МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІНЕ 10 МАҚСАТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ · болмай отыр....

8
(Соңы 3-бетте) Астанада Мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтті. Биліктің қозғаушы күші ретінде Қазақстанның осы уақытқа дейінгі дос қуанып, қас күйінер жетістігіне де, «әттеген-ай» дейтін олқылықтарына да бір- ден-бір жауапты ұйымның 20 жылдығына орай өткен бұл мерейтойлық жиын туралы жұртшылық арасында соңғы бірер айда болғанынан боладысы ұзақ талқыланып, әркім әртүрлі болжам жасады. МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЙТА ОРНАЛАСТЫ АЛДАҒЫ ОНЖЫЛДЫҚТЫҢ 10 МАҚСАТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ АЛАҢЖҰРТ Сайын БОРБАСОВ, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор: – Ауылды жандандыруға жасалған жобалардың барлығы діттеген жеріне жет- кен жоқ. Ауылға бөлінетін қаржы талан-таражға ұшырап кетеді. Осы жолы Президент 2019-2021 жылдары ауылды дамытуға 90 млрд теңге бөлуді тапсырып отыр. Негізі, бұл көп ақша емес. Ауылды көтеруге жұмсалатын ақшаны бұдан 10 есе ұлғайту керек. Одан кейін кім мал басын көбейтіп, кім мал бордақылап, кім жұмыртқа дайындап, кім егін егіп, кім өндірген өнімді өңдеп жатыр деген сықылды ауылдың нақты жағдайын білу қажет. Ауылдағы барлық адамға оны үлестіріп бере салудан ештеңе шықпайды. Ақша тағы да құрдымға кетеді. «Келешегі жоқ ауыл» деген ұстаным бізді құртты. Барлық ауылда келешек бар. Мәселенің бәрі сол ауылда жұмысты ұйымдастыруда. Егер мен ауылда қалам, белгілі бір шаруа қожалығында немесе кооперативте жұмыс жасаймын, менің мынандай жобам бар деп жастар ұсыныс білдірсе, оларды қолдау қажет. Себебі, қалада олардың бәріне бірдей жұмыс тауып беретін қаптаған зауыт-фа- брика жоқ. Ойталқы Ғани ҚАЛИЕВ, академик, экономика ғылымдарының докторы, Қазақ Ауылшаруашылық ғылымдары академиясының президенті: – Ауылды дамытуға бөлінген қаржы әлі де жеткіліксіз. Өйткені, ондағы шаруашылықтардың көбі ұсақ. Олардың ғылым мен білімнің жетістігін пайдалануы қиын. Мысалы, егін шаруашылығында шетелден жақсы тұқым әкеп себуге, тыңайтқыш, жаңа техника мен өзге де құрал-жабдықтар алуға мүмкіндігі шектеулі. Өнімділікті көтеру үшін білікті кадрлар керек. Ал, ұсақ шаруашылықтар мұндай жоғары білімді маманды ұстап тұра алмайды. Егер ауыл шаруашылығында техникалық қайта жарақтандыру жүргізіліп, үлкен кооперативтік шаруашылықтар ашылса, білімді маманға деген сұраныс арта түсері күмәнсіз. Сол кезде ауылға да ел келер еді. Ал, бәрі ауылдан қашып жатқанда, онда кім келеді?! Тәуелсіздіктің 28 жылында ауыл шаруашылығы саласында 18 рет ми- нистр ауысыпты. Олардың ең ұзақ отырғаны 5 жыл. Оның өзі бір ғана адам екен. Көпшілігі 1-2 жылмен ғана шектелді. АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ТИІМДІ ЖҰМСАЛА МА? 6- бет 2- бет Е лбасы Үкімет- ке «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асы- ру үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, 2019-2021 жылдары ауылды дамытуға 90 млрд теңге қаржы бөлу- ді міндеттеді. Бұл қаржы ауылды жан- дандыра ала ма де- ген сауалға жауап іздеп көрген едік. МӘСЕЛЕ (Соңы 3-бетте) Сапар РАХМАНШЕЕВ, Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры: «ПСИХИКАЛЫҚ АУРУХАНА ДЕСЕ, АДАМДАРДЫҢ БОЙЫН ҮРЕЙ БИЛЕЙДІ» ХХІ ғасырда адамзат арасында кеңінен тараған бір ауру болса, ол –күйзеліс. Оған көбіне көңіл-күйі болмаған немесе қандай да бір қайғылы оқиғаны, жағымсыз кезеңді бастан өткерген адамдар ұшы- райды. Америкалық мамандар күйзеліске «психо- логиялық тұмау» деп ат қойған. Себебі, ол елде жыл сайын 15 миллион адам «психологиялық тұмауға» тап болады екен. (Соңы 8-бетте) №16 (3141) 1 наурыз 2019 www.zanmedia.kz Қоғамдық-саяси, құқықтық газет [email protected] Мансұрхан МАХАМБЕТОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты: «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ БІЛІКСІЗДІГІНЕН АДАМ ҚҰҚЫ ТАПТАЛҒАН» 5-бет СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ ЖҮКТЕМЕНІҢ ЖОҒАРЫЛЫҒЫ ЖҰМЫСТЫ ТЕЖЕУГЕ АЛЫП КЕЛЕДІ (Соңы 4-бетте) САНИТАРЛЫҚ ҚАҒИДАҒА СЕЛҚОС ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ 4- бет «СОТ — БАРЛЫҚ ДАУ-ДАМАЙДЫҢ ТӨРЕЛІГІ АЙТЫЛАТЫН ТӨР» Халықтың денсаулығын қорғау, демогра- фиялық өсімін толық қамтамасыз ету үшін нақты нормативтік құқықтық актілерді бекіту мен олардың талаптарының орындалуын қадағалау Денсаулық сақтау министрлігінің құзырындағы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің міндеті. Өкініштісі, Қазақстан Республикасы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің баптарына сәйкес, 2014-2015 жылдары ҰЭМ мен Денсаулық сақтау министрлігі бұйрықта- рымен бекітілген Санитарлық қағидалар бүгінде қолданысқа жарамсыз, ондағы жа- зылған әлеуметтік жеңілдіктер қолжетімді болмай отыр. Тіпті, «Санитарлық дәрігер» атауы медициналық нозологиялық бірліктен мәнгілікке өшіріліп, ол «маман» деген атпен өзгерді. Әрбір нысанда гигиеналық норма талаптары орындалмаса, осы гигиеналық нормаға сәйкес бекітілген Санитарлық ереже талаптары бақылаусыз қалса, нысанда жұмыс жасайтын жұмысшы мен маманның гигиена- КОНСТИТУЦИЯ – ӨМІР ТАЛАБЫНА САЙ КЕЛЕТІН БАҒДАРШАМ. СОНДЫҚТАН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАҒАН ЗАҢДАРЫ МЕН КОДЕКСТЕРІ АЯСЫНДА БЕКІТІЛГЕН НОРМА - ТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАМАУҒА, ОНЫ БҰЗУҒА ЕШКІМНІҢ ҚАҚЫСЫ ЖОҚ. КОДЕКСТІҢ БАПТАРЫНА НЕГІЗДЕЛІП ҚАБЫЛДАНҒАН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ӘР БАБЫН ОҚЫМАСАҢ, СЫЙЛАМАСАҢ, ОҒАН БОЙҰСЫНБАСАҢ, ОЛ ЖАЙ ҚАҒАЗ БОЛЫП КАЛАДЫ. жұмыс жасайтын, айналасындағыларға – жұқпалы ауру аурулар мен ішек құртта- рының қоздырғыштарын жұқтыру қаупін төндіретін адамдар. Халықтың декреттел- ген тобындағы адамдардың 96%-әйелдер. Олардың денсаулығына, құқығын қорғауға, әлеуметтік жеңілдікке ие болуына жұмыс берушілер жауапты. лық біліктілігі төмен болса, елді мекендегі санитарлық жағдай туралы сөз қозғаудың өзі артық. Соның салдарынан әлі күнге дейін жұқпалы аурулар азаймай, астан улану дерегі төмендемей отыр. Гигиеналық норма талап- тарынан толық хабардар болсақ, денсаулығы- мызды сақтаймыз. «Халықтың декреттелген тобындағы адамдар» дегеніміз әлеуметтік нысандарда Талғат МАКУЛОВ, Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы:

Upload: others

Post on 14-Jan-2020

26 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

(Соңы 3-бетте)

Астанада Мемлекет басшысы, партия төр аға сы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаты суымен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтті. Биліктің қозғаушы күші ретінде Қазақстанның осы уақытқа дейінгі дос қуанып, қас күйінер жетістігіне де, «әттеген-ай» дейтін олқылықтарына да бір-ден-бір жауапты ұйымның 20 жылдығына орай өткен бұл мерейтойлық жиын туралы жұртшылық арасында соңғы бірер айда болғанынан боладысы ұзақ талқыланып, әркім әртүрлі болжам жасады.

МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІНЕҚАЙТА ОРНАЛАСТЫ

АЛДАҒЫ ОНЖЫЛДЫҚТЫҢ 10 МАҚСАТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ

АЛАҢЖҰРТ

Сайын БОРБАСОВ, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор:

– Ауылды жандандыруға жасалған жобалардың барлығы діттеген жеріне жет-кен жоқ. Ауылға бөлінетін қаржы талан-таражға ұшырап кетеді.

Осы жолы Президент 2019-2021 жылдары ауылды дамытуға 90 млрд теңге бөлуді тапсырып отыр. Негізі, бұл көп ақша емес. Ауылды көтеруге жұмсалатын ақшаны бұдан 10 есе ұлғайту керек. Одан кейін кім мал басын көбейтіп, кім мал бордақылап, кім жұмыртқа дайындап, кім егін егіп, кім өндірген өнімді өңдеп жатыр деген сықылды ауылдың нақты жағдайын білу қажет. Ауылдағы барлық адамға оны үлестіріп бере салудан ештеңе шықпайды. Ақша тағы да құрдымға кетеді.

«Келешегі жоқ ауыл» деген ұстаным бізді құртты. Барлық ауылда келешек бар. Мәселенің бәрі сол ауылда жұмысты ұйымдастыруда. Егер мен ауылда қалам, белгілі бір шаруа қожалығында немесе кооперативте жұмыс жасаймын, менің мынандай жобам бар деп жастар ұсыныс білдірсе, оларды қолдау қажет. Себебі, қалада олардың бәріне бірдей жұмыс тауып беретін қаптаған зауыт-фа-брика жоқ.

ОйталқыҒани ҚАЛИЕВ, академик, экономика ғылымдарының докторы, Қазақ Ауылшаруашылық ғылымдары академиясының президенті:

– Ауылды дамытуға бөлінген қаржы әлі де жеткіліксіз. Өйткені, ондағы шаруашылықтардың көбі ұсақ. Олардың ғылым мен білімнің жетістігін пайдалануы қиын. Мысалы, егін шаруашылығында шетелден жақсы тұқым әкеп себуге, тыңайтқыш, жаңа техника мен өзге де құрал-жабдықтар алуға мүмкіндігі шектеулі. Өнімділікті көтеру үшін білікті кадрлар керек. Ал, ұсақ шаруашылықтар мұндай жоғары білімді маманды ұстап тұра алмайды. Егер ауыл шаруашылығында техникалық қайта жарақтандыру жүргізіліп, үлкен кооперативтік шаруашылықтар ашылса, білімді маманға деген сұраныс арта түсері күмәнсіз. Сол кезде ауылға да ел келер еді. Ал, бәрі ауылдан қашып жатқанда, онда кім келеді?!

Тәуелсіздіктің 28 жылында ауыл шаруашылығы саласында 18 рет ми-нистр ауысыпты. Олардың ең ұзақ отырғаны 5 жыл. Оның өзі бір ғана адам екен. Көпшілігі 1-2 жылмен ғана шектелді.

АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ТИІМДІ ЖҰМСАЛА МА?

6-бет

2-бет

Елбасы Үкімет-ке «Ауыл – ел бесігі» арнайы

жобасын жүзеге асы-ру үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, 2019-2021 жылдары ауылды дамытуға 90 млрд теңге қаржы бөлу-ді міндеттеді. Бұл қаржы ауылды жан-дандыра ала ма де-ген сауалға жауап іздеп көрген едік.

МӘСЕЛЕ

(Соң

ы 3

-бет

те)

Сапар РАХМАНШЕЕВ, Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры:

«ПСИХИКАЛЫҚ АУРУХАНА ДЕСЕ,

АДАМДАРДЫҢ БОЙЫН ҮРЕЙ БИЛЕЙДІ»

ХХІ ғасырда адамзат арасында кеңінен тараған бір ауру болса, ол –күйзеліс. Оған көбіне көңіл-күйі болмаған немесе қандай да бір қайғылы оқиғаны, жағымсыз кезеңді бастан өткерген адамдар ұшы-райды. Америкалық мамандар күйзеліске «психо-логиялық тұмау» деп ат қойған. Себебі, ол елде жыл сайын 15 миллион адам «психологиялық тұмауға» тап болады екен.

(Соңы 8-бетте)

№16 (3141) 1 наурыз 2019www.zanmedia.kz Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

[email protected]

Мансұрхан МАХАМБЕТОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты:

«ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ БІЛІКСІЗДІГІНЕН АДАМ ҚҰҚЫ ТАПТАЛҒАН»

5-бетСӘТІ

ТҮС

КЕН

СҰХБ

АТ

ЖҮКТЕМЕНІҢ ЖОҒАРЫЛЫҒЫ ЖҰМЫСТЫ ТЕЖЕУГЕ АЛЫП КЕЛЕДІ

(Соңы 4-бетте)

САНИТАРЛЫҚ ҚАҒИДАҒА СЕЛҚОС ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

4-бет

«СОТ — БАРЛЫҚ ДАУ-ДАМАЙДЫҢ ТӨРЕЛІГІ АЙТЫЛАТЫН ТӨР»

Халықтың денсаулығын қорғау, демогра-фиялық өсімін толық қамтамасыз ету үшін нақты нормативтік құқықтық актілерді бекіту мен олардың талаптарының орындалуын қадағалау Денсаулық сақтау министрлігінің құзырындағы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің міндеті. Өкініштісі, Қазақстан Республикасы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің баптарына сәйкес, 2014-2015 жылдары ҰЭМ мен Денсаулық сақтау министрлігі бұйрықта-

рымен бекітілген Санитарлық қағидалар бүгінде қолданысқа жарамсыз, ондағы жа-зылған әлеуметтік жеңілдіктер қолжетімді болмай отыр. Тіпті, «Санитарлық дәрігер» атауы медициналық нозологиялық бірліктен мәнгілікке өшіріліп, ол «маман» деген атпен өзгерді. Әрбір нысанда гигиеналық норма талаптары орындалмаса, осы гигиеналық нормаға сәйкес бекітілген Санитарлық ереже талаптары бақылаусыз қалса, нысанда жұмыс жасайтын жұмысшы мен маманның гигиена-

КОНСТИТУЦИЯ – ӨМІР ТАЛАБЫНА САЙ КЕЛЕТІН БАҒДАРШАМ. СОНДЫҚТАН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАҒАН ЗАҢДАРЫ МЕН КОДЕКСТЕРІ АЯСЫНДА БЕКІТІЛГЕН НОРМА-ТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАМАУҒА, ОНЫ БҰЗУҒА ЕШКІМНІҢ ҚАҚЫСЫ ЖОҚ. КОДЕКСТІҢ БАПТАРЫНА НЕГІЗДЕЛІП ҚАБЫЛДАНҒАН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ӘР БАБЫН ОҚЫМАСАҢ, СЫЙЛАМАСАҢ, ОҒАН БОЙҰСЫНБАСАҢ, ОЛ ЖАЙ ҚАҒАЗ БОЛЫП КАЛАДЫ.

жұмыс жасайтын, айналасындағыларға – жұқпалы ауру аурулар мен ішек құртта-рының қоздырғыштарын жұқтыру қаупін төндіретін адамдар. Халықтың декреттел-ген тобындағы адамдардың 96%-әйелдер. Олардың денсаулығына, құқығын қорғауға, әлеуметтік жеңілдікке ие болуына жұмыс берушілер жауапты.

лық біліктілігі төмен болса, елді мекендегі санитарлық жағдай туралы сөз қозғаудың өзі артық. Соның салдарынан әлі күнге дейін жұқпалы аурулар азаймай, астан улану дерегі төмендемей отыр. Гигиеналық норма талап-тарынан толық хабардар болсақ, денсаулығы-мызды сақтаймыз.

«Халықтың декреттелген тобындағы адамдар» дегеніміз әлеуметтік нысандарда

Талғат МАКУЛОВ, Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы:

2 №16 (3141) 1 наурыз [email protected]ҚҰҚЫҚ

«QS World University Ranking by Subject 2019» пәндік рейтингі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ТМД елдері жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып «Заманауи тіл білімі» мамандығы бойынша әлемдегі ең үздік 51-100 топқа кіріп, бірден 50-сатыға көтерілді. Жалпы, аталмыш рейтингке жетекші қазақстандық уни-верситеттің алты мамандығы енген.

ҚазҰУ QS «WUR by Subject 2019» рейтин-гіндегі былтырғы жылғы көрсеткіштерін ай-тарлықтай жақсартты. Алғаш рет рейтингтің 201-250 тобына «Лингвистика» мамандығы, ал 251-300 тобына «Құқықтану» және «Ағылшын

тілі және әдебиеті» кірді. Сонымен бірге, «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» мамандығы 339, ал «Әлеуметтік ғылымдар және менед-жмент» 364-орынды иеленді.

Рейтингтің әдістемесі: академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, ғылыми мақалалар бойынша келтірілген дәйексөздер саны және Хирш индексі сияқты төрт индикатор негізінде құрылған. QS «WUR by Subject 2019» 83 мыңнан астам оқытушылар мен 42 мың жұ-мыс берушілердің пікірін, сондай-ақ «Elsevier Scopus» дерекқорынан алынған деректерді еске-ре отырып құрастырылған.

ҚАЗҰУ QS-ТЕГІ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТТЫОң қадам

САРАП

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

ЖАҚЫНДАРЫМЫЗДАН ЖЫЛЫ СӨЗДІ АЯМАЙЫҚ!

ЕЛБАСЫ Н.НАЗАРБАЕВ «ҚА-ЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ-НЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» АТТЫ ЖОЛДА-УЫНДА СОТ ЖҮЙЕСІН АЛҒА ҚАРАЙ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕСІНЕ ЕРЕКШЕ ДЕН ҚОЙҒАН БОЛАТЫН. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛІ ДЕ ХАЛЫҚ СЕНІМІНЕН ШЫҒА АЛМАЙ ОТЫРҒАНЫНА ДА НАЗАР АУДАР-ДЫ. ЕНДІГІ МАҚСАТ – СЫННАН НӘТИЖЕ ШЫҒАРУ.

Бірнеше жылдан бері сот жүйесінде күрделі реформалық өзгерістер жасалды. Оның басым көпшілігі шетелдік озық тәжірибелерден негіз алады. Неге десеңіз, отыз дамыған мемлекеттің қатарына қосылу үшін ең маңызды рөл ойнайтын фактордың бірі – бұл дамыған сот жүй-есінің болуы. Құқықтық қорғауға кепіл-дік бермейтін сот жүйесі қашанда елдің дамуына үлкен кедергі келтіретіні сөзсіз. Сондықтан, отандық сот жүйесі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және «Сот жүйесінің жеті түйіні» бағдарламасын рет-ретімен жүзеге асырып келеді.

Жолдауда айтылған басты мақсат-тардың тағы біреуі, ол сот жүктемесін азайту. Осы орайда, жақында ғана меншік құқығын қорғау, сот жүктемесін оңтай-ландыру және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мақсатында бірқатар заңнама-лық актілерге өзгерістер мен толықтыру-лар енгізілгенін атап өткен жөн.

Сот жүктемесінің мөлшерден тыс жоғары болуы сот жұмысын тежеуге алып келуі мүмкін. Сондықтан, сот жүктемесін азайтуға жоспарлы жұмыстар атқарылу-да. Сот статистикасына үңілер болсақ, республика бойынша 2018 жылы 2016 жылмен салыстырғанда сот жүктемесі 2,5 есеге (1,7 миллионнан 4,5 миллион іс пен материалдарға) артқан. Мұндағы барлық көрсеткіштің үш миллионнан астамын сот орындаушылардың санкциясы құрайды. Яғни, бұл судьялардың күніне 4-5 іс және 60-70 материалды қарайтынын көрсетеді. Мұндай қауырт жағдайда судьялар істің мән-жайына терең үңіліп, байыппен сапа-лы қарайтынына күмән туады. Нәтижесін-де азаматтарға шын мәнінде қажет көмек пен қорғау нақты даулардың шешілмеуіне байланысты көрсетілмейді.

Өткен жылы Жоғарғы Сот осы бағыт-

Ата-бабамыз қасық қаны қалғанша егемендік үшін күресіп, жері мен елін қорғап, тәуелсіздікті бізге аманат етті. «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» демекші, егемендікке қол жеткізген халқымыздың берекесі мен бірлігі артып, Елбасымыз Қазақстанды дамыған елдер қатарына қоса білді. Санаулы уақыт ішінде мемлекетіміз татулықтың төріне айналып, өзге ұлт өкілдерін де баласындай бауырына басып, дүниежүзіне үлгі бола білді.

Осы орайда Ұлт көшбасшысының достықты нығайтып, мейірімділікті арт-тыру мақсатында ұлттардың татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін мерекені бекіткенін айтып кеткен жөн. Ол – жыл сайын біз асыға күтетін 1 нау-рыз – Алғыс айту күні. 2016 жылғы 14 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурызды Алғыс айту күні деп жария-лап, Жарлыққа қол қойды. Кең даламыздан көктің исі шығып, жер бусанып, тіршілік атаулыға жан бітетін шақта халқымыз осы күнді атап өтіп келеді. Бұл қазақ жеріне табан тіреген ұлттар мен еліміздің өткенімізді саралап, бүгінгімізге ризашылығымызды айтып, бір-бірімізге құрмет көрсететін ерекше күн. Елба-сымыз Алғыс айту күні бізді бұрынғыдан да жақындастыратынын айтып, «Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген еді.

Алғыс айту күні әлем елдеріне де тән. Атап айтсақ, АҚШ, Канада, Вьетнам және Қытайдың кейбір аймақтарында, Жапония, Барбадоста әр мезгілде той-ланып, шеру өткізіліп, бірі табиғат анаға, енді бірі жұмыс бергендерге рақмет айтады екен. Алғашында Алғыс айту күнін жатсынғанымызбен, жыл сайын бұл күнді жүйелі атап өту жолға қойылып келеді. Соттарда да мерекеге орай түрлі іс-шаралар тұрақты өткізіледі. Қорыта айтсам, алдымен тәуелсіздіктің арайлы таңы үшін, бейбіт заман, халқымыздың даналығы мен даралығы үшін алғыстан тарылмай, рақмет айтудың әбестігі жоқ деп ойлаймын. Сондай-ақ, осы күні көңілді жадырататын сиқырлы сөз айтып, жақындарымызға да ризашылық біл-діруді ұмытпайық!

Айжамал НҰРБОЛАТҚЫЗЫ, Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың

істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі

Бұл рейтингте әлемнің 1200-ден астам жоға-ры оқу орны «Жаратылыстану ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар», «Өнер және гумани-тарлық ғылымдар», «Өмір туралы ғылым және медицина», «Техникалық ғылымдар және инже-нерлік іс» сияқты бес пәндік салада бағаланған.

Айта кетерлік жайт, ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу бағытын ұстана отырып, әлемдік рейтингтерде табысты ілгерілеу-де. 2018 жылы QS ғаламдық рейтинг қорытын-дысында қазақстандық жетекші университет 220-орынды иеленді. Бұл топқа ТМД елдерінен тек екі университет – Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енген.

К.ЫСҚАҚОВА

ЖҮКТЕМЕНІҢ ЖОҒАРЫЛЫҒЫ ЖҰМЫСТЫ ТЕЖЕУГЕ АЛЫП КЕЛЕДІ

та ауқымды жұмыстар бастады. Оған елдегі барлық заңгерлік қауымдастық, оның ішінде, прокурорлар, адвокаттар және барлық деңгейдегі судьялар тартыл-ды. Бірлескен жұмыстың қорытындысы бойынша бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы ұсыныс айтылып, бүгінгі күні заң жүзінде іске асты. Даусыз істер мен материалдарды енді баламалы әдістер арқылы шешу қарастырылды, яғни оларды қарау нотариустарға, татула-су институттарына, медиацияға жүктелді. Прокуратура органдарының құзыретіне борышкердің мүлкіне тыйым салу, банк құпиясы туралы мәліметтерді сұрату, банктегі ақша мен мүлікке тыйым салуды санкциялау сияқты бірқатар міндеттер берілді.

Заңнамалық актілер заң шығарушы

органның қарауынан өтіп, Президент оларға қол қойды. Ендігі уақытта заңнамалық жаңашылдықтар-дың осы сот жүктемесіне қатысты бөлігі үш ай өтісімен қолданысқа енеді. Атап айтқанда, заңнамалық өзгерістердің бірі атқару жазбасы институтын дамытуға бағытталған, сол арқылы тоғыз даусыз талап бұйрықтық өндірістен түбегей-лі нотариустардың қарауына берілді. Негізінен бұған коммуналды төлемдер мен шарттық қарыздарды өндіру туралы даулар жатады. Сот тәжірибесінде бұл бұйрықтардан мүлдем бас тартылмайды.

Ал олар бойынша шағымдану көрсеткіші бір пайыздан да аспайды. Сонымен қа-тар, жеңілдетілген өндірістен бұйрықтық өндіріске 10 санаттағы азаматтық істер берілді. Бұл талаптар тараптар арасын-дағы келісімге негізделеді.

Жаңашылдықтар халық үшін игілікті болмақ. Өйткені, жаңа құқықтық құрал-дар даулы жағдайларды оңай шешуге жол ашады. Сотқа жүгіну азаяды, азаматтар-дың уақыты мен қаражаты үнемделеді, ең бастысы тараптар арасындағы достық қарым-қатынасқа кірбің түспеуіне кепіл болады.

Жалпы, сот жүктемесін азайтуға бағытталған іс-шаралардың легі заңнама-лық өзгерістер тұрғысынан ғана аяқтал-майды. Жылдан-жылға дауласушы ха-

лықтың сапасы артып келеді. Бұл құбылысқа тоқтау салу мүмкін емес, өйткені, бұл халықтың құқықтық сауатының артып келе жатқа-нын көрсетеді. «Ел ішінде дау көбейсе, ел сыртында жау көбейеді» демекші, дау деңгейінің артып келе жатқанына бейжай қарауға болмайды. Сондықтан, қазіргі таңда Жоғарғы Сот бастамасымен «Та-туласу: сотқа дейін, сотта» деп аталатын ауқымды жоба нәтижелі жүзеге асуда.

Қазіргі таңда бірнеше жоспарлар құрып, жұмыс жасаудамыз. Соның ішінде 4 бағыты бар. Бірінші, үгіт-насихат жүр-гізіп, татуласу рәсімдерімен сотқа жет-

кізбей дауды шешудің ұтымды жақтарын халыққа жеткізу. Екінші мәселе, татуласу орталықтарын ашып, сол жерде халыққа тегін, сапалы, кешенді қызмет жасату. Үшінші мәселе, билер кеңесін қайта жаңғырту. Төртінші, медиация заңына өзгерістер енгізу.

Алдыңғы үш бағыт өңірімізде жүзеге асты. Атырау облыстық соты және өзге де мүдделі тараптар арасындағы өзара келісім бойынша үлкен насихат жұмыс-тары жүргізілуде. Өткен жылы арнайы судьялар, медиаторлар, зиялы қауым өкілдерінен жұмыс тобы құрылып, олар жергілікті жердегі дауласу деңгейін азай-ту мақсатында ауыл-аймақты аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Татуласу орталықтары бойынша қазіргі таңда об-лыста соттардың, әкімдіктердің жанында 38 медиация кабинеті жұмыс жасайды. Одан бөлек Кәсіподақтар үйінде және жақында ғана қаладағы Қазақстан халқы Ассамблеясына тиесілі «Достық үйі» жа-нынан отбасы және татуласу орталықтары ашылды. Мұнда барлық мүдделі маман-дар шоғырланған. Өйткені, орталықтарда кәсіби медиатор, психолог, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету ор-талықтарының арнайы мамандары күн-делікті қызмет көрсетеді.

Қара қылды қақ жарып, бір ауыз сөз-бен ел мен ел, азамат пен азамат арасын-дағы дауға нүкте қойып, бейбітшілік пен бітімгершілік туын көкке көтеріп келген тарихтағы үлкен мақтанышымыз, ол – Би-лер соты болса керек. Дала демократтары өткір сөзі, аса пайымшыл шешімімен ел арасындағы барлық келіспеушілікті шешіп отырған. Ол заманды бүгінде біз Қазақ хандығындағы құқықтың «Алтын ғасыры» деп атаймыз. Елбасы өзінің «Бо-лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық кодты сақтау үшін бұрынғы тарихымыздағы ең озық эле-менттерді бүгінгі заманға лайықтауымыз керек деген ой айтады. Осы ретте, облыс-тық сот республикада тұңғыш болып Билер институтын қайта жаңғыртуда бел-сенді жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, өткен жылдың аяғында Атырау облысының Би-лер кеңесі деп аталатын қоғамдық ұйым

құрылды. Оның құрамына елдің құрметі-не бөленген, көпті көрген зиялы қауым өкілдері және сот ардагерлері сайланды. Ұйымға алпыстан астам адам мүше, ау-дандарда арнайы жұмыс топтары қызмет етеді. Билер сотынан Билер кеңесінің айырмашылығы ол кеңесші ұйым болып табылады. Тарихтан білеміз, билер соты кесімді әңгіме айтса, ал қайта жаңғырған Кеңес мәселесін шеше алмай, ойы сан та-рапқа шапқан халыққа ақыл айтып, дұрыс жолды көрсетеді. Бүгінде Кеңес кезекті қабылдауларын өткізіп, тұрғындарға пай-далы кеңестерін беріп отыр.

Жоғарыда аталған татуласу жоба-сының аясында облыстағы соттарда татуластырушы судья деп аталатын жаңа құқықтық фигура енгізілді. Олар сотқа түскен істер бойынша заңмен басты сот талқылауына дайындыққа берілген 5 жұмыс күні ішінде тараптарды шақы-рып, келіссөздер жүргізеді. Аталмыш пилоттық жобаның аз ғана уақытта бер-ген жемісі орасан. Осы жақында Атырау қалалық сотының татуластырушы су-дьясы 100-ші татуласу келісімін жасады. Бұл соттың жалпы қарауына 100 істің түспегенін көрсетеді. Осының барлығы қоғамдағы даулар мен шиеленістерді мей-ілінше төмендетуге және сот жүктемесін оңтайландыруға бағытталады.

Манат КОМИРШИНОВ,Атырау облыстық соты

азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

ПІКІР ТӨРЕЛІК АЛАҢЫНДАҒЫ ТЫҢ ІСТЕР

судья, Үлгілі сот, Әділ процесс, Е-сот, Оңтайлы орта, Сапалы нәтиже, Сотсыз татуласу орта-лығы жобалары қолға алынған еді. Соттар осы бағыт бойынша жұмысын үйлестіріп, жоспар құрып, нақты жобаларды іске асыруда. Атап айтсақ, Үлгілі сот бағдарламасының шең-берінде Маңғыстау облыстық сотында, Ақтау қаласының №2 сотында құқықтық қызмет көр-сету орталығы, фронт-офистер ашылып, адвокат, нотариус, ме-диатордың қызметтері бір жер-ге шоғырландырылды. Осылай-ша, барлық шаруасы бір жерден біткен тұрғындар дән риза.

Сондай-ақ, «Виртуалды сот» пилоттық жобасы қолға алы нып, соттар «True Conf» мо бильді қосымшасымен іс қарауға кірісті. Сот отырысына шалғайда жатқан ауыл-аймақ тұрғындарынан бөлек, респуб-ликадағы қалалардан да тарап-тар процесті бейнеконференц байланыс арқылы өткізу ту-ралы көптеген өтініш білдіру-де. Қатысушылар мобильді қосымшаны қолдану арқылы жолға кететін шығыны мен алтын уақыттарын үнемдеу-ге мүмкіндік алды. Сингапур тәжірибесінің негізінде Ақтау және Жаңаөзен қаласының ма-

мандандырылған әкімшілік сотында, Мұнайлы аудандық сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасы жүзеге асырылып, жол қозғалыстары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша істер қаралуда.

Жеті түйіннің аясында Маң ғыстау облысының маман-дандырылған экономикалық сотында Соттағы татуласты-ру рәсімдері атты пилоттық жоба іске қосылып, арнайы медиация кабинеті ашылды. Нәтижесінде, экономикалық сотта кәсіпкерлер арасындағы даулар медиация тәртібімен реттелуде. Бұл олардың дау деп басын ауыртпай, өз биз-нестерін дөңгелетуіне жол ашты. Сондай-ақ, соңғы кез-дері елімізде еңбек даулары мен жария-құқықтық қатынас-тардан туындаған даулар кө-бейіп, бұл соттардағы аталған санаттағы істер қатарының өсуіне себепші болды. Осыған орай соттарда «Еңбек дауларын және жария-құқықтық қатынас-тардан туындаған даулардың алдын алу» атты пилоттық жобаны іске асыру жұмыстары басталды. Соған орай пилоттық жоба аясында еңбек даулары бойынша заңдардың дұрыс қолданылуы сараланып, кәсіп-

одақтармен бірлесіп кәсіпо-рындарда еңбек заңнамасын ұстану бойынша іс-шаралар өткізілуде. Еңбек дауларына қатысты сұрақтар және осы са-наттағы істерді қарау барысын-да туындаған мәселелер, дауды сотта және соттан тыс тәртіпте реттеу артықшылығы бойынша түсініктемелер берілуде.

Пилоттық жобаны енгізу-дегі басты мақсат – аталған са-наттағы даулардың сотқа дейін түйінін тарқату. Ал, жобаның іске асырылуы соттан тыс не-месе сотқа дейінгі (келісім, бітімгершілік комиссия, еңбек төрелігі) реттеу қажеттілігіне байланысты, ал жария даулар үшін – жоғары тұрған органдар-га алдын ала жүгіну соттарда еңбек дауларының азаюына әкеледі деп күтілуде. Жоғары-да аталған жаңа жобалардың нәтижесінде көптеген азамат-тық істер, оның ішінде еңбек дауларын медиация арқылы шешу, халықтың сот билігіне деген сенімін арттыру көзделіп отыр. Сондықтан, еліміздің өркениетті құқықтық мемлекет ретінде халықаралық рөлін көтеріп, соттағы ашықтық пен қолжетімділікті арттыруға ба-рынша атсалысайық дегім ке-леді.

БҮГІНДЕ ЕЛІМІЗДІҢ СОТ ТӨРЕЛІГІ ҮЗДІК ЕЛДЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСА ОТЫ-РЫП, «ЖЕТІ РЕТ ӨЛШЕП, БІР РЕТ КЕСІЛГЕН» ОЗЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ ЖЕМІСТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА. ЕЛБАСЫ ТАРАПЫНАН ДА ХАЛЫҚТЫҢ СОТҚА ДЕГЕН СЕНІМІН АРТ-ТЫРУ МАҚСАТЫНДА БЕРІЛ-ГЕН ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕЛІ ОРЫНДАЛЫП КЕЛЕДІ.

Былтыр Жоғарғы Сот төр-ағасы Жақып Асановтың баста-масымен «Сот жүйесін дамыту-дың жеті түйіні» аясында негізгі бағыттар айқындалып, Мінсіз

Арыстанбек БЕКБОЛАТОВ, Маңғыстау облысы мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

3№16 (3141) 1 наурыз [email protected]

ТАҚЫРЫПҚА ОРАЙ

Сауалнаманы әзірлеген Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті

(Соң

ы. Б

асы

1-б

етт

е)

Ойталқы

Жастардың белгілі бір бөлігін ауылдан жұмыс тауып, үй беріп қалдыратын болсақ, мемлекет те жылдам күшейері анық. Урба-низация процесі табиғи жолмен жүруі керек. Халықты «бұл бола-шағы жоқ ауыл» деп зорлықпен басқа жерге кетірмеуге тиіспіз. Қазақстанның болашағы ауылда және аграрлық секторда. Барлық қаражатты ауылға жұмсап, бірнеше мұнай өңдеу зауытын сала-тын болсақ, біздің экономика баяғыда өсіп кетер еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ ғалымдар Президентке бұл туралы хат жазды. Сол кезде бізге билік басындағы кей шенеуніктер күлді де,

қазір кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін уақыт өзі дәлелдеп берді. Ауылды дамыту үшін ауылдық округ орталықтарын күшейтіп, құрылыс нысандары мен тұрғын

үй салуды жандандыру керек. Мәдениет үйі, монша сияқты жобаларды қаржыландыру қажет. Мектептерді нығайтып, ауылдың мәдени-әлеуметтік инфрақұрылымын қалпына келтіру керек. Сонда ғана ауыл көркейіп, жастар қалады. Онсыз оларды жалаң ұранмен тоқтата алмаймыз.

Сайын БОРБАСОВ, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор:

Сондықтан, олардың әрқайсысы бұл қызметке басшы боп кел-геннен кейін өзінің атын қалдыру үшін жаңа бағдарлама жасауға тырысты. Содан кейін жасалған бағдарламалардың біреуі де аяғына дейін жеткен жоқ. Өйткені, саладағы қордаланған өзекті мәселені еңсеру үшін уақыт керек. Оған ешкім бас қатырғысы келмейді. Ауыл-ды дамыту үшін алдымен ондағы шаруашылықты ретке келтіріп, оларға жағдай жасау керек. Егер зорға күнін көріп жүрген шаруа-шылықтарды ынталандыру үшін төмен пайызбен несие беру жолы шешілетін болса, бірігіп іс жасаудың тиімділігін көзімен көре бастай-ды. Бұл тығырыққа тірелген ауылдың тіршілігіне қан жүгіртіп, әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік берер еді. Өкінішке қарай, атаққұмарлық пен жалған ұраншылдықтан әлі арыла алмай келеміз. Министрлер де тұрақтамай отыр.

Ғани ҚАЛИЕВ, академик, экономика ғылымдарының докторы, Қазақ Ауылшаруашылық ғылымдары академиясының президенті:

ҚОҒАМ

АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ТИІМДІ ЖҰМСАЛА МА?

(Соңы. Басы 1-бетте)

БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ

Оны съезд жұмысына қатысқан 2 мыңдай делегаттың 800-і алыс-жақын шетелден арнайы келген қонақтар мен дипломаттар екенінен де аңғаруға болды. Бұл жолы партия жиыны 2030 жыл ға дейінгі «Бақуатты қоғам: он жылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдар лама қабыл-дауымен ерекшеленді. Сондай-ақ, Саяси кеңес пен Бюро құрамы жаңартылды.

Президент ұйым жиынында бұдан әрі басты басымдық – азаматтардың тұрмыс деңгейін және Қазақстанның дамуын әлеуметке бағ дарланған мемлекет ретінде қамтамасыз ету екенін айтты. «Біз даму шығындарын төмендетпей, мұқтаждарға көмектесуге тиіспіз. Биыл әлеуметтік салаға республикалық бюджеттің барлық шығыстарының 45 пайыздан астамы бағытталды. Со ны мен бір мезгілде, бізде белгілі бір тең сіздіктер мен әлеумет-тік бөлікте проб лемалы нүктелер пайда болды. Осы ған байланысты мен Ұлттық қордан азаматтарымыздың өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыруға қаражат бөлу жөнінде шешім қабылдадым. Үкімет осы мақсатқа бөлінетін шығыстарды дұрыс әкімшілендіруі тиіс», – деді Елбасы. Әлеу-меттік саясат теңгерімді болып, ма сыл дық

АЛДАҒЫ ОНЖЫЛДЫҚТЫҢ 10 МАҚСАТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

жыл дары қосымша 980 миллиард теңге бөлінеді.

Екінші бағыт бойынша, аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынады. Бұл мақ-сатқа алдағы 7 жыл да қосымша жылына 50 миллиард теңге бөлінеді. Сонымен қатар, та бысы төмен көпбалалы және то-лық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі бала лары бар отбасылар үшін баспана алудың қолжетімділігі арттырылады. Аза-маттардың осы санаттары үшін тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пай-ызбен тұрғын үй қарыздарын ұсы нудың жеңілдікті тетіктері әзірленеді.

Үшінші бағыт бойынша, өңірлік өмір са пасының жаңартылған стандарттарына негізделген Жаңа карта қалыптастырыла-ды. Заманауи жергілікті жолдар желісін кеңейтуге енді қосымша 350 млрд тең ге бөлінеді. Бұл шаралар 2025 жылға қарай облыстық және ау дандық маңыздағы авто-жолдардың 95 пайызын жақсартуға жәр-демдесуі керек. Сондай-ақ, өңірлік көлік ин фрақұрылымдарының барлық ныса-ны, оның ішінде, әуежайлар, авто және теміржол вокзалдары жаңғыртылады. Астана, Ал маты және Шымкент сияқты ірі қалалардың шет аумақтарында қа лып-

Министрлер өзгергенмен, ауылдың жағдайы

өзгерген жоқ

Халқының 40 пайызы ауылда тұратын Қазақстан үшін агроөнеркәсіп – саяси, экономикалық, әлеуметтік, демографи-ялық ғана емес, стратегиялық тұрғыдан да зор маңызға ие. Өкініштісі, ширек ғасыр-дың ішінде қаншама жобалар жасалып, бағдарламалар қабылданғанымен, сөз бен істің арасы әлі де алшақ болып тұр.

Ауылшаруашылық ғылымдары ака-демиясының сарапшылары оның бір-неше себебі барын айтады. Біріншісі, министрлердің жиі ауысуынан. Мәселен, 1991-2019 жылдар аралығында ауыл ша-руашылығына жетекшілік жасайтын бас-шылар 18 рет ауысқан. Яғни, орта есеппен олар өз қызметін 1,5 жыл ғана атқарып отырған. Егер әрқайсысына жеке-жеке тоқталып кететін болсақ, министр орын-дығына ең қысқа уақыт отырған Төлеухан Нұрқиянов (қыркүйек 1998 – қаңтар 1999) болса, ең ұзақ отырған Асылжан Мамыт-беков (8 сәуір 2011 – 6 мамыр 2016) екен. Ал, Жәнібек Кәріпжанов (маусым 1994 – наурыз 1996, қаңтар 1999 – тамыз 1999), Ахметжан Есімов (мамыр 2001 – мамыр 2004, қаңтар 2006 – сәуір 2008), Асқар Мырзахметов (тамыз 2005 – қаңтар 2006, мамыр 2016 – желтоқсан 2017) бұл лау-азымды 2 реттен атқарып шыққанымен, бәрібір А.Мамытбековтің «рекордын» жаңарта алмаған. Енді Сапархан Омаров өзіне жүктелген міндетті қаншалықты атқара алатынын алдағы уақыт көрсете жатар.

Ал, екінші себепке оралсақ, бұл ми-нистрлердің өзгеріс жасауға құмарлығы. Әрқайсысы өзіне дейін басталған істі ары қарай жалғастырып кетпегендіктен, барлық реформалар аяқсыз қалып қойды. 1991-1995 жылдардағы экономикадағы тоқырау мен 1995-1997 жылдардағы шаруашылықты оңтайландыру реформа-сынан кейін кеңестік дәуірден мирас боп қалған мал мен техника талан-таражға түсіп, еңбек өнімділігі күрт төмендеп, агроөнеркәсіпте жұмыссыздық белең алды. Соның нәтижесінде жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесін 1990 жылғы (34 пайыз) деңгейге жеткізу мүмкін болмай, ол тіпті орындалмас ар-манға айналды деуге болады.

Үшіншісі, саланы тығырықтан алып шығу үшін жасалған барлық жоба мен бағдарлама терең зерттеліп, кешенді түрде қарастырылмады. Асығыс, үстірт жасалып, жүйесіз жүргізілген әрекеттер-ден қомақты бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалды. 2002-2005 жылдардағы «Ауыл жылы», 2004-2010 жылдардағы «Ауыл-дық аумақтарды дамыту», «Агробизнес – 2020» және тағы басқа да мемлекет-тік, салалық бағдарламаларға бөлінген қаржының құмға құйған судай із-түссіз кетуі ешкімге сабақ болмаған сияқты. Тіпті, 2000 жылы құрылған «Ауыл» со-циал-демократиялық партиясы да жұрт-шылықтың күткен үмітін толық ақтай алған жоқ. Қолдаушысы болса да, билік-

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, саясаттанушы:

«БИЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТКЕ БЕТ БҰРУЫНА ЫҚПАЛ ЕТКЕН СЪЕЗД»

– «Нұр Отанның» кезекті съезі биліктің әлеу-меттік салаға бет бұруына ықпал еткен тарихи сәт болды. Ел бюджетінің 45 пайызы халықтың осы аз қорғалған тобына нақты қолдау жасауға бағыттал-мақ. Мен осы съезде көтерілген үш бастаманы ерекше атап өткім келеді. Біріншісі, көпбалалы отбасылар-дағы әрбір балаға 21 мың теңге берілуі қажеттігі. Бұл негізінен ауыл халқы үшін үлкен көмек. Өйткені, көпбалалалы отбасылардың дені ауылда тұрады. Ал, жалақы көлемі 120-130 мыңнан аспаған жағдайда, отбасын-дағы әр балаға 21 мың теңге тиесілі болуы ауылдың қазіргі жағдайына сай келеді. Өйткені, шыны керек, ауылдағы қауымның тұрақты табыс көзі жоқ. Көбі бес-алты малының өнімімен ғана жан сақтап отыр.

Екіншісі, баспана мәселесі. Бүгінде қайсы бір әлеуметтік сауалнаманы алып қа-расаңыз да, жастар үшін өзекті мәселе – баспана. Жалпы, қазақ отбасын құрғаннан кейін өз алдына енші алып, бөлек үй болғысы келеді. Соған сәйкес, баспана мәселесін шешу екі бағыт бойынша жүзеге аспақ. Біріншісі жалдалмалы үй, екіншісі 2-3 пай-ызбен пәтер алуға берілетін несие. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік.

Үшіншісі, ауылдық жерлерге арналған «Құтты мекен» бағдарламасын жасау. Негізінде бізде көбіне қала мәселесі алдымен шешіледі. Ал, аталмыш шара ауыл-да өсіп, өркендеуге ынталы жандар үшін жарқын жол ашпақ. Елбасы бұл съезде халықтың ертең емес, бүгін бақытты болуы қажет деген ойын шегелеп айтты. Шыны керек, көптеген бағдарламалар болашаққа бағытталып жататын. Бұл алқа-лы жиында халықтың ертеңгі жарқын келешегіне негіз қалайтын бүгіндегі баққу-атты өмірі үшін нақты бастамалар жасалды. Демек, ел өмірінде іргелі өзгерістер болып, әлеуметтің көкейіндегі өзекті мәселелер шешілері анық.

Дос КӨШІМ, саясаттанушы:

«МҰНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҮКІМЕТ ӨЗІ ШЕШУІ КЕРЕК ЕДІ»

– Съезде әлеуметтік бастамалар жасалды. Негізі, мұндай мәселені Үкімет шешуі керек еді. Яғни, Пре-зиденттің қатысуынсыз атқарушы биліктің құрамы осындай бағдарлама қабылдауы тиіс. Бұл съезде «Нұр Отан» партиясының ішкі мәселесі талқылануы қа-жет-ті. Өкінішке қарай, онда Мемлекет басшысы Пар-ламенттің, Үкіметтің алдында сөйлеген сияқты болды. Мемлекеттік деңгейдегі мәселелердің түгелдей айтылуы коммунистік партияның съезін еске салды. Кеңестер

Одағында коммунистік партия барлық билікті өз қолына алып, мәселелерді тек өзі шешетін. Шын мәнінде, бүгінде ең көп сыбайластық жайлаған осы партия. Жиында осының себебі талқыланып, одан арылу жолдары ортаға салынуы керек еді. Қысқа-сы, өзге елдерде бұл мінбердің осындай деңгейде қолданылуы дұрыс бағаланбайды.

Әлеуметтік мәселелер бүгінгі таңда өзекті тұр. Бірақ, мұны шешуді аналардың қозғалысынан соң қолға алу да қисынсыз. Съезде осыған дейін бұл неге назардан тыс қалды, ол кімдердің кінәсі, құзырлы орындар неліктен оны тиімді шеше алмады, міндетті адамдарға неге шара қолданылмады деген сұрақтар қойылмай қалды. Негізі, мәселе осылай қойылуы керек еді. Егер проблеманың себебін анықтамай, құр салдарымен ғана күресе берсек, олар қайталана береді. Көпбалалы отбасылар үшін жәрдемақы төлеу шарасы – етектен кесіп жең жасаудың кері сияқты әре-кет. Ертеңгі күні оралмандар мәселесі туындауы мүмкін. Оны да осындай жолмен шешеміз бе?! Мұнымен біз алға баспаймыз. Бізге алдымен сапалы адам капиталын нығайтып, бәсекеге қабілетті экономика құру керек. Экономикамыз өз өнімімізді өндіріп, халықты табысы жоғары жұмыспен қамтамасыз ете алмаса, әлеуметтік мәселе қордалана береді.

– Бүгінгі күн еліміз үшін елеулі жаңалықтарға толы болды. «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде елді қуантқан көптеген жағымды жаңалықтар айтылды. Телеарнадан бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға көтерілетіндігін естіп қуанып қалдық. Әлбетте, Үкімет ел үшін түрлі бағдарламаларды қолға алуда. Жыл сайын зейнетақы мен әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбек ақысын жоғарылатып отыр. Менің медицина қызметкерлерінің атынан осы жаңалыққа қуанышым шексіз. Бұл біздің жасап жатқан жұмысымызға деген жауапкершілікті одан сайын арттыра түседі деген сенімдемін. Халықтың әл-ауқатының артқаны елдің дамуында негізгі фактор болмақ.

Малика ОСПАНОВА,медицина саласының қызметкері

– Мен «Күміс алқа» иегерімін. Көпбалалы болуды бала кезден арман-дайтынмын. Біреу үшін емес, өзім үшін, ұрпағымды жалғастыру үшін 6 баламды дүниеге әкелдім. Ауылда тұрсақ та, балаларымыздың несібесінің арқасында мал асырап, жан бағып, тірлік етіп келеміз. Атаулы көмекті алып отырмыз. Енді міне, бүгінгі жиында Елбасымыз жағымды жаңалық айтыпты. Ауыл-аймақ болып қуанып жатырмыз.

Атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылар үшін әрбір балаға берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін арттырады деген жаңалық біздің төбемізді көкке жеткізді. Әрине, бәрі балаларымыздың несібесі. Ертеңгі күні осы ұрпақ осындай жақсылық жасаған елі үшін адал қызмет атқаратынына сенімдіміз. Елдің үмітін ақтар ұрпағымыз аман болсын! Алла Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа күш-қуат берсін!

Асылзат ӘБІЛОВА, көпбалалы ана

көңіл-күйдің өсуіне жол берілмеуі тиіс. Көмек аса мұқтаж жандарға бе ріліп, атау-лы сипатта болуы керектігін және бөлін-ген қаражат әрбір отбасына және нақты адамға жетуін өзі қадағалайтынын қаперге салды. Президент тапсырмасы бойынша партия азаматтарды толғандыратын мәсе-лелерге сарап тама жүргізген. Олардың қатарында ба лалар жәрдемақысын көте-ру, көпбала лы отбасылардың жағдайын жақсар ту, баспанамен қамту, әлеуметтік инфра құрылымды жаңғырту сияқты мәселелер айқындалған. Сол себепті, олар ды шешуде партия үлесі 3 бағыттағы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру арқылы көрінбек. Олар табысты арттыру және халықтың аз қамтылған бөліктерін қолдау, табысы төмен азаматтардың бас пана мәсе-лесін шешу және білім беру, денсаулық сақтау салаларын жақсарту, сондай-ақ, өңірлерді кешенді дамыту.

Үш бағыт Үкіметке үлкен міндеттер жүктейді

Кеңірек тоқталатын болсақ, бірін-ші бағыт ден саулық сақтау, білім беру, әлеу меттік қор ғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруа шы лығы және басқа салаларда жұмыс істей тін 1 миллионнан астам қыз-метшілерді тікелей қамтиды. Бұл үшін 2019 жыл ғы 1 шілдеден бюджеттік сала-ның төмен жалақылы жұмыскерлерінің еңбек ақы сы 30 пайызға дейін артты-рылып, аудан дық, облыстық деңгейлерде тікелей азамат тармен жұмыс істейтін атқарушы орган дар дың төменгі қызмет-керлерінің еңбек ақысы орташа 25 пайызға көтерілмек. Бұл мақсаттарға 2019-2021

тасқан проблемаларды шешу үшін 2019-2021 жылдарға қосымша 90 млрд теңге бөлінбек. Шағын және моноқалаларды дамытуға да алдағы 3 жылда қосымша, жыл сайын 10 млрд теңге қарастырылады. Сумен және кәріз жүйелерімен қамта-масыз етуге де қосымша 140 млрд теңге бөлінеді. Бұл аталған салада 2,2 млн-нан астам адамның проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Ал, газдандыру және электрмен қамтамасыз ету жұмыстарына қосымша бөлінетін 190 млрд теңге 1,1 млн адамды газбен қамтуға мүмкіндік беріп, өңірлік электрмен қамтамасыз ету сенімділігін айтарлықтай арттырады. Бұл мақсаттарға жалпы 2019-2021 жылдарға шамамен 920 млрд теңге қарастырылмақ.

Үкіметке жүктелген міндеттердің орындалуы партияның қатаң бақылауын-да болатынын ескерсек, онжылдықтың 10 мақсатының жүзеге асуы елдің әлеу-меттік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға тың серпін беретініне сенгеннен басқа амалымыз жоқ.

ке сөзін өткізе алмай, барлық сайлауда жеңіліс тапты.

«Жұмыс берсек, тұрғындар ауылда

қалады»

Елбасы әр жылдары «Ауылдың аман-дығы – елдің амандығы», «Ауыл – қа-зақтың алтын бесігі» екенін үнемі ай-тып-ақ келеді. Дегенмен, үміт үзуге әлі ерте. Оған Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезіндегі: «Біз ауылдарды өсім нүктелеріне ай-налдыруымыз керек. Әрбір ауылда қан-дай да бір жұмыс орнын ашу қажет. Ол үшін микронесиелер бар. Жұмыс берсек, тұрғындар ауылда қалады. Бізде бірінші мамандықты тегін оқыту жүйесі, Жол кар-тасы бар. Мүмкіндіктер мол. Тек нақты жұмыс істеу керек. Баспана мен жол са-лып, әлеуметтік нысандарды тұрғызып, шағын және орта бизнесті дамыту керек. Ауылдың өз әлеуеті бар. Ол үшін өңдеу өнеркәсібін дамыту керек. Елімізде үлгілі

ауылдар жетерлік. Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру үшін ұсыныстарды әзірлеуді, сонымен бірге, осы бағытта қаржыландыру бойын-ша 2019-2021 жылдары ауылды дамытуға 90 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Осы жастарды ауылда ұстап тұруға мүмкіндік береді», – деген сөзі дәлел. Ал, партия төрағасының іске асыруды «Нұр Отанға» тапсырған «Құтты мекен» жобасы бойын-ша 7,5 млн ауыл тұрғынының жағдайын жақсартуға жол ашылғалы отыр.

«Саясаттың негізгі мақсаты – адам қамы, қоғам қамы, ел қамы» деген Ел-басы ұстанымына жүгінетін болсақ, бұл міндеттердің орындалуы енді тек Мем-лекет басшысы мен Үкіметке ғана емес, азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділі-гіне де байланысты боп тұр. Егер әрбір тарап өз жауапкершілігін терең сезініп, бүкіл іс-әрекеттеріне есеп беріп отырма-са, тарихтан әлі сабақ алмағаны болып табылары хақ.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,«Заң газеті»

ТАҚЫРЫПҚА ОРАЙ

СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

4 №16 (3141) 1 наурыз [email protected]

(Соңы. Басы 1-бетте)

ӘЛЕУМЕТ

МӘСЕЛЕ

Мәртебе

Қызмет пен құрмет сай келсін!Білім саласына, мұғалімдер мәртебесіне көңіл

бөлінбей жатқан жоқ. Қаншама мектептердің салынуы, жаңа технологиялармен жабдықталуы, көптеген жас мамандардың ауылдық жерлерге келіп қызмет атқаруы – соның нәтижесі.

Десек те, білім беру саласында мұғалімдердің жігер танытып, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында жасаған ерен еңбектері лайықты бағасын алып жатыр ма? – деген сауал кімді болсын алаңда-тады. Халық қалаулыларының отырыстарында мұғалімдер еңбек ақысының аздығы мен әлеу-меттік жағдайы жөнінде айтылып, Үкіметке депу-таттық сауалдар жолданады. Осындайда қаражат көздері тиісті қамтамасыз етілмеген, әлеуметтік тұрмысы мардымсыз, тұрақталмаған мұғалімдер-

САНИТАРЛЫҚ ҚАҒИДАҒА Бүгінгі күні әлеуметтік жақтан аз қам­тылған еден жуушылар, бала бақшалар тәрбиешілері, кір жуушы мен асхана қыз­меткерлері, жол серіктер өзінің мардым­сыз айлығының есебінен медициналық тексеруден өтуге, гигиеналық біліктілігін жетілдіруге, тіпті, жұмыс орнында киетін арнайы киімдерге дейін өз қаржысын жұмсауға мәжбүр. Өйткені, бұрынғыдай мұндай шығынға мемлекет қазынасынан қаржы бөлінбейді. Гигиеналық талап­қа жауапты адамдардан бұған қатысты ұсыныс та түспейтін сияқты. Сонда ко­митет төрағасы орындалмайтын санитар­лық қағидаларды кім үшін дайындаған? Бекітілген санитарлық қағида Әділет министрлігінде қалайша тіркеуден өткен? Оның қазақша нұсқасын оқуға ұяласың, оқып көрсең қазақ болып туғаныңа арла­насың. «Мемлекеттік тіл туралы» заңға бой ұсынбай, қағиданың қазақ тіліндегі нұсқасын қате жазып, қателікке жол бер­ген Қоғамдық денсаулық сақтау коми­тетінің мамандары кімді мазақтап отыр? Қазақстан Республикасы Денсаулық сақ­тау министрлігі мен Әділет министрлігін­де қазақ тілін білетін, сауатты маманның болмағаны ма?

2015 жылдан бері Денсаулық сақтау министрі мен комитет төрағасына сани­тарлық қағиданың қате екендігі, қазақ­ша нұсқасының дұрыс аударылмағаны туралы жазып түсіндіре алмадым. Осы ескертпемде саланың бірталай түйткілді мәселелерін түртіп көрсеттім. Мәселен, әлеуметтік нысандарды қадағалаушы сани тарлық саланың мамандары сани­тарлық қағидада жазылған талаптар­дың орындалуын уақытылы қадаға­ламайды, жұмыс берушіден нақты сұраныс жасамайды. Соның кесірінен жеке кәсіпкерлер қадағалаусыз жұмыс істеп, заңсыздықтар белең алуда. Егер жұмыс талапқа сай болса астан уланған, сапасыз қызметтің кесірінен зардап шеккендер тыйылар еді. Ал, мұны айт саң құзырлы орындағылар «Жеке кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жа­рияланды, сол себепті біз нысандарды тексере алмаймыз» деп алақандарын жа­яды. Әрине, нысандарды орынсыз тек­серуге мораторийдің жасалуы орынды. Бұл дұрыс шешім. Бірақ, ісін бастаған кәсіпкерге талаптарды түсіндіру жағы жетіспей тұрған жоқ па?. Одан бөлек, депар таменттің санитарлық дәрігері өз қызметін, халық алдындағы беделін қадірлейтін болса, өз ісіне шын жауап­

тылықпен қарайтын болса, кейін бармақ шайнап отырмас үшін жаңадан құрыл­ған нысанды пайдалануға рұқсат берген кезде қандай жобаға сәйкес құрылға­нын, ол нысанның неге бейімделгенін, оған құрал­жабдығының қаншалықты сәйкес келетінін, ауыз су, кәріз жүйесі, желдеткіш пен жарықтандыру жүй­есімен қамтамасыз етілуін тексеруі ке­рек еді ғой. Сол нысанда жұмыс істейтін адамдардың толық медициналық тексе­руден өтуін қадағалап, нысанның сани­тарлық пас портын толтыру қажет бола­тын. Яғни, нысанның тәртіпке сай екені анықталып, кем­кетіктер жойылғаннан кейін ғана кәсіп иесінің жұмысын жүр­гізуіне рұқсат берілгені жөн. Міне осын дай нысанды орынсыз тексерудің қажеті жоқ! Ал көп шілік орында қызмет көрсетіп отырған жанның бірінен тубер­

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2019 жылғы 21 ақпандағы қаулысымен Орал қаласы әкімдігінің Білім бөліміне қарасты «№1 Балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қа­зыналық кәсіпорнының домбыра пәнінің оқытушысы Құндыз Құзанбаева бұрынғы жұмысына қайтып оралды.

Айта кетейік, 2015 жылы еңбек шар­тымен орналасып, мамандығы бойынша жұмыс жасап жүрген жас ұстаз мектеп ди­ректоры Т.Әлімбаевтың 31.08.2017 жылғы №33­Қ бұйрығымен жұмыстан шыға­рылған. Бұйрықта Қазақстан Респуб­ликасы Еңбек кодексінің 49­бабының 2­тармағына, 51­бабының 1­тармағына сәйкес шарт мерзімінің аяқталуына бай­ланысты еңбек келісімі 2017 жылғы 1 қыр күйектен бастап тоқтатылып, жұмыс­тан шығарылғаны көрсетілген.

Қызметінде бұрын­соңды ескерт­пе алмаған, қайта оқытқан шәкірт­терінің алды конкурстарда жүлдегер атанып, жақсы нәтиже бере бастаған ұстаз басшылықтың астамшылығына төзбей бұзыл ған құқығын қалпына кел­тіру жөнін де прокура тура мен еңбек

инспекция сына арызданды. Арыздың бір ұшы «Нұр Отан» партиясы мен Прези­дент Аппаратына дейін жолданды. Бірақ мәселені шешпей, «ұзын арқан, кең тұсау­ға» салған құзырлы органдар жас маман мен мектеп басшылығы арасындағы түй­інді шиеленістіре берді.

Кейіннен мектеп басшылығына, басқа да қадағалаушы органдарға арызданған­нан нәтиже шықпағасын маман бұйрық­ты заңсыз деп танып, жұмысына қайта орна лас тыруды және мәжбүрлі түрде бос жүрген уақыттағы еңбек ақысы мен мораль дық зиянды өндіріп беру туралы сотқа жүгінді. Бастапқыда одан да қайран болмады. Орал қалалық №2 соты бұй­рықты заңды деп тауып қаулы шығарады. Сонда да үміттің соңғы шырағын өшір­меген маман Батыс Қазақстан облыстық сотына апелляциялық шағым жолдаған болатын. Апелляциялық алқа Қ.Құзанба­еваның талап арызын қанағаттандырудан бас тартқан Орал қалалық №2 сотының шешімінің күшін толықтай жойып, та­лапкердің арызын қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдады.

Оқытушы қызды бұрынғы жұмысына қайта орналастырып, алты ай мәжбүрлі

түрде бос жүрген уақытына 442 116 (төрт жүз қырық екі мың бір жүз он алты) тең­ге және моральдық зиян өтемі ретінде 150 000 (жүз елу мың) теңге өндіріп, жау­апкерден мемлекет пайдасына 5 921 (бес мың тоғыз жүз жиырма бір) теңге баж са­лығы төлеткізілді. Сонымен қатар, осы іс бойынша анықталған заңбұзушылықтар

кулез табылса, адамдар тамақтан жап­пай уланып жатса тексеру керек, себебі санитарлық қағиданың дұрыстығына күмән туатыны орынды ғой.

2015 жылғы 24 ақпанда Ұлттық эконо­мика министрлігінің «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүр­гізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шықты. Сондай­ақ, «Міндетті медицина­лық тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық, «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын және гигиеналық оқу бағдар­ламаларын бекіту туралы» санитарлық қағида бекітілді. Осы құжаттарда халыққа қызмет көрсететін азаматтардың денсау­лығын тексеріп, санитарлық, гигиеналық талапқа сәйкестігі құжатталады. Алайда, санитарлық кітапшаның қалай берілетіні көпке белгілі.

«Жеке медициналық кітапша» – жұ­мыс істеуге рұқсат беру туралы белгі қо йы л ып, міндетті медициналық қа­рап­тексерудің нәтижелері енгізілетін же ке құжат. Әрине, өзінің денсаулығын ойлай тын, жұмысына жауаптылықпен қарай тын азамат тар медициналық кітапша бойын ша міндет телген барлық есікке кіріп, тексеруден өтіп шығады. Әуре­сарсаңнан қашып, кітапшаны «са­тып алатындар» да жоқ емес. Өкініштісі сол, әлеуметтік нысандарда жұмыс жа­сайтын халықтың декреттелген тобын­дағы адамдарға Қызыл орда облысында әлі ескі үлгідегі «Жеке медициналық кітапшамен» жұмыс істеуге рұқсат беру жалғасып отыр. Неліктен оған құзырлы орындар назар аудармай отыр? Бұл сау­алымызға Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары А.Тұрғанбаевтан: «Департамент және аумақтық басқарма мамандарымен Жеке медициналық кітапшалардың бекі тілген нысанға сай толтырылуына аса назар аударылады. «Құқықтық актілер туралы» заңның 43­бабына сәйкес нормативтік құқықтық актінің күші болмайды, сол се­бебті декреттелген топтағы адам дардан ескі үлгідегі медициналық кітап шаларын ауыстыру талап етілмейді» деген жауап

келді. Осылайша комитет пен депар­тамент мамандары заңсыз жеке құжат­тардың 2015 жылдан бері Қазақстан Республикасы аймағында әлеуметтік нысандарда жұмыс жасайтын қанша мың адамға беріліп отыруы заңбұзушылық әрекетке – сыбайластық пен жемқор­лыққа бастайтынын сезінбей тұр ма?

Санитарлық қағиданың 2 параграфы 13­тармағының 2­тармақшасына сәйкес, «өндірістік кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарда жұмыс жасайтын «халық­тың декреттелген тобындағы адамдарға» меди циналық тексеріп қарау жүргізетін комис сия төрағасы және оның мүше­лері» емхана басшысының бұйрығымен бекітіледі. Олар кәсіптік аурулар бойын­ша біліктілігін Қазақстан Республикасы «Еңбек гигиенасы және кәсіптік ауру­лар Ұлттық орталығында» жетілдіріп, сертификат алулары қажет. Қағиданың осы талабы орындалған кезде ғана ем­хана медициналық тексеруді жүргізуге құқылы. Бүгінгі күні комиссия төраға­сы мен мүшелерінің біліктілігі туралы сертификаты жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 11 профпатолог пен 22 дәрігер білімін жетілдірген дейді. Ал, Ұлттық орталықтың мәліметі бойынша, соңғы бес жылда облыс бойынша 5 дәрі­гер ғана білімін жетілдіріп сертификат алған. Оның арасында Қызылорда об­лысынан дәрігер жоқ. Сонда кім кімді алдап отыр?

Бүгінгі таңда Қызылорда облысы аймағында жұмыс жасайтын сырт ел компаниялары кодекс талабына сәйкес декреттелген топ өкілдерін гигиеналық оқудан өткеруге төлемақыны мекеме есебінен төлейді. Сондай­ақ, Қызылорда қаласында әлеуметтік нысандарда жұмыс жасайтын халық гигиеналық оқудан өтуге төлемақыны өз есебінен төлейді олардың гигиеналық біліктілігіне назар аударылмайды. Қайда оқып жатқандығы тексерілмейді. Сондықтан да, әлеуметтік нысандарда гигиеналық нормалар сақтал­майды.

Сабет ДӘРІБАЕВ, Денсаулық сақтау жүйесінің үздігі

СОТ ІС ҚАРАДЫ

МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЙТА ОРНАЛАСТЫ

жөнінде тиісті шара қолдану үшін облыс­тық білім басқармасы басшылығының атына арнайы жеке ұйғарым шығарылды.

– Бәрі заңды жете білмегендіктің, бол маса бұрмаланғандықтың салдары. Бірінші саты соты мәселенің мәнісіне терең бойламаған. Жаңа Еңбек заңының қағидаларын қолданып, қызметкер жұ­

мысқа алынған кездегі заң талаптарын ескермеген, – дейді осы істі қарауға қатыс қан апелляциялық соттың судьясы Есенбай Боранбаев.

Жұмысқа қабылданған кездегі заң қолданысы бойынша мектептің ұжымдық шарты басшылыққа алынатыны көрсетіл­ген. Ал ұжымдық шартта еңбек келісімі бір жылға жасалатыны және одан кейін бір жылға ұзартылатыны көрсетілген. Бұл екі жылдан кейін бәрі бітті дегендік емес. Маман одан әрі жұмысын жалғасты­ра берсе, ол – еңбек шартының белгісіз мерзімге ұласқандығы болып табылады.

Аманкелді ШАХИН,БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Р.S. СОТТА ӨКІЛІ БОЛЫП ҚАТЫСҚАН ТАЛАПКЕРДІҢ ӘКЕСІ ОРАЛХАН ҚҰЗАНБА-ЕВ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ АЛҚА ШЕШІМІНЕ РИЗА БОЛЫП, КӨЗ ЖАСЫНА ЕРІК БЕРДІ. СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ ӘДІЛДІГІ-НЕ АЛҒЫСЫН ЖАУДЫРДЫ. АЗАМАТҚА АЛҒЫС АЛУДАН АРТЫҚ НЕ БАР?

ден сапалы білім күтуге бола ма? – деген ой келеді. Айлығы аз, отбасында қаржы жетіспеген мұғалімнің қосымша табыс іздейтіні белгілі. Бұл олардың қыз-метке селқос қарауына алып келеді. Өзге елдерде мұғалімдер ең жоғары жалақы алатын мамандар қатарында. Сондықтан, Қазақстандағы білім беру саласын қаржыландыру көлемін арттыру әлі де өзекті болып қалып отыр.

Қаржы жетіспегендіктен мұғалімдер емдеу-са-уықтыру орындарына да бара алмайды, денсау-лығына мән беруге көпшілігінің мүмкіндігі жоқ. Ал, қауырт жұмыстан шаршаған мұғалімдердің ден-саулығына көңіл бөлу маңызды. Осындай мәселе-лердің туындауы мұғалімдер мәртебесінің заңмен бекітілмеуінен деп ойлаймын.

«Педагог мәртебесі туралы» заңды дайындап, қабылдау ұстаздар үшін игілікті істердің қаралып, жүктемелердің азайып, жөнсіз тексерістер мен қыз-меттен тыс міндеттердің төмендеуіне негіз болуға тиіс. Сондай-ақ, Жолдауда орта білім беру жүй-есінде айқындалған негізгі тәсілдердің атқарылуы-на баса назар аудара келіп, Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі, оның әдістемесі мем-лекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға, білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стан-дарттарға негізделуге тиіс екені ескертілді. Бұдан әрі құжатта орта мектептерде оқушыларды сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеудің, кәсіби диагно-стика жүргізудің маңыздылығы қарастырылды. Бұл оқушыларды оқытудың жеке бағыт-бағдарын беруге және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, балалар қауіпсіздігінің ес-керілгені, барлық мектептер мен балабақшалар-дың бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілуі, мектеп психологтары жұмысының күшейтілуі, білім алу қолжетімділігінің артуы және басқа да ілкімді шаралардың жүзеге асырылуы алдағы күннен үлкен үміт күттіреді.

Жас ұрпақтың өркениетті елімізге деген отан-шылдық көзқарасы, жарқын болашаққа деген талабы мен талпынысы, тәрбие мен білімінің жетілуі білім ордаларында қалыптасатыны белгілі. Сондықтан, мұғалімге жауаптылық артумен бірге, мәртебесін көтерудің, жағдайын жасаудың тетігі қатар жасалса нұр үстіне нұр.

Дана ТӨЛЕУТАЙҚЫЗЫҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫҚАРҚАРАЛЫ ҚАЛАСЫ

«Жеке медициналық кітапша» – жұмыс істеу ге рұқсат беру туралы белгі қойылып, міндетті меди-циналық қарап-тексеру-дің нәтижелері енгізіле-тін жеке құжат. Әрине, өзінің денсаулығын ой-лайтын, жұмысына жа-уаптылықпен қарайтын азаматтар медициналық кітапша бойынша мін-деттелген барлық есік-ке кіріп, тексеруден өтіп ш ы ғ а д ы . Ә у р е - с а р -саңнан қашып, кітапша-ны «сатып алатындар» да жоқ емес. Өкініштісі сол, әлеуметтік нысан-дарда жұмыс жасайтын «халықтың декреттелген тобындағы адамдарға» Қызылорда облысында әлі ескі үлгідегі «Жеке медициналық кітапша-мен» жұмыс істеуге рұқ-сат беру жалғасып отыр.

СЕЛҚОС ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

5№16 (3141) 1 наурыз [email protected] СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

Білген жөн

Елімізде борышкерлердің «аяғына тұсау салатын» «Бүркіт» жүйесінің қолданысқа енгеніне біраз болды. Кез келген азамат ға-ламтор арқылы өзінің борышкер не борышкер еместігін әп-сәтте анықтай алады.

Бірақ, соған қарамастан Атырауда борыш-керлер саны азаймай тұр. Олардың басым бөлігі өз баласына алимент төлеуден жалта-рып жүргендер болса, қалғандары коммунал-дық төлем және әкімшілік айыппұл, несиені уақытылы төлемегендер. Осындай қарызы бар жалпы 9583 атыраулыққа құқық қорғаушылар шетелге шығуға тыйым салған.

Атырау облыстық Әділет департаменті

атқару өндірісін есепке алу және бақылау бөлімінің тарапынан айта кететін нәрсе, аза-маттарға «Бүркіт» базасына тіркелгені жөнінде ескертіп отыруға ешбір маман міндетті емес. Өйткені, сот актілерін жасау кезінде азаматқа ақпарат беріледі. «Бүркіт» базасына тіркелген-дер бойынша, өткен жылы облыста борыш-керлер саны артқан. Заңға сәйкес, борышкер-лер атқару құжатында көрсетілген талаптарды орындамағандықтан, оларға ел аумағынан шығуға сот актісі толық орындалғанға дейін шектеу қойылады. Борышкер міндеттелген соманы төлеген соң, сот орындаушысына келіп хабарлауы қажет. Дәлелдеу құжатын көрсет-

кен соң, ол борышкердің аты-жөні жүйеден сол күні алынады.

Ресми деректерге сүйенсек, тек мемле-кеттік сот орындаушыларымен барлығы 9583 борышкерге қатысты Қазақстан Ре-спубликасынан шығуға уақытша шектеу қойылса, 4226 борышкерге қатысты атқа-рушылық өндірістері нақты орындалуы-на байланысты шектеуден босатылған. Ал, қашып жүрген борышкерлерге із-деу жарияланып жатыр. Өткен жылы 74 борышкерге іздеу жарияланған. Көші-қон полициясы қызметкерлерімен 6 бо-рышкердің тұрғылықты мекен-жайы анықталып, сот орындаушыларына жет-

кізілді. Бірақ, 68 борышкер әлі іздеуде. «Бүркіт» базасына тіркелу жайына кел-

сек, егер тұрғынның берешегі 20 АЕК-тен, яғни 50 мың 500 теңгеден асса, ол жүйеге автоматты түрде тіркеледі. Бұл шетелге де-малуға немесе іс-сапарға шығуға кедергі деген сөз. Сондықтан, мамандар әр аза-матқа Әділет министрлігінің сайтына кіріп, тіркеуде бар-жоғын тексеріп отыруға кеңес береді.

Л.БЕРДИЕВА,Атырау облыстық Әділет

департаменті атқару өндірісін есепке алу және бақылау бөлімінің басшысы

74 БОРЫШКЕРГЕ ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ

– Мансұрхан Махамбетұлы, депутаттар заң шығарушылықпен ғана айналысып қоймай, жұрт-шылықтың шағымдары бойынша да жұмыс істейтінін білеміз. Сізге де көмек сұрап, хат жазатындар аз емес екені анық. Заңгер депу-таттардың бірі болғандықтан, жұртшылық көбіне өзіңізге құ қық­бұзушылыққа қатысты мәселелер бойынша жүгінетін болар?! Олар-дың бұл өтініштері қаншалықты орындалып жатыр?

– Иә, бізге әртүрлі мәселеге қатыс­ты жүгінетін тұрғындар аз емес. Өті­ніштерін кейбірі хат түрінде жіберсе, кейбіреулері тілектерін аймақтардағы кездесулерде айтып жатады. Біз, мүм­кіндігімізше, оларды құзырлы орындар­дың назарына жеткізіп, мәселелерінің оңынан шешілуіне көмек көрсетуге ты­рысамыз. Заңдылық аясында жасалған өтініштер қанағаттандырылып жатады. Олар түрлі мәселелерді қамтиды.

Десе де, көбіне ауыл­аймақтардағы жұртшылық мал шаруашылығына орай туындайтын қиындықтарға қатысты көмек сұрайды. Бұл заңды да. Өйткені, алыс ауылдарда өмір сүріп жатқан қа­уымның бүгінде тіршілік көзі негізінен мал болып отыр. Сауса сүті, сойса еті, сатса ақшасы дегендей, олардың осы малдың арқасында жан сақтап отырғаны белгілі. Қазақ «мал ашуы – жан ашуы» дейді. Расында, барлық күнкөрісі төрт түлікке байланған ауылдықтарды оған қатысты туындаған әрбір мәселе тығы­рыққа тірейді.

Мәселен, былтыр жазда Атырау облысында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткізген кез­десуімізге келген ауылдық тұрғындар бақташы бағатын мал жолды кесіп өт­кені үшін өздерінің жауапқа тартылып, айып арқалап жататынына арыздан­ды. Өрісте жүрген мал көлік жолын кесіп, жол­көлік оқиғасын тудырса, үйде жатқан иесі жауапкершілікке тартылады екен. Онда тек айыппұл төлеттіріп қана қоймай, көлікке келген шығын да өн­дірілетін көрінеді. Ал, ол аз ақша емес, алды бес миллион, соңы сегіз миллион теңгеге дейін жететін кездер болады. Бағып отырған оншақты қой, ешкі, екі­үш ірі қарасы және сабанннан соғылған үйі ғана бар ауыл адамына бұл үлкен салмақ қой. Осыны айтқан тұрғын­дар бізден бұл шараның заңдылығын анықтап беруді сұраған еді.

– Расында, қиын жағдай екен? Қалайша бақташы баққан малдың әрекеті үшін иесі жауап береді? Заңнамада бұл мәселе қалай қарас­тырылған?

– Біз аймақтан келе салысымен қол­даныс аясындағы заңдарды қарап, қо­сымша мәліметтерді жинақтап, бұл мәселені жан­жақты саралап, зерттедік. Осы жүргізген жұмыстардың нәтижесін­де көз жеткізгеніміз, құзырлы органдар мал иелерін заңсыз жазалап келген. Бірақ, құзыретіміз жоқ болғандықтан, біз оған бұлай деп баға бере алмаймыз.

Сондықтан, мал иелеріне қолда­нылып келген шараның заңға қайшы екенін дәйектеп жазып, заңдылықты қадағалайтын орган – Бас прокурату­раға жібердік. Бұл құзырлы орган 2 айға жуық аталмыш фактілер бойынша жан­жақты талдау жұмыстарын жүргізіп, соның қорытындысы негізінде біздің уәждеріміздің бәрін қолдап, Жоғарғы Сотқа кассациялық наразылық жасады. Бүгінде соның нәтижесінде әкімшілік соттың практикасы түбегейлі өзгеріп отыр. Негізінде бұған дейінгі екі жыл ішінде 500­ге жуық адам тек осы мәселе бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл арқалаған екен. Бұл осынша адам әбігерге түсіп, біршама шығынға ұшыраған деген сөз. Олардың бармаған жері қалмаған, аяғында «Нұр Отан» партиясының ұйымдастырумен болған қоғамдық қабылдауда бізге шағымдан­ды. Осы орайда, Бас прокуратура бас­шылығына рақметімізді айтқымыз келіп

Мансұрхан МАХАМБЕТОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты:

«ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ БІЛІКСІЗДІГІНЕН АДАМ ҚҰҚЫ ТАПТАЛҒАН»

отыр. Себебі, дер кезінде аталған мәсе­лелерді жан­жақты талдап, заңсыздықты болдырмау, азаматтардың құқығын қорғау мақсатында тиісті прокурорлық шаралар қабылданды.

Бүгінде Бас прокуратура тарапынан Ішкі істер министрлігімен бірге барлық облыстық, республикалық маңызы бар қалалық прокурорларға мұндай заңсыз­дыққа жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Яғни, ендігі жерде мұндай жол­көлік оқиғалары бойынша мал иесін әкімшілік жауапкершілікке тартпау туралы нақты нұсқау беріліп отыр. Бұл үй жануарларына қатысты жол­көлік оқиғасы бойынша көптеген адамдардың жазықсыз жауапты болуына тосқауыл қойылады деген сөз.

– Сонда бұған дейін заңгер-леріміз заңнан тыс әрекет етіп келгені ме?! «Ет сасыса тұз се-беміз, тұз сасыса не себеміздің» кері емес пе бұл?!

– Қазақстан Республикасының Әкім­шілік құқықбұзушылық туралы кодек­сінде жол­көлік оқиғалары бойынша әкімшілік жауапкершілікті көздейтін баптар бар. Солардың ішіндегі 615­620 баптарда жол бойында, малды қағып кеткені үшін жауапкершілік көзделген. Бірақ, бұл баптың негізінде уәкілетті мемлекеттік органдар мен соттар мал иелерін жауапкершілікке тартып кел­

ген. Мұндай шешімдер заңсыз болған. Себебі, «Жол жүрісі туралы» Заңның 1­бабы 15­тармағының, «Жолда жүру ережесінің» 2­тарауының 2­бөлігі 26) және 31) тармақтарының және ӘҚБ­тК­нің 615­бабында көрсетілген ескерт­пенің мазмұны мен мағынасы бойын­ша, үй жануарларының иелері, егер де жолда ат арба көлігін басқармаса, мініс малын немесе табынды айдамаса, жол жүрісінің өзге де қатысушылар санатына жатпайды.

Демек, мұндай азаматтар құқық­бұзушылықтың субъектілері болып табылмайды. Ал, өз кезегінде оларды ӘҚБтК­тің 615 және 620­баптары бо­йынша жауаптылыққа тартуға құқықтық мүмкіндікті шектейді. Яғни, аталған кодексте үйде жатқан мал иесі жауапқа тартылу керек деген талап жоқ. Ауылда малды ақшасын төлеп, бақташыға бағуға береді. Ол таңертең алып кетіп, ауылға кешке бір­ақ әкеледі. Сондықтан, жол­көлік оқиғасына мал иесінің ешқандай қатысы жоқ. Алайда, бұл ескерілмей, мал иесі жауапқа тартылып, машинаға келген шығын солардан өндіріліп кел­ген.

– Ал, бұл арадағы судьялардың әрекетіне қандай баға бересіз?

– Олар заңға қарамаған деуге бол­майды. Сот әкімшілік практикасы солай болып келген. Бұл жерде мемлекеттік

уәкілетті органдар мен соттар Жолда жүру ережесінің нормаларына сілтеме жасап келген.

Шынтуайтына келгенде, Жолда жүру ережесінде мал иелерінің міндетіне үй жануарлары жолға шығып кететін жағдайды жоққа шығармайтын кезде, оларды қараусыз қалдырауға болмайды деген нормалар бар.

Бірақ, әкімшілік кодексте осы норма­лар бұзылған жағдайда олардың жауап­кершілігі қарастырылмаған. Қателік, істі қарау барысында аталмыш кодекстегі талаптарға қарамай, тек ережелерді ғана негізге алудан туындаған. Бұл бі­ліксіздіктің бірден­бір көрінісі. Осының салдарынан адам құқы тапталып отыр. Мұндай жағдай көбіне азаматтардың әділдікке, мемлекет саясатына деген сенімінің жоғалуына әкеліп жатады. Ең қиыны да осы.

Елбасы Н. Назарбаевтың тапсыр­масымен сот, құқық қорғау органда­рында реформалар жүзеге асырылып жатыр. Ең басты міндет – халықтың сенімін ақтау. Мен өзім прокуратура органдарында ширек ғасырға жуық қызмет еттім. Сондықтан, құқық қоғау органдарының жұмыстары маған та­ныс. Аталған құзыретті органдар үшін бастысы – заңсыздыққа жол бермеу. Бұл

жерде тағы да артық айтқандық емес, білімсіздік, біліксіздік белең алуда. Ең өкініштісі, мұның зардабы сонау алыс ауылдарда, күнін төрт түлік малының арқасында ілдебайлап көріп жатқан адамдарға тиюде.

– Жуырда әлеуметтік желілер-де Ішкі істер министрлігі бір ғана айыппұлдың өзінен миллиардтаған қаржы өндіргені туралы ақпарат тарады. Елімізде өндіріс орындары болмаса да, салық кірісінің артқа-нынан хабардармыз. Депутаттар-дың да бұған таң қалғанын естіген едік. Бәлкім, сіз айтып отырған мәселенің ар жағында қайткенде айыппұлды молынан өндіріп, бюд-жет тапшылығын жою амалы жатқан болар?! Осы орайда, соңғы кездері көлік жолдарына қойылған «Сергек» бейнетіркелімі бойынша жүргізушілердің негізсіз айыппұлға тартылып жатқаны туралы жа-найқайы да бекер емес сияқты ма, қалай?

– «Сергек» бейнетіркегіші бо­йынша айтар болсам, Әкімшілік құ қық­бұзушылық туралы кодекске ал дыңғы жылы адам құқын тиімді қор ғайтын нормалар енгізілді. Ол тетіктерге сәйкес, көлік жүргізушісі уәкілетті органның хаттамасымен келіспейтін жағдай бол­са немесе рульде басқа адам отырған болса, шағымдануына, уәкілетті орган қаулысының күшін бұзуға мүмкіндіктер беретін нақты тетіктер жасалды. Оның алдында, шынында да мұндай ережелер жоқ болатын. Бірақ, көлік қозғалысына қатысты көптеген мәселелер халықтың өз құқықтарын білмеуінен орын алып жатады.

Айыппұл заңды өндіріліп жатқан болса, оған ешкім шағым түсірмейді. Мұндағы басты мақсат – жол қозғалы­сының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Заңбұзушылықты, одан зардап ше­гушілердің санын азайту. Жыл сайын

жол­көлік оқиғаларынан мыңдаған адам жарақат алып, мүгедек болып қалып жатыр. Біз осы жағдайдың алдын алып, адамдардың жолда ажал құшуын азай­тып, денсаулығына нұқсан келуіне жол бермеуіміз керек. Себебі, Конституция­мыз бойынша біздің мемлекетіміз үшін ең басты құндылық – адам.

Ал, айыппұл өндіру жайлы тапсырма бар деу негізсіз сөздер. Жалпы, бүкіл мемлекеттің бюджеті әкімшілік істердің айыппұлына қарап қалды деу дұрыс емес. Бірақ, мұндай әңгіменің тууына не себеп дегенде, аталмыш жағдайлар секілді заңсыз іс­әрекеттерді айту керек. Бұл аймақтардағы құрылымдарда орын алып отырған құқықбұзушылықтың, со­лардағы мамандардың кәсіби деңгейлері төмендігінің салдары.

– Ауылдағы халықтың жанын қинап тұрған бір мәселе – мал ұр-лығы. Мұнда оларды қорғауға тиіс құқыққорғау қызметкерлерінің өздері қылмыскерлермен ауыз жа-ласып кететіні ел ішінде жиі ай-тылады. Келісесіз бе?

– Бұл жерде мал ұрланбайтындай жағдай жасау керек қой. Қазір небір жаңа технологиялар енгізіліп жатыр.

Осы заманауи әдістерді пайдаланып, малды ұрлау ешқандай тиімді болмай­тын жүйе қалыптастыру қажет. Оны не сата алмайтын, не сойып жей алмайтын тетік жасалса ғана мал ұрлығына тосқа­уыл қою мүмкін болады.

Ал, қазіргі кезде, оның үстіне мал­ды далада қараусыз қалдыру жиі орын алатын жағдайда ұрлықты жою қиын. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында бақылау, қадағалау шараларын күшейтуге болады деп есептеймін.

Полицияны жамандап, сынай береміз ғой. Алайда, олардың да атқарып жатқан жұмысы өте көп.

Жалпы, қылмыс елімізде көбей­месе де, аз емес. Қаншама кіршіксіз таза азаматтар сол салада адал қызмет атқарып жатыр. Көпке топырақ шашуға болмайды. Көп ауыр қылмыстар жасы­рын, ешқандай куәсі жоқ жағдайларда жасалынады. Міне, сондай қылмыстар­ды тергеу, қылмыстыны анықтау, оған нақты кінәсін айғақтайтын дәлелдеме­лер жинақтау онай жұмыс емес. Әрине, бәрі бірдей емес.

Алайда, бір құмалақ үшін тұтас қыз­мет саласына, органға күйе жағу әділет­сіздік. Мал ұрлығымен көбіне оңай жолмен табыс табуға құштар адамдар айналысады. Бұл тәрбиенің мәселесі. Жалпы, қылмыс болмауы үшін оның салдарымен емес, себебімен күресу ке­рек. Бұл деген сөз өз нәсібін адал, таза еңбектен іздейтін, адамдардың игілігі­не, мүддесіне жанашырлықпен қарай­тын, олардың мүддесін құрметтейтін, заңға бағынатын азамат тәрбиелеу де­ген сөз. Демек, бізге отбасы тәрбиесі, білім беру саласындағы, жұмыстағы жауапкершілікті, сергектікті арттыру қажет.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,

«Заң газеті»

Айыппұл заңды өндіріліп жатқан болса, оған ешкім шағым түсірмейді. Мұндағы басты мақ-

сат – жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Заңбұзушылықты, одан зардап шегушілердің санын азайту. Жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан мыңдаған адам жарақат алып, мүгедек болып қалып жатыр. Біз осы жағдайдың алдын алып, адамдардың жолда ажал құшуын азайтып, денсаулығына нұқсан келуіне жол бермеуіміз керек. Себебі, Конституциямыз бойынша біздің мемлекетіміз үшін ең басты құндылық – адам.

6 №16 (3141) 1 наурыз [email protected]ТЕМІРҚАЗЫҚ

дық сотында бірінші кезекте қандай мәселелерді шешу міндеті тұрды?

– Мен қазылық қызмет жолымды бастаған шалғайдағы ауданға қарағанда Алматы қаласындағы жаңадан құрылған аудандық сотта жүктеме әлдеқайда көп болды десем қателеспеймін.

Әрине, қазы жүктеменің көптігінен қашпауы керек. Өйткені, ол керісінше судьялық тәжірибені шыңдап, ширатуға себеп. Иә, мен келген жылы аудандық сот ашылып, жұмыс атқарып жатқанына 6 жыл болған. Ол төрт аяғын тең басып кет-песе де, Алатау аудандық сотының қалып-тасып қалған кезі. Сондықтан, ол сәттегі басты мақсат жаңа ортада өз біліктілігімді шыңдап, адал қызмет атқару болды.

– Алатау аудандық сотына ауысқан алғашқы жылдардағы қаралған істер туралы деректер келтіре кетсеңіз?

ХАЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МҮМКІНДІГІ

КЕҢЕЙЕДІ2018 жылы сот жүйесін жаңғырту бағытында «Сот төрелігінің жеті түйіні»

бағдарламасы жарияланды. Бұл – Ұлт Жоспары шеңберіндегі соттарды одан әрі жаңғыртудың практикалық құралы еді. Аталмыш жеті басым бағыт бо­йынша жұмыстардың нақты мазмұны тұрғындардың сотқа сұранысы негізін­де әзірленгенін айта кету керек.

Сот жұмысының тиімділігі, шешімнің әділ қабылдануы, жедел және толық орындалуының қамтамасыз етілуі бұл саланы ілгерілетудің басты көрсеткіші болып саналады. «Жеті түйін» бойынша оншақты заң жобасы әзірленген-ді. Нәтижесін-де, 2019 жылы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Респуб ликасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды кү-шейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №217-VI заңына қол қойды.

Аталмыш заңмен бас-аяғы 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтай-ландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған түзетулер енгізілді.

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою кезінде тең құнды өтеуді қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды. Мысалы, «Мемлекеттік мүлік туралы» заңда өтем мөлшері нарықтық құн бойынша анықталатыны белгіленеді. Қазір алып қойы-латын учаскенің құны кадастрлық баға немесе азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешімінде көзделген құн бойынша анықталатыны белгілі.

Бұдан басқа, мәжбүрлеп алып қою жүзеге асырылатын елді мекен шегінде құны тең өзге жер учаскесін беру мәселесі рәсімдік тұрғыдан реттелді. Қазіргі уақытта алып қойылатын жер учаскесінің орнына басқа жер учаскесін беру мүмкіндігі қарас-тырылған, алайда, мұндай беру тәртібінің өзі реттелмеген. Бұл тұрғыда, мемлекет пайдасына одан алынған учаскенің орнына меншік иесіне құны тең жер учаскесін беруге байланысты шығыстарды әкімдіктер көтереді деп белгіленеді. Сондай-ақ, Конституциялық Кеңестің 2005 жылғы 1 шілдедегі №4 нормативтік қаулысына сәйкес «ерекше жағдайлар» және «мемлекеттік қажеттіліктер» ұғымдарына анықта-малар берілді.

Сонымен қатар, қабылданған заңнама сот төрелігінің сапасын арттырып, сот-тағы жүктемені азайтады. Заң – халыққа өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудың мүмкіндігін кеңейтеді.

Бүгінде елімізде 4000-ға жуық нотариус бар. Нотариус өзінің атқарушылық жаз-басын өзіне жүгінген сәтте-ақ қойып береді. Бұл – ыңғайлы әрі жылдам. Сондай-ақ, соттардың жүктемесі азайғанымен де, штат саны өзгерген жоқ. Бұрын бір судья күніне 4-6 іс, сондай-ақ 60-70 сот орындаушыларының талап тілектерін қарауы қажет. Мұндай жағдайда істің байыбына барып үлгеруі мүмкін емес.

Ал, аталған заңға сәйкес, судьяның әрбір істі объективті, жан-жақты қарауына мүмкіндігі бар. Сот төрелігінің жүктемесі оңтайландырылуда. Мәселен, сот орын-даушылардың әрекетіне берілетін 18 санкцияның соттарға тек мәжбүрлеп әкелу мен ел аумағынан шығуға тыйым салу түріндегі санкциялар ғана қалды. Бірақ, олар да мәжбүрлеп әкелу негіздемесін қысқарту және елден тыс шығуды шектеу межесін көтеруге байланысты азаятын болады.

Жиын

Жоба жетілдіруді қажет етеді«Жетісу – адалдық алаңы» жоба-

лық кеңсесінде «Smart Taldyqorgan» ақылды қала жоба-қосымшасын презентациялау мен талқылауға арналған жиын өтті. Кездесуге жоба кураторы Ақан Абдуалиев, со-кура-торы Серікбай Нұрғисаев, Батыр жан Байжұманов, эксперттік комиссия, жобаны жүзеге асыруға жауапты бар лық басқарма басшылары мен Талдықорған қаласы әкімдігінің бөлімдері, коммуналдық қызмет директорлары қатысты.

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Астана тәжі-ри бесі негізінде «эталонды» «Смарт сити» стандартын қалыптас тырып,

Қазақстан қалалары арасында тәжірибе алмасу мен үздік прак-тикаларды таратуды бастау қа-жет. «Ақылды қала» технология сын жасау «ақылды ұлттың» қалып-тасуында басты пункт болып табы-лады», – деген болатын.

Қ а з і р г і у а қ ы т т а « S m a r t Taldyqorgan» қосымшасы қала тұр-ғын дары мен қонақтарына бірыңғай инте грацияланған жүйе арқылы өмір сүрудің түрлі салаларында сервис терді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл қосымшада білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-ком-муналдық шаруашылық, көлік және жолаушы тасымалы, ойын-сауық,

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНА – 50 ЖЫЛ МІНБЕР

Талғат МАКУЛОВ, Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы:

«СОТ – БАРЛЫҚ ДАУ­ДАМАЙДЫҢ ТӨРЕЛІГІ

АЙТЫЛАТЫН ТӨР»қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтар-дың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлт-тық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықша-лығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әре-кеттер жария немесе бұқаралық ақпа-рат құралдарын, телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, сол сияқ-ты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолымен жасалған қылмыс тық істі қарағаным есімде ерекше қалды деуге болады.

Жалпы, ет пен сүйектен жаралған пенде болған соң, біз де өзіміз қарап жатқан істің артында тұрған әр тағдыр үшін толғанамыз, алаңдаймыз. Сөйте тұра

қоғам талабына сай жоғары кәсіби, тәу-елсіз, әділ, бейтарап, ашық және техно-логиялық (smart-соттар) сот құру міндеті жүктелген. Аталған мақсаттарға жету жолында сот ісін жүргізу жүйесіне жаңа ақпараттық технологиялар мен электрон-ды құжат айналымы енгізілді. Қылмы-стық және азаматтық істер электронды түрде қаралып, сот процестерінде мо-бильді бейне-конференция қолданылады.

Сотқа баламалы институттарды енгізу белсенді жүргізіліп жатқанын ескерсек, медиация сұрақтары бойынша іс қаты-сушыларына кеңес беру, бітімгерліктің артықшылықтары мен дауды бейбіт жолмен шешу, татуластырушы-судьяның қатысуымен өтетін процедуралардың мүмкіндіктерін айқындау мақсатында сот ғимаратында «татуласу бөлмесі» ашылып, алғашқы нәтижелерін көрсетуде.

– Былтыр 10 жылдығын атап өткен Алматы қаласы Алатау ауданы халқы­ның дені қазақ екені белгілі. Аудан тұрғындарының құқықтық сауаты сот құрылған 10 жыл ішінде қаншалықты өзгерді және оны арттыруда сот тара­пынан қандай жұмыстар атқарылып отырады?

– Рас, Алматының өзге аудандарына қарағанда Алатау ауданы қазақ тілді. Сон-дықтан, аудандық сотта қаралатын істер де көбінесе қазақша болып жатады.

Ал, құқықтық сауаттылыққа келсек, жалпы ауданда ғана емес, тұтас елде құқық тық сауаттылық соңғы жылдары ар-тып келеді. Әрине, толықтай сауаттылық артты деу әзірге асығыстық болар. Сол себепті қазіргі таңда сот процестерінен соң тараптарға түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Заңның қолданылған баптары мен тармақтарын тәптіштеп айтамыз. Жоғарыда айтылған бітімгер судья да барлық жағынан заңды түсіндіріп өтеді. Аудандық сотта ай сайын құқықтық сауат-тылықты арттыру мақсатында «Ашық есік күндері» мен дәрістер, семинар са-бақтары жиі өткізіліп тұрады.

– Судьяның тұла бойынан табылуға тиіс үш қасиетті атап өтсеңіз?

– Жақсы қасиеттердің қай-қайсысы да қазының бойынан табылса артықтық етпейді. Дегенмен, ізденімпаз білімділік-ті, адалдық пен әділеттілікті тең ұстау – нағыз судьяға тән қасиет.

– Әңгімеңізге рақмет.

К.ЫСҚАҚОВА,«Заң газеті»

– Сот төрелігіндегі еңбек жолыңыз қашан басталды?

– Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот жүйесінің қоғамды дамытуда атқарар рөлі зор екені мәлім. Оның үстіне біз зайырлы және құқықтық мемлекет құрып отырғанымызды ескерсек, мұндай құрылымды таңдаған мемлекетті сот төрелігінсіз елестету де қиын. Өйткені, сот – барлық құқықтық дау-дамайдың төрелігі айтылатын төр, нүктесі қойыла-тын мінбер.

Сондықтан, қоғам үшін мән-маңызы зор осындай салада судьялық қызмет ету бақытына ие болғанымды өзіме үлкен мәртебе санаймын. Мәртебелі қызметтің жүктейтін жауапкершілігі де ауыр екені даусыз. Осы жолда, яғни, сот саласында 2008 жылдан бері судья ретінде қызмет етіп келемін. Ал, Алатау аудандық сотына 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысының Бородулхин аудандық сотынан ауысып келдім. Сол жылдан бері осы ауданда қа-зылық қызметімді жалғастырып келемін.

– Сіз судья болып келгенде құрылға­нына 6 жыл ғана болған Алатау аудан­

Сонымен қатар, борышкердің мүлкіне тыйым салу санкциясы жойылды. Банк шоттарына тыйым салу мен банктік құпиялары бар ақпараттарды сұрату түріндегі санкциялар прокуратураға беріледі. Атқарушылық жазба институты да айтарлықтай дамуда. Бұйрықтық істердің 18 түрінің 9-ы нотариустарға беріледі. Мысалға, нотариалды куәландырылған мәміле, жазбаша мәміле, орындау мерзімі келген, жалақыны өндіру туралы, лизингті талап ету, ломбардтардың кепілін айналымға енгізу туралы, коммуналдық төлемдерді өндіру туралы және тағы да басқа даусыз талаптар – тек нотариустармен қаралатын болады. Бұл сот дауларының үлесі 20 пайыздан астам.

Азаматтық процестік кодекспен нотариусқа жүгінуге қосымша ынталандырулар жасалуда. Мысалы, судья, егер өндіруді нотариалдық жазба арқылы жүзеге асыруға болатын болса, талап арызды қайтаруы мүмкін.

Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің бір бөлігі бұйрықтық іс жүргізуге беріледі. Бұл 12 санаттың ішіндегі 10-ын құрайды. Жобалап алғанда, бұл оңайлатылған тәртіппен қаралған 50 пайыз іс.

Аталған заңның қабылдануы – халық үшін ыңғайлы әрі тиімді болып отыр. Даулы мәселелерді шешудің жаңа құқықтық құралдары пайда болуда. Сотқа ба-рып уақытын, қаражатын жоғалтпай-ақ, даусыз шешілетін істерді соттардан алып, судья лардың тек жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына септігі тиетін, анық даулы істерге баса назар аударуына мүмкіндік береді.

Б.АБУЕВ,Мойынқұм аудандық сотының төрағасы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

туризм, әлеуметтік қорғау, бос жұмыс орындары, қалада өтетін мә-дени-көпшілік іс-шаралары, қажетті қызметтердің байланыс телефон-дары, коммуналдық қызмет үшін

төлемдерді үйден шықпай-ақ төлеу мүмкіндігі, ұсыныстар мен тілектер және көптеген өзге де мүмкіндіктер қарастырылған.

Жоба таныстырылымынан ке-

йін гі тал қылауда «Жетісу – адал-дық алаңы» жобасының мүше-лері «Smart Taldyqorgan» ақылды қала жоба-қосымшасына қатысты сын-ескертпелерін айтты. Яғни, бұл қосымшадағы әрбір сала бойынша қосымшаға жүктелетін ақпараттың қандай да бір өзгерістерге жылдам бейімделуі, балабақша, мектеп, баспана және басқа да кезектерде тұрған қала тұрғындарының тізімі автоматты түрде жылдам әрі үнемі жаңартылып тұруы, қолданушы енгізген жеке мәліметтер сақталуы (қорғалуы), халық үшін ыңғайлы әрі қолжетімді болып, басқа да қосым-ша мүмкіндіктермен толықтырылуы қажет.

«Жетісу – адалдық алаңы» жо-

басының со-кураторы С.Нұрғисаев «Бұл қазіргі цифрландыру дәуірінде Алматы облысы тұрғындары үшін өте қажетті жоба. Себебі, «Smart Taldyqorgan» жоба-қосымшасы облыс орталығында өзінің тиімділігі мен қажет тілігін көрсете білсе, онда бұл қосымшаны жетілдіріп, соның негізінде барлық 20 аудан-қалалар-ды «Smart Zhetysu» жоба-қосымша-сына біріктіруге мүмкіндік туады», – деген ойын жеткізді.

Жиын соңында жоба-қосым-шаны құрастырушылар мен қала басшылығы барлық сын-ескертпені назарға алып, жобаны жетілдіретін-дерін айтты.

М.ӘБСАТТАР,«Заң газеті»

– РАС, АЛМАТЫНЫҢ ӨЗГЕ АУДАНДАРЫНА ҚА-РАҒАНДА АЛАТАУ АУДАНЫ ҚАЗАҚ ТІЛДІ. СОН-ДЫҚТАН, АУДАНДЫҚ СОТТА ҚАРАЛАТЫН ІСТЕР ДЕ КӨБІНЕСЕ ҚАЗАҚША БОЛЫП ЖАТАДЫ.

АЛ, ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА КЕЛСЕК, ЖАЛПЫ АУДАНДА ҒАНА ЕМЕС, ТҰТАС ЕЛДЕ ҚҰҚЫҚ ТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ.

– Алатау аудандық соты негізінен аза-маттық және қылмыстық істерді қарайтын сот. Ал, менің еншіме соның ішінде қыл-мыстық істерді қарау тиді.

Бұл арада аса ауыр емес қылмыстық істер санаты қаралатындықтан, көбінесе сот тәжірибесінде ұқсас жағдайлар жиі қайталанып тұрады. Яғни, ұрлық жасау, алаяқтарға алдану сияқты бір тектес істер көп болды.

– Өзіңіз қараған істердің ішіндегі ерекше есіңізде қалған, ой салған бір іс туралы айтып өтсеңіз.

– Жоғарыда атап өткенімдей, қара-латын істер санаты бойынша бірыңғай болып келетін.

Ал, енді есімде қалған іс дегенге кел-сек, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-тармағы бойынша қозғалған, яғни, әлеуметтiк, ұлттық, ру-лық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сенiмдерiн қорлау ға бағытталған

заң шеңберінде тиісті үкімін шығару мін-дет. Алайда, жұмыс барысындағы түрлі жағымсыз жағдайларды жанұяммен ара-ластырмай жеке өміріммен өрбітпес үшін тез ұмытуға, сол сәтте қалдырып кетуге барынша тырысамын. Біраз жыл бұрын қаралған істі айтып отырғандықтан, көп нәрсе ойымда қалды деп айта алмаймын.

– Еліміздің сот жүйесін нығайту мақсатында жасалып жатқан реформа­лар аз емес. Сіз қызмет атқарып отыр­ған Алатау аудандық сотында ол рефор­малар қалай жүзеге асуда?

– Қазақстанның сот саласында жа-салып жатқан реформалар айтарлықтай нәтижесін беріп жатыр десек артық айт-қандық емес. Оның барлығы да ел игілігі үшін, сот жүйесіне деген сенімді нығайту жолында жасалып жатыр.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен қолға алынған «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы аясында, Алатау аудандық сотына да – мемлекет мүдделері мен

7№16 (3141) 1 наурыз [email protected]

Алматы қаласы

Тел.: 8(727) 292-29-27,

292-40-89, факс: 8 (727) 292-29-92

E-mail:

[email protected]

Астана қаласы

Абай көшесі, 78, 105-кеңсе.

Тел.: 8 (7172) 52-02-11

ЖАРНАМА БӨЛІМІ:

ЖАРНАМА ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР:

«ЮрСлужба» ЖШС, Көкшетау қ., М. Горь кий көшесі, 37, 107-бөлме. Тел.: 8 (7162) 25-77-17.

«Версия-Пресс» ЖШС, Павлодар к,., Естай көшесі, 40. Тел.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04

«Айди» ЖШС, Қарағанды қ., Жамбыл көшесі, 11. Тел.: 8 (7112)42-00-71

Қалиаскаров Нұрлан

Нұрғисынұлы ЖК, Петропавл қ., К.Сүтішев көшесі, 58, 30-бөлме, 3-қабат.Тел.: 8 (7152) 46-02-57, уялы тел.: 8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59.

Михеева Ольга Станиславовна ЖК, Қос-танай қ., Гоголь көшесі, 110, ВП 67 (Чехов-Гоголь көш. қиылысы), Тел.: 8-714-2-50-97-07, ұялы тел.: 8-7758847211, 8-7053506918.

«Озат-1» ЖШС, Ақтөбе қ., Алтынсарин көшесі, 31. Тел.: 8 (7132) 40-41-05, ұялы тел.: 87774348344 және Ақтау қаласы.

ИП «SAPA KZ» Атырау қаласы, ұялы тел.: 87781063779, e-maіl:zan-at@maіl.ru

Ершова Людмила ЖК, Шымкент к., Желтоқсан көшесі, 20 б.

«Назар-1 фирмасы» ЖШС («РУТА» ЖА),директоры Кривилова Татьяна Ивановна. Шымкент к., Г.Иляев көшесі, 47 (Шай-мерденов к. бұрышы) RBK банктің жанында, Тел.: 8 (7252) 53-40-48. WhatsApp: +7-705- 705-31-31. E-maіl: nazar.reklama@gmaіl.com

«Юридическая фирма «Консультант»ЖШС Орал к,., Л.Толстой көшесі, 28. Тел.: 8 (7112) 50-88-05.

«Реклама» ЖШС, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 182. Тел.: 8 (7112) 50-47-34.

ИП «Сагидоллина Б.» 1 Теміржол вокза-лы, Р.Зорге көшесі 8, «Лина» шаштаразы. ardawka_94 @maіl.ru, Тел: 87058762218.

«Компания Жете» ЖШС, Талдықорған к,., ш/а, Молодежный 3-үй, 1-п. Тел.: 8(7282) 24-29-66, 87058147221

ЖК Гавриленко И.И., Қостанай к,.,пр. әл-Фараби 119-үй, 407-А бөлме. Тел/факс: 8 (7142) 53-63-21.

«Жас Отау» ЖК Қыдырбаева Н.Н. Қызылорда қ., Әйтеке би көшесі, 27. Тел.: 26-45-89, ұялы тел: 8 (777)402-28-28; 8 (700) 332-24-78.

ЖК Тажибаева, Тараз қаласы, Қойкелді көшесі, 158 а, ХҚО аумағы. Ұялы тел.: 87017268772, 87054422939.

ИП Новоселова, Петропавл қаласы, Қа-зақстан Конституциясы көшесі, 28-үй, 1-қабат. Тел.: (87152) 46-74-77.

«Версаль Бизнес», Атырау қаласы, Сырым Датов көшесі, 35-үй, «Сырым Тобе» БО, 102-бөлме. Тел.: 32-14-29, 30-65-24, ұялы тел.: 8701 920 45 38.

ЖК «Марцефей», Өскемен қаласы, 60. Тел.: 8(7232) 578414, ұялы тел.: 87772256506.

ЖК «KAIROS», Алматы қ., Жібек жолы көшесі, 55, Алма сауда орталығы, 3-қабат, 419в-бөлім, 426-нүкте. Тел.: 2714939, ұялы тел.: 87051857573, 87075952199, 87017392783 Emaіl:kaldybayeva@ maіl.ru.

ЖАРНАМАӘРТҮРЛІ

ТАРАТУ

БАНКРОТТЫҚ

МЕЖЕ

ХАЛЫҚТЫҢ СОТҚА СЕНІМІН АРТТЫРУ – ЖОБАЛАРҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

Қосымша

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Респуб ли ка­сы заңының 55­бабы 1­тармағының 1) және 2­3) тар мақ­шаларымен қарастырылған лицензияның қол данылуын тоқтата тұруға негiз болған мән­жайлар белгiленген мер­зiмде жойылмағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) сақтамау арқылы көрінген бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 21 ақпандағы №29 қау­лысымен «Сәлем» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Сақтандыру ұйымы) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша 2018 жылдың 06 қыркүйегінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығы берілген № 2.1.54 лицензиясынан (бұдан әрі – Лицензия) 2019 жылғы 22 ақпаннан бастап айырылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының 2019 жылғы 21 ақпандағы №116 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Сақтандыру ұйымының барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Сақтан­дыру ұйымының уақытша әкімшілігі өз қызметін Сақтандыру ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейінгі кезеңде жүзеге асырады.

Сақтандыру ұйымы 2019 жылдың 22 ақпанынан сақ­тандыру немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын операцияларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңмен белгі ленген тәртіпте Сақтандыру ұйымының қызметін тоқтату туралы (мәжбүрлеп тоқтату) өтінішпен сотқа жүгінеді. Сақтандыру ұйымын Лицензиядан айыру күнінен бастап кредиторлардың Сақтандыру ұйымына талап­тары, Сақтандыру ұйымын ұстауға арналған ағымдағы шығындарға қатысты талаптарды қоспағанда, тарату про це­сінде ғана ұсынылуы мүмкін.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша уақытша әкім­ші ліктің басшысы Руслан Сапарғалиұлы Нұрахметовқа +7 (727) 356­26­26 және +7 708 722 03 75 телефондары бойынша өтініш жасауға болады.

3. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 55­бабы 1­тармағының 1) және 2­3) тармақшаларымен қарастырылған лицензияның қолда­нылуын тоқтата тұруға негiз болған мән­жайлар белгiленген мерзiмде жойылмағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық норма­тивтердiң талаптарын және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді бiр неше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) сақ тамау арқылы көрінген бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 21 ақпандағы №29 қаулысымен «Сәлем» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Сақтандыру ұйымы) «жалпы сақтан дыру» саласы бойынша 2018 жылдың 06 қыркүйегінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығы берілген № 2.1.54 лицензиясынан (бұданәрі – Лицензия) 2019 жылғы 22 ақпаннан бастап айырылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының 2019 жылғы 21 ақпан­дағы №116 бұйрығы мен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Сақтандыру ұйымының барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Сақтандыру ұйымы­ның уақытша әкімшілігі өз қызметін Сақтандыру ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейінгі кезеңде жүзеге асырады.

Сақтандыру ұйымы 2019 жылдың 22 ақпанынан сақтандыру немесе өзге де қыз метті жүзеге асыруға құқылы емес, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын опера­цияларды қос пағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңмен белгіленген тәртіпте Сақ­тандыру ұйымының қызметін тоқтату туралы (мәжбүрлеп тоқтату) өтінішпен сотқа жүгінеді. Сақтандыру ұйымын Лицензиядан айыру күнінен бастап креди торлардың Сақтандыру ұйымына талаптары, Сақтандыру ұйымын ұстауға арналған ағымдағы шығындарға қатысты талаптарды қоспағанда, тарату процесінде ғана ұсынылуы мүмкін.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша уақытша әкімшіліктің басшысы Руслан Сапарғалиұлы Нұрахметовқа +7 (727) 356­26­26 және 8 708 722 03 75 телефондары бойынша өтініш жасауға болады.

2. БАҒДАР«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының №2 аудандық

сотымен 2019 жылы 12 ақпанда арыз беруші БҚО, Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе ауылы, Оспанов көшесі, №2 үй тұрғыны Амангали Шаймарданович Сармсаковтың арызы бойынша азамат Сармсаков Жұмабайды қайтыс болды деп тану туралы азаматтық іс қозғады. 1960 жылы 10 қыркүйекте БҚО, Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе ауылында туған Сармсаков Жұмабай туралы мәліметтері бар адамдар БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Х.Чурин көшесі №7 ғимаратта орналасқан БҚО, Ақжайық ауданының №2 сотына осы жарияланым берілген күннен бастап үш мерзімде бұл туралы хабарлау ұсынылсын».

4. «AGG Kazakhstan (AGG KAZAKHSTAN)» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі, БСН 090240011533, ЖШС­нің орналасқан жері: ҚР, Алматы қ., Әл­Фараби даңғылы, 19, Бизнес­центр «Нұрлы­Тау», 1Б блок, 404­офис, регистрации өзінің таратылатыны туралы хабарлайды. Талап­арыздар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: ҚР, Алматы қ., Әл­Фараби даңғылы, 19, Бизнес­центр «Нұрлы­Тау», ІБ блок, 404­офис.

5. «Нурислам­СтройСервис» ЖШС (БСН 171140020757) – өзінің таратылатындығын хабарлайды. Талаптар осы хабарландыру жария­ланған күннен бастап 2 (екі) ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: ҚР Атырау облысы, Атырау қаласы, Жұмыскер, 7 көше, 16­үй.

6. «Адал Айбын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке қатысу шысының 11.02.2019 ж. шешімі негізінде ерікті түрде тара­тылуына байланысты өз қызметін тоқтату туралы хабарлайды.

9. Бөкейорда аудандық мәдениет басқармасының «Бөкейорда аудандық киносеть» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, БСН 001040007970 өзінің таратылатыны туралы хабарлайды. Бар лық талаптар хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Сайхин ауылы, Т.Жароков к., 2­ғимарат.

11. «ТопСекьюритиСистемс» ЖШС өзінің таратылуы туралы хабар лайды. Талап­шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: 050006, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қалқаман ықшам ауданы, 25­үй, 44­кеңсе.

10. Дауыс беру қорытындысы туралы хабарлама «Костанайский мелькомбинат» АҚ.Акционерлік қоғамы «Костанайский мелькомбинат» ақ (бұдан әрі – Қоғам) орналасқан

мекенжайы: 110001, Қостанай қ., Наримановская, 136/1, 6­тармағына сәйкес 51­құжат «ҚР Заңының, » акционерлік қоғамдар Туралы хабарлайды акционерлердің дауыс беру қорытындысы туралы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді 2019 жылғы 22 ақпан:

1. Төрағасын және хатшысын сайлау жиналысы.Дауыс беру қорытындысы: ««бірауыздан, «қарсы» «қалыс қалғандар» – жоқ.2. Күн тәртібін бекіту акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын:Дауыс беру қорытындысы: «бірауыздан, «қарсы» «қалыс қалғандар» – жоқ.3. Таңдау бойынша ашық дауыс беру нысанын.Дауыс беру қорытындысы: ««бірауыздан, «қарсы» «қалыс қалғандар» – жоқ.4. Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы – қоғамның

акционері болып табылмайтын және директорлар Кеңесіне акционер мүдделерінің өкілі ретінде сайлауға ұсынылмаған (ұсынылған) жеке тұлға.

Дауыс беру қорытындысы: ««бірауыздан, «қарсы» «қалыс қалғандар» – жоқ.5. Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы – қоғамның акционері болып табылмайтын

және директорлар Кеңесіне акционер мүдделерінің өкілі ретінде сайлауға ұсынылмаған (ұсынылған) жеке тұлға.

Дауыс беру қорытындысы: ««бірауыздан, «қарсы» «қалыс қалғандар» – жоқ.

8. «Жаркын СК» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) өз қатысушыларына 2019 жыл «1» сәуір сағат 11.00­де мына мекенжай бойынша: ҚР, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Светлое а., Садовая к., 6­үй, қатысушылардың кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) өтетіні туралы хабарлайды.

Күн тәртібі: Серіктестік Қатысушыларына үлестік төлемдерді бекіту туралы. Серіктестік Қатысушыларынан сенімді басқару үшін жаңа нотариалды куәландырылған

сенімхатты рәсімдеу.Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен мына мекенжай

бойынша танысуға болады: ҚР, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Светлое а., Садовая к., 6­үй. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10.00­де басталады. Өзімен бірге жеке куәлік, жиналысқа қатысуға сенімхат (сенімді тұлғаларға) керек.

7. «АльпЛагерь Туюк­Су» ұйымы, БСН 060940005003, жарғы

капиталының азайғандығы туралы хабарлайды. Талаптар хабар­ландыру жарияланған күннен бастап 1 ай мерзім ішінде мына мекен­жай бойынша қабылданады: Алматы қ., Медеу ауданы, Бөгенбай батыр к., 86/47­үй.

13. Қарағанды облысы МАЭС­ның 22.02.2019 жылғы ұйғарымымен «Алтай полиметаллы» ЖШС­не қатысты, БСН 050740000965, оңалту өндірісі қозғалды. Мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі ауылы, Қазыбек би көшесі, 13­2.

12. Қызылорда облысы МАЭС­ның 22.02.2019 жылғы ұйғарымымен «Таубаев» ЖК (ЖСН 881031302093) қатысты банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалды.

Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында әр саланың жұмыс барысын, алға қойған биік мақсаттарын жүйелеп, жүзеге асыру міндеті жүктелген. Қазақстанның әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылуы межелен­ген. Бүгінгі таңда жас мемлекетімізде өзіндік функциясына лайық, қандай да бір мүдделілікке мойын бұрмай, қара қылды қақ жара төрелік айтатын сот жүйесі қа­лыптасты. Судьялар заңдық тұрғыдан да, материалдық қамтамасыз ету тұрғысынан да тәуелсіз десек болады. Бұл бағытта мемлекет тарапынан да жүйелі, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Оның бір ай­ғағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын, төрелікті қорғауды күшейту, сот жүкте­

месін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға енгізілген өзгерістер. Аталған өзгерістерді Елбасы биылғы 21 қаңтарда бекітті. Мұнда сот жүйесiн жаңғырту туралы заң жобаларының не­гiзгi ережелерiне және сот жүктемесiн оңтайландыру, заңнаманы одан әрi із­гілендіру туралы заңның орындалуын заңнамалық қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым міндетті саралап, алдағы уақытта орындалар мақсат ретінде белгілеп берген болатын. Аталмыш «Сот жүйесінің 7 түйіні» жобасы негізінен 7 бағытты қамтиды, яғни «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е­СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сот­сыз татуласу орталығы». Жеті жоба 2020 жылға дейінгі сот жүйесін дамыту тұжы­рымдамасының негізін құрды. Ол сот жүйесін жаңа даму деңгейіне көтеретініне сенім мол. Тұтастай алғанда, аталған жобалардың негізгі ортақ міндеті – қоғам­ның соттарға деген сенімін арттыру.

Айта кету керек, бұл жұмыс жобалық менеджмент тәсілі бо йынша жүргізілуде. Ол барлық дамыған мемлекеттерде және

жетекші компанияларда кеңінен қолда­нылатын тәсіл. Жоғарғы Сот Жобалық офисті ТМД елдері соттарының ішінде бірінші болып іске қосқаны да ерекше атап өтерлік жайт. Жобалық менеджмент бүгінде бүкіл әлемде кеңінен қолданылып жатқан басқарудың озық тәжірибесі.

Жобалық офистің ішкі бөлігі «open space» – ашық кеңістік қағидаты бойын­ша, қызметкерлер бір­бірін көре отырып, қойылған міндеттерді бірлесе шешетін командалық жұмысқа негізделіп жа­салған. Жобалық менеджмент нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған және қолда бар ресурстарды барынша

А.НУРГАЛИЕВ,Орал қаласы №2 сотының судьясы

тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Аталмыш 7 жобаны іске асыру үшін су­

дьялар мен сот қызметкерлерінен жеті топ құрылды. Ең бастысы, бүгінде осы жеті жобаның негізінде сот жүйесін одан әрі дамыту, сот төрелігіне сенімді күшейтіп, сот төрелігінің әділдігін, жа уапкершілігін арттыру бағытында жұмыс тар атқарылуда. Мәселен, бүгінгі таңда сот шешімін жария­лағаннан кейін судья қарапайым тілмен тараптарға өз шешімін түсіндіреді. Екін­шіден, нормативтік қаулыда сот шешімін қалай дайындау туралы көрсетілді.

Жалпы алғанда, сот жүйесінде атқа­рылып жатқан шаралардың негізгі мақса­

ты соттар жұмысын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Осы аталған жоспарларды тиімді орындау мақсатында Орал қаласының №2 сотында медиация кабинеті ашылды. Қазіргі таңда онда судья­медиаторлар, сондай­ақ, пилоттық тәртіпте татулас­тырушы­судьялар жұмыс істеп жатыр. Мәселен, 2018 жылы медиация көмегімен шешілген іс саны 943 болса, 2019 жылдың ақпан айына дейін 262 іс шешілді, оның ішінде 98­і бітімгершілік келісіммен, 825­і медиацияның көмегімен, 16­сы пар­тисипативтік тәртіпте шешілген.

Алдағы уақытта қоғамымызда мінсіз судьяның келбеті мен оған қойылатын басты талаптар анықталып, тәуелсіз сот төрелігінің халықаралық стандарттары негізінде қазақстандық қоғамның сұра­нысына сай, жоғары кәсіби сот корпусы қалыптастырылмақ. Сот төрелігін атқару кезіндегі судьялардың сыртқы және ішкі тәуелсіздігінің заңнамалық, құқықтық және материалдық кепілдіктерін артты­ру жұмыстары ойдағыдай жүзеге асып, сот саласы жаңа бір сапалық сатыға кө­терілетініне сенім мол.

Сондықтан, сот саласын жаңа сапалық деңгейге көтеріп жатқан «7 түйін» жоба­сынан әлі де күтер үмітіміз мол.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ.

8 №16 (3141) 1 наурыз [email protected]

Редакторлар кеңесінің төрағасы – президентДосымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ: 050012, Алматы қаласы, Х.Досмұхамедұлы көшесi (бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.Қабылдау бөлмесi: 292-43-43; 292-79-61 (факс); Астана қаласы, Абай көшесі, 78, 105-кеңсефакс: 8 (7172) 52-02-11E-mail: [email protected]«Заң газеті» аптасына 2 рет – сейсенбі, жұма күндері жарық көреді.

Жеке таралым 5455 данаАпталық таралым 10910 дана

Тапсырыс №30 Индекс 65921

Газет Қазақстан Республикасы бойынша таралады

Газетіміздің электронды нұсқасын Zanmedia.kz сайтынан оқи аласыздар.

Газет бетiндегi жарияланым дардың пози циясы мен фактi лерi үшiн редакция жауап бермейдi.

Жарнама мен хабарландырулардың маз мұнына жарнама берушi жауап ты. Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне байланысты та-лап-тiлектер хабарландыру жарияланған күн нен бастап екi ай мерзiм iшiнде қа былданады.

Газеттi есепке қою туралы №16297-Г куәлiктi 2017 жылғы 12 қаңтар-да Қазақстан Респуб лика сының Ақпарат және коммуникация министрлiгi берген.

Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс тары «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС компьютерлiк орта лығында жа салды. Алматы облысы, Iле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт плюс» ЖШС баспаханасында басылып шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 8 (727) 51-78-31

Меншiк иесi: «ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ»

ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI СЕРIКТЕСТIГI

Бас редакторАйнұр СЕМБАЕВА

Бас редактордың орынбасарыСәкен ҚАЛДЫБАЕВ

Нөмiрдiң кезекшi редакторыЕрлік КЕБЕКБАЙ

Астана Айша Құрманғали 8 707 851 91 13.

Алматы Нұрбол Әлдібай 8 701 357 66 84. Айтақын Бұлғақов 8 705 111 37 21Атырау Құралай Қуатова 8 701 678 9077.

Ақмола Қалкөз Жүсiп 8 701 300 14 74.

Түркістан Шадияр Мекен бай ұлы 8 775 733 56 65.

МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР:

Жеті

АЛАҢЖҰРТ

(Соңы. Басы 1-бетте)

Ал, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мен Гарвард универ-ситетінің зерттеулеріне сүйеніп, әлемде 121 миллион адамның бо­йынан күйзеліс дертінің табылғанын айтады. Ең сорақысы, жыл сайын 850 мың адам күйзелістің салда-рынан өзіне­өзі қол салады екен. Біз осы тұста, Алматы қалалық Психи-калық сауықтыру орталығының ди-ректоры Сапар Рахманшеевті сөзге тартқан едік. Себебі, орталықтың жанынан үлкен бір мектеп ашылға-лы жатыр екен.

Ментальді білім беретін мектеп ашылды

– Сапар аға, ол қандай мектеп? Кім-дерге арналған? Ол жерде не үйретіледі? Әңгімені бірден осыдан бастасақ.

– Біз бұл орталықты ментальді білім беретін мектеп деп ашқымыз келіп отыр. Психика, психиатриялық деп айтсақ, аты­нан ат үркер еді. Ментальді десек, жұрт тартыла бастайды. Ақпан айында жұмы­сын бастадық. Бірақ, әзір еш жерге жария­лағанымыз жоқ. Бұйырса, наурыздың бірі күні Ашық есік күні болады. Соған журналистерді, ата­аналарды шақырып, таныстырсақ деп отырмыз. Әзірге каби­неттер жабдықталып, дайындық жүргізіліп жатыр. Ол жерде ата­аналарға, туған­туыс­тарына, тіпті аурулардың өздеріне де біздің дәрігерлеріміз қандай жағдайда, не істеу керектігіне кеңес береді.

Мұндай мектеп бұрын­соңды бол­маған, біз бірнеше рет аурулардың туған­туыстарын жинап, олармен жина­лыс өткіздік, ойымызды ортаға тастадық. Өткен аптада ғана үш ата­ана келіп, қуа­нып, «осы мектепті ашып жатқандарың қандай жақсы болды, әйтпесе қайда барып, кімнен кеңес сұрарымызды білмейміз, енді осында келетін болдық, керек мағлұматты сіздерден алып тұрамыз» деп алғыстарын айтып кетті.

– Ата-ана дегендеріңізге қарағанда, балаларға арналған мектеп пе?

–Жоқ, кез келген жастағы адамдарға арналған. Біздің орталықта диспансерлік бақылауда балалар да, ересектер де тұра­ды. Балаларды жатқызып та емдейміз. Көбінесе, осындай аурудың алғашқы белгілері бала жаста пайда болғанда, ата­аналары қатты уайымдайды. Сондай­да біз үйретеміз. Жөн сілтейміз. Қажет болса, яғни, аурудың өршуі кезінде өзіміз барамыз. Кейбір балалар ата­аналарына бағынбай кетуі мүмкін мысалы. Міне, сон­дайда біз қашанда көмекке әзірміз. Қазіргі таңда наркологиялық және психиатриялық қызмет екеуі біріктірілген. Психиатриялық қызметте бізде 360 төсек, ал наркология­лық қызметте 270 төсек бар. Бірақ, соңғы жасаған сараптауларға қарағанда, емхана­да отырған дәрігерлерге адамдар көп келіп жатқанын байқадық. Мұны стигма дейді. Яғни, тап біздің орталыққа келуге деген қорқыныш. «Біреулер көріп қояды, танып қояды» деген қорқыныш. Қалалық емха­наға барса, ешкім олай қарамайды, яғни, ол жер ұят емес. Сол жерде психиатрлардан кеңес алады, ем қабылдайды. Демек, әр емханаға маман жібергеніміз дұрыс шешім болған сыңайлы. Қазіргі жаңалығымыз осы боп тұр.

«Ауруын жасырған....»

Қазақтардың барлығы дерлік бала­сында қандай да бір ауытқушылық пайда болса, оны жұрттан жасыруға тырысады. Өткен айда мысалы бізге бір кісілер келді. Ел ішінде тұрады екен өздері. Жастары жетпістен асқан қариялар. Қыздарын алып келді, ол шамамен 37­38 жасқа келген. Әлгі кісілер «мына қызымызды біз өзіміз емдеп, жазылып кетер, қалыпқа келер деп молдаға апардық, оқытып жүріп, уақыт өткізіп алыппыз, бірақ еш нәтиже болмады. Енді біз оны мүгедектікке шығарсақ қалай бола­ды, күні ертең біздің көзіміз кеткенде бұл баланың жағдайы не болмақ деп ойлап, келіп отырмыз, шырағым» деді. Ал, негізі кез келген ауруды пайда болған кезінде емдесе, ол жазылады. Немесе өршу кезеңі азаяды. Ал, қарияның қызы 37 жаста, яғни, ол ауру емделетін жастан кетіп қалған, бы­лайша айтқанда асқынып, дерт бойға сіңіп

сол жұмысты істеп отырады. Ең құрығанда соған жеткізсе – ол үлкен жеңіс. Себебі ол ертеңгі күні ата­анасының көзі кетсе де, ешкімге алақан жаймай, нанын тауып жей алады. Бізде әлеуметтік және оңалту бөлімі бар. Сол жерде олармен жұмыс істейді. Есейе келе мұндай балаларға өте көп көңіл бөлу керек.

«Сау адамды жынды қылып тастайды

деп ойлайды»

Біздің психикалық ауытқуды емдеу мекемесіне дегенге қатысты Кеңес одағы кезінен қалған бір қорқыныш бар. Неге?

Сапар РАХМАНШЕЕВ, Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры:

«ПСИХИКАЛЫҚ АУРУХАНА ДЕСЕ,

АДАМДАРДЫҢ БОЙЫН ҮРЕЙ БИЛЕЙДІ»алған. Ойлау қабілеті, деңгейі, білімі сол бала күйінде қалып қойған. Соның бәрін мен ата­анасына айтсам: «біріншіден, ай­наладағы жұрт «бәленшенің қызы жынды екен, жындыханаға апарып жүр екен» деп айтады деп намыстандық дейді. Ал сол ел айтады екен деп намыстанғаннан қызға пайда болды ма? Керісінше, ата­анасы зиян жасап отыр ғой. Кезінде дәрігерлер айтудай айтқан, «психиатрға апарып, тір­кетіңіз» деген, оған жаңа өздері айтқандай намыстанып, елдің сөзінен қашып, екі ортада өз қыздарына зиян жасап отыр. Бұл бір ғана мысал, осындай тағдырлар қан­шама біздің елімізде. Көпшілігі сыр қатқа шалдыққан таныстарын еш жерге апарып емдетпей, өз беттерінше халық емшілеріне оқытып, уақыт өткізіп алған. Бірақ түбі ай­налып дәрігерлерге, дәстүрлі медицинаға оралуға мәжбүр. Онда да қыздарын емде­ту үшін емес, төрінен көрі жақын қалған кезде, қыздарының болашағына алаңдап, атаулы көмекке іліндіру үшін келеді.

Бала кезде ауытқудың барын қалай білуге

болады?

Нәресте туғаннан бастап, педиатр­лар ай сайын тексеріп, екпелерін салып тұрады. Екі­үш жасқа келгенде баланың қимыл­қозғалысы, мінез­құлқы байқала бастайды. Шамадан тыс ашушаң немесе ештеңемен шаруасы жоқ, бір орнынан мүлдем қозғалмайтын болса, дәрігерлерге көрсетсе, олар бірден анықтайды. Яғни, сол тексерулер нәтижесінде балада әлгін­дей ауытқудың белгілері біліне бастаса, на­мыстанатын ештеңе жоқ. Ең бірінші сабыр ету керек, екіншіден, маманға жүгініп, егер емдеу керек болса, уақытылы емдету керек. Себебі, дер кезінде ем жүргізілсе, олардың ауруы әрі қарай асқынбайды. Мысалы жаңа 38 жастағы қыздың жағдайын кел­тірдім, оның ойлау қабілеті сол он жасар баланыкі. Егер оған дер кезінде ем қабыл­дағанда, біраз ілгерілетуге болар еді. Біздің арнайы логопед, педагог мамандарымыз жұмыс істесе, олардың білім деңгейлерін аз да болса көтереді. Яғни, олар өз баста­рын өздері алып жүре алады, өз нандарын таба білер еді. Көп ата­ана, керісінше, үй­ден шығармай, жасыру арқылы балалары­на зиян тигізіп жатыр. Қала берді, баланы өмір бойы кішкентай бала құсатып ертеді де жүреді. Айналайын, ата­аналар, баланы емдетуге еш намыстанбаңыздар. Жұрттың ештеңесі де кетпейді. Екі ортада бала өмір бойы зардап шегеді. Тіпті ауытқуы болған­ның өзінде дер кезінде қолға алып, емдеп, сосын оны бір салаға бейімдеп қойса, олар

Жалпы қазір түрлі несие алып, соның қарызын өтей алмай немесе түрлі отба­сылық қиындықтарын шеше алмай жүрген адамдар көп. Соларға стресс болған кезде оны қалай жеңу керек, күйзелістен қалай шығу керек дегенді түсіндіріп, ақыл­кеңес, бағыт беретін психологтың көмегі керек. Былайша айтқанда, қазір әр адамға бір­бір психолог болса да, көптік етпес еді. Бірақ, бізде «сізге психологқа бару керек» десе, «қой, мен жынды емеспін ғой?!.» деп ыр­шып түседі. Мәселе, жындылықта емес, психологтың көмегі кез келген азаматқа керек. Мысалы, кей адамдар ішіндегісін мүлдем шығармайды. Шығарса, достары жұртқа жаяды, күні ертең ол нәрсесі өзіне қайтып келеді. Міне, осындайда психолог – таптырмас маман.

– Бізде қазірдің өзінде бар. Мысалы, біздің сайтқа кірсеңіздер, онлайн режимін­де бірден жауап беретін мамандарымыз бар. Тәулік бойы жұмыс істейтін сенім те­лефонымыз да бар. Қазір енді интернеттен де парақша аштық. Былтыр мен мектеп, ІІД, емханаларда отырған психологтардың бәрінің басын қосып, төрт рет семинар­жи­налыс өткіздім. Енді бұл жерде біздің мақсатымыз – мектептерде болып жатқан жасөспірімдер арасындағы суицидтің ал­дын алу. Соған орай былтыр біз алгоритм ұйымдастырдық. Мысалы, мектепте ондай бала анықталса не істеу керек? Біріншіден, емханадағы психологқа айту керек. Сосын ол бізге хабарлайды. Үшеуміз бірігіп әлгі балаға көмек көрсетуіміз керек. Осылай оңайырақ. Себебі ата­аналарының өзі бірден бізге әкелуге сескенеді. Тіркеуге, бақылауға алады деп қорқады. Біз қазір мектеп психологтарымен тығыз жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Осы наурыз айынан бастап қалыпқа келтіреміз. Алматыда 204 мектеп болса, соның әрқайсысымен жұмыс істейтін боламыз.

Қазақша айтқанда, арқасы бар адамдар ғой...

Олар мысалы, бір дауыс естуі мүм­кін немесе көздеріне көрінуі мүмкін. Дауыс тар «мынау сенің досың» немесе «анау жауың» деген сияқты оны әр нәр­сеге итермелеуі мүмкін. Ол бір­ақ күнде, емес, өршу кезеңінде. Әйтпесе, олар да кәдімгі сіз бен біз сияқты адамдар. Қоғамға араласып жүре береді, олардан қауіп жоқ. Туған­туыстары ондай ауру­лардың сырын әбден біліп алған, қоза­тын кездерін де бірден іс­қимылынан­ақ сезеді. Сондықтан, бірден әлгі адамды бізге әкеліп жатқызады, ем қабылдай­ды, сосын ол қайта жақсы боп кетеді. Ата­аналарының өздері де айтады, кейде бірер күн ішпей қойса, мінез­құлықтары кәдімгідей өзгереді дейді.

– Көптеген ұлы адамдар шизофре-ниямен ауырған дейді. Соның әсерінен керемет туындылар дүниеге әкелді дей-ді. Мысалы, орыстың ұлы жазушысы Гоголь...

– Бұл аурулар негізінен бір бағытта қат­ты дамыған болады. Яғни, ерекше қабілеті болатыны рас. Кейбіреулер заң жағына, кейбіреулері ұстаздыққа жақсы бейім де­ген сияқты. Біреулер өлең­жыр жазады. Қазақша айтқанда, арқасы бар.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Мәриям ӘБСАТТАР,«Заң газеті»

Бүгінде жұмысқа орналасу үшін психиа­трияда, наркологияда бақылауда тұрады не тұрмайды деген анықтама талап етіледі ғой, сол анықтама қазір ХҚКО арқылы беріледі. Немесе электронды қолтаңбаңыз бар болса, өздеріңіз де шығарып ала аласыздар. Мұның барлығы – заманның игіліктері.

Енді қазіргі таңда біздің өз дәрігер­лерімізді белгілі бір күндері не белгілі бір мамандарымызды қалалық емханаларға жіберіп жатырмыз. Бүгінде Алматының сегіз ауданында бар арнайы мамандары­мыз. Мен дәл қазір соларды аралап келе жатырмын. Яғни, бұның барлығы не үшін? Себебі Каблукова дегеннен­ақ адамдардың бойын бір түрлі үрей билейді.

«Әр адамға бір-бір психолог болса да, көптік етпейді»

Ауытқу тек бала кезден туабітті бол­майды. Адамдар кейіннен, жүре керек стресстен не бастан жарақат алғанның салдарынан ауытқуға ұшырауы мүмкін.

кетті дегенді білдірмейді. Бұл жерде бәрі қоғамға араласып жүре алады. Оқи береді, жұмыс та істей алады. Ол біздің ойымыз ғой «олар қоғамға бейімделмейді, екінші­ден, қоғамға қауіпті, үшіншіден, олар өзін өзі қамтамасыз ете алмайды» деп ойлайды. Бұл жерде ремиссиялық жағдайлар деген болады да, өршу кезеңі деген болады. Егер бізде диспанкерлік бақылауда тұрса, тегін дәрі­дәрмек береміз, соны уақытылы ішіп отырса, өршу кезеңі болмауы да мүмкін. Біз сондай дәрі береміз. Ал кей аурулар бар, ауруханадан шыққан соң дәрігердің кеңесін орындамай, дәрі­дәрмегін бір ішіп, бір ішпей қояды. Ондайда өршу кезеңі пай­да болады. Ол шизофренияда басқа кезде, ақыл­ойдың кемтарлығында басқа кезде, яғни, әр ауруда әр кезде болады.

«Алматыдағы 204 мектеппен тығыз

жұмыс істеп жатырмыз»

– Сіздерге де сол педагог-психологтар сияқты онлайн режимде не ашық тре-нинг өткізу арқылы шығуға болмай ма?

– ҚАЗІРГІ ТАҢДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫН-

ША 10648 АУРУ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУДА

ТҰРАДЫ. ОЛАРДЫҢ 45 ПАЙЫЗЫ ШИЗОФРЕНИЯ,

ҚАЛҒАНДАРЫ ТУАБІТТІ АҚЫЛ-ЕСІНІҢ КЕМІСТІ-

ГІ, ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ МИДЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ

ЗАҚЫМДАНУЫ НЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ПАЙДА БОЛА-

ТЫН АУЫТҚУЛАРЫ БАР АУРУЛАР.

Сол кезде түсірілген кинолар мен деректі фильмдерді көріп отырсаңыздар, ол жерде ұнамаған адамды жындыханаға жатқызып, сау адамды жынды қылып тастайды деген ой тастайды адамдарға. Ал бізге сол ой, сол көзқарастың сіңіп қалғаны сонша, әлі күнге содан арыла алмай келеміз. Сау адамды жынды қылатын дәрі салады деп ойлайды адамдар біз туралы. Біздің орта­лықта тегін ем қолданылады, сосын адамға зияны тиетін дәрі­дәрмектер салынбайды. Бізде қазіргі заманға сай өте қымбат дәрілер қолданылады. Олардың әсері өте күшті, айына бір рет салынады, сол бір ай бойы адам жап­жақсы ауырмай жүреді. Ал, олар өте қымбат тұрады. Арнайы осындай мекемеде тіркеуде тұратын науқастарға олар тегін беріледі. Біз қандай жағдайда да қоғамға, кез келген адамға ашықпыз.

– Қазір психологтар көп қой. Қайда барсаңыз да «өйт-бүйт» дейтіндерден аяқ алып жүре алмай қалдық емес пе?

– Жалпы, психологияның екі түрі бар. Әлгі сіз айтып жатқан ол педагог­психо­логтар ғой. Ал біздің айналысатынымыз – дәрігерлік психология. Қазіргі таңда кли­никалық психологтардың санын көбейту үшін біз жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, біз оларды өзіміз оқытқымыз келеді.

Жұрттың бәрі ойлайды, егер Каблукова­ға келіп емделетін болса, онда жынды болып есептеледі деп. Олай емес. Бізде ауытқуы жоқ, бірақ, егер ем қолданбаса ауытқуға ұшырауы да мүмкін адамдар бар. Бізде ондайларға арналған психосо­матикалық бөлім бар. Соған келіп емделу­леріне болады. Тағы да айта кетейін, бізге келіп ем қабылдау деген бітті, жынданып