91 (3148) 2014-08-16

20
ǸȢȗǹǸ˅ǼǨǧǹ ǧʽǶǧǷǧǹ ǧʹȂǴȂ ǧǶǹǧ ǧǰǴǧǸȂ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě91 ÒÆμ 16 ÓÁÍÜÈ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +24°..+22° +14°.. +12° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü âáóüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì 3 5 9-12 Құдайға шүкір, бүгінгі таңда Қазақстан спорты да әлемдік бәсекенің бел ортасынан түспей, қазақ спортшылары Олимпиада ой- ындарынан, әлемдік және құрлықтық жарыстардан олжа алып, төрткүл дүниенің сайыпқырандарымен қатар шауып, қайбір сайыстарда қарсыластарынан қара үздіріп, ал- тын тұғырдың төрінен көрініп жүр. Халықаралық жарыстарда топ жа- рып, елдің мерейін көтеріп жүрген жеңімпаздар қатарында Астана спортшылары да баршылық. Соңғы бір жылдың көлемінде бокстан әлем чемпионы атанған Мерей Ақшалов пен Данияр Елеусінов, 37 спорт түрінен өткен республикалық кешенді жарыстан Астана қаласы командасының күміс жүлдегер ата- нуы, веложарыстан Азия чемпиона- тында астаналық шабандоздардың бірнеше жүлдені қатарынан жеңіп алуы, басқа да сайыстардан жақсы нәтиже көрсетуі елордамыздың нағыз спорт қаласына айнала түскенін білдірсе керек. Спортшылар жеңісі елдің мерейін көтерсе, сол жеңімпаздарды дайын- дайтын бапкерлер мен оқытушылар, әдіскерлер мен тәрбиешілер екені сөзсіз. Демек, ертең аталып өтілетін Спорт күні бұл осы салада еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдардың мерекесі. Олай болса, мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті спортшы қауым! Ғалым ҚОЖАБЕКОВ ˁ˱˯˲˵ ʹ ˘˞˘˭ ˾˧ˮ ˘ˬ˞˭˟ˮ ˞˟ˮ˳˘˶ˬ೪˵೮ ˪˟˱˧ˬ˧ ˙˯ˬ˳˘ ˟ˬͲˢ˲˵ ˾˧ˮ ˬ˵˵೪ ˮ˘˭˳˵೮ ˪˲˳˟˵˪˧˾˧ ˘ˬ ˭˟˭ˬ˟˪˟˵ ˾˧ˮ ˭ഉ˲˵˟˙˟ ˭˟˲˟˥˧ ˙˯ˬ˱ ˵˘˙Ͳ ˬ˘˞ ʫˬ˙˘˳˭ˣ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚˵೮ ʫˬ ˵˶ ˟˪˧ ˢ˘೦˞˘˥˞˘ ˙˧˲˧ ˭˟˭ˬ˟˪˟˵ ˙˘˳˾˳ˮ೮ ˲˟˳˭ˤ ˳˘˱˘˲ ˪˟ˣ˧ˮ˞˟ ˙˯ˬ˳˘ ˟˪˧ˮ˾˧˳˧ ˳˱˯˲˵˾ˮ೮ ˢ˟೮˧˳˪˟ ˢ˟˵˪˟ˮ ˪˟ˣ˧ˮ˞˟ ˳˘ˬ˵˘ˮ˘˵˵ ˢ˘೦˞˘˥˞˘ ˙ˤ˧˪˪˟ ˪˵˟˲˧ˬ˟˞˧ ˞˟˛˟ˮ ˳ˣ˧ ˳˯ˬ ˭ഉ˲˵˟˙˟ˮ˧೮ ˳˯ˬ ˮ˘˭˳˵೮ ˳˘ˬ˭˘೦ˮ ˘˥೪ˮ˞˘˱ ˵˲೦˘ˮ˞˘˥ ˌˮ˭˟ˮ ˞˟ ˙˟˥˙˧˵˾˧ˬ˧˪˵˧೮ ˟ˬ˾˧˳˧ˮ˟ ˙˘ˬ˘ˮ೦˘ˮ ˳˱˯˲˵˵೮ ˳ˤ೪˲ˬ ೪˞˧˲˟˵˧ ˙˛˧ˮ˞˟ ˳˘˳˘˵˵೮ ˞˘ ˪˯ˮ˯˭ˤ˪˘ˮ೮ ˞˘ ˘˥˵˘˲ˬ೪˵˘˥ ˙˧˲ ˙ˬ˾˟˛˧ˮ˟ ˘˥Ͳ ˮ˘ˬ˱ ˯˵˲೦˘ˮ ˘೪ˤ೪˘˵ ÙäÜÛå f Ù×Ĉ×Þ×ååă ÜÞ)Û Ù×Ĉå×Ý×åă ðĻ¼É°Ã Ã¼Ä°ě Ą ½¼ě°ÈÁ¼ ½¼ÉÊ ·Â·ÖĚ ĚĞÇÒÂÒÈÏÒ ÁÅÃÆ·Ä¿Ö·ǻ·Ä ·ÊÂ·Ě ¸Å ÒĚϷû·Âę·Ä ĝÁ°Ã¼ÉÉ°ě É¿°Ã»°Â°º° ļ»¼" ƼǧǡǦǭ ǐǁnjƿǚǍNJlj ǠǜɎɆǮǷ ǰǯǮǝǪǧ ǝǜǫǦǡǬȂ 8,13

Upload: -

Post on 02-Apr-2016

249 views

Category:

Documents


14 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №91 (3148) 16 тамыз 2014

TRANSCRIPT

Page 1: 91 (3148) 2014-08-16

91 16

+24°..+22°+14°.. +12°

3 5

9-12

Құдайға шүкір, бүгінгі таңда Қазақстан спорты да әлемдік бәсекенің бел ортасынан түспей, қазақ спортшылары Олимпиада ой-ындарынан, әлемдік және құрлықтық жарыстардан олжа алып, төрткүл дүниенің сайыпқырандарымен қатар шауып, қайбір сайыстарда қарсыластарынан қара үздіріп, ал-тын тұғырдың төрінен көрініп жүр. Халықаралық жарыстарда топ жа-рып, елдің мерейін көтеріп жүрген жеңімпаздар қатарында Астана спортшылары да баршылық. Соңғы бір жылдың көлемінде бокстан әлем чемпионы атанған Мерей Ақшалов пен Данияр Елеусінов, 37 спорт түрінен өткен республикалық кешенді жарыстан Астана қаласы командасының күміс жүлдегер ата-нуы, веложарыстан Азия чемпиона-тында астаналық шабандоздардың бірнеше жүлдені қатарынан жеңіп алуы, басқа да сайыстардан жақсы нәтиже көрсетуі елордамыздың нағыз спорт қаласына айнала түскенін білдірсе керек. Спортшылар жеңісі елдің мерейін көтерсе, сол жеңімпаздарды дайын-дайтын бапкерлер мен оқытушылар, әдіскерлер мен тәрбиешілер екені сөзсіз. Демек, ертең аталып өтілетін Спорт күні бұл осы салада еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдардың мерекесі. Олай болса, мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті спортшы қауым!

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

8,13

Page 2: 91 (3148) 2014-08-16

Департамент басшысы Тілеген Қаскиннің төрағалығымен өткен жиында Астана қаласы бойын-ша Экономикалық және сыбай-лас жемқорлыққа қарсы кү рес департаментінің және Бас көлік

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және ав-томобиль жолдары басқармасы Астана қаласында қалалық қоғамдық көліктерде автобустар мен шағын автобустарда (экспресс бағдарлардан өзгесі) жол жүру тарифтері 2014 жылғы 31 тамызынан бастап өзгеретіні туралы хабарлайды:

ересектер үшін – 90 (тоқсан) теңге;балалар (7 жастан 15 жасқа дейін) үшін – 40

(қырық) теңге;

Жалпы айлық, жарты айлық және балалар үшін көп жолғы жол жүру билеттері жарамды.

«Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жеке-леген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-IV шешімімен белгіленген азаматтардың жеңілдік санаты бар жолаушыларды тасымалдау шарттары өзгеріссіз қалады.

Биылғы маусым айында Астана қаласы бойынша халықтың жан басына шаққандағы ақшалай орташа табысы шама-мен118437 теңгені құрады.

Қазіргі за-ман өнер мұражайында «Pro-art Аста-на» көрмесі өтті.

Зағип жандарға арналған мамандандырылған кітапханада Кон-ституция күніне орай кітап көрмесі өтеді.Басталуы: сағат 10.00-де

«Kөрме» орталығында «Астана кубогы» үшін иттер көрме-жарысы өтеді.Басталуы: сағат 15.00-де

Жапонияда жаз басынан бері аптап ыстықтан зардап шеккендердің жал-пы саны 30 мың адамнан асты. Соңғы аптада ыстықтан сегіз адам көз жұмып, тағы 4 мыңнан астамы ауруханаға жатқызылған.

Қытай мен АҚШ алдағы жылдың сәуір айында «Шыңғысхан қазынасы» жауынгерлік өнер элементтері бар фантастикалық фильмінің түсірілімін бастамақ. Бейжіңде жобаның ашылу рәсімі өтті. Туынды 2016 жылы көрермендерге жол тартпақ.

Сауда компаниялары арасындағы баға соғысы, сондай-ақ инфляцияның ре-кордты төмен деңгейі соңғы алты жылда азық-түлік өнімдері бағасының күрт төмендеуіне алып келді. Елде сатылған азық-түліктің жалпы құны өткен жылғымен салыстырғанда 1,4 пайызға төмендеді.

Данияда ауру малдың етінен әзірленген кішкентай шұжықтардың кесірінен 12 адам уланып қайтыс болған. Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және балық аулау министрлігі еттің құрамынан қауіпті бактерия – листерия табылғаннан кейін Копенгагендегі ет фабрикасын жабуға шешім қабылданды.

Эбола безгегін жұқтырған Испанияның дін қызметкері Мигель Пахарес Мадридте көз жұмды. Дін қызметкері Мадридке бірнеше күн бұрын Либериядан жеткізілген екен. Ауруханада ол эксперимент ретінде жасалып шығарылған препаратын қолдану арқылы емдеу курсынан өткен.

прокуратурасының ұсыныстары негізінде жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің талаптарын бұзғаны үшін бірнеше лауазымды тұлғаның тәртібі қаралды.

Атап айтқанда, Астана қаласы Б і л і м б а с қ а р м а с ы н ы ң № 4 7 « Ақжелкен» балабақшасының меңгеру шісі Гүлпан Шоқаева, А с т а н а қ а л а с ы І ш к і і с т е р де п а р т а м е н т і н і ң а ға и н с п е к-то р ы , п ол и ц и я ма й о р ы Қи я т Көшкінбаев, ҚР Табиғи монополи-яларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің б а с ш ы с ы Б а х т и я р А т а л ы қо в жә н е Қ Р Ж о ғ а р ғ ы с о т ы н ы ң жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Астана қаласының ауданаралық м а м а н д ы р ы л ғ а н ә к і м ш і л і к сотының кеңсе меңгерушісі Дана Пірімқұловаға қатысты тәртіптік істер таразыланды. Нәтижесінде бірі атқарып отырған қызметімен қош айтысса, енді біріне тиісті тәртіптік жазаға тарт у т уралы ұсыныстар енгізілді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Page 3: 91 (3148) 2014-08-16

3www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Бетт

і дай

ынд

аған

: Оры

нбек

ӨТ

ЕМҰР

АТ. Д

ерек

көзд

ері:

ww

w.a

stan

a.kz

, ww

w.in

form

.kz,

ww

w.ba

q.kz

, ww

w.bn

ews.k

z

Шара барысында полицейлер оқушыларға жолда жүру ережесін қатаң сақтауды түсіндіретін бол ад ы. Одан кейін мамандар жол-көл ік оқиғасынан зардап шеккен балалармен кездесіп, психологиялық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, «Балаға көмектес» акциясы аясында жарыққа шағылысатын браслеттерді тапсырады. Көптеген шетелдік зерттеулерде дәлелденгендей, жарықты шағылыстыратын элементтері бар киім-кешектерді кию және заттарды тағып жүру – қараңғыда жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде көрініп тұратын қарапайым әрі тиімді әдістердің бірі.

Жедел-профилактикалық шара барысында тәртіп сақшылары жалпы білім беретін меке-

-Би ы л б і р і н ш і с ы н ы п қ а б а р ат ы н б а л а л а рд ы м е к-тепке рәсімдеу үшін қандай медициналық құжаттар қажет?

- Баланың тұрғылықты ме-кенжайы бойынша аумақтық емхананың учаскелік педиатрының және жалпы тәжірибедегі дәрігердің кеңесін алғаны жөн. Сол жерде балаға денсаулық паспорты (026/у-3), профилактикалық егу картасы (063/у), Екпе паспорты толтыры-лады. Бала невропатолог, хирург, офтальмолог, лор, тіс дәрігерінің тексеруінен өтуі тиіс. Сондай-ақ, емханада арнаулы талдаулар жа-салып, яғни қан, несеп, гельмент жұмыртқасына нәжіс талдауы жүргізіледі.

- Бірінші сыныпқа бара-тын оқушылар бұдан әрі қарай профилактикалық екпелерді қайдан алады?

- Оқушыларға вакцинация және профилактикалық тексеру мектеп-

те жүргізіледі. Профилактикалық тексеру мектептің бекітілген а у м а ғ ы б о й ы н ш а е м х а н а мамандарының қат ыс у ымен жүргізіледі.

- Ө т ке н о қ у ж ы л ы н д а жасөспірімдерге адам паппи-ломасына қарсы екпе жасалған болатын, бұл шара биыл да

жалғаса ма?- Иә, а ғ ы м д а ғ ы ж ы л д ы ң

қыркүйек-қазан айларында адам паппиломасына қарсы екпе егу науқаны жүргізіледі. Қосымша ақпаратты балаңызға қызмет көрсететін емханадан алуыңызға болады.

Айгүл УАЙСОВА

Жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде сатып алушылар «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» ҚР Заңының норма-ларын қаперге алуы тиіс. Соған сәйкес, мердігерде тұрғын үй ғимараттарын салу тәжірибесінің болуы, оның ішінде тапсырыс беруші ретінде ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіппен кем деген-де үш жыл ішінде жүз пәтерден аз емес пәтерді пайдалануға беруі, кем дегенде жүз мың АЕК көлемінде меншікті капиталының болуы, үлескерлердің қаржысын тарту есебінен тұрғын үй ғимараты құрылысын ұйымдастыру бойын-ша қызмет ету лицензиясының болуы міндетті. Үлескерлердің қ а р ж ы с ы н т а р т у е с е б і н е н тұрғын үй ғимараты құрылысын ұйымдастыру бойынша қызмет ету лицензиясы екі кезеңде беріледі.

Жылжымайтын мүлікті сатып алушылар мердігер компанияда жобалау компаниясы мен құрылыс компаниясының т ұ рғылықты орны мен атауы туралы, жеке т ұлға-құ рылтайшының (егер ол болса) аты-жөні мен заңды т ұлға-құ рылтайшының атауы көрсетілген жобалау компания-сы мен құрылыс компаниясының құрылтайшылары туралы, құрылыс және жобалау компаниясының заңды тұлғаларының мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркеу) тура-лы анықтама, салық төлеушінің куәлігі, құрылыс және жобалау компаниясының соңғы жылы ж ү з е ге ас ы р ға н т ұ р ғ ы н ү й құрылысы кәсіпкерлік қызметінің аудиторлық келісімі, мердігермен үш жыл ішінде жүзеге асырған нысандардың орналасқан жері, пайдалануға берілген уақыты кө р с е т і л ге н , ү л е с ке рл е рд і ң қаржысын тарту есебінен тұрғын үй ғимараты құрылысын ұйымдастыру бойынша қызметіне жобалау компаниясының лицензиясы, жер теліміне құрылыс немесе жобалау компаниясының құқығын растайтын құжаттар, құрылыс нысаны туралы мәліметтерінің болуын білуі тиіс.

Қазіргі таңда кез-келген аза-мат құрылыс компаниясы ту-ралы мәлімет алу үшін Астана қаласы әкімдігіне жүгіне алады. Онда Сәулет және қала құрылысы б ас қ а р мас ы н ы ң м әл і м е т те р қ о р ы н д а б а р л ы қ а қ п а р а т жинақталған.

М ы с а л ғ а , Қ а з а қ с т а н н ы ң Құрылысшылар қауымдастығы м әл і м д е г е н д е й 2 0 1 4 ж ы л ы астананың жылжымайтын мүлік нарығында «Альбаракат» ком-паниясы пайда болған. Аталмыш құрылыс компаниясы тұрғын үй құрылысын және оның 1 шаршы метрін нарықтағы бағадан бірнеше есе төмен бағада сатуды жоспарлай-

ды. «Альбаракаттың» төлем жүйесі – 25-33% алғашқы жарна арқылы пайызсыз бөліп төлеу. Үлескер инве-стициялау келісім шартының жалпы сомасының 25 пайыз көлемінде алғашқы жарнасын төлейді. Ал қалған сомасын 5 жыл ішінде бөліп төлейтін болып келісіледі. Оған қоса кей пәтерлер сатылымы Альбаракаттың «Баршаға арналған тұрғын үй» әлеуметтік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Құрылыстың басталу және аяқталу мерзімі бас жоспардағы өзгертулер мен рұқсатнама құжаттарының жетіспеушілігі деген желеумен үнемі кейінге қалдырылады.

Бұл компания сәйкесінше ли-цензиясыз «Прага» («Интер-национальный» елді-мекенінде) және «Шаржа» («Промышлен-ный» тұрғын үй алабы ауданы) тұрғын үй кешендерін инвестици-ялау келісімшарттарын бекітеді.

Сонымен қатар, мердігерде «Шаржа» ТК бойынша құрылысқа рұқсат құжаттар жоқ екендігін атап айту керек. Мердігерде эскиздік жо-бада мөр мен қолтаңбаларды қолдан жасағаны туралы дәлелдер табыл-ды. Ал Астана қаласы Сәулет дәне қала құрылысы басқармасының мәліметтер қорында эскиздік жо-баны бекіткендігі туралы мәлімет табылмаған.

Оның үстіне, «Шаржа» ТК құрылысын жүзеге асыру үшін құрылысқа арналған жер телімі «Қолжетімді тұрғы үй - 2020» мемлеке т т і к бағд арл амасын жүзеге асыру аясында Аста-на қаласы әкімдігіне қарайтын «Елорда даму» ЖШС ұйымына бөлінгендіктен мүмкін емес.

Қау ымдастықтың айт у ын-ша, осындай тәсілді қолданатын компаниялар Астана қа ласы тұрғындарын төмен бағада жаңа баспаналы болу қиялымен адасты-рады. Оған қоса құрылысы мүлде басталмайды немесе ұзақмерзімге айналады болмаса уәдеге сай келмейді. Салдарынан мемлекет пен басқа мердігерлер осы тек-тес құрылыс компаниясының міндеттемелерін орындауды өз мойнына алуға мәжбүр болады.

Астана қаласы әкімдігі сатып алушыларды қырағы болуға, мұқият тексеруге және тәуекел дерді таразылауға, одан кейін барып шешім қабылдауға шақырады. Қатынас азаматтық-құқықтық саналатындықтан жауапкершілік қ ұ р ы л ы с к о м п а н и я с ы м е н үлескерге түсетінін ұмытпайық. Жылжымайтын мүлікке төмен баға әлбетте үнемі алаяқтықты білдірмейді, алайды жиі осы тектес жағдайларға келіп тіреледі.

Астана қаласы әкімдігі аппаратының

баспасөз-қызметі

Отырысқа «Нұр Отан» партиясы, «Құқық» қо ғам д ы қ қо р ы , « Кө м е к » а д а м с ауд ас ы на н жәбірленушілердің уақытша тұрақтау орталығы, Тұрғын үй испекциясы басқармасы және Мемлекеттік-құқықтық бөлім өкілдері қатысты.

Келелі жиында құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері кеңінен қарастырылды. ІІД қызметкерлері ағымдағы жылы анықталған құқық бұзушылықтар жөнінде мол

мағлұмат берді. Биыл 48 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Қаскүнем бұзақыларға қатаң ша-ралар қолданылып, 470 адам тұтқынға алынған, жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық айыппұл салынған.

Қоғамдық тәртіпті бақылауға жастар да кеңінен тартылуда. Нәтижесінде, көптеген Жоғары оқу орында-рында жедел жастар жасақтары құрылып, оларға арнайы киім әзірленген.

мелер мен жасөспірімдер жиі жиналатын алаңдарды күзететін болады. Ал, 1қыркүйекте полицейлер қала мектептеріне барып, оқушыларға мектеп формасын, сөмкелер сыйлайды. Аталған мекеменің мәліметінше, жыл басынан бері елордада кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен болған 60 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Көбіне мұндай жағдай балалардың жолда алаңғасарлыққа салынып, ұялы телефон пайдаланып немесе музыканы бар дауысына шығарып, көліктердің дыбысына мән бермегенінен болады екен.

Page 4: 91 (3148) 2014-08-16

– Вера Прокопьевна, алда тұрған сай-лауды ұйымдастыру жөніндегі қалалық сайлау комиссиясының бірінші кезектегі міндеттеріне тоқтала кетсеңіз.

– Қ а л а л ы қ с а й л ау ко м и с с и я с ы н ы ң уәкілеттері Сайлау туралы конституциялық заңда айқын белгіленген. Қалалық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну жұмысын ұйымдастырудан бастап дауыс беруді өткізуге және есептеуге дейін шараларды т ұтас қамти отырып, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутат сайлау науқанын атқару ісіне тікелей атсалыса-ды. Парламент Сенатының депутаттарын таңдаушылар – жергіліктің халықтың мүддесін білдіретін мәслихат депутаттары сайлайды. Яғни, қала тұрғындары дауыс беруге жанама түрде қатысады. Міне, сондықтан сайлау ісіне қатысатындардың баршасына елеулі жауапкершілік жүктелетінін, әр қадам заң талабына сай үйлесімді де жедеғабыл жасалуға тиістігін ұғынған абзал.

Комиссия депутаттыққа кандидаттардың өтініштерін қабылдап, әр үміткердің Консти-туция мен конституциялық заң талаптарына сәйкестігін тексереді, арнаулы парақшалар үлестіріп, қолдарын қойдыртады. Кандидаттар мен олардың сенімді өкілдерін тіркеп, сайлау күні дауыс беру ісін өткізу де комиссияның міндеті саналады.

Бұған қоса, ақпараттық материалдар дайын-дап, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс орнату қамы біздің уәкілетімізге енеді. Комиссия қызметі алқалы, ашық әрі жария түрде жүзеге асырылады.

Өткізіліп жатқан шаралар, кандидаттар-ды тіркеу барысы туралы ақпаратты ко-миссия міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап тұрады.

– Кандидаттарды ұсыну мен тіркеу қалай өтеді? Олардың заң баптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру ісінің мерзімі қандай?

– К а н д и д ат т а рд ы ұ с ы н у Ме м л е ке т басшысының Жарлығы шыққаннан кейін бас-талды. Бұл үдеріс 31 тамызға дейін созылады.

Сайлау заңына сәйкес, Сенат депутаттығына кандидаттарды мәслихаттар ұсынады, сондай-ақ ол өзіне-өзі ұсыну жолымен де жүзеге асады.

Канд идат тарға қойыл ат ын та л аптар өзгеріссіз қалды: яғни, үміткердің жасы отыз-дан асуы, жоғары білімі болуы, Қазақстан аумағында кемінде 10 жыл, Астанада (әңгіме елордадан депу тат сайлау т уралы өрбіп отырғандықтан) кемінде 3 жыл тұруы, кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы керек. Осынау мағлұматтардың барлығы тиісті құжаттармен расталуы тиіс.

Бұған қоса, кандидаттардың барлығының ҚР Констит уциясының және сайлау т у-ралы констит уциялық заң талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Мәселен, сотталғандығы

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

А к ц и я н ы ң м а қ с а т ы – м е к т е п жасындағы барлық баланы, оның ішінде аз қамтылған, көп балалы, толық емес, аса мұқтаж отбасынан шыққан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, тәуекел тобындағы және өзге де әлеуметтік осал топтағы б а л а л а рд ы ң о қ у м е н қ а м т ы лу ы н а жағдай жасап, олардың жаңа оқу жы-лына мүлтіксіз дайындығын, барлық оқу құрал-жабдықтарының жеткілікті болуын қадағалау. Бұл бағытта Астана қаласы Білім басқармасының арнаулы жоспары негізінде №31 мектеп-гимна-зияда мектепішілік шаралар жоспары құрастырылды.

Акцияның жүргізілу барысы туралы ақпараттық бұрыш іске қосылды.

Бүгінгі күні бала оқытып, оны мек-тепке даярлау – ата-ана алдындағы күрделі мәселелердің бірі. Осы орай-да 2014 жыл дың 16 және 23 та-мызында Астана қаласы әкімдігінің ғимараты алдындағы орталық алаңда м е к теп жә р м е ң кес і н і ң ө те т і н д і г і және жәрмеңкеде ата-аналар нарық бағаларынан төмен мектеп формасын, оқу құ рал дарын, оқулықтар сатып алуға болатындығы туралы ақпарат таратылып, мектеп сайтына хабарлан-дыру орналастырылды.

О қ у і с і н і ң м е ң ге р у ш і л е р і м е н жоғары және орта кәсіптік білім алу орындарына т үскен т үлектер саны анықтал ды, есеп жасал ды. Мектеп директоры тарапынан материалдық көмекке мұқтаж т үлектердің орта кәсіптік білім алып шығулары үшін оқу орындары көптеген жұмыс атқаруда. Мұ ға л і м де р м е к те п т і ң қ а рау ы н а бекітілген тұрғын үйлерді аралауға қызу кірісіп кетті.

Балаларды мектепке қабылдау ко-миссиясы өз жұмысын жалғастыруда. Осы мәселе бойынша ата-аналарға кеңес беру ү шін ақпарат тық а лаң ұйымдастырылды. Алдағы уақытта ак-ция шеңберінде өткізілетін шараларға ата-аналардың қол дау көрсететіне сенімдіміз.

А.КӨШКІМБАЕВА№31 мектеп-гимназияның

оқу ісі меңгерушісі

өтелмеген немесе белгіленген тәртіппен алы-нып тасталмаған адам, сыбайлас жемқорлығы үшін сот жаза кескен адам кандидат бола алмайды.

Кандидат белсенді сайлау құқын иеленуге тиіс.

Қалалық сайлау комиссиясы кандидаттардың осынау талаптарға сәйкестігін өтініш түскен күннен бастап үш күн ішінде тексереді. Біз құқықтық статистика және арнаулы есепке алу, сондай-ақ ішкі істер органдарына тиісті сауал жолдаймыз. Конституция талаптары-на сәйкестігін тексерген соң кандидатты таңдаушылар қолдауға тиіс. Яки, оған мәслихат депутаттарының кемінде 10 пайызы қол қою керек. Бізде 25 депутат барын ескерер болсақ, үміткер олардың кемінде үшеуінің қолдауына ие болса ғана мәре сызығын қияды. Қол жинау қалалық сайлау комиссиясы беретін қол қою парақшалары арқылы ресімделеді.

Жинаған қолдардың растығын тексергеннен кейін депутаттыққа кандидат Орталық сай-лау комиссиясының шотына 15 минималды еңбекақы көлемінде сайлау жарнасын төлейді, бұл шамамен 300 мың теңгедей болады. Бұл жарна кандидат Парламент Сенатының депутаттығына сайланған немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 5%-дан астамының дауысын иеленген жағдайда кері қайтарылады.

Сонымен қатар, кандидат өзінің және зайыбының (немесе жұбайының) табыстары туралы салық органдарына декларация тапсы-рады. Ондағы мәліметтердің шынайылығын салық органдары кандидат тіркелген күннен бастап 15 күн ішінде тексереді.

Барлық құжаттары болған жағдайда кан-дидаттарды тіркеу оларды ұсыну шарасымен

қоса-қабат жүргізіліп, 11 қыркүйекке дейін жалғасады. Бүгінгі таңда комиссия төрт үміткерді тіркеп үлгерді.

– Егер де мәселенің қаржылық жағына үңілер болсақ, сайлауды өткізуге қанша қаражат бөлінеді, олардың жұмсалу жайы қалай қадағаланады?

– 12-29 қыркүйек аралығында үгіт науқанын жү ргізу ү шін мемлекет т ік бюд жет тен кандидаттарға радиодан, теледидардан сөйлеп, басқа да ақпарат құралдарынан көрінулеріне, үгіт материалдарын шығарып, сайлаушы-лармен кездесулер өткізулеріне, көлікпен жүріп-тұруына жеткілікті қаражат беріледі. Бұған қоса әр кандидат арнаулы заңға сәйкес өзінің сайлау қорын ашып, өз қаржысын, жинақтауға, сондай-ақ ұйымдар мен жеке тұлғалардың қаржысын тартуға қақылы. Мұндай қордың жалпы ақша мөлшері 700 минималды еңбекақыдан асып кетпеуге тиіс.

Сайлау науқаны аяқталғаннан кейін кан-дидат сайлау комиссиясына сайлау қорына түскен қаражатты қалай жұмсалғандығы ту-ралы есеп тапсырады.

– Қ а д а ға л ау ш ы л а р қ ы з м е т і қ а л а й реттеледі?

– Сайлау өтетін күні есігі ашылғаннан бас-тап қорытындысы шығарылғанға дейін арнау-лы пункттерде еліміздегі саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардан шыққан, шетелдерден кел-ген қадағалаушылар бола алады. Сондай-ақ, әр кандидаттан бір сенімді өкілден қатысуға қақылы.

Қадағалаушылар уәкілеті тиісті құжаттармен куәландырылуға тиіс.

Салтанат ҚАЖЫМОВА

Page 5: 91 (3148) 2014-08-16

5www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Гүл

мира

АЙ

МАҒ

АНБЕ

Т

Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесі мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, елдің алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді ше-шуде, шағын және орта бизнес субьектілері мен инвесторлардың құқықтарын қорғауда, олардың қызметі үшін оңтайлы жағдай жаса-уда айрықша орын алатынын атап өтті. Үкіметті қайта ұйымдастыру, оның құрамын ықшамдау бизнеске барынша жайлы жағдай жасауға бағытталғанын да алға тартты.

Өз кезегінде Қайрат Мәми елдегі сот төрелігі туралы баяндады. Электрондық сот өндірісін дамыту, сот қызметіндегі бюрократиялық үдерістерді азайту жұмыстары мен азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған шаралар жайлы әңгімеледі. – Министрліктердің ықшамдалуы

– болашаққа жасалған стратегиялық қадам. Осы арқылы олардың жауап-

кершілігі күшейтіліп, жұмыс тиімділігі артады. Атап айтқан жөн, Үкімет

құрылымын қайтадан құру қолдан көбей-тілген жұмыс орындарын қысқартып,

нақты жұмыс істейтін адамдардың тиімділігін арт тыруды көздейді. Бір мәселені екіншісіне жіберіп, жауап беруден қашатын ұқсас функциялы министрліктер біріккендіктен, жұмыс та нәтижелі болмақ. Бұл біріктірудің астарында не жатқанын түсінбей, кейбіреулер сан-саққа жүгіртуде. Ал бұл өзгерістердің мақсаты – Үкімет жұмысын тиімді жасақтау. Алдағы уақытта әркім өз саласымен айналысады. Жұмыстан босатылғандарға мем-лекет жұмыс табуға көмектеседі. Егер қызметкер бәсекеге қабілетті маман болса, алаңдауға еш себеп жоқ.

– Ықшамдалған биліктің алдағы

мақсаты – әлемдік ахуалдарға қа ра-мастан экономика өсімін құлдырат пауға

негізделуі тиіс. Қазіргі уақытта әлемдік жағдайдың өзі Қазақстанның сыртқа шы-

ғаратын шикізатына бағаның төмендеу қау пін тудырады. Нәтижесінде, мемлекет қазынасына түсетін қара-жаттың көлемі төмендеуі ықтимал. Сол себепті Елбасы Үкіметті бүгінгі таңдағы тәуекелдерге шапшаң жауап беруге міндеттеді. Менің ойымша, бұл жаңа ықшамдалған биліктің басты міндеті болып отыр.

Тағы бір мәселе – 2015 жылдың бірінші қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енеді. Сонымен қатар, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енетін күні де жақындап қалды. Егер ағымдағы жылдың желтоқсанына дейін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламасы қабылданса, экономикамыздың жаңа интеграциялық жағдайда жұмыс істеуіне қатысты шараларды күшейтуіміз керек.

– Менің ойымша, жаңа жүйенің тиім-ділігі көп уақыт өтпей-ақ көрінеді. Тек соңғы жылдарда ғана министрліктер арасындағы құжат айналымы 3-4 есеге өсіп, мемлекеттік қызметкерлердің

саны 90 мыңды құраған. Президент айт-қандай, кез келген басшы өз аппаратын

қалай жетілдіру керектігін ойлауы қажет. Штат көбейте бергеннен гөрі сапалы мамандардың бәсекеге қабі-лет тілігіне назар аударған жөн сияқты. Сондықтан, оңтайлы Үкіметтің қызметі осы жағынан тиімді.

Биыл 31 үй немесе жалпы ауданы 17,5 шаршы метр болатын 463 пә-тер бұзылады деп жоспарланған. Оның 19-ы «Сарыарқа» ауда-нындағы Тілендиев даңғылы 1-7, 4-6, Гете көшесі 10/2, 10/3, 12/1, 20, 22 және Құтпанов көшесі 26, 28, Тянь-Шань көшесі 1 және 3, Ақ бұғы көшесі 4/1, Бейбітшілік көшесі 18а, Біржан сал көшесі 5, Шынтас көшесі 17.

Ал бұзылатын 12 үй «Алматы» ауданында орналасқан екен. Кенеса-ры көшесі 62, 62/1, 62/3, 64, 66, 68, Бейсекбаев көшесі 9/4, 11/3, 12/3, Тархан көшесінде 19/2, 21/1 және Егемен Қазақстан 4/5.

Электронды үкіметтің «Твиттердегі» ресми па рақ-шасында жарияланғандай, тек шілде айының өзінде электронды үкімет порталы арқылы қазақстандықтар 110 млн теңгеден астам айыппұл төлеген. Осылайша egov электронды үкімет порталы айыппұл төлетудің тиімді тетігіне айналып отыр.

Жоба жетекшілерінің айтуынша, қазақтың жас ақындарының өмірі мен тыныс-тіршілігін, жеткен жетістіктері мен шығармашылығын өзек ететін жобаның мақсаты – поэзияны жаңа қырынан, кең ауқымда таныту, оқырманның биік талғамын қалыптастыру.

Ал ұлт руханиятына үлес қосуды көздеген жобаның алғашқы түсіріліміне кейіпкер ретінде белгілі ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбек қатыспақшы.

Жайық НАҒЫМАШ

Айта кетерлігі, жоспар бойынша 2017 жылға дейін бұзылатын 228 апатты үйдің орнына жаңа тұрғын

үй кешендері мен басқа да нысандар салынады. Ал 3519 отбасы жаңа пәтерлерге көшіріледі.

Page 6: 91 (3148) 2014-08-16

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Астана ақшамы» газетінің редакциясы» ЖШС 2014 жылғы 1 қазанда өтетін Қазақстан Республика-сы Парламенті Сенатының сайлауына қатысатын кандидаттарға сайлауалды үгіт материалдарын жариялау үшін әр шаршы сантиметрі 350 теңгеден басылым орны берілетінін хабарлайды.

59 19 88, 52 78 87(Астана қаласы бойынша)

1. Банк секторы. 2014 жылғы 1 та мыздағы жағдай бойынша Аста-на қаласының банк жүйесіне ҚР Ұлттық Банкінің Орталық филиалы, дербес банктер: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Forte Bank» АҚ, екінші деңгейдегі банктердің 32 филиалы және екінші деңгейдегі банк филиалдарының 167 құрылымдық бөлімшесі кіреді.

2. Инфляция. Астана қаласы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша инфляция 2014 жылғы маусымға қарағанда, 2014 жылғы шілдеде 0,7% төмендеді. Ай ішінде азық-түлік тауарлары 2,5%-ға арзандап, азық-түлікке жатпайтын тауар – 0,7%-ға және ақылы қызмет шілдеде 0,1%-ға қымбаттады.

3. Валюта нарығы. 2014 жылғы 1 тамыз айындағы жағдай бойын-ша қолма-қол шетел валютасының нарығында банктердің 178 айырбас-тау пункті және Қазақстан Респу-бликасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау опе-рацияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың 68 валюта айырбастау пункті жұмыс істейді.

Астана қаласында айырбастау пунктерінде АҚШ долларын, еуро және ресей рублін сатып алу көлемі шілдеде 13,05%-ға, 4,57%-ға және

18,3%-ға ұлғайды. АҚШ доллары сату – 40,55%-ға, еуро – 21,53%-ға және ресей - 35,16%-ға көлемі жоғарылады.

Шілдеде сатып алу-сату бағамы-ның орташа алынған мәні: АҚШ дол-лары – 183,28 теңге/183,96 теңге; еуро – 248,38 теңге/249,40 теңге; ресей рублі бойынша 5,24теңге /5,32 теңге болды.

4. Депозит нарығы. Екінші деңгейдегі банктердегі резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2014 жылғы мамырмен салыстырғанда, 2014 жылғы маусымда 4,6%-ға ұл-ғайып, 2 326 035 млн теңге болды.

Ұлттық пен шетел валютасындағы салымдар 7,1%-ға және 1,2%-ға өсіп, 1 357 508 млн теңге мен 968 527 млн теңге құрады. Теңгедегі салымның үлес салмағы 58,4% болды.

Ай ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 4,6%-ға өсіп 1 873 633 млн теңге болса, ал жеке тұлғалардың салымдары 4,5%-ға өсіп 452 403 млн теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттерінің үлесі салымдардың жалпы көлемінде 80,6% болды.

2014 жылғы маусымда банктік емес заңды тұлғалардың теңгеде тартқан мерзімді депозиттері бойынша ор-таша алынған сыйақы мөлшерлемесі 5,5%, ал жеке тұлғалардың теңгеде тартқан мерзімді депозиттері бой-

ынша орташа а лынған сыйақы мөлшерлемесі 7,8% болды.

4. Кредит нарығы. 2014 жылдың мамыр айымен са лыстырғанда 2014 жылғы маусымда банктердің Астана қаласының экономикасын кредиттеуі бойынша негізгі қары-зының жалпы көлемі 1 410 317 млн теңге болып, 0,5%-ға ұлғайды.

Бір айда ұлттық валютадағы кре-диттер 3,1%-ға өсіп, 943 270 млн тенге құрады, ал шетел валютадағы к р ед и т тер 4 , 4 % - ға қ ыс қ а р ы п , 467 047 млн теңге болды. Теңгемен берілген кредиттің үлес салмағы 66,9% болды.

Маусымда ұзақ мерзімді кредит-тер 2,2%-ға өсіп, ал қысқа мерзімді к р ед и т те р 4 , 4 % - ға қ ы с қ а р ы п 1 061 331 млн теңге және 348 986 млн теңге сәйкесінше болды. Нәтижесінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлес сал-мағы 75,3% болды.

Жеке және заңды тұлғаларға кредит беру 1,4%-ға және 0,1%-ға ұлғайып, тиісінше 400 034 млн теңге және 1 010 283 млн теңге болды.

Маусымда банктік емес заңды және жеке тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орта-ша алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,3% және тиісінше 17,8% болды.

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы: Астана қаласы, Брусиловский

көшесі, 17/3, Бизнес-орталық ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34

автобустарымен келуге болады. Анықтама алу телефоны: 57-88-88.

Page 7: 91 (3148) 2014-08-16

7www.astana-akshamy.kz

Әрине, сыбыс болған соң оның сая-бырситыны бар, саялауға сай тап пай салқынын тигізетіні тағы бар. Сая-бырсиды деп сабыр сақтау сан соқ-тырады. Мұндай жағдайдағы сабыр сақтау басымызға тиді, сабақ болды.

Асылымызды ардақтап, әспеттей алдық па?! Асықтың асқақтауы Нау-рыз думандарының көлемінен неге аса алмауда?! Бұл – шындық. Нау рызда ғана бой көрсететін киіз үй, алты ба қан сынды көнекөздердің қатарына асық та кірген. Қалада қарыштамаған асық ойыны ауыл балаларының ермегі еді. Қаланы қойып, ауыл дан да алыстап ба рады бұл асық. Бала кезімізде қызды-қыздымен гөй-гөйлеп, үймелеп үй көрмей үйір боп ойнайтын асық сол балалық шағымызбен бірге ауылдан іргесін аулақ салуда. Бұрын өзімнен кейінгілердің асық ойнауын ара-тұра көзім шалатын. Ал, қазір ауылға бара қалсам асық ойнаушылардың қарасын да байқамаймын.

Атам марқұм көзі тірісінде тұңғыш немересі менімен тете туған інім екеумізге арнап екі қалта асық жина-ған. Кейін өсе келе, асық ойнауға жа-рап қалғанда екі қалта асықты таласып қалмасын деген оймен киіз басуға арналған жүнді түстейтін бояумен екі түске екеумізге бөліп бояп берді. Түсі – көк және сары. Көгі – менікі,

ДЕП БЕЗЕР БОЛМАЙЫк!

сарысы – інімдікі. Айтпақшы, осыған ұқсас тағы бір жай ойыма оралды. Атам бір пенсиясын алғанда екеумізге екі трактор-ойыншық әкеліп берген. Оның да түсі – көк пен сары. Атам екеумізге көк пен сары түстілерді еншілеп беруінің мәні неде екен деп әлі күнге дейін ойланамын. Сірә, менің көк түске құмар болуыма атам себепші болуы керек. Қош, сонымен атам ның асықтарына оралайын. Сол асықтардың сары түстісін сап-сары інім көрші балалармен ойнап жүріп ұтылды, түгелімен тауысып тын-ды. Мен болсам сары асықтарды қайтарамын деп көк асықтардың бір бөлігінен қол үзіп қалдым. Бәрінен айырылып қалармын деген оймен одан әрі ойнамадым. Біршамасын нағашылап келген жиендер де алып кетті. Қалған асықты қалтасына қаптап, сандықта сақтап қойдым. Кейін ер жеткен соң біраз доста-рым құмар ойынның қызығына еніп қалталары қағылды. Ал, мен ондай ойындарға беттеп көрген емеспін. Бала кездегі асықтарымнан айырылу-ым сабақ болған болар мүмкін...

Атам сыйлаған асықтардың бір то-бын сақтап қала алдым. Інімнің сары түсті асықтары сарқылып жоқ болды. Көк түстісін келешекте атамның шө -берелеріне шашпай-төкпей жеткі зер-мін, аманатындай. Аманат деп қа рай-мын, себебі сол бір қалта көк асық мен

үшін көк қағаздан әлдеқайда құн ды. Асылымыз асық бар-ша қазаққа солай құнды болса екен!.. Және сол құн-дылықтың қадір-қасиетіне жете білсек...

Асығымыз ардақталмай жүр, ұмыт қалды, ескірген елеусіз дүние деп ау-зымызды қу шөппен сүртуге де бол-мас. Асық ойнау Наурыз күндерінде ғана көрініс таппай, басқа уақыттарда да ойналып жүр. Бұл, әрине, қуанар-лық жай. Ескімізді жаңаға бейімдеп жаң ғыртуымыз – жаһандану кезе-ңінде кө сегемізді көгертетін, мүм-кін дігімізді мейлінше еселемесе, ке-міт пейтін бастама. Ұлттық спорт ойын дарымыз ұлықталып, біршама биіктерді еңсерді. Қазақша күрес жастар арасында кеңінен насихат-та лып, «Қазақстан барысы» болуға ұм тылғандар қатары ұлғаюда. «Қазақ-стан барысы» де мекші, осы жоба кейінгі кезде ауқымын ке ңейтіп «Ев-разия барысы» деген атау мен Тараз қа ла сында бірнеше елдің басын бі-рік тіріп, байрақты бәсеке өткізілді. Дүбірлі дода дәрежемізді өсіріп, даң-қымызды шығарды, төрткүл дүниеге. Отандық арналардан тікелей эфирде берілген қазақша күрес аламаны, сонымен қатар, көршілес елдің көк

жәшігінен де көрермендерге жол тартты. «Каzsport» арнасымен бірге Ресейдің «Боец» телеарарнасынан қатар тамашаладым. Орыстар не деп жатыр екен деген ой ғой баяғы. Бұл жоба жайлы, қазақша күрес туралы орыстардың ойы мені бек қуантты. Біздің күрестің ережелерін бүге-ші-гесіне дейін біліп, ұпайлардың атауын «бүк ұпай», «жамбас ұпай» деп қазақша атап, төрешілерден бұрын айтып отырды. Күресіміз осылай жаһанға жайылып, әлемдік аренаға шығып кетсе, нұр үстіне нұр. Өзгенің бүге-шігесіне дейін білгеніне риза болдым дедім. Ал өзіміз мақаламызға арқау болған асық ойындарын бүге-шігесіне дейін білеміз бе?! Бүге-шіге деп қайталап, бұл сөзге шүйліге бе-руім нің өзі – асыққа байланысты ой байламым. Бүге, шіге дегендер – асық-тың ойындағы жерге түсуінің атау-лары. Толығырақ тоқталайын: алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы, яғни, алшы тұруы; тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы; бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі; шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі; омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы; шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.

Асық ойындарын дәріптеуге, да-мытуға дәрменіміз жетпей жүр деп айта алмаспыз. Кейінгі кезде қазақ-ша күрестің деңгейіне жетпесе де жеткізуге күш салған игі бастама-лар дың куәсі болдық. Жанашыр жан та былып, асық ойындарының ережесі жа салып, жоғары жақтан бекітілді. «Асық ату» федерациясының Пре-зиденті Жомарт Сабыржан асық ойындарынан «спорт шебері» атағы да берілетінін айтып марқайтты.

Былтыр елордада Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының мәжіліс залында жиналыс болып, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Бекболат Тілеухан ағамыз бастаған бір топ ұлттық спорт жанашырлары бас қосты. Онда Бекболат Тілеухан ағамыздың тағайындауымен Мұрат Әбенов Асық ойыны Ұлттық спорт Федерациясының Президенті болып бекітілді. Атқамінер азаматтарымыз біраз мәселенің басын қайырып, асық ойынының болашағын бедерлі етудің жолын қарастырып, талқылады.

«Әдемі-ай Plus» компаниясының

президенті, «Әдемі-ай» журналының құрылтайшысы Баһаргүл Төлеген есімді Қытайда туған қандасымыз асықты кәдесый ретінде жасап, халық арасында кеңінен насихаттауда.

Астана қаласында 2009 жылдан бері жыл сайын ғалым Ақселеу Сейдімбек атындағы «Алтын сақа» қалалық ашық чемпионат ұйымдастырылып келеді. Айта берсек, асыққа қатысты біраз игі шараларды тізіп шығамыз. Осы қарқынымыздан таймай қада-мымызды адымдап бассақ, біраз бе-лесті бағындырарымыз сөзсіз.

«Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар». Кеңес дәуірінде сөзіміздің мәйегіне айналған бұл мақал сана-мызға сіңіп, жадымыздан жылжы-мастай жай тапқан. Асықты бізден басқа ешкім ойнамайды. Ал, доп ой наған өзге елдердің тозғанына емес, озғанына көз жеткізіп отырмыз. Бү гінде бүкіл әлемді футболымен, әдемі ойын өрнегімен еліктірген елдер – Испания, Бразилия, Герма-ния, Португалия, Аргентина, айта берсек, біраз елді тізбектеп шығамыз. Бірақ, сол тізбектің қатарына өзімізді қосып айта алмаймыз. Өйткені, доп ойнап тозып кетеміз дейтін немесе осы ойдың шырмауындағы біздің ел

өзгелерге қарағанда көштің соңында. Жәә, футболдың мұңын айтып тауыс-паспыз, алдымен өзімізді жарылқап, қатырып алайық.

Асық ойнаған азар дедік. Асық ой-нап адам болмаспын деп түйген әрбі-ріміз асық ойнамай ел болмасы мызды байыптай білсек екен. Бала мызға асық жинап, асық ойнатып, осы ойынды, асықты аманат етсек, амалымыз құрып қалмас. Себебі, атадан қалған мирас бізге жеткенде үзіліп қалмауы тиіс. Эстафетаны ары қарай жалғай алсақ – асығымыз алшысынан түскені.

Тек қана құмар ойынға құрылмаған асық ойынының да тәрбиелік мәні зор. Қимыл-қозғалысты қажет ететін асық ойындары денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алатыны айтылып та, жазылып та жүр.

Ағайын, асылымызды жасырын қылмай, жат қылмай жаңғыртайық! Асық ойнауға асығайық!

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

көрермендерге жол президенті, «Әдемі-ай» журналынылтайшысы Баһаргүл Төлеге

«АЗАМЫЗ»

Page 8: 91 (3148) 2014-08-16

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

, ///////////////////////////////////////////////////////////////////////

///////////////////////////////////////////////////////////////////////

МIНДЕТIМ МЕНIН – ЖЕНIСКЕ ЖЕТУ

- Сэр, сіз футболдағы қызметіңізбен қоштасатын күні баспасөзде жарияланған мақалалар, пікірлер аяқдопқа қатысы жоқтардың өзін терең ойға батырғандай еді. Бұл – мадақ, мақтан, мойындау ғой. Ал, керісінше, өзіңіз осынша сынға ұшырап көрген кезіңіз бар ма?

- Әрине. Мысалы, 2002 жылдың қыркүйегінде басыма қара бұлт үйірілді. Бапкер жұмысының бір ерекшелігі, сенің ісің алға баспай жатқандай көрінсе, жан-жақтан шабуылдаушы, шүйлігуші көбейе қояды. Оның үстіне мен өзімді ешқашан

баспасөз алдында міндетті санап көрмеппін – ешқашан журналистермен қойын-қолтықтас араласуға тырыспаппын да, оларға ешқашан қолтаңба бермеппін де, сондықтан қиын-қыстау кезеңде тілшілердің демеуіне сүйену туралы ойлануға да болмайтын. Шыны керек, «Мэйл он сандидегі» Боб Кэстен басқа ешкімді танымайды екем. Ендеше қалам ұстаған бауырлардың мені қысылшаң тұста сүйей қоюы, мен үшін күйіне қоюы – ақылға сыйғысыз еді. Иә, өзге менеджерлер арасында баспасөзбен жұмыс істеу шеберлігін меңгергендер бар екенін білем. Бәлкім, бұл қабілет оларға уақыт ұзартуға жәрдемдесетін де шығар, бірақ нағыз шыңырауға құларлықтай болсаң, кім-кім де мәңгілік қолдай бермесі анық қой.

Маусым ішінде ойыныңда сәтсіз кезең бола қалса, бітті: баспасөздің қысымы тықсырып әкетеді. Ерінбегеннің бәрі сен туралы «Ферги, уақытың өтті» дегендей бірінен бірі өткен тақырып қоюдан жарысып жүретіндей. «Өз по-стынан жалықпай, осынша уақыт қалайша отыра беруге болады?» сарындас әндер үдей береді, үдей береді. Мұндайда сен күліп қана қоя салуың керек, бірақ ешқашан жүрекпен қабылдамағаның абзал. Өйткені долылық – адамнан гөрі хайуанға тән сезім. Рас, осынау жылдар ішінде маған қатысты кісі қызығарлық та көптеген мақала жа-рияланды, сірә, журналистер біздің айтулы-айтулы жетістіктерімізді айналып өтуге батпаған шығар. Дегенмен өзіңді «данышпан» деп мойындаушы-лар «ақымақ» деп те айтуы мүмкін екеніне дайын болғаның артық етпейді.

Бірде Мэтт Басби «Сен неге ойының ойдағыдай жүрмей жатқан кездерде газет оқисың? Ондайда, мәселен, мен ешқашан баспасөзге көз тоқтатқан да

емеспін» деді. Бірақ ол ат үстінде жүрген кезде баспасөз қазіргідей аяқ аттасаң, алдыңнан шығатындай белсенді емес-тұғын.

- Д е с е к т е , с і з д і ң ф у т б о л м е н қоштасуыңызды масс-медиа аңызға ай-

налдырып жібергендей көрінді. Соған қарағанда, өзіңіз ойлағандай, сүйкімсіз кейіпкер болмағаныңыз ғой?

- Оныңыз рас. Менің кетуім туралы жаңалық әлемнің, кем дегенде, 38 газетінің бірінші бетінен орын алыпты. Олардың ішінде «Нью-Йорк таймс» та бар. Британиялық басылым-дар сол күнгі номерін 10-12 беттік арнаулы қосымшалармен шығарды.

Газеттердің мен туралы жазбалары, әлгінде өзіңіз айтып қалғандай, мадақ сарынды келді. Өзім кей ақпарат құралдарымен ілінісіп қалған кездерім де болған, бірақ ешкімге ешқашан кек сақтаған емеспін. Журналистер ұдайы қандай да бір қысымда жүретінін білемін ғой. Олар интернетпен, фейсбукпен, твиттермен және басқа көптеген әлеуметтік желілермен бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Оның үстіне ре-дактор да төбеден төніп, мазалап бара жатса, оңай деймісің?! Ойнайтын жұмыс емес, әлбетте. Абы-рой болғанда, журналистер де кекшіл емес екен. Олар менің баспасөз конференцияларындағы сөздерімді дұрыс қабылдағандай көрінді. Тіпті маған сыйлық жасағандары болды. Қалайша қуанбайсың?!

- Дүниенің бәрі мін іздеген сынмен тұтасып кетсе, білікті маман не істеу керек? Психологиялық тұрғыдан сынып кеткен кезіңіз есте жоқ па?

- Сәттілікте де, сәтсіздікте де ұстанымым анық: жаттықтырушылық үдерісті алаңсыз атқара беру керек! Әрдайым биік міндет арқалаған барша жұмысымыздың мүддесі, зер-зейініміз, талабымыздың үдесі, бүкіл іс-әрекетіміздің үйлесімі сенбілік ойыннан көрінетін. Егер «Юнайтед» ойыншысы ойға алғанынан бірнеше рет мүлт кетсе, жынданып кете жаздайды. Ол үшін бұл – жан төзгісіз кемшілік. Алайда ең-ең үздіктердің өзі кей-кейде сенімсіздікке жол беруі мүмкін ғой. Тіпті Кантонаның өзі өз күшіне сен-бей қалатын кездері болатын.

- Ағылшын Премьер-лигасының тари-хында 5-5 есебі алғаш рет сіз футболмен қоштасатыныңызды мәлімдейтін күні тіркелді. Аяқдоп атаулыға мүлдем жат есеп – бұл. Дегенмен де әдемі сандар. Осы күнгі көңіл-күй, әсеріңіз қалай болды? Жи-ырма жеті жыл табан аудармай жүрген, күллі әлем жанкүйері әспеттеген команда жетекшілігінен өз еркімен кету – білуімізше, тәжірибеде кездеспеген жайт.

- Автобустан түсіп, «Вест Бромвич» алаңына жеткенге дейінгі әр секундты зердеме жақсылап зерлеп қалуға тырыстым. Аса мазасызданған жоқпын, өйткені бапкерлікті доғаратын уақыт жеткенін сезіндім, кетуім керектігіне сендім. Осынау ойыннан бір күн бұрын ойыншы-лар маған естелікке бірнеше сыйлық әзірлеп жатқандарын айтқан. Солардың арасынан ең жан толқытарлығы 1941 жылы жасалған «Ролекс» еді. Сағаттың тілі үштен үш минут кеткен тұсқа тураланыпты: бұл 1941 жылы 31 желтоқсанда дәл менің дүние есігін ашқан сәтім екен. Сыйлық идеясы «МЮ»-дің басты сағатсүйері Рио Фердинандтың ойына келген көрінеді.

(Жалғасы 13-бетте)

Page 9: 91 (3148) 2014-08-16

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

СПО

РТ –

ЕЛ

НА

МЫ

СЫ

Н.Байырбек: Баршаңызға мәлім, қазіргі күні қаламызда спорт мектептеріне қабылдау жүріп жатыр. Осы жағдайға қарап-ақ жастардың спортқа қызығушылығын шамалауға болады. Біз әңгімені осы тұстан бастасақ деп отырмыз. Балаларымыздың спорт мектептерінде оқысам деген ынтасы қандай?

Ж . Қ а б ы л х а н : Б і з д і ң Қ а ж ы м ұ қ а н Мұңайтпасов атындағы спорт мектеп-интер-наты қазақ спортының ұстаханасы аталып жүргені тегін емес. Бұл оқу орны, білесіздер, Ал-матыдан көшіп келген. Бүгінгі қазақ спортының біраз саңлақтары осы мектептің түлегі екенін де көпшілік біледі. Сол себепті, біздің оқуға қабылдау уақытымызды, яғни жыл сайын тамыз айын ел тағатсыздана күтеді деп айта аламын.

25 тамыз күні республикамыздың түкпір-түкпірінен келген талапкерлер құжаттарын тап-сырады. 26-сы күні жалпы дене дайындығынан қабылдау емтиханы өтеді. Ал 27-сінде арнайы дене дайындығынан емтихан тапсырады. Осы сынақтар бойынша жинаған ұпайларына қарай балалар конкурстық негізде бос орындарға оқуға қабылданады. Сөйтіп, 28-і күні нәтиже белгілі болып, мектеп алдындағы тақтайшада оқуға түскен балалардың тізімі ілінеді.

Н.Байырбек: Сіздерден шыққан танымал спортшыларды атап өтсеңіз ?

Ж.Қабылхан: Біздің мектептен, мысалы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы болған марқұм Шәміл Серіков, Одақ кезінде-ақ қазақ спортын алға сүйреген Дәулет Тұрлыханов, кешегі қайбір сайыстарда «мен қазақтың туын желбіретіп алып барып, желбіретіп алып келемін» деп уәде беріп, уәдесінде тұрған қайсар боксшымыз Ермахан Ыбырайымов шыққан. Сол секілді, олимпиада сындарында Ольга Шишигина, Мәулен Мамыров, Нұрбахыт Теңізбаев, тағы басқа түлектеріміз қазақтың намысын қорғаған. Бұл қатарды тізіп айта беруге болады, әрине. Бірақ оларды түгендеп шығу қиынырақ. Жалпы қазақ спортын өрге сүйреп, биіктерден көрініп жүрген таланттарымыздың тең жартысы осы біздің оқу орнымыздан шықты деуге болады.

Page 10: 91 (3148) 2014-08-16

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

СПО

РТ –

ЕЛ

НА

МЫ

СЫН.Байырбек: Бүгінде мектеп-

интернатта қанша спортшы-оқушы тәрбиеленіп жүр?

Ж.Қабылхан: Екі жыл бұрын біздің мекеме мектеп-колледж болып өзгертілген. Демек, биыл үшінші жыл колледжге балалар қабылдап жатырмыз. Сонда жал-пы 120 студент, 280 оқушы білім алады. Ал жалпы контингентіміз бойынша 420 баланы қамтамасыз ете аламыз. Бізде күнтәртібі бекітілген. Оқушылар мен сту-денттер күніне екі уақыт жаттығу жасайды, бес мезгіл тамақтанады. Олардың жүйелі түрде білім алып, өз қабілетін жүйелі дамытуға мүмкіндігі бар. Соның арқасында, осы мекеме спортқа да елеулі үлес қоса бастады. Мысалы, біздің мектеп алғаш Астанаға көшіп кел-генде республикалық жарыстарда балаларымыз екі жүздің ар жақ-бер жағында ғана медаль алатын. Ал қазір біздің балалардың жетістігі көп. Мысалы, 2013 жылы чемпи-онаттарда 271 алтын, 171 күміс, 193 қола медаль иеленді. Отандық спортқа қосамыз деп, үлкен сайыстарға дайындап отырған спортшыларымыз да бар. Тағы бір қуаныштысы, республикалық үлкен додаларға бір емес, бірнеше жаттығу немесе бірнеше спорт түрі бойынша қатысуға бейім балалары-мыз да бар.

Н.Байырбек: Талапкерлердің бәсекесі қалай?

Ж.Қабылхан: Бокс десе, күрес десе қаны қызбайтын қазақтың баласы жоқ, шынын айту ке-рек. Сондықтан, бізде жекпе-жек түрлерінен, мысалы, еркін күрес, грек-рим күресі, бокста әсіресе бәсеке көп. 7-8 орын бол-са, соған 50-60 балаға дейін келіп жатады. Оларды қарап, іріктеп алу қиынға соғатын кездер болады. Бәрін бірдей қабылдай алмайсың, бекітілген орын шектеулі. Сол кейде өкіндіріп жатады.

Н . Б а й ы р б е к : О с ы т ұ с т а қ а л а л ы қ ә к і м д і к т і ң ө к і л і ретінде Гүлназ Оразалинаға сұрақ қойғымыз келіп отыр. Мінеки, баланы спортқа беруге құлшыныс көп екені айтылып жатыр. Ал осы ретте басқарма

тарапынан, әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына қандай жағдай жасалып жатыр?

Г.Оразалина: Қала бойынша бізде 25 спорттық мекеме бар. Олардың қатарында 10 арнайы спорт мектебі болса, алтауы – олимпиадалық резерв даярлау мектебі. Оларда 7000-ға тарта адам спорт шеберлігін шыңдауда. Бұл, әрине, өткен жылдармен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш. Жалпы, халықтың бұқаралық спортқа қызығушылығы жылдан жылға артып келе жатқаны байқалады. Осы орайда, Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы бүгінгі таңдағы сұранысқа қарай әр түрлі спорттық шаралар ұйымдастырып, жаңа мүмкіндіктер қарастырылуда. Мысалы, биыл 17 тамызда, яғни Спорт күні қаладағы барлық спорт кешендерінде ашық есік өтеді. Одан бөлек көптеген спорттық-мәдени шаралар ұйымдастырылады. Ал ба-лалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу үшін біздің басқарма қалалық Білім басқармасымен бірлесіп жос-парлы жұмыс істеуде.

Өздеріңіз білесіздер, қаламызда спорт кешендері, жаттығу зал-дары көбеюде. Сонымен қоса, аулаларда жаттығу құралдары ор-натылып, жалпы бұқараның дене тәрбиесімен айналысуына жағдай жасауға баса мән беріледі.

Мұның сыртында жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойын-дарында, Азия ойындарында бақ сынайтын спортшыларды іріктеп алу да – жауапты міндет. Біз бұл ретте халықаралық жа-рыстарда ел намысын қорғайтын 50-ден астам үміткерді іріктеп, олардың тыңғылықты дайында-луына жағдай жасап отырмыз. Жалпы, Қазақстанның ұлттық құрамасына спорттық резерв да-йындау жағынан біз қазір он төрт облыс пен екі қала ішінен бесінші орындамыз.

Ғ.Қожабеков: Өте жақсы к ө р с е т к і ш е к е н . Е н д і , с о л елордалық спортшыларымыз халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетеді деп сеніммен қараймыз. Осы орайда Сіздердің еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектеспіз.

Н.Байырбек: Жомарт аға, спорт мектептеріне қабылдауда бір орынға он шақты бала үміткер

болып отыр екен. Сіз қалай ойлайсыз, спорт мектептері жалпыға бірдей мүмкіндік ту-дыруы керек пе, әлде мұндай арнаулы мектептерге болашақта әлемдік деңгейде қазақтың намы-сын қорғап, туын желбірететін балалар іріктеп алынуға тиіс пе?

Ж.Сабыржанұлы: Спорттағы дарындылар мектебі болғаннан кейін бұл оқу орнына еліміздің түкпір-түкпіріндегі ең қабілетті, дарынды балалар іріктеліп алынуы керек. Өзіміз осы оқу орнында қызмет еткен жылдары елді аралап жүріп, бойы 1 метр 75 сантиметр балаларды іздегенбіз. Салмағы 74 келіден асатын балаларды көрсек, үгіттеп, оқуға әкелуге тырыса-тынбыз. Менің есімде, елдің бір түкпіріндегі бір совхозда суға сүңгіп жүрген бір қызды көріп, осында алып келдік. Ол қыз алтын-шы класта оқитын еді. Алтыдан соң бізде қабылданбайды, сонан соң, бір жыл қалада оқытып, кейін спорт мектебіне түсірдік. Аты Фариза Сабитова болатын. Сол қыз екі-ақ жыл айналысып, спорт шебері нормативін орындады. Сол секілді, жеңіл атлетикаға бейім бір баланы әкеліп, оқыттық. Тағы бір қызылордалық Жасұлан деген баланы әкелдік, ол да садақ ату-дан екі жылда спорт шеберлігіне қол жеткізді. Жалпы, осылай та-ланттарды іздеу керек. Ондайлар Астана қаласындағы мектептерде де толып жатыр. Соларды таңдап, таба білу керек. Содан кейін спорт мектептерінде әр баланың қабілетіне қарай дамуын қадағалау керек. Мысалы, Германияда былай істейді. Алғашқы екі жыл баланың бәрін жалпы спортқа дайындайды да, соларды артынан қабілетіне қарай бөледі. Бір сала бойынша дамытады. Ал бізде болса, жүз ба-ланы жинап алады да, «сен боксшы болсаң да боласың, болмасаң да боласың» деп, тұсаулап тастай-ды. Сол дұрыс емес. Одан кейін жаттықтырушы, ұстаздар жалпы спортқа бейім бала көрсе, соны өзіне тартып, жібергісі келмейді. Ал шын мәнінде баланың бағын ашу үшін, талантты қазақтың намысын қорғауға дайындау үшін, ол неге бейім, соған жіберу керек.

Бірақ қазір, құдайға шүкір, көзқарас түзеліп қалды. Спорт деген тек қана жүгіру, алып ұру, жұдырықтау емес, ол еліміздің саясатына айналып келе жатыр.

Спорт, расында, елдің саясаты, елдің денсаулығы, тіпті эконо-микасы деп айтуға болады. Неге десеңіз, денсаулық дұрыс болса, көп шығын шашылмайды. Дұрыс жұмыс істеледі.

Ғ.Қожабеков: Мен жиырма жылдан бері негізінен спорт тақырыбына қалам тартып келемін. Сондағы түйгенім: бүкіл әлемде спорт индустрияға айналып отыр. Мәселен, кейбір ф у т б о л ш ы н ы ң қ а р ж ы л а й құны бір-бір фабрика немесе зауыттың бағасынан да асып түседі. Сондықтан біздің елімізде де спорт саласына индустриялық көзқарас қалыптастыру қажет-ақ.

Ж.Сабыржанұлы: Иә, оныңыз шындық. Бүкіл әлемде спорт дегеніңіз бүгінде кәдімгідей саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани құбылыс болып отыр. Біз де бұл көштен қалмауға тиіспіз. Осы бағытта қазіргі жағдайымыз жаман емес. Олимпиада ойындарындағы көрсеткіштеріміз сол өрлеудің айғағы емес пе?! Бәріміздің тілеуіміз сол - қазақ спортының өркендеп-өскенін қалаймыз.

Ғ . Қ о ж а б е к о в : Б ү г і н д е көптеген елдерде спортшыларды кәсіподақ жағынан қолдаудың ерекше формасы қалыптасқан. Бізде осы мәселе қалай? Соны білгіміз келеді.

С.Иманқұлова: Жаңа Жомарт Сабыржанұлы «кезінде ауылды жерлерден іздеп жүріп спортқа бейім жастарды алып келетінбіз» деп отыр ғой. Менің ойымша, бізге сол дәстүрді қайта жаңғырту керек. Негізі, қай мемлекетке барсаң да, сол мемлекеттің бет-бейнесі мәдениеті мен спорты арқылы та-нылады. Сондықтан, бұл саланың жауаптылығын, маңыздылығын есте ұстағанымыз абзал. Ал енді бүгінгі мәселеге келетін болсақ, Қ.Мұңайтпасов мектебі біздің кәсіподақ құрамына енген. Гүлмира Шаманова осы мектептің өкілі ретінде бізбен тұрақты жұмыс істеп келеді. Бір рет мынадай жағдай болды, осы мектептен бір баланы Германияға апарып емдету үшін 40 000 $ көлемінде ақша қажет болған. Бірақ, біздің ондай қаражат шығаратын мүмкіндігіміз жоқ еді. Сол себепті ортадан шығарып, жинап, 1 000 $ көлемінде қаражат тауып көмектестік. Кәсіподақ осылай өз шамасына қарай қолдау

Page 11: 91 (3148) 2014-08-16

Мұнда қазір дәрігерлер бар, бірақ олар таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді де, кетіп қалады. Ал кешкі, түннің уағында бір жағдай болса, кім қадағалайды? Мысалы, спортшылар кешке де жаттығу залында болады, қандай да бір жарақат алса, олар алғашқы көмекті кімнен алады? Осы жағын ескере отырып, мұндай мекемеде күндіз-түні дәрігерлік көмек атқаратын тұлғалар болуы керек деп ойлай-мын.

Ж.Сабыржанұлы: Дұрыс ай-тасыз. Қазір неше түрлі жағдайлар болып жатыр. Дәрігер мен мед-бикелер міндетті түрде штатқа кіргізілуі керек.

Ж.Қабылхан: Бұл шынында да біздің күйіп тұрған мәселеміз. Бірақ қазірше штатты кеңейту өте қиын болып отыр. Ол жоғары жақтан бекітіледі.

С.Иманқұлова: Осы секілді, жалақыны сатылап өсіру, еңбек өтіліне қарай еңбекақысын өсіру мәселесі бойынша да бұрынғы қаулымен ғана жұмыс істеп отырғандар көп. Әсіресе, шет жақтарда жаңа қаулыны білмейді де. Мүлдем сауаты жоқ адамдар жұмыс істеп отыр. Одан кейінгі мәселе, осы мәдениет пен спорт саласында аттестациялау деңгейі өте төмен. Әр маманды істеген жұмысы мен жемісті еңбегіне қарай деңгейін анықтап отыру дұрыс жолға қойылмаған. Эко-номистер мен бухгалтерлердің кемшілігі – бұл. Елбасының өзі «еңбек адамының жағдайын жасау керек» деп отыр. Ал бізде еңбекті бағалау әлі дұрыс емес.

Ғ.Қожабеков: Баршаңызға белгілі, алдымызда биылғы қыркүйекте басталатын Азия ойындары және 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындары жақындап қалды. Осы жарыстарға Астана қаласынан үміткерлер бар ма?

Г.Оразалина: Өздеріңізге белгілі, өткен Олимпиада ойында-рына Астана қаласынан 17 спорт-шы қатысқан еді. Нәтижесінде Ма-рина Вольнова деген қызымыз бокс бәсекесінде қола жүлдегер атанды. Ал енді алдағы Азия ойындары мен Рио де Жанейро ойындарына үміткерлерді дайындау туралы құжаттар жуырда қабылданды. І р і к т е л г е н с п о р т ш ы л а р д ы ң дайындығын қамтамасыз етуге барлық жағдай қарастырылған.

Енді сол спортшыларымыздың жоғары нәтиже күтетін боламыз. Ал ел намысын қорғауға аттана-тын үміттеріміздің атын қазірден атағым келмей отыр. Одан да олардың жеңісі туралы мақалалар оқитын болайық деп тілегім келеді.

Ғ . Қ о ж а б е к о в : А р а м ы з д а «Астана» футбол клубы жас-тар құрамасының жартылай қорғаушысы Жоламан Табиғат деген футболшымыз отыр. Сен футболға бала кезіңде келдің. Қазір өзің секілді жас футболшылардың әлеуметтік жағдайы қалай?

Ж.Табиғат: Әрине, үш-төрт жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда қазіргі күніміз жақсы. Мысалы, біз 3-4 сыныпта оқитын кезімізде, мы-салы, спорттық киім-кешектермен жабдықтау, жарыстарға шығу өте қиын болатын. Жылына екі-үш жарысқа ғана шығатынбыз. Ал қазір жыл сайын эпикировкамыз, яғни формамыз жаңартылады. Жарыстарға да жиі шығамыз. Менің ойымша қазір балалар мен жасөспірімдер спортына қаражат жақсы бөлінетін сияқты. Ал ондай жағдай жасалған соң, талап та күшейтіледі. Сондықтан, біз де қолымыздан келгенше жеңіске жетуге, жүлделі орындар иеленуге тырысамыз.

Ғ.Қожабеков: Жоламан, саған осы уақытқа дейін қаламыздағы №8 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қамқор болды, одан кейін «Астана» футбол клубы қарамағына алды. Биыл мектеп бітіріп отырсың. Әрі қарай спорттағы тағдырың қалай болмақ? Қандай мақсатың бар?

Ж.Табиғат: Баршаға белгілі, он сегіз жасқа дейін жастар ко-мандасында ойнатады, одан кейін оның қатарынан шығасың. Басқа клубтарға баруға тиіссің. Ондай жағдайда кәсіптік келісімшарт бой-ынша ойнайсың. Ол кәдімгі жұмыс істегенмен бірдей. Сондықтан, қазір менің мақсатым дубльға, яғни негізгі команданың қосалқы командасына түсу. Одан әрі қарай Қазақстанның ірі футбол клубтарының біріне өтіп, футболда үлкен карьера жасасам деймін.

***Н.Байырбек: Халықаралық

д о д а л а р д а с п о р т ш ы л а р ө з елінің әнұранын естігенде рух-танып, делебесі қозып кетеді. Қайсыбір ойында Франция

футболшыларының өздерінің г и м н і қ о й ы л ғ а н д а ж е ң і л і п тұрған жерде ғаламат күшке, шеберлікке қол жеткізіп, жеңіс жеткені туралы көпшілік айтып жатады... Ендеше спортшыны тек қана спортпен тәрбиелеу керек пе әлде біліммен, ақылмен де тәрбиелеу керек пе? Ақыл, патриоттық сезім спортшының биіктен көрінуі үшін қандай маңызға ие болуы мүмкін?

Ж.Сабыржанұлы: Өте дұрыс. Спортшыларды патриоттық рухта тәрбиелеу керек. Әнұранды әрбір спортшы білуге міндетті. «Ел өспейді өнері қанат жаймаса» дейді халық. Мысалы, футболы арқылы қазір Бразилияны дүние жүзі біледі. Анау Англияны да біледі. Қазір біз де, құдайға шүкір, жақсы келе жатырмыз. Намы-сты, мықты жігіттеріміз шығып жатыр. Қай кезде де тәжірибеге сүйеніп, біліктілікті жетілдіріп оты-ру қажет. Бұған да көбіне мән бере бермейміз. Елбасымыз «Ұлттық салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз ұлтымыздың генетикалық коды» деп әдемі айтқан жоқ па?! Біз спорт саласында да осы тұжырымды ұстануымыз керек. Мен, мысалы, осы қалада бес жыл бойы асық ой-ынынан чемпионат өткізіп жүрдім. Оның өзі қалаға әкім болып кел-ген Иманғали Тасмағамбетовтің қолдауымен қолға алынған бола-тын. Ал қазір осы чемпионат тоқтап қалды. Неге? Қазір бұрынғы заман емес, асық ойнағанға күлетіндей санасыз емеспіз. Кезінде өзім, мы-салы, қазақ күресін жаңғырту үшін жүгіргенімде маған «ұлтшылсың» деп сөккендер болған. Ал қазір кім шектеу қойып жатыр?

Мен жуырда Германияға Еуропа қазақтарының кіші құрылтайына барып келдім. Сонда Данияның, Голландияның, Американың қазақтары жиналған болатын. Міне, солар: «Біз ұлттық ойындарымыз-ды неге білмейміз? Бізге ата-баба-мыз ұлттық құндылықтарыңның бірі асық ойыны, соны әрі қарай жетілдіру керек деп айтып кеткен» деді. Өздері асықты керемет ойнай-ды екен. Ал біздегілер неге ойна-майды? Намыстана ма? Сол секілді,

мергендікті де дамыту керек. Асық ойыны, мергендік, тағы басқа да ұлттық спорттық ойынымызды жаңғыртып, содан үлкен сайыстар өткізіп отыру қажет. Мергендік өнер қазақ баласының бойында бар. Бұл ұлттық ойындарымыздың қай-қайсысы да балаларымыздың миына да, денсаулығына да пайда-лы. Ал қазір балаларымыз не істеп жүр? Таңертеңнен кешке дейін компьютердің алдында отырады. Ол миопияға шалдықтырады. Ми-опия деген – көздің бұлшық еттері дамымай қалуы салдарынан бола-тын ауру, көз ауруы. Компьютерге тесіліп қарап отыра беру бұдан басқа да ауруларға әкеп соғады. Ал біз неге осыған мән бермейміз?

С . И м а н қ ұ л о в а : Мектепте спорттың түрлерін көбейту ке-рек. Балаларымыздың азып-тозып компьютердің алдында отыруына шек қоюымыз керек. Мен де бұны өте өзекті проблема деп санаймын.

Н . Б а й ы р б е к : Ж а л п ы мектептегі дене шынықтыру пәнінде ұлттық спортқа бейімдеу қарастырылған ба?

Ж.Сабыржанұлы: Арнайы қарастырылмаған. Бірақ педа-гогтар кеңесінде осы мәселені қозғап, өздері енгізуге болады. Мысалы, кейбір жерлерде сабақ шаңғы тебуге арналса, шаңғы жоқ болғандықтан, орнын ұлттық ойынмен толтыруға болады. Ол ұстаздардың өздерінің ынтасына байланысты.

С.Иманқұлова: Жалпы, қазір негізі спортқа жақсы көңіл бөлініп отыр ғой. Арнайы спорт арна-сы ашылып отыр, басылымдар шығып жатыр. Спорт саласы-на арналған бағдарламалар да баршылық. Бірақ намыс мәселесі бірінші кезекте болуы керек. Мы-салы, үлкен сайыстарға келгенде шет елдерге додаға баратын кезде «бармақ басты, көз қыстымен» адам жібергенді қою керек.

Ж . С а б ы р ж а н ұ л ы : И ә , Жәрдембек інім білетін шығар, бізде ондай жағдай көп болады. Мектеп директоры болған кезімде депутаттардың өздері хабарла-сып, «пәленшені жібер, төленшені қолда» деп, жұмысыма араласып

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

көрсетіп отырады. Қосымша кіріс көзі болмағандықтан, спорт саласындағы қызметкерлерге де біз, мысалы, шипажайға бару ақысының 10-20 пайызын өтеп беру секілді көмегімізді тигізіп тұрамыз.

Бір айта кетерлігі, осы жылы шілде айында «Кәсіподақ тура-лы» заң жаңартылды. Біз оның алдында жиырма бір жыл бойы ескі заңмен жұмыс істедік. Енді осы қабылданған жаңа заңда жас спортшыларға мемлекет тара-пынан ақша бөлінсін деген бап енгізіліп отыр. Енді осы құжат күшіне енеді. Біз осы заңды жүзеге асыру мақсатында жұмыс істеп отырмыз.

Б і р б а й қ а л а т ы н ы , с п о р т саласындағы кәсіподақтар өз алды-на бөлініп-бөлініп кеткен. Дербес жұмыс істегісі келеді. Бірақ біз бір мақсат, бір мүдде деген қағидамен Елбасымыздың тапсырмасы ая-сында жаңа бастамалар көтеріп жатырмыз. Оған ҚР Кәсіподақ ұйымы көп еңбек сіңіріп отыр. Жалпы, қазір кәсіподақ қызметі спорт саласындағы тұлғаларға қолдау көрсету үшін де жаңа жүйені енгізуге күш салудамыз.

Шет мемлекеттерде министрлер дұрыс жұмыс істемей, әлдекімді орынсыз жұмыстан шығарып, қысымға алып, өз құқын асыра пайдаланып кетсе, кәсіподақ ұйымдарының басшылары, депу-таттар – бәрі бірігіп, заңды белінен басқан министрдің өзін жұмыстан шығарып жіберуге хақылы екен. Бізде ондай құқық жоқ. Мықты бір спортшы немесе жаттықтырушы орынсыз жұмыстан шығарылып жатса да, араша түсе алмаймыз. Бірақ жаңа заңға сәйкес бізге де үлкен мүмкіндік қарастырылуда. Біз өзімізге артылған жауапкершіліктің арқасында алдағы уақытта спорт с а л а с ы н д а ғ ы қ ы з м е т к е р л е р мен спортшыларға әлеуметтік, моральдық қолдау көрсетіп, көмек беруге қауқарлы бола бастаймыз деп ойлаймын.

Н . Б а й ы р б е к : К ә с і п о д а қ ұ й ы м ы н ы ң ө к і л і р е т і н д е біздегі спорт мектептеріндегі оқытушы-жаттықтырушылар мен спортшылардың мүддесін қорғау үшін алдымен қандай бас-тама көтеріп отырсыздар?

С . И м а н қ ұ л о в а : Е ң б а с т ы мәселе, бұл мекемелердегі штатта медбикелер қарастырылмаған.

Page 12: 91 (3148) 2014-08-16

отыратын. Мұндайды қою керек. Сананы өзгерту керек. Намыс мәселесі бірінші тұруға тиісті.

Ж.Қабылхан: Мен басында көп сөйлемейін деп, қысқаша баяндаған едім. Бірінші айтқым келіп отырғаны, біздің мектепке ба-лаларды іріктеп алу мәселесіне әлі де мән беріп отырмыз. Біздің де іріктеп, аймақтардан таңдап алып келген балаларымыз жақсы жетістіктерге жетіп жатыр. Жаңа Жомарт ағамыз айтқандай, келе салып, алғашқы бір-екі жылдан кейін-ақ спорт шебері атанып, үлкен жүлделерге ие бо-лып жатқандар да бар. Ал мұның сыры неде десеңіз, ең бастысы отансүйгіштікте. Қазақта хади-стен алынған сөз бар: «отанды сүю – иманнан» дейді. Егер сіздің бойыңызда отансүйгіштігіңіз болмаса, Көк Туды көрген кез-де жылқымінезденіп, кісінеп шықпасаңыз, онда дүние қараң қалады. Кеше Сиднейде өткен олимпиадада Мұхтар ініміз киімі су болып кетті ме, еңкейіңкіреп қалды. Сонда ана бапкердің сөзі естіліп тұрды эфирде. Оны бүкіл қазақ естіген шығар, көзіне жас алған да шығар: «Ей, тұр, еңсеңді көтер! Қазақ емессің бе!» деді бапкер.. . Міне, біз өзіміздегі 280 баланы жинап алып, осыны айтып отырамыз. «Айналай-ын, сен қазақтың баласысың. А т а - б а б а ң о с ы н ш а ж е р д і күрескерлігімен, мықтылығымен, ө з і н і ң м ә д е н и е т і м е н , к ү ш т і л і г і м е н с а қ т а п қ а л ғ а н . С о н ы б і з г е а м а н а т қ ы л ы п қалдырған» дейміз. Еліміздің тарихын, Абылайханның ал-пыс жеті жасында қалмақтың батырымен жекпе-жекке өзі шығып, қалай жеңгенін, елді, жерді қалай қорғап қалғанын,

қандай батырларымыз барын, кімнің қазаққа қандай еңбек сіңіргенін – бәрін-бәрін айтып отырамыз. Өзім дзюдо бойынша жаттықтырушымын. Бірақ менің шәкірттерім қара күштің ғана емес, ақылдың да иесі болуы ке-рек деп есептеймін. Сондықтан, кез келген сайыста әлсіреп, жеңіліп жатқан кезде, аяғы тайып, құлағалы тұрғанда «мен қазақтың ұланымын» деген ұғым есіне түсіп, жігері тасып шыға келсе екен деймін. Қазақ деген сөзді қастерлеп, сол атқа лайық болмауды намыс тұтатын болса, сол намыс кез келген бала жеңіс шыңына таяғанда өрге сүйреп алып шығады. Рас, бізге жаңа келген балалар «Хандарды неге білмейсің? Билерді неге білмейсің?» дегенде жылайтын кездері болады. Бірақ солай на-мысы қайралады.

Б і з д е о қ и т ы н 2 8 0 б а л а ғ а бапкерлері жеке-жеке жоспар толтырып отырады. Соны өзім қадағалаймын. Сонда бір сұрақ міндетті түрде отансүйгіштікке баулуға арналуы керек. Яғни, болашақ спортшы балалары-мыз мектеп жасынан мықты спортшы ғана емес, отансүйгіш, саналы спортшы болып шығуға тиіс. Ағаштың да өзегі болады. Отансүйгіштік қасиет, отанға деген махаббат кез келген өнер иесінің, кез келген тұлғаның өзегі болып тұруы керек. Не үшін біз спортты дамытып жа-тырмыз? Ұлт үшін! Еліміздің намысы үшін!

Ж.Сабыржанұлы: Былтыр Еуропа елдерінен, соның ішінде Германия мен Бельгиядан деле-гаттар келді. Сондағы семинарда мен сөзімді былай бастағанмын:

«Біздің ұлан-байтақ жеріміз дүние жүзі бойынша тоғызыншы орын алады. Сегіз Германия сыяды екен бізге. 52 Голлан-дия сыяды екен. Соны біз қалай сақтап қалдық? Жекпе-жекті, қазақша күресті дамытып отырып, сақтадық. Күреспен тірескенді а л ы п ұ р д ы қ . М е р г е н д і к п е н қашқанның арқасына оқ тигіздік. Сосын миымызды тоғыз құмалақ ойнап, дамыттық. Асық ойнап, айласын таптық» дедім. Сөйтсем, әлгілер күледі... Сол секілді, біз осы ұлан-байтақ жерімізді ұлттық ойындарымыздың арқасында сақтап қалғанбыз. Ата-бабамыз сонымен шынығып отырды.

Ж а л п ы , қ а з і р ж а ғ д а й ы м ы з жаман емес қой. Қазақ күресі,

басқа да ойындар дамып жатыр. Спортшыларға тігілетін жүлделі сыйлықтар да жетерлік.

Ж.Қабылхан: Расында, жағдай қазір жаман емес. Үкіметтегі спорт мекемелерін басқаратын басшылар да бұл салаға жақсы көңіл бөліп отыр.

Бірақ, менің ойымша, спорт ғ и м а р а т т а р ы а й м а қ т а р д а д а көптеп ашылуы керек. Қазір ірі орталықтарда ғана бар. Бүгінде, мысалы, жалғыз мектептен 11 адам Азия ойындарына қатысайын деп отыр. Ал бізде әр облыстан 11 адам шықса, жақсы еді ғой. Ал әр облыстан мықтылар шығуы үшін, әр аймақтағы әкімдер спортқа дұрыс көңіл бөліп, дамыту керек.

Сол сияқты менің көкейімде бір

арман бар. Бізде, Астанада қазір «Алау» мұз айдыны, «Астана ве-лотрек», басқа да түрлі спорттық үлкен орталықтар бар. Бірақ неге ұлттық спорт түрлеріне арналған орталықтар жоқ? Неге күрес сарайы жоқ? Өмір бақи қазақты танытып келе жатқан боксқа арналған сарай неге жоқ? Біздің жанымызды сақтап келе жатқан осы жекпе-жектер ғой. Неге со-ларды дәріптемейміз?..

М а ғ а н к е й д е « с е н қ а з а қ спортының өкілі емессің, неге с о н ы а й т а б е р е с і ң » д е й д і . Неге айтпаймын? Біз қазақпыз ғой. Жомарт ағамыз сияқты мен де қазақтың ұлттық спор-ты десе, жайнап шыға келетін а з а м а т т а р д ы ң б і р і м і н . Б і з , қазақтың әрбір азаматы, қай са-лада жүрсек те бірінші міндетіміз қазақтың абыройын асқақтату екенін естен шығармасақ екен деймін. Біздің балалар, мыса-лы, қазір Абайды жатқа оқиды. Ән айтып, сахнаға да шыға ала-ды. Солай рухы тәрбиеленіп, рухы шыңдалған балалар мықты болуға тиіс. Кешегі Біржан сал, Байғабыл, Сегіз сері, Балуан Шолақ – бәрі жеті өнердің иесі болған. Біз де спортшылары-мызды солай, ұлттық рухта, жан-

жақты тәрбиелесек деп отырмыз.Ө й т к е н і , Ж о м а р т а ғ а м ы з

айтқандай, осындай әлем бойын-ша тоғызыншы орынды алатын кең жерімізді біз сегіз қырлы б і р с ы р л ы б а б а л а р ы м ы з д ы ң арқасында сақтап қалып отырмыз.

***Ғ . Қ о ж а б е к о в : Қ ұ р м е т т і

қонақтар, редакциямыздың ш а қ ы р у ы н ы қ ы л а с п е н қ а б ы л д а п , « Б ә й т е р е к » т ү б і н д е г і б а с қ о с у ғ а б е л -с е н е қ а т ы с қ а н д а р ы ң ы з үшін алғысымызды айтып, кәсіби мерекелеріңіз – Спорт күнімен баршаңызды және сіздердің әріптестеріңізді де құттықтаймыз.

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Page 13: 91 (3148) 2014-08-16

13www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

(Басы 8-бетте)- Командаңызда бір кездері

саны жөнінен жиырмадан аса ұлттың өкілдерін баптаған екенсіз. Қай-қай талаппен қарағанда да, нағыз әлемдік құрам. Түрлі ұлт футболшыларының көңілін табуға талпынып жүріп, өз халқыңыздың құндылықтарынан ажырап, оның рухынан жырақтап қалдым деп ойламаймысыз?

- Шотландтардың рухы биік. Егер оларға отанынан кететіндей күн туса, тек өсу, өрлеу үшін, айтулы жетістікке жету үшін ғана кетеді. Біз өзіміздің өткенімізді өшірмеуден бұрын ертеңгі күні еңселі бола түсуімізге көбірек мән береміз. Әлемнің әр нүктесіндегі шотландтар, әсіресе, АҚШ пен Канададағылар осындай ұстаныммен өмір сүреді. Мұндай өршілдік менен де табылады. Рас, біз де – әзілқоймыз. Алайда жұмыс кезінде алдымызға қойылған міндетке аса қатты алаңдаймыз. Өз басым жауапкершілікті ең құнды қасиет санаймын. Өзгелер маған «Сенің ойын барысында жымиғаныңды көрмеппіз» дегенді жиі айтады. Оларға берер жауа бым әзір: «Мен мұнда күлу үшін емес, жеңу үшін жүрмін».

- Ғұмырыңыздың ең саналы, парасатты кезеңін берген сүйікті кәсібіңізбен қоштасу туралы шешім аяқ астынан келе қалмаған болар?

- Иә. Зейнеткерлікке шығуыма байланысты көңіл-күйімді түсірмеуге алдын-ала бекіндім. Қолыңнан келетіні сол ғана ғой. Әйтпесең жасы сексенге ауған адам өзін күйрете салуы оп-оңай. Тәнің де, жаның да ауыра қалуға бейім кез. Сондықтан мен күнделікті күйкі күйбеңге түсіп кетпес үшін, ұдайы жаңаша талпыныстар іздеп жүремін.

Зейнеткерлікке кететінімді клуб қызметкерлеріне естірту бәрінен қиын болды... Алыпқашпа қауесеттер ресми мәлімдемеден бір күн бұрын шыға бастады. Біз бұл жайтты аса құпия жағдайда ұстауға тырысқанбыз. Мен тіпті туған бауырым Мартинге де ләм-мим ым білдірген жоқпын. Себебі, Нью-Йорк қор биржасындағы жағдаймен де санасу керек еді.

- Бәріміз адам болған соң, өмірде бап және бақ сынды санаттар болған соң, шалыс баспау тым қиын. Соған қарамастан, сіз ең танымал команданы ширек ғасырдан аса баптадыңыз. Мұның сыры неде? Жеңіліс жиілеп кететін кездерде қандай тәсілдерге жүгінетін едіңіз?

- Жеңіліс ем-дауа атаулының ішінде ең керектісі сезілетін кездер болады. Тек оны қабылдай білген ләзім. Бізде мынадай тәмсіл бар еді: «Бұл «Манче-стер Юнайтед» тарихындағы кезекті күн ғана». Басқаша айтқанда, қандай да бір сәтсіздіктен кейін сен әлгіден әлдеқайда қуатты қарымта соққы әзірлеуге тиіссің. Мәселен, біз ең соңғы минуттарда қолдан шығарып алған жеңістен кейін іле-шала 6-7 кездесуді қатарынан ұтатын кезіміз жиі еді. Бұл кездейсоқтық емес.

Әдетте дүйсенбі күні жұмысқа жинақталған жанкүйерлер өткен сенбі не жексенбідегі ойынның әсерінен айыға алмай жүреді. 2010-ның қаңтарында бір жігіт маған «Билетке

төлеген 41 фунтымды қайтарыңыз. Сіз спектакль қоямыз деп уәде бердіңіз. Жексенбідегі ойыннан мен спектакль көре алмадым. Ақшамды қайтара аласыз ба?» деп жазып жіберіпті. Бы-лай деп жауап бергенді жөн көрдім: «Жарайды, менің кейінгі 24 жылдағы еңбекақымнан 41 фунтты санап алар-сыз». Неге бұлай деп отыр дейсіз бе мені? Сен «Реал» мен «Ювентус-ты» ұтып жатасың. Ал сенен ішкі біріншіліктегі кезекті бір сүреңсіз ойынға кеткен шығынын өтеуді талап етеді. Жер бетінде ойын барысына қан жүгіртуде «Манчестер Юнайтедтің» алдына түсетін құрығанда жалғыз ко-манда табылар ма екен?!

- Жалғыздыққа қалай қарайсыз? Оңаша қалу тың ойларға жетелей-тін шығар?

- Бапкерді әркез әй жоқ, шәй жоқ күйреп қалу қаупі алаңдатып жүреді. Көп уақытын өзімен өзі өткізеді.

Өзін өзі іштей жеп жіберуі де мүмкін. Сондықтан ол ара-арасында өз ойлары-мен оңаша қалып қоймау үшін тіпті не істеуге болса да, дайын тұрады.

Кей кештерде мен кабинетімде ішім пысып, жалғыздан жалғыз отырам да қоям. Қырсық қылғандай, бөлмеме ешкім бас сұқпайды, өйткені мені бос емес деп ойлайды. Ал мен біреу-міреу есігімді қағып кіріп келсе екен деп отырғанымды кім білсін?! Сондай-да маған Рене Меленстен немесе Мик Фелан бір кесе шай ішуді ұсынса екен деймін. Өкінішке қарай, ешкім көрінбейді. Сөйтіп, кейде өзіңмен сұхбаттас іздеуге, өзгелердің кеңістігіне кимелеп кіруге тура келеді. Бапкер, қаласын-қаламасын, оқшаулықпен жиі-жиі беттеседі. Сіз адамдармен тілдескіңіз, сырласқыңыз келеді, алайда барлығы сізді маңызды шаруалармен басы қатып жүр деп ойлап, аяғыңыздың астына оратылудан қашады.

- Сырт көзге футболдан өзгеге мойын бұрмастай көрінесіз...

- Футболдан көңіл аудармай тама-шалайтын жанкүйерлер мен туралы, бәлкім, «Манчестер Юнайтедтен» өзге көрген-баққаны жоқ деп ойлай-тын шығар. Бірақ уақыт өткен сайын негізгі жұмысым көбейе түскенімен, бойымды, ойымды сергек ұстауға сеп-тесер өзге де жан қалауынан ажыраған жоқпын. Кітап сөрелерім әдебиеттің неше түрінен сіресіп тұр, үйдегі жертөледен жақсы-жақсы шараптың неше атасын таба аласыз.

- Сэр, білуімізше, кітаптың да, шараптың да жөні бөлек. Бірақ қай-қайсысы да қажып кеткен кездеріңізде ойдан ойға алып қаша бермей ме?

- М е н і ң а т ж а р ы с т а р ы -на қызығушылығымды білетін шығарсыздар. Кэррингтондағы кезекті күнім тәмамдалған соң немесе кезекті

кездесуімізден кейін өз басым осы атаған жан қалауымның әлеміне сүңгіп кетем. Менің негізгі кәсібімнің сыртындағы әуестіктерім «Юнайтедтегі» ісімді ілгерілете түсуге әжептәуір септесті деп батыл айта алам.

Саяси көзқарастарымда айта қаларлықтай өзгеріс болған жоқ. Әдетте белгілі бір еңбек өтіліне, жиған дәулетіне қарай адамның ұстанымдары өзгеріп жататы-

ны бар ғой. Бірақ мен дүниетанымдық қабылдау амалдарын, жүйелі-жүйелі құндылықтарды идеологиялық көзқарастардан әлдеқайда тереңірек сіңіруді жастай игергенмін.

Мен Лейбористік партияның үй күшігі секілді әсер қалдыратын, оның жайған барлық дастарханынан дәм тата беретін, сайлау атаулысының басы-қасында жүретін саяси белсенді болған жоқпын. Дегенмен парламентке лей-бористер атынан сайланған депутат-тарды ұдайы қолдап келемін. Жұбайым Кэти «саясатқа сәл бет бұрсаң болды, ол сенімен сіңір жалғастырып кетуге әзір» дегенді жиі қайталаушы еді. Са-ясаткерлер сені өздері үшін уақытын қия беруден танбайды деп ойлай ба-стайды. Социалистік ұстанымдар мен Лейбористік партияға сенім білдіру бір басқа да, саяси амал-қарекеттердің белсенді қатысушысы болу мүлдем

басқа нәрсе ғой. «Юнайтедтің» жаттықтырушысы ретінде менде бұлардың ең төменгі талабын орындауға уақытым мүлдем ауыс-пайтын.

- Сіз туралы ақпараттарға на-зар салып жүрсек, өзіңізбен ел Премьер-министрлері санасатыны-на қанықпыз...

- Өз мемуарларында Тони Блэр премьер-министр кезінде Гордон Браунды (Ұлыбританияның Блэрден кейінгі үкімет басшысы) қызметтен босату туралы менімен кеңескенін жазыпты. Менің есімде қалғанына келсем, ол нақты Браун жөнінде ештеңе сұраған жоқ. Оның сұрағы менің қол астымдағы футболшы-супержұлдыздар және оларды өзім қалай бағындырып ұстайтыным ту-ралы қойылды. «Менің жұмысымда ең бастысы – бақылау. Егер олар менің билігіме араласа бастаса, бірден құтыламын» деп жауап бердім. Сонда ол Гордон екеуінің арасында әлдебір шиеленіс бар екенін айтып қалды, бірақ тікелей ештеңе деп сұраған емес. Мен олардың жеке ісіне араласқым келмегендіктен, әлгіндей жалпылама кеңес берумен шектелдім.

Айтпақшы, 1997 жылғы сайлауға бір апта қалғанда біз Тонимен Манчестердегі «Мидлэнд» отелінде бірге тамақтандық. Сонда Тониге былай дегем: «Егер сіз үкіметті бір бөлмеге қамап қоя алсаңыз, онда бәрі жақсы болады, ешқандай мәселе туын-дамайды. Қиындық үкіметте әркім өз алдына әрекет жасайтындығында, өз қалауына қарай одақ құратындығында және өзі ұнамды журналистермен қарым-қатынас нығайтатындығында». Тони мені мұқият тыңдап отырды. Билікке ие кез келген жанның кемшілігі бар. Ел басқару дегеніңіз – ұлан-ғайыр жауапкершілік. Ол белгілі бір жағдайларда жалғызсырауға жеткізеді, мұны мен өз басымнан жақсы сезінгем. Билігі бар адамның төңірегінде өзгелер аттап басқысы келмейтін бос кеңістік болады. Тони жас жігіт екеніне қарамастан, сол зор міндетті арқалауға тәуекел етті.

Менің бір ұққаным: өмірде әркез қиын жолды таңдау керек. Дәл сол сәтте мұныңызды көпшілік қолдай ма, жоқ па, ол – кейінгі кезектегі мәселе.

Дайындаған: Ерболат ҚАМЕН

Page 14: 91 (3148) 2014-08-16

14www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-- -

11

«Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ «Туристік ақпараттық орталық» ЖШС бірлесіп, қонақ үй және мейрамхана бизнесі жұмысшыларының, ішкі туризм менеджерлерінің біліктілігін арттыру бойынша тегін тренингтер ұйымдастырады.

Өткізу мерзімі: 2014 жылғы 18-22 тамыз аралығында.Өткізу уақыты: 10:00-ден 14:00-ге дейін Өткізу орыны: «Moskva» бизнес-орталығы, Достық к-сі, 18, 2-қабат. 48-63-09, 87012332383 телефондары арқылы тіркелуге болады.

Астана қаласы №73 физика-техникалық лицейіне 2014-2015 оқу жылына 1-11 сынып аралығында оқушыларды, сондай-ақ, педагогикалық және техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау жүргізілуде. Мекен жайы: Ш.Қалдаяқов, 50. Байланыс телефоны: 7757518696.

Астана қаласы әкімі аппаратының ұжымы Логачева Татьяна Владимировнаға жұбайы

Вячеслав Петровичтің қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, қөңіл айтады.

«Астана қаласы мәслихатының ап параты» ММ Астана қаласы мәс-лихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын, «Мем-лекеттік қызмет туралы» Қа-зақстан Рес публикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нор ма ларын бұзу мәселелері бойынша хабарлау үшін сенім телефоны нөмірін хабарлайды: 55-66-35

«Астана қаласы Мәдениет бас-қармасы» ММ қызмет кер ле рінің

ҚР мемлекеттік қызметкерлері Ар-намыс кодексін бұзған жағ-

дай да 55-67-75, 55-67-74 сенім телефондарына

хабар ласу-ларыңызды

сұраймыз.

Page 15: 91 (3148) 2014-08-16

15www.astana-akshamy.kz

Астана қаласы 13.02.2014 №114-197

Астана қаласы 03.07.2014 №113-1099

Жоба

, . – 15 ( )

. –

30 ( )

. – 15 ()

Page 16: 91 (3148) 2014-08-16

16www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

, , « - » - – 30 ( ) .

« - » - – ( ) – 2 ( ) , ( )

– 2 ( ) , ( ) –30 ( ) .

. – 3 ( .

« - » - – ( ) – 2 ( )

, ( ) – 2 ( ) , ( ) – 30 ( ) .

« - » - ( ) , ( ) , ( ) –

( ) – 10 ( ) , ( ) –10 ( ) , ( ) – 30( ) .

« - » - ( ) , ( ) , ( ) .

– 15 ( ) .

( ) , ( ) , ( ) – 15 ( ) .

Page 17: 91 (3148) 2014-08-16

17www.astana-akshamy.kz

(20

(

(2

( (1,5

(20

(

-

. (5

(20

. ( –

2

.

( –

– 2

2

– 30

(

2

-

-

- ( -

( -

-

- ( -

-

-

27.06.2014 252/36-VАстана қаласы

27.06.2014 249/36-VАстана қаласы

:

Page 18: 91 (3148) 2014-08-16

18www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Жоба

Page 19: 91 (3148) 2014-08-16

19www.astana-akshamy.kz

,

, - 15 ( ) .

- 15 ( )

- 15 ( )

2 (

- )

)

, – 14 ( ) ,

– 1 ( )

� �

« - »

« - »

1- 1- 3- 4- 2- 6-

3- 9- 8- 4- 11-

2-

5-

7-

10-

� �

« - » « - »

1- 1- 3- 4- 2- 6- 7-

3-9-

2-

5-

8-

«

- 15 ( )

- 15 )

- 2

(

- 3 ( )

-

15 ( )

-

15 ( )

- 15

( )

– 1 ( )

- 14 ( )

( - )

( - )

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Ò

Page 20: 91 (3148) 2014-08-16

www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

20