2018 – 2019 оқу жылының қорытындысы және университет ... · 7...

51
1 2018 – 2019 оқу жылының қорытындысы және университет ұжымының жаңа оқу жылына міндеттері мен мақсаттары туралы университет ректоры, п.ғ.д., профессор М.Н.Сарыбековтің ЕСЕБІ

Upload: others

Post on 19-Jan-2020

20 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

1

2018 – 2019 оқу жылының қорытындысы және университет ұжымының жаңа оқу жылына міндеттері мен мақсаттары туралы университет

ректоры, п.ғ.д., профессор М.Н.Сарыбековтің ЕСЕБІ

2

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.................................................................................................................................. 3

1. УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ........................................................ 4

2. УНИВЕРСИТЕТ ДАМУЫНЫҢ СТАРТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ІСКЕ

АСЫРЫЛУЫ..........................................................................................................................

6

3. УНИВЕРСИТЕТТІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖӘНЕ БЕДЕЛІН

АРТТЫРУ... ...........................................................................................................................

9

4. УНИВЕРСИТЕТТІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.................. 14

4.1 Академиялық саясат және жетістіктер................................................................... 14

4.2 Оқу-ғылыми лабораториялар.................................................................................. 20

4.3 Үштілді білім беру процесі...................................................................................... 21

4.4 Өндірістегі кафедра филиалдарының жұмысы және практикаларды

ұйымдастырылуы …............................................................................................................

25

4.5 Түлектердің жұмысқа орналасуы............................................................................ 26

4.6 Халықаралық қызмет және білімдегі жаһандану процесі.................................... 28

4.7 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ұйымдастырылуы........................... 30

5. УНИВЕРСИТЕТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ............................................................ 31

6. КІТАПХАНАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ........................................................... 33

7. ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ.................................................................................. 37

8. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» МЕН «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ

ҚЫРЫ» БАҒДАРАЛАМАЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ.............................................

42

9. ОҚУ-МАТЕРИАЛДЫҚ АКТИВТЕР ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ

ЖАҒДАЙЫ.............................................................................................................................

46

10. УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ МIНДЕТТЕРІ............................

49

3

КІРІСПЕ

Құрметті әріптестер! Құрметті Ғылыми кеңес мүшелері! Сіздерді Тараз мемлекеттік университетінің 2018-2019 оқу жылының қорытындысы және университет ұжымының жаңа оқу жылына міндеттер мен мақсаттарын таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Жалпы әрбір оқу жылының өзіндік ерекшеліктерінің болатындығы ақиқат. 2018-2019 оқу жылы университет тарихында бірқатар іс оқиғалар мен қомақты жетістіктері, соның ішінде оқу орнымыздың 60 жылдық мерейтойымен есте қалатындығы анық.

Дамудың қазіргі кезеңі Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік өміріндегі түбегейлі өзгерістер мен адами ресурстарды даярлау сапасын көтеруге ұмтылған көпдеңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жетілдіруді қажет етеді.

Университет жетекшілікке алатын көпдеңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін реформалау басымдықтары Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Бағдарламалық құжаттарына негізделіп жасалынған ҚР БжҒМ жоспары арқылы іске асырылуда.

Өткен оқу жылында университетіміздің 2019-2022 жылдарға арналған ұзақ мерзімдік болашаққа бағытталған мақсаттар мен міндеттерді және оларды іске асыру жолын анықтайтын бағдарламалық құжат - Даму бағдарламасын қабылдадық. Демек 2022 жылы университет халықаралық рейтингісі жоғары, білім беру, ғылыми-өндірістік және әлеуметтік кешені мен инновациялық инфрақұрылымы жақсы дамыған отандық озық ЖОО-дың біріне айналады деп күтілуде.

Университеттің заманауи білім беру деңгейіне алып шығатын негізгі стратегиялық мақсаттар төмендегідей:

1. Инновациялық білім беру үдерісін қамтамасыз ету, өңірдің, еліміздің және әлемнің экономика және әлеуметтік салалары үшін мамандарды даярлауда алдыңғы орындардан көріну;

2. Ғылыми зерттеулер саласын, олардың нәтижелілігін және технологияларды трансферттеуді қамтамасыз ету, ҒЗЖ нәтижелерін коммерциализациялаудың деңгейін жоғарылату;

3. Тұлғаның толыққанды және жан-жақты дамуы үшін ұжымда белсенді шығармашылық ортаның қалыптасуын қамтамасыз ету.

Университеттің Даму бағдарламасының толық мәтінімен университет сайты және баспадан шыққан құжат арқылы таныса аласыздар. (3 слайд)

М.Х. Дулати Тараз мемлекеттік университетінің МИССИЯСЫ – заманауи отандық және халықаралық критерийлерге сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті, инновациялық тұрғыда ойлайтын және отансүйгіштік сезімде тәрбиеленген мамандарды даярлау, өңірде және елімізде әлемдік деңгейге сәйкес келетін элиталық ғылыми-зияткерлі және ақпаратты-мәдени ортаны қалыптастыру болып табылады.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев 2019 жылғы өткен «Тамыз конференциясында» жоғарғы білімді мамандарды дайындаудың сапасын көтеріп, жаңа білім беру бағдарламаларын игеруге және түлектердің еңбек нарығында өз орнын табудың міндеттеріне баса көңіл аударды.

2018 жылдық қазан айында ҚР БжҒМ тарапынан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ұйымдастырудың мазмұнын және оның құрылымын жетілдіруге бағытталған жаңа нормативтік құжаттар қабылданды. Осыған байланысты, университеттегі білім берудің мазмұнын өзгертуге бағытталған «Жол картасы» қабылданып, іске асырылуда. Университеттің академиялық ортасында бірқатар өзгерістер болды. Оқу процесі адалдық принциптеріне негізделіп ұйымдастырылуда, оны қамтамасыз ету үшін «Оқытушының ар-намыс кодексі», «Университет оқытушылары, қызметкерлері және білім алушыларының академиялық адалдық ережесі» қабылданып, «Саналы ұрпақ» офисі жұмыс атқаруда.

4

Студенттер қауымдастығы университетті басқару құрылымдарына тартылған: олар Ғылыми кеңестің, жатақханаға орын бөлу комиссиясының, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелері болып белсенді жұмыс атқаруда.

1 УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Университетте: 9 факультет (Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар; Су

шаруашылығы, экология және құрылыс; Технологиялық; Заң; Мұнай, газ және механика; Экономика және бизнес; Ақпараттық технология, автоматика және телекоммуникация; Сырттай оқыту; Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру), 43 кафедра (әскери кафедраны қоса есептегенде); 3 университеттік ҒЗИ, 5 ғылыми-өндірістік орталық, Дулатитану орталығы, инженерлік бейіндегі «Наноинженерлік зерттеу әдістері» ҒЗЗ және «Университеттік бизнес-инкубатор» корпоративті қоры жұмыс істейді.(4 слайд)

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ заманауи материалдық-техникалық базаға ие, оның құрамына жалпы ауданы 160 351,9 ш.м. құрайтын 56 нысан кіреді. Университеттегі оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие беру үдерістері, жалпы ауданы 74989,32 ш.м. құрайтын 15 оқу-лабораториялық корпусында ұйымдастырылып өткізіледі. Факультеттерде қажетті қондырғылармен жабдықталған 94 лаборатория бар; оқу-ғылыми мақсаттарда сонымен қатар «Зерттеулердің наноинженерлік әдістері» бірегей ғылыми-зерттеу лабораториясы пайдаланылады. Университетте жабық және ашық түрдегі әртүрлі спорттық құрылымдардың жиынтығынан тұратын, дамыған спорттық база бар. Жабық спорт залдары жалпы ауданы 3212,5 м2 құрайды. Университетте тиісті спорттық қондырғылармен жабдықталған 7 ашық спорт залы бар: жасыл шөпті футбол алаңы мен жүгіру жолдары; едені реттелетін жабынды шөптегі хоккейге арналған алаң; 2 ашық футбол алаңшалары; 2 баскетбол және 2 волейбол алаңшалары; 4 теннис корты және «Жасөркен» спорттық-сауықтыру лагері. Ашық спорттық кешендер ауданы 22983 ш.м. құрайды. Қазіргі уақытта университетте 804 орынға арналған жалпы ауданы 18370,8 ш.м. құрайтын үш жатақхана жұмыс істейді. Университеттің Кітапханалық-ақпараттық орталығы (lib.tarsu.kz) 900 отыру орны мен жалпы кітап қоры 1 380 822 дана құрайтын өңірдегі ең ірі кітапханалардың бірі болып табылады, оның алып жатқан ауданы - 3721,1 м2. Кітап пайдаланушыларға отандық және әлемдік электрондық ресурстарға қолжетімдік берілген. (5 слайд)

2018-2019 оқу жылында бакалавриаттың 60 мамандығы, магистратураның 39 мамандығы және докторантураның 4 мамандығы бойынша қазақ және орыс тілдерінде кадрларды дайындау 14.11.2012 жылғы № 12020167 білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін Мемлекеттік лицензияға сәйкес жүзеге асырылуда.

2018-2019 оқу жылдың қыркүйек айының басында қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау жөніндегі бұйрығына сәйкес университеттің күндізгі оқу түріне - 1729, оның ішінде мемлекеттік білім грантқа - 495, ақылы негізде – 1234, кешкіге- 31 және сырттай оқу түріне-1320 студенттер қабылданған (кесте 1).

Кесте 1. Білім алушылар контингенті Оқу

жылы Күндізгі оқу түрі

Кешкі оқу түрі

Сырттай оқу түрі грант ақылы 2018-2019

495 1234 31 1320

Сонымен қатар, 2018-2019 оқу жылында (01.01.2019ж.) университет бойынша білім алушылар 12294 адамды құраған, оның ішінде 11766 бакалавриатта (күндізгі оқу түрінде - 6217 студент, оның ішінде 1075-і (17 %) мемлекеттік грант иегерлері, 5142-студент ақылы негізде, кешкі оқу түрінде – 313 студент, сырттай оқу түрінде ақылы негізде - 5236 студент), 488 адам магистрант (318 (65%) – білім беру грантының иегерлері), 40 адам докторантурада білім алды (барлығы мемлекеттік грантта). Жалпы

5

алғанда, мемлекеттік грантта оқитындардың саны 1433 адам немесе білім алушылардың 11,65% құрайды. (6 слайд)

Кез келген университет үшін аса маңызды көрсеткіш ретінде оқуға қабылданған студенттер арасында "Алтын белгі" иелері, халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқаулары жеңімпаздарының саны болып табылады. 2017-2018 оқу жылында 5 "Алтын белгі" иесі түссе, ал 2018-2019 оқу жылында олар 17 адам болды. Бұл университеттің аймақтағы имиджінің өскенін көрсетеді.

Білім берудің қолжетімділігі туралы кешенді міндеттерді орындай отырып, ауыл мектептерінің білім алушылар санына тоқталған жөн болады, осылайша, 2018 жылы қалалық мектептерден оқытудың күндізгі түріне 689 және ауыл мектептерінен 965 адам қабылданды.

Университеттің білім беру процесінің сапасын бағалайтын көрсеткіштердің бірі – ол шетелдерден келіп оқып жүрген білім алушылардың саны. Ол 696 адамды құрайды (кесте 2).

Кесте 2. 2018-2019 оқу жылындағы шетелдік білім алушылар туралы ақпарат

№ Мемлекет Бакалавриат Магистратура Қашықтан

оқыту бөлімі Барлығы

1 Түркменстан 528 2 9 539 2 Өзбекстан 76 - 59 135 3 Қырғызстан 1 - 1 2 4 Ресей 4 - - 4 5 Моңғолия 1 - - 1 6 Оңтүстік Корея 1 - - 1 7 Қытай 12 - 1 13 8 Тәжікстан - 1 - 1

Барлығы 623 3 70 696

Жоғары сапалы білім беруді кәсіби білікті профессор-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта университетте оқытушылардың жалпы саны 685 адамды құрайды. 630 штаттық оқытушылар құрамында 38 ғылым докторы, 240 ғылым кандидаты, 36 PhD докторы, 262 магистр бар (ғылыми дәрежесі барлар үлесі 50%). Одан бөлек, ҰҒА, салалық ғылым академиялары және ҚР кәсіби ассоциациялары құрамына кіретін 25 адам бар. (7 слайд)

Ұсынылып отырған ПОҚ-тың кәсіби қызметін бағалаудың ұтымды тұстарының бірі оның моральдық және материалдық белсенділігін арттыру механизмімен тығыз байланыстылығында. Нарықтық қатынас жағдайында жоғары оқу орнының жалақысы жоғары деңгейде болмауы еңбек тиімділігін арттыруда кедергі келтіретін фактор болып отыр. Сондықтан материалдық тұрғыда белсендіру мәселесі үстем мәнге ие.

Оқытушының кәсіби қызметіне жан-жақты баға беру туралы нұсқаулық негізінде оқытушылардың рейтингісін ескере отырып, оқу жылының қорытындысын шығару, университетте жақсы дәстүрге айналған. 2018 жылы университеттің 60-жылдық мерейтойына және басқа да мерекелерге байланысты университетте 39 адам БжҒМ-ның әртүрлі марапатымен, 44 адам облыстық және қалалық дейгейдегі марапатпен, ал 1727 адам университеттің түрлі сыйымен марапатталды (соның ішінде 1409 адам ақшалай, 318 адам төсбелгі, алғыс және диплом ).

Есеп беру кезеңінде біздің 8 оқытушымыз «ҚР жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» грантын иеленгенін ерекше атағанымыз жөн.

6

2. УНИВЕРСИТЕТ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ 2019 жылға дейінгі университеттің Даму стратегиясында 7 негізгі бағыт белгіленді, ал оларды іске асыру дәрежесі жылдар бойынша жоспарланған міндеттермен және көрсеткіштерімен айқындалды. 7 стратегиялық бағытта 20 міндет, міндеттердің 195 көрсеткіштері әзірленді (оның ішінде 133 (68%) міндеттердің сандық мәні бар). (8 слайд)

Сурет 1 - Университеттің 2016-2019 жылдарға арналған даму стратегиясына

сәйкес университеттің стратегиялық міндеттері

Сапа саласындағы саясат университеттің жалпы саясаты мен Даму бағдарламасының бөлігі болып табылады, басшылықтың жауапкершілігін және оның сапа мәселелеріндегі міндеттемелерін мойындауды қамтиды. 2018-2019 оқу жылында ТарМУ-дың 2016-2019 жылдарға арналған Даму стратегиясын орындау мерзімінің аяқталуына байланысты арнайы жұмыс тобының құрастыруымен университетіміздің 2019-2022 жылдарға арналған жаңа Даму бағдарламасы дайындалып, 26.03.2019 ж. Ғылыми кеңес отырысында бекітілді. (9 слайд)

Сурет 2 - Университеттің 2019-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасына

сәйкес университеттің стратегиялық мақсаттары

2019 жылдың 13-15 ақпан аралығында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығы тарапынан кезекті ресертификациялық аудиттен сәтті өтті.

Университеттің сапа менеджменті жүйесі сертификаттарын ерікті сертификаттау жүйесінде сертификатталған ұйымдар реестрінде тіркеліп, университеттің жаңа ИСО 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі университеттің СМЖ

7

халықаралық «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығының сертификаттары растайды (Сертификат мерзімі - 2022 жылдың 18 ақпанына дейін).

2018-2019 жылға сыртқы аудит нәтижелері бойынша университеттің СМЖ-н жақсарту бойынша түзету іс-шаралар жоспары жүзеге асырылды.

Сапа саласындағы саясат - университеттің жалпы саясатының бір бөлігі болып табылады және басшылықтың жауапкершілігін және оның сапа мәселелеріндегі міндеттемелерін мойындауды қамтиды. Саясат университеттің нормативтік-құқықтық құжаттарында көрініс табады. (10 слайд)

2018-2019 оқу жылында СМЖ 22 құжат өзектендіріп бекіту жоспарланған. 2018-

2019 оқу жылында 167 құжат өзектендірілді, оның ішінде сапа жөніндегі басшылық – 1, университет стандарттары – 7, құрылымдық бөлім ережелері – 40, қызметтік нұсқаулықтар – 50, қызмет туралы ережелер – 44, жұмыс нұсқаулықтары – 18 және 7 ереже өзектентендіріліп бекітілді. 55 форма жаңадан енгізіліп, 30 форма мен 163 құжат формасы қолданыстан шығарылды, ал 18 құжат жаңадан әзірленіп бекітілді (кесте 3).

Кесте 3 - Университетте алғаш рет әзірленген СМЖ құжаттары ПСП 12/1-2.03-2018 Положение о тренинг-центре «Greenskills в пищевых

производствах» ПСП 9.02-2018 Положение о военно-патриотическом клубе «Болашақ сардар» ҚБЕ 12/1-3.10.01-2018 «Өңіртану» ғылыми-зерттеу орталығының (ҒЗО) Ережесі ҚБЕ 13/6.12-2018 «Саналы ұрпақ» студенттік клубы туралы Ереже ҚБЕ 13/8.01-2018 Латын графикасын үйретудің оқу-әдістемелік кабинетінің ережесі ҚБЕ 13/9.01-2018 «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ережесі ҚБЕ 12/6.08-2018 Цифрландыру және IT секторының ережесі ПД 12/7.02-2018 Положение о работе с иностранными студентами ПД 4.01-2018 Университеттің жұмыскерлері мен ПОҚ марапаттау және

ынталандыру туралы ереже

8

Университет 2018-2019 оқу жылына сапа саласында 14 мақсаттың іске асырылуын

бекітті. Сапа саласындағы университет мақсаттары университеттің барлық оқу корпустарында, сондай-ақ құрылымдық бөлім басшыларының кабинеттерінде, кафедралар мен факультеттерде, құрылымдық бөлім стендтерінде, университеттің интернет сайтында шығару арқылы университет персоналы мен білім алушыларының назарына жеткізілді.

2018-2019 оқу жылы ішінде университет ұжымы университеттің даму стратегиясын, білім беру үрдісінің сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру бойынша нақты мақсатты жұмыстар жүргізді. Сапа саласындағы мақсаттардың орындалуын талдау көрсеткендей, 2018-2019 оқу жылында жоспарланған межелер орындалды.

ИСО 9001:2015 стандарт талаптарына сәйкес құрылған сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) жұмыс істеуін жүйелі түрде тексеру қажет. Жүйенің жұмысқа қабілеттілігін талдауды сапа саласындағы басшылықтың уәкілетті өкілінің басшылығымен университеттің арнайы сертификатталған мамандары (ішкі аудиторлар) жүргізді.

Есепті мерзімде барлығы 135 ішкі аудит өткізілді, оның ішінде барлық факультеттер мен кафедралар, 11 құрылымдық бөлім, 2 жеке тұлға ішкі аудит тексерісінен өткізілді. (11 слайд)

2014-2015 ж 2015-2016 ж 2016-2017 ж 2017-2018 ж 2018-2019 ж

59

124

39 31

135

192 0 5 1

ішкі аудит сәйкессіздік актілері

ПД 12/1-4.01-2018 Положение об издании научного журнала «Механика и технологии»

РИ 11/1.05-2018 Рабочая инструкция «Введение системы оценивания» ДИ 11/13.12-2018 Должностная инструкция руководителя сектора ЦОО офиса

регистратора

9

Түзету әрекеттері мен сәйкессіздіктерді жою аудитордың ұсынымдары негізінде жүргізіледі. Университетте жетілдіру процесі сапаны жақсартудың ажырамас циклі болып табылады. Осындай түзетуші әрекеттер факультеттерде, бөлімдерде оқу процесін ұйымдастыруда анықталған кемшіліктерді жоюға, сондай-ақ оларды шешу үшін қабылданған проблемалардың қайта туындауына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Барлық анықталған сәйкессіздіктер бойынша қажетті түзету іс-шаралары әзірленіп, енгізілді. Тексеру нәтижелері кафедралар мен құрылымдық бөлімшелердің отырыстарында талқыланды.

3. УНИВЕРСИТЕТТІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЖӘНЕ БЕДЕЛІН

АРТТЫРУ Университеттің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейін әлемдік аренада

қамтамасыз ету Даму бағдарламасына негізделген. Даму бағдарламасын іске асыруда білім беру, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерде әлемдік стандарттар деңгейіне қол жеткізуге ықпал етуде. Бәсекеге қабілетті университеттің ең үздік үлгісі жоғары оқу орындарының халықаралық аккредиттеуден өтуі және танымал рейтингтерде жетекші орындарға ие болуында. (12 слайд)

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ

2013 ж. қараша айында университет

«Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігінен (БСҚТА)» институционалдық аккредиттеуден өткен болатын. Куәліктің жарамдылық мерзімінің (01.01.2014ж.-31.12.2018ж.) өтуіне байланысты университет институционалдық қайта аккредиттеуден 2018ж. 14-16 қараша аралығында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттінен (ары қарай - АРТА)» өтті.

Аккредиттеу Кеңесінің шешімі бойынша М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ге №АА0123 халықаралық институционалдық аккредиттеу

туралы куәлік берілді. Куәліктің жарамдылық мерзімі 20.12.2018-19.12.2023ж.

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЙТА АККРЕДИТТЕУ 2019 жылдың 29 сәуірі мен 3 мамыры

аралығында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ бакалавриаттың 17 білім бағдарламасы және магистратураның 18 білім бағдарламасы бойынша БСҚТА-дан мамандандырылған қайта аккредиттеуден сәтті өтті. Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен 10.06.2019-07.06.2024 ж. мерзімге аккредиттелгені жөнінде SA-A №0166/1-8 куәліктері берілді. Сол арқылы білім бағдарламалары білім берудің еуропалық сапа

стандарттарына сәйкестігін екінші рет дәлелдеді. 2019 жылдың 5 желтоқсанында университеттің 41 білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған аккредиттеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталады.

10

Осыған байланысты, университеттің 41 білім беру бағдарламалары мамандандырылған қайта аккредиттеуден өтуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Рейтингтерге қатысу - университеттің әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігінің дәлелі. 2019 жылы "Webometrics Ranking of Word Universities" рейтингісінің қорытындысы бойынша М.Х.Дулати әлемнің 28 мың университеті арасында 9015-орынды, Азияның 13 578 университеті арасында 3498-орынды, 121 отандық ЖОО арасында 20-орынды иеленді.(13 слайд)

Ranking Web of Universities-те университет орны Жыл 2017 2018 2019

Рейтингтегі орны 11 104 12590 9015

Webometrics Ranking of World Universities – 2019

Webometrics Ranking of World Universities/Asia – 2019

№9015 Әлемнің 28 000

университеттері арасында

№3498 Азиялық 13 578

университеттері арасында

№20 Қазақстанның 121

университеті арасында

11

Webometrics Ranking of World Universities/Kazakhstan – 2019

ARES-2018 Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасының халықаралық

рейтингісінің нәтижелері бойынша университетіміз ҚР жоғары оқу орындары арасында А+ санаты бар 8-орынды иеленді (жоғары сапалы білім беру, ғылыми қызмет және түлектердің жұмыс берушілердің арасындағы сұранысы). ARES-2018 рейтингісіне 95 қазақстандық ЖОО, оның ішінде 15 көп салалы білім беретін ЖОО қатысты (кесте 4).

Кесте 4 - Academic Ranking of World Universities. ARES -2019

Жыл 2015 2016 2017 2018 2019 Рейтингтегі орны 33 (BB) 26 (BB+) 25 (BB+) 9 (A) 8 (A)

Есептегі жылы университетіміз «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша

тәуелсіз агенттігінің» Ұлттық рейтингісі бойынша ең үздік көпсалалы ЖОО арасында 7-орынға ие болып, университет бес жыл бойы академиялық статистикалық көрсеткіштерді талдау, сарапшылардың бағалауы және жұмыс берушілерді сұрастыру негізінде қалыптасатын рейтинг бойынша үздік ондықтың ішінен орын алып келеді (кесте 5). Кесте 5 - Қазақстанның ең үздік көпсалалы жоғары оқу орындарының ұлттық (бас) рейтингі. БСҚА / IQAA). Жыл 2015 2016 2017 2018 2019 Рейтингтегі орны 9 6 6 8 7

12

2019 жылы аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА/IAAR) "ҚР ЖОО-ның талап етуінің ұлттық рейтингісіне" алғаш рет қатысып, университет Қазақстанның көп салалы университеттері арасында 12-орынға ие болды.

KAZSEE инженерлік білім беру қауымдастығының Республикалық Рейтингтік

Агенттігінде инновация және академиялық артықшылық бойынша ұлттық рейтингте университет еліміздің үздік көп салалы білім беретін университеттерінің арасында ТОП-5-те орналасқан.

2014-2018 жылдары ТарМУ жалпы мемлекеттік статистикалық рейтингтен өту

бойынша Қазақстан көшбасшы кәсіпорындарының топ бестігін басқарды. Яғни, университет бес жыл қатарынан "Сала көшбасшысы" атағына ие болды.

"Университетте ұлттық және халықаралық білім рейтингтеріне жүйелі қатысуын қамтамасыз ету" міндеті жүзеге асырылып келеді. Осы бағытта университет он жыл сайынғы ұлттық рейтингісінде "Ауыл шаруашылығы ғылымдары" бағыты бойынша БСҚА өткізген елдің үздік ЖОО болып саналады. БСҚА-ның 2019 жылғы білім бағдарламаларының рейтингісінің нәтижесі бойынша университеттің 4 білім беру бағдарламалары (5В080500, 6М08050-Су ресурстары және суды пайдалану, 5В081000, 6М081000-Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау) жоғары орын алды.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ білім беру бағдарламалары Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) рейтингісіне сәйкес жоғары білім берудің 3 деңгейі бойынша жоғары сараптамалық бағасын алды: Бакалавриат: 5В081000 Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау 1 – орын

5В072600 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен кострукциялау

2 – орын

5В080500 Су ресурстары және суды пайдалану 2 – орын

5В060600 Химия 3 – орын

13

5В072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

3 – орын

5В060100 Математика 3 – орын 5В030100 Юриспруденция 7 – орын

Магистратура: 6М074400 Гидротехникалық құрылыс және құрылыс 1 – орын

6М080500 Су ресурстары және суды пайдалану 1 – орын

6М081000 Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау

1 – орын

6М072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

2 – орын

6М030100 Юриспруденция 3 – орын

6М072600 Ағаш өңдеу технологиясы және ағаштан жасалған бұйымдар (қолдану саласы бойынша)

3 – орын

6М060600 Химия 4 – орын

6М060100 Математика 5 – орын

Докторантура: 6D072600 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен кострукциялау

3 – орын

6D074400 Гидротехникалық құрылыс және құрылыс 1 – орын

6D081000 Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау 1 – орын

6D060600 Химия 5 – орын

Төменде көрсетілген көрсеткіштер бойынша Қазақстандық жоғары оқу орындарының Тәуелсіз қазақстандық білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттігі (БСҚА) веб-сайттарын рейтингісі - 2019 Тараз мемлекеттік университеті отандық 116 ЖОО арасында 41 орынды иеленді.

А - веб-сайттың өлшемдері В - ақпараттық толтыруы С- жаңартылуы D - навигацияның дизайны мен ыңғайлылығы E - сайтты мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсыну F - келушілердің саны G - сайтқа сілтемелер саны H - ақпараттық ұсыным (БАҚ-та ескертулердің саны) I – жылдамдық J - әлеуметтік желілердің саны

Жылы 2015 2016 2017 2018 2019 Рейтингтегі орны 22 14 10 32 41

14

Қазіргі уақытта университетте ТарМУ-дің имидждік саясаты тұжырымдамасына

және университеттің фирмалық стилін ребрендингілеу мақсатында университеттің имидждік саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша Жол картасы іске асырылуда. Университет ең үздік фирмалық стиліне: атауы, логотипі, әнұран, ұран және тұмарға байқау жарияланып, нәтижелері анықталуда.

4. УНИВЕРСИТЕТТІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

4.1 Академиялық саясат және жетістіктер

Университеттің қазіргі қолданыстағы академиялық саясаты Еуропалық Жоғары білім кеңістігінде (ESG) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етудің стандарттары мен нұсқаулықтары, ҚР БҒМ нормативтік-құқықтық кесімдері мен әдістемелік құжаттарына негізделген.

2018 жылдық қазан айында ҚР БжҒМ тарапынан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ұйымдастырудың мазмұнын және оның құрылымын жетілдіруге бағытталған нормативтік құжаттар негізінде университеттің білім берудің мазмұнын өзгертуге бағытталған «Жол картасы» қабылданып іске асырылуда. Жаңа құжаттардың талаптары бойынша, 2018-2019 оқу жылында жаңа мазмұнды білім бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік негіздемесі әзірленіп, барлық ПОҚ біліктілікті жоғарылату курстарынан өткізілді. Осы атқарылған жұмыстың нәтижесінде, бакалавриат бойынша – 94, магистратура бойынша – 74, докторантура бойынша – 5, жалпы саны – 173 білім беру бағдарламасы Республикалық реестрге енгізіліп, олар бойынша маман дайындау басталды. Осы жұмыстарды іске асыруда университеттің 8 оқытушысы ҚР БжҒМ арнайы дайындау курстарын бітірді. (17 слайд)

Университеттің академиялық саясатының басты міндеті академиялық тұтастық қағидаттарында және академиялық қоғамдастықтың озық идеяларына сәйкес оқу үрдісін ұйымдастыру болып табылады. Университет Қазақстан университеттерінің Академиялық адалдығы лигасына қосылуға дайындалуда. Осы мақсатта 2017 жылдың сәуір айынан бастап ТарМУ оқытушыларының, қызметкерлерінің және студенттерінің Академиялық адалдық кодексі әзірленіп, енгізіліп, сонымен бірге негізгі құжаттар қайта өңделді және үнемі толықтырылуда.

Білім беру бағдарламаларының жалпыға қолжетімділігі - ЖМБМС, сыртқы және ішкі сараптамадан өткен модульдік білім беру бағдарламалары, анықтамалық нұсқаулықтар, сабақ кестелерінің университеттің сайтында орналастырылған; кітапханаларда оқу материалдарының, ал порталда – силлабустар, әдістемелік материалдар мен ЭПК болуымен қамтамасыз етіледі, ЭПК (КЭД) білім алушыларға элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыру үшін, жұмыс берушілер, бизнес-құрылымдардың өкілдері, тәжірибесі мол мамандар және Жамбыл облысының кәсіпорындары мен ұйымдары басшылары білім беру бағдарламаларын әзірлеуге белсене тартылуда.

15

Оқытушылардың үздіксіз кәсіптік өсуін қамтамасыз ету мақсатында - Карьера және біліктілікті арттыру Орталығының бөлімшесі жұмыс істейді, біліктілікті көтеру жүйесі мен магистранттарды іріктеуді қолдау жөніндегі қызметкерлердің құзыреттілігі жүйесі құрылған. Қазіргі таңда университет, МООК - біліктілікті көтерудің жаңа түрлерін белсенді дамытуға, онлайн курстар мен вебинарлар ұйымдастырып, қатысуға атсалысуда; сондай-ақ тәлімгерлік жүйесі дамытылуда.

Республикада сырттай оқу түрінің жойылуына байланысты қашықтан оқыту технологияларын қолдануға сұраныс артуда. Осыған байланысты университет қысқартылған мерзімде оқытуға арналған 120 оқу жұмыс жоспары дайындалды.

Оқу жүйесінің жетістіктері көрсеткіштерінің бірі республикалық студенттік пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің санының артуы болып табылады. 2017 жылы олимпиадаға жалпы саны 25 мамандық қатысып, соның ішінде 16-сы жүлделі орынға ие болды. Жалпы 85 студент қатысып, оның ішінде 51-і жүлделі орынды иеленді. Ал 2018 жылы 18 мамандықтың, соның ішінде 11-і жүлделі орынға ие болды. Жалпы 73 студент қатысып, 35-і жүлделі орынды иеленді. Жыл сайын үздік дипломмен бітірушілердің орташа саны шамамен 14% құрайды.

Университетте 2018 жылдан бастап жаңадан құрылған «Су шаруашылығы» бағыты бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестік қызмет атқаруда. 2018-2019 оқу жылында осы бірлестіктің бастамасымен 4 мәжіліс өтікізілді. Бұл мәжіліске еліміздің әр түрлі аймағынан жұмыс берушілер, «Атамекен» ҰКП, ҚР БжҒМ, Қазақстандағы халықаралық бірнеше ұйымдардың өкілдері қатысты. Бұл мәжілісте «Су шаруашылығы» бағытына қатысты Ұлттық біліктілік жүйесінің элементтерін құрастыру проблемалары талқыланды.

Университетіміз Люблин политехникалық университетімен (Польша) және Браганс политехникалық институтымен (Португалия) біріге отырып, бакалавриат және магистратура бойынша қосдипломды білім беру бағдарламаларын табысты іске асырып жатыр. 2017 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасында, ҚР білім және ғылым министрінің 23 мамыр 2017 жылдағы №237 бұйрығымен «Мехатроника» бағыты бойынша бакалавриаттың экспериментальды қосдипломды білім беру бағдарламасы іске асырылуда.(18 слайд)

Университет жаңа бөлімшелерді ашу және тиімді ортаны құру жолымен тұрақты экожүйені дамытып келеді. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жағдайында 2018 жылы университетте реестріне 15 қызмет көрсету түрі ендірілген, «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды.

2018-2019 оқу жылында инновациялық технологияларды қолданып өткізілетін ашық сабақтар кестесі жасалынып, 798 ашық сабақ өткізілді. Оқытушы-профессорлық құрамы инновациялық технологияларды оқу үдерісіне ендіру барысында Ақпараттық деңгейде: «РРТ», «FLP», «аудио-бейне өнімді қолдану», «виртуалды лаборатория әдісін»; Әдістемелік деңгейде: «проблемалық оқыту», «блиц-опрос», «іскер қоржын», «дискуссия», «миға шабуыл», «сократ әдісі», «өзін-өзі дамыту», «кейс-стади әдісі», «жобалық-бағдарлық оқыту»; Әдіснамалық деңгейде: «ұжымдық және топтық технология», «ойын технологиясы», «презентация технологиясы» әдістерін пайдаланып өткізеді.

Энтузиаст-педагогтарды қолдап, университеттің инновациялық жетістіктерінің презентациясы шеңберінде жоғары оқу орындары арасында (Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Тараз инновациялық-гуманитарлық және М.Х. Дулати атындағы ТарМУ) «Үздік мультимедиялық өнімі» атты дәстүрлі байқауы өткізіледі. Байқау 6 номинациядан тұрады: «Үздік менеджер», «Үздік флипчарт», «Пәннің инновациялық толықтырылуы», «Үздік ашық сабақ», «Инновациялық оқу зертханасы», және «Үштілді арнайы бөлімде ағылшын тілінде үздік ашық сабақ». Байқау жеңімпаздары дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. (19 слайд)

16

Есепті кезеңде университет оқытушыларының дайындаған 63 оқу және ғылыми-әдістемелік құралдары жалпы көлемі – 364 б.т. баспадан шығарылды. Сонымен қатар бакалавриат пен магистратура бойынша 89 модульді білім беру бағдарламалары (жалпы көлемі – 348 б.т.) кітапша ретінде баспадан шығарылып, университет сайтына да орналастырылды. Осы уақыт ішінде университет ғалымдарының шетелдік және отандық баспалардан 31 монографиясы шықты.

Есепті оқу жылында білім беруді дамытудың әлемдік трендтеріне және сапа мәдениетіне қойылатын талаптарға сәйкес біздің университет алғаш рет жаңа құжат – «М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Академиялық саясатын» әзірледі. Құжат келісімнен өтті және инновациялық құзыреттілікті қалыптастыру мен үйлесімді тұлғаны дамыту үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасауға бағытталған білім беру қызметін жоспарлау, басқару бойынша ережелер мен рәсімдердің жиынтығы болып табылады.

Университет студенттердің оқуға бейімделуін жеңілдету үшін қажетті жағдай жасауда. Барлық мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларына «Білім ортасы мен білім алушының үндесуі» арнайы курсы енгізілді. Әр академиялық топқа эдвайзер-куратор бекітілді. Білім алушылар үшін www.portal.tarsu.kz ақпараттық-білім беру порталында барлық академиялық ақпарат қолжетімді.

Оқыту нәтижелері. Оқытуды тек білім алуға ғана емес, сонымен қатар іскерлік, дағды мен меңгеруге бағыттау білімді бақылаудың қалыптасқан формаларын өзгертуді талап етеді. Есепті жылы инновациялық формалар мен бағалау әдістерін пайдалануға көшу жалғастырылды, білім алушылар пәндер бойынша нәтижелерді бағалау өлшемдері мен әдістемелеріне қол жеткізе алады. Аккредиттеу стандарттарының бағалау критерийлері аясында ПОҚ барлық пәндер бойынша бағалаудың әртүрлі инновациялық нысандары мен әдістерін кеңінен қолдана бастады. Білім алушылар үшін қорытынды бақылау формасы ретінде жазбаша және аралас емтихандардың үлесі өсіп, 2018-2019 оқу жылының емтихан сессияларының қорытындысы бойынша компьютерлік тестілеу үлесі бакалавриат бойынша 58,1%-ға төмендеді және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті үшін 17,9%-ды құрады. (20 слайд)

Сурет 4 - Емтихан түрлері (2018-2019 оқу жылы) Ұйымдастыру-әдістемелік іс-шараларды жетілдіру және өткізу нәтижесінде

университет бойынша білім алушылардың абсолютті үлгерімі ұтымды нәтижелерге жетті. Жалпы оқу жылының қорытындысы бойынша жазғы семестр нәтижелерін есепке ала

17

отырып, университет бойынша үлгерім Даму стратегиясында белгіленген көрсеткіштердің мәніне сәйкес келеді (80% - бакалавриат үшін және 85% - магистратура үшін): үлгерім қорытындысы - 92%. Әр емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін факультет, мамандық және білім алушылардың рейтингісі туралы ақпарат ТарМУ сайтында орналастырылады. 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша (ең жоғары GPA = 4,0) күндізгі бөлім студенттерінің саны қысқы сессия қорытындысы бойынша 122 адамды құрады, ал жазғы сессия қорытындысы бойынша 224 студент семестрді ең жоғары бағаға аяқтады - 4,0. «Білім сапасы» көрсеткіші тұрақты, ол 52%-ды құрайды.

Сурет 5 - Абсолютті үлгерім көрсеткішінің өзгеру динамикасы 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша Технологиялық факультеті –

82,6%, Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультеті – 80,1% үздік нәтижелер көрсетті (аталған факультеттің студенттері үшін барлық емтихандар бейнебақылау арқылы аудиторияларда өткендігін атап өту керек). Жоғары көрсеткіш 92,8% - ды магистратура білім алушылары көрсетті.

Сурет 6 - 2018-2019 оқу жылының факультеттер бойынша абсолютті үлгерімінің

өлшемі Университет барлық студенттерге, соның ішінде үлгермейтін студенттердің оқу

бағдарламаларын меңгеруін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, академиялық айырмашылықтарды тапсыру үшін қосымша жазғы семестрді ұйымдастырды. 2018-2019

60 62 64 66 68 70 72 74 76 78 80 82 84 86 88 90

ГӘҒФ

МГжМФ

ЗФ

СШЭжҚФ

ЭжБФ

АТАжТФ

ТФ

67,4

68,469,1

72,375,3

80,1

82,6

18

оқу жылының қорытындысы бойынша қосымша жазғы семестрге 1966 адам (өткен семестрлердің қарыздары мен айырмашылық пәндер тапсыратын 418 студентті қоса алғанда) қатысты.

2018-2019 оқу жылының нәтижесі бойынша және контингенттің қозғалысын есепке ала отырып, жазғы семестрге 1705 студент қалдырылды (кесте 6).

Кесте 6 - 2018-2019 оқу жылы мен алдыңғы оқу жылдарының қорытындысы бойынша қарыздары бар студенттердің жалпы саны № Факультеттер 1 курс 2 курс 3 курс 4 курс Барлығы 1 СШЭ және ҚФ 107 92 100 12 311 2 МГжәне МФ 63 51 56 - 170 3 ЗФ 86 73 75 - 234 4 ТФ 53 47 43 3 146 5 АТА және ТФ 34 75 65 - 174 6 ГӘҒФ 181 191 130 - 502 7 Э және БФ 38 75 55 - 168 Барлығы: 562 604 524 15 1705

2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша GPA көрсеткіші межеден төмен болған күндізгі бөлімнен – 188 студент, ал кешкі бөлім бойынша 16 студент қайта оқуға қалдырылды (кесте 7).

Кесте 7 - Күндізгі бөлім бойынша қайта оқуға қалдырылған студенттер саны Факультеттер 1 курс 2 курс 3 курс 4 курс Барлығы ГӘҒФ 14 25 14 - 53 ЗФ 3 11 7 - 21 Э және БФ 3 5 10 - 18 ТФ 5 4 10 2 21 СШЭ және ҚФ 4 11 16 1 32 МГжәне МФ 7 4 12 - 23 АТА және ТФ 3 9 8+1 - 20 Барлығы: 39 69 77 3 188

Сонымен қатар үлгерім көрсеткішіне және сессияны ұйымдастыруға бөлек тоқталу қажет. Оқытушылардың, қызметкерлердің және студенттердің оқу процесінде де, емтихан кезінде де парасаттылық пен Академиялық адалдық қағидаттарын сақтауы кезек күттірмейтін мәселелердің қатарынан саналады. Студенттердің біраз бөлігінің тек жазғы семестрде емтихан тапсыруы ойландыратын мәселе. Сабаққа дұрыс қатыспау, тапсырмаларды дер кезінде орындамау, меніңше, осы жағдайды тудырудағы көрсетілген көрсеткіштер деканаттардың, кафедралар мен құрылымдық бөлімшелер қызметінің басты міндеті болуға тиіс.

Студенттерге деген сенімнің жоғары деңгейін көрсету үшін ағымдағы сессияда біз алғаш рет «Адалдық алаңы/әділдік аудиториясы» жобасын іске қостық. Ақпарат портал арқылы таратылып, кафедраларға "Whats-App" желісі арқылы жіберілді және әлеуметтік желілерде талқыланды. Жастар жылы аясында алғаш рет ұйымдастырылған және жоғары оқу орындары қауымдастығы тарапынан қолдауға ие болған «Сапа күніне» қатысу үшін тек 10 студент өтініш берді. Сенім мен бақылауға және плагиатқа деген көзқарасты түбегейлі өзгертуге, әр түрлі сылтаумен сабақты жіберуге, әдепсіз мінез-құлыққа және басқа да жағымсыз құбылыстарға қарсы жүргізіліп отырған оң тәжірибені одан әрі жалғастыру керек. Келеңсіз фактілерді университетте мүмкіндігінше азайтуға ұмтылуымыз керек.

2018-2019 оқу жылында 1441 бітіруші курс студенттері арасынан 1426-сы мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан сәтті өтті, олардың ішінде 200 (14%) студент оқуды үздік дипломмен аяқтады. 13 (1%) студент әр түрлі себептермен (келмеу, төлем жасамау, үлгермеушілік) қорытынды аттестаттаудан өтпеген. Осылайша, студенттердің

19

оқуды бітіруі айтарлықтай жоғары көрсеткішті құрады (99%). Алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары үшін оң фактор болып табылмайды. Біздің университетке басқа жоғары оқу орындарынан білім алушылардың ТарМУ-ға ауысуымен байланысты болып тұр.

Соңғы жылдары республикалық студенттік пәндік олимпиадалардағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер санының өсуі біздің жоғары оқу орны үшін табысты көрсеткіштердің бірі болып табылады. 2017 жылы университеттің 16 мамандығының 51 студенті Қазақстан мен ТМД елдерінде өткізілген конкурстар, олимпиадалар мен ғылыми конференциялар нәтижелері бойынша жүлделі орындарға ие болды, 2018 жылы 18 мамандық өкілдерінің ішінен 11-і жүлделі орындарды иеленді. Бітіруші кафедраларға студенттерді университет абыройы үшін әртүрлі жарыстарға қатысуға дайындауға көп көңіл бөлу керек, бұл дайындық деңгейін айтарлықтай жақсартуды талап етеді.

Университеттің білім беру үрдісінің бәсекеге қабілеттілігі мен сапалық көрсеткіштерінің бірі ҚР БҒМ тарапынан студенттердің жетістіктерін сырттай бағалау шеңберінде университет студенттерінің білім беру сапасының мониторингі қорытындысы жоғары көрсеткіш болып табылады. 2018 жылғы ОЖСБ-ға 50 мамандық студенттері (1027 студент) қатысып, үрдісті ұйымдастыруда көптеген құрылымдық бөлімшелердің ықпалымен университет бойынша орташа балл - 88,6 және үлгерім - 90,5%-ды құрады. 23 мамандықтың студенттері 100% үлгеріммен ОЖСБ-дан өтті. 14 мамандық бойынша М.Х.Дулати атындағы ТарМУ білім алушылары 100-ден аса орташа балмен өтті. (21 слайд)

ТарМУ қашықтан оқыту технологияларын пайдалануды кеңейтуге жүйелі түрде көшуді жоспарлауда. Бүгінгі таңда қашықтан оқыту технологиялары қашықтықтан және сырттай білім беру факультетінің студенттерін оқытуда, академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысатын студенттер үшін және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру үшін қолданылады. ҚОТ қолданумен оқитын барлық студенттер алдымен кіріспе оқу курсынан өтеді. Даму жоспарында on-line оқытуға көшу және білім алушыларды идентификациялау жүйесін тез арада енгізу, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстары үшін ҚБТ мен МООК-ты пайдалануды едәуір кеңейтуіміз қажет.

Білім беру бағдарламаларын желілік түрде жүзеге асыру бойынша консорциумға қатысу негізінде бұқаралық ашық онлайн-курстарды (МООК) пайдалана отырып, ЖОО-да МООК электрондық ресурстарын құру бойынша оқыту курстарының бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Сурет 7 - Бірнеше жыл бойынша университет ОЖСБ-сының жиынтық нәтижелері

Университетте «Онлайн-курстарды әзірлеу және оларды білім беру платформасында орналастыру әдістемесі бойынша жұмыс нұсқаулығы» дайындалған. ПОҚ-ты оқыту барысында бар платформалар туралы ғана емес, практикалық сабақтарды

0

10

20

30

40

50

2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. 2016 ж. 2017 ж. 2018 ж.

32(826 студент)

орта балл-82,6

36(1260 студент)орта балл-95,1

48(1800 студент)орта балл-86,9

46(1025 студент)орта балл-82,0

49(1283 студент)орта балл-82,0

50(1027 студент)орта балл-88,6

5 7 104 1 4

ОЖСБ-ға қатысқан мамандықтар саны

ҚР бойынша жоғарғы көрсеткіш көрсеткен мамандықтар саны

20

курсты құру әдістемесі және кейіннен курсты іске қосу, оны басқару арқылы метадеректерді енгізу мәселелері қарастырылады. Бүгінгі таңда университетте соңғы 3 жылда 80 оқытушы оқытылды, бұл жеткіліксіз. Себебі курсты құруға арнайы оқытылған команда қатысуы тиіс.

Қашықтықтан оқыту сабақтарын өткізу үшін http://eduardo.studio/ платформасында «Жаппай ашық онлайн-курстарды әзірлеу», «Электронды білім беру ресурстарын құру технологиясы», «Білім беру үрдісінде Smart-Learning-ті қолдану», «Бейнелекцияларды құру ерекшеліктері» онлайн-курстар әзірленіп орналастырылған.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі 2018-19 ж.ж. оқу жылында ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ 33 шетел азаматын университеттің дайындық бөліміне тыңдаушы ретінде қабылдады. 30 тыңдаушы курсты толық бітіріп, дайындық бөлімін оқып бітіргендігін айғақтайтын куәлік берілді. Дайындық бөлімін бітірген 30 тыңдаушының 28 Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Тестілеу нәтижесі бойынша конкурс негізінде 14 тыңдаушы мемлекеттік грантты жеңіп алса, ал 5 тыңдаушы шаруашылық есеппен университетімізге оқуға қабылданды. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Сырттай оқыту» факультеті 60 мамандық бойынша жоғары білікті мамандар дайындайды (кесте 8). Оның ішінде экономикалық мамандықтар – 7, технологиялық мамандықтар – 24, техникалық мамандықтар – 11 және гуманитарлық мамандықтар бойынша – 19. Факультеттің мамандықтарды дайындау қысқартылған бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Қысқартылған бағдарламаға сәйкес оқыту жоғары білім негізінде – 2,5 жыл, орта арнайы білім негізінде – 3,5 жыл оқиды.

Кесте 8 - Факультеттегі студенттер саны бойынша 10.06.19 мәліметтер

Бітірушілердің жұмыспен қамтылуы

Бітірушілердің жұмыспен қамтылуы

2016-2017 2017-2018 2018-2019

Бітірушілер саны

Қамтыл-ғаны,%

Бітірушілер саны

Қамтыл-ғаны,%

Бітірушіле саны

Қамтыл-ғаны,%

Сырттай оқыту факультеті

1309 75% 1400 81% 1479 81.3%

Кестеден байқайтынымыз, бітіруші студенттер санының жылдан жылға аз болсада, жұмыспен қамтылу пайызы негізінен бітірушілердің өздері әкелген анықтамалар арқылы көрсетіледі.

4.2 Оқу-ғылыми зертханалар Оқу-ғылыми қызметті тиімді ұйымдастыру үшін университетте 94 оқу зертханасы

бар. Соңғы жылдары студенттердің практикалық-бағдарлы дайындығын күшейтуге баса назар аударылуда. Кафедралар мен оқу-ғылыми өндірістік учаскелерге арналған зертханалық жабдықтар паркі ілеспе оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу мен жаңартуда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Университеттің зертханалық базасын қазіргі заманғы құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету университеттің 2016-2019 жылдарға арналған Даму Стратегиясының 5.2-бөлімінде айқындалған. Университеттің

Барлығы

3-4 курс 4-5 курс 5 курс 2018 2017 2016

ЖБ ОАБ ЖБ ОАБ ЖБ ОАБ

қаз оры

с қаз оры

с қаз оры

с қаз орыс қаз оры

с қаз

орыс қаз

орыс

4980

4180 800 73

6 259 919 96 49

2 202 1125 112 0 0 90

8 131

21

2019-2022 жылдарға арналған жаңа Даму бағдарламасында бұл бағыттағы атқарылатын жұмыстар, қол жеткізілетін индикатор мен мақсаттарға басымдық берілген.

Басты көрсеткіштер бойынша барлық бақылау индикаторлары есепті кезеңде толығымен орындалды. Зертханалық жабдықтардың жаңаруын мемлекеттік сатып алу нәтижелері растайды: 2015 жылы 44,8 млн. теңгеге, 2016 жылы - 34,3 млн. тг. және 2017 жылы - 64,04 млн. тг., 2018 жылы - 40,88 млн. тг. жабдықтар сатып алынып орнатылды. Мәселе олардың білім, ғылым салалары бойынша іске асырылуында. (22 слайд)

Жаңа жабдықтар ішінде: - электронды симуляторлар - «Мұнай бергіштікті арттыру» аппаратты тренажер

модулі бар «Ұңғыларды күрделі жөндеу» тренажер-имитатордың оқу классы; - «Биохимиялық анализатор», «Клевер» кешенді сүт анализаторы; «Зертханалық

электронды таразылар», «1кг-ға дейінгі дәріханалық техникалық таразылар», «Кір тасын калибрлеу жиынтығы»; «Өңдеу өндірісінің азық-түлік өнімдерінің технологиясы және биотехнология» мамандығы үшін «Люминоскоп», «10 кг-ға дейінгі планетарлық қамыр илегіш (миксер)»;

- «Электр энергетикасы» мамандығы үшін «Осциллограф»; - «Тоқыма өнеркәсібі технологиясы және материалтану» мамандығына арналған

«Jaguar M-714D тігін машинасы», «Электрлі бу генераторы»; - «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған «Оптикалық талшықты автоматты

дәнекерлеу аппараты»; - Әскери кафедра үшін «Электронды атқыштар кәсіби тир тренажері»; - ТарМУ жанындағы Қаратау тау-технологиялық колледжі үшін «CJ0618 металдан

столға қоятын токарь станогы», «Driling 16 столға қоятын тік-бұрғылау станогы», «JE10000860M JWBS-9X ленталы ара», «Wlf1000 токарь станогы», «220V токарь-тегістеу үстел станогы» бар.

Сурет 8 - Зертханалық жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындар сомасы (млн. тг)

4.3 Үштілді білім беру процесі

2018-2019 оқу жылында университетке қабылданған студенттер арасынан үштілді арнайы топтарын құру үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау емтихандары өтіп, 19 мамандықтан 414 студент іріктеліп алынды (кесте 9).

Университетте студенттер бір-бірімен тек ағылшын тілінде сөйлеп үйренулеріне арналған "Speaking Club" жұмыс істейді.

Барлық оқытушылар ағылшын тілінде дәріс беруге кіріспес бұрын, арнайы комиссиядан іріктеу конкурсы арқылы өтеді. Үштілді топтарда сабақ беретін оқытушылардың саны 55 адамды құрайды.(23 слайд)

2015ж. 2016ж. 2017ж. 2018ж.

59,5

29,5

61,2

40,88

22

Университетте ағылшын тілін игеру деңгейін арттыру үшін ағылшын тілінде дәріс беретін оқытушылар мен магистранттарға жыл сайын әр-түрлі деңгейде: Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate курстар ұйымдастырылуда. (24 слайд)

Кесте 9 – Үштілді топта білім алшылар мәліметі. № Мамандықтар Студенттер саны

2015-2016

(4 курс)

2016-2017

(3 курс)

2017-2018

(2 курс)

2018-2019

(1 курс) 1. 5В030100-Құқықтану 32 19 11 23 2. 5В030200-Халықаралық құқық 6 - 17 8

3. 5В060700-Биология 6 15 10 7 4. 5В070100-Биотехнология 5 7 8 10

5. 5В090200-Туризм 6 5 7 11 6. 5В060800-Экология 12 5 6 8 7. 5В050800-Есеп және аудит 10 - 9 -

8. 5В070800-Мұнай-газ ісі 8 - - 10

9. 5В071800-Электроэнергетика - 8 - 8

10. 5В050700-Менеджмент - 14 10 7

11. 5В050900-Қаржы - 7 - 9 12 5В070300-Ақпараттық жүйелер - 6 - -

13. 5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникация

- 5 - -

14. 5В060200-Информатика - - 9 8 15 5В051000-Мемлекеттік ж/е жергілікті

басқару - - 10 8

16. 5В050300-Психология - - 12 10 17. 5В050600-Экономика - - - 10 18. 5В060100-Математика - - - 11 19. 5B070200.01-Автоматизация и

управление(Мехатроника) - - - 6

Барлығы 85 91 109 119 1 курсты қоспағанда - 6459/285 (4,4%)

1 курсты қосқанда - 6459/285+119=404 (6,2%)

Кесте 10 - Үштілді білім беретін арнайы бөлімді оқып бітірген студенттер

№ Мамандық 2016-2017 2017-2018 2018-2019 1. 5В030100-Құқықтану 12 11 31 2. 5В030200-Халықаралық құқық 7 11 5 3. 5В070100-Биотехнология 7 7 5 4. 5В060700-Биология 8 10 6 5. 5В090200-Туризм - 6 6

23

6. 5В060800-Экология - - 12 7. 5В050800-Есеп және аудит - - 9 8. 5В070800-Мұнай-газ ісі - - 12 Барлығы: 34 45 86

Кесте 11 - Үштілді топтарда ағылшын тілінде сабақ жүргізетін оқытушылар

№ Тегі, аты-жөні Оқу жылы

Заң факультеті 1 Тлебаева Г. 2014-2015 2 Нуртай М. 2015-2016 3 Суркова С. 2013-2014 4 Несипбаева И. (Докт.) 2016-2017 5 Жадраев И. 2016-2017 6 Абдуалиева А. 2018-2019 7 Мухамеджанов С. 2018-2019

Технологиялық факультет 1 Қиябаева А. 2017-2018 2 Фаизова Э. 2013-2014 3 Досымова О. 2017-2018 4 Молдашева А. 2017-2018 5 Маханбеталиева К 2016-2017 6 Құдайбергенова Р 2016-2017 7 Иванникова Н. 2015-2016 8 Цой И. 2013-2014 9 Дарменбаева А. 2018-2019 10 Абзалбекұлы Б. 2018-2019

Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультеті 1 Абдимомынова М 2015-2016 2 Иманбекова У. 2017-2018 3 Бапанов А. 2017-2018 4 Садирмекова Ж. (Докт.) 2017-2018 5 Сауытбек Б. (Декр.) 2017-2018 6 Қабанбаев А. (Докт.) 2016-2017 7 Щевцов А. 2016-2017 8 Ахметжанова Ш. 2016-2017 9 Мурзахметов А. 2016-2017 10 Доумчариева Ж. 2015-2016 11 Джакаш Э. 2013-2014 12 Мұхатова Қ. 2017-2018

Су шаруашылығы, экология және құрылыс факультеті 1 Баубекова А. (докт.) 2015-2016 2 Узенбеков Ш. 2016-2017 3 Абдураманов Е. 2016-2017 4 Садыбекова Л. (Докт.) 2016-2017 5 Ногербек А. (докт.) 2016-2017 6 Жұмадилова А. 2018-2019 7 Баймуханбетова К. 2018-2019 8 Хабашова А. (декр.) 2017-2018

24

Экономика және бизнес факультеті 1 Амалбекова Г. 2015-2016 2 Шалдарбекова Қ. 2015-2016 3 Махмуд М. 2016-2017 4 Абилдаев С. 2016-2017 5 Тулеева Г. 2016-2017 6 Керимкулова Э. 2015-2016 7 Мусабаева З. (декр.) 2017-2018 8 Насибулина А.В. 2017-2018 9 Шалдарбеков Қ. 2018-2019 10 Наурызкулова С. (декр.) 2017-2018 11 Алтаева Г. 2013-2014 12 Раймбекова У. 2015-2016

Мұнай, газ және механика факультеті 1 Қабдушев А. 2017-2018 2 Сарсенбаева А. 2016-2017 3 Шотанов С. 2016-2017 4 Минажова С. (Докт.) 2016-2017 5 Мынбаева З. 2017-2018 6 Аблахатова Н. 2018-2019 Барлығы 55 Декретте 4 Докторант. 7 Ағылшын тілінде сабақ жүргізетін оқытушылар

44

25

4.4 Өндірістегі кафедра филиалдарының жұмысы және практикалардың ұйымдастырылуы

Университетте оқу үдерісін жоспарлау және теориялық білімді өндірісте практикалық дайындықпен ұштастыру негізінде 31 мамандық бойынша дуальды оқыту жүйесін енгізу үшін 301 кәсіпорын, ұйым және мекеме базасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық шарттар жасалуына сай, студенттердің кәсіби тәжірибесін өту жүзеге асырылады. Студенттердің кәсіби практикадан өтуі және дуалды оқыту жүйесін енгізуде университеттің қызметін бақылау және үйлестіру бойынша өндірісте құрылған 37 кафедра филиалы арқылы жүзеге асырылады. (25 слайд)

2018-2019 оқу жылы ішінде 10 келісім - шарт жаңартылып, 64 жаңа келісім-шарт жасалды. 2019 жылдың соңында практика базалары бойынша шарттар саны - 301 бірлікті құрады.

Кафедра филиалдарының ашылуы білікті мамандарды даярлау сапасын жақсартуға, оқу процесінің практикалық бағытын күшейтуге, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды тарта отырып, арнайы базалық және бейінді пәндер бойынша дуальды оқыту элементтерін енгізуге ықпал етеді.

Есепті кезеңде дуальді оқыту жүйесін енгізу негізінде келісім – шарттар жасалып, өндірісте келесі мамандықтар бойынша 5 жаңа кафедра филиалдары ашылды: "Мәдени-тынығу жұмысы", "Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі", "Су ресурстары және суды пайдалану" және "Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы" (Керімбай атындағы №12 орта мектебі, "Жамбыл облысы бойынша экология департаменті" РММ, "Қазсушар" РМК Жамбыл филиалы, Шу-Талас бассейндік инспекциясы РММ және "ELLIN SHOES" ЖШС).

Филиалдарда өндірістегі тәжірибелі мамандарды тарта отырып, дәріс және зертханалық-тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Бүгінгі таңда университеттегі мамандар даярлайтын кафедраларының 60%-нда кафедра филиалдары ашылды және осы көрсеткішті арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Сурет 9 - Факультет бойынша университет кафедра филиалдарының саны

Университеттің барлық мамандықтары бойынша практика базасы ретінде белгіленген ұйымдармен келісім-шарттар 3-5 жылдық мерзімге жасалынған. Қазіргі уақытта университеттің практикалық базасы ретінде келесі кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелермен байланыс орнатылған: - педагогикалық бейіндегі 50 ұйым (жалпы білім беретін мектептер, колледждер, спорт мектептері, олардың ішінде беделді оқу орны - Назарбаев Зияткерлік мектебі). Университет студенттерінің педагогикалық тәжірибесі жоғары білікті оқытушыларды (мұғалімдерді) даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады және белгіленген тәртіпте педагогикалық практика базасы ретінде бекітілген базалық мектептер мен басқа да оқу-тәрбие мекемелерінде өткізіледі;

0

5

10

15

ЭБФ ГӘҒФ АТАТФ ТФ МГМФ СШЭҚФ

56

5

12

5 4

26

- әлеуметтік-экономикалық бейіндегі 50-ден астам ұйым (банктер, Жамбыл облысы Әкімдігінің басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі және т. б.);

- заң бейініндегі 6 ұйым (соттар, прокуратура органдары, адвокатура, ішкі істер органдары, нотариалдық кеңселер);

- өндірістік-техникалық бейініндегі 80-нен астам ұйым ("Қазфосфат" ЖШС ТФ Минералды тыңайтқыштар, зауыттар, коммуналдық қызметтер, Акционерлік қоғамдар және т. б.);

- қызмет көрсету саласы бойынша 6 ұйымы (қонақ үйлер, туристік агенттіктер); - өнер саласындағы 9 ұйым (мәдениет үйі, театрлар, филармониялар). М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың оқу-зертханалық базасында оқу практикасынан

өтетін студенттер мынандай нысандарда ұйымдастырылды: - арнайы бөлімдердің мамандандырылған оқу-өндірістік алаңдары, жаттығу және

мелиоративті-жаттығу және құрылыс алаңдары; - құрылыс материалдарының сала аралық зертханасы; - оқу машина-трактор паркі; - университеттегі ғылыми зертханалар мен ғылыми-өндірістік орталықтар; - «Фитохимия» оқу-өндірістік зертханасы; - «Жылы - жай» эксперименттік учаскесі. 2018-2019 оқу жылында кафедра тапсырыстарына сай бекітілген 23 бағыт бойынша

"Су ресурстары және суды пайдалану", "Экология", "География", "Биология", "Сәулет", "Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау", "Агрономия", "Қазақстан тарихы", "Туризм" және "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі" мамандықтары бойынша 208 студентке оқу, оқу – таныстыру, далалық, археологиялық, геодезиялық тәжірибелерінен өту ұйымдастырылды.

Дуальды оқыту жүйесін жүйелі енгізуді жүзеге асыру және студенттерді тікелей практикалық қызметке тарту мақсатында болашақ маманның кәсібилігін дамыту үшін өндірістегі кафедра филиалдарының желісін кенейту жалғасын таба береді.

Жаңа оқу жылында "Биология", "Филология және журналистика", "Психология", "Шетел филологиясы және аударма ісі", "Мұнай-газ ісі" және "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" мамандықтары бойынша өндірісте 6 кафедра филиалын ашу жоспарлануда және өндірістегі кәсіби білікті мамандарды оқу процесіне қатыстыру көзделуде.

2019-2020 оқу жылында «Кәсіби даму және карьера» орталығы кафедра меңгерушілерімен бірге практиканың барлық базаларына мониторинг және талдау жүргізу, кәсіпорындардың базаларында оқу жұмыс кестесі мен қажетті еңбек жағдайларын зерделеу, өткен оқу жылында орын алған барлық кейбір кемшіліктерді жою мақсатында білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен жұмыс берушілердің сұраныстары толық қарастырылуы керек.

4.5 Түлектердің жұмысқа орналасуы

Қазіргі таңда жұмысқа орналастыру университет білім беру бағдарламаларының сапалық көрсеткішінің бірі болып табылады. Жұмысқа орналастыру көрсеткіші соңғы жылдары өсіп отыр: 2016 ж.-76,53%, 2017 ж. – 78,80 %, 2018 ж. – 78,2% құрады. 2018-2019 оқу жылында 2018 жылғы бітіруші түлектерді жұмыспен қамтуды нақты анықтау мақсатында жұмысқа орналастыру нәтижелеріне талдау жүргізілді, нәтижесінде мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлеу жөніндегі деректер алынып, салыстырылды. Жасыратыны жоқ, айырмашылық едәуір.

Ал, 2019 жылғы түлектер саны 1270 адамды құрады, олардың ішінде 1120 студент ақылы негізде, 150 - мемлекеттік білім грантында оқыды. Алдын ала мәліметтер бойынша жұмысқа орналастырылған студенттер саны – 913, оның ішінде 105 мемлекеттік тапсырыс бойынша (70%), 52 студент магистратурада оқуын жалғастыруда. Әзірге жұмысқа

27

орналаспаған түлектердің саны - 357 (28%) құрайды. Олардың 110 шетел азаматтары, 51 бала күтіміне байланысты демалыста, 2 ҚР Қарулы Күштер қатарында қызмет етеді, ал 194 әлі жұмысқа орналасқан жоқ.

Жұмыс берушілердің анықтамаларының алдын ала мәліметтері бойынша жұмыспен қамтудың нақтыланған көрсеткіштерін есептеу нәтижесінде 2019 жылы университет түлектерінің жұмысқа орналасуы 82,3% - ды құрады.

Соңғы үш жылдағы түлектерді жұмысқа орналастыру статистикасы мынадай: - 2017 жылғы 1510 түлектің ішінен (күндізгі бөлім) – 1190 жұмысқа

орналастырылды, бұл-78,80 %; - 2018 жылғы 1426 түлектің ішінен (күндізгі бөлім) - 1211 жұмысқа

орналастырылды, бұл-78,2%; – 2019 жылғы 1270 түлектің ішінен (күндізгі бөлім) - 1055 жұмысқа

орналастырылды, бұл – 83% құрайды. (26 слайд) Кесте-университет түлектерінің соңғы үш жылдағы жұмысқа орналасу динамикасы.

Университет факультеттері бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші төмендегідей:

Сурет 10 - 2019 жылғы университет түлектерінің факультет бойынша жұмысқа орналасу пайызы

Университеттің жұмысқа орналастыру бойынша жоспарлы қызметі ЖОО-да қабылданған "2018-2022 жылдарға арналған жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жол картасына" негізделген, онда түлектерді табысты және тиімді жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілермен байланысты нығайту бойынша жұмыстың әдістері мен формаларын жетілдіру; түлектердің жұмыс орнына орналасуы және одан әрі олардың кәсіби деңгейінен дәрежелері өзгерістерін мониторингілеуі; факультеттерде бітірушілердің электронды мәліметтер базасын құру мәселелері қарастырылған.

747678808284

2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.

78,8 78,2

83

61,16 74,3 75,31 78,1 82,18 89,3 96

28

«Атамекен» ҰКП жүргізген білім беру бағдарламаларының мониторингі көрсеткіші бойынша түлектерді жұмысқа орналастыруда біздің университеттің рейтингісі төмен. Оның ішінде 10 мамандық бойынша төменгі көрсеткіш (50% кем) анықталған.

Есеп беру кезеңінде мониторинг нәтижесі негізінде деканаттармен бірлесе ағымдағы оқу жылында жұмысқа орналастыру тетігін жетілдіру бағытында бос орындар жәрмеңкесін өткізу технологиясы және форматтары өзгертілді; оқу жылының басында университет түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша қолда бар бос жұмыс орындарына сауалнама жүргізілді; оқу жылының басынан бастап жұмыс іздеу сайттарында студенттердің түйіндемесін тіркеу бойынша жұмыстары жандандырылды; түлектердің жұмыс берушілермен байланысын орнатуға ықпал ететін кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен жаңа шарттар жасалды; тәжірибеден өту бойынша кафедра филиалдарының аумағы кеңейтілді.

Жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде факультеттерде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды:

1.Түлектерді жұмысқа орналастыру жөнінде Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың мазмұнын түсіндіру бойынша кездесулер: "Дипломмен ауылға", "Жастар тәжірибесі" және "Жастар кадрлық резерві", "Жасыл Ел" бағдарламалары; "Сәтті қадам", "Самұрық-Қазына" жобалары, "ЖасӨркен" тағылымдама бағдарламасы және түлектердің түйіндемесін орналастыру үшін ресми электрондық сайттарды пайдалану;

2. Жұмыс берушілердің қатысуымен әңгімелесу, дөңгелек үстелдер; 3. Тренингтер апталығы; 4. "Жас маман -2019" бос жұмыс орындар жәрмеңкесі (2019 жылғы 11 сәуір); 5. Студенттердің өндіріс орындарымен танысуы. 2018-2019 оқу жылында студенттерге тиімді болу үшін университет түлектерінің

Ақпараттық бюллетені әзірленді, онда тәжірибеден өту, жазғы демалыс кезінде жоғарғы курстарда жұмыспен қамту мәселелерін шешу жолдары, сондай-ақ жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы жазылған. Бұл бағытта үстіміздегі оқу жылында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылуы керек. Соның ішінде «Жол картасы» жасалынуы керек.

4.6 Халықаралық қызмет және білімдегі жаһандану процесі

Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын интернационализациялау және дамыту стратегиясын іске асыру мақсатында университет шетелдік университеттермен және ғылыми ұйымдармен 68 меморандумдар мен келісімдерге қол қойды. (27 слайд) Оның ішінде сыртқы академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу және шетелдік мамандарды шақыру үшін 2018 оқу жылында Польша, Оңтүстік Корея, Армения, Грузия, Өзбекстан, Непал, Беларусь және Венгрия университеттерімен 12 келісімге қол қойылды. 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бөлген гранттары бойынша университетіміздің 11 cтуденті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польша және Литва жоғарғы оқу орындарында білім алып келді. Сонымен қатар өткен оқу жылында 3 студент М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дің еуропалық университеттермен біріге жасаған Baden-Württemberg-STIPENDIUM | FürStudierende бағдарламасымен және ERASMUS+ бағдарламасы арқылы Польша, Германия және Испания университеттерінде білім алды. 2018-2019 оқу жылында Испания, Ресей, Германия және Польша университеттерінен профессорлар шақырылды (кесте 12). Оның ішінде 4 шетелдік маман ҚР БжҒМ бағдарламасы шеңберінде келді. (28 слайд) Кесте 12 – Шақырылған профессорлар мәлімет № Аты-жөні Мемлекет Университет Келу мерзімі 1 ВуйцикВальдемар Польша Люблин политехникалық

университеті 06.04.2018 - 11.04.2018

29

2 Смолаж Анджей Польша Люблин политехникалық университеті

06.04.2018 - 11.04.2018

3 ВольфгангШротт Германия Хоф қолданбалы ғылымдар универсиететі

21.02.2018 - 22.02.2018

4 Михаэля Рауха Германия Хоф қолданбалы ғылымдар универсиететі

21.02.2018 - 22.02.2018

5 Шахов Сергей Васильевич

Россия

Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар университеті

10.10.2018 – 10.11.2018

6 Ткаченко-Горский Игорь Михайлович

Испания

Валенсия политехникалық университеті

04.11.2018 – 30.11.2018

7 Бартош Пиатек Польша Жешув технологиялық университеті

26.11.2018 – 30.11.2018

8 Санчес де Кастро Лопес Руи Педро

Португалия Браганса политехникалық интитуты (топ-менеджмент)

05.02.2019 – 04.12.2019

9 Инфанте Моро Хуан Карлос

Испания Уэльва университеті 19.02.2019 – 20.02.2019

10 ЕжиМихник Польша Катовице экономикалық универсиететі

29.04.2019 - 03.05.2019

11 Юрий Билан Польша Жешув технологиялық университеті

04.05.2019 – 05.05.2019

12 Октай Кутай Турция Кастамону университеті 22.05.2019 – 22.06.2019

13 Альфонсо Инфанте Моро

Испания Уэльва университеті 25.06.2019 – 27.06.2019

Шақырылған профессорлар мехатроника және робототехника, инновациялық тоқыма, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің инновациялық технологиялары, екі өлшемді кулондық жүйелердің динамикалық қасиеттері, термоядролық синтездің негіздері мен мәселелері, жаңа буын көпір құрылымдарын құру үшін жаңа материалдар әзірлеу ғылыми бағыттары бойынша дәрістер оқыды және кеңестер берді. 2019 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің топ-менеджмент бағдарламасы бойынша Браганса политехникалық институтының (Португалия) профессоры Руи Педро Санчес де Кастро Лопес шақырылды. Шетелдік маман бағдарлама мерзімі аяқталғанша университеттің инновациялар және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды. 2018 және 2019 жылдары 63 университет қызметкері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шет елдерге, соның ішінде Эразмус+ бағдарламасы бойынша, әртүрлі ғылыми семинарларға, бірлескен ғылыми және білім беру жобаларына, қабылдаушы елдің білім беру іс-шараларына қатысуға, сондай-ақ тағылымдамалардан өтуге қатысты.

Эразмус+ бағдарламасының аясында 2016 және 2019 жылдар аралығында университеттің 16 оқытушы-профессорлары Жешув технологиялық университетінде (Польша), Уэльва университетінде (Испания), Браганса политехникалық институтында (Португалия) халықаралық апталықтарға қатысты. Университет жаңа серіктестер табу және ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта жетекші шетелдік университеттердің делегациялары шақырылып және ресми сапарлармен университеттің ПОҚ-ы әртүрлі халықаралық шараларға қатысады.

Мысалы, 2018 жылы М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-де университет ректоры, декандары мен құрылымдық бөлім басшыларының Кённам Ұлттық ғылым және технологиялар университетінің (Оңтүстік Корея) президенті Нам Кенг Ким бастаған делегациямен кездесу өтті. Сапар барысында тараптар өзара ынтымақтастық туралы

30

меморандумға қол қойды. Осы Меморандумның мақсаты академиялық және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі университет арасындағы өзара түсіністікке ықпал ету.

2019 жылы 13, 14, 15 маусым күндері М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде V Халықаралық түркі әлемінің туризмі симпозиумы өтті.

Симпозиумға М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (Қазақстан), Кастамону университеті (Түркия), Қырғыз-Түрік Манас университеті (Қырғызстан), Шет тілдері және іскерлік мансап университеті (Қазақстан). Іс-шараға Түркия, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қазақстан, Португалия университеттерінің өкілдері, симпозиум қатысушылары қатысты.

Симпозиум барысында туризмнің дамуының жаһандық перспективалары, түркі әлемінің генезисі, өңірлердің даму факторы ретіндегі туристік ресурстар, туристік өнімді қалыптастыру, жылжыту және сату, туризм және қонақжайлылық индустриясына оқыту, туризмдегі IT технологиялары, экотуризм және тұрақты тақырыптар бойынша пікірталастар өтті. Гастрономиялық туризмнің ұлттық ерекшеліктері, оқиғалық туризм, тұрақты ауыл туризмі, спорт туризмін дамыту,Ұлы даланың жеті қыры, халал туризмді дамыту, туризмді дамытудағы мәдениеттің рөлі, туризмді реттеудің құқықтық аспектілері талқыланды.

4.7 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ұйымдастырылуы Университетте магистратураның 39 және докторантураның 4 бағыты бойынша

білім беру қызметіне лицензиясы бар. 2018-2019 оқу жылында университетте 488 магистрант, 41 докторант білім алды. Магистратура мен докторантура контингенті кестеде көрсетілген. (29 слайд)

Кесте 13 - Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің білім алуышлары

Магистратура

2 курс 1 курс

Ғылыми-педагогикалық Бейіндік Ғылыми-

педагогикалық Бейіндік

Мемлекеттік тапсырыс 123 - 195 -

Төлемақы 35 - 40 95

Барлығы 158 330

488

Докторантура Мемлекеттік тапсырыс 41

Төлемақы -

Барлығы 41 Төмендегі кестелерде магистранттар мен докторанттардың соңғы үш жылдағы

қабылдау динамикасы туралы мәліметтер келтірілген. Кесте 14 - Магистранттарды қабылдау динамикасы

2016-2017 2017-2018 2018-2019 мем.тапс. төлемақы мем.тапс. төлемақы мем.тапс. төлемақы

89 224 142 160 195 134 313 302 329

Кесте 15 - Докторанттарды қабылдау динамикасы

2016-2017 2017-2018 2018-2019 мем.тапс. төлемақы мем.тапс. төлемақы мем.тапс. төлемақы

5 1 13 0 23 - 6 13 23

31

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы магистратура мен докторантураға түсуге белгілі бір талаптарды қояды, мысалы, магистр дәрежесі үшін кемінде 1 жыл практикалық жұмыс өтілі, докторантурада кемінде 3 жыл, шет тілін білу туралы сертификаттың болуы, талапкерге жоғары оқу орнын таңдау құқығын беру және т.б.

Университеттің стратегиялық даму жоспарына сәйкес, 2018 жылдан бастап екі дипломды бірлескен білім беру бағдарламасы 6M060600 - «Химия» және 6M070300 - «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары Браганса политехникалық институтымен (Португалия) бірлесе отырып, білім беру магистрлік бағдарламаларын жүзеге асырылуда, 6M060600 - «Химия» мамандығының 1 магистранты 2019-2020 оқу жылында осы бағдарламамен білім алуға дайын.

2018-2019 оқу жылында университетке мақсатты докторантураға 20 орын бөлінді. Мақсатты докторантураның 6D073300 – «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» (Алматы технологиялық университеті), 6D090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» (М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы) және 6D050800 – «Есеп және аудит» (Нархоз университеті) мамандықтары игерілмеген. Бұл кемшілік оқытушылардың шет тілін білмегендігіне байланысты болып отыр. Болашақта университетке бөлінген мемлекеттік гранттарды немесе мақсатты орындарды толық меңгеру үшін магистранттар мен университет оқытушылары шет тілі курстарын оқып, меңгеруі қажет.

5. УНИВЕРСИТЕТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

Қазіргі заманда жаңа өнімдер мен ақпаратты өңдеу әдістерінің пайда болуы

есебінен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы талаптар айтарлықтай күшейе түсті. ТарМУ-дың инфокоммуникациялық жүйесі серверлік "тораптарды" өзара байланыстыратын және барлық корпусты заманауи коммуникациялық жабдықтарды және IP/VPN технологиясын пайдалана отырып, бірыңғай корпоративтік желіге біріктіретін ашық коммуникациялық оптикалық талшықты желі болып табылады. Әртүрлі оқу корпустарында орналастырылған 33 сервер пайдаланушылар үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Деректер және құжаттармен алмасу арқылы бірге жұмыс істеу үшін жалпыға қолжетімді корпоративтік "public" папкасы жұмыс істейді. Университеттің ақпараттық инфрақұрылымын жаңғырту міндеттерінің бірі ақпаратты қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету және пайдаланушылар үшін оның қолжетімділігін кеңейту болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында университетте "ТарМУ бұлты" (DATA-орталық) құрылып, сақтау және қорғау әдістемесі, сақталатын ақпарат көлемі анықталған, сервер дайындалды.

Университеттің стратегиялық міндеттерін орындау мақсатында, 600-ден астам IP-адрестерді ұсына отырып, жатақханаларда Wi-Fi арқылы пайдаланушыларға жаһандық желіге қол жетімділік қамтамасыз етіледі. Болашақта IP-адрестердің саны мен ғаламдық желіге қол жеткізудің балама нүктелерін сапасын арттыру мақсатында талдау жұмыстары жүргізілуде.

Оқу үрдісінде ғаламторға қол жетімді біртұтас корпоративтік желіге біріктірілген 1869 компьютер қолданылады. Олардың шамамен 70% - ын заманауи компьютерлер құрайды. Компьютерлік сыныптар университетте жыл сайын заманауи компьютерлермен жаңартылып отырады. Университет сыныптарының компьютерлік паркін жаңарту деңгейі 2018-2019 оқу жылы 60% құрады.

Оқу үрдісінде компьютерлік сыныптарда, мамандандырылған кабинеттерде және дәріс залдарында орнатылған 121 интерактивті комплект қолданылады.

Университетте барлық оқу корпустарында және жатақханаларда 26 Ақпараттық дүңгіршек орнатылған, онда әрбір білім алушы университеттің web-ресурстарына,

32

сонымен қоса студенттік порталға кіруге мүмкіндік алады. Жыл сайын ақпараттық дүңгіршектерді пайдалану бойынша студенттерге сауалнама жүргізіледі (сауалнама қорытындысы бойынша 2018-2019 жылы сұралғандардың 52% ақпараттық дүңгіршектерді үнемі пайдаланатынын көрсетті). Осыған байланысты, университеттегі тозығы жеткен дүңгіршіктерді кезең-кезеңмен ауыстыру үшін жаңа ақпараттық дүңгіршектерге ауыстыру мәселесі өзекті болып қалуда.

Интернетке қосылудың жоғары жылдамдығы (секундына 140 Мегабитке дейін) және жаңа технологияларды пайдалану өз кезегінде іс-шараларды үнемі интерактивті форматта өткізуді, онлайн-семинарлар мен бейнеконференцияларға қатысуды қамтамасыз етеді. Университеттің даму Стратегиясына сәйкес университет аумағында: 2.1 Технологиялық корпустың аллеясы, 2.1 оқу корпусы, 2.6 корпус пен технологиялық корпустың жатақханасы арасындағы алаң, 2.2 және 2.3 корпус алдындағы аллея, технологиялық корпустың ішкі ауласы, 2.3 және 2.5 корпус, Жастар сарайының холы ғаламторға Wi-Fi желісі арқылы кіру ұйымдастырылған.

Университетте мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық "Платонус" жүйесі енгізіліп, табысты жұмыс істеуде. Жүйеде оқу процесін ұйымдастыруға, студенттер сауалнамасына және дипломдар мен қосымшаларды және т. б. толтырумен байланысты модульдер қолданылады.

Қабылдау комиссиясының жұмысы толығымен "Платонус" жүйесін пайдалану арқылы жүргізіледі және нәтижелері мәліметтерді тіркеуші кеңсесіне беріледі. ЖОББЖ-не (ЕСУВО) барлық деректер "Платонус" ақпараттық жүйесінен тікелей ұсынылады. 2018 жылдың қазан айында университет талапкерлерге ЖОО-ға түсуге онлайн өтінім беру мүмкіндігін қамтамасыз ететін on-line тіркеудің қосымша модулін сатып алды. Бұдан басқа, осы модуль аясында ID2 жүйесі және талапкерлердің жеке куәлігінен негізгі деректерді оқу және автоматты түрде "Платонус" жүйесіне көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін ілеспе жабдық енгізілді, бұл деректерді қолмен енгізу кезінде жіберілген қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың өзінде бұл мүмкіндіктер қабылдау комиссиясының жұмысында қолданылды. Сонымен қатар, Платонус ААЖ арқылы білім беру бағдарламаларын тіркеуге өтініш беру және енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап модуль "QYZMET-TARSU" ҚО жұмысында толыққанды қолданылады. Көрсетілетін қызметтер түрлерінің саны кезең-кезеңмен өсуде. Бүгінгі күні 5 қызмет түрі ұсынылады. Ағымдағы жылдың көктемінде онлайн өтініш беру форматында кету қағазын толтыру шарттары енгізілді. Іс жүзінде барлық процесс электронды форматта өтті.

Университетте қолданылатын оқу үдерісін басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі өзіндік әзірлеудің бағдарламалық өнімі болып табылады. Ақпараттық жүйе on-line деңгейге шығатын web-қосымша ретінде іске асырылған. Тіркеу офисінде оқу процесін басқаруды техникалық қолдау 8 серверді, оның ішінде 2 қуатты HewlettPackardGen9 ML380 серверін пайдалану негізінде жүзеге асырылады. Серверлік жабдықта тіркеуші кеңсесінің, қашықтықтан оқыту бөлімінің, сырттай оқыту факультетінің деректер базасы сақталады, бір сервер тестілеуді ұйымдастыру мен өткізуге және тест тапсырмаларының деректер базасын сақтауға арналған, қалғандары корпустық рөл атқарады немесе ақпаратты қосымша сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылады.

Әрбір білім алушы, оқытушы және қызметкер үшін ақпараттың ашықтығы, оның қол жетімділігі ТарМУ-да оқу үдерісін ұйымдастырудың сапасын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Оқытушылар "электрондық журнал" модулін бірнеше жыл бойы белсенді пайдалануда, бұл сандық технологияларды пайдалануды кеңейтуде және электрондық құжат айналымына көшуде маңызды қадам болып табылады (ведомостердің қағаз нұсқаларын және басқа оқу-әдістемелік материалдарды пайдалануды қысқарту есебінен). Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігін

33

қамтамасыз ету мақсатында университетте ПОҚ және студенттер үшін парольдерді алудың және пайдаланудың бірыңғай жүйесі енгізілген.

Білім алушылардың түрлі санаттарын ақпараттық қамтамасыз ету үшін мынадай ақпараттық-білім беру кешендері мен жүйелері жұмыс істейді: ресми интернет-ресурс www.tarsu.kz, электрондық кітапханаға қатынаумен кітапханалық интернет-ресурс lib.tarsu.kz, Қашықтықтан оқытудың ақпараттық жүйесі cde.tarsu.kz және т. б. Халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, кейін валидацияға on-line тексеруден өту арқылы интернет-ресурсты басқа платформаға аудару жоспарлануда.

Жол картасына сәйкес университетіміздің "Цифрлы университет» моделіне өтуді жүзеге асыру мақсатында университет, жоғары оқу орнына электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу туралы Directum Qaz компаниясымен келіссөздер жүргізіп, келісім-шарт жасады.

Басқа университеттерде электронды құжат айналымы қандайда бір деңгейде іске асырылып жатқан немесе қолданылып жүрген уақытта, біз әлі күнге дейін қағаз жүзіндегі құжат алмасу үрдісін қолданудамыз және тек 2018 жылғы Жол картасы аясында ғана электронды құжат алмасу бағытында негіз қаладық. Бүгінгі күні орнату, баптау, алғашқы бейімдеу мәселелері шешілді. Бастапқы кезеңде іске қосылатын жүйенің негізгі пайдаланушылары анықталды.

6. КІТАПХАНАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ

2018-2019 оқу жылы технологиялық кешенде орналасқан оқу залдары мен кітап

сақтау орындарына қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа заманауи жиһаздармен жабдықталды. Осы күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін оқырмандарға ыңғайлы орта құру, кiтапханалық қызметті оңтайландыру мақсатында №1 абонемент бөлімі, №2 оқу залы, каталогтар залы, мерзімді басылымдар және электронды оқу залдарын біріктіру арқылы «Ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету» бөлімі құрылды. Бөлім өз пайдаланушыларына сапалы және тиімді қызмет көрсету үшін «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидаты бойынша жұмыс атқарады. Сонымен қатар «Су шаруашылығы, экология және құрылыс факультеті» кешенінде орналасқан №6 оқу залында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 50 орынға оқырман үстелдері мен орындықтар жаңартылды.

2018-2019 оқу жылында барлығы 9700 оқырман тіркелді, оның ішінде күндізгі бөлім студенттері - 6853, сырттай, кешкі және қашықтықтан оқу бөлім студенттері – 1199, ПОҚ - 635, магистранттар - 469, докторанттар – 42, университет қызметкерлері – 502. Кітапханалық-ақпараттық орталықтың барлық 17 кітап беру пункттерінде іс жүзінде 23649 оқырманға қызмет көрсетілді. Оқырмандарға қызмет көрсету электрондық оқырман билеті бойынша жүзеге асырылады.

Кітапханалық-ақпараттық орталықтың құрылымдық бөлімдері 6 оқу кешенінде орналасқан, онда 900 орындығы бар 14 арнайы мамандандырылған оқу залдары, 2 абонемент, ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету бөлімі, кітап қорын толықтыру және каталогтандыру секторы, ғылыми-библиографиялық қызмет секторы, деректер қорын үйлестіру секторы, цифрландыру және IT секторы, 2 көркем әдебиет секторы мен әдістемелік кабинет жұмыс істейді.

2018-2019 оқу жылы оқырмандардың келу санының көрсеткіші – 472878, дәстүрлі түрде берілген құжаттар санының көрсеткіші - 1 271 756.

2018-2019 оқу жылының соңында кітапханалық-ақпараттық орталықтың жалпы қоры – 1 380 822 (мазмұнының ескіруіне байланысты кітапхана қорынан 44 243 дана әдебиеттер есептен шығарылды) дананы құрайды, оның ішінде 275 959 данасы қазақ тілінде. Электронды тасмалдағыштағы оқу-әдебиеттерінің қоры – 7483 дананы құрайды. Кітапхана қоры 2018-2019 оқу жылында университет оқытушылары мен «Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы» қызметкерлері бірлесе жасаған электронды

34

тасымалдағыштағы 108 аталым, 540 дана оқу құралдарымен толықтырылды. Сонымен қатар, 27 236 электронды ресуртардың толық мәтіні http://ecat.tarsu.kz веб-модулі арқылы университет пайдаланушыларына қол жетімді. Аталған оқу жылында электронды кітапхана қоры 1301 аталымға ұлғайды. 2018-2019 оқу жылында жалпы кітап қоры 1727 аталым, 15927 дана әдебиеттермен толықтырылды, бұл көрсеткіш былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 41,6 %-ға өсті. Оның себебі, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша әлемге әйгілі авторлардың 49 аталым, 7721 дана оқулықтарымен толықтырылды. Жалпы кітап қорының жаңару көрсеткіші 5,1% болса, қазақ тіліндегі әдебиеттердің жаңару көрсеткіші 8%-ды құрады. Мерзімді басылымдар – негізігі ақпарат көздері болып табылады. Жыл сайын университет орта есеппен мамандандырылған, ғылыми, ғылыми - танымал, әдеби-көркем және басқа да бағыттағы 200 аталымнан аса дәстүрлі форматтағы мерзімді басылымдарға жазылады. 2018-2019 оқу жылы кітапхана 144 аталым отандық және 56 аталым ресейлік басылымдарға жазылды. Аталған оқу жылы мерзімді басылымдардың жалпы қоры 332 960 дананы құрады. Жыл сайын дәстүрлі түрдегі мерзімді басылымдарға жазылу саны азаюда, оның себебі электронды мерзімді басылымдардың қолжетімділігі. Мысалы, 2018-2019 оқу жылы оқырмандарға IPRbooks электронды кітапханалық жүйесі бойынша - 654 аталымдағы ғылыми журналдар қолжетімді болды. Сонымен қатар оқырмандарға ресейлік «Znanium.com» және «Grebennikon» базаларына тестілік мүмкіндік берілді. (30 слайд)

Сурет 10. Соңғы 3 оқу жылындағы жаңа түскен әдебиеттер көрсеткіші

Кесте 16 - Соңғы 3 оқу жылындағы жаңа түскен әдебиеттердің түріне қарай көрсеткіші

Көрсеткіштер

2016-2017ж. 2017-2018ж. 2018-2019 ж. барлығы

каз.т орыс.т

ағыл.т IPR books

барлығы

каз.т орыс.т

ағыл.т

IPRbooks барлығы

каз.т

орыс.т

Ағыл.т

диссертацияла

р

IPR books

Оқулық әдебиетт

ер

4494 3268 909 317 26000 7161 4655 1074 1432 27460 12988 10359

1789 840 - 25801

Ғылыми әдебиетт

ер

1041 556 433 52 8000 2014 1439 342 233 8322 2784 1415 860 286 223 9232

Көркем әдебеитт

ер

107 51 56 - - 111 107 3 1 2087 155 76 60 19 - 2476

Барлығы 5642 3875 1398 369 34000 9286 6201 1419 1666 37869 15927 12073

2709 1145

223 37509

Кітап қорын оқулық, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен толықтыруда университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектері маңызды орын алады.

35

2018-2019 оқу жылының аяғында профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектері - 19492 дананы құрайды, оның - 11311 данасы, яғни 58% қазақ тілінде.

Сурет 11 - ПОҚ еңбектерінің кітапхана қорына түсімі

Кесте 17- Соңғы 3 оқу жылындағы түрі мен тілі бойынша ПОҚ еңбектерінің түсім көрсеткіші

Көрсеткіштер 2016-2017ж. 2017-2018ж. 2018-2019ж.

Барлығы каз.т орыс.т ағыл.т Барлығы каз.т орыс.т ағыл.т барлығы каз.т орыс.т ағыл.т

Оқулық әдебиеттер

730 505 160 65 477 267 124 86 1149 776 297 76

Ғылыми әдебеиттер

282 120 90 72 289 121 94 74 195 76 50 69

Көркем әдебиеттер

11 11 - -

Барлығы 1012 625 250 137 766 388 218 160 1355 863 347 145

Жалпы кітапхана қоры оқулық, оқу-әдістемелік, ғылыми, көркем және мерзімді

басылымдардан тұрады. Басылымдардың 82,5%-ы оқулық, оқу-әдістемелік әдебиеттер, 14,4% -ы ғылыми әдебиеттер болса, 3,1% -ы көркем әдебиеттер. Өткен оқу жылымен салыстырғанда, 2018-2019 оқу жылы кітап қоры - 9771 данаға өсті. 2018-2019 оқу жылы мазмұнының ескіруіне байланысты кітапхана қорынан 44 243 дана әдебиеттер есептен шығарылды.

Кесте 18 - Соңғы 3 оқу жылындағы жалпы кітапхана қорының түрі мен тіліне қарай көрсеткіші

Көрсеткіштер

2016-2017ж. 2017-2018ж. 2018-2019ж.

барлығы каз.т орыс.т ағыл.т барлығы каз.т орыс.т ағыл.т барлығы каз.т орыс.т ағыл.т

Оқулық әдебиеттер

1130505

177687

930885

21933

1140283

184372

932180

23731

1136909 192257 920452 24200

Ғылыми әдебеиттер

216131 62304 153067 760 216034 62691 152345 998 192762 66674 124783 1305

Көркем әдебиеттер

50902 17075 32921 906 50992 17171 32914 907 51151 17251 32974 926

Барлығы 1397538 257066 1116873 23599 1407309 264234 1117439 25636 1380822 276182 1078209 26431

Кесте 19 - Соңғы 3 оқу жылындағы кітап қорының көрсеткіші

Көрсеткіштер 2016-2017ж. 2017-2018ж. 2018-2019ж.

барлығы каз.т орыс.т ағыл.т барлығы каз.т орыс.т ағыл.т барлығы каз.т орыс.т ағыл.т

Оқулық әдебиеттер

854164 93855 748994 11315 864706 101387 750283 13036 860496 108378 738536 13582

Ғылыми әдебеиттер

176448 30475 145257 716 178161 31702 145510 949 150230 32511 116484 1235

Көркем әдебиеттер

31404 5979 24519 906 31482 6073 24502 907 31647 6149 24572 926

Барлығы 1062016 130309 918770 12937 1074349 139162 920295 14892 1042373 147038 879592 15743

36

http://lib.tarsu.kz кітапхана сайты оқырмандарды электронды ақпараттық ресурстардың бірыңғай қолжетімді нүктесімен қамтамасыз етеді. Кітапхана сайты http://lib.tarsu.kz арқылы электронды кітапхана, электронды каталог http://ecat.tarsu.kz, қашықтықтағы ресурстарға, виртуалды анықтамалық қызмет түрлеріне қолжетімділік ұйымдастырылған. 2018-2019 оқу жылы кітапхананың толықмәтінді электронды ресурстарына жүгінгендер саны - 80069-ды құрайды. Кітапханада оқырмандар үшін интернет желісіне қосылған 47 жұмыс орны ұйымдастырылған.

Оқырмандардың ақпараттық және ғылыми ізденістерін толық қанағаттандыру мақсатында отандық www.rmebrk.kz - Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханасына, www.kazneb.kz - Қазақстан ұлттық электронды кітапханасына және шетелдік Clarivate Analytics (Web of Science), Elsevier (Scopus, Science Direct), Springerlink деректер қорына, ресейлік лицензиялық http://www.iprbookshop.ru IPRbooks электронды-кітапханалық жүйесіне мүмкіндік берілген.

ЭКЖ IPRbooks базасында 37 509 лицензиялық толықмәтінді ресурстар сала бойынша жинақталған. Ал, бейімделген басылымдар саны- 47 211. IPRbooks -тің мобильдік құралдарға арналған Android операциялық жүйесіндегі WV reader бағдарламасы қолжетімді. Бұл бағдарлама бойынша арнайы білім беру қажеттіліктері бар (көзі нашар көретін және құлағы нашар еститін) пайдаланушыларға сөйлеу синтезаторы арқылы аудио оқулықтар қоры мен сайтты пайдалануға мүмкіндік жасалған.

Оқырмандарға кітапханалық-ақпараттық, ғылыми-библиографиялық және анықтамалық қызмет көрсету - дәстүрлі және цифрлы түрде кітапханалық-ақпараттық орталықтың пайдалану ережесіне сәйкес орындалады.

2018-2019 оқу жылынан бастап кітапханалық-ақпараттық орталық өз пайдаланушыларына сапалы және тиімді қызмет көрсету үшін «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидаты бойынша сервистік қызмет түрлері атқарылады.

Университет студенттерінің білім сапасын жетілдіру барысында оқулықтарды пайдалану дәрежесін жоғарылату, кітапхана мен факультет кафедраларының арасындағы байланысты нығайту, жаңа ашылған білім бағдарламалары бойынша қорда жетіспейтін оқулықтарды анықтау мақсатында көпшілік және ақпараттық іс-шаралар өткізіліп, жарнамалау жұмыстары жүргізілді. Магистранттар мен докторанттар үшін жеке –дара ақпаратты іріктеп тарату жүйесі бойынша қызмет көрсетіледі. Аталған оқу жылы басшыларға саралап қызмет көрсету (ДОР) жүйесі бойынша - 5, ақпараттарды іріктеп тарату (ИРИ) жүйесі бойынша - 242 абонентке қызмет көрсетіліп, барлығы 3548 құжаттар, пайдаланушылардың сұранысы бойынша 3372 адрестік-библиографиялық, фактографиялық анықтамалар берілді.

Кітапхана қорын, оның ішінде жаңа түскен әдебиеттерді жан-жақты насихаттау мақсатында білім бағыты бойынша жинақталған ақпараттық бюллетеньдер шығарылып, көпшілік және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылады. 2018-2019 оқу жылы 295 іс-шара ұйымдастырылды. Оның 154-і ақпараттық мазмұнда болса, 141-і көпшілік іс-шаралар. Бұл іс-шараларға 9803 оқырман қатысты. Әр атаулы күндер мен мерекелерге, республика, университет өміріндегі маңызды оқиғалар мен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады. 2018-2019 оқу жылы оқырмандарға жаңалықтар мен ақпараттар «Twitter», «Facebook», «Одноклассники», «Instagram», «Мой мир», «ВКонтакте» кітапхана сайты, чат әлеуметтік желілері арқылы таратылды.

Бүгінгі таңда кітапханада оқырманға арналған қосымша ақпаратты ұсынудың тиімді тәсілі ретінде QR-кодтар белсенді пайдаланылады. Мұнда виртуалды кітап сөресінен кітапты 3G немесе Wi-Fi арқылы смартфонға жүктеп алу мүмкіндігі берілген.

2018-2019 оқу жылы 149 кітап пен 13 газетке QR кодттар қойылып, винилді баннерлер шығарылып, мобильдік жүйеде қолжетімді болды. Атап айтар болсақ, ол әлем мойындаған классикалық 100 шығармалардың «Виртуалды кітап сөресі» және «Жаңа

37

гуманитарлық білім. 100 қазақ тіліндегі жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған - 49 аталым оқулық.

Аталған оқу жылы ішінде кітапхана қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды жетілдіру бойынша 11 құжат жаңартылып, оның 10-ы қазақ тіліне аударылды.

7. ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Университетте ҒЗЖ іргелі және қолданбалы зерттеулері шеңберінде 14 ғылыми

бағдарламаның құрамына кіретін 104 ғылыми тақырып бойынша жүргізілді. Олардың ішінде 2 – іргелі тақырыптар, 92 – қолданбалы тақырыптар және 10 – тәжірибелік-конструкторлық зерттеулер тақырыптары.

Есептегі жылда ҚР «Ғылым туралы» Заңының 23 бабына сәйкес М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді.

2018 – 2019 оқу жылында қаржыландырылатын ҒЗЖ 15 ғылыми жоба аясында орындалды. Оның ішінде: 4 жоба – облыстық бюджет қаражаты есебінен, 3 жоба – халықаралық келісім шарттар бойынша және 8 жоба – шаруашылық келісім шарттар негізінде.(31 слайд) Кесте 20 - Жергілікті бюджеттік қаржыландыру жобалары туралы мәліметтер

№ п/п Жобаның атауы

Іске асыру мерзімі, жылдар

Қаржыландыру көлемі, млн. теңге

1 Әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді анықтау және зерделеу бойынша қызметті ұйымдастыру.

2018 2,18

2 Жамбыл облысында этносаралық және конфессияаралық қатынастар қызметін ұйымдастыру.

2018 2,2

3 Облыстың жастар саясаты саласында әлеуметтік зерттеулер жүргізу.

2018 2,4

4 002-155 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жаңа қазақ тілі әліпбиін үйретудің онлайн курсы» әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша келісім-шарт жасалды.

2018 3,0

Кесте 21 - Халықаралық келісім шарттар бойынша орындалатын жобалар туралы мәліметтер

№ п/п Жобаның атауы Қаржыландыру

көзі

Іске асыру мерзімі, жылдар

Қаржыландыру көлемі, млн. теңге

1 Инженерлік білім беру саласында инновациялық құзыреттер мен кәсіпкерлік дағдыларды арттыру

Erasmus+ 2018-2019 3,77

2 Бакалавриат және кәсіби магистратура. Кәсіпорындарда компьютерлік желілерді әкімшілендіру, басқару және қорғауды әзірлеу.

Erasmus+ 2018-2019 4,1

3 Тұрақты даму бойынша өмір бойы оқыту

Erasmus+ 2018-2019 1,9

38

Кесте 22 - Шаруашылық келісім шарттары бойынша орындалатын жобалар туралы мәліметтер

№ п/п Жобаның атауы Қаржыландыру

көзі

Іске асыру

мерзімі, жылдар

Қаржыландыру көлемі, млн.

теңге

1 Биореакторларда органикалық қалдықтарды метанды ашытуды басқаруды автоматтандыру, параметрлерді компьютерлік бақылау

«Ақжар» шаруа қожалығы

2018 1,0

2 «Бекен» ШҚ егістік жерлерінің құрылымына суда еритін полимерлердің әсері мен экологиялық жағдайын бағалау

«Бекен» шаруа қожалығы

2018 0,3

3 Жамбыл облысының суландыру каналдарын, дренаж жүйелерін және гидротехникалық құрылыстарын қайта жөндеу

«Өркен» ЖК 2018 1,0

4 Жамбыл облысы Меркі ауданының су шаруашылығы құрылыстарын зерттеу және қайта жөндеу

«Өркен» ЖК 2018 1,0

5 Талас ауданы аумағындағы орта және жоғары қысымды жерасты газ құбырларының техникалық жағдайын бағалау

«Астана ауыл газмонтаж» ЖШС

2018 0,3

6 Жаңартылатын энергия көздері негізінде фермер шаруашылығын энергиямен қамтамасыз етудің автономды жүйесін әзірлеу

«Тулепбергенов» ШҚ

2019 3,5

7 Гидротехникалық құрылыстардың жаңа конструкцияларын әзірлеу және зерттеу

«Бахытжан» ШҚ 2019 1,2

8 Жаңа әдістемелерді пайдалана отырып көпжылдық бұршақты шөптердің өнімділігін арттыру

«Жолдыбай» ШҚ 2019 0,6

«А.С. Ахметов атындағы наноинженерлік зерттеу әдістері» зерханасымен ақылы қызметтер көрсетілді: 1 Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы, «Кондитер» мамандығы бойынша 3,7 млн.теңге сомасына біліктілікті арттыру курстары бойынша; 2 «Өркен» ЖК, Жамбыл облысы Меркі ауданы Гранитогорск кентіндегі темір бетонды каналын қайта құру үшін бұзылған құрылымды ірі сынықты және сазды топырақ үлгілерінің физикалық және механикалық сипаттамаларын анықтау бойынша 0,15 млн. теңге сомаға.; 3. «ТаразКожОбувь» ЖШС, «ТаразКожОбувь» ЖШС бояу барабанының іргетасын салуға арналған бетон үлгілерін сығуға сынау және химиялық құрамын анықтау бойынша 0,125 млн.теңге сомасына. Жалпы 2018-2019 оқу жылында көрсетілген ақылы қызметтер көлемі 4,0 млн.теңгені құрады.

39

Соңғы үш оқу жылдары бойынша ҒЗЖ қаржыландыру көлемі: 2016 жылы – 30,82 млн.теңгені, 2017 жылы – 30,87 млн. теңгені, 2018 жылы – 33,26 млн. теңгені құрады. 2018 жылы жоспарлы көрсеткіштің айтарлықтай артуы орын алды.

Соңғы үш оқу жылында университет ғалымдарының енгізілген ғылыми әзірлемелерінің саны 108 бірлікті құрады, ал оларды енгізуден күтілетін экономикалық тиімділік – 103,4 млн.теңге. 2018-2019 оқу жылында өндіріске 21 ғылыми зерттемелер енгізілді. Бұл ретте күтілетін экономикалық тиімділік 8,3 млн. теңгені құрады.

2018-2019 оқу жылында оқу үрдісіне университет оқытушыларының 25 ғылыми жұмыстары енгізілді.

2018-2019 оқу жылында өндіріске университет ғалымдарының 4 патенті енгізілді. Аталған патенттер Тараз қаласының келесі ұйымдарының қызметіне енгізілді.

Соңғы үш жылда ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтымен 101 қорғау құжатын берілді. Оның ішінде 2016-2017 оқу жылында – 54, 2017-2018 оқу жылында – 27 және 2018-2019 оқу жылында – 20 қорғау құжаты алынды.

2016-2018 жылдары университет ғалымдары 94 (33,30) монография дайындап шығарды. 2018-2019 оқу жылында 31 монография шығарылды.

Соңғы 3 оқу жылында университет оқытушылары 5532 ғылыми мақалалар мен баяндамалар жариялады, сәйкесінше 2016-2017 оқу жылы – 2251 (59), 2017-2018 оқу жылы – 1679 (65) және 2018-2019 оқу жылы – 1602 (70). 2018 жылы Scopus (Elsevier) және Web Of Science (Climate Analytics) агенттігінің базасына кіретін журналдардағы жарияланымдар саны 20 құрады. Жалпы есептік жылы шетелдік жарияланымдардың жалпы саны 140 жұмысты құрады.

2018-2019 оқу жылында Хирша индексі (дәйексөз индексі) бар ғалымдар саны 34 адамды құрады. ТарМУ-дың ПОҚ жариялау белсенділіктерін ынталандыру туралы ректордың бұйрығына сәйкес 2018 жылы Scopus (Clarivate Analytics) және Web Of Science (Elsevier) базасына кіретін журналдарда жарияланған мақалалар авторларына сыйақы қарастырылған. (32 слайд)

Сурет 12 – ПОҚ нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік журналдарда

жарияланымдарының динамикасы Университетте «ТарМУ хабаршысы» және «Механика және технология» атты 2

ғылыми журнал шығарылады. «Механика және технологиялар» ғылыми журналы INSPEC DIRECT (Ұлыбритания) халықаралық мәліметтер базасына енгізілген, РФ «Ғылыми электронды кітапхана» ЖШҚ және ғылыми дәйексөздің ресейлік индексі (РИНЦ) базасына кіреді. 2016 жылдан бастап журнал екі ғылыми бағыт бойынша ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізіміне енгізілді: 01.02.00 «Механика» және 05.18.00 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы».

2016г. 2017г. 2018г.

51

78 81

5

18 20

журналы с ненулевым ипакт-фактором в изданиях, включенных в БД Scopus и Web Of Science

40

2018 жылы «Механика және технологиялар» журналына Қазақстанның ғылыми базасында 0,05-ке тең импакт-фактор берілді. Импакт-фактор бойынша университеттік журнал осы базаға кіретін 125 отандық ғылыми басылымдардың ішінде 45-ші орында тұр.

Есепті жылы университеттің бірқатар оқытушылары ҒЗЖ бойынша әртүрлі конкурстардың жеңімпаздары атанды. Жыл сайынғы ғылым, мәдениет және өнер саласындағы сыйлықтарды алу конкурсында «Математика» кафедрасының доценті м.а., т.ғ.к. Шевцов Александр Николаевич «Физика, математика, инженерлік ғылымдар» номинациясы бойынша қор сыйлығының лауреаты атанды.

ҚР БҒМ Мемлекеттік ғылыми стипендияға арналған конкурсында университеттің ғалымдары – т.ғ.д., профессор А.А. Сағындықов, PhD докторы К.Б. Абдешев жеңімпаздар атанды. Университеттің сегіз оқытушысы (С.Жүнісбеков, И.С. Тілегенов, М.Б. Тілебаев, А.Молдашева, С. Орынбаев, Б. Абзалбекұлы, А. Нұрлыбаева, С. Үсенова) ҚР БҒМ жыл сайынғы "2018 жылғы ЖОО үздік оқытушысы"конкурсының жеңімпаздары атанды.

Осылайша, республикалық сыйлықтар, гранттар, стипендиялар мен марапаттарға ие оқытушылар саны 11 бірлікті құрайды.

Университеттің ғылыми қызметінің маңызды құрамдас бөлігі Студенттік ғылым болып табылады. 2018-2019 оқу жылында СҒЗЖ барлық түрлеріне 4978 адам немесе күндізгі оқу бөлімі студенттерінің 81,3% қатысты.

2018 жылдың 20-27 ақпан аралығында М.Х. Дулати атындағы ТарМУ 60 жылдығына арналған «Адами капитал – жаңғырту негізі» атты XX студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.

Университетте СҒЗЖ негізгі түрі кафедраларда жұмыс істейтін ғылыми үйірмелер болып табылады. Үш оқу жылдары олардың жыл сайынғы саны 60-тан астам болды, олардың жұмысына жыл сайын 1400-ден астам студент қатысады. 2018-2019 оқу жылында 63 студенттік ғылыми үйірмеге 1450 студент қатысты.

СҒЗЖ нәтижелері журналдарда, еңбектер жинақтарында, конференция материалдарында жарияланады. 2018-2019 оқу жылында студенттермен бірге 309 жұмыс жарияланды, оның ішінде 98 (немесе 31,7%) – университеттен тыс басылымдарда.

Студенттердің ғылыми шығармашылығын белсендіруге әр түрлі деңгейдегі конференциялар мен конкурстар ықпал етеді. 2016-2017 оқу жылында студенттік байқауларға қатысушылардың саны 462 адамды, 2017 – 2018 оқу жылында – 465, 2018 – 2019 оқу жылында – 442 адамды құрады. Жыл сайын республикалық СҒЗЖ конкурсына ұсынылатын жұмыстар саны ұлғаюда: 2016 – 2017 оқу жылы – 165 жұмыс; 2017 – 2018 оқу жылы – 184 жұмыс; 2018 – 2019 оқу жылы – 192 жұмыс. Соңғы 3 оқу жылында осы конкурстың жеңімпаздары 46, 45, 38 адам немесе қатысушылардың жалпы санынан 27,9%, 24,5%, 19,8% болды. 2018-2019 оқу жылында әртүрлі республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып 139 студент танылды.

2018-2019 оқу жылында университет студенттерінің 617 дипломдық жұмысының (жобаларының) 75 жұмысы (жобалары) өндіріске енгізуге ұсынылды.

Университетте дарынды студенттер арасында «Зерттеуші-студент» біліктілігін беруге арналған дәстүрлі конкурс өткізіледі. Соңғы 3 оқу жылында «Зерттеуші-студент» біліктілігін 112 студент иеленді, оның ішінде 2018-2019 оқу жылында – 41 студент.

2018-2019 оқу жылында көптеген ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылып, халықаралық және республикалық конференциялар ұйымдастырылды. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері аталмыш іс-шараларды ұйымдастыруда және өткізуде белсенділік танытты.

2018 жылдың 8 қазанында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 60 жылдығына арналған «Х Дулати оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Жалпы университетте өткен оқу жылы ішінде 16 ғылыми іс-шара өткізілді: олардың ішінде 1 халықаралық конференция, 1 республикалық конференция, 1 аймақтық

41

конференция, 1 жоғары оқу орындары арасындағы конференция, 3 ғылыми конкурс, 3 ғылыми семинар, 2 дөңгелек үстел және 4 көрме бар.

Университетте инновациялық әзірлемелерді коммерцияландыру және қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейді. 2018-2019 оқу жылында университет мамандарының «ТаразКожОбувь» ЖШС, «Таразкоммаш» ЖШС, «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС және «Қазфосфат» ЖШС («Минералды тыңайтқыштар» зауыты, НДФЗ, «Қаратау» ТКК) басшыларымен бірқатар кездесулер мен көшпелі кеңестер өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ағымдағы жылы «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК мен «Жас кәсіпкерлер клубы» ЖШС арасында өзара тиімді әріптестік (ынтымақтастық) туралы шартқа қол қойылды. Келісім-шарттың мақсаты - білім беру қызметі, жастар кәсіпкерлігі саласындағы ғылыми зерттеулер, стартаптар мен бастаушы кәсіпкерлерге қолдау көрсету және оқыту саласында ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Ағымдағы жылы «Қазфосфат» ЖШС – мен «Исследование закономерности распространения тектонических нарушений и их влияние на качество извлекаемой фосфоритовой руды на горизонте +251,0 м и нижележащего горизонта +191,0 м шахты «Молодежная» по месторождению фосфоритов «Чулактау» тақырыбында ҒЗТКЖ орындауға келісім-шарт жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде (I – кезең, болжанатын қаржыландыру көлемі – 7,6 млн.теңге).

Қазақстан-Беларусь ғылыми-білім беру консорциумы шеңберінде Беларусь жоғары оқу орындарымен жасалған шарттарға сәйкес университетте 5 ғылыми жобаны іске асыру жүзеге асырылады. Орындалатын іздестіру-бастамашылық халықаралық жобаларға:

1) «Ресурс үнемдеуші геотехникалық конструкцияларды, оларды дайындау технологияларын және ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған құрылғыларды әзірлеу». Серіктес: Беларусь ұлттық техникалық университеті (Беларусь Республикасы). Зерттеу бағыты: геотехника.

2) «Наноқұрылымды дәнді және бұршақты дақылдарды пайдалана отырып, функционалдық мақсаттағы тамақ өнімдерін жасау және технологияларды әзірлеу». Серіктес: Могилев Мемлекеттік азық-түлік университеті (Беларусь Республикасы). Зерттеу бағыты: тағамдық инженерия.

3) «Наноқұрылымды ингредиенттері бар құрғақ композиттік қоспалар (СКС) негізінде функционалдық мақсаттағы импортты алмастыратын тамақ өнімдерін әзірлеу». Серіктес: Могилев Мемлекеттік азық-түлік университеті (Беларусь Республикасы). Зерттеу бағыты: тағамдық инженерия.

4) «Өсімдік тектес шикізаттың композиттік қоспалары негізінде қышқыл сүт сусынын өндіру бойынша технологияны әзірлеу». Серіктес: Беларусь мемлекеттік технологиялық университеті (Беларусь Республикасы). Зерттеу бағыты: тағамдық технологиялар.

5) «Механикалық қоспалар мен май-мұнай өнімдерінен сарқынды суларды тазалауға арналған технологиялар мен техникалық құралдарды әзірлеу». Серіктес: Беларусь мемлекеттік технологиялық университеті (Беларусь Республикасы). Зерттеу бағыты: экология, табиғи ресурстарды қорғау.

Университетте 2016 жылдан бастап 6D074400 «Гидротехникалық құрылыс және құрылыс» және 6D081000 «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» мамандықтары бойынша философия докторы (бейіні бойынша доктор) дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау бойынша кеңес жұмыс істейді. Кеңесте 6D074400 «Гидротехникалық құрылыс және құрылыс» мамандығы бойынша төрт диссертация қорғалды. 2019 жылы 12 сәуірде ҚР БҒМ бұйрығымен 6D060600 – «Химия» мамандығы бойынша Философия докторы (бейіні бойынша доктор) дәрежесін алу үшін диссертация қорғау кеңесі ашылды.

42

8. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» МЕН «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ

ҚЫРЫ» БАҒДАРАЛАМАЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

Университетте кураторлық жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Өткен оқу жылында 435 академиялық топтарда 313 оқытушы кураторлық жұмысқа тартылды, бұл профессорлық-оқытушылар құрамының жалпы санының 49,6% құрайды, яғни белгіленген стратегиялық көрсеткішінен 5,4%-ға кем болды. Жыл сайын оқытушылар «Кураторлар мектебі» арнайы курсында педагогикалық шеберліктерін жүйелі түрде жоғарылатады. 2018-2019 оқу жылында 61 куратор курстан өтіп, сертификаттарға ие болды.

2018-2019 оқу жылында университеттің даму стратегиясында көрсетілген тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша университет, қала және облыс деңгейлерінде барлығы 600-ге жуық ауқымды іс-шаралар өткізілді, олардың ішінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу бойынша - 126, рухани-адамгершілік тәрбие бойынша - 96, құқықтық білім бойынша - 61, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған іс-шаралар – 96 және жастар саясаты аясындағы – 170 іс-шара. (33 слайд)

Студенттердің бастамаларын дамытып, қолдау және оларды университеттегі әлеуметтік, мәдени және бұқаралық спорт пен жұмыс өміріне тарту мақсатында университетте барлығы 7 студенттік жастар ұйымы, 4 жастар қозғалысы, 13 қызығушылық клубы, «Сұңқар» спорт клубының 26 секциясы, 13 шығармашылық студиясы мен студенттік театр жұмыс атқаруда.Соның ішінде 2018-2019 жылы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған «Саналы ұрпақ» студенттік клубы да бар.

Өткен оқу жылында аталмыш жастар ұйымдары мен қызығушылық клубтарының жұмыстарына 1364 (21,5%), шығармашылық студиялар мен студенттік театрының жұмысына - 506 (8,1%), спорттың 28 түрі бойынша спорттық секцияларға 1190 (18%) студент тартылды, бұл көрсеткіштер Даму стратегиясында белгіленген индикаторларына сәйкес келеді. Жыл сайын «Жас Отан» ЖҚ белсенділері мен мүшелерінің саны артуда. Мәселен, аймақтағы ең үлкен бастауыш ұйым – біздің университетте. Жалпы саны 600 студенттен астам мүшесі бар.

Университет әкімшілігі студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде. Атап айтқанда, өткен оқу жылында университет пен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум негізінде гидро кешеннің оқу ғимаратында қосымша медициналық пункт ашылды. Есепті жылы студенттерді қала мен облыстың емханаларына тіркеу, облыстық СПИД орталығының қатысуымен студенттерге жыныстық тәрбие беру бойынша іс-шаралар, медициналық тексерулер және асханалардың, жатақханалар мен спортзалдардың санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. Университеттің маңызды әлеуметтік міндеттерінің бірі - студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Университетте 804 орындық 3 жатақхана бар. Жатақхана орындары «Университет студенттеріне жатақхана бөлу туралы» Ережеге сәйкес бөлінеді. Қазіргі уақытта 500 орындық жаңа жатақхананың құрылысы жүргізілуде, оның іргетасын қалау рәсімі 2018 жылдың қазан айында университеттің құрметті түлегі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықованың қатысуымен өтті.

Өткен оқу жылында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамында 81 студент қаланы абаттандыруға қатысты. Олардың жалақысы 40 000 теңгені құрады. Тараз қаласындағы мектептер мен тұрғын үй құрылыстарында, сондай-ақ облыстың Жуалы және Байзақ аудандарында жұмыс істеген 118 студент студенттік құрылыс отрядтарына қатысты. Олардың орташа жалақысы 72000 теңгені құрады.

2018-2019 оқу жылында өткен Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы Х Жазғы универсиадада университет студенттері таэквондо, каратэ, дзюдо және спорттық бағдарлау түрлерінен 8 жүлделі орындарға ие болды. Студенттердің спорттық

43

белсенділіктерін қолдау мақсатында 2018 жылдың қазан айында университеттің 60 жылдық мерейтойы аясында 4 жаңа жазғы спорт алаңы ашылды (шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдары мен 250 метрлік жүгіру жолы).

Университет студенттеріне жыл сайын оқу ақысына әлеуметтік жеңілдіктер беру қарастырылған. Өткен оқу жылында осындай жеңілдіктер жалпы сомасы 10 миллионнан астам теңгені құрайтын шамамен бір жарым мың студентке берілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда университет 2018 жылы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының рейтингісі бойынша алғашқы орындағы ЖОО-ның қатарында болды.(34 слайд)

Университетте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша жұмыстарды үйлестіру үшін «Рухани жаңғыру» жобалық офисі жұмыс істейді. 2018 жылы оқу ордамыздың ғалымдары бағдарламаның бағыттары бойынша 12 жоба әзірлеп, өңірлік эксперттік комиссия сараптауынан 5 кіші жоба мақұлданып, жұмыстарын атқаруда. Соның ішінде «Ел мұрасы – ғибрат бастауы» жобасының мақсаты –Жамбыл облысының тарихымен байланысты халық әдебиеті мұраларын (аңыз-әңгімелер), тәуелсіздікке дейінгі ақындардың шығармашылығын жинақтап, 10 томдық жинақ шығару болатын. Міне, сол он томдықтың алғашқы 1-томы аясында 2018 жылы баспадан шығып, ол Майкөт Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналды.

«Балалар үйінде ұлттық-рухани тәрбие беру» 1 жылға арналған кіші жобасының аясында атқарылған іс-шаралар, жүргізілген ғылыми-зерттеулер мен семинар-тренингтер нәтижесінде «Білімді ұрпақ, саналы жастар – ұлттық құндылық» атты облыстық ғылыми-әдістемелік қорытынды семинар өтіп, жасалған ғылыми баяндамалар мен мақалалар нәтижесінде жинақ баспадан шықты.

Сонымен қатар жаңа ақпарттық мультимедиалық әдістерді және цифрлық технологияларды қолдану арқылы Қазақстанның полиэтникалық тарихи-мұрасы мен рухани байлықтарын, ұлттық бірлігі мен этносаралық келісім модельдерін насихаттау мақсатында «Жамбыл облысы этникалық топтарының интерактивтік-тарихи картасы» (ank-tarsu.kz) кіші жобасы даярланды.

Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен латыннегізді қазақ тілі әліпбиін қолжетімді түрде және тиімді үйрету мақсатында университет ғалымдары «Qazalipbi.kz» онлайн бағдарламасын әзірледі.

2018 жылдың қараша айында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Осы мақаладағы міндеттерді жүзеге асыруда университетте бірқатар төмендегідей жобалар қолға алынып, жұмыстар жүргізілуде:

- Қызғалдақты жылыжайда өсірудің агротехнологиясы және ландшафтық дизайнда пайдалану жолдары;

- Жамбыл облысында «Сиверс» алмасының генетикалық түрлерін өсірудің инновациялық технологиясы;

- Тараз қаласының ғажайып тарихи туристік 3Д панорамасы; - Этноконфессиялық келісімді нығайту – қазақстандықтардың қоғамдық санасын

жаңғыртудың маңызды факторы. Жалпы университетте: "Мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру" бағыты бойынша Үкімет

бекіткен кестеге сай Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы және Жамбыл облысының білім басқарамасымен етене байланысып, бірқатар ауқымды іс-шаралар атқаруда.

2018-2019 оқу жылында университетте жоспарланған ic-шаралар бойынша 1 конференция, 2 онлайн-семинар, 3 семинар-кеңес және 17 көшпелі семинар-тренингтер жүргізіліп, 2 акция, 1 ашық әдістемелік дәріс, 5 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

2018 жылы 6-желтоқсанда Латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің емле ережесі мақұлданғаннан кейін жастардың жаңа қазақ әліпбиге қызығушылығын арттыру мен үйрету мақсатында Студенттік телестудияда 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Жаңа

44

қазақ әліпбиін бірге үйренейік!» атты интернет-бағдарлама (интернет-передача) түсірілуде, облыстық «Білім шырағы» газеттерінде «Әліпбиді бірге үйренейік!», сонымен қатар «Жас дарын» облыстық балалар журналына арналған «Жаңа қазақ әліпбиін тез меңгерудің 7 сабағы»айдарлары ашылып, сабақтар жүргізілуде.

2019 жылы наурызда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ҒЗИ ұйымдастырған «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында универсиеттің филолог оқытушылары 12 сағаттық республикалық біліктілікті көтеру семинарына қатысты.

«Латын графикасы: сауаттылық негіздері» атты 36, 72 сағаттық оқу бағдарламасы даярланып, биылғы оқу жылынан бастап университетіміздің сертификатталған оқытушылары (оның ішінде ғылым докторлары, кандидаттар мен маистрлер бар) оқыту курстарын бастайды.

2019 жылы Жамбыл облысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті және облыс әкімдігімен бірлесіп ақпараттық-насихаттық апталығы өтті. Апталықтың нәтижесінде М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Латын графикасын үйретудің оқу-әдістемелік» кабинеті «Ең үздік латын кабинеті», «Ең үздік әдістемелік құрал» номинацияларына ие болды.

Биылғы оқу жылында ақпараттық-медиа кеңістігінде жаңа әліпби мен емле ереже бойынша университеттің профессор-оқытушылар құрамының 50-ге жуық публицистикалық және 80 шақты ғылыми мақаласы жарияланды.

"Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық"жобасы бойынша 2018-2019 оқу жылы универсиеттің кітапханалық-ақпараттық орталығының қорында 19 кітап бойынша 1641 оқулық, ал 2019 жылы 6180 дана оқулық келіп түсті. Бұл оқулықтар оқу үрдісіне енгізілген. Сондай-ақ студенттерге осы оқулықтарды жаппай оқыту мен оның мәнін түсіндіру мақсатында «Әлем маржандары қазақ тілінде» атты әлеуметтік желілерде букчелендж бен «Менің сүйікті кітабым» атты дилижанс, Буккроссиң ұйымдастырылды. Университеттің кітапханалық-ақпараттық орталығына жоба аясында келіп түскен оқулықтарды қолжетімді түрде оқу үшін арнайы QR-код қойылып, баннерлер оқу залдарына орналастырылуда. Кітаптарды жаппай тарату мен насихаттау, оларды оқыту мақсатында дәл осы нұсқада Тараз қаласы мен Жамбыл облысы аудандарының оқу залдарына орналастыру 2019 жылдың шілде айынан басталды. 2018-2019 оқу жылында университеттің бакалавриат пен магистратура бағдарламалары бойынша 43 диплом мен 12 магистрлік диссертациялық жұмыс қорғалса, 2019 жылы 22 магистрлік диссертация мен 55 дипломдық жұмыс дайындалды. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. "Туған жер" және "Қазақстанның сакралды географиясы" бағыттары бойынша өлкетану жұмыстарын жүргізу және бай тарихты, мәдени дәстүрді, рухани құндылықтарды дәріптеу бойынша ic-шаралар жоспарланды. 2018 - 2019 оқу жылында «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруда «Әулиеата – киелі мекен ІІІ» экпедицияның аясында «Шу-Талас өңірінің поэтикалық дәстүрлері» атты ғылыми-фольклорлық экспедиция ұйымдастырылды. Мақсаты –Талас-Шу өңірінің әлі де жиналып, жүйеленбеген, ғылыми айналымға түспеген фольклор материалдарын және халық ақындарының шығармаларын жинау. Экспедиция қорытындысы бойынша «Шу-Талас өңірінің халық шығармашылығы» атты ақындарының шығармалар жинағын шығару және «Туған өлке – тұнған шежіре» атты деректі фильм шығару жұмысы жоспарға сәйкес дайындалуда.

Сондай-ақ шілде айында «Хантау металургтері» қалашығындағы қазба жұмыстары жүргізілді. 1958 жылы А.Марғұлан ашқан және белгілеген металлургтер қонысында археологиялық зерттеулерді Шу өзенінің алқабында барлау жұмыстарын М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бірінші рет өткізді. Кешенді жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы халықтың өндірістік белсенділігінің даму проблемаларын зерттеу негіздерін құру. Бұл мақсаттың маңызды аспектісі - қазіргі уақыттағы географиялық шекараларда мемлекеттіліктің қалыптасуы жағдайында

45

халықтың мәдениетін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу. Бұл экспедиция нәтижесінде табылған артефактілер, тарихи және этнографиялық деректер университет музейінде қойылды. Алдағы уақытта фотоальбом және тарихи еңбекті баспадан шығару жоспарлануда.

«Туған жер» және «Қазақстанның сакралды орындары» жобалары аясында университетте 2018-2019 оқу жылында ауқымды 100-ге жуық әртүрлі іс-шара өткізілді.Мәселен, «Көк бөрі – ұраным, айбыным» әлеуметтік желілерде жас ақындар мүшәйрасы; «Туған жерге тағзым» тақырыбында түлектермен Студенттік телестудияда сұхбаттар ұйымдастырылды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Абдуалының «Қазақ хандығы ту тіккен өңір» атты монографиясы шықты. Университет ғалымдарының осы бағыттарда 140-қа жуық ғылыми мақалалары жарияланды.

"100 жаңа есім"жобасы аясында тәуелсіздік жылдары ел дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар мен жаңа заман тұлғаларының еңбек жолын жастарға үлгі ретінде насихаттау мақсатында университетте әрдайым кездесулер, қоғамдық лекциялар, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Сондай-ақ 2019 жылдың қаңтар айында «Жамбыл облысы: ғылымдағы тұлғалар» атты еңбек (Авторлары: И.Бекбасараов, М.Жанқуанышев) дайындалуда.

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында 2019 жылдың қаңтар айынан бастап «Энергия көздерін қайта қалпына келтіру негізінде фермерлік шаруашылықтарды қуат көзімен қамтамасыз етудің автономдық жүйесін әзірлеу» жобасы іске асырылуда. Сонымен қатар облыстың Байзақ ауданындағы Дихан орта мектебі мен Шу ауданындағы Шоқпар ауылы Ораз Жандосов атындағы орта мектептерінің кітапханаларына арналған Megabook (мегабук) виртуалды оқу залын ашу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бойынша университет ғалымдарының еңбектерін және әдеби шығармалар базасын мектеп мұғалімдері мен оқушылары пайдалана алады.

Университте 2018-2019 оқу жылы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының білімнің салтанат құруы, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлікті сақтау, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы сияқты бағыттары бойынша да ауқымды 92-ден астам іс-шара атқарылды.

Оның ішінде 5-еуі халықаралық («Бабалар мұрасы» атты ІІ Халықаралық студенттер арасындағы сән фестивалі; Түркі әлемінің Ү Халықаралық симпозиумы; «ЖОО кітапханасы: модернизация, басқару, сапа» тақырыбында халықаралық кітапханалық форум; «Дулати мұралары және әлем руханияты» тақырыбында «Х Дулати оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы); 8-і республикалық ("Алаш ұстанымы – ұлт мұраты" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конфереция; «Тарихи сананы қалыптастыру және білімнің салтанат құруында гуманитарлық ғылымдардың рөлі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар жән т.б.); 24-і облыстық деңгейде(«Бәсекеге қабілетті жастар – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында өңірлік жастар форумы; «Мәңгілік Елдің өскелең ұрпақтары» атты облыстық пікір-сайыс турнирі; «Көк бөрі – ұраным, айбыным» әлеуметтік желілерде жас ақындар мүшәйрасы; «Ұлы дала: ғылым және жастар» тақырыбында V «Үздік ғылыми жоба» дәстүрлі байқауы және т.б.) және қалғаны қалалық, универсиеттік көлемдегі іс-шаралар.Жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша университет профессор-оқытушыларының дайджесі түзіледі.

Биылғы оқу жылында бағдарлама аясында барлығы 350-ге жуық мақала жарияланып, интернет-ресурстаррында 63, телеарнада 10 сұхбат берілген. Әлеуметтік желілерде жарияланған ой-пікірлер саны 250.

9. ОҚУ-МАТЕРИАЛДЫҚ АКТИВТЕР ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТТІҢ

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің материалдық-техникалық әлеуеті

жаңа құралдардың, механизмдердің, аспаптардың және т.б. сатып алынуына байланысты

46

жыл сайын артып келеді. Соңғы бес жылда кафедралар мен құрылымдық бөлімшелерге 297,262 млн. теңгеге жабдықтар сатып алынды. Олардың ішінде 222,666 млн.теңге (немесе 74,9%) университеттің 6 факультетіне шығындалса, қалған 74,596 млн.теңге (немесе 25.1%) 4 құрылымдық бөлімшеге тиесілі (ҒАТО, «Ә.С. Ахметов атындағы наноинженерлік зерттеу әдістері» ҒЗЛ, Қаратау тау-технологиялық колледжі және әскери кафедраға).

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің қаржылық саясаты стратегиялық жоспарларды, университет миссиясын, білім беру бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы ресурстарын мақсатты пайдалану «М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің 2016-2019 жылдарға арналған даму стратегиясына» сәйкес келеді.

2018 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері 2017 жылмен салыстырғанда келесі кестелерде көрсетілген:

Кесте 23 - 2017–2018 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерінің салыстырмалы кестесі № Көрсеткіштер Сомасы, мың тенгемен ауытқу (2018/2017)

2017 2018 1 Кіріс, барлығы 3 000 374 3 180 792 + 6 2 Шығын 2 955 501 3 131 338 + 6 3 Сатылған тауарлардың құны 2 583 055 2 734 070 + 6 4 Әкімшілік шығындар 329 702 330 473 + 0,2 5 Өзге шығындар 42 744 66 796 + 56 6 Бір жылдағы таза пайда 44 873 49 453 + 10 7 Жарғылық капитал 4 543 260 4 543 260 8 Резерв 613 071 613 071 9 Бөлінбеген пайда (залал) 108 794 149 330 + 37 Пайда – бұл өндіріс құралдарын, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдаланудың ұтымдылығын сипаттайтын ұйымның тиімділігінің маңызды сапалық көрсеткіші.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер есепті кезеңде таза пайда болғанын көрсетеді, бұл өз кезегінде университет табыстылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сонымен, 2018 жылы университетіміздің кірісі 49 453,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджетке 4 795,0 мың теңге аударылды.

Кесте 24- Университеттің 2017-2018 жылдардағы кірісі (мың теңге)

Көрсеткіштер

2017

2018

ауытқу %-бен (2018/2017)

Табыстың жалпы құрылымындағы

үлес, % 2017 2018

Білім беру саласындағы мемлекеттік тапсырыс бойынша кірістер (гранттар)

491 401,63 551 992 + 12 16 17

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау

464 282,87 538 927 + 16

Академиялық ұтқырлық 12 626,46 9 724 - 22 Ғылым комитеті ММ 8 205,69 0 - Университеттің топ-менеджментіне шетелдік мамандарды тарту

6 286,61 0 -

Шетел ғалымдарын тарту 0 3 341 + Күрделі жөндеу 0 0 Ақылы қызмет кірістері 2 508 972,37 2 628 800 + 5 84 83

47

соның ішінде: Ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетуден түскен кірістер

2 374 373,37 2 398 462 + 1

Өзге кірістер 134 599 230 338 +71

Барлық кіріс 3 000 374 3 180 792 + 6 100 100

Қаржылық түсімдердің жалпы көлемінде ең үлкен үлес келісім-шарт негізінде мамандарды даярлаудан алынған кірістер құрайды. 2018 жылы студенттерді ақылы негізде оқытудан түскен кіріс университет табысының жалпы үлесінің 83% құрады, 2017 жылы - 84%. Өткен жылмен салыстырғанда айырмашылық 1% болды, қаражат арасындағы қатынас өткен жылдың деңгейінде қалды.

Университет бюджетінің шығыстарының негізгі баптары: жалақы қоры, салық төлемдері, оқу жабдықтарын, материалдар мен негізгі құралдарды сатып алу шығындары, коммуналдық төлемдер, күрделі жөндеу және қызмет көрсету шығындары.

Шығындар құрылымында ең көп үлесті университет қызметкерлеріне жалақы төлеуге кеткен шығындар алады. Есеп беру кезеңінде профессорлық-оқытушылық құрам мен университет қызметкерлерінің жалақысында оң үрдіс байқалады. Жалақы мөлшері кадрлардың сапалы жұмысының маңызды ынталандырушы факторы болып табылады және 2018 жылдың қараша айында университет басшылығы қызметкерлердің жалақысын орта есеппен 22% көтерді.

Кесте 25- Университеттің 2017-2018 жылдарға арналған шығындары (мың теңге) Шығыстардың атауы Сома, мың тенгемен ауытқу

2018/2017,%

2017 2018 Еңбекақы 1 751 388 1 878 707 + 7 Қызметкерлерді әлеуметтік салық, әлеуметтік және медициналық сақтандыру шегерімдері

173 800

179 393

+ 3

Материалдарды сатып алу 103 813 171 795 + 65 Ағымдағы жөндеу 216 037 162 673 - 25 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозуы

286 135 275 371 - 4

Коммуналдық қызметтер, оның ішінде: 189 339 211 202 + 11,5 электр энергиясы 54 153 54 401 + 0,5 жылу энергиясы 121 581 140 727 + 16 су және кәріз 13 605 16 074 + 18 Байланыс қызметтері, пошта, Интернет 11 945 16 263 + 36 Іссапар шығыстары 44 239 39 376 - 11 Басқа шығындар (университетті аккредиттеу бойынша қызметтер, жабдықты сараптау, жарнама, спорттық және мәдени іс-шаралар, жетімдер үшін тамақтану шығындары, бағам айырмашылықтары және шеткі ұйымдардың басқа қызметтері)

178 805 196 558 + 10

Негізгі құралдарды (негізгі құралдарды) және материалдық емес активтерді (материалдық емес активтерді) сатып алу (шығындарға қолданылмайды)

160 501 159 635 - 0,5

Күрделі жөндеу (шығындарға байланысты емес)

29 050 0 -

48

Жалпы шығындар 2 955 501 3 131 338 + 6 Кесте 26 - Қызметкерлердің құрамы, саны және сыйақысы туралы салыстырмалы ақпарат

Аты

2017

2018 ауытқу 2018/2017,%

Еңбекақы қоры, барлығы (мың теңге) 1 751 388 1 878 707 +7 оның ішінде: қызметкерлерге сыйлықақы 148 829 187 526 +26 қызметкерлерге материалдық көмек 5 447 5 663 +4

сауықтыру өтемақысы 74 576 74 229 - 0,5 рейтингілік сыйлықақы 11 205 18 433 +64,5 Қызметкерлер саны (адамдар) 1 843 1 765 - 4

Орташа айлық жалақы университеттегі барлығы, (теңге) 78 467 91 985 +17

Біліктілікті арттыру, (мың теңге) 6186 10 000 +62

Біліктілікті арттыру, (адамдар) 716 577 -19 ТарМУ-дің материалдық-техникалық базасын дамыту университет үшін басымдық

болып табылады. Университетте 56 объектіден тұратын, жалпы ауданы 160 351,9 шаршы метрді құрайтын кең инфрақұрылым бар. м., негізінен Тараз қаласында және Қаратау қаласында орналасқан.

Қазіргі уақытта университетте жалпы ауданы 18 370,8 шаршы метрді құрайтын 804 орындық студенттерге арналған үш жатақхана бар.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Пико» ЖШС-мен бірлесіп консорциум құрды және 2018 жылдың қараша айында Тараз қаласы, ст. Мекен-жайы бойынша 500 орындық студенттік жатақхананың құрылысы басталды. Сәтпаев, 28. Құрылысты 2020 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

Есепті жылы университеттің материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базасын дамыту жұмыстары жалғасуда. Оқу, ғылыми және өндірістік қызмет объектілері үшін жалпы сомасы 40 880,0 мың теңгеге зертханалық жабдықтар сатып алынды.

Есепті жылы университеттің келесі ғимараттары мен құрылыстарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді:

1. Қаратау қаласындағы «Фосфорит» спорт кешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстары жалпы сомасы 44 349,76 мың теңгеге аяқталды.

2. «Жастар сарайы» ғимараты мен Сәтпаев көшесі, 28 мекен-жайы бойынша гидро кешеннің 6.1 және 6.2 оқу ғимараттарының арасындағы жалпы өтемі 39.521.77 мың теңге болатын өткелдің қасбетін ағымдағы жөндеу аяқталды.

3. Көшедегі технологиялық кешен аумағындағы спорт алаңдарын абаттандыру. Төле би, 60 жалпы 77 951,52 мың теңгеге.

4. Көшедегі оқу кешенінің алдындағы «Шежіресі университеті» монументінің құрылысы. Желтоксан 850,00 мың теңге сомасында.

5. Оқу корпусын ағымдық жөндеу 6.2. көшеде Сатпаев, 28, барлығы 181 162.097 Нысандарды жөндеу университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен жүргізілді. Университет басшылығы Халықаралық қаржылық есептілікке сәйкес 2018 жылдың

31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Университеттің қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның нәтижелерін, ақша қаражатының қозғалысын, осы күнге аяқталған жылдағы меншікті капиталдағы өзгерістерді шынайы түрде көрсететін қаржылық есептілікті дайындауға жауап береді. Қаржылық есептіліктің стандарттары және Қазақстан

49

Республикасы Қаржы министрлігінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес. Қаржылық есептілік аудитін «Жаңа Аудит» тәуелсіз аудиторлық компаниясы жүргізді.

Есепті кезеңде ішкі аудитті Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті және Жамбыл облысының прокуратурасы өткізді.

Университет қаржылық тұрақтылық өлшемдеріне сәйкес келеді және қаржылық тәуекелдердің қолайлы деңгейінде тұрақты төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Қаржылық тұрақтылық және таза пайданың болуы университеттің тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Университетте профессорлық-оқытушылық құрамды ынталандыру және ынталандыру, материалдық-техникалық базаны және оның қызметінің стратегиялық бағыттарын дамыту үшін қаржылық ресурстар бар.

10. УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ МIНДЕТТЕРІ

Есепті кезенде университет 2016-2019 жылдарға арналған Даму Стратегиясының

барлық көрсеткіштерін орындалуына қол жеткізді. Үстіміздегі оқу жылында жаңадан қабылданған 2019-2022 жылдарға арналған Даму Бағдарламасын іске асыруда ең алдымен, төмендегідей бағыттарға басымдық беруіміз қажет:

1. Бірінші кезекте 62 білім беру бағдарламаларының мамандандырылған қайта аккредиттеуден өткізу.

2. «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде (АРТА)» және «Білім сапасын қамтамасыз етудің тәуелсіз агенттігі (БСҚА)» сыртқы сарапшыларының ұсынымдарын іске асыруға арналған іс-шараларды толық көлемде іске асыру.

3. Университетті инспекциялық аудиттен өткізуді талапқа сәйкес ұйымдастыру. 4. Университетті Academic Ranking European Standard (ARES), QS World University

Rankings, Ranking Web of Universities, KAZSEE, АРТА, БСҚА-дан халықаралық және ұлттық рейтингісіне, 50 білім бағдарламасын «Атамекен» ҰКП рейтингісіне қатыстыру. Оқу процесіне 2018 жылғы ҚР МЖБС-ның талаптарына сәйкес дайындалған және республикалық білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген бакалавриаттың (100), магистратура (69 ), және докторантура (3) жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу, оларды университет сайтына орналастыру.

5. Оқу процесіне 2018 жылғы ҚР МЖБС-ның талаптарына сәйкес дайындалған және республикалық білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген бакалавриаттың (100), магистратура (69) және докторантура (3) жаңа білім беру бағдарламаларын жетілдіру, оларды университет сайтына ораналастыру.

6. Университеттің 2019-2020 оқу жылындағы күндізгі және қашықтықтан оқыту үлгісіндегі 164 білім бағдарламаларының (ББ) 1,2 – курстары үшін пәндердің оқу жұмыс бағдарламаларын (силлабустар) дайындау. Орта және жоғары кәсіптік білім алатын студенттер үшін жаңа ББ бойынша қашықтықтан оқыту технологиялаларын, сонымен қатар қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша on-line оқытуының жаңа бағдарламалық модульді, оқу үдерістерін автоматтандыру және университетті басқарудың екі модулін (жатақхана модулі, жұмысқа орналастыру модулін) жасау және енгізу.

7. Университетте әзірленетін білім бағдарламаларын және стейкхолдерлер талаптарын үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының (10 адам қатысуы) Ұлттық біліктілік жүйесін жетілдіру үдерісіне университет ПОҚ-тың қатысуын жандандыру.

8. Профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерден 180 адамның біліктілігін жоғарылатуын қамтамасыз ету қажет. Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін оқыту іс-шараларына 1200 тыңдаушыны (қызметкерлер, оқытушылар, студенттер) тарту және латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін оқыту бойынша 3 әдістемелік әзірлемені дайындау.

9. Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет қорымен қамтамасыз ету мақсатында қазақ тілдеріндегі басылымдарды 7630 данаға, орыс тілдеріндегі басылымдарды 1150

50

данаға және шет тілдеріндегі басылымдарды 1220 данаға толықтыру қажет. Университеттің «Электрондық ресурстар» қорын 30000 аталымға толықтыру, соның ішінде ПОҚ еңбектерінен құралатын репозиториінің көрсеткіштерін 2500 аталымға жеткізу.

10. Сыртқы қаржы көздері мен грант есебінен қаржыландырылатын ғылыми зерттеу жұмыстарының қаржыландыру көлемін 17 млн. теңгеден кем болмауын қамтамасыз ету қажет. ҚР БжҒМ және басқа да ұйымдар мен қорлардың ұйымдастыруымен өткізілетін ҒЗЖ бойынша гранттар мен сыйақы ұсынылатын байқауларға ғалымдардың 60 жобаларын қатыстыру, сонымен қатар ҚР БҒМ "ЖОО үздік оқытушысы" конкурсына ғалымдардың қатысуын 10-нан кем болмауын ұйымдастыру және еліміздің ЖОО студенттерінің республикалық ғылыми-зерттеу байқауларына 75 студенттің қатысуын қамтамасыз ету.

11. Шетелдік басылымдарда кемінде 140 мақала, оның ішінде 15 алыс шетел басылымдарында және Scopus пен Web of science базасына кіретін журналдарда жариялау, ҚР қорғау құжаттарының 25 данасын алуға қол жеткізу.

12. Университеттің имиджін жоғарылату үшін аймақтық және республикалық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде 65 ғылыми, қоғамдық және мәдени ақпараттық материалдар жариялау.

13. DIRECTUM RX Qazaq жүйесінің базасында электрондық құжат айналымын енгізу процесін 2019 жылдың соңына дейін аяқтау, сонымен қатар, бітірушілердің жұмысқа орналасуын есепке алуды автоматтандыру, олардың мансаптық өсуін қадағалау және т.б. мақсатында Платонус ААЖ "жұмысқа орналастыру" қосымша модулін сатып алу, орнату және пайдалануға енгізу.

14. Танымал әлеуметтік желілердегі әртүрлі қоғамдық-саяси оқиғаларға белсенді түрде түсініктеме (комментарий) беріп, сауатты пікір қалдыра алатын блогерлер тобын құрып, оның нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

15. Әлеуметтік деңгейі төмен және көпбалалы отабасылардан шыққан студенттердің сапалы білім алуына қолжетімді жағдайлар жасау, материалдық-моральдық қолдау тетіктерін жетілдіру.

РЕКТОР М. САРЫБЕКОВ

51