ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · web view- «ар», «ұждан», «ұят»,...

181
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қ.Д.ТҮСІПОВА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ (жазба жұмыстары) Оқулық 3

Upload: others

Post on 02-Jan-2020

16 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қ.Д.ТҮСІПОВА

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ(жазба жұмыстары)

Оқулық

3

Page 2: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

ПавлодарЄОЖ 372.881.151. 212.2(075)БКК 81. 2 ЌазТ 87

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған

Пікір жазғандар: Жұматаева Еңлік Өсербайқызы – С. Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, «Этнопедагогика және білімдік технологиялар» ғылыми-практикалық орталығының директоры.

Бақраденова Алтын Бақраденқызы- педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ПМПИ-ның оқытушысы.

Т 87Түсіпова Қ.Д. Қазақ тілін оқыту. (Жазба жұмыстар). Оқулық.С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.Павлодар-2006, 119 бет

Бұл еңбек үш тараудан тұрады. Қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлері әр тарауда сараланып, оларды тиімді жүргізуге қолданылатын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Жазба жұмыстарға қойылатын талаптар, мәтін көлемі және жазба жұмыстардың мақсаты ашылып отырылады. Бұл - университет қабырғасындағы студенттерге, әдіскер ұстаздарға және мектеп ұстаздарына қажет құрал.

Т 4602020400 00(05)-04

ISBN 9965-539-98 ЄОЖ 372. 881.151.212.2(075)

ББК 81.2 Ќаз

4

Page 3: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

© Т‰сіпова Ќ.Д., 2006 © С.Торайѓыров атындаѓы

Павлодар мемлекеттік университеті, 2006

КІРІСПЕ

Қазақ тілін оқыту методикасы - мектепте оқытылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы.

Қазақ тілін, әсіресе грамматиканы оқыту жөнінде пікір айтқан Қажым Басымов болды. 1938 жылы «Грамматиканы оқыту жөнінде» деген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталды.

1940 жылы Ғали Бегалиевтің «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы» деген, 1950 жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» деген кітабы жарық көрді.

1944 жылы «Жаттығу, емле мен тіл дамыту», 1946 жылы «Қазақ тілі методикасы» (екінші басылым) деген еңбектері жарық көрді.

1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» (1- бөлім, фонетика мен морфология) деген кітабы шықты.

Қазақ тілі оқулықтары мен программаларын жақсарту жөнінде, методикалық еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын жүргізу, озат мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу мәселелерін дұрыс жолға қойып, қазақ тілін оқытуды жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірген ғалым- профессор Ахмеди Ысқақов болды.

Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою міндеттелді. Озат мұғалімдерді, методистерді, ғалымдарды қазақ тілін оқыту мәселесімен айналысуға жұмылдырды, оларға ғылыми басшылық жасап, жөн сілтеді. Сондай жұмыстардың нәтижесінде осы жылдың өзінде-ақ қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері зерттеліп, бірсыпыра еңбектер жарық көрді.

5

Page 4: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Бұл салада зерттеуші-мұғалімдер Иманбек Ұйықбаев Сейіл Жиенбаевтан, Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі методикасын дамытушы, алғашқы зерттеушілердің бірі болып танылды. И.Ұйықбаевтың 1957 жылы «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші құрал», ал 1962 жылы «Қазақ тілі методикасының очерктері» деген еңбектері жарық көрді.

Бұл аталған еңбектерде морфологияны оқытуға жан-жақты талдаулар жасалынды. Оны қазір ұстаздар өздерінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданып жүр.

Синтаксисті оқыту да назардан тыс қалмады. Әмеди Хасенов қазақ тілі программалары мен оқулықтарын жетілдіріп, жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірді. 1957 жылы «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері», «Пунктуацияны оқыту жолдары» деген методикалық еңбектері жарық көрді.

Бұдан кейін методиканың басқа да мәселелері зерттеле бастады. Әсіресе қазақ тілінің орфографиясы ғылыми әрі методикалық жағынан терең зерттеу тапты. Бұл салада көп еңбек еткен, орфография жөнінде күрделі методикалық еңбек жазған Кәшен Жолымбетов болды. К.Жолымбетовтың методикалық еңбектерінде қазақ орфографиясын оқытудағы негізгі принциптер мен тәсілдер сараланып берілді.

Қазақ тіліндегі тыныс белгілерін оқытудың методикасын жан-жақты зерттеген – Шәріп Әуелбаев. Ш.Әуелбаевтың «Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар», «Пунктуацияның қиын мәселелері», «Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері» деген монографиялық еңбектерін мұғалімдер, студенттер кеңінен қолданып жүр.

Дәулет Әлімжанов пен Ыбырайым Маманов 1965 жылы «Қазақ тілін оқыту методикасы» деген еңбегінде қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттері, тәрбиелік мәні, оның ғылыми негіздері, басқа пәндермен байланысы, білім берудің методтары мен жолдары деген мәселелерге тоқталды. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты оқушыларға берілетін білім

6

Page 5: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

көлемі де ұлғайды. Осыған орай оқу пәндерінің ғылыми-теориялық дәрежесін көтеру, оқыту тәсілдерін жетілдіру, оқушыларға кең көлемде білім беру жолдарын қарастыру, оқу-тәрбие процесін одан әрі жетілдіре түсудегі негізгі міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, әр мұғалімді оқытудың тиімді әдісімен қаруландыру, оқытудың кабинеттік жүйесіне көшіп, техникалық құралдарды кеңінен қолдануды ұйымдастыру, сабақты тартымды әрі мазмұнды жүргізу талап етілді.

Бұл игі істерді ұйымдастыруда, оны дұрыс жолға қоюда Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының қазақ тілі методика бөлімі біраз еңбек атқарды.

Балғаным Құлмағамбетова 1956 жылдардан бастап қазақ тілі методикасының көптеген мәселелеріне ғылыми әрі практикалық жағынан зерттеу жүргізіп, «Қазақ тіліндегі етістік категориясын оқыту» (1957), «Құрмалас сөйлемдерді оқытудың кейбір мәселелері» (монография, 1963), «6-класта қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» (1965), «5-класта қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» (1966), т.б. еңбектерін дүниеге әкелді.

1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту методикасының даму тарихына үлес қосушылардың бірі- Бибігүл Кәтенбаева. Оның «Сөз құрамын оқыту» (1968), «4-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» (1984), «5-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» (1982-1984), «Еліктеуіш сөздер» (1974), «Морфологияны оқытудың методикасы» (1975), «Қазақ тілі оқулығы» (5-класқа арналған, 1982, 1983, 1986), т.б. көптеген еңбектері мұғалімдер кітапханасынан берік орын алды.

1978 жылдан бастап қазақ тілі методикасының лексика бөлімі де бірсыпыра зерттелінді. Бұл салада Айтбай Айғабыловтың «Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері» (1980), 6-класқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы (1982, 1984), «6-класс қазақ тілі оқулығының методикалық нұсқауы» (1983), «Морфологияға байланысты грамматикалық таблица» (1984), «Қазақ

7

Page 6: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

тілінің программасы» (1983, 1984) сияқты еңбектері жарық көрді.

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі де біршама зерттелінді. Құрмалас сөйлем синтаксисін теориялық жағынан зерттеген Хасен Арғынов. Оның «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы» (1957 ), «Қазақ тілін оқыту» еңбектері жарық көрді.

Бұл аталған еңбектердің қазақ тілін оқыту методикасында алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі методикасының педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқу методикасы сияқты мәселелерге тоқталған. Еңбектердің барлығында да жасалатын тұжырым: «Мұғалім сабақты беруді көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Методика рецепт те емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба»,- дейді [1, 12].

Методиканы зерттеудің алғашқы жылдарынан бастап жазба жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келді. Себебі сауаттылықтың негізі жазба жұмыстарында жатқандықтан оған көңіл бөлмеу мүмкін де емес еді.

Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал систамасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту- кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.

Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырды. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар.

Жазба жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді теріп алу, сөздікпен жұмыс істей алуға үйренеді.

8

Page 7: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы, шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай жазба жұмысы болмасын оның орындалуына ерекше мән беріліп, оқушы еңбегі бағалануға тиісті. Жазба жұмыстарының түрлері көп, соның ішінде біз тоқталмақшы түрлері: жаттығу жұмыстары (талдау жұмыстары), диктанттар (жатжазу), творчестволық жазба жұмыстары.

9

Page 8: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

І. ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫ

Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі- оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі.

Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы, ең әуелі, оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі.

Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады.

Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, т.б. болып бөлінеді.

Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:

1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт.

2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруы тиіс.

3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі керек.

4. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет.5. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар

көбірек болуы керек.Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынандай

талаптар қамтылуы тиіс:1) жаттығудың өтілген

10

Page 9: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы; 2) жаттығудың талаптарының түрлі болуы оқушылардың бойында түрлі дағдыларды қалыптастыратыны ескерілуі керек.

Бұл талап-тілектердің орындалу, орындалмауы мұғалімнің қабілетіне және оқулықтағы жаттығулар сапасына да байланысты. Сыныптағы жаттығулар көбіне бірге талданады, түсініксіз болса, мұғалім тарапынан бағыт-бағдар беріледі. Қандай қиын жаттығуды да табандылықпен орындауға мүмкіндік бар. Жаңа тапсырмаға байланысты жаттығулардың біразы сыныпта орындалып барып, осыған ұқсас жаттығулар үйге беріледі.

Үйге берілетін жаттығулар мазмұн мен сипаты жағынан оқушыға таныс, орындалуы аса қиындық келтірмейтін, жалықтырмайтын, тым ұзақ емес, әрі тәсіліне қарай аралас тұрғыда болғаны жөн.

Мұғалімнің оқулық жаттығуларымен шектеліп қоймай, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды өз тарапынан беруі тәжірибеде кездеседі. Ол көбінесе, қатыстырып сөйлем жаз... көркем шығармадан теріп жаз, сұрақтарға жауап бер, жанұя мүшелерінен сұхбат ал, мәтін ішінен керекті сөзді тап, талда деген сияқты сипатта болады. Қосымша берілетін бұл іспеттес жаттығулардың басы артық деп айту қиын.

Құрастыру, салыстыру, талдау, табу, топтау, дәлелдеу, қорытынды шығара білу дағдыларын қалыптастыратын жаттығулардың әр сабақта жүргізілуі мұғалімнің шеберлік қабілетіне, табандылығына байланысты. Мұның бәрі мұғалім үшін жаңалық емес, қайта «Нені үйреттім?», «Қандай дағды мен іскерлік қалыптастырдым?», «Жаттығудың орны мен қызметі қаншалықты?» деген, сұрақтарға байланысты пікірді ортаға салады.

Әрбір ұстаз оқушыларға керекті дағдыларды қалыптастыратын немесе қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарында қолдана алатын жаттығу әдістерін білгені жөн. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерінше жұмыс жасауға, ойлау қабілетін дамытуға дағдыланады.

11

Page 10: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Оқушылар жаттығу кезеңінде үздіксіз талдау, жинақтау, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстыру, абстракциялау, жалпылау жұмыстарын жүргізеді.

Соңғы жылдары шыққан оқулықтардағы жаттығуларды саралап көрсек, жоғарыдағы қарастырылған мәселелер , талаптар қаншалықты ескерілгенін байқауға болады.

4- сынып, «Қазақ тілі» оқулығы, авторы – Г.И.Уәйісова, Ұ.Ә.Асылов.

Алматы, «Атамұра» 2000 жыл.1. Сөйлем, дыбыс, әріп- 24 жаттығу берілген.2. Дауысты дыбыстар- 4 жаттығу.3. Ашық және қысаң дауыстылар- 17 жаттығу.4. Дауысыз дыбыстардың түрлері- 32 жаттығу.5. Буын- 13 жаттығу.6. Тасымал- 4 жаттығу.7.Үндестік заңы- 14 жаттығу.8. Дыбыс үндестігі-27 жаттығу.5-сынып, «Қазақ тілі» оқулығы, авторы –

Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова.Алматы, «Атамұра» 2001 жыл.1.Кіріспе «Ана тілінің қызметі» тақырыбы беріліп, өз

ұлтымыздың саны аздығы және бұл тілде таза сөйлей алатын адамдардың аздығына байланысты ана тіліне қамқорлықтың қажеттігін ескергендіктен, тіл мәселесіне байланысты жаттығулар көп берілген- 28 жаттығу.

2. Лексика (сөз бен мағына) – 9 жаттығу, (сөздіктер) - 7 жаттығу, сөздің тура, (ауыспалы мағынасы) – 10 жаттығу, (көпмағыналы сөздер) – 10 жаттығу, (омонимдер)- 7 жаттығу, (синонимдер)- 18 жаттығу, (антонимдер)- 13 жаттығу, (табу)- 2 жаттығу, эвфемизм- дисфемизм- 5 жаттығу, (тұрақты тіркестер)- 14 жаттығу, (мақал-мәтелдер)- 13 жаттығу, (сөздік қор)- 8 жаттығу, (сөздік құрам)-3 жаттығу, (көнерген сөздер)- 16 жаттығу, (жаңа сөздер- неологизм) – 5 жаттығу, (жалпылама лексика) -2 жаттығу, (кірме сөздер) -2 жаттығу, (диалект сөздер)- 7 жаттығу, (кәсіби сөздер) -19 жаттығу.

3. Лексикадан өткенді қайталау- 24 жаттығу.

12

Page 11: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

8-сынып, «Қазақ тілі» оқулығы, авторы –С.Аманжолов, А.Аманжолов, Т.Қасымова.

Алматы, «Мектеп» 2004 жыл.Мазмұны: 1. Қазақ тілі- ұлттық мәдени, рухани асыл мұра- 8

жаттығу.2. Сөйлем, сөйлем түрлері - 24 жаттығу.3. Сөйлемнің құрамы (сөйлем мүшелері)- 34

жаттығу.4. Жай сөйлемнің түрлері- 33 жаттығу.5. Құрмалас сөйлем(салалас, сабақтас, аралас)- 62

жаттығу.6. Төл сөз бен төлеу сөз – 15 жаттығу.9- сынып, «Қазақ тілі» оқулығы, авторы –

С.Аманжолов, Ә.Хасенов, И.Ұйықбаев.Алматы, «Мектеп» 2002 жыл.Мазмұны: 1. Өткенді қайталау (3-5 беттер)- 4 тапсырма

берілген.2. Құрмалас сөйлем (5-58 беттер)- құрмалас сөйлем

туралы түсінік -3 жаттығу, салалас құрамалас- 20 жаттығу, сабақтас құрмалас- 31 жаттығу, аралас құрмалас- 2 жаттығу (ауызша орындалады).

3. Төл сөз бен төлеу сөз (58-75- беттер) - 2 жаттығу4. Тіл ұстарту-(75-96 беттер)- 2 тапсырма (мақала).5. Өткенді жинақтап, жүйелеу (116-148 беттер)-

(сұрақтар мен тапсырмалар берілген).10-11 сыныптарға арналған «Қазақ тілі»

оқулығы, авторы- Ж.Т.Дәулетбекова, К,М.Раев, Ө.Н.Қыдырбай. Алматы, «Мектеп» 2003 жыл.

Мазмұны:1. Сөз мәдениеті (3-13 бет)- 2 тапсырма2. Қарым-қатынас және сөз мәдениеті (13-29 бет)- 3

тапсырма3. Қарым—қатынас түрлері(29-49 бет)- 4 тапсырмаПрактикалық бөлімінда тапсырмалар берілген:1. Қазақ тілінің өзге түркі тілдерінен

айырмашылығын тауып, ауызша баяндаңдар- ана тілі туралы өз ойларыңды айтыңдар

13

Page 12: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

- сөзжарыс: тіл, сөз өнері туралы кім көп мақал-мәтел айтады, дәйектеме сөздерге тиісті сөз немесе сөз тіркесін қойыңдар

- пысықтау сұрақтар: түркі тілдер тобына қандай тілдер жатады, қазақтар өз тарихында қандай алфавиттерді пайдаланған, т.б.?

2. «Мәдениет мәйегі» деген сөзге түсініктеме беріңдер,

- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан мақал-мәтелдер айтыңдар

- сөйлемдердегі ойды жазбаша, ауызша баяндаңдар- «дос сыры», «үлкендер өмірінен», т.б. тақырыптың

біріне адамдар арасындағы қарым-қатынас ұғымына байланысты шағын шығарма жазыңдар.

- топтық жұмыс: көп нүктенің орнына тиісті сөз қойыңдар, қанатты сөздердің «сөйлеу әдебі» тақырыбымен қандай байланысы бар, бір қанатты сөзді тақырып етіп шағын шығарма жазыңдар

- екі мәтінді салыстырып, қандай стильде жазылғанын анықтаңдар

- шығармашылық тапсырма: оқыған шығармаларыңнан ауызекі сөйлеу тіліне, әдеби жазба тілге мысалдар келтіріп талдаңдар

- пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар: сөйлеу әдебіне не жатады, жазба тіл мәдениетін игеруде қандай нәрселерді есте ұстау керек?

3. «Қарым-қатынас түрлері» тақырыбында 17 тапсырма берілген.

- қазіргі жастардың арасындағы сәлемдесуді бейнелейтін шағын оқиғалы шығарма жазыңдар

- мәтінді пайдаланып, «Баланың ата-ана алдындағы парызы» дегенге өз пікірлеріңді айтыңдар.

- рөлдік ойын түрінде: қажет деген жағдайда әңгімелесіңдер

- халықаралық қатынастағы іскерлік әдеп, этикаға, телефонмен әңгімелесудегі сөз әдебіне назар аударыңдар

4. Қорытынды сынақ- тапсырмалар

14

Page 13: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

- «Қазақ тілі, оның: өткені, қазіргісі, болашағы» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырып , өз ойларыңды айтыңдар

- «Іскерлік қарым-қатынастағы әдеп талаптары», «Қоғам мен Мен» т.б. тақырыптардың біріне реферат дайындап, сыныпта талдаңдар

- «Сөз анасы- құлақ» деген мақал төңірегінде тыңдай білу мәдениеті жөнінде ой толғаңдар.

І бөлімде – 5- тапсырмаІІ бөлімде- 12 тапсырмаІІІ бөлімде- 17 тапсырмаIV бөлімде- творчестволық жұмыстар.Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман

талаптарына сай сауаттандырып, әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге лайықты қылуын қажет етіп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарауға тиіс. Бұл- жазба жұмыстарына да қатысты талап.

Күні бүгінге дейін көп көңіл аударылмай келе жатқан жазба жұмыстарының бірізділігін, жүйелілігін, әртүрлі дағды қалыптастыратындай, түрлі творчестволық ізденістерге апаратындай болуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан оқулықтардағы жаттығуларға жаңа талаптар деңгейінен қарап, жаңа технологиялық тұрғыдан орындап, жаттығуларды орындау тәсілдерін өзгертіп отыруға зер салсақ, қателіктерге жол берілмес еді.

Жаттығу жұмыстарын жүргізу барысында оқушының сезім- түйсігін, қабылдауын, зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау, қиялдау, болжау қабілетін, ерік-қайратын, дағды машықтарын, жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін дамытамыз.

Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Түсіндірмелі жаттығулар мазмұнына қарай ірі тақырыптар бойынша және жеке тақырыптар бойынша орындау болып екіге бөлінеді.

Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау да екіге бөлінеді: ауызша талдау және жазбаша талдау

15

Page 14: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

болып. Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады:

а) оқытылып отырған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс;

ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет;

б) орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек;

в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болуы абзал.

Бұндай жаттығуларды төмендегідей жүйе бойынша жүргізуге болады.

Алдымен, оқушылардың ойын бағыттау үшін тыңдап отыруын талап ету қажет. Дәптерге ештеңе жаздырылмайды. Өтілген тақырыпқа сай, жаттығулардың шартын ауызша әңгімелейді.

Мәселен, мәтінді түгел оқып шығыңдар, еріндік пен езуліктерге назар аударыңдар, мәтіндегі объектілерді ауызша атаңдар, осыған ұқсас мысалдар келтіріңдер, тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін саралап түсіндіріңдер, анықтамасын айтыңдар.

Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мынандай дағдылар қалыптасады:

1. Оқушылардың білімі бекітіледі.2. Есту қабілеті қалыптасады.3. Сенімділік қабілеті нығаяды.4. Байқау қабілеті дамиды.Ауызша және жазбаша өтілетін талдау

жаттығуларды жүргізу орнына қарай тақтада және орнында отырып орындау болып екіге бөлінеді. Тақтада орындау үшін сынып тақтасы мен жылжымалы тақта пайдаланылады. Тақтада тақырыптың неғұрлым қиын және күрделі түрлері орындалады.

Жаттығудағы талдаулар төмендегі тәртіппен өткізіледі:

1. Жаттығудың нөмірі жазылады, орындау үлгісі көрсетіледі.

2. Объектінің өзіндік белгілері бойынша қалай сұрыпталатыны, жазылу емлесіне байланысты заңдар қалай дәлелденетіні түсіндіріледі.

16

Page 15: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Ал орнында отырып орындалатын жаттығулардың шартын дауыстап оқып, дәлелдеп түсіндіреді.

Ауызша талдау көбінесе күрделі мақсатты объектілерді түсіндіру үшін жүргізіледі. Оқулықтағы материал бірер оқушыға дауыстап оқытылады. Оқулықтың беті, параграфтың, жаттығудың беті мен нөмірі тақтаға жазылады. Бір оқушыны тақтаға шығарып, жаттығудың шартын орындатады, бірер үлгісін мұғалім өзі жазып көрсетеді, қалғанын сыныпқа сұрақ қоя отырып, үлгісін тақтаға жаздырады.

Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігі белгілі, сондықтан балалардың жазу тілін дамыту үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек.

Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.

Жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді. Бұл жұмыстардың мақсаты- балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйретеді. Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады:

1. Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірімен қашықтығы біркелкі болу керек.

1. Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы қажет.

Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат- балаларды шапшаң жазуға үйрету. Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулары жүргізіліп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады.

Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ерекшеліктерін анық түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту

17

Page 16: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

тәсілдерін қарастырғаны жөн. Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әртүрлі факторларға негізделеді:

1. Көру, қимыл жасау факторларына негізделетін көшіріп жазу.

2. Есту арқылы қабылдауға сүйенетін мәтінді жазу.3. Орфографиялық тапсырмалары бар жаттығулар-

қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу.

Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылынсыз іске аспайды. Сондықтан жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде мәселенің қайсысы негізгі екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.

Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынандай:

1. Фонетикалық жаттығуларФонетикалық жаттығулардың міндеті –

оқушылардың айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын және оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.

Фонетикалық жаттығулар кезінде кейбір оқушылардың тілін тістеп, сақауланып сөйлеуі, кейбір дыбысты қалдырып кетуі, немесе «с» мен «ш» , «р» мен «л», «ж» мен «з», «н» мен «ң» дыбыстарды алмастырып айту кемшіліктері оқуға да, жазуға да зиян келтіреді.

Фонетикадан алған білімдері мен жаттығуларды дұрыс жазу емле үшін ғана пайдалы болып қоймайды, сонымен қатар оқушыларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін қолдануға болады.

Оқу материалдарында, шәкірттердің жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі дыбыстардың құбылуы ескеріліп отырылады. Бұған қоса тілімізге басқа тілден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы

18

Page 17: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

үйретіледі.

1.1 Фонетикалық қателер

Балалар мектепке келгенде сөйлеу мүшелері (аппараттары) жетілген, есту мүшелері дамыған, яғни сөздердің мағынасын ажырата алатын және практикада пайдалана алатын дәрежеде болады. Дегенмен балалардың сөйлеу тіліне зерттеу жүргізіп бақылаған ғалымдар оқушылардың тіл дыбыстарына байланысты кемшіліктерінің барлығын байқаған. Ол туралы С.Ф.Иванова «...значительная часть учащихся 5 класса не владеет достаточно четкой членораздельной речью, что отражается и на их науках письменной речи плохая дикция часто является ошибок типа описок», деген пікір айтады [2, 102].

Мұндай кемшіліктер қазақ мектептерінде де кездеседі. Атап айтқанда, 4-5 сынып оқушыларында орфоэпияға байланысты мына сияқты қателерді байқауға болады. Мысалы, 4-5 сынып оқушылары кітап оқу кезінде дыбыстардың (о, ә, ү, у, ұ) екінші-үшінші буында жазылмауына байланысты сол буындарда келетін езулік дыбыстарды еріндік қып жібереді, ал бұны оқушы ескермей айтылуда езулік қып айтып, орфоэпия заңын бұзады.

Мысалы, жазылуы айтылуыдомбыра домбұражорық жорұқОқушылар басқа тілден енген сөздерді сол тілде

қолданылуына байланысты сіңісіп кету нормасына көңіл бөлмейді.

Мысалы, чай-шай, ботинка- бәтіңке, сатин- сәтен, костюм- кастюм.

Оқушылар тілінде жергілікті, диалектикалық ерекшеліктерге байланысты айтуда да, жазуда да дыбыстық қате жіберіледі. Мұндай қателер а, ә, ы, і дыбыстарына байланысты жіберіледі.

Мысалы, Күләнда- Күләндә, Балжамила- Балжәмилә, Ақлима- Ақлимә, т.б.

Оқушыларда е дыбысы мен ә дыбысын алмастырып айту кездеседі. Себебі ә, е дыбысының жасалу

19

Page 18: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

ерекшеліктеріне көңіл бөлмейді. Қазақ тілінің байырғы сөздерінде ә дыбысы сирек қолданылған, сондықтан болар э дыбысын е ғып айту жиі .

Мысалы, экран- екран, электр- електр, т.б.Жергілікті тіл ерекшеліктеріне байланысты е

дыбысы ы, і, ә дыбыстарымен алмастырылып қолдану кездеседі.

Мысалы, ешкім-ішкім, ештеме- іштеме, әдемі- әдеме ,т.б.

Әсіресе, қазақ тілінде кейбір дыбыстардың алдында, егер ол дыбыс сөздің басында келсе, алдынан келсе, ы, і естіледі, соған байланысты оқушылар оны солай айтады, кейде солай жазады.

Мысалы, жазылуы айтылуылай ылайрас ырасренжу іренжулайық ылайық

Екі дауыссыздың арасындағы ы, і дыбыстарын түсірмей жазып қою жиі байқалады.

Мысалы, арттыру- арыттыру, көрсетті- көрісетті, білдірді- білідірді, т.б

Кейбір дауысты дыбыстардың сөз ішінде солғын естілуіне қарай оқушының жазуда қате жіберетіндігі байқалады.

Мысалы, қатынас-қатнас, халықаралық- халқаралық, т.б.

Әдеби тіл нормасына байланысты тілдегі сан алуан нұсқаларды талғап-таңдауда бірізділік байқалмайды. Ондай нұсқаның қай түрін қолдану сөйлеушінің , жазушының өз қалауында болып қалады.

Мысалы, тірідей- тірілей, айқай-айғай, азар- әзер, түгендей- түгелдей, т.б.

Нұсқалардың тілдің даму тенденциясына лайықты түрін өрістете жұмасап, артықшылық беріп отыру немесе олардағы нәзік айырма, реңдерді дер кезінде тап басып тани білу оңай шаруа емес. Жарыспалы жүйенің мынадай түрлерін газет-журналдардан жиі кездестіруге болады.

Мысалы, ақшалай-ақшадай, жылылай-

20

Page 19: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

жылыдай, бірлі-жарым- бірді-жарым, жаңалай- жаңадай, т.б.

Жалпы халықтық тілдегі мұндай жарыспалы қолданыстың қайсысы әдеби тілдің нормасына лайықты? Осындай сұрауға келгенде, нормалаушы сөздіктерге, заңдарға қол созамыз. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» «д» нұсқасы алынған (кәрден-кәрлен емес, тірідей- қарадай), «л» нұсқасы да кездеседі (жылай, тірілей, шикілей). Оқушылар үшін бұл нұсқалардың бірін ғана көрсету қажет. Себебі мектеп көлемінде сол бір нұсқа бойынша жұмыс жүргізілсе, бұл тіл дамыту, жазба жұмыстарын нәтижелі етуге әсерін тигізеді.

Қателерді болғызбас үшін қатемен жұмыс түрлерін үнемі, мақсатты, жүйелі жүргізіп отыру қажет. Әрбір жазба жұмыстарынан кейін қатемен жұмысқа мән беріп, оны орындап отыру жөн болады.

1.2. Фонетикалыќ талдау

Фонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады.Талдауда сөздің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуына да талдау жасап отыру керек. Себебі фонетиканы өту арқылы оқушыларға сауаттылықпен қатар дұрыс сөйлеуді де, яғни орфоэпиялық норманы меңгертеміз.

Фонетикалық талдау мазмұнына қарай дыбыс жүйесі бойынша талдау, үндестік заңы бойынша талдау болып екіге бөлінеді. Фонетикалық талдау көлеміне қарай жай талдау, күрделі талдау болып бөлінеді. Фонетикалық талдау орындалу орнына қарай тақтада талдау, орнында отырып талдау болады. Қазіргі таңда фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу құпталып жүр.

“Қазақ тілі мен әдебиеті” журналының 2000 жылғы №10 санында жарияланған педогогика ғылымының кандидаты Н.Оразханованың “Фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу” [3, 27] деп аталатын мақаласын осындай үлгілердіњ қатарына жатқызуға болады. Мақалада сызбалар арқылы сөзге фонетикалық талдау жүргізудің толық түрі, ықшамдалған түрі,

21

Page 20: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

сондай-ақ дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме берудің үлгілері берілген. Бұл сипаттас тапсырмаларды оқушылар қызыға орындайды. Аталған талдау түрлерін грамматиканың барлық бөлімдері бойынша тестік нұсқамен де беруге болады. Тестік нұсқаның артықшылығы-дәл әрі тез орындалады.

Мұғалімдер

1. а) Жуан буындыә) Жіңішке буындыб) Аралас буынды2. а) 3 буындыә) 4 буындыб) 5 буынды3. а) 1 ашық, 1 тұйық, 1 бітеу буын барә) 2 ашық, 2 бітеу буын барб) 3 ашық, 1 бітеу буын бар4. а) Тасымалданадыә) Тасымалданбайды

5. а) 3 түрлі жолмен тасымалданады6. ә) 2 түрлі жолмен тасымалданадыб) 1 түрлі жолмен тасымалданады7. а) Екпін сөздін соңғы буынына түседіә) Екпін сөздін соңғы буынына түспейді8. а) Буын үндестігі барә) Буын үндестігі жоқ9. а) Дыбыс үндестігі бар ә) Дыбыс үндестігі жоқ10. а) Ілгерінді ықпал барә) Кейінді ықпал бар б) Тоғыспалы ықпал бар11. Сөздегі дыбыстардыњ саны:а) 9, ә) 10, б) 1112. Дауысты дыбыстар саны:а) 3, ә) 4, б) 5.13. Жуан дауыстылар:а)1,ә) 2, б) 3.14. Жіңішке даустылар:

22

Page 21: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

а) 1, ә) 2, б) 315. Ашық дауыстылар:а) 1, ә) 2, б) 316. Қысаң дауыстылар: а) 1, ә) 2, б) 317. Еріндік дауыстылар:а) 1, ә) 2, б) 318. Езулік дауыстылар:а) 1, ә) 2, б) 319. Дауыссыз дыбыстар:а) 5, ә) 6, б) 7,20. Қатаң дауыссыздар:а) 0, ә) 1, б) 221. Ұяң дауыссыздар:а) 1, ә) 2, б) 322. Үнді дауыссыздар:а) 2, ә) 3, б) 423. Ауыз жолды үнді дауыссыздар:а) 2, ә) 3, б) 424. Мұрын жолды үнді дауыссыздара) 2, ә) 3, б) 4

Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейді. Мысалы, ақ дегендегі “қ” дыбысы мен қағаз дегендегі “қ” дыбысы - бір фонема. Сонда да болса, бұл екі сөздің екеуінің айтылуында сәл айырмашылық бар. Ол айырмашылық тіркескен дыбыстарына байланысты. Тіл дыбыстарын тіркестіруде де заңдылық бар. Кез келген дыбысты кез келген дыбыспен тіркестіре салуға болмайтынын аңғарамыз. Өйткені фонетика – фонемаларды - тіл дыбыстарын, олардың түрлерін, жасалу жолдарын, естілуін, жазылуын, дыбыстық алмасулар мен өзгерістерді, буын түрлерін, сөздерді тасымалдау заңдылықтарын, дыбыстардың үндесуін зерттейтін тіл ғылымының саласы. Осылардың барлығын игерту мақсатында фонетикалық жаттығулар жүргізіледі.

2. Лексикалық жаттығулар

Әдіскер-ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп,

23

Page 22: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

лексиканы оқытумен байланысты жүргізілетін жаттығу түрлерін сөздік және лексикалық жаттығулар деп екіге бөледі. «Сөздік және лексикалық жаттығулар бір-бірімен тығыз байланысты, кей жағдайда оларды бір-бірінен айыру да қиын, өйткені екеуі де негізі сөзбен жұмыс жасайды» [4, 12] дей келіп, бұл ғалымдар лексикалық жаттығуларға лексикадан алған білімді бекітіп, осы негізде лексикалық іскерлікті қалыптастыру үшін жүргізілетін талдау жұмыстарына арналған жаттығуларды жатқызады. Ал сөздік жаттығуларға тілді сезінумен, сөзді дұрыс түсінумен және орынды қолдана білумен тығыз байланысты сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады. Сөздік жаттығулар оқушылардың сөздік қорының молаюына жағдай жасайды.

5-сыныпта лексикалық тақырыптарды оқытумен байланысты тіл дамытуға арналған жаттығу түрлерін жинастыруда, топтастыруда мына жағдайлар ескеріледі: а) 5-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеру, соған сәйкес жаттығу жұмыстарын түрлендіру; ә) тіл дамытуға арналған жаттығу жұмыстарының мақсатын комплексті түрде қою.

Тіл дамытуға арналған жаттығулар жүйесін жинақтауда жаттығу жұмыстарына қойылатын мынадай негізгі әдістемелік талаптар ескеріледі. Олар: 1)жаттығу мәтіні оқушының жас ерекшелігіне сай келуі тиіс; 2) жаттығу мәтінінің тәрбиелік мәнінің болуы; 3) жаттығуда берілген тілдік тапсырманың айқындығы; 4) лексикалық тақырыптың грамматикамен байланыстылығы.

Бұл жаттығу түрлері үш топқа бөлінеді: 1)лексикалық тақырыптарды бекіту мен оқушы тілін дамытуға бағытталған тақырыптық жаттығулар;

2) меңгерілген лексикалық тақырыптарға байланысты оқушылардың өзіндік шығармашылығын ұштауға бағытталған жаттығулар;

3) лексикадан алған білімін тексеруге бағытталған бақылау жаттығулары.

Бірінші топтағы жаттығулар лексикалық тақырыптардың қатысына қарай бөлінсе, екінші топтағы жаттығулар - ойын жаттығулары, лексикалық

24

Page 23: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

перфокарта, лексикалық сызғыш, суретпен жұмыс жатқызылады, үшінші топтағы жаттығулар қатарына еркін диктант, тілдік тапсырмасы бар мазмұндама, тілдік тапсырмасы бар шығарма топтастырылды.

2.1 Лексикалық қателер4-8 сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тілін

бақылау барысында, жазба жұмыстарын тексергенімізде оқушылардың басым көпшілігі лексикалық қателер жіберетіні байқалады. Ол қателерді төмендегідей топтастыруға болады:

1. Сөздіњ мағынасына байланысты туатын қателер

Оқушылар өз ойын жеткізуде, сөйлем құрауда кейбір сөздердің мағынасын түсінбей қолданады.

Мысалы: Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. “Қара” сөзі – түсті білдіретін сын есім емес, қара суықты білдіретін сөз. Осы сияқты контекстегі сөздің мағынасын жете түсінбеген соң оқушылар ол сөзді қолданбайды.

Мысалы: Кемпір мен шалға құс пен аңның етін толтырып береді де, Төстік ағасын іздеуге кетеді. Кенжекей үйді басқа келіндерінен бұрын құрады. Махамбет елге арнап өлең айтты. “Толтырып, құрды, өлең” деген сөздер сөйлемде орнын таппаған.

2. Сөздің көп мағыналылығына байланысты қателер

Қазақ тіліндегі кейбір сөздер мен сөз тіркестері ауыспалы мағынада жұмсалады. 8- сынып оқушыларында кездесетін кейбір стильдік қателер осы сөздердің көп мағыналылығын аңғармай қолданудан туады.

Мысалы: Бір елге келсе, ас беріп жатыр екен. Асанды әкел, ұйықтап жатқанда жеп алайық, - деп қағып алды. Алдар үйге келгенде қолдарындағы астарын жасырып қояды. Төстік ата-анасына асты көп етіп жиып береді.

25

Page 24: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Оқушылар бұл сөйлемдердегі ас сөзін бірде дұрыс қолданса, бірде стильдік қате жібереді, «тамақ» сөзінің орнына “ас” ас сөзін қолданған.

Әсіресе оқушылар метафора, эпитет, теңеу қызметінде қолданылған сөздерге байланысты қателер көп жібереді.

Мысалы: Аюдай денесі қорбаңдап көп арасынан көрініп тұрды. «Қорбаңдап» деген сөзді алып тастасақ, сөйлемнің беретін ойы ауысады. Өйткені ол сөзді қолданбасақ, теңелетін заттың үлкендігі ғана беріліп, икемсіздігі берілмей қалады.

Сөздің көп мағыналылығы ол сөздің стильдік жұмсалуының аясына байланысты сияқты. Сондықтан сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуында тура мағынасына қарағанда экспрессивті – эмоциялы әрі стильдік рең, өрнек көп болады.

3. Ойға қатыссыз артық немесе «штамп» сөздерді қолдануда жіберілетін қателер

Оқушылар кейде өз ойын, пікірін жеткізуде қажетсіз, басы артық сөздерді көп қолданады, немесе сөйлемдерде бір сөз тіркесін қайталап қолдана береді. Бұндай қолданыс көркемдікке нұқсан келтіреді. Кейде сµйлемді шұбалаңқы құрып, айтайын деген ойын шашыратып жібереді.

Мысалы: Ер Төстік жоғалып кеткен сегіз ағасын іздеп шығып, ағаларын тауып алып, еліне қайтпақшы болып, ертіп шығады.

2.2 Лексикалық тапсырмалар

1. Сөз, оның мағынасы (тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер).

I-деңгей.а) Берілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен

тіркестір. Қандай мағынада қолданылып тұрғанын ажыратып жаз.

Терең (өзен, білім, ой), қатты (сөз, құрт), қара (көйлек, жұмыс,су, өлең, ниет), жұмсақ (адам, мінез, орындық)

26

Page 25: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Тура мағыналы сөз

Ауыспалы мағыналы сөз

2. Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.Қанат – құстар мен шыбын – шіркейлердің ұшып –

қонатын дене мүшесіМысалы: Алдымен алты қанат ақ орданы тігуге

кірісті. Біз футбол алаңының оң қанатына отырдық. Көз – адамның дене мүшесі, көруге арналған.

Мысалы: Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. Қазір иненің көзіне жіпті өткізе де алмаймын. Жұмыстың көзін тапсақ, тез бітірер едік.

3. Ыстық, ауыр сөздері қандай мағынада қолданылған? (тұсына жаз)

Марат ауыр жүк көтерді_________________________________________

Ол – сыныбымыздағы мінезі ауыр баланың бірі_____________________

Дастарханға ыстық тамақ та келді________________________________

II – деңгей1. Омоним сөздердің антонимдерін көрсет

Кір (сын есім)Кір (етістік)

Аш (сын есім) - Аш (етістік) -

Түс (зат есім) - Түс (етістік) -

27

Page 26: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

2. Алдымен синонимдік қатар, кейін антонимдік жұп түзе.

Үлгі: Дұрыс, жөн – қате, теріс, бұрыс, жаңсақ.Сұлу- әдемі, көрікті, ажарлы

Түзу- тік, тура Ұшқалақ- жеңілтек, күйгелек Мөлдір- тұнық, таза

3. Синонимдер қатарын түзеҮлгі: Төбе шашы тік тұрды, зәресі ұшты, жүрегі тас

төбесіне шықты, қорықты, үрікті.Ит өлген

жер__________________________________________________Көзді ашып

жұмғанша___________________________________________Жүрек

жұтқан__________________________________________________

4. Мақалдарға қажетті антонимдерді тапҮлгі: Еңбек етсең ерінбей –

жалқау________________________________

3. Морфологиялық жаттығулар Морфологиялық жаттығулардың міндеті- ана

тіліміздің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы меңгерту. Морфологиялық жаттығулар мазмұны жағынан екі түрлі болады:

1. Сөз тұлғасын оқыту барысындағы жаттығулар;

2. Сөз таптарын оқыту барысындағы жаттығулар.

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) алдымен негізгі түбірлерді , одан кейін туынды түбірлерді, сосын түбірлес сөздерді талдайды; 2) белгілі

28

Page 27: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізледі.; 3)туынды сөздерден негізгі түбірді ажырату барысында сөздің мағынасына назар аударылады.

Жаттығу жұмыстары негізінде шәкірттер әрбір сөз табының өзіндік ерекшеліктерін, басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын саналы түсінеді. Септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгеріп, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде орынды, дұрыс қолданып үйренеді.

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығу түрлері төмендегідей сараланады: 1) мәтіннен керекті сөздерді тапқызу; 2) керекті сөздерді қатыстырып сөйлем құрату; 3)сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету; 4) мағына мен тұлға жағынан қандай айырмашылықтары барын салыстыру.

Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгертуде мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді. Сөздің элементтері түбір, жұрнақ, жалғау- бұлардың әрқайсысы сөзге өзінше мән береді. Осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады.

Морфемаларды, соныњ ішінде жұрнақтарды айыра білу балалардың тілін жетілдіру үшін де мәні бар. Өйткені, бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді. Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:

1. Алдымен, мүмкіндігіне қарай негізгі түбірлерді, одан әрі туынды түбірлерді, ең сонында түбірлес сөздеді талдайтындай жағдай жасалуы тиіс.

2. Белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбіден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізіледі.

3. Туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.

Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін

29

Page 28: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

жаттығулар сөздерді белгілі топқа біріктіріп, жүйелеуге үйрететіндей болғаны ұтымды. Жаттығу жұмыстары кезінде оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді.

Жаттығу жұмыстары кезінде септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді. Оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдануын үйренеді.

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар:1. Мәтіннен керекті сөздер тапқызу.2. Тірек сөздер арқылы сөйлемдер немесе

әнгімелер құрастыру.3. Сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі

қызметін көрсету.4. Сөздердің лексикалық немсе грамматикалық

жағынан қалай өзгеретінін, не арқылы өзгеретінін аңғарту.

Морфологиялық жаттығулар орындау барысында алдында өтілген материалдарды қайталап отыру қажет. Сонда алдыңғы материалдар мен кейінгі материалдар арасында байланыс, жүйе пайда болады, ал бұл оқушының материалды терең игеруіне септігін тигізеді.

4 .Синтаксистік жаттығулар

Синтаксистік жаттығуларға сөз тіркесі, жай сөйлем түрлері, құрамалас сөйлем түрлері мен пунктуацияға байланысты жаттығулар жатады. Оқушылардың осы бөлімдерден алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушыларда оны орындай алатындай білім, білік болуы шарт; 2) оқушылар жаттығуда не орындайтынын, оның қандай пайдасы барлығын түсініп орындағаны абзал; 3) жаттығу оқушының тілге қызығушылығын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс; 4) жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы қажет;

5) жаттығу жұмыстары тек өтілген материалдарға

30

Page 29: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

ғана байланысты болмай, бұрын өтілген материалдарды да қайталауға мүмкіндік туғызуы шарт; 6) оқушылардың жас мөлшері кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа шақталып, үнемі талап мақсатына қарай ауыстырылып отырғаны пайдалы; 7) шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болғаны жөн.

Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен таба алуға үйренеді.

Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы мен шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын балалардың алған білімдері мен дағдысы есепке алынып, бағаланып отырылғаны дұрыс. Оның мынандай жолдарын көрсетуге болады: а) бір сабақтың негізінде бағалау; ә) бірнеше сабақтың негізінде бағалау; б) бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.

Мұғалім жаттығу жұмыстарын грамматика- стилистикалық бағытта ұйымдастырғанда, дайын мәтін ала отырып, оған грамматика-стилистикалық талдау жасатады. Оқушылардың назарын сөйлем құрылысына аударып, қалай жасалғанын, қандай стильдік қателер барын танытамыз. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін байқатамыз. Бір грамматикалық тақырыпқа байланысты ережелерді ауызша сұрап білу үшін, әр сыныптың ерекшелігіне қарай тәсілді өзгертіп отырғаны жөн. Мектеп тәжірибесінде көлемі ұзақ жаттығуларды көшіріп жазуға көбірек көңіл бөлінеді де, ал оған талдау жасала бермейді. Немесе «үшінші, төртінші сөйлемді талда» деп, оқушының ой-өрісін, сөйлеп үйрену аясын тарылтып, ережелерді құр жаттатып, айтқызушылық жиі кездеседі. Демек,

31

Page 30: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

оқулықтағы жаттығу материалдарын ауызша талдату жұмысы оқушының ой-өрісін дамытумен қатар ойын жүйелі айта білуге дағдыландырады.

Синтаксистік жаттығуларға пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері құрастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгілерін қойып, қойылу себебін тусіндіру.

Сабақта оқушыларды сөйлеуге дағдыландыру үшін пайдаланылатын басты материал – мәтін. Оқушылар заттың атын, белгісін, қимыл әрекетін, жай – күйін білдіретін сөздермен ғана танысып қоймайды, сол сөздерді пайдаланып, сөйлем құрауға үйренеді. Сөздер сөйлемде фонетикалық, грамматикалық құбылыстарға түседі, олар белгілі бір ережеге байланысты түсіндіріліп, өткен материалдар қайталанады.

8-сынып оқулығында 221 жаттығу бар. Жаттығу материалдары көркем әдебиеттен, ауыз әдебиетінен алынған мақал – мәтелдер, жаңылтпаш, нақыл сөздер, жұмбақтар түрінде келеді.

Оқулықтың бұрынғы басылымдарында жаттығу тапсырмалары көбінесе тақырыпқа сәйкес болып келетін болса, ал жаңа басылымында қосымша тапсырмалар да бар. Бұл тапсырмалар тәрбиелік мәні бар мәтіннің мазмұнымен ғана таныстырып қоймай лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, пунктуациялық, стилистикалық талдаулар жасауға арналған. Яғни синтаксистік жаттығуларды орындау үшін ғана емес, тілдік категорияларды жан - жақты меңгеруге, өткен материалдарды еске түсіріп отыруға мүмкіндік береді.

4.1.Қазақ тілі синтаксисі методикасының негізі мен мазмұны

Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің

32

Page 31: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдісі.

Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі зерттеулері- қазақ тілі синтаксисі методикасының оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын материалдары. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны мыналарды қамтиды:

1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.

2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік мәнін ашу.

3. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.

4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының түрлерін белгілеу.

5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен терминдерін жасау.

Қорыта келгенде, синтаксистік талдау және оның методикасы -қазақ тілін жан-жақты зерттеуді қарастыруды мақсат тұтқан талдаулардың бірі. Ол- оқушылардың саналы, дара білімдерін жетілдіруге, мұғалімдер мен шәкірттердің арасындағы байланысты нығайтуға және синтаксистік талдауды дамытуға әсер ететін фактор.

Қазіргі кездегі тәжірибелі мамандар мен қазақ тілі методикасын жетілдіру үшін өз ізденістері мен еңбектерін ұсынып отырған мақалалар мен оқулық авторларының басты мақсаты- қазақ тілінің синтаксистік талдау методикасына жаңа әдіс-тәсілдер енгізу, жаңа бағдарламалар жасау.

4.2 Синтаксиске байланысты жүргізілетінтіл дамыту жұмыстары

Мектептерде сабақтас құрмалас тақырыбын өту кезінде жаттығу жұмыстарының төмендегідей түрлері қолданылып жүр:

1. Көшіріп жазу жаттығулары.2. Диктант жазу түрінде орындалатын жұмыстар.

33

Page 32: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

3. Әдеби мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.4. Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасау.5. Берілген компонентті толықтырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрау.6. Берілген схемаға сүйеніп, сабақтас құрмалас сөйлем жасау.7. Берілген “Тірек сөз” арқылы сабақтас құрмалас сөйлем ойлап жазу.8. Бірыңғай баяндауышты жай сөйлемді, сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.9. Сабақтас құрмаластың бір түрін екінші түрге ауыстыру.10. Көп бағыныңқылы сабақтасты екі компонентті бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін тауып қою.12. Тыныс белгісінің схемасына қарап, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырату.13. Мәтін құрау, мәтінде сабақтас құрмалас сөйлемді пайдалану.14. Магнитафонды пайдаланып, құрмалас сөйлемнің айтылу интонациясын анықтау.15. Сурет бойынша шығарма жазу, шығармадан сабақтастарды іріктеу.16. Ерікті тақырыпқа шығарма жазу, тұрақты сөз тіркестерін пайдалану.

5. Грамматикалық жаттығуларГрамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні

зор. Тақырып түсіндірілгеннен кейін жатығу жұмыстары орындалады. Әрбір ұстаз оқушылардың қажетті дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да құбылыстарына қолдана алатын жаттығу әдістерін білгені жөн.

Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады: біріншіден, оқушының білімін нақтылайды, нығайтады, екіншіден, өздігінен жұмыс

34

Page 33: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады.Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай

материалды талдауға қойылатын талаптар туады. Материал таңдауда әсіресе мына жағдайлар ескеріледі:

1. Грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстарды түсіндіру кезінде бақылау үшін анағұрлым жеңіл, анық материалдар алыну керек. Бұл кезде оқушылардың зейінін ережеден басқаға алаңдататын нәрселер болмағаны жөн. Оқушылар тілдік материалдар бойынша бақылағандарынан дұрыс қорытынды шығара алатындай болсын.

2. Жаттығуға арнап материал таңдағанда тіл дамыту мен жазу жан – жақты ескерілгені жөн және бұрын өтілгендерді қайталап отыру қажет.

3. Жұмыстың әр түлі кезеңдерінде біртектес материалдарды қайталап отыру дұрыс болмайды.

Қай сабақ болмасын балалардың алған білімдері, дағдысы есепке алынып, бағаланады. Бағалау жолдары:

1. Бір сабақтың негізінде бағалау.2. Бірнеше сабақтың негізінде бағалау.3. Бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.

Ұстаз жаттығу жұмыстарын грамматика – стилистикалық бағытта ұйымдастырады. Дайын мәтін ала отырып, оған грамматика – стилистикалық талдау жасауға болады. Оқушылардың назарын сөйлемнің құрылысына аударып, қалай жасалғанын, қандай ерекшелікпен көрінетінін, қандай стильдік қателер барын байқатады.

Грамматикалық тақырыпқа байланысты ережелерді ауызша сұрап білу үшін, әр сыныптың ерекшелігіне қарай тәсілді өзгертіп отырғаны жөн. Оқушыны қалайда сол ережені өзінің түсінігінше айтып беруге дағдыландыру қажет. Оқулықтағы жаттығу материалдарын ауызша талдату жұмысы оқушының ой - өрісін дамытумен қатар, ойын жүйелі айта білуге дағдыландырады.

5.1 Грамматикалық қателер

1. Қазақ тілінде де басқа тілдердегі сияқты айтылуы

35

Page 34: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

мен жазылуы түрліше сөздер бар. Мысалы, жазса-жасса, ашса-ашша, шекара-шегара, т.б. сияқты сөздердің дұрыс жазылуын ажырата алмай, қателер жіберілетіні байқалады. Бұл фонетика заңдылығына байланысты тиянақты білімі жоқ екендігінің белгісі.

2. Грамматикадағы «сөз құрамы» тақырыбы бойынша тілдік ережелер мен қағидаларды тиімді жолдармен тиянақты түсіндірмеу салдарынан туынды түбір, түбір сөздер, қос сөздер, біріккен сөздер, қосымшалар (жұрнақ, жалғау) мен шылауды да ажырата алмағандықтан қателер жібереді. Әдетте мұндай қателерді грамматикалық ережелерді құрғақ жаттап алған, саналы меңгермеген, нақты сөздерге қандай ереже бойынша, қандай қосымша жалғанатынын жете түсінбеген оқушылар жіберіп отырады. Оның себептері бұл грамматикалық ережелерге сәйкес қажетті жаттығулар мен бақылау жұмыстары атүсті жүргізіліп, оларды оқулықтардан құр көшіріп жазғызумен ғана шектелген жағдайда болады. Бала өз бетімен әрекеттеніп, сол материалды саналы меңгеріп қана қоймай, шығармашылықпен пайдалана алған жағдайда ғана бұл кемшілік жойылатыны белгілі.

Оқушылар сөздердің сыртқы үлгілерін ғана көру арқылы қабылдап, емлелік ережелерге бағына жазылатын сөздер арасындағы байланысты (ассоциацияны) тиісті дәрежеде қалыптастыра алмағандықтан осындай қателерге ұрынады.

Мұндай қателерді болдырмау үшін қажетті талаптар қойылады. Олар: біріншіден, жазу таңбаларын есте сақтап, оларды қолдана білу; екіншіден, сөздердің ең кіші бөлшегі (морфема) мен оның мағынасы арасындағы байланыс саналылықпен қабылдануға тиіс, сонда ғана қателіктен арылуға болады.

6. Талдау жұмыстары

Жазба жұмыстарының таѓы бір түріне талдау жұмыстары жатады. Методика тарихында талдау әдісін ғылыми дәрежеге көтерген педагог – К.Д.Ушинский. Көп жылдық тәжірибелеріне сүйене отырып, талдау әдістерінің құндылығы мен тиімділігін дәлелдеді.

36

Page 35: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Талдау әдістерінің материалы- дидактикалық материалдар. Олар: 1) теориялық материалдар, (тақырыптың термині, анықтамасы, ережелері, өзіндік ерекшеліктері); 2) практикалық (сөздер, сөйлемдер, мәтіндер-фразалар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер).

6.1 Талдаудың түрлері

Қазақ тілі бойынша талдаудың мынандай түрлері бар:

1) фонетикалық талдау; 2)лексикалық талдау; 3) морфологиялық талдау; 4) синтаксистік талдау, т.б.

Фонетикалық талдауға келетін болсақ, мазмұнына қарай екіге бөлінеді: 1) дыбыс жүйесі бойынша талдау . Бұған мына тақырыптар кіреді: тіл дыбыстарының жасалуы, дыбыс пен әріп, дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай, иектің қызметіне қарай, тілдің қалпына қарай жіктелуі, үнді, ұяң, қатаң дауыссыз дыбыстар

2) үндестік заңы бойынша талдау. Оған кіретін материалдар: буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ілгерінді, кейінді ықпалдар.

Фонетикалық талдау көлеміне қарай да екіге бөлінеді: 1) толық немесе жалпы талдау. Фонетиканың белгілі әрі күрделі тақырыптарынан соң, яғни бағдарлама материалдарын толық өтіп болғаннан кейін тақырыптарды қайталау кезінде, не оқушылар білімін есепке алу үстінде іске асырылады; 2) Тақырыптық немесе жеке талдау. Бұл талдау жұмыстары жаңа материалдарды түсіндіру мен бекіту, дағдыландыру жұмысы кезінде жүзеге асырылады.

Фонетикалық талдау орындалу тәсіліне қарай да екі топқа жіктеледі: 1) ауызша талдау; 2) жазбаша талдау. Ауызша талдау көбінесе жеңіл материал кезінде сыныпта орындалса, ал жазбаша талдау күрделі, көлемді материалдарды үйде талдауда пайдаланылады. Фонетикалық талдау әдісі мынандай құрылымдық элементтерден тұрады: а) фонетикалық талдау жүргізбес бұрын сөйлем таңдалады, сонан соң сөйлем тақтаға немесе дәптерге жазылады, талданатын сөздің асты сызылады; ә) асты сызылған

37

Page 36: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

сөздерге фонетикалық талдау жасалады (қанша әріп, қанша дыбыс бары анықталады, дауыссыз, дауысты дыбыстар жіктеледі, буынға бөлінеді, буын үндестігі, дыбыс үндестігі анықталады, түбір мен қосымша жігіндегі ілгерінді, кейінді ықпалдар табылады, екпін қойылады).

Қазақ тілі бойынша талдау мынандай орындарда қолданылады:

1) жаңа материалды түсіндіру процесінде; 2) материалды бекіту кезінде; 3) оқушылардың өздік жұмыстарында; 4) үй тапсырмаларын орындауда; 5) оқушылар білімін есепке алуда; 6) түрлі дағдыландыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу үстінде пайдаланылады.

Талдаудың тәсілдері қазақ тілін оқытуда өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытып, сынып оқушыларының білімін бекітіп, ой-өрісін кеңейтеді. Талдауды белсенді жүргізуде карточкалы дәптер бойынша жұмыс істеу тиімді. Карточкалы дәптер оқушыларды ұқыптылыққа баулып, келешекте ғылыми жұмыспен шұғылдануына жол сілтейді. Ана тілінен алған теориялық білімін мысалдар арқылы талдау процесінде нақтылап, өз пікірін дәлелдеуге үйренеді. Бұндай жұмыстар оқушыларды өздік жұмысқа дағдыландырса, екіншіден олардың сөздік қорын молайтып, көру мен есту, есте сақтау қабілетін күшейтеді.

Карточкалы дәптерде талдаудың тәсілі – сатылы басқыштар бойынша талдау. Ол жеңілден ауырға қарай талдау принципі бойынша жүргізіледі. Бұл талдауды зерттеп, айналымға енгізген ғалым Е. Исабаев [5, 112].

Мысалы, 1-карточка Дауысты дыбыстарҒылым таппай, мақтанбағы-лым ы: т.қ.қ.- жуан, ж.қ.қ- қысаң, е.қ.қ.- езулік.2-карточка Дауысты дыбыстарОрын таппай, баптанбаО-рын, тап-пай, бап-тан-бао: т.қ.қ.- жуан, ж.қ.қ.- ашық, е.қ.қ.-еріндік. ы: т.қ.қ.- жуан, ж.қ.қ- қысаң, е.қ.қ.- езулік. а: т.қ.қ.-жуан, ж.қ.қ.- ашық, е.қ.қ.- езулік 3-карточка Дауысты дыбыстар

38

Page 37: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Құмарланып шаттанбаа б а б б б а- буындарҚұ-мар-ла-нып шат-тан-баұ: т.қ.қ.-жуан, ж.қ.қ.- ашық, е.қ.қ.- еріндіка: т.қ.қ.-жуан, ж.қ.қ.- ашық, е.қ.қ.- езулікы: т.қ.қ.- жуан, ж.қ.қ- қысаң, е.қ.қ.- езулік

4-карточка Дауыссыз дыбыстар, дауысты дыбыстар

Ойнап босқа күлуге

Т б б а а а а- буындарОй-нап бос-қа кү-лу-ге[О]- т.қ.қ.- жуан, ж.қ.қ.- ашық, е.қ.қ.- еріндік[Й]- үнді дауыссыз[Н]- үнді дауыссыз[А]- т.қ.қ.- жуан, ж.қ.қ.- ашық, е.қ.қ.- езулік[П]- қатаң дауыссыз

Қазақ тілі бойынша даяр материалды талдау әдісі

Бұл әдіс белгілі бір тақырыпқа таңдалған дидактикалық материалдарды талдау негізінде жүзеге асырылады. Мұндай жаттығулардың мәтіндері оқулықтан, жаттығулар жинағынан және көркем әдебиеттерден алынады. Мұғалім өтілетін материалдың ерекшелігіне қарай күнілгері дайындалады. Дайын материалды талдауда оқушылар жаңа материалды өткен тақырыппен байланыстырады, материалдың өзіндік белгілерін бір-бірімен салыстырып, анализ жасайды.

Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау екіге бөлінеді: ауызша және жазбаша талдау. Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады: а) оқытылып отырылған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс; ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет; б) орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек; в)

39

Page 38: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болғаны дұрыс.

Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мынадай дағдылар қалыптасады: 1)оқушылардың білімі бекітіледі; 2) есту қабілеті дамиды; 3) сенімділік қабілеті нығаяды; 4) байқау қабілеті тұрақталады.

Фонетикалық талдау әдісі. Бұл әдіс қазақ тілінен білім мен дағды беруде жиі қолданылады. Талдау белгілі бір тілдік материалдарды ыдырату деген мағынаны аңғартады. Сондықтан мұны анализ әдісі деп те атайды. Талдау ыдырату және біріктіруден құралады. Талдауды ыдырату деп, ал біріктіруді жинақтау деп қараса болады. Осы екі қасиетті өз ішіне қамтитын талдау – фонетикалық талдау әдісі деп аталады.

Лексикалық талдау. Мектепте оқушының сөздік қоры екі түрлі жағдайда байып, толығып, жетіліп отырады. Мұғалім қазақ тілі сабағында сөздің этимологиясына, оның шығу тегіне, құрамына грамматикалық талдау жасап отырғаны жөн, себебі оқушы үйренетін сөзінің қайдан, қалай шыққанын білуге құмартады. Және ондай сөздер оқушының ойында мәңгі сақталады. Кейбір қос сөздердің бір сыңары түсінікті болса, екіншісін түсіну қиын, себебі сөз мағынасынан айырылған. Мұндай жағдайда мұғалім оқушыларға қос сөздің түсініксіз сыңарын түсіндіріп, талдау жасауы қажет. Мысалы, «Еліміз ұлан-байтақ». «Ұлан» - моңғол сөзі, «көп» деген мағынаны білдіреді.

Қазақ тілі сабақтарында түрлі сөздіктерді пайдалануға үйретіп, сөздердің мәнін ажыратып, мағынасына талдау жасай алуға дағдыландырған жөн.

6.2 Грамматикалық, орфографиялық талдау

Бұл оқушыларды грамматикалық және орфографиялық құбылыстардың ара-қатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге және оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде немесе басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі.

40

Page 39: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі және бұл сөздер бірнеше мәтіндерде қайталанып отырылады, бұл материалды тыңғылықты игеруге септігін тигізеді. Жаттығулардың ішінде әсіресе сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің орфограммасын есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі. Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында кеспемен (карточкамен) жұмыс жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы кеспені алдын-ала дайындап, сонымен жұмыс жүргізу барысында белгілі ережелерді дәлелдеуге, анықтауға үйренеді.

Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі– оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі.

Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы ең әуелі оның түрлі мақсатын айқындап алады. Оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі.

Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы жеке оқушылардың жаттығу жұмыстарын жан-жақты тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыру оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу әдісі арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады.

Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Кеңейтілген түсіндірілмелі жаттығулар мазмұнына қарай ірі тақырыптар және жеке тақырыптар бойынша орындау болып екіге бөлінеді. Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау да екіге бөлінеді: ауызша және жазбаша талдау.

Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады: а) оқытылып отырған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс; ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам

41

Page 40: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

болуы қажет; б)орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек; в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болуы абзал.

Бұндай жаттығулары төмендегідей жүйе бойынша жүргізуге болады. Алдымен, оқушылардың ойын бағыттау үшін тыңдап отыруын талап ету қажет. Дәптерге ештеңе жаздырылмайды. Өтілген тақырыпқа сай, жаттығулардың шартын ауызша әңгімелейді. Мәселен, мәтінді түгел оқып шығыңдар, еріндік пен езуліктерге назар аударыңдар, мәтіндегі объектілерді ауызша атаңдар, осыған ұқсас мысалдар келтіріңдер, тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін саралап түсіндіріңдер, анықтамасын айтыңдар.

Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мына сияқты дағдылар дамиды:

1) оқушылардың білімі бекітіледі;2) есту қабілеті қалыптасады;3) сенімділік қабілеті нығаяды;4) байқау қабілеті дамиды.

Ауызша және жазбаша өтілетін талдаулар жүргізу орнына қарай тақтада және орнында отырып орындау болып екіге бөлінеді. Тақтада орындау үшін сынып тақтасы мен жылжымалы тақта пайдалынады. Тақтада тақырыптың неғұрлым қиын және күрделі түрлері орындалады.

Бұл сияқты талдаулар төмендегі тәртіппен өткізіледі:жаттығудың нөмірі жазылады, орындалу үлгісі көрсетіледі, объектінің өзіндік белгілері бойынша қалай сұрыпталатыны, жазылу емлесіне байланысты заңдар қалай дәлелденетіні түсіндіріледі. Ал орнында отырып орындалатын жаттығулардың шартын дауыстап оқып, дәлелдеп түсіндіреді. Оқулық бойынша ауызша талдау, көбінесе күрделі мақсатты объектілерді түсіндіру үшін жүргізіледі. Оқулықтағы материал бірер оқушыға дауыстап оқытылады. Оқулықтың беті, параграфтың, жаттығудың беті мен нөмірі тақтаға жазылады. Бір оқушыны тақтаға шығарып, жаттығудың шартын орындатады, бірер үлгісін мұғалім өзі жазып көрсетеді, қалғанын сыныпқа сұрақ қоя отырып, үлгісін тақтаға жаздырады.

Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай

42

Page 41: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

тілдік материалдармен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік, т.б. болып бөлінеді.

6.3 Морфологиялық талдау әдісі

Бұл әдіс орта мектептердің 4-9 сыныптарында жиі қолданылады. Өйткені бұл сыныптарда морфологиялық материалдар өтіледі. Соған байланысты морфологиялық талдау әдісі материалдарды бекіту, жаттығу және пысықтау кезінде жиі қолданылады.

Морфологиялық талдау екі топқа бөлінеді:1) сөз құрамдары бойынша талдау; 2) сөз таптары бойынша талдау.

Сөз құрамы бойынша талдауға мына тақырыптар енеді: түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымша (жұрнақ, жалғау), туынды сөз, түбірлі сөз, жалаң сөз, күрделі сөз, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз.

Сөз таптары бойынша талдауға мына тақырыптар енеді: зат есім, сын есім , сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер. Бұл талдаулар ауызша, жазбаша талдау тәсілімен орындалады, орындау орнына қарай сыныпта және үйде жүргізіледі.

Сөз құрамы бойынша талдаудың үлгісі Мысалы, Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім. Жас- зат есім, құрамына қарай-дара, тұлғасына

қарай- негізгі, мағынасына қарай- жалпы ым- тәуелдіктің 1- жағының жалғауыда- жатыс септігінің жалғауы, т.б.

Сөз таптары бойынша талдаудың үлгісіЖасымда ғылым бар деп ескермедім. Пайдасын

көре тұра тексермедім.Жасымда- зат есімҒылым- зат есімБар-модуль сөзДеп- көмекші етістікЕскермедім- етістік

43

Page 42: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Морфологиялық талдау әдісін схемалар , карточкалар бойынша іске асыруға да болады.

6.4 Синтаксистік талдау

Белгілі бір тілдік материалдың ішкі құрамын (заңдылығын) танытатын білім берудің құралдарын талдау әдісі деп атайды. Талдауды методикалық әдебиеттерде анализ деп те жүргізіледі. «Анализ» сөзінің қазақша баламасы – талдау. Ой қорытындысын хабарлауда талдау-түйіндеу де үлкен қызмет атқарады. Талдау- түйіндеуге тілдік материалдардың анықтамалары мен ережелері жатады. Талдау-түйіндеу әдісін жіктеуге өлшем етіп алуға болады. Соған байланысты талдаудың мынандай түрлері қарастырылады:

1.Түсіндірмелі талдау.2.Анықтауыштық талдау.Түсіндірмелі талдауларға: лексикалық талдау,

фонетикалық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау әдістері жатады. Синтаксистік талдау әдісі де теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістеріне кіреді. Бұл көбінесе қазақ тілінің синтаксис саласын өтумен байланысты қаралады. Мектепте аса көп жүргізілетін әдіс- осы синтаксистік талдау әдісі.

Синтаксистік талдау жаңа материалды түсіндіру кезінде, біріккен сабақ тұсында, бекіту, қайталау процесінде және тексеру сабақтарында жүргізіледі. Ол өзінің мазмұнына қарай екіге бөлінеді:

1. Жай сөйлем бойынша талдау Жай сөйлем мағынасына қарай хабарлы, сұраулы,

бұйрықты, лепті сөйлем болып келетіндігі талданады. Жай сөйлем құрамындағы сөз тіркесінің есімді, етістікті сөз тіркесі және олардың күрделі сөз бен тұрақты сөз тіркесінен құралатындығы, сөздердің байланысу тәсілдері (қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу) ескеріледі.Сөйлемнің ішінде бірыңғай мүшелердің болатындығы да ескеріледі. Жай сөйлемнің жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, толымды, толымсыз түрлері, оқшау сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөздер де ескеріледі.

44

Page 43: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

2. Құрмалас сөйлем бойынша талдауСөйлем бойынша талдау жүргізгенде, салалас

құрмалас сөйлемге байланысты талдау оның мағыналық қатысына қарай ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі, себеп-салдар, талғаулы, кезектес сөйлемдер екені анықталып, оның байланысының жалғаулықты, жалғаулықсыздықтығы анықталады. Және тыныс белгілерінің қойылу себептері дәлелденеді.

Сабақтас құрмалас сөйлемдер мағынасына қарай: шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп , мезгіл, қимыл-сын, мақсат бағыныңқылыға жіктеліп, олардың тыныс белгілері дәлелденеді. Жарыспалы-сатылы екендігі анықталады.

Аралас құрмалас сөйлем жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлері, олардың тыныс белгілері дәлелденіп, құрамаластың басқа түрлерінен айырмашылығы салыстырылады.

Синтаксистік талдау орындалу тәсіліне қарай ауызша, жазбаша, орындалу орнына қарай үйде, сыныпта жүргізіледі. Синтаксистік талдау жүргізілгенде мына тәрізді талаптар қойылады:

1.Таңдалған сөйлемнің, мәтіннің логикасы дұрыс болу қажет;

2.Мәтіндер мен сөйлемдер көркем әдебиеттен алынуы тиіс;

3.Таңдалған материал оқушының біліміне сәйкес болу керек;

4.Талдауға алынған сөйлемде синтаксистік объектілердің мол болуы қажет.

Синтаксистік талдау жүргізгенде схемалар, кестелер, карточкалы дәптерлерді пайдалануға болады. Синтаксистік талдау құрылымдары мынандай элементтерден тұрады:

1.Мәтін, сөйлем таңдалады.2.Мәтін мен сөйлем дауыстап оқылады.3.Мәтін мен сөйлем тақтаға не дәптерге жазылады.4.Талдау жұмысы жүргізіледі: а)жай сөйлемнің

тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері талданады; ә) құрамалас сөйлем компоненттерінің өзіндік ерекшеліктері қарастырылады; б) жай сөйлем мен

45

Page 44: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері дәлелденеді. Мысалы: Бұл сөз Кенжетайға ауырлау тиді, өйткені

ол ауыл жігіті болғанымен қазақша сауатты еді. (С.Мұқанов).

Талдау: Мұнда екі жай сөйлем бар. Біріншісі- бұл сөз Кенжетайға ауырлау тиді. Екіншісі- Өйткені ол ауыл жігіті болғанымен сауатты еді. Себеп-салдар салалас сөйлем, себебі сөйлемнің бірінші компоненті салдар мағынасында, екінші компоненті себеп мағынасын білдіреді. Жалғаулық шылауы- өйткені, себеп мәнді жалғаулық шылау.

Бірінші жай сөйлем мынадай мүшелерден құралған: сөз- бастауыш, зат есімнен жасалған дара бастауыш, не деген сұраққа жауап береді; тиді- баяндауыш, етістіктен жасалған дара баяндауыш, сұрағы-не істеді; бұл- есімдіктен болған анықтауыш; Кенжетайға- барыс септігінде тұрған жанама толықтауыш; ауырлау- сын есімнен болған сын-қимыл пысықтауыш.

Екінші жай сөйлем мынандай мүшелерден құралған: ол- есімдіктен болған дара бастауыш; сауатты еді- сын есім мен көмекші етістіктен болған күрделі баяндауыш; ауыл жігіті- анықтауыш; болғанымен- жанама толықтауыш; қазақша- сын-қимыл пысықтауыш. Бірінші салдар мағыналы сөйлемнен кейін дауыс кідірісі, ал екінші себеп мағыналы сөйлменен кейін дауыс үзілісі болады. Өйткені жалғаулығының алдына, яғни себеп-салдар салалас құрмаластың бірінші сыңарынан кейін үтір қойылады. Себеп-салдар салаластың 1-ші сыңарының да, 2-ші сыңарының да дербес бастауыштары мен баяндауыштары бар.

Ал қазіргі таңдағы синтаксистік талдауды жетілдіру жолдарына келетін болсақ, мынаны көрсетуге болады: оқушылардың ұғымын жеңілдету мақсатында математикалық форма өрнегін пайдалануға болады. Сыныптағы жаттығу жұмысы барысында тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге бұрынғыдай бастауышқа – бір сызық, баяндауышқа- екі сызық демей, сол мүшелердің үстіне Б,б белгісін қоюға болады. Б- бастауыш, б- баяндауыш, А-анықтауыш, Т-толықтауыш, П-пысықтауыш. Осы белгілерді беру арқылы осы

46

Page 45: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

мүшелерді пайдаланып сөйлем құратуға болады. Бұл уақытты үнемдейді және дағды қалыптастырады.

Күн кешкіре бұлыңғырланып тұр еді- жай, жақты, жайылма, толымды сөйлем. Күн бұлыңғырланып тұр еді- күрделі етістікті сөз тіркесі, басыңқы сыңары- бұлыңғырланып тұр еді, байланысу формасы- қиылысу.

Жалпы талдау барысында оқушыларға қойылар талап синтаксистік талдауға жауапкершілікпен қарап, жіліктей жіктеуге дағдыландыру, сонда ғана теориялық білім практикада жүзеге аса алады.

47

Page 46: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Грамматиканың осындай күрделі де қиын, әрі жауапты саласы синтаксисті оқушыларға оқыту негізінен мынандай мақсаттарды көздейді:

1.Оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін, дүние танымын дамыту;

2.Оқушыларға синтаксистен тиянақты да терең, саналы білім беру;

3.Оқушыларды өз түсінігін дұрыс айта, жаза алатындай дағдылар қалыптастыру.

Жаттығуды ауызша талдауда мынадай талаптар қойылады:

а) оқытылып отырған материалдардың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс;

ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет;

б) орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек;

в) жаттықтыратын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болуы абзал.

Тақтадағы берілген түсіндірмелі талдау, яғни кеңейтілген мынадай методикалық жүйемен жүреді: тақтаға өтілетін тақырып жазылады.

Мәселен: жіктеу есімдігін өткенде қазақ тілі материалдарын еске түсіреді. Мұғалім осы есімдікке сай үш сөйлемді талдап, тақтаны үшке бөледі. Содан соң сөйлемдер жазылған карточканы таратып береді.

1-ші оқушы: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген сөйлемді,

2- оқушы: «Адам деп мені, салмадың сен хат маған» (Абай) деген сөйлемді,

3-ші оқушы: «Менің атым Темір. Темір сенбісің?» (Ә.Әбішев) деген сөйлемдер жаздырады.

Басқа оқушылар тақтаға жазылған сөйлемдерді дәптерлеріне көшіріп отырады. Бұдан кейін бірінші оқушы тақтаға жазылған сөйлемін дауыстап оқып, жіберген қателерін түзетеді.

48

Page 47: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Тақтадағы екінші оқушы, үшінші оқушылар қателерін түзетіп, шартына сай объектіні ойлап, түсіндіруге дайындалып тұрады.

Бірінші оқушы өз сөйлемін төмендегіше түсіндіреді: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген сөйлемде, мен жіктеу есімдігі, бірінші жақта тұр, екінші жақта сен, үшінші жақта ол. Осы жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері септеледі:

Атау- мен, сен, олІлік- менің, сенің, оныңБарыс- маған, саған, оғанТабыс- мені, сені, оныЖатыс- менде, сенде, ондаШығыс- менен, сенен, оданКөмектес- менімен, сенімен, оныменСөйтіп жіктеу есімдіктерінің жекеше септелуіне

мына сияқты өзіндік белгілері барлығы байқалады:а) жіктеу есімдігінің түбірі жіңішке болса (мен, сен),

оған жалғанатын қосымша да жіңішке түрінде қосылады.

ә) бұл есімдіктердің түбірі жуан болса (маған, саған), оған қосылатын қосымша да жуан күйінде жалғанады.

б) ілік, барыс, жатыс және шығыс септіктерінде н дыбысы түсіп қалады;

в) атау , жатыс, көмектес септіктерінде түбір әр уақыт сақталады;

г) барыс септігінде түбір де, қосымша да өзгеріп (менге, сенге, олға емес) маған, саған, оған болып келеді.

ғ) көмектес септікте түбір мен қосымшаның аралығындағы ы, і дыбыстары қоланылады.

Қазақ тілі бойынша дайын материалдарды талдау тәсілдерінің тағы бір түрі- схемалар мен кестелер бойынша талдау.

1) Буын үндестігі мен дыбыс үндестігі бойынша өзгерген буын мен дыбысты жақшаға алып, дұрыс жазу.

49

Page 48: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

2) Сөзді дұрыс жазып, өзгерген буынмен дыбысты үстіне көрсетіп жазу:

Буын үндестігі мен дыбыс үндестігі

Дүйсен-бек, жұмыс-шыДүйсен-м-бек, жұмыс-ш-шы

3) Кестедегі буын үндестігі мен дыбыс үндестігін ауызша талдау жасау:

Дыбыстар Буын үндестігі мен дыбыс үндестігі.Жуан- жіңішке, үнді-үнді, ұяң-ұяң, қатаң-қатаң, үнді- ұяң

Сөздер Ілгерінді ықпал Кейінді ықпалБы-лай жазыла-ды

Бы-лай айтыла-ды

Былай жазылады

Былай айтылады

Колхозшы-лар

Колхоз-шылар

Колхош-шылар

ШашсаСағынтай

Шаш-са Шаш-ша Сағын-тай Сағым-тай

Фонетикалық талдауды жүргізу методикасына тоқталсақ:

Ең алдымен таңдалған мәтінді не сөйлемді тақтаға немесе дәптерге жазар алдында оқушылар дауыстап оқып шығады.

Мысал: 1. Жасқа ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың (С.Бақбергенов) 2. Көптің мақұлдауынсыз колхоз қаражатын ешкім де жұмсай алмайды (Ә.Сланов).

Бірінші сөйлемдегі сөздер буынға бөлінеді:Жас-қа ұс-таз-дық ет-сең, бо-ла-шақ-тан ті-рек та-

ба-сыңОсы сөйлемнің ішінен жасқа, болашақтан деген

сөздер таңдалады, олардың асты сызылады да, тақтаның сол жағына жазылады. Жасқа- 2 буынды, 5 әріпті, 5 дыбысты сөз. Ал болашақтан 4 буынды, 10

50

Page 49: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

дыбысты, 10 әріпті сөз. Бұл сөздердегі дыбыс пен әріптер талданады. Ж- дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс; а- дауысты дыбыс, еріннің қатысына қарай езулік дыбыс, иектің қызметіне қарай ашық дыбыс, тілдің қызметіне қарай жуан дыбыс; с- дауыссыз, қатаң; қ- дауыссыз қатаң дыбыс; б- дауыссыз, ұяң дыбыс; о- дауысты, ерін қатысына қарай еріндік, иектің қызметіне қарай ашық дауысты, тілдің қалпына қарай жуан дауысты дыбыс; л- дауыссыз, үнді дыбыс; ш- дауыссыз, қатаң; т- қатаң дауыссыз дыбыс; н- үнді дауыссыз дыбыс.

Сондай-ақ жасқа дегенде жас- бітеу буын, қа- ашық буын. Бітеу буын 3 дыбыстан, ал ашық буын 2 дыбыстан құралған. Болашақтан дегенде: бо- ашық буын, 2 дыбысты; ла-ашық буын, 2 дыбысты; шаќ- бітеу буын, 3 дыбысты; тан- 3 дыбысты бітеу буын; Жасқа дегенде- екпін қа бынуына түседі, сөздің соңында тұрады; болашақ-тан дегенде екпін тан буынында болады.

Сонымен бірге, жасқа, болашақтан деген сөздерде буын және дыбыс үндестігі бар. Түбір сөз және соңғы буын жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар жуан түрде қосылады. Жас-қа, болашақ-тан. Бұл сөздерде ілгерінді ықпал үндестігі кездеседі. Яғни түбі мен қосымша аралығындаѓы үндестік. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болғандықтан, оларға қатаңнан басталған қосымшалар жалғанып тұр. Сөздер дыбысқа, буынға және буын үндестігіне талданатындығы қорытылады.

Тілдік материалды оқушыларға ғылыми негізде меңгертудің бір жолы- сатылай комплексті талдау. Талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен әдеби тіл нормасын үйретіп, сауатты сөйлеу, жазу дағдысын қалыптастыру, тілден алған білімдерн басқа ғылым салаларын меңгеруге құрал етіп, білім беру үстінде пән мен пәнді байласныстыра меңгеріп, өз беттерінше іздеп біліп, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулиды. Өтілген тілдік материалды оқушылардың түсінігіне балап, одан сапалы және терењ білім алу үшін және өтілген материалды тиянақты меңгеріп, оның ғылыми-практикалық негізін дұрыс түсіну үшін де сатылай комплексті талдаудың маңызы зор.

Аталмыш іс талдау барысында ерекше

51

Page 50: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

ұқыптылыққа, мақсатты түрде ізденушілікке, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландырады.

Сатылы комплексті талдауды жүргізуде басшылыққа тілдік материалды белгілі бір жүйемен орналастыратын сызба басшылыққа алынып, тілдің әрбір саласы оқулықта болсын, ғылыми еңбекте болсын белгілі бір жүйемен беріледі. Сызба осы жүйені негізге ала отырып, сатылай жасалған оқулықта берілген материалдар оңайдан қиынға, жеңілден ауырға деген оқыту принципіне негізделсе, сызба да осы принципті басшылыққа алады. Тілдің әрбір саласын меңгертуде сатылай комплексті талдау негізге алынып отырады.

Тіл білімі салаларын сатылай, комплексті талдаудың жүйесі

І Синтаксистік талдау: объектісі- сөйлем, сөз тіркесіА) айтылу мақсатыә)құрылысыб) сөйлем мүшесів) сөз тіркесіг) сөздердің байланысу тәсіліғ) сөздердің байланысу түрлері

ІІ Сөзжасамдық (сөздердің жасалу жолдары) талдау: объектісі- сөз.

а) сөз құралыә) сөздердің лексика-грамматикалық мағынасы

ІІІ Морфологиялық талдау: объектісі- сөза) сөз таптарыә) қосымша, олардың грамматикалық мағыналары.

IV Лексикалық талдау: объектісі- сөз.а) сөздердің әр алуын мағынасы.

V Фонетикалық талдау: объектісі - сөз, дыбыс

Бұл сызба бір сөйлемге толық синтаксистік талдау, одан соң сөзжасам, морфологиялық болып, рет-ретімен талданып отырады. Тіл білімі салаларына байланысты

52

Page 51: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

сатылы, комплексті талдау кезең-кезеңмен беріліп отыратындықтан, ең алдымен фонетикалық талдауға тоқтау жөн.

Сөз

1. Жуан, жіңішке, аралас буынды сөз2. буын, оның т.үріа) ашық буын (а.б)ә) тұйық буын (т.б.)б) бітеу буын (б.б)3. тасымал4. екпін5.буын6. дыбыс үндестігіа) ілгерінді ықпалә) кейінді ықпалб) тоғыспалы ықпал

Сатылы комплексті талдау грамматикалық материалды терең меңгерумен қатар тартымды сөйлеуге, сөйлеудің мазмұнды болуына, сөйлеудің техникасына, сөйлеудегі сөз байлығы мен көркемдегіш ќ±ралдарына, сөйлеген сөздің әсерлілігіне, мәдениеттілігіне баса назар аударуға үйретеді. Төменде фонетикалық талдаудың толық түрі, ықшамдалған түрі, дыбыстарды математикалық тәсілмен талдау, дыбыстық мінездеме берудің үлгілері рет-ретімен берілуі керек.

Ана

1. Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз. Сөздер құрамындағы дауысты дыбыстар а,а- жуан дауыстылар

2. Бұл сөз а-на болып екі буынға бөлінген. Сөз құрамында 2 дауысты дыбыс бар. А буыны да, -на буыны да- ашық буын (а.б). себебі, а буыны жалғыз дауысты дыбыстан тұр, -на буыны дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбыспен аяқталып тұр.

3. Сөз 2 буыннан тұрғанмен тасымалданбайды,

53

Page 52: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

өйткені жалғыз дауысты дыбысты жолдың екінші жағына қалдырып кетуге болмайды.

4. Сөзде екпін - на буынындағы а дыбысына түседі.5. Сөзде буын үндестігі жоқ, себебі түбір сөз.6. Сөзде дыбыс үндестігі де жоқ, өйткені

қосымшасыз түбір сөз.Өмір тіршілігінде кездесетін заттар мен құбылыстар

адам баласына сөз арқылы танылатыны белгілі. Сөз адам баласы ұғымдарының қағаз бетіне түсірілген белгісі екенін түсіндіру қажет. Біріншіден, лексика тілдегі сөз атаулының олардың мағыналарын тексеретін бөлім екендігі түсіндіріледі.Лексика сөздердің алуан түрлі мағыналарын қарастырады, сондықтан лексикада берілген сөздің тура және ауыспалы мағыналарын, көп мағыналы сөздерді, омоним, синоним, антонимдерді кейбір грамматикалық категориялар сияқты жеке күйінде өтуге болмайды. Себебі, сөздердің мағыналары үнемі сөйлем ішінде, тексте сараланып, танылады. Яғни, оқушылардың әдеби тілдің нормасында жатық, көркем сөйлеулеріне лексика бөлімінде дұрыс бағыт беруге көңіл бөлінеді. Сөздер қашан да белгілі бір мағынаға ие болады.

Мысалы: қала, бала, он, жақсы, оқы, мен, жоғары т.б. Сөздердің ешбір сөзбен қарым-қатынасқа түспей тұрған мағыналарын сөздердің бастапқы негізгі мағынасы немесе тура мағынасы деп аталатыны түсіндіріледі.

Оқушының ұғымына қонымды түрде жаттығу жұмысы үстінде синоним сөздердің тіркесі жөнінде мағлұмат берудің артықшылығы жоқ. Мысалы: түр, түс, ажар сөздері белгілі бір заттың көрінісін білдіретін синоним сөздер екені айтылады. Мұнан соң оқушыларға: «Осы сөздердің мағыналарын тағы қандай сөздермен алмастырып айтуға болады?» деген сұрақ қойып, өздеріне синоним сөздер тапқызу керек. Демек, түр, түс, ажар сөздерінің мағынасына жуық көрік, келбет, пішін, рең деген сөздер айтылып, оларды мағынасы мен тұлғалары тіркес сөздер құрамында салыстыра түсіндіріледі. Мысалы:

көркі

54

Page 53: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

ажары Адамның келбеті пішіні реңі

түріт‰сі

Малдың түсі Гүлдің түсі Көрік, ажар, келбет, пішін, рең сөздері кез келген

сөздермен тіркесе (үйлесе) бермейді, тек адамға байланысты сөздермен ғана тіркесетіні аңғарылады. Түс, түр сөздері адамға байланысты айтылмайды, адамдық ұғымнан басқа сөздермен тіркеседі.

Мысалы, малдың түсі, сиырдың түрі, гүлдің түсі, гүлдің түрі т.б.

Сөздердің мағыналық ерекшеліктерін меңгерткен соң, алған білімдерін жинақтау үшін, оқушыларға шығармашылық жұмыс істеуге болады. Сөздер мен сөз тіркестерінің тізімін беріп, оларды мағыналары жағынан топтастырып, графа толтыруға болады.

Адамның көзі. Қол. Оттың қызуы. Ақ, әдемі. Қолды болды. Қара. Малдың көзі. Жаз. Қызу еңбек . Қайнаған су. Таза бұлақ. Иненің көзі. Шыны. Таза жүрек . Сұлу. Тамаша. Бас. Бос сөз.

Тура мағынасы

Ауыспалы мағынасы

Көп маѓына-лығы

омоним синоним

антоним

Адамның көзі

Көзі ашық (оқыған адам)

Мал-дың көзіБұлақ-тың көзі

4. Жалпы қорытындылай келсек, қазақ тіліндегі фонетика мен лексиканы оқыту, талдауда бірнеше єдістер ќолданылады. Б±л єдістер бірнеше т‰рге жіктеледі.

55

Page 54: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Т‰сіндірмелі талдаулар:1) лексикалыќ талдау єдісі2) фонетикалыќ талдау єдісі3) морфологиялыќ талдау єдісі4) синтаксистік талдау єдісі

Аныќтауыштыќ талдаулар:1) орфографиялыќ талдау єдісі2) пунктуациялыќ талдау єдісі3) орфоэпиялыќ талдау єдісі4) стилистикалыќ талдау єдісі

Талдау єдістерініњ формасы – сабаќ т‰рлеріТалдау єдістері арќылы білімді мењгерту, практикалыќ

даѓдыны ќалыптастыру ќажет.Талдау єдістерініњ материалдары – дидактикалыќ материалдар. Олар екі топќа жіктеледі:

1) теориялыќ материалдар: таќырыптыњ термині, аныќтамасы, ережелері, µзіндік ерекшеліктері

2) практикалыќ материалдар: сµздер, сµйлемдер, мєтіндер, фразалар, наќыл сµздер.

Әрбір пәнді оқытуда белгілі әдіс-тәсілдер қолдану көзделеді. Мәселен, қазақ тілі пәні бар, осы пәнді тиімді, ұтымды өткізудің әдісі бар. Яғни, қазақ тілі оқытудың ғылыми пән екендігінің дәлелі.

Методика - метод, гр metjdos деген сөзінен шыққан, қазақша зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді.

Қазақ тілінің методикасы- ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.

Ана тілін ұғыну заңдылықтарын тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан келіп шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды. Білім беру жолдары мен құралдарына:

1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал;

2) оқу жұмысын ұйымдастыру;3) оны үйретуәдістері жатады.

56

Page 55: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Қазақ тілінің білім беру әдістері сан алуан. Осы әдістерді методикада жіктеп көрсетудің маңызы зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді.

Білім беру әдістерін талдап қолдану, оны қай уақытта іске асыру және білім беру әдістерін қай материалға байланысты сұрыптау алу- методиканың қиын әрі күрделі мәселелері. Сондықтан да оқушыларға ұсынылатын тілдік материалдың көлемін талдау аса қажет. Оқушыларға берілетін білімнің көлемін сұрыптап алу білім беру әдістерінің іске асырылуын жеңілдетеді. Білім беру әдістерін іске асыруда оларды топтастыру, жіктеу ең қажетті мәселе болып табылады. Оқушыларды тілді практикалық-теориялық және теориялық практикалық жағынан меңгереді. Қазақ тілі білім беру әдістерін топтастыру методиканың соңғы жетістіктеріне негізделеді.

Қазақ тілі білім беру әдістерін оқушылардың білім алу көздеріне негіздей отырып, оларды төмендегіше жіктеуге болады:

а) Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері. Бұл әдістер құрамына мыналар кіреді: тілді әдебиет материалмен байланыстырып өту әдісі, түсініксіз сөздерді үйрету әдісі, диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдісі, ауызша түсіндіру әдісі, ауызша мазмұндау әдісі және мәнерлеп оқу әдісі.

ә) қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері. Бұған мына әдістер кіреді: әңгіме әдісі, түсіндіру әдісі, тәжірибе әдісі және кітапты пайдалану әдісі.

б) Қазақ тілін теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері. Олар мыналар: дайын материалды талдау әдісі, фонетикалық талдау әдісі, морфологилық талдау әдісі, синтаксистік талдау әдісі, тілдік материалдың түрін өзгерту әдісі, тілдік тапсырмалары бар мазмұндау әдісі, қазақ тілі бойынша сөйлем құрату әдісі, тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру әдісі, орфографиялық талдау әдісі, жазу әдісі және диктант жазу әдістері.

57

Page 56: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Қазақ тілінің теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері дыбыс заңдылықтарының өзіндік белгілерін практикалық дағдылар арқылы меңгертуде үлкен қызмет атқарады. Дыбыс пен әріптің, буын мен сөздің, сөз бен сөйлемнің ара қатынасын мысалдармен дәлелдеуге бұл әдістің пайдасы мол. Жаттығу жұмыстары қазақ тілі материалдарына орай берілген теориялық білімді бекітуде, дұрыс жазу емлесі мен дұрыс сөйлеу нормасын қалыптастыруда және оқушылардың тілін ұстарту, сөйлеу тілін дамыту дағдыларын жүзеге асыруда аса зор септігін тигізеді. Бұл әдіс қазақ тілі материалдарының бір-бірінен айырмашылығы, бірімен-бірінің байланысын, жасалу жолдарын, өзіндік ішкі белгілерін, анықтамасы мен ережелерін қайталап, пысықтап бекіту үшін де қолданылады.

Қазақ тілін теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері тақырыптың көлеміне қарай кейде жеңілден ауырға қарай, кейде ауырдан жеңілге қарай жүргізіледі. Жаттығу әрбір тақырыптың өзіндік ерекшелігіне, шарты мен мақсатына, түрі мен жүйесіне қарай жүзеге асады. Сондықтан әрбір тақырыпқа байланысты ең кемінде 5-тен 25-ке дейін дағды түрлері орындалады. Бұл оқушыларға берілген теориялық біліммен үйлестіріле отырып орындалады.

Мысалға 5-сынап оқулығындағы жаттығулар мен сұрау-тапсырмалардың бәрі де тілдік құбылысты жан-жақты және оны тілдің басқа салаларымен сабақтастыра танытуды көздейді.

Тіл білімінің лексикадан басталуына оқушы назарын аударудың барлық тәсілдері мақсатты түрде қамтылуы өте орынды. Оның ең басты мақсаты- лексиканың сөз туралы терең білім беретін сала екендігін саналы түрде ұқтыру. Егер сөз тілдің мәйегі болса, сөздің басты белгісі-оның белгілі бір мағына білдіруі. Сондықтан да ол сол мағынаны зерттейтін сала болғандықтан, грамматикалық ұғымдар жүйесі лексикадан басталады.

Лексиканың зерттейтін объектісі үлкен екі саланы біріктіреді. Бірі- сөздің мағыналық жағы, екіншісі- тіл байлығы. Сондықтан бұл екеуін тұтастыққа таныту оқушының оны толық меңгеруіне негіз болады.

58

Page 57: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Лексикадан кейінгі сала- фонетика. Егер құрамы жағынан келсек, онда тіл туралы білім сөздің ең кіші бөлшегі тіл дыбыстарынан басталуы орынды сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ, дыбыс- сөздің материалы, ал себебін қайталаса, сөз болу үшін оның негізгі белгісі білдіретін мағынасына байлаулы. Бірақ ол ұғым дыбыстың сөз мағынасымен қарым-қатынасын жоққа шығармайды.

Лексика туралы жалпы түсінікті өткенде, тіліміздегі сөздердің бір күн, бір жыл немесе он жыл ғана өмір сүріп қоймайтындығын, бірнеше мыңдаған жылдар бойы өмір сүретіндігін, қолдану барысында тіл өңделіп, жетіліп, кейде жойылып, кейде түрлі өзгеріске түсіп отыратындығын, бірақ бұл құбылыс өте баяу жүретіндігіне мысалдар арқылы көз жеткізген дұрыс.

Мысал ретінде кестені қолдануға мүмкіндік туады: сөз мағыналарының өзгеруі

Реті түрлері мысалдар1. Сөздің мағынасын да,

дыбысталуы да толық сақталған түрі

ата, ана, ақ, қара, кел, бар, күн, адам...

2. Мағынасы сақталған да, сыртқы дыбысталуы өзгеріске ұшыраған

йер (жер), иасыл (жасыл), көкбөрі (көкпар), товар (тауар), сұғ (су)...

3. Дыбысталуы сақталған да, жеке өзіндік мағынасы жойылған.

Асты, үсті, екен, еді, соң, -ау, -мыс, бері...

Бірақ та кестедегі сан реті екінші қатардағы мысалдарды оқушыларға түсіндіріп, оларға ол жөнінде мәлімет беруге ғана болады, бірақ дәл осындай мысалдар теріп жазыңдар немесе біліп келіңдер деп тапсырма беруге болмайды. Себебі, товар деген сөздің орыс сөзі емес, көне түркі тілінде бар сөз екенін, оның орыс тілінде қолданылатындығын мұғалім ғана білуге тиіс екенін, оқушының білмеуі заңды екенін ескеру керек және осындай сөздерді өзің біліп кел деп тапсыру сыйымсыз.

59

Page 58: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Кестедегі рет саны бірінші қатардағы мысалдарды тіліміздің сөздік қорын құрайтын сөздер бойынша толықтыруға болады. Ал рет саны үшінші қатардағы сөздерге тіліміздегі көмекші сөздер – көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар жататындығын ажырата алса және өздері мысал келтіре алуы қажет.

Лексикаға қатысты жаттығулардың бірінде әр сөздің грамматикалық белгілерін –қай сөз табы, қандай сөйлем мүшесі, қандай формада тұрғанын дәлелдеңдер деген тапсырма лексикаға қатысты болмаса да, оқушылардың 4- сыныпта өткендерін жаттығу жұмысы арқылы қайталау және сөздегі лексикалық мағына мен грамматикалық мағыналардың бір еместігі, грамматикалық мағынасы грамматикалық форма беретіндігіне жүретін тапсырма деп түсінуі дұрыс.

Лексиканың зерттейтін объектісі үлкен екі саланы біріктіреді. Бірі- сөздің мағыналық жағы, екіншісі- тіл байлығы. Сондықтан бұл екеуін тұтастықта таныту оқушының оны толық меңгеруіне негіз болады. Лексика туралы осындай мағлұмат берілгеннен кейін оқылатын сала –фонетика.

2.1. Лексика мен фонетика салаларының жаңа білім мазмұнын анықтауда төмендегідей танымдық-практикалық бағыттар мен міндеттер басшылыққа алынады.

1. Танымдық бағыт бойынша

1. Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру. Мұнда лексика, фонетика тақырыптары тілдің қарым-қатынас құралы, ұлттық мәдени мұра, қоғаммен бірге дамушы құбылыс екендігін танытуға бағытталады. Пәндік байланыс негізінде тілді жүйелі, тұтас ғылым ретінде түсіндіреді. Пәнаралық байланысқа ерекше көңіл бөлу арқылы ана тілінің өмірдегі мәні ұғындырылып, тілді сүюге және құрметтеуге үйретеді.

2. Оқушыларға қазақ тілінің жүйесі туралы теориялық білім беру. Мұнда әр саланың тіл құрылымындағы орны, рөлі туралы түсінік және тілдік салаларды өзара байланыстыру арқылы оқушылардың

60

Page 59: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

тілдік компоненттілігі қалыптастырылады; лексикалық және фонетикалық машық, дағдылар қамтамасыз етіледі.

3. Оқыту арқылы оқушыға эстетикалық тәрбие беру. Ол адамдармен қарым-қатынас жасаудың әдебін үйретуден бастап, тілдегі тазалықты, сұлулықты танытуға, тілдік нормаларды меңгертуге, тіл мәдениетін игертуге бағытталады.

2. Практикалық бағыт бойынша

1. Лексикалық, фонетикалық машықтар мен дағдыларды қалыптастыру. Мұнда сөз мағыналарын дұрыс ажырата білу, сөздерді эмоциялық, стильдік реңіктеріне қарай қолданып, ситуацияға сай іріктеп алу, көркем әрі әуезді сөйлеу дағдыларын қамтамасыз ету мәселелері іске асады.

2. Әдеби тіл нормасын игерту. Тілдің фонетикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын меңгертуде сөздердің лексикалық мағыналарына бағындыра отырып игерту көзделеді.

3. Оқушылардың тілін ұстарту. Сөйлеудің диалогтік, монологтік түрлерін, олардың өзіндік ерекшеліктері мен байланыстарын түсіндіру арқылы оқушының коммуникативтік дағдыларын жетілдіру мақсат етіледі.

4. Лексикалық және фонетикалық білімді оқушылардың логикалық ойлауын дамытумен ұштастыру. Тіл мен сананың, сөйлеу мен ойлаудың бірлігіне негізделген философиялық тұжырымдарды басшылыққа алып, сөздерді түріне, тегіне қарай жіктеп, саралауға үйрету, үндестік заңына сәйкес қолдануға дағдыландыру.

Осындай бағыттарды ала отырып, лексиканы, фонетиканы оқутуда төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:

- сөз мағыналары, тіл дыбыстары туралы бастауыш сыныптарда алған түсініктерін ғылыми тұрғыда жүйелеп, қазақ тілінің лексика, фонетика салалары жөнінде теориялық білім беру;

- сөздік қор, сөздік құрам тілдің сөз байлығы, сөздердің мағыналық топтары, олардың ішкі

61

Page 60: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

ерекшеліктері туралы нақты ұғымдар қалыптастырып, сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіру;

- тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің ой дәлдігін берудегі көріктеуіш тәсілдерін таныту арқылы сөзді талғап, саралап қолдануға машықтандыру;

- лексикалық және фонетикалық білімді тілдің қоғамдық сипаты мен танымдық рөлін игертуге қарай бағыттау, коммуникативтік дағды қалыптастырудың базасы ретінде пайдалану;

- сөздердің стильдік реңіктерін таныту арқылы тіл мәдениетін меңгертуде этнолингвистиканы кең қамтып, оқушылардың ұлттық мәдениет, өнер туралы дүниетанымын кеңейту;

- лексиканы, фонетиканы оқыту үстінде оқушыны сауатты жазып, әдеби тіл нормаларына сай сөйлеуге үйрету;

- қазақ тілінің үндестік заңы, оның халықтық сипатын танытатын ең басты ерекшелігі екенін дәйектеу;

- сөздердің орфографиялық және орфоэпиялық нормаларға сай қолдану дағдыларын дамыту.

Қазақ тілі лексикасы мен фонетикасын оқытуда оқушының дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптары:

5 сыныпта қазақ тілінің 2 үлкен саласы оқытылады. Олардың бірі - тілдің негізгі ұйтқысы, ең мәнді бірлігі болып саналатын сөздің мағынасын зерттейтін лексика да, екіншісі- сол сөздің материалы, дыбыстың жамылғысы, тіл дыбыстарын қарастыратын фонетика. Одан кейін сөзжасам мәселелері бойынша практикалық бағыттағы мәліметтер ұсынылады.

Сондықтан осы негізгі екі сала бойынша ұсынылатын білім көлеміне қарай оқушы игеруге тиісті білім көлемі екі деңгейде белгіленеді:

1. Оқушылардың осы сала бойынша міндетті деңгейдегі білім дәрежесінің ең төменгі әрі қажетті мөлшері нақтыланады.

2. Оқушылардың осы игерген білімінен жоғары тұрған мүмкіндік деңгейдегі білім-білік дәрежелері қамтылады. Ескертетін жайт, мүмкіндік деңгейдің жоғары шегін анықтау қазірше мүмкін емес, ол

62

Page 61: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

оқушының қабілет-қарымы мен мұғалімнің сол қабілетті қалай дамытуына және шығармашылық еңбегіне байланысты.

Лексика бойынша міндетті деңгей көлемі мынадай болып бөлінеді:

- лексика тіл білімі саласының бірі екендігін тану, оның зерттейтін объектісін білу;

- лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, қолдана білу;

- сөздердің лексикалық мағынасын айыра білу;- сөздерді мағыналық топтарына қарай жіктей алу;- омонимдер мен көп мағыналы сөздерді бір-бірінен

ажырата алу, оларды сөйлеу тілінде дұрыс қолдану;-синонимдік қатардан контекске сай сөздерді

іріктей алу;-антонимдерді ойды әсерлі, көркем етіп жеткізудің

құралы ретінде пайдалана алу;- тұрақты тіркестер мен мәтелдерді ажырату;- қазақ тілінің сөз байлығын, сөздік құрам

тармақтарын дұрыс түсіну, оларға тән сөздерді жіктей алу;

- диалогты сөздерді тани білу, олардың тіл мәдениетімен қарым-қатынасын түсіне алу;

- архаизм мен тарихи сөздерді бір-бірінен ажырата білу;

-термин сөздердің ғылым салаларымен байланысын білу және оларды орынды қолдана алу;

- кәсіби сөздердің терминнен өзгешелігін білу;- неологизм сөздердің мағынасын түсініп, сөйлеу

тілінде дұрыс айту және сауатты жаза білу;- неологизм сөздердің тілдің дамуымен байланысты

пайда болатындығын түсіну;- жалпылама қолданылатын сөздердің өзіндік

ерекшеліктері мен мәнін білу.

Фонетика бойынша міндетті деңгейде игерілуі тиіс білім-біліктер мынадай:

- фонетиканың тіл дыбыстарын зерттейтін сала екенін білу;

63

Page 62: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

- фонетикалық терминдерді дұрыс ажырата алу және орынды қолдана білу;

- дыбыс пен әріптің бірлігі мен айырмашылық арақатынасын білу;

- сөз құрамындағы дыбыстардың дауысты, дауыссыз түрлерін ажырату;

- сингармониз (ілгерінді, кейінді ықпалдар) туралы білімдерін сөйлеу тілінде дұрыс қолдану;

- қазақ әліпбиінің құрамын, ретін білу;- сөздерді орфографиялық және орфоэпиялық

нормаларға сай айта және жаза білу;- тіл дыбыстарының сөз мағынасы мен қарым-

қатынасын білу;- буын түрлерін ажырата алу;-екпіннің қазақ тіліндегі ерекшелігін тану;-лексикографиялық сөздіктердің түрлерін білу және

олармен жұмыс істей алу.

Лексика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейлері мынадай:

- лексикалық терминдерді дұрыс қолдану, лексиканың тіл білімі салаларымен байланысын, орнын ажырата алу

- ауыспалы мағыналы сөздерді дұрыс қолданып, олардың өзара қарым-қатынасын тани білу;

-синоним, антоним, омоним сөздердің ерекшеліктерін, өзара байланыстылығын түсіну, сөздерді мағыналық сипаттарына қарай ажыратып, топтай білу;

-синоним сөздердің эмоциялық-экспрессивтік мәнін ажыратып, олардың қолданыстағы орнына қарай синонимдес, антонимдес сыңыраларын да ажырата білу;

- сөздік құрам тармақтарының өсу, толығу жолдарын саралап, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;

- диалект сөздердің тіл мәдениетіне қатысын тани отырып, әдеби тілдің толысуындағы диалект сөздердің рөлін білу, диалектілердің пайда болу жолдарын түсіне алу;

64

Page 63: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

- көнерген сөздер мен этнолингвистиканың арақатынасын саралай білу, көнерген сөздердің қазіргі кездегі қолдану ерекшелігін дұрыс түсіну;

- термин сөздер арқылы ұғымдарды дәл атап, ғылыми стиль талаптарына сай қолдана алу және терминдер мен кәсіби сөздердің ерекшеліктерін білу;

- сөздік құрам тармақтарының баю, толығу жолдарын саралап, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;

- неологизм сөздерді дұрыс қолдану және олардың тілдегі орнын түсіну, неологизмдердің жасалу жолдарын білу.

Фонетика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейіне қойылатын талаптар:

- дыбыстардың фонемалық қасиеттерін білу, сөздің лексикалық мағынасы мен дыбыстардың өзара байланысын түсіну;

- фонетикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, тілдік категориялардың мәнін ұғу;

- дауысты, дауыссыз дыбыстардың іштей жіктелуін білу, оларды артикуляциясына қарай айыра білу;

- қазақ тілінің халықтық сипатын танытатын тілдегі дыбыстық үйлесім мен үндестіктің (сингармонизм) тіл мәдениетімен байланыстылығын ұғыну және орынды пайдалану;

- қазақ әліпбиінің құрамындағы төл дыбыстар мен орыс тілінен енген дыбыстардың өзара қарым-қатынасын меңгеру;

- ауызекі сөйлеу және жазба тілдеріндегі сөздерді әдеби тіл нормаларына сай қолдана білу, орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарды түсініп, оның коммуникативтік біліктілікпен байланысын тану.

2.2. Қазақ тілін оқытудың методикасының талдау әдістеріне тоқталсақ, фонетиканы не лексиканы оқытуда олардың бірнеше әдістері қолданылады. Ал талдау әдістері бірнеше түрге жіктеледі:

1.Түсіндірмелі талдаулар

65

Page 64: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

1) лексикалық талдау әдісі2) фонетикалық талдау әдісі3) морфологиялық талдау әдісі4) синтаксистік талдау әдісі

2) Анықтауыштық талдаулар

1. орфографиялық талдау әдісі2. пунктуациялық талдау әдісі3. орфоэпиялық талдау әдісі4. стилистикалық талдау әдісі

Талдау әдістерінің формасы- сабақ түрлері

Талдау әдістері білім меңгеру, лекция, практикалық дағдыны қалыптастыру, практикум, семинар, сынақ сабақтарында қолданылады. Талдау әдістерінің материалы- дидактикалық материалдар. Олар екі топқа жіктеледі:

1) теориялық материалдар: тақырыптың термині, анықтамасы, ережелері, өзіндік ерекшеліктері

2) практикалық материалдар: сөздер, сөйлемдер, мәтіндер (фразалар, нақыл сөздер)

Жалпы талдау түрлеріне тоқталсақ, қазақ тілі бойынша талдау мазмұнына қарай.

а) қазақ тілі бойынша талдау. Оған тіл дыбыстары, дыбыс пен әріп, дауысты мен дауыссыздар: дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай бөлінуі, тілдің қалпына қарай бөлінуі, үнді, ұяң, қатаң боп дауыссыздар тобы енеді.

ә) үндестік заңы бойынша талдау. Оған буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі: түбір мен қосымша аралығындағы ықпал, біріккен сөздер сыңарларының аралығындағы ілгерінді ықпал, сөз тіркестері аралығындағы ілгерінді ықпал: түбір мен қосымша аралығындағы кейінді ықпал тақырыптары кіреді.

Қазақ тілі бойынша талдау көлеміне қарай екі түрге бөлінеді:

66

Page 65: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

а) толық және жалпы талдауә) жеке түрдегі немесе тақырыптық талдау

Сонымен бірге орындалу тәсіліне қарай ауызша да, жазбаша да жүргізіледі.

Мектепте қазақ тілі бойынша талдауды жүргізудің жүйесі осындай:

1. Алдымен мәтін не сөйлем алынып, ондағы сөздер буынға бөлінеді;

2. Сөздегі әрбір буында , неше әріп барлығы ажыратылады;

3. Бөлінген буындағы дауыстылардың еріннің қатысына қарай, иектің қызметіне қарай, тілдің қалпына қарай бөлінуін талдай отырып, буын түрлері анықталады;

4. Буындағы дауыссыздардың үнді, ұяң, қатаң түрлері ажыратылады;

5. Дауысты мен дауыссыз дыбыстарды жинақтап талдау жүргізіледі;

6. Буын түрлері анықталады да, екпіннің қайсысы буынға түсіп тұрғандығы қарастырылады;

7. Сөздер буынға бөлініп, буын үндестігіне талданылады;

8. Дыбыс үндестігі, яғни түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпал анықталады;

9. Біріккен сөздер сыңарлары және сөз тіркестері аралығындағы ілгерінді ықпал талданады;

10. Түбір мен қосымша аралығындағы кейінді ықпал дәлелденеді;

11. Біріккен сөз сыңарлары және сөз тіркестері аралығындағы ілгерінді ықпалдар ажыратылады.

Сонымен бірге қазақ тілі бойынша талдау мынадай орындарда қолданылады:

1) жаңа материалды түсіндіру процесінде жұмсалады;

2) материалды бекіту кезінде қолданылады;3) оқушылардың өздігінен істейтін класс

жұмыстарында жұмсалады;4) үй тапсырмаларын орындауда қолданылады;

67

Page 66: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

5) оқушылар білімін есепке алу жұмыстарында жұмсалады;

6) түрлі дағдыландыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу үстінде пайдаланылады;

7) материалды пайдалану кезінде орындалады.Қазақ тілін оқытуда оқушылардың құштарлығын

арттырып, өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытып, оқушыларды қазақ тілі бойынша талдауға белсенді қатыстыратын амал-карточкалы дәптер бойынша жұмыс істеу. Карточкалы дәптер оқушылардың ұқыптылық дағдысын арттырып, баяндамалар жасауына, келешекте ғылыми жұмыспен шұғылдануына жол сілтейді. Ол оқушыларды практикалық жұмысқа дағдыландырады, олардың сөздік қорын молайтып, көру мен есту қабілетін күшейтеді. Карточкада талдап үйрету үшін мұғалім әуелі екі тақтада талдап көрсетеді, карточканың үлгісін сызады, карточкадағыдай схемада талданады.

Карточкадағы «Балық суда жүзеді» сөйлеміндегі балық сөзін буынға бөліп, төмендегі үлгіде талдау жасайды:

1- карточкаДауысты дыбыстарБалық суда жүзеді.Ба-лықА: ез (езілік), аш (ашық), жу (жуан)Ы: ез (езулік), қы ( қысаң), жу (жуан)немесеез., аш., жу;ез., қы., жу;

Кейін мұғалім оқушыларға карточкалы дәптер арқылы талдау болатынын, қандай тақырыптар қамтылатындығын хабарлап, талдауға кірістіреді:

Жұмысшылардың жалақысы артты.Мұғалім бір оқушыға бұл сөйлемді дауыстап

оқытып, сөйлемде неше сөз бар екендігін анықтайды. Бұл сөйлемдегі сөздерді оқушылар ұжымды түрде буынға бөледі. Себебі, оқушыларды белсенді түрде сабаққа ынтасын арттырып, өз бетінше жұмыс істеуге

68

Page 67: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

кірістіру. Содан соң, бұл буындардағы дыбыстар ауызша талданады: жұ буынындағы ұ дыбысы еріннің қатысына қарай еріндік, иектің қызметіне қарай қысаң, тілдің қалпына қарай жуан дауысты дыбыс.

2- карточкаДауысты дыбыстарЖұмысшылардың жалақысы арттыЖұ-мыс-шы-лар-дың жа-ла-қы-сы арт-ты.ЖҰ:ұ: е. қе ер. (еріннің қатысына қарай еріндік)ұ: и. қ. қы (иектің қызметіне қарай қысаң)ұ: т. қ. жу (тілдің қатысына қарай жуан)

Бұл берілген талдаулар сөйлем ішінен бір сөзді алып, ол сөздің тек бір буынын сатылай талдап үйретеді. Олар әбден жаттығып, үйренгеннен кейін мұғалім алынған сөйлемдегі сөздердің барлығын буынға бөлдіріп, түгелдей карточкада талдатады:

3-карточкаДауысты мен дауыссыздарДауысты дыбыстарОқушылар сыныпты безендірді.О-қу-шы-лар сы-нып-ты бе-зен- дір-ді.О-қу-шы-лар о: ер., аш., жу.у:ер., қы., жуы: ез., қы., жу.а: ез., аш., жуы: ез., қы., жу. безендірді:е: ез., аш., жі.і: ез., қы., жі.

Оқушылар дауысты дыбыстарды карточкалы дәптерде машықтандырғаннан кейін дауыссыздар сатылай талданады да, дауыстылар жинақтауға машықтанады.

69

Page 68: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

4-карточкаДауысты дыбыстарОқушылар сыныпты безендірді.О-қу-шы-лар сы-нып-ты бе-зен- дір-ді.О-қу-шы-лар о: ер., аш., жу.; қ: қд (қатаң дауыссыз)у:ер., қы., жу.; ш: қд (қатаң дауыссыз)ы: ез., қы., жу.; л,р: (үнді дауыссыз) сы-нып-ты: ы: ез., қы., жу.; л,р: (үнді дауыссыз)т: қд; ы: ез., қы., жу безендірді:б: ұд., е: ез., аш., жіз: ұд; е: ез., аш., жі.Т: қд; т: қдІ: ез., қы., жі.

Карточкалы дәптерде қазақ тілі бойынша талдау өткізудің тағы бір тәсілі- сатылы басқыштар бойынша талдау.

5- карточка 1 басқышКолхозды ауыл қауымды келеді.Еңбек екпіні дауылды келеді.колхозды:о, о, ы- дауысты дыбыстар.

к, л, з, д- дауыссыз дыбыстар.

6- карточка 2 басқышколхозды ауыл:колхозды бірінші басқыштағыдай талдаймыз.Ауыл:А, ы- дауысты дыбыстар.У, л- дауыссыз дыбыстар.Бірінші сөзде үш буын бар:Кол-хоз-дыЕкінші сөз екі буынды:

А-уыл

70

Page 69: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

7- карточка 3 басқышКолхозды ауыл қауымдыҚауымды:А,ы,ы- дауысты дыбыстар.Қ, у, м, д- дауыссыз дыбыстар.Бұл сөз үш буынды қа-уым-дыЕкпін- ды септік жалғауына түседі.Мұнда буын үндестігі мен дыбыс үндестігі

кездеседі. Қауым-ды, қауым-ды.

8- карточка 3 басқышкел-ді

Бұл түбір мен қосымша аралығында ілгерінді ықпал заңы бойынша үндеседі. Түбірдің үнді л дыбысы, қосымшаның басқы дыбысын ұяңға айналдырады.

71

Page 70: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

9- карточка 4 басқышКолхозды ауыл қауымды келеді.Еңбек екпіні дауылды келеді.Колхозды ауыл қауымды...Келеді:Е: ез., аш., жі; і: ез., қы., жі.Қ: қд., л: үд; д: ұд.Үш буынды ке-ле-діБұлар жинақтала талданадыКол-хоз-ды:Қ- қатаң дауыссызО: ер., аш., жк.Л: үнді дауыссыз; х- қатаң дауыссыз.З- ұяң дауыссызЫ: е., қ., ер; и: қ., қы., т. қ. жуҮш буынды: кол-хоз-дыБуын үндестігі: колхоз-ды

Дыбыс үндестігі-колхоз-ды Екпін- ды буынына түседі.

72

Page 71: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Сөйтіп теориялық білімді практикалық жұмыспен

ұштастыру осы карточкалы дәптер негізінде үйретіледі.Сондай-ақ үндестік заңына байланысты да сатылы

басқыштар бойынша түсіндірмелі талдау жүргізіледі.Мысалы: Тұрманбек Аманқарағайдан келді.

10- карточка 2 басқышА-ман-қа-ра-ғай-дан:Аманқарағайдан- екі сөзден біріккен сөз.Біріккен сөз аралығында үндеседі:Аман-қарағайТүбір мен қосымша аралығында үйлеседі:АманқараайданЖазылуы: АманқарағайданЖазылуы: АмаңқарағайданСөйтіп қазақ тілі бойынша талдау түрліше

тәсілдермен жүргізіледі. Қазақ тіліндегі келесі әдіс- дайын материалды талдау. Ол жаттығулар бойынша өткізіледі. Дауысты дыбыстарды тұтас өтіп болған соң, өтілгенді бекіту мақсатында жүргізуге болады. Орындалу тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау 2-ге бөлінеді:

-Ауызша-Жазбаша талдау

73

Page 72: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

ІІ. ЖАТЖАЗУ

74

Page 73: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

1. Диктанттар жинақтарына талдауДиктанттар жинағы: Алматы: «Ана тілі», 1993

жылҚ.Қасабекова, Б.Қасымова, Б. Тамаева, Ғ.

Жексембаева.

Ұсынылып отырған еңбектің мақсаты – фонетика, лексика, морфология және синтаксис мәселелерін үйретуде сауаттылықты арттырумен, тілді дамыту. Кітап орыс мектебінде қазақ тілінен сабақ беруге мамандырылатын студенттерге арналған. Диктанттар жинағының сауаттылықты тексерудің өлшемі ғана емес, танымдық сипатының да молдылығы ескеріліп алынған материалдарға жаңаша қарауға ерекше мән берілген. Бұл негізінен мәтіндерді іріктеуге қатысты айтылып отыр. Терме диктантқа байланысты іріктеліп алынған сөйлем үлгілерінде әр сөйлемнің стильдік құрылымына, ой айқындығына жете мән беріліп, тыңдаушының мәтінді қабылдау мүмкінділігі есепке алынған. Бұл айтылғандар бақылау диктантына орай алынған мәтіндерге де қатысты. Өзге тілдердегі сияқты қазақ тілінде де түркі тілді еместер ұғымына ауыр соғатын, жекелеген термин сөздер аз емес.

Мұндай сөздердің мағынасын еркін түсініп, қатесіз жаза білу үшін сөздік диктанттың маңызы зор. Мәтіндерді іріктеуде тіл үйренушілердің сауаттылық деңгейін, танымдық, логикалық ой-өрістерін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, тәрбиелік те мақсат көзделген. Жалпы диктант жұмысының мақсаты- өткен материалдарды қайталап, одан алған білімдерін, сауаттылықтарын бақылау болып табылады. Диктант мәтіндері белгілі бір орфографиялық немесе тыныс белгілеріне тән ережелермен шектеліп қана қоймай, бірте-бірте қиындатылып, күрделендіріліп отырады. Әсіресе, қосымша жалғанғанда, түбірдің бастапқы қалпынан өзгеріске түскендегі орфографиялық ережелеріне, орыс тілінен енген сөздерге, қазақ тіліндегі қосымшалардың жалғану тәртібіне байланысты мысалдар, мәтіндер диктант жазуда көбірек қолданып отырылуы қажет.

75

Page 74: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Диктанттар жинағы: Алматы: «Ана тілі», 1998 жыл.

Р. Мұраталиева, А. Бәкірова, Т. Әбдікәрімова, Ғ. Уәлиева.

Бұл жинақта оқушылардың сауатты жазуы және бағдарламалық материалды саналы меңгертуге байланысты жүргізілетін диктант түрлерінен қысқаша мәлімет берумен шектелген. Ұсынылып отырған диктанттар жинағында, негізінен, диктанттың бақылау, терме түрлерін ғана көрсету мақсат етілген. Жоғарыда аттары аталып, шолу ғана берілген түрлерін әрбір орфографиялық ережелерге байланысты түрлендіріп жүргізу мұғалімдердің ықтиярындағы іс.

Демек, жинақтағы кез келген бақылау, терме мәтіндерді мұғалім әр түрлі жазба жұмыстарының түрлеріне қарай пайдаланып, түрлендіріп жүргізе алады. Диктанттың қиындық дәрежесі мәтіннің мазмұнына, оның тілі мен стиліне, мәтінде ұшырасатын орфограммалардың ауыр-жеңілдігіне байланысты болады.

Мәтінді іріктеп алғанда, мынадай жайларды ескерген дұрыс:

1. Диктант мәтіні мазмұнды әрі түсінікті және қазіргі әдеби тілдің талаптарына сай болуы керек. Сондықтан бақылау диктанттары үшін әр түрлі әдебиеттерден үзінділер іріктеліп алынған.

2. Аз қолданылатын және түсінуге қиын сөздерге түсінік берілген.

3. Емле жағынан диктант онша қиын, не онша жеңіл болмағаны жөн.

Бақылау диктанттарына мәтін іріктегенде мынадай жағдайлар ескерілген: соңғы өтілген ережені қамти отырып, оған дейін оқытылған барлық ережелерге, әсіресе осы сыныпқа қиындау соғатын орфография мен тыныс белгісінің ережелеріне қатысты сөздер мен сөйлемдер қамтылған.

Диктанттар жинағы: Алматы: «Мектеп», 1976 жыл.

З.Бейсенбаев, Ғ.Жексемалиев. IV-VIII класс.

76

Page 75: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Бұл диктантар жинағы төртжылдық бастауыш мектептің бағдарламасына сай құрастырылған. Авторлар әр сынып бойынша мұғалімнің күнделікті практика жұмыстарына керекті материалдарды іріктеп, ғылыми-тәрбиелік мәні бар мәтіндерді календарьлық талапқа бейімдеп топтаған. Ондағы мақсат – шәкірттердің білім деңгейін, өтілген материалдарды меңгерудегі жетістік, олқылықтарын айқындауға көмектесу. Қысқа болса да, сөздік пен грамматикалық талдауға арналған сөз тіркестері мен сөйлемдерді меңгерудің жолдары нұсқаланған. Жинақтағы материалдар мына ретпен берілген:

1. Әліппе кезеңіндегі үйрету диктанттарын жүргізудің жолдары.

1. «Сөзден» және «грамматикалық талдауларға арналған сөз тіркестері мен сөйлемдерді меңгерудің жолдары.

2. Сауат ашу және тіл дамыту.

1.1 Диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптар

1. Диктанттың өткізілетін түрі екі-үш күн бұрын оқушыларға айтылып, оған оқушылардың қалай дайындалуы керек екендігі (қайталау, жаттау, т.б.) ескертіледі.

1. Диктант үшін ұсынылатын текстер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады. Егер текст құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады.

2. Диктанттың қай түрі болсын текст орфоэпиялық заңға сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, негізінен үш рет оқылады.

3. Тексті жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта-зейінімен тыңдап, мазмұны бойынша жазу, ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру тапсырылады.

77

Page 76: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

4. Оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн. Шала естіп, мағына, мазмұнын түсінбей қалған оқушы мұғалімнің екінші рет оқуын күтеді. Диктант жазу үстінде қасындағы жолдасының дәптеріне қарауға болмайды. Одан немесе мұғалімнен не жазу керектігін сұрап, кедергі жасауға тыйым салынады.

5. Мұғалім мәтінді ең баяу жазатын оқушының үлгеріп жазу жылдамдығын сақтап оқиды.

6. Диктант жазылып болған соң мұғалім мәтінді тағы бір рет түгел оқып шығады. Оқушылар жазғандарын мұғалімнің оқығанына ілесе тексеріп, қалып қойған сөз, әріп болса, қол көтеріп сұрап, мұғалімнің қайталауымен толықтырылады.

7. Ең соңында оқушылар жазған текстерін өз беттерімен тексеріп шыққан соң, диктант дәптерлері жинап алынады.

1.2 Диктант жазудың психологиялық ерекшелігі

Қазіргі жағдайда әр балаға тән ерекшеліктерді есепке алу өте күрделі. Өйткені әр бала – жеке тұлға. Сондықтан да сынып және үй жұмыстарын орындауда білімділікті бекіту әр баланың өзіндік жұмыс жасауына жағдай туғызу үшін жеке-дара тұрғыдан келу маңызды.

Төртінші сынып оқушылары, ең алдымен, жаттап алған тақпақ, өлеңдерді және сөздерді оқиды. Мысалы, оқулықта картофель, капуста, морковь, лук сөздері бар. Әрине аталған сөздердің мәні алдын-ала анық түсіндірілген, ал балалар сөздерді дұрыс айту және жазу мақсатында жаттығу жұмыстарын орындайды. Үш оқушы өлеңді жаттап айтып береді, жеміс-жидектерді қазақшаға аударады. Соңынан оқушылар диктант жазуға кіріседі.

1.3 Үйрету диктанттарының маңызы

78

Page 77: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Үйрету диктанттарының аты, мазмұны, көлемі әр түрлі болғанымен, олардың алдына қойған мақсаттары бірдей: таныту, үйрету, жаттықтыру, дағдыландыру, меңгерту. Сондықтан үйрету диктанттарында қолданылатын әдіс-тәсілдер көбіне ыңғайлас, ұқсас болады. Үйрету диктанттары негізінен жаңа ғана өтілетін немесе екі-үш күн бұрын өткен материалдарға тән ерекшеліктерді жете меңгертуге ыңғайлы әрі тиімді болып келеді. Мұнда мұғалім қай оқушыға қандай сұрақтар қоятынын алдын-ала ойланып, әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктерді соған орай пайдаланғанда ғана еңбек нәтижелі болмақ, яғни сыныптағы оқушылардың білім олқылықтарын дәл танып жұмыс жүргізу мұғалімнің ізденгіштігі мен байқампаздығын көрсетеді.

Үйрету диктанттарының тағы бір ерекшелігі – оқушыларды ойлануға, ізденуге, өз ойларын салыстыру әдісі бойынша дәлелдеп айта білуге және өз беттерімен жұмыс істей білуге төселдіреді. Бұл оқушыларды құлшындырып, өз ісіне деген сенімділігін арттырады.

Қысқасы, үйрету диктанттары оқушыларды сауатты жазуға ғана баулып қоймайды, алған білімін сыннан өткізіп, тұрақтандыруға, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыруға көп септігін тигізеді.

1.4 Әріп диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

Әріп диктантын жаздыру мақсаты – ана тілін жеткілкті білмейтіндер мен басқа ұлт балаларына қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы фонемалық, орфографиялық ерекшеліктерге байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтарын және оларды жаза білуді қаншалықты дәрежеде меңгергендіктерін білу. Өйткені әріп диктанты барлық жазу жұмыстарының іргетасы.

Әріп диктанттарына мынадай талаптар қойылады:1) әріп диктантын үйрету диктанттарының басқа

түрлері сияқты сыныптағы ең жақсы оқитын оқушыға алдымен түсіндіріп алып, соңынан оларға тақтаға жаздыру әдісімен бастау керек;

79

Page 78: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

1) жазылатын әріп қай дыбыстың таңбасы екендігін, дауысты болса, себебін, жуан, жіңішке түрге бөлінуін, дауыссыз дыбыстардың дауыстылар сияқты буын құрамайтынын және жеке айтылмай, тек дауыстыға қосылып қана айтылатындығын таныту қажет;

2) әріпті жазуға, көзбен көруге болатынын, олар оқылатынын және бас әріп, кіші әріп (жазылу емлесі) болатынын білдіру керек;

3) өткен әріптерге жаңа әріптің ұқсастығы мен өзіне тән айтылу, естілу сияқты фонемалық өзгешелігін әрбір оқушы саналы түрде түсініп, жаттанды болған дәрежеде айта білгенге дейін сабақ сайын қайталату қажет;

4) дәптерлеріндегі сурет, сызық, әріптердің бөліктері, әріп, буын, сөз, сөйлем, т. б.— бәрінің де әдемі, таза, ұқыпты, көркем жазылуын дағдыға айналдыру керек.

Міне, осы талаптардың бәрі әуелі мұғалімнің тікелей басшылығымен жүргізіліп, біртіндеп (алғашқы апталардың өзінде-ақ) белсенді, алғыр, зерек оқушылардың міндетіне көшіп, мұғалім сынып бақылаушысына айналады. Әр оқушының берген жауаптарын қадағалап, толықтыру зейінді оқушылардың ішінен бұрын өтілген материалдарды жете білмейтін, өзгелерге жан-жақты, еркін, саналы түрде түсіндіріп бере алмайтындарды айқындайды. Бұл жеке оқушының біліміндегі олқылықты анықтауда сынып талабына сүйенуі уақытты үнемдеумен бірге оқушылардың өздігінен жұмыс істеу белсенділігі мен сабақтардың сапалығын арттырады.

1.5 Буын диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

80

Page 79: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Әріп диктантын жазып, әрбір дыбыс пен әріптің орфоэпиялық, орфографиялық өзгешелігін, үндестігі мен ұқсастығын салыстыру әдісімен саналы түрде түсініп, талдауға төселген оқушылар үшін буын диктантын жазу онша қиындық келтірмейді. Мәселе сол өздері үйренген, өздеріне таныс қазақ тіліне тән дауысты, дауыссыз дыбыстардың ауызекі сөйлегенде өздігінен буын құрап барып айтылатын заңдылығын және әріптердің бір-бірімен қосылып жазылуын саналы түсіндіру – буын диктантының шешуші мақсаты. Ол үшін оқушылар дауыссыз дыбыстардың дауыстылар тәрізді жеке айтылмай, қы, ғы, ме, кі, гі, не, ың, т.б. түрінде дауыстымен қосылып айтылатынына, ал ы, і, ұ, ү, ә, е дыбыстарын жеке айтумен бірге олар арқылы ыңылдап, ән салуға да болатынына (мысалы, а-а-а, о-о-о, е-е-е, т.б.) көздерін жеткізу керек. Бұл буын диктантын тез меңгеріп кетуге үлкен көмегін тигізеді.

Дауыстылардың жеке тұрып та буын құрайтыны, буындардың жуан, жіңішке болуы дауыстыларға қатысты екендігі сабақ сайын дыбыстық талдау барысында айтылып отыруы қажет.

1.6 Сөз диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

Сөз диктантының жеңіл болатын себебі – ол оқушылар меңгеріп болған дыбыстар мен буындардан құрылады. Мұндағы мақсат – сөздердің бір, екі, үш, төрт, одан да көп буыннан құралып, белгілі бір ұғымды білдіретінін дыбыс (әріп) және буынмен салыстыра отырып түсіндіру. Сөз диктантын жаздырар алдында оқушыға берілген сөздің қандай ұғымды білдіріп, неше буыннан, неше дыбыстан құралғанын, бірінші буындағы дауыстының жуан немесе жіңішке екенін айқындап, ондағы бір дыбыстың әріпке айналғандағы жазылу емлесін айтып өтеді. Бұл, мысалы, былайша баяндалуға тиіс: көз, құлақ, құлақшын, көзілдірік сөздері бір, екі, үш, төрт буыннан құралған. Көз сөзінде 3, көзілдірік сөзінде 10 дыбыс (әріп) бар. Төрт сөз төрт түрлі мағына білдіріп тұр. Бұл сөздерде қазақ алфавитіне тән ә, ұ, ғ, ң, һ әріптері жоқ.

81

Page 80: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Сөйтіп, сөз диктантын жазу үстінде оқушылар фонетикалық, орфграфиялық, лексикалық талдауларға жаттыға бастайды. Сондықтан сөз диктантында әріп, буын диктанттарындай көру, терме, өздік, сөздік, шығармашылық диктанттарды жиі жүргізу өте қажет. Сонда ғана балалардың сөздік қоры толыға түседі.

Ана тілі лексикасы бойынша алған білімдері оқушылардың есінде (жадыларында) сақталуы үшін сөздер олардың белсенді сөздік қорына айналуы керек. Сөздердің оқушылардың белсенді сөздік қорында болуы үшін жұмыстың алуан түрлерін ж‰ргізу шарт. Балалардың жаттап алған өлең, тақпақтарындағы сөздер бойынша дербес немесе өздік диктант ж‰ргізу – аталмыш жұмыстың дара формасы болып саналады.

1.7 Сөйлем диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

Диктанттың бұл түрі алғашқылардың бәрінен де күрделі. Өйткені бұл бір, екі, үш, төрт, бес, одан да көп сөздерден құралып, аяқталған ойды білдіреді.

Мысалы: Қыс. Таң атты. Мен төсектен тұрдым. Күндегі әдетімше төсегімді жинадым. Асықпай ертеңгі тамағымды ішуге отырдым.

Сөйлем диктантын жаздырудағы мақсат – оқушыларға сөйлемнің сыртқы құрылымын таныту және оны құрай білуге машықтандыру. Мұғалім сөйлем диктантын өткізуге кірісер алдында басқаларға түсіндіретін сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып, сөздер бір-бірінен бөлек жазылатынын, мағынасына қарай сөйлем соңына нүкте, леп немесе сұрау белгілерінің бірі қойылатынын, сондай-ақ қазақ тіліне тән дыбыстардың (әріптердің) бар-жоғын айтады.

Әріп, буын, сөз және сөйлем диктанттарын жаздыру үшін төмендегідей әдістер пайдаланылады.

Қазақ тілі бойынша жүргізілетін диктанттар екі топқа бөлінеді: мәтіні өзгертілмеген диктанттар және мәтіні өзгертілген диктанттар.

82

Page 81: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

1) Мәтіні өзгертілмеген диктанттар ішіндегі күрделісі – түсіндірмелі диктанттар. Бұл диктанттар дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, біріккен сөздердің, қос сөздердің, қысқарған сөздердің, зат есімнің,сын есімнің, сан есімнің, тұйық етістіктің, үстеулердің, шылау сөздердің емлелеріне байланысты жүргізіледі. Түсіндірме диктант екі түрге бөлінеді:

а) есту диктанты.ә) көру диктанты.

1.8 Есту диктантыЕмле ережелерінің шегін ажырата отырып,

оқушылардың есту қабілетін арттыруға байланысты орындалады. Есту диктантының орындалу тәсілі екі түрлі. Бірінші түрі: дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, сөз құрамының және сөз таптарының жазылу ережесі ауызша түсіндіріледі де, осы мәліметке сай дайындалған мәтінге оқушылар көз жүгіртеді. Сонан соң бұл мәтін мұғалім тарапынан жаздырылады. Екінші түрі: мұғалім белгілі емлеге сай дайындалған мәтінді жаздырады. Жазу үстінде белгілі бір емлелердің астын сызып отыруды жүктейді. Сонан соң диктанттағы емлені оқушылардың өздері түсіндіріп, қатесін өздері түзетеді. Белгілі бір емлені түсіндіруге байланысты алынған диктанттың мәтіні 40-50 сөзге, ал арнайы жүргізілген диктант мәтінінің сөзі 90-210 сөзге дейін болады.

1.9 Көру диктанты

83

Page 82: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Емлені айыра отырып, оқушылардың көру қабілетін дамыту мақсатында жүргізіледі. Бұның да орындалу амалы екі түрлі. Бірінші түрі: емлеге сай дайындалған мәтін оқушыларға түгелдей оқытылады да, оны мұғалім дәптерге жаздырады. Содан кейін оқушылар жазылған диктантты емлеге сай түсіндіреді. Екінші түрі: мұғалім дайындаған мәтінді тақтаға жазады. Емлеге байланысты түсіндіру кезінде тақтадағы орфограммалардың асты сызылады. Сонан соң тақтадағы мәтін өшіріледі де, сол мәтінді мұғалім оқушыларға жаздырады.

Бұл диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.

Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын-ала аумақты қағазға жазылып, ілулі тұрғаны дұрыс. Оны оқушылардың 2-3 рет оқып шығуына, естерінде сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып немесе жинап қояды. Оқушылар көрген, оқыған сөздерін немесе мәтінді естеріне түсіріп, өз беттерінше дәптерге жазады.

1.1 0 Өздік диктанты Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл

ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған өлеңдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктанттың қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.

1.1 1 Шығармашылық диктант

84

Page 83: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Диктанттың бұл түрі – үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, стиль, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерінің көрсеткіші. Сондықтан бұл диктант шолу, қорытындылау, қайталау сабақтарында жиі жүргізілсе, шәкірттер ескерту, бақылау диктантттарына сенімді даярлықпен келеді.

1.1 2 Сөздік диктанты Сөздік диктанты сабақтың кез келген уақытында

жазылады. Оған оқушылардың жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздері, омоним, антоним сөздері және жазылуы қиын сөздер алынады. Текстің көлемі 5-10 сөзден аспауы керек. Сөздік диктантын көру, өздік диктанттары ретінде де, мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады. Ол мұғалімнің еркінде.

1.1 3 Терме диктанты Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге негізделіп

жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқымастан бұрын қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады.

1.1 4 Ескерту диктанты Бұл диктант көлемі, орфографиялық емлеге тән

сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді.Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген мәтіндер бірін-бірі қайталамай, өткен материалдарды тиянақтап, толықтыра түсуге тиіс. Ескерту диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет.

1.1 5 Бақылау диктанты

85

Page 84: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудан кейін немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау диктанттары оқушылардың бұрын өтілген материалдарды қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі.

Диктант үшін ІІ сыныпта 18-20 сөзден, ІІІ сыныпта 20-30 сөзден құралған қысқа сюжетті мәтін алынады да, көлемі жөнінен де, мазмұны тұрғысынан да біртіндеп күрделеніп отырады. Бақылау диктанты төмендегіше жүргізіледі:

а) үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант тақырыбын, мәтін ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып қояды;

ә) мұғалім диктант мәтінін екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;

б) егер диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркестерінен немесе оған негізделген сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзін, сөйлемін мұғалім үш рет оқиды. Оқушылар жазар алдында әрбір сөзді көңіл қоя тыңдап, ұғып алғаннан кейін ғана жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазуын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы жазып бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды.

Оқушылар диктантты түгел жазып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді бастан-аяқ тағы бір рет оқуға кіріседі. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексеріп, қатесі болса, түзетеді. Бақылау диктантында әрбір оқушы бұрынғы диктанттарда жіберген қателерін еске түсіріп, оларға байланысты ережелерді қайталап келуге әдеттенуін қадағалап отыру керек.

Ескерту. Диктанттардың қай түрін жазғанда да оқушылар көркем жазу мен грамматикалық талдауға жаттыққандық, төселгендік көрсетуі керек. Бұл – шәкірттер білімін бағалаудағы бірінші шарт. Сондықтан көркем жазу – сабақтың көркі де, грамматикалық талдау – сабақты барлық жағынан жандандыратын күш.

86

Page 85: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

1.1 6 Үйрету диктанттарының маңызы Үйрету диктанттарының аты, мазмұны, көлемі әр

түрлі болғанымен, олардың алдына қойған мақсаттары бірдей: таныту, үйрету, жаттықтыру, дағдыландыру, меңгерту. Сондықтан үйрету диктанттарында қолданылатын әдіс-тәсілдер көбіне ыңғайлас, ұқсас болады. Үйрету диктанттары негізінен жаңа ғана өтілетін немесе екі-үш күн бұрын өткен материалдарға тән ерекшеліктерді жете меңгертуге ыңғайлы әрі тиімді болып келеді. Мұнда мұғалім қай оқушыға қандай сұрақтар қоятынын алдын-ала ойланып, әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктерді соған орай пайдаланғанда ғана еңбек нәтижелі болмақ, яғни сыныптағы оқушылардың білім олқылықтарын дәл танып жұмыс жүргізу мұғалімнің ізденгіштігі мен байқампаздығын көрсетеді.

Үйрету диктанттарының тағы бір ерекшелігі – оқушыларды ойлануға, ізденуге, өз ойларын салыстыру әдісі бойынша дәлелдеп айта білуге және өз беттерімен жұмыс істей білуге төселдіреді. Бұл оқушыларды құлшындырып, өз ісіне деген сенімділігін арттырады. Қысқасы, үйрету диктанттары оқушыларды сауатты жазуға ғана баулып қоймайды, алған білімін сыннан өткізіп, тұрақтандыруға, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыруға көп септігін тигізеді.

1. 17 Диктантты жаздыру техникасы былайша құрылады

87

Page 86: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Бір орында тұрып, диктант мәтіні мәнерлі, ашық дауыспен бір рет оқылады. Оқу кезінде оқушылардың басқа жаққа көңіл аудармай ұқыпты тыңдап отыруы ескертіледі. Сонан соң мәтінде кездескен түсініксіз, аз қолданылатын және таныс емес емлелер тақтаға жазып қойылады, түсіндіріледі. Бұдан кейін әрбір сөйлем жеке-жеке оқылады. Бестен сегіз сөзге дейін құралған сөйлем бір рет, он екіден он төрт сөзге дейінгі сөйлем екі рет, он бестен он сегіз сөзге дейінгі сөйлем үш рет оқылады. Оқушылар сөйлемді ұмытып қалмауы үшін, қайталап айтқызылады. Сөйлем аяқталарда «тыңдаңдар», басталарда «жазыңдар», сөйлем біткеннен кейін «тексеріп шығыңдар» деп ескертіп отырған жөн.

Диктант жазылып болғаннан кейін, оның мәтіні бастан-аяқ бір рет оқылады. Бұл кезде оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіншілік туады. Өтілген емлелік тақырыптарды тексере отырып, қалып қойған сөзді, түсіп қалған орфограммаларды орын-орнына қойып шығады. Осыдан кейін диктант жұмысы жинап алынады, одан соң оқушылардың диктантқа байланысты сұрақтарына жауап беріледі.

Диктанттағы қателерді талдау жүйесі былай жүргізіледі: алдымен, дауыссыз әріптер мен әріптер тіркесінің емлесіне байланысты алынған бақылау диктантындағы қателер тақырып бойынша түр-түрге бөлінеді. Диктантты талдағаннан кейін жіберілген қателерге байланысты кішігірім диктант жаздырылады, оның көлемі отыз-қырық шақты сөзден құралады. Сөйтіп, алғашқы жіберілген қателерді болдырмауға шаралар белгіленеді.

Сырттан қарағанда диктант жүргізуден оңай нәрсе жоқ сияқты. Оқисың да жаздырасың, онда тұрған не бар. Диктантқа «өгей бала» тұрғысынан қарау кейбір мектеп тексеруші инспекторлар тарапынан да байқалады. Сабаққа кіргелі отырған тексерушіге мұғалім:

- Менде қазір диктант еді, - десе-ақ, тексеруші:- Е, онда несіне барамыз, өзіңіз өткізе беріңіз», - дейді

өзінің «Диктантты қалай жүргізуге болады» атты мақаласында Қ.Өтебасов осындай мысал келтіреді.

88

Page 87: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Бұл арада әңгіме бақылау диктанттары туралы емес. Диктант жөнінде теріс пікір қалыптасқан ба, кейбір мұғалімдер де диктантқа «толыққанды» сабақ ретінде қарамайды. Сондықтан болар, оны өткізудің әдістемесін жетілдіру жағына қазіргі қазақ тілінде көңіл бөліп жүргендер сирек кездеседі.

Диктант та сабақ. Өзіндік ерекшелігі бар сабақ. Өзінің өткізілу тәсілі жағынан да, дидактикалық мақсаты жағынан да өзгеше сабақ.

Белгілі әдістемеші ғалымдардың сабақты дидактикалық мақсатына қарай бірнеше түрге бөліп жүргені белгілі. Ал, диктант жазбаша бақылау – тексеру сабағына жатады. Сонымен бірге диктантты өзінің алдына қоятын мақсат, мазмұны жағынан қайталау, жинақтау немесе білім сапасын анықтау сабағы деп те атауға болады.

Диктант сабағына жоғарыда айтқандай, кіруден жұрт неге қашқалақтайды? Ойланатын болсақ, оның себебі: «Диктантқа кіргенде не айтасың?.. Талдайтын не бар онда? Оқыды, жаздырды, сонымен бітті. Дайын мәтінді кім оқып, жаздыра алмайды» деп, үзілді-кесілді тұжырым жасайды. Тіпті де олай емес. Диктант өткізудің де өзіндік ерекшелігі, жолы, тәсілі бар. Оны кейінірек айтамыз. Сөзді ең алдымен диктант мәтініне қойылатын талаптан бастаған жөн ғой деп отырмыз.

Диктант мәтініне ең алдымен танымдылық, тәрбиелік талап қойылатыны белгілі. Мәтіннің тәрбиелік мәні танымдық, білімдік мәнінен бөлек алып қаралмайды, тұтас бірлікте қаралады. Мұның үстіне мәтіннің оқушыларға бұрыннан таныс болуы талап етіледі. Мұнда әңгіме мәтін туралы немесе оның тақырыбы, мазмұны туралы емес, әңгіме мәтіннің құрамына енген жеке сөздердің, берілген орфограммалар мен пунктограммалардың оқушыларға бұрыннан таныстығы туралы.

89

Page 88: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Ең алдымен, мәтінде берілетін грамматикалық тапсырмалар – оқушылардың бұған дейін өткен және әбден игерген орфограммалары мен пунктограммаларынан алынуға тиіс. Екіншіден, оның көлемі (саны), мазмұны бағдарламалық талап деңгейінде болуы шарт. Тексте, сонымен бірге, жақында ғана өткен грамматикалық категорияларға байланысты тапсырмалар беруге болмайды. Өйткені оны оқушылар әлі толық игеріп, үйреніп болған жоқ. Ал күнделікті жаттығу болса, оның жөні бір басқа… Алда-жалда тапсырма беріле қалса, одан жіберілген қателерді есептеуге болмайды. Міне, диктант мәтініне осындай талаптар қойылады. Бұл талаптардың тұтас бір мәтіннен (бір жерден) табыла қоюы қиын мәселе. Ол үшін мұғалімге біраз ізденіп, қарастыруға тура келеді. Ал, диктанттар жинағындағы мәтіндерден мұның бәрі үнемі табыла бермейді.

Қысқасы, сабаққа кірген кісі осының бәрін ескеруі, білуі керек. Онсыз сабақ туралы мұғаліммен тиімді әңгіме жүргізу, қажет болса, әдістемелік көмек көрсету қиын болады.

1.18 Енді, диктантты жаздыруға қойылатын талаптарға келейік

90

Page 89: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Мұғалімнің тексті үйде алдын-ала тағы бір қарап шығуы, әсіресе, сабақ жоспарын жасау кезінде аса қажет деп есептеледі. Сабақ жоспары демекші, диктантқа жоспар жасамайтын мұғалімдер де кездеседі. Жасағандары болса, диктанттың атын, өтетін күнін, айын, сыныпты жазумен ғана шектеледі. Ең алдымен, мәтінді оқу кезеңінде көлденең сөз, сұрақ болмауға тиіс. Жазу кезінде бірлі – жарым қалып қойған оқушы болса, ол мұғалімнің ісі. Ал кейде, оқушылар тарапынан бір қажетті сұрақ бола қалса, жаздырып жатқан кезекті сөйлемді оқушылар түгел жазып біткеннен кейін қойылу керек. Диктант мәтінін жаздыру үстінде, диктант мәтінінен сыртқары кездесуі ықтимал көлденең сөздердің көлемі, мазмұны, шамасы оқушыларға алдын ала белгілі болуға тиіс. Мәтінді жаздыру үстінде мұғалім тарапынан оқушыларға айтылатын ескертпе түріндегі сөздерді жиі пайдалануға болмайды. Ерекше бір күрделі, қиын сөйлемдерді жаздыру ретінде ғана емес, бар ынта, зейіні диктант мәтінін жазуда болып отырғанда, қапелімде мәтін арасына көлденең сөздің кіруі оқушыларды аз да болса, алаңдатады, зейінін бөледі. Екіншіден, өзі жазып үлгіре алмай отырған кейбір балалар жаңағыдай сөздерді (көлденең) ажырата алмай, мәтінмен бірге жазып қояды. Мәтінді оқуда басты талап – тілдің орфографиялық заңдылығын сақтау болып табылады.

Мәтін оқылып болғаннан кейін, оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, жазылуы қиын сөздерді, бейтаныс сөздерді анықтау керек. Егер мәтінде ондай сөздер кездессе, тақтаға жазып беруге болады. Әдетте ондай сөздерді көптеген ұстаздар о баста-ақ тақтаға жазып қояды. Егер сөйлем шұбалаңқы болмай, қысқа, тұжырымды, жай сөйлем түрінде болып келсе, оны екі рет оқу жеткілікті. Ал сөйлем күрделі, құрмалас сөйлем түрінде келсе, оны «сөз үзбелеріне» бөліп оқуға тура келеді.

91

Page 90: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Қайсібір мұғалімдер сөйлемді бір оқиды да, одан кейін оны бір – екі балаға қайталатады. Осыдан кейін барып жазуға рұқсат етеді. Оқушылар үн-түнсіз жаза бастайды, бірақ кімнің қалай жазып жатқанын білу қиын. Есте сақтау қабілеті дамымаған, әсіресе, мінез жағынан ұшқалақ балалардың дұрыс жазып шығуы екіталай.

1. 19 Диктант т ы бағалау нормалары

Мұғалім ІV-VІ сынып оқушыларының жазба жұмыстарын бағалағанда, мынадай бағалау өлшемдерін басшылыққа алғаны жөн. Диктанттағы орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателер жеке есептеледі. Сондықтан баға жалпы қойылады.

«5» деген баға қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл бір қатеге немесе тыныс белгісінен жеңіл бір қатесі болса қойылады.

«4» деген баға үш тыныс белгіден, үш емледен, немесе екі тыныс белгіден, екі емледен болса қойылады.

«3» деген баға алты тыныс белгіден, алты емледен, немесе сегіз тыныс белгіден, үш емледен болса қойылады.

«2» деген баға бес тыныс белгіден, тоғыз емледен, немесе тоғыз тыныс белгіден, сегіз емледен болса қойылады [6, 98].

Сондай-ақ диктанттармен қосымша өткізілетін бақылау тапсырмаларына екі баға қойылады, бірі – диктантқа, екіншісі грамматикалық тапсырмаларға қойылады. Фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық және пунктуациялық қосымша тапсырмаларды бағалауға мынадай өлшемдер басшылыққа алынуы қажет:

«5» деген баға толық дұрыс орындалған тапсырмаға қойылады.

«4» деген баға тапсырманың 75% -ті орындалса, «3» деген баға тапсырманың 50%-ті орындалса,«2» деген баға тапсырманың 50%-ке жетпесе

қойылады.

92

Page 91: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Диктант жазғанда кейбір оқушылар ілесіп жаза алмай, қайталап сұрай береді, уақытты алады. Сондықтан ондай оқушыларға 7-8 сөйлемнен құралған шағын диктанттар тиімді болып саналады.

«Есте сақтау» диктанттарда мұғалім сөйлемді бір-ақ рет (ұзақ сөйлем болса екі рет) оқиды. Дереу оқи сала «жазыңдар» дейді. Ондағы мақсаты – оқушыларды сақтыққа, естігенді есте сақтауға, айтқанды ұғып тыңдауға және жылдамдыққа баулу. Егер сынып жаза алмаса, есіне сақтап қалған оқушыға қайталаттырады. Сөйтіп, үйренеді.

Диктант тексерудің де түрлі жолдары бар. Сыныпта жазу сауаттылығына қарай топтайды.

1. «Сенімділер тобы» үнемі «4» пен «5»-ке жазатындар.

2. «Әрқалай» «4», кейде «3»-ке жазатындар.3. «Қателер».4. «Шимайлар» тобы. Шимайлап, түзеп, бұзып,

былғап жазатындар кіреді.Әр топтың аты-жөндері, жіберетін қателері

жазылатын арнайы дәптер жүргізеді. Мынадай сызба пайда болады:

Ң,н И,й Ы,і Ұ,ү Қос дауыссыз.

Тасымал

Тыныс белгісі.

Жазуы нашар.

93

Page 92: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Тұстарына оқушының аты-жөні жазылады. Диктантты жазу үстінде оқушы қателерін мұғалім ескертіп отырады.

Мектеп оқушыларының білімін бағалау үшін оқу жылының басы мен соңында және әрбір тоқсанда өткізілетін диктанттардың сөз саны шамамен мынадай нормаларда белгіленуі тиіс:

ІV сынып үшін – 80 -100 сөз.V сынып үшін -100 –110 сөз. VІ сынып үшін – 110 -120 сөз. VІІ сынып үшін – 120 –140 сөз. VІІІ сынып үшін – 140 -160 сөз. ІХ сынып үшін – 170 -180 сөз. Х сынып үшін - 190 - 200 сөз. ХІ сынып үшін – 200– 210 сөз.

Осы диктант мәтінінде әрбір өтілген ережеге байланысты кем дегенде екі-үш орфографиялық және тыныс белгілерінің объектілері болуға тиіс. Сондықтан бір диктант құрамында ұшырасатын орфографиялық және тыныс белгілерінің объектілері төмендегідей нормалардан аспауға тиіс:

ІV сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 12, тыныс белгісі 2-3-тен аспау керек.

V сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 12, тыныс белгісі 3-4-тен аспау керек.

VІ сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 20, тыныс белгісі 4-5-тен аспау керек.

VІІ сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 24, тыныс белгісі 5-7-тен аспау керек.

VІІІ сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 25, тыныс белгісі 7-10-нан аспау керек.

94

Page 93: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Қазақ тілі бойынша жазба жұмысына бөлінетін сағаттар бағдарламалық тақырыптардан да, тіл дамытудан да, қайталанудан да алынады. Оқу жылы басында өткенді қайталау есебімен сынып оқушыларының сауаттылық дәрежесін анықтау үшін бір сағат және әр тоқсан соңында бір сағат бақылау жұмыстары алынады. Ал бұдан басқа уақыттағы алған жазба жұмыстар үйрету мақсатын көздейді. Жазба жұмыстарын талдауға арнайы сағаттар бөлінеді. Әр сыныптағы жазба, жаттығу, үйрету және бақылау жұмыстарының саны төмендегі мөлшерде белгіленеді:

ІV сынып – сегіз диктант, төрт мазмұндама, екі сынып және екі үй шығармалары.

V сынып – сегіз диктант, төрт мазмұндама, үш сынып және бір үй шығармалары.

VІ сынып – алты диктант, үш мазмұндама, екі сынып және екі үй шығармалары.

VІІ сынып – бес диктант, екі мазмұндама, екі сынып және үш үй шығармалары.

VІІІ сынып – бес диктант, үш сынып және үш үй шығармалары.

ІХ сынып – төрт диктант, төрт сынып және үш үй шығармалары.

Х сынып – үш диктант, төрт сынып және үш үй шығармалары.

ХІ сынып – екі диктант, үш сынып және екі үй шығармалары [7, 111].

1.20 Диктант және тіл ұстартуКейбір ғалымдарымыз диктант жаздыруды тіл

ұстарту жұмыстарымен ұштастырып жүр. Тіл ұстарту жұмыстарымен диктант жаздыруды қалай байланыстыруға болады? Тіл сабағында бұл екеуінің де өзіндік орны, ерекшелігі бар екендігі белгілі.

95

Page 94: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Диктант жаздырғанда біз белгілі бір тақырыпты аламыз, ол «Диктанттар жинағынан» алынады. Сөз санының шектеліп берілуіне байланысты мәтін түсініксіздеу болуы да мүмкін, әйтсе де, бала белгілі бір нәрседен қысқаша мағлұмат алады. Қазақ тіліндегі грамматикалық ереже, морфология, лексика, фонетика бөлімдерінің де өз талаптары бар. Жалпы қазақ тілі курсы бойынша жазылатын диктант жұмыстарының мұғалім алдына қоятын өз шарты бар. Одан ауытқымаған жөн деп жүрміз.

Диктант жаздыру оқушылардың сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың білім дәрежесін сынау екені де белгілі. Дегенмен де, біз бір жақты жұмыс істеп жүрміз бе деген ой да туындайды. Диктант жазғызу жұмысын біз неге тіл ұстарту жұмысымен байланыстырмаймыз? Мысалы, Абай өмірінен мәлімет бере отырып, ортаңғы сыныптарда Абайдың табиғат лирикасын өттік дейік, Абай шығармашылығын өткенде оның әлеуметтік жағдайы, халқына деген ыстық ықласымен қоса анасы Ұлжан, әкесі Құнанбай, әжесі Зере және бауырлар мен балалары туралы да айта кетсек артық болмайды. Ал, қазақ тілі мен тіл ұстарту сабақтарында осы ойды жалғастыра отырып, бірнеше тақырыпта диктанттар жаздыртса, жүйелі жұмыс, байланыс бола ма деп ойлаймыз. Мысалы: «Абайдың мінез-машықтары», «Құнанбай Өскенбаев», «Абайдың сүйікті ұлы - Әбіш». Тағы бір мысал, Мұхтар Мағауиннің «Доңыз жылғы балалық» жинағынан «Тассудан өткен қашқындар» атты әңгімесінен «Тассу бұлағы», «Қашқындар» атты мәтін, «Қант пен ірімшік» әңгімесінен «Ақ ірімшік» атты бір мәтін алған болатынбыз. Грамматикалық талап өз алдына, осы екі әңгімедегі қазақ халқының басынан өткен қиыншылық, кеңес өкіметінің орнаған кезіндегі халқымыздың нәубеттік өмірі туралы терең ой бала санасына, түсінігіне өте жеңіл, ұғынықты оқылады. Осы мәтіндерді диктант негізінде жазғыздық. Ол сонымен ғана қалуға тиіс пе? Мұғалім диктант жаздырғаннан кейін осы әңгімелермен оқушыларды кең көлемде таныстырса дұрыс болар еді.

96

Page 95: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Әр сыныпта тіл ұстартуға берілген сағат саны жетерлік. Тіл ұстарту сабақтарында не істейміз деп жүрген мұғалімдер де жоқ емес. Міне, тыңдағанда құлағыңның құрышын қандыратын, ал бала үшін оқуға жеңіл болып қана қоймай, халқымыздың өткен тарихының нағыз шындығын айтатын, ой тастайтын әңгімелерді оқуға жетелеу жолы осы емес пе? Әңгімені тіл ұстарту сабақтарында оқыту, оның идеясын ашу, мазмұнын ашу – еліміздің өткен тарихындағы «тар жол, тайғақ кешуін» ұғындыру, әңгіменің мазмұнын айтқыза отырып тілдік қорын табу болып табылады. Баланың ойын селт еткізер нәрсемен оның санасын халқының ұлылығы туралы ұғымды сіңіру, санасын ұштау, ұлтына деген сүйіспеншілік сезімін ояту деген сөз бұл. Сондықтан да «Тассудан өткен қашқындар» әңгімесін оқушы бар ынтасымен оқып, жақсы мен жамандықты айыруды, халқының дархандығын осындай сабақтарда ұғындыру қажет. Тіл ұстарту мен диктант жаздыру сабақтарының байланысы, бір жүйелілігі қазіргі уақытта «ақты – ақ, қараны – қара» деп жазып жүрген ақын-жазушыларымыздың шығармашылығына терең бойлай алуына бастайтыны сөзсіз.

Мұхтар Мағауиннің шығармашылығын өткен кезде осы жұмыстардың әсері мол екені анық. Міне, пәндердің өзара байланысы, үндестігі, тіл ұстарту жұмыстарының жүйелігі де осында. Диктант жаздыруды осылайша тіл дамыту жұмыстарымен ұштастырған орынды. Әңгімені оқуды диктант жаздырумен сабақтастырудың тиімді жолдарының бірі – осы.

Барлық сыныптарда, барлық кезеңдерде диктант жаздыруда осы бір ізден ауытқымаған жөн деген пікір бар. Әрине, әр мұғалім тіл дамыту жұмысын өз білім дәрежесіне, іздемпаздығына қарай бағдарламаға сүйене отырып жүргізеді. Бірақ тіл дамыту мен диктант сабақтарын байланыстыру өз нәтижесін берері анық. Мысалы: Ана туралы диктант жазылған соң оқушыларға өз бетімен орындауға мынадай жұмыстар тапсыруға болады:

ана туралы әңгімелерді оқу;

97

Page 96: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

өлеңдер жаттау, мақал–мәтел, нақыл сөздер жинау, оны оқу;

ана туралы айтылған ұлы адамдардың сөздерін дәптерлеріне жаздыру;

тіл ұстарту сабақтарында осы тақырыпқа әңгіме құру;

қысқа шығарма жазғызу.Қазақ балаларының ауызекі сөйлеуі жатық емес,

қанағаттандырмайды. Оқушының әдеби тілмен айшықтап, мақалдап сөйлеуі, теңеулер келтіріп, өз ойын анық, өз дәрежесінде жеткізуі жоқтың қасы. Баланың тілдік қоры нашар дамыған. Ойы мен сөзінің арасында алшақтық басым. Сөзінің іркілушілігі, тоқыраушылығы, мүкістенушілігі, біріншіден, логикалық ұлттық ұстанымның қалыптаспауынан болса, екіншіден, тіл қорының қордаланбауынан деп білу қажет. Оқушыға суырылып сөйлеу тұрмақ, қара дүрсін әңгімелеудің өзі бір алынбас қамалдай. Көңіліндегі небір жақсы ойды айтуға келгенде берекесі қашып, сәні болмай, еңсесі түсіп, білгенін айта алмау қазақ баласына тән қасиет болып барады. Оның ұлттық психологиялық астарларын да, қазіргі замана тауқыметімен біртұтас қарастырған жөн. Сондықтан да, баланың тілдік қорын дамытуда жан-жақты еңбектену қажет.

Қорыта айтқанда, диктант өз алдына басы бірікпейтін нәрсе сияқты көрінеді. Бір жүйеге түсірсек, оқыту да, тіл дамыту да, әдебиет пен қазақ тіліне деген құрмет пен қызығушылық та арта түспесе кемімейді. Ұрпақ тілі – біздің болашағымыз екенін ұмытпайық.

Қазақ тілінен бақылау жұмысыныњ ‰лгілері

Баќылау ж±мысы №1Таќырыбы: Ұлпан ауылыБақылау жұмысының мақсаты:1. Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп,

орфографиялық, пунктуациялық ережелерге сәйкес сауатты жазу машықтарын байқау.

2. Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында лингвистикалық материалды жүйелі меңгеру және қолдана білу дәрежесін анықтау.

98

Page 97: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

3. Шығармашылық тапсырма арқылы тіл мен әдебиеттен алған білімдерін байланыстырып, қорытынды жасай білу машықтарын тексеру.

Ұлпан ауылыЕртеңіне бүкіл Сыбан ауылдары Ұлпанның көшіне

ілесе, жайлауға тұтас көшті. Бұлары Ұлпанға көрсеткен қошемет еді.

Балалар бейберекет жарысып, қай көштің тұсында, қай бала озып келе жатса, сол көштен «бәйге» сұрайды. Жүкті арбаның үстінде келе жатқан әйел бір уыс құрт, бауырсақ шашып қалады. Балалар аттан түсе қалып, шашылған бауырсақпен құртты таласып-тармасып ауыздарына тығып жібереді де, тағы да бейберекет шаба жөнеледі. Бұл басы да, аяғы да жоқ бәйге жұрт жайлауға жетіп жүгін түсіргенше сөзыла береді.

(70 сөз) Ғ. Мүсірепов «Ұлпан».

ТапсырмаІ нұсқа.1. Бірінші сөйлемді мүшелеріне қарай талдап,

мағыналық, құрамдық түрін көрсет.2. «Ұлпанға көрсеткен қошемет» тіркесіне

морфологиялық талдау жаса.3. Мәтіннен синоним, антоним, омоним сөздерді

теріп ал.

ІІ нұсқа1. Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне қарай

талдап, мағыналық, құрамдық түрін көрсет.2. «Жүкті арбаның үстінде» тіркесіне

морфологиялық талдау жаса.3. «Бәйге» сөзінің мағынасын түсіндір.

ІІІ н±сќа«Ұлттық дәстүріміздің бірі- шешендік өнер»

тақырыбында ой толға.

Бақылау жұмысы №2Тақырыбы: Күз (диктант-жатжазу).

99

Page 98: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Бақылау жұмысының мақсаты: Негізгі курс бойынша қазақ тілінен оқушылардың міндетті деңгейдегі білім-білік деңгейлерін зерттеу.

І нұсқа1. Топтың алдыңғы қатарында Абай, Көкбай, Шұбар-

үшеуі өзгелерден озыңқырап, оқшау әңгімелесіп барады.

1-тапсырма: Синтаксистік талдау

ІІ нұсқа1. Қара жел қуған қаңбақ кең жазықта көп

бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді.1-тапсырма. Синтаксистік талдау

2-тапсырма. Мәтіннің стилін анықта, дәлелде.

3-тапсырма. Жүрістің ертелік мазасыздығына қарамай, күн райының мұңды, сұрқай көңілсіздігіне қарамай, ортадағы жастар тобы үнемі дабырлап, сөйлесіп, әзілдесіп күліп келе жатыр. ( 151 сөз. М.Әуезов «Абай жолы»).

Қатысқандар:15 оқушы

1 - «5/5» (Рысбаева Динара)2 - «5/4» (Адамов Нұрлан, Омарова Нұргүл)1 - «4/5» ( Жүсіпова Әлия)6- «4/4» (Кобзина Салидат, Айбулдинов Е., Апаева

Әйгерім, Апушева Іңкәр, Тажипов Диас, Төлеуханова Айнұр).

4 - «4/3» (Сәрсенбекова А., Сейсенбекова Ж., Смағұлова Ж.,

Жұбаев Рашид)1 - «3/4» (Асаинов Ренат).

Үлгірімі- 100 %.

Бақылау жұмысы №3Бақылау жұмысының мақсаты: 1. Сауаттылығын

тексере отырып, жіберілген қателер болса, олармен

100

Page 99: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

жұмыс жүргізіп, болдырмау шараларын қамтамасыз ету.

2. Синтаксистік, фонетикалық талдау бойынша біліктігін арттыру.

Тақырыбы: Соңғы жаз (Диктанттар жинағынан алынды).

1-тапсырма, әр оқушыға мәтіннің ішінен бір сөйлем бөліп беріп, оған синтаксистік талдау жасау (сөйлем мүшелеріне талдау, тіркестік қатынастардың байланысын ажырату).

2-тапсырма, әр оқушыға бір сөзден беру, оған фонетикалық талдау жасату.

Қатысқандар: 13 оқушы.

2 - «5/5» (Рысбаева Д., Омарова Н.)3 - «5/4» (Апушева І., Адамов Н., Кобзина С.)5-«4/4»(Апаева Ә., Сейсембекова Ж., Асаинов Р., Сәрсенбеков А., Төлеуханова А.).1- «4/5» (Айбулдинов Е.).1 - «4/3» (Смағұлова Ж.).1- «3/4» (Тажипов Д.).

Үлгерімі- 100 %.

Пән мұғалімі________________________

Бақылау жұмысы №4Бақылау жұмысының негізгі мақсаты:1. «Фонетика», «Лексика», «Морфология»,

«Синтаксис» бөлімдерін қайталап еске түсіру.2. Оқушылардың тілін, ойын дамытуға байланысты

жұмыстар өткізу.Ескерту: Тапсырма үш нұсқаға бөлініп орындалады

және тапсырма оқушылар тілін, ой-өрісін, білімі мен

101

Page 100: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

білігін дамытуға арғналған, нақты жауап беруге дағдыландыру көзделеді.

1-тапсырма «3»- деңгейге арналған;2-тапсырма «4» -тік деңгейдікі.3-тапсырма «4,5»- тік деңгей.4-тапсырма «5»- тік деңгейге байланысты

жүргізіледі.

1-тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті жерде Ы, І әріптерін

жазып, қажетсіз жерде Ы, І әріптерін жазбай, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз. Ы, І емлесіне байланысты анықтама-ережесін беріңіз.

2-тапсырма.Асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндірме

сөздік бойынша анықтаңыз.а) аруақә) сыйынуб) пір

3-тапсырмаБерілген сөздердің көп мағыналы мәндерін көрсетіп

жазыңыз, және сөйлем құраңыз.

Қатысқандар:13«5»- (Айбулдинов Е.)«4»- 11 ( Рыспаева Д., Апушева І., Адамов Н.,

Кобзина С., Апаева Ә., Асаинов Р., Сәрсенбекова А., Төлеуханова А., Смағұлова Ж., Тажипов Д., Жұбаев Р.).).

Үлгерімі- 100 %.

Пән мұғалімі________________________

102

Page 101: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

103

Page 102: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

ІІІ. МАЗМҰНДАМА

Жазба жұмыстарының бір түрі – мазмұндама жұмысы. Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психикалық және дене даму ерекшеліктері жөнінде оқулықтарда берілген мағлұматтарға сүйене отырып, мазмұндама екінші сыныптан бастап жүргізуге мүмкіндік бар екендігі анықталды.

Мазұндама жұмыстары балалардың психикалық процестерін (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял, сезім, ерік) күшейтеді, әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін тудырады.

Мазмұндамаға дайындалу барысында, әсіресе екінші сынып оқушыларының психикасында 1-ші сигнал системасының қызметі мен эмоция басым болғандықтан, балалардың өмірде көрген-білгендеріне, заттың тікелей өзін көрсетіп, сол жөнінде қабылдауларына, уақиғаны бақылау қабілеттеріне сүйену керек.

Мәтінді алдын-ала синтездеу жұмысына ерекше назар аударған жөн. Өйткені мәтінді алдын-ала синтездеудің, яғни жазбас бұрын мәтінді жобалап алудың, қате жібермеу үшін де тигізер пайдасы мол. Жазу процестерінің аналитикалық жағы неден көрінеді десек, ол әңгімеленгелі отырған уақиғаға сай келетін сөздерді таңдап алу, аналитикалық процеске жатады, ал осы сөздерді мәтіннің ішіне енгізу синтетикалық процесс болып есептеледі. Субъектілер мен предикаттарды және заттың белгілерін көрсететін сөзді іріктеп алу анализ болса, ал синтез – осыларды сөйлемнің ішінде орын-орнына қойып орналастыру болады. Мәтінді бірнеше бөлімге бөлу анализ болса, ал синтез – сол бөлімдерді бір-бірімен жалғастыру. Мәтінге жоспар жасау жұмысы кезінде анализ іске асса, синтез сол жасалған жоспар бойынша, құрастырып айту, не жазып беру жұмысы болып саналады.

104

Page 103: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Психология оқулықтарында бастауыш мектеп балаларының қабылдауы эмоциямен, сезіммен сабақтас жүретіні айтылады. Сондықтан мазмұндауға алынатын мәтіндер балаларда болатын көңілділік, сенгіштік, сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттерге сай іріктелуге тиіс.

Сөйтіп, мазмұндама жазу процесінің психологиялық негізі жөнінде аздап болса да мағлұмат алу – оның жүйесін жасап, методикалық тәсілдердің қолайлысын таңдап алуда жол-жоба көрсете алады.

Оқушыларды мазмұндама жазуға үйретуде дидактиканың негізгі талаптарына сүйенген жөн. Бастауыш мектептерде мазмұндамаға үйрету жұмыстарында басқа пәндердегі сияқты, оның ғылымилығы, теорияның практикамен байланысы, көрнекілігі, саналылығы, оқушылардың белсенділігі және жүйелілік пен беріктік принципі ескеріледі.

Мазмұндама оқушылардың жас ерекшелгіне сай бірте-бірте күрделене береді. Жоғары сыныптарда мазмұндама жұмыстары көп жүргізілмейді. Өйткені жұмыстың бұл түрі кең көлемді шығарма жазуға дайындық ретінде қолданылатындықтан, ендігі жерде шығарма жазуға ауысады.

1. Мазм±ндамалар жинаќтарына талдау жасау

«IV-XI сыныптарда көркем әдебиет шығармаларын оқып үйренуде алға қойылатын негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың тілін байыту, дамыту, ойларын ауызша және жазбаша түрде дұрыс, келісті баяндай білуге үйрету» - деп көрсетілген әдебиет бағдарламасының түсінік хатында. [8, 3]

Міне, осы аталған міндетті әдебиет пен тіл пәндерінің ұстаздары жүзеге асыру үшін, оларға көмекші құрал ретінде «Мазмұндама текстерінің жинағы» ұсынылады.

105

Page 104: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Әр жылда шыққан мазмұндамалар жинақтарын салыстырып, талдайтын болсақ, олардың құрамындағы мәтіндердің заман талабына сай өзгергендігін байқауға болады. Мысалы, 1981 жылы жарық көрген «Мазмұндама текстерінің жинағы» 1973 жылғы басылымға негізделіп жазылғанымен, оған едәуір өзгерістер, қосымшалар еңгізілген. Бірсыпыра аударма материалдар жинақтан алынып тасталып, олардың орнына төл әдебиетіміздің үлгілері берілген.

Жаңа бағдарламаның талаптарына сәйкес тіл дамыту жұмыстарының ең негізгі түрі болып табылатын мазмұндама мен шығарма жаздыруда оның қай түрі, қалай жаздыру керектігі мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларда көрсетіліп отырылған. Мұндай тапсырмалар мәтіндерге үлгі ретінде ғана берілген. Бұдан тіл дамыту жұмысын тіл сабақтарының тақырыбымен ұштастыра, байланыстыра жүргізілуі керек деген міндет туып отырғаны байқалады. Сондықтан да мұғалімдер жинақты пайдаланғанда, тіл тапсырмаларының берілген үлгісін басшылыққа алып, басқа мәтіндердің материалдарын да пайдаланғаны жөн.

1981 жылғы «Мазмұндама текстерінің жинағының» авторлары С.Омаров пен Н. Бәйділдаев мұғалімдердің пайдалануына қолайлы жағын ескеріп, мәтіндерді мөлшермен әр сыныпқа жеке-жеке бөліп берген. Жинаққа қосымша ретінде IV-XI сыныптарда жүргізілетін шығарма жұмыстарының үлгі тақырыптары берілген. Бірақ та авторлар әр мектептің, әр сыныптың өзіне лайық ерекшелігін күні бұрын дәлме-дәл болжау қиындығын айтады. [9, 3]. Сондықтан мәтіндердің әр сыныпқа бөлініп берілуі мұғалімдердің өз сыныбының ерекшелігі мен жүргізейін деп отырған жұмыстың мақсатына қарай еркін таңдап алу, мәтіндерді бір сыныптан екінші сыныпқа ауыстырып пайдалану мүмкіншілігін жоққа шығармайды.

Жинақтағы материал IV-XI сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту жұмысының төмендегідей түрлерін қамтиды:

а) ауызша әңгіме өткізу;

106

Page 105: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

ә) берілген сұраққа ауызша, жазбаша жауаптар қайтару;

б) жай және күрделі жоспар жасау;в) мәтіннің көркемдік ерекшелігін және

шығарманың тіл, стиль ерекшелігін сақтай отырып, мәтінге жақындата ауызша және жазбаша мазмұндау;

г) мәтіннің формасын өзгерте мазмұндау, яғни I жақ, осы шақ формасындағы мәтінді III жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;

д) қысқарта мазмұндау, яғни берілген мәтіннің тек түйінді негізгі мәселелерін ғана мазмұндау;

е) мәтіннен цитат және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;

ж) берілген мәтінге оқушы өз ой қорытындысын қоса мазмұндау;

з) шығарма жұмыстары;и) сөздік жұмыстары.Әр сыныпқа арналған жеке бөлімдерде хабарлау-

баяндау, суреттеу және байымдау-мінездеу түріндегі шығармалардан тиісті үзінді беріледі.

Шығармалардың бұл түр-түрлері мазмұндама, шығарма жұмыстарында сыныптың жалпы дайындығына, оқушылардың басым көпшілігін көбірек қызықтыратын тақырыптарға, мұғалімнің алдына қойып отырған мақсатына қарай IV-XI сыныптардың қай-қайсысында болсын белгілі бір дәрежеде қамтылып отыруы керек. Негізінде, IV- V сыныптар үшін хабарлау - баяндау, VI сыныпта суреттеу, VII-VIII сыныптарда байымдау-мінездеу түріндегі мазмұндамалармен жұмыс жүргізу негізгі орын алуға тиіс дейді авторлар. [9, 4].

Мемлекеттік бағдарлама IV сынып оқушыларына көлемі шағын шығармалар мен жеке үзінділерге жай және күрделі жоспар жасай білу керектігін және жоспардың әрбір тармағын сөйлемнің бір түрімен ғана емес, атаулы, хабарлы, сұраулы сөйлем түрлерімен де, цитаталар арқылы да жаза білу керектігін міндеттейді. [9, 4] VI-XI сыныптарда бұл жұмыс тереңдей түседі, бұл сыныптарда мазмұндаманың күрделі жоспарын жасауға көбірек көңіл бөлінеді.

107

Page 106: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Жинақтағы мәтіндердің басым көпшілігіне мазмұндау жоспары берілді. Бұл берілген жоспарлар мұғалімдердің міндетті қолданылуы үшін емес, оқушыларға жоспар жасату жұмысын шығарманың әр түріне қарай қалай жасау керектігіне үлгі ретінде көрсету, жоспардың әрбір тармағын түрліше сөйлем түрлерімен құрастырудың үлгілерімен таныстыру мақсатымен берілді.

Кµркем шығарманың жоспарын түрліше сөйлем түрлерімен жасауға оқушыларды үйретіп дағдыландыруда, көрнекті жазушылардың шығармаларындағы жеке тарауларға қойылған тақырыптармен және қысқа әңгіме т.б. шығармаларға қойылған атаулармен оқушыларды таныстыру, сол кµркем шығарманың неліктен солай деп аталғандығына оқушыларға жете түсіндіру мәселелерінен туындап отыр. Осы мақсатпен авторлар жинақтағы жеке мәтіндерді мүмкіндігінше әр түрлі атаулармен атауға тырысты.

Осы мәтіндер бүгінгі күнге шейін өз мәнін жоймаған. Мысалы, «Орман санитары» (Ә. Жұмаділовтың «Қазақстан қорықтары» шығармасынан алынған үзінді), «Шын достық», «Қазыналы Қаратау», «Табиғатты сүй», «Бозторғай мен абжылан», «Тірілген түлкі», «Батыр қыз», «Күй құдіреті» сияқты көрнекті жазушылардың еңбектерінен алынған үзінділер мен ертегілер оқушыларды Отанды, табиғатты сүюге, қорғауға, еңбекқорлыққа, ерлікке, батылдыққа, адал дос болуға үйретеді.

Бірақ та осы жинақты бүгінгі күнде пайдалану мүмкін емес. Себебі ондағы мәтіндерді сараптайтын болсақ, олардың қазіргі заман талабына сай еместігін көреміз. Мәселен, мұнда мынандай мәтіндер кездеседі: «Ленин», «Октябрь шұғыласы», «Қазақ сахарасындағы Октябрь», «Ильичтің балалық шағы және мектептегі кезі», «В.И. Ленин Кашино шаруалары арасында», «Ленин мен балалар», «Жас революционерлердің тапқырлығы», «Ол – комсомол мүшесі», «Владимир Ильич қалай киноға түсірілді», «Сенбілік», «Шаштаразда».

108

Page 107: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Аталған мәтіндер көбінесе Кеңес үкіметінің өмірімен байланысты болса, ал 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылған «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағында» қазақтың төл жазушыларының шығармаларынан үзінділері келтірілген. [7, 11]. Бұл үзінділер қазақтың әдет-ғұрпынан, мәдениетінен, тарихынан хабар береді. Мысалы: «Қасиетті домбыра», «Халық перзенті», «Бұқардың соңғы өсиеті», «Батырдың сауыт сайманы», «Туған жер төсінде», «Дарабоз», «Наурыз-тазару күні».

Осы жинақ ешбір өзгеріссіз 2001-жылы қайта басылып шықты. Жинаққа енген мазмұндамалардың мәтіндерін оқу жылы бойында оқушылардың зейін-қабілеттерін жетілдіріп, сауаттылықтарын бекіте түсу мақсатында жинақтау немесе білім сапасын анықтау сабақтарында пайдалануға болады.

1.1 Мазм±ндама т‰рлері жєне оларды мењгертудіњ жолдары

Көркем мәтінді меңгертуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін, сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады.

Мәтін мазмұнын айтып бергенде, оқушылар мұғалімнің баяндағанын қайталап қоймай, мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру талап етіледі. Атап айтқанда, оқушы жазған мазмұндама мәтініне мынадай талап қойылуы тиіс:

1) оқушының өз ойы болуы;1) өз жанынан қосымша оқиға қосуы;2) өздігінен қорытынды жасауы;

109

Page 108: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

3) мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни I жақ, осы шақ формасындағы мєтінді, III жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше мазмұндауы;

4) қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқартуы;

5) кеңейте мазмұндау, яғни мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз (цитата) және эпиграф келтіре отырып мазмұндауы;

6) берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасауы.

Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда методистер Бегман Ысқақ және Эльмира Оразбаева мазмұндаманың мынандай түрлерін ұсынады:1. Дайын мәтін бойынша мазмұндама;2. Сурет бойынша мазмұндама;3. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама. [5. 82-89 беттер].Дайын мәтін бойынша мазмұндаманың өзін бірнеше

түрге бөлуге болады:1. Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау;2. Мәтіннің мазмұнын сақтап, бірақ баяндалу формасын өзгерту;3. Қысқарта баяндау;4. Толықтырып мазмұндау.

а) Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау

110

Page 109: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Мазмұндаманың бұл түрінде мәтіннің мазмұны бүтіндей қайталанбағанмен, түгелге жуық меңгеріледі. Мәтіндегі сөз тіркесі, сөйлемдер сөзбе-сөз қайталанбауы мүмкін, алайда кейбір жаңа сөздердің, сөйлемдердің, көркемдегіш құралдардың оқушы жұмыстарынан орын алуы мүмкін. Бұл дұрыс па, жоқ әлде бұрыс па? Мұны әртүрлі түсінуге болады. Бірінде оқушы мәтін мазмұнын терең меңгеріп, ондағы кейбір сюжеттің, көріністің, өзіне ұнаған сөз йірімнің бастапқы қалпын сақтағысы келсе, кейбір оқушы мәтін мазмұнын өз сөзімен беруге сөз қолданыс, сөйлем құрау дағдыларының қалыптасуынан шығарма авторын сөзбе-сөз қайталауға әкеліп соғады. Бірінші жағдайда, сол жазған мазмұндамасындағы жаңадан игерген сөз қолданыстары оқушының актив лексикасына айналса құба-құп. Ал, өткінші, тек баға алу үшін бір-ақ рет пайдаланып, кейіннен жадынан шығарса, онда алға қойған мақсаттың орындалмағаны.

Мазмұндама жазғанда көркем мәтінді қаз қалпында қайталауға жол бермеу үшін белгілі әдіскер-ғалым С. Тілешева мұғалімдердің мына мәселелерді мазмұны тартымды, оқиғасы қызғылықты, көркемдік қуаты жағынан жоғары талапқа сай мєтін тањдауын, мазмұндама жазар алдында мәтінді оқу, әңгімені негізгі бөлімдерге бөліп, оған тақырыптар беру, жоспарын жасату, тілін талдау, т.б. жұмыстарын орындатқан жағдайда мәтіндегі барды қайталау болмай, мазм±ндама нағыз шығармашылық жұмысқа айналатынын айтады. [10, 21]

111

Page 110: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Жазу техникасы: мазмұндама жазылатын мәтін, ең алдымен, сыныпта мәнерлеп оқылады. Қандай да болмасын әсерлі шығарма ұсынылғанмен, ол нақышына келтіріліп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, қызығушылық сезімін тудыра алмайды. Өйткені мазмұндама мәтіндерін оқушыларға оқып беруде мұғалімнің дауыс сазының әсерлі болуының маңызы зор. Бұл жөнінде орыстың ұлы педагогі К.Д. Ушинский: «…Бізде анық дауыстап, ырғағына келтіріп, әсерлі етіп оқи алатын мұғалім табу өте қиындыққа түседі десек, кейбіреулерге ерсі болып көрінер еді, алайда зейіні жетілмеген балаларға мұндай мұғалім ерекше қажет», - дейді. [11, 84]

Бала психологиясын жете зерттеген А.С. Макаренко да балалармен қарым-қатынаста дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген. Ол балаларға әсер ету үшін дауыста эмоция мен сезімнің басым болуы керек екенін айтады. Сондықтан мазмұндама мәтінін оқығанда мұғалім дауыс ырғағын бірқалыпты сақтап, өзінің дикциясына қатты көңіл бөлгені жөн.

Мәнерлеп оқуға екі түрлі талап қойылады. Олар – физикалық және психикалық. Біріншіден, оқыған кезде дұрыс тұру, демді еркін және терең алу, дауысты бірқалыпты сақтау болса, ал екіншісіне, оқудың ритмін сақтау, сөзді анық айту, бір қалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгілеріне сәйкестендіру, т.б. жатады.

112

Page 111: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Міне, сондықтан мазмұндама мәтінін мұғалімнің өзі оқып бергені жөн. Одан кейін мазмұны айтылып, мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздер мен сөз тіркестері (фразеологизмдер) түсіндіріледі. Мазмұндау жоспары түзіледі. Алғашқы кезде мұғалімнің көмегімен, кейіннен оқушылар өз беттерінше жоспар құрады. Жоспар жазылмақшы мәтіннің мазмұнына байланысты жай және күрделі болып келеді. Мәтінге жоспар құру, оның мазмұнын жоспарлап жазу дегеніміз – мәтін мазмұнын бөлім-бөлімге бөліп беру деген сөз. Мәтінді жоспарлау – оқылған шығарманың мазмұнын жүйелі беру, ондағы оқиғаның, іс-әрекеттің орындарын алмастырып алмау үшін қажет. Жоспарлау мәтіндегі әңгіме болып отырған негізгі мәселені тани білуге баулиды. Мәтінге жоспар жасау, әдетте, жай жоспар, күрделі жоспар жолымен жүзеге асырылады.

є) Мәтіннің мазмұнын сақтай отырып, баяндау формасын өзгертіп мазмұндау

Мұнда I жақта баяндалған мәтінді III жақта, өткен шақта құрылған мәтінді келер шақ формасында өзгерте мазмұндау.

б) Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың келесі түрі – ықшамдап мазмұндау

Мазмұндаманың бұл түрінде берілген мәтіннің айтылайын деген негізгі ойға қатыссыз, қосымша сюжеттер қысқартылып, ең негізгі, түпкі ойды жазады.

Қысқарта, ықшамдап мазмұндаудың да өзіндік маңызы бар, өйткені әңгімедегі іс-әрекеттердің негізгі мен қосалқы жақтарын ажырату барысында да шығармашылық сипатқа ие болады. Мәтінді ықшамдау барысында әңгімедегі қосымша детальдардан түйінді ойды даралауға жаттығады, мазмұнды талдай отырып, қажетті материалды жинақтауға, көп ойды аз сөзбен беруге, пікірін қысқаша баяндауға дағдыланады. Ұсынылып отырған мазмұндаманың бұл түрін оқушыларды сөзді талғап, таңдап қолдануға, сөйлемді жинақы құруға, аз сөзбен көп мағына беруге, тілін ширатуға септігін тигізеді.

113

Page 112: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

д) Дайын мәтін бойынша жазылатын мазмұндаманың келесі бір түрі – толықтырып мазмұндау

Бұл жоғарыда айтылған ықшамдап мазмұндауға керісінше берілген әңгіме мазмұнын толықтырып, кеңейтетін, ұсынылған ойға тың пікірлер, жаңа сюжеттер тапқызу мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мақсат етіледі.

Жұмыстың бұл түрінде бұл әңгіменің қысқаша мазмұны беріледі. Негізгі ой ұсынылады. Оқушы өз жанынан берілген ойды күшейтетіндей детальдар қосып, мәтінді толықтырады. Жаңа сюжеттер қосып, баяндалған іс-әрекетті дәлелдей түседі. Мұндай жұмыстар оқушылардың таным процестерін дамытып, тілін ширатады.

Мазмұндаманың бұл түрін жаздыру мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктейді. Тыңғылықты дайындалуын қажет етеді. Ұстаздардың үнемі есінде болатын мәселе: оқушыларға ұсынылатын мәтіндер мазмұнына олардың күнбе-күн араласып, көріп-біліп жүрген етене таныс зат, құбылыс, оқиға және іс-әрекеттер болғаны жөн. Балалар сонда ғана жұмыс барысында онша қиналмай, тез төселіп кетеді.

1.2 Сурет бойынша мазмұндама жаздыру

Жұмыстың бұл түрін жүргізуде дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндамаға ұқсас жүргізіледі. Олай дейтініміз, мұнда да әңгіме мәтінін мұғалім алдын-ала әзірлейді. Бұл жұмыстардың бір-бірінен айырмашылығы сөз болып отырған мазмұндамада дайын мәтінге қосымша сол оқиға желісін ашатын сурет болады. Жұмыс барысында қылқалам туындысын пайдалана отырып, мазмұндама жазу оқушылардың сурет мазмұнын түсінуге, шығармада бейнеленген зат не құбылыстарды бейнелі де көркем сөзбен өрнектеуді үйретеді. Баланың эстетикалық талғамын байытып, шығармашылық қиялына қанат бітіреді.

114

Page 113: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Суретті пайдалана отырып жазылатын мазмұндаманың мынандай түрлері бар:

1. Белгілі оқиғаға арналған бір сурет бойынша мазмұндама;

1. Бір оқиға мазмұнын ашатын сюжетті суреттер арқылы жаздырылатын мазмұндама.

Сурет және сюжетті суреттер бойынша жаздырылатын мазмұндамаларды түрлендіріп өтуге мүмкіндік мол. Атап айтқанда, сюжетті сурет бойынша өткізілетін мазмұндама мәтініндегі қайырымдар мен сөйлемдердің орындарын ауыстырып беріп, оны суреттің сюжетіне байланысты түзеттіріп немесе орны ауыстырылған суреттерді мәтін мазмұны бойынша жүйеге түсіретін түрлері оқушының ойлауы мен қиялын дамытып, шығармашылық қабілетін арттырады.

1. Сурет бойынша мазмұндаманы мына жүйеде жүргізуге болады:

Алдын-ала дайындалған қыс келбеті бейнеленген суретті іліп, сұрақ-жауап тәсілі бойынша дайындық жұмысы жүргізіледі.

1. Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны немен дәлелдейсіңдер?

2. Суреттің алдыңғы жағында кімдер көрінеді? Олар не істеп жүр?

3. Балалардың көңіл-күйлері қандай?4. Ауа райы қандай деп ойлайсыңдар?5. Суретке қандай ат қоямыз?6. Қандай ой қорытындысын жасаймыз?Суреттің мазмұны жоғарыдағы жоспар бойынша

талқыланып, сұрақтарға дұрыс берілген жауаптар іріктеледі.

Мұғалім осы сурет бойынша дайындап келген мәтінді мәнерлеп оқып шығады.

Мұғалім мазмұндама мәтінін оқып болған соң, әрбір қайырым суретпен салыстырады. Балаларға мағынасы түсініксіз деген сөздер мен сөз тіркестері синоним сөздер арқылы түсіндіріледі. Кейбір сөздердің орфографиясын есте сақтау қажеттілігі ескеріліп, тақтаға жазылады.

Ұжым болып мазмұндаманың жоспары түзіледі. Жоспардың үлгісі:

115

Page 114: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

1. Таңертеңгі табиғат көрінісі.2. Өзен жағасында.3. Балалардың қызығы.4. Балалар соққан аққала.5. Қорытынды.

Мәтін мазмұны құрылған жоспар мен суретті салыстыра отырып бірнеше оқушы айтып шығады.

Мұғалім қорытынды жасайды. Балалар мазмұндама жазуға кіріседі.

1.3 Сюжетті суреттер арқылы мазмұндама жаздыру

Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін алдын-ала мәтін дайындайды. Сол әңгіме мазмұнына сай бірнеше суреттер әзірлейді.Мұғалім дайын мәтіннің мазмұнын жоғарыдағы біз ұсынған әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларға меңгертеді.

Әңгіме мазмұнын толық меңгертіп алғаннан соң, балалардан ұсынылып отырған мәтін мазмұнына сай қанша сурет салуға болатыны сұралады. Оқушылар өз нұсқаларын алып, ұсыныстарын дәлелдеуге тырысады. Нәтижеде мәтінді негізгі бөліктерге бөлуге, баяндалған оқиғаның құрамды бөлшектерін тануға, ең бастысы – ондағы идеяны тап басуға дағдыланады. Сюжетті суреттер арқылы мазмұндаманың тағы бір ерекшелігі, біріншіден, сөзден сурет, екіншіден, суреттен сөз тудыру қабілеті қалыптасады. Яғни, шәкірттердегі ойлаудың абстрактологикалық түрінің дамуына игі ықпал етеді.

1.4 Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама

116

Page 115: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Оқушының өмірге белсенді позициясын оның адамгершілік мінез-құлқының қажетті жағдайына айналатындай етіп қалай қалыптастыру керек? Жеке бастың белсенділігінің қандай қырларын осы процеспен байланыстыруға болады? Бұл сұраққа танымал ғалым Т.И. Шамова оқушының танымдық әрекеті қиял мен ойлау белсенділігіне, сыртқы әсер ішкі белсенділіктің нығаюына себепші, оның өтуіне бақылау жасаушы орта болып саналатындығына байланысты дегенді айтады. Әрине, аталған әрекеттің жемісті болуына септесетін фактор бұл ғана емес, өз бетінше қиялдау мен ойлауды да белсенді ету керек. Академик А.Д. Александров бұл орайда мектеп балаларға тек білім беріп қана қоймай, өз бетінше ойлауға да тәрбиелейтіндігін, ал мұның өз қоғамының саналы мүшесіне керек қасиет екендігін атап айтады. Бұл тұжырымды академик М.А. Лаврентьев те қостайды.

Оқушының өз бетінше ойлауын проблемалы ситуация туғызу негізінде қалыптастыру керек, шығармашылық ойлау оқушылардың кез-келген танымдық мәселесін шешуде әр алуан тәсілдерді іздестіру процесінде жүзеге асырылады.

Оқушының өз бетінше ойлау қызметін белсенді етудің жолы проблемалы ситуация туғызу, ең тиімді тәсіл екендігін осы салада ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысқан ғалымдардың көпшілігі қуаттайды. Сонымен бірге, қабілеттілік, әсіресе, оқушылардың өз бетінше ойлау қызметі процесінде табысты дами түсетіндігі айқын. Осыған орай ойлауды белсенді ету үшін проблемалы оқытуды қолдану тиімді болмақ. Танымал психолог С.Л. Рубинштейн өз бетінше жұмыс істеу саналы әрекеттің қалыптасуына негіз болады. Міне, сондықтан оқушының шығармашылық ойлауын дамытуда дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздырудан гөрі, аяқталмаған мәтін бойынша жұмыс жаздыру анағұрлым тиімді.

117

Page 116: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Оқушылар мазмұндама мәтінін сәтті аяқтауы үшін логикалық байланысқа түскен сюжет ойластырумен бірге оны көркем тілде баяндап жеткізу талап етіледі. Белгілі бір толық мәтінді түзу үшін оқушылардан ұшқыр қиял мен шығармашылық ойлауды талап етеді. Егер оқушы мазмұндаманы талап деңгейінде орындап шықса, оның тасасында ұзақ ойлау процесі тұрғандығын естен шығармағанымыз жөн. Сол себепті оқушыларға мұндай қасиетті қалыптастыру үшін қажетті ситуация туғызылады деп түсіну керек.

Аяқталған мәтін бойынша мазмұндама жаздырудағы мақсат – оқушыларды өз бетінше сюжет ойлап, әңгімені әрі қарай жалғастыра отырып, сәтті шешім тауып аяқтауға дағдыландыру.

Бұндай жазба жұмысының түрінде мазмұндама мен шығарманың элементтері кездеседі. Бұрын ылғи дайын мәтінмен жұмыс істеп қалыптасқан оқушы алғаш рет өз ойынан әңгіме құрап, өзіндік ой қорытындысын жасайды. Оқушы мазмұндама мәтінін сәтті не сәтсіз аяқтауы мүмкін. Ол басты мұрат емес. Мұғалімнің негізгі мақсаты – баланы ойлантуға ситуация туғызу. Сол арқылы оның өзіндік «менінің» қабілетіне қанат бітіру, қайнар бұлағын ашу. Бала бойындағы «туа біткен тілдік қабілетін» ояту. Мұғалім бұл жұмысты «жеңілден ауырға қарай жүру» принципі негізінде істейді.

Алғаш рет оқушыларға ұсынылатын аяқталмаған әңгіменің оқиға желісі, сюжетті суреттер арқылы бағыт-бағдар беру негізінде жүргізіледі. Демек, оқушылар аяқталмаған мәтінді сюжетті суреттерге және ұжым болып құрылған жоспар негізінде жазып шығады. Атап айтқанда:

а) келесі кезеңде аяқталмаған мәтін, жарты түзілген жоспар, әңгіме соңына бағыт-бағдар беретін сюжетті суреттер негізінде мазмұндама жаздыру;

ә) аяқталмаған мәтін мен әңгіменің, сәтті тұжырымдауға сілтеме жасайтын жоспар негізінде мазмұндама жаздыру;

б) соңына дейін түзетілмеген жоспар мен аяқталмаған мәтін арқылы мазмұндама жаздыру.

118

Page 117: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Міне, осылайша, мазмұндама жаздыру бірте-бірте күрделеніп, оқушыларға «өнер алды» болып табылатын тілдің қыр-сырын игертуге, байланыстырып сөйлеуге игі ықпал етеді.

Ал методист-ғалым Рахметова С. бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келіп мынадай түрлерін көрсетеді: дайын әңгіме бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, кино, диафильм бойынша мазмұндама [13, 150]

Ғалымдардың пікірінше мазмұндаманың соңғы түрі әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балаларға күшті әсерін тигізеді. Кино баланың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Бүл жөнінде Я.А. Коменский мұғалім үшін «Алтын ереже – бала сезім арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты-жұмсақтығын байқасын т.б. Кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы», - дейді. [8, 156]

Оқушылардың белсенділігін арттырып сөйлеуге үйретуде техникалық құралдардың алатын орны мен пайдасы жөнінде баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен кітаптарда талай айтылды. Әсіресе қазақ мектептері үшін мұндай құралдардың жетімсіз екенін басым көрсетудің нәтижесінде соңғы кездері қазақ тілінде шығарылып жатқан диафильмдер, фильмдер молшылық. Мұндай фильмдер әңгімелер бойынша да («Елтай екілік елінде», «Біздің аналарымыз» т.б.), танымдық материалдар бойынша да жасалуда.

119

Page 118: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Фильмдер бойынша сабақ ұйымдастыруда да балалардың зейінін сол фильмдегі оқиғаға аудару мақсатында кіріспе әңгіме айту керек. Бастауыш сынып оқушыларын экран материалдарын игеруге бірте-бірте үйреткен дұрыс. Экран материалдарын игеру де күрделі жұмыс. Бұл әсіресе бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін реминисценсия құбылысына байланысты, яғни бұл балалардың эмоциясы жоғары болғандықтан, оны тежеуге шамалары келе бермейтіндіктен, олар кинодан көргендерін іле-шала ұмытып қалады, ал кейін бірте – бірте естеріне түсуі мүмкін. Сондықтан кино, диафильмдер бойынша мазмұндама жүргізуде мұндай ерекшеліктерді ескеріп (диафильмді көрсете салып, оның мазмұны бойынша мазмұндама жүргізу нәтижесіз болатындықтан), біраз уақыт өткізіп барып сұраған жөн. Мысалы, «Жол жабық» диафильмін көрсеткеннен кейін, 11 – сыныптың «Қазақ тілінен» «Қырағылық» әңгімесі оқылып, оның мазмұны сұрақ – жауап арқылы талқыланады. Келесі сабақта балалардан қандай фильм көргендері, онда не жөнінде әңгіме болғаны сұралады. Фильмді екінші рет әр кадрына тоқтап, мазмұнын ашып, кеңірек түсіндіру үшін тағы көрсетуге де болады. Қандай да болмасын, кино, диафильм көрсетілгенде оны не «Ана тіліндегі» материалдармен байланыстыру, немесе мұғалімнің өзі алдын- ала мәтін құрастырып алуы керек. Әуелі кино көрсетіледі де, кейін мәтінмен бірге талданады.

Мазмұндамаға берілетін мәтіндер бірте-бірте күрделеніп отыру жағын мәтін таңдағанда мұғалім ескеруі тиіс. Мәтін оның ішіндегі көріністері жағынан болсын, сөздік, синтаксистік жағынан болсын бірінен екіншісі аз-кем қиындау болу керек.

120

Page 119: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Егер де жоғарғы сыныптарда мазмұндалатын мәтін тек қана мәнерлеп оқылатын болса, бастауыш сыныптарда мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мұғалім үлкен қағазға алдын-ала жазып, дайындап алып келеді де, тақтаға іліп қояды. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, «Қарлығаш пен торғай» әңгімесін алайық. «Қарлығаш ұя салды. Дайын ұяға торғай орналасып алды. Торғайға қарлығаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлығаштарды шақырды. Қарлығаштар түгел жиналды. Олар торғайды ұядан қуып шықты. Сөйтіп, қарлығаш өзінің ұясына қайтадан қоныстанды». (33-сөз).(«Мазмұндамалар жинағы»)

Мәтінді оқымас бұрын мұғалім балалардың торғайды, қарлығашты көрген-көрмегендерін, бұл құстарды бір-бірінен қалай ажыратуға болатынын, яғни олардың бір-бірінен қандай өзгешеліктері барын, бұл құстар жөнінде қандай ертегілер, әңгімелер білетіндерін сұрап, ауызша әңгіме айтқызады. Мұндай әңгімені 1-2 күн бұрын ұйымдастыруға да яки сол мазмұндама жазатын күні ұйымдастыруға да болады. Торғай мен қарлығаштың үлкейтіп салынған суреті немесе муляжын пайдаланған тиімді.

121

Page 120: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Сабақ басталғаннан кейін дайын мәтінді балалар оқып шығады. Мәтін ішіндегі дайын, орналасып алды, шамасы келмеді, қоныстанды сөздері түсіндіріледі. Бұл сөздер синонимдер арқылы (дайын - әзір, шамасы келмеу - әлі жетпеу, күші жетпеу, орналасып алу – ұяға кіріп алу, ұяны меншіктеніп алу, ұяны иемдену, т.б.) ұғындырылады. Сонан кейін балаларға орфографиялық жағынан қиындық келтіретін ұя, қарлығаш, орналасып алды, шамасы келмеді, көмекке, қоныстанды, дайын, торғай сияқты сөздер тақтаға жазылады. Орфографиясы қиын сөздерді немесе сөз тіркестерін түбір күйінде я тұйық рай формасында бермей, мәтіндегі формасында берген жөн. Ал кейбір әртүрлі жалғаулар жалғанып, бірнеше рет қайталанып, түрлі тұлғада кездесетін сөздерді түбір күйінде немесе тұйық рай формасында көрсетуге болады. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда балалар мәтіндегі сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады, көру, есту анализаторлары қызмет атқарады.

Мәтін оқылып болғаннан кейін, оқушыларға сұрақ қойылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы мәтіннен ол сұрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді тұтас бір оқып шығады. Осындай жұмыстардан соң, мұғалім тақтадағы мәтінді жауып қойып, екінші тақтадағы алдын-ала жазылып қойылған сұрақтарды ашады.

Мазмұндаманың бұл түрінде мәтін бойынша қойылатын сұрақтар мәтіннің құрылысын, тәртібін өзгертпей, тек ондағы сұраулардың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды. Мысалы, жоғарыдағы мәтін бойынша мынадай сұраулар қоюға болар еді: Қарлығаш не салды? Ұяға кім орналасып алды? Қарлығаш басқа қарлығаштарды неге шақырды? Көп қарлығаш ұядан кімді қуып шықты? Қарлығаш қайда қоныстанды? Жазуға кірісер алдында тақтадағы сұрақтардың құрылысы мен тәртібін өзгертпей, ондағы сұраулардың орнына ғана сөз тауып жазу керектігін балаларға аңғартқан дұрыс.

122

Page 121: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

1.5 Оќушыларды мазм±ндама жазуѓа ќызыќтыру

Неліктен балалар мазмұндама жазуды аса ұната бермейді? Біздіңше, мұғалімнің мазмұндаманы өткізуіне байланысты (бір сарынды, қызықсыз ғып өткізсе, әрине, балалар қызықпайды), екіншіден, мазмұндаманың негізгі мағынасын сақтай отырып, жоспар бойынша басқа біреудің ойын жеткізу қиын, үшіншіден, мұғалімнің айтқанымен, дайын оймен, ұсынылған бағыт бойынша жұмыс жасайды. Бұл оқушы үшін қызықсыз және баланың ешқандай шығармашылығы дамымайды, мазмұндаманы құлықсыз жазады.

Оқушыларды мазмұндама жазуға қалай құлшындыруға болады? Ол үшін мұғалім мазмұндама жазудың басқаша жолын қарастыруы керек, екіншіден, бұрынғы жаздырып жүрген үлгіден (классикалық) бас тартудың қажеті жоқ, қайта оны жаңа әдістемемен байланыстырып өткізгені жөн. Оқушылардың шығармашылығын, ынтымақтастығын, белсінділігін арттыру үшін өздері жасап шығарған ережесін жұмыс барысында басшылыққа алған абзал. Тіпті оны көрнекті жерге іліп те қоюға болады.

Жұмыс жасаудың ережелері мыналар: Жұмысқа белсенді қатысу; Бір-бірінің сөзін бөлмей тыңдау; Бір-бірін мұқатпау; Сөйлеушінің (айтушының) пікірін

құрметтеу.Мысал ретінде бір мазмұдама сабағының өткізілу

жоспарын талдап өтейік.Сабақ тақырыбы: «Жаман жолдас».Мәтінді алдын-ала бес бөлікке бөліп, сұрақтары

дайындалып қойылады.1-қадам. Балалардан «жолдас» сөзін қалай

түсінетінін, осы сөзге мағыналас (синоним) сөздерді табуын сұраймыз. Балалар әртүрлі жауап береді: «бірге оқитын», «құрбы», «дос», «серік», т.б. Әр оқушы өз жауаптарын жобаға жазады.

2-қадам. Мәтіннің аты оқылады: «Жаман жолдас». Сұрақ қойылады: «Балалар әңгіме кім (не) жайлы болады?» «Екі дос жайлы», «Жаман адам» туралы, т.б.

123

Page 122: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

3-қадам. Оқушылардан әңгіменің басын тыңдау сұралады. Мәтіннің белгіленген жерге дейін I бөлігі оқылады: «Екі дос жігіт жол үстінде келе жатып, бір Аюға ұшырасыпты. Бұл екі жігіттің біреуі әлсіз, ауру екен де, екіншісі мықты екен».

Балалар мәтінді мұқият тыңдайды. Мәтіннің бірінші бөлігін мұғалім белгіленген жерге дейін оқып болған соң, оқушыларға сұрақ қойылады. (Ескерту: әңгімелесу, пікірлесу, әр бөлікпен жұмыс төмендегі сызба бойынша жүргізіледі: мұғалімнің сұрағы жеке ойлану жұппен талқылау жобаға жазу топпен талқылау).

Аю деген не? Ол қайда өмір сүреді? Екі достың түр-пішінін жазушы қалай

сипаттайды? («Біреуін – ауру, әлсіз; екіншісін – мықты»).

Мәтіннің бұл бөліміне қандай ат қоюға болады? (Әр оқушы өз жобасына өзінің бөлімге қойған аты, ақын ойын жазады жұппен талқылайды топта айтады: «Жолдас», «Жол үстінде», «Орманда», т.б.)

Ескерту. Мұғалімге тақтаға әр бөлімнің шартты атауын жазудың қажеті жоқ. Себебі тақтадағы жазылған жоспарды балалар үлгі есебінде пайдалануы мүмкін. Онда жұмыстың мұндай түрі оқушылардың ешқандай шығармашылығын, өз бетімен жұмыс жасауын дамытпайды. Олар тек мұғалімнің шешімін ғана күтіп отыратын болады.

Балалар, қалай ойлайсыңдар, тақырыптың бастамасы бойынша мәтіннің не жайлы болатынын айтуға бола ма? («Болады, меніңше екі дос туралы», «қиындау, міндетті түрде бірдеңе болатын шығар»).

4-қадам. Мәтіннің II бөлігі оқылады. «Аюды көрген кезде әлгі мықты жігіт ауру жолдасын тастап, өзі жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді.

Әңгімелесу әрмен қарай жалғасады. Неліктен мықты жігіт ағаш басына шығып

кетті? Ауру жігіт не істейді? Бұл бөлікке қандай ат қоюға болатынын

жазыңдар.(«Қорқақ», «Қашу» т.б.)

124

Page 123: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

5-қадам. Мәтіннің III бөлігі оқылады. «Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені болмай, жерге етбетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан, жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен».

Автор неліктен ауру жігіттің жата қалуын сипаттайды?

(«Етпетінен», «өлген кісідей», «дем алмастан»).- Шынымен аю өлген кісіге тимей ме? («Тимейді».

«Тисейін деп жатқанда аңшылар келіп қалады да, аюды атып түсіреді», т.б.).

Бұл бөлімге қандай ат қоюға болады? («Айла», «Табылған ақыл», «Амалсыздық», т.б.).

6-қадам. Мәтіннің IV бөлігі оқылады. «Аю жатқан жігіттің қасына келіп иіскелеп, дыбысы мен демі білінбеген соң, жөніне тартып кетті. Аю кеткен соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, ауру жігіттен сұрапты:

Достым, аю құлағыңа не деп сыбырлап кетті?» Аю жатқан жігітке неліктен тиіспеді? («Аш емес

шығар», «Өліп қалған деп ойлады», т.б.). Аю жігіттің құлағына не деп сыбырлады деп

ойлайсыңдар? («Жатқан жерің жайлы болсын», «Әттең, аш емеспін – бір, сен тірі емессің – екі», «Жаманмен дос болма», т.б.).

Бұл бөлімге қандай ат қоюға болады? («Қуаныш», «Тірі қалды», т.б.).7-қадам. Соңғы бөлігі оқылады. «Сонда ауру

жігіт тұрып: Аю құлағыма ақыл сыбырлады: екінші рет тар

жерде жолдасың тастап қашатын, өзінің ғана басын қорғайтын «доспен» жолдас болма деді».

Әңгіме қалай аяқталады? Аюдың берген ақылын сендер қалай

қабылдайсыңдар? Бөлімге қандай ат қоюға болады? («Аюдың ақылы»,

«Кеңес», т.б.). 8-қадам. Бөлімдер бойынша мәтінді талқылап

болған соң, мәтін үзіліссіз екінші рет оқылады.

125

Page 124: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Оқушылар жоспарларын таза қағаздарына көшіреді. Әркім өз жобасына өз қалауы бойынша өзгерістер енгізіп, әңгімеден алған әсерін негізге ала отырып, мазмұндама жазады. Кейін оқушыларға тапсырмалар беріледі. Яғни әркім өз жобасына сүйене отырып мазмұндама жазады.

Мәтінді бөліктерге бөліп, оқушыларды ойландыратын, ынталандыратын сұрақтар қою, әр баланың өзіндік қабылдауын байқататын жоспардың әртүрлілігі, мәтінді бөлімдер бойынша талқылау – оқушылардың мазмұндаманы ықыласпен жазуына, жұмыстың жемісті болуына көп әсерін тигізеді. Бұл жұмысты балалардың барлығы зор қызығумен орындайды. Әр оқушының әңгімеге, оқиғаға деген жеке-дара өз көзқарасы, ой-пікірі мазмұндамаларынан айқын байқалып тұратындығы сөзсіз.

1.6 Мазм±ндау- оќушыныњ шыѓарма мазм±нын ќабылдауыныњ сапалыќ кµрсеткіші

Психолог ғалымдар: “Адамның сезім мүшелеріне әртүрлі заттар бір мезгілде әсер етіп отырады. Бірақ оның барлығы бірдей тең қабылданбайды. Қайсысына біз назар аударсақ, сол зат қана айқын, анық қабылданады да, басқалары бұлыңғыр, көмескі болып қабылданады”, - дейді. [14, 93] Сол тәрізді оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуі, ондағы сөз кестелерін, түрлі суреттеулерді қабылдаулары бір мезгілде, бір деңгейде болмайды, солардың ішінен оқушы өзіне ерекше әсер еткендерін ғана толық қабылдап, соларды баса жазады. Ал оқушы назарына мәтін мазмұнына ұйытқы болып тұрған негізгі мәселелер емес, екінші қатардағы, қосалқы жайлардың көбірек ілігуі де ықтимал.

Мазмұндама жазуға кіріспес бұрын бірқатар әзірлік жұмыстары жүргізіледі. Мәтіннің баяндалу формасы, диалог сөздер, суреттеулер анықталады. Әр сынып оқушының мәтінді мазмұндау дағдыларын салыстырғанда байқайтынымыз:

1) бастауыш сыныптан басталған азды-көпті дағдылары бола тұра V сынып оқушылары үшін бірінші

126

Page 125: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

жақта баяндалған мәтінді 3-жақта әңгімелеудің ауырлығы;

1) мәтін мазмұнын меңгеру, қабылдау, мазмұндату алдындағы әзірлік жұмыстар, мәтіннің міндеті мен мақсатын түсіну;

2) оқушылардың мазмұндаудағы сөз құрамының жазушы тілінен көп алшақ болып отыратыны байқалады. Бұл тәрізді кемшіліктер жаттығу алдындағы әзірлік барысында ескерілгені дұрыс. Сондықтан, әңгімедегі оқиғаның ішкі (тура және жанама суреттер) мәнділігі жағынан топтауға; оқушылар өздігінен міндетті түрде орын алатын жаңа сөздер мен тосын тіркестерді, идиом сөздерді белгілеуге баса көңіл бөлу қажеттігін көрсетеді.

Ескеретін жай: мазмұндауда оқушылар ең басты мәселелерді, негізгі кейіпкерлерді қамтымайды, олардың арасында дәнекерлік қызмет атқаратын детальдарды елемейді, сондықтан ұстаз бұл тұстарға оқушы назарын аударып, жазу процесінде байқап отырғаны жөн.

1.7 Мазм±ндама мєтінініњ кµлемі

Мазмұндама мәтінінің көлемі төмендегідей болады:

Сыныбы Сөздер саны56789

1011

100-150 сөз150-200 сөз200-250 сөз250-300 сөз300-350 сөз350-400 сөз400-450 сөз

1.8 Баѓалау нормалары

Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестілігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің

127

Page 126: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

стильдік біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады.

Мазмұндама мен шығармаға екі баға: біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлылығы үшін, ал екіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін қойылады.

Бағалау нормалары:

Баға Қателер саны

5432

1/0 1/0 0/13/3 2/4 1/56/5 5/6 3/89/5 8/9

Диктант жазуға астрономиялық екі сағат, мазмұндамаға төрт сағат беріледі.

Қорыта айтқанда, мазмұндама оқушылардың көркем шығарамашылық қабілетін дамытуда ерекше рөл атқарады. Көркем сөздің, көркем ойдың, ұшқыр қиялдың құдіреті сол: сөздің тазалығын, шынайылығын қалыптастыратын, адамның психикасын дамытатан сиқыр күш, жан бар онда. Балаға көркем сөз өнерін үйретудің, баулудың ең басты қажеттілігі – осында. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда мазмұндама мен шығарма жаздырудың алар орны ерекше. Әсіресе, бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында мазмұндаманың мәні зор. Мазмұндама:

1. Оқушылардың әдеби тілдік нормаға сәйкес өз ойларын жеткізе білуге үйретеді.

2. Сөздік қорын молайтады.3. Ой-өрісін кеңейтуге жәрдемдеседі.4. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландырады.5. Оқуда кездескен қиындықтарды жеңе білуге үйретеді.Жұмыстың бұл түрлері балалардың тілін дамытуға,

ойларын байланыстырып сөйлеуге үйретуде, тіпті әрбір мәдениетті адамға қажетті іскерлік пен дағдылардың

128

Page 127: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

қалыптасуына көп әсері бар. Сондықтан да мектепте мазмұндама жұмыстары жиі өткізілуі тиіс. Ал мазмұндама жазуда балалардың қызығуын арттыру үшін аталған түрлердің барлығын қолдану қажет.

129

Page 128: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

ІV. ШЫҒАРМА

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі.

Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек. Оқушының ойланып, нақты нәтижеге жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба жұмысынан оқушының ой өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады. Ауызша жауапта оқушы білімін толық көрсете алмауы мүмкін, ал жазба жұмыстың ішіндегі ең бір толыққанды, оқушы білімінің нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні шығарма жұмысы.

Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма, оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма, сурет, фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты шығармалар.

Оқушылардың шығарма жазуында төмендегідей міндеттер туындайды:

1. Оқушының ойлау қабілетін арттыру;

2. Ана тілінде сөйлеп, жаза білуге жаттықтыру;

3. Ақын – жазушылардың шығармаларын білу;

4. Оқыға – білгенін шығарма жұмысына пайдалана алу;

5. Сауатты жазуы, келген ойды дәл бере білуге үйрету;

6. Оймен жұмыс істей отырып, оны басқара білу;

7. Келген ой толқынын іркіп, келесі ойға жол бере білу;

8. Цитаттарды (дәйектеме сөз)

130

Page 129: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

келтіре білу;9. Бөлімдердің арасындағы

байланысты сақтау.

Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:

1. Тақырыпты толық аша білу;

2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу;

3. Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;

4. Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;

5. Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек;

6. Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;

7. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.

Шығарма көлемі мен уақыты

5– сынып – 0,5-1 бет;6 - сынып – 1-1,5 бет;7 - сынып – 1,5-2 бет;8 - сынып – 2-3 бет;9 - сынып – 3-4 бет;10 - сынып – 4-6 бет;11 - сынып – 6-8 бет;Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесінен

қатарынан екі сағат беріледі. Бітіру емтиханында (шығарма жазылатын жағдайда) – 6 сағат беріледі.

131

Page 130: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Шығарманың бағалануы туралы оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен 4 салаға бөліп қарайды.

1. Мазмұндылығы мен идеялылығы;2. Ой – пікірдің жүйелілігі;3. Стилі;4. Граматикалық сауаттылығы;

Бұлардың қай – қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды.

1. Шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыс – бұрыстығы, дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады.

2. Ой – пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы, т.б. енеді.

3. Стильге тақырыпты ашуға байланысты оқушының ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер жатады.

4. Грамматикалық сауаттылыққа емле, тыныс белгісіне байланысты жайлар қаралады.

Шығарма процесі

Оқушыға нақты жұмыс берілді. Ендігі жерде оқушы әрекет істеуі керек, 10 минутқа дейін үнсіздік басып, оқушы алған білімін еске түсіріп, мида қрыту процесі басталады. Осы арада мұғалім көмегі қажет. Ұстаз шығарманың эпиграфын таңдауға көмектесуі мүмкін. Себебі шығарманың қаншалықты нәтижелі шығуының кепілі – эпиграф. Эпиграф үшін оқушыға арнайы папка аштырып, газет, журнал қиындыларын жинатып, ақындардың өлең – жолдарын, көсем сөздерін жиғызып, кітапхана каталогын жасатып үйрету керек.

Шығарма жазу мынандай кезеңдерден тұрады: әзірлік кезеңі, жазу, аяқтау кезеңі, тексеріп бағалау, талдау жасау кезеңдері.

Оқушының теориялық білімі толық болғанымен, шығарма жазғанда ойын шашыратып жүйелі баяндай

132

Page 131: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

алмаса, сөздік қорының тапшылығы өз бетімен кітаптыаз оқитыны байқалады.

Шығарманың жазылуында ұшырасатын кемшіліктердің негізгі бөлігі мына жағдайларға байланысты:

1. Оқушы шығармашылық жұмысқа құлықсыз болған жағдайда шығарма мақсатына жетпейді;

2. Шығармаға бағыт берілмесе, мақсатына жетпейді;

3. Қате түсініп, көңілсіз жазылған шығармаларды қайта құрастыру, ойын жүйелеп, жаңарту оңайға түспейді. Сондықтан алдыңғы сәтсіз шыққан шғармадағы кемшілікті жою үшін басқа тақырыптағы шығарманы ұсынған тиімді.

Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттары мыналар:

1. Бала біліміне бақылау, білім деңгейін тексеру.2. Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу.3. Ойлану еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.4. Оқушылардың қабілеті, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.

«Шығарма» деген сөздің негізінде «шығару» деген ұғым жатады (яғни ойдан шығару, ойлап шығару). Көркем туындыны «Көркем шығарма» дейміз. «М.Әуезовтің шығармаларын оқимыз»,- деп жатады.

Бұдан шығатын қорытынды: шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі маңызды болады. Бұл жұмысты мектептегі шығармашылық іздендіруге негізделген жұмыстардың күре тамыры десек те, артық емес. Шығарманың күрделілігі сол, бұл- оқу процесіндегі бірден-бір жеке-дара орындалатын жұмыстың түрі. Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып біреу болса да, оқушы оны өзінше жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытындысы, сол көркем туынды, не кейіпкерді қабылдау дәрежесіне байланысты. Дегенмен

133

Page 132: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

шығармаға қойылатын негізгі талаптарды мұғалім оқу кабинетіне «Жазба жұмыстарына байланысты нұсқаулар» деген атпен (басқа тақырып алу әр мұғалімнің өз еркі) жазып қоюдың тиімділігі зор.

Шығарма жазудың талаптары мен тәртібі

1. Шығарма тақырыбы тырнақшаға алынбайды, тақырып дәйексөз ретінде алынған жағдайда ғана тырнақшаға алынады.

2. Эпиграф оң жақта, тырнақшаға алынбай жазылады. Авторы бір жол төменірек жақшаға алынбай жазылады. Егер шығарма жазушы эпиграф алынған туындыны көрсеткісі келсе, автордың аты – жөнінен кейін үтір қойып, шығарманың атын тырнақшаға алып жызады.

3. Жоспар деген сөз эпиграф болса, одан төмен, ал эпиграф болмаса, тақырыптан соң, жол ортасына жазылады. Жоспар сөзінен кейін нүкте қойылады.

4. Жоспар үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. (рим сандарымен белгіленеді, олардан кейін нүкте, жақша қойылмайды).

а) Негізгі бөлім тақырыпты ашуға бағытталып, араб санымен белгіленген, кемінде үш пунктен тұруы керек. Араб сандарынан кейін нүкте қойылады. Әр пункт жан-жақты қамтылса, бірнеше бөлшектен тұруы мүмкін, ондай жағдайда әр бөлшек әріппен белгіленіп, жақша арқылы жазылады. (екі бөлшектен кем болмау керек).

5. Шығарма бөлімдерінің аты бір жолға сыймай қалса, келесі жолға жазылады, бірақ жоспардағы рим, араб сандары мен әріптердің асты ашық көрініп тұратындай тәртіппен жазылады.

6. Шығарманың әр бөлімінің атынан кейін нүкте қойылады.

7. Келесі бөлімнің аты бас әріппен жазылады. Әр пунктің бөлшектері болса, қос нүкте қойылып, бөлшек атының соңына нүктелі үтір қойылады. Содан кейінгісі жаңа жолдан басталып жазылады. Ең соңғы бөлшектен кейін нүкте қойылады. Келесі бөлім жаңа жолдан бас әріппен басталады.

8. Шығарманың бөлімдері мен бөлшектерінің аты

134

Page 133: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

қысқа, нақты түрде берілуі керек.9. Жоспардың бөлімдері сұраулы сөйлемдермен

берілмейді.10. Егер шығарма авторы жоспарды

дәйексөздермен (цитатамен) берсе, дәйексөз тырнақшаға алынып, соңына оның авторы жақшаға алынып жазылады.

11. Жоспарға сәйкес әр бөлім абзац арқылы жазылуы керек.

12. Шығармада берілетін сандық мәліметтер: ғасырлар – римше, жыл, күн – араб сандарымен, ал басқа сан есімдер сөздермен берілуі керек. Ғасырды араб санымен көрсетуге болмайды, дей тұрғанмен кездессе, баға кемітуге ықпал жасамайды.

Ескерту: диктантта барлық сан есімдер, тіпті күндерді көрсететіндері де сөзбен жазылады.

13. Өлеңнен алынған үзінді жолдың ортасынан, тырнақшаға алынбай жазылады.

14.Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы керек.

15. Дәйексөз жазғанда, қазақ тілі оқулықтарындағы тыныс белгілеріне байланысты барлық ережелерге сүйену керек. Өлеңнен алынған үзінді жолдың ортасынан, тырнақшаға алынбай жазылады.

16. Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы керек.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, шығарма жаздыру- балаға білім беру ісінің ең күрделі, маңызды жұмыстарының бірі. Шығарманы үйде де, сыныпта да жаздырады. Бағдарламада шығарма жаздыру сағаттары берілген. Тақырыптың ауыр-жеңілдігіне, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шығарма жазудың уақыты белгіленеді. Мысалы, сыныпта – 2-3 сағат, үйде – 1 апта, не 10 күнге дейінгі мерзімге беріледі.

Мұғалім қосымша сабақ өтеді, жекелеген оқушылармен жұмыс жүргізеді, қосымша материалдар іріктеуге, эпиграф алуға көмектеседі. Оқушы шығарманы үйде жазып жатса, оның алғашқы сұлбасын оқып, ақыл-кеңес береді. Басында үлгісі берілген нұсқау-көмекті естеріне түсіріп, шығармаға қояр

135

Page 134: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

талапты қайталайды. Егер тақырып қиын болса, сыныпта немесе қосымша сабақта жоспар құруға көмек жасайды. Кейде оқушылардың пікірі, ойына ерік беру керек. Қай тақырыпта шығарма жазады, қай тақырып маңызды- өздері шешсін. Шығарма жазу үшін, ең басты мәселе- оқушының сол тақырыпты білуіне ғана емес, сонымен бірге білгенін көркем, тиянақты тілмен жеткізу қабілеті, тіл байлығы, сауаттылығы, әдеби талдауы, негізгі мәселелерді дөп тауып, соны тұжырымды бере білуі, дүниетанымы да үлкен рөл атқарады. Қосымша материалдарды пайдалана білу өте алғырлықты, зеректілікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім балаларды шығармаға баулуда көп еңбектенуі, тер төгуі қажет.

Шығарма жазуда жоспардың жай, күрделі түрлері пайдаланылады. Егер оқушы шығармасының мазмұны, тілі, стилі, сауаттылығы жағынан талапқа сай жазылса, жоспар бар ма, жоқ па оны негізге алмау керек. Эпиграф жайлы да осыны айтуға болады.

Шығарма – оқушының білім деңгейін көрсететін творчестволық жұмыс. Бұндай жұмыстар оқушыларға кең ойлауға, ойын дәлелдей алуға, өзіндік көзқарасын нақтылауға үйретеді.

136

Page 135: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

V. МАЌАЛА

1.Маќала – газет жанрыныњ кењ таралѓан т‰рі

Маќала жазу ‰шін оѓан шеберлік керек. Корреспонденция оќиѓаны болѓан жері мен уаќытымен шектелсе, маќала кењ ауќымды мєселелерді ќамтиды .Онда автордыњ µзіндік пікірі байќалады .

Маќала жазудаѓы журналистіњ маќсаты – наќты факт, дєлел келтіре отырып, аќпаратты оќырманѓа , б±ќараѓа жеткізу . Автордыњ кµрген оќиѓаны ќалыњ б±ќараѓа д±рыс жеткізуі , б±л оќиѓаѓа µз пікірін, кµзќарасын білдіруі, мєселені д±рыс баѓалауы – оныњ шеберлігі болса керек. Маќала кењ ауќымдылыќты талап етеді.

Маќалалардыњ мынандай т‰рлері бар : алдыњѓы ќатарлы, фонтдыќ , редакциялыќ , теориялыќ , сыни , т‰сіндірмелі. Маќалалар таќырып жаѓынан мынандай топтарѓа бµлінеді : экономика, саясат, этика , µнер, єдебиет, халыќаралыќ жањалыќтар ,т.б.

Ќорыта келгенде, маќала дегеніміз – белгілі бір газетте, журналда жарияланатын ѓылыми – публицистикалыќ кµлемі шаѓын шыѓарма. Б±л жанрды алѓаш дамытќан адамдар М.Ж.Кµпеев,А.Байт±рсынов,Ш.Ќ±дайбердиев, т.б.Олар сол кезде болып жатќан ќоѓамдыќ ќ±былыстар мен µзгерістерге пікірлерін білдіріп, халыќтыњ м±њын шертті.

ХІХ ѓасырда ќазаќ тілінде тек бір ѓана газет («Дала уалаяты») шыѓып т±рѓан болса,ХХ ѓасырдыњ алѓашќы жылдарында ќазаќ тілінде алты газет-журнал шыќты . ХІХ ѓасырда небары ж‰з шаќты кітап басылса, ХХ ѓасырдыњ басында ‰ш ж‰зге жуыќ кітап басылды.Б±лардыњ ішіне кейін аќталѓан арыстарымыздыњ ењбектері енбеген . Сол кітаптардыњ жартысына жуыѓы ќазаќтыњ сол кездегі аќын-жазушылардыњ к‰нделікті таќырыпќа, сол заман таќырыбына арнап жазѓан тµл шыѓармалары : µлењ жинаќтары , дастан- поэмалары , єњгіме, романдар еді.Ал ќалѓандары маќалалар болатын.

137

Page 136: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

1.1.Маќала жазудыњ ‰лгісі.Ќазіргі тањда терењдетіліп оќытылатын 11-

сыныпта баѓдарлама бойынша «ќазаќ тілі» пєнінен творчестволыќ жазба ж±мыстарын ж‰ргізу ќолѓа алынып отыр. Б±рын шыѓарма , мазм±ндама, єњгіме жазуѓа ерекше кµњіл аударылатын болса, ќазір осылармен ќоса маќала жазуѓа мєн берілуде. Б±л д±рыс та, себебі ќазаќ тілі мен єдебиет пєні терењдетіліп оќытылатын мектептерде оќушыларда ѓылыми негіз ќалыптастырылу ќажет. Маќала болса осы ќажеттілікті ќамтамасыз етеді.

Маќала жазу ‰шін оќушы ќаншама ѓылыми ењбектермен танысады, єрі сол ењбектерді талдап , µзіндік кµзќарас, пікір ќалыптастырады. Пікірін дєлелдеу ‰шін материалдарды орынды пайдалануѓа ‰йренеді. Бір мєселеніњ тµњірегіндегі кереѓар пікірлермен танысып , оныњ ќайсысы шындыќќа жанасымдылыѓын пайымдайды. Осыныњ барлыѓы маќала жазудыњ оќушыѓа берері кµп екендігін дєлелдейді.

Маќаланыњ ‰лгісін беруді жµн кµрдік. ‡лгі ретінде Павлодар ќаласындаѓы «Жас дарын» мектебініњ 11- сынып т‰легі Кобзина Салидаттыњ маќаласын береміз.

М.Ж.Кµпеев публицистикасындаѓы саяси-єлеуметтік мєселелері

Павлодар ќаласы «Жас

дарын» мектебініњ 11-сынып

оќушысы Кобзина Салидат.

138

Page 137: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

М.Ж.Кµпеев µзі µмір с‰рген к‰рделі дєуір діњ шындыѓын µз туындыларында тап басып суреттей білді. Б±л сипат оныњ шыѓармаларында шындыќпен кµрініс тапты. ¤ткен ѓасырдыњ аяѓы мен ‰стіміздегі ѓасырдыњ басындаѓы халќымыздыњ патшалыќ отарлау саясатына ќарсылыќ білдірген ±лттыќ ой-сана оянуыныњ бастауында , ел мен жер , болашаќ ±рпаќ таѓдырына жете кµз жібере алѓан ойшыл да к‰рескер , кµкірек кµзі ашыќ , оќыѓан ќазаќ зиялыларыныњ ќатарын М.Ж.Кµпеев толыќтырды.

¤з т±сындаѓы ќазаќтыњ кµрнекті аќындары секілді М.Ж.Кµпеев те єділетті ќорѓау, ар- тазалыѓын саќтау сияќты идеясын шыѓармаларыныњ негізгі арќау етті.

1907 жылы Ќазан ќаласында Х±сайын баспаханасынан оныњ «Сарыарќаныњ кімдікі екендігі», «Хал ахуал», «Тіршілікте кµп жасаѓандыќтан кµген бір тамашамыз» деген ‰ш кітабы жарыќ кµрді.

Жалпы, 1905-1906 жылдары М.Ж.Кµпеев шыѓармашылыѓыныњ идеялыќ жаѓынан терењдей т‰скен дєуірі. Б±л жылдары жазѓан шыѓармалары тегісінен ќазаќ халќыныњ бостандыќ, саяси-экономикалыќ праволарымен байланысты болып келеді.

Жазбагердің «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабынан енген «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі» атты еңбегі сол кез үшін мәні зор елеулі мәселелерді көтеруімен құнды. Олар мыналар : қазақ мүддесін қолдау үшін думаға депутат сайлау мәселесі; саяси көзқарасына байланысты түрмеге жабуды сынау ; патша әкімдерінің зорлық – зомбылықтарын әшкерелеу ; қысымға қарсы бірігіп күреспей , жоғарыдағыларға бас ұрып көне берушілікті , жікке бөлінуді анықтау ; ел мұқтажына жан ауыртпай , қара басының қамын көздейтіндерді сөзбен түйреу , әділдік жолына бас тіккен ерлерді үлгі ету.

1905 жылы енді қазаққа бір кеңшілік болғалы тұр , патшаның пейілі кеңіді, қазақ сияқты халыққа рахымы түсіп, 17 Октябрь монифесін шығарады деп ақын үлкен үмітте болады. Бізге енді кеңшілік туар, біздің халімізді

139

Page 138: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

патша осы уақытқа дейін ұқпай жүр екен – ау деген наныммен:

Сөз шықты біздің қазақ баласына,Петрбор келіңіз деп қаласына.Кеңшілік ойлай берсең келе жатыр, Сахараның көшіп жүрген даласына, -

дейді. Шынында 17 Октябрь манифесінен, жаңа мемлекеттік дамудан жұрт үлкен үміт күтеді. 1905 жылы оқиғасы қазақ халқының құлағына тиіп қана қоймай, олардың арасында үлкен қимыл тудырды. Дума сайлауын бетке ұстаған құрылтайлар, жиылыстар қала, жәрмеңке сайын болып, онда көптеген саяси талаптар ұсынылды. Бұл жайында Мәшһүр Жүсіп былай дейді:

Патшаның құзырына тартып қалам,Бас қосқан өңшей жүйрік білгіш адам.Дін мен жалғыз жер емес сұраулары,Сұраған бостандықты тегіс тәмән.(1,15)Расында, ондай жиындарда дін, жер және ұлт

бостандығы теңдік идеясы туралы ұлықтарға арыз – петициялар жіберілген. 1906 жылы сол жиылыстарды ұйымдастырушылардың көбісі жер аударылған. Олар – жаңа қалыптаса бастаған ұлттық интелегенциясының өкілдері еді.

Мәшһүр Жүсіп қазақ халқының Ресей империясына қаруын өз заманында болып өткен тарихи оқиғаларға байланысты жан – жақты суреттеген. Сол кездегі екі жақты психология, екі топ арасындағы тартыс орыс ұлықтарының пайдасына шешілді.

Бұл мақала он тоғызыншы ғасырдың қоғамдық – саяси жағдайын дұрыс түсіне біліп, талдап көрсетумен құнды. Ол бұл еңбектің отты екпіні мен жоғары эмоционалдығы көрінеді. Бұл орайда: «Осы күнде байқап қарасақ, қазақта ешкімнің есесі жоқ. Ол қалайша жоқ десек, қазақ жерін қала салумен бір алды. Бастықтарының қафизесі (усадьба) деп ағашты, шабындық жерлерді ат қойып, учаскі деп ала берді. Қазақ жерін өзі тастап келе алмай неше жыл бойы көгіне ақша төлеп, қысы – жазы малының қорегі үшін сатылып, кедей болды. Бүйтіп сатып жеп қалайша күн көреміз деп суырма жонға қыстап еді. Жан сақтап, күн көріп жүрген жерлерін мұжыќ келіп егініне лайықты

140

Page 139: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

етіп алды. Еркекте ақыл қала ма, өз қонысынан ауған соң. Әйелде ақыл қала ма, біруден сауын сауған соң.

Азғантай ақылынан айырылып, жауыр амалынан береке қашып, оның үстіне өлім – шығын, земелке деген қаптап, ел аралаған начальник, чиновниктердің жалдап мінген аттарының майын алмай қанығып кетті. Бұқар, Ташкент барсаң, сарттың малайы қазақ. Малайлықта жалғыз –жарым болып кеткендер ауырса, суын беріп, кім басына жастық қойып, иман айтуға кім даяр тұрады? Өлсе кім жаназа шығарады? Осындай қиыншылықтан тірімізге иман, өлгенімізге жаназа жоқ болып, адам тәрбиесінен қалдық»,(1,16) - деп ашына жазады автор.

Бұл ойын Мәшһүр Жүсіп одан әрі: «бір жерде бір қазақты бір мұжық атып тастаса, қазақ өлгенін қолына алып, көшіп қонып ел аралап кетеді. Ал сары орыс үйінде жанынан тыныш отыра береді. Бір қазақты бір қазақ - орыс пышақтап жарып тастаса, қазақ – орысқа сот жоқ, көшеде ойнап – күліп жүре береді»,(1,17)- деп жалғастырады.

Қазақ ұлтын қорлаудың шегіне жеткен түрі осы. Бұл шығарманың кульминатциясы да осы жолдарға келіп тіреледі. қазақты қонысынан аударғаны. Ел билейтін азаматтарға билік бермеуі, малын тартып алуы бұлай тұрсын, енді патша отаршылдары жергілікті халықты өлтіруге кірісті. Отаршылықтың ең жабайы әдісі – халықты аяусыз қыру. Қазақтың басына да осы ауыр күн келді. Туғанын мұжық өлтірген соң , қазақ амалсыздан басқа қоныс іздеуге мәжбүр болды. Қазақ жоғары әкімдерге арыздана алмайды. Себебі оның құқығы жоқ. Қазақтың сөзін чиновник тыңдамайды. Көзге ілмейді. Бұл – Ресей империясының жергілікті халық құқығын аяққа басқан, отаршылық саясатының көріністерінің бірі. Мәшһүр Жүсіп өзі көріп отырған қиянатты ашына жаза отырып, Ресей бұғауына бекер түстік деп күйінеді. Әділет пен ер басқарған бұрынғы билер жолын аңсайды. Ол заманды «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болды» , - дейді.

Мәшһүр Жүсіп отарлық саясаттың қазақ ұлтының дәстүрлі ел билеу тәсіліне кесірін тигізгенін айтады. Орыс отаршылдары қазақты құлдықта ұстау үшін әдейі

141

Page 140: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

бұрынғы, ел билеу дәстүрін бұзып, ауылнайлық, болыстық билеу жүйесін кіргізді. Орыс чиновниктері надан, топас адамдарды ауылнай, болыс сайлап қояды.Б±л елде надан, жалқау,өсекші, жағымпаз адамдардың көбеюіне әкелді.

М.Ж.Көпеевтің қайраткер ретінде қалыптасу кезеңінде «Дала уалаяты газетінің» алатын орны ерекше. Бұл газеттің бетінеде оның жиырма төрттен астам проблемалық мақалалары, өлеңдері мен қатар қазақтың билері мен шешндерінің сөздері жарияланған.

М.Ж.Көпеевтің публицистикалық шығармалары әлі де болса толық зерттеле қойған жоқ. Дегенмен, М.Ж.Кµпеевтіњ ењбектері соњѓы он шаќты жылдар шамасында біршама зерттелді деуге болады. Алѓашќы зерттеушілер ќатарына Д.Е.Белослюдовты, Е.Ысмайыловты,Д.Єбіловты, С.Сейфуллинды, М.Єуезовты, Є.Ќоњыратбаевты,т.б. атауѓа болады. Соњѓы кезењде кµптеген ѓалымдар М.Ж.Кµпеевтіњ ењбектері негізінде ѓылыми диссертациялар ќорѓауда. Атап айтсаќ, С‰тжанов С, Ж‰сіпова Г.Ќ, Ж‰сіпов Н.Ќ, Ж‰оіпова Л.Ќ, Ж‰сіпов Е.Ќ .

М.Ж.Кµпеевтіњ публицистикасын профессор Кырықбай Алдабергенов екі салаға бөліп қарастырған. Біріншісі - өлең түрінде жазған публицистикалық шығармалары. Екіншісі- µлењ мен ќарасµз аралас жазылѓан.

Бұл екі кітаптағы өлеңдердің мазмұны ұқсас. Екеуінде де ХХ ғасырдың өмірі жазылған. «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітабының, «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабынан өзгешелігі - мұндағы бір бөлім қарасөзбен жазылған.

Мысалы, «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітабы алты өлең топтамасынан тұрады. Бірінші өлең тоғыз бөлімнен құралған. Екінші өлең тақырыбы «Қара өлең», «Қазақтың қылып жүрген жұмысы», «Үш рет сөз» (он үш бөлімнен құралған), «Сәлем хат», «Жалғанда таппай бір…»

Қазақ оқығандары үшін сол кездің басты мәселесі – отаршылдықты жою еді. Соны Мәшһүр Жүсіп Көпеев былай деп жырлайды:

Бар құдай бізге жақын таңыңды атыр,

142

Page 141: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Болар ек, атса таңың бізде батыр .Қазаққа құлақпен көз болған ерлер,Тұтқында білесіз бе, неден жатыр.(2,12)Бұл жерде Мәшһүр Жүсіптің айтып отырған ерлері

кімдер еді? Птша езушілеріне қарсы үн көтерген адамдар қазақтың ақсүйектері арасында да аз болмаған. Үкімет саясатына қарсы шығып, ұлт мүддесін көздегендерді патша чиновниктері қызметтен аластатып, қуғынға түсірген. Сондай қуғын көрген азаматтар қазақ жерінде де болған. Сталиндік репрессия, кейінгі тоқырау жылдары тұсында ақсүйек әулеттерінен шыққан күғын көріп, баспасөз бетінен орын ала алмады, сөйтіп олардың есімдері архивтерде шаң басып жатып қалды. Сонда басты тұлғалардың бірі – Поштаевтар әулетінен шыққан азамат. Мәшһүр ол туралы «Сәлем хат» өлеңінде былай жазады:

Қарадан хан боп өткен бабаң Поштай,Қолына жұрт билігін ту ғып ұстай.Халқына бақташы боп болған қорған,Шарықтап ағып түскен қыран құстай.Поштай мен қатар шығып Шоң мен Шорман, Сонда бір түзу заман болып тұрған .Наурызбай, Кенесары толқынында, Поштай еді көп жұртқа болған қорған.(2,13)Сµйтіп, Мәшһүр Жүсіп қазақ қоғамының жан

айқайын түсіне білді.Оны ашына жырлады. Қазақтар босқа даурығысып,

құр мансапқа таласып жүргенде, ел мен жерді орыстар басып алып, қоныстанып жатқандығын айтты. Ол қазақтың ата – қонысының қолдан кете бастағанына күйінді. Жұрттың күйзелген қамын ұлт ынтымағы арқылы түзетуге болады деп ұғынады.

Шынында да, Мәшһүр Жүсіп Көпеев халқына саяси - әлеуметтік бостандықты талап еткен ХІХ ғасырдың басындағы алғашқы қайраткерлер қатарына жатады. Ол өз шығармалары арқылы патша өкіметінің саясатына қарсы наразылық білдірушілердің бірі болды. Қылышынан қан тамған үкіметтің жендентерінен қаймықпай, қазақ халќының қоғамдық және мәдени мүдделеріне сай қажеттіліктерді батыл баяндайды. Жазушының негізгі еңбектерінде сол кездегі қазақ

143

Page 142: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

елінің тұрмыс жайы, патша әкімдерінің қалың бұқараға көрсеткен зорлық – зомбылығы, халықтың жер – суынан айрылып, ығыса көшуі, 17 Октябрьдегі манифес, тағы басқалары сөз болдаы.

Сонымен қатар, ол қазақ даласының өз еркімен орыс патшасының бодандығына өтуін орны толмас қате деп есептеді. Және де би – болыс, ауылнай сияқты елдің атқамінер тобын сынай отырып, осы кесел – кемшліктердің түп негізін қазақ қоғамындағы патша үкіметі орнатқан тәртіптен іздейді.

Бұл шығармадағы жарты ғасырға (ХІХ ғасырдың 80 жылдарынан ХХ ғасырдың 30 жылдарына дейін) жуық уақытты қамтитын Көпеевтің дүние танымы өте күрделі. Төл туындыларында өз кезеңі үшін өзекті мәселелерді көтеруі, атап айтқанда, ел ішіндегі ұнамсыз қылықтарды сынап, би – болыстармен патша әкімдерінің келеңсіздіктерін әшкерелеп, халықты оянуға, ұлттық мәдениет пен өнерді көтеруге шақыру парасаттылығын, озық ой – көз қарасын байқатады. Оның айғағы – «Дала уалаятының газеті» мен «Айқап» журналының бетерінде жарық көрген мақалалары және Қазақ қаласында басылып шыққан кітаптары. Керзаманда «Аяғын көсіле алмай, қолын соза алмай., құрттай божынаған тыңшы қорған, байлаған төбеттей арпалысқан сензор қойып ноқта кесті көмсіп, жетекші қылып алған жұрттың ортасында жүріп сөйлеген М.Ж.Көпеев осы» ,(3,9) - деп патша үкіметінің бұратана халықты бұғауда ұстамақ арман ниетіне ашық қарсылық білдірген ақынды патша үкіметі саяси қудалауға алып, кітаптарын «зиянды» деп айтқан.

Түптеп келгенде Мәшһүр Жүсіптің қайраткер, ірі ақын - публицист ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен де осы қоғамдық даму мен оның қайшылықтары, ұлт аймақтарындағы езгінің күшеюі, сол кезеңдегі қазақ халқының тағдыры жөніндегі ой түйіндері еді.

Пайдаланылѓан єдебиеттер:‡.Сухамбердина . Дала уалаяты. 1-т.‡.Сухамбердина. Дала уалаяты. 2-т.М.Ж.Кµпеев тањдамалы шыѓармалары, 1,2,3,4-т.

144

Page 143: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

145

Page 144: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Рецензия

Рецензия (пікір) - кµркем µнер немесе єдебиет сыныныњ жанры, кµркем шыѓарманы талдап, баѓа беру, пікір ќорыту. Сыни –библиографиялыќ єдеби рецензиямен ќатар театр спектакліне, кинофильмге, концертке баѓа беретін рецензиялар да бар.

Рецензия маќалаѓа ±ќсас келеді, біраќ екеуініњ елеулі айырмашылыѓы бар. Маќалада ќоѓам µмірінен алынѓан ќ±былыстар мен єдеби мєселелер ќарастырылатын болса, рецензияда негізінен наќтылы кµркем шыѓарманыњ мєні , мазм±ны, бейнелеу µзгешелігі сµз болады. Талданып отырѓан шыѓармаѓа баѓа беріліп, сол шыѓармада баяндалѓан µмір ќ±былысына сыншылыќ кµзќарас білдіріледі.

Рецензияныњ µзіне тєн ерекшеліктерін айтќанда, онда кейбір газет жанрларыныњ (очерк, хабар, есеп) элементтері болады.

Сын-библиографиялыќ рецензияларда кітаптарѓа, газет-журналдар материалдарына пікірлер айтылады. Кейде баспасµзде жарияланѓан бір немесе бірнеше маќалалар талданып, ќаралады. Кµркем шыѓармаларды арнайы талдап, баѓалайды. Рецензия авторы оќырманѓа д±рыс баѓыт бере алатындай болуы керек. Мєселен, рецензент белгілі бір шыѓармада µмір ќ±былысы д±рыс кµрсетілген бе , ол ќандай идеялыќ т±рѓыда жазылѓан, таќырып ќаншалыќты мењгерілген, кµркемдік дєрежесі ќандай деген сауалдарѓа жауап береді. Сын- библиографиялыќ рецензия оќырмандарды єдебиет жањалыќтарымен дер кезінде таныстырып отыру жаѓынан да ќ±нды.

Рецензия авторы мєселеге объективті т‰рде ќарауы керек. Шала ќорытынды жасап, асыѓыс шешімге келу оѓан жат болуѓа тиіс. Ол шыѓарманы к‰шті жєне єлсіз жаќтарын кµрсетіп, жазушыныњ табыстары мен кемшіліктерін оныњ дєл кµрсетуі керек. Єдебиет пен µнерге жєне басќа да шыѓарма, ењбектерге єділ баѓа берілуі ќажет. Сонда ѓана рецензия µз міндетін атќарады. (15, 283).

146

Page 145: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

Мектеп баѓдарламасы бойынша 11 –сыныпта «Ќазаќ тілі» пєні бойынша оќушыларды рецензия жазуѓа ‰йрету ќажет. Сондыќтан мектеп оќушыларына рецензия туралы жалпы мєлімет беріп алып, жазылѓан рецензиялардыњ ‰лгілерін кµрсете отырып, алѓаш рецензия жазу ќадамын бастаймыз.

Рецензия жазу мектеп ќабырѓасында оќушылардыњ жазѓан шыѓармаларын бір-біріне оќытып, біріне –бірініњ рецензия жазуы негізге алынады. Рецензия жазу кезінде жоѓарыдаѓы кµрсетілген талаптар дењгейінде жазу талап етіледі. Тексеріс кезінде рецензияныњ кемшіліктері кµрсетіліп, одан єрі болдырмау шаралары кµзделеді.

Байќап отырѓанымыздай, ќазіргі тањда ќазаќ тілі мен єдебиеті терењдетіліп оќытылатын мектептерде талап жоѓары екені кµрініп отыр. Б±л кµрініс жазба ж±мыстарынан да байќалды.

147

Page 146: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ќ±лмаѓамбетова Б. Ќазаќ тілін оќыту методикасы. А., «Мектеп» баспасы. 1998.

2. С.Ф.Иванова Речевая основа учащихся . М., «Просвещение». 1996.

3. Н.Оразханова. Фонетикалыќ талдауды сатылай комплексті т‰рде ж‰ргізу. «Ќазаќ тілі мен єдебиеті» журналы. №10. 2000.

4. М.Т.Баранов. , А.Р. Трудникова Лексические упражнения. М. «Просвещение». 1994.

5. Е. Исабаев. Дыбыс ж‰йесініњ негіздері. А., «Мектеп». 1992.

6. Диктанттар жинаѓы. А., «Мектеп». 2004.7. Диктанттар мен мазм±ндамалар жинаѓы. А.,

«Мектеп» , 2002.8. «Ќазаќ тілі мен єдебиет» пєнініњ баѓдарламасы. А.,

«Мектеп». 2005.9. С.Омаров, Н.Бєйділдаев. Мазм±ндама текстерініњ

жинаѓы. А., «Мектеп», 1981.10. С.Тілешова. Єдебиет сабаѓында ж‰ргізілетін

жазба ж±мыстары. А., «Мектеп», 1978.11. К.Д.Ушинский Педагогика. М., «Просвещение».

1980.12. . С.Рахметова. Мазм±ндамалар жинаѓы. А.,

«Мектеп», 1989.

148

Page 147: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

13. Я. А.Коменский. Школьная правила. «Русский язык в школе». М., 1998.

14. Ж.Аймауытов. Психология. А., «Ѓылым» баспасы, 2004.

15. Єдебиеттану терминдерініњ сµздігі. А., «Ана тілі», 1998.

МАЗМ¦НЫ

КІРІСПЕ______________________________________________ 3-6I ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ________________________________ 7-131. Фонетикалыќ жаттыѓулар ____________________________1 3-141.1 Фонетикалыќ ќателер ______________________________ 14-161.2 Фонетикалыќ талдау ________________________________16-182. Лексикалыќ жаттыѓулар _____________________________ 18-192.1 Лексикалыќ ќателер ________________________________ 19-202.2 Лексикалыќ тапсырмалар ____________________________20-223. Морфологиялыќ жаттыѓулар __________________________ 22-24

149

Page 148: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

4. Синтаксистік жаттыѓулар _____________________________24-254.1 Ќазаќ тілі синтаксисі методикасыныњ негізі мен мазм±ны _25-264.2 Синтаксиске байланысты ж‰ргізілетін тіл дамыту ж±мысЫ

тары ____________________________________________26-275. Грамматикалыќ жаттыѓулар ___________________________27-285.1 Грамматикалыќ ќателер _____________________________ 28-296. Талдау ж±мыстары ____________________________________ 296.1 Талдау т‰рлері _____________________________________ 29-326.2 Грамматикалыќ, орфографиялыќ талдау ________________32-346.3 Морфологиялыќ талдау єдісі _________________________ 34-356.4 Синтаксистік талдау ________________________________ 35-416.5 Тіл білімі салаларын сатылай, комплексті талдаудыњ ж‰йесі___________________________________ 41-60II ЖАТЖАЗУ1. Диктанттар жинаќтарына талдау _______________________ 60-611.1. Диктантты µткізуге ќойылатын жалпы талаптар ________ 61-621.2 Диктант жазудыњ психологиялыќ ерекшелігі _____________ 621.3 ‡йрету диктанттарыныњ мањызы ______________________ 62-631.4 Єріп диктантын жаздыру маќсаты мен оѓан ќойылатын

талаптар _________________________________________63-641.5 Буын диктантын жаздыру маќсаты мен оѓан ќойылатын

талаптар __________________________________________ 64

150

Page 149: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

1.6 Сµз диктантын жаздыру маќсаты мен оѓан ќойылатын

талаптар _________________________________________64-651.7 Сµйлем диктантын жаздыру маќсаты мен оѓан ќойылатын

талаптар _________________________________________65-661.8 Есту диктанты _______________________________________ 661.9 Кµру диктанты _____________________________________ 66-671.10 ¤здік диктанты _____________________________________ 671.11 Шыѓармашылыќ диктант _____________________________ 671.12 Сµздік диктант ______________________________________ 671.13 Терме диктанты _____________________________________ 671.14 Ескерту диктанты ___________________________________67-681.15 Баќылау диктанты ___________________________________ 681.16 ‡йрету диктанттарыныњ мањызы ______________________ 691.17 Диктантты жаздыру техникасы_________________________69-711.18 Диктантты жаздыруѓа ќойылатын талаптар______________ 71-721.19 Диктантты баѓалау нормалары ________________________ 72-741.20 Диктант жєне тіл ±старту _____________________________74-80III МАЗМ¦НДАМА1. Мазм±ндамалар жинаќтарына талдау жасау ________________81-851.1 Мазм±ндама т‰рлері жєне оларды мењгерту жолдары ______ 85-881.2 Сурет бойынша мазм±ндама жаздыру ____________________88-90

151

Page 150: ЖАТТЫЃУ Ж¦МЫСЫ · Web view- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан

1.3 Сюжетті суреттер арќылы мазм±ндама жаздыру __________ 901.4 Аяќталмаѓан мєтін бойынша мазм±ндама ________________ 90-941.5 Оќушыларды мазм±ндама жазуѓа ќызыќтыру ____________ 94-971.6 Мазм±ндама- оќушыныњ шыѓарма мазм±ны ќабылдауыныњ

сапалыќ кµрсеткіші _________________________________ 97-981.7 Мазм±ндама мєтінініњ кµлемі __________________________ 981.8 Баѓалау нормалары _________________________________ 98-100IV ШЫЃАРМА1.1 Талаптары мен міндетті, кµлемі, уаќыты_______________________________________________100-105V МАЌАЛА1. Маќала- газет жанрыныњ кењ таралѓан т‰рі _________________1061.1. Маќала жазудыњ ‰лгісі _____________________________106-112VІ РЕЦЕНЗИЯ 1.Рецензия____________________________________________113-114ПАЙДАЛАНЃАН ЄДЕБИЕТТЕР_________________________115-116МАЗМ¦НЫ___________________________________________116-117

152