйе 0,04% г/м3 0,01-1,1% г/м3

Альдегидтер 0,0-0,2% мг/л 0,001-0,01% мг/л

Көмірсутектер 0,2-3,0% айналым 0,01-0,5% айналым

Бензпирен 10-20% г/м3 5-10% г/м3

Қорғасынның тетра –этилаты (С2Н5)4Рв

4-12% мг/м3 -

Page 15: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

Автокөліктен бөлінетін зиянды заттар атмосфералық ауаға тарайтыны белгілі, ал ауаны тазарту үшін көгалдандыру жұмысын жүргізу әр адамның міндеті. Атмосфералық ауадаға зиянды заттарды өсімдік жапырақтары сіңіріп отырады. Көктемде, күзде жапырақтың жинап алған улы қалдықтары оны өртегенде ауаға таралып, адам ағзасын улайды. Өйткені жапырақты өртегенде оның құрамындағы бүкіл зиянды заттар шоғырланып сыртқа шығады. Зерттеу жұмысындағы мақсат: жапырақ өртегенде бөлінетін улы заттардың сандық және сапалық құрамын анықтай отырып, жапырақ өртеуге жол бермеу шараларын қарастыру.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Химия және химиялық технология» кафедрасының зертханасы мен экология департаментінің сынамақ зертханасымен тығыз байланыста болып жапырақ түтінінің сандық және сапалық құрамын анықтауға жұмыс жүргіздік.

Эксперименттік жұмыс газоанализаторда жасалды. Универсалды «МЕГКОН 10К» маркалы газоанализаторда жапырақ түтінінің сандық және саплық құрамын анықтауға зерттеу жұмысы жүргізілді. Конструкциясында универсалды фотоакустикалық датчик және оптикалық тарамдар орналасқан.

Жапырақтың 0,5кг өлшеп алып тартпа шкафында өртелді, газоанализатор қосылып, шкафты берік етіп жабылды. Жапырақ толық жанып кеткен жоқ, 22 минут өткенде нәтижесін алдық.

Жапырақ түтінінің құрамы Бөлінген заттардың мөлшері

Көміртек (ІІ) оксиді 45г/м3

Азот (ІІ) оксиді 2,5 г/м3

Бенз(а)пирен 80 г/м3

Қара күйе 0,2 г/м3

Қорғасын 45 мг/м3

Page 16: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

16%

9% 0,5%

0,64% 0,9%

Бенз(а)пирен СО NО қара күйе қорғасын

Зерттеу барысында жапырақ түтінінің сандық және сапалық анықталды. Жапырақ түтінінің қоршаған ортаны, атмосфералық ауаны ластап, адам денсаулығына кері әсері бар заттардан тұратыны анықталды. Ғылыми деректерде автокөліктен бөлінген улы заттарды жапырақтар қандай мөлшерде сіңірсе, өрттеу кезінде еш өзгеріссіз қайта бөлініп шығатыны зерттеу нәтижесінде анықталды. Жапырақты өрттегенше, топырақ қабатын құнарландыратын, құрамында минералды заттарға бай тыңайтқыштар дайындау керектігіне баса назар аударылды.

80г/м3

0,2г/м32,5г/м3

45мг/м3

45г/м3

Page 17: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

Қорытынды

Зерттеу барысында қоршаған ортаның негізгі компнентерінің бірі-атмосфералық ауаның ластануы туралы шығармашылық ізденіс жасалды. Атмосфералық ауаны ластайтын антропогендік көздері туралы сандық және сапалық сараптамалар келтірілді. Ауаны ластаушылардың алдыңғы қатарда тұрғаны – автокөліктерден бөлінетін түтіннің химиялық құрамына тоқтала келіп, ауыр металл – қорғасының адам денсаулығына келтіретін зияны көрсетіледі. Жапырақ – табиғи тазартқыш, ауадағы зиянды заттар мен әсіресе автокөлік түтінінен бөлінген қорғасынның 20 – 27% пайызына дейін сіңіріп алатынын ғылыми деректермен дәйектелді. Эксперимент нәтижесінде автокөлік түтінінен бөлінген зиянды газдар мен қоса, әсіресе қорғасынның 20 – 27% сіңірген жапырақты өрттегенде қорғасын қайтадан 20 – 22% - ға дейін бөлінетіні анықталды. Құрамы минералды затқа бай, жерге түскен жапырақтарды бактериалар ыдыратып, ағаштың қайтадан тұтынуына дайындап беретінін біле тұра жапырақты өртеуге жол бермеу шаралары қарастырылды. Зерттеу жұмысын қорытындылай келе Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» стратегиялық жолдауында «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» деген сөзіне сай қазіргі таңда адам денсаулығына аса мән беріліп отыр. Осы орайда зерттеуге алған жұмысымды азаматтар денсаулығын сақтауда өзекті мәселе екеніне назар аударылды. Зерттеу жұмысын қорытындылай келе қоршаған ортаның ең маңызды компоненттерінің бірі - атмосфералық ауаны ластанудан қорғау үшін төмендегідей ұсыныстар береміз.

1. Атмосфералық ауа құрамындағы зиянды заттарды сіңірген жапырақтарды өртеудің орнына топырақ қабатын құнарландыруға қажетқұрамы минералды заттарға бай жапырақтан тыңайтқыштар дайындау.Тыңайтқыш дайындайтын ұра жасау.2. Жанармайдың экологиялық таза баламаларын қолдану.3. Жанармайларға мүмкіндігінше қорғасын қосылыстарын қосуды азайту.

Page 18: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

Тараз қаласы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 9 «Ә»сынып оқушысы Абдукәрімова Адияның химия пәнінен «Жапырақты өрттеуге жол бермейік ! » атты тақырыпта жазылған ғылыми жобаның

Журналы (күнделігі)

р/с Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері

Зерттелетін тақырыпқа байланысты атқарыла-

тын жұмыстар

Мерзімі

1 Тақырыпты жүйелеу. 1.Жұмыс жоспарын жасау 2016 қаңтар

2.Тақырыпқа байланысты деректер, әдебиеттер, ақпарат ресурстарын жинақтау.

2016 қаңтар-ақпан

3.Ақпараттық басылымдардан материал жинақтау.

2016 наурыз

2 Тақырыпты зерттеу. 1. Газоканализатордың құрылысы мен жұмыс істеу принципімен танысу.

2016 наурыз

2. Түпнұсқа материал-дарын интернет желісінен жинақтау.

2016 сәуір

3. Алынған дерекнамалық ақпараттың материал-дарын салыстыра отырып, ғылыми жұмыс мәтілін әзірлеу.

2016 мамыр

3 Тәжірибе жұмыстары. 1. Проблемаға байланысты ғылыми терминдерден, ғылыми түсініктермен жұмыс.

2016 қыркүйек

2. Топыраққа байланысты библиографиялық жұмыс.

2016 қыркүйек

3. Тақырыпқа байланысты электронды картотека әзірлеу.

2016 қыркүйек

4. Эксперимент бөлімін орындау.

2016 қазан

Жетекшісі: Г.А.Дауталиева

Page 19: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Рысбеков Т.Р. «Мониторинг приборной среды». Алматы, Қазақ университеті, 2003.

2. Безуглая Э.Ю. «Метеорологический потенциал и климатические особенности загрязнения воздуха городов». Л: Гидрометеозидат. 1984.

3. Беспамятов Г.П., Кротов Ю.А., «Предельно допустимые концентрации химических веществ в окружающей среде». Л. Химия, 1985.

4. Санитарные правило по охране атмосферного воздуха населенных мест. (Минздарв РК), 1997.

5. «Химия мектепте» Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал 6/2008ж.

6. «Дала мен қала» газеті 5/2005ж.

7. Қазақстан ұлттық энцеклопедиясы (6 том)

8. Бейсенова Ә.С. Экология. Алматы. «мектеп», 2005ж.

9. Интернет.

10.Сағымбаев Ғ. «Экология негіздері».

11. Ғ.С.Оспанова. Г:Т:Бозматаева «Экология».

11.Денсаулық журналы.

Page 20: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

Тараз қаласы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының оқушысы 9 «Ә» сынып оқушысы Абдукәрімова Адияның «Жапырақты өрттеуге жол бермейік! » тақырыбы бойынша жазылған ғылыми – жобалық зерттеу жұмысына

Пікір

Қазіргі кездеқоғамдағы даму үрдісі бәсекелестік жағдайда өріс алуда. Осыған байланысты әр елдің болашағы болып табылатын ойлау қабілеті жоғары деңгейдегі жастарды тәрбиелеп шығару бүгінгі күннің негізгі талаптарының бірі болып отырғаны белгілі. Ендеше, білімді де дүниетанымы заман талабына сай, ғылыми – логикалық шешімдер жасауға бейімді, жан –жақты жетілген жас ұрпақты тәрбиелеуде өз бетінше «ғылыми – жобалық зерттеу жұмыстарын орындауы қажеттілік болып саналады. Осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, табиғи ресурстарды сақтау, қорғау, тиімді пайдалану мәселелеріне бағытталған зерттеу жұмыстарының маңызы зор деуге болады. Бұл зерттеу жұмысында жапырақты өртеу кезінде бөлінетін зиянды заттарды, соның ішінде адам денсаулығына өте зиян қорғасынның мөлшерін анықтау және жапырақ өртеуге жол бермеу шараларын қарастырған. Зерттеу жұмысында оқушы өз бетінше жапырақ түтінінің химиялық құрамына зерттеу жасап, зиянды екені жайлы ғылыми тұжырымдар жасай білген. Осындай бағытта орындалған жұмыстардың табиғи тіршілік көздерін сақтауда маңызы жоғары деуге болады.

М.Х Дулати атындағы Тар МУ-нің Матниязова Г. К. «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті,РhД докторы.

Page 21: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewmeasure leaf burning. ... храмотографиялық әдістері бар физикалық анализ әдісіне ... Last

Тараз қаласы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының оқушысы 9 «Ә» сынып оқушысы Абдукәрімова Адияның «Жапырақты өрттеуге жол бермейік! » тақырыбы бойынша жазылған ғылыми – жобалық зерттеу жұмысына

Пікір

Соңғы жылдары тіршілік көздері – ауа, топырақ, су ресурстарының сақталуы мен қорғалуына байланысты экологиялық құқықта өзгерістер болады, елімізде 1997 жылы осыған байланысты заңдар қабылданды. Табиғаттың сақталуы да, тиімді пайдалануы да, іс – әрекеттердің түрлеріне байланысты болып отыр. Сондықтан да әрбір азамат табиғаттың қорғаушысы болуы тиіс. Осындай бағытта жасалған зерттеу жұмысының өзекті мәселелерді қамтуын ерекше атап өтуге болады. Осы тұрғыдан алғанда соңғы жылдары қоғамдағы даму үрдісіндегі бәсекелестік жағдайда дамушы елдердің қатарынан орын алу көптеген салаларды дамытуды қажет ететіндігі белгілі. Зерттеу жұмысында жапырақ түтінінің химиялық құрамын зерттеп бөлінетін зиянды заттардың және адам денсаулығына өте зиян қорғасынның мөлшерін анықтап, өз бетінше сараптау жұмыстары жүргізілген. Жұмыстағы кейбір мәліметтерді анықтамалық ретінде пайдалануға болады.

Жетекшісі: Дауталиева Г.А.