3 5 Жаңарған өңір - zhanarganonir.kz · Рухани жаңғыру 14 сәуір 2018...

8
Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті. Батыс Қазақстан облысы. Газет 1934 жылдан бастап шығады №15 (7674) [email protected] СЕНБІ 14 сәуір 2018 жыл Жаңарған өңір 2 www.facebook.com/zhanarqan_onir http://www.zhanarqanonir.kz 5 3 Рухани жұтаңдық аздырады Деннің саулығы - бастың байлығы Жуырда Тараз қаласында «Балауса жұлдыздары» орталығының I халықаралық «Жас толқын» байқауы оздырылды. Аталмыш байқауға Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің жоғары санатты ұстазы Гүлбар Тұрланқызының оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқау нәтижесінде Гүлмаржан Ғиниетолла II орынды жеңіп алса, Назерке Ғұбашева, Әсем Серікқалиева, Жаннұр Абай, Алмас Мақсотов, Ботагөз Қарағойшиналар III орынға ие болды. Сонымен қатар, домбырашылар квинтеті мен квартеті осы байқаудың лауреаттары атанды. Гүлбар Тұрланқызына және оқушыларына шығармашылық табыс тілей отырып, әрқашан биіктерден көріне берулеріне тілектестік білдіреміз. Ұлпан ӘЛІБЕКҚЫЗЫ, Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің оқытушысы. Балғын домбырашылардың жеңісі Ақтөбе қаласында халықаралық V «Ақбөбек» балалар конкурс фестивалі оздырылды. Аталмыш байқауға Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің оқытушылары - Ханзада Бейсенғалиева мен Ұлпан Наурызғалиеваның шәкірттері қатысып, жүлделі оралды. Атап айтсақ, «Домбыра» номинациясынан орта топ бойынша қатысқан Аружан Нұрболат (жетекшісі Ұ.Наурызғалиева) алғысxатпен марапатталды. Бұдан бөлек Х.Бейсенғалиева жетекшілік ететін домбырашылар тобынан құрылған «Ақжелең» триосы қазылар алқасының көңілінен шығып, II орынды еншіледі. Сондай-ақ, Х.Бейсенғалиеваның оқушылары Әдемі Жаданова III орынға, Інжу Қайыржанова жүлделі II орындарға ие болды. Оқушыларымызға әрқашан жеңіс, оқытушыларымызға шығармашылық табыс тілейміз . Амангүл СИСЕНОВА, Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің оқытушысы. Жерлес палуандар жерге қаратпады Орал қаласында самбо күресінен спорт ардагерлері арасындағы әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Тілекқабыл Қамзиевті еске алуға арналған самбо күресінен III республикалық ашық турнир өтті. Бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен палуандар қатысып, өз бақтарын сынады. Байрақты бәсекенің бозкілемінде атой салған жаңақалалық палуандардың да қанжығалары майланған болатын. Атап айтар болсақ, 100 келі салмақ дәрежесінде Жайсаң Есекенов (50-54 жас ерекшелігі бойынша), 82 келі салмақта Замир Батыров (40-44 жас) алтыннан алқа тағынса, 90 келі салмақта Нұрбек Сұпығалиев (35-39 жас) қола жүлдені еншіледі. Сондай-ақ, 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында Жалғас Тілекқабылов (42 келі) ақтық сында Жамбыл облысының палуанын 11:2 есебімен ойсырата ұтып, жарыстың жеңімпазы атанды. Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ. Тараздан жүлдемен оралды Қара базар жағдайы қашан түзелмек?

Upload: others

Post on 08-Oct-2020

13 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 3 5 Жаңарған өңір - zhanarganonir.kz · Рухани жаңғыру 14 сәуір 2018 жыл Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Бола-шаққа

Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті. Батыс Қазақстан облысы.

Газет 1934 жылдан бастап шығады

№15 (7674) zһ[email protected]

СЕНБІ14 сәуір 2018 жыл

Жаңарған өңір2

www.facebook.com/zhanarqan_onir http://www.zhanarqanonir.kz

53

Рухани жұтаңдық аздырады Деннің саулығы - бастың байлығы

Жуырда Тараз қаласында «Балауса жұлдыздары» орталығының I халықаралық «Жас толқын» байқауы оздырылды. Аталмыш байқауға Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің жоғары санатты ұстазы Гүлбар Тұрланқызының оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Байқау нәтижесінде Гүлмаржан Ғиниетолла II орынды жеңіп алса, Назерке Ғұбашева, Әсем Серікқалиева, Жаннұр Абай, Алмас Мақсотов, Ботагөз Қарағойшиналар III орынға ие болды.

Сонымен қатар, домбырашылар квинтеті мен квартеті осы байқаудың лауреаттары атанды.

Гүлбар Тұрланқызына және оқушыларына шығармашылық табыс тілей отырып, әрқашан биіктерден көріне берулеріне тілектестік білдіреміз.

Ұлпан ӘЛІБЕКҚЫЗЫ, Қ.Жантілеуов атындағы балалар

саз мектебінің оқытушысы.

Балғын домбырашылардың

жеңісі

Ақтөбе қаласында халықаралық V «Ақбөбек» балалар конкурс фестивалі оздырылды. Аталмыш байқауға Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің оқытушылары - Ханзада Бейсенғалиева мен Ұлпан Наурызғалиеваның шәкірттері қатысып, жүлделі оралды. Атап айтсақ, «Домбыра» номинациясынан орта топ бойынша қатысқан Аружан Нұрболат (жетекшісі Ұ.Наурызғалиева) алғысxатпен марапатталды. Бұдан бөлек Х.Бейсенғалиева жетекшілік ететін домбырашылар тобынан құрылған «Ақжелең» триосы қазылар алқасының көңілінен шығып, II орынды еншіледі. Сондай-ақ, Х.Бейсенғалиеваның оқушылары Әдемі Жаданова III орынға, Інжу Қайыржанова жүлделі II орындарға ие болды.

Оқушыларымызға әрқашан жеңіс, оқытушыларымызға шығармашылық табыс тілейміз .

Амангүл СИСЕНОВА, Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің оқытушысы.

Жерлес палуандар жерге

қаратпадыОрал қаласында самбо күресінен спорт ардагерлері арасындағы әлем

чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Тілекқабыл Қамзиевті еске алуға арналған самбо күресінен III республикалық ашық турнир өтті. Бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен палуандар қатысып, өз бақтарын сынады.

Байрақты бәсекенің бозкілемінде атой салған жаңақалалық палуандардың да қанжығалары майланған болатын.

Атап айтар болсақ, 100 келі салмақ дәрежесінде Жайсаң Есекенов (50-54 жас ерекшелігі бойынша), 82 келі салмақта Замир Батыров (40-44 жас) алтыннан алқа тағынса, 90 келі салмақта Нұрбек Сұпығалиев (35-39 жас) қола жүлдені еншіледі.

Сондай-ақ, 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында Жалғас Тілекқабылов (42 келі) ақтық сында Жамбыл облысының палуанын 11:2 есебімен ойсырата ұтып, жарыстың жеңімпазы атанды.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ.

Тараздан жүлдемен оралды

Қара базар жағдайы қашан түзелмек?

Page 2: 3 5 Жаңарған өңір - zhanarganonir.kz · Рухани жаңғыру 14 сәуір 2018 жыл Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Бола-шаққа

Рухани жаңғыру 14 сәуір 2018 жыл

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Бола-шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы еліміз үшін дер кезінде жарияланған маңызы мол құжат болды.

Біз, бүгінгі аға буын өкілдері ата-анамыздың аузынан аштық пен жоқтықтың әңгімесін естіп, шет жағасын көріп өстік. Ол кезде баланы Алланың бергені деп қарайтын қай үйде де қара домалақтар қарындары жалтырап өріп жүретін-ді. Біз де солардың біріміз. Соған шүкірлік етіп отыратын әжеміз «үйге кісі келеді» десе қуанышты рең танытып, ескі текеметін қағып, тозығы жете бастаған көрпелерін сілкіп салатын. Үйдің тазарғаны бізге де ұнап, «ақылды» бола қалатынбыз.

Еліміз қоғам өзгерген өлара кезеңнен өтіп, жаңа үй болған жалшының баласындай күй кешіп, одан әлемдік қаржы дағдарысына килігіп, қат-қабат қиын кезеңдерге тап болды. Сол тұста көлігімізді сайламай, көшіміз түзелмейтінін ұққан Елбасымыз елдің экономикасын дамытуды бірінші кезекке қойды. Нарық заманының қағидасы сол – әркім қандай жолмен болса да жағдайын дұрыстауға тырысты. Адами тәрбиеміздің сәл тоқырағаны да осы тұс. Елбасы саясаты өз нәтижесін берді. Ел дамыды, кәсіпкерлік дамыды. Әр шаңыраққа шыр бітті. Бірақ кісілігіміз кенжелеу қалған еді. Осы кезеңде Президентіміздің көрегендігінен туған мақаласы көрпесін қағып салған әжеміздің ісіндей болып, сансыраған санамызды сілкіп берді. Адами қасиеттеріміздің, рухани құндылықтарымыздың көзін ашты.

Рас, қазақ халқы бұрын да рухани жұтаң ұлт болған жоқ. Көпті бастар көсемдігі де, сөз бастар шешендігі де, мәйекті мәдениеті де, салауатты салт-дәстүрі мен ғұрпы да әлемдегі ешбір елден кем болмаған. Оны көне тарих, шежірелеріміз дәлелдеп келеді. Ұлылық та ұлтымызда о бастан бар қасиет. Оны марқұм әжем маған дәлелдеп кеткен екен.

«Қалай?» дейсіз бе? Көк жәшігі (теледидар), ұялы телефоны, интернеті жоқ сол кезде біздің ойыннан шаршағанда жиналатын жеріміз әжеміздің қасы, тыңдайтынымыз соның әңгімесі еді.

Қазір ойлап отырсам, бүгін біз данышпандар деп бас иетін Конфуций, Эпиктет, Талмуд, Джон Рескин, Влас Паскаль, Марк Аврелий, басқа да мықтылардың әулиелік сөздерін мен алғаш сол әжемнің аузынан естіппін. Өзі өлгенше әкемнің өгей анасы екенін де білдірмеген, әріп танымайтын, мейірімі мол әжем жоғарыда аталған данышпандарды оқыған жоқ, ешкімнен естімегені де ақиқат. Демек, ұлтымыздың ұлылығын танытатын әжем айтқан есті әңгімелер ата-бабамыздан қалған сөз екені даусыз.

Ойын үстінде бір-бірімізге өкпелеп, алакөзденіп, кектеніп, өш алуды ойлап келсек, басымыздан сипаған әжеміз:

-«Таспен атқанды аспен ат» деген, «Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық

- ер адамның ісі». «Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді»... деп, татуластырып, бауырластырып отыратын.

Әжем айтқан осы сөздердің «Чем отомстить своему врагу? Стараться делать ему как можно больше добра» деген Эпиктеттің, «Плати добром за зло» деген Талмудтың сөзінен қай жері кем? Дәлме-дәл аудармасы сияқты емес пе? Осыдан кейін қазақты надан деп көрші!

Әжем бізге таңертең сәлемдесудің дұрыстығын ұқтырып өсірді. Осы тәрбиені ұстануды ұсынған маған қолымдағы келінім:

-Әке, бір үйден өрмейміз бе?-дейді күліп.-Дұрыс, балам. Көршілермен де кешке дейін көріп,

әңгімелесіп жүресің. Таңертең сәлем бересің ғой. Сол сияқты екі бөлмеде ұйықтап өрген бізге де сәлемдесу артық етпейді. «Сізге Алланың нұры жаусын» деп күлімдеп сәлемдесу арқылы сен бізге жан жылуын сыйлайсың. Ол бізді қуанышқа бөлейді, көңілімізді өсіреді...

Қазір келінім мен немерем ұйқыдан тұрғанда сәлем беріп тұрады. Дұрыс емес пе?!

Зайыбым екеуміз таңертең жұмысқа шыққанда үнемі бір жас келіншек қарсы болады. Сәлемдесу орнына бетімізге бажырайып бір қарап өте береді. Бұл біздің көңіл күйімізді бұзады, ренжітеді. Себебі – таныспыз, мектепте алдымыздан өтті, үйі көрші болса, қазір бір жиеннің әйелі. Сәлем беруді білмеуі санасыздығы емес пе?

Қайран әжем, қандай есті адам еді. Болмашы ісімізге мақтау естуге құмартсақ:

-Балам, мадақ пен атақ іздеме, сұрап алған атақ абырой әпермейді. Атақ сені іздесе, ол құрмет,-деп отыратын. Осы сөздің дұрыстығына қанша рет куә

болып келемін. Ал, оған мән бермей, жақсы ат әпермейтін атақ қуғандар қаншама?

Орынсыз тәкаппарлық та әкеңнің ескі шапанындай қолпылдап, адам бойына жараспай тұрады. Ол да абырой әпермейді. Бірақ төңірегіндегілерді көзге ілмей, өзінің көркін, оқығанын, байлығын малданып жүретіндер көп-ақ.

Ұлтымыздың «Қанағат қарын тойдырады...» деген сөзінде қандай мағыналы астар жатыр. Қанағатты, шүкірді білмей, құныққандардың байлықтан қандай опа табарын да өмірдің өзі көрсетіп жүр емес пе?

«Семіздікті қой көтереді» деген, жоғарыда айтқан атақты алып жүру де екінің бірінің қолынан келмейтін оңай шаруа емес-ау деймін. Өйткені, кәсіпкер бір ініміздің арқасында ауылымызға қазақтың маңдайына біткен небір өнер саңлақтары жиі келіп тұрады. Әрине, тегін келмейді, жалданып келеді ғой. Біз «жұлдыз» санаған солардың адамдық келбеті еріксіз қынжылтады. Араққа тойып алып, аузына келген сөзді айтып отырған оларды көргенде көңіліміз құлазиды.

Қазақ қызық құмар халық. Қызық болғанда аталарымыз сияқты ат шаптырып, көкпар тартып, палуан күрестіріп, жамбы атып, ақындар айтыстырып, ұлттық өнерімізді ұлықтап жүрсек орынды ғой. Қазіргілер құмар ойынға тым құлықты. Кәсіпкерлердің картаға қомақтылап қаржы салып ойнайтынын жиі естиміз. Маңдай терімен тапқан қаржы картаға кетсе, қабақ шытпайтын солар аз қамтылғандар мен мүгедектерге қайырымдылық жасауға келгенде ат-тондарын ала қашады. Неге? Қайырымдылық ісінің сауабы мол емес пе? Немесе сол қомақты қаржыны туған жерін түлетуге жұмсаса, ел игілігін көрмес пе еді? Елбасымыз есімізге салған орынсыз ысырап, шашпашылдықтан да арыла алмай жүрміз. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге де әлі белсеніп кірісуге құлық таныта алмай жүрміз.

Қорытып айтқанда, қазіргі жерлестеріміздің бойынан табылатын осындай жат қылықтар бертін келе тұрмыс қалыптастырған санамыздың рухани жұтаңдығынан туған қылықтар екеніне ешкімнің таласы болмаса керек.

Бабаларымыз ешкімнен кем болмаған. Бүгінгі қандастарымыздың да ешкімнен кем болмауын көңіл тілейді.

Иә, тәрбиемізде сәл селкеулік болған шығар. Оны түзеу, кеткен олқылықтың орнын толтыру, еліміздің ертеңін жарқын етер салауатты ұрпақ тәрбиелеу біздің міндетіміз. Ел Президенті есімізге салып, міндет еткен осы мәселеге енжарлық танытпағанымыз абзал. Рухани жұтаңдық аздырады.

Ел боламыз, өркениетті елдермен иық түйістіреміз десек, осыны ескерейік, ағайын. Бұл біздің ұрпақ алдындағы парызымыз.

Өмірзақ АҚБАСОВ.

рухани жұтаңдық аздырады

Рухани жаңғырудың алғышарты – ұлттық болмысымызды қалыптастыру, бәсекеге қабілетті болу, құндылықтарымызды насихаттау. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ХХІ ғасырда заман талабына сай өзгерістер енгізе отырып, жаһандану бағытында мәдениетімізді жаңғырту керек екенін айтып өткен.

Әр ұлттың өзінде ерекшелігі бар: тілі, діні, ұстанымы, салт-дәстүрі, мәдениеті және тағы басқалар. Соның ішінде, қазақ ұлты өте ертеден мәдениеті мен дәстүрін атадан балаға мұра етіп, «көздің қарашығындай» сақтап келеді. Қазіргі жаһандану, цифрлық технологияның қарқындап дамуы құндылықтарымызға қауіп-қатер тигізуі мүмкін.

Осы бағытта тіліміз, дініміз, мәдениетімізге бетбұрыс жасалып, ұлттық кодты сақтауда бағдарламалар дайындалып, жүзеге асырылуда. Ұлтты ұлт етіп тұрған екі темірқазық – тіл және дін. Ана тілі – ол ұлтымыздың басты ерекшелігі. Кезінде батыр Бауыржан Момышұлы: «Қазақ тілі еш уақытта өзімен көрші халықтардың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалмағаны, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігіне мың жылдық көне тарих куә» деп жазған еді. Яғни, өзіміздің ана тілімізге аса мән берілуі керек. Осы бағытта қолға алынып жатқан жоспарымыз латын әліпбиіне көшуіміз. Мүмкін, сонда қазақ тілінің мерейі асқақтап, халықаралық деңгейге шығаруға септігін тигізер.

Қазақ елі көне замандардан бері өзінің ұлттық салт-дәстүрлерін, ырым-жоралғыларын сақтап келе жатқан халық. Оның барлығы дұрыс. Ол ұрпақтар сабақтастығымен жалғасын тауып отыруы керек. Сонда ғана ұлттық жаңғыру болады. Егер, халқымыз өзінің салт-санасынан айырылатын болса, онда үлкен қауіп төнеді. Өйткені, ұлт ретінде сақталу үшін ұлттық мүдде бірінші орында тұруы шарт.

Ұлттық бірегейлікті сақтау арқылы қазақ халқы өзге өркениеттер тегеурініне төтеп береді және біртұтас ұлт ретінде сақталады. Ол үшін жоғарыда айтылған ұлттық материалдық және рухани мұраларға дұрыс мән беріліп, оларға құрметпен қарау қажет.

Еліміздің болашағы – жастар. Оларға ұлттық тәрбиені үйрету керек, тарихи танымдары күшті болса, ұлттық рухтары да жоғары болады. Сонда ғана патриоттық сезім орнап, елі мен жері үшін маңдай терін төгеді. Кез келген жаһандық сын-қатерлерге бой алдырмай, өзінің ұлттық мүддесін қорғап шығатындығы анық.

Айтолқын АСҚАРҚЫЗЫ.

Құлаққағыс Жөн іске ілкімділік танытайық, ағайын

Біраз уақыттан бері адамды бақи дүниеге аттандырардағы және кәделі күндеріндегі дастарқан мәзірі жөнінде айтылып, баспасөз бетінен түспестен жазылып та келеді. Бұл жөнінде ауданымыздың ақсақалы Тәжиев Молдағали ағамыздың да пікірлері облыстық, аудандық басылымдарда жарияланып жүр.

Әлеуметтік желілерден еліміздің кейбір аймақтарында қаралы дастарқанға қойылатын тағам түрлері белгіленіп, сол аймақтардың қарияларының шешімдерімен бірауыздан қаулы қабылданып, ортақ мәміле, ұйғарымға келгендерін де оқып жүрміз.

Бұл жөнінде «Өлім байдың малын шашады, кедейдің артын ашады» деп қазақтан асырып айтқан халықты әзірге естімедім.

Ең сорақылығы сол қаралы дастарқанның да қазір бәсекеге айналып бара жатқаны. Мұның соңы онсыз да қайғыға батып отырған шаңырақты одан сайын тұралатып, қаншама рәсуаға ұшыратады десеңші.

Дегенмен, соңғы уақытта бұл бағытта да оң нышандардың болғаны құлағымызды елең еткізді.

Ақпан айының 24-жұлдызында ел-жұрты, ағайын-туыстары ауданымыздың ардақты азаматы Өтегенов Оразғали ағамызды бақилық мекеніне шығарып салды. Еліне сыйлы, халқына қадірлі азаматтың қабіріне топырақ салғанмен, мінәйі себептермен қаралы дастарқанына қатыса алмадым.

Сол садақа асында болған адамдардың айтуынша, дастарқанға артық ауыс ештеңе қойылмапты. Дастарқанды неше түрлі тағамдармен, көкөністің түрлерімен түрлендіремін десе Орекеңнің ғұмыр бойы жинаған дәулеті де, артындағы

ұрпақтарының жағдайы да жететін еді ғой. Міне, бұл да қанағатшылыққа бетбұрыс жасағанның нышаны екен деп риза болып қалдық.

Ақпан айының 25-жұлдызында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті журналисі Жаданов Мәжит ағамыздың дүниеден өткеніне жыл толды. Артында қалған ұрпақтары, шаңырағын ұстап отырған немересі Қуаныш пен Зарина біраз көзкөрген, үзеңгілес болған жұрттың басын қосып, қоғамдық орында Мәжақаңның рухына құран оқытты.

Үстел басында отырған бір топ адамдар дастарқан мәзіріне риза болдық. Дастарқанда алма, банан, қияр, қызанақ, түрлі салаттардың бірі де жоқ. Есесіне шелпегі, бауырсағы, бидайы, қаймағы, өрік-мейіз, қанты, ыссы тамағымен ақ дастарқан үсті жайнап тұр. Ешқандай кем-кетігі, оғаштығы жоқ.

Егер жоғарыда аталған көкөніс түрлерін қоямын десе, Қуаныштың да әл-ауқаты көтереді. Бұл орынсыз ысырапшылыққа ұшырамау жайын жастарымыздың да ойластыра бастағаны-ау деп көңіліміз марқайып қалды.

Ертеректе замандас құрбылары көрнекті жазушы Ғабиден Мұстафинді «сараңсың» деп мүйіздесе, Ғабең «Дорақы мырзалықтан сарабдал сараңдығым артық» дейтін көрінеді. Айтқандай, қуанышта да, қайғыда да аста-төк ысырапқа жол берілмегені жөн, ағайын! Осы айтылған бастамалар одан әрі жалғасын тапса, құба-құп болар еді.

Закария СИСЕНҒАЛИ, аудандық қоғамдық келісім

кеңесінің төрағасы.

Ұлттық болмысты сақтау маңызды

Page 3: 3 5 Жаңарған өңір - zhanarganonir.kz · Рухани жаңғыру 14 сәуір 2018 жыл Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Бола-шаққа

«Тазалық – денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі» дейді халқымыз. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тән мен рухани саулықты сезіну. Отанымыздың да келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауды қолдауында екені аян. Деніңнің саулығы жеке бас гигиенасын ұстану және тазалықты сақтаумен қатар, қоршаған ортаның да санитарлық жағдайларға сәйкес келіп, қорғалуы. Соның ішінде, күнделікті тұрмыстық кезеңде тұтынып отырған ет, балық тағамдарымыз аса жоғары талапты, тазалықты қажет етеді. Бұл тағамдардың көбірек сатылатын орны – қара базар. Онда санитарлық тазалық талаптары сақтала ма?

Кез келген нәрсенің санитарлық қадағалауына қатысты арыз-шағымдар мен талап-тілектер ауызекіде аталып кеткен «СЭС» мекемесіне келіп түсетінін білеміз. Әсіресе, біздің аудан орталығындағы ашық базарда ешқандай санитарлық-гигиениалық талаптарға сай келмей сатылатын азық-түліктерге қатысты шағымдар жиі айтылып жатады. Редакциямызға ауыл тұрғыны М.Қ. деген азаматша келіп, осы мәселеге қатысты сұрағын қойған болатын. Осы бағытта жұмыстанып, жауабын оқырмандар назарына беруді жөн көрдік.

-Аудан орталығының ескі базар деп аталып кеткен ашық алаңқайында, көліктердің зулап өтіп жатқан жол жиегінде ет, балық секілді тағамдар ашық күйінде сатылады. Бұл тағамдарды үстінен әркім ұстап, қасына барып қарайды. Ашық күйінде сатылатын тағамдарға СЭС, әкімшілік тарапынан қандай тосқауыл қойылады?

Аудандық ҚДС басқармасының басшысы Р.Ибрагимов:

-СЭС тарапынан қазіргі таңда кез келген жеке кәсіпкерге барып тексеріс жасай алмаймыз. 2014 жылдың 27 қаңтарында Н.Назарбаевтың Жарлығымен 2014 жылдың 2 сәуірінен бастап шағын және орта бизнестерді тексеруге жарияланған мараторий бойынша алдымен прокуратураға шағым түсіру немесе кәсіпкерлік палатаға жүгіну керек.

Негізінен кез келген өнімнің сертификаты болуы міндетті. Ет, балық өнімдерін сатып алар кезде рұқсатнамаларын сұрауға құқығыңыз бар. Мал өнімдерін сататын саудагерлер малдың ауырмайтындығы жөнінде анықтама алуға тиіс. Бұл құжат-тар аудандық ветеринариялық лабораторияда беріледі.

Ауылдық округ әкімі А.Ахметовтің берген анықтамасы бойынша ашық базарда сауда жасауға тыйым салынған. Саудагерлерге ел аузында «Сапардың базары» деп аталып кеткен жерден орындар берілгенін ескертіп айтып өтті.

-Арнайы жер бөлініп берсе де, саудагерлердің көшпей отырғанын байқап жүрміз. Себебі, «қара базар» халықтың сауда жасайтын әрі алушы көп келетін үйреншікті жері, бір жағынан «Сапар базарында» саудагерлерге орынды жалға алу құны қымбаттау болған соң көшпей отыр деп ойлаймын. Олардың әкелетін тауарлары бір күн бар да, бір күні жоқ болады. Бұл нәрсені қолға алудамыз. Ішкі саясат бөлімімен келісіп, «Бәйтерек» дүкенінің алдында тұрған такси жүргізушілерін толықтай «Сапар базары» жаққа көшіруді, салық төлеуден жалтарып жүрген жеке кәсіпкерлерді қолға алғалы жатырмыз. Алдағы уақытта халықты сол жерге жинау көзделуде,-деп хабардар етті.

Сонымен қатар, тексерістер жүргізетін аудандық ішкі істер бөліміне төмендегідей сауал жолдаған болатынбыз:

-2017 жыл мен 2018 жылдың осы уақыт аралығында қанша саудагерге айыппұл салынды және қандай көлемде? Жалпы тексеріс қалай жүзеге асады? Айыппұл көлемі қанша?

А.Айтекешов, АІІб ЖПҚ бастығы, полиция майоры:

-Әкімшілік құжаттама бойынша, біз ашық алаңқайды сауда орнына айналдырып алған саудагерлерге бірінші ескерту жасаймыз. Бір жылдың ішінде екінші мәрте қайталанатын болса 24050 теңге көлемінде айыппұл салынады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, ауданда рейд, тексерістер жүргізіліп, анықталған заң бұзушылықтар бойынша 2017 жылдың 12 айында ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы 1-бөлімімен 12 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалса, 2018 жылы 7 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 7 тұлғаға ескерту берілді. Тексеріс жүргізуге арнайы уақыттар белгіленеді, себебі олардан басқа бізге міндеттелген жүк пен атқарылатын істер жетерлік.

«Сапардың базарынан» орын берілгенін жоғарыда ауыл әкімі айтып өтті. Алайда, ол жердің

құр өзі беріліп қана қоймай, санитарлық талаптарға сай болуы керек екенін ескерген жөн. Біріншіден, су кіріп тұруы керек. Ет, балықты ашып, тазалап, бөлу жұмыстарын таза жүргізу үшін. Екіншіден, лабораторияға орын болуы керек, тексеріс жүргізуге. Үшіншіден, өнімдерді сақтайтын жер мен ауа желдеткіші болуы міндетті.

Жеке кәсіпкер С.Төлеуғали берген ақпаратта ет-балық сатушыларға әкімдікпен ортақ келісімге келіп жабық ғимараттан дүңгіршектер берілген. Мұқтаж саудагерлерге орын тегін ұсынылып отыр, тек жарық, газ секілді коммуналдық төлемдер өз қалталарынан төленеді екен. Жоғарыда айтылғандай сақтау орындары, лаборатория сияқты мүмкіндіктер жасалмағанымен, тегін, жабық ғимаратта сауда жасап, сол жерді ыңғайға

келтіріп, сатуға еш кедергі жоқ. Ет - тез бұзылатын тамақ

өніміне жататыны белгілі. Олардың белгiленген сақтау мерзiмi технологиялық процесс аяқталған (суытылған) сәттен бастап есептеледi. Ашық базарларға әкелінген ірі кесек еттер 72 сағат ішінде сатылғаны дұрыс. Алғашқы күннен қалған етті дұрыс сақтаса, одан кейінгі екі күн ішінде бұзылмайды. Сол ет кесектерін келесі күнге дейін мұздатқышта қатырмай +1-2 градус температурада сақтаған жөн. Базарларда сатылатын балықтың да түр-түрі кездеседі. Соның ішінде жаңа ұсталған балық тез бұзылатын тағам түріне жатады. Оны 0 мен -1 градуста сақтап, тезірек саудаға шығарған дұрыс.

Уақытылы тексерістерден өткен, таза өнімді тұтыну үшін халық өз атынан талаптар қоя білуі керек.

Атқарылуы керек жұмыстарды бір-бірімізге допша домалатуды доғарған дұрыс. Бұлай жалғаса берер болса, астың адалдығына кім жауап береді сонда? Орындар мәселесі әлі толық шешілмегені анық. Шешілген күннің өзінде, ол жер санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келуі керек. Енді, содан кейін қара базар саудагерлері көшуден бас тартса, заң жүзінде қатаң шара қолданылуы тиіс.

Көктем мезгіліндегі балшық, жаздағы ала-топалаң шаңның астында тұрған тамақ арқылы уланса, «жаман айтпай, жақсы жоқ», халықтың денсаулығына кім жауап бермек?

Тағамның сапасы мен қауіпсіз екеніне сенімді болғыңыз келсе, рұқсат етілмеген жердің өнімін алмаңыз. Сатушыдан етті өнімді алар кезде ветеренариядан алынған сертификатты немесе зертханалық нәтижелерді талап етіңіз. «Сақтансаң сақтаймын» дегенді ұстанып, әркім өз денсаулығы үшін жауап берері хақ.

Құзіретті мекемелерден халықты денсаулығына, өнімдердің сани-тарлық-гигиеналық талаптарға жауап беруін қадағалау сұралады.

Айтолқын АСҚАРҚЫЗЫ.

14 сәуір 2018 жыл Мәселе

Жоба

Жаңақала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №15-4 “Жаңақала

ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының

тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы қаулысын" және Жаңақала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №15-4 "Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешімін негізге ала отырып Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Жаңақала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №15-4 "Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3415 тіркелген, 2014 жылғы 1 наурыздағы "Жаңарған өңір" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасындағы:

8-тармақтың 4 тармақшасы алынып тасталсын.2. Жаңақала аудандық мәслихат аппаратының басшысы

(С. Успанова) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Мәслихат хатшысы З.Сисенғали.

Проект

О внесении изменения в решение Жангалинского районного маслихата

от 24 декабря 2013 года № 15-4 "Об утверждении Правил оказания социальной

помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий

нуждающихся граждан Жангалинского района"

В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан “О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан” от 23 января 2001 года и постановлениями Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 “Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан” и решеним Жангалинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года №15-4 “Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жангалинского района”районный маслихат РЕШИЛ: 1. Внести в решение Жангалинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года №15-4 “Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жангалинского района” (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №3415, опубликованное 1 марта 2014 года в газете “Жаңарған өңір”), следующее изменение :

в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жангалинского района исключить подпункт 4 пункта 8.

2. Руководителю аппарата Жангалинского районного маслихата (С.Успанова) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых акт Республики Казахстан.

3. Настоящее решение вводится в действие после первого официального опубликования.

Председатель сессииСекретарь маслихата З.Сисенғали.

Қара базар жағдайы қашан түзелмек?

Page 4: 3 5 Жаңарған өңір - zhanarganonir.kz · Рухани жаңғыру 14 сәуір 2018 жыл Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Бола-шаққа

14 сәуір 2018 жыл

Жаңарған өңір 4 Ел-жұрт

Шабындыққа су алу сөз болды

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің ауылдық округ тұрғындарымен «Ашық есік күні» шеңберінде өткізілетін сход жиналысы Жаңажол ауылдық округінде жалғасты. Жиын басталмас бұрын ауылдық әкімдіктің ғимаратында мекеме және дербес бөлім басшылары алдын ала қабылдауға жазылған 7 ауыл тұрғынын жеке мәселелерімен қабылдап, тұрғындардың алға тартқан мәселелеріне орай ақыл-кеңестерін берді. Жаңажолда өткен жиынның күн тәртібіне бір-ақ мәселе қойылды. Ол ауыл әкімі Асылан Оразалиевтің есептік баяндамасы. Ауыл әкімі өз баяндамасында есепті кездесуде берілген тапсырмалардың орындалу барысымен қатар, ауылдық округ бойынша атқарылған істер, елді мекендерді абаттандыру, тазалық айлығы, жаз маусымында ауыл малдарын бақтыру мен алда тұрған міндеттер туралы хабарлады. Ауыл әкімінің баяндамасынан соң ортаға шыққан ауыл ақсақалы Жүзжасар Шабақов қыстың ұзарып кетуі салдарынан ауыл тұрғындарының мал азығы таусылып, бірқатар қиындықтар тудырғанын айтып, бұндай оқиға орын алмау үшін шабындыққа шыққан суды шаруа қожалықтары бұрмаламай, суды ерте, әрі тегіс жіберу қажет

екенін алға тартты. Сондай-ақ, ақсақал өз заманындағы қ и ы н - қ ы с т а у жылдарды еске ала отырып, жастарды м а с ы л д ы қ т а н арылып, ұйқыны азайтып, еңбек етуге шақырды.

- Биыл әкімдіктен сұрағанымда көл-табандарға су шықса, шабындық жерлер ауылдың 120 адамына бөлініп беріледі деген болатын. Сол жерлер тек малы бар

адамдарға ғана және мал басына қарай өлшеп берілсе екен. Ал шабындыққа мал түспей, шөп бітік шығуы үшін оны қору керек. Сол қору жұмысын өзіміз ауыл болып ұйымдастырайық. Әр отбасынан 500 теңгеден жинар болсақ, 50-60 мың ақша жиналады. Сол ақшаны мініс аты бар бір адамға жалақы ретінде ай сайын беріп, шабындықты қорыту керек деген ұсынысымды айтқым келеді. Тағы бір айтарым - біздің ауылда ұялы байланыс шамалы, сол ұялы байланысты қалыпқа келтірсе құба-құп болар еді. Сонымен қоса аудан орталығына барарда мектептің автокөлігі ауыл тұрғындарынан ақша алады. Осы қаншалықты заңды?-деп пікірін айтып, ортаға сауал тастаған ауыл тұрғыны Серік Базарбаев, ауылдық амбулаторияда тегін дәрілердің жоқтығын да мәселе қылып көтерді. Одан әрі Жексен Тілегенов қария шабындық пен жер мәселесін қаузаған болса, «Айдархан» ЖШС-нің басшысы Серік Хайырбеков тұрғындардың сұрағына орай шабындықтарға шығатын су жолдарының бағыты туралы түсінік берді. Тұрғындардың сауалдарына тұшымды жауап қайырып, қорытынды сөз сөйлеген аудан әкімі биылғы жылы Қараөзенге су келіп болғанын, ал Сарыөзенге су жеткілікті келетінін тілге тиек етіп, жаңажолдықтардың көптен күткен мәдениет үйі құрылысына 231 млн. теңге қаржы бөлініп, биыл құрылысы басталатындығы жөнінде жағымды жаңалығын жеткізді.

Н.ҒАББАС.

Жаңақазанда өрт сөндіру қосыны салынбақ

Тұрғындардың мұң-мұқтажы тыңдалып, өзекті мәселелер ортаға салынатын «Ашық есік күні» биыл Жаңақазан ауылдық округінен басталды. Жиын басында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ауыл т ұ р ғ ы н д а р ы н а жеке қабылдау өткізіп, тұрмыстық м ә с е л е л е р і н тыңдады. Аудан б а с ш ы с ы н ы ң қабылдауына 9 адам жазылса, соның екеуі жұмыс, біреуі тұрғын үй сұрап, бесеуі жеке мәселесін, біреуі ауылға ортақ мәселені алға тартты. Одан әрі аудан әкімі бастаған бір топ мекеме және дербес бөлім басшылары ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауыл әкімі С.Ғұбашев пен аудан әкімі Н.Қадырбайұлының баяндамасын тыңдады. Күн тәртібіне сай мінберге көтерілген ауыл әкімі ауылдық округтің статистикалық мәліметтері мен алда тұрған міндеттер туралы хабарлама жасай отырып, ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен есепті кездесуде берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады. Ауыл әкімінің баяндамасына сүйенер болсақ, өткен жылы берілген төрт тапсырманың үшеуі кейінге шегерілген болса, ауылға учаскелік полиция инспекторын тұрақтандыру, ол үшін оған тұрғын үй беру мәселесі бүгінгі күні шешімін тапқан екен. Сонымен қоса Сәкен Болатұлы ауылда күні кеше өрт оқиғасы орын алғанын, тілсіз жаудың ұлғайып кетуіне шабылған қамыстардың үй аулаларында сақталуы себепші екенін айтып, тұрғындарды сақтық шараларына шақырды. Сондай-ақ, «Келесі жылы шабылған қамыс айдын жағасына буылсын, не болмаса ауыл ішіне қамыс кіргізуге тыйым салатын боламыз» деп ескерту жасады. Ауыл әкімінің баяндамасынан соң өз пікірін ортаға салған И.Әлекешев ауыл мен аудан орталығындағы жолдың сын көтермейтінін айтып, аудан әкімінен тендрді ұтып алған мекеменің

жұмысын қадағалауды сұрады. Ал ауыл тұрғыны К.Арыстанбекова қамыс шабу жаңақазандықтардың атакәсібі екенін алға тартып, ауыл әкімінің қамысты ауылға кіргізбеу туралы ұсынысына наразылық білдірді. Сонымен қоса, ауылда бір жасқа дейінгі сәбилерге екпе егілмегенін мәселе етіп көтеріп, ауылды ауыз сумен қамтып отырған еңбекқор Алик Райко деген азаматтың су таситын автокөлігіне қосалқы бөлшектер алып беруге көмек сұрады. Келесі кезекте Берік Әбуов, Сәуле Өтеғазиева сынды ауыл тұрғындары қамыс қаупі, ауыл тазалығы, айдындағы балықтарға ауа жіберу жұмыстары мен малды қолдан ұрықтандыру немесе ауылға бұқа ұстау жұмыстарын ұйымдастыру, мектептегі спорттық секциялардың жұмыстарын жолға қою туралы бірқатар ауылға ортақ мәселелерді ортаға салды. Ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып болған соң, аудан басшысы тұрғындардың барлық сауалдарына жеке-жеке тоқталып, әр сұрақты талдап, саралап, көңілге қонымды етіп жауап қайтарды. Жиынды қорытындылаған Наурызбай Қадырбайұлы Жаңақазан ауылдық округінен өрт сөндіру қосыны салынатындығын жеткізді. Облыс басшысының тікелей тапсырмасымен салынайын деп отырған аталмыш қосынға қажетті қаражат бөлінгендігін айтып, ауыл тұрғындарын бір қуантып тастады.

Н.САҒЫНҒАЛИ.

Қамқор жандарға ризамызКезінде белгілі себеп-

термен Плантация аталған ауыл Пятимар ауылдық округіне қа-райды.

Округ орталығынан бір-бүйірлеу жатқаны болмаса ауылымыз өзен жағасында, мал өсіруге, тұрмысқа қолайлы.

Шағын ауыл тұрғындары ұйымшыл, бар мәселемізді бірлесе шешіп келеміз.

Ауылға көмектесуге ықыласты адамдардың бар-лығы да көңіл қуантады. Мысалға, ауыл тұрғыны Қасиет Еркінов сұйық газбен қамтуға жәрдемдессе, округ орталығында тұратын Салауат пен Талғат есімді азаматтар қалаға қатысымызды қамтамасыз етуде. Телефон шалып, сұраныс берсек, үйден алып кетеді, үйге әкеліп түсіреді. Жолақысы да арзан, 1000 теңге. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» деген, осындай қайырымы мол қамқор жандарға шексіз ризамыз.

Н.БҰҚАТАЕВА, Плантация

ауылы.

«Әкеге қарап ұл өсер»Әке – асқар тау. Отбасында әкенің алар

орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, тәлім-тәрбие беруге міндетті адам. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ. Мұхаммед (с.а.у) Пайғамбар: «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну» деген екен. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу балаға жарқын болашақ сыйлайды. Мектебімізде технология, бейнелеу өнері, еңбек пәндерінің апталығы оздырылды. Апталық аясында 5-10-сынып оқушылары арасында «Әкеге қарап ұл өсер» тақырыбында А.Жанболатқызы мен А.Құрманғазықызы әкелер мен балалар сайысын ұйымдастырды. Сайыстың мақсаты - халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл мұрасын насихаттау, әдет-ғұрып сақтауға баулу және отбасы ынтымақтастығын күшейту. Сайыс мынадай 5 кезеңнен тұрды: «Сәлем сөздің анасы», «Артық болмас білгенің», «Өнерлі өрге жүзер», «Маржан сөз», «Шебердің қолы алтын». Қатысушылар бірінші бөлімде өздерін таныстырса, екінші кезеңде оларға салт-дәстүрден сұрақтар қойылды. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде үйлестіріп берілген материалдардан әке мен бала әртүрлі бұйымдар жасады.

Мақал-мәтелдің жалғасын табуда Медхатовтар отбасы тез әрі нақты жауап берді. «Шебердің қолы алтын» бөлімінде әкелі-балалы Жұмағалиевтер жанұясы атадан балаға мирас болып келе жатқан ат әбзелдері: ер-тұрман, жүген, қамшы жасауды үйретті. Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Әліповтер жанұясы, ІІ

орынды Жұмағалиевтер отбасы, І орынды Медхатовтар отбасы иеленді. Әкелі-балалы Амангелдиндер отбасы «Ынтымағы жарасқан», Жұмағалиевтер жанұясы «Өнерлі отбасы», ал Арыстановтар отбасы «Өнегелі отбасы» бағамдарымен марапатталды.

Француз философы, жазушысы Жан Жак Руссо «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа - адам, қоғамға - қызметкер, мемлекетке - азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде-кім оны орындамаса айыпты» деген

екен. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты - балада» деген игі сөз бар. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екіншісі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса, адам өмірінің мәні – өз ұрпағы.

Жансая ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ, Ә.Жангелдин атындағы жалпы

орта білім беретін мектебінің кітапханашысы.

Page 5: 3 5 Жаңарған өңір - zhanarganonir.kz · Рухани жаңғыру 14 сәуір 2018 жыл Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Бола-шаққа

7 сәуір күні аудан тұрғындары Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтті. «Сау болу – сәнді!» ұранымен өткен денсаулық күні ауыл тұрғындарының көпшілік жүгіруімен басталды. Бұл күні салауатты өмір салтын қолдау мақсатында жүгіру үшін Жаңақала колледжі ғимаратының қасына жиналған халықтың қарасы көп болды. Оның ішінде егде жасқа келіп қалған аға-апаларымыз да, оқушы ұл-қыздар мен бүлдіршіндер де бар. Колледж жанындағы мәре сызығынан бастап жүгірген тұрғындар МАИ қызметкерлерінің бастауымен «Достық» алаңындағы сөре сызығына дейін жүгіріп өтті. Одан әрі мерекелік шара осы «Достық» алаңында жалғасын тапты. Бұл жерде аудан әкімінің құттықтау сөзінен соң аудан өнерпаздары мерекеге орай көңілді әндер орындап, спорттық билер биледі. Ал алаңға жиналған жұртшылық бойға қуат берер ритмикалық музыкамен жаттығулар жасап, кір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күресі сынды спорттық ойындардан сайысқа түсіп, мерекені көтеріңкі көңіл күймен өткізді. Сондай-ақ, алаңда аудандық орталықтандырылған аурухана ұжымы медициналық қалашық ұйымдастырып, ауыл тұрғындарының қан қысымдарын өлшеп, тегін кеңестер берді. Ән салынып, би биленіп, спорттық ойындар өткізіліп, тұрғындарды шаттыққа бөлеген мерекелік шара спорттық ойындарда жеңіске жеткен командалар мен жеке адамдардың аудан әкімінің алғысхатымен марапатталып, естелік суретке түсуімен аяқталды.

Н.ҒАББАС.

5Жаңарған өңір

14 сәуір 2018 жыл Ақпарат

Медициналық сақтандыру - уақыт

талабыЕліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - мемлекет

басшысының тапсырмасына сай қолға алынған Ұлт Жоспары – бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» 80-қадамына байланысты және Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі.

Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.

Бүгінгі таңда басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Сондықтан да денсаулыққа қатысты мәселелерді алдын ала ойластыру қашанда оң нәтиже бермек. Әр адам денсаулығы үшін өзі жауапты, дегенмен, мемлекет бұл мәселеде қарапайым халыққа көптеген жағдайларды, ұтымды және жақсы мүмкіндіктерді жасап отыр. Ендігі жерде бұған мемлекет және жұмыс беруші де белсенді араласпақ. Мысалы, сақтандыру жарналарын азаматтарға жұмыс беруші мекемелер төлеп отырады, ал жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен аударылады. Сондай-ақ, еңбекқор азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударады. Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.

Міндетті медициналық сақтандыруды екіге бөліп қарастырар болсақ, оның біріншісі – негізгі сақтандыру түрі. Бұл сақтандыру түріне мемлекеттік бюджеттен тегін көрсетілетін медициналық қызметтер кіреді. Ол еліміздің барлық азаматтарына қолжетімді болады. Мемлекет өз міндетіне медициналық қызметтердің бірнеше түрін алады. Мысалы, жедел жәрдем қызметін, санитарлық авиацияны, әлеуметтік маңызы бар ауруларға ем көрсетуді, төтенше жағдайда көмек көрсетуді және алдын алу шараларына қатысты екпелерді өз міндетіне алады. Ал, екінші түрі – міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында қаржыландырылатын сақтандыру. Бұл негізгі сақтандыруға кірмеген басқа да медициналық қызметтер түрін қамтитын сақтандыру болады деп көзделуде. Оған амбулаторлық-емханалық көмектер, ауруханада жатып емделу, жоғары технологиялық көмектер кіреді. Сақтандырудың осы түрі міндетті сақтандыру жүйесіне тіркелген азаматтар үшін қолжетімді болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарға 2020 жылға дейін амбулаторлық-емханалық қызметті бюджет есебінен тегін көрсету де қарастырылған.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек.

Еркін САПАРҰЛЫ.

Тиімді тамақтану - денсаулық негізі

5 сәуір күні ауданымыздың орталық ауруханасында мектептегі оқушылардың дұрыс тамақтануына қатысты мәселе төңірегінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Семинар мақсаты 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өмірдің барлық кезеңінде салауатты өмір салтын ұстану және нығайту негізінде өтті. Оған арнайы аудандық ҚДС басқармасының басшысы Р.Ибрагимов, жастар ресурстық орталығы басшысы Ж.Хайрелов,

ауданымыздағы мектеп мейірбикелері мен әлеуметтік педагогтері шақырылып, аурухана дәрігерлері қатынасты. СӨСҚ дәрігері Ж.Хасанова қатысушыларға «Мектеп оқушыларының тиімді тамақтануы» тақырыбында дайындаған баяндамасын оқыды. Онда дұрыс әрі тиімді тамақтану қағидаларын, оның бұзылуы неге әкеліп соғатынын, мектеп жасындағы

жасөспірімдердің тамақтану режимін, организмге қажетті ферменттердің түсу мөлшеріне тоқталды. Сонан соң, ҚДС басқармасының басшысы Р.Ибрагимов ішіп жүрген зиянды тамақтарымызды атап өтіп, олардың құрамына тоқталды.

-Шоколад батондары, чипсы, газдалған сусындар, «тез тағам» түрлері организмге мүлдем зиян. Соның ішінде, жас, өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа бермеу керек, - дей келе, кез келген өнімнің сертификаты болу

керектігіне тоқталды. Дөңгелек үстелде мектептегі балалардың тамақтануына қатысты сұрақтар қойылып, мәселені жан-жақты талқылады. Тұжырымды ойлар, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстанудың жолдарын айтып, пікірлер алмасты.

Айтолқын АСҚАРҚЫЗЫ.

Жеңіспен оралдыОрал қаласында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ

мүшелері арасындағы IV «Денсаулық» спартакиадасы өтті. Жарысқа 12 аудан және Орал қаласындағы орта мектептер, жоғары оқу орындарының ұстаздары қатысты. Барлығы 18 команда, 200-ден астам ұстаз бақ сынаған жарыста жаңақалалықтар жарқын жеңіспен оралды.

Спорттың тоғызқұмалақ түрінен жалпы командалық есепте Жаңақала ауданының ұстаздары I орынға ие болды. Ал, жекелей есепте ерлер арасынан Қайрат Шаутенов пен әйелдер арасынан Қаламхас Карина жарыстың жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, жеңімпаз тоғызқұмалақшыларға «Ақжайық» шипажайына тегін жолдама берілді.

Қ.ҚҰМАРОВ.

Деннің саулығы - бастың байлығы

Жаңақала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

Page 6: 3 5 Жаңарған өңір - zhanarganonir.kz · Рухани жаңғыру 14 сәуір 2018 жыл Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Бола-шаққа

14 сәуір 2018 жыл Қоғам

Белгілі қоғам қайраткері Сатқали Сапаровтың 90 жылдық еске алу шарасын өткізуді жыл басында жоспарлағанбыз. Жоспарлы «Еңбегі елге жаққан азамат» атты шарамызды қоғамдық негіздегі өлкетанушыларды қатыстыру арқылы жүзеге асырдық. Сондай-ақ, ағамыздың ұрпақтары мен көзін көрген қариялар шақырылды. Шара С.Сапарұлының өмір жолы туралы Т.Утешқалиевтың баяндамасымен ашылып, Н.Мақанов, Қ.Қайыржанов, А.Қойысов, Қ.Текебаевтай үзеңгілес болған ардагер ағаларымыздың естелік әңгімелерімен өрбіді.

Жаңақала ауданы 1972 жылы қайта құрылғанда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып ел басқарған С.Сапарұлының іс-тәжірибесі мол. Сонымен

қатар, орысша-қазақшаға бірдей ділмар, сабырлы, жұмыста орынды талап қоя білетін сыпайы, адамгершілігі мол тұлға екені айтылды. Ауданымызда осындай тұлға болғандығын біліп өсу үшін №3 Жаңақала ЖОББ мектебінің оқушылары, кәсіптік колледж студенттері мен ұстаздары қатынасты. Соңынан ән-күй тыңдалып, шақырылған қонақтарға әзірленген дастарқанда құран бағышталды. Дастарқан басында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж.Сәкенұлы, қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Әбуғалиевтер бұндай еске алу шарасының жастарға берер тәрбиесінің мол екенін айтты.

А.СӘЛІМОВ, аудандық тарихи-өлкетану

музейінің директоры.

Қаруыңды тапсыр да, ақшалай сыйақы ал!Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы

мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Үкіметіміз жыл сайын заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекітіп, бюджеттен көптеген қаржы бөліп, халықтан ішкі істер органдарында тіркеусіз тұрған атыс қаруларын сатып алуда. Өткен 2017 жылдың сәуір айының 10-мен шілде айының 30-ы күндері аралығында өткізілген акцияда аудан тұрғындарынан барлығы 19 қару бірлігі қабылданды. Соның ішінде 16 тегіс ұңғылы, 3 ойық ұңғылы қаруы тапсырылды. Бұлардың барлығы да ақшалай сыйақыларын алды. Ал биылғы жылда да осындай акция өз жалғасын таппақ. Батыс Қазақстан облысы Ішкі Істер Департаментінің 2018 жылғы 12 наурыз күнгі шығыс №5-3-35/1438-И санды жолдаған нұсқауына сай 2018 жылдың сәуір айының 10-нан бастап ерекше өкімге дейін облыс көлемінде акция өз жалғасын бастайды.

Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде комиссиялар қару-жарақ заттарының техникалық жай-күйін ескеріп, 3 санатты қолданады.

І санатқа жатқызылатын қару -пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары

жоқ қару;-бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе

жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қару жатады.

ІІ санатқа жатқызылатын қару -пайдалануда болмаған не пайдаланылған, одан әрі

пайдалануға кедергі болмайтын, оларды жоюды не тораптарын және тетіктерін ауыстыруға немесе қалпына келтіруге байланысты емес жөндеу жолымен жоюды талап етпейтін, жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қару жатады;

ІІІ санатқа жатқызылатын қару -негізгі тораптарының, тетіктерінің, бөлшектерінің

техникалық ақаулықтары болуы салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз немесе пайдалану қауіпті, оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе ауыстыру техникалық немесе экономикалық себептер бойынша орынсыз болатын қару жатады.

Ерікті түрде оқ-дәрілерін және жарылғыш заттарын тапсырған кезде келесі сыйақы мөлшері белгіленеді:

- гранат, мина, жарылғыш құрылғылары және артиллериялық снарядтар үшін жеті айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін (16835 теңге);

- әрбір 1000 грамм жарылғыш заты үшін алты айлық

есептік көрсеткіш көлеміне дейін (14430 теңге);- әрбір тапсырылған ойық қару патрондарына

төленетін сыйақы сомасы:калибрі 5,6 миллиметрден асатын ойық қару

патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің отыз бестен бір бөлігіне дейін (68,7 теңге) сыйақы;

калибрі 5,6 миллиметр (ұсақ калибрлі) ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жүз он бестен бір бөлігіне дейін (20,9 теңге) сыйақы беріледі.

Ал келесі заттар мен құралдарға сыйақы төленбейді:

1) криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып табылмаған;

2) Қазақстан Республикасы ІІМ-нің АБДБ-да «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есебінде тұрған бұйымдар мен заттарға;

3) қолдан жасалған оқ-дәріге;4) тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қаруға

арналған патрондарға.Сыйақы беру аумақтық ішкі істер бөлімдерінің

қаржы қызметтері тарапынан тұрғындардан ақылы түрде тәркіленген атыс қарулары, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарға бюджет шотынан аудару арқылы іске асырылады.

Ж.МҰҚАШЕВ, АІІб ӘПб АҚҚАБт инспекторы,

полиция капитаны.

Кәтепті қара нар еді-ауЕскі көздер бара жатыр азайып,

(Олар жайлы ойламаудың өзі айып). Ей, тірілер!

Соларды бір еске алып, Тебіренейік, толғанайық, жазайық!...

Мұқағали Мақатаев.

Кім болсаң да сыйлас, пікірлес, қызметтес болған адам туралы естелік жазудан ауыр нәрсе жоқ сияқты. Төлеген Тастайұлы туралы естелік жазам деп ойлаппын ба?!

40 жылдан астам уақыт әуелі алыстан сыйласып, біраз жылдан соң білім саласынан бастап аудандық атқару комитетінде тікелей басшылығы мен қамқорлығында жұмыстас болдым. Төкең әкім болғаннан бастап зейнетке шыққанға дейін жұмыстың ыстық-суығында бірге болдық.

Төкеңнің кейбір ылажсыз ұстанған ұстанымдарына түсінбей, сынап-мінеп, қарсы пікір білдірген кездерімді ойласам, әруағынан кешірім сұрағандай күй кешем. Төкеңнің қол-аяғы матаулы, көзін көрмейтін, құлағын естімейтін жасап отырған сайқал саясаттық жүйені түсінбеппін. Төкең 60 жасқа толғанда құттықтау хат жазғам. Мүмкін архивінде сақтаулы да болар. Сонда «Өтпелі кезеңнен аудан халқын қиналса да құлатпай қалай алып шығамын деп жарғақ құлағы жастыққа тимей, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жүрсің-ау, аға» деп жазғам. Сол пікірім күні бүгінге дейін өзгерген жоқ. Төкеңнің адамгершілігі, адами болмысы, халқына қалтқысыз жасаған істері мен атқарған шаруалары туралы бір кітап жазуға болады. Мына қысқа естелігімде ағаның ешкімге ұқсамайтын, өзім байқаған ерекшеліктерін ғана жазбақпын. Төкең қос мұғалімнің отбасында өскен соң ба, әлде Құдай берген болмысы ма, ешкімге 40 жылда бір дауыс көтергенін естімеппін. Тіпті кейбір мекеме басшылары жоғарыдан таяқ жеп жатса, сол таяқты өзіне аударып алудан бір танбай өтті ғой сабазың. Енді оған ренжитін болар, ұрысатын болар деп ойласақ «Енді қашан жұмыс жасайсың, әй, бірақ, таяқ жейтін әкімің тұрғанда саған жұмыс

жасаудың да қажеті болмас» деп күлімсіреп отыратын. Төкеңнің сүйікті фразаларының бірі «Келген кадр кеткенше, жергілікті кадр өлгенше халқына қызмет жасайды» деген сөз болатын. Осы сөзіне кете-кеткенше адал болып өтті. Төкеңнің туған жеріне туын тігіп, бұл жердің шағын сарайын да тонатпай, бәрінде халық игілігіне жаратуға тынымсыз арпалысып қол жеткізген еңбегін халқы бағалап, алғыстарын жаудырумен келеді. Төкеңнің тағы бір ерекшелігі кадр тәрбиелеу болды. Жақсы кадрды ауданға қажет деп ұстап отырмай, облыс, республика көлеміне өсіп кетулеріне де жол ашып отырды. Оның өз жерін, халқын сүйген, туған жеріне шын ғашық адам екенін, болашағы жоқ 200 аудан тізіміне енген Жаңақала ауданын жаптырмай алып қалудағы жанқиярлық еңбегі мен ауданды таратпау үшін мал санын, жан санын, кәсіпкерлік пен қожалық санын асыра көрсетіп, басын бәйгеге тіккенінен білуге болады. Бәрін айт та бірін айт, талас-тартысқа түскен «Сауықтыру орталығын» Жаңақалада салғызудағы ерекше еңбегі бір төбе. Халық қазір рахатын көріп отырғанын бүкіл республика біледі.

Осы еңбегі үшін «Сауықтыру орталығын» Төкеңнің атымен атау жөнінде құрдастары, дос-жолдастары айтып жүрген ұсынысты мен де толық қуаттап қосыламын. Әттең, барлық қиындықтан қиналып, қысылса да, талай сүрінсе де, өзін де, өзгені де құлатпай алып шыққан кәтепті қара нардай Төкеңнің зейнетке шығып, отбасы, немере-жиен арасында, дос-жолдастар ортасында рахаттанып жүріп, кенеттен дүниеден өткені өкінішті. Мүмкін, ауыр кезең зардабы өтіп кеткенін аптал азамат Құдай берген сабырлы мінезімен білдірмей жүрді ме екен?!

Ауылға келген сайын дидарласып, өткен қиындықтар мен қызықтарды айтып, бір жасап қалушы едік, оны да көпсінді-ау сұм ажал.

Айтуған ҒАйНЕДЕНҰЛЫ. Жаңақала ауылы.

Еңбегі есімін елеулі еткен

«Ажал айтып келмейді» дейді. Оның кімге, қалай құйындай келіп соғарын бір Алланың өзі ғана біледі.

Бүкіл саналы ғұмырын денсаулық саласына арнаған, талай адамдарды ажал аузынан алып қалған, талай жандарға денсаулық сыйлап, ғұмырын ұзартқан ардақты азамат Азан аға Оразғалиұлы мен ол кісінің өмірлік серігі Сара апайдың ұзақ жылдарға созылған сарабдал сапары осыншама қайғылы жағдайда үзіледі деген ой кімнің басына келген десейші.

Азан аға қасиетті Жаңақала өңіріндегі еңбек жолын аудан ажырамастан бұрын Жаңақазан ауылында бастаған еді. Оған да өткен жылы алпыс жыл болыпты-ау. Осынау, бір адамның ғұмырына татырлық уақыт ішінде қаншама жандардың өміріне арашашы болды десеңші. Он сегіз жыл үзіліссіз оташы дәрігер, 27 жыл дәрігер-фтизиатор болып еңбек еткенде Азекең табиғатына біткен ерекше қабілеті, терең білімі, мол тәжірибесімен халықтың құрметіне бөленді, еңбегіне сай сый-сияпатын көрді.

Азекең өте сабырлы жан еді. Қандай ортада отырса да артық ауыз сөз айтып, орынсыз езу тартып көрмеген кісі еді. Әйтсе де, құрдастарымен қатты қалжыңдасатын. Ол қалжыңы ауызекі әңгімемен емес, ісімен көрініп жататын. Әсіресе құрдасы Тасқайыр аға Мәмбетовпен екеуара әрекеттері ел аузында аңыз болып тараған болатын.

Азан аға философиялық еңбектерді көп оқитын. Ақындардың, әсіресе Мұқағали Мақатаевтың дауылпаз жырларын жатқа білетін және көңілі түскенде, тыңдайтын орта бар жерде айтып отыратын.

Жұбайы Сара апай да есеп-қисап саласында еңбек етті. Екеуі бір қыз, екі ұл өсіріп, олардан жиен-немере өз алдына, шөбере де көрді.

Азекеңді халқы сыйлап, ауданның құрметті азаматы деген абыройлы атаққа ие етті.

Зейнеткерлікке шыққан соң қос қария Орал қаласына қоныс аударды. Әйтсе де, өздері бүкіл саналы ғұмырын өткізген өңірден қол үзген жоқ.

Өткен жылы қазан айында аудан Орал қаласының Достық алаңына киіз үй тігіп, ауыл шаруашылығы күнін атап өтуге қатысты.

Сол шарада жайылған дастарқан басында бірінші болып сөз алған Азекең елге, халыққа арнап аталы да баталы сөз айтқан еді. Ардақты азаматтың сол кезде елімен, халқымен қоштасып тұрғанын ешқайсысымыз аңғармаған екенбіз.

Ғұмырында атаққа ұмсынбаған, лауазымға құлшынбаған, өзінің қарапайым тірлігін қомсынбаған ғазиз жанның, оның өміріне серік болған жұбайының жарқын бейнелері оларды білетін жандардың есінде ұзақ сақталарына күмән жоқ.

Закария СИСЕНҒАЛИ.

Еңбегі елге жаққан азамат

Page 7: 3 5 Жаңарған өңір - zhanarganonir.kz · Рухани жаңғыру 14 сәуір 2018 жыл Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Бола-шаққа

Сарыкөл ауылының тұрғыны болған, сүйікті ұл, адал жар, қамқор әке Мусин Талиғат Ғазезұлының бақилық болғанына 100 күн толуына орай сағынышпен еске аламыз.Жан едің орны бөлек өмірдегі,Жарқын бейнең өшпейді көңілдегі.Жүректегі сарғайған сағыныштар,Жас болып жанарлардан төгіледі.

Еске алушылар: анасы Балқанай, жолдасы, қыздары, апа-жезделері, аға-жеңгесі, іні-қарындастары.

Жарамсыз деп

танылады

14 сәуір 2018 жыл

Газет аптасына 1 рет шығадыКөлемі 2 баспатабақТапсырыс: 15Таралымы: 2588 дана

Көңіл айту

Жаңақала ауданы әкімдігінің «Коммунал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 2018 жылдың 1 қаңтарынан

әлеуметтік салық мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты коммуналдық қызмет түрлерінің тарифтері 2018 жылдың

1 мамырынан бастап төмендегенін хабарлайды:1.Сарқынды суды бұру және тазарту қызметтеріне орташа

босату тарифі 2018 жылдың 1 мамырынан бастап 1 текше метр үшін ҚҚС-сыз 99,43 теңге, оның ішінде:

-тұрғындар үшін – 49,64 теңге;-басқа тұтынушылар үшін – 179,91 теңге.Есептегіш құралы жоқ тұтынушылар үшін 1 адамға қосымша құн

салығынсыз айына;-газды ауылдық тұтынушылар үшін – 186,17 теңге;1.1.Сарқынды суды бұру және тазарту қызметтеріне уақытша

өтемдік тариф. 2018 жылдың 1 мамыр айынан бастап 2018 жылдың 16 қыркүйек аралығында қосымша құн салығынсыз 1 текше метр үшін 87,20 теңге, соның ішінде:

-тұрғындар үшін – 43,54 теңге;-басқа тұтынушылар үшін – 157,78 теңге.Есептегіш құралы жоқ тұтынушылар үшін 1 адамға қосымша құн

салығынсыз айына;-газды ауылдық тұтынушылар үшін – 163,27 теңге.1.2. Сарқынды суды бұру және тазарту қызметтеріне уақытша

өтемдік тариф. 2018 жылдың 17 қыркүйек айынан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсан аралығында қосымша құн салығынсыз 1 текше метр үшін 99,09 теңге, соның ішінде:

-тұрғындар үшін – 49,48 теңге;-басқа тұтынушылар үшін – 179,30 теңге.Есептегіш құралы жоқ тұтынушылар үшін 1 адамға қосымша құн

салығынсыз айына;-газды ауылдық тұтынушылар үшін – 185,53 теңге.1.Суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне орташа босату

тарифі 2018 жылдың 1 мамырдан бастап 1 текше метр үшін ҚҚС-сыз 323,43 теңге, оның ішінде:

-тұрғындар үшін – 292,25 теңге;-бюджеттік мекемелер үшін – 416,84 теңге;-басқа тұтынушылар үшін – 487,18 теңге. 2.1.Суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне уақытша

өтемдік тариф. 2018 жылдың 1 мамыр айынан бастап 2018 жылдың 31 шілде аралығында қосымша құн салығынсыз 1 текше метр үшін 282,77 теңге, соның ішінде:

-тұрғындар үшін – 255,50 теңге;- бюджеттік мекемелер үшін – 364,44 теңге;-басқа тұтынушылар үшін – 425,94 теңге. 2.2. Суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне уақытша

өтемдік тариф. 2018 жылдың 1 тамыз айынан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсан аралығында қосымша құн салығынсыз 1 текше метр үшін 322,78 теңге соның ішінде:

-тұрғындар үшін – 291,66 теңге;-бюджеттік мекемелер үшін – 416,00 теңге;-басқа тұтынушылар үшін – 486,20 теңге.1.Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау

қызметтеріне орташа босату тарифі 2018 жылдың 1 мамырынан бастап 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 3720,62 теңге, оның ішінде:

-тұрғындар үшін – 3157,73 теңге;-басқа тұтынушылар үшін – 3785,14 теңге.3.1. Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау

қызметтеріне уақытша өтемдік тариф. 2018 жылдың 1 мамыр айынан бастап 2018 жылдың 27 қыркүйек аралығында қосымша құн салығынсыз 1 Гкал үшін 3480,52 теңге, соның ішінде:

-тұрғындар үшін – 2953,95 теңге;-басқа тұтынушылар үшін – 3540,87 теңге.3.2. Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау

қызметтеріне уақытша өтемдік тариф. 2018 жылдың 28 қыркүйек айынан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсан аралығында қосымша құн салығынсыз 1 Гкал үшін 3717,35 теңге, соның ішінде:

-тұрғындар үшін – 3154,95 теңге;-басқа тұтынушылар үшін – 3781,81 теңге.

Жаңақала ауданы әкімдігінің «Коммунал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны әкімшілігі.

Құрметті ауыл тұрғындары!2018 жылдың 16 сәуірінде "Ашық есік күні" аясында сағат 11.00

де аудандық мәдени демалыс орталығының ғимаратында аудан әкімі және тиісті бөлім, мекеме басшылары азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау жүргізеді.

Жаңақала ауылының тұрғыны, қадірі мол көршім Гүлмаржан Өтешқызын бақилық болғанына 40 күн толуына орай сағына еске аламыз.

Гүлмаржан апамыз өте бір ақ көңіл, ешкімге жаттығы жоқ, алысты жақын етіп жүретін кең пейілді, көпшіл, жаны жаз, көңілі көктем жан еді. Көшемізде татулықтың ұйытқысы, бірліктің алтын қазығы болған қамқор адам-ды. Біз, көршілері орны бөлек апамызды еске алып, жұбайы мен ұрпақтарына енді қайғы көрмесін деп тілейміз. Көрші апамыздың иманы жолдас, топырағы торқа болсын.

Еске алушылар: көршілері Серік Жардемалиевтер отбасы.

Жаңақала ауылының тұрғыны болған, аяулы досымыз Еркін Ғалымұлы арамызда болса 60 жасқа толар еді деп сағына еске аламыз.Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,Сағынышпен достарың еске алады.Өзіңменен бірге өткен жарқын күндер,

Жадымызда мәңгілік сақталады.Иманың жолдас, жаның жәннатта, топырағың

торқа болып, артыңда қалған ұрпағыңды желеп-жебеп жүргейсің.

Еске алушылар: достары Қайырғали-Тамара, Бақтығали-Клара, Илияс-Рая, Нұрболат-Рита, Нұралы-Күнсұлу, Айтболат-Баян.

Көпжасар ауылының тұрғыны болған, құрдасымыз Аслан Аянұлын арамызда болса 9 сәуір күні 40 жасқа толар еді деп сағына еске аламыз.Өмір жалған, өтпелі екен қас-қағым,Жанға жара салатұғын, басқа мұң.Сағынышпен еске алады өзіңді,Бірге жүріп, бірге оқыған достарың.

Жатқан жерің жарық, топырағың торқа болсын.

Сағына еске алушылар: құрдастары.

Қызылоба ауылының тұрғыны болған, аяулы әке, адал жар, туыстарының қамқор бауыры Қожағалиев Мирас Қабесұлын дүниеден озғанына 20 жыл толуына орай және арамызда болса 50 жасқа толар еді деп сағына еске аламыз. Амал не, тағдыр жан бауырымызды арамыздан ерте әкетті. Бірақ, сенің ажарлы бейнең, ақ көңіл ниетің мен шадыман күлкің әлі жадымызда. Сенің өмір жолыңның әр сәтін сағына еске алып отырамыз. Бүгінде міне, сенің туған күніңе орай жайдарлы жүзіңді көз алдымызға елестетіп, топырағың торқа, жаның жәннатта, жатқан жерің жарық болсын демекпіз.

Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда?!Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.Өзімізді санаушы едік бақытты,Бауырымыз ортамызда болғанда.

Сағына еске алушылар: Қожағалиевтер әулеті.

Жаңақала ауылының тұрғыны болған, бірімізге аяулы жар, бірімізге ибалы келін, бірімізге ардақты ана, бірімізге асыл әже Мергенова Самиға Қанапияқызының бақилық болғанына 5 жыл толуына орай сағынышпен еске аламыз.Анажан, шаңыраққа болдың пана,Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.

Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда, Сағындық, ана, сізді баршамызда.

Жан ана, ұл-қызыңның тірегі едің,Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.Болмасаң да бүгін біздің жанымызда,Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.

Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,Сағынышпен туғандары еске алады.Өзіңізбен өткен күндер,Жадымызда мәңгіге сақталады.

Еске алушылар: жұбайы Сағат, енесі Иба, бала-келіндері Алтай-Шолпан, Сабырхан-Дамира, Алтынбек-Элуиза, немерелері Гүлзада, Нұртілек, Аяла, Сұлтан, Кәусар, Ислам, Мирас, Айару, Әділ, Нұриман, қыз-күйеулері Манас-Миргүл, Ерғазы-Гүлнұр, жиендері Нұрила, Исматолла, Фируза.

Жаңақала ауылының тұрғыны болған, бауырымыз Ерболат Хамидоллаұлын арамызда болса 12 сәуір күні 50 жасқа толар еді деп сағына еске аламыз.

Көрсетті өмір жалғанын,Артыңда қалды арманың.Аллаға әмір жүре ме,Көтердік басқа салғанын.

Еске алушылар: анасы Нағима, аға-жеңгесі Ербол-Жаңыл, апа-жезделері, қарындас-күйеулері.

Бірлік ауылының тұрғыны болған, бауырымыз Қайыржанов Рысқали арамызда болса 10 сәуір күні 63 жасқа толып, зейнеткерлікке шығар еді.

Сағына еске аламыз Рысжандай,Адамға ыстық екен бауыр сондай.Жарқ етіп жай оғындай ерте кетті,

Жазмыш болған екен тағдыр солай.Сағына еске алушылар:

Қайыржановтар әулеті.

«Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің ұжымы және кәсіподақ ұйымы осы мектептің кіші қызметкері Құрманов Өтепқалидың ағасы және Адилова Күнбаланың қайынағасы

Құрманов Бақтығали Ғұбайдоллаұлының

қайтыс болуына байланысты отбасына қайғырып көңіл айтады.

1.Тәрбиеші қызметіне уақытша (декреттік демалыс) – 1 бірлік. Қажетті құжаттар тізімі:Конкурсқа қатысу үшін өтініш;Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;Білімі туралы құжаттың көшірмесі;Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

Медициналық кітапша;Соттылығы бар, жоқ екендігі туралы анықтама.Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған

сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайда қабылданады: Жаңақазан ауылы, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы МКҚК, Х.Бакауов көшесі, №9, тел:25-2-97.

Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы МҚКҚ азаматтық лауазым орнына ашық конкурс жариялайды

Лукбанов Куат Ирмековичтің атына 1995 жылы берілген әскери билеті жоғалып, табылмауына байланысты жарамсыз деп танылады.

Page 8: 3 5 Жаңарған өңір - zhanarganonir.kz · Рухани жаңғыру 14 сәуір 2018 жыл Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Бола-шаққа

Бірлік ауылының тұрғыны, «Жеткіншек» бөбекжай-бақшасы МКҚК меңгерушісі, әпкеміз Шолпан Кәрімқызын зейнеткерлік жасқа толуымен құттықтаймыз. Ертеңгі ел болашағы, бүгінгі жас ұрпақ тәрбеисіне тынымсыз еңбегімен елеулі үлес қосып, бауырларының, ағайын-туыстың, ұжымның, ата-аналардың ерекше құрметіне бөленген әпкемізге осындай қуанышты күні денінің саулығын, көңіліне сезімнің шалқыған

шаттығын тілейміз.Игі тілекпен: анасы Қансұлу, сіңлісі Бахыт, іні-

келіні Зинолла-Гүлсара, бауырлары Гүлбаушан, Асылжан, Нұрдана, Көкі.

8 Жаңарған өңір 14 сәуір

2018 жылҚұттықтаймыз!Мәстексай ауылының тұрғыны,

аяулы ана, ақ ниетті асыл жан Қуанышқалиева Нұржамал Жұбанышқызын 80 жасқа толуымен құттықтаймыз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін. Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла бойымызды жылытқан ыстық алақан-ыңыздан, айналайын деп маңдайымыздан емірене сүйіп еркелеткен үніңізден артық біз үшін ешнәрсе жоқ. Ұлдарың мен қыздарыңыз-дың торыққанда ақыл-шысы,

жабыққанда сағынышы өзіңізсіз. Жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, бақытқа бөленіп жүре беруіңізге тілекшіміз.

Қандай бақыт ортамызда жүргенің,Бейнетіңнен зейнет көріп күлгенің.Әр жас сайын жасара бер, жан ана,Бізге бақыт ұзақ ғұмыр сүргенің.

Игі тілекпен: қызы Райса, бала-келіні Жасталап-Тұрсынай, немересі Жандос, жиені Дулат.

Жаңақала ауылының тұрғыны, қымбатты анамыз, қадірлі енеміз, аяулы әжеміз Жаңылсын Ерғазықызын мерейлі 70 жасымен құттықтаймыз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін. Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз.

Өткен күннің артта қалып елесі,Тіршіліктің жылжи берсін кемесі.Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,70 жастың құтты болсын белесі.

Шын жүректен құттықтаушылар: бала-келіндері, қыз-күйеулері, немере-жиендері.

Қырқопа ауылының тұрғыны, өмірлік серігіне адал жар, ардақты ана бола білген, бүгінде қызын қияға, ұлын ұяға қондырып, жиендерінің сүйікті әжесі болып отырған асыл анамыз Биляшева Жаңылсынды 15 сәуір күні толатын 60 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз.Жеткізіп арманға жол күні бүгін,Бақ құшты қызың менен бүгін ұлың.Болғанмен бар болмысың қарапайым,Байқалып тұрады, ана, ұлылығың.

Оятып болашаққа сенімдерін,Өзіңді қадір тұтты келіндерің.Бәйек боп жүресің-ау ұрпақтардың,Болмасын дегендей-ақ көзінде мұң.

Болғандай тіршілікте бағың бала,Ұл-қызың өмірдегі тауың дара.Солардың қызығына куә болып,Аман жүр, ортамызда шалқып ана.

Игі тілекпен: ұл-қызы Серік, Гүлнұр, бала-келіні Сырымбет-Әйгерім, қыз-күйеулері Қарлығаш-Бауыржан, Сандуғаш-Андрей, Айнаш-Фанис, Айгүл-Бекет, Айнұр-Нұрхат, жиендері Диас, Айя, Жангелді, Александра, Владимр, Расул, Айзере, Ақсезім, Ақбота.

Бірлік ауылының тұрғыны, «Жеткіншек» бөбекжай-бақшасы МКҚК-ның меңгерушісі Ерғалиева Шолпан Кәрімқызын сәуір айының 12 жұлдызында 58 – зейнеткерлік жасқа толуымен құттықтаймыз. Ұжымда сыйлы басшы, іскер әріптес бола білген өзіңіздей абзал жанға осындай қуанышты күні ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз. Жүзіңіз күндей күлімдеп,

жүрегіңіз жаздай жайнасын. Жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жаныңыз шаттыққа кенелсін демекпіз. Шаңырағыңызға бақыт құсы ұялап, босағаңыздан құт-береке арылмасын, ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісін көріңіз демекпіз.

Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.Дәулет пен мерейіңіз таси берсін,Арта берсін абырой-беделіңіз.

Ақ тілек, ізгі ниетпен: Балабақша ұжымы.

Жаңақала ауылының тұрғыны, адал жар, асқар таудай әкеміз Ержан Нұрғазыұлын 55 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз.Әке деген қамқоршы ғой балаға,Басқа жанмен орны оның тола ма?!Тілекші бол, тірек болып біздерге,Жұлдызыңыз жана берсін қашанда.Игі тілекпен: жолдасы Зинаида,

қыз-күйеуі Есентай-Айнагүл, бала-келіні Айбар-Альбина, баласы Айдар және жиендері.

Бірлік ауылының тұрғыны, аса қадірлі әріптесіміз Ерғалиева Шолпан Кәрімқызы! Сізді зейнеткерлік жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Ұзақ жылғы бейнетті еңбектің жемісі – зейнеттік жасыңыздың қызығына бөленіп, отбасыңыздың ортасында мәнді де сәнді ғұмыр кешіңіз!Келіп қапсың мерейлі зейнет жасқа,Кенеліп мол дәулет пен зор бақытқа.Құттықтаймыз әріптестер

шын жүректен,Лайықсың сен қошемет пен марапатқа.

Мінезің бар жарқыраған атқан таңдай,Айтарлықтай, қазақ қызы міне, қандай.Ұжымыңды жұмылдырып бір ортаға,Еңбек еттің күндіз-түні тыным таппай.

Қалжыңың бар бойыңда жарасымды,Сөз саптауың неткен әсем үйлесімді.Жаңылыспай осы сұлу қалпыңменен,Жүре бер толтырып сен ортамызды.

Игі тілекпен: әріптестері «Алтын сақа», «Айгөлек», «Бөбек», «Балбөбек», «Жауқазын», «Көпжасар» бөбекжай-бақшалары ұжымдары.

Жаңақазан ауылының тұрғыны, отбасымыздың тірегі, асқар таудай әкеміз Мұқашев Қайырбек Оразұлын мерейлі 50 жасқа толуымен құттықтаймыз. Ардақты әке, сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, жұмыста табыс және ұзақ өмір тілейміз. Анашым екеуіңіз біздерге сүйеніш болып, бағыт көрсетіп, біздің жетістіктерімізді көріп, арамызда жүре беріңіздер.

Игі тілекпен: қызы Таңшолпан, ұлы Маден.

Жаңақазан ауылының тұрғыны, бірімізге ұлымыз, ініміз, ағамыз Хайруллин Берік Асқарұлын сәуір айының 14 жұлдызында ат жалын тартып, қамал бұзатын 40 жасқа келген туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Өмір мынау қатар соққан жеңілі мен ауырын, Шуағы мен дауылын.Бүгін мынау сенің туған күніңде, Қандай тілек айтсам екен бауырым.

Саған байлық тілер ем, бірақ ол бір әңгүдік, Есігіңнен кіргенімен таң күліп,Жүргенімен шеру тартып таң құрып,Саған жолдас болмайды ол мәңгілік.

Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен,Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоқсызда.Қайтсем екен, мен оданда барлық адам аңсаған,Барлық адам аман жүрсем екенмін деп шаршаған,Зор денсаулық тілейінші мен саған.Игі тілекпен: ата-анасы Асқар-Светлана, аға-

жеңгелері Махамбет-Жанна, Исатай-Әсел, іні-қарындастары Данагүл, Алдан, Альбина, Алтынай, Ислам және барлық Хайруллиндер отбасы.

Жаңақала ауылының тұрғыны Әбілсейіт Жасқайратұлын 40 жасымен шын жүректен құттықтаймыз.

Құтты болсын 40 жасқа толғаның,Аман болсын бала-шағаң, жан-жарың.Абыройлы, ұзақ болсын өмірің,Бақытты бол, нұры жаусын Алланың.

Игі тілекпен: аға-жеңгесі Шынболат-Жұмабике, бауырлары Наурызбай, Аман.

«Мерейлі отбасы» байқауы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкімін іске асыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 Қаулысы шыққан болатын.

Осыған орай, Жаңақала ауданы әкімдігі «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының аудандық деңгейіне қатысу үшін өтінімдердің кабылдауы басталғаны туралы хабарлайды. Аудандық кезеңнің жеңімпаз отбасылары облыстық кезеңге жолдама алады.

Аталмыш конкурс өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайтуға, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға бағытталған.

Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік жетістіктері бар отбасыларының мүшелері жіберіледі.

Конкурсты өткізу қағидаларымен танысу және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 28 сәуір күніне дейін келесі мекенжай бойынша жүргізіледі: Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі, 44, 203 бөлме. Тел: 21-235, 22-400.

Үй сатылады

Жаңақала ауылынан барлық жағдайы бар, мектептің, балабақшаның,

азық-түлік дүкенінің қасында орналасқан

М.Мәметова көшесіндегі көпқабатты №10

үйдің 2-пәтері және мектеп-гимназиясының

артынан жер телімі сатылады.

21-9-90, 8 701 635 52 90

телефонына хабарласуға болады.

«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылдық округі, Жаңақала ауылы бойынша №1, №12, №19, №60, №61, №65, №68, №70, №71 көшелерге ұлттық келбетімізге сай атау беру жөнінде халық жиналысы өтетінін хабарлайды.

Өтетін уақыты: 2018 жыл, 14 мамыр, сағат: 16:00 де. Өтетін орны: Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, «Рухани орталық» ғимаратының

мәжіліс залы.

Жаңақала ауылы тұрғындарының назарына!