жасуша құрылысы

26
Жасуша құрылысы Аянасова Л.А. Қазақстан, Ақтөбе қаласы НЗМ Ақтөбе Биология

Upload: laurakairat

Post on 27-Jun-2015

7.415 views

Category:

Documents


5 download

TRANSCRIPT

Page 1: жасуша құрылысы

Жасуша құрылысы

Аянасова Л.А.

Қазақстан, Ақтөбе қаласы

НЗМ Ақтөбе

Биология

Page 2: жасуша құрылысы

Қаіпсіздік техникасыO 1. Үстел үстінде тек сабақ барысына қажетті құралдар болу қажет.O 2. Спиртті шам пайдаланған абай болу қажет (шаш, киім). Спирт шамды

үрлеуге болмайдыO 3. Өткір заттармен пайдаланғанда өзіңді және көршіңе қарай бұруға

тиым салынады. O 4. Қыздыру кезінде өзіңе және көршіңе бұруға тиым салынады. (күйік)O 5. Қышқылдар мен сілтілерді шыны ыдысқа құю қажет. Және

қышқылды суға құю қажет. O 6. Тыңайтқыштар мен құрғақ химиялық заттарды қолмен ұстауға тиым

салынады. Арнайы қолғаптар киген дұрыс.O 7. Қажетсіз қалған химиялық заттарды арнайы ыдысқа құю қажет.O 8.Шыны ыдыстармен абай болу қажет..O 9. Шыны ыдыстарды су сабынмен жууға болмайды. O 10. Тәжірибе аяқталысымен қолды сабындап жуу қажет.

Page 3: жасуша құрылысы

Биология OБиология-(грекше. «биос»-

тіршілік және (логос) - ғылым)-тірі табиғатты зерттейтін ғылым.

Page 4: жасуша құрылысы

Цитология

Цитология- жасуша туралы ғылым.

(грекше. "цитос" - жасуша, "логос"-ғылым)

Page 5: жасуша құрылысы

Жасуша құрылысы.Өсімдік жасушасының құрылысы.

Page 6: жасуша құрылысы

Жасуша

OЖасуша - тірі ағзалардың құрылымының ең қарапайым бөлігі.

Page 7: жасуша құрылысы

Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды.

XVIIғ 1662 жылдан бастап Р.Гук (1635 – 1703) түрлі обьектілерді: тығын шұрықтарын(поралар),

қымыздық, қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді.

Page 8: жасуша құрылысы

O17 ғасырдың 70-жылдарынан бастап голландық Антони Ван Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап,оның көмегімен судағы біржасушалы ағза-кірпікшелі кебісшені тұңғыш рет көрді.

Page 9: жасуша құрылысы

OТірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье көрген еді. Ол жасушаның ішіндегі сұйықты протоплазма немесе алғашқы плазма деп атады. Ал Роберт Броун ядроны ашты.

Page 10: жасуша құрылысы

O 19 ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары кеңінен зерттеліп,олардан алынған мағлұматтар 1838-1939 жж.ботаник Маттиас Шлейден мен зоолог Теодор Шваннға жасушалардың құрылысы туралы ортақ қортынды жасауға мүмкіндік берді.

Page 11: жасуша құрылысы

Плазмалық жарғақша

O Плазмалық жарғақша (лат. membrano – өң, жұқа қабықша) жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген.

O Қызметі: Өткізгіштік, зат алмасу процесіне қатысады, заттарды тасымалдайды.

Page 12: жасуша құрылысы

ЦитоплазмаO Цитоплазма-плазмалық жасуша арқылы бөлінген

жасушаның қоймалжың ішкі ортасы болып табылады.O Қызметі: 1. Эндоплазмалық тор, митохондрия,

пластидтер,гольджи жиынтығы,лизасома, жасуша орталығы, вакуоль және т.б. Жұмысын реттеп отырады.

2. Жасуша жұмысын реттеп тұратын ферменттерге бай, олар зат алмасуды тездетеді.

Page 13: жасуша құрылысы

Эндоплазмалық тор

O Цитоплазма ішінде бір-бірімен тығыз байланысқан түтікшелердің, вакуольдердің, цистерналардың жиынтығынантұратын күрделі жарғақшалар жүйесі. Екі түрі бар: түйіршікті, тегіс бетті.

O Қызметі: 1. Түйіршікті ЭТ рибосоманың болуына байланысты ақуыз синтезіне қатысып, жасушаның қажетті жеріне тасиды.

2. Липидтердің, гликогеннің синтезіне қатысады.

Page 14: жасуша құрылысы

РибосомаO Рибосома –жасушаның ақуыз биосинтезіне қатысады. O Рибосома рибонуклеин қышқылы мен ақуыздан

тұрады.(50-63%).O Қызметі: 1. ақуыз синтезіне қатысады.

2. ЭТ жарғақшасындағы рибосомалармен бірігіп, полирибосома құрайды. Олар жасуша тіршілігне қажетті ақуызды синтездейді.

3. Митохондрия мен хлоропластағы рибосомалар олардың құрылыс қызметін атқарады.

4. Магний мен кальций болуына орай зат айналым процесіне қатысады.

Page 15: жасуша құрылысы

МитохондрияO Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion –

дән, түйіршік) - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді болып келеді. Жарғақшамен қапталған түпнегізден, жарғақша аралық кеңістіктен, сыртқы жарғақшадан тұрады.

O Қызметі: 1. Энергия қоры АТФ түзіледі.

Жануарлар жасушалары одан энергияны 95 %, ал өсімдіктер мен саңырауқұлақтар одан азырақ бөлігін алады. Оны «Күш беретін станциясы«деп атайды.

Page 16: жасуша құрылысы

ПластидтерO Пластидтер-жасыл өсімдіктер жасушаларының

тұрақты органоиды. Саңырауқұлақтарда, көк-жасыл балдырларда және бактерия жасушаларында болмайды.

O Үш түрі бар:

1. жасыл-хлоропластар (жапырақ, жасыл мүшелер мен балдырларда)

2. Қызыл, қызғылт-сары, сары-хромопластар (жемістерде, жапырақтарда)

3. түссіз-лейкопластар (сора, тұқым, түйнек, тамырларда)

Page 17: жасуша құрылысы

Голдьжи жиынтығыO 1898 жылы итальян ғалымы Гольджи жануарлар

жасушасынан тапқандықтан бұл органоид осы ғалымның есімімен аталады. Орақ, таяқша пішінді жеке денешіктер түрінде кездеседі.

O Құрылысы:

1. жарғақшамен шектесіп, 5-10 топтаса орналасқан қуыстар.

2. Қуыстармен байланыса орналасқан ірі түтікшелер

3. майда көпіршіктер

Page 18: жасуша құрылысы

Голдьжи жиынтығыO Қызметі:

1. Полисахаридтер мен липидтердің синтезіне қатысатын ферменттер болады, олар биосинтез реакцияларының жүрісін жеңілдетеді.

2. Жасуша бөлінетін кездегі пайда болатын жарғақша синтезіне қатысады.

3. ЭТ синтезделген ақуыз, көмірсу, липид молекулалары Г.Ж жеткізіледі.

4. Жасушаның тіршілігіне зиянды улы заттарды бөліп шығарады.

Page 19: жасуша құрылысы

ЛизосомаO Лизосома (гр. "лизео" - ерітемін, гр. "сома" - дене)

–кішкене денешіктер. O Қызметі:

1. Өсімдіктер жасушаларында лизасоманың рөлін ірірек вакуольдер атқарады. Жануар жасушасында ферменттер жиынтығын ыдырата алады. Сондықтан оны жасушаның "ас қорту жүйесі" деп атайды.

2. Жасуша қартайған кезде лизасома жарғақшасының құрылысы бұзылып, жасуша тіршілігін жояды.

Page 20: жасуша құрылысы

Вакуоль

OВакуоль- жасушалардың дамуы мен ескіруі барсында цитоплазмада анық көріне бастайтын сұйықтық. (қызылшаның тамырларына, баклажанның жемістеріне, күзгі жапырақтарға)

Page 21: жасуша құрылысы

Жасуша орталығы

OЖасуша орталығы – центриоль және центросферадан тұрады.

OЖасуша орталығы жасушаның бөліну процесіне қатысады. (митоз,мейоз)

Page 22: жасуша құрылысы

ЯдроO Ядро –(грекше "карион«-ядро) жануарлар

мен өсімдіктер жасушаларының негізгі және тұрақты жиынтығы.

O Ядросы бар ағзалар-эукариоттар,ал жоғын-прокариоттар деп атаймыз.

O Қызметі:1. Генетикалық ақпаратты сақтайды2. Рибосомада жүретін ақуыз биосинтезі

барысында ДНК-дан и-РНК арқылы ақпарат беріп отырады.

3. Жасушаның тұқым қуалау мен дамуын басқарады.

Page 23: жасуша құрылысы

Хромосома

O Хромосома (гр. chroma - түсі, гр. soma - тән, тез боялатын дене) - тұқымқуалау қасиетін сақтайтын жіп, таяқша тәрізді түзіліс. Адамның дене жасушаларында хромосомалардың саны тұрақты - 46, жыныс жасушаларында 23. Хромосоманың бөліктерін - «ген» (грекше гр. genos - туыс, тегі бір) дейді.

Page 24: жасуша құрылысы

Ядрошық

O Ядрошық – 15% ДНК мен 80% ақуыздан тұрады. Ол рибосомды нуклеин қышқылдары және рибосомаларды синтездеу қызметтерін атқарады.

Page 25: жасуша құрылысы

Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының айырмашылығы

O Жануарлар мен өсімдік жасушаларынын, айырмашылығы:O 1. Жануарлар жасушасында центриоль болады. Жоғары

сатыдағы өсімдіктердің жасушаларында центриоль болмайды.

O 2.Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды, дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Өсімдіктер пластидтері арқылы ағзалық зат түзеді.

O 3.Қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы) қабықша тек өсімдік жасушасында болады. Ол өсімдіктің пішінін өзгертуге кедергі жасайды. Жануарлар жасушасындағы жарғақша (қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының тығыздалуынан пайда болған. Сондықтан жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады.

O 4.Ірі вакуольдер (латынша «уасиш» - қуыс) өсімдіктерде болады, ал жануарлардың тек бір жасушалы қарапайым түрлерінде (асқорыту, жиырылғыш вакуольдер) ғана болады.

Page 26: жасуша құрылысы

Үйге тапсырма1.Терминдер: O жасушалық мембрана, O цитоплазма, O ядро, O вакуоль, O митохондрия, O хлоропласт, O рибосома, O жасуша қабырғасы.2. Жасуша тақырыбына газет шығару.