wordpress.com  · web view2015-12-29 · Ақтөбе қаласы №15орта...

Post on 10-Jul-2020

7 Views

Category:

Documents

0 Downloads

Preview:

Click to see full reader

TRANSCRIPT

Ақтөбе қаласы№15орта мектебінің

Бастауыш класс мұғаліміМамбетниязова Даригул Карагуловна

Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы

Мақсаты: 1.Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін және ауданын табудың әр түрлі тәсілдері туралы ұғым беру. 2.Оқушының дұрыс көбейту, бөлу амалын орындауға үйрету және өздігінен ойлап есеп шығарып, дұрыстығын анықтай білуге дағдыландыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, 3.Білімділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, дәлелдеу, талдау,көрнекілік. Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кестелер, сызбалар, шығармашылық тапсырма,тренинг.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Психологиялық дайындық. Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,Математикаға орын берсең басыңнан.Барлық ғылым саған үйір болады,Досың солар табылатын қасыңнан.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:№7 оқу, талдау (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) ІҮ. Жаңа сабақ: Ұжымдық талдау.

Геометриялық фигуралардың ішінен тік төртбұрышты және шаршыны ажырата білуТік төртбұрыш туралы не білесің, оның периметрін қалай табамыз?Шаршы туралы не білесің, оның периметрін қалай табамыз?

Тік төртбұрыштың және шаршының периметрі мен ауданын табуды түсіндіру

3+4+3+4= 143*2+4*2 = 14(3+4) * 2= 14 Жауабы: 14см

Тік төртбұрыштың ауданы бірдей бірлікпен алынған оның ұзындығының еніне көбейтіндісіне тең.

3*4= 124*3= 12Жауабы:12см

2+2+2+2= 82*4= 8Жауабы:8см

Шаршының ауданы оның екі қабырғасының көбейтіндісіне тең.2*2= 4Жауабы:4смОқулықпен жұмыс№1Тік төртбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын өлше.Олардың аудандары мен периметрін тап,№2Кішкене күнтізбенің ұзындығы 10см, ені 7см.Осы күнтізбе бетін неше квадрат сантиметрге бөлуге болады? 10*7= 70 смСергіту сәтіБойыңды сергек тік ұста,Емін-еркін тыныста

Тік төртбұрыштың периметрін былайша табуға болады:

1- тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы;

2- тәсіл: оның тең емес қабырғаларының ұзындықтарын қосып, алынған

қосындыны 2-ге көбейту арқылы

Шаршының периметрін былайша табуға болады:

1-тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу;

2-тәсіл: оның бір қабырғасының ұзындығын 4-ке көбейту.

Оң қолыңды соз алға,Қол ұшына қара даТөтрбұрыш сыз ауадаСол қол босқа тұрмасынШеңбер жасап зырласын. №3Шиелі-Телікөл каналының ұзындығы 90км, алШиелі Шіркейлі каналы одан49 км ұзын. Екі каналдың ұзындығы неше километр?Шиелі-Телікөл каналы-90кмШиелі-Шіркейлі-? 49 км ұзынБарлығы-?Шешуі:90+( 90+49)=229Жауабы:229 км

№4Бекіре балығының массасы 80кг. Оның массасының 1/4 бөлігі қара уылдырық болады. Бекіренің қара уылдырығы неше килограмм?Бекіре-80кгҚара уылдырық-? ¼Шешуі:80:4= 20 Жауабы: 20кг Шығармашылық тапсырма:Берілген геометриялық фигуралардан сюжетті сурет құрастыр

№5 Бос тор көзге тиісті санды жаз:6 бірл. ∙ 5 = бірл. 6 см ∙ 5 = см 9 кг ∙ 5 = кг 6 онд. ∙ 5 = онд. 6 дм ∙ 5 = дм 7 л ∙4 = л

18 бірл. : 2 = бірл. 30 см : 6 = см 12 кг : 3 = кг 9 онд. : 3 = онд. 30 дм : 6 = дм 21 л : 3 = лСабақты бекіту: «Фигуралық есеп» ойын Торкөздегі тапсырманы орындап, шаршы мен тік төртбұрышты ашып алу. Тік төртбұрыш пен шаршыны салыстыру.Шаршының ауданын қалай табамыз?Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

Тренинг «Адам есімінің түстері»Мақсаты: оқушыларға психологиялық тұрғыдан шабуыл жасау арқылы, ойлау қабілеттерін дамыту, өздеріне деген сенімдерін қалыптастыру, өзін бағалай алуға, өзін тануға ықпал жасау. Төртбұрыштардың түрлерін ажыратуға үйрету.Шарты: оқушылардың алдына қызыл, жасыл, сары, көк түсті парақшалар таратылады. Содан таңдау жасап, өзі қалаған парақшаны көтереді. Қызыл - өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандарЖасыл – ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар\Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт жандарКөк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандарҮйге тапсырма: №6 94бет.Бағалау: Оқушылардың өз мүмкіншіліктерін бағалауын қадағалау.

Сабақ өте жақсы ұнады және бар мүмкіндігімді пайдаландымСабақ ұнады және өз мүмкіндігімше қатыстымМаған әлі осы тақырыптар бойынша жұмыс жасау керекҚорытынды:

Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме.Жасынан оқу оқып, өнер қуғанЖан жетпес, көңілі жүйрік кемеңгерге.

top related