tbi.kz...ޜазаޝстан Республикасы Білім жޭне ޙылым...

1333
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ ЖАҢА ҰЛТТЫҚ ӘЛІПБИ: ҚАЗАҚ ЖАЗУЫН ЖАҢҒЫРТУ (ҒЫЛЫМИ- ТІЛТАНЫМДЫҚ ЗЕРТТЕУ) Алматы 2017

Upload: others

Post on 23-May-2020

61 views

Category:

Documents


2 download

TRANSCRIPT

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

    А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ

    ЖАҢА ҰЛТТЫҚ ӘЛІПБИ: ҚАЗАҚ ЖАЗУЫН ЖАҢҒЫРТУ (ҒЫЛЫМИ-

    ТІЛТАНЫМДЫҚ ЗЕРТТЕУ)

    Алматы 2017

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

    тапсырысымен

    «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне өтуі үшін латын графикасын

    пайдаланудың Бірыңғай стандартын әзірлеу» атты жобасы аясында

    дайындалды

    Жауапты редакторлар:

    филология ғылымдарының кандидаты Г.Мамырбекова

    филология ғылымдарының кандидаты А.Сейтбекова

    филология ғылымдарының кандидаты А.Солтанбекова

    Редакция алқасы:

    филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Қажыбек (төраға)

    филология ғылымдарының кандидаты А.Фазылжанова (төраға

    орынбасары)

    филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Уәли

    филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Манкеева

    филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Момынова

    филология ғылымдарының докторы, профессор М. Малбақов

    филология ғылымдарының докторы Қ.Рысберген

    филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Күдеринова

    Пікір жазғандар:

    филология ғылымдарының докторы Қ.Есенова

    Жаңа ұлттық әліпби: Қазақ жазуын жаңғырту (ғылыми-тілтанымдық

    зерттеу). 2-кітап. – Алматы, 2017.

    Бұл жинақта Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инстиуты

    мамандарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

    тапсырысымен «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне өтуі үшін латын

    графикасын пайдаланудың Бірыңғай стандартын әзірлеу» атты жобасы аясында

    2017 жылы жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде дайындаған үлкен ұжымдық

    ғылыми зерттеулері ұсынылып отыр. Жинақта Мемлекеттік әліпби

    комиссиясына келіп түскен барлық латыннегізді әліпби жобаларына жасалған

    сараптама, сауалнама, контент-талдаулардың ғылыми қорытындылары беріліп,

    тілтанымдық негіздері ғылыми тұрғыдан жан-жақты талданған. Төл түркітүбірлі

    қазақ сөздерін, орыс, еуропа тілдерінен енген кірме сөздерді, терминдік мәні бар

    сөздерді, бірнеше нұсқамен жазылып жүрген ескі кітаби лексиканы, төл және

    шетелдік ономастикалық атауларды, гибрид сөздерді, орфорграммасында

    кирилде бар (ю, я, ъ, ь, т.б.), бірақ латында жоқ таңбалар кездесетін сөздерді жаңа

    жазуда белгілеудің ғылыми проблемалары анықталған.

    МАЗМҰНЫ

  • АЛҒЫ СӨЗ (А.Фазылжанова).............................................................................8

    1 ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ЖАЗУ РЕФОРМАСЫНЫҢ

    ӘЛЕУМЕТТІК ТІЛТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК

    АСПЕКТІЛЕРІ

    1.1 Президент Н.Ә.Назарбаев: қоғамдық сананы жаңғыртудың күн тәртібіндегі

    қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшіру туралы (Философия,

    саясаттану және дінтану институты)1........................................10

    1.2 Қазақ жазуының латыннегізді әліпбиге көшуін жүзеге асыру туралы

    (Философия, саясаттану және дінтану институты) ........................................18

    1.3 Жаңа әліпбиге көрсетілген қоғамдық қолдау (Философия, саясаттану

    және дінтану институты)......................................................................................24

    1.4 Қазақ жазуының латыннегізді әліпбиге көшуінің халықаралық деңгейдегі

    бағалануы (Философия, саясаттану және дінтану институты)......................32

    1.5 Қазақ тілін латын графикасына көшіру: БАҚ және әлеуметтік желілер

    бойынша контент-талдау (М.Нұрғалиева, А.Ахметқалиева)................................38

    1.6 БАҚ материалдары негізінде Қазақстандағы әліпби ауыстырудың

    түрткіжайттарына әлеуметтік тілтанымдық талдау2 (А.Пиязбаева).....................54

    1.7 Қазақ жазуын латыннегізді әліпбиге көшіру үдерісінің БАҚ-та жария

    етілуі: сандық талдау (Философия, саясаттану және дінтану институты)....63

    1.8 Әлеуметтік желілердегі әліпби реформасын талдаудың түйінді аспектілері

    (Философия, саясаттану және дінтану институты).........................................65

    1.9 Қорытынды (Философия, саясаттану және дінтану институты).........69

    1.10 Жаңа әліпбиге көшуге қатысты сауалнама: саяси-әлеуметтік

    аспект..........................................................................................................................70 1.10.1 Тұрғындарға жүргізілген әлеуметтанымдық зерттеудің әдістемесі (Философия,

    саясаттану және дінтану институты)..........................................................................70 1.10.2 Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі туралы тұрғындардың хабардар болу

    деңгейі (Философия, саясаттану және дінтану институты)...................................................74

    1.10.3 Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуіне қатысты тұрғындардың көзқарасы

    (Философия, саясаттану және дінтану институты)................................................................78

    1.10.4 Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру ықпалын тұрғындар арасындағы

    бағалануы (Философия, саясаттану және дінтану институты).............................................91

    1.10.5 Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің ұлттық бірегейліктің қалыптасуы мен

    сақталуына әсері (Философия, саясаттану және дінтану институты)................................100

    1.10.6 Мемлекеттің және қоғам өмірінің түрлі саласына әсері: халықтың пікірі (Философия,

    саясаттану және дінтану институты)..............................................................103

    1.10.7 Қоғамдық пікірді сапалық талдаудың нәтижелері (Философия, саясаттану және

    дінтану институты).....................................................................................................................112

    1.10.8 Қорытындылар мен ұсыныстар.....................................................................................119

    2 ЖАҢА ӘЛІПБИ ЖОБАСЫ: ТАҢДАУ, ТАЛҒАУ, САРАЛАУ,

    ІЗДЕНІСТЕРІ

    2.1 Рухани жаңғыру: жаңа қазақ әліпбиі (З.Базарбаева).................................122

    1 А.Бижанов, М.Шайкемелов, С.Нұрмұратов, Р.Қадыржанов, В.Курганская, Е.Бурова,

    В.Дунаев, Д.Ешпанова, А.Сағиқызы, Б.Сатершинов, Ә.Назарбетова, Н.Айтымбетов.

    2 Зерттеудің материалдары Қосымша А-да берілді

  • 2.2 Латыннегізді жаңа қазақ әліпбиі: бүгіні мен болашағы

    (А.Фазылжанова)................ .................. ........ ........ ........ ........ ........... ................129

    2.3 Жаңа қазақ әліпбиі: таңдалу жолы (Қ.Күдеринова)...................................136

    2.4 Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің жалпытеориялық мәселелері

    (Н.Рсалиева)..........................................................................................146

    2.5 Латын графикасы негізіндегі «тамыз», «қыркүйек» және «қазан» нұсқасы

    бойынша сауалнама нәтижесінің талдауы (А.Фазылжанова,

    Қ.Дүйсен)................................................................................................................156

    2.6 Қазақ жазуын латын графикасына көшіру жөніндегі техникалық жоғары

    оқу орнындағы студенттер арасында жүргізілген тәжірибе, сауалнама

    қорытындысы (А.Үдербаев)....................................................................................175

    3 ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ГРАФИКА-ФОНЕТИКА-ФОНОЛОГИЯЛЫҚ

    НЕГІЗДЕРІ

    3.1 Латын графикасына негізделген қазақ жазуы: дыбыстан әріпке және

    әріптен дыбысқа (Н.Уәли)......................................................................................185 3.1.1 Дыбыс-фонема-графема қатынасы (Н Уәли)................................................................187

    3.1.2 Графема-әріп-әліпби қатынасы (Н.Уәли)......................................................................196

    3.2 Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің фонологиялық негіздері

    (З.Базарбаева)..........................................................................................................208

    3.3 Қазақ әліпбиінің ұлттық жобасы және ондағы әріптердің фонетикалық

    сипаттамасы (Ә. Жүнісбек).....................................................................................232

    3.4 Қазақ жазуындағы әріптердің тіркесім түрлері (Е.Маралбек)..................257

    4 ЛАТЫНГРАФИКАЛЫ ТҮРКІ ЖАЗУЛАРЫНЫҢ ЕМЛЕ

    ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ТІЛТАНЫМДЫҚ ТАЛДАУ

    4.1 Латын графикасына негізделген қарақалпақ тілінің емле ережесінің

    сипаттамасы (Ж.Жұмабаева).................................................................................278

    4.2 Латын графикасына негізделген өзбек әліпбиі мен емлесіндегі

    ерекшеліктер (Н.Әміржанова)...............................................................................284

    4.3 Латын графикасына негізделген түрікмен тілінің емле ережесіндегі кейбір

    ерекшеліктері (Г.Исаева).......................................................................................289

    4.4 Жазу тәжірибесіндегі апостроф белгісінің қызметі (А.Аманбаева).........293

    4.5 Түркі тілдерінің жазуында апостроф белгісінің қызметі (Г.Исаева).......297

    4.6 Кирилл әліпбиі: алғашқы кезеңдегі емлелік ерекшеліктері (1940–1945 жж.)

    (Б.Момынова).................................................................................................305

    4.7 Қытайда тұратын қазақтардың төте жазуды қолдану тарихы

    (Қ.Ғабитханұлы).....................................................................................................319

    4.8 Қытайдағы қазақтар қолданған төте жазу мен латын жазуының емле

    ережелері (Қ.Ғабитханұлы)....................................................................................324

    5 ҚАЗАҚ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

    5.1 Қазақ тілі емле ұстанымын таңдау тарихы (Қ.Күдеринова).....................358

    5.2 1929 жылы латын әліпбиі негізіндегі емле өзгерістері

    (О.Жұбаева)............................................................................................................366

    5.3 Қазақ тілінің ресми бекітілген алғашқы емле ережесінің сипаттамасы (1923

    ж.) (Е.Маралбек)..........................................................................................373

  • 5.4 1924 жылғы қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде қаралған емле

    мәселесі (А.Солтанбекова, Е.Маралбек).............................................................383

    5.5 Қыпшақ топты түркі жазуларының кирилл әліпбиін қабылдау тәжірибесі

    (Қ.Күдеринова).......................................................................................................391

    6 ЛАТЫННЕГІЗДІ ӘЛІПБИ БОЙЫНША ОРТОЛОГИЯЛЫҚ

    ҚҰРАЛДАР ЖАСАУДЫҢ ЖӘНЕ ӘРТҮРЛІ ТИПТЕГІ МӘТІН

    ЭЛЕМЕНТТЕРІН ТАҢБАЛАУДЫҢ ТІЛТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    6.1 Ортологиялық құралдар жасаудың ғылыми тұжырымдамасы

    (Н.Уәли)....................................................................................................................400

    6.2 Латынграфикалы жаңа қазақ әліпбиі бойынша орфографиялық проспект

    түзу негіздері (Н.Әміржанова).............................................................................403

    6.3 Төл сөздер орфографиясының негізгі принциптері (Н.Уәли).................412

    6.4 Кірме сөздер орфограммасы: жалпы сипаттамасы мен емле мәселелері

    (А.Алдашева)............................................................................................................418

    6.5 Кірме сөздерді игерудің ұстанымдары мен модельдеу тәсілдері

    (Қ.Күдеринова, Н.Әміржанова).............................................................................432

    6.6 Ағылшын тіліндегі кірме сөздер (Э.Сүлейменова, Д.Ақанова).................446

    6.7 Орыс тіліндегі реформалар мен кірме сөздердің ену механизмдері

    (Н.Шаймерденова)...................................................................................................461

    6.8 Тілдегі гибрид сөздердің жасалуы және жазылуына байланысты

    ерекшеліктері (Б.Момынова).................................................................................482

    6.9 Халықаралық және отандық бренд атауларын жаңа әліпбимен таңбалау

    мәселелері (Ж.Манапбаева)...................................................................................501

    6.10 Жаңа қазақ орфограммасын креативтендіру: қысаңдар редукциясы

    (Қ.Күдеринова).........................................................................................................507

    6.11 Мазмұн межесі күрделі графемалар..........................................................511 6.11.1 А.Байтұрсынұлының «й/и», «у» дыбыстары туралы ғылыми танымы

    (Е.Маралбек)...................................................................................................................................511

    6.11.2 У графемасының дыбыстық мәні (Ә.Жүнісбек, А.Қаршығаева)............................520

    6.11.3 Қазақ графикасындағы и және у әріптерінің жаңа орфограммасы

    (Қ.Күдеринова)...............................................................................................................................525

    6.12 Этномаркерлі лексиканың латынграфикалы әліпби негізінде таңбалану

    көрінісі (Ж.Манкеева).............................................................................................530

    6.13 Қазақ жазуындағы бас әріпті таңбалаудың өзіндік ерекшеліктері мен

    қиындықтары (Э.Өтебаева)...................................................................................546

    6.14 Қос сөздердің жасалуы мен таңбалануындағы кейбір ерекшеліктер

    (Б.Момынова)..........................................................................................................566

    6.15. Қазақ тілінің лексикалық қабатын сөздікте қамту мәселелері: терминдер

    мен этнографизмдер (А.Әмірбекова).....................................................................583

    6.16 Бөлек және бірге жазылатын күрделі сөздердің таңбалану ерекшелігі

    туралы (А.Хабиева)..................................................................................................605

    6.17 Біріккен сөздер сөздігінің проспектісі3 (Р.Шойбеков, Э.Өтебаева)......611

    3 Зерттеудің материалдары Қосымша Ә-де берілді

  • 7 КӨНЕ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫР ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕР МӘТІНДЕРІН

    ЛАТЫНГРАФИКАЛЫ ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНЕ

    ТРАНСКРИПЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ТРАНСЛИТЕРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ

    7.1. Ескі қазақ сөздіктеріндегі әліпби, графика, орфография: тарихи

    ескерткіштер мәтінін жаңа латын графикасына транслитерациялау мәселесі

    (М.Малбақов)...........................................................................................................619

    7.2 Латынграфикалық түркі жазулардың тарихи негіздері

    (З.Базарбаева)..........................................................................................................637

    7.3 Орта ғасыр жазба ескерткіштер мәтіндерін кирилшемен

    транскрипциялаудағы кемшіліктер (А.Сейтбекова)............................................651

    7.4 Өзге түркі халықтарының араб жазулы орта ғасыр мәтіндерін латын

    графикасына транскрипциялау тәжірибесінен (А.Сейтбекова).........................658

    7.5 «Жаңа әліпбимен» араб жазулы мәтіндерді транскрипциялаудағы

    қиындықтар (А.Сейтбекова)..................................................................................664

    7.6 Латын графикасына транскрипциялауда қолданылатын лингвистикалық

    ұстанымдар (А.Сейтбекова)...................................................................................672

    7.7 Орта ғасыр қыпшақ жазба мұралары мәтіндерін латын әліпбиімен

    транскрипциялау мәселесі (Б.Сүйерқұл)...............................................................678

    7.8 Ж.Баласағұнның «Құтты білік» мәтінін «жаңа әліпбимен»

    транскрипциялаудағы көрінісі (Д.Пашан)...........................................................695

    7.9 Ескі қыпшақ ескерткіштеріндегі дыбыстардың графикасы мен емлесі және

    жаңа әліпбиге транскрипциялау (ХІІІ-ХІV ғ.ғ. «Китаб ад-Дурра ал-мудийа...»

    сөздігінің материалдары негізінде) (Б.Дүйсенов)............................704

    7.10 Ескі кітаби сөздердің варианттылығы және олардың жазу емлесін латын

    графикасы негізінде ретке келтіру мәселелері (Г.Мамырбекова).....................713

    7.11 Армян-қыпшақ ескерткіштері тіліндегі дыбыстардың графо-фонетикалық

    ерекшеліктері (С.Құдасов)..........................................................727

    8 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІ ЖАҢА ӘЛІПБИДЕ ТАҢБАЛАУ:

    ТҮРКІ ТІЛДЕРІ (ТҮРКИЯ, ӘЗЕРБАЙЖАН, ӨЗБЕКСТАН) БОЙЫНША

    САЛЫСТЫРМАЛЫ-СТАТИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

    8.1 Интерсөздерді латын графикасымен таңбалау жайында

    (З.Базарбаева)........................................................................................................735

    8.2 Халықаралық терминдер және оларды аудару мәселелері

    (Қ.Айдарбек)............................................................................................................741

    8.3 Латын графикасы бойынша транслитерациялауға қатысты құжаттар

    (С.Құлманов).........................................................................................................759

    8.4 Халықаралық терминдерді латыннегізді әліпбиде транслитерациялау және

    транскрипциялау тәжірибесі (С.Құлманов)...............................................769

    8.5 Халықаралық терминдердің ұлттық терминологиялық корпусқа қатысты

    үлес салмағы: статистика және талдама (Ө.Айтбаев, Қ.Айдарбек, Б.Жонкешов,

    С.Құлманов, Н.Әшімбаева, А.Досмайылова, Н.Шүленбаев, А.Ақкөзова,

    М.Игілік)................................................................................................................777

    8.6 Халықаралық терминдердің негізгі терминжасамдық үлгілері (Қ.Айдарбек,

    Б.Жонкешов).................................................................................789

  • 8.7 Халықаралық терминдердің түркі тілдерінде латын әліпбиі бойынша

    транслитерациясын салыстырмалы талдау (Қ.Айдарбек, С.Құлманов,

    Б.Жонкешов, А.Досмайылова, А.Ақкөзова, М.Игілік)..........................................797

    8.8 Қазақ тіліндегі терминжүйенің когнитивті сипаты (О.Жұбаева)...............813

    9 ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ НЕГІЗІНДЕГІ ОНОМАСТИКАЛЫҚ

    АНЫҚТАМАЛЫҚТЫҢ ПРОСПЕКТІСІ4

    9.1 Қазақ жазуының латын графикасына көшуіне байланысты ономастика

    саласындағы міндеттер (Қ.Рысберген)..................................................................822

    9.2 Қазақ топонимдерін латын графикасында транслитерациялау мәселелері

    (Қ.Рысберген, Б.Бияров).........................................................................................825

    9.3 Қазақ тіліндегі кісі есімдерін латын графикасында таңбалау мәселесі

    (Б.Әбдуәлиұлы).........................................................................................................829

    9.4 Орыс тіліндегі онимдердің транслитерациясындағы қиыншылықтар

    (Қ.Рысберген)...........................................................................................................836

    9.5. Орыс тіліндегі жалқы есімдердің қазақ латын әліпбиі негізінде

    транслитерациясы мен қиыншылықтары (Г.Мадиева)......................................837 9.5.1 Орыс топонимдерінің транслитерациясы (Г.Мадиева).................................................841

    9.5.2 Орыс антропонимдерінің (кісі есімдері) транслитерациясы (Г.Мадиева).................846

    9.5.3 Орыс фамилияларының жаңа қазақ әліпбиінде берілуі (Г.Мадиева).........................848

    9.6 Шетел онимдерін жаңа қазақ латын әліпбиі негізінде транслитерациялау

    мәселелері (Н.Оңғарбай).........................................................................................851 9.6.1 Шетел мемлекет, астана атауларының қазақ тілінің латын графикасында

    транслитерациялау ерекшеліктері (Н.Оңғарбай).......................................................................851

    9.6.2 Прецеденттік есімдерді (әлем мәдениетіндегі танымал тұлғалар есімдерін)

    транслитерациялау мәселесі (А.Серікбаева)................................................................................858

    9.6.3 Латын әліпбиіндегі эргонимдік атауларды (компания, фирма, сауда кешендері, мекеме

    т.б. атаулары) транслитерациялау проблемасы (А.Серікбаева).................................862

    9.7 Ономастикалық атауларды латыннегізді жаңа қазақ әліпбиінде

    транслитерациялауға қатысты ұсыныстар, ой-тұжырымдар

    (Қ.Рысберген)..........................................................................................................866

    БІЗДІҢ АВТОРЛАР..........................................................................................869

    ҚОСЫМША А. БАҚ материалдары негізінде Қазақстандағы әліпби

    ауыстырудың түрткіжайттарына әлеуметтік тілтанымдық талдаудың

    материалдары (А.Пиязбаева)..................................................................................873

    ҚОСЫМША Ә. Біріккен сөздер сөздігінің проспектісі (Р.Шойбеков,

    Э.Өтебаева, З.Садырбаева, М.Садықова)..........................................................1030

    ҚОСЫМША Б. Қысқаша ономастикалық сөздік (проспект) (Т.Жанұзақов,

    Қ.Рысберген, Г.Мадиева, Б.Әбдуәлиұлы, Н.Оңғарбай, Б.Бияров, Н.Рсалиева,

    А.Серікбаева, З.Садырбаева, Н.Бармешова, Ж.Тұргынбаева)..........................1227

    4 Зерттеудің материалдары Қосымша Б-да берілді

  • Алғы сөз

    Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің ширек ғасырынан астам уақытын

    бастан өткеріп отырған бүгінгі күні үлкен экономикалық қана емес, рухани да

    жаңғыруды көздеген реформаларға тәуекел жасап отыр. Мұның ел

    тәуелсіздігінің баяндылығы мен беріктігі үшін маңызы аса зор. Осыдай үлкен

    өркениеттік бетбұрыстарға апаратын жаңғыру мен жаңаруға жол ашатын

    бастамалардың біріне ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының

    Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің бағдарламалық мақаласы «Болашаққа бағдар:

    рухани жаңғыру» (12 сәуір, 2017 жыл) арқылы іске қосқан қазақ жазуын латын

    графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру реформасы жатады.

    Өз мақаласында Н.Ә.Назарбаев «2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың

    көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа

    графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан

    бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған

    оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет» деген нақты тапсырма береді.

    Қазақстан Республикасы Президентінің осы тапсырмасын орындау мақсатында

    Институт мамандары БАҚ, әлеуметтік желілердегі сұхбат, мақалалар, тікелей

    кездесу-жиындар арқылы 2017 жыл бойы саяси дегдарлармен, басқарушы билік

    өкілдерімен, қоғам зиялыларымен, азаматтық белсенділермен, жалпы

    жұртшылық, қалың бұқарамен тығыз қарым-қатынаста жаңа әліпби таңдау,

    талдау, саралау ісін жүзеге асырды.

    Таңдау. Жаңа жазуға көшу керек пе, керек емес пе деген мәселеде

    алғашқысына тоқтам жасалды. Осы мәселе төңірегіндегі талас-тартыс біржола

    тоқтады, халықтың пікірі ел Президентінің саяси шешімімен бекіді, Қазақстан

    жаңа әліпби ауыстыруға кірісті.

    Талғау. Әліпби реформасына қатысты Елбасының да, тілтанушы мамандар

    мен зиялы қауым өкілдерінің де пікірі сонау 1990 жылдардан бастап өрбігені

    белгілі. Саяси шешім 2017 жылы қабылданды. Сондықтан әліпби реформасы

    бола қалса, қандай графика тиімді деген мәселеге де нүкте қойылды. Халықтың

    талғамынан сан алуан пікір өтті. Қазақстанның жаңа әліпбиі ретінде ұсынылып

    жүрген ескі түркі руна жазуынан бастап, араб жазуы, оның Ахмет Байтұрсынұлы

    реформалаған «төте жазу» мен реформаланған кирилл әліпбиі нұсқалары да

    қазақтың жаңа әліпбиіне ұсынылды. Пікір алуандығы бүгінгі күні ұзақ

    талқылаулардан кейін халықтың басым көбінің, тіпті баршасының десе де

    болады, ортақ шешіміне ойысты, қазіргі қазақ қоғамы жазудың жаңа әліпбиі

    ретінде латыннегізді графиканы талғап алып отыр. Сөйтіп, таңдау да, талғау да

    саналы түрде, демократиялық жолмен жасалды.

    Саралау. 2017 жыл осы реформаның тарихында қандай латыннегізді әліпби

    ұлттық жазу үшін тиімді болмақ деген сұраққа қоғам болып жауап іздеген

    саралаушы ізденістерімен ерекшеленіп жазылатын жыл болмақ. Алдымен

    жұртшылық талқысына бір дыбысты қосар (диграф) әріппен таңбалайтын

    латыннегізді әліпби ұсынылды, бұл қызу талқылаудың нәтижесінде сыннан

    өтпеді, сонан соң әріпжаны таңбасы (апостроф) қойылған графемалары бар

    әліпби жобасы талқыланып, соңында осы жоба Қазақстан Республикасының

    Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 27 қарашасындағы Жарлығымен

  • бекітілді. Алайда қоғамдық пікірге жүргізіп отырған үздіксіз сараптаулар

    саралау кезеңінің әлі де өз шегіне жетпегенін көрсетіп отыр. Себебі Жарлықпен

    бекітілген әліпбиге жетілдіру жұмыстары қажет деген ойды қарапайым қоғам

    мүшелері, зиялы қауым өкілдері ғана емес, сол сияқты жоғары саяси дегдарлар

    өкілдері де айтып жатыр.

    Сонымен, назарларыңызға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі

    инстиуты мамандарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

    министрлігінің тапсырысымен «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне өтуі үшін

    латын графикасын пайдаланудың Бірыңғай стандартын әзірлеу» атты жобасы

    аясында 2017 жылы жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде дайындаған үлкен

    ұжымдық ғылыми еңбегі ұсынылып отыр.

    Ғылыми жинақта осы таңдау, талғау, саралау кезеңіндегі түрлі қоғамдық

    пікірге ғана емес, сонымен бірге құрылған Мемлекеттік әліпби комиссиясына

    келіп түскен барлық латыннегізді әліпби жобаларына да жасалған сараптау

    нәтижелері, әлеуметтік тілтанымдық сауалнама, контент-талдаулардың ғылыми

    қорытындылары, латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің ғылыми

    тілтанымдық негіздері, жаңа әліпби жобасымен қазіргі қазақ мәтініндегі алуан

    түрлі типтегі жазу принципіне сүйеніп берілетін оның элементтерін, атап

    айтқанда, төл түркітүбірлі қазақ сөздерін, сол сияқты орыс, еуропа тілдерінен

    енген орыс орфографиясымен таңбаланып жүрген кірме сөздерді, осы сияқты

    үлгімен жазылатын терминдік мәні бар сөздерді, әсіресе діни дискурста қайта

    жаңғырған неше түрлі нұсқамен жарыса жазылып жүрген араб, парсы негізді ескі

    кітаби жазба тіл лексикасын, төл ономастикалық кеңістік атауларын, шетелдік

    ономастикалық атауларды, гибрид сөздерді, орфограммасында кирилде бар (ю,

    я, ъ, ь, т.б.), бірақ латында жоқ таңбалар кездесетін сөздерді жаңа жазуда

    белгілеудің және т.б. көптеген ғылыми проблемалар төңірегіндегі зерттеу

    нәтижелері ұсынылып отыр.

    Бір жыл көлемінде жүргізген бұл ізденіс нәтижелері 2025 жылда аяқталатын

    жазу реформасының сәтті жүзеге асырылуына қажетті ғылыми-лингвистикалық

    базаның бастамы болмақ, жазу-сызу теориясы мен реформасына қатысты

    болашақ ғылыми зерттеулерде, әрі алдағы уақытта осы реформаға қатысты

    мемлекеттік тіл саясаты бойынша атқарылатын барлық іс-шараларда ескерілуге

    тиісті ғылыми білімдер жүйесін құрамақ.

    А.Фазылжанова,

    филология ғылымдарының кандидаты,

    А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

    директорының орынбасары

  • 1 ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ЖАЗУ РЕФОРМАСЫНЫҢ

    ӘЛЕУМЕТТІК ТІЛТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК

    АСПЕКТІЛЕРІ

    1. 1 Президент Н.Ә.Назарбаев: қоғамдық сананы жаңғыртудың күн

    тәртібіндегі қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшіру

    туралы

    Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты

    мақаласының жарық көруі Қазақстанның саяси және мәдени өміріндегі айтулы

    іс-шаралардың бірі болды. Президент қоғамдық сананың жаңғыруы

    бағдарламасын Қазақстанның жаңғыруының үшінші сатысының ажырамас

    бөлігі ретінде ұсынып отыр. Рухани саланың жаңғыру қажеттілігі жайында ҚР

    Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова «Казахстанская правда»

    газетіндегі өзінің «Рухани жаңғыру – Қазақстанның үшінші жаңғыруының

    негізі» атты мақаласында жариялаған болатын. «Қазақстанның Үшінші

    жаңғыруын іске асыру аясында саяси реформа, экономикалық өсімнің жаңа

    моделін құру және рухани жаңғыру сияқты үш жаңғыру үдерісі жүзеге

    асырылатын болады. Аталған үдерістердің қатарында рухани саланы жаңғырту

    негізгі бағыт болып табылады. Мұндай аксиомалық байлам жасауға берік негіз

    бар деп ойлаймын. Әлбетте, саяси және экономикалық жаңғырудың жетістігі,

    бірінші кезекте, рухани қатынастар басымдық алатын қоғамдық сананың

    деңгейіне байланысты болмақ. Сондықтан бүгінгі таңда рухани жаңғыру ең

    өзекті міндеттердің алдыңғы қатарына шығып отыр» [Абдыкаликова: Жизнь

    предоставляет уникальную возможность перейти на латиницу. informburo.kz

    17.04.2017].

    Саяси және экономикалық жаңғырумен қатар қоғамдық сананың

    жаңғыруы идеясының бірлігі жайлы ҚР парламенті Сенатының депутаты

    Владимир Редкокашин өз пікірін білдірген еді: «Елбасы Нұрсұлтан

    Назарбаевтың мақаласы – ең алдымен Президент жыл басында айтқан шаралар

    мен сенаторлар осы жылы қабылдаған шараларды логикалық жалғастыратын

    стратегиялық құжат болып табылады. Бұл экономика мен саяси өмірді жаңғырту

    шаралары» [В. Редкокашин: Сохраняя наши культурные ценности, мы

    сохраняем страну. Strategy 2050. kz, 14.04.2017].

    Қазақстан халқы Ассамблеясы өз үндеуінде қоғамдық сананың жаңғыруы

    мен азаматтық, саяси ұлттың қалыптасуының өзара ықпалдастығына басты назар

    аударады: «Қоғамдық сананың жаңғыруы идеясы заңдылық және аса қажетті

    болып табылады. Біз саяси ұлттың қалыптасу жолында тұрмыз. Дамыған әлемнің

    алдыңғы қатарынан орын алу үшін біздің әрқайсымыз өз санамызды, ой-

    өрісімізді өзгертіп, ескішілдіктен бас тартуымыз қажет. Қоғамдық сананың

    өзгеруі қауіп-қатерлер орын алған қазіргі әлем аясында қашанда Қазақстан

    дамуының негізі болған тұрақтылық, бірлік, келісімді нығайтуға мүмкіндік

    береді. Біз қазақстандықтарды жауапкершілік танытып, «Болашаққа бағдар:

    рухани жаңғыру» жаңа идеологиялық платформасын жүзеге асыруға белсенді

    атсалысуға шақырамыз [Обращение Ассамблеи народа Казахстана.

    Казахстанская правда, 13.04.2017].

  • Саясаттанушы және қоғам қайраткері Ерлан Карин Tengrinews.kz

    агенттігіне берген өз сұхбатында, елбасының мақаласы жаңа идеологиялық

    платформаны қалыптастырған бағдарламалық құжат екендігін баса айтты.

    Мақалада бұқаралық қоғамдық сананың сапалы трансформациясы қажеттілгі

    жайлы айтылған. Экономика, саясат және идеология сынды үш негізгі құраушы

    – бұл Назарбаевтың тұтас модернизациялық жобасы. Сонымен қатар

    саясаттанушы Елбасының соңғы уақытта баяндама жасаудың жаңа форматын

    қолданып жүргендігін атап өтті. Егер өткен жолдары Президент қалың

    аудиторияның назарын аударту үшін видеоүндеумен шықса, осы жолы

    азаматтардың жаңа идеяларды талқылауға аса назар аударуы үшін

    бағдарламалық мақалалар форматын арнайы таңдаған секілді [Ерлан Карин

    рассказал, почему Президент предпочел формат статьи видеообращению.

    Tengrinews.kz. 12.04.2017].

    Нұрсұлтан Назарбаев өз мақаласында қоғамдық сана жаңғыру

    қағидаларын ғана емес, сонымен қатар, дәстүрдің ұлы күшін жоймай-ақ, заман

    талабына толық жауап беретін нақты жобаларды жасауды қажет ететіндігін

    көрсетіп берген. Президент алдағы жылдары жүзеге асырылуы керек нақты алты

    жобаны белгілейді. Ең бастысы, қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі. Екіншіден,

    қоғамдық пәндер бойынша 100 үздік шетел оқулықтарын қазақ тіліне аудару.

    Үшіншіден, «Туған жер» бағдарламасы бизнесмендер, шенеуніктер, зиялы

    қауым тарапынан олардың «кішігірім Отандарын» қолдауға мүмкіндік беріп,

    патриотизмнің дамуына ықпал етеді. Төртінші жоба «Қазақстанның киелі

    жерлерінің географиясы», бұл елдегі туризм инфрақұрылымын дамытуға

    мүмкіндік беретін «киелі жерлерді» сақтап қалуға бағытталған. «Жаһандағы

    заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы өз шығармашылықтары арқылы

    Қазақстанды әлемге танытуға тырысып жүрген көптеген таланттарға жол ашады.

    Алтыншы ұлттық жоба – «Қазақстанның жүз жаңа есімі», бұл жастардың өнегелі

    тәрбиесіне үлгі болатын өз салаларында айтулы жетістіктерге қол жеткізген

    замандастарды танытуды қамтамасыз етеді. Осы жобалар мемлекет пен

    азаматтық қоғамның орташа мерзімді келешектегі идеологиялық жұмысына

    негіз болады.

    Президент Н.Ә. Назарбаев қазақ тілінің латын әліпбиіне өту қажеттілігін

    негіздей отырып, Қазақстан аумағындағы жазудың орта ғасырдан бастап осы

    күнге дейінгі даму барысын қысқаша шолып өтеді. Халқымыз ислам дінін

    қабылдаған кезден бастап, 900 жылға жуық араб жазуларын қолданды. 1929

    жылы ол жаңа латын әліпбиімен алмастырылды.1940 жылы бұл әліпби

    кириллицаға ауысып, осы күнге дейін қолданылып келді. Елбасы қазақ

    әліпбиінің өзгеруі негізгі нақты саяси себептермен анықталғандығын айтады.

    «Қазақстан-2050» Стратегиясында Президент 2025 жылға дейін қазақ тілінің

    латын әліпбиіне өту міндеттерін алға қойды. 2025 жылға дейін іс жүргізу,

    мерзімдік басылымдар, оқулықтар мен тағы да басқалары латын әліпбиінде шыға

    бастайды. Латын әліпбиіне өтудің өзінің терең тарихи логикасы бар. Бұл әсіресе,

    заманауи технологиялық ортаның ерекшелігі, заманауи әлемдегі

    коммуникацияның ерекшеліктері және ХХІ ғасырдағы ғылыми-білімдік

    үдерістің ерекшеліктері. Елбасы тәжірибелік тұрғыдан 2017 жылға ғалымдар мен

  • қалың қауымдастықтың көмегімен жаңа графикадағы қазақ әліпбиінің бірыңғай

    стандартты нұсқасын қабылдау міндетін алға қойды. 2018 жылдан бастап орта

    мектепке жаңа әліпби бойынша сабақ беру мен оқулықтарды дайындау үшін

    мамандар дайындауды бастау керек. Алдағы екі жыл ішінде қажетті

    ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстарын жүргізу [До конца 2017 года нужно

    разработать казахский алфавит на латинице – Назарбаев kazpravda.kz:

    12.04.2017].

    Қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуімен қатар қоғамдық сананың жаңғыруы

    Президент Н. Назарбаевтың қызметіндегі басты басымдықтардың бірі болып

    табылады. Елбасы 2017 жылдың 20 сәуірінде шығармашылық зиялы қауым

    өкілдерімен кездесіп, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылады.

    Кездесуге жазушылар Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков және Смағұл

    Елубай қатысты. Әңгіме барысында мәдени-гуманитарлық және қоғамдық-саяси

    сала мәселелері жайлы сөз қозғалды. Латын әліпбиіне өту, демографиялық және

    көші-қон саясаты, үштұғырлы білім беруді ендіру мәселелері төңірегінде де сөз

    етілді. Нұрсұлтан Назарбаев туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталатын

    патриотизм тақырыбын алға тарту қажеттілігіне аса назар аударды. Сөз соңында

    Елбасы қоғамдық сананың жаңғыруы бойынша қазақстандықтардың алдында

    тұрған міндеттің маңыздылығын және оның жүзеге асырылуы ел дамуы үшін

    өзекті екендігін айтты [Назарбаев обсудил перевод казахского языка на латиницу

    с представителями творческой интеллигенции. Kazakhstan Today: 20.04.2017].

    Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу маңыздылығы жайлы Президент

    Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында да айтқан болатын.

    Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі мен қазақ мәдениетін бірыңғай ұлтты

    біріктіретін фактор ретінде анықтайды. ҚХА XXV сессиясының жұмысына

    қатыса отырып, Елбасы латын қарпінің Қазақстандағы тұрғылықты емес

    халықтардың қазақ тілін меңгеруін жеңілдететіндігіне назар аударады. Сессияға

    6 ай ішінде қазақ тілін меңгеруге сөз берген Алматы қаласының кәсіпкері

    Вячеслав Попов қатысты. Ол өз уәдесін орындап, Елбасына қазақ тілінде

    сөйледі. Өз жауабында Назарбаев тіл меңгерудегі латын қарпінің пайдасын атап

    өтті: «Білім министрі міне осында. Олар қазіргі таңда мынадай алгоритм

    дайындады. 400 қазақша сөзді біле отырып, тұрмыстық деңгейде сөйлесуге

    болады. Ал 800 сөз білсеңіз, сен секілді жоғары деңгейде меңгеруге болады.

    Латын әліпбиіне өту осы жұмыстарды жеңілдетеді, өйткені қазақ тілінде қажеті

    жоқ сөздер кездеседі…» [Назарбаев: В казахском языке много всего лишнего.

    Nur.kz: 26.04.2017].

    Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған іссапары

    барысында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу қажеттілігін дұрыс ұғындыру

    мақсатында берген түсіндірмелері аса маңыздылыққа ие. Осының арқасында

    Елбасы болашақтағы қазақ тілінің кириллицадан бас тартуына қатысты күдіктер

    мен үрейді жойды. «Латын әліпбиіне өту – бұл жай кездейсоқ емес – бұл заман

    талабы». Н.Ә. Назарбаев қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін Қазақстан

    азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде ағылшын тілін

    білу қажеттілігімен байланыстырады және осы негізде бүкіл мемлекеттің

    бәсекеге қабілеттілігін арттыру керек. «Біздің адамдар қазір барлық жерде жүр.

  • Кез келген мемлекетке бейімделу үшін олар халықаралық тіл болып табылатын

    ағылшын тілін меңгерулері тиіс. Неге ағылшын тілі? Өйткені ғылыми-

    техникалық прогресс дәл осы тілде жүріп жатыр. Медицинада да, технологияда

    да, техникада да – барлығында». Өз сөзін айғақтау үшін Президент халықаралық

    тәжірибеге жүгінді. «Ағылшындық емес миллиардтаған адамдар ағылшын тілін

    меңгерген. Қытайлықтар, іскерлік ортаның барлығы ағылшын тілін біледі. Бүкіл

    Үндістан ағылшын тілінде сөйлейді. Жапония да ағылшын тілінде. Кейбір

    мемлекеттер, мысалы, Малайзия өз егемендіктерін алғаннан кейін тек малай

    тілінде сөйлеуге тырысты, алайда бір жылдан соң ағылшын тіліне қайта оралды.

    Өйткені адамдар не жоғалтып бара жатқандарын ұғынды. Бұл – уақыт талабы!».

    Президент аталмыш мәселені ұғындыру мақсатында шығармашылық

    адамдардың да үрейлерін басты. «Мен шығармашылық саладағы

    жұмысшылардың, адамдардың, жазушылардың «Біз өз еңбектерімізді

    кириллицада жаздық, енді біздің кітаптар сыртта қалып, олар ешкімге қажет

    болып қалмайды ма екен» деп алаңдап жатқандарын естіп жатамын. Бірақ олар

    қазіргі замандағы бәрін автоматты түрде аударатын заманауи порталдың барын

    ескермейді». Президент сонымен қатар, Қазақстандағы орыс тілінің тағдырына

    алаңдаушылық білдіретіндерге де өз ойын жеткізді: «Біз орыс тілінен

    алшақтамаймыз және орыс тілі мен мәдениетін де ұмытпаймыз. Бұл қазақтар

    үшін мүмкін емес. Біздің әлемге деген көзқарасымыз орыс тілі арқылы

    қалыптасады. Біз орыс тілі арқылы әлемдік мәдениетті, әлемдік үдерісті, әлемдік

    техниканы таныдық. Сондықтан да ол үнемі бізбен бірге. Ресей біздің басты

    көршілеріміздің бірі, біз қашанда бірге боламыз, әріптес боламыз. Сіздердің

    қорқыныштарыңыз бекер!» [Президент в Шымкенте поднял вопросы латиницы,

    трехъязычия и пошутил о советском лозунге. – Отырар TV (Шымкент):

    27.04.2017].

    Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде Астанада өткен «Ұлы дала» II

    гуманитарлық ғылымдар форумы жайлы жаңалықтар тарады. Форум

    қатысушыларына арналған мемлекет басшысының хатын ҚР Мемлекеттік

    хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова оқып берді. Форум жұмысына АҚШ, Қытай,

    Венгрия, Үндістан, Германия, Моңғолия, Ресей, Оңтүстік Корея және түркі

    мемлекеттерінен келген 200-ге жуық ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Форум

    барысында қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі, «Туған жер» бағдарламасы,

    Қазақстанның сакралды географиясы және т.б. мәселелер көтерілді [Нурсултан

    Назарбаев поприветствовал участников форума «Великая степь». Казинформ:

    26.05.2017].

    Қазақ тілінің латын әліпбиіне өту мәселесін кеңінен ашып қарастыруға

    түрткі болған жағымды ақпараттық жағдай 2017 жылдың 22 мамырында

    Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үздік мемлекеттік қызметкер» республикалық

    конкурсының жеңімпаздарымен кездесуі болып табылады. Президент барлығын

    алда келе жатқан мейраммен құттықтап, мемлекеттік қызметтің міндеті халыққа

    адал қызмет етіп, мемлекеттің ұлттық мүдделерін тиімді қорғау болып

    табылатындығын еске салды. Форумға қатысушылар Президентке қазақ тілінің

    латын әліпбиіне өту мәселелерімен қатар, маңызды реформаларды түсіндіру

    жұмыстары жайлы жеткізді. Осы мәселе бойынша Н. Назарбаев былай деп атап

  • өтті: «Барлығы латын графикасын біледі, біз де әлемдік тәжірибеге қосыламыз.

    Әліпбиді дұрыс таңдау қажет. Кейін газеттерге шығара бастаймыз. Үйренеді,

    ештеңе жоғалтпаймыз» [Н.Назарбаев встретился с победителями

    республиканского конкурса «Лучший государственный служащий». Хабар (ТВ):

    22.06.2017].

    Қазақстандағы басты іс-шаралардың бірі V Дүниежүзі қазақтарының

    құрылтайы болып табылады, бұл жолы да Назарбаев аталмыш ұйымның

    төрағасы болып сайланды. Құрылтайдағы өз баяндамасында Назарбаев тағы да

    қоғамдық сананың жаңғыруы жайында, соның ішінде қазақ тілінің латын

    әліпбиіне өту мәселесі төңірегінде айтып өтті. Бұл жолы мәселе латын әліпбиінің

    әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген қазақтардың рухани байланысын нығайтуға

    ықпал ететіндігі жайлы болды. «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – бұл ана

    тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әрі әлем қазақтарының рухани

    тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам. Қазір ТМД аумағындағы қазақтар

    кирилл әріптерін, Қытайдағы қандастарымыз төте жазуды, Батыс елдеріндегі

    бауырлар латын әліпбиін қолдануда. Сонда бәріміз сөйлескенде тіліміз бір болса

    да, оқығанда үш түрлі болып шығады. Ешбір кедергісіз түсінісетін бір қазақтың

    баласы бір-бірінің жазуын ұқпайтын күйге жетті. Бұл – жер жүзіне тарыдай

    шашылған қазақтың кейінгі ұрпағын бір-бірінен алшақтатуда. Біз қазір заманауи

    ғылым, техника мен интернетті игеруге тырысып жатырмыз. Ал оның барлығы

    латын тіліне негізделген. Көп ұзамай, бұл олқылықтар біржола жойылады. Қазақ

    тілінің латын әліпбиіне көшуі бірлігімізді нығайтып, рухани жақындастыра

    түседі». Президенттің баяндамасындағы маңызды тұсы оның латын әліпбиіне

    өту барысын тездету мүмкіндігін, тіпті қажеттілігін нұсқауы болып табылады.

    «Мен өз Жолдауымда мұны 2025 жылға дейін жүзеге асыру керек деген меже

    қойған болатынмын. Бірақ оны соза берудің қажеті жоқ». Әліпбидің ауысуы

    сөзсіз бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі, кешенді және ұзақ үдеріс болып

    табылады. Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы латын әліпбиіне

    өтудің бастамасын 2025 жыл деп көрсеткен еді. Алайда қоғамның алдында әлі

    талай уақыт бар, асығуға негіз жоқ іспетті түсінік қалыптасуы мүмкін. Қазақ

    тіліне қатысты маңызды реформаға неғұрлым жауапкершілікпен қарауға

    шақырды. Сонымен қатар, филолог ғалымдардың алдында жаңа әліпбиді

    дайындау бойынша маңызды міндеттер тұрғандығын айтты. «Біздің ғалымдар

    латын әліпбиіне бұрынырақ өткен Түрік әліпбиін және Әзербайжан, Өзбекстан

    сияқты елдердің әліпбиін зерттеп, бізге қажетті үлгілерді анықтап, олардың

    кемшіліктерін ескеріп, өз әліпбиімізді жасауымыз қажет» [Переход на латиницу

    сблизит казахов по всему миру. – Нурсултан Назарбаев. Казинформ: 23.06.2017].

    2017 жылдың тамызында Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» агенттігіне берген

    сұхбатында орыстілді қазақстандықтарға латын әліпбиіне өту орыс тілі мен

    кирилл әліпбиіне нұқсан келтірмейтіндігін айтты. Бұл жайлы Елбасы Оңтүстік

    Қазақстан өңіріне жасаған іссапарында да айтқан болатын. Дегенмен кейбір

    БАҚ, әсіресе ресейлік БАҚ қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуін Қазақстанның

    Ресейден аяқ тартып, Батысқа бет бұра бастағандығын алға тарта бастады деген

    саясаттанушылар мен журналистердің пікірлерін жарыса жариялай бастады.

    «Латын әліпбиіне көшу орыс тілінен, кириллицадан бас тартуды білдірмейді.

  • Кейбір саясаттанушылар осылай деп жүр, алайда әліпби тек қазақ тілімен ғана

    байланысты. Орыс тіліндегі барлық баспалар жарыққа шығып отырады. Қазақ

    халқына ұлы орыс тілі қажет. Біз өзге тілдерді орыс тілі сияқты меңгерген

    емеспіз. Дәл осылай ағылшын тілін де меңгерсек, мәселе өз-өзімен шешіледі.

    Егер біз барлық технологиялар мен көптеген кітаптарды аударған орыс тілінен

    бас тартсақ, ештеңе ұтпаймыз. Латын әліпбиі тек қазақ тіліне қатысты, бұл орыс

    тілінен бас тарту емес». Осы тұрғыда мемлекет басшысы жаңа латын әліпбиінің

    қазақ тілі үшін маңыздылығы жайлы пайымдады. Оның қажеттілігі саяси

    себептермен емес, тілдің даму қажеттіліктерімен анықталады. «Ең бастысы –

    бұл жаңа қазақ әліпбиі. Бірінші түркі әліпбиі болды, кейіннен ата-бабаларымыз

    араб әліпбиіне көшті. Кейін Ахмет Байтұрсыновтың нұсқасы, одан кейін латын

    әліпбиі. Содан кириллицаға көштік. Бұл қадамға өзге саясатқа өткіміз

    келгендіктен барған жоқпыз. Мысалы, кириллицада қазақ тіліне қажет емес

    артық әріптер бар. Оны ешкім қолданбайды, егер қолданатын болсақ, бұл біздің

    ережемізді бұзады» [Нурсултан Назарбаев рассказал о новом казахском

    алфавите. Tengrinews.kz: 21.08.2017].

    2017 жылдың 11 қыркүйегінде «Мемлекеттік тілдің латын

    графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы»

    парламенттік тыңдау өтті. Бұл күні диграфтарды қолданған әліпбидің алғашқы

    нұсқасы ұсынылды. Аталмыш жағдай БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен

    таралды. Қазақ тілінің латын әліпбиіндегі алғашқы нұсқасы қоғамда қарама-

    қайшы пікірді туындатты: бірі қолдаса, екіншілері сынға алды.

    Алайда Президент диграфтармен жасалған әліпбиді толық өз қорғауына

    алып, оны талқыға салу мүмкіндігін жоққа шағарды дегенді білдірмейді.

    Керісінше, Назарбаев қазақстандықтарды әліпбидің осы бір жобасын талқылауға

    шақырып, ол бойынша ескертулер айтуға шақырды. «Халық та атсалысып,

    қарастыру қажет. Бұл мәселе бойынша халықтан ештеңе жасырмау қажет.

    Парламент талқылап, өз ескертулерін айтты. Барлығын егжей-тегжейлі

    қарастыру қажет. Ғалымдар, тіл мамандары, тарихшылар ортақ келісімге

    келгенде ғана мен жаңа әліпбидің нұсқасын жария етемін. Бұл осы әліпбидің

    ертеңнен бастап қолданысқа енетіндігін білдіре қоймайды» [Назарбаев ответил

    казахстанцам, критикующим проект алфавита на латинице. Informburo.kz:

    14.09.2017].

    Президент баспасөз конференциясын пайдаланып, кириллицадан бас тарту

    «орыс әлемінен» бас тарту дегенді білдірмейтіндігін, мәселенің қазақ тілінің

    даму қажеттіліктерінен туындап отырғандығын тағы да айтып өтті. Өйткені

    кириллицаны пайдалану қазақ тіліндегі кейбір дыбыстар мен ережелерді бұзды.

    «Біз қазақ тілінің мүмкіндігін тарылтып отырмыз. Кирилл әліпбиінде бірнеше

    әріп қазақ лексикасында кездеспейді. Қазақ тілінде «щ», «ю», «я» әріптері

    кездеспейді. Қазақтар «Япония» емес, «Жапония» деп сөйлейді. Осы және өзге

    де дыбыстарды қолданып, біз қазақ тілінің мүмкіндігін тарылттық, сондықтан да

    оның негізіне ауысып отырмыз. Бұл мемлекет үшін маңызды шара, тиіп қашып,

    мүлт кетуге болмайды. Бұл іске зейін салып, назар аударамыз». Осы баспасөз

    конференциясы барысында елбасы диграфтарды қолданған латын әліпбиі

    жөнінде де түсіндіріп өткен еді. «Біздің ғалымдар менің тапсырмам бойынша осы

  • мәселе төңірегінде ұзақ жұмыс жасады, тарихты қазбалады, біздің көршілер –

    Өзбекстан, Түркияның тәжірибелерін қарастырды. Мен мүлт кетпеу керектігін,

    компьютерге бірден қою мүмкін болу үшін ілгектер болмау туралы айтқанмын.

    Оларда ілгектер, нүкте, қандай да бір үтірлер бар. Қазақ тіліне тән 8 әріп бар,

    соларды бейнелеу керек. Мәселе осында. Мен Парламентке талқылауды

    ұсындым, Парламент талқыға салды, өз ойларын айтты, енді егжей-тегжейлі

    қарастырып жатырмыз» [Нурсултан Назарбаев: Мы искажали настоящий

    казахский язык. Matritca.kz: 14.09.2017].

    Осы баспасөз конференциясы барысында Нұрсұлтан Назарбаев елдегі

    мектептерде латын әліпбиінде сабақ оқытудың басталуына қатысты уақыттың

    маңыздылығына да тоқталып өтті: «Менің есебім бойынша, 2022 жылға таман

    бірінші сыныптан бастап латын әліпбиінде сабақ оқытыла бастайды. Бұл тез

    жүзеге асады деп ойлаймын. Өйткені қазір барлық балалар ағылшын тілінде

    оқиды, ал ол латын әліпбиі. Біз бен сіздерге де бұл аса қиындық тудыра

    қоймайды. Әлемдегі 70% ақпарат, ғылыми-техникалық прогресс ағылшын

    тілінде, бәріміз де ағылшынша оқимыз» [Преподавание казахского языка на

    латинице планируется начать в школах к 2022 г. – Назарбаев. Caravan.kz:

    14.09.2017].

    2017 жылдың 9 қазанында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын

    әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерімен кездесті.

    Жиын барысында Елбасына қазақ тілінің латын қарпіндегі жаңа нұсқасы

    ұсынылды. Егер бірінші нұсқада латын әліпбиінің 25 әрпі, ал кейбір дыбыстар

    диграфтар арқылы белгіленген болса, бұл нұсқада латынның 24 әрпі

    қолданылып, ал кейбір қазақша дыбыстар апострофтармен белгіленген. Латын

    әліпбиіндегі осы нұсқа бойынша Президент былай деген болатын: «Үйреншікті

    екі диграфты қолданамыз, ал қазақтың қалған төл дыбыстарын апострофтармен

    белгілейміз. Бұл кейбір тілдердің тәжірибесінде бар. Сіздердің өздеріңіз де өзге

    елдердің тәжірибесін қарастырып шықтыңыздар. Әліпбидегі қателіктердің

    салдарынан өз тілдеріндегі дыбыстардың дұрыс дыбысталуынан айырылып

    қалған елдер бар. Сондықтан бізге әр әріпті таңдауда абай болу керек». Бұдан

    кейін Президент қазақстандық ұлттар мен олардың тілдері мәселесіне қайта

    оралды: «Қазақ тілінің латын қарпіне өтуі өзге тілдерге, әсіресе орыс тіліне

    нұқсан келтірмейді. Кириллицадағы орыс тілін қолдану бұрынғыдай да жүзеге

    аса беретін болады. Әлемнің көптеген елдерінде түрлі әліпбилер қатар

    қолданылады. Мысалы, солтүстік Африка, оңтүстік Азияның кейбір елдерінде

    ана тілдерімен қатар ағылшын, француз әліпбилері қолданылады. Сондықтан да

    Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлттардың мәдени және тілдік дәстүрлерін

    сақтап қалуға байланысты еш алаңдаудың қажеті жоқ. Тілге қарамастан,

    ұлттардың тең құқықтары тұрақты болып қала береді. Мемлекеттік тіл әрі қарай

    да қазақстандық қоғамды нығайтудағы басты фактор болып табылады. Орыс тілі

    және оны меңгеру қазақ халқының жетістігі» [Главе государства представили

    проект единого стандарта казахского алфавита на латинской графике. Хабар 24

    (ТВ): 09.10.2017].

    Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске

    асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесу барысында

  • қазақстандық қоғамның да атсалысуына аса назар аударды. «Мемлекеттік тілді

    реформалау рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы маңызды мәселелердің

    бірі. Бұл күндері қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу

    талқылануда. Оған көптеген адам қатысты. Қазақ жазуының латын қарпіне көшуі

    әрдайым менің айрықша бақылауымда болды. Әлемде ешбір ел өзінің жаңа

    әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның

    пікірін білу маңызды. Латын қарпіне көшуге байланысты Президент

    Әкімшілігіне 300-ден астам өтініш келіп түсті. Жастардың бұл үдерісті

    қолдағаны қуантады. Аталмыш талқылауға жетекші қоғамдық бірлестіктер,

    ғылыми орта мен жұртшылық белсенді түрде атсалысты» [Президенту РК

    представлен проект казахского алфавита на латинице. Казинформ: 09.10.2017].

    Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында латын әліпбиіне көшу күрделі

    үдеріс екенін, сондай-ақ оның мақсаты тілімізді дамыту және оны әлемдік

    ақпараттық кеңістікке шығару үшін жағдай жасау болып табылатынын атап өтті.

    Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жаңа әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу үшін

    мұғалімдер мен әдістемелік базаны дайындау қажеттігін айтып, Үкіметке оны

    кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жоспар әзірлеуді тапсырды [Переход на

    латиницу не затрагивает права русскоязычных – Назарбаев. Today.kz:

    09.10.2017].

    Мемлекет басшысының Президент Әкімшілігінің жетекшісі

    Ә.Жақсыбеков және Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары

    М.Тәжинмен өткен кездесу жайлы БАҚ-та кеңінен таралды. Кездесу барысында

    Президент латын әліпбиінің соңғы нұсқасы жайлы талқылап, ұсынылған

    нұсқаның қоғамдық қолдауға ие екендігін атап өтті. «Ұсынылған латын

    графикасындағы қазақ тілінің әліпбиінің жобасын бекіту жайлы жарлықты

    шығару қажет. Комиссия өз жұмысын аяқтады. Ғалымдар, тіл мамандары,

    саясаттанушылар, жастар, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері өзара

    келісімге келді. Жалпы қоғам қолдау білдіріп отыр». Ол қазақ тілінің латын

    графикасына кезең-кезеңмен және жүйелі түрде өту қажеттілігінің

    маңыздылығына назар аударды [Назарбаев: Необходимо издать указ об

    утверждении нового алфавита. Nur.kz: 26.10.2017].

    ҚР Президенті 2017 жылдың 27 қазанында латын графикасына негізделген

    қазақ тілінің әліпбиін бекітуге және қазақ тілінің әліпбиін кириллицадан латын

    графикасына ауыстыру жайлы Жарлыққа қол қойды. Ол Үкіметке қазақ тілінің

    әліпбиін латын графикасына ауыстыру бойынша ұлттық комиссия құрып, 2025

    жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңм�