Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · web viewБаянды...

44
Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан келе жатқан салтымыз бойынша 13 жас-мүшел жасқа толу құрметіне өткізілетін мүшел той туралы таныстыру; қазақ халқының ұлттық мәдениетін өзіне қатысты рәсімдермен байланыстыра отырып дәріптеуге үйрету; ұлттық дүниетаным қалыптастыратын,өзін тануға ықпал етер мерекелердің мазмұнын ұғындыру. І-жүргізуші-Бөкенбай: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Сіздер бүгінгі « Баянды болсын, 13 жас » деп аталатын кешімізге қош келдіңіздер. ІІ-жүргізуші-Зарина: Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраттар өте көп. Солардың қатарында ұлттық мерекелер мен тойлар да бар. Осы тойлардың ішінде ерекше аталатын той-туған күн мерекесі. І-жүргізуші: Бөкенбай Ата-бабаларымыз туған күнді жылма-жыл тойлай бермей, тек мүшел жас тойларын атап өтіп отырған. Себебі, әр мүшел жастың биологиялық,психологиялық өз ерекшеліктері бар. ІІ-жүргізуші:Зарина Бір мүшел жасты халқымыз Есейген шақ деп санаған. Сөнбесе сенім санадан Ынтымақ кетпес арадан

Upload: others

Post on 20-May-2020

16 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас »

Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан келе жатқан салтымыз бойынша 13 жас-мүшел жасқа толу құрметіне өткізілетін мүшел той туралы таныстыру; қазақ халқының ұлттық мәдениетін өзіне қатысты рәсімдермен байланыстыра отырып дәріптеуге үйрету; ұлттық дүниетаным қалыптастыратын,өзін тануға ықпал етер мерекелердің мазмұнын ұғындыру.

І-жүргізуші-Бөкенбай:

Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Сіздер бүгінгі « Баянды болсын, 13 жас » деп аталатын кешімізге қош келдіңіздер.

ІІ-жүргізуші-Зарина:

Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраттар өте көп. Солардың қатарында ұлттық мерекелер мен тойлар да бар. Осы тойлардың ішінде ерекше аталатын той-туған күн мерекесі.

І-жүргізуші: Бөкенбай

Ата-бабаларымыз туған күнді жылма-жыл тойлай бермей, тек мүшел жас тойларын атап өтіп отырған. Себебі, әр мүшел жастың биологиялық,психологиялық өз ерекшеліктері бар.

ІІ-жүргізуші:Зарина

Бір мүшел жасты халқымыз

Есейген шақ деп санаған.

Сөнбесе сенім санадан

Ынтымақ кетпес арадан

Кешегі күндер үлгісі

Аңыз бен жырмен тараған

Мүшел жас иелерін ортаға шақырамыз.

І-жүргізуші:Бөкенбай

13жас- біздің өміріміздегі ең бір тәтті балалық шағымыздың артта қалуы. 13 жас- біздің азамат болып қалыптасуымыздың бастамасы.

Page 2: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

ІІ-жүргізуші: Зарина « Көңіл аудар даналардың сөзіне, Адал жанды өнеге тұт өзіңе » дегендей, ұлы адамдардың өміріне тоқталайық:

1) 13 жасында Ұлы Абай ақындығымен елге таныла бастады.

2) 13 жасында алғашқы өлеңін Жүсіпбек Аймауытов жазған.

3) 13 жасында Қазыбек би «Қаз дауысты Қазыбек» атанған.

4)Ұлытау өңірінен шыққан Ағыбай батыр 13 жасында елін қорғауға атқа қонды.

5)Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров 13 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап алдына мақсат етіп қойған.

6)Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас талқан етіп жеңді. Осы кезде Исатайдың Жақия деген батыр баласы да қатысты. Сол күнде Жақия 13 жаста еді.

Енді осы мүшел той иелерінің өнердегі,спорттағы алған жетістіктеріне тоқталайық.

(Слайдтар көрсету)

І-жүргізуші: Бөкенбай

Бүгін мүшел тойда балалардың қадамы құтты, мәртебесі биік болып, үлкен белестерден көріне берсе екен деп тілеп отырған абзал аналар қаншама?

ІІ-жүргізуші: Зарина

Емес пе той халықтың қазынасы

Бабаның демеу болсын ақ батасы

Қастерлемей, кім ата салтын тастар

Ақ тілекпен,ақ әже шашу шашар (Шашу )

І-жүргізуші: Бөкенбай

Енді мүшел жас иелерінің өнерлеріне кезек берейік.

Тамаша бүгінгі күн біздер үшін

Page 3: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Аталып отыр міне бір мүшелім

Тамаша осы тойда ақ көңілден

Шырқаса Зарина ән«Көңілді күн»

ІІ-жүргізуші: Зарина

Ең ғажап күн-адамның мүшел тойы.

Ата-ананың салтанат құрған күні.

Біріміз-бірімізді құттықтайық

Құтты болсын әркімнің туған күні,-дей отырып, Нұрайым «Ертегілер» әнімен құттықтайды.

І-жүргізуші: Бөкенбай

Әуелден жомарт серіміз,

Асылын жырдың теріңіз

Білгіңіз келсе қазақты

Ән күйін тыңдап қөріңіз. 6.Светлана-Кенжемұраттың орындауында-Махаббат әні

ІІ-жүргізуші: Зарина

Қыздар-жастар биі

І-жүргізуші: Бөкенбай

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй

деп Абай атамыз айтқандай «Бол жанымда» әнін Бөкенбай орындайды.

ІІ-жүргізуші: Зарина

Диананы ортаға шақырайық.

Page 4: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

5.Диана:

Күй тартылып,барлық өлең айтылсын

Ана күліп,жақсы күнін ойға алсын.

Басқа тойды тойламасаң тойлама,

Балалардың мүшел тойы тойлансын.

Ән айтылсын,барлық ойын ойналсын.

Ана күліп,жақсы күнін ойға алсын.

Басқа тойды тойламасаң өзің біл

Балалардың туған күні тойлансын.

І -жүргізуші: Бөкенбай

Алдан күткен арайлы үміттерің

Біздің ұлдар өнерлі біліп пе едің

Сарбаздардай тізіліп тұр ортада

Құрметтейік жетінің жігіттерін.

КВН

ІІ-жүргізуші: Зарина

Өнерсіз адам болса да

Өнерсіз қазақ болмайды.

Егер де даусың болмаса,

Ортаға шығып билеңдер.

жастар биі

І -жүргізуші: Бөкенбай

Өзгеге көңілім тоярсың

Өлеңді қайтып қоярсың?

Оны айтқанда толғанып

Page 5: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Іштегі дертті жоярсың

кезекті Кенжемұраттың «Сүйген жарымсың» әніне берейік .

ІІ-жүргізуші: Зарина

Бастасаң әнді бір ғажап

Бүкіл жұрт болып қостайды.

Өнерсіз жанды бұл қазақ,

Қатарына елдің қоспайды.

Жігіттен түзде түзелген

Қалайша бір ән шықпйды.

Ортаға Жұлдызбекті «Жарайма» әнімен шақырайық.

І-жүргізуші:Бөкенбай

Сүйрік саусақ сағадан,

Мың бұралған өрмелеп.

Асып - тасып сабадан,

Биші кетер дөңгелеп дегендей

Светлананы ортаға үнді биі мен шақырамыз.

ІІ-жүргізуші: Зарина

Тамаша ақылға ақыл қоса берсек

Біліммен биіктерге ұша берсек

Тамаша жақсылықпен ата - ананы

Қуантып, Адам атын иеленсек.

9.Тамаша-Айтыс

І-жүргізуші:Бөкенбай

Қазақстан егеменді ел,тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып,буынған бел.

Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,

Page 6: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!

Зарина-Қазақ елі.

Ата-Аналардың тілегі.

ІІ-жүргізуші: Зарина

Сарыарқаның самалындай есеміз,

Тайсалмаймыз, талай сынды кешеміз.

Бізді өсіріп, еркелеткен ауылым

Мақтан етер перзентің боп өсеміз!

Қорытынды

«13-те отау иесі»дейді қазақ.Бұл сөздің мағынасы осы жаста отау құру емес екен.Он үштесің,ер жеттің,енді ақыл тоқтат,алдыңа айқын мақсат қой деген.Ал,мақсатымыз:алтын ұя мектебімізде сапалы білім алып,саналы тәртіп көрсету.Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең,есейе келе ата-анаңның,өз Отаныңның мақтанышы боласың.Баланың көргенді,әдепті болмағы үш тұғырға байланысты.Олар-ата-ана,ұстазы және өскен ортасы.Өмір қас-қағым сәтте өте шығатын ағынды өзен сияқты.Осы өмірдегі адамдар бір-бірінің қадірін біліп,бір-біріне қамқор,қайырымды,мейірімді болу керек.

Page 7: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Математика пәнін оқытуда ақпараттық технологияның ролі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» мен Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесінің мазмұны мен ұйымдастырылуындағы мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар тәсілдер анықталғандай, «бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттілігіне сай қазіргі заманғы білім беру жүйесі қажет».

ҚР-ның «Білім беру туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық рухани,біліктілік күш-қуатын жетілдіру,жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай отырып,зерделі азамат даярлау міндеті көзделген.

Бұрын орта білім беретін мектептің негізгі міндеті білім беру мен дағды біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе,қазіргі міндеті:ойы ұшқыр,шығармашылық қабілеті жоғары,өмірге икемді,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына,көлеміне,ойлау деңгейіне байланысты.

Жеке тұлғаны қалыптастыру тек қана әлеуметтік жағдайда ғана жүзеге асады,яғни адамның табиғи қабілеттеріне қоршаған орта әсер еткенде ғана толық ашылады.Ал,балаға бірден-бір әсер ететін орта-мектеп.Сондықтан да жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті мектепке жүктеліп,оқушының жеке қабілетін дамытуда,дарынын ашуда және қоғамдық белсенді әрекетін жүзеге асыруда мұғалімдердің іс-әрекеті мен озық тәжірибесі,қабілеті мен шеберлігі шешуші рөл атқарады.

Мұғалім дамымай оқушы дамымайды.Қазіргі заманғы ақпараттық және білім беру технологияларын пайдаланбай,оқушы мен мұғалімнің сапасын арттырамын деуге болмайды.Ұлтымыздың ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынов «білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп,білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан.Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Қазіргі мұғалім:

-Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын.

-Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін.

-Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын.

- Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын.

-Білімді,іскер,шебер болу керек.

Мұғалімдердің мақсаты-оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып,оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру.Қазіргі заман-

Page 8: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі.Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет.Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекетттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз- оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы,оқу қызметіндегі есептеуіш техниканын техникалық құралдары,олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады.Яғни,ақпараттық технология-білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.

Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Бүгіннің өзінде интерактивті технологиялар өмірімізгетерең еніп үлгерген педагогикалық құралдардың бірі,әрбір адамға өз шығармашылық потенциалын барынша ашып,оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.Заман ағымына қарай күнделікті сабақта бейне,аудио қондырғылар мен теледидарды,компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.Кез келген сабақта электронды оқулықты,интерактивті тақтаны пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Компьютер,электронды оқулықтың жеке тұлғаны дамытуға әсері:

-Оқу арқылы ақпараттың: 10%

-Ақпаратты тыңдау арқылы: 20%

-Тыңдау көрнекі құралымен ұштастырылғанда :40-50%

-Оқушының белсенділігінің артуына байланысты,70% есте сақталады;

Интерактивті тақтаны дидактикалық мақсатта пайдалану барысында,бұл құралдың оқушылардың,ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып,өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болады.Интерактивті тақтаны қызықты және мультимедиалық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады.Оқыту білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді.Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті айқын,ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.

Page 9: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

2.Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.

3.Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе,тез арада түзетуге болады.

4.Сабақта AKTIV ote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.

5.Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

6.Сабақтың өнімділігі артады.

7.Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді.Тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі,интерактивті тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады.Қажетті жағдайда,мұғалім тақта арқылы есеп шығаруды,құрал саймандарды қолдануды көрсетіп,түсіндіреді.Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап,қажет жағдайда қайталап қолдана алады.Сонымен, интерактивті тақта оқушылардың ойын бір ортаға жинақтап,қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.Қорытындылай келе бүкіл оқыту барысында әр түрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аудару қажет.Бұл оқыту тәсілі әртүрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді,сонда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болады.Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес,тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық,саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуді.Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,шығармашылықпен жұмыс істеп,оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:компьютерлік техниканы,интернет, компьютерлік желі,электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Н.Ә.Назарбаев:,,Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50елдің қатарына кіру стратегиясы”

2.,,Мектеп 2010’’журналы.

3.,, Педагогика және оқушы психологиясы 2012”

4.,,Математика және Логика 2012’’

Page 10: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Тақырыбы: «Әнім сен едің»

Мақсаты:

1. Шәмші Қалдаяқовтың өнерімен,өмірімен таныстыру,Шәмші сияқты бірақ

рет өмірге келетін ұлы адамды,оның өнерін сүюге,құрметтеуге үйрету.

2. Эстетикалық тәрбие бере отырып,өнерге қызығушылықтарын арттыру.

3. Әдемі ән арқылы өнерге баулу.

Көрнекілігі: Шәмшінің суреті,ән,музыка туралы нақыл сөздер,стенд,

интерактивты тақта,слайдтар,көріністер.

Барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Кіріспе сөз.

Шәмші-күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы,аса көрнекті сазгер,Қазақстан мәдениетіне еңбегін сіңірген қайраткер.Ол Оңтүстік Қазақстан обылысының,Қызылқұм ауданында туған.

«Шәмші қалай Шәмші атанды?» Көрініс

Шәмші-Амандықова.А. Құрдасы-Атабергенов.Ж.

Жәмшид деген ат алған сол бала,содан 30жыл өткен соң,Шәмші болып өсіп,жетіліп,вальстың патшасы болды.Шәмші ағамыздың кереметтей сазгер болғандығын оның жазушы досы Оразбек Бодықов елге танытқан екен.

Жәмшид,Шәмші атанып,атағы шартарапқа шарлап кеткенде оның анасы қайта жазылмастай ауруға ұшырап,Алматыдағы Шәмшіні шақырады.

Көрініс: Ана-Дабылова.Г Шәмші-Амандықова.А

Бұл 1957ж еді,Шәмші анасына берген бұл уәдесін 1961ж орындады.Бұл ән бірнеше елде айтылады.Моңғолиядағы қазақ мектептерінде сабақ алдында алдымен Моңғолияның гимні,содан кейін осы әнді айтып барып,сабақ бастайды екен.

«Ана туралы жыр»-әні.Орындаушы-Қалберген.Г.

Page 11: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Ахмет Жұбановты пір тұтатын Шәмші оның қызы Ғазизаны Мәскеудегі оқуын бітіріп,Алматыға қайта оралған шағында тұңғыш рет көреді.Ахмет аға сияқты дүниеге бір-ақ рет келетін адамның тал шыбықтай бұралған қызын көріп,өнерпаз қазақ қыздарына деген құрмет сезімі оянып,Ғазиза апасына арнап.

«Шынарым»-әні. Орындаушы:Амандықова.А

Жамбыл қаласының түбінде дүнгендер колхозында Шәмші үй салуды бастайды.Бірақ,не ақшасы жоқ,не жиған тергені жоқ Шәмшінің болашақ үйінің қаңқасы ғана салынып,құрылыс тоқтап қалды.Енді сол кездерде жазылған. «Дүнген қызы»әнін тыңдаңыздар. Орындаушы:Зейнолла.А.

Ән ішіңнен шыққан баламен тең,олардың өз тарихы тағдыры бар.1959ж оқудан шығып қалып,ауылға қайтуды ар санап,ауылдастарыңның үйінде жүре береді.Бір күні Алматыдағы «Тастақ» базарында бір топ сығандар гитараға қосылып,ән айтып жатқанда,Шәмші де қосыла кетеді.Сығандармен бірге 2 ай жүреді.Күз келіп,сығандар жылы жаққа қоныс аударуға мәжбүр болады,олар Шәмшіні өздерімен бірге алып кеткісі келіп,қалаған қызыңды ал,сен бізге керексің,-деп қолқа салады.Бірақ Шәмші ойлана,ойлана ермей қалады.Бірақ көпке дейін көңілді сығандар ортасын аңсап,түсінде көріп,сыған әуенімен оянатын болған.Сыған достарына,қыздарына деген сағынышының арқасында «Сыған серенадасы» әні өмірге келеді.

Орындаушы-Сағызғалиев.Н.

Бір күні Шәмшіге Қалдықожа деген жігіт келіп жолығысады.Көрініс.

«Арыс жағасында»-әні.Орындаушы-Атабергенов.Ж.

Шәмші тек сазгер емес,бата беруге де шебер екен.Бір ғажабы,оның берген баталары бір-біріне ұқсамайды екен.Осындай біртуар,қазақтың ұлы адамының баталарының біреуін сіздерге Жолдасов.Қ.айтып береді.

Бата:Көргенің рахат болсын Жүрген жерің рабат болсын Екі тойың қабат болсын Дастарханың берекелі болсын Әр күнің мерекелі болсын. Шайың қызыл болсын Ғұмырың ұзын болсын

Page 12: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Несібең таса берсін Дұшпаның қаша берсін. Шаңырағың Кремльдің сарайындай биік болсын Босағаң-Ақсақ Темірдің дарбазасындай берік болсын Беттеріңе түскен әжім қасірет тобы емес Шаттық күлкінің ізі болсын.Әумин.

Шәмші,Шәмші болғалы өтті небір замандар Бірін-бірі күндеумен өтіп жатыр адамдар Қулар менен зұлымдар,өмір сүре біледі. Қай заманда болса да,солар ғана күледі. Шындықпенен жүрсең сен жексұрын боп қаласың Етек-жеңнен тартқылап қайда қазақ барасың. 86-ның қырғынын есіңе алшы,кешегі? Желтоқсанды есіңе ал,жастар шыққан көшегі! Мұқағали,Шәмшілер тірі шақта шіркін-ай! Қошеметін қазақтың көрмеді ғой,бір күн-ай «Ештен дағы кеш жақсы»деді қазақ бабамыз, Егемендік алып ап,гүлдеп жатыр даламыз Қолымыздан келгені осы болды біздердің Ойыңыздан шықтық па,білмейміз біз сіздердің Осымен Шәмшіні зерттеп біттік демейміз Жалғастырар болсаңыз,біз де сізге келеміз.

Қазақта мұндай үлкен де,маңызды ән мұра қалдырған автор болмаған.Халқымыздың ардақты ұлының атымен Алматының бір көшесін,Алматыдағы Орталық залды атады.Шымкенттегі облыстық филормония алдына Шәмшінің ескерткіші қойылды.Шымкент,Тараз қалаларында Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық ән байқаулары өтеді.

«Жан-аға»-әні.Орындайтын:Қалберген.Г.

Жұмекен Нәжімеденовтың сөзіне жазылған «Менің Қазақстаным»әнінің шығу тарихы былай:Ақмоланы Целиноград атап,сол жақтағы 5 облысты бір өлке етіп,оны Ресейге бермекші еді,сонымен қасиетті қазақ жерін бөлшектеуге қарсылық білдіріп,осы әнді Шәмші жазады.1986жылы 17желтоқсанда бостандықты аңсаған қазақ жастары Алматыдағы Республика алаңында «Елім-аймен»бірге, «Менің Қазақстаным» әнінде айтты.Жастардың арманы орындалып,Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.Ендігі тыңдайтындарыңыз еліміздің гимні «Менің Қазақстаным».

Page 13: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Қорытынды сөз:Шәмшінің әндерінің қай ұрпаққа да берері мол. Тек оны жүрекпен айта білейік. Оны айта білуші-сіздер мен біздер. Осынша ғаламат,әндер шығарған Шәмшіні өлді деуге болмас. Ұрпақтарына қалдырған мұрасы мәңгі жасайды.

Page 14: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып кеңейту,білімге деген құштарлығын арттыру,озық ойлы оқушыны анықтау.

Дамытушылық:Оқушылардың білімге деген қызығушылығын және ойлау қабілетін,ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік:Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана білетін зейінді тұлғаны тәрбиелеу

Көрнекіліктер:интерактивті тақта(слайдтар)

Барысы:

1.Ойын мақсатымен таныстыру

2.Ойын шартымен таныстыру

3.Ойыншылармен таныстыру

4.Жеңімпазды анықтау

5.Жеңімпазды марапаттау. Ойыншыларды таныстыру

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреудің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар

Бәрінен де бастысы-барлығының

Қатты істейтін миы бар

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына,-деп сайыскерлерімізге сәт-сапар тілейміз.

Page 15: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

I. Айналым

Графиктер Формулалар Қызық сұрақтар

10. у=ах+в формуласының графигі

20. += формуласының графигі

30.у= формуласының графигі

40.у= формуласының графигі

10. V=abc

20. S= p(p-a)(p-b)(p-c)

30. = + -2bc cosA

40.S=ab/2

10. Ақбасов,Қарабасов,Сарыбасов үшеуі көшеде кездеседі.Үшеуінің шаштарының түстері фамилияларына сәйкес келмейді.Әр баланың шаштарының түстерін анықтаң?Ақбасовтың шашы қара емес.

20. Бұл- басы да,ұшы да жоқ,бір қызық фигура.Бұл барлық жерлерде қолданылады:тұрмыста,техникада т.б.Егер оның бойымен жүрсең де,бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың.Оны тағы катерлерде,үлкен кемелерде кездестіруге болады.Онда оны «құтқарушы» деп атайды.Бұл қандай фигура?

30.Бұл сондай бір нәрсе,әуелі бірдеңені білмейсің,білгің келсе іздеп тауып алуға болады.Кейде есептер соның көмегімен шығарылады.Олардың жапырақтары мен сабақтары бар ма екенін білмеймін,ал түбірлері бар,кеейде жоқ болуы да мүмкін

Екінші сыныпта-жай, 5 класта-күрделі,ал 10 класта-тригонометриялық деп аталады.

10

20

30

40

10

20

30

40

10

20

30

40

Page 16: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

40. Ежелгі Грецияның киімін киген қыз отыр,қолына әдемі құмыра ұстаған қара құл кіреді.Қыз құлға: «құмыраны трапедзионға қой» дейді. «Трапедзион» деген сөздің мағынасын тап?

II. Айналым

Қазақтың Ғалымдар Сандар

қара есептері

10.Түн ортасында бір атты адам үй тұсына келіп «Кім бар-ау,құдайы қонақпыз» дейді.Нешеусің?,-деді үй иесі. «Үшеуміз»-дейді жолаушы.Үшеу болсаң басқа үйге барып қон,-дейді үй иесі.Ит жетектеген аттылы жолаушы кетіп қалады.Жолаушы неге үшеуміз деді.?

20.Бір патшаның сұлу қызы болыпты. «Қызым он сегіз жасқа толған кезде, кімнің байлығы көп болса,соған қызымды беремін»,-депті патша.Сонда бір жігіт келіп: «Менің 27360 сандық алтыным бар,оған жыл сайын 33 сандық қосылып тұрады»,-депті.Патша жігітке 30000сандық алтын әкелсе,қызын беретінін айтыпты.Жігіт 30000сандық жинағанша,қыз неше жасқа толады?

30.Біреу жылқы соятынын көршілеріне хабарлайды.Әр жерден ет алушылар келеді.Мал иесі айналасындағы адамдарды көзімен санап,сәл ойланып қалады.Бұлардың әрқайсысына бір жіліктен берсем,онда 3 жілік ет артылып қалады,ал 2 жіліктен сатсам,3 адамға жетпей қалады.Енді қандай амал табайын.Ет алуға келгендер неше адам?

40.Қойшы шаруа малын ірілетуді ұйғарады.Түйе,сиыр, жылқысы бар ауылдасына барып,өз шешімін білдіреді. Ауылдасы : «Інгенімнің әр жілігі-2 қой,биемнің 2 жілігі-3 қой,ал сиырымның әр аяғы-1қой»,-дейді.Шаруа атқа

10

20

30

40

10

20

30

40

10

20

30

40

Page 17: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

мініп, түйе,сиырды үйіне айдап алып келеді.Шаруа қанша қойын айырбастады?

10.XIX ғасырда өмір сүрген ғалымның математикалық білімі бала кезден оянған.Ол 3 жасында өз әкесінің қатесін тапқан.7 жасында мектепке барған және мұғалімнің «1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын тап? » -деген есебін бірнеше секунд ішінде 5050-ге тен,-деп жауап берген.Ол математиканың «королі»атанған.Ол ғалым кім?

20.1048жылы 18 мамырда туылған.Ол-тәжік халқының дарынды ақыны,жергілікті медреседе білім алған.Араб тілін еркін меңгерген.Математика,физика,астрономия,философия,тарих, дін негіздерімен шұғылданған.Оның өлеңдері дүние жүзіне таралған.Қазақ ақыны Қуандық Шаңғытбаев оның өлеңдерін қазақ тіліне аударды.Ол 1131жылы дүние салды.Ол ғалым кім?

30.Ол 1850жылы 15қаңтарда генерал семьясында Москвада туды.Ол сабаққа зерек,ұқыпты болды.13 жасар шәкірт шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасын тауып,өзінің математикалық қабілетін көрсете білді.Ол ғылым,әдебиет қайраткері .Ол кім?

40.Бірде француздардың қолдарына испан әскери қолбасшының белгісіз жазумен жазылған бұйрығы түскен.Бұны шешу үшін шақырылған математик оның оқитын жолын тапқан.Сол кезден бастап француздар испандықтардың жоспарын алдын-ала біліп отырған.Осыматематикті шайтанның көмегімен оқиды деп,оны тіредей өртесін деп үкім шығарған. Бірақ бұл үкімнен математик қашып құтылған.Өз қаласында ол алдыңғы қатарлы адвокат, кейіннен корольдің оң қолы болды.Ол бірнеше күн ұйықтамай математикалық есептер шығарған.Ол кім?

10.Жеті атаны ата.

20.2санына байланысты мақал-мәтел айт

30.9белбеу,қос жібек екі мұрын, 1шүмек. (домбыра)

40.Ер неше рет өледі ,Қорқақ неше рет өледі? III.Айналым

Сұраққа «Иә» не «жоқ» деп жауап беру.

Page 18: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

1 . =625бола ма?

2. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы

=3,12-ге тең бе?

3. Ы.Алтынсарин «1 000 000» ұғымын қазақ жерінде алғаш таратты ма?

4. Биквадрат төртінші дәрежелі теңдеу ме?

5. Рене Декарт координат жүйесін ең алғаш енгізді ме?

6.Кез-келген санның 0 дәрежесі 0 бола ма?

7.Екі қатынастың теңдігі пропорция бола ма?

8. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 360° бола ма?

9. Үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы 300° бола ма?

10. Ең аз қабырғалы көпбұрыш-төртбұрыш бола ма? IV. Жанкүйерлерге

Сөзқумақтың ішінен математикаға қатысты сөздерді тап.

Қ О С Ы Н Д Ы Щ О Т А С В Р О Б К Е Л Е О Б Ө Л І Н Д І Д Ң Т З М И Н У Т Р А Д О З Х Ш Д Е Н А Е Е Н К Й А Р С Р Й Г У Н В Ы Р П Е Р Ы Р Н А Ы Л Ш А П И Р А Р Р П Д Ы К Г Ц М М Л Б Ұ Р Ы Ш Ы Ы А М Щ

V. Қорытындылау

Page 19: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Сабақтың тақырыбы:Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы

Мақсаты:

а)білімділігі:Оқушылардың үшбұрыш туралы білімдерін кеңейтіп,тереңдете түсіндіру,білімдерін ақпараттық технология бойынша пысықтау,білімін толықтыру,практикалық іскерлігін арттыру

ә)дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту,ғылыми көзқарасы мен белсенділігін арттыру

б)тәрбиелігі:Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа,пәнге деген қызығушылығын арттыру,өз бетімен жұмыс істеуге,тиянақтылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,практикалық жұмыс

Көрнектілігі: интерактивті тақта( слайд)

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

а)сабаққа қатысқан оқушылармен амандасу

ә)сабаққа қатысымын бақылау

II.Еске түсірейік(топтастыру стратегиясы)

III.Біліміңді тексер

Тік бұрышты

Тең бүйірлі Тең қабырғалы

ҮшбұрышДоғал бұрышты

Сүйір бұрышты

Тең бүйірлі,тік бұрышты

Әр түрлі қабырғалы

Page 20: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

IV.Жаңа тақырып

Теорема Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы180-қа тең

Анықтама Үшбұрыштың ішкі бұрыштарымен сыбайлас блолатын бұрыш үшбұрыштың сыртқы бұрышы деп аталады

Салдар: Үшбұрыштың сыртқы бұрышы өзімен сыбайлас емес екі ішкі бұрыштардың қосындысына тең болады

V.Тест сұрақтары

1.Үшбұрыштың екі бұрышы 65°,52°.Оның ішкі бұрышын тап?

а)65° ә)63° б)53° в)48° д)58°

2.Тікбұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 55°.Екінші сүйір бұрышын тап?

а)45° ә)35° б)55° в)48° д)58°

3.Тең қабырғалы үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарын тап

а)60°;120° ә)50°;130° б)70°;110° в)40°;140 ° д)30°;150°

4.Үшбұрыштың әрбір төбесінде неше сыртқы бұрыш болады?

а)6 ә)5 б)2 в)3 д)4

5.Бүйір қабырғалы арасындағы бұрыш 80° болатын тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышын тап?

а)55° ә)30° б)40° в)45° д)50°

Page 21: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

6.Үшбұрыштың сыртқы екі бұрышы 100°,150°.Үшінші сыртқы бұрышын тап?

а)120° ә)130° б)140° в)110° д)150°

7.Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі бұрышы 50°.Табан бұрыштарын тап?

а)70°,60° ә)65°,65° б)80°,50° в)90°,40° д)55°,75°

8.Үшбұрыштың бұрыштары 1,2,3 сандарына пропорционал.Үшбұрыштың бұрыштарын тап?

а)70°,20°,70° ә)67°,38°,75 °б)50°,40°,70° в)47°,58°,75° д)30°,60°,90°

VI.Проблемалық сұрақтар

1. Үшбұрышта екі доғал бұрыш бола ма?

2. Үшбұрышта екі тік бұрыш бола ма?

3. Үшбұрышта 1 доғал,1тік бұрыш бола ма?

4. Үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

VII.Класта есеп

№148.(ауызша) Мынадай үшбұрыштар бола ма?

1)45°,35°,110° 2)70°,60°,50° 3)90°,60°,50° 4)55°,45°,60°

№149.(ауызша) Үшінші бұрышын тап?

1)30°,50°,100° 2)60°,40°,80° 3)29°,30°,121° 4)81°,90,9°

№158. Сыртқы бұрыштар 120°,160°. Үшінші сырқы бұрышын тап?

Ж:80°

№160. Ішкі бұрыштарының бірі 50°,ал сыртқы бұрыштарының бірі 85°. Қалған ішкі бұрыштарын тап?

Ж:35°,95°

Page 22: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

№151. Бір бұрышы екіншісінен 45° артық,ал үшіншісі 15 °кем. Үшбұрыштардың бұрыштарын тап?

VIII.Сергіту сәті

Қанша үшбұрыш бар,сана?

IX.Практикалық жұмыс

1)Мынадай үшбұрыштарды сызғыш пен транспортирдің көмегімен сал

а)30°,60° в)30°,80°

2)Қағаздан қиып ал:Тең қабырғалы үшбұрыш,тең бүйірлі үшбұрыш,доғал бұрышты үшбұрыш,тік бұрышты үшбұрыш

X.» Үшбұрыштар туралы» ән(домбырамен)

XI.Үйге:&12 №158 №161 №160

Page 23: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Халықтық педагогика арқылы оқушының дүниетанымын қалыптастыру

«Қазақстан Республикасының 12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы орта білім беру тұжырымдамасында» қазіргі мектеп білім берудің тұлғалық- бағдарланған стратегиясының негізгі мақсаты оқушыларға деңгейлік түрде білім беру емес,олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып,өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең көрсетілген.Осыған байланысты жаратылыстану пәндерін оқыту барысында халықтық педагогика элементтерін пайдалану арқылы оқушылар-дың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу қажет.

Халықтық педогогика элементтерін жаратылыстыру пәндері сабағында қолданудың маңыздылығы білімділік,дамытушылық, тәрбиелілік мақсаттарын жүзеге асырып,оқушының өмірге өзіндік көзқарасын,өзін қоршаған ортадағы әр түрлі қоғамдық ой-пікір, ұлттық құндылықтарды оқушы санасында байланыстыра білу негізінде ұлттық мәдениет пен рухты сақтауға тәрбиелейді. Жаратылыстану пәндері қазіргі замандық оқыту жүйесіндегі іргелі пәндердің бірі. Әрбір жасөспірімнің қалыптасып дамуына өздері күнбе-күн өмірден сезінетін,еститін,көретін заттары мен құбылыстары,оқиғалары үлкен орын алады.Соның ең негізгісі-халықтық педагогика.

Қазіргі уақытта жаратылыстану пәндері мұғалімнің мақсаты оқушыларға жаратылыстану ғылымының негіздерін жалаң оқыту емес,олардың өмірге өзіндік көзқарасын қалыптастыру,қоршаған ортадағы әр түрлі қоғамдық ой- пікірлермен ,жазушы шығармалары- мен, халықтық этноматериалдармен жаратылыстану ғылымын оқушы санасында байланыстыра білу болып табылады.

Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін жаратылыстану пәндерін оқытуда,соның ішінде оқушылырдың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда ғасырлар сынынан өткентәлім тәрбиелік және танымдық мүмкіндіктері мол халықтық педагогика элементтерін пайдаланған тиімді.

І. Математика пәнінде халықтық педагогика элементтерін қолдану әдістері: Математиканың адам ойын дамытудағы рөлі жайлы А.И.Маркушевич: «Математикамен бала күнінен айналысқан адамдар өзінің ілтипатын дамытады,миы мен еркін жаттықтырады, көздеген мақсатына

Page 24: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

жеткізетін жігер мен табандылықты қалыптастырады».Десек те,математика оқушының ақыл- ойын өзінен-өзі тәртәпке келтіреді деуден аулақпыз,оқытудың бағытын, оқытудың тәсілдерінің тиімді жүргізілуінің алғы шарттарын негіздемекпіз. Математика сабақтарында халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі өміртәжірибесінен,салт-дәстүрлерінен,шаруашылық жүргізу тәсілдері-нен,ұлттық табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерді тиімді қамтып отыру,математикалық білімнің өзіне тән:ақыл алғырлығы,зерттеу ынталылығы,заңдылықтарды табуға қызығу-шылығы,дәлелдеуді логикалық ой тұжырымы арқылы іске асыру,дедуктивтік ой қортындылауы,жалпылама және ықшамды пікір айтуға ұмтылуы сияқты сапалы сипаттамаларының басымдылығына ықпал етуімен қатар дамытуға қозғаушы күш береді.

Осы арқылы математикалық ілім-білімге тән ынталылық, қызығушылық,логикалық ойлау білу, ықшамдылық, сапалылық қалыптасады.

1) Ауыздан ауызға таралып,ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халықтық ауызша есептері адам баласы космосқа сапар шегіп,ғылым мен техника кереметтеріне куә болып отырған бүгінгі заманда да өңін түсіре қойған жоқ.Талай-талай ғұлама абыздардың ойын түйін,тіліне тиек болған бұл есептер аса қарапайымдығымен,әрі логикалық шымырлығымен ерекшеленіп, математикалық ойды өмірмен байланыстыра,қысқа да бейнелі тілмен жеткізудің нәтижесінде,ұмытылмай, есте сақталып келген.Ертедегі қара танымайтын адамның малын,астығын, дүние-мүлкін санау,өлшеу жөніндегі қилы-қилы қиын есептері халқымыздың ғасырлар бойғы тұрмыс-тіршілігімен үндес, өмір танымымен өзектес келеді. Қазақ халқының ауызша есептерінің шарттары мен жауаптарында көбінше жүзге дейінгі натурал сандар жиі кездеседі.Есептерді шешкенде және жауабын тапқанда,берілген шарттарымен қоса,қазақ халқының тіршілік жағдайына,тұрмыс ерекшелігіне тән кейбір деректерді ескеру керек.Мәселен, «Мал айырбастау» деген есепте ірі мал иесі қойлы шаруаға «Інгенімнің әр жілігі екі қой,биемнің екі жілігі үш қой,сиырымның әр аяғы бір қой»дейді.Қойлы шаруа ірі мал иесінің айтқанына келісіп,оған қырық алты қойын береді де,орнына алған биесін мініп,інгенін жетеліп,сиырын айдап үйіне қайтады.Сонда інген,бие,сиырдың әр қайсысы неше қойға бағаланған? Байырғы қазақ ғұрпы бойынша , «ірі мал кейде он екі жілік»(немесе төрт аяғы бар деп) ет есебімен бағаланған.Есептің логикалық түйіні де осында.Ауызша есептердің кейбіреулерін айлап-жылдап ойланатын болған.Әйтсе де бұларды шығаруға талаптанушының арнайы математикалық білімі болуы міндетті емес,есепке бейімі болуы жеткілікті.Ал

Page 25: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

қиялы ұшқыр,ойы жүйрік адам оларды тез шығарып қоймай,неғұрлым тиімді жолдарын да сәтті тауып кете алады.[1]

2)Сандарды оқып-үйрену барысында,оларды есте сақтау үшін арасында сандар қолданыс тапқан мақал-мәтелдерді кеңінен пайдалануға болады.Бұл,санның адамзат өміріндегі маңызын анықтай отырып, сонымен қатар мақал- мәтелдердің тәрбиелік мәнін түсініп үйренуге септігін тигізеді.Осындай мақалдарға мысал келтіре кетейік:1-санына байланысты: «Бір жылы сөз бір күнге азық». 2-санына байланысты: «Екі жақсы қас болмас,екі жаман дос болмас». 3-санына байланысты: «Досыңды үш күн сынама,үш жыл сына». 4-санына байланысты: «төртеу түгел болса,төбедегі келеді». 5-санына байланысты: «Айдағаның бес ешкі,ысқырығың жер жарады».т.б Оқушы санды танып қана қоймай,оның ұлттық танымы да біршама тереңдейді. «1»санына Күн біреу,Жер біреу,Ай біреу.т.б. «2»санына Ақ-қара,Жарық пен қараңғы,Күн мен түн,Әке-шеше,Ата-әже.т.б. «3»санына Үш би,Үш арыс,Үш байлық,Үш мақсат,Үш алыс,Үш даусыз, Үш тәтті,Үш арсыз.т.б. «4»санына Төрт қонақ,Төрт қымбат,Төрт түліктің пірі.т.б. «5»санына Бес байлық,Бес қару,Бес жақын,Бес қатер,Бес дұшпан, Бес асыл.т.б. «6»санына Алты алаш,Алты қиын.т.б. «7»санына Жеті қазына,Жеті ата,Жеті күн,Жеті жетім,Жеті жұт.т.б. 3. Жұмбақ –халық поэзиясының нақты не бір затты немесе құбылысын тұспалдап айтатын және шешуінің алғырлығын сынайтын қысқа жанр.Жұмбақ жер жүзі халықтарының бәрін де бар. «Жұмбақ-жақсы жымдасқан метафора»-депті Аристотель.Жұмбақ қара сөз түрінде де,өлең түрінде де кездеседі,бейнелі суретпен де айтылады. [3] 1.Айқасқан екі аяқ,тұрады жоқты сұрап. (х) 2.Жоқ өзінде баста,қаста,мойында, жазулы тұр бойында. (Сызғыш) 3.Геометрияға мұра болады,патшаға мола болады. (Пирамида) 4.Басқа кисең бөрік,сәнді өзі көрік. (Конус) 4.Математика сабағында халқымыздың әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін көп кездестіреміз. «Симметрия» тақырыбында сандық,алаша,сырмақ тағы басқалардың жасалуы мен өрнектелуі-геометрия заңдылықтарына негізделген.Құрақ әр түрлі геометриялық фигуралардан тұрады. Бүгінде көрпе,жастық,жұмсақ ойыншықтар,шағын көрпешелер,әр түрлі естелік бұйымдар жасауда құрақ кеңінен қолданылады.Құрақ құрау кезінде қойылатын талап-ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы . Киіз үй-қазақтың шағын әлемі.Осы киіз үй құрылысында да шаңырақ- конус,уықтары-цилиндр,кереге-қиық конус.Сол сияқты шаңырақта-шар сегменті,доға,шеңбер бар.Туырлық,үзік-дөңгелек,сақина бөліктері,ал түндік шаршы тәріздес.Ошақ пен мосыны жасауда және пайдалануда стереометрия аксиомасында негіздеп жасаған. Ертеректе Шығыс елдерінде ұзындық

Page 26: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

өлшемдері ретінде адамның дене бөліктерінің өлшемі негізге алынған.Ол өлшем бірліктерін елі,тұтам,қарыс,сүйем,кез,сай кез,құлаш,шақырым деп атаған.Халық арасында,әсіресе,ауылдық жерлерде жиі қолданылатын «бие сауым», «сүт пісірім», «әрі-беріден соң», «қас пен көздің арасында», «қадам», «қарға адым», «батпан», «пұт», «қадақ», «мысқыл»,т.б. қашықтық өлшемдер мен салмақ өлшемдері-халқымыздың ғасырлардан туындаған күнделікті тұрмыстарында қолданылған бірліктер.Қазақта шақырым өлшеміне дауыс жетер жердегі қашықтық алынған.Құрық бойы,Шідер бойы,Тұсау бойы,Қадам,Аршын.

ІІ.Физика пәнінде халықтық педагогика элементтерін қолдану әдістері: 1.Механика заңы халықтың өмір сүру зертханасында,зерттеліп тұжырымдалған.Бұл жер бетіндегі халықтардың барлығына қажет дүние. Осыдан келіп рычаг,көлбеу жазықтық,қауға сияқты қарапайым құралдарды ата- бабамызда қолдана білген.Мысалы,бабаларымыз су тасуда иін ағашты құдықтан алғанда қауғаны пайдаланған еді,бұл рычаг,блок дегенге толық мысал бола алады. 2.Қазақтың ұлттық ойындары:садақ ату,құрық салу,ат үстінде теңге алу,аударыспақ,көкпар,алтыбақан түрлерін халық физика заңдарына сәйкес орындаған.Халық ойындарын математика-физика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Қазақ халқы физикалық заттарды күш жұмсап,соғып,қыздырып басқа пішінге немесе күйге келтіру үшін жасаған құрал-көрік. «Алтынмен аптап,күміспен қаптап» деген мақалда айтылғандай,алтын,күмісті көрікпен балқытқан.Ат әбзелі жүген,ер тоқым,қыз жасауы жүзік,білезік,сырға балқытып соққан.Көрікпен соққан осы дүниелер құнын жойған жоқ.Физика,механика- термодинамика заңдарын ата-бабаларымыз білген деп мақтанышпен айта аламыз. Енді біз киіз үй мен ұлттық киімдердің ерекшеліктеріне тоқталайық. Киіз үйдің физикалық қасиеттері:уық,кереге,шаңырақ, күлдіреуіш-тер деформацияланған ағаштан жасалады,жаңбыр іркілмес үшін күлдіреуіштішамасында иілген ағаштан жасайды, шаңырақ үйден оттың шығуына,жарық түсуге арналған,теріні ағашты қынамен бояғанда диффузияқұбылысы ескеріледі,теріні ыстауда конвекция құбылысы қолданылады.Киіздің алғашқы шикізаты жүннің қасиеттері:жылуды жақсы сақтайды,салмағы жеңіл,күн көзін ультракүлгін сәулесін өткізеді,бояуды жақсы алады,көп өңін тоздырмайды,шу және тербелістерді төмендетеді. 3. Қазақ бас киімдерінің ерекшеліктері:ақ жаулықтың жарық сәулесін шағылту қабілеті өте жоғары,қара матадан 13 есе,ал көгілдер түсті матадан 25 есе артық,кимешек қазақ әйелдерінің басын,арқасын (омыртқа,жұлын) кеудесін түрлі сәулелердің, магнит,электр

Page 27: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

өрістерінің,жылу алмасуының т.с.с зиянды әсерінен қорғайды.Бас киімдер тақия,бөрік,сәукеле,тымақ т.с.с. шошақ болады.Адамның төбесімен бас киімінің арасында ауа жиналады.Ал ауа қабаты жылу изоляторының қызметін атқарады. Метеоқорғаныс.Қыздардың өңіржиегі немесе алқасы-бұл қыздардың кеуделік әшекейлері күмістен,асыл тастардан жасалып,күн сәулелерін соның ішінде аса зиянды ультра-күлгін,инфрақызыл сәулелерін шағылту қызметін атқарады. Ерлердің жиекті қалпағы-қалпақтың жиектері адам көзін,бетін күн сәулесінің тура түсуінен қорғайды.Біздің бабаларымыздың әрі әдемі,әрі жылы,әрі жүріс- тұрысқа қолайлы киінуге ақылы жеткен.Киімдерді тігуге аң,мал терісі,құстың,қой,түйенің жүні сияқты табиғи материялды қолданған,яғни ешқандай денсаулыққа зиян келтіретін капрон,акрил,лавсан,т.с.с. қоспалары жоқ.[2] Газдардағы,сұйықтырдағы және қатты денелердегі диффузия тақырыбын өткенде оқушыларға ет тұздалған кезде тұздың молекулаларының етке сіңетінін түсіндіреміз.Етті сүрлеу үшін ыстайды.Сүрленетін ет сонша қақталмайды.Ет ыстауға отын ретінде әдетте тобылғы,қарағаш,арша,шырша пайдаланылады. Түтін молекулалары диффузия құбылысының әсерінен етке сіңеді.Ит қосу- аңшылықтың байырғы түрі,ата-бабамыз иттің иісшілдігін,жүйріктігін ,күшін ертеден пайдалана білген.Аң жүріп өткен кезде ол аңның иісі иттің иіс сезу органдарына әсер ететіндіктен ит аңның ізіне түседі.Осы тұста қазақ халқының аңшылыққа,саятшылыққа көп,көңіл бөлгенін айта келе,ұлттық ерекшеліктерімізге тоқтала кетумізге болады. 4. Мақал мен мәтелдер-ауызша халықтық поэтикалық шығармашылығының ең белсенді және кеңінен тараған ескерткіштерінің бірі. Мұнда халықтың бақылаушылық қабілеті жақсы көрінеді.

Әрбір мақал- мәтелдің физикалық мәні және табиғат құбылыстарына сүйенген моральді астары бар. «Аузы күйген үрлеп ішеді», «Күн шыққан соң суарған суды күн жұтар,Күн батқан соң суарған суды жер жұтар» булану құбылысына, «Қисық ағаштың көлең кесі де қисық» жарықтың таралуына «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» диффузия құбылысына «Шапқан озар,жатқан қалар» жылдамдыққа байланысты айтылған. 5.Физика пәнін оқытуда оқушыларға ұлттық тәрбие беруде ұлы дала данышпандары Абай,Шәкәрім өлеңдеріне мән беріп,олардың дүние танымын кеңейтемін.Шәкәрім ақын «Жаратылыс аталуының басы-қозғалыс»деп білген.Ақынның «Жаратылыс басы-қозғалыс»деп аталатын жиырма алты шумақтан тұратын өлеңінде кинаматиканың негізгі ұғымдары айтылады. «Таубасындағы ой» өлеңінде: ...Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық, Сегіз минут,шерікте жерге барып.Жарықтық түзу сызықпен таралуын және жерге

Page 28: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

түсу уақыты туралы айтылған.[4] Абайдың «Ескілік киім » өлеңі18 ғасырының ортасында қазақтардың киген киімі туралы. Әрбір өлең жолдарынан физиканың деформация түрлері,жылу өтімділік шамасы, қысым,қатты денелердің механикалық қасиеттерін көруге болады.Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін дыбыс толқындары,оның қаттылығы, таралуы, тербеліс амплитудасы тақырыбымен байланыстыру керек.Ал,»Жаз» өлеңін температура, ауаның қысымы,жарық толқындарының таралуымен түсіндіремін. І.Жансүгіровтің «Қыс» өлеңін заттың агрегаттық күйлері туралы түсіндіремін.[6] Біз өзіміздің күнделікті іс тәжірибелерде халық дастандарынан,жұмбақтарынан және мақал-мәтелдерінен алып,әр-алуан физика және математика саласы бойынша сюжеттік есептер құрастырамыз.Сондай мысал есептердің қатарында «Қозы-Көрпеш,Баян-Сұлу» дастанындағы жыл қайыруға жататын есептер және Қозы мен Баян зиратының биіктігін,көлемін,ауданын және көлденең қималарын табуға берілген жаттығулар тобын жатқызуға болады.[5]

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар:Математикадан,физикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар жалпы білім беретін мектептерден оқу тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі.Оның мақсаты математика,физика пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту,сонымен бірге ,бұл жұмыс оқушылардың бос уақыттарын ұтымды ұйымдас-тыруға,мұғалімнің шығармашылық қызыметін шыңдауға жол ашады. Жоғарыда айтылғандар мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: 1. Қазақ халқының ұлттық педагогика идеяларын мектеп мұғалімдерінің өз сабақтарына қоллдану оқушылардың бойындағы математика,физика пәніне деген қызығушылығын тудырады,өз халқының салты мен дәстүріне деген сенімді арттыра түседі. 2.Қазақ халқының ұлттық дәстүрін сабақта мұғалімдердің қолдануы,оқушыларға кейбір терминдерді түсіндіру жолдарын жеңілдетеді. 3.Халықтың педогогика берілген логикалық қабілеттерін кеңейте түсулеріне ықпал етеді. 4.Қазақ халқының ұлттық киімдерінің,бұйымдарының физикалық қасиеттерін сипаттау арқылы әлемдік рынокта одан да сапасын арттыру. 5.Алдағы уақытта қазақ ұлттық ойындарын сабақта пайдалану,оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады,білім көкжиегін кеңейтеді. Ежелгі халық педагогикалық мұрасы-бұл әлі қазіргі ғылымның терең зерттеле қоймаған бай қазынасы.Білім беру жүйесі өзінің ұлттық мұрасымен тығыз байланыста ғана оның болмыстық рухани дамуы барысындағы алатын орны мен атқаратын қызметін ескере отырып,барлық кеңістігі тұтастай көре білуді қалыптастырады.

Page 29: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Тарихты,әдебиетті ана тілін зерттеу,өнердің әр түрімен айналысу жас ұрпақтың өз халқының рухани әлеміне тереңбойлауына,мәдениетінің негізін ұғына білуге және озық ұлттық дәстүрін жалғастырушы болуына көп ықпалын тигізеді. Халық педагогикасының тарихында өшкен ұрпақтың ғасырлар бойғы жинақталған терең рухани тәжірибесінің үлкен маңызы бар.Ол мұраның көбісі қолжазбаларда,әдеби естеліктерде сақталған.Олардың ішіндегі ең үздіктерін қазіргі заманғы жас ұрпақтың тәрбие ісіне,көзқарасының қалыптасуына,ойлау қабілетіне және мінез-құлқын қалыптастыруға пайдалануға болады.Ұлттық дәстүрдің аясын тарылтпай,қайта жаңа әдістермен толықтыра отырып,жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі ұстаздарға жүктеліп отырған міндет болып саналады. Мұғалімдердің математика,физика сабақтарында халықтық тәсілдерді қолдаулары өз пәндеріне деген қызығушылықты да арттырады,сабақтарын да қызғылықты өткізуге мүмкіндік алады,оқушыларға халықтық салт-дәстүрден мол мағұлмат бере біледі.Мұндай сабақтардан кейін балаларда халықтық педагогикаға деген қызығушылық туындап,өз бетінше де іздену жолдарына түсуге тырасады.

Page 30: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Тақырыбы: Ана-өмірдің шуағы.

Мақсаты: «8 наурыз-Халықаралық Аналар күні» мерекесінің құрметіне орай,жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған аналар мерекесіне арналады.

Көрнекілігі:интерактивты тақта,слайдтар.

Барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.

І-Жүргізуші: Бәрі де ана,бір өзіңнен басталады.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба?

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба?

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де,ана,өзіңнен басталады.

Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды.

Еркелесем,бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба?

Тек өзіңнен жасқандым.

(Қ.Мырзалиев)

ІІ-Жүргізуші:Бүгінгі тәрбие сағатымыз 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесінің құрметіне қарай өтпекші.Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған,өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесіне арналады.Осы ұлы мерекеге байланысты,бүгінгі ойынымыздың сұрағы да әр түрлі болмақ.

Олар:ананың сүті,ананың әлдиі,ананың тілінен бастау алатын ұлттық тәрбиеміз бен салт-дәстүрімізге,есімін тарих қастерлеп исі қазақ жұртына мәлім болған халқымыздың ару қыздарына,талай-өлең жырлар,романдарға арқау болған әйелдер бейнесіне,махаббатты,сұлулықты,еркелікті жырлаған ақындардың өлеңдеріне байланысты болмақ.

Page 31: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Сұрақтар:

1.Сорқұдықтың басына Сорға бола қонды атам. Жалмауызға жалғызын Жанынан қорқып берді атам.

Бұл сөзді кім,қандай ертегіде айтқан?

2.Шыдамдылық,көнбістік,ақылдылық,қанағат,ұрпақ тазалығын сыйлаушы,ойлы көзді, орта бойлы Әулие ана кім?

3.Б.з.б.VІғасырда өмір сүрген сақ патшасы кім?

4.Жасаулы деп, малды деп, байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарлан ба

Ары бар,ақылы бар,ұлты бар

Ата-ананың қызынан қапы қалма.

Өлеңнің авторы кім?

5.Айша бибі кесенесі қайда?

6.Әйел көркі неде?

7. XІІІғасырда 30-40 жыл Ресей имперясын кім басқарды?

8.Әйел күші аз,несі көп?

9.Қыпша бел,алма мойын,бота көзді

Сипаты жаннан асқан ол бір керім

Тал бойының міні жоқ қолаң шашты

Шашының ұзындығы белден асты

Гүл төгілер аузынан меруерт тісті,

Ондай жан дүниеде жаралмасты.

Бұл кімнің портреті?

Page 32: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

10.Келін түсіру,қыз ұзату дәстүрінде айтылатын қандай салт жырларды

білесің?

11.М.Әуезовтың «Абай жолы»романындағы Әйгерімнің шын есімі?

12. «Қыз тағдыры»,«Махаббатсыз сезім»,«Дос іздеп келем» атты өлеңдерінің

авторы кім?

13. ...сылдыраған шолпысы,әлдеқандай былдырлаған әшекей

сырғасы,бастағы кәмшат бөркі,білек толған неше білезіктері-баршасы да бұл

өмірдің көрмеген бір сәні сияқты.Толықша келген аппақ жүзді,қырлы

мұрын, қаракөз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай қиылып тұр.Қарлығаш

қанатының ұшындай үп-үшкір боп самайға қарай тартылған қас жүрекке

шабар жендеттің жебесіндей.

Қай жазушының шығармасы,кімнің бейнесі?

14.Ұлы отан соғысының қызу шайқас күндерінде Москва түбінен бастап

Берлинге дейін небір тар жол,тайғақ кешулерден өтіп,жеңіске жету үшін өз

үлесін қосқан әнші,КСРО халық артисі,Халық Қаһарманы кім?

15.Табаққа түспес,

Қазанға піспес

Оны ішпей адам өспес.

Page 33: Тақырыбы: « Баянды болсын,13 жас€¦  · Web viewБаянды болсын,13 жас » Мақсаты: Оқушыларға бабаларымыздан

Балдырған ТАБЫЛДИНА,Төлеген Айбергенов атындағы орта мектептің

физика-математика пәнінің мұғалімі

Табылдина Балдырған Жалғасбайқызы 1966 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туған.1983 жылы мектепті бітіріп, Ақтөбе педогогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп,1988 жылы бітірді.Жолдамамен Комсомол ауданы Псков орта мектебінде,1993-1995 жылдары Алматы қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №131 мектебінде, кейін Байғанин ауданындағы Төлеген Айбергенов атындағы орта мектепте физика-математика пәндерінен сабақ беріп келеді.Халықаралық интеллектуальды «Зерек» марафонынан сертификат, аудандық білім бөлімінен мақтау грамоталары бар. «Ақтөбе ұстазы», «Педогогикалық шолу» газет-журналдарда материалдары жарияланды. «Бастауыш класс оқушыларының математика пәніне арналған қосымша есептер жинағы» облыс көлемінде таратылып, әдістемелік нұсқау ретінде шығарылды.