Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · web viewҒылыми...

122
ЗЕРТТЕУШІ ИССЛЕДОВАТЕЛЬ THE RESEARCHER Ғылыми жинақ Научный сборник Scientific works’ collection №1, 2008 жыл · 2008 жылдың маусымынан шығады Бұл жинақта мектептегі пән мұғалімдерінің ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша жинақтаған іс-тәжірибелері, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми зерттеуге қызығушылығын калыптастыру мақсатындағы ізденіс-зерттеу жұмыстары енгізілген.

Upload: others

Post on 09-Feb-2020

9 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

ЗЕРТТЕУШІ ИССЛЕДОВАТЕЛЬ THE RESEARCHERҒылыми жинақ Научный сборник Scientific works’ collection

№1, 2008 жыл · 2008 жылдың маусымынан шығады

Бұл жинақта мектептегі пән мұғалімдерінің ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша жинақтаған іс-тәжірибелері, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми зерттеуге қызығушылығын калыптастыру мақсатындағы ізденіс-зерттеу жұмыстары енгізілген.

Үш тілде оқытатын Н.Нұрмақов атындағы №2 мамандандырылған облыстық дарынды балалар мектеп–интернаты, 2008

Page 2: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ........................................................................................................................................3

Б.Қ.Исина. Тұлғаны өзіндік әрекетке бағыттайтын оқыту технологиялары.......................4-6

К.Х.Нұрдільдина. Жеке тұлғаның қарым - қатынастық біліктілігін қалыптастырудағы ағылшын тілін үйретудің ерекшеліктері...................................................7-9

Ж.Б.Ибраева. Ақпараттық – коммуникативтік технологияны оқыту процесінде қолдану.....................................................................................................10-12

Жас зерттеушілер жазбаларынан

Н.Т.Омарғалиев. Қара металлургияның дамуы және оның экологиялық проблемалары..................................................................................................13-17

А.Бекмағанбетова. Орталық Қазақстандағы жер-су аттарына байланысты аңыздық прозаның шығу тегі мен дамуы......................................................18-19 А.Исина. Қазақ тілінің басқа тілдермен байланысы...........................................................20-23

Н.Сейітов. Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы фольклорлық дәстүр көрінісі ..............................................................................................24-26

М.Жүнісова. «Н.Нұрмақов – аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері»электрондық оқытушы бағдарламасы..................................................................................27-31

Г.Үркенина. Дәрілік тырнақгүл өсімдігі..............................................................................32-33

Б.Тілегенова, А.Машенов. «Мектеп сайтының құрылуы және қолданылуы»................. 34-37

А.Жұманова. Принцип вежливости в речевом общении................................................... 38-41

«Әдебиет» секциясы.............................................................................................................. 42-53

«Математика» секциясы........................................................................................................54-58

«Экономикалық жүйелер» секциясы....................................................................................59-68

«Тарих» секциясы...................................................................................................................69-75

«Биология» секциясы............................................................................................................76-80

2

Page 3: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

К І Р I С П Е

Бүгінгі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып қарастыру мүмкін емес. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру, даму жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясының бағыттарына сәйкес, халықаралық білім кеңістігіне кірігу және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттарын модернизациялау жалпы орта білімнің мазмұнды және процессуалды жақтарын ұйымдастырудың жаңа әдіснамалық негізіне көшуі нәтижеге бағдарланған білім моделі арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Осыған орай, мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі - дарынды балаларды тәрбиелеп жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде психо-педагогикалық жағдайды шешу үшін түрлі іздену жұмыстары арқылы дарындылығын анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау жолға қойылған.

Оқушылардың ғылыми қоғамы - оқушыларды ғылыми ұғымдармен, зерттеу әдістері жайлы білімдермен қаруландыруға, зерделенетін әдістерді практикада қолдана алу үшін қажет біліктілігін жетілдіруге, оқушылардың ғылыми ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жауапкершілікке, ғылыми мәдениетке, ғылыми жүмыстың әлеуметтік ролін түсінуге тәрбиелеуге үйретеді. Биылғы оқу жылында белгілі бір ғылым саласында өз білімін дамытуға бағытталған ерікті шығармашылық бірлестік жұмысының нәтижесінде облыстық ғылыми жоба сайысында жүлделі орындарды иелендік. Атап айтқанда: Қоршаған ортаны қорғау секциясынан «Қара металлургияның дамуы және оның экологиялық проблемалары» тақырыбынан Омарғалиев Нұрсұлтан I орын алып, республикалық байқауда жүлделі орын, Грецияда өткен халықаралык ғылыми жобалар сайысында жүлделі II орын иеленді. Биология секциясынан Уркенина Гүлжан «Дәрілік өсімдік - Календула» тақырыбында қорғаған ғылыми жұмысы II орын; Әдебиет секциясынан Бекмағанбетова Айгерім «Орталық Қазақстандағы жер-су аттарына қатысты аңыздық прозаның шығу тегі мен дамуы» тақырыбындағы ғылыми жүмысы I орын; Қазақ тілі секциясынан Исина Айзада «Қазақ тілінің басқа тілдермен байланысы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы II орын; Тарих секциясынан Мұқашев Ардақ «XX ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанда құрылған әскер бөлімдері» тақырыбындағы ғылыми жұмысы I орын; Информатика секциясынан Жүнісова Мадина «Электрондық оқытушы бағдарламасын құрастыру» тақырыбындағы ғылыми жұмысы II орын иеленді.

Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарыИбраева Зәуреш Жұмағалиқызы

3

Page 4: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Ғылыми мақалалар – Научные статьи

ТҰЛҒАНЫ ӨЗІНДІК ӘРЕКЕТКЕ БАҒЫТТАЙТЫН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Исина Бақытжан ҚапанқызыҚазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Аймақтық білім беру сапасын арттырудың факторы – қазіргі білім беру технологиялары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда оқылған баяндама

В статье рассматривается практическое использование обучающих технологий, занимающих важную роль в повышении качества знаний, в организации самостоятельной деятельности личности.The subject of the article is the practical use of the educational technologies which takes a good role in improving the knowledge quality of individual s activity of organization.

Бүгінгі таңда оқытудың мектептен тыс білім сияқты эмоционалдық күшке ие болуы аса маңызды. Білім беру үрдісінде оқытудың өзектілігі - өзіндік сана , өзіндік білім алу , өзара қарым-қатынас , өз өмірінің субьектісі сияқты сапаларды дамытумен ерекшеленеді. Ол үшін оқушыға оқырмандық қызығушылығын арттыратын дұрыс мәселелерді ; сонымен қатар оқу бағдарламасына енген материалды оқу барысында меңгерілетін және нәтижеге әкелетін мәселелерді оқуға беру біздің қолымыздағы нәрсе.Білімнің даму барысы білім алушыны жетекші рольге қойғандығы; ақпараттың , технологияның дамуы, оқытушы мен білім алушының рольдеріне өзгеріс енгізуі;педагогикалық тұжырымдамалардың оқу барысында білім алушыда еркіндіктің болуын уағыздауы үздіксіз білім алудың басты шарттары болып табылады.Білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұны білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер адамгершілік пен рухани құндылықтар негізінде тұлғалық, ұжымдық және рефлексиялық әрекеттердің үнемі дамып отыруын көздейді. Осы бағытта қандай технологияларды басшылыққа аламыз? Әрине, оқушының өздік жұмыстарын,іздену қабілеттерін жетілдіретін, қарым-қатынастық шарттар (субьектаралық, ұжымдық-диалогтық, тұлғалық-рефлексиялық) негізінде тұлғаның субьектілік қызметтерін кеңейту, орындаушылық ролін өз әрекетін ұйымдастырушы ролімен алмастыру , белгілі бір әрекеттерді өз бетімен орындауға жағдай туғызатын бірден-бір тиімді технологиялар ретінде жобалау, кредиттік оқыту , сын тұрғысынан ойлау, кейс (нақты жағдаяттармен оқыту әдісі) сияқты оқыту технологияларын ерекше атауға болады.

Аталған технологияларда демократиялық білім берудің педагогикалық шарттары тиімді жүзеге асырылады. Ал кредиттік оқыту жүйесі оқытушыға оқыту әдісі мен мазмұнын анықтауда еркіндік беретіндіктен әлдеқайда демократиялы. Сонымен қатар, оқытушыға бірқатар жұмыстар жүктейді: оқу-әдістемелік кешенін, оқушының өздік жұмысын қамтамасыз ететін және байланыс орнататын силлабус әзірлеу қажеттігі туындайды. SYLLABUS- оқытылатын пәннің оқу бағдарламасына негізделіп әзірленетін оқытушы мен білім алушының арасындағы келісім шарт, жұмыс құжаты.Берілген пәнді (курсты) жүргізетін оқытушының курсы жайлы жүйелі және қысқа суреттемесі.Ол пән (курс) мақсатын, ол мақсатқа жету үшін білім алушы атқаратын міндеттерді, жұмыс түрлерін, сондай-ақ бағалау түрлері мен өлшемдерін қамтиды. Мақсатымыз оқушының өздік жұмысын ұйымдастыру жолдарын көрсету болғандықтан, өзіміз әзірлеген силлабуста қамтылатын оқушылардың сыныптық (ОМӨЖ) және сыныптан тыс (ОӨЖ) уақыттағы өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты нақты тапсырмалар жүйесіне тоқталмақпыз. 9-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығында берілген әдеби білім мазмұнына сай әзірленген силлабуста қамтылған семинарлық сабақ пен өздік жұмыстарының тапсырмалар жүйесінен мысалдар ұсынбақпыз. «Ер Тарғын» жыры бойынша сұрақтар:

1. Жырда қандай әлеуметтік оқиғалар көрініс тапқан ?2. Жырда қандай өзекті мәселелер көтерілген және оның маңыздылығы неде?

4

Page 5: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

3. «Ер Тарғын» жырының тарихилық сипаты неде? Тапсырмалар:

1. Тарғын бейнесіне талдау жасаТарғын батырдың ерлік іс-әрекеттерінің мәтіндегі сипаты

Тарғынның іс - әрекетіне талдау жаса, баға бер

Бүгінгі таңдағы батырлық ұғымы туралы өз көзқарасың

2. Ақжүніс бейнесіне талдау жасаАру Ақжүністің мәтіндегі сипаты

Жыршының сұлулық туралы көзқарасына талдау жаса

Сұлулық туралы өз көзқарасың

3. Жырдағы ұлттық болмыс көрінісі туралы нақты дәлелдер келтір.Ұлттық мінез сипаты Салт-дәстүр көрінісі

Оқушылардың өзіндік жұмысына байланысты тапсырмалар:1. «Ер Тарғын» жырының сюжеттік – композициялық құрылымына талдау жаса.

Жырдың басталуы (экспозициясы)Оқиғаның байланысыОқиғаның дамуыШиеленісуіШарықтау шегіШешіміПролог

2. «Ер Тарғын» жырының көркемдік ерекшелігіне талдау жаса.Эпитет Теңеу Шендестір

уҰлғайту Баяндау

Жоба қорғау үшін ұсынылатын тақырыптар: ( өз таңдауы бойынша) 1. Сыпыра жырау – тарихи тұлға2. «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Едіге батыр» жырларындағы тақырыптық-

идеялық бірлік пен поэтикалық ерекшелік 3. Батырлар жырындағы арулар бейнесіСондай-ақ , Абай шығармашылығына байланысты өзіндік жұмысқа тоқтала кетсек:

Абай Құнанбайұлының «Болыс болдым мінеки» өлеңін талдау.1. Өлеңді түсініп оқы .2. Сөздік жұмысын жүргіз.3. Болыстың мәтіндегі сипатын аш.

Болыстың күйі Болыстың мәтіндегі сипатына талдау жаса

Мінездеме бер, өз көзқарасыңды білдір

Болыстың ел басқару сиқыБолыстың ояз келгенге дейінгі әбігеріОяз келгендегі әрекетіОяз кеткеннен кейінгі әрекеті

Егер тақырыпты өңдеп және шешімін табуды қажет ететін мәселе түрінде ұсынса, сол арқылы оны оқушыға жақындатса , бұл әрекет оқушыда қызығушылық тудырады, мұғалім тарапынан нақты проблеманы ұсыну, шешімін бірлесіп шығару талап етіледі. Бұған Дьюидің жауабы: «1. Оқыту – оқу бағдарламасы мұғалімнен оқушыға бағытталған - бір жақты қозғалыс емес.Оқыту интерактивті процесс. 2. Жанама оқыту керек, яғни сабақта мәселені оқушылар өздері анықтайтындай және содан кейін оқу бағдарламасын

5

Page 6: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

осы мәселелерді зерттеп, шешімін табу үшін пайдаланатындай етіп құру керек – осының нәтижесінде пәнмен байланыс орнығады» - деп есептейді. Осыған орай, оқушының өз бетінше әрекеттенуіне басшылық жасауды тиімді ұйымдастырудың негізі болып табылатын әрі бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың бірден-бір тиімді жолы - кредиттік оқыту технологиясы екенін айтқымыз келеді. Ендігі қарастыратынымыз: жаңа оқыту технологияларын кіріктіре отырып қолдану мен жобалау технологиясының маңыздылығы мәселесіне тоқталмақпыз. Атап айтқанда , оқу бағдарламасын модульдік оқыту жүйесіне негіздей отырып: кіріспе бөлімдегі дәріс оқуда проблемалы оқыту әдісін басшылыққа алу; сөйлесу бөлімінде «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының (Жигсо-I, II , Проблемамен саудалас, Өзара оқыту, Әдебиет үйірмесі т.б.) стратегияларын,нақты жағдаяттармен оқыту әдісі технологиясын , қорытынды бөлімде жобалау технологиясын қолдану, яғни кіріктіре қолданудың оқу тиімділігін арттырудағы мәні зор.Жобалау технологиясын күрделі тарауларды жинақтауда, модульдік оқыту технологиясының қорытындылау бөлімінде қолдану тиімді. Қорытынды сабақта қарастырылатын жоба тақырыптары кіріспе бөлімдегі оқу модулінің құрылымымен таныстыру барысында ұсынылады. Жоба сөзінің өзіне түсінік бере кететін болсақ, жоба- орыс түсіндірме сөздігіне сай бұл – ниет, жоспар; ағылшын түсіндірме сөздігіне сай – белгілі мақсатқа жету үшін мұқият ұйымдастырылған және ойластырылған жұмыс бөлігі. Жоба қорғауға баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Жоба қорғау үшін ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтындай пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек. Жоба тақырыбының бірнеше нұсқалығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын арттырады. Осы тұста айта кететіні оқушыдан тақырып негізінде жоба тақырыбының мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу талап етіледі. Жобаны әзірлеу барысындағы оқушының өзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды. Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады әрі шығармашылыққа баулиды. Ал жоба қорғау сабағында оқушылардың өз жұмысына және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады. Жобаға сарапшылар төмендегідей өлшемдер бойынша төрелік етіп, сараптама жасайды:

1. Тақырыпты мақсаты мен өзектілігіне сай аша білуі. Болжам қоя білуі.2. Ғылыми ізденісі , жаңалығы, шығармашылығы.3. Талдай білуі, көрнекілік қолдануы .4. Сөйлеу мәдениеті және шешендік қабілеті.

Әзірленген жоба туралы пікір айтқанда оқушылардың басшылыққа алатыны:1. Әзірленген жобаның маңыздылығы 2. Жобаның күшті жағы 3. Жобаның әлсіз жағы

Жоба қорғау барысында оқушылардың өзара қойған сұрақтары да, мұғалім тарапынан қойылған бағыттаушы сұрақтар да аса маңызды. Жобалау технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушы тұлғасының іс-әрекет барысында қалыптасуына жағдай жасайды.

Қорытындылай келе, білім беруді аталған оқыту технологиялары негізінде ұйымдастыру – оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына , оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына , өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына , жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:1. «Идеи Дьюи и наша практика» Алматы: КазАЧ, 2005.2. C.Мирсеитова «Словарь RWCT» Алматы 2005.3. Қазақ әдебиеті оқулығы , хрестоматиясы 9-сынып Алматы «Мектеп» 2005.4. Қ.М.Жүсіпов «Әдебиетті оқыту әдістемесі» Павлодар 2000.

6

Page 7: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Нұрділдина Клара ХамитқызыАғылшын тілі пәнінің мұғалімі

В статье рассматриваются новые технологии и инновационные методы обучения английскому языку.New technologies and modern methods of teaching of English are discerned in this article.

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатын көздеген республика білім беру жүйесінде қазіргі кезде көптеген реформалар жүруде. Осы реформаларға сэйкес республика мектептерінің оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып жатыр.

Жеке түлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың модулдік, деңгейлеп саралап оқыту, сын тұрғысынан оқу мен жазу, электрондық оқыту, жобалап оқыту т.б. оқушыларды дамыта отырып оқытуға негізделген технологиялардың негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғыдан қарау; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; оның өз бетімен эрекеттену эдістерін меңгерту; баланың танымдық жэне шығармашылық қабілетін дамыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеуі болып табылады.

Осы міндеттерді шешу әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы жүзеге асады. Ал мұғалім іздненісі дегеніміз қажетті өзгерістерді, жаңа мағлұматтарды, жаңа эдіс - тэсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу. Осындай жүмыстармен айналысып жүрген әр ұстаз мінезі жағынан инабатты, адал, кешірімді, әдепті, төзімді, ұстамды;

білімі жағынан ой - өрісі кең, жан - жақты білімді, өз мамандығын сүйетін, оқушылары арасында беделді, ұжымы арасында сыйлы;

ізденісі жағынан теорияны өмірмен ұштастыра алатын, педагогика жаңалықтарымен танысатын, үнемі өз бетімен оқитын, әдістемелік жаңалықтармен танысатын адам болу керек

Тілді, тіл мэдениетін игеру - әр баланың сәби шағынан бастап іске асады да, ары қарай біртіндеп жетіліп отыратын үрдіс.

Тіл - өмір сүрмей тұра алмайды, ол уақыттан да биік тұр. Тіл ұлттық дамуды белгілеп, дүние танудың кілті. Тіл - мэдениет деп айтатын дүниенің мәңгілік ажырамас бөлшегі, бүкіл қоғамды алға жылжытушы.

Тіл - дүниетанудың негізі. Ол - қарым - қатынас құралы. Тіл игеру арқылы бала айналасындағы дүниені таниды, басқалармен қарым - қатынасқа түсе отырып оның танымдық қызметі оянады. Тілді үйреткенде, бала сол тілде еркін сөйлей алса болды дегенді қанағат етпей, тілді баланың бүкіл мүмкіндігін, қабілетін ашатындай дэрежеде оқыту керек.

Мектебіміз үштілділік оқытуға енді. Осыған орай ағылшын тілі пэнін меңгертуде өзгешеліктер енді: 1. Британдық "LONGMAN" бacnacынан шыққан "Opportunities" оқулығы ұсынылып, оқушылар тегіс оқулықпен қамтамасыз етілді. 2. Апталық жүктеме сағат саны көбейді. 3. Пәнді салаларға бөліп - тіл дамыту, грамматика, фонетика, үйден оқу - оқыту қолға алынды. Үйден оқу саласы бойынша да оқушылар қосымша осы баспа кітаптарымен камтамасыз етілді.

7

Page 8: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, кәсіби жоғары мэдениетті, оқытудың инновациялық, ақпараттық технологияларын жетік меңгерген ұстаздың кэсіби эрекетінің негізгі бағыттары: оқу - тэрбиелік жүмысы, эдістемелік жұмысы, білімін жетілдіру, ғылыми - зерттеу жұмысы болу керек деп есептеймін. Мен ағылшын тілінің тіл дамыту саласын жүргіземін. Осыған байланысты менің алға қойған мақсатым: оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, олардың білім деңгейін тереңдету,оқушыларды еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында орынды қолдануға дағдыландыру, ойлаған жағдаяттарды негіздей алуға үйрету. Енді осы мақсатты қалай жүзеге асырып жатырмын деген сүраққа келейік.

Ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдістемелік бағыттар:1. Біздің пән бойынша оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға

бағытталған.2. Тілдік материалдар қазіргі өмір шындығынан алынған және оқу

процесінде әбден шыңдалып, өңделген тілдік материалдар. Сондықтан бүл материалдардан күнделікті тіршіліктегі жағдаяттарда қолданылатын ағылшын тілін үйренуге болады.

3. Басты көңіл бөлінетін нэрсе - сөйлеу жэне оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды үйренеді.

Сөйлеу мен оқу эрекеттері арқылы дұрыс нэтижеге жеткен оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлеп , тілді қатынас қүралы ретінде пайдалана білу үшін мынадай: ұжымдық жүмыс, жекелей жүмыс, жүптық жүмыс, топпен жүмыс оқыту тэсілдерін қолданамын.

Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін мынандай: сүрақ - жауап талқысы, салыстыра отырып әңгімелесу, проблемалық сүрақтарды талдау, мәтін не әңгіме бойынша өз ойын ортаға салу, ой алмасу, шарт қою, диалог түрінде сөйлеудегі ойды көрсете білу, пайымдау, логикалық ой тұжырымын дамыта отырып сөйлеу, түйіндеу, дэлелдеу, жоспарлау арқылы сөйлеу, ситуацияға байланысты сөйлеу, ойындар арқылы сөйлеу, сүраққа жауап беру, қорытындылау, өз пікірін айту сияқты сөйлеудің түрлерін қолданамын; әрі бұлар менің сөйлеуді үйретудегі бағыттарым болып та табылады.

Оку. Мәтін - негізгі қарым -қатынас қүралы. Мәтінді оқымас бүрын сүрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі, не білмейді, соны анықтау бір мақсат болса, екінші мақсат - өз білімі деңгейінде ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдыру, ынталандыру. Бүл жүмысты бүкіл топ болып немесе 3- 4 оқушы бірігіп және жұптасып талқылауға болады.

Мәтінді оқыған соң оқушы ұғымын тексеруге арналған "True or False" жаттығуын қолдануға болады, "What is your opinion?" "What do you think about ...?" сұрақтарын қою арқылы оқушылардың мэтіндегі мэселе бойынша өз ойын ортаға салып, пікірін айтуға, еркін сөйлеуге үйретіледі. Оқушыны еркін сөйлеуге төселдіру үшін сөздерді қайталату, оларды еркін де дүрыс қолдана білуге үйрету, грамматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануға үйрету де басты назарда болу керек.

Бұдан басқа да мәтін оқығанға дейінгі, оқығаннан кейінгі әр трлі әдіс – тәсілдерді қолданып балалардың сөйлеу қабілеттерін дамытуға болады.

Тыңдап - айту. Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Қазір біз тілді меңгертуде шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспаларды, видео - фильмдерді қолданып, оқушылар үшін ағылшын тілінде жүретін телебағдарламаларды көруді үхынамыз.

Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдап, одан не түсінгенін анықтау үшін де әр түрлі әдіс - тәсілдерді кең қолданамын. Әдетте тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалға негізделіп құрылады. Оның ішінде 3-4% таныс емес лексикалық материалдар қосуға болады. Әңгімені алғашқы ретте тыңдауға жіберілген уақыт 1 - 1,5 минут көлемінде болуға тиіс. Тыңдалган эңгіме бойынша төмендегідей жүмыс түрлерін орындаймын: 1.сұрақтар бойынша оқушы түсінігін тексеру; 2.кілт сөздерді анықтау, сөз

8

Page 9: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

тіркестерін жазу; 3.тыңдалған әңгімеге ат қою; 4.жоспар құру; 5.ауызша қысқаша / толық мәтіннің мазмұнын беру. 6.әңгіме туралы негізгі ойын, пікірін білу; 7.әңгіме кейіпкеріне немесе жағдаятқа мінездеме беру; 8.әңгімеде естігенді өмірмен байланыстыру.

Жазу - сөйлеуге үйренудің басты құралы болып табылады. Жазуды көбінесе грамматикалық жаттығуларды орындағанда, мәтін немесе тақырып туралы не айтқысы келгенін білдіру үшін қолдануға болады.

Сабақ - шығармашылық ізденіс дейміз. Өз сабақтарымдағы басты бағдар -оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту жэне оларды шынайы өмірдегі дара түлға етіп әзірлеу екенін жақсы түсінемін. Сондықтан да әрбір жаңа сабақ өткен сабақтың атериалымен байланыстырудан басталады. Мұғалім оқушының сабақтағы эрбір әрекетін алдын ала жоспарлап отырса, оқушының ойлау, болжау, тұжырымдау сияқты негізгі зерделік көрсеткіштерін де қалыптастыра алады.

Сонымен қоса қазіргі кезде ең негізгі мэселелердің бірі болып оқушыларға тек қана ғылыми білімдер жүйесін беру ғана емес, оларды танымдылық пен тәжірибелік сипаттағы іскерлік жэне дағдымен қаруландыру болып табылады. Осыған байланысты сыныптан тыс өткізілетін іс - шаралардың оқушылар үшін маңызы зор деп ойлаймын. Бүл жүмыс мүғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тэрбие жүмысын толықтыра жэне тереңдете отырып балалардың таланттары мен қабілеттерін толық ашудың, олардың белгілі бір нэрсеге қызығуын , ынтасын оятудың формасы болып табылады. Мектебіміз үш тілділік оқыту жүйесіне енгеннен бері ағылшын тілі пәні бойынша біршама іс - шаралар өтті. Олар: мектеп тарихында түңғыш рет өткен "XXI ғасыр көшбасшысы", "Миллион кімге бұйырады? (ағылшын тілінде)" интеллектуалдық ойындары, "Поэзиялық альманах" - аударма ісі жайындағы эдеби кеш , "Кездеседі алыптар жыр кешінде"атты ұлы ақындар Абай, Пушкин,Байронға арналған поэзия кештері.

Мектебімізде тұңғыш рет қуыршақ театры ұйымдастырылып, жыл басынан бері үш рет сахна қойылымын көрсетті. Драмалық театр жұмысы жандандырылып театр мүшелері төрт рет өздері дайындаған туындыларды сахнаға шығарды.

Алғаш рет ағылшын тілінде "New Generation (Жаңа үрпақ)" атты мектепішілік газет шығару қолға алынып, оның бірінші номері жарық көрлі. Осы іс - шаралардың бэріне мектеп оқушылары белсенді ат салысты. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ағылшын тілінде сөйлесем екен деген ынтасы артып, олар сабаққа кірген алғашқы минуттан бастап өздері сөйлеу ортасын жасауға тырысатындары, эрине, қуанарлық жағдай.

Мектеп оқушылары ішінен халықаралық Интернет жүйесін қолданып Россия, Америка, Малайзия, Англия елдеріндегі оқушылармен хат жазысып жүргендер де бар.

Сонымен интерактивті әдіс – тәсілдермен сабақ жүргізген кезде оқытушы - кеңесші ролін атқаратыны белгілі. Ал оқушылар белсенді түрде эрекет ете отырып, бірін - бірі қолдау, толықтыру арқылы сөйлеуге үйренеді. Осындай игі істер арқасында балалар өзін - өзі батыл, еркін сезінеді; үйреніп жатқан тілге деген қызығуы артады; өзіне бөлінген тақырып бойынша сөйлеу барысында ізденуге, шығармашылықпен жүмыс істеуге үйренеді.

Ендеше, әлі де болса ойлаған жағдаятты негіздей алатын, міндетке сйкес жүмысты шешімді тиянақтай алатын, проблеманы анықтап жэне қүрастыра алатын, өойылған мақсаттарға жетуді негіздей алатын, нақты өмірлік жағдаяттарда ағылшын тілінде ауызша жэне жазбаша түрлі коммуникативтік құралдарды қолдана алатын оқушылар легін тэрбиелеуге тырысамын.

Пайдаланылған әдебиеттер:Қалиева М. Білім беру технологиялары жэне оларды оқу - тәрбие үрдісіне ендіру

жолдары. Алматы, 20022. Г.Н. Александрова. Управления самообразованием педагогов в условиях

внедрения новой технологии учебнойи педагогической деятельности. "Директор школы ", 2002

3. К.Ж. Бүзаубацова. Жаңа педагогикалыц технологиялар. Алматы, 2003

9

Page 10: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ

Ибраева Жұлдыз БәгенқызыМатематика және информатика пәнінің мұғалімі

«Аймақтық білім беру сапасын арттырудың факторы – қазіргі білім беру технологиялары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда оқылған баяндама

В этой статье предложено внедрение инновационной технологии в учебный процесс. Рассматриваются проблемы методики обучения и реализация в учебном процессе информационно-коммуникативных технологии и интерактивных методов обучения.

In this article is offered introduction information technologies in scholastic process. They Are Considered problems methods of teaching and realization in scholastic process information-communication technologies and of the methods of the education.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Білім берудің маңызды шарты оқу процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алу құштарлығын дамыту болып табылады. Сондықтан да, осы мақсатқа жету үшін оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологияны «Веб-дизайн» таңдау пәнінде қолданамын.

Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған компьютерлендірілген әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Осы мәселеге сәйкес мектебіміздің кешегі тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігімен хабардар ету, сайт арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында байланыс орнату мақсатында 10 сынып оқушылары «Веб-дизайн» пәнінде мектептің сайтын құрастырды

Құрастырылған сайтта мектептің тарихы, түлектері, жетістігі, рейтингісі, жаңалықтары, мектепте өтетін оқушылардың білім жарыстары енгізілген.

Бұл сайтты қолданушы мектебіміздің 70 жылдан астам уақыттағы тарихымен танысып, ерекше лауазымға ие болған, үздік бітірген түлектерді анықтай алатын болады.

Әрбір оқушы мектеп рейтингісі бойынша өзінің білім деңгейі мен жетістігін анықтайды. Оқушының интеллектуалдығын арттыратын, жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін политехникалық, гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша құрастырылған инттелектуалдық ойындар арқылы білімдерін тексеріп, жетілдіреді.

Мектептің оқу барысындағы өзгерістер мен жаңалықтары сайттың басты бетінде көрсетілген. Бұл сайт бүгінгі күні өз қолданысын табуда:

10

Page 11: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

- мектепте болатын политехникалық, гуманитарлық және жаратылыстану бағытының онкүндіктеріндегі білім жарыстары http://mektepint.narod.ru сайтына енгізілді;

- мектебімізде болып өткен облыстық білім көрмесінде басқа мектептер ұжымына сайт көрсетілді;

- Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің ғылыми-практикалық және оқу-әдістемелік кешенінің отырысында сайт арқылы шеберханалық зертхана өткізілді.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі– тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру керек. Еліміздің білім беру жүйесінің дамуына ақпараттандыру ісінің, оның ішінде интернет арқылы өздігінен білім алудың маңызы өте зор. Қазіргі кезде интернет желісінде жергілікті аймақтардың зиялы қауымдары туралы мәліметтер жеткіліксіз.

Осы мәселелерге сәйкес, ақпараттық технологияны негізге ала отырып, оқушылардың ұйымдасуымен Р.Қаппасқызының Нығметтану бағдарламасына арналған оқу-әдістемелік кешенін «Веб-дизайн» пәнінде интернет желісіне енгізуді жөн көрдік.

Нығметтанушыларға арналған электрондық оқытушы бағдарламасы қолданушының дербес жұмыс жасауымен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге не тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауына мүмкіндік береді.

Сайттың негізгі беті «Алғы сөз», «Баспагер», «Автор», «Мазмұн» бөлімдерінен тұрады. «Мазмұн» бөлімінде қолданушы теорияны, сұрақтар мен тапсырмаларды қолдану арқылы толық курсты меңгеріп, тест арқылы білімін тексере алатын болады. Ал мектебіміздің пән мұғалімдері құрастырған математикадан, қазақ тілінен, географиядан берілген тапсырмалары пәнаралық байланысты жандандыра түседі. Көру арқылы қабылданған ақпараттың адамның есінде ұзақ сақталатындығы туралы психологиялық тұжырымдарға негіздеп фильмдер енгізілді. Осы фильмдерде Н.Нұрмақовтың ұрпақтары мен туысқандарының пікірлері табиғи түрде таспаға түсіріліп, өңделді.

Өзінің әмбебаптығымен қатар білім сапасын жақсартудың жаңа жүйесінің бірі болып саналатын, қолданушының отандық-патриоттық санасының қалыптасуына әсері мол сайт, бүгінгі күні оқу үрдісінде пайдаланылуда. Оқушылар Internet желісінде http://nurmakova.narod.ru сайтын қолданады. Электрондық оқытушы бағдарламасы туралы облыстық, республикалық ғылыми конференцияларда пікір алмасып, авторлық бағдарламалардың республикалық конкурсында сайысқа түсті.

Адамның жас шaғында жетiлдiрiлмеген ойлау қабiлетi сол қалпында қалып қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақпараттық қоғамдaғы өміpге балаларды дайындау үшiн олардың тек ойлау қабiлетін, анализ бен синтез жасау мүмкiндiктерiн ғана дамытып қоймай, оқыту процесiнiң ең маңызды бөлiгi - aқпараттық мәдениет элементтерiн бойларына сiңiрiп, ұғындыру керек.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін.

Осы мақсатта «Веб-дизайн» пәнінде «XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» тақырыбында интерактивті әдістемені қолдана отырып, 10 сыныптар аралығында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде сайт құрастырушы жас зерттеушілердің жұмыстары тыңдалып, ақпарат алу көздерінің әр қайсысының өзіндік маңызы зор екеніндігі және

1. Ақпаратты алудың қандай жолдарын білесіз?2. Интернет ақпаратты толық алуға мүмкіндік бере ме?3. Ақрататты қандай ақпарат көзінен алған дұрыс деп санайсыз?

11

Page 12: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

4. Интернеттен қандай ғылымдарға байланысты мәлімет алдыңыз?5. Интернеттен алған мәліметті кітаптардан алған мәліметтермен байланыстырып,

толықтырасыз ба?сұрақтары бойынша оқушылар өзара пікір алмасты.Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі

оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Олай болса, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашағымызға жұмсауымыз керек.

Қолданылған әдебиеттер:1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға

міндетті стандарты. Алматы, 2002.2. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».3. Қ.Р.Қаппасова. Оқу құралы. Нығмет Нұрмақов – аса ірі мемлекет және қоғам

қайраткері. Қарағанды, 2005. 4. Информационная технология. Электронное издание. СТ РК. А.20045. Информатика и образование, 2004, №12

12

Page 13: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Жас зерттеушілер жазбаларынан

«Экология» секциясы

ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚПРОБЛЕМАЛАРЫ

Омарғалиев Нұрсұлтан Төлепбергенұлы10- сынып оқушысыХалықаралық ғылыми жоба жарысының II дәрежелі диплом иегері

Ғылыми жетекші: ҚАРМУ география факультетінің доценті Серікболат Алдыноңғарұлы ТалжановЖетекші: Жакенова Гүлшат Камидоллақызы

Аймақтық кара металлургия дамуындағы экологиялық мәселелер.Тегiнде айналадағы ортаның ластануы өнеркәсiп орындарының өнiм өндiруiне

тiкелей байланысты екенi белгiлi. Оның мысалын Қазақстанның басқа өнеркәсiп орындарындағы сияқты «Миттал Стил» АҚ-на кiретiн кәсiпорындарынан да келтiруге болады. Жалпы қара металлургия кәсiпорындары ауа және су бассейндерiн ластау масштабына қарай жылу электр кәсiпорындарынан кейiнгi екiншi орында тұр.

«Миттал Стил» металлургиялық комбинаты орналасқан Темiртау қаласы Қазақстандағы ең лас, экологияльщ жағдайы қолайсыз қалалардың қатарына жатады.

«Миттал Стил» АҚ-ы қазiргi кездегi Қазақстан Республикасындағы бiрден-бiр қара металлургия саласындагы iрi толық циклдi кәсiпорын. Жалпы жер көлемi- 5 мың га құрайтын кәсiпорын құрамына барлық металлургиялық өңдеулер, яғни агломерация, домна, болат балқыту (мартеноттек конверторлi, электр балқыту цехтары), прокат, коксохимиялық өндiрiсi, қуатты және өңдеу цехтары мен көмекшi қызметтер комбинатының бiрқалыпты тоқтаусыз жұмыс iстеуiне жағдай жасайды. Комбинаттың мұндай құрылымы және өндiрiс көлемiнiң үлкен болуы қоршаган ортаға бiрiқтар зиянды заттардың көп мөлшерде таралуына жағдай туғызады. Өндiрiстiк процестер кезiнде шығатын химиялық улы заттардың қосындылары қатты және газ күйiндегi зиянды заттар, жуынды-шайынды сулар, күл-қоқыс қалдықтары кәсiпорны және де жалпы аймақ үшiн экологиялық қауiп төндiредi.

Қала ауасының ластану дәрежесi өте жоғары. Орта жылдың бензопирен концентраты 4-6 ПДК, фенол концентраты 1 ПДК-дан астам болады. Кейбiр күндерi фенол, азот диоксидi концентраттары 6-8 ПДК-ға дейiн, ал күкiртсiтек, аммиак, көмiртегi концентраттары 2-5 ПДК-ға дейiн жетедi. Ластанудың жоғарғы дәрежесi металлургиялық комбинаттың қалдықтарынан құралады. Комбинат жалны зиянды қалдықтар шығару көлемi бойынша ТМД елдерi арасында 5-шi орында, ал қара металлургия кәсiпорындары арасында шаң мен күкiрт диоксидiн шығару бойынша екiншi орында. Комбинат үлесiне қаланың ауа бассейнiне шығатын барлық пайыздың 70 пайызы тиедi. Сонымен қоса, ол Самарканд су қоймасы мен Нұра өзенi суын ең негiзгi пайдаланушы және ластанушы болып табылады.

Мамандардың есебi бойынша бiр ғана шаңның жиынтық үлесiн шығару 1 тонна болатқа шақанда 72 кг шамасында екен. 1995 жылы атмосфераға 50, 30 мың тонна шаң және 450, 50 мың тонна газ тәрiздi зиянды қалдықтар тасталган (диаграмма 1).

13

Page 14: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Металлургиялық комбинат ауаға 1 тәулiк iшiнде 78 мың тонна шаң, 9 тонна көмiрiышқыл газын және 1,6 тонна күкiртгi, газды бөлiп шығарады екен. Кәсiпорыннан шығатын қалдықтар құрамында күкiртсутек (1,2 мың тонна), күкiрт диоксидi, көмiртегi оксидi, азот оксидi, фенол, улы элементгерден хром, никель, кобальт, марганец, мырыш, қалайы, берилий және т.б. зиянды заттар.

«Миттал Стил» АҚ-ы қурамындағы ЖЭС-2 ауаны ластайды. Ол ауа көп мөлшерде шаң-тозаңдар, түтiндер мен күйелер қосады. Электростанция орталығы тәулiгiне 2000 тоннаға жуық көмiр жағып, ауаға шамамен 300 тонна күл және 120 тонна күкiрт оксидiн шығарады.

«Миттал Стил» АҚ-ы шахталарында көмiр қабаттарын алу кезiнде қоршаған ортаға керi әсерiн тигiзетiн келеңсiз факторлар кобеюде. Олар — аумақтың бос болмауы, су балансының бузылуы, шахта суының сыртқа шығарылуы, жер бетiнде шұңқырлардың пайда болуы, жыныстарды жойылуынан жер бетiнiң өңсiщденуi, жердi түлетудiң жеткiлiксiз жүргiзiлуi деуiмiз керек. Жыл сайын көмiрмен бiрге З млн. тоннаға жуық тау жыныстарын шығарылады. Сөйтiп үйiндiлердiң пайда болуы немесе жер қыртысының төмен түсуi салдарынан жер үстi өзгерiске ұшырауда. Шахталар жыл сайын ауаға 41,3 млн. тоннаға жуық зиянды қалдық шығрады.

Бұл қалдықтар, яғни «Миттал Стил» АҚ-ы құрамындағы металлургиялық, жылу электростанциясы, көмiр кәсiпорындарынан шығатын қалдықтар тек қана ауаны ластаумен шектелiп қоймайды. Белгiлi бiр физикалық-географиялық жағдайда ауаны ластайтын заттар тiкелей атмосферада химиялық реакцияға шырайды. Соның нәтижесiнде өзiнiң қасиеттерi жағынан бұрынғыдан анағұрлым қауiптi жаңа заттар түзiледi. Сөйтiп, тiкелей атмосферада ететiн мұндай реакциялар «түтiндi тұмандардың» пайда болуына алып келедi. Қаланың үстiн ерекше қара түтiн басып тұрады. Ал атмосферадағы қара түтiн дегенiмiз күн нұрының 25 пайызының ультракулгiн сулесiнiң 50 пайызына жуығын жұтады екен.

Металлургиялық өндiрiстiң өнерксiптiк ағын сулары жер бетi суларына ғана емес, жер асты және грунтты суларға да керi серiн тигiзедi. Өндiрiс процестерi кезiнде шығатын қалдықтар көп жердi алып үйiндi болып жатады да, сол жердiң топырағы мен өсiмдiгiне керi серiн тигiзедi. Бұл үйiндiлердiң сумен шайылып, желмен шашылуының нәтижесiнде құрамындағы улы заттар көптеген қашықтықтарға дейiн таралып, қоршаған ортаның табиғи геохимиялық орталығын өзгертедi.

Жалпы техногендi ластануы калдықтардың физикалық сипаттамасына байланысты (агрегатты жағдайы, ылғалдылы, тығыздық) барлық зерттелген орта бойынша (топырақ, жабайы өсiмдiктер, атмосфералық жауын-шашын) белгiленген деңгейден (1 категория) асып түседi.

Қоршаған ортаның қосылыстармен ластануы адамдардың денсаулығына керi әсер етедi, көптеген аурулардың өршуiне толық жүйке жүйесiнiң, бүйректiң зақымдануына, жүрек, эндокриндi және т.б. органдардың ауруға шалдығуына келiп соғады. Жалпы атмосфераға тасталатын зиянды улы қалдықтардың 40,2% - агломерация, 23% - коксохимия, 15% - мартендiк өндiрiстер шығарады ( диаграмма 2).

Диаграмма 2 (%-бен)

Металлургиялық комбинаттың қоршаған ортаға жоғары мөлшерде зиянды қалдықтар тастап, зиян келтiруiн мынадай себептермен түсiндiруге болады: жабдықтары мен құрылыстары жоғарғы дәрежеде ескiрген негiзгi қорлардың үлкен көлемде болуы, өндiрiс технологиясының физлкалық және моралды турде болуы, шикiзат базасы саналатын Атасу және Лисаковск кен орындары темiрiнiң құрамында фосфор мен күкiрттiң көп болуы, отын балансында табиғи газдың болмауы, қолданылып келетiн Қарағанды көмiрiнiң кулдiлiгiнiң жоғары болуы. Комбинат ТМД-ның басқа кәсiпорындарына

14

Page 15: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

қарағанда бiр өнiм түрiн алуға отын флюс, отқа төзiмдi материалды, техникалық суды, шикiзатты қор жолданады. Комбинат дамуының алғашқы кезеңдерiнде технологиялық агрегаттардың өндiрiстiк қуаттарының дамуында табиғи ортаға қаншалықты мөлшерде және қалай сер ететiндiгi ескерiлмей келген. өнерксiпте тиiмдiлiгi аз және толық жетiлмеген тазартқыш аппараттар қолданылады. Ал комбинаттың жобалық тiкелей дәлдiктi сумен жабдықтау жүйесi Самарқанд су қоймасынан алынатын таза техникалық айналымьштың төмендiгiн алдын ала анықтаған.

Комбинат «Миттал Стил» ашық типтi акционерлiк қоғамына айналғаннан бастап, өндiрiс көлемi көбейтiлiп, экологиялық таза өнiмдер шығаруға бағытталған жаңа технологиялар енгiзiлiп, күрделi қаржылар бөлiнуде. Өйткенi, қоршаған орта өте күрделi, алуан түрлi, әрi сан-салалы. Қоршаған орта әлеуметтiк объектi болғанымен, оны басқару әлеуметтiк сипат алады, өйткенi оның өзi бүкiл қоғам мүддесiн қозғайды.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс шаралар және оны шешу жолдарыҚара металлургия — бұл Қазақстан өнеркәсiбiнiң жетекшi саласы. Мұнда қара

металл кендерiнiң, кокстелетiн көмiр мен кендi емес шикiзаттың шоғырланып орналасуы Қазақстанда қуатты қара металлургия өндiрiсiн құруға колайлы жағдай жасады. Елiмiзде дүниежүзiлiк хром рудасының 30 % коры, марганец кенiнiң 26%-ы және темiр кенiнiң 10%-ы шоғырланған. Қара металлургияның дамуындағы басты аймақ — Орталық Қазақстан. Қарағанды металлургиялық комбинаты Қарағанды облысы Темiртау каласының шығыс бөлiгiнде, Самарканд су коймасының сол жақ жағалауьтнда орналасқан. Аумағы 5 га жердi құрайды. Кәсiпорынның географиялық орнының колайлы және қолайсыз жақтары бар. Қолайлы жақтары: отын және шикiзат көздерiне жақын орналасуы, транзиттiк жағдайымен нарыққа шығуының еркiндiгi және өзiнiң негiзгi сауда бәсекелестерiне Ресей мен Қытайға жақын орналасуы және т.б. Қолайсыз жақтары: iшкi рыноктарға сұраныстың аз көлемде болуы, теңiзге шығуға мүмкiндiгiнiң болмауы, қатаң климат жағдайы және т.б. Ал дүние жүзiлiк қара металлургия өнерксiбi орналасуындағы қазiргi кездегi негiзгi фактор, ол дүние жүзiлiк рыноктан келетiн арзан шикiзат пен отын қорларын алуға ыңғайлы теңiз жағалаулық аудандар мен портты қалаларда шоғырлануы. Мысалы: Жапонияның барлық зауыттары теңiз жағалауында орналасқан. Осындай жағдай Батыс Еуропа елдерiне де тән. Қарағанды металлургиялық комбинаты Қазақстан қара металлургия саласындағы ең iрi металлургиялық толық циклдi өндiрiс орталығы болып табылады. 20-ғасырдың 40-шы жылдарынан жұмыс iстейтiн кәсiпорын , 90-шы жылдардың басында бұрынғы КСРО-да Магнитогорск және Липецк металлургиялық комбинаттарынан кейiнгi 3-орынды иеленедi. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiнгi елдер арасындағы экономикалық байланыстардың үзiлуiне байланысты, 1991-1992 ж. басталған Қазақстан өнеркәсiп өндiрiстерiнiң құлдырауы, қара металлургия өндiрiсiне, оның iшiнде металлургиялық комбинаттың дамуына да керi әсерiн тигiздi. Осыдан 1991-1995 ж. өндiрiс көлемi үнемi құлдырауда болды. 1995 жылы комбинатта 1990 жылмен салыстырғанда шойын өндiру 48,4%-ға, болат өндiру 43,9%-ға, жалатылған табақша мен қапталған каңылтыр 71%-ға дейiн төмендедi. Осы кездегi комбинаттың кредиторлық қарызы 11740 млн. тг. құрады.

Металлургиялық комбинаттағы экономикалық дағдарыс 1995 ж. үндiлiк «LNМ Group» компаниясымен тұрақталынып, алға басудың алғашқы нышандары көрiнiп, өндiрiс көлемi бiртiндеп есе бастады. 1999 ж. өндiрiс көлемi қайта жанданып, даяр өнiм өндiру 33,8%-ға өстi. Оның iшiнде шойын өндiру 32,5%-ға, болат 31,6%, табақша каңьтлтыр 23,3%, ақ каңьтлтыр 4,4%, қара металды құбыр шығару 2,6 есе, алюминий және мырышпен қапталған прокат өндiру 4,9 есеге дейiн көбейдi. «Миттал Стил» ААҚ дамуындағы басты жағдай, ол жергiлiктi отын қоры мен темiр кенiнiң мол коры, металлургияға қажеттi қосымша кендi емес, өндiрiс орнына жақын орналасуы және осы салалардық бiрiктiрiлiп бiр компанияның қол астына көшуi деп есептеймiн. Бiрiккен инфрақұрылым құрамында көмiр кенiштерi, темiр кен орындары, электроэнергия өндiрiсi және транспорттық құрал — жабдықтары өндiрiстерi де бар. Дамуының басты бағыттары

15

Page 16: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

неғрлым тиiмдi өнiм тұрлерiн көбiрек шығару және өнiмнiң сапалылығын арттыру. Бұл үшiн:

1. шикiзат базасының есiмiн арттыру, тоттыққан көмiр кварцитiн байыту технологиясын меңгеру.

2. темiр рудаларынан тiкелей болат алатын жетiлдiрiлген технологияны қолдану.3. кұрамында металл бар өндiрiс қалдықтары мен металл ломдарын толықтай

пайдалану.4. болат балқыту үрдiсiнде электроболат қорыту мен оттегi конвенторлы әдiстерiн

толықтай енгiзу.5. соңғы өнiмдер сапальтлығын арттыру (сұйық, ыстық, катанды табақшалар

қапталған каңылтырлар және т.б. дайын өнiмдер шығару)Осы бағыттарды жүзеге асыруда Қарағанды металлургия комбинаты мынадай

жетiстiктерге жеттi ден есептеймiн. Қазақстан қазiргi кезде болат өндiрiсi көлемi жөнiнен дүние жүзiнде 28-орынды иемденедi, 2002 ж. оның көлемi 5 млн. т. құрады. 2003 ж. қорытындысы бойынша «Миттал Стил» сұйық болат шығаруды алдағы жылмен салыстырғанда 2,1%-ға арттырып, 2002 ж. 3,9 млн. тоннадан 4,8 млн. т. дейiн кетердi. 2004 жылы оны 5,4 млн. т. жеткiзу көзделiп отыр. 1995 жылмен сальтстырғанда дайын прокат өндiрiсi 80%-ға, шойын өндiру 38%-ға, кокс өндiру 45%-ға, агломерат өндiру 48%-ға артқан. Жалны Қазақстан бойынша жара металлургия өнеркәсiбi жылдан жылға қарқынды даму үстiнде. Бұл қара металлургия өнiмдерiне деген сұранцыстың жоғарылығына байланысты. Осыған сәйкес 2003 ж. Қазақстан ЖІӨ-нiң 9%-ын құраса, қара металлургия өнiмi көлемi 10,5%-ға өскен. Осы жылдар аралығындағы нәтиже елдiң индустриалды дамуында экономикалық өнiм деңгейiн арттырды ден ойлайсың. Алайда, қазiргi кезде комбинатта арнайы сұранысқа қажеттi материалдар, арнаулы металлөнiмдерi аз көлемде шығарылады. Экспортқа шығарылатын метал бұйымдары металлургиялық өнеркәсiп деңгейiне сай емес. Осы жылдар iшiнде комбинат негiзiнен шикiзат базасын кеңейту барысында жұмьис жасады. Комбинатты шикiзатпен қамтамасыз етуге Сәтбаев — Сарыбай, Аят, Лисаковск, Қашар, Қоржынкөл және Карқаралы, Кентөбе кенiшi Атасу ААҚ, компания құрамына кiрдi. Осыдан темiр кенiн өндiру көлемi ұлғая бастады. Шығарылған өнiмдердiң 180-нен астам маркасы сапасы жөнiнен дамыған елдердiң ұлттық стандарттарына сәйкестендiрiлдi. Дуние жүзiлiк тәжiрибе көрсеткендей, қара металлургия тиiмдiлiгi мен өнiмдiлiгiн арттыру жолдары — оның территориялық және сапалық құрылымын жетiлдiру мен мамандану деңгейiн жоғарылату, өнiм түрлерiн көлемiн арттыру болып табылады. Бұдан шығарылатын қорытынды, өндiрiстi автоматтандыруды электронды есептеу техникасы мен экономикалық математикалық тәсiлдердi қолдануға негiзделген автоматты басқару жүйесiмен байланыстырылып жүргiзу. Сондықтан бұл мәселенi шешуде қазiр комбинаттың әр цехының өндiрiстiк процесiнде автоматтандырылған агрегаттар жұмыс iстейдi. Болат балқытту өндiрiсiнде болат балқыту процесiн басқару автоматтандырылған түрде жүргiзiледi. 2004 жылы комбинат болатты үздiксiз құю кондырғысын орнату және оны iске қосу, сонымен бiрге компания жоспарында Ақтау қаласында мұнай — газ өнерксiбi үшiн құбыр өндiрiсi зауытты құрылып жобалануда. Экономикалық географиялық зерттеулердi «локальды деңгей», «локалитет» деген ұғымдар бар. Экономикалық — географиялық зерттеулердегi локальды деңгей бұл биологиялық зерттеулердегi клеткалық зерттеу деңгейiне теңестiрiледi. Оның қалыптасуының басты себептерi өндiрiстiң географиялық орыны, табиғи жағдайлары мен табиғи қорлар, атқарылған кызмет салаларының орналасуы және халытық орналасуы мен алеуметтiк — географиялық жағдай мәселелерi қоса қарастырылады. Осы iлiм тұрғысынан алғанда комбинаттың әлеуметтiк жағдайлары да қоса қарастырылады. «Испат - Қармет» АҚ өндiрiстi қайта жабдықтау және жаңа технологияларды өндiрiске енгiзу мақсатында инвестициялар салу үстiнде. 1995-2000 ж. аралығында металлургиялық комбинатқа салынған инвестиция көлемi 700 млн. доллар көлемiн құраған. Жалпы инвестициялар салуды З категорияға бөлуге болады. Бiрiншiсi, өндiрiске күрделi

16

Page 17: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

жөндеулер жүргiзiп, және өндiрiстi қайта жабдықтау үшiн, екiншiсi жаңа әлемдiк стандартқа сай техникалар мен жабдықтарды сатып алуға, үшiншiсi, әлеуметтiк және мәдени сала мен қоршаған ортаны сауықтыру үшiн бөлiнедi. Осы тұрғыда «Испат — Қармет» дүние жүзiндегi ең алдыңғы қатардағы банктермен инвестициялық келiсiм — шарттарға отырған. Әлемдегi ең iрi банктердiң бiрi Еуропа реконструкцуия және даму банкi «Миттал Стилге» 135 млн, доллар көлемiнде несие берсе, халықаралық қаржы корпорациясы 315 млн. доллар көлемiнде несие бердi.

Қоршаған ортаның ластануы өнеркәсiп орындарының өнiм өндiруiмен тiкелей байланысты екендiгi белгiлi. Оның мысалы, Қазақстанның басқа кәсiпорындары сияқты «Миттал Стил» АҚ-на кiретiн кәсiпорындардан да келтiруге болады.

17

Page 18: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

«Әдебиет» секциясы

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕР-СУ АТТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АҢЫЗДЫҚ ПРОЗАНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ МЕН ДАМУЫ

Бекмағанбетова Айгерім10-сынып оқушысы Облыстық «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми жоба жарысының I дәрежелі диплом иегері

Жетекшісі: Әкімбекова Гүлзира Зейноллақызы

Туып өскен өлке атауларына қатысты аңыздық проза түрлерінің жанрлық сипатын, тарихи шындықпен миф, аңыз, әңгімелердің ара жігін ажырату жұмысымның мақсаты болып табылады.

Зерттеу барысындағы жаңалығым - тақырыбымның Орталық Қазақстан өңіріне қатысты алғаш рет қарастырылып отыруы және аңыздық прозаның халық арасындағы нұсқалары мен версияларының қамтылуы.

«Қарқаралы таулары» мифіЕртеде Алла Тағала солтүстіктен мұз басып келеді деген хабарды естіп, суықтан

қорғауға бел буады. Ол қапшығына жан-жағындағы барлық тастарды жинап алып, ұзақ жолға аттанады. Жолда көптеген адамдарды кездестіреді. Олар Алла Тағаладан тау және су беруін өтінеді. Бірақ Алла Тағала ешкімге назар аудармайды. Сөйтіп келе жатқанда алдынан Асан қайғы шығады. Сонда Асан қайғы:

-Құдіретті Алла, жапан далада тұратын қазақтарға көмектесе гөр! Оларға жел тоқтататын тау бер,-деп сұрапты. Сонда Алла Тағала:

-Солтүстік жақтан мұз тау басталып келеді. Мен сол мұздыққа кедергі жасайтын таулар апара жатырмын,- дейді.

-Сен өзің осы дүниедегіні басқарып отырсың. Егер мұздықты тоқтата алмасаң, сенің құдіретің қайда?-дейді Асан ата.

Бұған Алла қатты ашуланып, Асан қайғы сөзіне жауап та қатпай, кетіп қалады. Сонда Асан қайғы жасырынып келіп, Тағаланың қабын кесіп қалады. Қаптан шашылып қалған тастар үлкен-үлкен тауларға айналады. Міне осыдан кейін Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл таулары пайда болған дейді-мыс [2].«Қарқаралы таулары» мифіне талдау

1)Алла Тағала, Асан қайғы

Тау – төбе аңыздары Сай – сала аңыздары Өзен – көл аңыздары1.Қарқаралы таулары 1.Қайрақты 1.Қалабай көлі2.Қырық қыз 2.Құнанбай жері 2.Шайтанкөл

3.Кіші Айдаһарлы,Үлкен Айдаһарлы таулары

3.Батық

4.Наршөккен 4.Ақсу-Жабағылы жері5.Беғазы 5.Дәукен басы

6.Ақбауыр

18

Page 19: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Қазақ арасында Алла Тағалаға қатысты Аңыз әңгімелердің пайда болуы шамамен орта Азияға ислам дінінің ене бастаған кезімен тұспа-тұс келеді. Яғни ҮІІІ – ІХ ғасырлар. Қазіргі Қазақстан территориясының оңтүстік өлкелеріне ислам дінінің ене бастағандығы белгілі. Ал мифтегі екінші кейіпкер Асан қайғы қазақ тарихында ХҮғ өмір сүрген әйгілі жырау. Ол жөнінде Асан ата айтты дейтін жер-суға қатысты аңыз-әңгімелер қазақ арасында кең тараған. Алайда Асанның Алла Тағаламен тілдесуі жөніндегі Қарқаралы тауы атты миф алғаш рет қарастырылып отыр. Шындығында Асан атаның Алла Тағаламен тілдесуі маңызды емес, керісінше қазақ жерінің киесі болған таулардың пайда болу тарихының баяндалуы маңызды.

Шындығында мифтің Асан қайғыға қатысты болмауы да мүмкін. Халықтың мифтік ойлау жүйесі сондай болған. Бұл мифте 3 дәуірдің, тарихи кезеңнің сипаты айқындалады:

1.Мұз дәуірі2.Ислам дінінің пайда болуы және қазақ даласына енуі3.ХІҮ -ХҮ ғасырлардағы Қазақ хандығының құрылу қарсаңыОсылайша уақыт аралығы алшақ дәуірлер оқиғасын тұтастандыру арқылы

Қарқаралы таулары мифі пайда болған.Қорытындылай келгенде, жер-су, елді-мекен атауы-халқымыздың өткендегі

тарихы, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы қалыптастырған бай тәжірибесінің жемісі. Қазақ фольклортану ғылымында мекендік аңыздар зерттеулерге негіз болып, оған қатысты құнды пікірлер айтылса да, күні бүгінге дейін соншалықты мол қазыналарымыз басқа да фольклорлық шығармаларымыз секілді арнайы жинақтар болып баспа жүзін көргенмен, олар соншалықты көп емес. Менікі сол жолдағы талпыныс. Сондықтан да асыл-қазынамызды сақтап қалу үшін менің айтар ұсыныстарым мынандай:

1.Жер-су аңыздарына байланысты басылымдарды көбейту.2. «Орталық Қазақстан жерінің шежіресі» атты үлкен мұражай ашу. Онда

Орталық Қазақстандағы барлық әсем де, киелі жерлерінің аңыздары мен тарихы туралы толық мәлімет ала алатындай болу.

3.Ақпарат құралдарында аңыздар,әпсана-хикаяттар көп айтылып, халықты қызықтыру үшін қызықты оқиғаларды теледидардан бейне кино ретінде көрсетсе.

4.Туристік маршрут. Әрбір жолаушы барып демалған жерінің аталу себебінің хикаясын білсе.

5.2-3 аптада бір рет болсын аңыздарды жақсы білетін үлкен ата-апаларымыз,жоғарғы оқу орнының зерттеушілері мектептегі оқушыларға мағлұмат беру мақсатында дөңгелек үстелдер өткізіп отырса деймін.

Кіндік қанымыз ағып, туып өскен жеріміздің шежіресін болашақ ұрпаққа үйретіп,оны әрқашан есімізде сақтау -жас ұрпақтың міндеті.Пайдаланылған әдебиеттер:1. С.Қасқабасов«Қазақ халық прозасы». Алматы:Ғылым,1984ж- 3,28,92,144 беттер.2. Б.Мұсабеков«Жер Шежіре»Қарағанды:ҚарМУ,2006ж 3,13,23,24,45,53,59,70,71,128,145,169 беттер.3. «Қазақ халық прозасындағы жәй әңгімелер»Алматы:Ғылым,2005ж-15,17,36 беттер.

19

Page 20: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БАСҚА ТІЛДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Исина АйзадаСаламатқызы 9-сынып оқушысыОблыстық «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми жоба жарысының II дәрежелі диплом иегері

Жетекшісі: Исина Бақытжан Қапанқызы

Осы тақырыпты зерттеу барысында алға қойған мақсатымыз: тіларалық қарым-қатынас тарихын тани отырып, кірме сөздердің этимологиясын белгілі бір тілдік бірлікте жұмсалуын және стилдік қолданысын қарастыра отырып, тіліміздің кеңею жолдарын танып, өзге тілдерге әсер етудегі орнын ашу.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды: 1. Қазақ тілі лексикасының тілдік қабаттарына енген сөздердің шығу төркінін

танып, белгілі бір бірлікте (тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдерде) жұмсалуын және І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының І кітабындағы стилдік қолданысын қарастыру.

2. Орыс тіліндегі түп-төркіні түркілік сөздерге назар аударту, этимологиясын тану.3. Топонимдерде тұрақтанған түркі сөздерінің тарихын тану.Алға қойған міндеттерді шешу үшін мына әдістер қолданылды: Этимологиялық

принциппен зерттеуге (фонетикалық, морфологиялық және семантикалық принциптерге) сүйендік. Бұл принциптер зерттеу объектісі болып отырған тілдің қалыптасу, даму заңдылықтарына негізделеді. Бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылды. Сонымен қатар, М.Фасмердің, Л.З.Будаговтың, Е.В.Севоратянның, Ә.Нұрмағамбетовтың, О.Сүлейменовтың еңбектеріндегі маңызды пікірлер басшылыққа алынды. Қазақ тілі лексикасының тілдік қабаттары моңғол, араб, парсы, орыс тілдері арқылы енген сөздердің белгілі бір тілдік бірліктерде жұмсалуын қарастырғанда мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестеріне жүгіне отырып, синонимдік қатарларын анықтау стилдік қолданылу сипатын тану негізге алынды. Мақал дегеніміз – халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжірибесі жинақталып берілген, мазмұны жағынан ғибрат, өсиет сияқты, ізгі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам нақыл сөз.[1.197] Фразеологизмдік мағына дегеніміз – құрамындағы сөздердің не жеке бір сыңарының лексикалық мағыналарының қайта жаңғыртылған жинақы мағынасы.[1.186] Сол себепті тұрақты тіркестер семантикалық жағынан біртұтас тіл бірлігі ретінде қолданылады.Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестердің осы ерекшеліктерін ескере отырып , белгілі бір тілдік бірлік ретінде алынып қарастырылды.

Қазақ тілінің моңғол тілдерімен қарым-қатынасыСөз Сөздің тұрақты сөз

тіркесіндегі қолданысы

Мақал-мәтелдегі қолданысы

Стилистикалық қолданысы

Алтын (алтан)

Алтынмен аптап, күміспен күптеу.

Алтын көрсе періште жолдан таяр.Аз сөз алтын, көп сөз көмір.

«Тағдырдың жазғанын көріп алармын, – деді ол, - егер ажалым келсе, алтын сандықтың ішінде тығылып жатсаң да табады.»Бұл Жәнібек ханның сөзі. Бұл арада алтын эпитет мәнінде жұмсалып, кейіпкердің әсерлі

20

Page 21: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

сөйлеуін туғызып тұр.[5.16]

Ер (эр) Ердің құны , нардың пұлы.Ер кезегі үшке. Ер қарасы болу.Ер қашты.Ер шекіспей, бекіспейді.Еңіреген ер.

Ер қаруы бес қару.Айырылған ер - азар, қосылған ер – озар.Ел қонысын тапса, ер ырысын табады.Елдің атын ер шығарар. Ердің екі сөйлегені - өлгені. т.б.

Ал Египетке ер жүрек, мықты әскер өте керек еді.Бұл шақта қарулы, мықты батыр жігіттер қажет болған. Сөйлемде ер жүрек деген тіркес болып келіп тұр.[5.25]

Араб-парсы тілінен ауысқан сөздер атқаратын қызметі жағынан өзара бірдей деугеболмайды. Бұларды төрт топқа бөліп қарауға болады.[1.138.]

Байырғы төл сөздей жымдасып кеткен актив

сөздер(әбден тұрақтанған сөздер)

Терминдік сипаты бар арнаулы

сөздер(мамандықтың белгілі бір

саласында жұмсалатын

сөздер)

Әртүрлі экспрессивті-

эмоциялық мәні бар , ерекше

стильдік реңк тудыратын

сөздер

Әдеби тілдің шеңберінен

біржола ығысқан немесе ығысуға жақын жүрген сөздер

ас,бақыт,ар,дүние,шаруа,әл,дос,зат,қас,айна,даста-рқан,астар,нан,шам,сабы

н,сынап т.б.

нарық, базар,байрақ,арзан,қарыз,борыш,

зейнет,емтихан,сабақ,мұғалім,

ғалым,мәлімет т.б.

Махаббат,нұр,Бісмілла,өмір,

Сапар,дерт,апат,Шәкірт,ғаламат,Халайық,тағдыр,Тәубе,дидар т.б.

Уәзір,шаһар, мүкәммал,

шайыр, сауал, хикмет, зәңгі, жыға, дәрке.

Қазақ тілінің орыс тілі лексикалық қабаттарына әсеріМакс Фасмер «Этимологический словарь русского языка» сөздігінде көптеген

сөздердің шығу тегі түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ тілінен екендігін байқатады.

Қазақ тіліндегі «қарындаш» сөзін орыс тіліндегі «карандаш» сөзінен шыққан дейді, оны М.Фасмер сөздігінде орынды орынды атап көрсетілгеніндей : «қара»/чёрный және «тас» /тас/ сөздерінің бірігуінен жасалғанын, қарандашты сыртқы ағаш қапсырмасын алып тастасақ, ішінде расында ұзын қара тас жатқанын ескермейді. /Ал күнделікті қолға ұстайтын «қалам» сөзінің Еуропа халықтары мәдениетінің қайнар көзі саналатын Латын тілінде \6-8 ғасырда\«каламус» түрінде орын алғанына да мән бермейді. Сондай-ақ, М.Фасмер сөздігінде дәлелденген «деньги» сөзі түркілік «теңге» сөзінен шыққанын ал оның ар жағында түркілерді бір кезде ақша орнына тиін терісін қолданғанын, кейін тері орнына «тиынға – тәңгә, теңге» деп аталған айналымдық белгілер, монеталар шығарып, содан қазақ тілінде тиын-(копейка)-сақталғанын/ ескеру керек. Осы орайда, алдымен, орыс, соңынан түркі сөзін келтіріп, тізсек: алый-алқызыл, бакалея-бакқал /ваккал-көкөніс сатушы/; барабан-дарабан, башлык-башлық/ басқа киетін киім/; башмақ-баспақ/ қазақта «ш» орнына «с» қолданылса, қазақтан басқа татар, башқұрт, шубас, әзербайжан, өзбек, ұйғыр, моңғол тюб тілдерінің негізі бір болса да, әрқайсының жекелеген дыбыс өзгешелігі болатынын да есте сақтайық. Мысалы,буран-боран, бугай-бұқа, караул-қарауыл /қарап тұрушы/, кобза-қобыз, ковер-киіз /кибиз/, колбаса-күлбасты /от шоғына, күліне қақтау/ т.б екеніне қажет айғақтарды алуға болады.[6]

Макс Фасмер сөздігінде бугай – бұқа деп берілсе, «Язык письма» (взгляд до истории – о происхождении письменности и языка малого человечество)

Ну если и восстонавленные праформы не сопоставимы даже тогда следовало бы воздержаться от столь категорического заключения, пока не исследованы причины разности названии таких общечеловеческих понятий каким является – «бык».

21

Page 22: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Тюрки не признавшие грамматического рода заимствовали древнеевропейское название коровы6 но придали ему значение противоположение? Виса-вида-бык (общетюркс). оно и вытеснило древнее oguz, ohuz – бык (bouth>outh>ohuth). Кавказские языки сохраняют более ранние значения? Вида бычок, теленок. Предшествующее форме вигат, вигак – теленок (тюрк).[7] Біздің тұрақты сөз тіркестерімізде «Өгізаяқ», «Өгіздей өрге сүйреу» деген тұрақты тіркестер бар. Біздің тіліміздегі қолданыста жүрген сөздердің ежелгі дәуірден неге байқалады.

«Өзімдікі дегенде өгіз қора күшім бар,Өзгенікі дегенде адам таппас ісім бар»;«Өгізге туған күн, бұзауға да туады»; «Үйде өскен бұзау түзде өгіз болмайды»;

«Сиыр мүйізді өгізде күш жоқ, өгіз мүйізді сиырда сүт жоқ».…В одно обширное лексическое гнездо собираются названия money– 1) монета,

деньги (англ) monet (франц) монисто monite-бусы, ожелерье (лат) monole –бусы, ожелерье (тунг-манж) мундзак, монжак – бусы (каррам), мончак(каз) мунчак (тат).

Орыс тіліндегі «буран» деген сөздің шығу тегі жайлы аталған кітапта былай делінген – «Люди получают возможность назвать циклон). Буран, турга. Сильный буран обозначают с долгим – бураан, бараған, ураган.[7]

Орыс тіліне енген сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап, орнығуы туралы тоқтала кететін болсақ: жарық-яркий, қазына-казна, қышқыл-кислый, қыр-край, ақыру-крик, қопару-копать, тасу-тоскать, толы-толстый, тиыш-тише, араздық-разлука, шойын-чугун, ұстаған-стакан, сұр-серый, тұман-туман, шұбар-чубарий, тіккен-ткань, кір пеш-кірпіш-кирпич, рет-ряд, оттық-утюг, таптау-топтать, кесек-кусок, себу-сев, сом-сумма, бос-пустой, болат-булат, топас-тупой, т.б.

Бұдан шығатын қорытынды ары кеткенде түркі тілі, берісінде қазақ тілінен орыс тіліне көптеген сөздердің еніп, кірігіп кеткенін байқаймыз. Ал орыс тіліне енген сөздердің тілдік бірліктегі орнығуын қарастыру зерттеуге тұрарлық тағы бір күрделі мәселе.

Топонимдерде тұрақтанған түркі сөздерінің тарихын тануЗерттеу жұмысымызда тағы да бір қосымша қарастыратын мәселе – жер-су

атауларының атаулары, тарихы. Топонимика – жер бетіндегі объектілердің тілдік құрамын, мән-мағыналарын қарастыратын ілім. Топонимика өзінің сипаты жағынан тілдің тарихи лексикасына жақын. Қазақстан топонимдері өздерінің құрамы, құрылымы, компонентірінің тіркесу сипаты және тілдік бітімі жағынан мынадай бес түрлі қабаттардан қалыптасқанын атап өтуге болады:

1) ежелгі тілдер элементтерін сақтап келе жатқан тым көне қабаттар (санскрит, үнді-иран тілдері элементтері: тал, ар, бал, сар, гар, канн және –ын, -ін, -үн қосымша түрлері);

2) шартты түрдегі түркі-моңғол тіл бірлестігі элементтерін сақтап келе жатқан көне қабаттар (ал, ала, бала, қар, шар, чар, көк, бай, тоғай және –ас, -ес, -аш, қосымша түрлері);

3) түркі тіл қабаттары немесе түркі тілдер семьясы құрамының ерекшеліктерін көрсететін қабаттар (й-шыл, ч-шыл, ж-шыл, дь-шыл тілдер және –ты, -сы қосымша түрлері);

4) осы күнгі түркі тілдері ерекшеліктерін көрсететін қабаттар (қаза, қырғыз, алтай, қарақалпақ, башқұрт, ұйғыр, түрікмен, әзірбайжан, өзбек т.б);

5) орыс тілі негізінде топонимикалық қабаттамалар, яғни Э.М.Мурзаевтің айтуынша «ең үстіңгі қабат». Осы қабаттағы ономаларды салғастыра зертеу алда тұрған үлкен сәселе. Ондай зерттеулер өзінің методолоиялық жағынан да лингвистиканың іргелі мәселелерін қозғаған болар еді: қазақ тілі мен орыс тілінің социологиялық, методологиялық және басқа да қарым-қатынасын салыстыру, сол арқылы олардың типологиялық ұқсастығын және бір-бірінен айрылатын жақтарын анықтау сияқты күрделі мәселелерді қамтыр еді.[14]

Мысалы: Баянауыл – тау аты, сол таудағы (авла) үңгірдің де аты, сондай-ақ ауданның, селоның аты (повладар обл). Жергілікті елдің аға буын ұрпақтары көбіне Баянаула нұсқасын қолдайды. Этимологиялық мәні толық ашылмаған, бірақ Баянауыл

22

Page 23: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

топонимін төркіндетпек болғандардың дені: көне түркі-моңғол тілдерінің «бай тау», «баянды тау» мәніндегі атауына балайды. «аула» немесе «ауыл» тұлғалары моңғол тілінің оло-тау түріндегі сөз деседі олар. Бірақ «оло» сөзі кейбір түркі тілдерінде «ұлы» сөзінің фонетикалық көрінісі ғана.

Дамба – Оңтүстік Қазақстандағы мекен аты және Гурьев облысындағы селоның аты. Неміс тіліндегі,бірақ орыс тілі арқылы келген дамба «үйінді,бөгет»(су байлайтын бөгет) мәнін беретін сөз .Қазақтың бөгет,бөген байлама , тоспа сөздеріне пара-пар.

Күрчүм – өзен, аудан аттары. Көне түркі тілінде («от»)және чім («жем»)сөздерінен қалыптасқан атау.Мағынасы :»отты-жемді»( жер).

Біз қарастырып отырған көркемшығармада былай делінеді: «Осылай алданғанның бірі Киев князі Мстислав Романович еді.»[5.47] Біздің назар аударғымыз келгені – қала атауы – Киев сөзі. Осы сөздің шығу тегі туралы

Ресей ғалымы Мұрат Аджидің «Полын половецкого поля» кітабында Киев қаласын 5 ғасырда ғұндар (түркілер) салғанын , оны «күйеу»(зять) деп атағанын, сонымен бірге Тула қаласы аталымы «толы» деген сөзден шыққанын, Брянск – биринчи – бірінші, Орел-өр иол-өрге барар жол мағынасын бергенін дәлелдегеніне көз жұмып қарау да орынсыз.Сонымен бірге біздің «Азов теңізі» деп жүргеніміздің түп-төркініне үңілсек, «азов» дегеніміз «азау» сөзі екенін , шыныда бұл теңіздің көлемі басқалардан шағын, аз болғандығына байланысты осы аталым қолданғанын неге ұмытамыз?! Тіпті, оның қасындағы түбектің «қырым» деп аталуына қыр-шет ұғымы негіз болғанын, оған іргелес елдің Украина аталуы да «У края» деген тіркеспен, яғни қыр шетінде, қыр маңында мағынасымен байланысты екенін ескермеуге бола ма? Сондай-ақ І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында былай делінеді: ...«Осылай шалқи қалған Қазтуған Қалқа ұрысын айтқанда кенет «әттең, әттең!»деп күңірене күбірледі.» Калка ұрысы деп аталып кеткен монғол, орыс, Қыпшақ қырғынын тарихшы Рашид-ад-Дин жазады: ...Калка өзенінде орыс пен Қыпшақ әскерінің жеңілуінде анығында екі себеп болған-ды.»[5.45-46] Осы мысалдан көріп отырғанымыздай Калка өзені, Калка ұрысы деп еніп кеткен. Бұл – қазақтың «қалқа» деген сөзінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы.Демек әр кезде басқа тілдерге ауысқан түркілік сөздерді сараламай тұрып, халқымыздың көне дәуірде және орта ғасырларда да ғылымы мәдениеті жағынан алдыңғы қатарда болғанын зерделей алмас едік.

Зерттеудің жаңалығы: Тілдерде қалыптасқан ортақ лексика қорын тани отырып, стилдік қолданылу сипатын анықтадық.

Кірме сөздердің этимологиясын анықтау арқылы қазақ тілінде кездесетін басқа тілдің сөздерін саралай отырып, оның орнығуын тілдік бірліктегі қолданысын зерттей отырып, сондай-ақ орыс тіліне енген қазақ сөздерінің бүгінгі таңдағы қолданыстарын зерделеп, тілдерде қалыптасқан ортақ лексика қорын танытуға қадам жасадық.Тілдер арасындағы сөз ауысымы және байланысы мәселесін қарастыра отырып, қазақ тілінің лексикасы басқа тілдің сөздерімен қалай толығып отырса,сол сияқты орыс тіліне де қазақ тілінен көптеген сөздердің еніп отырғанын бүгінгі ұрпақтың білуі маңызды. Бұның бүгінгі таңдағы жастардың тілімізге деген құрметтеу сезімін арттырары сөзсіз.Ол үшін арнайы қарапайым халықтың қабылдауына жеңіл түрде орыс тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен орыс тіліне енген сөздерді қамтыған арнайы сөздіктер шығарылса деп ұсыныс білдіре отырып, осындай сөздіктерді алдағы уақытта шығару міндетін қойып отырмыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:1. Қалиев Ғ.,Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен

фразеологиясы. «Сөздік-Словарь» баспасы-2006. - 135,167,186,138,143.2. Баскаков Н.А. Москва,Изд. «Прогресс», 1986. -82.3. Әмір Р.,Атабаева М. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына

арналған оқулық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2005. -14-15.4. Рысбаев Ә. Қазақ және түркі тілдеріндегі ортақ лексика. ҚазҰУ хабаршысы.

Алматы 2003.№5. – 194-195.

23

Page 24: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР КӨРІНІСІ

Сейітов Нариман 9 сынып оқушысыҚР Кіші ғылым Академиясының 38 - облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы байқауының I дәрежелі диплом иегері

Жетекшісі: Исина Бақытжан Қапанқызы

Қазақ ақын-жазушылар тілінің қайнар көзі мен сөз мүсінін жасайтын қалыбы – ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті тілі. Әдеби тілді тану сол халықтың, соның ішінде қазақ халқының тарихында оның әдеби тілінің қалыптасып дамуы көркем әдебиетінің, әсіресе поэзияның бағыты мен барысына тікелей қатысты болып келеді. Тілдеріне оралып тұратындығы да ақын-жазушылары мен фольклор тілдерін жақындастыратын себептердің бірінен табылады.

Кез келген ақын-жазушы көркем туындыда өзіндік қолтаңбасын қалдыра отырып, түп қазығы фольклордан бастау алады.

Біз сөз еткелі отырған Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы фальклорлық дәстүр тақырыбындағы еңбекте халық ауыз әдебиетіне тән сипаттың ақын шығармашылығындағы көрініс табу ерекшеліктерін пайымдау қарастырылды.

Тақырыптың негізгі өзегі ретінде поэзиялық туындыдағы фольклорлық дәстүрдің алынуы және Мағжан Жұмабаевтың халық ауыз әдебиетінен нәр ала отырып, әдеби тілдің дамуына қосқан үлесі және ұлттық құндылықтың ақын шығармасында көрініс табуы әрі тың идеялармен жетілдірілуін зерделеу, қазақ әдебиетінің Мағжан дәуірін пайымдау алынды.

Жұмыстың мақсаты: Мағжан Жұмабаев поэзияларындағы фольклорлық дәстүрдің көрініс табу сипатын аша отырып ақынның әдеби тілді дамытуға қосқан үлесін пайымдау. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:

Біріншіден,фольклор,фольклорлық дәстүр туралы ғылыми еңбектерді зерделеу;Екіншіден, Мағжан жұмабаев поэзиясындағы фольклорлық дәстүр көрініс тапқан

шығармаларын анықтау; Үшіншіден, ақын шығармашылығында көрініс тапқан фольклорлық сипаттағы шығармаларын жүйелеу; Төртіншіден, әдеби тілді дамытудағы ақынның өзіндік үнін тану ,қосқан үлесін пайымдау.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін пайдаланылған әдіс-тәсілдер:аналитикалық талдау, жинақтау, салыстырмалы талдау, мазмұндық, тақырыптық және ішінара лингвистикалық талдау.

Ауыз әдебиеті – халықтың алтын қазынасы. Сонау талай ғасырдан бері халық туғызған мәдени мұралардың ішіндегі ең тазасын, ең нәрлісін, ең асылын өз бойына жинақтаудың нәтижесінде таптырмас мол мұраға айналған. Фольклор ағылшын сөзі «халық даналығы»деген ұғым береді. Оған халық музыкасын, халық биін, халық өленің, халық театрын, халық әдебиетін, халық қолөнерін, ұғымдар мен ғұрыптарды, салттар мен нанымдарды жатқызады. Қай елдің балмасын рухани жан азығы – ауыз әдебиеті халық дамуының ең алғашқы кезеңдерінен бастап пайда болған.Қазақ халқының фольклорлық мұрасын біріктіретін шығармалар көлемі, мазмұны, маңызы және көркемдік ерекшелігі жағынан шоқтығы биік .Қандай ақын, жыршы болмасын осы мол мұраны жанап өтпестен керісінше, мейілінше сусындап, рухани азық еткен. Егер ақынның ақыны Мағжан Жұмабаевты осы тұрғыдан алатын болсақ, бүкіл шығармашылығының ауыз әдебиетімен тығыз байланысын аңғаруға болады.

Жазба әдебиетінің өсу, даму, өрбу қадамдарын көркемдік жетістіктерін оның туған, өскен негізі-ауыз әдебиетімен тығыз байланыста қарастырмақпыз.

24

Page 25: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Орыс жазушысы М.Горкий өзінің пікірінде былай дейді: « Бар елдердің ұлы ақындар жасаған ең таңдаулы туындылар коллектив творчествосының қазынасынан алынған. Бұл қазынада тамаша поэтикалық түйіндер мен әлемге аян образдар,типтер көне дәуірден өмір сүруде. Мильтон мен Данте, Мискевич, Гете мен Шиллер түпсіз терең де өлшеусіз бай, күшті де данышпан халық творчествосымен қанағаттанғанда, ғана, халық поэзиясының сарқылмас бұлағынан нәр алғанда ғана поэзия көгіне шырқай көтерілді».[ 1]

Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудыратындықтан,ол елдің тұрмыс тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Сол жыларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой санасы мен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Қазақ фольклорының тарихилығының басты бір көрінісі осында.

Фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреті мен мұң зары, келешектен күткен арман-тілекткрі айқын көрініс тапқан. Жоқтау, сыңсу, қоштасу өлеңдерінде халық өз теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының ауыр тағдырына үн қосқан. Мұндай өлең-жырлар мен ән-күйлер көп жағдайда өмірдің өзінен туындайды. Оған қазақ фольлкорынан мәселелері мен тақырыбы да айғақ бола алады.Ұсақ салт жырлары мен ертегі жанрының көтерген мәселесі көбіне отбасының тірлігіне, соның бақыты мен қайғысына құрылса,халық патриотизмі мен ерлікті дәріптейтін эпостық жырлар ел қорғау сарындарына негізделген. Қазақ эпосының құндылығымен халықтығының бір белгісі-оның бай да көркем тілінде. Мағжанның халық ауыз әдебиетімен байланысын сөз еткенде мына мәселелерді ескерген жөн: Мағжанның халық қазынасын жетік меңгергендігі , әдеби көркем тілге жетіктігі, халық ауыз әдебиетінің ақын өмірінің басты мектебі болып табылатындығы. Осы тұрғыда ақын шығармашылығының халық ауыз әдебиетімен байланысын сөз еткенде Мағжанның халық ауыз әдебиетінен үйренуі, үлгі алуы, онан кейін мол үйренудің нәтижесінде мақал-мәтелдер, ертегі-жарлар, жұмбақтар, нақыл сөздер сияқты фольклорлық жанрларды туғызып жетілдіруі.

Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі тұрмыс-салт жырларының көрінісіМағжан Жұмабаев шығармаларының ішіінде ерекше атап өтетіні –«Бесік жыры».

Ал,бесік жыры балаларға арналған өлеңдердің ең құндысы.Оның озық үлгілерін Ә.Диваев бастырған. Ал, Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өленіңде:

Күнім, айым Еркетайым, Бөлейін енді. Тыста дауыл, Жатқан ауыл, Ұйқың да келді. [3]

Халық – ауыз әдебиеті үлгісіндегі бесік жырының құрылымы М.Жұмабаев поэзиясында өзгеріске ұшыраған.

Адамның туғаннан бастап қартайғанға дейінгі өмір әр кезеңің атап өтуі, оған арнап өлең – жыр шығару қазақ халқының ежелгі дәстүрі болған. Бала туғанда елді жинап «Шілдехана» жасау,азан шықырып ат қойғызу, бесікке салу, аяғын опыл – топыл баса бастаған кезде алғаш рет жолға шықса «Тоқым қағар», бес жасқа келгенде «Атқа мінгізу»- бәрі де өлең – жырлар арқылы ақтарылып отырған.

Осындай салттан туған өлеңнің бірі – «Бесік жыры». Бесік жыры-балаларға арналған өлеңдердің ең құндысы. Халық ауыз әдебиетінің бесік жырында:

Әлди,әлди, ақ бөпем, Жіпке тағып берейін.Ақ бесікке жат бөпем , Әлди,әлди, аппағым,Жылама, бөпем ,жылама, Қойдың жүні қалпағым.Жілік шағып берейін, Жұртқа жаман болса да,Байқұтанның құйрығын, Өзім сүйген аппағым,

[4]-деп басталатын өлеңдердің тілі керемет, мазмұны өте бай.Асыл ана өзінің бесіктегі баласына таудан алма тергізеді,оны қыздарға бергізеді.Асыл ана өзінің бесіктегі баласына

25

Page 26: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

деген сезімін, арман –тілегін, махаббатын білдіреді. Онда жас бала дені сау, еңбек сүйгіш, өнерлі, елін қорғаушы ер – азамат болып өссе деген тілектері байқалады. Түнде жылқы қайырып Ақырып жауға тиісіп,

Жаудан жылқы айырып, Батыр болар ма екенсің?Жігіт болар ма екенсің? Бармақтарың майысып,Айыр қалпақ киісіп, Ұста болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,Шешен болар ма екенсің?-

дейтін жыр жолдары бесіктегі баланың болашығын болжау ,оның ер жетуін аңсау болмақ. Ән-күй, өлең айту- жас балаға эстетикалық тәрбие берудің басты құралы болған.

«Бесік жыры» өлеңінде ақын дәстүрлі қолданысқа сай төрт түлік малдың халық ұғымына соншалық жақын екендігін, ой-түсінігін ескере отырып, төлдерінің атауларын атайды (Қазақ тіпті ең бірінші амандасқанда «мал-жан аман ба?» деп саулық сұрасады). Жырда көрініс тапқан төрт – түліктің төлдері - қозым, құлыншақтар, бағлан, марқам т.б. эмоционалды-экспрессивтік реңкте жұмсалып жырдың әсерлілігін күшейте түскен. «Бесік жыры» өлеңінің тәлім-тәрбиелік мәні де, негізгі идеясы да-сәбиді өскенде ел адамы болуға, ерлікке, мықтылыққа, қайраттылыққа баулу болып келіп халық ауыз әдебиетіндегі идея тереңдігімен үндесіп жатыр.Бұл өлеңнің халық ауыз әдебиетінен ерекшелігі – жыр құрылысында. Өлеңнің әр шумағы алты тармақтан тұрады. 1-2 - тармағы - 4 буынды , 3-тармағы – 5 буынды болып келеді. 3 тармақта біршама тиянақталған синтаксистік тұтастық байқалады. Синтактистік шумақты құрайтын негізгі шарт- поэтикалық ойдың ,интонацияның тұтастығы. Ал халық ауыз әдебиеті үлгісіндегі бесік жыры 7 буынды , қара өлең ұйқасына, аралас ұйқасқа құрылған . Екі үлгіні көркемдік ерекшелігі жағынан алып қарасақ, Мағжан өлеңінде метафоралық тіркестер дәстүрлі тілдік қолданыстағы метафора болып келеді . Мысалы: Сен - жұлдызым, Сен - көз нұрым ... Сен, сырттаным , Арыстаным жауды қуарсың Жас жолбарыс Жаумен алыс ...[ 3]

Тілдік метафора белгілі бір тілде сөйлейтін әлеуметке толық таныс болып келеді. Тұрақты сөз айшық ретінде жиі жұмсалады. Жалпы халықтық сипатына қарай тілдік метафоралар дәстүрлі метафоралар деп те аталады. Бесік жырында: Көлге біткен құрағым , Маңдайдағы жұлдызым, Аспандағы жұлдызым – сияқты метафоралар көрініс тапқан. Сондай-ақ қазақ халқының өте ертеде туып , қазір де құнын жоймай, жаңа мазмұнға ие болып отырған қазынасының бір бөлігі мақал-мәтелдер деп аталған. Мақал-мәтелдер «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» білдіреді. Мағжан Жұмабаевтың поэзияларында да мақал-мәтелдер көрініс тапқан. Мақал- мәтелдің кейбір үлгілері М.Жұмабаев өлеңдеріндегі айтайын деген ойын дәл жеткізуде ұтымды қолданыс тапқан. Мысалы, «Жатыр» өлеңінде қазақ халқының күйін сынға ала отырып, әлеуметтік теңсіздік мәселесін қозғаған, мәтін мазмұнында мынадай мақал-мәтел қолданған: «Бес байтал - әйел құны» десе, ал «Өнер–білім қайтсе табылар» деген өлеңінде «Өнер-білім - қарны ашқа ас» деген мақалмен түйін жасайды. Өнер-білімнің маңызын мақалмен түйіндеген. Мақал-мәтелдің өн бойында өн бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас болса, Мағжанның өлеңдерінде осындай ұтымды нақыл сөз оалымдары мол көрініс тапқаны байқалады. «Балалық шақ» өлеңінде мына бір тармақтары мақал үлгісінде құрылған: Жастық деген – бағасыз, Қадірін білмес санасыз ... Білімдінің сөзі - ем, Мейірімі көп, өзі – кең.

Ұлы ақын Мағжан даналықтың бір бөлігі шешендік өнерді қымбат тұтып, өзі де шешендік танытқанын байқаймыз.

26

Page 27: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

«Информатика» секциясы

«НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ – АСА ІРІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУШЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жүнісова Мадина9 сынып оқушысыОблыстық «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми жоба жарысының II дәрежелі диплом иегері

Жетекшісі: Ибраева Жұлдыз Багенқызы

Мен бұл тақырыпты неге қозғап отырмын? Қазіргі кезде бағдарламаларда және жарық көрген оқулықтарда, сайт беттерінде

жергілікті аймақтардың зиялы қауымдары туралы мәліметтер жеткіліксіз. Осы мәселеге сәйкес ақпараттық технологияны негізге ала отырып, тарих пәнінің

мұғалімі Р.Қаппасовамен ақылдасып, нығметтану бағдарламасына арналған оқу-әдістемелік кешеніне «Нығмет Нұрмақов – аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері» электрондық оқытушы бағдарламасын сайтқа енгізуді жетекшімнің нұсқауымен қолға алдым.

Осы тақырыпты зерттеу барысында алға қойған мақсатым: Нығметтанушыларға арналған HTML – гипермәтінді белгілеу тілінде құрастырылған электрондық оқытушы бағдарламасына бейнефильмдер мен танымдық ойындар қосу. Нығметтану бағдарламасына сәйкес интернет желісінен сайт ашу және сайттың қолданысын көрсету.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойдым: Осы бағдарламаға дыбыстық, бейнелік мәліметтерді енгізіп, әлі де болса өңдеуден

өткізу; Сабақ өткізуде осы бағдарламаның қолданысын жүзеге асыру; Қашықтықтан оқуда қолданысқа енгізу. Мектебіміздің сайтына Н.Нұрмақовтың өмір деректерін келтіру.HTML тілінің мағынасыМен бұл оқытушы бағдарламасын жасамас бұрын, HTML программалау тілінің

мағынасын ашып алдым. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады, яғни Hypertext Markup Language (HTML) - гипермәтіндік белгілеу тілі.

Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеу дегеніміз – келесі көрсетілген құжат бөлігі қалай бейнелейтінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу.

Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету бағдарламасын қолдандым.

Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек, онда сонымен байланысты басқа құжатты оқимын.

Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.

27

Page 28: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін тіл - HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.

HTML тілінің атқаратын қызметіHTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір

қолданушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сондықтан HTML тілі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады. Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Мысалы,

<h1><center><font color=#000060>Қарағанды 2006</font></center></h1>Тақырыптың белгілеу коды алынған соң, оны броузер - программа өз мүмкіндігін

пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне болады.

HTML тәгтеріHTML командалары тәг деп аталатын арнайы белгілер көмегімен беріледі.

Ашылатын бұрыштық жақшадан соң жазылған түйінді сөз – тәг орналасады.HTML тіліндегі әрбір тәгі бір арнаулы қызмет атқарады. Броузер арқылы құжат

экранда көрсетілген шақта тәгтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.

Мәтінді пішімдеуде кейбір тәгтерді қолдандым:<p> жаңа абзац ашу; <div> абзацты бөлу;<i>, <b>, <u> сөз тіркестерін ерекшелеу; <h1> .. <h6> тақырып стильдерін беру;<br> келесі жолға көшу;<p align=’’> мәтінді (center, left, right) туралау;<body bgcolor= « » text= « »> құжат фоны мен мәтін түсі;<font> мәтін бөліктерінің (size) көлемін, (face) типін және (color) түсін өзгертуге мүмкіндік береді; Мысалы, <font class="Head"><b>6. Дәуір құжаттары.</b></font> <hr><p class=JUSTIFY><b>1-ші құжат.</b><br><P

CLASS=JUSTIFY>&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp; А.И.Сидельников. Елу жасқа жетпеген өмірі ішінде ат-арбамен талай жерді аралап,

«Ақмола облысы», «Зайсан көлі», «Қазақ өлкесі» атты іргелі еңбектер жазған<br><i>Облыстық мұрағат №1558 фонд 1. №353.</i> </p>Броузер арқылы нәтижені келесі түрде көрсете аламын

HTML файлдарыГрафикалық, бейнелік және аудиомәліметтер жеке файлдарға жазылады да, құжат

ішіндегі сілтемелерге сәйкес броузер оларды біртіндеп іске қоса бастайды. Файлдардағы мәліметтерді қабылдап, броузер оларды реттеп орналастырады да, HTML командаларына қарай керекті түстер енгізіп, терезе көлемін, мәтін қарпі мен оның өлшемін, т.б. анықтап, нәтижесін экранда көрсетеді.

HTML файлдары - *. HTML деген типі бар кәдімгі мәтіндік файлдар. HTML құжатының кез келгені <html> <head><title>тақырыбы</title></head><body>құжат тұлғасы</body> </html>

28

Page 29: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

түрінде жазылады.HTML тілінде сурет орналастыру<Img> тәгі құжат ішіне сурет қою мүмкіндігін береді. Сурет осы тәг жазылған

орында пайда болады. Броузерге сурет немесе графиканы үш форматта, Gif, Jpg, Png арқылы бердім. Мысалы,

<img src="BookClosed.jpg" align="middle" valign="top" >

- BookClosed атты jpg форматындағы сурет.Фондық сурет – шағын төртбұрышқа орналасқан суреті бар графикалық файл.

Броузерге фон ретінде тағайындалғанда, сурет көбейіп терезе аумағын толық алып тұрады. Фон ретінде пайдаланылатын сурет <Body> тәгінде көрсетіледі.

Әдетте, фонның түсі стандартқа сай болғаны дұрыс. Мысалы, броузердегі қаріптердің және суреттердің көк түсте бейнеленуі қолданушы үшін тыныштық күйді білдіреді.

HTML тілінде кесте орналастыру Кесте тікбағыттағы бағаналар мен көлденең орналасқан жолдардан тұратын торлар

жиыны түрінде қарастырылады. Бағана мен жол қиылысындағы төртбұрыш ұя деп аталады. Бір ұяда мәтін, сурет немесе басқа бір шағын кесте орналаса алады. Кесте біртіндеп жолдар тізбегі бойынша толтырылады. Әрбір ұяға мәлімет енгізіледі.

HTML – құжат ішіне кесте салу үшін <Table>...</Table> тәгтері қолданылады. Кесте салуда қолданылатын кейбір тәгтердің мағынасы:

<Caption> кесте тақырыбы, <tr> кесте жолы, <td> кесте бағаны, <th> бағана тақырыбы.Мысалы, Source бумасындағы Тор.jpg суретінің кестеде орналасуы HTML тілінде

мына түрде болады,<table cellpadding="0" cellspacing="0" tableborder="0" border="0" align="center" > <tr> <td colspan="5"><img src="Source/Top.jpg" ></td> </tr> </table>ал броузердегі нәтижесі келесі түрде болады

Электрондық оқытушы бағдарламасының құрылымыЭлектрондық оқытушы бағдарламасының негізгі беті «Аннотация», «Баспагер»,

«Автор», «Мазмұн» бөлімдерінен тұрады.

Бұл бөлімдерге сілтемелер кесте ұяшықтарында жасалынды:<table cellpadding="0" cellspacing="0" tableborder="0" border="0" align="lefth" ><td align="lefth"><img border=0 src="gl_list_l.jpg"></td><td><a href="Obloshka/ annotk .html" target="Menu"><img border=0 src="gl_list2.jpg" ID="S_teor" style="cursor:hand"

onmouseover="Change(1)" onmouseout="Change(13)" onmousedown="Change(12)" onmouseup="Change(1)"></a></td>

HTML тілінің ең негізгі қасиеті ретінде оның басқа құжаттарға осы сілтемені жасау мүмкіндігін айтуға болады. Сілтемелер екі бөліктің болуын талап етеді, белгі және сілтеме. Белгі сілтеме бойынша ауысып баратын осы құжат ішіндегі бір нүктені айтады. Сілтеме белгі атын пайдаланады. Броузердің алдын ала тағайындалатын параметрлеріне сәйкес сілтемелер басқа түспен ерекшеленіп тұрады немесе оның асты сызылып тұрады.

29

Page 30: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Сілтеме сөздің түсін өзгерту үшін Link, Vlink қолданылады. Мысалы,

<LINK href="New.css" type="text/css" rel="stylesheet">

Аннотация бөлімінде бағдарламаға қысқаша шолу айтылған. Баспагер бөлімінде мектебіміздің мекен-жайы туралы айтылады. «Мазмұн» бөлімінде қолдану теориялық бөлімді, сұрақтар мен тапсырмаларды қолдану арқылы толық курсты меңгере алатын болады. «Теория» кіріспеден, тараулардан, тақырыпшаларға арналған сұрақтар мен тапсырмалардан, қосымшадан және қолданылатын әдебиеттерден тұрады.

«Тапсырмалар» бөліміндегі математикадан, географиядан және қазақ тілі пәндерінен пән мұғалімдері құрастырған тапсырмалар пәнаралық байланысты жандандыра түседі. «Тапсырмалар» менюінің сыртқы бейнесі келесі түрде болады

Әрбір тарихи есептің нәтижесін жауабымен салыстыруға болады. Бағдарламадағы бейнефильмдерКөру арқылы қабылданған ақпараттың адамның есінде ұзақ сақталатындығы туралы

психологиялық тұжырымдарға негіздеп фильмдер жасадым. Осы фильмдерде Н.Нұрмақовтың ұрпақтары мен туысқандарының пікірлері табиғи түрде таспаға түсіріліп, өңделді.

HTML тілінде фильмдердің енгізілуі:<html> <body style="margin-left:0;margin-top:0;"> <center> <embed src="1.avi" width=400 height=340></embed> </center> </body></html> ал броузердегі нәтижесі келесі түрде болады:

Нығмет Нұрмақовқа арналған сайт Зиялы қауымдардың мемлекеттегі және қоғамдағы алатын орны, олардың қызметі

жайында тарихи мағлұматтар беру мақсатында, аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері – Н.Нұрмақовқа арналған http://nurmakova.narod.ru сайтын құрастырдым. Қонақ кітабы - оқушы мен оқытушы арасындағы байланысатын орын болады.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің ғылыми-практикалық және оқу -әдістемелік кешенінің отырысында зертханалық жұмыс өткізілді. Сайтты жасақтау барысы, қолданылу аясын кеңейту жайында өз ойымды ортаға салдым:

Ақпараттандыру жайында айтар болсам Компьютерлендірілген ғасырға бет бұруымызға, есептеу техникасының өте

жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгеруде электрондық оқытушы бағдарламалары мен интернет желісін қолдануымыз аса маңызды;

Қазіргі уақытта оқыту барысында арнайы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға ерекше көңіл бөлінуде. Сондықтан, ақпараттандыру ісі еліміздің білім беру жүйесінің даму жолына өз ықпалын тигізер болса, электрондық бағдарламалар мен зиялы қауымдарымыз жайлы сайт беттерін нығайта түскеніміз абзал дегім келеді.

Ғылыми жұмысымда келесі мақсаттарға жеттім: Дыбыстық, бейнелік мәліметтерді өңдеуден өткізіп, электрондық оқытушы

бағдарламасына енгіздім;

30

Page 31: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Бүгінгі күні Нығметтану пәнінде осы бағдарлама өз қолданысын табуда; Қашықтықтан оқуға байланысты Н.Нұрмақовқа арналған сайт аштық.Мен, аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері – Нығмет Нұрмақовқа арналған

электрондық оқытушы бағдарламасы мен сайт бетін ашуда, білім беру жүйесінің дамуына аз да болса өз үлесімді қостым.

Пайдаланылған әдебиеттер:1. Қ.Р.Қаппасова. Оқу құралы. Нығмет Нұрмақов – аса ірі мемлекет және қоғам

қайраткері. Қарағанды, 2005. 2. Бүкілдүниежүзілік өрмек. Әдістемелік құрал. А.2004, 20-22б.3. Информационная технология. Электронное издание. СТ РК. А.20044. Электронный учебник по основам HTML. Караганды.5. Ж.А.Қараев. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях

применения компьютерной технологии. А.,1994, 46-б.6. Информационные технологии в образовании. http :// www . ict . edu . ru 7. http :// www . narod . ru сайты.

31

Page 32: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

«Биология» секциясы

ДӘРІЛІК ТЫРНАҚГҮЛ (КАЛЕНДУЛА) ӨСІМДІГІ

Үркенина Гүлжан10 сынып оқушысы

Облыстық «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми жоба жарысының II дәрежелі диплом иегері

Жетекшісі: Бижанова Эльмира Мұхтарханқызы

Орталық Қазақстан жағдайында дәрілік Календула (қазақша атауы- тырнақгүл) өсімдігі жабайы түрде кездеспейді. Сондықтан бұл өсімдікті мәдени түрге айналдырып өсіру қазіргі кезде өзекті жұмыстардың қатарына жатады. өйткені бұл өсімдіктің дәрілік маңызы ерекше, яғни әртүрлі тері, асқазан ауруларына кеңінен пайдаланылады.

Осы тақырыпты зерттеу барысында алға қойған мақсатым: дәрілік Календула (тырнақгүл) өсімдігін Орталық Қазақстан жағдайында мәдени түрге айналдырып өсіру.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:1. Лабораториялық жағдайда тұқым сапасының өнімділігі мен өну қарқындылығын

анықтау.2. Тұқым мен өскіннің биоморфологиялық ерекшелігін зерттеу, далалық жағдайда

тұқымның өнімділігі мен өну қарқындылығын анықтау.3. Далалық жағдайда тұқымның өнуі мен өну қарқындылығын анықтау.4. Далада өсірілген дәрілік Календула (тырнақгүл) өсімдігінің өсуі мен дамуын

зерттеу.Дәрілік Календула (тырнақгүл) лабораториялық жағдайда өсірілген тұқымдарын

далалық жағдайда (ашық топырақта) да жоғары өнімділік көрсетеді деп болжаймыз.Алға қойған міндеттерді шешу үшін мына әдістер қолданылды: Дәрілік Календула (тырнақгүл) өсімдігін лабораториялық жағдайда тұқымның сапасын, өнімділігі мен өну қарқындылығын анықтау Фирсова М.К әдісі бойынша жүзеге асырылды.

Жұмыстың жаңалылығы: дәрілік Календула (тырнақгүл) өсімдігін далалық жағдайда зерттеу барысында гүлінде шықтың болуы.

Дәрілік өсімдіктердің шикізатын әр түрлі препараттар алынуына байланысты олар медицина саласында аса маңызды рол атқарады. Осыған байланысты қазіргі таңда дәрілік өсімдіктерге сұраныс күннен –күнге арта түсуде. сондықтан дәрілік өсімдік әлі де болса жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Осындай өсімдік қатарына зерттеуге алып отырған өсімдік Күрделігүлділер тұқымдасының өкілі, бағалы дәрілік өсімдік Календула (тырнақгүл) (Соmpositae) тұқымдасының өкілі Календула (Тырнақгүл) өсімдігі басқаша атауы (Ноготки) қазақша атауы Қырмызы гүл. Әсемдік өсімдіктер қалаға эстетикалық жер қалдырып қоймай сонымен қатар ауаны тазартады, тазалық сақтауға көмектеседі, айналаны көгалдандыруға да әсері бар. Ал дәрілік өсімдік болса оның да көп пайдасы бар, яғни тек қана көгалдандырып қана қоймай жапырағының, гүлінің де емі бар. Дәрілік өсімдіктің егілуін және күтіп баптау керегін білсе, күздің күні жапырағын гүлін жинап кептіріп, емге қолданылуын білсе бірден- бір таптырмайтын олжа. Себебі қазіргі заманда адам өзіне қажетті жағдайдың бәрін білуге тиіс, сондықтан дәрілік өсімдіктің тек қана қолданылуын білсе оны қайнатып емге пайдалана беруге болады. Әрине дәрілік өсімдіктің барлығын қалай болса солай қолдануға болмайды, оның құрамындағы элемент немесе әртүрлі

32

Page 33: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

заттардың болуына байланысты. Дәрілік өсімдіктің қай ауруға ем екенін білсе және құрамындағы элемент заттарын білсе қолдануға болады.

Дәрілік Календула (тырнақгүл) өсімдігінің дәрілікке гүлі алынады. Әдебиетте көрсетілгендей емді қолдану барысы тамақтан кейін 1 күнде 3 реттен емделу 3-6 апта, 10 күн демалыс. Осы емді қолдану арқылы көптеген ауруларды емдейді. Бактерия; стафилококкалар мен стрептакоккаларға қарсы тұра алады. Кептірілген гүлінен компресс әзірлеуге де болады. Европа елдерінде алғаш рак ауруларына да пайдаланған.

Өскіннің даму - өсу динамикасының 6 фазасын зерттеу.Тұқымның биологиясы, яғни тұқымның өскіннің морфологиялық ерекшеліктері

зерттелді. Өскіннің (тұқым жарнағы пайда болған күннен бастап) даму - өсу динамикасын зерттеу барысында негізінен 6 фазаға көңіл аударылды:

1. Тұқымның ісінуі;2. Тұқымда ең алғашқы тамырдың қылтиып пайда болуы;3. Тұқым асты қылтасы -гипокотильдің пайда болуы.4. Тұқым жарнағының қабықтан шығуы қабықтан шығуы;5. Тұқым жарнағының бір –бірінен ажырап ашылуы;6. Алғашқы нағыз жапырақтың пайда болуы.Осы даму фазаларына салыстырмалы түрде сипаттама берілді (суретте

көрсетілгендей). Тұқымның ісінуінен бастап, алғашқы нағыз жапырақтың пайда болуына дейін күнделікті бақылау (өлшеу-мм. сызғыш) жүргізіліп отырды.

Арнай жәшікте себілген тұқымның өнімділігін, өну қарқындылығын анықтау.Дәрілік Календула (тырнақгүл) өсімдігінің 100 дана тұқымы арнайы топырақ

салынған жәшікке себілді. топырақтың құрамында жапырақ пен аралас қарашірік бар. Тұқымды қатармен тереңдігі 0,3 мм етіп салдым. Тұқымын топыраққа салған күннен бастап зерттеу жүргізу басталды. Тұқымды жәшікке салған соң сепкішпен су себіліп отырды. Зерттеу барысының басында топыраққа тұқым 2 түрлі жағдайда себілді. 1-сі марганцовканың дайындалған әлсіз ерітіндісіне салып жуылған 50 тұқым, ал 2-сі 100 дана құрғақ күйінде топыраққа себілді. Зерттеу барысында тұқымды топыраққа салған күннен бастап, бақылау жүргізу барысында ең алдымен 1-ші марганцовканың әлсіз ерітіндісіне жуылған тұқым өніп шықты.

Зерттеу барысында 3 күннен кейін топырақ бетіне майысып тұқым асты қылтасы –гипокотиль пайда болды, 4 күннен соң құрғақтай себілген тұқымның өнуі байқалды. Алғашқыда көрсетілгендей Петри тостағаншасының үстіне қойылған тұқымнан да көруге болады, онда тұқымның өнуін біз ауада көріп отырғанымыздай өну қарқындылығынан бастап тұқым жарнағының бір- бірінен ажырап ашылуына дейін болды, бақылау жүргізілді.

Далалы жағдайда Календула өсімдігін зерттеп бақылау жүргізу.Арнайы жәшіктегі топыраққа салынған, яғни себілген ашық көшеттерді ашық

далаға отырғызылды. Зерттеу барысы далалы аймаққа көшеттерді отырғызу мерзімінен басталды. ол кезде оның биіктігі, жапырағының көлемі, гүлі және гүлдену мерзімі анықталды. Далалық зерттеу жұмысын мектеп маңында және үй маңындағы бау-бақшада өсіріліп бақылау жүргізілді. Мәдени жағдайдағы Дәрілік Календула (тырнақгүл) өсімдігінің фенологиялық фазаларының басталуы, жаппай жүруі, аяқталуы және даму фазаларының ұзақтығы бақыланды.

Зерттеу барысында өсімдіктің көшеттегі сияқты әр түптің енін сабағы, жапырақтың ұзындығы мен ені өлшеніп отырды, одан кейін гүлі өлшеніп гүліне зерттеу жүргізіліп күнделікке жазылып отырды.

33

Page 34: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

«Информатика» секциясы

«МЕКТЕП САЙТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ»

Тілегенова Баян, Машенов Айбат, 10 сынып оқушылары ҚР Кіші ғылым Академиясының 38 – облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы байқауында «Мадақтау қағазымен» марапатталды

Жетекшісі: Ибраева Жұлдыз Багенқызы

Осы тақырыпты зерттеу барысында алға қойған мақсатымыз: Интернет желісінен мектептің сайтын ашу және сайтта мектептің оқу барысындағы

қолданысын көрсету. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына

ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамның бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл бізді оқытатын - мектепке жүктеледі.

Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған компьютерлендірілген әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Осы мәселеге сәйкес мектебіміздің кешегі тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігімен хабардар ету, сайт арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында байланыс орнату мақсатында «Веб-дизайн» пәнінде мектептің сайтын http://mektepint.narod.ru құрастырдық.

Құрастырылған сайтта мектептің тарихы, түлектері, жетістігі, рейтингісі, жаңалықтары, мектепте өтетін оқушылардың білім жарыстары енгізілген.

Бұл сайтты қолданушы мектебіміздің 70 жылдан астам уақыттағы тарихымен танысып, ерекше лауазымға ие болған, үздік бітірген түлектерді анықтай алатын болады.

Әрбір оқушы мектеп рейтингісі бойынша өзінің білім деңгейі мен жетістігін анықтайды. Оқушының интеллектуалдығын арттыратын, жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін политехникалық, гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша құрастырылған инттелектуалдық ойындар арқылы білімдерін тексеріп, жетілдіреді.

Мектептің оқу барысындағы өзгерістер мен жаңалықтары сайттың басты бетінде көрсетіліп, өзгертерге еніп отырады.

Ақпараттық технологияның қарқынды дамуыАқпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау,

сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым .

34

Page 35: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Ақпараттық мәдениет дегенiмiз – адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi.

Ақпараттық технология уақытпен жарысып, қарқынды дамуымен қатар, адамзат үшін күнделікті қажеттілікке де айналып отыр.

1997 жылы 22 қыркүйекте Президенттің №3645 өкімімен Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы қабылданып, оқушылардың ақпараттық технологияны терең меңгеруіне жол ашылған еді.

Бүгінгі күні мемлекетіміздің алдында тұрған үлкен мақсат – дүниедегі ең үздік мемлекеттердің қатарына кіру, бұл біздің қоғамды жаңа технологияларды игеруге мәжбүрлейді. Оның дамуына мұрындық болатын -біздер. Біз үшін үздік технологиямен жай ғана танысу былай тұрсын, міндетті түрде білу уақыт талабы. Қоғамның даму логикасын ойласақ, Қазақстан үшін ақпараттық телекоммуникацияны игерудің маңызы зор. Яғни ақпараттық коммуникациялық жаңа технологиялар қызметін жетік меңгеру білім ошақтарындағы біздің күн тәртібіндегі бағдаршамымыз.

Елімізде 2007 – 2009 жылдарға арнап әзірленген ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 12 млрд. теңге бөлу қарастырылған екен. Ақпараттандыру және байланыс агенттігі әзірлеген осы бағдарламаның негізгі бағыты тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын 20 пайызға, түрлі қызметтер мен Интернетті пайдаланушылар деңгейін 20 пайызға жеткізу. Атап айтсақ, келер жылы бюджеттік сала қызметкерлері мен жұмыссыз тұрғындарды оқыту үшін 300 курс құрылады. Әскери қызметшілерді оқыту ниетінде 68, балалар үйлерінде 69 класс ұйымдастырылады. Осылайша еліміз тұрғындарының 15,7 пайызын оқыту көзделген.

Ақпараттық технологиянының негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.

Web-сайт - дүниенің кішкетай моделіБұрынғы кезде Web-сайтты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-

сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.

Не себептен мектеп курсына Интеренет технологияны оқыту керек болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр.

Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет-технологиялары төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:

Web-технологиялар; Сайт жасау экономикасы; Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі; Адам ресурстары және т.б.Web-сайт жасақтау жұмысы бірнеше кезеңнен тұрады: Жоспарлау; Элементтерді жасақтау; Бағдарламалау; Тестілеу; Жариялау; Жарнамалау; Бақылау. Мектеп сайтының құрылысы

35

Page 36: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған компьютерлендірілген әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Осы мәселеге сәйкес мектебіміздің кешегі тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігімен хабардар ету, сайт арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында байланысты орнату мақсатында мектептің сайтын құрастырдық

Құрастырылған сайтта мектептің тарихы, түлектері, жетістігі, рейтингісі, жаңалықтары, мектепте өтетін оқушылардың білім жарыстары енгізілген.

Бұл сайтты қолданушы мектебіміздің 70 жылдан астам уақыттағы тарихымен таныс болады, ерекше лауазымға ие болған, үздік бітірген түлектерді анықтай алады.

Әрбір оқушы мектеп рейтингісі бойынша өзінің білім деңгейі мен жетістігін анықтайды. Мектептің қоғамына интернет желісі арқылы байланысатын сайт құрастырылып, сайт бетінде оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін қазақ тілінде инттелектуалдық ойындар енгізілді. Оқушы политехникалық, гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндерге арналған бұл интеллектуалдық ойындары бойынша білімін тексеріп, жетілдіреді.

Мектептің оқу барысындағы өзгерістері мен жаңалықтары сайттың басты бетінде өзгеріске еніп отырады.

Мектеп сайтының қолданылу барысыБүгінгі күні сайт өз қолданыс аясын кеңейтуде.Мектепте болатын политехникалық, гуманитарлық және жаратылыстану бағытының

онкүндіктерінде оқушылар арасында интеллектуалдық ойындар сайтқа енгізілді:«Мииллион кімге бұйырады?» ойынының барысы:Бірінші айналым «Қас қағым сәт» деп аталды. Олай аталу себебі, бұл айналымда,

дұрыс жауап беруден бұрын тетікті басуда жылдамдық танытады. Ойынның 2-ші айналымы «Бақытты сәт». Ойынның ережесі бойынша ойын 5 сұрақтан тұрды, 1 сұрақ – 100 ұпай2 сұрақ – 1000 ұпай3 сұрақ – 10000 ұпай 4 сұрақ – 100000 ұпай5 сұрақ – 1000000 ұпай2 жеңілдік пайдаланылды: 50:50 және досына телефон шалу.Ойынды кез келген уақытта тоқтатып, ұтысты алу мүмкіндігі болды. «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынының барысы:Ойын 4 айналымнан тұрады. 1 “Бәйге” айналымында, дұрыс жауап беруден бұрын тетікті басуда жылдамдық

танытады және бір сұрақ 5 ұпайдан бағаланады. 2 «Өнер алды қызыл тіл» айналымында берілген сұрақтың жауабын үш тілде, яғни

қазақша, орысша, ағылшынша жауап береді. Бұл айналымда да, дұрыс жауап беруден бұрын тетікті басуда жылдамдық танытады және бір сұрақ 15 ұпайдан бағаланады.

3 «Дода» айналымында 12 ұяшықта мысалы, математика, физика, информатика ғылымдарына байланысты сұрақтар беріледі. Ұяшықтардың кез келгеніндегі сұрақтарға жауап беріп, сәйкес 20, 30, 40, 50 ұпайларына ие болады.

4 «Жорға» айналымында әрбір ойыншы 1 минутта 10 сұраққа жауап беруі тиіс. Сұраққа жауап бергеніне байланысты ұпай жинай алады.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің ғылыми-практикалық және оқу-әдістемелік кешенінің отырысында сайт туралы баяндалды: «Менің мектебімнің» сайты. Тілегенова Баян., «Менің әуестігім - интеллектуалдық ойындар». Машенов Айбат.

36

Page 37: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Өздігінен білім алудыдағы компьютерлiк желiлердің iшiнде жаппай қолданылатыны Интернет желісі болып табылады.

Әрбір адам ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, адамдардың санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Олай болса, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашағымызға жұмсауымыз керек.

Біздің алға қояр мақсатымыз: Құрастырылған сайтты мектепішілік іс-шараларда ғана емес, сонымен қатар

болашақта қолданыс аясын әлемдік дәрежеде кеңіте түсу; Сайтқа қолданушының жан-жақты дамуына арналған интеллектуалдылық

ойынның сұрақтар қорын кеңейту; Білім жарыстарын ұйымдастыру.Біз мектебіміздің қоғамының арасында интернет желісін қолдану аясын кеңейту

барысында аз да болса өз үлесімізді қостық.

Қолданылған әдебиеттер:1. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».2. http://www.narod.ru сайты3. Бүкілдүниежүзілік өрмек. Әдістемелік құрал. А.2004.4. Информационная технология. Электронное издание. СТ РК. А.20045. Информационные технологии в образовании //http://www.ict.edu.ru/.

37

Page 38: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

«Тіл білімі» секциясы

ПРИНЦИП ВЕЖЛИВОСТИ В РЕЧЕВОМ ОБЩЕНИИЖұманова Алтынай10 сынып оқушысы

Жетекшісі: Нұрдильдина Клара Хамитқызы

Этикет – слово французского происхождения, им обозначают свод правил, который определяет формы поведения людей; правила учтивости и обхождения, приняты в каком – либо обществе.

Этикет – своего рода соглашение между людьми о том, что принято и что не принято в обществе, что является правильным и неправильным, он рассматривает главным образом поведения людей в повседневной жизни. Этикет дает возможность каждому человеку раскрыть уровень своей воспитанности, степень овладения определенными нормами и правилами поведения, а также отношения человека к существующим нормам, а следовательно, к этике и раскрывает саму личность.

Этикет – это один из важных элементов личностной культуры.Основные принципы этикета – вежливость и тактичность.Соблюдения, как норм речевого этикета, так и этикета вообще, на наш взгляд, тесно

связано с общей культурой человека, степенью его самоуважения к окружающим. Речевой этикет делится на несколько видов:

1)Обращение, привлечение внимания2)Знакомство 3)Приветствие4)Прощание 5)Поздравление 6)Пожелание Речевой этикет проявляется в речи, в тексте общения на всем его протяжении, но

особенно важен при установлении контакта с собеседником, поддержавшим этого контакта.

Обращение, привлечение вниманияЧаше всего для привлечения внимания используется следующие формы:Простите! Excuse me, ...Извините! Pardon me, ...

Hi!Способом привлечения внимания может быть вежливый вопрос: Скажите,

пожалуйста...? Could you tell me ..., please? Өтінем, айтыңызшы.Согласно сложившейся традиции Sir употребляется при обращении к мужчине,

старшему по возрасту, званию, должности или социальному положению. Так обращаются школьники к учителю, солдаты к офицерам, продавцы к покупателям, горничные, официантки.

Эта же традиция действует и в отношении Madam, которая является подчеркнуто уважительной формой обращения к женщине старшего возраста, более высокого служебного или социального положения.

Miss – возможная форма обращения к девушке, молодой женщине. Обращения пожилых людей к незнакомым молодым людям. Дочка! Dear! Derie! Luv (love)! Қызым! Сынок! Son! Sonny! Boy! Балам!Простые обращения: Браток! Brother! Buddy!Mate! Аға! Ағатай!Сестричка! Сестренка! Sister! Әпке! Әпкетай!

38

Page 39: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Знакомство Следует заметить, что правила хорошего тона не предусмотривают знакомства без

посредника. Но если уж так случилось, что рядом не оказалось никого, кто мог бы вас представить, то можно прибегнуть к одной из предложенных формул, стилистически нейтральным:

Я хочу с вами познакомиться. Hello, my name is Сәлем, менің атым Mrs John. Джон.

Знакомство может начинатся вопросом к собеседнику: Как тебя зовут? What is your name? Сіздің атыңыз қалай?Как твоя фамилия? What is your surname? Сіздің аты-жөніңіПри знакомстве через посредника соблюдается принцип подчеркнутого уважения,

который требует, чтобы мужчину представляли женщине, молодую женщину – женщине старшего возраста, молодого мужчину – мужчине старшего возраста, сотрудника – руководителю

Приветствие Обращение к официальному лицу, предваряемое приветствием:Здраствуйте. Вы секретарь Good Morning. (You are the sec-директора? Моя фамилия retary.)My name is Bayanov Баянов. Мне назначена встреча I have an appointment for 11a.m.на 11 часов.

Следующие фразы в английском речевом этикете ограничены временем употребление. В случае, когда встреча происходит днем – от полудня до захода солнца – формула Good aftenoon!окажется наиболее подходящей, а если с утра до полудня, то говорится Good morning:

Здравствуйте! Good morning! Good aftenoon! How do you do?

Поздравление В отношений поводов для поздравлений, английская традиция имеет значительные

отличия, что и следует иметь в виду. Английский речевой этикет предусмотривает поздравления, в строгом смысле этого

слова, по случаю бракосочетания, дня рождения, победы в спортивных соревнованиях и другие сугубо семейным или личным поводом.

Поздравляю вас, тебя с… May I offer (you) my congratulations Поздравляю с Новым годом! Happy New Year! С праздником! Congratulations!

С хорошой погодой! Fine weather is here at last!И русский, и английский а также казахский этикет предусматривают поздравление

друг друга с семейными праздниками:Поздравляю с днем рождения! Happy birthday! Туған күніңізбен!С годовщиной свадьбы! It’s your wedding annversary.

Прощание Наиболее употребительными , нейтральными в стилистической отношении являются

выражения:

До свидания. Good byeДо встречи! See you soon Till we meet againДо скорой встречи! See you seen

39

Page 40: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

До встречи (в театре). See you at the theatre Прощаясь обычно гость, как это свойственно англичанам, старается по возможности

смягчить категоричность формулы Good bye путем соответствующего интонационного оформления, выражениями благодарности , сожаления о том, что нужно уходить

Пожелания Общие пожелания реализуются в выражениях: (Я) желаю (вам, тебе)... I wish you...Желаю вам больших успехов! I wish you every success! Желаю тебе сдать экзамен! I wish you (every) success in pas -

sing your examination! Пожелания, связанные с праздничной датой: В день рождения желаю …! For your birthday I wish you...!

My birthday wish for you is..! В день 25-летия желаю…! On your 25th birthday I wish

you...!

В речевом этикете наиболее типичными оборотами, выражающими поздравления,являются:

В таблице различия речивого этикета между казахским и английским языкомEnglish spoken etiquette Қазақ тіліндегі сөйлеу этикеті

1) В английском языке, в отличие от

русского и казахского языка, нет формального разграничения между формами ты и вы. Весь спектр значений этих форм заключен в местоимении you.

Excuse me, could you tell me the time, please?

1) Сіз және сенҚазақ тілінде, мысалы, сіз деген

есімдік жасы үлкен адамға және жасы кіші болса да, бөгде адамға, ресми адамға қарата айтылады. Жасы үлкен адамның жасы кіші адамға сіз деп айтуы, біріншіден, сөйлеушілер бейтаныс болғанда, көбіне ресми жағдайда қолданылады.

Қазақ дәстүрінде бала ата-анасына сіз деп сөйлейді.

2) В английском языке, в отличие от

русского и казахского языка, нет формального разграничения между формами ты и вы. Весь спектр значений этих форм заключен в местоимении you.

Excuse me, could you tell me the time, please?

2) Көңіл бөлуҚазақ тілінде адамның көңілін бөлу

үшін көбінесе қаратпа сөздер қолданады:1. “Қарағым “, “айналайын”,

“жаным”, “күнім”,“қызым”. 2. халқымызда тағы бір сондай құрмет нышаны ретінде ер аттарының басқа буындарын қысқартып алып, оған – еке, (ақа) сөзін қосады; Әлеке, Жұмеке, Мәке, Есеке.

3. “Әй”, “ау” сөздерін қосып айту: “Әй, пәленше!”, “Әй түгенше!”; “Болаттың көкесі-ау!”, “Асқардың әкесі-ау!”

4. Кей ерлі – зайыпты жас жұбайлар бірін-бірі “шал”, “кемпір” деп отырады.”Кемпірің қайда”?

40

Page 41: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

3) Обращение, привлечение внимания

Чаше всего для привлечения внимания используется следующие формы:

Excuse me, ...Hi!I say! Say...Согласно сложившейся традиции Sir

употребляется при обращении к мужчине, старшему по возрасту, званию, должности или социальному положению. Так обращаются школьники к учителю, солдаты к офицерам, продавцы к покупателям, горничные, официантки.

Эта же традиция действует и в отношении Madam, которая является подчеркнуто уважительной формой обращения к женщине старшего возраста, более высокого служебного или социального положения.

Miss – возможная форма обращения к девушке, молодой женщине.

3)Пожелание Общие пожелания реализуются в

выражениях: I wish you... I wish you every success!Keep well! Stay healthy I wish you joy!I wish you happiness. I want you be

happy.4)Приветствиев английском языке есть

определенные слова, которые употребляются в определенное время: с 8 до12 good morning; с 12 до 17 good afternoon; с 17 до 20 good evening; с 20 good night

3)Қазақ тілінде тілек білдіру кезінде

жай тілектермен қоса діни тілектер айтылады:

Тәңір жарылқасын! Алла жар болсын! Құдайдың көзі түзу болсын! Тіл-көзден сақтасын!

4) Амандасу Қазақ тілінде сәлемдесудің сан алуан

түрлері бар: Сәлеметсіз бе?... Аман-есенсіз бе?, Армысыз! Сәлем бердік! Ассалаумағалайкум! Кеш жарық, !

Существуют принципы, регулирующие речевое взаимодействие собеседников и имеющие эстетический, социальный или моральный характер. Соблюдение принципов такта при общении составляет важную лингвистическую и социальную характеристику речевого поведения англичан.

41

Page 42: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

«Әдебиет» секциясы

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ҚАРА СӨЗІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР

Құмырзақ Алтынбек10 сынып оқушысы

Жетекшісі: Әкімбекова Гүлзира Зейноллақызы

Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқпақпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан

өзіне бейтаныс, басқа бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.

Абай өлеңді өте ерте, он екі жасынан бастап шығарған. Оның бұл кезенде шығарғандарының көпшілігі бізге жеткен жоқ.

Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулерінің және бір қатары ұмтылған, болмаса жоғалып кеткен шығарманың аттары ғана сақталған.

Абайдың қара сөздеріне келсек, жалпы саны қырық алты. Абайдың осы барлық қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінше бір бөлек, бір алуаны боп саналады. Мазмұны, стиль жағынан алғанда осы шығармалар- Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінесе адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Қара сөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдармен қайтадан айтылады. Бұл жөнінде Абай өзінің көпшіл тыңдаушысымен әңгімелеседі. Және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен әділет, ақтық турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылардай адамдық сипаттың жауы болатын аярлық, жалғаншылық, бойқұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекші - өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арам тамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жоғын алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдармен келтіреді. Абайдың адамгершілік жөніндегі өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындығымен, тәрбиелік ойларымен құнды. Бұл жағы айырықша тартып талдауды қажет етпейтін түсінікті жайлар.

Он бірінші қара сөзінде тағы да жер жүзінде көбейіп бара жатқан ұрлық мәселесі айтылады. Сол ұрлықты кім жасайды, ұрлықшы ма, әлде кейбір Алла тағаладан қорықпайтын бай – шонжарлар ма, әрине ұрлықты осылар жасайтыны анық. Олар өздерінің көмекшілеріне бұйрық беріп, мен саған дәулет берем деп алдауға салып ұрлыққа апарады. Күні ертең әділдік шешілгенде даугер де, ұрлықшы да келеді. Ұрлықшы өзі ұрламағандықтан бай – шонжарларға жүгіреді, бай болса оған «Сені ұрлыққа кім апарды» деп балағаттаған болып өтірік айтады. Ұрлық қалай жойылмақ. Бай – шонжарлар ұрлықты тоқтатса неге ұрлық тоқтамақ. Еліміз бұрын кеңес үкіметінің қол астында болды. Сонда олар ұрлық мәселесіне бел буған жоқ. Сөйтіп ұрлықтан кейбір адамдар байып, көбейіп кетті. Сонда ел қалай түзелмек, жұрт қалай көбеймек. Абай осындай халқына жат мінез ұрлықтан шығу үшін осылай дейді. Ұрлықтарға қарсы, оларды қатты әшкерелеген сыншының ойын танытады. Ал он екінші қара сөзіне келсек, иман туралы айтылған.

42

Page 43: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Халқымыз жақсы жанды иманжүзді адам дейді. Мұсылмандардың түсінігінде иманды адам ғибратсыз болмайды. Ғибрат дегеніміз – мұсылманның өткеретін парыздары. Абай кімде –кім иман келтіріп жақсы қасиеттермен жүрсе, оны хуп алу керек дейді. Абай иман арқылы адамгершілік қасиетті адам өзінің жаратыластарымен қоса бағалап, түсінсін деп ойлайды.

Абай осы он үшінші сөзінде иман мәселесін әрі қарай жалғастырған. Иманға иланудың екі түрін айтты, әуелі – ақыл- білім, парасаттылықпен илану, ондай илану халқымызда тіпті жоқ-ты. Екінші- иман жүзді адаммен еріп жүріп, оның парасаттарын үйрену. Ондай халқымызда барына көз жетіп тұр. Иманды адам өтірік айтса, Құдай тағаланың өшпес күнәсін арқалайды. Иманды болам десең, ақыл- білімді, парасатты болуы керек. Міне осы ойшыл классигіміздің дін жолындағы, иман жолындағы тұжырымы осы.

Абай осы он жетінші сөзінде адамгершілік мәселесін имандылық, адалдық, кішіпейілдік, қайырымдылықты ту етіп ұстап, осы айтылған адамгершілік көрінсін деген оймен ақыл, қайрат, жүрек үшеуін айтыстырады, әрине ол үшеуінен де пайдасы адамға өте зор. Жүрек адамның жанды жері болғандықтан, жүректі жақтады. Адалдық, ізгілік осының бәрі жүректе болады. Ақыл, жаман мен жақсының пайда мен зиянды ажырата аламыз, қайратта адамның күш- жігері бірақ та ақыл мен қайрат пенденің бойында ауысып журеді, ал жүрек барлық пенденің бойында бар. Абай осы он жетінші қара сөзінде адам жан – жақты, ақыл қасиетті болу үшін оның бойындағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бірдей болып тең табыссын деген талап қояды. Осы үш қасиет адамның бойында болса, адам -қасиетті адам.

Абай осы жиырмасыншы сөзінде адамның бір жаман қасиеті жалығу дейді. Ол адам баласы дінге келгеннен бастап адам бойында болады. Адам баласы кинодан да, жұмыстан да, баладан да, қыдырудан да жалығады. Адам кешке дейін жалығып жұмыс істемей жата берсе, оның барар жолы да белгілі, ол жалығып, еріншектікке, жалғаулыққа одан әрі қанағатсыздыққа апарады. Осындай жаман тән қасиетін адам бойынан қалай құрту керек. Бірақ осы жалығу кімнен шығады. Бірін ұстап, көрген, білген, ойлыдан шығады. Адамның қуаты бірдей емес, бірінде жалығады, бірде ерінеді. Ада осыны өз бойында ұстап одан аулақ болу керек. Сондықтан өмірде өз орнын тауып тіршілікті қадірлей білу, оның мән – мағынасын терең тану қажет деп біледі.

Абайдың поэзиялық мұрасымен қоса әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазынасы, қара сөздері бар. Қазақтың жазба әдебиетін анық биік белге өрлетіп шығарған Абай екені даусыз.Қазақта «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген мақал бар. Абай мыңнан, миллионнан озып шыққан тұлапр. Абайлар жүз жылда, мың жылда бір – ақ рет туады. Абай – таудай тұлға. Абай – сахарадай шежіре. Абай – сегіз қырлы, бір сырлы суреткер. Шебер қол, сезімтал жүрек, милы парасат таңдайтын түйіндер – сансыз ұрпақтың үлесі. ХІХ ғасырдағы озық орыс әдебиетінен толвқ меңгерген, өзі де сол озық әдебиет тұрғысынан қалам сілтеген Абай әлем туралы, адамзат туралы, заман сыры туралы тоқсан толғанған ұлы ой иесі. Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас асыл қазынасы. Ол адам тіршілігінің сан саласын қамтып, бүгінгі мен болашақты ұштастырған өміршеңдігімен, әмбебеп әрқилылығымен қымбат. Халық тарихы дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де, Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ар – ұжданы болып қала бермек Абай ақындығының тарихымызбен бірге жасайтын ұлы тағылымы да осында!

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -

деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де халқының жадында бірге мәңгі жасай берері атар таңдай ақиқат қой.Пайдаланылған әдебиеттер:1.Абай Құнанбайұлы кара сөздері, Алматы, 2005 ж.2. Абай энцикоопедиясы, Алматы, 1993 ж.

43

Page 44: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖҮРЕК СӨЗІНЕ ҚАТЫСТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ

Боқанов Данияр8-сынып оқушысы

Жетекшісі: Исина Бақытжан Қапанқызы

Аса көрнекті ақын-жазушылар шығармаларының тілі екі тұрғыдан зерттеледі. Бірі – қаламгердің қолданған тілінің даму барысында оның алған орны мен сіңірген еңбегін анықтау, екіншісі – оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де тілдік ерекшеліктерін талдау. Абай тілін де осы екі тұрғыдан қарастыру керек, өйткені ол - әдеби тілде дайын тұрған қалып- нормаларды дұрыс, көркем пайдалана білген қатардағы қаламгер емес, сол тілдің даму тарихындағы жаңа кезеңді бастаушы, сапалық жаңа түрінің іргетасын қалаушы суреткер. «Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыны сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олардың сөзінен үздік, артық», - деп А.Байтұрсынов айтып кеткендей, Абай шығармаларын талдай отырып, ішкі мәніне түсіну , түйсіну ісі еш толастамақ емес.Осыған орай, жұмысымыздың мақсаты - Абай шығармаларында адамшылық қасиеттердің жинақ образы ретінде көрініс тапқан жүрек сөзіне қатысты тіркестердің лингвистикалық табиғатын және философиялық мәнін таныту, «толық адам» болуға тәрбиелеудегі маңыздылығын ашу.

Осы негізде, біріншіден, жүрек сөзіне қатысты тіркестердің ұғым туғызып, ақынның түбегейлі ұстанымын берудегі мәнін ашу, екіншіден, Абай қолданысындағы жүрек сөзіне қатысты ойлы фразалардың берілуіне әдеби,тілдік талдаулар жасау және алдағы уақытта осы мәселеге қатысты дәстүрлі қолданыстармен салыстырмалы түрде талдаулар жасау көзделіп отыр.

Тілдік талдаудың негізгі обьектісі – шығарманың сөздік құрамы. Сөз белгілі бір затты не құбылысты атап қана қоймайды, сонымен бірге, тіліміздегі басқа сөздермен байланысқа түсіп, ерекше образ жасап та жатады. Кез-келген қаламгер өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы шындықты оқырманына жеткізу үшін бейнелі сөз орамдарын сомдап, белгілі бір жанрды, тәсілді қолданып, жалпыхалықтық тілден өзінің ой-жүйесіне сай сөздерді таңдап алып және оларды тиімді, жүйелі түрде жұмсайтыны сөзсіз. Демек, суреткер өз ойын, көзқарасын басқаға дәл, нақты, әсерлі, бейнелі жеткізуде тілдің эксперссивті құралдарын өз қажетіне уәжді қолдануға тырысады. Мұндайда тілдің синонимия, антонимия, омонимия, полисемия, фразеология сияқты экспрессивті-эмоционалды потенциялы мол құралдары сезімге, санаға әсер етіп және олардың стильдік қызметі ерекше ескеріледі.

Ақында жүрек зат есімі жеке тұрып та, тіркесіп келіп те қызмет етеді. Жүрек сөзі - өзінің тура мағынада, ауыспалы мағынасында да жиі ұшырасады. Жүрек сөзінің семантикасы, тұлғасы, қолданылу мүмкіндігі мәтін ішінде келгенде айқынырақ.. Жүрек сөзінің (біздің қарастыруымыз бойынша) 70-ке жуық қолданылуы ақынның негізгі ұстанымын жеткізуде актив сөз екенін дәлелдейді.

Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды, Жүрек тербеп оятар, баста миды. Бұл дүниенің ләззаты -бәрі сонда, Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.

Дененің барша қуаты, Өнерге салар бар күшті. Жүректің ақыл суаты, Махаббат қылса тәңірі үшін.

44

Page 45: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Жүрек зат есім түбір күйінде, тіркесіп келгенде, сонымен қатар, тәуелденгенде, септелгенде қолданылу мүмкіншілігі кең екенін көреміз. « Жүрек» зат есімі тіркесіп келіп, өлеңде ерекше стильдік мәнерді байқатады. Жүрек сөзінен тіркесу арқылы сан алуан метафоралар, фразеологизмдер жасайды. Сөзді сұлуландырып, ойды әсемдеп, тілді мәнерлеп жеткізетін әрі стильдік мәні ерекше сөздердің бірі – фразеологизмдер. Поэзия тіліндегі фразеологизмдер дені бейнелі болып келеді. Ақынның жүрек сөзіне қатысты ойлы фразаларынан да көптеген мысалдар келтіруге болады. Атап айтқанда: асау жүрек, ет жүрек, жүрек оты, жүректің ақыл суаты, жүректің көзі ашылса, жүректе қайрат болмаса, жүрегім менің қырық жамау, жүрек - айна, жүрек - теңіз т.б. Сөз мағынасын құбылтудың көзі болып табылатын фразеологизмдерді ақынның шығармаларынан көптеп келтіруге болады.

Абай жан жүректе орналасқан дейді. Жүрек – адамның тәні мен нәзік болмысының орталығы. Сондықтан адамның бүкіл физиологиялық және психикалық өмірін жүрек басқарады. Жан былғанса, әуелі жүрек былғанады. Соның ықпалымен адамның психикасы, сонан кейін тәні ауруға шалдығады. Жан жүректе орналасқандықтан, ұлы ойшыл жүректің адам өміріндегі орнын жоғары бағалап, оған көптеген анықтамалар берді.

Ақынның өлеңі Өлең мағынасыЖүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас,Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.Жүректен қызу-қызба кете қалса,Өзге тәннен еш қызық іс табылмас.

Достық, қастық, бар қызық–жүрек ісі.Ар, ұяттың бір ақыл – күзетшісі.Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық,Арың, ақыл – бұл күннің мәртебесі.

«Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас» - Абайдың 1902 жылы жазған өлеңі. Ұлы ақын бұл өлеңде қызық та, қызуқандылық та бір ғана жүректе дейді. Әсіресе, «Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас» деген жолдарда өмірдің терең философиясы жатыр. Теңізде не болмайды?! Асыл тас та, інжу-маржан да, меруерт те бәрі сонда. Ал жүрек жақсы, жаман нәрсенібастан кешіреді.Жүректі теңізге балай отырып , сезімнің адам өміріндегі маңызын ашады. Өйткені, ол асылдың – асылы, қасиеттінің қасиеттісі.

Жүрегім, нені сезесің?Сенен басқа жан жоқ па?Дүниені, көңілім, кезесің ,Тиянақ жоқ па, қой, тоқта.Сезгеніңді сездіріп,Жете алмадың ортаққа.Тірі жаннан бездіріп,Апарасың қай жаққа?Ортақтық, тыныштық достық қой,Оның қадірін кім білер?Әркімге-ақ тілеу қостық қой,Бәрі – алдамшы саудагер.Халықтың аты керек қой,Я мақтауға, боқтауға,Құбылаға бәрі зерек қой,Бәрі жайсыз тоқтауға.Досты қайдан табасың,Кеңесерге адам жоқ..Әрлі-берлі шабасың,

«Жүрегім, нені сезезің» - өлеңінде, ұлы ақын елдегі алдамшы атқамінерлерден түңіліп, қатты ашынып, өзінің жалғыз қалғанына толғағандай сыңайда. Абай осы өлеңінде аса биікке, шырқауға көтерілген, мұнда жер бетіндегі бүкіл адамзаттың мұң-шері, қайғы-қасіреті, арман-мұраты бар. Абай өлеңінде бастан-аяқ жүрекпен ең қимас досындай сырласып, оған алыс шыңыраудағы шерін шертеді. Әр түрлі қарым-қатынаста жалғыз жүрек жалын атып, жанын қоярға жер таппай шыр айналып, шындық іздейді. Абай жүректің қадір-қасиетін терең сезінген, сондықтан жұртқа: «жүректің қалауымен жүріңіздер, сонда ғана адаспайсыздар» деп, адамдықтың берік ұстанымын танытады.

45

Page 46: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Жалғыздықтан жаман жоқ.Ақыл айтсаң біреуге,Ішің еріп, егіліп,Ұялмас ақыл тілеуге,Бермесең қалар түңіліп.

Ақын өлеңдерінде жүрек сөзіне қатысты эпитетті тіркестер өте мол кездеседі. Атап айтқанда, жылы жүрек, жас жүрек, ызалы жүрек, ынталы жүрек, ет жүрек, асау жүрек, ауру жүрек, жаралы жүрек, қан жүрек, ыстық жүрек, қызық жүрек, шын жүрек, өртенген жүрек т.б.

Сондай-ақ , жүрек сөзіне қатысты етістікті тіркестер: жүрек тербеп, жүректі ән оятар, жүрегіңе сүңгі, жүрегім бойды жылытады, жүректен ізі кетпес, жүрегім жалбарынар, жүректе қайрат болмаса, жүрегім соқпа, босатпайды жүрек жігі, жүрекке жылы тиіп, жүрек балқып игенде, қан соғады жүрегімде, жүректі түртіп, жүрегім тыңдамай, жүрекпен алысып, жүрекке құйылып, жүрегі елжіреп, жүрегім лүпілдеп т.б.

Қорытындылай келгенде, Абай шығармаларында адамшылық қасиеттердің жинақ образы ретінде көрініс тапқан жүрек сөзіне қатысты тіркестердің лингвистикалық табиғатын және философиялық мәнін ашуға талпыныс жасадық. Жүрек сөзіне қатысты тіркестердің ақынның ұстанымын танытудағы алатын орны, стильдік қолданыстағы мәнін, «толық адам» тәрбиелеудегі маңыздылығын қарастырдық, ақынның жүрек зат есіміне қатысты фразеологизмдерінің жаңа авторлық құрылымдарын пайымдай алдық . Пайдаланылған әдебиеттер:1. А.Құнабаевтың шығармалар жинағы. 1-2 том. 2. З.Қабдолов. Сөз өнері. Алматы. 1989.

46

Page 47: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

«АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ЖАЗУШЫ ТІЛІНІҢ ШЕБЕРЛІГІҚұрметбек Жанат9 сынып оқушысы

Жетекшісі: Исина Бақытжан Қапанқызы

Әуезов суреткерлік шеберліктің үлгісін көрсеткен. Төрт кітаптың өн бойында адам образдарын жасауға қызмет етпейтін бір де бір деталь, штрих, керек десеңіз, бір де бір сызық жоқ. Бәрі де мінездеу мен мүсіндеу, жинақтау мен даралау міндеттерін атқарып тұр. Әр характердің жасалу тарихы бар. Әр образ тип дәрежесіне дейін көтерілген. Басты кейіпкерлер ылғи өрбу, өсу үстінде көрінеді. Ал жазушының шеберлігі де сол әр кейіпкерді, табиғат құбылысын, заман келбетін сипаттауда ерекше образ тудырып, негізгі ұстанымына сай тілдік сөз қолданыстарын талғап, таңдап қолдануында.

Сөз белгілі бір затты не құбылысты атап қана қоймайды, сонымен бірге, тіліміздегі басқа сөздермен байланысқа түсіп, ерекше образ жасап та қолданылып жатады. Кез келген қаламгер өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы шындықты оқырманына жеткізу үшін бейнелі сөз орамдарын сомдап, белгілі бір жанрды тәсілді қолданып, жалпыхалықтық тілден өзінің ой жүйесне сай сөздерді таңдап алып және тиімді, жүйелі түрде жұмсайтыны сөзсіз. Демек, суреткер өз ойын, көзқарасын, әлемді түсінуін өз қажетіне уәжді қолдануға тырысады, стильдік ерекше ескеріледі.

Осы орайда жұмыстың негізгі мақсаты - "Абай жолы" романының тіліне лингвистикалық, әдеби талдау жасай отырып, Әуезовтің халық тілін пайдаланудағы шеберлігін таныту.

Жазушы үшін ең бастысы құбылысты нақты, дәл берелік сөздер іздеу, оны шығарма идеясы, рухына сай жымдастырып өре білу екені белгілі. Міне, біз де басты назарды суреткердің ең қажет сөздің орнын тауып пайдалана білу шеберлігіне аударуымыз қажет.

Осы тұрғыда, біріншіден, табиғат көрінісін сипаттаудағы жазушының тіл байлығы және шеберлігі мәселесіне тоқталмақпыз.

Көркемдік сырын, сайып келгенде, жазушылық шеберлік құпиясын алдымен тілден бастайтын болсақ, тілдің сан сала сипатының үлкен бір бөлігін пейзаждан, яғни шығармада суреттелген табиғат көріністерінен табатынымыз белгілі. Мұнда сөзбен салынған сурет арқылы біздің көз алдымызға кәдімгі тыпыршыған тіршілік дүниесі – даланың суреті емес, тұп-тура өзі қаз қалпында жайылып қалады. Шебер қолдан жасалған табиғат суретін осылай тек көзбен көріп қана қоймай, денемен сезінеміз, түйсінеміз. Өйткені ол қатып қалған сурет емес, динамикалық қимыл, қозғалыс, құбылыс, тірі адам; дем алады, қозғалып, жадырап, жабырқайтындай..

Әуезов эпопеясында тау мен дала толассыз әрекет үстінде: таулар қаздай қанқылдай, бір-біріне наз айтса, дала бұлбұлдай сайрап ән салып, ой мен қырды, жер мен көкті сұлу сазға бөлейді. Енді, табиғат көрінісін сипаттаудағы жазушы тіл шеберлігіне тоқтала кетсек:Аспанда ұсақ қана ақ мамық бұлттар Бұл құлпырған табиғат сипаты Қодар менқалқиды. Қызғалдақ, жауқазын, сарғалдақ Қамқаның өлімінің алдындағы табиғат бәйшешек дегендер қызыл, сары көрінісі.түстермен құлпырып, жайнайды. Қазірде Жазушының табиғатты осылай әсем де күн қызуын өмірді соншалықты қымбат сипаттауы жеңілдетіп, майда қоңыр лептей үріп тұр. /35/ аяулы ете түседі.

Осыдан кейінгі Қодар мен Қамқа өлімі оқырман жүрегінде үлкен аяныш туғызады. Жазушы желді «лептей үріп тұр» деп бір деталь арқылы алдағы бір болатын жағымсыз оқиғаны аңғартып кеткендей болады. Өйткені желдің есуі жағымды, ал үріп соғу жағымсыз жайды байқатып тұрғандай.

Сондай-ақ , қардың жаууы да күннің суық, жылылығына, жердің қатты, баяулығына, ылғал көлеміне қарай түрлі-түрлі болады. Осыған орай, эпопеядағы қарды бейнелеген

47

Page 48: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

біраз сөйлемдерге назар аударсақ, жазушының қардың және оның жаууының бір түрін ғана емес бірнеше түрін алғанын байқаймыз, солардың біразын атап көрсетсек;

1. Сондай бір шақтарда, ақпанның басында, бүркеп жауып тұрған қарлы боран ішінен, бір белгісіз жан келді. /71/

2. Тор жорғаның екпінімен Жапалақ қар енді жел соққандай көлбеп ұшып, бетке, көзге ери жабысады. /192/

3. Қала желкесіндегі әсем таудың да қарағай атаулысын күпсек қар басқан. /104/.4. Әлі де қыстай соққан ақ боран ақ даланы жұмыртқадай, қалың сіреу қара

толтырған . /412/75. Сар-кідір болған қардан Абайдың етігі тайғанай береді. 6. Аяғының астында шыныланған қатқыл қар сықыр-сықыр етеді.7. Бұл уақытта жел қатайып, күн суытып таңертеңгі қиыршық қар енді бетке сабап,

қалыңдап тұр.Бұл эпопеядағы қарды бейнелейтін мысалдардың өзін толық келтіргеніміз жоқ, бір

тобын ғана алдық . Соның өзінде суреткердің құбылысты қаншалық анық, дәл өрнектей білгеніне көз жеткіздік.

Сонымен қатар, жауған жаңбырды әр қилы суреттегенін байқадық, солардан біраз мысал келтірсек:

1. Күз келді. Үш күннен бері селбіреген жауын әлі айығар емес.2. Биылғы күз аса салқын. Қара суық желі де, бұлыңғыр жауыны да , ерте иектеп,

мезгілсіз бүрсеңдеп тұр. Мұхтар Әуезов аспан көрінісін де сан қилы құбылыстарға меңзей отырып, түйінді

ойлар туғызатын тұстары шебер көрініс тапқан.Адамдардың қарым-қатынасы, сезімін, көңіл-күйін сипаттаудағы жазушының

шеберлігі М.Әуезов тек табиғатты ғана сан қырымен нақты да әсем кестелеп қоймайды, ол

адамдар қарым-қатынасын бергенде де сан қырлы сөз маржандарын тауып қолданады. Мәселен , әдетте біздер адам ренжіді , ашуланды деген сөздермен шектелсек, суреткер бар адам бірдей қатуланбайтынын, әр адамның өз мінезіне , жағдайға байланысты түрліше назаланатынын дәл беруге көңіл бөледі. Мысалдармен дәлелдейік:

1. Кейісі, кірбеңі кінәсі мен міні көп өмірдің күңгірт жүзді күзі кетті./613/2. Оразбай оған қабақ тыржитып,қолын сілкіп теріс қарады./367/3. Шұбар жақтырмай , тыжырынып күле түсті... /13/4. Ол қыңыр мінезіне басып, қиястана сөйледі.5. Енді Тәкежан да ішінен қыжылданып бір қиясқа мінді./127/6. Әбді ғана қатуланған ашуынан айыға алмай тұрған бойында аса бір ауыр арман

тастады./23/7. Құнанбай бұрыннан да түйіліп , айтар сөзін бастамай ызаланып отырған қалпы

еді. /26/ Құнанбай бейнесіне байланысты талдауға тоқтала кететін болсақ, Құнанбай образы - қазақ прозасында бұрын-соңды сомдалмаған аса күрделі эпикалық образ . Ал осы тұста Құнанбайдың бір істі тындырар алдындағы күйін «түйіліп» сөзі арқылы бере отырып, артының салмағы зор іске бастау болып отырғанын байқаймыз.

Қортындылай келгенде , жазушының ең басты құбылысты нақты , дәл берерлік сөздер тауып, оны шығарма идеясы ,рухына сай жымдастырып өре білгенін пайымдадық. Жазушының халық тілінің байлығын , оның мүмкіншіліктерін қаншалықты пайдаланғанын, әдеби тіліміздің дамуына қосқан үлесін , өзіндік қолтаңбасы мен өрнегін саралауға тырыстық.

Пайдаланылған әдебиеттер:1. М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. 2. З.Қабдолов «Сөз өнері» Алматы – 1999.

48

Page 49: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ КЕЙІПКЕРЛЕРДІ ПОРТРЕТТЕУДЕГІ ШЕБЕРЛІГІ

Бастами Назерке9 сынып оқушысы

Жетекшісі: Секербекова Рая Секербекқызы

«Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау – қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов»

З. Қабдолов Портрет – көркем әдебиетте адамның сыр бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын

суреттеу. Оқырман өзі оқып отырған шығармадағы кейіпкердің сыртқы түрін көргісі келеді. Сөйтіп, оның түрін көз алдына елестетеді. Ал, жазушы өз оқырманының кейіпкерді тануына жәрдемдесіп отырады. Портрет бір-екі сөйлемнен де, бірнеше сөйлеммен де беріледі. М.Әуезов кейіпкерлерді портреттеуде шығармада өзіне белгілі бір адамның ғана сипатын суреттеп қоймайды, сол адамның өмір сүрген кезіне, өскен ортасына дәл келетін көп адамдарға тән ең керекті, ең жиі кездесетін іс-әрекет, мінез- құлық, наным-сенімдерді жинақтап, бір адамға тән сипат етіп көрсетеді және солай болуы мүмкін екендігіне оқырмандарын сендіреді.

Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып, белгілі бір уақыт пен ортадағы қоғамдық негізгі және шешуші сипатын байқауға болады. Айталық, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды қасиеттерінің бір алуанын Мұхтар Әуезов Абай тұлғасына шоғырлап тұтастыра білген. Сонымен қатар, Абайдың басқа ешкімге ұқсамайтын дара тұлғасын бейнелеген.

М. Әуезов кейіпкерлердің портретін суреттеуде үлкен шеберлік танытқан. Ол кейіпкерлердің портретін жаза отырып, алдағы уақыттағы іс-әрекеттерімен, мінез-құлқымен тығыз байланыстырған. Мысалға Тоғжанның портретін алып қаралық.

«Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабар жендеттің жебесіндей...»

Ал, енді Тоғжанның портретін талдап кететін болсақ1. «... жіп – жіңішке қастары айдай болып қиылып тұр»,- деп Тоғжанның қасын

автор аспандағы айға теңейді. Айға қолын қанша созғанмен адам қолы жетпейтіні белгілі. Сол сияқты Абайға Тоғжан да аспаннан арайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат айының үлгісі болып қала берді.

2. «... қарлығаштың қанатындай үп-үшкір»,- деп бұл жолы автор Тоғжанның қасын қарлығаштың қанатына теңейді. Бұл жай теңеу емес. Қарлығаш өздеріңіздерге белгілі өте сұлу әрі қасиетті құс емес пе?

«Абай жолы» роман – эпопеясында Тоғжанның қасы «... жүрекке шабар жендеттің жебесіне» теңеледі. Бейнебір Абай Тоғжанның жүрекке шабар қастары жебе болып жүрегін жаралап кететінін сол сәттен – ақ сезгендей.

«Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді» . М. Әуезовтің тағы бір шеберлігі Абайды Тоғжанның сыңғырлаған шолпысымен тілдестіруі. Тоғжанның портретін оқи отырып, Абайдың айдай сұлу Тоғжанға емес, қарлығаштың қанатындай қиылған қастарына ғашық болып қалды ма деп ойлап қалады екенсің.

.. «Абай оңаша қалғанда әуелде қатты қысылды. Бірақ, байқап қараса Тоғжан тіпті ұялшақ. Тіпті нәзік , жазықсыз бала тәрізді.

49

Page 50: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

... Абай Тоғжанға жақындап кеп, үндемей ғана бетінен сүйді. Тоғжан оттай жанып, қып – қызыл болып кетіп, әлсіз ғана қорғанып, Абайдың жүзін екі алақанымен қысып, кейін шегіндіре берді. Қысылу емес, ұялу еді».

Әуезовтің осы бір керемет суреттеуінен кейін Абайдың Тоғжанның ұяңдығы мен нәзіктігіне, пәктігіне ғашық болғанын аңғару қиын емес.

Ал, Абайдың сүйген жары Әйгерімнің портреті ше?Әйгерімнің портреті: «Орта бойлы, дәл Тоғжанның бойындай. Бар мүсіні келіп тұр.

Бет бітімі, ал қызылы айнымаған Тоғжан... Жұқалаң қызыл еріндерінде балалық кінәсіздік лебіндей, ыстық әсер демі бар... мінсіз аппақ тістері қолмен қойғандай. Екі бетіндегі нәзік жарастық қызылы, асығып күткен таң сәріндей».

Абай жары Әйгерімді ғашығы Тоғжанға қатты ұқсатады. Көріп тұрғандарыңыздай Әйгерімді де, Тоғжанды да асығып күткен «таңға» теңейді.

«Қайран, ғажап хал үстінде жаңа туған ай көрді. Бұрынғы сүйікті айдың, қайта жаңғырып, айнымыған тұлғасымен қайта айналып келіп, тірлік аспанынан өзіне сай оқшау орнын алғандайын».

Бұл жерде Әйгерімді «айға» балап тұр. Біле-білсеңіздер, Тоғжанды да Абай айға балаған, теңеген болатын.

Алайда, Тоғжанның Әйгерімнен ерекшелігі оны Абай жұлдызға, соның ішінде Шолпанға теңейді. Ал, мен Әйгерімді күнге теңер едім. Иә, күнге. Абайдың жүрегіндегі сезімнің шоғын жаққан, оған жан жылулығын сыйлаған күнге.

Ал, Құнанбай ше?«...ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғары жері қаз жұмыртқасындай

көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне, ұп-ұзын боп дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Сонда Құнанбайдың бір сау көзі, оның көтеріңкі жал–тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя беріп, салғырттығы жоқ, сергек қатал күзетші.

Егер, «Абай жолын» оқып отырып әдеттегі түсінікпен қарайтын болсақ, Құнанбай– жағымсыз кейіпкер, мейірімсіз әрі жауыз, жаңаның жауы, ескінің жақтаушысы. Құнанбай образы Мұхтар Әуезовтің айтуынша, келешегі зор жаңаның жолындағы кедергі – ескіні көрсету нәтижесінде туған екен.

Әуезовтің шыншыл суреткерлігін образды портреттеумен қатар мінездеуінен де анық аңғаруға болады. Ол Құнанбайды жағымсыз, ұнамсыз кейіпкер ретінде ғана емес әріден толғаған ойдың адамы етіп суреттейді. Құнанбайдың портреті мен іс-әрекетінен, оның образынан ерекше бір қасиет байқадым. Ол – принципшілдік. Принципшілдік – дүниетанымы мен сенімі жолында ешбір тайқақтамай күресе алу қабілеті.

Құнанбайдың портретінен жазушының ұнамсыз тип жасау тәсіліндегі шеберлікті байқауға болады. Автор Құнанбайдың образын көп – қырлы қасиетті адам етіп көрсетеді. Дегенмен де, Абайды адам, азамат етіп тәрбиелеген де осы Құнанбай емес пе?

Майталман суреткер Құнанбайдың және маңайындағы бар адамның, әр адамның портретін шебер жазып, сол портретті кейіпкердің іс - әрекетімен астастыру арқылы, олар өмір сүрген заманның кескінін де зергерлікпен бейнелеп берді.

Жалпы, ХІХ ғасырдың соңғы елу жылындағы қазақ өмірінің көркем шежіресі болып табылатын ұлан-ғайыр эпопеяда барлық қыры-сырымен халықтың образы жасалды десек, сол халықтың ішінен айрықша атап айтарлық бедерлі бейнелер - Дәркембай мен Базаралы. Мұхтар Әуезов оларды былай портреттейді:

Дәркембайды «Батыр тұлғалы, кең иық, зор кеудесі төменшектеп иілмейтін, әрі байсалды, әрі маңғаз»,- деп портреттейді. «...Зор кеудесі төменшіктеп иілмейтін» деген суреттеудің өзінен-ақ Дәркембайдың ешкімге бас имейтін, жүрегі жалынға, кеудесі намысқа толы батыр тұлғалы азамат екенін елестетеміз.

Ал, енді Мұхтар Әуезовтің Дәркембайды портреттеуімен оның мінезі, іс-әрекеттерін салыстырып кетейік.

1. Құнанбайға шиті мылтық кезеуі

50

Page 51: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

2. Құнанбай қажылыққа кетерде оған қойған талабы3. Жұтқа ұшыраған жарлы ауылға қамсау боламын деп Тәкежан секілді

көкжалдарға қарсы көзсіз ерлікке баруы.Барлығы да оның портретімен тығыз астасады. Мұхтар Әуезов орта жасқа келген

Дәркембайды «батыр тұлғалы, кең иық» азамат ретінде ғана емес ақылшы аға, сонымен қатар шешендігін көрсетіп, сол күштерге қарсы шығып, тіресіп те қалады.

Мұхтар Әуезов Дәркембайдың образын былайша көрсетеді. Дәркембай – кедей, шаруаға икемді, көкірегі ояу, малы жоқтың қалы жоқ, соры көп, бағы байланған заманда Дәркембайдың малдылардан, күштілерден көкірегі – зорлық, қорлық, ал өмірден алған сыбағасы – жоқшылық пен тапшылық. Абай айтқандай «Дәркембайдың өмірге қыран көзіндей ғып көзін ашқан да жоқшылық».

Базаралы: «Ойшыл, сергек көзі, ақсұр жүзі, бетінің қызылына дейін бір түрлі «балқығандай боп нұрланып тұратын, ер жігіттің сырт-сымбаты да бөлек «бітімді, жақсы туысты білдіреді».

Әуезов Дәркембайды байсал да, маңғаз десе, Базаралыны керісінше, ақсұр жүзді, қатал етіп портреттейді. Базаралының портретін мінезімен, іс-әрекетімен қалай байланыстырғанына тоқталып өтелік.

1. Жуандардың қорлығын көре-көре, қорлығына төзе-төзе әбден шыдамы таусылған көп кедейден топ құрап, тыюсыз, жыюсыз кеткен Тәкежанның бір үйір жылқысын қуып жетіп, қырып салуы, оның шексіз ерлігін, портреттегідей ойшылдығын көрсетеді.

«Құнанбай баласы да, өзіміздей адам баласы екенін таныттым, ұрсаң оған да таяқ өтетінін, жұлқысаң оның да жағасы жыртылатынын таныттым»,- деген сөздері де оның көзсіз батылдығын көрсетіп, портретімен тығыз байланысады. Пайдаланылған әдебиеттер:1. Мүсірепов Ғ. «Абай» романы туралы. Шығармалар жинағы. 4-том. Алматы, 1975.2. Қаболлов З. Әуезов. Алматы, Санат, 1997.

51

Page 52: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ДІНИ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Қали Абай8 сынып оқушысы

Жетекшісі: Секербекова Рая Секербекқызы

Шәкәрім адам және әлем сырын білмек үшін оқиды. Жан не? Дін не? Барша ғалам қалай жаралған? Міне ,осы сұрақтарға жауап іздеу және соның бәрін ол ноқтасыз оймен тексердім дейді.Осы оймен Меккеге барғанын да айтады. Стамбұл кітапханасында он үш күн отырды. Бұл 1905-1906 жылдары шамасы.

Шәкәрім құдайға сенген. Бірақ талай дінді тексердім, ешбірі миға сиған жоқ, дейтін де Шәкәрім. Тегінде, ол дүниге көзқарасы жағынан деимге ойысатындай. Өйткені,әлемде жоғалған ешбір зат жоқ, өзгеріп түрленеді, шырақ деп ешбір қоспалаусыз материалистік ой қозғайтын да Шәкәрім ғой.

Шәкәрімнен үлкен шығармашылық мұра қалды. Олар лирикалық өлеңдер, поэмалар мысалдар, романдар, аудармалар. Шәкәрім Құдайбердіұлы жастайынан өз шығармашылығының негізгі арнасын анықтайды, ағартушылық, адамгершілік тақырыбын бір өріске өріп, жырлауға ден қояды. 1911 жылы шыққан «Қазақ айнасы» жинағында Шәкәрім Құдайбердіұлы адамгершілік хақындағы ойларын тиянақтай түседі. Адам өмірі оны қалай бағалауына байланысты. Көп нәрсе адамның өзіне қатысты. Не көрсең құдайдың жазуынан деу қате. Дүние ойсыздарға, жетесіздерге сыртын береді. Кейде жақсылықты жаншып кетеді. Бірақ одан шындық еш өзгермек емес дейді. Шәкәрім - қазақ поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Шәкәрім жан ерекшеліктері туралы Европа ғалымдары айтқан магнетизм, терапатия, фахризм, мунатизм, түс көру сияқты кереметтердің бәрі қуат көзінен туатын ерекше құбылыстар дей келе, Жан да бар, жын да бар... Мен «жан жоқ, өлген соң өмірі жоқ» дегенге таң қаламын. Жанның барлығына , өлген соң да жоғалмайтындығына күндей жарық дәлелдер жеткілікті...Ұждан, жанның көрсеткіші. Ол екі өмірде қажет дейді. Шәкәрім адамның жан қасиеттері:ынсап, әділет, мейірім-үшеуінен тұратынын айқындайды. Шәкәрімше Ар-ұждан - жанның тірегі, таза дене, таза ой, таза мінез-ұжданның жемісі. Қазақтың жан сақтама, ар сақта деуі арлы жанның аса жоғары қасиетті санауынан деп ой қорытады

Шәкәрім өзінің «Дін» өлеңінде:Жер жүзіне қарасам, неше түрлі халықДін, иманын санасам, мыннаң артық анық бар...Біреу отқа сенеді, нұрдың түбі құдай деп. Бірі құдай бір десе, бірі айтады: Құдай көп,ешбір дін жоқ орныққан – деп көп құдайға табынатын Будда діні де, суретке қарап

шоқынған хрестьян діні де жаратылыстың тылсым сырын білсем, ұқсам екен деген талпыныстан туғанын айта келіп, қай дінді құдірет тұтсаң да, тәңір жолы біреу-ақ, ол ақ жүрекпен жаратушыға сену, қиянаттан, жауыздықтан аулақ болу, ол үшін нәпсіңді тый, арыңды, ұжданыңды адал сақта деп өсиет айтады. Шәкәрім алдау, арбау, өтірік, өсек, барымта сияқты ел бірлігіне нұқсан келтіретін жаман әдет, жат мінезден елді тиюдың жолын «Мұсылмандық шарты» атты ғылыми еңбегінде жазып шығарады. Ажалдан келуіне адамның өзінің себепші болатыны, аурудың денені күтпеуден, дұрыс тамақтанбаудан, дене тәрбиесінің тазалыққа, шынығуға байланыстылығынан екені айтылады. Бес уақыт намаз оқу, намаз оқудың шарттарын сақтау, денені таза ұстау, ізгілікке жетелейтін адамгершілік тәрбиесінің негізгі екені айтылады.

52

Page 53: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Құдай жолын, дін-шариғат заңдарын сақтау арқылы адамды ізгілікке тәрбиеленудің жолдарын ғылыми тұрғыда баяндайды. Шәкәрім өмір сырын ұғам десең, ар сақта, әділет жолынан тайма дейді.

Жақын, сыйлас, жатым деп,Таласып жүрген аңнан безДүние құмар өзімшіл Нұр таба алмас, анық біл.Жардың сөзін құран қыл.Ақылсыз болса, ғылым тұл!Шатақ дін мен заңнан без.Дін жамылған зәлімдер Бере берсең, бәрін жер Сар жалмауыз лаңнан без!Ғылымсыз адам –айуан Не қылсаң да ғылым біл, - деп қара ниетті жауыздықты ақыл, парасат, тәрбие

арқылы, ғылымды игеру арқылы ғана жеңуге болады, ғылымың мен ақылың тең болсын, адамшылық , ар мен адал еңбек іздеу жан мақсаты, ісім түзелсін десең жүрегіңді, арыңды таза сақта!» Ары бар, ақылы бар, мейірімі бар адамның бірін-бірі жеп, талап, қырып-жоюы мүмкін емес. Адамдарды түзу жолға бастайтын адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл»-дегенді айтып, пәлсафалық терең ой тұжырымын жасайды.

Бұл пікірдің өзінің ұлы ұстазы Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінде айтып кеткен адамгершілік қағидаларымен терең ұштасып жатқанын байқау қиын емес. Бүгінгі рухани дағдарысқа түсіп отырған кезеңде ұлтымыздың ғұламасының құрандай сөздерін түсіндіре отырып айтқан өсиет-өнегесін жақсылап ұғып, өмір тіршілігіміздің салтына айналдыру парызымыз.

Шәкәрім өз тарапынан ізденіп оқыған ғылыми қайнарларға келсек, бұл туралы 1911 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Түрік, Қырғыз, Қазақ, Һәм хандар шежіресі» кітабында ол былай деп жазады: «Оқыған кітаптарының мұсылманшасы: тәбри тарихи ғұсмани тарихы, Нәжип Ғасымбектің түрік тарихы, Әбу Алғазы Баһәдүр ханның жазған түрік және әр түрлі кітаптардан оқығаным: Радловтың ұйғыр туралы, Ерисовтың түркі нәсілі туралы, дүниедегі әр түрлі жұрттың шежірелерінен орысшаға көшірілген сөздері. Оның ішіндегі түріктің ең ескі заманындағы шежіре кітаптары «Құдатқу білік» деген кітаптардың сөзі және араб–парсы, рум, европа жазушының сөзі».

Ұлы Абай тәрбиесінен тәлім алған шебер суреткер Шәкәрім келер ұрпаққа мол діни көзқарасымен мұра қалдырған ақын. Оның дәйекті тұжырымдарын бүгінгі ұрпақ рухани азығына айналдырары хақ. Пайдаланылған әдебиеттер:1. Бес арыс (Шәкәрім бөлімі), Алматы, 1992.2. Сәтбаева Ш.К. Шәкәрім Құрайбердиев. Алматы, 1990.3. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Алматы, 1992.4. Сапаралин Б. «Білмедім Шәкәрімді кім атқанын».-Қазақ әдебиеті газеті: 10, 17, 24 ақпан, 1989.5. Мағауин М. Ақын, тарихшы, философ. «Бесарыс» кітабы. Алматы, 1992.6. Мұхаметханов Қ. Шәкәрім. – «Қазақ әдебиеті». 1988, 15 сәуір, №16.7. Ш.Құдайбердиев. «Үш анық» ғылыми еңбегі.

53

Page 54: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

«Математика» секциясы

ВЕКТОРЛЫҚ ӘДІСТІҢ МАҢЫЗЫ

Қапарова Алмагүл9 сынып оқушысы

Жетекшісі: Шолбаева Бәтен Қасқатайқызы

Мақсаты: Векторларға қолданылатын амалдарды, олардың қасиеттерін физикада, математикада және геометриялық фигуралардын қасиеттерін дәлелдеуде қолдана білу, қолданыстағы маңыздарын түсіну.

Өзектілігі: Мектеп физикасының бір талай заңдары "вектор" тілінде өрнектеледі. Векторларды қолдана білу математиканы физикамен байланыстыруға, физикалық мазмұнды есептермен байытуға, геометриялық есептерді шығаруға, геометриялық фигуралардың қасиеттерін дәлелдеуге, стандартық емес алгебралық есептерді: тендеулерді, тендеулер жүйесін, тенсіздіктердін дұрыстығын дәлелдеуге қолданылатындығы. Векторлық әдісті меңгеру физика, астрономия сияқты математикамен сабақтас пәндерді меңгеруге пайдалылығы. Қазырғы техникалық ғылымдарды қолданаладын математиканын зерттеудегі негізгі әдістерінін бірі болып табылатындығы.

Болжам: Егер векторлық әдістерді қолданудың тәсілдерін меңгерсем, онда векторлық әдістің стандартты емес есептерді шығаруда тиімді екендігін пайымдаймын.

Міндеттер: 1. "Вектор" туралы ұғымымды терендету мақсатында әдебиеттермен танысу. 2. Физикадағы векторлық шамаларды анықтау.

3. Алгебрадан стандартты емес есептерді шығару тәсілдерін меңгеру.Жаңалығы: Векторлық әдіспен есептер шығару қысқа, әрі тиімді.Қорытынды: Векторлық әдісті қолдану арқылы геометриялық фигуралардың

қасиеттерін дәлелдеуге, геометриялық есептерін шешуге, алгебралық тендеулермен, тендеулер жүйесін шешуге болатындығына көзім жетті. Сондықтан күрделі есептерді шешуде вектордың қасиеттерін қолдануға болады.

ЖОСПАРЫ: 1. Кіріспе: Вектор ұғымы.2. Негізі бөлім:а. Вектордың тарихына шолу.ә. Вектрдың физикадағы, алгебрадағы және геометриядағы есептерде қолданысы.3. Қорытынды: Векторлардың қолданудағы, оқып -үйренудегі маңызы.1.КІРІСПЕ: Вектор жайлы негізгі мәләметтер.XIII-XX ғасырларда геометрияда жаңа әдістер пайда болды. Оларға жататындар :

векторлық әдіс, координаталық әдіс, геометриялық түрлендіру әдісі. Соның ішінде геометриялық әдістер қазіргі уақытта зор табыспен қолданылып отыр. Сондықтан ғылыми-жұмысымның негізгі мақсаттары- векторладың қолданылуы болып табылады. Ғылыми жұмыста негізгі қамтылған мәселелер де осы вектордың физикалық және геометрилық қолданысы мен өмірдегі маңызы және тарихына шолу болып табылады.

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ: Вектордың тарихына шолу .Қазіргі заман математикасының іргелі негізгі ұғымдарының бірі –вкетор ұғымы.

Векторлар иехника ғылымдарының қауырт дамуына байланысты XVIII ғасырда бастау алып, XIX ғасырдың жартысында есептеудің талапқа сай жаңа түрін іздестіру барысында дүниеге келді.Векторлық есептеулерді жасауға көптеген ғалымдар еңбек сіңірді. Соның

54

Page 55: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

ішінде Д. Валлис, Л.Карно, Сен-Венан- бұлар векторлық анализдің ұғымдарын ғылымға енгізді. Бірақ вкеторлық есептеулердің негізін салушылар Ирландия математигі, астрономы Уильям Гамильтон және неміс физигі, математигі Герман Грассман. 1844жылы Уильям Гамильтонның векторлық есептеуге арналған алғашқы мақалалары және Г. Грассманның "Учение о протяженности" атты еңбегі жарияланды. 1853 жылы Гамильтонның "Лекция о кватерлонах" атты еңбегі жарық көрді. Бұлардың әрқайсысы есептеудің жаңа әмбебап түрін жасамақшы болды. "Вектор" ұғымын 1846 жылы ғылымға енгізген Гамильтон болды. Сондықтан олар вектордың негізін салушы. Бірақ Сен-Венанның мемуарлары мен идея жағынан да еңбегі құндырақ болды. Ғылымның бұл саласын дамытуда үлес қосқандардың ішіне мыналарда жатады: К. Вессель, К. Гаусс, А.Мебиус, Аргон, Хивисаид т.б.

ВЕкторлар қолдануларға өте бай. Бірақ ең алдымен вектор дегеніміз не? Вектор дегеніміз- өлшемімен ғана емес , бағытымен де сипатталатын жән.е геометриялық қосу ережелеріне бағынатын шамалады айтамыз. Вектор латын сөзінен шыққан "ілетіру","сүйреу", "тарту" деген мағынаны білдіреді.Бұл біздің вектор түралы негізгі мәлеметтеріміз. Ал қазір біздің вектор жайлы көбірек айтуға және оның қолдануларына анағұрлым тереңірек мысалдарды, есептерді қарастыруға болды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ: Вектордың физикадағы, алгебрадағы және геометриядағы есептерде қолданысы.

Векторлар геометрияда көптен қолданылады. Векторларға қолданылатын амалдардың ішінде қолдануға ең байы-скалярлық көбейтінді амалы. Векторды скаляр көбейту негізінен кесініндінің ұзындығын, бұрыштардың шамасын есептеуге қолданылады.

Екі вектордың скалярдық көбейтіндісі деп-олардың ұзындықтарын осы вектордың арасындағы бұрышының косинусына көбейткенде шығатын санды айтады.

Скалярлық көбейтінің қасиеттері. Скаляр көбейтіндінің негізгі бес қасиеті бар: 1. а*b=b*a; 2. k(a*b)=ka*b;3. (a+b)*c=a*c+b*c;4. a*a=|a2 |;5. a*b=0 егер 1. а=0 немесе b=0, 2. а┴bМысалы:Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғаларына жүргізілген медианалар

өзара пенрпендикуляр. Осы үшбұрыштың бүйір қабырғаларының арасындағы бұрышты табу керек.

Шешуі. АВС үшбұрұшындағы АВ=АС тең болсын. Медиана ВВ1 және СС1 есеп шарты бойынша өзара перпендикуляр, сондықтан ВВ1 *СС1=0 (1)

ВВ1 және СС1 векторларын р= АВ, q=АС базистік векторлармен өрнектейміз. Онда ВВ1 = АВ1 - АВ1 = ½ q-p CC1 = AC1 - AC = ½ p-q1 тендіктен: (0.5q-p)*(0.5p-q) = 0¼ q*p – ½ q2 - ½ p2 +p*q=0 5/4 p*q-1/2 q2 -1/2 p2=05/4 pq – ½ m2 – ½ m2 =0 5/4 pq – m2 =0. 5/4 m2 –m2 =0|p|=|q|=m, (p^q)=γ деп белгілеп, векторлардың скаляр көбейтіндісіне сүенеміс m2cosy-

m2 =0 cosy=0.8. γ=37.Жаңа біз жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерінебайланысты есептермен

таныстық. Бірақ сонымен қатар векторды кеңістіктегі фигураларға арналған есептерде де қолдануға болады. Мысалы: АС параллелепипедінде АВСД- квадратының қабырғасы а-ға тең. Бүйір қыры АА 1-олда а-ға тең және АВ, АД қырларымен α бұрыш жасайды. ВД мен АС түзулерінің арасындағы бұрышты тап.

Шешуі: ВД1 диоганалының ұзындығын тауып алу керек. ВД1 векторын р=AB, q=AD, r=AA1 деп базистік векторларымен –рнектейміз:

ВД1=AD1-AB=(r+q)-p.

55

Page 56: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

|BD1|²=BD1²=(r+q-p)²=r²+q²+p²+2rq-2pq-2rp=a²+a²+a²+2a²cosα-2a²cos90-2a²cosα=3a².Осыдан, |BD1|=a .ВД және АС түзулерінің арасындағы бұрышты ВД1 және АС векторларының соs α ,

бұрышын табу арқылы табамыз.

cosα= ;

Осыдан табатынымыз: ВД1*АС=(r+q-p)*(p+q)=pr+pd-p²+qr+q²-qp=q²-p²+pr+qr=a²-

a²+a²+a²=2a²cosα. Осыдан: cosα= = cosα.

Түзулер арсындағы бұрыш арлығындағы сандарға тең болғандықтан, бұрышты табу үшін оны модульге аламыз. Сондықтан нәтижесі осылай шығады. Жауабы:

cos((BD)^(AC))= cosα.

Векторлардың скаляр көбейтіндісі кеңістікте берілген екі жақты бұрышты есептеуге, түзумен жазықтықтың арасындағы бұрышты есептеуге де қолдануға болатындығын көрдік.Векторлық әдіс арқылы теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешуге , теңсіздіктерді дәлелдеуге , өрнектердің және функциялардың экстремумдарын табуға берілген есептерді шығаруға болады.

АЛгебралық есептерді дәстүрлі әдістер бойынша шығару процесіне қарағанда векторлық әдіспен шығару процесі әлдеқайда қысқа. Теңсіздіктерді дәлелдеу үшін вектордың мынадай қасиеттерін пайдаланады.

1.|a+b|≤|a|+|b|. 2.|a+b|+|c+d|≤|a|+|b|+|c|+|d|. 3.|a*b|≤|a|*|d|, a*b≤|a|*|b|.Мысалы: ав+вс+ас≥а +в +с . теңсіздікті дәлелдеу керек.Дәлелдеуі: (Мұндағы x,y,z>0)Оң жағын түрлендіреміз.Осыдан,Енді m, n векторларын енгіземіз.m=( ; ; ) n=( ) |m|= |n|=|m|*|n|= * |m|*|n|=

m*n скаляр көбейтіндісін табамыз.m*n=а m*n≤ |m|*|n| ;а ≤

=а ≤ав+вс+ас: Теңсіздік дәлелденді.Біз физикада да векторлармен өте жие ұшырасамыз. Вектор қазіргі кезде физиканың

құрамдас бөлігі болып қалыптасып алды.Мысалы: Көлбеулік бұрышы α болатын көлбеу жазықтықпен массасы а білеуше

қозғалып келеді дейік. Білеушенің жазықтықпен үйкеліс коэфициенті ν-ге тең. Үдеуді табу керек.

ҚОРЫТЫНДЫ: Векторлық әдісті қолдану арқылы геометриялық фигуралардың қасиеттерін дәлелдеуге, геометриялық есептерін шешуге, алгебралық тендеулермен, тендеулер жүйесін шешуге болатындығына көзім жетті. Сондықтан күрделі есептерді шешуде вектордың қасиеттерін қолдануға болады. Сонымен, векторлар ғылым мен техниканың көптеген салаларында маңызды рөл атқарып, есептеудің алуан түрлерін шығаруда қолданысқа ие болып отыр.

56

Page 57: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫМырзаханова Әзел6-сынып оқушысы

Жетекшісі: Шолбаева Бәтен Қасқатайқызы

Адам ойы мен қиялы өте шексіз. Жылдарға, ғасырларға кейіндеп те, ілгерілеп те алға оза алады. Саналы адам көрсем, білсем, үйренсем деп тұрады. Көрген, білгенінен ой түйіндейді,қорытынды шығарады. Математика, физикада қарастырылатын есептер көбінесе бір мәнді анықталады. Мысалы: қолымызбен тасты лақтырсақ, онда тастың орнын кез-келген уақыт кезеңінде анықтай аламыз. Бірақ ғылымның әр саласында, техникада, шаруашылық саласында қолданылатын көптеген есептер бір мәнді анықталмайды. Мысалы: тиынды лақтырып, оның қай жағымен түсетнін нақты айтуға болмайды. Мұндай жағдайда осы сияқты есептерді шешуде белгілібір нақты шешім айтуға болмайтын тәрізді көрінеді. Алайда бұл тәжірибеде керісінше. Ойын практикасы көрсеткендей тиынды неғұрлым көбірек лақтырсақ, солғұрлым әрекеттің жартысында елтаңба жағы түссе, енді жартысында цифр жағы түсетіні байқалды. Бұл кездейсоқ оқиға. Белгілі бір заңдылыққа байланысты. Міне осындай заңдылықтарды ықтималдық теориясы қарастырады. Ең қарапайым мысал ретінде тиын лақтыруды алдық. Бірақ ықтималдықтар теориясында бұдан да күрделірек есептер қарастырылады. Шаруашылықтағы маңызды мәселенің бірі аудан мен облысты байланыстыратын телефон жүйесін орнату. Бұл да таза ықтималдық есеп. Мысалы:мұнда орталықтан ауданға телефон жүйесін тарту үшін қанша сым қажеттігі белгілі болу керек. Өмірде мұндай мәселелер көптеп кездеседі. Осындай мәселелер өндіріс саласын жоспарлауда, зерттеулер жүргізуде қолданылады. Мысалы: сынып арасында өткізілетін жарыстардың нәтижесі дәлірек болу үшін нәтижелер ондық үлеспен, жүздік үлеспен есептелінеді. Сонда әр сыныптың нәтижесі дәлірек болу үшін қанша таңбаға дейін алу керек деген сұрақ туындайды.Неғұрлым сынақ көп жасалынса, солғұрым нәтиже дәл болатыны белгілі.Ал ол үлкен шығынға әкеледі. Міне, осы арада ықтималдықтар теориясы көмекке келеді. Адамның күнделікті өмірі, дүниені танып-білу барысы кездейсоқ оқиғаларға толы.Бұл кездейсоқтықтар өмірдің даму заңдылығына кедергі келтірмейді, керісінше, кездейсоқтық пен заңдылық біріне-бірі әсер етіп,өмірдің дамуына себепші болады.Кездейсоқтық? Оны оқып үйрену не үшін қажет?-деп сұрайтын боларсыздар? Шын мәнінде,адамдар,ерте кездің өзінде-ақ оқиға - өмірдегі бір ерекшелік емес, қағида екендігін байқаған. Күнделікті мәселе де кездейсоқтықты білуді талап етеді. Сондықтан да оны оқып үйрену қажет. Осындай практикалық жұмыстарда есептеу әдістерін қолдана білуге үйрену,жалпы математикалық білім деңгейімді жетілдіру, пән бойынша жүйелі білімімді қалыптастыру, өмірде кездесетін оқиғаларды сараптай білу менің міндетім болып отыр.

Ықтималдықтар теориясының тарихына шолу Ықтималдықтар теориясы өз бастауын XVII ғасырдан алады. Алдымен азартты

ойындар пайда болды. Араб тілінде «азар» деген сөз «қиын» деген мағына береді. Арабтар «азар» деп лақтырылған ойын сүйегінің екеуінде де 6 ұпайдан түсүін айтады екен.Куб түріндегі ойын құралы ол кезде піл сүйегінен жасалатын болғандықтан «ойын сүйегі» деген атау сол заманнан қалыптасып қалған. Ықтималдықтар теориясы жөніндегі алғашқы жұмыстар XVII ғасырда басталды. Еуропа елдерінде адамды құнықтыратын әр түрлі ойындардың кең таралуына байланысты әр ойыншы өзінің жеңілмеу ықтималдықдығын алдын ала анықтауға тырысты. Сол кездегі математиктер де бұл мәселеге назар аудардып, бірнеше рет қайталанатын кездейсоқ оқиғалар туралы заңдылықтар ашуға талпынды. Бұл мәселеге алғашқы болып еңбектерін ұсынған: француз оқымыстысы Блез Паскаль, Пьер Ферма, голландиялық Христиан Гюйгенс, швецариялық математик Яков Бернулли болды. Француздың атақты математиктері Пьер Ферма мен Блез Паскальдың азартты ойындар жөніндегі зерттеулері ықтималдықтар теориясының негізін қалады. Ықтималдықтар теориясының дамуына байланысты оның адамзат өмірінде қолдану мүмкіндігі артты.

57

Page 58: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Жалпы алғанда ықтималдықтар теориясының әдісі ғылымның барлық саласына өз үлесін қосады. Ал математика ғылымында алатын орны ерекше.

Зерттеу бөліміОқиғалар ұғымы ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарының бірі болып

табылады.Белгілі бір шарттар орындалғанда пайда болатын құбылысты оқиға дейміз.Осы

шарттарды іске асыруды сынақ, тәжірибе не бақылау жүргізу дейміз. Мысалы, лақтырылған асықтың түсуін бақылайық.Ол бүк,шік,алшы,тәйкі деген жақтарымен түсе алады.Алдын-ала асықтың қай жағы түсетіні белгісіз болғандықтан оқиға кездейсоқ оқиға деп аталады.Тағы бір мысал, біз үлкендіктері бірдей үш параққа А,В,С әріптерін жазып,араластырып, қатар қойғанда, әр түрлі реттікпен орналаса алады:«АВС» , «АСВ» , «ВАС» , «ВСА» , «СВА» , «САВ».Тәжірибе нәтижесінде пайда болған немесе пайда болмаған оқиғаны сонымен қатар ол оқиғалардың ықтималдықтар теориясының пәнін анықтайды.Оқиғаларды латын әріптері А,В,С және т.с.с арқылы белгілейді.

Оқиғалар бірнеше түрге бөлінеді: мүмкін болатын оқиға, мүмкін емес оқиға, теңмүмкіндікті, үйлесімсіз, үйлесімді оқиғалар. Сынақ нәтижесінде міндетті түрде болатын оқиға мүмкін болатын оқиға деп,ал сынақ нәтижесінде ешқашан орындалмайтын оқиға мүмкін емес оқиға деп аталады. Мүмкін болатын оқиғаны U әрпімен белгілейді,ал мүмкін емес оқиғаны V әрпімен белгілейді. Мысалы,жәшіктен қосалқы бөлшектер ішінде стандартқа сай бөлшектер алу тәжірибесі. Осы жәшіктен стандартқа сай бөлшекті алу міндетті түрде орындалады. Ал ешқашан осы стандартқа сай емес бөлшекті алу орындалмайды. Яғни стандартқа сай бөлшекткер салынған жәшіктен стандартқа сай бөлшекткер алу оқиғасы мүмкін болатын оқиға. Ал осы жәшіктен стандартқа сай емес бөлшекті алу оқиғасы мүмкін емес оқиға болып табылады. Тең мүмкіндікті оқиға деп-тәжірибедегі оқиғалардың пайда болу мүмкіндігі бірдей оқиғаларды айтамыз. Мысалы, бес ақ және бес қара қарындаш бар қораптан «ақ қарындаш алу» және «қара қарындаш алу» оқиғаларының мүмкіндіктері бірдей. Өйткені, ақ қарындаш саны және қара қарындаш саны бірдей. Ал екі қара және жеті ақ шар алу оқиғасының теңмүмкіндікті оқиға бола алмайды. Өйткені шарлар саны әр түрлі үйлесімсіз оқиға дегеніміз-тәжірибедегі оқиғалардың бірінің пайда болуы басқасын болдырмайтын оқиға.Мысалы,ойын сүйегін бір рет лақтырғанда, тек біреуі ғана орындалады.Нәтижесінде пайда болатын оқиға қалғандарын болдырмайды.Тағы бір мысал,оқушы бір емтихан тапсырып,бір мезгілде «өте жақсы» деген және «жақсы» деген баға ала алмайды.Демек,мұндағы«өте жақсы» және «жақсы» деген бағалар алу оқиғалары бір-біріне үйлесімсіз оқиғалар.Кері жағдайда ол екі оқиға үйлесімді оқиғалар деп аталады.Мысалы,бір оқушы екі емтихан тапсырып,бірінен «өте жақсы» деген,ал екіншісінен «жақсы» деген баға алуы үйлесімді оқиғалар болып табылады.Егер екі үйлесімді оқиғаның біреуі міндетті түрде жүзеге асса,онда екіншісі біріншісі оқиғаға қарама-қарсы оқиға деп аталады.

А оқиғасының пайда болған тәжірибелер санының барлық тәжірибелер санына қатынасын оқиғаның жиілігі деп аталады.Мен оқиғаның жиілігіне байланысты тәжірибемді мысал ретінде көрсетпекпін.Айталық,асықты 20 рет лақтырғанда,оның бүк,шік,тәйкесінен немесе алшысынан түсуінің нәтижелері төменгі кестеде берілген.

Оқиға Оқиғаның орындалу саны Оқиға жиілігіБүк түсуі 10 0,25Шік түсуі 5 0,125Тәйкесінен түсуі 13 0,325Алшысынан түсуі 12 0,3Тәжірибенің жалпы саны 40 0,25+0,125+0,325+0,3=1

58

Page 59: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

«Экономикалық жүйелер» секциясы

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Омарғалиев Нұрсұлтан Төлепбергенұлы10- сынып оқушысы

Жетекші: Садуова Жазира Қазбекқызы

Шағын кәсіпкерліктің құндылығын ашып көрсету.Шағын кәсіпорындар – заң жағынан ерікті, салыстырмалы түрде капитал айналымы

мен тауарлар, қызмет пен қамту кқлемі шағын компаниялар. Шағын және орташа бизнес кешендерідеп халықаралық практикада қамту саны 500 дейінгі адамдарды айтады.Шағын бизнес кешендерінің әлеуметтік-экономикалық нақтылығы, біріншіден, оның иесі мен отбасы мүшелерінің еңбегінде; екіншіден, жалдамалы еңбекті пайдалануға негізінен толықтырылады. Ал, өндірістік-басқару қызметін кәсіпорындарын иесі жүзеге асырады. Шағын кәсіпорын шағын бизнестің «клеткасы» болып табылады.Осыдан шағын кәсіпорындардың жиынтығын құрайтын экономиканың ерекше секторы немесе нарық жағдайындағы өндірістің ерекше қоғамдық формасы екендігі анықталады. Сонымен, шағын өндірістің техникалық ұйымдастыру жағын сиппаттаса, шағын бизнес оның әлеуметтік- экономикалық өлшеміне жатады және осы жағынан «шағын бизнес» түсінігімен сәйкес келеді. Кәсіпкерлік қызметтің түрі ретіндегі шағын бизнестің мәні оның субъектілеріне, яғни кәсіпкерге сипаттама беру арқылы толығырақ ашылады. Экономикалық әдебиетте кәсіпкер түсінігі бірінші рет 1723 жылы Парижде щыққан коммерциялық жалпылама сөздікте пайда болды. Онда кәсіпкер деп «өндіріс пен құрылысқа байланысты міндеттемелерді өзіне алатын » адамды атайды. «Кәсіпкер» түсінігі ғылыми термин ретінде XVІІІ ғасырдың басында Ричард Кантильонның еңбектерінде пайда болды. Ол кәсіпкерліктің бірінші концепциясын жасады, ал кәсіпкер деп тәуелділік жағдайында әрекет ететін адамды түсінді. Қазіргі шыққан сөздіктерде «кәсіпкер» сауда саласында қызмет етуге иаиандандырылған адам ретіндегі анықталғанымен, соңғы кезде кәсіпкер деп кәсіпорын иесін, табыс әкелетін белгілі бір экономикалық қызметтің түрімен айналысатын тұлғаны келтіреді. Дегенмен, кәсіпкер мәнін толығырақ ашып көрсететін анықтама төмендегідей болып табылады: кәсіпкер – ынта мен жаңалық негізінде толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпай, тәуекелге баруға және болашаққа қосымша табыс түсіретіндей етіп, басқа өндіріс факторларын тиімді түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы. Жеке тұлғаның кәсіпкерлікпен айналысу тиімділігі ең алдымен кәсіпкерліктен түсетін жеке табыс табыс пен сол фирмада жалдамалы жұмысшы болатын күнде алатын жалақысымен салыстыру арқылы бағаланады. Егер жалақы көбірек болса, онда әулетті кәсіпкер жалдамалы қызметкер болады. Ал, кәсіпкерліктен түсетін жеке табыс көбірек болса, ол кәсіпкер болады. Кәсіпкер түсер-түспесі белгісіз пайданы таңдаушы да, ал жалақыны таңдаушы – қанша жалақы алатынын білетін жалдамалы жұмыскер.Түсер-түспесі белгісіз пайданы таңдаушылар өндірілген өнімнің (тауардың) құны мен өндіріс шығыны арасындағы айырмашылықты алуға заңды түрде құқы бар белсенді кәсіпкерге айналады. Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы - өзінің экономикалық әрекеттің нәтижесінде пайда түсіру белсенділігі (пайда-кәсіпкердің сұранысы қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржысы мен

59

Page 60: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

баға арасындағы айырмашылық). Бұл қасиеттер шағын кәсіпкерлік үшін де әділетті болып табылады. Бірақ олардың салыстырмалы түрдегі көлемнің шағындығы (яғни сандық факторы) шағын кәсіпкерліктің өзіне тән ерекшеліктерін туғызады.Шағын және орта бизнестің ел төріндегі маңыздылығы. Шағын және орта бизнесті басқару үрдісі – асқан сезгіштік пен білімдарлықты да қажет етеді. Шағын бизнес араласатын экономиканың қай-қай саласы болсын, кәсіпкерден тәуекелшілділікпен қатар, сақтықты талап етеді. Кәсіпкер өз шағын бизнесін бәсекеден қорғау, несие алуда дағдарысқа ұшырау қаупінен сақтану үшін іс-қимылын алдын-ала талдап, есептейді. Сөйтіп, тәуекелдің әрбір түріне нақты әдістер қолданады. Кәсіпкерлікте тәуекел етуге жауапкершілікті күшейту мен бақылау жұмыстарын жүргізу – басты мақсат болу керек. Шағын және орта бизнесте өндірістік тәуекел басым болмақ. Өндірісте өнім немесе қызмет түрінің бағасы, сапасы, еңбек, материалдық шығындардың көлемі анықталғандықтан, өндірістік тәуекел өте жоғаны деңгейде. Қаржы, несие, инвестициялық, нарықтық тәуекелдер де өндірістік тәуекелден кем соқпайды. Өндірістік тәуеклдің құрамдас бөлігінде шаруашылық келісімшартқа отыру, нарық конънктурасының өзгеруі, бәсекелестіктің күшеюі, күтілмеген шығындадың пайда болуы, кәсіпорынды кездесетін мүлікті жоғалтулар да жатады. Жетілмеген маркетингтік саясат та өз кесірін тигізуі мүмкін. Өнім өткізу нарығын дұрыс таңдай алмау, бәсекелестер мен теріс пиғылды бәсекелестер жөніндегі мардымсыз ақпараттар шағын және орта бизнестің тез ыдырауына ықпалын тигізері нақ, сақтандыру шараларын жан-жақты қарастыру, кәсіпкер қызметінде жемісті нәтижеге қолжеткізеді. Шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер әлуметтік жағынан біркелкі емес – олар әр түрлі топтар мен қоғамдық құрылымнан шыққандар. Бірақ, шағын бизнес қарапайымдылығымен кқптеген адамдарды тартады. Нарық экономикада шағын бизнес негізгі төрт қызметті атқарады. — жұмыс орындырын қалыптастыру. Шағын бизнесте жасалатын жұмыс орындарының iрi компанияларда ашылатын орындармен салыстырғанда өз ерекшелiктерi бар. Шағын фирмалар, әдетте, негiзгi жалақыны да, қосымша төлемдердi де аз төлейдi. Бұл жұмыс орындарындағы жұмыскерлердiң көбiсi ешқашан жұмыс iстемегендер, кейбiреулерi жұмыс орнын ұсак фирмадан тапқанға дейiн ұзақуақыт бойына жұмыс iздегендер. Орташа есеппен алғанда шағын кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң iрi компаниялардың қызметкерлерiндей бiлiмдерi жоқ. Корпорациялардың талабына толық сәйкес келмейтiн жұмыскерлердi жалдай отырып, ұсақ кәсiпорындар елдегi тұрақтылығының маңызды факторы болып табылады;— шағын бизнес жаңа тауарлар мен қызметтiң түрлерiн енгiзу кызметін атқарады. Осы артықшылығына байланысты шағын кәсiпкерлер экономикалық өрлеуге маңызды үлес қосады. Бұл тұрғыдан алғанда, шағын бизнестiң жетiстiктерi қауiпсiз сақал қырғыштар, элекгрондық қол сағаттары, вертолет, тот баспайтын болат пен көшiрме аппараттары өндiрiсiне әсер ете отырып, аталған салалар бойынша нағыз төңкерiс жасады.— шағын кәсіпорындар жоғарыда айтылған қызметтерден басқа өнiмдерiн өткiзу, қызмет көрсету, жабдықтаумен айналысу арқылы, iрi корпорациялардың қызметтерінде маңызды орын алады;— көптеген шағын фирмалар тутынушылардың ерекше мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге қабiлеттi болғандықтан (яғни, арнайы тауарлар мен қызметтердi жүзеге асыратындықтан) өмiр суре алады. Ірi компаниялар бұл сияқты қызметтен қашуға тырысады. Бай тұтынушылар “ерекше” талғамдарымен ажыратылады. Олар жеке тапсырыс бойынша дайындалған, әдеттегi тауарларға ұқсамайтын өнiмдердi қажет етедi. Сондықтан да кейбiр шағын кәсiпорындар осындай ерекше қажеттiлiктi қанағаттандыру арқьтлы жетiстiкке жеттi. Шағын бизнестiң осы қасиеттерi оның дамуын маңызды факторға айналдырады. Шағын бизнестi ұйымдастырудың iшкi өндiрiстiк артықшылықтары ерекше көңiл бөлуге тұрарлық. Шағын фирманы ұйымдастыру артықшылықтығының қарапайым мысалы ретiнде оның бiркелкi топтық құрамын келтiруге болады. Ұжым мүшелерiнiң

60

Page 61: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

мамандықтары бiрдей, барлығы бiр мақсатқа ұмтылады. Бұл бәсекелiк нарықта үш артықшылықты бередi:— iрi кәсiпорындарда толық пайдаланылмайтын бөлiнбейтiн мүлiкке (ғимарат, жабдықтар, компьютер және т.б.) деген шектеулi құқығы бар ұйымшыл шағын топ оны жақсырақ пайдалана отытырып, бiрiгiп әрекет етудiң нәтижесiнде шығымдарды азайтады;

— топ iшiндегi тығыз байланыстар олардың мiндеттерiн нақгылауды қажет етпейтиндiктен, келiсiм жүйесі жеңілдейді; — жақсы ұйымдасқан топ өз бетінше шаруашылық жүргiзетiн тұлғалар үшін қауiптi болып саналатын күтпеген жағдайларға неғұрлым сәттi қарсы тұра алады. Бiрақ бiркелкi топтық-ұйымдастырудың да елсiз жақтары бар. Ол ұлғайған сайын топ iшiндегi араласу, байланыс қыйндайды, менеджерлерге деген қажеттiлiк пайда болады. Мұндай менеджер өзiмен бiр мамандықтағы қызметкерлер тобын баскарып, бағыт беретiн иерархияның қарапайым түрi. Жаңа әлеуметтiк қоғам құрылықтың қалыптастыру, басқару аппаратының үлкендiгi, нарықтық экономикадағы икемсiздiгi, тұтынушылармен керi байланыстың жоқтығына байланысты iрi шаруашылық құрылымының шеше алмайтын әлеуметтiк- экономикалық мәселелердi шешуде шағын және орта бизнестiң алатын орны ерекше. Экокономикада шағын кәсiкопорындардың көп болуы бүкiл басқару жүйесiкiң орталықтануын әлсiретедi және қоғамдағы еңбек бөлінiсi жүйесiнде қызметiн неғұрлым тиімдi бөлiнуiне ықпал етедi. Нарықта мамандырылған. жоғары технологияны көптеген шағын және орта кесiпорындар анағурлым iрi бизнеспен бәсекеге түседi. Бұл бәсеке олардың қызметiнiң ынталандырушысы рөлiн атқарады және монополистiк нарық құрылымының пайда болуына кедергi жасайды. Шағын және орта бизнестiң дамуына көңiл бөлу - экологтардың бағдарламаларындағы басты орындардың бiрi. Iрi кәсiпорындардың толып жатқан артықшылықтары бар. Өндiрiс көлемiнiң үлкекдiгi оларға еңбек бөлiнiсiнiң мүмкiндiктерiн кәсiпорын iшiнде пайдалануға жол ашады. Еңбек процесiнiң ұсақ операцияларға бөлiнуi әр жұмыскердiң қандай да бiр операцияға маманданып, басынан аяғына дейiн өнiм жасау жұмысын орындау процесiмен салыстырғанда, көбiрек операциялар орындауына алып келедi. Сондай-ақ, iрi кәсiпорындар өндiрiс шығынын азайтуға және жоғары сапалы өнiм шығаруға мүмкiкдiк беретiн ғылыми -зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық бағдарламаға қаржы салуға қабiлеттi. Дегенмен, iрi өендiрiстiң артықшылықтары шексiз емес:кәсiпорынның үйлесiмдi көлемiн өсiргенде өндiрiстiк бiрлiктiң бұзылуы, басқару деңгейiнiң нашарлауы және т.с.с. керi нәтижелер туы мүмкiн. Сондықтан кәпкердiң міндетi — өндiрiстiң жалпы көлемін ұлғайту ғана емес, сол сияқты оның үйлесімдi көлемiл таба бiлу. Шағын бизнестiң iрi бизнеспен салыстырғандағы артықшылықтарына төмендегiлер жатады:а) икемдiлiк қасиетi — еңбек және материялдық ресурстарды дер кезінде ауыстырып отыруға, нарық талаптарына дәл уақытында жауап беруге мүмкiндiк бередi;е) тұтынушымен тiкелей байланыста болып, оның сұранысына тез арада жауап бере алу кабiлетi — жергiлiктi нарықтарды кажеттi тауарлармен қамтамасыз етуге ықпалын тигiзедi;б) шағын бизнес экономиканы құрылымдықө жағынан қайта құруға жол ашады;в) шағын бизнес өндiрiстi қоғамдық құрылымын жақсартады, себебi “ебедейсiз” iрi өндiрiстiң өзгермелi ортаға, ҒТП-тiң жаңа талаптарына бейiмделуiн жеңiлдетедi, iрi корпорацияларды ұсақ сериялы өнiм өндiрiсiнен босатып, iзденуiен, жетiлдірумен және жаңа өнiмдердi игерумен айналысады, тәуекелге барудан қорықпайды:г) елдiң жалпы экспорттық әлуетiн арттыруға өз үлесiн қосады: шағын бизнестiң көмегiмен сырқы нарыққа шығуға құқық алған, бiрақ экспорттық мүмкiндiктердi жүзеге

61

Page 62: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

асыруға қажеттi тиiмдi iшкi ұйымдастырушы — экономикалық құралдары жоқ, iрi кәсiпорындардың өнеркәсiп саласындағы кейбiр мәселелерiн шешуге болады;г) экономиканың шағын секторының кәсiпорындары табыстағы сәйкессiздiктi азайтға мүмкiндiк бередi;д) ел жаңа технологияның әр түрлi түрлерiн дамытуға қабiлеттi;е) болашақта өнеркәсiптi дамытудың негiзi болып табылатын маманданған жұмыскерлердi дайындайды;ж) кәсiпкердiң басқару қабiлетiнiң толығынан көрiнуіне мүмкiндiк бередi;з) тұрғындар және басқа да жергiлiктi қаржы көздерiнiң жинақтары мен капитал салымдарын көбейту арқылы шағын қаржыларды неғұрлым тимдiрек пайдалануға ықпал жасайды;и) табиғи ресурстарды пайдалау деңгейін ұлғайту арқылы жинақылы арттырады;и) шағын кәсіпорындардың маңызды артықшылығына, сондай-ақ, транспорт шығындарының неғұрлым аздығы жатады, себебi олар тұтынушыларға жақын орналасады;к) тағы да бiр молы қасиетi — еңбек ресурстары, әсiресе орта және шағын қалаларда тиiмдi пайдаланатылдығы. Көптеген шағын қалалар мен қалашықтарды дамыту үмiтi шағын бизнеске байланысты. Шағын кәсiпорындар тұрғындардың қамтамасыз етiлмеген мұқтаждықдарына жауап ретiнде кез-келген секторда дами алады. Бiрақ, осыған карамастан шағын кәсiпорындардың артықшылықтарын асыра мадақтау арқылы бiздiң шешiлмеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелерiміздi шешудiң жала жолдарын тек шағын бизнестi дамытудан ғана көруге болмайды. Мысалы, қаншалыкты тиiмдi болса да, iрi және қымбат ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыруға шағын бизнестiң шамасының келмейтiндiгiн естен шығармау қажет. Оның сол сияқты шикiзат пен капитал алудағы, өнiмдi өткiзу нарығын зерттеудегi, жарнама бойынша мүмкiндiгi шектеулi. Әдетте шағын кәсiпорындар баға немесе несие беру шарттары, мемлекеттiк реттеу сияқты сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлерiне карсы тұруға әлсiз. Мұндай мардымды сiлкiнiстер бұл кәсiпорындарды шығынға ұшыратып қана қоймай, көп жағдай да олардың тiкелей күйреуiне алып келедi. Солда да қазiргi ҒТП жағдайындағы жалпы даму бағытында бүкiл дүние жүзi бойынша шағын бизнес өрлеуi орын алуда. Оның саласына кiретiн көптеген кәсiкорындар ең жоғары технологиялы өндiрiстердi дамытумен айналысуда. Соның нәтижесінде бәсекедегi өз позицияның нығайта отырып, қоғамның техника-технологиялық қарулануын жетiлдiруге әсерiн тигiзуде. Қазақстанның танымал экономист-ғалымдары шағын кәсiпкерлікке бизнестiң мәселелерiн терең қарастырғанда, оның экономикадағы маңызын белгiлеп бердi, олар:— тұтынушылық тауарлар мен қызметтер түрлерiн көбейту және өндiрiс көлемiн ұлғайту;— халыққа қажет тауарлар мен қызметтердiң өндiрiсiн шұғыл ұйымдастыру;— экономикалық мемлекеттiк секторының тиiмсiз өндiрiсiк (аз шығарылатын өнім түрi) колға алып, өнiм шығару және осының есебiнен iрi кәсiпорындар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру;— қосымша әрi көмекшi өндiрiстi жандандыру;— нарық сұранысына ыңғайлы және шұғыл жұмыс iстейтiн өнiм түрлерiн шығару арқылы қоғамдық өндiрiстiң көлемiн ұлғайтып, халықтың әл-ауқатының артуына ыкпал ету;— жаппай жұмыссыздықты ауыздықтауға көмектесу;— экономккадағы бәсекелестiктi дамыту және т.б. Сонымен қатар, бiздiң ойымызша, шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi Қазақстанда дамытудың бiрден-бiр жолы — бұл салааралық шағын кәсiпорындар құру, аймақтық-салалық құрылымды жетiлдiруде олардың арасындағы сапалы үйлестiру жұмыстарын ұйымдастыру, шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi дамыту көрсеткiштерiн қалыптастыру, көп деңгейлi шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi дамытуды жеделдету шараларын жүргiзу.

62

Page 63: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi қолдауда кешендiк көзқарастың қажеттiлiгi ұзақ мерзiмдiк тұрақтылықтың кепiлi бола алады. Әрбiр кәсiпкердiң iс-әрекетi мен жағдайы әрқалай болғанымен, мемлекеттiк қолдау мен реттеуде әлеуметтiк әдiлеттiлiк принципi орнығуы тиiс. Шағын кәсiпкерлiк пен бизнес өзiнiң дамуына байланысты алғышарттар мен мүмкiндiктерге қарай ырғақты дами отырып, әрдайым мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж. Концептуальдық-бағдарламалық топ шағын бизнестi қолдаудың мақсаттарын, әдiстерiн, принциптерiн, тұжырымдамалары мен бағдарламаларық қамтиды. Ұйымдық-ресурстың топ шағьш кәсiпкерлiктi қолдаудың арнайы мемлекеттiк басқару органдары мен қоғамдық бiрлестiктерiн, сондай-ақ, тиiстi ресурстармен және мамандармен қамтамасыз етiлген инфрақұрылым нысандарын бiрiктiредi. Функциональдық топ шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау жүйесiнiң негiзгi бағыттарын қарастытрады. Басқаша айтқанда, бұл дегенiңiз:- шағын кәсiпкерлiк пен бизнестiң сыртқы ортасының факторларын басқару;- жекелеген шағын кәсiпорындарды тiкелей қолдау;- қолдау жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жетiлдiрiлуi.Шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi дамытудың құқықтық шарттарын жетiлдiруде кәсiпкерлердiң құқығын қорғау жөнiнде залдарды түсiндiретiн аймақтарда арнайы семинарлар жүргiзу, кәсiпкерлер арасында анкета жүргiзу, фермерлер, шағын бизнес өкiлдерi, шаруашылық субъектiлерiнiң басшылары үшiн еңбек туралы, монополияға қарсы залдар жөнінде түсiнiктемелер берудi ұйымдастыру қажет. Шағын кәсіпкерлiк пен бизнестi ақпараттармен және мамандармен қамтамасыз ету үшiн бизнес негiздерiн жастарға үйрету, ақпараттық-тусiндірме және әдiснамалық көмек көрсету, шағын кәсiлкерлiк пен бизнестi тiркеу, қаржыландыру және салық курстарын бизнес-инкубаторларда ұйымдастыру өз жалғасын табуы керек. Шағын кәсіпкерлiк пен бизнестi қолдаудың ифрақұрылымын дамытуда өнеркәсiпте, саудада, құрылыста, көлiк шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық секторларын жандандыру, халықтың қөленерi, туризмдi дамыту шараларын әзiрлеу және жүзеге асыру маңызды орында болуы тиiс. Импорт алмастыру бағдарламасына сәйкес кәсiпорынның босаған алаңдарында шағын кәсіпорындарды орналастыру арқылы тауарлардың жаңа түрлерiн өндiру жөнiнде ұсыныстар кәсiпорын бағдарламаларына енгiзiлуi тиiс.1. Шағын кәсіпкерлiк пен бизнестің сыртқы ортасының факторларын басқару дегенiмiз — шағын кәсiпорының қызметiне аса қажеттi сыртқы ортаның жаңа мәліметерiн (мысалы, iрi және шағын бизнес арасындағы кооперациялық байланыстар жүйесi) құрып, бүгiнгi күнге дейiн қалыптасқан факторларының озығын жетiлдiру және келеңсiздерiне тосқауыл қою.2. Жекелеген шағын кәсiпорындарға тiкелей қолдау көрсету — арнайы инфрақұрылымдардың көмегiмен жүзеге асырылады. Атап айтқанда: а) қаржылық институттар (шағын кәсiпкерлiктi қолдау қорлары, арнайы банктер, каржы сақтандыру қорлары); е) лизинг компаниялары; б) бизнес-инкубаторлар, технопарктер, өнеркәсiп компаниялары және т.б.; в) шағын кәсiпкерлiктi дамытудың агенттiктерi мен орталықтары; г) технологияларды тарату орталықтары; д) ақпараттық қамтамасыз ету қызметтерi; е) оқу орталықтары; ж) бухалтерлiк, аудиторлық, жарнамалық, маркетингтiк, көлiк және басқа да қызметтер көрсету жөнiндегi арнайы фирмалар, мамандар таңдауға жәрдемдесетiн агенттiктер.3. Қолдау жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жетiлдiрiлуi — қолдау көрсетудiң нақты стратегиялық бағыттарын анықтаумен тығыз байланысты. Қолдау жүйесiн ұйымдастыруда мемлекеттiк бақылау құрылымдары мен олардың қызметiне бақылау жасаудың тәртiбiн белгiлеп алудың маңызы ерекше. Жүйенiң басым бағыттарын ырғақты дамыту арқылы кең қанатты интеграциялық өркендеуге қол жеткiзуге әбден болады. Шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi қолдау жүйесiнiң жоғарыда қарастырылған уш деңгейiнiң арасында да тығыз байланыс бар. Республякалық деңгейдегi қолдау

63

Page 64: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

құрылымдары құқықтық-нормативтiк және әдiстемелiк көмек көрсетiп қана қоймай, аймақтық және жергiлiктi деңгейдегi қолдау құрылымдарына тiкелей қаржылар аудару арқылы да жәрдемдесуге тиiс. Республикамызда шағын және орта бизнестi дамыту үшiн мынадай шараларды жүргiзу керек:— салық салу базасын жетiлдiру;— салықтың түрлерiн анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерiстер енгiзу;— қаржы операцияларын жүргiзуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиiстi салықты төлеудi жетiлдiру;— несие беру мерзiмдерiн ұзарту және аймақтық мәнi зор шағын өндiрiстiк кәсiпорындар үшiн пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық өндiрiстердi ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;— шағын бизнестi несиелендiру механизмдерiн жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венцурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсынамыз. Шағын кәсіпкерлiктi қолдаудың негiзгi мақсаты — олардың әлеуметтiк-экономикалық қызметiн тиiмдi атқаруына мүмкiндiктер жасап, өмiр сүру мерзiмiнiң неғұрлым ұзаруына ықпал ету. Бiздiң пiкiрiмiзше, мемлекеттiк қолдаудың бағыттары бойынша бiрнеше нақты шараларды iске асыру қажет. Бiрiншi шара — шағын кәсiпкерлiк пен бизнестiң мүдделерiн қорғайтын салық реформасын жасау керек, атап айтқанда, бiрiншiден, экономиканың бұл секторына мемлекет тарапынан таза фискальдық көзқарасты өзгерту; екiншiден, тиiмдi инвестициялар тарту үшiн салық жеңiлдiктерiн енгiзу. Мемлекет кәсiпкерлердi қылмыстық құрылымдардан қорғауы тиiс. Сонымен қатар, кәсiпкерлер өздерiнiң қоғамдық ұйымдарың мемлекеттiк, аймақтық, жергiлiктi деңгейлерде құрьтп, өз-өздерiн кәсiби жүйе арқылы қорғай алса, құба-құп. Құқық қорғау органдары мен кәсіпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң арасындағы тығыз қарым-қатынасты жан-жақты қолдап-қорғаған жөн. Шағын кәсіпкерлiк пен бизнестi құқықтық қолдауда қолданыстағы заң құжаттары талаптарынының сөзсiз орындалуына және олардың мазмұнының ведомстволық ережелермен бұрмаланбауын қамтамасыз ету қажет. Кәсiпкерлердiң тауар өткiзу нарығын кеңейту үшiн мемлекет мұқтаж өнiмдердi шығаруға оларды тiкелей қатыстыру керек. Мемлекет мұқтаж өнiмдердi шығаруға шағын бизнес нысандары үшiн мiндеттi түрде кiшi квота енгiзу — тауар еткiзу нарығындағы шағын кәсіпорындарды тұрақтылығын нығайта түседi. Екiншi шара — шағын кәсiпкерлiкке қаржылық жәрдем беретiн арнайы қаржылық қорларды құру. Үшіншi шара — монополияға қарсы күрес, әдiлеттi бесекелестiк орнату, тұтынушылар құқығын қорғау, осыларды iс-жүзiнде жетiлдiру үшiн республика бойынша шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi колдаудың жүйесiн жасау. Расында, шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi экономиканың мықты буынына айналдыру үшін оның қуатты инфрақұрылымдары ауадай қажет. Егер мемлекет тiкелей қаржы-қаражат бөліп, шағын кәсiпкерлiк пен бизнеске көмектесе алмаса, мемлекеттiк тапсырысқа қатыстырып, әсiресе, өндiрiстiк саланы дамытуға сөзсiз ықпал ете алады. Өтпелi экономикада шағын кәсіпкерлiк пен бизнестiң бiртіндеп қалыптасуы — заңды құбылыс. Мемлекет тарапынан жiберiлген кемшiлiктер мен қателiктердi уақыттың өзi түзеп отыратыны да белгiлi. Дей тұрғанмен, шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi дамытудағы мемлекеттiк колдаудың бiз ұсынған үш деңгейлi жүйесi бүгiнгі күнi маңызды көрiнедi. Республикалық, аймақтық және жергiлiктi деңгейдегi мемлекеттiк қолдау механизмдерi нарық экономикасының ең белсендi бөлiгiнiң — шағын кәсiпкерлiк пен бизнестiң дамуына даңғыл жол ашады.

64

Page 65: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НАРЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Ошанова Ардақ9 сынып оқушысы

Жетекшісі: Садуова Жазира Қазбекқызы

Қоғамдық өнідіріс процесінде өнімнің нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар: кәсіпорындар, аймақтық кешендердің, халық шаруашылығының қан тамыры іспетті. Қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды экономикалық-әлеуметтік қызмет атқарады.

Нарық деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Біразы нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған у-шуы көп базармен теңесе, ал көпшілігі нарық экономикасын барлық аурудан тез жазатын керемет дәрі деп те атауда.

Нарық – тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушы арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы.

Нарықтың экономикада ұтымды жұмыс істеу үшін мына жағдайлар:1. Тауарды қанша көлемде өндіру керек. Қолда бардың қаншасын немесе қандай

бөлігін жұмсау керек және өндіріс барысында қалай пайдалану керек.2. Не өндіру керек, яғни қоғамның материалдық тұтынымын толығырақ қамтамасыз

ететін тауарлар мен қызметті аңықтау.3. Қоғамға қажетті тауарлар қалай өндіріліп, қалай қызмет атқарылу керек.4. Өндірілген өнім кімге арналған, оны кім алу керек, яғни өндірілген өнім нақты

тұтынушылар арасын қалайша бөлінбек.5. Өзгерістер бола қалса қатысушылардың соған бейімделе білуіне қол жеткізу

керек. Нарықтың мәні оның қызметтерінде толық көрінеді. Тауарлық өндіріс өзін-өзі реттеу қызметі. Ал тауарға деген сұраныс өскен кезде

өндірушілер өз өндіріс көлемін кеңейтеді және бағаны өсіреді. Соның нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды.

Ынталандырушы қызметі. Баға төмендеген кезде өндірушілер өндіруді қысқартып, жаңа техника технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздей бастады.

Өндірілген өнімнің еңбек шығынының қоғамдық маңыздылығын орнату қызметі. Бұл тапшылықсыз өндіріс жағдайында(сатып алушы таңдай алғанда, өндірістегі монополиялық жағдай болмағанда және олардың арамында бәсекелестік орнағанда) әрекет ете алады.

Реттеуші қызметі. Нарық көмегімен экономикада, өндіріс пен айырбаста негізгі микро және макро тепе-теңдік орнатылады.

Нарықтық экономикада өнімнің де қызметтің де бағасы бар. Негізінде бұл нарықтың өзін-өзі реттеу механизмі.

Нарықтың өзін-өзі реттеу механизмі

Сұраныс

Ұсыныс

Нарықтық баға

Бәсекелестік

65

Page 66: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Мемлекеттік реттеу арқылы да нарықты толықтыруға болады. Нарықтық механизм мына мәселелерді өздігінен шеше алмайды:

1. Инфляция2. Экономика монополизмі3. Нарықта әлеуметтік әділеттіліктің болмауы 4. Жұмыссыздық5. Таза қоғамдық тауарды өндірудің мүмкін еместігі6. Экономиканы қажетті ақшамен қамтамасыз етуБұл жайлы Джон Мейнрат Кейнс 1936 жылы «Жұмыстылықтың процент пен

ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде мемлекеттің экономикаға араласуын қажет деп атады. Ол экономикалық дағдарысты, жаппай жұмыссыздық тууын ескеріп отыру керек деген мәселе көтерген.

1. Мемлекеттік сектормен басқару 1. Инвестициялық саясат2. Нарықтық қатынастарды реттейтін 2. Жұмыссыздықты жою

Заңдарды қабылдау 3. Бағаны реттеу 4. Кірістерді қайта бөлу 5. Тұрақты экономикалық өсуді қолдау Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық дамуында нарықтық

экономикасына өту жалғастырылып, шетел инвестициясын келтіру, әлемдік рынокқа шығу проблемаларының басым бағыттары анықталды. Батыс Еуропа елдерінің, АҚШ-тың Қазақстарнда рыноктық экономиканы өмірге келгенін мойындауы маңызды оқиға болды.

Бірақ, нарықтық экономикаға көшу Қазақстан республикасының тұрғындарының тұрмысында, сана-сезімінде түбірлі өзгерістер туғызды. Дәстүрлі әкімшілдік-әміршілдік басқарудың орнына нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа бейімделу, әлемдік нарыққа бет бұру, өз қабілетіне, еңбегіне сену сияқты жаңа менталиттер қалыптасты.

Нарықтық экономикаға көшу кезінде Қазақстанда оның ешқандай институттары мен инфрақұрылымдары жоқ еді. Ал енді жіберліген кейбір қателіктер қатарына мыналар жатады: Ұлттық валюта теңгенің кеш енгізілуі; мемлекеттік меншікті жекешелендірудегі олқылықтар; шетелдік мамандардың теріс пікірлер; мысалы, дүниежүзілік валюта қоры рубль аймағынан шықпауды ұсынды.

Біздің алдымызда нарықтық экономиканы реттеудің дүниежүзілік жинақталған бай тәжірибесін қолдану қажеттілігі тұр. Сондықтан да олардың бәрі біздің жағдайымызға сәйкес бола бермейді және олай болуға тиісті емес. Біз үшін қазіргі басты міндет - әлеуметтік саяси жағынан қорғалмаған тұрғындар тобына қолдау көрсету. Қазақстан 2000 жылы Еуропаның елдерінің қолдауымен нарықтық экономикалы мемлдекет деп танылды. Қазақстан болашақта бәсекелестікке қабілетті мемлекеттер қатарына қосылу алдында.

Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері

Тікелей араласу Жанама араласу

66

Page 67: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ДАМУЫ

Мажетаева Гүлназ9 сынып оқушысы

Жетекшісі: Садуова Жазира Қазбекқызы Нарықтық экономика жағдайындағы коммерциялық банктер - бұл іскерлік банктер

болып саналады және олар барлық елдердің банк жүйесінде айрықша орын алады. Бұл банктер бүкіл экономикаға қызмет көрсете отырып, шаруашылықтарға, кәсіпкерлерге, жекелеген тұлғаларға несиелер береді, тұтынушыларға неғұрлым жақындай отырып, өндіріс саласы мен айналым дамуына көмегін тигізеді.

Банк - коммерциялық кәсіпорын ретінде өзінің сауда, делдалдық, несие операцияларын жүзеге асырып, есепті кезеңге басанс жасап, табыс алуға деген өзіндік мүддесін таныта отырып, пайда табады және ол оған мүдделі болып табылады. Банктің шығынды қызметі нарықтық ортадағы оның толық банкроттық жағдайын көрсетеді және банктерді жабу үшін негіз болып саналады. Сондықтан да банктер өздерінің қызметін орындау және көптеген операцияларды жасау кезінде коммерцияның маңызды қағидаларын ұстанады: онысыз банк өмір сүруін тоқтататын пайдаға қол жеткізуді; жоғары кірістілікті қамтамасыз етеді; банктің пассив балансы бойынша қатыстырылған қаржылар үлесінің артуымен банк ресурстарының тез айналым жасаушылығына жетуді; өз мүдделері мен клиенттердің мүдделері үйлесім тапқан жағдайда, соған орай соңғыны алдыңғы орынға жылжыта отырып, банк ісіндегі тәуекелді төмендетуді көздейді. банктер клиенттердің ақша, қаржы операцияларына қызмет көрсету үшін құрылады және өндірісті кеңейтуге ссудалық капиталдың қозғалысына қызмет етеді.

Коммерциялық банктер нарықтық қатынастардың белсенді қатысушылары ретінде, опперация мен қызметтердің көптеген түрлері арқылы іскер банктер түрінде қатысады. Олардың көмегімен клиенттерге қаржылық қызмет көрсетуде активті және пассивті операциялар жасау, есеп айырысуларды жүзеге асыру кездерінде ссудалық капиталдың ауысуы болады.

Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

Коммерциялық банктер мынадай операцияларды жүзеге асырады: депозиттік операциялар; инвестициялық операциялар; кассалық операциялар; қаржылық операциялар: лизинг, факторинг, форфейтинг; несиелендіру операциясы; есеп айрысу операциялары және тағы басқа.

«Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің дамуы» жұмысындағы негізгі мәселелерді баяндау нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасауға болады:

Коммерциялық банктер – елдің банк жүйесіндегі негізгі буын, бұл – іскерлік банктері, әріптестер. Экономикаға несие беру қызметін орындай отырып, несие жүйесіндегі маңызды буын ретінде қатысады.

Коммерциялық банктер – ақша несие нарығындағы әмбебап кәсіпорын болып табылады және олар дәстүрлі (базалық) қызметтерді, ал нарықтық экономика жағдайында кең спектрлі қаржылық қызметтер көрсетеді.

67

Page 68: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Коммерциялық банктердің несиелік операциялары – бұл несие берушінің ақылық, жеделдік, қайтымдылық, қамтамасыз етушілік жағдайында қарыз алушыға белгілі бір ақша қаражаты сомасын беру бойынша қатынасы.

Несиенің неғұрлым кең тараған түрлері болып маналар саналады: мақсатты, ипотекалық, тұт Банк жүйесі бойынша ғылыми зерттей ыну, конкоррентті, банкаралық несиелер болып табылады. отырып, оның нағыз инвестицияның негізі екеніне көз жеткізілген.

68

Page 69: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

«Тарих» секциясы

ҚАЗАҚТЫҢ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫТүсіпбекова Гүлнұр9-сынып оқушысы

Жетекшісі: Қаппасова Рымтай Қаппасқызы

Әр ұлттың - әр халықтың, өз болашақ көкжиегіне жетелейтін ұлт зиялылары бар. Сонымен қатар сол зиялы қауымның шығармашылық даму тарихы сан алуан.

Осы ғылыми жұмысымның барысында қазақтың шығармашылық интелигенциясының даму тарихының жәнеде қазіргі кезеңдегі интелигенция туралы мәселенің өзектілігін айшықтай түспекпін.

Қазақ қауымы - ұлтымыз. Ол таптардан, топтардан тұрады. Әдебиетте жұмысшы табы, шаруалар табы, байлар - жаңа қазақтар - ұлттық буржуазия табы бары айтылып жүр. Ал интеллегенцияға келгенде қалам таратушы қауым күмілжіп: "зиялылар дегеніміз кім?" - деп өзіне қарсы сауал қояды. Оның себебі де жоқ емес. Кешегі кеңес дәуірінде интеллегенция жұмысшы мен шаруалар арасынан шыққан топ - ұлттың қанаты емес, қанатшығы, табы емес, екі таптың ортасындағы сынасы, жарыншағы деп саналып келеді. Арада да емес, жағада да емес екі кеменің құйрығын ұстаған болып келеді.

ІntеІІеіgеnts - латын сөзі, түйсікті ойшыл, есті, білімпаз деген ұғымды білдіреді. Шын мәнінде, интеллигенция дегеніміз - ғылым мен мәдениеттің сан-саласымен кәсіби айналушысы, мәдениетті дамытып, таратушы, ой рухани еңбектің адамы. Интеллигенция - зиялылар, ең алдымен, ғылымды, техниканы, өнерді, білімді дамытушы, жасампаздар қауымы. Олар ой еңбегіне парасат демократияға сипат береді.

"Интеллигенция" деген терминді XX ғасырдың 70 - ші жылдарында П.Д. Боборкин деген орыс жазушысы енгізді. Алайда оған, сол кезге дейін зиялы қауым болмады деуге болмайды. Өйткені ол ой еңбегі мен дене еңбегі шыққан кезден сонау антикалық және орта ғасырлық кезеңнен бой көрсеткен.

Интеллигенция қазіргі заманда ғылыми - техникалық, ғылыми - гуманитарлық, әкімші - басқарушылық, ағарту, денсаулық сақтау, т.б. болып табылады. Әлеуметтік -экономикалық бөлінушілікке душар болған зиялылар бүгінгі әлемдік қоғамның 3-5% құрайды.

Интеллигенцияның дүние танымы қоғамының айнасы сияқты, әр тақтың көзқарасы оған әсер етпей қоймайды. Әсіресе, ол билік жүйесіндегі зиялылардың іс -әрекетінен байқалады, олар үстем таптың мүддесін қорғайды, соның жаршысы, қорғаны болып бой көрсетеді.

Зиялы қауымның ең айбындысы шығармашылықпен айналысатын тобы: ғалымдар, жазушылар, өнер қайраткерлері. Интеллигенция жайшылықта ауа жайылып, ел тірлігінің ішінде жүреді. Болмысы жаратылыстан ерекше зиялылар ғаназаманына толғағын жүрегінен өткізеді. Қазақ тарихында Бұқар жырау, Ақтамбердіжырау, Махамбет, Сегіз сері, Алаш көсемдері, Қ. Сатпаев, М. Әуезов, С. Садуақасовт.б. осындай жандар. Көбінесе зиялылар тентектігімен емес, тектілігімен танылсакерек. Жаңа заманда тәуелсіздікті баянды етеміз деп, елдің байлығын талант -таражға салуға қарсы, ауыл тағдырын, ғылым тағдырын, мәдениет тағдырын толғақетіп, шырылдап жүрегн зиялылар бұл күні баршылық. Сөз жоқ, олардың бірлігі керек,ұлт алдында ұйымдасып жасар тірлігі керек. Әрине, қазақ атам айтқандай, "Нешетүрлі жүйрік, әліне қарай шабады" - дегендей, мәселені қою бар да, көтеру бар, көбінеұран деңгейінде, үгіт деңгейінде, аппазициялық наз деңгейінде қалып қоятын идеяларбарын жасыруға болмайды. ¥лт зиялыларының мындай зерделі тобының шығуы -тәуелсіздік нәтижесі, ұлттың оянып, ұлағаттана бастуының көрінісі. Дегенмен де,интеллигенцияның басым көпшілігінің әр заманда күн көріс қарекеті билеп, өмірқияметі иелеп кететінін жасыруға болмайды. Олар тек ұлттық идея маңына топтаса

69

Page 70: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

алады. XIX ғасырдың екінші жартысында ағартушылар, XX ғасырдың басындағыАлаш қозғалысы осының айғағы. Зиялы қауымның басын ұлт ұстазы АхметБайтұрсындай, ұлт лидері Әлихан Бөкейхандай, ұлттық намыстың жаршысыМіржақып Дулаттай жандар ғана қоса алады.

Тәуелсіздік алғаннан бері "Азаттық","Бостандық","Алаш" сияқты ұлы, қасиеттіұғымдарды тоң қылып жабылып , қалың қауымды соңынан ерткісі келетіндер бұл күніжауыннан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты қаптады.Зиялы қауым көнбісхалық.Бірақ,ол өне бойы айдағанға жүрмейді,алдауға көнбейді, көрінген ту ұстап ,уралағанны соңынан ермейді.Ол халыққа өзінің толғаныстарымен, тебіреністерімен, ерең қимылдарымен ,жаңа туындыларымен ой салады, болашақ көк жиегіне жетелейді,ұлтты тәрбейелейді.Ғасыр бойындағы"Оян,қазақ"ұраны жаңа XIX ғасырдада күн тәртібінде тұр.¥лтымыз ұлағатты болуы ,кемеліне жетіп толуы,өркениет төріне озуы ұлттың зиялы қауымына байланысты.Сондықтан да өтпелі кезеңде ұлт зиялыларын жүдетпей,ыдыратпай топтастыру,ұлт мүддесі негізінде тәрбиелеу-мемлекеттік деңгейінде саясаҮтың түп қазығы болу керек.

Қазіргі кезеңде интеллигенция туралы мәселені өзектілігінің арта түсуі заңды құбылыс.Бұл -саяси, идеялогиялық, эмоцианалдық мәдениет деңгейін көтеру деген сөз.Сондықтан, қазақ интеллигенциясының қалыптасуымен дамуындағы кейбір құбылыстарға, оның қоғамдағы орны мен рөлінедағдырына осы тұрғыдан баға берген абзал.

Отандық тарихта интеллигенция мәселесі негізгілердің бірінен саналады.Қазіргі кезде ғалымдар арасында осынау күрделі әлеуметтік құбылысқа бірегей көзқарас әлі қалыптасқан жоқ.Қазақстандағы 32-ші жылғы интеллигенттердің қайғылы қасірет тағдыры өзінің ауқымы жағынан жергілікті халық тарихындағы қаралы кезең XVIII ғасырдағы ақтабан -шұбұрынды, алқакөл-сұлама заманымен салыстырып жүр .Мәселенің деңгейін түсіну үшін солай еткенде жөн шығар.Бірақ, бұл салыстырудың өзіде шартты,шынтуайтқа келгенде ,халықтың соңғы кезеңде жоғалтқаны алдыңғысынан сан жағынан да,сапа жағынан да анағұрлым артып түседі.

Кәсіптік білім беретін оку орындарының көбеюі Қазақстан зиялыларының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Жаңадан ашылған жоғары оку орындарыңда М. Әуезов, О. Жандосов, Қ. Жүбанов, С. Сейфуллин, А. Байтүрсынов, Т. Жүргенов, С. Аспандияров т.б. қазақтың зиялы қауымдарының өкілдері қызмет атқарды. Одақ мемлекеттерінен Н.П. Орлов, М.П. Иванов, И.С. Бахал, Д. Домб-ровский, К.П. Персидский т.б. ғалымдар Қазақстан

Ресиубликада косіптік бітім беру жэне үлттық зиялыларды қалыптастыру үшін қажетті атғышарттар жасасты:

- Сауатсыздықты жоюдыц негізінен аяқталуы.- Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім берудің енгізілуі.- Орта білімнің өсуі.- Казақ қыздарыныц білімге тартылуы.- Жоғары білім беру ісі дамыды. Откеде ашылган жоғары оқу орындары:1928 жыл Түңғыш педагогикалық институт.• 1929 жыл Алматыдағы зоотехникалық-малдорігертік институты.• 1930 жыл - Қазақтың ауылшаруашылық институты.• 1931 жыл, наурыз-Алматы медицина институты. (Ленинград оскерк-медицина

академиясыныц қамқорлығында болды.)• 1931 -1932 жылдар- Орал және Қызылорда пединсгитуттары.• 1934 жыл - С.М. Кирлов атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1940

жы.ты 15 касредрасы болды.)• 1934 жыл- Қазақ кен-металлургия институты. (инженер-техник кадртар даярлаудың

негізі сатынды.)

70

Page 71: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

• 1925-1932 жылдар-педтехникумдар сапы 14 тен 29-ға жетін, 4821 оқушы оқыды.• 1933 жылғы 2 қыркүйек - Қазақстан үшін кадрлар даяртау

туралы Қаулы жарияланды. —30-жылдары елдің эр түрлі аймақтарындағы жоғарғы оқу орындары мен

техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық оқыды.Ғылым мен мәдениет қайраткерлері еңбегі нәтежесінде Қазақстан зиялылар тобы

қалыптасты: С. Асфендияров, Т.Жүрғенов, С. Сейфуллин, А. Байтүрсынов, О. Жандосов, М.Әуезов, Қ. Жүбанов т.б. 1939 жылғы санақ бойынша, ой еңбегімен айналысатып қызметкерлер саны—430 мың (17,7%). Кен, қаржы, мүнай, ауылшаруашылық, тасымал техникумдары ашылды

• 1928 жыл - 24 техникум,• 1940 жыл - 118 техникум.• 1920 жыл - Қазақстанды зерттеу қоғамы қүрылды. Ол өлкенің тарихын,

этнографиясын, экономикасын зерттеудің және жаратылыстану ғылымының ірі орталығына айналды. Қоғамның филиалдары Петропавл, Кокшетау, Орал, Орда қалаларында ашылды. Қазақ АКСР Хатық ағарту комиссариатының Академиялык орталығы құрылып, біршама жүмыстар атқарылды. Негізінен:

- Қазақша жазуды жетілдірді.- Қазақ тіліндегі алғашқы оқулыктарды қүрастыпды- Қазақ Халқының тарихы этнографиясы жөнінде еңбектер басып шығарды.

71

Page 72: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

АМАНГЕЛДІ ИМАНОВ – ҰЛТ АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІНІҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ

Әмірхан Мөлдір8-сынып оқушысы

Жетекшісі: Имангалина Шарбану Мажкенқызы

Есімдері сан ұрпақты қамтитын ұзақ кезең бойына болашақ ұрпақтың есінде сақталатын және қастерлі құрметке бөленетін адамдардың әрқашан өз дәуірінің прогресшіл қозғалысымен байланысты болатынын, әрқашан алдыңғы қатарлы қоғамдық күштерінің өкілдері болып табылатынын тарих тәжірибесі көрсетіп отыр. Қазақ халқының дәл сондай өкілдерінің бірі - Амангелді Иманов.

Амангелді халық бақыты жолындағы нағыз күрескердің үлгісі болып табылатын революционер қатарына жатады. Қазақтың қалың бұқарасының оянуына және ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуіне бүкіл елді қамтыған бірінші орыс революциясы түрткі болды. Соған байланысты жергілікті жерлердегі революциялық қозғалыс, сондай-ақ большевизм идеяларының тарауы, қазақ еңбекшілерінің сана-сезіміне зор ықпал жасады.

Амангелді – ХХ ғасырдың бас кезіндегі еңбекші шаруасының алдыңғы қатарлы типтік өкілі. Ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласуы оның саяси жағына едәуір алда болуына жағдай жасады,ол бостандық жолындағы қозғалыстың алдыңғы шебінде тұрды. Жеке басының қасиеттері мен мінезі күресте шыңдалып, қоғамдық мағына алды. Оның қасиеттері: еңбекші халыққа деген сүйіспеншілігі, қанаушылар мен езушілерге деген бітпес өшпенділік.

Амангелді Үдербайұлы Иманов ( 3.4.1873 бұрынғы Торғай уезі, Қайдауыл болысы-18.5.1919 жылы Торғай қаласы.) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі, Иман батыр Дулатұлының немересі. Амангелді 8 жасынан жетім қалған. Амангелді інілері Есентай, Байегіз және Бектептай. Інілермен бірге байлардың малын баққан.

1916 жылдың 25 маусымында Ресей патшасының «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» атты жарлығы шыққаннан кейін елде толқу басталды. Жастар атқа қонды, орыстың сан жылдар бойы қалыптасқан отарлау езгісіне қарсы, бір жағы «қара жұмысқа алынады» деген қорлығына намыстанған қазақ жастары атойлап жатты.

1916 жылдың 21-22 қараша күндері «Ақшығанақ айқасы» өтеді. Сарбаздар Торғай- Ырғыз, Шалқар, Ақтөбе телеграф сымын үзеді. Ақшығанақтағы бекеттің «Қызыл үйін» өртейді. Оспан мен сарбаздар пошта бекетінен көп ақша олжалайды. Ойсырай соққы алып кете барды. 1917 жылдың 11 қаңтарында «Күйік соғысы», 17 ақпанында «Құмкешу шайқасы», 24 ақпанында «Доғал соғысы» болып, қанды қырғынмен аяқталды. Ткаченконың жазалаушы отрядымен білтелі мылтық, қайқы қылыш, қайың шоқпармен қаруланған сарбаздар жан берісіп, жан алыса соғысады. Ел ішіндегі дауға ерте араласқан, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалануына ұшырап, 1896-1911 жылдар арасында бірнеше рет түрмеге отырғызылды. 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс 2-3 ай ішінде ереулі күш Қоғалық көлде бас қосып, Әбдіғаппар Жанбосов хан Амангелдіні «көтеріліс қолбасшысы» етіп тағайындайды. Амангелді 27 күнде Торғай қаласын қоршауға алады. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеновтың жарақаты үлкен жасағына қарсы 1917 жылғы 21-23 ақпанда Құмкешу, Доғал, Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасаған. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты. Аманкелді

72

Page 73: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

1918 жылы 21 наурыз - 2 сәуір аралығында Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысты. Торғай уезінің комиссары болып тағайындалды. Батыр қазақ азаматтарын бір-біріне қарсы қойған аласапыран уақыттың алмағайып саясатының құрбаны болды. Мәйттері бір жылдан соң Алакөлге, кейін 1940 жылы аудан орталығына әкеленіп жерленді. Аманкелді – қазақ халқының тарихында жалпы ұлттық қасиеттерді бойына дарытқан бірінші батыр. Ол – қазақтың қызыл батыры. Патша жарлығына қарсы күрескен Амангелді Иманов ерліктерін қазіргі ұрпақ ұмыт қалдырмау үшін аудандар мен мұражайларға есімі берілген. Қостанай облысының оңтүстік-шығысындағы Аманкелді орталығында Аманкелді мұражайы, орта мектеп, аурухана бар. Аманкелді–Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілігінің орталығы. Амакелді мұражайы 1916 жылғы Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі Аманкелді Имановтың тұтынған бұйымдары мен ол туралы құжаттар жинақталған ғылыми- ағарту мекемесі, 1979 жылы мұражайдың жаңа ғимараты пайдалануға рұқсат берілген. Онда 5 көрме залы, қор қоймасы, кино залы жұмыс істейді. Амангелді мен оның үзеңгілес серіктеріне қатысты 2 мыңнан астам материалдық деректер, құжаттар жинақталған. Сондай-ақ мұражайда ауданның эканомикалық-мәдениетінің даму жолын көрсетіп, аудан топырағынан шыққан еңбек және соғыс ардагерлерінің, көрнекті мәдениет қайраткерлерінің өмірімен және еңбектерімен таныстыратын жәдігерлер бар. Аманкелді ескерткіші 1947 жылы Алматы қаласында ашылған. Мүсінші Х.Б.Аскаров, сәулетші Т.Қ.Бәсеков. Алматыдағы алғашқы монументтік ескерткіштердің бірі. 1937 жылы 25 тамызда Амангелді Иманов туралы ең алғаш Алматыда кино түсірілген, Амангелді Имановтың рөлінде республиканың халық артисі Елубай Өмірзақов ойнады. Халық жырларында Аманкелді батырдың кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық жанқиярлық ерліктері қысқа өлең, толғаулардан келелі де кесек жыр дастандарға дейін халықтық сипат алып отырған. Дастандар Амангелді Имановтың әлеуметтік тап тартысында шыныққан саяси басшы, жан-тәнімен берілген табанды революционер дәрежесіне көтерілген күрес жолдары суреттелген. Осы орайда, Амангелді батыр халық қорғаны, ел мұңшысы ретінде ардақталса, алаш өкілдері жауыздық пен сатқындықтың жиынтығы тұрғысында халық қарғысына бөленіп берілді. Ақындар Амангелдіні «елдің ер еді» деп, «оның өзі өлгенмен ісі өлмейді» деп толғаса, алаш ұлтшылдарын «момынды аунатып-жеп, арын ақшаға сатқан», «бал орына қан татқан» жауыздар деп әшкерлеген. Амангелді батырдың тарихы 3 кезеңде жүргізілген ерлік күрестері мен қазақ даласындағы тап тартысының ширығып жаңа сипат алуын, ең алдымен, Россиядағы жұмысшылар қозғалысы мен революциялық өрлеудің бір көрінісі ретінде қарастырылып, оған қоғамдық терең сипат берілген. Осы орайда, тарих саханасына әр қилы әлеуметтік топтың адамдары шығып, өз табының мүддесі үшін кескілескен күреске түскен. Бостандық жолындағы күрескерлердің образы халықтың фашизмге қарсы, Отанымыздың ар-намысы мен тәуелсіздігі үшін қатал күреске рухтандырды. XVIII ғасырдың өзінде Қазақстанның ерікті түрде Россияға қосылуының қазақ халқының тағдырында прогресшіл зор мәні болды. Россияға қосылу бұл өлкеге орыс халқының озық экономикасының, мәдениетінің енуіне кең мүмкіндіктер туғызды. Қазақстан XIX-XX ғасырлардың аралығында дүние жүзілік революцияшыл қозғалыстың орталығына айналған революцияшыл Россияның ажырамас бөлігі болды. Қазақстан көтерілісінің дамуы, оның өршуі, жаулаушы отрядтарымен болған қарулы қақтығыстар кезіндегі жеңістер мен жеңілістер әдебиетте, әр жылдан басылып шыққан құжаттар мен материалдар жинақтарында жеткілікті дәрежеде толық көрсетілген. Қазан соғысы округі қолбасшының қолынан шыққан жекелеген құжаттар сондай-ақ бас штабтың патшаға жолдаған баяндама жазбалары, көтерілістің көлемі, көтерілісшілердің саны, Торғай даласында қимыл жасаған жазалаушылардың қолданған тәсілдері жөнінде нақты түсінік берілген. Көрмеге бірнеше ұрпақ шеберлерінің 60-тан астам бейнелеу, графикалық және мүсіндік шығармалары қойылды. Амангелді – өзінің мұқалмас ерлік күшімен, тағдырымен кейінгі жас ұрпақты таң қалдыра рухтандырады.

73

Page 74: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

Малгаждар Абай7-сынып оқушысы

Жетекшісі: Имангалина Шарбану Мажкенқызы

Тарихи деректану саласында зерттелген, әрі өзектілігі артып отырған ғылыми мәселенің бірі қазақ хандығының құрылуына байланысты. Дала өркениеті тудырған бұл хандықтың мәлеметтеріне деректік талдау жасау, көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол ашады. Қазақ хандығының құрылуының өзінде үлкен деректік қор бар. Ол деректемелердің тарихи шындықты суреттеудегі ерекшеліктерінің кейбіреуі ғылымда қарастырылмай келді. Қазақ хандығының құрылуының тарихи мәліметтері мен деректерін сын көзқарас тұрғысынан тексеру, нақты ғылыми тәсілдермен шындыққа сәйкес келетін ақиқатын анықтау, қажетінше ғылыми айналымға енгізу – мемлекет, ұлт және мәдениет тарихын деректік тұрғыда зерттеуді жаңа деңгейге көтеретін келелі мәселе.

Қазақ тарихын баяндауда біріншіден Жәнібек пен Керейге және дерекке молырақ назар аударып, оның мәліметтерін талдап зерттеу – тарихи ізденіс үшін көкейтесті, ғылыми таным үшін маңызды, әрі ұлттық тарихнама тиімділігін арттыратын өзекті сала. Хандықтың тұрмысы, шаруашылық-мәдени өмірі туралы жазылған саяхатшылардың этнографиялық сипаттамалық деректерді трафарет іспетті одан ерте ғасырлардағы тарихи жағдайларды суреттеп жазу шындыққа жауап бермейді. Жазба деректердің басым бөлігі сырткөз болып келеді. Сырттан жазылған дерек көздерінде қазақтың ішкі өмірі, рухани құндылықтары туралы тиянақты айтатын мәліметтер жоқ. Ал, қазақта өзінің үлкен тарихи көзқарасы, тарихи дәстүрі, тарихи әдебиеті, тарихи ой жүйесі бар. Оны сақтаған дерек қабаттарын көтеру, және оны тек жариялау ғана емес, сол ішкі дерек топтамалары жеткізіп отырған тарихи фактілерді тәпсірлеу, интерпретация жасау мәселесі өзекті болып тұр.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жинақталған нақты материалдарды теориялық тұрғыдан қорыту, соның нәтижесінде Қазақ хандығының құрылуын дерек ретінде тәпсірлеу мен түсіну ғылыми жаңаша болғандықтан бұл жұмыстың бағалығы да сол. Атап айтқанда:

1.Қолжазба қорында сақтаулы қазақ хандығының құрылуы деректік тұрғыда зерттелуі үлкен жаңалық болып табылады;

2.Қазақ хандығын басқарған хандардың өмір баянына тоқталып қорытындылай кету.Қазақ хандығы дәуірінде қазақ хандығының құрылуы /XV ғ.орт.-ХVІІ ғ./Қазақ хандығы құрылуы жөніндегі жазба деректер, тарихи аңыз-әңгімелер. Қазақ

хандығының құрылуының алғышарттары. XV ғ. ортасындағы Әбілқайыр Ұлысы және оның Моғолстанмен ара-қатынасы. Керей мен Жәнібек хандардың Шу бойына көшіп келуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның күшейе бастауы. Есен-Бұғы ханның қайтыс болуы. Жүніс хан. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығына жорығы (1469 ж.). Қазақ хандығының Дешті Қыпшақ үшін күресі. Жәнібек хан. Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің орнауы. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы.

Сыр бойы. Тарихи-географиялық сипаттама. Сыр бойы - дәстүрлі өркениет ошағы. Сыр бойы қалаларының қазақ қоғамының саяси-әкімшілік, экономикалық, әскери-стратегиялық және діни-мәдени өміріндегі орны. Сыр бойының қысқы жайылым мен қыстау ретіндегі маңызы. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін күресінің басталуы, оның

74

Page 75: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

кезеңдері. Бұрындық хан (1480-1511). XV ғ. 90-шы жж. шиеленісті жағдайлар және 1495/96 жж. келісімдер.

Қасым ханның Сыр бойы үшін жүрген күреске қатысуы. Қасым хан (1511-1518) және XV ғ. соңы - XVI ғ. басындағы Қазақ хандығының, ішкі саяси жағдайы. Шайбани ханға қарсы күрес. Қасым хан тұсында Сыр бойы мен Жетісудың Қазақ хандығына өтуі, оның маңызы. XVI ғ. басындағы Моғол және Мауреннахр билеушілерімен арадағы қатынас. Еділ мен Жайық аралығының Қазақ хандығына өтуі. Қасым ханның билігі тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы. Қасым ханның "Қасқа жолы". Оның қызметі туралы тарихи мәліметтер.

Халқының қалыптасуының аяқталуыЭтногенез мәселесі. Этникалық процес туралы түсінік. Этникалық процеске қажет

негізгі шарттар: территория, экономика, тіл және мәдениет ортақтығы. Қазақстан территориясындағы этникалық процестің кезеңдері. Сақ-үйсін дәуіріндегі

этникалык процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің қалыптасуы. Түркі қағанаттары дәуіріндегі этникалық процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің одан әрі нығая түсуі. Өзін-өзі тану процесі. Қыпшақ дәуіріндегі этникалық процестер. Саяси-территориялық ұйым және оның этно-генетикалық үрдісте алар орны.

Қазақ хандығының XVI -XVIII ғғ. 30-шы жылдары аралығындағы саяси жағдайы. Қазақ хандығының Қасым хан билігінен кейінгі саяси жағдайы. Мамаш хан (1518-1523). Тахир хан билігі (1523-1533). Хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Бүйдаш хан (1533-1534). Мауреннахр және Моғолстанмен ара-қатынасы. Моғолстан ханы Абд ар-Рашид әскерінің 1537 жылғы Қазақ хандығына жорығы. Бүйдаш хан әскерінің жеңіліске ұшырауы. Хақназар хан (1538-1580). Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Мауреннахрмен және Ноғай ордасымен арадағы қатынас. Орыс патшалығымен байланыстың қалыптаса бастауы. Хақназар ханның өлімі.

Шығай ханның (1580-1582) билігі. Билікке Тәуекел ханның (1586-1598) келуі. Мауреннахр билеушісі Абдулла ІІ-мен қатынасы. Сібір хандығымен байланысы. Қазақ елшілігінің Москваға баруы (1594). Оның мақсаты. Тәуекел ханның 1598 ж. Мауреннахрға жорығы, оның қорытындылары.

Есім ханның (1598-1628) билікке келуі. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылықтар. Тұрсын ханның өзін Ташкент билеушісі жариялауы. Есім ханның Шығыс Түркістанның ішкі өміріне араласуы. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы күрестің шиеленісуі. Тұрсын ханның өлімі. Есім ханның қайтыс болуы. Салқам Жәңгір ханның билікке келуі. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы.

Тәуке ханның (1680-1718) билікке келуі. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының ішкі саяси өміріндегі өзгерістер. Батырлар мен билердің ролі. Хандық Кеңес. "Жеті жарғы" заңы. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы. Қазақ-орыс қатынасы. Тәуке ханның қайтыс болуы, қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылықтың етек алуы. Жоңғар қалмақтарының 1723 жылғы басқыншылығы. "Ақтабан шұбырынды" оқиғалары. Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларымен күресі. "Қалмақ қырылған", "Аңырақай" шайқастары, олардың тарихи маңызы.

75

Page 76: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

«Биология» секциясы

ҚҰРМА ТҰҚЫМЫ

Ерімбетова Аягөз8-сынып оқушысы

Жетекшісі: Бижанова Эльмира Мұхтарханқызы

Әсемдік өсімдік Құрма пальмасын өсіріп көбейту. Бұл өсімдікті мектеп ішіне әсемдік өсімдік ретінде өсіріп мектеп ішін жасылдандырудың бірінші қатарына жататын өсімдік.

Осы тақырыпты зерттеу барысында алға қойған мақсатым: Әсемдік өсімдік ретінде Құрма пальмасын (Финиковый пальма) өсіріп көбейту.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:1. Құрма тұқымын зерттеу барысы2. Құрма тұқымының өсу-өну қарқындылығын анықтау.3. Өскен Құрма пальмасын зерттеу жүргізу.Жұмыстың болжамы: құрма пальмасын зерттеу барысындатұқымынан бастап өскен

құрма пальмасын физиологиялық қадағалау арқылыАлға қойған міндеттерді шешу үшін мына әдістер қолданылды: тұқымның шығуын

қадағалау «Тұқымды қыздыру буландыру» буландыру / парниковый эффект / әдісіЖаңалығы: құрма пальмасы өздігінен өспейді оны арнайы әдіспен тұқымды қыздыру

буландыру әдісін пайдалану арқылы тұқымның шығуы өніп өсуі. Құрма пальмасыКөбінесе құрма пальмалары жеке жарамды болу үшін, құрғақ және ыстық

обылыстарда өсіріледі. Солтүстік Африка мен Арап елдері құрма пальмасының отаны деп есептеледі. Бұл отанда олар 4 мың жылдай өсіп келеді. Ежелгі Египет ескерткіштерінде құрма пальмасының суреті бейнеленген. Атақты Геродот Теофраст, Страбон және Плиний құрма пальмасының вавилоннан Канар жайығына дейін өсірілетінін жазған. Бұл талдың ұзындығы 12-30 метр, өзі түзу болып келеді, әрі шашақ-шашақ болып өседі. Талдың жапырақтарының ұзындығы 45см, жапырақ өсетін жерден ұзын шашақты гүл шоғыры шығады. Оған қоса 1 талда бір түрлі ғана шашақты гүл шоғыры өседі, яғни олар аталық немесе аналық болады. Құрма пальмасы тәп-тәтті құрма жемісін береді.

Ең жақсы өскен құрма пальмасы жылдық 45-90 кг-дық тұқым болып келеді. Құрма пальмасы 10-15 жыл тіпті 100-200 жылдай өсе алады. Кейбір облыстарда мысалға Солтүстік Африкада және Азияда құрма ең басты тағам ретінде қаралады. Ал құрманың сатылуы ең басты табыс ретінде есептелінеді. Қазір құрма пальмасы тек қана өз жерінде сатылмай Испанияда АҚШ-та және Оңтүстік батыста да қаралып жатыр. Оңт. Иранда, Ауғаныстанда, Пәкістанда қолданылады.

1939 жылы Түркіменстанда құрма пальмасы өсіріледі, қыста 14°С аязда шыдай алады.

Құрмада тәтті қантты шырын алынады, кейін ол шырыннан шарап әзірлейді. Көбінесе осы талды әдемі өсімдік ретінде өсіреді. Әсіресе субтропикті бақшаларда және парк алаңдарында және «Черноморский» жағалауындағы Кавказда және Үнді Қытай жерінде өсіріледі.

Сондықтан бұл өсімдікті өсірудегі мақсатым: Әсемдік ретінде Құрма пальмасын (Финиковый пальма) өсіріп көбейту.

1. Құрма тұқымының алғашқы зерттеу барысы.

76

Page 77: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

Құрма тұқымы қатты болады. Тұқымды жарып зерттеу барысында ортасында ақ зат ол да қатты болады ол зат тұқымының негізгі өзегі өсімдік сол өзекткн өсу арқылы бойына қорек алады.

Құрма тұқымын әр түрлі бағытта зерттеу жүргізіп көру арқылы әр түрлі әдістер қолданылады. 1-сі тұқымды топырақ салынған ыдысқа себу арқылы; 2-сі тұқымды сулы топырақ салынған ыдысқа себу арқылы; 3-сі тұқымды құмға салу арқылы; 4-сі тұқымды әртүрлі тыңайтқыштар қосылған ыдысқа себу арқылы зерттеулер жүргізілді. Бірақ бұл зерттеулерде ешқайсысында өнім болмады бірақ сулы топырақта себілген тұқымда өнім болады бірақ екі ай мерзім топырақ астында болады да содан кейін шығады. Себебі тұқым қатты. Басқада әдістер бар ол әдіс тұқымды екіге бөлу әдісі арқылы топыраққа себіледі. Мен бұл зерттеу жұмысы барысында құрма сүйегін алып апилка немесе ағаш үгітіндісі арнайы ыдысқа салынды. Тұқымды осы ыдысқа сегіз-сегізден екі қатар етіп тұқымды 5мм-дей етіп ектім. Пакетпен орап жабтым. Бұл пакетпен орау әдісі булану, қыздыру әдісі деп аталады. Ең алғаш осы кезде осы әдісті қолдандым. Себебі құрма пальмасының тұқымы қатты болғандықтан. Тұқым тез өнуі үшін. Күнделікте жазылып көрсетілгендей зерттеліп күні жазылып отырды.

2. Құрма тұқымының өсу-өну қарқындылығын анықтау.Құрма тұқымының өнуі мен өну қарқындылығы пакетте жабылған күннен шыққан

күніне дейін, шыққаннан бастап алғашқы нағыз жапырақтар шыққанға дейін және одан әрі өсуі зерттелді.

Құрма тұқымының шыққаннан бастап алғашқы нағыз жапырақ шыққанға дейін

күні Нағыз жапырақБойы см

Ұзарған жапырақБойы см

123456789

1,2см4см

6,5см8см

8,9см10см

12см13см15см17см18см20см22см24см30см

3. Өскен Құрма пальмасына зерттеу жүргізу.Ұзарып өскен құрма пальмасын зерттеу жүргізу барысы ұзарып өскен жапырағынан

бастап ұзын өскініне дейін зерттеледі.Қазіргі кезде бұл пальманың өсу барысы жалғыз жапырақтанып көтеріліп келеді.

Одан кейін екі қос жапырағы одан кейін бір жапырақтан бірнеше жапырақтар шығуын зерттеу. Зерттеу барысы ары қарай жалғасады.

Құрма пальмасы тұқымының қалай өну барысын зерттеуде Тұқымның шығуын қадағалау «Тұқымды қыздыру буландыру» буландыру (парниковый эффект) әдісі қолданылды.

Зерттеу барысында бірнеше әдістерді қолданғанда тұқым өніп шықпады, яғни тұқымның сырты қатты болғаннан кейін. Тұқым өніп шығуы үшін алдымен тұқым ісініп тұқымның ішіндегі негізі ашылуы керек. Сондықтан осы әдісті пайдаландым себебі тұқым қыздыру салдарынан жұмсарып өнді. Тұқымның өну барысы және жапырағының ұзарып өсуі зерттелінді.

Менің ұсынысым бұл өсімдікті құрма пальмасы мәдени орталықтарда және мектептің жасылдандыру ретінде пайдаланып көбейтуге мақсат қойдым, әрі қарай құрма пальмасын зерттеу барысы жүргізіледі.

77

Page 78: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

БАУЫРМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІБейсенбаева Сабина8 сынып оқушысы

Жетекшісі: Бижанова Эльмира Мұхтарханқызы

Бауырмен жорғалаушылардың қоршаған ортаға бейімделуі және оның дамып-қалыптасуын және қимыл-қозғалысының күрделенуі.

Осы тақырыпты зерттеу барысында алға қойған мақсатым: бауырмен жорғалаушылар немесе рептилилер ішінде құрлықтағы тасбақаның қоршаған ортаға бейімделуін зерттеу.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды1. Тасбақаның өсуін бақылау. 2. Тасбақаның қимыл-әрекетін зерттеу.3. Тасбақаның құрлықтағы қозғалысын бақылау.Жұмыстың болжамы:Жорғалаушыларды, оның ішінде тасбақаға зерттеу жұмысы барысында оның өсуінен

бастап, дамуында ерекше құбылыс болатындығы.Алға қойған міндеттерді шешу үшін мына әдістер қолданылды:Омыртқалы жануарлардың өсуін зерттеуде «Өлшеу-салыстыру» әдісі.Жұмыстың жаңалылығы: бауырмен жорғалаушылардың тасбақаларға зерттеу

жұмысы барысында қозғалысындағы қасиеттерді бақылау жүргізу арқылы қимыл-қозғалысында болатын қасиеттерін болашақта зерттеу жұмысын жалғастыру арқылы бақылаймын.

Жорғалаушылар Жорғалаушылардың нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8000-ға жуық

түрлері бар. Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, крокодилдер, т.б. жатады. Суда тіршілік ететіндері де бар. Бірақ олар екінші рет суда тіршілік етуге бейімделген. Өйткені атмосфералық ауамен өкпесі арқылы тыныс алады. Жорғалаушылардың дене тұрқы, пішіні әр түрлі.Құрлықта, суда, ағаш басында, топырақ астында тіршілік етеді. Оларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герпетология (грекше «герпетон» - «жорғалаушылар») деп атайды. Денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтардан тұрады. Жыландарда, аяқсыз кесірткелерде аяқтары жойылған. Жорғалаушылардың терісі құрғақ және онда бездер өте аз. Терінің сырты мүйізді қабыршақтармен, қалқаншалармен сауытпен қапталған. Мұндай мүйізді түзілістер теріні құрғап кетуден сақтайды әрі қорғаныш қызметін атқарады. Бауырмен жорғалаушылардың ішінде тасбақалардың қозғалысын және жүру барысын зерттеуге қызықтым. Бауырмен жорғалаушылардың тасбақалар класс тармағының тасбақаға тәжірибе жүргізудегі мақсатым:

Бауырмен жорғалаушылар немесе рептилилер ішінде құрлықтағы тасбақаның қоршаған ортаға бейімделуін зерттеу.

Зерттеуде мынадай міндеттерді алға қойдым:1. Тасбақаның өсуін бақылау. 2. Тасбақаның қимыл-әрекетін зерттеу.3. Тасбақаның құрлықтағы қозғалысын бақылау.1.Тасбақаның өсуін бақылау.1. Жұмыртқа қабығынан шығысымен тасбақада ерекше жылдам қозғалыс болды да 20 минуттан соң қозғалысы баяулады. 1 күннен соң денесінде ақ

түсті дымқыл мөлдір қабық болды. Ол қабық 3-күні қабыршақтанып түсе бастады. Мүшелері – аяғы, қолы, арқа денесі жұмсақ болды. 10 күннен соң арқа сауыты қатая бастады. Тасбақаның жоғары жартысы – карапаксадан тұрады. Ол тері тектес пластинкалық сүйектерден пайда болған, оған қабырғалар және омыртқалардың көпшілігі қосылып, бірігіп кеткен; Карапса қабатының дамуы, яғни, қатаюы.

78

Page 79: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

2. Төменгі жартысы – пластрона, бұл да тері тектес сүйектен тұрады, бірақ мұнымен тас сүйегі мен бұғана қосылып кеткен.Үстіңгі жағындағы сүйекті сауытының сыртын мүйізді қабыршақ қаптап жатады.Тасбақаның мойын және құйрық омыртқаларынан басқалары карапакспен бірігіп кеткен. Жамбас сүйектері карапаксқа сіңір арқылы бекиді немесе жіктер қосылып бірігіп кетеді.

Сүйекті сауытының болуымен байланысыт тасбақалардың тұлға еттері нашар жетілген. Керісінше, мойны, аяқ, құйрық еттері өте күшті болады.Жұмыртқадан шыққан кезде тасбақаның бұлшықеттері бекімеген. Яғни, терісі қатпарланып бұжыр болып тұрады. 1 айдан соң тасбақаның терісі тегістеліп, аяқ, құйрық еттеріне өзгеріс байқалады. Ол өзгеріс – аяқтары ширақ, тез қозғала бастады.

10 күннен зерттеу барысында тасбақа мойнын «S» тәрізді етіп сауытының ішіне жиырып алады.Сондықтан бұл тасбақаны жасырын мойын тасбақалар деп атайды.

2.Тасбақаның қимыл - әрекетін зерттеу.Тасбақаның қимыл – қозғалысы 2 айдан кейін өзгерді.Ол тез қозғалады,әрі

ширап,кез-келген әрекетте ширақ қимылдай алады.Бастапқы кездің зерттеу барысында тасбақаны 2 түрлі жерге қою арқылы тәжірибе жүргізілді.Біріншісі шөпті жер,екіншісі топырақты жер.Алғашқыда шөпті жерге жүру барысында тез жүрсе,топырақты жерде баяу жүрді.Себебі,тасбақа алдыңғы аяғымен шөпті итеру арқылы тез жүрді,одан кейін оны жерге қойғанда баяу жүрді.4 айдан кейін тасбақаның жүруі екі жерде де бірдей ширақ,тез қозғала және тез жүре алатын болды. Тасбақаның қоректенуі де зерттеліп күнделікке жазылып отырды.Бұл жасырын мойын тасбақа мынадай тағамдармен қоректенеді:шөппен қоса алма,сәбіз,орамжапырақ және бөлме традесканция өсімдігі.Әдетте тасбақа жауынан қорғану барысында немесе жанына бір зат түскенде ол сауытының ішіне жиырылып қалады.Жасырын мойын тасбақаны қоректендіру барысында,яғни,тағамды көрсеткенде немесе аузына дейін апарып, қайтадан алып тастаған кезде тасбақада байқалатын өзгеріс:аяқ-қолдарын сауытының ішіне салмай жазылып тұрып қалады,бір зат тиген уақытты да қозғалмайды.8минут өткеннен кейін жиналып,қозғалады.Тасбақа толығымен қоректенбесе де аузына түскен біраз шөпті немесе алманы бір тістегеннен кейін барып,зерттеу барысында тасбақаны қолмен ұстамай-ақ бір затпен түртсе тез денесін жиырып алады.

Жасырын мойын тасбақаны далада 2 жерге қою барысында зерттеу жүргізілді.1-сі шөпті жерге қою барысында жасырын мойын тасбақа аяғын тез басып жүрді,басында алдыңғы аяқтарын 3рет алға басқанша басын жоғары көтеріп тез жүре бастады,ал 2-ші топырақты жерге қою барысында тасбақа ақырын басып жүрді,яғни,осы екі жерге жүргізу арқылы зерттеуде айырмашылық болды.Шөпті жерде тез қозғалуы ол алдыңғы аяғымен шөпті итеруіне байланысты.Жасырын мойын тасбақаға бөлмеде зерттеу жүргізу сияқты шөпті көптен жемейді.Шөп бетінде жүргенде 30 минут сайын шоппен қоректенуі аз болды,аузына бір рет салып,қайта біраз жер жүріп тағы да қоректеніп жүрді.

Жасырын мойын тасбақаны далада бақылау 10 күн жүргізілді.

Күні Тағаммен қоректенуі

1 Жасырын мойын тасбақаның қозғалысы баяу болдыҚоректену мерзімінде шөптің2/1 бөлігін,алманың жартыдан 1 бөлігімен қоректенді.

2 Қозғалысы 1-ші күнге қарағанда тез болдыҚоректенуі 1-ші күндегідей бірқалыпты

3 Қозғалысы:2метр жүрдіТек қана шөппен қоректенді

4 Қозғалысы:1метрОрамжапырақ пен сәбізбен қоректенді

5 Қозғалысы 3метрШөппен және сәбізбен қоректенді

79

Page 80: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

6 Қозғалысы 3,5метрҚоректенуі тек қана шөппен

7 Қозғалысы баяуҚоректенуі алма,сәбіз.орамжапырақ

8 Қозғалысы 3,5метрҚоректенуі дымқыл жердің шөбімен

9 Қозғалысы 3метр кесілген ағаштың үстіне шығып түсіп жүрдіАлманы бір рет қана тістеді

10 Қозғалысы 3,5метрҚоректенуі тек шөппен болды

Қазан-қараша айларында мектеп лабораториясында болды.Әдеттегідей тағамдары берілді.Қимыл-қозғалысында өзгеріс болмады.

Желтоқсан айында тасбақаны зерттеу барысында карапкс қабаты 5см ұлғайды.Қаңтар-ақпан айларында карапакс қабаты 19см болды.Апта сайын жылы суға жуындырып,тағамдар беріліп отырды.

3.Ауа райының өзгерісіне байланысты тасбақаның қозғалысын зерттеу. Наурыз айының 17 күні далаға шығарылып ары қарай зерттеу жұмысы

жүргізілді.Жылдам қозғалды,ең алғаш шыққан күні 3,5метр жүрді,20минуттай сүйекті сауытының ішіне жиырылып қайта жүрді.

Жаңбырлы күнде жасырын мойын тасбақа толығымен денесін сауытына тығады.Жорғалаушылардың ішінде тасбақаның жұмыртқа қабығынан шығуынан бастап өсіп

қозғалуына дейін зерттеліп отырды.Өсіп-дамуын,қимыл қозғалысын зерттеу барысы «Өлшеу-салыстыру»-әдісі

қолданылды.Болашақта жасырын мойын тасбқаны өсіріп, көбейтіп, түрлерін көбейтуді мақсат етемін. Бұл тасбақаның зияны болмайды.Біздің мектеп маңында жүрсе өте пайдалы, кейбір зиянды жорғалаушылардан қорғайды.

Бауырмен жорғалаушылардың тасбақаларға зерттеу жұмысы барысында қозғалысындағы қасиеттерді бақылау жүргізу арқылы қимыл-қозғалысында болатын қасиеттерін болашақта зерттеу жұмысын жалғастыру арқылы бақылаймын.

80

Page 81: Ѓылыми маќалалар – Научные статьи - narod.ru · Web viewҒылыми жинақ ( Научный сборник ( Scientific works’ collection 1, 2008

ЗЕРТТЕУШІ ИССЛЕДОВАТЕЛЬ THE RESEARCHER

Ғылыми жинақ Научный сборник Scientific works’ collection

Бас редакторДиректордың ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары

Ибраева Зәуреш Жұмағалиқызы

Ақылдастар кеңесі:Директор Әшімов Есентай МұқатайұлыМенеджер Садуова Жазира Қазбекқызы

Оқу ісінің меңгерушісі Иманғалина Шәмшібану МәжікенқызыКөркемдеуші Ибраева Жұлдыз Багенқызы

Редакцияның мекен-жайы:Қарағанды қаласы, Алиханов көшесі, 36/2 үй

Үш тілде оқытатын Н.Нұрмақов атындағы №2 мамандандырылған облыстық дарынды балалар мектеп–интернаты

тел: 8-(7212)-567232E-mail: [email protected]

81