102 (3159) 2014-09-11

16
˅Dzǹ ˅ǶǧǰȂ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě ÂÆÊÒÆμ 11 ĭÜÑËĠÊÆË ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +12°..+10° +6°.. +4° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü òïìóġòóĄë âáóüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì Каспийдiн арfы жаfы, бергi жаfы ˘ˣ˘೪Ͳʰ˲˘ˮ ೪˱˘ˬ˞˘˳˵೦ˮ ˵˘˶˞˘ ˧˳˪˟ ೪˯˳ˬ˘˵ˮ ˵˟˭˧˲ˢ˯ˬ ˭˘˛ˤ˳˵˲˘ˬ˧ ˢ˘ˮ˞˘ˮ˞˲˘ ˵˳˟˞˧ ʫˬ˙˘˳ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚ ˟ˬ˧˭˧ˣ˛˟ ˭˟˭ˬ˟˪˟˵˵˧˪ ˳˘˱˘˲Ͳ ˭˟ˮ ˪˟ˬ˛˟ˮ ʰ˲˘ˮ ʰ˳Ͳ ˬ˘˭ ˲˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘˳ˮ೮ ˱˲˟ˣˤ˞˟ˮ˵˧ ˈ˘˳˘ˮ ˀ˶˺˘ˮˤ˭˟ˮ ˪˟ˣ˞˟˳˵˧ ʶ˟ˣ˞˟˳˶ ˙˘˲˳ˮͲ ˞˘ ೪˘ˣ˘೪Ͳˤ˲˘ˮ ˣ˘˲˘ ೪˱˘ˬ˞˘˳˵೦ˮ ˯˞˘ˮ ഉ˲˧ ˞˘˭˵˶ ˭˟ˮ ˮ೦˘˥˵˶˞೮ ˮ˟˛˧ˣ˛˧ ˢ˯ˬ˞˘˲ ˭˟ˮ ˵˟˵˧˪˵˟˲˧ ˵˘ˬ೪ˬ˘ˮ˞ ʤ˵˘˱ ˘˥˵೪˘ˮ˞˘ ˪˯ˮ˯˭ˤ˪˘ ˮ˟˲˛˟˵ˤ˪˘ ˤˮ˹˲˘೪˲ˬ˭˞˘˲˞ ˞˘˭Ͳ ˵˶ ˘˶ˬ ˾˘˲˶˘˾ˬ೦ ˢഉˮ˟ ˪ˬ˧˪Ͳ˵˲˘ˮˣˤ˵ ˳˘ˬ˘ˬ˘˲ˮ˞˘೦ ˮ˵˭˘೪˵˘˳˵೪ ˭ഉ˳˟ˬ˟ˬ˟˲˧ ೪˯ˣ೦˘ˬ˞ ʺ˟˭ˬ˟˪˟˵ ˙˘˳˾˳ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˭˟ˮ ʰ˲˘ˮˮ೮ ˘˲˘˳ˮ˞˘೦ ೪˘˲˭Ͳ೪˘˵ˮ˘˳ ഉ˲˞˘˥˭ ˵˲˘೪˵ ˞˘Ͳ ˭˱ ˪˟ˬ˛˟ˮ˧ˮ ˢഉˮ˟ ˙˛˧ˮ˛˧ ˵˘೮˞˘ ˙ˬ ˢ˘˲˘˳˭˞ ˮ˵˭˘೪˵˘˳˵೪˵೮ ഉ˲˧ ೪˘˲˘˥ ˲˪˟ˮ˞˟˵˶˛˟ ೪˘ˢ˟˵˵˧ ഉˬ˟˶˟˵ ˙˘˲ ˟˪˟ˮ˧ˮ ˘˥˵˵ ƽǪǧǜǮ ƼƽǀnjƼǑLjƼljNJƾ: ÂÏËÒ Ċ ĭÁÈÁĭÓÜħ ÂÁĩÜÎÁ ÇÁÈÜÌĩÁÎ ÒÐÏÑÓ 2 8,13 9-12 NJǎƼǏ ǎƲdždžǁlj ǎƼLJƼDž ǂƼǍ ƼǍǎƼljƼǀƼ ɅNJLJ ǂǁǎdžƲǃǀƲ LjƲljǁdžǁDž ƽƼǍNjƼljƼȽƼ ǧʽǭǵDzǹǧǰ

Upload: -

Post on 03-Apr-2016

245 views

Category:

Documents


9 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №102 (3159) 11 қыркүйек

TRANSCRIPT

Page 1: 102 (3159) 2014-09-11

11 +12°..+10°+6°.. +4°

Каспийдiн арfы жаfы, бергi жаfы

:

2

8,13

9-12

Page 2: 102 (3159) 2014-09-11

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Apple» компаниясының басшысы Тим Кук «iPhone-6» смартфо-нын таныстырды. «iPhone-6» мен «iPhone- 6 Plus» 19 қыркүйектен бастап АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Гонконг, Австралия және Сингапур елдерінде сатылымға шығады.

Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында әлемдегі ең үлкен сауда орталығы ашылмақ. Жаңа орталықтың жалпы алаңы – 4,5 млн шаршы метр. Жоба құны – 6,8 млрд доллар.

Ғалымдар жергілікті әуежайларды шағалалар мен үйректерден қорғайтын робот құстардың жобасын ойлап тапты. 2015 жылдан бастап электронды ителгі мен бүркіт роботтарды әуежайларда пайдалану жоспарланып отыр.

Польша премьер-министрі Дональд Туск отставкаға кететіндігі жай-ында өтініш жазды. Енді президент екі аптаның ішінде парламентке жаңа үкімет басшысын ұсынуы тиіс.

Германияның солтүстігіндегі Бремен қаласында орналасқан химиялық зауытта аса қуатты жарылыс болды. Қазіргі уақытта апат орнында 300-ге жуық өрт сөндіруші мен 60 полицей жұмыс істеуде.

Елордада жыл басынан бері 113 577 тонна өнім өндірілді.

Балалар мен жасөспірімдердің орталықтан-дырылған кітапханасында «Біздің күшіміз – достық пен бірлікте» атты Ассам-блея көрмесі ашылды.

Елорда тұр-ғындары Қазіргі заманғы өнер мұражайында Астана жидашыларының «Антиквари-ант» көрмесін тамашалайды.Басталуы: 10.00

«Конгресс холл» сарай-ында танымал айтыс ақыны Қонысбай Әбілдің шығармашылық кеші өтеді.Басталуы: 19.00

(Басы 1-бетте)

Ал, Хасан Рухани өз кезегінде Иран жағы Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән беретінін атап өтті.

Тараптардың кеңейтілген құрам-дағы кездесуі кезінде Мемлекет басшысы Қазақстанның Иран Ислам Республикасын әлемдегі ғана емес, Каспий өңірі бойынша да маңызды серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев Иранның ядролық мәселесінің де шешімін табатынына және осы елдің эконо-микасының дамуына септігін ти-гізетіндігіне сенім білдірді.

Бұдан кейін мемлекет басшылары баспасөз мәслихатын өткізді. Онда

Елбасы Иран президенті Хасан Руханидің елімізге сапары маңызды екенін айта келіп, «Иран – әлемдегі аса ірі және маңызды әріптесіміз әрі Каспий жағалауындағы тату көршіміз» деп атап өтті.

Қос тараптың келіссөздері ба-рысында қандай мәселелер талқы-ланғанын атап өткен Елбасы көлік-транзит саласын дамытуға басымдық берілгенін жеткізді. Осыған байланысты Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағытындағы теміржол магистралі биылғы қа-раша айында ашылатыны белгілі болды. Егер осы ірі жол торабы іске қосылса, еліміздің бидай экс-портының көлемі 5 есе ұлғаймақ. Жаңа магистраль 10 миллион тонна жүк тасымалдауға мүмкіндік беріп

қана қоймай, Қазақстанның Парсы шығанағындағы барлық мемлекетке шығуына жол ашады.

Иран Президентінің Қазақстанға сапары аясында бірлескен мәлім-демелер қабылданды. Атап айт-қанда, екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасында ынты-мақтастық туралы бесжылдық бағдарлама құру, жолаушылар мен жүктердің халықаралық авто-мобиль тасымалы туралы және ын-тымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасы төңірегінде келісімдер жасалды.

Бұдан кейін президент тер Қазақстан-Иран бизнес-форумына қатысып, «Назарбаев универ си-тетіне» барды.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Астана қаласы әкімдігінің «Жер телімдерінде жобалауға рұқсат ету туралы» қаулысы шыққаннан кейін барлық санаттағы құрылыс салушылар (жеке және заңды тұлғалар) тексеру, іздестіру және жоба-лау жұмыстарын жүргізу туралы Сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісімшарт жасасады. Бұл құжатта жұмыстарды жүргізу уақыты нақты көрсетіледі және бұл мерзім салушы тарапынан да, Сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан да міндетті түрде сақталуға тиіс.

Кейінгі кезде рұқсат қағаздарын алу тәртібіндегі әкімшілік кедергілерді азайту және алу уақытын қысқарту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Мәселен, жер телімінде тексеру, іздестіру жұмыстарына және жобалауға рұқсат беру мерзімі 15 күнге дейін қысқарды.

Тағы бір жаңалық, құрылыс салуға үміткер тек-серу, іздестіру жұмыстарына және жобалауға рұқ-сат алу шаралары кезеңінде үшінші тұлғалардың (үлескерлердің) қаржысын тартуға құқы жоқ. Бұл жобалау кезеңінде жер телімі салушының меншігіне берілмейді, тек жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін ғана ұсынылады деген сөз. Осындай шаралар жа-

уапсыз құрылыс салушыларды құрылыстың бастапқы кезеңінде-ақ анықтауға мүмкіндік береді.

Келесі кезең – сәулет ғимаратын салу үшін жер телімін беру. Құрылыс жүргізуге жер телімін беру мәселесі де 15 күнде қаралады. Жер телімдері тегін беріледі, ал учаске үшін жалға беру ақысы тек екінші кезеңде ғана төленеді. Құжаттарды рәсімдеу екі кезеңде де мемлекет есебінен жүргізіледі.

Page 3: 102 (3159) 2014-09-11

3www.astana-akshamy.kz

-

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУҒ

АЛИ

ЕВ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz,

baq.

kz, b

news

.kz

– Ұлттық академиялық кітапхана осы уақытқа дейін де іргелі әдеби кештердің, басқосулардың ұйыт-қысы болып келген еді. Енді жаңа ғана есігін ашқан «ТӘЖ» клубымен таныстыра кетсеңіз.

– Рас айтасың, елордадағы ең үлкен кітапхана қаламгерлердің, ақындардың шығармашылықтарын ұшталуына, кітаптарының тұсау-кесерлері жасалуына әрқашан сеп-тесіп, қағылездік танытып келді. Бұл үрдіс өз кезегінде Астанада әдеби интеллигенцияның қалыптасуына, жастардың насихатталуы мен бір-бірін тануына септігін тигізді. Енді осы дәстүрдің жалғастығы ретінде «ТӘЖ» жас қаламгерлер клубы құрып отырмыз.

Мәдениет пен өнердің жанашы-ры, кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаеваның мұрындық болуымен

жұмысын бастаған клубтың мақсаты – қаламгерлер мен оқырмандар арасында алтын көпір болу, жас қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау, әдеби-мәдени интеллигенцияның бас қосар орталығына айналу. Осы үдеден шық-сақ, ойымыздың жүзеге асқаны, ісі-міздің жемісін көргеніміз, әрине.

– Бұл клуб бұрынғы дәстүрден өзгеше не істейді, нақты қандай шараларды қолға алмақсыздар?

– «ТӘЖ» клубы, жаңа айтқа-нымдай, жас қаламгерлердің басқо-суларын, шығармашылық кештерін, кітап тарының тұсаукесерлерін, ав-торлық бағдарламаларды тұрақты түрде ұйымдастыратын болады. Со нымен қатар, Қолтаңба күнін, кітап көрмесін, шеберлік сынып-тарын өткізеді. Маусым ақынын, мау сым жазушысын, маусым сын-шысын анықтауды да назардан тыс

қалдырмаймыз. Сиясы кеппеген жаңа кітаптарды талқылау да ойымызда бар. Өзге де аймақтармен байланыс жасау мақсатында әдеби бейне-көпірлер, өзге де аймақ қалам герлерімен кездесу-кештерін өткізуді жоспарлап отырмыз.

– Алғашқы жиынға қашан бара-мыз сонымен?

– «ТӘЖ» клубының алғашқы оты-рысы ертең сағат 17.00-де өтеді. Онда клубтың тұжырымдамасы мен страте-гиясы, кодексі, клуб мүшелерін тіркеу және жыл соңына дейінгі жұмыс жоспа-ры (жас қаламгерлердің өз шешімімен) қабылданады. Тағы айтарым, бұл бас-тама әдебиет өлкесіндегі жастардың өмірін сәл де болса қызықтырып, сұрқай күндерге сәл де болса реңк беретініне сендіргім келеді.

– Әңгімеңізге рахмет!

Асхат РАЙҚҰЛ

-

Басқосуды ашып, жүргізіп отырған А.Ғалымқызы бұл мәселенің бұған дейін де бірнеше мәрте көтерілгенін айтты. «Мемлекеттік рәміздерді басып шығаратын лицензиясы бар меке-мелер ұлт нышандарының бастапқы нұсқасының бұзылуына жол бер-ген. Осының салдарынан елімізде Тудың, Елтаңбаның бастапқы стан-дарттан ауытқыған нұсқалары пайда болды. Сондықтан аталған мәселе жоғары құзырлы органдар тарапынан қаралып, түсіндіріліп, жаңа стандарт бекітілді» деді комиссия төрайымы. Аида Балаеваның айтуынша, Мем-лекеттік Елтаңбаны пайдаланудың жаңа стандарттары 2015 жылдың 1 шілдесі мен 2017 жылдың 1 шілдесі аралығында күшіне енеді. Осы уақыт аралығында өндірушілер өз өнім дерін өзгертіп, барлық мекемелер Елтаңбаны пайдаланудың жаңа стандарттарына көшуге тиіс.

Отырыс барысында Қазақстан стандарттау институты дирек торы-ның орынбасары Нұртас Өтешев сөз сөйледі. «Уақыт өте кез келген мем лекет тік таңбаның өзгеріп, ес кіру і – заңдылық . Елтаңба да сон дай. Бұл стандарттарды енгізу жұ мысы 2010 жылы қолға алынған бо латын. Нәтижесінде, негізгі алты өзгеріс енгізілді. Олар Ел таңбаның түрі, түсі, пішініне байланысты. Сондай-ақ, үш жыл кепілдік мерзімі де бекітілді» деді ол.

Жиында Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков өз қо лынан шыққан рәміздің құнды-лық тарын әңгімеледі. «Елтаңбада жетпіс екі уық бар. Оның біреуі кем болса, стандартты сақтамаған болып есептеледі. Мүйіздердің жеті сақинасы бар. Бұл әр ұрпақтың жеті атасын білу дәстүріне саяды. Керегелердің де орналасу тәсілдері бар. Ол қазақтың

ұғымында үлкен мәнге ие. Оның босағасы бар, босағасында тұрған қиықтары бар, қошқар мүйіздер бар. Солардың бар лығы Елтаңбамыздың қуатты және қасиетті екендігін біл-діретін белгілер» деді сәулетші.

Елтаңба қазақ халқына жиырма жыл-дан бері қызмет етіп келеді. Жаңа стандартқа сәйкес ол алтын түстес, ал, астары аспан түстес болуы керек. Со-нымен қатар Елтаңбаның бөліктерінің қырыққа жуық атауы бар.

Басқосу соңында мемлекеттік рәміз өндірушілерімен жеке семинар өткізу тапсырылды. Бұл – өнімді кең таралымға шығармас бұрын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қаржыны үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Айта кету керек, елімізде мемлекеттік рәміздерді шығаратын қырық шақты мекеме тіркелген.

Асхат РАЙҚҰЛ

Өз алаңында біздің жігіттер басымдық танытып, қарсыластың қақпасына жиі қауіп төндіргенімен, нәтиже – нөл. Юрий Красно-жан құрған шептің шабуылы латыштардың қорғанын бұза алмады. Қонақтар да Сидельников қақпасынан саңылау таба алмады.

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің «А» тобындағы алты командада Исландия мен Чехия үш ұпаймен көш басында, ал, Қазақстан мен Латвия қоржынында бір ұпайдан бар. Исландия түріктерді тізе бүктірсе, Чехия голландықтарға 2 гол соқты. Алдағы ойындар ауыр болары анық, топтағы қарсыластар – қарымды. 10 қазан күні сырт алаңда Әлем чемпионатында үшінші орынға қол жеткізген Голландия командасымен кездесеміз.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Осыған байланысты Ас-тана қаласының әкімдігі қазір дің өзінде бәсекелестік ортаға он бір коммуналдық кәсіпорынды беріп отыр.

Оларды жекешелендіруден жергілікті бюджетке 244,7 млн теңге қаржы түсті. Сонымен бірге, бейінді емес активтерді сату жөнін дегі іс-шараны одан әрі тиімді жүргізу мақсатында, Астана қаласындағы жеке-шелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді.

Астана қаласы Қаржы басқармасының ақпараты бойынша, бекітілген ке шенді жекешелендіру жос парына сәйкес, Астана қала сында 38 заңды тұлға жекеше лен-дірілмек. Соның ішінде 2014 жылы – 11, 2015 жылы – 7, 2016 жылы – 20 кәсіпорын же кешелінуге жатады.

Бұған қоса, кешенді жос-парды орындау шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілері мен Астана қаласының кәсіпкерлер па-латасы өкілдері қатысатын мемлекеттік жылжымай-тын мүлік объектілерін оң-тайландыру мәселелері жө-ніндегі комиссия құрылды.

Аталған комиссия ком му-налдық меншіктен қалған нысандарды тиімді пайдала-нылу үшін жан-жақты тал-дау жүргізуде. Соның қоры-тындысы бойынша одан әрі жекешелендіруге жататын квазимемлекеттік сектор ұ йымдарының қосымша тізбесі жасалады.

Елорда қаржы басқар ма -сының пікірінше, толық ау-қымдағы жекешелендіру:

біріншіден, жергілікті ат қарушы органдар өзіне тән емес міндеттерді және бейінді емес активтерді ат-қарудан арылып, ком му-налдық кәсіпорындар саны қысқарады. Ал, ол жер гі-лікті атқарушы органдар қыз метінің сапалылығын арттырады.

екіншіден, бұрын мемлекет меншігінде болып, сол арқылы шағын және орта бизнестің дамуына қосымша серпін бер-ген кәсіпорындар қала эконо-микасынан босатылады.

үшіншіден, мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке қосымша қаржы түсуі қам-тамасыз етілетіндей нә тижелер беруі тиіс.

Сағи ОРАЛ

Page 4: 102 (3159) 2014-09-11

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Сейсенбі күні тілдерді дамы-ту басқармасының бастамасы-мен Қазақстан халқы тілдерінің XVI фестивалі аясында «Думан» қонақүйі кешенінде «Үздік жарнама» атты байқау өтті. Байқауда Астана қаласында жарнама саласы бойын-ша халыққа қызмет көрсететін жеке тұлғалар мен жарнама агенттіктері бағын сынады. Аталған шара мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, жарнамалардың дұрыс жазылуын қадағалауға атсалысу, қазақ тілінде сауатты, жаңашыл, көркем безендірілген ішкі және сыртқы жарнамаларға қолдау көрсету мақ-сатында ұйымдастырылып отыр. Алдын ала нобайлық нұсқалары ұсынылған жарнамалардың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларын қатысушылар 3-5 минут көлемінде слайд арқылы әділқазыларға таны-стырды.

Байқауға Л.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Қарлығаш Құрман-ға лиқызы, Астана қаласы Сәулет және Қала құрылысы басқар масы сыртқы жарнама бөлім нің бастығы Рауан Құралбайқызы және аталмыш басқарманың сәулеттік бақылау бөлімі басшысының міндетін ат қару-шысы Серік Қайырбекұлы төрелік айтты. Қазылар сайыста сыналған жұмыстардың тақырып өзекті лі-гіне, жарнама мәтінінің мәні мен мағынасына, безендірудегі дизай-нерлік шеберлікке бағасын берді.

Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Талғат Ермағанбетовтың айтуынша, биыл екінші мәрте өткізіліп жатқан жарысқа ынта білдіргендер саны өткен жылдағыдан көп емес.

«Биылғы байқауға 18 жарнама агенттігі өтініш білдірді. Олардың ішіндегі үшінші агенттіктің жар-намалары байқау шартына тол-

«YЗДIК ЖАРНАМАЛАР»

«Баһадүр Бауыржан атамыз тілі кедей елді мәдениетсіз, анайы, на-дан халық деп санайды. Ал қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай тіл. Бұл сөзімізді шығыстанушы В.Радловтың: «Қазақтардың тілі жатық та шешен әрі өткір, көбіне іліп-қағып, таңғаларлықтай оралым-ды сөйлейді» дегені растайды. Ұлы Абай да: «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп бекер айтпаған. Сол себепті, ана тіліміздің қадір-қасиетін бағалап,

Ж А Р Ы С Ы

мағандықтан шығып қалды. Қа тыс-қандардың жартысына жуығы – 5-6 жыл көле мінде Астана қаласынан басқа шет аймақтарға танылған жар-нама агент тіктері. Біз бұл байқаудан басқа 50 жарнама агенттігімен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Олардың ішкі немесе сыртқы жарнамалары жария етілместен бұрын біздің тал-қылауымыздан өтеді. Жарнаманың тура мағынадағы аудармасын, тілдік қолданысын қадағалаймыз» дейді Талғат Ермағанбетов.

Қазақстан халқы тілдерінің XVI фестивалі аясындағы «Үздік жар-нама» сайысының қорытындысы бо йынша қазылар алқасының шеші-мімен 1-орынға лайық «Кенжеах-метов Боз» агенттігіне ноутбук, 2-орын иеленген «Наружка kz» агенттігіне теледидар, 3-орын алған «Алтын өрнек» агент тігіне көп функ ционалды аппарат табыс етілді. Басқа да белсене қатысқан жарнама агенттіктері бағалы сый-лықтармен және мақтау қағаз да-рымен марапатталды.

«Берешегім кетсе де, айташағым кетпесін» демекші, «Үздік жарнама» байқауында өздері ұсынған жарнама-ларды екі тілде бірдей жұрт шылыққа таныстыру барысында кейбір жар-нама агенттіктерінің өкілдері орыс тілінде Иран-бақтың бұлбұлындай сайрағанмен, қазақ тіліне келгенде қатты қиналысын сездіріп, көптің көңіліне кірбің түсірді. Осы жөнінде сайыста «кінәлі» болған жарна-ма агенттіктерінің өкілдерімен тілдескенімізде, «біз халыққа ресми тілде қызмет көрсетіп жатырмыз, келешекте қазақша қиналмайтын боламыз» деп әзіл-шыны аралас ақталғандай болды. Тіл мерекесінің қарсаңында осындай олқылықтардың кездесетіні жаман-ақ.

Қуат ҚИЫҚБАЙ

ұрпақтан-ұрпаққа қаймағы таза күйінде жеткізу – баршамызға па-рыз» деді подполковник М.Ибраһим.

Еліміздің әр өңірінде өткен кон-курс тардың жеңімпаздарынан жа-сақ талған сегіз үміткер сайыста төр аталым бойынша сынға түсті. Қа тысу шылар алғашқы кезеңде өзін ән мақамымен, өлеңмен таныс тырса, келесі бәсекеде белгілі ақын-жазу-шы лардың шығармаларын мәнерлеп оқыды. Үшінші сында сөз және сөз тіркестерін орыс тілінен мемле кеттік тілге, мемлекеттік тілден орыс тіліне аударды. Соңғы аталымда әскери салаға қатысты сұрақтарға жауап беріп, біліктіліктерін ортаға салды.

Байқаудың нәтижесінде елор-далық тіл жанашырларынан құрал-

ған әділқазылар алқасы кеңесе келе, бас жүлдені №58012 әскери бөлі-мі нің қызметкері, лейтенант Айи-на Лаврентьеваның қанжығасына байлады. «Менің бар болмысым қазаққа тартып кеткен сыңайлы. Өйткені, үй ішінде қазақ тілінде сөйлесеміз, қазақ ұлтының кейбір салт-дәстүрлерін ұстанамыз. Елбасы «Қазақстандықтардың бір ғана ота-ны бар, ол – Қазақстан» деді ғой. Расында, менің Отаным – тек қазақ елі. Бұл жеңісім – осының айғағы» деді А.Вадимқызы.

Екінші орын №10228 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Ва-дим Коротышқа бұйырды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің кіші сержанты Дмитрий Кошелец үшінші орынды иеленсе, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің сержанты Любовь Тектібаева ынта-ландыру сыйлығын місе тұтты.

Жеңімпаздарға ұйымдас тыру-шылар тарапынан дипломдар мен сый-сияпаттар табыс етілді.

Асан ЫСТЫ

Page 5: 102 (3159) 2014-09-11

5www.astana-akshamy.kz

Осыған орай қалалық Дін істері жөніндегі бас қар-маның басшысы Жорабек Дәуренов баяндама жасады. Діни қызмет саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу жайында әңгімелей келе, басқарма басшысы бүгінгі таңда қалада діни ахуалдың тұрақты екенін, дегенмен, белгілі бір деңгейде қауіп төндіріп отырған діни ұйымдардың бар екенін жеткізді.

Жорабек Әбдімәжитұлының айтуынша, қазіргі кез-де Астана қаласында он төрт конфессиядан тұ ратын 47 діни бірлестік жұмыс істейді. Оның бесеуі правосла-вие, төртеуі католицизм, жиырма сегізі протестанттық және жетеуі Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің филиалдары болса, иудаизм, бахаизм, кришна бір-лестіктері біреуден екен.

Жалпы, Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің өкілдігі дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдайды. Мемлекеттік мекемелермен, басқа да конфессия өкілдерімен қарым-қатынастары байыпты, заңға қайшы әрекеттері байқалмаған.

Бұдан әрі басқарма басшысы қаладағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдігінің, Қазақ-станның православ шіркеуінің, рим-католик шіркеуінің, басқа да конфессиялар мен діни бір лестіктердің қызметіне тоқталды. Бұл саладағы проблемалардың негізі діни сауатсыздықтан болатынын ескере отырып, аталмыш басқарма басшысы жастардың 80 пайызы діни ақпаратты интернеттен алатынын, осыған орай, блогерлер тобын құру қажеттігін алға тартты. «Бұл ретте блогерлер жұмысын әлеуметтік тапсырыс негізінде ұйымдастырып, үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүргізу керек. Дін, саясат, қоғамдық ғылымдар саласында білікті мамандарды жұмысқа тарта отырып, сайттарға мақала жазу, өзекті тақырыптар бойынша пікір қалдыру, радикалды діни идеяларды әшкерелейтін ойлар тастау, т.б. бағыттарда жүргізген жөн» деді Ж.Дәуренов.

Алдымен Астанадағы Көлік және коммуникация колледжіне ат басын бұрған депутаттар мұндағы жаң ғыр-тылатын энергия көздері зерт ха на-сында болып, зертханалық жұмыс істеуге арналған заманауи жабдық-тар мен, ақылды тақтаның жұмысымен танысты. «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында респуб ликалық бюджет есебінен Корея дан сатып алынған бұл жабдықтармен жұмыс істеу арқылы жас маманадар болашақта электр энер-гиясын күннен, желден, судан алуды үйренуде.

Мұнда 13 компьютер және 3 лин-го фон класы, 13 интерактивті класс, ар наулы пәндер бойынша 5 үлгі зерт-ханасы, кітапханасы, оқу, мәжіліс, спорт, тренажер залдары және басқа заманауи материалдық-техникалық базасы бар. Білім ордасы қазіргі кезде еңбек нарығында ерекше сұранысқа ие техник, электрик, энергетик, те-міржолшы, электровоз жөндеуші, радиоэлектроника және байланыс маман дарын, барлығы 14 мамандық бойынша кәсіби білікті кадрларды даярлауда. Қазір 2 000-нан астам сту-дент білім алуда. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен келісім бо йынша мұнда 83 студент дуальді негізде, яғни, кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігін оқу орнында емес, кә сіп орындарда өтіп жүр. Алдағы уа қытта «Қазақтелеком» АҚ-мен де ке лісім жасау жоспарлануда.

Бұ рынғы жалпы білім беретін оқу орталығы бүгінде Астана қала-сындағы көп бейінді колледж деп ата-лады екен. Серік Тәшенов жетекшілік ететін бұл білім мекемесі бүгінде автомобиль жү ргізу шілерін, т у-ризм саласының мамандары мен есептеуіш техникасының оператор-ларын даярлайды. Оқу екі корпуста өткізілгенімен, тәжірибе жұмыстары 20 тонналық контейнерлерде жүр-

ЖYМЫСШЫ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ – УАКЫТ ТАЛАБЫ

гізіледі. Ол қыс мезгілдерінде электр-мен жылытылады. Сондықтан, жыл дың осы мерзімінде мұнда сабақтар 20-25 минут қана өтетін көрінеді.

Қалалық Құрылыс басқармасы осы-дан үш жыл бұрын аталмыш оқу ордасы-на арналған ғимарат салуды қолға алған. Қа ражат жетіспегендіктен, мұндағы құ рылыс жұмыстары уақытша тоқтап тұр. Мамандардың айтуынша, қажетті қаржы 2016-2017 жылдары бөлінбекші. Бас қаладағы Технологиялық колледж-де оқитын жастар келешекте тігін өн-дірісі және киімі үлгісі, шаштараз және сәндік косметика өндірісі, нан, мака-рон және кондитер өндірісі бойынша машықтанып жүр.

Өндірістік оқу бөлімінің шебері Ұлжан Теміртанова – осы колледждің түлегі. Жүрек қалауымен таңдап алған мамандығы бойынша білімін жетілдіріп, жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін өзі біл ім а лған коллед жге қайтып оралған ол бүгінде оқытушы. Тобындағы 15 қызға тігіншіліктің қыр-сырын үйретумен бірге қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып жүр, «Нұр Отан» партиясы бастауыш пар-тия ұйымының төрайымы.

Елорданың кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерін аралай жүріп, мұнда жас мамандардың сапалы білім алып, кәсіби шеберлікті игеруімен қатар, за-ман талабына сай білікті маман ретінде нарық заманының бәсекесіне түсе ала-тын, білім деңгейі мен кәсіби шеберлігін көрсете алатын өз істерінің шеберлерін даярлау бағытында игі істер атқарылып жатқанына куә болдық.

Бұл ретте Елбасы тапсырмасын бас-шылыққа ала отырып, дуальді оқыту жүйесін одан әрі жалғастыру арқылы бас қалада жұмысшы мамандарының жетіспеушілігін жоюға мүмкіндік мол. Ол үшін кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері қазіргі заман талабына сай жабдықталуы керек. Халық қалаулыларының пікірі осыған саяды. Ал, қалалық мәслихаттың хат-шысы Сансызбай Есілов екі күн бойы өздері аралаған оқу орындарында оқып жүрген жастарды таңдап алған кәсібінің қыр-сырын меңгерумен қатар сол саладағы соны технологияларды, жұмыс істеудің жаңаша дағдыларын үйренуге, ең бастысы, келешекте елорда мәртебесіне сай еңбек етуге шақырды.

Бетт

і дай

ынд

аған

: Гүл

барш

ын

ӨКЕ

ШҚЫ

ЗЫ

Бас мүфтидің айтуынша, бұл – тарихи маңызы бар қадам. Ержан қажы Малғажыұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз бен аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиевке ҚМДБ қызметкерлеріне уақытша кеңсе табуды тапсырды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Астанаға діни басқарманың 15 адамнан тұратын негізгі құрамы көшеді.

Жаңа ғимарат 2015 жылдың соңына дейін салынып бітеді. Ол «Әзірет Сұлтан» мешіті мен АҚШ-тың Астанадағы елшілігінің арасында орналасады. Жалпы аумағы – 1,5 гектарға жуық. ҚМДБ бас кеңсесінің ауданы 11 мың шаршы метрден асады, онда жеке ка-бинеттер, үлкен және кіші залдар, тіпті, дін өкілдеріне арналған спорт кешені де болады. Сондай-ақ, мүфтият қызметкерлеріне арналған жатақхана мен рухани әдебиеттер кітапханасы да ашылмақ.

Берік ҚАЖЫ

Page 6: 102 (3159) 2014-09-11

ішінде байғұс тіліміз жетімдіктен шықпай жү р» деп айта береді. « Б а қ ы т с ы з б ы н » д е г е н а д а м бақытсыз болады. «Бақыттымын» де п ж ү р с е , б а қ ы т т ы б ол а д ы . «Тіліміз бар» деп жүрсе, тіліміз бар болады, «тіліміз жоқ» деп жүрсе, тіліміз жоқ болады. Қай-қайдағыны, ақырзаманды басқа о р н а т п а й , Ті л т у р а л ы з а ң д ы қолданып, өзімізбен өзіміз қазақша сөйлесуіміз керек. Тілді қолданып, батыл сөйлеуіміз керек. Тілдің майын тамызып сөйлеп, басқа жұ ртқа үлгі көрсет уіміз керек . Әйтпесе, жыл сайын 100 мыңнан астам бала мектеп бітіреді, соның 80 пайызға жуығы қазақ тілінде оқыған. Қазір орыстікі болсын, басқаныкі болсын, барлық мектеп-терде қазақ тілін оқыту міндетті болып саналады.

Ал жарайды, бәрін тыйып, қазақ тілінен басқа тілді заңмен жауып тастап, ауыздарыңды ашпаңдар, сөйлемеңдер десек, онда Украина сияқты боламыз. Қазір қазақтың бәрі мұны түсінген шығар. Солай етіп, жұрттың басынан соғып оты-рып, қазақ тіліне әкеліп, қантөгіс қылып, тәуелсіздіктен айырылу керек пе, әлде ептеп-ептеп амал қолданып, мәселемізді шешу керек пе? Әңгіме сонда. Ал, таңдайық, қайсысын аламыз?» деп жеріне жеткізе жауап берді.

Осы айдың басында Минскіде Н . Н а з а р б а е в , А . Л у к а ш е н к о, П. Порошенко, В.Пу тин және Еуроодақтың қауіпсіздік саяса-ты мен сыртқы істер жөніндегі жо ғ а р ы ө к і л і К э т р и н Э ш т о н және басқалар қатысқан жоғары дәрежелі саммит өтті. Сол кезде Елбасы араағайындық жасап, Укра-ина мәселесін реттеу бағытында ж о ғ а р ы д ә р е ж е л і к е з д е с уд і Ас танада өт кізуд і ұсынған да еді. Қазір Украинаның оңтүстік

неге айтты? Мұндай қаскөйлік көксеген көкезулерді тезге салатын күш бола ма?..» деген сауал үнемі жауапсыз қалады.

«Жыласаң, тағы сабаймын» дегендей, жақында бүкілресейлік «Селигер – 2014» жастар форумын-да Кремль қожасы Владимир Путин бір студенттің «Украинадағы жағдай Қазақстанда Назарбаев биліктен кеткеннен кейін қайталанып жүрмей ме?» деген сауалына: «Қазақстан – бізге ең жақын одақтас және серіктес. Назарбаев – өте сауатты көшбасшы. Ол мемлекет болмаған жерден мемлекет құрды. Сол үшін де мен оны қатты сыйлаймын» деп жа-уап берді. Сол сол-ақ екен, отандық баспасөз құралдары өкілдерінен бастап шетелдік журналистерге дейін сөздің астарынан ілік іздеуді бастап кетті. Ал, саясаткер Қанат

Нұровтың айтуынша, шын мәнінде Вл а д и м и р Пу т и н с т уд е н т т і ң сұрағына байланысты тура жеті минут сөйлеген. Түп мәнінде ол қазақ елін, қазақтарды кемсітуді, олардың намысына тиюді мақсат тұтпаған сияқты. Оның негізгі ойы бұрын одақтың құрамында болған республиканы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдап алғанда оның шекарасы заң жүзінде айқындалмаған, ата заңы, елтаңбасы, әнұраны болмаған, даму бағыты белгісіз ел еді. Қазақ елінің басшысы осы қиындықтардың барлығын жеңе біліп, жаңа тәуелсіз мемлекет қалыптастырды дегенге саяды.

Мұны түсінетін политтехноло-гия өкілдері қайда? Әлеуметтік

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Мә с е л е н , Ре с е й д і ң ке й б і р ақпарат құралдары «Украинаның әскер басшылары Донецкіні зы-мыранмен атқылады. Химиялық қ а р у қол д а н ы л д ы » деп о н ы ң суретіне дейін көрсеткен. Кейін мұны әлемдік баспасөз құралдары іліп әкетіп, тосын жаңалық ретінде жаппай жарыса жазды. Ал, шын мәнінде, бұл Байқоңырда өткен жылы құлаған «Протон-М» зы-мыран тасығышы екен. Біреулер а р а н д а т у ү ш і н ә л е у м е т т і к желілерде әдейі жалған ақпарат таратқан болып шықты.

Мұ н д а й ке л е ң с і з д і к к і м г е тиімді? Байыптап қарасақ, бұл ниеті қарау, қарабасының қамын ойлайтын белгілі бір топтардың ғана іс-әрекеті екені көрінеді.

К е з і н д е « М а й д а н д а » ж е л і к к е н д е р о й ы н н а н о т шығатынын т үсінгіс і келмед і . Сөйтіп, діні бір, тілі ұқсас, бір жерде өсіп-өнген халықтың ара-сына ши жүгіртіп, дүниетанымы мен тіліне қарай екіге жарып, алатопалаң жасады. Нәтижесінде, бейбіт халықтың қаны төгіліп, ел-жұрт атамекендерінен босып кетті.

Украинаның АҚШ бастаған Ба-тыс альянсы мен Ресейдің арасын-да геосаяси ойындардың құрбаны болу ы қазақстандықтардың да үлкен а л аңдау шылығын т уд ы-рады. Мәселен, көксоққан Жи-риновский мен Лимоновтардың мәл імдемелер і тег іннен-тег ін жасалды деп ойлайсыз ба? Жоқ, о л а рд ы ң с а н д ы р а қ т а р ы м е н жосықсыз тантығандарына мән бермеу керек дегенмен, оның астарында үлкен зіл жатыр. Әрі ол кейбіреулердің көкейінде қалып қойды. Айталық, Владимир Воль-фович деген пәленің «Украинадан кейін келесі кезек Қазақстанға кел ед і » деген і н б і р е ул е р с ау адамның сөзі емес деуі мүмкін. Алайда, «Мемлекеттік Думаның депутаты, елдегі бір саяси партия жетекшісінің аузынан шыққан сөздің мәні неде, негізінде не жа-тыр? Мұны ол бұқараның алдында

желілерде са яси астар іздеген айыптаулар желдей гуледі. Тіпті, ол ол ма? Шетелдік бір ақпарат құ ра л ының ж у рна л ис і Вл ад и-мир Пу тиннің сол сөзіне орай Нұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в : « Б і з Е у р а з и я л ы қ од а қ т а н ш ы ғ ы п кетеміз деп жауап қайтарды» деп соғып жіберді. Ал, ақиқатында, Елбасы «Тәуелсізд ікке нұ қсан келтіретін болса, ондай ұйымдарда Қазақстан ешуақытта болмайды. Бізд ің ең жоғары баға л айт ын байлығымыз – Тәуелсіздік! Ата-бабамыздың қанымен, терімен келген тәуелсіздікті біз ешкімге б е р е а л м а й м ы з . О н ы қ а с ы қ қанымыз қалғанша қорғауымыз керек . Сонд ықтан, Қазақс тан экономика лық одақтан шығып кетуге құқы бар» деген сөзін 2014 жылдың 24 тамызы күні Ұлытау

жерінде берген сұхбатында айтқан болатын.

Жоғарыда айтылған Владимир Путин сөйлеген «Селигер-2014» бү кілресейлік жастар фору мы 2 0 1 4 ж ы л д ы ң 2 9 т а м ы з ы н д а өтті. Осы қисыны келмейтін екі фактіні иіп әкеліп, көпе-көрнеу ж а л ға н д ы қ п е н б а й л а н ы с т ы р у журналистке не үшін керек болды?

Қ о л ж е т к е н г е ш ү к і р ш і л і к е т п е й , ж е л с ө з д і о т т а й л а -улатып, дилетант тық танытып ж ү р е т і н де р ге Е лб ас ы Ұ л ы тау төріндегі сұхбатында:«Мен бәрін б і л е м і н , б і з д і ң ж а з у ш ы л а р ы -мыз, мәдениет өкілдері «Біздің т іл іміз жетімд ік көріп келед і , тә у е л с і з д і к т і ң ж и ы р м а ж ы л ы

шығысындағы жағдай біршама реттеліп, Киев билігі мен өзін-өзі жариялаған республика лар бітімгершілікке келісті. Дегенмен, мұнда әлі арандат улар мен жел сөз, дақпырт, өсек-аяң басылмай тұр. Бұйрық 5 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 21.00-де күшіне енген болатын. Сол күні т үнде украиндық әскерилер өздерінің қатарынан бірнеше солдаттың оққа ұшқанын мәлімдеп шыға келді. Ал, Донецкі республикасының вице-министрі Андрей Пургин мұны «жалған ақпарат, арандату» деп жаһанға жар салды. Жұрт кімге сенерін білмей дағдаруда. Ол ол ма, кеше бітімгершілікке келген ау мақта «сен өзі кімсің , кімд і жақтайсың?» деген мағынада бір отбасында , т іпті , көршілерд ің арасында алауыздық туа бастағаны айтыла бастады.

Қазіргі ақпараттық майданда мәселеге бір жақты көзқараспен қарау ға болмайтындығы анық . Айтылып отырған жайтты екінші дерек көздерімен салыстырма-са, шындықтың беті ашылмай-т ы н ы кө р і н ед і . Ук р а и н а д а ғ ы жағдай, әсіресе, Ресей ү кіметі ү ш і н х а л ы қ т ы ң б о й к ө р с е т е бастаған әлеуметтік наразылығын басқа арнаға бұ рып, қоғамдағы қ о р д а л а н ғ а н б е л г і л і б і р т үйткілдердің т үйінін шешудің оңтайлы сәтіне ұмтылыстай әсер етед і . Сонд ықтан, т ү ймедейд і түйедей етіп көрсету мұндағы са-ясаткерлер мен идеологтарға онша қиын болмай тұр. Бұл елде теле-журналистер көгілдір экрандағы ү г іт-наси х ат шыл арға айна л ып кеткендей.

P.S: Осы тұрғыда «Ураль-ская неделя» газетінің тілшісі Мария Ковалеваның әлеуметтік желідегі:

«... Мен орысшыл емеспін. Мені Батыс қаржыландырмайды. Мен жа л ған намысқа , ойдан ш ы ғ а р ы л ғ а н з а ң д а р ғ а т о л ы шенеуніктер билеген мемлекетті емес, өзімнің т уған елімді өте жақсы көремін. Мәдениеті мен т а р и х ы б а й , т а б и ғат ы с ұ лу, қонақжай Қазақстанымды жа-нымдай сүйемін. Ешкімге пара бермеймін, ешкімнен пара ал-маймын. Халқыма адал қызмет етемін. Сондықтан сен де мен сияқты қазақстанд ық болсаң ж ә н е о т а н ы ң д ы ж а н ы ң д а й с ү й іп, мақтан т ұтсаң , сөзіме құлақ ас: көкжәшікті өшір де, тек қабырғаңмен ғана кеңесуді үйрен!» деген сөздеріне толық қосылуға болады.

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

Page 7: 102 (3159) 2014-09-11

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Естеріңізде болса, 2011 жылдың 15 қазан-ында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның 9-бабында «Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі» деп көрсетілді. Дегенмен, осы заңға байланысты қоғам тарапынан сан түрлі пікірлер айтылуда.

Халқымыздың рухани иммунитеті толық қалыптасқанға дейін сананы сансырата-тын кітаптарға бақылау қойылуы керек-ақ. Қоғамның «қауіпті вирусқа» шалдықпауы үшін оның қай саласында да қорғаныс қабілетін қалыптастыру – заман талабы. Шариғатқа қайшы әдебиеттер діни сауаты аз халыққа кері ықпал жасары анық. Адам санасы таза топырақ секілді. Оған алдымен ненің дәні егілсе, сол өсіп шығады. Дәл осылайша адам санасы зиянды кітаптармен уланып қалса, бұл бүтін бір ұлтқа төнген қауіп болмақ. Бұл ретте діни әдебиеттер үлкен сақтықты талап етеді.

Діни мазмұндағы кітаптарды басып шығару үшін алдымен Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының сараптама комиссиясынан өткізілуі керек.

Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта діни әдебиеттер саудасы көптеген адамдардың күнкөріс көзі болып отыр. Қай жерде өтімді, қай жерде сұраныс бар, сол жерде сата береді. Бұл ретте мешіт маңын жағалаған жайма базар саудасының сейілмей тұрғанын тілге тиек етсек болады.

Имам Бұхари мен имам Мүслімнен келген хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жесір мен жетімге көмектесу Аллаһ жолында жихад қылғанмен тең» деген. Ал Имам Мажәһдан жеткен хадисте Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): «Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін істегендер Алла жолында жихад қылған әрі түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты» дейді. Асыл діннің кесімі мен ел дамуының негізгі мақсатының бір бағытта екендігін байқатқан сондай бір игі шара елордамыздың айшықты үш мешітінде өткізіліп, онда жаңа оқу жылын асыға күткен бүлдіршіндерге қажетті оқу жабдықтары та-ратылды.

Мектеп оқушыларының сағына күткен маусы-мында ата-аналар балаларына мектепке қажетті оқу құралдары мен керек-жарақтарын, киім-кешектерін әзірлеуге көшеді. Бұл кезде жоқшылық қолын бай-лап, осы көштен кейіндеу қалатын отбасылар да бар екенін еске салған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкіл

имамы Наурызбай қажы Тағанұлы осындай ізгі іске атсалысып, қол созған азаматтардың ел ішінде аз емес екендігін айтты.

Бұл кеште бүлдіршіндердің риясыз қуанышына бөленген ата-аналар да ризашылықтарын жасыра алмай, игі іске мұрындық болған барша азаматтарға, аталмыш шараны өткізуге ұйытқы болған Қазақстан

мұсылмандары діни басқармасының Аста-на қаласы бойынша өкілдігіне, барша дін қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Биылғы «Дін мен дәстүр жылы» аясында мүфтият айқындап берген төрт бағытты іске асыру мақсатында ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті «Мейірімділік мекені» жобасын қолға алып, жұмыс жүргізіп келе жатқанына да бірталай уақыт болды. Ел игілігіне қызмет етуді басты міндетіне айналдырған елорданың орталық мешіті республикалық акцияға өзіндік үлес қосуды мақсат тұтып, жыл сайын айтулы акция аясында қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді. Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған осы акция да «Мейірімділік мекені» жобасы аясын-

да өткізіліп отыр. Республикалық деңгейде қолға алынған акция аясында «Нұр Астана» орталық мешіті мен «Әзірет Сұлтан» мешітінде 250 оқушы, «Ғылмани» мешітінде 100 бүлдіршін, жалпы саны 700-ден аса бала мектеп формасы, оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Мен – Раушан Қабдышева он жастағы денсаулығы нашар ұлымды алып, «Төлебай» мешітіне Алла деп көмек сұрай бардым. Осы сәтте бас имамы мешітте отырған еді. Мені бұрын еш көрмеген, білмеген, танымаған адам бол-са да дереу орнынан тұрып, хал-жағдайымды сұрай баста-ды. Ол кісі білімді, инабатты, иманды екенін бір сәттік кездесуімен-ақ байқатты. Дін қызметкерлері осыншалықты тәрбиенің, мейірімнің ма-мандары деп осы күнге дейін ойламаған едім. Халқымызда «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» деген мәні терең сөз бар. Құдайға мың да бір шүкір етіп, ауру ұлымның ем-домы мен отбасымыздың қажеттілігіне шама-шарқына қарай қол созған «Төлебай» мешітінің бас имамы Ибраһим Келдібайұлына алғысымды білдіргім келеді.

Бетті дайындаған: Жайық НАҒЫМАШ

Аптаның жұма, жексенбі күндері мешіт маңындағы діни кітаптар саудасы әлі күнге тоқтамай келеді. Ретсіз сауда құзырлы орындардың діни экстремистік кітаптардың таралуының алдын алуында көптеген қиындықтар тудыруда.

Бүгінгі күнге дейін теріс пиғылды 4 мың әдебиет сараптамадан өткенімен, ата дінімізге жат 200-ден аса кітаптар әлі еркін айналымда жүр.

Рұқсат берілмеген орындарда сатылуға тый-ым салынған кітаптарды тәркілеу мақсатында құқық қорғау органдары кешенді тексерісті ұдайы ұйымдастырып тұрады. Себебі, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 195-бабына сәйкес, белгіленбеген орындарда сауда жасауға болмайды. Дін туралы заңда да кітаптар белгіленген жерде ғана сатылуы керек.

Мамандардың айтуынша, заңмен белгіленбеген орындарда сатылатын кітаптардың сыртқы мұқабасы мен түпнұсқасы бір болғанымен, ішкі мазмұны жат идеяға бағытталады екен.

Осы күнге дейін дүкендерде сатылып жатқан діни әдебиеттерге бақылау жүйелі түрде жүргізілмегендіктен, оларды бірден «тазалап» шығу мүмкін емес. Ал сананы улайтын әдебиеттер дүкен сөрелері мен көше базарынан алынғанымен, көп үйдің жеке кітапханасында тұруы да бек мүмкін. Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы болып санала-тын Діни басқарма тарапынан соңғы он жылдан бері кітап сатумен айналысатын кәсіпкерлерге сараптау комиссиясынан өткен әдебиеттерді ғана сату керектігі айтылып келеді. «Ел аумағында тек қана ҚМДБ сараптау комиссиясы мен Дін істері комитетінің тексерісінен өткен кітаптардың ғана таралуына жағдай жасауымыз керек» дейді ҚМДБ интернет және уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, белгілі теолог Ершат Оңғаров.

Сондай-ақ, орыс тіліндегі діни кітаптардан абай болғанымыз жөн дейді дін мамандары. Олар араб тілінен орыс тіліне аударылған кітаптар қауіпті екенін айтуда. Бұл кітаптардың бірен-саранының

ғана қазақ тіліндегі аудармасы болады. Ал аудар-ма кітаптардың көбінің авторлары мен баспасы көрсетілмейді екен. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі жоқ мұндай мазмұндағы кітаптар тек қана ел ішінде ірікті тудыру мақсатында шығарылатыны айтпаса да түсінікті.

Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес дін туралы заңда көрсетілгендей діни мазмұндағы әдебиеттер қаладағы арнаулы орындарда сатылу-ына рұқсат берілген. Бұл орындар – қаланың әр тарапында орналасқан «Күлтегін», «Алматы», «Абай», «Кәусар», «Книжный Эльдорадо», «Эльдорадо», «Кик» кітап дүкендері.

Ал діни кітап баспалары кітаптарды арнаулы дүкенде ғана сатуға мәжбүрлеу нарық заңына сай келмейтінін, бұндай шешім баспаларды тұралататынын айтуда.

Мешіт маңын жағалай заттарын жайған сауда орнына жақындағанымызда өзін Болат-бек деп таныстырған саудагер азамат «Бала-шағамды осы діни кітаптар мен заттармен асырап, күнелтіп отырмын» дейді. «Біз тыйым салынған тауар сатар болсақ, мұнда бізді поли-цейлер тұрғызбайды, әрине. Ал белгіленбеген орында сатуға болмайды дегенге келер болсақ, ендеше бізге арнайы орын ашып берсін» деді ол.

Астана қа ла лық проку рат у расының мәлімдемесіне жүгінсек, діни әдебиеттер қаланың рұқсат етілмеген орындарында са-тылса, қолданыстағы заңда діни қызмет және бірлестіктер туралы заң талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғалар елу айлық есептік көрсеткіш көлемінде, лауазымды адамдар мен діни бірлестіктер басшыларына жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл белгіленген. Заңды тұлғалар қызметін үш айға тоқтатып, жүз айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлету көзделген. Осы қарекеттің барлығы дін саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мен құқық бұзушылық көріністерінің алдын алу мақсатында жасалуда. Сол себепті, қала тұрғындары заң шеңберінде әрекет етуді қаперде ұстағандары жөн болмақ.

Page 8: 102 (3159) 2014-09-11

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Азия ойындарында ел на-м ы с ы н қ о р ғ а й т ы н ұ л т т ы қ құрама боксшыларының бүгінгі д а й ы н д ы қ д е ң г е й і н қ а л а й бағалайсыз?

– Бұл күндері ұлттық құраманың б о к с ш ы л а р ы д а й ы н д ы қ т ы тиянақтау үстінде. Қазір жігіттердің бәрі Астанада әзірленіп жатыр. Бапкерлер штабы әр боксшыны шешуші айқастарға бабында жеткізу мақсатында тыңғылықты жұмыстар жүргізуде.

Өзіңіз білесіз, Азия ойындары – өте маңызды форум. Құрлықтың олимпиадасы десе дегендей. Сондықтан да барлық елдер осы жарысқа ең мықты деген спорт-шыларын салады және командалық көрсеткіш үшін өте тартысты бәсекеге түседі . Осы орайда бокс жайына тоқталсақ, біздің

– КАЗАКТЫН БАFЫНАЖАЗЫЛFАН СПОРТ

,

БОКСбоксшыларға деген қарсылықтың бұрынғыдан да күшті болаты-нын айтпай-ақ түсінуге болады. Олай дейтінім, соңғы жылдардағы көрсеткішіміз құрлықты айтпай-ақ, әлемдік көштің басына шығып тұр емес пе?! Былтыр Алматыда өткен әлем чемпионатындағы жеңістер тек қана Қазақстан спортының тарихына алтын әріппен жазылып қоймай, әлемдік бокстағы айрықша оқиғаға баланғаны белгілі. Бір біріншілікте төрт алтын медаль алу дәл бүгінгі заманда шынымен де айтарлықтай құбылыс дер едім. Тағы бір айтайын дегенім, жақында ғана АИБА басшылығы 2016 жылы өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатын Астанада өткізу жөнінде шешім қабылдады. Бұл Қазақстанның әлемдік спорт аренасындағы беделіне берілген

баға деп ойлаймын. Ал жастарымыз да үлкен ағаларынан қалып жатқан жоқ...

– Ж а с т а р д е м е к ш і , ж а қ ы н д а ғ а н а Қ ы т а й д а ө т к е н ж а с ө с п і р і м д е р д і ң І І Олимпиадалық ойындарын-да қазақ баласының чемпион болғанын көріп, төбеміз бір көкке көтеріліп қалды. Жалпы, ізбасарлардың бағыт-бағдары көңіліңізден шыға ма?

– Қ ұ д а й ғ а ш ү к і р , ж а қ с ы көрсеткіштер бар. Жаман деп айтуға аузым бармайды. Жаңағы өзіңіз айтып өткен чемпионы-мыз – Абылайхан Жүсіпов деген жігіт. Олимпиаданы жеңіп алды, сонымен қатар, биылғы жастар арасындағы әлем чемпионатын да ұтып алды. Ал өткен жылы жасөспірімдер арасында құрлық

және әлем біріншіліктерінің алтын жүлдегері атанған болатын. Жалпы, жастар арасындағы соңғы Азия біріншілігінде біздің боксшылар 9 медаль ұтып алса, оның 6-ы алтын болды. Ал Софияда өткен әлем чемпионатынан қазақстандықтар 2 алтын, 2 күміс және 1 қола ме-даль әкелді. Абылайхан Жүсіпов, Шалқар Айхымбай, Вадим Каза-ков, Рахат Маржықбаев секілді жастарымыз Қазақстан боксының даңқты жолын жалғастырады деп сеніммен қараймын. Керек десеңіз, қыздарымыз да көштен қалып жатқан жоқ. Құрлық бәсекелерінде бірнеше жүлдегеріміз болса, бір қарындасымыз әлем біріншілігінің финалисі болды. Міне, осының бәрі елімізде спортқа деген мемлекеттік қолдаудың жақсарып отырғанын білдірсе керек. Ал осы ретте тікелей

Page 9: 102 (3159) 2014-09-11

13www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

А

бокс жағын айтсам, Қазақстанның бокс федерациясы спорттың бұл түрін еліміздің ұлттық ойынына ай-налдыра білді. Мәселен, Бразилияда футболға қалай табынса, бізде бокс десе елеңдемейтін қазақ жоқ шығар.

Бүгінде ұлттық құраманың бокс шылары үшін барлық жағдай ж а с а л ғ а н . С п о р т ш ы л а р д ы дайындаудың барлық стандар-тын сақтау мен қазіргі заманғы т е х н о л о г и я л а р д ы п а й д а л а н у толықтай іске қосылған. Осының бәрі федерация басшысы Тимур Асқарұлы Құлыбаев мырзаның басшылығымен жасалып жатқан жүйелі әрі талапты жұмыстың нәтижесі.

Ал, енді алдағы Азия додасына тоқталсам, Мырзағали Айтжа-нов бастаған бапкерлер штабы әр боксшыны бабына келтіру үшін аянбай тер төгіп жүр. Жалпы, біздің ойымыз – осы ойындар-да командалық бірінші орыннан көріну. Бүкіл жұмысымыз осы мақсатқа бағытталған.

– С і з б і р с ұ х б а т ы ң ы з д а «Қазақстанда тек қана бокс емес, басқа да бірқатар жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері бойынша келешекке көзделген жобалар қолға алына бастады» деген едіңіз. Сол игі бастамалар қалай іске асырылып жатқаны жайында айтып өтсеңіз.

– Қ а з а қ с т а н б о к с федерациясының президенті Ти-мур Асқарұлы бірнеше жыл бұрын елімізде тек қана боксқа көңіл бөліп қоймай, басқа спорт түрлерін мейлінше дамыту қажеттігін алға тартып, «Жекпе-жектер және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясын» құру жөнінде бастама көтерген бола-тын. Атап айтқанда, бокс, күрес түрлері, дзюдо, таэквондо және ауыр атлетиканы дамыту бой-ынша жүйелі жұмыстар жүргізу мақсаты қойылды. Бүгінде осы бастаманың игілігі көріне ба-стады. Ерекше айтқым келетіні, бұл жобаның негізгі мақсаты еліміздің аймақтарында спортты жандандыру болып табылады. Осы жобаның аясында биыл көктемде Түркістан қаласында «Тарлан» атты әмбебап денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жақын арада осындай кешен Семей қаласында ашылатын болады. Қызылорда қаласында осындай кешен жатақханасымен бірге салынып жатыр. Бұқараны с п о р т қ а т а р т а т ы н к е ш е н -дер құрылысы еліміздің басқа

аймақтарында да жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Конфе-дерация спорттық жарыстар мен халықаралық семинарлар өткізу жөнінен де бағдарлы жұмыстар жүргізеді. Түптеп айтқанда, ке-лешекке көзделген жобалардың нәтижесі көріне бастады.

– Халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, ұлттық мерейімізді асқақтатқан спортшыларымызға мемлекет тарапынан берілетін сыйақыны айтпағанда, басқа қандай да көмек көрсетіле ме, дәлірек айтқанда, боксшыларға қандай қолдау білдіресіздер?

– Қазақстанның бокс феде-рациясы үлкен жетістікке жет-кен боксшыға ғана емес, оның бапкеріне де, сол спортшының жақсы нәтижеге қол жеткізуіне үлес қосқан ғылыми қызметшілерге де сыйақы бөледі. Сонымен қатар, ұлттық құраманың бірінші және екінші нөмірлі бокс шыларына ҚБФ және Ұлттық штаттағы ко-мандалар дирекциясы жалақы т ө л е й д і . Ү ш і н ш і д е ң г е й д е г і боксшыларымызға облыстық федерациялар жалақы бөледі. Басқа да көмектер жасалып жа-тады. Мәселен, әлем чемпион-дары Жәнібек Әлімханұлына, Біржан Жақыпқа және басқа да боксшыларымызға жергілікті билік пен кәсіпкерлер көлік мінгізіп, пәтер берді. Бұл құрметтің белгісі емес пе?! Жалпы мен ойлай-мын, Қазақстанда кәсіби спорт-шы болу – үлкен мәртебе. Осы орайда, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты өнеге етіп айтқым келеді. Қай спортшымыз үлкен жарыстан үлкен жеңіспен келсе, жеңісімен құттықтайды. Мемлекет басшысының осындай спорттық мінезі, спортқа деген осындай көзқарасы, әрине, жеңіске жетелейтін стимул болады. Со-дан барып елімізде спортқа де-ген, спортшыға деген құрмет қалыптасып отыр. Ал ел намысын қорғап, мемлекетіміздің мерейін көтеріп жүрген азаматтарға қолдау көрсету бұл да елдіктің белгісі деп түсінемін. Өз батыр-ларымызды өзіміз батыр демесек, басқалар келіп біздің шашбауы-мызды көтермейді ғой. Осы жерде мына бір мысалды айтқым келеді. Жақында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов бірнеше тәжірибелі бапкерді жұмысқа шақырып, болашағынан үміт күттіретін спортшыларға пәтер берген. Міне, осындай аза-

маттар көп болса деп ойлайсыз. – Бүгінгі заманның талабын

ескерсек, спортта ғылым мен техниканың жетістігін пайда-лану арқылы үлкен жеңістерге жетуге болады. Бүкіл әлем қазір осы үрдіске ілесіп барады. Осы ретте, Қазақстан боксшылары-на қандай мүмкіндіктер жаса-лып отыр?

– Қазақстан бокс федераци-ясында кешенді ғылыми топ жұмыс істейді. Боксшылардың д е н с а у л ы ғ ы ж а р ы с қ а д е й і н де, жарыстан кейін де мұқият т е к с е р і л е д і . М а м а н д а р ә р б о к с ш ы н ы ң ж е к е п а р а ғ ы н жүргізіп, оған белгілі мерзімде қаншалықты жаттығу жүктемесін беруге болатынын анықтап оты-рады. Осы жерде бір атап өтерлігі, тамақтану мәселесіне ерекше мән беріледі. Өйткені, «ас – адамның арқауы» дегендей, үлкен спорт-та жүрген азаматтардың күш-қуаты үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Сондықтан да ғылыми топ дәрумендерді тұтыну мен тамақтануды айрықша назарда ұстайды. Сондай-ақ, жігіттерімізді жігерлендіру жағына да маңыз береміз.

– Қалың жанкүйер Азия ой-ындарында Қазақстан былғары қ о л ғ а п ш е б е р л е р і ж е ң і с тұғырының биік сатыларынан орын алады деп үміттенері сөзсіз. Олай дейтініміз, 2013 жылғы Азия біріншілігінде 8 алтын, ал әлем чемпионатында 4 алтын медаль жеңіп алған жігіттеріміз осындай жоғары планкадан түсе қоймас деп ойлаймыз. Сіз Инчхон ойында-рына қатысты қандай болжам айта аласыз?

– Б о л ж а м ж а с а у д ы ұ н а т а қ о й м а й м ы н . « А р ы қ а й т ы п , семіз шық» дегендей, дәл қай боксшының чемпион болатынын дөп басып айтқым келмейді. Де-генмен, қазақ боксшылары кем дегенде төрт алтын медаль жеңіп алады деп ойлаймын.

– Олай болса, Азия ойында-рында ел намысын қорғайтын жігіттердің есімін атап өтсеңіз.

– Ең жеңіл салмақта Біржан Жақып сынға түседі. 52 келіде – Ілияс Сүлейменов, 56 келіде – Қайрат Ералиев, 60 келіде – Берік Абдрахманов, 64 келіде – Айдар Әмірзақов, 69 келіде – Данияр Елеусінов, 75 келіде – Жәнібек Әлімханұлы, 81 келіде – Әділбек Ниязымбетов, 91 келіде – Антон Пинчук, ең ауыр салмақта Иван Дычко қолғап түйістіреді. Осы боксшылардың бәрі Олимпиада ойындары мен әлем біріншіліктерінде сыналған, көптеген халықаралық турнир-лерде жүлде алған сайыпқыран жігіттер.

– Ә с е р л і ә ң г і м е ң і з г е к ө п рахмет. Сіздерге мыңдаған оқырмандарымыздың атынан сәттілік тілейміз.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

тауы да әннің қайырмасындай әуезді естілетін аталмыш жинақ екі бөлімнен

тұрады. Бастапқы бөлімде Мемлекет басшысымен ел ішіндегі іс-шараларда жүздесіп, тілдесу мүмкіндігіне ие болған, кейін түрлі салада жетістікке жеткен жас ұландар туралы қызғылықты мақалалар

топтастырылған. Ол мақалаларда бір кезде Елба-сыдан бата алған, бүгінде мақтаулы азамат болған өрендердің тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан өзіндік үлестері жөнінде баяндалған. Мақалалар мазмұнын кейіпкерлердің Елбасымен жүздескен кездегі және ат жалын тартып мінген, азамат болған кезіндегі қазіргі фотосуреттері айшықтай түседі.

Президенттің Баспасөз қызметінің «Айқын» газетімен бірлесіп жүзеге асырған бұл жобасы жөнінде өз кезінде жылы пікірлер аз айтылған жоқ. Олай болатын да жөні бар еді, өйткені, Елбасыға қатысты шығып жатқан талай кітаптан бұл жобаның өзіндік ерекшелігі мол. Соның бірі – жоба аясында сөз алған кейіпкерлер мен авторлардың жас буын өкілдері, мектеп қабырғасында білім алып жүрген балауса қалам иелері екендігі.

Атына заты сай жарасымды жинақтың екінші бөліміне республика мектептері оқушыларының Елба-сы туралы толғаныстары, шығармаларынан үзінділер топтастырылған.

Жас адамға әдетте жасандылық пен жалғандық жат болып келеді. Шынайы бала көңіл әрдайым шындықты айтуға бейім. Осы тұрғыдан келгенде де «Президент пен перзент» атты әсерлі кітаптың ұтып тұрған тұсы мол.

Қысқасы, халықтың Президенті мен жас буын перзенттері арасындағы жарасымды байланыс төңірегінде сыр шертетін жаңа жинақ талғампаз оқырманның қызыға бас қоятын олжасы деп бағалауға болады. Ендеше, «Президент пен перзент» кітабын оқып шығуға асығыңыз, ағайын!

Асхат РАЙҚҰЛ

Page 10: 102 (3159) 2014-09-11

14www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Мерейлі отбасы» байқауында Қанат пен Орынгүл Нармановтар «Шуақты отбасы» аталымында жеңімпаз атанған еді. Дәрігерлік мамандықты таңдаған ерлі-зайыптылар ра-сымен де талай адамды емдеп жазып, оларға шуақты көңіл сыйлады.

Қанат мен Орынгүл 1985 жылы Ақтөбе м е д и ц и н а л ы қ и н с т и т у т ы н б і т і р г е н . «Екеуміздің таныстығымыз да қызық. Менің әкем Жақсыбай Майданов елімізге танымал уролог-дәрігер. Ол кісі менің дәрігерлік оқуды таңдауыма ықпал етті. Онымен қоймай, му-зыкадан хабарым болғанын қалады. Әкемнің сөзін екі етіп көрмеген мен институттың халық аспаптар оркестріне жазылдым. Бір күні оркестрдің кезекті сабағында ту сыр-тымнан біреудің қарап тұрғанын байқадым. Жалт қарасам, домбыра мен асатаяқ ұстаған жігіт жылы жымияды. Екеуміз тез тіл табы-сып кеттік. Кейін институттағы дәрістен де, оркестрдегі оқудан да бірге қашатын болдық (күлді). Кейін Қанат мені көріп тұру үшін амалсыздан оркестрге жазылғанын мойында-ды» дейді Орынгүл Жақсыбайқызы жастық шағын бір шолып.

Орынгүл Жақсыбайқызы институттың беткеұстар студенті болыпты. Оқуда да озат, қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалыса-тын ол бірде институт атынан олимпиадаға қатысуға Шымкентке аттанады. Сол жерде болашақ жары Қанаттың отбасымен таны-сады. Қос ғашық институт қабырғасында жүргенде шаңырақ көтереді.

– Шымкент десе шоршып түсетіндер сол

кезде де болды, – дейді жымиып Орынгүл апамыз. – Менің Шымкент ке кү йеу ге шығатынымды естіген құрбыларым шала бүлінді. «Ол жаққа келін болсаң, басыңа орамал байлайды да үйде отырғызып қояды. Таңнан кешке дейін сол үйдің жұмысынан бел жазбайсың. Оқыған еңбегің жайына қалады» деп, небір сөздерді желдіртті. Бірақ Қанат тұрғанда, маған қандай қиындықтар да қорқынышты емес еді. Қателеспедім де.

«Жақсыдан жақсы т уады» демекші. Н а р м а н о в т а р о т б а с ы н ы ң т ұ ң ғ ы ш ы Әсел де құ рбыларының а л ды. Ол – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының түлегі. Анасына тартып Әсел де оқуды үздік бітірді. Ағылшын тілін еркін меңгерген ол министрлікке жұмысқа тұрды. Кейін Ғалымжан атты жігітпен бас қосып, ата-анасына Аянәлі атты сүйкімді жиен сүйдіріп отыр.

Қанат пен Орынгүлдің екінші қызы Ал-тынай да ерекше бала болып өсті. «Бірде қасиетті Түркістанға сапарымда Тайқазанның түбіне барып, Алладан маған перзентімнің ақыл-ойы кемелді, аяқ-қолы сау болуын сұрап, медет тілеп едім. Осы тілегім қабыл болып, Алтынайым өте ақылды қыз болып туды. Өзі нәзік болса да сабағын кілең беске оқыды. Өз күшімен әлемнің ең беделді жоғары оқу орындарының біріне грантқа түсті. 2011

жылы биология бойынша өткен дүниежүзілік олипиадада қола медальді жеңіп ал ды» дейді анасы мақтанышпен. Осы медальді Алтынайдың өңіріне Елбасы Нұ рсұлтан Назарбаевтың өзі тағып берген екен. Жүлдені ұсынарда Президент: «Алтынай, олипиадада жеңу қиын болды ма?» деп сұраса керек. Сонда кішкентай қыз мүдірместен: «Жоқ. Оп-оңай» деп жауап беріпті. Қазір Алтынай шетелде оқуын жалғастырып жүр.

Ал Нармановтардың үшінші қызы Ғазиза – 14 жаста. Өзі өнерлі. «Остров Денс» ансамблі құрамында еліміздің талай қаласын өнерімен тәнті етіп жүр. Қазірдің өзінде « Айгөлек», «Шаттық» республикалық к о н к у р с т а р ы н ы ң ж е ң і м п а з ы б о л ы п үлгеріпті. Тіпті, халықаралық байқауларда да топ жарғаны бар. Ата-анасы Ғазизаның болашағынан үмітті.

Қанат пен Орынгүл үлбіреген үш қыздан кейін көптен күткен ұлды болды. Тайыр қазір 5 жаста. «Өзі кішкентай болса да патриот болып өсіп келеді» дейді ата-анасы.

«Балаларыңыздың бәрі жақсы оқиды екен. Жеткен жетістіктері де мақтан етерлік. Мұ ндай озат ба л а л ард ы тәрбиелеуд ің құпиясы неде?» деп сұрадық біз Орынгүл Жақсыбайқызынан. «Ең бастысы, балаңның қандай салаға бейім екенін дер кезінде тани білу керек. Көп ата-аналар баласынып, оның

айтқан ұсыныс-тілегін тыңдай бермейді. Қандай жағдай болсын, баланың жү рек қалауына үн қосып, қажет кезінде ақыл-кеңес беріп, дұрыс бағыт-бағдар көрсете білу қажет. Мысалы, біз басында Алтынай шетелге барып оқимын дегенде, қиналдық. Қай ата-ана да баласының көз алдында жүргенін қалайды ғой. Бірақ қанша қиналсақ та баланың көңілін қимадық. Шүкір, үмітімізді ақтап, қазір Оңтүстік Кореяның KAIST университетінде үлгілі студент болып жүр. Арманы – кәріліктен «құтқаратын» дәрі ойлап табу» дейді ол.

Орынгүл Жақсыбайқызының өзі «Аста-на» медицина университетінің профес-соры, мед ицина ғылымының докторы, бүйректі ауыстыру бойынша операциялардың ү йлес т іру шіс і . Өз са л асында осындай жетістікке жеткеніне қарамастан ол ана екенін, біреуд ің жары екенін ешқашан ұмытқан емес. Қыздарын үй шаруасындағы барлық іске үйретті. Тіпті, кесте тігу, тоқыма тоқудан бастап, қонақ күт у,мерекелерді ұйымдастыруға да бейім етіп тәрбиеледі.

Ал Қанат Нарманов болса, оқу бітіргеннен кейін Шымкент қаласына жолдамамен жол тартады. Сонда нейрохирург-дәрігер ретінде бірталай жетістікке жетті. Кейін Астанаға көшіп келгенде нейрохирург мамандығын компьютерлік томографияның дәрігерлігіне ауыстырды.

Кандидаттық және докторлық диссерта-циясын сәтті қорғағаннан кейін ол өмірін жұбайына демеу болуға арнады. «Қазіргі таңда еліміз бойынша 2 мыңнан аса адам бүйрегін ауыстыруға кезекте тұр. Сондықтан дәрігер ретінде Орынгүлдің еңбегі халыққа әлдеқайда керек» дейді Қанат Нарманов.

...Нармановтар отбасында грамоталар мен алғыс хаттарға арналған ерекше альбом бар. Отбасы мүшелерінің әр жылдардағы жетістігі осында қатталып тұр. «Кез келген адамға жетістік оңайлықпен келмейді. Бұл – талай жылдардағы маңдай тер, ерен еңбектің нәтижесі . Еңбек етсең ғана мақсатыңа жетесің, қиындықтарды жеңесің. Біз қиналған сәттерімізде осы альбомды ақтарып, кез келген қиындық бізге берілген уақытша сынақ екенін, тек қиындықтар арқылы жетістікке жететінімізді ұғынамыз. Ең басты-сы, ауыртпалыққа мойымау керек. Оның ар-тында міндетті түрде бір жақсылық тұрады» дейді Орынгүл Жақсыбайқызы. Бұл да бір Нармановтар отбасының өзгеге өнеге етер құндылығы болса керек.

Қымбат НҰРҒАЛИ

«Адамдар не үшін үйленеді?» деген сұраққа: «Өмірді бөлісу үшін» деп жауап беруге бола-ды. Бақытты отбасында ерлі-зайыптылар өздеріне тән жақсы қ а б і л е т т е р і н т ұ м ш а л а м а й , бірін-бірі бағалап, санасып оты-рад ы. Мәселен, ері әйел інің өзгермел і кездеріндегі сезім ауытқушылығына жылы шырай

танытып, көңілін аулайды. Әйелі де күйеуінің жұмыстан арқалап келген бар ауыртпашылығын ұмыттырып, ж ұ б ата б і л ед і . Ж а н ұ я д а ғ ы та -лас-тартыс есікті жапқан кезде сыртта қалуы керек. Ішке кірген бүлік отбасын бүлдіреді. Өмірдің мән-мағынасын терең түсінбеген адам отбасын да мақсат-мұратына жеткізе алмайды.

А д а м н ы ң ж е к е б а с ы н ы ң алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да т у ған ү йд ің жы-луы – оның көкірегінде көп жыл-дар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда, « О т б ас ы – та б и ғат с ы й л а ға н

кереметтердің бірі». Жеке адамның бойындағы ар-ұятты, ақыл-ойды, адамгершілікті, басқа адамдармен қарым-қатынасты, мәдениеттілікті тәрбиелейтін – отбасы. Сондықтан ол – басқа ешнәрсемен өзгертуге, алмастыруға болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.

Ә рине, шаңырақтағы бас т ы тұлға – ата-ана. Өзара тату ата-ана балаларын тәрбиелеу барысында қ ина л майд ы. Ба л а л ары ол арға б а ғ ы н ы ш т ы т ү рд е а й т қ а н ы н тыңдайды, бұйырғанын орындай-ды. Отбасын адамның он екі мүшесі сияқты десек, қателеспеспіз. Бас – ойлайды, қол – істейді, аяқ – жүреді,

көз – көреді, құлақ – естиді, ауыз – сөйлейді т.б. Енді осы мүшелер бір-біріне бағынбаса не болмақ? Отбасы бір-біріне бағынышты және бір-бірін толықтыру шар-тымен өмір сүреді. Егер осын-дай отбасылық өмір сүру үрдісі дұ рыс құ рылса, шаңырақтың ынтымақ-бірлігі нығаяды, кереге кеңейеді, уық бекиді. Жанұядағы ортақ бірлікті сезінген, оның дәмін татқан адам оны сақтауға күшін салады. Ең маңыздысы, от басыл ық бірл ікт і ұ рпақ қа жалғастыруды үйретеді.

К.АСҚАБЫЛОВА, Астана қаласы Әділет

департаментінің бас маманы

Page 11: 102 (3159) 2014-09-11

15www.astana-akshamy.kz

--

Page 12: 102 (3159) 2014-09-11

16www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Еліміз өмір стандарттары жоғары әлеуметтік мемле-кет құруды көздейді. Бұны

Елбасының халыққа арнаған Жол-дауларынан байқауға болады. Елі-міздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы, ол – халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен деңгейін өсіру мәселесі. 2005 жыл-дың 1 қаңтарынан бастап «Мін детті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. Бұл жүйе жұмыс істейтін халықтың мүдделерін қорғап, әлеуметтік тә-уекелге ұшы раған жағдайда жо-ғалтқан табысының белгілі бір мөлшерін тағайындауды көздейді. Барлық жұмыс істейтін жандар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға жатады. Тек зей нетақы төлемін алатындар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып саналмайды әрі олар үшін әлеуметтік аударымдар төленбейді. Заңға сәйкес жұмыс берушілер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар Мем лекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеушілер бо-лып табылады. Қазіргі уақытта жұмыс берушілердің өз қаражаты есебінен төлейтін әлеу меттік аударымдарының мөл шерлемесі қызметкердің ай сайынғы табы-сының 5 пайызын құрайды. Бұл ретте, әлеуметтік аударымдар төле нетін табыстың ең жоғарғы және ең төменгі шегі белгіленген. Әлеу меттік аударымдардың ең тө-менгі мөлшері ең төменгі жалақы мөлшерінің 5 пайызынан кем болмауы керек, ал ең жоғарғы мөлшері ең төменгі жалақының 10 еселенген мөл ше рі нің 5 пайы-зынан аспауы керек. Бұл ауда-рымдар зейнетақы жарналары сияқты жұмысшының табысынан ұсталынбайды, керісінше, жұмыс берушінің есебінен төленеді және оның жұмыскердің алдындағы жауапкершілігі болып табылады.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бас-тап ең төменгі жалақы 19 966 тең-гені құрағандықтан, ай сайынғы әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері 998,3 теңгеге, ал жоғарғы мөлшері 9 983 теңгеге

тең. Жалақының ең төменгі мөл-шерінің жыл сайын өзгеріп оты-руына байланысты, әлеуметтік ауда рымдардың төменгі және жо-ғарғы мөлшері де өзгеріп тұрады. Жұмыс берушілердің әлеуметтік аударымдарды дер кезінде төлеп отыруы жұмыскердің заңнамамен көзделген әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда Қордан әлеуметтік

мөлшеріне жұмыскердің соңғы 24 айдағы әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табысы, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі мен асырауындағылар саны әсер етеді. Тағайындалған ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің сатып алу қабілетін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің шешімі негізінде жыл сайын айтылып

Жұмысынан айырылуы жағ да-йына тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшері жұмыссыз ре-тінде тіркелген күнге дейінгі 24 ай ішінде Қорға түскен ай сайынғы әлеуметтік аударымдардың сомасы мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі 6 айдан кем болмауына байланысты болады. Жұмысынан айырылу себептеріне

және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағының негізінде босанғанға дейін 70 күнге және босанғаннан кейін 56 күнге (ауыр босанған жағдайда 70 күнге) берілетін әлеуметтік демалыстың барлық кезеңіне тағайындалады. Оның мөлшері әйелдің соңғы 12 ай ішінде әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табысы мен берілген уақытша еңбекке жарамсыздық парағының жал-пы күндер санына байланысты анықталады.

Бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде жұмыс берушімен Қорға төленген әлеуметтік ауда-рымдар негізінде анықталатын ор таша айлық табыстың 40 пайызы мөл шерінде тағайындалады. Алай-да, аталған төлемнің белгіленген ең жоғарғы және ең кіші мөлшері қарастырылған.

Заңға сәйкес Қордан төленетін еңбек ету қабілетінен айырылу, жұмысынан айырылу жағдайларына және ана мен баланы қолдауға төле нетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұсталынып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.

Қордан әлеуметтік төлемдер та ғайындау үшін міндетті әлеу-меттік сақтандыру жүйесінің қатысушысы немесе асыраушы-сынан айырылған тұлғалар тұр ғы-лықты жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік ор-талықтың бөлімшесіне өтініш білдіруі керек.

2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2014 жылдың І жарты-жылдығы аралығында Қордан төленген әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 424,2 млрд теңгені

қ ұ р а д ы , о н ы ң і ш і н д е 388,2 млрд теңге немесе 92 пайызы ана мен бала-ны қорғауға жұмсалды. Қордың құ рылған кезінен осы уа қытқа дейін атқарған жұ мыс тары міндетті әлеу-меттік сақтандыру жүйе-сінің қоғам өміріндегі ма-ңыздылығы мен тиім ді лігін дәлелдеп келеді.

Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру саласы туралы толық ақ-паратты www.gfss.kz сай-тынан алуға болады.

Рүстем ХАМЗИН, «Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қоры» АҚ президенті

төлемдерді алуын қамтамасыз етеді. Атап айтар болсақ, Қордан 2005 жылдан бастап – еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша, асыраушысынан айырылуы және жұмысынан айырылуы бойынша, ал 2008 жылдан бастап қосымша – жүктілігі және босануы, жаңа туған баланы асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты табысы нан айырылуы жағдайларына әлеу-меттік төлемдер төленеді.

Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем еңбек ету қабілетінен айы-рылған немесе мүгедек болған кезеңге төленеді, бірақ алушыға зейнетақы тағайындалған күннен бастап тоқтайды. Ал асыраушы-сынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушысының асыра-уында болған бала кәмелеттік жасқа толғанға немесе жоғары оқу орнының күндізгі бөлімінде оқ ыған жағдайда 23 жасқа дейін төленеді. Бұл төлемдердің

отырған әлеуметтік төлемдер өсіп отырады. Мәселен, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттыру мөл-шері 16 пайызды құрады. Ал 2014 жылы бұл төлемдердің мөлшері 2 рет, яғни 1-қаңтардан бастап 7 пайызға, 1-сәуірден бастап 4,59 пайызға арттырылды.

қарамастан тез арада жұмыссыз ретінде тіркелуі тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшеріне әсер етеді.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты бір реттік әлеуметтік төлем жүктілігі

Page 13: 102 (3159) 2014-09-11

17www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

04.08.2014

9

75

85

75

75

75 75

9 9

Page 14: 102 (3159) 2014-09-11

18www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

61. 0508000 25 25 - - - 358306

62. 0507000 25 25 - - - 358306

63. 0601000 25 25 - - - 358306

64. 1226000 25 - 25 - - 358306

65. 1218000 25 - 25 - - 358306

66. 1508000 25 25 - - - 358306

67. 150 100 50 - -

68. 0301000 25 - - 25 -

69. 0302000 241 - - 200 41

70. 0305000 50 - - 25 25

71. 316 - - 250 66

72. 0507000 50 25 25 - - 350000

73. 50 25 25 - -

74. 1304000 25 25 - - - 355882

75. 1305000 25 - 25 - - 355882

76. 50 25 25 - -

77. 1304000 50 25 25 - - 350000

78. 50 25 25 - -

79. 1403000 25 - 25 - - 350000

80. 1415000 25 25 - - - 350000

81. 50 25 25 - -

82. 1403000 50 25 25 - - 350000

83. 50 25 25 - -

84. 0402000 10 10 - - - 350000

85. 0507000 10 - 10 - - 350000

86. 1211000 10 - 10 - - 350000

87. 1305000 10 10 - - - 35000088. 40 20 20 - -

89. 0101000 25 25 - - - 350000

90. 0402000 25 - 25 - - 350000

91. 0502000 25 - 25 - - 350000

92. 0506000 25 - 25 - - 350000

93. 0507000 25 25 - - - 350000

94. 1211000 25 25 - - - 350000

95. 1226000 25 - 25 - - 350000

96. 1201000 10 - 10 - - 350000

97. 185 75 110 - -

98. 0902000 25 25 - - - 350000

99. 1303000 25 - 25 - - 350000

100. 1409000 25 25 - - - 350000

101. 75 50 25 - -

102. 0501000 25 25 - - - 350000

103. 25 25 - - -

104. 3306 1476 1255 355 220 __________________

1. 1310000 25 25 - - -

2. 0902000 25 - - - 25

3. : 25 - - 25

4. 1108000 25 - - 25 -

5. 1401000 25 - - 25 -

: - - 25 -7. : 25 - 25

08.09.2014

1.

2.

3.4.

5.

6.

1.

Page 15: 102 (3159) 2014-09-11

19www.astana-akshamy.kz

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен

қамту орталығы» КМК-ге хабарласыңыз!

Мекенжайы: Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-

орталық ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34

автобустарымен келуге болады. Анықтама алу

телефоны: 57-88-88.

«Астана қаласы мәслихатының аппараты» ММ Астана қаласы мәс ли хаты аппаратының мемлекет тік қызметшілері сыбайлас жемқор лық қа қарсы күрес заңнамасын, «Мем ле кет тік қызмет

туралы» Қазақ стан Республикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нормаларын бұзу мәселелері бойынша хабарлау үшін сенім телефоны

нөмірін хабарлайды: 55-66-35

«Маржан» жеке кәсіпкерлігі (ЖСН 871218401716, Сериясы: 58. Нөмірі: 800002, 2007 жылы 11 сәуірде берілген) қызметін тоқтатқанын хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде ҚР, Астана қаласы, Тайбеков к-і 72, 010000 мекенжайы бойынша қабылданады.

Ип «Маржан» ИИН 871218401716, Серия 58 Номер 8000002 от 11.04.2007 сообщает о своей ликвидации. Претензии принима-еются в течение двух месяцев со дня опубликования объявления по адресу: 010000, РК, г.Астана, ул. Тайбекова, д.72

Бизнес (мейрамхана, дәмхана) үшін Тілендиев даңғылының бойындағы 45 сотық жер телімін 171 000 ш.б. бағаға сатамын. Тел. : 8-701-988-67-37, 8-701-534-92-21.

Page 16: 102 (3159) 2014-09-11

20www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

17.09 1900

19.09 1900

20.09 1900

21.09 1900

23.09 1900

25.09 1900

27.09 1900

29.09 1900

30.09 1900

03.10 1900

04.10 1800

05.10 1900

06.10 1900

Басты партиядағы Анна Пироцциді астаналықтар биыл ғана 9-12 ма-мырда өткен спектакльдің алғашқы тұсаукесерінде-ақ ұнатып қалған. Сұңқылдаған сопрано иесі астаналық тыңдарманмен кезекті кездесуді асыға күтуде.

Ал, өзінің вокалдық шеберлігі мен керемет драмалық қабілетімен атағы шыққан Массимо Джордано әлемнің ең биік сахналарында өнер көрсетеді. Бүгіннің өзінде ол Клаудио Аббадо, Риккардо Шайи, Бруно Кампанелла, Джанлуиджи Джельметти, Лорин Ма-азель және басқа да үздік дирижерлар-мен, сондай-ақ, Франко Дзефирелли, Лука Ронкони, Пьер Луиджи Пицци, Альберто Фассини, Деклан Доннел-лан, Лилиана Кавани және Грэм Вик сияқты атақты режиссерлармен бірге жұмыс істеп үлгерген.

Еркін тембрлі баритон Аль-берто Газале болса «Ла Скала» театры, веналық «Штатсопер»,

Нью-Йорктегі «Карнеги-холл», Б е р л и н д е г і « Д о й ч е - о п е р » , Мадридтегі Реал театры, Цюрих опе-ра театры, Афинадағы «Мегарон» сынды беделді сахналарда жетпістен аса рөлді сомдаған.

Сондай-ақ спектакльге «Астана Опера» солистері де қатысады. Олар – Артур Қайыпқұлов (Анже-лотти), Сүндет Байғожин (шіркеу қызметшісі), Бейімбет Таңарықов (Сполетта), Талғат Ғалеев (Ша-роне), Болат Есімханов (түрме қызметкері) және Айша Орынбаса-рова (бақташы).

«Тоска» операсының тұсауы алғаш рет 1900 жылы 14 қаңтарда Римдегі Костанци театрында кесілген еді. Жарқын музыкасы мен еліктіретін сюжеті күні бүгінге дейін оны әйгілі туындылар қатарынан түсірмей келеді. Наполеон әскері Италияға басып кірген азапты 1800 жылдарды бейнелейтін тарихи оқиға кезінде

Тоска есімді опера әншісі мен оның сүйіктісі Марио Каварадоссидің ара-сында ғашықтық оты лаулайды.

« Л а С к а л а » т е а т р ы н ы ң түпнұсқадағы қойылымы Лука Р о н к о н и д і ң с а р қ ы л м а й т ы н

режиссерлық қиялымен таңдай қақтырады. Қоюшы режиссер адам бойындағы құштарлыққа, дәлірек айтсақ, тағдырдың жазуымен саяси жағдайға тап келіп, озбырлық, азаптың құрбанына айналатын ғашықтар хика-ясына баса назар аударған.

Э й ф м а н н ы ң ж а н тебірентерлік терең сезімге бөлемейтін туындысы кемде-кем. Солардың бірі – «Қызыл Жизель». Балеттің сюжеті 1923 жылы Ресейден бас сауғалап, біраз уақыт бойы Париждегі «Гранд Опера» сахнасында жарқырай көрінген, кейін есінен адасу салдарынан ұзақ жылдарын Америкадағы психиатриялық емханада терезеге телмірумен өткізген орыстың атақты бале-ринасы Ольга Спесивцеваның аянышты өмірхалін шертеді. Ол ақыры 1991 жылы қарттар үйінде көз жұмған еді.

Балет тілімен жеткізілетін биші трагедиясы шынымен де жүректі қозғайды. Спек-

такльде революция кезіндегі Петроград көріністері мен сах-насында балерина билеген ал-тындай жарқылдаған көрермен залының суреті қатар жүреді. Пуанта киген перизатқа ынтық болған чекис арбауына түсіріп, көп ұзамай өмірін ойран етеді. Жазықсыз жан тура кезекті спектаклі үстінде есінен танып,

айналасында оны мазақ еткен қорқынышты адамдар қаптап кеткендей елеске шырмалады. Ауруханаға түскенде де сол азаптан арылмайды. Аяқ-қолды матаған мата кейіпкердің сана-сында қызыл туға айналады. Отқа түскен көбелектей, шыр көбелек айналған балеринаның жаны сол елеске мәңгіге қамалып, айнаның

арғы жағындағы жалт-жұлт еткен әлемге жұтылып кете барады.

Кейіпкермен бірге күйініп, кейіпкермен бірге жылап солығын баса алмаған спектакль-ге талай талғамды көрермен жоғары бағасын берген.

«…Бұл драмалық көркемдік жұмыс – батыс көрермені ұмтылатын балеттің кемел жеткізілген баяндау формасы» деп жазады белгілі сыншы Анна Киссельгофф 1998 жылдың 10 сәуірінде «Нью-Йорк Таймс» бетінде жарық көрген рецензи-ясында.

Балеринаның басты партия-сында – Айнұр Әбілғазина, ал чекистің партиясын Азамат Асқаров орындайды. Қоюшы балетмейстері – Ресейдің Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері Борис Эйфманның өзі. Қоюшы суретшісі – Мартинс Вилькарсис (Рига), костюм жөніндегі суретшісі – Ресейдің Халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлық иегері Вячеслав Окунев.

Бетт

і дай

ында

ған:

Әділ

бек Ж

АПАҚ