ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ...

329
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ Ғылыми-практикалық түсіндірме Астана-2010г.

Upload: others

Post on 19-Jan-2020

41 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

    КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

    КОНСТИТУЦИЯСЫ

    Ғылыми-практикалық түсіндірме

    Астана-2010г.

  • 2

    ББК _____________

    Басылымның жауапты редакторлары: заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА

    академигі М.Т. Баймаханов, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі

    С.З. Зиманов, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ғ.С.

    Сапарғалиев, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі С.С. Сартаев,

    заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген

    қайраткері И.И. Рогов.

    Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ғылыми-практикалық түсіндірме/-

    _____________________________________________________________________________

    _______________________________________________________

    ISBN _________________

    Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығына

    арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ғылыми-практикалық

    түсіндірмені» Президент Әкімшілігінің, Парламент Палаталарының, Конституциялық

    Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, бірқатар министрліктердің және өзге де

    орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен, сондай-ақ отандық ірі заңгер-

    ғалымдардан тұратын авторлық ұжым дайындаған.

    Түсіндірмеде қолданыстағы заңнама және қазіргі заң ғылымы ескеріле отырып,

    Конституция Кіріспесінің, принциптерінің, ережелері мен нормаларының ғылыми-

    құқықтық мазмұны ашылған. Конституция ережелерін түсіндірген кезде авторлар

    Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жолдауларына жүгінеді.

    Түсіндірме конституциялық құқық, қолданыстағы заңнама және оларды қолдану

    практикасы мәселелерімен қызығатын кең оқырман қауымына арналған.

    ББК______

  • 3

    Конституция баптарына түсіндірменің авторлары:

    Айтқожин К.К. – 5 (Ө.Қ. Қопабаевпен тең авторлықта);

    Әбішев Х.Ә. – 21;

    Әлімбеков М.Т. – 79, 80, 81, 98;

    Байділдинов Д.Л. – 31, 38;

    Баймағанбетов С.Н. – 10;

    Балтабаев Қ.Ж. – 13;

    Бақтыбаев І.Ж. – 16, 25;

    Белоруков Н.В. – 39;

    Бычкова С.Ф. – 14, 17;

    Донақов Т.С. – 85, 86, 87, 88, 89;

    Жайылғанова А.Н. – 27, 73, 74;

    Жақаева Л.С. – 61, 62, 90, 91 (М.А.Сәрсембаевпен тең авторлықта), 92;

    Жұмабеков О.И. – 82;

    Имашев Б.М. – 34, 36;

    Қасымбеков М.Б. – Кіріспе, 9;

    Қаудыров Т.Е. – 20, 30;

    Қожамжаров Қ.П. – 35;

    Қопабаев Ө.Қ. – 5 (К.К. Айтқожинмен тең авторлықта);

    Құл-Мұхаммед М.А. – 7, 37, 93;

    Майлыбаев Б.А. – 44, 45 (В.А. Малиновскиймен тең авторлықта);

    Малиновский В.А. – 44, 45 (Б.А. Майлыбаевпен тең авторлықта), 63, 94, 94-1;

    Мәми Қ.Ә. – 75, 76, 77, 78, 83;

    Мұхамеджанов Б.Ә. – 40, 42, 43, 46, 47, 48;

    Нәрікбаев М.С. – 23, 32;

    Нұрмағамбетов А.М. – 24, 28;

    Подопригора Р.А. – 22;

    Рогов И.И. – 15, 71, 72;

    Сапарғалиев Ғ.С. – 1, 2, 3, 49, 50, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60;

    Сәрсембаев Қ.М. – 95;

    Сәрсембаев М.А. – 8, 41, 51, 91 (Л.С. Жақаевамен тең авторлықта);

    Сүлейменов М.К. – 6, 26;

    Стамқұлов Ү.М. – 18;

    Темірбеков Ә.А. – 19, 97;

    Түсіпбеков Р.Т. – 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 96;

    Ударцев С.Ф. – 4;

    Федотова З.Л. – 29, 33;

    Шәкіров А.О. – 12;

    Шаяхметов Ә.Ш. – 11.

  • 4

    Қабылданған қысқартулар:

    ҚР – Қазақстан Республикасы;

    Конституция – 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;

    2007 жылғы 21 мамырдағы Заң – «Қазақстан Республикасының Конституциясына

    өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ

    Қазақстан Республикасының Заңы;

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң –

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16

    желтоқсандағы № 1007-XII Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;

    Президент туралы Конституциялық заң – «Қазақстан Республикасының Президенті

    туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Қазақстан Республикасының

    Конституциялық заңы;

    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы Конституциялық заң –

    «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20

    шілдедегі № 83-ІІ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;

    Конституциялық Кеңес туралы Конституциялық заң – «Қазақстан Республикасының

    Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан

    Республикасының Конституциялық заңы;

    Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заң –

    «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы»

    1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;

    Үкімет туралы Конституциялық заң – «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995

    жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;

    Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заң –«Қазақстан

    Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25

    желтоқсандағы № 132-ІІ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;

    Сайлау туралы Конституциялық заң – «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

    1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;

    Республикалық референдум туралы конституциялық заң – «Республикалық референдум

    туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы № 2592 Қазақстан Республикасының Конституциялық

    заңы;

    Мемлекеттік рәміздер туралы Конституциялық заң – «Қазақстан Республикасының

    мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258-ІІІ Қазақстан

    Республикасының Конституциялық заңы;

    ҚР АК (Жалпы бөлім) – 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XII Қазақстан

    Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);

    ҚР ҚК – 1997 жылғы 16 шілдедегі № 167-I Қазақстан Республикасының Қылмыстық

    кодексі;

    ҚР ҚІЖК – 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206-I Қазақстан Республикасының

    Қылмыстық іс жүргізу кодексі;

    ҚР АК (Ерекше бөлім) – 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-I Қазақстан Республикасының

    Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім);

    ҚР АІЖК – 1999 жылғы 13 шілдедегі № 411-I Қазақстан Республикасының Азаматтық іс

    жүргізу кодексі;

    ҚР ӘҚБтК – 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-II Қазақстан Республикасының Әкімшілік

    құқық бұзушылық туралы кодексі;

    Жер кодексі – 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Қазақстан Республикасының Жер

    кодексі;

    Орман кодексі – 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-II Қазақстан Республикасының Орман

    кодексі;

    Су кодексі – 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-II Қазақстан Республикасының Су кодексі;

  • 5

    Экологиялық кодекс – 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III «Қазақстан Республикасының

    Экологиялық кодексі»;

    Еңбек кодексі – 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Қазақстан Республикасының Еңбек

    кодексі;

    Бюджеттік кодекс – 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының

    Бюджеттік кодексі;

    Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс – 2009 жылғы 18

    қыркүйектегі № 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

    Қазақстан Республикасының кодексі;

    Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заң – 1991 жылғы 20 желтоқсандағы №

    1017-XII «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының

    Заңы;

    Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заң – 1992 жылғы 15 қаңтардағы №

    1128-XII «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан

    Республикасының Заңы;

    Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы заң – 1992 жылғы 23 маусымдағы №

    1407-ХII «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы»

    Қазақстан Республикасының Заңы;

    Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заң – 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан

    Республикасының Заңы;

    Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша

    өкiлеттiк беру туралы заң – 1993 жылғы 10 желтоқсандағы N 2576-XII «Қазақстан

    Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру

    туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 12-ІІІ

    Қазақстан Республикасының Заңымен күші жойылды);

    Ішкі істер органдары туралы заң – 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 «Қазақстан

    Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    Қоғамдық бірлестіктер туралы заң – 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-I «Қоғамдық

    бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    Тұрғын-үй қатынастары туралы заң – 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I «Тұрғын-үй

    қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    Парламенттің комитеттері мен комиссиялары туралы заң – 1997 жылғы 7 мамырдағы №

    101-I «Қазақстан Республикасы Парламентінің Комитеттері мен комиссиялары туралы»

    Қазақстан Республикасының Заңы;

    Тіл туралы заң – 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл

    туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    Нормативтік құқықтық актілер туралы заң – 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-I

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    Ұлттық қауіпсіздік туралы заң – 1998 жылғы 26 маусымдағы № 233-I «Қазақстан

    Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    Неке және отбасы туралы заң – 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-I «Неке және отбасы

    туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    Мемлекеттік қызмет туралы заң – 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-I «Мемлекеттік қызмет

    туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң – 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-I

    «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    Әкімшілік рәсімдер туралы заң – 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107-II «Әкімшілік

    рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заң – 2001 жылғы 23

    қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және

    өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • 6

    Дипломатиялық қызмет туралы заң – 2002 жылғы 7 наурыздағы № 299-II «Қазақстан

    Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    Саяси партиялар туралы заң – 2002 жылғы 15 шілдедегі № 344 «Саяси партиялар туралы»

    Қазақстан Республикасының Заңы;

    Төтенше жағдай туралы заң – 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387-II Қазақстан

    Республикасының Заңы;

    Соғыс жағдайы туралы заң – 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391-II «Cоғыс жағдайы туралы»

    Қазақстан Республикасының Заңы;

    Халықаралық шарттар туралы заң – 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54-III «Қазақстан

    Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

    Мәдениет туралы заң – 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207-III «Мәдениет туралы»

    Қазақстан Республикасының Заңы;

    Білім туралы заң – 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Қазақстан

    Республикасының Заңы;

    Құқықтық саясат тұжырымдамасы – Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы

    24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан

    2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы;

    АҚЖД – Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, БҰҰ Бас Ассамблеясының

    1948 жылғы 10 желтоқсандағы 217 А (III) Резолюциясымен қабылданып, жарияланған;

    АСҚХП – Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, БҰҰ Бас

    Ассамблеясының 1966 жылғы 16 желтоқсандағы 2200А (ХХI) Резолюциясымен

    қабылданған, 2005 жылғы 28 қарашадағы № 91-III Қазақстан Республикасының Заңымен

    ратификацияланған;

    ЭӘМҚХП – Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт,

    БҰҰ Бас Ассамблеясының 1966 жылғы 16 желтоқсандағы 2200А (ХХI) Резолюциясымен

    қабылданған, 2005 жылғы 21 қарашадағы № 87-III Қазақстан Республикасының

    Заңымен ратификацияланған;

    БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы;

    БҰҰДБ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы;

    ЕҚЫҰ – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым;

    ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы;

    ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры;

    ХЕҰ – Халықаралық еңбек ұйымы;

    ОСК – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы;

    Есеп комитеті – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;

    Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

    ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті,

    ЖСК – Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі;

    ҚР ҰҒА – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» Республикалық

    қоғамдық бірлестік;

    МЕҰ – мемлекеттік емес ұйымдар;

    ҚХА – Қазақстан халқы ассамблеясы;

    БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары;

    б. – бап;

    т. – тармақ;

    т.) – тармақша;

    бөл. – бөлік.

    Қолданыстағы құқық көздері 2010 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша берілген.

  • 7

    Алғысөз

    1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумде қабылданған Қазақстан

    Республикасының Конституциясы еліміздің іргелі мемлекеттік-құқықтық акті болып

    табылады. Ол адамның және азаматтың кең ауқымды әмбебап құқықтарына, еркін сайлау

    өткізуге, мемлекеттік биліктің біртұтастығы және биліктің үш тармаққа бөлінуі

    принципінің жүзеге асырылуына, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің

    қызмет істеуіне кепілдік береді. Ол шындығында да Қазақстан қоғамы өмірінің Негізі

    Заңы және оның қуатты жасампаздық әлеуеті осыдан білінеді. Бұл әлеует әлі де болса

    толығымен жүзеге асырылған жоқ, оны біз, бәлкім, соңына дейін ұғынбасақ та керек.

    Конституция – жай ғана құқықтық акт емес. Негізгі Заңның кіріспесі мен

    баптарында ұлттық қоғам мен мемлекет өмірінің басты рухани діңгектері айқындалған.

    Ол Қазақстан Республикасының бүкіл нормативтік құқықтық актілерінің иерархиясында

    ең жоғары деңгейді иеленеді, сондықтан елімізді қабылданатын барлық заңдар мен заңға

    тәуелді кез келген актілер Қазақстан Конституциясына қайшы келмеуге тиіс және қайшы

    келе алмайды да.

    Республика Конституциясына сай Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір

    бастауы деп танылған. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Президенттің, сондай-

    ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Қазақстан

    Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып, ел

    Президенті мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармағының

    келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін

    қамтамасыз ететіндіктен, Мемлекет басшысының осындай құқығы бар.

    Өткен он бес жыл ішінде еліміз жаңа қоғам құру жолында көптеген, бұрын-соңды

    шықпаған қияндарға қол жеткізді. Сонымен бірге, Конституцияның осы ғылыми-

    құқықтық талдау шеңберіндегі мазмұнына талдау жасау Қазақстан мемлекеттілігінің

    серпінді алға басуын көруге мүмкіндік береді. Осыған орай, құқық тәртібінің,

    заңдылықтың, адам құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылуының, өмір сапасы

    одан әрі артуының, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім орнығуының негізі ретінде,

    еліміздің барлық азаматтарының, мемлекеттік органдарының, лауазымды тұлғаларының

    және қоғамдық бірлестіктерінің Конституцияны қалтқысыз сақтауы, оның нормаларын,

    принциптері мен идеяларын қолдануы Қазақстанның одан әрі қалыптасуының бірден-бір

    шарты болып табылады.

    1998 жылғы 7 қазанда және 2007 жылғы 21 мамырда «Қазақстан Республикасының

    Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан

    Республикасының заңдары қабылданған болатын. Аталған заңдардың әрбірі

    Конституцияны реформалау кезеңін сипаттайды.

    Конституцияға 1998 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар халықтың

    мемлекетті басқаруға қатысу белсенділігін арттыру мақсатында еліміздің саяси жүйесін

    жетілдіруге бағытталды. Аралас сайлау жүйесін енгізу осы бағыттағы маңызды қадам

    болды. Бұл мақсатта Парламент палаталарының бірі – Мәжіліс депутаттарының саны

    сайлауда жеңген саяси партияларға партиялық тізімдер бойынша барабар өкілдік негізінде

    берілетін 10 мандатқа ұлғайтылды. Конституциялық өзгерістерге сәйкес 1999 жылғы 10

    қазанда Парламент Мәжілісіне сайлау өтіп, оған 10 саяси партия қатысты. Нәтижесінде,

    төрт партия атынан сайлауға түскен 10 депутат Парламент Мәжілісіне сайланды.

    Парламенттің өкілеттіктерін кеңейту, Үкімет мүшелерінің депутаттық корпус алдындағы

    жауапкершілігін бекіту, Парламент депутаттарының өкілеттік мерзімін Мәжіліс

    депутаттары үшін – төрт жылдан бес жылға және Сенат депутаттары үшін – алты жылға

    дейін ұлғайту, алқабилер институтын енгізу және т.б. Конституцияға енгізілген елеулі

    толықтырулар болды.

  • 8

    2007 жылғы конституциялық новеллалар қоғамдық және мемлекеттік

    институттардың қосылып кетуіне және қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік

    қаржыландыруға салынатын тыйымның алынып тасталуын, өлім жазасын қолдану

    аясының шектелуін, тұтқындауға және қамауда ұстауға санкцияны соттың ғана беруін

    көздейді. Конституцияға сондай-ақ қазіргі заманғы партиялық жүйенің қалыптасуын

    ынталандыратын, Парламенттің өкілеттігін кеңейтетін, оның депутаттарының санын

    ұлғайтатын, оларды сайлау тәртібі мен мандатын тоқтату негіздерін өзгертетін түзетулер

    енгізілді. Үкіметті құрудың жаңа рәсімі және бақылау механизмдерін қарапайымдау

    биліктің заң шығару тармағының атқарушы тармаққа әсер ету тиімділігін арттыруға

    мүмкіндік береді. Негізгі Заңның сот және құқық қорғау жүйелерінің, жергілікті

    мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың қызметін регламенттейтін және т.б.

    жекелеген нормалары өзгертілді.

    Конституциялық реформа негізгі қоғамдық-саяси институттарды және олардың

    даму болашағын түсінудегі жаңа тұжырымдамалық көзқарастарға жол ашты.

    Конституцияға енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар өзара байланыса келе

    мемлекеттік биліктің мақсатын, мемлекет функцияларының мазмұнын жаңаша

    түсіндіруге, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың өзара

    қарым-қатынасының принциптерін айқындауға, азаматтық қоғам институттарын

    мемлекеттік маңызы бар міндеттерді шешуге кеңінен қатыстыруға, өзгеріп отыратын

    қоғамдық қатынастарға бара бар заңдық нормалар белгілеуге мүмкіндік береді.

    Қазақстан Республикасының Конституциясына осы ғылыми-құқықтық түсіндірме,

    Қазақстанның сенімді дамуы жолында Негізгі Заңның, Республика заңнамасының және

    Қазақстан азаматтарының құқықтық сана-сезімі арасындағы саяси-құқықтық байланысты

    нығайту мақсатында оның құндылықтарын, ережелері мен нормаларын ұғыну, оларды

    барынша екшелеу үшін жасалған кезекті талпыныс болып табылады.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ

    (1998 жылғы 7 қазандағы № 284-I және 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III

    Қазақстан Республикасының заңдарымен енгізілген өзгерістермен және

    толықтырулармен)

    Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ

    жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық

    мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк

    қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар

    алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк

    құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

    Қазақстан Республикасы Конституциясының бөлімдерінен, тарауларынан және

    баптарынан бұрын келетін бөлімі кіріспе деп аталады. Басқа да бірқатар мемлекеттердің

    (АҚШ, Жапония, Италия, Ресей және т.б.) конституциялары секілді бұл термин Негізгі

    Заңның мәтінінде қолданылмаған. Физикалық көлемі тұрғысынан қарағанда ол мәселен,

    қоғамдық-саяси трансформациялануы кезеңінде өз қоғамы мен мемлекетінің

    конституциялық өріс аясында өмір сүруінің идеологиялық негіздерін мейлінше нақты

    көрсетіп берген кейбір мемлекеттер конституцияларының кіріспелері сияқты, онша

    ауқымды да емес. Мысалы, Түркия Конституциясының Кіріспесі Түрік ұлты мен өз

    Отанының мәңгі өмір сүретінін, сондай-ақ Түрік мемлекетінің бөлінбейтін біртұтастығын

    паш етеді және Түркияның халықаралық аренада лайықты орын алуын, Түрік ұлтының

    ерік-жігері абсолютті деп танылуын, биліктің бөлінуі принципін, Түркияның ұлттық

    мүдделерінің үстемдігін және түрік азаматтарының өз елімен ажырамас бірлігі принципін,

    әрбір түрік азаматының лайықты өмір сүруге деген ажырамас құқығы расталуын мақсат

    тұтады.

  • 9

    Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесі оның бастауы ретінде

    маңызды құрылымдық роль атқарады, белгілі бір мағыналық салмақ арқалайды және

    нормативтік мазмұнға ие. Кіріспе – бұл қоғам мүшелерінің көпшілігімен мойындалған

    және мейлінше жалпы әрі қысқа түрде бекітілген, қоғамда үстемдік етуші әлеуметтік

    күштердің мүдделері ескерілген жалпы адами мүдделердің құқықтық көрінісі. Оның

    тұжырымдамалық-идеологиялық салмағы бар, өйткені кез келген конституция жалпы

    адами құндылықтар аясындағы берік идеологиялық іргетасқа жайғасуға тиіс.

    Кіріспенің өн бойындағы сөздердің салтанаттылығы мен көтеріңкілігі Қазақстан

    халқының рухани жай-күйін, оның жаңа мақсаттар мен идеяларға, жақсы өмір сүруге

    деген ұдайы ұмтылысын білдіреді.

    Конституцияның құрылымдық бөлігі ретінде кіріспенің негізгі екі белгісі бар:

    Конституцияның негізгі мәтінімен салыстырғанда жалпы мазмұны басымдау;

    Конституцияның негізгі мәтіні үшін идеологиялық және құрылтайшылық негіз ролін

    атқарады.

    Конституцияның құрамдас бөлігі ретінде кіріспе, қоғамдық қатынастардың белгілі

    бір түрлерінің негізі болып көрінетін, тікелей қолданылатын күшке ие.

    Кіріспенің негізгі ережелері екі жағынан жүзеге асырылады. Біріншіден, Кіріспенің

    ережелері Конституция мәтінінің негізгі бөлігінде ашылып, нақтыланады. Екіншіден,

    Кіріспенің ережелері нақты конституциялық практикада жүзеге асырылады.

    Кіріспенің құрылымынан негізгі үш құрамдас бөлікті бөліп алуға болады.

    Бірінші бөлігі өзінің ұжымдық еркімен Конституцияны қабылдап отырған халықты

    және оның Конституцияда аталған (көпұлтты, өз жерінде ортақ тағдыр біріктірген)

    қасиеттерін атап көрсете отырып, «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан

    халқы...» деген тұжырым түрінде Қазақстан халқының егемендігін баянды етеді.

    Екінші бөлігі Конституцияны қабылдау кезінде халық паш еткен қағидаларды және

    қол жеткізгісі келетін мақсаттарды санамалаудан тұрады. Заң шығарушы-халық «байырғы

    қазақ жерінде мемлекеттiлiк құра отырып», «өзiн еркiндiк, теңдiк және татулық

    мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып», «дүниежүзiлiк

    қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып», «қазiргi және болашақ ұрпақтар

    алдындағы жоғары жауапкершiлiгiн сезiне отырып» Конституцияны қабылдайды.

    Кіріспенің үшінші бөлігі «осы Конституцияны қабылдаймыз» деген сөздермен

    берілген жігерлі нормативтік-құқықтық мағынаға ие. Кіріспенің нормативтік мағынасы

    оның Қазақстан халқы атынан Конституцияны іс-жүзінде қолданысқа енгізуінен, оған

    жоғары заңдық күш беруінен көрінеді.

    Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесі өзінің ішкі мазмұнын

    айқындайтын уәждерді ұсына отырып, осы кіріспе Негізгі Заң мәтінінің органикалық

    түрдегі ажырамас бөлігі болып табылатынын, ол болмаған жағдайда бұл уәждердің

    мағынасын түсіну және тиісті деңгейде орындау қиынға соғатынын атап көрсетеді.

    Бір жағынан, ол – Конституцияның кіріспесі ғана және заң техникасы ережелеріне

    сәйкес тұжырымдалған өктем ескертпелер онда жоқ. Осы орайда Қазақстан

    Республикасының Конституциясына сілтеме жасағанда, тіпті оның ережелерінің кейбірін

    түсіндірген кезде кіріспе жиі аталмайды. Бірақ, екінші жағынан алғанда, ол Негізгі Заңды

    қабылдауға себеп болған уәждерді айқындайтын, Негізгі заңның бірыңғай ресми мәтінінің

    маңызды құрамдас бөлігі. Демек, оны елемеуге болмайды деп пайымдаған жөн.

    Қазақстан Республикасының Конституциясын толығымен де, оның жекелеген

    нормаларын да түсіндірген және жүзеге асырған кезде кіріспенің мынадай мазмұнын

    негізге алған жөн: Қазақстан Конституциясының мәтінінде еш нәрсе де оның кіріспесінде

    баянды етілген уәждерге қайшы бола алмайды.

  • 10

    І БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1-бап

    1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам және

    адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

    2. Республика қызметінің түбегейлі міндеттері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық

    патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық

    әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс

    беру арқылы шешу.

    «Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағын ресми

    түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2001

    жылғы 21 желтоқсандағы N 18/2 қаулысынан: Қазақстан, мемлекеттің мүмкiншiлiгiне қарай отырып, өзiнің азаматтарына

    игiлiктi өмiр сүру үшiн жағдай жасау және жеке адамның еркiн дамуы арқылы

    әлеуметтiк теңсiздiктi жұмсартуға мiндеттеме алатын мемлекет ретiнде

    дамуға ниет танытады.

    ... «өзiн орнықтырады деген тiркес» ...әлеуметтiк мемлекет ретiнде Қазақстан

    дамуының ырғақтылығын көрсетедi, оған сөзсiздiк және әлеуметтендiру

    процесiне бағытталғандық сипат бередi. Республиканың өзiн әлеуметтiк

    мемлекет ретiнде орнықтыруы, сондай-ақ Қазақстан қоғамында әлеуметтiк

    әрiптестiк пен оң қарсыластық дамуын көздейдi.

    ... Конституцияның I-бөлiмiнің жалпы ережесi («адам және адамның өмiрi,

    құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына болып табылады» Қазақстан

    Республикасы үшiн жалпы адамзат құндылықтарының басымдығы болатынын

    айғақтайды.

    «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне діни сенім бостандығы

    және діни бірлестіктер қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен

    толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының

    конституциялылығын тексеру туралы» Конституциялық Кеңестің 2002

    жылғы 4 сәуірдегі № 2 қаулысынан:

    Конституцияның 1-бабы 1-тармағымен көзделген, мемлекеттің зайырлы сипаты,

    діннің мемлекеттен бөлінуін білдіреді. Бұл аталған норма-принцип өзге

    конституциялық нормаларда нақтылана түседі. Конституция 5-бабының 1-

    тармағына сәйкес қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне

    жол берілмейді. Конституцияның 14-бабына сай заң алдында жұрттың бәрі тең,

    бұл, зерделеу нысанына қатысты қолданыста, барлық діндер мен діни

    бірлестіктер заң алдында бірдей екенін, кейбір діндер мен діни бірлестіктерге

    басқаларға қарағанда қандай да бір артықшылықтар жасалуына жол

    берілмейтінін, дінге көзқарасына, нанымына байланысты немесе кез келген өзге

    жағдаяттар бойынша кемсітуге тыйым салынатынын білдіреді.

    1. Қазақстан мемлекетін басқарудың формасы Республика болып табылады.

    Республикадағы мемлекеттік билікті халық сайлаған немесе демократиялық

    жолмен тағайындалған жоғары және жергілікті өкілетті және атқарушы органдар,

    жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүзеге асырады.

    Конституцияның «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,

    құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтырады» деген ережесінде негіз қалаушы

    екі бастама бар:

  • 11

    1) «Болып табылады» деген сөзді емес, «орнықтырады» сөзін пайдалану арқылы

    Конституция Қазақстан Республикасы мемлекет дамуының кезеңінде тұрғанын атап

    көрсетеді.

    2) Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік

    мемлекет жолында дамиды. «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға

    дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында» құқықтық, зайырлы,

    демократиялық және әлеуметтік мемлекет ұстанымдарын бекіту туралы айтылады.

    Қазақстан мемлекетінің даму параметрлері Қазақстан Республикасының 2007

    жылғы 21 мамырдағы Заңында анықталған. Осы заңға сәйкес Парламенттен бастап,

    жергілікті өкілді органдарға және өзге де өзін-өзі басқару органдарына дейінгі

    мемлекеттік органдардың қалыптасуы мен қызметінің демократиялық негіздері

    кеңейтілген. Мемлекет пен қоғам институттарының ынтымақтастығы үшін шектеулер

    алынды, саяси партиялар мен қозғалыстардың дамуы үшін құқықтық жағдайлар жасалды.

    Құқықтық мемлекеттің ұстанымдарын әрі қарай дамыту мақсатында оның бар күш-жігері

    адамның конститутциялық құқығы мен бостандығын жүзеге асырудың барынша

    мүмкіндігіне кепілдік беруге, барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың,

    азаматтар мен тұлғалардың конститутциялық міндеттерін толық орындауына

    бағытталған. Қазақстанда, зайырлы мемлекеттегі сияқты конфессияаралық татулық пен

    келісім бекітілген, атеистік көзқарасты азаматтардың құқығы, діндар (сенуші)

    азаматтардың құқығымен бірдей деңгейде сақталады. Мемлекет діни ұйымдардың

    қызметіне араласпай, конфессиялармен өзара іс-әрекетті құқықтық негізде қамтамасыз

    етуге ұмтылады. Құқықтық саясат тұжырымдамасында әлеуметтік мемлекет құрудың

    негізін қалаушы ұстанымдары мен әлеуметтік құқықтары Конституцияда бекітілгені атап

    көрсетіледі. Осыған байланысты қазақстандық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі

    «қазіргі заманғы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру және әлеуметтік құқықты қамтамасыз

    етудің пәрменді тетіктерін қалыптастыру» болып табылады.

    Қазақстан мемлекетінің адамды және адамның өмірін, құқықтары мен

    бостандықтарын ең қымбат қазынасы деп тануы мемлекеттің адамға үнемі қамқорлық

    көрсетіп, адам жақсы өмір сүруі үшін оған қажетті барлық жағдайды жасайтынын, оның

    денсаулығын қорғау үшін шаралар қабылдайтынын, мемлекет адамның өмірін

    қолсұғушылықтан қорғайтынын білдіреді.

    2. Конституция мемлекет пен қоғам институттары қызметтерінің негізін қалаушы

    ұстанымдарын бекітеді.

    Қоғамдық татулық ұстанымы қоғамдағы түрлі әлеуметтік, этникалық және

    конфессиялық топтардың, түрлі көзқарастар мен идеялардың, пікірлердің болуына

    негізделеді. Мұндай түрлілік әлеуметтік, саяси тұрақтылықты бұзып, келіспеушіліктер,

    қақтығыстар және қарама-қайшылықтар туғызуы мүмкін. Қоғамдық татулық мемлекет

    пен қоғам институттарының күшімен аталған топтағы халықтардың алуандығына

    қарамастан кемсітушіліктерге жол бермей, тең құқықтылықты қамтамасыз етудің

    негізінде олардың жасампаз қызметтерінің процесінде қолдау табуы тиіс.

    Саяси тұрақтылық ұстанымы қоғам институттары мен мемлекеттік

    механизмдердің тұрақты қызмет етуіне, олардың келісілген әрекеттеріне қызмет етеді.

    Конституцияда саяси тұрақтылықтың берік негізі болатын саяси-құқықтық идеал сияқты

    социо-мәдени құндылықтар бекітілген. Саяси тұрақтылық оңтайлы экономикалық,

    әлеуметтік, мәдени-рухани, саяси реформаларды жүзеге асыру барысында нығая түседі.

    Қазақстан мемлекетінің қызметі және қоғамның күш-жігері экономикалық дамуға

    бағытталуы тиіс. Нарықтық қоғам құру мемлекет экономика мәселелерімен айналыспауға

    тиіс дегенді білдірмейді. Экономикалық даму мемлекеттің бірқалыпты реттеуші және

    ұйымдастырушы рөлінсіз, сондай-ақ экономиканың мемлекеттік секторын тікелей

    мемлекеттің басқаруынсыз жүзеге асырылуы мүмкін емес.

    Қазақстандық патриотизм мемлекет қызметі мен қоғамдық институттар

    ұстанымының негізін қалаушылардың бірі ретінде бұл – азаматтардың мемлекеттің және

  • 12

    қоғам өмірінің барлық салаларында олардың әлеуметтік, ұлттық және басқа да

    айырмашылықтарына қарамастан жалпылама мүдделерінің жүзеге асуы және түсіну

    (ұғыну).

    Мемлекет өміріндегі аса маңызды мемлекеттік мәселелерді шешудің

    демократиялық әдістері ұстанымының негізінде мемлекеттің барлық органдарының

    қызметі жатыр. Көрсетілген мәселелер референдумда, Парламентте, Үкіметте,

    мемлекеттің орталық және жергілікті органдарында шешіледі. Қазақстан

    Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында «біздің мемлекетіміздің

    Конституциясында бекітілген Республика қызметінің негізін қалайтын ұстанымдарды

    жүзеге асыру және қадағалау ... еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық және саяси-

    құқықтық дамуын қамтамасыз ететіні» атап көрсетілген.

    2-бап

    1. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

    2. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

    3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып

    табылады1.

    4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәні барабар.

    Конституциялық Кеңестің 2003 жылғы 23 сәуірдегі № 4 «Қазақстан

    Республикасы Конституциясының 2-бабы 2-тармағын және 6-бабы 3-

    тармағын ресми түсiндiру туралы» қаулысынан:

    ... мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн

    қамтамасыз етедi дегенді оның аумағын бөлшектеуге, мемлекеттiң келiсiмiнсiз

    табиғи ресурстарды пайдалануға және Қазақстан аймақтарының мәртебесiн

    өздiгiнше өзгертуге жол бермеушiлiк, мемлекеттiк шекараның мызғымастығы

    және мемлекеттiң ұлттық мүддесi мен егемендi теңдiгiне нұқсан келтiретiн

    аумақтық шегiнiмге тыйым салу деп түсiнген жөн.

    Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық өкiлдiктердi орналастыру

    үшiн жер учаскелерi шет мемлекеттерге жалға беру шартымен пайдалануға

    берiледi. Өздерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi орналасатын аумақта шет

    мемлекеттердiң юрисдикциясы халықаралық құқықпен танылған және Қазақстан

    Республикасы Конституциясының 2-бабы 2-тармағында баянды етiлген

    аумақтың егемендiгi, тұтастығы, қол сұғылмауы және бөлiнбеуi принциптерiн

    бұзбайды.

    1. Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік құрылысы бойынша біртұтас

    мемлекет болып табылады. Қазақстанның аумағында автономиялық құрылымдар жоқ.

    Біртұтас мемлекеттегі сияқты, Республикада бір Президент, бір заң шығарушы орган –

    Парламент, бір жоғары атқарушы орган – Үкімет, бір жоғарғы сот органы – Қазақстан

    Республикасының Жоғарғы Соты, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары

    және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызмет етеді. Конституция Қазақстан

    Республикасының бірыңғай азаматтығын мойындайды.

    Қазақстан Республикасының Конституциясы басқарудың президенттік нысанын

    бекітті. Президент мемлекеттік биліктің бірде-бір бұтағына жатпайды, бірақ оларға

    кірмейтін, барлық бұтақтар мен органдармен өзара әрекет етеді, оларға өзінің өкілеттілігін

    тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.

    1 2-баптың 3-тармағы 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңның редакциясында.

  • 13

    2. Қазақстан Республикасының егемендігі дегеніміз мемлекеттік биліктің жоғары

    органдары – Президент, Парламент, Үкімет, орталық органдар өз құзіреттілігі шеңберінде

    Қазақстанның бүкіл аумағында заң күші бар нормативтік құқықтық актілер

    қабылдайтынын білдіреді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының егемендігі барлық

    мемлекеттік жоғары органдар өз құзіреттілігі шеңберінде еліміздің бүкіл аумағында

    ұйымдастырушылық және басқа да шараларды жүзеге асыратынын білдіреді. Мемлекеттік

    органдар өзінің қызметін басқа мемлекеттердің ықпалына тәуелсіз жүзеге асырады.

    Конституция аумақты тұтас, қол сұғылмайтын және бөлінбейтін деп таниды.

    Тұтастық дегеніміз мемлекет Қазақстан аумағын бөлуге жол бермейді дегенді білдіреді.

    Бөлінбейді дегеніміз мемлекеттік биліктің бірде-бір органы Қазақстан Республикасы

    аумағының қандай да болмасын бөлігін шетелдік жеке және заңды тұлғалардың, басқа

    мемлекеттің меншігіне беруге бағытталған шешім қабылдауға құқы жоқ дегенді білдіреді.

    Қазақстан Республикасы аумағының қол сұғылмаушылығы дегеніміз Қазақстан

    Республикасының демаркациялық белгілермен анықталған және шектесуші

    мемлекеттермен келісімшарттар арқылы бекітілген аумағын ешкімнің бұзуға құқы жоқ

    дегенді білдіреді. Егер де аумақтық тұтастыққа, Республиканың қол сұғылмаушылығына

    қауіп-қатер төнсе, Қазақстан Республикасының Президенті аталған жағдай талап ететін,

    Қазақстанның бүкіл аумағына кіретін және кейбір төтенше жағдайда Қарулы күштерді

    қолданатын шара қабылдайды.

    3. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993

    жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы жүйені, категорияны

    (санатты), басқа да әкімшілік-аумақтық бірлік мәселелерін анықтайды. Әкімшілік-

    аумақтық бірліктер деп: ауыл (село), кент, ауыл (селолық) округ, қаладағы аудан, қала,

    аудан және облыс есептеледі. Елді мекендер қалалық және ауылдық деп бөлінеді. Қалалық

    елді мекендерге республикалық маңызы бар қалалар (Астана және Алматы), кенттер

    облыстық және аудандық маңызы бар елді мекендер қатарына жатады. Қалғандары

    ауылдық елді мекендерге жатады.

    Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы болып табылады. Астана

    қаласының мәртебесі 2007 ж. шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының

    астанасы туралы» Заңмен анықталады. 1998 жылдың шілдесінде «Алматы қаласының

    ерекше мәртебесі туралы» Заң қабылданды.

    4. «Қазақстан Республикасы» және «Қазақстан» атаулары мағыналарының түрлілігі

    мынаны білдіреді: егер де «Қазақстан» термині пайдаланылса онда «Қазақстан мемлекеті»

    деп түсіну қажет, ал егер де «Қазақстан Республикасы» термині пайдаланылса онда

    мемлекеттік басқару нысаны, сондай-ақ мемлекет деп түсіну қажет.

    3-бап

    1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. 2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін

    сайлаулар арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды

    мемлекеттік органдарға береді.

    3. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан

    билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық

    өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де

    мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана

    билік жүргізеді.

    4. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың

    тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау

    принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

  • 14

    Конституциялық Кеңестің 2003 жылғы 1 желтоқсандағы № 12 «Қазақстан

    Республикасы Конституциясының 10 және 12-баптарын ресми түсіндіру

    туралы» қаулысынан:

    ... Қазақстан халқы – Қазақстан Республикасы мемлекетінің, оның егемендігінің,

    тәуелсіздігінің және конституциялық құрылысының негізі болып табылады.

    «Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша “Нотариат туралы” Қазақстан

    Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру

    туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31

    қаңтардағы № 1 қаулысына түсіндірме беру туралы» Конституциялық

    Кеңестің 2006 жылғы 6 шілдедегі № 3 Қосымша қаулысынан:

    ... Конституцияның бұл ережелері мемлекет атынан билік жүргізу құқығын,

    Негізгі Заңның өзінде көрсетілгендерді қоспағанда, өзге субъектілерге берудің кез

    келген нысандарына жол берілмейтінін білдіреді.

    «Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 2-тармағын, 53-

    бабының 3) және 4) тармақшаларын ресми түсіндіру туралы»

    Конституциялық Кеңестің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 5 Нормативтік

    қаулысынан:

    Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – Қазақстан халқы, ол өзіне тиесілі

    билікті тікелей жүзеге асырады және (немесе) өз билігін жүзеге асыруды

    мемлекеттік органдарға береді. Бұл ретте халық пен мемлекет атынан билік

    жүргізу құқығы Республика Президентіне, сондай-ақ өзінің конституциялық

    өкілеттігі шегінде Парламентке берілген (Конституцияның 3-бабының 1-3-

    тармақтары).

    Мемлекеттік биліктің институционалдық түрде тармақтарға бөліне отырып,

    жиынтықтала келгенде біртұтастығы биліктің тиімділігі мен орнықтылығын,

    сондай-ақ биліктің әртүрлі тармағына жататын мемлекеттік органдардың

    үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

    «Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормаларын

    халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдерін орындау

    тәртібіне қатысты қолданыста ресми түсіндіру туралы» Конституциялық

    Кеңестің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 6 Нормативтік қаулысынан:

    Халық атынан билік етіп және оның ерік-жігерін жүзеге асыра отырып,

    Мемлекет басшысы сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды,

    халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді

    (Конституцияның 40-бабының 1-тармағы), келіссөздер жүргізеді және

    Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды, бекіту грамоталарына қол

    қояды (44-баптың 11) тармақшасы), ал Республика Парламенті заңдар қабылдау

    арқылы Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және

    олардың күшін жояды (Конституцияның 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы).

    ... Республика Президенті мен Парламентінің конституциялық өкілеттіктері

    халықтың ерік-жігері мен мемлекет егемендігін жүзеге асырудың, сыртқы

    саясаттың негізгі бағыттарын, халықаралық қатынастар саласында Республика

    Конституциясының ережелері мен нормалары іске асырылуын қамтамасыз

    етудің нысаны болып табылады.

    1. Қазақстан халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп тану, біріншіден,

    мемлекет пен оның органдары халықтық қалауы бойынша қалыптасатынын білдіреді.

    Халық Республика Президентін тікелей сайлайды. Халық тікелей немесе өзінің өкілдері

    арқылы Республика Парламентін, жергілікті өкілетті органдар - мәслихаттарды сайлайды.

    Екіншіден, Қазақстан халқының мемлекеттік еркіндігі Қазақстанның дамушы,

    қолданыстағы ұлттық құқығының негізінде жатыр. Қазақстан Республикасының

    Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды,

    jl:51005029.400000%20jl:51005029.440000%20jl:51005029.540000%20

  • 15

    Қазақстан халқы жаңа ұлттық құқықтың конституциялық негізін қалады, мемлекеттік

    құрылым мен басқару нысандарын, мемлекеттік билік тармақтарының құрылымын,

    мемлекеттің бүкіл механизмін, қызмет пен ұйымдастырудың демократиялық

    ұстанымдарын анықтады. Халық мемлекеттің реттеуші рөлін сақтай отырып, нарықтық

    қарым-қатынастар бағытындағы экономикалық даму мен меншік нысанын бекітті. Халық

    өзінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша ықтиярын ашық айтты.

    2. Халық өзінің еркін тікелей және жанама білдіреді. Еркін (қалауын) тікелей

    білдірудің жолдары төмендегідей: а) республикалық референдумдарға; б) Республика

    Президентін сайлауға; в) Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға; г) мәслихат

    депутаттарын сайлауға қатысу арқылы. Мемлекеттік билік органдарын қалыптастыру

    барысына қатысу арқылы халық өзінің жанама ықтиярын өзі ұсынған депутатты сайлау

    арқылы білдіреді. Халық мәслихаттар депутаттарына Парламент Сенаты депутаттарын

    сайлау құқын береді. Президент халық атынан белгілі бір лауазымды тұлғалар

    категориясын (санатын) тағайындайды.

    3. Конституция Республикадағы билікті орталықтарда, жергілікті жерлерде де

    өздігінен иеленуге тыйым салады. Мұндай акциялар үшін қылмыстық жауапкершілік

    қарастырылған.

    Конституция халық және мемлекет атынан әрекет жасауға тек Президентке ғана

    құқық береді. Парламент халық пен мемлекет атынан өзінің конституциялық өкілеттілігі

    аясында ғана әрекет жасайды. Парламет жағдайының ерекшелігі сол, ол тек қана заң

    шығарушы тармақ болып табылады, сондықтан да заң арқылы халық пен мемлекеттің

    еркін білдіреді. Үкіметті тікелей халық сайламағандықтан, ол өз өкілеттігі аясында

    мемлекет атынан билік жүргізеді. Конституцияда көрсетілген «басқа да мемлекеттік

    органдар» деп отырғаны төмендегілер: орталық, жергілікті мемлекеттік органдар,

    прокуратура, Конституциялық Кеңес, Орталық сайлау комиссиясы. Конституцияда

    көрсетілген «өкілеттік берілген» деп отырғаны, олар Конституцияда бекітілген заңдар,

    басқа да нормативтік құқықтық актілер, олар Үкіметтің, басқа да мемлекеттік

    органдардың мәртебесін анықтайды.

    4. Мемлекеттік билік органдары жүйесінің бірыңғайлығы мемлекет тұтастығының

    басты шарты, Қазақстан Республикасы егемендігінің көрсеткіші болып табылады.

    Біртұтас Қазақстан мемлекетіндегі мемлекеттік биліктің бірыңғайлығы жоғары

    органдардың бірыңғай жүйесі: Парламент, Үкімет, Жоғарғы Сот, Прокуратура, Орталық

    сайлау комиссиясы бар екендігін білдіреді. Аталған органдар бір жағынан мемлекеттік

    биліктің үш тармағын, ал екінші жағынан, мемлекеттік билік салаларына кірмейтін

    органдар жиынтығы мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесін құрады.

    Мемлекеттік биліктің тармақтары – заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары

    конституцияда қарастырылған шеңберде өзара іс-әрекет етеді. Бұл ретте тежемелік әрі

    тепе-теңдік механизмі әр тармақ өз өкілеттігі шегінде қызмет етуі үшін және тармақтың

    басқа бірі өз өкілеттігін асыра пайдаланған жағдайда құқықтық тұрғыда қарсы әрекет

    етудің құралы ретінде пайдаланылады. Мемлекеттік билік тармақтарының қызмет істеу

    практикасы көрсетуінше тежемелік әрі тепе-теңдік механизмі тармақтардың арасындағы

    өзара қарым-қатынастың ұтымды табылған құралы болып отыр. Тежемелік әрі тепе-теңдік

    жүйесі бұл – билік салаларының қызметін заң шеңберінде ұстаудың конституциялық

    тәсілі. Мәселен, Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды

    қабылдай алады. Ал Жоғарғы Сот тек сот тәжірибесі мәселелері бойынша нормативтік

    қаулылар қабылдауға құқы бар. Бірінші жағдайда, егер Парламент заңға тәуелді актілер

    реттейтін мәселелер бойынша заң қабылдайтын болса, Конституциялық Кеңес заңды

    конституцияға сәйкес емес деп тануы мүмкін. Егер де Жоғарғы Сот сот тәжірибесіне

    қатысы жоқ нормативтік қаулы қабылдайтын болса, онда прокуратура оған наразылық

    білдіруі мүмкін.

    4-бап

  • 16

    1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған

    сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық

    шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика

    Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының

    нормалары болып табылады.

    2. Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар және Республиканың бүкiл

    аумағында ол тiкелей қолданылады.

    3. Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан

    басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң

    шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады.

    4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық

    шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен

    мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау

    оларды қолданудың мiндеттi шарты болып табылады.

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінiң 1997 жылғы 6 наурыздағы

    «Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағын; 14-

    бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-

    тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» № 3

    қаулысынан:

    ... Жоғарғы Соттың заңды (оның нормаларын) қолдану мәселелерi жөнiндегi

    соттарға берген түсiндiрулерi бар ондай қаулысы ғана нормативтi ретiнде

    қаралады және онда субъектiлердiң сот iсiн жүргiзу саласындағы нақты ережесi

    тұжырымдалады. Республиканың барлық соттары үшiн мiндеттi болып

    табылатын мұндай нормативтi қаулы Қазақстан Республикасының

    Конституцияны қоса алғанда, сот тәжiрибесiнде қолданатын заң нормаларын

    мәселелерi бойынша шығарылады..Республика Конституциясының жоғары

    тiкелей заң күшi бар және ол Республиканың барлық аумағында қолданылады. Бұл

    конституциялық ережеге сәйкес, соттардың iстi қарағанда барлық қажеттi

    жағдайда Республика Конституциясын тiкелей күшi бар акт ретiнде

    қолданғандары жөн. Қазақстан Республикасының қолданылатын құқығы бұл

    жерде өкiлеттi субъектiлер белгiленген тәртiппен қабылдаған нормативтi

    құқықтық актiлердегi құқық нормалары жүйесi ретiнде қаралып отыр.

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 11 қазандағы

    «Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің қаулысы 2000 жылғы 11

    қазан» № 18/2 қаулысынан:

    ... Республика Конституциясына сәйкес, заңда белгіленген тәртiппен жасалған

    және Республика Парламентi тиiстi заң қабылдау жолымен бекiткен

    халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басым заңи күшi бар деп тану

    және қолдану лазым.

    1. Бап конституциялық құқық теориясы үшін түбегейлі мәні бар ережелерді

    бекітеді. Қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттерде құқықтың күрделі құрамы мен көп

    аспектілерін құбылыс ретінде есептейтін, нысан мен мазмұнның бірлігін көздейтін, оған

    құқықтық сана мен құқықтық қатынас элементтерін, құқық нормалары мен мәтінін,

    қалыпты-құқықтық негіздерін қосатын, құқықты түсінуге синтетикалық (интеграциялық)

    көзқарас таратылған2. 4-баптың 1-тармағында қолданыстағы құқықтың, соның іш