Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · web viewАбайдың...

121
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы : Сөз құдыреті Сабақтың мақсаты : а) Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу; б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі : аралас сабақ Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар Пәнаралық байланыс : тарих Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру. Қымбатты оқушылар! Сендер 8-сыныпқа арналған "Әдебиет" оқулығын қолдарыңа алып отырсыңдар, мүмкін, мазмұнымен танысып та шыққан боларсыңдар. Бүған дейін, 5-сыныптан бері, сендерді небір қиял-ғажайып ертегілер әлеміне, оқиғасы қызықты әңгіме-хикаяттар дүниесіне апарған, өлең жаттатып, көңілдеріңді шаттандырған әдебиет пәнін оқып-үйреніп келдіңдер. Енді 8-сыныпта оқитын "Әдебиет" оқулығының 5—7-сыныптардағы әдебиет оқулыктарынан едәуір өзгешелігі бар. Ол өзгешелік — оқулык мазмұнында, тақырыптардың берілуінде. Оларда осы уақытқа дейін оқыған шығарма-ларыңнан алған әсерлеріңді, өздеріне ұнаған кейіпкерлерден бойларыңа ауыскан адамдық, тазалық, ұлтжандыльқ қасиеттерді, ең бастысы, осы кезге дейін алған әдеби білімдеріңді әрі қарай тереңдете түсетін жалпы түркі халықтарына ортақ жазба әдебиетіміздің бастауы — ежелгі дәуір әдебиетінің үлгілері берілді. Рас, бүл әдебиет сендерге алғашында осы уақытқа дейін оқыған туындыларыңнан тосындау көрінуі ықтимал. Сонау алыс ғасырлардан жеткен асыл мұраның тілі де үйреншікті емес, сондықтан да түсінуге қиындау соғар. Бірақ оларды сендердің шамаларың келмейтіндей қиындық деуге болмайды. "Ежелгі дәуірдің өзінде менің ата-бабамның керемет жазба өнері болған екен. Сонда мынадай асыл ойлар айтылған екен, сондағы тіл, мақал-мәтелдер бүгінге жетіп, оны біз айтып, қолданып жүр екенбіз" дегенді сезінудің өзі қаншалық ғанибет десендерші! Осы мақтаныш сезім мен сана ежелгі әдебиетті оқып-үйренуге сендерді құлшьндыра түсетініне күмәндануға бола ма! Әдебиет адамға сөз қуаты, көркем бейне арқылы әсер етеді. Жазушы өткен тарихты, ондағы адамдардың жан – күйін, сезімін, қайғы – мұңын тебірене жазып, күшті әсерге бөлеп, ойға шомылдырады. Кейбір көркем шығарманы оқып

Upload: others

Post on 01-Mar-2020

26 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : Сөз құдыреті Сабақтың мақсаты : а) Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу; б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі : аралас сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар Пәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру. Қымбатты оқушылар! Сендер 8-сыныпқа арналған "Әдебиет" оқулығын қолдарыңа алып отырсыңдар, мүмкін, мазмұнымен танысып та шыққан боларсыңдар. Бүған дейін, 5-сыныптан бері, сендерді небір қиял-ғажайып ертегілер әлеміне, оқиғасы қызықты әңгіме-хикаяттар дүниесіне апарған, өлең жаттатып, көңілдеріңді шаттандырған әдебиет пәнін оқып-үйреніп келдіңдер.Енді 8-сыныпта оқитын "Әдебиет" оқулығының 5—7-сыныптардағы әдебиет оқулыктарынан едәуір өзгешелігі бар. Ол өзгешелік — оқулык мазмұнында, тақырыптардың берілуінде. Оларда осы уақытқа дейін оқыған шығарма-ларыңнан алған әсерлеріңді, өздеріне ұнаған кейіпкерлерден бойларыңа ауыскан адамдық, тазалық, ұлтжандыльқ қасиеттерді, ең бастысы, осы кезге дейін алған әдеби білімдеріңді әрі қарай тереңдете түсетін жалпы түркі халықтарына ортақ жазба әдебиетіміздің бастауы — ежелгі дәуір әдебиетінің үлгілері берілді. Рас, бүл әдебиет сендерге алғашында осы уақытқа дейін оқыған туындыларыңнан тосындау көрінуі ықтимал. Сонау алыс ғасырлардан жеткен асыл мұраның тілі де үйреншікті емес, сондықтан да түсінуге қиындау соғар. Бірақ оларды сендердің шамаларың келмейтіндей қиындық деуге болмайды. "Ежелгі дәуірдің өзінде менің ата-бабамның керемет жазба өнері болған екен. Сонда мынадай асыл ойлар айтылған екен, сондағы тіл, мақал-мәтелдер бүгінге жетіп, оны біз айтып, қолданып жүр екенбіз" дегенді сезінудің өзі қаншалық ғанибет десендерші! Осы мақтаныш сезім мен сана ежелгі әдебиетті оқып-үйренуге сендерді құлшьндыра түсетініне күмәндануға бола ма!Әдебиет адамға сөз қуаты, көркем бейне арқылы әсер етеді. Жазушы өткен тарихты, ондағы адамдардың жан – күйін, сезімін, қайғы – мұңын тебірене жазып, күшті әсерге бөлеп, ойға шомылдырады. Кейбір көркем шығарманы оқып отырып, оқиғасына өзің араласып кеткендей күй кешесің, кейіпкердің түр түсін, қуанғанын, ренжігенін жан жүрегіңмен қабылдайсың. Бұның бәрі көркем әдебиеттің, яғни сөз өнерінің құдыреті. Адам баласына қуаныш сыйлайтын, сезімімізді тәрбиелеп, байытып, азаматтық тұлға қалыптастыратын, жарасымды әдеби тілде сөйлеуге үйрететін әдебиеттің жеке адам өмірінде, қоғамдық болмыс тіршілікте алатын орны ерекше. Ал нағыз оқырман болу үшін, көркем шығармалар туралы ғылыми білімге ие болып, оларды талдай білуге үйрену керек. Көркем туындыны талдау оқулықтан алған біліміңе ғана қатысты емес. Оқыған шығарма мазмұнын терең түсініп қабылдап, автордың ойы мен қөзқарасын айтпай танып, осы шығарма туралы өз сөзіңді, пікіріңді айту – талдаудың басы да, негізгісі де осы.Оқырман шығарманы оқи отырып, шын қуаныш сезімін бастан кешіріп, эстетикалық ләззат алу үшін автордың өз туындысын жасау үстіндегі сезіміне жақындай түсу қажет. Оқулықта ұсынылған шығармаларды оқығанда, сендер де сөйтіңдер. Талантты жазушының талантты оқырмандары болуға тырысыңдар. Сөз өнері – мәңгілік мектеп, оның өмірінің шегі жоқ. Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма : Сөз құдіреті туралы ойтолғау жазу

Page 2: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Ежелгі дәуір әдебиеті.Сабақтың мақсаты : а) Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу; б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту; Сабақтың түрі : аралас сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар Пәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Біздің заманымызға дейінгі жазу сызулар мен аңыз жырлар.Ұлан-байтақ қазақ жері — ең кемінде 3-5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі.

Қазақтардың арғы ата тегі — біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғүн, үйсіндер. Заманымыздың V ғасырынан былай "түрік", "түркілер" атанған.

Сақтар біздің заманымыздан бүрын Монғолия мен Дунай арасын мекендеген. "Сақ" сөзі қазакқ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақпан, сақшы, қып-сақ (қыпшақ), т.б. Көшпелі сақтар жайын-дағы деректер көне грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" кітабында, қытай шежірелерінде жазылып қалған.Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: "Аға, саған бүл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!" — деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VII—V ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманы-мыздағы VIII ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.Сақ, ғүн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып-Ер Түңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз-жырлар бар.Біздің заманымызға дейінгі көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіш-терін сөз етуден бұрын, қазақ халқын құрған тайпалық бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында білгеніміз жөн.Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең-байтақ даласында сақ, ғұн, үйсін-дер өмір сүрген. Олар алғашқы қауымдық құрылыс тұсында аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысқан. Бұны сақтардың бұғы, арқар, арыстан, самұрық суреттерін салып және олардың бейнесін алтыннан құйып жасағандығынан байқаймыз. Заманымыздың Ү ғасырына дейін оларды «түрік», «түркілер» деп атаған. Олар көне түркі тілінде сөйлеген.Түркі қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі кеңейіп, ұлан-ғайыр өлкедегі негізгі тілге айналды. Олардың таңбәлары ру символдарына ұқсас болып келді. Кене түркі жазуы бертін келе тіл тарихында «Рунә» жәзуы деп аталып кетті. «Рунь» деген сөз «құпия», яғни «сыры ашылмаған» деген ұғымды білдіреді.Міне, осы руна жазуындағы ескерткіштер тілі ҮІ - X ғасырлардағы оғыз, ұйғыр, қырғыз, қимақ, қыпшақ т.б. түркі тайпалардың бәріне бірдей ортақ жәзбаша әдеби тілі болды.Сақ, ғұн дәуірінен келіп жеткен Алып - Ер Тұңға, Тұмар патшайым; Ширақ батыр, Мөде батыр жайында аңыз-әңгімелер бар

Кітаппен жұмыс: Кітаптан ежелгі дәуір әдебиеті туралы оқып түсініктерін айтады.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ежелгі дәуір әдебиеті туралы оқып келу

Page 3: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : АЛЫП-ЕР ТҰҢҒАНЫ ЖОҚТАУСабақтың мақсаты : а) Алып-ер Тұңға туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу; б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап, дамыта оқытуСабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар Пәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру. Алып-Ер Тұңға - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидың «Шаһнама» кітабының кейіпкері. Бұл кітапта Алып-Ер Тұңға - Афрасияп, Тұранның (Түр елі - түріктердің) патшасы болып суреттеледі.Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Қаздың екі шаһары Іленің маңайында. Ал Барысхан қаласының орны Ыстықкөлдің жанында.Алып-Ер Тұңға қайтыс болғанда артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жоқтау XI ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітабында бар.Бұл жырдан қазақтың жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз. Жырдың мазмұнында опасыз дүниенің Алып-Ер Тұңғаны аямағаны, түркілердің оның қазасына қатты қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады.Алып-Ер Тұңға өлді ме? Опасыз дүние қалды ма? Заман өшін алды ма? Енді жүрек жыртылар...

Сөздікпен жұмыс: Тұңға- алғашқы,бірінші деген мағынасында Опасыз дүние-бұл дүниеде ешкім мәңгі қала алмайды деген мағынада

Кітаппен жұмыс: Алып-Ер Тұңғаны жоқтауын мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?2. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?3. Ежелгі дәуір әдебиетіне қай ғасыр жатады?Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Алып-Ер Тұңғаны жоқтауды оқып келу

Page 4: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ (VIII ғ.)Сабақтың мақсаты : а) Орхон ескерткіштері туралы мәлімет беріп, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау; ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу; Сабақтың түрі : лекция сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар, электронды оқулықПәнаралық байланыс : қазақ тілі ,тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Түркілер Ү-ҮІІІ ғасырларда «Түрік қағанаты» деп аталатын үлкен мемлекет құрды. Түркілер - қазіргі қазақ, қырғыз, қарашай, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, ноғай, саха (якут), хакас, әзірбайжан, түрік, құмық, авар, балқар, башқұрт сияқты тілдері бір-бірімен ұқсас, түркі тілінде сөйлейтін, тұтас түркі елі. Түркілердің түпкі Отаны - қазіргі қазақ жері.

Түрік қағанатының негізін құрғән Бұмын қаған еді. Ол 552 жылы қайтыс болып, кейінгі ұрпақтарынын біліксіздігінен қағанат екіге бөлініп, көрші жатқан тауғаштарға тәуелді болады. Елу жылдан кейін Елтеріс ханның тұсында бостандыққа қол жеткізеді.

Елтеріс қайтыс болған соң( артында қалған ұлдары Білге - жеті жаста, Күлтегін бес жаста екен. Мұрагерлері жас болғандықтан, елді інісі Қапаған билейді. Жиырма төрт жылдан кейін ған Білге қағандықты алып, Күлтегін әскербасы болады. Тонұқұқ ақылшь кеңесші болып отырады.

Орхон ескерткіштері дегеніміз - осы тарихи тұлғаларға арнап жасалған жәзулар. Түркілердің ежелгі мекені - Орхон өзенінің аңғарынан табылған. Мұндай тарихи тастар бұрын қәзақ жерінде көп болған, бірақ түрлі жаугершіліктер кезінде жойылып кеткен.

Орхон ескеркіштеріндегі жазулардың негізгі мазмұны - ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу.

Орхон жазулары мазмұны, айтар ойы жағынан «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқты қазақтың эпостық жырларымен үндес, ұқсас.

Орхон жырларының құрылысы жағынан қазіргі өлеңнен біраз айырмашылығы бар. Онда арагідік болмаса, ұйқас кездесе бермейді. Дыбыс үндестігі, сөз қайталаулар ішкі ырғаққа құрылады.

Тіл тірі организм секілді өзгеріп отырады. VIII ғасырындағы ата-бабалар тілі мен бүгінгі тілде айырмашылықтар болуы заңды. Көрші елдермен қарым-қатынастарға байланысты біздің олардан, олардың біздің тілімізден сіңіргені аз емес. Сондықтан, бүгінгі оқушыға түсінікті болу үшін зерттеуші ғалымдар қазіргі тілімізге аударып берген.Сөздікпен жұмыс: Тауғаштар-қытайға қараған түркі тайпалары Тоңықұқ-алғашқы заң шығарушы деген мағынада

Кітаппен жұмыс: Орхон ескерткішін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма : Орхон ескерткішін оқып келу

Page 5: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : ЕСКЕРТКІШТЕН ҮЗІНДІЛЕРСабақтың мақсаты : а) Орхон ескерткіштері туралы мәлімет беріп, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау; ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу; Сабақтың түрі : аралас сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар, электронды оқулықПәнаралық байланыс : қазақ тілі ,тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру.Тәңір текті, Тәңірден жаралған, Түрк Білге қаған. Бұл шақта отырдым, Сөзімді түгел есітіңдер: Бүкіл жеткіншегім, ұланым, Біріккен әулетім, халкым. Оңымда шад, апа бектер,Солымда тархан, бұйрық бектер. Тоғыз оғыз бектері, халқы, Бұл сөзімді мүқият тыңда, Терең ұқ!Өтүкен қойнауының нағыз иесі жоқ еді, бірақ ел тұтатын жер осы Өтүкен қойнауы еді.(Дәл) осы жерде отырып, тауғаш халқымен табыстым.Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті соншама шексіз беріп жатқан тауғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді.

(Олар) тәтті сөз, асыл қазынасын беріп, жырақтағы халықты (өзіне) сонша жақындатар еді.Ақылды кісілерді, батыл кісілерді тауғаштар қозғай алған жоқ.

Сөздікпен жұмыс: Білге-ақылды,дана Қаған-хан Тоғыз оғыз-ру-тайпаның аты

Кітаппен жұмыс: Орхон ескерткішінен үзіндіні мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.1. Түркілердің тауғаштарға елу жыл ісін-күшін беру себебі не?2. Түрік қағанаты қалай құрылған еді?3. Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде?4. Айтар ойы қандай?Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма : Орхон ескерткішінен үзіндіні оқып келу

Page 6: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : Қорқыт ата кітабы. (ҮІІІ – ІХ ғғ.)Сабақтың мақсаты : а) Қорқыт ата туралы айта отырып, ол туралы аңыздардан мәлімет беру; ә) оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға,қоғамдық-саяси дүниетанымын дамыту; б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі : жаңа сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар, деңгейлік тапсырмаларПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау :Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1. Түркілердің тауғаштарға елу жыл ісін-күшін беру себебі не?2. Түрік қағанаты қалай құрылған еді?3. Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде?4. Айтар ойы қандай?

б) Жаңа сабақты түсіндіру. Қорқыт ата ҮІІІ – ІХ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісінің мазары қармақшы стансасынан 18 шақырымдай жерде тұр. Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам дейді. Жиырма жасқа жеткенде, түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: «Қырықтан артық өмір сүрмейсін», - деген соң, нағышылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді. Қайда барса да алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?» - деп сұраса, олар: «Бұл Қорқыттың көрі», - деп жауап береді. Жан сақтауға жер қалмаған соң, Сыр суының үстіне кілемін төсеп, аңыратып қобыз тартады. Оның жанын алуға келген ажал күйдің әсерінен неге келгенін ұмытып, тұрып қалады. Қорқыт қалғып кеткен кезде ғана қайрақ жылан болып келіп шығады. Қорқыт бабаның «Ұшардың ұлуы», «Аққу», «Кілем жайған», «Желмая», «Әупбай», «Башпай», т.б. он шақты күйін қобызшылар сақтап қалған. Қорқытты ажалдан құтқарған қобызы болғандықтан, кейінгі бақсылар ауруды қобызбен емдейтін болған. Қорқыт айтқан жырлар ХҮ ғасырда қара сөзбен хатқа түскен. Кітапта он екі жыр бар: «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алып Бамсы», «Тоқа баласы Ержүрек Темірұл», «Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр», «Хан Төрәлі», «Қазан Саларбектің ауылын жау шапқаны», т.б.

Кітаппен жұмыс: Қорқыт ата туралы аңыздарды мәнерлеп оқиды.Топтастыру стратегиясы:

Ұшардың ұлуы Кілем жайған

Желмая Әупбай

Башпай Аққу

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма : Қорқыт ата кітабын оқып келу

Қорқыттың күйлері

Page 7: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : Қорқыттың нақыл сөздері. Сабақтың мақсаты : а) Қорқыт ата туралы айта отырып, нақыл сөздерінен мәлімет беру; ә) оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға,қоғамдық-саяси дүниетанымын дамыту;

б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі : аралас сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар, деңгейлік тапсырмаларПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау :Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру. Баят бойында Қорқыт ата дейтін бір ер тұрыпты. Ол кісі оғыз ішіндегі ең білгіші екен. Ғайыптан айтқан болжамдарының бәрі тұп – тура келіп отырған әулиенің көңіліне тәңірім нұр құйған ғой... Ол алдымен оғыз қауымның мүшкіл қалін айтқан. Нендей іс болса да, әбден таныспайынша, көз жеткізбейінше кіріспейтін Қорқыт атаның сөзінхалық ақыр соңына дейін ұйып тыңдаған. Қорқыт ата сөйлейді:

- Алла, Алла демейінше іс түзелмес, Тәңірі бермейінше ер байымас. Әзелде жазылмаса, құл басына қаза келмес, ажал уақыты жетпейінше, ешкімде өлмес.Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара құрым мал бітсе, жияр,көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей шұбыра сулар тасыса, теңіз болмас. Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас, ол ішіп жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас. Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас. Күңге қамқа тон жапсаң да, ханым болмас. Жапалақ – жапалақ қар жауса, жазға қалмас. Ескі қамыс біз болмас. Ежелгі дұшпан дос болмас. Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас. Ер малын қимайынша, аты шықпас.

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас. Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес. Ұл – атаның ері, екі көзінің бірі. Дәулетті ұлың болса, ошығыңның қоры болар. Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар. Қорқыт ата тағы да сөйлейді, тыңдап көрелік, не дер екен.

- Мықты жүйрік бедеуге қорқақ жігіт міне білмес, ол мінгенше, мінбесе игі... қонақ келмеген үйдің құлағаны артық. Ат жемейтін ащы шөп біткенше, бітпегені игі. Адам ішпес ащы су жылға қуып аққанша, ақпағаны игі. Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі. Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны игі.

Қорқыт ата тағы сөйлейді, тыңдап көрелік не айтар екен:- Жердің соңы шөбін киік білер. Жайылым жердің көкорай шалғынын құлан білер. Айырым –

айырым жол сүрлеуін түйе білер. Жер бұлақтың хош иісін түлкі білер. Түндн керуен көшкенін қараторғай білер. Ердің батқанын ат білер. Ауыр жүктің салмағын тұлпар білер. Қаперімде бастың ауырғанын ми білер. Қыл қобызын арқалап, елден елге, бектен бекке жырау кезер...

Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті. Самай шашы ағарған баба көрікті. Ақ ссүтіне тойғыза – тойғыза емізген ана көрікті. Жанашыр ағайын туған көрікті. Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті. өнегелі баба көрікті. Дәптермен жұмыс:Нақыл сөздерді тақырыптарға бөліп, дәптерлеріне жазады

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.1. Қорқыт ата кім болған?2. Ол қандай қасиеттерімен ел есінде қалған?3. Қорқыт ата өлімне қашып құтыла алды ма?4. Өмірде өлмейтін не нәрсе?Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма : Қорқыт атаның нақыл сөздерін оқып келу

Page 8: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : Оғыз қаған жырыСабақтың мақсаты : а) Оғыз қаған шығармаларын оқытып, мағынасан ашу,талдату; ә) өзіндік ой,пікір айта білуге жетелеу,шығармашылық қабілеттерін дамыту; б) өлең арқылы оқу білімге үндеу,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Сабақтың түрі : аралас сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқытуСабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, кітаптар,электронды оқулықПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау :Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру.

«Оғыз қаған жырында» бүкіл оғыз-қыпшақ тайпаларының басында болған жағыдайды тек бір адамның басына жинақтап береді.Жырда оғыздардың Көк Тәңіріне жалынып, өздерінің Көк Бөріден тарағанын аңғартады.

Оғыздың Үрім қағанға жорығын Көкжал бәрі бастап отырған екен. Оғыздың өзі кек өңді,

шашы теңіз толқынындай болып суреттелүі кек түсті қасиетті деп санауынан туған.

Оғыздың ақылшы-кеңесшісі ¥лық Түрк - Қорқыт ата, Тонүқүқ, Бұхәр сияқты жыраулар.

Жырда Оғыздың анасының аты - Айқаған, әкесі аталмайды. «Оғыз қаған жырының»

құрылысы қазақ эпостарымен ұқсас келеді.

Кітаппен жұмыс: Оғыз қаған жыры құрылысына қарай талдайды

Шығарманың басталуы: Оғыздың тууы.

Шығарманың дамуы: Тажал аң-Қатпен соғысы

Шығарманың шиеленісуі: Үйленуі

Шығарманың шарықтау шегі: Оғыздың үрімге жорығы

Шығарманың шешімі: Еліне оралып жерін балаларына бөліп беруі

Дәптермен жұмыс: Айқаған-Оғыздың анасының аты

Көзі жарыды-қуанды Қат-ормандағы тажал аң Тұрысу-соғысу

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма : Оғыз қаған жырын оқып келу

Page 9: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- Фараби Сабақтың мақсаты : а) Әбунасыр Әл-Фараби өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас тұлға екенін таныту; ә) өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру; б) екінші ұстаз ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту; Сабақтың түрі : аралас сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : тірек сызбалар, кітаптар т.бПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау :Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Әл-Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан, яғни әкесінің аты — Ұзлағ, ал арғы атасының аты — Тархан. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы. Әл-Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезде-ақ, Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" атанған. Ол он алты жасында оқу іздеп Бағдатқа барады. Жаратылыстану ғылымын, білімін Бағдатта, Халебте (Алепода) алған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған. Әл-Фарабидің «Қайырлы қала тұрғындарының кітабы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Музыканың үлкен кітабы», «Өлең сөз және шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы», «Логика», т.б. еңбектері бар

Кітаппен жұмыс: Әл-Фараби шығармаларын оқиды Топтастыру стратегиясы:

Музыка математика

логика философия

астрономия әдебиеттану

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма : «Екінші ұстаз» деген тақырыпқа шығарма жазады.

Әбунасыр айналысқан

ғылым салалары

Page 10: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- Фараби

шығармаларыСабақтың мақсаты : а) Әбунасыр Әл-Фараби шығармасын оқыта отырып талдау арқылы оның қайталанбас тұлға екенін таныту;

ә) өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру; б) екінші ұстаз ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : тірек сызбалар, кітаптар т.бПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын 1. Әл-Фараби кім?2. Ғылымның қандай салаларымен айналысқан? б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Page 11: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

«Қашықтасың, туған жер - қалың елім, Небір жүйрік болдырар жарау деген. Шаршадым мен, жанарым талды менің, Шаңғыт жолға сарылып қарауменен. Кері оралмәй жылдарым жәтыр әғып, Қасіреттің жасына көз жуынар. 0, Жаратқан, көп неткен ақымағың, Құм сықылды тез ысып, тез суынар.

* * *Тамылжып бал тыныштық айналамнан, Тылсым түнге құшағын жайған далам. Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз, Жанымды ой жарығы аймалаған.

Аққан жұлдыз құласа кейде егер, Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып, Өміріме бір ғажап сәуле берер.

* * *

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды ешуақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.

Page 12: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Кітаппен жұмыс: Әл-Фараби өлеңдерін құрылысына қарай талдайды.Өрге жүзген// өнегелі ісімен, 1 шумақТанда адал //дос теңіңнің ішінен. 4 тармақЖүргендер көп// достық атын малданып, 8 бунақАлайда тек// қәлма оған алданып. 11 буынды

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма : Әл-Фараби өлеңдерін жаттап келу.Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : Ахмет Йасауи (ХІІ ғ.) Сабақтың мақсаты : а) Ахмет Йасауи туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау; ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру; б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу; Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгертуСабақтың әдісі : сұрақ-жауап, баяндау Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар, суреттерПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын 1. Әл-Фараби кім?2. Ғылымның қандай салаларымен айналысқан?

б) Жаңа сабақты түсіндіру. Қожа Ахмет Йасауи - - ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын

шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі (ұстазы). Йасауи Сайрам қаласында туып, Йасыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Йасауи деген атпен танымал. Йасауидің әкесі - - Шайхы Ибраһим сопылық жолды ұстаған діндар адам болыпты. Ахметтің анасы Қарашаш пен әкесі Ибраһимнің мазары - - Сайрамда. Ұстазы -Арыстанбаб (Арыстан баба) пен Йасауи жөнінде ел арасында көптеген аңыздар тараған. Онда: Мұхаммед пайғамбар Арыстанбабқа бір түйір кұрма беріп, оны Қожа Ахметке табыс етуін сұраған. Арыстанбаб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті. Йасауи Арыстанбаб ұстазына деген зор құрметін өзінің "Хикметтер" ("Диуани хикмет") кітабында баяндайды. "Диуан" - жинақ, "хикмет" - Алланың ақ жолы деген ұғымды білдіреді. Йасауидің жүзге жуық хикметтері бар. Кітапта бес жасынан дін жолына түскенін, жеті жасында Арыстанбабты іздеп тапқанын айтады. Өз өмірінің әрбір жылын санамалап, Алланы тану жол-дарын баяндап береді. Аузымен "Аллалаған", бірақ көңілі таза емес пенделерден жоғары болғанын медет етеді. Иманды болуға үндейді, адалдық жолын үлгі етеді, ізгілікке шақырады.

Page 13: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Ахмет Йасауидің 90 мың шәкірті болған. Олар ұста-зының сопылық ілімін Орта Азия, Анадолы -- Түркияға дейін таратып алып кеткен. Йасауи 63 жасқа келгеннен кейін, Мұхаммед пайғам-бардың жасынан артық өмір сүруді қажетсінбей, жер астына - - қылуетке түсіп отырады. Бар уақытын діни кітаптар оқуга, шығарма жазуға арнайды. Ол дүние, байлық жинамаған, адамдарды азғындықтан сақтау жолына қызмет еткен, жаны таза адам болған. Кітаппен жұмыс: Ахмет Йасауи өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма : Ахмет Йасауи туралы оқып, деректер жинап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : Ахмет Йасауи Хикметтері Сабақтың мақсаты : а) Ахмет Йасауи хикметтерінің мазмұнын түсіндіру,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау; ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру; б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу; Сабақтың түрі : аралас сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап, баяндау ,іздендіру Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар, суреттерПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру. Ахмед Ясауи өзінің «Хикмат» атты өлеңінде софылық ілім негіздерін баяндайды,тұрмыс-тіршіліке тартымды кеңестер береді,байлыққа құмар болмауға шақырады,әділеттілікті жақтайды. Жеті жаста Арыстанбаб келді маған, Хақ Мұстафа аманатын берді маған. Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян, Нәпсім өліп, Тәңірі жолына түстім мен де. Құрма беріп, мейірлене назар салды, Сол заматта кеудемде бір шырақ жанды. Еркелете шақырып қасына алды, Мектеп барып, бек қуанып тұрдым мен де.Сөздікпен жұмыс: Нәпсі-ішіп-жеу,пенделік қажеттері Хақ Мұстафа аманаты-Мұхаммед пайғамбардың аманат қылып берген құрмасын айтады. Мақшар күні-о дүниедегі сұрақ күні Тәуба- шүкіршілік қылу Ысырат көпірі- о дүниедегі қыл көпір

Page 14: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Кітаппен жұмыс: Ахмет Йасауи өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.1.Ахмет Йасауи кесенесі қай қалада?2. Йасауидің өмірлік мақсат-мұраты қандай?3. Йасауи кесенесін кім тұрғызған?4. Ақынның имандалық туралы ойлары қазіргі заманғы тәрбиеге сай келе ме?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма : Ахмет Йасауи өлеңдерін мәнерлеп оқып келу. Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : Жүсіп Баласағұни Сабақтың мақсаты : а) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту, оқу материалына сын көзімен қарап,жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне үйрету; ә) сымбатты ,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу; б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар т.бПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру. Жүсіп Баласағұнның өмірі жайында мәлімет аз. Ол 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағүн қәласында дүниеге келген. Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі Жетісуда, Шу жағалауында, Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Жамбыл облысының аумағында, Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді. Кейбір деректерде Баласағұн қаласы Қарахан мемлекетінің қолөнер сауда орталығы болғанын айтады. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық өмірін отырықшы да көшпенді аралас шаруашылық құрады. Жүсіп Отырар, Шаш (Ташкент), Тараз, Шу жазығы, Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар шаһарларында өркен жайған мәдени ортадан шыққан еді. Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасы - ең алғаш, ең көне, түркі тілінде жазылған шығарма. «Құтты білік» түркі тектес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат. Әдебиеттің ең асыл мұраларының бірі. Онда жалпы адамзат баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнері, ел басқару, тұрмыстық мәселелер қамтылған. Бұл шығармадан ақынның аса білімді екенін аңғаруға болады. Кітап ақыл-өсиет, өнеге-уағыз түрінде жазған. Баласағұни осы кітабы арқылы Хас Хәжып (сарай министрі) атағын алған екен.Кітаппен жұмыс: Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасын мәнерлеп оқиды.Венн диаграммасы: Жүсіп Баласағұнидің өлеңін Абай өлеңдерімен салыстырады.

Жүсіп Баласағұнидің өлеңі Абай өлеңі

Page 15: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» кітабы не туралы?2. кітаптың кейіпкерлері кімдер?3. баласағұнидың ойынша шын дос кім?4. Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма : Жүсіп Баласағұнидің шығармаларын оқып келу. Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : Махмұт ҚашқариСабақтың мақсаты : а) Махмұт Қашқари өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды ерлікке адамгершілікке баулу; ә) Адам баласында кездесетін жаман мінез құлықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету; б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі : аралас сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыруСабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер, кітаптарПәнаралық байланыс : қазақ тілі ,тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру. Махмұт Қашқаридың толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол XI ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Қарахандар ақ сүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен. Барыс ханның уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік жағасы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады. Сол жерде білім алып, әрі қарай Бұхара мен Нишапурде жалғастырады. Осы қалаларда оқып жүрген кезінде тіл, фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу, түркі халықтарының менталитеті қызыктыра бастайды. Жинақтаған мол тәжірибесімен байқағанын ол өзінің басты еңбегі — "Диуани лұғати-ат-түркте" зерделейді. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық, түркі халқының энциклопедиясы есепті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, XI ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген. Сөздік этноним, топоним, рулық терминдер, әр түрлі қызмет атаулары, тағамдар мен сусын атаулары, үй, жабайы жануарлар, құстар, айлар мен апта күнтізбе, дәрілік жабдықтар, астрономия, әскери, медициналық, діни т.б. атаулар қамтылған. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М.Қашқари оны 1072-1074 жылдары Халиф Өл-Мұқтадиға арнап құрастырған.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан Қашқаридың өлеңдерін мә нерлеп оқиды.

Топпен жұмыс: Қашқари жинаған түркі мақал-мәтелдерін айтып жарысады.

1. Көзден алыстаса, көңілден де алыстар.2. Хас батыр өткінші жаңбырдай, Білімді мірдің оғындай.

Page 16: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

3. Кең тігілген тон тозбас, Кеңесілген іс бұзылмас.4. Адамның қадірі тіршілігінде.5. Бөрі көршісін жемес.6. Күшті есіктен кірсе, Төре түңліктен шығар.7. Түйе мінген қой арасына жасырынбас.Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.1. Махмұт Қашқари ғылымның қандай саласымен айналысқан?2. Қашқари сөздігінің қазіргі екезде құндылығы неде?3. ХІ ғасырда басқа елдерден шыққан ғалымдар бар ма?Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма : Махмұт Қашқаридің шығармаларын оқып келу. Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : РабғузиСабақтың мақсаты : а) оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын,мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету; ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу; б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдарПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ жерінде ХІІІ-ХІV ғасырларда Алтын Орда мемлекеті құрылды. Түркілердің ол кезде де өзіндік әдебиет-мәдениеті болды. Сол дәуірде түркі тілінде жазылған оннан астам кітаптар бар. Олар: “Қисса Жүсіп", "Махаббатнама", "Жұмжұма сұлтан", "Хұсрау — Шырын", "Түркіше Гүлстан" жөне Рабғузидің "Қисас-ул-әнбиа" кітабы (Әулие-әнбиелер туралы қиссалар).Рабғузидің 1370 жылы жазылған қиссалар кітабы -ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, өлең-әңгімелерінің жинағы. Кітаптағы әңгімелер күні бүгінге дейін қазақ ертегілері түрінде айтылып келеді. Кітапта табиғат, жаратылыстың пайда болуы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар туралы, діни қайраткерлер жайлы баяндалған, Адам Ата мен Хауа Ананың топырақтан жаралуынан бастап, Нұх, Ыдырыс, Ибраһим, Смағұл, Жақып, Жүсіп, Дәуіт, Сүлеймен, Мұхаммед пайғамбарлардың өмірінен алынған ғибратты әңгімелер мол. Бұлар - шығыста бұрын-соңды көп айтылып -тараған сюжеттер. Оны Рабғузи түркі тілінде жазып шыққан. Сонымен бірге өз жанынан шығарған өлеңдері де бар. Кітапты адамзатқа ортақ ежелгі мифтердің жинағы деуге болады. Біздің бүгінге дейін айтып жүрген көп аңыз-ертегілеріміздің түпкі нұсқасы осы кітаптан алынған.

Қарлығаштың адамға достығы Нұхтың кемесінің түбін тышқан тесіп қояды. Тесіктен кемеге су кіреді. Сонда Нұх: "Кімде-кім тесікті бекітсе, тілегін орындаймын", — дейді. Бір жылан шығып, тесікті бітейді, Ол Нұхқа келіп: "Дүниеде ненің еті тәтті болса, соны бер!" — дейді. Ненің еті тәтті екенін татып білу үшін Нұх масаны жібереді. Күтеді, Ол кешігеді, Масаны тауып алуға карлығашты жұмсайды. Қарлығаш масаны тауып алып: "Ненің еті тәтті екен?" » деп сұрайды,— Бәрін татып көрдім, адамның етінен тәттісін көрмедім, — дейді.Қарлығаш: "Оның дәмі тіліңде бар болар, мен көрейін, аузыңды ашшы", « дейді. Маса аузын ашады.Қарлығаш тұмсығымен масаның тілін жұлып алады. Екеуі Нұхқа келеді. Маса қатты-қатты үн шығарғанымен, быжылдап ештеңе түсіндіре алмайды. Нұх:Бұл не айтып тұр, неге сөйлемейді? дейді. Қарлығаш:

Page 17: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

- Маған айтқан. Құрбақаның еті тәтті деп тұр, -дейді. Жылан содан кейін құрбақаның етін жейтін болады.Кітаппен жұмыс: Кітаптан Рабғузи қиссаларын оқып, мазмұнын айтып талдап береді

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.1. Рабғузи кітабы не жайында?2. Неге ол «Қисас-ул әнбиа» деп аталады?3. Рабғузи әңгімелерінде адамгершілік идеясы қалай көрінеді?4. Рабғузи әңгімелерінің қайсысы қазіргі ертегілерде кездеседі?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Рабғузидің шығармаларын оқып келу. Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы Махамбеттің «Соғыс» өлеңі Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын, соғыс сипатын, көтеріліс басшыларының ерлік, батырлық тұлғаларын түсіндіру, өлеңде кездесетін тұрақты тіркестер, теңеу сөздерді талдау; тәрбиелік – оқушыларды елін, жерін, Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, батыр киімі, қару-жарағы, шығармалар жинағы, Қазақстан картасы, «Еліміздің рәміздері» тақырыбындағы буклет, М.Қалымовтың «Исатай-Махамбет» атты суреті, үнтаспа, Жәңгір ханның суреті, хронологиялық таблица жазылған плакат бет.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдісі: баяндау, диалог, талдау, түсіндіру, қорытынды.Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.1. Кріспе.

а) Ұйымдастыру кезеңі.ә) Үй тапсырмасын сұрау тест әдісі бойынша жүреді. 3. Жаңа сабақ өту.

Оқушылардың назарын батырдың киімдері мен қару-жарақтарына аударту арқылы Махамбеттің портретін көрсетіп, бұл киімдерді тек батырлар киетініне түсінік беру.

Оқушылардың төменгі сыныптарда «Махамбеттің тапқырлығы» атты мәтінмен, ал 3-сыныпта Қ.Жұмалиевтің «Махамбет пен Жақия» әңгімесімен танысқандарын естеріне түсіріп, Махамбеттің бойындағы өжеттік, тапқырлық, батырлық, ержүректік қасиеттерімен таныс екендіктерін айтып, енді Махамбетті ақындық, күйшілік, сазгерлік, домбырашылық қырынан таныту.

- Бүгін балалар, біз Махамбетті басқа қырынан танимыз, ақынның өлеңдерімен танысамыз. Демек, Махамбет әрі батыр, әрі ақын екен. Оған оның көптеген өлеңдері дәлел бола алады.

Махамбеттің 80-ге жуық өлеңі бар, мұрасының көбі бізге жетпеген. Оның өлеңдерін шәкірті Қуан жырау жатқа білген екен. Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген. Одан Ығылман Шөреков жаттаған. Бірқатар өлеңдерін жинаған ақын – Шәңгерей Бөкеев.

Ең алғаш Махамбет өлеңдері 1908 жылы Қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғымарқызы уғылына айтқаны» дейтін жинақта жарық көрген.

Page 18: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Сонымен қатар күйші-сазгер, домбырашы. Олай дейтініміз – Махамбеттің «Жорық», «Жайық асуы», «Қайран,Нарын», «Исатайдың Ақтабаны-ай», «Кішкентай», «Ақтабан», «Жұмыр қылыш», «Өттің дүние», «Өкініш», «Қиыл қуғыны» т.б. күйлері бар.

Электронды оқулықтан Махамбеттің шыққан тегі, өскен ортасы, өмірінен мәліметтер беріледі.

- Балалар, біз бүгін Махамбеттің «Соғыс» атты өлеңін өтеміз. Өлеңді оқымас бұрын сұрақтар беремін.1. «Соғыс» деген сөзді естігенде есімізге не түседі?2. Қандай сезімде боласың?

Оқушылар әр түрлі жауаптар, пікірлер айтады. Осыдан кейін Мұқағали Мақатаевтың «Соғыс» деген өлеңінен үзінді оқылады да, сосын Махамбеттің «Соғыс» өлеңін мәнерлеп оқимын.

Хронологиялық кестені пайдалана отырып, көтерілістің шығу себебін, оқиғаның болған уақыты жайында айтылады.

Исатай мен Махамбет халықты хан-сұлтандарға, білегі жуан билерге қарсы көтереді.

Көтерілістің шығу себебі: шаруалардың шұрайлы қонысынан, жер-суынан, еркінен арылуы, хан-сұлтандар мен патша үкіметінің езгісіне, қыспағына түсіп күйзелуі болды. 1836 жылы 2-қараша күнгі көтерілісте Исатай мен Махамбет бастаған 3 мыңдай адам хан ордасына шабуыл жасайды. 1838 жылдың шілдесінде Гекке бастаған орыс армиясымен соғысады.

Көтерілістің жеңілу себебі: 1) барлық көтерілісшілер жаппай, біртұтас біріге алмады; 2) өздерінен жақсы қаруланған, арнайы әскери дайындықтан өткен патша жазалаушы күштерімен арпалысу қиын еді.

Көтеріліс жеңіліс тауып, оның басшылары жазаланса да, бұл еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам болды. Ұлт-азаттық қозғалысының көсемдері батыр Исатай мен ақын Махамбет халықтың ыстық ықыласына бөленді. Олар хаплық жүрегінде мәңгі сақталар тұлға болып қала бермек.

Қосымша атқарылатын жұмыстар1. Өлеңнен Исатайдың ерлік бейнесін суреттейтін жерді тауып, дәптерге жазу.

Исатайдың сол күндеАқтабан аты астында,Дулығасы басында,Зығырданы қайнайды.

Астына мінген АқтабанАқбөкендей ойнайды.Қасына ерген көп әскерМаңыраған қойдай шулайды.

2.. Өлеңнен тұрақты тіркесті тауып, білдіретін мағынасын ашу.3. Өлеңдегі эпитет, метафора, теңеу сөздерді тауып талдау.4. Өлең шумақтарында омоним бола алатын сөздерді табу, әр түрлі мағыналарына мысалдар келтіру.

Сабақтың қорытындысы. - Сонымен, балалар, Исатай мен Махамбеттің арманы орындалды ма?

Бүгінде Исатай мен Махамбет арманы мүлтіксіз жүзеге асуда. Келешек ұрпақ Махамбеттің аманатын орындалады. Талай ғасырлар бойы темір құрсауда болған қазақ

Page 19: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

халқы ел жастарының бірігуімен тәуелсіздігін алдыү (1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы айтылады.)

Қазақстан қазіргі таңда егемен , тәуелсіз мемлекет. (Еліміздің рәміздері туралы айтылады.)

Тәуелсіздік – қасиетті де қастерлі ұғым.Сағи Жиенбаевтың «Елім менің» өлеңі мәнерлеп оқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Бекболат Тілеуханның сөзіне жазылған «Елім менің»

әнін хормен сынып оқушылары орындайды.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Тарланым»Сабақтың мақсаты: а) М.Өтемісұлының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және өлеңінің негізгі идеясын ашу; ә) мәнерлеп оқу, мазмұндау, өлең құрылысын ерекшелігін жете талдай білу дағдысын дамыту; б) Ақын шығармаларын оқи отырып,Отанын сүюге,еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу; Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.бСабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.бПәнаралық байланыс: тарихСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Аягөз өзені қайдан бастау алып,қалай қарай ағады?2.Аягөз кімнің жері еді?- деген өкінішін қалай түсінесіңдер?

3.Аягөз жағасына дуан түскеннен кейінгі жағдайды ақын қалай суреттейді? б) Жаңа сабақты түсіндіру:

М.Өтемісұлы 1804 жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында туған. Арабша,орысша хат таныған. Жасында Жәңгірханның ордасында жүрген. Ақын жас кезінен-ақ хан сарайындағы әділетсіздікке қарсы болып,халықтың ауыр мұңы,тұрмысын жан жүрегімен түсіне білген. Махамбет ел ісіне ерте араласқан ,керекті кезінде ел басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш,қабілеті мейлінше күшті,жалынды ақын. «Тарланым» өлеңінде ауыз әдебиетінің үлгісі бар. Әсіресе жоқтау сарыны айқын көрінеді.Өлеңдері: «Мінкен ер», «Тайманның ұлы-Исатай», «Исатай сөзі», «Исатай деген ағам бар», «Ей,Махамбет жолдасым», «Қызғыш құс» т.б Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқып береді.Сөздікпен жұмыс: Кермиық,кербез-паң,сұлу. Шандоз-асыл,ардақты Жебе-садақ оғы Сусар-аң

Page 20: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Ақынның арманын,өкінішін қай жолдардан байқауға болады?2. Исатайдың сырт бейнесі, жан дүниесі,ақылдылығы,ержүрек батырлығы қандай

жолдар,сөздер арқылы берілген?Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: М.Өтемісұлының «Тарланым» өлеңін оқып келу. Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Cабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев

Сабақтың мақсаты: а) Абай шығармаларын талдай отырып,білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығарамашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту; ә) студенттерді адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру; б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру,ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: буклет,шрифтограммалар,кітаптар,ойындар және өлең жазылған плакаттар.Сабақтың түрі: сайыс сабақСабақтың типі: білімді жүйелеу,жинақтау сабағы.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,проблемалық,сайыс т.б.Сабақтың барысы.1.Ұйымдастыру кезеңі:оқушыларды сайыс сабағына әзірлеу 2.Өтілген материалдарды жинақтау:оқытушының кіріспе сөзі.

Абай қазақ поэзиясының өсіп,гүлденіп,жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті.Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы,алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.Абай мұралары – адамгершіліктің,имандылықтың,биік парасаттылықтың асыл қазынасы.Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау,жүйелеу мақсатындағы сайыс сабағын бастайық. Топ мүшелері Ибраһим,Абай,Телғара деген атпен үш топқа бөлініп,өздері шығарған өлеңдермен қорғайды.

Алған білімдерін жинақтау мақсатында сұрақтар «әр командаға 7 сұрақтан қойылады,сұраққа ойланбастан жауап беру керек). Ибраһим тобына

1.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)2.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)3.Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)4.Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)5.Абайдың жеті атасын атаңыз. (құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)6.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».7.Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)

Абай тобына.

1. Абайдың ең момын,жуас атасы (Айдос)2. Абайдың руы. (Тобықты)3. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)5. «Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (мағауия)6. Табиғат лмрмкасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)

Телғара тобына

1.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)2.Абайдың «қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі қаражанға)3.Абайдфң алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)4.Абайдың «Ей сорлы заман,менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма! ...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (мағауияның өлімі)5.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)6.Абайдфң баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)7.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)

Шрифтограммаларымен жұмыс.1. «Шахмат атының жүрісімен»

Page 21: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

1қ н қ. 4с І ң. 6қ ср е з я ы со а а г ы л2ж д с а а лн ы м. й б з да. а ұ т ә ғ л от ұ ғ ы а б ыз р б ЗД а. 5м о

Берілген тор көздерді шахмат атының жүрісі бойынша асып өту керек.Бір басқан тор көзді қайталауға болмайды.Дұрыс шешкенде Абай өлеңдерінің атын оқуға болады. («Қансонарда», «Жазғытұрым», «Дүтбайға», «Сегіз аяқ», «мәз болады болысың», «Қыс»).

2. «Белгілі бір жүйемен»

Ромбик ішіндегі шеңберлердегі әріптерді белгілі бір жүйемен құрастырғанда, «Абай афоризмінің» авторының аты-жөні шығады. (Құлмат Өміралиев).

Асыл сөздердің жалғасын тап.Жұмысы жоқтықТамағы тоқтық---------------------- (Аздырар адам баласын)

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті------------------------------------- (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)

Ғылымды іздеп,Дүниені көздеп--------------------- (Екі жаққа үңілдім)

Қайратсыз ашу – тұлТұрлаусыз ғашық – тұл------------------------------- (Шәкіртсіз ғалым - тұл)

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек------------------------------------------- (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)

Досы жоқпен сырлас-------------------------- (Досы көппен сыйлас)

Өмірдің алды – ыстық,арты – суық,--------------------------------------- (Алда – ойын,артқы жағы мұңға жуық)

Ақылмен ойлап білген сөзБойыңа жұқпай сырғанар. (Ынталы жүрек сезген сөз------------------------ Бір тамырды қуалар)

Шығармашылық жұмыс

1.Абайдың атын басқаша өзгерт.

а) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»ә) «Ғылым таппай мақтанба»

ү

к

м т

ө

а

м р

а

і

л е

в

и

л

Page 22: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

б) «Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы».

2.Абай өлеңдерінің жалғасын тап. (Ойдан өзі шығару керек)

-------------------------- Пайда ойлама,ар ойла,-------------------------- Талап қыл артық білуге.Ұстаздық еткен жалықпас, --------------------------Үйретуден балаға. --------------------------

Сабақты қорыту.Білімдерін бағалау.Үй тапсырмасын беру. Шығарма ( «Жас ұрпақ үшін Абай мұрасының өнегелік тәрбиесі»).

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы Ұлы суреткер Сабақтың мақсаты: а) А.Құнанбайұлының шығармашылығынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту; ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу; б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;Сабақтың түрі: қайталау сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.бСабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.бПәнаралық байланыс: тарихСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру: Ақынның өміріІ деңгей /міндетті деңгей/1. Абайдың әкесі кім?А) Өскенбай В) Ырғызбай С) Кененбай Д) Құнанбай2. Абай қай жылдары өмір сүрді?А) 1845-1904 В) 1845-1905 С) 1846-1905 Д) 1946-19063. Семейдегі алғашқы сабақ берген молдасы кім?А) Әбдіжаппар В) Ғабулжаппар С) Ахмет-Риза Д) Әбдірахман4. Абай болыс блды ма?А) Жоқ В) Иә С) мүлдем Д) ешқашан5. Абайдың рухани ізбасары,әлем әдебиетінің классигі, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?А) М.Жұмабаев В) С.Сейфуллин С) М.Әуезов Д) І.Жансүгіров 6. Сөзжұмбақты шешіңдер.

1 А2 Б

3 А4 Й

Page 23: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

1) Құнанбайдың Абайға еркелетіп қойған аты? /қарашұнақ/2) Абайдың үлкен әкесі,атақты би /Өскенбай/3) Абай қай айда туды? /тамыз/4) Абайдың әйелі. /Әйгерім/

ІІ деңгей /алгаритімдік деңгей/1.Абайдың шын аты кім?А) Абай В) Телғара С) Ибраһим Д) Ибрағали2. Әкесі Абайды неше жасында оқуға берді?А) 9 В) 10 С) 11 Д)123. «Кәрі әже» ауылдың кімге қойған аты?А) Ділдаға В) Зереге С) анасы Д) немересі4. Ұлжан Абайға кім болып келеді?А) әжесі В) қызы С) анасы Д) немересі5. Абай қай рудан шықты?А) Арғын В) Тобықты С) Шекті Д) Найман6.Абай кім?

ІІІ деңгей /эврестикалық деңгей/1. Абайдың Ұлжаннан туған ағасы кім?А) Құдайберді В) Тәңірберді С) Оспан Д) Ысқақ2. Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді?А) 1907 В) 1908 С) 1909 Д) 19103. Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуына игі әсер еткен революционер-деомакрат кім?А) Крылов В) Лермантов С) Пушкин Д) Михаэлис4. Абайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі кім?А) шырын В) Шынар С) Шүкіман Д) Шырайлы5. Құнанбайдың замандас құрдасы Тана мырзаның мешіт салдырған жерін анықтаңыз.А) Үржар В) Семей С) Көкпекті Д) Алматы6.Абайдың қандай ақын шәкірттерін білесіңдер?

IV деңгей /шығармашылық деңгей/Кестені толтырыңдар.

Абай шығармаларын Мұхтар Әуезов 5 түрге жіктейді

Абай шығармаларын сен неше түрге бөлер едің?

1. Абайдың жас шағындағы өлеңдері2. Абайдың лирикасы3. Абайдың поэмалары.4. Абайдың аудармалары 5. Абайдың қара сөздері

Абай кім?

Page 24: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: «Сүйемін мен Абайдың өлеңдерін» тақырыбында өлең шығару немесе ой толғау.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының қара сөздері Сабақтың мақсаты: а) А.Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту; ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу; б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.бСабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.бПәнаралық байланыс: тарихСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған?2.Ақынды «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?3.Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған?

б) Жаңа сабақты түсіндіру: Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді. Абайдың 45 қара сөзі бар. Жиырма тоғызыншы сөзінде қазақтың мақалдарының іске татырлығы да бар,іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа,не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар -дей келе мақалдарға тоқталып өткен.

Шығармашылық жұмыс: Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып,салыстыру жұмыстарын жүргізіңдер. Мақал-мәтелдер Абайдың сыны Өз пікірің

Топпен жұмыс: «Ата-анадан тәтті жоқ» немесе «Періштені алтын да жолдан тайдырмас» тақырыбына шағын пікірлесу жүргізеді.

Page 25: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Қара сөзден қандай тағлым,үлгі,ақыл-нақыл алдыңдар?2. Қалай ойлайсыңдар,ақын сынын сол қалпында қабылдауға бола ма?3. Ақынның қара сөз жазудағы негізгі мақсаты не?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: А.Құнанбайұлының Қара сөздерін оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиеті Сабақтың мақсаты: а) ХІХ ғасыр әдебиеті туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу; б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.бСабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.бПәнаралық байланыс: тарих Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру: Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр –ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған,өзін-өзі іздеген ,өткен күндерін аңсай еске алып, ,бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басы әдебиеттің шын толысып, ауыз әдебиеті кемеліне келіп,жазба әдебиетінің жарағын сайлап, өзге өркениетті елдермен бой таластырған уақыты десек те қателеспейміз. Бұл дәуір Абай кезі болатын. Бір ғасырдан аса әр тарапты, әр бағыттағ жолдар Абай маңайында түйісіп, ары қарай Абай әсерін сездіре,ұлттық рухты бойына сіңіре ұласты.Топтастыру стратегиясы: Қарсылықты поэзия Сал-серілер поэзиясы

Ағартушылық-жаңартушылық бағыт мемлекетшілдік-ұлтшылдық бағыт Білімді бекіту:

ХІХғасыр әдебиеті

Page 26: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?2. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

3. ХІХ ғасырда қандай тарихи жағдай болды?4. ХІХ ғасыр әдебиетіне кімдердің шығармаларын жатқызамыз?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: ХІХ ғасыр әдебиетін оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Махамбет Өтемісұлы Сабақтың мақсаты : а) Махамбет Өтемісұлының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау; ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру; б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттерПәнаралық байланыс : әдебиет,тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Орал облысы, Жәнібек ауданындағы Бекетай құмы деген жерде дүниеге келді. Махамбет кейін перзенттік ыстық сезіммен әсірелей суреттеген, қуғында жүргенде аңсай сағынған бұл аймақ Бөкей ордасы, Бөкей хандығы немесе Ішкі орда деп те аталады. Еділ мен Жайық арасындағы бұл өлкенің Ішкі орда делінетіні сол кездегі Ресейдің шекаралық аумағына кіретіндіктен болса, Бөкей ордасы немесе Бөкей хандығы аталуы — Кіші жүздің бір бөлігін мұнда алғаш бастап әкеліп, қоныстандырған сұлтанның, кейінірек осы жердің ханы болған кісінің есіміне байланысты еді. Өлеңдері: « Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», « Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», « Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Қызғыш құс»

Кітаппен жұмыс: Махамбеттің өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.1. Махамбеттің өмір сүрген кезеңдегі Қазақстанның,әсіресе Бөкей ордасындағы жағдай

туралы не ойларың бар?2. Махамбет жырларында жақсы азамат,жағымды образ болып кім суреттеледі?

Page 27: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

3. Махамбет поэзиясындағы ұлттық өршілдік,қазақи ұлтшылдық туралы қандай пікір түйдіңдер?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: М. Өтемісұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Майлықожа СұлтанқожаұлыСабақтың мақсаты : а) Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары тағлымдық шығарма екенін түсіндіру;

ә) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу; б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап, дамыта оқыту.Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,слайдтар Пәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Абыл Тілеуұлының жинақтары қандай атпен жарық көрді?2. Қандай айтыстарын білесіңдер?3. Қандай жырларды жырлап жеткізген?

б) Жаңа сабақты түсіндіру. Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы дүниеге келген. Әкесінен 14 жасында жетім қалған ол жоқшылық-мұқтаждықты көп көреді. Жастайынан өлең шырқауды машық етеді. Ол қарапайым халықтың күйзелісін, махаббат бостандығын жырлап, адал еңбекке үндеген көптеген өлеңдерін жазады. "Жігіттің көркі - өнері", "Жақсылардан шыққан сөз" шығармаларында терең ойшылдың, сын көзбен қараушылық басым.Майлықожа қазақ ақындарының дәстүрін жалғастырған. Шығыс әдебиетінің үлгілерімен жақсы таныс болғандықтан, өз шығармашылығының өрісін кеңейтуге, оларға еліктеп, мол әсер алғанын байқауға болады.Ақын: ...Мәлім болған халыққа, Не жүйрік келіп дүниеге, Өтірік емес анық та, Аяқтарын тіреді.Өнер алды — тіл еді. Қарсыласқан хандарғаСарттан өткен Науаи Үзеңгісін шіреді...Тілдің гаусар гүлі еді. Бәрі де өтті дүниеден,Парсыда еткен Фирдоуси, Адам бар ма оларды

Page 28: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Заманында дүр еді. Есіткенде күймеген, -деп, оларға ерекше ден қойып құрметпен қарағанын, өзінеүлгі тұтатынын мақтанышпен айтады. Кітаппен жұмыс: Майлықожа Сұлтанқожаұлының толғауларын мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.1. Майлықожа қай жылы дүниеге келген?2. Қандай толғауларын білесіңдер?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : Шортанбай ҚанайұлыСабақтың мақсаты : а) Шортанбай Қанайұлының шығармаларынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты таныту; ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу; б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту; Сабақтың түрі : аралас сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, дамыта оқытуСабақтың көрнекілігі : кітаптар, тірек сызбалар т.бПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. Ресейдің ел билеу жүйесін кезінде қатты сынаған ақынның бірі - Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Қаратау-Қарназ деген жерде дүниеге келген. XIX ғ. орта шенінде Шортанбай Сарыарқаға келіп, Қарқаралы дуанына қарасты Арғын руынан тараған Қаракесек Кеней ішінде өмірінің соңғы жылдарын өткізді. Бастапқы кезде ол Жамантай төренің, кейін Жанғұтты бидің қолында болып, сол жерде қайтыс болды. 19 ғ. екінші жартысында феодализм іргесі ыдырай бастады. 1861 жылғы Ресейде болған крепостнойлық құқықты жою туралы заңның лебі Сарыарқаға да жеткен болатын. Міне, осы кезеңді жіті байқап, ой-түйгендерін ақын өзінің өлеңдері арқылы керсетті. 1868 жылы "Жаңа низам" заңы шықты. Енді қазақ елін билеу жүйесінде өзгерістер болды. Бұрынғы хан, төрелердің үстемдігі әлсіреп, қазақтың өз ішінен шыққан саудагер, байлар қатарға қосылып өз өктемдіктерін жүргізе бастады. Бұл кезде Сарыарқаны сауда-саттық жайлады, мал-мүлік базарға түсті, жәрмеңкелер жандана түсті, базар нарқын ақша биледі. Демек, капитализмнің элементі қазақ жеріне де ене бастағанын көреміз. Осы кезде байи бастаған саудагер, байлар ел билеу ісіне белсене араласуға тырысты. Кешегі феодалдық дәуірдің дәмін татқан Шортанбайлар күні өтіп бара жатқан хандық дәуірді аңсап, жаңа ене бастаған капиталистік қарым-қатынасты жатсынады. Ол өзінің "Бір насихат айтайын" деген өлеңінде:Әуелі қорлар зор болды, Сондағы зорлар қор болды.Қайыры жоқ бай шықты,Сауып ішер сүті жоқ,

Page 29: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Мініп көрер күші жоқ,Ақша деген мал шықты - деп қазақ аулының тұрмысына жаңа ене бастаған сауда-саттық қатынасына шошына, үрке қарады. Бүкіл жұрттың саудаға араласып жанталасқа түскенін көріп қамығады. Кітаппен жұмыс: Шортанбай Қанайұлының өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу. Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы: Қарауылбек Қазиевтің «Менің шешем» әңгімесіСабақтың мақсаты: білімділік - автор туралы мәлімет беру,әңгіменің мәтінімен таныстыру,жазушының анаға деген сүйіспеншілігін оқушы сезімімен ұштастыру; дамытушылық - әдеби тіл нормасын меңгерген,шығармадан алған әсерлерін бүгінгі өмірмен салыстыра алатын,логикалық ойлау қабілеті қалыптасқан,жан-жақты дамыған жеке тұлға дамыту; тәрбиелік - анаға деген сүйіспеншіліктерін, құрметтерін арттыру.Көрнекілігі: портрет,итербелсенді тақта,плакаттар,маркерлер.Түрі: аралас сабақӘдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.Сабақ барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру,жағымды көңіл-күй туғызу,ынталандыру. Оқушыларды 3 топқа бөлу.ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қозғау» стратегиясы. Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына байланысты «зымыран сұрақ» жүргізу:1.Төлеген Айбергенов кім?2.Ол қашан, дүниеге келген?3.Қандай оқу орнын бітірген?4.Қандай шығармаларын білесіңдер?5. «Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы» дегенді қалай түсінесің?6. Төлегеннің өлең құрылысына енгізген жаңалығы қандай? «Мәнерлеп оқу» стратегиясы. Т.Айбергеновтың «Ана» өлеңін мәнерлеп оқыту.Әр топтан бір оқушы мәнерлеп оқып жатқан кезде қалған топ мүшелері плакаттарға маркерлермен («Топтастыру» стратегиясы) жұмыс жүргізеді.Әр топ өздері құрған стратегияларына түсінік береді. 1-топ.Ана кім? (қызметіне қарай) тәрбиеші еңбеккер Ана қамқоршы пана ақылшы өмірге әкелуші 2-топ. Ана кім? (жынысына қарай) қарындас

балдыз қайынбике

жар ене

қыз перзент

әже әпке

апа,шеше сіңлі

АНА

Page 30: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

келін қайынсіңлі3-топ.Ана қандай? (қасиетіне қарай) ақылды асыл әдеміАНА адал мейірімді рақымшыл сұлу

Мұғалімнің өткен тақырыпты қорытындылауы. Ия, өмірде ана атану,перзент сүю,артына ұрпақ қалдыру қашаннан да адамзат баласына тән ең асыл қасиет,үлкен арман емес пе?! Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған,өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен – аналар.Ана туралы тақырыпты біз бүгін жалғастырамыз.Бүгінгі қарастыратынымыз – Қарауылбек Қазиевтің «Менің шешем» әңгімесі.

Жаңа сабақты түсіндіру. а) Қарауылбек Қазиев туралы мәлімет. (Интербелсенді тақта арқылы хронологиялық таблица толтыра отырып түсіндіру). Туған жылы – 1.05.1939ж. Туған жері – Жамбыл облысы,Шу ауданы,Қарабұлақ ауылы. Білімі – ҚазМУ, филология факультеті,журналистика бөлімі (1936ж.) Атқарған қызметі – Жамбыл облыстық радио мен теледидар басқармасында жауапты қызметкер. Шығармалары – «Ақбантик» (1986), «Иманжапырақ» (1975), «Біз абитуриент едік», «Олар екеу, біз жалғыз», «Қашқын», «Үркер», «Кемпірқосақ» (1988). Дүние салған жылы – 1984 ж. Әңгіменің мәтінін жоспар бойынша әңгімелеу:

1. Ұйқыдан ояту;2. Жұмысқа деген құлшыныс;3. Еңбекке деген сүйіспеншілік;4. Соғыстың соңғы жылдары;5. Ананы күту;6. Бір үзім нан;7. Табысу;8. Таңғы ас;9. Жиын-терін науқаны;10. Ауданнан келген өкіл;11. Сананы торлаған үрей;12. Әке тағдыры;13. Анаға деген ынтық сезім.

Бекіту:а) 3 топ оқушылары да дәптерлеріне композициялық құрылысын талдайды;ә) Мәтінмен жұмыс: Рөлдік ойын. 3 топ мәтін бойынша 3 көрініс көрсетеді;б)Интербелсенді тақтамен жұмыс;Венн диаграммасыСоғыс кезіндегі балалар Ортақ қасиет Біздің замандастарымыз

в) «Автордың орнында» стратегиясы, 3 топ та ойтолғау жазады,қорғайды:1. «Менің шешем»;

Page 31: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

2. «Соғыс кезіндегі анаға арнау»;3. «Соғыс кезіндегі замандасқа хат».

Қорыту: а) Интербелсенді тақтадан Анаға арналған қанатты сөздер оқытылып қорытындыланады; ә) Оқушылардың білімі бағаланады.

Үйге тапсырма: «Ана мен бала» туралы ойтолғау жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Сәйф Сараи. «Түрікше Гүлістан»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: шығарманы өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу; адамның адам болып қалыптасуында басты рөл атқаратын адамгершілік құндылықтар туралы әңгімелесу; Сәйф Сараи еңбегінің рухани нәрін оқушы бойына сіңіру.Дамытушылық: әдеби тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; ойлау жүйесін жетілдіру.Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақ түрі: жаңа сабақ.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелесу,оқулықпен жұмыс.Пәнаралық байланыс: тарих.

Өту барысы. І.Ұйымдастыру. Сабақта жоқ оқушыларды журналға белгілеймін.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сынып оқушылары топпен жұмыс істейді.Үйге берілген тапсырма Рабғузидің қиссалары. 4 топқа төрт әңгімесі тапсырылады.Оқушылар өз топтарында әңгімені талдап,бір оқушы түйінді ойды айтады. Басқа оқушылар да өз пікірлерін айтып,толықтырып отырады.Оқушылар жауабы бағаланады.

ІІІ. Жаңа сабақ. Алтын Орда әдебиетінің тарихымен,Алтын Орда мемлекетінің қалай құрылғандығы жайлы оқушылар алдыңғы сабақта толық танысқандықтан Сәйф Сараи өмірі,шығармашылығы бірден таныстырылады. «Түрікше Гүлстан» кітабындағы негізгі тақырып туралы айтылады. Кітапқа қысқа әңгімелер,нақыл,мақал-мәтелдер,кіргізілгендігі айтылады.Оқушылар жалпы кітап туралы мағлұмат алған соң,әңгімелері талданады. Кез-келген топтан бір оқушы дауыстап,мәнерлеп оқиды.Оқушылар топ ішінде өзара талдайды. Бір оқушы шығып,өз ойын айтады,басқа топтар да өз пікірлерін қосып отырады.

Әңгімелер бойынша мынадай сұрақтар қоямын.- Кемедегі құлды суға тастағаннан кейін ол неге жылауын тоқтатты?- «Бейнет көрмеген адам рақаттың қадірін білмес» дегенді қалай түсінесіңдер?

Page 32: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

- «Ұзын бойлы ақымақтан,қысқа бойлы ақылды артық» дегеннің мәнісі не?- Наушаруанның «Әуелде зұлымдық аз еді,кейін әркім аз-аздап қосқанда, көбейіп

кетті» деген сөзі қазіргі өмірге сай келе ме?- Ақымақ адам шынымен жөнделмей ме?- Өлген кісінің басына зәулім күмбездер салған дұрыс па?

Тәж Махал,Айша бибі,Арыстан баб ескерткіштері ше?- Дәулетті адам дегенді қалай түсінесіңдер?

Әңгімені толық талдап болған соң,жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «тест-интервью» жүргізіледі.

Сайф Сараидің «Түрікше Гүлістан» шығармасынан қандай

қасиеттерді бойыңа сіңірдің?

Жауабы

а)ә)б)в)г)ғ)

Осы қасиеттердің қайсысы қазіргі жастар бойында кездеспейді?

Жауабы

а)ә)б)в)г)ғ)

Екі-үш оқушының жазғаны тыңдалады.Басқа оқушылардікі жиналып алынады. Бұл тақырып ежелгі дәуір әдебиеті бойынша соңғы тақырып болғандықтан өткен тақырыптарды қысқаша қайталап өтеміз.

Жүсіп Баласағұни Ахмет Иассауи Қорқыт

Рабғузи әл Фараби

Махмұт Қашқари Сәйф Сараи

«Ұлылар шығармаларындағы үндестік не?» деген сұрақ қойылады.

Адамгершілік, ізгілік,оқу-білім, қанағатшылдық

Page 33: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Оқушылар қысқаша тоқталып өтеді. «Адамгершілік», «ізгілік», «қара ниетті болмау», «оқу-білім», «қанағатшылдық» екені айтылады

Үйге : Адамгершілік – ұлы қасиет» деген тақырыпта шағын шығарма жазу.

Бағалау. Бір ташы ой

Кім көбірек біледі дегенді емес, кім жақсырақ біледі дегенді анықтауға тырысу керек. М.Монтень.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков. «Қонақтар»Сабақтың мақсаты: оқушыларға жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі,шығармалары жайлы түсінік беру, «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен таныстыра отырып,ата-ана мен бала қарым-қатынасы жайлы мағлұмат беру,оқушы сезімімен ұштастыру.Дамытушылық: әңгіме жайлы түсінігін кеңейтіп,пікір алмастыра білуге үйрену,өмірмен байланыстыра келе өзіндік ой қорытындысын жасай білу,әсерін,пікірін білдіру.Тәрбиелік: оқушыларды ата-ана алдындағы,туған жер,ел алдындағы парызын терең түсіне білуге баулу,адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре білуге дағдыландыру.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,проблемалық оқыту,салыстыру,модельдеу.Көрнекіліктер: ақын портреті,таблицалар,таратпа материалдар.Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ой шақыру- Өткен сабақта қай жазушының қандай шығармасымен танысып едік? (Қарауылбек Қазиев.

«Менің шешем»)- Үйге қандай тапсырмалар берілген еді? (Мазмұндау,шығарма, «Ана» тақырыбында өлең

шығару,үзіндіні жаттау.)- Әңгімеде қай жылдардағы Ана бейнесі суреттеледі? (Ұлы Отан соғысы жылдарындағы).- Ананың ауыр еңбегі,әкесіз бала тағдыры қалай суреттеледі? Әр топтан оқушылар өз пікірлерін білдіреді,өлең,шығармасын оқиды.Сөзжұмбақ шешеді.- Өлеңнің басты идеясы неде? (Ана мен бала арасындағы қарым қатынас,ананың

балаға,баланың анаға деген шынайы махаббаты.)2. Жаңа сабақ. Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесін тақырыбымен,мақсатымен

таныстырамын.Сабақтың ұраны жазлған таблицаны ілемін.1-оқушы оқиды,мазмұнын түсіндіреді.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да өткен сабағымызбен өзектес,үндес: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас,бүгінгі күн проблемасы. - Қазіргі кезде әңгіме жаңа проза жанрында қалам тербеп жүрген жазушылардан кімдерді білесіңдер? - Шерхан Мұртаза,Сайын Мұратбеков,Қабдеш Жұмаділов,Дулат Исабеков,т.б. - «Әңгіме» жанрының анықтамасын кім айтады? Эпикалық жанрдың түрлерін ата. (Адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма) - Роман-эпопея,роман,хикаят,әңгіме. Тақтаға Төлен Әбдіков суретін іліп,өмірбаяны туралы мәлімет беремін.Жоспарды да іліп,әңгіме мазмұнымен қысқаша таныстырамын. Төлен Әбдіков шығармасының басты тақырыбы – адамгершілік,салт-дәстүр,ізгілік ... «Қонақтар» әңгімесінің басты тақырыбы – адамгершілік,баланың ата-ана алдындағы мәңгілік перзенттік парызы.Сапабек тәрізді қалада тұратын оқыған азаматтың ата-анасына салқын,жасанды қарым-қатынасы. (дәптерге жоспарды жазып ілу)

Page 34: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

1.Ерғабыл қарттың арманы 2.Ата-ана сағынышы,қонақтарды қарсы алу 3.Сапабектің әңгімесі 4.Қонақтарды шығарып салу 5.Ерғабылдың реніші3. Кітаппен жұмыс. Сұрақтар бойыншы әр топтың оқушыларына тиісті абзацтарды тапқызып оқыту.Әр топқа өзіндік тапсырмалар беру: таратпа материалдар.4. Пысықтау. Мәтін бойынша тиісті сұрақтарға жауап алу.Әңгіменің тақырыбы не жайлы?Кейіпкерін ата.Оларды қандай топтарға бөлуге болады?Әңгімеде қандай оқиғалар сөз етіледі? (Ауыл өмірі,салт-дәстүрі,ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас суреттеледі).5. Шағын дебат. Сапабек-Ерғабыл-Тома-Жеңісбек(жақтаушы топ) 1-топ. Ерғабыл – жағымды кейіпкер.Дәлелде.(даттаушы топ) 2-топ. Сапабек – жағымсыз кейіпкер.Дәлелде.3-топ. (жақтаушы).Сапабектің бойындағы жағмсыз қылықтарына ортасы,әйелі де кінәлі.Ерғабыл да жеткілікті бағыт бере алмаған,санасына ұлттық дәстүрді,ата-ананы құрметтей білуге толық үйретпеген,тым мейірбан.1-топ.Әйелі Томаның ықпалы,қаладағы ортаның ықпалы басым болған.2-топ.Сапабек әлі де болса ауылға бейімделіп,ата-анасына қарайласады,қамқор болады деп ойлаймын.Өз қателігін түсініп,Жеңісбекті ата-әжесінің тәрбиесіне бағыттайды деген сенімдемін.Туған ата-анасына,туған ауылына деген перзенттік сезімі оянуға тиіс.Мен оған сенемін.6. Топтардың өзіндік тапсырмаларын тексеру7.Ерғабыл қарт,Сапабек бейнелеріне модуль жасау.Тақтада екі оқушы орындайды.

мейрімдіарманшыл төзімді

қажырлы еңбекқор

баласын жақсы ақылдыкөреді

қуыс кеуде саяз ойлы мақтаншақ

парызын өркөкіректүсінбейді

салт-дәстүрді білмейді

8. Мұхаммед пайғамбар хадисінде ата-ана мен бала жайлы не айтылған? Абай «қарасөздерінде» не айтылған?9. Қазақстан Конституциясында не айтылған?Мақал-мәтелдер ойлау.- Әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталған?

Ерғабыл қарт

Сапабек

Page 35: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

- Ауыл жылдары-қай жылдар?- Бұрынғы ауыл түлектері қазіргі қала тұрғындарының басты міндеті не деп ойлайсыңдар?10. Ой түйіні.Бір шумақ өлеңді оқытып,мәнісін түсіндіру. - Мақсатымыз орындалды деп ойлайсыңдар ма? - Ендеше өз әсерлеріңді қалай білдірер едіңдер?(Оқушылар өз пікірлерін жазбаша білдіреді.)11. Бағалау.Топ жетекшілерінің пікірі тыңдалады.12.Үйге тапсырма а) әңгіменің мазмұнын түсіне отырып,пікір айта білуге дағдылану; ә) «Менің парызым» (шығарма).

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Өсиет-өнеге үлгісі (Сайф Сараи. «Түрікше Гүлстан» шығармасы бойынша)Сабақтың мақсаты: білімділігі – оқушыларға әңгіме мазмұнының негізгі идеясын түсіндіру;Дамытушылығы – оқушының ой еркіндігін,пікірін саралай білуге,тиянақты сөйлей білуге дағдыландыру,өз бетімен ізденуге жетелеу;Тәрбиелік мәні – адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.Сабақтың типі: аралас сабақ.Әдістері: баяндау,оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, проблема туғызу.Көрнекілігі: топтастыру сызбасы,аударманың аты жазылған таблица. Қызығушылықты ояту кезеңі.Сәйф Сараидің «Түрікше Гүлстан» шығармасының сырына үңілейікші балалар.Қазіргі сәттен бастап осы кітаптың сыры өз қолдарыңда.Қане,әңгіменің мазмұнын қайсың айтасыңдар? .. Әңгіме мазмұнын баяндап болған соң осы әңгімедегі мақал-мәтелді тапқызу. «Бейнет көрмеген адам рақаттың қадірін білмес».Енді осы мақалды дәптерлеріңе жазыңдар.2-әңгіменің мазмұнын баяндата отырып,ондағы мақалды тапқызу. «Ұзын бойлы ақымақтан аласа бойлы ақылды артық».Мұны да өз дәптерлеріне жазғызамын. Үшінші,Төртінші әңгіменің мазмұны сұралады да мақал немесе мәтелді табуға тапсырма беріледі.Темірді қанша ысқыласаң да жылтырамайды.Деңгейлік тапсырмалар беріледіІ деңгей. Иса мінген есекті Меккеге неше апарсаң да Меккеден бәрібір есек болып оралады дегенді қалай түсінесіңдер?ІІ деңгей.Ақылды адам және ақылсыз адам туралы мақал-мәтел жазу.ІІІ.деңгей. Сегізінші әңгімесі бойынша: «Дәулетті – жия білген,жиғанын жеген,бере білген.Дәулетсіз – есіл-дерті мал жию болып,өзі жеуге қимаған,сөйтіп өмірінің өткенін білмеген адам» деген ойларын бүгінгі өмірмен байланыстыр. Дәптермен жұмыс.1.Мақалдың мағынасын аш.Ақылды жетер мұратқа,Ақылсыз қалар ұятқа.2. Әңгіме мазмұны бойынша адамгершілік,имандылық жайында мақал-мәтел жазыңдар.

Page 36: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Ақылды адам жол тауып оздырады, Арсыз адам жала жауып аздырады.

Жақсы ісінің артында сауабы бар, Зұлымдықтың артында жауабы бар.

Ақыл азбайды,білім тозбайды.

Түйінді сұрақ қойып,пікір туындату.1. Әңгіменің негізгі идеясы не? Шын өмірде осындай жағдайлар кездесе ме?2. Сайф Сараи өз шығармасын неге «Түрікше Гүлстан» деп атаған?3. «Түрікше Гүлстан» кітабы Сайф Сараидің төл шығармасы ма?4. Өзінің қандай төл шығармасы бар?5. Сайф Сараидің «Түрікше Гүлістан» әңгімесі қай дәуірдегі әдебиетке жатады? Кубизм стратегиясы бойынша мына сұрақтарға назар аудартамын.1. Мәтіннен (әңгімеден) өзіңе ұнаған сөйлемдерді жатқа айта аласың ба?2. «Түрікше Гүлстан» әңгімесіндегі айтылған ойларды қалай түсінесіңдер? Бүгінгі

өмірде қалай?3. «Суһаил мен Гүлдерсін» әңгімесі кім туралы? Мазмұнын қысқаша баянда.4. «Түрікше Гүлстан» әңгімесі мен «Суһаил мен Гүлдерсін» әңгімесінің ерекшелігі

неде?Сұрақтарға кубизм стратегиясы бойынша жауап алынады.

1. Салыстырыңыз 4. Суреттеңіз2. Талқылаңыз 5. Баяндаңыз3. Қолданыңыз 6. Қарсы шығыңыз.

Сұрақтар бірнеше қырынан ашылған соң,қорытынды шығарылады. Сайф Сараидің «Түрікше Гүлістан» атты кітабында ғибратты әңгімелер өте көп. Дастандарының негізін түркі қыпшақ тілінде жазады.Әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор.Жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге шақырады. Болжау стратегиясы.- Балалар, кемедегі құлды суға тастағаннан кейін ол неге жылауын тоқтатты?- Судың өте қорқынышты емес екенін сезді.Өлмейтінін біліп,қуанды.- Дұрыс.Ендеше «Бейнет көрмеген адам рақаттың қадірін білмес» дегенді қалай

түсінесіңдер?- Ақымақ адам шынымен жөнделмей ме?- Өлген кісінің басына зәулім күмбездер салған дұрыс па?- Наушаруанның әуелде зұлымдық аз еді,кейін әркім аз-аздап қосқанда көбейіп кетті

деген сөзі қазіргі өмірге сай келе ме? Балалардың жазған ойларын топтастырып,алдын-ала сайлап алған (топ жетекшілері) қазылар алқасына беремін.Олар тексеріп,бағасын қояды. Ой қорыту.1. Топтастыру стратегиясы.

ақын-аудармашы Мысыр қыпшақтарының өкіліСәйф Сараи

Page 37: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

махаббатты дәріптеуші шебер суреткер

Үйге тапсырма.І топ оқушыларына: әңгімелерінің әрқайсысына ат қою.ІІ топ оқушыларына: осы әңгімелерге ұқсастырып,аңыз-әңгіме құрастырып немесе оқиға ойлап жазу.ІІІ. Топ оқушыларына: адамгершілік,имандылық жайында шығарма жазу.

Оқушылардың білімін бағалау. Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы: «Аққулар ұйықтағанда»Сабақтың мақсаты: 1) ақынның өміріне қысқаша шолу,поэзиясына талдау жасай отырып,ақын өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру;2) ақиық ақынның жырларымен таныстырып,оқушылардың поэзия туралы түсініктерін,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;3) оқушыларға поэзияны сүйе отырып сұлулық пен махаббатты тануға,адамгершілік пен мейірімділік қасиеттеріне тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: оқулық,,ақынның портреті,таратпа қағаздар,ақынның өлеңдер жинағы,үнтаспа.Сабақтың әдісі: көркем мәтінмен жұмыс,сұрақ-жауап.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Үй тапсырмасын тексеру. Менің көмегіммен оқушылар жаңа сабақты өздері талдап,дәлелдеп шығуға талпыныс жасайды.Сыныпты үш топқа бөлемін.Мұқағали Мақатаевтың ғұмырнамасын оқушылар өздері даярлаған материалдарымен ортада баяндатып,жағдаят (ситуация) туғызу ... Нұрғисаның «Аққу» күйін тыңдатамын.Проблемаға шығу. Поэманы үйде оқып келгендіктен,талдау сатысына көшеміз. - Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?

1. Сұлулық 2. Махаббат 3. Зұлымдық

1.Сұлулықты неден көресіңдер?(оқушылар өз ойларын айтады)

тау бұлақ Табиғат ағаш

аққу елік тиін

Тақырып

АңҚұс

Адам

Page 38: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

қыз

жігіт

адам

көйлек

киім

тау

табиғат

қыз

Сұлу сөзінің синонимін табыңдар? (ару,әсем,ажарлы ...)Ал поэзияның өзі сұлулық қой.Ақын сезімі арқылы сұлулық поэзиясы туады.Сұлулыққа қарама-қарсы табиғатта зұлымдық бар.Зұлымдық деген не? Негізінде туа пайда болады,жүре пайда болады,поэзияда екеуі де қатар жүреді. - Бұл поэманың сюжеті не туралы?Ізденушілік. Поэманың тіліне талдау жасайық (І топ Аққу, ІІ топ Табиғат, ІІІ топ Ана). Әр топқа жеке-жеке сұрақтар беремін.

І топқа1.Аққудың рең әсемдігін айқындарлық сөздерді табыңдар?2.Аққудың мүсін келістігін кескіндеген сөздер,3.Аққудың әдемі,жарасты әрекеттерін табыңдар?4. Аққу үнінің ерекшелігін бейнелеген сөздерді табыңдар?5. Оқ тиген аққудың мүшкіл халін өрнектеген детальдарды тап.

ІІ топқа1.Табиғаттағы түс,рең ерекшелігін білдіретін сөздерді тап.2.Су тазалығын ашатын деталь көріністерді тап.3.Табиғаттағы тыныштық салтанатын тағы қай көріністен байқаймыз?

ІІІ топқа1. Ана неге аққуды атпақ болды?2. Теріс ниеттен көлге барған ана толғанысы қалай өрістеді?3. Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға берейік.4. Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкінішіне үңілейік.5. Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген?

Әр топ қорытынды жасайды.

Сұлулық

Page 39: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Рефлексия. – Аққуды неге иелі құс дейміз?- Тәуіп дегенді қалай түсінесіңдер?- Көл не себептен «Жетім көл» деп аталған?

1топ – аққу әсемдігі, 2топ – табиғат сұлулығы, 3топ – ананың махаббаты.

Әр топ 5 минуттық өз ойларын жазып талқылау.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау сабағыСабақтың мақсаты: Білімділік - ақын өмірінен мәлімет бере отырып, поэзиясының өміршеңдігін таныту; дастанның тақырыбы мен идеясын,көремдік тілін ашу. Дамытушылық – оқушының сөйлеу тілін дамыту;өз ойын еркін,жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру;мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Танымдық - өз бетімен іздене білуге,қосымша материалды іріктей алуына,ой қорытуға үйрету.Сабақтың тәрбиелік мәні: туған жерге деген сүйіспеншілікке,адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге,қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыс: музыка,бейнелеу өнері.Көрнекіліктер: ақын портреті,шығармалары,кесте-сызбалар,қосымша газет-журнал материалдары.І. Ой шақыру. – Біз Мұқағали ақынды – поэзия патшасы десек,ендеше,поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік.Міне,патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда.Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші. Іске сәт! Енді мына жоспар арқылы поэзия мазмұнын еске түсірейік. Жоспар 1. Әлдилеп ақ төсіне бермей тыным,Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.2. ... Айналайын аққудың қанатынан,Қайтеміз,ол да адамға бола туған.3. Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.4. ... Қасиетке оқ атып,жойған пақыр.5. ... Білмеймін сор аттың ба,бақ аттың ба? (Поэма тақырыбы аталып,оқиғаның басталуы қай бөлімде екендігі анықталады).ІІ. Топтастыру. – Біз бүгін топпен («Жігер», «Болашақ», «Арман») жұмыс істейміз

ақынМұқағали Ақын

өлеңдеріне жазылған

әндер

Page 40: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

«Өмір - өзен» «Есіңе мені алғайсың»

ІІІ.Кубизм. Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы.Кубиктің 6 жағы бар.Иіреді,қай жағы түссе,сол жағының сұрағына жауап береді.Суретте. Туған жер,Жетімкөлдің сұлулығы,аққудың үні,қасиеті,айнала қоршаған ортамен үндестігі,ақын сезімі өлеңде қалай берілген?Салыстыр. Поэма оқиғасына немесе тақырыбы мен тіліне ұқсайтын шығарма бар ма? Кіммен немесе кімнің шығармасымен салыстыра аласың? (Венн диаграммасы қолданылады).Зертте. Мұқағали ақын туралы тағы не білесің?Қолдан. Ақынның психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. Қандай бейнелі,көркем тіркестерді көріп тұрсың? (Оқулықпен жұмыс).Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді? (Ойтолғау,сурет) Ақынға хат жазып көр.

Талда,қолдан,қарсы шық. Ананы қасиетке оқ атуға мәжбүр еткен не? Баласының өлімінен кейінгі ананың күйін ақын қалай жырлайды? (Мәнерлеп жатқа оқу).

IV. Сөздіктер еліне (сұхбат). Таны,есте сақта.Оқушы дастаннан өзі түсінбеген сөздерге белгі қойып отырады.Сұрайды,жауап беремін.

V. Еркін жауап. – Ақын туралы тағы не айтуға болады? (Оқушы ізденісі.жергілікті жер материалымен байланыстыру)

VI. Болжау. – Оқиғаны қалай аяқтаған болар едің?

VII. Үкім. – Аққуды атуға бола ма? (ия,жоқ)Оқушы дәлелдемесін тыңдау.

VIII. Бекіту. Қорыту. – Құрметті шәкірттерім,ақын Фариза Оңғарсынова «Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты халық» деген екен.Олай болса,сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың бақытты ұрпағысыңдар.Ендеше,осы сұлулықты жанымен сүйген Мұқағали ақынның аса құрметтеген адамының бірі сазгер Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдайық. («Аққу» күйі тыңдалады)

Не білдің?123

Жинақтары

Page 41: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Не білгің келеді?123

ІХ. Үйге тапсырма. «Ақын және аққу» тақырыбына шығарма өлең жазып келіңдер.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: «Аруана – бауыр дүние»Сабақтың мақсаты: білімділік - Төлеген ақынның өмірі мен өскен ортасын таныту,шығармаларын оқыту,ақын өлеңінің айтар ойын ашу,талдау,эстетикалық көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау; дамытушылық – оқушының сөз байлығын,сөздік қорын байыту,әдеби шығарма идеясын таныту,еркін сөйлеуге,өз ойын ауызша да,жазбаша да жүйелі жеткізуге балу, тәрбиелік - оқушының туған жерге деген,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,елжандылыққа тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: баспасөз материалдары, 1 томдық шығармалар жинағы,ақын суреті,буклеттер,үнтаспа.Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік ізденіс (шығармашылық жұмыс),салыстыру.Пәнаралық байланыс: тарих,ән-саз.Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Өткен сабақтар бойынша сұрақ-тапсырмалар орындау.ІІІ.Жаңа сабақ.Мұғалімнің сөзі.

Ақын боп өмір кешіру,оңай деймісің, қарағым, Аузында болу бұл өзі,сыздаған барлық жараның. Көкірегіңе құйып ап,әлемнің асқақ бар әнін, Қосудың арпалысы бұл тоғыспас жолдар торабын.

Тақтаға ілінген ақын өлеңінің осы шумағын оқи отырып,сабағымыздың мақсатын айтып,ақынның өмір жолына толық тоқталу.1) Тірек сызба арқылы ақынның өмір жолына тоқталамыз.1. 1937 жылы 8-наурызда Қарақалпақ еліндегі «Қоңырат» деген жерде дүниеге келді.2. 1959 жылы Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітіріп,туған ауылында мұғалім болды.3. Алғашқы өлеңдері «Жас дәурен» атты жинақта басылып шықты.4. Қазақстан жазушылар одағында жұмыс істеді.5.Кітап болып шыққан шығармалары: « Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Мен саған ғашық едім», «Аманат».6. 1974 жылы «Құмдағы мұнаралар» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. (ақын қайтыс болғаннан кейін)7. 1967 жылы Төлеген Айбергенов өмірден өтті.

Page 42: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Жарық дүниенің отыз-ақ жыл сәулесін көрген ақын бізге отты жыр,өлмес өлең қалдырды.Соның бірі «Аруана – бауыр дүние» өлеңі дей келе, өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып беремін.(Осы кезде үнтаспадан Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ойнап тұрады). 2) Екі оқушыға мәнерлеп оқыту. 3) Сұрақтармен жұмыс. - Аңыз дегеніміз не? - Ақын аңызды өз өлеңіне қалай арқау еткен? - Осыған ұқсас шығармаларды еске түсірейік (Қабдеш Жұмаділовтың «Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын айту»).

4) Таһауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесімен салыстыру (топтық жұмыс).Венн диаграммасы.

5) Жеке оқушылармен шығармашылық жұмыс.1. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» атты тақырыпта шығарма жазу.2. «Аруана – бауыр дүние» өлеңін қарасөзге айналдырып жазу. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын талдау.

Сабақты қорыту. Қазақ өлеңдері көбінесе 7,8 және 11 буынды болып келсе,ақынның өлең құрылысына қосқан жаңалығы 18-19 буынды өлең жазғандығы туралы айта келіп,өлеңдеріндегі айтар ойы туралы ой бөлісу.

Түкпірімдегі дір ете қалғыш осынау құйттай жүрекпен Келем мен бүгін қасиетті Қазақстанды көтеріп!

Тармақтағы ақын үнін талдау.Ақын көре алмай кеткен туған Қазақстанның еркіндігін,егемендігін айта кету артық болмайды. Тарихтың сан ғасырлық тарауларына шолу жасау,ақын үніне үн қосу. «Мен ақын болсам...» атты тақырыпта ой қозғау.Бірнеше оқушының ойын талдау (ауызша).

Туған жеріне кету үшін

ботасын өзі өлтірген

аруана, туған жерге деген

сүйіспеншілік, баласын,құрбан еткен жануар

көрінісі

Түйе малы суреттелген. Прозамен, өлеңмен суреттелген аңыз желісіндегі оқиға.

Ботасы өлген аруананың жан қиналысы, жазушының өнердің құдіретін ерекше тануы

Page 43: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Бағалау. Әр оқушының белсенділігіне,жауабына қарай бағалау.

Үйге тапсырма. Өлеңді оқу.Ерекше әсер еткен жолдарын жаттау. «Туған жер – алтын бесігім» атты тақырыпта шығарма жазу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы: «Қаздар қайтып барады»Сабақтың мақсаты: білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу; дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу,дүниетанымын кеңейту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру; тәрбиелік – туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Сабақтың типі: жаңа білімді өз беттерімен меңгерту сабағы.Сабақтың түрі: дәстүрден тыс интерактивті,кіріктірілген сабақ.Сабақтың әдісі: әңгімелеу,топтық жұмыс,сұрақ-жауап,проблемалық сұрақтар,сын тұрғысынан ойлау.Сабақтың көрнекілігі: портрет,плакаттар,түрлі-түсті қалам,әдеби көркем шығармалар жинағы,таратпалы карточкалар.Техникалық құралдар: теледидар,бейнетаспа,үнтаспа,интерактивті тақта,компьютер.Пәнаралық байланыс: тарих,музыка,география.Сабақтың барысы. 1-сабақ.1.Ұйымдастыру кезеңі.сыныпты бес топқа бөлу 2.Үй тапсырмасын пысықтауЖаңа сабаққа көшу. Менің кіріспе сөзім. -Балалар,біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы,тарихи шығармалардың шебері Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен танысамыз. Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Шығыс Түркістанда (Қытай Халық республикасы) дүниеге келген.1965 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология бөлімін тәмамдаған. «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен-ақ қазақ әдебиетіне талантты қаламгер келгенін дәлелдеді.Бірнеше әңгіме,хикаяттары, «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. «Тағдыр» атты романы үшін жазушы мемлекеттік сыйлыққа ие болды. « ... Қабдеш-тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы».2006 жылы жазушының 70 жасқа толған мерейтойы атап өтілді. Балалар,сендердің ойларыңша қаздар қайда қайтуы мүмкін.(Интерактивті тақтаға балалар өз ойларын ассоцация әдісімен жазып шығады..)І.Ассоциация мекенінеКөлге ұясынаЖылы жаққа суық жаққаТуған жеріне балапанына

- Дұрыс,олай болса біз шығарманың өзімен танысып көрейік.ІІ. Әңгіменің мазмұнымен танысу. (Бес топ оқушылар белгілі уақыт аралығында оқулықтағы әңгіменің мазмұнымен өздері оқып танысады.) ІІІ. Оқығандары жөнінде топта отырып бір-бірімен ой бөліседі.IV. Әр топ оқыған оқиғалары бойынша суретін салады. (Ол үшін оқушыларға плакаттар таратылады да,әңгіменің мазмұны бойынша суреті салынады және уақыт беріледі.)V. Әңгімені салған суреттері бойынша баяндап береді. (Салған суреттерін ретімен тақтаға іледі де,әр топтан бір оқушы сурет бойынша әңгіменің мазмұнын айтып шығады.Қалған топтағы балалар әңгіменің ең маңызды деген жерлерін дәптерлеріне жазып алып отырады.)VI. Проблемалық сұрақ қою. Мен қоятын сұрақ мына үлгіде. 1. Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді? 2.Оның бөтен елге баруының себебі неде,не үшін барған деп ойлайсыңдар? (Оқушылар өз ойларын айтып шығады.) 3. Жазушының өмірі мен әңгімесінің арасында қандай байланыс бар? (Әңгіменің идеясын ашу) 4. Байтас қарт неге шекараны бұзып өтті? 5. Қабдеш аға тарихи Отанына қай жылы оралған еді? 6. Жазушы,Байтас қарт,қаздың арасында қандай ұқсастық бар?2-сабақ. Топпен жұмыс. І топ. Әңгімені оқығанда немесе тыңдағанда ойларыңа не сақталып қалды? сақталған жерлерін мәтіннен тауып оқыңдар. (Кітаппен жұмыс.) ІІ топ. Жазушы осы әңгімесі арқылы не айтқысы келді?Әңгіменің маңыздылығы неде?Туған жер топырағын аттаған қарттың сезімі,сағынышы,қуанышы қалай суреттелген? (Әңгіменің тақырыбын ашу.Туған жер жайында ой толғау.) ІІІ. Топ. Байтас қартқа мінездеме беріңдер.Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?

ҚАЗДАР ҚАЙТЫП БАРАДЫ

Page 44: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Шығарманың аты Авторы Кейіпкері Іс-әрекеті Адами қасиеті«Қаздар қайтып

барады»Қабдеш

ЖұмаділовБайтас қарт Жолға шықты,қасқырмен алысты,

туған жерге асықты,шаршады,қажыды,отбасынан айырылды,

немересін бақты,шекарадан асты,туған жеріне жетті.

Қайсар,қажырлы,төзімді,туған еліне деген сағынышыбасым,рухы биік,адал жан.

IV топ. Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеңдер.(Оқушылардың пікірі былайша өрбиді)

Жетті Жеткен жоқБайтас қарт қырық жыл бойы күткен арманына жетті.Ата-бабасы қалған,кіндік қаны тамған туған жеріне,өз үйіне келіп шамалы болса да ұйықтап,демін алды.«Енді өліп кетсем де арманым жоқ» деді.

Байтас қарт арманына жеткен жоқ.Себебі жат жерде оның жақын адамдары қалды.Өзі туған еліне келгенімен,бір өзі қалай өмір сүрмекші?Оның үстіне артынан ит жетек-теген шекарашылар түскен жоқ па?

V топ. Шығарманы құрылысына қарай талдаңдар.Әңгімеде кездесетін жер-су,тау аттарын теріп жазыңдар. (Оқушылардың жауабы былайша түзілді) Етікші,Тарбағатай,Күргейтас,Тентек-Халдай,Айнабұлақ,Арғанаты,Көкшілік, Нұра.

Оқиғаның шешімі Шарықтау шегі

Басталуы Байланысы Оқиғаның дамуыСөздікпен жұмыс: қозыкөш жер - ... ұшқат - ... мойыл - ... зәузәт - ...Сұрақ-жауап.- Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» деп аталу себебін қалай түсінесіңдер? (Сабақ басындағы ассоциациялық аймаққа қайта оралу)

Қорытынды. Байтас қартты қырық жылдан кейін шекара асыртып,жолда көрген қиыншылықтарына төзе отырып алып келген бір-ақ нәрсе, ол – туған жерге деген сүйіспеншілік,туған жердің топырағы. Қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмай туған жерге оралған қандастарымыз қаншама! Мұртаза Бұлытай,Майра Мұхамедқызы,Шұғыла Сапарғалиқызы сынды қандастарымыз туған еліне келіп еңбек етуде. (Үнтаспадан Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалып тұрады,бейнетаспадан қолдарында Қазақстанның туы бар шетелдік қазақтардың туған жерге келіп жатқаны көрсетіледі). Тағдыр талайымен кезінде тарыдай шашыраған қазақтарымыз дүние жүзінің 55 елінде өмір сүріп жатыр екен.Назарымызды соған аударып көрейік.

АҚШ-та 14 000 Ресейде 740 000

Украинада 15 000 Моңғолияда 100 000

Туркияда 25 000 ҚАЗАҚСТАН Қырғызстанда 45 000

Өзбекстанда 1 550 000 Қытайда 1 500 000

Иранда 12 000 Ауғанстанда 30 000 Тәжікстанда 10 000

Тұмардың ішінен термен байланып қалған бір уыс қиыршық топырақ түсті жерге.Бұл осыдан қырық жыл бұрын жат өлкеге аттанарда туған жерден түйіп алған топырақ еді.

Қырық жыл бойы көкірек түкпірінде жатқан ұзақ сапар

Жалғыз жортқан жолаушы және жолда көрген қиыншылықтар

Ойға оралған өткен күн немесе жалғыз немере – Төлеутай

Кінәсіз тағылған айып,күтпеген қасірет

Page 45: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

- Балалар, «Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол» демекші,өз туған жеріміз өзімізге ыстық.Қай жерде,қай елде,тіпті гүл жайнаған бөтен елде жүрсең де бәрібір саған туған жерің қымбат.Себебі туған жерің – сенің кіндік қаның тамған жер,ата-бабаң ғұмыр кешкен жер,ағайын-туыс,достарың жүрген жер,тарихи Отаның.Сондықтан туған жердің қадірін біліп, өз Отанына қалтықсыз еңбек ету - әрбір азаматтың борышы.Бүгінгі сабағымыздың ұраны «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» болып қалсын!

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Отаным десем ойыма ...» деген тақырыпта шығарма жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков. «Қонақтар» (2-сағат)Сабақтың мақсаты: 1) «Қонақтар» әңгімесіне әдеби талдау жасау,тақырыбын,идеялық-көркемдік мазмұнын ашу,оқушылардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге келтіру; 2) қазақ халқының бойындағы адамгершілік,бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу,үлкенді,ата-ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға тәрбиелеу; 3) өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру,түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына,өз ойын ашық айтуға,көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету.Сабақтың түрі: білімді жинақтау,бекіту.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сатылай кешенді талдау,пікірсайыс,Венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы,тірек сызбалары,іздендіру,топтық жұмыс,поблемалық ситуация туғызу.Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих.Көрнекілігі: жазушы портреті,сызба кестелер,нақыл сөз,мақал-мәтелдер,маркер.Сабақтың барысы. Сабақ мақсаты мен ерекшелігі,тақырыбы түсіндірілген соң оқушылар топқа бөлінеді.І. Үй тапсырмасын сұрау. Балалар,өткен сабақта біз сендермен белгілі жазушы Төлен Әбдіковтың өмірімен, «Қонақтар» әңгімесімен таныстық.Қане,балалар,топтастыру стратегиясы бойынша кім екендігіне тоқталайық.жазушы драматургаудармашы хатшыредактор ТӨЛЕН ӘБДІКОВ сектор меңгерушісіеуропалық алтын мемлекеттік сыйлық медаль иегері иегері Келесі кезекте Төлен Әбдіковтің өмір жолын,қызметін,шығармаларын тірек сызбалары бойынша көрсетейік. Жаңа тақырып тақтаға жазылады.әр топқа тапсырма беріледі.І топ. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.Тақырыбы: адамгершілік мәселесі.Идеясы: баланың ата-ана алдындағы перзенттік парызы.ІІ топ. Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау.1. Әңгіменің басталуы Ерғабыл шал мен кемпірінің әңгімесі.2.Дамуы Ерекеңнің малын іздеуі,ішкі ойы.3.Байланысуы Қаладағы баласының келуі.Ауыл қонақтары.4.Шиеленісуі Сапабек пен әкесі әңгімелерінің жараспауы.Ауыл әні5.Шарықтау шегі Мазасы кеткен қарт.6.Шешімі Соңғы үміті орындалмаған қария.7.Қорытынды Құлазыған көңіл. ІІІ топ. Сатылай кешенді талдау.Кейіпкерлерге мінездеме

Кеіпкерлері Ерғабыл қарт Кемпірі Сапабек (ұлы) Тома (келіні) Жеңіс (немересі)

Page 46: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Ауыл адамдары Аспандияр (әнші жігіт) Портрет Сапабек.Ат жақты,қапсағай сары жігіт. Тома. Омырау,жеңдері ашық шұбар көйлек киген,шашын қидырған,топ-толық

ақ сары,ажарлы келіншек Жеңіс.Аяқ-қолы шидей,көзі қитар,алтылар шамасындағы ұл бала.

ВЕНН диаграммасы.

Айырмашылығы Ұқсастығы АйырмашылығыЕрғабыл – ауыл тұрғыны,қарт, оқымаған,көп сөйлемейтін, қарапайым жан

Әкелі-балалы туыстар,ер адам, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей

Сапабек – қала тұрғыны,жас, оқыған,өзімшіл,көп сөйлегіш

IV топ Сатылай кешенді талдау. Жазушы тілі

Сөздік жұмысы Алагеуім – таң енді атып келе жатқан уақыт,апақ-сапақ Жолай – жолдан соғу,бару Шақша – насыбай салатын ыдыс Ноқта – жүген тәрізді мал басына кигізілетін әбзел Сағағы – мойын,алқым Көлегейлеп – қолын маңдайына апару,күннен қорғану Қынжылу – кейбір ренішті жағдайдың жанға батуы,қиналу Қитар – жөнге келмейтін бірбеткей қыңыр,қисық Теңеу Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді.Аяқ-қолы шидей.Жаулықтай

үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті.Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.

Тұрақты тіркес Міз бақпады – беті шімірікпеді,бедірейіп тырп етпеді Ләм-лим демей – үндемей (жұмған аузын ашпау) Басым сынып – ауырып Шаш етектен – пайдасы мол Қолыңның қаруы бар ғой – күшті,әлді Мызғып – аз ғана ұйықтап алу (көз шырымын алу) Көзі ілінді – ұйықтап кету Шыбын шіркей боп жүреді - барынша күтеді Дисфемизм: алжыған,оттаған,қаңғыбас,омалып. Мақал-мәтел: қара арғымақ арыса,қарға адым жер мұң болар.

Балалар,сабағымыздың келесі кезеңі – пікірсайыс.Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс-әрекеті,ата-анасына деген көзқарасы дұрыс па,әлде бұрыс па? Сол туралы пікір таластырамыз. Жақтаушы топ,даттаушы топқа бөлініп ойымызды білдіреміз.

Келесі кезекте әр топ қарсыласына дайындап әкелген сұрақтарын қояды.

«А» тобы: Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабекке хат жолдаңдар.«Ә» тобы: Авторға сұрақ қойыңдар.«Б» тобы: «Елес жетелеу стратегиясы» бойынша болашақты елестету.«В» тобы; Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтырыңдар.

Page 47: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Сабақты қорыту:Менің қорытынды сөзім. (мұғалімнің қорытынды сөзі)Мұқағали Мақатаевтың «Қариялар азайып бара жатыр» өлеңін орындау.

Үйге тапсырма: «Ата-ананың қадірі», «Ата-ана және балалар» тақырыбына эссе жазу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздеріСабақтың мақсаты: білімділік – Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін өлеңдерімен салыстыра отырып оқытып оқушы бойына дарыту,өлең мен қарасөздерінің мазмұн бірлігін,сабақтастығын түсіндіру;дамытушылық - әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту;тәрбиелік – ақынның өлеңдері мен қарасөздерін салыстыра отырып оқушыларды адами қасиеттерге баулу,ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі-өнеге алып,оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.Көрнекілігі: тақтада «Даналықты іздесең,Абайды оқы,ерінбе» деген эпиграф және Абайдың портреті,қанатты сөздер жазылған плакаттар,үлестірмелі карточкалар, буклет,журналдар.Сабақтың өту әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,талдау,шығармашылық жұмыс.Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Бірінші тақтадағы эпиграфты оқып,бүгінгі сабақтың ерекшелігі туралы,яғни Абай өлеңдері мен қарасөздерінен даналықты тере отырып талдау жүргізілетіні айтылады.Ол үшін өтілген материалды қайталай отырып еске түсіру керектігі айтылады.ІІ.Өтілген материалды қайталау. Балалар,біз бүгінгі сабағымызды халқымыздың дана да дара ұлдарының бірі Абай Құнанбайұлына арнамақпыз.Жыр алыбы Жамбыл Абай суретін көргенде: Мына тұрған Абайдың суреті ме, Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне. Ақыл,қайрат,білімді тең ұстаған Өр Абайдың төтеген кім бетіне, - деп айтқан екен.Абай туралы білетінімізді ортаға сап,өлеңдерін жатқа оқып,терең ой салар қарасөздеріне үңілейік.

1. Абай кім? Ол қай жерде туған? Қай жерде оқыған?Абайдың әкесі кім,ол қандай адам болған?Абай ертегі,жырларды кімдерден тыңдап өсті?Абай өлең жазумен ғана шұғылданды ма? т.б.

2. Абайдң қандай өлеңдерін білеміз?Сол өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтып көрейік.ІІІ. Жаңа сабақ ғылым,білімге шақырған өлеңін талдаудан басталады. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде неге асық болу,неден қашық болу керек екендігін санамалап көрсетелік» дей отырып,қарасөздерімен салыстыра отырып талдау.1. Талап – 44-қарасөзі 2. Еңбек – 2-қарасөзі 3. Терең ой – 9-қарасөзі 4. Қанағат – 10-қарасөзі 5. Рахым – 17-қарасөзі. - Міне,бұл бесеуі адамның асық болатын,үйренетін бес асыл іс екенін Абай ата өлеңінде көрсетсе,өзінің қарасөздерінде ой түйіндеп осылар туралы тағы да айтып өтеді.Ал кәнеки осыларға көз жүгіртелік. 44,2,9,10,17-қарасөздерін оқушылар кезектесе оқып,түйінін ашып,өз ойларын айтады. Дәл осылайша адам баласының аулақ жүретін бес дұшпанын санамалап,оны қарасөздердегі айтылатын ой-түйіндермен жалғастырып талдайды. Өсек пен өтірік – 2-қарасөзі,мақтаншақ – 38-қарасөзі,еріншек – 38-қарасөзі.

Page 48: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Қарасөздері мен өлеңдегі өмір сүруді үйрететін нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін оқушылар өз ойларын айта отырып ашқаннан кейін шығармашылық жұмысқа жұмылдырылады. «Атадан ұл туса игі» тақырыбында ой-толғаныс (эссе) жазғызу.Абайға еліктеп қарасөз жазуларына да болады.IV. Қорытынды. – Балалар,Абай атамыздың асыл сөздерін,өлеңдерін оқи отырып бүгінгі сабақта не үйрендік?Абайды біз кім дейміз? Осы сұрақ бойынша оқушылар дәптерлеріне топтастыру жүргізіп жазады.Абай:ұлы ақын,ғалым,философ,көркем әдебиеттің темірқазығы т.б.V.Білімдерін бағалау.VI. Үй тапсырмасы: 17-қарасөзін оқу,үзіндіні жаттау,9,10-қарасөздерін қосымша оқу.«Адамның бекер мал шашпағы» жайында Абай атаға еліктеп қарасөз жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: «Райымбек,Райымбек!» поэмасы.Сабақтың мақсаты: Поэмадағы қазақ хлқының бастан кешкен қиын кезеңдерінде азаттық үшін арпалысқан алып тұлға – Райымбек баба өмірі,жасаған ерліктері,жорықтары жайлы мағлұмат беру. Елін,жерін қорғауға даяр болуға шақыру,батыр бабаларды қадірлеуге,құрметтеуге баулу,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.Сабақтың өткізілу сызбасы:

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.2. «Ару-ана» поэмасы бойынша «Құрмаш-Жамал тағдыры» тақырыбында ойтолғау жүргізу.3. Сөзжұмбақ шештіру арқылы сабақтың тақырыбын тапқызу.а) Өлең арнаған қыз досы: Фаризаб) Жан серігі: Лашынг) Мұқағали курсы бағдарламасының авторы: Жұмашғ) өлеңі: «Үш бақытым»д) поэмасы: «Атамекен»з) Аветик Исаакяннан аударған аудармасы: Сократ4. Райымбек бабаның ата-тегі жайлы түсінік беру.5. Райымбек бабаның жорықтары жайлы деректер. Төлен Қаупынбайұлының «Райымбек батыр» кітабы,Ж.Тұрлыбековтың «Тамыз таңы», «Райымбек» атты кітаптары бойынша мысалдар келтіру.6.Мұқағалидың «Райымбек,Райымбек!» поэмасын мәнерлеп оқыту. Сөздікпен жұмыс жүргізу.7. Үйге деңгейлік тапсырма беру.

Ойтолғау жүргізу

Ұйымдастыру кезеңі

Бағалау

Сөзжұмбақ шешу

Сабақтың тақырыбы: «Райымбек,Райымбек!»

поэмасы

Деңгейлік тапсырма беру

Бабаның ата-тегі туралы түсінік беру

Бабаның жорықтары жайлы анықтама,

мәлімет беру

Оқушымен жұмыс,оқулықпен

жұмыс

Күшті топ

Page 49: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Райымбек батырдың жорықтары, Райымбек батырдың «Райымбек,Райымбек»ерліктері жайлы деректер жинау өмірі поэмасын оқу

8. Бағалау.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы: Қасымның «Өзім туралы» өлеңіСабақтың мақсаты: білімділік - өмірі мен шығармашылығын таныстыру,қазақ поэзиясына асыл өлең жазуды мақсат еткен өлеңдерінің идеялық мазмұнынын ұғындыру; дамытушылық - әр оқушы өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту; тәрбиелік – ақын қаламынан туған өлеңдері арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу,автор көтерген тағылымдар арқылы ақынның азаматтық бейнесін аша отырып,оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру,үлгі-өнеге алуға шақыру.Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағы.Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы (әр түрлі сатыдағы деңгейлік тапсырмалар, шығармашлық жұмыс),сұрақ-жауаптар,түсіндіру.Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті;өміріне байланысты буклет,тірек сызбалар, деңгейлік тапсырмалар сызбасы;Мұқағали өлеңінің бір шумағы;Серік Қирабаевтың ақын туралы сөзі; кеспе қағаздар. Жаңа сабақтың жүру барысы.Сабақтың эпиграфы: Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым? Қасым солай болмаса несі Қасым? Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің Әммесінен Қасымның десі басым. (Мұқағали Мақатаев). Тірек сызба арқылы ақын өміріне,шығармашылығына шолу.

Өмір жолы ШығармаларыҚарқаралыдағы Балалар Өлеңдері: Поэмалары:Қызыл деген жер. үйінде «Сарыарқа», «Ақын өлімі тәрбиеленген «Ертіс», туралы аңыз», Соғысқа қатысқан. «Жайық», «Қытай қызы», «Орал», «Құпия қыз», «Мен табиғат «Бикеш», бөбегі» «Естай Қорлығайын». Қасым жоқшылықты,жетімдікті сәби кезінен басынан өткізеді.Қой-қозы бағады,тезек те тереді,кісі есігінде телміреді.

Орта топ Әлсіз топ

Қасым Аманжолов(1911-1955)

Page 50: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Ол жалт еткен найзағайдай өткір тілді,қажырлы,қайратты,тік мінезді.Өзі айтқандай «жасық өлең емес,асыл өлең» жазуды өмірінің бар мақсаты етті. Қасым поэзиясы Отанды,туған жерді сүюге,қастерлеуге үндейді,қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандыққа баулиды. Ақынның өмірге,келешекке артатын сенімі,үміті мол.Қасым өмірді мейлінше сүйген ақын. Өздеріңізге ұсынылып отырған өлеңді Қасым «Сыр» деп те атаған екен. Шыншыл,бүкпесіз ақын ұрпағымен ашық сөйлесіп,мақсат-мүддесін,қуаныш-сүйінішін,сенімі мен дудәмәлін жайып салады. Ақынның қайтыс болғаннан кейінгі жарияланған өлеңі – «Өзім туралы».Өлең тақырыбы: өз өмірін өлеңмен өрнектейді;өмір мен өлім туралы,өлеңнің құдіреті,ақындықты дәріптейді;туған ел,жер қасиетін жырлайды;болашақ ұрпаққа өсиет қалдырады.Өлеңнің идеясы: өмірді,туған жерді,Отанды қастерлеуге шақырады; «Берейін өмірімнен өлең жасап» деп өзі жырлағандай өлеңді,ақындықты құрметтеуге үндейді. Осы өмірбаяндық өлеңінде ақын өмірінің қайғы-мұңы,қуанышы,асқақ арманы,өршіл мақсаты көрінеді.Ақын болашақ жастарға үлкен сенім артады,олардан үміт күтеді.Өлең жоспары тақтаға жазылады.1. Өзі жайлы2. Өмір мен өлім туралы3. Ақындық,оның мақсаты4. Болашақ өсиет5. Туған ел,туған жер туралы.

Осы жоспар бойынша оқушылар тарауларға бөліп,мәнерлеп оқиды,Дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.І саты: оқушы деңгейі ( мұғалім көмегімен).Өлең құрылысын талдау1.Өлеңде қанша шумақ бар? (25 шумақ бар)2.Неше тармақ бар? (100 тармақ бар)3.Неше бунақ бар? (3 бунақ бар)4.Неше буын бар? (11 буын бар)5.11 буынды қара өлең ұйқасы.Ақынның поэтикалық тіліне талдау1.Өлеңнің метафорасы ........................2. Эпитеті .....................................................3. Теңеуді табыңдар.Сабақты бекіту сұрақтары мен тапсырмаларыІІ саты: алгоритмдік. 1.Ақынның өмір жолы,шығармашылығы (тірек сызба сызу).2.Қасым қандай ақын? (тор құру керек). 3.Ақын шығармалары (тор құру керек)4.Өлең «Өзім туралы» деп аталса да,ақын тек өзі туралы ғана толғанған ба? 5.Өлең жолдарындағы «Берейін өмірімнен өлең жасап» дегенінен ақынның айтайын деген ойын қалай түсінесіңдер? 6. Ақын болашаққа қандай өсиет айтады?ІІІ саты: эвристикалық. Ақынның өлеңдегі көңіл-күйін талдау:1) қайғы,мұң; 2) шаттық,қуану; 3) берік сенім,үміт; 4) асқақ арман,өршіл мақсат;5) өсиет,өнеге. Осы тірек сөздерге байланысты ақын көңіл-күйін білдіретін өлең жолдарын тауып оқу,түсінік беру.IV саты: шығармашылық (тақырыптар беріледі).1.Өлді деуге бола ма,ойлаңдаршы ...2.Қасым ақынға хат жазу.3.Біз неткен бақытты едік,бүгінгі ұрпақ.Қорытынды. Қасым идеологияның құлы болып қалған жоқ.Заманның тар қалыбына сыймай,құлашын еркін жая алмай бұлқынған ақынның көңіл күйі,ойы,сезімі оның

Page 51: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

шығармаларынан анық байқалады.Соның өзінде Қасым – үлкен ақын,ұлы ақын.Ол ешкімге еліктемей,жалтақтамай, «Жамау-жасқау жинамай,өз сөзін өзі болып айтады», «Өлең мен күйден» жаралған ерекше бір тұлға еді.Ол қазақ өлеңінің рухын көтерді.Өлең сөзге қанат бітіріп,ерлік дарытты,өлең формаларын жетілдірді.Музыкалық үзіліс.Ақын өлеңін сазымен орындау (үзінді).Бағалау.Үй тапсырмасы. 1. Өлеңді мәнерлеп оқу (үзінді жаттау).2.Кесте үлгісі беріледі (жоспар бойынша жұмыс).3.Шығармашылық жұмыс (ой толғау жазу).

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдебиетіндегі «Ана құдіреттілігі» тақырыбы.Сабақтың мақсаты: білімділік - оқылған шығармаларын (Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі,Мұқағали Мақатаев» «Аққулар ұйықтағанда», Төлеген Айбергенов «Ана», Қарауылбек Қазиев «Менің шешем», Шыңғыс Айтыматов «Найман-Ана») арқау ете отырып,тақырыбын меңгерту,білімдерін пысықтау; дамытушылық – көркем шығармаларды жүйелі талдата,жанама ойын жетілдіре отырып,шығармашлыққа баулу; тәрбиелік – ананы қадірлей білуге,ана армандаған азамат блып қалыптасуға,елін сүюге тәрбиелеу.Сабақ 45 минутқа лайықталған.Көрнекі құрал: графопроект.

Мұғалімнің ұйымдастыру

формасы

Сабақтың мазмұны (барысы) Оқушы-ның іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасуОқушылардың назарын өзіме

аудара отырып,сабақтың

тақырыбымен таныстыру.Сабақ-

тың мақсатын жариялау

Кім сендерді,балалар,сүйетұғынҚуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын?Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпайАнаң байғұс дамылсыз жүретұғын.Тақырыпты меңгерте отырып,оқушылардың білімдерін пысықтау,шығармашылық қабілетін дамыту.

Топ-топқа бөлініп,

құралдарын ретке келтіріп,

сабаққа дайындалуы

Сабақтың түрі:Сұрақ-жауап

түріндегі ойын сабағы

«Бақытты сәт»

Ойын 4 кезеңнен тұрады.Бірінші кезеңі«Ширату кезеңі» деп аталады.Шарты: әр топтан бір оқушы тұрып,он сұраққа жауап береді.Ашық тест түріндегі бұл кезеңге міндетті деңгейдің сұрақтары топтастырылады.І. «..А» тобының сұрақтары1. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі қандай үлгіде жазылған?2.»Иә,көз-қорқақ,қол – батыр.«Біссімілла,береке...» деп жұмысына кіріскен ана.3. «Алыста жүрсең,анаңа хат жаз» деп ескертетін ақын.4. «Найман-Ана» шығармасын кім аударды?5.Айдын еркесі аққуды ана неге атты?6.Т.Айбергенов «Ана» өлеңінде кімдер үшін ұяттан қызарады?7.Найман-Ана өз ұлын таныған кездегі алғашқы қимылы.8.Шығармадағы сюжеттен тыс нәрселер.9.Т.Айбергеновтің қазақ поэзиясына қосқан жаңалығы.10.Соғыс жылдарында елде еңбек еткен аналарға қандай жеңілдіктер берілді?

«Ширату» кезеңінің сұрақтарыАшық тест

І. «Ә» тобының сұрақтарыІ. «Оян,қазақ!» өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты? (1909ж.)2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы ананың қателігі

Page 52: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Міндетті деңгей сұрақтары

топтастырылған

неде?3. «Сендік қуат мың есе артық жердің тарту күшінен» деген сөзді қалай түсінесің?4.Қажырлы,еңбекқор асыл ана қай шығармада көрініс тапқан?5.Поэма дегеніміз не?6. «Найман Ана» үзіндісін қандай шығарманың түріне жатқызар едің?7. Адам баласының парызы не?8.Найман-Ана қандай сұмдыққа лағынет айтты?9.Жалқау болсаң,жаман болсаң анаң неге қамығады деп ойлайсың?10.Анасын теңдесі жоқ құдіретке балаған ақын.

ІІ кезең: «Қоржыннан асық алып,сұраққа топпен дайындалып жауап береді.Қоржындағы сұрақтар лайықты

деңгейдің негізінде топтастырылған.ІІ.Қоржындағы сұрақтар№1 Екі топқа ортақ сұрақ

Кеспе қағаздың тақтадан үлгісін

көрсету

Қазақ тілімен байланыстыру

Үзінді беріледі, тақтамен жұмысТақтаға талдау үлгісі беріледі.

(Үзінді беріледі)Топтың алдына

«ана» модулі беріледі

Бағалаушы топқа ІІ кезең бойынша

қорытынды жасау тапсырылады.Ән сабағымен байланыстыру

Қосымша деректерін

пайдаландыру

Үй тапсырмасы бойынша

рецензиясын тексеру

Үйге тапсырма

Ой толғау тақырыптарын

Үй тапсырмасы бойынша көркем шығарманың тілін меңгерту мақсатында кеспе қағаздар жасау тапсырылған.Міне соған байланысты «А» тобына: «Найман-Ана» үзіндісінен тұрақты сөз «қарау түрлеріне» байланысты және «жүрек сөзіне» байланысты сөздерге талдау жасау. «Ә» тобына: «Найман-Ана» үзіндісінен уақытты білдіретін сөздерге,қимыл түрлеріне байланысты сөздерге талдау жаса.№2. Ана-Бейітті халық неліктен соншама қасиет тұтады?№3. «Менің шешем» әңгімесіндегі баланың қыңырлығына көзқарасың№4. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп жатқа айт.№5. «Ана» өлеңін өлең құрылысының элементтеріне талда.№6. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына кешенді талдау.№7. Мына модуль бойынша Міржақып,Мұқағали, Төлеген,Қарауылбек,Шыңғыс шығармаларындағы ана образына талдау жасаңдар.ІІІ. Кезең сергіту мақсатында алынған «Әнмен әуездеу» кезеңі.Шарты: Шәмшінің «Ана жыры» әнін мен бастаймын,ал екі топ кезектесіп келген жерінен іліп әкетуі тиіс.Бұл – бірінші шарты.Ал екінші шарты: ақындардың қосымша ана туралы өлеңдерін қарастырып,жинақтау тапсырылған,міне сол қолдарыңдағы тауып келген «Ана» туралы өлеңдеріңе келістіріп ән айтасыңдар.Бірінші «А» тобы.Екінші «Ә» тобы.IV кезең. Жоғарғы шығармашылық деңгей.Сабағымызда тілдік талдау,көркемдік ерекшелігіне талдау,құрылымдық талдау жүргізудегі мақсатымыз шығарма жайында өз пікірімізді қалыптастыру,рецензия,пікір жазуға,зерттеу жұмыстарына дағдылану болып табылады.Міне,сондықтан сабақтың нәтижесін көру үшін бірінші сұрақ үй тапсырмасы бойынша болмақ.Үйге 1) «Найман-Ана» шығармасы бойынша пікір жазу тапсырылған.Қане,соны талқылайық. «А» тобын, сосын «Ә» тобын кезектестіріп пікір айтқызу.

Оқушы тақтаға шығып талдайды.

Оқушылар алдарына берілген модуль бойынша талдау жүргізеді. Бағалаушы топ ұпайын шығарады

Әуенін әсерлей,нақшына келтіріп айтуы Сөзіне әуені сәйкес келуі

Дәптерлеріненөзіндік пікірлері.

Топтаса отырып ойтолғау жазу.

Page 53: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

тақтаға жазып қою 2) Жаңа ғана әр шығармадағы ана бейнесіне талдау жасаңдар.Ал өткен сабақтарда ойларыңдағы ана бейнесін қағазға түсіріп мынадай суреттер салыңдар.«Анаңды жырға қосыңдар» деген де тапсырмалар болды,қорытындылай келе «А» тобына: «Ананың мейір-махаббаты» тақырыбында ой толғаңдар (өз өлеңдеріңді эпиграф етіп алсаңдар болады). «Ә» тобына: «Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы» тақырыбына ой талдау.Қорытынды. Бағалаушы топ IV кезеңнің ұпайын айтып барып,барлық кезең бойынша қорытынды жасап,жеңімпаз топты анықтайды.

Үйге :1. «Ана құдіреттілігі» тақырыбында шығарма жазу.2.Өз беттерінше «Қонақтар» әңгімесін оқу.Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың мақсаты: Қадыр Мырзаәлі. «Кәрі Қыран»Сабақтың мақсаты: 1) ақын өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып ақын өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру; 2) оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттырып,сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту; 3) сұлулық пен еркіндікті танытуға,адамгершілік пен намысшылдыққа,қайсарлыққа баулу.Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті,шығармалар жинағы,үнтаспа,слайдқа жазылған тақырыпқа сай суреттер,қанатты сөздер,бүркіт жасы туралы плакаттар,тірек сызбалар.Пәнаралық байланыс: ән,бейнелеу өнері,биология,халықтық педагогика. Сабақ барысы.Ұйымдастыру кезеңі.Үй тапсырмасы («Қоңыр күз еді»).1.Қасым неге күзді еске алып отыр?2. «Әкең сұраса да берме,ешбір жанға көрсетпей оқы» дегені қай шығарма?3.Алматыға келгенде жазушымен кездессем деген үміті неге үзілді?Жаңа сабақ. Міне,балалар,адам тәлім мен тәрбиені тіл арқылы алады.Қазақ халқы ежелден шешендікке әуес,тіл өнерін жетік білген халық.Тіл – біздің күретамырмыз.Тіліміз бен дінімізді сақтамасақ,ұлт болудан қаламыз.Ана тілінің қайнар бұлағынан сусындайын деген кісі сол тілде жазылған әдебиетті құмарта оқиды. Қазақ деп белі қайысқан,қаңтарда туған қыран Қадыр Мырзаәлі 1935 жылы Орал облысы Жымпиты ауданында дүниеге келген.мектеп бітірісімен Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Енді мына өлең жолдарын естеріңе түсіріп көріңдерші.

Екі шектің бірін қатты,Бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра, - деп қазақтың қара домбырасын шырқау биікке көтеріп тастаған да Қадыр ағамыз болатын. Жайлауында жүрген жігіт бағып қой Дос келді деп жасап жатыр анық той. Алғаш рет көріп тұрсың сен оны, Нағыз қазақ осы міне танып қой. Қазақ осы Дала дейтін, Күн дейтін, Қазақ осы

Page 54: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

«Өнер алды-тіл» дейтін. Қазақ осы Қарасың ба, Ақсың ба, Қоңырсың ба, Жатырқауды білмейтін. Қадыр Мырзаәлі – халық даналығының білгірі. Жалпы Қадыр өлеңдерінсіз 1960-70 жылдардағы қазақ поэзиясын көз алдымызға елестету мүмкін емес.(тақырып сөз)А) ИнтервьюҚыран дегенде көз алдарыңа не елестейді?Ә) БҮҮ әдісі бойынша тірек сызбаның бірінші бөлігін толтыру.1.Қыранға қатысты қазақта қандай кәсіп бар? 2. Қайда тіршілік етеді,немен қоректенеді?Б) Қыранға қандай құстар жатады (тақтаға іліп толықтыр)В) Сонымен қатар қазақ бүркіттің жасына қарай әр түрлі ат беріп отырған:1 жас – балапан; 2 жас – жас түбіт; 3 жас – тірнек; 4 жас – жас түлек; 5 жас – мұзбалақ; 6 жас – көк түбіт; 7 жас – қана. Енді балалар назарымызды мәтінге аударамыз.«Рольдегі оқушылар» Қазір өлеңді үш бөлікке бөлеміз де, «рольдегі оқушылар» әдісімен жұмыс істейміз.Әр топтың әрбір мүшесі өзіне тиісті тапсырманы орындайды:1-оқушы – мәнерлеп оқиды; 2-оқушы – мазмұнын айтады; 3-оқушы – көркемделген сөздерді табады; 5-оқушы – жоспар (соңында). Сонда әңгіме қыран мен мұзбалақ жайында екен.«Мұзбалаққа» түсінік беру.Екеуін салыстыру (4 қасиеті)өжет қырағы осал жас

қайсар сақ тәжірбиесіз аңғал Енді БҮҮ кестесін толтырамыз.

Сабақты бекіту.1. «Қыран қияда өледі» дегенді қалай түсінесіздер?2. Қыран неге намыстанды? (Қыран қартайса,тышқаншыл болады)3. «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті»,қалай түсінесіз?4. Қыранның соңғы шешіміне не себеп болды?

Соңғы сөзді мен айтайын (дәптермен жұмыс). Қыранша өмір сүргенің – қандай бақыт, Қандай бақыт – қыранша өле білген! Осы жолдар төңірегінде ойланып көрейікші,автор нендей ойды айтпақшы. (оқыту) Шынында осы өлең жолдарындағы «қ» әрпі аса бір қайсарлықты,қырағылық пен қайтпас қажырлықты көрсетіп тұр.Қыран – қасиетті құс,текті құс.Қазақ неге қыранды жеті қазынаға жатқызады.Бұл оның киесін танытқандай. Алтайдың «Ақиығы», «Ақ шегір» деп атауы да тегін емес.Бірақ қалың жұртты қайран қалдырып,талайларды таңдай қақтырған осы наз өнердің соңғы кезде біртіндеп сиреп бара жатқаны,қайталанбастай болып жоғалып бара жатқанның куәсі болып отырмыз.

Page 55: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Керек десеңіз тәуелсіз еліміздің туында осы қыран бейнеленген.Бұл еркін,ешкімге тәуелсіз елміз дегенмен қатар қайсармыз,мәртпіз,намысшыл халықпыз дегенді білдіреді.Туымыз тұғырлы,еңсеміз биік болсын! (кітап көрмесі туралы) Табиғат ана осы құсқа қырағылық қасиетті аямай берген.

Үй тапсырмасы. «Тауға ұшам,қуат алып қыранның қанатынан ...» тақырыбында эссе,өлең жазу,мазмұнына сәйкес сурет салу.

Бағалау.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергеновтің «Бір тойым бар» өлеңіСабақтың мақсаты: білімділік - ақын өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру,өлеңді оқыта отырып идеялық мазмұнын ұғындыру; дамытушылық - өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып поэзиялық шығармаларды талдау дағдысын қалыптастыру,тілін дамытып,мәнерлеп оқуға баулу; тәрбиелік - жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықты сіңіру,ұлы мұраттар жолында еңбек етуге,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағы.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ойтолғау,шығармашылық ізденіс.Сабақтың көрнекілігі: ақын бейнесі,жыр жинақтары бойынша көрме,естеліктер,ақынның өзіндік бес ерекшелігі, аудио және бейнетаспа т.б.Сабақ келбеті.Үй тапсырмасы.Поэзия! Менімен егіз бе едің,Сен мені сезесің бе,неге іздедім?Алауратқан таңдардан сені іздедім,Қарауытқан таулардан сені іздедім, - деп жырлаған Мұқағалидың поэзиялық шығармаларының бірі – «Аққулар ұйықтағанда» дастаны. Ал енді осы дастан бойынша берілген үй тапсырмасына көңіл бөлейік. Жылқышы мен ананың диалогы.(Нұрғиса Тілендінің «Аққу» күйінің әуенімен рөлге бөліп ойнайды.) .

- Жалпы бұл поэмадан біз қандай тағылым алдық?- Шығарма идеясы аққуды атпаудан әлдеқайда кең.тек аққуды емес,табиғатты сақтаңдар,әдемілікті көре біліңдер,әсемдікті аялаңдар дейді. Бүгін әсемдікті сақтауға үйретсек,ертең ізгілік үшін күресуге дайын боламыз.Адам да табиғаттың бір бөлшегі.Демек,табиғатты сақтауға үйрену – адамгершілікке,ізгілікке бастайтын алтын баспалдақ.Мұқағали поэзиясы – мөлдір де таза,сарқылмас поэзия.Сіздер өлең табиғатын терең түсіну үшін поэзиялық шығармаларды көбірек оқығандарыңыз жөн.Мұқағалидың

«Наурыз айы туғандаТой болушы еді бұл маңда.

Сақталушы еді сыбағаСапарға кеткен ұлдарға.

Наурыз айы туғанда» деп басталатын «Наурыз думан» атты өлеңі де бар.Алда Нурыз тойы келе жатыр.Баршаңызды Наурыз тойымен құттықтаймын! Жаңа сабақ. Халық мұндайда «Той тойға ұласын!» деп жатады.Ендеше бүгінгі сабағымыздың өзегі де той жайлы болмақ. бүгінгі қарастыратын өлеңіміз «Бір тойым бар» деп аталады.Өлеңнің авторы жайлы айтар болсақ.

Нағыз жыр

перзентіөзіндік өлең

өрнегімен танылды

30-ақ жыл ғұмыр кешті

10 жылдай ғана жыр

жаздыБірнеше жыр жинағының

авторы

ОЛ

Page 56: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

«Ол» деп отырғаным – Төлеген Айбергенов,асқақ үнді ақын,біртума талант.Мен марттағы найзағай күркірімін,Құрамнғазы күйінің бір тілімін.Менің жаным саясын паналағанДүниедегі бар қыздың кірпігінің, - деп өзі жырлағандай,сегізінші наурыз – қазақ поэзиясы үшін де үлкен мереке,жыр мерекесі.Өмірдерек Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8-наурызда Қарақалпақстанда туған.1959 жылы Ташкенттегі Низами атындағы пединститутты бітірген соң туған жерінде мұғалім болып жұмыс істейді.Оның найзағай отындай жарқ еткен жырлары поэзия әлеміне жарық жұлдыз болып қосылды.- Ал енді,балалар,Төлеген жайлы естеліктер не дейді? Олармен өзіміз танысып,ойларымызды ортаға салайық.Әр топ араларыңыздан жетекші сайлаңыздар.Сонан соң топ жетекшілері естеліктерді өз тобымен оқып,өзге топтармен ой бөліссін.І топ. Бала кезіндегі досы Сапар Өтемісовтың естелігі. Мен Төлегенмен бастауыш класта бірге оқыдым.Бір жапырақ қара нанды бөліп жеп,бір ауаның кәусарын бөле жұтқан жеріміз – жер сұлуы Бостандық еді.Әлі есімде ол – кез соғыстан кейінгі жылдар еді.Төлегеннің әкесі сырқат,төсек тартып жататын.Мектеп ауылдан едәуір қашықтау орналасқандықтан менің етікші болып істейтін әкем екумізді мектепке есек арбамен жеткізіп тастайтын.Бірде Төлегеннің аяғындағы бәтеңкесінің ұлтаны ақтарылып,әбден тозығы жеткендіктен аяғына ілуге келмей қалды. Оны байқап қалған әкем қолына тебен алып,аяқ киімін жамай бастады.Ал менің көне де,жаңа бәтеңкем бар болатын. «Бір бәтеңкемді берсем бе екен?» деп көп толғандым.Бірақ құрттайымыздан жоқшылық көріп өскен соқыр көңіл қимады.Жүрегімді шымшылап,намысымды қамшылап маза бермейтін сол бәтеңке маған мәңгілік өкінішке айналды.ІІ топ.Ақынның қолтаңбасы (Ханбибі Есенғараеваның естелігі). Мектепте оқып жүріп бір күні өлеңдерімді аудандық газет редакциясына алып бардым.Өзімді таныстырып, келген шаруамның жайын баяндадым.

- Өй,айналайын,өлең жазып жүрген қарындасымыз өзің екенсің ғой! – деп редактор жылы тіл қатты.- Жолың болады екен,қарағым.Өзіміз де сирек көретін мына Төлеген ағаң да бүгін біздің редакцияға бас сұққан

екен,өлеңдерді көрсетіп ал, - деді.Ақын аға маған қадалып бір қарады да:- Өлеңдеріңді әкелші! – деді.

Менің талай күн жазған өлеңімді қас қағымда-ақ парақтап шықты. - Мынауың үлкен арнаның бастауы сияқты екен,қарағым, - деп өлең дәптерімнің ашық тұсына бірдеңе жазуға оқталып біраз отырды.Аз-кем уақыттан соң өлеңмен жазылған қолтаңбасын қалдырды. Сен шыққан биік жоқ әлі. Сен шықпақ биік жоғары. Қайралмай жатқан жас талант Қиып түссем деп соғады, - деп қолын қойды.ІІІ топ. Ақын Мұқағали Мақатаев туралы естеліктер кітабынан. 1965 жылы Мұқағали қасында бұйра бас,сіріңке қара,арықша бір жігіт бар,редакцияға келді.Әлгі жігітті «Сарыағаштық Төлеген Айбергенов» деп таныстырды да Төлегенге: - Бір өлең оқып жіберші, - деп өтініш білдірді. Төлеген орнынан тұрып, «Әнші Ғарекеңе» деген ұзақ өлеңін жатқа оқыды.Менің таң қалғаным: өз өлеңін жатқа оқыған ақынды алғаш рет көруім.Мұқағали тұрып: - Бұл бір болайын деп тұрған ақын.Бұл да Алматыға келгісі кеп,пәтер,жұмыс іздеп жүр.Төкеңнің бір ғажабы өз өлеңін басынан аяғына,аяғынан басына қарай жатқа оқи береді.Мұның анау бұйра шашының астында Сократтың басы жатыр, - деді. (Естеліктер. «жалын», 1995 жыл, 129-бет)IV топ. Ақын Тынышбай Рақымовтың естелігі Төлегеннің Әбіш ағаға «Бір-екі ақынды ертіп бүгін-ертең Қарақалпақстанға жүрмекпін» дегені бар еді ғой.Сол «бір-екі ақынның» біреуі Мұқағали Мақатаев болған.Бұрыннан науқастылау боп жүрген Төлеген Нөкіске барған бойда қатты ауырып,ауруханаға түскен.Ішкі соңғы жалын жігер ақынды төсектен тұрғызып,ауырып жүрсе де, Мұқағалиды жалғыз жібермей,кездесулерге бірге барып,шалқыған шабыт қанатында өлеңдерін оқып жүрген. Ақыры үлкен қайғымен біткен.Қазақтың ақын перзенті Төлеген Айбергенов Нөкіс қаласында Мұқағалидың қолында дерлік мәңгілікке көз жұмған ... Нағыз трагедия! Мұқағалидың қолынан бар келгені,әрине,Алматыға,Қазақстан Жазушылар одағына хабар берді.Ал бізге айтқаны:

Page 57: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның, Қызарып батты ертеңгі шығатын күн. Торғай-өлең шырылдап бара жатты, Аузында ажал дейтін сұрапылдың ... Ол көзімен көргенді айтудан басқаға шарасы болмады.Бұл 1967 жылдың 29-тамызы еді.Өлең құрылысына талдау: ұйқас,буын,тармақ,бунақ. (Өлеңді дәптерге жаздырып талдату).Ой толғау.Өлеңге сүйене отырып халқымыздың бүгінгі той-думаны жайлы ой бөлісейік.Бекіту. Мен марттағы найзағай күркірімін ...Үй тапсырмасы. Үйге тақтадағы 5 ерекшелікті әр топқа таратып,сол бойынша тапсырма беремін.1.Нағыз жыр перзентінің ақындығы жайлы замандастарының пікірі. 2. 30-ақ жыл ғұмыр кешті.Өмірбаяны.3.Бірнеше жыр жинағының авторы (көрме).4. 10 жылдай өлең жазды.Өлеңдері және оның тақырыбы. 5. Республикалық баспа беттерінде Төлеген жайлы жазылған тың пікірлер.Қорытындылау,бағалау. Ақын өлеңдеріне жазылған әндер де бар.Соның бірі «Ақ ерке – Ақжайық» әнін тыңдап,алдарыңыздағы ән мәтініне сүйеніп,қосылып отырайық! Әр топ бағалау парақшалары бойынша өзін-өзі бағалайды.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы: Ш.Айтматов «НАЙМАН-АНА»Сабақтың мақсаты: 1. Ш.Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасата отырып, «Найман-Ана» әңгімесінің сюжетін меңгерту.2.Оқыта үйрете отырып,оқушының танымдылығын арттыру.жазушының идеясын түсіне білуге баулу.Білім дағдыларын дамыту.3. Оқушының ой-өрісін кеңейте отырып,тіл байлығын дамыту.Мәңгүрттіктен аулақ болуға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: модульдік оқыту технологиясы.Қолданылатын әдіс-тәсілдер: оқыта үйрету тәсілі,сұрақ-жауапКөрнекілік құралдар: Ш.Айтматовтың шығармалары,сызба-схема,карта,карточкалар және буклет.Пәнаралық байланыс: тарих,география.Сабақтың барысы.1. Кіріспе бөлімі Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов – бауырлас қырғыз халқының ұлы жазушысы.Ол 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғызстанның Талас облысының Шекер аулында дүниеге келген. Ш. Айтматовты біз қырғыз-қазаққа ортақ жазушы дейміз.Олай дейтін себебіміз,ол Мәскеудегі әдебиет институтында оқып жүрген кезде қазақтың білікті,білімді сыншысы Қалжан Нұрмахановпен бірге оқиды.Сол кісінің ықпалы,әсері көп болады.Кейін әлем жазушыларының бел ортасында жүретін Мұхтар Әуезов те оған қамқор болған,көп көмек көрсеткен.Ш.Айтматов еңбектері өте мол. Проза саласында

«Әшім»«Аспалы көпір»

«Бетпе-бет»«Қызыл алма»«Ақ жауын»«Байдамтал бойында»

«Жәмилә»«Алғашқы ұстаз»«Ана-Жер ана»«Қош бол, Гүлсары»«Ақ кеме»«Ерте қайтқан тырналар»«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»

«Боранды бекет»«Жан пида»

Әңгімесі Повестері Романдары

Page 58: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

2. Сөйлесу бөлімі.І тур.Мәтінмен жұмыс.а) Оқушыларды бес топқа бөліп,соған сәйкес шығарманы да мазмұны бойынша бес бөлікке бөле отырып оқытқызу.ә) Әр топтағы оқушы өзі оқыған абзацқа ат қоя отырып,мәтінге тезис жасау.б) Мәтіннің әр бөлімдеріне қарай композициялық құрылымына талдау жасау.«Найман – Ана».І. Экспозициясы: Тарихқа көз жүгірту.1.Құлдықта қалған тұтқындардың күні.2.Аңызға айналған Ана-Бейіт зираты.3.Ең ауыр жаза.4.Ананың өз-өзімен сырласуы.5.Тарихқа көз жүгірту.ІІ.Басталуы: Саудагерлердің дастархан басындағы әңгімесі.ІІІ.Дамуы: Найман-Ананың Сарыөзекке аттануы.IV.Шарықтау шегі: Өз анасын танымаған жас жауынгер.V.шешімі: Найман-Ананың өз баласының қолынан мерт болуы.Қосымша қойылатын сұрақтар:1.Сарыөзекті картадан көрсет.2.Ананың маналогы мәтіннің қай бөлімінде кездеседі?3.Жуан-жуандар деген кімдер? Олар туралы тарихтан не білесің?4Ақ інгенді, Найман-Ананы суреттеген жерін мәтіннен тауып оқып бер.5.Қожа Ахмет Иассауи және Түркістан қаласы туралы не білесің?6.Жоламанның бейнесін тауып оқып бер.7.Жазушы жуан-жуандардың бейнесін қалай көрсеткен?ІІ тур. Шығармашылық жұмыс. Оқушылардың танымдылығын және тіл байлығын дамыту мақсатында сұрақтар берілген карточкалар үлестіру.Әр топ мүшелері ақылдаса отырып,араларындағы жетекші оқушы жауап береді.Сол оқушының жауабына қарай,топтағы әр оқушыға да баға қойылады. №1 карточкаАна-Бейітті халық неліктен соншама қасиет тұтады?Тапсырма: Мәтіннің мазмұнына жүгіне отырып жауап беру. №2 карточка Мәңгүрт ұлын іздеп келе жатқан ана қандай психологиялық күйде болды?Тапсырма: Мәтіннен тауып бер. №3 карточка Жауыздыққа,оның асқан түрлі адамды ақыл-естен айыруға сендердің көзқарастарың қандай?Тапсырма: Өзіндік ойын,пікірін айту. №4 карточка Баласы тірі болса да ана не үшін жоқтау жырын айтты? «Жоқтау» туралы не білесің?Тапсырма: ұлттық салт-дәстүр негізінде жауап беру. №5 карточка Романдағы «Мәңгүрт» сөзінің астары неде деп білесіңдер? Қазіргі заманның «мәңгүрттері» деп қандай адамды айтуға болады?Найман-Анадағы мәңгүрттің олардан айырмашылығы неде?Тапсырма: Өмірмен байланыстырып өз ойыңды айт.ІІІ тур.Оқыта үйрету ойыны. Оқушыларды сергіте отырып,сабақты бекіту мақсатында ойындар жүргізу.«Мәтінді оқыта үйрету» ойыны.а) Әр топ келесі топқа өздерінің оқыған бөлімдері бойынша ең қиын сұрақ құрайды.Оған келесі топ жауап береді.Сұрақ қойған топ қарсыласының жауабын өздері бағалайды.

Page 59: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

ә) «Тірек белгілер» оқыта үйрету ойыны. Әр топ өздерінің оқыған бөліктеріне конспект жасайды.Бірақ бірде-бір сөздер мен сөйлемдер пайдаланылмайды.Тек қана суреттермен немесе шартты белгілермен ойымызды жеткіземіз.Ал келесі топ соны түсініп оқып шығуы керек.Қарсыласын өздері бағалайды.б) Найман-Ана мен баласының арасындағы кездесуді сахналандыру.Мәтіннің сюжетімен толық танысқан оқушылардың арасынан қалаған екі оқушыны шығарып көрініс көрсеткізу.

4. Қорытынды бөлім.а) Мұғалімнің сабақты қорыту сөзіә) Оқушылардың білімін бағалау. Сарапшылар «бағалау парағын» пайдалана отырып,оқушылардың жинаған ұпайларына қарай білімдерін бағалайды.б) Үйге тапсырма: «Боранды бекет» романының кез келген өзіңе ұнаған бөліміне шағын сценарий жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Cабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: білімділік - қазақтың белгілі жазушысы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту,прозалық шығарманы талдауға дағдыландыру; дамытушылық – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге дағдыландыру,әдеби дүниетанымдарын кеңейту,қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,прозалық шығарманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға үйрету; тәрбиелік - оқушыларды әңгіменің сюжеті арқылы адамгершілікке,ізгілікке,мейірімділікке баулу,ата-ана алдындағы борышын ұмытпауға үндеу,шәкірттердің бойына халқымыздың ізгі қасиеттерін ұялату.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.Сабақтың типі: бекіту сабағы.Сабақтың әдісі: 1)баяндау; 2) мәнерлеп оқу; 3) сұрақ-жауап; 4) салыстыру; 5) әңгімелеу; 6) талдау.Сабақтың көрнекілігі: 1) Венн диаграммасы; 2) үлестірме қағаздар; 3) жазушының портреті,кітаптары.Пәнаралық байланыс: тіл,халықтық педагогика.

Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі.1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. 4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Жазушы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет.

ІІІ. Бекіту сабағын өткізу. Төлен Әбдіковтың кітаптарынан көрме ұйымдастыру,шығармалары туралы қысқаша мәлімет беру.

Page 60: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

2. Әңгіменің сюжетін топтарға бөлініп баяндау.І топ.Ерғабыл шал мен оның кейіпкерінің баласын сағына күтуі.ІІ топ. Қалада тұратын ұлы Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасы.Жетпіс бес жасқа келген Ерғабыл шалдың арманы. Сағына күткен баласының әңгімесіне көңілі толмаған Ерғабыл шал.ІІІ топ. Қарияның ендігі бір үміті – немересі Жеңісті алып қалып тәрбиелеу. Баласы мен келінінің қартты бұл қуаныштан айыруы.IV топ. Қалаға асығыс аттанған Сапабек.Ұлымен қимай қоштасқан ата-ананың құлазыған көңілі.

3. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.1) Ерғабыл шалдың арманы не еді?2) Ерғабыл шал мен оның кемпірінің баласын күтуі,оған деген сағынышы қалай суреттелген?3) Ұлына Ерғабыл шалдың көңілі не себептен толмады?4) Ерғабыл шалға,Сапабекке,олардың ой-толғаныстарына,сөздеріне сүйене отырып мінездеме бер.5) Баланың ата-ана,туған жер алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесің?

4. Оқулықпен жұмыс (дәптермен жұмыс).1) Диалог дегеніміз не? (әдебиет теориясы)2) Әңгімедегі диалогқа (Тома мен Жеңістің сөйлесуі) мысал келтіру арқылы республикамыздағы мемлекеттік тілдің ахуалы жайында баяндау,оның өткені мен бүгінін салыстыра отырып келешегіне көз жіберу.

5. Композициялық жоспар құру. Композиция - әңгіменің (көркем шығарманың) құрылымы. 1.Ерғабыл шалдың арманы.

2.Ерғабыл шал мен оның кемпірінің баласы Сапабекті күтуі,оған деген сағынышы. 3.Ұлы Сапабекке көңілі толмаған Ерғабыл шал. 4. Қалаға асығыс аттанған Сапабек. 5. Ата-ананың ұлымен қимай қоштасуы.

5. Венн диаграммасы

ұқсастығы

7.«Ата-ана және балалар» тақырыбына ауызша ойтолғау.

8. Менің (мұғалімнің) «Қонақтар» әңгімесі бойынша қорытындым.

Ерғабыл шал,өзіндік ерекшелігі

Сапабек өзіндік ерекшелігі

Page 61: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

- Сонымен,оқушылар,бүгінгі сабақта біз қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасын таныдық.Әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ұғындық.Қалаға асығатын Сапабектің ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп қалған,перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін,ата-анасына деген мейрімділігі жоқ екенін байқадық.

Үй тапсырмасы: Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесіне сүйене отырып «Ата-ананың қадірі» деген тақырыпта шығарма жазу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Шығарма Сабақтың мақсаты: а) логикалық ойлау қабілеттерінөмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау; ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу; б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру; Сабақтың түрі: қайталау сабағыСабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.бСабақтың көрнекілігі:, кітаптар т.бПәнаралық байланыс: тарих, қазақ тіліСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру: Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.Жоспар--өте күрделі жұмыс. Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті тақырыпты,туындыны,оның идеясын ,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіп жасалуы тиіс.Оқушы шығармасының талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да байланысты. Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі. Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын қаншалықты білетінін ,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі. Қорытынды бөлім –оқушы шығармасының түйінді өзегі. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма ,тақырып я мәселе туралы пікірін білдіреді.

Page 62: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Шығарма тақырыбына жоспар құруға көмектесемін. ЖоспарI Кіріспе.II Негізгі бөлім:а)ә)III Қорытынды.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келу.Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Шығарма Сабақтың мақсаты: а) логикалық ойлау қабілеттерінөмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау; ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу; б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру; Сабақтың түрі: қайталау сабағыСабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.бСабақтың көрнекілігі:, кітаптар т.бПәнаралық байланыс: тарих, қазақ тіліСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру: Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.Жоспар--өте күрделі жұмыс. Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті тақырыпты,туындыны,оның идеясын ,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіп жасалуы тиіс.Оқушы шығармасының талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да байланысты. Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі. Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын қаншалықты білетінін ,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі. Қорытынды бөлім –оқушы шығармасының түйінді өзегі. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма ,тақырып я мәселе туралы пікірін білдіреді.

Page 63: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Шығарма тақырыбына жоспар құруға көмектесемін. ЖоспарI Кіріспе.II Негізгі бөлім:а)ә)III Қорытынды.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келу.Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Шығарма Сабақтың мақсаты: а) логикалық ойлау қабілеттерінөмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау; ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу; б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру; Сабақтың түрі: қайталау сабағыСабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.бСабақтың көрнекілігі:, кітаптар т.бПәнаралық байланыс: тарих, қазақ тіліСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру: Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.Жоспар--өте күрделі жұмыс. Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті тақырыпты,туындыны,оның идеясын ,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіп жасалуы тиіс.Оқушы шығармасының талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да байланысты. Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі. Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын қаншалықты білетінін ,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі. Қорытынды бөлім –оқушы шығармасының түйінді өзегі. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма ,тақырып я мәселе туралы пікірін білдіреді.

Page 64: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Шығарма тақырыбына жоспар құруға көмектесемін. ЖоспарI Кіріспе.II Негізгі бөлім:а)ә)III Қорытынды.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келу.Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Шығарма Сабақтың мақсаты: а) логикалық ойлау қабілеттерінөмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау; ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу; б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру; Сабақтың түрі: қайталау сабағыСабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.бСабақтың көрнекілігі:, кітаптар т.бПәнаралық байланыс: тарих, қазақ тіліСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру: Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.Жоспар--өте күрделі жұмыс. Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті тақырыпты,туындыны,оның идеясын ,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіп жасалуы тиіс.Оқушы шығармасының талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да байланысты. Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі. Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын қаншалықты білетінін ,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі. Қорытынды бөлім –оқушы шығармасының түйінді өзегі. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма ,тақырып я мәселе туралы пікірін білдіреді.

Page 65: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Шығарма тақырыбына жоспар құруға көмектесемін. ЖоспарI Кіріспе.II Негізгі бөлім:а)ә)III Қорытынды.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келу.Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім ҚұдайбердіұлыСабақтың мақсаты: а) Шәкәрімнің өмірінен өзінің «Мұтылғанның өмірі атты» ғұмырнамалық дастанынан үзінділер оқыту арқылы таныту; ә) әдебиеттің әр жанрында жазған шығармаларынан үзінділер оқытып,оны баяндай білу қабілеттерін дамыту; б) Ұлтымыздың ұлыларының еліне еткен еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу;Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағыСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау ,баяндау т.бСабақтың көрнекілігі:, Шәкәрімнің суреті ,үнтаспа, дидактикалық материалдар т.бПәнаралық байланыс: тарих Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге өлең шумақтарын құрылысына қарай талдап келуге берілген соны тексеріп, «Абай кім?» танымдық сызбаны толтырады. б) Жаңа сабақты түсіндіру: Абай дәстүрін алғастырушы қазақ халқының аса қөрнекті ақыны, ойшыл ғалымы Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 24 июльде бұрынғы Семей уезіне қарасты Шыңғыстау болысының Кеңбұлақ деген жерінде дүниеге қелді. Әкесі Құдайберді Құнанбай баласы, ұлы ақын Абайдың ағасы, шешесі-Қаракесек руынан шыққан Алдаберген есімді қісінің қызы. Аты-Төлебике. Ол өзінің қолының ашықтығымен, қөпшілдігімен, қайырымдылығымен, дастарқанының молдығымен елдің ықылас ілтипатына бөленіп, кейін келе Дәметкен атанып қеткен мейірімді жан болатын. Шәкәрімнің ерекше ақылдылығы басқа балалардан өзгешелігі 4-5 жасынан-ақ байқалады. Әқесі оны бес жасында өз ауылындағы молдаға арабша оқуға береді Абай, Сұлтанмахмұт, Сәкен,Ілиястар сияқты Шәкәрім де қазақ поэзиясының өркендеуіне үлес қосты.XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы прозаның дамуына Шәкәрімнің прозалық туындылары «Түрік,қазақ,қырғыз һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шартты трактаттары», «Бәйшешек бақшасы» әңгімелер топтамасы бар. Шәкәрім өлең-жырларын ұшқырлай түсу үшін олардың көбіне ән жазған.Дәптермен жұмыс: .Дәптерлеріне Шәкәрімнің өлеңдерін аудармаларын,поэмаларын жазады.Білімді бекіту: Жоғарыда оқылған үзінділерден ой қорыту. Оқушы Шәкәрімнің шығармашылығының қандай түрлерін біліп шықты.

Page 66: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Мысалшы ақын нақыл сөзші аудармашы сазгер

дастан жазған

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: Ш. Құдайбердіұлының өмірбаянын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім поэмалары Сабақтың мақсаты: а) Шәкәрім поэмалары туралы түсінік бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу; ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу; б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.бСабақтың көрнекілігі:, кітаптар,үнтаспа, дидактикалық материалдар т.бПәнаралық байланыс: тарих, қазақ тіліСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген Шәкәрімнің өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. 1. Шәкәрімнің қандай поэмаларын білесіңдер? 2. Кімдердің шығармаларын аударған? 3. Қандай әндерін білесіңдер? б) Жаңа сабақты түсіндіру: Шәкәрім мұрасының қомақты саласы –поэмалары. Ақынның «Еңлік –Кебек» (1891), «Қалқаман-Мамыр» (1888) дастандары қазақ елінің тұрмыс , тарихынан жазылған. «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны нәзира дәстүрі негізінде,шығыс аңызы желісімен шығарылған. «Еңлік –Кебек» , «Қалқаман-Мамыр» дастандары -сүйіспеншілікті, адал махаббатты,таза сезімді жыр еткен шығармалар. Ел аузындағы махаббат аңыздарын ақын суреткерлік шеберлікпен жырлап, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көтереді.

Кітаппен жұмыс: Шәкәрім поэмаларын мәнерлеп оқып, түсініктерін айтады.

Шәкәрімнің шығармашылық қызметі

мен ұстанған бағыты

Page 67: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Топпен жұмыс: . хронологиялық таблицаны толтырады.1858 жылы дүниеге келеді1905-1906 жылдары Меккеге қажылыққа барады.1908 жылы елден жырақта тастақта тұрады1931 жылы қайтыс болады

Білімді бекіту:Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.1 Шәкәрімнің қоғам қайраткері жөнінде не білесің?2. Шәкәрім өзіне кімді үлгі тұтқан?3. «Еңлік –Кебек» поэмасында қандай тарихи жағдайға тоқталады?Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: Шәкәрімнің поэмаларын оқып келу Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846-1945)Сабақтың мақсаты: а) ақын туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау; ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру; б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіруСабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.Пәнаралық байланыс: тарихСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру: Жамбыл Жабаев Шу өзенінің бойында дүниеге келген.Ауыл молдасының діни оқуында сауат ашқан Жамбыл,молданың ұрып-соғуына көнбей,оқуды тастап кетеді.Жастайынан ән мен өлеңге құмар ақын естіген өлеңдерін жаттап,өзі де жанынан өлең шығарды.М.Әуезов «Жетісу ақындарының алтын қазығы» деп бағалаған Сүйінбай Аронұлы Жамбылдың өлеңдерін,ұнатып,батасын береді. Жамбыл Сарбас,Досмағамбет,Құлмамбет сияқты өз өңіріне танымал ақындармен айтысады. Ақынның 1916 жылғы маусым жарлығынан кейінгі халық көтерілісін суреттейтін «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» сияқты өлеңдері бар.Кеңес дәуірінде Жамбыл жаңа тұрмысты жырлап,халыққа бақытты,шаттықты тұрмыс келді деп жазады. 1936 жылы Қазақстанның Москвада өткен әдебиет пен өнерінің онкүндігіне қатысады.1937 жылы грузин ақыны Шота Руставелидің 750 жылдық тойына қатысады.Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланған.

Page 68: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

«Ленин» және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталады.Бұның бәрі ақынға жаңа шабыт,тың күш қосады Жамбыл Жабаев 1945 жылы 100-ге қараған шағында қайтыс болды. Жамбыл Жабаев – халық поэзиясының ірі өкілі,жазба әдебиетте өз қолтаңбасын қалдырған, көпшіліктің мұрат мүддесін,арманын шырқаған ақын.

Кітаппен жұмыс: кітаптан Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.Шығармашылық жұмыс: Жамбылдың қандай қыз ақындармен айтысқанын жазады. (Айкүміспен,Бөлектің қызымен)

Білімді бекіту: 1. Ж.Жабаев пен Жетісу ақындары туралы не айтасыңдар?2.Бүгінгі күн көзқарасымен қарағандағы Жамбылға берілетін баға қандай?Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың өмірбаянын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы: ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ АЙТЫСТАРЫ (1846-1945)Сабақтың мақсаты: а) ақын туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау; ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру; б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіруСабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.Пәнаралық байланыс: тарихСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген Ж.Жабаевтың өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. .1. Ж.Жабаев пен Жетісу ақындары туралы не айтасыңдар?2.Бүгінгі күн көзқарасымен қарағандағы Жамбылға берілетін баға қандай? б) Жаңа сабақты түсіндіру: Ақын атағын шығарған,елге танытқан – айтыстары.Жамбыл айтыстарының ерекшелігі қашанда бір бағытты ұстап,сол жолда бар өнерін жарқырата көрсететіндігі.Айтыстағы Жамбыл тақырыбы - әлеуметтік теңсіздік,ел ішіндегі қиянат.Халық басындағы мұң-мұқтажды,арман-тілекті айтып,қашанда ел атынан жырлаған ақын жеңіске жетіп отырған. Жамбыл айтыстарының ішіндегі ең көрнектісі,ең кең жайылғаны – 1881 жылы Құлмамбетпен айтысы.Құлмамбет Албан,Дулаттың бай,билерін мақтап,өз руын көтеріп,барын әспеттейді. Жамбылдың жеңісі – адамдық байлық мал,дәулет емес,батырлық,татулық, ынтымақ, әділдік сияқты қасиеттер екнін жеткізе айтқанында.Жамбл рулық мақсат,мүддеден халық,жалпы адамшылық тілекті жоғары қояды.

Адамдықты айт,ерлікті айт,батырлықты айт,Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,Оны мақтап әуре болмай үйіңе қайт.

Досмағамбетпен айтысы 1902 жылы өткен.Бұнда Жамбыл:

Page 69: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Екі жүзді болмасаң,Байды неге мақтайсың?Қайыры көпке тимеген,

Әкімдікпен билеген,Жарлыжалшы сүймегенХанды неге мақтайсың?

Халыққа тиген пайдаң жоқ,Қайтіп тұзыңды ақтайсың? – дейді ,ел тілегі,ой,арманымен қабысыпортақ арна табады. Жамбылдың Айкүміспен,Жамбылдың Бөлектің қызымен (1880жылы) айтыстарында жастық,мөлдір сезім,сыйластық,жарасым бар. Жамбыл Жабаев – халық поэзиясының ірі өкілі,жазба әдебиетте өз қолтаңбасын қалдырған,көпшіліктің мұрат мүддесін,арманын шырқаған ақын. Кітаппен жұмыс: кітаптан Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың айтыстарын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы: Мағжан лирикасындағы ақынның өз бейнесіСабақтың мақсаты: білімділік – Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.Көрнекілік: Мағжан Жұмабаевтың портреті,ақын туралы жинақталған материал бүктемесі,үлестірмелі кестелер.Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.Сабақтың әдісі:Қанипа Бітібаева технологиясы (топтық жұмыс,зерттеу(.Пәнаралық байланыс: тарих.Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу,түгендеу.Сабаққа әзірлік жұмысын ұйымдастыру,мақсатын түсіндіру,оқушыларды топқа бөлу.ІІ.Өткен тақырыппен байланыстыра отырып үй жұмысын тексеру. «Кубизм» әдісімен мынадай сұрақтарға жауап алынды.

1. Мағжанның өмірі қандай жерлерде,қай жылдары өтті?2. Мағжанның ата-анасы мен бауырларының аты-жөні кімдер?3. Мағжанның лирикасының тақырыптары қалай бөлінеді?4. Мағжан қандай тілдерді жетік меңгерген?5. Европалық және орыс әдебиетінің қандай ірі тұлғаларын Мағжан арқылы білесің?

ІІІ.Жаңа сабақ. Суреткер шығармашылығы-оның автопортреті.Ақынның өлеңінен айна-қатесіз оның өзі танылады.Мағжан поэзиясындағы лирикалық кейіпкер – ақынның өзі. «Ізденіс тенденциясы» сәті. Ақынның үш өлеңі негізінде 3 топ болып бөлінеді: 1-топ «Сүйемін» өлеңі;2-топ «сағындым» өлеңі; 3-топ «сен сұлу» өлеңі. Үш топтан шыққан оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып,тақтаға тірек-сызба арқылы ой-толғам жасайды.айдын көлімді анамды жер гүл май бу

елді түн ай

сайран жерімді Сарыарқаны күн жел су сен

Осы үш топтан шыққан оқушылар ақынның өз ойларын ортаға салады. Мағжан - өлеңдерінде барлық тақырыптарды қамтыған ақын.оның лирикалық кейіпкерлері елі,жері,ата-анасы,сүйген жары,тау-тасы,орман-даласы,қазақ азаматы,ұлты, т.б. болып кете береді. Мағжан үшін бай-кедей деген ұғым жоқ.Оның жүрегінде тек ұлт қана бар.Ол ұлты – қазақ елі.Ақынның қай өлеңін алсаң да,ақынның өз бейнесі «менмұндалап» көрініп тұрады. «Көбелек» деген өлеңін мысалға алайық.

Отқа ұшар көбелек Қарамай сорлы алды-артын. Ойына кіріп шықпайды

Күйдірер деп от-жалын, - деген жолдардан ақынның анық сөзі,сол кезеңдегі өмір сүріп отырған қазақ елі көрінеді. «жазғы жолда» өлеңінде ақын: Төрт жағы дала,жер де көк, Дала өлік,жоқ бір от ... Жер де жатыр тұншығып ... деп көзіне жас келеді Ақынның айтып отырғаны белгілі – қазағы.Сардалада мәдениет сәулесінен аулақ,табиғаттың тілсіз апатына құрбан болған,тұншығып жатқан қазағы.

САҒЫНДЫМ

СҰЛУ

Page 70: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

IV. «Талдау – табыс кілті».Жаңа сабақты меңгеру.ҚАЗАҚ – ҰЛТ – МАҒЖАН. Осы үш таған арқылы біз ақынның лирикалық кейіпкерін танимыз. 1-топ оқушысы «Қазақ» туралы мәлімет береді. 2-топ оқушысы «Ұлт» жайлы түсінік-пайымын байланыстыра айтып береді. 3-топ оқушысы Мағжанның өлеңдерінен үзінділер оқи отырып суреттеулер жасайды.V. «Өзіндік ізденіс – білім негізі». Бекіту. Үш топты оқушыларынан бір-бірден шығып,үлестірмелі кестеде берілген тапсырманы орындайды. Тапсырмалар 1.Мағжанның өзің қалаған бір өлеңінің құрылысын талдап көрсет. 2.Мағжан өлеңдерінде қандай троптар пайдаланылады? Мысал келтір. 3.Мағжанның үлгісімен өлең жазу.VI.Үйге тапсырма. Мағжанның қай өлеңдерінің шумақтары екенін анықтау. 1.Күш кеміді,Айбынды ту құлады. 2.Күнбатысты шаң басқан. 3.Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын.VII. Сабақты қорытындылау. Мағжанның лирикасы жайлы қысқаша пікір жазу.VIII.Бағалау. Топтық бағалау парағымен бағаланады.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар ӘуезовСабақтың мақсаты: оқушыларға Мұхтар Әуезовтың балалық шағынан мәлімет бере отырып,оның өнегелі өмірімен оқушыларды таныстыру.Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту,ой өрісін,дүниетанымын кеңейту.туған жердің табиғаты мен тарихын сүйе білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: танымдық сабақ.Сабақтың өту әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,сызбамен жұмыс.Көрнекілігі:Мұхтар Әуезов бейнесі,тақырыптық суреттер.Пәнаралық байланыс: тарих,дүниетану,қазақ тілі.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.2.Өткен сабақты пысықтау.Жаңа сабақ.1.Кіріспе әңгіме. М.Әуезов 1897 жылы Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген.Оның арғы атасы Қаратау өңірінде туған.Мұхтардың атасы Әуез,әжесі Дінәсіл.Жастайынан Абайдың өлеңдерін жаттап өскен.Алғаш Абай ауылындағы бастауыш мектепті,сосын Семей қаласындағы орыс мектебінде оқып,содан кейін білімдерін әр түрлі оқу орындарында жалғастырады. Мұхтардың ең құнды шығармасы – «Абай жолы» эпопеясы.М.Әуезовтің өлкемізге келу тарихымен таныстыру.М.Әуезов өлкемізде. Зерттеу жұмыстарының тағы бір тарихи тұлғасы ұлы жазушымыз М.Әуезов 1927 жылдары біздің өлкемізде болған.М.Әуезов сол жолы өлкемізге келіп 1916 жылғы Қарқара жәрмеңкесінде болып Албандар көтерілісі туралы жазған (М.Әуезов «Қилы заман» Алматы,1975.10-бет) Ауданымызда болған жерлердің карта схемасымен таныстыру. Сабақ өту барысында мәтін бойынша жұмыс істеледі.3.Әңгімені қысқаша баяндау.(мұғалім)4.Әңгімені оқушыларға әр абзацтан кезектестіріп оқыту.5.Сұрақтар арқылы оқушылардың мәтін мазмұнынан түсінгендерін тиянақтау.1.Бала Мұхтарды атасы неліктен «Қоңыр қозым» деп атады.2.Атасы Мұхтарды қайда апармақшы болды?3.Бала Мұхтар ойынға неге араласпады?4.Ол назарын не нәрсеге аударды?Мәтінмен жұмыс.а) Мәтіннен Мұхтар ауылының суреттелген жолдарын тапқызу.

Page 71: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

ә) Абай ауылының көрінісі суреттелген жолдарды тауып,оқыту.б) Бала Мұхтарға мінездеме беру.Дәптермен жұмыс. Қаздар көгілдір толқынды көлге қонып,қанаттарын сабалай қағып,жүзіп ала жөнелді. (Сөйлемдегі зат есімнің астын бір,сын есімнің астын екі сызыңдар). Мәтінді мұғалім басынан аяғына дейін мәнерлеп оқып,оқушылар іштей ілесіп отыруын тапсырады.Сабақты қорыту.1.Әңгіме кім туралы?2.Олар қайда келеді?3.Бала Мұхтар қандай екен?, т.б.Бағалау.Үйге тапсырма: Мәтінді оқып,мазмұнын әңгімелеу.Мәтін бойынша сурет салып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : М1РЖАҚЫП ДУЛАТОВ Сабақтың мақсаты : а) Міржақып Дулатовтың жыр әлемімен танысу,поэзияның тереңіне бойлау; ә) өлеңнің,сөздің астарына,қыр-сырына мән беруге,идеясын түсініп,бағалай білуге баулу; б) оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға,ойын еркін айтуға,өз пікірін қорғап,айқын да айшықты тілмен сөйлеуге машықтыру;Сабақтың түрі: жаңа сабақ.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жинақтау,мәнерлеп оқу, баяндау, т.бСабақтың көрнекілігі:, кітаптар,тірек сызба,сурет т.б.Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарихСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге келеді. Әкесі Дулат өзіне жетерлік дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады. Балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақьштыц білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің тулегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

Хронологиялық таблицамен жұмыс:1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады.

1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.

Page 72: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын больш оралады.1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен

"Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды.1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді.1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан

кейінгі жұмысына белсене араласады.

Кітаппен жұмыс: Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін 1. М.Дулатовтың қандай шығармаларын білесіңдер? 2. «Оян қазақ» шығармасы не себепті қоғамда ерекше әсер қалдырып,неліктен елді дүр

сілкіндірді?Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма : Міржақып Дулатовтың өмірбаянын оқып келуКүні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Мағжан Жұмабаев « Батыр Баян» поэмасы Сабақтың мақсаты : білімділік – Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқыта отырып, поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту; дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу; тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгертуСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар т.бПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. «Батыр Баян»-көркемдігі,кейіпкер бейнесінің ашылуы,оқиғалардың суреттелуі жағынан,қай-қай жағынан алғанда да Мағжан поэзиясының ғана емес,қазақ поэзиясындағы классик шығарма. Махаббат пен қызғаныш билеген Баян батырдың бауыры Ноян мен қалмақ қызын өлтіруі,оған бүкіл дүние,табиғаттың қоса егілуі психологиялық егіздеумен беріліп,биік талғам мен тұтастық жымдаса өрілген.

Кітаппен жұмыс: кітаптан поэманы мәнерлеп оқиды.Дәптермен жұмыс: Поэмаға сюжеттік-композициялық жоспар жасай отырып,оқиғаның байланысын,дамуын, шиеленісін тауып жазады.Топтастыру стратегиясы:

Махаббат бауырмалдық

Page 73: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

өкініш қызғаныш

сұлулық нәзіктік

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

1. Поэмада туған елге,туған жерге деген махаббат,азаматтық намыс мәселелері қалай көтерілген?

2. Жоңғарлардың қазақ даласына жасаған шабуылдары қай ғасырда болды?3. Егер Ноянды өлтірмегенде Баянның өкініші қандай болар еді?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : МҰХТАР ӘУЕЗОВ ҚАРАШ-ҚАРАШ ОҚИҒАСЫСабақтың мақсаты : білімділік – Мұхтар Әуезов шығармаларын оқыта отырып, повесінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту; дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу; тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар т.б Пәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау :Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. Бұл көркем шығарманың жазылуына өмір шындығы негіз болады. Жазушы өзін қызықтырған өмір оқиғаларын жан-жақты зерттеп, байыптап барып, шығармасын жазуға отырады. Көркем туындыда қаламгер өмір оқиғаларын, алуан түрлі тағдырларды суреттей отырып, осы арқылы қоғамдағы бір немесе бірнеше әлеуметтік жайларды көтереді. Міне, осындәй көркем шығармада жазушы көтерген мәселені тақырып деп атайды. Мәселен, "Қараш-Қараш оқиғасы" повесін алайық. Повестің тақырыбы — ескі қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі. Бұл тақырыптың көркемдік шешімі аталған повесте зорлықшыл ел жуандары -Сәлмен мен Жарасбайдан қорлық көрген ағайынды Бақтығұл мен Тектіғұлдың азапты тағдырлары арқылы танылады. Ағайынды екі жігіттің бірі (Тектіғүл) адамгершіліктен ада, өктем де қатыгез Сәлменнің әділетсіз, аяусыз жазасына жазықсыз ұшырап, мерт болса, екіншісі (Бақтығұл) жоқшылық пен жамандықтың екі жақты қыспағына мейлінше түсіп, адамдық намысы үшін күресіп, өзін ашындырған озбырлық иесінен кек алуға — жауыз болыс Жарасбайды өлтіруге мәжбүр болады. Бақтығұлды кісі өлтіруге итермелеген себеп — өмір шындығы, әділетсіздік, ел билеуші жуандардың шектен асқан зорлығы мен қулық-сұмдығы. Демек, тақырып шығармада кейіпкерлердің түрлі мақсат жолындағы іс-әрекеттері, өзара күрес-тартысы, осы бағыттағы жемісі немесе жеңілісі арқылы айқындалады. Жазушы шығармада адамдардың тағдырын, күрес-тартысын жайдан-жай бейнелемейді. Адамдар тағдырына, оқиғаның сипатына, шешіміне қатысты өз көзқарас-ойын да білдіреді. Яғни жазушы өзі суреттеп, көркем баяндап отырған құбылыстарға бағасын да береді. Бұл бағалау, яғни идея — кейіпкерлер

«Батыр Баян» поэмасында

Page 74: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

арасындағы тартыстың шешімінен, оқиғаның аяқталуынан, т.б. танылады. Демек, көркем туындының идеясы дегеніміз — жазушының өзі көтеріп, көркем бейнелеген әлеуметтік мәселелер, адамдар тағдыры арқылы айтпақ ой, танытпақ шындығы. "Қараш-Қараш оқиғасы" повесінде жазушы теңсіздік азабын қанша тартса да, намысымен адамдық арын жоқтай білген нар тұлғалы азамат — Бақтығұл тағдырын оның Жарасбай болысты өлтіріп, түрмеге қамалуымен аяқтайды. Оқиғаның осылай аяқталуы мен тартыстың бұл шешімінен біз жазушының бар ниет тілегі Бақтығүл жағында екенін, ал қарғысы мен қаһары әділетсіздік иелеріне арналғанын көреміз. Жазушы Бақтығұлдың тағдырын суреттей отырып, оның стихиялық күресі арқылы халықтың әділетсіздікке қарсы тура алар қайраты мен биік рухын, жігерін көрсеткен. Повестің басты идеясы да осы. Повестің жазылуына негіз болған —көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі — Рысқұлдың басынан кешкен оқиға.

Кітаппен жұмыс: кітаптан повесті мәнерлеп оқып,құрылысына қарай талдайды. Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

1. Тектұғұл өліміне не себеп болды?2. Інісінің өлімі Бақтұғұлға қалай әсер етті?3. Оның алғашқы әрекеті неліктен сәтсіз аяқталды?4. Бақтұғұл Жарасбай болыстан неге пана іздеді?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: Қараш-Қараш оқиғасын оқып келу.Сабақтың тақырыбы : ТАХАУИ АХТАНОВ

Сабақтың мақсаты : білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу; дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу,дүниетанымын кеңейту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру; тәрбиелік – туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Сабақтың түрі : дамыта оқытуСабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту,түсіндіру т.бСабақтың көрнекілігі : кітаптар,электронды оқулықПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. Жазушы Тахауи Ахтанов 1923 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Ұстаз болуды армандаған жас жігіт Алматы қаласына келіп, Абай атындағы қазақ педагогика институтына оқуға түседі. 1941 жылы соғыс басталып, студент Тахауи майданға аттанады. Майдан шебінде жүрсе де, қолынан қаламын тастамай, әскери газет-журналдарға мақалаларын жариялап жүреді. Отты мақалалары арқылы жауынгерлерге отаншылдық рух беріп, жеңістің жақындауына қарудың да, қаламның да ұшымен үлес қосады. Жеңіспен елге оралып, өмірдің, сұрапыл соғыстың қиындық мектебінен өтіп келген, жауынгер жазушы басқа жолды таңдамай, әдебиетке келеді.

Page 75: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Т.Ахтанов қаламынан әңгіме, хикаят, роман және драмалық шығармалар өмірге келді. Жазушы өз басынан өткізген, көзі көрген Ұлы Отан соғысындағы суретті "Қаһарлы күндер" атты романында жазды. "Дала сыры" хикаяты үшін жазушыға 1966 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді. Ал драматург жазушының "Сәуле", "Боран", "Ант", "Әке мен бала", "Махаббат мұңы" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" атты комедиялары ұзақ жылдәр сахнада қойылып, көрермендерге күлкі, қуаныш сыйлады.

Кітаппен жұмыс: кітаптан шығармаларын оқып,хранологиялық таблица сызады. Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

1. Қай жылы Мемлекеттік сыйлық берілді?2. Қандай романдары бар?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: Тахауи Ахтановтың өмірбаянын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : Күй аңызы Сабақтың мақсаты : білімділік – «Күй аңызы» туралы мәлімет бере отырып, жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу; дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу,дүниетанымын кеңейту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру; тәрбиелік – туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар,қосымша материалдар т.бПәнаралық байланыс : тарих,ән-күйСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Қай жылы Мемлекеттік сыйлық берілді?2. Қандай романдары бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру. Жазушының алғашқы әңгімесі «Күй аңызы». Т. Ахтанов өнер құдіретінің ботасы өлген бозіңгеннің тарамыс болған терісіне жан беріп, суалып біткен желінін сүтке толтырганын айтады. Естемес күйшінің ауыр тағдыры, өз көкірегіндегі зары, алдамшы бір үміт сәулесіне елтуі әңгімеде тартымды тілмен баяндалады. Т.Ахтановтың ең алғашқы әңгімесі. Әңгіменің негізгі тақырыбы — өнер құдіреті. Естемес деген күйшінің ауыр тағдыры. Ол өзінің мұңлы да зарлы күйі арқылы ботасы өлген бозінгеннің тақырдай қатып қалған қайыс жонын жұмсартып, тіршілікке нәр бергендей болды.

Page 76: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

«...Нардың түрі жүдеу, бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая бастаған. Тамыры семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе, телміре қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі күйшіге қатты әсер етті...» Күй құдіреті жануар екеш жануарға да әсер етті. «Нар идірген» күйі осылай туыпты деген аңыз бар.

Кітаппен жұмыс: Екі жолаушының портретін суреттеген жерді тауып оқыңдар.. Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

1. «Нар идірген» атты күй қалай дүниеге келіпті?2. Ботасы өлген аруана Естеміске қалай әсер етті?3. Жазушы күй туралы, күйші туралы неге осынша тебіреніп жазады деп

ойлайсыңдар?Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: «Қазақ күй өнері» деген тақырыпқа шығарма жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты»Сабақтың мақсаты : білімділік - ақынның өмірі мен өскен ортасын таныту,шығармаларын оқыту,ақынның айтар ойын ашу,талдау,эстетикалық көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау; дамытушылық – оқушының сөз байлығын,сөздік қорын байыту,әдеби шығарма идеясын таныту,еркін сөйлеуге,өз ойын ауызша да,жазбаша да жүйелі жеткізуге балу, тәрбиелік - оқушының туған жерге деген,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,елжандылыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі : жаңа білімді игерту Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену,салыстыруСабақтың көрнекілігі : кітаптар т.бПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. «Нар идірген» атты күй қалай дүниеге келіпті?2. Ботасы өлген аруана Естеміске қалай әсер етті?3. Жазушы күй туралы, күйші туралы неге осынша тебіреніп жазады деп

ойлайсыңдар? б) Жаңа сабақты түсіндіру. Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының, Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ аталатын ауылда дүниеге келген. Талапты жас онжылдықты бітірген соң, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. 1955 жылы сол кездегі ең таңдаулы, беделді оқу орындарының биік талаптары мен қатал сындарынан мүдірмей өтіп, ұстаздарының озық дәстүрі мен ұлағатты дәрістерін, зиялы тағылымдарын өз бойына мейлінше мол сіңіріп, талантты маман болып, елге оралады.

Page 77: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Драматург, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза қай салада еңбек етсе де, халықтың сөзін айтып, жоғын жоқтайды. Оның мінезіндегі турашылдығы, еңбекқорлығы өзі жасаған кейіпкерлер бойы-нан табылып жатады. Драматургтың "Сталинге хат", "Бесеудің хаты", "Жетім бұрыш", т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылған. "Бұлтсыз күнгі найзағай", "Мылтықсыз майдан", "41-жылғы келіншек", "Интернат наны", т.б. хикаяттар мен әңгімелер жинағы, көп томды "Қызыл жебе" романы жарық көрді.Көркем шығармалардың бір түрі — драмалық туындылар. Драмалық туындылар, яғни пьесалар театр сахнасына қоюға арнап жазылады. Осыған байланысты пьесаның көлемі, құрылысы, тілі, адам мінезін танытуы тұрғысынан өзге жанрдағы туындылардан өзіндік ерекшеліктері бар.Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік оның кейіпкерлердің диалогі (диалог - оқиғаға қатысушы бірнеше адамдардың өзара сөйлесуі) мен монологіне (монолог -- әдетте, бір кейіпкердің сөзі, түрлі жағдайлардың әсерімен оның өзімен-өзі сырласуы, толғанысы) құрылуы. Диалог те, монолог те пьесадағы тартысқа қатысушы адамдардың алуан мінезін, көзқарас-мақсатын айқын танытатындай мағыналы да көркем болуы керек. Өйткені драмалық, туындыда автор басқа жанрлардағы шығармадағыдай (мәселен, әңгіме, повесть, т.б.) оқиғаларды өзі баяндап, әңгімелеп, кейіпкерлеріне мінездеме беріп отырмайды. Драматург адам мінезін де, тартысты да, бейнелеп отырған өмір шындығын да тек пьеса кейіпкерлерінің сөзі (диалог, монолог) мен іс-әрекеттері арқылы ғана көркем танытады. Қысқа түсіндірме түрінде келетін автордың сөзі ремарка деп аталады.Пьесаның тағы бір ерекшелігі — оқиғаны, тартысты сахналық қойылым барысында актерлердің ойыны арқылы көрерменнің көз алдында дәл қазір, осы сөтте өтіп жаткандай етіп танытуы.Жазушы, драматург Ш.Мұртаза өз шығармаларына тарихи оқиғаны өзек етіп алады. Тарихи шындықты көркем шығарма етіп беру оңай емес, себебі ол шындықты елдің бәрі біледі. Ел білген шындықты көркем сөздің қуатымен қайта жаңғырту, оқырманының жүрегінен өткізу нағыз талантты жазушының ғана қолынан келеді.Ш.Мұртазаның "Бесеудің хаты" атты драмасына арқау болған — ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов (негізгі кейіпкер) ашына жеткізеді.Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймайды, оның жандүниесін көрсетеді, оқушы кейіпкердің даусын естиді.

Кітаппен жұмыс: «Бесеудің хаты» драмасын рөлдерге бөліп оқиды.

Топпен жұмыс: 1-топ: Әр кейіпкерге мінездеме беріңдерА) Драмадағы Ғабит Мүсірепов қандай адам?Ә) Голещекин қандай кейіпкер? 2-топ: Құрамысов пен Ивановты салыстырыңдар? Құрамысов Иванов

Page 78: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

1. Жазушы кейіпкерлер бейнесін қалай ашқан?2. Сталин туралы тарихтан не білесіңдер?3. Т.Рысқұлов кім?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: « Елім-ай» деген тақырыпқа шығарма жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВСабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, ерлікке, адамгершілікке баулу; ә) Көркем прозаға деген қызығушылыққа,халықтың құсбегілік өнерін түсіне білуге тәрбиелеу; б) Эстетикалық талғауларын кеңейту,табиғатты қорғауға баулып эклогиялық тәрбие негіздерін беру.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,тірек сызбалар т.б.Пәнаралық байланыс: тарихСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру: Алпысыншы жылдардың басында әдебиетке келген жаңа буын өкілдерінің кеуде тұсында Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,жазушы Қабдеш Жұмаділов тұр.Елуінші жылдардың ортасынан бастап Қытайдан Қазақстанға мемлекеттер арасындағы келісім бойынша көшіп келген,шекара бұзып қашып келген мың сан еңбек тобы,сан алуан кәсіп иелері,бауырластарымыздың арасында көптеген көзі ашық оқығандар,ақын-жазушылар,әнші-күйшілер,артистер,өнерпаздар,қызмет басында болған мансапты адамдар көп еді.Адам қаны судай боп аққан соғыстар,кісі сүйегі ақсөңке боп қалған ашаршылықтар,отаршылдық тепкісі,таптық қудалау кесапаттарынан шекара асып кеткен қандастардың үлкен толқыны қайта көтеріліп,Қазақстанның шығыс аймақтарына қоныстану арқылы көп жаңалық ала келді.Осы қандастарымыз арқылы халқымыздың жойыла бастаған тамаша ұлттық дәстүрлері,әдет-ғұрыптары,от басы-ошақ қасының рәсімдері,діни тағлымдар қайта оралып,жандана дами бастады.Теңіз тектес тіл байлығы

Page 79: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

қайта оралды.Осы ұлы қауымның бір баласы,тасты тесіп шыққан қарағай мінездес жазушы – Қабдеш Жұмаділов. Қабдештің туған ауылы Семейдің Мақаншысынан алыс емес – Тарбағатайдың арғы беті,халықтың ырыс-берекесін,дәстүр-салтын сақтаған,мың жылдар бойы қалың қазақ мекен еткен құтты жер.Ата-бабалары Жұмаділ,Күдері,Смайылдар – ел ішінде беделді,сыйлы адамдар,мешіт салған діндарлар.әңгімесі: «Қаздар қайтып барады»романдары: «Соңғы көш», «Дарабоз»повестері: «Көкейкесті», «Қарауыл», «Бір түп тораңғы» Білімді бекіту: 1.Қ.Жұмаділовтың туып өскен ортасы туралы не білесіңдер?2.Қ.Жұмаділов шығармасындағы Қабанбай бейнесі туралы ой толғап көріңдер.Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: Қ.Жұмаділовтың өмірін,шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы : Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»Сабақтың мақсаты : а) Жазушының шығармаларынан мәлімет бере отырып, ерлікке, адамгершілікке баулу; ә) Көркем прозаға деген қызығушылыққа,халықтың құсбегілік өнерін түсіне білуге тәрбиелеу;

б) Эстетикалық талғауларын кеңейту,табиғатты қорғауға баулып эклогиялық тәрбие негіздерін беру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар,қосымша материалдарПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің "Қаздар қайтып барады", "Сарыжайлау", "Шарайна", "Сәйгүліктер" тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, "Көкейкесті", "Бақыт жолында", "Атамекен", "Соңғы көш" романдары жарық көрді. Жазушы "Тағдыр" романы үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болған. Халықтың дүние танымын терең бейнелейтін, өмірлік тартыс сырын тап басып, дәл суреттейтін дарынды жазушы - тарихи шығармалардың да шебері. Жазушының "Қаздар қайтып барады" әнгімесіндегі қарттың бала кезде табанынан топырағының ыстығы өтіп, қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмауы шынайылығымен жаныңды толқытады. Оның туған жерге деген ұлы сағынышы, елге жету жолындағы қым-қуыт қиыншылықтарға төзе білуі ешкімді де бейтарап қалдырмайды.

Page 80: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

"Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден елең еткізген - «Қаздар қайтып барады» әңгімесі еді. Осы әңгімеде тау асып, тас басып, көп қиыншылықпен шекарадан өтіп келіп, өзінің атамекеніне жетіп жығылған Байтас шалдың тағдыры бейнеленген. Сонымен қатар жазушының "Соңғы көш" дилогиясы мен "Тағдыр" романы дүниеге келді.Қабдеш - тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы." Кітаппен жұмыс: «Қаздар қайтып барады» әңгімесін мәнерлеп оқидыБілімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.1. Қарт қайда сапар шегіп келеді?2. Қарт жолда қандай қиыншылықтарды басынан өткізді?3. Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» деп аталу себебін қалай ұғынасыңдар?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: Қ.Жұмаділовтың шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Олжас Сүлейменов «Арғымақ» Сабақтың мақсаты : білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу; дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу,дүниетанымын кеңейту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру; тәрбиелік – туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар т.бПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, геолог мамандығын алды. Одан кейін Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. Қазақстан Республикасының халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің "Арғымақтар", "Нұрлы түндер", "Мешін жылы", "Қыш кітап", "Талма түсте тағы да бір қайталап", "Әр күн - арайлы таң", "Жалынның шалқуы", "Асқардан асу", Таңдамалы", т.б. өлеңдері мен поэмалар жинақтары "Аз және я" атты ғылыми-зерттеу еңбегі жарық көрді. Ақынның әдеби сценарийі бойынша "Бабалар жері", "Көгілдір маршрут", "Қыс - қысылшаң мезгіл", "Мұхтар Әуезов туралы сөз", т.б. кинофильмдер түсірілді.Өздеріңнің оқулықтарыңа енген "Арғымақ", "Қыз қуу", "Махамбетке" атты өлеңдерін оқығанда ақын өлеңдеріндегі ұлттық мінездің асқақтығына тәнті боласыңдар.

АрғымақДала қандай!

Page 81: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Даладағы ат қандай!Нөсер шөпке белшесінен батқандай.Құйғытсам бір,Дала,ҚалаБолады-ауКөз алдымда аунап бара жатқандай.Кітаппен жұмыс: «Арғымақ» өлеңін мәнерлеп оқидыБілімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.1. Ақын суреткерлігі дегенді қалай түсінесіңдер?2. Арғымақтың шабысын суреттегенде қандай теңеулер үндестігі таңдап алынған?3. Даланың әсемдігі мен кеңдігіне,арғымақтың ұшқырлығына сендер осылайша шаттана

алар ма едіңдер?Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: О.Сүлейменовтің шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы : ӘБІЛХАСАН РУДАКИ Сабақтың мақсаты : а) әлем әдебиеті туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру; ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету; б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу; Сабақтың түрі : Жаңа сабақты игертуСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар т.бПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. Парсы-тәжік ақыны Әбілхасан Рудаки Самарқан маңындағы Панжрудак аталатын таулы өлкеде туған. Атақты Әбунасыр әл-Фараби мен Ибн Синаның замандасы. Ақынның жүз мың бәйіттен тұратын бай мұрасынан мыңға жуық бәйіттері жеткен. Оның ішінде үндінің "Калила мен Димна" деп аталған ертегілер кітабынан жасаған аудармасы, тағы басқа дастандарынан үзінділер, рубаи, лирикалық өлеңдері бар. Рудаки жасынан аса қабілетті бала болған. Сегіз жасында Құранды жатқа біліп, өлең жазған. Салмақты ойларымен жұртты таң қалдырған, ән айтқан, музыкалық аспапта ойнаған. Осы қабілет-талантының арқасында Хорасанның билеушісі оны өз сарайына шақырады. Оның өлеңінің әсерлілігі мен ақындық шеберлігі, даусының сұлулығы сондай — бір күні чанг аспабына қосылып, әмірді аспандата мақтап тұрып: "Әмір - ай, Бұхара - аспан, ай аспанға телміреді; Әмір - кипарис, Бұхара - бақ, кипарис баққа қарай сап түзейді", — деген кезде толқып кеткен Әмір, тағынан жалаң аяқ түсе салып, жүйрік тұлпарына мініп, Бұхараға қарай шаба жөнелген екен. Рудаки араб халифатының қол астында болған Иранның ұлттық мүддесін, тәуелсіздігін, тіл дербестігін қолдаған. Өлеңдері өмірдің сан алуан тақырыбын қозғап, адамшылық пен ізгілікке жол салады. "Жамандықпен жапса әзәзіл (шайтан) бір есік,

Page 82: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

жақсылықпен ашатын бол мың есік", — дейді. Рудаки Шығыстың санаулы ұлы ақындарының бірі ретінде танылған. "Ақындардың Адам-Атасы" атанған.Кітаппен жұмыс: өлеңдерін мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдау жасайды.Үш күндік// бұл пәниге// келген пенде, 1 шумақБайлама //жүрегіңді, //пейіл берме. 4 тармақБәрібір //жатар жерің //- сыз қара жер, 12 бунақЖібекке //оралсаң да,// керіп кеуде. 11 буындыСөздікпен жұмыс: Бәйіт-екі жолдан тұратын өлең Рубаи- төрт жолды өлең Кипарис-қарағай тұқымдас сымбатты ағаш Пәни-өмір Көлгірсіген-алдағанБілімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: Әбілхасан Рудакидің шығармаларын оқып келуге беремін. Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Омар Һәйәм Сабақтың мақсаты : а) әлем әдебиеті туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру; ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету; б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіруСабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар т.б Пәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. Омар Һәйәм ақын, математик, астроном, ойшыл. Ол Нишапур маңында туған. Жасынан зерек, ғылым қуған жігітті Бұқара әкімі өз сарайына алдырады. Ол 25—30 жастар шама-сында алгебра туралы трактат жазып танылған болатын. Сол заманда Исфаханда аса ірі обсер-ватория болған, соны басқарады. Мұсылман елдері қолданып келген ай күнтізбесінің орнына күн күнтізбесін енгізеді. Омар Һәйәм астроном ғана емес, ұлы математик, емші де болған. Көне грек геометрі Евклидтің ережелерін түсіндірген трактат жазды. "Медицина каноны" деп аталатын еңбек жазған Шығыс ғұламасы Ибн Синаның философиялық шығармасын парсы тіліне аударды. Өзі де емшілікпен айналысқан. Омар Һәйәмнің "Әлем және оның міндеттері", "Тіршілік туралы", "Алгебра туралы" трактаттары, фило-софиялық еңбектері бар. Ғылыми кітаптарын араб

Page 83: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

тілінде, өлеңді парсы тілінде жазған. Жан-жақты талантты, кемеңгер ғалымның еңбектерінің ішінде ақын ретіндегі орны ерекше. Оның 300-ден астам рубаилары бар. Онда ақын: өмірдің мәні, уақыттың тез өтпелілігі, жақсылық пен ізгілік, надандық пен ғылым іздеу, о дүние жайлы толғаныстарын жазған. Дін ғылымын шала білетін діндарларды сынайды. Сопылық поэзия дәстүрін жалғастырады.Кітаппен жұмыс: Омар Һәйәмнің өлеңін мәнерлеп оқиды

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Омар Һәйәмнің шығармаларын оқып келуге беремін. Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Сабақтың тақырыбы : ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ Сабақтың мақсаты : а) әлем әдебиеті туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру; ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету; б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу; Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық ізденуСабақтың көрнекілігі : кітаптар,қосымша материалдар т.бПәнаралық байланыс : тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру. Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі Шекер аулында дүниеге келген. Әкесі Төреқүл өте парасатты, пайымды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937—1938 жылдардағы "халық жауы" деген жазықсыз жаланың құрбаны болады. Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі. Ш. Айтматовтың шын мамандығы - табиғат сыйлаған жазушылық өнер. Ол осы өнерін шыңдау үшін, жетілдіру үшін, М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған "Жәмила" хикаяты бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тілінде, іле-шала Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге паш етті.Қазақ, Қырғыз - ежелден қандас, бауырлас елдер. Бұрынгы кезде халық ақындары екі ауылда кезек-кезек ән шырқап, ақындар қазақ-қырғыз боп айтысып жүрсе, қазақтың ардақты ұлы Шоқан Уәлиханов — "Манастың" еуропалық өредегі тұңғыш зерттеушісі.

Page 84: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. "Манастың" зерттеушісі Мұхтар Әуезов Шыңғыстың ұстазы болды. Жақсы дәстүр жалғасы деген - осы. Бұл күнде Шыңгыс Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс ең көп аударылған қаламгердің бірі. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды. Жазушының "Боранды бекет" романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасын, қазіргі әскери полигондағы Найман-ана бейітінің тарихын айтатын - психологиялық роман.Кітаппен жұмыс: Ш.Айтматовтың шығармаларын оқып, құрылысына қарай талдайды.Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.1. Ш.Айтматовтың қандай шығармалары бар?2. Айтматовтың есімін әлемге паш еткен қандай шығармасы?3. Қазақ ақындарының ішінде кіммен дос?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: Ш.Айтматовтың шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8Cабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: білімділік - қазақтың белгілі жазушысы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту,прозалық шығарманы талдауға дағдыландыру; дамытушылық – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге дағдыландыру,әдеби дүниетанымдарын кеңейту,қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,прозалық шығарманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға үйрету; тәрбиелік - оқушыларды әңгіменің сюжеті арқылы адамгершілікке,ізгілікке,мейірімділікке баулу,ата-ана алдындағы борышын ұмытпауға үндеу,шәкірттердің бойына халқымыздың ізгі қасиеттерін ұялату.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.Сабақтың типі: бекіту сабағы.Сабақтың әдісі: 1)баяндау; 2) мәнерлеп оқу; 3) сұрақ-жауап; 4) салыстыру; 5) әңгімелеу; 6) талдау.Сабақтың көрнекілігі: 1) Венн диаграммасы; 2) үлестірме қағаздар; 3) жазушының портреті,кітаптары.Пәнаралық байланыс: тіл,халықтық педагогика.

Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі.1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. 4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Жазушы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет.

Page 85: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

ІІІ. Бекіту сабағын өткізу. Төлен Әбдіковтың кітаптарынан көрме ұйымдастыру,шығармалары туралы қысқаша мәлімет беру.

2. Әңгіменің сюжетін топтарға бөлініп баяндау.І топ.Ерғабыл шал мен оның кейіпкерінің баласын сағына күтуі.ІІ топ. Қалада тұратын ұлы Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасы.Жетпіс бес жасқа келген Ерғабыл шалдың арманы. Сағына күткен баласының әңгімесіне көңілі толмаған Ерғабыл шал.ІІІ топ. Қарияның ендігі бір үміті – немересі Жеңісті алып қалып тәрбиелеу. Баласы мен келінінің қартты бұл қуаныштан айыруы.IV топ. Қалаға асығыс аттанған Сапабек.Ұлымен қимай қоштасқан ата-ананың құлазыған көңілі.

3. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.1) Ерғабыл шалдың арманы не еді?2) Ерғабыл шал мен оның кемпірінің баласын күтуі,оған деген сағынышы қалай суреттелген?3) Ұлына Ерғабыл шалдың көңілі не себептен толмады?4) Ерғабыл шалға,Сапабекке,олардың ой-толғаныстарына,сөздеріне сүйене отырып мінездеме бер.5) Баланың ата-ана,туған жер алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесің?

4. Оқулықпен жұмыс (дәптермен жұмыс).1) Диалог дегеніміз не? (әдебиет теориясы)2) Әңгімедегі диалогқа (Тома мен Жеңістің сөйлесуі) мысал келтіру арқылы республикамыздағы мемлекеттік тілдің ахуалы жайында баяндау,оның өткені мен бүгінін салыстыра отырып келешегіне көз жіберу.

5. Композициялық жоспар құру. Композиция - әңгіменің (көркем шығарманың) құрылымы. 1.Ерғабыл шалдың арманы. 2.Ерғабыл шал мен оның кемпірінің баласы Сапабекті күтуі,оған деген сағынышы. 3.Ұлы Сапабекке көңілі толмаған Ерғабыл шал. 4. Қалаға асығыс аттанған Сапабек. 5. Ата-ананың ұлымен қимай қоштасуы.

6. Венн диаграммасы

ұқсастығы

Ерғабыл шал,өзіндік ерекшелігі

Сапабек өзіндік ерекшелігі

Page 86: Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8 · Web viewАбайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі

7.«Ата-ана және балалар» тақырыбына ауызша ойтолғау.

8. Менің (мұғалімнің) «Қонақтар» әңгімесі бойынша қорытындым. - Сонымен,оқушылар,бүгінгі сабақта біз қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасын таныдық.Әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ұғындық.Қалаға асығатын Сапабектің ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп қалған,перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін,ата-анасына деген мейрімділігі жоқ екенін байқадық.

9. Үй тапсырмасы: Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесіне сүйене отырып «Ата-ананың қадірі» деген тақырыпта шығарма жазу.