10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран...

16
(Соңы 2-бетте). 24 саєат №176 (28399) 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Иракта жаңа премьер- министр сайланды. Хайдер Абадидің кандидатурасын ел парламенті қолдап дау- ыс берді. БҰҰ Бас хатшы- сы Пан Ги Мун Х.Абадиге Ирактың күш құрылымдары ведомстволарының басшы- ларын тезірек тағайындауды тапсырды. Енді жаңа үкімет басшысы исламшылармен күреске бел шеше кіріседі де- ген үміт бар. Чили астанасы Сантьяго қаласындағы шағын сауда орталықтарының бірінде жа- рылыс болды. Сегіз адам түрлі деңгейде жарақат алды. Жер- гілікті билік мұны террорлық акт деп танып отыр. Лаңкес- тікке жауапкершілікті əзірше ешқандай ұйым өз мойнына ала қойған жоқ. 2015 жылы Біріккен Араб Əмірліктеріндегі Дубай қаласында аумағы жөнінен əлемдегі ең үлкен сауда орталығы салына бастай- ды. Ол «Шатыр астындағы қала» ауқымды жобасының бір бөлшегі болып табыла- ды. Құрылыс аяқталғанда сауда орталығына жылы- на 180 миллион адам келеді деп жоспарланған. Қазіргі ең үлкен сауда орталығы да Дубайда орналасса, өткен жылы оған 75 миллион адам барыпты. Дүниежүзілік денсау- лық сақтау ұйымының (ДДҰ) мəлімдемесінде Либерияда Эбола безгегінің таралуы күшейе түсетіні атап көрсе- тілді. Кеше ДДҰ қауіпті вирус- ты жұқтырғандардың санын жариялады. Қазірге дейін Эбо- ладан көз жұмғандар саны 2105 адам делініп отыр. Оны жалпы жұқтырғандар саны 3944 адам- ды құрайды. Нидерланд Малайзия əуе компаниясының үсті- міздегі жылдың 17 шілдесінде Украинаның Донецк қаласы маңында апатқа ұшыраған «Боинг-777» жолаушылар ұшағы туралы тексерулердің алдын ала нəтижелерін жа- рия етті. Құжатқа сəйкес, ұшақ сыртқы əсердің салда- рынан жерге құлаған. Сауалнама нəтижесі Шотландияның Біріккен Ко- рольдік құрамынан шығуын жақтайтындар саны алғаш рет көпшілікті құрағанын көрсеткен. Енді Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэ- мерон 300 жылдан бері келе жатқан одақты сақтап қалу үшін осы мəселе бойынша жақында өтетін референдум ал- дында Шотландияға қосымша жеңілдіктер ұсынуы ықтимал. Ресей мен Қытай бір- лесіп жаңа жолаушылар ұша- ғын жасау жөнінде уағдалас- пақ. Бұл туралы келісімге алдағы қазан айында қол қойылып қалуы мүмкін. Сөйтіп, екі держава бүгінде басымдыққа ие Еуропаның «Аэробус» жəне Американың «Боинг» ұшақтарын өз ры- ноктарынан ысырып шығар- мақ. Польша премьер-ми- нистрі Дональд Туск Еуропа Кеңесі төрағалығына сайланды. Енді елге үкімет басшысы бо- лып екінші рет əйел адам келуі мүмкін. Польша парламентінің спикері Эва Копач қазірдің өзінде қажет деп табылған жағ- дайда үкімет басына келуге дайын екенін мəлімдеп үлгерді. «Польшаның игілігі үшін кез келген қызметке əзірмін», деп мəлімдеді ол. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді. Бүгінгі нөмірде: 5-бет 14-бет 9-10-беттер 7-бет Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан». Кітапта Елбасымен əр жыл- дарда өткен түрлі шараларда кез- дескен балалардың өмірінен алын- ған қызықты оқиғалар мен мек- теп оқушыларының Мемлекет басшысы туралы шығармалары топтастырылған. Сонысымен- ақ оқырманды қызықтыратын жинақтың мазмұны тартымды əрі тағылымды болып шыққан. Жоба- ның орындаушысы – журналист Бейсенбай Дəулетұлы. Жалпы, қазір Президент туралы жазылып жатқан шығармалар аз емес. Жазылған жанрына, көздеген мақсатына қарай Елбасының қайраткерлік, көшбасшылық тұлғасын түрлі қырынан ашатын туындылардың əрқайсысының арқалаған жүгі, оқырманға айтар өзіндік ойы бар. Біз сөз етіп отырған, екі бөлімнен тұратын «Президент пен пер- зент» атты жинақ осы қатарды толықтырған дара басылым екенін оқырман бірден-ақ аңғарады. Бірінші бөлімде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кез- дескен, аз-кем болса да тілдесу мүмкіндігіне ие болған жəне соның өзі кейінгі өміріне зор ықпал еткен жас өрендер туралы баяндалған. Бір кездегі жеткіншектер – бүгінде түрлі саланың жалына жармасып, өз кəсібіндегі биіктерді бағындырып жүрген жастар Елбасымен болған сол бір жүздесулерді ықыласпен еске алады. Сондағы Президенттің ақ тілектері өмірлеріне ақ батадай əсер еткенін шын пейілдерімен əңгімелейді. Расында да, кітап кейіпкер- лерінің өмірдегі жолдары да сəтті өрілген. Бүгінде экономиканың түрлі салаларында абыройлы жұмыс істеп жатқан немесе өнер əлемінде Қазақстанның атын дүниежүзіне паш етіп жүрген олар- дың қай-қайсысы да ел жастарына үлгі боларлық азаматтар. Кітаптың екінші бөлімінің тартымдылығы да біріншісінен кем түспейді. Өйткені, мұнда мек- теп оқушыларының Президент туралы қызықты ой-толғамдары жинақталған. Өздері тұрып жат- қан бүгінгі Қазақстан мен оның бет-бейнесін қалыптастырған Н.Назарбаевтың еңбегін балалар- дың қалай бағалайтыны, елдің болашағын қалай елестететіні қаз- қалпында берілген. Қорытып айтсақ, «Президент пен перзент» – Елбасының ел өміріндегі мəн-маңызын қаз- қалпында айшықтаған, шынайы мысалдармен əдемі өрнектеген, қалың көпшілікке арналған кітап. Жүздесушілер екіжақты не- гіздегі жəне ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының аясындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылады. «Ка- нада Қазақстанмен ынтымақ- тастыққа зор мəн береді. Екі ел парламентшілерінің өзара белсенді іс-қимылы екіжақты қатынастарға серпін қосады», деп атап өтті Л.Бенуа. Канада депутаттарымен халықаралық мəселелерді тал- қылай келіп, Қазақстан Сена- тының басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болу ұмтылысында Қазақстанның кандидатурасын Канаданың қолдайтынына сенім білдірді. «Қазақстанның ядролық қару- сызданудағы, сондай-ақ, Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шараларын нығайту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету- дегі тəжірибелерін, əлем құры- лысындағы дінаралық жəне ұлтаралық үнқатысуды ілгері- летудегі күш-жігерін ескере оты- рып, бейбітшілікті жəне қауіп- сіздікті нығайту жөніндегі ортақ күш-жігерге біздің еліміз елеулі үлес қоса алады», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Əлемдік жəне дəстүрлі дін- дер көшбасшылары съезі Хат- шылығының басшысы ретінде Қ.Тоқаев канадалық əріптестерін 2015 жылға жоспарланған бесінші Съезге əзірлік туралы хабардар етті. Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан». Бес мың жылдық тарихы бар Иран мемлекеті – əлемдік қаты- настарда өзіндік рөл атқаратын, экономикасы дамыған қуатты елдердің бірі. Бұл елдің біздің ата-бабаларымызбен қарым- қатынасы тым көне замандардан басталады. Біз көне тарихта Иран мен Тұран елдерінің қатар өмір сүргендігін білеміз. Мұнан кейінгі Парсы мемлекеттігі кезеңінде бұл халық əлемдік өркениет пен мəдениетте соңынан із қалдырған үлкен елге айналып, жан-жағына ықпалын жүргізіп тұрды. Ал енді қазіргі Иран жағдайына келсек, өзіндік ядролық бағдарламасына сəйкес, Батыс елдері, соның ішінде АҚШ-пен бірқатар кикілжіңді жағдайларды бастан кешіргенімен, көнеден келе жатқан қуатты ел əлемдік аренадағы өз орнын сақтап қалып отыр. Жалпы, Иран экономикасының дамуында мұнай мен газдың жəне елдің орналасқан географиялық орнының маңызы зор. Бұл ел өзінің мұнай қоры жөнінен əлемде үшінші орын алса, газ қорының көлемі жағынан бірінші орында тұр. Қазақстан мен Иран арасын- дағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 қаңтарда орна- тылған болатын. Иранның Қазақ- стандағы елшілігі 1992 жылы ашылса, Қазақстанның Иран- дағы елшілігі 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Екі ел Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ис- лам ынтымақтастығы ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық жəне аймақтық ұйымдар, сондай-ақ, Каспий теңізінің құқықтық мəрте- бесін айқындайтын арнайы жұ- мыс тобының аясында өзара əре- кеттес еді. Қазақстан мен Иран сауда-экономикалық, ғылыми- техникалық жəне мəдени-гума- нитарлық ынтымақтастық жө- ніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының отырыстары тұрақты түрде өткізіліп келеді. 2010 жылғы маусымнан бас- тап, ирандық «Махан Эйр» əуе компаниясы Тегеран – Алматы – Тегеран бағыты бойынша ап- тасына бір рет ұшақ қатынасын орнатып отыр. Ал Қазақстанның «Азық-түлік келісімшарт корпора- циясы» АҚ, өзінің инвестициялық жобасына сəйкес, 2010 жылдың 19 маусымында Əмірабад пор- тында бірлескен астық термина- лы мен ұн дайындау диірменін іске қосты. Қазақстанның батыс- тағы облыстары Иранның Каспий теңізі жағалауындағы провин- цияларымен тікелей сауда-эконо- микалық қатынастар орнатып, оны дамыту үстінде. Екі ел арасында 60-тан астам мемлекетаралық, үкіметаралық жəне ведомствоара- лық құжаттарға қол қойылып, олар екіжақты қатынастардың дамуына өзіндік ықпалын тигізіп келеді. Қазақстанға мемлекеттік сапар- мен келіп отырған Хасан Руханиді таныстыра кететін болсақ, ол – Иран Ислам Республикасының жетінші Президенті. 1948 жылы елдің солтүстігіндегі Сорхе қала- сында дүниеге келген. Əу баста діни білім алған ол кейін Тегеран университетін сот құқығы са- ласы бойынша бітіріп шығады. 1995 жылы Шотландияның Глаз- го қаласындағы Календон универ- ситетінде «Иран тəжірибесіндегі исламдық заң билігі» тақырыбында магистрлық диссертация қорғайды. 1999 жылы мемлекеттік құқық саласында философия докторы ғылыми мəртебесіне ие болады. Орыс, араб, француз, неміс жəне ағылшын тілдерін біледі. Хасан Руханидің саяси қыз- меті елдегі сарапшылар кеңесінің мүшесі ретінде басталды. Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі төрағасы қызметінде жүргенде Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде Еуропа мемлекеттерімен келіссөздер жүргізді. 2013 жылдың 15 мау- сымында сайлауда жеңіске жетіп, ел президенті қызметіне кірісті. Бір теңіздің жағалауында ор- наласқан елдер болғандықтан, Қазақстан мен Иран арасында екіжақты қарым-қатынастардың əлеуеті үлкен. Соған сəйкес шешімін күткен мəселелер де баршылық. Кешегі күні осы мəселелер жоғары деңгейде талқыланды. Алдымен екі ел президенттерінің екеу- ара кездесуінде Қазақстан мен Иран өзара ынтымақтастығын нығайтып, оны одан əрі дамытудың негізгі жолдары мен тетіктері туралы сөз қозғалды. Соның ішінде экономика, энергетика, инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, көліктік-транзиттік ынтымақ- тастықтың мəселелері қаралды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назар- баев пен Хасан Рухани өзекті халықаралық тақырыптар төңі- регінде пікір алмасты. Елбасы Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастар əрдайым тұрақты дамып кел- генін жəне бүгінгі таңда бұл ын- тымақтастықтың дамуына қажетті зор əлеует бар екенін айтты. Иран Президенті өз кезегінде Иран та- рапынан Қазақстанмен қарым- қатынасты дамытуға баса мəн берілетіндігіне тоқталып өтті. Тараптардың кеңейтілген құрамдағы кездесуі кезінде Елбасы Қазақстанның Иранды əлемдегі ғана емес, Каспий өңірі бойынша да маңызды серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді. Иранның ядролық мəселесінің де шешімін табатынына жəне осы елдің экономикасының дамуына септігін тигізетіндігіне сенімін білдірді. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Хасан Руханидің мем- лекеттік сапары мен осы сапар аясында жоспарланған Қазақстан- Иран бизнес-форумы екі елдің арасындағы экономикалық ынты- мақтастықты жаңа сапаға көтеруге мүмкіндік беретіндігін айтты. – Елдеріміздің арасындағы тауар айналымының шамалы төмендегеніне қарамастан, өзара экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі көрсеткіштері жаман емес. Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақса- тында Қазақстан-Иран сауда үйін ашуды ұсынамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Хасан Рухани Иран Қазақ- станмен қарым-қатынастарын дамытуға мүдделі екенін, мұны Иран делегациясының құрамында жеке бизнес өкілдерінің болуы айғақтай түсетінін жеткізді. Екіжақты келіссөздердің нəти- жесінде бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Ел басшыларының Бір- лескен мəлімдемесі қабылданды. Сондай-ақ, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Иран Сырт- қы істер министрлігі арасында ынтымақтастық туралы бес жылдық бағдарлама қабылданды. Оған екі елдің сыртқы істер министрлері қол қойды. Қазақстан Үкіметі мен Иран Үкіметі арасында жолаушылар мен жүктердің халықаралық автокөлік тасымалы туралы да келісім жа- салды. Екі ел арасындағы сауда- экономикалық жəне инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жол картасы бекітілді. Мұнан кейін екі ел Президенті журналистермен бірлескен бас- пасөз мəслихатын өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев елімізге алғашқы сапары үшін Х.Руханиге ризашылығын білдірді. – Екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту үшін Сіздің бұл сапарыңыздың маңы- зы өте зор. Иран – əлемдегі аса ірі жəне маңызды əріптесіміз əрі Кас- пий жағалауындағы тату көршіміз, – деді Қазақстан басшысы. Қазақстан Президенті жүргізілген келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар нақты мəселелері талқыланғанын айтты. – Біз жол картасына қатысты басымдықтарды айқындап, тиісті тапсырмалар бердік. Сапар ая- сында қол қойылған құжаттар тау-кен өндірісі, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, ғылыми зерттеулер мен жаңа технология- лар саласындағы екіжақты қарым- қатынастарды қамтиды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Əлеуеті мол əріптестік Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті. Жаңа кітап Баєалы басылым Жақында «Президент пен перзент» атты жаңа кітап жарық көрді. Бұл – Президенттің баспасөз қызметі мен «Айқын» газетінің бірлесіп жүзеге асырған жобасы. Ынтымаќтастыќќа ыќыластылыќ Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Канада» парламенттік достық тобының тең төрағасы Леон Бенуа бастаған Канада Парламентінің делегациясымен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Канада парламентшілерімен кездесті Бұл – канадалық парламент- шілердің екіжақты дипломатиялық қатынас тарихында біздің елімізге алғашқы сапары. Делегация құра- мында Сенат пен Қауымдар пала- тасының, сондай-ақ, аталған елдің заңнамалық органына кіретін негізгі саяси партиялардың өкілдері бар. Тараптар сауда-экономикалық, мəдени-гуманитарлық ынты- мақтастық аясындағы ауқымды мəселелерді талқылай келіп, табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы, уран индустриясы, денсаулық сақтау, білім жəне ғылым салала- рында өзара іс-қимыл əлеуетінің зор екендігін атап көрсетті. Осы ретте Мəжіліс Төрағасы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында Қазақстан- Канада қатынастарының страте- гиялық маңызын атап өтті. Меймандар біздің еліміздің индус- триялық-инновациялық даму бағ- дарламасына қызығушылық таныт- ты. Халықаралық мəселелерге де айрықша назар аударылды. Тараптар Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде екі елдің ортақ қадамдарын тілге тиек етті. Сондай-ақ, келешекте де екіжақты қарым-қатынасты одан əрі сындарлы дамытуға ынта білдіре келіп, осы жолда заңнамалық органдар арасындағы парламенттік достық топтарының айрықша үлес қосатынына сенім білдірді. Парламент Мəжілісінің Спикері Қабиболла Жақыпов «Канада – Қазақстан» парламенттік достық тобының тең төрағасы, Қауымдар палатасының Табиғи ресурстар жөніндегі комитетінің төрағасы Леон Бенуа бастаған канадалық делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Ебiней БҐКЕТОВ: БЕЛГІЛІ ЖАЙДЫЅ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ Стадиондаєы сўхбат ЌАРЌАРАЛЫНЫЅ СОЅЄЫ ЌАБЫЛАНЫ К өккөл

Upload: others

Post on 25-Feb-2020

25 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

(Соңы 2-бетте).

24саєат

№176 (28399)10 ҚЫРКҮЙЕК

СƏРСЕНБІ2014 ЖЫЛ

Иракта жаңа премьер-министр сайланды. Хайдер Абадидің кандидатурасын ел парламенті қолдап дау-ыс берді. БҰҰ Бас хатшы-сы Пан Ги Мун Х.Абадиге Ирактың күш құрылымдары ведомстволарының басшы-ларын тезірек тағайындауды тапсырды. Енді жаңа үкімет басшысы исламшылармен күреске бел шеше кіріседі де-ген үміт бар. Чили астанасы Сантьяго

қаласындағы шағын сауда орталықтарының бірінде жа-рылыс болды. Сегіз адам түрлі деңгейде жарақат ал ды. Жер-гілікті билік мұны террор лық акт деп танып отыр. Лаңкес-тікке жауапкершілікті əзірше ешқандай ұйым өз мойнына ала қойған жоқ. 2015 жылы Біріккен

Араб Əмірліктеріндегі Дубай қаласында аумағы жөнінен əлемдегі ең үлкен сауда орталығы салына бастай-ды. Ол «Шатыр астындағы қала» ауқымды жобасының бір бөлшегі болып табыла-ды. Құрылыс аяқталғанда сауда орталығына жылы-на 180 миллион адам келеді деп жоспарланған. Қазіргі ең үлкен сауда орталығы да Дубайда орналасса, өткен жылы оған 75 миллион адам барыпты. Дүниежүзілік денсау-

лық сақтау ұйымының (ДДҰ) мəлімдемесінде Либерияда Эбола безгегінің таралуы күшейе түсетіні атап көрсе-тілді. Кеше ДДҰ қауіпті вирус-ты жұқтырғандардың санын жариялады. Қазірге дейін Эбо-ладан көз жұмғандар саны 2105 адам делініп отыр. Оны жалпы жұқтырғандар саны 3944 адам-ды құрайды. Нидерланд Малайзия

əуе компаниясының үсті-міздегі жылдың 17 шілдесінде Украинаның Донецк қаласы маңында апатқа ұшыраған «Боинг-777» жолаушылар ұша ғы туралы тексерулердің алдын ала нəтижелерін жа-рия етті. Құжатқа сəйкес, ұшақ сыртқы əсердің салда-рынан жерге құлаған. Сауалнама нəтижесі

Шотландияның Біріккен Ко-рольдік құрамынан шығуын жақтайтындар саны алғаш рет көпшілікті құрағанын көрсеткен. Енді Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэ-мерон 300 жылдан бері келе жатқан одақты сақтап қалу үшін осы мəселе бойынша жақында өтетін референдум ал-дында Шотландияға қосымша жеңілдіктер ұсынуы ықтимал. Ресей мен Қытай бір-

ле сіп жаңа жолаушылар ұша-ғын жасау жөнінде уағ да лас-пақ. Бұл туралы келісімге ал дағы қазан айын да қол қойы лып қалуы мүмкін. Сөй тіп, екі держава бүгінде басым дыққа ие Еуропаның «Аэро бус» жəне Американың «Боинг» ұшақтарын өз ры-нок та рынан ысырып шығар-мақ. Польша премьер-ми-

нистрі Дональд Туск Еуропа Кеңесі төрағалығына сайланды. Енді елге үкімет басшысы бо-лып екінші рет əйел адам келуі мүмкін. Польша парламентінің спикері Эва Копач қазірдің өзінде қажет деп табылған жағ-дайда үкімет басына келуге дай ын екенін мəлімдеп үлгерді. «Польшаның игілігі үшін кез келген қызметке əзірмін», деп мəлімдеді ол.

Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде

əзірленді.

Бүгінгі нөмірде:

5-бет

14-бет9-10-беттер

7-бе

т

Самат МҰСА,«Егемен Қазақстан».

Кітапта Елбасымен əр жыл-дарда өткен түрлі шараларда кез-дескен балалардың өмірінен алын-ған қызықты оқиғалар мен мек-теп оқушыларының Мемлекет бас шысы туралы шығармалары топтас тырылған. Сонысымен-ақ оқыр манды қызықтыратын жинақ тың мазмұны тартымды əрі тағы лымды болып шыққан. Жоба-ның орындаушысы – журналист Бейсенбай Дəулетұлы.

Жалпы, қаз ір Президент т у р а л ы ж а з ы л ы п ж а т қ а н шығармалар аз емес. Жазылған жанрына, көздеген мақсатына қарай Елбасының қайраткерлік,

көшбасшылық тұлғасын түрлі қырынан ашатын туындылардың əрқайсысының арқалаған жүгі, оқырманға айтар өзіндік ойы бар. Біз сөз етіп отырған, екі бөлімнен тұратын «Президент пен пер-зент» атты жинақ осы қатарды толықтырған дара басылым екенін оқырман бірден-ақ аңғарады.

Бірінші бөлімде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кез-дескен, аз-кем болса да тілдесу мүмкіндігіне ие болған жəне соның өзі кейінгі өміріне зор ықпал еткен жас өрендер туралы баяндалған. Бір кездегі жеткіншектер – бүгінде түрлі саланың жалына жармасып, өз кəсібіндегі биіктерді бағындырып жүрген жастар Елбасымен болған

сол бір жүздесулерді ықыласпен еске алады. Сондағы Президенттің ақ тілектері өмірлеріне ақ батадай əсер еткенін шын пейілдерімен əңгімелейді.

Расында да, кітап кейіп кер-лерінің өмірдегі жолдары да сəтті өрілген. Бүгінде экономиканың түр лі салаларында абыройлы жұмыс істеп жатқан немесе өнер əлемін де Қазақстанның атын дүние жүзіне паш етіп жүрген олар-дың қай-қайсысы да ел жастарына үлгі боларлық азаматтар.

Кітаптың екінші бөлімінің тартымдылығы да біріншісінен кем түспейді. Өйткені, мұнда мек-теп оқушыларының Президент туралы қызықты ой-толғамдары жи нақталған. Өздері тұрып жат-қан бүгінгі Қазақстан мен оның бет-бейнесін қалыптастырған Н.Назарбаевтың еңбегін бала лар-дың қалай бағалайтыны, елдің болашағын қалай елестететіні қаз-қалпында берілген.

Қорытып айтсақ, «Президент пен перзент» – Елбасының ел өміріндегі мəн-маңызын қаз-қалпында айшықтаған, шынайы мысалдармен əдемі өрнектеген, қалың көпшілікке арналған кітап.

Жүздесушілер екіжақты не-гіздегі жəне ЕҚЫҰ Пар ламенттік Ассамблеясының аясындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылады. «Ка-нада Қазақ станмен ынты мақ-тастыққа зор мəн береді. Екі ел пар ламентшілерінің өзара бел сенді іс-қимылы екіжақты қатынастарға серпін қосады», деп атап өтті Л.Бенуа.

Канада депутаттарымен халықаралық мəселелерді тал-қылай келіп, Қазақстан Сена-тының басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Ке ңе сіне тұрақты емес мүше болу ұмтылысында Қазақстанның кандидатурасын Канаданың қолдайтынына сенім білдірді. «Қазақстанның ядролық қару-с ы з д а н у д а ғ ы , с о н д а й - а қ , Азиядағы өзара іс-қимыл жəне

сенім шараларын нығайту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету-дегі тəжірибелерін, əлем құры-лысындағы дінаралық жəне ұлтаралық үнқатысуды ілгері-лету дегі күш-жігерін ескере оты-рып, бейбітшілікті жəне қауіп-сіз дікті нығайту жөніндегі ортақ күш-жігерге біздің еліміз елеулі үлес қоса алады», деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Əлемдік жəне дəстүрлі дін-дер көшбасшылары съезі Хат-шы лығының басшысы ретінде Қ.Тоқаев канадалық əріптестерін 2015 жылға жоспарланған бесінші Съезге əзірлік туралы хабардар етті.

Сұңғат ƏЛІПБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Бес мың жылдық тарихы бар Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын, экономикасы дамыған қуатты елдердің бірі. Бұл елдің біздің ата-бабаларымызбен қарым-қатынасы тым көне замандардан басталады. Біз көне тарихта Иран мен Тұран елдерінің қатар өмір сүргендігін білеміз. Мұнан кейінгі Парсы мемлекеттігі кезеңінде бұл халық əлемдік өркениет пен мəдениетте соңынан із қалдырған үлкен елге айналып, жан-жағына ықпалын жүргізіп тұрды. Ал енді қазіргі Иран жағдайына келсек, өзіндік ядролық бағдарламасына сəйкес, Батыс елдері, соның ішінде АҚШ-пен бірқатар кикілжіңді жағдайларды бастан кешіргенімен, көнеден келе жатқан қуатты ел əлемдік аренадағы өз орнын сақтап қалып отыр. Жалпы, Иран экономикасының дамуында мұнай мен газдың жəне елдің орналасқан географиялық орнының маңызы зор. Бұл ел өзінің мұнай қоры жөнінен əлемде үшінші орын алса, газ қорының көлемі жағынан бірінші орында тұр.

Қазақстан мен Иран арасын-дағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 қаңтарда орна-тыл ған болатын. Иранның Қазақ-стандағы елшілігі 1992 жылы ашылса, Қазақстанның Иран-дағы елшіліг і 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Екі ел Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ис-лам ынтымақтастығы ұйымы, Азия дағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес, Шан хай ынтымақтастық ұйымы, Эко номикалық ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық жəне аймақтық ұйымдар, сондай-ақ, Каспий теңізінің құқықтық мəрте-бесін айқындайтын арнайы жұ-мыс тобының аясында өзара əре-кеттес еді. Қазақстан мен Иран

сау да-экономикалық, ғылыми-тех никалық жəне мəдени-гума-нитарлық ынтымақтастық жө-нін дегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының отырыстары тұрақ ты түрде өткізіліп келеді.

2010 жылғы маусымнан бас-тап, ирандық «Махан Эйр» əуе компаниясы Тегеран – Алматы – Тегеран бағыты бойынша ап-тасына бір рет ұшақ қатынасын орнатып отыр. Ал Қазақстанның «Азық-түлік келісімшарт корпора-циясы» АҚ, өзінің инвестициялық жобасына сəйкес, 2010 жылдың 19 маусымында Əмірабад пор-тында бірлескен астық термина-лы мен ұн дайындау диірменін іске қосты. Қазақстанның батыс-тағы облыстары Иранның Кас пий теңізі жағалауындағы про вин-ция ларымен тікелей сауда-эконо-микалық қатынастар орнатып, оны дамыту үстінде. Екі ел арасында 60-тан астам мемле кет аралық, үкіметаралық жəне ведомство ара-лық құжаттарға қол қойылып, олар екіжақты қатынастардың дамуына өзіндік ықпалын тигізіп келеді.

Қазақстанға мемлекеттік сапар-мен келіп отырған Хасан Руханиді таныстыра кететін болсақ, ол – Иран Ислам Республикасының жетінші Президенті. 1948 жылы елдің солтүстігіндегі Сорхе қала-сында дүниеге келген. Əу баста діни білім алған ол кейін Тегеран уни верситетін сот құқығы са-ласы бойынша бітіріп шығады. 1995 жылы Шотландияның Глаз-го қаласындағы Календон универ-ситетінде «Иран тəжірибесіндегі исламдық заң билігі» тақырыбында магистрлық диссертация қорғайды. 1999 жылы мемлекеттік құқық саласында философия докторы ғылыми мəртебесіне ие болады. Орыс, араб, француз, неміс жəне ағылшын тілдерін біледі.

Хасан Руханидің саяси қыз-меті елдегі сарапшылар кеңесінің мүшесі ретінде басталды. Ұлттық қауіп сіздік жоғары кеңесі төраға сы

қызметінде жүргенде Иран ның ядролық бағдарламасы жө нін де Еуропа мемлекеттерімен келіс сөздер жүргізді. 2013 жылдың 15 мау-сымында сайлауда жеңіске жетіп, ел президенті қызметіне кірісті.

Бір теңіздің жағалауында ор-на ласқан елдер болғандықтан, Қазақстан мен Иран арасында екіжақты қарым-қатынастардың əлеуеті үлкен. Соған сəйкес шешімін күткен мəселелер де баршылық. Кешегі күні осы мəселелер жоғары деңгейде талқыланды. Алдымен екі ел президенттерінің екеу-ара кездесуінде Қазақстан мен Иран өзара ынтымақтастығын нығайтып, оны одан əрі дамытудың негізгі жолдары мен тетіктері туралы сөз қозғалды. Соның ішінде экономика, энергетика,

инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, көліктік-транзиттік ын ты мақ-тастықтың мəселелері қаралды. Со нымен қатар, Нұрсұлтан Назар-баев пен Хасан Рухани өзекті халықаралық тақырыптар төңі-регінде пікір алмасты.

Елбасы Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастар əрдайым тұрақты дамып кел-генін жəне бүгінгі таңда бұл ын-тымақтастықтың дамуына қажетті зор əлеует бар екенін айтты. Иран Президенті өз кезегінде Иран та-рапынан Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға баса мəн берілетіндігіне тоқталып өтті.

Тараптардың кеңейтілген құрамдағы кездесуі кезінде Елбасы Қазақстанның Иранды

əлемдегі ғана емес, Каспий өңірі бойынша да маңызды серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді. Иранның ядролық мəселесінің де шешімін табатынына жəне осы елдің экономикасының дамуына септігін тигізетіндігіне сенімін білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Хасан Руханидің мем-ле кеттік сапары мен осы сапар аясында жоспарланған Қазақ стан-Иран бизнес-форумы екі ел дің арасындағы экономикалық ынты-мақтастықты жаңа сапаға көтеруге мүмкіндік беретіндігін айтты.

– Елдеріміздің арасындағы тауар айналымының шамалы төмен дегеніне қарамастан, өзара экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі көрсеткіштері жаман емес.

Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақса-тында Қазақстан-Иран сауда үйін ашуды ұсынамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Хасан Рухани Иран Қазақ-стан мен қарым-қатынастарын дамытуға мүдделі екенін, мұны Иран делегациясының құрамында жеке бизнес өкілдерінің болуы айғақтай түсетінін жеткізді.

Екіжақты келіссөздердің нəти-жесінде бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Ел басшыларының Бір-лескен мəлімдемесі қабылданды. Сондай-ақ, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Иран Сырт-қы істер министрлігі арасында ынтымақтастық туралы бес жылдық бағдарлама қабылданды. Оған екі елдің сыртқы істер министрлері қол қойды. Қазақстан Үкіметі мен Иран Үкіметі арасында жолаушылар мен жүктердің халықаралық автокөлік тасымалы туралы да келісім жа-салды. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық жəне инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жол картасы бекітілді.

Мұнан кейін екі ел Президенті журналистермен бірлескен бас-пасөз мəслихатын өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев елімізге алғашқы сапары үшін Х.Руханиге ризашылығын білдірді.

– Екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту үшін Сіздің бұл сапарыңыздың маңы-зы өте зор. Иран – əлемдегі аса ірі жəне маңызды əріптесіміз əрі Кас-пий жағалауындағы тату көршіміз, – деді Қазақстан басшысы.

Қазақстан Президенті жүргі зілген келіссөздер барысында екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар нақты мəселелері талқыланғанын айтты.

– Біз жол картасына қатысты басымдықтарды айқындап, тиісті тапсырмалар бердік. Сапар ая-сында қол қойылған құжаттар тау-кен өндірісі, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, ғылыми зерттеулер мен жаңа технология-лар саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды қамтиды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Əлеуеті мол əріптестікКеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев

елімізге мемлекеттік сапармен келген Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті.

● Жаңа кітап

Баєалы басылымЖақында «Президент пен перзент» атты жаңа кітап жарық көрді. Бұл – Президенттің баспасөз қызметі мен «Айқын» газетінің бірлесіп жүзеге асырған жобасы.

Ынтымаќтастыќќа ыќыластылыќКеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының

Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Канада» парламенттік достық тобының тең төрағасы Леон Бенуа бастаған Канада Парламентінің делегациясымен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Канада парламентшілерімен кездесті

Бұл – канадалық парла мент-шілердің екіжақты дипломатиялық қатынас тарихында біздің елімізге алғашқы сапары. Делегация құра-мында Сенат пен Қауымдар пала-тасының, сондай-ақ, аталған елдің заңнамалық органына кіретін негізгі саяси партиялардың өкілдері бар.

Тараптар сауда-экономикалық, мəдени-гуманитарлық ын ты-мақ тастық аясындағы ауқымды

мəселелерді талқылай келіп, табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы, уран индустриясы, денсаулық сақтау, білім жəне ғылым салала-рында өзара іс-қимыл əлеуетінің зор екендігін атап көрсетті.

Осы ретте Мəжіліс Төрағасы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында Қазақстан-Кан ада қатынастарының страте-гия лық маңызын атап өтт і .

Меймандар біздің еліміздің индус-триялық-инновациялық даму бағ-дарламасына қызығушылық таныт-ты. Халықаралық мəселелерге де ай рықша назар аударылды.

Тараптар Орталық Азияда тұ рақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ек і елдің ортақ қадамдарын тілге тиек етті. Сондай-ақ, келешекте де ек іжақты қарым-қатынасты одан əрі сындарлы дамытуға ынта білдіре келіп, осы жолда заңнамалық органдар арасындағы парламенттік достық топтарының айрықша үлес қосатынына сенім білдірді.

Парламент Мəжілісінің Спикері Қабиболла Жақыпов «Канада – Қазақ стан» парламенттік достық тобының тең төрағасы, Қауымдар палатасының Та биғи ресурстар жөніндегі комитетінің төрағасы Леон Бенуа бастаған кана да лық делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Ебi

ней

БҐ

КЕ

ТО

В:

БЕЛГ

ІЛІ Ж

АЙДЫ

Ѕ БЕ

ЛГІС

ІЗ Б

ЕТТЕ

РІ Стадиондаєы сўхбат

ЌАРЌАРАЛЫНЫЅ СОЅЄЫ ЌАБЫЛАНЫ Көккөл

Page 2: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz2

(Соңы. Басы 1-бетте).

Сонымен қатар, Н.Назарбаев екі елдің өзара ықпалдастығының негізгі бағыттары туралы əңгі меледі.

– Біз Иран кəсіпкерлерін Қазақ-станның ауыл шаруашылығындағы жобаларын жүзеге асыруға қатысуға шақырамыз. Олардың тарапынан қазірдің өзінде қызығушылық бар. Тағы бір маңызды мəселе – көлік-транзит саласын дамыту жайы. Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағытындағы теміржолдың ашы-луына байланысты біздің еліміздің бидай экспортының көлемі 5 есе ұлғаятын болады. Сондай-ақ, бұл қатынас жолы 10 миллион тонна жүк жеткізуге мүмкіндік тудырады. Осы жол арқылы Иран Ресей мен Қытай нарықтарына, ал біздің еліміз

өз кезегінде Парсы шығанағындағы барлық мемлекеттерге шығуға мүмкіндік алады. Биылғы қараша айының басында ашылуы жос-парланып отырған осы магистраль екіжақты жəне өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге зор серпін береді, – деді Қазақстан Президенті.

Н.Назарбаев салынып біту-ге таяған «Батыс Еуропа – Ба тыс Қытай» көлік дəлізінің артық-шылықтарын да Иранның пай-далана алатынын, оның бұл елге Қазақстан арқылы Қытай мен Ресей нарықтарына шығуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстан Президенті өзге де негізгі салалар бойынша қарым-қатынасты дамытудың маңызды екенін айтты.

– Иран тарапының қатысуымен бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда, Қызылорда облы сында шыны шығару, Қоста най облысында глинозем өндіру, Қарағанды облы-сында гидрометаллургия зауытта-рын салу жобалары қарастырылады. Өзге де маңызды тақырыптар қатарында мұнай бойынша SWAP-операцияларды іске асыру, өңіраралық, сондай-ақ, ғылыми-техникалық ынты мақ тастықты да-мыту, ақпарат саласындағы өзара ықпалдастықты жандандыру істері бар, – деді Қазақстан басшысы.

Н.Назарбаев кездесулер аясын-да бірқатар халықаралық күн тəр-тібіндегі өзекті мəселелер жөнін де пікір алмасылғанын мəлім деді. Атап айтқанда, Ирактағы, Сириядағы,

Израиль мен Палестинадағы аху-ал, сондай-ақ, Иранның ядролық бағдарламасы мəселесі бойынша мемлекеттер «алтылығы» мен Иран арасындағы келіссөздер үдерісі сөз болды. Соған орай Қазақстан Президенті Иранға қатысты санкциялардың алынып тасталуы Иран халқының əл-ауқатының арту-ымен қатар, осы елдің экономикасы мен сау дасының ұлғаюына да оң ықпалын тигізеріне сенім білдірді. Қазақстан басшысы біздің еліміз осындай келіссөздер жүргізу үшін тағы да қажетті алаңды ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Қазақстан Президенті еліміздің халықаралық бастамаларын Иран тарапының қолдауы маңызды екенін де айтты.

– Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің

2017-2018 жылдары тұрақты емес мүшесі болуға ниеттіміз жəне осы мəселеде Иранның қолдауын ризашылықпен қабылдаймыз. АӨСШК үдерісінде Иран белсенді қатысушы болып табылады. Мен Иран тарапын Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қаты-суға шақырдым. Біз Иран Прези-ден тімен бірге Душанбеде өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас-шылары кеңесінің отырысына, сон дай-ақ, 29 қыркүйекте Астра-ханьда болатын Каспий маңы мем лекеттері басшыларының төр-тінші саммитіне қатысамыз, – деді Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті кең құрамды Иран делегациясының са-пары жəне қол қойылған құ жат тар екі елдің өзара қарым-қаты нас тарын

мүлде жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.

Соңында Н.Назарбаев Х.Ру-ха ниге жəне бүкіл Иран халқына табыс тіледі.

Иран Президенті Х.Рухани өз кезегінде Қазақстанға шақырғаны үшін Елбасына алғысын айтты.

– Бұл – біздің пікір алмасуға мүмкіндіктер туғызатын, Иран да жаңа Үкімет өз жұмысын баста ған-нан кейінгі төртінші кездесуіміз. Бүгін екі ел министрлерінің қаты-суы мен тиянақты келіссөздер өтті. Біз экономика, мəдениет, ғы лым, туризм, сондай-ақ, экстремизм-мен күрес салаларындағы екіжақты қатынастардың барлық мəселелерін қозғадық, – деді Х.Рухани.

Иран Президенті Қазақстан

мен Иранды Түрікменстан арқылы жалғайтын жаңа теміржолдың маңыздылығын атап өтті.

Х.Рухани тараптардың Кеден одағы мен Иранның ынтымақтастық мəселелерін, сондай-ақ, мəдени, ғылыми, технологиялық, білім беру жəне туристік салалардағы өзара ықпалдастықты да талқылағанын айтты.

Иран Президенті екіжақты ын-ты мақ тастықтағы маңызды сала-лар дың бірі энергетика екендігіне тоқталды.

– Иран да, Қазақстан да мұнай мен газдың ауқымды қорына ие. Біз тəжірибе алмасып, өзара инвес-тициялар сала аламыз. Сондай-ақ, SWAP-операцияларды жүзеге асыру саласында да тығыз ын ты-мақтастықты дамытуға болады, – деді Х.Рухани.

Иран Президенті кездесу бары-сында өңірлік жəне халықаралық мəселелер де қозғалғандығына тоқ талды.

– Біздің өңірде Ауғанстаннан бастап Иракқа, Сирияға, Ливанға, Пале стинаға дейін бірқатар мəсе-лелер бар. Осы проблемаларды еңсеріп, өңірде орнықты тұрақ-тылық орнату үшін барлық елдердің бір-бірімен ынтымақтасқаны жөн. Біз, сондай-ақ, Иранның бейбіт ядролық бағдарламасына қатысты Иран мен «алтылық» ара-сындағы келіссөздер мəселесін де талқыладық. Біз осы келіссөздердің болашағына қатысты ұстаным-дарымызды айттық жəне Қазақстан Президенті осы жəне басқа да бірқатар мəселелер бойынша Иран-ды қолдады, – деді Х.Рухани.

Ол, сонымен қатар, Иранның Қазақстанды жақын дос əрі тату көрші санайтынын жеткізді.

– Біз екі елдің арасындағы та-уар айналымы бес есеге ұлғаюы тиіс деп есептейміз. Бүгін бірқатар шешімдер қабылданды, солардың нəтижесінде осындай межеге жете аламыз. Біз Каспий теңізіне қатысты да тыңғылықты келіссөз жүргіздік. Бұл орайда, Қазақстан Президентінің мəлім еткеніндей, Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржолының қараша айында жұмыс істей бастауы маңызды мəнге ие, – деді Х.Рухани.

Əлеуеті мол əріптестік

-----------------------------------------Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Іскерлік байланыстар – іргелі істер бастауы

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,«Егемен Қазақстан».

Форум қатысушылары алдын-да сөйлеген Елбасы Иран Қазақ-станның Таяу жəне Орта Шы-ғыстағы маңызды экономикалық серіктестерінің бірі екенін айт-ты. Бірінші жартыжылдықтың деректеріне сəйкес , б і зд ің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы өсіп келеді, біз оны 1 миллиард доллардан асады деп сенеміз. Бүгінгі форум елдеріміздің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды мүлде жаңа сапалық деңгейде құру үшін бастапқы серпін болады, деді Қазақстан Президенті.

Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в экономикалық жəне көлік-транзит əлеуетін дамытуға бағытталған бір қатар қазақстандық-ирандық

жобалардың сəтті жүзеге асы-рылуын атап өтті. Биыл біз Орталық Азия мен Парсы шығанағы елдерінің арасын бай-ланыстыратын желіге айналатын Жаңаөзен – Берекет – Гөрган бағы тындағы теміржолдың құры-лысын аяқтаймыз. Жаңа теміржол бағытының іске қосылуы арқылы тек келесі жылдың өзінде елдері-міздің арасындағы тауар айналы-мы 2 миллиард долларға дейін өсуі мүмкін, деді Қазақстан басшысы.

Қазақстан Президентінің пікірінше, екі ел де өзара тиімді ынтымақтастықты металлургия, агроөнеркəсіп кешені, көлік, ло-гистика жəне туризм секілді сала-ларда кеңейте алар еді. Олардың кейбіріне қатысты, инвестиция-лар көлемі 1 миллиард доллар бо-латын, жалпы саны 20-ға жеткен қазақстандық-ирандық бірлескен

жобаларды талқылау жүріп жа-тыр, деді Нұрсұлтан Назарбаев осы орайда. Елбасы Қазақстан өз алдына əлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру сынды биік мақсат қойып отырғанын айт-ты. Бұл мақсатқа жетудің негі-зін табысты кəсіпкерлік қалай-тын болады. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін елде біздің эконо-микаға инвестиция салу үшін бірегей жағдайлар жасалуда. Инвестициялық субсидияларды, заңнаманың тұрақтылығын, салық преференцияларын, тарифтердің болжамдылығын қарастыратын ынталандырудың жаңа пакеті заңнамалық деңгейде бекітілді, деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Қазақстан ірі компаниялармен қатар, орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер мен орасан əлеует екенін атап өтті. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһан-дық бəсекеге қабілеттілік туралы есебінің нəтижелеріне сəйкес, биыл Қазақстан 144 елдің арасы-нан 50-ші орын алды. Дүниежүзілік банктің жыл сайын жасалатын «Бизнес жүргізудің жеңілдіктері»

рейтингісінде де Қазақстан 50-ші орында тұр. Жалпы алғанда, бұлар – Кеден одағы елдері мен біздің көршілеріміз арасындағы тəуір көрсеткіштер, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентінің ай-туынша, елде қазірдің өзінде 10 арнаулы экономикалық аймақ жұмыс істейді, индустриялық аймақтардың инфрақұрылымы қалыптасуда. Ол аумақтарда кəсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіледі, салықтық префе-ренциялар жасалуда. Бұған қоса, Қазақстанда шетелдік кəсіпкерлер үшін бизнес жүргізуге мейлінше қолайлы жағдай жасалған.

Кеден одағының жəне Еура-зиялық экономикалық одақтың құрылуымен бірге Қазақстанда жұмыс істеп жатқан кəсіпкерлер үшін 2,5 триллион АҚШ долла-ры көлемінде қаражаты жəне 170 миллион халқы бар нарыққа жол ашылды, деді Елбасы.

Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в и р а н д ы қ б и з н е с м е н д е р д і ЭКСПО-2017 халықаралық көр месі нысан дары ның құры-лысына жəне Қазақ станның

ин дустриялық-инно вациялық да-му бағдарламасын жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды.

Бағдарлама аясында 4 жыл-да 670 жаңа кəсіпорын іске қо-сылып, 100 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Біз 325 жаңа өнім түрін шығара бастадық. 2015 жылдан бастап осы бағ-дар ламаның екінші кезеңін бас-таймыз. Бағдарламаның бас-ты күш-жігері басымдығы бар салаларға – металлургиялық кешенге, машина жасау ісіне, мұнай-газ өңдеу кешеніне, хи-мия өнеркəсібіне, құрылыс мате-риалдары өндірісіне, азық-түлік өнеркəсібіне бағытталатын бо-лады, деді Нұрсұлтан Назарбаев тақырыпқа қатысты сөзінде.

Иран Президенті Хасан Рухани Иран мен Қазақстанның ортақ та-рихи жəне мəдени-гуманитарлық байланыстары екі елдің болашақ қарым-қатынастарын орнату үшін қажетті зор жетістігі екенін айтты. Иран мен Қазақстан ИЫҰ жəне АӨСШК сияқты өңірлік ұйымдар аясындағы ынтымақтастық үшін қажетті үлкен əлеуетке ие. Иранның инженерлік-техникалық, фармацевтикалық, сондай-ақ, электр стансаларының құрылысы саласындағы əлеуеті зор. Біз инфрақұрылым қалыптастыру, транзит саласында, мұнай-газ секторында, телекоммуникация, туризм жəне өзге де салаларда ынтымақтастық орната аламыз, деді Иран Президенті.

Сондай-ақ, Иран Президенті Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу Иранның іскер топтары үшін өздерінің соңғы жетістіктерін көр-сетуге керемет мүмкіндік тудыра-тынын айтты. Иранда энергияның балама көздерін пайдалануға зор көңіл бөлінеді. Сондықтан екі елдің де жаңғыртылатын энергия саласында ынтымақтасуға жақсы мүмкіндігі бар, деді осы орайда Х.Рухани.

Оның сөз іне қарағанда , Иран бай энергетикалық қор мен жоғары білікті мамандарға, сон дай-ақ, зор көлік əлеуетіне ие. Х.Рухани Қазақстан мен Иранның озық технологиялар, соның ішінде биотехнологиялар мен нанотехно логиялар саласында да айтарлықтай нəтижелерге қол жеткізе алатындығын атап өтті.

Форумның қорытындылары бойынша Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқармасы мен Иран ның Сыртқы сауда палата -сының қызметкерлері екі тарап-тың саудадағы мүмкіндіктері жө нінде келіссөз жүргізіп, оның қоры тындылары бойынша 500 млн. доллар сомасын құрайтын бір қатар екіжақты келісім құ-жаттарына қол қойды.

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Қазақстан мен Иран прези-денттері студенттермен жəне оқы-тушы-профессорлар құрамымен кез десті. Сондай-ақ, Х.Рухани олар дың алдында қазіргі қоғам-ды дамытудағы ғылымның рөлі туралы дəріс оқыды. Сөз сөй лер алдында Хасан Рухани Қазақ-стан Президентіне жəне бауыр-лас Қазақстан халқына қонақ-жайлылық көрсеткені үшін алғыс айтты. «Құрметті студент-тер, сіздердің орталарыңызда тұрғаныма, əсем қала Астанада жүргеніме қуаныштымын, – деді Иран Президенті. – Осы елдің зия-лы қауымы алдында сөз сөйлеп жатқаныма да ризамын. Осыған мүмкіндік жасап, құшақ жая қарсы алғаны үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше алғыс айтқым келеді».

Иран Президенті Иран елі білім беру саласындағы ынты мақ-тастыққа əзір екенін де атап өтті. «Біз мұнай мен газ ресурстарын ғана емес, ғылыми, философиялық жəне мəдени ресурстарды да мо-лынан пайдалана аламыз, – деді Хасан Рухани осы жайында. – Біз əлем үшін көпір ретінде де əрекет етеміз. Біздер – əл-Фараби,

Ибн Сина, Хорезми, Рудаки жəне Фирдоуси сияқты ғұламалардың ұрпақтарымыз. Біз ғылымды, мəдениетті жандандыра аламыз».

Өз дəрісінде Иран басшы-сы ежелгі ислам өркениетін дамытудың мезгілі жеткенін айт-ты. Президенттің атап өткеніндей, Ислам əрқашанда барша жұртты бейбітшілікке үндеп келеді. Нақ осы фактор терроризм мен зорлық-зомбылықты түбірімен жоюға көмектеседі.

Қадірлі мейман, сондай-ақ, Қазақстан мен Иран арасын да білім беру саласындағы ынты мақ-тастықты жақсы жолға қою қажет-тігіне де тоқталды. «Иран Ислам Республикасы екі ел арасындағы ынтымақтастықты барлық сала бойынша нығайтуға дайын екенін жариялайды, – деді Хасан Рухани. – Соның ішінде ғылым саласы жəне жоғары оқу орында-ры арасындағы ынтымақтастық та бар. Студенттер алмасуға, оларға шəкіртақы төлеуге мүмкіндігіміз жетеді. Осылайша, біздер өзара ғылыми тəжірибе алмаса аламыз».

Кездесу соңында Иран Пре зи-денті құрметті қонақтар кітабына қолтаңба жазып қалдырды.

Біз єылымды, мəдениетті жандандыра аламыз

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Президенті Хасан Руханимен бірге Назарбаев Университетінде болды. Мемлекет басшылары университет ғимаратын аралап, оның қызметімен танысты.

Кеше Астанада Қазақстан-Иран бизнес-форумы өтті. Оған Қазақстан Республикасының Пре зи денті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани қатысып, сөз сөйледі. Аталған форумға 250-ге жуық делегат жəне 100 қазақстандық, сондай-ақ, 100 ирандық компаниялардың өкілдері арнайы келді.

Page 3: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz 3

– Қуатжан Серікқазыұлы, қазіргі кезде кейбіреулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бəсеңдеп кеткен сыңайлы деп айтып жүр. Егер ол рас болса, бұл олқылықтың ор-нын толтыруда қандай жаңа шаралар қолға алынып жатыр?

– Дұрыс айтасыз, таяуда жұртшылық на-зарына ұсынылған «Нұр Отан» партиясының «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы» осы саладағы олқылықтардың орнын толты-рып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бүкіл қоғамды жұмылдыру арқылы оны алас-татпақ. Бағдарламада атап көрсетілгендей, «Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның бар-лық табыстарына қол жеткізуге мүмкіндік туғызған мемлекетіміздің негізгі құндылығы – тəуелсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық азаматтардың санасында жалған ұғым қалыптастыру арқылы қоғам мен мемлекеттің өзегіне балта шабады». Бағдарламаның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзімсіздік ахуалын қалыптастыру арқылы қоғамның барлық топтарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту. Жалпы бағдарлама сірескен нормаларға толы құқықтық құжат емес, жемқорлыққа төзбеу мəдениетін қалыптастыруға бағытталған саяси құжат.

– Сыбайлас жемқорлықтың ден алуына, жаппай таралуына не түрткі болады деп ой-лайсыз?

– Бүгінгі заманда сыбайлас жемқорлықтың таралуына елдегі əлеуметтік ахуалдың əлі де төмендігі, билік құрылымдарының жауапсыз іс-əрекеттері, осы саладағы тиісті заңнаманың өз деңгейінде орындалмауы, тұрғындардың құқықтық санасы мен білімінің төмен бо-луы, қоғамда демократиялық дəстүрлердің сақталмауы, сот жүйесіндегі əділетсіздіктер жəне т.с.с. көптеген себептер əсер етеді. Əсіресе, көпшіліктің сыбайлас жемқорлық көріністеріне көз жұмып қарауымен пара берушілікке бой ал-дыруы үрдіске айналғаны рас.

Бұл зиянды құбылыспен күрес жүргізу еш уақытта тоқтаған емес. Қазақстан Рес пуб-ликасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара-лар заңды-құқықтық негізге ие, ол сонау 1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңнан бастау алды. Дегенмен, түрлі бағдарламалар түріндегі сан алуан іс-шаралар қолға алынғанымен, бұл саладағы құқық бұзушылықтар тыйылмай отыр. Тəжірибе көрсеткендей, аталған шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру міндетін толыққанды шеше алмады жəне мұның өзі олардың жемқорлықты туындататын фактор-лар мен жағдайлардың себеп-салдарына терең бойлай алмағанын көрсетеді.

– Демек, енді не істеген жөн?– Бұл орайда «Нұр Отан» партиясының

«2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы» осы келеңсіз құбылыстың түп негіздерін жоюға бағытталған жəне осы күреске бүкіл халықтық сипат беруді көздейтінімен ерекшеленеді. Өйткені, бұл үшін, ең алдымен қоғамдағы əр адамның өз жауапкершілігін түсінуі, осы тұрғыдағы сана-сезімінің басымдық алуы қажет. Бағдарлама қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру; тəрбие мен білім берудің барлық сатыларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін құру міндеттерін ұсынуымен құнды.

– Демек, адамдар сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін, алдымен соған қарсы мəдениетті қалыптастыру қажет дейсіз ғой?

– Əрине. Алдымен жемқорлықтың орасан зор салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, ағарту шараларын қолға алу азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетінің қалыптасуына, олардың өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына жəне орындауына көмектеседі. Осы тұрғыда ең алдымен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениет» деген ұғымның мəн-мазмұнына бойлау қажет. Жалпы «сыбайлас жемқорлық» немесе «коррупция» ұғымы əр елде əртүрлі түсіндіріледі. Батыс құқықтанушылары сая-си элитаның девиантты мінез-құлқының, яғни моральдық жəне этикалық нормалардың бұзылуы туралы айтса, ресейлік ғалымдар сыбайлас жемқорлықты құқықтық нормалардың талапта-рына қайшы, қоғамға зиян ды əрекет саналатын құқық бұзушылық деп сипаттайды. Ал Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңында: «...мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн жəне соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдала-нуы, не мүлiктiк пайда алу үшiн өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке жəне заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады» делінген. Яғни, бұл термин мемлекеттік қызметкердің қандай да бір артықшылыққа ие болу үшін өз лауазымын пай-далануын білдіреді.

– Жалпы, «мəдениет» ұғымының мағы-насы өте кең жəне бұл құбылыс ең маңызды əлеуметтік үдерістермен тығыз байланысты жатыр ғой. Оны қалай түсінеміз?

– Иə, «мəдениет» түсінігі адамның қоғам мүшесі ретінде меңгерген білімдерін, білік-дағдыларын, қабілеттерінің жиынтығын білдіреді. Өзіңіз айтқандай, мəдениет ұғымының қолданыс ауқымы өте кең, рухани жəне материалдық мəдениет жəне т.б. түрлері бар, дегенмен барлық жағдайда оның қандай да бір нормалар мен ережелерге сүйене оты-рып, қоғамның маңызды элементі ретінде дамуын қамтамасыз етуге бағытталатынын көреміз. Осылайша «Мəдениет» түсінігі адам-ның өзін қоршаған дүниеге, əлемге, қоғамға көзқарасын білдіре отырып, оның болмыс-біті мін айқындайды. Мысалы, кез келген адам өзінің сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасының мəн-мағынасын анық та айқын ұғынуы тиіс. Соған сəйкес тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы, болмысы, іс-əрекеті қалыптасады. Сыбайлас жемқор лыққа қарсы мəдениеті қалыптасқан адам жемқор-лықтың қоғам мен мемлекет, əрбір адам үшін қаншалықты қауіпті екенін сезініп, жемқорлық құбылысына қарсы тұратын болады, яғни осын-дай келеңсіз көріністерге мүлдем төзе алмайды. Сөйтіп, осы дерттің жойылуына үлес қосуы-на алып келеді. Мұның өзі сыбайлас жемқор-лыққа қарсы мəдениеттің азаматтардың саяси белсенділігін көтеруге ықпал ететінін көрсетеді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениеттің толық қалыптасуы үшін бірқатар шарттар керек екендігі сөзсіз. Ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлықты елдің да-муын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тану, жемқорлық көріністерін анық ажыра-та білу, мемлекеттің түрлі салаларында жем-қор лықтың алдын алу, əр адамның пара беру жəне пара алуға қарсылығы, заңдардың орын-далуына үлес қосуы қажет. Сыбайлас жемқор-лыққа қарсы мəдениеттің болуы əр адамның құқықтық сауаттылығына да байланысты, бұл біреуде төмен, біреуде жоғары болуы мүмкін. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу əр адам ның өз іс-əрекетіне деген сенімділігін нығайтады, сөйтіп ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты кез келген құқық бұзушылыққа той-тарыс бере алатын дəрежеге жетеді. Бұл əрине, əрбір адамның азаматтық ұстанымына, өмірлік қағидаларына, тұлға ретіндегі қасиеттеріне байланысты.

– Бұл арада алдымен, сыбайлас жемқор-лық қа қарсы мəдениетті насихаттауға аса көңіл бөлінгені жөн ғой.

– Дұрыс айтасыз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, əсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Бағдарламада: «Отбасы жəне білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жұмысты мектеп-ке дейінгі бала тəрбиесінен бастаған абзал», делінген. Мұнда өскелең ұрпақтың жас тайынан құқықтық санасы мен мəдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тəрбиелеу міндеті қойылып отыр. Өйткені, азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениеттің қалыптасуына бірден-бір ықпал ететін фактор. Еліміздің əрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сəйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, əлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.

– Демек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениеттің атқаратын қызметі зор екендігін ұғына отырып, оны қоғамымызда кеңінен тарату үшін құқықтық нормаларға сəйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлыққа ие адамның белгілі бір бейнесін қалыптастыру қажет дейсіз ғой.

– Дəл солай. Жəне ол, ең алдымен, құқық-тық сауатты жəне мəдениетті, жемқорлық көрі-ністерін ажырата білетін, «нөлдік» төзімділігі қалыптасқан, азаматтық ұстанымы айқын тұлға болуы тиіс. Мұның бəрі елімізде құқықтық мемлекеттің іс жүзінде орнауына, заңның үстемдігіне, əр адамның қауіпсіз өмір сүруіне, қоғамдық тəртіптің нығаюына, əлеуметтік ахуалдың жақсаруына, ең бас тысы ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жəне тұрақты дамуға жеткізеді. Міне, сондықтан «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы дəл уақытында дүниеге келген, еліміздің келешегін көздеген аса қажетті құжат екендігін көрсетеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ-стан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемле-кеттің жаңа саяси бағыты» жəне «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бола шақ» атты Қазақстан халқына Жолдауларын басшы-лыққа ала отырып жасалған бұл құжат еліміз-дің тұрақты дамуына қызмет етеді. Сыбай лас жемқорлыққа қоғам болып баршамыз бірле се күрескенде ғана оған қарсы тұра аламыз жəне бұл үшін жүйелі жұмыс жасау талап етіле ді. Өйт кені, сыбайлас жемқорлықты жою – біз дің халқымыз бен мемлекетіміздің негізгі құн ды лығы – Тəуелсіздігімізді нығайтудың бас ты талабы.

– Əңгімеңізге рахмет.Əңгімелескен

Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан».

Індет жəне міндетСыбайлас жемќорлыќты ауыздыќтау жолдары

Қазір əлем елдерінің алдында тұрған өзекті мəселенің бірі – мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық. Орасан зор салдары бар бұл əлеуметтік дерт-тен біздің қазақстандық қоғам да белгілі бір деңгейде зардап шегіп отыр. Сондықтан сыбайлас жемқорлық мəселесі мемлекет пен қоғамның бүкіл саласына қатысты өткір сипат алып, бұрынғыдан бетер өзектілене түсуімен назар аудартады. Себебі, жемқорлық дерті мемлекеттік қызметтегі пара алатын лауазымды тұлғалардың беделін түсіріп қана қоймай, билік жүйесінің, сонымен қоса бүкіл əлеуметтік жүйенің құлдырауына əкеп соғуымен қауіпті. Алайда, еліміз тəуелсіздік алғалы бері қаншама заңнамалар қабылданып, сан алуан іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп келсе де, бұл келеңсіз құбылыстың жолы кесілмей қойды. Осы орайда біз Мəдениет жəне спорт министрлігіне қарасты Мəдениет бастауыш партия ұйымының төрағасы Қуатжан УƏЛИЕВПЕН сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары туралы əңгімелестік.

Берік САДЫР,«Егемен Қазақстан».

Басқосуда Білім жəне ғылым министрлігінің мектепке дейінгі,

орта білім жəне ақпараттық технологиялар департаментінің ди-ректоры Жаңыл Жонтаева орта мектептерді оқулықтармен қамту ережесімен таныстырды. Оның айтуы бойынша, «Білім туралы» заңының 6-бабына сəйкес, Білім жəне ғылым министрлігінің құзырына тек оқулықтар мен оқу-əдістемелік құралдардың бағдарламасын əзірлеу кіреді де, бекітілген бағдарлама күні бұрын жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Жергілікті атқарушы органдар (Алматы, Астана қалалары мен облыс орталықтары) өз кезегінде баспамен келісімшартқа отырып, аймақтарындағы мектептерді қамтамасыз етуге міндетті.

«Бүгінгі таңда орын алып отырған оқулықтардың жетіспеу-шілігінің басты себебі – аймақтық білім басқар маларының министрлікке жалған ақпарат беруінде, дұрыс болжам жасамау-ларында. Қазір жалған ақпарат берген білім басқармаларына шара қолдану керектігін айтып, облыс, қала əкімдеріне ресми хат жаздық» деп атап өтті өз сөзінде Жаңыл Алпамысқызы.

Оқу бағдарламасындағы оқулықтардың жаңаруы тек 4 жыл-да бір рет, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады екен. 2014/15 оқу жылында тек 3-ші жəне 10-сыныптың оқулықтары ғана қайта басылған, басқа сыныптардың кітаптары өзгеріссіз қалған биылғы оқу жылына жарамды көрінеді.

Оқулықтарды, оқу-əдістемелік кешендер мен оқу-əдістемелік құралдарды əзірлеуді автор, авторлық ұжым өз бетінше əзірлеп баспа ұйымдастыратыны алға тартылды. Авторлық ұжымның құрамына басылымының бағытына қарай ғалымдар, əдіскерлер, педагог-практиктер, педагог-сарапшылар, жұмыс берушілер еншісінде. Дайындалған оқу-əдістемелік кешендер сараптамадан өтеді десек, оны 39 адамнан тұратын республикалық комиссия електен өткізеді. Сондай сараптан өткен 1119 оқулықтың 1109-ы басуға ұсынылғаны алға тартылды. Бұл мəселенің түйінін шешу жергілікті мекемелердің құзырында болып тұр.

ОЌУЛЫЌ МƏСЕЛЕСІ жергілікті жердіѕ еншісінде ќалып тўр

Білім жəне ғылым министрлігінің ұйым дас ты руымен еліміз бойынша орта мектептердегі оқу лық тардың жетіспеушілігіне байланысты брифинг болып өтті.

Еліміздегі агротехника сала-сында кешенді білім беретін оқу ордасында өткен шара барысын-да сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орын-басары, Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс барысына тоқтала келіп, алдағы жылы аталып өтілмек шараларға дайындық барысы тура-лы жан-жақты айтып өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Т ө р а ғ а с ы н ы ң о р ы н б а с а р ы , Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков студенттер ал-дында елдегі халықтар достығы ту-ралы қазақстандық дəстүрлерді тілге тиек етті.

С . С е й ф у л л и н а т ы н д а ғ ы ҚазАТУ ректоры, Астана қалалық мəслихатының депутаты Ақылбек Күрішбаев: «Біздің университеттегі 29 ұлт өкілі оқитын 10 мың студент, 20 ұлт өкілі қызмет ететін мыңнан аса ұстаз Елбасының осы салиқалы сая-сатын бірауыздан қолдайды. Бүгінде

ғылыми-зерттеу университетіне қадам басқан оқу орны тек білім мен ғылымның ордасы ғана емес, тəрбиелі ұрпақтың мекеніне айнал-ды. Татулық пен бірлікті насихат-тайтын «Достық» клубы кеңейіп, кафедраға айналып отыр. Енді ол Қазақстан халқы Ассамблеясы ка-федрасы деп аталады. Бұл кафе-дра болашақта татулықтың жар-шысы болып отырған сіздермен, құрметті қонақтар, Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз жұмыс істейді деп сенім білдіремін!», деп сөзін қорытындылады.

Осы орайда айта кетер жайт, биылғы оқу жылында ҚазАТУ-ға 2 364 студент қабылданса, оның 1

238-і – мемлекеттік грант иегерлері. Бүгінде ҚазАТУ ұлттық универси-теттер деңгейімен теңесіп, Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың тапсырмасы-на сəйкес, «Қазақстанның жаңа индустриялануы» бағдарламасын жүзеге асырушы республика бойын-ша 4 ғылыми-зерттеу университеті мəртебесіне ие болды. Бұл оқу орнынан басқа аталған универ-ситеттер қатарына Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ .Сəтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеті жəне Қазақ ұлттық аграрлық университеті кіреді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім саласын да-мыту мемлекеттік бағдарламасын

орындау мақсатында экономиканың əр саласын кадрлармен қамтамасыз ететін базалық 10 университет анықталған еді. Бұл бағ дарламаға кірген университеттердің мате риал-дық-техникалық базасы мемлекеттік қолдауға ие болады.

Салтанатты шара барысында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да Қазақстан халқы Ассам блеясы кафедрасының салтанатты ашы-лу рəсімі болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен С.Сей фул лин атындағы ҚазАТУ арасындағы əріптестікті нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойылды.

Сəулебек БІРЖАН.

Елім меніѕ – ЌазаќстанС.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

2015 жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялау тура-лы Жарлығына орай елдікке, бірлікке, ынтымаққа үндеген «Елім менің – Қазақстан» атты патриоттық іс-шара өтті.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан».

Қазіргі ақпарат ағыны толаста-май тұрған заманда ақ пен қараны ажырату үшін де адамдардың бой-ында дұрыс тұжырым жасай білу қасиеті кейде жетпей жатады. Алынған ақпараттарды сын тезінен өткізіп, байыбына бару арқылы тиісті тұжырым жасау үшін де белгілі бір ойлау машығы керек-ақ. ХХІ ғасыр тұлғасына бұл өте қажет қасиеттердің бірі. Мемлекет бас-шысы Н.Ə.Назарбаев үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына Жолдауында «Оқушыларды оқытудың нəтижесі сыни ойлау, өз бетінше іздену мен ақпаратты терең талдауға бейімделу болуы керек», деп ерекше атап кеткені де сондықтан болса керек.

Е л б а с ы н ы ң о с ы с ө з д е р і н басшылыққа алған Жалпыұлттық қ о з ғ а л ы с « К р и т и к а л ы қ

ойлау негіздері» кітабының жазы-луына мұрындық болыпты. Аталған кітапты жазып шыққан Educator.kz жобасының қатысушылары əрі қозғалыстың белсенділері Əйгерім Қоржымбаева мен Ғабит Бекахметов. Бұл екі автордың еңбегі Қазақстан қоғамының өркениет көшінен қалыспай, адамзаттық ой-лау кеңістігінде өз орнын табуына титтей болса да қосқан үлестері деп түсінген абзал.

Оқу құралы қарапайым тілмен, күнделікті өмірден алынған мысал-дармен көмкеріліп əрі халықаралық озық тəжірибелерді пайдалану ар-қылы жазылыпты. Кітапты жазу бары сында америкалық жəне ағыл-шындық мамандардың еңбектерін жан-жақты саралауға да тура кел-ген. «Критикалық ойлау негіздері» қазақстандық оқырмандарға арна-лып жазылған тұңғыш оқу құралы болып табылады. Ғ.Бекахметовтің сөзіне қарағанда, кітап оқушыларға,

студенттерге, тіпті, қалың оқырманға арналған. Əсіресе, бұл туындының студенттер үшін маңызы зор. Өйткені, еліміздегі халықаралық талаптарға сай ең белді оқу ордасы саналатын «Назарбаев Университеті» критикалық ойлаудан емтихан алып келеді. Сондықтан да кітап авторла-ры өз туындыларының əрбір саналы қазақстандықтың жұмыс үстелінің үстінен орын аларына сенімді.

Оған негіз де бар сияқты. Кітаптан қысқаша ғана үзінді келтірейік: «Критикалық ойлау сіздің дəлелсіз болжамдар мен идеологиялардан, жалған нанымдардан босауыңызға көмектеседі. Қорыта келгенде, мұндай ойлау сізді ойлануға жəне өз-өзіңізден «Бұл маған айтқан жəне мен естіген дүние ме? Бірақ, бұл нақты осылай болу керек пе?» деп сұрауға алып келеді. Қандай да бір ақпаратты оқыған, кез келген жаңа ақпаратты естіген бойда сіз өзіңізге «Мұны кім айтты?», «Ақпарат көзіне сенуге бола ма?», «Мұның нақты дəлелдері бар ма?», «Ғылыми жол-мен дəлелденген бе?», т.с.с. сұрақтар қоя бастайсыз» делінген. Бұдан еңбектің адамдарды неге үйрететіні көрініп тұр. Ақпаратты бойыңа

сіңірмес бұрын, ең алдымен, өз-өзіне жоғарыда келтірілген сұрақтарды қойып ал дегенді меңзеген.

Оқу құралының мазмұнына қ а т ы с т ы о й ы м е н б ө л і с к е н Ə.Қоржымбаеваның айтуынша, «критикалық» сөзінің мағынасы гректің kritikos «ойлай білетін» сөзімен астарласып жатыр. Автор бұл ретте кейбіреулер критиканың астарынан сын тезіне алу деген ұғымды іздеп жататындығына да на-зар аударта кетті. «Негізінен алғанда, критикалық ойлау неге сеніп, не істеу керектігі жөнінде саналы ойлай білуде жатыр, – дейді ол. – Өзгелердің көзқарастары мен дəйектерін жақсы түйсініп, бағалай білу де критикалық ойдың жемісі. Қиындықтар мен кедергілерге қарамастан, ақиқатты орнатуда табандылық таныту да осындай тұжырымның қасиетінде болса керек».

Еліміздің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған кішігірім еңбек əзірге 700 данамен қазақ жəне орыс тілдерінде шығып отыр. Тұсаукесер рəсімі барысында кітап таралымының бір бөлігі Ұлттық кітапханаға салта-натты түрде табыс етіліп, біразы келушілерге таратылды.

Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».

– Бүгінгі таңда мұндай Байқау кеңесі жеті ұлттық университетте құрылды, – деді А.Сəрінжіпов. – Жыл аяғына дейін жиырма мемлекеттік универси-тетте құруды көздеп отырмыз. Кеңес жоғары оқу орындарындағы барлық стратегиялық даму мəселелері бойынша шешім қабылдап, академиялық, қаржы мəселелеріне тікелей араласа алады. Сондай-ақ, ректор, проректорларды тағайындағанда министрлік негізінен кеңес мүшелерінің ұсынысымен есептесетін болады. Ал ректорлар əр тоқсан сайын байқау кеңесіне есеп беріп отырады.

Тағы бір айта кетерлігі, мəселен, А.Баталов отырысқа Байқау кеңе-сі нің мүшесі ретінде қатысты. Бұл деге ніңіз, ЖОО-лар облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ші-лермен тығыз байланыста жұмыс жа-сайды деген сөз. Сонымен қатар, ма-ман даярлауда да үлкен көмегі бол мақ. Жалпы алғанда, халықаралық тəжі-рибеге сүйеніп құрылған Байқау кеңесі еліміздегі білім сапасын арттырып, жоғары оқу орындары жұмысының

ашықтығы үшін жасалған үлкен қадам. Отырыс барысында Қазақ ұлттық

аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполов аталған оқу орнының 2011-2014 жылғы қызметі мен даму перспективасы жайлы жан-жақты, байыпты есеп бере келіп, Байқау кеңесінің жұмысы университеттің жоғары нəтижелілігін, Үкімет, қоғам жəне бизнес құрылымдарымен ара-қатынастарының жаңа жүйесін енгізуге бағытталғанын, сондай-ақ, алдағы уақытта оқу орнының заман талабы-на сəйкес зерттеу университеті болып қалыптасуына, еліміздің экономикасын инновациялық жолмен дамытуға, соны-мен қатар, білікті мамандар дайындаудың білім беру жүйесіне қомақты үлес қосатынына сенімін білдірді.

Ал Байқау кеңесінің жаңа төрағасы Амандық Баталов Алматы облысы-на тың идеялар мен ғылыми жобалар қажет екеніне тоқтала келіп, шаруа қожалықтары арасында ғылыми иннова-ция, жаңа технология ендіру қажеттігін атап өтті жəне ол үшін университеттің ғалымдарымен бірге жұмыс істеп, олар ғылыми база болатынына сенім білдірді.

АЛМАТЫ.

Маќсат – білім сапасын арттыру

Алматыда Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіповтің қатысуымен Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Байқау кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңестің төрағасы бо-лып бірауыздан Алматы облысының əкімі Амандық Баталов сай-ланып, 21 мүшесі бекіді. Олардың қатарына қоғам қайраткерлері, депутаттар, белгілі ғалымдар, бизнес, жергілікті атқару органдарының өкілдері, еліміздің белді ауыл шаруашылығы мекемелерінің басшылары кірді.

Ойлауєа їйрететін оќу ќўралыКеше елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында

«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының «Критикалық ойлау» жобасы негізінде жазылған «Критикалық ойлау негіздері» атты жаңа оқу құралының тұсауы кесілді.

Толғандырар тақырып

Page 4: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz4ОТБАСЫ – ОТАННЫЅ ОШАЄЫ

Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан».

Жағалау бойында тұрғызылған əсем үйлердің бір пəтеріне аяқ бастық. Бұл – жуырда ғана «Алтын алқа» иегері Қабираш анаға мемле-кет тарапынан берілген бір бөлмелі баспана. Пəтерге енгенімізде үй ішінен қонақжайлылық лебі есіп тұрды. Алдымен ақсақалға көкейіміздегі сұрақтарды қоюға ыңғайландық. Өзі тарихшы, өзі шежіре жазумен айналысып жүр ген кісі сөзге шорқақ болсын ба? Елу жылдан аса бір шаңырақ астын да өнегелі өмір сүрудің сыры неде? Сауалымызды тыңдап үл гер местен, əңгімесін бастап кетті.

– «Жақсы əйел – еріне берген құдайдың сыйы» дейді екен ата-ларымыз. Не деген ғажап сөз. Өте тауып айтылған. Арғы жағыңдағы ойды айтқызбай ұғатын, дегеніңе құлақ асып, құрақ ұшатын,

азаматым, ардағым деп үнемі ерін арқа тұтатын, ту көтеретін өнегелі де өрелі əйелдер ер-азаматтың бағы ғой. Солардың бірі өзімнің сүйікті жарым Қабирашым деп білемін. Жас кезіміздегі қаптаған көп қыздардың ішінен Қабирашты маған бұйыртқаны үшін құдайға мың да бір рахметімді айтып, шүкіршілік етемін.

Біз екеуміз бас қосып, отау тігіп, шаңырақ көтергенімізде жарты ғасырдан асып кетті. Осы уақыт ішінде жоқтыққа жасымай, барлыққа тасымай, барға қанағат етіп, өзіміздің адал еңбегімізбен қол ұстасып, судай тасып, əзіл-қалжыңымызбен тату-тəтті ғұмыр кешіп келеміз. Əрине, өмір болған соң оның ащы-тұщысы, кем-кетігі кездеседі. Жаңа қосылған жылдары тарыққан кездеріміз де, баспананың тарлығынан қысылып, азын-аулақ жалақымен жан баққан кездеріміз де болған. Бірақ біз сол кездің

өзінде де дүние байлығын мұрат тұтпадық. Алдағы болашағымызға сендік. Алғаш отау құрғанда Қабираш тоғыз кемпірдің ортасына келін болып түсті. Шалдары қайтыс болған қарт шешелеріміз, жақын апайларымыз біздің əкелерімізді сағалап тұрған. Əкеміз қайтыс болғаннан кейін Бəкеш деген ағай солардың барлығын қам -қор лығына алып, бағып-қақты. Қабираштың төркіндері де «япы-рым-ай, қызымыз осы көп кем-пірлердің тілін таба алар ма екен» деп күдіктенгендері де шындық еді. Бірақ Қабираш бұл сыннан сүрінбей, абыроймен өтті. Шамасы келгенше сол қарт кісілердің ал-дынан кесіп өтпей, бірін əже, бірін апа деп, көңілдерін тауып, ісімен де тілімен де өзіне тартып, білмеген нəрселерін сұрап, бəрімен де тіл табысып кетті. Олардың бəрі де Қабираштың тілегін тілеп, жанашыр көмекшісіне айналды.

«Шырағым, үйдегі шаруаны біз өзіміз атқарамыз ғой. Қатарыңнан қалмай жұмысқа орналас», деп Қабирашты жұмысқа шығарды. Бір мекеменің бухгалтериясында жұмыс істеді. Бірақ мен жұмыс істеп жүрмін деп міндетсінген жоқ. Үй шаруасының бəрін өзі атқарды, – деп əңгімесін жалғады ақсақал.

Əңгіме барысында білгеніміз, Орынбасар ата əр жылдары ком-сомол хатшысы, парторг, дирек-тор, ауылдық кеңес төрағасы, та-рихшы болып еңбек етсе, онымен қатар «Ер серігі – ат» демекші, ат баптап, бəйгеге қосқан, ауласын гүлдендіріп, бағбан болған, мек-тепте тарихшы болып жүргенде тоғызқұмалақ, шахмат тəрізді үйірмелер ұйымдастырып, бала-ларды спортқа баулыған жан екен. Тыл ардагері. Өзі қажылыққа ба-рып, Алланың алдындағы пары-зын өтеп қайтыпты. Ал Қабираш əжеміз пошта, сауда салаларында

еңбек жолынан өткен. Бүгінде ақсақал шежіре жазып, көптеген адамдардың жоғалып кеткен ба-уырларын тауып беруге атсалы-сып жүр. Бос уақытында шахмат ойнауға барып тұрады.

Отағасы Орынбасар атаның ау-зынан шыққан сөздерде «Менің Қабирашым» деген жылы лебіздің жиі қайталануының өзі оның асыл жарына деген кіршіксіз махабба-тын айғақтай түседі. Ыстық ма-хаббаттарының жемісіндей бол ған 11 баласы бүгінде əрқайсысы өз жолын тапқан. Бақытжан Қоста -найда тұрады, қосалқы электр стан -сасының бастығы, Астанада тұра тын

балалары Ғалым, Ғани, Дархан энергетик, электрик болып жұмыс істейді. Абай – жүргізуші, Айдын – мемлекеттік қызметте, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Англияда оқып жатыр, Гүлнар – экономист. Гүлжан – бас есепші, салық қыз -меткері, Əлия – қазақ тілінің ма ма-ны, аудармашы, Алматыда тұра -ды, Гүлбаршын көп балалы ана, Қос танай облысындағы мектепте гео графия пəнінің мұғалімі. Əсел – Индус трия жəне жаңа технология лар министрлігінде бас қарма басшысы.

Қос қария осы балаларынан өрбіген 29 немере, үш шөберенің қызығына кенеліп отырған жайы

бар. Иə, отбасылық сурет аль-бомын ақтарып қарап отырып, шынында, көп балалы болудың шын бақыт екенін байқадық. Жадыраған жүздер, ата-əжесін қоршаған немере-шөберелер... Қандай керемет! Қосылған қос өзен секілденіп өмірде жарты ғасырдан астам уақыт қол ұстасып, өсіп-өрбіген, бүгінде осындай тамырлы əулет атанып отырған шаңыраққа қарап жүрегіңді қуаныш кернейді. Лайым, осындай жастарға, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге бола білетін бақытты отбасыларымыз көбейе берсе игі деген үкілі үмітті арқалап, біз де кете бардық.

Элина Паулидің есімін жиі естіп жүремін. Облыс орталығында өтетін жиындарда, мерекелік шараларда белсенді, Ассамблеяның өзгелерге үлгі етер, бетке ұстар қызы. Осындағы өзге ұлт өкілдерінен құралған жастар бірлестігінің үйлестіру кеңесін басқарады.

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан».

Аты-жөніне қарап неміс қызы ма деп жүргем. Өзі қазақша сөйлейді.

– Басқа ұлт өкілдерінің қазақша сөйлейтіні қазір таңсық емес шығар, – дейді Элина. – Қазақ елінде тұрып өмір сүрген соң тілді білу қажет, мен өзім мысалы, мек-тепте жүргенде-ақ үйрене баста-дым. Əкем Сергей айтатын, «Күнде 10 сөзден үйрен, бір аптада бəрін қосып жап-жақсы сөйлеуге үйреніп аласың» деп. Екіншіден, мектепте қазақ тілінің мұғалімдері қазақ тілін жақсы үйретті. Мектептен соң 2000 жылдары университеттің матема-тика жəне ақпараттық технология бөліміне оқуға түстім. Студенттер арасында қазақ тілін білуден өткен байқауларға қатыстым.

– Ассамблеяға қалай келдің?– Облыстық бөлімше алғаш

құ рылған өткен ғасырдың 90-шы жылдары əке-шешем Сергей мен Венера осында татар-баш -құрт орталығында қызмет жаса-ды. Анам Венера «Ұлттық жаң-ғыру» мектебінде жастарға татар тілінен сабақ берді. Мен 12 жа-сымда əке-шешеммен бірге сол ортаға қызықтап келіп жүрдім. Сол татар-башқұрт орталығынан басталған қадам осы күнге дейін жалғасып Ассамблеяның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып ке лемін. Жалғыз мен емес, Артур Вартель, Ян Муравский, Ринат Абду заринов, Махам Каншаров сияқ ты əртүрлі ұлт өкілдерінің ұл-қыз дары кішкентай кезімізден біргеміз.

Сол кезден бастап-ақ біздер, біздің еліміз – Қазақстан деген отаншылдық тəрбиені, ұлттық бірліктің қажет екенін, оған өзіміздің үлес қосуымыз керек екенін ерте түсіндік. Кішкентай күндерінен Ассамблея үйіне келген достарым қазір есейді, ержетті, өмірден өз орындарын тапты. Енді олардың орнына басқа жастардың келуі заңдылық. Мен жоғары оқу орнын IT-технология мамандығы бойынша бітіріп «Қазақтелекомда» қызмет еттім.

Қазір басқа жоспарларым бар, бірақ көп уақытымды Ассамблеяда өткіземін. Қоғамдық жұмыстың басшысы ретінде жауаптылықты сезінемін. Сіңлім Майя да 15 жа-сында келді. Ассамблеяға ол да қызықты.

– Негізі, Ассамблеяның жастар қанаты алдағы уақытта із басатын келесі буынды дайындайды дейсің ғой?

– Əрине. Мысалы, қараңыз, біздің Ивановтар отбасы – əке-шешем бізге жақсы жол салып берді. Олардың орнына қазір біздер, достарымыз келді. Отбасы тəрбиесінде қазақ тілін білуді, үйренуді, қазақ жері – Отанымыз, ешқайда кетпейтінімізді үнемі ай-тып отырды. Сол үшінде сіңлім екеуміз ата-анамызға ризамыз. Майя да белсенді. Ол да қазақша сөйлейді. Бұл біздің араласатын дос-құрбыларымызға əсер етеді. Тіпті, қазақ тілінде сөйлегісі келмейтін кейбір қазақ жастарының өздері ұялады. Майя осы жақында Ассамблея атынан Қазанда өткен татар-башқұрт жастарының халықаралық форумына барып келді. Мен Астанада өткен XXI Ассамблея сессиясына қатысып, Елбасы сөздерін тыңдадым. Ел бірлігін көздің қарашығындай сақтаңдар деп айтқан сөзі ой салды. Өзім басшылық жасай-тын үйлестіру кеңесінде этно-мəдениет орталықтарының жастар бірлестігі бар. Біздің мақсатымыз қазақстандық патриотизмді нығайту, толеранттық тəрбиеге ерекше мəн беру болып табылады.

– Сендерде «Жорға» деген де клуб болып еді ғой?..

– Бар. Бұл клубта өзге ұлт өкіл-дері тек қана қазақ тілінде сөй-леседі, тілді терең білуге ұмтылады.

– Сен татар тілінде де жақсы сөйлейсің бе?

– Біздің отбасымыз интерна-ционалды. Əкем – Сергей Иванов

тегімен орыс саналғанымен, ар-ғы аталары чуваштар көрінеді. Анам – татардың қызы. Бізді олар жақсылық жасауға, үлкендерді сыйлауға, адамгершілік талапта-рына сай мейірімді, көпшіл болуға тəрбиеледі. Айтпақшы, менің жол-дасым Александр Паули неміс ұлтының өкілі, екеуміздің отба-сын құрғанымызға екі жылдай уақыт болды. Біз барлығымыз əр ұлт мерекелерін, мысалы, Наурыз, Рождество, Пасха, Қурбан байрам – бəрін бірге тойлап, қарсы аламыз. Елбасының «Ел бірлігін көздің қарашығындай сақтаңдар» деген жақсы сөзі бар. Біздің «Достық» үйінде 20 этномəдени бірлестік, Ассамблеяның жастар бірлестігі, ұлттық өркендеу мектебі, «Ана тілі» тілдерді дамытудың оқыту-əдістемелік орталығы, 42 шығар-машылық ұжым жұмыс жасайды, – деді Элина бізбен əңгімесінде.

Əр отбасы өзінше бақытты. Өз қыздарын отансүйгіштікке, ел танымдыққа тəрбиелеп өсірген Сергей мен Венераның отбасы көпшілікке үлгі-өнеге.

– Шаңырақ бірлігі – ел бірлі-гінің бір бөлшегі, – дейді Сергей Владимирович. – Біз Венера екеуміз отбасы бірлігі мен бақыты-ның шуағын қыздарымызға сый-лай білдік. Келешек өмірге келетін немере-жиендер де Элина, Майя сияқты Ассамблеядан тəй-тəй басып, келешекке талпынатын болады.

Аналарының скрипкада от-басының сүйікті əндерін орын-дайтынын, дастарқанда татардың, қазақтың ұлттық тағамдарын дəмді жасайтынын, əкелерінің спортпен айналысатынын, Ертіс өзенінен балық аулайтын хоббиін, кішкентай күндерінен рухани нəр алып өскендерін бізге Элина мен Майя жарыса айтып берді.

ПАВЛОДАР.

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан»,Серік ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, журналист.

Көкшетауда ылғи басшы қызметтерде, əлдебір абыр-са-быр ұйымдастыру шараларының басы-қасында жалындап жүре-тін тегі «Батырханов» атала-тын жігіттер бар. Жұрт олар-дың жауапкершіліктерінің зор екендігін, ұстанған ұстаным-дарынан таймайтын табанды екендіктерін, əділ сөйлеп, адал жүретіндерін əбден біледі. Олар – өткен жылдары Көкшетау қаласының əкімі болған, қаланың сыйлы азаматы, республиканың құрметті құрылысшысы, бүгін-гі таңда Ақмола облыстық бақы лау жəне əлеуметтік қор-ғау департаментінің басшы-сы Мұ нарбек Батырханов, респуб ликаның құрметті ту-ризм қызметкері, профессор, бүгінгі таңда облыстық ту-ризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов, қаржы полициясының отставкадағы полковнигі Темірбек Батыр ха-новтар. Олардың қарындасы Гауһар Батырханова болса республиканың денсаулық сақтау саласының үздігі, көп жылдар Көкшетаудағы М.Ғабдуллин атындағы көпсалалы гимназияның директоры болған жан.

Міне, ақсары жүзді, өткір ж а н а р л ы , с ұ ң ғ а қ б о й л ы , əрқа шан іс үстінде, көптің

орта сын да жүретін, бір-біріне түр лері ұқсас ағайындылардың алғырлықтарына риза кейіппен қарап, осы ұл-қыздың бір шаңырақтан өрбігеніне көңілің тола отырып, əрігі тіршілік-түйіндеріне көз жүгіртуің кəдік.

Тоқсанды толық өңгерсе де, еңсесін тік ұстап, кəрі емен-дей қасқайып тұрған отбасы тірегі – Ұлы Отан соғысының ардагері, дербес зейнеткер, Қазақстанның еңбек сіңірген мəдениет қайраткері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Бүркітбай Батырханов ақсақал. Абзал аналары Батырханова Күлнарай Тəкенқызы.

Жігіттің бағының жануын жұртымыз кейде ел баласының ақыл-өресінен де көріп жатады. Негізсіз де емес. Өзің қанша алғыр, іскер болсаң да үйіңдегі жарың жағдайыңды жасамай, қабағынан қар жауып, барды жеткізбей, жоқты жалаулатып жүрсе, қайратың кемімес пе? Əкенің талабы мен өсиетін балалардың құлағына құйып, əр қадамдарын қадағалап оты-ратын да үйдегі жарың емес пе? Осы тұрғыдан алғанда ине-жіптен жаңа шыққандай киініп, үнемі тап-тұйнақтай жүретін балаларының бойындағы кір пияз-дық пен зиялылық ізін Күлна рай əжейдің бойынан таба тындаймыз. «Екі жақсы қосыл са, тең болады айменен» деген халық əні көңілге оралады, осындайда.

Бүгінгі қазақ қоғамында

кей бір азаматтардың «шал көп те ақсақал жоқ, дуалы ауыз қария жоқ» деп күңіренген мақалаларын көзіміз шалып жүр. Қоғамның он-дай дерті бары рас. Жасы жеткен-мен кемеліне жетпей, кері кеткен заманның ықпалынан шыға алмай шалдығып жүрген бірен-саран үлкендер бар да шығар. Бірақ, Құдайға шүкір, ұлтымыздың инабаты мен ибасын, қадірі мен қасиетін бойына сіңіріп қалған бəйтеректей асыл қарттарымыз баршылық.

Соның бірі, міне, салиқалы да сабырлы, үрім-бұтағын жай қалтып өсірген, ұлты мен жұртына еңбек еткеніне еміре-ніп, он немересі мен жиырма шөбересінің төбесінен иіскеп отырған Батырханов Бүркітбай атамыз. Адам бақыты, азамат беделі, пенденің мақсұт-мұраты – бала-шағасының атаның емес, адамның баласы болғаны, ат үстінде, ел-жұрттың арасында, сый-құрметке бөленіп жүргені емес пе?! Өзіңнің бүкіл еңбегің, төккен теріңнің, талпынған арманыңның жемісі де осы бол-са керек.

Енді, одан əрі үңілсеңіз өмірдің талай қиындығынан мұқалмай, талай сынағынан сүр інбей өткен Бүрк ітбай атайдың текті əулеттен қанат қағып шыққанын аңғарасыз. Əкесі Мəсіп Айыртау өңірінде құс салып, ит жүгірткен кəсіби а ң ш ы , с а я т ш ы б о л ы п т ы . Аталардан мирас болып қалған

осы бір сахи өнерді мəн беріп мəністеп, қызғыштай қорып, қалтарыс-бұлтарыстарына зейін қоя ұстанған оның аты көпке мəлім болыпты. Тіпті, КСРО-ның саятшылар қоғамына мүшелікке тіркеліпті. Мəсіп аңшы ермекке аң қуалап, қызыққа құс салған емес, оны өнер деп, шын кəсіп деп қараған екен. Ел ішіндегі қиын-қыстау жылдары, аштық жағадан алып, жан баласы титықтаған тұстары сол өнерімен жұрттың малын ит-құстан қорғап, аулаған аңын бала-шаға, кəрі-құртаңға талғажау етіпті. Ел ішінде ол кісінің аңшылық өнері, құсының қырағылығы, тазыларының тапқырлығы туралы талай əңгіме таралған. Күші мен қайратына, өрелі өнеріне сенген ол ешқашан қара басының қамын күйттеме-ген, көпті ойлаған, жұртқа пана болған.

Осындай отбасында өс кен Бүркітбай атай да өмір сынақ-тарында бір сүрінген жоқ. Кешегі Ұлы Отан соғысында еліміздің арда азаматтарымен бірге от кешті, жауған оқтың астында жүрді. Елге абыроймен, омырауы орден-медальге толып оралды. Ешқашан оқудан да, білім алудан да тартынып, жалығып көрген емес. Соғыстан кейінгі қираған елді қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Адал жүрді, бел шеш-пей еңбек етті. Облыстық партия комитетіндегі жауапты қызметін де мүлтіксіз атқарды.

Ой жүйесін іркіп, тоқтала кетсек, 1941 жылы Көкшетау педагогикалық училищесін, 1962 жылы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірді. Кеңес армиясы қатарына 1942 жылы алынып, Орлов-Курск доғасын, Польшаны, Чехо-словакияны жаудан азат ету ұрыстарына қатынасты. Соғыстан кейін Көкшетау облысындағы Қызылту аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Мəскеудегі арнайы бөлімнің меңгерушісі, Көкшетау облыс-тық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. І дəрежелі Ұлы Отан со ғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерін, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Малая Сербия ВСХВ», та ғы басқа медальдарды иеленді.

Отанға осылай еңбек етіп, абыройлы ұл-қыз тəрбиелеген ар-дагер атамыз жақында облыстық «Мерейлі отбасы» байқауына қатынасып, жүлделі орынға ие болды. Бұл бүгінде қазыналы қарт атанған Бүркітбай ақсақалдың тағы бір өнегесі еді.

Ақмола облысы.

Осыдан елу алты жыл бұрын қолына қондырған бақыт құсын əлі күнге дейін əлпештеп, аялап келе жатқан қарияны көргенде көңіліңді қуаныш кернеп, ризашылық сезімі жүрегіңді жаулап алады. Жарты ғасырдан аса өмірдің ыстығы мен суығын жарымен бірге көріп, бір-біріне демеу болып, шаңырағының түтіні түзу шығуына себепші болу, өмірін өнегелі етіп, ұрпақтарын адалдыққа, адамдыққа тəрбиелеу, шынында көптеген жандардың қолынан келе бермесі анық. Бірақ, қалай дегенмен, арамызда жас отбасыларға үлгі боларлық мұндай шаңырақтардың болғанына тəубе дейсің. Сондай шаңырақтың бірегейі – Тұрашевтар отбасы.

Баєаласаѕ баќ тўрар

Шаѕыраќ шаттыєыСөздің қасиетін ұғып, киесін қастерлеген сұңғыла қазақ не айтса да дəл айтқан, сұр мергендей нысанасына дөп тигізіп айтқан-ау, шіркін?! Жүре түсе, көре түсе осыған көзің жетеді, қайран қаласың. Қарапайым ғана бір ауыз сөздің төркінінің тереңде жатқанын түйсінесің.

Ата-ана таєылымы жəне Элина Паули

Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Page 5: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz 5МҰРАҒАТ

1975 жылдың 4 шiлдесiнде «Лениншiл жас» газетiнде жарияланған

«Көркем аударма, хал қалай?» атты əдеби мақаласында Ебiней Бөкетов аудармашылық жұмыстың қиындығын, қажырлы еңбек тiлейтiнiн айта келiп: «Ал қайыр, жазушылық еңбекке тың ой туғанда, бiлiми өрiсiм ұзара келе жазуға тұратын татымды дүние бар екендiгiн жан-жүрегiммен жете түсiнген кезде əдебиетке қайтып оралдым. Соны қаншалықты сəттi орындай алдым – оны та-разылау қауымның еншiсiнде…» – деп сыр шертiптi.

Бала күнiнен əуес iсiне оқта-текте аңсары аумай, əредiк ой тарқатып, көңiл сергiту үшiн болса да сүйiктi дүниелерiн қайталап оқып, иə содан туған ой-тебiренiсi жайында қалам тартпай тыныш жату мүмкiн бе? Оған қоса табандатқан он жыл бойы? Жоқ, бойында ақындық шабыт бар, əсерлi сөзге сезiгi нəзiк жанның соншама уақыт алып ұйқыға кет-кендей үнсiз қалуы неғайбыл iс. Олай болса жүрек түкпiрiнде мүлгiп жатқан ақындық пе-гас еркiне қоймай, шабыт тұлпарына мiнгiзiп алып, шу деген тəрiздi. Сергей Есениннiң «Анна Снегина» поэмасын аударғаны – сон-дай сəттiң жемiсi…

Биобиблиографиялық анықтамасында ғалымның 1971 жылы КСРО Жазушылар одағына мүшелiкке қабылданғаны жазылған. Рас, бұл кезде оның қаламынан туған бiрде-бiр əдеби туындысы жеке кiтап болып жарық көрмеген. Владимир Маяковскийден қазақшалаған аудармалары – «Қандала» драмасы мен «Керемет» («Хорошо») поэма-сы ортақ жинақтарда жарияланған. Ал ау-дарма өнерiн кəсiп етушiлердiң бəрi бiрдей шығармашылық одаққа кiре алмайды. Демек, ол Қазақстан Жазушылар ұжымына қаламы жүйрiк сыншы ретiнде қабылданған.

1972 жылы КСРО-ның құрылғанына 50 жыл толды. Саяси жөнiнен мəн-мағынасы ерекше оқиғаны дүбiрлi мереке етпей, жүзден аса ұлттың басын бiрiктiрiп отырған алып мемлекеттiң атақ-дабысын тағы бiр мəрте əлемге əйгiлеу мүмкiндiгiнен Кеңес Одағы, оның рухын көтерушiлер, əрине, бас тартпаған. Соған орай жер-жерде мерекелiк жиындар өткiзiлмек. Күллi Одақ басылымда-ры iргесi бекем мемлекет құрылымы, ортақ табысы, мəдени-рухани өркендеуi жайында айғақты материалдар жариялауға тиiс.

Одақтық əдеби-қоғамдық «Знамя» журналының бас редакторы, сол уақыттың əйгiлi қаламгерi Вадим Кожевников Мəскеуге кезектi шығармашылық са-пармен келген, КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, көрнектi қазақ жазушысы Ғабит Мүсiреповке жолығып, мерекелiк басылымға лайықты қаһарман тауып беруiн, əмбе соны өзiнiң жазуын қолқалайды. Нендей iске болсын байыппен қарайтын Ғабең сыпайы түрде бас тартып, бұл тапсырманы менен де гөрi тыңғылықты орындайтын автор Ебiней Бөкетов дейдi. Жазатын қаһарманды да соның өзi табаты-нын айтады...

Беделдi мəскеулiк журналдың (тара-лымы екi миллион дана!) тапсырысына Ебiней Арыстанұлы уақытым жоқ деп кергімеді. Бiрер апта сарыла еңбек еттi де, көлемдi очерктi едел-жедел жазып, қайыра түзетуден кейiн Мəскеуге жолдады. «Знамя» журналы оны сол жылғы 8-санын-да жария еттi.

Осы жарияланым Ебiней Бөкетовтiң өзi шұғылданған металлургия iлiмi ғана емес, əдебиет саласында да өзiндiк танымы, ойы, айтары бар бiлiктi қаламгер екендiгiн тағы да аңғартты. Қаламын бұрынғыдан да ұштай түсiп, кемелдiкке бет бұрған ша-быт иесi, орыс тiлiнде де көсiле жазатын əмбебап жазушы… екенін мойындаған зия-лы қауым бұл жолы да оған айрықша риза болды. Өйткені, соны ол Мəскеудiң беделдi басылымы арқылы танытты...

«Атан қомында туған адам…» – белгiлi қоғам қайраткерi, көп жылдар Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрi болған, Қазақстан ҒА-сы мен КСРО Медицина академиясының корреспондент-мүшесi, республика ғылымына еңбегi сiңген қайраткер Ишанбай Қарағұловтың 1909 жылы, көшiп келе жатқанда, жолшыбай, «атан қомында, аспанда, жаратушыға бiр табан жақын жоғарыда дүниеге келiп, таза жел мен күн сəулесiн жұта…» тууын əскездеп суреттеп, сол бiр таңғажайып оқыс оқиға арқылы қазақтың көшпендi тұрмысын көрсете отырып, туған халқымыздың Ишанбай ғана емес, Шоқан, Абай, Қаныш, Мұхтар, Сəбит, Ғабит, Əлкей, Əбiкен, Нəйла... сияқты, жалпы қарасы жүзге тарта саңлақ ғалымдары осыған ұқсас жағдайда жарық дүниеге келгенiн, олардың өсу жолдарын бiр-бiрiне жалғастыра сипаттап, содан бергi ұзақ жыл-дарда сан алуан өмiр белестерiнен өткен сом талант иелерi – iрi ғалымдар, мəдениет қайраткерлерi туып, бəр-бəрiнiң қауым үшiн игi еңбекпен шұғылданып жүргенiн баяндаған публицистикалық шығарма. Қаламгер осы тұлғалар шоғырының iрi iстерiн айрықша даралап, кестелi тiлмен көркем түрде айшықтаған. Соңғы ғасыр ауқымында қазақ жұртының өзiнен көш iлгерi алға шығып кеткен өркениеттi жұрттарды қуып жетiп, рухани өсiп, иық теңестiргенiн паш етедi…

Осы очерк мəнi өзгеше тағы бiр айғақты көлденең тартумен аяқталыпты: «Жуықта мен …Ақтөбе облысында Қарағұлдың 14-ші баласы түйе қомында туған жерде, Төлегенова Сақып деген əйелдiң 16-шы баласы… самолетте келе жатқанда дүниеге келгенiн бiлдiм. Баланың кiндiгiн жолау-шы дəрiгер Аманкелдi Қамалов кесiптi…

Ебiней БҐКЕТОВ:

БЕЛГІЛІ ЖАЙДЫЅ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІмəскеулiк басылымда жарияланғандықтан жан-жаратылысы қазақы ғалым əдебиет əлемiндегi ең алғашқы кiтабын, сiрə, ана тiлiнде шығаруды жөн көрген.

Ебiней Арыстанұлының ана тiлiндегi тұңғыш кiтабы «Жазушы» баспасы-нан «Атан қомында туған адам» де-

ген атпен 1975 жылдың қара күзiнде жарық көрдi. Қаламгердiң оған 6 еңбегi енген: «Атан қомында туған адам» очеркi, «Қос алып» деп атаған – А. Пушкин мен В. Маяковский туралы iзденiсi, «Тəржiма туралы ой» («В. Маяковский шығармаларының қазақ тiлiне аударылуы» атты əйгiлi сыны), «Жұлдыздар шоғыры» – Қажықұмар Қуандықовпен бiрiгiп жазған қазақ театрларының маңдайалды жарқын жұлдыздары мен сахна өнерiнiң қыры-сыры жайында толғаныс, «Парасат, бiлiм бұлағы» – өзi жұмыс iстейтiн Қазақстандағы екiншi университеттiң хал-жайы, келешегi туралы жүрекжарды ойлары; ең соңғы толғаныс – «Замандас жастар туралы» деп ата-лыпты. Онда да жер ортасына келген ғалым-ұстаз қазiргi жас қауым туралы көкейкестi ойларын публицистикалық сарында сөз етiпті.

Тұңғыш жинаққа профессор Зейнолла Қабдолов «Селен мен өлең» деген атаумен алғысөз жазған. «Ебiней жас жiгiт кезiнiң өзiнде уытты, жiгерлi, екi тiлге бiрдей шешен, өз iсiне мығым болатын. Не нəрсеге де бейтарап, енжар қарай алмайтын, көзi мен көкiрегi бiрдей ояу, ойлы, қимыл-əрекетi ширақ, тыңғылықты едi. Осы сипаттары қазiргi жiгiт ағасы кезiнде де қаз қалпында. Мұның да арғы тамырын əдебиеттен iздеу абзал. Өйткенi, инженер-металлург болуға бет алған шəкiрт Ебiней физика мен лирика-ны ешқашан бөле қараған емес… Əуезовтiң «Абайын» басына жастанып жататын Ебiней ғалым-жазушыны əдебиетшiлер ағасы ғана емес, оқымыстылар ұстазы деп те танитын. Профессор Бөкетов пəрменiндегi селен мен өлеңнiң бiрлiгiн, мiне, осы арадан iздеген жөн… – дей келiп əдебиетшi əрiптесi сөзiн мынадай жүрекжарды ой-мен аяқтайды. – Задында, тiрi кiсi əрқашан сапар-да. Елудiң белiне еркiн көтерiлiп, кемел шағына келген Ебiней Бөкетов те бұрынғыша тоқтаусыз, тоқыраусыз жүрiп, ғылым мен өнер асуларына беттеп барады. Сапар оң болсын!».

Атың жүрiп тұрғанда мұның қалай дейтiн жан болмайды, əсiлi. Есiмi дүйiм елге мəшһүр ғалымның тұңғыш əдеби жинағын қазақ қауымы iлтипатпен қарсы алды. Республикалық, облыстық басылымдар оны жарыса мақтаған рецензия-лар жариялады. Бəр-бəрiнiң айтқаны: көп жыл-дар бойы əдебиет əлемiне сыншы, аудармашы ретiнде оқта-текте қатысып, салиқалы ойлар ай-тып, жұртты тамсантып жүрген металлург-ғалым шынайы бiлгiрлiгiн қайта танытты; сонымен-ақ ол келешекте бұдан да бiлiктi, бұдан да терең ой қозғап, кемелдiк аңғартар… деп күтемiз.

Біз сөз еткелі отырған кiтаптың орысшасы «Грани творчества» деген атпен «Жазушы» баспа-сынан 1977 жылы жарыққа шыққан. Бұл да, шын-туайтын айтқанда, жарысқа қосқан аты бəйгеден келiп тұрған ғалым-жазушының əдеби еңбегiне ешқандай тосқауыл қойылмай, ұсынған қалпында, кешiкпей жарияланғанын аңғартады.

Бұған дейiн анда-санда, кейде ұзақ уақыт үзiлiс жасап əдебиет əлемiне сирек қатысып жүрген ғалым ғұмырының соңғы он бес жылында (1969-1983 жылдар) көңiлi хош көрген тақырыпқа жиiрек қалам сiлтеген. Биобиблиографиялық

көрсеткiшiнде нақты аталған жарияланым қарамы – 40 шамалы, бұлардың iшiнде жұртшылыққа мəлiм кiтаптары, эссе жазбалары да бар. Осы қарсаңда ол əлеумет жұмысына белсене қатысып, жергiлiктi газет пен облыстық телерадио редакцияларының тапсырмалары бойынша да əрқилы мақала жа-зып, арнайы сұхбаттарды жүргiзушi болғаны мəлiм. Ресей мен Қазақстанның тележурналистерi бiрлесiп дайындаған, Қарағанды мен Екiбастұз көмiр ошағының күш-қуатын, тарихы мен метал-лургия өндiрiсiнiң осы өңiрде қалыптасуын, да-муын сөз ететiн «Омбы шəрiнен түстiкке таман» атты деректi телефильмнiң авторы да, жүргiзушiсi де Ебiней Бөкетов болғанын бүгiнде көпшiлiк жұрт жете бiлмейдi!.. Ал өзi үзбей шұғылданған химия iлiмiнiң көкейкестi мəселелерiне арналған ғылыми еңбектерi қаншама! Оның үстiне қаншама аспиранттар мен докторанттарға ғылыми жетекшiлiк еттi. Қаншама ғылыми атақ қорғаушыларға ресми оппонент болды. Кейбiр ғылыми еңбектерге редактор болып қол қойды. Əмбе ол бiр нəрсенi шола қарап, «Е, бопты» деп қолын сүйкей салатын ерiншек кiсi емес. Кiтаптың да, қолжазбаның да ашық жерiне пiкiрiн жазып, кейбiрiн қолма-қол түзетiп отыратын мейлiнше тақуа, мейлiнше əскез адам. Соның бəрiн аз десеңiз, профессор һəм əдебиетшi жөнiмен химия жəне филология факультеттерi студенттерiнiң диплом жұмысына жетекшiлiк етуден де бас тартпаған. Ғылыми iрi iзденiстермен тұрақты шұғылданып əрi ҚарМУ сияқты неше мың адам-нан құралған үлкен ұжымды басқаратын ғалым əдеби шығармашылықпен айналысуға уақытты қалай тапқан… деп таңғаласың.

1979 жылдың қара күзiнде ҚарМУ-дiң филоло-гия факультетiнiң студенттерi ғалым-əдебиетшiнi кездесуге шақырып, сауалдарын жазбаша жолдап, бiз жоғарыда тiзген күмəндi жайттарға Ебiней Арыстанұлы ағынан жарыла түсiнiк берген…

– Сiз қалайша жазушы болдыңыз? – Тағдырдың жазуымен , Алланың

бұйрығымен… деген түйсiктермен түсiндiрсем арзан сөз болар… Кiтапқұмар адамдардың əуей əдетiмен жас күнiмнен бiрдеме жазуға, аударма жасауға құштар болдым. Мектеп қабырғасында жүргенiмде А.С. Пушкиннiң мерейтойы ерек-ше дабырамен өттi, сол оқиға менiң жадымда өшпестей iз қалдырды. Ақынның сол қарсаңда жарық көрген керемет үлкен мерекелiк жинағы қолыма түсiп, соны оқудан ерекше лəззат алдым. Əрине, содан кейiн-ақ мен «өлең жазғыш» болып шыға келдiм.

– Химик-металлург болғаныңызға қазiрде өкiнбейсiз бе?

– Жоқ! Бұ да белгiлi түрде шабыт тiлейтiн жұмыс, соның жəрдемiмен мен өндiрiстiң қыры мен сырын таныдым, сөйте жүрiп осы заманғы ғалымның өмiрдегi нақты орнын жете түсiнiп, жұртшылыққа пайдалы iс етуге мүмкiндiк беретiн мамандықты игердiм. Алайда, алғашқы махаббат сияқты, поэзияға, əдебиетке деген ынтызарлығым титтей де өзгерген жоқ. «Шығармашылықтың сегiз қыры» («Грани творчества») атты еңбегiмде өзiме ерекше жақын, əрi түу алыста қалған оқытушым туралы айттым, «Тағдырдың жарқын уақытында» («Время светлой судьбы») осы заманғы ғылымды дамыту мен туған халқымның өсiп-өркендеу жолдары туралы көкейкестi ойла-рымды сыр ғып шерттiм.

– Шығармашылық еңбегiңiздiң ерекшелiктерi туралы не айтасыз?

– Ерекшелiкке ненi даралап айту керек, бiлмеймiн. Ең алдымен өзiңдi қиын жұмысқа жегудiң қажеттiгi сөзсiз. Күн сайын, таңғы сағат

«Соғыс жəне бейбiтшiлiгiн» жазған жоқ. Соған да тəубе делiк. Ал сөйте тұра, соғыс жылдарын-да бiрер емес, ондаған «Бородино шайқасын» жүргiзiп, жеңiске жеттi. Оның басындағы орасан зор материал Л.Н.Толстойдың жиған деректерiнен анағұрлым көбiрек. Жуковқа естелiгi үшiн рахмет деуiмiз керек…

Менде филологиялық бiлiм жоқ, алайда жа-зушы ретiнде де, аудармашы ретiнде де өзiмдi əуесқой əдебиетшi дей алмаймын. Ал арнайы бiлiм алған, əдеби институт бiтiргендердiң ара-сында жұрт оқымайтын кəсiби жазғыштар аз емес. Сондай-ақ, бiлiмi жоқ, бiрақ өзi таңдаған кəсiпте бiлiмдiлерден əлдеқайда артық та пайдалы жұмыс iстейтiн таланттар қаншама жəне ерекше көп! Ең ғажабы, осы дилетанттар ғылымды шырқау биiкке көтерушiлер, əдебиетте де солай. Бұл болса «шала бiлiмдi» С. Есенин, оны да кезiнде, өзi айтқандай, көп жылдар бойы əуесқой ақын санаған. Ал В.В. Маяковскийдi осы күнге дейiн дилетант деп менсiнбей қараушылар аз емес…

Ебiней Арыстанұлының туған iнiсi Қамзабай Арыстанұлы өз естелiгiнде ағасының 1962 жылы Сочи қаласында демалып жатып, «Тұрған бойы тұнған талант, шынайы орыс ақыны» (М. Горькийдiң анықтамасы), А. Пушкиннен кейiн орыс жұрты араға жүз жыл салып туған сом та-лант Сергей Есениннiң дарқан өмiрмен өз еркiмен қоштасар алдында, 1925 жылы жазған ең соңғы лиро-эпикалық поэмасы «Анна Снегинаны» бас-аяғы екi-үш аптада қазақшалап, өзiне поштамен жiбергенiне куəлiк етiптi…

Байырғы Русь поэзиясының шынайы халықтық рухын сақтай отырып шебер толғаған, лиро-эпостық деңгейге көтерiп бекем сомдаған Есенин шығармаларының шоқтығы – «Анна Снегина» Ебiней Бөкетовтiң аудармасында былай баста-лады:

«Радово атты селомыз, Екi жүз түтiн санасаң, Сүйсiндiрер даламыз, Көз жiберiп қарасаң. Жайқалған орман, суға бай, Жайылым мол, егiнжай. Егiстiк бойын қуалай, Тiзiлтiп терек егiлген…».

Түпнұсқадағы: «Приятственны наши места» деген жол – «Сүйсiндiрер да-ламыз» боп түрленiп, бiрден-ақ қазақы

жөнге көшкенiне назар аударыңыз!.. Аудармашы «менiң өлкем», «туған жерiм» деген сынды ба-лама сөзге ұйқас iздемейдi, шындап iздесе та-буы да сөзсiз. Жоқ, аудармашы өйтпейді. Ұлы Гете суреттеген немiс орманын М. Лермонтов Русь орманына айналдырып орысша мүлгiткенi тəрiздi, Абай салған үлгiге қарап («Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап») бой түзеп, яки «наши места» «қазақ даласына» айналып, тап осы шумақтағы байырғы орыс селосына тəн «двор» да қазақ ұғымына жақындап, «түтiн» бо-лып түрленiп, Есениннiң ұғымға жеңiл, ойнап тұрған сегiз жол шумағы сол өлшеммен қазақшаға көшкенде, байырғы қазақ ауылының келбетiн көз алдыңызға келтiредi. Осы əсер келесi бөлiмде күшейе түседi. Əрине, сол үлгiге икемдеу үшiн аудармашы автордың ой сорабын, поэма желiсiн бұзбай, бiрақ шығарма тiнiне бойлаған сайын алғашқы шумақтың əсерiн əрлендiре бередi…

Бiздiңше, алғашқы сегiз жолдан-ақ Ебiней Арыстанұлы бұл поэмаға нелiктен қызыққанын айқын аңғартады. Оны мен поэманың түпнұсқасын жəне аудармасын шұқшия оқу үстiнде емес, шын-туайтын айтқанда, 2003 жылдың тамылжыған тамызында Ебекең елi – Есiл бойына барып,

ғалымның туып-өскен жерiндегi жайқалған ну орманды, солардың аралығындағы сарғайған егiстiк алқабын, толқын тулаған шалқар теңiзге ұқсаған су қоймасын, жағасында табиғаттың иен сыйы құсап бұйығы қалпында қалқиып тұрған жұпыны қазақ ауылы – Бағанатыны көргенде ұқтым…

Менiңше, Сергей Есениннiң осы поэма-сынан Ебiней Арыстанұлы өзiнiң атамекенi Алыпқашты, бертiңгi əулетi қоныс ет-кен қарапайым қазақ ауылының бала күнiнде көзiмен көрiп, басынан кешкен, мал бағып, шаруа күйлеген, бел шалғымен шөп шапқан, егiн еккен, соңғы жылдарда су астында қалып, үштi-күйлi жоғалып кеткен қимас кейпiн тапқан. Нақты сол демесе де ұшқыр көңiлiмен ұқсатқан сияқты...

«Анна Снегинаны» шұқшия оқу бiзге одан да өзге жайтты аңғартты…

Орыс ақыны туған селосының атын сəл өзгертiп, 1917-1924 жылдар аралығында атақонысының қаншалықты күйзелiп, төңкерiс зардабынан неше түрлi азап шек-кен шерлi тарихын поэзия тiлiмен шым-шымдап өрнектеп, Радово тұрғындарының қилы тағдырын өредi де, оқиға өрбуiне өзi мен Анна Снегина есiмдi үнемi ақ киiммен жүретiн арудың өзара сүйiспеншiлiгiн арқау етедi.

Поэманың алғашқы бөлiмi мынадай жаныңды дiр еткiзер шумақпен аяқталады:

«Гүлдерге беттi сипатып,Аралап келем бау-бақты. Жарқ еттi жастық қымбатты, Көргенде ескi шарбақты: Мына бiр есiк тұсында, Он алты жаста ем, үмiттi ем.Ақ киген албырт қыз сонда, Елжiреп едi: «Ұмыт!» – деп…» Арада алты жыл өткен соң екi жас

туған селосында кездейсоқ кездеседi. Бұл кезде екеуi де есейiп, өмiр өткелегiнiң асу-кезеңдерiн бастарынан кешкен. Көп нəрсенi бiледi, көп нəрседен жиренiп те үлгерген. Бiрақ, он алты жастағы бiр-бiрiне деген ыстық сезiм арада өткен жылдарды демде ұмыттырып қайыра табыстырады:

«Ай əзезiл мəз бүгiн,Жоқ жүректе жас қарқын. Қайта келдi жаз бүгiн, Қайта келдi он алтым. Құпиямыз көп өзара Айырылыстық таң ағара… Қызыққа бiздi мəз еткен,Құдыреттi едi жаз неткен!..»Тағы да үш жыл өтедi . Радово

тұрғындары неше алуан шерлi оқиғаларға кез болады. Анна Снегинаның күмбез ша-тырлы үйiн мұжықтар тонайды. Үй иелерi туған жерiнен пана таппай тентiреп кетедi. Тынымсыз атыс-шабыс, ақ пен қызыл болып жауласу, ең аяғында қаңырап қалған иесiз үйлер, жадау өңдi мұжықтар, шерлi болған тағдырлар. Анна сұлудың күмбез шатырлы əсем үйi де жер бетiнен бiржола құрыған…

«Ресейлiк атышулы шəлкес ақын» Мəскеудi, Ленинградты адақтаудан соң Еуропаны, Американы шарлап, бəрiнен де соның қу жанына пайыз таппай шаршап-шалдығып туған селосына қайтып оралады. Өзiн бала күнiнен Серега дейтiн диiрменшi қарт оған түу Лондоннан жолданған хатты ұсынады:

«Есенсiз бе… мен дағы Есiк алды есiмде, Сөздерiңiз сондағы, Кiредi жиi түсiме… Ресейде көкек айы… Оранды мауыт сiз жақта, Терекпенен ну қайың. …». Поэма мынадай ғажап түйінмен аяқта-

лады: «Көңiлге жылы өткен iс, Бейнесi өшпес ақ едi. Жастықты сүйдiк бəрiмiз Бiздi де сүйген шақ едi…». Поэмаға арқау болған оқиғалар қазақ

ауы лы кешкен, орыс шекарасына таяу жерде қоныс тепкен өз ауылының тап сол қарсаңда көрген теперiш-тауқыметi «Анна Снегинада» айна қатесiз дəл сипатталып, көркем түрде ғана емес, тарихи нақты, шынайы халықтық сарында баяндалған əрi эпикалық биiкке көтерiлiп зор поэтикалық əуенмен сомдалған.

Е.Бөкетов аудармасы 1962 жылғы 2 желтоқсанда «Советтiк Қарағанды» газетiнде басылыпты. «Қазақ əдебиетi» газетi оны 10 жылдан соң, 1971 жылдың 8 қаңтар күнгi санында жария еткен. Ебiней ақын С. Есениннiң «Советтiк русь», «Келiншекке хат» жəне «Качаловтың итiне» деген лирикалық өлеңдерiн тəржiмалап, соларды «Анна Снегинаға» қосып, «Жалын» баспасынан 1978 жылы ғана «Менiң махаббатым» деген атпен шағын кiтапша етiп жариялаған. Қысқасы, Сергей Есениннiң ең мықты шығармасы қазақ оқырманына аударылған мерзiмiнен 16 жыл бойы жарыққа шықпай, қапаста жатқан. Академик Мұхамеджан Қаратаев: «Ұлы орыс халқының ерен талант иесi, керемет лирик ақыны Сергей Есениндi қазақ тiлiне аудару iсiне… қол ұра бастауымыз, сөз жоқ, игi бас-тама. Ал оны кемел аудару – алынбаған қамал секiлдi алда тұрған абыройлы мiндет. Есенин поэзиясы барлық сипатымен, сырымен, үлгiсiмен, үнiмен қазақ оқырмандарына толық жетуi қажет…» – деген уəжбен аяқтапты осы басылымға жазған алғысөзiн.

Бiр жайтты ескерту парыз: 1962 жылдың қоңыр күзiнде Сергей Есениндi қайыра ашу-ымен Ебiней Бөкетов əдеби замандастарынан əлденеше жыл бұрын соныға жол тартып, əмбе сол қадамымен ол уақытша «ұмытқан» сүйiктi əдебиетiне қайтып оралған.

СЕМЕЙ.

6.00 мен 8.00 аралығында ештеңеге алаңдамай, екi сағат берiле жұмыс iстеймiн. Бұлар ендi мен үшiн ең өнiмдi, ең нəтижелi уақыт. Бұрқыратып көп-ақ жазамын, бiрақ содан түзеткенде – бiр-ақ бет қалады.

– Сонда сiздiң əдеби еңбекке бөлетiн уақытыңыз осы ғана ма?

– Əлбетте, бұл – бұзылмайтын қағида емес. Серуендеп жүргенде, иə жолға шыққанда ойыңды екшеуге мүмкiндiк туады. Кейбiр сапарда кезiккен жолаушының оқыс əңгiмесi, не бұрын ойлап жүрген iстi жаңа бiр қырынан көрiп шабыттана бастайсың. Жазушы атанған соң замандастарың ғана емес, классиктердi үнемi оқып отыру ке-рек. Л.Н.Толстойды, Ф.М.Достоевскийдi жəне басқаларды да жиi оқимын.

– Өзiңiздi əуесқой жазушы санайсыз ба? Жалпы, əуесқой өнерге көзқарасыңыз?

– Əуесқойлық! Мағынасы екiұшты сөз, оңды əуенiнен гөрi зiлi басым сияқты. Жə, соны бiз кiмге таңамыз? А.П.Чеховқа байланысты айтсақ – мамандығы бойынша дəрiгер, ал сүйген iсi – жазушылық. Л.Н.Толстой – кiмдi болсын мiнегiштер түйсiгiмен айтқанда, шала оқыған бiлiмпаз. Немесе «өмiр университеттерiнен» ғана өткен М.Горький – күллi жазушылардың ұстазы. Осылардың қайсысын дилетант əуесқой деймiз? Маршал Жуковтың тамаша мемуарын оқыған боларсыздар? Ол кiсi тек қана естелiк жазды, құдайшылығын айтқанда, 1941-1945 жылдардың

Арасында 63 жыл жатқан осы екi оқиға менiң халқымның сəулелi келешекке бiр-ақ секiрiп шыққанын жеткiлiктi түрде аңғартса керек…»

Ебiней Бөкетовтiң ғалымдық пен жазушылықты қатар меңгерген мадақ дақпырты дүйiм елге жай-ылып, мерзiмдi баспасөз редакциялары одан дəстүрлi мерекелер алдында алуан тақырыпқа мақала сұрап, ең болмағанда сұхбат берудi дəстүрге айналдырды. Бұған дейiн «Орталық Қазақстанда» (Қарағанды облыстық газетi) əредiк көрiнiп жүрген ғалым сөзi ендi республикалық басылымдар – «Лениншiл жас», «Казахстанская правда», «Ленинская смена», «Социалистiк Қазақстан», «Қазақ əдебиетi» газеттерiнде, «Жұлдыз», «Бiлiм жəне Еңбек» журналында жиi-жиi жарияланатын болды.

Ал жер-жердегi қалың оқырман, атақ-дақ-пыртына қарадай қанық зиялы қауым Қазақстан ғылымы мен əдебиетiнде өзiндiк үнімен жарқ еткен тұлғадан бұлардан гөрi ауқымдырақ та мəндiрек туындылар күттi. Бiрақ, Ебiней Арыстанұлы бұрыннан бiтiп, басуға дайын тұрған туындыларын кiтап етiп жариялауға асыққан жоқ. Əдебиет iсiнiң жауапкершiлiгiн жете бiлгендiктен сөйттi ме, əлде сүбелi дүниемен көрiнудi жөн көрдi ме, кiм бiлсiн? Оның нақты себебiн ендi ешкiмнен сұрай алмайсың. Сөйтсе де, ықтимал жорамал ай-тамыз: жұртты елеңдеткен əдеби жазбаларының бəрi тек қана орыс тiлiнде, ең сүбелiсi – «Человек, родившийся на верблюде и его сверстники»

Медеу СƏРСЕКЕ,жазушы.

Page 6: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz6

– Саид Есмұрзаұлы, əңгімемізді сіздің ешбір заңды құрылымдарға ұқсамайтын бұл компанияңыздың та-рихынан бастасақ. Ол қашан, қандай мақсатта құрылды жəне оған түрткі болған не?

– Мектеп қабырғасында оқып жүріп, дүниені тануға деген құштарлықтың арқасында оңтүстіктің бір түкпірде жатқан Сарыағаш ауданындағы Дербісек шағын ауылынан Мəскеуге барғаным бар еді. Сонда көкейімде біраз сұрақтар туын-дады. Бұл кейін Украинада əскери əуе күштерінде азаматтық борышымды өтеп, пединститутты үздік бітірген соң бірден шетелге аттануыма өз əсерін тигізді. 1990-2003 жылдар аралығында Ресей, Қытай, Түркия, Германия елдерінде тұрып, өмірлік білім мен тəжірибем толысқан кезде қайта елге оралдым. Сыртта жүрген кезде елдің өзгелермен терезесі тең болуы – мұнайы, газы, көмірі мен алтыны емес, адам капиталына тəуелді екеніне көзім анық жетті.

Сондықтан 2001 жылы «Отаным-елім» республикалық қоғамдық қорын құрдым. Ондағы мақсат, Отанына орал-ған қандастарымыздың құжаттарын реттеуге, жұмысқа тұруына қажетті алғышарттармен таныстырып, жайлы жер-лерге қоныстануына көмектесу. Сондай-ақ, шетелде оқуға ниет білдіргендерге, білімін жетілдіргісі келетіндерге бағыт-бағдар беру.

– Тəуелс і зд ік алғанына ши-рек ғасырға жуық уақыт өткен Қазақстанның əлем дік қоғамдастықтан өз орнын алу жо лындағы азды-көпті үлесіңізді қазір біреу білсе, біреу білмейді. Сол туралы айта кетсеңіз.

– 2004 жылдан бергі кезеңде біздің компания шетелдердегі 15 мыңға жуық қазақтың Қазақстанға оралуына көмек беріп, 20-дан астам инвестициялық жоба-ларды жүзеге асырды. Оның ішінде шикізат өңдейтін шағын зауыттар, құрылыс тауар-ларын шығаратын кəсіпорындар мен сауда орталықтары, Алматы, Астана, Ақтау, Атырау қалаларында салынған, салынып жатқан жолдар мен көпірлер бар. Сонымен қатар, 200 мыңнан астам адамның несие қарыздарының оң шешімін табуына, кепілдікке қойылған жəне несие-ге, ипотекаға алған үйлерінің қарызын қайтару барысында туындаған мəселе кезінде көп жағдайда халықтың еншісінде қалуына дəнекер болып жүрміз.

– Қазақ еліне келгісі келетін бау-ырларымыз қай елдерден екенін жəне олардың саны қанша екенін шамалап болса да айта аласыз ба?

– Қазақстанға келуге қызығушылық білдіріп отырған адамдар қазір əлемнің барлық елінде бар. Олардың кейбіреуі Қазақстанның дамушы елдердің қатарына қосылуда қол жеткізіп жатқан зор жетіс-тіктеріне қызықса, енді біреулері оған өз үлесін қосуды азаматтық пары-зы санайды. Үшіншілері өздерінің ата-бабаларының қазақ жерінен

шыққанын алға тартып, қазақ болуға ықылас білдірушілер.

Бұл топқа кіретіндердің саны дүниенің түкпір-түкпірінде

қазір мыңдап емес, мил-л и о н д а п с а н а л а д ы .

Мəселен, Ирандағы – 40, Ауғанстандағы – 20

миллион халық қазақ жерінен қоныс

аударғандардың ұрпағы. Сол

сияқты

Ауғанстанда, Иранда, Пəкістанда тұратын 15 миллионнан астам хазарлар мен Тəжікстандағы 1 миллион лакайлар өздерін жай түркі емес, қазақпыз деп са-найды.

Хазарлар, осы Орталық Азиядан Ауғанстанға көшіп, оның орталық аймақ-тарында жер алып, түрік (БАТҰР) импе-риялар кезеңінде қатты дамыған халыққа айналған. Қазіргі Ауғанстан үкіметіндегі əйелдер арасынан шықан ең бірінші ми-нистр (Сима Самар), ең бірінші əкім (Хабиба Сараби), ең бірінші қалабасы (Азра Азими) болып хазар əйелдер сайланды. Олардың арасынан сондай-ақ Ауғанстан тарихында бірінші рет Олимпия ойындарына қатысып орын алған Рухулла Некпа мен Əлем чемпио-натында чемпион атанған боксшы Хамид Рахими де хазар. Өкінішке қарай басқа түрік халықтары Ауғанстандағы бауырлас хазарлар туралы көп білмейді. Хазарлар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы салаларында жұмыс істейді. Олар ешқашан соғысқа қатыспаған, лаңкесте болмаған. Олар Қазақстанға келсе, ауыл шаруашылығының дамуы үшін өз үлесін қоса алады.

– Сіз олардың тілін түсінесіз бе? – Мен қазақ, орыс, түрік, парсы, ұйғыр,

əзербайжан, өзбек, тəжік, ағылшын, башқұрт, неміс, араб, еврей, қытай, күрд, қырғыз, түрікмен, татар, ауған, украин, белорус, дари, талыш сияқты жиырмадан астам тілді білемін. Сондықтан олардың арман-тілегі мен мұң-зарын өз ауыздары-нан тыңдап жүргендіктен, қазақ болғысы келгендерге күмəні болса кез келген адам-мен пікір таластыруға дайынмын.

– Сырттағы тұратын қазақтардың жалпы жағдайы қалай?

– Əр елде əртүрлі. Еуропа елдеріндегі қазақтар негізінен соңғы жүз жылдықта қоныс аударғандар. Олардың əлеуметтік-экономикалық тұрмыс жағдайы өзге елдерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Ресейдегі қазақтардың да тұрмысы жаман емес. Меніңше, тұрмысы ең нашары Ауғанстандағы қазақтар. Одан кейін Қара қалпақстандағы қазақтар деуге болады. Бұл ең алдымен осы елдердегі экономикалық-саяси жағдаймен ты ғыз байланысты. Егер Еуропадағы қазақ-тардың білімі мен кəсіби білік тілігі жоғары болса, Ауғанстан мен Қарақал-пақстанда ол өте төмен деңгейде.

– Сіздер шетелдіктермен де жұмыс жасайды екенсіздер. Сонымен қатар, бірқатар елдерде өкілдіктеріңіз бар көрінеді?

– Иə, біздің компаниямыз халықаралық мəртебеге ие болғандықтан Дубай, Ыстамбұл, Тегеран, Мəскеу, Лондон, Берлин, Баку, Ташкент, Кабул, Бейжіңде өз өкілдіктеріміз бар. Барлық жерде атқаратын жұмысымыз бірдей. Бір сөзбен айтқанда, өз отандастарымыздың қызығушылығын қорғау. Бізде тиімді-тиімсіз клиент деген ұғым жоқ. Кез келген адам үшін есігіміз əрдайым ашық. Сондықтан өзіне аса таныс емес бейтаныс жер болғандықтан шетелдік кəсіпкерлер мен инвесторлар да жиі хабарласып, көмек сұрап жатады. Сол себепті іскерлік ортаның өкілдері мен олардың түрлі қауымдастықтарымен тығыз байланыс орнатылған. Бұл кейде ел экономикасы-на тек сырттан инвестиция тартып қана қоймай, өзге елдердің нарығына шығуға да жол ашуда. Біздің атсалысуымызбен өзге елдерде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар саны жыл өткен сайын артып келе жатқаны соның нақты айғағы деуге болады.

ƏңгімелескенЕрлік ЕРЖАНҰЛЫ,

журналист.АЛМАТЫ.

«Қазақстанның жетістіктері – арқа сүйер айбынымыз»

– дейді ресейлік қандасымыз Қайырбек СЕЙІЛОВ

Саид ОМАР:

Елден сыртта жүрген қандастарымыздың арасында есімін өзге жұрт қадірлейтін елеулі азамат-тар бар. Қостанаймен көрші Челябі облысындағы Нағайбақ муниципалдық ауданының басшысы Қайырбек Сейіловтің есімі Оңтүстік Уралда, онан қалды Ресейде құрметпен аталады. Нағайбақ ауданына жолы түскен меншікті тілшіміз Қайырбек Хакімұлымен əңгімелескен еді.

Қуатты ел болуды алдына мақсат тұтқан Қазақ мемлекетінің басты құндылығы – ұлан-байтақ жері мен оның қойнауындағы қазына емес, оны мекендейтін халық болуға тиіс. Біз осыған орай, дүниенің шартарабында жүрген қазақтың атамекенге оралуына ықпал етіп, олардың мұңы мен зарына құлақ түріп, «Отаным-елім» халықаралық заң компаниясының Бас директоры Саид ОМАРДЫ сұхбатқа тартқан едік.

«Ќазаќ болєысы келетіндер əлемде кґптеп саналады»

– Қайырбек Хакімұлы, дүниенің қай қиырында жүрсе де, атқа мінген қазақ баласына атажұрт тақымын қысып отырады. Көп жылдан бері Челябі облысындағы Нағайбақ муни ципалдық ауданының тізгінін ұстап отырған өзіңіздің ұйымдастыру талантыңызға ресейліктердің тақ тұруы бізге де мақтаныш. Ормандай орыстың арасында осындай биікке көтеріліп, өзіңізді мойындата білуі-ңіздің сыры неде?

– Рахмет. Атажұртқа біз де алаңдап, Қазақстанның тілеуін тілеп отырамыз. Адам қайда туса да, қай жерде өмір сүрсе де, жалпы барлық адамзат баласы-на ортақ ұғымдар бар. Соның ең басын-да еңбек тұрады. Уақытысында оқыдық, жақсы оқыдық. Ата-ананың айтқанын тыңдадық, айналамыздағылардан арт-та қалғымыз келмеді. Қанымыздағы қазақы намыс та еңбекке сүйреді. Еңбекпен оқығаннан кейін жақсы маман болдық, жанымыздағыларға сөзімізді өткіздік, алға ұмтылдық, қызметке талпындық. Міне, бүгінгі күнге осылай жеттік.

– Кеңес Одағы кезінде комсо-молдың, партияның желісімен қызметте жоғарылайтын. Бұл бұ-рынғы одақтас республикалардың барлығына тəн болатын. Дегенмен, алып держава тарағаннан кейін, 90-шы жылдар əркімнің шынайы іскерлігіне сын болды. Сіздерде де осы көрініс орын алған болар?

– Иə, дұрыс айтасыз. 90-шы жылдардың өзгерістері мен қиын-дығын бəріміз де бастан өткердік. Бір нəрсе анық, өмірде кездейсоқ ештеңе де болмайды. Мен мектеп-тен кейін Троицк қаласындағы Ауыл шаруашылығы институтының ве-теринария факультетін бітірген бо-латынмын. Кеңес Одағы тарағанға дейін мал шаруашылығымен айналы-сатын «Нағайбақ», «Кассельский», «Знаменский» кеңшарларында зоотех-ник, бөлімше басқарушысы, бас зоо-техник болып қызмет істедім. 80-ші жылдары шаруашылықты жалға беру формасына көшу шараларына, мал шаруашылығы кешендерін механика-ландыру жұмыстарын ұйымдастыруға қатыстым. Осы кезде жұмысты ұйым-дастыруға байланысты азды-көпті жинаған тəжірибем де болды. 1991 жылы ата-бабам жайлап, ғұмыр кешіп келе жатқан Нағайбақ ауданын басқаруға өзімді ұсындым. Жердің, елдің жағдайы, адамдары – барлығы да өзіме таныс. 1991 жылы Нағайбақ аудандық кеңесінің депутаттары осы ауданның басшысы етіп сайлады. Ол кез бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған қай республикаға болсын өліара шақ еді ғой. 1996 жылы қайта сай-лау болғанға дейін аудандағы бүкіл мəселеге өзім ғана жауап бердім. Ол тек Ресейде ғана емес, КСРО-дан тараған бүкіл республикалардың барлығында да əлі ес жиып болмаған тұс. Жаңа заңдар, нормативтер əлі жасалып үлгермеген. Сондықтан болар, сол 4-5 жыл ауданның билігін емін-еркін қолға алдым. Қазір соған таңғаламын. Бірақ билік қолға тиді екен деп ойға келгенді істеуден аулақ болдым. Күш-жігерді жұмсап, халықтың жағдайын ойластырдым.

– Сол кезде аудан үшін не істедіңіз?– Мен Нағайбақ ауданын басқаруға

келген соң елді мекендерді газданды-ру, жолдарды дұрыстау жəне баспана, құрылысты жандандыру ісін алдыңғы кезекке қойдым. Халықтың алдымен жағдайын жасау керек, содан кейін олардан істі талап еткен дұрыс деп ойладым. Адамдарға жұмыс болатын нысандарға көңіл бөлдік. Сол үшін ау-данда ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату кəсіпорындарын салуға күш

салдық. Мұның өзі де адымды аштыра бермейді, сондықтан облыс басшыла-рымен келісе жүріп, кен өндіру, оны байыту кешенін іске қостық. Ауыл шаруашылығын қанша дамытқанмен де, өндірістің жөні бір басқа. 2010 жылы ауданға инвестор шақырып, құс кешенін аштық. Қазір жылына 50 мың тонна құс етін, 7 мың тонна шұжық өндіреміз. Асыл тұқымды мал өсіруге баса назар аударамыз. О баста адамдар-ды жұмысты ету үшін күш салған едік, қазір жұмысшы қолы жетпейді. Мұның барлығы əлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік берді. Қазір ауданда жүзу бассейндерімен бірге салынған спорт кешендері, үш музей, шіркеу, мешіт, балалар үйі, əлеуметтік үй жұмыс істейді. Аудан орталығында əлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған тұрғын үй де бой түзеді. Біз елді мекендердің барлығын газдандыруға ұмтылып отыр-мыз.

– Атамекенді өзіңіз қозғап жібер-діңіз ғой, əулетіңіздің тарихы, шежі-ресі бар шығар?

– Негізі бұл жерді бұрыннан қазақтар жайлаған. Бұл біздің нағашы жұртымыздың жайлауы екен. «Əуелі бас қосқаным Жағалбайлы, жылқысын көптігінен баға алмайды» деп Қыз Жібектің айтатынындай-ақ, атала-рымыз ауқатты болған екен. 1927 жылы қуылғанда осы Нағайбақ өңіріне ығысқан ғой. Əкем Хакім Қазақстанда туған. Арсланбай біздің аталарымыздың аты екен. 1957 жылы осындағы кол-хоздың аты «Қызыл қазақ» деп аталған. Бұл қазақтардың үлкен ауылы болды. Аталарымыздың бейіті осында, та-мыр жайып қалғанбыз. Мұнда 1960 жылға дейін қазақ мектебі болды. Басқа ауылдарда, аудан орталығында татар мектептері болатын. 1960 жылы солардың барлығын жауып, орыс мектебіне айналдырды. Мен 1962 жылы бірінші класқа бір ауыз орысша білмей бардым. «Мама» деген сөздің не екенін білмейтін едік. Саясаттан ешкім тыс тұра алмайды екен, қалған білімді орыс тілінде алдық, ортаға бейімделдік.

– Қазақ əдебиеті классиктерінің бірі Сəбит Мұқанов 30-шы жылдар-дың ішінде Магнитогор комбинатына қонақ болып келіп, жұмысшылармен кездесу өткізеді. Өткен жылы метео-рит түскен Шұбаркөлде серуендейді. Сіз тұрған өңірдегі селолардың Париж, Кассель, Фершампенуаз сияқ ты Еуропа қалаларымен ата-луын атақты жазушы осы сапарын-дағы очеркінде жазады. Сол жолы Магнитогор өңіріндегі жұмысшы қазақтар тұрмысының жақсы екенін, қазақ мектебінің бар екендігін айтқаны еске түсіп отыр.

– Тарихқа көз салсақ, Сəбит ата-мыз 1937 жылдың алдында келген ғой, қасіретті жылдардың жақындап қалған кезі. Алмастың жүзіндей уақыттың қылпылдап тұрған тұсы. Оның үстіне ауып келіп, қоныстанғанына онша көп болмаған біздің аталарымыз негізінен малмен айналысқан ғой. Магнитогор комбинатында өзге де аз ұлт өкілдері секілді қазақтар да жұмыс істеген. Əлгінде айтқанымдай, қазақ, татар, башқұрт мектептері болған. Шешіре қарттарымыздың барлығы да өмірден өткен. Ал олар кешегі уақытта өз ұлтының тарихы-на байланысты əңгіме айта алмады. Оның себебін айтпасам да түсінікті. Ақсақалдарымыз алтын сандықты өздерімен бірге ала кетті. «Қызыл қазақ» ауылы шағынданғанымен бүгінде де онда негізінен тек өзіміздің қаракөз ағайындар тұрады. Айт, ораза, намаз, қазақтың салт-дəстүрі жақ сы сақталған. Қазақтың тойлары дүріл деп өтіп жата-ды. Бұл қашаннан Қазақстанның бір ауылы секілді көрінеді.

– Сіз басқарып отырған аудан-ның атына сай мұнда нағайбақ халқының тұратыны сырттан кел-гендерге танымдық қызығушылық шақырады екен.

– Оныңыз рас. Бұл да бір тарих аласапырандарының құқайын көрген халық қой. Арыдан қозғасақ, түркітілдес өз бауырларымыз ғой. Өздерінің атай-тынындай, нагайбэклэрдің шығу тегіне байланысты бірнеше гипотезалар бар. Бір зерттеушілер ХVІ ғасырдағы Ноғай ордасымен байланыстыра оты-рып, атының шығу тегін де «ноғай бегі» деп, шоқындырылған ноғайлар десе, екіншілері Иван Грозныйдың жаулап алуына байланысты Қазан хандығы құлағаннан кейін мəжбүр шоқындырылған татарлар дейді. Өзгеріске ұшырағанымен тілдің жалпы түркі түгел татар тілінен алыс кетпеген сүрлеуінің сақталғаны да көп нəрседен хабар береді. 1736 жылы əйел патша Анна Иоанновна жарлық шығарып, башқұрттармен шекараны мықтау үшін Нағайбақ əскери казачьесі құрылады. Ол кейінірек Орынбор казак əскерінің құрамында болады. Нағайбақтар 1812 жылы Отан соғысына, 1813-14 жыл-дарда Батыс Еуропадағы Наполеонмен болған ұрыстарға қатысады. Олар жай-лап отырған бүгінгі елді мекендердің негізінен Еуропа қалалары аттарымен аталып жүргендігі осыған байланысты. Нағайбақтардың казак əскерін 1920 жылы ғана таратқан ғой.

Енді осы халықты 1989 жылғы халық санағында бұрынғы қалыптасқан қалып бойынша татар халқының құрамына енгізеді. 90-шы жылда-ры демократияның лебі ескенде нағай бақтар татар емес, өз алдына ұлт екендіктерін жиі айтатын бол-ды. Олардың зиялы өкілдері «біздің дініміз бөлек, татарлар – мұсылман, нағайбақтар – христиан, соған орай дəстүрімізде де айырмашылық өте үлкен» деген ойларды айтып жүрді. Олардың төлқұжатында ұлты «татар» деп көрсетілетін. Ұлы Отан соғысының ардагері, өзі өлкетанушы Александр Маметов деген қария: «Нағайбақ деген халық екенімізді дəлелдесем арманым болмас еді. Біз онсыз да тарихта зəбір көрген жұртпыз. Өз халқымды жарыққа шығарғым келеді. Осыған не істеуге болады?» деп менімен ақылдасты. 1992 жылы біз РСФСР Жоғары Кеңесі Ұлттар кеңесінің атына, ол кезде РСФСР Жоғары Кеңесінің төрағасы Руслан Хасбулатов болатын, тікелей сол кісінің жəне Ресей президенті Борис Ельциннің атына хат жаздық. Бұл мəселе Ұлттар кеңесінде қаралып, нағайбақтардың татар емес, жеке этнос екенін бекітіп берді. 2001 жылы ресми түрде нағайбақтар Ресейдегі аз ұлттар тізіміне енгізілді. Міне, содан бері олар құжаттарда татар емес, нағайбақ болып жазылады. Бұл олардың ұлттық рухын көтерді. Ресейде барлығы он мыңдай нағайбақ болса, соның жеті мыңға жуығы біздің ауданда тұрады. Нағайбақша жақсы білемін, алдыма келген аға ұрпақ өкілдерімен, тіпті, кейде жұмыс барысында олармен өз тілінде сөйлесемін. Нағайбақ бауырла-рым өздерінің ұлттық тəуелсіздігі тура-лы əңгіме болғанда маған да рахметін айтып жатады.

– Кішкентай ғана ауданда түрлі ұлттың өкілі тұрады екен. Ұлттық мəселеде қиындықтар кездесе ме?

– Ұлттық мəселе қай елде, қай жер-де болсын шыны тəріздес өте нəзік, ол сақтықты, тазалықты қажет етеді. Ауданда 41 ұлттың өкілі тұрып жатыр. Соның 41 пайызы орыстар, 30 пайы-зы нағайбақтар, 14 пайызы қазақтар, қалған ұлттардың пайызы азая береді. Кадр мəселесінде де ешкімнің таразысы басып кетпейтіндей етіп тепе-теңдікті сақтап отырамын. Шаруашылық, эко-номиканы дамыту, басқару ісінде ұлттық құрамы да ескеріледі, деген-мен, бірінші орында кісінің білімі мен іскерлігі болуы тиіс ғой. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары осы ау-данда шаруашылық жəне бөлімше басқарушылардың 50 пайызы қазақтар болатын. Өте іскер ағаларымыз бол-ды. «Кассель» совхозының директоры Сүлеймен Алтынбаев деген кісі білікті ұйымдастырушы, шешен кісі еді. Алдағы уақытты күні бұрын болжап отыратын. Алдынан ешкім көлденең кесіп өтпейтін еді. Өзіміз ол кісіні ұстаз тұттық, үйрендік. 90-шы жыл-дары адамдар көп мəселеге ойланбай қарап, көңіл күйге ерік беретін болды. «Қазақтар ғана басшы бола ма?» деген де сөз шықты. Мен аудан басшылығына үшінші рет, яғни 2005 жылы сайлауға түскенімде ұтылдым. Өйткені осы

сайлауда ұлттық фактор ойна-ды. Нағайбақ бауырларымның арасында «ауданды неге біздің ұлттың өкілдері басқармайды?» деген пікірлер орын алды. Биз-несте жүрген нағайбақ жігіті менімен бірге сайлауға түсіп, жеңіп шықты. Ауданды бес жыл басқарды. Əрине, көзге көрінетін ешнəрсе атқарылмады, аудан тұрғындарының бұған көзі жете бастады.

Менің мақтанғаным емес, мен ауданның ой-шұқырының барлығын, адамдарын, қай се-лода қандай проблема барын жақсы білемін. Келесі сайлауға қайта түстім, билікке жеті адам таластық. Аудан жұртшылығының басым бөліг і , оның ішінде нағайбақ бауырларымның өздері де қайтадан маған дауыс берді. Жұмысты маған өткізген соң, ауданды басқарған Владимир Федоров деген əлгі нағайбақ жігітпен кабинетте отырып шай іштік. Сонда ол менен кешірім сұрады. Мен де: «Бауырым, маған адамдардың шашы мен көзінің түсі маңызды емес. Əркім өз ор-нында болуы тиіс» дедім. Бірде Татарстанның халық əртісі Галина Казанцева ауданға келді. Оның ұлты керəшен, орыстың «крещен-ные татары» деген сөзінен шыққан, татардың этностық тобына жата-тын халық. Бұрын нағайбақты да соларға қосатын, біз жазғаннан кейін нағайбақ пен керəшендердің аражігін ажыратып, тізімге екі халық деп енгізді. Тілі, дəстүрі нағайбақтармен өте ұқсас келеді. Ол есіктен кіре маған нағайбақ тілінде «Сен мұнда неге отырсың, нағайбақ емессің ғой?» деді. Мен де нағайбақша «Бізде түсіңе емес, ісіңе қарайды» деп тіке жауап бердім. Галина Александровна əзіл екенін білдіріп, күліп жіберді. Мінезі ашық кісі екен, аудан басшылығына сайла-нуыммен құттықтады. Қазір ауданда менің құзырымда шешімін таппай-тын ұлттық мəселе жоқ.

– Қазақстанның жетістіктерін біліп отыратын боларсыз?

– Білгенде қандай! Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын дүние-жүзіндегі саясаткерлердің барлығы да мойындап отыр, ағамыздың халықаралық беделіне қуанып, марқайып жүреміз. Сырттағы қазақтарға Қазақстанның жетіс-тіктері айбын, арқа сүйер асқар та-уымыз деп білеміз. Шын мəнісінде, Қазақстанның жетістіктері мол, көп ілгері кетті. Қазақстанның эко-номикалық саясатынан да үйренетін тұстар көп. Мысалы, маған Нұрсұлтан Əбішұлының бизнесте əлеуметтік əріптестік жасағаны өте ұнайды. Соның арқасында Қазақстанда əлеуметтік сала жақсы дамып жа-тыр, оның үстіне мұның кəсіпкерлер үшін адамгершілікке негізделгені үлгі аларлық-ақ емес пе?

Мен Қостанай облысы мен Челябі іргелес болғандықтан 90-шы жылдардағы ауыл шаруашылығында болған өзгерістердің сіздерде қалай қиын өткенін білемін. Бір рет Науырзым ауданындағы шаруа шылық комбайндарының тиын-тебенге сатылғанын көріп, ішім удай ашыған. Адамдар жөңкіліп көшіп жатты. Сонда техниканы шетінен сатып жатқан кеңшардың жас директорына бір ауыл ақсақалының «Бізді қашан сатасың?» дегенін естіп, күйзеліп келгенім есімде. Бізде ауыл шаруашылығындағы ре-форма оншалықты күйзеліспен өткен жоқ. Біз қолда бардың барлығын сол күйінше сақтап қалуға тырысқан едік. Бұрынғы кең мектептерді, клубтарды қайта жөндедік. Бірақ бəрібір село-ларда адамдар азайды, бізде де қалаға көшу тоқталған жоқ. Қазір даңғарадай мектептер бос тұр, бала жетпейді.

Бізде аудандар басшылары сайла-нып қойылады. Сайлауда барын салып, лауазымдық қызметке өтіп алады да, бес жыл екі қолын алдына қойып, түк істемей отыратындар бар. Демократия болған соң, сайланып қойылған басшы келесі сайлауға дейін орынтағынан кетпейді. «Демократияның кемшілігі көп, бірақ оның бір жетістігі бар, ол – əлі күнге дейін ешкім одан жақсы ештеңе ойлап тапқан жоқ» деген У.Черчиллмен келіспегенде, қайтеміз. Көш жүре түзелер деген сеніммен өмір сүреміз. Бір білетінім, Қазақстан дамып, тура жолда келеді. Бұған тек қуанамыз.

– Əңгімеңізге рахмет.

Əңгімелескен Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

Ресей Федерациясы,Челябі облысы,Нағайбақ ауданы.

АЛЫСТА ЖҮРГЕН

АҒАЙЫН

шыққанын алға тартып, қазақ болуға ықылас білдірушілер.

Бұл топқа кіретіндердің саны дүниенің түкпір-түкпірінде

қазір мыңдап емес, мил-л и о н д а п с а н а л а д ы .

Мəселен, Ирандағы – 40, Ауғанстандағы – 20

миллион халық қазақ жерінен қоныс

аударғандардың ұрпағы. Сол

сияқты

Page 7: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz 7ДОДА

Жанболат АУПБАЕВ,«Егемен Қазақстан».

– Берадор ака! Сіз қай жер-де, қандай отбасында дүниеге келдіңіз? Əке-шешеңіз нендей мамандықтың адамдары еді?

– 1943 жылы Ташкентте туып-пын. Əкем аспазшы, ал анам үй шаруасындағы адам еді. Ол уақытта біз қаланың ескі бөлі-гінде тұратынбыз. Жаны мызда «Спартак» стадионы болды. Кішкене кезімнен ешкімге тап-тырмай, сонда «жоғалып» кете-тінмін. Мектепте спорттың үш түрімен: күрес, бокс жəне футбол-мен шұғылдандым. Неге екенін қайдам, күрес пен бокс секцияла-рына футболға қарағанда үлкен құлшыныспен барушы едім.

– Ал футболға ауысу туралы ой өміріңіздің қай кезінен бастау алды деп ойлайсыз?

– Бұл таңдау менің Өзбек-станда күрестен жасөспірімдер бірін шілігінің жеңімпазы атанға-нымнан кейін болды. Футбол секциясындағы жаттықтырушым киім ауыстыру бөлмесінде маған жоғарыдағы жарыстағы жетістігім туралы мақала жарияланған газетті əкеліп берді. Алайда сол жерде оның жүзінде қуаныштың емес, реніштің ізі тұрған еді. Кейін басшылықпен ақылдасып, менің футболмен түбегейлі түрде айналысуым үшін түрлі ынталан-дыру шараларын жасай бастады. Сөйтіп, стипендия тағайындады ма, оқушы болсам да еңбек кітапшасын ашты ма, əйтеуір қызықтырып, қамқорлық жасап, мені қалалық футбол командасы құрамына алды. Анық есімде, со-дан бастап үлкендер алдындағы жауапкершілікті сезіне бастадым. Жəне жаңағыдай жағдайдан соң футболдан өзге дүниеге уақыт бөлуге шамам да жоқ еді.

– Республика командасы са-пында тұңғыш рет алаңға шы-ғып, жоғары топтағы қарсы-ластар қақпасына соққан алғаш қы добыңыз есіңізде ме?

– Иə, есімде. 1960 жылы бо-латын. Алматының «Қайрат» коман да сымен жан алысып, жан беріс кен матч еді. Бапкерлер мені алаңға ойын аяқталуға 15 минөт қалғанда ғана шығарды. Уақыт өте тығыз-тын. Осындай қысылтаяң шақта өзіңді көрсетіп қалуың қажет. Өйтпесең, біттің. Көпке дейін 13-ші ойыншы боп қосалқы құрамда отырасың да қоясың. Осыны біліп, барымды салдым. Бір уақытта оңтайлы сəттің келіп қалғанын бүкіл жан дүниеммен сезгендей болдым. Ол қарсы ұшып келе жатқан доп-ты тоқтатпай, қос аяғыммен ба-сымнан асыра қайшылай тебу керек деген интуиция еді. Солай еттім де. Стадион гу ете қалды. Бұрылып қарасам, теңбіл доп торда тулап жатыр екен. Сол кезде мен небəрі 17 жаста ғана болатынмын. Сөз ретіне қарай айта кетейін, КСРО футболы та-рихында бұл өте сирек болған жайт. Олай дейтінім, жоғары топ ойындарындағы алғашқы гол-дарын кейін атақты футболшы-лар болған Игорь Нетто, Илья Датунашвили 19-20 жастағы кездерінде салған. Кеңестік фут-бол шежіресіндегі деректерде оны, яғни жоғарыдағы көрсеткішті «жасартқан» екі-ақ адам екен. Ол – Мəскеудің «Торпедо» ко ман-дасындағы Эдуард Стрельцов пен «Пахтакордағы» мен. Екеуміз де алғашқы голдарымызды қар-сыластар қақпасына 17 жасымыз-да соғыппыз.

– Бұл, сөз жоқ, айта жүретін қызық жəйт, есте ұстайтын ерекше оқиға екен өзі. Енді сіз мына сұраққа жауап беріңізші.

1966 жылы Ташкентте өте қат-ты жер сілкінісі болды. Сіз сонда қайда едіңіз? Іссапарда ма, жоқ əлде... Сол күн, сол сəт туралы қазір не айта аласыз?

– 26 сəуірде, түн бола бергенде қала сыртындағы спорт базасын-да ертерек ұйықтауға жатқанбыз. Себебі, келесі күні Минскінің «Динамо» командасымен матч бо-латын еді. Таң ағарып ата берген-де жер теңселіп қоя берді дейсің. Алғашында ешкім ештеңені тү-сін ген жоқ. Тек сыртта иттер үріп, ішке өрт сөндірушілер келіп кір-генде төтенше жағдайдың бол-ғанын сездік. Дəлізге шыққан жұрт аузында бір-ақ сөз. Ол: «Жер сіл кінді... Зілзала. Тағы қай та ла-нады...» деген үрейлі дауыстар еді.

Осындай жағдайға қарамастан түс қайта «Динамомен» арадағы ойынымыздың басталмасы бар ма? Əрине, бұл кезде жер сілкіну тоқтап, қала тіршілігі өзінің қа-лып ты арнасына түскен кез еді. Стадиондағы кісі қарасы əдетте-гідей мол болып көрінді көзімізге. Осыған қуаттанып, жігерленген біз қонақтарды 1:0 есебімен жеңдік те үйімізге қайттық. Есіктен кіре берсем аяғы ауыр келіншегім таңертеңгі жер сілкінісінен кейін мазасызданып отыр екен. Такси шақыртып, перзентханаға тарттық. Дəрігерлер: «Зайыбыңыз мамырда босануы керек еді. Зілзаладан шошынған сияқты.

Сондықтан кетпей тұра тұрыңыз. Босанып қалуы ықтимал», – деді. Расында да солай болды. Тұңғышым Азамат міне, осылай Ташкенттегі 1966 жылғы жер сілкінісі күндерінде өмірге кел-ген. Ойлап қарасаңыз, бұл да бір қызық жағдай.

– 1968 жылы сіз КСРО чем-пио натында ең көп гол соққан үздік ойыншы болдыңыз. Оны 8 ай ішіндегі 38 матчта қарсы-ластар қақпасына 22 доп салған дерек айғақтайды. Сөз ретіне қа рай сол кезең туралы да айта кетсеңіз.

– 1968 жылы чемпионаттың орта шеніне таман Эдуард Стрель-цов екеуміз суырылып алға шық-тық. Қазіргі тілмен айтқанда, көш басшылыққа ие болдық. Сөйт-тік те соңғы турға дейін сырт-тай өзара бəсекеге түсіп, əрқай-сымыз 20 голдан соқтық. Жыл қорытындысын аяқтайтын матчта біздің «Пахтакор» «Спартакпен» ойнап, 2:2 есебімен тең түсті. Мен осы кездесуде екі доп соқтым. Ойымда: «Енді Торпедо» қалай ойнар екен?» деген сұрақ тұрды да қойды. Өйткені, жылдың үздік ойыншысының көрсеткіші осы кездесуге тікелей байланысты-тын. Алайда менімен үзеңгі қағыстырып келе жатқан Эдуард Стрельцов сол соңғы турда бір

ғана гол салды. Есесіне бізден кейін үшінші болып келе жатқан тбилисилік Георгий Гавашели бір кездесуде қарсылас команда қақпасына 5 допты қатарынан домалатпасы бар ма?! Сөйтіп екінші орынға шықты да Эдуард Стрельцовты үшінші орынға сырғытып жіберді. «Бұл не сиқыр?» дегенбіз сонда. Арада екі жыл өтті. Мен КСРО құрамасы сапында жүріп, Тбилисидің «Ди-намо» командасынан шақы рыл-ған қорғаушы Реваз Дзодзуаш-вилимен бір бөлмеде тұруыма тура келді. Сонда əңгімелесіп отырып жоғарыдағы жəйтке таңғалатынымды айтқанмын. Сөзімді тыңдап болған Реваз бұл оқиға жөнінде көңілді түрде: «Біз, грузиндер, достығымыз жарасқан адамдармыз. Əрқашан бір-бірімізге көмектескіміз келіп тұрады. Сол кездесуде Георгий Гавашелиден өзге ешкім қақпаға гол соғуға тиіс емес еді. Солай бол-ды да», – деді жымиып. Сөйтсем, олар бəрі бірігіп бізді өкшелеп келе жатқан Георгий Гавашелиді алға шығару үшін «жұмыс» істеген ғой. Міне, қандай ұйымшылдық? Қандай ауызбіршілік?! Қандай мақсаткершілдік! Үйренетін, үлгі-өнеге алатын қасиет.

– 70-ші жылдардың жан-күйерлері, біздер, жақсы білеміз, сіз өз уақытыңызда жалғыз «Пах такорда» ғана ойнап қой ған жоқсыз. «Спартак» пен ЦСКА

құрамында да бол ғаныңыз бар. Бұл сол кездері неге, қандай жағдайға байланыс ты болған ауысулар еді?

– Иə, ол рас. Алдымен 1964 жы лы «Спартакқа» кеттім. Бұл ко манда маған өзіндік ойын өрнегімен, нағыз футбол мектебі ретіндегі болмыс-бітімімен ұнады. Онда мықты əріптестеріммен бірге ойнау арқылы шеберлігімді шыңдауды ойладым. Бұл негізсіз де емес еді. Оны жаңа айттым. Сөйтіп «Спартак» құрамында Сочидегі қысқы жолдастық кездесулерді өте жақсы өткіздім. Бірақ тіземнен жарақат алып қалдым. Оңалу ұзаққа созыл-ды. Осы себепті үйге қайтуға шешім қабылдадым. Сонда ғой атақты бапкер Николай Петрович Старостинді таңғалдырғаным. Ол Мəскеуден берілген пəтерден өз еркіммен бас тартып, кілтін өткізіп беріп кеткен əрекетім еді.

Содан кейін 1969 жылы ЦСКА командасында ойнауға шақыру алдым. «Пахтакордан» мұнда ау-ысуыма бірнеше себептер болды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы осында жүріп КСРО құрамасы қатарына тез ілігіп кету мүмкіндігі еді. Солай болды да. ЦСКА-да жүріп мен 1969-1970 жылда-ры ел құрамасында жақсы өнер көрсеттім. Чилидің «Коло-коло»

командасымен кездесуде «хет-трик» жасап жүргенім сол кез ғой.

– КСРО чемпионаттарының жоғары тобында ойнаған жыл-дарда сіз үшін қай ойыншы қауіпті қарсылас болды деп ой-лайсыз? Жəне қай қақпашының қиындық туғызғанын да айта кетсеңіз.

– Əңгімені қақпашыдан бас-тайын. Көбіміз үшін қиын əрі қолайсыз, сонымен бірге өте сұсты адам Лев Яшин болды. Ұзынтұра, қолы да өте ұзын оған қарсы ойнау психологиялық

тұрғыдан өте күрделі еді. Яшин əрқашан өте дұрыс бағдармен қимылдап, тұратын орнын да өте жақсы таңдай білетін. Оған қарсы əуелетіп немесе алыс-жақын қашықтыққа пас беріп ой-нау нəтижесіз аяқталатын. Себебі, ол біздің іс-əрекетімізді алдын ала сезе қойып, тез əрі батыл қимылмен мысымызды басып тас-тайтын. Біздер үшін оған допты жер бауырлата жіберу арқылы күтпеген соққы жасау немесе көз ілеспес шапшаңдықпен жақындап барып қақпаны нысанаға алу ғана дұрыс нəтиже беретін. Ал басқаша əрекет жасау... Əй, қиын еді-ау. Бірақ «Динамоға», яғни Яшинге қарсы «Пахтакор» өте сəтті ой-нап жүрді. Олай деуіме 60-шы жылдардың аяғында ғой деймін, үш жыл бойы қатарынан оларға жеңілмей қойдық.

Енді қарсыластар арасындағы қауіпті қорғаушылар мен ша буыл-шыларға келейін. Олар Мəскеудің «Динамо» командасындағы Исто-мин, Капличный жəне Киевтің «Ди намосындағы» Соснихин бол-ды. Ал өзім үшін өте ыңғайсыз ой-ыншылар ЦСКА-дағы Шестернев, «Торпедодағы» Шустиков пен Пахомов, «Спартак» коман да-сындағы Ловчев еді. Бұлар кез келген қарсыласынан допты таза тартып əкететін көкжалдар-тын.

Əдістері: шабуылшымен жеке ойнағанда дес бермей, өте мық-ты жылдамдықпен, түрлі тех-ни калық шешімдермен жəне тактикалық тұрғыдағы ешкім күт-пеген тың ойлар есебімен ұтатын. Əупірімдеп жүріп допты əрең қайтарып алғанның өзінде олар кезекті қарсы шабуылды қалай ұйымдастыру керектігін іштей біліп тұратын. Допты өздерінің шабуылшысына тез жөнелтіп, кейде гол саларлық пасты да беріп жіберетін. Жоғарыдағы аты аталғандардың ішінде Лов-чев голды жиі соғатын. Яғни, бұ-лар дан келетін қауіптен сіз доп-ты тек жоғалтып қана қоймай, өз қақпаңызда тулап жататын бола-шақ голға да тез «жағдай» жасай-тын сыз. Ғажап жігіттер еді. Бəрі де өз заманындағы футбол жан күйер -лерінің мақтаныштары болатын.

– Сіз «Пахтакормен» бір-ге өсіп, бірге есейдіңіз. Сөй тіп осы командадағы жасын дай жарқылдаған ғажап ойын-дарыңызбен өз халқыңызға ке-ре мет қуаныш пен даңқ сыйла-дыңыз. Сол ерен еңбегіңіз ді ке-зінде республика үкіметі қалай бағалады деп ойлайсыз?

– Өте жақсы деп айтар едім. Өзбекстанның кеңестік кезеңдегі басшысы Шараф ака Рашидов футболды бір кісідей білетін жəне жақсы көретін адам еді. «Пахтакорды» көтеру үшін көп жұмыс істеп, мол күш-жігер жұмсады жарықтық. Осы кісінің кезінде мықты база мен өзіндік мектебіміз қалыптасты. 1965-1985 жылдары ташкенттік фут-болшылар материалдық тұр-ғыдан мəскеуліктер мен украи-налықтардан кем қамтамасыз етілген жоқ. Үкімет бұған қол жеткізу үшін кейде «дəстүрлі жолдан» ауытқып, бізге қатысты əлеуметтік мəселелерді басқаша тұрғыда шешкен жағдайлары да болды. Мысалы кейбір ойыншы-ларымыз «Пахтакорда» жүріп «мақташы» болып ресімделді. Сөйтіп, екі жерден еңбекақы алып, дұрыс өмір сүруге қол жеткізді. Бұдан кейін жақсы фут-болшы болмай, алаңда мықты ойнамай көр? Сіз түсінуге тиіссіз, «Пахтакор» сөзі «мақташы» дегенді білдіреді емес пе? Сон-дықтан командадағы көбіміз «мақташы» болатынбыз. Мысалы, мен де Ташкентте тұрғаныммен, қала іргесіндегі бір колхоздың ақ алтынды алқабында үнемі «жұмыс істеп» жүретінмін. Алған атағымыз бен сыйлықтарымыз өз алдына, жоғарыдағы жағдай үкіметтің сол кездегі бізге жасаған қамқорлығы, құрметі еді. Оны еш уақытта да ұмытпаймыз.

– Өзіңізбен əңгімелесіп отыр-ғанда біздің ойымызға сіз дің отбасыңыз туралы да білгіміз келетін сұрақтардың реті ке ліп

қалғанын жасырғымыз кел-мейді. Қанша балаңыз бар? Олар қандай мамандықтың иелері? Солардың ішінде сіздің жолыңызды қуып, спортшы атанғандары бар ма?

– Құдай көп көрмесін, алты ұл мен бір қыздың əкесімін. Осылардың ішінде Азамат, Жасур, Баһадүр жəне Батыр де-ген балаларым менің жолымды таңдап, «Пахтакор», «Новбахор», «Зарафшан» командаларының футболшылары атанды. Элер мен Фарух атты перзенттерім басқа мамандықтың иелері. Олар Ташкенттегі жоғары оқу орын-дарын бітірген соң бизнеспен шұғылданып, қазір осы саланың белді өкілдері болып жүр.

– Қазақстанмен қандай бай-ланысыңыз бар? Біздің «Қай-рат» командасындағы бұрынғы көзкөрген əріптестеріңізбен ха-барласып тұрасыз ба?

– Қазақстан дегенде көз ал-дыма Алматы мен Шымкент шаһарлары келеді. Алматыны тұңғыш рет бұдан 54 жыл бұрын көргенімде: «Жап-жасыл нуға бөленіп, қызылды-жасыл гүлге оранған неткен таза қала?!» деп таңғалғанмын. Кейін ол тіпті түрленіп кетті. Оны əсіресе 1980 жылы Қазақ ССР-інің 60 жылдығына байланысты одақтас республикалардан шақырылған құрметті қонақтар делегациясы-мен барғанымда анық байқадым. Көктөбе мен Медеу қандай ғажап! Шымбұлақ ше?! Ал Шымкентке келетін болсам, осы шаһардың іргесінде Сайрам ауданы бар ғой. 2003 жылы сондағы өзбек диаспорасының этномəдени орталығы маған төмендегідей қолқа салды. Ол өздерінде

құрылып, жасақталған өңірлік футбол командасына басшылық ету мəселесі еді. Сөйтіп, менің 2003-2004 жылдары Шымкентте тұрып, қала іргесіндегі ауданның «Яссы-Сайрам» командасында бапкерлік қызмет атқарғаным бар. Байқағаным, қазақтар мен өзбектер өте тату екен. Пейілдері кең. Бір-біріне ақжарқын қабақ таны тып, құдандалық қарым-қа-ты настары мен тынымсыз тір лік ке толы табанды еңбекпен өмір сү ріп жатқанына қатты қызық тым.

Енді біздегі «Пахтакор» сияқ-ты сіздердегі «Қайрат» пен ондағы əріптестеріме келер болсам, бə-ріміз де сол бір 60-70-ші жылдар-ды сағына еске аламыз. Себебі, ол уақыт өзіміз сөз етіп отырған қос команданың өсу, дəуірлеу жəне халықтың зор қолдауы мен шексіз құрметіне ие болған кере-мет кез еді ғой. Соның арқасында сіздердегі Тимур Сегізбаев, Вадим Степанов, Сейілда Байшақов, біздегі Төлеген Исақов пен Ген-надий Красницкий жəне мен даңқ биігіне көтеріліп, зор атақ-абыройға ие болдық. Осыны ұмытпағандықтың белгісі ғой деп ойлаймын, сол кездегі көзкөрген замандастар күні бүгінге дейін бір-бірімізге үлкен сүйіспеншілікпен, құрметпен қараймыз. Ниет, пейіліміз жақсы. Сөзім дəлелді болу үшін айтайын, 2003 жылы менің 60 жасқа толған тойыма Қазақстаннан артынып-тарты-нып, үлкен делегация келгені бар. Оның құрамын атақты Тимур Сегізбаев, Құралбек Ордабаев, Михаил Гурман мен Сейілда Байшақов сияқты сайыпқырандар құраған еді. Осы мерейтойлық іс-шарада Өзбекстан футболының ардагерлері мен бұрынғы КСРО аяқдоп шеберлері өкілдерінен екі команда жасақталып, жолдастық кездесу өткізілді. Міне, сондағы кеңестік кеңістік елдері арда гер-лерінен жасақталған командаға мəскеулік Георгий Ярцев пен алма тылық Тимур Сегізбаев бапкер лер, ал Құралбек Ордабаев қақпа шы, Михаил Гурман қорғау-шы, Сейілда Байшақов жартылай ша буылшы болып ойнағанын ұмыт қаным жоқ. 2011 жылы Алма тыда Тимур Сегізбаевтың 70 жылдығы аталып өткені естеріңіз-де шығар. Сондағы ұлықтау ша-раларына Өзбекстан делегация-сы құрамында мен де барып, қадірлі қардашыма шапан жап қан-мын. Сау-сəлемет ғұмыр кешуіне тілектестігімді білдіргенмін. Қа-зір де де сол сөзім – сөз, сол көңілім – көңіл. Көрсеңіз, кездессеңіз ме-нен осылай деп көп-көп сəлем айтарсыз.

ӨЗБЕК ФУТБОЛЫНЫҢ АҢЫЗЫ, «ПАХТАКОР» КОМАНДАСЫНЫҢ АТАҚТЫ ШАБУЫЛШЫСЫ БЕРАДОР АБДУРАИМОВПЕН ӘҢГІМЕ

Стадиондаєы сўхбат

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Өзбекстанда «Біз – бір халықпыз» деген достық фестивалі өтті. Оған мұрындық болған Алматыдағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен Ташкенттегі қазақ ұлттық мəдени орталығы еді. Жиынның алғашқы іс-шарасы таңертең қала орталығындағы «Жар» стадионында басталды. Делегация құрамындағы біздер мұнда қос елдің бір кездегі ары мен намысы бола білген «Қайрат» жəне «Пахтакор» командала-ры ардагерлерінің жолдастық кездесуіне куə болдық. Куə болып қана қоймай, матч жүріп жатқан кезде өзбек футболының 1960-1976 жылдардағы жарық жұлдызы атанған Берадор Абдураимовты стадионның ішінен іздеп тауып, сұхбат алып үлгердік. Адамдардан

аяқ алып жүргісіз мұндай у-шу жерде кімнің кім екенін танып-білу мүмкін емес қой. Осы ретте «Өзбекфильм» акционерлік қоғамының қарт кинорежиссері Ғияс Шермұхамедовке алғысымыз шексіз. Əріптесіміз жасының ұлғайып қалғанына қарамастан, толып жатқан баспалдақтармен ілгері-төмен түсіп жүріп, Берадор Хасанұлымен жолықтырды-ау əйтеуір.

Міне, біз денесі сəл еңкіш тартқан, селдір шашты, төртбақ кел-ген қараторы адаммен амандасып тұрмыз. Кішіпейіл кісі екен, қасынан ығыса орын берді де əңгімеге бірден араласып жүре берді. Бетіне ауық-ауық қарап қоямыз, есімізге бұл адамның 1960-1976 жылдары «Пахтакор» командасы сапында алаңға 382 рет шығып,

қарсыластар қақпасына 164 доп соққан өзбек елінің ХХ ғасырдағы тамаша футболшысы екені түседі. Содан соң ойымызға 1968 жылғы ел чемпионатындағы 38 матчта 22 доп соғып, одақтағы ең үздік ойыншы болған жұлдызды сəті оралады. Ал оның 1970 жылы КСРО құрамасы сапында жүріп, Оңтүстік Америкадағы матчтағы жанкештілігі ше? Онда ол Чилидің «Коло-коло» атты ұлттық футбол командасымен арадағы шиеленіске толы кездесуде ешкім күтпеген «хет-трик» жасап, 5:4 есебімен аяқталған матчтағы 5 доптың 3-уін бір өзі соғып, айды аспанға шығарған болатын. Енді міне, біз сол адаммен қатар отырып, сұхбаттасудамыз. Бір-бірімізді баяғыдан бері білетін ескікөз таныстар секілді төмендегідей достық рəуіште əңгіме-дүкен құрудамыз.

...Осы кезде біз отырған «Жар» стадионында достық фестивалінің беташары іспеттес болған «Пахтакор» жəне «Қайрат» командалары ардагерлерінің арасындағы матч та бастал-ды. Біз Берадор Хасанұлымен арадағы əңгімені доғарып, алаңдағы ойынды тамашалауға ден қойдық. Жерлес футболшыларымыздың қақпа кілтін алдымен өзбекстандық С.Кодиров пен Р.Дурманов ашып, көрермендерді бір желпіндіріп тастады. Содан соң «Қайрат» командасынан В.Вараговский қатарынан қос доп соғып, есепті 2:2 етіп теңестірді. Екінші таймда Берадор Абдураимовтың «Пахтакорда» ойнап, қазір ардагерлер қатарында жүрген ұлы Азамат «Қайрат» қақпасына бірінен кейін бірі деп айтатындай екі допты үдемелетіп кіргізіп, алаң иелерін 4:2 есебімен алға шығарды. Осыдан кейін ышқына қимылдаған біздің жерлестеріміз А.Савич пен А.Құлшынбаев қарсы жаққа бір-бірден доп салып, есеп 4:4 бо-лып тең аяқталғанда «уһ» дедік-ау əйтеуір.

Ойын біткеннен кейін алаңға Өзбекстан Ұлтаралық мəдениет орталығының директоры Нуриддин Мухаммадиев пен Ташкенттегі қазақ ұлттық мəдени орталығының төрағасы Марат Үкібаев шығып, алдымен көрермендерге өз өнерлерін көрсеткен қос ко-манда мүшелеріне ескерткіш сыйлық тапсырды. Сосын алдыңғы қатарда отырған өзбек футболының ардагерлерін ортаға шақырып, иықтарына шапан жапты. Олар: Берадор Абдураимов, Владимир Штерн, Төлеген Исақов сияқты тарландар еді.

ТАШКЕНТ.––––––––––––––––––––––Суреттерде: Берадор Абдураимов. 1973 жыл; Берадор Абдураимов, мақала авторы жəне Өзбек телевидениесінің редакторы Зəмира Жиенбаева. 2014 жыл.

Page 8: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz8 ТОЛҒАУЫ ТОҚСАН ТІРШІЛІК

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан».

Ай аман, Күн орнында жарқырап тұрған тыныш заман-да сəбилер неге жалғыз əкенің қолында телміріп қалады? Кенеттен болған кесапатқа дауа жоқ. Айтып келмейтін ажал да бір басқа.

Осы менің бала күнімде сана сəбиіме сыймайтын бір оқи-ға болған-ды. Көрші ауылда тұратын бес баласы бар келіншек үй салуға көрші елден келген ұста жігітпен бірге қашып кетті. Ауылды жерде мұндай жағдай жайына қалушы ма еді?! Жұрттың бəрі бес баласы мен күйеуін тəрк етіп кеткен келіншектің қылығын түсінбей, ақылдары айран бол-ды. Айналадағылар сүттей ұйып отырған елдің болмысына мүлде қабыспайтын тірлікті түсінбей, сөгейін десе сөз таба алмай, не əйелдің өзін таба алмай, бір тосын жəйт болған. Танитын да, танымайтын да көпшілік жағаларын ұстап, бірнеше жыл бойы осы оқиғаны айтып жүрді. Ол келіншектің балала-рын мүсіркемеген адам жоқ. Осылай жүргенде, араға тоғыз жыл салып, көкек əйелдің біздің

ауылдағы төркіндері келіншекті Ташкенттегі Алай базарда көріп қалып, қасына барғанша кісісі құжынап жатқан халықтың ара-сынан жоғалтып алыпты. «Ана сорлы түк болмағандай тауар алып жүр екен», деп ауылға көргендердің түңіліп қайтқанын естідік те есіміз кіргенше осы-ны ұмытпай жүрдік. Бауыр еті балаларын бір жатқа қиған əйелді еш түсіну мүмкін емес еді. Сəбилерін неге сағынбайды, оларды тағдыр тəлкегіне салып қойып, тамағынан қалай ас өтіп жүр екен деп ойлаумен күндер өтсе де, ол балаларын іздеп кел-ген жоқ...

Араға көп жылдар салып ба-рып осы оқиғаға оралуымыздың да өзіндік себептері табылып отыр. Бір жағынан осы мəселені көтеруге бір кездегі «Еларна» телеарнасында жаңа форматқа көшкен ток-шоу бағдарламасы түрткі болған-ды. Сол кезде «Бəрі де мүмкін» деген жаңа атауға ие болған бағдарлама жалғызбасты еркектердің жайы туралы əңгіме таластыруды дұрыс санаған еді. Мəселе мынада, еліміздегі жалғызбасты еркектерге мемлекет тарапынан əлеуметтік көмектер керек пе, жəрдемақы берілуі қажет пе, кезексіз баспана берген жөн бе деген сықылды сауалдар төңірегінде жақ-жақ болып сөз таластырдық. Ток-шоудың тəртібі солай. Сарапшылардың сорына

орай, студияға басты кейіпкер ретінде оңтүстік өңірден балала-рын жетектеп келген жалғызбасты əке – жалғызбасты əке ғана емес, бірінші топтағы мүгедек болып шықты. Алдымен Алға дейтін азаматтың өмірі жайлы сюжет көрсетілді. Əйелі осыдан төрт жыл бұрын төрт бірдей тағдырдың – ері мен үш бірдей баласының басынан аттап кетіп қалыпты. Алдын ала көрсетілген сюжет-те де, студияда отырғанда да жарының неге кетіп қалғаны жай-лы жалғызбасты əке ашып ештеңе айта алмады. «Мен оны тоқтатпақ болып, сабасына түсіремін деп талай сөйлесіп көрдім, жалын-дым, ұрыстым да, мүсəпірленіп те айттым», дегеннен əрі аспады отағасы. Ал балалары Алладан жалбарынып сұрап алғандай сүп-сүйкімді, ақылды, зерек екені байқалады. Бір қарағанда бүкіл елге сырын ашып отырған жігіт те ақымақ емес, намысы бар сияқты. Бəрінен де жалғызбасты еркектерге үкімет үлкен көмек көрсетсін, мемлекет жəрдемақы берсін, əкімшіліктер баспаналы етсін дейтін топқа жеңіл болды. Сөзін сөйлеп отырғанды кім жек көрсін?!

Осы арада заңға сүйенсек,

«Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Кодексі бой-ынша ер адаммен қатар əйел адам да тең дəрежеде алимент төлеуге міндетті. Егер алимент туралы өзара келісім болмаған кезде сот кəмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналары-нан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға – ата-ана-сы табысының жəне (немесе) өзге де кірісінің – төрттен бір бөлігін, екі балаға – үштен бір бөлігін, үш жəне одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық жəне отбасылық жағдайларын жəне назар аударарлық өзге де мəн-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін. Алайда, алағай да, бұлағай заман-дарда да намысын бермеген, көз жасын көрсетпеген, жыртығын жамаған, арығын білдірмеген азаматтардың күндердің күнінде бала жетектеп, теледидардан көпке қолын жаятын күнін де көреміз деп кім ойлапты.

Студияда отырған заңгер жігіт бүгінгі таңда елімізде 68 мыңнан астам жалғызбасты əке бар екендігін жəне оларға қандай көмек берілетіндігін алға тарт-ты. Алайда, ешқашан мұндай көрсеткіштерге сенуге болмас. Жоғарыда атап өткендей, еш уақытта дəл статистика жасау мүмкін емес. Статистикалар

халықтың белгілі бір тобына ғана жасалады жəне бұл өте күрделі сараптама. Сондықтан жеме-жемге келгенде əлі күнге дейін балаға, дүниеге таласып, соттасып, боқтасып бітпегендер жетіп артылады. Қағаз жүзінде некеде болса-дағы, бірін-бірі көрмегеніне, ат құйрығын үзіс-кеніне бірсыпыра жылдар өткен жұптар жеткілікті.

Студияға келген сарапшылар арасында жалғызбасты əкелерге көмек берілуі керек деген көзқа-растар басым түсіп жатса-дағы, ойбай-ау, бұл жігіттің ағайын-дары қайда, көмектесер кімі бар деп байбалам салғандар да болды. Жігіт емессің бе, қия тартып жүрген келіншегіңнің шаңын неге қағып алмадың, əйелді еркелетіп отырып та уыс-тан шығармау керек қой, деген кісілер де табылды.

Психологтар басты кейіп-кердің жанын жараламауға да тырысып, əйелін де студияға шақыру керек еді деген уəжден аспады. Өйткені, ол қанша де-генмен психолог қой, дүйім жұрттың алдында қате сөйлегісі келмейді. «Басы ауырмағанның балтыры сыздағанмен шаруасы жоқ» дегенді білеміз-ау. Бірақ,

о заман да, бұ заман еркектің мүсəпір күйге түсіп, көптің ал-дында шарасыз күй кешкенін қабылдау қиын еді.

Егер елімізде бүгінгі таңда 68 мыңнан астам жалғызбасты əке болса, жалғызбасты аналардың санына кім жеткен? Бұл жерде ресми статистика тағы да керек емес. Қазіргі таңда жылына неке құрғандардың 30 пайызына дейін ажырасып, оң жақта отырып сəбилі болу сөкет көрінбейтін болған заманда миллионға тар-та жалғызбасты ана бар деп айтсақ жағымыз жаңыла қоймас. Солардың ішінен ара-тұра сағы сынғандары БАҚ құралдары арқылы көптің көмегіне жүгініп, мемлекеттен қолдау сұрап жата-ды. Бірақ, студияға балаларын шұбыртып əкелген əйел дəл менің есімде жоқ.

Қызылкеңірдек болып, пікір жан-жаққа айырылып жатқан тұста бір-екі ауыз көзқарас айтудың сəті түскені. Бұ қазақтың басынан не келіп, не кетпеген?! Замананың қай тұсында біздің ұлт төрт құбыласы түгел күй кешіпті. Жақсы күндердің барлығын алдан күтіп жүрген елміз. Бірақ, халықты қынадай қырған ашаршылық жылдарында да, миллиондаған адамның басын жалмаған соғыстарда да, саяси қуғын-сүргінді былай қойғанда, ел ер-лерге қарады. Қайран біздің арды ойлаған шешелер қамыққанын да

сағы сынбасын деп ұл-қызына көрсетпеді. Одан соң да аумалы-төкпелі жылдар келіп, КСРО тарап, тəуелсіздік алар тұста да ел қатты қиналды. Мықты мамандардың өзі қысқарып, жас кадрлар тен тіреп қалғанда əйелдер ала дорба арқалап жүріп, отбасыларын асырады. Ерлері есеңгіреп қалған жылдары жарла-рына жігер берді. Шындап келген-де, бұл да некелердің адалдығын сынай тын Алланың үлкен сынағы болатын. Бірін-бірі сүйетіндерді қиындық одан да қабыстырып, бала-шаға айналасында табыс-тырса, күйрейін деп тұрған ша-ңы рақтарды ауыртпалықтар қи-рата салды. Күйеуің сені сүйе ме, əйелің сені бағалай ма, білгің келсе – жұмыссыз, ақшасыз қа-лып көр.

Жүз жерден адамгершілігіміз тасып тұрса да, ел аман, жұрт ты-нышта жылап жүрген еркектерді түсіну үшін сол адамның тағдырын кешу керек болар.

Беті əрмен, бірақ, студияға ба-лаларымен келген мүгедекпін де-ген жігітке қарап түрлі ой кешке-німіз рас. Айтқандай, түсірілімге тұздық болсын дегені шығар, бір кезде студияға жазушы Шаяхмет Құсайынов шақырылды. Ол кісі де анау жылдары жарынан ай-ырылып, балаларын құшақтап қалған. Бір дерттің кесірінен төсекке таңылып жатудың не екенін біледі. Өстіп жүріп те балаларын жетілдіріп, көптеген кітаптың авторы атанған. Алға дейтін азаматқа қай жағынан бол-са да ақыл айтар жөні бар.

Студиядағы айтыс-тартыстың бірін естіп, бірін естімей отырып, Немат Келімбетовтің ғибратты ғұмыры ойға түсті. Өмірі кейін -гілерге өнеге боларлық тағ-дырлы тұлғалар туралы сөз таусылмақ емес. Төзімділік пен еңбекқорлықты жалау етіп, адал-дық пен шыншылдықты шы-ғармашылық ізденістеріне арқау еткен қазақтың қабырғалы қалам-гері, əдебиеттанушы ғалым Немат Келімбетовтің төсекке таңылып жатып та өмір мен күрес кен жоқ па еді?! Оның тағдырымен та-нысып, мүге дектікпен алысуды үйрену үшін жазушының «Үміт үзгім келмейді» деген бір ғана кітабын оқып шығудың өзі де жеткілікті.

Айтқандай, біз студияда жалғызбасты əкелердің мəселесін талқылап жатқанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, фи-лология ғылымдарының док-торы, профессор, ЮНЕСКО аясындағы Еуропаның Франц Кафка қоғамы наградасының иегері Немат Келімбетовтің ұлы Қайрат Келімбетов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы болып тағайындалды.

Ғажайып тағдыр иесі ұлда-рына тəн мүгедектігі бір бөлек, ең бастысы жан мүгедек болмау керектігін ұғындырып, өршіл, намысшыл ұрпақ өсірді, төсекте таңылып жатып кітаптарын жаз-ды, тамаша аудармалар жасады. Отбасын асырады.

Айтқандай, кейін осы бір қолайсыз бағдарламаның кейіп-керіне демеушілер табылып, пəтер əперіп, үш бірдей баласы-мен баспаналы болғаны жайында хабардар болып, қосыла қуанған едік. Алайда, осындай сəттерде балаларының қасында, оша-ғының қасында отырмаған көкек əйелдердің не ойлағандары бар?

АЛМАТЫ.––––––––––––––

Суреттерде: Петропавлдағы «Жалғызбасты əкелер мекте-бінің» мүшелері.

Дүниеден озған адамның

аруағына бағышталған құ дайы

тамақта отырмыз. Бiр сағат

бұрын жерленген мүмiннiң

жақсы қасиеттерiн еске алған

азалы жиын. Екiншiсiнен

шыққан даң-дұң, дарылдаған

м у з ы к а м е н а с а б а н ы ң

ышқынған айқайы бүкiл

ғимаратты кер неп, құлақты

жарып жiберердей тұн дырады.

Мұның үстiне екi залға кiрер

есiктердiң алдарындағы үй

орнындай фойе екеуiне де бiрдей ортақ болар

ма?.. Қуанышты жақтың

көңiлдi, өктем дауыстары

қайғы жұтып отырған қаралы

жұртқа қатты естiледi.Жаңа отау тiккен жас-

тардың ата-аналары мен

туыс қандары тойлап жатқан

құдалықты қызғанып, артыққа

балап отыр ған ешкiм жоқ.

Əркiм өзiнiң шаттығын, тойын

қайтiп, қалай, қайда атап өтем

десе де жеке шаруасы. Бiрақ

гəп басқада едi. Он екiде бiр

гүлi ашылмай, кездейсоқ апат-

тан қыршын кеткен көкөрiмнiң

туған-туыстарының қайғысына

ортақтасып, құдайы тамаққа

қатысып, қайтып бара жатқан

көпшiлiктiң арасында сал-

танат сарайының қожасына

бiр қайғы, бiр қуанышты

қатар өткiзуге тапсырыс қа-

былдағаны дұрыс емес деп

сырттай ренiш бiлдiргендер

де табылды. Бұл арада кəсiпкердi жаз-

ғыруға болмас. Ол коммер-

циядағы тiрлiгiн қаржы табу

үшiн ашты. Екiншiден, той

өткiзуге тапсырысты күнi бұ-

рын қабылдайды. Ал оқыста

опат болған марқұмның аруа-

ғына бағышталған ас та аяқ

астынан ұйымдастырылды.

Яғни, екi жақ та тығырыққа

тiрелдi.Адамдарды осындай ың-

ғай сыз жағдайға қалдырған

мəжбүрлiктен шығудың жо-

лы бар ма? Əрине, бар. Мұ-

сыл мандық қағидаларға өте

сəйкесетiн ұтымды нұс қа-

ны елiмiздiң бiрқатар аймақ-

тарында кеңiнен пайдаланып

жатқанын айтуға болады. Оны

Өскеменге өткен жылы сапар-

лап барғанда көргенiм есiме

оралды.Елiмiздiң шығыс шекара-

сындағы шырайлы шаһарды

аралап жүрген кезiмде сəулетi

мен дəулетi келiскен екi зəу-

лiм мешiтке бас сұқтым.

Араб инвесторларының са-

лып бергенiне бiрiне 5 жыл,

екiншiсiне 3 жыл болып-

ты. Аралары алшақ орна-

лас қа нымен, екеуi де ер-

келей аққан сұлу Ертiстiң

əсем жағалауында, айналасы

ауқымды ашық алаңда көрне-

кiлiгiмен шалғайдан көзге

түседi. Имандылық үйлерiнiң

сыртқы жəне iшкi көркем

көрiнiстерi керемет тамсан-

дырады. Көктегi Алланың

жердегi жайларындағы менi

сүйсiндiрген тағы бiр жағдай

– екеуiндегi халал асханалар

едi. Қос ғимараттың iшiндегi

əу бастағы жобамен бiрге əсем

етiп салынған 50, 150, 400

орындық дəмханалар тəнтi еттi.

Жанымда мешiттi таныстырып

жүрген жолсерiктер мұнда

өскемендiк мұсылмандардың

құдайы тамақ өткiзуге өте

ж а қ с ы б о л ы п қ а л ғ а н ы н

ризашылықпен баяндап жат-

ты. Тұрғындар тапсырыс бер-

се болды, базардан азық-түлiк,

басқа да заттар тасып əуре

болмайды екен жəне қызметi

мейрамханалардағы бағадан

қымбатқа түспейтiн де кө-рiнедi.

Бұл ендi жасыра-

тыны жоқ, бір кездегі басқа

ұлт əлдеқайда басым болған

Өскеменнiң мұсылмандыққа

бет бұруын дағы жүзеге асырған

шырайлы шаруаларының

санатына бағамдалады. Ал

қ а з а қ ы л ы қ т ы ң қ а й м а ғ ы

бұзылмаған Оңтүс тiкте ис-

лам дəстүрiне сай халал

асханалардың, əсiре се, ме-

шiт терде болуын қамдас-

тырған iзгiлiктi iстiң қалай

ұйымдастырылғандығы ой-

лантады.Алдымен бұл тақырыпқа

Қазақстан мұсылмандары дiни

басқармасының ОҚО бойын-

ша өкiл имамының орынба-

сары Мұхамеджан Естемiрдi

əңгiмеге тарттық.– Қазiр бiздiң облыста

заңды түрде тiркелген жал-

пы 776 мешiт есепте тұрады.

Олардың 250-ге жуығы ше-

тел инвесторларының қара-

жатымен бой көтердi. Араб

елдерiнiң қолдауымен салын-

ғандары басым. Бəрi де заман

талабына сай, əлемдiк сəулет

өнерiне жауап бере алатын-

дай деңгейде тұрғызылды.

Сiздi қызықтырып тұрған

сауалға байланысты айтар

болсам, барлығында халал ас-

хана жоқ. Бiз оны «имандылық

дəмханасы» деп атаймыз. Бү-

гiнде тек Түркiстандағы екi,

Қазығұрт кентiндегi орта-

лық жəне Шымкенттегi «Бек-

жан» базары қасындағы мешiт-

терде құдайы тамақ беруге

лайықталған орындар ғана бар.

– Əрине, бұл аз, деп сөзін

жалғады одан əрі Мұхамеджан.

Шындығы керек, имандылық

ғимараттарында арнайы, өз

алдына бөлек асханалар салу

бiзде тым кеш қолға алынды.

Сол кемшiндiктiң салдарын

тартып жатқанымыз да жасы-

рын емес. Дiн өкiлi болған соң

жиындарға шақырылып, Құран

оқуыма тура келедi. Бiрде бiр

тойханада құдайы тамақ пен

құдалық өткiзу бiр уақытта,

тура қатар келiп қалыпты.

Қуаныш иелерiнен iс-шарасын

бiр сағатқа тоқтата тұруды

өтiнгенiмiзге көндi. Ал баста-

лып кеткенде ше… Кiдiрте

тұру мүмкiн бе? Жоқ. Қиын

болар еді.Сондай-ақ, мына мəселеге

де көңiл аудару қажет. Бiр

ғимаратта күндiз қаралы

жиын өтсе, кешке айналаны

жаңғыртып арқа-жарқа думан

өтiп жатады. Қанша дегенмен

күнде жалғасатын осындай

сауық-сайранның iзi де, иiсi

де ертеңiне бiлiнiп тұрады. Ал

осында аруаққа арнап ас беру

бiртүрлi қисынсыз. Жалпы,

арнайы салынған имандылық

асханаларының аурасы бөлек

болады. Рухани тазалық нұры

бiрден сезiледi. Ниет еткен-

дерге қаптаған тойханаларға

қарағанда ар занға түседi. Қазiр

олардың қатарын көбейту

мəселесiмен айналысып жа-

тырмыз. Алдағы уақытта

Тө леби, Түлкiбас аудан да-

рындағы мешiттердiң жа-

ны нан осындай имандылық

дəмханаларын салу жүзеге

асырылады.Дiн өкiлiнiң мұсылмандық

өнегесi өмiршең салттың об-

лыста «ештен кеш жақсы» деп

қолға алынып жатқаны тура-

лы ақпаратын бiлдiк. Алайда,

«Кезiнде жоғарыда тiлге тиек

етiлген шетел и н в е с т о р -

л а ры-ның қол да-

уымен тұр -ғызылған 250-

дей осы за манғы

мешiтте осын дай

имандылық асханала-

ры неге қоса салынбады?»

деген сұрақ та туындай-

ды. Олардың iшiнде ислам

дiнiнiң түпқазығы саналатын

араб елдерi шейхтарының

көмегiмен құрылысы жүр-

гiзiлген ғимарат тарда иман-

дылық асханалары неге ұмыт

қалды?К ө к е й г е ұ я л а ғ а н б ұ л

күмəн ға есiмiн айтпауды

өтiнген таныс имам былай деп

жауап қайтарды. «Шетелдiк

қал талылардың бiзге мешiт

салып беруге ұсынған жо-

баларында бiрiншi кезекте

имандылық дəмханалары

мiндеттi түрде болады. Ал

олардың жоспарын бекiтетiн

жергiлiктi мамандар, дiн

өкiлдерi өзiмiздегi көп той-

хананы меңзеп, жобадан асха-

наны сыздырып, құрылысына

кiргiзбей тастағанын не-

сiне жасырамыз. Бəлкiм,

осыған тiкелей қатысы бар

iс басында отырған жəне

кəсiпкерлiктен де құралақан

емес шенеунiк шаруаны

өзiнiң, əрiптестерiнiң пайда-

сына қарай шешiп жiберген

шығар деп те ойлайсың. Əйт-

песе, Шымкенттегі Тəуел-

сiздiк алаңындағы араб биз-

несменiнiң қаражатымен

тұрғызылған Хаттани атын-

дағы мешiт қандай ғажап

ғимарат. Намазханалары да,

кiтапханалары да бар. Бiрақ

құдайы тамақ беретiн залы

жоқ. Шетелдiк меценаттың

Алланың үйiне қыруар қаржы

бөле тұрып, оның асханасы-

на ақша таппай қалды деген-

ге ешкiм сенбейдi. Ал бұған

керiсiнше, қазiр мұның жа-

нында қыста суық, жазда

ыстық киiз үйге жобаланған

шағын ғана лашық тұр.

Қалай десек те, кешеуiл-

деп басталған үлгiлi, шарапат-

ты, иiсi мұсылманға қа жеттi

имандылық тiрлiктi, əсiресе,

халық тығыз орналасқан елдi

мекендерде кеңiнен қолға

алсақ, ұтарымыз орасан.

Сонда жоғарыда баяндалған

қ у а н ы ш п е н ө к i н i ш

қ о с а р л а н ғ а н к е л е ң с i з

көрiнiс азаяр едi. Тiптi,

болмас та едi. Жеңiс БАҺАДҮР.

ШЫМКЕНТ.

Жалєызбасты əкелер

Əрине, жалғысбасты əкелер жалғызбасты əйелдерге қарағанда анағұрлым аз деп ойласақ та, бүгінгі таңда елімізде 68 мыңнан астам аза-мат бала-шағасын бір өзі бағып отырғанын білеміз бе? Оған қоса еш уақытта дəл ста-тистика жасау мүмкін еместігін ескерсек, жалғызбасты аналардың да, жалғызбасты əкелердің де саны біз ойлағаннан əлдеқайда бөлек болып шығады.

Менiң мəнiсi төменде баяндалар мəселенi

жазуыма жақында өзiм куə болған бiр келеңсiз

көрiнiс түрткi болды. Шымкенттегi сəн-сал -

танаты келiскен көп тойханалардың қос залының

бiрiнде əлгi əзiрде ғана қара жер қойнына берiлген

марқұмға арналған құдайы ас пен мерекелiк шара

қабаттасып өтiп жатты.

Ќуаныш пен

ќайєы

Page 9: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz 9ХИКАЯТ

ЌАРЌАРАЛЫНЫЅ СОЅЄЫ ЌАБЫЛАНЫ

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

(Соңы 10-бетте).

АВТОР ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА. 1954 жылы Қарқаралы қаласында дүниеге келді. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының та-рих факультетін тəмамдаған. Еңбек жолын 1978 жылы Целиноград (Ақмола) облыстық «Коммунизм нұры» газетінде əдеби қызметкер ретінде бастады. Осы басы-лымда 2005 жылға дейін табан аудармай еңбек етіп, бас редактордың бірінші орынбасары қызметіне дейінгі өсу жолынан өтті. 2005-2007 жылдар аралығында «Ел» республикалық тəуелсіз газетінің бас редакторы болды. 2007 жылдан бастап «Егемен Қазақстанда» еңбек етеді. «Үміт толқыны», «Зар нала», «Қиянат» атты кітаптары жарық көрген.

Мерейлі жастың биігіне көтерілген қаламдасымызға отбасылық бақыт, шығармашылық шабыт тілейміз.

Ақтанберді қатерлі шатқалдан

аман-есен шығып, тау-дан түскен соң бірден ағаш

ішіндегі ескі қыстауға тартты. Қарсы алдынан екілене соққан

дауылға қарамастан ат тізгінін еркін жіберіп, қатты келеді. Ағаш біткен

жойқын желдің өтінде бұрала майы-сып, жапырағымен жер сүзердей иілді. Ысқырынған долы күш жолындағысының бəрін жапыра жайпап кетердей сəт сайын екпінін үдете түседі.

Тағы да күңірене күн күркіреп, жарқ-жұрқ найзағай ойнады. «Жерге жасын түспесе жарар еді. Мына орманда өрт шықса қурап тұрған қалың ағаш ду ете түседі-ау. Жылдамырақ жаңбыр жауса игі еді», – деп аңшы түнерген аспанға қарап күбірлеп келеді. Бірақ қою қараңғылық тұмшалаған түн түнегінен ештеңе ажы-ратып болар емес.

Ақтанберді аңшы көзі ештеңе көрмесе де жер жайын көңілімен бағдарлап ұзақ жортты. Қалың орманның шетіне іліккенін сездіргендей ағаштар сирексіп, ат жүрісін өндірте бастады. Ағаш арасынан ашық беткейге шыға келгенде, қарсы алдынан жап-жарық болып аспанға атылған қызыл жалыннан көзі қарықты. Япырмау, мынау өрт қой. Аңшы өз көзіне өзі сенбегендей жасаураған жанарларын қамшы ұстаған қолының сыртымен уқалады. Ойдым-ойдым орман арасындағы үлкен ашық алаңның дəл ортасына əлдекім əдейі ағаш үйіп, от жаққандай лаулап жатыр. Сиырдың тіліндей сумаңдаған қызыл жалын бірінен-бірі озғысы келгендей, əр жерден сүйірлене көкке шапшиды. Төңірек жап-жарық.

«О, сұмдық! Мұсаның қыстауы ғой жанып жатқан!»

Аңшы үрейлене дауыстап жіберді. Енді не істерін білмегендей жан-жағына алақтай қарап, атына қамшы басты. Аңшы далақтай шауып жеткенде, ескі қыстаудың тең жартысы от құшағына оранған еді. Есі шыққан ол аттан секіріп түсіп, жатаған тамның есігіне қарай жүгірді. Үйдің іргесінде қап-қара боп дөңкиіп, Мұсаның Ақбақай аты өліп жатыр. Ол тамның шиқылдауық есігін жұлқа ашып, үйге кірді. Ыстық жалын бет шарпиды. Тері көбесінің өңірімен бетін қалқалап алға ұмтылды. Əлдене шаңқ-шаңқ етті. Іле жер сабалап тыпырлаған дыбыс естілді. Балақ баудан босана алмай тыпырлаған қыран екен. Ол тағы алға ұмтылды.

– Мұсеке, Мұса!Аңшы жан-жағына жалтақтай қарап

айғай салды. Жауап жоқ. Қолқаны қабар ащы түтінге толып, отқа оранған бөлмеден ештеңені айырып болар емес. Ол төрге қарай тағы бір-екі аттады. Одан əрі қадам жасауға өрт қызуы шыдатар емес. Ақтанберді көбеден сығалап, жасқа то-лып тұманданған жанарларымен айнала-ны тінткілей қарады. Қара қошқыл қалың түтіннің арасынан қып-қызыл шоққа айналған көп шоқпытқа көзі түсті. Бықси жанған сол шоқпыттың арасынан адамның жалаң аяғы қылтияды.

– Мұса, Мұса..а...а...а!Есі шыққан ол үрейлене айғайлап алға

ұмтылды. Сол сəтте үйдің төр жақ төбесі опырылып түсті. Аңшы жанұшыра жалт беріп үлгерді. Жаңа ғана адамның жалаң аяғы қылтиған жерден сумаңдаған сан-сыз жалын атой берді. Ол бас сауғалап есікке ұмтылды. Екі-үш аттап барып, тыпырлаған əлденеге сүрініп, етпеттей құлауға шақ қалды. Балақ баудан босана алмай, жанталаса тыпырлаған қыран екен. Аңшы қыранды аттап өтіп, тағы да алға ұмтылды. Кенет оқыс шаңқ-шаңқ еткен ащы дауыс оны амалсыз тоқтатты. Ол ар-тына бұрылғанда қанаттарын бауырына жиып алып, қимылсыз өзіне қарап қалған қыранды көрді.

«О, адамзат! Жаның неткен тəтті еді. Босата кетсең болмас па? Мені де еркіндіктен айырып, тар қапасқа қамаған өзіңдей адам емес пе? Жазығым не? Ол өлсе де, мен тірімін ғой», дегендей ол тағы «шаңқ-шаңқ» етті. Қыранның жалы-нышсыз жалындаған өткір көздері осыны үнсіз ұқтырғандай еді. Аңшы амалсыз қайырылды. Мұсаның жанынан артық көретін Аршынтөсін қиып тастап кете алмады.

Қырсыққанда қайыс бау шешілер емес. Ол жан дəрмен қыранды қайың тұғырымен қоса сүйреп ала жөнелді. Екеуінің шығуын күтіп тұрғандай-ақ ескі тамның төбесі түгелдей опырылып, орта-сына түсті. Жалп етіп жерге түскен үлкен оттан ұшқындаған сансыз шоқ аспанға атылып барып, қою қараңғылыққа сіңіп жоқ болды.

Ескі қыстау көпке дейін жалындап жатты. Ақтанберді аңшы əр жерін күйік шалып қиналған қыранның жанына келіп отыра кетті. Өзегін өртеген өкініштің қыжылын басар амал таппағандай кемсеңдей селкілдеп, екі көзге ерік берді.

«О, опасыз дүние! Өмірінің қырық жылын қиқулап құс салумен өткізген, өнерімен осы өңірге тəнті болған атақты құсбегі – Мұса абыройсыз өлді. Қарқаралының көп бұлағын тынымсыз аршып, əр ағашын көздің қарашығындай көруші еді. Туған жерін қызғыштай қорып, елден жырақ ескі қыстауда өмір өткізетін. Ақыры екі қадам қара жер бұйырмай

көмусіз қалды. Қас қылғандай сəл ғана кешігіппін... Тым болмаса, сүйегіңді алып шыға алмадым ғой, сыйлас досым! Талай ақыл-кеңесіңді естіп, көмегіңді көп көрдім. Тағы да қиналғанда өзіңе арқа сүйеп келіп едім. Кешігіппін, кеш мені! Жүзіңді жасыруды да жазбапты маған. Қыраныңды ғана құтқардым. Өткен жолы қатты ренжіп, ашынып айтсаң да ашығын айтқан екенсің. Бүгін оған көзім жетті».

Ол осылайша өзімен-өзі ұзақ тебіренді. Іштей үнсіз мүжіліп, кейде күбірлей күңіреніп кетеді. Ой қажытқан аңшының көз алдынан сол бір оқиға кетер емес...

* * *Өткен қыстың созылмалы суық

күндерінің бірі еді. Қыс келсе де жерге қар түспеген соң, бай ауылдары күннің суығына қарамай қасарысып, əлі қыстауға көшкен жоқ. Ешкімге тəуелді емес, кəсіп қуған аңшы болса да, Ақтанберді елден жырақ жүрмеуші еді. Биыл да сол əдетіне басып, күзеудегі бай ауылына қоңсы қонып отырған.

Қыстың қысқа күні шолтаң етіп,

ұясына еңкейген шақта ауыл шетіндегі аңшының қара лашығына бір топ салт атты сау ете түсті. Оқалы тон, қамқамен көмкерілген тымақ киіп, күмістелген ер-тұрманды ат мінген бұл топ əдетте Ақтанберді аңшының үйіне түсетін аңшыларға мүлде ұқсамайтын еді. Кешкі мал қамымен сыртта жүрген ауыл адамда-ры да салтанаты жарасқан топқа тамсана қарасып, жыға тани алмай, жамыраса жо-рамал жасап жатты.

– Ойбай-ау, мынау болыс қой! – деді арбаға шығып тесіле қарап тұрған жас малшы.

– Қой əрі, сандалмай! Бай ауылы тұрғанда аңшының лашығына түсіп, бо-лыс ақылынан адасты деп пе ең?! – деді қартаң малшы сенімсіздеу жекіріп.

– Сол дедім ғой. Солар... – деді жас малшы екіленіп. Əнебір жирен аттағы – Қарасақал шабарман, боз аттылы – Жарас би, анау қара мінген болыстың өзі... Қалғандарын танымадым.

– Иə, иə, дұрыс айтады. Дəл соның өзі, – деді ашаға сүйеніп тұрған егделеу қойшы жас малшының сөзін қостап.

– Япырмай, ə, құда түсе қоятындай аңшының бойжеткен қызы да жоқ еді... – деді қартаң малшы қиналғандай бəсең үнмен, таңдана басын шайқап.

Бүкіл Қарқаралы елі қаһарынан қаймығатын Қақабай болыстың бұл жұмбақ келісі Ақтанберді аңшыны ауыл адамдарынан кем таңғалдырған жоқ. Тау кезген жалғыз аттылы аңшы түгілі мыңды айдаған байлардың өзіне мұндай құрметті сирек көрсететін болыстың, əйтеуір, бір тымақтық түлкі сұрап келмегені анық. Бірақ Ақтанберді іш пікірін ішіне бүгіп, қонақтарды сыр бермей қарсы алды.

– Күздікке сойған кəрі қойдың етінен əбден ығыр болып, аңның жеңіл етін қызылдайық деп келіп қалдық, – деді төрт қанат қоңыр үйдің босағасына сырт киімдерін шешіп, төрге озған болыс кеңк-кеңк күліп.

– Дұрыс болған, өте дұрыс болған, – деп жөпелдемеде аузына жөнді сөз түспеген аңшы қалбалақтап қалды. Неше қабат қалың киімдерін босағаға тау қылып үйіп, қонақтардың барлығы шен-шекпендеріне қарай, текемет жайылып, бірнеше құрақ көрпе төселген төрден орын алды.

Ауа райы, жер жайынан басталған əңгіме аңшылық өнерді де біраз жерден қайырып, өткен-кеткенге ауысты. Отырыс ұзаққа созылып, қас қарайды. Өлеусірей жанған пілте шамның жарығы үй ішіне көңілсіздік ұялатты. Жұқа төсеніш жам-бастарына батып, қонақтар жиі қозғала бастаған сəтте, буы бұрқырап, мүшесі мол үйме табақ ет те келді. Отырғандар анда-санда бір жейтін аңның жеңіл піскен етін мақтасып, табаққа қол салды. Сөз сап тый-ылып, ауыздар тамақтан босамай кетті.

Арқардың семіз құлжасының еті желініп бітті. Сорпа ішіліп, дастарқан қайырылған соң бағанадан үнсіз отырған Жарас би сөз бастады.

– Уа, Ақтанберді, заңғар тау, сайын дала еркесі аң болса, ел еркесі – өнер иесі. Сол ел еркесінің бірі – осы отырған өзіңсің. Құралайды көзге атқан мерген болу екінің бірінің қолынан келе бермес. Аңшылық – кəсіп болса, мергендік – өнер. Сондықтан да елің сені еркелетіп «Мерген» дейді. Елі ерінің қадірін білгенде, ері елінің құрметін асырар. Меселін қайтармас.

Сол ниет бізді осы шаңыраққа əкеліп, дастарқаннан дəм татқызды. «Айран сұрай келіп, аяғын жасырмас» дегендей, біздің де өзіңе қолқа сала келген жайымыз бар, – деп кəрі би көсілте сөйлеп, кілт тоқтады да, «жалғастыра берейін бе» дегендей болысқа қарады. Бидің ойын тап басқан əккі болыс іліп əкетті.

– Иə, Мерген, қолқамыз қыздың құдалығынан да маңызды болып тұр. Сонау Семейден əскери-жандарал Қарқаралыдағы маған арнайы кісі жіберіп, бұйрық жолдапты. Қарқаралы болысы-на деп арнайы тапсырыпты. Біле білсек жандарал мен ояздың аузынан арнайы бұйрық алу біз үшін де, ел үшін де үлкен абырой. Орындасаң – зор бедел. Ояз осы қыста Омбыға жүреді екен. Генерал-губернатордың қызына тарту апармақ көрінеді. Соған Қарқаралының тауынан қабылан ұстап берсін, ұстағанда тірідей, ешқандай жеріне зақым келтірмей жеткізетін болсын депті!..

– Қабылан? Қайдағы Қабылан?Ақтанбердінің даусы таңданғандай

тым қатты шықты.– Иə, иə, қабылан, – деді болыс оның

өңіндегі өзгерісті байқамағандай, сөзін одан əрі жалғастырып.

– Таудың сырын сенен артық білетін бұл өңірде адам жоқ. Сондықтан да осы маңызды істі саған жүктейміз. Ебін тау-ып, біреуін тірідей қолға түсіріп берсең, сый-сыяпатың дайын.

– Қақа, елдің игі жақсысы өтініп кел-ген тілекті орындауға кім құштар емес дейсің. Бірақ Қарқаралыда қабылан құрығалы қашан. Осы тау мен тоғайды бір адамдай білетін болсам, қазір сол жыртқышты емге іздесең таппайсың, – деп Ақтанберді ақталғандай болысқа қарап сөзін жалғады. – Бұрнағы жылдары біреу-екеу бар еді. Атып құртты ма, ауып кетті ме, тұқымымен жоғалды, əйтеуір. Əлгі жандаралдың қызына бөрінің бөлтірігін сыйға тартса болмас па екен? Тіпті, қабыланы не, қасқыры не – екеуі де жыртқыш қой. Тірідей бір арланын ұстап берейін.

– Ей, Ақтанберді, сен өйтіп түлкі бұланға салма. Бұл өңірде ненің бар, ненің жоғын біз де білеміз. Біліп келіп отырмын. Арланды ұстау басқаның да қолынан келеді, ашығын айт, келісіміңді бер! – деп Қақабай болыс шарт етіп, бірден қатты кетті.

Бұдан əрі істің насырға шабатынын сезгендей Жарас би тағы да салмақты сөз бастады.

– Ау, Ақтанберді, тоғай шарлап жүріп талай күнді батырған, талай таңды атырған сенің ел білгенді білмеуің мүмкін емес. Жүйелі сөзден жалтармасаңшы. Қарқаралының қалың жынысында əлі де қос қабылан қалған деседі жұрт...

– Е, бұрынғы жылдар енесінен жетілмей айырылған бір күшік жүретін. Қабылан деп көпіртіп жүргендері сол шығар. Бірақ оның да көзі құрыды. Аштан өлді ме, басқа жыртқыш жеп кетті ме, кім білсін, – деп Ақтанберді тағы да бидің сөзін бөліп, отырғандарға жағалай қарады.

– Сонда немене, істен бас тартқаның ба? Бұл сөзіңді қалай түсіндік, Ақтанберді?

Болыс та ызбарлана дауыстап, басын оқыс жұлып алды.

– Иə, Қақа, қолдан келмейтін істі мойынға алып, өтірік уəде бере алмай-мын...

– Осы ғой берер жауабың? Райыңнан қайтпайсың ба? – деп Қақабай болыс ақыра дауыстап, шарта жүгініп алды.

– Иə, осы! Кекшіл аңға қол көтеріп, киесіне қалар жайым жоқ.

Ақтанберді де турасына көшті.– Жə... Онда түсінікті болды.Болыс бойын билеген ашуды амал-

сыз тежеп, ақырғы сөзді тістерінің ара-сынан сығымдап шығарғандай зорға айтты. Ендігі отырыстың артық екенін түсінгендей кенет орнынан оқыс атып тұрды. Сол-ақ екен, барлық нөкерлері қоғадай жапырылып, есікке беттеген болысқа жол берді.

– Елімнің бар игі жақсысы жина-лып келгенде меселімді қайтардың. Асқан екенсің сен, Ақтанберді! Байқа, асқанға бір тосқан, бұл күнің де көп бо-лып жүрмесін. Шындасам – көзіңе көк шыбын үймелетіп, үрім-бұтағыңмен бірге тентіретіп жіберуге шамам жетеді. Қаңғырмай тұрғанда қабырғаңмен кеңес, ойлан əлі!

Қақабай болыс қаһарына мініп, Ақтанбердінің қара лашығын аударып кетердей далаға жұлқына шықты. Иек қақса, мына тұрған қара сақалдар бұл қара лашықтың кигізін тоқымша турап, уығын шыбықша шағар еді. Амал қанша, ояздың бұйрығы қол байлап тұр. Қарқаралының қалың жынысынан тірідей қабылан ұстау Ақтанбердіден басқаның қолынан

келмейді. Осыны түсінетін болыс қыж-қыж қайнап, жарылардай сыртқа тепкен ашуға ерік бермей атқа қонды...

Бұдан кейін де Қақабай болыс апта бойы із суытпай Ақтанбердіге кісі са-лумен болды. «Осының бір ауыз сөзін далаға тастамас», деген ел жақсыларын, Мергеннің ет жақын ағайындарын, сый-лас, досжар адамдарын да араға салып көрді. Бірақ Ақтанберді қара тастай қатып, бір илікпей қойды. Ақыры ашынған болыс ашық жаулыққа кірісті.

«Тау кезіп, тентіреген аңшының ата-бабасынан қалған қандай шабындығы бар еді», деп Ақтанбердінің қыстауына үйген шөбін бір түнде тартып əкетті. «Көп жылдан бері төлемей жүрген түтін салығының өтеуі» деп бір үйлі жан қарап отырған екі-үш бұзаулы сиырды да айда-тып алды. «Рұқсатсыз аулаған» деп бала-шағаның қыстайғы талшығы үшін қақтап қойған арқардың етін де тып-типыл етіп тиеп əкетті.

Ақтанберді болыстың қоқан-лоққы зорлығының барлығына шыдап бақты.

Илікпеді. «Кертөбел ат пен қара мылтық аман болса аштан өлмеспіз» деп өзін өзі жұбатып, шаңырағына түскен ауыртпалық қанша ауыр болса да сыр бермей жүре берді. Қадалған жерінен қан алмай тынбайтын Қақабай болыстың қастығы мұнымен де тынар болмады...

* * *Ақтанберді алғашқы қансонардан

қанжығасын майлап қайтты. Қырдың қос қызыл түлкісі мен кеше күн ұзақ қуып, ақыры соғып алған арлан қасқырдың терілерін кермеге жайып, үйге кіргені сол еді, есіктен етегіне сүріне ентігіп, бəйбішесі кірді.

– Бұл қу құдайдың енді көрсетпеген несі қалып еді?.. Аларын алып бол-ды ғой. Жемтігіңді жегір тағы не іздеп келді екен?..

Дəмеш бəйбіше толық денесін сыйғызар жер тап-пағандай босағада əрілі-берілі жүріп, шаптыға сөйлеп кетті.

– Құдайға тіл тигізіп не көрінді саған? – деп Ақтанберді салмақты дау-ыспен зеки тіл қатты.

– Əлгі шабынды келгір шабарман келді тағы да. Тек жүр дейсің бе, тағы бір сойқанын ала келген шығар-ақ! – деп Дəмеш байыз таппай далаға шыға жөнелді.

Дүрсілдете шапқан ат тұяғына ілесе шəуілдеген иттердің даусы қосылып, ауыл лезде азан-қазан болды.

Кенет барлық шудан асып, жан ұшыра айғайлаған Дəмештің даусы шықты.

– Ойбай, қайсың барсың? Шықсаңшы бол! Əкетті ғой, əкетті...

Ақтанберді бұдан əрі шыдап отыра алмай далаға атып шықты. Аузынан буы мен боқтығы қоса бұрқыраған Қарасақал шабарман ықтасында қаңтарулы тұрған Мергеннің Кертөбел атын жетегіне алып, ақ көбікке малынған өз атына мініп жа-тыр. Еншіге тиген малын алуға келгендей, тіпті ешкімге қарар емес. Ашуға булыққан Ақтанберді атылып барып, Қарасақалдың шаужайына жармаса кетті.

– Ей, Қарасақал, жалғыз аттан басқаның бəрін алғанда жақ ашып, қолыңды қаққан жоқпын. Кертөбелді бере алмаймын!

– Бере алмаймын-ə? Ха...ха...Қарасақал аяғын үзеңгіге шірей

шалқайып, кекете күлді.– Кім сұрайды сенен. Поштабайға лау

керек, аламыз, өл де маған! Заңға қарсы шығатын сен кімнің шікірəсі едің сонша?! Болысты менсінбейтін сабазсың ғой, енді көрейін əуселеңді! Қақабаймен тіресіп, өле алмай жүр екенсің ғой, өл де маған!..

– Жазығым – басымды бəлеге сала алмаймын дегенім бе? Сол үшін де осы шаңырақтың талшық қыларын талап алма-ды ма. Тойған шығар Қақабай. Аяқ артып отырған жалғыз атты алып, бір үйлі жанды аштан қыра ма енді?!

Ашына сөйлеген аңшының даусы жарықшақтанып, ызалы шықты.

– Қырады! Қырыласың өл де маған, – деп Қарасақал қатты тебініп қалып, Ақтанбердіні аттың кеудесімен соғып өтті.

Ақылын ашуға жеңгізген Мерген бір-ақ ырғып үйге кірді де, босағада сүйеулі тұрған қара мылтықты іліп алып, қайта шықты. Жетекке жүрмей тартқыншақтаған Кертөбелге қамшы үйіріп, əлі ұзай қоймаған Қарасақалды жан ұшыра қуып жетті. Оқтаулы мылтықты кезеген бойы:

– Ей, Қарасақал, босат атты!

Мерген үн-түнсіз Қарасақалдың басы-нан асыра көздеп, шүріппені басып қалды. Төңірек жаңғырығы дүр сілкінді. Мылтық даусынан үріккен аттар ала қашты. Жан-жаққа жұлқа тартқан ат күшіне шыдамай ерден ауып кеткен Қарасақал үзеңгіге ора-тылып біраз жерге дейін сүйретіліп барды.

Үзеңгіден аяғын босатқан Қарасақал орнынан тұра сала Ақтанбердіге қарай жүгірді. Қатқақ жер айғыздап кеткен бетінен сорғалаған қанды да сүртпестен сыбап келеді.

– Ой, əкеңнің... сен кімге мылтық ке-зеп, оқ атасың-ей?! Қара орманыңмен қоса жоқ қылайын сен иттің баласын!..

Қарасақал ат үзеңгісіне оралып жүргенде, Мерген мылтығын қайта оқтап үлгерді. Аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып, шаптығып келе жатқан шабарманға мылтықтың үңірейген аузын оңтайлай бұрып:

– Қарасақал, мен ес білгелі мүлт кетіп көрген емеспін, – деді тістене зілденіп.

Ш а б а р м а н А қ т а н б е р д і н і е н д і көргендей-ақ кілт тұра қалды. Мергеннің

түсі адам шошырлық. Сұрланып кет-кен жүзінде əдеттегі сабырлықтың ізі де қалмаған. Ештеңеден тайсалмай, не де болса тəуекелге бел буған сыңай бар. Жүрегіне қадалар ажал оғындай мылтықтың үңірейген аузына көзі түскенде, Қарасақалдың екі аяғы дірілдеп, буындары басуға келмей екі тізесі бүгіліп кетті.

– Ей,ей! Жынданғанба-ей, мынау... Қой əрі... – деді ол тілі күрмеле тізерлеп.

– Арам қаныңа қолымды былғатпай батыр қараңды! Əйтпесе...

– Қазір... қазір... қазір... иə...Қарасақал əлденелерді міңгірлеп, ор-

нынан үш ұмтыла зорға тұрды. Мылтық даусынан үркіп, шығандап кеткен атына да қайырылмастан артына қарай-қарай зытып берді...

* * *Бұл і ст ің арты насырға шап-

ты. Ертеңіне бесін ауа ауылға уряд-ник бастаған төрт солдат сау ете түсті. Мылтық асынған əскерді көргенде, ауыл адамдары алдарындағы істерінен жаңылып, үрпейісе қалды. Урядник мал қоралап жүрген жалшылардың бірін ал-дына салып, бірден Ақтанбердінің жатаған үйіне қарай тартты.

Іле Мергеннің үйі айғай-аттанға тол-ды. Үрпиіскен жұрт қорғана басып, шу шыққан үйді жағалады. Ұр да жық уряд-ник бастаған əпербақан, сал сойыл сол-даттар ай-шайға қаратпастан Мергеннің қолын байлап, үйден сүйреп шығарды.

– Уа, жұртым-ау, не болды бұл? Көмектессеңдерші! – деп дауыс сала жалбарынып, топтанған жұртқа бір, солдаттарға бір жүгіріп, аяққа оралғы болған аңшының əйелін ұзынтұра уряд-ник кеудеден бір теуіп үнін өшірді. Екі бүктеліп, есеңгіреп құлаған əйелін көріп:

– Тоқтат! Неге ұрасың əйелді! – деп урядникке қарай ұмтылған аңшыны

солдаттардың бірі қақ маңдайдан қамшымен салып қалды. Қамшының ізін ала төмен сорғалаған қан аңшының көзін жауып кетті.

Жұрт сілтідей тынып, қозғалар емес. Қозғаларға дəрмен жоқ. Мылтық асынған төрт солдаттың сұсы басып, жарты ауыл-ды қырып кетсе де ара түсер бір адам та-былар түрі көрінбейді.

Урядник үрейі ұшқан жұртты билеп-төстеп, қамшы үйіріп бұйрық бере бас-тады. Қолы байлаулы Мергенді шанаға салып, делбені солдаттың біріне ұстатып, бос атты жетекке алып, қайырылмастан тарта жөнелді. Арыстай азаматынан айырылған дəрменсіз ауыл есеңгіреп, үн шығара алмай қала берді...

* * *Ақтанберді түпсіз терең ойға беріліп,

тағы бір таңды атырды. Ұйқы жеңіп, жұмыла берген көздерін уқалап орнынан тұрды. Кісендерін сылдырлатып, ерсілі-қарсылы жүре бастады. Аштықтан басы айналып, өз салмағы өзін басқандай, еңсесі езіліп, бойы төмен тартады. Күн əжептəуір көтеріліп қалған сияқты. Тар камераның биіктегі торлы терезесінен жарық сəуле мол құйылып тұр.

Мергеннің тар қапасқа қамалғанына да аптадан асты. Соңғы бес күн бойы түрменің тергеушісі қайта-қайта жауап алып, əбден титықтатты. Тергеушінің көп сөзінен бар ұққаны: «жағдайы тіпті жаман көрінеді. Посылныйға қол көтеріп, мылтық атып, өкіметке қарсы шыққан. Қақабай болыстың мұның үстінен жазған «даносы» бойынша итжеккенге айдалуы керек. Ал ояздың бұйрығын орындаса, түрмеден босатылады». Ол қандай бұйрық екенін де ашып айтпады.

Бір жағы аштықтан, бір жағы дамыл-сыз тергеуден Ақтанберді əбден қажыды. Оның үстіне түрменің қойша өрген аш қандаласынан-ақ көресіні көрді. Мұнда келгелі жөнді көз шырымын алған жоқ. Сан-саққа жүгірген ой да жегідей жеп барады. Тағы да жез мұрттың кешегі айтқандарын ой елегінен өткізе баста-ды. «О, опасыз жалған! Тығырықтан шығар жол қайда?! Ай, тағдыр-ай, сен түсіне аласың ба мені. Əй, қайдам... Мен немене өзіме-өзім жау дейсің бе? Біле-білсең жаныңнан да қымбат, өміріңнен де ардақты туған жер емес пе! Топырағына кіндік қаның тамып, өміріңе нəр бер-ген, мөлдір суы, самал желі, кəусар ауа-сы бойыңа барлық асыл қасиеттерді дарытқан, өткеннің де, болашағыңның да тамыр өрбітер тірегі – алтын бесік туған жер. Одан ыстық, одан жақын не бар. Туған жеріңнің жансыз қара тасын бөтенге көзің қалай қиып берер едің? Ал жанынан артық сол туған жерімнің онсыз да құрып бітуге айналған киелі аңын еріккеннің ермегі үшін дəтім барып қалай ұстап бермекпін?! Қарқаралы қабыланының тұқымы құрыса, келер ұрпақ не демек?!».

Ауыр ой титықтатқан Ақтанберді кісенін сылдырлатып, тар камераны кезіп, ерсілі-қарсылы жүріп кетті. Адым жазып, еркін аттайтын жері жоқ тар камераны ай-нала-айнала көзі қарауытты. Басы айналған соң камераның бұрышына сүйенген күйі жүрелеп отыра қалды. Көз алдына Қарқаралының қар жамылған таулары, тəкəппарлана көк аспанға бой созған сым-батты қарағайлары, үнсіз мүлгіген қалың орманы елестеді. Мерген олармен үнсіз сырласқандай тағы да терең ойға шомды...

Иə, бұрнағы жылдары Ақтанберді Қарқаралының қабыланы тұқымымен құрып кетті деп ойлаған. Жер қасиетін, аң қадірін түсінетін білікті аңшы оған қатты күйзелді. Барған сайын жортқан аңға жер тарылып, қалың тоғай, ен таудың да тыныштығы бұзылды.

Бұрын күнкөрістің көзі болған аңшылық еріккеннің ермегіне айнал-ды. Ажал отын шашқан темір көсеу асынған екі аяқты жыртқыштар сайын дала, ен тауға шегірткедей қаптап кетті. Қарқаралы қаласына ұлық келсе, тауын сүзбей кетпейтін болды. Мəртебелі мыр-залар аңға шығарда күн ілгері солдаттар мен жергілікті баққұмар жағымпаздардың жандайшаптары тау-тасқа өріп шығып, даңғырлатып, дабылдатып, ну орман, қалың жыныс, биік таудың аңын аяқ же-тер жақынға үркітіп шығарады. Топтана жортып, алдына келген иесіз аңға елірген тобыр бəсекелсе оқ атып, шəуілдете ит қосып, қырғидай тиіп, қырып бағады. Бір ұлықтың бір күндік ермегі үшін тəкаппар тау, қалың тоғай қан сасып қала береді.

Қарқаралы, Кент, Ханқашты, Қу тауларының қиын құз, қалың тоғайлары небір аңның мекені еді. Тіпті, ертеректе бұл өңірде жолбарыс та мекен етіпті. Бос қалған жолбарыс жымын Ақтанбердінің өзі талай көрді. Бірақ бертін келе екі аяқтылардың қуғындауына ұшыраған кекті жыртқыштың қырылғаны қырылып, тірі қалғаны Балқаш, Іле бойына қарай ауып кетсе керек.

Осыдан он шақты жыл бұрын Ақтанберді Қарқаралы қабыланын жиі кездестіретін. Тұла бойын қара теңбіл дақ басқан осы бір қоңыр-шұбар сымбат-ты жыртқыштың сұлу мүсінін көз жетер жерден талай рет тамсана қызықтады. Тұлғасына тұрпаты сай мақұлықты осы өңірдің табиғат тартқан сыйындай көретін.

Б ірақ соңғы кезде Қарқаралы қабыланына да тықыр таянды. Адам -дардың аяусыз қырғынына ұшыраған бұл жыртқыштың саны күрт азайды. Ал осыдан екі-үш жыл бұрын тау кезген келімсек біреу соңғы қабыланды атып алыпты. Апталап тау аралағанда айбар-лы жыртқыштың ізін де көре алмаған Ақтанбердінің Қарқаралы қабыланының тұқымымен құрығанына көзі жетіп, адамдардың аяусыздығына қатты на-лыды.

Бірақ бұл жолы өзінің қате-лескеніне көп ұзамай көзі жетті. Бірде арқардың ізін кесіп келе жатып, жақпартастың

Page 10: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz10 ХИКАЯТ

көлеңкесінде аштан бұратылып, əлсіреп жатқан қабыланның

жетілмеген жетім күшігінің үстінен шықты. Енесінен ерте айырылған

сорлы мақұлық жем тауып жей алмай əбден жұбына жеткен екен. Жүруге ша-

масы келмей құлаған жері осы болса ке-рек. Сонда да жыртқыштық жасап өзіне жақындаған аңшыны жақтырмай ырыл-дап, айбат шегеді.

Ақтанберді артына теңделген шикі еттен жұдырықтай кесіп алып, жетім күшіктің аузына тосты. Жыртқыш жас етті екі-ақ асап, жоқ қылды. «Көп берсем жұбына жеткен байғұс көтере алмай өліп қалар. Осымен жүрек жалғай тұрсын». Сол күні жетім күшік жатқан жартастың қуысына түнеп шықты. Ішіне нəр барып, беті бері қараған күшікті əбден тойдырды. Ертеңіне аңшы атып алған аңның етінен жетім күшікке бірнеше күнге жетерліктей жем тастап, жөніне кетті.

Содан соң араға апта салып, сол араға қайтып оралды. Қаңғыған қорқауға жем болмаса, жетім күшіктің аштан өлмейтіні хақ еді. Тастап кеткен жемі бір аптаға жетерлік қорек болатын. Аңшы межелі жерге жете бере атын қаңтарып тастап, баспалап жаяу келіп, барлау жасады.

Қалың жынысты көзбен сүзіп сүт пісірім тас қалтарысында отырды. Кенет нудың арасы сыбдыр етіп, ірілігі төбет ит-тен дəу қабылан шыға келді. Ақтанберді өз көзіне өзі сенбеді. Сөйткенше болған жоқ, қалың қарағанның арасынан ойнақ салған жетім күшік көрінді. Əбден той-ынып алған. Ерсілі-қарсылы секіріп, ере-сек қабыланды ойынға шақырып, қутың-қутың етеді.

Ақтанберді ересек қабыланды ұрғашы ма деп жобалады. Бірақ күшіктің енесі емес. Дəу де болса мынау бір қар басқан, əлі мауығып көрмеген жас қаншық. Сонда бұл қайдан келді?

Иə, бұл да жетілген шағында жалғыз қалған бейбақ болды. Оны бұл араға əкелген қорек қамы емес. Жемін тауып жеуге қабілеті бар қабылан өз жымын-да да күнін көрер еді. Жас аналықтың бойында ұрпақ жалғастырар ұлы сезім атой беріп, тұқымдасын іздеуге мəжбүр етті. Бұл өңірді ұзақ шарлап, қосақ бо-лар тұқымдасы қалмағанына көзі жеткен шақта жетім күшікке тап болған. Əне, жас қаншық күшіктің бойынан айбарлы жыртқыштың арланын танығандай ерек-ше ілтипатпен қарайды. Жас арланды жетілдіруге асыққандай шыдамсыздық танытады. Сол үшін де алған жемін ау-зынан жырып беріп, енесіндей еркелетеді, Құдіретті табиғаттың ұлылығына бас иген жас қаншық тірі тұрғанда, жетім күшік аштан өлмейді.

Ойын осылай қорытқан Ақтанберді бір-біріне беріле еркелеген қасиетті сезім құлы – қос мақұлыққа ұзақ қарады. Жыртқыш та болса, өзінен зордан зомбылық көріп, заманының зауалы-на ұшыраған тау тағысына аяушылық білдіріп, қабыландармен қимай қоштасты.

Өзіне тимесең қорегінен басқаға атылып көрмеген айбарлы аңға, осы ғұмырында Ақтанберді мылтық кезеп көрген емес. Енді міне, əлдекімнің ермегі үшін киелі мақұлыққа қарсы айдап салып отыр. Айтқанға көнбесең, айдаласың, бұйрықты орындамасаң, үрім-бұтағыңды бордай тоздырмақ. Қайтпек керек?...

Кенет камераның ауыр есігі шиқылдай ашылып, қасына мылтық асынған солдат ертіп, беліндегі қылышы жер сүйреткен тəпелтек урядник кірді.

– Арестант, выходи на допрос! – деп бойы қанша тапал болса да, даусы сонша зор урядник гүр-гүр етті.

Ақтанберді мылтықты солдаттың ал-дына түсіп үнсіз жүре берді. Неге екені белгісіз бүгін түрмедегілер əдеттен тыс дүрлігіп кетті. Шығар ауызға жақындаған урядник Мергенмен қатарласып, қолын шошайтып:

– Смотри, не шали! Его высокопре-восходительство, сам начальник уезда приехал, – деді де алға түсіп жол бастады.

Түрме бастығының кең бөлмесі ығай мен сығайларға толы екен. Тіпті тіл ма шын ертіп Қақабай болыс та келіп қалып ты. Мерген оқалы погон тағып, жалты раған жез түймелі кител киген, ұзын мұрты -ның екі ұшын ширата үшкірлеп қойған маңғаз орысты дəу де болса ояз бо лар деп топшылады. Ол отырғандарды менсін-бегендей үлкен терезе алдына барып, алыс көкжиекке қадалып, көп тұрды. Содан соң шпорлы етігін сықырлатып, кең бөлмені кезіп маңғаздана сөйлеп кетті. Ол ұзақ сөйлеп бір кезде өзінің қимылын қалт жібермей аңдып тұрған қағілез тілмашқа қарап, аудара бер дегендей иек қақты. Тіл -маштың аузы-аузына жұқпай сөйлеп кетті.

– Ақтанберді аңшы, сен ауыр қылмыс жасағансың. Империя службасында жүрген болыстың шабарманына оқ атып, қатты жаралапсың. Оның үстіне жоғары мəртебелі ояздың бұйрығын орындаудан бас тартыпсың. Күнбатыс Сібірді билеуші ұлы мəртебелі генерал-губернатор мырза сүйікті қызының кəмелетке толу құрметіне үлкен банкет бермек. Оған бүкіл уəлаяттың жоғары мəртебелі мырзалары жиналмақ. Бұл өңірден Семей билеушісі военный-ге-нерал мен Қарқаралы уезінің начальнигі сол банкетке арнайы шақыру қағазын алған. Зор құрметке лайық үлкен сыйлық апару керек. Жоғары мəртебелінің қадірлі досы военный-генерал екеуі ақылдасып, Қарқаралыдан тірі қабылан ұстап апаруға келіскен. Ал сен ояз бұйрығын орындау-дан бас тартып, бунт жасайсың. Жасаған ауыр қылмысың үшін өмірлік каторгаға айдаласың. Қауіпті қылмыскер ретінде əйелің мен балаларың да алыс жаққа жер аударылады.

Тілмаштың аузынан ояздың айтқанын естігенде, Ақтанбердінің көзі шарасы-нан шыға үлкейіп, ақылынан адасқандай есеңгіреп кетті. «Не деген зорлық! Осын-шама қинайтындай не жазып еді бұларға?

Кімге барып шағынар, кімге барып жалы-нар? Ел билеп, əділет ұстағандардың түрі мынау. Дегеніне көнбесең түтіп жегелі тұр. Бір өзі болса, ерегескенде басын бəйгеге тігіп кете барар еді. Артынан ер-ген бала-шағасының жазығы не? Олар не үшін запа шекпек? Адалыңды айтқызып мұңыңды естір қай құлақ? Мыналардан асып, қайда бармақсың? Барар жер, басар тау жоқ, көнбесіңе лажың қайда?!»

Іштей ұзақ тебіреніп, амалы таусылған Ақтанберді ақыры келісім берді. Сол-ақ екен шуылдақ тобыр тағы да дау -ры ға жөнелді. Жамыраса жақтап, тіпті кейбіреуінің мақтап жатқан сөз сыңа йы бар. Ояз келіп арқасынан қақты. Ақтан -бердінің денесі тітіркеніп, арқасы жыбыр-лап кетті. Урядникті шақыртып кісенін шешкізді. Ояз тағы ұзақ сөйлеп кетті. Ақтанбердінің сөз тыңдайтын құлқы жоқ.

– Ақтанберді-аңшы, – деді қағілез тілмаш ұйқыдан оятқандай иығынан түртіп. – Ояз сені мақтап жатыр. Жоғары мəртебелінің Омбыға жүруіне он күн қалды. Соған тоғыз күн уақыт береді. Сол

тоғыз күннің ішінде тірідей қабылан ұстап бересің. Қанша кісі, қандай көмек керек деп сұрайды сенен.

– Кісінің де, көмегінің де керегі жоқ. Атымды бергізсін, – деді де Ақтанберді артына бұрылып та қарамастан ақырын ілбіп, шығып жүре берді...

Аңшы үйіне екі түнеп, үшінші күні таң бозынан тауға аттанды. Кідіріссіз сау жүріспен күн еңкейе межелі жер-ге жетті. Ол із кесуге асықпады. Қос қабыланның терең шатқалдағы жымынан ұзамағанына сенімді еді. Тіпті ол қалың жынысқа жақындамай-ақ алыстау жерден қоналқыға лайықты орын сайлап алып, от жақпастан жылы оранып жата кетті.

Ертеңіне төңірек алакеуім тартқан шақта қалың киімдерін тастап, жеңілденіп, із кесуге жаяу тартты. Биыл қыс кеш бас талса да қар қалың түсті. Тау-тастың арасын алып қалған қалың қарды омбы-лап Ақтанберді өте сақтықпен келеді. Ол бұл жолы қалың жыныстың құз-жартасты желке тұсынан келді. Бұл биіктен төңірек алақанға салғандай анық көрінеді. Барлауға ыңғайлы, əрі бой жасы-ратын тасасы көп.

Аңшы жан-жағын жіті бақылап, із барлап келеді. Əзірге қарлы беткейде қым-қуат шиырылған қоян мен қарсақ іздерінен басқа ештеңе байқалмайды. Биік жотаға қиғаштай өрмелеп келе жатқан аңшының көзіне кішігірім алақанның үлкендігіндей баттыя түскен із оттай ба-сылды. Бұл – соңғы қардан кейін бұдан екі-үш күн бұрын əлде одан да бұрын түскен көмескі із. Себебі, кей жерлерде бұл ізді басқа аңдардың ізі басып, жоғалып кетеді. Анықтау көрінген бір тұста аңшы ізге зер сала қарады. Жалғыз жүрген үлкен аңның ізі сияқты. Бірақ тəжірибелі аңшының əккі көзі бірінің ізін бірі тура басып жүріп өткен екі аң екенін оңай ажы-ратты. Аңдыған аңының ізін осылай тура басып жүріп отыру – жолбарыс тектес жыртқыштарға тəн қасиет. Оның үстіне қалың қарға түскен іздің үстінен тура ба-сып жүру оңай болады.

Мерген ізге қарап қос қабыланның аман-сау жүргеніне ешбір күмəн келтірген жоқ. Енді оның ойын мазалаған бір-ақ түйткіл бар. Кенет ышқына ыңырсыған оқыс дауыс естілді. Артынша жылаған баланың үніндей созыла сарнап кетті. Мергеннің күдігі күшейе түсті. Ол асыға өрмелеп биік жартастың ұшар басына шықты. Бұқпантайлай жатып, айналаға көз салды. Көсіле созылған тоғайлы өңірдің көз жетер жері алақанға салғандай анық көрінді.

Қар жамылған қалың жыныс томсырая мүлгіп тұр. Ешқандай тіршілік белгісі жоқ сияқты. Мерген төңіректі тегіс тінтіп, көз талдыра ұзақ қарады. Кенет дəл төмендегі тұтаса өскен қалың қарағанның қарын қағып, əлдене жылжып өткендей болды. Ізінше бауырымен қар сүзіп, сəл ашықтау алаңқайға дəу қабылан шыға келді. Ол қалың қарға көміле жата қалып, тырбық бұталарды сындыра аунай бастады. Тұра салып бауырын жерге тигізердей үйкелеп, ұзақ керілді. Сонан соң тұмсығын желге тосып, созылта ыңырсыды. Екінші жақтан жуандау сарынды жауап үн келіп жетті.

Сөйткенше болмады, денесінің қара дағы күнге шағылысып, ойнақтай секіріп, екінші қабылан шықты. Тұрқы алғашқысынан сəл қысқалау бұл қабыланның арланы екенін аңшы бірден таныды. Баяғы жетім күшіктің күжірейген дəу қабыланға айналғанына аңшының көзі сенбейтін сияқты. Арлан қыр көрсеткендей ойқастап, төрт тағандай қар боратып, қаншық қабыланның қасына жоламай қойды. Жас арланның кешеуілдегенін жақтырмаған қаншық шыдамсыздық та-нытып, бір-ақ секіріп оның алдына келді. Сала құлаш құйрығы мен тұмсығын қытықтағандай бөксесімен арланның аршын төсін жанап өтті. Бұдан əрі жас қабылан да қарап қалмай ұрғашысын са-уырлап кетті. Өзі асырап жетілдірген жас арланның алымды арынына сүйсінгендей, ұрғашы қабылан қалың қарды аузын тол-тыра қауып-қауып алды.

Қабыландардың мауығу кезеңінің үстінен шықпасам жарар еді деп қорқып еді. Қателеспепті. Аңшы жорамалы шындыққа айналды. Кексе қаншықтың са-рыла күткен, жас арланның жаңа жараған

алғашқы ойыны еді бұл. Ақтанберді өзімен кеңескендей күбірлеп көп отыр-ды. «Кесімді мерзімнің үш күні өтті. Енді алты күн қалды. Əлі уақыт бар. Қасиетті сезімнің қимас құмарлығына берілген қос қабыланның əзірге шырқын бұзбайын». Іштей осындай тоқтамға келген аңшы де-реу төмен түсіп, ізінше үйіне қайтты.

Осыдан тура төрт күн өткеннен кейін ол Жиренсақалдың қорымды шатқалына қайта оралды. Үйінен шығарда ересек ба-ласын Қақабай болыстың ауылына жұмсап: «Уəделі күні Кендараның шығар аузы-нан күтсін», деп сəлем жолдаған болатын. Ақтанберді күн жарықта түнеукүні қоналқы жасаған жерге келіп тағы да жайғасты. Үйден ала шыққан тамағын суық тай жеп, жүрек жалғады. Көз байлан бай тұрып ша-руасын ыңғайлап алуға кірісті.

Аңшы ат артына өңгеріп əкелген қапшықтан шұбатылған ұзын бауы бар үлкен темір қақпан алып шықты. Оның серіппесін ашып, қапқан кезде аңның аяғын отап түспес үшін қақпанның екі тібін құрым кигізбен қаптап, тігіп тастады.

Содан кейін сұйық маймен шынжырына дейін түгел майлап, үйреншікті орнына жылы оранып, жата кетті.

Сол бойы көз ілмей жатып, түн ор-тасы əбден ауған кезде орнынан тұрды. Керек-жарағы салынған кенеп қапшықты арқасына салып алып, Қарағанды шатқалға тура тартты. Тастай қараңғы тау ішінен ұзақ жүріп таң біліне шатқалға ілікті. Қалың қарағанның арасындағы ескі жымға апаратын сүрлеуге жете бере арқасына асынған қапшықты алып, аузын шешті. Қапшықтан шұбатылған шаңғы іспеттес қайыс бауы бар екі жалпақ ағашты суы-рып алды. Ағаштың үстіңгі жағы адамның табанына ыңғайлы жалпақ болып келеді де, сүйірлене жонылған астыңғы жағы қарама-қарсы қатар түскен арқардың қос тұяғы сияқты.

Ақтанберді ағаштан жасалған «арқар тұяқты» аяғына киіп, қайыс баумен мықтап байлады да тағы алға жылжыды. «Арқар тұяқтың» ізі алдыңғы аяғының ізіне, артқы тұяғының жетер-жетпес бо-лып, қуалап отыратын тірі арқардың ізінен аумайды. Аң түгілі із кескен əккі аңшының өзі нағыз арқардың ізі емес екенін оңайлықпен ажырата алар емес.

Қабылан тектес жыртқыштар із кес-кенде, болашақ олжасының ізін тура ба-сып жүруді ұнатады. Ал кеше жауған қырбық қарға баттыя түскен арқардың жаңа ізін көргенде, жыртқыштың мойын бұрмауы мүмкін емес. Ендеше ізге бір түскен қабыланның құрылған қақпанның тура үстінен шығары да даусыз. Уақыт өткізіп, арқаны кеңге салып жүргендегі Ақтанбердінің сенгені де осы əдіс еді.

Мерген қалың жыныс арасындағы ескі жымға апаратын көне сүрлеуге жете бере кілт оңға бұрылды. Оның көздегені қақпан құруға ыңғайлы биік қарағайлар өскен ашық алаңқай еді. Осы бетпен сүт пісірім уақыт жүргеннен кейін бір-біріне жақындау өскен үлкен қос қарағайдың түбіне келіп қақпанын құрды. Ұзын шынжырдың екі ұшын қос қарағайға мықтап байлады. Содан кейін шынжырды да, қақпанды да жұмсақ қармен мұқият көміп, қардың үстін жылқының қылынан жасалған сыпырғышпен жақсылап тегістеді. Осы əдіспен жан-жақтағы іздің бəрін жасырып, алғашқы ізбен тура жүріп келіп, дəл қақпанның шаппасының үстіне үйілген қарға «арқар тұяқтың» ізін салды. Қарағайдың арасымен тағы біраз жүріп, қақпаннан əбден ұзағаннан кейін ғана арқар тұяқты аяғынан шешті.

Тау ішіне тым аз тұрақтайтын қыстың қысқа күні əлдеқашан көтерілген. Қарағанды шатқал жым-жырт. Ойы сан-саққа жүгірген Ақтанберді биік жартасқа шығып, қос қарағайды нысанаға алып, мүлгіп отыр. Көздеріне ұйқы тығылып, бойын көтертпейді. Ол анда-санда бетін қармен ысқылап, ұйқы қашырған болады.

Қай уақытта көзі ілініп кеткенін білмеді, Мерген оқыс үннен шошып оян-ды. Жан-жағы түгел жаңғырып, күркіреген гүрілге толып кеткен сияқты. Күннің де қай мезгіл екенін айрып болмайды. Ол басын оқыс жұлып алып, нысаналы тұсқа қарады. Қақпанға түскен қабылан ырыл-дай өкіріп, өзін-өзі жұлып жанталасып жатыр. Ағаштан құлаған қар қабыланның табанынан ұшқан қарға ұласып, қос қарағайдың арасы ақ түтекке айналыпты.

– Я сəт, арланы болғай!

Аңшы жалбарына дауыстады.– Кекті аңның жазықсыз обалына

қалдым. Қос қабыланнан тұқым қалсын, қақпанға түскені арланы болғай! Е, жарат -қан, тым болмаса осы тілегімді бере көр!

Ақтанберді қақпанға түскен аңды көруге асыққандай тұра ұмтылды. Асыққаны сонша, қауіп барын да ұмытып кетті. Аяғына жабысқан қара пəледен құтыла алмай өзін-өзі жұлып, қырылдай жанталасқан серігіне үрейлене қарап, қалың ағаштың арасында ызбарлана ырыл-дап тұрған екінші қабыланды көргенде ғана есін жиып, бұға қалды.

Тасадан анықтай зер сала қарап, ағаш арасындағы ірілеу ұрғашы қабылан екенін таныды. Мерген іштей оған да шүкіршілік етті. Бірақ бұл шүкіршіліктің ақыры үлкен қиындыққа айналды. Екінші қабылан сау тұрғанда, қос қарағайға жақындау мүмкін емес еді. Ақтанберді қолынан келген амалдың бəрін жасап бақты. Бірнеше рет мылтық атып, үркітіп те көрді. Шатқалды жаңғырықтыра мылтық даусы гүрс ете түскенде, қаншық қабылан

қалың жынысқа қойып кетеді. Осындай сəттерде Мерген даңғырлата дабыл қағып, қос қарағайға жақындамақ болды. Ұрғашы қабылан бірден адамға қарсы шабуылға батпағанымен, жақындаса бір-ақ атыла-тындай сыңай танытып, төрт тағандай ырылдап, жиырыла қалады.

Аңдысумен кеш батуға айналды. Көз байланса, мұнда қалу өте қатерлі. Қабыланның кез келген сəтте күтпеген жерден атылуы мүмкін.

Енді Ақтанбердінің бір-ақ амалы қалды. Ол – қабыланның өміріне қатер төндірмейтін жанды жерінен жара салу. Сонда ғана мауқы басылып қалған, бірлігі берік емес жыртқыш өз басын сауғалап, қалың жынысқа сіңіп, жанына батқан жа-расын жалап кетеді. Бұл – Ақтанбердінің мергендігіне де үлкен сын. Сəл мүлт кет-се, қабыланның тұқымын түгел құртқаны.

Осындай тоқтамға келген Мерген ыңғайлы жер сайлап, оңтайлы сəтті күтіп, ұзақ жатты. Көздеген жері нысанаға дөп келген бір сəтте, қалт жібермей шүріппені басып қалды. Мылтық даусымен қоса атыл -ған қабылан есік пен төрдей жерге ыш қына ырғып, қыңсылай ырылдап, өз аяғын өзі қауып алды да қалың жынысқа еніп кетті.

Жаралы қабылан əбден ұзады-ау де-генде аңшы орнынан тұрып, қос қарағайға жақындады. Қақпандағы қабылан құлақ тұндыра гүрілдеп, ұшқын атқан кекті көздерімен аңшыға жиырыла қарады. Аңшы оған таяқ тастам жақын келді. Кенет қабылан серіппеше созылып, аяғына жабысқан қақпанды көтере бір-ақ атыл-ды. Бірақ жуан қарағайға байланған темір шынжыр оны көп ұзатпай сұлатып салды. Оқыс қимылдап кейін қақпан қысқан аяғы қан қақсап, жас арлан ауырсына бүктеліп қалды.

Мерген жас жыртқышты одан əрі мазаламай қан тамған ізге түсіп, біраз жүрді. Қай жерлерде қан ұйыса мол та-мыпты. Жанына батқан кезде қабылан тұра қалып, жарасын жалап отырған. Қан тамған ізді мұқият барлаған аңшы өзінің мергендігіне сүйсінгендей көңілін бір де-меп қойды. Қабыланның үш аяғы қарға бойлай кіріп, жаралы аяғымен болымсыз демеп отырған. Бірақ ауырсына басқан аяқ іздері сүйретілмей тік түскен. Яғни сүйегі аман. Мерген артқы аяқтың жоғарғы сіңірлі бұлшық етін көздеп еді. Мүлт кетпепті.

Жаралы жыртқыштың енді қайтып оралмайтынына көзі əбден жеткеннен кейін ғана Ақтанберді қақпанға түскен арланның қасына қайтып оралды. Қабылан пышақтай өткір тістерін сақылдатып, ұзын құйрығымен қар сабап жанталаса айбат шегеді. Алдыңғы бос аяғымен біресе темір қақпанды сабалап, біресе аңшыға сермеп, ауа қармайды. Шеңгеліне ілінгенді сояу-дай-сояудай үлкен тырнақтардың сойып түсері хақ.

Мерген кенеп қапшықтан ұзын қыл арқан алып жыртқышқа жақындады. Асқан ептілікпен ұзын құйрықтан шап беріп, шірене тартып тұра қалды. Арлан ышқына ырылдап, аунап түсті. Аңшы қабыланның құйрығын қайыра қыл арқанның бір ұшымен қазықбау шалып, байлап алды. Арқанның екінші ұшын жақындау тұрған қарағайға орап əлі жет-кенше тартып, қабыланды үш қарағайдың арасына керіп тастады. Содан кейін қырылдай тыпырлаған арланның үстіне тері тонын жаба салып, бар салмағымен

баса, атша мініп алды да, кенеп қапты ба-сына кигізіп тұмшалап байлады. Екінші жуан қыл арқанмен қабыланның үш аяғын мықтап бекітіп, қақпандағы аяғын босатты.

Ертеңіне түс ауа Ақтанберді қыл арқанмен шандылған қабыланды атқа жегілген сүйретпеге салып, Кендараның қалың ағашынан шықты. Болыстың адамдары да уəделі жерден табылды. Ояз Қарқаралыдан арнайы темір тор жасатып жіберген екен. Батырсынған төрт жігіт байлаулы жыртқышты торға кіргізіп аяғын шешті. Торды шанаға мықтап бекітіп, қақпағын жапқаннан кейін ғана ептілеу біреуі темір шарбақтың арасынан қолын жүгіртіп, қабыланның басын тұмшалаған қапты сыпырып алды.

Жыртқыш қарыққан көзін үйреткісі келгендей қарлы далаға жалтақ-жалтақ қарайды. Əлде жазықсыз жапа шегіп, бұл даладан мəңгілікке айыры-лып бара жатқанын түсініп, туған жер-мен қоштасқаны ма екен. Қарлы дала көзіне оттай басылып, мұңды дауыспен

сыңсығандай болды.– Даусы қандай ащы еді пəтшағардың!– Қатынша сыңсиды ғой-ей!Жүруге ыңғайланған парықсыз

жігіттер бірін-бірі қостап, қарқылдай күлді.

Адамдарды көргенде жас қабылан жыртқыштыққа басып жиырыла қалды. Желкесін күжірейтіп, жер жарардай ай-барлана ақырды. Мына қорлыққа көнгісі келмеді. Пышақтай өткір тістерін күр-күрт сындырып, жансыз жуан темірді қарш-қарш шайнады.

Торға салған тірі қабыланды апарып қожайындарын қуантқысы келіп елірген топ желіге тартты. Шана орнынан қозғала бергенде Ақтанберді өзіне қадалып қалған жыртқыштың көзіне қарады. Қып-қызыл боп шатынаған жанарлардан шексіз өшпенділік уытын көріп, оның бойы мұздағандай денесі қалтырап кетті...

* * *Ескі қыстау əлдеқашан жанып біткен.

Əлгінде селдете құйып өткен өткінші жаңбыр өрттің қызарған шоқтарын да бықсытпай басып тастапты. Жалындаған өрттен шығып, оттай қызған денесін суық жаңбыр салқындата сипап өткеннен кейін қыран да тынышсызданғанын қойып, сая-быр тартыпты. Малмандай су болған қарт аңшы орнынан қозғалмай, ой құшағында əлі отыр.

Иə, ол сол жолы жыртқыштың көзіндегі өшпенділікті көріп, артынан осындай бір жамандықтың боларын сезгендей ерекше жайсызданып еді. Таудан қайтар жолында осы ескі қыстауға соғып, сол ойын Мұсаға айтқанда ол қатты ренжіген. «Кекті мақұлыққа қол жұмсап, өз жолыңды өзің кесіп келіп отырғаныңды түсінесің бе, сен? Басқа біреу жасаса жөні басқа. Ал сенің мұның үлкен ағаттық. Денесіне оқ дарыған текті жыртқыш кек қуады. Қарқаралыда бір қабылан болса, саған қатер. Осыны неге ойламағансың», – деп еді марқұм сəлден кейін сабасына түсіп.

Иə, ол осының бəрін күні бұрын, көзбен көргендей біліп еді-ау. Сол жолғы Мұсаның айтқан күдігі ақиқатқа айнал-ды. Оған бүгін көзі анық жетіп отыр. Енді міне, Ақтанберді аңшының жағдайын түсінетін бұл өмірден жалғыз адам да кел-меске кетті. О, жалған дүние-ай!..

Ұзақ ойланып, ақыры Мұсаның сүйегін сол жатқан қалпына жасыруды жөн көрді. Əлгінде өзі тазалаған тастарды қайта та-сып, қыстаудың төрінен үлкен оба жасады. Бас жағын биіктетіп, үшкір тастан белгі қойды. Содан кейін обаның жанына тізе бүгіп, өзі білетін аяттардың басын құрап, марқұмға құран бағыштады.

...Қыран шаңқ-шаңқ етті. Қарт аңшы тоқтай қалып, қайта оралды. Қыранды тұғырдан босатып, балақ бауын сыпы-рып жібере салғысы келіп бір оқталды. Бірақ жастайынан қолға үйренген, оның үстіне өне бойын күйік шалып, жараланған қыранның жайын ойлап, ол райынан тез қайтты. Беліндегі тері торсықты шешіп алып түбінде қалған шалапты басына бір-ақ көтерді де, тері торсықтың ішін сыртына айналдырып, қолына киіп алды. Торсықтың аузын білек тұсынан тұмшалап байлап, қыранды қолына қондырды.

Қыранның салмағы əжептəуір екен. Атқа жеткенше қолы салдырап қалды. Ат үстінде де қыранды қолына қондырып, ұзақ жүре алмайтынын түсінді. Сонсоң жақындағы ағаш ішін аралап жүріп, аша сияқты екі басы бар бұтақ кесіп алды. Бұтақты біраз жонып, сəл қысқартып, тұрпайы болса да тіреу болатын балдақ жасап алды. Балдақтың бір ұшын ерге тіреп, ашасының арасына қолын салып, оған қыранды қондырып жүріп кетті...

Мерген көлеңкесі мол оңашалау жақпар тастың түбіне келіп, тізгін тарт-ты. Аттан түсіп қолындағы қыранды жартастың түбіндегі үлкен ағаштың сойдый ған бұтағына қондырды. Ашыққан қыран көрінгенге ұмтылып, əуреге салар деп шұбатылған балақ баудың бір ұшын қарағайдың жуан бұтағына байлады.

Кертөбел аттың шап айылын босатып, екі аяғына шідер салып, бос қоя берді. Тас-тастың арасын қуалай өскен ойдым-ойдым көк шөптің басын шалып, Кертөбел ат ұзай берді.

Жол қапшықтың түбінде қалған бір ке-сек еттің жартысын кесіп алып, тері қолғап

киген қолымен қыранның алдына тосты. Ашыққан қыран піскен еттен қарбыта бір-екі асап, жемей қойды.

Ақтанберді жалпақ тастың үстіне жиналған жылымшы жаңбыр суын ішіп, шөлін басты. Ағаш тостағанға құйып қыранға да су ішкізді. Содан соң жақпар тастың түбіне отырып піскен еттің қалғанын талшық етіп, жүрек жалғады. Ұйқысыз өткізген азапты түн əбден титықтатып тастапты. Тасқа арқасын сүйеп жантайғаны сол еді, кірпіктері айқасып, маужырап қоя берді.

Қанша ұйықтағаны белгісіз, оқыс дау-ыстан шошып оянды. Орнынан тұрмастан мойнын созып жан-жағына қарады. Шаңқ-шаңқ еткен қыранның ащы даусы тасқа жаңғырықты. Сала құлаш қанаттарын қомдаған мұзбалақ балақ баудан босана алмай сояудай-сояудай тырнақтарымен қарағайдың жуан діңіне жармасып тұр. Ұшы доғаша иілген үшкір тұмсығын көкке көтеріп, аузын ашып ысылдай ысқырады. Шатынаған өткір жанарлары күн нұрына шағылысқандай жалт-жалт етіп от ша-шады. Қағілез қыранның ызбар шаша күржиген түріне қарап, Мергеннің бойын үрей биледі. Қыранның əлдебір қауіпті сезіп, секем алғаны анық.

Мерген əртүрлі жорамал жасап, сүт пісірім уақыт қимылсыз жатты. Сезік ту-дырар ешбір нəрсені көре алмай жүрегі орнына түсті. Ақырын қозғалып, тастың түбінде жатқан тері қолғапты алып қолына киді. Қыранды балақ бауынан босатып, қолына қондырмақ болып орнынан тұрды.

Дəл осы сəтте қыран үрейлене шаңқ-шаңқ етті. Мерген жалт бұрылып үлгергенше болмады, биік тастан атылған тайыншадай мақұлық кеудесіне қона кетті. Екі иықтан соққан ауыр салмақтан Мергеннің белі үзілердей қайысып барып, арқасымен ағашқа соғылды. Қолындағы қара мылтық есік пен төрдей жерге ұшып түсті. Ауыр соққыдан кейін қарауытқан көзін ашқанда, Ақтанберді дəл иегінің астындағы жыртқыштың арандай ашылған аузы мен сойдыйған қанжардай өткір тістерін көрді. Жандəрмен жыртқыштың арандай ашылған аузына тері қолғап киген білегін тығып үлгерді.

Жыртқыш тері қолғапты құшырлана шайнады. Теріден өтіп Мергеннің білегіне қадалған қабыланның тістері сүйекке тіреліп бір сəт шақыр-шұқыр шайнасып қалды. Ақтанбердінің көзінен оты шығып, құйқасы шымырлап қоя берді. Сол қолы білегінен төмен жұлынып түскендей жан-сыз қалды. Ол сонда да өлермендеп, жан-сыз қолын жыртқыштың көмейіне қарай тығындай түсті.

Қабыланның бір сəт босаңсығанын пайдаланып алдыңғы екі аяғының ара-сынан оң қолын босатып алып оның тамағынан сығымдай уыстай алды. Адам мен аң сүт пісірім бірін-бірі ала алмай төрт тағандап, сіресіп қалды. Жыртқыштың өткір тырнақтары тілгілеген Мергеннің денесі қызыл ала қанға бөкті. Құтырған қабыланның алапат күшіне қарсы тұра ал-май Мерген сəт сайын əлсіреп бара жатты. Екі тізесі ауыр салмаққа шыдамай бүгіле дірілдеп, енді болмаса үзіліп кетердей қалтырады. Жыртқыш артқы екі аяғымен кезек-кезек тарпып, Мергеннің тері шал-бары мен саптама етігін де дар-дар ай-ырды. Өткір тырнақтар аңшының екі аяғының бұлшық етін пышақша тілгіледі.

Ақтанбердінің көзі қарауытып, басы айналғандай шалқая берді. Сол сəтте байлаулы қыран ашына шаңқ-шаңқ етті. Мерген қан толған көздерін зорға ашып, дауыс шыққан жаққа қарады. Ашулы мұзбалақ қос қанатымен жуан қарағайды дамылсыз сабалап, қайыс бауды үзіп кете алмай өлермендей ұмтылады. Сол сəтте Мергеннің əлсіреген санасына құтқарушысы табылғандай əсер етті. Осы бір ой ұшқыны бойына қуат беріп, бүгілген денесін қайта түзеп, төрт тағандай жармасқан жыртқышты жуан қарағайға қарай екілене итерді.

Кенет жыртқыш Мергеннің білегіне шайнасып, қарысып қалған жағын ашып, басын оңды-солды шайқап, арандай ашылған аузын босатып алды. Мергеннің бойындағы күші əбден сарқылып, жуан қарағайдың түбіне жыртқышпен қоса ұмар-жұмар құлап бара жатты...

Осы сəтте байлаулы қыран ұмтылып келіп, найзағайдай өткір тырнақтарын қабыланның екі көзіне сүңгіте сұғып, жалғыз шеңгелмен бас терісін бүре жар-масты. Жанұшыра ырылдаған жаралы қабылан Мергеннің шала-жансар денесін тастап жіберіп, алдыңғы екі аяғымен өз басын өзі соққылап, ышқына секірді. Жойқын күшке төтеп беріп, домбыраның ішегіндей созылған қайыстың бір ұшында қыранның жарты денесі жұлынып қала берді...

Т ү н о р т а с ы а у а К е р т ө б е л а т Ақтанбердінің шалажансар денесін ауылға жеткізді. Бұл сұмдықты көрген Мергеннің əйелі дауыс салып, қараңғы түнді күңіретті. Айғай-шуға ел жина-лып, аңшыны аттан түсіріп, үйге көтеріп кіргізді. Сəлден кейін Ақтанберді бір сəтке есін жиып, үлкен ұлын шақырды. Баласы қасына келгенде, еріндерін зорға қимылдатып, екі ауыз тілге келді

– Жиренсақалдағы жолбарыс жымын-да... Қабылан... Күшік ... Құтқар!..

Одан əрі Ақтанбердінің тілі байланып, есеңгіреп кетті.

– Əке, не дедің, əке? Түсіндірші! Не болды саған? – деп əкесінің үстіне төніп, баласы қанша жалбарынса да, қайтып жа-уап ала алмады.

– Балам, енді əкеңнің мазасын алма.– Жаны қиналған соң сандырақтап

жатыр ғой...– Иə, иə, балам, əкең сандырақтап

жатыр. Есі кірген соң айтар, қинама енді, – десіп жиналған жұрт əртүрлі жорамал жасады.

Атақты аңшы, құра лай-ды көзге атқан мерген Ақ-танберді таң біліне дүниеден өтті...

тоғыз күннің ішінде тірідей қабылан ұстап сыңсығандай болды.

ЌАРЌАРАЛЫНЫЅ СОЅЄЫ ЌАБЫЛАНЫ

(Соңы. Басы 9-бетте).

Page 11: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz 11

Суық күз. Күн ерте бата-тын. Мен ол кезде 6-сыныпта оқитынмын. Ақтөбе облысының қазіргі Хромтау ауданы, Аққұдық ауылында балалар оқитын екі қабатты мектеп-интернаты бо-латын. Тек тəрбиешілер ғана қалып, оқушылар күзгі кани-кулға үйлеріне кеткен. Сол күні Алтыншаш апайдың кезегі екен. Интернат іші алакөлеңке. Кезекшілік бітуге 20 минуттай уақыт қалған. Алтыншаш апай əлдебір дыбыстарды естіп, «бұл не екен» деп бөлмелерді аралай-ды. Ұзын дəлізбен келе жатып, хатшы отыратын бөлмеден жазу мəшінкесінің сыртылдағанын естиді де: «Е, хатшы қыз келіп керекті кағаздарын басып жатқан ғой», – деп ойлайды. «Бірақ, интернатқа басқа ешкім кірмеп еді ғой», – деп есікті ашуға ұм-тылады, есік тарс жабық, кілттеп қойған, ол хатшы қыздың атын айтып шақырса, ешкім тіл қатпайды. Сол мезетте мысықтың мияулаған, біреулердің күбірлеп сөйлеген, сырнаймен əн айтқан дыбыстары шыға бастайды.

Зəресі ұшқан тəрбиеші далаға атып шығады. Сол кезде күзетші де келіп қалған екен. Тəрбиеші дірілдеп, əзер дегенде не болғанын айтып береді. Күзетші шал оны жұбатып: «Шырағым, қорықпа, дұға оқып жіберсең болатын еді», – дейді. Бір қызығы, осын-дай дыбыстар балалар жоқ кезде ғана пайда болады екен. Күзетші шал оған үйренген тəрізді. Міне, содан бері Алтыншаш өзінен-өзі күбірлеп сөйлейтінді, бірде жы-лап, біресе күлетінді шығарады. Ауданға дəрігерге апарып та қаратқан екен, дəрігерлер: «Жүй кесі тозған, жындыханаға жатқызу керек», – депті. Бірақ туыстары: «Ешкімге зияны жоқ, өзіміз үйде бағамыз», – дегенді айтып, ауруханаға жатқызудан бас тартады.

Тура сол жылы біздің ауылға Садыр деген емші ақсақал от-басымен көшіп келді. Баласы Сабыр кеңшарда жүргізуші бо-лып орналасты, келіні Гүлзада үй шаруасында болатын. Жалпы, Садыр атай туралы бұрын да көп еститінбіз. Келісімен ол тілек білдіргендерге Құран оқып, үйренемін деушілерді үйіне шақырып, арабша хат танытатын. Бойында ерекше қасиеті бар кісі болатын. Адамдар қиын жағдайға душар болғанда, қатты ауырғанда сол кісіге баратын. Туыстары Алтыншашты сол Садыр атаға алып келеді. Ол дем салып, емдеп, ауруын қайтарады. Алтыншаш ауруынан құлантаза айығып, ел қатарына қосылды.

Бір күні марқұм анам екеуміз Садыр атайдың үйіне келдік. Біраз адам күтіп отыр. «Ол кісі на-маз оқып жатыр», – деді əлгілер. Сөйтті де, өздері Садыр ата ту-ралы қызықты əңгімелерін айта бастады. Мен де еріксіз əңгімеге құлақ түрдім...

«50-жылдардың бас кезі, соғыс аяқталып, ел еңсесін енді ғана көтеріп жатқан кез. Сар-қытбай да ел қатарлы еңбек етіп жүрген. Ол соғыстан кон-тузия алып келгенін ауыл адам-дары білетін. Бірақ Сарқытбай білдірмеуге тырысатын. Ферманы басқарады, жұмыс қиын, жоспар орындалу керек. Оның конту-зиясынан əйелі Несібелі зар-дап шегіп, көзі көгеріп жүреді екен. Ол ашуланған кезде бар өшін əйелінен алатын болған. Үйелмелі-сүйелмелі 5 баласы үрпиіп бір бұрышқа тығылып оты-рады екен. Əйелі əбден таяқ жей берген соң, көршілері: «Садыр атайға бар», – деп кеңес береді. Несібелі бар мəн-жайды айтып бергенде ол кісі: «Күйеуіңді ертіп кел», – дейді. Несібелі: «Атай, ол келмейді, айтқанға көнбейді», – дейді. Садыр атай: «Қапаланба, еңсенді көтер, балаларыңа бар», – деп шығарып салады. Күйеуінің жұмыстан келетін уақыты да жақындап қалған, тездетіп кешкі ас пісіріп, күтіп отырады. Түнгі сағат 12, ал күйеуі əлі жоқ. Таң атады, келмейді. Фермадан сүт та-сушы жүргізушілерден с ұ р а й д ы . О л а р : «Кеше сағат 8-де кетіп қалған», – д е й д і . Несі белі туған-туыс тарына ха-барласады, ешкімнің үйінде жоқ болып шығады, жамандыққа қимайды. Есіктің

алдында балалары бір қара итпен ойнап жүр. «Бұл қайдан пайда болған ит, қаңғыбас ит шығар, қуып жіберіңдер», – дейді Несібелі балаларына. Балалары жаңағы итті қимайды, енді Несібелі таяқ алып қуса, əлгі ит қашады, бірақ қыңсылап қайтып келеді. Қуа-қуа шаршаған Несібелі: «Жүрсе, жүре берсін, үйді күзетер», – дейді. Ауылда жақсы хабар да, жаман хабар да тез тарайды емес пе, «Сарқытбай жоғалып кетіпті», – деген хабар тез тарады. «Суға кеткен шығар, мүмкін қасқыр жеп қойған шығар», – деген əртүрлі алып-қашпа əңгімелер көбейіп кетеді. Несібелі үмітін үзбей күтеді. Ал əлгі қара ит болса, кешке қарай Сарқытбай жатқан бөлмеге кіріп, көрпенің үстіне жатып алыпты. Балалар қызық көріп мəз, ал Несібелі оны қайта-қайта қуып əлек. Бір қызығы, əлгі ит Несібелінің соңынан қалмайды, қыңсылап, аяғын иіскелеп, бірге еріп жүреді. Үйге бөтен адам кіргізбейді. Көзі қасірет шеккен адамдай мұңлы, тіпті, тамақты да дұрыс ішпейді. Балалары итке əбден бауыр ба-сып кетті. Итпен алысып ойнай-ды, «отыр», «тұр», «жүгір» деген бұйрықтың бəрін орындайды. Итке Бөрібасар деп ат та қойып алған. Осылай он бес күндей уақыт өтеді. Сарқытбайдың ту-ыстары үміттерін əлі үзбейді. Бір айдай уақыт өткенде туыста-ры: «Тағдырдың жазғаны солай болған шығар, суға кеткен ғой», – дейді. Себебі, Сарқытбай кешке жұмыстан қайтқанда Ор өзеніне бір шомылып қайтатын əдеті бар болатын. Несібелі, Садыр атаға келіп бұйымтайын айтып үлгерместен, ата: «Шырағым келін, үйіңе бар, ол адасып кет-кен, келеді», – дейді. Қатты қуанған Несібелі есік алдында жататын қара иттің жоқ екенін де байқамайды. Балалардың кешкі астарын беріп, итке тамақ құяйын десе, ит жоқ. Қора жақтан ағаш жарып жатқан дыбысты естіп, отын қораға кірсе күйеуі Сарқытбай түк болмағандай ағаш жарып отыр. «Сен қашан келдің, қайда жоғалып кеттің», – десе, ол: «Білмеймін, басым ауырып тұр, есімде жоқ», – дейді. Несібелі болса, аң-таң. Сөйтіп, Сарқытбай бұдан кейін ешқашан əйеліне қол жұмсамайтын болған. Кейіннен ауыл адамдары: «Ол жоғалған жоқ, Садыр атай оны итке ай-налдырып жіберді», – дейді. Бұл əңгіме аймаққа тарайды.

Садыр атаның осындай қа-сиеті бар екеніне ешкім күмəн келтірмейтін. Көктемде Ор өзені тасыған кезде Садыр ата өзеннің арғы бетіндегі Талсай, Қарабаз ауылдарына қалай баратыны адамдарға жұмбақ еді. Ол кісі біздің ауылда 2 жыл тұрған соң, «Көктөбе» кеңшарына көшіп кетті. Садыр атайға адамдар көрші облыстардан, тіпті, Ресейдің ше-каралас облыстарынан да келетін. Бірнеше жылдан соң қайтыс бол-ды деп естідік. Жиналған адамдар киімдеріне таласып, ырым етіп бөліп алған деседі. Садыр атай өте қарапайым, көп сөйлемейтін, жүзі жылы жан болатын. Талай адамға жақсылық жасағанымен ешкімнен ақы алмайтын. Қасиетті адамдар туралы əңгіме айтыла қалса осы күнге дейін сол кісінің қарапайым келбеті көз алдыма келеді.

Мақсат РСАЛИН,Қазақстан Журналистер

одағы сыйлығының лауреаты.

Ақтөбе облысы.

Садыр атайдыѕ кереметтері

Жаратушы бойына ерекше қасиет дарытқан адамдар туралы бала кезімізде көп естуші едік. Ондай адам-дар қазіргі заманда өте сирек кездеседі. Бала кезімнен есте қалған сондай аруақты, киелі де қасиетті, ғажайып адамдардың бірі – Садыр ата.

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан».

Жуырда дүниеден өткен жа-зушы Зейнолла Сəнік «Хан ба-тыр Қабанбай» кітабында былай деп жазды: «Шағантоғайдың Қаракемер деген жерін жарып батысқа қарай ағатын Қайыңды өзені төменірек барғанда биік қабаққа тіреліп, жерастына сіңіп кететін көрінеді. Сол жерден «Барлық-Арасан» атты арасан пайда болған. Оның суы жер-асты арқылы Алакөлге барып құятындықтан, Алакөлдің суын да шипалы суға айналдырған». Табиғаттың үйлесіміне ішкі сезім иланады. Себебі, көнекөз қариялар Барлықтың қайнарын «Қабанбай арасаны» деп атаған екен. Жоңғарлармен арадағы ұрыстардың бірінде Қабанбай батыр Қайыңды бұлағына ат шалдырып, содан «Қабанбай ара-саны» атанған деген аңыз бар. Қалмақтың қоңтайшысы Қалдан Серен де Барлықтың шипалы бұлағына түсіп тұрған деседі.

Міне, жеңіл көлікпен сырғып отырып Барлықтың аңғарына еніп келеміз. Жолбасшымыз – Үржар ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Сəуле Орынбаева. Бізді «Барлық-Арасан» шипажайының жетекшісі Мамырбек Шүркімбаев күтіп алды. Алпысты алқымдаған ауыл ағасы бүгінде Барлықтың қасиетті суынан табыс тауып отыр. Аңдап отырған шығарсыз, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында, теңіз дең гейінен 579 метр биіктікте орна ласқан шипажайдың шалғай екені рас. Өскемен мен Семейден 600-700 шақырым қашықтықта жатыр. Алакөл жағалауынан арасан су-ына дейін 18 шақырым болады. Байқағанымыз, Алакөл – Барлық-Арасан тас жолы жөнделіп жатыр. Алайда, құрылыс қарқыны сылбыр. Соңғы төрт жылда төрт шақырым жол ғана жөнделіпті. Тау аңғарына жете берістегі жолшылардың зауы-ты манаурап тұр. Қарбалас тіршілік байқалмайды.

– Судың шипалылығы ежел-ден-ақ белгілі болған. Ата-бабаларымыз осы жерде өніп-өскендіктен, емдік қасиетін біліп, бұлақ басына киіз үй тігіп емдел-ген. Бұл туралы аталарымыздың аталары айтады екен. Расында, суына бір түсіп шыққан жан жеңілдеп шыға келеді, – деп ба-стады əңгімесін М.Шүркімбаев.

Барлықтың жотасында бұр-қылдап шығып жатқан қай-нарларды ел іші «көз суы», «жүрек суы», «асқазан суы» деп айдарлап айтады. Шындығында, атауында тұрғандай, жанары нашарлаған қариялар «көз суын» қарашығына тамызып, асқазаны ауырғандар «асқазан суын» ішіп, ем-домын алып жатады. «Көз суының» құрамында күміс бар. Əрине, шипажайдың ішінде астауға құйылатын ыстық су басқа. Ыстық демекші, бұл судың тем-пературасы 42-43 градусқа дейін жоғары. Жалпы, мұнда 13 тер-малды минералдық су көздері бар. Су құрамы күкірт, натрий, хлорлы сульфат, кальций, крем-ний қышқылына бай. Арасан суы жыл сайын тексеріледі. Геологиялық экспедиция маман-дары жүргізетін жұмыстардың қаржысы да қомақты. Өткен жылы 2 млн. 500 мың теңгеге зерттеу жұмыстары жүргізіліпті. Мамандардың айтуынша, Барлық-Арасанның суы химиялық құрамы жағынан Цхалтубо, Сарыағаш, Алма-Арасан шипажайларының суларына ұқсас келеді. Жүйке жүйесі мен тері, буын аурула-рына таптырмас ем. Содан ба, бұл шипажайда кеңестік əйгілі ғарышкерлер Павел мен Марина Поповичтер де емделген. Көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Бəйкен Əшімовтың жақсы көретін қайнарларының бірі осы Барлық сулары екен. Қайнар суы қыста қатпайды. Шипажай басшыла-ры қар түсе ыстық суды далаға ағызып жібереді. Егер кранды жапса, жерасты суы басқа жаққа ауып кететін көрінеді.

Мамырбек Сансызбайұлының «Барлық-Арасан» шипажайында еңбек етіп келе жатқанына отыз жыл болыпты. Айтуынша, тамыр-лы тарихы бар қайнарды игеру жұмыстары 1973 жылы басталған екен. Кеңес өкіметі осы жылы ыстық бұлақ басында шипажайдың құрылысын жүргізе бастайды. Нысандардың алғашқы бөлігі 1977 жылы пай далануға берілген. Мұнда демалушыларға арналған бес қабатты корпустардан бөлек, асхана, сумен емдеу, 100 орындық клуб, əкімшілік ғимараттары бар. Жетпісінші жылдары кеңестік колхозшылардың қаржысына салынған шипажайда негізінен малшы, сауыншы, механиза-тор сынды ауыл шаруашылығы мамандары ем алатын болған.

Сол кезеңде Шығыс өңірінде Шемонайха ауданының Выдриха ауылында «Үбі» сауықтыру шипа-жайы жұмыс істесе, екіншісі осы «Барлық-Арасан» шипажайы еді.

– Мен 1984 жылдан бері ши-пажайда жұмыс істеп келемін. 30 жыл өмірім осында өтті. 25 адамды жұмыспен қамтып отырмыз, оның ішінде 2 дəрігер, 3 медбике бар. Қосымша дəрігерлер келісімшарт бойынша Семей қаласынан келіп істейді. Демалушылар ыстық суды күніне бір мəрте қабылдайды. Қайнар суы толтырылған астауға 10 минуттан артық жатуға бол-майды. Денсаулығы əлсіз адам-дар үшін 7 минут та жеткілікті. Жағымды əсері ə дегенде-ақ сезіледі. Кейбір адамдар 10-15 күн бойы қабылдайды. Жыл сай-ын келетін тұрақты ем алушы-ларымыз да бар. Сонымен бірге, физиотерапия, массаж, дəстүрлі медицинада қолданылатын инені де алуға болады, – деді шипажай жетекшісі.

Тоқсаныншы жылдардың тоқырауынан аман шыққан шипажай ем алушыларға өз қызметін жылда ұсынып келеді. Біз барғанда жаңа маусымға əзірленіп, жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Ғимарат қабырғаларынан шипажайдың кеңестік келбетінің еш өзгермегенін көруге бола-ды. Пролетарлық тақырыпты баяндаған суреттер дəуір тынысын шертіп тұр.

«Барлық-Арасан» шипа жайы-ның қызмет көрсетуі Ала көл жағалауындағы демалыс мау-сымына тікелей тəуелді екенін айта кетейік. Арасан суына келушілердің басым бөлігі көл жағалауында демалушылар. Сон-дықтан сауықтыру орталығы жаздың екі айын ғана тиімді пай-далана алады. Яғни, 15 маусымнан бастап есігін айқара ашатын сана-торий тамыз айының соңына дейін жұмыс істейді. Сауықтыру орны-на негізінен Өскемен мен Семей, Алматы қалаларының тұрғындары келеді. Соңғы жылдары еліміздің батыс өңірлерінің демалушылары да келе бастапты. Екі айға созыла-тын маусымда мыңға жуық адам демалады.

Бүгінде «Барлық-Арасан» ши-пажайында 120 орын бар. Сондай-ақ, ілкіде пайдаланылған екінші корпус жөндеуден өтуде. Бұл кор-пус пайдалануға берілгенде бір ме-зетте 250 адамға дейін қабылдауға

қауқарлы болмақ. Корпусты ке-лер жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Шипажай орын тепкен Барлық-Арасан ауылы тұрғындарының басым бөлігі тоқсаныншы жыл-дары өзге өңірлерге көшіп кеткен болатын. Бүгінде ауылда 40-қа жуық қана отбасы тұрады. Кеңес өкіметі кезінде шипажайда осы ауылдың 200-ге тарта тұрғыны еңбек етіпті. Қазіргі кезде Барлық-Арасан ауылы Қарабұлақ ауылдық округіне қарайтындықтан, ши-пажай қызметкерлерінің басым бөлігі көрші ауылдан келіп жұмыс істейді. Қарабұлақ ауылдық округінің əкімі Нұртөлеу Қожа-қов соңғы жылдарда ауыл тұр-ғындарының саны көшіп келіп жатқан қандастардың есебінен көбейіп келе жатқанын жеткізді.

Шипажай 1996 жылы жеке-шелендірілді. «Барлық-Арасан шипалы суы» ЖШС-нің құрыл-тайшылары сауықтыру орнын заман талабына сай құру үшін инвестиция көздерін іздес-тірген көрінеді. Екінші дең гейлі банктердің пайыздық үстемесі жоғары несиелері ұсыныл-ғандықтан, əзірге өз əлеуеттеріне ғана сүйеніп отыр. Мамырбек Сансызбайұлынан шипажайды мемлекет меншігіне қайтарудың мүмкіндігі жөнінде сұрадық.

– Мемлекет сұраған қаража-тымызды берсе, сатуға қарсы емеспіз. Шипажайдың заман та-лабына сай жанданғаны халық үшін де тиімді болар еді, – дейді М.Шүркімбаев.

Қос ауылдағы бірден-бір жұмыс істеп тұрған кəсіпорын ретінде сауықтыру орталығының əкімшілігі жергілікті тұрғындарға əлеуметтік көмектер көрсетіп тұрады. Мəселен, Қарабұлақ ауылындағы ескі мешіттің ша-тырын жөндеуге, І.Жансүгіров атындағы орта мектептің спорт за-лын жабдықтауға, ауыл əкім дігіне, көпір құрылысын жөндеуге қаржы аударыпты.

Шипажай басшысы жотаның басында орналасқан көз суын ар-шып, басына ағаш отырғызуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Сонда қар тоқтап, табиғи бұлақ көзі сақталады. Жалпы, бұлақтың көзі шаң-тозаңнан емес, жерас -ты қозғалыстарынан бітелетін көрінеді. Бұлақты да мұқият ашпа-са болмайды екен. 1973 жылы ши-пажай құрылысы қызу басталған кезде тұманың көзін ашып,

шипалы судың мөлшерін көбейту мақсатымен үстінен бұрғылап жібергенде, əлгі тұма жоқ болып кетіпті. Инженерлер құрылыстың бəрі зая кетті ме деп қылпылдап жүргенде қайнар сол маңдағы басқа жерді жарып шыққан екен. Бүгінде шипажайдың пайдаланып отырғаны сол су.

Шипалы судың шарапаты тиген жандар жетерлік. Үржар ауданының Қарабұта ауылын-да тұратын Оспанбек есімді ақсақалдың Есімбек атты баласы Алматыда жұмыс істеп жүрген жерінен шойрылып, жүре ал-май қалыпты. 45 жастағы жігітті зембілге салып, шипажайға əкеледі. Жиырма күннен кейін балдақпен жүретін жағдайға жетед і . Келер жазда тағы емделіп, дертінен құлан-таза айығады.

– Ғалымбек есімді 22 жасар жігіт екі аяғын сүйретіп, дұрыс баса алмайтын. Жиырма күн жатқанымен еш ем-дом қонбай үйіне қайтты. Бір күні сол жігіт осында құстай ұшып келді. «Аға, осы жерден тəуір болып кеттім», деп алғыс айтты. Сондай-ақ, үсті-басын қотыр басып кеткен бір жа-рым жастағы сəби ыстық қайнарға екі рет түсіп, жазылып кетті. Айта берсе, мұндай мысалдар көп, – деді Мамырбек Сансызбайұлы.

Қынжыларлығы, шипажайға арнайы қоғамдық көлік бағыты ашылмаған. «Семей – Барлық-Арасан» автобусы Қабанбай ауылына маңдай тіреп, сол ауылдан кейін қайтады екен. 18 шақырым қашықтықтағы, Барлық-Арасанға бұрылмайды. Сондай-ақ, «Алматы-Достық» пойызы күнара жүргенімен, Жалаңашкөл стансасында аял-дамайды. Ал Жалаңашкөл мен Достық стансасының арасы 50 шақырымға жуық. Туристер пой-ызбен 50 шақырым əрі жүрсе, көлікпен тағы 50 шақырым кейін қайтуы, 100 шақырымдық жолға уақыт жұмсауы қажет. Бұл жайт алматылық туристер үшін қолайсыздық тудырып отыр. Ал Жалаңашкөл стансасынан Барлық-Арасанға дейінгі жол 90 шақырымнан асады. Сондықтан пойыздың Жалаңашкөлге аялдау ы – Алакөл мен Барлық-Арасанға бет алған туристерге оңтайлы болар еді.

Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы.

«Барлыќ-Арасан»Шипалы су шарапаты

Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық кеңес беру жəне диагностикалық медицина орталығы» ШЖҚ МКК жалпы сома-сы 8 400 000,00 теңге медициналық техниканы сатып алу тендерін өткізетіндігін

жариялайды. Сатып алынатын тауарлардың тізімі, олардың саны жəне ерекшеліктері тендерлік

құжатамада көрсетілген.Тауарлар Жамбыл облысы жəне Тараз қаласы бойынша жеткізілуі тиіс.Жеткізу мерзімі №1 қосымша бойынша тендерлік құжаттамаға сəйкес келісімшарт

жасалған сəттен бастап.Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы

«Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне байланысты фармацевтикалық қызмет көрсету, дəрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу Ережесін бекіту туралы» №1729 қаулысының 8-9-тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

Тендерлік құжаттама топтамасын əлеуетті өнім беруші 2014 жылғы 30 қырқүйекте сағат 11.00-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Тараз қ., Пушкин к-сі, 41, №405 бөлмеден сағат 15.00-ден сағат 18.00-ге дейін немесе [email protected] электрондық поштамен алуға болады.

Тендер қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2014 жылғы 1 қазанда сағат 10.00-ге дейін.

Тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2014 жылғы 1 қазанда сағат 11.00-де мына мекенжай бойынша Тараз қ., Пушкин к-сі, 41, 4-қабат, мəжіліс залында ашылады.

Əлеуетті өнім берушілер тендерге қатысу өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7262) 43 38 42.

ГКП на ПХВ «Жамбылский областной консультационно-диагностический медицинский центр» управления здравоохранения акимата Жамбылской об-ласти объявляет о проведении тендера по закупу медицинской техники на об-

щую сумму 8 4 00 000,00 тенге. Полный перечень закупаемых товаров, их количество и подробная спецификация

указаны в тендерной документации. Товары должны быть поставлены по Жамбылской области и г.Тараз.Требуемый срок поставки в соответствии с тендерной документацией согласно

приложения №1 с момента заключения договора.К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалифика-

ционным требованиям, указанным в п.8-9 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года №1729.

Пакет тендерной документации можно получить в срок до 11.00 часов 30 сентября 2014 года включительно по адресу: г. Тараз, ул. Пушкина, 41, 4-этаж, кабинет №405, время с 15.00 до 18.00 часов или по электронной почте по адресу: [email protected]

Окончательный срок представления тендерных заявок до 10.00 часов 1 октября 2014 года.

Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 11.00 часов 1 октября 2014 года по следующему адресу: г. Тараз, ул. Пушкина, 41, 4-этаж, зал заседаний.

Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тен-дерными заявками.

Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (7262) 43 38 42.

«ПКРЗ» АҚ акционерлерінің 20.09.2014 ж. шақырылатын жал-пы жиналысының бастапқы күн тəртібіне бір мəселені қарауға қатысты өзгеріс енгізілді: 1.Қоғам -ның жарғысына енгізілетін өзгеріс-тер мен толықтыруларды бекіту.

Акционерлердің жалпы жиналы-сын өткізу гарты жəне орны, оның 19.08.2014 жылы жасалған тізімі өзгеріссіз қалады.

В первоначальную повестку дня общего собрания акционеров АО «ПКРЗ», созываемого на 20.09.2014 г. внесены изменения, касающиеся рассмотрения одного вопроса: 1. Утверждение вносимых изменений и дополнений в устав общества.

Условия и место проведения об-щего собрания акционеров, список которых составлен на 19.08.2014 года остаются без изменения.

Алакөл ал-қабының күн-

шығысында Барлық атты баршын

жота бар. Кішігірім тау десе де болады. Осы

Барлықтың бауырында ыстық бұлақтың қайнап шығып жатқанына қанша ғасыр, əлде мыңжылдықтар болғанын тап басып ешкім айта алмайды. Ғажабы, ай-дыннан есетін ақжелең жел де, құйындатып жететін Ебі де бұлақтың көзін қай заманнан бітей алмаған. Жаһандық фауна өзгеріп, қазан шұңқырлардың тұзы аспанға көтеріле бастағалы бірқыдыру уақыт болса да, Алакөлдің суы артып келеді. Ғалымдардың айтуынша, Алакөлді жер асты арқылы Балқаш көлімен тұтасқан 40 мың шаршы шақырымдық құнарлы аумақ байланыстыра-ды екен. Көлдің шипалылығы көп айтылып жүр. Оған сəл де болса септігін тигізіп отырған жайтқа тоқталайық.

ТАЛБЕСІК

Page 12: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz12

1. Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі:

№4 лот – Текелі орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін «Ахметжанов» ЖК ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Талдықорған қ., Шевченко к-сі, 146-үй;

№5 лот – Текелі орманшылығы - жанама ор-манды пайдалану үшін «Балпық» ЖШС ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Көксу ауданы, Жарлыөзек а., Абай к-сі, 1-үй;

№6 лот – Текелі орманшылығы - жанама орманды пайдалану үшін «Өтелбай» ЖҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Ескелді ауданы, Қаратал а., Алма бала к-сі, 39-үй;

№7 лот – Текелі, Көксу орманшылықтары - жанама орманды пайдалану үшін «Мырзахан» ШҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Көксу ауданы, Жамбыл а., Абай к-сі, 18-үй;

№8 лот – Көксу орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін «РДМТК «Тритон» ҚБ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Көксу ауданы, Балпық би а., Əйтеке би к-сі, 24/1-үй, 6-пəтер;

№9 лот – Қора орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін, «Калтайбаев Санат Акболатович» ЖҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Талдықорған қ., Самал шағын ауданы, 21-үй, 20-пəтер.

2. Үйгентас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі:

№3 лот – Қабанбай орманшылығы - жанама орманды пайдалану үшін «Жазылбеков и компа-ния» С.С. ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Алакөл ауданы, Ақжар а., О.Оразов к-сі, 86-үй.

3. Жаркент орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі:

№2 лот – Көктал орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін «Ковальчук» ЖК ұтып алды, мекенжайы: Алматы қ., Жароков к-сі, 275-үй, 62-пəтер;

№3 лот – Көктал орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін «Майбалық-А» ЖШС ұтып алды, мекенжайы: Алматы қ., Жандосов к-сі, 142-үй, 1-офис;

№4 лот – Көктал орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін «Асембекова Р.Е.» ЖҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Панфилов ауданы, Үшарал а., Шойнақ батыр к-сі, 29-үй.

4. Қызылжиде орман шаруашылығы мемле-кеттік мекемесі:

№1 лот – Жиделі орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін «Балис 2007» ЖШС ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Қапшағай қ., Қойшыманов к-сі, 4-үй;

№2 лот – Жиделі орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін, «Балис 2007» ЖШС ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Қапшағай қ., Қойшыманов к-сі, 4-үй.

5. Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі:

№1 лот – Темірлік орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін «Саят» ШҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Райымбек ауданы, Тұйық а., Абай к-сі, 8-үй;

№2 лот – Темірлік орманшылығы - жанама орманды пайдалану үшін «Саят» ШҚ ұтып алды,

мекенжайы: Алматы обл., Райымбек ауданы, Тұйық а., Абай к-сі, 8-үй;

№3 лот – Қарқара орманшылығы - жанама орманды пайдалану үшін «Көлсай – құрылыс» ЖШС ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Райымбек ауданы, Қарқара а., Жөргенбаев к-сі, 9-үй;

№5 лот – Ұзынбұлақ орманшылығы - жанама орманды пайдалану үшін «Нұрғұлан» ШҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Райымбек ауда-ны, Жалаулы а., Жетен батыр к-сі, 8-үй.

6. Нарынқол орман шаруашылығы мемле-кеттік мекемесі:

№1 лот – Ойқарағай орманшылығы - жанама орманды пайдалану үшін «Айбын» ШҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Райымбек ау-даны, Сүмбе а., Төлебаев к-сі, 25-үй.

7. Бөрлітөбе орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі:

№1 лот – Бөрлітөбе орманшылығы - жанама орманды пайдалану үшін «Мерей» ШҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Сарқан ауданы, Лепсі а., Жамбыл к-сі, 4-үй.

8. Күрті орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі:

№1 лот – Тау-Құм орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін «Phino Partners» ЖШС ұтып алды, мекенжайы: Алматы қ., Гоголь к-сі, 86-үй, 323-офис;

№2 лот – Тау-Құм орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін «Phino Partners» ЖШС ұтып алды, мекенжайы: Алматы қ., Гоголь к-сі, 86-үй, 323-офис;

№4 лот – Ақжар орманшылығы - жанама орманды пайдалану үшін «Самал» ШҚ ұтып

алды, мекенжайы: Алматы обл., Балқаш ауданы, Бақанас а., Демченко к-сі, 24-үй;

№9 лот – Тау-Құм орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін «Phino Partners» ЖШС ұтып алды, мекенжайы: Алматы қ., Гоголь к-сі, 86-үй, 323-офис;

№11 лот – Тау-Құм орманшылығы - жана-ма орманды пайдалану үшін «Нұр» ШҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Балқаш ауданы, Балатопар а., Мұса к-сі, 10-үй.

9. Ұйғыр орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі:

№1 лот – Шарын орманшылығы - сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін «Мусаев» ЖК ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Панфилов ауданы, Жаркент қ., Сарпылдақ а., Достық к-сі, 15-үй;

№2 лот – Кетпен орманшылығы – ғылыми-зерттеу мақсаттар үшін Алматы қ. «Қазгидромет» РМК филиалы ұтып алды, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 32-үй;

№3 лот – Кетпен орманшылығы – аң шаруашылығы қажеттілігі үшін «Vip Safari Service» ЖШС ұтып алды, мекенжайы: Алматы қ., Рысқұлов к-сі, 155-үй.

10. Жоңғар орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі:

№1 лот – Ақсу-Арасан орманшылығы – аң шаруашылығы қажеттілігі үшін «Record H.T.F.» ЖШС ұтып алды, мекенжайы: Алматы қ., Биенбетов к-сі, 18-үй;

№2 лот – Ақсу-Арасан орманшылығы - жана-ма орманды пайдалану үшін «Кожаев» ШҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Ақсу ауданы, Ащыбұлақ а., Береке к-сі, нөмірсіз үй.

Төмендегі лот бойынша тендер өткізілмеген деп танылды: 1. Талдықорған орман шаруа -шы лығы мемлекеттік мекемесі: №1 лот – Қора орманшылығы – сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін; №2 лот – Қаратал орманшылығы – сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін; №3 лот – Аралтөбе орманшылығы – сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін; 2.Үйгентас ор-ман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №1 лот – Тентек орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; №2 лот – Тентек орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; 3. Жаркент орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №1 лот – Іле орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; 5. Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №4 лот – Темірлік орман шылығы – жанама орманды пайда-лану үшін; 8. Күрті орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №3 лот – Тау-Құм орман-шылығы – сауықтыру, рекреациялық жəне спорт тық мақсаттар үшін; №5 лот – Тау-Құм орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; №6 лот – Тау-Құм орманшылығы – жана-ма орманды пайдалану үшін; №7 лот – Тау-Құм орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; №8 лот – Ақдала орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; №10 лот – Тау-Құм орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; 9. Ұйғыр орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №4 лот – Кетпен орманшылығы – аң шаруашылығы қажеттілігі үшін; 11. Шелек ор-ман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №1 лот – Шелек орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін.

2014 жылғы 7 қыркүйекте қадірменді əріптесіміз, Қазақстан мұнай саласының ардагері Александр Иванович На заров дү ниеден өтті.

Александр Иванович Наза-ров 1933 жылғы 7 қара шада Да ғыстан АССР-ның Ескі Бирю зок селосында дүниеге келді. 1958 жылы Грозный мұнай институтын бітірген соң Александр Назаров еңбек жо-лын Мақат жəне Доссор мұнай кəсіпшіліктерінде мұнай-газ өндіру операторы болып бас-тады. 1967-1970 жылдары «Бай-шонас» МГӨБ мұнай өндіру цехын басқарды. Содан кейін «Қаратон» кен орнында бас инженер болып еңбек етті. Ол сондай-ақ «Доссормұнайгаз», «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларында бас ин-женер, 1975 жылы «Эмбанефть» өндірістік бірлестігінде мұнай-газ өндіру бөлімінің басшысы, орталық инженерлік-техникалық қызметінің басшысы қызметтерін атқарды. 1997 жылы құрметті еңбек демалысына шықты.

Александр Иванович Ембі мұнайының дамуына қос қан үлесі үшін КСРО мұнай өнер-кəсібінің үздігі ата нып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңе сінің Құрмет грамотасымен, Ең бек Қызыл Ту,

«Құр мет» ордендерімен жəне басқа да наградалармен марапат-талды. Ал 2014 жылы «Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласы-ның еңбек сіңірген қыз меткері» төсбелгісіне ие болды.

Александр Иванович Назаров жастарға да жетекшілік етіп, Ембі кен орындарын игеру мен өлке мұнай қорының артуына қомақты үлес қосты.

Ардагер мұнайшының өмір-ден озуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына қай ғы-ларына ортақтасып көңіл айта-мыз.

Александр Ивановичтің жар-қын бейнесі ембілік мұнай-шылардың жадында əрдайым сақталады.

«Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы.

Қазақ əдебиеті ауыр қазаға душар болды. 75 жасқа қараған шағында көрнекті жазушы, «Парасат» орденінің иегері, Қазақ станның еңбек сіңірген қай-раткері, халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лау реаты Адам Мекебаев дүниеден өтті.

Адам Мекебаев 1940 жылы 19 сəуірде Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы «Ақ-жар» кеңшарында дүниеге кел-ген. 1965 жылы Қазақ мем-лекеттік университетін, 1987 жылы Мəскеудегі Дүниежүзілік əде биет институтының жоғары əдеби курсын бітірген.

1965 жылы республикалық « Л е н и н ш і л ж а с » ( қ а з і р г і «Жас Алаш») газетінде, одан кейін Қызылорда облыстық мəдениет басқармасында жұ-мыс істеп, 1971 – 1974 жылда-ры сол облыстағы халық шы-ғармашылығы үйі нің дирек-торы қызметін ат қар ған. 1974 – 1981 жылдары республикалық «Қайнар», «Жазушы» баспа-ларында редактор, Қазақ КСР

Мəдениет министрлігінде, «Жұлдыз» журналында, «Қазақ əдебиеті» газетінде, «Ақиқат» журналында жауапты қызметтер атқарған.

П р о з а ш ы , к ө с е м с ө з ш і . С.Сəдуа қасов атындағы Журна-листер одағы сыйлығының, халық аралық Жамбыл, Ғ.Мү-сірепов атындағы əдеби сый-лық тардың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» жəне Тəуелсіздіктің 10 жылдығына арналған медаль-дармен мара патталған.

«Жадыра», «Жезтырнақ», «Аңызақ», «Құпия қойма», «Бой-жеткен», «Айтылмай қалған аңыз» секілді оннан астам про-за кітаптары мен «Періште ке-ліншек», «Жер кіндігіндегі апат», «Дауылды жер», «Қазына сыры» романдарының авторы. 1985 жылы Мəскеудегі «Советский пи-сатель» баспасы нан «Лебединая печаль», 1987 жылы «Суховей» повестер жи нағы орыс тілінде жарық көрген. Өмірінің соңғы жылдарында «Құпия қойма» романы мен «Сырдария кітап -ханасы» серия сымен екі томдығы жарық көрген.

Адам Мекебаев əдеби орта мен оқырмандардан өзіндік бағасын алған кең тынысты қаламгер еді. Сырда туған сыршыл қалам-геріміз Адам Мекебаевтың жар-қын бейнесі халқымыздың жүрегінде əрдайым сақталады.

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт

министрлігі, Қазақстан Жазушылар одағының

басқармасы.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұжымы əдіснама бөлімінің бас консультанты Лəйлім Бəкіқызы Қашымоваға анасы

Балапия ҚАШЫМОВАНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басшылығы мен ұжымы осы мекеменің жауапты қызметкерлері Əлжан Беганұлы Құлмановқа жəне Қарлығаш Беганқызы Құлмановаға əкелері

Беган ҚҰЛМАНОВТЫҢқайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұжымы мемлекеттік басқару жəне мемлекеттік қызмет кафе-драсының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Айгүл Қуаныш байқызы Балабековаға əкесі, Ғылым жəне өндірісті ұйымдастыру практикасы халықаралық академиясының академигі

Қуанышбай Рақышұлы НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұжымы мен кəсіподақ ұйымы

Қанипа ОМАРҒАЛИҚЫЗЫНЫҢқайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Білім жəне ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұлағатты ұстаз, «Құрмет» орденінің иегері

Қанипа Омарғалиқызы БІТІБАЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы басылымның жанашыры əрі белсенді авторы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қанипа Омарғалиқызы БІТІБАЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

«Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының ұжымы Ақтөбе облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының директоры Болат Айтжанұлы Байтілеуовке ұлы

Ақылбек Болатұлы БАЙТІЛЕУОВТІҢкенеттен дүние салуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected].

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected].

Александр Иванович НАЗАРОВ

Адам МЕКЕБАЕВ

Алматы облысының табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік орман қоры учаскелерінің орман ресурстарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру туралы 2014 жылғы 22 та-мызда Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26-үй, 304-бөлмеде өткен тендердің қорытындысын хабарлайды:

Республикалық меншіктегі нысан-дарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 198 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бектіліген Жекешелендіру нысандарды сату қағидасына сəйкес жүргізіледі.

Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады:

1. Ваз-21213 202 автомашинасы, мем.нөмірі Н021КК, 2005 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би к-сі, 81. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаменті» ММ. Бастапқы баға – 414 000 теңге. Кепілді жар-на – 62 100 теңге.

2. Ваз-21214 автомашинасы, мем.нөмірі Н023КК, 2007 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би к-сі, 81. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаменті» ММ. Бастапқы баға – 544 000 теңге. Кепілді жарна – 81 600 теңге.

3. Toyota Camry автомашинасы, мем.нөмірі Н001SP, 1998 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Əйтиев к-сі, 40. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті» ММ. Бастапқы баға – 734 000 теңге. Кепілді жарна – 110 100 теңге.

4. Ваз-21213 автомашинасы, мем.нөмірі Н004SP, 2004 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Əйтиев к-сі, 40. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті» ММ. Бастапқы баға – 240 000 теңге. Кепілді жарна – 36 000 теңге.

5. Ваз-21150-120-20 автомашинасы, мем.нөмірі Н003SP, 2005 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Əйтиев к-сі, 40. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті» ММ. Бастапқы баға – 128 000 теңге. Кепілді жарна – 19 200 теңге.

6. Ваз-21140 автомашинасы, мем.нөмірі Н020ВС, 2005 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Əйтиев к-сі, 40. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті» ММ. Бастапқы баға – 147 000 теңге. Кепілді жарна – 22 050 теңге.

7. Уаз-315126 автомашинасы, мем.нөмірі Н215AR, 1998 ж.ш., мекенжайы: Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Промышленная к-сі, 13. Теңгерім ұстаушы: «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқындағы РМК Жамбыл облыстық филиалы. Бастапқы баға – 202 000 теңге. Кепілді жарна – 30 300 теңге.

8. Mazda-626 автомашинасы, мем.нөмірі Н115BC, 1992 ж.ш., мекенжайы: Талас ауданы, Қаратау қаласы, Ақшораев к-сі, 24. Теңгерім ұстаушы: «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқындағы РМК Жамбыл облыстық филиалы. Бастапқы баға – 238 000 теңге. Кепілді жарна – 35 700 теңге.

9. Газ-3110 411 автомашинасы, мем.нөмірі Н267АК, 2002 ж.ш., мекенжайы: Жуалы ау-даны, Б.Момышұлы ауылы, Чапаев к-сі, н/с. Теңгерім ұстаушы: «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқындағы РМК Жамбыл облыстық филиалы. Бастапқы баға – 328 000 теңге. Кепілді жарна – 49 200 теңге.

10. Ваз-21213 автомашинасы, мем.нөмірі Н098ВС, 1996 ж.ш., мекенжайы: Меркі ауда-ны, Меркі ауылы, Əбдіров к-сі, 24. Теңгерім ұстаушы: «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқындағы РМК Жамбыл облыстық филиалы. Бастапқы баға – 209 000 теңге. Кепілді жарна – 31 350 теңге.

11. Уаз-31512 автомашинасы, мем.нөмірі Н816Al, 1991 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Пушкин к-сі, 142. Теңгерім ұстаушы: «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқындағы РМК Жамбыл облыстық филиалы. Бастапқы баға – 135 000 теңге. Кепілді жарна – 20 250 теңге.

12. Shkoda Octavia A4 автомашинасы, мем.нөмірі 025РК08, 2007 ж.ш., мекен-жайы: Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы к-сі, 216А. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облыстық прокуратурасы» ММ. Бастапқы баға – 995 000 теңге. Кепілді жар-на – 149 250 теңге.

13. Shkoda Octavia A4 автомашинасы, мем.нөмірі 021РК08, 2007 ж.ш., мекен-жайы: Талас ауданы, Қаратау қаласы, Ақшо-раев к-сі, 3. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облыстық прокуратурасы» ММ. Бастапқы баға – 623 000 теңге. Кепілді жарна – 93 450 теңге.

14. Shkoda Octavia A4 автомашинасы, мем.нөмірі 033РК08, 2007 ж.ш., мекенжайы: Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді к-сі, 100А. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облыстық прокуратурасы» ММ. Бастапқы баға – 1 105 000 теңге. Кепілді жарна – 165 750 теңге.

15. Toyota Corolla автомашинасы, мем.нөмірі 014РК08, 2007 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, М.Х.Дулати к-сі, 23. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облыстық прокуратура-сы» ММ. Бастапқы баға – 1 019 000 теңге. Кепілді жарна – 152 850 теңге.

16. Volkswagen Passat автомашинасы, мем.нөмірі 040РК08, 2007 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Қойгелді к-сі, 178. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облыстық прокурату-расы» ММ. Бастапқы баға – 1 092 000 теңге. Кепілді жарна – 163 800 теңге.

17. Газ-31105 автомашинасы, мем.нөмірі 028РК08, 2007 ж.ш., мекенжайы: Тараз қ, М.Х.Дулати к-сі, 23. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облыстық прокуратурасы» ММ. Бастапқы баға – 259 000 теңге. Кепілді жар-на – 38 850 теңге.

18. Toyata Camry автомашинасы, мем.нөмірі 034РК08, 2007 ж.ш., мекенжайы: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жібек жолы к-сі, 15А. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облыстық прокуратурасы» ММ. Бастапқы баға – 1 410 000 теңге. Кепілді жарна – 211 500 теңге.

19. Bаз-21213 автомашинасы, мем.нөмірі Н037BD, 2007 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Автомобильная к-сі, 1А. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бой-ынша бақылау жəне əлеуметтік қорғау департаменті» ММ. Бастапқы баға – 204 000 теңге. Кепілді жарна – 30 600 теңге.

20. Уаз-396259 автомашинасы, мем.нөмірі Н 363ВА, 2005 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Автомобильная к-сі, 1А. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бой-ынша бақылау жəне əлеуметтік қорғау департаменті» ММ. Бастапқы баға – 248 000 теңге. Кепілді жарна – 37 200 теңге.

21. Bаз-21070 автомашинасы, мем.нөмірі 343АD08, 2005 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Рысбек батыр к-сі, 13. Теңгерім ұстаушы: «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалы. Бастапқы баға – 157 000 теңге. Кепілді жарна – 23 550 теңге.

22. Ваз-21154 120-20 автомашинасы, мем.нөмірі 315АD08, 2010 ж.ш., мекен-жайы: Тараз қаласы, Рысбек батыр к-сі, 13. Теңгерім ұстаушы: «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалы. Бастапқы баға – 625 000 теңге. Кепілді жар-на – 93 750 теңге.

23. Bаз-21099 автомашинасы, мем.нөмірі Н260АҮ, 2004 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би к-сі, 36. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бойынша салық департаменті» ММ. Бастапқы баға – 42 000 теңге. Кепілді жарна – 6 300 теңге.

24. Ваз-21070 автомашинасы, мем.нөмірі Н016МD, 2000 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би к-сі, 36. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бойынша салық департаменті» ММ. Бастапқы баға – 95 000 теңге. Кепілді жарна – 14 250 теңге.

25. Ваз-21043 автомашинасы, мем.нөмірі Н012МD, 2000 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би к-сі, 36. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бойынша салық департаменті» ММ. Бастапқы баға – 103 000 теңге. Кепілді жарна – 15 450 теңге.

26. Ваз-21099 автомашинасы, мем.нөмірі Н791ВН, 2003 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би к-сі, 36. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бойынша салық департаменті» ММ. Бастапқы баға – 103 000 теңге. Кепілді жарна – 15 450 теңге.

27. Газ-31105-120 автомашинасы, мем.нөмірі Н001МD, 2004 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би к-сі, 36. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бойынша салық департаменті» ММ. Бастапқы баға – 134 000 теңге. Кепілді жарна – 20 100 теңге.

28. Газ-31105-120 автомашинасы, мем.нөмірі Н002МD, 2004 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би к-сі, 36. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бойынша салық департаменті» ММ. Бастапқы баға – 134 000 теңге. Кепілді жарна – 20 100 теңге.

29. Газ-322132-24 автомашинасы, мем.нөмірі Н027 МD, 2001 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би к-сі, 36. Теңгерім ұстаушы: «Жамбыл облысы бойынша салық департаменті» ММ. Бастапқы баға – 209 000 теңге. Кепілді жарна – 31 350 теңге.

30. Газ-3110-101 автомашинасы, мем.нөмірі Н010АU, 2002 ж.ш., мекенжайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16А. Теңгерім ұстаушы: «Тараз мемлекеттік педагогикалық институты» ШЖҚ РМК. Бастапқы баға – 197 000 теңге. Кепілді жар-на – 29 550 теңге.

31. «Mercedes-Benz» 320 S автомаши-насы, мем.нөмірі Н061СL, 1998 ж.ш., ме-кенжайы: Тараз қаласы, Қарасу ш/а, (5), 17Б-үй. Теңгерім ұстаушы: «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» ШЖҚ РМК. Бастапқы баға – 1 242 000 теңге. Кепілді жарна – 186 300 теңге.

Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына нысан қойылады:

1. Гараж В литері, жалпы алаңы 228,6 ш.м., бастырма Г литері, жалпы алаңы 160 ш.м., 1962 жылы салынған, мекен-жайы: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Ы.Алтынсарин к-сі, 93. Теңгерім ұстаушы: АШМ АӨКМИК Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы. Бастапқы баға – 1 290 000 теңге, ең төменгі баға – 193 622 теңге. Алғашқы баға – 258 000 теңге, кепілді жарна – 38 700 теңге.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тір кеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион баста-луға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

Кепілді жарналар «Жамбыл мемлекеттiк мүлiк жəне жекешелендiру департаментi» мемлекеттік мекемесінің шотына төленеді: депозиттік шот KZ740705012170170006, Қазақстан Республикасы Қаржы минис-трлігінің Қазынашылық комитеті, БЖК KKMFKZ2A, БСН 120340007071, ММ коды 2170170, КБе 11, КНП 171 (банктік қызмет есебі кепілді жарна төлемінің құрамына кірмейді). Төлемнің белгіленуі: аукционға қатысу үшін кепілді жарна.

Қатысушыларға кепілді жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бой-ынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру нысанын сатып алу құқын береді. Департаменттің депозиттік шотына кепілді жарнаның уақтылы түсу мақсатында өтініштерді қабылдау аяқталғанға дейін үш жұмыс күннен кешіктірмей төлеуге кеңес береміз.

Назар аударыңыз! Веб -портал өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сатушының шотына аукцион басталуға жетпіс екі сағат бұрың түспеуі негіз болып табылады.

Тізілім дерекқорында сатушының шо-тына кепілді жарнанның түскені ту-ралы мəлімет болған жағдайда, Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асы-рылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнанның түскені ту-ралы мəлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады.

Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бой-ынша аукцион:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi Қағидаға сəйкес белгiленген қадамға жекешелендiру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендiру нысанын сатып алу ниетiн растамайтын болса, осы жекешелендiру нысаны бойын-ша аукцион өткiзiлмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут iшiнде қатысушылардың бiреуi Қағидаға сəйкес белгiленген қадамға жекешелендiру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендiру нысанын сатып алу ниетiн растайтын болса, бастапқы баға белгiленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейiн жи-ырма минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендiру нысанын сатып алу ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру нысанын сатып алу ниетiн соңғы растаған қатысушы жеңiмпаз болып танылады, ал осы жекешелендiру нысаны бойынша аукцион өткiзiлген бо-лып танылады.

Жекешелендiру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдiсiмен аукцион қатысушылардың бiреуi ұсынған ең жоғары бағаға дейiн жүргiзiледi.

Жекешелендiру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемiнде екi қадамына өскен жағдайда ғана жекеше-лендiру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдiсiмен аукцион өткiзiлген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екi қадамға өсуiн кемiнде екi қатысушы жүзеге асырады.

Сауда-саттықтың голланд əдісі бойын-ша аукцион:

1) егер аукцион басталған сəттен бас-тап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі акуционда жекешелендіру ны-санын сатып алу ниетін растамайтын бол-са, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы осы Қағиданың тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейін бес ми-нут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша жеке-шелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісімен аукцион жеңім пазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген бо-лып танылады.

Əрбір сатылған жекешелендіру ныса-ны бойынша аукцион нəтижелері аукцион

нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Аукцион нəтижелері туралы хатта-ма аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат бо-лып табылады. Тараз қаласы, Əл-Фараби көшесі, (5-шағын аудан) 11 мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аук-цион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Бұл ретте, аукционның жеңімпазы са-тып алу-сату шартына қол қойған кез-де сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың:

1) паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың;

заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың;

2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете оты-рып, олардың көшірмелерін не нотариалды куəландырған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыс-тырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Назар аударыңыз! Сатып алушы жыл-жымалы мүлікті жекешелендіру кезінде жер учаскесіне құқық пайда болады, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес сатып алушы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын жеке төлейді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукцион ға қатысуға өтінімді Қағидада жасалған қосымшаға сəйкес нысан бойын-ша Тізілімнің веб-порталына тіркеуі қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда);

3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефоны, факс, е-mail);

5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген дерек-терді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы Қағидаға қосымшаға сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бой-ынша кепілді жарнаның түспеуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде жүргізіледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдала-на отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залын-да автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бой-ынша басталады.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7262) 34-34-90 (факс) телефоны арқылы алуға болады.

Тендер мына мекенжайда болады: Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114.

Тендерді өткізу уақыты – сағат 11.00-де. Тендерге ұсынылады:1. Жалпы алаңы 196,3 ш.м., пайдалысы

79,1 ш.м. өндірістік үй-жайды, инженерлік коммуникацияларымен бірге мына мекен-жай бойынша: Риддер қаласы, Дрейман көшесі, 4А.

Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – 475,04 теңге.

Кепілді жарна – 49100 теңге.Тендер шарты – теллекомму никация-

лық жабдықтарды орналастыру үшін пайдалану.

2. Жалпы алаңы 532,2 ш.м., пайдалысы 420,7 ш.м. үй-жайды инженерлік коммуни-кацияларымен бірге мына мекенжай бой-ынша: Риддер қаласы, 4-шағын аудан, 38.

Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – 475,04 теңге.

Кепілді жарна – 133200 теңге.Тендер шарты – теллекоммуника ция-

лық жабдықтарды орналастыру үшін пайдалану.

3. Жалпы алаңы 104,6 ш.м., пайдалы-сы 83,7 ш.м. үй-жай асханасын құрал-жабдықтарымен жəне жиһаздарымен (бөлек есептеу бойынша) инженерлік ком-муникацияларымен бірге мына мекенжай бойынша: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 148.

Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – 166,68 теңге.

Кепілді жарна – 34900 теңге.

Тендер шарты:– нысанды қызметкерлер мен студент-

терді тамақтандыру үшін пайдалану;– нарық қызметін тамақтандыруды ұйым-

дастыру бойынша жұмыс тəжірибесінің 3 жылдан кем болмауы;

– тамақтың түр-түрінің болуы. 4. Жалпы алаңы 110,3 ш.м., пайдалы-

сы 88,2 ш.м. үй-жай асханасын құрал-жабдықтарымен жəне жиһаздарымен (бөлек есептеу бойынша) инженерлік коммуни-кацияларымен бірге мына мекенжай бой-ынша: Өскемен қаласы, Революционная көшесі, 2.

Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – 166,68 теңге.

Кепілді жарна – 36700 теңге. Тендер шарты:– нысанды қызметкерлер мен студент-

терді тамақтандыру үшін пайдалану;– нарық қызметінде тамақтандыруды

ұйымдастыру бойынша жұмыс тəжірибе-сінің 3 жылдан кем болмауы;

– тамақтың түр-түрінің болуы. 5. Жалпы алаңы 100,4 ш.м., пайдалысы

80,3 ш.м. үй-жай асханасын жиһаздарымен (бөлек есептеу бойынша) инженерлік ком-муникацияларымен бірге мына мекен-жай бойынша: Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 72.

Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – 166,68 теңге.

Кепілді жарна – 33500 теңге. Тендер шарты:– нысанды қызметкерлер мен сту дент терді

тамақтандыру үшін пайдалану;– нарық қызметінде тамақтандыруды

ұйымдастыру бойынша жұмыс тəжіри-бесінің 3 жылдан кем болмауы;

– тамақтың түр-түрінің болуы. Тендерлік құжаттамаларда 3-5 лот бой-

ынша құрал-жабдықтар жəне жиһаздар тізбесі көрсетілген.

Жалдау ақысының мөлшерлемесі өзіне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді, ағымдағы күрделі жөндеуге аударымды, тұрақжайға қызмет көрсету төлемдерін кіргізбейді. Бұл төлемдерді баланс ұстаушымен шарт бойынша немесе қызметтер көрсететін ведомстволық күзет, пайдалану, коммуналдық, санитарлық жəне басқа қызметтер тікелей жалдаушы төлейді.

Тендер өткізу ережесіТендер өткізу барысында комиссия

тендерлік құжаттамада қамтылған нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне барлық талаптарға сəйкес келетін қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялайды.

Егер тіркелген өтінім саны екеуден кем болса, онда тендер болмады деп хабар-ланады (екінші жəне кейінгі тендерлерді санамағанда).

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мына құжаттарды тапсыру қажет:

1) тендерге қатысушы үміткердің тендер шарттарын орындау жөніндегі міндеттемелері көрсетілген өтінім жəне тендер шартын орындау бойынша оның

міндеттемелері мен тиісті шартты жасауы; 2) тендер шарты бойынша жапсырылған

конвертке салынған ұсыныс; 3) заңды тұлғалар үшін – құрылтайшы

құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғы) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тура-лы куəлік немесе анықтама көшірмелері, көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариалды куəландырылған немесе са-лыстыру үшін түпнұсқаны міндетті түрді ұсынумен салық төлеушінің куəлігі;

жеке кəсіпкерлер үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің көшірмелері, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжат, салық төлеушінің куəлігі жəне көрсетілген құжаттардың нотариат куəландырған көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті ұсынумен бірге үй кітапшасы (мекенжай анықтамасы);

жеке тұлға үшін – жеке тұлғаның жеке бас куəлігі, көрсетілген құжаттардың нотариат куəландырған көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті ұсынумен бірге үй кітапшасы (мекенжай анықтамасы);

4) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен көшірмені;

жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме-үзінді (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында);

5) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ

жəне орыс тілдеріне аударылып нотариат растаған құрылтай құжаттары;

6) кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшір-месі;

7) өтініш беру сəтінде салықтық бере-шегінің болмауы туралы салық органынан анықтама;

8) банктен екінші деңгейдегі ағымдағы шот бойынша анықтама.

Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жа-салады.

Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру ко митеті «Шығыс Қазақ стан мемлекеттік мүлік жəне жекеше лендіру департаменті» ММ-нің мына депозиттік шотына төленеді: ИИК KZ110705012170169006, БИК KКМFKZ2A, БСН 120240019160, КБЕ 11,КНП 171, «ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті» ММ-да.

Өтінімдер мына мекенжайда қабыл-данады: Өскемен қ., Крылов к-ci, 114. Анықтама aлy телефондары: 57 00 19, қабылдау бөлмесі – 25 69 94.

Өтінімдер қабылдау жəне тендер өткізу шартымен жəне тендер құжаттамасымен танысу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін 24 (жиырма төрт) сағат қалғанда аяқталады (2014 жылғы 25 қыркүйекте сағат 11.00-де).

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАЖамбыл мемлекеттiк мүлiк жəне жекешелендiру департаменті 2014 жылғы 26 қыркүйекте сағат 10.00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық

меншіктегі нысандарды сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ 2014 жылғы 26 қыркүйекте республикалық мүлікті 2014 жылғы 1 қазаннан бастап 1 жыл мерзімге мүліктік жалға (жалдауға) беру бойынша тендер өткізеді

Page 13: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz 13МИРАС

Баќыттыѕ ќалы кілемі

Еліміздегі қазақтардың саны он бір миллионнан асады деп күпінгенімізбен бірнеше миллион ағайынымыздың жырақта жүргені үнемі ойымызда тұрады. Олардың біразы бүгінде елге оралып үлгерді, кейбірі біржола келудің қамын жасап жатыр. Өкінішке орай, кей қандастарымыз санының аздығынан қоныс тепкен елді мекендеріндегі ба-сым ұлттарға сіңіп кетіп жатқанын жоққа шығара алмасақ керек. Қазір қазақ екенін, тілін, ділін ұмытып, ассимиляцияға ұшыраған бауырлары-мыз жетерлік. Керісінше, шетел асса да, ата-салтын, ана тілін, тұрмыс-тіршілігін осы күнге дейін қапысыз сақтап келе жатқан қандастарымыз бар. Олар сырт-та жүрсе де жат елдің тек жақсылығын үйреніп, сол үйренгенін өз ұлтының игілігіне жаратып бағуда. «Үйрен де жирен» деген атадан қалған асыл сөзді жадына мықтап сақтап, ұлтымыздың ұпайын теңестіруге тырысып жүрген ағайындарымыз көршілес Қытай Халық Республикасында да баршылық.

Бүгінде Шыңжаң қазақтарының ішінде сауда істемейтіні бірен-саран. Мұндағы бар қазақты сауда-гер деп отырғанымыз жоқ. Жалпы, қандастарымыз түрлі мамандықты игерген. Бірақ басым бөлігі сауданы қосалқы жұмыс ретінде ермек етеді. Бұл өңірдегі қазақ атамекендегі ағайындарға ерекше ұлтжандылығымен танымал. Олар қалың қытайдың арасында жүрсе де «қазақпын» деп жар салудан тан-байды. Тіпті, сауда жасап жүріп те тек қара басының қамын емес, ұлтымыздың мүддесін ойлайды...

Шыңжаң қазақтарының қай-қайсы-сының үйіне бас сұқсаң ұлтымыздың дəстүрін танытатын кемінде бір тұрмыс бұйымын көресің. Не дастарқан, не домбыра немесе шапан, тіпті, болмаса көрпе-төсек... Əйтеуір, əр шаңырақтан ұлттық нақыштағы жəдігерліктер көптеп табылады. Кейбіреулері босағасынан төріне дейін ұлттық үлгілерді айшықтап, əбден «қазақылап» тастаған. Əсіресе, үйінде қазақы кілем төселмеген қандасымыз жоқтың қасы. Өз басым атамекенде жүргенде ұлттық нақыштағы төсеніштерді тек ауылдық жерлер-ден ғана кездестіретінмін. Олардың басым бөлігі қолдан жасалады. Ал мына жақтағы төсеніштер зауыт-тан шығарылады. Қолдан жасалған бұйымнан еш айырмашылығы жоқ, сапа-сы жоғары, ою-өрнекпен безендірілген. Қазіргі заманға сай əп-əдемі кілемдер əр қазақтың еденінде жатыр. Кейбір шаңырақтың қабырғасында ілулі тұр. Бұл кілемдерді зауыттан шығару идея-сы алғаш Бақыт Əлболатұлы деген қандасымыздың ойына келіпті.

Бақыт Əлболатұлы – Шыңжаң ав-тономиясы, Боратала облысы, Жың ауданының тумасы. Ол жастайы-нан сандардың сыры мен сиқырына үңіліп өскен. Санаққа зерек болған. Сондықтан, мектептен түлеп ұшқан бойда бірден математиканы терең зерттеуге бел буып, сол мамандықты игеретін оқуға түскен. Жастайғы ар-манына қол жеткізген ол біраз уақыт өз ауылындағы орта мектепте матема-тика пəнінің мұғалімі болып қызмет істеген. Кейін ол фольклор үлгілеріне, ұлттық өнерге аңсары ауып, қызметін ауыстырған. Ұлттық ою-өрнегімізді ден қойып зерттеген. Жастайынан жазу-сызуға икемі болған. Сондықтан, зерттеп-білгенін, үйренгенін жергілікті газет-журналдардың бетіне басты-рып жүрген. Кейіннен жариялаған дүниелерін жинастырып, «Қазақтың дəстүрлі ою-өрнектері» деген алғашқы кітабын шығарған. Ол кітап қытай жəне ағылшын тілдерінде де жарық көрген.

Күндердің күнінде Бақыт бала кезгі арманын еске алады. Қайтадан сандар-мен жұмыс істеуге құлшынысы ояна-ды. Бірақ ол кезде Бақыт Əлболатұлы белгілі фольклоршы, қаламгер ретінде таныла бастаған-ды. Шыңжаң фоль-клоршылар қоғамының белсенді мүшесі болады. Көп ойланбай Бақыт осы екі мамандығын ұштастырып көреді. Өз қолымен сызылған ою-өрнектерді саудалауға бел буады. Сол кезде ою-өрнектерін қазақтың ең көп тұтынатын үй бұйымы – кілемге басып шығару ту-ралы ой келеді.

Нарықты зерттеп қараса, базарда қолдан жасалған сырмақ, алашалар бар, ал сапалы қалы кілем жоқ. Дереу «Алатау» деген марка ашып, үкіметтен патент алып, тəуекел деп саудасын бас тайды. Нəтижесі ойлағанынан асып түсті. Бақыттың базарға салған тауарын

қазағы бар, басқа ұлт өкілдері бар та-ласып алып кетеді. Саудасы өрлеген

Бақыт зауытқа көлемді тапсырыс беріп, «Алатау» маркалы сау-да желісін құрыпты. Бүгінде

қаза қы қалы кілемдерді

Шың жаңның кез келген базары мен ірі сауда орталықтарынан табуға болады. Сонымен қатар, бұл кілемдер Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия елдеріне жүйелі түрде жіберіліп тұрады. Кейбір шет мемлекеттерден арнайы тапсырыспен алдыртатындар да бар. «Шынын айтсам, кəсібім дəл осылай өрлейді деп ойламап едім. Бар ойым ұлттық өнерімізді дəріп-теу еді. Сосын азын-аулақ пайда көр сем деген ниетім де болды», – дейді Бақыт.

Талабы зор, пейілі түзу болғасын шы ғар, Жаратушымыз бұл қандасы мыз-дың тілеуін беріп отыр. Бақыт Əлбо-латұлы бүгінде Шыңжаңдағы ең беделді қазақ кəсіпкерлерінің бірі. Ол сонымен қатар, мəдениет қайраткері ретінде де танымал. Ал «Алатау» бұл елдегі ең бел гілі брендтердің бірі. Бақыт – кілем шы ғаратын зауыттың иесі. Үрімші

жəне Шыңжаң аудандарында бірнеше дүңгіршектері мен сауда орындары бар. Бірақ ол «кəсіпкермін» деп тек сауда жа ғалап кеткен жоқ. Əлі де қазақтың ою-өрнегі мен ежелгі салт дəстүрлерін зерт теумен айналысып жүр. Жуырда «Қа зақтың дəстүрлі қолөнері» атты фото-суретті кітабы жарық көрмек. «Жақсы ниет – жарым ырыс» деген осы болар...

Алмастыѕ ќазаќы кїнтізбесі

Бақыттың Ал мас деген жалғыз ұлы бар. Ол – ұлттық сананы сіңіру мен сау-да жасауды ұш тастырып нə пақа тауып жүрген жас кə сіпкер. Жи ырма бес жастағы Ал мас басқа құр дас тарымен са-лыс тырғанда ұлт тың ұпайын түгендеуге біраз үлесін қосты дей аламыз. Алмас – қазір көп қазақтың үйінің қабырғасында ілулі тұратын «Қазақы күнтізбенің» ав-торы. Патент иегері.

«Қазақы күнтізбе» – өзге жұрт тың бағзы заманда ойлап тапқан календарының қазақша нұсқасы ғана емес. Мұнда күн, ай, жыл мезгілдерімен қоса қазақтың үш жүзінің шежіресі бейнеленген. Рет-ретімен орналасқан сандардың үстінде тамырын тереңге жайған терек бейнелен-ген. Үш тармаққа бөлінген бұтақтары ұлы, орта, кіші жүзді меңзейді. Ол бұтақтардың бойына тарам-тарам болып жайылған жапырақтарда рулардың атауы жазылған. Тапқыр лық тың қарапайым ғана көрінісі. Күнделікті күнтізбеге көз жүгіртіп, қазақ шежіресін еріксіз жадыңызға құйып аласыз. Мен Алмастың календарын тек Қытайда емес, Астана мен Алматы ба-зарларынан да көргенмін. Саудасы жаман емес. Бағасы қалта көтерерлік...

Бірде Шыңжаңның Шиху деген қаласында ауқымды айтыс ұйымдас -тырылды. Аламан айтыс барысын-да ұлттық нақыштағы бұйымдардың көрме-жəрмеңкесі өтті. Сол жəрмеңкеге көптеген ұлттық жəдігерліктермен қатар, Алмастың күнтізбелері де қойылды. Қазақтар əдеттегідей күнтізбені тала-сып алып жатты. Сонда қалың қазақтың арасынан бір ұйғыр шал шығып, «Маған да біреуін берші, өзімнің ағайындарыма көрсетейін. Бауырлас ұлттың шығу тегімен танысайық. Мүмкін, біз де осы-лай шежіремізді жасайтын шығармыз. Үлгі болсын!», – деп бір күнтізбені са-тып алды.

Мені бұл жайт қатты əсерлендірді. Бір қазақтың ұлтым үшін деп жасаған дүниесі өзге бір ұлттың сана-сезімін оят-қанына куə болдым. Ішімнен «Жарай сың,

Алмас! Жарайсың, қаза ғым!» дей бердім. Жас жігіттің жасаған күнтізбесінің

өзіндік ерекшеліктері көп. Біріншіден, бұл дүние көп орын алмайды. Пайдалануға өте қолайлы. Екіншіден, бұйым ретінде ай-күнді көрсету жағынан ең үздік деген күнтізбелерден кем түспейді. Үшіншіден, ұлттық үрдістерге сүйеніп жасалғанымен кез келген халықтың қызығушылығын туғызатындай тартымдылығы бар. Төртіншіден, қолданған адамның та-нымын кеңейтіп, ой-өрісін арттырады. Бесіншіден, ата тегіңнің шежіресін ұмытпауға үндейді. Алтыншыдан, жырақта жүрген қазақтардың жас буынына жеті атасын жаттатады. Жетіншіден, бұл – қылқалам шеберінің қолынан шыққан бейнелеу өнерінің сəтті туындыларының бірі.

Тегінде, Алмас қазақы күнтізбемен шектелген жоқ. Басқа да ұлттық үлгідегі бұйымдарды ойлап тауып, көпшілік құрметіне бөленіп келеді. Ол Шыңжаң университетінде компьютерлік ди-зайн жəне анимация мамандығын игерген. Сондықтан, ылғи да жасаған дүниелерін дизайнерлік жоғары талап-пен айшықтайды.

Болашақта таңдаған мамандығы бой-ынша қызмет істегісі келеді. Кең-байтақ Қазақстанның өзі əлі күнге дейін дарынды суретші-мультипликаторларға жарымай жүргенде, Қытайдағы азғантай қазақтар арасынан анимациялық фильмдердің ма-манын табу оңай еместігі белгілі. Алмас – сол аз маманның бірі. Жас жігіттің ана тілін, ұлттың əдет-ғұрпын оқып-тоқуға негізделген қазақтың «3D» форматты мульт фильмдерін түсірмек ойы бар. Сөй-тіп, əйгілі суретші-мультипликатор Əмен Қайдаров аға бастаған ұлттық үлгі дегі мультфильмдер сериясын жалғас тыр мақ.

Бірақ мұның бəрі əзірге жоспардағы жобалар ғана. Оның мультфильмдері ке-ле шекте қазақ баласының бас алмай кө -ре тін дүниелеріне айналады деп сенейік.

Ќўсайынныѕ компасты ќазаќы жайнамазы

Алмастың жасаған бұйымдары негізінен қазақ тұтынушыларына арнал-ған. Алайда, Шыңжаң қазақтарының күллі мұсылман қауымына арналған тағы бір дүниесі бар. Бұл – компасты жайнамаз. Бүгінде бұл жайнамазды бар қазақ, барша мұсылман көрген болар. Оны мұсылман баратын базардың қай-қайсысынан да кездестіресің. Соған орай саудасы да қызып тұр. Бұл кере-мет жайнамаздың авторы – қандасымыз Құсайын Манап. Құсайын – өз халқының құндылықтарын қастерлейтін ұлт жа-нашыры. Ісі оңға басқан кəсіпкер. Ол табысына табыс қосуды көздейтін мақсатын ұлтымызды қалың жұртқа та-ныту міндетімен үйлестіруге тырысады. Сондықтан, іскерлік қадамдарын қазақ мейрамханасын ашудан бастаған.

Құсайынның «Арыс» деген мей-

рамханасын Үрімшіде білмейтін қандасымыз жоқ. Қытай жерінде жүріп аз ұлттың мейрамхана ашып, оны тұрақты ұстап отыруы оңай шаруа емес. Ол үшін адам саудаға бейім, ойға жүйрік, ақылды əрі пысық бо-луы керек. Уəдеңе мығым, ісіңе бекем болмасаң, еңбегіңнің бəрі зая кетеді. Бұл қасиеттердің барлығы Құсайынның бойында бар. Құсайынның мейрам-ханадан түсетін пайдасы күнкөрісін қамдап, шай-суын айыруына жетеді. Бірақ ол мұнымен шектелгісі келмеді. Мейрамхана ашу – оның ойлап тапқан нəрсесі емес, шын ниетімен талапта-нып, тəуекелге бел буған біраз адамның қолынан келетін іс. Ол енді шынында да өзінің ойлап тапқан жеке бұйымын саудалауға ынтықты. Онысы міндетті түрде қазақтың ұпай қоржынын молай-тып, абыройын асқақтатуға өз үлесін қосуға тиіс.

Құсайын ұзақ ойланып жүрген күндердің бірінде жұма намазға жиылған қалың жұртқа көзі түседі. Зер салып қарағанда байқады, Қытай жеріндегі мұсылмандар санатына кіретін аз ұлттар өздерінің ұлттық үлгісіндегі бір-бір жайнамазын қолтығына қыса келіпті. Солардың арасынан қазақы үлгідегі жайнамаз көтеріп келген бірде-бір қазақты көрмепті. Барлығы мешіт ішіне төселген ортақ кілем үстінде сəждеге жығылады екен. Іздегенін тапқандай болады. Басында тек сол жайнамазды алып, жан-жағына қазақтың ұлттық ою-өрнегін салып шығару ойға келген.

Ол ойын іске асыруға оқталып жүргенде тағы бір жайтқа тап бола-ды. Далада жолаушылап келген тағы бір мүміндерді көзі шалады. Олар намаздың уақыты келсе де, жайнамаз-дарын төсемей, жан-жағына жалтақтап қарап тұрады. Сөйтсе, құбыланың қайда екенін анықтай алмай кідірген екен. Құсайынның миына бір керемет ой сап ете қалады. Қытайдың ең əйгілі төрт жаңалығының бірі – компас көз алды-на келеді. Сөйтіп, көп ұзамай Құсайын ең алғашқы құбыланы меңзейтін ком-пас орнатылған жайнамаздарды жасап шығарады. Ұзындығы 1,2 метр, ені 72 см, жан-жағы қазақы ою-өрнекпен безендірілген, маңдайшасына компас орнатылған жайнамаздар базардан орын алды. Оны əдемілеп-əспеттеп отырып, тасымалдауға ыңғайлы шағын қорапшаға сыйғызды. Қорапшаның ішінде жайнамазбен қоса тəспі мен ақ тақия, яғни мұсылманның бас па-рызын орындауға арналған керекті дүниелер де салынады. Алғашында 50 мың данасы саудаға түскен екен, халық пышақ үстінен бөлісіп əкетіпті.

Бүгінде компас ты жайнамаз – Үрімші базарларындағы ең өтімді тауарлардың бірі. Кейін оны басқа ұлттар өзіне бейімдеп шығаратын болды. Алайда, оны ең бірінші Құсайын деген қазақ ойлап тапқанын біреу білсе, біреу білмес. Бүгінде Шыңжаңда көп жұрт бұл дүниені «компасты жайнамаз» емес, «қазақы жайнамаз» деп атайды екен.

Құсайын осылайша өз арманына жетті. Екі мақсатқа бірден қол жет -кізді. Біріншіден, ұлтының атын шығар-ды. Екіншіден, содан азды-көпті пай-дасын да көрді. Кейіннен ол «қазақы дастарқан» жасап шығарды. Ол да бүгінде ең өтімді тауарға айналды. Құсайының дастарқанын Шыңжаңдағы əр қазақтың, кейде тіпті өзге ұлттардың шаңырағынан, мейрамханаларынан көре аласың.

Єўсманныѕ анимациялыќ «Абайы»

«3D» форматтағы мультфильмдер əзірге Алмас бауырымыздың ойында ғана жүрсе, Ғұсман деген тағы бір қандасымыз бұл жұмысқа əлдеқашан білек сыбанып кірісіп кеткен екен. Ғұсман Қажытайұлы – «Абайдың балалық шағы» атты жаңа заманғы үлгідегі «3D» мультфильмін түсіріп жүрген қазақ. Бұл бауыры-мыз Абайды ерекше құрметтейді. Оны ұлылықтың үлгісі ретінде бағалайды. Ұлы ойшылдың шығармаларын жастай-ынан сүйсініп оқып өскен. Сондықтан да, өзінің анимациялық компаниясының атын «Абай жолы» деп қойған. Мұндағы мақсат – Абай рухына құрмет көрсету. Кəсібін Хакім Абайдың атымен бастағанын жақсы ырымға балайды. Ғұсман «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген Мұхтар Əуезовтің сөзін өзінің ұраны ретінде ұстанады. Сондықтан Абай туралы анимациялық фильмде ол бала тəрбиесіне айрықша мəн берді. «Абайды біз оқып өстік. Жаман болған жоқпыз. Қазір техниканың дəурені жүріп тұр. Кітап кеміруге ынтық жас буынның қатары сиреп барады. Бүгінде мектеп жасындағы балалардың күнұзаққа сары-лып кітапқа үңіліп отырғанын көрмейсің. Қазіргі бүлдіршіндер көгілдір экраннан көз алмайды», – дейді Ғұсман.

Бұл мəселе оны қатты толғандырады. Сол себепті, ол Абайды қазіргі заманның тілінде сөйлеткісі һəм көрсеткісі келеді. Бүгінгі буынның бойына қазақылық қасиеттер əбден сіңсе екен дейді. Ала қағаздан гөрі түрлі-түсті бейне-лерге əуес ұрпаққа сұранысына сай өнім жасап отыр. Ол қазақтың ой-шыл ақынының бейнесін ХХІ ғасыр көрерменіне ұсынады. Əрқайсысы 13 ми-нуттан тұратын 100 серияда ол Абайдың балалық шағын түгел баяндап шықпақ. Шетелде басталған жоба болғандықтан бұл мультфильм бірнеше тілде сөйлейді. Қалың қауым осы туындыны қазақ, ағылшын, қытай, ұйғыр тілдерінде та-машалай алады. Көпшіліктің көңілінен шығып, қолдау тауып жатса, кейіннен тағы бірнеше тілге аудармақ ойы бар.

Ғұсманның жас буынды қазақылыққа баулитын жобасы тек бұл емес. Ол бас қаратын «Абай жолы» компания-сы шыңжаңдық «Қарлұқ» анимация компаниясымен жəне өзіміздің «Қазақ-фильммен» бірігіп, «Жау жүрек мың бала» фильмінің ойын түріндегі нұсқасын түсіріп жатыр. Бұл ойында жоңғар-қазақ соғысы сипатталады. Ойыншы не жоңғар, не қазақ жағын таңдап ойнай-ды. Жобада сол кезеңдегі адамдардың бет-əлпеті, киім үлгісі, батырлардың, жауынгерлердің сауыт-сай мандары дəлме-дəл келтірілген. Тари хи дерек-терге сүйене отырып ұсы ныл ған кейбір оқиғалардың қойылы мы бар. Ойын-шының шеберлігіне қарай оқи ғаның барысын өз бетінше өзгертуге болады.

Бұл қос жобаның басталғанына бір жылдан астам уақыт өтті. Сəтін салса, жуырда жас буынымыз мəн-мағы насы жоқ шетелдік мульфильмдерді тама-шалап, телеэкранға текке телмірмей, Абаймен жақынырақ танысып, қазақы əдет-ғұрыптарды бойына сіңіретін бола-ды. Ал ойынқұмар қауым тек ойнап қана отырмай, «Жау жүрек мың баланың» жай-күйін ойлап, тарихтан азды-көпті мағлұмат алып, ой-өрісін кеңейтеді. Мұ-ның барлығына Ғұсманның озық идея -ларының арқасында қол жеткізіліп отыр.

Атап өткеніміз, қандасымыздың ұлтымызды ұлықтау үшін атқарып

жүрген жұмыстары ғана. Осы кəсіптен жеке басына соншалықты көп пайда түседі деп ойламайды. Керісінше, бұл оның қазақ жастарына арнап шашқан шашуы деп біліңіз. Бұдан бөлек Ғұсман Қажытайұлының бірнеше жеке сауда серіктестігі бар. Абайшыл кəсіпкер Үрімшідегі «Азия интернет технология-сы» серіктестігінің жəне Шəуешектегі «Хунли» экспорт-импорт компаниясының директоры. Ол бір фирмасы арқылы ком-пьютер жəне интернетке керекті жаңа тех-нологияларды ұсынады. Екінші мекемесі арқылы сол технологияны Қазақстан, Ресей секіл ді көршілес мемлекеттерге тасымал дайды. Ғұсман халықаралық сау-да қатынастарының дамуына да өз үлесін қосып жүр. Сөйтіп, озық технологиялар-ды Қазақстанға тарату мақсатында көп жұмыс атқаруда. Ғұсманның «Азия ин-тернет технологиясы» компаниясы 2011 жылы Шыңжаң бойынша əкімшілік пен сауданы интернеттендіруге үлес қоса-тын серіктестіктердің байқауына қатыс-ты. Сайысқа түскен 1300 компания ның ішінен Ғұсманның мекемесі ең үз дік үштікке кірді. Шыңжаң автономия-сын дамытушы нысандардың қатарына қосылды.

Меллаттыѕ кеѕ «Дастарќаны»

Дастарқан – Шыңжаңдағы тек күн -делікті қолданыстағы бұйым ғана емес, бұл – белгілі бренд атауы. «Дастарқан» – қазақтың ұлттық тағамдары таныс-тырылатын азық-түлік өнімдерін сау-далайтын серіктестік. Директоры – Меллат Тазабекұлы деген қандасымыз. Меллаттың мамандығы заңгер. Қызмет баспалдағын Тарбағатай аймағының Толы облыстық сотынан бастаған. Сотта қызмет істеп жүріп қосалқы жұмыс ретінде кəсіпкерлікті серік етеді. Кейіннен мемлекеттік қызметтен шығып, бірыңғай бизнеске ауысады. 2007 жылы алғашқы өнімі – қазақ кəмпитін шығара бастайды. Саудасы оңға басқан соң, кейіннен түрлі қазақы азық-түлік өнімдерін базарға шығарады.

Бүгінде Меллаттың өнімдерін əр қазақтың түрлі шараларынан, жиын-дарда жайылатын дастарқандардан ұшырастырасың. Меллаттың 55 аудан-қалада сауда орындары мен мыңнан астам желілі дүкендері бар. Қазақтың қара шəйі, құрт-ірімшік, бал сияқты жүзден астам өнім шығарады. Шыңжаңның кез келген дүкенінен «Дастарқан» маркалы өнімді кездестірсең, оны Меллаттың жа-са ған дүниесінің санатына қоса бер.

Сонымен қатар, Меллат – өте мейірімді жан. Қайырымдылық шараларымен де айналысады. Қытай жерінде түрлі табиғи апат кеселінен зардап шеккен немесе басқа да мұқтаж адамдарға қол ұшын береді. Одан қалса, Қазақстан мен екі арада ұйымдастырылатын шаралардың шығындарын төлеуге көмектесіп тұрады. Мəселен, ақын Мұхтар Шахановтың Қытайдағы шығармашылық кешіндегі сахна жобалау жұмыстарына кеткен шығындарын түгелімен өз мойнына алған. Меллат беделді кəсіпкерлердің қатарына кіріп, қазақы бұйымдарды жар-намалап қана жатқан жоқ. Меллаттай азаматтың арқасында сол елдегі қытай, ұйғыр жəне де басқа жұрт қазақтың кеңпейілдігі мен адалдығын, жалпы, ұлтымыздың жағымды келбетін танып-білді. Ол көптеген кəсіпкерге, жалпы, азаматқа үлгі болар жан дер едім.

Жалпы, қытайлар – əлем жұртшы-лығына түрлі қырымен танылған қалың ұлт. Біреулер оларды «тапқырлар», екін шілер «ойшылдар», енді біреулер «еңбекқорлар» дейді. Əрине, олар кімге қай қырын көрсетсе, сол қасиеті ардақталады. Алайда, қытайлардың күллі əлем бір ауыздан атап өтетін, барлық ел бірдей мойындайтын ерекше бір қасиеті – саудагерлік, яки, бүгінгі заманның тілімен айтқанда кəсіпкерлік.

Қытай жер бетіндегі ең ежелгі өркениет иелерінің бірі. Басқа халық бейқам жүргенде бұлар түрлі нəрсені ойлап тауып, оны шетелдерге сауда-лап, табысын еселеумен айналысқан. Дəл осы қасиетінің арқасында бүгінде экономикасы ең қарқынды дамыған тегеурінді державаға айналып отыр. Кəсіпкерлікті терең меңгеріп, АҚШ секілді алып елдің алдын орап, əлемдік нарықтың сүбелі тұстарын өзіне қаратып алды. Ал осы «қалың кəсіпшіл елдің ішінде жүрген қандастарымызға бұл қасиет жұқты ма екен?» дерсіз. Əрине. Оған жоғарыда айтылған бірнеше кейіпкеріміздің берекелі ісі дəлел бола алады. Олар «Көп қорқытады, терең ба-тырады» деген нақыл сөздің өзін жоққа шығарғандай. Əлемді аузына қаратқан қалың қытайдың арасында жүрсе де, аз қазақтың абы ройын асқақтатуда.

Біздің қандастарымыз өзге елдің өнерін жетік меңгеріп, өнеге көрсетіп жүр. Кəсіпкер жігіттер алыстағы ағайынның ұлттық сана-сезімін жоғалтпауына да зор үлестерін қосуда. Қазақтың тек тұты -нушы емес, өндіруші де бола алатынын, өндірген өнімін тек өз ішіне ғана емес, өзгеге де саудалай алатынын дəлелдеп жүр. Ата кəсібімізді нарық заманына сай етіп лайықтауға болатынын көрсетуде.

Бір жарым миллиард халық тұратын елдегі бір жарым миллион қазақтан шыққан кəсіпкер азаматтар ұлттық ұғымдарды ұлықтай біледі. Əзірге, пайданы ойлап, арды ұмытып кет-кен ешқайсысы жоқ.

БЕЙЖІҢ.

ҰЛТ ҰПАЙЫЌытай ќазаќтарыныѕ ўлтты ўлыќтаумен ўштастырєан кəсіпкерлігі

Дəурен БАУЫРЖАНҰЛЫ,«Егемен Қазақстан».

Page 14: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz14 ЖАҢҒЫРЫҚ

КөккөлТып-тыныш көл беті өз-өзінен толқындады да, жал-

жалданып, ақ көбігі шыға екпінмен жағаға ұрды. Толқын -дардың арасынан уілдей басталған бір үн құлаққа жетті. Сол

үн үдей келе жаңғырығып, артынша əлдебір мақұлық аласұра толқынданған судың қақ ортасынан мойнын қылтитқан күйі ащы айқайымен бүткіл таулы өңірді дір-дір тербелткендей, тербетіп тітіркенткендей болды...Асқар таудың қойнауындағы су бетінен жағалаудағы көктастың үстінде отырған күйі ой кешкен келбетімізді көріп таңданған да жай бар. Ұзақты күні көлге қарап отырып менің ойыма сан тарау оқиғалар оралды.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ,«Егемен Қазақстан».

Көккөлдегі аждаһа... Қара-қыстақ өңірін жайлаған малшы атаулы бір əңгіменің арнасын өзгеше мəн бере қызық оқиғаны баяндаған сəт елең ете тыңдайсыз, əйтеуір соңына қарай сан-саққа жүгіртіліп, кейде аңыз іспеттес аяқтайды. Көккөлдегі аждаһа... Көл беті толқынданып артынша өркеш секілденіп кетеді де, бір уақытта түйе кескіні ме деп қоясың, беймəлім мақұлық саған жанары жалаурай қарап тұрады, қарап тұрады да боздаған үнімен дүниені дүр сілкінткендей əсерге баурай-ды. Дауыс дірілдеп-дірілдеп ба-рып тау-тасты жаңғырықтырады. Боздаған үн аруана ма, аждаһа ма, беймəлім күйінде қалады. Жағада сол сəт тұрар болсаң, судың беті толқындана бастағаннан тасыр-лай, тау-тасты өрмелеп қашасың. Қашпай көр, боздаған күйі ащы айқайымен мойнын соза қараған мақұлыққа жем болар кім. Ал судың беті толқынданғанда көлге шомылып жүрсеңіз, онда бітті, жағаға шығу қиын, беймəлім мақұлық жұтады да қояды. Көк-көлдегі аждаһа... Əңгіме сан-саққа жүгіртіледі.

Айтушылар жағы əлгі ма-құлықтың ұзындығы мен басы жыланға ұқсайды екен деп те тарқатады. Ақсақалдар болса бұл Жаратқанның жіберген жы-ла ны ғой деседі. Сөйтіп, əң-гіме тармақтала береді. Анау көл жиегіндегі жалғыз арша да қасиетті. Мынау алып жылан-аждаһаға əкелген тиын-тебеніңді ақ шүберекке түйіп, аршаның бұтақтарына байлап қою ке-рек. Одан соң Көккөлге шомыл, егер аждаһа рахымын көр сетсе бар кеселіңнен арыласың да шы ғасың, ал, қаһарына іліксең сені сол мезетте-ақ жұтады да жібереді.

Жергілікті жұрт осылай əңгі менің қиюын келтіре ай-тады да түйінсіз қалдырады. Сондай əңгімеден барып, қарсы алдымыздағы əсем көл Көккөл – əулие көл деп те аталды. Көнекөз қариялар: несін айтасың, бұл əулие көлде аждаһа бар десті. Жəне де көл жағасында өсіп тұрған жалғыз түп ағаш – арша жайлы да, оның қасиеттері жөнін де де қилы-қилы аңыздай əңгіме өрбітеді.

Былтырғы жазда Меркіде Серікбай ағаммен кездестік. Кезінде бірге оқыдық, журна-листік мамандықты бірге ал-дық. Арада қанша жыл өтті. Ананы-мынаны еске аламыз. Əңгіме айналып келіп Көккөлге тіреле береді. Одан бері де отыз жыл өтіпті. Шіркін, уақыт жас-тық дəуреннің куəсіндей өте шыққан, таңданып қоямыз.

– Биылғы шілденің алды, болмаса аяғында дайын жүр, менен хабар болады, сол Қара-қыстақ өңіріне жол түссе барып қайтайық, деген. Сол жаз өз тіршілігімен өте берді. Үлкен жолдың үстінен ары-бері өтіп жүрдік. Серікбай ағадан хабар ұзай берді. Реті келмеді. Күз

өтіп, қыс келді. Бұл кезеңде Қарақыстақ өңіріне бағыт алу қи ындай түседі. Біз де таулы аймаққа əзірге жол түспейді дедік те қойдық. Ал, жуықта Серікбай ағам Мер кіден хабарлап тұр. Ол кісі бұл екі ортада қызмет ауыстырғанын тілге тиек етіп жатыр.

– Сапаржан, былтыр айтқан едім, ыңғайы келмеді ғой. Міне, қазір ғана сол мəселені келісіп отырмын. Келе аласың ба, – дейді.

– Аптаның соңына барайық, – дедім сөзге келмей.

– Болады, тағы хабарласамын ғой. – Серікбай ағаның телефоны үзілді. Бұл дүйсенбі күні болатын. Ертеңіне тағы ха-барласты. Келісім бойынша біз бейсенбі күні кештетіп болса да Меркіге қонып, ерте мен Қарақыстаққа қарай жолға шы-ғатын болдық.

Меркі селосының жанындағы Ақтоған ауылында таңертең ертемен жинала бастадық. Осы сапарға арнайы жиналған Қор дай ауданында ұзақ жыл түрлі салада еңбек еткен зейнеткер Сағат Алдабергенов ақсақал жылы киініп алыс жолға сақадай сай жүр. Ақтоған ауылдық округінің əкімі Олжабек Қосубаев пен аталмыш ауылдың тұрғыны Бақберген Егембердиев жол қамымен əбігер. Сол екі ортада телефон шалып, Т.Рысқұлов ауданындағы Ка-менка ауылының тұрғыны, ауданның құрметті азаматы Қыстақ Дəулетов қария түске қарай шығайық деп өтініш айтып хабарласыпты. Серікбай ағайдың үйінде кешігіп жатқанымыз да содан екен. Неге кешіккеніміздің себебі айтылған жоқ. Не болғанда Каменка ауылына жақындай бе-руге шештік. Сөйтіп, Қыстақ ақсақалдың ауылына қарай жол тарттық. Бүгінгі таң да еркелеген күйі күліп атты. Жайдары күннің астында көп жүрмей-ақ келесі көрші ауыл -ға келдік. Қыстақ ақсақал ауласын да күтіп алды. Көзге көптен таныс үй секілді елес-теген.

– Бүгінгі Ақшоқыға қарай жолға шыға тынымызды мына қараағаштың көлеңкесінде Серік екеуміз осы жерде келісіп алғанбыз, – деп кеңкілдеп күліп алды. – Ал, жігіттер, төрлетейік...

– Қыстақ Дəулетович, қалайсыз? – деп ерекше мəнермен тосындау амандас-ты үйге кірген бір жігіт. Ол Т.Рысқұлов аудандық мəслихатының депутаты, кəсіпкер Кəкен Құлбарақов болды. Одан соң үйге облыстық «Ақ жол» газетінің осы аудандағы меншікті тілшісі, өңірдегі аңыз біткенді сөйлетуге тырысатын Сейсен Қожеке мен Қарақыстақ ауылдық округінің əкімі Ораз Тəнекеев деген азаматтар кіріп келе жатты.

Бір ғажайыбы, Көккөл дегеніңіз бұл қысты күні де бұрқырап, қайнап жатады. Көкпеңбек күйі көз жауын алып, əдемі əспетті кейпінен бір өзгермейді. Осы сапарға ерекше қызығушылық білдіріп, басы-қасында ұйымдастырып жүрген Серікбай бауыр Олжабек зоотехниктің бұл əңгімеге куə болғанын алға салып, қайбір жылы аудандық комсомол комитетінде істеп жүргенде ауылға қарай таудың арғы бетіндегі Сандық асуынан мал айда -ғанымыз бар дейді. Сонда құдды осындай айнадай көл көргенмін. Екеуі де бірдей биіктікте жатқанына таңданып едім. Өзара егіздің сыңарындай кезек-кезек арна-сы көтеріліп жататынына таңдай қаққан Серікбай түп діні бір екеніне ғалымдардың қазіргі күнгі əңгімесі нақты мысал бола-тындай. Содан көріп, таңғалып ел ішінде Көккөлде мына адам көзі қызығарлық айдаһар бар деген түрлі аңызға толы əңгіме айтыла бастады. Шақырайған көгілдір көк аспанда тосыннан бір түйір қара бұлт ғайыптан пайда болады да, тыныш жатқан

тұнық көл толқынданып өзгеше кейіпке енеді. Бұл көл Əулиешоқыда, Аршалыда, Тамырлыкөлде, құдай-ау, жаратылыста қай жылдары пайда болғаны белгісіз. Күн астында ойға беріліп Серікбай тұр. Ал əрбір аңызды жадынан санамалап Сейсен Қожеке отыр.

– Əй, Жомарт, – деп, шофер жігітті өзіне зорға қаратты, Көккөлге таңырқай қараған ол басқада жұмысы не. – Көлге барып су əкелші, еңкейгенде «бісмілдə рахмани рахим» деуді ұмытпа дегенді ескертіп қалады.

– Осы өңірге жақын бір аңыз бар... Əулие Мүшəріп... Сол кісі жайлы ылғи да есте жүретін еді, – дейді Сейсен Қожеке. – Əулие Мүшəріп... Қалмақ ханының Гүлқақы деген қызы болады. Қыс қатты. Бұл қыстан менің малымды кім де кім аман алып шығарса, соған осы қызымды өз қолыммен беремін, – дейді. Сонда осы Мүшəріп əулие ханға келіп, бұл істе маған сенуіңізге болады деп уəделеседі. Жарықтық мына Əулиешоқының басында отыр екен. Бір күні хан өзінің жансызын Мүшəріп не істеп жатыр екен деп біліп келуге Ақшоқыға арнайы жібереді. Келсе

тау басында үлкен қазанды қайнатып, жас малдың еті буы бұрқырап пісіп жатыр. Мүшəріптің өзі төрге отырып алған, айна-ласында жолбарыс жатыр дейді, аю жатыр дейді. Қазанның ішіндегі піскен еттен бір тістеп, қалғанын маңайындағы аң-құстарға кезек асатып отыр. Əулиенің бұл ахуалын көрген жансыз байқатпай кері қайтады. Келіп көрген-білгендерін ханға басынан аяғына дейін бірін қалдырмай баян дап береді. Бұны естіген хан: «Тəуекел, не болғанда да көктемді күтейін» деп са-быр сақтайды. Көктем де келеді. Уəделі күн болғанда барып, Мүшəріп əулие жауапкершілігіне алған ханның бар ма-лын түгелдей қаһарлы қыстан аман-есен қайырып алдына салып береді. Уəде құдай ісі, хан да мына ғажайыпқа таңдай қағып, берген уəдесінде тұрады. Айдай сұлу Гүлқақыны үлде мен бүлдеге орап, бұл маңай ұзақ уақыт айтып жүретін салтанаты мол той жасап береді. Əулие Мүшəріп пен гүлдей жайнаған Гүлқақы салтанаты келісті шаңырақ көтереді. Сол күннен бастап, неге екенін қайдам, қыздың денсаулығы кері тартып, мазасы кете бас-тайды. Содан қырық күн ауырады. Тек сүлдесі қалған қыз қырық бірінші күні де-генде бұ дүниеден өтеді. Сол күннен бас-тап Əулиешоқының басын бұлт үйіреді. Қырық күн бойына Қарақыстақты селдетіп жаңбыр жауады. Тұмшаланған қалың

бұлт, сорғалаған көл-көсір жаңбырдан ел əбігерге түседі. Бір күні жұрт əулие Мүшəріпке келеді. Елдің əңгіме ауаны мына ауа райын түсінбедік, ұйысқан қалың бұлттың қабағын бір ашса, сен ғана аша аласың, деп отыр. Енді қолыңнан келгенін жасап бер дейді. Əулие Мүшəріп мына Бұрқантөбенің басына шығып алып, «Қақ айырылғырдың аспаны қақ айырыл», деп қолындағы қамшысын лақтыра аспанға атып кеп жібереді.

Содан аспан қақ айырылып ашылады. Ат мініп, мал баққан адамнан сұра саңыз,

осылай дер еді. Бұл əңгі менің түйінін қанша аңыз десек те, Қара қыстақ өңірінде бір кереметі, аспан тұтастай қалың бұлттан осы күнге дейін қақ айырылып ашылаты-нына таңғалмасқа болмас.

Қарақыстақ өңіріне белгілі азамат, ұзақ жыл Құлан аймағында басшы қызметте болған, құрметті демалыстағы қадірменді ақсақал Қыстақ қария анам айтушы еді деп еске алады. Сені мен мына Əулиешоқыға ниет қылып, қадыр тұтып қасиеттен сұрап алғанмын дейтін. Оңғарбек көкем де бұл əңгімеге сырлы сəн қосатын-ды. Ол кісі ауылдан оң қадаммен шығып бара жа-

тып, əудем жердегі Əулиетерекке келіп, үстіндегі киімін дар-дар айырып жіберіп, зау биік ағашқа байлап кетеді.

Биік таудың ұшар басындағы ақша бұлттардың арасында жүрген көліктегі жігіттердің жаңғырыққан дауыстары жетеді. Сəлден соң тау беткейлеп салынған жол ең биік деңгейіне барған, енді бірте-бірте төменге бет алды. Біз таудан асып барамыз. Əне, əне қараңыз деді Қыстақ алға ұмтыла, анау көз ұшындағы ұшар басындағы ақ мұнар байланған Ақшоқыны көрдіңіз бе? Сол жерде мен туғанмын. Апам жарықтық Ақшоқыға ниет қылып жалаңаяқ шыққан ғой, сені Əулиешоқыдан сұрап алғанмын дейтіні де содан шығар-ау. Қасиеті көп қастерлі аймақ дегендей бар. Көз ұшында бұлдырап тұрып алған Əулиешоқы, одан төмен етекте Əулиетерек бар. Олардың сол жағында ниет еткен Көккөліміз де көз жауын алып жатқан да болар, бəлкім. Оны да жергілікті жұрт əулие көл деп атайды. Неге екенін көбіне аттарын атамай, Əулиекөл, Əулиешоқы, Əулиетерек деп атын атамаған ғой. Мені де бұл өңірге алғашқы қар жауғанда 1935 жылы босанғанмын деуші еді. Атымды да сол жердің атымен Қыстақ деп қойған ғой.

Неге екені белгісіз, толқынданып қақ жарыла су ортасынан көрінетін мақұлық көбіне ақ бота болып, аруана болып боз-дайтыны несі?

Жол шіркін таусылмады, асудан кейін асуға ұласты. Жүріп отырдық, жолды кес-кен бұлақ суын іштік. Біз мінген көлік оңға, солға бұрылды, жоғары кейде төмен түсіп отырды. Алдымызда ақ жолақ бұлтқа байланған Ақшоқы темірқазықтай болып көз алдымызда тұрды. Күн батты. Жол ағараңдай бастады. Машинаның рулін мығымдай ұстаған Нұржігіт жарықты жақты. Қара шал Қыстақ ақсақал менің кен-же ұлым Нұржігіт деп қояды. Таңертеңнен рулге дес бермей келе жатқан Нұржігіт сергісін дей ме, көңіл көтеріп əзілге бұрады. Тау түні қарауытып, қою қараңғылыққа оранады екен. Қарақыстаққа түн жамы-лып келдік. Шамы сығырайған шопанның шағын үйіне асықтық. Таңертең осы жер-ден Көккөлге жаяу барамыз.

Ақтоғандық Бақберген бауырдың əңгімесі де қызық: былтыр Жезқазғанда жұмыс істейтін Нағима қыдырып келіп Қарақыстақтағы Əулиекөлді бір көрсетші деп өтініш жасағаны да өзгешелеу бол-ды. Алыстан келді деп, шалғайда жүрген соң көңілін қимай бүкіл жұмысты кейінге қалдырып, əпкемді ертіп тауға тартып кеттім. Неге екенін, ауылды сағынып аңсары ауды ма, жоқ бірге жүрген жиен қызымыздың өтініші ме, əйтеуір жолдың ыңғайы солай болды да. Сол жолы əпкем мөлдіреп жатқан Əулиекөлді емін-еркін аралап, мауқын басып қайтты. Қолдан келген мүмкіндікті жасап, құрақ ұшып жүрміз. Алыстағы Ұлытауға қайтарда Нағима əпкем келер жылы Əулиекөлдің үрметіне бір мал атадым деп, ауыз толты-рып айтты. Біз де əпкеміздің бауырлары-на іш тартып жасаған базынасы ғой деп ойладық та қойдық. Дегенмен, жуықта əпкем ауылға келе жатырмын дегеннен бастап арғы-бергі жүгіріс те көбейді. Ол кісінің атап, қан шығарамын деген сойыс малын да дайындадық. Сержан молдаға да Нағима əпкемнің келетін күнін ар-найы айтып қойдық. Сөйтіп жүріп кейде ойға берілемін, қайбір жылы Көккөлдің басында сонау Новосібірден келген төрт

жігіттің əңгімесіне куə болғаным бар. Олардың біріншісі: «Қанша тереңдікке түстім, білмеймін, көзім көрмей қалды, қанша жерге барғанымды сезіне алмадым, давай, лучше поедем», – деді. Екіншісі де сол сөзді қайталады, қаптап жатқан ішінде тас жоқ, қырыққабат секілді бір əлем ғой, ұшы-қиыры жоқ, қалыптан келіп, ештеңеден ұстай алмайсың, үрейлі мылқау түсінік деген. Сөйткен төрт жігіт келген жағына кері қайтты. Сыр ашпаған Əулиекөлге үн қатпастан кетті. Тұңғиық мөлдір көлге не айтар. Жуықта былтырғы уəде бойынша Жезқазғаннан демалысқа қызын ертіп Нағима Мақсұтқызы келді. Араға жыл салып келгенде ол кісінің барлық өтініші орындалып, уəдеміз бой-ынша дайын тұрдық. Əулиекөлді іздеген əпкемізді ертіп Қарақыстаққа оралдық. Жол бойы Сержан молданы ала келдік. Көл басында əруақтарға бағыштап құран оқыттық. Сосын осы жерде демалып, таңға дейін тыныс алуға келіскенбіз. Сержан айтқан, босқа жатқанша мен зікір салай-ын деді. Қолына өзімен бірге ала келген қобызының тосыннан дауысы шықпай қалды. Мынау жарықтықтың үні шықпай тұрғаны деп, қобызды орнына ыңғайлап қойып, күбірлеп құран бастаған. Сол күні бір ғажабы ай жарық болатын, бір сəт көл беті тітіркенгендей болды ма дегенмін, ғайыптан бір мезет судың ортасы қақ

жарылып алдымен аппақ бу көрінді, аппақ будың аржағынан бір кездері аппақ жыланның басы ойнақшып тұра қалғандай болған. Басы қақшиған ақ жылан бір уақ тұрып-тұрып ғайып болып кетті. Сосын бəріміз түсінбей дал болдық та қалдық. Бұл не, əркім сыбырласып, өзді-өзі көргенін бір-біріне таңырқай айтып жатты. Мен өзім ай астында отырып көл бетінен көрген елесті баян еттім. Əпкемнің келіні арқардың мүйізіндей сала құлаш мүйіз көргенін əңгімеледі. Сержан мен əпкем байқағанын ғана баяндап өтті, бір уақытта көлдің беті өзінен өзі толқынданып жатқанын біледі. Ал жанындағы талдырмаш қызы өзінен өзі солқылдап жылай берді. «Мұның не?» деп едік, ашы-лып ештеңе айтпады. Сержан мол-да да бұдан кейін араға екі сағат салып, қайта зікір салды. Арасында мана əзірдегі тартылмаған қобызды қолға алған, бебеулеп кеп берсін, құдды алдындағыдай елес бер-ген көріністер бір қызығы тағы қайталанды. Əпкем Нағима Мақсұтқызы мен Сержан мол-да ғана ештеңе көрмеген. Қызық, ғажайыбы сол, Көккөл ғана ты-нымсыз толқынданып жатты. Неге екенін, бізді Меркіден бас тап Қарақыстаққа əпкесін қияндағы Көккөлге жол бастап келген жігіттердің бірі Бақберген десек, Əулиекөлдің бүкіл қасиетімен танысып алсын дегендей, өз көкейіндегіні енді ғана еркін қозғады.

Бір қызығы Көккөлге жасаған сапарымызда, көрген, естіген əңгімелер түйінінің айтар, сезді-рер түйінінен ұғарымыз, сан сұрақ қалдырар сауал дардың жауабын іздейміз.

Бұл орайда Оңтүстік Қазақ-стан геологиялық барлау бас-қармасының геологы Борис Волчковтың зерттеу нəтижесінде көлдің мұздықтардан жəне таудың мореналық қабатында пайда болғаны анықталды. Мореналарда шұқанақтар оңай жасалынады екен, тіпті көл түбінде ондай шұқанақтар тұ-тас канал іспеттес. Геологтар осындай каналды тауып, оның тереңдігін өлшеу мүмкіндігіне ие болды. Бұдан шығар қоры-тынды: жауын-шашынға, жер астының гидрогеологиялық ерекшеліктеріне байланысты судың біраз бөлігі көл түбіндегі каналдарға сорылып отырыла-ды. Кейде су əлсіз сорылғанда көл үстінде кішкентай-кіш-кентай шұңқырлар пайда бо-лып, «ысқырық» естіледі. Кейде су қатты сорылғанда «айқайлаған» дауыс жаңғы-рығып жетеді. Мұндай су қақпалары ештеңеден хабар-сыз суға шомылғандарды жəне көлді кеше су ішкен жан-жануарды түптің түбіне тар тып əкетіп отырған. Жер астындағы канал – сифон-дар көлдің тұрақты деңгейін қалпына келтіріп те тұрады: су бірде канал арқылы мине-ралданған күйі сыртқа шыға-ды. Аңыздардағы көл суы-ның емдік қасиеттерге ие екенінің, сосын көл жаға-сында ашық күндері тұз пай-да болатынының бір сыры осында жатыр. Көл бетін-дегі жыланға ұқсаған ирек толқындар мен шипалы судың пайда болулары арасындағы байланыс ты жергілікті тұр-ғындар ежелден-ақ байқап, бұл сəтті бос жібермеуге ты-рысып бақты...

Толқындардың арасы-нан уілдей басталған бір үн құлаққа жетті. Сол үн үдей келе жаңғырығып, артынша əлдебір мақұлық аласұра толқынданған судың қақ ортасынан мой-нын қыл титқан күйі ащы айқайымен бүкіл тау лы өңірді дір-дір тербеткен-дей, тербетіп тітір кент-кендей болды.

Асқар таудың қойнауын-дағы тұп-тұнық көлге құ-шырлана көз салдық . Айнадай жылтыраған су бетінен жағалау дағы қой -тастың үстінде ой кешкен келбетімізді көріп таңданып отырмыз.

Жамбыл облысы,Меркі ауданы,Қарақыстақ.

Айдындағы аждаһа айқайы

Page 15: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz 15КӨЗҚАРАС

Ұлттық құндылық. Оларды əр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Сон -дықтан бұлар сол ұлттың меншігі болып есептеледі. Оны əр ұлттың ұрпақтары сақтап, заманына қарай да-мытып отырулары керек. Егер халық өздерінің төл құнарын жоғалтып алса, ол халық ұлт деп саналмайды. Сондықтан əр ұлт өздерінің ұлттық байлығын сақтауға тырысады, əрі қорғайды.

Ұлттық құндылықтар ғасырдан ғасырға жалғасқан, өмірдің сынынан өткен, пайдалы екені дəлелденген. Мысалы, қазақ халқының ұлттық ойындарының біреуі – асық ой-ыны. Асық ойнау баланың ойлау қабілетін дамытады, адамдармен тез тіл табыса білуге үйретеді, дене ні шынықтырады, қан айна-лымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады, баланың көзі қашықтықтан көруге дағдыланады, мергендікке баулиды, бойдың жыл-дам өсуіне көмектеседі, таза ауа-да тері жасушалары ашылып, ағза тынығады.

Ал, қазақтың ұлттық бұйымы бесіктің пайдасын өмірдің өзі дəлел-деп, осы уақытқа дейін жетіп отыр. Баланың таза болуы, ұйқысының тыныш болуы өз алдына, баланың ана құрсағынан жарық дүниеге кел-ген соң табиғи өсуіне əсер етеді. Жапонның əйгілі медицина ғалымы Гау Щияу Иде Илаң қазіргі заманғы озық аспаптарды қолдана отырып зерттеу жүргізген. Оның зерттеуі бойынша «сəби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында жүріп тер-беліске түседі. Алайда өмір есігін ашқан соң жарық дүниеге бірден үйлесе алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай əлдилеп, тербетіп отыру керек», деген қорытынды жа-сайды.

Міне, қазақ халқының ұлылығы, осы процестерді өзінің өміріне пай даланып, бала жарық дүниеге бейім делгенше, бесікке бөлеп, тер-бетіп отырған. Өкінішке қарай, əсіре се, қалалы жерде тұратын жас келін шектер баланы бесікке бө-леуге ерініп, памперсті күні-түні қолданатын болып жүр. АҚШ пен Еуропа елдерінде озық ойлы дəрі-герлер памперсті қолдануға қарсы акциялар ұйымдастырып, жасан-ды жаялықтан бас тартуға үндеуде. Себебі, памперстің балаға зияны ұшан-теңіз. Памперстегі нəжісті өзіне сіңіріп, химиялық жолмен булан-дырып жіберетін қоспалар адамды белсіздік пен бедеулік ауруына ду-шар етеді екен. Соңғы жиырма бес жылда Еуропа елдерінде бала туудың азаюының бір себебі, бедеулік пен белсіздіктің əсері деп жүр. Себебі, памперс киіп өскен баланың қуаты қырыққа жетер-жетпесте тоқырап қалады. Алланың жаратуы бойынша, ұл баланың мүшесінің ұшы мен ен қалтасының қалыпты температура-сы болады. Жас бала памперске кіші дəретті жіберген кезде дене темпера-турасы бірден жоғарылайды. Аздан кейін памперске сіңген зəр қайтадан суиды. Сөйтіп, қысқа аралықта бір күйден екінші күйге алмасқан тем-пература аталық бездің дамуын тежейді. Демек, табиғи қуатын жой-ып жібереді. Мұндай жағдай қыз балаға да кері əсер етеді. Осыдан ба-рып белсіздік пен бедеулік ауруына ұшырайды.

Соңғы кездері, Алматыдағы «Ака демик Б.Жарбосынов атын-дағы урология ғылыми-зерттеу орталығының» директоры Мырза-кəрім Алшынбаев мырза бастаған ғылыми топ Қазақстандағы ерлердің белсіздігі туралы зерттеу жүргізген. Нəтижесінде, ұрпақ беру жасындағы 15 пайыз ерлердің белсіздікке ұшырағаны анықталған. Оған се-беп: қазіргі экология, азық-түліктегі химиялық қоспалардың көптігі, дене қозғалысының аздығы, т.б. жағдайлар. Бұл памперс кимеген ұрпақтың жағдайы. Енді памперс киіп өскен ұрпақ отбасын құрар жасқа жеткенде , бұл пайыз

ТОРТТАЄЫ ШЫРАЌ...

Айгүл СЕЙІЛОВА,«Егемен Қазақстан».

Ғылым тілінде эпи-лепсия аталатын ау-руды қоғамда «талма», «ұстамалы дерт» деп түрлі нұсқада атайды. Ел ішінде тал-мамен ауыратын баланы сырт көзден жасыратын əдет бүгінге дейін бар. Кейде баланың өзін болмағанымен, оның ауруын жасы-ратын да отбасылар кездесетінін ара-тұра байқаймыз. Мұның бірден-бір себебі, көзге көрініп тұрған мүгедектік жоқ болған соң, оның кəдімгі дені сау адам екеніне ешкім күмəн келтірмеуі тиіс дейтін түсінік болуы да мүмкін. Бір жағынан, «талма дертіне ұшыраған жан жазылмайды» дейтін көзқарас та ауру-ды көп жағдайда көлегейлеуге мəжбүр ететін сияқты. Ресми деректер бойынша елімізде 50 мыңнан аса адам осы дертке шалдыққан болса, оның 60 пайызы бала-лар. Ал, кез келген невролог маманмен сөйлессеңіз бұл санның одан үш-төрт есе көп болуы мүмкін екенін алға тартады.

Эпилепсиядан толық айығуға бола ма? Бұл сұраққа жауап іздегенде алды-мен елордадағы Республикалық нейро-хирургия ғылыми орталығындағы соңғы жылдары эпилепсияға жасалып жатқан оталар есімізге түсті. Отаның көмегімен ауруды қоздырып тұрған ошақтарды алып тастау əдісі қаншалықты тиімді нəтиже беретінін білмекке талпындық. Бұл орайда орталықтың маманы, невро-патолог-эпилептолог Гауһар Ибатованың эпилепсияға жасалатын оталар туралы мəліметі баласының дертіне ем іздеп жүрген ата-аналардың керегіне жарайтын болар деп үміттенеміз. Гауһар Ибатова орталықта 2012 жылдан бастап эпилепсияға ота жасала бастағанын айта-ды. Бүгінге дейін 12 адамға ота жасалған. «Отаны бала кезінде немесе өспірім шақта жасаған өте тиімді нəтиже береді. Отадан соң баланың ағзасы тез арада қалпына келеді. Оның үстіне жас ағзаны емдеудің көп артықшылықтары бар. Адамдар еліміздің түкпір-түкпірінен келіп жатыр. Бірақ біз олардың бəріне бірдей ота жа-сай бермейміз. Өйткені, мидың барлық бөлімінде эпилепсиялық ошақ көбейіп кетсе, ота ешқандай көмек бере алмайды. Керісінше, ота жасамай-ақ, дəрілердің күшімен де емдеуге болатын жағдайлар бар. Сондықтан əрбір науқасқа ұзақ уақыт тексеру жүргізіліп, мидағы ота жасалатын ошақтың ұстаманы шақырып тұрғаны əбден анықталуы қажет», – дейді ол.

Эпилепсия ауруы əркімде əртүрлі жаста кездеседі екен. Мысалы, кейбір нəрестелерде туабітті эпилепсия бар екені анықталса, кейбір балаларда үш-төрт жасында, кейбірінде тіпті 15 жасқа келгенде байқалып жатады. Ал, 20-30 жасында эпилепсияға шалдығатын да жандар кездеседі. Тұқым қуалайтын эпилепсиялар көбіне солай ересек жас-та пайда болмақ. Жалпы, бұл ауру көп жағдайда сəби құрсақта жатқанда не туылғаннан кейін миында ісік бо-луынан, ми шайқалғаннан немесе қабынуынан, мидың əртүрлі аурула-рынан пайда болмақ. Сондай-ақ, əке-шешенің маскүнемдігі де эпилепсияға ұшыратуы мүмкін екенін мамандар жоққа шығармайды. Ауру сипатына қарай қырық шақты түрге бөлінгенімен, ота жасау барысында ұстаманы шақырып тұрған ошақты алып тастау ғана мақсат етіледі. Невропатолог-эпилептолог ма-ман бүгінгі таңда екі түрлі жолмен ота жасалып жатқанын баяндады. Оның бірі – кесіп алып тастау болса, екіншісі –паллиативті əдіс. Кесіп алып тастау мүмкін болмаған жағдайда екінші əдіс қолданылады.

«Миға жасалатын отаның қай-қайсысы да күрделі. Эпилепсияға жа-салатын ота екі кезеңнен тұрады. Оның алғашқы кезеңінде науқасқа мониторинг жүргізіледі. Жалпы жағдайы, ұстаманы тудырып отырған ошақтардың қай тұста орналасқаны анықталады. Мысалы, эпи-лепсия ошақтары самайда, маңдайда, шүйдеде орналасқан болса, отадан соң науқастың жағдайы 80-90 пайызға дейін жақсарады. Ал мидың нерв жүйелері орналасқан маңызды бөліктеріне, сондай-ақ, ең терең қабаттарына ота жасалмайды. Өйткені, мұнда мүгедек болып қалу қаупі

бар. Сондықтан мамандар отаға

ə б д е н з е р т т е п алған соң кіріседі.

Ота кезінде де ар-найы мамандар электро-

кортикография аппара-ты арқылы нейрохирургке

бағдар беріп отырады. Бас сүйекті ашқан кезде электро-

энцефалография жасалады. Бұл дегеніміз, бас миының жүздеген мың

нейрондарының электрлік белсенділігін тіркеу. Нейрохирург ота жасап, ми клет-

каларын алу барысында сол жер электрод арқылы тексеріледі. Өзгеріске түскен клеткалар қалып кетті ме, жоқ па сол анықталады. Егер қалып кетсе аппаратта отырған адам ота жасаушыға «тағы да алыңыз» деп белгі береді. Ота əр адамның науқасының түріне, эпилепсия ошағының көлеміне қарай жасалады», – дейді маман.

Алғаш эпилепсияға ота жасау əдісі енгізілген сəтте ресейлік танымал ней-рохирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор Вильям Хачатрян Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында шеберлік сыныбын өткізіп, соның аясында өзі үш ота жасаған көрінеді. Содан бері он шақты отаны сол орталықтың директоры, танымал нейрохирург Серік Ақшолақовтың өзі жасапты. Оталарға невропатолог-эпилептолог ретінде қатысқан Гауһар Ибатова барлығының да көңілдегідей шыққанын айтады. Əйтсе де маман от-адан соң науқастың ішіп жүрген дəрісін алып тастауға болмайтынына да тоқталды. Өйткені, дерттің осы түріне ота жасауға 40-50 жылдан бері машықтанған

клиникалардың мамандарының өзі науқас толығымен жа-

зылу үшін дəріні кемінде бес жыл ішу керек дейтін пікірде екен. Оған қоса ол науқастың дер-ті байқалған соң тез арада маманға кө рі-ну қажеттігін, өйт ке-

ні, дұрыс таңдалған дəрі мен уақтысында қойыл-

ған нақты диагноздың эпи -лепсияға ұшыраған жанның жа-

зылып кетуіне септігін тигізетінін де жеткізді.

Əрбір аурудың өзінің емі бар екені белгілі. Науқасқа дəрі арқылы не ота жа-сау жолымен көмектесуге болады. Бірақ, жоғарыда айтқанымыздай, отаға көнбейтін де талмалар бар. Оның ішінде эпилепсия ошақтары көбейіп кеткен науқастарға, туабітті эпилепсияға шалдығып, дамы-май қалған нəрестелерге, ауру ошақтары мидың маңызды бөліктеріне ота жасау нəтижесіз. Сол үшін ата-ана баласының жағдайын асқындырып алмай, тезірек дəрігерге көрініп, ол дəрігер қажетті пре-паратты дұрыс таңдап бере алуы керек. Бұл жерде дəрінің дозасы да үлкен рөл ойнайды. Медицинада биоқолжетімділік деген ұғым бар. Қарапайым тілмен айта-тын болсақ, бұл адам ағзасына əсер ететін дəрінің мөлшері. Əр адам жеке индивид болғандықтан, біреуге аз мөлшерде əсер ететін дəрі келесі біреуге көп мөлшерде əсер етеді. Сол үшін əрбір емделуші өзінің биоқолжетімділігін анықтаған жағдайда ғана дұрыс ем алмақ. Ал, əлемдік меди-цинада қолданылып жүрген «кетогендік диета» бізге əлі келген жоқ. Бұл да талмаға ұшы раған науқасқа көмегі тиетін емдеу əдісі.

Енді осы дерттен айығуға қатысты пародоксты жағдайды айтайық. Əлемдік деңгейдегі дəрігер мамандар кез кел-ген қоғамдағы талмамен ауыратын адамдардың 60 пайызын ауруынан айықтыруға болады дейтін пікірде. Əйтсе де дамыған шетелдердің өзінде науқастың 75 пайызы дəрігерге көрінбейді екен. Бізде де жағдайдың осы сипатта екенін осыдан екі жыл бұрын Астанада өткен ТМД елдері эпилептологтарының конгресіне қатысқанда естігенбіз. Сонда мамандар науқастардың ата-аналары немесе қамқоршылары көбінде тəуіп, бақсы-балгерлерді жағалайтынын айтып қынжылған болатын.

Сөз соңында айтарымыз, талмаға тағдырдың жазуы деп қарау қате көзқарас. Одан айығудың, ауруды жасырмай, мүмкіндігінше мамандардың кеңестеріне құлақ түріп, соған сай əрекет етудің жолда-рын қарастыру керек. Əрине бұл да біздің емес, осы салада бірталай жылдан бері еңбектеніп жүрген мамандардың пікірі.

АСТАНА.

ТАЛМАОҒАН ТАҒДЫР ДЕП ҚАРАУ ДҰРЫС ЕМЕС.

СЕБЕБІ СƏТТІ ЖАСАЛҒАН ОТАЛАРДАН ТАЛАЙ АДАМ ЖАЗЫЛЫП

КЕТІП ЖҮР

«ОТЫҢ ӨШПЕСІН», «ОШАҒЫҢ СӨНБЕСІН» ДЕП ТІЛЕЙТІН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҮШІН ЖАМАН

ЫРЫМДЫ ЖАСАП ЖҮРГЕН КІМДЕР?

арта түсері сөзсіз. Бұл – ұлтқа төнген үлкен қ а у і п . Х а л ы қ т ы өсіретін де, өшіретін де – əйел! Қазіргі жас ке ліншектердің өз жанын аялап, жалқауланып, ба-ласын бесікке бөлемей, пам-перс кигізуі қа зақ халқын «өші ріп» жіберуі мүмкін. Сондықтан ері бар, əйелі бар, «ұрпағым бол-са екен» де-ген əрбір қазақ қатты ойланулары керек.

Ұлттық құндылықтар ауыл мен қалада бірдей дамымай-ды. Негізінен, ол ауылды жерде жақсы дамиды. Қазақ халқында да ұлттық құндылықтар ауылды жер-де қолданылады. Қалада аз неме-се тіпті қолданылмайды да. Қалада басқа ұлттардың салт-дəстүрлері араласып кеткен. Мысалы, қазір қалалы жерде баласының туған күнінде торттың үстіне шырағдан жағып əкеліп, оны балаға өшіртеді. «Отың өшпесін», «шырағың сөн-бесін» дейтін қазақ халқы үшін бұл жаман ырым. Бірақ оны ойлап жатқан ата-ана жоқ. Себебі, қазақтың салт-дəстүрін қалада өскен ата-ананың өзі білмейді.

Қазір қазақ халқының ішінде урбанизация жүріп жатыр. Халық ауылдан қалаға шоғырлану үстінде. Қазірше ауылды жердің қазағы көп болғанымен, 30-40 жылдан кейін қазақтардың басым көпшілігі қалалық болады. Осы жылдар ішінде Алматының халқы 2 милли-оннан, Астана, Шымкент, Ақтөбенің халқы 1 миллионнан асады деп күтілуде. Бұлардан басқа да облыс орталықтары бар. 30-40 жылдың ішінде Қазақстан халқы 20 милли-он болғанның өзінде 50 пайыздан көбі қалалық болады. Демек, ұлттық құндылықтың қолданылуы кемиді. Кейбірі қолданылмайды да. Бұл да ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ұлттық құндылықтарды заманға қарай дамытып, қалаға «көшіре» бас-тау керек.

Қазір ұлтжанды азаматтардың арқасында тоғызқұмалақ, қазақша күрес, бəйге, көкпар, аударыспақ жақсы дамып келеді. Енді қазақша күресті олимпиада ойындарына кіргізуге күш салу керек. Қыз қуу, бəйге, аударыспақ, көкпар, т.б. ат-пен ойналатын ойындарды қаланың ипподромдарында жиі-жиі өткізіп, оны тиісті деңгейде жарнамалап, на-сихаттап отырған абзал. Соңғы кез-де жігіттер асық ойынын қолға ала

бастады. Бұл құптарлық жағдай. Онша көп жерді керек етпейтін,

қымбатқа да түспейтін асық ойынын мектеп балаларының ішінде дамытқан тиімді. Асық ойынынан сыныпаралық, мектепаралық олимпиада-лар өткізген балалардың

қызығушылығын арт-т ы р а д ы . О д а н

жоғарылап əр ау-дан, облысаралық олимпиадалар өт кізіп, соңында республикалық жарыс өткізсе, қалалық ба-ла лардың да

қызығушылығы артар еді. Асық ойынын осы ретпен

жоғары оқу орындары арасын да да жарыс өткізуге болады. Басқа да ұлттық

қ ұ н д ы л ы қ т а р д ы қа ланың ыңғайына

қ а р а й и к е м -деп «қалалық» жа саған абзал. Ұлттық құн ды-

лықты да мытқан азамат тарды мем лекет те қол дап отыр-са нұр үс-т і н е н ұ р болар еді.

Мы салы, Се-рікбол Шəй -

мар дан де-ген аза мат «Smart

бесік» ойлап тапты. Батареяның қуатымен тербетілетін бұл бесік жас аналарға үлкен көмек. Тек осыны мемлекет қолдап, қаржы бөліп бесікті өндірістік шығаруға көмектессе жақсы болар еді. Бұған соншалықты көп қаржы да керек емес. Шет ел-ден шақыртқан əншілердің біреуіне кететін қаржыдан көп қаржы кетпейді. Ұлттық құндылықтары-мызды қалаға көшіріп күнделікті қолданысқа енгізбесек, көбі көп ұзамай өшеді. Жылына бір болатын Наурыз мерекесі кезінде ғана көрсетіп отырсақ ұлттық құндылықтар дамымайды.

Ұлттық құндылықтар шет ел-дегі, əсіресе, Қытай, Моңғолия қа-зақтарының ішінде жақсы сақталып, жақсы дамыған. Осыларды жоғалып кетпей тұрғанда жинастырып, бір ізге түсіру керек. Ұлттық құндылықтарды дамытып қана қоймай, қорлаудан да қорғауымыз керек. Кейінгі кезде ұлттық құндылықтарымызды қорлау байқалып жүр. Мысалы, «КТК» телеарнасы «Бешбармақ шоу» деп қазақтың қадірлі асы еттің атын қорлауда. Біріншіден, қазақта «беш» деген сөз жоқ. Қазақтар «бес» дейді. Адамда барлығы төрт қана бармақ бар, екеуі аяқта екеуі қолда, қалғандары саусақ деп аталады. Қазақтар: «Бес саусақ бірдей емес», «Саусақ бірікпей ине ілікпейді» деп мақалдайды. «Бес бармақ бірдей емес», «Бармақ бірікпей ине ілікпейді» деп айтпай-ды. Екіншіден, қазақта «Бешбармақ» деген ас жоқ. Қазақтар «ет тағамы» дейді. Кеңестік кездің өзінде асха-наларда «Қазақша ет» деп жазатын. Ал «бесбармақ» деп патшалы Ресей кезінде «қазақтар тамақты қолмен жейтін жабайылар» деп мазақтап, қорлап айтқан. Сол кездегі мазақтап, қорлап айтқан атауды енді өзіміз те-леарна арқылы бүкіл елге жарнама-лап жүрміз. М.Əуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, т.б, дүниеден өтіп кеткен классик жазушыларымыз-дың, қазіргі Ə.Кекілбаев, Қ.Жұ-маділов, М.Шаханов, т.б. ақын-жазу шыларымыздың шығармала-рынан ет туралы «бешбармақ» сөзін кездестірмейсіз. Өйткені, олар бұл сөздің шығу төркінін жақсы біледі. Сондықтан айтуға намыс-танады. Намыстанбай жүрген тек осы шоуды ұйымдастырғандар, оны жүргізгендер, оған сарапшы болғандар. Өкінішке қарай, қазір «бешбармақ» сөзін асабалар да, басқалар да жиі қолданатын болып жүр. Ал, сүйікті, қадірлі əншіміз Роза Рымбаева қарындасымыздың «Беш» деп шырқап, ұн шашқан клипке түсуі, бұл сөздің қайдан шыққанын білмегені өкінішті-ақ.

Қазақта «Тойбастар» деген дəстүр бар. Сондай-ақ «КТК» телеарна-сы қазақтың «Тойбастар» сөзін де қорлап, «Той BestStar» деп атап сайқымазаққа айналдырып жүр. Бұл телеарна өздерінің шоулары-на ат тауып қоюға өрелері жетпесе, қазақтың ұлттық құндылықтарынан аулақ жүргендері дұрыс болар еді. Ал мұндай қорлауды дер кезінде тыймаса, қорлауларын жалғастырып, келешекте жастарды шатастыра-тын болады. Оның үстіне, қазіргі шетелдіктердің еркін келіп-кетіп

жүргенінде, шетелдіктер жəне жаста-рымыз «қазақтың асы мен əдет-ғұрпы осылай аталады екен» деп адасатын болады. Мұндай қорлауға жол беру-ге болмайды! Мұндай оқиғаларды Ғылым академиясының Ахмет Бай-тұрсынов атындағы Тіл білімі инсти-туты жолын кесіп отырулары керек. Қазір өсек таратқандарды жазалай-тын заң қабылдадық. Сол сияқты қазақтың ұлттық құндылықтарын жəне оның атауын қорлағандарды да жазалайтын заң қабылдау керек.

Бұл күндері бағамдап қарасақ, та-лай ұлттық құндылықтарымыз қолды болып кетіпті. Басқалар біздің ұлттық құндылықтарымызға халықаралық патент алып алған. Мысалы, шетелдік сəн үлгілерінен қазақтың ою-өрнегінің, қыздарымыздың қосетек көйлегінің нышандары байқалып қалады. Сондай-ақ, өзбектер – қазы-қартаны, немістер – қымызды, жапон-дар – айран мен шалапты өздерінің ұлттық асы деп халықаралық патент алып алған. «Жақсыға əркімнің де бар таласы» деген ғой. Үйір-үйір жылқы үйірген қазақтың «Қыз Жібек» жы-рында: «Жағалбайлы, жылқысын көптігінен баға алмайды», деген өлең жолдары бар. Ал, үйір-үйір жылқы үйіріп, кертіп қазы-қарта жеп, саба-саба қымыз сапырған, жылқысын көптігінен баға алмаған өзбекті де, немісті де естіген не көрген де жоқ едік. Қазы-қарта мен қымызға бұлар ұлттық тағамдары ретінде қалай па-тент алғандарын кім білсін?

Ұлттық құндылықтарды «біздікі» деу үшін халықаралық патент алу керек. Ол үшін жанды, жансыз не нəрсеге де сол елде стандарты жаса-луы тиіс. Біздегі тазы итімен айна-лысушылар оған халықаралық па-тент алайын десе, тиісті мекемелер тазыға стандарт жасап бермей отыр. Бұл мекеме ойланып-толғанғанша тағы біреулер оны иемденіп кетуі ғажап емес. Қазақ тазысының жана-шыры, «Аймақаралық кинологиялық орталығы» республикалық қоғам-дық бірлестігінің президенті, Халық-аралық жəне ұлттық дəрежедегі са-рапшы Нина Макерова ханым тазы туралы ойларын «Егемен Қазақстанда» айта келіп, сондай-ақ, ол бұл тұрғыда Ауыл шаруашылығы министрлігінің сырғытпа жауаптарына да көңілі толмайтындығын айтып өтті. Оның сөзіне қарағанда, аталған министрлік бұл мəселемен өздерінің айналыспай-тындарын жеткізген. «Сонда кім ай-налысады бұл іспен жəне бұл тұрғыда мемлекеттік қолдау кезек күттірмейтін мəселе», – дейді Н.Макерова. «Осындай асыл қазынамызды құнттамай жүр-геніміз менің жаныма қатты батады. Ашынғаннан кейде ащы дауысым да шығып кетеді. Түрікмендер тəуелсіздік алған алғашқы жылдары-ақ тазысы мен алабайын заңдастырып алыпты. Біз əлі күнге дейін қалың ұйқы құшағында жүр екенбіз. Бұлай жата беруге болмай-тыны анық. Қазір ден қимылдамасақ, жоғарыда айт қанымыздай, өкінішке ұрынып қа луымыз əбден мүмкін», деп жазды («Егемен Қазақстан, №120, 20.06.2014 ж.).

Ұлттық құндылықтарға халық-аралық патент алу үшін, оның бəрі өзімізде стандартталуы керек. Бұл – көлемді жұмыс. Мысалы, қазақ үйдің жеке патентін алу керек болса, оның əрбір құрамдас бөлігіне: кере-ге, уық, шаңырақ, басқұр, туырлық, т.б. бөлшектеріне жеке-жеке патент алу керек. Себебі, осы бөлшектерге басқалар патент алып алса «біз ойлап тапқан затты қазақтар құрастырып үй тікті» деп дауласуы мүмкін. Сол сияқты бесіктің өзіне жəне əрбір құрамдас бөлшегіне жеке-жеке па-тент алу қажет. Басқа құндылықтарға да солай. Патентің болса ол – сенікі. Болмаса ол – басқанікі. Патентің бол-маса сенікі – ұрлық болып есептеледі.

Мұндай көлемді жұмысты бір министрлік атқара алмайды. Се-бебі, ұлттық құндылықтарымыз сан салалы. Біреуі тамақ өнер кə-сібіне байланысты болса, енді бі рі Мəдениет, үшіншісі Ауыл ша руа-шылығы министрлігіне, т.б. бай-ланысты. Сондықтан ұлттық құн ды-лықтарымызды стандарттауда ми -нистрліктерге тапсырма беретін, оны халықаралық патентке дайын дай тын өкілетті орган құрылуы керек.

Ұлттық құндылықтарымыздың ұрланып жатқандығы туралы, оны қорғау үшін халықаралық патентке дайындайтын комитет құрылуы керек екендігі туралы 2008 жылы «Егемен Қазақстанда» мақала жарияланған еді («Егемен Қазақстан», №263-266, 27.08.2008 ж.). Бірақ осы мақаладан кейін 6 жыл өтсе де ешқандай қозғалыс жоқ. Бұдан кейін де біраз ұлттық құндылығымызды басқалардың па-тенттеп алғандығы айтылуда. 2011 жылдың 6 наурызында «Қазақстан» телеарнасының «Апта kz» хабарын-да шұбатқа – еврейлердің, қазақ үйге – америкалықтардың халық-аралық патент алғандығы айтылды. Қазақта сонда не қалды? Егер біз əлі де немқұрайлылықпен, жайба-сарлықпен жүре берсек барлық ұлттық құндылықтарымыздан айы-рыламыз. Сондықтан ұлттық құнды-лықтарымызды қорғау керек.

Назрахмет ҚАЛИ, зейнеткер.

АЛМАТЫ.

Page 16: 10 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ Əлеуеті мол ...Иран мемлекеті – əлемдік қаты-нас тарда өзіндік рөл атқаратын,

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz16

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №392 ek

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

ПрезидентСауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редакторЖанболат АУПБАЕВ

Вице-президентЕркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kzАлматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – 8 (717-2) 37-61-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72;Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 747-63-01;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы201 715 дана.

Нөмірдің кезекші редакторларыҚарашаш ТОҚСАНБАЙ,

Дастан КЕНЖАЛИН.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы,070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

10 қыркүйек 2014 жыл

www.egemen.kz16 ХАБАР-ОШАР

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан».

Жексенбілік жарыста қалаған кейіпкерлерінің кейпіне енген велосипедшілер легі «Астана» алаңын бетке алып жолға шықты. Ерекше жарысқа қатысушыларға

В.Мякотиннің басқаруындағы Dixieland джаз оркестрі қо ше мет көрсетіп, тамаша шоу-бағдарламалар жиналғандардың көңілін көтерді.

Бүгінде оңтүстік астанада ве-лоспорт кеңінен насихатталып жатқанын айту керек. Жəне қызықты деп табылған қалалық іс-шараларға

бизнес өкілдері де қолдау көрсетуге ықылас танытып жатқаны қуантады.

Алматыда жиі өткізілетін, мұндай жарыстарға қатысқысы келгендерге барлық мүмкіндік туғызылған. Ал костюмді велошерудің бір ерекшелігі – қатысушылар арасында велосипед сəндеуде жəне велокостюм тігу кезінде неше түрлі сəн үлгілерінің пайда бо-луымен де өзгешеленеді. Айтқандай, биылғы жарыс жолына Қырғыз елінен, Бельгия мен Мадагаскардан келген велосипедшілер де қатысты.

Алматыда веложарыс өткізу жақсы дəстүрге айналып отыр.Бүгінгі велосипед мерекесін ұйым-дастырушылар елімізде вело си пед спортының кең қанат жаюына жəне белсенді өмір салтымен өмір сүруге қызығушылықтың артуына себепте-суге əзір.

Сонымен, бар сəн-салтанатымен саламаттылықты жарнамалаған жарыста ерекше костюмдерімен, спорттағы сергектігімен көзге түскен, «көліктерін» айрықша

безендірген қатысушылар Алматы қаласы əкімі Ахметжан Есімовтің қолынан естелік сыйлықтарға ие болды. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қала əкімдігінен бөлек, «Универсиада-2017» Атқарушы Дирекциясы» МҚ жəне Coca-Cola компаниясы да қосылды.

АЛМАТЫ.––––––––––

Суреттерді түсіргенДəурен ИСАЕВ.

Ертегідей жарыс болдыАлматыда биыл екінші рет ерекше веложа-рыс өтті. Осынау бұқаралық костюмді вело-шеруге мыңға тарта алматылықтар қосылды. Егер алдағы уақытта қалада кəсіби спорт-шылар мен танымал велокомандалардың қатысуымен «Тур Алматы» өтетіндігін ескер-сек, бұл бастаманың салмағы арта түспек.

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан».

Биыл Үлбі металлургиялық зауытына – 65 жыл. Осыған орай, кəсіпорынның ақпараттық-көрме орталығында сəндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесі ашылды. Оған 37 адам қатысуда. Олардың барлығы зауыт қызметкерлері.

– Осыдан 4 жыл бұрын біз кəсіпорын цех та-рын аралап, өнерпаздарды іздедік. Соның нəтиже-сінде, өздігінен көркемөнермен шұғылданушы -лар қатары көбейіп келеді, – дейді өнертану шы Светлана Мордвинова.

Солардың бірі – бериллий өндірістік цехының жұмысшысы Николай Бычков. Ол табиғаттың өзі жаратқан ғажайып ертегі кейіпкерлерін ағаштың тамырларынан, бұтақтарынан көре де біледі, ағаш діңінен ойып жасай да алады. Мəселен, арбиған ағаш тамырларын алып, артық дүниелерінен арылтқан сəтінде жануар мүсіні пайда бола кетеді. Шебер енді Алакөл жағалауынан жинаған тастар-дан шағын бұйымдар жасаумен шұғылданып жүр.

Тамыр мүсіндерімен Наталия Филипчик те айналысады. Ол «Ертегілер елінен келген бақыт ағашы» атты дүниесінде ергежейлілер, қоңыздар, көбелектер жəне басқа да заттарды бейнелеп, байы-та түскен. Сондай-ақ, көрмеге келушілер Борис

жəне Мария Подоплеловтардың қолынан шыққан ескі қоныс, үстел мен гүлсауыт, құман, жеміс-жидекке арналған себет, физик Юлия Шегайдың атақты Ван Гогтың «Корневильдегі жұпыны үй» сынды туындысының стилінде жасаған күрделі жұмыстарын, ағылшын жəне француз тілдерінің аудармашысы Оксана Старшованың əйнектен жасалған витраждары жəне тағы басқа шеберлердің туындыларын тамашалауға мүмкіндік алды.

Көрмені тамашалаушылар зауытта осындай талантты адамдардың жұмыс істейтініне таңыр-қауларын жасырар емес. Шынында, «ашылмаған аралдар» қаншама?! Қазақтың «бұлақ көрсең, көзін аш» дегенде меңзегені де осы ғой. Көрме жұмысы қазан айының соңына дейін жалғасады.

ӨСКЕМЕН.––––––––––––––––

Суреттерді түсірген Антонина ГАВРИЛОВА.

Астана алып асқабақ өсіріп, айды аспанға бір-ақ шығарады деп кім ойлаған?! Осыдан соң-ақ «шілдеден кейін шолтаң ете қалатын арқаның қысқа жазында анау-мынау нəрсе пісіп болмайды» деген қасаң қағиданың күлі көкке ұшқандай... Өзбекстаннан көшіп келген өз қандасымыз өнегелі ісімен өзгелердің бəріне таңдай қақтырды. «Бұрын-соңды елімізде мұндай ірі бақша өнімі болған емес», деп хабарлады 31-арна тілшілері.

Жуырда Жаһангер Кəлібеков есімді бауырымыз өз бақшасында өскен диаметрі 1,5 метрге жуық-тайтын алып асқабақты сабағынан үзіп, үйіне əкелді. Сыртынан қарап сүйсініп жүрген өнімін жұрт көзінше өлшеп көрсе, биіктігі жарты метрге жуықтаған екен. «Елдің көбі Астанада ештеңе өспейді дейді. Онысы бекер. Ол үшін еңбектену керек. Міне көріп тұрсыз, берекелі болып өсті», дейді алып асқабақтың иесі.

Бағбан гулливер деп атала-тын асқабақтың ерекше тұқымын

Қызылордадан арнайы əкеліп, алғаш рет арқа топырағына салып көріпті. Негізінен, бұл тұқым түрі Австралияда өнімділігімен жəне дəмділігімен аса танымал болған деседі. Ала жаздай бағып-қағып, ерекше ықыласпен кү-тіп-мəпелеген соң, Астананың күзге са-лым

салқын жазы болайын деп тұрған асқа бақ қа бөгет жасай алмаса ке-рек. Үш ай бойғы үміт ақталды деген осы.

Есепсіз төгілген тер мен өлшеу-сіз еткен еңбектің арқасында ас-қабақ анау айтқандай рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұйыртса, бағбан жігіт алып асқабақтан дəм-ді тағам əзірлеп, бүкіл көршілерін ауыз тию үшін қонаққа шақырамын деп отырған көрінеді.

Айжұлдыз ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,Л.Н.Гумилев атындағы

ЕҰУ студенті.

Жалєан аќпарат тїрмеге тыќты

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау қалалық №2 сотының үкімімен теміржол вокзалы ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны

туралы жалған ақпарат берген В.Затворникова айыпты деп танылды. Облыстық прокуратураның

хабарлауынша, В.Затворникова биылғы 7 маусымда мас күйінде өзінің ұялы телефонынан Атырау

қаласы ішкі істер басқармасының «102» телефонына қоңырау шалыпты. Араққа сылқия тойған

оның жалған ақпараты мемлекетке 110 727 теңге залал келтірген.

Атырау қалалық №2 сотының үкімімен В.Затворникова Қылмыстық кодекстің 242-бабымен ай-

ыпты деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Атырау облысы.

Өңір өнері Апыр-ай! Тіршілік түйткілдері

«Ашылмаєан аралдар»Зауыт єимаратындаєы кґрме кґпшілікті таѕєалдырды

Қылмыс

Астанадаєы алып асќабаќ

Жоєалєан цезий табылды

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан».

6 қыркүйекке қараған түні Қызылорда қаласының тұр-ғынынан əлдебіреулердің «КамАЗ» автокөлігінде Маң-ғыстау облысында жоғалған радиоактивті цезий капсула-лы контейнерін алып бара жатқандығы туралы ақпарат түскен. Хабарлама түскен бет-те автокөлікті құрықтау үшін Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы толығымен жұ мылдырылған. Түнгі са ғат 02.00-де Қызылорда об лы сының Шиелі ауданы, Бəй геқұм ауылына кірер бұры-лысында жүргізушісі мен жолаушысы бар «КамАЗ» автокөлігі тоқтатылып, оны

тексеру кезінде жоғалған цезий капсулаcы бар контейнер алын-ды. Қазіргі таңда автокөліктің жүргізушісі мен жолаушы-сы Шиелі ауданының ІІБ-не жеткі зілді, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сөйтіп, бір аптаға жуық бүкіл елді дүрліктірген оқи-ғаның соңы осылай аяқталды. Батыс облыстардың бəрін ба-сып өткен затты қызылордалық құқық қорғаушылар тапты. Əйтпесе, əлдеқандай жағ дай-дың орын алуы мүмкін еді. Өйт кені, бас бармақтай ғана бола тын цезий радиоактивті эле мен тімен біраз лаң салуға бола тынын мамандар айтып отыр.

ҚЫЗЫЛОРДА.

Маңғыстау облысының Сай-Өтес жəне Шетпе

кенттерінің аралығында аса улы цезий-137

радиоактивті элементі жоғалып кеткенін ел біледі.

Елді шулыған қылған зат Қызылорда облысынан

табылды.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында «Егемен Қазақстан» газетінде «Өнертапқыш» атты мақала жарияланған болатын. Ол мақалада өнертапқыш Қайыргелді Смағұловтың өзі ойлап тапқан өнертабыстық шағын жаңалықтарын жүзеге асыра алмай, мемлекеттік органдар-дан қолдау күтіп жүргендігі жайлы айтылған еді.

Ќайыргелдіге кім кґмектеседі?

Сұңғат ƏЛІПБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Тілші өнертапқышпен сөйлесе келе оның ұлттық құндылықтың жоқтаушысы, жанашыры екендігін, открыткалардың, құттықтау қағаз-дары ның қазақи ұлттық үлгілерін ойлап тауып, оларға мемлекеттік органнан патенттер алғандығын анықтайды. Алайда, амал не?! Қайыр гелді осы ойлап тапқан өнерта быстарын іс жүзіне асыра алмай жүргендігін, себебі, өзінің қаржыға мұқтаж екендігін жеткізеді. Тіпті, бұлар үшін көп қаржы да қажет емес екен. Бірақ өкінішке қарай, Қайыргелдінің соны табуға дəл қазір жұмыссыз жүргендіктен мүмкіндігі жоқ. Кезінде өз бетімен тірлік құрып, фирма ашып, оны басқарып дүрілдеткен азамат соңғы кездері тағдырдың біраз тəлкегіне түскен. Отбасынан, басындағы бас-панасынан айырылған. Сонымен дəл қазіргі сəтте керек қаржыны банкіден қарызға алуға кепілге қояр заты да жоқ деп айтуға болады.

Алайда амал не, «Өнертапқыш» атты мақаланың жарық көргеніне 5-6 ай уақыт өтсе де, əзірге Қайыргелді өзіне қолұшын берер адамды таба алмаған секілді. Түрлі сылтаулар айтып шенеуніктер де теріс айнал-ған. Сөйтіп, Қайыргелді тағы да редак циямызға келіп, өзіне ешкімнің көмектеспегендігі туралы қайта ша-ғымданды. Өнертапқыштың жағ-да йын түсінгенімізбен мем ле кеттік органдарға нұсқау беретін газеттің құқығы жоқ қой. Оған осыны ай-тып жатырмыз. Бірақ өмірден беті қайтып, жаны жаралы болып жүрген азаматтың сағын сындырмайық деп бұл жайтты Қайыргелдіге көмектесуге мүмкіндігі бар ел адамдарының, тиісті мемлекеттік органдардың назарына тағы бір ұсынғанды жөн көрдік. «Əкең көнсе шешең көнбес, шешең көнсе əкең көнбес, əттең тонның келтесі-ай, əттең тонның келтесі-ай» деп ха лық əнінің сөзінде айтылғанындай бір жерден қайырым көргенімен, екін ші жерден таяныш таба алмаған Қайыр-гелді секілді өнертапқыш азаматқа көмектесе алатын кімдер бар екен?

АСТАНА.

Е, бəсе!..