16 желтоқсан – Тәуелсіздік...

8
№50 (1564) 14/12/2018 ж. www.serpyn.kz [email protected] www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpress www.facebook.com serpyn.kz/. Аудандық қоғамдық - саяси газет Жыл сайын халқымыз 16 желтоқсанда еліміздің басты мерекесі – тәуелсіздік күнін сал- танатты түрде атап өтеді. бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркін- дік сыйлаған ұлы күн. Қазақстандықтар алмағайып заманның өтпелі кезеңінің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнада өз орнын ойып алды. еліміздің осындай биіктерді бағындыруына көпұлтты халқымыз сүбелі үлес қосып келеді. ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақ қастерлі де қадірлі болып қала бермек. тәуелсіздікті жақындатқан желтоқсан жастарының бірлескен үні еркіндіктің лебін әкеліп, егемендік алатын күнге бастау болып еді. ұлттық намыс, ата-баба аманатына деген адалдық танытқан олардың есімдері жадымызда мәңгі сақталып қаларына сөз жоқ. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын. баршаңызға бақыт, байлық, тыныштық тілеймін. еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін! Ізгі тілекпен, аудан әкімі Альберт есАлиев Қымбатты шыңғырлаулықтар! Азат боп атқан ақ таңым! Азаматтығың арлы шың, Әрқайсың атпал нармысың, Қабырғалы елім, қазағым, Аман да түгел бармысың. Балаңыз келді алдыңа, Бойына жиған нар күшін, Жырымды төгіп баршаңа, Алайын елдің алғысын. Тәуелсіздігің баянды, Атырды арай таңды шын. Қазағым, жаса мәңгілік, Елдіктің жасап Жарғысын. Алладан болсын амандық, Шыңғырлау жұрты армысың! Шырайлы мекен – Шыңғырлау, Шуағын төккен бақ таңым. Өн бойың «Жеті керемет», Сұлулығыңды сақтадың. Торыатбас тауы – биігім, Таусылмас мәңгі дастаным. «Шоқайтерегім» – қарт жүрек, Туымды сенен саптадым. Сарқырамам – сәнді көл, Зәм-зәм суыңнан татқаным. «Қыземшек» дала төсінде, Қос анар болып жатқаның. Ақ Елек – шалқар айдыным, Нәр алған сенен бақтарым. Тарихым тұнған «Аққұмым», Тарихты сенен жаттадым. «Қонақай» көлім – көзмоншақ, Құраққа толы қапталың. Шежіре-бесік Шыңғырлау, Асан бабам секілді, Жер бетін шарлап кетсем де, Жерұйық сендей таппадым! Шүкірлік, Алла берді ғой, Осынау ғажап күніңді. Тамылжып барып таң атқан, Мамырлап барып кеш батқан, Егемен, еркін ғұмырды. Келешекке көш бастар, Нұрсұлтандай ұлыңды. Рухани жаңғыру, Рухыңды берік, мән қылу, Болмысыңа тән бұрынғы, Жаңару қайта бүгінгі. Өзгелер қайдан ұғынсын, Халықтық салтың, ырымды. Тәрбиең болған жұғымды, Нақылың болған ұғымды. Қазақы тілің қақ жарған, Әділдік деген «қылыңды». Әнің мен жырың, қолөнер, Ұмытпа енді мұныңды. Шежіреңді қайта бір шертіп, Ұрпағымен қауыштыр, Тарихыңдағы ұлыңды. Тарихың таса қалмасын, Кешпейді ұрпақ мұныңды. Рухани жаңғырып, Таразылап бір қойғайсың, Қазағым қазақтығыңды! Азат боп атса ақ таңым, Айтатын бұл да мақтаным. Жұртымыз аман, ел тыныш, Алашты Алла сақтағын! Өзгелер ұғып жатқандай, Елімде мәңгі бақ барын. Осының бәрін бар қылған, Тәуелсіздігім – тәтті әнім! Осындай елім өрге асқан, Намысты ұлы – алдаспан. Өнерлі қызы, ибалы, Аспанда құсқа ән қосқан. Тарихы терең, шежіре, Таныған жанға мол дастан. Тәуелсіздігім – құжатым, Тәңірі өзі мөр басқан! Қаршыға елеМесов Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында елімізде түрлі деңгейде жұмыстар атқарылғаны жалпақ жұртқа белгілі. Соның ішінде қолы ашық жер- лестеріміз жомарттық танытып, туған елінің дамуына, көркеюіне материалдық, рухани тұрғыдан зор үлес қосқаны бір төбе дер едік. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген ата- лы сөзге сүйенсек, елдің ертеңін ойлаған азаматтар мен азамат- шалардың ауызға алып, айта жүрер игі істері аз емес. Осы кезге дейін жомарт жандардың араласуымен өлкемізде тарихи- рухани маңызы зор ескерткіш- тер орнатылып, ауыл атаулары жазылған маңдайшалар жаңар- тылып, елдің игілігіне көпір тұр- ғызылды, балдырғандарға ар- налған спорттық алаңдар, хоккей қораптары салынып, пайдалануға берілді. Мұндай игі бастамалар әрі қарай жалғасын тауып, ұлағатты істер ұрпаққа ұласып жатқаны жан сүйсіндіреді. Ауданымызға қарасты Ақтау ауылының тұрғы- ны жиырма жасар Аманер есім- ді жас жігіттің Қазақстан Рес- публикасы Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында өзінің туған ауылына жасаған тар- туы көпшілікті қуанышқа бөлегені ақиқат. Жас та болса талай іске бас болып жүрген Аманер Бауыржанұлы Мұхамбета- лиев 550-ге жуық тұрғыны бар шағын ауыл орталығына өзінің жеке қаражаты есебінен «Менің жүрегім – АҚТАУ» жазуын ор- натты. «Еліміздің түкпір-түкпірінде осындай мәтінде жазуы бар тақ- тайшалар орнатылып, сәнге ай- налғанын көріп жүрміз ғой. Енді, міне, біздің ауылда да осындай әсем дүниенің орнатылғандығы- на бек қуаныштымыз. Бұл да өз перзенттеріміздің туған жерге деген сүйіспеншілігі мен махаб- батының дәлелі болса керек. Жалынды жастардың жағымды істері қоғам тарапынан қашан да қолдауға ие болады», – деген пікірде ауыл тұрғындары. Расында, жақсылықтың үлкен- кішісі жоқ. Ұлтыңа ұлтарақтай пайдаң тисе де ұлықтауға тұ- рарлық. Ал біз Аманердей ақыл- ды азаматтардың қатары көбе- йіп, жақсы істер жалғасын таба береді деген ойдамыз. Анар сАғи Жомарт жігіттің тартуы 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!

Upload: others

Post on 25-Sep-2019

19 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!serpyn.kz/wp-content/uploads/2018/12/serpin_50.pdf · рарлық. Ал біз Аманердей ақыл-ды азаматтардың

№50 (1564) 14/12/2018 ж.

[email protected]

www.facebook.com/zhaikpresstwitter.com/zhaikpresswww.instagram.com/zhaikpress www.facebook.com serpyn.kz/.

Аудандық қоғамдық - саяси газет

Жыл сайын халқымыз 16 желтоқсанда еліміздің басты мерекесі – тәуелсіздік күнін сал-танатты түрде атап өтеді. бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркін-дік сыйлаған ұлы күн.

Қазақстандықтар алмағайып заманның өтпелі кезеңінің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнада өз орнын ойып алды. еліміздің осындай биіктерді бағындыруына көпұлтты халқымыз сүбелі үлес қосып келеді. ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақ қастерлі де қадірлі болып қала бермек.

тәуелсіздікті жақындатқан желтоқсан жастарының бірлескен үні еркіндіктің лебін әкеліп, егемендік алатын күнге бастау болып еді. ұлттық намыс, ата-баба аманатына деген адалдық танытқан олардың есімдері жадымызда мәңгі сақталып қаларына сөз жоқ.

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын. баршаңызға бақыт, байлық, тыныштық тілеймін.

еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

Ізгі тілекпен, аудан әкімі Альберт есАлиев

Қымбатты шыңғырлаулықтар!

Азат боп атқан ақ таңым!Азаматтығың арлы шың,Әрқайсың атпал нармысың,Қабырғалы елім, қазағым, Аман да түгел бармысың.Балаңыз келді алдыңа,Бойына жиған нар күшін,Жырымды төгіп баршаңа,Алайын елдің алғысын.Тәуелсіздігің баянды,Атырды арай таңды шын.Қазағым, жаса мәңгілік,Елдіктің жасап Жарғысын.Алладан болсын амандық,Шыңғырлау жұрты армысың!

Шырайлы мекен – Шыңғырлау,Шуағын төккен бақ таңым.Өн бойың «Жеті керемет»,Сұлулығыңды сақтадың.Торыатбас тауы – биігім,Таусылмас мәңгі дастаным.«Шоқайтерегім» – қарт жүрек,Туымды сенен саптадым.Сарқырамам – сәнді көл,Зәм-зәм суыңнан татқаным.«Қыземшек» дала төсінде,Қос анар болып жатқаның.Ақ Елек – шалқар айдыным,Нәр алған сенен бақтарым.Тарихым тұнған «Аққұмым»,Тарихты сенен жаттадым.«Қонақай» көлім – көзмоншақ,Құраққа толы қапталың.Шежіре-бесік Шыңғырлау,Асан бабам секілді, Жер бетін шарлап кетсем де,Жерұйық сендей таппадым!

Шүкірлік, Алла берді ғой,Осынау ғажап күніңді.Тамылжып барып таң атқан,Мамырлап барып кеш батқан,Егемен, еркін ғұмырды.Келешекке көш бастар,Нұрсұлтандай ұлыңды.Рухани жаңғыру,Рухыңды берік, мән қылу,Болмысыңа тән бұрынғы,Жаңару қайта бүгінгі.Өзгелер қайдан ұғынсын,Халықтық салтың, ырымды.Тәрбиең болған жұғымды,Нақылың болған ұғымды.Қазақы тілің қақ жарған,Әділдік деген «қылыңды».Әнің мен жырың, қолөнер,Ұмытпа енді мұныңды.Шежіреңді қайта бір шертіп,Ұрпағымен қауыштыр,Тарихыңдағы ұлыңды.Тарихың таса қалмасын,Кешпейді ұрпақ мұныңды.Рухани жаңғырып,Таразылап бір қойғайсың,Қазағым қазақтығыңды!

Азат боп атса ақ таңым,Айтатын бұл да мақтаным.Жұртымыз аман, ел тыныш,Алашты Алла сақтағын!Өзгелер ұғып жатқандай,Елімде мәңгі бақ барын.Осының бәрін бар қылған,Тәуелсіздігім – тәтті әнім!

Осындай елім өрге асқан,Намысты ұлы – алдаспан.Өнерлі қызы, ибалы,Аспанда құсқа ән қосқан.Тарихы терең, шежіре,Таныған жанға мол дастан.Тәуелсіздігім – құжатым,Тәңірі өзі мөр басқан!

Қаршыға елеМесов

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында елімізде түрлі деңгейде жұмыстар атқарылғаны жалпақ жұртқа белгілі.

Соның ішінде қолы ашық жер-лестеріміз жомарттық танытып, туған елінің дамуына, көркеюіне материалдық, рухани тұрғыдан зор үлес қосқаны бір төбе дер едік. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген ата-лы сөзге сүйенсек, елдің ертеңін ойлаған азаматтар мен азамат-шалардың ауызға алып, айта жүрер игі істері аз емес. Осы кезге дейін жомарт жандардың араласуымен өлкемізде тарихи-рухани маңызы зор ескерткіш-тер орнатылып, ауыл атаулары жазылған маңдайшалар жаңар-тылып, елдің игілігіне көпір тұр-ғызылды, балдырғандарға ар-налған спорттық алаңдар, хоккей қораптары салынып, пайдалануға

берілді. Мұндай игі бастамалар әрі қарай жалғасын тауып, ұлағатты істер ұрпаққа ұласып жатқаны жан сүйсіндіреді. Ауданымызға қарасты Ақтау ауылының тұрғы-ны жиырма жасар Аманер есім-ді жас жігіттің Қазақстан Рес- публикасы Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында өзінің туған ауылына жасаған тар-туы көпшілікті қуанышқа бөлегені ақиқат. Жас та болса талай іске бас болып жүрген Аманер Бауыржанұлы Мұхамбета-

лиев 550-ге жуық тұрғыны бар шағын ауыл орталығына өзінің жеке қаражаты есебінен «Менің жүрегім – АҚТАУ» жазуын ор-натты.

«Еліміздің түкпір-түкпірінде осындай мәтінде жазуы бар тақ-тайшалар орнатылып, сәнге ай-налғанын көріп жүрміз ғой. Енді, міне, біздің ауылда да осындай әсем дүниенің орнатылғандығы-на бек қуаныштымыз. Бұл да өз перзенттеріміздің туған жерге деген сүйіспеншілігі мен махаб-

батының дәлелі болса керек. Жалынды жастардың жағымды істері қоғам тарапынан қашан да қолдауға ие болады», – деген пікірде ауыл тұрғындары.

Расында, жақсылықтың үлкен-кішісі жоқ. Ұлтыңа ұлтарақтай пайдаң тисе де ұлықтауға тұ-рарлық. Ал біз Аманердей ақыл-ды азаматтардың қатары көбе-йіп, жақсы істер жалғасын таба береді деген ойдамыз.

Анар сАғи

Жомарт жігіттің тартуы

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!

Page 2: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!serpyn.kz/wp-content/uploads/2018/12/serpin_50.pdf · рарлық. Ал біз Аманердей ақыл-ды азаматтардың

2 БҰҚАРА“Серпін”

№50 (1564) 14/12/2018 ж.

Аудан орталығындағы нысандар мен ескерткіш мүсіндер жерімізге ерекше рең береді. Соның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған іргелі істерге қонақтардың көңілдері тоғайып, аудан орталығына сән беріп, мәні мен мағынасы жағынан қомақты екендігіне мақтау айтты. Экономикалық, саяси-әлеуметтік жағынан жетілген ауданның рухани байлығына да үлкен мән берілгені ескерілді. Оның дәлелі ретінде соңғы кездегі аудандағы жағымды жаңалықтарды айтуға болады. Елін сүю, Отансүйгіштік – өткенді құрметтеу, естеліктерді жинақтап, кейінгі ұрпаққа табыс-таудан басталмақ. Ата-бабалар жүріп өткен жолды білу, амана-тын орындау, барды қадірлеп, ұқсату – баршаға міндет. Конференцияға келген барлық қатысушылардың ой-пікірлері осы бағытта басталып, олардың жинақтаған ғылыми ізденістері бір жерге тоғысқандай болды. Мінберге шығып, сөз сөйлеген баяндамашылар Асан қайғы ба-бамыз туралы тың деректерді берді. Ауданымызға қатысты жаңа мағлұмат пен мазмұнды жазбаларды алға тартты.

Ғасырлардан тамыр тартқан та-рихымыз – ұлттық ұғымымыз бен халықтық дүниетанымымыздың діңгегі. Сондықтан тарихқа өзек болатын әрбір дерек, әр мағлұмат – рухани әлеміміз үшін қымбат құндылық. Аталмыш аймақтық ғылыми-практикалық конференцияда осынау құнды мағлұматтарды тағы бір мәрте са-ралап, зерделеп, тың деректердің көзін ашып, оны жұртшылыққа ұсынған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекет-тік университетінің доценті, тарих ғылымдарының канди-

даты Ж.Жақсығалиев, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғылыми бөлім басшысы, фи-лология ғылымдарының до-кторы, профессор М.Сабыр, М.Өтемісов атындағы Ба-тыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, гуманитарлық білім магист-рі Г.Жалекенова, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мем-лекеттік университетінің доцен-ті, филология ғылымдарының кандидаты А.Ниязғалиева, Қазақстан Республикасы Пре-зиденті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары, тілші-ғалым Б.Жексенғалиев, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженеринг университеті қазақ филологиясы кафедрасының доценті, фило-логия ғылымдарының кандида-ты А.Жеткізгенова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер»

кафедрасының меңгерушісі, фи-лософия ғылымдарының канди-даты Ү.Сәрсембин, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мем-лекеттік университетінің аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі А.Ешниязова өз зерттеу жұмыстарымен бөлісті.

Конференцияда Асан қайғы бабамыздың ХІҮ ғасырда өмір кешіп, Алтын Орда тұсында қазақтың данышпан, ақылгөй жы-рауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уалиханов жазбаларын-да көрсеткендей, ұлтымыздың қамын ойлаған, жанашыры әрі «дала философы» болғанына дәлелдер келтірілді.

Ғалымдар Асан қайғы шығармашылығының өте құнды екендігін дәлелдеп, жан-жақты талқылады. Шынайы патриотизм, елдің бірлігі, ел тыныштығы тұрғысындағы және Шыңғырлаудың жер-су атта-рына орай айтылған көрегендік сөздері, дәл келген болжамдары да назардан тыс қалған жоқ.

Шыңғырлау өңірі – шежірелі мекен, зерттеліп жинақталған

тарихының өзінен бөлек жер қойнауында әлі де белгісіз жатқан, адам қолы тимеген тұмса тарихи құндылықтар қаншама?! Аудан аумағында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу арқылы талай тың деректердің көзін ашқан ғалым-зерттеушілердің пайымдары осыған дәлел. Сонау ықылым заманнан бергі көне ескерткіш, қорымдардан бастап ғасырлар қойнауынан бүгінге дейін келіп жеткен аңыз,әдеби әфсаналар Шыңғырлау атымен тығыз байланысты. Соның бі-регейі – халық арасында көп айтылып, оның болжамдарын халқымыз өмірде пайдаланып жүрген Асан қайғы тұлғасы өте ерекше десті конференция қонақтары. Оның жер-су, тау-тасымызға дейін сипаттап, теріп айтып, баға бергендігі және осы өңірді мекен еткендігі тура-лы біршама дерек көздерімен бөлісті ғалымдар.

Аңызда айтылғандай, жел-маясымен жер кезіп, жерұйық іздеген абыздың «Ай, Шыңғырлау, жылқы өзі өскен

Асан қайғы аялдаған ШыңғырлауШыңғырлау ауданында Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және жақында ғана жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының мазмұндарында келтірілген тарихи тұлғаларымызды дәріптеу жалғасуда. Күні кеше есімі ұрпақ жадында сақталар ұлы тұлғалардың бірі – Асан қайғы бабамызға арналған «Асан қайғы аялдаған аяулы мекен – Шыңғырлау!» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, облыстық басқарма басшылары және Орал, Ақтөбе, Ақтау қалаларының ғалымдары мен ЖОО оқытушылары, көршілес аудандардан қонақтар қатысты. Конференция «Асан қайғының асыл мұрасы» атты секциялық жұмыс отырысынан бастау алып, аталмыш шарада облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов бастаған топ абыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.Түстен кейін пленарлық жиын өткізілді.

жоқ, Шыңғырлау, сен өсірдің» немесе «Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суа-рып, аунап-қунап кетейік» деген сөздері ауыздан-ауызға тарап, күні бүгінге дейін халықтың жа-дында сақталғандығына қайран қаласың! Жыр жолдарында:

Асан қайғы көшкен жер,Шыңғырлау, Торатбасы еді.Қыземшекті, Саршоқы,Осы судың қасы еді.Асан қайғы туғанның,Бөлінген жері осы еді, – деп

толғайды. Бұл жыр жолдары абыздың жерімізде болғандығын тағы бір дәлелдеп береді және ағайын-туыстан бөлініп, Жемге қарай көшкені де жырланады.

Жасыратыны жоқ, осы кезге дейін Асан қайғы бабамызды суреттегенде көз алдымызға еліміздің, жеріміздің байтақ да-ласында жүріп, қайғы-қасірет тартқан, елі үшін еңіреп, болашағына уайым айтқан жан келетін. Десек те, ғалымдардың тың деректерінен тыңдап, біл-геніміз «Асан» сөзі – адамның аты болса, ал «қай» сөзі – түркіде ежелден «саз», «әуен» деген ұғымын білдіреді екен. Сол себеп-ті Асан қайғы жаңа бір қырынан, жаңа бір кейіппен көрінгендей болды.

Дала аңызына айналған абыздың, алысты болжаған Асан қайғының ойлары ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, күні бүгінге дейін еліміздің тарихында өз орнын тауып отырғаны баршаға аян. Осындайда жазу-сызу білмей-тін, сонда да ауыз әдебиетінің арқасында осындай құнды деректердің біздің ғасырға дейін келіп жеткеніне қайран қаласың! Халқымыздың ұлылығына тағы бір таңданып, бас иесің! Біз – төрткүл дүниеге танымал түркі әлемінің бүгінгі ұрпағымыз, ес-кіден тараған тарихтың негізі де біздің ұлы даламызда.Де-мек, өткенін бағалап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас ететін, ескі мен жаңаны қауыштырып, пайдасына жарататын халқымыздың мерейі қашанда биік.

Білікті, білімді, ізденімпаз әрі еңбекқор Шыңғырлау халқы үшін Асан қайғы ескерткішінің ашылуы, абызды ұлықтаған ғылыми-конференцияның озды-рылуы – үлкен абырой. Шежірелі Шыңғырлау тарихына әлі та-лай дүниелер қосылары анық! Шараға қатысқандар бұл күні жүректерін, жандарын тағы бір рухани байытты. Конференцияда ғасырлар қойнауынан желмаясы-мен қалқып шығып, Асан қайғы бабамыз Шыңғырлаудан өтіп бара жатқандай әсер қалды.

Айсұлу АрыстАновА

Page 3: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!serpyn.kz/wp-content/uploads/2018/12/serpin_50.pdf · рарлық. Ал біз Аманердей ақыл-ды азаматтардың

ТЕК – ТҰҒЫР 3“Серпін”№50 (1564) 14/12/2018 ж.

1986 жыл. 16 желтоқсан. 5-курс оқып жүрген сту-денттер үшін қысқы

сессияға санаулы күндер қалды. Тағы да кітап беттерін парақтау, бұрынғы лекциялар-ды пысықтау. Қайткенде де ин-ститут қабырғасындағы соңғы сессиядан сүрінбей өтіп, дип-лом алдындағы соңғы мемле-кеттік сынаққа дайындалу бар ойымызды алып кеткен. Кеш-ке таман жатақхана дәлізінде студенттердің тарсыл-гүрсіл жү- рістері жиілеп кетті. «Не бол-ды?» деген сұрақтарымызға мардымды жауап ала алмадық. Ашып айтып, түсіндіріп жатқан ешкім жоқ, әйтеуір Д.Қонаевты жұмысынан босатып, орнына басқа адамды қоюына байланыс-ты жастар алаңға шығады деген әңгімені естідік. Жатақханамызға ұстаздар қауымы, жетек-шілеріміз бірінен соң бірі келіп, әр қабатта, әр дәлізде студент-

Желтоқсанның желі суық еді...

Қазақ елі Тәуелсіздігі мен ұлтарақтай жері үшін тағдырдың талай соққысын, теперішін көріп, мың өліп, мың тірілді. Иә, дана халқымыз «Баянды бақыт бағасын білетіндердің ғана басында тұрады» дейді.

Елдің бағы мен бақытын біліп, қолдап, қорғайтын кім? Күллі әлем бақ сынасып, бәсекеге түсіп жатқан заманда бұл сұрақтың кез келген адамды толғандыруы тиіс деп ойлаймын. Менің ойым-ша, елдің қорғанысы – ерінің ай-бары мен рух мықтылығында. Ал «рух» сөзін М.Шахановтан асып

жеткізе алмасым сөзсіз. Ойыма «Отырар» дастаны орала береді, сол рухының беріктігінен алты ай бойы берілмеді емес пе?

Б.Ысқақ ағамыздың «Отан – сенің ата-анаң, досың, бауырың, өлкең, ауылың» деген өлең жолдарындағы қасиетті ұғым-дарды жинақтап «ел» дейміз. Елді қорғайтын, тұтқасын ұстайтын азаматтар мен қазанаттар жайы мені де тоғандырады. Әсіресе Б.Момышұлының еңбектерін оқыған сайын «Қорғау» сөзінің салмағының ауырлығын сезі-немін. Бауыржан атамыз кезін-де «Жау-дан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Ба-лаларын бесікке бөлеп, бесік

жырын айтпаған анадан, неме-ресіне ертегі айтып бермейтін әжелерден, дәм мен дәстүрді сыйламайтын, кітап оқымайтын ұрпақтан қорқам» деп мұңайған екен. Осы жолдарды оқи оты-рып, дана халқым бүгінгідей көп мүмкіндігі болмаса да, ұрпағын нағыз ұлтжанды, ел мен жер қадірін білетін, қорғай алатын ұрпақ етіп өсірудің негізгі жо-лын – ауыз әдебиеті үлгілерінен, ән мен жырдан, өмірден ізде-ген- ау деген ойға келдім. Менің бабаларымның өрлігі мен тек-тілігі, батырлығы мен батылдығы ана әлдиімен бойға сіңіп, жыр-дастандардағы кейіпкерлер қа-сиетінен, абыз аталардың өсие-тінен дарыса керек. Десек те,

бүгінде Бауыржан ата тірі болса тағы да бір қорқынышын айтар еді деп ойлаймын. Ол – бүгінгі жастардың әскер қатарына бару-дан бас тартуының көбейіп кетуі. Себебі неде, қай жерден қателік жіберудеміз? Ұл бала өмірге кел-генде ел-жұрты еліне қорған бо-лар деп үміт артып, айдар қойып, айбарлы болсын деп тілейтіні сөзсіз. Ел тілегін қанат қылып ұшар дені сау ұрпақ өссін деген ой Елбасын да мазалайтыны ақиқат. Елбасы ұлттық болмысымыз бен салт-дәстүрді, тілі мен ділін бойына сіңіріп өскен, тәні мен жаны сау ұрпақты ғана бүгінгі жаһандық толқудан аман сақтап қаламыз деп «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұсынып, ұлттық

код, яғни халқымыздың рухани қайнарының негізін құрайтын ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлі мәдениетіміздің маңыз-дылығына басымдық танытуы да ел келешегіне алаңдаушылықтан туындаса керек.

Қорыта келе айтарым, рухы мықты, ұрпағы саналы елдің ір-гесі сөгілмейді, қорғанысы берік, етек-жеңі қымтаулы, ұлы айбар-лы, қызы қылықты болатыны белгілі. Құрмет деген әркімнің жүрегінен шығуы керек десек, елге деген құрмет болған жерде елді қорғау деген ұғым да қатар жүрері сөзсіз.

ержан тулеубАев,Алмаз оЖббМб-ның оқушысы

Ұрпағы саналы елдің іргесі сөгілмейді

машиналардың дауысы, алаңға солдаттар тиелген көліктердің ағылуы ол жердегі жағдайдың өте шиеленісті екендігін көрсеткендей еді. Үсті басы-мыз қар-қар, беті-қолымыз домбығып, тоңып-шашырап, қолымыздан келер қайран жоқ-тығына налып, салымыз суға кетіп, кеш түсе жатақханаға қайттық. Алаңнан аман шыққан студенттер де біртіндеп орала бастады. Бәрімізде бір сұрақ: «Алаңда не болды, жастарға су шашып тұрғандары рас па, алаңда жастардың қаны төгіл-ді ме?». Естіген жауаптары-мыз жанымызды түршіктірді. Қыздарды шаштарынан сүйреген солдаттардың қатыгездігі, бас-тарынан темір күректермен, дубинкалармен соққы алып, естен танып құлаған өрімдей жас жігіттердің сол күнгі бастан кешкендері кейін кітапқа жа-зылып, таспалардан көрсетілді. Күні бүгінге дейін қалың ел үшін ашылмай келген жабулы парақтардағы жантүршігерлік жәйттарға қарау жүректерде қалған жараның бетін тырнап ашқандай.

Кешке таман үшінші қабаттан «Қазақтар ешқашан жеңілмеген

халық. Қайдасыңдар, студент-тер? Ертеңнен де сол алаңнан табылайық» деген қыз баланың ұрандатқан айғайы естілді. «Бұл кім екен?» дегенімізде «өзге оқу орнының студенті, өз жатақ-ханасына кіре алмаған соң біз-дің жатақхананы сағалап келген екен» деген жауап алдық. Сол қыздың қайсарлығына әлі күнге тәнтімін. Ештеңеден тайсалмай, сол маңда әр жатақхананы сырт-тан торуылдап жүрген ішкі істер қызметкерлерінен қаймықпай, жастарды ерлікке шақырған сол қыз қайда екен бүгінде?

Сол күндері көшеде жүрген кім-кімнің де әңгімесі алаңдағы «оңбаған, спирттік ішімдіктерді ішкен қазақ жастары» туралы болатын. Дүмпу басылғанымен, оның салдары жалғасып жат-ты. Жатақханаға келіп, сол кездегі қызыл бұрышқа ішкі істер қызметкерлері алаңнан түсірілген суреттерді жайып тастап, кезегімен студенттерді шақырып, «мына суреттерде-гі танитындарың бар ма, қайда оқиды, ата-жөні кім?» деп жауапқа алды. Онымен қоймай ҰҚК ғимаратына (мекенжайын ұмытып қалыппын) кезек-ке-зек жауапқа шақыртты. Мені де

жауапқа алған орыс ұлтының азаматшасы тағы да сол ал-дыма суреттерді тастап, кімді танитындығымды, сол күні не істегенімді, қасымдағы жастардың қайсысы қайда болғандығын тәтпіштеп сұрады. Бірақ мардым-ды жауап ала алмаған соң, «кете беріңіз» деп қысқа қайырды.

Сол кездегі қазақ жастарына деген көзқарас мүлде қиын еді. Автобусқа мінсең де, дүкенге нан кезегіне тұрсаң да сені көзіне де ілмейтін, сауалыңа жауап та бермейтін, артыңда тұрған өзге ұлт өкіліне қызмет көрсетіп, соларға жауап беретұғын. Екі адам бірге жүре қалсақ ауруы-мыз бар адамдай алыстан орағы-тып өтетін.

Сол желтоқсанда алаңға қай-мықпай шығып, қазағының намы-сын жыртып, болашағына алаң-даған өр тұлғалы жастарымыздың батылдығы, қайсарлығы, нәзік қыздарымыздың ержүректілігі болмаса, сол желтоқсан күнде-ріндегі тәуелсіздікке жол салған соны жел болмаса, бүгінгі еге-мендігімізге қол жеткізер ме едік, Тәуелсіз еліміздің көк бай-рағы көгімізде желбірер ме еді деген сұрақ күні бүгінге дейін әр қазақтың жүрегінде екеніне

күмәнсізбін. Шешуші кезеңде ата-бабаларының намысы қанмен берілген қаһарман ха-лықтың ұрпағы екенін дүние жүзіне паш еткен, сол кезде-гі кеңестік жүйедегі өзге рес-публикалардың ұйқыдан оянуы-на бастау болған желтоқсандық жастардың алдында әрдайым бас иемін. Бір-бір ошақтың түті-нін түтетіп, ұрпақ өрбітіп оты-ратын қаншама ұл-қыздардың өмірден кеткені әлі де ашыл-маған ақтаңдақтардың бірі екені даусыз. Қаншама жас қыздар мен ұлдар алған ауыр жарақат-тары мен соққылардың салдары-нан ұрпақ өрбіте алмады. Әйтсе де бұл құрбандық текке кетпеді. Тәуелсіздігімізді қанымен, жа- нымен алып келген желтоқ-сандықтардың ерліктері арқа-сында Қазақстанды бүгінде әлем біледі. Алдымен қайсар, намысшыл, өжет ұрпақ өсірген ел ретінде өзімізді таныта біл- геніміз көңілді бірлейді, хал- қымыз үшін мақтаныш сезімі кеудемізді кернейді. Мұның бәрі сол желтоқсанның суық желі соққан күннен бастау алған еді!

Гүлшат ибрАГиМҚызы

терді қатаң бақылауға алды. Әсіресе соңғы курсты бітіргелі тұрған студенттерге өлердегі сөздерін айтып: «Санаулы уа-қыттан соң қолдарыңа диплом алғалы тұрсыңдар, арандап қал-маңдар, алаңға бармаңдаршы, айналайындар, босқа бес жылғы еңбектерің еш кетеді», – деп еңі-регенде етектері жасқа толып еді. Қайран ұстаздар жастар қателікке ұрынбаса екен, алдағы өмірлеріне кері әсері тимесе екен деп жандары ашыған екен ғой.

Курстастарымыздың қайткен- де де ретін тауып жатақханадан қашып шығып, алаңнан табыл-ғаны, бөлмелес қыздармен қа-шып-пысып алаңға жеткеніміз-бен кейін лықсыған толқыннан құлап-сүрініп кері шегінгеніміз, орталық стадионды жаяу ай-налып, Сәтбаев көшесіне шыға алмағанымыз күні бүгінгідей көз алдымда. Алаңда қоршауда қалғандар бері сытылып шыға алмай, сыртта тұрғандар алаң-дағыларға жете алмай жанда-рын қу шүберекке түйіп, алыс-тан талып естілген дыбысқа құлақтарын тосып, жан дүниесі езіліп, жүрегі «қазақ» деп соққандардың аласұрған сәттері болатын. Сол маңдағы

Page 4: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!serpyn.kz/wp-content/uploads/2018/12/serpin_50.pdf · рарлық. Ал біз Аманердей ақыл-ды азаматтардың

4 ФЕСТИВАЛЬ“Серпін”

№50 (1564) 14/12/2018 ж.

«ӨРІМТАЛДЫҢ»Батыс Қазақстан облысында тұңғыш рет ұйымдастырылған жас тілшілер фестивалі «Өрімтал» деп аталды. Қазан айында «Жайық Пресс» медиахолдингінің шығармашылық тобы «Туған жер» этно-мәдени жобасымен 12 ауданды аралап, жарқын жүздесулер ұйымдастырғаны белгілі. Аудандарға іссапар барысында 7-11 сынып оқушылары «Ғажайып өлке» тақырыбында шығарма жазудан байқауға қатысып, әр аудан бойынша үздік деп танылған үшеуіне жас тілшілердің облыстық «Өрімтал» фестиваліне жолдама берілген болатын. 5-8 желтоқсан күндері Орал қаласында аталмыш фестиваль жарқырап өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басым бағыттар мен міндеттерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған этно-мәдени шаралар кешені аясында облыстағы барлық 12 аудан мен Орал қаласында «Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестивалінің іріктеу кезеңдері – «Ғажайып өлке» атты облыстық шығармалар байқауы ұйымдастырылып, онда облыс көлемінде болашақта тілші атанғысы келетін 1000-ға жуық талапкерлер өз бақтарын сынаған еді.

Міне, осы 1000-ға жуық талапкердің арасынан 41 жеңімпаз анықталып, олар Батыс Қазақстан облысында тұңғыш рет өткізіліп отырған «Өрімтал» жас тілшілер фес-тиваліне жолдама иегерлері атанды.

Үш күнге созылған шараның алғашқы күні медиахолдингтің баспасөз орталығында серіктестіктің Бас директоры Ра-

уан Сәбитұлының қатысуымен өткен брифингте фестивальдің салтанатты түрде тұсауы кесіліп, оған қатысушылар бас директормен емен-жарқын әңгіме құрып, көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарға жауаптар алды. Содан соң Батыс өңіріндегі ірі медиахол-динг саналатын «Жайық Пресс» серіктестігінің тыныс-тіршілігі-мен танысты. Оған қарасты «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің қайнаған өміріне куә болып, баспасөз орталығы және баспахананың газет-жур-нал, кітап басу ісіне қанықты.

Сонау Асан қайғы, Қазтуған, Доспанбеттерден жалғасқан дәстүрді жалғастыра оты-рып, еліміздің рухани, мәдени өміріне өз үлестерін қосатын жас қалам иелерін тәрбиелеуді нысана етіп отырған аймақ үшін аталған байқауға балдырған үндерін қосып, асқақ армандарын ту еткен, үміттерін үкілеген жас жеткіншектердің арасында ұйымдастырылған облыстық

жас тілшілер фестивалінің ауқымы өте кең болды. Оны фестивальдің тығыз бағдарламасы мен жұмыс жоспарынан-ақ көруге болады. Мәселен, облыстық «Ақжайық» телеарнасында қонақта болып, ондағы қызу еңбектен сыр тартқан жас тілшілер топ-топқа бөлініп, өздері де түрлі бағдарламалар дайындау жұмысына атсалысты. Осы арнаның тікелей эфирінде өтетін «Күншуақ» сазды-танымдық бағдарламасында 2 рет қонақ болып та үлгерді. Сондай-ақ қаладағы физика-математика бағытындағы На-зарбаев Зияткерлік мектебінде қонақта болған қатысушылар өз таңданыстарын жасыра алмады. Онда білім алып жатқан оқушылармен ди-дарласып, «Жас тілші» клубының жұмысына ерекше қызығушылық танытқан оларға мектептегі санаулы сағаттар естен кетпейтін ерекше қуаныш сыйлады.

Page 5: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!serpyn.kz/wp-content/uploads/2018/12/serpin_50.pdf · рарлық. Ал біз Аманердей ақыл-ды азаматтардың

ФЕСТИВАЛЬ 5“Серпін”№50 (1564) 14/12/2018 ж.

ӨНЕГЕСІ МОЛ

Зияткерлік мектеп дирек-торы Тимур Нұркешов жас тілшілерге сұқбат беріп, оларды тұңғыш рет өткізіліп отырған фестивальдің қатысушысы атанғандарымен құттықтады. Сол секілді Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы, Оқушылар және Жастар сарайындағы кездесулер қатысушылар үшін өте қызықты сәттер болғандығын да ерекше атап өткен жөн.

Облыстық жас тілшілер фестивалі оларға газет-журнал, телеарна, болашақ тілшілерді оқыту жұмыстарымен кеңінен таныстырып қана қоймай, оқушылар мен олардың же-текшілеріне мәдени-рухани

демалыс сыйлады. Болашақ жас тілшілер бос уақыттарында Орал қаласының көрікті жер-леріне саяхат жасап, қаланың әсем де көрікті көшелеріне тамсана қарап, сүйсіне суретке түсіп жатты. Жүрек түкпірінде жатқан армантауларына бет-теген жастар ел тарихы мен шежіресін бойларына сіңіріп өсіру мақсатында облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық музейлерінде бо-лып, ондағы құнды жәдігерлерді де тамашалауға мүмкіндік алды.

Тағы бір ерекше атап өтерлігі – Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері фести-валь қатысушыларына арнап арнайы дайындаған «Ауылдың иті – Ақбай» қойылымы қатысушыларға естен кетпейтін күн тарту еткен ерекше тосын сый болды. Аталған қойылымды тек оқушылар ғана емес, олардың жетекшілері де қызыға тамашалап, ыстық ықыласпен қабылдады.

Фестиваль барысында елімізге және өңірімізге та-нымал журналистер мен қоғам қайраткерлерінің шеберлік сыныптары мен дәрістері де жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мәселен, алғашқы күні жүлдегерлер Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, таны-мал тележурналист Мұнайдар Балмолда ағаларымен кездесіп, журналистиканың қыр-сыры туралы әңгіме өрбітсе, ертеңіне сол күні ғана Елбасымыздың Жарлығымен еліміздің әдебиет және өнер саласындағы ең жоғарғы марапат – Мемлекет-тік сыйлықтың иегері атанған Ақұштап Бақтыгереевамен кездесіп, сұқбаттасу бақытына ие болды. Ақын апамыздың дәрісінен кейін кезекке тұрып, қолтаңбасын алуға таласқан жас қалам иелерінің қуаныштары бал-бұл жанған жүздерінен көрініп тұрды.

Үш күн бойы жас өркендердің қанаттарын қатайтып, естен

кетпес ерекше сәттер мен думанға толы қызықтарды сыйлаған тұңғыш рет ұйымдастырылған жас тілшілер фестивалі Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында қорытындыланды.

– Облыстық жас тілшілер фес-тивалін ұйымдастырудағы басты мақсат – жас жеткіншектердің бойындағы туған ел мен жерге деген сүйіспеншілікті артты-рып, патриоттық сезімдерін жанып қана қоймай, Исатай мен Махамбет тұлпарларының тұяғы дүбірлеткен Батыс Қазақстан облысынан шыққан аңыз Хамза Есенжанов, арыстан жүректі Жұбан Молдағалиев, абыз Қадыр Мырза Әлі, ғалым Қажым Жұмалиев, «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайтынын» мәңгілікке жазып кеткен Қайрат Жұмағалиев, «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атанған поэзия па-дишасы Ақұштап Бақтыгереева секілді ұлылардың ізін басқан жас өркен тілшілерді халыққа таныту, көрінбей, көміліп жатқан алтынның сынығын тауып, бұлақтың көзін ашу, елге жарқыратып көрсету, қабілет-қарымына сәйкес жол сілтеу бо-латын. «Өрімтал» жас тілшілер фестивалі – «Жайық Пресс» медиахолдингінің «Туған жер» этно-мәдени жобалары ішін-дегі ең маңызды шараның бірі, – деп атап өтті фестивальдің қорытынды кешінде алғаш бо-лып сөз алған серіктестіктің Бас

директоры Рауан Сәбитұлы.Ал қоғам қайраткері Ақұштап

Бақтыгереева болса:– «Өрімтал» облыстық жас

тілшілер фестивалі біздің де балалық шағымызды еске түсіріп, арманға қол созған бейкүнә кезімізді сағынтқаны рас. Облыстық деңгейде өткенімен, республикамызға та-

нымал басылымдардың арнайы жүлделерінің тағайындалғаны, үміттерін үкілеген жас өрендердің қазақ әдебиетінде, журналистикасында айрықша орын алатын тұлғалар атындағы марапаттарға ие болғаны, әрине, оларға үлкен қолдау болды. Осының өзінен бұл жобаның қоғам өміріне,

жұртшылыққа тигізетін пайдасы көп екендігін көріп отырмыз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылып отырған шара өзге де өңірлерге үлгі болса деп ойлаймын. Себебі қалам арқылы көп нәрсемен күресуге болады, – деген тілегін жасырмады.

Жас тілшілер фестивалінің қорытындысы бойынша оның жеңімпаздарына «Жұлдыз», «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан Zaman», «Қазақстан әйелдері», «Па-расат» және «Қазақ газет-тері», «Жас өркен», «Қазақ радиолары» серіктестіктеріне қарасты басылымдар мен радиолар өздерінің арнайы жүлделерін тағайындады. Осы басылымдар мен серік-тестік басшылары фести-валь жеңімпаздарына арнап Астана, Алматы қалаларынан өздерінің арнайы құттықтауларын жолдады.

Осы фестивальге Шыңғырлау ауданынан жолдама алған қатысушылар да жеңімпаз атанып, арнайы жүлделерге ие болды.

Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Ажар Шәріпқали «Парасат» журналының Баққожа Мұқай атындағы ар-найы жүлдесіне ие болса, осы мектептің 10-сынып оқушысы Толқын Абылай «Ана тілі» Ұлт газетінің Марат Қабанбаев атындағы арнайы жүлдесін иеленді. Ал Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Зерігүл Ажмұратова «Астана радиосының» жүлдесін қанжығасына байлады.

Жеңімпаздарға ар-найы жүлделерді белгілі қаламгерлер, танымал ақындар, білікті журналистер Мұнайдар Балмолда, Мира Шүйіншәлиева және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарова та-быс етті. Барлық жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен мек-теп сөмкелері, кітаптар сыйға берілді.

Осылайша өнегесі мол «Өрімтал» фестивалі болашақ жас тілшілерге қанат бітіріп, мәңгілік естерінде қалатыны анық.

нұрсұлтан МыҚтыбАЙ суреттерді түсірген темірболат

тоҚМАМбетов

Page 6: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!serpyn.kz/wp-content/uploads/2018/12/serpin_50.pdf · рарлық. Ал біз Аманердей ақыл-ды азаматтардың

6 ҚОҒАМ“Серпін”

№50 (1564) 14/12/2018 ж.

Рухани жаңғыру аясында баба-лар даналығын өскелең ұрпаққа жеткізу жер-жерде орындалу-да. Ең басты рухани жаңғыру ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, өткеннің ғибратын алу болмақ. Ғасырдан-ғасырға жет-кен ата-баба мұрасын болашаққа жеткізу. Осының бір дәлеліндей біздің ауданымызда да ауыз тол-тырып айтарлықтай шаруа бар. Оның бәрін күнделікті өмірде көзбен көріп, қуанышты сәттерді бірге бөлісіп, ауданымыздың гүлденуіне біздер де атсалысу-дамыз. Ауданымыздағы әрбір жақсы жаңалық, жаңадан ашылған нысандар, жеткен жетістіктер біз үшін үлкен абы-рой. Осы жұмыстарға ұйытқы болып, халықты біріктіріп отыр-ған аудан басшысына, осы аудан-ды көркейтуге үлес қосқан әрбір қызметкер, жұмысшыға, тіпті тал мен гүл өсірушінің де еңбегі үшін алғысымыз шексіз.

Еліміздің әр азаматы өз үлес-терін қосқанда ғана Мәңгілік елге айналатынымыз рас. Сондықтан да әрдайым өркениет көшінің ба-сында жүріп, аянбай қызмет ету парыз.

Ауданымыз жылдан-жылға көркейіп, өркендеп келеді. Өткен жылы ұстаздар қауы-мына ескертіш орнатылса,

биыл Л.Қылышев және А.Құ-нанбаев көшелері қиылысында орналасқан, заман талабына сай абаттандырылған жаңа алаңда «Жеті керемет» монументі бой түзеді. Жақында ғана жариялан- ған Елбасының «Ұлы даланның жеті қыры» мақаласындағы «Да-ла фольклорының антологиясы» және «Ұлы даланың ұлы есім-дері» айдарында айтылғандай аудан орталығында Асан қайғы

ескерткіші орын тепті. Бұның өзі жастармызға үлгі-өнеге, та-рихымызға деген құрмет. Себебі халқының болашағын ойлап қамығып, малға жайлы, елге құт мекен барын ғайыптан бол-жап білген Асан қайғы бабамыз желмаяға мініп, жерұйықты із-

дегенде біздің Шыңғырлау жері туралы «Ай, Шыңғырлау, жыл- қының өзі өскен жоқ. Шыңғыр- лау, сен өсірдің» деп үш айна-лып, Шыңғырлаудың суына қо-лын малып отырып «Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, ат суа-рып, аунап қунап кетейік» деп баға беріп кеткен құт мекен екенін балалармыз білуі тиіс, ол

ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы ке-рек.

Бұл ескерткіштің Тәуелсіз елі-міздің намысын қорғайтын, өтке-німізді қастерлеп, бүгінімізді ер-теңге жалғайтын, жас ұрпақты отан сүйгіштікке, өз елінің та-рихын білуге тәрбиелеп қана қоймай, олардың бойында жал-пы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда маңызы зор. Өскелең ұрпаққа тарихи сана мен ұлттық болмысын сіңіре оты-рып, әлемдік өркениет көшіне ілестіру аға буын өкілдерінің міндеті және парызы. Өйткені ел болашағы, ұлт болашағы жас ұрпақтың қолында екені даусыз. Мен шырайлы Шыңғырлау үшін мақтанамын!

Кітәбия АбдуғАзиевА,

зейнеткер ұстаз,Шыңғырлау ауылы

Шыңғырлауымды мақтан тұтамын!

Қыс басталысымен жол жүрген әр жолаушы, әлбетте, ең алдымен көлігінің жағдайына қарап алуы заңды құбылыс. Десек те, қандай көлікке мінсе де жол үстін қар баспады ма, боран шықпады ма деп уайымдайтыны да рас. Осы ретте көздеген жеріне жету- жетпеуі сол жолға тікелей қатысы бар мекемелердің жұмысына байланысты, тіпті тәуелді болуы да ғажап емес. Осы мәселелер жақында ортаға салынып, екшеленді.

Аудан әкімдігінде өткен тө-тенше жағдайлар жөніндегі комиссияның кезекті отыры-сына аудан әкімі Альберт Еса-лиев төрағалық етіп, күзгі-қысқы мезгілдерде орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу жоспары бойынша атқарылған жұмыстарды пысық-тады. Отырысқа облыстық жо-лаушылар көлігі және автомо- биль жолдары басқарма бас- шысының орынбасары Бауыр-жан Айтмағамбетов қатысты. Комиссия мүшелері алдында Шыңғырлау аудандық төтенше

жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Ербұлан Байзеновтың баяндамасы тыңдалды.

Бөлім басшысының есебінде айтылғандай, әлеуметтік сала ны-сандары бойынша білім бөліміне қарасты – 29, мәдениет сала-сына қарайтын – 33, денсаулық саласына тиесілі 18 автономды қазандықтар тексерілген, бәрі жұмысқа жарамды. Нысандарда өртке қарсы шаралар да алынған. Ал қыс айында жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайына тоқталсақ, оның ұзындығы 172,2 шақырымды құрады, ауылішілік жолдар 154 шақырымға жуық. Аудан орталығынан Ақшатқа дейінгі жолға «Оарий» ЖШС қарайтын болса, Шыңғырлау – Ақсай жолына «ДорРемСервис» ЖШС жауап береді екен.

Десек те, өкінішке орай, осы аталған жолдарды қыс мезігілінде әлсін-әлсін қар ба-сып, жолдар жабылып, мәселе туындайтыны жасырын емес. Осындайда өкімет тарапынан арнайы қаражат алып отырған жолға жауапты серіктестіктер-ді ешқайдан іздеп таппайсың. Хабарласқан күннің өзінде олардың техникаларын алып діттеген орындарға уақытында жетіп келуі екіталай десті ко-миссия мүшелері. Бұл кешігіп келудің ақыры боранда жолда

қалған адамдардың өміріне қауіп болатындықтан, жергілікті ауыл әкімдері және ауыл тұрғындары, «Шыңғырлаукомтехсервис» ме-кемесі жол аршу, жолаушылар-ды құтқарумен айналысуға мәжбүр болады екен. Комис-сия отырысында осы жәйт қызу талқыланып, «Оарий» серіктес-тігінің жұмысы тағы да назарға алынды. Ал «ДорРемСервис» серіктестігінен бір-екі техниканы ауылдық округке жақын жерге және күрделі жол тұстарына қою, қыс айында жылыту пункт-терін жасақтау айтылды.

Комиссияға қатысқан округ әкімдері, соның ішінде Ғаббас Қайырғалиев Алмаз ауылы-на қатынайтын жолдың сын көтермейтіндігін, сонау шалғай ауылдан шыққан көліктің көктемде балшыққа кіріп, жаз-да кедір-бұдыр жолда шашы-лып, ал қыста тазартылмаған қарға белшесінен батып, аудан орталығына келудің өзі мұң екенін айтты. Мұндай жағдайды Қарағаш ауылдық округінің әкімі Марат Телемгенов те қаперге сал-ды. Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Ерлан Айшуақов қыс бас-талса болды ауыл маңындағы жолда тұрып қалған жолаушы-ларды шығарып, жылытумен айналысатындықтарын, бұл жұмыс жылдар бойы қайталанып

келе жатқандығын тілге тиек етті.

Комиссия мүшелерінің нақ-тылауынша жылыту пункттері жолдың нағыз қиын тұстарында орналасуы және бірнешеу бо-луы тиісті. Ауылдық округтер маңында жолды қар жапқан күндері Ақсайдан техника ке-леді деп күтудің өзі қателік десті жиналғандар.

Қыс айындағы жұмыстар бары-сы кеңінен талқыланған кеңесте барлық пікірлер тыңдалып, осы жұмысты міндеттеріне алған мер-дігер Саркиз Анисян («Оарий» ЖШС) және Қанат Аймурзиннен («ДорРемСтрой» ЖШС) жұмыс-тарына жауапкершілікпен қарап, мұқият болулары талап етіліп, Шыңғырлау – Сегізсай, Тасмола, Ұрысай, №8 бригада маңындағы жолдың мәселесі талқыланды.

Комиссия жұмысын қорытын-дылаған аудан әкімі Альберт Есалиев қыс мезгілінде адам өміріне қауіп келтіретін барлық жағдайлардың алдын алу, әсіресе аяз, боранда барлық қауіпсіздік шаралары орындалуы тиіс, сонымен қатар қаржы алып, жұмысты атқаруға міндетті ЖШС жауапкершілікті ұмытпағаны жөн екенін ескертті.

Айсұлу АрыстАновА

Басты назарда – жолаушы қауіпсіздігі

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының ел болашағын айқындауда алатын орны ерекше. Аталмыш мақала аясында елімізде талай игі істер атқарылып отыр.

Тәуелсіздік –ұлы құндылық

Тәуелсіздіктің тәтті дәмін еркін тұшынып, іргелі мемлекеттілікке құлаш ұрған ұлы еліміздің бүгіні әрбір қазақстандықтың үміті мен сенімі, еңбегі мен қосқан үлесінің жемісі екені даусыз. Әрбір ел азаматы өз міндетін адал атқара жүріп, Отанымыздың орнықты қалыптасуына өз үлесін өлшеусіз қоса білді. Міне, сол ауызбірлік пен адал еңбектің арқасында әлем назарын аударған айдын-ды елге айналдық. Мемлекеттің өркениетті дамуының көрсеткіші бірнеше көрсеткіштерден: эконо- микалық бақуаттылығы, ішкі ты-ныштығы мен әлеуметтік-қоғам- дық тұрақтылығы, сонымен қа-тар, халық саулығының қалыпты-лығынан тұрады десек, еліміздің осы рейтингтердің жағымды ме-желерінде тұрғанын күнде көріп жүрміз. Бұл, тағы да атап өтсек, осы тәуелсіздігіміз бен ешқашан еңбектен шет қалмаған ұлттық болмысымыздың жетістігі дей ала-мыз.

Біз бақытты ұрпақпыз, себебі осынау бақытты – Тәуелсіздікті ағаларымыз бен апаларымыз жа-нын қия жүріп алып берді. Соны-мен қатар біз – осы Тәуелсіздік-ке, еліміздің ертеңіне жауапты буынбыз. Ел үміті, Елбасы үміті – ел жастарында. Бұл жауапкер-шілік жастарды алға тартып, білімді, ғылымды, ел басқару ісін, өнеркәсіпті дамыту, елді өркен-дету, бизнесті, саясатты еркін меңгеруге ұмтылдырады.

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Келешекті жасаушы жас-тар. Сондықтан бүгінгі елдің келбеті мен әлеуетін болашақта да өркендетуді әрбір жас өзінің туған елі алдындағы перзенттік парызы деп қабылдауы керек. Естеріңізге сала кетсем, осынау Тәуелсіздігіміздің бастауында да сол уақыттың жастары тұрған болатын. Тәу етер бақытымыз, тұғырлы туымыз – Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғау әрбір Отан азаматының, оның ішінде жастардың, бізден кейінгі барлық заман жастарының киелі міндеті болмақ. Әрісі ата-баба-лар, берісі сол еркіндік жолында өздерін құрбандық еткен ағалар мен апалардың аманаты осындай, ал аманатқа қиянат жасалмайды. Мен – Қазақстан азаматы, өз па-рызымды, азаматтық міндетімді және перзенттік борышымды осылай түсінемін.

Қазақ халқы үшінші мыңжыл-дыққа маңдайы жарқырап, азат болып енді. Құдай қазаққа қырын қарамаған, жер де берген, кен де берген. Азат елдің ажарын ашатын ер де берген. Елбасы-мыз әлемдік есеппен алғанда 17 млн. халқы бар кішкентай ғана Қазақстанды әлемнің алпауыт елдерімен терезесін тең етіп қой-ды. Бұл үлкен көрегендік, мінсіз саясаткерлік пен ұлылықтың ісі. Осынау тұста аз ғана күнде күй-реп түсіп, бүкіл мемлекеттік құ-рылымы төңкеріске ұшыраған Украина елін мысал етуге бола-ды. Тәуелсіздік оңай келмеген бо- латын, ал оны ұстап тұру одан да қиын. Сондықтан ел жастары бі-лімге үйір, елжандылыққа бейім, спортқа жақын, патриоттық сезімі жоғары болуы тиіс. Бұл – біздің адамдық келбетіміз, азаматтық бо-рышымыз және егемендік еркіміз.

Қаршыға Асуұлы

Page 7: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!serpyn.kz/wp-content/uploads/2018/12/serpin_50.pdf · рарлық. Ал біз Аманердей ақыл-ды азаматтардың

Меншік иесі:“Жайық Пресс” ЖШС

Бас директорРауан СӘБИТОВ

“Жайық Пресс” ЖШСШыңғырлау аудандық

“Серпін” қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы

Анар САДЫҚОВА

Газет ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде 2012 жылғы 19 қаңтарда тіркеліп, № 12265-Г куәлігі берілген

Мекен-жайымыз: 091200, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау селосы, И. Тайманов көшесі, 93/а.Телефондар: Редактор: 34-3-91, Жауапты хатшы: 40-0-81Бухгалтерия (факс): 33-3-29Біздің электронды поштамыз: Е-mail: [email protected]

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет “Жайық Пресс”медиахолдингінде компьютерлікәдіспен теріліп, беттелді.“Полиграфсервис” ЖШС баспаханасында басылды.Орал қаласы, Л. Толстой көшесі, 27/6.

Газет аптасына 1 рет шығады.Көлемі 2 баспа табақ.Тапсырыс: 50.Таралымы: 1700 дана.

хАБАР-ОШАР 7“Серпін”№50 (1564) 14/12/2018 ж.

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасыболып есептелмейді. Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты.

Шыңғырлау ауылының тұрғыны болған аяу-лы анамыз, сүйікті әжеміз Әбдиева Күләш Хайырқызын сағына еске аламыз. Арамызда жарқырап жүретін абзал жаннан айырылып калғанымызға, міне, жыл толып отыр.

Сезім шіркін көңілдерді кернеген, Қимастықтың күйін шертіп, тербеген.Жалғанның жазғанына бар ма шара,Ұмытпай ұрпақ жүрер есіне ала. Топырағыңыз торқа болып, иман байлығын

берсін, жатқан жеріңіз жұмақтың төрі болсын!

еске алушылар: ұлы-келіні Абдулбек-райса, немерелері райымбек, Жан, бекжан

Еске алу

Ас – адамның арқауы. Қаншалықты дұрыс тамақтансақ, денсаулығымыз соншалықты мықты болмақ. Біз бүгін дұрыс тамақтанудың негізгі ерекшеліктеріне тоқталғымыз келеді.

Дұрыс тамақтану – ең алды-мен диета емес екендігін ашып айтқан жөн. Артық салмақтан арылу үшін кейбір қыз-келіншек-тер түрлі диетаға бет бұрып, кей-де тіпті шыдамай бұзып жіберетін де кездер болады. Ал сіз дұрыс тамақтану арқылы әрі салмағы-ңызды азайтып, әрі ағзаға күн-делікті қажет ақуыз, май, көмір-суларды мөлшерімен тұтынуды үйренесіз. Ендеше негізгі ерекше-ліктерге және ескеретін кейбір мәселелерге тоқталып өтейік.

сонымен, дұрыс тамақтану-дың негізгі ережелері:

1. Жиі әрі аз-аздан тамақтану (әр 2,5-3 сағат сайын тамақта-ну. 1 күнге 5-6 рет тамақтану қа-жет);

2. Рационда ағуыздың, майдың және көмірсутегінің болуы;

3. 1 күн ішінде тұтынатын май-ды, ағуызды және көмірсутегін өз ағзаңыздың қалауына қарай ыңғайластыра қолдану;

4. Таза су (күніне 2 литрден жоғары мөлшерде су ішу керек);

5. Таза тамақ (жартылай фаб-рикаттардан, тез дайындалатын тағамдардан және тәттіден бас тарту);

6. Калория нормасын сақтау.

Дұрыс тамақтану ережелерін ұстана отырып, артық салмақтан қиындықсыз арылуға болады. Әсір-есе тәттіден, қуырылған тамақ-тардан мүлде бас тартқан абзал. Ал тәттісіз ағазаға қиын деп шешсеңіз, тәттіні алмастыратын көптеген

өнімдер бар, мәселен, қантты алмастыратын арнайы таблетка-ларды қолдануға болады. (Шәйді құмшекерсіз іше алмайтындар үшін). Сондай-ақ тәтті торт, бәліш, печенье, құймақ сынды өнімдерді бидай ұнынан емес, күріш, жүгері, сұлы жармасының ұнымен кало-риясы аз әрі денсаулыққа өте пай-далы етіп пісіруге болады. Ыстық тамақтарды мүмкіндігінше суға не-месе буға пісірген абзал.

Күнделікті тағамға ет, тауық еті, көкөніс пен жемістерді қажет-ті мөлшерде пайдалану денсау-лығымызды сақтауға көмектесе-ді. Адамның ойлау қабілеті барынша толық түрде жүзеге асуында минералды заттар мен микроэлементтер де көп қызмет атқарады. Адам миына оттегін эроитроциттер арқылы жеткізуге көмектесетін темір элементі етте, көкөніс пен жемістерде, әсіресе алмада көп. Ойлау қабілетінін белсенділігін арттыратын мы-рыш пен мыс – картоп, қара би-дай дәні мен түсті қырыққабатта кездеседі. Есте сақтау қабілетін арттыратын лецитин – жаңғақта, тауық жұмыртқасында сары май-да, балықтарда бар. Жүйкені нығайтатын кальций мен магний элементтері тауық етінде, йогурт пен ірімшікте, сондай-ақ бізде көп кездесе бермейтін авокадо мен манго жемістерінде кездеседі.

тамақтану сауаттылығы-ның бес негізі бар:

1) Тамақ құрамында негіз-гі қоректік заттардың болуы (ақуыз, май, көмірсу)

2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (дәрумендер мен микроэлементтер)

3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат кли-матына байланысты;

4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

5) Тамақтанудың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай бо-луы.

тамақтанудағы 10 қателік шамадан тыс салмақ жинау-ға әкелетінін ескерген жөн:

• Тамақты көп жейміз. Бізге кү-ніне 2660 килокалория қажет бол-са, көбіміз одан асырып жібереміз.

• Қашан да майлы тамақты жақсы көреміз. Әр адамға күніне 80 грамм ғана май қажет.

• Қандай тағамды ішіп-жегені-міз жөн, оны таңдап, талғай же-ген жөн.

• Әр түрлі газдалған сусын-дарды көп ішеміз.

• Өз уақытында тамақтанбай-мыз. Дастарқан үстіндегі тамақты тез ішіп, тез жейміз. Тамақтану мер- зімімен санаспаймыз. Негізінен, кү-ніне 3-4 рет тамақтанған абзал.

• Тәттіні көп жейміз. Қант, кәмпит, торт, т.б. асыра ішіп-жейіз.

• Тамақты жақсы әзірлеп, дұрыс сақтай білмейміз. Біз көбі-несе қуырған тағамды, тұзы көп асты дайындаймыз.

• Кешкілік теледидар көріп отырып тамақ ішкенді ұнатамыз.

• Тағамдардың құрамына кө- ңіл бөлмейміз. Бізге міндетті түр-де әр тамақтың құрамында қанша ағуыз, май, көмірсу, дәрумендер мөлшері бар екенін білген жөн.

• Тамақты жасқа қарай ішіп-жеуге тиістіміз. Біздің бір жаман әдетіміз 6-10 жас аралығындағы баланы көп тамақтандыруға ты-рысамыз. Егде жастағылардың аз-аздап тамақтанғаны дұрыс.Адамның денсаулығының 80% оның қалай тамақтануына байла-нысты болады. Дұрыс тамақтана білу арқылы адам өзіне қажетті заттарды алады.

Альфия МАШеновА,сӨс кабинетінің мейіргері

Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі

2019 жылдың 14-18 қаңтар аралығында Шыңғырлау ауданы бойынша аудан және ауылдық округтер

әкімдерінің аудан тұрғындарының алдындағы есептік кездесулердің кестесі

Елді мекендер

Қаңтар

14Дүйсенбі

15сейсенбі

16сәрсенбі

17бейсенбі

18жұма

19сен-бі

20жек-сенбі

Алмаз

10:00Сегізсай ауылы, мектеп

10:00Алмаз ауылы,

СМҮ

Ақбұлақ

10:00Ақбұлақ ауылы, мектеп

Ақтау10:00

Ақтау ауы-лы, СМҮ

Ардақ12:00

Ардақ ауы-лы, СМҮ

Ащысай10:00

Амангелді ауылы, СК

16:00Ащысай

ауылы, СМҮ

Ақшат12:00 Ақшат

ауылы, СМҮ

Қарағаш

14:30 Ақсуат ауылы, мектеп17:00

Қайынды ауылы, мектеп

16.00Қарағаш ауылы,

СМҮ

Шыңғырлау

9:00Жанакүш ауылы, СК

10:30Ұрысай ауылы,

СК

12:00Қызылкөл ауы-лы, кітапхана

15:30Шоқтыбай ауылы, СК

15:00Шыңғырлау

ауылы,балалар-жасөс-

пірімдер спорт

мектебі

Места расположения специальных ящиков для сбора предложении, замечании жителей района для акимов

сельских округов и акима Чингирлауского района

№ наименование сельского округа

Количество ящиков

Место расположения

1. Алмазненский сельский округ 2 Школа, аппарат акима

сельского округа

2. Акбулакский сельский округ 2 Школа, аппарат акима

сельского округа

3. Ащесайский сельский округ 2 Школа, аппарат акима

сельского округа

4. Актаусикй сельский округ 2 Школа, аппарат акима

сельского округа

5. Ардакский сельский округ 2 Школа, аппарат акима

сельского округа

6. Акшатский сельский округ 2 Школа, аппарат акима

сельского округа

7. Карагашский сельский округ 2 Школа, аппарат акима

сельского округа

8. Шынгырлауский сельский округ 3 Школа, аппарат акима

сельского округа

Page 8: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!serpyn.kz/wp-content/uploads/2018/12/serpin_50.pdf · рарлық. Ал біз Аманердей ақыл-ды азаматтардың

8 СОҢҒЫ БЕТ“Серпін”

№50 (1564) 14/12/2018 ж.

Организаторы ставили целью активизировать в дошкольных учрежде-

ниях района работу по патриоти-ческому воспитанию детей, обес-печить интерес дошкольников к творчеству патриотического направления, а также выявить творчески развитых и талант-ливых детей для дальнейшего участия в художественной само-деятельности. Конкурс был пос-вящен 27-ой годовщине Незави-симости Республики Казахстан.

В нем приняли участие воспи-танники подготовительных групп детских садов района и пред-школьных классов Чиликской и Чингирлауской средних школ в возрасте 4-6 лет, всего 33 учас-тника. Они конкурировали в трех номинациях – песня, стихотворе-ние, танец.

От имени организаторов на от-крытии выступила председатель ОО «Берёзка» Т.Кишкина, ко-торая поприветствовала воспи-танников детских садов района и поблагодарила всех руководи-телей дошкольных учреждений, школ, принявших участие в кон-курсе. А маленьким участникам пожелала творческого вдохно-вения.

Ведущая конкурса Ляйля Жул-дыбаева представила компетен-тное жюри, в составе которого оценивали таланты детей сек-ретарь районного маслихата Г.С.Волкогон, первый замести-тель председателя районного фи- лиала партии «Нур Отан» С.Е.Бай-тенова, преподаватель детской музыкальной школы Т.К.Амир-

Конкурс детского творчества

«Аспапта ойнау» номинация-сы бойынша оза шапқандардың ортасынан озық келген өреннің өнеріне тыңдармандары тәнті бо-лып, оның болашағы зор екенін де жасырмады.

Ертеңінен үміт күттірер өнерлі оқушыға «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қоры журналының сер-тификаты қоса берілді. Сертифи-кат бойынша оны алған оқушы аталған журналға ауданы және өзі, замандастары туралы мақала орналастыруға мүмкіндік алмақ. Байқауға шәкіртін дайындаған саз мектебінің мұғалімі Үміт Темірова да осы шара кезінде алғысхатпен марапатталды.

Жеңімпаз оқушы, бас жүлде ие- гері Есжан «Бақытты елдің ұр-пағы» қоғамдық қоры бас дирек- торының шақыртуымен мамыр

айында Алматы қаласында өтетін «Біз – бақытты баламыз» халықара- лық байқауына және «Алакөлдегі көңілді жаз – 19» байқау-фести-валіне қатысуға жолдама алды.

Жеңімпазға алар асуың көп болсын дейміз!

Өз тілшіміз

В соответствии с планом работы по реализации мероприятий в сфере укрепления межнационального согласия на 2018 год, в канун празднования Дня Независимости в актовом зале ясли-сада «Болашак» состоялся районный конкурс детского творчества воспитанников детских садов «Воспеваем родной Казахстан!», организатором которого стало общественное объединение «Русский национально-культурный центр «Березка» при поддержке районного отдела образования.

галиев, методист районного от-дела образования Г.Т.Абишева, руководитель фольклорной груп-пы «Елим-ай» Ж.К.Туякова.

На суд жюри и зрителей ма-ленькие участники конкурса пред-ставили конкурсную программу, в которой прозвучали 18 стихот-ворений и 10 песен о Президенте Республики Казахстан, о своей стране, о независимости, о род-ном Чингирлауском крае. Также были исполнены танцы. Воспи-татели, которые готовили детей к конкурсу, позаботились

ность органи-заторам и учас-

тникам, поздравили их с главным праздником Казахста-на и пожелали им в дальней-шем успехов в творчестве.

1-место в номинации «Стихот-ворение» заняла воспитанница предшкольного класса Актауского ОШ Жанель Алик, которая выра-зительно прочла стихотворение о независимости. В номинации «песня» лучшими стали воспи-танницы предшкольного класса Чиликской СОШ им.Л.Клышева Акбота и Нурай Танерберген, исполнившие дуэтом песню «Ка-захстан». А лучшим танцором по праву признали воспитанника ясли-сада «Болашак» Нурберге-на Сатыбалдиева, который ис-полнил танец «Батыр биі».

П р и з е р а м и конкурса стали

также Улан Бакитов (Ащесай-ская школа-сад), Элина Зубенко (ясли-сад «Балдырган»), Инжу Айдар (Полтавская школа-сад), Акжунис Улжагалиева (ясли-сад «Бобек»), Гульнур Турегалие-ва (Белогорская ОШ), Полина Губенко (ясли-сад «Болашак»), Исмана Сапиева (ясли-сад «Бо-бек»), танцевальный дуэт Жан-даулет Галым и Жания Макари-мова (Чингирлауская СОШ.)

Каждый участник конкурса по-лучил от организаторов диплом за участие и мягкую игрушку, а победители и призеры – дипло-мы соответствующих степеней и памятные призы.

Ответственные воспитатели были награждены грамотами за подготовку участников.

Конкурс завершился, оставив у всех присутствующих приятные впечатления. И надежду, что такие конкурсы, где главными действующими лицами будут до-школьники, станут традицион-ными.

татьяна буКинАна снимках: победители конкурса в номинациях

Фото е.КивА

о костюмах. И хотя порой детям не хватало мас-терства, каждый маленький кон-курсант старался выступить так,

чтобы пон-равиться зрите-

лям.Поводя итоги конкурса, все

члены жюри выразили благодар-

Үздік жастар марапатталдыЖастар - еліміздің болашағы, ертеңгі жарқын өмірімізді жалғаушы. Олар бүгінде қай салада да білімімен, ұшқыр ойымен, ізденісімен белсенді күш ретінде танылып келеді.

Жыл сайын оздырылатын дәстүрлі «Жыл үздігі – 2018» байқауында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық да-муына барынша үлес қосқан жастардың еңбегі еленді. «Жыл үздігі – 2018» байқауының қо-рытынды кешінде аудан әкімі Альберт Есалиев жастардың әр саладағы еңбектері, жетістіктері мен табыстары үшін жүректен шыққан шынайы алғысын біл-діріп, аталымның арнайы белгісін табыс етті.

Бұл күні аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орта- лығының ұйымдастыруымен бір-неше шара өтіп, оған облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бас- шысы Әбілқас Мержан және

БҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бас маманы Бақберген Абуов қаты-сып, жастарға құттықтау сөз ар-нады.

Ауданның үздік те жалынды жастарына арналған концерттік бағдарламада «Сіздер үшін» КВН командасы, «ВВatys» хип-хоп би тобы өнер көрсетіп, олармен бір-ге Әмірхан Жұбаниязов, Асқар Елеусін, Заманбек Аненовтар да тамаша өнер көрсетті. «Үздік оқу-

шы» аталымының иегері Нұргүл Байғалиеваның орындаған әсем әні көпшілікті тәнті етті. Жастар еліміздің болашағы десек, білік-ті дәрігер, үлгілі мемқызметкер, спортшы да шекарашы да бола білген ұл-қыздарымыздың ел сенімін ақтап, адал еңбек ете- ріне сенім мол. Демек, ерте- ңіне үміт артар жастарымыз көп болса, еліміз бұдан әрі көркеймек.

Айсұлу МусА

Бас жүлдегер – Есжан!

«Қуаныш бөліссең көбейеді» дегендей, жақында тағы бір шыңғырлаулық жас өрен ауданның мерейін көтерді. Нақтырақ айтсақ, Орал қаласында «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Дала сазы» байқауында аудандағы саз мектебінің оқушысы Есжан Сулейманов өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды.