33 (3090) 2014-03-27

12
ʽǧDzǧ ǹʵǷǿʵDzʵǪʵ ǯdzǧǴǹǧǷǧǮȂ ½¼ÇÉĜ¼ ÷ȷ·ÇÒ Ã·¾·ÄÒ ·ÂÈ· ÇÊÌ·Ä¿ ¿ÃÃÊĿɼÉÉ° Ě·ÂÒÆÉ·ÈÉÒÇÊÒÃÒ¾ Ě·½¼É ¼çï×é Åěę·ÇŹ 4-бетте 6-бетте 12-бетте ǎƲdžǁLJǁDž ǎƲLJǀǁǍǏ Жұма, 28 наурыз күні сағат 10.00-11.00 аралығында Астана қаласындағы №2 емхананың бас дәрігері Ләззат Асығатқызы РЫСБЕКОВА бұқарамен тікелей тілдесуге шығады. Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 70-32-19 телефонына немесе astana-akshamy.kz сайтына хабарласуға болады. 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě ÂÆÊÒÆμ ÎÁÔÑÜÈ ÇÜÌ 6 +$0<.= ÜÈ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü òïìóġòóĄëâáóüò íò ÓáĦ áóôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì +2°..+4° -16°.. -17°

Upload: -

Post on 26-Mar-2016

252 views

Category:

Documents


8 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №33 (3090) 27 наурыз 2014

TRANSCRIPT

Page 1: 33 (3090) 2014-03-27

4-бе

тте

6-бе

тте

12-б

етте

Жұма, 28 наурыз күні сағат 10.00-11.00 аралығында Астана

қаласындағы №2 емхананың бас дәрігері Ләззат Асығатқызы

РЫСБЕКОВА бұқарамен тікелей тілдесуге шығады.

Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 70-32-19 телефонына немесе astana-akshamy.kz сайтына хабарласуға болады.

+2°..+4°-16°.. -17°

Page 2: 33 (3090) 2014-03-27

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

. Германия астанасында Қазақстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Түркіменстан елшіліктері ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы аталып өтілді.

Түркияда Twitt er-ден кейін Google DNS сервис жүйесіне де тосқауыл қойылды. Премьер-министр Реджеп Эрдоған кеңсесі жария еткен мәлімдемеде бұл қадам – заңсыз жолмен алынған әрі жалған жазбаларды жария етудің алдын алу ша-расы екені айтылған.

Египеттің Бас прокуратурасы 2011 жылғы төңкеріс күндерінде шерушілерді өлтіргені үшін сотталған экс-президент Хосни Мүбәракка, оның ұлдары Гамаль мен Әлиге, ІІМ бұрынғы басшысына және оның бірнеше көмекшілеріне дарға асу жазасын қолдануды талап етуде.

Белоруссия президенті Александр Лукашенко елдегі экономикалық жағдайды өзгерту жөнінде жақын арада оң қадамдар жасалмаса, Үкіметті отставкаға жіберетінін мәлім етті.

49500

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында «Абай» трагедиясы сахналанды.

«Қазақстан» спорт сарайы. КХЛ чемпио на-тының Гагарин кубогы. Екінші айналым. Плей-офф ойындары. «Барыс» - «Салават Юлаев».Басталуы: 19.00-де.

«Астана Опера» театрында кинофильмдер музыкасынан «Экран мелодиясы» атты концерт өтеді.Басталуы: 19.30-да.

Оқу орнының оқытушылары мен студенттерінен құралған алты ауыл мәз-мейрам болып, таңнан жарапазан айтып, бір-біріне қонақкәде тарту етіп, ұлттық салт-дәст ү рімізден көріністер көрсетті.

Шаңырақ көтерілген кең сахна-да өнер көрсеткен таланттар Нау-рыз тойына жиналған жарқын

жүзді жандарды қуананышқа бөледі. Жастар үшін тәрбиелік мәні мен мағынасы зор әз-Наурыздың құндылығы жыл сай-ын артып келеді. Бізді мейірімге бөлеген көктем мейрамында барша халқымызға бақыт, ырыс , ынтымақ тілейміз.

Алтайгүл МАХМЕТ, оқытушы

Мерекеде қала әкімдігі алдындағы алаңда елорда тұрғындары мен қонақ тарына «Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс-шара ұйым дас-тырылды. Бағдарламаға театр лан-дырылған қойылым, байқаулар, спорттық және ұлттық ойындар енгізіліп, келушілер безендірілген

елордада осыншама шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар.

Ассамблея өкілдері еліміздегі ұлттар саясатының жүзеге асырылуы, этномәдени орталықтардың қызметі мен алдағы өтетін сессия жұмысына дайындық барысы туралы баяндады. «18 сәуірде өтетін Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясында ағымдағы саяси және халықаралық деңгейдегі мәселелер қаралады. Сессияның тақырыбы – «Қазақстан-2050» стратегия-сы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті».

Көріп отырғандарыңыздай, тақырып ауқымды және ол кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Менің ойымша, бүгінгі әлем өз дамуында аса сындарлы саяси кезеңді бастан кешіріп отырғаны анық, бірақ, ең алдымен, дүниетанымдық проблемалар, мәдениет пен руханият мәселелері дағдарысқа ұшырап отыр» деді А.Башмаков.

Айгүл УАЙСОВА

киіз үйлер көрмесі мен салт-дәстүр-лер көрінісін тамашалады. Көпшілік наурыз көже, палау, бауырсақ, тағы басқа тағамдардан дәм татты.

Жиналған қауымды Астана қаласы мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов пен аудан әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтады.

Т. Бигелдинов көшесі жағынан алаңға кіре беріске екі алтыбақан орнатылды.

Алаңдағы сахнада Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының әртістері өнер көрсетіп, Жастар театры ұйымдастырған «Көш керу-ен» атты қойылым ұсынылды.

А л аңда Бейбіт шіл ік көшес і жағынан 8 киіз үй тігіліп, онда ұлттық салт-дәстүрлер көпшіліктің назарына тартыл ды. Сонымен қатар, аталған мерекеде «Сарыарқа ауданының ең үздік киіз үйі» байқауының қоры тындысы жария-ланды.

Нәтижесінде бірінші орын – Астана медицина университетіне, екінші орын Астана қаласы Қаржы бас қармасына тисе, үшінші орын-ды «Астана Тазалық» ЖШС ие-ленді. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және Сарыарқа ауданы әкімінің дипломымен мара-патталды.

Сағи ОРАЛ

Page 3: 33 (3090) 2014-03-27

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ғал

ым

ҚО

ЖАБ

ЕКО

В. Д

ерек

көз

дері

: ww

w.a

stan

a.kz

, ww

w.in

form

.kz,

ww

w.ba

q.kz

Қонақтарды төл мерекелерімен құттықтаған Үмітхан Дәуренбекқызы Ұлыстың ұлы күнінің қазақ халқы өміріндегі маңызы, салмағы төңірегінде әңгімеледі. «Ұлтымыз Наурызды жыл басы деп білген. Яғни, көктеммен жыл да жаңарып, табиғат-ана жасарып, адамдар бір серпіледі. Осы күні орын-далатын жақсы ғұрыптарымыз бен ырымдарымыз, тілектеріміз баршамызға береке, бірлік, игілік, ырыс әкелсін. Әз-Наурыз әр шаңыраққа құт болып енсін» деді мекеме басшысы.

Кеште Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов сөз сөйледі. «Ұлыстың ұлы күніндегі қуаныш, береке қазақ халқының маңдайынан мәңгіге ортаймағанын тілеймін. Өйткені, береке болған жерде бірлік бар, бірлік болған жерде ілгерілеу мен даму болады. Бүгінде Астананың мәдениеті еліміздің талай өңіріне үлгі болып келе жатқанын айтқым келеді. Осы мұражай шаңырағының өзі талай шаруаның бел ортасынан табылып, игі істерді атқаруда. Осындай шапағатты шаруаларымыз жалғасын таба берсе, көңіл-күйіміз бен рухани байлығымыз төмендемек емес» деді басқарма басшысы. Меймандар лебізін М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық Орыс драма театрының директоры Еркін Қасенов жалғап, ақжарма тілегін ақтарды.

Мерекелік кеш астаналық өнер ұжымдарының, колледж, мектеп оқушыларының әнімен, жырымен, биімен, күйімен әрлене түсті. Әсіресе, Қуыршақ театрының қойылымы көпшіліктің қошеметіне ие болды. Онда түркі тілдес ұлт өкілдерінің Ұлыстың ұлы күнін қарсы алу салттары көрсетілген. Содан кейін «Наз» мемлекеттік би ансамблінің өнері көрермен көңілінен шықты.

Салтанатты шара барысында «Наурызым – нұрлы ырысым» атты наурыз көже байқауы, ең тәтті самау-рын шайы сайысы, «Киім пірі – кимешек» атты әжелер сыны, «Бұрымды қыз» байқауы, жас ақындар айтысы, ең дәмді бауырсақ сайысы, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты мақал-мәтел жарысы, асық ату, арқан тарту ойыны, күрес, дойбы бәсекелері ұйымдастырылды. Әр байқаудың жеңімпаздары арнаулы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Мен Астананың наурыз тойын көру үшін оңтүстік өңірден келіп едім. Бұл мереке маған қатты ұнады. Әсіресе, түрлі бағыттағы жарыстар қызық екен. Асық атудан бағымды сынап едім, бірінші орын алдым. Бірақ қол күресінен есе жіберіп қойдым. Осы жеңісімнің өзі үлкен қуаныш» дейді Бақытжан Селеусін есімді жеткіншек.

Асхат РАЙҚҰЛ

– Қала мектептеріндегі сайттардың жұмысы қалай жүріп жатыр?

– Білім басқармасының әдіскерлері мек-теп сайттары бойынша жұмыс жасайтын «Bench Mark Consulting» ЖШС ком-паниясымен бірлесіп бірқатар жұмыстар атқардық. Атап айтсақ, 2014 жылға арналған мектеп сайттарын дамыту және білім беру порталының жұмысы туралы іс-шаралар жоспары жасалды. Мектеп директоры мен ата-аналар арасында бірыңғай білім беру порталы және оның мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда барлық мектептің сайт-тары жаңартылып отырады. Сондай-ақ, интерактивті қызметтер көрсетіледі. Мыса-лы, қонақ кітапшасы, кері байланыс сынды сілтемелер бар. Оған қоса, әр сайттан бей-неролик көруге болады.

– Қай мектептің сайты ерекше?– Сайттардың құрылымы мен маз-

мұнына қарап, мектептің жұмысы туралы

білуге болады. Мектеп сайттарында жан-жақты ақпараттар ұсынылған. Олардың безендірілуі де мазмұнға сай. Білім және тәрбиеге қатысты мұғалімдердің методикалық жұмыстары орналастырылған. Мысалы, 1, 2, 3, 4, 5, 9, 10, 15, 18, 22, 30, 35, 37, 38, 40, 49, 50, 51, 52, 56, 57, 58, 63, 64, 67, 68-мектептерд ің сайт тарында нақты ақпараттық құрылымдар бар. Әр бөлімнің атаулары мазмұнына сай. Онда тек сабаққа қатысты мәліметтер ғана емес, оқушылардың ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстары, сондай-ақ, баспа газеттердің электронды нұсқасы орналастырылған. Мәселен, «Психо-лог бұрышы» бөлімінде оқушыларға қажетті кеңестер беріледі. Ал, жалпыға ортақ форумға «Психологқа сұрақ қой» тақырыбы ұсынылған.

№18 орта мектептің сайтында мектеп директорының мақаласы мен «Жаршы» мектеп газеті орналастырылған. Ал, №19

орта мектепте ата-аналарға арналған тест сұрақтары бар. Яғни, мектеп сайтын пай-даланып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты электронды түрде орнатуға болады. №3 мектеп гимназиясы мен №5 гимназия сайттарының дизайны ерекше әрі қызықты етіп жасалынған. №68 орта мектептің сайтында оқушыларға әр пәннен тест ұйымдастырылған. №40 орта мектепте өз мұражайының жұмысы көрсетілген.

– Ақпарат кеңістігінде қаладағы мек-теп сайттарын қалай табуға болады?

– Барлық мектептің сайттары astana-bilim.kz білім беру порталына көшірілді. Сондықтан, сайттарды іздеуде біраз өз-герістер бар. Енді мектептердің сайттарын astana-bilim.kz – «Білім беру мекемелері – жалпы білім беретін мектептер» деген бөлімдер арқылы немесе мектеп сайтын толық жазу арқылы табуға болады. Мысалы htt p://3.astana-bilim.kz/.

Еркежан СӘТІМБЕК

Осынау әдемі мерекемен ұжымды құттықтаған аталмыш орталықтың директоры Ербол Нұрқатов Наурыз көктемнің ғана емес, күллі әлемдегі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы екенін айта келіп, әріптестеріне ақ тілегін арнады. Бұдан кейін тойдың шашуы шашылып, Қыдыр ата жиналғандарға батасын берді.

Қазақтың жаңа жылында орта лық-тың ақ халаттылар қарап қалмай, бар өнерлерін ортаға салды. Мейірбике Жадыра Мұратқан қазақ, испан билерін мың бұрала билесе, оның әріптесі Самал Миманова шығыс биін төгілдіріп, көпшіліктің қоше-метіне бөленді. Ал, Бекзат есімді қызметкер қылқобызды қолына

алып, «Ақбаян» әнін шырқата сал-ды. Бөлімше қызметкерлері Татьяна Гетцель мен Елизавета Бородулина жыл басы – Наурызға арналған өлеңдерді қазақ тілінде мәнерлеп оқып, ризашылыққа бөленді. Педагог-тәрбиешілер Вера Лазерева мен Кенже Имашқызы «Қазақтың дастарханы» әнін қосыла шырқап, тойдың көрігін қыздыра түсті.

Жалпы, Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы жыл сайын Наурызды айрықша көңіл-күймен қарсы ала-ды. «Бұл – жалпыұлттық мереке әрі қазақтың жаңа жылы. Оны атап өтпеу мүмкін емес» дейді олар.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Астана қаласы Білім басқармасы, Туризм және спорт басқармасы, Дәстүрлі күрес өнері және WKF каратэ-до федерациясы ұйымдастырған турнирдің мақсаты дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасы аясында оқушылар арасында каратэнің кеңінен насихаттау, тәжірибе жинақтау, нашақорлық пен жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.

Жарыс жеке ката, жеке кумитэ және командалық кумитэ бағдарламалары бойынша өтуде. Бастапқы және негізгі сайыс түрлерінен өтетін додада еліміздің әр аймағынан, сонымен қатар, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз елдерінен 150-ден астам жас каратэшілер күш сынасады.

Нұргүл АХАНҚЫЗЫ

Page 4: 33 (3090) 2014-03-27

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Тұрғындардың берекесін алатын жертөле масаларымен жыл бойы күрес жүргізіледі. Бірақ көктем келе, бұл жәндіктерден мезі болған жұршылықтың шағымы да көбейе түседі. Алматы мен Сарыарқа аудандары бойынша 70 үйдің жертөлесі суға толып кетеді. Оған жауапты ПИК-тер дер кезінде шара қолдануға асықпайды. Тіпті, тұрғындардың шағымын құлағына ілмейтіндер де бар. Айталық, «Нұргүл», «Уют-2008», «Шол-пан», «Уют-3», «Нұр-Жеңіс», «Сұлтан», «Ақбұлақ А», «Арай-2», «Кожабекова» ЖК, «Киза-тов», «Батыр-КСВ» ЖШС сынды пәтер иелерінің кооперативтері елдің арызын елемей отыр.

Жалпы қала аумағында жер-төле масаларына қарсы өңдеу жұмыстарын уақытында өткізбеу

Жалпы Астананың қалыптасу жылдарында барлығы 12 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген екен. Үйді жеке қаржысына сатып алғандарды есептемегенде, мемлекеттік қолдаумен жүзеге асырылған бағдарламалар шеңберінде 110 мың отбасы меншікті баспаналы болған. Жыл сайын қалада бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілсе, былтыр бұл көрсеткіш 1 млн 100 мың шаршы метрге жеткен.

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының басым бағыты болып табылатын апатты жағдайдағы үйлерді сүріп тастау жобасының қала үшін көптеген пайдасы бар. Ең ал-дымен, бұл – тұрғындарға тиімді. Бүгінге дейін ел аузында «Жуковка» деп аталып кеткен аумақтың тұрғындары салынғанына жарты ғасырдан асқан ескі үйлерде «қашан құлайды екен» деген үреймен тіршілік етіп жатқан-ды. Бағдарлама қабылдағалы осы мекеннің тұрғындары су жаңа үйлерге ие болды.

Екінші, пилоттық жобаға бөлінген мемлекеттің ақшасы қайтарымды. Бағдарлама бойынша құрылыстарды тұрғызатын «Елорда даму» ЖШС тұрғындарды қамтығаннан қалған үйлерді сатып, мемлекеттен алған қарызын қайтарады. Әрі коммерциялық тұрғын үйді сатудан түскен қаражат қайта инвестицияланып, құрылыс индустриясын дамытуға ықпал етеді. Мұндай өзін-өзі ақтайтын қаражатқа бола жергілікті бюджет те шығындалып әуре болмайды.

Сондай-ақ, пилоттық жобаны іске асыру аясында қаланың сәулеттік көрінісі де айшықтала түсетіні айтпасақ та белгілі.

Сонымен, пилоттық жоба аясында былтыр құлағалы тұрған 11 үйдің 139 отбасы қоныс тойын тойласа, биыл баспана алу бақытына апатты жағдайдағы 31 үйдің тұрғындары қол жеткізеді. Ал 2016 жылға дейін 3 мың отбасы жаңа қонысқа көшеді деген жоспар бар. Аталған бағдарлама аясында 2017 жылға дейін 228 апат-ты жағдайдағы үй сүріліп, тұрғындары жаңа үйлерге жайғастырылатын болады.

Елімізде тұңғыш рет жүзеге асырылып отырған жоба бізге Анкарадан келген. Анадолы елінде сәтімен жүзеге асырылып, талай адамды баспанамен қамтамасыз еткен жобаның пайдасын енді астаналықтар да көріп жатыр. Алдағы уақытта пилоттық жоба күллі Қазақстан аумағын қамтымақ.

Экологиялық таза отын-ды а л дымен елорда лық қоғамдық көліктер пайда-лануда. Былтыр Президент күні қарсаңында ел игілігіне жараған «Экотаксилер» тегіс газ бен жүреді. Ал,

ашық ау мақтарда маса л ард ың санының көбеюіне әкеліп соғады. Бұл жәндікке көпшілік аса мән бермегенімен, ол түрлі вирустарды тасымалдаушы болып табылады. Маса ағзасында түрлі вирустар бір-неше күннен бірнеше айларға дейін өмір сүреді. Көп вирустар маса ағзасында «қыстап», көктемде жән-дік қауіпті тасымалдаушыға айнала-ды. Ал кейбір вирустар масалардың бір ұрпағынан екінші ұрпағына жұ-мыртқалары арқылы беріліп отырады. Сондықтан масалар тұр ғындардың мазасын қашырмау үшін ПИК-тер өз қаржысы есебінен алдын-алу шара-ларын ұйымдастыруға келісім-шарт жасауға тиіс. Жертөле масаларын жою және сол төңіректі өңдеу жұмыстарын арнайы рұқсат қағазы бар ұйымдар ғана жүргізе алады.

Маса ларды жою жұ мыстары

биыл сәуір мен қыркүйек айла-ры аралығында жүргізілетінін естеріңізге саламыз. Осы шара-ларды өткізуге ПИК басшы ла-рынан талап еткендеріңіз жөн. Өйткені бұл ең алдымен сіз-дер дің денсаулықтарыңыз бен жайлы өміріңіз үшін жасалады. Егер тұрғын үйлер мен өндіріс ошақтарында қажетті санитарлық –гигиеналық жағдайлар сақ-тал маса, масалардан жыл бойы арыла алмауыңыз мүмкін. Осы-ған байланысты қандай да бір сауалдарыңыз болса, мына теле-фонға хабарласуыңызға болады: 316 - 017

Нағима ШАТАЕВА, Астана қаласы бойынша

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің

бөлімі бастығы

биыл қала билігі сұйытылған отынмен жүретін 350 ав-тобус сатып алмақшы. Бұл жолаушы көліктерінің 200-і Астана күні қарсаңында жеткізіледі деген жоспар бар. Ал, қалған 150-і 2014

ж ы л д ы ң со ң ы на де й і н әкелінетін болады.

Көліктерін көгілдір отын-мен жүргізе бастаған Аста на-ның өзіне газ қашан келеді? Бұл сауал, әсіресе, қаланың шеткері аймақтарындағы

жұртшылықты тол ған-дырып жүргені анық. А ғ ы м д а ғ ы ж ы л д ы ң аяғына қарай «Қаз мұ-найгаз» ҰК Астанаға магистральды газ құ-бырын тарт уды және автоматтандырылған екі газ тарату станасасы құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Егер газбен қамтуға арналған алғашқы жобалар сәтті аяқталса, алдымен шеткі аймақтағы жеке тұрғын ү й с е к то рл а р ы м е н Индустриалдық паркте көгілдір отын лаулайтын болады.

Жалпы алғанда, қалаға 1,2 млрд текше метр газ қажет көрінеді.

Бетт

і дай

ынд

аған

: Қы

мбат

ТО

ҚТА

МҰР

АТ

Page 5: 33 (3090) 2014-03-27

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ама

нғал

и Қ

АЛЖ

АНО

В

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

-

Қуанышын білдіргенде түрлі тәтті-лерден шашу шашатын қазақ келген Жа-ңа жылымыз ырысты, берекелі болғай деп ақынның кешінде де бұл жоралғыны аттап кете алмады. Өзін «Ала бұлттың арғы жағына самғатып, ғарыштың ғажабымен тілдестірген» қара өлеңге махаббатын:

...Айналайын, тақсыр, Өлең!Мен сені жанымнан да жақсы көрем.Тірескен ақ пен қара тіршіліктеСен үшін неге болсын бәс тігер ем,-деген жыр жолдарымен жеткізген

Серікзат алғашқы шығармашылық кешін өткізуге мұрындық болған Аста-на қаласы әкімдігіне, Тілдерді дамыту, сондай-ақ, Мәдениет басқармаларына алғысын жеткізді.

Ғылымда бағыт-бағдар сілтеп жүр-ген академик Сейіт Қасқабасов пен елорданың жетекші жоғары оқу орын-дарының бірінде қызмет істеуіне жол ашқан қоғам және мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің алдарында басын иді. Өлеңге құштарлығын артты-ра түскен Фариза апамыз бен ғылымға жетелеген Рымғали Нұрғалиұлының аруақтарын бір аунатты.

«Жігіттер» тобы кеш иесінің сөзіне жазылған «Қазақтың тойы» әнімен

көрерменнің делебесін қоздырды. Жал-пы, Серікзаттың шығармашылығында азаматтық поэзия үлкен орын алады екен. Ол кеш барысында белгілі әншілер орындаған «Астана», «Қазағым», «Көк байрақ» секілді әндерден көрініс тапты. Бұл әндердің Жалғас Кеңесов, Арман Бексұлтан, Медет Салықов сын-ды авторларының есімдерін де қазір ел біледі. Сондай-ақ, Мұқағалидың өлеңдеріне бірнеше тамаша ән жазған әнші-композитор Тұрсынғазы Рахи-мов Шығыстан Астанаға ат терлетіп жетіп, «Туған жер» әнімен кіндігімізді кесіп, кірімізді жуған жерімізге сағынышымызды басқандай болды.

Ақынның өзі де қырды жалаңаяқ кештірген балалық шағын есіне алып, ауылына арналған жырын оқып берді. Туып өскен жері, Қазақ елі, ата-ана туралы өлеңдер мен әндерді тыңдап, кештің неге «Перзент тілегі» атауын алғанын да түсінгендей болдық. Кешпен аттас әнді Заттыбек Көпбосынов пен Әсел Ергешқызы орындап, Серікзаттың ата-анасын гүлге көмді.

Кейінгі кезде әр айтысты түйіндейтін «Құлмамбет айтысы» көрерменнің күлкісін үстемелете түсті. Айтысты бастаған Серікзат Балғынбек Има-

шев, Айнұр Тұрсынбаева, Жандар-бек Бұл ғақов, Сырым Әуезхан сынды әріптестерінің әрқайсысын төрт түлікке теңеп, олардан тиісті «сыбағасын» алды. Соны мен бірге Сырымның Айнұр «ене сіне» болысқаны, Айнұр дың «күйе у ба ласын» жақтағаны, Балғын-бек тің батасы, кешті жүргізуші пародист Олжас Сыдықбектің Жүрсін Ерманның дауысын салуы елдің есінде қалды.

Ә д е м і л и р и к а л ы қ ә н д е р г е д е о р ы н т а б ы л д ы . « Ж о л а й р ы қ » , «Күлімдесең болмай ма?», «Сен үшін жаралғандаймын», «Түнгі сыр», «Мөлдіреген жанарың», «Ағама» деп аталатын туындыларды елге сүйікті әншілер – Роза Әлқожа, Медет Салықов пен Клара Төленбаева, Мейрамбек Беспаев, «МузАрт» тобы, Кенжебек Жанәбілов, Жаңабай Өтегенов орын-дады. Серікзаттың шәкірттері мен Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының актерлері ақын жырларын артистік шеберлікпен оқыды.

Айтпақшы, осы кеш барысында ақын-ның «Қарашығыма көшкен бұлт» атты алғашқы жыр жинағы мен «Мөлдіреген жанарың» атты өлеңдеріне жазылған әндер жинағының тұсауы кесілді.

Әрі қарай «Батыр Баян» көркем фильмінің музыкалық әрлеуіне қолданылған «Дарабоз», Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» шығармасы туындатқан «Аруана», өнердегі ағаларын аңсатқан «Жазғы қар», «Көк бөрі», «Ақ жауын» күйлерімен жалғасты. Сонымен бірге күйшінің ұстазы Малғаждар Әубәкіровтің «Талас», Секен ағамызға батасын берген Төлеген Момбековтің «Салтанат», Сей-долла Бәйтерековтің «Кішкентай» шығармалары мен Тілептің «Аққу», Жантөренің «Шалқыма», Ермұрат Үсеновтың «Кербез сұлу» туындыла-ры күмбірлеп, сыбызғы күйлері орындалды. Күй төгілткен адамдардың арасында концерт иесімен консерваторияда бес жыл бірге оқыған белгілі күйші Айгүл Үлкенбаева да болды.

Секен Тұрысбек бірқатар танымал ақындардың сөзіне ән жазған екен. Әсіресе, Несіпбек Айтұлы екеуі біраз ән туындатыпты. Сол әндерді Дәлел Уашев, Кла-ра Төленбаева, Ерлан Рысқали, Тамара Асар, Рамазан Стамғазиев сынды өнер жұлдыздары көрермендерге жеткізді. Ал, сөзі мен әнін күйші-композитордың өзі шығарған «Аққу сазы» әнін Гүлмира Сарина нақышына келтіріп орындады.

С.Тұрысбек кеште өзінің бұрын-соңды елге көрінбеген әншілік қырын да ашты. Ұлықбек Есдәулеттің өлеңіне жазылған «Аяқталады бәрі де» әнін үлкен толғаныспен шырқаған ол өмірдің өткінші екенін тағы еске салды. Мемлекеттік «Наз» би теа-тры кешті бимен көркемдеді.

«Секен – бармағынан бал тамызған ұлы күйші». Бұл – мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың кеш соңында айтқан пікірі. Осыған келіспейтіндер де табылатын шығар, алайда, көбісі осы пікірге қосылатыны сөзсіз. Әсіресе, концерттен кейін досына жыр арнаған ақын Несіпбек Айтұлы бұл пікірді қоштайды.

Тек жыр ғана емес, күйшіге майлы бояумен салынған суреті де тарту етілді. Суретші Кәміл Моллашұлы Секен Тұрысбекке деген құрметін осы-лай білдірген.

Page 6: 33 (3090) 2014-03-27

халықтың діни сауатының төмендігі. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып отыр. Бұл жерде Абайдың иман-ды «яқини» және «тақлиди» деп бөліп қарастыруы өзекті болуда. Мұның біріншісі – танымнан, ақыл дәлелінен туындайтын иман. Екіншісі – діннің рухани құндылықтарына терең бойламастан, дін жөнінде әңгіме айтқан кез келгеннің сөзіне еріп, «пәленше солай деді, түгенше былай деді» деген надандықтан шыққан соқыр сенім, үстірт наным. Бұл қазіргі қоғамға тән діни сауатсыздықтың көрінісі, діни радикалданудың себебі болып отыр. Халық арасында дінараздық салуды қалаған кез келген деструктивті ағымның негізгі мақсаты – «Таухидті» желеу етіп, дінге сенуші жамағатты ұлттық құндылықтарға негізделген дәстүрлі исламға қарсы қою. Осылайша қоғамда діни экстремизмнің алғышарттары орныға береді. Ғаламтордағы деструктивті сайттардың ортақ ұраны – «Таухид – бұл мақсат, ал жихад – оны жүзеге асыру жолы», «жихад – әркімнің жеке міндеті» деген идея. Бұл пікір ашық немесе жасырын түрде мейлінше белсенді түрде таратылады, таңылады. Өткен жылы ҚМДБ-ның төрағалығына бас мүфти болып Ер-жан қажы Малғажыұлы келісімен қолға алған маңызды шара лардың бірі – осы деструктивті топтардың алдын алу болды. Елдегі діни ахуалдың жай-күйі туралы мониторинг жасал-

биылғы Жолдауында: «Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл – факт. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз – хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс» деп, мәселенің

шешімін заң аясында реттеуді басты назарда ұстайды. Ал, түптеп келгенде радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы күресу жұмысын мемлекет пен құзырлы органдарға немесе имамдарға ысырып тастамай, азаматтық қоғам болып, біртұтас шеп құрып, жұмыла атқарып, қарсы тұра білуіміз керек секілді. Сонда ғана тәуелсіздігіміздің баянды болашағына жауапты жастарымызды жамандықтан сақтай аламыз.

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Ершат аға, тәуелсіздігімізді алып, етек-жеңімізді жинаған жыл-дары ел ішін асыл дініміздің атын жамыл ған ағымдар дендеп кетті. Осы ағымның салдарынан жаста-ры мыз жік-жікке бөлініп жатқаны да рас. Тәуелсіздігіміздің баянды болашағына жауапты жас та ры мыз-дың рухани һәм дүнияуи да сауатты болып қалыптасуы үшін не істеуге болады?

– Өкінішке қарай, қазіргі таңда халықтың дінге қызығушылығы жоғары болғанымен, діни сауаттылығының төмендігі оң-солын танып үлгермеген жастарымыздың деструктивті топ тар -дың жетегінде кетуіне себеп болып отыр. Осы қызығушылықты пай да лан-ған көптеген теріс пиғылды ағымдар азаматтарды өз қатарына тартып, жал-ған уағыз айтып, тіпті, өз халқына, мем-ле кетіне қарсы қойып жатқан тұстары да жоқ емес. Жалпы, діни экстре-мизм нің аймақтарға таралуына себеп бола тын бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Солардың бірі –

ды. Осыған сәйкес, арнаулы өңірлік және республикалық ақпараттық-насихаттық топтары (РАНТ) құрылып, жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Ол топтарға еліміздегі білікті, білімді 30-ға жуық имамдар мен исламтанушылар топтас ты рылған. Мәселен, наурыз айының 11-15 күндері аралығында еліміздің 9 өңірінде РАНТ халықпен кездесіп, діни экстремизмнің, деструктивті топтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бір ғана Астана қаласында әртүрлі маңыздағы 24 нысанда 17 000 адамды қамтыған кездесулер болды. 2011 жылы ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының қайта қабылдануы, еліміздегі дін сая-сатын реттейтін арнаулы Дін істері агенттігінің құрылуы, тіпті, жуырда ашылған «е-ислам» порталының өзі дінімізге жасалып жатқан қамқорлық деп айтуға болады. Жалпы, діни экс-тремизм мен терроризм – ғаламдық, жаһандық құбылыс. Бұл мәселеге қатысты Елбасымыз Н.Назарбаев

– «Отанды сүю иманнан» деп жатамыз ғой, жастарды ортақ мақсатқа, бір мүддеге біріктірудің тетіктерін айтып берсеңіз.

– Ең бірінші жастарымыздың мысық-ті леулі, деструктивті идеоло гия ларға төтеп бере алатын рухани иммунитетін қалыптастыруымыз қажет. Елбасымыз айтқандай, ішкі сүзгіні бойларына қалып тастыра білуіміз керек. Ол сүзгі ең бірінші зайырлыққа негізделіп, тағаттылыққа, достыққа, үлкенді құрмет теп, кішіге ізет көрсету секілді ұлт тық құндылықтарға негізделуі шарт. Сон дай-ақ, жастарды біріктіретін ортақ идеялар керек. Осы мақсатта хазретіміз Ержан қажы Малғажыұлының бас-та ма сымен ҚМДБ ішінен арнайы Жастар ісі бөлімі құрылған болатын. Қазіргі таң да атал мыш бөлім белсенді жұмыс атқаруда.

– Бүгінде асыл дініміздің баба дәстүрімен біте қайнасқанын біз айтып отырған ағым жетегіндегі жас та рымыз мойындай бермейді. Құран мен сүннетке қайшы кел мей-

тар ұстаздарын интернеттегі «шейх-тар дан» іздеуінің себебі неде?

– Қазіргі жастарымыз ғаламторды ұстаз қылып алғаны шындық. Мұның себебі, елімізде рухани ұстаздардың жоқ ты ғында емес. Керісінше, жас тар-дың жал қаулыққа бой алдыруларында деп білемін. Діни білімді мешіттегі имам дар дан сұрауға немесе мешіттегі сауат ашу курстарынан тәлім алуға әдетке айналдырмаған жастар жеңіл жол іздеп, ғаламторды ақтарады да мар ги налды мәліметке жолығады. Сон дық тан да әрбір технологиялық жаңа лық ты жұмысымызға оңтайлы пайда лана білуіміз шарт. Аллаға шүкір, ғаламтор кеңістігін меңгеруде қазіргі таңда қалыс қалып жатқан жоқпыз. Ақпараттық кеңістікте жастарды дәс-түр лі дінге шақырып келеміз. Дәстүрлі ислам тағылымын дұрыс әрі заманға сай ыңғайда ұсынуға талпынудамыз. Мәселен, жұма уағыздарында айтыла-тын уағыздарды ресми сайттарымыз, әлеуметтік желілер арқылы бұқараға ұсынамыз. Жақында ғана тұсауы кесілген ҚМДБ-ның «Hikmet.tv» теле ра дио студиясы арқылы дүйім жұрт тың діни деңгейін көтеру жолын-да қазір дің өзінде біршама жұмыстар атқа рылуда.

– Шариғатымызда ілім үйрену әрбір мұсылман баласына парыз екені айтылған. Бұл ретте интер-нет ресурстарын ілім алудың көзі ретінде қарай аламыз ба?

– Жалпы, діни ілімге ақпарат ретінде қарауға болмайды. Ислам дегеніміз

-

– ізгі ілім, мәңгілік сарқылмайтын қазы на, шалқар дария. Қазіргі таңда көп теген жастарымыз базалық білім мен ақпараттың орнын алмастырып алған, соның нәтижесінде қоғамда кей бір түсінбеушіліктер туындауда. База лық білім дегеніміз – кезеңдік, сатылы білім алу жүйесі. Яғни, бастау-ыш білім – орта білімнің, орта білім – жоға ры білімнің, жоғары білім ғылыми ізде ніс тің базасы болады. Сол секілді, шариғатты тереңірек біліп-тану үшін интернеттен алған ақпарат жеткіліксіз. Дін іліміне терең бойлағысы келген адам міндетті түрде ұстаздың алдында отырып, дәріс тыңдап, оны қағазға жазып, көкейге тоқуы керек. Бұл бел гілі бір жүйеге негізделуі тиіс. Құран кәрім нің алғашқы аятының өзі пайғам ба ры мызға «оқы!» деп түскен. Өз кезегінде Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Білімді жазу, сызу арқылы байлаңыздар» деген хадисі еске түседі. Сол үшін ғылым мен техноло-гия қан ша лық ты дамыса да, сандық технология басым болса да, адамзат өмірі үшін қаламсаптың маңызы еш уақытта жоғал майды. Шын дін ілімін тереңдеп оқу ды қалаған адам сол ілімді тер төгіп, жазып-сызбай үлкен жетістікке жете алмайды дегім келеді. Сол үшін менің қағидам – «Ұстазымыз – ғаламтор емес, ҚМДБ-ның білікті имамдары болсын!»

– Әңгімеңізге рахмет. Сұхбаттасқан

Жайық НАҒЫМАШ

тін әдет-ғұрыптарға шариғаттың тыйым салмайтынын қысқаша айтып өтсеңіз.

– Мұсылман діні халық санасынан орын алып, шариғат негізіне қайшы келмейтін дәстүр мен әдет-ғұрып-тар дың күнделікті өмірде қолданыс табуына мүмкіндік беріп, қазақи мәдениеттің қалыптасуына септігін тигізеді. Ислам дінінде мынадай қағида бар: «Егер кез келген халықтың салт-дәстүрі исламға қарама-қайшы келме-се, оны ұстануға болады». Мысалы, шариғат салт-дәстүрге сай киімдерді киюге рұқсат етеді. Қазақтың мақал-мәтелдеріне, ауыз-әдебиетіндегі жыр-дастандарға үңілсек, оған исламдағы шариғат заңдары арқау болғанын көреміз. Осының бәрі қазақтың ис-ламды терең ұстанғанына дәлел етеді. Ислам діні қазақ арасында тұрмыстық деңгейде ғана қалған жоқ. Мемлекетті басқаруда, іс жүргізу сияқты мем ле-кет тік идеология деңгейінде қолда-ныл ды. Тіпті, қазақ даласындағы про цесуал дық кодекстер Исламдағы қылмыстық іс жүргізу заңдарына сүйенген. Мысалы, «Жеті жарғыны» алсақ, көптеген тұстарының ислам заңынан алынғанын байқауға болады.

– Діни басқармамызға қарасты 22 ресми сайт бар, Ханафи маз-хабы негізінде қаншама кітаптар да жарық көріп, көпшілікке жол тартуда. Одан қалса, мешіттерімізде сауат ашу курстары жұмыс істеуде. Қарап отырсаңыз, азды-көпті істер атқарылып жатыр. Дегенмен, жас-

Page 7: 33 (3090) 2014-03-27
Page 8: 33 (3090) 2014-03-27
Page 9: 33 (3090) 2014-03-27

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

26.03.2014

26.03.2014

Кезек нөмірі

Т.А.Ж Кезекке қою күні Санаты

(Жалғасы. Басы газетіміздің №32 (3089) санында)

1911 31.12.20131912 31.12.20131913 31.12.20131914 31.12.20131915 31.12.20131916 31.12.20131917 31.12.20131918 31.12.20131919 31.12.20131920 31.12.20131921 06.01.20141922 06.01.20141923 08.01.20141924 09.01.20141925 09.01.20141926 09.01.20141927 09.01.20141928 10.01.20141929 11.01.20141930 11.01.20141931 11.01.20141932 13.01.20141933 14.01.2014

1934 14.01.20141935 16.01.20141936 18.01.20141937 18.01.20141938 21.01.20141939 22.01.20141940 23.01.20141941 23.01.20141942 24.01.20141943 25.01.20141944 27.01.20141945 27.01.20141946 27.01.20141947 29.01.20141948 29.01.20141949 29.01.20141950 29.01.20141951 30.01.20141952 30.01.20141953 31.01.20141954 01.02.20141955 03.02.20141956 06.02.20141957 06.02.20141958 06.02.20141959 06.02.20141960 06.02.20141961 07.02.20141962 08.02.20141963 10.02.20141964 10.02.20141965 11.02.2014

Т.А.Ж Кезекке қою күні Санаты

Кез

ек

нөмі

рі

Page 10: 33 (3090) 2014-03-27

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

89

91 -

93

949596

98

99

111

113114115 -

116

118119

131

133134135136

138139

141

143144145146

148149

151

153

154155156

-

158159

161

163164

165166

168

169

181

183

184185186

188189

191

193194195196

198199

-

-

-

-

-

-

311

313

314

315316

318 -

319

-

331 -

333

334335336

338

339

341

343344345

346

348349

351 -

-

353 -

354

355356

358 -

359

361

363364365366

368369

--

381 -

383 -

384 -

385386

388389

-

391

393394395396

398 -

399 -

Page 11: 33 (3090) 2014-03-27

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы»

КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы: Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық

ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен келуге болады. Анықтама алу телефоны:

57-88-88.

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

1.

2.

3.

4.

5.

6.(

)

9.

10.

11.

12.13.

14.

15.

16.

19.

20.

21.

22.

23.

24.

25.

26.

Астана қалалық ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысы ардагері

Бейсембай Абаилдаевтыңқайтыс болуына байланысты туған-туыс та-рына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Астана қалалық ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысы ардагері

Хасен Кариевтіңқайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

-

Астана қалалық ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагері Асылқан Табылдыұлы

Бекбаевты (31.03.1924) 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Зор денсаулық, отбасына тыныштық тілейді.

55-66-35

Page 12: 33 (3090) 2014-03-27

Санкт-Петербургтегі Ма-рия театры – бүкіл дүние жүзі мойындаған киелі

өнер ордаларының бірі. Театрдың жаңадан салынған сахнасында әлі ешбір шетелдік ұжым өнер көр-сет кен жоқ. Ал, құрылғанына көп бола қоймаған жас театр – «Астана Опера» өзінің әлемдік турнесін дәл осы жерден бастады.

Астаналықтар дүбірін естіген ақ түндер қаласының жұрты театрға қарай ағылды. Халықтың көптігі сонша, кіреберісте ұзынсонар кезек болды. Екі мың адамдық үлкен зал көр ер мен ге лық толды. Нева жаға-лауы на арнайы шақыр ту мен кел-ген «Астана Опера» театры ның ұжымын өнер сүйер қауым осылай қарсы алды.

«Атилла» қойы лы мы на Мемле-кет тік академия лық Мария театры-ның көр кемдік жетек шісі, маэстро Вале рий Гер гиевтің өзі ди ри жер -лық етті. Спек такль ден кейін ол «Астана Опе ра ның» құрметіне дастархан жайып, осы театрды қабылдау үлкен оқиға екенін атап

өтті. Бұдан кейін Валерий Гергиев жетек ші лік ететін петерборлық театрдың труппасы Астанаға Рихард Вагнердің операсымен келетін болып келісілді.

Ертеңгісін жергі лік ті басылым-дарда «Валерий Гергиев «Аста-на Операның» халықаралық гастролін ашты», «Астана әлемнің түрлі театрларын біріктіретін көпір

бола алады» деген мағынадағы мақалалар жазылып жатты. Ал, музыка сыншысы Владимир Ду-дин: «Тіс қаққан петерборлық көпшілікті мықты солистердің вокалдық деңгейі ғана емес, сондай-ақ хор мен оркестрдің өнері де таңдай қақтырды. Хор дауы сы ның нақтылығы, динамизмі, ашық тығы мен теңгерімділігі, парти тураның ньюансын терең түсінуі жиналғандарды тәнтті етті. Солистерді басып тастауды емес, қолдауды мақсат ететін оркестр өзіндік ерекшелігімен, жұмсақ ты-ғымен, жинақылығымен, нақты-лы ғы мен және саздылығымен қайран қалдырды. Алдымызда биік асулар ды бағындыруды мақсат ет-кен нағыз пас сио на ри лер тұрғаны айдан анық» деген екен.

Одан кейін А.Ваганова атындағы Орыс балеті академиясының және Н.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург консер ва то рия-сы хореография кафедрасының доценті Ольга Розанова да ал ған әсе рі мен бөлісті: «Бүгін біз та-ма ша лаған қойылым еріксіз елең еткізді. Спек такль жоғары, тіпті еуропа лық деңгейде қойылды дер едім. Жұл ды зы жарқыраған Жұпар Ғабдуллина Италиядан келген үш әншіден қалыс қан жоқ, олар бірлесіп нағыз ансамбль құрды. Жас театрдан мұн дай қойылым тамашалауға болады деп ойламайсың, әйтсе де, несіне таң қаламын, егер маэстро Гер-гиев «Астана Опера» театрымен шығар ма шы лық байланыс орнатса, ол жақта шынымен соған тұрарлық

нәрсенің бар болғаны, әйтпесе, мұндай одақ құрылмас еді!» деп ағынан жарылды.

«Атилладан» кейін көрермендер «Бiржан-Сара» операсына да би-лет алуға асықты. Петерборлықтар қойылымға үлкен қызығушылық таныт қаны соншалық, кассада бір де бір билет қалмапты. Мұқан Төле-баев тың осынау туындысы қазақ тілін де орындалғанымен, биік өнер-дің тілі бір. Сондықтан көрер мен дер өрбіген оқиғаға ортақтасып отырды. Қойылым барысында Сара сахнаға атқа мініп шықты. Мұны көпшілік асыға күтіп отыр еді. Сол-ақ екен, театрлық тәртіп жайына қалып, петерборлықтар ұялы теле фон-дарымен камераға түсіре бастады. Басты кейіпкерді ыстық ықы лас пен қолдау да назардан тыс қалған жоқ. Үзіліс кезінде спектакльді тал қыға салған олар операның қызық ты әрі қарама-қайшылыққа толы желісін әңгіме етісті. Санкт-Петер бург те көптен бері тұрып жатқан қазақтар қойылымды тамаша ла ғанн ан кейін елге барып қайт қан дай болғандарын айтып жатты.

«Алғашқы жетістіктерден кейін гас троль дің екінші күнінде өзің ді ана ғұр лым жеңіл әрі сенімді сезі не-сің» дейді «Астана Опера» бале-тінің көркемдік жетекшісі Тұр сын-бек Нұрқалиев. «Әу баста «Ұйқы-дағы ару» балетін қоймақшы едік. Алайда, жоспар өзгеріп, көрермен театр әртістерінің шеберлігіне толық қанды көз жеткізуі үшін түрлі балет терден үзінділер қоюды ұйғар дық. Осылайша жұртшылыққа «Ұйқы дағы арудың» II актісінен

«Силь фида» балетін, «Корсар» балетін ұсындық. Бірінші бөлім де көрер мен ұлттық балеттен Әйге рім Бекетаева мен Рүстем Сейіт бе ков-тің орындауындағы «Қозы-Көрпеш пен Баян сұлуды» тама ша лады» дейді ол.

Аталған көрініс петерборлықтар үшін шынымен жаңа дүние еді, себебі, ерекше ұлттық рух, жалын көрерменді баурап, жұртты қуаныш-қа бөледі. «Екінші актіде батыс еу ро па лық және ұлттық балет пен ара ласқан алты нөмір ұсыныл ды. Жас та болса, «Астана Опера» бале ті нің жетекші солисі атанған Әйгерім Бекетаеваның орын дау ын-дағы кеудені кернейтін драмат изм ге толы «Өліп бара жатқан аққу» жүректерді қозғады. Көрер мен еріксіз көзіне жас алды. Ду қол шапа лақ залды жарып жібере жаз-дады» дейді Тұрсынбек Нұрқалиев. Қойылымнан кейін қоюшы хо-реограф Борис Эйфман жетекші солистің орындауына тәнті болып, оған жоғары баға берді. Өте әсерлі шыққан Л.Минкустың «Дон Ки-хот» балетінен, А.Бородиннің «Қыпшақ биінен» үзінділер «Гала балеттің» бағдарламасын аяқтады. Тағы бір айта кетерлігі, қойылымға тәнті болған көрермен соңғы қырық жыл ішінде тұңғыш рет түрегеп тұрып шапалақ ұрды. Залдан шыққанда петерборлықтар әлі де қазақ шеберлерінің өнерінен алған әсерлерімен бөлісіп бара жатты...

Енді «Астана Операны» алда Париж, Лондон және Нью-Йорк сапарлары күтіп тұр.

Еркежан СӘ

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]