70 (3127) 2014-06-26

16
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě ÂÆÊÒÆμ 26 ÍÁÔÒÜÍ ÇÜÌ 6+$0<.= ÜÍ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +33°..+31° +20°.. +18° ǯdzǧǴǹǧǷǧǮȂ ɅNJȽƼLjǀǗɅ ɛDžǗLjǀƼnj ǙdžǍNjNJ-ȽƼ ljǁ ɅNJǍƼǀǗ" ЖАНА ВОКЗАЛ – ТАРТЫМДЫ ЖОБА ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ഉ˪˧˭˞˧˛˧ˮ˧೮ ˢ˘ˮˮ˞˘೦ ˪˧˭˟˵˵˧˪ ˟˭˟˳ ˥˭˞˘˲˭˟ˮ ˮ˵˭˘೪˵˘˳˵೪ ˢഉˮ˟ ˣ˘˲˘ ೪˘˲˭Ͳ೪˘˵ˮ˘˳ ˢˮ˧ˮ˞˟˛˧ ˪˯ˮ˳˶ˬ˵˘˵ˤ˚˵˧˪ ˪˟೮˟˳ ˯˵˲˳ ˵˧˱ ˘˵˘ˬ೦˘ˮ ˥˭˞˘˲˞೮ ˢ˘˳˵˘˲ ˳˘˳˘˵ˮ ˢˣ˟˛˟ ˘˳Ͳ ˲˶˞˘ ˭˟˭ˬ˟˪˟˵˵˧˪ ˯˲˛˘ˮ˞˘˲˭˟ˮ ˙˘˥ˬ˘ˮͲ ˳ ˑʶˁʿʽͲϮϬϭϳ ˺˘ˬ೪˘˲˘ˬ೪ ˪˲˭˟˳˧ˮ ˥˭˞˘˳˵˲˶೦˘ ೪˘˵˳˶ ˢഉˮ˟ ˯೦˘ˮ ˞˘˥ˮ˞೦ ˱˳೪˵˘ˬ˞ ʺഉˢ˧ˬ˧˳˵˧ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ʳ˾˪˧ ˳˘˳˘˵ ˙˘˳೪˘˲˭˘˳ˮ೮ ˙˘˳˾˳ ʥ˯ˬ˘˵ ˃˧ˬ˟˱˯˚ ˢ˲˛˧ˣ˧˱ ˯˵˲˞ LjǜǬǜǮ ʃǃƲLJǑƼljNJƾ ǀȂǩ ȂǭǮǡǬȂ ǜǟǡǩǮǮȂǟȂǩȂɎ ǮʔǬǜȾǜǭǷ ǯdzǧǴǹǧǷ ʃǃƲLJǑ ǀȂ ǜǟǡǩ ǮʔǬ ÈÁÈÇÁÆÁΠμıÀ×Ì× Č ½¼ÌÔ¼È×ÃÀ×Ķ ÂĵÉÁ ĵÌIJ¼ÅÍ×È×ÃÀ×Ķ μıÀ×Ì×È×à 8-9 džəljƲ ǎƼLjǗLJǂǗȽƼlj ǂǁLjƲǍƲ ǏǗLJǂǗȽƼlj NJɍǎəǍǎƲdž ǍʃLJǁLjǀǁLjǁǍƲ ˁ˟ˮ˙˧ ˪ˮ˧ Ϯϴ ˭˘˶˳˭˞˘ ʤ˳˵˘ - ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ഉ˪˧˭˞˧˛˧ˮ˧೮ ˘ˬ˞ˮ˞˘೦ ˯˲˵˘ˬ೪ ˘ˬ˘೮˞˘ ʽ೮˵˳˵˧˪ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˯˙ˬ˳ ˘˶ˬ ˾˘˲˶˘˾ˬ೦ ˵˘˶˘˲ ˮ˞˧˲˶˾˧ˬ˟˲˧ˮ˧೮ ˢഉ˲˭˟೮˪˟˳˧ ˵˟˞˧ ˞˟˱ ˺˘˙˘˲ˬ˘˥˞ ÝãÄ»þ ˳˘˥˵ Негізінен, астаналықтарды оңтүстіктіктер басқа өңірлерден ертерек пісетін бау-бақша өнімдерімен жарылқамақ. Қызанақ, қияр, бол- гар бұрышы, картоп, қырыққабат, қара өрік, шие күні тамылжыған, жемісі уылжыған оңтүстіктен тартқан керуеннің ерекше сәлем-сауқаты осы. Сондай-ақ, жәрмеңкеге келгендер жеңсік ас, әрі холестирині аздау, денсаулыққа пайдалы күркетауық етінен де сатып алса болады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспановтың айтуынша, Астана күні қарсаңындағы жыл сайынғы дәстүрлі жәрмеңкеге аймақтың алты өңірі, атап айтсақ, Түркістан, Мақтарал, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Шардара аудандары азық-түлік өнімдерін сықа тиеген жүк көліктерін аттан- дырып отыр. Жәрмеңкеге 12 шатыр тігіледі, 24 кәсіпкер қатысады. Ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы жергілікті базар нарқынан 25%-ға арзан болады. Тек, ішіп-жем, азық-түлік қана емес, қолөнершілері мен өнерпаздарын да қоса ерте келетін аймақтар жәрмеңкесі бұдан кейін де жалғасын табады. 2 4 skyscrapercity.com

Upload: -

Post on 31-Mar-2016

267 views

Category:

Documents


0 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №70 (3127) 26 маусым 2014

TRANSCRIPT

Page 1: 70 (3127) 2014-06-26

26 +33°..+31°+20°.. +18°

-

ЖАНА ВОКЗАЛ – ТАРТЫМДЫ ЖОБА

8-9

-

Негізінен, астаналықтарды оңтүстіктіктер басқа өңірлерден ертерек пісетін бау-бақша өнімдерімен жарылқамақ. Қызанақ, қияр, бол-гар бұрышы, картоп, қырыққабат, қара өрік, шие – күні тамылжыған, жемісі уылжыған оңтүстіктен тартқан керуеннің ерекше сәлем-сауқаты осы. Сондай-ақ, жәрмеңкеге келгендер жеңсік ас, әрі холестирині аздау, денсаулыққа пайдалы күркетауық етінен де сатып алса болады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспановтың айтуынша, Астана күні қарсаңындағы жыл сайынғы дәстүрлі жәрмеңкеге аймақтың алты өңірі, атап айтсақ, Түркістан, Мақтарал, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Шардара аудандары азық-түлік өнімдерін сықа тиеген жүк көліктерін аттан-дырып отыр. Жәрмеңкеге 12 шатыр тігіледі, 24 кәсіпкер қатысады. Ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы жергілікті базар нарқынан 25%-ға арзан болады. Тек, ішіп-жем, азық-түлік қана емес, қолөнершілері мен өнерпаздарын да қоса ерте келетін аймақтар жәрмеңкесі бұдан кейін де жалғасын табады. 2

4

skys

crap

erci

ty.c

om

Page 2: 70 (3127) 2014-06-26

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Бейбітшілік пен келісім сарайының «Опера» залында «Astana Ballet» хореографиялық ұжымының концерті өтеді. Басталуы: 19.00.

«Астана-арена» стадионында футболдан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін ха-лықаралық тур-нир басталды.

Тәуелсіздік сарайында Есірткімен күрес тің халық-аралық күні аясында «Таңдау өнері» лекциясы оқылады. Басталуы:11.00.

Жыл басынан бері Астана тұрғындарының саны

14 324 адамға артты.

(Басы 1-бетте)

Күн тәртібіне қойылған алғашқы сұраққа Астана қаласы Жастар са-ясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Айдана Қалдыбекова жауап берді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда елордадағы жастардың жалпы саны – 253 мың 683 адам болып отыр. Бұл Астана халқының 31 пайызын құрайды. Осылардың 55 мыңы, яғни 22 пайызы қоғамдық ұйымдардың жұмысына тартылған. Былтырдан бері жастар 100-ден аса іс-шараға қатысқан. Солардың ішінде Дель-фий ойындары, «Студент көктемі» фестивалі, құқықбұзушылықтың ал-дын алу, жемқорлыққа қарсы акциялар, студенттік құрылыс жасақтары мен «Жасыл ел» штабының жұмыстары бар. Бұл шараларға биыл жастар арасында инновациялық идеялар мен жобалар конкурсы, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттары фестивалі қосылды.

Өткен жылы ҮЕҰ және жастардың қатысуымен үш әлеуметтік зерттеу жүргізілген. Мемлекеттік жастар саясатына жастардың көзқарасын, оларды мазалайтын мәселелерді

анықтау мақсатында 7,5 мың жастан сауалдама алынды. Зерттеулер әлі де жалғасуда. Соның ауқымдысы – Аста-на кәсіпорындарындағы сұранысқа ие және сұранысы жоқ мамандықтарды анықтауға қатысты болып отыр.

Жа л пы, ата л мыш басқарма ағымдағы жылы ҮЕҰ-мен бірге 6 жобаны жүзеге асырған екен. Жыл соңына дейін тағы 8 жобаны аяқтау жоспарлануда.

Алайда, Жастар саясаты мәселелері б а с қ а р м а с ы н ы ң ж ұ м ы с ы н д а жетіспейтін тұстар да бар екен. «Астана қаласындағы Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі мен басқарма арасында байланыс жоқ болып шықты. Ұйым төрағасы Серік Кенжебеков басқармамен біріккен шараларды өткізуге ниетті екенін жеткізсе, А.Қалдыбекова одан қаш-пайтындықтарын айтты. Мектеп оқушыларын аула клубтарына тарту, еңбеккер жастармен жұмыс жайы да қозғалды.

«Форум НКО Астаны» заңды тұл-ғалар бірлестігінің президенті Баян Ахметжанованың пікірінше, «ЭКС-ПО-2017» халықаралық көрмесін

ұйымдастыруға ел, халық болып жұмылуға тиістіміз. Ең біріншіден, көрмеге келетін шетелдік қонақтарға көрсете алатындай Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін білу керекпіз. «Қазақстан халқы ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер ұлттар мәдениеті мен салт-дәстүрлерін на-сихаттауды маңдытпай отыр. Өз ішінде бірдеңе істеп жатқан шығар, бірақ жалпы жұрт оны көрмей отыр» деді ол бұл жөнінде. Сондай-ақ, «ЭКС-ПО-2017» азаматтық қоғам кеңесінің жұмыс тобын құруды ұсынды.

«Ұлағат» мәдениет және даму қоры «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған әлеуметтік жобаны жа-сап шығарыпты. «Халықаралық деңгейде қызмет көрсетушінің тілдік-когнитивтік құзіреттілігі» аталатын бұл жобамен қор құрылтайшысы Қамажан Жұмақасова таныстыр-ды. Оның негізіне «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы алынған. Ол 2014 жылдың екінші жартысы мен 2016 жылдың аралығында іске асырылмақ. Алайда, алдымен тіл мамандарының сараптамасынан өткізілмек.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Астана күніне орай ұйымдастырылған шара зағиптар кітапханасының тарихы-на шолумен басталды, кейін «Астана-ны білесің бе?», «Астананың ақын-жазушылары» секілді викториналар өткізіліп, белсенді оқырмандар марапат-талды. Соңынан зағиптар қоғамының вокалистері концерттік бағдарлама көрсетті.

Кітапханаға кіріп барғанда Луи Брайль дің бюсті мен Сәкен Өтеге новтің бейнесі бірден көзге түседі. Л.Брайль – күні бүгінге дейін қолданы латын зағиптарға арналған жазу үлгі сінің, тифлопедагогиканың авторы болса, С.Өтегенов – майдан шебінде жарақат алып, екі көзінен айырылса да, мойы-май, 33 жыл бойы Қазақстан зағиптар қоғамының басшысы болып қызмет атқарған, Қазақстандағы зағиптарға арналған кітапханалардың ашылуына мұрындық болған жан. «Кітапханаға Сәкен Өтегеновтің атын беруді алты жылдан бері сұрап келеміз» дейді кітапхана қызметкері Анна Оверчук. 1970 жылдан бері мүм кіндігі шектеулі

жандардың рухани дамуына үлес қосып келе жатқан аталмыш кітапхананың бүгінде 1200-ге жуық оқырманы, 29000 кітап қоры бар екен. Кітаптардың көпшілігі Брайль әріптерімен жазылған, зағиптардың көмекшілеріне арналған кәдімгі кітаптар да жетерлік, одан бөлек аудио-видео кассеталар бар. «Кітапханамыздың ең жас оқырманы жиырмада болса, ең үлкені – 65 жаста. Олардың мүмкіндігі шектеулі болса да, кітап оқуға деген ынта-ықыластары ерекше. Тек қана зағиптар емес, жақын маңдағы зейнеткер ата-әжелер де бізден кітап алып тұрады. Әсіресе, көзі нашар көретін балалардың ата-анасы Астанада арнаулы мектептің жоқтығын, онсыз да жарымжан баласын басқа қалаға оқуға жіберуге қорқатынын айтып қынжылады» дейді кітапханашы Ғалия Сембаева. Олардың бойындағы өмірге деген сүйіспеншілікті сөзбен айтып жеткізу қиын.

Айжан ҚАСЫМОВА, Л.Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университетінің студенті

Алғашқы кездесу ҚР ІІМ Ішкі әскерінің 6636 әскери б өл і м і н і ң ж ас с а р б а зд а -рымен өтті. Онда білім мен ғылым, инновация, денсаулық с а қ т а у ж ә н е ж ұ м ы с п е н қамтудың негізгі бағыттары түсіндірілді. Жиналғандар өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алды. Іс-шара барысында «Астана жастары» ресурстық орталығының ди-ректоры Қайырболат Сахметов елімізде жыл сайын үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік қызметкерлер санының ар-тып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ, Астана жастарының белсенділігі өте жоғары екенін атап өтті.

Page 3: 70 (3127) 2014-06-26

– Б и ы л ғ ы ж а р ы с т ы ң бұрынғылардан қандай ерекшелігі бар?

– Биыл төртінші рет өткелі тұрған турнирдің жаңалығы көп десек те болады. Төрешілер мен балуан-дар арасында өзгеріс байқалады. Іріктеу арқылы ақтық бәсекеде төрелік ететін қазылар саны үш есе қысқартылса, бес спортшы ережені өрескел бұзғаны үшін дүбірлі додадан шеттетілді. Оның төртеуі допинг дауына ұрынған болатын.

Сондай-ақ, Нұрлан Абдуллин, Тұрсынбек Қабатов сынды өнер жұлдыздарымен қатар «КешYOU», «Алашұлы» топтары жарыстың көркін әнмен, әзілмен әрлей түспек.

Б и ы л ғ ы д од а н ы ң т а ғ ы б і р ерекшелігі, тұңғыш рет ресейлік «Боец» телеарнасының бас ди-ректоры Сергей Завилейский мен окинавалық шебер, годзю-рюдан оныншы дан иегері сэнсэй Морио

Хигаонна қонақ болмақшы. Осы ретте биылдан бастап саудаға

шығатын «Қазақстан барысы» атты табиғи сүт өнімдері мен кәмпитті ерекше атағым келіп отыр. Олардың құрамында ешқандай химиялық қоспалар жоқ. Балаларыңыздың дені сау болсын десеңіз, нағыз барысқа айналғанын қаласаңыз, б а рл ы ғ ы ң ы зд ы б і зд і ң ө н і м д і тұтынуға шақырамын.

– « Қ а з а қ с т а н б а р ы с ы » турнирін теледидар арқылы тама-шалайтын мүмкіндік туа ма?

– Биылғы доданың ақтық сынын толығымен көрсететін екі телеарна бар, олар – отандық «Қазспорт» және ресейлік «Боец». Олар жа-рысты алыстағы көрермендерге бүге-шүгесіне дейін жеткізеді де-ген сенімдеміз. Қазіргі уақытта турнирді жүргізіп отыратын ком-ментатор таңдалып қойды. Ол – Есей Жеңісұлы. Бірақ ол бір өзі ғана

жүргізбейді, қасына күрестің жілігін шағып, майын ішкен бапкерлерді қосатын боламыз.

– «Қазақстан барысы» атанған балуанға қандай сый тарту етіледі?

– Рас, теңгенің құнсыздануына байланысты биылғы сыйлықтың да мардымсыз болатыны туралы алып-қашпа әңгімелер өріп жүр. Бірақ өзім сіздерді сондай жел сөздерге ермеуге шақырамын. Бас бәйгенің АҚШ долларымен есепке алғандағы бағасы сол күйі сақталады. Тіпті теңгеге шаққанда ол жүлде 5 млн көлеміне дейін ұлғайып отыр.

Сонымен қатар, жеңімпазға арналған алтын белдік пен тайтұяқ және қалған жүлдегерлерге күміс, қол а б ел д і к те р таб ы с та л а д ы . Көрермен көзайымына айналған ба-луан да назардан тыс қалмай, көлікке ие болады.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

3www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУ

ҒАЛ

ИЕВ

. Дер

ек к

өзде

рі: w

ww

.ast

ana.

kz, w

ww.

info

rm.k

z, w

ww.

baq.

kz

- Астана Елбасының төл перзенті тәрізді, көзге қашанда ыстық, жүрекке жылы естіледі.

Болашақ елордасына есім іздегенде кезінде айтуға ыңғайлы, сондай ырғақты болсын деп осы атауды Нұрсұлтан Әбішұлының өзі таңдаған еді. Бүгінде ол әлем назарына

ілігіп, дүние жүзінің алпауыт шаһарларымен терезесі тең аталатындай дәрежеге жетті.

Ол – әр қазақстандықтың мақтанышы, жастардың сүйікті қаласы.

Рас, кейінгі кезде Астананың атауын жөнді-жөнсіз қоя беретін үрдісті байқай бастадық. «Астана-нан» зауыты, «Астана-тазалық», «Астана- су» деген сияқты мекемелер бар. Міне, бұл – менің жоғарыдағы сөзіме толық дәлел. Мен былай ойлаймын: Астана есімін стратегиялық маңызы бар ірі нысандарға не-месе стадионға, әуежайға қойса, жарасады. Ал, тойхана, дүкен, дүңгіршектерге қою ұят болады. Бұл, түптеп келгенде, төр қаламыздың мәртебесін төмендетеді. Мен ондайға қарсымын.

- Менің биыл мектепке баратын кішкентай немерем бар. Сол «Астанам, астанам, ардақтап атыңды аузымнан

тастаман. Туған қалам сен менің, елордам, төрордам» деп балғын даусымен ән шырқаған

кезде кеудемді шаттық кернеп, бір ерекше сезімге бөленемін. Сәбидің отансүйгіштік сезімі осындайдан қалыптасады. Ол қазір өзінің осындай әсем де сәулетті қалада

дүниеге келіп, тұрып жатқанын жете түсінбеуі мүмкін, алайда, өсе келе осы бүгін

жаттап алған өлеңінің маңызы мен мәнін терең ұғынып, оны ой-санасымен қабылдайтын болады.

Сонда біздің ұзтаздық түпкі мақсатымыз орындалатыны сөзсіз. Сондай-ақ, өзім дәріс оқитын Қазақстан-Ресей университетінде

де студенттерден өздерінің елордасында білім алып жатқандықтарына шексіз бақытты екендіктерін жиі естимін. Олар Астананы «жастар қаласы, біздің қаламыз» деп құрмет тұтады. Ал енді осындай үлкеннің де, кішінің де ықылас, ілтипатына бөленген қала атауын кез келген жерге тықпалай беру оның қадірін кетіреді. Сондықтан ол дұрыс емес деп ойлаймын.

- Мен өзім Павлодар қаласынанмын. Астанаға жұмыс бабымен жиі келемін. Мұнда жора-жолдастарым, достарым тұрады.

Қаладағы «Ханшатыр», «Бәйтерек», «Думан» ойын-сауық орталығы мен тағы басқа да көздің

жауын алатын ғимараттарды аймақтан келген адамдар бір көріп, көзайым болып, ризашылықтарын білдіріп жатады. Енді бір он шақты жылда қала бұдан да адам та-нымастай өзгеріп, ұлттың мақтанышына мақтаныш қосатын болады. Астана – еліміздің басқа қалаларына қай-

қай жағынан да үлгі. Барлығы да осы ерке Есілдің жағасындағы бас қаламызға қарап бой түзейді.

Сондықтан, мұндай ғажайып шаһардың атауын кез келген жерге тықпалай бермеу керек.

Америкалықтар Нью-Йоркімен, жапондар Токиосымен, фран-цуздар Парижімен, орыстар Мәскеуімен мақтанатыны сияқты біз де Астанамызбен мақтануымыз керек. Ол үшін қазірден ба-стап жас ұрпақтың бойына елінің жүрегі – бас қаласын құрмет тұтатындай тәрбие-тәлім себуміз қажет.

Елімізде балалы отбасылардың әл-ауқаты жақсарып келеді. Егер 2003 жылы әлеум ет т ік көмек алушылардың саны 518,6 мың бол-са, 2012 жылы 60,6 мыңды құраған. Брифингте белгілі болғанындай, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламалары 2002 жылдан бері сәтті жүзеге асып келеді. Оған бөлінетін қаржы қоры да ұлғайған. Ал, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті жаңадан бастаушы жас кәсіпкерлерге, балалар мен бизнес - идеяларын іске асыру үшін ақысыз әрі қайтарымсыз негізде грант бөлінген. Грант алушының әрбір бесіншісі – әйел. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында да нәзік жандыларға қамқорлық кеңінен қарастырылуда.

Денсаулық саласында да көптеген

игі жаңалықтар бар. Ерлер мен әйелдер арасындағы әлеуметтік маңызды аурулардың ерте диа-г н о с т и к а с ы м е н а л д ы н а л у ғ а бағытталған ұлттық скринингтік бағдарлама іске асырылуда.

Қ Р П р е з и д е н т і ж а н ы н д а ғ ы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ма-хаббат Бекбосынованың айтуынша, әйелдер елдің саяси өміріне ара-ласып, тұрақтылықты қамтамасыз етіп келеді. Мәселен, әйелдердің саяси партиялардағы үлес салмағы а р т қ а н . Ү к і м е т т е д е ә й е л д е р саны екі есеге өскен. Премьер-министрдің орынбасары, Парла-мент Мәжілісінің вице-спикері болып әйелдер тағайындалды. Сондай-ақ маңызды әлеуметтік-э к о н о м и к а л ы қ м ә с е л е л е р д і шешу міндеті жүктелген Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Экономикалық істер интеграциясы министрлігі сияқты маңызды шараларды да әйелдер басқарады.

2013 жылы Қазақстанда Отбасы күні белгіленді. Отбасы мәртебесін нығайту мақсатында жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкур-сы өткізіледі.

Негізгі мақсаты – қазақстандық отбасының оң имиджін дәріптеу.

Брифингте аталмыш конкурстың ө т у і н е а у д а н д ы қ , қ а л а л ы қ әкімдіктердің ішкі саясат бөлімдері, облыстарда, Астана және Алма-ты қалаларында – ішкі саясат басқармаларының атсалысатыны айтылды. Конкурс биыл 1 сәуірден бастап жарияланды. Іріктеу кон-курстарынан алға шыққан он алты жеңімпаз финалдық турға қатысу үшін Ұлттық комиссияға ұсынылыпты. Ал, үздік отбасы СМС және интернет арқылы да-уыс беру нәтижесінде анықталады. Дауыс берудің басталғаны туралы ақпарат ұлттық телеарна арқылы хабарланып, конкурс жеңімпазы Отбасы күні қарсаңында жария-ланады.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Page 4: 70 (3127) 2014-06-26

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

ұ рылыс жұ мыстарын елор дада дүбірлеп өтетін «ЭКСПО» халықаралық

көр месіне дейін, яғни, 2017 жылы аяқ тау жоспарлануда. Вокзал орнала-сатын орын – Мыңжылдық аллея сы аумағында қазір тіршілік қызу қай нап жатыр. Экскаваторлар жер қыр ты-сына шөміштерін батырып, алын ған қабатты жүк көліктеріне артуда.

Соның басы-қасында жүрген «Сембол» компаниясының өкілі Бели Серин жұмыстың бастал ға-нына қуанатынын жеткізді. Оның сөзінен түріктер өздеріне сеніп тапсырылған істің жауапкершілігін жете сезініп отырғанын ұқтық. Ең бастысы да сол емес пе?! Атқары лар жұмыстардың барысымен таныс-тыр ған Бели мырза бәрінен бұрын құрылыс алаңын ретке келтіру

жү ріп жатқанын айтты. Жан-жағы-мыз ды барлап, оны өзіміз де көрдік. Шұң қырлар тегістеліп, топырақ үйі-ліп жатыр. Маңайдағы көлшік терге құм себіліп, судан құрға тылуда.

Құрылыс аумағының әжептәуір болатынына да көз жеткіздік. Осын-шама аумақты игеру оңай болмайты-нын да болжадық. « Біз қателіктерге жол бермейміз. Сеніп тапсырылған іске олақ қарау компаниямызға жат. Құрылыс ережелеріне сүйеніп, көзделген мақсаттан ауытқымауға тырысамыз» деді Бели Серин. Инфра құрылымнан да хабар беріп, коммуникациялар жедел тарты-латынын, қос жолақ рельс пен автокөлік жолдары төселетінін де айтып өтті. Сол мақсатта құрылыс алаңында экскаваторлардан бөлек бульдозерлер, тиегіш және тегістегіш

техникалар, автогрейдер мен кран да жүр. Әсіресе, «Камаз» көліктері біраз бар екен.

Жұмысшылардың саны 100-ге жақын. Болашақта оларды 1000-2000 адамға дейін жеткізу жоспар-ланып отырғанын айтты мердігер компания өкілі. Жалпы, жаңа вок-зал Бели Сериннің Астанада са-лып жатқан алғашқы нысаны емес екен. «Қазмедиа» орталығының құрылысында да оның қолының табы қалған.

В о к з а л жо б ас ы на кең і р е к тоқталсақ, оның сызбасын Санкт-Петербургтегі «Студия 44» сәу-лет өнері шеберханасы жасаған. Конкурсқа түскен он жобалау ком -паниясының арасында осылар же-ңім паз атанды. Олар өздері мен бә-секеге түскен Германия, Австра лия,

АҚШ, Қазақстан және Түр кия дағы әріптестерін басып озды.

Елорда басшылығына ресейліктер ұсынған жобасы несімен ұнаған? Ілгеріректе «Студия 44» сәулет өнері шеберханасының жетекшісі Никита Явейннің сұхбатын оқыған едік. Сонда ол: «Астанадағы жаңа вокзалдың ең тартымды бөлігі – арка болады. Оған қараған жан бірден қазақ сияқты көшпелі халықтың тұрмысынан хабар алады. Арқаға кереге элементтерін қосып, ол вокзал мен оған әкелетін жолдар арасындағы кемпірқосақ секілді иіліп тұрады. Мұнымен Астананың кеңдігін және әлемдегі теңдессіз қала атануға ұмтылысын көрсетпекпіз. Ол арқылы Қазақстандағы таулар мен қорғандардың елесін байқатпақсыз. Сонымен бірге, көшпенді мәдениетке етене жақын ертоқым мен садақ эле-менттерін де енгізбекпіз» деген еді.

Вокзал ғимараты бес қабаттан тұрады. «Жоба мазмұны бойынша вокзал жай ғана темір жол бекеті емес, елорданың жерүсті бас қақпасы ретінде сипатталады. Онда адам молынан шоғырланып, көліктің түр-түрі бірнеше бағытта жолаушыларға қызмет көрсететін болады. Пойыз-

дардан бөлек қоғамдық көліктер, вокзалды әуежаймен қосатын трам-вай жүйткиді. Вокзал ғимаратының бір жағында сауда қызу жүріп, қонақүй, бизнес орталығы, ойын-сауық нысаны өзара үйлесім таппақ. Яғни, ол маңайда іскерлік орта да қалыптасатын болады. Не керек, кім-кімнің болса да, Астана дегенде есіне бірден жаңа вокзал түседі» дейді «Қазақстан Темір жолы» ұлт-тық компаниясының Ірі жобаларды жүзеге асыру дирекциясының дирек-торы Владимир Клинг.

Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының ақпараты бойынша елорданың болашақта ірі халықаралық көліктік- логистикалық орталыққа айналу мүмкіндігі зор. Жаңа вокзал Еуропа мен Азия елдері арасында сауда-экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық байланыс орнатуға даңғыл жол ашады. Яғни, халықаралық көліктік-коммуникациялық дәлізге айналмақ.

Түйіндей айтқанда, жаңа вок-зал ақын Рахат Әбдірахмановтың «Вокзал сынды солғын бақ...» деп бас талатын өлең жолдарымен мүлде сәйкеспей, абат мекенге айналмақ.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Қ

Шоу ұ йымдастыру шысы Мер-уерт Жүнісбектің айтуынша, думанда айтылған әңгімелерден «Париж, мен сені сүйемін», «Нью-Йорк, мен сені сүйемін» деген сияқты киноальма-нахтар, кітаптар жазатын кез келді. Басылымға елорданың тыныс-тіршілігі мен қаланың дамуына үлес қосқан адам-дар туралы, Қазақстан тұрғындарының ең қызықты оқиғалары кіреді.

«Үлкен қала хикаялары» думанын-да айтылған әңгімелердің әрқайсысы жеке фильмнің желісіне негіз болуға лайық. Бірі комедия, бірі трагедия, дегенмен, бұл оқиғалардың барлығы отандастарымыздың басынан өткен. Сондықтан осы сияқты әңгімелер жинағын шығаруға неге атсалыспасқа? Бұл астаналықтардың қызығушылығын тудырады деп ойлаймын, өйткені оның

ішінен жақын және таныс адамдарды кездестіруге болады» дейді Меруерт Жүнісбек.

Бұл басқосу Жылыой к-сі ½ ме-кенжайында, Қорғалжын тас жолы бойындағы «Jam Timeclub» дәмха на-сында ертең сағат 19.00-де өтеді.

Байланыс телефондары: 8 707 250 7568, 8 777 110 3027,

78-16-28

Page 5: 70 (3127) 2014-06-26

5

Денсаулык – зор байлык

20 маусым күні таңертең Армия клубының орталық стадионына халық тым көп жиналды. Әсерлі әуен ырғағымен «Сбербанктің» 500-ден астам қызметкері футбол алаңына шықты. Олардың бәрінің мақсаты бір болатын. Ол –жеңіске жету. Осыдан кейін айтулы ме-рекеге орай арнайы жазылған ә н ұ р а н о р ы н д а л ы п , к ө к к е «Сбербанктің» туы көтерілді. Басқарма төрағасы Александр Камалов пистолеттен оқ атып, жарыстың басталғанынан белгі берді.

– Сбербанкиада – бұл біздің бірлескен олимпиадалық ойын-дар. Олимпиадалық ойындар мен банк қызметкерлері бір-бірімен үйлеспегенімен, банкте қызмет ететін адамдардың миына, ішкі жан дүниесіне көп күш түсетіні белгілі. Сондықтан, мұндағыларға дене қимылынсыз өмір сүру өте қиын, - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасы Александр

Камалов. Осындай жарыстар біздің ортақ ісімізде күш біріктіруімізге, тек спорт алаңында ғана емес, кәсіби са-лада да алдыңғы саптан көрінуімізге септігін тигізеді.

Спортшылар өңірлік принциптер бойынша Солтүстік, Оңтүстік, Ба-тыс, Шығыс, Алматы және Банктің орталық офисінің командасы бо-лып бөлінді. Спорттың 9 түрінен,

атап айтсақ, мини-футбол, волей-бол, баскетбол, бадминтон, шахмат, дартс, ату, жеңіл атлетика және үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды. С о н ы м е н б і р г е , к е з к е л г е н қатысушының бұған ұқсас басқа да жарыстарға қатысуына мүмкіндігі б о л д ы . М ә с е л е н , к е й б і р е у л е р үрленген киім киіп алып татамиға шығып, нағыз сумоистің кейпіне енді.

« С б е р б а н к т і ң » б а с т ы құндылықтарының бірі – жеке көшбасшы болу және командалық ж е ң і с т е р . Ж а р ы с б а р ы с ы н -да банк қызметкерлері өздерінің мінездерін ашып, қаншалықты күшті екендіктерін аңғартуға, алдағы уақытқа күш-жігер жинауға және өз командалары үшін шын мәнінде жанкүйер болуға мүмкіндік алды.

– Біз бұл Сбербанкиадаға ұзақ уақыт дайындалдық. Сондықтан да осы күнді тағатсыздана күткеніміз рас. Бұл жерге жиналған командалар ең мықты ойыншылардан құралған командалар. Бәрінің мақсаты – жеңіс тұғырынан көріну. Ал, ең бастысы, бұл жарыстар біздің басқа филиалдардағы әріптестерімізбен жақынырақ танысуымызға, жаңа достар тауып, күш жинақтауымызға, бос уақытымызды тиімді өткізуімізге зор мүмкіншілік берді,- деп бізбен ой бөлісті Астана қаласындағы «Сбер-банк» АҚ ЕБ филиалының шағын бизнеспен жұмыс жөніндегі бөлімнің бастығы Эльдар Нүсіпов.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау және Қостанай қалаларындағы банк филиалдарының өкілі болып табыла-

тын «Север» командасы жеңіске жетті. Оңтүстік Қазақстан коман-дасы екінші орынды еншіледі. Ал , үшінші орынға Алматы қаласындағы банк филиалының командасы ие болды. Ең бастысы, «Сбербанктің» қызметкерлері өздерінің үлкен бір отбасы секілді ұйымшыл ұжым екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Енді жеңімпаздар Түркияда күзде өтетін халықаралық Сбербанкиадаға қатысып, банк намысын қорғауға аттанбақшы.

Бұрын қалалықтар пайдаланған су, телефон, кәріз ақысын бірнеше түбіртектермен төлеуге мәжбүр бо-латын. 2008 жылы елордада Бірыңғай есептеу орталығы ашылғалы көптеген коммуналдық қызметтердің төлемі осы мекеменің түбіртегіне енгізілді. Бес жыл ішінде бірыңғай төлемнің тиімді екеніне жұртшылықтың көзі жеткені анық. Себебі, бұл, ең алдымен, тұрғындардың уақытын үнемдейді. Екіншіден, қалтасындағы қаржысына сеп. Банктер әрбір түбіртек үшін комиссия ұстап қалатыны белгілі. Бірнеше түбіртектен гөрі бір құжатқа ақы төлеу әлдеқайда тиімді. Егер осы орталық болмаған жағдайда әр кәсіпорын өзінің түбіртегін ба-сып шығаруға, оны тұтынушыларға жеткізуге, сосын өңдеуге мәжбүр болатыны сөзсіз. Мекемелерге артық жүктеме мен шығын болатын төлемдер тұрғындардың да қалтасына салмақ түсірген болар еді. Енді жеке шоттар жүргізу, шот-түбіртектерді қалыптастыру, басып шығару және оны жеткізу, төлемдерді өңдеу – бәрі-бәрі «Астана-Бірыңғай есептеу орталығы» ЖШС-ның мойнында. Бүгінде жұртшылық телефон, интер-нет, су, қоқыс шығару, спутниктік теле-

видение, кәріз, ПИК, лифт төлемдерін осы мекеменің түбіртегі арқылы төлеп жүр. Қазіргі күні кәсіпорын 211 мың дербес шотпен жұмыс істейді және 350 қызмет көрсетуші мекемемен байланыс орнатқан.

Жұртшылықпен тікелей жұмыс істейтін мекеме болғандықтан кей-де «Астана – Бірыңғай есептеу орталығының» қызметіне байла-нысты арыз-шағымдар түсіп жа-тады. Соның ең бастысы орталық қызметкерлерінің телефон тұтқасын көтермейтіндігіне қатысты болып отыр. Осыған байланысты өзіміз де қала тұрғыны ретінде талай хабарласқанбыз. Ақыры, болмаған соң мекемеге өз аяғымызбен барып, арнайы журналға көрсеткіштерді жазып кететін болдық. Алайда өзіміз барып жүргеннен гөрі теле-фонмен судың көрсеткіштерін айта салғанымыз әлдеқайда жеңіл емес пе?! Өз басымыз ыстық және суық судың көрсеткіштерін орталыққа бермегелі бірнеше ай өтіпті. Әйтеуір, өздері бір айдағы орташа көрсеткішпен есептеп жіберетініне үйреніп алдық.

Дегенмен де, бұл мекемені де түсінуге болады. Осы орталықтың операторлары айына 50 мыңнан

астам телефон қоңырауын қабылдайды екен. Штаттағы бақылаушылардың әрқайсысы айына 3 мыңға жуық пәтерге көрсеткіштерді апарып беру-ге тура келеді. Ай сайын 8 мыңға жуық түбіртек қайта шығарылады.

Ә р і к е й б і р т ұ р ғ ы н д а р д ы ң көрсеткіштерді күнде ертең беремін деп жүретін салғырттығы тағы бар. Негізі, ыстық және суық су көрсеткіштері әр айдың 10-нан 31-не дейін қабылданатынына қарамастан, елдің көбі су көрсеткіштерін айдың аяғына қарай береді екен. Осы кезеңде телефон желісіне кемі 20 адам қатар ха-барласатын көрінеді. Телефонынның бос болмайтыны да сондықтан. Бұған қоса, call-орталықтарының телефон-дары арқылы есептеу құрылғыларына пломба қою, түбіртектердегі есептеу-лерге байланысты арыз-шағымдарды қабылдау, бақылаушыны үйге шақыру сынды қызметтер түрі де қабылданады. Мекеме келешекте тек көрсеткіштерді қабылдауға арналған бөлек телефон нөмірін орнатуды жоспарлап отыр.

Бірыңғай есептеу орталығының түбіртегіне «Астанаэнергосбыт» төлемдері әлі күнге кірген жоқ.

Жұртшылық осы кәсіпорынның түбіртегін бөлек алып жүруге мәжбүр. Бірыңғай төлемдердің ыңғайлылығына үйреніп алған ел жылу және жарық төлемдері бір түбіртекке қашан бірігетінін күтумен жүр. Алдыңғы жылдары «Бірыңғай есептеу орталығы» ЖШС мен «Аста-наэнергосбыт» ЖШС өзара бірлесіп, жарық пен жылудың төлемдерін бірыңғай түбіртікке енгізуге байланы-сты пилоттық жобаны жүзеге асырған болатын. Қаладағы 8 мыңға жуық пәтер тәжірибе ретінде алынып, төлемдерді бір түбіртекпен төлеу тиімді тәсіл екені дәлелденіп шыққан. Алайда «Астанаэнергосбыт» әлі де асығар емес. Осыған орай, бұл мекемеге ар-найы хат жолдадық. Олардың уәжіне қарағанда, «Астанаэнерго сбыт» ЖШС түбіртегін басып шығару, тасымалдау мәтіндегі жолдардың са-нына қарамастан, 10 теңгені құрайды екен. Ал «Астана-ЕРЦ» ЖШС түбіртегіндегі бір жолдың өзі – 32 теңгені құрайды. ««Астанаэнергос-быт» түбіртегінде орта есеппен 8 жазу жолы бар. Егер түбіртегіміз «Астана-

ЕРЦ» ЖШС-да басылып шығатын болса, онда әр тұтынушы үшін бір түбіртектің құны 256,0 теңгені құраған болар еді. Өз кезегінде, бұл ай сайынғы шығынымызды 49,2 миллион теңгеге ұлғайтады. Соның салдары тарифті құрауға әсер етпей қоймайтыны анық» дейді кәсіпорынның бас дирек-торы Александр Зинкевич.

Мәселенің екінші жағы бар. « А с т а н а э н е р г о с б ы т » Ж Ш С өз түбіртектерін қабылдағанына қосымша ақы алмайды. Кәсіпорын басшылығы тұрғындардың жар-тысы жылу мен жарық төлемдерін «Астанаэнергосбыттың» кассасына барып төлегенді тәуір көретінін айта-ды. Себебі, бұл қаржыны үнемдейді әрі қаражат ертеңінде-ақ қызмет көрсету ұйымының шотына келіп түсуімен ыңғайлы көрінеді. Дегенмен де бұл кәсіпорын тұтынушыларға неғұрлым ыңғайлы жағдай жасауға және Елбасының бірыңғай түбіртекке көшу туралы тапсырмасын белгіленген 2014 жылдың15 желтоқсанға дейін уақытта орындауға уәде беріп отыр.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Алек

санд

р КАМ

АЛО

В

Page 6: 70 (3127) 2014-06-26

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Астана қаласы ардагерлер кеңесi, Кәсіподақ қауымдастығы және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарымен бірлесіп, мамыр ай-ында «Достық» аллеясын отырғызу бойынша бастама көтердiк. Біз Шәмші Қа л да яқов атындағы саябақта гүл көшеттерiн ектік. Игі іске қала әкiмдiгi гүл көшеттері мен құрал-жабдықтар ұсынып, қолғабыс етті. Акцияға 150-ге жуық адам қатысты» деді Ш.Исмаилов. Оның айтуынша, ағаш – махаббат пен гүлденудің символы. Сондықтан бұл бастама Астана күніне орай қала тұрғындарының елордаға деген махаббатын бiлдiреді.

Қала тұрғындары, студенттер, жастар акцияға ауа райының қо-лай сыздығына қарамастан белсене атсалысқан.

Жиында Менеджмент және бизнес колледжі директорының орын басары Раушан Бектұрсынова оқу орны студенттерінің де қайы-рым дылық шаралар өткізгенін әң гі ме леді. «Таяуда Шаштараз өне рі және декоративтi косметика ма мандығының 40 студенті мен 5 оқы тушысы Қарттар мен мүге дек-терге арналған әлеуметтік-меди-циналық орталығына барып, ондағы қарияларға шаштараз қызметін көрсеттi. Ата-әжелерiмiздiң шаш-тарын бояп, қиып берді. Студенттер мейiрiмге мұқтаж жандарға жылы ілтипаттарын осылай бiлдiрдi.

Акция соңында бағдарламалық концерт ұйымдастырдық. Олар

Астана қаласы әкімдігінің баста-масымен құрылған «Бәйтерек» қайырымдылық қоры төрт жыл-дан бері ем-дом қабылдауды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесіп келеді. Олар түскен қаржы есебінен Қазақстан, Қытай, Ресей, Израиль, Герма-ния және т.б. мемлекеттердің медициналық мекемелерінде жоғары білікті ем-дом жасайды.

Бүгінгі таңда кезекті акцияға қатысуға ата-аналардан 34 өтініш келіп түсіпті. Балаларына шұғыл ем қажет ата-аналардан өтініштер

қабылдау жалғасады. Елорда күнін мерекелеу аяқталған соң акция қорытындысы шығарылады.

Еске салайық, Астана күніне орай ұйымдастырылған шараларда билет сатудан түскен қаржы жыл сайын қордың шотына аударылып, балаларды емдеуге жұмсалады. Сондықтан елорда халқы мен қонақтарын мерекелік шараға билет сатып алып, игі іске өз үлесін қосуға шақырамыз.

( Б и л е т б а ғ а л а р ы н www.astanaday.kz сайтынан қарауға болады).

Концертте аты аңызға айналған «Level-42» тобы, Еуропаға таны-мал «Mezzoforte» джаз ұжымы өнер көрсетеді. Бұл шара елорда күні аясында өтетін ең танымал мәдени уақиға ретінде есте қалмақ.

Ұйымдас т ыру шыл ар ата л-мыш шараға ерекше серпіліс беретін дәстүрлі классикалық джаз орындаушыларын арнайы шақырып отыр. Концерттің бас-ты қонақтарының бірі – бүкіл әлемге 30 миллион жазбасын сатқан, 18 ән жинағымен, 40

үзд ік х итінің жиырмасымен б е л г і л і , Ұ л ы б р и т а н и я д а ғ ы е ң ы қ па л д ы то п с а на л ат ы н «Level-42» тобының негізін қалаушы Марк Кинг. Сонымен қатар, отыз жыл дық тари хы бар «Mezzoforte» тобы да әлі күнге өз биігінен түспей келеді. «Mezzoforte» сөзін италиян тілінен аударғанда «аса қатты емес» деген мағына береді. Бұған танымал топтың миллиондаған тыңдармандары «алайда, өте сапалы» деген баға беруде.

өздерiнiң мерекелік киiмдерiн киіп, бізге алғыстарын айтты. Бұл жастар бойындағы адамгер-шiлiк сезiмдерiн оятып, патрио-тизмді қалыптастырады» деді Р.Бектұрсынова. Ол мұндай шара а л дағы уақытта материа л дық жағынан аз қамтылған отбасылар үшін де қайталанатынын жеткізді.

«Елорданың игілігі үшін» акция-сы аясында өткен бұл бастаманы тіс дәрігерлері жалғастырған. «Стомато-логия оқу-консультация орталығы» ЖШС директоры Аслан Жангереев «Аппақ қардай күлкі – денсаулық көрсеткіші» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылғанын ба-яндады. Оның айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе өткізген акцияда 200-ге жуық отбасына, жалпы алғанда, 551 адамға тегін қызмет көрсетіп, тексерулер мен ем-дом жүргізді. Бұған Республикалық т р а н с ф у з и о л о г и я ғ ы л ы м и -өндірістік орталығы, №1, 2 қалалық ауруханалардың қызметкерлері де үлес қосқан. Аслан Төлеушеұлы басқаратын орталық акция аясында жыл бойы аз қамтылған және көп ба-лалы отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балалар мен аяғы ауыр әйелдерге тегін қызмет көрсетпек.

Аталған медицина мекемелері

бірлесіп «Бір тамшы қан – бір адам-ның ғұмыры» акциясын да өткізді. Республикалық Трансфузиология орталығының директорының меди-цина жұмысы жөніндегі орынбасары Шайжамал Мұсабекованың атап өтуінше, екі күнде 310 астаналық өз еркімен қан тапсырды. «Бұл – нағыз ізгіліктің көрінісі, өзін-өзі құрбандыққа шалу деуге де болады. Себебі, грек тілінен аударғанда «до-нор» сөзінің мағынасы «сыйға тар-ту» дегенді білдіреді. Яғни, адам жас сәбидің немесе қатерлі ісік ауруына шалдыққан науқастың жанын алып қалу үшін өз қанын сыйға тартады. Шара барысында біз дайындаған 120 литрдей қан 75 азаматқа көмектесе алады» деді Ш.Мұсабекова.

Денсаулық сақтау мекемесі өкілінің сөзіне қарағанда, акция халықтың на-зарын біздің кез келгеніміз донор болуымыз қажеттігіне аудару үшін ұйымдастырылған. «Біріншіден, донорлық – бұл салауатты өмір салты. Тек дені сау адам ғана донор бола алатындықтан, біз донорға барынша қатаң талаптар қоямыз. Біздің орталық республикадағы ор-талықтар арасында көшбасшылар қатарында айтпағанның өзінде, біз жыл сайын шамамен 35-36 мың литр қан дайындаймыз. Ал қан тапсыру үшін еліміздің 40-45 мыңнан астам азаматы келеді» деді ол.

Бетт

і дай

ында

ған:

Асх

ат РА

ЙҚҰ

Л

Akon өнерсүйер қауымға «Belly Dance», «Lonely», «Smack Th at», «Right now» композициялары-мен жақсы таныс. Оның бірінші ән жинағы әлемдік хиттардың көшін бастады, ал келесі туындысы жылдың үздік шығармасы ретінде танылды. Әнші әндерінің басым бөлігін өзі жазады. Биыл концерт «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Концертке сонымен қатар Ғалымжан Мол-даназаров, Қайрат Нұртас, По-лина Гагарина және «Th e Jigits», «Пицца» «Blue» топтары сынды еліміздегі эстрада әртістері мен хит-шерулердің көшін бастаған шет ел жұлдыздары қатысады.

Page 7: 70 (3127) 2014-06-26

7www.astana-akshamy.kz

1994 жылы айтылған Астана-ны ауыстыру туралы алғашқы ұсыныстан бастау а лған ұлы көшке біз, біздің отбасымыз, ке-шігіп, бәлкім, көштің соңын ала жеттік. Сөйтіп, ару Алматыны арман қала – Астанаға айыр-бастадық...

Екі кішкентай қызыма Астана ә дегеннен ұнады (2010 жылы Ас-тананы аралап, көрікті жерлерін көріп кеткенбіз). Енді, міне, сол Астананың т ұ рақты т ұ рғыны болдық. Аспанмен таласқан зәулім ғимараттар, әртүрлі пішіндегі тұрғын үйлер, құрылысы ерекше Министрліктер үйі, елшіліктер орналасқан орам, спорт сарайла-ры (олар бірнешеу), мұражайлар мен театрлар – бәрі-бәрі балала-рыма ерекше әсер етті. Әсіресе, «Нұ р Астана» мен «Әзірет сұлтан» мешіттері құдай үйінің

құдіретін танытып тұрғандай өзгеше бір әсем көрініс.

– Анашым, суретке түспей-ақ, бірден кірейікші, ішін көргім келіп тұр, – деп мешіттің сыртқы әдемілігіне тамсанған балала-рым ішінен, тіпті, кереметтерді көргісі келді.

Осылайша Астананың көрікті жерлерін жиі аралап, тамаша-лаймыз. Әр сенбі, жексенбіні біз асыға күтеміз.

– Астана ұнады ма? – деген сұрағыма үлкен қызым Шұғы-ладан ғажайып жауап естідім:

– А н а ш ы м , ұ н а м а ғ а н д а ше?! Әсіресе, алып көк тудың жел бірегені (біз жа л даған пәтер сол биік көк туға жақын орналасқан еді), сосын көше-лері ұнады, - дейді.

«Көше» демекші, мені де қуантқаны сол: «Астананың ұтқаны көп, соның ішінде көше

аттарын беруі бір оңды дүние болған екен» деп ойладым.

Мұ ғалім тапсырған шығармаға кіші қызым

Нұ рил а: « Ас танада көше аттары қиылыстарда

жазылып тұрады. Сон дықтан, адаспайсың. Астана – адастыр-майтын қала!» деп жазыпты. Оған күлдім әрі қуан дым. Шы-нында, қызымның сөзінің жаны бар. Автобуста келе жатып қай көшеде келе жатқаныңды оқып аласың. Көше аттары қандай, мәселен: «Қошқарбаев даңғылы».

– Ол кім? - дейді қызым. – Ол – Ұлы Отан соғысына

қатысқан, немістердің бастығы оты ратын жерге туымызды тік-кен, яғни, бізге жеңіс әперген кісі.

– Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы... олар кімдер? - дейді қызым.

– Қазақты жақсы көріп, елім деп ерінбей еңбек еткені ү шін, ұлтын с ү йгені ү шін атылғандар.

– Сонда еліңді сүйсең, ата ма? Қызымның көзіндегі үрейді

көріп, дұрыс жауап бермегенімді ұқтым. Бірақ сыр білдірмей:

– Бұрын Сталин деген кісі ататын, қазір ол кісі жоқ, еліңді

Сарыарқа – сайын далам, сары белім, Ежелден ен жайлаған қалың елім.Қазағым, қасиетті халқым менің, Астанам – айналайын, алтын төрім!

Қайырмасы:

Астана – жыр-әнімсің, Бәйтерек, шынарымсың. Байтақ ел, тұрағымсың, Тіл, дінім, тұмарымсың.Шұғыла, шуағымсың, Көк туым, қыранымсың. Мәңгілік қазақ елі – Айбынды ұранымсың, Нұр Астана!

Болуды мақсат еттік ең алда біз, Келешегі елімнің кемел нағыз. Тұр, әне, әлемге өз сөзін айтып, Ұлы дала төсінде Елордамыз!

Қайырмасы:

Көркіндей өскен жайнап, өркені елдің, Көз тартар қандай әсем, көркем едің?! Көрінер өз тұлғаңдай зәулім, заңғар, Бой түзеп көкке биік Бәйтерегің!

Қайырмасы:

жақсы көрсең , оған еңбек сіңірсең, орден-медаль береді, атпайды, – дедім...

Қазақ елінің бұрынғы астана-ларының атына көше берілгендігі – өте бір жарқын құбылыс. Кім ұсынса да өте бір жүйелі шешім болған екен. Сарайшық, Сығанақ, Орынбор, Түркістан, Ақмешіт, Алматы… бір-бірімен түйісіп жатыр. Балаларыма бәрі қызық, бәрін білгісі келеді:

– Обаған, Сауран деген не? Ондай да көшелер бар екен.

Мен әлім келгенінше жауап берем...

Қазақ тари х ындағы ана-лар: Ұмай ана, Тұмар ханым, Айша бибі, Домалақ ана, ауыз әдебиетінің інжу-маржандары – Қыз Жібек, Баян сұлу, Ақжүніс, сондай-ақ, Ақын Сара, Мәриям Жагорқызы, Ұлбике ақын атын-дағы көшелер аналарға қойылған алтын белгі сияқты. Осының бәрі өлгеннің тіріліп, өшкеннің жанғаны емес пе?!

Мен қасиетті атамекеніміздің қай қиырында жүрсем де, ар-ман қа ла –Астананың а лар орны ерекше екенін ұқтым. «Балаға қиыны – ата-ананы таңдап ала алмайды» дегенді естігенім бар еді. Сол сияқты адам да Отанды таңдап ала алмайды. Біз ұлтымызды осы

барымен ұлықтап, қасиетті Отаны-мызды осы қалпында сүйіп, еліміздің жүрегі – Астананың абыройын асыруға күш салуымыз керек.

Ас тана – адас т ырмайт ын қа л а! Өйткені, ұлыларды ұлықтаған, өткенін ұмытпаған, елімізді бақытты болашаққа жеткізуге игі шешімдер қабылдайтын бас қаламыз. Астанамызда қабылданған жүйелі шешімдер қазақ ха лқының өсіп-өркендеуіне, дамуына қызмет ете бергей!

Ақылгүл ӘБДІҚАЙЫМОВА, Астана қаласы

Page 8: 70 (3127) 2014-06-26

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Жақында Дін істері агенттігінің құ рыл ғанына ү ш жыл тол д ы. Атқарылған істер көпшіліктің көз алдында. Десек те, ең басты нәтижелер ретінде нені атар едіңіз?

– Қазір Қазақстандағы діни ахуалды тұрақты деп айтуға толық негіз бар. Бұл – осы салаға жұмсалған орасан зор күш-жігердің нәтижесі. Агенттік тарапынан мемлекеттің дін саласындағы стратегиялық бағытын айқындаған жаңа заң әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Діни бірлестіктерді қайта тіркеу жұмысы жүргізіліп, Қазақстанның конфессиялық кеңістігі ретке келтірілді. Осыған дейін ресми тіркелгенімен, жұмыс істемеген көптеген діни бірлестіктер мен діни бірлестік деңгейіне жетпейтін діни топтар жұмысын тоқтатты. Нақты қызмет атқаратындары өз қызметін жаңа заң талаптарына сәйкестендірді. Конфессияларға да талдау жасалып, нақты саны айқындалды.

2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елімізде 46 конфессияны құрайтын 4551 діни бірлестік тіркелген болса, қазіргі көрсеткіштерге сәйкес 18 конфессияға біріккен 3449 діни бірлестік қызмет атқаруда. Олардың жартысынан астамын, яғни 2400-ге жуығын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қатысты мешіттер құрайды. Сонымен қатар, Орыс православие шіркеуіне қатысты 299, Рим-католик шіркеуіне қатысты 84 діни бірлестік қызмет атқарады. Қалған азшылық өзге діндерге, негізінен, протестанттық ағымдарға тиесілі.

Діни рәсімдер мен жораларды тек заңмен белгіленген орындарда ғана өткізуді жүйеге келтіру мақсатында діни ғимараттардың, мінәжатханалар мен намазханалардың жұмысы рет-ке келтірілді. Қазір Қазақстанда 3195 ғибадат үйі жұмыс істейді, олардың 2382-сі – мұсылман мешіттері. Рес-пуб лика бойынша 492 исламдық, 15 пра вославиелік, барлығы 507 мінәжат-ха на қызмет атқаруда және рәсімдеуден өтуде. Яғни, діни рәсімдер мен жоралар-ды бұрынғыдай әртүрлі мекемелерде, орталықтарда, оқу орындарында, т.б. жерлерде өткізе беруге болмайды, ол тек жоғарыда аталған заңмен белгіленген орындарда ғана жүзеге асуы тиіс.

Заң аясында ғибадат ғимараттарын салу тәртібі де белгіленіп, талаптары айқындалды, оларды бұрынғыдай негізсіз сала беруге тосқауыл қойылды. Ендігі жерде ғибадат ғимараттарын салу кез кел-ген жеке немесе заңды тұлғаның қалауына байланысты емес, заңмен белгіленген тәртіпке және нақты қажеттілікке сәйкес жүзеге асырылады. Бұл үдеріс те мұқият бақылауға алынған.

Айта кететін тағы бір мәселе - жаңа заң нормалары бойынша діни бірлестік ретінде тіркелмеген ешбір құрылым діни қызметпен айналыса алмайды. Осы талапқа сәйкес қайта тіркеу кезінде қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер, оқу орталықтары ретінде тіркеліп, діни қызмет атқарып жүрген бірқатар заңды тұлғалар қызметін тоқтатты. Олардың қазіргі іс-әрекеті де ұдайы назарда ұсталуда.

– Осы арада «діни оқу орын дары-ның қызметі қаншалықты реттелді» деген заңды сұрақ туындайды.

– Діни бірлестіктермен қатар, ел аумағындағы барлық діни оқу орын-дарының қызметі жүйеге келтірілді. 2011 жылдың 1 қыркүйегіндегі есеп бойынша, елімізде діни бірлестік ны-санындағы 29 діни білім беру мекемесі тіркелген еді. Дербес мәліметтер базасы жасақталмағандықтан, олардың саны туралы көрсеткіштерде ауытқушылықтар көп кездесті. Сонымен қатар, тіркеуден

өткенімен, нақты қызмет атқармайтын діни оқу орындарының болғаны да жа-сырын емес.

Енді жаңа заң талаптарына сәйкес, діни білім беру ұйымдарын тек республикалық немесе өңірлік діни бірлестіктер ғана құра алады. Сондықтан 2012 жылы жүргізілген қайта тіркеу кезінде бұған дейін діни бірлестік ретінде қызмет атқарып келген діни оқу орындары тара-тылды. Олардың бір бөлігі республикалық діни бірлестіктер құрамындағы оқу мекемелері ретінде қайта құрылды. Қазір елімізде исламдық бағыттағы – 13, христиандық бағыттағы 2 діни оқу орны қызмет атқарады. Олардың барлығы дәстүрлі діндерге тиесілі. Жаңа діни қозғалыстардың оқу орындары тіркелмеген.

Осы орайда діни білім алғысы келетіндер үшін айта кететін жайт - мұндай білімді тек діни бірлестіктер жанынан құрылған арнайы мекемелерде ғана алуға болады. Жоғарыда айтылған қоғамдық бірлестіктер, оқу орталықтары немесе тіл үйрету курстары секілді меке-мелер діни білім бере алмайды. Мұндай заңсыз әрекетке барғандар заң алдында жауап береді. Осыны халық білуі тиіс.

– Сөзіңіз аузыңызда, бұрнағы жыл-дары «діни білім беретін жаздық лагерьлер ұйымдастырылады» деген хабарландыруларды көзіміз шалып қалушы еді.

– Діни білім беретін жаздық ла-герьлерге қазір шектеу қойылды. Діни бірлестіктердің діни білім беретін лагерь де, мектеп те ұйымдастыруға құқығы жоқ. Мектеп жасындағы балалар діни білім алғысы келсе, ата-анасының келісімімен діни бірлестік жанындағы сауат ашу курстарына бара алады.

Еліміздегі білім беру жүйесі зайырлы сипатқа ие. Сондықтан мектептерде діни рәсімдер жасалмауы және діни атрибути-ка қолданылмауы тиіс.

Тағы бір назар аударатын нәрсе – же-келеген мектеп оқушылары ата-анасының діни көзқарасына байланысты кейбір пәндерге қатыспауы сирек те болса байқалып қалып жүр. Бұл, біріншіден, білім туралы заңды бұзу деген сөз.

Екіншіден, мектеп бағдарламасына қажетсіз, кездейсоқ пәндер кіргізілмейді және баланың қалыптасуы мен да-муына кері әсер ететін бірде-бір пән оқытылмайды. Ата-ананың осындай қарапайым заңдылықты түсінбей, қате көзқарастардың жетегінде кетуін заңсыз әрі зиянды әрекет деп қабылдау қажет.

– Осы орайда «халал балабақша» мәселесін айқындай кету де сұранып тұрған сияқты.

– Бұл – заң түгілі, ақылға сыймай-тын нәрсе. «Халал балабақша» де-ген стандарт еш жерде жоқ, бұған қатысты ешбір заңнамалық тетік те қарастырылмаған. Сондықтан мұндай мекемелер ұйымдастырылған жағдайда, олар заңдық тұрғыдан тексеріледі.

– Ата-аналардың қате көзқарасы демекші, қазір діни ұстанымдарына байланысты баласына екпе жасату-дан бас тарту оқиғалары да кездесіп қалып жүр. Осы мәселеге қатысты не айтуға болар еді?.

– Бұл енді шын мәнінде білімсіздіктің салдары. Ешбір дінде денсаулықты сақтауға, күтуге, аурудың алдын алуға шектеу қойылмайды. Керісінше, әрбір өркениетті дін өз сенушілерінің тән саулығына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Ислам ұстанымдарына келсек, Мұхаммед пайғамбардың: «Аурудан емделіңдер. Алла тағала әрбір аурудың емін қоса жаратқан» деген хадисі бар. Қаншама аурулардың емін Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өзі көрсеткен.

Барлық ислам мемлекеттерінде аурудың алдын алу құралы ретінде вакцинаның көптеген түрлері қолда-нылады. Басқаны былай қойғанда, Сауд Арабиясы Корольдігінің өзінде белгілі бір аурулардың алдын алатын екпе-вакци-на қабылдамағандарға қажылық жасауға рұқсат берілмейді.

Біле білсек, небір жұқпалы және қатерлі аурулардың алдын алып, азаматтардың өмірін сақтап қалу үшін мемлекетіміз республикалық бюджеттен жылына бірнеше ондаған миллиард теңге қаржы бөледі. Мұндай игілікке қолы жетпей, азаматтары, әсіресе, жас балалары мың-мыңдап жұқпалы аурулардың құрбаны

болып отырған экономикасы нашар қаншама мемлекеттер бар.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген даналықты халқымыз бекер айтқан жоқ. Ал әрбір саналы аза-мат өзінің денсаулығын сақтаумен қатар, өзгенің денсаулығына қатер төндірмеуді де ойлауы тиіс. Заң тұрғысынан да, дін тұрғысынан да солай.

– Әлеуметтік-діни тұрғыдағы мәселелерді бір қайырып тастау үшін енді неке мәселесінің де басын ашып алсақ. Әңгімені әркімнің көкейінде жүрген сауалдан бастағым келеді. Өзіңізге белгілі, қазір мешіттерде некені АХАЖ бөлімі берген заңды неке куәлігін көрсеткеннен кейін ғана қию қалыптаса бастады. Мұның сыры неде?

– Мешіттерде некені АХАЖ бөлімінде ресми тіркеліп, заңды неке куәлігін алған-нан кейін қию мәселесі азаматтардың тағ дыры мен құқықтарының қорғалуына деген алаңдаушылықтан туындап отыр. Өйткені, қазіргі кезде, өкінішке қарай, неке жиі бұзылатын болды. Ресми тіркелген некелердің жылына үштен бірі бұзылады екен. Ал ресми тіркелмеген күйі бұзылып жатқандары қаншама! Олардың салдарын жалғызбасты ана мен жетім бала құқығын ешбір заңдық құжаты болмағандықтан, қорғау да қиын.

Заңдастырылмаған некенің ең сора-қысы – қазір жекелеген теріс діни топтардың арасында белең алып отыр-ған ата-анасының келісімінсіз үйлену, әйелін жаратпай қалса, ешқандай жауап-кершіліксіз бір ауыз сөзбен талақ етіп тас тап кету, көп ұзамай екінші біреуге, оп-оңай үйлене салу, көңілі қаламай қалса, тас тап жүре беру секілді ойсыз әрі арсыз құбылыстар. Бұл – нағыз діни надандық пен шектен шығушылықтың көрінісі. Ислам атын жамылған теріс діни ағымдар өкілдері арасында көптеп кездесетін бұл құбылыс – ислам тұрғысынан қатаң айыпталатын іс-әрекет. Исламда отбасы институтына ерекше мән берілетіні, неке бұзылған жағдайдағы ана мен бала күнкөрісінің әке тарапына толық жүктелетіні – әрбір мұсылман азаматқа мәлім жайт. Әйел-ана тағдырын тәлкекке

салып, оны нәпсіқұмарлықтың нысанасы етуге ислам түбегейлі қарсы.

Азаматтарының құқығы мен бос-тандығына нұқсан келтіретін мұндай әрекеттерді мемлекет те қолдамайды. Мемлекет – заңдық институт, кез келген азаматты қандай да бір жауапкершілікке тарту үшін іс-әрекеттердің заңдас ты-рылуы қажет. Сол себептен мешіттерде некені АХАЖ бөлімінде ресми тіркеліп, заңды неке куәлігін алғаннан кейін қию қажеттілігі күн тәртібіне қойылып отыр. Бұған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да белсенді қолдау білдіруде. Некенің АХАЖ бөлімінде ресми тіркеліп барып, мешіттерде шариғат жолымен қиылуы – зайырлы құқық пен діни құқық үйлесуінің көрінісі.

– Орта мектептерге «Дінтану негіздері» пәні енгізілгелі бері бір-шама уақыт өтті. Қандай өзгерістер күтілуде?

– Ел азаматтарының дін туралы білімінің дұрыс қалыптасуы мектеп қабыр ғасынан басталуы тиіс. Сондықтан қазір осы бағытқа да күш салынуда.

Орта мектептердің 9-сыныбында оқытылатын «Дінтану негіздері» пәнінде әлемдік және дәстүрлі діндер, жаңа діни қозғалыстар, теріс пиғылды және ра-дикалды діни ағымдар жөнінде негізгі түсініктер берілетіні белгілі. Қазіргі таңда Дін істері агенттігі мен Білім және ғылым министрлігі тарапынан аталған пәнді заман талабына сай жетілдіру мақсатында кешенді шаралар атқарылуда. Пәннің қоғамтанулық мазмұнын күшейте отырып, білім алушыларға зайырлы мемлекет қағидаттары мен қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын таныту мақсатында «Дінтану негіздері» пәнінің атын «Зайырлылық және дінтану негіздері» деп өзгертуге шешім қабылданды. Пәннің жаңа бағдарламасы жасақталып, мазмұнына өзекті толық-тырулар енгізілді.

Таяу мерзімде аталмыш пәннің оқулық, хрестоматия, оқушы дәптері және мұғалімге арналған құралдан тұратын оқу-әдістемелік кешенін жасау қолға алынбақ. «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінен сабақ

Page 9: 70 (3127) 2014-06-26

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

беретін мұғалімдердің біліктілігін арт-тыру мақсатында 1 айлық мерзімді қамтитын білім жетілдіру курсының жүйелі, толыққанды бағдарламасын жасау және жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпыға бірдей білім беретін орта мектептерді білікті маманмен толық қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындарында «Тарих-шы, қосымша мамандығы бойынша дінтанушы» педагог кадрларын даярлау мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.

– Дінді жалпы халық тұтынатын болғандықтан, діни әдебиеттер мәселесіне де кез келген азамат бейта-рап қарамасы анық. Осы орайда бір байқалатыны – бұрынғыдай көше бойлап, есік қағып, діни әдебиеттерді кез келген жерде кедергісіз тара-ту үдерістері саябырлаған сияқты көрінеді.

– Иә, бұл да жаңа заңның жағымды нәтижелерінің бірі. Діни әдебиеттер мәселесі толығымен дерлік жолға қойылды деуге негіз бар. Ең маңыздысы – тиісті заңнамалық актілерге сәйкес дінтану сараптамасы мемлекеттік деңгейде жүргізілуде. Агенттік қызмет атқарған үш жыл ішінде еліміздегі діни кітаптар айналымы толық бақылаудан өтіп, 25 000-ға жуық әдебиетке сарап-тама жасалды. 300-ге жуық әдебиетке теріс қорытынды беріліп, олардың ел аумағында таратылуына тосқауыл қойылды.

Түзеу мекемелеріндегі діни кітаптар толық сараптамадан өткізілді. Мәдениет және білім мекемелеріндегі, діни оқу орындарындағы кітаптар да тексеріліп, ретке келтірілді. Агенттіктің ұсынуымен радикалды және теріс пиғылды ағым-дар идеологиясының алдын алуға бағытталған ағартушылық мазмұндағы әдебиеттер мүдделі мемлекеттік мекеме-лер арқылы көптеп шығарылуда.

Сараптама жүргізумен қатар, діни әдебиеттердің таратылуына да бақылау орнатылды. Қазір олар республика бой-ынша арнайы стационарлық үй-жайлар ретінде бекітілген 235 кітап дүкенінде және заңмен белгіленген орындарда таратылуда.

Дегенмен, азаматтар тарапынан заң нормаларын білмегендіктен немесе заңға мойынұсынбаушылықтан туындаған заңсыз діни әдебиеттер тарату фактілері де жоқ емес. Мұндайда тиісті органдар тарапынан нақты әкімшілік шаралар қолданылады. Өткен жылы осындай 78 факті анықталып, айыпты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Дін тарату дегенде миссионерлік туралы сұрақ ойға орала кетеді. Байқауымызша, елімізде миссио нер-лердің қарасы аз емес. Олар жайлы заңнама не дейді?

– Заңнама бойынша Қазақстан Респу-бликасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың миссио-н е рл i к қ ы з м е т п е н айналысуына тыйым салынбаған. Мұндай т әж і р и б е әл е м д і к қоғамдастықтағы діни сенім бостандығын қамтамасыз ететін мемлекеттердің бар-лығына дерлік тән.

Бірақ, бұл миссионерлік қызметке шектеусіз құқық берілген деген сөз емес. Біріншіден, миссионерлік қызметті жүзеге асырушы тұлға міндетті түрде тіркелуге және жыл сайын қайта тiр-кеуден өтуге тиіс. Ол миссионерлік қыз метпен тиісті құжаты болған жағ-дайда ғана айналыса алады. Екіншіден, миссионерлік қызметтің заң аясындағы өзіндік талаптары бар, ол талаптарға сәйкес келмеген тұлғаны миссионер ретінде тіркеуден бас тартылатыны да заңнамада көрсетілген. Үшіншіден, миссионердің ел аумағындағы қызметі де нақты өңірлермен шектеледі. Ол тек өзі тіркелген өңірде, өз діни бірлестігіне мүше азаматтар арасында ғана діни қызмет атқара алады.

Осындай бақылау шараларының нәтижесінде соңғы жылдары еліміз дегі миссионерлер саны 300-400 аралы-ғындағы тұрақты көрсеткіштен артып отырған жоқ. Миссионерлердің ба-сым бөлігі еліміздегі католиктік және православиелік діни бірлестіктердің

өкілдері болып келеді. Заңсыз миссио-нерлік қызметті жүзеге асыру әкімшілік құқық бұзушылық ретінде заңмен қадағаланады. Өткен жылы осындай ниеттегі 70 адамға айыппұл салынып, тиісті әкімшілік шара қолданылды.

– Ғаламтор кеңістігі де назардан тыс қалып отырмаған болар?

– Иә, діни-экстремистік және лаңкестік топтардың ақпараттық кеңістігіне шек-теу қою бағытында да нақты жұмыстар жүргізілуде. Агенттік тарапынан 5000-ға жуық ғаламтор ресурсына монито-ринг жүргізілді, 176 материалға дінтану сараптамасының теріс қорытындысы берілді. Оның 45-інің Қазақстан аума-ғында таратылуына тосқауыл қою жөніндегі сот шешімдері шықты.

Мемлекет басшысының тапсырма-сы бойынша ағартушылық бағыттағы «E-islam» порталы жасақталып, іске қосылды. Сонымен қатар, танымал әлеуметтік желілерде агенттіктің рес-ми парақтары ашылды. Агенттіктің ресми сайты үздіксіз әрі сапалы түрде жұмыс жүргізуде. Дін саласындағы басты оқиғалар, қабылданған нормативтік-құқықтық актілер, жаңа құрылымдар мен халықаралық шаралар сайтта же-дел көрініс табады. Агенттік сайтын пайдаланушылар қатарында еліміздің ғана емес, Ресей мен АҚШ-тың, басқа да алыс-жақын шетелдердің өкілдері көптеп саналады. Пайдаланушыларды қызықтыратын барлық сауалдарға жа-уап берілетін арнайы блогтар да сайтты тартымды ете түсуде.

– Агенттік құрылған кезеңнен бас-тап қолға алған шаралардың бірі ақпараттық-насихат жұмыстары болғанынан көзі қарақты оқырман хабардар. Бұл саладағы жұмыстар да жалғасын тапқан болар?

– Әрине, жалғасуда. Орасан зор күш-жігер дін саласындағы ақпараттық-ағартушылық жұмыстарға жұмсалып келеді. Ақпараттық-насихат топтары мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғын халыққа үздіксіз түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жасөспірімдер, жастар және әйелдер аудиториясына арналған мақсатты жобалар жүзеге асырылуда. Осы бағытта жүргізілетін

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем-лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтардың діни санасын елдің салт-дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес қалыптастыру міндетін атап көрсеткен болатын. Бұл бағытта агенттік қандай жұмыстар жүргізуде?

– Біздің қазақстандық қоғамның жағдайында қазір дін және дәстүрлі құндылықтар үнқатысуы маңызды орын алады. Теріс пиғылды діни ағымдар идеологиясының ең жағымсыз ықпалы дәстүрлі рухани-діни құндылықтарды ыдырату арқылы діни сананы өзгерту үдерісі болып отыр. Өйткені, кез кел-ген жат ағым қоғамда қалыптасқан құндылықтарды күйрету арқылы өзін орнықтыруға жол ашады. Ал бұл өз кезегінде дәстүрлі құндылықтармен бірге, ішкі тұрақтылықтың әлсіреуіне алып келеді. Сондықтан ұлтты қа-лыптастырған құндылықтарды қор ғау елдің ішкі тұрақтылығы мен мемлекет іргесінің бүтіндігін қорғау болып табы-латыны сөзсіз.

– Дәстүрлі құндылықтар демекші, қазір қазақтың мұсылмандығына күмәнмен әрі сынмен қарайтындар саны көбейген секілді. Бір байқа-латыны, ондайлар қазақтың өз ара-сынан шығып отыр… Сіз не дейсіз?

– Қазақ – мың жылдан бері мұсылман халық. Оның дәстүрі мен дүниетанымы исламмен балталаса бұзылмастай болып тамырласқан. Біз кімнің алдағанына арбалып, өткенімізді өнегесіз, тарихы-мызды тұлдыр демекпіз?

Біздің дініміз – біздің рухымыз. Ол – біздің өткеніміз, бүгініміз, болашағымыз. Оны зерттеп-зерделеуге әркімнің құқығы бар. Бірақ тергеп-тексеруге, айыптап, қаралауға, күзеу мен бұзуға ешкімнің құқығы жоқ.

Қазақ исламға бүгін келген жоқ. Мың жыл бойы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) салған жолмен жүрген ұлттың ұлы ғұламалары қалдырған ата дініміз – ис-лам. Сондықтан бүгінгі дін атын жамы-лып, саясатқа суарылған жатжұрттық

сихаттайтын мұндай топтардың бар екені жасырын емес. Рухани тамыры-нан, дәстүрлі құндылықтарынан қол үзіп қалған бүгінгі буынның бірқатар өкілдері осындай шетін идеологияға алданып, өз ұлтының салт-санасына, дәстүрлі құндылықтарына қарсы шығуда. Агенттік жүргізетін ақпараттық-насихат жұмыстарының пәрменді бөлігі осындай адасқан азаматтарымызға түсіндіру және қайта бейімдеуге бағытталуда.

Осы тұста атап өтуге тиіс бір жайт бар. Бас мүфти Ержан Малғажыұлы бастаған имамдар тарапынан мешітке келетін халыққа бөлінбей, бір жамағат болып бірігіп, ынтымақ құрып, бір-біріне түсіністікпен қарап, туындаған мәселелерді үнқатысу және түсіндіру арқылы шешу бағытында жасалып жатқан жұмыстар зор. Қолға алынған игі істердің нәтижесінде еліміздің ме-шіттерінде мұндай келеңсіз жағдайлар азайып келе жатыр.

– Халықтың санасын сан тарапқа тартқылап жүрген теріс пиғылды секталардың әрекетіне қатысты не айтар едіңіз?

– Теріс пиғылды секталардың іс-әрекеті де агенттік назарынан тыс қалып отырған жоқ. Ресми түрде тіркелген діни бірлестіктердің нақты бақылауда болатыны белгілі. Ал секталық сипаттағы діни ұйымдар көбіне идеология түрінде қызмет етеді. Сондықтан оларға қарсы күрес те идеологиялық-ағартушылық сипатта жүргізіледі. Жоғарыда сана-маланған Агенттік жұмыстарының әрбірінде дерлік секталық сипаттағы діни ұйымдарға қатысты іс-қимылдар қамтылған. Ал азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, имандылығына нұқсан келтіретін, отбасының бұзы-луына, т.б. бүлдіргіш әрекеттерге себеп болған нақты жағдайлар айқындалғанда бұған өз құзыреттері шегінде құқықтық органдар да араласып, тиісті шаралар қолданып келеді.

Осы орайда мен Қазақстан азаматта-рын қырағылық пен белсенділік танытуға шақырар едім. Секталық сипаттағы ағымдардың қоғамға тигізген зардабы туралы ауызекі әңгімеде көп айтылады, ал азаматтар нақты жағдайлар бой-

ынша құқықтық органдарға шағым жасауға келгенде енжарлық танытады. Жеке-леген діни ағымдардың на-сихаты салдарынан отба-сынан айырылған, зайырлы білім алудан, ақы төленетін еңбектен, медицина лық көмектен бас тартқан және соның кесірінен зардап шек-кен жандар туралы олардың

ата-анасы, ағайын-туыстары, достары дер кезінде тиісті орындарға хабарлап отыруы қажет. Осы орайда дін саласына қатысты барлық мәселелер бойынша азаматтардан ақпарат қабылдауға, теріс пиғылды ағымдардан зардап шеккен-дерге кеңесшілік-психологиялық көмек көрсетуге арналған «Қауырт желі - 114» қызметін пайдалану қажеттігін көпшілік назарына салғым келеді.

Бір ғана мемлекеттік органның мүмкіндігі бәріне бірдей жете бермейді. Көп болып көтерген жүк қашанда жеңіл болады. Оның үстіне адам тағдыры, азамат тағдыры ешбірімізді бейжай қалдырмауы тиіс. Жеке адам тағдырынан мемлекет тағдыры құралады. Ал мем-лекет тағдыры – баршамыздың және әрбіріміздің тағдырымыз. Біз осыны есте сақтауымыз қажет.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Самат МҰСА «Егемен Қазақстан»,

№108 (28332), 4 маусым 2014жыл

жұмыстардың елеулі бөлігі радикал-ды және теріс пиғылды діни ағымдар идеологиясының алдын алу шарала-рына арналса, ендігі бір бөлігі осындай ағымдар ықпалына түскен тұлғаларға тікелей бағытталған. Ақпараттық-насихат топтарына қажетті жүздеген ақпараттық-әдістемелік материалдар дайындалып, жарық көрді, тұрғын халыққа және мақсатты аудиторияларға таратылды.

Айтылғандардан басқа, Агенттіктің үйлестіруімен Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі кеңес, Консультативтік-сараптамалық кеңес, БАҚ-тарда діни тақырыптарды жариялау жөніндегі әдістемелік кеңес секілді құрылымдар дін саласындағы саясатты сауатты да байсалды түрде жүргізу мақсатына жұмылдырылуда. Теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсететін 25 ұйым еліміздің барлық аймақтарында қызмет атқаруда.

ілімдердің мақсатын үйрету емес, күйрету деп бағалаған жөн…

– Сөзіңіз аузыңызда, еліміздегі мешіт жамағаттарының арасынан жік шығып, екіге жарылу көрініс беруде. Исламның бөлінуді емес, бірігуді насихаттайтындығына қарамастан, оның ішінде алауыз ағымдар пайда болды. Дін сала-сындағы уәкілетті органның бұл мәселедегі ұстанымы қандай?

– Еліміздің тарихымен, мәдениетімен, рухани құндылықтарымен қабыспайтын жат діни көзқарастарды насихаттап жүрген кез келген ағым қазақстандық қоғамның дәстүрлі ұстанымдарына, ішкі тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Мұндай шетін құбылыстармен күресу – Агенттіктің де, басқа мемлекеттік органдар мен тиісті құрылымдардың да басты міндеті.

Ислам атымен әрекет етіп жүрген жат көзқарастағы ағымдарға келсек, ел аумағында өз ұстанымдарын на-

Page 10: 70 (3127) 2014-06-26

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Page 11: 70 (3127) 2014-06-26

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Page 12: 70 (3127) 2014-06-26

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Page 13: 70 (3127) 2014-06-26

13www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Page 14: 70 (3127) 2014-06-26

14www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес Астана қаласының Ауыл

шаруашылығы басқармасы 2014 жылғы 15 сәуірден бастап елорда аумағында орналасқан, жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен 2014

жылы субсидия алу үшін құжаттарды қабылдайды. Өтініштерді және өтінімді қабылдау мерзімі 2014 жылдың 15 сәуірден бастап 20

маусымға дейін мына мекенжайда қабылданады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11 үй, 523а бөлме.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 55-69-78, факс 8 (7172) 55-72-87.

Page 15: 70 (3127) 2014-06-26

15www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы»

КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы: Астана қаласы,

Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық ғимаратының

2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен келуге болады.

Анықтама алу телефоны: 57-88-88.

Астана қаласындағы айналыста төлем карточка-лар саны 2013 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 2014 жылғы мамырдағы жағдайы бойынша 11,4%-ға өсіп, 974,8 мың дана болды. Карточкаларды ұстаушылар саны 897,7 мың адам болып,13,4%-ға өсті. Бүгінгі күні Астана қаласының 1 тұрғынына орташа алғанда 1 төлем карточкасы тиесілі.

Пластикалық карточкалар санының серпінді өсуі оларға қызмет көрсету желілерінің одан әрі кеңеюіне себеп болды, олар 2013 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 1746 және тиісінше 32 бірлікке артып, мынадай түрде берілген: 6516 POS терминал, 912 банкомат. Астана қаласы бойынша орташа алғанда 1000 карточканы ұстаушыларға 7 POS терминалдан және 1 банкоматтан келеді.

Төлем карточкаларын ақы төлеуге қабылдайтын сауда кәсіпорындары желілеріне 3527 кәсіпорын кіреді, оның 2013 жылғы осы кезеңіндегі санынан 1189 бірлікке асып түседі.

Елордада төлем карточкаларын пайдаланудың тиімділігі туралы оған қолма-қол ақшасыз есеп ай-ырысулар дәлел болады. Оған қоса, соңғы уақытта қолма-қол ақшаны алу бойынша операцияларға қарағанда, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар бойынша операциялардың көбею артықшылығы байқалады. Осылайша, 2013 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда, 2014 жылғы сәуірде қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар 17,3% және тиісінше 21,1% болғанына қарамастан, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар бойынша операциялар санмен көрсетілгенде 36,3%-ға, жиынтығы -31,5%-ға өсті.

Өткен жылдың басынан бастап байқалатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар санының көбеюіне, көбінесе «Ақша төлемі мен аударымы

туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына түзетулер енгізу себепші болды, соған сәйкес 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қызметтің же-келеген түрлерін жүзеге асыру кезінде өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға жабдық орнатуға, сондай-ақ төлем карточкаларын төлемге қабылдауға міндетті.

Алайда, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың дамуы дұрыс бет алғанына қарамастан, оларды сау-да нарығына тарту деңгейі жеткіліксіз. Бүгінгі күні банк карталарын пайдаланған операциялардың жалпы көлемінен 84,6%-ы қолма-қол ақшаны алу бойынша операцияларға және тек қана 15,4% -ы тауарлар мен қызмет көрсетулерге тиесілі.

Осылайша, елорданың банк секторына, елорданың жергілікті атқару органдарына және кәсіпкерлеріне сауда нарығына қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың ену деңгейін одан әрі жоғарылату бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізулеріне тура келеді. Себебі, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларда төлем карточка-ларын пайдаланудың ең көп үлесі банк жүйесі мен қоғамның бірігуінің жоғарғы деңгейін дәлелдей отырып, ашық және жоғары дамыған экономиканың көрсеткіші болып табылады.

Елена Александровна ДАНЧЕНКО,Қазақстан Республикасы Ұлттық БанкіОрталық филиалының (Астана қаласы)экономикалық талдау және статистика

бөлімінің бастығы

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

Астана қалалық ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысы ардагері

Дабыс Киікбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

«Астана қаласы Мәдениет басқармасы» ММ қызмет-кер ле рінің ҚР мемлекеттік қызметкерлері Ар-намыс кодексін бұзған жағ дай да 55-67-75, 55-67-74 сенім телефондарына хабарласу ларыңызды сұраймыз.

«Астана қаласы мәслихатының аппараты» ММ Астана қаласы мәс ли хаты аппаратының мемлекет-

тік қызметшілері сыбайлас жемқор лық қа қарсы күрес заңнамасын, «Мем ле кет тік қызмет туралы»

Қазақ стан Республикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нормаларын бұзу мәселелері бойынша хабарлау

үшін сенім телефоны нөмірін хабарлайды: 55-66-35

Page 16: 70 (3127) 2014-06-26

16www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

- Ұлттық қолөнерімізге бір адам ғана емес, бүкіл халық болып атса-лысу керек деп ойлаймын. Халық бұл іске жаппай араласпаса да, са-тып алу керек қой. Сіздің жасаған заттарыңыз қарапайым халыққа қолжетімді ме?

Таңшолпан, студент- Бұл жүкті жалғыз өзім көтере

алмас едім. Бүгінде қазақ бәріне той-ып, ұлттық негізіне оралуда. «Сізде эконом-класс сатып алатындар көп пе, әлде бизнес, элит, эксклюзив сұрайтындар көп пе?» деп бір жур-налист сұрақ қойған. Олай бөлгім келмейді. «Сатып алушы» деп те айтпаймын. Өйткені, олар – ұлттық дүниенің қасиетіне бас ұрған адам-дар. Оларды біріктіретін – ұлттық салт-дәстүрге, ұлттық мәдениетке құрмет. Біреу бес мыңның жастығын, біреу елу мыңның көрпесін алды деп бағалаудан аулақпын. Менің бағалайтыным – қазағымыздың қолөнер туындысына деген ықыласы. Осында келген адам «анау қанша тұрады, бағасы қандай?» деп келмейді, ұлттық өнерді сағынып, аңсап келеді. Ал, бірақ, келген адам қалтасының жағдайына қарай, өзіне ыңғайлысын таңдайды. Нарық тала-бына сәйкес ұсынатын қызметіміз жоғарыда атап өткендей төртке бөлінеді.

- Облыстарда «Алтын орданың» филиалын аша-тын ойыңыз бар ма? Мен қуана айналысар едім!

Жұлдыз, қала тұрғыны

- Адамның арманы әрқашан өзінен озып жүреді. Оның шаңына і л е с у о ң а й е м е с . Қыз-келіншектерді

қолөнерге баулып, өнердің қыр-сырын үйретсем деген арманым бар. Осы сұрақ Алматы, Атырау, Ақтау халқынан жиі қойылады. Тіпті, «Біз сізге орынды ақысыз берейік. Келіңізші» деп Қарағандыдан бірнеше рет өтініш білдірді. Интер-нет арқылы да таңғалысын жасыр-май, үйретуді сұрайтын көптеген хат-тар келеді. Ең алдымен, осы Астанада оқу орнын ашқымыз келеді. Жұлдыз, нөміріңізді жазып жіберсеңіз, аман-есен ойымызға жеткенде, хабарла-сып, сізді міндетті түрде шақырамын.

- Құрметті Ырза апай, қолөнерді қалай оқып-үйренуге болады? Өзім де осы өнермен айналыса-мын, бірақ сізден үйренгім келеді.

Сахиева Диана- Осыны көрген көздеріңнен,

түсінген жандарыңнан айналайын! Қыз-келіншектер, ақ жаулықты әжелеріміз «Мен де осындай жа-сап көрейін деп ем, бірақ көшіруге бермейсің ғой, иә?» деп кұрақ көрпе, жастықтардың үлгілерін жиі сұрап келеді. Неге бермеске? Қайта соны көріп, риза боламын. Шабытым

ашыла түседі.Тысын шешіп, үйге алып кетіп, ертеңінде қайтарып береді. Үйрету жағын айтар болсам, Иманғали Нұрғалиұлы оқыту ком-бинатын жасауға Астананың сол жағалауынан бізге 2000 шаршы метр жер бөлді. Шаһар әкімі – қазақтың ұлтжандылығын, тілін, дәстүрі мен мәдениетін бойына терең сіңірген адам. Кейде «басқа қалада болсам, дәл осындай қолдау табар ма едім?» деп те ойлаймын. Халық тарапынан да, билік тарапынан да ісіміз қолдау тауып, оң бағаға ие болды.

- Таңқы танау қызымаТар жаралыс болды ма?Тентектен етексізКиімі қымбат болды ма?Ұлтқа жанашыр адамға,Тіпті, кіші балағаҚалаулы сурет салды ма?Қалмас енді жетексізОйлаған сіздің қамыңызАбыроймен арта ма,Әлде сізге тепе-теңАқша жағы болды ма?

Олжас- «Жауыңның да жанынан

жақсы қасиет ізде» деп әкем жиі айтатын. Бала кезде мағынасын түсінбеуші ем. «Сен оның жақсы қасиеті жоқ деп ойлайсың ғой. Оның жақсылығы – саған қамшы болуы. Сені қамшылайтын адам болмаса,

бұл өмірде жетістікке жету қиын. Өмірлік антагонизм қоғамды дамы-тады» дейтін. Шынымен, сол сөздің дұрыстығына көзім жетті. Сізге берер жауабым: адамның бойындағы ең асыл қасиет – бағалай білу.

- Үлкен байқауларда жоғары дәрежеден көрініп жүргеніңіз қ у а н т а д ы . А л , қ а р а п а й ы м халықтың бағасы қандай?

Әйгерім, мемлекеттік қызметкер-Әйгерім, сіз өз сұрағыңызға

өзіңіз жауап беріп отырсыз. Халық бұл өнерді қажет етпесе, шет елде де ешкім мойындамас еді. Үлкен дәрежеге жеткізген – халықтың құдіреті. Тіпті, біздің еңбегіміз дүниежүзі қазақтарының да үлкен сұранысын тудыруда. Жалпы, мен Батыс Қазақстаннан айналдым! Оларға өте ризамын. Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Құлсары, тағы басқа ба-тыс өңірлерінен көп тапсырыс келіп түседі. «Ыреке, затыңызды көрдік. Қызымызға мәңгілік есте қаларлықтай жасау жасап беріңізші» деп, бірден тоқ етерін айтады.

- «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» демекші, қолөнерге анаңыз баулыған шығар? Бәрі неден басталды?

Жазира Төлеуханова- Ә ж е м к и м е ш е к к и г е н .

Кимешектері сондай әппақ, әп-әдемі. Жиегін маржандай қылып өрнектеп, кестелеп отыратын. Қызыға қарайтынмын. Қасында отырып, ине сабақтап беремін. Іс жылдам өнсін деп, иненің жібін ұзын қылып суырады екенмін. Сонда әжем:

жүрген достарым: «Сенің есің дұрыс емес, қаншама қаражат жұмсайсың. Мұның бәрі кімге керек?» деп сенімсіздік білдіретін еді. «Әлі бұл дүниелерге кезекке тұратын кездерің де келеді» дедім мен. Міне, бұл уақыт та келіп жетті. Ұлттық дүниемен таңғалдыруға болатындығына қалталы азаматтардың да көзі жетті.

- Қазақ қашан да қыздың жаса-уына аса мән берген халық қой. Қазіргі күні осы салт өз деңгейінде жалғасып жүр ме?

Алтынай Маратқызы- Бес жылдың ішінде екі адамды

көрдім. Ең эксклюзивті көрпелерді алып кетеді. «Қызыңызға сырға салды ма?» десем, «жоқ» дейді. Сөйтсек, қыздары әлі кішкентай 4-5 жаста ғана екен. Міне, осын-дай мәдениетті қалыптастыру керек. Әрине, кішкентай кезінде қызбен бірге отырып, апа-әжелер шүйіркелесіп, іс тігіп, қыз жасауының өзіндік мағынасы жаңғырса, қыздың да тәрбиесі нығаяр еді деп ойлаймын.

- Қазақ қыздарының киім киісіне, жүріс-тұрысына көңіліңіз тола ма? Ана ретінде оларға қандай ақыл айтар едіңіз?

Әбілмансұр, мұғалім- Шашы ұзын, маңдайы ашық

қыздарды жақсы көремін. Етегі қысқа қыздар ұзақ уақыт бойы күйеуге шыға алмай жүреді. Олар қанша жерден тартымды, сүйкімді болса да, ойын-күлкі үшін ғана деп қабылданады. «Бағым ашыл-сын» десеңдер, қазақтың әшекей-бұйымдарын тағып, етегі ұзын көйлек не болмаса жарасымды кәжекей киіп жүріңдерші. Бір рет болсын киіп көріңдер, айырмашылықты – қазақ

«КАЗАК YЛТТЫКНЕГIЗIНЕ ОРАЛУДА»

«Кесте тез жүрсін десең, сабағың қысқа болсын» деп үйрететін. Өте қарапайым болса да, өнегелі мектеп еді.

- «Алтын орда» қалай ашыл-ды? Кәсіпкерліктің алғашқы кезі қандай еді?

Гүлдана Нұрмұхамбетова- Мәскеуде жүргенде, қонаққа

барамыз. Сонда міндетті түрде қазақтың кәдесін өз қолыммен жа-сап, алып баратынмын. Елге келіп, «осы жұрт қолөнерді ұмытта ма екен, әлде естерінде бар ма?» деп, 2009 жылы әдемі төрт көрпе жа-садым. Ең алғашқысын ақтөбелік әжей алды. Кейін қасымда көмекшім бар, екеулеп осы іспен айналыса бастадық. Ол кезде үлкен бизнесте

қыздарының артықшылығын бірден байқайсыздар.

-Қолөнерден басқа қандай өнеріңіз бар? Әкеңіздің ақындық қасиеті бұйырған болар?

Рахымжан, архитектор- Шығарманы жақсы жазамын.

Жай сөзді ұнатпаймын. Астарлы сөзді қадірлеймін. Салт-дәстүрге қатысты заманауи энциклопедия шығарғым келеді. Баспагерлермен, этнограф ғалымдармен жұмыс жасау үстіндеміз. Кейде жақсы бір ойлар келе қалады, ұмытылмай тұрғанда жазып алатын әдетім бар. Мысалы: «Әдемі қыз – көзге, әдепті қыз көңілге жақын», «Салты мықтының – халқы мықты», «Ашу – алқымнан алатын долы күш».

Дайындаған Мәдина ЖАҚЫП