12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда turkcell компаниясының...

20
МазМұны Жаңалықтар TeliaSonera жаңалықтары 4-бет Kcell жаңалықтары 10-бет Сұхбат Ларс Ниберг: «Мобильді технологиялардың жаңа бұынына бірге бет бурайық» 6-бет Нұрлан Сарғасқаев: Инновациялар: көшбасы айнасы 20-бет Аналитика SMS күйреуі және сандық касталар жүйесі 12-бет Дайджест 18-бет Бизнес Құнды инновациялар қисыны 26-бет Өнiм Скотчпен желімделген телефоныңыз мезі қылды ма? Ұсыныс бар! 28-бет Маркет NFC: болашақтағы мүмкіндіктер 22-бет Смартфондарға арналған қолданбаларды ұсынатын кеңескер 32-бет Айтылған ой 34-бет Фотожариялама Өнері ұлы саятшылық 36-бет 12-бет 10-бет 34-бет 28-бет

Upload: others

Post on 19-Feb-2020

37 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

М а з М ұ н ыЖаңалықтарTeliaSonera жаңалықтары 4-бетKcell жаңалықтары 10-бет

СұхбатЛарс Ниберг: «Мобильдітехнологиялардың жаңа бұынына бірге бетбурайық» 6-бетНұрлан Сарғасқаев: Инновациялар: көшбасы айнасы 20-бет

АналитикаSMS күйреуі және сандықкасталар жүйесі 12-бет

Дайджест 18-бет

БизнесҚұнды инновациялар қисыны 26-бет

ӨнiмСкотчпен желімделген телефоныңыз мезі қылды ма? Ұсыныс бар! 28-бет

МаркетNFC: болашақтағы мүмкіндіктер 22-бетСмартфондарға арналған қолданбалардыұсынатын кеңескер 32-бет

Айтылған ой 34-бет

ФотожарияламаӨнері ұлы саятшылық 36-бет

12-бет

10-бет34-бет

28-бет

Page 2: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

4 5

TeliaSonera әлемдегі барынша сенімді 100 компанияның тізіміне енді

Табыстардың тұрақты өсуі және тиiмдiлiк көрсеткіштеріндегі оң серпін TeliaSonera Kcell-ге қатысу үлесін арттыру

жөніндегі мәміленің бірінші бөлігін аяқтады

TeliaSonera әлемдегі барынша тұрақты да сенімді компаниялар жүздігі-Global 100 қатарында 13-орынға ие болды. Бұл тізім Давостағы бүкіләлемдік экономикалық форумда жарияланды. TeliaSonera әлеуметтік, экологиялық және басқарушылық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқару саласында үздік телекоммуникациялық оператор атанды

TeliaSonera компания қызметінің 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанындағы қызмет көрсеткіштері туралы хабарлады

TeliaSonera Kcell сауда таңбасымен ұялы байланыс қызметтерін көрсететін «GSM Қазақстан» ЖШС-не өзінің қатысу үлесін арттыру жөніндегі мәміленің бірінші бөлігін аяқтады. Бұрын анықталғандай TeliaSonera «Қазақтелеком» АҚ-нан компания үлесінің 49 пайызын сатып алған

IV тоқсанның нәтижелеріСатып алуларды есепке алмағанда жергілікті валютадағы таза сатылым көлемі 2,1 пайызға артты. Есептілік валютасындағы таза сатылым көлемі 1 пайызға артып, 27,123 млн швед кронын құрады (2010 жылы 26,851 млн.).

Сатып алуларды есепке алмағанда жергілікті валютадағы шығындар 4,6 пайызға азайды. Есептілік валютасындағы шығындар 5,8 пайызға азайып, 7,828 млн швед кронын құрады (8,311).

Бір жолғы шығындар бойынша со-маларды қоспағанда жергілікті валютадағы EBITDA көрсеткіші 3,2 пайызға артты (сатып алу шығындарын есепке алмағанда). Есептілік валютасындағы EBITDA көрсеткіші 2,1 пайызға артып, 9,191 млн швед кронын құрады (9,002), маржалық пайда 33,9 пайызға дейін артты (33,5%).

Бір жолғы шығындар бойынша сомаларды қоспағанда негізгі қызметтен түсетін пайда 5,6 пайызға азайып, 7,519 млн швед кронын құрады (7,969).

Бас компанияның меншік иелерінің таза пайдасы 6,3 пайызға азайып, 4,972 млн швед кронын құрады (2010 жылы 5,309 млн.); бір акцияға шаққандағы пайда 1,15 (1,18) швед кронын құрады.

Еркін ақша қаражаты капиталды шығындар бойынша (CAPEX) төлемдердің 0,6 м швед кронына артуымен және қауымдасқан компания-лардан (0,9) түсетін дивидендтердің жоқтығымен байланысты 70 пайызға азайып, 523 млн швед кронын құрады (1,742).

Бір тоқсан ішінде абоненттер саны шоғырландырылған бөлімшелерде 2,4 млн-ға және қауымдасқан компанияларда 3,3 млн-ға артты. Абоненттердің жалпы саны 170 млн. құрады.

Бір жылғы нәтижелерСатып алуларды есепке алмағанда жергілікті валютадағы таза сатылым көлемі 2,6 пайызға артты. Есептілік валютасындағы таза сатылым көлемі 2,5 пайызға азайып, 104,354 млн швед кронын құрады (106,979).

Бас компания меншік иелерінің таза пайдасы 13,7 пайызға азайып, 18,341 млн швед кронын құрады (21,257); бір акцияға шаққандағы пайда 4,20 (4,73) швед кронына дейін азайды.

Еркін ақша қаражаты азайып, 9,629 млн швед кронын құрады (12,901): бұл негізінен CAPEX –ке барынша жоғары шығынмен және қауымдасқан компаниялардан төмен дивиденд алумен байланысты болды.

Директорлар кеңесі жәй акциялар бойынша төленетін бір акцияға шаққанда 2,85 швед кронын (2,75), барлығы 12,3 млрд швед кронын (12,3) немесе бас компания меншік иелері таза таабысының 68 (58) пайызын құрайтын дивиденд сомасын белгілеуді ұсынады.

Президент және сеоларс ниБерг тің түсініктемелері «Төртінші тоқсан TeliaSonera үшін тағы бір табысты (не-правильный перенос, должно быть та-быс-ты) жылды аяқтайтын айтулы кезең болды. Біз көрсеткіштер өсімін

қамтамасыз етуге және шығындар мен табыстар арасындағы салауатты теңгерімді ұстап тұруға қабілетті екендігімізді мақтан тұтамыз, бұл біз үшін үшінші жыл қатарынан біржолғы шығындар бой-ынша сомаларды есепке алмай EBITDA бойынша өз көрсеткіштерімізді жақсартудың алғышарты болды.

Мамыр айында өз брендіміздің жаңа бейнесін іске қосқаннан кейін роуминг-те деректерді беру қызметтеріне қатысты шығындарды бақылау жүйесін жетілдіру мен шығындарды едәуір азайтуды қамтамасыз еткен біздің жаңа ұсынысымыздың клиенттеріміз үшін елеулі тиімділігі болды. Пайдаланушылар қазіргі уақытта өз елінен тысқары жерлерге шығатын кезде өз елінің аумағында пайдаланған мобильді режімді пайдалануды жалғастырады. Осы қызметтерді пайдалану көлемін келешекте барын-ша ұзағырақ арттырып отыру біздің табысымызға қысқа мерзімді әсердің орнын толтыратындығына сенімдіміз. Қазіргі уақыттың өзінде-ақ көрсетілетін қызмет көлемінің өткен жылғы көлеммен салыстырғанда екі еседен артық өскендігін көріп отырмыз.

Желілердің жұмыс сапасы мен олардың өткізгіштік қабілеті біздің стратегиямыздың негізгі идеясы болып табылады. 2011 жыл ішінде біз желілерді дамытуға және лицензиялар алуға 17 млрд швед кронынан артық соманы инвестицияладық. Біз өз қызметімізді жүзеге асыра-тын көптеген елдерде жоғары технологиялар (пере-нос неправильный тех-но-ло-гия-лар) тұрғысынан қарағанда жетекшілік орынға ие болып, 4G қызметін іске қосқан 1-операторға айналдық. Енгізу процесі әлі де жалғаса береді. Осылайша, мысалы Швецияда біздің 4G қызметтеріміз 200 елді мекен-де қол жетімді болып отыр және 2012 жыл ішінде осы тізімге күннен күнге бір қаладан немесе бір ау-ылдан қосылып отырады. Рождестволық мерекелер алдында планшеттік ПК-4G іске қосқаннан кейін біз бірінші тоқсанда 4G технологиясы енгізілген ұялы телефондарды ұсыну мүмкіндігін асыға күтудеміз.

Төртінші тоқсан біздің кейбір бөлімшелеріміз үшін маңызды сатыға айналды. Швецияда ТВ қызметтерін пайдаланушылар саны 500 мыңнан асып кетті. Испанияда Yoigo компаниясы 3 млн абоненттік көрсеткіш пен салыққа дейінгі пайда (EBIT) мен қолма-қол ақша қаражатының оң көрсеткішіне ие бол-ды. Непалдағы Ncell ұялы операторы нарық жетекшісіне айналды. Тағы да айта кететін жәйт Әзірбайжандағы Azercell компаниясының қараша айында 3G қызметін іске қосуы арқылы біз енді Еуразия өңіріндегі өзіміздің барлық

нарықтарымызда 3G қызметтерін көрсете аламыз.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда еркін ақша қаражатының анағұрлым төмен көрсеткіштері қауымдасқан компаниялардан күтілген шамадан аз дивиденд көлемін алумен, сонымен қатар жиілік спектрін сатып алуға біздің тарапымыздан салынған ауқымды инвестициялармен байла-нысты болды. Дивиденд көлемінің төмендеуіне атап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар ықпал етті. Осы мәселеге қатысты біздің пайдамызға шығарылған соңғы сот шешімі, сонымен қатар Түркиядағы Капитал нарықтары кеңесінің корпоративтік басқару қағидаттарына қатысты жаңа қаулы шығаруы Turkcell бойынша мәселе шешімін дұрыс бағыттаудағы маңызды қадамдар болып табылады.

Негізгі холдингтердегі меншік үлесін арттыру жөніндегі стратегиямызға сәйкес біз Қазақстандағы Kcell компаниясына өзіміздің қатысу үлесімізді арттыру туралы келісімге қол қойдық. Біз өз қызметімізді жүзеге асыратын аймақта және оған жақын жатқан аумақтарда жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді жалғастырамыз. Инфрақұрылым мен акционерлік үлестерге ауқымды салым салғанымызға қарамастан біздің сенімді қаржылық көрсеткіштеріміз компанияның директорлар кеңесінің жәй акциялар бойынша төленетін дивиденд сомаларын әрбір акция үшін 2,85 швед кронына дейін арттыру ұсынысын шығаруына негіз болды.

Келешекке көз тастай отырып, біз өз табыста-рымыз бен пайдаларымыздың көрсеткіштері әлемдік экономика мен осы саладағы күрделі дағдарыстарға қарамастан жергілікті валютада 2012 жылы да өсетіндігіне сенімдіміз».

реттеуші органдар мәмілені мақұлдағаннан кейін TeliaSonera бұрын жасалған мәлімдемелерге сәйкес «Қазақтелеком» АҚ-нан 49% үлесті 1,519 млрд АҚШ долларына сатып алды. Тараптар белгіленген талаптарды орындаған жағдайда

T e l i a S o n e ra корпоративтік жауапкершілік жөніндегі вице-президенті Эйя Питканен (Eija Pitkänen) «Біз өзіміздің корпоративтік жауапкершілік саласындағы күш-жігеріміздің әлемдік деңгейде танылып, бағаланғанына өте қуаныштымыз. Біздің осындай деңгейге жетуіміз біздің дұрыс жолда екендігімізді және өз мойнымызға алған міндеттемелеріміздің көрнекі нәтиже беріп отырғанын растайды», — деп атап өтті.

«Әлемдегі барынша сенімді 100 компанияның» тізімін құрастыруға 2005 жылы инвестициялар саласындағы зерттеулерді жүзеге асыратын Innovest Strategic Value Advisors Inc. халықаралық компаниясымен бірге Corporate Knights Inc бастама-шы болды. Барынша сенімді 100 компания шамамен жария тіркелген 3500 компанияның қатарынан іріктеледі. Global 100 жыл сайын Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумда жарияланады.

TeliaSonera бір акцияны шегеріп тастағандағы 25 пайыздық пакетті акцияларды қор нарығына бастапқы орналастыру арқылы (IPO) сататындығын растады. Акцияларды бастапқы орналастыруға дайындау басталып кетті және IPO 2012 жыл ішінде өткізіледі деп күтілуде. Қор нарығына бастапқы орналастырғаннан кейін акция бағасының қандай деңгейде қалыптасатындығына байланысты TeliaSonera «Қазақтелеком» АҚ пайдасына қосымша төлем жасауы мүмкін. Мәміленің бірінші бөлігін аяқтағаннан кейін «GSM Қазақстан» ЖШС Fintur Holdings (үлесі 51%) және TeliaSonera (үлесі 49%) компанияларына тиесілі болып табылады. Fintur Holdings B.V. өз кезегінде TeliaSonera (үлесі 58,55%) мен Turkcell-ге (41,45%) тиесілі. Мәміленің екі бөлігін де аяқтағаннан кейін TeliaSonera-ң Kcell-ге тиімді қатысу үлесі 61,74 пайызды құрайды.

жаңалықтары

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

Page 3: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

6 7

«Мобильді технологиялардың жаңа бұынына бірге бет бурайық»

Ларс ниберг:

Kcell-ң ұялы операторы TeliaSonera еуропалық телекоммуникациялық холдинг бөлімшесінің Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқанына міне 14 жыл болды. Осы жылдары TeliaSonera Қазақстанның ұялы байланыс нарығындағы негізгі үрдістерді құруда маңызды рөл атқарып келеді. Сондай-ақ бұл компания телекоммуникациялық индустрияға алғашқы ізашардың бірегей тәжірибесі мен бизнес жүргізу этикасының жоғары стандарттарын ала келді. Әлемде және біздің елімізде осы саланы дамыту жолында не жасалғаны және оны дамыту келешегі туралы біз TeliaSonera –ң президенті және бас атқарушы директоры Ларс Нибергпен сұхбаттастық

— Ниберг мырза, TeliaSonera Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Сіз компанияның Қазақстан экономикасына қосқан үлесін қалай бағалайсыз? TS-ң Қазақстанға қатысты болашақтағы инвестициялық жоспарлары қандай?

— TeliaSonera Қазақстанда 1998 жылдан бері өзінің еншілес ком-паниясы GSM Қазақстан/Kcell арқылы жұмыс істеп келеді және сол уақыттан бері біз ел экономикасына шамамен 2 млрд АҚШ долларын инвестицияладық, сонымен қатар ел бюджетіне қосымша 2 млрд долларды салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түрінде салдық. Біз халықтың 95 пайызының жоғары сапалы заманауи байланыс қызметіне қол жеткізуін қамтамасыз ететін әлемдік кластағы ұялы желіні құрдық. Біз осы қызметтерді оңтайландыру мен жаңарту жолында тынбай жұмыс істеп келеміз.

2010 жылғы желтоқсан айынан бастап біз 3G арқылы мобильді Интернетке жоғары жылдамдықпен қосылу қызметін ұсына бастадық. Лицензиялық талаптарға сәйкес 2012 жылдың соңына дейін Kcell халқы 50 мың адамнан асатын барлық қалаларда 3G қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндеттенді. Қазақстанның географиялық жағдайларымен байланысты бір жүйеге келтірілген телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту оңайға соқпайтына қарамастан біздің мобильді Интернет қызметіміз — Интернетке қосылуды қамтамасыз етудің ең жеңіл жолы болып табылады.

Телекоммуникациялық инфрақұрылыммен қатар біздің компания Қазақстанның әлеуметтік және білім беру саласын дамытуға ауқымды үлес қосты. Жыл сайын Kcell-ң бастама-сымен білім беру мен салауатты өмір салтын дәріптеуді қоса алғанда еліміздің әлеуметтік өмірінің түрлі салаларында бағдарламалар мен жобалар іске қосылып

сұхБаТ

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

Page 4: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

Бізді8 9

жатыр. Мысалы, Kcell Academy жобасының шеңберінде компания жастардың бәсекелестік рухын оята отырып және оларды батыл ми шабуылын жасау, креативті ойлау және осылайша өз таланттары мен кәсіби дағдыларын дамытуға шақыра отырып, Қазақстан университеттерінде тренингтер өткізіп отырады. Бүгінгі таңда корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жобаларын жүзеге асыруға 13 млн доллардан астам инвестицияланды.

Халықаралық деңгейде оқу және TeliaSonera қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігінің нәтижесінде Kcell-де Қазақстанның телекоммуникация саласындағы өз істерін жіті білетін жоғары біліктігі кәсіпқойлардың жаңа буынын өсіріп жатырмыз. Сондай-ақ Kcell абоненттеріне қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 40 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр.

Осылайша, TeliaSonera Қазақстандағы осы саладағы ірі ұзақ мерзімді инвестор, жұмыс беруші және салық төлеуші болып табылады және инфрақұрылым құруда маңызды рөл атқарады. Біз осы бағытта дамуды жалғастырмақшымыз.

— Сіздің жақын арада бүкіл әлем бойынша ұялы байланыс операторларының мүдделерін танытатын халықаралық орган- GSMA қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі болғаныңызды білеміз. Осы тағайындау TS-ң бүкіләлемдік телекоммуникация саласын дамытуға қосқан зор үлесі мен осы саладағы сіздің жеке кәсіби тәжірибеңізді мойындау нәтижесі болып табылады ма?

— GSMA директорлар кеңесін әлемдік аренадағы ең ірі операторлардың, сонымен қатар орта буындағы тәуелсіз операторлардың 25 өкілі танытады. TeliaSonera-ң Еуропадағы бесінші ең ірі байланыс операторы бола отырып, GSMA қауымдастығы директорлар кеңесінің құрамына кіруге сөзсіз хақы бар, өйткені біздің компанияның әлемдік телекоммуника-ция индустриясына қосқан үлесі сөзсіз зор.

TeliaSonera бірнеше скандинавиялық мобильді байла-ныс жабдықтарын өндірушілермен қатар ұялы байланыстың негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Әлемдегі бірінші ұялы байланыс стандарты Nordic Mobile Telephony (NMT) деп аталған. Бұл байланыс Швеция, Финляндия, Норвегия мен Данияда 31 жыл бұрын әдеттегі байланыс стандарты ретінде іске қосылған. Кешірек 80-жылдары TeliaSonera сарапшылары Еуропадағы GSM ұялы байланысының бірлескен стандартын дамытуда маңызды рөл атқарды.

Бізді әрқашан телекоммуникация саласында 100 жылдық тарихы мен тәжірибесі бар индустрия ізашары ретінде мой-ындайды. 2009 жылдың желтоқсан айында TeliaSonera Сток-гольм мен Ослода коммерциялық негізде 4G/LTE қызметтерін іске қосқан әлемдегі бірінші оператор болды. Бүгін бұл қызметтерді біз Швецияның, Финляндияның, Норвегияның, Данияның, Эстонияның, Латвия мен Литваның жүздеген ірі және шағын қалаларында ұсынамыз, сонымен қатар осы технологияларды біз Қазақстанда, сондай-ақ Еуразия өңірінде тесттен өткіздік.

— GSM әлемдік нарығында абоненттік базаны артты-ру есебінен пайда өсімінің болжамы қандай? Ауқымды игерілмеген нарықтар әлі де бар деп растауға болады ма?

— Абоненттер санын арттыру әлі күнге дейін оператор-лар үшін негізгі табыс көзі болып табылады. Біз Непалдағы жұмысымыздың нәтижесінде осындай тәжірибе жинақтадық, бұл жерде 2008 жылдың соңында нарыққа шыққан сәттен бастап ұялы байланыстың таралуы 15 пайыздан 45 пайызға дейін артты. Технологиялық тұрғыда мейлінше дамыған нарықтарда жаңа абоненттерді негізінен құрылғылар арасындағы деректер беру және жалпы деректер беру қызметтері қызықтырады. Біз сапалы және жоғары жылдамдықты кең жолақты деректер беру қызметтерін көрсету нарығында өзіміздің жетекшілік орнымыз-ды сақтап қалмақшымыз.

— Телефония қызметтері көлемі өсімінің төмендеуімен және деректер беру қызметтеріне қайта бағдарланумен байланысты біз осы саладағы жетекші операторлардыңпайда өсімінің тиісті төмендеуін күте аламыз ба?

— Деректерді беру қызметтерінің бағасы дұрыс әрі әділ құрылған жағдайда олар кірістілік өсімін арттыруға ықпал етуі тиіс. Өз тәжірибемізге сүйене отырып, абоненттеріміз біз ұсына алатын арналардың бүкіл өткізу қабілетін тұтынады деп айта аламыз.

Бірақ телефония қызметтері әлі де операторлар пайдасының ауқымды бөлігін құрайды және оны қамтамасыз етуді жалғастырады деп есептеймін. TeliaSonera дәстүрлі жоғары са-палы телефония қызметтерін интерактивті қарым-қатынас, чат, материалдармен алмасу және көптеген басқа да мүмкіндіктері бар заманауи интернет-телефония қызметтерімен алмастыруды жоспарлап отыр.

— TeliaSonera компанияларының тобы LTE-ні бірінші рет коммерциялық тұрғыда іске қосқан сәттен бастап екі жылдан астам уақыт өтті. Қазіргі уақытта Скандинавия және Балтық елдерінде осы желі қалай дамып келеді? Сіз осы елдердегі LTE қызметтеріне деген сұранысты қалай сипаттайтын едіңіз?

— Қазіргі уақытта Скандинавия мен Балтық елдерінде интернет қызметтерін пайдаланудың жаңа әдістері арқылы Интернетке мобильді кең жолақты қосылу қызметтерінің қызып тұрған шағы байқалады. Ұтқыр кең жолақты интернетке қосылған ноутбуктер өмірімізге ақпараттық, телевизиялық және сауықтыру бағдарламаларын алып келетін біздің ең жақын достарымызға айналды. Олар арқылы жаңа кәсіпорындарды ашамыз, орналасқан жерімізге байланысты өздігімізден білім алумен шұғылданамыз. Бұл ретте таңдау өте оңай. Ноутбуктердің басым бөлігі Интернетке ұтқыр кең жолақты қосылу қызметтерімен бірге ұсынылады, сонымен қатар олардың ішке орнатылған тиісті модемдері де бар.

TeliaSonera-ң болжамына орай екі жылдан соң миллион-нан астам швед күн сайын телевизияны өз ұялы телефондары арқылы көре алады. Сондай-ақ біздің бағалауымыз бойынша бес жылдан соң Швециядағы орташа статистикалық смартфон пайдаланушы ай сайын шамамен 3 Гб дерек тұтынады. Салы-стыру үшін: бүгінгі таңдағы осындай тұтыну көлемі шамамен 300 Мб құрайды, яғни әңгіме трафиктің ондаған есе артуы туралы болып отыр.

Тапсырыс беруші компаниялар бейнеконференцбай-ланыс қосымшаларын, 4G-планшеттері мен жоғары сапалы 4G-желісін араластыру артықшылығын зерттеуді жалғастырып келеді. Біздің болжамымыз бойынша бес жылдан соң Швеци-яда 4G Интернетке мобильді кең жолақты қосылу мүмкіндігін пайдаланушы ай сайын 45 Гб-ға тең деректердің кең көлемін тұтынатын болады.

Сондықтан желі сапасына кепілдік беру үшін және клиенттерді ең жаңа технологиялармен қамтамасыз ету үшін TeliaSonera желіні кеңейтіп, барлық Скандинавия мен Балтық елдерінің нарығында 4G қызметтерін көрсетуді жалғастырып келеді. Швецияда біздің 4G/LTE қызметтеріміз 200-ден астам қалада, демалыс аймақтарында және бүкіл елдің тау-шаңғы шипажайларында қол жетімді.

— Қазір TS тәжірибесін қоса алғанда бүкіл әлем бойынша 4G желісін сәтті коммерциялық іске қосу және оның табысты жұмыс істеу үлгілері бар кезде сіз 4G-ді жылдам әрі кеңінен таратудың келешегі туралы не ойлайсыз?

— Деректерді пайдалану барлық жерде таралып келеді. Сандардың өзгеруіне қарамастан мен жоғарыда айтып кеткен өсу қарқыны әмбебап болып табылады. TeliaSonera-ң бағалауы бойынша бес жылдан соң орташа статистикалық смартфон пайдаланушы бүгінмен салыстырғанда шамамен он есе артық трафик пайдаланатын болады. 3G технологиясы осындай дерек көлемін игере алмауы мүмкін. Сондықтан болашақтың технологиялары — бұл қажеттілік. Желілік жабдықтардың кейбір жеткізушілері бүгін-ақ 4.5G деп аталатын дүниені ұсынуға дайын. Бірақ бұл жерде осындай стандарттарға қолдау көрсететін мобильді құрылғы жеткізушілері кешігуде.

2011 жылдың екінші жартысында TeliaSonera Скандина-вия елдерінде ДК бірлескен планшеттері — LTE-ні сата бастады, ал 2012 жылдың бірінші тоқсанында біз LTE-бірлескен смарт-фондарын ұсындық.

— Деректер трафигінің күрт өсуі нәтижесінде операторлардың жұмысында, олардың стратегиялары мен бизнес жоспарларында не өзгеруі мүмкін?

— Қызмет түріне тәуелсіз мен клиенттерге қызмет көрсету сапасы әрбір оператордың басты міндеті болып қалуын жалғастырады деп есептеймін. Біздің болашақтағы міндетіміз — көбірек деректер трафигін алуға мүдделі миллиондаған пайдалану-шылар үшін сапалы қызмет көрсетуге күн сайын қол жеткізуді қамтамасыз ету. Болашақта табысқа жетелейтін негізгі кілт-деректерді беру көлемін күрт арттыру және бейне ақпаратты пайдалану жағдайында қандай шаралар қолдану керектігін жіті түсіну, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі қызметті пайдалану жолындағы кедергілерді жеңу.

— TeliaSonera Қазақстанда LTE желісін қосуға мүдделі ме? Мүдделі болса, оны қашан күтуге болады?

— Әрине, Қазақстанда LTE/4G-ді қосуға деген мүдде зор. Мен бұл елдің жоғары жылдамдықты Интернет қызметін қосуға мүмкіндігі бар және бұл негізінен мобильді Интернетке қосылу мүмкіндігімен байланысты деп ойлаймын.

TeliaSonera-ң бір бөлігі ретінде Kcell-ң болашақта біздің теңдесі жоқ ізашарлық мүмкіндігімізді, сонымен қатар осы салада жинақтаған білімімізді пайдаланудың артықшылық мүмкіндігі бар. Бұл TeliaSonera-ң құрамына кірген Еуропа өңірінің барлық ұялы байланыс операторларының табысқа жетуінің негізгі себептерінің бірі. ●

үнемі телекоммуникация саласында 100 жылдық тарихы мен тәжірибесі бар индустрия ізашары ретінде мойындайды

TeliaSoneraболжамдары бойынша екі жылдан соң миллионнан астам шведтер күн сайын телевизияны өз ұялы телефондары арқылы көредік а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

Page 5: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

10 11

«автотөлеу» серіктес банктердің тізімін кеңейтеді

салық төлеушілерге арналған ұтқыр байланыс қызметтері

түнгі интернет лимитсіз болды

Kcell клиенттері ұялы телефон шотын автоматты түрде толтыруға арналған «автотөлеу» қызметіне қол жеткізе алатын банктердің тізімін кеңейтті. енді бұл қызметті Бта банкінің клиенттері пайдалана алатын болады

Kcell мен қазақстанның қаржы министірлігінің салық комитеті салық төлеушілерге арналған екі ұтқыр сервисін іске қосатынын мәлімдеді. жаңа қызметтер қазақстандықтарға салық органдарына жүгінуге арналған уақытын біршама үнемдеуге мүмкіндік береді

енді Kcell, Activ және Vegaline абоненттері ұтқыр интернетті кедергісіз пайдалана алады! «лимитсіз түнгі интернет» акциялық қызметі трафик жайында ойланбастан, астана уақыты бойынша түнгі сағат 1:00-ден таңғы 9:00-ге дей дейн интернетті пайдалануға мүмкіндік береді. сіз қалағаныңызша бейнекөріністер тамашалап, музыка тыңдап, файлдарды да қалағаныңызша жүктей аласыз!

жә н е д е а Б о н е н т қанша жүктесе де, қызмет төлемі тәулігіне 70 теңгеден аспайды, және оған кез келген сәтте қосылып-ажыратылуға болады. Бұл қызмет ұтқыр Интернетті пайдалануға кең мүмкіндіктер береді. Мысалы, планшет иеленушілер бейнекөріністерді көріп, тор ішінде қатынас жасап, музыка тыңдай алады. 3G-модем Kcell Connect пайдаланушылары сымды Интернетті

ұмыта алады: «Түнгі лимитсізі» бар модемді компьютерге қосып алып, ақпаратты қалағаныңызша түні бойы шектеусіз жүктей беріңіз.

Kcell ұтқыр Интернетті тәулік бойы пайдалануға арналған көптеген қолайлы қызметтер мен тарифтерді ұсынады, ал абонент оларды барынша пайдамен үйлестіріп қолдана алады. Мысалы, түнгі уақытта «Лимитсіз түнгі Интернет», ал

күндіз «Лимитсіз Интернет» қызметтерін пайдалануға болады. Бірнеше интернет қызметтеріне бір уақытта қосылғанда, «Лимитсіз түнгі Интернет» басқалардың алдында басымдыққа ие болады.

Бұл қызметке қосылудың бірнеше жолы бар. *888*1*1# теріп, USSD-мәзір арқылы (біржолғы қосылу бағасы ҚҚС есепке алғанда 200 теңгені құрайды) немесе 888 номіріне «түн» және «күн»

мәтіні жазылған SMS жолдау арқылы (мұның қосылу бағасы да ҚҚС есепке алғанда 200 теңгелік біржолғы төлемді құрайды) қосылуға болады.

Бұл қызметке қосылғаннан бастап одан бас тартқанға дейін тәулігіне 70 теңге көлемінде абоненттік төлем автоматты түрде шығынға жазылады. Абоненттің дербес шотындағы теңгерім теріс болған жағдайда, қызмет көрсету тоқтатылады.

телефон нөмірін (мысалы, балаларының немесе ата-анасының телефон нөмірлерін) қоса алады.

«Автотөлеу» қызметін қосу үшін серіктес-банктің кез келген бөлімшесіне барып, өтініш жазу қажет. Содан соң ұялы телефонның шоты толықтырылып оты-ратын соманы белгілеу қажет. Ал өтініш берілген соң — қосылуды растау үшін, осы қызметті қосуды жүргізіп жатқан абоненттің нөміріне автоматты түрде жолданатын SMS-ке жауап беру керек.

«Автотөлеу» қызметінің тегін негізде берілетінін және банк тарапынан да төлем комиссиясыз болатынын атап өту керек.

KA s p I Б а н к клиенттеріне бұл сервис бұрынырақ қолжетімді болған. «Автотөлеу» сервисі өте ыңғайлы, өйткені енді абоненттерге төлеу терминалын іздеп, минут са-нап, керек деген кезде телефондағы ақша таусылып қалады-ау деп қипақтамауға болады. Бұл қолайлы әрі оп-оңай: телефонда 100 теңге не одан кем ақша қалған кезде абоненттің теңгерімі өзі көрсеткен банк есебінен тез арада толықтырылып отырады. Сондай-ақ, төлеу комиссия өндірусіз жүргізіледі, оның үстіне абонент өзінің банк есебіне бірден бірнеше

«қа з і р г і уа қ ы т та Қазақстанда басқа қызметтермен қатар мемлекеттік мекемелердің Интернет арқылы халыққа қызмет көрсетуіне мүмкіндік беретін электронды үкімет белсенді дамуда. Салық комитетімен бірлесіп жаңа сервистерді іске қосуымызбен біз мемлекеттік қызметтерді дамытудың жаңа парағын ашып, «ұтқыр үкімет» ұғымын енгіземіз. Біздің компания Қазақстанның ұтқыр үкіметінің дамуына септігін тигізіп, абоненттердің өмірін жеңілдететін осы қызметтерді

енгізіп жатқан бірінші ұялы байла-ныс операторы болып отырғанын қуанышпен қабылдайды», — деп атап өтті GSM Қазақстан/Kcell бас атқарушы директоры Вейсел Арал.

Екі сервистің біріншісі қолданыстағы СТТН негізінде салық төлеушінің ЖСН/БСН берілуін тексеруге, сондай-ақ, СТТН, ЖСН/БСН негізінде салық төлеуші туралы дерек алуға арналған. Сервисті пайдалану үшін 7010 қысқа нөміріне СТТН, ЖСН/БСН коды жазылған SMS жолданады. Жауап

SMS-те абонент тегі мен аты-жөнін қоса кодтардың иелері туралы мәліметтерді алады. 7010 нөміріне SMS жолдау ҚҚС есепке алғанда 20 теңге бағасымен тарифтеледі.

Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер де дұрыс баға бере алатын екінші сервис Салық комитетінен әр түрлі салық жағдайларының туындауы туралы ақпараттық SMS, соның ішінде ақпараттық хабарламалар, адрестік хабарламалар (салықтық тексеру, камералдық тексеру жүргізілетіні, АІЖ ресімдеу ережелерінің бұзылуы, МІЖ және т.с.с. растау мерзімнің өтіп кеткенін ескерту туралы), салықтық

есептілікті (жолданған ҚСЕ мәртебесінің өзгергені мен жаңа ҚСЕ жариялау туралы мәлімет) тексеру туралы хабарлама және SMS-хабарландыру сервисін пайда-лану туралы хабарламаларды алуға арналған.

Бұл қызметті пайдалану үшін, салық төлеуші Салық комитетінің сайтындағы (www.salyk.kz) Салық төлеушінің жеке кабинетінде өзі хабарландыру алғысы келетін ұялы телефон нөмірін тіркеп, алғысы келетін хабарлама түрін таңдап алады. Содан соң салық төлеуші жазылуды белсендендірудің бірегей кодын және SMS жолдауға арналған

қысқа нөмірі туралы ақпарат алады, бұл мәліметтер Салық комитетінің сайтындағы Салық төлеушінің жеке кабинетінде көрініс табады. Жазылуды белсендендіру/ақысын төлеу үшін салық төлеуші төменде аталған қысқа нөмірдің тиістісіне белсендендірудің сандық коды жазылған SMS жолдайды:

• 7020 — жеке кәсіпкерлер үшін (тарифі ҚҚС есепке алғанда600 теңге)

• 7030 — заңды тұлғалар үшін (тарифі ҚҚС есепке алғанда1490 теңге)

• 7040 — жеке тұлғалар үшін (тарифі ҚҚС есепке алғанда 200 теңге).

Жазылуды белсендендіру (SMS жолдау) салық төлеушінің салық оқиғасы туындаған жағдайда (Салық төлеушінің жеке кабинетінде таңдап алынған хабарлама типтеріне сәйкес) оған осы оқиға туралы SMS-хабарландыру жолданатынын білдіреді. Жазылу мерзімі — 30 күн. Жазылуды жалғастыру үшін, салық төлеуші тиісті қысқа нөмірге белсендендірудің сандық коды жазылған SMS-ті қайта жолдауы қажет. Сервистер туралы толық ақпаратты GSM Қазақстан/Kcell (www.kcell.kz) және Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігі Салық комитетінің сайт-тарынан (www.salyk.kz) табуға болады.

жаңалықтары

Page 6: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

12 13

SMS күйреуі және сандық касталар жүйесіВасилий Калабин

Барселонада өткен WMC-2012 барысында телекоммуникация индустриясының сарапшылары мен менеджерлері өздерінің ұялы байланыс келешегін қалай елестететіні жайлы ой бөлісті

Ұялы байланыс саласындағы ең маңызды іс-шаралардың бірі — Mobile World Congress халықаралық форум-көрмесі 2012 жылы ұялы байланыс индустриясындағы рекордты санға қол жеткізді: оған әлемнің 205 елінен 67 мың адам қатысты. Ұялы байланыс нарығындағы ең өзекті үдерістерді талқыға салу үшін, форумға әлемдегі ең ірі компаниялар, операторлар, программалық жасақтарды әзірлеушілер, телефондар мен телекоммуникациялық құрал-жабдықтарды өндірушілер, теле-коммуникация министрліктерінің, ең ірі интернетшілердің өкілдерімен қатар ұялы байланыс саласындағы технологияларға қызығушылық танытушылар жиналды. 2012 жылғы көрмеге қатысқан 1,5 мың компания 70,5 мың шаршы метрлік алаңға орналасты, индустрияның негізгі өкілдерін құрайтын компани-ялар өздерінің бар жаңалықтарын ұсынды. Ұйымдастырушылар конгресті өткізу нәтижесінде Барселона экономикасына 300 млн. еуро (яғни былтырғыдан 25 млн. еуро артық) құйылғанын есептеп шығарды.

GSMA атқарушы директоры Джон Хоффман биылғы конгрестің барлық жағынан сәтті болғанын былай деп атап өтті: «Көрмеге компаниялардың рекордты саны қатысты, бұл ұялы байланыс технологияларының әлемдегі барша адамның өмірінде аса маңызды болып отырғанының тағы бір дәлелі. Биыл конгреске автокөлік, қаржы, медицина индустрияларының да өкілдері қатысқаны — ұялы байла-ныс технологияларының өмірге терең кіріккенінің айқын растауы». Ұялы байланыс технологиялары қарапайым қала тұрғыны өмірінің аса маңызды бөлігіне айналғанымен, даму мүмкіндіктері әлі де бас айналдырарлық. Өзгеріс көп болмақ. Көрмеге келгендердің бірі жаңа гаджеттерді тамашалап жатқанда, екіншілері телекоммуникация индустриясының про-блемалары мен трендтерін талқыға салып, бұл саладағы жаңа технологиялардың келешегін көз алдына елестетіп, оның адам өмірі мен компаниялар жұмысына енгізетін өзгерістерін болжап бақты.

Қауіпті ИнтернетҰялы байланыс операторлары үшін қазіргі кезде бұл саланың басты тренді болып отырған жайт — ғаламторға ұялы телефон арқылы кірудің нәтижесі екіұшты. Бір жағынан, басқа сектор-лар толуға жақын болып тұрғанда, бұл сектор компанияның дамуына айтарлықтай септігін тигізетін жаңа табыс көзіне айналуда. Екінші жағынан алсақ — ұтқыр Интернет Желіні шек-тен тыс жүктеп отырғандықтан, оның дамуына қыруар инве-стиция салу қажеттігі айқын, ал бұл сегменттен түскен түсімнің мардымсыздығы нарық қатысушыларының маржиналдығын төмендетіп отыр.

Пікірталас кезінде бірқатар ірі операторлар интернет-ком-паниялар тарапынан бәсекелестіктің күшеюіне байланысты табыс көлемі мардымсыз өсуде, ал салық едуәір көтерілуде және де мемлекет операторлардың тарифтерді төмендетуін талап етіп отыр, деп қынжыла айтты. Мәселен, жуырда еуропалық реттеуші органдар операторларға 2012 жылдың шілде ай-ынан бастап ұялы байланыс арқылы дерек беру бағаларын

төмендету міндетін артты. Қазіргі кезде бүкіл ЕО аумағында 1 Мб жүктеп алудың құны 2 еуродан астам болып отырса, шілде айынан бастап бұл қызметтің бағасы 0,9 еуродан аспауы тиіс. GSMA қауымдастығының төрағасы Франко Бернабе осы саладағы бағалардың қатаң реттеліп отырғанына шағым айтып, әсіресе, бұл Еуропада басты проблемалардың бірі болып отыр, деп санайтынын мәлімдеді. Ал Vodafone-ның атқарушы директоры Витторио Колао LTE желілерінің құрылуына қарай Интернетке ұялы байланыс арқылы кіру жылдамдығы өсіп, желілерде барған сайын көлемді трафик өткізуге тура келеді; мысалы, үш жыл-дан соң смартфон пайдаланушылары қазіргіден үш есе артық дерек жүктейтін болады, деп атап өтті. Ол ағынды игеру үшін, операторларға бірлесіп кемінде 800 млрд доллар қаражат инве-стициялау керек болады, алайда ол ақшаны табу күннен-күнге қиындайды, деп атап көрсетті Франко Бернабе.

Nokia Siemens Networks президенті Раджив Суридің пікірінше, гигабайттық революция жақындап келеді, бұл дегеніміз 2020 жылға қарай әрбір пайдаланушы күнделікті бір гигабайттық трафикті тұтынатын болады, ал абонент бағытындағы дерек беру жылдамдығы қазіргіден он есе артады дегенді білдіреді. Осы өзгерістер пайданы сақтап қалу мақсатында тиімділікті қамтамасыз ету қажеттілігі мен операторлардың желіге үнемі инвестиция салуының тепе-теңдігіне қол жеткізуді талап етеді, ал бұл өз кезегінде құрал-жабдық өндірушілердің алдына жаңа міндеттер қояды, деп атап өтті Раджив Сури. Бұл трендтің нәтижесі шығынды қысқартуға деген тұрақты талпыныс болмақ. «Нарықтағы жалпы ойыншылар саны тұрғысынан да, бизнесті жүргізу тәсілдері тұрғысынан да дәл осы себеп операторларды шоғырлануға, яғни инфрақұрылымды бірлесе пайдалану жобала-рын іске асырып, сатып алуларды бірлесе жүзеге асыруға арналған ұйымдарды құруға итермелейді», — деп атап көрсетті Раджив Сури.

SMS-хабарламалардың келешегі жайлы пікірталас та қызу болды. Операторлар үшін бұл аса тиімді қызмет түрі болып отыр десек те, хабарламаларды data-трафик нысанында берудің пай-дасы анағұрлым кем болады. Бүгіннің өзінде пайдаланушыларға ұялы телефонға хабарлама беруге мүмкіндік сыйлайтын көптеген интернет-сервистер SMS-тің бәсекелісіне айналып отыр. Мысалы, пайдаланушыларға хабарлама берумен қатар 3G, 4G және WiFi желілері арқылы тегін дыбыстық және бейнеқоңырау шалуға мүмкіндік туғызған Skype смартфондарға арналған барлық операциялық жүйелер үшін қолжетімді болып отыр.

Ovum талдау компаниясының деректеріне сүйенсек, ұялы байланыс операторлары былтырғы жылдың өзінде осындай тегін мессенджерлер қызметінің нәтижесінде ақылы SMS таратудан 9 млрд. фунт стерлингке жуық түсімнен құр алақан қалған, ал келе-шекте олардың табысы бұдан әрі төмендемек.

Франко Бернабе тегін мессенджерлер ұялы байланыс компанияларының өз желілеріне инвестиция салу мүмкіндігін жоққа шығарып отыр, себебі барынша тиімді сервис ретінде SMS жолдаудан түскен табысты осы мақсатқа бағыттауға болатын еді, деп атап өтті. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, хабарлама жолдауға арналған қызметтер байланыс операторларының өрісін

аналитика

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

Page 7: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

14 15

тарылтып, оларды жай ғана интернет-провайдерлерге айналды-руы ықтимал.

GSMA сақтандыру шарасы ретінде ұялы байланыс саласындағы ірі операторлардың IP-хаттама арқылы мәтіндік хабарламалар жолдауға арналған Rich Communications Suite (RCS) біртұтас платформасын құру жөніндегі бірлескен жоба-сын іске асыруды көздеп отырғанын жариялады. Бұл орайда әртүрлі операторлардың ұялы телефондарына қондырылатын жаңа программалық жасақтаманы әзірлеу ұсынылып отыр. Жоба биылғы жылы Испания, Франция, Германия, Италия және Оңтүстік Кореяда іске асырыла бастайды.

Автокөлік ұтқыр құрылғы ретіндеБұл орайда келешекке көз тастасақ, операторлар интер-

нетке ұялы байланыс арқылы кіру жолымен дамудың көптеген мүмкіндіктеріне қол жеткізе алатынын көруге болады. 2020 жылы «желіге қосылған өмір» (Connected Life) нарығының көлемі 4,5 трлн. долларға жетеді, деген болжам жасады Machina Research компаниясы. GSMA-ның маркетинг жөніндегі директо-ры Майкл О’Хара атап өткендей, коммуникациялық құрылғылар нарығында қазіргі кезде ұялы телефондар басымдық алып отырғанымен, келешекте, смартфондардың, планшеттік ЖК-дің, тұрмыстық электрониканың және М2М-құрылғыларының

(Machine-to-Machine) жаңа легі келген кезде, жағдай өзгермек. Оның ойынша, Connected Life өнеркәсіптің көптеген салаларына оң әсер бер-мек. 2020 жылы бүкіл әлемде интернетке қосылған құрылғылардың жалпы саны 24 млрд-қа жетпек (2011 жылдың аяғында ол 9 млрд-ты құраған), соның нәтижесінде жаңа табыс көздері пайда болып, жаңа бизнес үлгілері т.с.с. қалыптасады. Қосылған құрылғылардың артуы негізінен М2М-шешімдер есесінен орын алмақ, ал олардың саны 2020 жылға қарай шамамен соңғы буынды құрылғылардың 12 млрд-ын құрайтын болады, мұны құрылғылардың былтырғы жылы 1,5 млрд болғанымен салыстырыңыз. Ал қосылған құрылғылардың басқаларының (ұялы телефондар мен смартфондар, планшеттік ком-пьютерлер, ноутбуктар) саны бар-жоғы 1,5—2 есе артпақ.

Зерттеушілердің пікірінше, «желіге қосылған өмір» экономиканың 10 саласына барынша ықпал етеді. Ол салалар қатарына автокөлік жасау («қосылған автокөлік»), денсаулық сақтау (қашықтықтағы мониторинг), ғимараттардағы қауіпсіздік сала-сы, «ақылды санауыштар» жатқызылып отыр. Атап айтқанда, GSMA материалдарында 2020 жылға қарай бүкіл әлемдегі автокөліктердің 90 пайызынан астамында қондырылған қосылу құралдары болуы тиіс, деп аталып өтті. Осының барлығы — телекоммуникациялық компанияларға арналған жаңа нарық.

«Әрине, келешекте ешкім өздігімен автокөлік жүргізбейтін болады, — деп, ой бөлісті Ford Motor Company концернінің атқарушы

директоры Билл Форд. — Олар біртұтас желі ішінде байланыс құрып, қала ішінде өздері қозғалып отыратын болады. Жол жүрер алдында сіз өзіңізге тұрақтан орын брондай аласыз. Ал сіз түсіп кеткен соң, машинаңыз оған өзі барып тұра қалатын болады. Ірі қалаларда көлік кептелісі мен жол апаттары едәуір азаяды». Автокөлік санының көптеп өсіп келе жатқанын ескеріп, Билл Форд әртүрлі өндірушілердің автокөліктеріндегі компьютерік жүйелерді біртұтас дерек алмасу жүйесіне біріктіруді ұсынды. Жүйеге трафик, автокөлік тұрақтарындағы орындардың бар-жоғы, қоғамдық көліктің қозғалысы мен бағыты туралы деректер түсіп отырады. Қазіргі автокөліктердің барлығында компьютерлер бар емес пе, оларды бір-бірімен бай-ланыстыратын кез келген сияқты.

«Автокөліктер ұялы коммуникация платформасына ай-налуда, сондықтан олар телекоммуникация индустриясында әлі пайдаланылмаған керемет мүмкіндіктерді құрайды. Дәл қазір біздің жолдарымызда жекелеген автокөлік түріндегі миллиардтаған компьютерлік құрылғылар қозғалып бара жа-тыр», — деп атап өтті Форд мырза.

Кредит картасының орнына телефонСмартфондар тарап, дерек беру жылдамдығы артқан сайын, телефондарға арналған әртүрлі қолданбалар мен сервистер та-

нымал болып жатыр. Ал оларды әзірлеушілер өз туындыларын ақшаға шағу мүмкіндігін ойластырып, ұялы телефонның төлем жасау мүмкіндіктері мәселесін көтеруде — бұл ақша табуға да жол беруі ықтимал.

Ұялы коммерцияны дамыту мәселесінде әсіресе Near Field Communication («жақын өріс коммуникациясы») технологиясына жиі көңіл бөлініп жүр. Бұл технология 10 см ара қашықтықта тұрған құрылғылар арасында дерек алмасу мүмкіндігін туғызады. Соның арқасында телефонды, мысалы, кредиттік карта ретінде пайдалануға болады. Алайда конгресс барысында технологияның даму әлеуеті жөнінде бір-екі сыни пікір айтылды.

Атап айтқанда, PayPal төлем жүйесі сарапшыларының пікірінше, Google компаниясы мен тікелей байланыссыз NFC-төлем технологиясының басқа да жақтаушылары жаппай өнімді нарыққа әкелуде кешігіп қалатын сияқты. Компания өкілдерінің ойынша, NFC-төлемдерге қажетті инфрақұрылымды салу аяқталғанша, нарық түбегейлі өзгеріп кетеді. Себебі инфрақұрылымды жабдықтау аса көп уақыт алады — ол үшін сауда желілеріне қойылатын арнайы құрал-жабдықтарды, сондай-ақ, NFC-чипті смартфондарды әзірлеу қажет. Әрине, ол кезде адамдар кредиттік карталарын қолдануды тастағанымен, адамзат төлем жасаудың басқа технологиясын таңдайды. Бұл технологияның келешегіне күмән келтірген жалғыз PayPal

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

Page 8: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

ғана емес. Мысалы, Apple компаниясының өзінің соңғы iPhone-ының құрылғысын NFC-чиппен жабдықтамағаны оның басқа балама жолды таңдайтынын білдіріп отыр. Алайда, ұялы телефондардың қазірдің өзінде саудаға ықпал етіп отырғаны анық. Мәселен, американдық тұтынушылардың жартысы дүкенге барарда ұтқыр Интернетті қолданса, ұялы құрылғылар пайдаланушылардың Желі ішінде де, нақты өмірде де сауда жасауына өз ықпалын тигізуде. Бұл жайында eBay-дің атқарушы директоры Джон Донахью әңгімелеп берді. Ол пайдаланушылар сервистерді тауар сатып алу, бағаларды салыстыру, тауардың бар-жоғын білу және пікірлерді оқу үшін қолданатынын атап көрсетті.

«Ұялы құрылғылар біз электрондық коммерция және ретейл деп атайтын нәрселердің шекарасын бұзуда. Олар ол шекараны артық көреді», — дейді Донахью мырза. Сондай-ақ, ол жуырдағы 3—5 жыл ішінде пайдаланушылардың мінез-құлқы осыдан бұрынғы 10—20 жылдағыдан жылдам өзгереді, деген болжам жасады: «Ұялы телефонмен транзакция жасау — сол оқиғаның кішкентай бір бөлігі ғана, оның көп бөлігі дүкен аралау мен төлем жасауға қатысты болмақ. Енді ірі ретейлерлер дүкен аралаудың кешенді, интерактивті мүмкіндіктерін бере алатын болады. Кейбір тауарларды желі арқылы сатып алуды шектейтін қандай да бір кедергілер жойылады. Біз смартфондар көмегімен тауарды қолымызбен ұстап көріп, киімді киіп көретін боламыз. Толықтырылған нақтылық технологиялары, пішінді проекциялау технологиялары бар. Кейбір тауар санаттары үшін кірпіш пен бетоннан жасалған дүкендер құрдымға кетеді».

2011 жылы eBay ұтқыр коммерциясының айналымы 5 млрд. долларға жетті, ал 2012 жылы бұл сан 8 млрд. долларға дейін артпақ. Бүкіл әлемдегі 70 млн-нан астам пайдаланушы өз смартфонына eBay қолданбасын жүктеп алған.

Интернетке бостандық керек!Көрмеге қойылған ОЖ болып табылатын телефондардың ішінде Android көшбасшылық етіп келеді. Күнделікті осындай операциялық жүйе қондырылған 850 мың аппарат активтеледі, ал бүкіл әлемдегі осындай құрылғылар саны 300 млн данадан астам. Google-дың Президенті Эрик Шмидтің айтуынша, компа-ния 12 жылдан кейін әркімнің қалтасынан Android табылса деп қалайды екен: «Смартфондар революциясы аса көлемді болады, Мур заңы есептеулеріне қарасақ, 12 жылдан кейін қазір 400 дол-лар тұратын телефондар 20 долларға түседі, ал Google бәрін дұрыс істеген жағдайда, әркімнің қалтасынан Android табылады».

Google-дың басшысы ұялы байланыс дамуының аса маңызды негізгі проблемалары ретінде желі трафигінің қымбаттығын, ұялы байланыс желілерінің шамадан тыс жүктеліп жүргенін, құрылғылардың аса қымбаттығын атап өтті. Ол келесі эволюциялық даму сатысын LTE тарату арқылы қамтамасыз етуге болады деп ойлайды, себебі кең жолақты ұялы Интернет қолданбалардың мүлдем жаңа түрлерін және бұрын қолжетімсіз болған мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашады.

Жалпы, Эрик Шмидт сөйлеген сөзінде оптимистік көзқарас танытты. «Жуыр келешекте-ақ адамдар үйінен шықпай отырып әртүрлі оқиғалардың куәгері бола алады. Роботтар біздің алыс қашықтықта болып жатқан оқиғаны көріп, естіп және тіпті сезіп отыруымыз үшін қажеттінің бәрін орындайтын болады, — де-ген сенімде Шмидт мырза. — Өздеріңіз елестетіп көріңіздерші, әрбір адамның жеке көмекшісі әрі қашықтықтан телеқатысу машинасы ретінде әрекет ететін өзінің жеке роботы болады. Былайша айтқанда, оны операторға 3D форматында бейнебаян

беріп отыратын ерекше аватар немесе суррогат деп атауға болады. Желідегі жылдамдық шексіз болады және өнімділік те шексіз болады деп топшыласақ, келешекті көруге болады. Интернет қазіргі кездегі электр желісі іспеттес қабылданатын болады. Көлемі қолға ұстауға келмейтін, бірақ аса қуатты сенсорлар барлық заттарға қондырылатын болады. Бұл орайда жоғары технологиялық құрылғылардың әлеуетті пайдаланушылардың бәріне бірдей қолжетімді бола бермейтінін, сандық касталар жүйесі пайда болатынын мойындау қажет. Жоғары деңгейлі пайдаланушылар жұмыс өрісін тек қиялы мен заңнама ғана шектеп отырған әзірлеушілердің гаджеттерін сатып ала ала-тын болады. Дегенмен, адамдардың сол касталарға бөлінуі олардың материалдық жағдайынан бұрын жаңа технологиялар мен ресурстарды қабылдауға қаншалықты дайын екендігімен айқындалатын болады».

Эрик Шмидт индустрия өкілдеріне бүкіл әлемдегі Google іздестіру сайтын әлі күнге қолданбай жүрген 5 млрд адамды Интернетке қосу инфрақұрылымын жасау туралы үндеу тастады. Оның пікірінше, Интернет беретін мүмкіндіктер мен бостандықтарды бүкіл ғаламшар тұрғындарына таратпасақ, сандық қашықтық өсе беретін болады. Осы оптимистік келешектің қаупі цензура мен асыра реттеушілікте тұр, деп атап көрсетті ол. «Осыдан он жыл бұрын бар-жоғы 4 ел ғана онлайн-цензураны іске асырған болса, бүгінде оны 40 ел жүзеге асыруда. Соңғы айларда тіпті АҚШ-та да қауіпті заңнамалық және реттеушілік бастамалар көтерілгенін көріп отырмыз», — деді Эрик Шмидт. Ирандық журналистің: неге Google цензураға қарсы шыға тұра, өзінің кейбір өнімдеріне ирандықтардың қолжетімділігін шектеп отыр, деген сұрағына Шмидт бұл тұрғыда американдық заңнама тарапы-нан бірқатар шектеулердің орын алып отырғанын мойындады. «Мен сіздер жақтамын, бірақ қамауға алыну қаупі болғандықтан, біздің арналарымыздың өткізгіштік қабілетінің жеткіліксіздігіне сілтеме жасауымызға тура келеді», — деп ақталды интернет-корпорацияның басшысы.

Алайда жалпы алғанда, пайдаланушылар тұрғысынан да, көрсетілетін қызметтер тұрғысынан да деректерді ұялы құрылғылар арқылы таратудың көптеген игерілмеген нарықтардың көзін ашып отырғаны айқын деуге болады. ●

Page 9: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

Дайджест 18 19

Microsoft компаниясының 0азіргі уақытта пайдаланушының даусын тануға және осы дауы-спен аударылған мәтінді дыбыстауға мүмкіндік беретін революциялық жүйені әзірлеу үстінде екендігі мәлім.

Осыған ұқсас шешімдердің бар екендігін атап өту керек, бірақ олардың барлығында ешкімге тиесілі емес компьютерлік дауыс қолданылған. Бұл жағдайда 3D-аватар пайда-ланушы өз даусымен шет тілде қарым-қатынас жасайды. Осылайша адамдар шет тілдерін үйренбей-ақ екі тілде «қарым-қатынас» жасай алады. Қазіргі сәтте жүйе «26» тілді біледі, оның ішінде ағылшын, қытай және испан тілдерін. «Аватар» қағидаты мәселен, бейбіт мақсатта ғана қолданылмауы мүмкін.

Бұл бағдарламалық жасақтама көбінесе са-яхатшылар және шетелдік әріптестермен жұмыс істейтін кәсіпкерлер арасында танымал. Мәселе басқада: миға ауыстырып қондыруға болатын полиглот микрочип қашан әзірленеді?

Apple компаниясы Samsung-пен және Motorola-мен үздіксіз патенттік соғыстарды доғаруға бірінші болып қадам жасауға бел буды. Осы компаниялар Apple патенттерін пайдаланғаны үшін әрбір сатылған Android-девайстан белгілі бір соманы аударып отыруға келісетін болса, дау шешіледі.

Apple компаниямен патенттелген технологи-ялар пайдаланылған әрбір сатылған Android – құрылғысы үшін Samsung пен Motorola-ға өзіне 5 доллардан 15 долларға дейін төлеуді ұсынғаны белгілі. Түрлі бағалаулар бойынша бұл шамамен девайс көлемінің 1—2,5 пайызын құрайды.

Бұл жаңа Apple басшылығының күрделі қадамы. Бұрын Стив Джобс компанияға тиесілі патенттерді лицензиялау саясатын ешқашан ұстанған емес, ол тіпті «үлкен ұрлық» болып табылатын «Android-ты жоюға» дайын екендігін мәлімдеді.

жақында ақш-та бір қызық оқиға болды. ФТК қызметкерлері Сан-Диего қаласындағы қайсы бір тергеу барысында заттай дәлелдеме тапты — Android- Samsung Exhibit II смартфоны (бізде Samsung Galaxy W ретінде белгілі). Ал тәркіленген смартфон графикалық кілтпен бұғатталған болып шықты (pattern-lock). Оны бұзуға ұзақ уақыт әрекеттенгеннен кейін Федералды тергеу кеңсесінің қызметкерлері өздерінің қабілетсіздігін мойындады.

Әрине, графикалық кілтті білмеген жағдайда те-лефонды бұғаттаудан шығарудың өзге әдісі бар, бірақ ол Google аккаунтына арналған парольді білуді талап етеді. Бірақ сіз кілтті де, парольді де ұмытып қалған жағдайда смартфонның жадысында сақталған барлық деректермен қоштаса беруге болады. Сондықтан енді ФТК-не осы қырсық аккаунттың паролін алу үшін Google–ға сот арқылы сұрату жасауға тура келді.

Осы жағдай ФТК мен өзге арнайы қызметтердің иелігінде сөзсіз болатын арнайы бағдарламалық жасақтамалар мен құралдар арқылы «бұзып кіруге» болатын ең қорғалған заманауи компьютерлермен салыстырғанда смартфондардың кейбір жағдайда әлдеқайда қауіпсіз болып табылатындығын көрсетті.

Бірақ Android-смартфондарының ФТК-ң алдында қорғалғанымен, жиі осы платформада көпкеп өсіп келе жатқан вирустардың алдында дәрменсіз екендігі анықталды. енді шет тілдерді

үйренудің қажеті жоқ

антикварлық девайс

Nokia: көп ядерлік смартфондар қажет емес

Фтк (Федералды тергеу кеңсесі) Android қорғанысын бұза алмады

Brand shop samsung

Apple өзіне сатылып кеткен Android-девайстар үшінтөлеуді ұсынады

әлдебір интернет-аукционның каталогында өте ерекше лот пайда болды. Әлдекім әлдебір russel400-бен Apple WALT (Wizzy Active Lifestyle Telephone) аппаратын небәрі 8000 долларға сатып алуды ұсынады Бұл құрылғы стационарлы телефонға қосымша болып табылады және телефонның мүмкіндіктерін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік береді.

1993 жылы жасап шығарылған аппарат сол уақытқа сәйкес барынша ілгері функцияларға ие. WALT стилусы бар сенсорлық аппаратпен жабдықталған және қолжазба мәтінді айыра алады. Девайс факс, нөмірді анықтағыш, дауысты байланысқа арналған құрылғы және мекенжай кітапшасы қызметін атқара алады, соны-мен қатар пайдаланушыға кейбір банктік қызметтерге және қоңырау мен факстің пайдаланушылық әуендері опцияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Құрылғы 1988 жылдан 1991 жылға дейін шығарылған Mac OS өзгертілген нұсқасының басқаруымен жұмыс істейді. Apple компаниясы WALT-ты алғашқы болып және бір жолы ғана 1993 жылы Бонтондағы MacWorld көрмесінде ұсынды. Қандай да бір себептермен құрылғы топтамалық өндіріске іліккен жоқ- оның бірнеше прототипі ғана шығарылып, соның біреуі қазір аукционға түскен.

Nokia-ң заманауи смартфон түрінің қандай болу керектігіне қатысты өз ойы бар сияқты. Бұрын фин компаниясы өкілдерінің бірі смартфондардағы үлкен экрандардың ақымақтық екендігі туралы хабарлаған. Енді әңгіме ақылды құрылғыдағы ядролар саны туралы болып отыр.

Өткен жыл екі ядролық смартфондар жылы болса, жақында өткен MWC көрмесіне орай 2012 жыл төрт ядромен таңбалатын жыл болмақшы.

Бұл ретте Windows Phone смартфондары қазіргі

уақытқа дейін бір процессорлық чиптермен шектелген, осыған байланысты Microsoft атына үнемі сын айтылып жатады. Бұл шектеудің Windows Phone 8 шыққаннан кейін күзге қарай ғана алынатындығын ескертеміз.

Фин компаниясының атқарушы директоры Стивен Элоп әріптестерін жақтауды ұйғарып, екі ядролық және төрт ядролық чиптердің аккумулятор қуатын текке кетіретіндігі, ал көп ядролықтың өзі пайдаланушыға ешқандай пайда алып келмейтіндігі туралы мәлімдеді.

Бұны Microsoft-ң MWC 2012-де өткен «Smoked by Windows Phone» бастамасы растайды. Жарнама кампаниясының барысында түрлі смартфон иегерлеріне өз смартфондарының өнімділігін Windows Phone-ғы үлгілермен салыстыру ұсынылды. Пайдаланушының смартфоны жылдамырақ болып шыққан жағдайда ол 100 евро-дан алды.

MWC шеңберіндегі жарыс нәтижесінде 80 пайыз жағдайда Windows Phone –ғы бір ядролық смартфон-дар басып озып, суретке түсіру жылдамдығы бойынша таңғажайып Nokia 808 PureView мен мәтінді аудару жылдамдығы бойынша бірен саран НТС-ті ғана алдына салды.

Төрт ядролық чиптердің қажет еместігі туралы жақында Sony компаниясының да мәлімдегенін ескертеміз.

қазақстандағы ресми Samsung өкілдігі бізге хабарлағандай Алматыда Наурыз мерекесін тойлау күндері ресми Brand Shop ашылады. Фирмалық дүкенде өндірушінің барлық жаңа дүниелері сатыла-ды, ал ең бастысы-бүкіл өнім кепілді «ақ», ал құны ретейлерлердің бағасынан төмен болады.

Page 10: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

20 21

— Компанияларыңыз бірнеше жыл бұрын біршама өзгерістерді бастан кешіп еді. Енді оның қажеттілігі неден туындады?

— Компанияның өмірінде белгілі бір кезеңдер болады. Соңғы 3 жылды Kcell-дің нарықтағы бұрынғы өз орнын қайтарып алған кезеңі деп сипаттауға болады, яғни қазір біз бәсекелестеріміздің белгілі бір әрекеттеріне жауап берумен айналысып жүрген жоқпыз, көбінде жаңа өнімдерді, жаңа тариферді іске қосу, жалпы бизнесті жүргізудің үйреншікті ережелері мен үлтгілерін өзгерту арқылы біз жұмыс ырғағын, динамикасын, трендерді өзіміз бірінші болып қалыптастырып отырмыз. Ендігі кезекте біздің алдымызда тұрған мәселе: әрі қарай не істеу керек? Біз бәсекелестерімізден, біздің индустриядағы басқа компаниялар-дан немен ерекшеленуіміз керек?

Былтыр жазда Kcell-дің топ-менеджерлері құрамында мен Driving innovations тренингіне қатысқанмын. Сол тренинг барысында бизнестегі инновациялардың жалпы рөлі тақырыбы маған ғана емес, менің әріптестеріме де аса өзекті болып көрінді. Себебі компанияның нарықта қалуында ғана емес, оның өз қызметі барысында бизнесте тұрақты нәтижелер көрсетуінде инновациялардың аса зор маңызға ие екендігін көптеген кәсіпорындардың ХХ ғасырдың бүкіл ұзына бойындағы тарихының өзі дәлелдеп берді.

Дәл сол тренингтен соң топ-менеджмент, көркем тілмен айтқанда, инновациялар бағытына басты. Бірақ іле-шала: компанияның ішкі ортасы сол инновацияларды қолдауға қаншалықты жақын? Kcell қызметкерлері жалпы өз дауыстарының маңыздылығын сезе ме екен? Біз басқарушылық тәртіпті нығайту үшін қатаң әдістер қолдану кезеңін өттік, сондықтан басқаруы жолға қойылған компаниямыз белгілі бір шешімдерді жеткілікті түрде тиімді орындап жүр. Бірақ сол қатаң тәртіп мәдениеті инновациялар үшін лайықты болар ма екен? — деген тағы бірқатар сұрақтар туды.

Инновациялық дағдылар мен инновациялық тренингтің нәтижесіне қол жеткізу үшін, инновацияларға қабілетті компа-нияны құру үшін, бізге айнаға мұқият қарап, шынайы жағдайды толық көру қажет. Біздің қалай өмір сүріп, сыртымыздан қалай көрінетінімізді, біздің ережелеріміз бен бизнес жүргізу мәдениетіміздің инновацияларды қабылдауға және оларды жүзеге асыруға қабілетті компания иеленетін өлшемдерге қаншалықты сай келетінін түсінуіміз керек.

— Kcell-дің қазіргі уақыттағы корпоративтік мәдениетінің ерекшеліктері жайлы әңгімелеп берсеңіз? Корпоративтік мәдениет пен инновациялар бизнеске қалай ықпал етеді?

— Үлкен компаниялардың корпоративтік мәдениетін анда-санда қайта қарастырып, дамытуға бағытталған шаралар қолдану жөн. Біз бұрыннан бар оң қасиеттерді жоғалтып алмай, осы тиімділікті жақсартқымыз келеді. Яғни бұл өзіміздің жағымды жақтарымызды қалдырып, өзгесін өкінбей тастау керек деген сөз. Ол үшін біз өз қызметкерлерімізге ашылуға мүмкіндік беруіміз қажет. Біздің алдымызда өте қызықты әрі өзімізді көрсетуге бағытталған міндет тұр: біздің компания сөз жүзінде

емес, іс жүзінде келешегі бар, өзін-өзі көрсеткісі келетін дарынды адамдар үшін барынша қызықты әрі қалаулы орын болатындай жағдай туғызу керек.

— Инновация неден басталады? — Инновацияның көптеген анықтамалары бар. Олардың біреуін алсақ, инновация дегеніміз – жұмысқа нақты нәтиже беретін айла-амалдарды енгізу қабілеті. Мәселен, нәтижелілігі жоқ жасампаздықты инновациялылық деп атау қиын. Инновациялылық дегеніміз — компанияның бизнес жүргізу, тех-нология, яғни кез келген нәрсенің жаңа әдіс-тәсілдерін пайдала-нып, ақырында одан нақты нәтиже шығаруға қабілеттілігі. Неге біз инновациялылықты әрбір жұмыс орнында пайдалануға болады дейміз? Оның себебі біреу-ақ: кез келген адам өзінің жұмыс ор-нында, өз төңірегінде ештеңені жетілдіре алмаймын деп ойлаған жерде инновацияларға орын жоқ.

— Сол адамның салдарынан ба әлде барлық нәрсенің онсыз да жақсы жұмыс істеп тұрғанынан ба?

— Барлығы онсыз да жақсы істеп тұр, сондықтан ештеңені жақсартудың қажеті жоқ деп ешкім айта алмайды. Бірдеңені жақсартуға болатынын, ненің кертартпа болып, біздің көп уақытымызды алатынын, жұмысымыздың барысына кедергі болып, жалпы бизнесімізді тұралатып тұрған нәрселерді анықтап алып, өзіміздің уақытымызды, жасампаздық әлеуетімізді біршама босатуға болатынын әрқайсымыз жақсы білеміз. Дәл осы қарапайым нәрселерден бастау керек. Инновация қарапайым нәрселерден басталуы тиіс. Себебі сонда ғана уақытымыз да, әлеуетіміз де босап, соның арқасында келесі қадамды жаңалық ашып, қызғылықты нәрселерді енгізуге бағыштауға болады.

— Инновациялар жөніндегі жоба компания клиенттеріне қандай әсерін тигізбек?

— Біздің соңғы уақытта істеп жатқанымыздың, яғни бизнесімізде шоғырланған мәселелердің бәрі клиенттерімізге арналған. Сондықтан, әрине, инновациялық өзгерістер жобасы клиент-терге қатысты болып табылады. Біздің өнім ретінде не ұсынып отырғанымызға, қандай мұқтаждықтарды қанағаттандырып отырғанымызға қарай өз клиенттерімізге деген көзқарасымызды, ыңғайымызды қаншалықты өзгертетініміз де инновациялық өзгерістердің бір қыры болып табылады.

— Клиенттер сіздерге ұсыныс айта ала ма?— Клиенттер бәрін істей алады! Біздің міндетіміз — сол кері байла-нысты барынша жақсы етіп жолға қою. ●

Кез келген бизнестің тұрақтылығы негізінде инновацияларға деген талпыныс жатыр — бұл жиырмасыншы ғасырда және жиырма бірінші ғасырдың басында дәлелдеген ақиқат. Бұл дегеніміз жаңа өнімдер мен қызметтерді шығаруды ғана емес, идеяларды жүйелі түрде бүкіл әлемнің пішінін өзгертетін ұсыныстарға айналдыру қабілетін білдіреді. Бүгінде Procter&Gamble, Apple, DuPont, General Electric сияқты кәсіпорындар инновациялық даму жолын таңдады. Қазақстандық компаниялардың ішінде инновациялық тәсілдердің қажеттілігін ашып айтқан – Kcell ұялы байланыс операторы болды. GSM Қазақстан/Kcell-дің бизнесті дамыту жөніндегі директоры Нұрлан Сарғасқаев VOX.com-ға берген сұхбатында осы мәселе төңірегінде ой бөлісті

сұхБаТ

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

Бізбасқарушылық тәртіпті нығайту үшін қатаң әдістер қолдану кезеңін өттік, сондықтан басқаруы жолға қойылған компаниямыз белгілі бір шешімдерді жеткілікті түрде тиімді орындап жүр

Page 11: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

22 23

Болашақтағы мүмкіндіктер Иван Глущенко

NFC аббревиатурасы Near Field Communication дегенді білдіреді, бұл ағылшын тілінен «жақын радиустан әрекет ететін коммуникациялар» деп аударылады. Әрине, осын-дай қысқаша түсініктеме технологияның мәнін толық аша қоймайды, сондықтан теория мен терминологияға тереңірек үңіліп көрелік. NFC бір-біріне жақын арақашықтықта орналасқан құрылғылардың сымсыз өзара әрекет ету техно-логиясы болып табылады. NFC жұмыс схемасы өз тамырын белгілі RFID (Radio Frequency Identification — «радиожиілікті сәйкестендіру») технологиясынан алады, бұл технология өте ұқсас және арнайы белгілерде сақталатын деректерді оқитын

NFC-ді әзірлеумен және дамытумен NFC Forum коммерциялық қауымдастығы шұғылданып келеді. Оның негізін салушар NXP Semiconductors, Sony және Nokia болса, 2011 жылдың наурызында NFC Forum-ға озық қатысушысы ретінде Google де қосылды. Бүгінгі таңда осы технологияны дамытуға және енгізуге Samsung, MasterCard, Philips, HTC, VivoTech, DeviceFidelity және басқа да компаниялар қатысып отыр.

Сарапшылардың болжамдары бойынша 2014 жылға қарай әрбір бесінші смартфон NFC технологиясын қолданады.Осы жылдың басында NXP Semiconductors өкілдері мәлімдегендей кемінде 15 ірі OEM-өндіруші қазіргі кезде осы стандартты

Жиі көшеге қолыңа бір смартфонды ғана ұстап шыға салып, кейіннен жолай дүкенге кіру, бір жерге барып келу қажеттілігі туындап қалады, бұл жағдайда әмианыңды алу үшін үйге оралу керек. NFC-чипі бар смартфонды пайдалана отырып, бұл жүгірістен құтылуға болады. Бүгінгі таңда таңсық емес осындай жаңа технологияны пайдалану мүмкіндіктері жеткілікті деңгейде ойластырылған және олардың басым бөлігі төлем жүргізуді жеделдетуге, олардың ыңғайлылығын арттыруға бағытталған. NFC дегеніміз не және осы технологияның келешегі қандай?

бизнес

немесе жазатын радио белгілер арқылы нысандарды автомат-ты сәйкестендіру әдісі болып табылады. Дәл RFID-белгілерді біз жиі өз-өзіне қызмет көрсету жүйесі енгізілген аудио-, видео-CD жүйелері енгізілген дүкендердегі өнімдерден көре аламыз.

2003 жылдың желтоқсан айында мақұлданған NFC стандарты деректерді берудің 0,8 Мб/с дейінгі жоғары жылдамдығына ие, бұл ретте құрылғылар арасында қосылыс орнатуға ең көбі 0,1 секунд кетеді. Құрылғылар арасындағы ең алшақ арақашықтық 20 см-ге дейін жетеді, бірақ әдетте 10 см-ден аспайды. 2004 жылғы 18 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін тұрмыстық электроника құрылғыларындағы

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

Page 12: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

24

ұстанатын телефондар мен планшеттердің 130-дан астам үлгісін әзірлеу үстінде, ал 2011 жылы NFC-чиптері орнатылған шамамен 40 млн. смартфон тиелді, ол жалпы жеткізу көлемінің шамамен 10% құрайды. Сондықтан пайдаланушылардың басым бөлігі өз қалтасында NFC-чипімен жасақталған смартфонның барын білмеуі де мүмкін. Қазақстанда сатуға түскен смартфондардың мынадай барынша танымал үлгілерінің тізімін келтірейін: Google Galaxy Nexus, Google Nexus S, HTC Incredible, HTC Ruby, Nokia 603, Nokia 700, Nokia 701, Nokia С7, Nokia N9, Nokia Oro, LG Prada, Samsung Galaxy Note, Samsung Galaxy SII, Sony Xperia S. Сіздің қолыңызда осы смартфондардың бірі болса, сіз осы технологияны өз мақсатыңызда қазір-ақ пайдалана аласыз. Осылайша, мыса-лы NFC технологиясын ұстанатын Nokia смартфондарының иегерлері фирмалық гарнитуры, колонкалары бар өз құрылғыларын оған бір ғана жанасу арқылы синхрондай алады. Windows Phone 7, Windows Phone 8, Windows 8 базасы негізінде смартфондар мен планшеттерге NFC-чиптерін енгізу мүмкіндігі туралы софтвердік алып компания Microsoft та мәлімдеді.

NFC-чиптері бар смартфон иегерлерін осы технологияны қолдануға қатысты тағы да қандай жаңалықтар күтіп тұр? Осындай чипі немесе ішіне чип орнатылған операторлық sim-картасы немесе microSD-картасы бар смартфондар электронды әмиан рөлін атқара алады және түрлі бонустық бағдарламаларға, жеңілдіктер мен акцияларға қатысу туралы деректерді қамтуы мүмкін. Осылайша бір жағынан ақырғы пайдаланушы түрлі мекемелерден алынған ондаған карточ-каны алып жүру қажеттілігінен құтылады, ал екінші жағынан

төлем кезінде процессинг орталығымен байланысу қажет болғандықтан және бұндай байланыс кезінде ақаулардың жиі туындап отыруымен байланысты үлкен ыңғайсыздық туындайды. NFC-чипі бар смартфондардың көмегімен тау-арлар мен қызметтерді төлеуге қас-қағым ғана сәт кетеді. NFC-белгілерін барлық жерде пайдалануға болады, өйткені әрбір белгіде өзі тіркелген нысанға қатысты түрлі ақпарат болады. Бұл толық жасалу сипаттамасы берілген ескерткіш, аялдамадағы қоғамдық көліктің жүру кестесі мен жарнама берушінің ұсыныстары көрсетілген жарнама тақта да болуы мүмкін. Демек, осындай ақпаратты алу үшін гидті күтудің немесе әлдекімнен қозғалыс бағыты туралы жөн сұрап, қоқыраған жарнама қағаздарын бірге алып жүрудің орны-на смартфонды белгіге жанастыру ғана керек болады. NFC көмегімен барлығы қарапайым, жылдам әрі сенімді болады. Бірақ әзірге бұл болашақтың жоспары ғана.

Қазіргі сәтте NFC технологиясы бұтағын кең жайды деп айта алмаймыз, бірақ осы бағытта біраз дүние жасалу үстінде. Осылайша, MasterCard мен Visa сияқты ірі төлем жүйелері біртіндеп NFC-чиптерін өздерінің пластик кар-таларына енгізіп келеді. MasterCard PayPass барынша та-нымал Google Wallet жобасында да қолданылады, бұл жоба мобильді телефонды арнайы оқығыш құрылғыға жанастыру арқылы ғана қарапайым дүкендерді қоса алғанда Google Play қосымшаларын қолданатын дүкендерден сатып алу әрекеттерін жасауға мүмкіндік беретін мобильді төлем жүйесі болып табылады. Visa РayWawe де тексеру мен енгізу сатысында. ●

Page 13: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

26 27

Құндыинновация-лар қисыныЛариса МухамеджановаPhD, ААҚО Академиясыныңмаркетинг жөніндегі директоры

Қарқынды индустрияландыру еліміздің басты экономикалық біріншілігі болып жарияланып, ал отандық бизнеске біртіндеп, бірақ қайткенде де модернизациялану ұсынылып отырған кезде, жалқау ғана қазақстандық бизнестегі инновациялар туралы жазбайтын да, айтпайтын да еді

бизнес

Шындығында, статистика көрсетіп отырғандай, дегенмен алға ілгерілеу бар. Ресми деректерге сүйенетін болсақ, 2011 жылы Қазақстанда 400-ге жуық инновациялық тұрғыдағы кәсіпорын салынды, ал ғылымды қаржыландыру 2007 жылмен болса да, салыстырмалы түрде шамамен 2 есе артты. Бүгінгі таңда еліміздің инновациялық жүйесіне бес дамыту институты, тоғыз технопарк, екі конструкторлық кеңсе (КК — көлік машина құрастыру және тау кен металлургиялық жабдықтар) жұмылдырылған. Ағымдағы жылы тағы да үш КК-ні іске қосу күтілуде. Инновациялардың болашағы зор екендігі айқындалып келеді. Бірақ осы болашақтың көкжиегін көру мүмкін бе?

Экономиканың озық инновациялық түрге көшуі үш белгіні болжайды. Біріншісі — қолданбалы ғылыми кәсіпкерлік болуы тиіс, бұл жағдайда фирма әлдебір бұйымды ойлап табады, бірақ өз идеяларын өндіріске енгізбейді, сатпайды, ал қосымша құн салығын осы бұйымды нарыққа шығаратын делдалдар арқылы алады. Екінші талап — қазіргі кездегідей жекелеген 2—3 тал ұсынысты емес, жаңа технологиялар нарығын дамыту ке-рек. Бұл үшін жеке-мемлекеттік әріптестік жүйесі мен жаңа бизнестік білім беру саласын дамыту керек. Үшіншісі — жаңа технологиялар тұғырында инновацияларды енгізуге дайын жаңа өнеркәсіп түрі туындауы тиіс. Қазақстанда осы айтылғандардың ешбірі жоғын айта кету керек.

Бірінші дағдарыс толқынынан басын шығара ал-май жатып, дағдарыстың екінші толқынына сүңгіп кет-кен Қазақстанның нақты секторы үшін инновациялық ізденістердің ауылы алыста: «Бензинді алып-сату немесе вагондарды жуу цехы қысқа мерзім ішінде кредитті жабуға қажетті пайданың басым бөлігін алып келеді, ал негізгі компания-бетон өндірісі осының барлығын ішіп-жеуді ғана біледі. Бұл менің көздеген біріншілік мақсаттарымды анық сипаттайды, — деп түсіндірді “Халықбетон” ди-ректоры Серік Көшкінбаев. — Бұл жерде де сол жағдай, модернизацияға қаражат салсаң болғаны, бауырым, салықтар жеңілдетіледі дейді. Қаржылық жағдайы бүгінгі қазақстандық бизнес үшін әдеттегі жағдай болып табыла-тын мен үшін бұған бел буу-кәсіпорынды ойрандау. Қазір мені бар қызықтыратыны-банк».

Біздің бизнесмендеріміздің басым бөлігі салған ақшаларын жылдам қайтаруды көздейтіндігі белгілі. Бұл бүгінгі күннің ащы шындығы және бұл жерде инновациялық бизнесті жүргізудің жаңа мәдениетін қалыптастырудың нышаны да жоқ.

Инновациялық қоғамдар тәжірибесі (американдық, жапондық, корейлік) инновациялық жарылыстың нақты материалдық және зияткерлік негіздерге сүйенетіндігін көрсетіп отыр. Дамуды барынша ынталандыру керек– мәселен бизнестің жәй-күйін анықтау, экономикалық ин-теграцияны жеделдету, сонымен қатар креативті құрамдас бөліктер, жеке бастама, бұл әрине өз бетімен пайда болмай-ды, ол біліммен және кәсіпкерлік машықтардың деңгейімен байланысты.

Инновацияшылдық пен қарапайым заттарға әдеттен тыс көзқарас кәсіпкерлер мен компанияларға бәсекелестік артықшылық беретіні әбден анық. INSEAD бизнес мектебінің профессорлары У.Чан Ким мен Рене Моборнь кейбір кәсіпкерлердің табыс пен пайданың жоғары өсу қарқынын неліктен сақтап қалып, өзгелерінің оған қол

жеткізе алмайтындығын зерттеп, құнды инновациялар қисыны компаниялар үшін ең маңызды қасиет болып табылатындығын анықтады. «Құнды инновациялар: жылдам өсудің стратегиялық қисыны» деген мақалада авторлар атап өткендей өсу қарқыны жоғары компаниялар бәсекелестерге жетуге немесе оларды ба-сып озуға тырыспайды, олар түбегейлі жаңа қызмет немесе өнім түрін ұсына отырып, жәй ғана ойыннан шығып қалады.

Тұтынушыларды инновациялармен қамтамасыз ету үшін қайсы бір тауар немесе қызмет түрінің қандай болу керектігі туралы дәстүрлі көзқарастан жәй ғана бас тарту керек.

У.Чан Ким мен Рене Моборннің пікірі бойынша дәстүрлі қисын мен құнды инновациялар қисыны арасындағы айырмашылық стратегияның бес аспектісін белгілейді:• Салалық стереотиптер. Көптеген компаниялар өз саласын-да қалыптасқан жағдайды болмыс деп есептейді. Жаңашыл компаниялар осы саладағы өзге өкілдердің істеріндегі жағдайға қарамастан күтпеген, таңғажайып идеяларды іздейді және құндылықтардың квантты секірісіне қол жеткізуге тырысады. • Стратегиялық доминант. Өз стратегияларын құратын кезде көптеген компаниялар бәсекелестеріне бағдарланады, дәстүрлі қисын компанияларды нарықтағы үлесін арттыру жолында соңғы күші қалғанша күресуге итермелейді. Жаңашыл компа-ниялар бәсекелестікті басты мақсаты етіп көздемейтіндіктен, олар барлығының ішінен тұтынушының көзінде айрықша құндылыққа ие бәсекелестік факторларын анықтай алады.• Тұтынушылар. Көптеген компаниялар клиенттік базаны сақтап қалып, кеңейту келешегін көздейді. Құнды инновациялар қисынына сәйкес адамдардың басым бөлігі барынша ауқымды тұтынушылық құнға қол жеткізу үшін жеке бастарының қалауынан бас тартуға келіседі. • Активтер мен өтемақылар. Көптеген компаниялар болжамды стратегияларды қолдарындағы активтер мен өтемақылардың призмасы арқылы қарастырады. Олар өз-өздерінен: «Біз қолымызда барды ескере отырып, не істей аламыз?» деп сұрайды. Жаңа құндылықтарды көздеушілер: «барлығын қайда бастаса, не болады?» деп ойлайды. • Тауар мен қызмет ұсынысы. Әдетте нарық қатысушыларының арасындағы бәсекелестік тауар мен қызметтерді ұсыну саласы үшін бұрыннан қалыптасып қалған дәстүрлі шеңбермен шектелген. Жаңашыл компаниялар жиі осы шеңберден шығып кетеді. Олар тұтынушылардың әлдеқашан бойы үйреніп қалған ыңғайсыздықтарды жоя отырып, оларға мәселенің кешенді шешімін ұсынуға тырысады.

Осындай стратегиялар арқылы күрт ілгерілеу үшін және тіпті нарықты да өзгерту үшін менеджерлер мен кәсіпкерлер қандай әдістерді пайдаланып, қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

Осындай сұрақтардың жауабын инновациялық және креативті ойлау қабілетін оятатын бизнеске оқыту арқылы табуға болады! INSEAD бизнес-мектебі (әлемдегі үздік бизнес-мектептердің арасында ең жаңашыл әрі ықпалды деп танылған халықаралық бизнес-мектебі және зерттеу институты) біз үшін осындай ұстанымның үлгісі болып табылады. Міне, сондықтан да болар, біз қазіргі кезде Алматыдағы тыңдармандарымыз бен кәсіпкерлерімізге арнап осы бизнес-мектебінің озық оқытушыларының бірімен клиенттерге бағдарланған маркетинг болашағы туралы өте қызықты шеберлік класын ұйымдастыру үстіндеміз, онда қатысушыларға қалыптасып қалған шеңберді бұзып шығып, теорияда және іс жүзінде клиентке бағдарлану дегеннің не екені туралы ойлану ұсынылады. ●

Біздің бизнесмендеріміздің басым бөлігі салған ақшаларын жылдам қайтаруды көздейтіндігі белгілі

Page 14: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

28

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

29

Бір күні кешкілікте бір жиынға қатысқаным бар, айтарлықтай атақты немесе атышулы емес, жай ғана қарапайым ортаның адамдары, десе де, олар дәмегерліктен ада емес еді. Зарығып зорға жеткен жұманың жұпар кешінің мұншалықты жалықтыратын ортаға құрбан болып бара жатқанына жаным удай ашып, зеріктірген жиылыстан қашқым келіп отырдым. Сөйтіп, телефонымдағы байланыстар тізімін парақтай бастадым. Бірнеше дос-жараныма хабарласып, жанымды құтқаратын жай тапқандай болдым. Енді қоңырауды естімей қалмайын деп, ұялы телефонымды үстелге қойғанмын. Жанымда отырған залым қыз өтірік күлімсіреп: «Ммм, бұл қай модель? Мұны әлі шығара ма екен?» — деді

№Кредит сомасы

Кредит мерзімі, ай

Кредитті қостау комиссиясы

Кредитті беру комиссия-сы

Кредиттің пай-ызы

Кредиттің соңғы саны

2 жылда кредит үшін төленетін артық төлем

Банк 1 120000 240,3% =8640 теңге

5%=6000 теңге

17%=40800 теңге

175 440 теңге 55 440 теңге

Банк 2 120000 240,59%=16992 теңге

—27%=64800 теңге

201 792 теңге 81 792 теңге

Менің телефоным смартфон еді, бірақ алғашқы модельдердің бірі болатын. Оның қақпағы скотчпен желімделген, панеліндегі әріптер мен сандардың жазуы өшкен, шеттері кетілген болатын. Бірақ ол маған сонысымен ыстық еді: менімен бірге көпті көрген серігім от пен суды телегей кешіп, менің небір қылықтарыма төзіп, тіпті бірнеше рет жоғалтып алғанымда да маған қайта оралған еді. Қысқасы, ол менің шыңдай берік, жанқияр досым болатын. Осыны ойлап отырған сәтте атымды атап шақырған

ұсынысбар!

Скотчпен желімделген телефоныңыз мезі қылды ма?

дауысқа жалт бұрыла беріп, көзімнің қиығымен дастарқанның жиырылып барып, қайта жазылғанын байқадым — менің теле-фоным жерге тарс етіп түсіп, паршасы шықты. Мені аяйтын жан іздеп, дастарқандас жолдастарыма көз жүгіртіп ем, жанымда отырған зымиян қыз арам жымиып: «Табанын жұлып тастап, аюды жерге тастапты»... — деді.

Бұл менің жаңа телефон алуды ұйғаруым жайлы бірер сөз еді. Мен өзіме не керегін нақты білдім: ол әдемі, қолдануға қолайлы әрі әлгі дастарқандас залымның телефонынан ат шап-тырым алыс кеткен жаңа модель болуы қажет. Әйтеуір, мен өзіме қайтадан сенімді серік, айнымас дос іздей бастадым. Ғаламторды шарлап, форумдардағы пікірлерді оқып, әлеуметтік желілердегі достарыма жан таптырмай, ақыр аяғында мақсатыма жетіп, бір модельді таңдадым. Оның бағасы бірталай болып шықты — мың долларға жуық.

Таңдауын таңдап алдым-ау, бірақ оны сатып алуға жерде жатқан ақша жоқ. Енді бюджетіме шығын келтірмей, ең сәнді смартфонның иесі болудың жолын іздеуге тура келді.

Бір затты бірден иеленгің келіп тұрғанда, қолма-қол ақшаң болмаса, оны алудың ең қарапайым әрі қолжетімді жолы — әрине, кредит ресімдеу. Және ол жолдың түр-түрі бар. Бірақ бір-екі талпынысым бұл қалауымнан бас тартқызды.

Мен 120 мың теңге алу керек деп есептегенмін. Бірінші банкте маған жылдық 17 пайызбен және кредит берілгені үшін 5 пайыздық комиссиямен әрі ай сайын берілген соманың 0,3 пайызы мөлшерінде кредитке қызмет көрсету мөлшерлемесімен кредит алуды ұсынды. Екінші банкте дәл сол соманы кредиттің берілгені үшін комиссиялық ақы төлеусіз беретін болды, бірақ жылдық төлемі 27 пайыз және кредитке қызмет көрсетудің ай сайынғы мөлшерлемесі 0,59 пайыз болды.

Затым әйел болғандықтан, сандарды сапырылыстырып санау маған қиын іс, сондықтан есептің бәрін асықпай, кофе ішіп отырып шығардым. Мынадай қызық кесте шықты.

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

ӨнIМ

ӨнIМ

Page 15: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

30

Сонымен, бірінші банк маған 120 мың теңге беріп, 2 жыл төлем жасалған соң 175 440 теңге мөлшерінде қайтарып алғысы келеді екен, себебі кредит бергені үшін 6000 теңге, оған қоса ай сайын 0,3 пайыз, яғни 360 теңге есептеліп отырады, оған қоса кредиттің өз пайызы. Сонда айлық төлемім 7310 теңгені құрамақ. Нәтижесінде, мен банкке 55440 теңге артық төлейді екенмін. Аз емес-ақ!

Екінші банктікі одан асып түсті. Ақша комиссиясыз берілгенімен, кредитке қызмет көрсетілгені үшін ай сайын 708 теңге есептеліп отырады екен. Сөйтіп, банкке ай сайын жасай-тын төлемім 8400 теңгені құрағанда, 2 жылдағы артық төлемім 82 мың теңгеге жуық болады екен. Бұл тағы бір смартфонның құны емес пе!

Кім білсін, «табаны жұлынып қалған аюмен қалар ма едім», бірақ дәл сол кезде «Kcell-ден жаңа телефон» акциясы жүріп жатқанын білдім. Оның мәні қарапайым: өзіңе ұнаған телефонды таңдап алып, келісім-шарт жасасасың да — телефонды қалтаға салып аласың әрі өзіңе тиімді тарифтік жоспарға ие боласың!

Мен бұл жарнамаға бірден сене салдым деп ойласаңыз, қателесесіз. Банк төлемдерін есептеп тәжірибе жинаған мен буклетті үйіме алып келіп, қолыма есептеуіш ұстап отырып, тағы есептей бастадым.

Алдымен өзімнің қалааралық қоңырауларымды, үй Интернетін және ұялы телефондарға соққан қоңырауларымды қоса, жалпы байланысқа жұмсайтын қаражатымды санадым. Мынадай есеп шықты: ай сайын үй Интернетіне 4500 теңге, ұялы телефондарға соғатын қоңырауларға шамамен 8000 теңге, Қазақстан ішіндегі жақын-туыстарыммен қалааралық бағыттарда сөйлесуге 4000 теңгеден астам жұмсалады екен. Бәрін қорытқанда, бір ай ішінде байланысқа жұмсалатын ақшам 16500 теңгеден асты.

Содан соң Kcell-дің «Жаңа телефоны» не ұсынатынын мұқият зерделедім. Бұл орайда мен «бәрі қосылған» қағидасымен берілетін ең көлемді тарифті таңдадым — оның айлық төлемі 15000 теңгені құрайды. Сонымен, мен осы со-маны төлеп, біріншіден, армандаған ұялы телефоныма ие боламын, екіншіден, өзімнің байланысқа жұмсалатын ай сайынғы шығыстарымды төлеп отырамын, себебі бұл тариф ҚР көлемінде лимитсіз сөйлесуді, ҚР көлемінде SMS жолдауды әрі 10 Гб-тық интернет-трафикті қамтиды. Яғни мынадай кесте шықты:

№Ұялытелефон

Кредит мерзімі, ай

Ай сайынғы төлем

Kcell-ден жаңателефон

Samsung Galaxy S II

24 15 000

Кредитті беру комиссия-сы

ҚР көлемінде минуттар

ҚР көлемінде SMS

Интернет-трафик

3000 теңге лимитсіз лимитсіз 10 Гб

P.S.Мен сияқты «мылжыңдағанды» емес, көбінесе адамдармен жеке кездесіп, «тірідей» әңгімелесуді жақсы көретіндердің бар екенін білемін. Оларға да лайықты тариф бар — айына 4000 теңге, және де 400 минут (бұл дегеніңіз 7 сағат) тегін сөйлесу, 100 SMS және 150 Мб-тық Интернеті бар. Телефондардың модельдері де тарифтер сияқты көп — олардың арасында аса көп қызмет атқаратындары да, бюджетті модельдері де бар. Толық ақпаратты компанияның www.kcell.kz сайтынан табуға болады, кез келген іздестіру үшін кілт сөздер — «Kcell-ден жаңа телефон». Байланысыңызға жұмсайтын шығысыңыз бұрынғыдай, ал оған қоса стильді жаңа телефоныңыз болады!

Мен былайша есептедім: мен байланыс үшін айына қалай да болса 16 500 теңге төлеймін. Егер мен банктен кредит алып, ұялы телефон сатып алсам, байланыс шығыстарына банкке кре-дит төлеу шығысы, яғни тағы 7310 теңгеден 8400 теңгеге дейін қосылады. Сонда менің ай сайынғы төлемім 30 мың теңгеге жуықты құрайтын болады.

Ал «Kcell-ден жаңа телефон» бойынша сатып алсам, онда менің байланысқа жұмсалатын шығысым 1,5 мың теңгеге азаяды, яғни сөйлесулерімді де, олардың ұзақтығын да кемітпегеннің өзінде 15 мың теңгем қалтамда қалады әрі өзім армандаған ең жаңа, ең сәнді телефонның иесі атанамын!

Сөйтіп, мен өзімнің сүйікті ұялы телефоным Samsung Galaxy S II-ні иеленген бақытты адамға айналдым. Шығынымды қалай азайттым дейсіз бе? Мен қалааралық байланыс үшін қала теле-фонын пайдаланудан бас тарттым — енді оның маған керегі жоқ, себебі мен өз ұялы телефонымнан Қазақстанның ішінде кез келген бағытқа тәулік бойы және шексіз қоңырау шала аламын. Үй Интернеті қызметінен де бас тарттым, мен оны енді ұялы телефонымнан үйдегі компьютерлеріме 3G жылдамдығымен «таратып» жүрмін.

Бір ғана жайсыздығы бар: менің лимитсіз тарифте екенімді білетіндер «қоңырау лақтырады» — оларға қайта қоңырау шалуға тура келіп жүр. =)

Page 16: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

32 33

Иван Глущенко

Смартфондарға арналған қолданбаларды ұсынатын кеңескер

Телефон өндірушілердің әрқайсысының өз қолданба дүкендері бар: iPhone пайдаланушыларына AppStore дүкені арналған, Android негізіндегі смартфон иелеріне арналған дүкен — Android Market, Symbian негізінде жасалған Nokia-ны пайдаланушылар Nokia Store дүкеніне, ал Windows Phone 7 негізіндегі телефон иелері Windows Marketplace дүкеніне жүгіне алады. Осы дүкендердің әрқайсысынан кез келген талғамды қанағаттандыратын мыңдаған қолданба табуға болады, бірақ ең жақсысын әрі шынайы қажеттісі мен пайдалысын қалай таңдап алуға болады? Осы мақалада біз сіздердің таңдау жасауларыңызға жәрдем беруге тырысып, өз пікірімізше, ең қызғылықты әрі пайдалы деген қолданбаларды пайдаланып көруді ұсынамыз.

Сонымен, кеңес беруге көшейік. Біз осы шолуымызда тегін және ақылы қолданбалар, ойын-сауыққа (ойындар) және жұмысқа арналған, iOS, Windows Phone, Android, Symbian операциялық жүйесіне негізделген смартфондарға жаңа мүмкіндіктер беретін қолданбаларды қамтуға тырыстық. Біз ұсынатын 3 қолданбадан тұратын топтамалар дәл осы тәртіппен берілетін болады.

iOS операциялық жүйесіне арналған 3 қолданба топтамасыSuper 8 — бейнетүсіріліммен жұмыс істеуге арналған функционалдық қолданба. Онымен сіз бейнебаян түсіріп

қана қоймай, оған әр түрлі әсерлерді қоса аласыз (мысалы, таспадағы қалтырап тұрған әрі сызат түскен ескі фильм әсерін) және бейнебаянның ойнатылуын ерекше тәсілмен басқара аласыз.

Adobe Photoshop Express — бұрыннан белгілі болып келген сурет редакторының тегін ұялы нұсқасы. Әрине, ол компьютерге арналған нұсқа сияқты аса қуатты емес, дегенмен, қиып алу, түзеу, бұру, жарығын, түстердің кереғарлығын реттеу және тағы басқа көптеген опера-цияларды жақсы атқарады.

Auto Corrector — бар-жоғы 0,99 доллар тұратын бұл қолданба мәтін теру кезінде

сіздің уақытыңыз бен жүйкеңізді үнемдейді. Себебі сөздерді теру кезіндегі автоматты түзетудің жазуға тырысып отырғаныңнан мүлдем басқаны беріп отырғаны ашуландыр-май қоймайтыны белгілі. iPhone-ға арналған бұл қолданба сізге келесі теру кезінде қателеспеу үшін, керекті сөздерді жеке сөздігіңізге оп-оңай қосуға мүмкіндік береді.

Windows Phone 7-ге арналған 3 қолданба топтамасы Adobe Reader — көптеген пайдаланушыларға тиімді қолданба, PDF форматындағы файлдарды қарауға мүмкіндік береді. Бұл қолданба аса қарапайым — оның интерфейсінде 4 қана ба-тырма бар, олар құжаттың көлемін ұлғайтып-

кішірейтуге және алдыңғы не келесі бетке ауысуға арналған. Интернетте, почтада, аппараттың ішкі жадында берілген кез келген сілтеме арқылы кез келген құжатты ашып алуға болады.

Cool Tools — бір шағын қолданбаның көлемінде жинақталған бірнеше пайдалы құралдар жиынтығы. Оған: секундөлшеуіш, таймер, фонар (шам), сызғыш, аксе-лерометр, дыбыс тексергіш, шамалар конвертері, шайлық ақша есептеуіш, белгілі бір сандар аралығындағы кездейсоқ сандар генераторы кіреді.

Evernote — мәтіндік жазбаларды жинауға, дыбыстық естеліктерді, фотосуреттерді, кез келген файлдардысақтауға арналған танымал сервис (бірақ белгілі бір шектеуі бар). Бұл қолданба смартфон иесіне Интер-нет бар жерлерде естеліктер қоймасына кіріп, жазбаларды қарауға және оларды ре-дакциялап, толықтыруға мүмкіндік береді. Бұл орайда барлық өзгерістер онлайн-база-мен сәйкестікке келтіріліп отырады.

Android-қа арналған3 қолданба топтамасыTweetdeck — Facebook пен Twitter-дің әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге арналған стандартты бағдарламаларының орнын басатын клиент. Оқиғалар қолайлы түрде бағандарға бөлінген: біріншісі — жалпы баған, екіншісі — сіздерге қатысы бар ақпаратты (ретвиттер мен ескерту-лер) қамтитын баған, үшіншісі — жеке хабарламалар орналасатын баған.

ThinkFree Office — MS Office файлдарын қарауға және редакциялауға арналған қолданба. Әрине, мұны телефон арқылы істеу қолайсыз, дегенмен, почтамен жолданған файлды жылдам ашып көру қажет болған жағдайда таптырмас нәрсе.

CamCard — визит карталарының тегін сканері. Бұл қолданба визит картасындағы мәтін өрістерін табысты түрде оқып-танып, олардағы деректемелерді аппараттың қойын кітапшасына көшіріп береді. Оның бәрін қолмен енгізгеннен едәуір қолайлы. Бірақ нақты бір жұмысты орындау үшін автофокусы бар жақсы камера қажет.

маркет

Symbian-ға арналған3 қолданба топтамасыABBYY FotoTranslate En–Ru — саяхаттар мен бизнес сапарларында сөздердің аудар-масын лезде алуға мүмкіндік беретін аса пайдалы бизнес қолданбасы. Енді сіздің шет тіліндегі сөздерді қолмен енгізуіңіз мүлдем қажет болмайды — мәтінді көшіріп алсаңыз болды — экранда оның сөзбе-сөз аудармасы пайда болады!

FB Browser — ең танымал әлеуметтік желіге кіру мүмкіндігін беретін қазіргі кезгі ең үздік тегін ұялы клиент. Бұл браузер көмегімен сіз хабарламалар легін оқып, оларға пікір жазып, белгі қоюмен қатар парақтарды, тізімдерді басқарып, топтарға қатысып, Facebook қолданбаларын пайда-лана аласыз. Қолданбаның көлемін өзгерту оңай әрі ол аса жылдам жұмыс істейді.

Lang Switch — тілдерді (пернетақтадағы пернелер қисындасуы немесе сенсор-лы телефондарда мәзірдің тармақтары арқылы) ауыстырудан тез жалығатындарды құтқаратын қолданба. Автоматты түрде қосылатын осы қолданбаның көмегімен тіл ауыстыруды сізге қолайлы болатын кез кел-ген батырмаға, мысалы, дыбыс реттеуішке тағайындап қоюға болады. Тіл ауыстыру процесі еселеп жылдамдайды әрі бірнеше тілде мәтін теру кезінде ашуландырмайды.

Казақстандық «чарт»Қазақстандық әзірлеушілердің күшімен қазақстандық заңдар бойынша қазақстандық пайдаланушыларға арнап жасалған қолданбаларды біз жеке санатқа бөліп топтастырдық. Әрқайсымызға пайда әкелетін қолданбаның бірі — ATM Point. Ол Android және iOS операциялық жүйелеріне негізделген смартфон иелеріне Қазақстанда қызмет ететін көптеген банктердің банко-маттары мен банк бөлімшелерін картадан табуға мүмкіндік береді. Бұл қолданба әрі тегін, әрі аса қолайлы.

Қазақстанда әзірленген банктік қолданбалар тақырыбын жалғастыра отырып, ұялы байланыс арқылы төлем жасауға арналған инновациялық қолданба Mypay.kz-ті атап өтпеуге болмас. Осы қолданба көмегімен сіз кез келген банктің банктік картасын пайдаланып, әртүрлі қызметтердің ақысын төлеу опера-цияларын жүргізе аласыз, және де ол қызметтер тізімі үнемі толықтырылып отырады. Бұл қолданбаның әмбебаптығы әртүрлі банктердің банктік картала-рын қолдайтынында ғана емес, оны iOS,

Android, Symbian операциялық жүйелері негізінде істейтін смартфон иелерінің оны өз ұялы телефондарына қондырып алу мүмкіндігінің болуында.

Сонымен қатар біз смарт-фон иеленушілерге ұялы байланыс операторларының қолданбаларын ұсынамыз. Мысалы, GSM Қазақстан абоненттеріне (Activ, Kcell және Vegaline сауда маркаларының абоненттеріне) сол қолданбаның бірнешеуі қолжетімді болып келеді: Kcell 3G Test, Kcell Trends, «Мой Роуминг» және ПА Kcell. Әңгімемізді осы қолданбалардың мүмкіндігімен аяқтайық.ПА Kcell қолданбасының мәні оның Kcell абонентінің көмекшісі болып табылаты-нында және оператордың барлық код-тары, тарифтері мен қызметтері туралы ақпаратты алып жүретіндігінде, оның қолайлылығы — сізге call-орталыққа қоңырау шалу қажет болмайды.Kcell 3G Test қолданбасы интернетке қосылудың ағымдағы жылдамдығын өлшеуге мүмкіндік береді. Жылдамдықты өлшеу нәтижелері қолданбаның тари-хында сақталып, картада көрініс табады, сондықтан кейіннен сіз 3G-дің ең үздік «ұстайтын» жерін көре аласыз. Activ, Kcell және Vegaline сауда маркаларының барлық абоненттері үшін Қазақстан Республи-касы аумағы шегінде жылдамдықты өлшеу кезінде шығындалған трафик тарифтелмейді. Ал тестілеу нәтижелерінің талдау үшін сақталуы операторға 3G-дің қамту желісін жақсартуға септігін тигізеді.Kcell Trends қолданбасы онлайн әлемінің ең жаңа үдерістерін назарда ұстағысы келетіндерге, сонымен қатар сол үдерісті қалыптастырғысы келетіндерге пайдасын тигізеді. Қолданба әртүрлі әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерінен хабардар болуға ғана емес, оларға қатысуға да мүмкіндік туғызады. «Менің Роумингім» роумингтегі та-рифтер, өткізілетін акциялар, қызметті көрсету шарттары және GSM Қазақстан компаниясының жаңалықтары туралы ақпарат береді. Бірақ бұл қолданбадағы ақпаратты Қазақстан аумағында ғана тегін жаңартып тұруға болатынын есте сақтаған жөн. Егер сіз шет елде жүрсеңіз, ақпаратты жаңарту ақылы болады және ол барған еліңіз бен таңдап алған операторыңызға қарай роумингтегі бағаларға қарай тарифтеледі. Осы үш қолданба тегін қондырылады әрі Android және IOS операциялық жүйелеріне негізделген смартфондардың иеленушілеріне қолжетімді болып табылады. ●

Жуық арада әлемдегі ұялы телефондар саны халық санынан асатын болады. Ұялы телефондарды еңбектеген жастан еңкейген кәріге дейін барлық адамдар пайдаланып жүр: оқуда, жұмыста, демалыста, тіпті үйде де телефонсыз күн жоқ болды. Кейде адамдар әмиянын ұмытып үйде тастап кеткеніне мән бермесе де, ұялы телефонсыз ешкім көшеге шыға алмайтын болды. Ұялы құрылғыларға осыншама тәуелділік жағдайында олардың мүмкіндігі неғұрлым көп болса екен деп тілейміз. Әрине, смартфон өндірушілер өз құрылғыларына қажетті қолданбалардың барлығын қондыруға тырысады, бірақ оның өзі де әрбір пайдаланушының талабын толық ескеру үшін жеткілікті бола бермейді. Сондықтан соңғы бірнеше жыл ішінде ұялы қолданбаларға деген сұраным аса көп

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

Page 17: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

34 35

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

астаналық қонақтың

ауа, сары кеудеше киген адамдар және немқұрайсыздық туралы ашық ой толғауыСәкен нигмашев

Жақында мен еліміздің бас қаласы Астанадан Алматыға көшіп келдім. Мен оңтүстік астанадан 90-жылдардың соңына қарай кеткен едім. Кез келген қала қонағының көңіліне түрпідей тиетін екі жәйт мені де бейжәй қалдырмады, бұл — ауаның ластығы және машиналардың толассыз көп саны. Бірақ бұның біріншісіне екінші себеп болып отырғаны айдан анық. Бірақ әңгіме басқада.

Алматыда бірінің артынан бірі тізбектеле кептелген орасан зор машиналар саны пайда болысымен осы темір тұлпарлардың тұрағымен де қиыншылықтар туа бастады. Машиналар бұрыш-бұрышты, тіпті ағаштардың арасы мен көгал алаңдарын да паналап кеткен. Жол жиегінен асып тұрақтау әдеттегі көрініске айналған.

Ауламыздың барлығы машиналарға лық толы. Көшелерімізді сары кеудеше кигендер жаулап алған. Олар маған өзім туып өткен көшемді 100 теңгеде сатпақшы!

Офистер мен кафелер жолдың бойына «мейрамхана қонақтарына арналған тұрақтар» ...деп бадырайтып жа-зып қоя отырып, бұның мемлекеттік жерді рейдтік жаулап алу екені туралы тіпті ойланбайды да.

Автокөлік иегерлері Алматыдағы іскерлік орталықтардың түрлі бөліктерінде бой көтерген жеке тұрған ақылы көп қабатты тұрақтардың ғимараттары туралы таңдай қаға тамсанып, армандап қана қояды. Автокөлік иегерлерін шөлдеткен осы бір ақиық шындық арман неге екенін еліміздегі ең ірі мегаполис басшыларын толғандыра қоймайды. Бұл екі қатар болып тізілген маши-налардан көшелерді босатудың бірден бір жолы емес пе.

Алматыдағы машиналардың тұрағымен байланысты осы мәселені шешуге бірлесіп бір қадам жасамасақ, бұл мәселенің күннен-күнге ушыға берері анық. Ой тастап қараңыздаршы. Біздің қаламыз өмір сапасы бойынша көш ілгері қалалардың бірі деп жар сала бергенше сүйікті Алматымызға деген бұрынғы сүйіспеншілікті қайтаруға нақты қадам жасау керек қой. ●

айТылған ой

Page 18: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

37

ӨнеріСәкен нығмашев

2012 жылғы ақпан айының басында Алматыдан 140 шақырымда орналасқан Илансай шатқалында атақты құсбегі Әбен Тоқтасынұлын еске алуға арналған құсбегілер сайысы болып өтті. Оған Қазақстанның 10 облысынан 40-қа жуық саятшы қатыстыұлы саятшылық

ФоТожаРиялаМа

Page 19: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

39

Аушы құстарды ұстап, саят құру — қазақ халқының ең құрметті дәстүрлерінің бірі. Қоян, түлкі, құр аулайтын қырағы сұңқарлар мен бүркіттерді саятшылыққа арнап қолға үйретеді. Құсбегілер ғасырлар бойы жинаған тәлім-тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, құсбегілік құпияларды әкеден балаға мұра етіп, жасырын түрде сақтап келген.

Бүгінде құсбегілік ұлттық спорт түріне айналды. Оның жандануы жас ұрпаққа ата-бабалардың салт-дәстүрін бойына сіңіруге мүмкіндік береді. Құсбегілер сайысында жастарды, тіпті өте жас деп атауға келетін саятшыларды көптеп кездестіруге болады.

Ұлы даланы жұт жайлаған ашаршылық жылдары бір бүркіт бір ауылдың бірнеше үйін асыраған екен. Қиын-қыстау

кезде адамдарды құтқарып қалғаны үшін бұл мейірімді құстар құрметке ие болған, ал пұтқа табынушылық заманында оларға табынушылық кеңінен тараған. Сақтардың қабірлерінен қолға үйретілген бүркіт қалдықтарының табылғаны кездейсоқ емес. Көне заманнан бері өз бүркітіңнің болуы зор мәртебе саналған. Оған тек байлар мен ақсүйектердің қолы жеткен. Тәжірибелі әрі ақжолтай саятшылар ел арасында өте сыйлы әрі беделді болған. Ертеректе құсбегілер көп болыпты, ал бүгінде құс үйретіп аңға салатын адамдар саусақпен санарлық. Сондықтан да болар, шетелдіктерге этникалық туризм, яғни қазақтың салт-дәстүрімен және әдет-ғұрпымен таныстыру-ды ұйымдастыратын фирмалар арасында бүркітші өнеріне сұраныс жоғары.

Бүркіттер өз аттарын білмейді, бірақ дауыстың ырғағы мен құбылыстарына аса сезімтал болғандықтан, иелерін оңай таниды. Құсты үйретудің тәсілдері көп және әрбір құсбегі өзінің ерекше таңдап алған әдіс-амалдарын қолданады. Қанатты жануарды терең сезініп, оған түсіністікпен қарау үшін, онымен көп уақытты бірге өткізген жөн. Сонда құс ақырындап үйреніп, құсбегіні туысы ретінде қабылдай бастайды. Иесі қатал да мейірімді болуы тиіс. Бүркітті ешбір жағдайда ұруға болмайды және оның тамақтануына аса көп көңіл бөлу керек. Өйткені құс — жаттығуды және дұрыс тамақтануды қажет ететін спортшы іспеттес.

Бүркіт — өте әсем де күшті құс. Алтын бүркіт. Оны өлтіру барлық заманда үлкен күнә болып саналған, ал ұшып келуі салтанатты мерекеге ұласатын. Жанарының тұңғиығындағы

оттың жарқындығына қарай оның батылдығы да, күші де басымдырақ болады деген наным бар. Оның үстіне, аушы бүркіттің қарашығындағы от құстың көзі шалып қалған олжа түріне байланысты болып келеді екен. Бүркіт нақ қай аңды байқап қалғанын иесіне ескерткендей болады, дейді.

Дода барысында аушы құстарды қоянға салу және түлкіге салу сайыстары өткізілді. Әсіресе түлкілер жан сақтау үшін хас өжеттікпен күресіп, кең далаға кетер жолды бірден табады екен. Дегенмен, көптеген жағдайларда бүркіт түлкіні ұстап алады. Табиғат заңы бойынша аң қарсылық көрсетіп, бүркітпен шайқасуы тиіс, тіпті оны өлтіріп қоюы да мүмкін.

Сонымен қатар жарыстан тыс уақытта бүркіттің иесінің айтқанына бағынуын көрсететін «құсты қолға шақыру» сайы-

к а н т а р – н а у р ы з / № 1 [2 1 ]

Page 20: 12-бет 34-бет 10-бет Мазатап айтқанда Turkcell компаниясының меншік құқығы мен оны басқаруға қатысты даулар

40

сы ерекше көрнекі болды. Иесі атып тұрып, шоқырақтап барып, ащы шыңғырып, қалықтап жүрген бүркітті шақырған кезде, бүркіт шауып келе жатқан салт атты иесінің созған қолына дәл қонуы тиіс.

Қатысушылардың ұлттық киімге, көркем рәміздерге баса назар аударғаны көңіл сүйсінтті. Әрекеттері біршама жасан-ды көрініс болып көрінгенімен, олар олжа үшін емес, ұлттық борышын өтеу үшін жиналды. Басқалар мұражайларда көрсетіп жүрген дүниені құсбегілер қазіргі заманға дейін бәз-баяғы қалпында сақтап жеткізіп отыр. Бұл жерде әңгіме көне заттар жайлы емес, рухани байлық жайында болып тұр.

Әбен Тоқтасынұлын еске алуға арналған құсбегілер сайы-сын «Жалайыр Шора» орталығы және «Қыран» құсбегілер фе-дерациясы ұйымдастырды. Бұл қоғамдық ұйымдар он жылдан астам уақыт бойы тәжірибелі құсбегілердің аушы құстармен саятшылық құру жөніндегі бірегей тәжірибесін өскелең ұрпаққа табыстап беру жұмысын атқаруда. GSM Қазақстан/Kcell

ұялы операторы бірнеше жыл бойы қоғамдық қордың тұрақты серіктесі болып келеді. Көптеген жарыстар осы компанияның қолдауымен өткізілді. Сонымен қатар, Kcell бүркітшілердің балаларын Ұлттық туризм және спорт академиясында оқытуға жәрдем берді.

Қоғамдық қор қызмет атқарып келе жатқан уақыт ішінде жыртқыш құстарды баулуға, құсбегілік өнеріне қызыққан адамдардың саны бірнеше есе артты. Еліміздің барлық аймақтарында осы әсем де асқақ құстарды қолға үйретуге арналған даярлау және оқыту мектептері жұмыс істеп жүр. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында 100-ден аса адам құсбегі атанды. Алайда олардың қызметі саяткерлікпен ғана шектелмейді. Эколо-гия қызметінің жұмыскерлерімен бірлесіп, саятшылар Орталық Азияның шалғай аймақтарындағы бүркіт популяциясын зерт-теу және бақылау бағдарламаларына қатысуда. Федерация мен орталықтың келешек жоспарында ұлттық саяткерлік тәжірибесін зерттеумен айналысатын ғылыми орталық ашу бар. ●