materials of republican international scientific and ...құқық бұзушылықтың...

600
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ» Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция МАТЕРИАЛДАРЫ МАТЕРИАЛЫ международной научно-практической конференции «ДУХОВНАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ: НАЦИОНАЛЬНАЯ СИСТЕМА ОБРАЗОВАНИЯ И МИРОВОЙ ОПЫТ» посвящённой 80-летнему юбилею Южно-Казахстанского государственного педагогического института MATERIALS of republican international scientific and practical conference "SPIRITUAL REVIVAL: NATIONAL EDUCATION SYSTEM AND WORLD EXPERIENCE" which dedicated to the 80th anniversary of the South Kazakhstan State Pedagogical Institute. ІІ БӨЛІМ Шымкент-2017

Upload: others

Post on 24-Dec-2019

63 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

    «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ

    ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ»

    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының

    80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция МАТЕРИАЛДАРЫ

    МАТЕРИАЛЫ

    международной научно-практической конференции

    «ДУХОВНАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ: НАЦИОНАЛЬНАЯ СИСТЕМА

    ОБРАЗОВАНИЯ И МИРОВОЙ ОПЫТ»

    посвящённой 80-летнему юбилею Южно-Казахстанского

    государственного педагогического института

    MATERIALS

    of republican international scientific and practical conference

    "SPIRITUAL REVIVAL: NATIONAL EDUCATION SYSTEM AND

    WORLD EXPERIENCE"

    which dedicated to the 80th anniversary of the South Kazakhstan State

    Pedagogical Institute.

    ІІ БӨЛІМ

    Шымкент-2017

  • 2

    ӘОЖ 378

    ББК 74.58

    Р 87

    Редакция алқасының төрағасы

    Аяшев Оңалбай Аяшұлы - п.ғ.д., профессор

    Редакция алқасы:

    Исабек Баршагүл Қашқынқызы

    Махашов Еркін Жұмагалиұлы

    - т.ғ.к., доцент - техн.ғ.к.

    Ибрагимова Жанат Абуталипқызы - ф.ғ.к., доцент Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы - ф.ғ.к. Оразбаева Эльмира Бейсенбайқызы - ф.ғ.к., аға оқытушы Тәңірбергенов Медеубек Жұматайұлы - п.ғ.д., доцент

    Ибашова Альмира Байдабековна - п.ғ.к., аға оқытушы

    Туребекова Гауһар Захиевна - тех.ғ.к., доцент

    Р48 «Рухани жаңғыру: ұлттық білім беру жүйесі және әлемдік тәжірибе»

    атты Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 80

    жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының

    материалдары. - Шымкент: «Оңтүстік Полиграфия «Баспа үйі» баспасы,

    2017. – 600 бет

    Материалы международной научно-практической конференции «Духовная

    модернизация: национальная система образования и мировой опыт»,

    посвящённой 80-летнему юбилею Южно-Казахстанского государственного

    педагогического института. издательство «Издательский Дом «Оңтүстік

    Полиграфия» : - Шымкент, - 600 ст. 2017.

    Мaterials of international scientific and practical conference "Spiritual revival:

    national education system and world experience", which dedicated to the 80th

    anniversary of the South Kazakhstan State Pedagogical Institute.- Shymkent:

    Publishing house «Издательский Дом «Оңтүстік Полиграфия», 2017. - 600

    page.

    ISBN 978-601-7908-30-0

    Жинаққа Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-зерттеу

    жұмыстарының нәтижелері ендірілді. Барлық жарияланымдар авторлардың

    редакциясымен берілген.

    ӘОЖ 378

    ББК 74.58

    ISBN 978-601-7908-30-0

    © Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, 2017

  • 3

    Құрметті әріптестер!

    Оңтүстіктегі жоғары білімнің қарашаңырағы, отау тіккеніне 80 жыл

    толған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтытының

    торқалы тойына бұл халықаралық бас қосу Елбасы жариялаған «Болашаққа

    бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған. Негізгі мақсат – рухани

    жаңғырудағы ұлттық білім беру жүйесінің ықпалын анықтау, жетекші орнын

    белгілеу, сонымен бірге осы сала бойынша әлемдік тәжірибеге зер салу.

    Бірінші – ұлттық код түсінігінің өрісін кеңейтіп, мазмұнын ширату.

    Екінші – Алаш көсемдерінің мұраларына бүгінгі күн талабына сай зер

    салу, келешекке қолданысқа пайдалану әдіс-тәсілдерін анықтау, жүйе құру.

    Өмірге талпыныс құралдарын іске қосу.

    Үшінші – өмірдің қозғаушы күші – ынта. Олай болса, үйренудің

    заманауи ресурстарын ашу, әлемдік тәжірибені кешіктірмей өз сәтінде

    қолдану жолдарын нақтылау.

    Төртінші – мемлекет тыныс-тіршілігіне сілкініс әкелген латын

    әліпбиіне көшу шарасы. Осы орайда, конференция аясында латын әліпбиінің

    филологиялық аспектілерін саралау, күн тәртібінде тұрған шешімін

    күттірмейтін өзекті мәселелерді жүйелеу.

    Бесінші – болашақ ұстаздардың қоғамдық санасын жаңғырту мәселесі

    өте күрделі үдеріс. Бұл ретте педагогика мен психология тұрғыдан шешім

    табу.

    Алтыншы – зияткер ұрпақ құрамын орнату ұстаздарға қойылған басты

    міндет. Осы орайда жаратылыстану ғалымдарының дәйектелген құнды ой-

    пікірлерін жүйелеу.

    Сонымен халықаралық ғылыми конференцияға қатысушы

    ғалымдардың алдына қойып отырған мақсат-міндеттері ауқымды, маңызды.

    Осы конференцияда қабылданған қорытынды тұжырымдары білім саласын

    алға жетелейтін көшбасшы болатынына кәміл сенемін. Іске сәт!

    Ізгі ниетпен, Оңалбай Аяшев

  • 4

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫНДАҒЫ

    ҰЛТТЫҚ КОДТЫҢ МӘНІ

    ӘОЖ 343.359.3 (574)

    КЕДЕН ІСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ

    БОЛДЫРМАУДЫҢ БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ Бекмурзаева Л.Ж. аға оқытушы, Нурмаханбетова А.А. аға оқытушы, Джанзакова М.А.

    магистр оқытушы

    ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан Резюме

    Для вступления в 50 передовых конкурентноспособных стран мира борьба с преступностью

    является одним из факторов негативно влияющих на социально-экономическое развитие страны.

    Summary

    For joining the 50 leading competitive countries of the world, the fight against crime is one

    of the factors negatively affecting the socio-economic development of the country.

    Кеден құқық бұзушылығынан қылмыс пен әкімшілік бұзушылықты

    бөліп аламыз. Кеден ережелерін бұзу туралы істер бойынша негізгі

    өндірістік кеден органдарының лауазымында тұлғалары жүргізеді. Істерді

    қарау кеден органдарының өкілітті лауазымды тұлғалары мен сот арқылы

    жүзеге асырылады.

    Егер лауазымды тұлғалардың қызметтік міндетіне онда орындалуына

    бақылау кеден органдарына жүктелген ережелерін бұзғаны үшін лауазымды

    тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Заңды тұлғалар мен жеке

    кәсіпкерлердің жауапкершілікке тартылуы тікелей бұзушылықтары үшін

    лауазымды тұлғалар мен басқа жұмысшыларды жауапкершіліктен

    босатпайды.

    Лауазымды тұлға құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасаған

    әрекеті не әрекетсіздігі үшін жеке тұлғалармен теңдей жауапкершілікке

    тартылады. Тек бой бермейтін тежеусіз күш қана жеке тұлға немесе жеке

    кәсіпкерді жауапкершіліктен босатуы мүмкін.

    Кеден ережелерін бұзғаны үшін ықпал ету шараларын қолдану

    жауапкершілікке тартылған тұлғанының кеден төлемдері мен салықтарын

    төлеу міндетінен толықтай босатпайды. Егер құқық бұзушылық өз сипаты,

    белгісі бойынша қалмыстық жауапкершілікке тартылғанымен анықтама

    жүргізу кеден органдарының құзірентіне жүктелсе заңды тұлға мен жеке

    кәсіпкерлер кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктен

    босатылмайды.

    Жауапкершіліктің маңызды бөлігі - әскери қызметшілер мен тәртіп

    жарғыларының күшін қолданатын өзге де тұлғалардың кеден ережелерін

    бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілік болып табылады.

    Бұл тұлғалар қатарына Қарулы күштердің шекара және ішкі

    әскерлердің басқа да әскери құрамалардың әскери қызметшілері мен жиынға

    шақырылған әскери міндеттегілердің Қазақстан Республикасының ішкі істек

  • 5

    органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қатардағы және басшы

    құрамының тұлғалары жатады.

    Кеден ережелерін бұзудың тікелей объектілері болып табылатын,

    арнайы дайындалған, құны жасырылған тауарлар мен көлік құралдарының

    кеден құқық бұзушаларының тікелей объектілері болып табылады, кеден

    шекарасы арқылы кесіп өтуге арналған заттарды Қазақстан заңдарында

    бекітелген тәртіпте тәркілеу - тауарлар мен көлік құралыының мәжбүрлі

    өтеусіз түрде мемлекет бюджетіне берілуі және жазаның негізгі және

    қосымша түрдегі қолданылуы.

    Кеден ережелерін бұзу туралы іс бойынша өндіріспен оны қараудың

    жеткілікті нақты тапсырмалары тәжірибеде мамандандырылған және

    уәкілетте лауазымды тұлғаларды құрылымдық бөлуді талап етеді. Ондай

    тапсырмаларды орындау, құқық бұзушылықты ашу және оның жолын кесу,

    істің мән-жайын дер кезінде, толық және объективті түсіндіру, оны заңға дәл

    сәйкестендіріп шешу, қаулының орындалуын қамтамасыз ету, кедендік

    құқық бұзушылықтың жасалу себебі мен шарттарын анықтау, оларды

    жоюдың шаралын қабылдау, құқық бұзушылықты алдын алу ондай істерді

    жүргізуге біліктендірілген құзіретті мамандарды талап етеді.

    Кеден ережелерін бұзудың тікелей объектілері болып табылатын

    тауарлар мен көлік құралдарының, кеден құқық бұзушылығының тікелей

    оъектілері болып табылады, жасырын түрде кеден шекарасы арқылы кесіп

    өтуде қолданылатын, арнайы дайындалып, құпия заттар жасырылған

    тауарлармен көлік құралдарының құнын сот тәртібімен өндіріп алу- тауарлар

    мен көлік құралдарының құқық бұзушылық жасалған күнгі еркін (нарықтың)

    бағасының ақшалай сомасын мәжбүрлі түрде алып қою болып қолданылуы

    мүмкін.

    Кеден ережелерін бұзғандық үшін ықпал жасау шараларын

    қолданудағы заңдылықты қамтамасыз ету- өте маңызды мәселе. Қазақстан

    заңында көрсетілген негіз бен тәртіптен өзге жағдайда ешкім кеден

    ережелерін бұзғандығы үшін ықпал жасау шарасына тартылмауы мүмкін.

    Қазақстан Республикасындағы кеден кодексін "Іс жүргізушілік

    жүйесінің" бөлігінде реттелмеген қатынастар әкімшілік заңда айқындалған

    және ол өзі кеден ережелерін бұзу туралы іс жөніндегі өндірісті және оларды

    қарауды қарастырады.

    Кеден ережелерін бұзу туралы істерді бөлу мен қосудың процессуалдік

    мүмкіндіктерін қарастынады. Бір іс жүргізуде құқық бұзғандығы үшін

    жауапкершілікке бір ғана сол адам тартылуға тиісті істер мен кеден

    ережелерін бұзуда жауапкершілікке қатысушы тұлғалар бірге тартылуға

    тиісті істер біріктіріліп қарастырылуы мүмкін.

    Қазақстан Республикасының кеден кодексіне сәйкес бөлімі кеден ісі

    саласындағы қылмыстар, анықтама және жедел іздестіру, кеден

    органдарының "бақылау жасалатын жеткізілімдер" деп аталатын

    халықаралық әдісін пайдалану мәселелерін регламенттейді.

  • 6

    Айналымнан алынып тасталған немесе айналымға түсуі шектелген

    (Қылмыстық кодексінің 250-бабы) заттардың контрабандасы дегеніміз кеден

    сәйкестендіру құралдарын немесе құжаттарды алдап қолдану мен

    декларациядан өтпеген немесе декларациялануы күмәнді есірткі құралдарын,

    жүйке уландырғыш, күшті әсер ететін, улф уландырғыш, радиоактивті

    немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақ, әскери техника, жарылғыш

    қондырғылар, оқ атар қару, оқ-дәрілерді, ядролық, химиялық, биологиялық,

    жаппай жою қаруларын жасауда пайдалануы мүмкін материалдар мен құрал-

    жабдықтардың басқа түрлерін мемлекетке кеден шекарасы арқылы кеден

    бақылауынан тысқары немесе жасырын түрде өткізу болып табылады.

    Котрабанда (1995 жылғы өзгерістер мен Қылмыстық кодекстің

    редакциясында) мына жаңа реакцияға ие болды: "Контрабанда дегеніміз-

    кеден бақылауынан және басқа да құжаттарды алдап қолдануы мен тауарлар

    мен басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік немесе

    кеден шекарасы арқылы алып өту".

    Жоғарыда келтірілген тұжырымдардан көрінетіндей, контрабанда

    ұғымы экономика саласын қорғау жағына қарай біршама өзгерген, бұл

    туралы экономикалық контрабандаға қатысты Қылмыстық кодексінің

    "Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс" бөлімі мен контрабанда

    туралы баптарға қатысты "Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке

    қарсы қылмыс" бқлімінде айтылған. Кеден органдарының міндеттері осы

    категориялыісті тергеуге қатысты құқық қорғау органдарымен өзара

    әрекеттестікке тәуелді болады.

    Кедендік саладағы заңдылықтың ахуалын талдау үшін тексерушілер

    әртүрлі ақпараттардың мәліметтерін салыстырмалы түрде қарау

    әдістемелерін қолданғандары дұрыс.

    Мысалы, Кеден Агенттігінің автоматикалық басқару жүйесіндегі

    статистикалық мәліметтерді,тауар жібіруші (қабылдашы) басқа елдің кеден

    қызметінің сондай мәліметтерімен - тауарлардың шыққан жерін, санын

    бағасын т.б. салыстырып қарау керек. Жекелеген тауарлардың (темекі,

    ішімдік, автокөлік т.б.) сәйкес келмейтіндігі анықталса онда шетелдік ірі

    экспортерлерді және сол сияқты өз еліміздің көтерме сауда жасаушыларында

    контрабанда мен кедендік тқлемдерді төлеуден бұлтару деректерін

    (жайларын) анықтау мақсатында кешенді тексеру жасауға болады.

    ТМД аясында экономика саласындағы қылмыстармен күресу үшін

    құқық қорғау мен басқару органдарының стратегиясын жасап шығаруда және

    әрекеттестігін нығайту мақсатында ТМД қатысушы мемлекеттерінің

    аумағында ұйымдасқан қалмыс күресу бойынша бірлескен шаралар

    бағдарламасы, сондай-ақ экономика саласындағы қылмыстармен күресте

    ынтымақтастық туралы келісім қабылданды.

    Сыбайлас жемқорлықпен, Қазақстан Кеден саласындағы лауазымдық

    қылмыстармен және басқа да құқық бұзушылықтармен күрес жүргізуде

    Кеден саясатының мақсаттарының бірі ретінде қарастыру қажет. Кеден

  • 7

    саласының қызметін мемлекеттік объективті негізі бар және заңы сипатқа ие

    болуы тиіс.

    Контрабандамен күресте азаматтардың көмектері қажет.

    Республиканың әрбір азаматы контрабандалық тауарды (мемлекеттік

    акциздік белгілері жоқ) сатып ала отырып мемлекеттік бюджеттің кіріс

    бөлігін азайтып отырғанын білуі керек. Осыған сәйкес мемлекет бюджеттік

    сферадағы жүмысшылар алдындағы міндеттерін орындай алмайды:

    зейнеткердің зейнетақысын, дәрігерлер мен мүғалімдердің жалақысын,

    студенттердің степендиясын уақтылы бере алмайды. Сонымен бірге

    мемлекет әлеуметтік бағдарламаға да қаржы бөле алмайды. Елге көмек бере

    отырып біз, яғни Қазақстан Республикасының азаматтары өзімізге жәрдем

    етеміз.

    ҚР құқық қорғау органдары мүндай жағдайлармен бірнеше бағытта

    күресуге тырысады. Бірінші кезекте - шекарада. Мүнымен көбінде кеден

    органдары айналысады. Оларға құжаттарды, тауарлардың шығуын және

    олардың импорт бойынша операциялардың заңдылығын бақылау міндеттері

    жүктелген. Бірақ іс жүзінде кеденшілер ҚР кеден шекарасы арқылы өтетін

    тауарлар ағымына бақылау жасауға жағдай жоқ. Мүндай жағдайларға

    бірнеше себептер бар: бірінші кезекте шекараны қорғаудың төмен деңгейі;

    екіншіден, Қазақстандык кеденнің нашар техникалық қастамасыз етілуі.

    Сонымен бірге қызметкерлердің төмен жалақысы да маңызды роль ойнайды.

    Осы себепті парақорлық, «туысқандық байланыстар» туындайды.

    Контрабанданы тауып, анықтап, ұстау үшін кеден қызметкерлері мен

    ішкі істер органдарының қызметкерлері тек заңға қызмет етіп қана қоймай,

    сонымен бірге жақсы психолог болуы керек. Әдебиеттер

    1. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000

    жылғы 12 тамыз N 1238;

    2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1997 жылғы 16 шілде N 167-1; 3. Н. Назарбаев «Қауіпсіздікке мән бермеу - нақты қатерді бағаламаумен тең» Егемен Казахстан / 25 акпан / 2001 жыл.

    4. Кеден ісінде кедергі немесе алыс беріс үлғайып ел қазысы толыға түседі. Жолмергенқызы. Н. Кеден келешегі (Атакент "Кеден туралы//Егемен Қазақстан-1997ж

    14Қараша")

    5. Сэтімбеков. Қ. Кеден тәртібі бүзылмауы тиіс //Заң және заман—2008ж ғ2.

    ӘОЖ 8.16+48(574)

    РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

    ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ Арынғазиева Б.Б. – филос.ғ.к., профессор м.а.

    ОҚМПИ, Шымкент қ., Қазақстан

    Резюме

    В данной статье рассматривается проблемы духовного возрождения:

    национальных культурных ценностей и казахской национальной идеи. Национальная

  • 8

    идея органически гармонирует с духовным миром казахского народа и занимает

    особое место в формировании гражданского общества нашей страны.

    Summary

    The article is considered the problem of s piritual renewal: national cultural values and

    the Kazakh national idea. The idea of the national idea is interconnected with the inner spiritual

    world and the place of the Kazakh idea in the formation of civil society.

    Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде

    қалыптасатын интеллектуалдық өріс. Рухани жаңғыру Атамекен мен Ұлттың

    бір болуын, ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың

    тұтастығын негіздейтін ұлттық идея. Ғалымдар ұлттық идеяны ақыл

    таразысынан өтіп халықтың басым бөлігі қабылдаған ұлттық мәдени

    құндылықтар жүйесі деп түсінеді. Ұлттық идея Қазақстанда жүріп жатқан

    мәдени мұраларды жаңғырту үрдісі мен әлемдік өркениет ықпалымен

    туындаған жаһандану процесінің арақатынасында қарастырылуы тиіс.

    Рухани жаңғыру идеясының пайда болуына, осы өмірдің объективтік

    негіздеріне өркениеттің ақпараттық толқынының қарқындап енуі, Кеңес

    Одағы тарағаннан кейінгі батыстандыру мен америкаландырудың жаңа

    пәрмеге ие болуы себепші болды. Қазақстанда «рухани жаңғыру» идеясының

    қалыптасуына үш суперөркениеттердің тоғысуында орналасуы

    (православтық, мұсылмандық, конфуцийлік), мәдени-әлеуметтік транзиттік,

    тоталитарлық және атеистік сана қалдықтары, номадалық діл архетиптері

    ықпал етті. Басқа да ТМД елдеріндегі сияқты, Қазақстанда да ұлттық идеяны

    іздеу амбивалентті құбылыс болып табылады. Сондықтан, қазіргі өркениеттік

    және ұлттық-рухани құндылықтарға қарай бетбұрыс әлемдегі отыз озық

    елдердің қатарына қосылуға септігін тигізеді деп білеміз.

    Қазіргі кезде ойлау жүйесінің шеңбері ұлғайып, ауқымдалып,

    ғылымды, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жетуге

    мүмкіншілік туып отыр. Ерте кезден-ақ, рухани жаңғырудың негізінде жеке

    адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата- бабаларымыз жақсы

    түсінген. Батырлықтың, ақын-шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт

    өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақтардың тарихтағы

    жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Ұлтына игілік пен жақсылық

    әкелетін жасампаздық қасиет бұл жаңашылдыққа бейім, өресі биік адамның

    ғана қолынан келетіні сөзсіз. Осындай адамның басты бағыты: зерттейтін

    объектісі осы заманнан шығып, өткенді, қазіргіні, келешекті жүйелі түрде

    ақыл-ой елегінен өткізіп, сол арқылы өз бойындағы жаңа типті ойлау

    мәнерін, өрнегін таразылап, жаңартады. Осы мақсатта мына мәселелерді

    ескеруіміз қажет: қоғамдық келісім және демократиялық дамудың

    барысын, адам және қоғам, нарық және ғылымның байланыстарын. Ерекше

    бөліп қарайтын мәселе, азаматтық қоғам қалыптасуындағы қазақ

    идеясының орны. Қазіргі зерттеулерде «Қазақстан – жалпы біздің үйіміз»

    деген қоғамдық ой негізі орын алуда. Бұл идея өткен қоғамдағы ұрандарға

    ұқсас, негізінен саяси мәнге ие болып тұр. Ұлттық идея – адамдардың ішкі

    рухани дүниесімен астасып жатуы керек. Сондықтан, қазақ идеясы

  • 9

    «Еркіндік түбі бірлікте!» деген формулаға айналса, ұлтымыздың өресінен

    шығар еді. Қоғамда интеллектуалды ой өріс мықты болуы үшін, ұрпақ

    болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің салт-дәстүріне негізделген тұрмыс

    тіршілігімен тыныс алған, жан-жағында болып жатқан түршілік барысымен

    етене байланысып өскен ұрпақ жаңа өмірге бейім жақсы адам болып өседі.

    Жаңа өмірге саналы түрде бейімделген жақсы адам елге жаны ашитын

    болады және бойындағы бар қабілетін, қолы жеткен бар игілігін еліне

    арнайды. Еліне жаны ашитын жақсы адам өз заманының жетістігін

    білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау, оның жетістігіне елдің қолын

    жеткізу деп түсінеді.

    Шығыс халықтарының ұлттық идеяларының құндылығы мәселесін

    қарастыруда еуропоцентристік көзқарас басым. Әлі де, классикалық

    еуропоцентризм бойынша, құнды идеялар тек жалғыз Батыс өркениетіне

    тиесілі, басқалары «аборигендік», «жабайылық», «варварлық» деген пікірден

    арылған жоқ. «Шығыс мәдениеттерінің болашағы жылдам вестернизацияға

    енумен айқындалады» [1, 39 б.] деген пікірлер төңірегінде өрбісе, онда

    қазіргі жаһанданып келе жатқан және мозаикалы өркениеттерде аталған

    ұстаным, мынадай мимикрияға ұшыратып отыр: а) Қазақтың дәстүрлі

    мәдениеті мен тілі қазіргі өркениет талаптарына икемді емес; ә)

    Постмодерндік номадология тұрғысынан көшпелілерде кеңістікпен байланыс

    және «тамырланған» мәдениет жоқ (ризома), олар тек «соғыс машинасын»

    ойлап тапқан (осыдан орыс тілді басылымдарда жиі кездесетін

    «моджахеды» тіркесі қалған); б) Номадалық мәдени артефактыларға

    экзотикалық сипат берумен әуестену (американ үндістерінде кездесетін

    «потлач», «сый экономикасы», «тотемистік» көріністер және т.б.). Бұл,

    әсіресе, қазақтың төл мәдениетін орыс тілінде зерттеушілердің арасында кең

    тараған. Осы құбылыс Қазақстанға да тән нәрсе. Қазақ тілін білмей, қазақ

    мәдениетін зерттеу мүмкін емес (Францияға барып, француз тілін білмей, сол

    француз мәдениетін зерттеймін десек, күлкіге қаламыз ғой); в) Қазақтың

    мәдени үрдістерін әлемдік өркениеттілік үлгілерінен бөліп көрсету; г)

    Батыстық мәдени ұғымдарды тарихи тұлғаларға жапсыра беру: «Абай –

    маргинал», «Асан қайғы – алғашқы утопист», «Ғұмар Қараш –

    экзистенциалист», Ш.Уәлиханов – атеист» және т.б. осындай ұстанымдар

    негізінде жүргізілген зерттеулерде қазақтың ұлттық идеясы әбден ырықсыз

    жойылып, ойдан шығарылған, ештеңеге ұқсамайтын құрылымдар пайда

    болды; д) Герменевтика, компаративистика, диахромния мен синхрония

    сияқты методтарды негізсіз қолдану. Дәлел ретінде мынадай бірнеше

    деректер келтірсек: «культура» латын тілінен «жер өңдеу», ал, «мәдениет»

    араб тілінен «қала» деп аударылады, екеуі де көшпелілерде болған жоқ,

    сондықтан, олар мәдениеттен тыс, «Заратуштра» деген Жаратушы дегенге

    ұқсас, Қорқыт есімін «қор» (банк) және «құт» (бақыт) деп түсінуге болады.

    Қазақтың ұлттық идеясына қатысты батысшылдық ұстанымдармен

    қатар әсіресе, исламдық тұғырнама туралы да айтып өтсек, бұл жерде

    исламның қазақ мәдениеті үшін құндылығына, өркениеттік функциясына

  • 10

    күмән келтіруге болмайды. Алайда, діннің өзіндік құндылықтары мен діни

    қайраткерлердің пікірін ажырата білуіміз керек. Бізге тарихтан белгілі:

    ортағасырда христиандық теологияның Еуропада білімнің барлық түрлерін

    өз қолжаулығына айналдырғаны. Секуляризация қозғалысы Батыс Еуропада

    ой еркіндігіне қол жеткізді. Ал, бізде тәуелсіздік алғаннан кейін ғана, діни

    көзқарастарда қайта өркендеу басталды. Баршамызға белгілі, атеистік және

    тоталитарлық санадан арылу өте маңызды үдеріске жатады. Бірақ, басқа

    мұсылман елдеріне діни білім алуға барған жастарымыз көбінесе сол

    біліммен қатар бөтен өркениеттік сананың ықпалына еніп, өзіміздің төлтума

    мәдени құндылықтарымызға нигилистік көзқарастар қалыптасты. Жалпы,

    жеке адамның рухани жаңғыруы – өмірге, уақыт ағымына ақыл парасатымен,

    білімімен бейімделе білуінде. Адамды өмірге, қоғамдық ортаға ақыл

    парасатымен және білімімен бейімдейтін ұлттық қасиеттер (ұлттық сана)

    мен ұлттық құндылықтар (тәрбие, имандылық, тектілік және т.б.) болып

    табылады. Ұлттық сана, тәрбие, имандылық, тектілік – жеке адамды

    қоғаммен, бүтін бір ұрпақты ұлттық негізімен біріктіреді. Бұлардан қол үзген

    адам рухани жаңғырудың биігіне жете алмайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев

    айтқандай, «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық

    кодыңды сақтай білу... Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен

    ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауы тиіс. Керісінше, заман сынынан

    сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды

    алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер, жаңғыру елдің ұлттық-рухани

    тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани

    жаңғыру ұлттық сананың түрлі жақсы жақтарын қиыннан қиыстырып,

    жарастыра алатын құдіретімен маңызды» [2].

    Х-ХІ ғасырларда Орталық Азияда Ислам Ренессансының шарықтау

    шегіне жеткені баршамызға белгілі. Алайда, моңғол шапқыншылығынан

    басталып, түркілердің өзара этникалық тартыстарымен жалғасқан оқиғалар,

    Шоқан Уәлихановтің айтуынша, бұрын білім ордаларына, обсерваторияларға

    және т.б. бай өлкеде кертартпа билеушілер мен дінбасыларына толы иеліктер

    көбейді. Бұндай саясат Батыстық экспансиясынан анық көрінеді. Мысалы,

    Батыс артта қалған халықтарды отарлау мақсатымен бірге, сол кезде әрекет

    етіп тұрған шығыс-азиялық (Жапония, Қытай), оңтүстік-азиялық (Үндістан)

    және жетекші ел Осман империясы болған исламдық және православиялық

    (Ресей) өркениеттерінде үстемдік жүргізуге бағыттады. Тек қана ХХ ғасырда

    Батыспен қатар әлемдік мәселелерді шешуге қатысқан КСРО, Қытай,

    Үндістан, ислам елдері тарихи сахнаға шықты. Бекерден-бекер американдық

    ғалым С.Хантингтон (1927-2008) қазіргі 8 суперөркениеттер [3] туралы

    айтқан жоқ. Әлем жан-жақты, көпқырлы, көпжақты бола бастады. Бірақ, осы

    кезден бастап вестернизацияның қарқыны бәсеңсіді деп айтуға болмайды.

    Кеңес Одағы тарағаннан кейін батыстандыруды жүзеге асыруға АҚШ

    айналыса бастады. Британдық ғалым А.Тойнби (1889-1975) «екі немесе одан

    да көп өркениеттер бір-біріне әсер еткенде, олардың қуаттылығы әртүрлі

    болып келеді. Агрессияшыл өркениет экспансия объектісінің өзіне тең емес

  • 11

    екендігін сезінеді» [4, 119 б.] – деген пікіріне қарап, батыс өркениеті өзінің

    басқа мәдениеттерге қарсы бағытталған қиратушы әрекетін тузеу мақсатында

    болғанын байқауға болады.

    Қазақ халқымен тағдырлас Түркияда жүргізілген батыстандыру

    процесінің кейбір ерекшеліктеріне тоқталсақ, православтық-христиандық

    өркениеттің біршама бөлігін өзіне бағындырғанымен, Батыспен текетіресте

    османдықтар қауқарсыз болып шықты. Венадағы жеңілістен соң қорғанысқа

    көшкен түріктер батыстың кейбір құндылықтарына есік ашты. Сөйтіп,

    мемлекеттік қызметке енді грек ұлтының өкілдері алына бастады, оларды

    Батыспен дипломатиялық қарым-қатынасқа дайындады, бірақ, қаншама олар

    оттомандық тәрбие алғанымен, ойларының түбінде өз Отанының азаттығы

    тұрды. Осман армиясы еуропалық үлгіде қайта құрыла бастады, бұл міндетті

    түрде Батыспен танысқан офицерлердің арасында реформалық қозғалыс

    тудырды. Танзимат пен жас түрікшілдер қозғалысы дәстүрлі османдық

    қоғамды шайқалтып жіберді. Абдул-Хамид сұлтан ұсынған османдық әскери

    машинаны батыстандыру бағдарламасы өзін ақтамады. Батыстандыру

    толқыны бүкіл Оттоман империясын либералды ойлы әскери офицерлермен

    толтырып жіберді. Кемал Ататүрік қазір Түркияны өркениетті елдер

    қатарына қосты. Батыстандыру тек қоғамның бір саласын ғана қамтымай,

    оны тұтас өзгертуді өзіне мақсат етіп қояды. Технологиялық басымдылық

    оның құндылықтарын дамушы елдерге күшпен тануға мүмкіндік береді.

    Себебі, дамушы елдердің элитасы мен мамандары батыс технологиясымен

    бірге батыстық ойлау тәсілін де қабылдайды. Түркиядағы «Танзимат» және

    Ресейдегі «милләтшілдік» пен «жәдидшілдік» идеялары ықпалымен дамыған

    діни-реформистік ағым исламға түбегейлі өзгерістер енгізді және ол кейін

    Кемал Ататүрік реформаларында іске асты. «Жәдидшілдік» атауын қазақ

    тіліне «жаңару, елдікті сақтау үшін жаңа бағытты ұстау» деп аударуға

    болады. Бұл бағыт қазақ жерінде жаңа мағынадағы «мұсылманшыл қазақты»

    қалыптастырды. Қазақстанда да «Түрікшілдік бағыт» қалыптасты. Бұл

    бағыттың өкілдері М.Шоқай, М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов және т.б. түркілік

    өркениет тұтастығы контекстінде қазақ адамын қалыптастыруға шақырды.

    Бұл типтің басты ерекшеліктеріне тарихи сананы түркілік тұтастық идеясы

    негізінде жаңғырту, тәңіршілдік, Батыс пен Шығыстан даралану, қазақ халқы

    түріктің қара шаңырағының иегері деп мойындау және т.б. жатады [5, 201 б.].

    «Еуропашылдық» белгілі мөлшерде ұзақ уақыт бойы мақтаныш, жетістік деп

    бағаланды. Ол кездегі ұлт интеллигенциясының ішінен кейбіреулері тым

    батысшыл болып, материализм мен марксизмді қолдап, қостағандары болды.

    Әсіресе, төл дәстүрімізге байланысты үстірт пікірлер айтылды. Оның сол

    кездегі арғыдан келе жатқан потенциалын, яғни, шын мағынасын ажырату

    керек еді. Жалпы, сол кездегі ұлт элитасы еуропалықтардың өздеріне ұқсап,

    экстраверттік мінез танытып, саясатшыл, ұлтшыл болып кетті. Көптеген

    батыс ойшылдары әлемнің тұтастануын Батыс қоғамының жеңісі ретінде

    қабылдайды. Мысалы, австриялық және британдық философ К.Поппер

    (1902-1994) «еркін демократияның елдері, Батыстың ашық қоғамы жеңді» [6,

  • 12

    78 б.].– дейді. Тоталитарлық қоғамдардың бар болғанын ешқашан, ешкімнен

    жасырмаған.

    ХХ ғасырда Батыс-Шығыс қарым-қатынасында үлкен өзгерістер

    болып, Батыстың өзі күрделі эволюция үстінде еді. Енді, Батыс Шығыс

    руханиятының даналығын тани бастады, ғалымдары «буддизмді», яғни, үнді

    философиясын зерттеді және «суфизмді» ашты. Швейцарлық ғалым К.Юнг

    (1875-1961) пен т.б. дүниеге көзқарас батыс рационализмінен терең болу

    керек екенін мойындады, сонымен қатар, материализм, дінсіздік,

    техноцизмді, беймәдени «демократиялық» болмыстың («көпшілік

    мәдениеті») зиянын өздері өздеріне әшкереледі. Дінді, этиканы мойындау,

    әлемдік интеграцияны рухани жағынан толықтырып, шынайы «жүректер

    интеграциясына» айналдыру, әрбір ұлттық қайталанбас келбетін сыйлау,

    «жанын» түсінуге тырысу, сол арқылы шынайы бауырмалдыққа жету – міне,

    Батыс пен Шығыс ойшылдарының, жалпы прогрессивтік ниеттегі

    адамдардың келген қорытындысы. Қандай халық болмасын, жалпы бүкіл

    адамзат ендігі жерде этикаға, руханиятқа бет бұрмаса, адамды

    түземесе – жер бетіне үлкен қасірет жақын екенін анық сезінуде.

    Осының барлығын ескере отырып мынадай пікір білдіруге болады:

    «американдану» да, «еуропалану» да біздің жол емес, ескішіл, фанатик

    болып, қайтып келмес көшпенділікті аңсау да орынсыз. Біз екі бұрынғы

    рухани элитаның екі буынының да тәжірибесін, тәсілдерін ұштастырып

    қолдануымыз қажет. ХІХ ғасырдың рационалист-ағартушылары сияқты

    ойлауымыз жөнсіз. Олардан гөрі біз дәстүршілміз, руханилығымыз,

    мұсылмандығымыз, шығыстығымыз олардан күшті. Жаппай вестеризация,

    рухани азу ықпалы күрт өскен жағдайда (өкінішке орай, бізде Батыстың

    биік мәдениетін, философиясын емес, азғындық жағын насихаттау басым),

    оған төтеп беру үшін руханият, өз дәстүріміз бізге қорған болары сөзсіз.

    Сөйтіп, қана ұлтты дағдарыстан алып шыға аламыз. Қазіргі

    «вестернизацияның» мынадай қиындықтары бар: а) руханилық пен

    материалдықтың арасындағы ажыратылу; ә) эскапистік және дүниетанымдық

    ұстанымдардың араласып кетуі; б) нонконформизм, конформизм мен

    девианттық мінез-құлықтың көбеюі; в) рационалдықты шектеу, тылсым сана

    қабаттарымен манипуляциялар жүргізу; г) жалғыздық, үрей, шарасыздық

    сенімдерінің өрістеуі; д) стандартты қарапайымдалған тіршілік ету

    баламаларын жасанды ұсыну [7, 111 б.]. ХХІ ғасыр ұлттық мәдени

    трансформацияға кері кету емес, біреуді қайталау да емес, жаңа жағдайда

    творчестволық ізденіс біздің бүкіл аймақтық мәдени-әлеуметтік-саяси

    трансформация процестеріне үлкен өзгеріс, ілгері басу, гүлдену әкелері хақ.

    Егер, осы мәселені біз техногендік батыс Өркениетіне альтернатива ретінде

    рухани сипаттағы «еуразиялық» Өркениет құру идеясын дұрыс түсіндіріп,

    айқындай алсақ, жетістіктеріміздің мол болары сөзсіз. Яғни, рухани

    жаңғыру қоғамның барлық мүшесіне, ұлттың барлық өкілдеріне өз міндетін

    жүктейтін құбылыс. Рухани жаңғыру жолында адамдар бай мен кедей болып

    бөлінбеуі тиіс. Ұлттық мүдде мен тарихтың рухы, елдің болашағы –

  • 13

    халықтан, әрбір адамнан ортақ қасиетті, ортақ құндылықтарды, ортақ

    дүниелерді ғана талап етеді. Жеке адамның тұлғалануын, ел азаматы ретінде

    танытатын қасиет – жаңа тұрпаттағы рухани жаңғырудың негізгі үлгісі

    болып табылады. Әдебиеттер:

    1. Нуржанов Б.Г. О национальной идее. К постановке проблемы // Журнал «Вестник»,

    №31, Алматы, 2008.

    2. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру / Егемен Қазақстан 26.04.2017 ж.

    3. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. -М.,2014. -480 с.

    4. Тойнби А. Вызовы и ответы. Как гибнут цивилизации. -М., 2016. -288 с.

    5. Общенациональная идея Казахстана: опыт философско-политологического анализа. -

    Алматы: ИФиП, 2006. -412 с.

    6. К.Поппер. В поиске лучшего мира. -М.,2015. -274 с.

    7. Гердер И.Г. Идеи о философии истории человечества. -М.,2012. -254 с.

    ӘОЖ 371.3

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА

    ПАТРИОТТЫҚ ИДЕЯЛАРДЫ НАСИХАТТАУДЫҢ

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ Әліпбек А.З., Алдияров А.Д.

    ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан

    Резюме

    В этой статье рассматривается познавательные и воспитательные возможности

    пропагандировать патриотических идеи в учебно-воспитательной системе.

    Summary

    In this article it is considered informative and educational opportunities to propagandize

    patriotic ideas in teaching and educational system.

    Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл

    әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі,

    халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды –

    Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы

    тиіс. Осы мақсатқа жету жолында біздер мұғалімдер қауымы көп тер

    төгуімізге тура келеді. Ол дегеніңіз, болашақ жастар, оқушылардың бойында

    патриоттық сезімін ояту. Отанын, елін, жерін, Ата Заңын, Мемлекеттік

    Рәміздерін құрметтеуге үйрету. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:

    «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке

    дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық

    ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді,

    өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да

    қадірменді парызы» -деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде

    Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен,

    «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары сол заманның

    ақиқаты, наным-сенімінен туындайды.

    Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы –

    қазақстандық патриотизм болды. Патриотизм туралы идеяларды кезінде

    өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары Әбу-Насыр әл-

  • 14

    Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд Қашқари, жыршы-жыраулары Асан

    қайғы, Доспамбет жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы айтқан

    болатын. Аталған ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік алуымен

    байланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп, бір жүйеге келтірілді.

    Президентіміз Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның

    идеялық бірлігінде» - дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға жүгініс

    жасаған дұрыс болар: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да

    даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен

    сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері

    де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам

    бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен

    де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей

    істегені жөн». Міне, осы сөздің өзі – тұла бойы тұнған отаншылдық тәрбие

    міндеттері. Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Шоқан

    Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да

    байқауға болады. Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет

    етуге үндейтін, өз елін қорғау үшін керек десе, жанын қиюға дейін баруға

    болатынын іспен көрсететін және үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын

    әшкерелеп, оған қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қуаты күшті

    шағын өлеңдерінің балалар үшін маңызы ерекше. Махамбет балалар

    әдебиетінің өкілі емес, бірақ Махамбет өлеңдерінің бірсыпырасы балалар мен

    үлкендерге бірдей ортақ мұра. Абай халықтың болашақ жаңа қауымына,

    жасөспірімдерге арнап талай өлеңдер жазды, нақыл сөздер айтты. Жастарды

    өнер-білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін жастарға үлгі-өнеге көрсету үшін

    жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт – халық

    үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Абай өз қызметін Отан

    мен халық алдындағы борышым деп түсінді. Оның шығармалары Қазақстан

    тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген

    қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына,

    мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына

    деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты. Ыбырай атамыз да бар үмітін жас

    ұрпаққа артты. Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа

    патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін әсері зор. Өйткені, патриотизм

    қашанда, қандай қоғамда да өзінің әлеуметтік мәнін, маңызын жоғалтпайтын

    ұғым. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған

    жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп

    ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның

    бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің

    өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің

    өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой

    көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді

    нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі

    мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан

    Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш

  • 15

    жоқ екендігін көрсетеді. Адамгершілікті, тәрбиелі адам – кез келген

    мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің

    кепілі.

    Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне

    жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылығын

    арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ

    өткізу тиімді. Бұл оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке

    бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен

    өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез

    меңгеруге септігін тигізеді. Осы мақсатпен оқу материалының күрделі және

    жеңіл түрлеріне қарай ерекшеліктерге тоқталайын.

    «Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның

    аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей

    байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды

    күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген

    ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және

    болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.» Осыған байланысты сабақ

    берудің ең негізгі мақсаттарына төмендегілер кіреді. Бірінші – танымдық,

    екінші – тәрбиелік, үшінші – дамытушылық. Осы мақсаттарды орындау үшін,

    өз тәжірибемізде тарих және әдебиет сабақтарында оқушылардың өз бетімен

    білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту,

    ізденіс жұмыстары мен алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету

    бағытында жұмыс жүргізіп келеміз.

    Балаларға ел сүйгіштік, ата-ананы сүю, Отанды сүю мәселесінде

    қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап

    жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде әңгімелер өткіздік. Бұл әңгіменің

    барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады. Ауыз

    әдебиетінен мысалы: «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр»

    т.б.шығармаларында – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы

    күресі атап көрсетіледі. Ал Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі,

    шығармалары, әсіресе, «Баймағанбет Сұлтанға айтқаны», «Ереулі атқа ер

    салмай», «Ұл туса», «Әй, Махамбет жолдасым». Патриоттық тақырыпқа

    оқыған шығармаларынан І.Есенберлиннің «Көшпенділер», М.Мақатаевтың

    өлеңдерінде атап өтті.

    Тарих сабағын әдебиет, қазақ тілі, география пәндерімен

    байланыстырып, аралас сабақтар өткізуге, оқушылардың жан-жақтылығын

    дамытуда тарих пәнінің үлесі зор. 2011 жылғы Қазақстан Республикасының

    Президентінің 28 қаңтардағы Жолдауында «20 жылдағы 20 жетістік» жыл

    бойына білім орындарында, тәрбие, класс сағаттарында қарқынды түрде

    үгіттеледі, себебі 20 жылдағы жетістікті қиын жолмен өткен Қазақстанның

    тарихын, саясатын, экономикасын білу – әр ұрпақтың міндеті. Осыған орай,

    патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-

    ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп

    оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық

  • 16

    санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы,

    Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі

    ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы

    шығармаларының алатын орны ерекше. «Ұлттық патриотизм» және

    «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы

    туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз –

    бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, «Ұлттық патриотизм және

    «Қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын

    құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен

    мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік

    мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Осыларды көздеп жүргізген зерттеу

    еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын-жазушылардың

    ой-пікірлеріне сүйене отырып, «Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық

    патриотизм» ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай-ақ бұл

    ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің

    кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр.

    Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген

    сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан,

    әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін – «Отаным»

    деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның

    заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану,

    кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің

    белгілері болуы керек деген ой келіп туады.

    Патриоттық тәрбие жүйесінде мына бағыттарды анықтауға болады:

    - рухани адамгершілік – тарихи-өлкелік – «Шежіре» – азаматтық-

    патриоттық тәрбие. Бұл бағыт құқықтық мәдениет, заңгерлік, саяси және

    құқықтық өзгерістер, мемлекетпен қоғамдағы өзгерістер, заң орындау,

    қызмет ету арқылы ықпал етеді.

    - әлеуметтік-патриоттық. Рухани адамгершілік және мәдени тарихи

    байланысқа бағытталып, үлкен кісілер сыйластық сезімдері.

    - әскери-патриоттық. Балалар бойындағы үлкен патриоттық сезімді,

    Отан сүйіспеншілікті , оны қорғауға, әскери дәстүрді, әскери тарихты

    қалыптастыру.

    - спорттық-патриотизмді дене спорты және дене шынықтыру сабақтары

    арқылы шыдамдылыққа, ерлікке, тәртіптілікке бағытталған.

    «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған

    жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.

    Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан

    олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар

    мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп

    танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға

    еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті

    өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.

  • 17

    Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы

    ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп

    оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық

    санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы,

    Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Бауыржан Момышұлы ағамыздың

    кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы

    шығармаларының алатын орны ерекше. Мысалы, соғыс жылдарында

    Бауыржан Момышұлы ағамыз:

    Ата мекен жер үшін,

    Қасиетті ел үшін,

    Әзиз ана, қарт ата,

    Ботакөз сұлу қарындас

    Күң, құл бомасын, - деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух

    беріп, ерлік істерге шақырады.

    Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында патриотизмге, ерлікке,

    батырлыққа байланысты біршама терминдерге анықтама берген. Енді

    соларға тоқталып өткім келеді:

    Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның

    аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей

    байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды

    күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген

    ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және

    болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.

    Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын

    және адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу

    сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын

    орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып

    тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп,

    жауды барынша жою, жанға-жанмен, қанға-қанмен аяусыз кек алу жолымен

    жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде

    қауіп-қатерге бас тігу.

    Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.

    Табандылық – батырлардың қалқаны. Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті

    мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел

    етушілік, игілікті құлшыныс. Сондай-ақ, Бауыржан ағамыз халықты ерлікке,

    патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер, жақсы сөздерін

    қалдырған. Мысалы: Намысты нанға сатпа. Өз ұлтын сыйламау, оны

    мақтаныш етпеу – сатқындық. Именіп жүріп көрген игіліктен – қарсыласып

    жүріп көрген бейнет артық. Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше –

    шындықтың уын ішін өлген артық. Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік –

    жігіттің қасиеті. Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез

    секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. Батырлық

    тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап

    алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды. Ерлік – тайсалмас

  • 18

    табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады. Өршіл рухтан – өлмес

    ерлік туады. Белдескеннің – белін сындыр, тірескеннің – тізесін бүктір.

    Ептілік те – ерлік. Қолбасшы болсаң сондай бол – жосылып жатқан жолдай

    бол. Осындай тағы да басқа батырлық, ерлік, тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым

    туралы біздерге өсиет сөздер қалдырған.

    Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани

    байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен,

    тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін,

    дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет.

    Патриотизм сезімінің оянуы мен қалыптасу үрдісін белгілі бір асқақ

    сезімдерден, мақтаныш-сүйініштен бөле-жара қарауға болмайды. Ол елінің

    өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну,

    атадан балаға жалғасып, жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу. Осы

    сезімдерден туатын, санада орнығып қалыптасатын асыл қасиеттер ұлттық

    патриотизм деңгейінде өркен жайып, азаматтық патриотизм биігіне ұласатын

    сыңайлы. Әрине, бұл өздігінен бола салатын нәрсе емес, ол да нақты

    тәрбиенің жемісі. Бұл тәрбиенің жемісін еккен әрине, мектеп жасына дейінгі

    балалар үшін – тәрбиеші, ал орта білім мен жоғарғы білім алушылар үшін –

    ұстаздар қауымы деп айта алар едім.

    Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай

    патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм

    туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті

    азамат, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер

    тәрбиелейміз.

    Пайдаланылған әдебиеттер

    1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына

    патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы 2006

    жылғы 10 қазан №200 //Қызылжар нұры – 2006-24 қараша.

    2. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті //Қазақстан орта мектебі – 2005 -

    №9 – 7-9 бет.

    3. Патриоттық тәрбие және Б.Момышұлы // Қазақстан мектебі – 2005 - №8 – 72 -73бет.

    ЭКОНОМИЧЕСКАЯ СТРАТЕГИЯ "КАЗАХСТАН - 2050" И НОВЫЙ

    ПОЛИТИЧЕСКИЙ КУРС СОСТОЯВШЕГОСЯ ГОСУДАРСТВА Исатаева Г.Б., Калдыхан А.Н.

    Южно-Казахстанский Государственный Педагогический институт,

    Шымкент,Казахстан.

    Түйін

    Жаһандық серпілістер кезеңінде жоғары бәсекелестікпен инновацияларды енгізу

    мемлекеттік экономиканың өсуін қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып

    табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда өндірістік ғылымды жандандыру саласында

    қарқынды даму бақылануда. Инновациялық тәсілдер технологиялық және басқарушылық

    міндеттерді шешуде қолданылып келеді. Басқа сипаттамалармен қатар олар

    басқаратын бөлімшелердің жұмыс көрсеткіштері туралы ақпараттардың сапасы мен

    уақтылығы инновациялық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды басқару тетігін қоса

    алғанда, осындай шаруашылық субъектілерінің дамуына стратегиялық

  • 19

    басымдықтардың өзгеруіне ықпал ететін жаңа талаптарды тудыратын басшы

    органдарға ерекше мән береді, яғни инновациялық қызметтің тиімділік көрсеткішін

    есептеу. Алайда, инновациялық қызметтің тиімділігін басқарудың дәстүрлі

    тетіктерінің сәйкес келмеуі нәтижесінде инновацияларды енгізу кедергі келтіреді.

    Кілтті сөздер: инновация, бәсекеге қабілетті экономика, Қазақстан

    Summary

    In the conditions of a global breakthrough of high competition, the introduction of

    innovations becomes one of the main means of ensuring the growth of the state economy. At the

    present time in Kazakhstan there is also an activati