ТАРИХ АЙДЫНЫНДАҒЫ ТҰЛҒАЛАРlibrary.wksu.kz/dmdocuments/Муқтар.pdf ·...

113
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.ӨТЕМІСов АТЫНдАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИвЕРСИТЕТІ М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих Ә.Қ. МұҚТар ТАРИХ АЙДЫНЫНДАҒЫ ТҰЛҒАЛАР орал, 2012

Upload: others

Post on 15-Nov-2019

80 views

Category:

Documents


1 download

TRANSCRIPT

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӨТЕМІСов АТЫНдАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИвЕРСИТЕТІ

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих

Ә.Қ. МұҚТар

ТАРИХ АЙДЫНЫНДАҒЫ ТҰЛҒАЛАР

орал, 2012

2 3

УдК 929ББК 63.3 (5Каз)М 90

Баспаға Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған (Хаттама №2, 29.10.2012жыл)

Мұқтар Ә.Қ.М 90 Тарих айдынындағы тұлғалар: Ғылыми мақалалар жинағы. – орал: Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ Редакциялық баспа орталығы, 2012 ж. - 224 бет.

Жинақ 2008 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген «Та-

рих тұңғиығындағы тұлғалар» атты еңбектің жалғасы. Ерекшелігі бұрын жарияланбаған, оқырман үшін ерекше қызықты тариғи тұлғалардың өмірі мен қызметін саралауға арналған. Мақалалар негізінен мұрағат деректеріне арқа сүйей жазылған. Соның ішінде Әбілқайыр,Әбілмәмбет, Абылай, Бөкей хандар, Әйтеке, Сарышоңай билер мен Жарас, Алыбай, Мыңбай,Сыпыра, Исатай-Махамбет ба-тырлар, Бекет әулие туралы материалдаымен құнды. Жинаққа тарих ғылымында тұлғатануға үлесін қосқан белгілі тарихшылар туралы жазылған автордың еңбектері мен тұлғатану мәселелері бойынша жарияланған ой-пікірлері біріктірілген.

© М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ред. баспа орталығы, 2012.

Тұлғалар тарихына арналған құнды еңбек

Халқымыздың сан жылғы тарихында тар жол, тайғақ кешулер-ден елін аман-сау алып шығуға, тағдырдың тізінен, тозақтың көзінен сақтап қалуға ұмтылған дара тарихи тұлғалар болғаны белгілі. Сондықтан да аты аңызға айналған сол тарихи тұлғаларға ұлттық мүдде тұрғысынан баға беру жолында көптеген ғылыми-зертеу жұмыстары жүргізіліп, тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашыла түсуде. Сондай еңбектің бірі аталмыш еңбек екендігі сөзсіз.

Еңбекте ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихындағы тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметтері және олар өмір сүрген заманның ерекшеліктері туралы мәселелер мұрағаттық де-ректер мен мәліметтер негізінде баяндалады.

Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу-халқымыздың дәстүрлі таным-түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс. Халқымыздың дәстүрлі шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы танысып отырады. Қоғамның саяси-қоғамдық, мәдени-рухани ахуалы негізінен жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табатыны сөзсіз. Ұлан байтақ дала төсінде әр кезеңде туындаған тарих туралы еңбектердің баршасы үнемі жеке тұлғалардың өмір дерегін негізге алу арқылы жазылған. Қазақ қоғамындағы тарихи тұлғалар Ресей империясының отарлау саясаты мен езгісіне ашық күрескен, қазақ хандығын, яғни мемлекеттілігін сақтауға талпынған қайраткерлер туралы деректер мұрағат құжаттары негізінде талда-нып, Қазақстанның аймақтарындағы соңғы үш ғасыр бойы толассыз өрбіген ұлт-азаттық қозғалыстардың сабақтастығы тың мұрағаттық деректермен толықтырылып, жаңа қырынан сөз болады.

Бүгінгі таңда дүниежүзілік тарихнамада жиі көтеріліп жүрген қоғамдағы жеке адамның рөлі, оның қалың көпшілікке, қоғам даму-ына әсері пайымдалып, тарихта өз іздерін қалдырған қайраткер хан, сұлтан, батыр, билердің қадір-қасиетін өскелең ұрпақтың ой санасы-на сіңіріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтау десек, кітапта қамтылған тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметтері айтылған пікірімізге толық сай келеді.

Автор тарихи тұлғалар тарихын зерттеуде өзіндік тари-хи методологиялық ұстанымдар арқылы аша білгені еңбектің құндылықтарының бірі деуге болады.

4 5

Белгілі ғалым Әбілсейіт Қапизұлының «Тарих айдынындағы тұлғалар» еңбегі жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттеріне, жоғары сынып оқушыларына және ел, жер тарихын білуге құштар жұртшылыққа, қалың оқырман қауымға арналған құнды кітап дегіміз келеді.

Аққали Ахмет тарих ғылымдарының докторы, профессор

і ТАРАУ

Тұлғалар Тарихын зерТТеУ МӘселелері

• Төл тарих оған жаңаша көзқарас қажет

• Тұлғалар тарихын зерттеу және оларды оқулықтарға енгізу мәселелері

• Қазақ батырлары тарихының зерттелуі және К.Л. Есмағамбетов

• Еліңнің егемендігі – зор бақыт

• Шоқайтануға қосылған сүбелі еңбек

• Ақиқат жолын бұзбаған дұрыс

• С историей следует быть осторожнее

Тарихшылар халық басынан кешкен түрлі уақиғалардың мағлұматын сымға тартқандай сынға салып, мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді. Шежіре жазушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі түрінде тізеді. Тарихшылар құр істегенімен қанағаттанбай, рас өтірігін тексеріп, расын ғана алады.

Ахмет Байтұрсынұлы

6 7

Төл тарих оған жаңаша көзқарас қажет*

Қазақ тарих ғылымы да, өзге ғылымдардай, үстіміздегі ғасырда тың бағытта зерттеулер жүргізу арқылы жаңа серпіліске ие болды. оның басты себебі еліміздің тәуелсіз ел болып, өз бағыт-бағдарымызды анықтап, халқымыздың ертеңі үшін жаңаша ізденістерге жол ашылып және қоғамда орын алған терең демократиялық бетбұрыстарда. Әрине, қазақ тарихы ХХІ ғасырға дейінгі зерттелгені, оған мыңдаған аға-буын тарихшылардың, өлкетанушылардың, шежірешілердің өзіндік өз үлестерін қосқанын естен шығармаймыз. Керісінше, олардың алдын-да бізге дейін қазақты тануға салған сара жолдары үшін, жинақтаған деректері үшін, түйген ой-пікірлері үшін қарыздармыз. Бүгінде өткенімізді тануда олардың қажырлы зерттеулеріне соқпай кету мүмкін емес. Мәселен, ХҮІ ғасырдағы Мырза Хайдардың «Тарихи-Рашиди», ХҮІІ ғасырдағы Қадырғали би Қосымұлының «Жылнамалар жинағы», ХІХ ғасырдағы Ш.Уәлихановтың, М.Бабажановтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің, М.Бекмұхамедовтің т.б. қалдырған мұраларының маңыздылығы күн санап артып келеді. олардың қатарына фольклорлық мұраларымыз – Асан Қайғы, Қазтуған, Жиембет, Бұқар жырау, Сы-рым, Махамбет, Мұраттардан жеткен дана сөздерді қазіргі таңда за-мана ерекшелігіне байланысты толығымен ғылыми айналысқа қосып жатырмыз. ХХ ғасыр басында қазақ тарихын тануға, ол арқылы ұлтымыздың бірлігін арттыруға ұмтылған зиялылар қауымы та-рих сахнасына шығып, жүріп өткен жолымызды жаңа қырынан зерттей бастады. Алдыңғы лекте Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышпаев, Х.досмұхамедов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Асфендияров, Б.Қаратаевтар тұрды. олардың өздеріне дейінгі қазақ зерттеушілерінен айырмашылығы - тарихымызға бойлай еніп, жарық көрген зерттеулерді, соның ішінде белгілі орыс зерттеушілерінің еңбектеріне сыни қарап, оның материалдарын пайдаланып, жаңаша пайымдай бастаулары біз үшін маңызды еді. М.Тынышпаев пен С.Асфендияровтың «Қазақстан тарихы» еңбегі де белгілі дәрежедегі қателіктеріне қарамастан, бүгінгі Қазақстан тарихы академиялық еңбектеріне негіз болғандығы жасы-рын емес. Кеңестік жүйе заманында қазақ тарихы біртұтас КСРо та-рихы оқулығының құрамына енгізілгенімен, оның шағын бетін ғана құрады. Жалпы алғанда, ол біртұтас орыс халқы тарихының құрамдас

бөлігіне айналып кетті. Бұл тарихта алдыңғы рөл «алып империяны біріктіруші», «құраушы», «бастаушы» деген айдармен орыс халқына берілді. Ал өзге ұлттар тарихы солардың көзімен қаралып, орталық цензурадан өтіп, КСРо тарихына енгізілді. Міне, сондықтан да Қадыр Мырзалиев дәл айтқандай,

Біздің тарих - бұл да бір қалың тарих,оқулығы жұп-жұқа бірақ тағы, - деген жолдар сол кезеңдегі қазақ

тарихының жағдайын анықтайды. Әрине, кеңестік заманда Қазақстан тарихына қатысты қадау-қадау мәселелер көтерілді, көрнекті ірі ғалымдар легі қалыптасты, олардың мектебінен мыңдаған жаңа тарих-шылар буыны өсіп жатты. Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменовтердің көзқарастары орталық мүддеге сәйкес келмеген тұста олардың ұстанымдарына қысым жасалып, түрмеге айдалғандығы көпшілікке әсер етпей қоймады. Көне замандағы қазақ тарихы, орта ғасырдағы Қазақстан, қазақ-орыс қарым-қатынастары, ұлт-азаттық қозғалыстар, қазақ халқының тұлғалары тарихы, сөйтіп, амалсыздан орталық цензу-ра талабына сай зерттелуге мәжбүр болды. оның артында қазақ халқының Ресейге «өз еркімен қосылғандығын», онсыз қазақтың болашағының болмағандығын асыра насихаттау тұрды. осындай қысымға қарамастан, аға-буын тарихшылар А.Нүсіпбеков, Р.Сүлей-менов, М.Қозыбаев, К.Нұрпейісов, М.Х.Асылбековтер болашақ қазақ тарихшыларын дайындауда, күрделі мәселелерді игеруде бағыт-бағдар сілтей білді. олардың алдында өзімізге белгілі Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының мол үлесінің болғандығын атап өтуге тиіспіз. Міне, сондықтан да КСРо ыдырап, тәуелсіз Қазақстан Республикасы жарияланған тұста қазақ тарихшылары түрлі қиыншылықтарға қарамастан, өз міндеттерін мүмкіндігінше атқара берді. Ұрпақтар арасындағы сабақтастық тарихшылар арасында да жалғасты. Белгілі тарихшы К.Нұрпейіс: «Алайда кеңес дәуіріндегі та-рихымыз қарама-қайшылыққа толы күрделі тарих болды. Өйткені со-циализм идеяларына байланысты халықтың жақсылыққа ұмтылған армандары Кеңес одағында керісінше қарама-қарсы мазмұнда іске асырылды. Елде орнаған тоталитарлық мемлекет қоғамның даму заңдылықтарына қайшы келетін және оның өмірінің барлық саласын қамтитын іс жүзінде халыққа қарсы бағытталған эксперименттер жа-сады. осының салдарынан 1917 жылдан кейін Кеңес империясының құрамында болған қазақ халқы, республикамыздың барлық еңбекшілері қилы-қилы кезеңді бастан кешті. Жалпы өркениеттік адамзаттық өлшеммен бағаласақ, аталмыш кезеңде қазақ халқының қуанышынан гөрі тартқан қасіреті көп болды» [Егемен Қазақстан, 28 қазан 2005ж.],- деп орынды бағалады. Расында да, кеңестік заманда аз ұлттар тарихы,

*Мақала «Егемен Қазақстан» газетінің 2007 жылдың 31 қазанындағы санында қысқартылып жарияланған.

8 9

соның ішінде қазақ тарихы аз бұрмаланған жоқ. Жалпы отарланған ұлттар тарихын әдейі бұрмалай жазу, өздерінің ұлы державалық ұстанымдарымен өлшенген тарихты олардың санасына сіңіру барлық империялық пиғылдағы елдерге тән. осындай жағдайда ғана империя құрамындағы ұлттар өз тәуелсіздігін, ертеңге деген сенімін жоғалтып, олардың тілі мен мәдениетін, рухани байлықтарын меңгеріп, түпкі сая-саты мен пиғылын сезінбей, елдік қадір-қасиетінен, рухынан айырыла-ды. осы бағытта да алыс шет елдер ғалымдарының Қазақстан туралы еңбектерін де пайдалануда сыни көзқарас қажет. Қандай мемлекет бол-са да, қандай ұлт болса да, алдымен, өз мүддесін ойластырады. Сондықтан сырттан жазылған тарихты шындық деп қабылдай беруге болмайды. Мәселен, соңғы жылдары біздің тарихшылар жиі сілтеме жасауға әуес Тойнбидің «көшпелілер қоғамында болашақ жоқ», «көшпелілер қоғамына мемлекеттік құрылым жат» деген ұстанымдарын ұлан-байтақ территорияда көшіп-қонып қана қоймай, соны игеріп, бүгінгі ұрпағына мәңгілікке қалдырған ата-баба қазағымыз, одан тараған қазіргі ұрпақтардың оны қабылдай қоймайтыны айдан анық. Міне, сондықтан да сырттан жазылған тарихтар арқылы тәуелсіз ел болғанға дейінгі шынайы тарихымызды жасаған ұлттық қайраткерлерімізден гөрі өзге халықтың батырлары мен олардың жаугершілік соғыстағы жетістіктеріне ерекше мән беруге, ол арқылы ұрпағымызды «өзінше тәрбиелеуге» әуес болдық. Кез –келген оқу ор-нында үлгі боларлық тұлғалар қатарында қазақтар бірен-саран ғана ұшырасатын. Міне, мұның барлығына алғашқы тойтарыс тәуелсіздікпен келді. Бірақ тәуелсіздікке қолымыз жетті деп жар салғанымызбен, кешегі кеңестік мектепте алған тәрбиеміз, қоғамда қалыптасқан идеологиялық ұстанымдар тарихымызға бірден жаңа көзқарасты қалыптастыра қоймады. Өткен ғасырдың 90-жылдардың бас кезеңінде М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, М.Х.Асылбеков, К.Л.Есмағамбетов, З.А.Алдамжар, Ж.Қ.Қасымбаев т.б. белгілі тарихшылар мектебінен бүгінгі белгілі тарихшылар – М.Х.Әбжанов, М.Қойгелдиев, Т.омарбе-ковтер өздерінің жаңа ойларымен көпшілікке танылды. олар көтерген ұлт зиялыларының тағдыры, кеңестік билік кезеңіндегі Қазақстан, түрлі репрессиялар тарихы өз оқырмандарына жетті. Сонымен қатар 90 -жылдар басынан бастап «арнайы қоймаларда» бұрын сақталып келген ұлт зиялылары- С.Асфендияров, М.Тынышпаев, Ә.Бөкейханов, Х.досмұхамедов, М.Шоқай, Т.Шонанұлы, Қ.Кемеңгерұлы, А.Бай-тұрсынұлы т.б. шығармалары қолымызға тиді. Міне, енді тарихшылар да, тарих сүйер қауым да өткен өмірімізге жаңа қырынан қарауға мүмкіндік алды. дәл осы тұста бұрын ғылыми айналысқа енбеген ата-шежіремізді тануға ерекше ден қойылды. Сөйтіп, Әбілғазы

Қосымұлының «Түрік шежіресі», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», Шоқанның, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Мұхамеджан Тынышпаевтың шежірелік жинақтары халқымен қауышты. Ал елбасымыздың 1998 жылды «Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы» деп жариялауы, арнайы «Қазақстан Респу-бликасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы» тарихшыларға жаңа бағыт-бағдар сілтеді. Тұжырымдаманың басты қағидалары тарихшы Х.Әбжанов пікірінше, қысқаша айтқанда, бұдан былай Қазақстан тарихы, біріншіден, әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі, екіншіден, шығыс әлемінің құрамдас бөлігі, үшіншіден, Ислам әлемінің құрамдас бөлігі, ал одан кейін Ресей империясы мен Кеңестер одағындағы кезеңдер ретінде анықталды. Тұжырымдама мен тарих жылының мақсат-міндетін зор түсіністікпен қабылдаған тарихшылар өткен өміріміздің күрделі кезеңдерін жаңа ұстанымдар тұрғысынан саралауға белсене кірісті. Жаңа ХХІ ғасыр қазақ тарихын танудағы түбегейлі бетбұрыс кезеңін құрайды. ол мынадан байқалады: біріншіден, тарихшыларымыз белгілі бір тақырып аясында ешкімге жалтақтамай-ақ қолда бар деректер негізінде жаңаша пайымдаулар жа-сай бастады. Мәселен, өзіміз пайдаланып келген Қазақстандағы, Ресейдегі мұрағат құжаттарында жатқан бұрын ғылыми айналысқа ен-беген, енсе де ондағы кейбір пікірлер алынып тасталынған тұстардың барлығы тарихқа жаңа пікірлер әкелді. Көп жағдайда олар қазақ-орыс қатынастарын саралауға және қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына қатысты болды. екіншіден, қазақстандық тарихшылар қазақ тарихы-на назар аударған алыс шетелдік тарихшылардың еңбектерімен, өзіндік пікірлерімен таныса бастады. олар жаппай барлық еңбектерде көрініс тапты. Мұның өзі сол кезге дейінгі қалыптасқан тек қана орыс зерттеушілері еңбектерін пайдалануды біртіндеп ығыстыра бастап, ба-лама пікірлерге бастама жол салынды. Үшіншіден, мемлекетіміз қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстанға қытай, парсы, араб, америка, европа елдерінен көптеген құнды деректерді әкеліп қана қоймай, оны қазақшаға аудару қолға алынды. Бұл жолда Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институттары сүбелі үлестерін қосты. Қолымызға қазақ тарихына тікелей қатысы бар қытай жылнамаларының тиюі ерекше маңызды еді. Бұларға қоса, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының ғалым-дары мен жоғары оқу орындарындағы археолог-ғалымдарымыздың да ізденістерін айтпай кетуге болмайды. Мәселен, Х.досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің археологы М.Қасеновтің Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы кезінде Асан Қайғы бабамыз мекен еткен Қорғанша қалашығын қазып, одан сарматтық дәуір

10 11

ескерткіштерінің табылуын сенсациялық жаңалықтар қатарына жатқызуға болады. Мұндай жаңалықтар соңғы кезеңде ерекше көп-ақ. оның барлығы, сөз жоқ, тарихымызды, соның ішінде көне тарихымыз-ды байыта, әрі ата-бабамызды бізбен жақындата түсті. Төртіншіден, жаңа ғасырда тарихшыларымыз қолда бар материалдар мен деректерді пайдалана отырып, оған сыни тұрғыдан мән беріп, оны өзге мемлекет-тер тарихымен байланыстыра зерттеуге кірісті. оған сақтар, ғұндар, түркітану бағытындағы зерттеулер, орта ғасырдағы монғол шапқыншылығы кезеңіндегі тарихи байланыстар, кейінгі Ақ орда, Сарайшық тарихтары куә бола алады. осы тұста егемендік алуымыз-дан кейін басталған қазақ-қытай, қазақ-ноғай, қазақ-башқұрт, қазақ-қалмақ, қазақ-түркімен т.б. халықтармен қарым-қатынастарына айрықша мән берілгендігін атап өтуге болады.

Міне, осындай тарихымыздың жаңа беттеріне қатысты жүріп өткен жолымызды зерделеуде, меніңше, төмендегідей мәселелерге айрықша назар аударып, зерттеулердің басты ұстанымы ретінде пайдаланылғаны жөн. Біріншіден, қазақ халқы - әу бастан-ақ ондаған тайпа-рулардан құралғанымен, тілі, діні, ділі, рухани тұрмыстық байлықтары жағынан біртұтас халық. Неше бір қиын-қыстау кезеңдерде де, атап айтқанда, біздің заманымыздың басындағы аумалы-төкпелі сапырылыстар-да, монғол шапқыншылығы, екпінді орыс отарлауы, қалмақ-жоңғар қысымшылығы немесе оңтүстіктегі өзге хандықтардың отарлауы-на түскен кезеңінде де Еділ мен Алтай аралығын мекендеген ұлт пен ұлыстар ешқашан қазақтығын жоғалтқан жоқ. екіншіден, қазақ халқы Ұлы, орта, Кіші жүз болып географиялық-территориялық жағынан бөлінгенімен, көршілес империялар осыны пайдаланып, оларды бір-біріне қарама-қарсы қоюды сан мәрте жоспарлағанымен, қазақ жүздерінің өзі бірнеше рудан құралғанымен, олар ешқашан өз бірлігін ұмытқан емес. Керісінше, қай кезеңде де, қай қиыншылықты да бірлікпен жеңіп отырды. Мүмкін бұл арада атадан балаға жеткен түрлі аңыз-әңгімелердегі қазақ ханының өзінің 40 ұлына бір-бір садақ беріп, алдымен бөлек-бөлек, жеке-жеке сындыртып, кейін қырқын бірге қосып, оны сындыра алмауы болашаққа деген қалдырған үндеуі болса керек. Бұл арада қазіргі таңдағы қазақстандық ғалымдардың ру-шежіре тарихына жете мән беруін құптауымыз қажет. Кезінде мұны естіген орыс патшайымы ІІ Екатерина да оған үлкен таңданыс білдірген. Үшіншіден, тарихымыздағы халқымыздың аяулы ұлдарының тағдыры егемендік алуымызбен ғана өз ұлтымен қайта қауыша бастады. Тарих-ты халық жасайтындығын мойындағанымен, оған жеке тұлғалардың әсер еткенін, бүгінгі осыншама территорияны иеленген, ұлтымызды сақтаған тұлғалардың құдіреттілігін жоққа шығара алмаймыз. Ендігі

мәселе – осы тұлғаларды бір-бірімен жарыстырмай, асыра дәріптемей, тарихи деректер негізінде ғана саралау басты міндет. Бұл арада, олардың бірін мадақтап, екіншісін төмендету егемен ел жағдайында ешкімге пайда әкелмейді. ол турасында «Егемен Қазақстан» газетінің 2006 жылғы 9 тамыздағы «Абылай хан анықтауды қажет ететін ақтаңдақтар», 2007 жылдың 31 қаңтарындағы «Басқаның патшасының бәрі жақсы, неліктен біздің хандар жаман болған» мақалаларда толық жазған болатынбыз. Төртіншіден, ұлттық тарихымызды тәуелсіз ел ұрпақтары талабымен жазу үшін кәсіпқой тарихшыларды дайындауда қазіргі 3 сатылы білім берудегі мамандықтың өзіндік ерекшелігін қатаң ескерген жөн. Болашақ тарихшының ұлтжандылығы, мемлекетшілдігі, ұлтына сүйіспеншілігі де басты талап болуы керек. Өйткені олар жазған тарих елдің ертеңін қалыптастырады. осы арада қазіргі таңдағы магистрлік және Phd доктор арқылы тарихшыларды дайындауда оларға ел-елді аралап, мұрағат қорларын «қазуына» мемлекеттік қолдау қажет. онсыз тарихымыз ешқашан толыққанды жазылмайды. Бесіншіден, тарих ғылымының басты мақсат-міндеті оның танымдық, тәрбиелік қызметінен де туындайды. Өскелең ұрпақтың елінің жүріп өткен жолынан лайықты дәріс алып, онымен рухтанып, өз отанын сүюге тәрбиелеуші де – тарих екендігін ешқашан ұмытпауымыз қажет.

олай болса, Қазақстан тарихын оқу орындарында оқыту деңгейін көтеру кезек күттірмейтін мәселе. Бұл арада қазіргі таңда бірнеше оқулықтың қолданыста жүргендігін, олардың көпшілігін бір-ақ ғалымның жазғандығы, олардың да қаншама баспасөз арқылы сыналғанымен, әлі де кітапхана қорларында молынан жиналып, оқушыларға ұсынылып жүргендігі жасырын емес. Міне, сондықтан да тарихымыз, алдымен, тек қана ана тілімізді жетік білетін кәсіпқой мамандармен, соның рухымен таза тәрбиеленген ғалымдар тобы-мен таразыланып, сыннан өтіп барып, жарық көруі тиіс. Көпшілік талқысынан өткен соң-ақ, оның орыс тіліне аударылғаны жөн. Ал мектеп оқулықтары мұндай авторлар бірлестігі еңбегінің тұжырымдары мен ұстанымдарын басшылыққа алғаны орынды.

Қорыта келгенде, Қазақстан тарихы пәнінің беделін көтеру, оны барлық қазақстандықтардың өз тарихы ретінде сүйсіне оқуы - тәуелсіз еліміздің болашағы. Ал Қазақстан тарихын білмейтін адамнан ешқашан ел патриоты шықпайды.

12 13

Тұлғалар тарихын зерттеу және оларды оқулықтарға енгізу мәселелері

Тарихтағы тұлғалар, олардың қоғамдық-саяси қызметі, өмірі қай халықтың да жүріп өткен жолының айнасы іспеттес. Өйткені тарихты халық жасағанымен, сол халықты бастайтын да, оның дамуында өз ізін қалдыратын да жеке тұлғалар. Халық жеке қайраткерлері арқылы та-рихта шешуші қадамдар жасайды. Александр Македонский, Күлтегін, Шыңғысхан т.б. өзінің нақты істерімен тарихта қалды. Бұл арада Әйтеке бидің «Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме? Ел тірегі – ер, ер тірегі – елі бола білген қауымның басынан бағы кетер ме?! Есті еріңді ез тұтсаң, өзіңді-өзің қорларсың, Есеріңді ер тұтсаң, іргеңізден жау кетпей, төріңізден дау кетпей, сойқаннан сойқын жолығып, сорларсың да, зарлайсың. Ез мұраты – көрешек, ел мұраты – келешек. Көрешегін күйттеген түбі қоймас сүрінбей, келешегін күйттеген түбі қоймас сүиінбей, жетелі ер адаспас – бабадан қалған сөз бар ғой, жетелі ел адаспас – бағзынан қалған із бар ғой» деген аталы сөзі қазақтың қай уақытта да қайраткерлеріне ерекше сенім білдіргенін дәлелдейді.

Бірақ патшалы Ресей заманында біз бұл мәселелерді ауызша ата-дан – балаға жеткізу арқылы ғана шешсек, Кеңестік заманда халықтың қалаулы ұл-қыздары тарихына бойлауға анық шектеу алдық. оған алдымен коммунистердің, «ұлы орыс халқының» төңірегіне өзге халықтарды жинап, Ресейдің ерлік тарихын және басқа халықтарды азаттыққа бағыттаушы «ерекше» қабілетін асыра бағалауы әсерін тигізді. Сөйтіп, тәуелсіздікке қол жеткенше – 80 жылдан астам уақыт бойы өзге ұлттың тарихы мен оның тұлғаларын жаттап өстік.

Екіншіден, жаңа социалистік жүйені қалыптастыруда «таптар күресінің шешуші рөлі» нақтыланған соң қазақтың бар бетке ұстарлары өз тарихын зерттеуде таптық принциптің талабымен туған халқына қарсы болып шыға келді. Ел басқарған қазақ хандары, сұлтандары, билері, жауға қарсы қол бастаған батырлары тарихын жазуға ашық кедергілер ұйымдастырылды. Алғашқы кезеңде ұлт зиялыларын қуғын-сүргінге ұшыратып, саяси аренадан ығыстырғаннан кейін орталық ыңғайымен қазақ тарихын жазу қолға алынды. Е.Бекмахановтың Кенесары хан тағдырына арналған монографиясының талқандалуы бұл бағыттағы ізденістерге тоқтау салды деуге әбден болады. М.П.вяткиннің «Батыр Сырым» еңбегі сол тұста жарық көргенімен, ол да көп ұзамай айналыстан шығарылды. Тарихшы З.Алдамжар «бұл мәселеге ұзақ жылдар бойы көңіл бөлінбеген, әдейілеп жасырылған

тақырып болғаны мәлім. оның тамыры қоғамдық даму үрдісі тек қана экономикалық заңдылықтар негізінде жүрмек деген маркстік-лениндік тұжырымда жатқаны да белгілі. осы сыңаржақ қағиданың бопсасы мен рухани шындығын есепке алу, оны зерттеу жұмысында пайдалану әрекетінің қандайы да коммунистік идеологиядан ауытқу, буржуазиялық идеологиялық сарынға бой алдыру деп айыпталады» десе, К.Нұрпейіс Кеңестік кезеңде «Қазақ халқының қуанышынан гөрі тартқан қасіреті көп болды. Сталиндік, әкімшілдік-әміршілдік жүйенің ұйымдастырған зобалаңы қазақ халқын тарих сахнасынан кетіре жаз-дады», «саяси-тарихи портреттер жасау жанры біздің отандық тари-хымызда ... зорлап ұмыттырылған тақырып болатын» деп мәселенің негізгі түйінін дәл көрсете білді.

Сонымен, ұлттық тұлғалар тарихын танудың бетбұрысты кезеңі тәуелсіздікке қол жеткізумен келді. Бұл бағытта К.Нұрпейіс, З.Алдамжар, К.Есмағамбетов, Х.Әбжанов т.б. айтарлықтай тер төгіп, оны зерттеудің қажеттілігін анықтап қана қоймай, әдіснамалық жолда-рын ұсынып, жаңа ізденістерге жол салды.

Әрине, бүгінге дейін тұлғалар тарихымен көпшілікті сусында-туда біраз шаралар жасалды. Бір ғана тарихшы К.Л.Есмағамбетовтің Махамбеті, Мұстафа Шоқайы, Зұлқарнай Баймырзаевының өзі бір төбе.

Қорыта келгенде тұлғалар тарихына қажет төмендегідей мәселелерді сіздердің толғаныстарыңызға ұсынамын.

1. Тұлғалар тарихы – ел тарихы! Сондықтан оны зерттеушілер болашақ алдындағы жауапкершілігін сезінгені абзал. Сайып келген-де Керей-Жәнібек те, Тәуке мен Әбілқайыр да, Абылай мен Нұралы да, Сырым мен Арынғазы да, Кенесары мен Жоламан да, Махамбет-Исатай мен Жанқожа да, яғни ел алдына шыққан хан, сұлтан, би, батырлар қазақ елінің ертеңі үшін алаңдады. Әркім өз деңгейінде ел алдындағы күрделі міндеттерді шешуге жұмыстанды. Ал қалың көпшілік сөз жоқ қиын-қыстау кезеңде олардың артынан ерді, олар-ды пана тұтты. Сондықтан да әр өлкенің, жүздің, аймақтың тарихын жазсақ та ол тұтас қазақ елінің бөлшегі екендігін, ал тұтас ел тарихы солардан тұратындығын ескеру міндет.

2. Асылы тұлғаларды өзара салыстырып, бірін қолдан көтеріп, екіншісін төмендетіп, оларды қарама-қарсы лагерьге бөліп, ара-жігін аша түскен орынды болмас. олардың қарым-қатынасына әр тарихи кезең өз ықпалын тигізді. Мәселен, Әбілқайыр мен Абылайды, Абы-лай мен Нұралыны зерттегенде, оларды Батыр, Қайып хандардан бөліп қарастыруға бола ма?

Ал тұлғалармен замандас, үзеңгілес Бөкенбай, Бөгенбайлар,

14 15

Жәнібек, Есет, Қабанбай т.б. батырлардың ерлігі де ел басқарған азаматтардың тағдырымен астасып жатыр. Өз заманында ажырамай, бірлесе ортақ жауға талай рет соққы берген, атамекен жерінен бір қадам шегінбеген қайраткерлерді өзара бөле-жармай тарихи процеске тұтастай қатыстыра отырып зерттеуіміз қажет.

3. Тұлғалар тарихын мифтендірудің де еш қажеті жоқ. Мәселен, Әбілқайырдың өле-өлгенше орыспен, қалмақпен, башқұртпен, Хи-уамен, жоңғармен де соғысып, өз билігіндегі елін, жұртын қорғап қалғаны, Жоңғарлардың екпінді жорықтарын тоқтатқаны өтірік пе? Абылайдың өзі оны «біздің атамыз», «біздің ханымыз» дегенін қайда қоямыз? Ал Абылайдың екі империя – Ресей мен Қытай ортасында шебер саясат жүргізіп, осы бағытта Әбілқайыр ұлдары Нұралы, Ерәлі, Айшуақ, Батыр ұлы Қайыппен ақылдасып отырғанын, мемлекеттік мәселелерді бірлесе шешкенін неге байланыстырып айтпаймыз? Яғни, тұлғаларды бір-біріне қарсы қою ендігі жағдайда біртұтас қазаққа пай-да әкелмейді.

4. Тұлғалар тарихына қатысты мұрағаттық деректер мен ауыз әдебиеті мұраларын жинастырып, оларға тиісінше, ғылыми тұрғыдан түсініктеме беруді ұлттық мүддемен ұштастыру қажет. Неге? Кешегі XX ғасырда, соңы жаңа ғасырда қолымызға тиіп, барлық кітапханаға жетіп үлгерген «Материалдар жинақтарын» сын елігінен өткізелікші. Әсіресе орыс мұрағаттарындағы деректер. оны оқыған оқырман ата-бабамыздың өмір бойы Ресейді арқа тұтқан «мүсәпірлігін», аянышты халін, тығырықтан шығар жол таба алмай көршілес империяларға жалтақтап, көмек күткен мәжбүрлігімен танысады. Сонда өткен тари-хынан, біртұтас елдігінен, біртұтас қазақтығынан, оның ерлік істерінен сусындамаған ұрпақ қандай халде болады. Әрине оны тарихи дерек, ол өзгертілмей басылып, оқырманға жетуі тиіс деушілер де табылар. Бірақ деректі кім жазды, ол қандай мақсат көздеді, кімнің сойылын соқты, өзі ас-суын ішіп жүрген қазақты түсіне білді ме, хаттың басындағы «аса жалбарынушылық» орыс кеңсесінің талабымен аудармашылар мен хат-ты жазушылар жазғандығын кім анықтап айтады? Міне, сондықтан да мұрағат деректері екен деп бәрін баспаға жібере бермей, оның ішінде тарихымызға қатыстысын пайдалансақ орынды болатын секілді.

5. Тарихи тұлғалар тағдырына арналған зерттеушілердің ая-сын кеңейтіп, жарық көрген ізденістердің, монографиялардың тара-лу аумағын барлық оқырманға жететіндей деңгейге көтеру. Өйткені, қазіргі кезеңде бұрын жарық көрмеген материалдар негізінде жазылған еңбектердің тиражы 1000 дананың көлемімен шектеліп, өңірлік зерт-теу кебін киюде. Міне, осындай жағдайда өскелең ұрпақ барша қазаққа ортақ ел игілерінің өмірі мен қызметінен қажетті мәліметтер ала ал-

май, өз тарихымен шектеле береді. оның зардабы біртұтас елдіктің, халықтықтың іргесін бекітуге тигізеді. Сондықтанда мұны мемлекет болып қолға алған дұрыс. Мәселен, қазақтың Әбілқайыры, Абылайы, Сырымы, Арынғазысы, Қаратайы, Тезек төресі, Тойшыбегі, Әлиханы, Халелі, Жаһаншасы, Ахметі, Сұлтанбегі, Тұрары, Бауыржаны, дінмұхамеді, Нұрсұлтаны исі қазаққа ортақ емес пе?!

6. Тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметін зерттеу барысында ізденуші-ғалым ол турасындағы материалдардың барлығын қатаң сыни тұрғыдан өткізуі қажет. Кейде шала-пұла ізденістер автордың «мүмкіндігімен» еш сыннан өтпестен жария болып жатады. Соңғы жылдары олар көбейіп те жатыр. осындай еңбектер санаға сөзсіз әсерін тигізеді. Қайткенменде, ізденушілер алдына алған мақсатты орындау барысында зор жауапкершілікті сезінгені орынды.

7. Ендігі мәселе «Қазақстан тарихы» оқулықтары туралы. оларға белді тұлғалардың барлығы енгені дұрыс. Мәселен оқулықтан Арынғазы хан, Қайыпқали сұлтан, Жоламан Тілепшіұлы туралы толыққанды мәлімет алу қиын. Расында, Жоламан 1820 жылдан ба-стап 1845 жылдар шамасына дейін Ресеймен жауласып өтті. оның осы аралықтағы барлық ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысқандығының өзі неге тұрады. Әлде осындай азаматтар көп пе?

Бір ғана Абылай, Махамбеттер жөніндегі ой-пікірлерді де қорытындылаған орынды. Мәселен, Абылайдың 1780 жылы қайтыс болғандығы, Махамбеттің 1803 жылы туылғандығы белгілі болса да, оны бір жүйеге келтіре алмаудамыз. Біз, тарихшылар оған дәлелді сөзімізді айтып тиянақтағанымызбен, мектеп тестілерінде «бұрынғы жартас» күйінде қалуда. Мұндай пікірлерді ұрпақ қалай қабылдайды? Меніңше, мектеп, жоғары оқу орындары үшін қосымша тұлғалар та-рихы оқытылуы тиіс.

8. Ең бастысы, ендігі жағдайда қазақ тарихында елдің бірлігі, тұтастығы, қазақтығы баса жырлануы тиіс. Өткен өмірдегі бабала-рымыз, олардан тарған тұлғалар осыны бүгінгі ұрпаққа мұраттады. Ұлан-байтақ жер, туған тіліміз, әдет-ғұрпымыз, мәдениетіміз, жер астындағы, үстіндегі мол байлық иесі де қазақ. Мұны терең ұғынған Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1998 жылы 17 наурыздағы зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы» деп жариялап, қатысқан көпшілікке «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген заңды сұрағын қойып, «Бұл - әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз» деп айқындап берді.

Сөз соңында тұлғалар тарихын толыққанды зерттеу, олардың

16 17

өмірлік тәлім-тәрбиесін, тәжірибесін алу, жүріп өткен жолдарындағы еліне деген патриоттық сүйіспеншілігін сезіну бүгінгі күннің басты мақсаты екендігін баса айтқым келеді. Ал оны ұдайы іс жүзіне асыруда тарихшыларға жүктелер салмақ ерекше.

Қазақ батырлары тарихының зерттелуі және К.л.есмағамбетов*

Қазақ батырлары тарихын зерттеу тәуелсіздікке жеткенімізден кейін ғана батыл түрде қолға алынды. Әрине, бұл арада сол кезеңге дейін зерттеулер жүргізілмеді, батырлар тарихы жазылмады деуден аулақпыз. Халқымыз қай кезеңде де өзінің қамқоры, қорғаушысы бола білген батырларына ерекше үміт артқан. Қай заманда да қазақ ұрпағын Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды батырлар жырларымен сусындатып, ерліктің елі үшін жасалатындығын, ер осындай қабілетімен көпшілік жадында мәңгілік қалып ерекше құрметте болатындығын сезіндіре білді. Міне, сондықтан да ата-бабамыз «Елдің атын ер шығарады», «Батырға оқ дарымайды, Батылға жау жоламайды», «Ер жігіт елі үшін туады, Елі үшін өледі», «Ер жігіт үйде туып, түзде өлер», «Батыл болсаң, батыр да боларсың» деп бүгінге дейін ұлын тәрбиелеп келеді.

Сонымен, батыр дегеніміз кім?Көне заманнан бері халық жадында ондай адамдар «жау

жүректі», «батыл», «қиын-қыстауда жол таба білетін», «көпшілікті соңына ертетін», «ерекше қайратты», «әдіс-айласы мол» тұлға ретінде суреттеліп келеді. Қазақ фольклоры оларды айрықша мақтанышпен жырлап, жастарды сусындатса, керісінше, оны зерттеген патшалы Ре-сей заманында - «басбұзарлар», «заңға қайшылар», «жабайылар» деп шегеленді. орыс зерттеушілері ішінен Н.Савичев Исатай Таймановқа «жарқырап сөнген жұлдыз» деген пікір білдіргенімен, батырдың жан-дүниесін, алдына алған мақсат-міндеттерін түсіне алмады. Қазақ ба-тырларына зор құрметті Халел досмұхамедов еңбектерінен табамыз. Алайда Кеңестік тарихшылар бұл бағыттағы ізденістерді жалғастырып, батырлардың тарихын ұлт мүддесімен жаза алмады. Бұл кезеңдегі тарихи зерттеулерде Исатай-Махамбеттің күресі қанаушы таптың

озбырлығын дәлелдеу үшін қажет болса, Жанқожа күресі қазақтың орта Азия хандықтарына қарсылығын дәлелдеп, орыспен бірге қазақты азат ету ролін қорыту үшін қажет еді. Сол сияқты Амангелді батырды зерттеу орыс-қазақ достығын айғақтап, Қазан төңкерісінің заңдылығын дәлелдеу үшін Кеңестік идеологияға аса қажеттілік еді.

Халық өз батырларын жырдан-жырға қосып, оны әңгіме үстінде кең насихаттағанымен, арнайы зерттеулерге айналдырып, мұрағаттарда қатталып жатқан деректерді қосып, сүбелі еңбектерді оқып, сусындай алмады.

Жоғарыда жазғанымыздай тың бастама азаттықпен ғана келді. Алдымен Х.досмұхамедовтың «Аламан», Е.Бекмахановтың «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» еңбектері қайта басыл-ды. Сөйтіп аталған еңбектердегі 100-деген қазақ батырлары есімдері халқымен қайта қауышты. Міне осыдан кейін батырлар тарихын жаңаша жазу басталды. Тарихшы-ғалымдар алдындаға маңызды мәселеге алғаш қалам алғандар қатарында К.Л.Есмағамбетов орны ерекше. Ғалымның осы жылдары дүниеге келген кез-келген еңбектері ақтаңдақ тарихтың сан қырынан ашылуына әсерін тигізді. Мәселен «Батырлар тарихы рухани байлығымыз» атты мақаласында «отандық тарих ғылымында қазақ батырларының елі мен жері үшін қан майданда жаулармен шайқасқан жанкештілік күресін, оның халық тағдырындағы орнын көрсетуге әлі күнге дейін толық мән берілмей келеді. Бұл ең ал-дымен Кеңес заманында батырларды «үстем тап өкілдеріне» жатқызған кеңестік идеология мен тарихнаманың салқыны болса, екіншіден, ұлттық идеологияны қалыптастырудағы салдыр-салақтығымыздың, «жайбасарлығымыздың» салдары екендігі анық. Кейбір пайым таразы-сы тарлау қандастарымыздың өздері де «жылқы жылы туған қай батыр-ды санап жатамыз» деген сияқты керенаулық танытады. Айналып кел-генде мұндай адамдар сол баяғы отарлық ниеттегілердің «диірменіне су құяды» (Есмағамбетов К. Батырлар тарихы рухани байлығымыз // Қазақ тарихы. 2007, №4 ) деп батырлар тарихының ел тарихымен сабақтасып жатқандығын дәлелдейді. Автордың қазақ батырларына деген ерекше құрметін сонау 1991 жылы жарық көрген «Что о нас писали на Западе» деген еңбегінен де анық байқаймыз. Зерттеуші осы еңбегінде-ақ қазақ даласында болған алыс шетелдік ғалымдардың пікірлерін саралап, қазақстандық оқырманға жеткізді. Батырлар бастаған, халқы қолдаған ұлт-азаттық қозғалыстардың барлығы бірін-бірі толықтырып, ешқашан үзілмей жалғасқандығын шетелдік ғалымдар атап өткен. Мәселен, Сы-рым датұлының қозғалысын зерттеген Э.Саркисянц «біріңғай ағым» теориясының қазақтар қозғалысында әрдайым жүзеге асқандығын жа-зады. (Есмағамбетов К.М. Что о нас писали на Западе. Алматы, 1992.

*Мақала Исатай Таймановтың туғанына 210 жыл толуына орай ұйым-дастырылған Республикалық конференция материалдарында жарияланған. орал, 2011.

18 19

– С 127). Ең бастысы бұл арада шетелдіктердің қазақ батырларының қайсарлығын атап өтіп, олардың қазақ үшін жанын қиғандығын мой-ындауы дер едік.

Қазақ батырлары ішінде Исатай-Махамбет тарихы К.Л.Есмағам-бетовтың «Азат рухтың күрескері» (Алматы, Өркениет, 2003ж.) зерттелуімен жаңа белеске көтерілді. Зерттеуші «патша өкіметі қазақ қоғамындағы билік институттарын жоюда ең алдымен батырлардың көзін құртуды ойластырды, себебі олар елдіктің рухы, қазақ жерінің тәуелсіздігі мен бүтіндігінің символы есептелінді. Қысқаша айтқанда, батырлардың қоғамдағы ролін жою – қазақ халқын рухсыздан-дыру жөніндегі отарлық саясаттың құрамдас бөлігі болды. Ресей шенеуніктерінің тілінде ол «политика умиритворения» деп аталды. Батырлыққа жол бермеу – бұл саясаттың тіпті басты бағыттарының біріне айналды. 1806 жылы 31 мамырда император I Александр бекіткен «Хан кеңесі үшін ережелер» деген құжатта «батырлар пайда болмасын және күшеймесін» деген қатаң нұсқау жазылды» деп мәселенің қазақ қоғамынан неге аластатылғандығын орынды анықтады (Есмағамбетов К.Л. Азат рухтың күрескері. - 166-167 б.б.).

Әрине жауға қарсы аттанған мыңдаған қазақтың ішінде батыр-лардың орны әрдайым биік болды. осыны сезінген халық қашан да батырлардың туы астында табыла білді. XIX ғасырдың 70 жылдарын-да қазақ даласы арқылы Хиуаға сапар шеккен американ дипломаты Ю.Скайлердің «Ерен ерлікті, елдік пен тәуелсіздікті жоғары ұстаған қазақтар қай кезеңде де Сырым, Арынғазы немесе Кенесары сияқты дала төсінде атқа қонған батырлар туы астында жиналуға дайын тұратын» деп жазғанын қазақ тарихына алғаш аударып, енгізген де Көшім Лекерұлы еді (Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде А., 1994. 77 б.).

Сөз жоқ, ғалымның мұндай жаңа ой-пікірлері батырлар тарихын зерттеуде жаңа бастамаға негіз болды. Қазақ батырлары Сырымның, Исатай-Махамбеттің, Көтібардың, Есеттің, Жоламанның, Жанқожаның басты мақсаты орыстық, кеңестік тарихнамада жазылғандай, хандық билікке қарсылық емес, керісінше, мемлекеттік негіз – хандық басқаруды күшейте отырып, мемлекеттілікті сақтау, тәуелсіздікті қорғау екендігі дәлелденді.

Қазақ батырларының ішінде патша өкіметіне өмірінің аяғына дейін қарсы күресіп өткен Жоламан Тіленішұлы тағдыры бүгінге дейін тиісті бағасын ала алмай келеді. Тарихымызда 25 жылға жуық Ресей отарлауына қарсы күрескен батырлар көп пе? Неліктен Жоламан қайраткерлігі бүгінге дейін арнайы зерттелмей келеді? Жалпы Жола-ман деген кім?

Алдымен, Жоламан – белгілі қазақтың ханы Әбілқайырдың бас сардары болған Бөкенбайдың Тіленшісінен туған немересі. Бөкенбай батырлығы Тіленшіге, одан Жоламанға дарыды. Бөкенбай да, Тіленші де, Жоламан да қазақ жауларына қарсы қол бастады. Бөкенбай 1742 жылы түрікмендермен болған шайқаста қаза тапса, Тіленші Сырым батырды қолдап, артына 1500 сарбазды ертіп, Ресейге қарсы аттанды. Сырым мен 1800 жылы қайтыс болған әкесі Тіленшінің жолын Жола-ман іліп әкетті. оның есімі мұрағат қорларында 1817 жылдан бастап кездеседі.

Жоламан патша өкіметінен ХІХ ғасырдың 20-жылдары Табын руы мекендеген жайылымға, өзендерге, тұзды жерлерге бай Жаңа Елек ауданын қайтаруды талап ете бастады. Бұл жерлер Елек тұзын тасу үшін жаңа жол саламыз деген сылтаумен алынып, 29 бекініс салын-ды. Ақыры қазақтар орал, Елек, Берден, Құрат өзендері бойындағы жерлердің ең жақсы 7 мың десятинасынан айырылды. Міне осы жай Жоламан бастаған азаттық күресінің негізгі себебіне айналды. 1822 жылы 27 тамызда Табын, Тама рулары Жоламан, Қойтары, Сүйінқара бастауларымен қол жинап, форпостарға шабуыл жасады. Ал қыркүйекте оларға Асау, Көтібар, Жаналы, дербісәлі батырлар қосылып, шайқасқа шыққан қазақтар саны 1000-ға жетті (ҚР оММ 4-қ., 1-т., 4698-іс). осы сәтте Елек қорғанына келген Лихутин орынборға Елек қорғанынан Елек қалашығына дейінгі аралықта 1 тамыздан 4 қыркүйекке дейін бірнеше рет қазақтар шабуылы болғандығын хабарлайды.

Жоламан өз ойын ашық түрде 1822 жылы 24 желтоқсанында гу-бернатор П.К.Эссенге хат арқылы білдірді. Хатта: «біріншіден, орыстар Елек бойына қарауыл толтырып, оның ішкі бетін ғана емес, сонымен бірге өзен бойларын иеленіп, қазақтарды жерсіз қалдырды. Екіншіден, орыстар және башқұрттар бізден Нарын құмдарын да тартып алды. Біз жайылымсыз қалдық. Содан қазақ халқы 1822 жылы үдере көтерілді»,-делінген (Материалы по истории Казахской ССР.-С.434).

1823 жылы Жоламан Ресейге қарсы өз пікірін ашық білдіре баста-ды. Мәселен, 15 қазанда өзіне арнайы келген хорунжий Беккенеұлына батыр «Мен қарақшы емеспін, Ресейге қарсы соғысты Елек өзені бой-ына бекініс шебін салғаны үшін жүргізіп отырмын»,-деп хабарлаған (Материалы по истории Казахской ССР –С.449).

Ал, 1827 жылы Бөкей ордасында Қайыпқали сұлтан көтерілгенде, Жоламан батыр онымен бірлесуге ұмтылды. Кейін 1831 жылы көктем айларында 17 ауылымен Қайыпқалиға көшкен. ол турасында Жүсіп Нұралиев 8 маусымда полковник Г.Ф.Генске хабарлап, Қайыпқали мен Жоламанның қазіргі тұрақты мекені ретінде ойыл бойындағы Батабай өзені тармағын көрсетті (ҚРоММ. 4-қ., 1455-іс, 100п).

20 21

дегенмен, Қайыпқали, Жоламан т.б. орыс үкіметімен ашық шайқасқа шыға қоймады. Жоламанның қолға түспей, Қайыпқалимен келісімге келуі Г.Ф.Генсті ойландырмай қоймады. ол қарулы әскермен батырды ұстау мүмкін еместігін түсініп, оның соңына 1830 жылы 1 қыркүйекте Батыс бөлік билеушісі болып бекітілген Баймұхамед Айшуақовты салды. Жоламанның ел ішіндегі беделінен сескенген Баймұхамед сұлтан орыс үкіметі талабын орындауға тәуекелі жетпеді. 1833 жылы сұлтан жанына 4000 жақтасын және 200 казак-орыс әскерін ертіп, Жоламан мен Асау Барақовқа аттанды. Қазақ батырларының 300 адамдық сарбазымен ойыл өзенінде кездескен сұлтан-билеуші шешуші ұрысқа бұйрық бермеді. ол кейін оның себебін «кездесу ба-тырлар ауылына жақын жерде болды, оларды үркітпеуді көздедім», - деп түсіндіреді. Кейін қайтар жолда Баймұхамед ту көтеріп қаруланған Өміржота басқарған Кете руының 300 адамымен қарсы жолыққан. Бұл жолы да Баймұхамет әскерім қуып жете алмады деген. Мұны естіген Г.Ф. Генс 1833 жылы 24 қазанда Б.Айшуақовқа хат жолдап, «300 адам-нан қорқып, әскери күшті пайдаланбауын» қатты сынға алды. «Жо-ламан, Тастемір, Қазыбай, Күлекті ұстап, орынборға әкелуің қажет еді» деп өкініш білдірді (ҚРоММ. 4-қ., 1-т., 4830-іс, 3-5пп.). Тарих-шы Ж.Қасымбаев «Генерал, сұлтан-правитель Баймұхамед Айшуақов (1790-1847)» атты монографиясында (Алматы, 2000) осы оқиғаны «масқара болып шегіну» және «осыдан кейін сұлтан әскери қол баста-мады» деген баға береді.

Жоламан 1835 жылы орск және Троицк араларында Жаңа Шептің салынуына байланысты қайтадан атқа қонды. Жоламан қозғалысының жандануына Жағалбайлы, Жаппас, Арғын, Қыпшақ руларының өз беттерінше орыс шептеріне қарсы көтерілуі де әсерін тигізді. Өйткені олар 10 000 шаршы км.астам жерінен айырылған-ды. Е.Бекмаханов пікірінше, малдарын қырылудан аман сақтау үшін олар шекараға жақын жерлерге көшіп-қонуға және сол үшін өте үлкен сомада ақы төлеуге тиіс болды. Аталған рулар ең наразы руларға айналды, олар Шеп маңы бекіністеріне, сауда керуендеріне және билеуші сұлтан ау-ылдарына жиі-жиі шабуыл жасауға көшті. Билеуші сұлтандардың ауы-лына шабуыл жасау себептерін қазақтар сол сұлтандардың «үкіметтен қазақтарға мал бағуға рұқсат алып беруге жарамай отырғандығы үшін» деп түсіндірді. Сонымен, бұл патша өкіметі билігіндегілер сендіргендей, әдеттегі барымта болған жоқ, бұл патша өкіметіне сатылған өз қанаушыларына қарсы күрес еді.

Кенесары Қасымов бастаған орта жүз қазақтарының көтерілісі басталғанда, Жоламан оларға көмекке баруға асыққан. ол Кіші жүздегі қазақ руларының басым көпшілігінің күресін біріктіруші

болды. ол өзінің тыңшылары арқылы шекаралық шепке жақын көшіп-қонған барлық қазақтарды елдің ішкі жағына өтіп, Кенесары көтерілісіне қосылуға шақырды (Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан. 203-204бб.).

Жоламан қозғалысының жаңа кезеңі Исатай-Махамбеттің Бөкей ордасынан Азия бетке өтуімен басталды. 1838 жылдың орта тұсына қарай Елек қалашығынан орск, Троицк қамалдарына дейінгі шекаралық шепке жақын жерде көшіп-қонған қазақтар көтеріліске қамтылды және олар топталып, Торғай мен Ырғыз ауылдарына көше бастады.

Міне осы сәтте Исатай Жоламанмен бірлесе қимылдады деуімізге әбден болады. Исатай 1838 жылдың көктемінде Шеркеш руының билері Бардан, Асау, Тоқай, Бәйембет, Айбас, дабыс, Таз руынан Ботаға жолдаған хатында оларды шептен көшуге шақырып, «Жоғарыдан Табын руының батыры Жоламан, Тілеуқабақ бөлімінен Есет 5 мың адамымен келді. Бұлар да, құдай оңдаса, біздерге қосылатын бола-ды. Кете руынан Аламан қазірдің өзінде бізге келіп қосылды, сөйтіп, әзірше 3 000 адам болдық» деп көрсетеді (Савичев Н. Исатай Тайма-нов / Савичев Н. Кенжалиев И. Тарихи зерттеу еңбектер. 12-кітап. Ал-маты: «Өлке», 2003.-51б.). Расында да, көп ұзамай Исатай жанында Жоламанның барлығы анықталды. 1838 жылы 10 маусымда Табын руы қазақтары Үлкен Ырғызға көшіп, 800 адамды шепті шабуға жіберді деген хабар тарады. Мұны естіген патша үкіметі 14 маусымда Жола-манды қолға түсіру туралы қайтадан бұйрық шығарды (ҚРоММ. 4-қ., 1-т., 4890-іс, 2п.).

Жоламан, Исатай, Қайыпқалидың патша үкіметіне қарсы келісімге келуі орынборды дүрліктірді. 1896 жылы «Русская старина» журналы-на (1896, №5.-С.410-421) в.А. Перовский туралы жазған мақаласында П.Л. Юдин: «1838 жылы қазақ даласында 3 басты бүлікші: Қайыпқали сұлтан, Жоламан, Исатай батырлар болды. олардың әрқайсысы Кіші, орта жүздің қазақтарынан қол жинап, орыс керуендерін тонап, шеп-ке шабуыл жасай бастады» деп мойындайды. Болашақ қауіпті сез-ген орынбор губернаторы в.А.Перовский қазақтарға қарсы әскери отряд дайындады. Біріншісін полковник К.К.Геке басқарды. оның қарамағында 200 орынбор казак-орыс әскері, 150 орал казак-орыс әскері, 50 атты атқыштар және 8 зеңбірек болды. орынбор губерна-торы 1838 жылы 8 шілдеде К.К. Гекеге Қайыпқали мен Исатайдың жоспарын талқандауды жүктеді (ҚРоММ. 4-қ., 1-т., 1966-іс, 41п.). отрядқа қосымша Горский қорғанынан 100 атты әскер келе жатты. Баймағамбет сұлтан да 150 адамымен орыс әскеріне қосылды. Соны-

22 23

мен мұздай қаруланған К.К. Геке 12 шілдеде Ақбұлақ өзені жағасында Исатай басқарған қазақтарды жеңді. Қайыпқали Хиуамен шектес Сам ауылдарына қарай жылжыды.

1838 жылдың 29 шілдесінде орынборға орск қорғаны комендан-ты подполковник в.Исаевтан Жоламан, Жаналы батырлар 2000 Табын, Тама, Қыпшақ рулары қазақтарымен ор өзенінен төменгі шепті шабуға шықты, тағы бір деректен Елек өзенінің Қаратоғай мекенінде Жоламан 2000 адаммен тұр деген мәліметтер жетті. Жүсіп Нұралиев 3 тамызда Жоламанда 3000 адам бар дей отырып, өзін қорғауын өтінді. Сонымен бірге Жоламан жігіттері орта бөлік билеушісі Арыстан Жантөринді жаралап, 470 жылқысын қуып әкетті.

Жоламан шеп бойындағы Жағалбайлы руларын өзіне қосуға жұмыстанды. Кей жағдайда «егер шептен көшпейтін болсаңдар, бүкіл шепке жақын жайылымдар өртеледі» деген хабарлар таратылған. Жайылымның өртелгендігін 6 тамызда старшина Каменский рас-тады (ҚРоММ. 4-қ., 1-т., 4890-іс, 2, 23, 56пп.; 4200-іс, 25п.). Содан в.А. Перовский жаппай көшуді тоқтату үшін және тез арада Жоламан көтерілісін басу үшін қырға 3 отряд бір мезгілде жіберілді. оларды пол-ковник Мансуров, полковник Падуров, полковник К.К.Геке басқарды.

Мансуров отряды орскіден шығып, 16 тамызда Төртқара руының ауылдарын шауып, көптеген малды тартып алды. одан әрі Ырғызға жеткенімен, Жоламан қонысын таба алмай, кейін қайтты.

Падуров отрядына Жоламанды қалай да қолға түсіру, көтерілісті басу жүктелді. Е.Бекмаханов «полковник Падуров тұтқында болғалы бері Жоламанды өте жек көретін» деп анықтай түседі. Өш алу-ды армандаған Падуров қарамағына 500 башқұрт, 50 атқыштар, 2 зеңбірек берілді. оған қосымша Угольный форпостысынан 450 орын-бор казак-орысы, 50 атқыштар, 2 зеңбірек К.К. Геке басшылығымен жіберілді. К.К.Гекеге «Жоламан бастаған көтерілісшілерді талқандау және жазалау» тапсырылды. Бірақ отрядтың негізгі мақсатын құпия ұстау үшін «Хиуадан келе жатқан керуенді күтуге барасыздар» деген арнайы әңгімелер таратылған. оған жол бастаушы болып 10 дистан-ция басшысы Тәжік Бишебаев тағайындалған (ҚРоММ. 4-қ., 1-т., 4890-іс, 44-45 пп.). орыс әскерлері тамыз айында қарай Белағаш, Қараторғайға жеткенімен, осы жерден Жоламан батыр Табын, Тама, Жағалбайлы, Алшын, Жаппас, Шекті, Төртқара руларының 500 ауы-лымен Торғай, Қарақұмға көшіп кетті деген хабар алған. Содан Па-дуров та түпкі мақсатына жетпей кейін қайтты. Міне, осыдан кейін Е.Бекмаханов: «орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Генс бы-лай деп көрсетеді: «Жоламан өзін Ресейде қарақшы деп атағанына ашу-лануда, ол: «қарақшылық жасап жүрген жоқпын, Ресеймен соғысып

жүрмін» деп есептейді. оның соғысқа дайын кем деген де 3000 адам әскері бар». Тартып алынған жерлерді қайтаруды талап ете отырып, Жоламан орал казак-орыс әскерлерінің атаманы генерал-майор Боро-динге былай деп жазады: «Бұл жерде біздің өтінішіміз бар. Әбілқайыр хан тұсында біздің халқымыз пайдаланғандай Нарын құмдарын толық және Өзеннің үш өзенін беріңдер, ал егер ол мүмкін болмаса: ең болмағанда, Елек өзені бойындағы Жаңа Шепті әкетіңдер. онда бізді дос санайсыздар. Мен сұраған жерлерді берсеңіз, онда біз дос бола-мыз, егер бермесеңіздер, онда жау боламыз»,-деген жолдарды келтіріп, «Жер үшін, жоғалтқан жайылымдар үшін күрес Жоламан Тіленшиев қозғалысының басты мазмұны болды»,-деп қорытындылайды. Бұдан Жоламанның 1820 жылдары орыс үкіметіне қойған талабынан бас тартпағандығын байқауымызға болады.

1838 жылдың аяғына қарай Жоламан бастаған қазақ рулары Торғай аймағында Кенесарыға қосылды. орынбор мұрағатындағы С.Н. Сева-стьянов қорында Кіші жүздегі әскери қимылдардан соң, Қайыпқали Хиуаға, Қасым мен Кенесары Ташкентке, Жоламан Жемге бағыт алды. Исатай өлтірілді делінген (ороММ. 169-қ., 1-т., 45-іс, 26 п.).

Патша үкіметі 1839 жыл басында Кіші жүзді толық бағындыру мақсатын бүркемелеп, Хиуаға әскери жорық жасау қажет деп жан-жақты дайындала бастады. в.А.Перовский Жоламанды, Қайыпқалиды ұстап, жазалау ойынан бас тартады. Ал Жоламан басқарған Табын руы жігіттері Кенесары әскерінің құрамында белсенділік танытты. Кейбір деректер бойынша олар Кенесарының ерекше отрядтарын құраған. Жоламан, Кенесары апасы Бопай, інісі Наурызбай, Саржан Саржанов, Жеке батырлар өз отрядтарымен дұшпанның тылына рейдтер жасап, көтеріліске қатысудан бас тартқан сұлтан, билердің мал-мүлкін тартып алып отырған.

Жоламан в.А. Перовскийдің жорығы кезінде Қайыпқали, Жүсіп Сырымұлы, Есет Көтібарұлы, дәуіт Асауұлдарымен бірлесе қарсы шықты. Бірақ 4000 жаяу әскер, 12 зеңбірек ерткен в.А. Перовский-мен ашық майданда кездесу мүмкін емес-ті. Сондықтан батырлар бекініс қоймаларына шабуыл жасап, Каспий теңізіндегі азық-түлік тиелген орыс кемелерін өртеп, тылынан соққы беріп отырды. Мұндай қарсылықтар жорыққа түйе жинау кезінде де байқалды. Мәселен, дәуіт Асауов 1838 жылы Қайыпқалиды қолдамай, орынбор әкімшілігінен алтын медаль алғанымен, Хиуа жорығына ашық қарсы шықты. 1839-1840 жылдары қазақ даласында орыс әскерлері әбден есіріп алды. Тек қана 1839 жылы тамыз айында Торғайға 1900 әскер жіберілсе, 300 адамды И.в.Падуров басқарып, Байұлы руларына аттанды (ороММ. 196-қ., 1-т., 45-іс, 26-27пп.).

24 25

1840 жылдың қараша айының ортасында в.А. Перовскийдің Хиуаға жорығы толық сәтсіздікке ұшырады.

1841 жылы 2 ақпанда орынборға түскен рапорттан Шөмекей, Төртқара, Шекті руларында арнайы кеңес өткендігі белгілі болды. Мақсат ел ішіндегі тыныштықты сақтап, Кенесарымен бірге көшу болған. Кеңеске Жоламан Бұхара маңында тұрақтағандықтан қатыса алмаған (ҚРоММ. 4-қ., 1-т., 1993-іс, 25-27пп).

Жоламан Бұхара, Хиуа хандықтарына бірдей беделді болды. Екі хандық та оның беделі арқылы қазақ руларын өз саясатына пайдала-нуды көздеді. Хиуа Ресейдің болашақ соққысының алдын-алуды ойла-стыра, Бұхара Қоқан хандығының жеңілуіне тілекші еді. 1841 жылы қыркүйек басында Бұхарамен келіскен Кенесарының Ташкентке бет алған әскері құрамында Табын руы қазақтары да болатын.

1841 жылы патша үкіметі Сыр бойы қазақтарының орыс билігінде екендігін Хиуаға дәлелдеуге күш салды. в.А. Перовский 1841 жылы 23 мамырда Бас штаб капитаны П.Никифоров пен поручик М.Аитовты Хиуаға аттандырды. 11 тамызда Аллақұл ханның қабылдауында болған елшілер Ресейдің ұстанымын жеткізді.

Сыр бойы қазақтарының орыс боданы еместігін айғақтау үшін Аллақұл хан арнайы кеңес шақырды. оған Жанғазы Қайыпұлы, Қайыпқали сұлтандар, Шекті Рахманқұл, Байбақты Жүсіп Сырымұлы, Табын Жоламан, Нияз, Шекті-Тілеуқабақ, отаралы қатысты. Кеңесте Ресей талабы тыңдалып, Сырдария кімге бағынады мәселесі қаралды. Жанғазы сұлтан «Ресей Сырдарияны ала алмайды, өйткені ол әлсіз, әйел сияқты жай қимылдайды, оның үстіне Сырдария Жайықтан тым шалғай», Рахманқұл «Ресей жыл сайын қазақтарды тонау үшін далаға әскер жіберіп, олардың жерін тартып алады, егер де қазақтар олардың бо-даны болса, мұны істемес еді», Жүсіп Сырымұлы «қазақтар мұсылман, сондықтан ешқашан христиан империясының бодандығына кірмейді» деген ерекше пікірлерін білдірген. Ал П.Никифоров «империяға қарсы қылмыскерлер мен заңды жазалаудан қашқандар» ортасында бодандықты дәлелдеудің еш қажеті жоқ деген кезеңде, Жоламан батыр өзін Ресей боданы деп айтуға да рұқсат бермеген. Сөз алған М.Аитов Жанғазы сұлтанның Ресейде дүниеге келгенін, әкесінің патшаға да адал қызмет етіп майор шенін алғанын, Рахманқұлдың жақын туысы Жанұзақтың ІІ Екатерина тұсында Ресей астанасына барғанын, Жола-ман Тіленшіұлының өз руына бара алмайтынын, әкесі Тіленшінің пат-ша атынан тархан атағын алғанын, Жүсіп Сырымұлының Арынғазы сұлтанмен Санкт-Петербургке барып, Хиуаны талқандау үшін әскер сұрағанын еске салған (ороММ. 6-қ., 10-т., 5241 –іс, 369-374 пп.).

Кездесу қорытындысынан анық байқалғаны қазақ сұлтандары мен

батырлары бірауыздан бодандықты мойындамаған. Мұндай жағдайда Жоламанның өз ата мекеніне оралуы мүмкін де емес еді. оның үстіне патша әскерлері ашық соғыспен Кенесары әскерінің соңына түсті. 1845 жылы 23 шілдеде Кенесары Ырғыздан Торғайға келді. Егер жағдай оңалмаса да, ол Жоламан ізімен Бұхараға кетпек, сәл кейін 12 мамырда «орыстар қазақтардан 1000 адамды Кавказға жібермек» деген әңгімелерден соң, қазақтар Бұхарадағы Жоламан ауылына көшуде деген хабарлар орынборға жетті. Батыс бөлік сұлтан билеушісі шекаралық комиссияға Жоламан батырдың Бұхара иелігінде тұрақтағанын раста-ды (ҚРоММ. 4-қ., 1-т., 2327-іс, 60 п.; 3408-іс, 6-7п.).

Ал 1848 жылы 23 қазанда шекаралық комиссия Жоламан батырдың 1838 жылы 17 қыркүйектегі шептегі Анинский станицасына шабуыл жасағандығын тексеру барысында әскери старшын Арыстан Жантөрин Жоламан Тіленшиннің әлдеқашан қайтыс болғандығын жеткізді (ҚРоММ. 4-қ., 1-т., 4427-іс, 9п.).

1854 жылы 12 сәуірде орынбор шекаралық комиссиясы генерал-губернаторға Есет Көтібаровтың күресін тоқтату үшін Табын руынан Жоламан, Кутебаш, Жаналы, сұлтан Қайыпқали, Науша, батыр Исатай, Махамбет, Үбі батырлар, Кенесары, Наурызбай сұлтандар қаншама күрессе де, армандарына жете алмады»,- деген хат жолдағанын хабар-лады (КРо ІІ.-С.404).

Сөйтіп, елінің қамын жеп, Ресей империясының алдында басын имей, олардың үйіп-төккен бірде-бір ұсыныстарын қабылдамай, батыр бабамыз Бұхара хандығында мәңгілікке көзін жұмды.

Қорыта келгенде, бүгінгі байлығымыз - ұлан-байтақ атамекенді сақтауға келгенде Жоламан сынды ерлер 1822-1846 жылдар аралығында ерекше көзге түсті. ХІХ ғасырдағы отарлауға қарсы күрескен Арынғазы, Қаратай, Қайыпқали, Кенесары, Көтібар, Исатай, Махамбет, Есет т.б. батырлармен үнемі қоян-қолтық араласып, елі мен жұртының ертеңі үшін алаңдауы оның халқының нағыз патриоты екендігін дәлелдейді. осындай ерлердің арқасында қазақ мекендеген территория мәңгілікке өз ұрпағына бұйырды.

26 27

еліңнің егемендігі – зор бақыт*

осы бір философиялық пайым Көшім Есмағамбетовтың өмірлік ұстанымын, шығармашылығының өзегін құрайды. Бодандық жағдайында жеке тұлғаның емін-еркіндігі туралы сөз болуы мүмкін емес, жат жұртшылықтың қас-қабағына қарап өмір сүру – адам табиғатына жат, өз сеніміңе орай қимылдауға мүмкіндік бермейді деп есептейді ол. Көшім Лекерұлы үшін күйбең тірліктегі қиюы келмей жатқан дүниенің бәрі өткінші, тек еліңнің азаттығы ғана – мәңгілік құндылық.

Ғалымның, кітаптарын былай қойғанда, баспасөз беттерінде жиі-жиі жарық көріп жатқан мақалаларының өзінде ұлт бостандығы төңірегіндегі ойлары сан алуан мазмұн, мағынамен айшықталып, оқырмандарға жол тауып жатады. олар жаңашылдығымен, ав-тор уәждерінің қисындылығымен ерекшеленеді. Қай тақырыпқа қалам сілтесе де, ол тарихи шындыққа ғана бас иеді, ешкімнің де шен-шекпеніне, атақ-даңқына қарап жалтақтамайды. «Салиқалы басылымдағы салғырттықтар», «Қазанғап неге қапалы?», «Сынды дұрыс қабылдай білген жөн», «дәме бар да дәрмен жоқ» т.б. еңбектерін үлкен білімділікке қоса, уақыт пен ыждағаттылықты қажет ететін іргелі ізденістің нәтижесі деуге болар еді. оларда автор елімізде қаулап шығып жатқан энциклопедиялық әдебиеттің сапасын көтеру жөнінде өзекті мәселелерді қозғайды. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында, «Ақтөбе облысының энциклопедиясында», «Махамбет энциклопедия-сында» жіберілген қателіктерді нақты көрсете отырып, жалпы алғанда, энциклопедиялық, анықтамалық әдебиеттің қоғам дамуындағы орны мен маңызына жұртшылық назарын аударады.

Өзі де өмірінің біраз уақытын «Қазақ энциклопедиясы» бас ре-дакциясында өткізді; оның бастауында тұрып, 90 – жылдары осы баспадағы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар орталығын басқарды. оның ғылыми басшылығымен, не құрастыруымен «Свод памятников истории и культуры Казахстана», «Кто есть кто в казах-станской науке» (А., 1999), «Құрманғазы», «Қорқыт Ата» (1999), «Сак-ский воин-символ духа предков» т.б. кітаптар әзірленіп, оқырманға ұсынылды. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының сөзтізбесін жа-сап, концепциялық негізін қалауына, алғашқы үш томының даярла-

нуына атсалысты. К.Л.Есмағамбетовтің «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына орай жүргізген ізденістері де бір төбе. оның «Жадыңды жаңғыртар жәдігерлер», «Шетел мұрағаттарындағы Қазақстан туралы деректер», «Бізге де әлем тарихы институты қажет» атты танымдық ізденістері жарық көрді.

ол-аудармашы әрі мұрағатшы. Индиана университетінің про-фессоры джордж демконың «орыстардың Қазақстанды отарлауы», Пейс университетінің профессоры С.П.Синханың «Құқық фило-софиясы» деген кітаптарын ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне тәржімалады. отандық тарих ғылымының деректемелік негізін нығайтуға бағытталған сан-алуан іс-шаралардың басы-қасында болды. «Ағылшын суретшісі джон Кэстльдің 1736 ж. Әбілқайыр ханға барып қайтқан сапары туралы күнделігін» ғылыми айналымға қосты. осыдан кейін академик К.Нұрпейістің Көшім Лекерұлын «құнды деректердің құлагері» деуі тегін емес. Қазіргі уақытта өзінің ғылыми жұмыстарымен бірге ол ҚР Ұлттық мұрағаты бас директорының кеңесшісі, «Қазақстан мұрағаттары» журналының бас редакторы қызметін қоса алып жүр.

Шын мәнінде, Көшім Лекерұлы – энциклопедиялық білімді, ғалымдығы мен қаламгерлігі астасып жатқан, бітімі ерек тұлға. ол ғалым - тарихшылардың бірде-біріне ұқсамайды. Сол үшін де оны мақтайтын да, даттайтын да пенделер баршылық. оның үстіне ешнәрсені де күлбілтелемей турасын айтатын мінезін ескерсек, ол көтерген жүктің салмағы ауырлай түседі. Ұшан-теңіз білімі бола тұра, оның бірде сүрініп барып қайта тұруын, кеңестік ортаның қалыбына сыймауын осы жағдаймен түсіндірген жөн. Әрине «күншілдік» секілді құбылысты да жоққа шығаруға әсте болмас. Көшім Лекерұлының «Батыраштардың күні батпай, Құлагердің таңы атпайды» деуі со-дан ба деп ойлайсың. Қалай болғанда да ол өмірде өз соқпағымен жүріп келеді... Нарын құмында дүниеге келіп, Махамбет пен Мұрат аталарының өлеңдерін жаттап өскен Көшім Лекерұлы 1957 жылы орта мектепті үздік бітіргенен кейін қол созым жердегі Гурьев педагогикалық институтына оқуға бармай, армия қатарына кетеді. Соғыстан мүгедек болып оралған әкесінің шаруашылығы шағын еді. Алматыға қаржы жетпейтінін сезген Көшім Лекерұлы алдын-ала қамданып, 9-сыныптан соң оқуды кешкі мектепке барып бітіремін деп, жазда кірпіш соғып, күзде тоғайдан ағаш кеседі. Бірақ сол жылы кешкі мектептің 10-сыныбы ашылмай қалады, жартымды ақша да жиналмай-ды. Сол кезде оның жан сырын ұқпағандар өсек-аяңға да жол береді; Есмағамбеттің баласы «бұзылып» кетіпті деген әңгіме таратады. Бұл жолғы сәтсіздік оның сағын сындыра алмады. Үш жыл бойы Мәскеудің түбіндегі орманда орналасқан әскери бөлімшеде оң мен солын та-

*Мақала «Құнды деректердің құлагері» тақырыбында «Егемен Қазақстан» газетінің 2008 жылғы 29 қазандағы санында қысқартылып жарияланған

28 29

нып, бос кезінде орыс тілін оқиды, тіпті, И.Сталиннің «Марксизм-ленинизм негіздері» деген кітабын да ежіктейді. Саяси және әскери дайындықтың үздігі ретінде әскери бөлімше басшылығы оған Мәскеу радиотехникалық институтына жолдама береді. Алайда ол Қазақстанға жол тартады. Алматыға жетіп, Қазақ мемлекеттік университетінің та-рих факультетіне құжаттарын тапсырады. Әнес Сараев (қазір белгілі жазушы) және Бағытжан Рамазановпен бірге (кейін аудандық партия ұйымында жұмыс істеді) жатақханнаның бір бөлмесінде жатқан ол Алматы теміржол вокзалының жанындағы Сексеуіл базасында көмір, цемент т.б. жүк түсіріп, тиын-тебен табады. Келесі күні солдат гим-настеркасын сүрткілеп, университетке емтиханға барады. Барлық сабақты «үздік» деген бағаға тапсырған оған сол жылы (1960) рек-торат Мәскеуде ашылғалы жатқан П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетіне оқуға баруды ұсынады. Бірақ ол екі ойлы болып біраз жүріп қалады. Бір шешімге келуге оны тағы да намыс итермелейді. Кейбір басшылардың балалары «ақша берейік, бас тартсаң, орныңа біз барар едік» деген әңгіме айтады. Бұған шамданған ол бір көйлек, бір шалбармен күзді күні Мәскеуге оқуға өзі аттанады. Университет қабырғасындағы бес жыл уақытын тапжылмай отырып оқуға жұмсайды. Н.Молчанов, П.Милоградов, А.Сахаров т.б. атақты ғалымдардан дәріс тыңдайды. Ақырында университетті 1965 жылы «тарихшы» және «ағылшын тілінің аудармашысы» деген мамандықтар бойынша үздік бітіріп шығады.

Алайда ол СоКП орталық Комитетінің Сомалиге жұмсаған ұсынысынан бас тартып, Қазақстанға оралады. Жарты әлемнің өзін сесімен ықтырып тұрған құзырлы органның айтқанын аяқасты ету үшін қандай жүрек керек екендігін шамалаудың өзі де қиынға соғады. деген-мен Көшім Лекерұлының бұл қадамынан соң оның алдынан лауазым-ды жұмыстардың есігі бірден тарс жабылып қала қоймады. Бір жылдан асқан уақытта ол Қазақ мемлекеттік университетіндегі оқытушылық жұмысынан Қазақ Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ауысты-рылады. онда хаттама бөлімінің меңгерушісі ретінде шетел дипло-маттары мен делегацияларын қабылдауға байланысты істермен, ре-спублика үкіметіне қажетті құжаттар, анықтамалар дайындап берумен шұғылданады. 1967 жылы КСРо Сыртқы істер министрлігінде сынақ ісінен өтіп, А.А. Громыконың сәуір айында Ирактың сыртқы істер министрі Аднан әл-Пачачидің құрметіне ұйымдастырған қабылдауына қатысады. Сол кезеңде ол одақтың кәнігі дипломаттарымен де таныса-ды. Бірақ олар Көшім Лекерұлын өздерінше бағалайды, дүниетанымы тұрғысынан оны «демократ» деп қана таниды. Бұл сөздің қайда, кімдерге жеткені белгісіз. Көп ұзамай ол ғылым-білім саласына ауысқанды жөн

көреді. дегенмен біраз жылдардан кейін дипломатиялық жұмыс тағы да оның алдынан шығады. Қазақстанның егемендікке қолы жетіп, шет елдермен экономикалық және саяси байланыстарын орнықтыра бастаған тұсында Қаржы министрлігі одан сыртқы қатынастар бөлімін ұйымдастырып, оның жарғысы мен функцияларын анықтауды және оған басшылық жасауды сұрайды. Бұл жұмысты ол абыроймен орын-дайды, Қаржы министрінің шетел дипломаттары мен делегацияларын қабылдауына байланысты хаттамалық жұмыстарды атқарады. Көшім Лекерұлының жазу үстеліндегі АҚШ-тың Қазақстандағы тұңғыш елшісі Уильям Х.Кортнидің, Ұлыбританияның елшісі Ноэл джонздың, Түркия елшісінің кеңесшісі Аладдин Коркмаздың, басқа да шетел қайраткерлерінің визит карточкалары осы кезеңді еске салады.

Сан қырлы талант иесінің өміріндегі басты қасиеті-ғалымдығы. Академик З.Қабдолов айтқандай, ол - «алып-қоспасы жоқ таза ғалым». (2003 жылы Индер кентінде Махамбет Өтемісовтің туғанына 200 жыл толуына орай өткен ғылыми конференцияда сөйлеген сөзінен). 1972 жылы Жоғары және арнаулы орта білім министрі К.Айманов та Көшім Лекерұлы туралы осы Зекеңе «сырттай көріне бермейтін мазмұны терең жігіт» деп ағалық бағасын берген еді. Бүгінгі күні К.Л. Есмағамбетов – елімізге танымал, көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті академигі. Мұндай лауазымдар – оның жылдар бойғы қажырлы еңбегінің жемісі. Ең ал-дымен, ол-Қазақстан тарихының шетелдік тарихнамасын зерттеудің негізін қалаушы. оның «действительность и фальсификация», «Көне Қазақстанды көргендер», «Что писали о нас на Западе», «Қазақтар шетел әдебиетінде» деген кітаптарын ғалымдар да, оқырмандар да жылы қабылдады. Алғашқы кітабының қолжазбасы Қазақстан Ком-партиясы оК-нің хатшысы С.Имашевтің алдында талқылаудан өтіп, «Казглавлито» атты цензуралық құрылымда кітаптың беттеуінен ше-тел авторларының қазақтардың саны, өткен ғасырдың 30-жылдары олардың ашаршылықтан қырғынға ұшырауы жөніндегі мағлұматтары сызылып тасталды. Сонымен бірге шетелдіктердің кітаптарынан берілген «ұзын-сонар» төл сөздер қысқартылды.

Көшім Лекерұлының «ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан тарихының Батыс Еуропа мен Аме-рика Құрама Штаттарында зерттелуі» деген кандидаттық диссертация-сын академик А.Нүсіпбеков, Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі Г.Ф. дахшлейгер, тарих ғылымдарының докторы П.Галузо тарих ғылымына қосылған елеулі үлес ретінде бағалап сөз сөйледі. Ал біраз

30 31

жылдар өтіп барып қорғаған «Қазақстан тарихының шетелдік тарих-намасы» атты докторлық диссертациясын үздік еңбек ретінде Жоғары аттестациялық комиссияның баспа органында аталып өтілді.

осы еңбектері төңірегінде әңгімелескен шағымызда Көшім Лекерұлы көпшілікке бимағлұм бір «құпияның» шетін ашқан еді. Кеңестік идеологияның жалпы «буржуазиялық бұрмалаушылыққа» қарсы күрес деген науқаны аясында жүргізілген, сырт көзге осы-лай көрінетін бұл ізденістің ішкі сыры да бар екен. ол-шетелдік тарихнаманың танымдық рөлін қарастыра отырып, З.Бжезинский, дж. Уилер, Б.Майснер, А.Беннигсен, К.д.Анкос, А.Парк, Э.Карр т.б. ағылшын, американ, француз, неміс авторларының қазақ халқының отарлық жағдайда өмір сүріп отырғандығы, патшалық Ресей мен Кеңес өкіметі тұсындағы сан-алуан қуғын-сүргін салдарынан қазақ халқының этностық, мәдени тұрғыдан құрып бара жатқандығы туралы тұжырымдарын жұртшылыққа сыналап айтып беру болатын. Мәскеу мен Ленинградтың, там-тұмдап басқа да ірі қалалардың «спецхранда-рында» жатқан шетел ғалымдарының кітаптарындағы біз туралы не айтылып, не жазылып жатқандығы ол кезде жұртшылыққа мүлдем белгісіз еді. ол дүниелердің мазмұнын, Кеңес одағының капиталистік дүние өкілдерінің идеологиялық «бүліншіліктеріне» қарсы күрес жүргізу қажеттілігі деген желеумен, кітапханалар мен мұрағаттардың құпия бөлмелерінен жарыққа алып шығып, бүркемеленген түрде болса да, оқырмандарға жеткізу керек еді. Түпкі мақсат-осы арқылы оқырмандар санасына ой салу болатын.

Көшім Лекерұлының ғылыми жұмысының сол бір «жұмбақ» қыры туралы алғаш академик Кеңес Нұрпейіс осыдан оншақты жыл бұрын атап өткен (қараңыз: Ана тілі. 1998. 12 қараша) «Білікті де білгір азамат қаламынан туындаған еңбектер қоғамдық пікірді шыңдауға, оқырманның тарихи зердесін кемелдендіруге бағытталды» деп ой түйіндеді бүгінгі күні, өкінішке орай, арамызда жоқ ардақты ағамыз.

ХХ ғасырда қазақ халқының жүйелі түрде геноцидке ұшырауын былай қойғанның өзінде, олардың күнделікті өмірде көзтүрткі бо-луы шетел ғалымдарының шағын-шағын төл сөз ретінде берілген пікірлерінің қазақ жастарының санасынан орын алатындығына күмән қалдырмайтын еді дейді Көшім Лекерұлы өз тарапында. Себебі идеологиялық ықпалға қарсы күрестің өзіндік ерекшелігі бар. ондай науқан, егер жат тұжырым халықтың белгілі бір жігін баурай бастаған жағдайда ғана, қандай да бір нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Ал, жұртшылық арасына кең тарала қоймаған пікірге қарсы әрекет «бу-меранг» рөлін атқарады. Көшім Лекерұлы осы соңғы жағдайды есте ұстайды. Мұндайда үзіп-жұлып емес, мүмкіндігінше шетел авторла-

ры еңбектерінен мағлұматтардың толығырақ берілуі керек. Ғалымның еңбектерін саралап қарағанда, олар осы ерекшеліктермен көзге түседі. Бұл жағдай тарихи зерттеудің нақтылылық принципін сақтаумен бірге, автордың оқырмандар санасына түрткі салуға бағытталған алдына қойған мақсатынан туындайды.

Көшім Лекерұлы жастармен араласа жүріп, олардың өзінің «бұрмалаушылыққа» қарсы айтқан «уәждеріне» емес, шетел ғалым-дарының сөздеріне көбірек сенім артатындығына көзі жетеді. оған ол өкінбейді. Бір жолығысқанда тентексоқтау жазушы жолдасының «бұрын-соңды адамның миына кіріп-шықпаған нәрселерді қайдан жа-зып жүрсің?» дегені де бар. осылайша Көшім Лекерұлы өткен ғасырдың 60-жылдары өзін мазалаған сұрақтарға жауап табады. ол кезеңде Азия және Африка елдеріндегі отарлық жүйенің күйреуі, Кеңес одағының «дүниежүзілік империализмге» қарсы идеологиялық науқандары, жүзге тарта елдің өкілдерімен бірге оқып жүрген оның көзқарасына ерекше әсер етеді. ол Қазақстан мен орта Азия республикаларының Кеңес мемлекетінің тең құқылы құрамды бөлігі емес екендігі жөнінде тоқтамға келеді. осындай ой-пікірдің бір ұшқыны «Біріккен Ұлттар Ұйымы және оның арнайы мекемелері» деген тақырыпта 1962 жылы өткен студенттік конференцияда көрініп қалады. Өзінің баяндамасын-да ол Украина мен Белоруссиядан Қазақстанның несі кем, БҰҰ-ға мүше болмауы-әділетсіздік деген мәселе көтереді. осындай көңіл ауа-нымен Алматыға келген ол «Лениншіл жас» газетінде «Жаңартылған отаршылдық-халықтардың қас жауы» деген мақала жариялап, соңына «Е.Көшімов» деп қол қояды. Шамасы, «қырағылық» танытуға құштар белсенділерден көз таса болғысы келген сияқты. Әрине, аңқаулық қой. Бұл мақала арқылы «Көшімов» саяси тәуелсіздікке қолдары жеткенімен, Азия мен Африка құрлықтарындағы көптеген елдердің бұрын өздерін билеп-төстеген метрополиялар тарапынан қанаушылық нысанына ай-налып отырғаны жөнінде жаза отырып, оқырманға Қазақстанның да осындай жағдайда екендігі жөнінде ой тастағысы келеді.

Шетел ғалымдарының еңбектерімен таныса жүріп, Көшім Лекерұлы Қазақстан тарихының мүлдем қайта, басқа тұрғыдан жа-зылу керектігі туралы ой қорытады. 1979 жылы жарық көрген «Көне Қазақстанды көргендер» атты кітабының кіріспесінде ол «әр халықтың өз тарихын басқалардан жақсы білетіндігіне, оған өз көзімен қарау қажеттігіне күмән болмаса керек» деп мәлімдейді. Мұнымен қоймай, ол ақын Қадыр Мырза Әлидің «Көш» жинағынан:

Менің бабам қақтаған қыр аптабы,Көшіп-қонып ұрпағы тұрақтады.Біздің тарих-бұл да бір қалың тарих,

32 33

оқулығы жұп-жұқа бірақ тағы, - деген шумақты келтіріп, айтар ойын нығарлай түседі.

Ресми идеологиядан бұлайша бұра тартушылықтың тиісті орын-дарда қалай қабылданғаны белгісіз. Әйтеуір, бір рет С.Сұлтанғалиев деген журналистің дүкеннен осы кітаптың 20 данасын сатып алғаны есінде қалыпты. «Мұны не істейсің?» деп сұрағанда, «уақыт өте келе білерсің» дегені бар. Бірақ Көшім Лекерұлының «шалыс басуы» мұнымен шектелмейді. осы кезде ол Түркияда екі айлық іссапарда болып, «Азаттық» радиосында істеп жүрген Хасен оралтаймен кездесіп сұхбаттасады, Измирдің төңірегінде орналасқан Салих-лы кентіндегі оның әке-шешесінің, кезінде «Түркістан легионына» қатысқан Т.Атабектің үйлерінде қонақта болып, қазақ диаспорасының басқа да өкілдерімен жолығысады. ол жақтан оралғанда дүние-мүлік арқаламай, А.З.валидидің түрік тіліндегі «Естеліктерін» (1970), Х.оралтайдың «Алаш-Түркістан түріктерінің ұлт-азаттық ұраны» (1973), Иса Алптекиннің «Шығыс Түркістан тарихы» (1975) деген кітаптарын, «Turkeli» деген журналдан Қазақстан туралы матери-алдарды алып қайтады. Ғалымның осы кездегі іс-әрекеті жөнінде К.Нұрпейіс былай деп көрсеткен-ді: «Мұндай жағдайда шетелден оралғандар Кеңес өкіметіне, коммунистік мұрағаттарға берілгендігінің куәсі іспеттес капиталистік қоғамның «іріп-шіріп жатқандығын» ай-тып, оның «идеологиялық жандайшаптарын», ЦРУ-ға қызмет істеп жүрген қазақтарды әшкерелеп, мақалалар жазған болар еді. Бірақ ол сенімі мен көзқарасынан аттай алмады. Соңыма түседі-ау деп үрейленбеді де» (Ана тілі. 1998. 12 қараша).

ол жоғары оқу орындарында емтихан алып отырған кезінде талапкерлердің сұрақтарын білмей отырса да, «ұлы орыс халқының көмегі арқасында...» деп жауап беруі оны қатты қапаландыратын. «Не, қазақ халқының бәрі арамтамақ, еңбек етпей, жатып алды ма? Басқа сұраққа жауап бер» деп шорт кететін. Көшім Лекерұлының бұлайша «еркінсуі» із-түзсіз қалмаған секілді. Алайда ол, «қарағайға қарсы біткен бұтақпын» деп Махамбет атасы айтқандай, қай уақытта да өз күшіне, өз біліміне сенді. Біреуден көмек сұрауды-намыс санады.

2003 жылдан бері Көшім Лекерұлы-ҚР Білім және ғылым министірлігіне қарасты Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, институт жанындағы докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары. оның ғылыми басшылығымен 2 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты даярланды.

«Алланың қазақ жұртының тәуелсіздігін көруді жазғаны үшін ғана бақыттымын», - дейді ол. Көшім Лекерұлы енді басқа ойлар мазалайды.

оны «ұлттық мәдениет-ұлттық мемлекетте ғана өсіп-өрбиді», «адам сияқты, мемлекетте де намыс болуы керек», «интернационализм» ұғымын енді «интеграция» ұғымы ауыстырды, ол да қазақты құлдыққа түсірудің құрығы болып жүрмесін» деген алаңдаушылығынан байқауға болар еді.

Соңғы жылдары ол қазақ тарихындағы тағдыры күрделі, рухы биік, жас ұрпаққа берер тағылымы мол тұлғаларға назар аудара ба-стады. Махамбет Өтемісұлының өмірі мен күрес жолын мұрағат деректері негізінде зерттеп шығып, «Азат рухтың күрескері» (2003 ж.) деген кітабын ұсынды. 20 томдық «Махамбет әлемі» жинағының алғашқы бес кітабына кіріспе мен түсіндірмелер, Исатай мен Махам-бет көтерілісі жөніндегі мұрағаттық құжаттар жинағына көлемді алғы сөз жазды. «Қайсар қайраткер» деген кітабына Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Кекілбаев қазақ және орыс тілдерінде оң пікір білдірді.

он шақты жыл уақытын ол М.Шоқайдың өмірі мен қызметі жөніндегі материалдарды жинастыруға, шығармашылық мұрасын зерт-теуге арнады. Жақын арада Көшім Лекерұлы М.Шоқайдың Франциядағы жеке мұрағаттық қорының, Түркия, Германия, Ұлыбритания, Ресей т.б. елдердің мұрағаттары материалдарына, ағылшын, француз, неміс, түрік, орыс, қазақ, өзбек тілдеріндегі ізденістерге негізделген отыз алты баспа табақтық зерттеуін баспаға ұсынды.

Ғалым кезінде Жоғары және арнаулы орта білім министрінің көмекшісі болып істегенді. осы кезде (1973 ж.) Қазақ КСР Білім министрлігі шақырып, министірдің орынбасары в.К.Сидоров оған Гу-рьев педагогикалық институтына проректорлық жұмысқа баруға, бір жылдан кейін «жоғарылатамыз» деп ұсыныс та жасады. ол жолы да Көшім Лекерұлы мансапқа ұмтылмады. Айыптаушылар аз болмады... Ал енді бүгінгі күні М.Шоқай туралы жазған бір ғана іргелі еңбегі сол мансаптан кем емес дер едік.

Көшім Лекерұлы биылғы жылдың қазан айында жетпістің биігіне көтеріледі. Ұланғайыр еңбегі ескеріліп, ол ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға - 10 жыл» медальдары-мен марапатталды. оның өмір жолы:

«Тіршілік үшін төгудей терді төгесің,Табаның тіліп, Қабырғаңды сөгесің» деген ақын (Қадыр Мырза Әли) сөздерін

еске түсіреді.«Тура биде тұрған жоқ» деген бар. Өз дүниетанымымен өмір сүру,

тағдыр тәлкегінде де биіктен көріне білу оңайға түспейтіні белгілі. осы қасиеттерімен дараланатын ол керенау-кердеңдікті де, екіжүзділік пен жағымпаздықты да бірдей жек көреді. Бір жолы (1993 ж.) Қалтай

34 35

Мұхамеджанов ағамыз Көшағаңа «әділін айтамын деп, мен сияқты, өспей қалғансың-ау» деп сұңғылалық танытқанын да естігенбіз. Бірақ Көшім Лекерұлы лауазымды шенеуніктер қатарын толықтырғанда, оның отандық тарих ғылымындағы орны бос тұрар еді ғой...

Байыбына барсақ, мемлекеттік, мұрағаттық мекемелердегі, баспадағы, жоғары оқу орындарындағы қызметі Көшім Лекерұлының ғалымдық болмысымен тоғысып, рухани әлемінің көкжиегін кеңіте түскен.

осыдан он жылдай бұрын Әбдіраштың Жарасқаны Көшім Лекерұлына:

Мақтағанға көрмедің тасып, аға,даттағанға көрмедің жасып, аға!Өрге тартып барады жасың, аға,Төрге тартып барады басың, аға!-деп өлең арнаған-ды.«Төрге шықсын», «өрге тартсын» бұл ойлар ғалымды онша

алаңдатпайды. оның Тәңірісі – дамылсыз еңбек. «Қолыңыздан қаламыңыз түспесін!» деп тілек білдіруші шәкірттеріңіз бен сан мың оқырмандарыңыз атынан...

Шоқайтануға қосылған сүбелі еңбек* Қазақ халқының алып тұлғалы, терең ойлы азаматы Мұстафа

Шоқайдың бүкіл мұрасын жинақтап, елімізге әкелуге тәуелсіздігіміздің арқасында ғана қол жетті. оның басы-қасында тікелей Елбасымыздың тапсырмасымен И.Н. Тасмағамбетовтың жүргендігі көпшілікке аян. Ал осы саладағы мұраның жан-жақты зерде сүзгісінен өткізе саралағанына, М.Шоқай еңбектерінің жинақталуына, қанша тер төгілгеніне, бұрын ғылыми айналысқа түспеген мұрағат деректері мен жарияланған еңбектерге соншама терең деректанулық талдау жасағандығына белгілі ғалым Көшім Есмағамбетовтің «Әлем таныған тұлға» атты зерттеуі арқылы көз жеткіземіз. Еңбек қолдан-қолға тарап, оқырмандардың заңды қызығушылығын туғызды. Сонымен ғалым Мұстафатануға не қосты, жұрт елеңдер қандай жаналықтары бар?

Алдымен М.Шоқай өмірі оның туған жері Наршоқыдан басталып, Берлинге жерленгенге дейінгі кезеңі тұтастай алғаш рет кешенді түрде

зерттелген. Соның ішінде тұлғаның Кеңестік биліктің орнығуынан бастап, шетелге кетуі, Түркия, Германия, Франция, Польша, Англия, т.б. елдердегі қызметі хронологиялық жағынан нақты көрініс тапқан. Әсіресе оның әйелі Мариямен бірге Гурьев арқылы Кетікке, одан Ба-куге аттануы, Бакуден 1919 жылдың наурыз айы басында Красно-водск және Ашхабадқа оралып, «түркімендер жерін большевиктерге қарсы күрес орталығына айналдыруды» көздегені, бірақ оның мүмкін еместігіне көзі жеткеннен кейін, Бакуге қайтып оралып, осы жер-де Тбилисиге де жиі барып, соңында 1921 жылы ақпанда Батумиде Италияның кемесіне отырып, Түркияға кеткендігі жан-жақты ашылған. Автор М.Шоқайдың елден кетуінің басты себебі Кеңес өкіметінің «ешқандай демократиялық қозғалысқа жол бермейтінін көре білуінде» деп түйіндейді.

Зерттеуші ғалым К.Лекерұлы М.Шоқайды «барар жері, басар тауы» қалмаған соң Түркияға кетті деушілерге, Мұстафаның қолында сол уақытта АҚШ-қа да баруға визасының болғандығын алға тартуы, ондай визаны пайдаланған в.М.Лебедевтің АҚШ-қа, Францияға жетуін деректермен айғақтауы өте сенімді. 1921 жылы наурызда Мұстафаның Парижге келіп, Италияға, Германияға барып Түркістанның тәуелсіздігі үшін батыс елдердің моральдық және материалдық көмегіне сүйенуді көздегені, кейін түпкілікті «саяси эмиграция астанасы» саналатын Па-рижге тұрақтануы тұлға өмірінің күрделі кезеңдерінен сыр шертеді. оқырмандар үшін М.Шоқайдың Лондонға бірнеше рет барып, Король институтында Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстар туралы баян-дамалар оқуы ерекше қызықты. Өйткені сол кезеңге дейін бірде-бір қазақ баласы жоғары мінбеден ұлт үшін жар салып, әлемнің назарын аудармаған-ды. Зерттеуші М.Шоқайдың 1941 жылы желтоқсан айын-да қайтыс болғанға дейінгі оқиғалардың ізімен жүріп, оны өзара бай-ланыстыра білуі, тарихи деректерді терең талдауы, әлемнің түкпір-түкпіріндегі бірнеше пікірлерді салыстыра алуы ғалымның тақырыпқа терең бойлағандығын айғақтайды.

Екіншіден, автор М.Шоқайдың Алаш қайраткерлеріне деген айырықша құрметін, олармен рухани үндестігін, небір қыспаққа қарамастан өзара сенімде болғандығын дәлелдей білді. Қазақ жоқшысы М.Жұмабаевтың

Қырағы Тянь-Шань менен Памир, Алтай,Күтеді көптен сені қарай-қарай.Кене мен Абылайдың жолын қумай,Жапанда жабығудың мәні қалай – деген өлең жолдары

(272 б.) немесе 1927 жылы күз айларында М.дулатов, А.Байтұрсынов, * Мақала «Қазақ тарихы» журналының 2009 жылғы №3 санында жарияланған

36 37

М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейхановтардың Мұстафа туыста-рын іздеп Наршоқыға баруы тұлғалар арасындағы ішкі бірлікті, нағыз қазақылықты дәлелдейді.

Ал кітаптың орталық кейіпкері ше? оның Х.досмұхамедовпен 1920 жылдардағы құпия байланыстары, Ғ.Бірімжанов Германияға барған кезеңдегі Мұстафамен кездесуі, оны С.Қожановқа хабарлауы, Ә.Қашаубаевтың 1925 жылы Парижде М.Шоқаймен жүздесуі, т.т. біраз мәселенің бетін ашады.

М.Шоқай кеңестік биліктегі С.Сәдуақасқа, С.Қожанұлына, С.Меңдешұлына, Т.Рысқұловқа, С.Асфендияровқа ерекше ілтипатпен қараған. оның Тұрардың «Түркістан Кеңес Республикасын» құру ұсынысын Түркістанды құру жолында жасалған әрекеті, Санжардың қасіреті «халықтан революцияға» баратындығында емес, керісінше революциядан халыққа баруға тырысуында деген бағалаулары – қазіргі кезеңде көпке түсінікті. Ал С.Қожанұлы «халқы үшін қам жеп, еңіреп туған азамат», С.Сәдуақас та сондай тұлға, С.Меңдешұлы да «Сұлтанбек пен Смағұл тәрізді, қайраткер» деп қорытуы артында қалған азаматтарға жасалған үлкен сенім дегеніміз жөн.

М.Шоқай Алаш қайраткерлері үлгісінде ұлт зиялысын қалыптастыру мен тәрбиелеуді елдің болашағы ретінде көре білді. ол таза «Батыс тәрбиесін алғандар рухани жағынан өз халқына өгей бо-лып қалады» сондықтан «батыс білімін» «шығыс рухымен ұштастыру» қажеттігін дер кезінде ашық айтты. Бұл мәселе бүгінгі жағдайда да өз маңыздылығын жойған жоқ.

Үшіншіден, зерттеу еңбегінде автор Мұстафаның біртұтас Түркістан, барлық түрік халықтарының бірлігі идеясына назар аудара-ды. Сөз жоқ, ғалымның «М.Шоқай өз тарапынан Анадолыдан Алтайға дейінгі аумақты қамтитын алып империя құру идеясын ешқашан ұсынған емес» деген қорытынды пікірі бүгінге дейін Мұстафаның ішкі сырын түсінбеушілерге жауап деуімізге әбден болады. М.Шоқай түрік халықтарының өз ерекшеліктерін ешқашан жоғалтпауын арман-дады. Соның жолында 1936 жылы Берлин қаласында Түркістан жаста-ры алдында сөйлеген сөзінде «Сендердің бірліктерің, сендердің бір-біріңе күш қосуларың еліміздің бақытына қызмет етпек... Түркістан үшін өлу, Түркістан үшін жан беру - бәрімізге бір мақсат» деп жар салады. М.Шоқайдың алдына қойған түпкі мақсаттарының бірі де Кеңес одағындағы түрік халықтарының ұлт-азаттық қозғалысының заңдылығын батыс елдердің тануы, оған моральдық қолдау көрсетуі болатын.

М.Шоқайдың тар жол, тайғақ кешу жылдарында көтерген

мәселелері, ұлы армандары, қазіргі таңда толық жүзеге асып жатыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың әлем елдерімен тығыз қарым-қатынасты дамытуда көп векторлы саясатты ұстануы өзара бірімен-бірі үндесіп жатыр. Бір кезеңдегі Украина Халық Республикасының Сыртқы істер министрі А.Я.Шульгиннің «азат Түркістанға басшылық ету жазғанда М.Шоқай Ататүрік ізімен жүретін еді, бірақ оған түгелдей еліктемес те еді. ол азат Түркістан өзінің ұлттық кескін-келбетін сақтай оты-рып, басқа мемлекеттермен бәсекелестікке қабілетті болу үшін батыс елдерінен көп нәрселерді үйренуі тиіс» дегені бүгінгі күн шындығына айналды.

Төртіншіден, алғаш рет Мұстафа Шоқайға қатысты деректер мен барлық тілдегі зерттеулер, оның мақалалары тұңғыш рет бір орталыққа жинақталып, сыни тұрғыдан ой елегінен өткізілді. Бұл арада К.Есмағамбетовтің бірнеше шет тілдерін білетіндігі жұмыстың сапалы орындалуына оң ықпалын тигізді. Соның нәтижесінде М.Шоқайдың Кеңес өкіметі орнауы кезіндегі қоғамдық саяси қызметі, шетелдік кезеңнің толық көрініс таппаған тұстары, фашистік Германияның оны өзіне тарту әрекеттері, тұлғаның фашизмге көзқарасы, өлімі мәселелері жан-жақты ашыла түсті. Соның ішінде 1940 жылға дейін жұмыс жасаған Түркістан Ұлттық Бірлігінің, оның орталықтарының қызметтері нақты деректер негізінде оқырманға жетті. Әсіресе ТҰБ-ң баспасөз органда-ры – «Нени Түркістан», «Яш Түркістан» журналдары, оның әрбір беті жаңаша талдауға ие болды. Журналдар Үндістан, Ауғанстан, Сирия, Финляндия, Франция, Италия, АҚШ т.б. көптеген елдерде қолдан-қолға таралып, оқылған. Жаңа мұрағаттық деректер Мұстафа фащистік Германияға қызмет етті дегенді толық жоққа шығарды. Автордың «оның Түркістан легионына» қатысының жоқтығы айдан анық деуінің жөні бар. Өйткені Германияның «саяси мұрағатындағы» Түркістан легионының құрылуына қатысты 1941-1942 ж.ж. бұйрықтарда, есепті баяндамаларда, анықтамаларда т.б. құжаттарда М.Шоқай аты мүлде аталмайды. Мұндай мәліметті КСРо мемлекеттік Қауіпсіздік министрлігі өзінің Берлиндегі 4 оперативтік секторының 2 бөліміне М.Шоқайға байланысты жинақталған «Наличие компрометирующих материалов» деген құпия сұрауына да алады. олай болса, автордың М.Шоқай немістермен қарым-қатынаста тұтқындағы Түркістан аза-маттарын (1941 жылы 13 желтоқсанда бір ғана Польшаның Ченста-хов лагерінде ашыққан, ауруға шалдыққан 32 мыңнан астам түркістан дықтар болған ) аман сақтауды және өз арманы Түркістан тәуелсіздігі идеясы үшін пайдалануды көздеді деген қорытынды пікірі толық қолдауға тұрарлық. Еңбекте Түркістандықтарды ашық майданға

38 39

шығарып, қырғынға айдауды үгіттеуге көнбеген М.Шоқайды Шығыс министрі Розенбергтің тапсырмасы бойынша у беріп өлтіргені анықтала түседі.

Бесіншіден, ғалым бүкіл Түркістан жұрты қамын жеген М.Шоқайдың азаматтық, қайраткерлік, кісілік келбетін сомдай білді. оның мінез көрсету, астамшылық, билікқұмарлық, сияқты қасиеттерден биік болғандығы, сын пікірді қабылдай біліп, «өзін кінәсізбін деп санау жақсылықтың белгісі емес» деген принципті ұстануы, «Алла елімнің тәуелсіздігіне қол жеткізгенін көруді нәсіп етсе, мен тек үгіт-насихат ісімен ғана айналысар едім» деген арманының өзі ұлттық идеологияны зерттеушілерге қазіргі таңда аса маңызды.

Қорыта келгенде, ғылыми зерттеу тарих ғылыми-ойының әлемдік деңгейдегі талабына сай ұлт тарихын жазар ғалымдар үшін үлгі аларлық сүбелі еңбек. Қыр баласы Мұстафаның әлемдік биіктегі тұлғалар қатарынан көрініп, алған асулары мен халқы үшін жасаған жанқиярлық еңбектері ұлтын сүйер бүгінгі азат ұрпақ үшін ауадай қажет. Халқын сүйіп, болашағын күйттесе көзі ашық оқырман Мұстафадан үлгі алсын, Мұстафадан ел сүю дәстүрін үйренсін. Ғалым К.Есмағамбетов ізденісі, сөз жоқ, жоғары бағаға лайықты.

ақиқат жолын бұзбаған дұрыс* Ел ақсақалы Нәжимеден Есқалиевтің «Пульс города» газетінің 2012

жылдың 6 сәуіріндегі мақаласын оқып, автордың қазақ тарихындағы біртуар тұлға Сырым бабамыз жөніндегі пікірімен қайта-қайта таны-сып қайран қалып отырмын. Бүгінге дейін жарияланған баба туралы ондаған еңбектер, мыңдаған мақалалармен ат үсті танысып баспасөз арқылы мүлдем түсініксіз, ғылыми дәйегі жоқ, пікір білдіруі көңілге қаяу ұялатады.

Өзінің бар өмірін ат үстінде елінің ертеңі үшін өткізіп, жауымен арпалысып, еш уақытта оған бас имеген Сырым батырды Нұралы хан-ды тақтан кетіріп, елден қуды, Есім ханды өлтірді, соңында өзі Хиуа хандығына қашты деуі не мұрағаттық дерекпен, не фольклорлық ма-териалдармен дәлелденбегенін баса көрсеткім келеді. Өзім Сырымта-нушы ретінде оның ізі сақталған Москва, орынбор, Астрахань, Алма-

ты қалаларындағы мұрағаттардағы тарихи құжаттарды қолымен ұстап, ой елегінен өткізіп «Азаттық таңы жолында» атты монография мен көптеген мақалаларды жазған кезімде тұлғаның барша қазақ қамқоры болғандығына, қалың қазағының да оған айрықша сенім білдіргеніне куә болдым.

Сырым датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 1783-1797 жыл-дары аралығын қамтығаны белгілі. Қозғалыстың ерекшеліктері, оның негізгі себептері, тұлғаның қоғамдық-саяси қызметі кешегі кеңестік заманда тарихшы М.П.вяткиннің зерттеу нысанына алын-ды. Ғалымның басшылығымен біраз мұрағаттық құжаттар 1940 жылы жарияланған «Материалдар» жинағына енгізілді. олардан бұл қозғалыстың Ресей патшасының отарлау саясатына бағытталғандығын қалың көпшілік оқып, танысты. дегенмен тәуелсіздікке қол жеткізуіміз мұрағаттағы құжаттарды қайта зерделеуге әкелді. Бұл материал-дар Н.Исқалиевтің газет бетіндегі пікірлерін толық жоққа шығарып, Сырым батыр қозғалысы ешқашан хандық басқару жүйесін жоюға бағытталмағандығын, керісінше, батыр бабамыз мемлекеттік басқару жүйесін күшейтуді, ханды ел ортасына көшіруді, ханның елмен бай-ланысын үзбеуін, оның би-батырлармен кеңесінің қалыпты дамуын көздегендігін айғақтайды. оны Сырымның беріш Саржала, Шойтас, ысық Қаратау, шекті Сегізбай, кете Көккөз, шеркеш Тұрмамбет, табын Тіленші, адай Атақозы, есентемір Мыңбай т.б. би-батырлармен, Кіші жүздің сол тұстағы екінші ханы Батырұлы Қайып, оның ұлы Шерғазы, Әбілғазы, Нұралы хан ұлдары Қоңырау, Есенгелді, Айшуақ сұлтан ұлы Сапақ, Жантөре т.б. бірлесе қимылдауы дәлелдейді. Қозғалыс алдымен Жайық бойындағы казак-орыстардың озбырлығына, олардың Еділ-Жайық аралығындағы жайылымға көшудегі саясатына қарсылық ретінде басталды. оған Сырыммен бірге Нұралы ханның, Ерәлі, Айшуақ сұлтандардың ұлдарымен қатар Кіші жүздің барлық руларының беделді би-батырлары қатысты. Ал патша үкіметі осы қозғалысты пайдаланып қалуды көздеп, қартайған Нұралы ханды пай-даланып, сол арқылы қазақтардың мемлекеттік басқару жүйесін жоюға кірісті. Сөйтіп 1786 жылы көктемде Нұралы кездесуге шақырылып, оның арты ханның Уфаға жер аударылуына әкелді. Мұны түсінген Сы-рым өзі бастап Нұралыны елге қайтару туралы бірнеше рет орынборға хат жазды. оның қайтпатынына көзі жеткен соң қазақтар Кіші жүз ханының тағына Қайыпты ұсынады. Ал 1790 жылы тамызда Нұралы қайтыс болды деген хабар елге жеткенде, Сырым хан ұлдарына көңіл айтады. Мұның барлығы мұрағаттан белгілі. Бұл жерде орыс шенеуніктері түсінбеген, ия түсінгісі келмеген ішкі бірлік мәселесі бар. осы ел ішінің бірлігі қазақты қашан да сыртқы жаудан сақтады.

*Мақала «орал Өңірі» газетінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі санында жарияланған

40 41

Енді Есім ханның өліміне келсек, ол да үлкен таласты мәселе. орыс зерттеушілері де, кеңестік тарихшылар да, кейінгі зерттеушілердің барлығы да бұған Сырымды жауапты қылып шығарады. Өзіміздің фольклорлық материалдар да дәл солай жазады. Ал мұрағат құжаттарындағы Сырымның 1770-1783 жылдар аралығында Есімге ақылшы аға болғандығын, оның Есім хан сайланғаннан кейін 2 рет ар-найы өз бауырларын жіберіп ел ортасына шақырып, жалпыхалықтық Кеңес құруды ұсынғанын, қайта-қайта Нұралы әйелі орын ханымға өтініш білдіргенін және ең бастысы батырдың «Есімді губернатор Игельстромның тапсырмасымен Тілеп өлтірді» дегеніне көпшілік на-зар аудармайды. Біздіңше, бұл арада тағы да орыс саясаткерлерінің құйтырқы іс-әрекеті байқалады. оларға керегі қазақтарды өзара қырқыстырып, араздастырып, сол дауды шешуде «ақылшы» болып шыға келу болатын. Расында да Сырымның сөзіне бастапқыда назар аударылмады. Қаратай сұлтан оның соңына түсті. Бірақ араға уақыт сала оны Саржала батыр тоқтатты. Көп ұзамай батырды Әбілқайыр хан тегінің ең үлкені Айшуақ та хан Кеңесі жұмыстарына пайдалана баста-ды. Мұны сезінген патша үкіметі 1799 жылы арнайы жарлығымен Сы-рымды өлтіруді, немесе қолға түсіріп, Ресейге жеткізуді орынборға жүктеді. Міне осы сәтте Сырым Кіші жүздің оңтүстігіне көшкендей көрінді. Бірақ 1799 жылы ол бір топ би-батырлармен шекаралық әскерилердің озбырлығын орынборға хабарлап, өзінің қазак-орыс қарым-қатынасын реттеуге күш салатынын ашық айтқан. Кейін Бөкей сұлтанмен бірлесе Еділ-Жайық аралығына көшуді қолға алды. орыс деректері осы сәтте Сырым Бөкейдің бірінші қолдаушысы деп жарыса жазды. Мұның барлығы Сырымның ешқайда көшпегенін, керісінше туған жұртымен бірге болғанын айғақтайды. Енді Хиуа мәселесіне кел-сек Сырымның олармен сол кездің өзінде құда болғандығы, Хиуамен шектес адай руларымен өте жақын араласқандығы, батырдың кезінде Хиуа арқылы Түркиямен байланысқа шығып, елшілер алмасқаны ешкімге жасырын емес. Сырым батыр беделі сол заманның өзінде Хиуа ханынан кем болмады. Батыр олардан орыс отарлауына қарсы күресте қолдау күтті. Соны жүзеге асыру үшін де Хиуаға аттанды. Сырымның қазақ тәуелсіздігінен бас тартпайтынын түсінгендер Үргеніште оның өлімін ұйымдастырды. 1815 жылғы орынборға тапсырылған құжатта батырдың Үргеніште өлтірілгендігі туралы анық жазылған.

Қорыта келгенде, Сырым бабаның сырын түсінбеу қазақтардың сан ғасырлық азаттық үшін күресі арқылы қол жеткен бүгінгі тәуелсіздігіміздің, елдігіміздің маңыздылығын бағаламау болып шығады. Ал іштен қазақтан шыққаш «білгіштер» арқылы от жағу, солардың қолымен қайтадан «аюмен қорқытып, үлкен ағаның қолтығын аңсау» ендігі жағдайда ешқандай абырой әкелмейді. Қазақтың ертеңі

тек қана бірлікте екендігіне көз жететін уақыт болды деп есептеймін. Ел ағаларының ұлт алдындағы парызы осы жолды насихаттау және оны іс жүзінде көрсету болуы тиіс.

Белгілі тарихшы Көшім Есмағамбетовтің «Қазіргі уақытта, зер салып қарай қалсаңыз, рухани өміріміздің «делбесі» әдебиетшілер, тілшілер, журналистер мен жазушылардың қолында келе жатыр ма деймін. Қалай болғанда да бұқаралық ақпарат құралдарында көбіне-көп солардың ғана сөзі естіледі. «Етікшінің етігімен айналысқаны дұрыс қой» деп, тартынып жатқан жоқ. Керек кезінде олар тарихшы, философ, саясаттанушы, экономист болып та шыға салады. олардың араласпайтын, кіріспейтін ғылым саласы жоқ, «тисе-терекке, тимесе-бұтаққа» деп, бұрқыратып «еңбектер» де жазады. Тарихшыға тарихты қалай жазуды үйретуден де тайынбайды, философтар алдында Аристо-тельден бастап әңгіме қозғауды әбестік санамайды, қоғам дамуының заңдылықтары жөнінде дәрістер де береді. осылайша «әмбебеп» мамандық иелері қалыптасуда» (Алтын орда 2012.-№10, 8-наурыз) сөзімен ақсақалға жауап бере отырып, жалпы әркім өз шаруасымен айналысқаны дұрыс дегім келеді.

Әлемге әйгілі ғалым Шоқан Уәлиханов айтпай ма: Ақсақал, біреу жолден адасса, кімнен ақыл сұрайды?

- Шырағым қажыдан сұрайды?- Көне адасса, кімнен сұрайды? - Көне адасса, көргендіден сұрайды? - Көргенді адасса, көптен сұрайды?Көп болып айтарымыз Сырым баба сара жолы, бір-екі дәйексіз

пікірден тайыздай қалмайды. Өйткені ол еркіндік аңсаған Ата жолы, Баба соқпағы, бүгінгі ұрпаққа аманаты.

с историей следует быть осторожнее*

- Интервью Нажемедена Искалиева, честно сказать, возмутило меня как историка своей непрофессиональной трактовкой историче-ских событий и фактов. Не знаю этого человека, но нить его разговора говорит о том, что он не знает историю казахов, историю национально – освободительного движения под руководством Сырыма датова, но берет смелость утверждать заведомо ложные факты.

Самым первым исследователем истории Сырыма датова в совет-

* Интервью опубликована в газете «Приуралье» 12 апреля 2012

42 43

ские годы был историк вяткин Михаил Прокопьевич. За свою моно-графию, написанную в 1947 году, он получил сталинскую премию. Я являюсь вторым серьезным исследователем биографии Сырыма баты-ра после вяткина. Конечно, много людей в современной истории счи-тают себя исследователями Сырыма, но все точные исторические фак-ты исследованы мной. На сегодня все документы по Сырыму хранятся в фондах оренбургского архива, в архивах внешней политики России-ской империи (Москва), в государственном архиве города Астрахани, в госархиве в Алматы. везде я побывал и прочитал все документы и поэтому имею право с уверенностью говорить о роли Сырыма батыра в истории Казахстана, значении его личности, значимости его памяти для современного становления государства.

То, как Сырым любил свой народ, как за него боролся, как сражал-ся за земли по берегам Урала – об этом красноречиво свидетельству-ют исторические документы. Благодаря народно – освободительному движению под предводительством Сырыма датова мы вернули свои исконные земли между Уралом и волгой. все это также подтверждают исторические архивные документы.

Есть такое предположение в архивных документах, что после убийства Есим хана Сырыма начал преследовать Каратай султан. Это историками не отрицается, однако со своей родной земли Сырым не изгонялся, как утверждает Нажемеден Искалиев . Но в архивах есть мнение и самого Сырыма, где он открыто говорить что убииство Есы-ма организовано губернатором Игельстромом. в 1802 году Сырым поехал в Ургенч. Цель поездки – решение проблем, стоящих перед на-родом. Сырым имел авторитет у народа, был личностью незаурядной, держался на равных с хивинскими ханами. Поэтому он поехал туда решать вопросы государственной важности. Есть лишь один архивный документ, который подтверждает, что Сырым скончался в Ургенче. однако никто Сырыма, я повторю, с родной земли не изгонял. Есть документы в русских архивах, которые подтверждают, что сам Бокей султан называл Сырыма батыра своим первым помощником. Как же он находился рядом с Бокей ханом, как же он агитировал за переход на другой берег Урала, если находился в изгнании. И то, что Нажеметдин Искалиев так утверждает, это ни в какие ворота не лезет. Я считаю мнение автора голословным. одним словом, как историк, исследовав-ший подробно жизнь и деятелность Сырыма батыра, могу сказать, что у Искалиева нет никаких прав, чтобы так со страниц газеты утверж-дать, что Сырым был изгнан с родной земли и был предан анафеме своим народом.

далее утверждение Искалиева о надписи на бюсте Ленина, о том

что «… казах помни, без Ленина не было бы ни твоей нации, ни твоего государства». Не согласен в корне. Задолго до Ленина был народ ка-захи, был он и после него. Это пустые слова. Современники Ленина, видные деятели нашего региона Жаханша досмухамедов, Халел до-смухамедов, деятели партии «Алаш» просили у Ленина разрешения на создание автономии. Этого не случилось, нам дали автономию лишь в составе Российской Федерации. И архивные документы и исследова-ния доподлинно подтверждают, что вождь пролетариата не мыслили ни на секунду о возможности предоставления казахам автономии и суверенитета. Если Нажемеден Искалиев хочет быть точным в изложе-нии фактов, ему следует изучить историю деятелей партии Алаш.

Сырыма датова в свое время признали царские ученые, подтвер-див, что он воевал против царской власти. Советские ученые дока-зали, что Сырым вел национально – освободительное движение про-тив царского режима. И утверждение, что памятник Сырыму постав-лен неверно и место выбрано неверно, не то чтобы некорректно, оно оскорбляет национальное самосознание народа. Где же еще ставить памятник такому выдающемуся батыру казахской земли, как не в цен-тре города? Там как раз и место. Потому что благодаря подвигу Сы-рыма датова, его мужеству, умению вести за собой народ мы пришли к независимости, сохранили свою государсвенность, свою огромную территорию. Благодаря таким батырам мы сохранили свой язык, свою культуру, отстояли право назваться народом. Если их не было бы, мо-жет мы растеряли свою самобытность.

И вообще тут можно ставить вопрос ответственности печатного издания за опубликование таких материалов. Исторические материалы должны публиковаться с комментариями и оценкой профессиональных историков. вообще, это прискорбный факт, но он имеет место: сейчас про историю считает долгом высказаться каждый, независимо от обра-зования и сферы деятельности. Краеведы, литераторы, общественные деятели, философы. Каждый норовит вставить свое, как они уверены, емкое слово об истории казахов. в этой связи хотел бы рекомендовать выступление известнейшего и авторитетнейшего ученого – историка республики Ирины Ерофеевой, автора уникального издания «Исто-рико- культурный атлас казахского народа» , который охватывает по-ловину второго тысячелетия истории великой степи.

Ирина Ерофеева, профессор Казахского научно- исследователь-ского института по проблемам культурного наследия номадов:

- до сих пор преобладает отношение к истории, как забаве, и это порождает массу сложностей в науке, так как большие информацион-ные шумы здесь создают квазинаучные «сенсационные прорывы» вся-

44 45

кого рода «физиков и лириков» . История как наука- это элитарная сфе-ра деятельности. Ни в одной стране мира не увидите, чтобы научные конференции по исторической тематике приходили любители истории, тем более выступали. Их просто туда не пускают. А у нас – сплошь и рядом.Чтобы написать мало – мальски приличную статью, нужно за-тратить на свое историческое образование лет пятнадцать. Это много-летний, упорный труд, а наши популисты – дилетанты претендуют на лавры Гая Юлия Цезаря: пришел- увидел – победил. Положение дел вынуждает профессионалов вступать в бесплодную полемику с диле-тантами, которые, по сути, оскорбляют их как профессионалов, и само научное знание. Но история мудра и велика, она не нуждается в «кава-лерийских наскоках», и историческая истина рано или поздно стано-вится для большинства людей очевидной.

II ТараУ

ел азаТТығы ҮШін КҮрес жӘне Тарихи Тұлғалар (хviii ғасыр)

• Әйтеке би ұрпақтары тарихынан (мұрағат ізімен)

• XVIIІ ғасырдың І жартысындағы қазақ-түркімен қарым-қатынасы

• Әбілқайыр хан және Нәдір шах: Қазақ және Иран мемлекеттерінің XYIII ғасырдың I жартысындағы қарым-қатынасы хақында

• Әбілмәмбет Болатұлының қоғамдық-саяси қызметі

• Мен - қазақтың үш Алашының ханымын

• Жарас мерген және азаттық үшін күрестегі ұрпақтар сабақтастығы

• Алыбай Қосакөзұлының өмірі мен қызметі

• Мыңбай батыр

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.

Нұрсұлтан Назарбаев

46 47

Әйтеке би ұрпақтары тарихынан (мұрағат ізімен)*

Атақты Болпыш бидің балалары Әжібай мен Арал алыстан ат ары-тып бүгінгі Өзбекстан жеріндегі Нұрата төңірегін жайлаған төртқара Жалаңтөс батырдың немере інісі Әйтеке бидің ақ батасын алуға кел-генде, қазақ кемеңгері: «Ел жайы – ер азаматтың күндіз есінен, түнде түсінен шықпайтын киелі ұғым. Бұл қазақ нені бастан кешпеді, қазақ болғалы. Өткен – ереуіл, қалған – салауат деумен күн артынан ай, ай артынан жылдар өткізумен, талай қайырма мәуесі күйсе де, тамыры аман келе жатқан жер бетінде екі халық болса бірі – қазақ, бір халық болса - өзі екенін мен ежіктемей-ақ өздеріңізге мәлім. Сонда оның та-мырын сақтаған - әуелі бір Алла тағала, сосын мына өздерің секілді сенімді сайыпқыран жампоздар. Шеге-тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды, тұлпар ерді сақтайды, ер-елді сақтайды. Елді сақтар Ерлер аман болғай»,- деп елінің ертеңіне сеніммен қараған екен. Міне, осы Әйтеке биден бата алған асыл ұрпақ ата-баба сенімін ақтауға ба-рын салды. Тарих соқпағы бұралаң жолдарда оларды сынға салды, шыңдады. оның даналығын сезінген Әжібай да, Арал да ұрпақтарына өздері алған батаны аманаттады. XVIII ғасырдағы Ресей мұрағаттары деректері Әжібай мен Аралдың қазақ елінің қоғамдық – саяси өмірінде белді роль атқарғанын айғақтайды. орынбор шенеуніктері Әбілқайыр, Әбілмәмбет хандар және Нұралы, Абылай, Барақ, Ерәлі сұлтандар, Есет батырлармен бірге әрдайым олардың тұрғылықты мекендері туралы ақпараттар жинап отырған (1). Өз бауырларымен бірге Ембі өзенінің ар жағындағы Көктөбеде көшіп қонған Әжібай бидің орын-бор губернаторы И.Неплюевке 1747 жылы 10 шілдеде жолдаған хаты мұрағатта сақталған (2). Әжібай бидің тағы бір бауыры Алтай батыр есімі 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырдың қабылдауында болған ағылшын суретшісі джон Кэстль еңбегінде аталады (3). Алтай батыр ағалары атынан 1742 жылы қазақ пен қалмақ арасында бір ұрпаққа дейін, яғни сол кездегі «еңбектеген бала еңкейген кәрі болғанға дейін» соғыс ашпау туралы бітім жасауға қатысып, Әбілқайыр хан-ды қолдаған (4). Келтірілген мұрағат деректері Әйтеке бидің Әжібай,

Арал, Алтайлардың әкесі Болпыш бимен замандастығын дәлелдейді. Өкінішке орай, Әйтеке, Болпыш туралы мұрағат деректері еш сыр ашпайды. Соған қарағанда олар Ресей империясының «қазақ дала-сын Азияны жаулап алудың кілті» деп жар салған кезеңінде өмірде болмаған болуы керек. Мұның өзі биді 1700 жылы қайтыс болған деген пікірлерді жоққа шығарады. Сонымен бірге белгілі ғалым о. Смағұловтың би туралы « Жетпіске келген не одан асқан адам болуы керек. дегенмен сүйектің Әйтеке бидікі екендігі жөніндегі дәлелдер нақты дей аламын» деген қорытындысын толықтай қолдауға болады (5). Әйтеке есімі мұрағатқа түспесе де оның Әз-Тәукенің арқа сүйер бас билерінің бірі болғандығы, артына елі ұмытпайтын баталы сөз қалдырып, өз кіндігінен тараған ұрпақтарына елі үшін адал қызмет жа-сауды аманаттаған. Әйтеке би ұрпақтары туралы мұрағаттық деректер осыны айғақтайды.

Ата шежіреде Әйтеке би - Сығай ханмен замандас Сейітқұлдың шөбересі. Сейітқұлдан туған Ақша Ходжентке (Қоқанға), Жалаңтөс баһадүр Самарқандқа хан болған екен. Әйтеке би танушы көрнекті қаламгер Мұқадес Есламғалиұлы «Әйтеке - Ақшаның он баласының үлкені»,- дейді.

Әйтекенің өзі Нұрата тауының Бұхара жеріне қарай созылып жатқан Қыз-Бибі тауы етегінде дүниеге келген. Ел ішінде Әйтеке биді Әз Тәукенің жиені оның анасының аты Қыргүсұлу болған деген де әңгімелер бар (6). Әйтекеден Өтебас, Жалтыр, Қонысбай туған. Шежірешілер бұл тізімге Тоғанды да (кейбіреулер Құрыс дейді) қосып, Өтебасты бәйбішеден, ал қалғандарын әмеңгерлік жолмен алған қайтыс болған ағасының әйелінен таратады (6, 15б).Өкінішке орай, Тоған жөнінде мұрағат деректерінде ештеңе айтылмайды. Со-нымен бірге Әйтеке бидің кенже қызы Шақшақ Жәнібекке тұрмысқа шыққан екен. орыс мұрағаты деректерінде Әйтеке би ұрпақтарының есімі алғаш рет 1748 жылы тамыздағы Әбілқайыр хан өлімінен кейін атала бастайды. Хан өлімін анықтауға барған аудармашы Я.Гуляев қазан айы басында «Төртқара руынан Әйтеке би балалары Жалтыр мен Қонысбай» Батыр сұлтан ауылына келгендігін айтса, Кіші жүзде сол сәтте болған казак атаманы Смайл молда Абдрезяков та аталған ауылда төртқара руынан Қаратоқа, Қонысбай билердің, Жалтырдың, Мырзагелді батырдың, дәулет бидің болғандығын орынборға жеткізеді (2, С. 430, 433). Яғни, Әйтеке би балалары ата қоныстан қашық емес Арал теңізінің оңтүстік-батыс бағытында көшіп қонып, Хиуа ханы Қайыппен, оның сол маңда тұрақтаған әкесі Батыр сұлтанмен тығыз араласқан. Өтебай, Жалтыр мен Қонысбайлар аға ретінде Қаратоқа бидің айналасында болған. Қаратоқа би төртқара Сейітқұлдан тараған

*Мақала Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің Хабаршы журналының «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы» бойынша 2012 жылдың №1 санында және «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылдың 18 сәуіріндегі санында қысқартылып жарияланған.

48 49

ұрпақтар атынан Я.Гуляевке «Батыр сұлтанның баласы Қайыптың Хиуада хан болғанының өзі оған (сұлтанға) жарайды. Ал хан сай-лау, сайламау біздің шаруамыз» деп ашық айтқан. Сонымен бірге 1748 жылы 23 қыркүйекте Әбілқайыр ханның күйеу баласы Жәнібек сұлтан Барақ сұлтанның өзінің болашақ тағдырын төртқара Қаратоқа, Қаракесек Қозанай, Мамет аталық, Бағаналы найман Өтебай билерге тапсырғанын және билердің шешіміне көнетіндігін естіген (7). Мұның барлығы Қаратоқа бидің төртқара руы ғана емес, барлық қазақ рула-ры алдында үлкен сенімге ие болғандығын дәлелдейді. Бір кезеңде Қаратоқа би беделі Жоңғар билеушісі Қалдан Церенге де жеткен бо-латын. 1742 жылы қаңтар айы басында Амударияға жақын жерлерде қыстаған Әбілқайыр ханға жоңғар елшілері Қашқа және Баранг нойон-дар арнайы келіп, Қалдан Церен атынан қазақтардан аманат талап етіп, Әбілқайырдан ұлы Айшуақ сұлтанды жанұясымен, төртқара Қаратоқа би баласы Мырзагелдіні, шөмекей Жайылған бидің бауыры Айтбай ба-тырды, шекті Мөңке би баласы Ерназарды, Баймұрат би баласы Өтейді, Таз Байысқұл би баласы Түлкібайды, алаша Байсау немересі Қойсары мырзаны, алтай Тойғыл би баласы Қабландыны, қарасақал Тілеуберді баласы Ерназарды, қаракесек Қоңыр батыр баласы Көшімді сұрағаны, оған қосымша әрбір 100 түтіннен бір қарсақтан төлеу, көшіп-қонуды реттеу мәселелерін талап еткендігі тарихтан белгілі(8).

орыс шенеуніктері Батыр сұлтанның соңғы жылдардағы тұрғылықты мекені Ұлы жүзбен шектесіп жатыр деп көрсетеді. Бұл жерде қазақ рулары мен Қайып хан, Батыр сұлтан т.б. Әбілқайырдың Ресеймен қарым-қатынасына сенімсіздік танытып, орыс патшасының әрбір қадамына күдікпен қарағанын көреміз. ол 1748 жылы 15 қазанда Батыр сұлтанның хан сайлануынан анық көрінді. Жәнібек тархан шөмекей, шекті, қарасақал руларының билерін төртқара руы қазақтары арасында жүрген Батыр сұлтанның жанынан кездестірген.

Сонымен Әйтеке би балалары Өтебас, Жалтыр, Қонысбай, немере ағалары Қаратоқа т.б. 1748 жылы 2 қазанда Ырғыз өзенінің сол жақ тармағындағы Қайыңды өзені жағалауында өткен Нұралы сұлтанды хан сайлау рәсіміне бармайды. Мұның өзін олардың Ресей араласқан хан сайлауына ашық қарсылығын білдірсе керек. Бірақ төртқара руы-нан Құдайназар, дәулет, Апай, Болат, Тілеубет билер Нұралыға барып қайтады (9). Көп ұзамай елдің оңтүстігінде Кіші жүздің екінші ханы Батыр сұлтан ақ киізге көтеріліп, хан сайланады. С.Абдрезяковтың айтуынша 1748 жылы 15 қазанда Әлімұлдарының шекті, шөмекей, қарасақал, төртқара руларының 20 белгілі би, батыры Батыр сұлтанды өздерінің ханы ретінде мойындаған. Кейін Нұралы ханға келген қазақтар «Батырдың хандыққа өзінің өтініші бойынша сайланғандығын

және одан ешқандай қауіп – қатер болмайтындығын» хабарлаған (9, 311-312 пп.). Бұл жайды зерттеген орыс зерттеушілері де оңтүстіктегі хан сайлауын «Ресейге қарсылық» ретінде түсіндіреді (10). Қаратоқа би 1748 жылдың аяғында Барақ сұлтанның мәселесін қараған билер сотына қатысады. Сот құн төлете отырып, Барақты ақтап алады. Бұл арада соттың Батыр иелігіндегі жерде өтуі және сот мүшелерінің Ба-тыр, Барақ иелігінде көшіп қонуы да белгілі дәреже ықпал етсе керек.

Батырдың хан сайлануы, Барақ сұлтанның ақталуы сырт көзге қазақ қоғамындағы шиеленістің басталуы болып көрінгенімен, оның арты ішкі бірлікті бұзатындай талас-тартысқа ұласпады. 1749 жылғы 11-25 шілдеде орынбор қаласында өткен орыс-қазақ келіссөзіне белгілі сұлтан, би-батырлар түгелге жуық жиналды. Кездесуде Нұралы хан бастауымен Ерәлі, Қожахмет, Айшуақ сұлтандар, Есет, Жәнібек тархандар, Серке батыр, төртқара Қаратоқа би т.б. көрінеді. Келіссөз барысында Қаратоқа би екі қайта сөз алып орынбор губернаторы И.Неплюевке Әбілқайыр ханның орнына Нұралының сайлануын және оны Ресейдің мойындағанын құптап, екі жақты өзара пайда үшін сауда-саттықтың еркін дамуына қолдау көрсететінін жеткізген. Кездесу ба-рысында Батыр хан қарамағында шекті Төлеміс бай басқаратын 500, шөмекей Бөбек би басқаратын 200, төртқара Қонысбай би басқаратын 300 түтін бар екендігі белгілі болды (2, С. 462, 463, 472).

Қаратоқа би 1749 жылы 3 тамызда Батыр ханмен бірге Әбілқайыр ханның асына қатысқан. Капитан А.Яковлевтің айтуынша асқа Кіші, орта жүзден 200-ге тарта белгілі тұлғалар қатысқан. Жәнібек, Есет тар-хандармен бірге төртқара руынан Құдаш би, дәулет би, Құтылымбет би, Сары молла, Момын би, кете руынан Алыбай жасауыл, Алтай, Арал батырлар, алаша руынан Байсақ би, Тілеу би, Бабатай би, адай руынан Мырзатай батырлар Барақ сұлтанды іздеп табу, Әбілқайыр ханның қалмақ әйелінен туған қызын Жоңғар ханына қалыңдыққа беру, тұтқындар алмасу мәселелерін арнайы талқылаған (11). Соны-мен бірге А.Яковлев шекті руы қазақтарының Нұралыны «аға хан» деп атауға келіскенін атап өтеді.

дегенмен бұл кездесулерге Әйтеке би балалары бармаған. олар немере ағалары Қаратоқа би, Құдаш билерді жіберіп өздері оңтүстікте қалған.

1750 жылы 18 қаңтарда Нұралы хан И.Неплюевке жолдаған ха-тында төртқара руының Сейітқұл бөлімінің сауда-саттықта өзіндік орындары бар екендігін ашық жазып, кей жағдайда оларға өз билігінің жетпей қалатындығын да мойындайды (2, С. 490).

Бұл жылдары Өтебас, Жалтыр, Қонысбай бірге көшіп қонып, Хиуа ханы Қайыппен, әкесі Батыр ханмен сенімді қарым-қатынас орнатады. олар шекті билері Мойнақ, Бақтыбай, Айдарғали, ақ кете

50 51

Әжібай, Алтай билермен бірге Ресейде қамауда жатқан Бақтыбай, Ал-тай балаларын босату жолында ізденеді. орынбор әкімшілігі белгілі би, батырлардың туған-туыстарын сауда-саттық кезінде ұстап қалып, өз талаптарын орындатуға әбден машықтанып алған-ды. Нұралы да өз билігін күшейтіп, оңтүстіктегі Қайып, Батыр хандарға бағынатын қазақтарды бағындыру үшін кейде арнайы орыс шенеуніктерін айдап салып отырды. Әрине, мұндай жағдайдан Батыр да хабардар бола-тын. Бірде Қайып хан Ерәлі сұлтан, Мұсылман би т.б. би-батырларға «сендер Ресейдің сыйлықтарына алданғансыңдар, сондықтан олармен жақсы болғыларың келеді» деп реніш білдірген (12). XVIII ғасырдың екінші жартысында оңтүстіктегі төртқара руы қазақтары шамамен 3000 түтінге жеткен. Өтебас би, Жалтыр би, Қонысбай би және Қонысбайдың балалары Қаракөбек би, Есекене мырза Қайып хан балалары Сейіт, Шомқара, Ескендірмен бірге Сырдария бойындағы Бұрлыбас елді мекенінде тұрақтаған (13). Әйтеке би балалары, немерелері бұл кезеңде алдымен Батыр ханға, ол 1771 жылы қайтыс болғаннан кейін Хиуа-дан Сырдария бойындағы өз иелігіне оралған Қайып ханға бағынады. Сонымен бірге олар Кіші жүздің оңтүстігіндегі кейбір қазақ руларын басқарған Ерәлі сұлтанмен де сенімді қарым-қатынас орнатқан.

1776 жылы 25 маусымда Нұралы хан орынбор губернаторы И.А.Рейнсдропқа хат жолдап, өзінің қыстан кейін ел аралап, табын және тама руларындағы Көзкөрмес, Әулие, Арбағыш немесе Жанкөрмес, Көктемір (есімдері өзге-өзге болғанымен бәрі бір адам) бастаған қозғалысты анықтауға күш салғандығын хабарлайды. Ерәлі сұлтанның ханға жазылған хатында төртқара руынан Өтебас, Қаракөбек билерді жібергендігі айтылған. Хан «досалы сұлтан мен Жетіру қазақтарын адастырып жүрген Көзкөрмес деп жүргеніміз әйел адам, оны өлтіріп, үйін өртейін деп барсам, ол Ерәлі сұлтан иелігіндегі Қиыл өзені бой-ына көшіп кетіпті» деп хабарлайды (14). Хаттан белгілі болғандай Өтебас, Қаракөбек билер ханмен бірге ел ішіндегі орыс тұтқындарын босатумен бірге, Көзкөрмес қозғалысын, сауда-саттық мәселелерін талқыға салған. осыдан кейін Ерәлі сұлтан, төртқара билері өз мал-дарын Бұхара, Хиуа, басқа да Азия елдеріне саудаға шығару туралы келісімге келген.

1776 жылы қыркүйек айында Ерәлі сұлтанға хан атынан Сырым батыр келген. Сырым сұлтан қол астындағы билермен кездесіп, шекті руы қазақтары тоқтатқан орыс керуені мен оның адамдарын іздестірген (15). Біздіңше, осы жолы Сырым Әйтеке би ұрпақтарыменде кездескен. Сөйтіп Өтебас би өзінің немере інісі Қаракөбекті Нұралы хан төңірегіндегі билермен танысты-рып, ел ісіне араластыруға кірісті. Қаракөбектің осы жолғы Сы-

рым батырмен бірге маңызды мәселелерді шешуге талпынысы өзара сенім мен достыққа ұласады. Араға уақыт сала Қаракөбек Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі тұлғаларының біріне айналды. ол немере ағасы Өтебаспен бірге Кіші жүздегі би, батыр, старшындардың 1785 жылғы шілдедегі жиналысына қатысқан. Жиналыс жайылым мәселесін шешу, Жайық бойындағы казак-орыс әскерлерінің озбырлығын тоқтату сияқты күрделі күн тәртібін талқылап, Нұралы ханның өз билігі мен халық сенімінен айрылғандығын атап өтіп, оны орнынан босату туралы бір ортақ пікірге тоқтады. Содан Кіші жүздегі 25 рудың 21-нің атақты би, ба-тырлары қол қойып, хатты орыс патшасы ІІ Екатеринаға жолдайды (16). Төртқара руынан Өтебас, Қаракөбек билер, Телбай баҺадүрлер ел ішінде беделді шекті Сегізбай, кете Көккөз, шеркеш Тұрмамбет, Жарқын, ысық Қаратау, адай Атағозы, беріш Қара, Саржала, масқар дөкен, байбақты Сырым, жағалбайлы Тотай батырлармен бірігеді. Қазақ рулары қалыптасқан жағдайда оңтүстіктегі Батыр ханның ұлы Қайыпқа үміт артып, оның хан тағына отыру мүмкіндігін көтере бастайды. Әрине оның сенімді үгітшілері негізінен шекті, төртқара руларының беделді билері болатын. олар Қайыптың ата бабасының қазақтың бас ханы болғандығын, оның тегінің парсы елімен, Хиуа, Бұхаралармен байланысын ескеріп, Ресейдің саясатына айтарлықтай байлаулы еместігін түсінді. Бұл уақытта Қайып ханның Қаракөбек бидің иелігінде екендігі анықталды. оны Сырым батырға Ақсақал Барбы мекенінен келген бауыры дос хабарлайды. дос 1785 жылы 2 қазанда Қаракөбек бидің Қайып ханды тұтастай отбасымен, ағайындарымен бірге өз жанына көшіріп алып, қазақ билері мен ба-тырларынан хабар күтіп отырғанын жеткізеді (17).

Сонымен Кіші жүзді ұзақ жылдар бойы басқарған, соңғы жыл-дары елімен байланысын үзген Нұралы ханды ауыстыру мәселесі күн тәртібіне қойылады. Сырым батыр да Қайып Батырұлына сеніммен қарайды. Бұл саясат жүзеге асса Әбілқайыр өлімінен кейін екіге бөлінген хандық қайта бірігетін еді. 1785 жылы орта жүзде болған ка-питан И.Г.Андреев өз жазбасында «Алшын болысында айрықша хан Қайып бар. ол Нұралы, Уәли хандардан еш кем емес. 12000 шаңырақты басқарып, Сырдария өзені бойында көшіп қонады» деп жазады (18). Ал 1786 жылы 9 наурызда Сырым бастаған Халық Кеңесіне куә болған ахун М.Хұсайнов пен адьютант М.Черкасский Әбдіжәлел қожадан Қайыптың бұрын Хиуаны басқарғандығын, 16 жылдан бұрын Кіші жүзге оралғандығын, қазір Ұлы Борсықта мекендейтіндігін естиді (19). Кеңеске қатысқан би, батырлар, барлығы 1000 жуық елдің игі жақсылары Қайыпқа үміт артады.

52 53

осындай жағдайда 1786 жылы көктемде орынбор әкімшілігі Нұралы ханды ел ішіндегі күрделі мәселелерді талқылау сылтауы-мен Ресейге кездесуге шақырып, 3 маусымда хандық дәрежесінен айырып, Уфа қаласына жер аударды. Патша шенеуніктерінің мұндай шешімі қазақтың өзі шешетін мәселені қолға алып, Нұралыны елден Ресейге көшіруі би-батырлардың заңды наразылығын туғызды. 1786 жылдың жазында Өтебас би, Қаракөбек би, шекті Сарытай Байжанов, төртқара Қарабыз Тілеумурзин, Ақбота Үсенов, жағалбайлы Тотай батыр т.б. 80-ге жуық белгілі тұлғалар орынбордан «Нұралы хан мен Айшуақ сұлтанды елге қайтаруды» талап етті. осындай мәтіндегі хат Сырым атынан да жолданды. Бірақ хатқа Сырым мөрі соғылмады. Сондықтан орыс әкімшілігі Сырымның хаты дегенге күмәнмен қарады (20). Өйткені, Сырым шамамен 1786 жылдың маусымын-да Ерәлі сұлтан иелігіне күшпен әкетілді деген хабар жеткен-ді (20, 27-28 пп.) Мұрағаттық деректері Сырымды Есім сұлтанның төртқара руының биі Қаракөбек ауылына ертіп келгендігін айғақтайды. Сы-рымтанушы М.П.вяткин бұл жағдайды ескере отырып, Қаракөбек би Ерәлі сұлтанды қолдап, еш негізсіз Сырымды аулында ұстап, батырға дұшпандық көзқараста болды деп түйіндейді (21). Біздіңше, Қаракөбек Сырымды өз ауылында қамауда ұстады деген пікір еш сын көтермейді. Біріншіден, Қаракөбек атам заманнан бері Ерәліге емес, Батыр хан, Қайып хандарға бағынды және олармен іргелес қоныстанды. Мұны бидің 1785-1786 жылдары Қайыпты Кіші жүз ханының тағына көтеруді қолдауы да дәлелдейді. Екіншіден, дәл осы сәтте би-батырлар күтпеген жағдай, Ресейдің Нұралы хан мен Айшуақ сұлтанды кездесу-ге шақырып, елге қайтармай Уфаға жер аударғаны, оған барша қазақ куә болғаны белгілі. Ханды қайткенде де елге қайтару, оны тақтан ай-ырса да, ішкі бірлікті сақтау мәселесі күн тәртібінде тұрды. ол үшін би-батырлар, сұлтандар барлық мүмкіндікті пайдаланды. оның бір жолы патшаға хат жазу болса, Өтебас та, Қаракөбек те, Қайып ханның бауыры Қарабай сұлтан да сол тізімде болды. Яғни, Әбілқайыр, Батыр ұрпақтары Нұралы ханды елге қайтаруда өзара бірікті. Ал оның екінші жолы ретінде Өтебас би, Қаракөбек би т.б. Бұхарадан шыққан орыс керуендерін тоқтатты. ол жөнінде орыс көпестері, М.дилянчев пен И.Григорьев 1787 жылы тамызда орынборға хабарлайды. олардың айтуынша, қазақтарды Ерәлі сұлтан мен оның күйеу баласы Артық сұлтан басқарған (22). Үшіншіден, кейін мұндай жағдайды тексерген о.А. Игельстром «төртқара ауылында жатқан Сырымды Қаракөбектің немере бауыры арқылы босаттым. оған бостандық берген Ерәлі сұлтан емес, Қаракөбек старшын» деп жазады (23). Бұл мәліметті орынбор

обер коменданты Я.М. Зенбулатовтың орыс әкімшілігіне жазған хаты да толықтыра түседі. Хатта Ерәлі сұлтанның шекті Сарытай биге, төртқара руының басшысы Өтебасқа Сырымды ешқайда жібермеуді тапсырғаны, бірақ Қаракөбек пен Басықараның келісіп Сырымды бо-сатып жібергені жазылған (24).

Мұның барлығы Сырым батырдың Әйтеке би ұрпақтарымен сенімді қарым-қатынаста болғандығын дәлелдейді. Бұған қоса дәл осы кезеңде, 1787 жылы жазда Қаракөбек бидің немере бауыры орынбордағы сауда үйіне оңтүстіктен керуен бастап келеді. о.А. Игель-стром онымен жеке кездесіп, Қаракөбекке хат жолдаған. Нәтижесінде Сырым батыр оңтүстіктен Жайық бойына қайтып келеді (16, С. 114-115).

Содан 1787 жылы 14 қыркүйекте Сырым, Сегізбай, Саржала, Көккөз, Атағозы, Қаракөбек, Бөдене, Қаратау, Сопыра, дөнен барлығы 18 би қол қойып, о.А. Игельстромнан Нұралы хан мен Айшуақ сұлтанды елге қайтаруды талап етеді. Нәтижесінде Айшуақ елге оралды (20, 50-51 пп.).Хатқа назар аударсақ қол қоюшылар арасында төртқара Басықара бидің де есімі кездеседі. ол - Қаракөбек бидің не-мере бауыры, атасы Сейітқұлдың үшінші баласы Төлестен тарайтын ұрпақ. 1787 жылғы қыркүйекке дейін Қаракөбектің есімі үнемі немере ағасы Өтебас бимен бірге аталса, бұдан әрі оның жанынан Басықара биді байқаймыз.

осы кезеңде патша шенеуніктері Кіші жүзде хандық басқаруды жоюдың бастапқы шаралары ретінде Байұлы, Әлімұлы және Жетіру бірлестіктерінде 3 расправа құрып, біртіндеп ел билігіндегі сұлтандарды ығыстыра бастайды. о.А. Игельстром расправаның қызметі жандан-бай тұрған кезде билікті бас старшындарға жүктейді. Әлімұлдарына Сарытай, Қаракөбек, Мұратбек билер, Байұлдарына Сырым, Қаратау билер, Жетіруға Тіленші, Жанболат батырлар басшылыққа ұсынылды. Елді басқарудағы өзгерістерге қарамастан қазақ рулары патша ре-формасын, яғни қазақтың дәстүрлі басқару жүйесін жойып, жаңа орыстық басқару енгізуге ашық қарсылық танытты. Билер Қайыпты хан сайлау жоспарларын жалғастыра берді. Мұны ескерген патша үкіметі Сырым батырға, Қаракөбек биге тархандық атақ беріп, олар-ды өз саясатын қолдаушылар қатарына қосуды көздейді. Алдымен, 1787 жылы 19 қарашасында Сырым батырға тархандық атақ берілсе, 1789 жылы наурыз айында Қаракөбек биге арнайы грамота жіберілді. Тархандық грамота мәтінінде: «Қазақтың Кіші ордасының Әлімұлы руының старшыны Қаракөбек бидің бізге адал қызметімен берілгендігі үшін, оның балалары мен ұрпақтарына тархандық атақ берілді. Қырғыз-қазақ сұлтандары мен би-батырлары және барлық қырғыз-

54 55

қазақ жауынгерлері мен қарапайым халқы Қаракөбек биге берілген тархандық атақты танып, құрмет тұтып, сыйлауларын және барлық хаттарда есіміне тархан шенін тіркеп жазуды бұйырамын. Қаракөбек бидің және оның балалары мен ұрпақтарының біздің ықыласымызды сезініп, бізге адал қызметімен берілгендіктерін дәлелдейтін қызметтерін және қайырымды істерін мәңгі жалғастыра беретіндіктеріне сеніп, Қаракөбек биге осы тархандық грамотаны тарту еттік» делінген (25). Патша сыйлаған тархандық атаққа билер масаттанбай, керісінше оның шекара бойындағы кейбір мүмкіндіктерін пайдаланып, қазақ-орыс қатынасындағы күрделі мәселелерді шешуге ұмтылды. 1790 жылы 2 тамызда Қаракөбек тархан мен төртқара Жантөреұлы Шұбар би Ре-сей Сыртқы істер коллегиясының мүшесі А.А. Безбородкоға «атаман д.донсков басқаратын казак-орыстар әйелдерді өлтірді, кейбіреуле-рінің ішін жарып, балаларын суырып алып, бастарын шапты» деп ашына хат жолдады (26). 1790 жылы тамыз айында Уфа қаласында Кіші жүзді 1748-1786 жылдар аралығында билеген Нұралы хан қайтыс болды, ал бұдан бір жыл бұрын билер үміт артқан Қайып Батырұлы да дүниеден өтеді. Екі бірдей ел басқарған тұлғаның қатарлас дүниеден өтуі тағы да ішкі арасалмақты өзгертті. орынбор әкімшілігі оны ұтымды пай-даланып, хандық билікті әбден шайқалту мақсатында қартайған Ерәлі сұлтанды 1791 жылы 4 қыркүйекте хан сайлап тынды. орынбор губер-наторы А.А. Пеутлинг «хан сайлау кеңесіне Әлімұлдары, Байұлдары мен Жетірудан екі-екіден старшындар қатысып, Ерәліні сайлады» деп патша әкімшілігіне хабарлайды. Ата дәстүрді бұзып, қазақ би-батырларының барлығын жинап келісімін алмаған мұндай қасақана жасалған заңсыздыққа тағы да Сырым, Мұратбек, Қаракөбек, Басықара т.б. би-батырлар қарсы көтерілді (26, 164-167 бб.). осы тұста Сырым мен Қаракөбек Қайып хан ұрпағы Әбілғазы сұлтанмен бірлесіп, үлкен кеңес өткізеді.

1792 жылы 25 шілде де қазақ билері А.А. Пеутлингке наразылық хатын жолдап, өзара келісімнің бұзылғандығын хабарлайды. Құйтырқы саясатқа қарсылық ретінде қыркүйек айында ордадан Сырым, Қаракөбек, Басықара билер Нұралы хан баласы Есенғали сұлтанды хан сайлайды (27). Аталған билерге шекті Сегізбай, төртқара Сары-алтай қосылып, 1792 жылы 11 қыркүйекте А.А.Пеутлингке жазған хатында «Ресейдің халық кеңесінсіз және билер келісімінсіз хан сай-лап алғандығын» ашық айыптайды. Көп ұзамай билер Ресейге қарсы соғыс жариялайды. Хабарды естіген бойда губернатор Сырымға, Тіленшіге, Бөденеге, Қаракөбек пен Басықараға арнайы молдалар арқылы хат жолдап, патша рақымын ұсынып, қоқан-лоқы көрсетуден аса алмады (26, 169-170 б.). Бұл хатқа назар аудармаған билер губер-

натор А.А. Пеутлингтің саясатын Петербургке жаза бастайды. Сырым, Қаракөбек, Боранбай билер Петербургтегі қазақтар депутаты Шерғазы Қайыпұлы арқылы граф П.А. Зубовқа (1793 жылы көктемде), 1794 жылы 4 қаңтарда ІІ Екатерина патшаға хат жеткізеді. осыдан кейін Шерғазы сұлтан шиеленіс себептерін анықтау үшін ордаға жіберіледі (28). П.А.Зубовтың хабарына сенсек Шерғазы сұлтан 1793 жылы шілдеде орынборға жіберілген. Сұлтан қолында ешқандай билік бол-маса да, қазақ-орыс қатынасын реттеу үшін А.А. Пеутлингтің небір кедергілеріне қарамастан Сырым бастаған би-батыр, сұлтандармен кез-десуге келеді. Кездесу 1793 жылы қазан айында Елек қорғаны маңында өтіпті. Бұл жолы Сырым батыр жанынан Басықара биді кездестіреміз (21,С. 322-323). Араға уақыт сала, 1794 жылдың наурызында Шерғазы сұлтан П.А. Зубовқа кездесу қорытындысын және Сырым батыр, Қаракөбек би мен өзге де тұлғалардың өзін ордаға жібергені үшін алғысын жеткізеді. (26, 175-176 б.).

1794 жылы 10 маусымда Ерәлі хан қайтыс болғаннан кейін 1795 жылы 17 қыркүйекте Есім сұлтан хан сайланған кезеңдегі та-рихи оқиғаларда Әйтеке би ұрпақтарынан осы кезде елге беделді Қаракөбектен басқа оның інісі Басықара, Боранбай, Өтебас би баласы Жанас есімдері аталады. Жаңа жағдайда Есім Әйтеке би ұрпақтарының сеніміне ие болуды көздейді. Сол үшін сұлтан 1794 жылы 10 қыркүйекте Шақғазыұлы Абылай сұлтанды Әбілғазы мен Қаракөбекке жіберіп, «Ресеймен татуластырам» деген уәде береді (29). Ал Жанас Өтебасұлы 1794 жылы 18 маусымда орынбор экспедициясына Мұратбек Айба-сов, Қараша Қалыбеков, Базарбай Құдайбергеновтермен бірге Есімді хан сайлау қажет деп хат жолдайды (30).

Мұндай жағдайда Сырым мен Қаракөбек билер бауырлары байбақты Қойсары мен төртқара Боранбайды қайта-қайта Есімге жіберіп, оны ел ортасында өтетін жалпы қазақтық кеңеске шақырған. Бұл жайды Есімнің өзі 1794 жылы 17 қазанда А.А. Пеутлингке хабарлаған (31). Есім хан сайланғаннан кейін Ресей бағытын ұстанып, ел ортасындағы кеңестерге бармай қояды. Өзара келісім үшін жасалған қадамдар сәтсіз аяқталып, оның соңы 1797 жылы 27 наурызда Есім ханның өлтірілуіне әкеп соғады. орыс үкіметі мен Нұралы хан ұрпақтары Сырымның ар-тына түседі. Соған қарамастан 1797 жылы 29 тамызда Сырым батыр жанына Қаракөбек, Басықара, Манас Өтебасұлы, Жанназар, Көккөз, Наурызәлі бастаған әлімұлдарын, Бекмамбет, Құлмамбет, Бөдене, Са-сай, Марқаш бастаған байұлдарын, Жетірудің би-батырларын ертіп, 1000-ға жуық адамымен Хан кеңесіне келеді. Кеңес соңында қазақ-орыс қарым-қатынасындағы талас мәселелерді шешу үшін әлімұлдарының басшылығы Қаракөбекке, байұлдарының билігі Сырымға жүктеледі

56 57

(32). Бұған қоса Қаракөбек бидің немере інісі Боранбай би Кіші Қобда бойында Айшуақ сұлтанның басқаруымен өз жұмысын бастаған (1797 жылы 8 тамыз) Хан кеңесіне сайланды. Яғни, би-батырлар Әбілқайыр хан ұлдарынан қалған ақсақал Айшуақ сұлтан арқылы белгілі дәрежеде ішкі келісімді қалыптастыруға мүдделігін танытты.

1798 жылы күзде Сырым, Қаракөбек, Жанназар, Сарышоңай, Көккөз т.б. билер бірлесе отырып, шекарадағы әскерилердің озбырлығын Ресей коммерция министрі И.П. Румянцевке жеткізеді (33). Сонымен Әйтеке би ұрпақтары XVIII ғасырда ел алдына жарқырай шығып, қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігімен көрінді. Ресей саясаткер-лері оларды қазақтың қамқоры ретінде таныды. Өтебас, Қаракөбек, Боранбай билердің, олардың бауыры Басықараның ел ішіндегі беделін үнемі есепке алып, назардан тыс қалдырмады. Әсіресе, Әйтеке бидің немересі Қаракөбектің ордада аса беделді екендігіне, тіпті Айшуақ ханға қарағанда халық алдында Қаракөбектің сөзі өтімділігіне куә бол-ды. XVIII ғасырдың соңғы 50 жылын саралаған орынбордың әскери губернаторы Н.Н. Бахметев орыс патшасы І Александрға « ордада шекті, төртқара, шөмекей рулары өз еркіндігімен, әрі көптігімен көзге түседі. олардың басшылары Қаракөбек, Жанназар билер Сырдария, Қуаңдария бойларында, Ембі, Елек өзендерінің жоғары жақтарында көшіп - қонады. оларды 10 мың әскери күшпен бағындыру қажет» деп хабарлайды.

Кейін Қаракөбек бидің ХІХ ғасырдың басында Әбілғазы хан, Шерғазы сұлтан, шекті Жанназар, Жанұзақ, өз бауырлары Есеке-не, Басықара, Жанас, Манас, Боранбай, олардан басқа төртқараның Құламан бөлімінен Қара Алтай, Сары Алтай, Ақтүн бөлімінен Ақбұт, Алтай билермен бірге көшіп- қонатыны анықталды. Бұған қоса 1805 жылы 25 маусымдағы мүфти М.Хұсайыновтың жазбасы арқылы төртқара руының үлкен 4 бөлімге, ал олардың 41 бөлімшелерге бөлінетіндігін, солардың ішінде Қаракөбек тархан мен оның інісі Есе-кене (қайтыс болған) билердің барлық жанұялары, балалары, немере, шөберелерін қосқанда 100 түтіннен асатындығы белгілі болды (16, С.195, 222, 227). ХІХ ғасыр басында Қаракөбек би Қайып хан әулетімен құдандаласып, Шерғазы сұлтанды өзіне күйеу бала етеді (34). Әйтеке би ұрпақтары туралы құнды деректерді 1803 жылы 23 шілдеде орынбор-дан Бұхараға шығып, кейін 30 қыркүйекте қайта оралған поручик Я.П. Гавердовский қалдырды. ол сапар барысында Қаракөбек, Басықара, Боранбай билермен кездескен. 1803 жылы 12 тамызда Басықара ауы-лына келіп, қонақ болған поручик «Бізді киіз үйден қашықтау жерден бидің балалары күтіп алып, аттарымызды жетектеп үй алдында күтіп тұрған Басықараға әкелді. Би көңілденіп, әрқайсымызды аттан түсіріп,

қонақжайлық танытты. Киіз үйге қымбат кілем төселген. Бәріміз отырған соң, би өзі қымыз құйып, балалары арқылы бізге берді»,- деп жазған. орыс елшісі Қаракөбек ауылына 14 тамызда келген. осын-да Я.П. Гавердовский төртқара руының шығу тегі туралы естіп, оны жазбаға түсірген. Би ауылында орыс керуенінің Бұхараға жетуі туралы кеңес болып, оны Қаракөбек бидің өзі жүргізген. Поручик төртқара руының Қаракөбек биге бағынатындығына көзі жеткізіп, әрі оның жанұясында 100-ге дейін адам бар екендігін анықтайды. Бұған қоса «Қаракөбек - бізге кездескен қазақтар ішінен ең дәулеттісі. оның 2000-дай жылқысы, 10000-дай қойы басқа да малдары бар. оның киіз үйі керуен тауарларына толы» деп сипаттайды (35).

Мұның барлығы Әйтеке бидің ұрпақтары мен бауырларының қалың қазақтан оза шығып, еліне қызмет жасағандығын дәлелдейді. Би, батыр, мырза атанған олар халқымен бірге көшіп-қонды, қиын қыстау жаугершілік заманда ауыртпалықты елімен бірге көріп, одан шығар жолды бірге іздеді. Ел азаттығы үшін Сырым көтерілген тұста оның жанынан табылып, қазақ-орыс қатынасының шиеленіскен жылдары қауіп қатерге қарамастан ел игілігі үшін орынбор-Бұхара керуен жолдарын өз мойындарына алып, оңтүстіктегі Хиуа, Бұхара хандықтарымен, ал ел ішіндегі түрлі мәселелерді Әбілқайыр, Батыр хандар ұрпақтарымен бірлесе шешіп отырған.

Бір сөзбен айтар болсақ, бабасы мұраттаған «Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме?! Ерінің сағын сындырса, ел мұратқа жетер ме?! Ел тірегі – ері, ер тірегі – елі бола білген қауымның бағы кетер ме?» деген асыл сөз Әйтеке би ұрпақтарының ант-аманатындай болды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.РИССМ, 122 қ., 1747, 122/1 т., 3 іс, 268 п.; КРо 1, С. 3692. КРо 1, С. 3393. Кэстль джон. 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан

сапар туралы. – Алматы, 1996, 32 б.4. РИССМ. 122 қ., 1742, 122/1 т., 4 іс, 50-57 п.; КРо 1, С. 2015. Смағұлов о. Әйтекенің сүйегі бидің ұзақ жасағанын көрсетеді // Аңыз

адам, № 24 (36) желтоқсан 2011, 11 б.6. Қуандықов Б. Әйтеке би Әз Тәукенің жиені болған // Аңыз адам, № 24

(36) желтоқсан 2011, 11 б.7. РИССМ. 122 қ., 1748, 122/1 т., 4 іс, 357 п.; 8 іс, 34 п.8. Русско-джунгарские отношения (конец XVII – 60-е гг. XVIIІ в.). до-

кументы и извлечения. Барнаул, 2006. – С.79-819. РФ ороММ 3 қ., 1 т., 18 іс, 177 п.

58 59

10. Мейер Л. Киргизская степь оренбургского ведомства. – СПб., 1865, С. 12; Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. Т – 1, СПб., 1903, С. 57

11. РИССМ. 122 қ., 122/1 т., 1749, 4 іс, 245-248 пп.12. РИССМ 125 қ., 125/1 т., 1753-1754, 1 іс, 55 п.13. РМКАМ 10 қ., 3 т., 585 іс, 44 п.14. РФ ороММ. 3 қ., 1 т., 153 іс, 123-126 пп.; Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы

жолында. А., Ғылым, 2001, 118 б.15. РФ оРоММ, 3 қ., 1 т., 153 іс, 171, 268-274 пп.16. Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Москва-

Ленинград, 1940. С. 5317. Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы

(1745-1860 жж.). Тарих ғ. к. дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы. орал 2008, 69 б.

18. Андреев И.Г. описание Средней орды киргиз-кайсаков. – Алматы, 1998, С. 118

19. РМӘТМ. 52 қ., 1/194 т., 367 іс, 102 п.20. РИССМ 122 қ., 122/3 т., 1786-1787, 12 іс, 9-13 пп.21. вяткин М.П. Батыр Срым. Москва – Ленинград, 1947, С.23222. РФ ороММ. 5 қ., 1 т., 21 іс, 38, 67, 78-81, 84-87 пп.23. РИССМ. 122 қ., 122/3 т., 1786, 4 іс, 5 п.; Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы

жолында. - Алматы, 2001, 152-153 б.24. РФ ороММ. 5 қ., 1 т., 29 іс, 331-338 пп.25. вяткин М.П. Батыр Срым. С. 258; КРо-1,С.132-13326. Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында. - А., Ғылым, 2001, 162 б.27. РФ ороММ 5 қ., 1 т., 44 іс, 136-137, 285-286 пп.28. РМКАМ. 193 қ., 1 т., 334 іс, 9-11 пп.; Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жо-

лында. 172-173 бб.29. РФ ороММ 5 қ., 1 т., 53 іс, 131 п.30. РФ ороММ 5 қ., 1 т., 58 іс, 16-17, 49 пп.31. ҚРоММ 4 қ., 1 т., 190 іс, 1-5 пп.32. РФ ороММ 5қ., 1 т., 63 іс, 145-148 пп.33. РМТМ. 129/қ., 81 т., 13 іс, 1-3 пп.34. РФ ороММ. 6 қ., 10 т., 278 іс, 9 п.35. История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. V том. –

Алматы, 2007. С.72, 82, 194

XVIIі ғасырдың і жартысындағы қазақ-түркімен қарым-қатынасы*

Ұлан байтақ қазақ жерінің оңтүстік-батысында XVIIІ ғасырда Ка-спий теңізімен шектесіп, Хорасан (Иран) мемлекеті, Хорезм хандығы арасында түркімендер көшіп қонды. Өз бастауларын Сібірден көшіп, Арал, Каспий бойларына дейін бір заманда жайлаған оғыздардан алып, Иранға, Кавказға, Ресейге дейін тарады. XVII ғасырдағы түрік жазба ескерткіші - «Шежіре-и түрк» «оғыз балалары түрікпенмен бірге Мәуереннахр мен Хорасанда болды. Қыпшақтар дон, Еділ, Жайық өзендерінің арасын мекендеді» -деп атап өтеді (Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы, 1991, 31 б.).

XVIIІ ғасырдың зерттеушісі П.И.Рычков өзінің «Топографиясын-да» «Түркімендер - қырғыз-қайсақтармен аралас көшпелі халық, олар Ембі өзенінің арғы бетінен, қырғыз-қайсақтар мекенінен бастап Ка-спий теңізін бойлай көшіп, парсы және хиуа иеліктеріне дейін созылған аралықты жайлайды. Алайда олардың көшіп-қонуы мен жауынан жа-сырынатын ең жақсы орны, Гурьев қалашығынан бастап, жазық дала-мен жеңіл жүріп отырып төрт-бес күнде жетуге болатын, әрі жолы да ауыр емес Маңғыстау таулары» деп толықтыра түседі. (Рычков П.И. Топография оренбургской губернии. – Уфа, 1999. с. 17).

1740 жылы Хиуада болған орыс елшісі поручик д.Гладышев түркімендердің 4 үлкен руға – Тинаумет, Чирчав, Мангушлав, Тизянға бөлінетіндігін, оларды Бектеш Аталық, Нияз Мұхаммед Аталық, Ұзын-Мұхаммед батыр, Мұхаммед-Ғали палуан, Ақ-Мұхаммед бай, Азна Халид, Мұхаммед-Жасауыл, Ұрды-Қылыш Жасауыл старшындар басқаратындығын, Хиуаға бағынып, парсы иеліктеріне қарай көшіп қонатындығын, 30 мыңдай түтін барлығын анықтады (История Казах-стана в русских источниках XVI- XX веков. VI том. А., 2007, С.69-70). олармен көршілес Кіші жүздің Әлімұлдарынан шөмекей, төртқара, шекті, Байұлыларынан адай, беріш, таз т.б. рулары көшіп қонатын. XVIIІ ғасыр басындағы жоңғарлардың жойқын шабуылы кезінде акаде-мик в.Бартольдтің пікірінше түркіменнің салыр руы қалмақ ханының қолдауымен Солтүстік Кавказға көшірілген. Қазақтың да, түркіменнің де негізгі тұрмыс тіршілігі мал шаруашылығына тәуелді болғандықтан басты мәселе жайылымға келіп тірелді. оған қоса дәл осы кезеңде

*Мақала «Қазақ тарихы» журналының 2012 жылдың №2(113) санында жарияланған

60 61

Ирандықтар көршілес халықтарды жаулап алуға кірісіп, оларды өзіне қосып, шекарасын кеңейту саясатын ашық жүргізіп жатқанды. Сол мақсатқа жаулап алынған халықтардың байлығы, адами ресурстары жұмылдырылды. Түркімендердің солтүстікке қарай жылжып, қазақ жайылымдарына енуі бірден қарулы қарсылыққа ұшырады. 1745 жылы шілдеде Нәдір шахтан қашып, Астраханьға келген татарлар «біз бұрын Қайрақлы тауындағы Маңғыстауды мекендейтінбіз. Содан 8 жыл немесе одан да көп уақыт бұрын қырғыз-қайсақтардың шабуылы-нан ығысып Хиуаға көштік. 1741 жылы Хиуаны шах басып алғасын, амалсыздан қайтадан Маңғыстауға, шах кейін Иранға оралды дегенді естіген соң 10 мың түтін Хиуаға оралдық» деп мойындады (АооМ. 394 қ., 1 т., 1083 іс, 42-43 пп.). Бұл деректі қалмақ ханы дондук омбаның (Аюке хан немересі) министр А.И.остерманға 1741 жылы 13 ақпанда жазған хаты да дәлелдейді. Хатта «түркімендерді қырғыз-қайсақтар шабуылдап, талқандаған соң, олар ол жерде тұра алмай Хиуаға көшті. Хиуаны шах алған соң Бадахшан, Бұхара түркімендері бізбен (Хиуадағы түркімендермен) бірігіп, бұрынғы көшіп-қонған мекеніміз Маңғыстаудан жайлы орынды табуды ойластырудамыз. Содан соң патшаға сенімді адам жібереміз» делінген (РИССМ, «Түркімендер ісі» 133 қ., 1741, 133/1 т, 2 іс, 1-2 пп.)

XVIIІ ғасыр басында түркімендер мал шаруашылығымен қатар, егіншілікпен айналысып, бидай, тары сеуіп, өнімдерін өзіне пайдаланған. Теңіз арқылы Ресеймен де сауда-саттық орнатқан. Хорезм, Иран мемлекеттеріне бағынғаннан кейін олардың әскери құрамаларына бірде 400, бірде 1000 жігіттен беріп отырған. Яғни түркімен жігіттері парсылар құрамында Азияны жаулауға қатысып, соғыс даласынан тәжірибе жинаған. П.И. Рычковтың анықтауынша түркімендер санының аздығына байланысты қазақтармен соғысқа олар не бәрі 10 мың адамды шығара алған. Қару-жарақтан мылтық, қылышты Ираннан алдырған. Соғыс тәжірибесіне және шеберлігіне қарамастан оларға қазақтардың көптігі солтүстікке қарай жылжуы-на кедергі жасаған (Рычков П.И. Көрсетілген еңбек, 17 б.). Содан түркіменнің абдал, шабдыр, бозашы, бұрыншық бөлімдері Байұлының Адай рулары қарсылығынан Хиуаның қарамағына өтіп, әрбір түтіннен 3 червонецтен салық төлеуге келіскен. Кейін Хиуа ханының әскери құрамына қызмет жасауға рұқсат алған соң, керісінше Хиуа оларға сол соманы төлеген (оРоММ. 6 қ., 3 т., 7034 іс, 25-60 пп.). Сонымен парсы-лар да, Хиуа да түркімендердің әскери қызметіне қолдау көрсетті. Бұған қоса шах «әскери қызметте жүргендерге жалақыдан басқа, тархандық дәрежемен қатар көшіп-қону еркіндігін беруге де келісті (РИССМ, «Түркімендер ісі» 133 қ., 1741, 133/1 т., 2 іс, 1-2 пп.). Соған қарамастан

түркімендер Хиуалықтар билігіне қарсы жиі-жиі көтеріліп, оның соңы қырып-жоюға ұласатын. Әдеттегідей түркімендер Маңғыстауға, одан әрі Жем бойларына, кейде Жайыққа дейін ішкерелей енетін.

Түбіміз бір түркі тілдес халық болсақ та, кейде өткен тарихы-мыз бірін-бірі толықтырып, араласып жатса да жер мәселесіне кел-генде қазақтар да, түркімендер де талас-тартысты қыздырып, күшпен шешетін. Бір заманда түркімен Сапар Бозда жырау Тәуекел ханға келіп,

Қазығұрттан тараған барша халықБіздерді Түркеш, Ернеш, оғыз дейді.Кіндігін Қоңыраттың бөліп жарып,Көтердің «Жеті Жарғыны» Берке Науан!ордаңнан Құт-Береке арылмасын.Алашың жинала берсін түбін танып!Танысаң Қоңыратпын оғыз тілдіПанасызға парасатпен қорған болған.Санасызға Нұр құйған Сіз бір жарық!оң аяқты қоңсымын керуен бастар,Бахир Зарафқа қол ұшын бер оң қанатыңа алып! - деп жырлап,

қызылбас-ирандықтарға қарсы соғыста көмек сұраған-ды. Уақытында берілген көмектің арқасында бірлескен қол жеңіске жеткен болатын. Ал XVIIІ ғасырдың ІІ ширегінде жағдай күрт өзгерді. Өйткені дәл осы кезеңде түркімендер еліне парсы, хиуалықтар қысымы күшейді. орыс патшасы саясаткерлері де Каспий теңізін бойлай, оңтүстікке өз таласын байқатып Үстіртке келіп жетті. Ресей түркімендерге Қалмақ хандары арқылы араласа бастады. орыс көпестері оларға кейде теңіз арқылы да жетіп, сауда-саттық жасап, Хиуа, Бұхара елдері туралы мәліметтер жинады.

Мұның барлығын Әбілқайыр хан толық сезінді. Елі мен жері бүтіндігін басты мұраты санаған ол оңтүстіктегі қазақ руларының мүддесін қорғауға жанын салды. Мұрағат деректері Әбілқайырдың күйеу баласы Батыр сұлтан 1750 қазақ қолын бастап, 1732 жылы көктемде олармен шайқасқанын дәлелдейді. Бұл жағдайды Ұлы жүзден келген Абағай сұлтан А.И. Тевкелевке 1732 жылы 28 наурыз-да хабарлаған. осы жолы қазақтар Хиуа бағытында жүрген полковник Гарбер керуенін тоқтатқан (КРо 1, С.69-70).

Жер, жайылым үшін таласта қазақтар да, түркімендер де бір-бірінен мал айдап әкету, тұтқынға алу, керуендерді жібермеу, теңіз бойындағы балықшылардың құрал-жабдықтарын тартып алу т.б. түрлі жолдарымен көзге түсті. дегенмен XVIIІ ғасырдың 40 жылдарына дейін, яғни Иран шахының Бұхара, Хиуа бағытына қарсы соғыстарына

62 63

дейін түркімендер Маңғыстауға күшпен енуге тырыспаған сияқты. Біздіңше оның төмендегідей себептері болды. Біріншіден, түркімендер бұл кезеңде Хиуаға бағынды. Ал Хиуа, қазақ ханы Әбілқайырдың немере бауыры Елбарыс ханның қарауында болатын. Елбарыс хан (1728-1740) қазақтармен ешқашан қарым-қатынасты шиеленістіруді көздемеді. Екіншіден, түркімендермен шектес, Арал иелігінде де Әбілқайыр хан саясаты жүріп тұрды. оның билеушісі Шахтемір хан қазақ ханымен өзара түсіністікте болды. Нұралы сұлтанның өзі 1732 жылы 4 айдай Аралда тұрса, ол жерден қашық емес елді мекендер-де Әбілқайыр хан көшіп қонды. Үшіншіден, 1739-1740 жылдарға дейін Иран түркімендерге айтарлықтай қысым жасамады. Өйткені, олар Үнді бағытында соғысып, солтүстіктегі көршілерімен жағдайды шиеленістірмеді. Мұндай жағдай түркімендерге өз елінің оңтүстік бағытында еркін қимылдауына мүмкіндік жасады. Төртіншіден, бұл кезеңде қазақтар үшін басты бағыт жоңғарлардың екпінді шабуылда-рын тойтару болатын. Аңырақай шайқасында Әбілқайыр хан әскері жеңіске жеткенімен, жоңғарлар алған бағытынан қайтқан емес. оның үстіне жоңғарларды Еділ-Жайық аралығындағы қалмақтар да қолдады. оны түркімендерде түсінбеді дей алмаймыз. Бесіншіден, қазақ-түркіменнің түбі бір ағайын болуы, әрі көршілес қоныс тебуі олардың араласып-құраласауына жағдай жасады, яғни «малы төскейде, басы төсекте біріккен» ел болды. Қазақтар мен түркімендер сол заманның өзінде өзара құдандалы да болды. Ата шежіреде XVIII ғасырда өмір сүрген Үстіртті жайлаған адай руымен бірге беріш руларының көшіп қонғандығы айтылады. Мұның өзі беріш руларының түркімендермен де байланысуына әкелді. Мәселен XVIII ғасырда беріш руынан Итем-ген және оның бауыры түркіменнен қыз алған. Ал Итемгеннің баласы Табылды да түркіменнің Сүйін батырының қызына үйленген. одан атақты Құлбарақ батыр туған. Сонымен бірге шежіре бойынша беріш руының аты ұранға айналған Ағатай батыры да баласы Боқай үшін түркімендерге құда түскен. Боқай батыр соған ұрын келіп жүргенде түркімендерді шапқан қызылбастармен соғыста қаза тапқан екен. Түркімен Сүйін батырдың өзі бүгінгі Маңғыстау жерінде жерленген (дүйсенбаева Ж. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы. Алматы. 2007, 131 б.). Атақты Мұрын жырау жырында «Ерсары батыр Маңғыстаудан Қарақұмға көшті, содан сол жерде ұрпағын өрбітті» делінеді. Ал түркімендер тайпасы осы Ерсарыдан бастау алады (Қыдырбекұлы д. Көшпелілер кім болған еді? // Ақиқат, 1994, №8, 36 б.). Бұған енді адайлар арасындағы оның түркімен бөлімін қосыңыз.

Міне мұның барлығы белгілі дәрежеде өзара келісімге жағдай жа-сады деуімізге әбден болады.

1740 жылдан бастап мұрағат деректерінде қазақ-түркімен қарым-қатынасының шиеленісіп, арты қырғынға ұласқаны байқалады.

Белгілі жазушы Әбіш Кекілбай «Күй» повесінде «Екі жақ бұндай теке тірестен ештеңе өнбесін біліп, енді бопсаға көшті. Түрікмендер қазақтың жерді алғанымен қоймай, қайда көшсе де өкшелеп, малын малша, жанын жанша қиып, елді тоздырып бара жатқанын бетке ба-сты. Қазақтар діні басқа, тілі басқа қалмақтан бас сауғалап ағайын деп келгенде түрікменнің алдарынан қарулы шыққанын, соғыстың содан тұтанғанын салық қылды» деп мәселені аша түседі (Кекілбаев Ә. Хан-ша – дария хикаясы. Балладалар мен роман. – Алматы, 2003, 90-91 бб.). Автор дәл сол тұста ел игілері өзара келіскенімен, кейін жер дау-ын қыздырған тентектер екі халық тыныштығына сызат салғандығын анықтады. Бұларға қоса, біздіңше Нәдір шахтың Бұхара мен Хиуаны алып, түркімендерге шабуылы да өз үлесін қосқан. Түркімендер амал-сыздан парсылар үстемдігін мойындап, Хиуа хандарына бағынғанымен оның арты хиуа-түркімен соғысына әкелді. Бұл кезеңде хиуалықтар Иранға хабар беріп, әскер алдыратын. Нәдір билеушінің тарихын жазған Мырза Мехди хан шахтың Хорезм иомуттарын (түркіменнің бір тайпасы) жиі жазалап, олардың жігіттерін өз әскері құрамына күштеп енгізгендігін атап өтеді. Мәселен 1736, 1740, 1745 жылдары осы саясат қайталанған. Сөйтіп түркімендердің Маңғыстауды ие-ленуге ұмтылысы 1740 жылы 11 қарашада Хиуадан Арал иелігіне бағыт алған Әбілқайыр хан әскеріне Шаба қаласы маңында шабуыл-дауынан көрінді. Әбілқайыр әскері оларды талқандап, 15 түркіменді өлімші етіп, дүние-мүліктерін, малдарын олжалады. Араға уақыт сала түркімендердің Нұралы сұлтан басқаратын Арал иелігіне де көшуді жоспарлағаны белгілі болды (КРо 1, С. 179).

1741 жылы жазда қазақ қолдарын Төлен қалмақ басқарып, түркімендермен соғысты. Соғыс қорытындысында қазақтар тағыда жеңіске жетіп көптеген түркімендерді тұтқындады (РИССМ 122 қ., 1742, 122/т., 4 іс, 4 п.). Мұрағат дерегіндегі Төлен қалмақ адай руының батыры Әнетұлы Төлеп болуы мүмкін. ол да дәл осы кезеңде елін қорғаумен көзге түскен-ді. Батырдың ерліктері Қалнияз Шопықұлының «Ер Қамыс-Ер Төлеп» жырында суреттелген. Төлеп батыр замандасы Ермембет Тұрұлы Хиуа ханымен сөз қағыстырғанда «Біз жауға бүгін барып, ертең өлгенді батыр демейтін жұртпыз. Менің өткенімнің батыры елу рет қол бастап жорықта жауды қайтарған, жауынан бірде-бір меселі қайтпаған 85 жасына қарағанда Алланың ақ ажалымен оң жақтан ақыретке аттанған Әнетұлы Төлеп» деп ел қорғанын жоғары бағалаған (Маңғыстау энциклопедиясы. Алматы,

64 65

2008, - 197 б.). Ал Қалнияз ақынның өзі «Бұрынғы өткен ерлерім, Атағозы, Ер Лабақ, Қармыс пен Өмір, Темірде, Жылқыайдар мен Ер Төлеп қосылған талай дүбірге» деген өлең жолдарын арнады.

1741 жылы 12 маусымда Маңғыстау пристанына орыс капитаны Г.Тебелев өз командасымен келді. 19 маусымда оған түркімендер – Маметкелді батыр, Қожа Берді Бақсы, Сүйінгуран Өнбегі, Қарабатыр, Башабек старшындар 30 адаммен келген. Өз қолымен толтырған журналдан капитан Қанбарбек старшынға қазақ-түркімен қарым-қатынасы туралы сұрақты әдейі қойғандығын байқаймыз. Бұл сұраққа Қанбарбек «қырғыз-қайсақтар жылда бізге шабуылдап малымызды ай-дап, кейде адамдарымызды тұтқынға алады, себебі түркімендер бөлек-бөлек көшіп қонады. Сондықтан біз Өліқолтықтағы Қайрақлы тауына қарауыл қоямыз. Қырғыз-қайсақтар жиналып келе жатыр деген хабар жетсе, мал-жанымызбен тау басына шығамыз. ол жерден олар бізді жеңе алмайды. Шабуылдаушылар кейін кеткен соң, түркімендер олар-ды шауып, кегін қайтарады» деп жауап берген (РИССМ. «Түркімендер ісі» 133 қ., 1741, 133/1 т., 4 іс)

1742 жылы сәуір айында қазақ рулары Барақ сұлтан, та-бын Бөкенбай, Есет батырлар бастауымен түркімендердің Маңғыстауға көшуінің алдын алу үшін соғысқа аттанған. осы жылы қарақалпақтардан келген ағылшын көпесі Гок орныборға қазақ-түркімен соғысында қазақтардың жеңіліп, 100 жуық адамдарынан айырылғандығын, шайқаста Бөкенбай батырдың қаза тапқандығын хабарлады (РИССМ, 122 ., 1742, 122/1 т., 4 іс, 65-67 пп.; КРо 1, С. 24).

Түркімендер әдеттегідей Қайрақлы тауы басына бекініп соғысқан. олардың осы тәсілі қай уақытта да қазақтардың жеңе алмауына әкелді. П.И.Рычков «түркімендер соғыс барысында жеңе алмайтынын сезсе, тауға шығып қорғанады. ол жерден оларды шығару оңай емес» деп жазған болатын (Рычков П.И. Көрсетілген еңбек. С. 17).

1742 жылғы көктемдегі осы шайқас туралы ақын Тілеумағамбет Аманжолұлының (1865-1935) «Бөкенбай батыр» жырында толығырақ жазылған. Жыр бойынша қазақ-түркімендер де бұл соғысқа алдын ала дайындалған. Түрікмен батырлары Бөрі, Қаһар, Қылыш, Бердіоғлы қалың әскері жиды. Түрікмен батырлары еліне

«Ай түрікпендер, түрікпендерӨткен де өткен заманда,Түрікпеннің жері кең еді,Кең екені шын еді.Жаулап та алып Шыңғыс хан,Азайтып жерді кетіп еді.

Бізден алған жерлері,Аралдың бойы Қасарма,Қасармадан төмен-айСам мен Матай дер еді,Сам мен Матайдан төмен-айМаңғышлақ деген жер еді.одан да төмен Каспий-айТеңізде Каспий дер едіӘуелгі түрікпен жері еді,Жайлап алған Шыңғыс ханҚазақ пенен Ноғайға,Еншің сенің болсын деп,Беріп те кеткен жері еді» - деп ұран тастап, сол жерлерді қайтаруға

бел буды. Бұдан хабарданған Бөкенбай батыр қазақ руларына хабар салып, жанына Жәнібек, Есет, Серке, адай Айбас, таз Таймас батыр-ларды жиып, жауға аттанған. Соғыс қорытындысында түрікмендер Бөрі, Қылыш, Қаһар батырларынан айырылып, Бердіоғы қазақтармен келісімге келген. Түрікмен батыры «Енді түрікпен келмейді, қазақтың жерін көрмейді» деп уәде еткен. Кейін Бөкенбай батыр осы соғыста алған жарақаты (улы найза санына тиген) әсерінен қайтыс болған (Баһадүр батыр Бөкенбай. Ақтөбе, 2011, 178-200 бб.)

Міне осындай жағдайда түркімен ақыны Махтумкүл (1730-1780) «Түркімендер! Егер біз – теке, йомуд, гоклен, язар және амелі рулары тіл табыса алсақ, бүгіннен бастап бір жанұя боламыз» деп ұран таста-ды.

Түркімендер алдымен Хиуа билеушілерінің озбырлығына қарсы бірлесе көтерілді. 1744 жылы олар – теке, иомут, екдер, шәудір, ар-башылар Хиуа маңындағы ауылдарды талқандап, тұрғындарын тұтқындап, Хиуа қаласына ешкімді қатыстырмай 8 ай бойы қоршауда ұстаған. Содан Хиуа ханы Әбілғазы парсы шахы Нәдірге жасырын түрде хабар салып, көмек сұрады. Көмекке 1745 жылы жазда Хо-расан губернаторы, Нәдір шах немересі Әліқұл ханды жіберген. 30 мың қолмен келген парсылар түркімендерді талқандап, олардың бір бөлігін Бұхара хандығындағы Чарджоуға орналастырып, 400 жігітін Иранға әскери қызметке әкетсе, түркімендердің теке, иомут рула-ры, Каспий теңізіне, Балқан тауларына қарай көшкен. Кейін Әліқұл Иранға кеткенмен Хиуада парсылардан 6 мың әскер қалған (РИССМ. «Түркімендер ісі» 133 қ., 1741, 133/1 т., 3 іс, 1-20 пп.).

Хиуалықтар түркімендер шабуылы қарсаңында Әбілқайыр хан-нан көмек сұрағанымен, П.И.Рычков анықтауынша қазақтар ол жаққа әскер жібермеген (Рычков П.И. История оренбургская (1730-1750).

66 67

оренбург, 1896, С. 80). Кейін белгілі болғандай Әбілқайыр 1745 жылы көктемде Нәдір шахқа өз елшілерін сұлтан Қайып Батырұлы бастауымен жіберген. Бұл арада Әбілқайыр қазақ-түркімен қарым-қатынасын шиеленістірмеуді көздеген сияқты. Бұл ойымызды 1745 жылы 13 шілдеде Астраханнан Маңғыстау пристанына келген капи-тан в.Копытовский журналы дәлелдей түседі. Капитан Астрахан гу-бернаторы в.Н.Татищев тапсырмасына сәйкес сауда-саттық мәселесін желеу етіп, Хиуа, Бұхара хандықтарындағы жағдай, Нәдір шахтың қимылдары туралы мәліметтер жинауға келген. в.Копытовский 19 шілдеде түркімен-иомуттарымен бірге жүрген Әбілқайыр хан елшісі Қият Ысықовпен кездескен. ол және 8 иомут руы өкілдері «біздер бұрын өзара соғыстық, қазір келісімге келдік, талас-тартысты тоқтаттық» деп бірауыздан айтқан. Елшілер орыс кемесін тексеріп қарап, басқа шаруамыз жоқ деп кетіп қалған. Иомуд руы өкілдері Хиуаны парсылардың алғандығын, ал өздерінің 2 ай бұрын ол жақтан көшіп Маңғыстауды паналауда екендігін қоса хабарлаған (Из истории отношения России с туркменами в XVIIІ веке // Красный архив, №2 (93), М., 1939, С. 220-237).

Сонымен екі жақ бейбіт өмірге қол созған келісімге тоқтады. Қазақ та, түркімен де Ә.Кекілбаев айтқандай «Екі елді керістіретін де сөз, келістіретін де сөз. дауға найза араласты-ақ келісім жоқ, кетісу бар. Келістірер сөз тек кемеңгердің көкейінен шығады, алжастырар айбалта кез келген тентектің тақымында жүр. Тентек күнде туады, кемеңгер мың жылда бір туа ма, жоқ па, туа қалса, өңшең қылышқа жақын қыршаңқысы көп қырсық ел оған тізгінін бере ме, жоқ па? ... Беймәлім дүние. Ендеше, ол шапса, сен де шап! ол қорласа, сен де қорла! Алдырып жатып ақылгөйсіген кемеңгерлік құрысын!» деген заманның арты ақыл мен сабырға, қайрат пен жігерге толы болды (Кекілбаев Ә. Көрсетілген еңбек. 94 б.). Өйткені ертеңгі күн үшін, тарих пен тағдыр мәңгілік көршілес қылған халықтар үшін болашақ өмір жатты.

Әбілқайыр хан мен нәдір шах: Қазақ және иран мемлекеттерінің XYIII ғасырдың I жартысындағы қарым-қатынасы хақында* XVIII ғасырдың I жартысында қазақ елі өзін айнала қоршаған

Ресей, Жоңғария, Иран мемлекеттерімен белгілі дәрежеде қарым-қатынас орнатты. Басқыншылық саясат ұстанған олар ұлан-байтақ территорияны алып жатқан, өз орталарында орналасқан қазақ еліне көз тіккені шындық. оны айлалы Ресей өз бодандары – қалмақ, казак-орыстар, башқұрттарды айдап салу арқылы жүзеге асырса, қызыл жа-лындай Жоңғария бар әскерін қазақ даласына төкті. Бұл кезеңде Иран өз тәуелсіздігі үшін ауған және түрік билеушілеріне қарсы күресіп, ІІ Тахмасп шах төңірегіне топтасқан-ды. дәл осы мезгілде оған азаттық күресте аты шыққан Афшар тайпасының Қырқылы руынан тарайтын Нәдір қолбасшы әскерімен қосылып, 1726 жылы түркімендер басып алған Мазандаран қаласын босатты. Сіңірген еңбегіне Нәдір шах қолынан сұлтан лауазымына қоса, қала губернаторы болып шыға келді. Сөйтіп әлем тарихында аты қалған Нәдір тарихының жаңа өрлеу кезеңі басталды. XVIII ғасырдағы Иран әдебиетінің ірі өкілі Табиб Исфагани Нәдірді түркіменнің Афшар тайпасынан дей отыра, Иранды кеңейтіп, ауған, орыс, түріктер тартып алған жерлерін кері қайтарып, ұлан-байтақ жаңа мекендер қосқан соңғы билеуші ретінде атап көрсетті (1).

1736 жылы Иран мемлекетінің саяси бірлігі жүзеге асқан тұста ирандықтар Нәдірді «Иранды азат етуші» деп таныды. Мұндай жағдайдың Иран билеушісі шах тағына жол ашатынын түсінген ол осы жылы қаңтарда Муган даласындағы әскери лагерінде үлкен құрылтай өткізіп, оған барлық әскери, шен-шекпенді, діни ақсүйектер, көшпенді тайпалар басшылары мен қалалық старшындарды, ауылнайларды, армяндық – католикос Абраам Кретациді шақырды. Барлығы 100 мыңға жуық адам қатысқан құрылтайда Нәдір ІІІ Аббас шахтың жастығын еске салып, жаңа шахин-шахты сайлауды арнайы мәселе ретінде көтерді. Сонымен араға екі ай салып, 1736 жылы наурызда 4 жасар ІІІ Аббас шахты Хорасанға жіберген Нәдір Иранның жаңа шахин-шахы болып сайланды. Міне осыдан бастап ол басты саяси бағытын жау-

*Мақала «отан тарихы» журналының 2012 жылдың №1(57) санында жарияланған

68 69

лап алушылыққа арнап, 1739 жылдың мамырына дейін Ауғаныстанды, Индияны біржолата бағындырды. Үнді жорығында Нәдір шах 90 мың әскерімен қарсыласының өзінен бірнеше есе мол 340 мыңдық үнді әскерін талқандап, Азиядағы ең мықты мемлекетті қалыптастырды. Үндістандағы сұрапыл соғысты көзімен көрген Мырза Мехти «Ат тұяғының дүбірінен жер дірілдеп, шаң бағаны көкке жетті; оқтың зу-ылы, жебенің сатыр-сұтыры, зеңбіректің күрсілі барлығы мидай ара-ласып кетті; атыс гуілінен күн жерге құлардай; айнала толған жансыз денелер, дұшпанның барлық бас қолбасшылары өлтірілді-ақыры әскер шіміркенді. Нәдір шахтың мерейі үстем болды », - деп хабарлайды.

1740 жылы маусым айында ол Гератқа оралып, тамыз айында Иран иелігіндегі жерлерге бұрын шабуыл жасаған Бұхара билеушісі Әбілпейіз ханға соғыс жариялады. Бұхара Астрахандықтар әулетінің (кейде джанидтер әулеті) астанасы еді. оның негізі Астраханнан кел-ген Жәнібек сұлтан кезінен қаланып, 1599 жылы Мәуреннахрда жаңа өзбек әулетінің үстемдігіне әкелді.

Сонымен Нәдір шахтың әскери қимылдарының солтүстікке бағыт алғаны туралы хабар өз заманының тамыршысындай болған қазақтың бас ханы Әбілқайырға келіп жетті. Жоңғар қонтайшысы Қалден Цереннің 1739 жылдың көктемінде 24 мың, 1739–1740 жылдың қысында 30-35 мың қолмен, 1740 жылдың күзінде жаңа шабуылына қарсы күресіп жатқан қазақтар үшін ендігі жағдайда тез арада елдің оңтүстік-батысына да назар аударып, шешуші қадамдар қабылдауына әкелді. оны ескергендіктен де Әбілқайыр 1740 жылы 19 тамыз 1 қыркүйек аралығында орынборда өткен қазақтың барлық белді тұлғалары (Әбілмәмбет хан, Абылай, Нұралы, Ерәлі сұлтандар, Есет, Бөкенбай батырлар, Жәнібек тархан, Бөгенбай батыр т.б.) қатысқан қазақ-орыс келіссөзіне бармай, алдын-ала Арал теңізіне қарай аттан-ды. Әбілқайырдың кездесуге қатыспау туралы батыл шешімін үстірт тоң пішуге үйір Ресей тарихшылары ханның жеке басынан іздеп, ішкі алауыздық әсерінен деген қорытындыға келеді. Бірақ мәселе басқада еді. Кездесу барысында толтырылған хаттамаға назар аударсақ 30 та-мыз күні Нұралы, Ерәлі, Есет, Бөкенбайлар Әбілқайыр хан хатын алып, орынбор басшыларымен қоштаспастан кетіп қалған. Кейін байқағанымыздай Нұралы және батырлар Арал иеліктерінде жүрген Әбілқайырға жол тартқан. Бұл арада Әбілқайыр ханның Сыр бойы-на үлкен қорған қала салу туралы ойларының дұрыстығы енді ғана сезіле бастады. 1739 жылы Әбілқайыр осы жоспарын орыс патша-сына білдіріп, оның әскери көмегіне үміт артты. 1739 жылы 26 та-мызда орынбор комиссиясының басшысы генерал-лейтенант в.А. Урусов қазақ ханына әскери көмек пен артиллерия беруден бас

тартқаны туралы түрлі сылтаулармен хат жолдады. Әбілқайыр алдын-ала дайындалған жоспарының сәтсіз аяқталғанына көзі жетті. Мұны толық сезініп, ендігі жауапкершілікті мойнына алған Әбілқайыр 1740 жылдың жаз айларында өз жайлауын Сырдарияның ар жағындағы Қуандария бойындағы Адам ата өзеніне орнықтырды. Хан қыркүйек айының басында Арал иелігіне аттанды (2).

Ал Нәдір шах тамыз айында өзіне бас иіп келген Әбілпейіз хан мен Мұхаммед Хакім би аталықты қабылдап, Бұхараны еш соғыссыз Иранға бағындырды. Көп ұзамай Әбілпейіз бір қызын Нәдірге, екіншісін оның туысына беріп туысқан болып шыға келді. Нәдірдің ендігі бағыты Әбілқайырдың ұзақ жылдар бойы өзіне қосып алуды армандаған жоспары Хиуа хандығына келіп тірелді (3). Хиуа ханы Елбарыс тез арада қорғану шараларына кірісті. Елбарыстың өзін Әбілқайыр хан 1728 жылы Хиуа тағына отырғызған болатын. Тарихи деректер Елбарысты Әбілқайыр ханның немере бауыры деп те жаза-ды. оны Хиуаға тағайындау арқылы қазақ ханы оңтүстік шекарасын бекітуді көздеген-ді. оның алдында Хиуа ханы болған Әбілқайырдың немере бауыры Мамай ( Сары-Айғыр) сұлтан бірнеше күннен кейін белгісіз жағдайда аттан құлап қайтыс болса (4), кейін Хиуа ханы ретінде мойындалған Батыр сұлтан біраз уақыттан кейін амалсыздан елге қашып келгенді. Әбілқайыр ханның Хиуа тағына ұсынған үшінші үміті Елбарыс хиуалықтармен келісімге келе алды. ол тіпті өзбек билеушілерінің ырқына да көнді. оның әскери қолбасшылық қабілеті де анық көріне бастады. Елбарыс және Хиуаның беделді адамдары Әбілқайырдың Ресей бағытындағы саясатына сенімсіздікпен қарады. Мұның өзі қазақ ханымен арадағы қатынасты белгілі дәрежеде шиеленістірді. Бірде Хиуа сарайындағылар қазақ ханы атынан келген Нұралы сұлтанға «Әбілқайыр хан билігі тек қазақтарға ғана жүреді, ал Хиуада оны ешкім тыңдамайды, ол нәтижесіз істі (Ресеймен қарым-қатынасы туралы) бастап отыр» деп мәлімдеген. Өзбек билеушілеріне сенген Елбарыс хан Нәдір шахқа қарсы күресте жалғыз қалды. Әскер шебін Амудария бойындағы Хазарасп қаласы түбіне орналастырып, Елбарыс алғашқы шайқастан соң қорғанға әбден бекініп алды. Соғысқа әбден машықтанған Нәдір әскерлері Хазараспты қоршап, еш шабуыл жасамай Ханках қорғанына қарай аттанды. Мұны естіген Елбарыс жауынгерлері де жанталаса қорғанды тастап өз иеліктерін қорғау үшін жеке-жеке бөлініп, еш бұйрықсыз бытырай бастады. Ал Елбарыс бол-са, аз әскерімен тез арада Ханках қорғанына жетіп үлгерді. Ирандықтар тағыда шабуылға кіріспей, қорғанды бірнеше күн артиллериялық соққы астына алып, Нәдірге берілуін қамтамасыз етті. Елбарысқа жеке басына қауіпсіздік уәде етілгенімен, кейін шах өзінің шейхтарының ақыл-кеңестерін жөн деп тауып, ханды өлім жазасына кесті (5).

70 71

Қалмақ ханы дондук омба 1741 жылы 13 ақпанда граф А.И.остерманға жазған хатында «парсылар 1740 жылы тамызда Бұхараны бағындырса, 4 қыркүйекте Хиуаны жаулап алды. олар Хиу-адан 10 қыркүйекте кетті» деп хабарлады (6). Кейін парсылардың Хиу-адан Әбілқайыр хан ұлы Ерәлі сұлтанға айттырылған Елбарыс ханның қызын да ала кеткендігі белгілі болды (7).

Нәдір шахтың Хиуаға қарсы аттану себептері толығырақ мыр-за Мехди хан Астрабадтың «Тарихи Надири» еңбегінде жазылған. Еңбектен Елбарыс ханның Нәдірдің Үндістандағы соғысын пайда-ланып, 1738-1739 жылдары өзбек, түркімен қолдарымен Хорасанмен шектес елдерге шабуылдауы басты себеп болғандығы анықталады. Бірнеше парсы қорғанына соққы берген Елбарыс хан Нәдір шах баласы Ризақұл әскерінен шегініп, Хорезмге оралуға мәжбүр болды. Кек алуды жоспарлаған Нәдір шах сонымен Әбілпейізді бағындырған соң, оның бар әскерін қосып ала отырып, жоғарыда жазылғандай қыркүйек айын-да емес 1740 жылы 7 қазанда Бұхарадан Хиуаға бағыт алып, 3 қарашада оның шекарасындағы дэвэ-боюн (аудармасы «Түйе мойын») елді мекеніне келіп тоқтады. Содан Хазараспты айналып өтіп, оның ізімен Ханках қорғанына жетіп бекінген Елбарысты жойқын атқылауға алды. 14 қазанда көптеген өзбек әскербасылары қорғаннан шығып, өздігінен берілуге мәжбүр болды. Ал 15 қазанда парсы әскері Елбарысты сарай-дан алып шықты. Хиуа ханы шах Бұхараға келген кезінде Әбілпейіз хан жіберген елшілерін өлтіргені үшін жанындағы 20 әскербасымен бірге өлім жазасына кесіледі (8). Бұл дерек 1793-1794 жылдары орын-бордан Хиуаға келген майор Бланкеннагельдің жазбасы арқылы да дәлелдене түседі. Майор жазбасында «осыдан 50 жыл бұрын Нәдір шах Хиуаға 30 адамнан тұратын елшілерін жіберген-ді. Хиуалықтар өздерінің құпиясын ашпау үшін елшіні және оның жанындағыларды өлтірді. осындай зұлымдыққа ашуланған Нәдір шах өзі бастап Хиуаға келіп, оның әскерін талқандап, Елбарыс ханын және 30-дан астам басты Хиуа шенеуніктерін тірілей жерге көмді» делінген (9). Мырза Мехди «Елбарыс қазақтар ханы Әбілқайырдан көмек сұрады. Әбілқайыр қазақтар мен Арал өзбектерінен әскер құрап көмекке кел-генде Хиуа қорғанының жағдайын көріп, шахқа елші жіберді. Бірақ ешкімге бағынуды ойламай, еркіндікті сүйетін Әбілқайыр хан және қазақтар өз иеліктеріне қарай кетуге мәжбүр болды» деп те толықтыра түседі (8, С.122).

Мехди бізге толық ашпаған Әбілқайыр ханның Арал иелігіндегі жоспарлары орыс деректері арқылы анықтала түседі. оны 1740 жылы 5 қыркүйекте орынбордан арнайы Әбілқайыр ханға жіберілген орынбор драгун полкінің поручигі д.Гладышев, геодезист Муравин, инженер На-

зимов, аудармашы осман Араслановтар жеткізді. орыс елшілері басты мақсатымыз қазақ ханы үшін Сыр бойынан қала салу үшін қолайлы жер іздеу және жер қыртысын зерттеу дегенімен, күнделіктерінде барлық тыңшылық жазбаларын тізбеледі. Сол арқылы біз Әбілқайырдың пар-сы шахының әрбір қимылын бақылауға алғандығын және ханның өзіндік саясатын анықтаймыз. Сонымен бірге Арал аймағында жүрсе де Әбілқайыр хан орыс елшілерінің өзіне сапарын назарында ұстаған. Мұның өзі Ж.Қасымбаев жазған «Әбілқайыр іс жүзінде Кіші жүзбен байланысын жоғалтты» дегенін жоққа шығарады (4, С.72). Қазақ ханы келе жатқан д.Гладышевқа хат жолдап, өз ордасына аман-есен жетсе, ұлының өзіне ертіп келетіндігін ашық айтқан. д.Гладышев бастаған топ Адам Ата өзеніне орналасқан Әбілқайыр ордасына 1740 жылы 7 қазанда жетіп, ханның Арал иелігіндегі Шахтемір қаласында екендігін естіген. Содан Бопай ханым рұқсатымен 15 қазанда жолға шығып, 2 қарашада Шахтемірге жеткен. Келесі күні Әбілқайыр хан нөкерлерін және орыс елшілерін ертіп хиуалықтардың шақыртуы бойынша Хиуаға аттанған. Әбілқайыр ханды 4 қарашада Амудария жағасында күтіп алған Авест-Мираб бастаған өзбек старшындары парсы шахынан қорғану мақсатында, оны Хиуа тағына шақырды. Елбарыс тағдырының шах қолында екендігін сезінген Әбілқайыр орыс патшасынан өз артынан келе жатқан елшілерін пайдаланып, Хиуа хандығын біржолата қазаққа бағындыру ретінің келгендігін түсінді. Содан оны қолдан шығармау үшін тәуекелге бел буып, қазақтардың атам заманнан Хиуа билігіне та-ласы бар екендігін алға тартып, 5 қарашада Хиуа ханы болып сайлан-ды. д.Гладышев 7 қарашада Хиуаға келгенде хан сарайындағы тақта Әбілқайырдың отырағанын көріп, «Басына қызыл жібектен сәлде ораған Әбілхайыр амбвонмен ( патша қақпасы алдындағы биіктеу жер) бекітілген, парсы кілемі жабылған, ханның орнында қызыл барқыт жастық жастанып отырды; айналасында қырық шақты ақсүйек хиуа старшындары отыр» деп таңдана сипаттайды (2, С. 178).

Елшілердің келуін пайдаланған Әбілқайыр 8 қарашада геодезист И.Муравинді және қазақ, қарақалпақтан бір-бірден, Аралдықтардан 4 адамды қосып, Нәдір шахқа жіберді. 9 қарашада елшілер шах қабуылдауында болып, орыс патшасының «Кіші жүзді боданым» деп есептейтін грамотасын және Әбілқайыр ханның, Арал билеушісі Артық бектің, қарақалпақтардың хаттарын тапсырды. Әбілқайыр хан өз хатында Нәдір шахты бейбіт келісімге шақыра отырып, Хиуаның болашағын анықтауға ұмтылды. Хан Иранның Ресеймен байла-нысында еске салып келісім болмаса, «соңғы адамымыз қалғанша соғысамыз» деп те ескертеді. Нәдір шах хатпен танысып, ханға жауа-бын Құдайшүкір, Мырза Ақбазар, Ғабдолшүкір арқылы қайтарып,

72 73

оны өзіне шақырды (10). Әбілқайыр хан шақыруды қабылдап, Нәдір шахпен кездесуге бауыры Нияз сұлтанды түрлі сый-сияпатпен бірге «тірі барыс» беріп жіберуді жоспарлай бастады. Бір деректер бойын-ша Әбілқайыр баруды өзі де ойластырған. Бірақ кездейсоқ хан қолына Нәдірдің Үргеніш тұрғындарына, Қазы Мұхаммед Латифқа, барлық би, старшын, қожаларға жолдаған құпия хаты түсті. Шах хатында Хиуалықтарды әскери күшімен қорқытып, талабын орындаушыларға рақымшылық уәде беріп «Әбілқайырды қаладан шығармауын» талап етті. Бұл кезеңде Нәдір шах Хиуадан не бәрі 35 шақырым жерде бола-тын. Хиуа үшін таластағы жағдайдың күрт өзгеруі, өзбек әмірлерінің Нәдір жағына шығуы, Ресейдің хан саясатын ашық қолдамауы, Әбілқайыр жанындағы не бәрі 3000 әскерінің қуатты шах әскеріне қарсы тұра алмайтындығы қазақтардың кері өз иелігіне шегінуіне мәжбүрледі. Әбілқайыр хан 12 қарашада Хиуадан Арал иелігіне келіп, Нұралы сұлтанды хан ретінде бекітті.

Сонымен Әбілқайыр ханның батыл саясаты дегеніне жетті. Біріншіден, хан алғаш рет Азияны бағындырып, қазақ даласына жеткен Нәдір шахпен бетпе-бет кездесіп, келіссөз жүргізіп, ол сәтсіз болса да парсы әскерінің солтүстікке қарай жылжуына тоқтау салды. Екіншіден, қазақтардың басты әскери күштерін Жоңғарияға қарсы бағыттауға қол жеткізді. Үшіншіден, қазақтардың Хиуа тағына дәмелері бар екендігін дәлелдеді. Нәдір шах Әбілқайыр хан орнына Хиуаға Та-хирды қойғаннан кейін көп ұзамай Нұралы сұлтан шабуылдап, оны өлімші етті. 1742 жылдың аяғында парсылар шабуылынан сақтанған Хиуалықтар Нұралыны хандықтан айырып, хан тағына қазақ сұлтаны, Елбарыс хан баласы Әбілғазыны сайлады.

Соған қарамастан Әбілқайыр Хиуа бағытындағы саясатын жалғастырып, Нәдір шахпен байланысын үзбеді. Өйткені елдің оңтүстігіндегі тыныштық, өзбектер мен түркімендердің қазақпен қарым-қатынасы Иранға тәуелді болатын. Көршілес тайпалардан жаны қысылған сәтте Хиуалықтар қазақ ханынан қолдау күтетін. 1745 жылы 22 қарашада Хиуадан келген татар Нияз Мед Астрахань губернаторы Брылкинге «парсы шахы 5 жыл бұрын Хиуаны алып, ханы Елбарысты өлтірді. орнына баласы Әбілғазыны отырғызып, содан бастап Хиуа шах қамқорлығына өтті. Өткен жылы (1744 жыл) түркімендер шабуы-лы күшейіп, Хиуа маңындағы ауылдарды тонап, Хиуаны 8 ай қоршауға алды. Содан Әбілғазы шахтан көмек сұрады. Көмекке шах Али Гули ханды (Хорасан губернаторы) жіберді. ол 30 мың әскермен, биыл жаз-да келіп, түркімендерді талқандады» деп хабарлады (11). осы тұста Хиуалықтар тағы да Нұралы сұлтанды өздеріне жіберу туралы мәселе көтерді. П.И. Рычковтың анықтауынша, Нұралыға Нәдір шахтың бала-

сы да қолдау көрсетемін дегенімен, оның артында сұлтанды өлтіру жо-спары жатқан. Бұл хабарды Нұралының Хиуада хан кезінде үйленген әйелі арнайы хатпен жеткізген (12). Нәдір шах кеңсесінің Нұралыға на-зар аударуы Ресей саясаткерлерін қатты алаңдатты. Әсіресе орынбор губернаторы И.И. Неплюев Нұралыға Хиуа ханы тағын қабылдамауға ашық үгіттеді (13). Әбілқайыр билігінің Иран тарапынан мойындалуы Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатына кедергі жасайтын.

осындай шиеленісті жағдайда Әбілқайыр тағы да Нәдір шахқа елшілік жіберу қажет деп шешті. Әбілқайыр хан алдына елшілік бас-шысын таңдау және оның шахпен арадағы қарым-қатынасты жан-дандыру, өзара сенімділік орнату міндеті басты орынға шықты. Хан таңдауы бір кезде Хиуаны билеген Батыр хан ұлы Қайып сұлтанға түсті. Қайып Хиуаны 1715-1728 жылдары билеген Шерғазы ханның қызынан дүниеге келген. Зерттеуші Ж.Исмурзин Қайыпты 1728-1729 жылдары туған деп есептейді (14). олай болса сөз жоқ, Қайып Хиуа хандарының жиені ретінде оның мәселесімен шұғылдануға толық құқылы болатын. Н.П.Рычков күнделік жазбасында «Парсының патшасы Хиуа иелігіне дейінгі жерлерді жеңіп келіп, бұл жердің астанасы Хиуа қаласын да алған. осы кезде батырды қамқорлығына алуды сұрап, қазақ ханы Әбілқайыр Қайыпты Нәдір шахқа елші қылып жіберген» деп анықтай түседі (15). Сонымен, Қайып Батырұлы Әбілқайыр тапсырмасымен, біздіңше, 1745 жылдың көктемінде Нәдір шахқа аттанған. оны осы жылы жазда Әбілқайыр ханға Хиуа елшілері Құдайберді инақ пен Құтлы молда әкелген шах, парсы әскер басы, Хиуалық Уәйісқұл михтярдың хаттары айғақтайды. Нәдір шах 1745 жылы 5 мамырда Әбілқайыр ханға «бізбен келісе отырып, иомут халқына соққы беруді сұрайсыз, сонымен бірге марқұм Шерғазы ханды мысалға ала отырып, Қайып сұлтанды және басқаларын қоюға болатындығына үміттенесіз, біздің әуелден сізге қайырым көрсету ойымыз бар» десе, Хиуалық Уәйісқұл «Сіздің жіберген елшілеріңіз шах қызметінде болып, шахтардың шахы оларға көптеген мейірім көрсетті» деп хабарлады (16). Қайып бастаған елшіліктің сәтті қабылданғанына куә болған Әбілқайыр хан 1746 жылы Ақмырза арқылы парсы шахына тағы хат жолдады. Хан «егер орыстар тарапынан қысымға түссе, олардан қорғану мақсатында Хиуа иелігіндегі Бесқала қалашығын өзіне беруді» өтінді. Сапарында Ақмырза Қайып сұлтанның шах сеніміне ие болғандығын анықтады. Бұхара хандары Үбайдолла (1702-1711), Әбілпейіз (1711-1747) сарай-ында кітапханашы болған Мұхаммед вафа ибн Мұхаммед Захир Кар-минаги (Казы вафа) «Тухфат ал-хани» («Хан сыйлығы» немесе «Тари-хи Рахим хан») еңбегі де Қайыптың осы кезеңдегі өмірі мен қызметін толықтыра түседі. Еңбектен Қайыптың шах бұйрығы бойынша

74 75

атақты Фирдоуси ақынның отаны Хорасандағы (Иран) Туе қаласында қызметте болып, сеніміне ие болғанын байқаймыз. Еңбектің бір бөлімі Қайыптың дешті – Қыпшаққа қашуына да арналған (17).

Қайыптың Хиуа тағына отырып, Хорасан қолдауына ие болуы Әбілқайыр хан саясатының жеңісі еді. Мұндай жағдай қазақ ханының оңтүстігіндегі елдің іргесін бекітіп, Нәдір құрған Иран мемлекетімен қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтергендей болды. Мұның өзі қазақ ханының сыртқы саясатында Ресеймен ғана шектелмей, сол тұста әлем мойындаған Жоңғар мемлекеті, Иранмен байланысы көп векторлы даму бағытын ұстанғандығын дәлелдейді. оның нәтижелі дамуын Нәдір шахтың 1747 жылы 20 шілдедегі, ал Әбілқайыр ханның 1748 жылы 15 тамыздағы өлімі тоқтатты. Ел азаттығы үшін ешкімге бас имеген, жауы алдында тайсалуды білмеген, халқы үшін жанын аямаған екі тұлғада күндігін ойлаған сатқындар қолынан қаза тапты. Екеуі де өмірінің аяғында жауымен алысып, бірі қанжармен, екіншісі найза, қылышпен кескіленіп өлтірілді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Камалов А.А. Жизнь и творческое наследие Табиба Исфагани. Авторе-ферат на соис. уч. степ. к.ф.н. душанбе, 2011, С. 8-9

2.КРо 1, С. 1773. Хидоятов Г.А. Моя родная история. – Т: Укитувчи, 1990. – С.2164. Қасымбаев Ж. Абулхаир хан и Надир шах // Ізденіс, Поиск. 2001, №2,

С.715.Темиргалиев Р. Казахские ханы Хиви. Часть 1. http://www.zonakz.net/

articles/31203?moda=neply6.РИССМ, «Түркімендер ісі» 133 қ., 133/1 т., 1741, 2 іс, 1-2пп.7.РИССМ, 122 т., 122/1 т., 1741, 2 іс, 22 пп.8.Материалы по истории туркмен и Туркмении. Т.2 М., Институт вос-

токоведения, 19389.Замечания майора Бланкеннагеля впоследствия поездки его из орен-

бурга в Хиву в 1793-94 годах // вестник императорского Русского географиче-ского общества 1858 г. №3

10.Ханыков Я.в. Поездка из орска в Хивум обратно, совершенная по-ручиком Гладышевым и геодезистом Муравиным // Географические известия. СПб., 1850, С. 542-543; КРо-1. С. 170-171

11. РИССМ. «Түркімендер ісі» 133 қ., 133/1 т., 1741, 3 іс. 1-20 пп.12. Рычков П.И. История оренбурская (1730-1750). оренбург, 1896, С.8113. Материалы по истории Казахской ССР. Т.ІІ. ч.2 (1741-1751 гг.). –

Алма-Ата, 1948. С.129-132

14. Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы (1745-1860 жж.). Тарих ғ. к. дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы. орал 2008, 32 б.; РИССМ. 122 қ.,122/1 т., 1747, 3 іс, 265 п.

15. Рычков П.И., Рычков Н.П. Капитан жазбалары. А., 1995, 85-86 бб.16.РИССМ. 122 қ., 128/1 т., 1745, 3 - іс, 132,142 пп.; Исмурзин Ж.А.

Көрсетілген еңбек. 33 б.17. Тулибаева Ж.М. Казахстан и Бухарское ханство в XVIII – пер. полови-

не XIX в. Алматы. 2001, С. 45-50

Әбілмәмбет Болатұлының қоғамдық-саяси қызметі* Абылай ханның: «Менің ата-бабаларым Барақ хан, Жәнібек хан,

Жәдік хан, Шығай хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Болат хан, Қайып хан, Әбілқайыр хан, Әбілмәмбет хан, олардан соң енді мен Абы-лай ханмын» - деген 1767 жылы 14 желтоқсанда омбы әкімшілігіне жолдаған хатында (1) көрсетілген қазақтың бас хандарының тізіміндегі Әбілмәмбет ханның өмірі мен қызметі, еліне сіңірген еңбегі, қадір-қасиеті бүгінге дейін зерделеніп, лайықты бағасын алды деу қиын. Кешегі кеңестік заманда Қожаберген жырау атынан:

Әбілмәмбет солқылдақ.Ақ балықша борпылдап,Келіспейді ерлерменҚабандарша қорсылдап, – деп айтылды деген өлең жолдар да ұрпақ санасына құйылып келді. Ал Әбілмәмбет ханмен талай

кездесіп, қазақ-орыс қатынасына ықпал жасаған орынбор әкімшілігі кеңсесінің шенеунігі П.И.Рычков 1762 жылы жазған еңбегінде Әбілмәмбетті «жуас мінезді» адам ретінде сипаттап: «өз тыныштығы үшін ордадан Түркістанға көшті. оның ресейлік тарапқа еш қарсылығы болмады» (2) - деген қорытынды жасап, Әбілқайыр хан-мен салыстырған болатын. Міне осындай түйіндеулер қазақ тарихында Әбілмәмбет хан сынды тұлғаны танып білуде біржақты көзқарастың қалыптасуына негізгі арқау болды.

Сонымен Абылай хан мойындаған қазақтың бас ханы Әбілмәмбет хан кім? оның ата-бабасы туралы алғашқы деректі Қадырғали

*Мақала «отан тарихы» журналының 2012 жылдың №2(58) санында жарияланған

76 77

Қосымұлы 1602 жылы жазған «Жылнамалар жинағы» еңбегінде келтіреді. Автор «Барақ ханды жеңімпаз батыр, алып еді деседі. Айналасындағы уалаяттарды өзіне тәуелді қылды. Ақырында Еділ мен Жайықтың арасы, Сарайшыққа жақын Қазы, Наурызбек ұрыста ажал тапты. оның ұлын Кіші Жәнібек хан деп атайды. Бұл Жәнібек хан атасының ұлысын биледі. оның ұлдары көп еді. Аңызға айналған .... зағлы қырық інісі бар. Есімдері белгілі ұлдары мен немерелері осы еңбекте айтылады. Аты әйгілі болған ұлдары мыналар: Қасым хан, Қанбар сұлтан. Бұл екеуі бір анадан. осак хан, Надик хан. Бұл екеуі бір анадан» дей келе, Әбілмәмбеттің атасы Надиктің (Жәдіктің - Ә.М.) Шағым мырзамен шайқаста қаза тауып, Үргеніштегі Бақырған әулие күмбезінде жерленгендігін, одан туған Шығай ханның «батырлығы мәлім-мәшһүр» деп Күмішкенттегі Әлі атаның күмбезінде жерленгендігін атап өткен (3).

1663-1674 жылдары жазылған Әбілғазы баһадүр ханның «Түрік шежіресі (Шежіре-и түрік)» еңбегінде Әбілмәмбет аталарын «Шыңғыс хан – Жошы хан – Тоқай темір – Хожа – Бадақұл ұғлан – орыс хан- Құйыршық хан – Барақ хан - Әбусағит (лақабы Жәнібек хан). оның тоғыз ұлы бар еді. ... Өсік, Жәдік» - деп тарқата түскен (4). Аталған еңбекті пайдаланған Шәкәрім қажы: «Жәдіктен – Қасым-Сығай-Тәуекел-Есім-Жәңгір-Тәуке-Болат ханды таратып, Болаттан екі ұл Сәмеке, Әбілмәмбет туған» (5) деген тоқтамға келеді.

Әбілмәмбет хан шежіресіне орыс үкіметі XVIII ғасырдың І жар-тысында – ақ қызығушылық танытты. Әсіресе, орынбор әкімшілігінен бұл мәселені аудармашы А.И.Тевкелев шеберлікпен жүргізді. Аудар-машыны қазақ даласына Әбілқайыр ханға жібере отырып, патша саясаткерлері «Қазақтың үш ордасындағы барлық хан, сұлтандардың тегін анықтап тірілерін бір, өлілерін екі дөңгелекпен қоршап, мемлекеттік коллегияға тапсыруды жүктеді» (6). ол 1748 жылы 24 қыркүйекте Жәнібек ханнан тараған Өсік пен Жәдіктен туған ұлдарды алғаш рет тізбелеп Ресей Сыртқы істер алқасына тапсырады.

Сонымен Қ.Қосымұлы, Әбілғазы, А.Тевкелев және Ш.Құдайбердіұлы деректері Әбілмәмбеттің қазақтың бас хандары тегінен екендігін толық дәлелдейді. Мұның өзі оның қазақ қоғамында алар орнын анықтап қана қойған жоқ, болашақ атқарар қызметінің қаншалықты салмақты болатындығын да аңғартты.

Әбілмәмбеттің - Болат ханның үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі екендігі анық. Бүгінгі тарихшылар Болат ханды 1715 – 1724 жылдардағы орта жүз ханы деп көрсеткенімен, Абылайдың жоғарыдағы хаты оның әке жолын жалғастырып, аз уақыт болса да барша қазақтың бас ханы болғанды-ғын дәлелдейді. Біздіңше, Абылай хатына, ондағы

келтірілген тізімге толық сенуге болады. Өйткені, Абылайдың өзге хандарды қоспай тек қана бас хандарды анықтап, өзін соңына қосуы заңдылық болатын және оның өз ата-бабаларын шатастыруы мүмкін емес. Ал 1735 жылы орынбор экспедиция-сына тапсырылған сарт Нұрмұхамед атынан құрылған «орта орда ханы: Жәңгір хан, одан кейін Батыр хан, содан Тәуке хан, Қайып хан, Сәмеке хан болып тара-тылатын» кестені жалпы қазақ ордаларындағы хандар тізімі ретінде қабылдауға болады (7).

Әбілмәмбеттің аталары туралы фольклорлық, мұрағаттық дерек-тер болғанымен, өз әкесі Болат хан туралы деректер жоқтың қасы. Кезінде А.И.Левшин «Тәуке ханның баласы, Әбілмәмбеттің әкесі Болат туралы еш мәлімет таба алмадым, соған қарағанда ол атағын шығаратындай ештеңе жасамаған сияқты» (8) деген-ді.

А.И.Левшин еңбегімен таныс М.Тынышпаев Болат ханды «жігерсіз, жылдам шешім қабылдай алмайтын адам» ретінде си-паттайды (9). Зерттеушілер пікірлері XVIII ғасырдағы «Елім-ай» дастанындағы «Сәмеке, Қайып, Болат дәрменсіз боп, кездейсоқ ел жағдайы оңа алмады» деген жолдармен де толықтырыла түседі. Яғни, Болат билікке әкесі Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік жолмен сайланып, ел қолда-уына ие болған (10).

дегенмен араға уақыт сала қазақ елін басқару Хұсырауұлы Қайыпқа көшкен. Қайыптың бас хандыққа отырғанын, қазақ елшілерінің Сібір губернаторы М.П. Гагаринге келуі туралы құжаттар айғақтайды. орыс мұрағатындағы 1715-1719 жылдардағы деректер Қайыптың барша қазақ атынан орыс-қазақ келіссөздерін жүргізгенін, оның жанында Әбілқайыр ханның болғандығын дәлелдейді (6, С. 16-30).

1715 жылы 4 қыркүйекте Кіші жүз ханы Әбілқайырдан І Петр патшаға жолданған хатта Тәуке ханның қайтыс болғандығы, ендігі жағдайда өзінің Қайып ханмен бірге қазақ-орыс қарым-қатынасындағы мәселелерді бірлесе шешіп жүргендігі анық жазылған (11). осы тұстағы хаттарда Болат ханның аты бірде-бір рет аталмайды. олай болса, Болат ханның өзі Қайыптың қайраткерлігін мойындаған және оның заңды билігіне мойын ұсынған деген тоқтамға келуге болады. Белгілі зерттеуші И.в. Ерофеева «алғаш рет болжам түрінде айтылған белгілі зерттеуші М.Тынышпаевтың: «Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Болат хан оның мұрагері ретінде қазақтың үлкен ханы болып, 1730 жылға дейін өмір сүріп, Аңырақай жеңісінен кейін қайтыс бол-ды» деген пікірі соңғы алпыс жыл көлемінде қазақстандық және ресейлік ғалымдардың еңбектерінде толық орнықты. Алайда, бүгінгі тарихшыларға белгілі ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы барлық құжаттар бұл ханның үлкен мәртебесі туралы мәліметті растамай-

78 79

ды, растамақ тұрмақ бірде-бір құжатта не замандастары-ның айтуын-да Шыңғыс ұрпақтарының арасында Тәукенің үлкен ұлының жоғары мәртебесі туралы емеурін де білінбейді, тіпті Болаттың есімінің өзі сирек аталады. ХҮІІІ ғасырдың 30-80 жылдарында қазақ даласының көптеген ықпалды және көп нәрседен хабардар адамдары сол уақытта және басқа кездері Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Әбілмәмбет пен Абылай хандарды үлкен хан деп атағанымен, олардың ешқайсысы бірде-бір рет Болат есімін атаған емес» деп түйіндейді (10, С. 157). Әрине, бұл ара-да автордың Болаттың бас хан болғанына күмәндәнуі орынды. Өйткені, зерттеушіге жоғарыдағы Абылай ханның хаты кездеспеген. Біздіңше, Болат аз уақыт болса да бас хан тағында болған. Билік Қайып ханға тапсырылғаннан кейін Болат орта жүздегі найман, қыпшақ, арғын ру-ларын басқарған. Болат Тәукеұлын Шәкәрім қажы Қазақ тарихындағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары немесе 1723-1724 жылдары атамай, орта жүзде Болат ханның баласы Сәмеке басқарды» (5,С.52) деген қорытынды жасаған. Яғни, бұл кезеңде Болат хан қайтыс болған сияқты. Шәкәрімнің Сәмекені Болат ханның баласы деп қайта-қайта жазуы шындыққа жанаспайды. Өйткені Сәмеке де Тәукеден та-райды, Болаттың бауыры.

Сәмекенің 1724-1726 жылдары хан ретінде атала бастауы Астра-хань губерниясының шенеуніктерінің хаттарынан да байқалады. олар оны «қазақ және қарақалпақ ханы» деп атайды (11, С.158)

Әбілмәмбет сұлтан әкесі Болат хан қайтыс болғаннан кейін, немере ағасы Сәмеке ханмен бірге Түркістанда тұрақтаған. ол дәл сол кезеңде мұрағат деректерінде көрініс таппаса да, өзге белгілі қазақтар қатарында жоңғарларға қарсы азаттық соғысқа белсене қатысты деуімізге бола-ды. Өйткені ел қорғау барша қазақтың ортақ борышы болатын. 1730 жылы 20 шілдеде Уфа әскери кеңсесіне жолданған Әбілқайыр хан ха-тында Әбілмәмбет Барақ, Жолбарыс сияқты тұлғалармен бірге аталды. Мұрағаттық құжатта Әбілмәмбет сұлтан хан деп қате жазылғанына қарамастан, оның сол тұста-ақ ел алдына шыққан тұлғалар қатарында аталуы көп нәрсені аңғартса керек. Кейін 1731 жылы 16 желтоқсанда табын Бөкенбай батыр орыс елшісі А. Тевкелевке «орта жүзде екі хан: Сәмеке хан мен Күшік хан және екі сұлтан – Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет сұлтан бар» (12) деп нақты атап өткен.

Міне осы орыс елшісі араға уақыт сала Құдайназар мырзаны, башқұрт Таймас Шаимовты Сәмеке ханға жіберген. Елшілер 1731 жылы 19 желтоқсанда Сәмекемен кездесіп, Әбілқайырдың Ресеймен келісімге келгендігін және Ресейге жоңғар шапқыншылығынан қорғануы үшін салық төлейтіндігін жеткізген. Сәмеке Әбілқайырдың көпшіліктің келісімінсіз жасаған тәуекеліне наразылық танытқанымен, елдегі

жағдайды ескеріп, жыл сайын 2000 түлкі, 1000 қарсақ терісін беруге уәде бергенімен, Уфаға аманат ретінде ұлдарын жіберуге келіспеген. осы тұста Сәмеке ханның Барақ, Әбілмәмбет сұлтандармен, Жәнібек батырмен бірлесіп Қонтайшыға қарсы соғысты жоспарлағаны белгілі болды (6, С.64).

XVIII ғасырдың 30 жылдары Әбілмәмбет сұлтан Күшік ханмен де араласты. 1735 жылдары Күшік ханның жанында Барақ сұлтан жүрді. Күшік пен Барақ найман, қоңырат руларын басқарған Тұрсын ханың ұлдары болатын. Ал Тұрсын ханның өзі жоғарыда аталған Болат, Сәмекелермен немере бауыр, барлығы атақты Сығай ханнан қосылатын. Күшік хан мен Барақ сұлтандар 1735 жылы желтоқсан ай-ында А.Тевкелевке арнайы хат жолдап, өзара елші алмасуға шақырды (6, С.123). Бұл кезеңде Барақ сұлтан Торғай өзенінде, Жәнібек батыр Ақсақал көліне құятын Ырғыз өзеніне, Сәмеке хан мен Әбілмәмбет сұлтан Ертіс өзеніне жақын маңда көшіп қонған (6, С.126). осы сәтте орыс үкіметі аталған хан, сұлтан, батырлардың 1735-1736 жылдардағы башқұрттардың азаттық соғысына көзқарасын анықтауға күш сала-ды. орынбор экспедициясының басшысы И.Кириллов 1736 жылы жаз айларында қазақ даласына арнайы ноғай Көбекті жіберді. Көбек Әбілқайыр хан, Әбілмәмбет сұлтандарда болып, хан қызметшісі Бай-бекпен бірге қазан айының соңында орынборға оралып, қазақтардың Қалдан-Церенмен оң қарым-қатынас орнатқанын, өзара соғыстың жоқтығын хабарлаған және башқұрт мәселесіне қазақтардың араласпайтындығын мәлімдеген. дегенмен кейінгі оқиғалар қазақтардың башқұрттармен керісінше тығыз байланыста екендігін дәлелдейді. 1737 жылы жаңа башқұрт көтерілісі басталар кезеңде башқұрттар алдын-ала қазақтармен болашақ мәселені талқылай ба-стады. осы жылы 30 сәуірде Әбілмәмбет сұлтанға 40 башқұрт елшісі келіп, «Ресейдің оларды қырып-жойып, жастарын соғысқа алып, шоқындырып жатқанын» хабарлап, қиын-қыстау заман туа қалса қазақ иеліктеріне көшіп келу мәселесін көтерген(13). Кездесу соңында Әбілмәмбет сұлтан 2000 башқұрт түтінін қабылдауға келісімін берген. 1737 жылы 31 мамырда Сібір драгун полкінің полковнигі И.Арсеньев Сібір губерниясы кеңсесіне жолдаған хатында башқұрттардың жи-налып 12 адамды Сәмекеге жіберіп, ханның қолдауына ие болуды көздегенін жазады. Соңында Сәмеке хан башқұрттарға 40 жасауылмен бірге өз адамдарын жіберуге уәде берген. Мұндай күрделі мәселені Әбілқайыр, Сәмеке хандар үнемі бірге талқылап, соңында Әбілқайыр 1000 адамымен Башкирияға баруды қажет деп тапқан (14). Сонымен, башқұрттар өзінің оңтүстік шебін нығарлап, қазақтан қорған табу үшін қазақ сұлтандарын өздеріне шақырды. Тарихшы Г.Б.Ізбасарова:

80 81

«Неліктен башқұрттар Ресей боданы бола отырып, өздерін басқаруға қазақ ханын шақырды? Өз араларынан лайықты башқұрт старшынын таба алмады ма?» деген сұрақты қоя отырып, оған Н.в.Устюговтың «Бұрынғы моңғолдар империясына қарасты тайпалар арасында әлі де болса Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының беделі өте жоғары болды. Хан тек қана Шыңғыс әулетінен болуы тиіс деп есептелінді. Ал, қазақ хандары мен сұлтандары Шыңғыстың үлкен ұлы Жошыдан бастау ала-ды» (15), - деген тұжырымын алға тартады.

Қалай болғанда да башқұрттар бодандық бұғауын үзу үшін қазақтармен одақтасуға мүдделілік танытты. 1737 жылы жаз басталы-сымен тағы да башқұрт елшілері Кіші, орта жүздерге келіп жетті. Мау-сым айында олар Әбілмәмбет, Абылай, Барақ сұлтандарға келсе, сәл кейін Әбілқайыр ханмен жолығып, орынбор қаласындағы аманаттағы Ерәлі сұлтанды құтқаруға көмектесетінін жеткізген. Көп ұзамай Сәмеке хан мен Барақ әскерлері ор өзеніне жетіп, башқұрт көтерілісі басшыларының бірімен кездесіп, болашақ бірлескен қимылдары тура-лы келісімге қол жеткізген.

1737 жылы шілде айында Сұлтанмұрат бастаған 30 башқұрт Әбілмәмбет пен Бараққа келіп, қазақ ұлыстарына қабылдауын сұрайды. Ал тамыз айында Ноғай жолының башқұрттары Әбілмәмбетке келіп, Абылай сұлтанды өздеріне хан ретінде жіберуін өтінген (13, 760-769 п.). Көп ұзамай орыс үкіметіне Әбілқайырдың башқұрттарға хан болғысы келетіндігі, Әбілмәмбеттің оларды ашық қолдап жатқандығы белгілі болды. 1737 жылы қыркүйек айында Әбілмәмбет Сақмар бойына 1000 қазағын жіберсе, кейін 45 башқұрт түтінін өз ұлысына қабылдайды. Күзде сұлтанға 13 башқұрт түтінімен бірге ахун Салих те көшіп келіп, керей руы арасына орналасады. Патша үкіметінің башқұрттарды қайтаруды талап еткен хаттарына Әбілмәмбет пен Абы-лай олардың өзге қазақ руларында екендігін алға тартып, өздерінің Еділ қалмақтарынан қауіптеніп отырғандығын хабарлап, мәселені басқа жаққа аударды (13,770, 774, 1090 п.). Сұлтанмұрат та өзге башқұрт көтерілісшілеріндей қазақтар арасына сіңіп кетті. 1737 жылы 13 маусымда генерал Л.Я.Соймонов Әбілқайыр ханға хат жол-дап, тағы да Сұлтанмұратты қайтаруын өтінді. Патша үкіметі қанша тырысқанымен башқұрт батырын қайтару ойлары жүзеге аспайды. 1739 жылы 28 қыркүйектегі башқұрт комиссиясы «Сұлтанмұрат Барақ сұлтан иелігінде тұрақтаған екен. ол 1739 жылы қыста Үргенішке сауда-саттық жасай барғанда аттан құлап қайтыс болды» деген ха-бар алғанына қарамастан, қайткенде де өш алу мақсатында батырдың әйел-балалары мен туған-туысқандарын жазалап, шаңырақтарын талқандаған (16).

Башқұрт – қазақ қарым-қатынасындағы Ресейге қарсы өзара бірлесіп күресудің биік шыңы башқұрттардың Әбілқайыр ханды хан ретінде мойындауы болды. 1738 жылы сәуірде Әбілқайыр жаны-на башқұрт басшыларын ертіп орынборға келген. одан қауіптенген орынбор комендан-ты Г.Л.останков Әбілқайырдың башқұрттарға бұйрық беріп, билік жүргізіп жатқандығын в.Н.Татищевке хабарлай-ды. Г.Л.останковтың башқұрт істеріне араласпау туралы ескертпесіне Әбілқайыр хан «Қала (орынбор - Ә.М.) менікі, ол менің рұқсатыммен тұрғызылған. Мені тыңдамайтындардың басын аламын», - деп жар са-лады (13, 998 п.). Кейін Әбілқайыр өз ұлы Қожахметті башқұрттарға бөлек хан сайлап, оны осында алдырту үшін Ноғай жолы башқұрты Көсеп Сұлтанғалиевті елші ретінде қазақ даласына жіберген. Башқұрт елшілері орынборға жеткенде Г.Л.останков Көсепті қолға түсіріп, қамауға алды. 1738 жылы 9 мамырда в.Н.Татищев патшаға Әбілқайыр ханның «Ресейге берген уәдесін» бұзғанын, бірақ жағдайды шиеленістірмес үшін «оны елемей» Башкириядан шығаруға күш салатындығын хабарлады (17). Әбілқайырдың түпкі саясатын түсінген орыс саясаткерлері в.Н.Татищевке орынбор қаласының жағдайын ескеріп, оны қорғап қалуды жүктеп, барлық жауапкершілікті мойнына артып, қайткенде де қазақтармен тез арада кездесу ұйымдастыруды тапсырады. орынбор комиссиясы басшысы в.Н.Татищев қазақтармен байланысқа тағы да башқұрт тарханы Таймас Шаимовты пайдаланды. Тарханның септігімен Кіші, орта жүз қазақтарының қатысуымен қазақ-орыс келіссөзі 1738 жылы тамыз айының басында орынбор қаласының маңындағы орск қаласында өтті. Кездесу барысында толтырылған хаттамаға сенсек, Әбілқайыр хан жанында аманаттағы Ерәлі сұлтан, 56 би, старшындар болған. Қазақ-орыс келіссөзіне Әбілмәмбет, Абы-лай сұлтандар қатыспаса да, Әбілқайыр хан олардың «қазір алыс жай-лауда екендігін» айтып жеткізген(18). Ханның хабарының дұрыстығын 1738 жылы 31 шілдеде арнайы Әбілмәмбет пен Абылайға жіберілген прапорщик Норов анықтайды. Норов комиссия басшысының «түрлі сыйлықтарын» жеткізіп, екі сұлтанның Ертіс өзені бойларында көшіп-қонып жүргендігін в.Н.Татищевке 8 қыркүйекте хабарлаған (19). 1738 жылы орта жүзді 1724 жылдан бері басқарған Сәмеке Тәукеұлы қайтыс болды. ол турасында 1738 жылдың 29 тамызы мен 1739 жылдың 5 маусымы аралығында орынбордан Ташкентке барып қайтқан по-ручик Карл Миллердің күнделігінен табамыз. Поручик күнделігінде 26 қазанда көпестермен бірге Әбілмәмбет сұлтанмен кездескенін, сұлтанның қайтыс болған немере ағасы Сәмеке ханның орнына сай-лану үшін Түркістанға шақыртумен келгендігін, кездесу барысында Әбілмәмбеттің Ташкентке шыққан орыс керуендерін қорғауға уәде

82 83

бергендігін анық жазған. Ал К.Миллердің жанында болған подпору-чик А.Кушелев «Әбілмәмбетпен Түркістанда кездестім. ол өз ағасы Сәмекенің қайтыс болуына байланысты келген екен. Бірақ неге екенін білмеймін ол хандықты мұрагерлік жолмен қабылдамады» (20) деп қорытады. Сонымен, Сәмеке хан анық 1738 жылдың жаз айларында қайтыс болған. Біздіңше, жаңа хан сайлану уақыты біраз кешіктірілген сияқты. Өйткені жоғарыдағы екі орыс елшісі дәл осы кезеңде Түркістан бағытында болды. Хан сайлау рәсімі өтіп, Әбілмәмбет хан сайланса, олар оны міндетті түрде жазып алған болар еді. Араға уақыт сала хан сайлау мәселесі күн тәртібіне шыққан тұста барлық беделді тұлғалар-Барақ, Абылай сұлтандар, Жәнібек, Бөгенбай батырлар, Түркістандағы Нияз батыр назары Әбілмәмбетке түсті. Содан олар арғын, алтай, уақ, керей руы қазақтарымен бірге Түркістанда Әбілмәмбетті ақ киізге көтеріп хан сайлаған. орыс деректерінде Әбілмәмбеттің аты алғаш рет хан ретінде 1739 жылдың 22 қазанындағы құжатта аталады. орын-бор комиссиясының бастығы, генерал в.Урусовтың Ресейдің Сыртқы істер алқасына жолдаған хатында: «Биылғы жазда Әбілмәмбет хан мен Абылай, Барақ сұлтандар иелігіндегі жерлерге он бір мың қара қалмақ келіпті» (6, С.130-131) деген жолдар жазылған. Бұл деректі 1740 жылғы 19 тамыз бен 1 қыркүйек арасында орск қаласында өткен Кіші және орта жүз қазақтарының в.А.Урусовпен кездесуіне келген Жәнібек батыр толықтыра түскен. Жәнібек батыр генералдың «Әбілмәмбет қалай хан болған, сайлаумен болған ба?» деген сұрағына «Әбілмәмбет – Болат ханның ұлы. Былтыр Түркістан қаласында хан сайланған» деп жауап қайтарған. 1740 жылғы қазақ-орыс келіссөзіне Әбілмәмбет хан, Нұралы, Ерәлі, Абылай сұлтандар, Бөкенбай, Есет, Бөгенбай, Жәнібек т.б. белді тұлғалар қатысқан. Кездесуге 24 тамызда Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан бірге келсе, сәл кешігіп, Түркістаннан Нияз батыр да келген. в.А. Урусов Нияз батырмен әңгімелесу үстінде батырдың Сәмеке тұсында Түркістанды басқарғандығын, кейін Әбілмәмбетті хан көтергендігін анықтаған. Сонымен бірге Нияз батыр «Біздің хан-дар қашан да мұрагерлік жолмен де, туыстық жолмен де сайланады. Ал туыс болып келетін сұлтан хандыққа жарамайтын болса, туыс емес, бірақ лайықты деп саналған басқа сұлтан да сайлана береді» деп бірнеше ханды мысалға келтіріп, санамалап өтіп, Әбілмәмбет хан жөнінде айтып берген. орынбор басшысы кездесу барысын-да Әбілмәмбет пен Абылайға қарайтын орта жүздің ел ағалары мен қазақтары Әбілқайыр басқарған Кіші жүздің қазақтарына қарағанда жуас және тәртіпті екендігін алға тартқан. Әбілмәмбет хан келіссөз үстінде Ресейде жатқан қазақ тұтқындарын босату, сауда керуендерін жандандыру т.б. маңызды мәселелерді талқылап, ел мүддесін көтерді.

Өткен қазақ-орыс келіссөздерін қорытып, в.А.Урусов Ресей Сыртқы істер алқасына 8 қыркүйекте есеп жіберген. Есебінде «Әбілмәмбет бұл күнде халықтың сайлауымен орта жүздің шын мәніндегі ханы бо-лып отыр. ол екеуі де (Абылайды қосып отыр - Ә.М.) мен орынборда болғанда патша ағзамға ант беріп, Ресейдің қол астына қабылданды. Хан мен сұлтанға грамотоларды тапсырғанда «ел ағалары» деген жа-зуды «сұлтан» деп түзеттім. Және Әбілмәмбет ханға түсіндірдім: мен Санкт-Петербургтен шыққанда Сіздің хан екеніңізді білген жоқ едім, деп ... » (21) патша үкіметінің саясатының қыр-сырын аша түседі.

Сонымен Әбілмәмбет хан ата жолымен 1739 жылы көктем-жаз айларында хан сайланып, ел шаруаларымен шұғылдана бастайды. оған дәлел ханның 1740 жылғы қазақ-орыс келіссөзіне хан ретінде қатысуы, орынборға өз талаптарын ел атынан жеткізуі куә бола ала-ды. Бұл кезеңде Әбілқайыр хан елдің оңтүстіктегі қазақ-парсы қарым-қатынасын реттеу бағытында жұмыс жасап, қазақ-орыс келіссөзіне қатысуды жөн көрмей, өзге ел игілеріне жол берген. оның атынан ұлдары Нұралы, Ерәлі сұлтандар Ресейдегі келіссөзге қатысты. Кез-десуден соң 1740 жылдың күзінде Ерәлі сұлтан орта жүздегі Керей руы қазақтарының ханы болып сайланды. Кейін анықталғандай оған Жәнібек батыр, Абылай сұлтандар қолдау көрсеткен. Қалыптасқан ішкі бірлікті қазақтардың түркімендер, қалмақтар, жоңғарлар бағытындағы саясаты да анық көрсетті. оған Әбілқайыр мен Әбілмәмбет хандар да, Нұралы, Ерәлі, Абылай, Барақ сұлтандар да, Бөкенбай, Есет, Жәнібек, Бөгенбай батырлар да мүдделілік танытты. Мұрағаттық құжаттар бой-ынша бірде түркімендерге қарсы Барақ сұлтан мен Есет, Бөкенбай батырлар аттанса, келесі жолы барлығы қазақ-қалмақтың атақты «еңбектеген баланың еңкейген кәрі болуына дейін соғыс ашпау тура-лы» бітім шартына (1742 жылы) ат салысты.

Әбілмәмбет хан үшін XVIІІ ғасырдың 40 жылдарындағы басты мәселе шығыстағы азулы көршісі Жоңғариямен сенімді қарым-қатынас орнату, атамекені мен қазағын сақтау болатын. Өйткені жоңғарлардың 1739 жылы көктемдегі 24 мың, 1739-1740 жылдың қысындағы 30-35 мың, 1741 жылы қыста тағы да 30-35 мың әскермен жасаған жойқын шабуылының негізгі салмағы орта, Ұлы жүздерге тиді, Ертіс – Есіл өзендері аралығындағы Әбілмәмбет хан, Барақ сұлтан қарамағындағы қазақ рулары зор шығынға ұшырады. Қазан губерниясы шенеуніктері 1740 жылы-ақ орта жүз қазақтарының мал-жандықтарын қалдырып, Жайық өзені мен Сырдарияға дейін шегінгенін патша үкіметіне хабар-лайды (22).

1741 жылғы ақпан, наурыз аралығындағы жоңғар шабуылы

84 85

кезінде Абылай сұлтан қолға түсті. Қалыптасқан жағдайда ел игілері Жоңғарияның шабуылын тоқтатып, Абылайды құтқарудың жолдарын іздестіре бастады.

Абылаймен бірге мыңдаған қазақтар мен ел ішіндегі торғауыттар Жоңғарияға әкетілді. 1741 жылы 1 маусымдағы Ямышевск қорғанының подколковнигі Зориннің Тобольскі комендантына жазған хатында Септен нойон бұл кезеңде Жоңғарияға оралып, 3000-ға жуық адам-ды тұтқындап кеткендігін өзіне келген жоңғар Урчудзжун Гаязаттан естігенін хабарлаған. Құжатта аты-жөні белгісіз қазақтың қалмақтарды жол бастап шығып, қырғынға ұшыратқаны да жазылған. осын-дай құжаттарды пайдаланған тарихшы К. Абуев қазақтар жеңілісіне Әбілқайыр ханды кінәлап, ол «жеке пайдасы мен билігінің мәселелерін көбірек ойлап, елді біріктіруге күш салмады, ал Әбілмәмбет хан қалыптасқан жағдайға еш әсер ете алмады, өзі Ресей шебіне жақын Кіші жүз иелігіндегі жерлерге көшіп алды» (23) деген қорытындыға келеді. Біздіңше, бұған еш негіз жоқ. Өйткені мұрағаттық құжаттар Әбілқайырдың елдің оңтүстігіне Нәдір шахтан төнген қауіпті реттеу үстінде болғандығын дәлелдейді. Нәдір 1741 жылғы жоңғар шабуылы қарсаңында оңтүстік Азияның біраз бөлігін, соның ішінде қазақтармен көршілес Бұхара мен Хиуаны, түркімендерді бағындырған еді. Мұндай жағдайда Әбілқайырдың қауіпті парсы бағытынан кетуі мүмкін емес. Ал жоңғар бағытындағы негізгі күш Әбілмәмбет хан төңірегіне топта-сты. Бұл соғыста тағы да жоңғар қаруының күші мен әскери тактикалық шеберлігі шешуші роль атқарды.

Қазақтар жеңіліске ұшырағанымен жоңғарлардың елді тұтастай бағындыруына жол берілмеді. Мұның арты өзара келіссөздерге ұласты. Алдымен Әбілмәмбет хан иелігінен 1741 жылы жаз айларында уақ руынан Ақшора бастаған елшілік Қалдан Церенге аттанды. Авторы белгісіз «Абылай хан» дастанында:

Әкетіп Абылайды байлап мықты,Алдына Қалдан ханның алып жетті. Әкетті Абылайды деген хабар,Ілезде бүкіл елге тарап кетті.Естіген Әбілмәмбет сұм хабарды,Үһілеп хан ордада қайғыланды.Өлтірмей не алса да қайтарсын деп, Қалданға әтей арнап елші салды - делініп, Әбілмәмбет хан атынан «біткенше еркек кіндік

соғысамыз» (24) деген жолдар қосылады. 1742 жылы қаңтардың басында Амударияға жақын жерлер-

де қыстаған Әбілқайыр ханға жоңғар елшілері Қашқа және Баранг нойондар арнайы келіп, Қалдан Цереннің қазақтардан аманат талап еткендігін хабарлайды. 10 қаңтарда жоңғар елшілерімен кездескен по-ручик д.Гладышев олардың Әбілқайырдың 1740 жылы Жоңғарияға жіберген Құтылымбет батыр бастаған елшілігінің жалғасы екендігін, Қалданға Әбілмәмбет хан, Барақ сұлтан, Жәнібек батырдан елшілер келгендігін анықтаған. Бұған қоса Әбілмәмбет, Барақтың Әбілқайыр ханмен ақылдасуға өз адамдарын жібергені де белгілі болды (6, С. 195-196).

Келіссөз барысында Қалдан Цереннің Әбілқайырдан ұлы Айшуақ сұлтанды жанұясымен, төртқара Қаратоқа би баласы Мырзагелдіні, шөмекей Жайылған бидің бауыры Айтбай батырды, шекті Мөңке би баласы Ерназарды, Баймұрат би баласы Өтейді, таз Байысқұл би ба-ласы Түлкібайды, алаша Байсау немересі Қойсары мырзаны, алтай Тойғыл би баласы Қабландыны, қарасақал Тілеуберді баласы Ерна-зарды, қаракесек Қоңыр батыр баласы Көшімді сұрағаны, әрбір 100 түтіннен бір қарсақтан төлеу, көшіп-қонуды реттеу мәселелерін талап еткендігі жеткізіледі. Мұндай хабар 1742 жылы 15 мамырда қазақ арасында болған ағылшын көпесі Гоктың орынбор кеңсесіне жазған мәлімдемесінен де көрінеді. Гок Батыр сұлтанға 14 сәуірде Қалдан Це-реннен келген елшінің Әбілқайыр ханға әкелген грамотасымен, онда қойылған 5 талабымен танысқан. Қойылған талаптар төмендегідей болатын:

1. Әбілмәмбет хан, Батыр сұлтан т.б. ел билеушілер, бас старшын-дар Түркістанға көшіп келсін;

2. Әбілқайыр хан т.б. балаларын аманатқа жіберсін;3. орта, Кіші жүздің әрбір түтінінен бір-бірден қарсақ жинап, оны

Жоңғарияға жөнелтсін; 4.Батыр сұлтан неліктен Қарасақалмен бірге Жоңғария иелігіне

соққы берді, соны түсіндірсін; 5.Ресей - Хиуа - Ташкент сауда жолдары қорғалсын. Қонтайшының елшілері егер бұл талаптар орындалмаса жойқын

шабуылдардың жалғасатындығын ескертуді ұмытпаған (25).Аманат мәселесі Әбілмәмбет хан елшісі Ақшораның жоңғар

билеушілерімен болған келіссөздерінде де қойылды. Қонтайшы Әбілмәмбет ханға «қазақ арасында Қонтайшының ұлы Шуна батыр-мын деп өзін-өзі жалған атап жүрген Қарасақалды» кейін қайтарудың маңыздылығын ескерткен. Елші қазақтар «бас қосып кеңесеміз, ақылдасамыз, жауабын береміз. Ел бытыраңқы, бір шеті орынборға таяу, жинала қоюы қиын, ақылдаспай жауап бере алмаймыз» деп жауап қайтарған.

86 87

Ақшора батыр бастаған қазақ елшілері жанына 3 жоңғар елшісін ертіп, Әбілмәмбет ханға 1742 жылы көктемде оралып, Қалдан Це-рен талаптарын жеткізеді. Содан көп ұзамай орта, Кіші жүздегі 1500 жуық, ел игілері жиналып, арнайы кеңес өткізеді. Біздіңше, осы кеңеске қатысушылар жауды тоқтатып, тұтқынға түскен қазақтарды қайтарып, атамекенді сақтаудың барлық жолдарын талқылаған. Кеңесте Әбілқайырдың Ресей саясаткерлерін пайдалану, Әбілмәмбеттің ама-натты жіберу туралы ойлары ішкі айтысты тудырса да қалың көпшілік хандардың тәуекеліне сенім білдірді. Ресей орта жүздің аманатты жіберу туралы шешіміне еш ықпал ете алмаса да, бірден оған қарсы әрекеттерге кіріседі. Алдымен, Әбілмәмбет ханға аудармашы Р.Уразин 1742 жылы 7 маусымда арнайы нұсқаумен аттандырылды. Нұсқауда Әбілмәмбет хан мен ел игілерін орскіге кездесуге шақырып, аманат төңірегіндегі ойларын анықтап, оны тоқтатуға күш салу қажеттігі анық жазылған. Қалыптасқан жағдайда 1742 жылы 23 маусымда орыс пат-шасы Елизавета да Әбілмәмбет ханға хат жолдап, 1741 жылы Ресейге жіберілген хан елшілері Әйтім Баймұрат батырды, Қарабас батыр-ды, Болат батырды, Қараман батырды кері қайтарғанын алға тартып, орынбордың жаңа басшысы И.И.Неплюевпен тығыз қарым-қатынас орнатуға шақырады (6, С. 186, 216-218).

Ресей саясаткерлерінің түрлі айла-шарғыларына қарамастан, Әбілмәм-бет хан өткен кеңес шешіміне сәйкес тамыз айында өзінің екінші ұлы Әбілпейіз сұлтанды Нияз батырмен бірге Жоңғарияға аманатқа жібереді. Кейін Р.Уразин Әбілмәмбеттің Ресейдің ешқандай үйіп-төккен уәдесін қабылдамай, «өзінің ұлын жоңғарға аманатқа емес, інісі Абылайды көріп, оны босатып әкелуге, қазақтар мен жоңғарлар арасында тыныштық орнатуға, қоныс-жайылым мәселелерін шешуге жібердім», «Галден-Церен бұрынғы жерлерімізді – Түркістан қаласын, оған тағы 32 қала қосып бермек»,-деп ойын ашық айтқанын мойын-дайды (6, С. 124-125).

Әбілмәмбет хан орынборға жаңа тағайындалған басшы И.И.Неплюев бастаған Ресей саясаткерлерімен өткен 1742 жылғы 23-30 тамыздағы қазақ-орыс келіссөзіне қатыспады. Жалпы қазақ атынан Әбілқайыр ханның жанында Кіші жүзден 83, орта жүзден 68, Ұлы жүзден 4 ел игісі болған. Кездесу барысында Әбілмәмбет иелігінде Жоңғариядан елші жүргендігі белгілі болды. Біздіңше, нақ осы кезеңде Әбілмәмбет хан қазақ аманатын Жоңғарияға жіберген сияқты. Хан өзі орскіге келмесе де немере інісі Абылайдың бауыры Сұлтанбекті, арғын Жәнібек тарханды, көптеген арғын, керей, уақ руларының белді тұлғаларын жіберген. Кездесуге Әбілқайыр ханмен бірге кел-ген Қалдан Церен елшілері Қашқа мен Баранг «келіссөз бастау керек.

Өйткені, жоңғардың ханы «атынан ері сынғанша» қазақты шаба береді» деп Жоңғарияның түпкі мақсатын жасырмаған. Кездесу барысында Әбілқайыр хан, Жәнібек тархан, Сұлтанбек сұлтан Абылайды босату мәселесін көтерген. Көп ұзамай Ресей Жоңғарияға майор К.Миллердің жанына Ерәлі сұлтанды қосып аттандырады (6, С. 229-252). деген-мен Ресей өзінің дегеніне көнбеген Әбілмәмбетті арандатуға да күш салды. И.И.Неплюев 1742 жылы 18 қарашада Сыртқы істер алқасына жазып мойындағандай, оның Әбілмәмбеттің өзін орскіге келсе ұстап қалуды жоспарлағаны, ханның ұлдарын қолға түсіруді көздегені, тіпті Әбілқайыр мен Жәнібек тарханды Әбілмәмбетті «тыныштандыруға» пайдалануға ұмтылғаны белгілі болды. И.И.Неплюев «Аманатқа бала-сын алу дегеніміз сол арқылы тек хандарды ғана емес, сұлтандарын да, бүкіл халқын да тізгіндеп, ұстап отырудың ең дұрыс жолы болып табылады. Әбілқайыр ханның ұлын аманатқа ұстап отырғанымызда, осыған көзіміз әбден жетті. Сонда Әбілқайырды ауыздықтағандай Әбілмәмбет ханды да, қылп еткізбей, айтқанымызды істетіп отырар едік, мынадай қиын жағдайға қалмас едік» (12,122-129б.) деп ағынан жарылады. Міне нақ осы мұрағаттық деректер орыс, кеңестік тарих-намада қалыптасқан «Әбілқайыр хан орынбор Әбілмәмбетті ұстап алуды жоспарлауда» деген әңгіме таратып, орта жүз ханын қазақ-орыс келіссөзіне қатыстырмады, мақсаты Әбілмәмбетті өзіне бағындыру болды деген пікірлердің еш негізсіз екендігін толық талқандайды.

Жоңғар нойоны Сары-Манджа 1743 жылы 1 ақпанда И.И.Неплюевке «Тәуке хан немересі Әбілмәмбет хан ұлын аманатқа берді, оны Барақ сұлтанның ұлы ауыстырмақ»(25, С. 83-84)- деп қазақ-жоңғар келіссөздерінің әлдеқашан басталып кеткендігін хабарлайды.

Міне осы Сары Манджа К.Миллер бастаған орыс елшілерін жоңғар шебінен өткізбей, келіссөзді Қалдан Церен атынан өзі жүргізіп кейін қайтарды. К.Миллер елшілігі орскіге 1743 жылы 14 маусымда оралды. орыс және кеңестік тарихнамада К.Миллер елшілігін асы-ра бағалап, оның қорытындысында «Абылай тұтқыннан босатыл-ды» делінген пікір қалыптасқан. оны бүгінгі қазақстандық тарихшы И.Ерофеева да қолдап, орыс мұрағатынан алынған деректерді алға тартады(10,С.342). Ресей елшілігінің сапарын асыра бағалаушылар қонтайшының негізінен аманатты талап еткендігін, оны қазақтардың орындап, екі жақты келісімнің жүзеге асқандығын елемеуге тырысады. Егер Әбілқайыр, Әбілмәмбет хандар, қазақтың сұлтан, би, батырлары бірігіп мәселені шешудің жан-жақты жолдарын қарастырмаса, Абылай елге қайтар ма еді?

Сонымен Әбілмәмбет хан атынан барған атығай Жәпек батыр бастаған елшілер Абылай сұлтанды босатып, 1743 жылы маусым

88 89

айы соңында елге оралған. Мұны естіген И.И.Неплюев «ел ішіндегі сөздерге қарағанда Әбілмәмбет жоңғар билеушісіне өзінің ұлын беріп, тым жақындасып кеткенге ұқсайды. Жоңғарлардың уәдесінен басы ай-налып қалғаны соншалық, айырыла алмайтындай»(12,132-133 б.)- деп патша үкіметін хабардандыруға мәжбүр болады.

«Абылай хан» дастанында:Абылай аман-есен елге қайтты,Құр қайтпай ханның қызын ала қайтты.Алдынан Әбілмәмбет өзі шықтыБасынан кешкен істі түгел айтты.Сол кезде Әбілмәмбет ханның басы,Қуанды жасарғандай хан ордасы.Үш жүзге тұтас түгел хабар жолдап, Айтылды ұлан-асыр той жобасы– делінеді. Әбілмәмбет хан саясатын жүзеге асыруда Малайсары

батыр да айтарлықтай көмек көрсеткен. ол Жоңғарияға жіберілген Әбілпейіз сұлтанның, Нияз батырдың ұлының жанында болып, Абы-лай мен оның жанындағы қазақтарды елге қайтарып, қазақ-жоңғар келіссөзінің сәтті аяқталуына барын салды.

Елге оралған Абылай сұлтан Әбілмәмбет ханның қолдауымен арғындар ұлысын басқаруға кіріседі. 1743 жылы 20 желтоқсанда Сібір губерниялық кеңсесіне Абылайдан «өзіне және ағалары Әбілқайыр мен Әбілмәмбет хандарға орынборда сауда жасауға рұқсат берілсе екен, арнайы өз жолымызбен барып көп сауда жасауға болар еді»(6, С.312-313) деген мәтінде хат келіп жетеді. Хаттан Абылайдың Әбілқайыр мен Әбілмәмбетке ерекше құрметпен қарап, ағалар жолын сыйлағанын байқау қиын емес.

Сонымен көптің қолдауымен Әбілмәмбет хан Абылайды қайтарып, қазақ-жоңғар қарым-қатынасы тарихының жаңа бетін қалыптастырды. Абылай көптеген жоңғар билеушілерімен сенімді байланыс орнатса, алыс-берісте жүрген елшілер елді таныды. дегенмен Әбілмәмбет хан жоңғар билеушісі сұраған Қарасақалды оларға беруді түрлі сылтау-лармен соза берді. Қарасақалдың өзі Башкириядағы 1740 жылғы Ре-сейге қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы болатын. Күрес жеңіліс тапқан соң 1740 жылы мамыр айында ол орта жүзге өтіп, қазақтардан пана тапты. Содан бастап ел ішінде Қарасақал Қалдан Цереннің туған інісі Шуна екен деген әңгіме тарала бастады. Әбілмәмбет пен Абылай Ресейдің Қарасақалды қайтару талабына «ол Ұлы жүзге Барақ сұлтанға бағынады», «ұстап беруге жұмыстанамыз» деген сылтаулармен жауап қайтарса, енді бірде Әбілмәмбет хан, Барақ сұлтан, Нияз және Жәнібек батыр қазақ даласында жүрген башқұрт

К.Мергеновке «Қарасақалды ұстау мүмкін емес» деп бір ауыздан ойла-рын бүкпесіз мәлімдеген (14, С.480). осындай жағдайда Шуна есімін пайдаланғаны үшін Қарасақал соңына Қалдан Церен түсті. Өйткені бір кезеңде ішкі билікке таластан кейін Шуна Жоңғариядан қашып, Еділ бойына кеткен-ді. Біздіңше, қазақ билеушілері Шуна атауын иеленген Қарасақалды Қалдан Церенге қарсы пайдаланып, Жоңғария билігінің ішкі мәселесіне араласуды көздеген болуы керек. Жоңғариядағы кейінгі оқиғалар мұның жүзеге асқандығын дәлелдейді. осы Шунаны ұстауда Қалдан Церен Барақ сұлтанға да үміт артты. Өйткені аманаттағы Әбілпейізді болашақта Барақтың баласы ауыстыруы тиіс болатын.

1744 жылы көктемде кеңес шешіміне сәйкес Жоңғариядағы аманаттағы Әбілпейіз Әбілмәмбетұлының орнына Барақ ұлы Шығай сұлтан аттанды-рылады (26). Барақ сұлтан ұлын жібере отыра, оны тездетіп кейін қайтарудың жолы «Қарасақалды ұстап, Қалдан Церен-ге жіберу» деген тоқтамға келген. Барақ сұлтанның «Қарындасымды саған қалыңдыққа берем» деген шақыруының астында ұстап алу жо-спары жатқанын сезген Қарасақал қаракесек-арғын рулары иеліктеріне, Қазбек би мен Қабанбай батыр қарамағына кетіп үлгерген (27). деген-мен, Абылайтанушы К.Абуевтің пікірінше, Барақтың Қонтайшының сеніміне кіргендіктен, Шығай сұлтан көп кешікпей әкесіне қайтарылған екен (23, С.97).

1744 жылы Әбілмәмбет хан біржолата Түркістанға көшті. оның әр қадамын бақылап отырған орынбор кеңсесі «1745 жылы жаз-да Әбілмәмбет хан Түркістаннан орынборға қарай жақындап келіп, И.И.Неплюевпен байланысқа шықты. Өзінің көшу себебін «құдайға құлшылық ету» деп түсіндіргенімен, күзде орнына ұлы Болат сұлтанды қалдырып, кері көшіп кетті» деген қорытындыға келді (19, С. 81).

Әбілмәмбет Түркістаннан солтүстікке қарай келіп, Ресеймен байланысқа қайта шығу себебін И.И.Неплюев 1745 жылы 29 шілдеде Сыртқы істер алқасына «ол Түркістанға жоңғарлардың алдарқатып, ол жерлердегі бірнеше қалаларды береміз деген уәдесіне сеніп, аз уақыт тұрып көріп, кері қайтты. ол жерлер бұрын Әбілмәмбет атала-рына бағынған болатын. Хан Түркістанға келген соң Қонтайшы оны өзіне шақырды. Содан хан алданғанын сезіп, Жоңғарияға баруым үшін елге барып, кеңестің рұқсатын алуым қажет деп орта жүзге қайтқан», - деп түсіндіреді. И.И.Неплюевтің еш дәлелсіз жазған хабарын Әбілмәмбеттің көп ұзамай Түркістанға оралуы жоққа шығарады. Кейін орынбор басшылығы «Әбілмәмбет хан Қалдан Церенмен кездесуге кетті» деген де хабар алып, оның артынан Сақмар казагы М.Асановты жібергенімен орыс елшісі ханмен кездесе алмаған. осы жолы М.Асанов

90 91

ханның саясатынан Ресейге қарсы ешқандай қарсылық таппағанымен, Әбілмәмбеттің өзіндік саясат жүргізіп, «бодандық туралы» ауызға алмағандығын орынборға ашық хабарлады (6, С.317, 325).

Әбілмәмбеттің ендігі жағдайда жоңғар Қонтайшысымен өзі тікелей байланысқа шығуы, Түркістанға орнығып, Ташкентті қайтаруға жұмыстануы, Абылай сұлтанның орта жүзге хан сайлануы қазақ билеушілерінің ішкі бірлігін дәлелдейді. орыс үкіметі Әбілқайыр мен Әбілмәмбетті бір-біріне қарсы қойып, оларға жіберген елшілері арқылы түрлі арандатулар жасағанымен қазақ үшін ел тұтастығы қымбат екендігі анық байқалды. Әбілқайыр ханның жоңғармен келіссөзді үнемі назарда ұстауы, елшілерінің Иранға, аманатының Ре-сейге, Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтанның аманатының Жоңғарияға жіберілуінің өзі қиын-қыстау кезеңде елдің бірлігін, территориялық тұтастығын сақтап қалудағы шешуші қадамдар болатын.

1745 жылы қыркүйек айында Қалдан-Церен қайтыс бол-ды. Жоңғарияда басталған ішкі талас нойондардың сыртқы сая-сатын әлсіретті. Соған қарамастан Әбілмәмбет, Абылай, Барақ екі ортадағы байланысты дамытуға күш салады. Мұны көре тұра И.И. Неплюев қайткенде де ішкі бірлікті бұзуға жұмыстанды. Бұл кезеңде Әбілқайырұлы Ерәлі сұлтан Абылаймен іргелес қоныстанып, Әбілмәмбет ханмен Түркістан маңында көшіп қонады (6, С. 370).

Түркістанда Әбілмәмбетпен қатар Сәмеке ханның үлкен бала-сы Сейіт те хандық құрады. ол оңтүстіктегі қоңырат руын басқарып, Қалдан Цереннің сеніміне ие болып, хан ретінде мойындалған-ды. Жоңғарияның батыс шекарасындағы әскери қолбасшы Сары Манджа да қазақ билеушілерінің бәрімен жеке таныс болды деуімізге болады. оның мойындауынша Қалданға бас имеген Әбілқайыр хан ғана қалған. Кейін нойон «Әбілқайыр хан бізге қарсы көптеген әрекеттер жаса-ды. 14 жыл бұрын оның ұлысын талқандап, әйелі, балаларын қолға түсіргенбіз. Сол кезде оның бізге мойынсұнып, енді жоңғарларға ша-буыл жасамаймын, баламды аманатқа берем дегеніне сеніп жанұясын қайтарғанбыз, бірақ ол уәдесіне тұрмады» деп мойындауға мәжбүр болған (20, С. 118-119).

Сары Манджа нойон 1745 жылы көктемде Ташкенттегі Төле биге кездесуге келіп, қаза тапқан. Қазақ-жоңғар қарым-қатынасын зерттеуші в.А.Моисеев «Жоңғар феодалдары мен қазақ билеушілері, Сары Манджа уланып өлген деген сенімде болды» деген қорытынды жасайды (28). 1744-1745 жылдары Әбілмәмбет хан Абылай сұлтанның көмегімен Түркістандағы немере інісі Сейіт ханның түрлі арандату-ларын тоқтатты. Ал Сейіт қайтыс болған соң Әбілмәмбет қарамағына Түркістаннан басқа Сауран, отырар, Созақ т.б. қалалар өтеді.

Сөйтіп Әбілмәмбет хан ата-бабаның мекені Түркістанға орнығып, қазақ елінің оңтүстік-шығысындағы саяси-экономикалақ мәселелерді шешуді қолға алады. дегенмен оның осы кезеңнен 1747 жылғы маусым айына дейінгі аралықтағы қоғамдық-саяси қызметі туралы деректер кездеспегенін атап өтуге тиіспіз. Керісінше, бұл кезеңде Әбілқайыр, Абылай хандар, Нұралы, Барақ сұлтандар орыс кеңсесіндегі құжаттарда толық көрініс табады. Ресеймен қарым-қатынасы әбден шиеленіскен Әбілқайыр ханға сол тұста орыс саясаткерлері Барақ сұлтанды ай-дап салады. 1747 жылы көктемде Барақтың Санкт-Петербургте пат-ша сарайына барып қайтқан немере інісі Ескендір сұлтанды ертіп келген М.Арапов орыс жоспары бойынша Әбілқайыр ханның Ре-сейге қарсы саясатын толығымен түсіндіреді. Тіпті осындай кезде-суде болған кейбір қазақтар «Барақ сұлтан тікелей Әбілқайыр ханға барып, Ресейге қарсы теріс қылықтарын тоқтату керектігін айтсын» деген ұсыныс білдірген. Содан Барақ сұлтан сенімді адамдарын И.И. Неплюевке аттандырған (6, С.357-361). Барақ сұлтанның осынша белсенділігіне Әбілмәмбет ханның көзқарасын анықтау мүмкін бол-мады. дегенмен Әбілмәмбеттің 1747 жылғы 4 маусымдағы И.И. Не-плюевке жазған хатынан өзінің Барақпен сенімді қарым-қатынаста екендігін хабарлағаны белгілі. Сонымен бірге хаттан Әбілмәмбеттің негізгі саяси бағыты Жоңғария мемлекеті болғандығын аңғарамыз (6, С.357). Кейін Әбілмәмбет 1748 жылы шілде айында атығай Байназар Бекболатов пен сарыжетім шақшақ Шамаметті орынборға жіберіп, А.И.Тевкелевке жолықтырған. А.И.Тевкелев Байназарды әңгімеге тартып, Әбілмәмбеттің Ресейден алыстап көшу себебін сұраған. Бай-назар оның себебін саудамен байланыстырып, солтүстік-шығыста сауда-саттық дамымаған деп түсіндіреді. Әңгіме барысынан белгілі болғандай Әбілмәмбеттің жоңғарлармен байланысы өзара сенімде дамыған екен. Кейін жоңғар елшілерінің Барақ сұлтанның баласын қайтадан аманатқа жіберуін талап еткендігі белгілі болады (29).

Көп ұзамай И.Неплюевтің арандату саясаты толық жүзеге асады. Губернатордың Азия бағытындағы жоспарына басты кедергі жасаған Әбілқайыр Барақ сұлтанның қолымен өлтіріледі. Тамыз айында аса шеберлікпен ұйымдастырылған қанды оқиғадан кейін Барақ қаракесек-арғын рулары арасынан Түркістанға қарай Әбілмәмбет иелігіне қарай үдере көшеді. П.И.Рычков Барақ сұлтан Ташкенттен И.И, Неплюевке хат жолдап, өзінің «келер көктемде Әбілқайыр ұлдарына келіп, құн төлейтіндігін хабарлады» деп жазады (19, С.91).

Әбілқайыр хан өлімі, сөз жоқ, барша қазақ қоғамына әсер етті. Мұрағаттық деректер арқылы XVIІІ ғасырдың І жартысындағы аса беделді Төле, Қазыбек билердің, Бөгенбай, Есет, Жәнібек, Қабанбай

92 93

батырлардың, Абылай сұлтандардың Барақтың қылмысын қолдамай, оны жоңғар иелігіне жібермей, ішкі бірлікті бұзбай билер сотына жүгінуі дәлелденгенімен, Әбілмәмбеттің ұстанған саясатын тағы да анықтау мүмкін болмады. 1748 жылы 20 қарашада казак атама-ны Смайыл молла Әбдіразақовтың «Барақ жанында Әбілқайырды өлтіруге көмектескендер ғана қалған» деген түйіні толық шындыққа сай келеді. Қазақтар арасындағы жағдайды анықтаған И.И. Неплюев Сыртқы істер алқасына «Барақ ... қылығының салдарынан орта жүз арасындағы тепе-теңдік бұзылып, Әбілмәмбет мүлде әлсіреп қалды» деген қорытындысын хабарлады (6, С. 392-403). дегенмен мұрағаттық құжаттардан Әбілқайыр ұлдарының Әбілмәмбет ханға қарсы жасаған саясаттарын да кездестіре алмадық. Соған қарағанда Әбілмәмбет хан да ел игілерімен бірауызды болған деуге толық негіз бар.

1749 жылдың шілдесінде орынборда болған Жәнібек тархан: «Әбіл-мәмбет хан Түркістанда, ал оның жанында болған Барақ сұлтан қазір өзінің зұлымдығына байланысты жоғалды», - деп мәлімдеген (6, С.469).

оның үстіне Әбілмәмбеттің екінші ұлы Әбілпейіз Нұралының қызын алып, өзара құдандаласып та үлгерген-ді. Мұның барлығы Әбілмәмбет ханның қазақ қоғамында өзіндік орнын айғақтап, саясаткер ретінде Ресей, Жоңғар мемлекеттерімен, оңтүстіктегі хандықтармен Әбілқайыр ханмен қатарлас байланыс орнатып, үлкен беделге ие болғандығын көрсетеді. ол Әбілқайыр хан өлгеннен кейін қазақ даласындағы басым көпшілік мойындаған тұлғаға айналады.

Сонымен жоғарыдағы Абылайдың хатына сүйенсек, нақ осы кезеңде Әбілмәмбет қазақтың бас хандығына сайланған. Әбілмәмбет Нұралы, Абылай хандар мен өзге де жас сұлтандарға бас хан ғана емес, сонымен бірге олардың немере ағалары, хандар әулетіндегі ең үлкені, ақылшылары болып қалады.

Әбілмәмбет хан Түркістанда түрақтағанымен елдің солтүстігіндегі жағдайды өз бақылауынан шығармаған. оны ескерген орынбор кеңсесі орыс елшілеріне «Абылай сұлтанды Әбілмәмбет орнына хан сайлауға болмайды. Себебі Әбілмәмбет орта жүзде үлкен беделге ие, оны бекерден-бекер үркітуге болмайды», - деген нұсқау тапсырады (6, С.603).

XVIІІ ғасырдың 50 жылдары Әбілмәмбет Абылаймен бірлесе Жоңғариядағы нойондар саясатына ықпал жасай бастады. Жоңғариядағы төңкерістер мен ішкі қырғын әсерімен Абылай ханға жақсы таныс даваци мен (қазақтар дауашы дейді - Ә.М.) Әмірсана ной-ондар жеңіліс тауып бақлы керей рулары арасына қашып келеді. Мұндай хабарды естіген Ресей И.И. Неплюевке, А.Тевкелевке, И.Крафтке

құпия жарлық жолдап, жоңғарларды Абылайдан орынборға жеткізуді ұйымдастыруды тапсырған. Жарлықта «даваци алдағы уақытта Жоңғарияға билеуші болып кетуі мүмкін, сонда қазақтарды өзіне тар-тып алады, бұл дегеніміз Ресейдің мүддесіне кереғар келеді»(12, 201 б.) деп ашық жазылған.

1752 жылы жазда жоңғар билеушісі Лама-доржи Абы-лай ханға елші жіберіп, нойондарды қайтаруды талап етеді. Со-дан осы жылы күзде Ұлытауда орта, Кіші жүз қазақтарының ар-найы кеңесі ұйымдастырылады. Кеңеске қатысқан Әбілмәмбет хан жаңа шиеленістің алдын алу үшін нойондарды Жоңғарияға қайтару қажеттігін алға тартқанымен, Бөгенбай батыр, даут тархан (Жәнібек батыр ұлы - Ә.М.), Жапақ батыр, Әбілқайыр хан ұлы Ерәлі сұлтан т.б. Абылайдың «нойондар қазақ үшін пайдалы» деген дәлеліне қолдау көрсеткен.

Кеңестен кейін Абылай хан Лама – доржиге «нойондар қазақтарға өз еріктерімен келді, сондықтан дәстүрімізге байланысты оларды бере алмаймыз», - деп елші аттандырған (30). Мұның арты жаңа соғысқа әкеледі. 20 мың әскерді аттандырып шекарадағы қазақ руларын шапқан нойондарға қарсы жорыққа аттанған Абылай хан бастаған қазақ қолдары в.А. Моисеевтің пікірінше, жеңіске жетіп қана қойған жоқ, бұған қоса Жоңғарияның билігіне араласуға мүмкіндік алады. Көп ұзамай Лама-доржи өлтіріліп, даваци Жоңғария тағына отырады. даваци заңды мұрагер ретінде «қазақтармен тату-тәтті тұрамыз» деп бірден Абылай ханға елшілік аттандырған. Мұндай өзгеріс 1753 жылы күзде болған-ды. Бірақ көп ұзамай даваци мен Әмірсана арасында күрес бастала-ды. 1754 жылы жеңілген Әмірсана Қытай асып, 1755 жылы көмекке Қытай әскерін алып, 10 мың қолмен Жоңғар хандығын талқандады. Тарих сахнасынан Жоңғарияның кетуі қазақ-қытай арасындағы ресми қарым-қатынастың басталуына жол ашады. ол алдымен Әмірсананың Цин патшалығының қудалауына байланысты қазақ жерін паналауына тікелей қатысты еді. 1757 жылы 28 шілдеде Әмірсана Семипалатинск қорғанына кеткеннен кейін, Әбілмәмбет пен Абылай шекарадағы қытай әскерлерімен келіссөзді жүргізуді Әбілпейіз сұлтанға жүктейді. Бейбіт келісім мен еркін сауда-саттықты алға тартқан Әбілпейіз сұлтан ұсынысын қабылдаған қытайлықтар өз елшісі даликаны Абылайға жіберген (23, С.127). Елшіні оң қабылдаған Әбілмәмбет те, Абылай да, өзге ел игілері де Жоңғарияның келмеске кеткенін түсініп, Цин патша-сына өз елшілерін жіберу қажет деп табады.

1757 жылы 30 тамызда Әбілмәмбет ханның ұлы Әбілпейіз бен Абылай хан алғашқы қазақ елшілерін Қытайға аттандырады. Қазақ елшілері Цин патшасына «Тарбағатай біздің бұрынғы көшіп-қонып

94 95

жүрген жеріміз еді. Өзіңіздің ілтипатыңызды білдіріп, осы жерді бізге берсеңіз» деп шекара мәселесін қозғаса, қытайлықтар Әмірсананы қайтаруды талап еткен. Кейін Қытай талабына Абылай «Әмірсана біздің елде емес» (31) деп жауап қайтарған Қытай әскерлері Әмірсананы қанша іздегенімен таба алмады. Бірде олар шекарадағы Әбілпейіз сұлтанмен кездескенде ол да «Әмірсананы іздеп ат сабылтып жүрмін» - деп Абылайдың тапсырмасын орындап жүргендігін хабарлаған.

Қытайлықтар Әмірсананы іздеуді сылтаулатып, қазақ билеушілері туралы ақпарат жинаған. олар «1758 жылы күзде орта жүзде бір хан болған, ол Есім хан деп аталады, оның ұлы Жәңгір хан деп аталады. Жәңгір ханның ұлы Тәуке хан деп аталады. Тәуке ханның ұлы Болат хан деп аталады, Болат ханның ұлы Әбілмәмбет хан деп аталады. Қазіргі таңда Әбілмәмбет хан билік етіп отыр. Әбілпейіз - Әбілмәмбеттің ұлы, қазір сұлтан лауазымын атқарады. Абылай - Әбілмәмбеттің аталас бауырларының ұлы, хан тағына отырмаған-дықтан ол да сұлтан болып табылады, ол армия бастап шекаралық аймақта бекінген» деп жазған. деректе олардан басқа Жолбарыс ханның ұлы Әбіліз хан, Махмұт ханның ұлы Ханбаба хан, Әбілқайыр ханның ұлы Нұралы хан, Қайып ханның ұлы Батыр хандар аталады (31, 67 б.).

XVIІІ ғасырдың 50 жылдарының аяғындағы қазақ билеушілерінің ішкі қарым-қатынасы туралы мол деректі 1758 жылдың аяғы мен 1759 жылдың басында қазақтарға келген қытайлық Наван елшінің хатта-рынан кездестіреміз. Наван жанына 11 елшіні ертіп, Абылай ханды іздеп шығып жолда Әбілпейіз сұлтанмен жолыққан. Сұлтан саудаға адам жіберуді Абылайдың өзі шешетінін, Әбілмәмбет ханның қазір осы бағытқа келе жатқанын хабарлаған. Кейін елшілер Әбілмәмбеттің, Абылайдың, Ханбабаның Қазыбек бидің ауылында болатын кездесу-ге келуді жоспарлағанын естіп, осы жерден күтіп алуды ұйғарған. Бір қызығы қытай елшілері 1 айға жуық уақыт күткен. Соңында шыдам-дары таусылып, Нұра бойындағы Қорғалжын мекеніндегі Нияз ба-тыр қонысындағы Әбілмәмбет ханға өздері келеді. Сізді Түркістанда тұрады дегенді естіп едік? деген елші сұрағына хан «Мен әдейі Сіздермен кездесейін деп келдім, Абылай – менің інім. Әбілпейіз – менің ұлым. олар менің тапсырмам мен бұйрығыма қарсы шығады дейсіз бе? Әрине, мен де өзімнің інім мен ұлымның игі бастамасын бұзбаймын ғой. Сіз маған Абылайға жіберген хатты көрсетіп отыр-сыз – бұл өте жақсы. оның мәтінін барша қазақ жұртына жеткізейін» деп жауап қайтарады. Құжаттан байқағанымыздай ханға Түркістан төңірегіндегі Ташкент, Бескент, ордасарай, Қарамұрын, Сайрам, Шымкент, Қарабұлақ, Маңкент, Иқан, Ташанақ, Қарнақ, Сауран, Қарашық, Аққорған, Үзкент, Созақ, Қазақдыжолық, Құлантөбе,

Қошосар, Мұхаможын, Жанкент сынды жерлер бағынған. Араға уақыт сала Ханбаба ауылында болған Наванға Әбілмәмбет пен Абылай хандар келген. осында барша жаңалықты естіген Абылай елшілерге «Әбілмәмбет менің ағам болғандықтан, барлық іс соның айтқаны бой-ынша жүреді, мен оның айтқан – тапсырғандарына мойынсұна-мын»,- деп мәлімдейді. Кездесу соңында сауда-саттықты жалғастырып, елші алмасуға қол жеткізіледі. Кейін Абылай бауыры орыс сұлтан, досай, Ақтамберді батырлар Наванға еріп Қытайға аттанады. Әбілмәмбет елшісі орыс сұлтан 1759 жылы ақпан айында Пекинде болып, Цин патшасымен кездескен (31, 69-92 б.).

Қытай патшасы қазақ елшілерін ерекше жылы қабылдап, зор құрмет көрсетіп, 1759 жылы 9 наурызда Әбілмәмбет ханға хат жол-дады. Патша хатында Ресейдің де, Қытайдың да қазақ елінде өзіндік саясаты барлығы анық жазылған. Хаттан «орыстармен қарым-қатынас орнатсаңыздар да, сіздермен жауласпаймыз. Адал ниет білдіргендеріңіз үшін демеуші болып, әрқашан шексіз бақ – дәулетке кенелуіңізді үміт етеміз» деген жолдарды оқуға болады.

Сөйтіп қазақ елі Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін екі алыптың – Ресей мен Қытайдың ортасында қалды. Ресей қаншама күш салғанымен Әбілмәмбет пен Абылайдың Қытаймен байланы-сына кедергі жасай алмады. Тілмәш М.Араповтың анықтауынша, Әбілмәмбет Қытайдың әскери күштерін кері қайтарып, сенімді қатынас орнатқан соң Абылайға Ресеймен де байланысты үзбей, елші алмасып, қарым-қатынасты жалғастыруды тапсырған екен (12, 272, 275 б.). Мұның өзі тағы да ел игілері арасындағы бірлікті көрсетеді. 1760 жылы 18 шілдеде Ресей Сыртқы істер алқасы қазақ даласынан келген барлық ақпараттарды талдап «Әбілмәмбет хан өзі Түркістан қаласында тұрса да, жаз айларында Алтай-Арғын руына келеді, сонда бірталай уақыт болып, Абылай шеше алмайтын мәселелерді шешіп от-ырады. Әбілмәмбеттің Болат және Әбілпейіз деген ұлдары бар. Болат Алтай-Арғынды, Әбілпейіз Қаракерей-Найманды билейді. Абылай сұлтан Әбілмәмбеттің айтқанын бұлжытпай орындайды екен, демек, мұндай жағдайда орта жүзге Әбілмәмбет хан тірі тұрғанда тағы бір хан тағайындаудан келер еш пайда жоқ» деп мойындауға мәжбүр бо-лады (6, С. 607-610).

Әбілмәмбет ханның Түркістандағы саясаты барлық қазақ билеушілері тарапынан бірдей қолдау тапты десек артық айтқандық бо-лар еді. XVIII ғасырдың 50 жылдарының аяғындағы орыс деректерінен Әбілмәмбеттің немере інісі Сәмеке ханның ұлы Есім ханмен арасы біраз шиеленіскенін байқаймыз. Құжаттарды саралаған И.Ерофеева «Есім Түркістан үшін күресте Әбілмәмбет ханды 1758 жылы қаладан

96 97

қуды. Содан 1762 жылы Абылай хан мен Қазыбек бидің араласып, екі жақты табыстыру нәтижесінде, Әбілмәмбет кейін оралып, қала билігін екіге бөліп алды» деген қорытынды жасайды (32). Енді бір зерттеушілер «1761 жылы Әбілмәмбет ханның Есіммен Түркістан билігі үшін таласының соңы оның ұлы Әбілпейіз сұлтан иелігіне көшуіне әкелді. 1762 жылы көктемде Қаракесек руындағы Қазыбек би ордасында екі тұлғаның өзара келісімі жүзеге асты», - деп есептейді (30, С. 100). Қазақтар арасындағы барлық жағдайға қанық, оған өзі тікелей араласып жүрген атығай руынан Құлсары батыр 1761 жылы 19 қарашада орыс кеңсесіне «қазақтың орта жүзінің ханы Әбілмәмбет бұрынғысынша Түркістанда тұрып жатыр. Өткен 1761 жылдың жа-зында кейбір қазақтардың кеңесімен Әбілмәмбет хан Түркістандағы бұхаралықтарды жинап, оларға түрлі мата мен былғары төлеп тұру жөнінде айтқан екен. Бірақ артынан бұхаралықтарға аяушылық білдіріп, ауыртпалық түсірмеу үшін, қазақтардың олардан алым-салық алуына тыйым салған. Бұған наразы болған қазақтар Әбілмәмбетті Түркістаннан кетіріпті. Алайда ол өзіне жақтас қазақтардың және өз ұлдарының көмегімен Түркістанға қайтып барып, сонда жақсы жай-лы тұрып жатыр», - деп түсіндірген (12, 331 б.). Біздіңше, Құлсары батырдың сөзіне толық сенуімізге болады. Яғни, негізгі мәселе бұхаралықтарға қатысты туындаған және Әбілмәмбет И.Ерофеева жазғандай Түркістаннан ұзаққа кетпеген.

1761 жылдың күзінде Әбілмәмбет хан Сайбек бастаған елшілерін Қытай патшасына жіберген. 1762 жылы наурыз айында патша қабылдауында болған Сайбек арқылы қытайлықтар Әбілмәмбет ханға, Әбілпейіз, Сәнияз, Ханқожа, Болат сұлтандарға жолдаған хатында өзара сенім мәселесін айрықша көтерген.

Араға уақыт сала Абылай хан дәулеткерей сұлтанды Қытайға ат-тандырса, онымен қатарлас Кіші жүзден Нұралы ханның елшілері де Қытайға қарай жолға шығады (33). Қытайлықтар бұл елшіліктердің мақсаты «сый-сияпаттар алу» деп анықтағанымен қазақтар үшін ба-сты мәселе ішкі бірлікті дәлелдеу, Әбілмәмбет пен Абылайдың сыртқы саясатына қолдау көрсету болатын. Өйткені бір кезеңде Абылайдың Қытай патшасына «Қазақ өз ішінде үш жүзге бөлінеді. Мен орта жүздің ханымын. Кіші жүз бен Ұлы жүзді де менің тумалас бауыр-ларым билейді»,- деген хабарының жай айтылған сөз еместігі, оның нақты іс-шарамен дәлелденгені еді (33, 157 б.).

Әбілмәмбет пен Абылай 1763 жылы тағы да орыс сұлтанды Пе-кинге бағыттап, Кенже батырды туыстарымен аманатқа жібереді (34). орыс сұлтанға қазақ-қырғыз арасындағы шиеленіскен қарым-қатынасқа Қытайдың қаншалықты қатысы бар екендігін анықтау жүктеледі.

Башқұрт Шүкір жазбасына сенсек «Қытайға қараған қырғыздар Іледегі қазақтарға үш мәрте шабуыл жасап, ауылдарды тонап-талап кеткен. Қырғыздар көп қазақты тұтқынға алған. Қырғыздардың қазақтарға жасаған осы шапқыншылығы жөнінде Әбілмәмбет хан Абылайға өзінің ұлы Болат сұлтан арқылы хабар салып, «қырғыздарды шауып қайт деген тапсырма беріп» барша қазақты көтерген. Ал Әбілпейіз сұлтанға шекарадағы қазақтарды болашақ соғыстан сақтау үшін Абы-лай иелігіне көшіруді міндеттеген ( 6, С. 667-669).

Қытайдың қазақпен көршілес қырғыз, бұхара, қоқандықтармен араласып, олардың сыртқы саясатына ықпал жасай бастауы ел игілерін толғандыра бастады. Өйткені Қытайдың «жұмсақ», «алдап арбау» саясатының арты бір атаның балалары түркі тілдес халықтарды бір-біріне айдап салумен аяқталатын. Міне, осы кезеңде тарих сахнасы-на барша мұсылмандарды қорғаушы Ауған шахы Ахмет көтеріліп, Қытайға қарсы ашық соғыс жариялады. Қазақты өзіне тартуды көздеген Ахмет шах Әбілмәмбет, Абылай, Нұралы хандарға хабар салады. Ахмет шах хаттары Әбілмәмбет хан арқылы өзге хандарға жеткізіледі. Әбілмәмбет ханның хатшысы Бабазян арқылы Абылайға жеткен хаттан шахтың мұсылмандарды қорғау үшін Қытай патшасы-на елші жіберетіні белгілі болады. Расында да 1763 жылдың басын-да ауған елшілері Қытайға жетіп, олардың Жоңғария мен Шығыс Түркістанға шабуылдарының себептерін түсіндіруін талап етеді. Ауған шахының бұл саясаты Қазақстан мен орта Азия халықтарының қолдауына ие болады. Содан күн тәртібіндегі Ауған – Қытай соғысы бола қалса қазақтардың саясатын анықтау мақсатында Әбілмәмбет хан Түркістанға барша қазақтың игілерін жинауды бұйырады. Құлсары батыр 1763 жылы қыркүйекте орыс кеңсесіне Түркістанға шамамен 6000 адам жиналып, болашақ саясатын талқыламақ дегенді хабар-лайды. Кейін орыс сұлтаннан белгілі болғандай қазақтар Ахмет шах ұсынысын қолдаған екен (30, С. 104-105). Ахмет шахтың батыл саяса-ты мен оны қолдаушылардың барлығы Қытайдың саясатына әсер етсе керек, ол Қазақстанға байланысты көзқарастарын біршама тежеген. Мұның өзі Әбілмәмбет пен Абылайдың көршілес халықтарға байла-нысты саясатын ашық жүргізуге жол ашты.

Қырғыздар шекарадағы қазақ ауылдарын шауып, адамдар-ды тұтқындап әкетіп жатса, қоқандықтар Ердана би бастауымен Түркістанның Ташкентпен байланысына, сауда-саттықтың дамуына кедергі жасады.

Жоңғарлардан босаған жайылымдарға қазақ-қырғыздың тала-сы ол жерлерді басып алған Қытайдың ара ағайындық роль атқарып, өз билігін жүргізуіне әкелді. Өйткені қазақ, қырғыздар Қытайдан

98 99

көмек сұрап бірнеше рет елші жібергенімен, алып ел әліптің ар-тын бақты. Қытайлықтар Әбілмәмбет, Абылай хандарға қырғызды, қоқандықтарды «менің пақырым, маған қарайды» деуден аса алмады. Соған қарамастан Әбілпейіз сұлтан қол бастап қырғыздар шабуылына жауап ретінде соққы беріп, 100-ден аса адамын тұтқындап алып келген. Қазақ-қырғыз байланыстары тарихын зерттеуші А.Махаева «Қырғыз биі ормамбет «Судың түбін шым бітіреді, даудың түбін қыз бітіреді», - деп қызы Тұмарды Әбілпейізге береді. Әбілпейіздің осы Тұмар ха-нымнан сүйген балалары - Көгадай, Сәмек, Жабағы кейін Абақ керей билерінің сұрауы бойынша керейлерге төре болып, ел басқарған», - деп түйіндейді (35).

Қырғыздарға қарсы жорықтарды Абылай хан мен Әбілпейіз сұлтан 1765, 1766 жылдары да жалғастыра түсті. Қырғыз ғалымдары қанды шайқастардың бірінде Абылай хан қолға түсті, оны тек 3 ай-дан соң қырғыз ханы Жайыл босатты деп те жазып жүр (36). дегенмен мұндай тұжырымды мұрағат деректері дәлелдемейтіндігін баса айтуға тиіспіз.

1766 жылы қазақтар қырғыздың Қаработа биімен келісімге қол жеткізіп, бидің ұлын бас қылып, бірнеше түтінді ертіп, тұтқындағы қазақтарды босатып алады (37). Міне осындай нәтижеден соң Абылай хан Ердана биге қарсы аттанды. Жорық алдында Абылай дәулеткерей сұлтанды Қытай патшасына жіберіп, «мына екі ел – бұрыттар мен Ерда-на бірлесе біздің Ұлы жүзді тонап кетті. Алдағы жылы біз бұрыттарды барымталадық. Кейін екі жақ бітімге келсек деген ниетпен бір-бірімізге елші жібере бастадық. Тек Ердана ғана бізге толассыз шапқыншылық жасап жатыр»,- деп өзінің соғыс жариялау себебін түсіндіріп, тағы да әскери көмек сұрайды (31, 104 б.). 1767 жылы 20 қазанда Қытай пат-шасы Абылайға «Сіз менің мәңгілік жарылқауымда боламын десеңіз, жұртымызбен де тату болыңыз» деген жолдармен жауап қайтарып, дәулеткерей сұлтанды шығарып салады (33, 376 б.). Мұндай жауапқа қарамастан Абылай араға уақыт сала Ердананы бағындырады.

Міне осындай қилы тарихи оқиғаларда Әбілмәмбет хан қазақ үшін, оның ертеңгі болашағы үшін болған шешуші тарихи текетіресте – батысы мен шығысындағы, солтүстігі мен оңтүстігіндегі маңызды барлық түйінді мәселелерде ойып тұрып өз орнын алды.

ол XVIІІ ғасырдың 70 жылдарына дейінгі ұлан байтақ терри-торияны иеленіп, айналадағы Ресей, Иран, Жоңғария, Қытай, Ауған елдерімен болған қарым-қатынаста ұлт мүддесін жоғары қойып, қазақтың бірлігін сақтауда көзге түсті. Өз заманында жаулап алушылық саясатты ұстанған елдер Әбілмәмбетті Әбілқайыр ханнан кейінгі қазақтың бас ханы ретінде таныды. оның тікелей қатысуымен Жоңғария

түпкілікті жеңілді, Қытай қазақты таныды, оңтүстік қалалар, соның ішінде Түркістан кері қайтарылып, қазақтың астанасы ретінде қайта түледі. Ресей, соның ішінде И.И. Неплюев Әбілқайырды тарих сахна-сынан кетіргенімен, Әбілмәмбет пен қазақтың өзге хан, сұлтандарының арасында арандату саясатын жүргізе алмады. Керісінше Әблімәмбет хан қазақтың ендігі үміті Абылайды қолдап, орта жүз ханы етіп қана қоймай, оның төңірегіне барша төре тұқымдарын, би, батырларды жи-нады, көзі тірісінде түбінде барша қазақ мойындайтындай тұлға ретінде тәрбиеледі. оның айқын дәлелі Абылайдың жоғарыда келтірілген 1767 жылғы 14 желтоқсандағы хаты бола алады. Яғни, Әбілмәмбет қазақ хандарының ішінде алғаш рет көзі тірісінде билікті лайықты тұлғаға берген бірінші және соңғы хан. «Абылай хан» жырындағы:

Айтады жасы алпыстан өткендігін, Азайып ақыл-қайрат кеткендігін,Хан бол деп Абылайға айтқан серттің, Мөлшерлі күні бүгін жеткендігінТөрімнен көрім жуық енді менің,Кенелттің тірі келіп, толды кемім.Тірі күнде берейін өз қолыммен,Мінеки, хандық мұрам болсын сенің, - деген жолдармен анықтап

ұғындыруға болады (24, 218 б.). Өлең жолындағы «Тірі күнде берейін өз қолыммен, мінеки, хандық мұрам болсын сенің» деген соңғы жолда-ры Абылайдың 1767 жылғы хатымен де үндесіп тұрғандай. Әбілмәмбет хан есімі орыс деректерінде соңғы рет 1768 жылдың желтоқсанында аталады. ол бойынша орта жүзден барлаудан оралған К. Юсупов пен У.Аслаев 1768 жылы 27 қарашада орынборға келіп, Әбілмәмбет ханның амандығын жеткізеді (38). Содан кейін ол туралы деректер мұрағат қорынан кездеспейді. Қытай деректемелерінде 1768 жылы Әбілпейіз «қазақтың ел ағасы» ретінде атала бастайды (30, 379б.). Соған қарағанда Әбілмәмбет хан 1768 жылдың соңында немесе 1769 жылдың басында қайтыс болғанға ұқсайды. оны 1769 жылы Цинь патшалығынан Әбілмәмбет асына 200 тұяқ жылқы ақтық салып, ар-наулы адамдардың жіберілуімен анықтай түсеміз (39).

Әбілпейіз 1772 жылы қыркүйекте Қытайға жолдаған хатында «Әбілмәмбет ханның бар кезінде, Ташкент жақтан бізге керектілердің барлығы келуші еді, екі-үш жыл болды, қырғыз жабылды да әрі-бері жүргелі болмай қалды» (31, 117б.) - деп атап өтеді.

Сонымен Әбілмәмбет хан дүниеден өтіп, артына өз ісін жалғастырар Абылай ханды, ұлдары Болат, Әбілпейіз, Тәуке, Әбілтек т.б. қалдырды. Үлкен ұлы Болат хан кейін орта жүздегі арғын, қоңырат, Ұлы жүздегі Сары үйсін руларын биледі. ол да әке ізімен

100 101

Түркістанда тұрақтап, Абылаймен байланысын үзбей, ханның 1779-1780 жылдардағы қырғыздарға қарсы жорықтарын қолдады. 1780 жылы Абылай хан қолға түсірген қырғыздың атақты билерінің, ішінен 3 отбасын осы Болатқа, 2 отбасын Әбілпейізге жібереді. Қырғыз отбасыларының барлығы орынбор генерал-губернаторы генерал-поручик И.А.Рейнсдроптың анықтауынша лайықты дәрежеде ұсталған екен (20, С.140).

орыс деректері Болат ханмен бірге Түркістанда бір мезгілде Сәмеке ханның кіші баласы Есімнің де хан болғандығын дәлелдейді. 1796 жылы жаз айларында Ташкентке барып қайтқан сержант А.Безносиковтың хабарлауынша Тәуке ханның немересі Есім Сәмекеұлы мен шөбересі Болат Әбілмәмбетұлы Түркістанда өздерінің қатыгездіктерімен аты шыққан екен. олар өзара теке-тірес болған. Содан Есім хан Бұхара билеушісі Шахмұрат биден көмек сұрап, оның қарамағына өткен. Бұл қателігін Есім хан кеш түсінген екен ( 20, С.162). Шамамен 1798 жыл-дардан кейін Болат ханның билігі үлкен ұлы Тоғым сұлтанға өткен. Тоғым арғын руының қуандық бөлімінің алтай бөлімшесін басқарып, жаз айларында Нұра, Өлеңті өзендерін, қыста Баянауылды жайлаған. ол қытайлықтармен байланыс орнатып, олардың «ван» дәрежесін ие-ленген.

Әбілмәмбеттің екінші баласы Әбілпейіз сұлтан хандық таққа жетпегенімен, ел ішінде, Ресей, Жоңғария, Қытай билеушілері алдын-да айтарлықтай беделге ие болған. Әбілпейіз әке аманатын арқалап тек сыртқы саясатта ғана емес, әскермен ел қорғауда да көзге түскен. де-генмен Құрманғали Халидұлы «Әбілфейіз хан» еңбегінде «Әбілфейіз ханның өзінің не Россиямен, не Жүңгөмен байланыс жасағандығы мәлім емес. Жұмыртқа басқан тауыққа ұқсап бала көбейтіп, оларды ел-елге таратып, төре сайлаумен өткеннен басқа атағы шыққан емес» деп бағалайды (24, 355 б.). Алайда бұл пікірді жоғарыдағы мұрағат деректері толық жоққа шығарады. Өйткені Әбіпейіздің алдымен Жоңғария елшілігі, кейін Қытаймен болған келіссөздерді басқаруы, шекарада әскери қол бастап, соғыстарға қатысуы тұлғаның өмірдегі белсенділігін дәлелдейді.

Қорыта келгенде Әбілмәмбет Болатұлы қазақ тарихында өзіндік орыны бар, қиын-қыстау , аласапыран заманда ел алдына шығып, халқын сақтауда өлшеусіз үлесін қосқан атасы Тәуке, немере бауы-ры Әбілқайырдың азаттық ұранын жалғастырған тұлға. оны туған халқына қайтару отандық тарихтың өзекті мәселесі десек, ал сіңірген еңбегін зерделеп көпшілікке жеткізу -тарихшының міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

РИССМ. 122 қ., 122/2 т., 1766-1769, 18 іс, 189 п.Рычков П.И. Топография оренбургской губернии. - Уфа, 1999. С.85Сыздықова Р., Қойгелдиев М., Қадырғали би Қосымұлы және оның жыл-

намалар жинағы. -Алматы, 1991. 251, 259 б.Әбілғазы. Түрік шежіресі. -Алматы, 1991. – 119 б.Кудайбердыулы Ш.Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских ди-

настии. -Алма-Ата, 1990. С. 96-97Казахско-русские отношения в XYI-XVIII веках (Сборник документов и

материалов). – Алма-Ата, 1961, С.404( Алда КРо-1 деп беріледі)Ерофеева И.в. Родословные казахских ханов и кожа XVIII-XIX вв. (Исто-

рия, историография и источники). -Алматы, 2003. –С.74Левшин А.И. описание киргиз – казачьих, или киргиз-кайсакских орд и

степей. -Алматы, 1996. С.165Тынышпаев М. История казахского народа. -Алма-Ата, 1993. С. 163Ерофеева И. Хан Абулхайр.-Алматы, 2003, С.156История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. ІІ том. -Алма-

ты, 2008, С. 271Абылай хан. Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар

жинағы (Құрастырған З.С.Тайшыбай). – Петропавл, 2005. – 13 б. РМКАМ 248 қ., 17 т., 1164 кітап, 744 п.

14.Материалы по истории Башкирской АССР. Под ред. А.П.Чулошникова. – Москва. – Л; АН СССР, 1936. – С.309,335

15. Избасарова Г.Б. Казахско-башкирские отношения в XVIII веке (1701-1755 гг.) Рукопись диссертации на соискание уч. степ. к.и.н. – Алматы, 2000, С.81

16. РМКАМ. 248 қ., 17 т., 1183 кітап, 176-181 п.; Акманов И. вожды вос-станий XVII- XVIII вв. Из башкир Казахской дороги // ватандаш. общественно-политический, научно-популярный и художественный журнал (Башқортастан), 2006, май

17. витевский в.Н. И.И.Неплюев и оренбургский край в прошлом его составе до 1758 года. Т.1-4.-Казань, 1889-1897. – С.158; Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында. –Алматы, Ғылым. -2001. -29б.

18. Крафт И.И. Принятие киргизами русского подданства. -оренбург, 1897, С.89-43; КРо 1. – С.126-128

19. Рычков П.И. История оренбургская (1730-1750). -оренбург, 1896. – С.36,41

20. История Казахстана в русских источниках XVI – XX веков. VI том. -Алматы, 2007. –С.33,51

21. КРо 1. С.134-170; Абылай хан. Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар

102 103

мен материалдардың жинағы (Құрастырған З.С.Тайшыбай.). – Петропавл, 2005. – 97 б.

22. Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизских степных областей. -оренбург, 1898. – С.115

23. Абуев К. Хан Абылай и его время. – Астана: Елорда, 2006. – С. 72-7424. Абылай хан. Тарихи жырлар. -Алматы, 1993, 1 том, 211 б.25. Русско-джунгарские отношения (конец XVII – 60-е гг. XVIIІ в.). до-

кументы и извлечения. -Барнаул, 2006. – С.79-8126. РИССМ. 133 қ., 133/1 т., 1745, 2 іс, 64 п.; Абуев К. Көрсетілген еңбек.

С. 9627. ороММ. 3 қ., 1 т., 8 іс, 137-140 п.28. Моисеев в.А. джунгарское ханство и казахи в XVI-XVIІІ вв. -Алма-

Ата, 1991, С.173 29. История Казахстана в русских источниках XVI-XХ веков. III том. -Ал-

маты, 2005. – С.207-209 30.Сулейменов Р.Б., Моисеев в.А. Из истории Казахстана XVIІІ веке (о

внешней и внутренней политике Аблая. А – А., 1988. – С.4531. Қазақстан тарихы туралы қытай деректері. ІІІ том. Цин патшалық

дәуірінің мұрағат құжаттары. Алматы, 2006. – 13- 14 б.).32. Ерофеева И.в. Казахские ханы и ханские династии в XVIII – середине

ХІХ вв. // Культура и история Центральной Азии и Казахстана: проблемы и перспективы исследования. Материалы к Летнему Университету по истории и культуры Центральной Азии и Казахстана (4-23 августа 1997 г.). – Алматы, 1997. – С. 81, 118-119

33. 100 құжат (қазақ хандығы мен Чиң империясы арасындағы қарым-қатынастарға байланысты құжаттар). – Алматы, 1998. – 55, 58, 61 б.

34. РИССМ. 122 қ., 122/1 т., 1763, 2 іс, 9 п.35. Махаева А. Қазақ – қырғыз саяси байланыстарының тарихы (XVIІІ ғ.

ІІ жартысы – ХХ ғ. бас кезі). – Алматы, 2007. – 39 б.36. Мұқтар Ә. Тарих тұңғиығындағы тұлғалар (XVIІІ-ХІХ ғғ.). – Алматы,

2008, - 64 б.37. РИССМ. 122 қ., 122/1, 1766, 14 іс, 269 п.38. оРоММ. 3қ., 1т., 98 іс., 281-283п. 39. Мұқанбетқанұлы Н. Тарихи зерттеулер. –Алматы, 1994. -60б.

Мен-қазақтың үш алашының ханымын* ХVIII ғасыр басындағы қазақ жеріндегі аласапыран оқиғалар та-

рих сахнасына біртуар, бір шоғыр, тарихи тұлғалар – арғы қазақ ары-стары Тұмар, Шырақ, Бейбарыс сынды ұлы қаһармандық ерліктер қордала түсіп, әлқисса, Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Абы-лай сынды қайраткерлерді шығарды. олардың өз замандастарынан ерекшелігі қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайды парасатты жүрекпен талдап, қалың қазағы алдындағы жауапкершілікті өз мойынына алып, шешуші кезеңде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» көпке үлгі болуы Еуразия ортасында орналасқан, ұлан-байтақ қазақ жерін сақтап қалуға әкелді. Бұл арада атақты би-лерге арқа сүйеген Тәуке ханның, 1710 жылы Қарақұм кеңесінде ел ортасына қасқайып шығып, «Жауларымыздан кек аламыз, шайқасып өлеміз, өз ауылдарымыздың талқандалып, ұл-қыздарымыздың құл мен күңге айналғанының соқыр куәсі болмайық. Қазақ даласының ерлері қашан қорқып еді» деп жоңғарларға берілуді қолдаған топқа қарсы ұмтылып, өз киімін жыртып, қылышын жоғары көтеріп, намысты оятқан Бөкенбай Қараұлының, өзі (Абылай - Ә.М.) «біздің халықтық бақытымызды қамтамасыз етуші» деп бағалаған Әбілқайыр ханның Ресеймен келісімге келудегі басты мақсатым «Өзім үшін емес, бүкіл қазақ халқының пайдасы мен тыныш өмірін қамтамасыз ету болды» деген жан айқайларын Абылай сезініп өсті. Басты мақсат қазақ жерінің оңтүстік-шығысындағы монғол тайпаларын біріктіріп, Қытайдың Цинь империясымен ашық теке-тіреске шыққан Жоңғар хандығынан қорғану болатын. Жоңғар хандары Батур (1635-1654), Галден (1671-1697), Цеван-Рабдан (1697-1727) тұсында қазақ халқы жойқын шабуылдарға ұшырады. Жоңғардың осынша күшеюіне бірден-бір се-бепкер қитұрқы, жәдігөй саясатты Ресей болатын.

Қытайдың орталық Азия бағытындағы саясаты Ресейдің Жоңғарияны оған қарсы тұратын қорған ретінде пайдалануға итермеледі. Тіпті, І Петр тұсында Жоңғарияны орыс бодандығына қабылдаудың алғашқы қадамдары жасалды. Ал 1728 жылы 22 сәуірде Ресейдің Қытайдағы елшісі С.Л. владиславич-Рагузинский жоңғар елшісі Боджирдің Петербургке келуін пайдаланып, І Екатеринаға «олармен қарым-қатынас Ресейге тиімді, сондықтан қонтайшымен келісімге келген жөн» деген ұсынысын білдіреді (Русско-джунгарские

*Мақала «отан тарихы» журналының 2011 жылдың №2(57) санында жарияланған.

104 105

отношения (конец ХVII-60-е гг. ХVIII вв.). документы и извлечения. - Барнаул: Азбука, 2006. –С.37). Ашық қолдауға ие болған жоңғарлар бірден назарын көршілес қазақ хандығына аударды. оған қоса қазақты қыспаққа алу жоспарлы түрде батыстан орыс-казактар, қалмақтар, солтүстіктен орыс-казактар мен башқұрттар арқылы басталды. ол турасында Бөгенбай Ақшаұлы А. Тевкелевке қазақтың бір мезгілде жоңғар қалмақтары, Еділ қалмақтары, башқұрттар, Сібір, Жайық ка-зактары шабуылына ұшырағандығын хабарлады. Әбілқайыр хан болса, оларға Бұқара, Хиуа хандықтарын қосып «төрт жағамыздан бірдей жау қоршауында қалдық» деп анықтады ( Мұқтар Ә.Қ.Тарих тұңғиындағы тұлғалар (мақалалар жинағы). –Алматы; Арыс, 2008.- 18 б.)

Міне осындай сын сағатта Абылай Уәлиұлы тарих сахнасына көтерілді. Ата шежіреге, Бұқар және Үмбетей жырларына арқа сүйеген Р.Б. Сүлейменов, в.А. Моисеев, М. Қозыбаев, К.К. Абуев және т.б. ғалымдар Абылайды 13-15 жастан бастап атқа қондырып, аға буынмен ел қорғауға белсене кіріскендігін жазған. дегенмен, оның жұлдызды сәті ел ауызын өзіне қарата бастаған тұсы 1730 жылдары өмірінің екінші кезеңінде басталды деуімізге әбден болады. Бұқар жыраудың

«Сені алғаш көргенде,Тұрымтайдай ұл едің,Түркістанда жүр едің,Әбілмәмбет хандарғаҚызметші болып тұр едің» - дегені шамамен оның немере ағасы

Әбілмәмбет Болатұлының билігінің күшейе бастаған тұсына келеді. Өйткені Әбілмәмбет 1739 жылы арғын руының және Түркістандағы Нияз батырдың қолдауымен хан тағына көтерілгендігін мұрағат деректері айғақтайды. дегенмен Абылайдың 1723 жылғы “Ақтабан шұбырындыны” өз көзімен көргендігі, қазақтың төл перзенті ретінде 1727 жылғы Бұланты, 1729 жылдың аяғы 1730 жылдың басындағы Балқаш көлі маңындағы Аңырақай шайқасына қатысып, алғашқы соғыс тәжірибесін жинағандығына күмән келтіруге болмайды. ол қиын-қыстау кезеңдегі барша қазақ азаматтарының парызы болатын. осы шайқастарда ол қазақ елінің тағдыр тәлкегінде тұрған кезеңінде Әбілқайыр мен Семеке, Әбілмәмбет пен Бұлқайыр, Батыр мен Барақтың, Бөкенбай мен Есеттің, Жәнібек пен Бөгенбайлардың басын қосып, Алаш деп атқа қонғанын, жаудың бетін тек оңтүстік шығыста ғана емес, сонымен бірге солтүстік-батысында қайтарғандығын сезінді. Абылайдың өзі Аңырақай шайқасында ел аузына іліге бастады. Шайқас тарихын зерттеуші И.в. Ерофеева «тәуелсіздік үшін күресте ірі қазақ қосындарын Әбілқайыр хан басшылығымен Әбілмәмбет, Барақ, Абы-лай, Бұлқайырлар басқарды» деп көрсетеді (Ерофеева И.в. Хан Абул-

хаир: полководец, правитель, политик. – Алматы: дайк-Пресс 2007,- С. 190). оны М. Тынышпаев, М. Көпеев т.б. жинақтаған фольклорлық еңбектерде айғақтай түседі. Бірақ бір өкініштісі, ол турасында мұрағат деректері сыр ашпайды.

Мұрағат деректерінде Абылай сұлтан 1737 жылдардан ба-стап кездесе бастайды (бұрынғы мақаламда 1738 жылдан деректер келтіріп жазған едім - Ә.М.). Бұл кезеңде орыс патшасының Азия бағытындағы ашық саясаты тек қазақтарды ғана емес, сонымен бірге белгілі бір дәрежеде қазақтарға үнемі қауіп төндірген башқұрттардың өздері де сезініп, Ресейге қарсы кезекті ұлт-азаттық күресінің жан-данып жатқан болатын. отарлық қамытты мәңгілік кимеу үшін, «орыстардың башқұрттарды талқандап, үлкендерін өлтіріп, жа-старын солдатқа алып, балаларын шоқындыруды бастағандығын» алға тартқан 40 башқұрт елшісі 1737 жылы 30 сәуірде Әбілмәмбет сұлтанға келген. Көп ұзамай башқұрт елшілері Әбілқайыр мен Семе-ке хандарға, маусым айында Абылай сұлтанға да жетеді. 1737 жылы тамызда Ноғай жолының башқұрттары Әбілмәмбетке келіп, Абылай сұлтанды өздеріне хан ретінде тағайындауын сұрады (РМКАМ. 248 қ., 17 т., 1164 кітап, 769п.). Сөйтіп осы жылы Абылайдың атағы қазақтан асып башқұртқа жеткен. Абылай башқұрттарға бармағанымен оларды қазақ руларына қабылдауға шешім қабылдады. Содан башқұрттардың бірнеше жүздеген түтіндері қоңырат, керей рулары арасына көшкен. Әбілмәмбеттің өзі ұлысына 45 башқұрт түтінін қабылдады. Ресейдің түрлі уәдесін тыңдап қана қойған Әбілмәмбет пен Абылай в.Н. Та-тищев пен А. Тевкелевке «қазақ рулары, соның ішінде арғын, найман рулары бізге бағынбайды, олардың өздері Еділ қалмақтарының шабу-ылын күтіп, қауіптенуде» деп жауап қайтарып, башқұттарды қайтару ұсыныстарының жүзеге аспайтындығын сездірген. Кейін Абылай башқұрт елшілерін ертіп «келісімге келіп, ортақ шешім қабылдау үшін» Әбілқайыр ордасына аттанған. Бірақ Әбілқайыр бұл мезгілде, яғни 1737 жылы 12 тамызда орынборға кеткен болатын (РМКАМ 248 қ., 17т., 1164 кітап, 759п.). Патша үкіметі Әбілқайыр ханды башқұрттарға қарсы айдап салуға тырысқанымен, туысқан халықтар тіл табыса білді. Башқұрттар Әбілқайырды хан ретінде мойындап, башқұрт қызына үйлендіріп, оның «бодандығына» өтуге ұсыныс білдірді. 1738 жылы көктемде орыс аманатындағы Ерәлі сұлтанды босатуға бағытталған бірлескен шаралар қолға алынды. Содан Башкирияға Күшік хан, Бұлқайыр, Абылай сұлтандар, өзге де қазақ батырлары бастаған 30 мың қол келіп жеткен (ороММ. 2қ., 1 т., 4іс, 9п.) 1738 жылдың науры-зынан бастап Әбілқайыр қазақ, башқұрт халықтары атынан сөйлеп, шекарадағы орыс қорғандарынан олардың сауда-саттығына кедергі жа-

106 107

самауды талап етіп, «башқұрттар өзара келісімге келді» деген хаттармен орыс үкіметіне шыға бастады. Мұндай батыл шешімнен қауіптенген в.Н. Татищев оны тез арада Башкириядан шығарып жіберуге барын салды. Тіпті ол «қазақ ордасы мен Башкириядағы тұтқындар ішінен орыстар орыстарға, мұсылмандар мұсылмандарға қайтарылады» деп хабарлады. Башкириядағы хан тағына баласы Қожахмет сұлтанды жіберуді жоспарлады. Бірақ ойы жүзеге аспай қалды. Қазақ-башқұрт қатынасын зерттеуші Г. Избасарова оның себебін Бөкенбай және Жәнібек батырлардың башқұрттарға сенбеуіне сілтейді. Біздіңше, оған негізгі себеп жоңғар қонтайшысының қайтадан күшейіп, орта жүзге қауіп туғыза бастауы. Мұндай жағдайда Ресей патшасымен ара-қатынасты шиеленістіру аса қауіпті болатын.

Қауіптің алдын алу үшін Әбілқайыр хан 1738 жылы 3 тамызда жа-нына Нұралы сұлтан мен 100 би, сұлтан, батырларды ертіп орынборға келді. Ресей саясаткерлері мұқият алдын-ала толтырған барлық құжаттарда Әбілқайыр «бодандық» туралы ант берді делінгенімен, қазақ үшін басты мәселе өзара тұтқындар алмасу, сауда-саттықты дамыту, бейбіт өмір сүру болатын. Кездесу барысында Әбілқайыр Әбілмәмбет пен Абылай сұлтандарға сенетіндігін байқатты (КРо І, -С.128).

1739-1740 жылдары жоңғар хандығының шабуылдары қайта жан-данды. 1739 жылы күзде нойон Септен бастауымен 30 мың, кейін Сеп-тен, Сары- Манджи басшылығымен жоңғарлар орта жүзге қайта-қайта басып кіріп, Тобыл, Есілге дейін жетті.

1740 жылы 19 тамыз – 1 қыркүйек аралығында орынборда қазақ-орыс келіссөзі өтті. оған Әбілқайыр ұлдары Нұралы, Ерәлі сұлтандар, Жәнібек батыр, 24 тамызда Әбілмәмбет хан және Абылай сұлтан қатысты. оларға Нияз батыр да қосылды. Келіссөз барысында Ұлы жүздің жоңғарлар қарамағында екендігі белгілі болды. Қазақ игілері сауда-саттық, тұтқындар алмасу, өзара сенім мәселелерін көтерсе, Ресейліктер қазақ даласында пана тапқан башқұрт көтерілісінің бас-шысы Қарасақалды қайтаруды қозғады. орыс мұрағаты кездесу бары-сында Абылай сұлтан алғаш рет Ресейге «Әбілмәмбетпен бірге, бас киімін қолына алып» адалдық антын берді деп жарыса жазды. Абы-лай өз ойын бүкпестен «біздің ата-бабаларымыз хан болып еді, бәрі де әріптестеріне адал болған, сондықтан бізде сөзде тұратын адалмыз. Сіз де адал болады деп сенеміз» деген пікірін білдірген. Әбілмәмбет хан генерал-лейтенант в. Урусовқа Абылай қарамағында «үш рулы ел бар. Біріншісі 6 мың, екіншісі 10 мың, үшіншісі 4 мың шаңырақ» барлығын атап көрсеткен (КРо І. – С.134-167). Келіссөз барысын талдаған Р.Б. Сүлейменов пен в.А. Моисеев «қаралып отырған кезеңде Ресей

қолдаушы, одақтас ретінде есептелген. осы бағыт саяси жағдайды қатаң есепке алған, шексіз билікке ұмтылған, тәккәпар Абылай үшін өте тиімді болды. Бұл Абылайдың орынбор әкімшілігімен алғашқы және соңғы кездесуі болатын. осыдан кейін ол орынборға да, тіпті басқа орыс бекіністеріне де келмеді» - деп бағалады (Сулейменов Р.Б., Моисеев в.А. Из истории Казахстана ХVIIІ веке (о внешней и внутрен-ней политике Аблая).- Алма-Ата, науке. 1988, - С.31).

Абылай Әбілмәмбетпен бірге Башқұртстаннан қазақ даласы-на қашып келген Қарасақалды патша үкіметі қанша талап етсе де қайтармады. 1740 жылы қыркүйекте Қарасақалдың найман, керей руындағы Барақ сұлтанда екендігі белгілі болса да, Абылай оны Ұлы жүзде, үйсіндерде деп хабарлап, оларға билігі жетпейтіндігін алға тартты. Үлкен биліктен үміттенген Қарасақал кейде өзін қонтайшы Цеван-Рабданның баласы Шуна батырмын елден қуылғанмын, Жоңғар тағына таласым бар деп көпшілікті сендіріп қоятын. оның қонтайшыға еш қатысы болмағандығын, Шунамен бірнеше рет кездескен, қалмақ тұтқынынан бері танитын Есет батыр анық білетін (КРо-І. –С.202). Бұл арадағы басты мақсат Қарасақалды Жоңғарияға қарсы пайдалану болатын.

1741 жылы ақпан айының соңында жоңғарлар «барлық қазақ ор-даларын түбірімен жою үшін» орта жүзге басып кірді. оның себебін Сібір губернаторы П.И. Бутурлин Сыртқы істер алқасына «қазақтар Қалдан-Цереннің туысын ұстап алып өлтірді, одан кек алу үшін әскер аттанды» деп түсіндірді (Русско-джунгарские отношения (конец ХVII-60-е гг.- ХVIII вв.).– С.75). 1741 жылы көктемде болған шайқастардың бірінде Абылай атақты жоңғар нойоны Шарышты өлтірген-ді. Өлтірілген Шарыш қазақ аңыздарында Қалдан Цереннің баласы делінгенімен мұрағат деректері оның атақты жоңғар нойоны екендігін айғақтайды. Шарыштың өлтірілгендігін 1742 жылы Әбілқайыр ханға келген ойрат елшілері Қошке мен Бұрын да атап өтеді (КРо-І, -С 231). Көп ұзамай осындай шайқаста Септен нойон Абылайды, жанындағы жауынгерлерімен қолға түсірді. ол турасында Септен подполков-ник Заринге «Есіл өзені бойындағы Шілік және Шідерті мекенінде бізге кездескен Абылай сұлтанды 200 адамымен талқандап, қолға түсірдім» деп хабарлады. Бұл хабарды 1745 жылғы 12 сәуірдегі Сібір губерниясының кеңсесі хаты да дәлелдейді (Сулейменов Р.Б., Моисеев в.А. Из истории Казахстана ХVIIІ веке. –С.34; Русско-джунгарские от-ношения (конец ХVII-60-е гг. ХVIII вв.). – С.106).

Абылай сұлтан шамамен 1741 жылдың мамырынан 1743 жылдың шілде айы аралығында Жоңғарияда тұтқында болды. Ерәлі сұлтанның қарамағындағы Керей руында болған И. Лапин мен М. Аксаковтар

108 109

1743 жылдың шілде айының екінші жартысында Әбілмәмбет ханға Абылай сұлтаннан бес елші келіп, «оның тұтқыннан босап, елге бағыт алғандығын және жанында 30 жоңғар елшілері бар екендігін» хабар-лады (РИССМ. 122 қ., 1743 ж., 3 іс, 122 п.). оны тұтқыннан босатуда барлық қазақ игілері бірлесе күш салды. Міне,осы арада Әбілқайыр ханның Ресейден көмек сұрағаны, ұлы Айшуақты Жоңғарияға аманатқа беру туралы ойлары белгілі болды. Сол үшін Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Күшік, Барақ, Жәнібек, Есет т.б. Еділ қалмақтарымен де келісімге келді, Ақшора батыр бастаған елшілер Қалдан Церенге жіберілді. 1742 жылы сәуірде орта жүзге оралған Ақшора батыр 3 жоңғар елшісімен келіп, қонтайшының Абылайды босату шарттарын жеткізді. Қалден Церен қазақтың белді азаматтарының балаларын аманатқа жіберуді талап етті. Содан 1742 жылы көктемде барлық қазақ ордаларының белгілі азаматтарының қатысуымен үлкен кеңес өтті. Қорытындысында Әбілқайырдың Ресейден көмек сұрауы қажеттігі, орта жүзден аманат жіберілетіндігі шешілді. Араға уақыт сала Әбілмәмбет ханның ұлы Әбілпейіз бен Малайсары және т.б. Жоңғарияға жіберілді. Әбілмәмбет хан аманатты орындау арқылы екі мәселені – біріншіден Абылайды босатқан, екіншіден Түркістан өңірін қайтарып алған.

орыс елшісі К. Миллер Ерәлі сұлтанның бағыттауымен нойон Сары Манджамен кездесіп, қонтайшыға жетпей кері қайтуға мәжбүр болды. Сонымен қазақтардың Абылайды босату мәселесіндегі бірлігі өз жетістігін берді. Елге аман оралған Абылай халқымыздың игілігі үшін белсене іске кірісті. 1743 жылы желтоқсанда орынборға жолдаған хатында Ресеймен «тату көрші болуды» қалайтындығын, «өзіне және ағалары Әбілқайыр мен Әбілмәмбет ханға орынборда сауда жасауға рұқсат» берілуін сұрады (КРо І. – С.307-312). Кейін Абылай сұлтан өзінің және Барақ сұлтан ұлдарын қонтайшыға жіберді. Аталған шаралардың барлығы оның шебер саясаткер болып қалыптасқандығын айқын дәлелдеді. Қалден-Цереннің сеніміне ие болғаны соншалық, қазақтар Жоңғарияға дейінгі жерлерді еркін жайлай бастады. Мұны көре тұра И.И. Неплюев 1745 жылы 16 сәуірде Абылайға «Сіздің көшіп жүрген халқыңыз біздің жаққа ешбір алаңдамасын. Абыройыңыз арта берсін, менің Сізге деген шын ниетімді қабыл алыңыз» деген жолдардан тұратын хатын жолдады. 1745 жылы қыркүйек айында Қалден-Церен қайтыс болып, аманаттағы Барақ сұлтан ұлы Шығай елге оралғанымен қазақ-жоңғар қарым-қатынасы 1750 жылдарға дейін бейбіт түрде дамыды. Бұл аралықта Абылай Жоңғариядағы ішкі тартысқа ашық араласпай, қонтайшы орнына бақталастарының көмек сұрайтын адамына айналды. Керісінше Ресей Еділ қалмақтары, орыс-казактары және башқұрттарды қазақтарға қарсы айдап салды. ол тура-

сында 1747 жылы 10 сәуірде Ресей сыртқы істер алқасы құпия жарлық шығарса, 21 шілде де қазақтарға қару-жарақ, оқ-дәрі, оттық, қорғаныс құралдары, тіпті оқ жасалмаған күйінде де сатылмайтынын айтқан бұйрық таратылды.

1748 жылы тамыз айында Әбілқайырдың өлтірілуі Абылайға қатты әсер етті. Ел ішіндегі бірлікті бұзған Бараққа Жәнібек тархан «Әбілқайыр хан сияқты басты ханды өлтіріп, қашқаның жарамайды», орта жүз билері Өтебай, Шорақ, Қабанбай батыр «Әбілқайыр хан барша қазақтың мүддесі үшін патшаға ұлын аманатқа да беріп қойды; қазаққа сауда жасауға мүмкіндік туғызды; жайлы қоныс, байтақ жайы-лым тауып берді. Әбілқайыр арқасында қазақ халқы әлі күнге игілігін көріп отыр» деп сәлем жолдаса, Қазыбек би «қазаққа қанша жер алып берген ханды өлтірдің» деп Барақты Ұлы жүзге, Жоңғарларға жібермей жолдан ұстап қалған. оларды Төле би де қолдады (Абылай хан. Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдардың жинағы (Құраст. З.С. Тайшыбай). – Петропавл. 2005.-172, 175б.). Көп кешікпей Абылай да Бопай ханымға келіп көңіл айтқан. Кейін ол Керей руын басқарған Ерәлі сұлтанды да Барақ әрекеттерінен қорғап қалды.

Абылай сұлтан 1749 жылы қаңтар-ақпанда Бопайға Барақтың тұрақтаған жерін көрсетсе, 9 мамырда И.И. Неплюевке жіберген елшісі арқылы Барақтың «жауыздығын» сынап, Нұралы хан, Ерәлі сұлтанмен бірге кеңеске қатысқандығын жазды (РИССМ. 122/1 қ., 1749, 4 іс, 56 п.)

Сыр бойына көшкен Барақ Тұрсынұлы (Көкжал Барақ-Ә.М.) қарамағындағы найман, арғын руларымен бірге оңтүстіктегі Иқан, Ташкент, отырар, Созақ және т.б. қалаларды сарттардан босатқанымен, 1749 жылы күзде қырғыздарға шабуылдап, жеңіліс тапты. Барақ Абылайдың «бір жағым - Қоқан, бір жағым – Қытай, бір жағым – орыс, қазақ-қырғыз бір ұрық едік» деп ескерткенін есепке де алмады. Қазақ – қырғыз қатынасын зерттеген А. Махаева осыдан бастап қазақ-қырғыз арасы бұзылғанын дәлелдейді. Барақтың іс-әрекеттерінің арты оның екі ұлымен 1750 жылы Қарнақ қаласында қолмен ұйымдастырылған қорлық өліміне әкелді.

1781 жылы 29 маусымда Сібір корпусының генерал-майоры Н.Г.огаревке жолдаған хатында Барақ ұлы дайыр сұлтан «әкем (Барақ - Ә.М.) өлгеннен кейін Ұлы жүздегі хандық билік Абылайға бағынды» деп хабарлады (ороММ. 3қ., 1т., 176 іс, 424 п.). Сөйтіп, Абылай билігі біртіндеп орта, Ұлы жүздерде мойындала бастады.

ХVIII ғасырдың 50-ші жылдары Абылай Жоңғариядағы ішкі тар-тысты қазақ мүддесіне пайдаланып, қашып келген жоңғар нойондары Әмірсана мен даваци, Банчжураны қабылдап, Лама-доржиге бермеді.

110 111

ойраттар шабуылының алдын алу үшін Абылай Лама-доржиге елші жіберіп, қашқындарды қайтару мәселесі қазақ кеңесінде шешіледі деп жеткізді. Кеңеске үш жүз игілері түгел шақырылып, қатыстырылды. Әбілмәмбет хан Түркістаннан келіп, нойондарды берген дұрыс деген қорытындыға келген. Бірақ Абылай, Ерәлі сұлтандар, дәуіт тархан (Жәнібек тархан ұлы - Ә.М) Бөгенбай батыр және т.б. Әбілмәмбет ұсынысын қолдамады. Кеңесте Абылай давацидің мүмкіндігін жоғары бағалады. оның себебін Жапақ батыр Абылайдың жоңғар тұтқынында болған кезеңінде давацимен қалыптасқан достығымен түсіндірді. Кеңестен соң Абылай Лама-доржиге елші жіберіп «нойондар өздері келді, біздің дәстүр бойынша «қонақтарды» бере алмаймыз» деген көпшіліктің шешімін жеткізді. Мұндай шешімді күтпеген Лама-доржи 1752 жылы қыркүйекте 20 мыңдық әскерін қазақтарға аттандырды. Абылай бастаған қазақ әскері қазан айында Баянауылда жиналып, жоңғарларды талқандап, кері шегіндірген. Мұны пайдаланған дава-ци мен Әмірсана 600 әскермен тылдан соққы беріп, жоңғар билігін тартып алды. Жоңғар ханы даваци бірден Әбілмәмбет пен Абылайға елші жіберіп, достық келісімге келді. Көп ұзамай Жоңғарияда дава-ци мен Әмірсананың өзара тақ таласы басталды. оның соңы Жоңғар мемлекетінің құлап, Қытай империясының қарамағына еніп, тарих сахнасынан жойылуына әкелді (Сулейменов Р.Б., Моисеев в.А. Из истории Казахстана ХVIIІ веке. –С.47-52)

Сонымен Жоңғария ішіндегі тартысқа араласқан Абылай әскерлері қытайлықтармен бетпе-бет кездесті. 200 мыңдық Қытай әскері 1755 маусым айында жоңғар хандығын жойғаннан кейін, Абылай ханға рес-ми елшілігін жіберді. Елшілікті қабылдаған Абылай қазақтар атынан Бөлебай бастаған елшілерін келген қытайлықтарға қоса аттандырды. Бұл оқиға жаңа замандағы қазақ-қытай байланысының бетбұрысты бастамасы еді. «Бабаларымыз Есім хан, Жәңгір хан заманынан бермен қарай Қытай империясының лебізі мен ұлағаты бізге жетпей келіп еді» деген жолдардан басталатын Абылай хаты 1757 жылы тамыз айында Қытай патшасына жетті. Бастапқы кезеңде қазақ қолдарымен шайқасқа енген Абылай, қаптаған қытайлықтармен соғысудың арты қырғынға әкелетінін түсініп, «біздің әскер бастап шығуымыз әсте ірі елмен жау-ласу емес еді. Қалың қолдарың бізге бірінші шабуыл жасады» дей от-ыра, келіссөздің маңыздылығын ескерді. Қытай құжаттарында Абылай хан атала бастады. Қытай генералы Шунданамен кездескен Абылай «Мен орта жүздің ханымын. Кіші жүз бен Ұлы жүзді де менің тумалас бауырларым билейді!» деген пікірін білдірген. Сол жылы Қытай пат-шасына Абылайдан Қанжығалы, Өміртай, Төлеп, Еренжі, Әбілпейіз сұлтан, Тапаш, Бөкенбайлар арнайы келіп, «ежелгі өрісіміз еді» деп

Тарбағатай жерлерін қазақтарға жайлауға рұқсат сұраған (100 құжат. (Қазақ хандығы мен Чиң империясы арасындағы қарым-қатынасқа байланысты құжаттар). –Алматы, 1998. – 25-34 б.)

1757 жылы 5 қарашада Қытай ресми түрде Ресейге қазақтарды өз қамқорлығына алғанын хабарлады. Қытай патшасы «орыстар қазақтарды біздің әскерлерімізден қырылып, жерлерін тастап алысқа көшкенін көріп тұрып, оларды қандай себептермен «боданымыз» дейтінін түсінбейміз» деп таңданыс білдірген (Русско-джунгарские отношения (конец ХVII-60-е гг. ХVIII вв.).-С.224). Көп ұзамай Абылайдың қайраткерлігін мойындаған Қытай оны хан ретінде бекітіп те үлгерді. Сенімге ие болған Абылай қазақ-қытай сауда-саттығын да-мытып, Үрімжіні 1758 жылы орталық базар ретінде таныды. Үрімжінің ашылу рәсіміне күзде Қабанбай батыр жіберілді. Атақты қолбасшы Қабанбайды жіберудің артында Қытайды тану саясаты жатқан бола-тын. Абылай Әбілмәмбетпен бірге елшілікті Қытайдың «қазақтар үш жылда бір мәрте патшаға сәлемге келуіне болады» дегеніне қарамастан жиі-жиі жіберген. 1759 жылы Абылай өз інісі Сұлтанмәметтің бала-сы орыс сұлтан мен Бөкенбайды, 1760 жылы Жолбарыс сұлтан, дау-леткерей сұлтан және Науанды, 1762 жылы Бөкенбайды, 1762 жылы Әбілмәмбет хан Сайбекті аттандырған. Елшілер тізімі осылай жалғаса береді. Кейін елшілікке Абылайұлы Уәли сұлтан, Әбілпейізұлы Жол-шы сұлтан да барып қайтты. Көп жағдайда елшілік сауда базарларын кеңейтіп, жайылым мәселелерін, шекарадағы келіспеушіліктерді рет-теуге бағытталды.

1762 жылы Қытай бағытына Ұлы, орта жүздермен бірге Кіші жүз хандары да тартыла бастады. осы жылы Нұралы хан Әбілмәмбет елшілеріне өз адамдарын қосып жіберген. Содан 1763 жылы 23 ақпанда Қытай патшасы Ұлы жүз бен Кіші жүзге жіберген жарлығында Абылайдың көрегендігін алға тартты (100 құжат ... 62-63б.). Алайда Кіші жүз елшіліктері түрлі себептерге байланысты жалғасын тап-пай қалды. Бұл арада, сөзсіз, жердің шалғайлығы да, Ресейдің айла-шарғылары да әсер етті. Кейін Қытай патшасы «Сендер сияқты жат елдерге қару жұмсап, қысым жасап, оларға ант бергізіп, алым-салық төлеуге міндеттегеніміз жоқ. Қазақтардың басқа да мемлекеттерге бағынышы болуын шектемейміз. Бұған да тыйым салмаймыз» деген жауап хат жолдады (Мұқаметқанұлы Н.ХVIII-ХХ ғасырлардағы қазақ-қытай байланыстары. -Алматы; Санат, 1996, 66б.).

Қытайдың «жұмсақ» саясатының түпкі мәнін Абылай ашық түсіне білді. Өйткені өзімен шекаралас халықтардың қазақтармен теке-тіресінде Қытайдың генералдары Абылайды сөз жүзінде қолдап, әскери жорықтарға кедергі келтірумен шұғылданды. Міне, осы кезеңде

112 113

Қытайдың орталық Азиядағы мұсылмандарды жаулап алу жоспары-на қарсы Ауған шахы Ахмад көтерілді. Б.П. Гуревич оның басында Абылайдың Қытайға қарсы ортақ күш біріктіру жоспары жатты деп есептейді (Гуревич Б.П. Международные отношения в Центральной Азии в ХVII- пер. полов. ХІХ вв. М., 1979, - С. 183). Ахмад шах Нұралы мен Абылайға, Әбілмәмбетке хабар салып, Қытайға 1763 жылдың ба-сында елшілерін жіберіп, Цинь патшасының Жоңғария және Шығыс Түркістан бағыттарындағы саясатын анықтады. 1763 жылы көктемде Абылайға Ахмадтан елші келіп, соғыс басталар жағдайда өзара көмекке шақырды. Кейін Ахмадтың Үндістан жеріндегі соғысқа араласуы, Абылайдың Қытаймен ортадағы байланысты үзбеуі Цинь империясы-мен қатынасты шиеленістірмеді. оның үстіне мұсылмандардың бірігу әрекеті де Қытайдың жылжуын белгілі дәрежеде тоқтатты деуімізге болады.

оған Абылайдың қырғыздар және Қоқан хандығымен күрестегі батыл қимылдарын атауымызға болады. ол бір жағынан, олардың Қытаймен қаншалықты келісімі барлығын тексере отырып, қажетті жерінде Қоқанның Ердене бегін Пскентке қуып тықса, қытайлықтар Абылайдың зеңірек сұрауын қанағаттандырмаса да, қазақты, қырғызды, қоқандықтарды біздің қармағымызда деуден әрі аса алмады. Абылай қырғыздармен де шиеленісті қарым-қатынасына қарамастан келісімге келуді мақсат тұтты. 1766 жылы Абылай қырғыз би Қаработаға келіп, оның ұлын бас қылып, аманатқа тоғыз түтінді өзімен ала кетті. Міне осы жылдары (1764 жылы) Абылай сұлтан қырғыздар қолына да түсті, тұтқыннан кейін босатылды дегенде пікірлердің қырғыз зерттеушілер тарапынан жазылып жүргендігін айта кетуіміз керек. ол турасында «Егемен Қазақстанның» 2006 жылғы 19 тамыздағы санында жазылған болатын. Бұл деректі Абылайдың мемлекеттік басқаруын қалт жібермей бақылап отырған, қытай тыңшылары да жазбаған.

Сонымен Абылайдың Қытай патшасымен тікелей байланысы, қазақтардың еркін сауда саттығы, одан әрі Қашқарға сауда керуендерін жіберуі, қырғыздармен келісімі, Ташкентті бағындыруы, аталған мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуде оны Әбілмәмбет, Нұралы хандардың, Қазыбек бидің, өзге де би, батырлардың, сұлтандардың қолдауы бұл тұлғаның қадір-қасиетін, алысты болжайтын сарабдал саясаткерлігін дәлелдеді. Мұны солтүстіктегі «аюлар елі» орыс патша-сы да түсінді.

Ресей Абылайға 1740 жылы «бодандықты» қабылдадың, «орта жүз Семеке хан заманынан бері бізге бағынады» деп сендіруге тырысқанымен өзінің түпкі мақсатын жүзеге асыра алмады. И. Неплю-

ев «Абылайға «неғылса да Қытайдан аулақ бол» деп түпкі ойымызды ашып білдірмей-ақ қояйық. Қазақтарды сескендіріп алмайын деп от-ырмын» деп мойындауға мәжбүр болды.

1758 жылы мамыр айында Абылай орынбор қаласына ар-найы шақырылғанымен 8 қыркүйекте орыс әкімшілігіне, А. Тев-келевке хат жолдап, өзінің Әбілмәмбет ханға шақырылғандығын, Батыр сұлтанның ұлы Бөріні (Абылайға болашақ күйеу бала бола-тын - Ә.М.) аралдықтардың өлтіргендігін, оған бару қажеттілігін, Қытайдан өзіне елші келе жатқандығын, оны күтуде екендігін алға тартып бармайтындығын мәлімдеп, өз орнына немере інісі Жолбарыс сұлтанды жіберді. Жолбарыс орынбордан әрі Петербургке аттанды. Кездесу барысында қазақ-орыс қатынасындағы орыс әскерилерінің озбырлығы, жер-жайылым мәселелері қаралды.

1759 жылы 22 қаңтарда А. Тевкелев пен П. Рычков Сыртқы істер алқасына қазақ даласындағы қазіргі жағдай туралы мәліметтерді жол-дады. Алдымен «қазақтар далалық халықтар ішінен бағзы заманнан жауынгер халық. Бүгінде жоңғарлар талқандалғаннан кейін бізге (Ресейге - Ә.М.) жақын олардан асқан халқы көп, мықты көрші жоқ, олар ешқашан, ешкімге салық төлеген емес» деп ескерте отырып, Әбілмәмбет ханның Түркістанда тұруына байланысты, Абылайдың орта жүзде бас билеуші саналатындығын хабарлады. Хабарламамен танысқан патша саясаткерлері орынбор губернаторы А. давыдовқа Абылай туралы толық мәлімет жинауды тапсырды. Губернатор ар-найы нұсқау дайындап, 1759 жылы қараша айында порутчик Ура-ков пен аудармашы Гуляевті орта жүзге жіберді. Басты мақсат Ресей мүддесі үшін Абылайға хан атағын құпия түрде ұсынып, ойын білу, сол арқылы оны «ерекше қамқорлыққа» алу болатын. Содан орыс тыңшылары 1760 жылы 7 сәуірде орынборға оралып, есептерін тап-сырды. Есептен Абылайдың Ресей тарапынан ұсынылған хандық лауа-зымнан бас тартып, Әбілмәмбет ханмен ақылдасатыны белгілі болды (КРо –І, -С.567-568, 571-582,607). Ресейдің Әбілмәмбет пен Абылай арасына араздық отын жаға алмағандығын тыңшылар да мойында-ды. Керісінше Әбілмәмбеттің бас хан екендігі, үнемі ел ішін аралап жүретіндігі, Абылайдың ханды аға тұтатындығы анықталды. Соған қарамастан егер Абылай орынборға келетін болса жоғары деңгейде қабылдап, Ресейдің оны қамқорлығына алатындығын сезіндіру шекара әкімшілігіне қатаң тапсырылды. 1760 жылы маусым айында Абылайға «ұн қанша керек болса да босатылады» деп хабарланды. Ресей Сыртқы істер алқасы Сібір әскер шебінің бастығы генерал-майор вейморнның қазақ даласын отарлай түсу жоспарларын саралап, қазақтарды тыныш-тандырып, ежелгі салтынан айырып, мінез-құлқын өзгерту үшін оның

114 115

байлығы болып табылатын малын азайту ұсынысын қолдады. Содан Абылай мен Құлсары батырға шекарадан үй салуға, шекарадағы талас мәселелерді тездетіп шешуге, қытайлардан іргесін аулақ салуы үшін қазақ басшыларын бауырға тартуға рұқсат етілді. Ресейлік саясаткер-лер «қазақ малын қолға ұстатуды үйрету керек, жем-шөп дайындап берейік, сонда құлындар қорада өседі, пішенмен азықтанған жылқы тебінді ұмытып, қолдан шөп жейді. Шөп қоры шектеулі болғандықтан, мал саны да азая береді, малы азайса, қазақта тұрақтанып, қамқорлық күтеді. Мініс аттары азайғаны бізге жаксы. Қытайлықтар қазақтардан көп ат сатып алмас еді, атты әскер жасақтау мүмкіндігінен айырылар еді» деген де армандарын жасырмады. 1762 жылы 21 наурызда Ресей Сыртқы істер алқасы «бұл шараларға қазақтар тез арада «нәзіктенбек» түгілі, өзінің көшпелі тұрмыс тәртібін ғасырлар бойы ұмыта алмайды, дегенмен бұл ұсыныстар қазақтарды Ресейдің қарауында ұстауға және Қытай ықпалынан аулақтатуға азда болса себі тиеді» деген тоқтамға келді (Абылай хан. Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдардың жинағы (Құраст. З.С. Тайшыбай). -327-329, 337б.).

Ресей кейінгі жылдары да Сібір шекарасында Абылай үшін ерек-ше құрмет танытып, оның талап-тілектерін орындағанымен орыс қорғандарына кездесуге келтіре алмады. Керісінше орыс елшілері жиі келіп, Абылайға деген ресейлік құрметті көрсетіп тұратын. Пат-ша үкіметінің хаттары да осы елшілер арқылы жетті. Елшілер ғана Абылайдың «Ресей жағына ықыластары түзеу» екендігін жеткізіп отыратын. Кейде Абылай «қытайлар бізге жақсылық ойламайды, бұрынғысынша Ресей патшасына сүйенейік, сонда қытайлықтар бізге қастық жасай алмайды» деп айтты деген әңгімелерде жетіп жатты. Соған қарамастан 1767 жылы жазда Абылайға барып қайтқан башқұрт старшындары Әбілмәмбет хан мен Абылайдың орынборға келуді ауызға алмағандығын, тіпті ойында жоқтығын хабарлады. Мұның барлығы бұл кезеңде Абылайдың көп векторлы саясатты қолданып, толық іс жүзіне асырғандығын айғақтайды. Жылда Қытайға елші жіберіп, өзін 1757 жылы хан ретінде мойындатқан Абылай «бүкіл қазақты бастап Қытайға ел болуды тілеймін. Қытайдың ұлы патшасы тілеуімізді қабылдағайсыз» деп жазғанымен, оны оңтүстік-шығыстағы шекараны реттеуге, түпкілікті жайылымды шешуге, өзімен көршілес халықтармен талас-тартысын анықтауға, соңында Жоңғарияны жер бетінен жойған Қытай империясын келісіммен тоқтатуға пайдаланды. Бұл саясат Ресейдің де Абылаймен есептесіп, орта жүз бағытында батыл қимылдауына басты кедергі жасады. Абылайдың хатшысы М. Мәмметов 1768 жылы «Абылай өз пайдасын ойлап, Қытай жағына өтірік берілгенсіп отырса да, Ресейге бағыныштылығын артық са-

найды. Керісінше, оған қарайтын кейбір қазақ рулары, мысалы бір мың түндік Бура наймандар қазірдің өзіне Қытайға берілген, ауыл-дарымен көшіп, жоңғардан босаған жерлерге қонуда» деп мойында-ды. Хат Абылайдың жайылым мәселесін Қытай елімен бейбіт түрде шешкендігінің айғағы.

Абылай Ресейдің Азия бағытындағы саясатын толық түсінді деп айтуымызға болады. Сондықтан да өз жанындағы сұлтандар, би-батырлар арқылы Ресеймен байланысын жалғастырып, қазақ-орыс қатынасын реттеп отырды. оған Ресей сеніміне ие болған Құлсары, Құлеке батырлардың іс-әрекеттері дәлел болады.

Абылай үлкен саясатта ұлт мүддесін бәрінен жоғары қойды. Мәселен бірде қытай елшілерімен кездесу үстінде Абылайдың үйінен оның бәйбішесі «науқастан халі нашарлап қалды» деген хабар екі қайтара жеткенімен «отбасымның жағдайы соншалықты маңызды емес қой. оның сыртында, мен үйімде болғанда да өлейін деп жатқан адам-ды тірілте алмаспын. оған қарағанда Боғда Ежен ханмен арадағы іс маңыздылау» дегені (Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері. ІІІ том. Алматы, 2006. – 76б.), орта жүзде болған тау-кен инженері И.П. Шангиннің (1783-1830) 1816 жылы «Абылай дала заңдылықтарын қатаң сақтады. Кез келген қылмысы үшін жауапкерлер қатаң жазаланатын. Қазақтар арасында барымта деген болмады. Халқының ең кедейінде 500, ауқаттысында 5000-нан 15000 дейін мал болатын» деп жазғаны (Ерофеева И.в. Родословные казахских ханов и кожа XVIII-ХІХ вв (история, историография, источники). –Алматы, 2003. –С.85), Ресейдің ішкі бірлікті бұзып, арандатуды жоспарлап, 1758 жылы Әбілмәмбет ор-нына хан сайлау ұсынысын қабылдамауы, қырғыз бен ташкенттіктерді бауырына басуы, Ахмад шахпен келісімге келуі, Кіші жүз басшылары Нұралы, Батыр хандармен, Ерәлі, Айшуақ сұлтандармен қарақалпақ, түркімен бағытындағы бірлескен қимылдары оның қазақтың бас ханы деңгейіне көтерілгендігін дәлелдеді. дегенмен Абылай ата заң бойын-ша Әбілқайыр хан өлгеннен кейін бас хан ретінде мойындалған неме-ре ағасы Әбілмәмбет ханның алдына түспеді. Керісінше оны қолдап, өзара сеніммен, оның ұлы Әбілпейіз сұлтанмен қоян-қолтық араласты. Ал Әбілпейіз Кіші жүз ханы Нұралының күйеу баласы болатын.

Әбілмәмбет хан есімі орыс деректерінде соңғы рет 1768 жылдың желтоқсанында аталады. ол бойынша орта жүзден барлаудан оралған К. Юсупов пен У. Аслаев 1768 жылы 27 қарашада орынборға келіп, Әбілмәмбет ханның амандығын жеткізді(оРоММ. 3қ., 1т., 98 іс., 281-283п.). Содан кейін мұрағат қорынан кездеспейді. Қытай деректемелерінде 1768 жылы Әбілпейіз «қазақтың ел ағасы» ретінде атала бастады (100 құжат ... 379б.). Соған қарағанда Әбілмәмбет 1769

116 117

жылдың басында қайтыс болған. оны 1769 жылы Цинь патшалығынан Әбілмәмбет асына 200 тұяқ жылқы ақтық салып, арнаулы адамдардың жіберілуімен анықтай түсеміз (Мұқанбетқанұлы Н. Тарихи зерттеулер. –Алматы, 1994. -60б.).

Әбілпейіз 1772 жылы қыркүйекте Қытайға жолдаған хатында «Әбілмәмбет ханның бар кезінде, Ташкент жақтан бізге керектілердің барлығы келуші еді, екі-үш жыл болды, қырғыз жабылды да әрі-бері жүргелі болмай қалды» деп атап өтеді (Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері. ІІІ том. -117б.).

Әбілмәмбет қартайып, ауруы дендеген соңғы жылдары қазақ хандығының болашақ Бас ханы мәселесі күн тәртібіне шыққан сияқты. 1767 жылы 14 желтоқсанда Абылай омбы әкімшілігіне жазған хатында «менің ата-бабаларым Барақ хан, Жәнібек хан, Жәдік хан, Шығай хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Болат хан, Қайып хан, Әбілқайыр хан, Әбілмәмбет хан, олардан соң енді мен Абылай ханмын» деп алғаш рет қазақ хандығының бас хандарын тізбелеп берді (РИССМ. 122 қ., 122/2 т., 1766-1769, 18 іс, 189 п.; Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы (1745-1860 жж) . т.ғ.к. диссерт. орал 2008. – 23б.). Бұл дерек Абылайдың өз атынан жазылғандықтан оған толықтай сенуімізге болады. оған қосымша анықтама ретінде И.в. Ерофееваның Абылай хан мөрінің Түркістанда (1771 жылы) хан сайланғанға дейін 3 жыл бұрын соғылғандығына таңданыс білдіргенін де келтіруімізге бо-лады (Ерофеева И.в. Символ Казахской государственности (позднее средневековые и новое время). – Алматы, 2001. –С 53).

Сонымен Абылай ханды 1769 жылы Әбілмәмбет қайтыс болған соң орта жүз ғана емес, қалың қазақтың мойындаған хандар ханы атанды.

дегенмен бұл арада Ш. Құдайбердіұлының «Абылай барлық қазақтың ханы болып 1735 жылы сайланды» (Құдайбердіұлы Ш. Ро-дословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий. – Алма-Ата, 1990. –С.54), М.Қ. Қозыбаевтың «Келесі 1734 жылы Әбілмансұр Абы-лай деген атпен хан болып сайланды» (Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. –Алматы, 1994. -63 б.) және оларды қайталайтын пікірлердің де бар екендігін атап өту абзал. Бұл пікірді қолдаушылар Абылайлап жауға шапқан батырдың Шарышты өлтірген шайқасын 1734-1735 жылдарға жылжытады. Ал шайқастың 1741 жылы көктемде өткендігі мұрағат дерегінен белгілі. Ендігі екінші пікір 1744 жылдан Әбілмәмбет ханның Түркістанға көшіп, орта жүзге Абылайды қалдырды деп жазған зерттеушілер пікірлерінен туындап отыр. ол П.И. Рычков, А.И Левшиннің еңбектерінен бастау алады. олар Әбілмәмбеттің Түркістанға көшу себебін Әбілқайыр ханның саясатынан іздейді. Ра-

сында оған еш негіз жоқ. Әбілмәмбет қазақ-жоңғар келіссөзінен кейін, ұлы Әбілпейізді Жоңғарияға аманатқа беріп, Түркістанды билеуге қол жеткізгендігі тарихтан белгілі.

Әбілмәмбет заманында Абылай үш жүздің алдында айрықша сенімге ие болды. Сөз жоқ, Әбілмәмбет хан оған бірден-бір себеп-кер еді. Сол үшін кезінде ұлы Әбілпейізді аманатқа берді, кейін әр кез оның жанына қосып үлкен саясатқа – Ресей, Қытай бағытына машықтандырды. Жоғары деңгейдегі келіссөздер мен ел тыныштығы үшін істелген жұмыстар әрдайым өзара келісімде жасалды. оған 1759 жылы 10 қаңтарда Қытай әскерінің қолбасшыларының бірі Наванның қазақ даласына елшілікке келген кезіндегі Әбілпейіздің «Саудаға адам жіберу туралы Абылай біледі», Әбілмәмбеттің «Абылай менің інім, Әбілпейіз менің ұлым. олар менің тапсырмам мен бұйрығыма қарсы шығады дейсіз бе! Әрине, мен де өзімнің інім мен ұлымның игі ба-стамасын бұзбаймын ғой», Абылайдың «Әбілмәмбет менің ағам болғандықтан, барлық іс соның айтқаны бойынша жүреді, мен оның айтқан тапсырмаларына бойсұнамын» дегендерін қағазға түсіруі айқын дәлел болады (Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері. ІІІ том. -69-74 б.). Міне, осы Әбілмәмбет және ел игілері біздіңше, үлкен сеніммен Абылайды Жоңғариядан келгеннен кейін орта жүз ханы етіп сайланған. оны жоғарыдағы орыс зерттеушілері еңбектері де, мұрағат деректері мен түрлі тарихи зерттеулердегі Абылайдың белсенділігі де айғақтайды. орыс үкіметі ресми түрде мойындамағанымен Қытай патшасының өзі 1756 жылдан бастап жазған хаттарында Абылайды хан атап, 1757 жылы 1 қыркүйекте бекітуді ұсынады(Абылай хан. Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдардың жинағы (Құраст. З.С. Тайшыбай). -231 б.). Ал осы аралықта өмір сүрген Жоңғар билеушілері де Абылайды ел билеушісі ретінде мойындады.

Қорыта келгенде, 1743 жылы ақ киізге көтеріліп, орта жүз ханы ретінде сайланған Абылай 1769 жылы Әбілмәмбеттің қайтыс болуы-на байланысты қазақ ордасының бас хандығына лайықты үміткер бо-латын.

Абылай Қоқан ханы Ерданаға соғыс бастар кезінде қазақ жүздері билеушілерінің Жәнібек ханның үш ұлынан тарайтындығын, олардың екеуі, яғни Ұлы жүз бен орта жүз өз кезегінде Ташкент пен Бішкек жерлерінде тұрғандығын алға тартып, бауырлары атынан сөйлеген-ді. Ташкенттіктерді жеңгеннен кейін Абылайдың Кіші жүзде де беделді айтарлықтай өскен. оны 1768 жылы 5 сәуірде Кіші жүзден келген Я. Гуляев жеткізді. Патша үкіметі Нұралы хан орнына кім үміткер деген сұраққа Ерәлі, Абылай, Қайып аттарын естіді. осы жылы көктемде Абылай Ерәлі сұлтанға түркімендерге қарсы соғыста көмек

118 119

көрсетті(ороММ 3қ., 1т., 84іс, 130-133п.). 1769-1770 жылдары Абы-лай хан Н.Е. Бекмаханованың анықтауынша Еділ – Жайықта өткізді. оған Арқада қардың қалың түсіп, қыстың ала бөтен суық болуы се-беп болған (Бекмаханова Н. Легенде о невидимке. Алма-Ата, 1968. –С.158).

Абылай хан 1771 жылы қаңтар айында басталған Еділ қалмақтарының Жоңғарияға көшуі кезеңінде үш жүздің қарулы қолдарымен бірлесе қимылдады. ол Ерәлі сұлтан жасақтарымен бірге қоян-қолтық қалмақтарды түпкілікті талқандады. Міне үш жүз игілері қатысқан жорықтар тұсында қазақтар 1771 жылы Түркістан қаласына жиналып, бірауыздан Абылайды тағы да ақ киізге көтеріп, Қожа Ахмет кесенесі жанында Бас хандыққа заңды түрде бекіткен. ол турасында Абылай 1778 жылы 28 ақпанда «менің аталас туыстарым Әбілқайыр мен Әбілмәмбет хандар өмірден өтті. олардың ізін басқан маған хандық кезек келді. олар қайтыс болғаннан кейін қазақтың үщ жүзі – Ұлы жүз, орта жүз және Кіші жүздің хандары мен сұлтандары, Таш-кент пен Түркістан аймағының үлкен-кішісі тілек қосып, 1771 жылы Түркістан қаласында ... мені қазақтың үш Алашының ханы етіп, ақ киізге көтерді» деп Ресей патшасы ІІ Екатеринаға арнайы хат жолдады (КРо – ІІ, -С. 86-88). одан хабардар Ш. Уәлиханов «1771 жылы Абы-лай серт беру үшін орыс шекарасына барғысы келмеді. Мені хан етіп, халық сайлап, Көктің ұлы өзінің грамотасымен әлдеқашан бекіткен» деп жазғанды. сөйтіп 1767 жылы көтерілген Бас хандық мәселесі 1771 жылы түпкілікті шешілді.

Бас хандыққа сайлану барысы мұрағат құжаттарында толық көрініс таппағанымен оған белгілі хан, сұлтандар мен беделді би-батырлардың қатысқандығын, олардың бірауыздан келісімге келгендігін болжауымызға болады. Абылайдың жанында жүрген Әбілмәмбет ұлдары Болат, Әбілпейіз хандар да түсіністік танытып, әкелерінің әркез Абылайды қолдаған аманатын іс жүзіне асырды. Ел ішінде Әбілпейіз оғаш мінез көрсетті деген қаңқу сөздер болғанымен, жеме-жемге кел-генде ол тау қырғыздарының бір ұлын хандыққа шақыру ұсынысына Абылайсыз шеше алмайтындығын алға тартып, оларды кері қайтарған. Ал Кіші жүзден Қайып хан, Ерәлі, Айшуақ және т.б. сұлтандар Абы-лаймен бірге талай рет көршілес халықтармен талас мәселелерді бірлесе бейбіт түрде, кейде қарумен шешті. Ресей мойындаған Нұралы ханға келсек мұрағат қорларында оның Абылайға байланысты қарсы іс-әрекеттерін дәлелдейтін бірде-бір құжаттың кездеспегенін атап өтуіміз қажет. 1772 жылы қыркүйек айында Нұралы хан Абылай ханға Қабылан сұлтанын жіберіп, қазақ даласындағы қалмақ, түркімен тұтқындарын Ресейдегі қамаудағы қазақтармен алмастыру мәселесін

талқылап келісімге келген. Мұндай ішкі келісімді есепке алмастан тарихымызда абылайды Әбілқайырға, Әбілқайырды Әбілмәмбет пен Бараққа, нұралыны Қайып пен абылайға қарсы өзара айдап салулардың орын алғандығы белгілі. Мұның барлығы қазақ та-рихына әбден сіңіп алған ел игілерін бір-біріне қарсы қою, үнемі бірін ұлықтап, бірін аласартып, қолдан жау жасау кешегі орыс империясының қазақты бағындыруда қолданған, жемісін де бер-ген қитұрқы саясаты еді. ел ішіндегі бірлік болмаса, халқының өз хандарына сенімі қалыптаспаса, бүгінгі қазақ мемлекетін, оның ұлан-ғайыр жері мен байлығын кім сақтады ?

Өз заманында А.И. Левшин «Абылай тәжірибесі, ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың бөгде ханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан бол-сын өз тұсындағылардың бәрінен де басым еді. ол ұстамды, до-сына мінәйім мінезді, жауына қатал, қаҺарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді» дегенді(Левшин А.И. описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсакских орд и степей.-СПб.,1832, т.1. –С.264). Бір сөзбен түйіндесек, Абылай қалың жұрты мойындаған Бас ханы болды, өле-өлгенше оны дәлелдеп өтті. оған Ресей қайта-қайта тықпалаған, өздері бекітіп, орыс патшасының «айрықша белгімен марапаттаған», жалақыға отырғызып, орыс шенеунігі қатарына қосқан, «аты жазылған қылыш, бұлғын ішік пен су-сар бөрікті» хандық дәреже керек те емес еді. Абылайға әрдайым халқының сенімі, жұртының үмітін ақтағаны, қазақ елінің іргесінің беріктігі, мелекеттілігінің мәңгілігі қымбат еді. Сондықтан да қазақ даласынан «Абылай екіүшты саясат ұстанып, түрлі айла-шарғымен түлкі-бұлаңға салуда. Патша тарапынан берілген хандық белгілерді қабылдауға ниет те білдірмейді», «Ресей жағына аяғын баспай отыр» дегендер жетіп жатты. орыс патшасы 1779 жылы 4 қазанда құпия түрде орынбор губернаторына «орта жүз ішінде Абылайдың беделін түсіру үшін, оған «бақталас» біреуді іздеп тауып, ондай адамды үкімет тарапынан қолпаштап отырған жөн» деген жарлығын жолдады (Абылай хан. Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдардың жинағы (Құраст. З.С. Тайшыбай). -446 б.).

Абылай Ресейдің жымысқы арандату тәсілдерін Әбілқайыр өлімінен жақсы білетін. Мұны қатаң есепке алған ол Ресейге үнемі батыры Құлсарыны жіберіп, шекарадағы жағдайды анықтайтын. 1778 жылы мамыр айында Абылай атынан ұлы Тоғым сұлтан, дат Қарабатырұлы және т.б. орыс патшасының қабылдауында болды. Ба-сты мақсат Ресей көздеген «орыстарға бағыныштылық емес» керісінше

120 121

өзара тиімді байланыстарды дамыту және талас мәселелерді шешу бо-латын. Әрине Абылай өз ойларының көздегендей нәтиже бермейтінін білмеді дей алмаймыз. Соның ішінде әскери көмек, шекарадағы күш көрсетулер т.б. Соған қарамастан екі жақты байланыстар қай уақытта да тиімді болды. Саяси, экономикалық байланыстар Қытаймен де жалғасты. 1780 жылға дейін Қытайға Әбілмәмбет хан 4, Абылай хан 12, Әбілпейіз 6 рет елшілерін жіберген. Сөйтіп Абылай хан 1780 жылы күзде қайтыс болғанға дейін екі алыптың ортасында өзіндік қазақы саясатты жүргізіп, оны өзге де көршілес халықтарға толық мойындата білді.

Қорыта келгенде, алдыңғы буын ағалар жолымен бүгінгі Қазақ мемлекетінің ұлан ғайыр территориясын сақтап, ата-бабасының ұрпағына аманаттаған бірлігін қастерлеген абылай хан әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғалар қатарынан орын алады. оның сараб-дал саясаткерлігі өз заманының тынысын да, ағысын да, даму барысын да терең түсінуімен айқын.

жарас мерген және азаттық үшін күрестегі ұрпақтар сабақтастығы*

Бүгінде тұлғалар тарихы, олардың қоғамдық-саяси қызметі, еліне сіңірген еңбегі тәуелсіздікке қол жеткізуімізбен ерекше қызығушылық туғызды. Әрине, күні кешегі ХХ ғасырдағы таспаға түскен тұлғалар туралы жазу, олар туралы замандастарын сөйлету қиын шаруа емес. Өйткені олардың барлығы халық жадында. Ең ба-стысы – олар туралы мұрағатқа түскен құжаттар баршылық. Ал ХХ ғасырға дейінгі ұлтымыздан шыққан қайраткерлер тарихын қалпына келтіру, олар туралы нақты мұрағаттық құжаттарды табу оңай шаруа емес. Тарихшы-ғалым үшін міне, осы арада ең қиын міндет жүктеледі. Қазақ тарихындағы ел басқарған Әбілқайыр хан, Абылай хан, Жәңгір хан, Бөкенбай батыр, Есет батыр, Сырым батыр, Жоламан батыр, Махамбет, Исатай т.б. өздерінің қайраткерлігімен және көршілес ел-дермен түрлі қарым-қатынасқа түсуімен өзге елдердің мұрағаттық құжаттарына түсіп, бізге жетіп отыр. Ал олардың замандастары ара-

сында бірлесе жүріп елін қорғаған, қасық қаны қалғанша, ұлтына адал болған, атамекен жерін тастамаған, қазақтығын ұмыттырмаған есімдері бізге жеткен тұлғалар қаншама. Міне, осындай даңқты бабаларымыздың өмірі мен қызметін зерттеу, шындық тұрғысынан өскелең ұрпаққа жеткізу тікелей тарихшының міндеті. Кеңестік билік тұсында атадан-балаға жеткен шежіреміз біраз бұрмалаушылыққа түсті. Коммунистік идеология кешегі заманның қалдығы ретінде оны ұмыттырып, ұлтымыздың өткеніне балта шабуға талпынды. Бірақ халқымыз өзінің бақыты үшін күрескен, қызмет еткен бабасы ерлігімен ұрпағын ертеңгі азаттық үшін тәрбиелеп, сол арқылы тарихта қалған ұлдарын ешқашан ұмытқан емес. Тарихта аты аңызға айналған тұлғалар қатарында Кіші жүз Әлімұлдарының шекті руының қабақ бөлімінен Жарас мергеннің өзіндік орны бар. Кіші жүз шежірелерін жазған тарихшылар – С.Толыбеков, Х.Маданов, Х.Табылдиев [Мада-нов Х. Кіші жүз шежіресі. Алматы, 1993., Табылдиев Х., Қалмұратов А. Кіші жүз рулары. Алматы, 1994.] т.б. Жарас Пұсырманұлының ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда өмір сүріп, Әбілқайыр, Есет, Бөкенбай, Батыр, Қайыптармен замандас екендігін жазып дәлелдеді. Яғни, мергеннің осы дүрбелең кезеңдегі тарихи оқиғалардың бәріне қатысқандығы тарихи шындық. ХҮІІІ ғасырдың басында Жарас мерген бабалары негізінен Сырдария бойында тұрақтап, Қазақстанның батыс өңірінде еркін көшіп қонған. Бұл кезеңде шектілер Әбілқайыр ханға бағынып, оның негізгі тірегі болатын. Мұрағатта сақталған бір құжатта орыс үкіметі «Азия керуендерінің қауіпсіз жүруі үшін қазақтардың мықты руларының старшындары мен старшын балаларынан жылына төрт адамды, әсіресе, солардың ішінде шекті руынан ұстап қалу қажет» деп анық жазылған. Құжатта одан әрі «өйткені шектілер - бүкіл қазақ ордасындағы бірінші әрі ең мықты ру. Бүгінге дейін орынборға тонауға ұшырамай келген керуендер болса, онда олар тек шектілердің қорғауымен келгендер» делінген [РИССМ. 122қ., 122/2т., 1763-1775, 16 іс, 29-30п.]. олар оңтүстіктегі Бұхара, Хиуа хандықтарымен де қарым-қатынас орнатып қана қойған жоқ, оңтүстіктегі шекарамыздың қорғаны бола білді. Мұны Әбілқайыр хан да жете түсінді. ХҮІІІ ғасырдың ба-сында батыста қалмақ, казак-орыстардың, солтүстікте башқұрттар мен казак-орыстардың, оңтүстікте хиуалықтардың, шығыста Жоңғарияның үздіксіз шабуылына тап болған шақта Жарас мерген өзге де белгілі тұлғалармен бірге ел қорғанына айналды. оның, ата-бабасынан өрген ұрпақтардың 1710 жылғы Арал маңындағы Қарақұмда өткен Кіші және орта жүз рулары қатысқан халық кеңесіне қатысқаны анық. ХІХ ғасырда қазақ даласына керуен бастап барған Я.П.Гавердовский жаз-басы арқылы халық аузынан алынған Қарақұм кеңесінің еліміз үшін

*Мақала «Ақтөбе» газетінің 2008 жылғы 29 мамырдағы санында жарияланған.

122 123

қандай маңызы болғандығы қазіргі кезеңде толық дәлелденді емес пе? Қарақұм кеңесінде осы маңды мекендеген шекті Пұсырманнан өрген ұрпақтар бірауыздан қазақ жауларына қарсы бірлесу ұранын қолдап, Әбілқайыр хан мен Табын Бөкенбайды өздеріне басшы қылып сайла-ды. Міне осыдан кейін қазақ батырлары елдің еңсесін көтеріп, жауды жеңуге серт байласты. Тарихтан осыдан кейінгі шайқастарда қазақ батырларының жеңіске жеткендігі белгілі болады. Жарас мергеннің бабасы Пұсырманда 1726 жылғы Бұланты, Білеуті шайқастарына қатысқан. Ал сол заманда әке қатысқан шайқасқа ер жеткен ұлдарының өзгелермен бірге қару алмауы мүмкін еместігін ескерсек, Жарас та сөзсіз қазақ сарбаздары қатарында болды. Мұның барлығы сөз жоқ, атадан балаға дарыған батырлықтың, еліне деген сүйіспеншіліктің сабақтастығы деп білген жөн. Жарастың анасы тарихта аты қалған адайдың батыры Атақозының апасы екен. Атақозының Жайық бойындағы казак-орыстардың озбырлығына қарсы талай рет атқа қонғандығы мұрағат қорлары арқылы белгілі. оның Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кезінде де қазақ мүддесін көздеп, орыс үкіметі саясатына ашық күрескендігі көпке үлгі болып қалды. олай болса, Жа-расты өз жұрты да, нағашы жұрты да оны болашақ ел қорғаны ретінде тәрбиелеп өсірген.

Жарас мерген ХҮІІІ ғасырдың І жартысында азаттық күресте шекті руының ұранына айналған Бақтыбай Төлесұлымен қоян-қолтық арала-сты. Тағы да шежіреге арқа сүйесек, шекті Қабаққа Бақтыбай немере болса, ал Жарас шөбере болып келеді. Бақтыбай атауы мұрағатта 1730 жылдардан кейін атала бастайды. Әсіресе, оған патша үкіметі қазақ да-ласына А.И.Тевкелев елшілігінен кейін назар аударған. Біртұтас қазақ мемлекеттілігін сақтап, қыспақта қалған елін құтқару мақсатында Ресеймен әскери одақ құруды жоспарлаған Әбілқайырдың Ресейге жіберген елшілері елге келгеннен кейін ішкі қарым-қатынас едәуір қиындады. Әбілқайыр кеңсесінде Ресей патшайымына жазылған хат орыс шенеуніктерімен арнайы бұрмаланып, хат мәтініне бодандық тіркестері енгізілді.

Бүгінде тарихшы А.Исин түп нұсқаның империя ыңғайына сай өзгергендігін дәлелдеп, «Абай» журналының 2001 жылғы № 2 са-нында жариялаған-ды. Өкінішке орай, әлі күнге дейін осы аударманы толық пайдалана алмай келеміз. Ғалымның “Әбілқайырдың Ресей патшалығына - империя астанасына елшілері арқылы жіберген хаты қандай?”,-деген сұрақты қоя отырып, оған “Хан Ресей империясына жеңіл түрде мойынсұну есебін қазақ пен башқұрттың арасында Ре-сей құзырымен, бейбіт орнату мүддесімен шебер байланыстырған. Өйткені, естек-башқұрттар – Ресей қол астындағы ел. Бұрынғылардың

саяси дәстүрімен хат жүзінде Әбілқайыр “баш салады” (“бас иеді”), “Ұлұғ падша хазіретінен”, “пана” іздейді. Хан сөздері ұстамды, белгілі бір тұстарында асқақ. Кішіреюі де, өзге мемлекет иесімен тең сезінуі де, құрмет көрсетуі, сыпайы сөз саптауы, мүдделі ісі де үйлесімді, салмақты өлшеммен жеткізілген. Бұл хаттан артық жалбарыну, Ресей патшалығына ашық мойынсұну, құлдана сөйлеу деген байқалмайды”, - деген тұжырымын біздіңше, барлығымыз бірауыздан қолдауымыз ке-рек (Исин А. Әбілқайыр ханның хатын қалай оқыған дұрыс //Абай. 2001 №2-41-44бб.). Әбілқайырдың өмірлік ұстанымының өзі бодандыққа қайшы және оның өле-өлгенше жүргізген саясаты қазақ бодандығы дегенді жоққа шығарады.

Міне сондықтан да А.И.Тевкелев бастаған орыс елшілері ханға келгенде, қазақ даласы тағы бір бұлқынды. Өйткені азаттық рухта тәрбиеленген халық үшін бодандық, орысқа бағыну ақылға сыйымсыз еді. 1731 жылы қараша айында хан Арал маңында тұрақтаған тұста шекті Сырлыбай елшілер құрамындағы башқұрт батыры Таймасты қолға түсірді. Башқұрт батыры содан 24 қарашада Бөкенбай батырдың араласуымен тұтқыннан босатылды. Араға уақыт сала, 1732 жылдың басында Бақтыбай батыр 150 адамымен Хиуаға бара жатырған пол-ковник Гарбер бастаған орыс керуенін қоршауға алды. Кейін Бақтыбай Батыр сұлтан мен Тәңірберді старшынның араласуымен Гарбер керуеніндегі жүктің жартысын алып, босатуға келіскен. Мұны естіген Әбілқайыр хан өзге де би-батырлар Батыр сұлтанға қатты реніш білдіреді. Бақтыбай батыр қалмақ, түркімендермен соғыста да көзге түсті. Кейін Әбілқайырдың саясатының дұрыстығына көзі жетті. 1748 жылы тамыз айында Әбілқайыр өлтірілгеннен кейін, оның жанұясына келіп, қолдау көрсетті [Казахско-русские отношения в ХҮІІІ-ХІХ ве-ках (Сборник документов и материалов).-Алма-Ата: АН КазССР, 1960. С.57-89]. Мәселен, 1748 жылы 21 қыркүйекте Нұралы сұлтан жанына Кіші, орта жүздің беделді 104 адамын ертіп, анасы Бопайға келді. оның құрамында шекті Бақтыбай да болатын. Ал осы жылы 5 қазанда Нұралының орыс патшасына жолдаған хаттарының бірінде шекті билері құрамында Бақтыбай да аталады [КРо-І, С.410, 426, 517]. Сәл осыдан бұрын 6 шілдеде орск қорғанына А.И.Тевкелевпен кез-десуге бір топ шекті руының өкілдері келді. олардың ішінде Қара ба-тыр, Бейімбет батырдың ұлы Шығырбай, Бақтыбай батырдың баласы Асан және шекті руының құрметті ақсақалы Пұсырман болған. орыс деректері «кощей Бусурман» деп жазады. Қазақ-орыс сөздігінде «кощей - Қыдыр немесе ұзын бойлы арық адам» деп аударылған. Қайткенмен де А.И.Тевкелевпен кездесуге елдің құрметті адамы баратындығы түсінікті. осы кездесуде Қара батыр Петербургте әскерде ұсталған

124 125

Бақтыбайдың баласы дәулетбайды босатуын өтінді. Кездесу соңында Қара батыр, Асан батыр, Шығырбай батыр және Пұсырман түрлі марапатқа ие болған. Міне, осы әңгімедегі шекті Пұсырман Жарастың әкесі де болуы мүмкін. осы арада шежіреде «Қыдырды екі рет көрген» деген аңыздарды да еске түсірген жөн. Мұрағат дерегін жариялаған материалдар жинағындағы есімдер көрсеткішінде неге екені белгісіз, анық шекті деп жазылғанына қарамастан, Пұсырман Кедейұлы дей от-ырып, оны шөмекей руына жатқызады [История Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веков. ІІІ том.-Алматы, 2005. С.187-188]. Яғни, бұл арада ойланатын мәселелер баршылық.

Әбілқайыр хан өлтірілгеннен кейін көп ұзамай Нұралы ханмен қатар Батыр Қайыпұлы да хан болып көтерілді. 1748 жылдың соңғы айларындағы осындай саяси оқиғаға шекті руының біраз адамдары қатысқан. Мәселен, Қарабай Аталық, Боранбай, Қалыбай, Жаңбыршы, Тұттыбай, Қарабас т.б. [ороММ. 3қ., 1т., 18-іс, 288-311пп.] Біздің ойымызша, осы тізімдегі Қалыбай, Қарабастар - Жарастың ағалары, Пұсырманның балалары болса керек.

1750 жылы 5 маусымда шекті Бейімбет батырдың қайтыс бо-луына байланысты берілген аста Бақтыбай би Есет тарханмен бірге болған. Аста шекті руының өзге де белгілі адамдары да болып, елдің ішкі-сыртқы жағдайын талқыға салған. Қай уақытта да, ел игілері үшін басты мақсат қазақтың бірлігін сақтау, оның ұлан-байтақ территория-сын қорғау болып қалды. Міне, сондықтан да Шектілер, соның ішінде Пұсырманнан тараған ұрпақтар Кіші жүздегі беделді Әбілқайыр хан, Батыр сұлтан, кейін Нұралы хан, Қайып хандармен бірлесе отырып, мемлекеттік мәселелерді шешуге араласты. Кей жағдайда шектілер Нұралы хан саясатына деген наразылығын ашық білдіріп отырған. Мәселен, 1753 жылы жазда Нұралы хан бұйрығымен Хиуалық керу-ендер тоналғанда, Батыр хан мен Бақтыбай би Нұралыны қазақтар Кеңесіне шақырып, тонау себептерін түсіндіруін талап еткен. Тарих-шы в.в.вельяминов-Зерновтың анықтауынша, орынбор әкімшілігі арнайы тілмәш Я.Гуляевті Нұралыға жіберген. Мәселені жан-жақты талқыға салған хан көп ұзамай тонауға тыйым салған. осы жылы Батыр хан мен Шекті билері Мойнақ, Бақтыбай, Айдарғали, ақкесте Әжібай т.б. Нұралыға Қаракете Сарыбаш, Қаракесек досқұлдың баласын елші ретінде жіберген. олар Нұралыға Ресейдің Бақтыбай бидің баласын әлі күнге дейін босатпағанын, енді оған қоса Алтайдың баласын қолға түсіргенін хабарлап, орыс әкімшілігі саясатын анықтауға талпынған. ол турасында Нұралы хан 1753 жылы 25 тамызда И.И.Неплюевке жазған хатында көрсетеді [вельяминов-Зернов в.в. Исторические из-вестия о киргиз-кайсаках и сношениях России с Средней Азии со вре-

мени кончины Абулхаир хана (1748-1765). // оренбургские губернские ведомости. 1753, №25, С.149-150, №26, С.153; РИССМ. 122қ., 122/1 т., 175-1754, 1-іс, 15-17п.].

Ресейдің отарлауына қарсы болған Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалыстарда да шектілер – Жарас мерген бауырлары аса белсенділік танытты. Мұрағат деректері олардың Сырымды қолдағанын айғақтайды. Мәселен, 1793 жылы күзде тілеу-қабақ шектілер орыс шебіне соққы беріп, Кундров слободасынан 200 жылқы қуып алған. Қазақ сарбаздарының басшысы Бесті батыр болған екен. Ал қолға түскен тұтқындарды тілеу-қабақ биі Боздаққа, кейін Сырым батырға жіберген [ҚРоМА, 4қ., 1т., 197-іс, 115-119пп.]. ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың басында Жарас мергеннің немере інілерінен Сарышоңай Алыбайұлының аты жиірек аталады. Сарышоңай би 1797 жылы 8 тамызда ашылған хан кеңесі құрамына енгендігі тарихтан белгілі. Сәл кейін Сарышоңай Сырым, Қаракөбек, Жанназар, Көккөз, Сұлтанбек, Қаратайбек, Сопыралы, Азына, Тілеп билермен бірге Ре-сей Коммерция министрі Н.П.Румянцевке құпия түрде хат жолдады. Хатта соңғы жылдардағы башқұрттар мен казак-орыстарының және генерал-губернатор Н.Н.Бахметевтің озбырлығы ашық жазылған. 1800 жылы Шектілер орск қорғаны маңында башқұрт-меер әскерінің жүзбасы Нигметулла Абубакировті қолға түсіріп, ел ортасына қарай әкеткен. онсыз да шекарада шиеленіскен жағдайды ушықтырмау үшін Сарышоңай мен Сырым келісе отырып, тұтқынды босатып, Бөкей сұлтанға, одан орал қаласына аттандырған [ҚРоМА. 4қ., 1т., 205-іс, 15п.]. 1803 жылы Сарышоңай, Мұсылман би бастаған Шектілер орын-бор, Хиуа, Бұхара бағытындағы сауда-саттықты Қайыпұлы Әбілғазы хан басшылығымен шебер үйлестіріп отырды. осы тұста шектілер 15 000 түтін деп көрсетіледі [Материалы по истории Казахской ССР. Т.ІҮ (1785-1828гг.).-Москва. Изд.АН КазССР, 1948. С.515]. 1806 жылы да Сарышоңай кеңесте хан кеңесшісі қызметін жалғастырды. осы жылы қараша айында Сарышоңай, хан кеңесі заседателі Шығайбай, Мұсылман билер, орынбор губернаторы Г.С.волконскийге Жантөре ханның Кеңеске қатыса алмағандығын хабарлады. Шиеленісті 1807 жылы Сарышоңай мен Мұсылман би Қаратай сұлтанмен бірлесе оты-рып, қазақ даласына шыққан орыс әскерлерін кері қайтаруға күш сал-ды. Кейін де Сарышоңай мен Мұсылман би қазақ-орыстар арасындағы талас-тартыс мәселелерді шешуді жалғастыра берді. Міне осы дерек-тен кейін Сарышоңай есімі 1812 жылы Шерғазы хан кеңесін құрған кезеңде аталады. осы жылы қайтыс болған кеңесші Сарышоңай ор-нына Төртқара руынан Сапақ Боранбаев ұсынылды [Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында. Алматы, 2001]. Кейін Сарышоңайдың ба-

126 127

ласы Қазым Арынғазы ханның жанынан табылды. Міне мұрағатта сақталған мұндай деректер ХҮІІІ ғасырдағы Жарас мергеннің, оның бауырларының қазақ тарихында қалдырған терең іздерін айғақтайды. Ізденіс алда деп есептеймін.

алыбай Қосакөзұлының өмірі мен қызметі*

Қазақ тарих ғылымындағы күрделі мәселелердің бірі-тұлғаларымыздың қоғамдық-саяси қызметін саралау екендігі белгілі. Өйткені кешегі ХХ ғасырды айтпағанның өзінде, оған дейінгі негізгі дерегіміз ата шежіре, атадан балаға жеткен ауыз-екі әңгімелер. Ал олардың көпшілігінің өзгеріске ұшырап, әр түрлі алып-қосулар болғандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Міне сондықтан да, тарихшы-ғалымдар мұрағат деректеріне арқа сүйеп, одан табылған әрбір дерекке аса назар аударады. дегенмен оның да кей жағдайда сан құбылып, асыра мадақталып, не датталып жататыны тағы бар. Біздіңше, бұл арада ғылым үшін де, ғалым үшін де басты ұстаным ақиқаттылық, шынайылық ертеңгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік басты қағидаға айналуы тиіс.

Сонымен XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қиын-қыстау кезеңде Қазақстандағы саяси оқиғаларға белсене қатысқан Алы-бай Қосакөзұлы да Ресейдің Сыртқы істер мұрағатында, орынбор мұрағатында қатталған құжаттардан табылып отыр. оның туған және өлген жылдарын анықтау мүмкін болмаса да тұлғаның Кіші жүз ханы Әбілқайыр, Нұралы жанынан табылуы көп нәрсеге жауап берген-дей. Ата шежіреде оны 1690 жылдары дүниеге келген деп есептейді. ол кезеңде Алыбай тараған әлімұлының кете рулары, соның ішінде Ақкетелері өзге қазақ руларымен Хиуа, түркімен, Еділ қалмақтары ортасында, Каспий теңізі жағалауларында, Жайық өзені бойларында еркін көшіп қонған. 1790 жылы Кіші жүзге әскери тапсырмамен кел-ген полковник Бентам Әлімнің Ақкетелерін 1000 түтін деп көрсете отырып, Сырдария бойында, Тереңөзек өзенінде, Звериноголовск қорғанынан 20 күндік жерде мекендейді деген анықтамасын ұсынған.

Ал ХIХ ғасырдың I жартысында зерттеуші Л. Мейер кете руын 9 бөлікке бөліп, жазда ойыл өзені, Каспий теңізі маңында жайлайды деп белгілеген. орыс мұрағатында Кіші жүз руларының тізбесі алғаш рет аудармашы М. Тевкелев қолымен тапсырылған. ол әлімұлдарын – шекті, қаракесек, шөмекей, төртқара, қаракете, қарасақал деп жіктеп, Әбілқайыр ханға, 12 ата байұлдарын Нұралы сұлтанға бағындырған.

Сонымен аталған рулар заманында Әбілқайыр ханға негізгі тірек болды. ол кезеңде кете руларынан XVIII ғасырдың алғашқы жарты-сын зерттеушілер Әжібай би, Алтай, Арал батырларды атайды. Ал олар Алыбай Қосакөзұлына шежіре бойынша Тойқожаның (Ақкете) Тұрсынбайынан қосылатын аталастар. Әжібай би мен Арал батыр Бол-пыш биден өрбісе, Алтай батыр Ебескі батырдан тараған.

орынбор мұрағатындағы деректерге арқа сүйесек алғаш рет Ал-тай батыр есімі 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға келген орын-бор экспедициясының бұрынғы суретшісі ағылшын джон Кэстль жазбасында аталады. Жазбаға сенсек Әбілқайыр хан тапсырмасы-мен Алтай батыр бір топ би, батырлармен бірге орынборға аттанған елшілер құрамына енгізілген. Міне бұл арада белгілі жазбаға алғы сөз жазған тарихшы К.Л. Есмағамбетов «Бұлардың (елшілердің - Ә.М) ішінде Байбекті қоспағанда, тарихи құжаттарда Алтай батырдың есімі жиірек кездеседі. ол-Кіші жүздің ақкете руының биі (XVIIғ.). 1742 жылы қазақ және қалмақ арасында бір ұрпаққа дейін, яғни, сол кездегі «еңбектеген баланың еңкиген кәрі болуына дейін» соғыс ашпау туралы бітім жасауға қатысады» деп анықтаған-ды.

Бұл тарихи келісім 1742 жылы көктемде жүзеге асқан. ол тура-сында Әбілқайыр хан мен Есет Көкіұлы орынбор комиссиясына ха-барлады. Келіссөзге Кіші, орта жүздің беделді тұлғаларын Әбілмәмбет хан, Барақ сұлтан, Есет Көкіұлы, Жәнібек Қошқарұлы, Алтай батыр қатысқан. осындай қазақ үшін шешуші кезеңдерде Алтай жаны-нан Алыбай көріне білді деуімізге әбден болады. оны сол кезеңдегі құжатты қаттағандар Алыбай жасауыл деп анық хатқа түсірген. Әбілқайыр ханның жасауылдарын көріп, оларды ханның адъютанты деп те атаған дж. Кэстль Алтаймен бірге болған Қалыбек жасауылға «Сөзі пруссиялықтардың ежелден келе жатқан өлшеміне лайық әскер тәртібіне сай қысқа болса, дене бітімі жағынан сол қайран заманның нағыз үлгісі еді; бүкіл тыртиған бойы сүйек пен тері; тартылған терісі аузын жабуға жетпей, тістері ырсиып тұратын, епті және шапшаң қимылды жасауыл» - деп сипаттама берген-ді. (джон Кэстль 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан сапары туралы.- Алматы: Атамұра, 1996. -32 б.) орыс тілінде Алыбайға тіркелген «еса-ул» - жасауыл дегеннің өзі түрік тілінен аударғанда - басшы мағынасын

*Мақала «Жасауыл Алыбай (Алыбай Қосакөзұлы туралы айғақтар)» тақырыбында « Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 25 қыркүйегіндегі санында жарияланған.

128 129

береді. олар әскери басшының көмекшісі дегенді де білдіреді. Бір кезеңде Шыңғыс ханның ұлы Шағатай да «екінші жасауыл» аталған. Яғни, Алыбайдың Әбілқайыр заманында жасауыл лауазымына жетіп, ханның сеніміне ие болуы оның әскери қабілеті мен батырлығын, қайсарлығын дәлелдейді.

Алтай, Алыбай батырлар қазақтың белді батыры Есет Көкіұлымен сенімді қарым-қатынаста болған. орынбор мұрағаты құжаттарында олардың есімі үнемі қатар аталып, қазақ-орыс қатынастарын рет-теуге бірлесе белсене қатысқаны айтылады. оның бір сыры елінің бірлігі мен тыныштығын өмірлік мұраты деп түсінген тұлғалардың биік парасаттығында жатса, екіншісі өзара сыйласқан «мың жылдық құдандалықта» жатыр. Тағы да ата шежіреге арқа сүйесек Есет батырдың анасы Назым-Болпыш бидің қызы, Әжібай бидің апа-сы. Яғни, Есет батыр-дәстүр бойынша Алтайға, Алыбайға да жиен. Кейін Әжібай би өзінің апасынан туған жиені Есет батырдың Ботагоз атты қызын ортаншы баласы Барсайға 1739 жылы айттырып, сүйек жаңғыртады.

Әжібай би де Ресеймен байланысында Алтай, Арал батырлар-ды үнемі еске алып, олардың қазақ-орыс сауда-саттығындағы ролін атап өтетін. Мәселен, 1747 жылы 10 мамырдағы орынбор губерна-торы И. Неплюевке жолданған хаттан, орыс әкімшілігінің Әжібай биге екі жақтан сауда-саттықты дамыту үшін Құттыбай батыр мен Қозыбекті жібергенін байқаймыз. 1747 жылы желтоқсанда Әжібай би, Алтай, Арал батырлармен бірге Алыбай да Жем өзенінен әрі Көктөбе мекенінде, Есет тархан Қаркүн мекенінде қыстаған. осы кезеңде И. Неплюев Хиуа елшісі Әджи - Мухаммед-молла Тұрсыновты ақкете би, батырлары қолдауымен Хиуаға жіберген.

1748 жыл орынбор әкімшілігінің құйтыртқы саясатымен ел ішіндегі ішкі қарым-қатынас айтарлықтай шиеленісті. оған Батыр сұлтанның түрлі әрекеттері, Барақ сұлтанның Әбілқайыр ханға қарсы айла-шарғылары өз әсерін тигізді. Елдегі қалыптасқан жағдайды ханның 1748 жылы маусым айында өткізген кеңесі ашық көрсетті. 500-ге жуық Кіші, орта жүздегі сұлтан, би, батырлар жиналған кеңесте Әбілқайыр хан «Ресеймен қарым-қатынастағы басты мақсатым өзім үшін емес, бүкіл қазақ халқының пайдасы мен тыныштығы үшін жа-салды»- деп ағынан жарылды (КРо-I. С 389-391).

Көп ұзамай 1748 жылы 1 тамызда Әбілқайыр хан өлтірілді. Мұндай жағдайда басты мақсат ішкі бірлікті сақтап, ел билеген сұлтан, би батырлардың келісімімен жаңа хан сайлау болатын. Таққа басым көпшілікпен Әбілқайырдың үлкен ұлы Нұралы сұлтан ұсынылды. осы сәтте, алдымен әркез Әбілқайырды қолдаған әлімұлдары белсенділік

танытты. Мәселен, 1748 жылы 5 қазандағы Ресейдің Елизаветта пат-шайымына жолдаған хатында Нұралыға орта жүз арғын- шақшақ Жәнібек тархан, Керей, Наурыз, Шақшақ Қойсары билермен бірге әлімұлдарынан – шөмекей, қаракесек, шекті, төртқара, кете руларының беделді тұлғалары қатысты. Соның ішінде кете руынан Алтай би, Жұлдыз батыр т.б. көзге түседі (ороММ 3 қ., 1т., 18 іс, 177п.). Көп ұзамай Нұралыда өткен Кеңестерде Жәнібек, Есет тархандар, Кете Алтай билер Әбілқайыр ұлдарына тағы да қолдау көрсетті. 1748-1749 жылы қыста Жем, Қаракөл аралығын қыстаған Әжібай, Алтай, Арал, Алыбай, Есет тархан елінің малын Бұхар беттегі қыстық азықтың жоқтығына байланысты орынбор әкімшілігінен Жайықтың Самар бетіне жіберуін өтінді. Ал келісім жүзеге аспаған тұста қаңтар айы аяғында қазақтар малдарын күшпен Еділ-Жайық аралығына өткізді.

Кіші жүз ханы Нұралының ұйымдастыруымен үлкен кеңес 1749 жылы 3 тамызда өтті. оны көзімен көріп, жазбаға түсірген капитан А. Яковлев «Әбілқайыр асына 200-дей атақты би, батыр, тархандар қатысты» - деп анықтап, барлық тұлғалардың тізімін жасады.

Кеңес алдында дәстүр бойынша әр елден келген балуандар күш сынасып, ат жарысын ұйымдастырған. Түскі астан кейін жиынға келген ел игілері жазық далаға шығып, біріншіден, Әбілқайыр хан-ды өлтірген Барақтың соңына осы айда түсер әскер жинап, сұлтан паналаған Түркістанға Нұралы хан бастауымен аттану; екіншіден, Жоңғар қонтайшысына Әбілқайырдың қалмақ әйелінен туған қызын, яғни, Нұралы қарындасын беру; үшіншіден, қазақ-орыс арасындағы тұтқындарды алмастыруды іс жүзіне асыруды талқыға салды. Мұндай маңызды мәселелерге әлімұлдарынан шекті, төртқара, қарасақал, шөмекей кете, байұлдарынан – алаша, ысық, адай, жетірудан- тама, табын рулары, орта жүзден 17 адам, соның ішінде Жәнібек тархан, Қожаназар батырлар қатысты. А. Яковлев жасаған тізімнен кете руы-нан Алтай би, Алыбай жасауыл, Арал мырза, Жорас батыр, Тонқашы би, Түнжолы би, Ризап би, Таңқы би, Сарт мырзаны, тама руынан Есет тарханды, адай руынан белгілі Мырзатайды, т.б. кездестіреміз (Ав-ПРИ ф 122, оп 122/1, 1749, д4). А. Яковлев жиналған қазақтар қазақ-жоңғар қарым-қатынасын реттеп, олардың қолындағы тұтқындарды қайтаруды, ол үшін Қарабай сұлтан мен 2-3 атақты старшындарды елші ретінде жіберуді және Жоңғар қонтайшысынан Барақ сұлтанды қолға түсіруге көмектесуін өтінді деп толықтыра түседі.

Ақкете Алыбай Нұралы ханның 1749 жылғы өз жанындағы сенімді азаматтар тізімінен де көрінді. Мәселен, осы жылғы орынбор-да өткен қазақ-орыс кездесуінде Кіші, орта жүзден өз жанына ерген 72 адамды жазып көрсеткен. Есет, Жәнібек тархандар, Шақшақ Бөкенбай,

130 131

Жағалбайлы Серке батырлар қатарында ақкете Алтай батыр, Босты-бай би, Алыбай жасауыл, Әжібай би баласы Әкім батыр, ожырай кете Текелі батыр, кете досқали батырлар аталады (ороММ, 3қ. 1 т. 22 іс). Әрине бұл арада басты құрмет Әбілқайыр хан серіктері Есет пен Жәнібек тархандарға жасалды. Ал Әжібай би атауы осы кезеңнен бастап мұрағат құжаттарында кездеспеді. Соған қарағанда би 1749 жылдың алғашқы жартысында қайтыс болған сияқты.

1750 жылдардан кейін кете рулары Нұралы хан інісі Ерәлі сұлтанға бағындырылды. Мұның өзі Әбілқайыр заманындағы әлімұлдарының тікелей ханға бағынғандығын жоя бастады. Нұралы жаңа жағдайда Жайық бойында көшіп-қонған байұлдарына арқа сүйей бастағандығын дәлелдеді. оған қоса хан ел ішінде беделді би, батыр-лармен де ақылдасуды екінші қатарға шығарды. ол турасында 1785 жылы Сырым бастаған ұлт-азаттық күрес жүріп жатқан кезеңде қазақ билері «Нұралы ел билеген алғашқы 8 жылында әке жолымен жүрді. Содан кейінгі 30 жыл бойы атақты старшындармен кездесуді қойып, халық жағдайын ойлауды ұмытты» деп ашық жазды (вяткин М.П. Ба-тыр Сырым. М.-Л. , 1947, с.165).

Бұл жағдай 1755 жылы Батырша бастаған башқұрт халқының Ресейге қарсы ұлт-азаттық күресі кезеңінде анық көрінді. Жеңіліске ұшырап, жазалаудан қашқан 50 000 башқұрт Кіші, орта жүздерге ағылды. Мұндай жағдайды аса шебер пайдаланатын И.И. Неплюеев екі халықтың бірігуінен қауіптеніп, қазақ-башқұрт арасына май құйды. оның арты қазақ руларының өзара талас-тартысына ұласты. Содан 1756 жылы тамызда Елек қорғанында Кіші жүз ханы Нұралы бастауымен, белгілі би, тархан, батырлар Есет Көкіұлы, Алданазар, Төлебай, Қошқар, Жарқын, т.б. 100-ден аса қазақ қатысқан Кеңес ұйымдастырылды. Кеңес соңында қазақ - орыс қарым - қатынасын шиеленістірмеуді көздеген ел игілері «қазақ даласындағы башқұрттарды Ресейге - патша үкіметіне қайтаруға шешім қабылдаған» (Чулошников А.П. восстание 1755 г. в Башкирии. М-Л., 1940. с.90, 102). Нұралы хан башқұрттарды толық шығаруды ұйымдастыруды Ерәлі сұлтанға жүктеді. Бірақ қазақ рула-рына тарап кеткен башқұрттарды шығару оңай шаруа емес еді. Өйткені бастапқы кезеңде шығарылған башқұрттар И.И. Неплюевтің жасырын нұсқауымен, шекарадағы орыс әскерлерінің қолдауымен қазақ рулары-на, соның ішінде кете, шекті, қаракесек руларының ауылдарына шабу-ыл жасауға кірісті. орынбор губернаторы өз жазбасында «Мен (И.И. Неплюев) екі халықты біржолата араздастыру үшін, өз аудармашыла-рым арқылы башқұрттарға «генералға бармаңыздар, егер өздерің жи-налып қазақтарды тонасаңдар, сіздерден ештеңе артық сұралмайды» деп жеткіздім. Содан башқұрттар қуана жиналып, топ-топ болып

Жайықтың дала бетіндегі қазақтарға аттанды. Сол кезде мен әскери шептегі басшыларға башқұрттар әрекеттерін көрмеген болыңдар де-ген құпия нұсқау бердім» деген ойларын жасырмады. Нұралы ханның өзі осындай талас-тартыс кезеңінде кете, шөмекей, жағалбайлы руы қазақтары қаза тапқандығын орынборға хабарлады. Елдегі шиеленісті тоқтатып, бауыр халықтардың ара-қатынасын реттеу үшін Ерәлі сұлтан хан тапсырмасына байланысты қазақ руларының беделді тұлғаларына хабар салды. Содан 1757 жылы 26 шілдеде Ақкете руынан Әжібай би ауылынан 14 башқұрт орынборға қайтарылды. оны ақкете Алыбай, Ертай, Шалдық (Жәдік болуы мүмкін - Ә.М.), ожырай кете Арсылан-бек т.б. ұйымдастырды. Кейін орынборда жүргізілген тергеуде Ноғай жолы Үсерген болысының Мүталипов ауылының башқұрты Елдаш Абдрахманов берген жауабында «Мен Кувате старшын бастауымен қазақ ордасында ақкете руындағы Алыбайда тұрақтадым, кейін оның рұқсат етуімен орынборға жіберілдім. Бүгінде оның қолында қызым қалды. Ал әйелім 1755 жылы елге келді» - деп хабарлады (АвПРИ. Ф 122/1. 1757г. д.4).

дегенмен башқұрттар мәселесінде қазақ рулары Ресеймен байла-нысты шиеленістіре бермей, өздерінің жайылым мәселелерін шешуге ұмтылғанын да байқаймыз. Өйткені Еділ-Жайық аралығын қыстау, Жайық бойында еркін көшіп-қону байұлдары, әлімұлдары, жетірудың бірден – басты талабы еді. Мұны Нұралы хан арқылы шеше алмаған тұста, әсіресе, шекті, шөмекей, алаша, қаракесек, төртқара, кете рула-ры рұқсатты күшпен тартып алуға ұмтылды. Тарихшы Н. Бекмаханова олар хан қолдауын күтті. «Өйтпеген жағдайда аталған рулар өздерін ханға бағынышты адам ретінде емес, ордалық деп санайтындықтарын айтып сес көрсетті, ауылдарды тонауға жинала бастады» - деп тарқата түседі (Н. Бекмаханова Көктемір туралы аңыз. – Алматы, 1983, 32б.). Мұндай ашық қарсылыққа қарамастан өз қаруы мен әскеріне сүйенген, қайтсе де қазақты біржолата мойын ұсындырып, жуасытып, момын елге, өз боданына айналдыруды көздеген Ресей 1756 жылы 2 қыркүйекте «Жайықтың ішкі бетіне өткізбеу» туралы жарлық шығарып, доннан орынборға келген 3000 казак-орысты пайдалануға рұқсат етті. Ал 1759 жылы 2000 жуық өзге де әскери күштер тартылды.

Міне осындай кезеңде Алыбай Қосакөзұлы ел алдына шығып, халқы алдындағы абырой беделімен көпшілік құрметіне бөленді. Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, Нұралы, Ерәлі сұлтандармен, өзге де би, ба-тыр, тархандармен қазақ өмірінің күрделі мәселелері – қазақ-орыс, қазақ-жоңғар, қазақ-башқұрт қарым-қатынастарын реттеуде көзге түсіп, Ресей мұрағаттарында хатталуы оның өз заманында елі таныған азамат деңгейіне көтерілгендігін дәлелдейді. оған жоғарыдағы тарихи

132 133

құжаттар мен саяси оқиғалар куә. Өкінішке орай мұрағаттық құжаттар тұлғаның 1757 жылдан кейінгі өмірі мен қызметі туралы еш сыр аш-пайды. Соған қарағанда ол ақкете руындағы Арал, Алтай, Жұлдыз ба-тырлар сияқты дүниеден өтсе керек.

одан тараған ұрпақтар ішінен XVIII ғасырдың II жартысында тек қана Елшібек аталады. ол шежіре бойынша Алыбайға шөбере болып келеді. Яғни Алыбай – Малдыбай-Табылды-Елшібек тараған. Елшібектің көзге түскен кезеңі Сырым бастаған 1783-1797 жылдардағы ұлт-азаттық күрестің екінші жартысы. Мұрағаттық құжат бойынша ол 1794 жылғы 4 қаңтардағы Сырым бастаған 184 би, батыр, өзге де елге белгілі тұлғалардың II Екатеринаға жазған тізімнен көзге түседі. Хатта орыс-казактарының қазақтарға жасаған озбырлығы ашық жазылған. Соның ішінде атақты ысық Қаратау бидің, ақкете Көккөз бидің, ала-ша Сопыра тарханның, беріш Бөдене бидің т.б. ауылдарына жасалған орыс-казактар шабуылының қаншалықты озбырлығы анықталады. Хатқа Елшібек ақкете дербісәлі батырмен бірге қол қойған.

Сырым бастаған азаттық күресте ақкетелерден оның жанында айрықша Көккөз Құндыбаев (деректе солай жазылған - Ә.М.) атала-ды. онымен қатар ақкете Наурызәлі батыр, ожырай кете Өтен батыр, Құтылыбай, кетелер Тілеп батыр, Қараман, Ақжігіт, Козбей мырза, Елек-бай Танбайұлы, т.б. есімдері кездеседі. Ал кете Базарби Құдайбергенов 1786 жылы орынбордағы шекаралық сотқа мүше болып та сайланды. Ақкете Наурызәлі батыр біздіңше, атақты Арал батырдың баласы. ол 1791 жылдан бастап Жайық бойындағы орыс-казактарына қарсы қарулы әскерді басқарды. Атаман донсков осы жылы Наурызәлінің жанында ожырай кете Өтен батыр, Құтылыбай бар деп көрсетті. оны маусым айында молда Абдул Фетих Абдул-Салимовта орынборға хабарлады, «Кете Наурызәлі, Табын Елекбай, Бармақ, Беріш Мамын-бай Сары, Есентемір, Мыңбай батыр 500-600 адамды жинап, Сырым-мен орыс шептерін шабуға келісті»- деп толықтырады (вяткин М.П. С.299).

Сырым бастаған ұлт-азаттық күрес кезеңінде ақкетелер ішінен Көккөз би ерекше беделге ие болды. Мұрағат деректері 1789 жылы-ақ оны ақсақал жаста деп көрсеткенімен, Көккөз би барлық кетелер атынан ортаға шығып, қазақ даласындағы сол кезеңдегі ең беделді би деп Сырым, Қаратау, Бөдене, Қаракөбек, т.б. бірге қазақ-орыс қарым-қатынасындағы барлық мәселелерді шешуге ат салысты. оның қолтаңбасы Сырым батыр жазған хаттардың астында бүгінге дейін сақталған.

Бұдан шығатын қорытынды Әжібай, Алтай, Арал, Алыбай, Жұлдыз т.б. мұрағат арқылы аттары мәңгіге хатталған тұлғалардың

қазақ елінің тәуелсіздігін сақтау жолындағы істерін, кейінгі ұрпақ абыроймен атқарды. ол бүгінгі ұрпақ үшін, бабалар аманаттаған азаттықты қастерлеп, қадірлеу үшін, оны мәңгілік сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру үшін аса маңызды.

Мыңбай батыр*

Тарихымызда із қалдырған тұлғалар қатарында Мыңбай Құлғараұлының өзіндік алар орны бар. ол жөнінде ата шежіре мен мұрағат деректері біраз мәліметтер береді. оларды пайдаланған, мәселен, 2000 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Аты-рау» энциклопедиясы «Мыңбай батыр (т.ж.б.-1795) – ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан батыр. Тегі – Есентемір. Сырым датұлы көтерілісінің басты тұлғаларының бірі. Есім хан айламен қолға түсіріп өлтірген» деп анықтаса (Атырау: Энциклопедия. – 304 б.), келесі зерттеушілер «Арманда кеткен батыр қазасы Сырымды қатты толғандыра күйіндірген жағдай болыпты, ақыры 1797 ж. көктемде Есімді өлтіріп, досының кегін қайтарған» деген қорытындыға келеді (Каспий қайраңы. Тарих тағылымы. – Алматы, 2006.-293 б.).

Ата шежіре «Есентемір Көктаубай,Сұлтангелді, Ер Мыңбай,Ұлтарақ, Байпақ, Шеңгелді-ай, Жау көрмесе сағынды-ай» - деп жырлап, есте қалдырған. Бұл ара-

да Көктаубай есентемір – тағашы - әжімбет руларының пірі ретінде саналған. Ал Мыңбай батыр есентемір – тағашы – қожамбеттің Құлғара атты ұлынан тараған (Маданов Х. Кіші жүздің шежіресі. Алматы, 1964, 57-58 бб.). осы кезеңді зерттеген кеңестік тарихшы М.П. вяткин 1787 жылдары есентемірлер 3000 түтінге жетіп, Бөкен би басшылығында болғандығын атап, өткен-ді (вяткин М.П. Батыр Сырым.- М.-Л., 1947. – С.253). Бұл мәлімет тарихта Қобда съезі кезеңінде хатталып, көптеген қазақ старшындарының Нұралы хан Уфаға жер айдалғаннан кейінгі шиеленіскен қазақ-орыс келіссөзінің жүзеге асуымен ерекшеленеді. Патшалық Ресейдің Қазақ мемлекетінің мемлекеттік негізі болған хандық басқаруды жойып, өз жүйесін енгізуге жанталасы жүзеге аспа-ды. Қазақ Ресейдің түпкі мақсатын сезініп, қайта атқа қонды. Міне осы тұста Мыңбай батыр есентемірлер арасынан суырылып алға шықты.

*Мақала «Ана тілі» газетінің 2011 жылғы 15-21 маусымдағы санында жарияланған.

134 135

Мыңбай батырдың есімі алғаш рет орыс мұрағатындағы құжаттарда 1788 жылы аталады. осы жылы Қаратоқай Бөдене Тілеуұлы, Есенқұл Шойтас батырлар теңіз жағалауындағы Әжімбай – арал мекенінде адай Мәметәлі, есентемір Мыңбай, беріш Балқынбайлардың ел ішіндегі белсенді қимылдарына куә болды (АоММ 1қ, 9 т, 163 іс, 31 п.). 1789 жылы 6 ақпандағы байұлы руларындағы молда Габдул-карим Уразбаевтің хатында «Есентемір Мыңбай және адай Мәметәлі Гурьевтің орыс-казагын жаралап, олардан 2 атты тартып алып кеткен»- делінеді. осыдан кейін Гурьевтің жоғары жағын жайлаған қазақтар қоныстарын ауыстырып, соғысқа әзірлене бастаған (ороММ 5қ, 1 т., 29 іс, 6 п.)..

XYIII ғасырдың аяғында Есентемір руы 12 ата байұлдарымен бірге жазда Жайық - Жем аралығында, Қалдығайты, Бұлдырты, Жусалы т.б. өзен бойларында, қыста Маңғыстау тауларының оңтүстігіне дейін, Жем тармақтарын, Каспий теңізі жағалауларын, Гурьев қалашығынан Сарайшық қорғанына дейін, одан арғы жерлерді өзге де қазақ рулары-мен бірге жайлаған.

Мыңбай батыр кейін 1791 жылдан бастап орыс тыңшылары хат-тарында жиі атала бастады. осы жылы 3 маусымда Мыңбай, Беріштер Балқынбай, досарылармен бірге 300 адамның орал қалашығынан төменгі фарпосттарды шабуға аттанды деген хабарлар орынборға жетті (ороММ. 5 қ, 1 т, 1 іс, 152-153пп). Ал 7 маусымда Мыңбай, кете Наурызәлі, табын Елекбай, Бармақ, беріштер Балқынбай, досары Сы-рыммен кеңесіп, қарулы қолдарын 500-600-ге жеткізіп, Шыңғырлау өзенінің тармағына жинаған. Мұндай хабарды алаша Сопыра би орын-бор экспедициясына хабарлады. Сопыра би хатында орал казак-орыс атаманы д.д. донсковтың қазақ ауылдарына жасаған қиянатын қоса жазуды да ұмытпады (ороММ. 5 қ, 1 т, 40 іс, 160-161пп).

1791 жылы 5 шілдеде молда Таймас Сейтов экспедицияға Сы-рымды қолдаған қазақ рулары ішінен адайдың шалбар бөлімін, Жем жақтағы есентемірлерді, беріштерден Балқынбай, досары-ны, Қаратоқай – Амандық батырларды ерекше бөліп атап көрсетті (ороММ. 5 қ, 1 т, 40 іс, 320 п).

Мыңбай батыр Сырым, Сарыалтай, Сегізбай, Қаракөбек, Басықара және т.б. би-батырлардың 1792 жылғы қыркүйекте Ресейге қарсы жариялаған соғысын толық қолдады. 1792 жылы 2 қарашада орын-бор губернаторы А.А. Пеутлинг д. донсковқа Сырымды «өлтіруді, не қолға түсіруді» бұйырғаннан кейін атаманның қазаққа әскермен қоқан-лоқы жасауы күшейді. 1792 жылы күзі мен 1793 жылдың көктемінде Мыңбай ауылдары аяусыз талқандалды. Тіпті Есім сұлтан Мыңбай

ауылынан 50 адамды тұтқынға алып, 50 жылқысын айдап әкетті (вят-кин М.П. Батыр Сырым.- М.-Л., 1947. -С. 320). осы аралықта Мыңбай батыр орыс тұтқынына түсті. оны қолға түсірудегі атқарған қызметі үшін Ресей мемлекеттік кеңесі 1793 жылы ақпанда Есім сұлтанды ерекше құрметтеп, штаб-офицері шенін берді (История Букеевского ханства... С.904).

1793 жылы күзде шиеленіскен қазақ-орыс қарым-қатынасын реттеу үшін Санкт-Петербургтен П.А. Зубовтың адъютанты сұлтан Шерғазы Қайыпұлы жіберілді. оның 1700 қазақ сұлтандары, стар-шындары, би-батырларымен кездесуі Елек қорғанынан 5 шақырым жерде ұйымдастырылды. Міне осы кездесуде Мыңбайды тұтқыннан босату мәселесі де арнайы көтерілді (вяткин М.П. Батыр Сырым.- М.-Л., 1947. –С. 325).

1794 жылы қаңтар айында Кіші жүздің беделді би-батырлары ІІ Екатеринаға хат жолдап, орынбор әкімшілігі мен Жайық казак -орыстарының шекарадағы «әскери күш көрсетулерінің» зардаптарын жеткізді. Хатта д. донсковтың Мыңбайдың бауырларын өлтіргендігі, ал Есімнің батырды ұстап, орыстарға бергендігі дәлелденді. Сонымен бірге хат жазушылар «Мыңбай екі жолдасымен орынбор түрмесінде жатыр, оны Ресейде жарияланған амнистия бойынша босатуды бүкіл қазақ жұрты атынан» өтініп қол қойды. Бұл өтініш астында Сырым батыр, Тіленші тархан, Бөдене би, Қаракөбек би, Қайып хан ұлы Әбілғазы және т.б. қолдары бар (Материалы по истории КазССР. Т.IV....с. 165-166).

1794 жылдың басында есентемір, адай рулары орынбор экс-педициясына бірнеше рет батырды босату туралы хат жолдады. осы жылы ақпан айында хан жанындағы Нұртай расправасы төрағасы би Төлеп даутов, мүшесі Тұрлыбек Тұяқовтар экспедицияға «Мыңбайды орыстарға бергеніміз үшін қазақтар бізбен жауласты» деп хабарлауға мәжбүр болды (Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында. –Алматы: Ғылым, 2001. -174б.). Есім сұлтан 1794 жылы 12 ақпанда адай руының танай бөлімі, есентемірлер былтыр Мыңбайды ұстап бергеніміз үшін бізге өшігіп, Сырымға қосылды. Сырым жанында таз руынан Шафаев ұлдары, ағайындары, қызылқұрт рулары, тамадан Қадыр, Садырлар бар деп толықтыра түсті (ороММ 5қ, 1т, 51 іс, 34 п.). Ал жаз айларын-да экспедиция Есентемір, адай руы қазақтары Мыңбайды босату үшін шабуылға дайындалуда деген хабарларды алды (вяткин М.П. Батыр Сырым.- М.-Л., 1947. -С.329).

Көп ұзамай Мыңбай батыр орынбор түрмесінен қашып шығып ел ортасына оралды. Шамамен бұл оқиға тамыз, не қыркүйек айының

136 137

басында жүзеге асқан сияқты. Өйткені Есім сұлтан 1794 жылы 30 қыркүйекте «елмен біріккен Мыңбай батыр Сырымды қолдамай жүрген кейбір алаша, байбақты руларының ауылдарына аттанып, 1000-ға жуық жылқыларын қуып алды»-деген ақпаратты жеткізді. Сонымен бірге Мыңбай Сырым, Қаракөбек билермен бірге, Есім сұлтанды ел ортасы-на арнайы шақырып, кейбір мәселелерді талқылау үшін оған елшілер жіберудің қажеттігін қолдады. Ал қайтыс болған Ерәлі ханның орнына жаңа хан сайлау мәселесі көтерілген тұста Мыңбай Сырым, Басықара, Қаракөбек, Сарыалтай, Қаралтайлармен ақылдасып, Кіші жүзде ар-найы кеңес өткізу үшін Елек, Қиыл бойларында жиналуды жақтады. Бірақ Есім ел ортасына баруға шамасы жетпей, би-батырларды орыс шекарасынан 30 шақырым жерде кездесуге шақырды. Кейін Есім «мен Мыңбай батырдың Сырым жанында екендігін естіп, кеңеске бармауға шешім қабылдадым.»-деп губернатор А.А. Пеутлингтің алдында ақталуға мәжбүр болды. (Мұқтар Ә.Қ. ...177б.).

Сөйтіп ел ішіндегі бірлік жүзеге аспай қалды. Араға уақыт сала 1795 жылы 17 қыркүйекте Есім сұлтан орынборда Кіші жүз ханы бо-лып сайланды. Хан сайлауды көзімен көрген орыс жазушысы А. Боло-тов «биыл жазда император қалауымен жаңа қазақ ханы сайланды»-деп хабарлады. Мыңбай батыр Сырым батырлармен бірге хан сайлау үшін арнайы орынборға шақырылғанымен кездесуге бармай, Жем, Сыр-дария аралығына көшіп кетті. Яғни, қазақтың беделді би-батырлары Есімнің ел келісімін алмағанына бірауыздан қарсылық білдірді.

Кеңестік тарихшы А.Ф. Рязанов 1796 жылы Есім ханның қазақтың беделді би-батырларын (ішінде Мыңбай батыр да бар - Ә.М.) орыстарға ұстап бергендігіне Сырым ашық қарсы шықты деп жазған болатын. Бірақ осы арада зерттеушінің Халық кеңесінде «что он отомстит хану Ишиму, что кровь Минбая будет возложена на Ишим султана»-дегеніне келісу қиын. Өйткен, бұл кезеңде Мыңбай батыр аман-есен Сырым жанында жүрді. Біздіңше, Сырым аузынан айтыл-ды деген әңгіме 1793 жылы Мыңбай қолға түсіп, орынборда түрмеде жатқан кезінде ел арасында тараған болуы әбден мүмкін.

1797 жылы наурыздың аяғында Есім хан өлтірілгеннен кейін 4 сәуірде губернатор о.А. Игельстромға есентемір Мыңбай, Арғынбай, Байбақты Ерсары, Қойсарылар 1000 адаммен Сырымға қосылып, орыс шекарасына аттанды деген суыт хабар жетті (Мұқтар Ә.Қ. ... 183б.). Қазақтардың Гребенщиково форпостысы мен Кулагино қорғаны ара-сында орыс-казактарға шабуыл жасағандығын атаман д.д. донсков та мойындады. Міне осыдан кейінгі Мыңбай батыр туралы дерек мұрағаттан 1803 жылы кездеседі. онда Есентемір руының 3000 түтінге

жеткендігі, олардың Мыңбай батыр басқаруында екендігі жазылған. Біздіңше, Мыңбай батыр, сол заманда-ақ Кіші жүздегі ел ішінде ерек-ше құрметке бөленгенін байқауымызға болады. Жоғардағы мұрағат деректерінен екі маңызды қорытынды түйіндеуге болады. Біріншіден, Мыңбай батыр бүгінге дейін жазылып жүргендей 1795 жылы қайтыс болды деген пікірдің еш дерекке негізделмегендігі. Мұрағаттан табылған жаңа деректер батырдың орыс түрмесінен елге оралып, 1803 жылға дейін руластарын басқарғандығын дәлелдейді. Екіншіден, Мыңбай батыр 1801 жылы Еділ-Жайық аралығына көшпей, Жайықтың Бұқар бетінде қалған. оны 1803 жылы Кіші жүз арқылы Бұқараға са-пар шеккен Я.П. Гавердовский күнделігі анықтай түседі. Жәңгір хан тұсында Есентемір рулары Еділ-Жайық аралығында біртіндеп көбейе бастады. Патша шенеуніктерінің есебіне сенсек Ішкі ордада есентемір руының тағашы, көн бөлімдері 1825 жылы 140, 1834 жылы 350 түтінге жеткен (История Букеевского ханства. 1801-1852 гг. Алматы, 2002. -С.288,359). Кейін шежіреші Б. Қорқытов «Атырау билері мен батыр-лары » атты еңбегінде «Кіші жүз ... руларының революцияға дейін ме-кендеген қоныстарын» тарқата келе «Есентемір Гурьев пен Ақмешіт уездерін мекендеген. Бөкейлікте де аздап, таз бен есентемірлер болған.» деген қорытындыға келеді (Алматы, 1972. – 121б.).

Ығылман Шөрекұлының дастанындағы Ене сойын сұрасаң-Есентемір Тағашы Тағашыда Қожамбет,Құлқара мен Киікші,Өзіне тете нағашы- деген жолдарын және ел ішіндегі әңгімелерді

жинақтаған Х. досмұхамедов Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық күресі кезеңінде Мыңбай батыр аталастары Қаракөл мекенін жай-лады дей отыра, 1838 жылы Бөкейліктен Кіші жүзге өткеннен кейін нағашысы Киікшінін басына дұға оқып, есентемірлер еліне келгендігін жазады (Исатай-Махамбет. – Алматы, 1991. -79б.).

Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының та-рихнамасын зерттеген Л. Бердіғожин Исатайдың анасы Нағибала деп көрсетеді. Яғни, Исатай батыр нағашысы Мыңбай батырдың да ерлік істеріне куә болып, қанығып өскен деуімізге әбден болады. Өлке та-рихымен жете таныс Мақсұт Неталиев «Арыстан еді-ау Исатай» жы-рында

Құлғара нағашысы кыз мінезді,Жан сырын жиенінің түсінетін.Хал-жайды түсінетін-сұрасатын

138 139

Содан соң Исатайға сыр ашатын ...Бұл үйде ән менен күй шырқалады,Біреуі мерген-дағы Біреуі әнші Жауласқан жауын-дағы құрталады – деп Исатай батырдың

нағашыларына сипаттама береді. Қорыта келгенде, Мыңбай Құлғараұлы-Сырым батырмен бірге

қоян -қолтық араласып, қазақтың қамы үшін атқа мініп, елінің на-мысын жыртып, оның ертеңі үшін арпалысқан біртуар тарихи тұлға. Мыңбай батырдың ерлігін лайықты бағалап, өскелең ұрпаққа жеткізіп насихаттау бүгіннің міндеті деп білемін.

III ТараУ

XIX ғасырдағы ҚоғаМдыҚ – саяси жағдай жӘне Тұлғалар

• Бөкей ханның қоғамдық-саяси қызметі.

• Бекет ата тағылымы

• Сарышоңай бидің өмірі мен қызметі

• Сыпыра Қарабатырұлының өмірі мен қызметі

• Шерғазы Қайыпұлының қоғамдық-саяси қызметі

• Арыстан еді-ау Исатай

Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса - халықтық мақсат сон-да орындалады.

Әлихан Бөкейханов

140 141

Бөкей ханның қоғамдық-саяси қызметі*

Қазақ халқының тарихында елінің қамын жеп, оның ертеңі үшін алаңдап, еліміздің тұтастығына еңбек сіңірген тұлғалар ерекше орын алады. олардың қатарында Бөкей ордасының негізін қалаушы – Бөкей Нұралыұлының (1748/1749 – 1815 жж.) орны ерекше. ол - Кіші жүз ханы Нұралының төртінші ұлы, Әбілқайыр ханның немересі.

Бөкей Нұралыұлы туралы алғашқы деректер ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы құжаттарда кездеседі. Бұл әрине аталмыш тұлғаның ақсүйектер тұқымынан шығуымен, сондай-ақ хан Нұралы Әбілқайырұлының ұлы болуымен де байланысты еді. Ал ХҮІІІ ғасырдың 90 жылдарындағы мұрағат құжаттарынан Бөкей сұлтанның тұлға ретінде қалыптаса бастағандығын байқаймыз. Мәселен, 1797 жылы наурыз айындағы мұрағат құжаттарында хан Есім Нұралыұлының өлімінен соң Сырым датұлын қолға түсіру үшін шыққан полковник Скворкинге Бөкей Нұралыұлы қарамағындағы байбақты, алаша, беріш, тана, шеркеш, ысық және өзге де рулардан жиналған 800 адамымен ер-ген делінеді [1, 183 б.].

1797 жылы қазанда Айшуақ сұлтан хандық таққа отырып, ал Бөкей Нұралыұлы Хан Кеңесі төрағалығына бекітілді. Бұл оның беділінің ар-туына, қазақ даласындағы саяси тұлғалар қатарына қосылуына әкеліп соқты. Алайда осы кезеңде Нұралы ұрпақтарының барлығы бірдей Бөкей сұлтанды қолдай қоймады. Бұл ел ішіндегі жағдайға және ақсүйек өкілдерінің жеке бас мүддесімен де тығыз байланысты еді.

ХІХ ғасыр басында Бөкей сұлтан Еділ-Жайық аралығын иелену мүмкіндігі пайда болғандығын есепке алып, бар күшті патша үкіметімен келісімге жұмсады. І Павелдің 1798 жылғы 23 тамыздағы Нарын құмында көшіп-қону рұқсатын қанағаттандыру туралы жарлығын заңдастыруға, не болғанда да қазақ руларын өзі бастап көшуге әрекет жасады [2, 76-77 пп.]. осылайша 1801 жылдың 11 наурызында Бөкей сұлтан патша үкіметінің рұқсатына ие болды [3, с. 914-915].

Бөкей сұлтанның көшуі, еліміздің, Ішкі орда тарихының, Еділ-Жайықты қайтару тарихының бетбұрысты кезеңі деуімізге болады. Бұл мәселе орыс, кеңестік тарихнамада, бүгінгі тәуелсіздік даму ба-рысымызда да жан-жақты талқыға түсіп, түрліше қорытулар жа-салды. Қазақтардың Бөкеймен бірге көшуін елдегі алауыздықпен

байланыстырған Л.Мейер, М.А. Терентьевтер [4], патша үкіметінің от-арлау саясатын алға тартып, соның жолында жасалған қадам екендігін дәлелдеген в.Ф. Шахматов, С.З. Зиманов, Ж.Қ. Қасымбаевтар [5], ішкі-сыртқы саяси жағдайды есепке алып, Ресейдің геосаяси қадамдарының жүзеге асырылуымен заң жүзіне асқандығын И.в.Ерофеева сын-ды ғалымдардың [6] пікірлерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бүгінгі таңда Бөкей ордасының құрылуын еш дәйексіз Наполеон Бонапарттың саяси жоспарымен байланыстыратын көзқарастар да жоқ емес. Алайда бұл арада Еділ-Жайық аралығының қазақтардың ата-мекені болғандығын, төл халқымыздың атақонысына ұмтылғандығын ескеруіміз керек. осы орайда «Қазақтар Жайық өзенінен әрі қарайғы жерді өз жері деп есептейді» деген ХІХ ғасырдың белгісіз авторының сөзі сол кезеңдегі Кіші жүз руларының сан ғасырлық күрес себебін дәлелдей түседі [1, 24 б.]. Кейінгі зерттеулер де Ресей империясының осы тарихи фактормен санасуға мәжбүр болғандығын, бірақ қазақтардың ұзақ жылғы қанды күрестерін мойындай отырып, оны өз мүддесіне айналдырған сыңай танытқанын дәлелдей түседі.

Сонымен Бөкей сұлтан Кіші жүз ханы Айшуақтың Хан кеңесі төрағасы бола жүріп, елімен, мал-жанымен Жайықтың арғы-бетіне көшеді. Бірнеше айға созылған тыңғылықты дайындығынан соң сұлтан 1801 жылы 20 желтоқсанда негізінен өз туысқандарынан тұратын 183 шаңырақты ішкі тарапқа бастап өтеді. Зерттеуші И.А. Бирюковтың келтірген мәліметі бойынша осы көште 740 адам, 1366 ірі қара, 24-түйе, 3300 жылқы, 1250 қой есепке алынған [7, с. 616]. демек, әр шаңыраққа 82, әр жан басына 8 бас малдан келген. Ізінше Кіші жүз қазақтарының өзге де шаңырақтары Қосөзен аралығына ат басын бұрған. Бөкей сұлтанды ашық қолдаған алғашқы көшіп келушілер арасында бұрынғы Кіші жүз ханы Есім Нұралыұлының Сары, Ниетәлі, Айдыңғали атты ұлдары, сұлтан Шығай Нұралыұлы секілді беделді тұлғалар кездеседі [8, с. 30-31]. олардың барлығы да өз жанұяларымен, дүние-мүліктерімен көшіп келген. Ал 1802 жылы шеркеш руының старшыны Бекмұхаммед Тұрмамбетов өзіне қарасты шаңырақтарды Жайық өзенінің оң жақ бетіне өткізген. Аталмыш стар-шынмен бірге туған інілері Жақып пен Бекболат та өз жанұяларымен ішкі бетке тұрақтаған [9, 15 п.]. 1801-1803 жылдары Самар даласында қоныстанғандар арасынан беріш руының старшыны Жүзбатыр, ноғай руының старшындары Мәмбетқазы мен Кенжәлі Құрманқожаевтарды кездестіреміз [10, с. 263].

Тағы бір айта кететін жайт, орыс зерттеушісі И.А. Бирюков белгілі батыр Сырым датұлының ішкі тарапқа көшу үрдісіне ат салысқанын нақтылап өтті. Автор өз еңбегінде Астрахань казак әскерінің басшы-

*Мақала тарих ғылымдарының кандидаты С.М. Ғиззатовпен бірлесе дайындалып, «орал өңірі» газетінің 2012 жылғы 18 ақпандағы санында жарияланған.

142 143

сы П.С. Поповтың 1801 жылы 5 қыркүйекте Сырымға бірінші ха-тын жолдағандығы жөнінде мәлімет келтіреді. П.С. Попов батырға дұрыс қабылдаған шешімі үшін алғысын білдіріп, ішкі тарапқа асығуын өтінген және осы ұсынысын былайша жеткізген: «Өзіңізді сыйлағандықтан, әрі жақын серігім санағандықтан сізге Жайықтың оң жақ бетіне бірінші болып қадам жасауға, өзгелерге үлгі көрсетуге кеңес беремін. Ең болмаса басқалардан бір күн бұрын өз ұлысыңызбен, жанұяңызбен ішкі бетке көш түзеңіз. осы ерлігіңізден соң мен сіздің орданың алғашқы дворяны атануыңызға міндетті түрде жағдай жа-саймын және қызметіңізге сай қажетті шенді иеленуіңізге мүмкіндік туғызамын». одан әрі қарай И.А. Бирюковтың мәліметтеріне сүйенсек, 1801 жылдың 28 қыркүйегінде жолдаған екінші хатында П.С. Попов Сырымның жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде еткен. Ақыр соңында зерттеуші Сырым датұлы Бөкеймен бірге өтті деген анық қорытындыға келеді [7, с. 614-615]. Ал орыс шенеунігі А.Евреинов Бөкей ұсынысының жүзеге асуына Сырым батыр көмекке келді, «батырдың тілегі мен сөздері қазақтарға күшті әсер етті» деп толықтыра түседі [11, с. 54].

Патша жарлығында Бөкей қарамағы болып Еділ-Жайық арасындағы дала, яғни солтүстікте Қара, Сары өзендерден, оңтүстікте Каспий жағалауына дейінгі жайлау көрсетілді. Ішкі бетке өткен қазақтарға Еділ-Жайық аралығындағы жайылым жақсы таныс бола-тын. 1801 жылға дейін талас-тартыспен оны тек қана қыс мезгілінде ғана пайдаланса, енді жылдың төрт мезгілі жайлайтын болды. Ал Жайықтың дала бетіндегі қазақтар Нарын құмын қыс мезгілінде пайдалануын жалғастыра берді. оларды реттеу Хан кеңесі төрағасы Бөкейге жүктелді.

Сөйтіп Кіші жүз қазақтары ата қонысқа ие болғанымен, екіге бөлінді. олардың ортасына Жайық казак-орыстары мен орыс ауылда-ры, шекаралық әскерлер қалды. Біздіңше, патша үкіметі қазақтарды көшіруді жүзеге асыра отырып, бұл қадамды отарлаудың бірден-бір тиімді жолы ретінде пайдаланды. Ішкі бетке көшумен Кіші жүз қазақтарының тұрмыс-тіршілігінің барлық мәселесі шешіле қалды деу қиын. Өйткені патша үкіметінің бір атадан тараған ағайындыларды араздастыруы салдарынан елде халық толқуы орын алды. Мәселен, 1804 жылы 22 наурызда орынбор генерал-губернаторы Г.С. волконский Сыртқы істер министрі А.А. Чарторыйскийге жолдаған хатында Ішкі ордадағы кейбір қазақ руларының Кіші жүзге қарай орын ауыстырып жатқанын хабарлады. Солардың ішінде старшындар беріш руынан Жүз, шеркеш руынан Мәмбет жанұялары және малдарын түгел Жайықтың Бұқар бетіне бағыттағаны айтылады. Г.С. волконский қазақтардың

көбейіп, қыстауға Ішкі ордаға келген Пірәлі хан қазақтарымен арала-сып, өтіп кетуге даялануда деген қорытындыға келді. Ал 1804 жылы 2 мамырдағы Грузия, Астрахань және Кавказ губернияларының басшы-сы П.д. Цициановтың хабарына сенсек, Пірәлі хан мен оның адамдары Бөкейге үлкен ықпал жасайды екен. Сондықтан Ішкі орданы тәртіпке келтірмейінше, Санкт-Петебургке дайындалып жатқан Бөкей сұлтанды әзірше ешқайда жібермеуді ұсынды [10, с. 264-265].

Айта кететін жайт, бұл кезеңде Нұралы ұрпақтары арасындағы келіспеушіліктер ашық күреске ұласпаған. Қайта керісінше Пірәлі, Бөкей, Қаратай, орман сұлтандар бір-біріне өзара қолдау көрсеткен. де-генмен жоғарыда көрсетіліп кеткендей, осы тұста мұрағат қорларынан бір сұлтанның қарамағындағы қазақтардың екіншілерінен мал қуып алулары туралы деректер кездеседі. Бірақ оларды сол қалпында қабылдау арқылы мәселенің ақиқатын ашу мүмкін емес. Өйткені хат-тарды жазған татар молдалары болса, оны орынборда орыс тіліне аударған тілмәштар екендігі белгілі. олар негізінен қазақтар емес еді.

ХІХ ғасырдың басында Кіші жүз халқы алдында Нұралыұлдары Бөкей мен Қаратай, Айшуақұлы Жантөре сұлтандардың арасынан лайықты хан сайлау тәртібі күн тәртібіне енеді. Басы ашық нәрсе Ре-сей үкіметі ұзақ ойланбастан, Жантөре сұлтанды хан тағына бекітуге шешім қабылдайды. Бөкей сұлтан Еділ-Жайық аралығындағы Ішкі ор-дада деген сылтаумен, ал Қаратай «саяси сенімсіз» тұлға ретінде хан тағына отыру мүмкіндігінен қағылады [12, 99 б.]. Біздіңше, бұл арада тағы да орыс үкіметі өзінің отарлау саясатын шебер жүргізе білгендігі басы ашық дүние.

осылайша, 1805 жылы 1 қыркүйекте Кіші жүз хандығына Айшуақ ханның үлкен ұлы Жантөре сұлтан тағайындалды. Жаңа хан сайланған соң Бөкей сұлтан Хан Кеңесі төрағалығы қызметінен босайды. Өйткені сұлтанның тұрақты қонысы өзгеріп, оның алдында басқа маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу міндеті тұрды. Енді Хандық кеңеске Бөкейдің орнына 1806 жылы орман Нұралыұлы келеді [13, 962 п.].

Алайда елде қалыптасқан ахуалға Бөкей сұлтан бейжай қарамады. Мәселен, 1807 жылы 2 шілдеде орловск және Зеленовск форпостары аралығында өткен басқосуға ол арнайы барады. орман Нұралұлы және Жантөре ханның қатысуымен өткен кеңес тиянақты нәтиже бермеді. Мұрағат деректерінен анықталғандай, кеңесте қазақтар арасындағы ішкі мәселелерді шешудің екі түрлі жолы анықталады. Біріншісі – патша үкіметі ұсынған бағыт. Бұл тұста шекаралық әскерлер дәстүрге айналдырған қазақтарға әскери күш көрсету арқылы нәтиже шығару. Мұны қолдаған Жантөре хан «әскер мен 10 зеңбірек» қажет, соны жоғарыда аталған сұлтандармен бірлесіп сұрауды жақтайды. Ал екінші

144 145

бағыт, ішкі мәселеге ешкімді араластырмай, өзара келісімге келудің жолдарын іздестіруді Бөкей, орман сұлтандар көтереді. Бұл арада Бөкей Нұралыұлының көреген саясаткер екендігін байқай түсеміз.

Уақыт өте келе, яғни 1808-1811 жылдары Ішкі орда әлеуметтік-экономикалық жағынан күшейіп, түрлі арандатушылыққа қарамастан Бөкейдің өз бауырларымен байланысы да түпкілікті қалыпты жолға қойылды. Кейінгі Ішкі орда, Кіші жүздегі оқиғалар орыс шенеуніктері көрсетіп жүргендей Бөкей және Қаратай арасындағы шиеленісті мүлдем жоққа шығарады [14, 68 б.]. Керісінше олар үнемі бір-бірімен араласып, орман сұлтан және Есімұлдары Қара, Шожық ұрпақтарын, олардың бауырларын жинақтап, қорғауға алды. Есімнің дерден атты әйелінен туған Сары, Айдыңғали, Ниетәлілер Бөкей сұлтан қамқорлығында болды. 1812 жылғы 22 маусымдағы есепте олардың алдында 1000 түтін болған [15, 1 п.].

1811 жылы күзде хандық билікті күштеп жоя алмаған орыс саясаткерлері Ішкі ордаға және Кіші жүзге бөлек-бөлек хан сайлап тынды. ол жөнінде 1811 жылы 17 қазанда Г.С. волконский І Александр патшаға хабарлады. Губернатор Бөкейді қолдаушылар деп Астрахань аймағы мен бауырлары, немере ағалары Жайықтың екі бетінен де, со-нымен қатар Қаратай сұлтанды да көрсетеді. Г.С. волконский: «Бөкей сұлтан өзге сұлтандар ішіндегі ең үлкені, ақылдысы, тәжірибелісі және патшаға адал адам, оған қолдап дауыс бергендер аталмыш сұлтанға үлкен үміт артады», - деп сенім білдірген [8, с. 167-168].

Губернатор берген мәліметтерді тексерер болсақ Бөкей сұлтанды хандыққа көтергендер қатарында Сары, Ниязғали Есімұлдары, барлық Нұралыұлдары, Кіші жүздегі Батыр хан ұрпақтары – Есенгелді, Сирек, Жарық Қарабайұлдары, орта жүзден Қайып хан ұрпақтары – Жантөре Жиһангерұлы (Бөкейдің күйеу баласы), Нұрмұхамбет Жиһангерұлы болған [16, 89 б.]. Тарихшы Ұ.Ахметова Бөкей сұлтанды қолдаушылар қатарына Қайып хан ұрпақтары ішінен Шерғазы Қайыпов пен Арынғазы Әбілғазиевті ерекше бөліп көрсетеді [17, 48 б.]. Мұның өзі бұрын байқала қоймаған үлкен сенім еді. Заманында Әбілқайыр өліміне Батыр сұлтанды кінәлаушылар болған-ды. Жаңа жағдайда екі үлкен күш бірігіп, өзара бірлікті көрсетті. осылайша, Бөкей осы кезеңде өз айналасына түгел әкесі Нұралы ханнан тараған ұрпақтардың, Батыр хан ұрпақтарын жинақтап, олардың қолдауына арқа сүйеді. Сондықтан да Қаратай, Шерғазы Қайыпұлы, Арынғазы Әбілғазыұлдарымен үнемі байланыста болды. Мәселен, Шерғазы Қайыпұлын өзіне алдыртып, 1812 жылдың қаңтар-ақпанында оған Сарайшық қорғанында талас мәселелерді шешуді тапсырды. Бөкей хан осы тұста ішкі бетке орман

сұлтан жанұясы мен төлеңгіттерін, малымен қоса барлығы 10 түтінді көшіріп алды. Енді тағы да 50 түтіннен тұратын орман бауырлары Ел-тай, Бөлекейді өзіне көшіруді жоспарлады [1, 226 б.].

1812-1815 жылдары Бөкей хан өзінің басқару мүмкіндігін кеңейтіп, айналасына беделді сұлтандарды, старшындарды жинады. олардың қатарында белгілі рубасы сұлтандар Шығай, Шоқы, Бегәлі, Артығали Нұралыұлдары, Баба-Әли Жаналыұлы, қожалар Төке Тілеуқожаұлы, Қарауыл Бабажанұлы, старшындар Бармақ Мұратов, Өтеміс Құлманиязов, Жабал Бегалиев, Айтбай Мәмбетқазиев, Сегізбай Медетов, Тулан Ерназаров және тағы басқалары болды. 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі И.Тайманов та за-манында Бөкей ханның сенімді адамы болған-ды. орда билеушісінің 1812 жылы Исатайға арнайы грамота беру арқылы тұрақты қонысын анықтауы, ел мәселесін шешуде батырға үнемі арқа сүйеуі тарихи ақиқат еді.

осы кезеңде Бөкей ханның алдында жайылым мәселесі, Астра-хань, орал казактарымен қатынас мәселесі, Шерғазы ханмен байла-ныс, оның қарамағындағы қазақ руларымен, өз алдындағы рулардың өмірлік мәселелерін шешу, Ішкі ордадағы қоғамдық-саяси қатынасты реттеу т.б. тұрды. Мәселенің түйіні патша алдында шешілетінін, ол үшін арнайы Санкт-Петербургке делегация жіберу қажеттігін түсінді. Сондықтан Астрахань казак полкінің командирі, генерал-майор П.С. Поповпен келісе отырып, 1814 жылы шілде айында Санкт-Петербургке майор Артығали Нұралыұлын, старшын Тулан Ерназа-ровты, Бармақ Мұратовты жібереді. Міне осы елшілікте Артығали сұлтан бас қолбасшы С.К. вязмитиновке шығып, түрмедегі бауырла-рын (Жантөре хан өліміне кінәлі деп табылғандар) бостауды сұраған. Елшілік оралған соң Бөкей хан 20 қарашада Ішкі орданың белгілі сұлтандарын, би-батырларын, старшындарын жинап, кеңес өткізген. П.С. Поповтың соғыс министріне жолдаған хабарында «Бөкей хан аурулығына қарамастан» елді жинап, Ресейдің француз әскерін жеңіп, Парижді алғандығын халыққа жеткізгендігі сөз болады [3, С. 914-915].

Жоғарыда аталған мәселелердің ішінен экономика саласындағы проблемалар ерекше рөлге ие болды. Бөкей сұлтан Ішкі орда шека-расын нақтылауға ұмтылып, 1803, 1806-1808 жылдары орал әскери кеңсесінен бастап, орынбор генерал-губернаторы және І Алек-сандр патшаға өтініш жолдады. Алғашында Еділ-Жайық аралығын қазақтар емін-еркін жайлағанымен, біртіндеп олардың қонысы орал казак әскерлері, князь Н.Б. Юсупов, граф И.Безбородко секілді отар-лаушы патша үкіметі қолшоқпарларының тарапынан шектеле бастай-

146 147

ды. Мұрағат құжаттарынан жайылым үшін таластың ашық тонауға ұласып отырғандығын, ал бұл мәселелерді шешуде Бөкей ханға негізгі күш түскендігін байқаймыз. Мысалы, хан 1814 жылы 21 ақпан күні Астрахань губернаторына жолдаған хатында князь Н.Б. Юсуповтың қарамағындағы казак-орыстардың қазақ ауылдарынан көптеген жылқыларды қуып алып кеткендігін көрсеткен және осы жылқыларды қайтаруды талап еткен [18, 24-27 пп.].

Бөкей сұлтан тұсында бөкейлік қазақтар көршілес халықтармен сауда жүргізген. Мәселен, 1803 жылы 23 желтоқсанда Краснояр төменгі сотының Астрахан азаматтық губернаторы князь д.в. Тени-шевке жолдаған баянхатынан бөкей қазақтары мен қондырау татарлары арасындағы сауда-саттықтың едәуір дамып үлгергендігін байқаймыз. осы жылдың 28 қарашасында ауылдық заседатель Машин Матиевке Хомутов және Сейітов ауылдарында ұйымдастырылған жәрмеңкелерді қадағалау, Бөкей сұлтанның қарамағындағы қазақтардың қондырау татарларымен арадағы сауда мәселесін реттеу тапсырылған. Қарастырылып отырған кезеңде қазақтардың кейбірі аталған ауылдар-да болып, сауда-саттықты берілген мерзімнің аяқталғанына қарамастан жалғастыра берген. Бұл іске Бөкей сұлтан да мүдделі болды. Айырбас сауда жасау туралы рұқсат қағаздарын бере отырып ол қазақтардың күнделікті тіршілігіне қажетті азық-түлік пен тұрмыстық бұйымдарды еркін сатып алуына жағдай туғызуды көздеді.

Бөкей сұлтан астық пен өзге де қажет өнім түрлерін Астра-хан қаласынан сатып алып отырған. 1813 жылы 13 маусымда Бөкей ханның Астрахан губернаторы С.С. Андреевскийге бөкейлік қазақтар үшін ұн және басқа да тауарларды сатып алу ісіне қолдау көрсету ту-ралы жазған өтінішінде былай делінеді: «Мен өз төлеңгітім старшын Бармақ Мұратовты, онымен бірге ағасы Тұяқты бірнеше мың сом ақша беріп Астрахан қаласына мың бума бидай ұнын, бес жүз бума қара би-дай ұнын, басқа да тауарларды сатып алуға жібердім және оның бәрін біздің қазақ халқының қыстақтарына жеткізіп, оларға сатуды тапсыр-дым. осы жағдайда, Сізден, менің жіберген шаруаларым – старшын Бармақ Мұратов пен ағасы Тұяққа жоғарыда айтылған ұн мен тауар-ларды Бакиев кордоны тұсындағы біздің қыстаққа алып келуге рұқсат беруіңізді сұраймын» [19, 3 п.].

Мұрағат құжатынан Бөкей сұлтанның өз қоластындағы қазақтарға қажетті тауарларды сатып алуына қолайлы жағдай жасауға тырысқандығы байқалады. Әсіресе астық және өзге де тауаларлар түрлерін өз старшыны арқылы Астраханнан алдырып, қыстақтарға жеткізіп отырған. Бұл түйткілді мәселені шешуде Ішкі орда билеушісі губерния басшылығының саяси ықпалын пайдаланған.

Бар ғұмырын өз хандығының жерін қорғауға, халқына қызмет ету-ге арнаған Бөкей хан 1815 жылы 21 мамырда кешкі сағат 21.00 шама-сында шемен (денеге сарысу пайда болудан болатын ауру) ауруының дендеуіне байланысты көз жұмады. ол өмірінің соңына дейін орал казак-орыстармен, Еділ қалмақтарымен, қондырау татарларымен, орыс помещиктерімен тілімдей жер үшін күрес жүргізді.

Әр түрлі келеңсіз оқиғаларға қарамастан Бөкей хан тұсында Ішкі орда қазақтарының әлеуметтік жағдайы жақсарып, көшпелі халықтың мерейі артты. Жылдар бойы тусырап жатқан шұрайлы далада мал көбейіп, сауда өсіп, дәулет артты. 1802 жылы хандықтағы халық саны 6300 шаңырақты құраса, 1814 жылы 8500 шаңыраққа ұлғайды. Ал төрт түлік саны 3 миллионнан асып жығылды.

Замандастары Бөкей ханның ел арасында аса сыйлы болғандығын атап өткен. оның онша байлығы болмағандығы жөнінде де аңыз-әңгімелер бар. Тіпті хан қайтыс болған кезде Жәңгір сұлтан Астраханьға губернаторға бару үшін атақты бай татар дауыттың баласының сыртқы киімін алған делінеді. Бөкей татарша сауаттылығымен, ақылдылығымен, батылдығымен көзге түскен. оның бірінші әйелінен – Тәуке, Әділ, екінші әйелі Атаннан – Жәңгір, үшінші әйелі шеркеш Жұмадан – Меңдігерей туған.

Елді сауаттандыру, мәдениетке көп көңіл бөлген Бөкей хан заманының заңғар ұлы бола білді. Прогрессивті, әрі өміршең сая-сат ұстанған Бөкей саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуда үлкен жетістіктерге жете білді. ол халықтың әл-ауқатын арттыру үшін сауда ісін жаңғыртуға да жан-жақты жағдай жасады. Билеушісіне, көсеміне риза болған халық «хан Бөкейдің тұсында секер шайнап, бал жұттық» деп текке айтпаса керек. Сонымен қатар Жанұзақ жыраудың:

Байларға құба жайлатқан,Жарлыға мыңдап жылқы айдатқан,Алтынды тақтың үстіндеРақыметті Бөкей хан өткен, - деп жырлауында тарихи шындық жа-

тыр. одан әрі жыраудың:Ежелгі Бөкей барындаТолықсып жайлап еді біздің ел, - деп жалғастыруы сол заманның

тынысын айқын бейнелейді [20, 60 б.].Ал азат рухтың күрескері, жалынды жыршы М.Өтемісұлының

заманның қиын уақыты, яғни ХІХ ғасырдың 30-40-шы жылдарында елден жырақта жүргенде:

Еділ мен Жайық жер еді-ау,Мекен еткен шаруаға,

148 149

Жағасы қорған жай еді-ау [21, 97 б.], - деп өлеңдетуінен Бөкей мен Жәңгір заманының ара-жігі айқындала түседі.

Атақонысқа оралған көшпелілердің тұрмыс деңгейін, әлеуметтік-экономикалық жағдайын ХІХ ғасырдағы қазақ зиялыларының бірі М.Бекмұхамедов те «Қазақтардың тұрмысы мен мұқтаждары» атты мақаласында сипаттады. Бұл жайында автор: «Жайықтың арғы бетінен қысымшылықтан күйзеліп келген қазақтар тез ес жиып, аз ғана уақытта өздерінің байлығымен көзге түсе бастаған еді» [22, 134 б.], - деп жазды.

Жалпы Бөкей Нұралыұлы халық мүддесін, ұлт болашағын бірінші орынға қойды. Мұрағат қорларында сақталған орыс шенеуніктерінің Ішкі орда ханына қатысты көзқарасы бұл пікірімізді дәлелдей түседі: «отарлаушылардың сенімін Бөкей ақтамады. Сондықтан Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азия департаменті, орынбор әскери генерал-губернаторы, орынбор шекаралық комиссиясы және Астра-хань генерал-губернаторы, орал қазақ, қалмақ кордон басшылары та-рапынан Бөкей қызметіне қатаң бақылау жасалды» [23, 4-5 пп.]. от-арлаушы патша үкіметінің бұл бағасы Бөкей Нұралыұлының өз халқы үшін қалтқысыз еңбек еткендігін дәлелдей түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында. – Алматы: Ғылым, 2001. – 258 б.Ресей Федерациясы орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты ороММ),

6-қор, 10-тізбе, 1-іс.Иванов И.С. К столетнему юбилею внутренней (Букеевской) киргиз-

кайсацкой орды // История Букеевского ханства. 1801-1852гг. (сборник доку-ментов и материалов). – Алматы: «дайк-Пресс», 2002. – 1120 с.

Мейер Л. Киргизская степь оренбургского ведомства.- С. 24; Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. - Т.1., Спб, 1906. – С. 73.

Шахматов в.Ф. Казахская пастбищно-кочевая община: вопросы образо-вания, эволюции и разложения. – Алма-Ата: Наука, 1964. – 207 с.; Зиманов С. Россия и Букеевское ханство.- Алма-Ата: Наука, 1982.- 190 с.; Касымбаев Ж. Государственные деятели Казахских ханств ХҮІІІ - первой половины ХІХ века. Т. 2.: Хан Айшуак. – с. 170.

Ерофеева И.в. внуренняя, или Букеевская орда в первой половине ХІХ века: История и историография // История Букеевского ханства. 1801-1852гг. (сборник документов и материалов). – Алматы: «дайк-Пресс», 2002. – 1120 с.

Бирюков И.А. История Астраханского казачьего войска. ІІІ ч. - Саратов, 1911. – 974 с.

История Букеевского ханства. 1801-1852гг. (сборник документов и мате-риалов). – Алматы: «дайк-Пресс», 2002. – 1120 с.

Ресей Федерациясы Астрахань облыстық мемлекеттік мұрағаты (АоММ), 1-қор, 4- тізбе, 1-том, 554-іс.

Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Том IV.- МЛ.: Изд.АН СССР, 1940. – 543 с.

Евреинов А. внутренняя или Букеевская, киргизская орда // Современ-ник, 1851, №10.

Мұқтар Ә.Қ. Тарих тұңғиығындағы тұлғалар (ХҮІІІ-ХІХ ғғ.). Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы:Арыс, 2008. – 240 бет.

Ресей Федерациясы орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты ороММ), 6-қор, 10-тізбе, 716-іс.

Ахмет А. Қаратай хан. – Алматы: Арыс, 2007. – 176 бет.Ресей Федерациясы орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты ороММ),

6-қор, 10-тізбе, 872-іс.Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы (1745-

1860). // т.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертация. - орал, 2007. - 189 б.

Ахметова Ұ. Арынғазы хан (1786-1833). – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2004. – 168 бет.

Ресей Федерациясы Астрахань облыстық мемлекеттік мұрағаты (АоММ), 1-қор, 1- тізбе, 460-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 3-тізбе, 986-ісҒиззатов С.М. Бөкей ордасындағы аграрлық саясат (ХІХ ғасырдың

бірінші жартысы) // т.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссерта-ция. - орал, 2010. - 164 б.

Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай / Құрастырушы Қ.Сыдиқов. – Алматы: Жазушы, 1989. – 144 б.

Мақаш әкім. Жинақ. – Алматы: «Арыс», 2004. – 272 б.Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мұрағаты (ҚР оММ),

4-қор, 1-тізбе, 214-іс.

150 151

Бекет ата тағлымы*

Әу баста-ақ қазақ халқы осы кең далада еркін көшіп-қонып, ұрпағын таратып, табиғатпен терең үндесіп, ертеңгі күнге үлкен үмітпен қарап, оның мәңгіліктілігін қамтамасыз етуге барын салды. Сол себептен де кешегі түркітілдес халықтардың ата тірегі болған Ұлы дала төсінде орналасқан бүгінгі Қазақ елі сақталып, мәртебелі тарихтың төрінен лайықты орын алды. Ал оның қалыптасып, дамуындағы «тар жол тайғақ кешу» жолдарының сан-салалы кезеңдерінің барлығы қазіргі таңда зерттеліп, зерделенуде.

Қай заманда да азды көп еткен, жоқты бар еткен, жеңіс отын ешқашан сөндірмеген халықтың асыл ұлдары мен қыздары көптің на-зарында болды. олардың бірі қол бастаған батырлар, екіншілері дуа-лы ауызды билер, үшіншілері елін рухани тұрғыдан байытып, батыр-ды да, биді де оқытып, тәрбиелеген терең ойшыл ұстаздар. олардың барлығын біз жұрты құрмет тұтатын, тарих айтып, өткенімізді жыр ет-кенде ауызға алып, әр кез тағзым ететін тұлғалар деп танып үлгердік. Өзімізден гөрі өзгені жаттап өскен аға ұрпақ кешегі кеңестік заман-да кеңірек насихаттала қоймаған ұрпақтар сабақтастығын тәуелсіздік алуымызбен қайта жалғастырып, оның маңыздылығын дәлелдеп, жүріп өткен жолымыздың даңқты беттерін, атақты азаматтарының та-рихи тұлғасын қайтаруда айтарлықтай тер төгуде. Бекет атаның 260 жылдығына арналған конференцияның өзі соның айғағы емес пе? Өткен тарихымызда жадымызда сақталған барлық бірдей тұлғалар жазба де-рекке түсті дей алмаймыз. Тарих ғылымының арқа сүйер дерегінің өзі мұрағатта хатталған, ондағы мыңдаған құжаттар болғанымен, соңғы жылдары шежіреге, аңыз, атадан – балаға жеткен әңгімелерге на-зар аударып, оларды мұрағатпен салыстыра отыра пайдаланудамыз. Мұның өзі қазақ тарихына жаңаша көзқарасты қалыптастыра баста-ды. оның ықпалымен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бұқар жырау, Сырым батыр, ақын Махамбет т.б. шешендік сөздері, жырлары жаңа белеске көтерілді. Ал олармен қатарлас, бірін ізін баса, екіншісінен алда өмір сүрген Бекет Мырзағұлұлы бабамыз ше? Ресей, Қазақстан мұрағаттарынан толыққанды құжаттар табыла қоймағанымен, қолда бар деректер оның қалдырған мұрасы арқылы тарихта сайрап жатырған іздерін айғақтап отыр. оған дәлел бар ма? Болса қай зерттеулерді алға тартуға болады?

Алдымен, ХІХғ. І ширегінде Ресейге Германиядан келіп, орын-бор өлкесінің табиғатын зерттеген Э.А. Эверсманның (1794-1860) жазбаларын айтуымызға болады. ол 1820 жылғы Бұхараға жасалған орыс елшілігінің құрамында болып, Үстірт туралы ой пікірлерін білдіреді. Кейін Э.А. Эверсман 1825-1826 жылдары Каспий, Арал теңіздері аралығына жасалған экспедицияға қайтадан қатысты. Міне осы экспедиция барысында жазған күнделігінде ол 1826 жылы 14 қаңтарда Үстіртке келіп, ол жерде әскери бөлімнің таудағы үңгірді паналағандығын жазады. «ол үңгірді ауқатты, құдайға сыйынған Бекет атты қазақ жасаған және үңгір оның атымен аталады. оның жасаған мұндай ескерткіштері төртеу; екіншісі Маңғыстаудан қашық емес. Үшіншісі Жем өзенінің жоғарғы жағында, төртіншісі Баялыда, ол Арал теңізінен қашық емес. Бекет аталған ескерткіштерде жылдың төрт мезгілінде: біріншісінде көктемде, екіншісінде жазда, үшіншісінде күзде, төртіншісінде қыста өмір сүрген. осы дін жолына берілген адам осыдан 12 жыл бұрын қайтыс болған»-деп сипаттайды (Первые рус-ские научные исследования Устюрта. М., 1963. с.145). Біздіңше, Э.А. Эверсманның бұл жазбасы толықтай Бекет атаның 1813 жылы қайтыс болғандығын толық дәлелдейді.

Екіншіден, 1826 жылы 14 қаңтарда жоғарыда аталған экспе-диция құрамында болған, Бас штаб подпоручигі А.о. дюгамельдің топографиялық журналы. Журналда топографтың 1826 жылы 14 қаңтарда Үстіртте Бекет ата мешітінде болған кезіндегі әсері көрініс табады. А.о. дюгамель Үстірттегі «Көптеген бұлақтардың ішіндегі ең суы көбі сұпы Бекет мешітінде. Мешіт гипс жартастарынан ойып жасалған қазақ киіз үйі көлеміндей екі бөлмеден тұрады»- деп суреттейді (Первые русские научные исследования Устюрта. с.98). Кейін 1867 жылдары ол пікірлерін толықтыра түсіп, «Жемдегі Ақмешітті бұдан 50 жыл бұрын (Бекет ата-Ә.М.) салған. Бекет өлген соң оғыландыға қойылған»- деген тоқтамға келеді (Автобиография А.о. дюгамелья...// Русский архив, 1885, №2, с.184-187). Топограф Үстірттегі мешіт жанында бірнеше төрт құлақты тастан салынған қазақ молаларының барлығын еске алады.

Үшіншіден, 1825-1826 жылдардағы Ф.Ф. Берг экспедициясынан 25 жыл өткеннен кейін солтүстік Үстірттің топографиялық анықтамасын жазған орынбор корпусының подпоручигі Алексеевтің 1853 жылғы еңбегі ғалым 1851-1852 жылдары Үстіртте болып, Ақмешітті толықтай сипаттады. оның анықтауынша «бұл үлкен үңгір, бүгінде қазақтардың Үстірттен Жемдегі жаз жайлауына көшкен мезгілдегі тоқтайтын тұрағы. Мола киелі, аруақты орын саналады, оған жыртылған көптеген маталар ілінген. Айнала толы мал сүйектері». Автор еңбегінде «Ақмешіт – Бе-

*Мақала «орал өңірі» газетінің 2010 жылғы 16 қыркүйектегі санында жарияланған.

152 153

кет моласы»- деп анықтап, оның суретін салған. Жергілікті қазақтармен сөйлескеннен кейін Алексеев «Жемнің таулы жағалауындағы алғашқы үңгірді осыдан 50 жыл бұрын адай руының Мұңал бөлімінің қазағы Бе-кет Байтеле ойып жасады. ол жазда Үстірттен Жемдегі жаз жайлауына келетін. осында бос уақытында ол ер балаларды татарша сауаттанды-рып, құдай жолына оқытты, ал басқа уақытта көпшіліктен бөлектеніп, үңгірде құдайға сыйынатын. орданың барлық қазақтары оны киелі санайды. ол 40 жылдай бұрын қайтыс болды және Үстірттегі Ушан-ды (деректе солай. оғланды - Ә.М.) мекенінде жерленген. Ушанды Үстірт пен Маңғыстау түбегінің өзара жалғасқан жерінде. Бұдан өзге екі үңгірді Бекет шәкірті Кульджан (Көлжан болуы мүмкін - Ә.М.) жасаған. Қазақтардың айтуынша ол да балаларды оқытқан, бірақ киелі, әруақты ретінде мойындаолмаған деген қорытындыға келеді» Алек-сеев Бекет атаға байланысты түрлі аңыз әңгімелерді жинап, естіген. Бірақ оған сенбегендіктен «оларды осы жазбаға енгізбедім» деп ашық жазады. Бізге әсіресе, ғалымның «Рассказывают также, что сюда к мо-гиле каждогодно собираются родственники покойного, молятся над прахом его и потом старший из трех оставленных им сыновей влезает один в могилу и там бреет голову и подбривает усы у покойного отца, каждогодно вырастающие»-деген естеліктері жетіп отыр (Первые рус-ские научные исследования Устюрта. с.282-283). Бұл еңбектің біз үшін маңыздысы Бекет ата білімі мен ілімінің барша қазаққа мойындалу-ын дәлелдейді. Сонымен бірге автор жоғарыдағы ғалымдардай Бекет атаның 1813 жылы өмірден озғандығын тағы да дәлелдеп береді.

Төртіншіден, ата шежіреде сөз болатын Бекет ата замандастарының қоғамдық-саяси қызметінің мұрағат құжаттарынан көптеп табылуы. Мәселен, Бекет атаның қарт нағашысы тама Есет батырдың бүгінде 1756 жылдарға дейін өмір сүргендігі анықталды. Бұдан Бекет атаны 1750 жылы дүниеге келген деп есептесек оның тама Есет бабадан, яғни қарт нағашыдан бата алды деген шежіредегі бізге жеткен әңгімелер толық дәлелденеді. Батада:

Үстіңнен дүбір кетпесін, Құлағыңнан сыбыр кетпесін,Ақ пен қараны айырар,Жауды кері қайырар,Атың айтып тұрғандай дүр боларсың,Елге шуақ шашып нұр боларсыңҮш жүзге танымал Пір боларсың, - деген жолдар бар. Ал табын Барақ, адай Атақозы, Өмір батырлар Сырым бастаған

ұлт-азаттық қозғалысқа белсене қатысушылар.Табын Барақ Сатыпалдыұлы тарихта 1743 жылы дүниеге келген

деп есептелінеді. ол қыста Арал, Каспий жағалауларын мекендесе, жазда солтүстікке қарай жылжып, Жем өзеніне дейінгі аралықта көшіп қонған. 1785 жылдардағы мұрағат дерегінде Сырым жанында 2700, Барақта 2000, Тіленшіде 1500-дей сарбаздар болған делінеді. Барақ қолдарының Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кезеңінде ерлікпен орыс отаршылдығына қарсы күрескендігін ел аузындағы әңгімелер де дәлелдейді. оның есімі Солтүстік Үстірттегі мүйісте сақталған. Барақтың баласы Асау да белгілі тарихи тұлға. Мұрағатта олардың өзге де қазақтың би-батырларымен бірге 1822 жылы 24 желтоқсанда Санкт-Петербургкке патшамен кездесуге кеткен Арынғазы ханды елге қайтару туралы жазған хаты белгілі ((Материалы по истории КазССР (1785-1825).- М., 1940. с.47,434). Әкелі-балалы екі тұлға да Сам құмындағы Тұрыш ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км. жерде жерленген. Сонымен әкелі-балалы батырлардың өмір сүрген жылдары да, жайлап, қыстаған географиялық ауқымы да Бекет атаның көшіп-қонған мекендерімен қатар екендігіне куә болдық (Каспий қайраңы. Тарих тағылымы. – Алматы, 2000. 262-264б.).

Ал енді Атағозы батырға келсек, оның да ізі мұрағатта сайрап жатыр. ол 1785 жылғы мұрағаттық құжатта Кіші жүздің белгілі аза-маттарымен қатар, соның ішінде адай руынан Өмір баһадүр, Шо-тан баһадүр, Хасан билермен бірге Нұралы ханды тақтан тайдыруға қатысты. Өзі де хат астында баһадүр аталады (Материалы по истории КазССР. с.54). Ал баһадүр атауы 18 ғасырдың бірінші жартысында атақты Әбілқайыр, Абылайларға тіркелген. ол әскери басшы дегенді де білдіреді. Яғни, Бекет ата замандастары Сырым бабамыздың азаттық күресін бірауыздан қолдады.

2008 жылы жарық көрген Маңғыстау энциклопедиясында «Атағозы Айтқұлы 1704-1794 жылдар аралығында өмір сүріп, сыртқы жауларға қарсы күресте ерлігімен аты шыққандығы жазылып, жер-ленген жері Бейнеудегі Бекет ата мешітінің солтүстігінде 2 км. жер-де деп көрсетілген. Яғни, мұндай жағдайда Бекет пен Атағозының өзара сыйластығын көрсетпей ме? Атағозының ел ішіндегі билігі «Шешендік сөздерде» де сақталған. Мәселен, Балтабай Адамбаев жинаған мұралардан байбақты Сырым мен алаша Байсау бидің айты-сын реттеп, екі жақты бітістіргенін байқаймыз. Ал мұндай шешімді менсінбеген ханға Атағозы «Сіздің семіз болуыңыз халық қамын ойламағаныңыздан болар. Мен қайтсем топтан торай шалдырмаймын деп, қазақтың жалғыз тайын қалмаққа алдырмаймын деп, бір түнде тоғыз оянамын, тоқсан толғанамын, маған қайдан шыр бітсін»-деп жауап қайтарған екен (Шешендік сөздер. Алматы, 1992, 152б.).

Бекет атаның өзара сыйласқан азаматтары арасында жоғарыда

154 155

баһадүр деп жазылған Бегей Өмір батырдың өзіндік орны бар. Өмір де Атағозы, Сырым, т.б. бірге орыс отаршылдарымен, өзге де оңтүстіктегі көршілес халықтардың жаулаушылық соғыстарына қарсы талай рет қол бастады. Ата шежіреде Өмір батырдың түркімендермен соғысы туралы айтылған. оның түркімендердің Құрақбай батыр бастаған қолдарын ойсырата жеңіп, батырдың өзін жекпе-жекте өлтіруі халқымыз арасын-да аңыз ретінде сақталған. осы шайқаста Бекет ата қазақ жасақтарының рухын көтеріп, жеңіске деген сенімін қалыптастырды.

Міне бұл аталған зерттеулер мен келтірілген дәлелдер Бекет атаның 1750-1813 жылдар аралығында өмір сүріп, қазақ ордасындағы күн тәртібінде тұрған – елдің бірлігін сақтау, рухани тұтастықты қалыптастыру, сыртқы жаулардан қорғану, т.б. мәселелерді шешуде айқын көзге түскендігін толық дәлелдейді. Ендігі біздің міндетіміз та-рихи тұлғаның қалдырған бай мұрасын талмай зерттеп, оны мұрағат деректерімен толықтыра түсу. олай болса осы бағыттағы жаңалықтар, ізденістер алда деп есептеймін.

сарышоңай бидің өмірі мен қызметі*

Сарышоңай Алыбайұлы - ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысы мен ХІХ ғасырдың І ші ширегі аралығында өмір сүріп, елінің алдына жарқырай көрінген қазақтың белгілі биі. оның қоғамдық-саяси қызметі Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кезеңіндегі тарихи оқиғалармен бай-ланыста дамыды. Сол кездегі беделді Сырым, Сегізбай, Мұратбек, Қаратау т.б. билердің оған ықпалы айтарлықтай тиді. олардың жа-нында жүріп, Ресей, Хиуа, Бұхара бағытындағы саяси-экономикалық мәселелерді шешуді үйренді. Қазақ қоғамындағы қарым-қатынасты ата жолы би заңдарымен үйлестірді. оның алғырлығы, шешендігі, билігі оған ата-бабаларынан дарыса керек.

Сарышоңай Кіші жүздегі әлімұлы шектінің қабақ руынан. Қабақтың Пұсырманынан Қалыбек, Қарабас, Өмір, Жарас, Сек-сен атты ұлдар дүниеге келген. Кейін олардан атақты Сегізбай би, Сарышоңай би, Көтібар, Арыстан, Есет, Бекет, Әзберген батырлар т.б. өрбіді. Міне біз әңгіме еткелі отырған Сарышоңай Пұсырман – Қалыбек – Алыбайдан тарайды. Сарышоңай атасы Қалыбек туралы ел

арасында сақталған ауызекі әңгімеде «Қалыбекке жүкті кезінде анасы биенің жаңа сауған сүтінің көбігіне жерік болыпты. Содан сол кездегі ақсақалдар осыған қарап «бұл бала сөз қадірін білетін тілді болар-ау» деп болжам жасағандығы айтылады. Ал, Қалыбек бойындағы қабілеті оның ұлдарына дарыған. оның ұлы Сегізбай Сырым заманында әлімұлдарының бас биі, бас старшыны болған. Кейін 1787 жылы орыс үкіметі құрған расправаның әлімұлдары бойынша төрағасы болып, тархан атағын иеленіп, жоғары деңгейдегі қазақ-орыс келіссөздеріне қатысып, Сырыммен бірге мемлекеттік мәселелерді шешкен. 1787 жылы 20 қазанда белгілі қазақ би, батырларымен бірге орынборға барып, ел басқарудағы Ресей саясатының өзегіне көз жеткізеді. Әкесі Алыбайдың ағасы Сегізбайдың қайраткерлігі, сөз жоқ, Сарышоңайға әсер етсе керек. Сегізбай би мұрағат деректерінде алғаш рет 1785 жылғы шілдедегі Кіші жүздегі би, батырлардың жиналысында ата-лады. Жиналысқа қатысқан ордадағы байұлы, әлімұлы, жетірудың 25 руының 21 өкілі Еділ-Жайық жайылымын қазақ пайдасына шешу, казак-орыс әскерилерінің шабуылын тоқтату, халық талабын шеше алмаған Нұралыны хандық биліктен айыру мәселелерін талқыға салған болатын. Кеңесте байбақты Сырым, беріш Саржала, Қара, шер-кеш Тұрмамбет, адай Атақозы, масқар дөнен, алаша Сыпыра, ысық Қаратау, төртқара Қаракөбек және т.б. бірауыздан Нұралы хан саяса-тына қарсылық танытып, тақтан тайдыруға шешім қабылдайды. Міне осыдан бастап, Сегізбай би – өмірінің аяғына дейін Сырым батырдың үзеңгілес жолдасы болып өткен жан. Ақсақал жасына келгеніне қарамастан, Сегізбай би 1792 жылы қыркүйекте Сырымның Ресейге қарсы соғыс жариялау жоспарын қуаттап, өзі бара алмаса да, бауыры Алмұстафаны Сырымға қосады (1).1795 жылы шекті билері Сегізбай мен Мұратбек қайтыс болғаннан кейін саяси аренаға Сарышоңай шығады. Сарышоңай жас кезінде-ақ болашақ қабілетін дәлелдесе керек. Ата шежіреде шөмекей және шектінің қабақ бөлімі арасында дау-дамай болғандығы жазылады. Міне осы таласты шешуге беделді ақсақалдармен бірге 17 жасар Сарышоңай да өзі сұранып барып-ты. Үлкендер атынан билік айтуды сұрап алған Сарышоңай «Әлім – үйім дер ем, шөмен – елім дер едім, Елдеспек бар да, жауласпақ жоқ. достаспақ бар да, қастаспақ жоқ. Айтыңдаршы, ағайын?! Бір шаңырақ астында, бір түтіннің иісін иіскеп отырғандарға жанжал не керек?! Бір ауа жұтып, бір сумен сусындаушыларға дау не қажет?! дауласуға сырт жетпей ме? Жауласуға жау аз ба? Құдай бізді араздастыру үшін туыстырған жоқ, Татуластыру үшін туыстырды ғой. Ақылға келейік, ағайын!..» деп ағайындарды табыстырған екен(2). орнымен дәл айтылған дана сөз жайдан жай бүгінге жетпесе керек.

*Мақала тарих ғылымдарының докторы А.Қ. Ахметпен бірлесе дай-ындалып, «Қазақстан мұрағаттары» журналының 2010 жылғы №1 санында жарияланған.

156 157

орыс үкіметінің қолына Сарышоңай би туралы алғашқы мәліметтер 1797 жылдың басында тиеді. Мәліметте оның Сырым-мен жақтас екендігі, оның Есім ханды өлтіруге қатысы барлығы анық жазылған. Хабарды жеткізген Қаратай сұлтан олардың қатарына кердері Тілеп Қойбашевті де қосады (3). Сонымен қатар, Сарышоңайдың шекті-қабақ Сегізбай бидің деңгейіндегі беделді би, батырлармен тығыз араласқандығынан хабарданған о.А.Игельстром оны болашақ хан Айшуақпен бағыттас қылудың жоспарын жасай бастайды. осы мақсатта орынбор шенеуніктері биді 1797 жылы 6 маусымда Кіші жүздегі билікті басқаруды қолға алған Хан кеңесіне енгізеді. Кеңеске төраға ретінде Айшуақ сұлтан, төртқара Боран-бай, ысық Сұлтанбек, алаша Шақшақ, табын Күшік, кердері Битік, Қабалдар мүшелікке тағайындалады. Мүфти М.Хусайынов көп ұзамай-ақ басқарудың қиыншылықтарын тізбелей бастайды. оның анықтауынша, қазақтардың көшіп-қонуы, бір орталықтың болмауы, материалдық жетіспеушіліктер жұмысқа кедергі болған еді. Жұмысын 1797 жылы 8 тамызда бастаған Хан Кеңесіне кеңес мүшелерінен басқа 300 жуық би, батыр, старшындар арнайы келіп қатысты (4).

Көп ұзамай 13 тамыздан бастап, Кіші жүзде Қаратай сұлтанның хан болып сайлағандығы туралы мәліметтер орынборға жетеді. оны қолдаушылар қатарында шекті руының 14 белгілі азаматы болды. Кезінде Қаратайдың Сарышоңайды кінәлағанымен, кейін бұл кінәнің негізсіз екендігі дәлелденеді. Қаратай Сырым батырдың шектілермен қоян-қолтық араласуын жақсы түсінгенімен, хан сайлау кезінде өзінің жоспарын іс жүзіне асыру мақсатында беделді би, батырлармен бай-ланысын реттей бастайды. Нұралы хан ұрпақтары ішіндегі беделді Қаратаймен келісімге Сарышоңай да мүдделі болды.

Бірақ хандық басқаруды шайқалтуға әбден машықтанған о.А.Игельстром 74 жастағы Айшуақты 1797 жылы 16 қазанда орын-борда таққа көтереді. Әскери губернатор жоспары бойынша хан мен Хан кеңесі бір жерде тұрақтауы тиіс болды.

Сарышоңай би Хан кеңесіндегі жұмыстарымен шұғылдана жүріп, ел тыныштығы үшін билермен бірлесіп, патшаға да хат жолдаған. Мәселен, 1798 жылдың күзінде Сырым, Қаракөбек, Мұсылман, Сарышоңай т.б. Қазан көпесі М.Шехмұратов арқылы құпия түрде хат жолдайды. Хат арқылы Ресей Коммерциялық министрі Н.П. Румян-цев башқұрттар мен казак-орыстардың қазаққа күш көрсетіп, үнемі тонау себебін анықтап, хан мен жаңа губернатор Н.Н. Бахметевтің дәрменсіздігін сезінеді (5). Сарышоңай би 1797 жылы қазан айында Хан Кеңесі төрағасы болып тағайындалған Бөкей Нұралыұлымен де тіл та-бысты. осы кезеңде ол Қобда өзені бойын жайлап, тұтқындарды боса-

ту, қашқындарды іздестіру, қазақ-орыс арасындағы даулы мәселелерді анықтау т.б. шұғылданады. Бөкей, Сарышоңай т.б. Хан Кеңесі арқылы қазақтардың талаптарын орынборға хабарлап, оны шешудің жолда-рын ұсынды. Көп жағдайда керуен, сауда-саттықтың қалыпты жүруіне септігін тигізді.

ХІХ ғасыр басында Сарышоңай мен Мұсылман билер шекті руларының орынбор мен Бұхара, Хиуа арасындағы керуен жолда-рын бақылауда ұстады. 1803 жылы Бұхараға барып қайтқан пору-чик Я.П.Гавердовский Сарышоңай мен Мұсылман билерге әлімұлы-шектінің – тілеу, қабақ, назар және шүрен бөлімдерінен 8 000 түтін бағынады деп хабарлайды. олардың қыста Жем бойында, Борсық құмында, Арал теңізінің батысындағы Қоңырат қаласына дейін, жаз-да Жем өзенінің сол жағалауын, Темір өзені бойын, Сағыз өзенінің жоғары жағын, ойыл, Қобда, Елек бойларын жайлайтыны белгілі бол-ды. орыс поручигі сауда-саттықтың көпшілік жағдайда Хиуада жүзеге асатынын жеткізді (6). орыс деректерінде Сарышоңай, Мұсылман би-лермен қатар кішкене-шекті билері Жанназар, Жанұзақ, Қожаберген, Өтегендер аталады. олардың арқа сүйер ханы Сыр бойын билеген Әбілғазы Қайыпұлы еді. Әбілғазы хан негізінен Сыр бойында тұрақтап, Кіші жүздің оңтүстігін қорғап, әлімұлдарымен бірлесіп, аталған билер-ге арқа сүйеді. Ал билер өз кезегінде тұтастай ел ішіндегі қоғамдық-саяси өмірге тығыз араласты. олай болса Сарышоңай Әбілқайыр, Қайып хандар ұрпақтарымен үнемі байланыста болған.

Кіші жүзді Айшуақ хан басқарған 1797-1805 жылдар әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдың шиеленіскен кезеңі ретінде сипат-талады. Шекаралық комиссияның төрағасы генерал-майор Г.Ф. Генс Айшуақтың ел басқаруының соңғы жылдарын «революциялық кезең», «хан ешқандай билікке ие бола алмады, рулар арасындағы тартыс күшейіп, түсінбестік жағдай қалыптасты. Бұхара мен Хиуаға баратын керуендер тоналып, із-түссіз кетті» деп бағалады (7). Мұндай күрделі тұста 1804 жылы 26 қазанда Сарышоңай Хан Кеңесі төрағасы Бөкей сұлтанмен бірге Байұлдары, Жетіру би-батыр, сұлтандарымен кездесті. Кездесуге Айшуақ хан орнына үміткер Қаратай сұлтан да қатысты.

1805 жылы 17 ақпанда өз билігінің дәрменсіздігін сезінген Айшуақ біржолата хандық биліктен бас тартып, орнына баласы Жантөрені ұсынды. 1805 жылы 29 тамызда 5000-ға жуық жиналған қазақтар Жантөрені орынборда патша үкіметінің шешімімен хан тағына отырғызды. Ал хан кеңесі төрағасы болып орман Нұралыұлы тағайындалды. Сарышоңай би бұрынғысынша кеңес заседателі болып қала берді. орыс үкіметі ханға 300 руб., ал 6 кеңесшіге 250 руб. жалақы тағайындады. Бір ерекшелігі Хан кеңесі ережесінде кеңесшілер 3 жыл-

158 159

да қайта сайланып отыруы тиіс делінгенімен, Сарышоңай 1797 жыл-дан бері Кеңеске мүше болатын. Мұның өзі бидің ел ішінде ғана емес, сонымен бірге Ресейде де үлкен беделге ие болғандығын дәлелдейді. Жантөре хан да Сарышоңай бидің халқы алдындағы беделін өз пайда-сына пайдалануды көздеді.

Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кезінде патша үкіметіне қарсылықтарымен көзге түскен Жантөре хан тағына отырған кезеңінде толықтай орыс шекарасына орнығып, ел ортасына бармайтын басшыға айналды. оны жақсы білетін Қаратай сұлтан генерал-губернатор Г.С. волконскиймен болған кездесуде-ақ «Жаңа хан қазақ даласына емес, керісінше сандықта ғана жайлы» деп бағалады (8). Жантөре хан ел ішіне бара алмағанымен, Сарышоңай билерде елдің толық мәліметтері болды. Жантөре мен Қаратай арасындағы шиеленіске Сарышоңай би бейжай қарай алмады. 1806 жылы арнайы хат жолдап, «Қаратай мен Жантөреге Қобда өзенінің жоғары жағындағы халық Кеңесіне келуді міндеттеуді» өтінді.

Кейін 5 тамызда Хан Кеңесі мүшелері, 35-ке жуық би, батырлар, сұлтандар Кеңес өткізу үшін Жантөре ханға ұсыныс білдіреді. 1806 жылы 10 тамызда өткен кеңеске байұлы, әлімұлы, жетірудан белді азаматтар қатысқанымен, Жантөре хан «ауруын сылтауратып» келе алмады. Хан кеңесі, Сарышоңай Мұсылман билер содан Г.С. волкон-скийге «Жантөре Қобдаға келемін дегенімен, уәдеге тұрмады. Мұны көзімен көрген халық Қаратайды хан атай бастады» деп хабарлайды (9). Билердің хабарын кейін жазылған хаттарда анықтай түседі. Хатта «Біз сауда жасаудан қалдық. Үмітіміз Қаратай сұлтанда» делінген.

1807 жылы да Кіші жүздегі Кеңеске Жантөре хан қатыспады. Бар кінәні Қаратай сұлтанға жапқан хан оны шекаралық шепте ұстап алуға шақырды. Мұндай ұсынысты орынборда қолдады. Г.С. волкон-ский сондықтан да Сарышоңайдың Қаратай туралы жақсы пікірлерін тізбектеп, сұлтанды мадақтап жеке кездесуге шақырды. Генерал губер-натор сұлтанды «Байұлдары мен әлімұлдары қолдап хан көтергенімен, әзірше патша бекітпейінше хан атауға келіспейтіндігін» жеткізді. орыс саясатының астарын түсінген Қаратай шекарадағы түрмелердегі жатқан қазақтарды босатуды талап етіп, Ресей керуендерін тоқтата бастады. Қазақтар еш қорықпастан, 100 орынбор казагы қорғаған 300 түйеден тұратын керуенді қоршауға алып, өз талаптарын қойды. Бұл туралы хабар алған Г.С. волконский уақыт созбай генерал-майор д.И.Герценбергке әскери жорыққа дайындалуды бұйырды. 1350 адам-нан, 3 артиллериядан тұратын әскери команда 1807 жылы 13 тамыз күні ойыл өзеніне аттанды. Сарышоңай мен Мұсылман билердің ескертуімен Қаратай қолдары сақадай қаруланған әскерлермен бетпе-

бет келмей, шегініп үлгерген. 28 тамызда тапсырған рапортында д.И. Герценберг «ойыл бойындағы Сарышоңай, Мұсылман билер, ахун Мұхамеджандар Сары Қобдадан Тамды көлге көшті дегенін естіп, ар-тына барлаушылар жібердім. Кейін билер талабы бойынша Қаратай шектілер алған 8 түйені босатты. Керуенді Асау батыр мен Сарышоңай баласы бастап келеді. Жанында Қаратайдың 400 адамы бар» деп жа-зыпты. Жорыққа қатысқан полковник Струков те орынборға тапсырған есебінде Қаратайдың Сарышоңай мен ахун Мұхамеджанға сенетіндігін дәлелдеді(10). 1808-1809 жылдары Қаратайды Сарышоңайдың не-мере бауырлары Көтібар Бәсенұлы (Пұсырман – Қарабас – Жапақ – Бәсен – Ә.М.) Арыстан Тінәліұлы (Пұсырман – Қарабас – Тінәлі – Ә.М.) батырлар ашық қолдап, орыс шептеріне шабуылдап, мал-жандарын қуып алды. Мұның арты орыстардың қазақтарға қарсы ба-рымтасына ұласты. онымен қазақты тоқтата алмаған Г.С. волконский тұтқындағы Қаратай інісі Өзбекқали сұлтанды босатып, жанынан хо-рунжи Искаковты ертіп, шектілерге жіберді. 1808 жылы 3 ай жүріп, 18 қазанда орынборға оралған Искаков шекараға жақын қазақтар хан ретінде Қаратайды мойындайды, өйткені, ол ел ортасында тұрады де-ген қорытындыға келді. дегенмен хорунжи Сарышоңай, Мұсылман би, Мұса батыр (арғын шақшақ Жәнібек немересі – Ә.М.) және ахун Мұхамеджандар Қаратайдың хан деп аталуына келісім бермеген деп өзгеше ой түйіндейді (8, С. 56-57). Бұл арада билер мен ахунның Ресейдің өзіндік пікірі, батыл шешімі бар Қаратайды ешқашан хан сайламайтындығын түсінген сияқты.

Өз жоспары жүзеге аспағандықтан генерал-губернатор казак-орыс әскерилеріне қазақ ауылдарына жорық жасауға рұқсат етті. 1809 жылы шілде айында верхнеозерск қорғаны коменданты майор Климов Мендияр Әбілғазин сұлтанның көрсетуімен Сарышоңай, Мұсылман билер ауылына келіп, 406 жылқысын тартып әкетті. Кейін, билердің талап етуі бойынша әскерилердің жорықта асыра күш қолданғаны дәлелденді (11).

Казак-орыс арасындағы шиеленістің арты Ресей үкіметінің қолдан жасаған Жантөре ханның өліміне алып келді. 1809 жылы 2 қарашада Сахарный қамалынан қашық емес орналасқан ауылында Жантөре Айшуақұлы Қаратай сұлтанның бағыттауымен, 200 астам шектілердің, бірнеше сұлтандардың қатысуымен өлтірілді. 1809-1811 жылдар аралығында болған тергеу бойынша Хан Кеңесі төрағасы ор-ман Нұралыұлы, Есім хан ұлдары Қара, Шожық т.б. кінәлі деп табы-лып, Санкт-Петербургке жер аударылды. Қаратай сұлтан күресін әрі жалғастыра берді.

1809 жылдан бастап 1812 жылдың қыркүйегіне дейін мұрағат

160 161

қорларында Сарышоңай туралы деректер кездеспеді. Бірақ 1812 жылы қайтадан Хан Кеңесі құрылып, төрағалыққа сұлтан Медетқали Тұрдалиев (Әбілқайыр хан бауыры Бұлқайырдың шөбересі – Ә.М.) бекітілген тұста, би соңғы рет Кеңес мүшелігіне ұсынылған екен. Өкінішке орай осы жылы Сарышоңай би қайтыс болған (12). Яғни, биді 1836 жылы қайтыс болған деген құлыптасындағы мәліметті өзгерткен абзал.

Сөйтіп атақты билер әулетінде дүниеге келіп, тұтастай қазақтың азаматына айналған, 15 жылға жуық Кіші жүз хан Кеңесінің белді мүшесі болып, өзінің ерекше қабілетімен, әділдігімен Ресейді де мойындатқан Сарышоңай Алыбайұлы тарих сахнасынан кеткенімен, оның ісі мен қызметін ұрпақтары жалғастырды. Мұрағат деректерінде Сарышоңайдың Меңдіғұл, Қасым, отаралы атты ұлдары аталады. Меңдіғұл әке орнына үрім-бұтақты бастаған би болған. оның есімі 1819 жылы шілде-тамыз айларындағы Кіші, орта жүз игілерінің орынбор әскери губернаторы П.К. Эссенге Арынғазы Әбілғазыұлын хан сайлау туралы жазған ұсыныс хатында аталады. Хатқа қол қойған 380 би, ба-тыр, старшын, сұлтандар арасында Кіші жүздегі 25 рудың 19-ының, орта жүзден қыпшақ, арғын, Ұлы жүзден үйсін руларының өкілдері бар. Сол замандағы беделді байбақты Жүсіп Сырымұлы, табын Жола-ман Тіленшіұлы, шекті-тілеу Қаражігіт Бектауұлы, шекті қабақ Ары-стан Тінәліұлы т.б. Меңдіғұл тығыз араласқан (1, С. 322-327).

Сарышоңай би және ұлдары туралы ел аузында төмендегідей өлең-жырлар сақталған. Соның бірінде

Би Шонай алты алашқа аға болған дұшпанға бар ма жері таба болған?!Баласын үш ананың шырқ үйіріп, Аулына Кіші жүздің пана болған.Шонайдан отаралы, Қасым өткен,Күнінде дариядай тасып өткен.Өзінің болып тұрған заманындадұшпаннан аруағы басым өткен, – делінеді (2,53 б.).Қасым Сарышоңайұлы туралы деректер Арынғазы сұлтанның

1821 жылғы Санкт-Петербургке сапары кезінде кездеседі. Алдымен Арынғазы жоғары дәрежелі кездесуге қатысатын адамдары туралы мәліметті орынборға жолдап, өз тізіміне шекті-қабақ руынан Қасым биді енгізген. Бірақ Ресей астанасына барып, қайтқандар арасын-да Қасым би аталмайды. Соған қарағанда Қасым дәлелді себептер-мен қалып қойған, ал орнына Қ.Мұсылманұлы енгізілген. делегация құрамындағы шекті-жақайым Қ.Мұсылманұлы, шекті-қабақ Санасап Сатұлы 1822 жылы 30 наурызда, шекті-тілеу Қаражігіт Бектауұлы

1822 жылы қазан айында елге жіберілді. Ең соңынан елге 1829 жылы Жүсіп Сырымұлы оралды. Ал Арынғазы мәңгілікке Калуга жерінде қалды (13). осы деректегі Қоспақ Мұсылманұлы Сарышоңайдың заманындағы шекті-жақайым Мұсылман Шағатайұлының баласы. Санк-Петербургке барған кезінде Қоспақ би 40 жаста болатын.

Ал отаралы Сарышоңайұлы да өз заманында елі сыйлаған би ретінде мойындалды. ол турасында 1839 жылы Кіші жүзде болып, Махамбет Өтемісовпен кездескен орыстың белгілі жазушысы және жиһанкезі Е.П. Ковалевский «Құрылықта және теңіздерде саяхат жасаушы» еңбегінде жазып, оны 75 жас шамасында деп көрсетеді. отаралы 1841 жылы тамыз айында Хиуа ханы Аллақұл өткізген кеңеске қатысты. Кеңес в.А.Перовский жіберген орыс елшілерінің Хиуаға келуіне байланысты ұйымдастырылды. Кеңеске отаралымен бірге байбақты Жүсіп Сырымұлы, табын Жоламан Тіленшіұлы, Нияз би және Жанғазы Қайыпұлы, Қайыпқали сұлтандар қатысты. Ресей қазақтарды өзіміздің отарымыз деп дәлелдеуге тырысқанымен, оны Кеңеске қатысушылар мойындамады(14). Кейін әкесінің ізін қуған Нияз тұтастай қабақ бөлімінің биіне айналды. 1852 жылғы мұрағат дерегінде «Нияз отаралыұлы, 39 жаста, қабақ бөлімінің басқарушысы, би. ол-орта бойлы, қара қасты, қою кірпікті, қара көзді, толық қара торы, дөңгелек жүзді, қыр мұрынды азамат. Бір әйелі, 4 ұл, 2 қызы бар. ол шекті руының қабақ бөлімінің, қалыбек бөлімшесінен. Жаз-да ор өзенінің жоғары жағын, қыста Ұлы Борсықта жайлайды» – деп жазылған (15). Міне осы Нияздың Сүлейменінен белгілі тарихшы Бек Сүлейменов тарады.

Қорыта келгенде, Сарышоңай би тарихы арқылы жүріп-өткен жолымыздағы ел игілерінің халқымыздың бүгінгі тәуелсіздігі үшін күресін, ізденісін, жанқиярлық ерлік істерін сезінеміз. Мұның бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке, өткен тарих арқылы аға буынға ерекше құрметпен қарауға тәрбиелері сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Материалы по истории КазССР (1985-1828 гг.). Т. ІҮ. М. –Л., 1940, С. 1392 Әбенов д., Мұхтаров С. Ұлт-азаттық көтеріліс көсемдері (тарихи-

филологиялық зерттеу). Ақтөбе, 2006. 56 б.3 оРоММ 5 қ., 1 т., 63 іс, 62 п. . 4 оРоММ 5 қ., 1 т., 63 іс, 118-147 пп. 5 РМТМ 1291 қ., 81 т., 13 іс, 1-3 пп.6 История Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веках. Ү т. А., 2007.

–С.416

162 163

7 Ахмет А. Қаратай хан. Алматы, 2007, 40 б. 8 Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость казах-

ского народа (1797-1838г.) Кзылорда, 1926, –С. 24.9 орооМ 6 қ., 10т., 197 іс, 4-5 пп. 10 ороММ 6қ., 10т., 197 іс, 45-47 пп. 11 ороММ 6 қ., 10 т., 1800 іс, 12-15 пп. 12 ороММ 6 қ., 10 т., 716 іс, ІІІ бөлім, 729-963 пп. 13 Ахметова Ұ. Арынғазы хан. А., 200614 ороММ 6 қ., 10 т., 5241 іс, 369-374 пп. 15 ҚРоММ 4 қ., 1 т., 2512 іс, 272-283 пп.

сыпыра Қарабатырұлының өмірі мен қызметі*

Атақты Сырым датұлы заманындағы белгілі тарихи тұлғалар қатарында Сыпыра тарханның өзіндік орны бар. оның ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысындағы қоғамдық-саяси белсенділігін дәлелдейтін құжаттар орынбор, Санкт-Петербург, Москва мұрағаттарында жеткілікті. оның біразы 1940 жылдары жарық көрген «Материалы по истории КазССР (1975-1828 гг.)», – М. –Л., АнСССР» жинаққа да енді. оларды белгілі дәрежеде тарихшы М.П. вяткин де Сырым батырға арналған моногра-фиясында пайдаланды. Кейін академик С.З. Зиманов «Қазақтар ара-сынан тархандық грамотаға алғашқы ие болғандар қатарында өз за-манында белгілі қайраткерлер Жәнібек батыр мен Суфра би болатын» деп бағалайды.

Сонымен ХҮІІІ ғасырда барша қазаққа, Ресейге, Хиуа, Бұхараға белгілі болған Сыпыра кім? оның аты тарихта қалайша қалды?

Ата шежіремізге назар салатын болсақ, Сыпыраның Кіші жүздегі 12 ата байұлының алаша руынан екендігі анықталады. Х.Мадановтың «Кіші жүз шежіресі», К.Ғ. Ахметовтің «Кіші жүз Алаша руының шежіресі» еңбектерінде тұлғаның Алаша – Ақберлі – Атымыс – Сары – Қожамберлі – Құдайберді – Құдайқұл – Жомарт – Қарабатырдан тарайтындығы анық жазылған. Сонымен бірге, Сыпыра ұрпақтары да мүмкіндегінше таратылады.

Сыпыраның атасы Жомартты жас күнінде сынаған нағашы

атасы «Мына Жомарт басшы болуы, әкімқұмар болуы мүмкін» деген тоқтамға келген екен. Атасы Жомарттың туған бауыры – Байбарақ батырлығының арқасында Алаша ұранына айналған. Мұның өзі Сыпыраның болашақта тегін ұл болмайтындығын көрсетсе керек.

Мұрағат деректеріне назар аударсақ, алаша руы орыс елшісі А.Тевкелев жазбасына түскен. осы кезеңнен бастап алаша рулары – Кіші жүздегі қоғамдық-саяси өмірдің барлық мәселелерін шешуге ара-ласты. Мәселен, 1748 жылы қазан айында Нұралыны хан тағына бекіту хатындағы тізімде алаша руынан Байсау би мен Байтерек аталық ата-лады. П.И. Рычковтың анықтауынша алаша руы Жайық өзенін бойлай орналасқан екен. ХІХ ғасырдағы зерттеуші Л.Мейер алаша руы жазда Бұлдырты, қыста Жақсыбай және Жетікөл көлдерінде мекендейді деп анықтады.

Патша үкіметі Жайық бойын иемдене бастаған тұста-ақ оған қарсы Кіші жүз рулары қатарында алашалар да көтерілді. 1756 жылы Жайықтан малды Самара бетіне өткізуге тыйым салынған патша жарлығына қазақ руларының қарсылығы ерекше күшейді. Кейін ол Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде анық көрінді. осы кезеңде алаша руы қазақтарын Төрлі датау батырдың баласы Шегір батыр басқарды.

Сыпыра батыр өмірі Сырым датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың басталуымен жаңа белеске көтерілді. Қазақстанды Ресейдің отарлауы Жайық бойындағы жайылымдардың тарылуымен, әскери бекіністердің көбейіп, қосымша казак-орыстардың көптеп орна-ластырылуымен, қазақ даласына жиі-жиі әскерилердің озбырлығының күшеюімен, қазақтың басқару жүйесіне қол сұғуымен айқындалды. олар қазақтың ата мекені Еділ-Жайық аралығына 1756 жылдан ба-стап көшіп-қонуға тыйым салынған патша жарлығымен, 1775 жылғы жалпыимпериялық жүйе – губерниялар құру туралы ережемен дәлелденді. оны сезінген қазақ рулары тағы да ашық қарулы күреске көтерілді. Бұл арада елді басқарған Нұралы ханның қателіктерін баса көрсетуіміз қажет. Ханның ішкі бірлікті қамтамасыз ете алмауы, жайы-лым мәселесінің күн санап шиеленісуі, орыс әскерилерінің шабуылын тыйдыруға күшінің жетпеуі, хандық басқарудағы дағдарыс түбінде қазақ қоғамының екіге бөлінуіне әкеліп соқты.

оның соңы 1785 жылғы шілде айындағы Кіші жүз руларының ІІ Екатеринаға хат жазып, Нұралыны хандық тақтан тайдыруды сұрауымен аяқталды. Хатқа Кіші жүздегі 12 ата байұлы, әлімұлдары, жетірудан тұратын 25 рудың 21-ң белгілі би, батыр, баһадүрлерінің мөрлері басылған. олардың арасында шекті Сегізбай, шеркеш Тұрмамбет, ысық Қаратау, адай Атақозы, беріш Қара, Саржала, масқар

*Мақала Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының Хабаршысы журналының 2009 жылғы № 5(10) санында жарияланған.

164 165

дөнен, байбақты Сырым, жағалбайлы Тотай, табын Тіленшілермен бірге алаша руынан Азамат, Сафар, Өтеулі билер бар. Міне осындағы Сафар би, біздіңше, Сыпыра би болуы тиіс. Өйткені, кейінгі тарихи оқиғаларда Сафар аты бірде-бір рет аталмайды. Сыпыра би атауы алғаш рет мұрағатта 1786 жылы тамыз айларында түскен. осы жолы ол Сегізбай, Тұрмамбет, Қаратау т.б. билермен бірге Симбирск және Уфа генерал-губернаторы о.А.Игельстромға Сырым батырдың Ерәлі сұлтан «тұтқынында» екендігін хабарлады. Бұл хабар кейін растал-ды да. оны Есім сұлтанның 1787 жылғы 27 қыркүйектегі хатындағы «Ерәлі сұлтанға барар жолда Сырым кездесті... оны ұстап алып, өзімізбен ертіп кеттік» деген жолдар айғақтайды.

дегенмен күрес зая кетпеді. Патша үкіметі 1786-1787 жылы қыста Еділ-Жайық аралығына қыстауға көшуге 45400 түтінге рұқсат берді. Соның ішінде беріш Шойтас батырға 7000 түтін, алаша Сыпыра биге 3000 түтін, алаша Медет биге 3000 түтін, Ысық Қаратау биге 10000 түтін басқару жүктелді. Ахун М.Хұсайновтың анықтауынша аталған ру-лар 1785 жылға дейін ханды қолдағанымен, ендігі жағдайда Нұралыға қарсы шыққан. Қазақ жағдайын барлап түсінген генерал-губернаторды «Нұралы ханнан қазақ руларының бөлініп кетуі біздің пайдамызға. Сондықтан хан мен Ерәлі сұлтанды шақыртып, орданы 3-ке бөліп басқарған дұрыс па, әлде ханмен қазақтарды табыстырған тиімді ме?» деген сұрақ мазалай бастады. оның артынша 1786 жылы көктемде генерал-губернатормен кездесуге келген Нұралы Уфа қаласына жер ау-дарылды. Ханның келіссөзге кетіп, Ресейде ұсталып қалуы ел игілерін ойландырмай қоймады. Мұның артында хандық басқару жүйеге балта шабылғалы тұрғанын олар сезбеді дей алмаймыз.

Көп ұзамай орынборға Кіші жүздегі ең беделді деген 18 адамның – Сырымның, Сегізбайдың, Қаракөбектің, Қаратаудың, Сыпыраның, Бөдененің, Саржаланың, Атақозының, Айдарбектің, Көккөздің, Басықараның, Жанұзақтың, Қойкелдінің, Нұрмағамбеттің, дөненнің, Абдулжалелдің, Қарабай сұлтанның хаты келіп жетті. Хат-та ханды елге қайтару оның ел тыныштығы үшін аса қажеттігі баса көрсетілді. Қазақтың дәстүрлі басқару жүйесін жоюды мақсат тұтқан о.А.Игельстром 1787 жылы 26 қыркүйекте Кіші жүз би, батырлары-на «Нұралы хан тағдыры сіздердің адалдықтарыңызға байланысты» деген жауап қайтарды. осының алдында шекаралық сотты құрып (1786 жыл), енді байұлы, әлімұлы, жетіруды бөліп-бөліп басқару жо-спарына батыл кірісті. Соның қорытындысында 1787 жылы қыркүйек айында Қобда өзені бойында старшындар жиналысы өтіп, 3 распра-ва құру келісілді. Нәтижесінде жаңа басқаруға келіскен старшындар 39200 түтін атынан қол қойды. Зерттеуші М.П.вяткин «неге екені

белгісіз Сырым қозғалысына белсене қатысқан бірде-бір старшын қол қоймаған. онда Қаратау би, Сыпыра би, Бөдене би, Тұрмамбет би т.б. жоқ. Тіпті Сырым мөрі де жоқ» деп таңданыс білдіреді. дегенмен, расправаға Сырымды қолдаған азаматтар да енгізілді. Байұлы распра-васына төрағалыққа шеркеш Тұрмамбет Мұсылманов, заседательдігіне алаша Сыпыра Қарабатыров, беріш Бөдене Байтілеуовтер енгізілді. Сыпыра би өзге де расправа мүшелерімен бірге 1787 жылы 16 қазанда орынборға келіп ант берген.

1787 жылы Сыпыра би Сырым арқылы Түрік елінің саясатымен де танысады. орыс-түрік соғысының басталуы нәтижесінде өзге де мұсылман елін тартуды көздеген түріктер Бұхараға өз елшісін жіберіп, Сырымға арнайы хат жолдаған. Хат көшірмесі сенімді деген 12 биге жіберілді. Сыпыра биге жолдаған хатта «Ресейліктер жеті европалық мемлекетпен бірігіп, түрік мемлекетімен соғысуға шықты» делінген. Беделді билерге келген хатпен танысқан патша үкіметі тез арада беделді би, батырларға хат жазып, үйіп-төгіп уәде беріп, олардың бірлігін жоюға бар күшін салды. Уақыт созбай қазақ даласына ар-найы орынбордан діни өкілдер жіберілді. Бұрын патша үкіметі хан, сұлтандармен, 1783 жылдан бастап Сырыммен хат алмаса бастаса, енді іріткі саясатын жалғастырып, 1788 жылдың басынан Сыпыра, Сегізбай, Көккөз, Тұрмамбет, Бөдене, табын Жәнібек билермен тікелей байланыс орнатты. Мұндай байланыс бірден өз нәтижесін берді деу қиын. Мұны сезінген орынбор обер-коменданты, шекаралық сот төрағасы Я.М. Зембулатов 1789 жылы «расправа мен старшындар-дан еш пайда жоқ» деген қорытындыға келді. дегенмен билер қазақ руларының негізгі талаптары – жайылымдарды шешу, озбырлықты тоқтату, қашқындарды қайтару т.б. шешуге өз мүмкіндіктерін пайда-лана бастады.

Сыпыра би Нұралыханұлы Жанәлімен бірлесіп атаман д.донсков арқылы қазақ-орыс қатынасын реттеуге ұмтылды. Өз кезегінде д.донсков қазаққа қарсы ашық күш көрсетуді тоқтатпады. 1790 жылдың басында атаман орал қаласы мен одан төменгі форпостарда 19 қазақты қамауда ұстады. Мәселен, 1790 жылы 22 сәуірде Антонов форпосында Елек өзенінде көшіп жүрген Сыпыра бидің немере бауы-ры Тоқбура (орыс дерегінде Тукрия – Ә.М.) орыстан қашқан тұтқынды қабылдады деген сылтаумен алаша руынан Бозан Қарабаев, Артықмал Арабашевтың үш айдан астам уақыт қамауда екендігі анықталды. Алтыбас алаша Малқар верхнеозерный қорғанындағы түрмеде жа-тып, ауруға шалдыққан. Сырым бастаған билердің талабы бойынша Малқар 13 сәуірде босатылған. ол турасында Сыпыра би жанындағы молда Әбілқасым Абдусалямов т.б. арқылы Сырым арнайы хат жол-дайды (1).

166 167

Күрделі мәселелер 1790 жылы мамыр, маусым айларында өткен қазақ-орыс кездесуінде талқыланды. орынбор жағынан мүфти М.Хусайнов, қазақтарда Сырым батыр келіссөз жүргізді. Кездесуге Сыпыра би қатыспады.

Кездесуден кейін ұзамай Кіші жүзге жаңа хан сайлау мәселесі көтерілді. Сыпыра, Тұрмамбет билер, әлімұлдарының бас старшыны Мұратбек би бірауыздан Есім сұлтанды 1790 жылы қараша айында хан тағына көтерді. Ноғай старшыны Құрбанғали Забир хан сайлауға 1000–ға тарта қазақ қатысты деп хабарлайды. Сыпыра би 1791 жылы 29 мамырдағы хатында Есім сұлтанмен бірге көшіп-қонатындығын, Сырым батырдың Ресеймен жаңа соғысқа дайындалып жатқандығын, жақын арада ордада күшті бүлік болатындығын атап өтеді.

осы тұста Кіші жүзді барлап қайтқан Нұрмұхамед қожа орынборға Сыпыра, Қаракөбек, Тіленші, Жаназар т.б. қол жинап, орыс шекарасына жақындады деп жеткізді. Содан маусым айы ба-сында Сырым батырға екі татар молдасы Файктулин мен Мансуров жіберілді. олар 9 маусымда Қобда бойындағы Сыпыра би ауылы-на тоқтап, жоғарыдағы ақпараттың терістігін дәлелдеп, Сырымның шектілер мекенінде екендігін анықтады (2).Міне осыдан кейін Сы-пыра мен Сырымның саяси көзқарастарында алшақтықтардың пайда болғаны байқалады. Сырым орыс үкіметінің саясатына қарсы ашық күресті қолдаса, ақсақалдық жасқа жеткен Сыпыра би Жайық бойы-нан көшпей, Әбілқайыр ұрпақтарымен бірлесе отыра ашық күреспей, бейбіт түрде тыныштықты қалпына келтіруді жақтады.

Сыпыра биді түсінген Сырым батыр 1791 жылы маусым айын-да оны өзіне қосу үшін «егер Сіз Ресеймен сауда-саттық жасасаңыз, ұлысыңызды Жайық бойынан көшірмесеңіз, біздің қаһарымызға тап боласыз. Кейін бізге өкпелемеңіз» деген хат жолдаған ( 3). 1792 жылы да Сыпыра би ешқайда жылжымай, Жайық бойында тұрақтады. ол 1791 жылы қыркүйек айында патша үкіметі бекіткен Ерәлі хан-мен бірге көшіп-қонатын. Сөйтіп, кезінде Сыр бойында еркіндікке үйренген Ерәлі хан да қартайған шағында шекараға орнығып, Ресей көмегіне сүйене бастады

1792 жылы қыркүйекте Сырым батыр, Қаракөбек, Тотай, Сегізбай, бауыры Алмұстафа, Сарыалтай, Боранбай Ресейге қарсы соғыс жариялаған тұста Сыпыра би өзге би, батырлардай халқымен ел орта-сына көшпей, шекарада қалды. Патша әскерилері Сыпыра, Қаратау ауылдарына орнығып, бір сөзбен айтқанда, беделді билер мен рула-рын бақылауға алды. Патша шенеуніктері хабарына сенсек, Бөдене, Саржала, Тіленші сияқты ел игілері де Сырым бастаған ашық күресті қолдамаған (3, С. 315]. Бірақ бұл арада аталған би, батырлардың,

олар басқарған алаша, беріш, табын руларының жайылымдары Жайықтың екі беті болғандығын, қазақтың ата мекенін тастап ешқайда кетпейтінін, өзге ел түсінбеген ішкі ұлттық бірліктің болғандығын от-арлаушылар қайдан ұқсын. Бүгінгі ұлан-ғайыр территория тек қана осындай ішкі бірлік арқылы ғана сақталды емес пе?! Сондықтан қиын-қыстау кезінде Жайық бойынан жылжымай, неше бір тепкі, қорлық көрсе де ата мекенін тастамай қазақ үнемі сол кездегі шекарадағы бар жаңалықты азаттық туын көтерген Сырымға уақытында жеткізіп от-ырды емес пе?!

ІІ Екатерина Сыпыраның ел ішіндегі беделін ескеріп, өзіне тар-та түсу мақсатында 1793 жылы 28 ақпанда биге тархан атағын беріп, арнайы грамота жолдады (4). Патша жарлығында «Адал және шы-найы қызметі үшін старшын Сыпыра биге тархандық атақ берілді. оның атағын сұлтандарға, би, батырларға және барлық қазақ халқына мойындау бұйырылады» делінген (5). Сыпыраға бірінші дәрежелі тархандық берілген. осындай атаққа тарихта Жәнібек Шақшақұлы, Сырым датұлы, Тіленші Бөкенбайұлы, Тама Есенбай Қожабекұлы ғана ие болған. оның 2 дәрежелі тархандықтан ерекшелігі әкесінен баласына мұралыққа тархандық құқықтық пәрменділігін пайдалану құқының берілуінде еді. Патша үкіметі шиеленісті жағдайда Сыпыра мен Тіленшіні Сырымға қарсы айдап салуды көздеді. одан еш нәтиже шықпаған соң патша әскерилері 1793 жылы Сыпыра, Бөдене, Қаратау би ауылдарын тонады. Тонау барсында Сыпыра, Көккөз билердің ұлдарын, Бөдене бидің інісін казак-орыстар өздерімен бірге ала кетті. оған шыдамаған 5000 түтін күзде Жайықтан әрі қарай ішкеріліп көшуге мәжбүр болды (6). Мұның барлығын патша үкіметіне жеткізіп, оны тоқтатуды талап етумен шектелген Ерәлі хан, Сыпыра би, Есім сұлтандар Жайық бойынан жылжымады. 1794 жылы 10 маусым-да Ерәлі хан дүние салды. Ерәлі тұсында Ресей ұйымдастырған Хан кеңесі, Сыпыра би мүше болған расправа өз жұмыстарын жалғастырып, мүмкіндігінше қазақ-орыс талас мәселелерін шешуге талпынды. Сыпыра тархан 1795 жыл 17 қыркүйекте Есім сұлтанды хан тағына көтеруге де қатысты.

1795-1796 жылдардың қысы мен көктемі Жайық бойына жаңа жұт әкелді. оны көзімен көрген Есім ханның іс жүргізушісі Г.Феткуллин «қазақ даласы ұлы қырғынға ұшырады» деп бағалады. Мұндай жағдайда Есім де, Сыпыра да өзара барымтадан сақтану үшін бұрынғысынша Жайық бойынан алысқа ұзамады. М.П. вяткин жұт әсерінен Сырым мен Есім хан арасында келіссөздер басталды деген қорытындыға келді. Тығырықтан шығар жолды іздестіруге Сыпыра тархан да атса-лысса керек. Өйткені, жұт алдымен Еділ-Жайық аралығын шарпып,

168 169

Жайықтың Самар бетіндегі малды Бұхар бетке көшіруге итермеледі. оны Сыпыра да, Есім де, Сырым да түсінді. Кездесуге Нұралы ханның жесірі орын ханым, балалары Жалтыр, Қоңырау, Есенғали сұлтандар атсалысты. дегенмен Есім ханның шекарадан Қобдада өткен Кеңеске келмеуі ішкі қатынасты реттеуге мүмкіндік бермеді. Бұл арада патша үкіметінің Есімді ел ортасына жібермеу арқылы Сырымды орыс шека-расына келтіруді көздегені бүгін де белгілі.

оның арты жаңа қарсылықтарға ұласты. 1797 жылғы дерек бой-ынша Ресейге қарсы Сыпыра тарханның немере ағасы Ботпанайұлы Бәйсеу батырдың балалары, алаша руының жанбаш бөлімі, табын, тама, кете, қызылқұрт рулары көтерілді. Есім хан қарсылық танытқан рулардың бөлімдеріне дейін көрсетіп, орынборға хабарлады.

ХІХ ғасыр зерттеушісі Л.Мейер көп ұзамай Есім ханға қарсы бүкіл қазақ даласы көтерілді деп бағалады. 1797 жылы көктемде Қаратай сұлтан орынбор экспедициясына жолдаған хатында Есім ханның «орыс үкіметіне адалдығы қазақтардың қатты наразылығын туғызды» деп хабарлайды (7). Сөйтіп, 1797 жылы 27 наурызда таң сәріде Крас-ноярск форпостосы маңында көшіп-қонатын уақ руы қазақтарында болған сәтінде Есім хан өлтірілді.

Міне осыдан кейін ел басқаруда Сыпыра би бар үмітін жас та, алғыр Қаратай Нұралыұлына артты. Сыпыра биді беріш Саржала би, Шойтас батыр, ысық Қаратау, шеркеш Тұрмамбет баласы Құлмамбет би т.б. қолдады (8). Бірақ патша үкіметі беделді билер ұсынысын тағы елемеді. Таққа 74 жасар Айшуақ сұлтан бекітілді. Араға уақыт сала әскери губернатор Н.Н.Бахметов бұйрығымен Сыпыра бидің бауырла-ры Құлбек, Жиентөре ауылдары әскери шабуылға ұшырады. Мұның артында орыс отаршылдарының хан мен би, батырлардың беделін біржола түсіріп, ара жігін ашып, өзі екі ортада келістіруші қызметін атқарып, қазаққа «қамқоршы» көрініп, елдің басқару жүйесін өзіне ыңғайлап, айдағанына жүретін, айтқанына көнетін отар ел жасау жоспары жатты. оны Сыпыра би, басқа да ел басқарған азаматтар түсінбеді дей алмаймыз. Әркім өзінің мүмкіндігінше қимылдады. Сыпыра би де қиын-қыстау жылдары өзіне бағынған алаша руының өмірлік мұраттарын іс жүзіне асыруға ұмтылды. оның да көздегені – ата мекенді сақтау, оны ұрпаққа мәңгілік ету екендігі, біздіңше, айтпаса да түсінікті. Бүгінгі ұрпақ тар жол, тайғақ кешу жылдары елін, жерін, халқын сақтаған Сыпыра билердей азаматтарға мәңгі қарыздар.

1799-1800 жылдардан бастап Сыпыра би атауы мұрағат деректерінде кездеспейді. Біздің есебімізше, нақ осы жылдары би қайтыс болса керек. 1789 жылы 10 мамырдағы о.А. Игельстромға жолдаған хатында полковник д.Гранкин Сыпыра, Сегізбай, Тұрмамбет,

Көккөз билер – бәрі қартайған шағында деп көрсетеді (3, С.117). ХҮІІІ ғасырдың 90 жылдардың екінші жартысында Сегізбай да, Тұрмамбет те қайтыс болды. Көккөз туралы да дерек кездеспейді.

Сыпыра би ұрпақтары әке жолын жалғастырып, ел басқаруда көзге түсті. Солардың ішінен Қоңыз тархан 1809 жылы Бөкей ханның өтініші бойынша Нарын құмына көшкен (9). Алаша руы На-рын құмындағы Қамыс-Самарада және теңіз жағалауларында орын тепті. Г.С. Карелин өз жазбасында алашаларды Көлбай, Тоқман, Сары, Қоңырбөрік, Барамық деп таратса, кейін Жәңгір хан Барамық, Көбелай, Шағалақ, Алтыбас, Маямет, Мәлкей, олжай, Шотқара, Сары, Құдайқұл, Қожағұл, Қарабура бөлімдері бар деп анықтайды (10). Кейін 1819 жылы маусымдағы патша жарлығы бойынша Қоңыз тар-хан Бұхар бетке қайта оралды. Қоңыздың баласы Сүлеймен тархан жазда Бұлдырты, Қалдығайты, Жақсыбай өзендерін тоқтаса, қыста Бұлдырты мен Есентемір мекенін қыстады. Сүлеймен 1838 жылы Хиуа жорығына қатысып, орыс үкіметінен «хорунжий» атағына, Александр лентасына тағылған алтын медальға ие болды. Құпия істер шенеунігі в.М.Лазаревский Сүлейменге 1850 жылы 26 қаңтарда «Сары бөлімінің биі 52 жаста. орта бойлы. Ақылды. Ақ түскен қара сақалды, мұртты. ордадағы атақты, Нұралы ханның бірінші ақылшысы, тархан Сыпыраның, одан кем емес белгілі Қоңыздың баласы. Сары бөлімі Жо-март бөлімшесінен. Сауатсыз. Әділ, әрі адал адам. Алаша руындағы белгілі шешен. Үлкен ұлы Алдарман (Ығылман болар – Ә.М.) 22 жа-ста, сауатты, өте ақылды» (11).

Сүлейменнің үлкен баласы Ығылман мұрағат деректері бойын-ша Жомарт атаның 17 шаңырағын ертіп 1860 жылы Жайықтан өтіп Қаратөбе жағына орналасқан (12).

Қорыта келгенде, би, тархан Сыпыра Қарабатырұлы-өз заманын-да ата жолымен ел алдына шығып, халқын соңына ерте білген, мұрағат қорларында ізі сайрап жатқан тарихи тұлға. оның жұрты үшін сіңірген ісі мен қызметі – ұрпақ үшін әрдайым үлгі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 вяткин М. Журнал оренбургского Муфтия // Сырым датұлы / Жинақ. – Алматы: «Арыс». 2004, С. 212-266

2 Рязанов А.Ф.Сорок лет борьбы за национальную независимость казах-ского народа(1797-1838г.)Кзылорда,1926 .С. 26

3 вяткин М.П. Батыр Сырым.М. –Л., 1949, С. 2924.ҚРоММ 4 қ., 1 т., 1617 іс, 180 п..

170 171

5 Крафт И.И. Сборник узаконении о киргизах степных областей. орен-бург, 1898, С.136

6 Материалы по истории КазССР. С. 1687 Мұқтар Ә.Қ. Нұралы хан және Сырым батыр. Қостанай, 2001. –102-103 бб. 8 оРоММ. 6 қ., 10 т., 12 1с, 5 п. 9 ҚРоММ 78 қ., 4 т., 86 іс, 2 п. 10 История Букеевского ханства. 1801-1852 гг. Сборник документов и ма-

териалов. Алматы, 2002, С. 286-29011 ҚРоММ 4 қ., 1 т., 2512 іс, 83 п.12 ҚРоММ 4 қ., 1 т., 6306 іс, 51 п.; Ахметов К.Ғ. Кіші жүз Алаша руының

шежіресі. 39 б.

Шерғазы Қайыпұлының қоғамдық-саяси қызметі*

Парсы елін мойындатып, 1746-1756 жылдары Хиуаны билеп, Қазақстанның оңтүстік өңірін әулетімен қорғаған Қайып ханнан тараған 30 ұлдың ішінде Шерғазының орны ерекше. Жас кезінен Хиуа мен Бұхараны аралап, олардың саясаттарына қаныққан. ол өзінің алғырлығымен, шешендігімен көзге түсті. Әбілқайыр хан за-мандасы атасы Батырдың, әкесі Қайыптың тәлім-тәрбиесін алып, Ре-сей, Қытай, Парсы елдерінің қазақ жеріндегі мүдделерін терең сезіне білді. орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссенге Кіші және орта жүз ақасақалдары жазған бір хатта «оның бабалары 17 ұрпағынан бері ел билеп келген, қазақ жұртына адал қызмет еткен және Үргеніште тұрып, Бұхарды және қазақ жұртын қоса әділдігімен билік құрған» – делінген [1]. Шерғазы Қайыпұлы Абылай ханмен 8, Нұралы ханмен 10 атадан қосылып, өз бастауларын Жәнібек ханнан алады. оның өз атасы Батыр сұлтан Сыр бойы қазақтарын басқарып, 1715-1718 жылдары қазақтың бас ханы болған әкесі Қайыптың деңгейіне жетпегенімен, қазақ-жоңғар соғысының шешуші кезеңдерінде, Еділ қалмақтары, казак-орыстар ша-буылына, үнемі өзгеріп отыратын оңтүстіктегі саяси жағдай тұсында ел бірлігін сақтауға үлесін қосты. осы саясаттың жалғасы ретінде ұлы Қайыпты оңтүстіктегі саяси мәселелерге араласуға машықтандырды. Ресей бағытын да еш назардан тыс шығармады.

Кейін ІІ Екатерина тапсырмасымен Қайып хан жөнінде толық мәліметтер жинақталды. Мәліметтерде оның Хиуада хан болғандығы, соңғы он жылда Кіші жүзде Сыр бойындағы Ұлы Борсықты, Елек өзені бойларын жайлайтындары баса айтылды. Сонымен бірге оған «ойы ұшқыр, епті, өткір және жазу біледі» деп баға береді [2].

И.в. Ерофееваның анықтауынша 1785 жылы Қайыпқа әлімұлдары руларынан 12 000 түтін бағынған екен. Қайып ханның оның екінші ұлы Шерғазының қоғамдық-саяси белсенділігі Сырым датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кезеңінде анық көзге түсті. ол Қайып Батырұлының Нұралы хан орнына ұсынылуымен, ал Шерғазының оны мойындату үшін Ресейге қазақ елшілерін бастап аттануымен дәлелденеді.

Қайып Батырұлы 1785 жылы 21 қыркүйекте Елек қорғанынан 100 шақырым жердегі Жіңішке өзені бойында өткен қазақтың би, батырларының кеңесінде хан тағына ұсынылды. Сырым, Тіленші, Көккөз, Сегізбай, Тұрмамбет т.б. бірауыздан Қайыпты қолдады. Со-дан 1785 жылы ІІ Екатерина о.А. Игельстромға жанына 3 қазақ де-путатын ұстауға бұйрық шығарды. Бұйрыққа сәйкес мұрағатта алғаш рет Шерғазы Қайыпұлы аталып, губернатор жанына алдырылды. Шерғазымен бірге Боранбай мырза, Жанұзақ мырзалар аттанды. оларға орыс үкіметінен жалақы төленіп, керуен мәселелерін шешу-ге міндеттелді [3]. Кейін 1787 жылы Жайықтың Самар бетіне атақты би, батырлармен бірге Қайыптың інісі Қарабай сұлтан шекті руының 1500 түтінімен Сарайшық қорғаны жақтан мал қыстатуға рұқсат алды. осы кезеңнен бастап Қарабай сұлтан Қайып атынан Кавказ, Астрахань басшыларымен тікелей байланысқа шықты. Қарабай сұлтан Нұралы ханның күйеу баласы болғандықтан Әбілқайыр хан ұрпақтары арасын-да да беделді болатын.

Бірақ Кіші жүздің басқару жүйесімен Симбирск және Уфа генерал-губернаторы о.А. Игельстром шұғылданатын. Мұны ескерген ел игілері 1788 жылы күзде Кеңес өткізді. М.П. вяткин Кеңес бары-сында о.А. Игельстром Қайыпты хан сайлаудан бас тартқызу үшін нешебір айла қолданғанымен, би, батырлар ұсынысынан айнымады деп қорытты. дегенмен Кеңес қорытындысында Санкт-Петербургке арнайы елшілік жіберуге қол жеткізілді [4].

Кеңестен кейін Шерғазы Серке Қарабайұлымен бірге 40 адам-ды ертіп орынборға аттанды. 16 қазанда орынборға келген елшілер 1789 жылдың 19 қаңтарында Санкт-Петербургке жолға шықты. о.А.Игельстром сұлтан жанына кеңесші дияновты қоса ертті [5].

Қазақтардың басты талабы Қайыпты хан ретінде мойындау тура-лы ұсынысы өтпейтіндігі анықталды. оның үстінде Қайып хан 1789

*Мақала тарих ғылымдарының докторы Ұ.Т. Ахметовамен бірлесе дайын-далып, «Қазақ тарихы» журналының 2010 жылғы №2 санында жарияланған.

172 173

жылы күзде қайтыс болды. Яғни, негізгі мәселе күн тәртібінен түсіп, Ресей пайдасына шешілді. Мұндай жағдайда беделді Шерғазыны елге жібере салмай Ресей саясатына тарту, оны болашақ Азияны бағындыру жоспарларына пайдалану жүзеге аса бастады. Бұл кезеңде о.А. Игель-стром Санкт-Петербургке алынып, 1790 жылы орыс-швед соғысында Финляндия армиясына жіберілді. Содан ол 1790 жылғы верельск шар-тына қатысты. Соғыс барысында о.А. Игельстром оны Швед короліне жіберген. Швед королі Шерғазыға поляк червонецтерін тарту еткен. Шерғазының ерлігіне куә болған патша үкіметі оған 1790 жылы 31 тамызда секунд-майор шенін беріп, қазақтан шыққан алғашқы орыс офицері деңгейіне көтерді. Секунд-майор шені орыс армиясына XVIII ғасырда енгізіліп, подполковник шені пайда болғанға дейін пайда-ланылды. Кейін Шерғазыға ІІ Екатерина гауһар жүзік сыйлаған [6]. Мұндай шендер көп ұзамай жаппай таратыла бастады. Мәселен 1793 жылы 28 ақпанда патша жарлығымен сұлтандар Абылай Нұралыұлы, Ағым Әділұлы премьер-майор, старшындар Иманбай Құдайқұлов, Сегізбек Есетов, Қаражан Сарытаев, Уақбай Қосқалпақов, Байсақал Тілешовтер поручик, Шаншақ сұлтан штабс офицер, Есім Нұралыұлы коллежск офицер атанды. Сөйтіп, орыс шенеуніктері өзге қазақтардан бұрын Шерғазының елшілік қабілетіне, батылдығына, саясаткерлігіне тәнті болып, айрықша назар аударды. оның айқын дәлелі 1790 жылы Бұхараға жіберілген елшілік құрамына қосылуы бола алады. Шерғазы сұлтан Бұхар билеушісі Шахмұратпен кездесіп, 1791 жылы 15 шілдеден кейін Ресей астанасына оралып, 1793 жылға дейін қазақ-орыс қарым-қатынастарына байланысты әртүрлі жұмыстар атқарды. 1793 жылы ол граф П.А. Зубовтың адьютанты болып бекітіледі. Бұл кезеңде П.А.Зубов II Екатеринаға ең жақын тұлға болатын. Шерғазы сұлтан елден Санкт-Петербургке келген кезден бері Кіші жүзде біраз өзгерістер болды. 1791 жылдан хандық билік Ералы Әбілқайырұлына көшті. Ресейдің отарлау саясатына қарсы Сырым бастаған қазақтардың күресі бір күн тоқтамады. Жаңа генерал-губернатор А.А. Пеутлинг қазақтарға қарсы әскери күштерді төкті. Кейін А.А. Пеутлингке жолданған жарлықтан сұлтандарды керуендер қазақ даласына өткен кезде ғана пайдалануға болатындығы анықталды. осындай кезеңде шиеленіскен қазақ-орыс қатынасын реттеуге Шерғазы сұлтанды жіберу түпкілікті шешілді. оған сөз жоқ, алдымен 1793 жылғы 3 шілдедегі Сырым батыр, Қаракөбек би, Боранбай мырзаның П.А. Зубовқа хаты оң әсер етті. П.А.Зубовтың өзі Шерғазы сұлтанды «менің жанымда жүріп, сеніміне ие болды» деп бағалады [7]. Қазақтар ұсынысын П.А.Зубовтың қолдауы А.А. Пеутлингті ойландырмай қоймады. Өйткені елге белгілі, сөзі өтімді Шерғазы оның шекарадағы қатыгез саяса-

тын дәлелдейтін. 1793 жылы 30 шілдеде П.А. Зубов А.А. Пеулингке Шерғазыны орынборға жібергенін, келген соң «шекаралық экспеди-ция оның жанына арнайы орыс және қазақ тілдерін жетік білетін ау-дармашыны қосуды» жүктеді. Хатта сұлтанға жолақы Уфаға дейін, ал орынборға дейін және кейін Санкт-Петербургке дейін Уфа қазыналық палатасы төлейтіндігі қоса жазылды

Шерғазы Қайыпұлы орынборға 1793 жылы 2 қыркүйекте жетті. 6 қыркүйекте П.А. Зубовқа жолдаған хатында Шерғазы «тез арада маған жүктелген тапсырма бойынша Сырым датұлы мен бауырларыма хабар салып, келіссөз жүргізу үшін 15 қыркүйекте орынборға, ия болмаса Елек қорғанына кездесуге шақырдым» деп жазды. Хатта қазақтар бас-шылары ретінде ағасы Әбілғазы сұлтан, Қаракөбек би, Басықара би, Боранбай мырзалар және бауырлары атап көрсетілді [8].

Шерғазы елшілігінің алғашқы нәтижесі қазақ даласына аттанғалы жатқан орыс әскерін тоқтатумен көзге көрінді. оны А.А. Пеутлинг 1793 жылы 6 қыркүйекте жолдаған хатында мойындады. Шерғазының ба-тыл қадамдары, соның ішінде беделді батыр, би, сұлтандарды кездесу-ге шақыруы, олардың оны қабылдап, өзара сенімді байланыстың орна-уы, орыс тұтқынындағы қазақтарды босату бағытындағы жұмыстары А.А. Пеутлинг әкімшілігінің бет-пердесін ашатын. оған жол бер-меу үшін орыс шенеуніктері тез арада 1793 жылдың 3 қарашасында Шерғазының соңына тыңшы бекітті. оны жүзеге асыру Елек қорғаны командирі Лосеновқа жүктелді [9]. Кейін Шерғазы П.А. Зубовқа тапсырған есебінде «аудармашы» ретінде М.Бекчуринді сұрап едім, орнына мүлдем сауатсыз адам берді» деп жеткізді [10].

А.А. Пеутлинг саясатын М.П. вяткин дәл анықтады. Белгілі сы-рымтанушы «Пеутлинг және оның қарамағындағылардың Шерғазы мақсатының жүзеге аспауына жанталасуына таңғалуға еш болмай-ды» дей отырып, оның артында отаршылдық саясаттың жатқандығын дәлелдей білді. Шерғазының табын Тіленші тарханмен тұтқындар алмасу мәселесін жазбаша іс жүзінде шеше бастаған сәтте, генерал-губернатор қазақтармен тікелей байланыс жасауға тыйым салды.

1793 жылы 20 қазанда Шерғазы сұлтан Кіші жүзге келіп, ел игілерін Елек қорғанына 5 шақырым жерде кездесуге қол жеткізді. Кейін 1700 қазақ игілері, ішінде Сырым батырда қатысқан кездесуге келгені үшін Шерғазы А.А. Пеутлингтен қатаң сөгіс те алды. Содан кейін кездесу Елек қорғанына ауысқан. Бірақ оған не бәрі 36 адам – Нұралы хан ұлы Есентай, Қайып хан ұлы Тұңғаша, Жолбарысғазы, Қарабай сұлтан ұлы Сарымұхамед және бірнеше старшындар қатысқан. Сырым батыр мен Жиентөре келесі күні келеміз деп жағдайды сырт-тан бақылаған. Өйткені, Сырым батыр А.А. Пеутлингтің өзін ұстауға қаражат бөлгендігін білетін.

174 175

Елек қорғаны командирі Лосенков түнде қорғандағы қазақтардың аттарын қуып, дүние-мүліктерін бақылаудың орнына тонап алды. Шерғазы сұлтан П.А. Зубовқа «майор Лосенков, ассесер васильев ұрлықтарын ұрлаған заттарды – ертұрман, мөрлер, киім-кешектердің олардың адамдарынан тауып дәлелдедім» деп хабарлады.

Міне осындай әрекеттен соң А.А. Пеутлингпен қазақ-орыс қатынасын реттеу мүмкін еместігі дәлелденді. Шерғазы 36 ел игілері кеткен соң, маған қорғанға тек «ағам Әбілғазы» ғана келді, өзге қазақтар 20 күндік жерде кездесуге қайта-қайта шақырғанын патша үкіметіне қоса жеткізді [11].

Қазақ-орыс қатынастарының шиеленісу себебін өзінше анықтаған Шерғазы сұлтан, А.А. Пеутлингтің қыстауымен 1793 жылдың желтоқсанында жолға шығып, 1794 жылдың басында Санкт-Петербургке оралды. Келген бойда П.А. Зубовқа өз есебін тапсырды. Шерғазы «өзінің 1789 жылдан бері патшаға адал қызметін» алға тарта отыра, қазақ халқының жергілікті орыс шенеуніктерінен зәбір көріп жатқандығын, А.А. Пеутлинг бастаған басшылар әрекеттерін жайып салды. Сонымен бірге, Шерғазы сұлтан Әбілғазы хан, Есентай сұлтан, Бекбай сұлтан, Арсалы би, Жанатай би, Қаракөбек би, Сырым батыр, Тіленші би, Боранбай мырза, т.б. П.А. Зубовқа жазған хатын құпия түрде жеткізді. Ел игілері хатында А.А. Пеутлингтің шектен шыққан озбырлығы толығымен көрініс тапты. Шерғазы сұлтан осы сапарда 7500 руб. жойғандығын хабарлады [12].

1794 жылы қараша айында А.А. Пеутлинг қызметінен боса-тылып, орнына С.К. вязмитинов тағайындалды. осы жылы 15 қарашада Қайып хан ұлдары, Сырым батыр т.б. генерал-губернаторға бұрынғы басшының зорлықтарын Шерғазы сұлтан арқылы патшаға жеткізгендігін хабарлап, оның болашақ әділдігіне үлкен сеніммен қарайтындығын білдірді [13]. Желтоқсан айында генерал-губернатор генерал-прокурордан Кіші жүздегі ел игілерінің бағыттарын анықтауды тапсырды. ол бойынша Шерғазы Қайыпұлының бауырлары т.б. Сы-рым батырмен бірге екендігі анықталды. Ал бірінші партияны шекара бойындағы Нұралы хан ұлы Есім басқарады делінді [14]. С.К. вязми-тинов Әбілғазы мен Сырымның Есім сұлтанның көзқарастырындағы айырмашылықтарды ашып көрсетпесе де, оның артында алдымен дәстүрлі хандық билікті күшейту және Ресейдің қазақтар тағдырына араласуын шектеу жатқандығын анық байқады. Кезінде Сырым батыр елді біріктіру үшін Қайыпты ортақ хандық билікке әкеліп, Ресеймен қарым-қатынасты реттеуді көздеген-ді. Ал Ресей керісінше хандық билікті әлсіретіп, хандарды шекара бойында ұстап, олардың елмен байланысын мүмкіндігінше шектеуге сол арқылы орыстың басқару

жүйесін енгізуді мақсат тұтты. олар қолдаған Ерәлі хан 1794 жылы 10 маусымда дүние салғаннан кейін де алған бағыттарынан тайма-ды. Ендігі таңдау Есім сұлтанға түсті. оның үнемі шекарадағы орыс шенеуніктеріне жақындығы, ел ортасына барып, сол жерден басқару туралы қазақтар ұсыныстарын қабылдамауы қалың көпшіліктің ашық наразылығын туғызды. Кезінде ХҮІІІ ғасырдың 70 жылдары Есімге аға, ақылшы болған Сырымның өзі сұлтанның ертеңіне, халық сенімін ақтайтындығына күмәнмен қарады. осыны ескерген С.К. вязмити-нов Есімді хандық таққа отырғызу үшін тағы да Шерғазы сұлтанды пайдалануды жөн көрді. Уақыт созбай П.А. Зубовқа «орданы тыныш-тандыру және екі жақты келістіру үшін» Шерғазы сұлтан қажет деп хат жолдады. П.А. Зубов та Шерғазы сұлтанды көтермелеп, генерал-губернаторға жауап жазды. Содан сұлтан 1795 жылы 10 тамызда орынборға жетті. ол турасында губернатор 1795 жылы 19 қыркүйекте П.А. Зубовқа хабар салды. Хабардан 17 қыркүйекте орынборда Есімнің хан сайланғандығы, оған Сырымның қатыспағандығы белгілі болды [15].

Хан сайлау шешілген соң С.К.вязмитинов Шерғазыны Симбирскіге алып, кейін Санкт-Петербургке жіберді. Тез арада орын-бордан Шерғазыны алыстатуға, біздіңше, сұлтанның Есім ханға деген сенімсіздігі әсер етсе керек. Өйткені, генерал-губернатор сұлтанды орынбор саясатына пайдалы емес деген тоқтамға келіп, 1796 жылы 10 қаңтарда патшаға хат жолдап, оның өзіне қарсыластарымен бай-ланысына ерекше тоқталды. Сөз жоқ, мұндай жағдайда Шерғазы орынбор әкімшілігіне қажеті жоқ еді. Мұны Шерғазы сұлтан да сезді. Сондықтанда қайкенде де елге қайту мақсатында 1796 жылы 11 тамыз-да Мемлекеттік кеңеске арнайы хат жазды. Хатында өзін орынборға жіберіп, Бұхараға баратын керуен жолдарын бақылауға алуды жүктеуге әбден болатындығын алға тартты. Бірақ мемлекеттік кеңес Шерғазы ұсынысын қабылдамай, кейінге қалдырды.

1797 жылы Шерғазы өтінішін Павел патшаға жолдады. осы жылы 28 қазанда орыс патшасы орынбор губернаторы болып қайта тағайындалған о.А.Игельстромға сұлтанды өз жұмысында пайдалану-ды қолдайтындығын білдірді. Сөйтіп араға уақыт сала 1798 жылдың басында Шерғазы сұлтан орынборға оралды [16].

Сұлтанның орынборға оралғандығынан хабардарданған ел игілері оны ордаға жіберуге өтініштерін жібере бастады. Айшуақ хан кеңесі мүшелері, Сырым батыр, Қаракөбек би т.б. бірауыздан оны қолдады. Беделді азаматтар Шерғазыға 1798 жылы ерекше шиеленіскен, арты жойқын барымтаға ұласқан қазақ-башқұрт қатынасын реттеуде сенім артты. ол турасында 1798 жылы күзде Сырым батыр, Қаракөбек,

176 177

Жанназар, Сарышоңай, Мұсылман, Көккөз, Сұлтанбек, Қаратайбек, Азына, Тілеп билер Қазан көпесі Мырзағали Шахмұратов арқылы Ресей коммерция министрі Н.П. Румянцевқа хабарлады. Боранқұл, Аққұл бастаған башқұрттар мен Жайық казак-орыстары бірлесе отыра 65 000 түрлі мал-жандықтарды қуып алып, 10 адамды өлтіргендігі, ба-сты кінәлілер ретінде дәрменсіз хан және жаңа генерал Н.Н. Бахметов екендігі хатта анық жазылды.

Хат жазылған кезеңде Шерғазы сұлтан ордада болатын. оны сұлтанның қайын атасы Қаракөбек би 1798 жылы 8 шілдеде орынборға «күйеу баласын жібергеніне алғысын білдіріп» хат жолдағанды. Біздіңше Шерғазы Қаракөбек қызына 1795 жылы орынборда бо-лып, ел игілерімен кездескен кезеңде құда түскен сияқты. Шерғазы айттырылған қалыңдығы туралы 1796 жылы Санкт-Петербургте жүрген кезінде мемлекеттік кеңеске хабарлап, ордаға жіберуді өтінгенді [17]. Үйлену сәті 1798 жылы жазда жүзеге асты. Шерғазы атасы Қаракөбек Кіші жүздегі әлімұлдарының төртқарасынан еді. Би, әрі орыс үкіметі таныған Қаракөбек Қосбайұлы Сырым бастаған ұлт-азаттық күресте белді роль атқарды. оның негізгі тұрағы Сыр бойы екендігін ескерсек, Шерғазы әкесі Қайып ханмен байланысының ерте-ден бастау алғандығын сезінеміз.

Шерғазы сұлтан елге оралған соң, 1803 жылға дейін орынбор әкімшілігіне жоламады. оған негізгі себеп қазақ-орыс қатынасының реттелмеуі деуімізге әбден болады. Қазақ наразылығын елемеген, ел игілерінің өтініш-талаптарын аяқсыз қалдырғанын көрген Қаракөбек бидің руластары Қара Алтай, Сары Алтай бастауымен 1799 жылы Бұхарадан орынборға шыққан керуенді тоқтатты. орыс үкіметі 295 000 руб. айырылды. осындай жағдайда Айшуақ хан Шерғазы сұлтанды өзіне тартып, қазақ руларын тыныштандыруға әрекет жаса-ды. Хан ұсынысына Ж.Қасымбаев есебінше Шерғазы Қайыпұлы, 15 би, 1 тархан, 1 батыр қол қойған екен [18].

Келісімге қол қойған ел игілері бірауыздан қалыптасқан жағдайға басты кінәлі орынбор әскери губернаторы Н.Н.Бахметов деп есептеді. олар ішкі істер министрі в.П. Кочубейден қазақ-казак-орыс, қазақ-башқұрт қатынасын әділ шешуді сұрай отыра, Н.Н.Бахметовтың өз ұсыныстарын еш қашан қазақтар пайдасы үшін шешпегендігін баса көрсетіп, оны ауыстыру қажеттігін дәлелдеді. Н.Н. Бахметов 1802 жылы І Александр патшаға қазақ даласындағы керуенді тонаушылар – Шерғазы сұлтан, Қаракөбек, Басықара, Жан-назар т.б. билер деп көрсетіп, оларға қарсы әскери команда жіберуді ұсынды. дегенмен губернатор «Қаракөбек, Жанназар старшындар «қаусаған шал» Айшуақ ханға қарағанда ел алдында беделдірек» деп мойындауға мәжбүр болды [19].

Патша үкіметіне орынбордан Шерғазы сұлтанды кінәлаған хат-тар келгенімен, оның Кіші, орта жүздегі беделді бауыры Әбілғазы ханның Сыр бойы руларын басқарып, Бұхара, Хиуа басшылықтарымен таныстығы қайткенде де оны империялық саясатты жүзеге асыру үшін пайдалануға итермеледі.

1802 жылдың аяғында Ресей Бұхараға елшілік дайындауға кірісті. Елшілік басшылығына орынбор өлкесімен таныс поручик Я.П. Гавер-девский бекітілді. орынбор әкімшілігі елшіліктің сәтті барып-қайтуын ұйымдастыруға жол басы ретінде Шерғазы сұлтанды ұсынды. Н.Н Бах-метов сұлтанға сенбегенімен, елшіліктің әлімұлдарының мекендерінен өтетіндігі, оған Шерғазының сөзсіз ықпалының жоғарылығы амалсыз-дан оны сапарға келістіруге мәжбүрледі. Араға тілмәш, сұлтанның бұрынғы танысы М.Бекчуринді салып, Шерғазының келісімін алды. Я.П. Гавердовский жол бастаушы шекті, төртқара, шөмекей руларының өкілдерімен 1803 жылы 15 шілдеде Елек қорғаны тұсында 75 шақырымдай ордаға еніп кездесті. осы кездесуге поручик Шерғазы сұлтан ұсынған төрқара, шөмекей рулары мекендерімен өту жоспарын қабылдады. Сөйтіп 1803 жылы 26 шілдеде орыс елшілері 90 түйеге жүктерін асып, Шерғазы сұлтан ерткен 35 төртқара руы, Құран батыр баласы Едіге бастаған 9 шөмекей руы қазақтарының жол көрсетуімен Бұхараға аттанды. Елшілер 13 тамызда Қаракөбек, 19 тамызда Шерғазы сұлтан ауылының үстінен өтеді. Я.П Гавердовский сұлтанның ауы-лы төртқара Жаныш және Алтай билердің ауылдарының ортасында, Ырғыз өзені бойында, орскіден 398 шақырым жерде деп суреттейді. Шерғазы ауылында елшілерді сүт және қымызбен қарсы алған.

Жол бойында орыс елшілері төртқара және шөмекей руларына келген Бұхара елшілерімен кездесті. Бұхаралықтар қазақтар тартып алған керуеннің толық құнын талап еткен. Мұны естіген Шерғазы сұлтан Я.П. Гавердовскиймен сапарды жалғастырмай қазақ-Бұхара қатынасын реттеу үшін руларды аралап кеткен. Ал Қаракөбек би жиенінің қайтыс болуына байланысты сапарды жалғастырмады. Содан 9 қыркүйек күні шектілер мекенінде керуен қазақтар шабуы-лына ұшырады. Поручик күнделігінен оның ендігі тағдыры тікелей Шерғазыға тәуелді болғанын байқау қиын емес.Я.П.Гавердовскийдің «Ресейге, не Бұхараға шығарып салуға ешкімнің тәуекелі жетпеген кезеңде Шерғазы келді», «1803 жылы 30 қыркүйекте сақал-мұртым өсіп, қазақша көйлекпен орынборға келгенде, жанымда Шерғазы сұлтан мен оның 50 сенімді қазағы болды» дегені біраз мәселенің бетін ашады [20].

Сөйтіп араға 5 жыл салып Шерғазы сұлтан орынборға оралды. орынбордың жаңа әскери губернаторы Г.С. волконский сұлтанмен

178 179

танысып, оның істерінен хабардар болды. 1804 жылы 19 сәуірде І Александр патшаға жолдаған хатында Г.С. волконский қазақтар Я.П. Гавердовскийдің керуенін қамқорлыққа алғанымен, тонап алуға жол берді. Кінәлілер Әбілғазы хан, Шерғазы сұлтан, Жанназар , Қаракөбек билерді шақыртып, мойындатуымыз қажет деген ұсыныс берді. Губер-натор Айшуақ ханды ұлы Жантөремен ауыстырып, 20 000 әскермен жорыққа шығуды жоспарлады. Соған қарамастан Шерғазы сұлтанды орынборда ұстап, қамауға алмай 1803 жылы қыркүйекте қолға түсіп, Сыр бойында қалған дәрігер Большойды босатып әкелуді тапсырды. Шерғазы орадаға жетіп Әбілғазы хан, Жанназар, Жанұзақ, Боранбай билермен кеңесе отырып, дәрігер, денщик, татар баласын босатып, 1804 жылы 26 шілдеде орынборға әкелді. ол турасында губернатор Сыртқы істер министрі А.А.Чарторижскийге 1804 жылы 2 тамызда хабарлап, сұлтан Шерғазы орынборда деп жеткізді [21].

Патша үкіметі Шерғазы сұлтанның ықпалы бар рулар мен оның басшылары туралы мәліметтер жинақтады. ол бойынша төртқара руы 12 бөлімімен 11 000 түтінге, кішкене шектілер 6 бөлімшесімен 8 000 түтінге жеткен. Төртқара руын Қаракөбек, Басықара, Қараалтай, Сарыалтай, Жаныш, Ақтөбе, Текмеше, Алтай басқарып, қыста Сыр бойындағы Майлыбай, Кеңтөс мекендерінде және Құбан өзені бойындағы Өткел, Ақшығанақ мекендерінде, Жан өзені бойындағы ежелгі Нұртай қорғаны және Сырлытам кесенесі маңында, жазда Қарақұм жанындағы Қалмас мекенінде, Ырғыз бойында, Құлақшы өзенінен Бақсайты кесенесіне дейін, Ұлы Ырғыз өзенін жайлаған. Кішкене-шектілер Жанназар би, Жанұзақ, Қожаберген, Өтеген билерге бағынған. оларды Шерғазы ағасы Әбілғазы хан басқарды. Шөмекей, төртқара, шектілер көршілес көшіп-қонып, Сыр бойындағы керуен жолын бақылауда ұстады. Ал олардың орыс керуендерін қазақ дала-сына өткізбей, үнемі тонап алуын Ресейдің отаршылдық саясатына қарсылықтың бір түрі деп түсінген абзал.

Шерғазының орыс үкіметімен байланысын орынбор шенеуніктері «жеке бастың пайдасын күйттеуінен» деп анықтағанымен оған дәл сол кезеңде қарсы шара жасай алмады. оны сұлтан да сезінді. Сондықтан да ол Ресей алдында Қайып хан ұрпақтарын мойындатып, Кіші жүз ханы тағына оларды отырғызу арманынан бас тартпады. Екіншіден, дәл ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың І ширегінде қазақ-орыс қатынасында елші деңгейінде Шерғазы Қайыпұлындай белсенділік танытқан бірде-бір қазақ болған емес. оның шекара бойындағы талас-тартысты, ел ішіндегі рулар арсындағы барымтаны реттеуге қабілеті жеткілікті еді.

Г.С. волконский Ресей ішкі істер министрі А.в. Куракинге хабар-

ласып, Шерғазының «Я.П. Гавердовский бастаған керуенді қорғауда пайдасынан зияны көп болды» деген қорытынды шығарғанымен, әзірше тимей 1805 жылдың басында орынборда қалдырып, қазақ-орыс қатынасын шешуге пайдалануды жөн көрді. Содан губернатор 1805 жылы 24 ақпанда сұлтанға орныбордағы аманат үйінен пәтер бөлді. Көп ұзамай ол Мұсылман би ұсынысымен шекті, табын рулары арасындағы барымтаны шешуге кірісті [22].

1805 жылы ордадағы Қаратай Нұралыұлы мен Жантөре хан арасындағы келіспеушілікті реттеуге Шерғазы сұлтан жіберілді. ол 17 қыркүйекте шығып, 20 қазанда Калмыкова бекінісінен 20 шақырымдай жерде орналасқан Қаратай ауылына жетті. Секунд-майор Шерғазының Қаратаймен кездесуі туралы хабарламасымен танысқан атаман Боро-дин кейін Қаратайдың хандық билікке үміті бар екенін мойындады. Шерғазы сұлтан Қаратайдан соң 3 қарашада Бөкей сұлтанға аттанды. осы кездесуден кейін Бөкей сұлтан Г.С. волконскиден Шерғазыны өзіне жіберуін сұрап, хат жолдады. Бірақ мұндай өтініштің артын бол-жай алмаған губернатор әзірше Шерғазыны жібере алмайтындығын жеткізді [23].

1805 жылы патша үкіметі хандық билікті шайқалтуды жалғастыра берді. Айшуақ хан орнына баласы Жантөре сұлтан бекітілді. Кезінде Сырым бастаған қозғалысқа қатысқан Жантөре жаңа ғасырда толықтай орыс әкімшілігінің тапсырмасын орындаушыға айналды. Міне сондықтан да немере ағасы Қаратай сұлтан осы кезеңде Жантөреге қарсы ашық күресті бастады. Бастапқы кезде Шерғазы Бөкеймен бірге оларды келістіруге ұмтылғанымен, хан артында орыс саясаты жатқандығын ұқты. Бөкей сұлтанға жібермегенінен, Жантөре мен Қаратай арсындағы тартыстың күн санап күшейгенінен қауіптенген Шерғазы, оның әсері қазақ-орыс қатынасын шиеленістіретінін сезініп, ордаға кетуге бел байлады. оның мүмкіндігі 1806 жылы күзде туды. А.Ф. Рязанов анықтауынша 1806 жылы қазанда Шөмекей руының қамқорлығымен, 2040 түйеге жүгі тиелген бұхаралықтар керуені орскіге жақындаған тұста, оны күтіп алуға Шерғазы Қайыпұлы мен Сабитов жіберілді. Зерттеуші керуен орынборға сәтті жеткенімен, оған жетер жолда қазақтар Шерғазыны тонап алды деп түйіндейді. оны шекаралық комиссия 6 қазанда орск гарнизоны батальоны басшысы подполковник Эссен арқылы естіген. Мұндай хабарды М.П.вяткин «Шерғазы тапсырманы орындамай, шекті руларында қалып қойды» деп өзінше түйіндейді. осыдан кейін тарихшы Ж.А.Исмурзин Шерғазы сұлтан 1811 жылдың жазына дейін орынборға оралмаған деп ой қорытады [24]. Расында да 1806-1811 жылдар аралығында Шерғазының қоғамдық-саяси қызметі туралы деректер еш сыр аш-

180 181

пайды. Соған қарағанда Шерғазы Сыр бойына кетіп, орыс шекарасы-на жақындамаған. дегенмен кейбір деректерге қарағанда ол Бұхарада болып, оңтүстіктегі саяси-экономикалық мәселелерді шешумен шұғылданған. Ал Қаратай мен Жантөренің күресі Кіші жүз ханының өлтірілуімен аяқталды. Өлім аяғы Қаратай хан інісі орман Нұралыұлы мен Есім хан ұлдары премьер-майор Қара және Шожықтың жер ауда-рылуымен, өзге қатысушылардың қатаң жазалануымен аяқталды.

Жантөре хан өлімінен соң жаңа хан сайлау күн тәртібіне шықты. Қаратайдың нешебір ұмтылысы мен елдің қолдауына қарамастан ең бастысы орыс үкіметіне саясаты ескеріліп, хандық таққа сайланбайтындығы белгілі болды. Айшуақ хан ұрпақтары Жантөренің інісі Шерғазыны дайындай бастады. Бұдан хабарданған Нұралы хан, Қайып хан ұрпақтары, соның ішінде Шерғазы Қайыпұлы т.б. қазақ ру-ларымен ақылдаса отыра Бөкей сұлтанды бірауыздан қолдап, хандық таққа ұсынды. оны жүзеге асыру үшін және Бұхара, Хиуа, Ресей бағытындағы сауда-саттықты дамыту мақсатында Шерғазы Қайыпұлы орынбормен байланысқа шықты. ол 1811 жылы жазда жүзеге асты. орынборға шекті, қаракесек, кете-ожырай керуендерін жеткізген соң, Шерғазы немере інілері Әлімғазы Әбілғазыұлы, ағасы Қарабай сұлтан балалары Әбілғазы, Есенғазы Сирек, Жарық сұлтандар және т.б. 1811 жылы 13 қыркүйекте Бөкейді хандық таққа көтерді. 20 қыркүйекте Шерғазы Қайыпұлы губернатор Г.С. волконскийге «халықпен кеңесіп, Бөкей сұлтан Нұралыұлын Жантөре Айшуақұлы орнына сайладық» деген хабар салды. Ал губернатор өз жоспары бойынша 27 қыркүйекте Р.М. Румянцевқа «Шерғазы Айшуақұлы Кіші жүздің ханы болып сай-ланды» деп хабарлады. Сонымен осы кезеңнің ерекшілігі Қазақстанның батыс өңірінде Ресей мойындаған екінші ханның бекітілуі еді. Шерғазы Айшуақұлымен қатар, Бөкей хан таққа сайланып, Астрахан далалары мен Жайық өзенінің Каспий теңізіне құятын салаларындағы қазақтарды басқару жүктелді. орынбор әкімшілігінің қолдауына ие болған Бөкей екінші рет 28 қыркүйекте «маған көмекке Шерғазы Қайыпұлын жіберіңіз» деген өтінішін жолдады [25]. Кейін Бөкейге келген Шерғазы бір айдай Сарайшықта болып, ішкі мәселелермен шұғылданды. оның оң нәтижесі де көзге көрінді. Бөкей хан 1812 жылы 12 ақпанда в.С. волконскийге Шерғазы сұлтанға сенетіндігін жеткізіп, өзін қолдаушылар қатарына Ерәлі хан ұлдары Жантөре мен Темір сұлтанды қосып жазды. Хатта Бөкей Шерғазымен бірге ауыл-ауылды аралап жүргендігін де ерекше атап өтті. Шерғазы Қайыпұлы 1812-1815 жылдары аралығында орынбор әкімшілігімен Бөкей хан, Шерғазы хан қатынасындағы күрделі мәселелермен ғана шұғылданып қоймады. ол әрқашан бауыры билеген Сыр бойы қазақтарының Бұхара,

Хиуа хандықтарымен де байланысын назардан тыс қалдырмады. Мүмкіндігінше керуен жолдарын бұрынғысынша бақылауда ұстап, Әбілғазы ханмен Сыр бойын сақтауға барын салды.

Өйткені нақ аталған жылдары Хиуа хандығы Кіші жүздің оңтүстігіне жаңа талаптар қоя бастады. Хиуа әскерлерінің үнемі қоқан-лоқысы Қайып ұрпақтарына жаңа сын әкелді. Қарабай сұлтанның 1813 жылы жазда, Жиһангер Қайыпұлының 1814 жылы 1 тамызда, Әбілғазы Қайыпұлының 1815 жылы жазда қайтыс болуы Батыр хан ұрпақтары алдындағы Шерғазы сұлтанның жауапкершілігін көтерді. Арынғазытанушы Ұ.Т. Ахметова қалыптасқан саяси жағдайды ескер-ген Шерғазы 1815 жылдың басында ата жұртына келді деп есептейді. Әбілғазы хан қайтыс болған тұста шекті, төртқара, қаракесек рулары Шерғазыны хан тағына ұсынған. орынбор одан 1815 жылы 27 шілдеде хабарданды. Содан орынборға келген Шерғазыны Г.С. волконский жа-нына С.Абубакиров пен конфидент Р.Мұртазинді қосып, Сыр бойына аттандырды. дегенмен, ел ақсақалдары ойлана келе, Әбілғазы орнына үлкен баласы Арынғазыны сайлады. Кейін 1817 жылы тамызда орын-бор генерал-губернаторы П.К. Эссенге жазылған хатта Арынғазының екі жыл бұрын хан сайланғандығы, оған бас көмекшілікке ағасы май-ор Шерғазы тағайындалғаны белгілі болды [26] Ағасы Шерғазының бірнеше елдің басқару жүйесімен таныстығы Арынғазыға күшті әсер етті. Ішкі бірлікті күшейту мақсатында тәртіпті қатаң сақтап, рулар арсындағы барымтаны тоқтатып, кінәлілерді ел алдында жазалауы көпке үлгі болды. Мәселен, 1816 жылы шөмекей т.б. әлімұлдарының Сыр бойындағы алтын-жаппастармен келісімге келтіруін Арынғазының алғашқы табысы делінді. Содан 1816 жылы 18 мамырда Арынғазы мен Шерғазы Г.С. волконскийге елде Кеңес өткізіп, көпшілікке «оған қатысушы адамдардың осындай әрекеттері үшін болашақта өлім жа-засына кесілетіндіктерін, ал дүние-мүлкінің талан-таражға салынаты-нын» ескерттік деп хабарлады.

1816 жылдың көктемінде Арынғазы хан мен Шерғазы Қайыпұлы орта жүздегі арғын руының сұлтаны Жұма Құдаймендіұлына, Мұса батырға, қыпшақ руының сұлтаны Хұсырау сұлтанға хабар салып, өзара кездесу ұйымдастырады. Арынғазының Халық кеңесі 1816 жылы 20-25 мамыр аралығында ор өзені бойында өтті. Кеңеске тек қана орта жүзден 7 000 адам қатысты. Соңында Кіші, орта жүз би, батырлары келісімге келді. оны Арынғазы мен Шерғазы Рахметтола Мұртазин арқылы орынборға хабарлады. Міне осыдан кейін Арынғазы Ресей мойындаған Кіші жүз ханы Шерғазы Айшуақұлымен кеңес өткізу керек деп тапты. ол жанына Шерғазы Қайыпұлын ертіп, хан ауылы орналасқан Бердянка өзеніне жақындады.

182 183

Халық кеңесі 1816 жылы 8 тамызда Шерғазы хан жайлауы-нан 3 шақырым жерде өтті. Кеңеске Арынғазы, Шерғазы сұлтан, Қаратай Нұралыұлының келу себебін Шерғазы хан «мені өлтіріп, мал-мүлкімді иелену» деп түсіндірмек болды. Мұны бір жақты қабылдаған Г.С.волконский тез арада 600 адамнан тұратын қарулы әскер аттан-дырды. Соның кесірінен Халық кеңесі өтпей қалды [27].

Шерғазы сұлтанның Арынғазыны орынбормен байланысқа шығарып, ішкі келісімді орнату жолындағы жұмыстарына Хиуа ханы Мұхамед Рахим әрдайым күдікпен қарады. оның арты реті келген-де Сыр бойы қазақтарын тонауға апаратын. 1816 жылы қарашада хиуалықтар шабуылы тағы қайталанды. Қарақалпақтардың айдап са-луымен Сүйін би т.б. бастаған хиуалықтар 10 000 қолмен 11 күн бойы Жанкент қаласын, оның маңындағы 1 000 қазақ ауылын аяусыз тона-ды. Шабуыл кезінде 20 хиуалық өлтірілсе, қазақтар 2000 адамынан айрылды.

Содан Шерғазы сұлтан орск қорғаны комендантына хат жазып, әскери көмек сұрап, Арынғазы әрекетінде орыс үкіметіне ешқандай қарсылық жоқ екенін алға тартты.

Хиуалықтардың болашақ шабуылынан қорғану үшін Арынғазы Шерғазы сұлтанды 1817 жылы орынборға жіберді. Бұхара керуендерін бастаған Шерғазы 11 шілдеде орскіге жетті. Басты мақсат– қайткенде де әскери көмек алу болатын. Шерғазы 12 шілдеде орынбор губернаторы П.К.Эссенге Хиуа бағытындағы қазақтар саясатын ашық айтпағанымен, керуенді қорғауға қаруланған әскер керектігін дәлелдеуге тырысты. Бірақ губернатор мұндай көмектен бас тартты [28]. Соған қарамастан Шерғазы сұлтан керуенмен кері қайтып, қараша айында Арынғазыға жетті. Бұхара керуендерін бауыры Мысырғали мен Мұратқа жүктеп, Шерғазы сұлтан Хиуамен келіссөз жүргізу үшін Үргенішке аттанды. 1818 жылы шекаралық комиссия жазған хатында ол «Хиуа ханы маған 200 червонец тұратын арғымақ сыйлады» деп хабарлады. Шерғазы келісім нәтижесінде 300 қазақты ауылына қайтарды

Хиуа ханы Мұхамед Рахим Сыр бойы ханы Арынғазы мен Шерғазы сұлтан арқылы қарым-қатынасты ретке келтіргендей болып көрінгенімен, оның астарында үлкен саяси ойындар жатты. Көп ұзамай ол анық көзге түсті. орыс үкіметінен көмек алып, Хиуаны талқандауды негізгі мақсат тұтқан Арынғазыны өзіне келтіре алмайтындығын сезіп, оған өзге сұлтандарды қарсы айдап сала бастады. Сыр бойын-да Хиуа бекіткен хандар пайда болды. Тіпті бірде Мұхамед Рахим өзіне «қарсылас» 6 белгілі қазақтың би, батырларын шақырып, Хиуа бекінісінде өлтірген. оның астында сөз жоқ қазақ игілерін күштеп мойындату жатты. Хиуа ханы келісім барысында Шерғазы сұлтанға

хандық тақ беріп, Арынғазыға қарсы қою әрекеттеріне кіріскен. Шерғазы сұлтан ұсынысты бірден қабылдамады. Бірақ көп ұзамай Хиуа ханы есебі толық жүзеге асты.

1818 жылы маусым айында Арынғазы хан орскіден 200 шақырым жердегі Қызыл-Кебеже өзені бойында, Шерғазы сұлтан орскіден 100 шақырым жердегі Қамысты өзені жағасында жайлаған кезеңінде Бұхардан орынборға шыққан керуен тонауға ұшырады. Керуенді мұрағат деректері бойынша Шерғазы сұлтан баласы Мысырғали мен Жанназар бидің қарамағындағы шекті руы жігіттері тоқтатқан [29]. Ал шекті руына Шерғазының билігі жүретін. Мұны ескерген Арынғазы Шерғазы арқылы керуен заттарын түгелдей жинап алды. Шекті руы белгілі дәрежеде Арынғазының бұл әрекетіне наразылық та білдірді. олардың көзінше Арынғазы орыс үкіметінің тапсырмасын орын-даушы ретінде көріне бастады. оған Арынғазының 1818 жылы Кіші жүз ханы Шерғазы Айшуақұлының Хан кеңесі төрағалығына патша үкіметінен бекітілуі де әсерін тигізді. Арынғазы Хиуа ханы есебінше өзіне бағынудан шығып, Ресей «адамына» айналды. Мұхамед Ра-хим түрлі амалдармен Арынғазыны енді тоқтатпаса, Хиуа саясатына қарсы оның Ресейден көмек алу мүмкіндігін сезінді. Не болғанда да Арынғазыны Сыр бойынан солтүстікке қарай ығыстырып, оның орны-на орыс саясатын білетін өз адамын отырғызуға кірісті. Хиуа есебінше хандық таққа Шерғазы сұлтан лайықты деп табылды. оны хандық таққа отырғызудың Хиуа үшін төмендегідей тиімді жақтары болды.

Біріншіден, Арынғазы орнына ағасы Шерғазыны сайлап, сұлтанның ел ішіндегі беделі арқылы Әбілғазыұлын Сыр бойынан біржолата ығыстыру. Сонымен бірге ағайындылар арасына от жағу.

Екіншіден, Шерғазы сұлтан арқылы Ресейдің Азия бағытындағы қадамдарын бақылауға алу, Сыр бойы қазақтарын толықтай өзіне бағындыру.

Өз жоспарын егжей-тегжей ой елегінен өткізіп, Мұхамед Ра-хим Шерғазы сұлтанды 1818 жылы кездесуге шақырып, Сыр бойы қазақтарының ханы ретінде бекітіп, Үргеніш қаласында таққа отырғызды. Шерғазы Қайыпұлын Әлімұлдары – шекті, төртқара, шөмекей руларының кейбір бөлімдері мойындаған. Жаңалықтан хабарданған Арынғазы тез арада Халық кеңесін өткізіп, інісі Арду сұлтан бастауымен елшілікті Хиуаға аттандырды. Елшінің басты мақсаты қазақтың Хиуа ханымен тату тұруын қалайтынын, Сыр бойы ханы Арынғазы екендігін, ал Шерғазы Қайыпұлын хан ретінде тану мүмкін еместігін жеткізу болды. Елшілік 1818 жылы қазан ай-ында Үргенішке келген. Қазақ-хиуа келіссөзінен соң, Мұхамед Ра-хим Арынғазының тәуелсіз саясатынан бас тартпайтындығын сезіп,

184 185

Ардуды тұтқынға алды. Біздіңше, кездесуге Шерғазы Қайыпұлы да қатысқан. Бірақ оның немере інісі Ардуды қолдамай, қорған бола алма-уы болашақта Арынғазымен қарым-қатысының шиеленісуіне әкелді. Арынғазы інісін босатуға барын салғанымен, тіпті Ресей атынан орынбордан елші Әбубәкіров жіберілгенімен, дегеніне жетпеді. Арду 1828 жылға дейін Үргеніште тұтқында қалды. Содан Арынғазы өзіне бағынатын қазақ руларымен Кіші Борсыққа көшуге мәжбүр болды. ол турасында 1819 жылы 2 сәуірде конфидент Р. Мұртазин П.К.Эссенге хабарлады [30].

Шерғазы Қайыпұлы мен Арынғазының ара жігінің ашылуын әркім өзінше түсіндіреді. Мәселен, оның себебін 1820 жылы қазақ даласын-да болып, Арынғазымен кездескен Е.К. Мейендорф тоналған керуен-дерден іздесе, А.Ф. Негри Шерғазы Арынғазының ордадағы беделін көре алмауынан деп түсіндіреді. Зерттеуші А.Ф. Рязанов «1818 жылы көктемде Арынғазы мен Шерғазы Қайыпұлы өзара ренжісіп, екіге бөлінді. оның себебі Хан Кеңесіне төраға болып алған Арынғазының Шерғазы сұлтанмен билік пен байлықты бөлісе алмауынан және шексіз билікқұмарлығынан» деп түйіндейді [31]. Біздіңше, басты түйін Хиуа хандығында жатыр. Арынғазы қайткен күнде де Хиуа-Мұхамед Рахимді жеңуді армандаса, Шерғазы Хиуамен келісімге келуді көздеген. Міне осы көзқарас екі бауырды екі бағытқа шығарды. 1819 жылы наурыз айында Шерғазы Қайыпұлы Қарабай атты ұлының қызын Мұхамед Рахимге қалыңдыққа берді. Сол тұста Шерғазы қарамағында шама-мен 2 500 түтін көшіп қонған. дегенмен Шерғазының хандық билігі ұзаққа созылмады. 1819 жылдың күзінде Шерғазы қайтыс болды. Г.Ф. Генс өз жазбаларында «Шерғазы сұлтан Арал теңізі жағалауында қорған салуды жоспарлады. Біздің бақытымызға қарай, оны жүзеге асырғанша, Хиуа ханы оның өлуіне көмектесті» деп анықтайды [32]. Халқымыздың «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегені де осындай өмірден алынған тәжірибе болса керек.

Шерғазы Қайыпұлы Хиуа қаласындағы Палуан ата мешітіне жерленіпті. оның артында Меңді және Қоқаш деген әйелдерінен тараған Жанғазы (Мәненбай), Есқазы, Жақыш (1820 ж. өлтірілген), Ғұмарғазы (Өмірғазы), Бөрі, Қарабас атты ұлдары қалды. Шерғазы ор-нына 1819 жылы 21 қарашада үлкен ұлы Жанғазы хан болып бекітілді. 1802 жылы дүниеге келген Жанғазы бұл кезеңде небәрі 17-18 жаста болатын.

Шерғазы Қайыпұлының екі әйелі 1822 жылдары Арынғазы ханның бәйбішесі Жақсы ханымның қамқорлығында болған. ол тура-сында Жақсы ханым 1822 жылы 26 қыркүйекте орынбор губернато-рына хабарлап, «Меңді ханым өз еркімен біздің әпендінің заңды түрде

әйелі болды, ал Қоқаш жасының ұлғаюына байланысты Меңдінің жа-нында» дегенді жеткізді. Жанғазы хан 1852 жылы қайтыс болып, Хиуа жерінде мәңгілікке қалды. Шерғазының өзге ұрпақтары араға уақыт сала Кіші жүзге оралды [33].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828). Т. ІҮ. М. –Л., 1940. С.314

Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы(1745-1860жж.) диссертация қолжазбасы. орал,2008. 75 б.

ПСв І. –Т.22. –№ 16292вяткин М.П. Батыр Срым. М.-Л., 1947. –С. 267оРоММ 6 қ., 10 т., 278 іс, 1-11 пп.РМКАМ 1239қ.,3т.,116б.,62318іс,2п.,:ороММ 6қ.,10т.,205іс,3-4пп.оРоММ 4 қ., 2 т., 278 іс, 1 т., 2, 31 пп.РМКАМ 193 қ., 1 т., 203 іс, 1 п.ороММ 6 қ., 10 т., 278 іс, 1 т., 3-10 пп.ороММ 6 қ., 10 т., 278 іс, 1 т., 3-10 пп.Материалы по истории Казахской ССР. Т ІҮ. С. 176-179РИССМ 122қ., 122/3 т., 5 іс, 60-90 пп.Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы (1745-

1860жж.) 86 б.Мұқтар. Ә. Нұралы хан және Сырым батыр. Қостанай, 2001, 99 б.РМКАМ 193қ., 1 т., 203 іс, 1-2 пп.оРоММ 6 қ., 10 т., 278 іс, 3-10 пп.оРоММ 6 қ., 10 т., 278 іс, 3-10 пп.Касымбаев Ж. Государственые деятели казахских ханств ХҮІІІ – первый

половины ХІХ вв. Т.2 Хан Айшуақ (1719-1810). Алматы, 2001, С. 147,157Материалы по истории Казахский ССР. Т. ІҮ. С. 195, 215-216История Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веках. Ү т. Первые

историко-этнографические описания казахских земель. Первая половина ХІХ веке. Алматы, 2007. –С. 69, 146, 251, 283; ороММ 6 қ., 10 т., 278 іс, 3-10 п.

РМТМ 1291қ., 18 т., 13 іс, 30 пп.РМТМ 1291қ., 18 т., 13 іс, 30 пп.Ахмет А. Қаратай хан. 49 б.; ороММ 6 қ., 10 т., 243а-іс, 5-14 п.Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы (1745-

1860жж.) 95 б.оромм 6., 10 т., 716 іс, І бөлім, 200-2002, 256 пп.Ахметова Ұ.Т. Арынғазы хан. Алматы, 2004. – 66 б.Ахметова Ұ.Т. Арынғазы хан. 77 б.

186 187

оромм 6қ ., 10 т., 716 іс, ІІ бөлім, 2 п.; Рязанов А.Ф.Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского народа(1797-1838г.) С. 110-111

ҚРоММ. 4 қ., 1 т., 4690 іс, 3, 8-9 пп.ороММ. 6 қ., 10 т., 2028 іс, 2-5 п.Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость Казах-

ского народа (1797-1838 г.). С.123; Ахметова Ұ.Т. Арынғазы хан. 83 б.ороММ. 166 қ., 1 т., 4 іс, 15 п.РМӘТМ. 846 қ., 16 т., 19255 іс, 69 п.; ҚРоММ. 4 қ., 1 т., 1273 іс, 69 п.

арыстан еді-ау исатай*

Қарға тамырлы қазақ тарихында батырлар маңызды орын алады. Солардың бірі Исатай Тайманұлы халықтың жоғын жоқтап, қазақтың қалың ел екендігін дәлелдеп берді. Сонымен қатар аталмыш ба-тыр қазақтың бойындағы ұлт сезімін қозғап, оның азаттық жолында бірігуіне себепкер болды.

Биыл Исатай Тайманұлының туғанына 220 жыл толмақ. Еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізгелі арыстарымызды атап, батырларымызды түгендеуге ойыстық. Алайда қырық қабат тарихымыздың қалтарыстары мен бұлтарыстары да жетіп артылады.

Жалпы Исатай батыр туралы зерттеулер ХІХ ғасырдан бастап жүргізіле бастады. Бұған патша әскерінің бас штабының офицерлері И.Ф.Бларамберг, Л.Мейер, Т.Медведский, жергілікті шенеуніктер А.Евреинов, А.добросмыслов [1] және өзгелерінің еңбектері, қолжазбалары дәлел. Әсіресе Н.Савичевтің 1876 жылы «Уральские войсковые ведомости» газетіндегі «Исатай Тайманов – старшина внутренней орды» атты көлемді мақаласы тың мәлеметтерге бай. Автор өз еңбегінде Исатай батырды халық көтерілісінің басшысы ретінде көрсете білген [2]. Белгілі тарихшы А.Ф. Рязанов 1926 жылы Қызылорда да шыққан зерттеуінде ХІХ ғасырдағы Бөкей ордасындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайды, Исатай Тайманұлының азаттық жолындағы күресін тарихи құжаттар арқылы

зерделеген [3]. Ал в.Ф.Шахматов арнайы монографиясында: «Хандар мен сұлтандарға, феодализм мен отаршылдыққа қарсы күрескен Иса-тай және өзгелері қарапайым халықтың мүддесін көздеді», - деп жазды [4, с. 138]. Исатайтанудың кемшін тұстарын Бөкей орда тарихының ма-маны И.Н. Кенжалиев анық байқады: «1836-1838 жылдардағы шаруа-лар көтерілісінің тарихын зерттеуге байланысты Қазақстан ғалымдары бірталай еңбек етсе де, Исатай өмірі мен қызметі туралы қазіргі ғылым дамуы дәрежесіне сай арнайы зерттеу немесе ғылыми-көпшілік кітап болмады» [5, 6-7 бб.].

Исатай батырдың өмірі мен қызметіне публицистер де зейін қойған болатын. олардың қатарында Ә.Кекілбаев [6], Ә.Сарай [7], Ғ.Өтебәлі [8] секілді авторлар бар. Сонымен қатар мерзімді басылым-дарда жарық көріп жүрген мақалаларды да айта кетуге болады.

Бұл жоғарыда көрсетілген түрлі деңгейдегі зерттеулер, жария-ланымдар Исатайтану саласын толық аша алмайды. Бұл мәселеге қатысты қойылатын сұрақтардың қатары тым қалың. олардың ішіндегі ең маңыздысы, көкейге бірінші оралатыны «Исатай батыр қазақ үшін неге қымбат?» - деген сауал.

Алдымен Исатай Тайманұлы отаршылдықа, озбырлыққа қарсы бағытталған ұлт-азаттық күрестің басында тұрды. 1812 жылы Бөкей ханның қалауымен старшын атанған ол осы жылдың 18 наурызында өз руымен Каспий жағалауында қыстауға рұқсат алды. Тіпті Жәңгір Бөкейұлының батырға 1826 жылы 29 қарашада Сарайшық бекінісіне барып Хиуа елшісін қарсылап алуды тапсыруы Исатайдың сол кездегі халық ішіндегі беделінің жоғары болғандығын дәлелдейді [9, 609 п.]. Алайда батыр елдегі орыс отаршылдығын қолдаған билеушілердің езгісіне тап болған қараша халықтың мүддесін қорғады. Жерінен, ма-лынан айырылған қалың көпшілік Исатай мен Махамбеттің артынан еріп, отарлаушы үкімет пен жергілікті қанаушы билікке қарсы шықты.

Екіншіден, Исатай ұлт-азаттық көтеріліс жолында жанұясын, туған-туысқандарын құрбандыққа шалды. Тастөбе шайқасында 20 жасар Ақай атты ұлының қаза болуы, қуғыншылардың қолына әйелі Несібелі, балдызы Бағланның түсуі, өзге де туысқандарының жаза-лануы бұл сөзімізді дәйектей түседі. Х.досмұхамедұлы осы орайда Исатайдың екі баласы, бір әйелінің соғыста өлгендігін, тағы екі баласы, бір әйелінің жау қолына түсіп, айдауда шейіт болғандығын көрсеткен еді [10].

Батырдың халық үшін күрескендігін Шернияз жыраудың мына өлең жолдары байқатқандай:

Ақ алмас, алтын сапты қылышым-ай,Құрып ең алты алаштың тынысын-ай,

*Мақала тарих ғылымдарының кандидаты С.М. Ғиззатовпен бірлесе дай-ындалып, Х-17 «Х.досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті – жарты ғасырдан аса уақыт аймақтық білім мен ғылымға қызмет көрсету» жоғары оқу орнының 60 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференциясының баяндамалар жинағына енгізілген (9-10 мамыр). Атырау, 2011.

188 189

Жатпапты алтын пышақ қап түбінде,Шықтың ба, қабын жарып, ырысым-ай!Сонымен қатар Исатай батыр тек қолбасшы ғана емес, көреген

саясаткер. Ресей империясына қарсы күресте барша қазақ даласын біріктіріп, Хиуамен саяси одақ құруға ұмтылуы бұған айғақ. Мұрағат құжаттарынан байқайтынымыз, 1838 жылы наурызда Исатай Ма-хамбет Өтемісұлын бірнеше адамдарымен бірге сұлтан Қайыпқали Есімұлына жіберген [11, 504-505 пп.]. Ал Ығылман Шөрекұлының дастанында Исатайдың байұлы, әлімұлы, жетіру тайпаларының ба-старын қосқандығы, оған Хиуа ханы Аллақұлдың өкілі, Қайыпқали сұлтан, түрікпен елшісінің қатысқандығы айтылады. Бұл пікірді нақты деректер де құптай түседі. Атап айтсақ, 1838 жылдың мамырында Исатай, Махамбет, Қайыпқали сұлтан және өзге би, батырлар Кеңес жасап, оған көптеген қазақ рулары қатысқан. Жиында әрбір рудан ат-тылы 100 адамнан жинау және патша үкіметіне қарсы күресу мәселесі көтерілген [11, 514-515 пп.]. Қалай болғанда да деректерден батырдың ұлы еркіндік үшін күрес жолында сенімді жақтастар, берекелі бірлік іздегендігін байқаймыз.

Жалпы Исатайдың би, сондай-ақ тақуа адам болғандығы халық ауыз әдебиетінде жиі айтылады. Бес уақыт намазын оқып, оразасын қатаң ұстанған Исатай Тайманұлы әділдік пен туралыққа әрдайым жүгінген. Батырдың мұндай адам бойында сирек кездесетін қасиеттерін тізбелегенімізбен бүгінде Исатайтану саласы ақсап тұр. осы орай-да оның 220 жылдық торқалы мерейтойы қарсаңында қалыптасқан күрмеуі қалың мәселелерді де ашып айтсақ па дейміз.

Біріншіден, Исатайтануды дамыту мақсатында құрылған арнайы қорды қолдай отырып, барша Қазақстан жұртшылығын мүмкіндігінше демеушілік көрсетуге шақырамыз. Қор болашақ жоспарларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады деп есептейміз.

Екіншіден, халықтың белгілі бөлігі қалап отырғандай, Исатай ба-тыр денесін Ақтөбе облысынан алдыртып, Махамбет Өтемісұлының жанына жерлеу қаншалықты қажет? Атам қазақ дәстүрінде қайта жерлеу дәстүрінің бар екендігін мойындаймыз. Алайда Шейітсайда жатқан Исатайды майдан даласында жер жастанған сарбаздары-нан оқшаулау әділеттілік пе? Біздіңше, оны Махамбет рухы да қолдамайды. Халықтың ойын түсінуге де болады. Өйткені 1836-1838 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстарды еске алғанда Исатай мен Махам-бет есімдері қатар аталады. осы орайда көрнекті тарихшы, академик М.Қ. Қозыбаев: «Исатай мен Махамбет-ғажайып бірлікті, ерлікті, елдікті білдіретін біртұтас тарихи тұлғалар. Бірісіз екіншісі жоқ. Күш пен рухтың символы» [12] деу арқылы қос батырдың қазақ халқының

жарқын болашағы үшін бірге күрескендігін меңзейді. дегенмен Иса-тай батырдың өз елінде жатқандығын ұмытуға болмайды. осы орай-да кіндік қаны тамған жерінен бір уыс топырақ бұйырмаған, Исатай батырға қолдау көрсетіп, атақонысты қайтаруға үлес қосқан Бөкей ханды еске алмай кетпеу күнә болар еді. Жақында ғана қазақ жеріне күлі әкелінген Алаш зиялысы Смағұл Садуақасовтың қайта жерленуі ақылға сыйымды құбылыс.

Үшіншіден, «Исатай» қорына түсетін қаражат тек кесене көтеру мен құдайы асын өткізуге жұмсалмауы тиіс. Исатай Тайманұлының қоғамдық-саяси қызметі ұлттық мүдде тұрғысынан, ғылыми негізде толыққанды зерделене түсуі қажет. Қаражат мәселесі қай кезеңде бол-масын ғалымдардың қолын байлағандығы жасырын емес, сондықтан кәсіби тарихшылардың басын біріктіріп, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы мұрағаттарында жұмыстануға мүмкіндік туғызуымыз қажет. осы орайда мұрағат қорларында әлі де болса ғылыми айналымға енбеген тың құжаттардың жеткілікті екендігін ескерген жөн. оған ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді де жинаудың маңыздылығын қосыңыз. Бұл арада Исатай-Махамбет жанындағы батырлардың да қилы тағдыры толыға түсер еді.

Төртіншіден, Исатай Тайманұлының 220 жылдығы республи-ка көлемінде тойлануы тиіс. Тек атаулы мерейтойларда еске алына-тын батырлар даңқына сай ұрпақтар есінде сақталуы керек. ол үшін көпшілік болып аталмыш батырлар есімдерін білім, ғылым, мәдениет ошақтарына беріп, тас мүсіндерін қаланың қақ ортасына орнату қажет. Әсіресе Исатай мен Махамбет батырлардың ескерткіштері елордамыз Астана мен мәдени астанамыз Алматыда бой көтерсе дейміз. Сондай-ақ, қос батырдың есімдері аталмыш қалалардағы көшелерге берілсе бұл елі үшін еңіреп өткен ерлерге жасалған құрмет болар еді.

Бесіншіден, Исатай Тайманұлының мерейтойы құрметіне халықаралық, республикалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік кон-ференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылғаны абзал. Мұндай шаралар Қазақстанның батыс аймағында, яғни, ұлт-заттық көтеріліс болып өткен аймақта ғана дәстүрлі түрде оздырылып келгендігі ақиқат. Үстіміздегі жылдың мамыр айында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде И.Тайманұлының 220 жылдық мерейтойы құрметіне өткізілгелі тұрған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция бұл сөзімізді айғақтай түседі. Ендігі айтар ұсынысымыз мұндай игі бастамалар өзге өңірлерде орын алса дегенге келіп саяды. Сонымен қатар ұйымдастырылатын конференци-ялар әдеттегідей қазақстандық ғалымдарды қамтып қоймай, көршілес мемлекеттерді тарту арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Зерттеу бары-

190 191

сында байқағанымыздай, ХІХ ғасырдың 30-жылдары Бөкей ордасы-мен шекаралас жатқан қалмақ, татар, башқұрт халықтары да ерекше дүрбелеңді басынан өткеріп, отаршылдық саясатқа қарсы шыққан еді. осы аталған халықтардың тарихшылары да өз өткенін ұлттық мүдде тұрғысынан зерделеуге бағыт алған болатын. Сондықтан оздырылатын конференцияларда Еділ-Жайық аралығын мекендеген халықтардың ортақ тағдырын ашып, ғылыми тұрғыдан зерделесек ұлтаралық татулық пен достыққа жарқын жол салар едік.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Бларамберг И.Ф. военно-статистическое обозрение земли Киргиз-кайсаков внутренней (Букеевской) и Зауральской (Малой) орды. – оренбург, 1848. – 342 с.; Мейер Л. Киргизская степь оренбургского ведомства. – Санкт-Петербург, 1845.; Медведский Г. внутренняя киргизская орда в хозяйственном отношении // Журнал Министерства государственных имуществ. – 1862. - Ч. 60, Т. 8. - С. 285-308.; Евреинов А. внутренняя или Букеевская киргиз-казачья орда. – Эпоха, 1864.

Савичев Н. Исатай Тайманов. – орал, 1990. – 98 б.Рязанов А.Ф. восстание Исатая Тайманова (1836-1838 гг.). - Алма-Ата:

Алтын орда, 1991. – 102 с. Шахматов в.Ф. внутренняя орда и восстание Исатая Тайманова. – Алма-

Ата: Изд. АН КазССР, 1946. – 253 с. Кенжалиев И.Н. Тайманұлы Исатай. – Алматы: Қазақстан, 1977. – 112 б. Кекілбаев Ә. Шандоз. // Махамбет әлемі. 19 кітап. – Алматы: «Арыс»,

2004. – 360 б.Сарай Ә. Екі тарлан. Исатай – Махамбет тарихы, зерттеу. - Алматы:

«Өлке», 1997. – 408 б.Өтебәлі Ғ. Исатайды іздеу. – орал, Ағартушы, 2010. – 136 б.ҚР оММ, 4-қор, 2039-іс, 609 п.досмұхамедұлы Х. Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша

мағлұмат // Өтемісұлы Махамбет шығармаларының академиялық жинағы. 3 том. – Алматы: «Ғылым», 2003. – 440 б.

ҚР оММ, 4-қор, 1964-іс, 504-505 пп.Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы, Қазақстан, 1994. –

192 бет.

IV ТараУ

ТарихҚа енген Тұлғалар

• Қайраткер Бақытжан Қаратаев • Алғашқы қазақ мұнайшылары және ағайынды Нобельдер

• Тегінде бар тектілік... (академик Зұлқарнай Алдамжар хақында)

• Қанатты жастар қамқоры еді (академик Кеңес Нұрпейіс хақында)

• Ұстазға тағзым

• Қадірі биік аға еді...

Ұлтына қызмет еткен ұл ?ана?лы бола алады. Қ.Мырза Әли

192 193

Қайраткер Бақытжан Қаратаев*

Қазақ тарихында артына мол мұра қалдырған, еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік қолтаңбасын айшықтаған тұлғалар қатарында Бақытжан Қаратаев дараланып тұрады. Өйткені XIX-XX ғасырлардағы халқымыздың жүріп өткен жолында оның іздері сай-рап жатыр. Өз бастауын тұтастай қазақ жүздерінің бас қолбасшысы болған Әбілқайырдан, азаттық туын көтерген Қаратайдан алады. оның өмірлік тәлім-тәрбиесі, көзқарасы, болашақ ұстанымы Ресей империясының қазақ даласын отарлап, оны өз меншігіндей көріп ашық иелене бастаған кезінде және оған қарсы бір сәт толастамаған ұлт азаттық қозғалыстар тұсында қалыптасты. Б.Қаратаев 8-9 жасында-ақ Ресейдің 1867-68 жылдардағы реформаларына қарсылық танытқан өзінің жерлестерінің ашу азасын сезінді. ол турасында зейнеткерлікке шыққаннан кейін арнайы естеліктерін жазды. 1868-1869 жылдардағы көтеріліс оның өміріне ерекше әсер етті. Көтерілістен кейін Ы.досов молда 1869 жылдың аяғында патша үкіметінің билігін мойындағысы келмей Түркияға кетсе, ал Х.Арысланұлы, Ә.Мұңайтпасұлы, д.Асауұлы және т.б. жақтастары Хиуа аумағына қоныс аудара-ды. Б.Б.Қаратаев атасы мен әкесі жөнінде былай еске алады: «Әкем Бисәлі Қаратаев пен ағам дәулетжан көтеріліске қатысқандары үшін тұтқындалып, жазаға тартылғандардың қатарында болатын. Бірақ, олар...қайтыс болды». Б.Б.Қаратаевтың немере ағалары Күсепқали, інісі Қуатқали орманұлдары және Күсепқалидың балалары Ахмет-ше, Шәңгерей, Сәлімгерей, Әділгерей, Сақыпкерей, Жүсіп, жиендері Қуат пен Шора Сүгірәліұлдары көтеріліске қатысқандары үшін орал қаласындағы түрмеде жарты жылға жуық қамауда отырып, кейін әскери комиссияның шешімімен Екатеринослав губерниясының Старосербск жеріне жер аударылады. Қарт Күсепқали айдалған жеріне жете алмай жолда қайтыс болады да, Ростов қаласында жерленеді. Баласы Ахмет-ше және жиендері Қуат пен Шора Старосербскіде көз жұмады. Қалған балалары Самара губерниясының Новоузен уезіне аударылады, бұл жерде Сақыпкерей көз жұмады. Жер аударылғаннан 12 жыл өткеннен кейін үкіметтің рұқсатымен елге оралады(1,С.63а.).

Бұл кезеңде Б.Қаратаевтың пікірінше, елде қазақтарды өзге дінге

енгізу саясаты күштеп жүргізіліп жатты. Сонымен бірге «Уақытша ере-жеге» сәйкес қазақ жері патшалы Ресейдің меншігі болып жариялан-ды. Б.Қаратаев патша үкіметінің саясаты салдарынан туған жеріндегі қиындықтарды көзімен көрді. Кейін еңбегінде: «Кенет Уақытша ере-же қазақ көшпенділері пайдалануындағы жерлер мемлекеттік меншік болып танылады және қазақтарға қоғамдық пайдалануға беріледі деп жариялады. Бұл қазақтар үшін «ашық күні төбелеріне жай түскендей» қатты соққы болды. Лезде олар өздерін бөтен жерде жүргендей күй кешті» деп жағдайды тарқата түседі.

Міне осы жағдайлар Б.Қаратаевқа қазақ елінің ертеңі білімде екендігін түсіндірсе керек. Әкесі дәулетжан мен атасы Бисәліден кейін оған әкесінің інісі Ахмет қамқорлық жасайды. Келіні Бибіажардың естелігінде Ахмет Бақытжанды орынборға, өз баласы Мағзомды Қазанға оқуға бағыттаған (2,26б.). Алғыр Б.Қаратаев 1878-1886 жыл-дар аралығында орынбор гимназиясында, 1886-1890 жылдары Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетінде дәріс ала-ды. Ақтөбе облыстық өлкетану мұражайында Б.Қаратаевтың орынбор гимназиясын бітіріп, университетке түсу үшін жазған өтініші сақталған. Өтініштің жазылған уақыты 7 қазан 1886 ж. деп көрсетілген (3). Аталған университеттің заң факультетіне бірінші болып қабылданған Бөкейлік Бақтыгерей Құлманов болатын. Б.Құлманов 1884 ж. заң факультетінен шығыс тілдер факультетіне ауысып араб, парсы, түрік, татар тілдерін меңгереді. Сонда жүріп ол кандидаттық диссертациясын қорғайды. осы тұста Санкт-Петербургте шығыс тілдер факультетінде Жетісудан Барлыбек Сыртанов, Торғай өңірінен Абдолла Теміров, жаратылыста-ну факультетінде Мәмбетәлі Сердалиндер оқиды. оқуда жүріп 1887 ж. 29 қыркүйегінде Б.Қаратаев алғаш рет жергілікті полицияға ешқандай жасырын ұйымдарға қатыспайтындығы туралы қолхат жазуға мәжбүр болады(4,70-71бб).

1890 жылы «дала уәлаяты» газеті «Императорлық хазіретінің есіміне алғаш Петербург қаласындағы университет курсын екінші дәрежелі дипломмен үздік аяқтаған Торғай облысы, Іле оязы, Бұрты елінің сұлтаны Бақытжан Қаратай ұғлы Юстиция министрлігінің қарауына кіргізіліп, департаменттік басқару сенатындағы екінші мекемесіне қызметке қалдырылды» деп елге хабар салады. Араға уақыт салып Б.Қаратаев 1891 жылы Кутаиси губерниясына қарасты Ново-Сенаки уезіне қызметке жіберіледі. ол өзге елде 1896 жылға дейін еңбек етеді. Елден қашық жүрсе де үнемі байланыста болып хабарласып отырады. Бұған 1892 жылдың 12 маусымындағы «Тур-гайские областные ведомости» газеті куә. Газет арқылы Б.Қаратаев «Өткен жылғы қуаңшылық Ақмола, Торғай және орал облысы

*Мақала тарих ғылымдарының кандидаты Ү.Х. Идресовамен бірлесе дай-ындалып, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «БҚМУ Хабаршысы» журналының 2010 жылғы №1 санында жарияланған.

194 195

қазақтарының мал шаруашылығына қайғылы зардаптарын тигізді... Қазақ халқы үшін «қоян жылы» «жұт» әкелетін апатты жыл саналады, себебі, «жұт» үнемі көшпенді қазақтар тарихында әрбір мүшел сайын қайталанатын «қоян жылымен» сәйкес келіп отырған. Жұтты басынан өткеріп, зардабын тартқан көшпенділер «қоян жылынан» қауіптенеді. Сондықтан болашақта нәубеттің алдын алып, ... қазақ даласында азық-түлік қаражатын қалыптастырып, көп дүкендер ашу» жұмыстарын жүргізуге шақырады.

1896 жылғы 18 қыркүйекте «Торғай» газеті Б.Қаратаевтың Гру-зиядан елге оралғандығын хабарлады. Содан 1904 жылға дейін Торғай облысы, Ақтөбе уезіне қарасты Бұрты болысында тұрып, сол жылы орал облысына қоныс аударуға мәжбүр болады. Бұл жөнінде Б.Б.Қаратаев былайша баяндайды: «Торғай әскери губернаторы, ге-нерал Ломачевскийдің, патша үкіметінің жергілікті тірегіне айнал-дыру үшін, қазақтардан казак сословиесін құру жоспарына тойтарыс бердім. Соның салдарынан, әкімшілік қудалауға ұшырап, орал облы-сына көшуге тура келді» (5). Міне осыдан бастап Б.Қаратаев патша үкіметінің тарапынан бақылауға алына бастады.

XX ғасырдың басында Б.Қаратаев өзге зиялы азаматтармен бірге халқын ояту мақсатында саяси күреске бел буады. Елде халықтың өтініштерін, талаптарын патшаға жеткізу шаралары қолға алынады. 1905 жылғы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаевтардың басшылығымен 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы өмірге келді. онымен қатарлас осы жылы жазда Б.Қаратаев басқарған орал,Торғай облыстары қазақтарының талаптары жинақтала бастады. Талапта «Қазақ халқының қолына жер мәңгілік өзіңдікі деген» құжат берілсін деп анық жазылған. Б.Қаратаев 1905 жылы 12 шілдеде жанына С.Б.Кейкин, М.Қайдаров, д.Тоқбаев, С,Алдияров, ишан д.Мусин, хазірет Ғ.Есмұхамбетов, мол-да М.Меңдіқұлов, судья А.Бірімжанов, сот мүшесі Ж.Сейдалиндерді ертіп жолға шығады(6,14-іс,19п.). Санкт-Петербургте оларды гене-рал Ғ.Жәңгіров күтіп алып, оның қолдауының арқасында II Николай патшаның қабылдауында болды. Сөйтіп қазақ халқының мұң-мұқтажы патшаға жеткізілді. одан еш нәтиже шықпағанына куә болған Б.Қаратаев саяси партия құруға күш салды. 1905 жылы желтоқсанда орал облыстық кадеттердің орталық комитеті мүшелерінің ұйымдастыруымен орал қаласында Ақмола, Семей, Торғай, орал және Жетісу облыстарының делегаттық съезі өтті. Съезге Ә.Бөкейханов, Ж.Сейдалин, жетісулықтар атынан Б.Сыртанов және М.Тынышбаев және Санкт-Петербургте оқып жүрген студент Х.досмұхамедов келді. Бас қосуда қазақ зиялылары «Қазақ конституциялық - демократиялық

партиясын» құру туралы шешім қабылдайды. 1905 жылғы 29 желтоқсандағы «Улфат» газеті партияның құрылғандығын және оның бағдарламасын жасауға Б.Қаратаевтың қатысқандығын хабарлады. Міне осы партия жалпы ұлттық деңгейге көтерілмесе де өз заманын-да қазақтың алдында тұрған мақсат-міндеттерін анықтауға өз септігін тигізді. Кейін Б.Қаратаев 1907 жылы 20 ақпанда шақырылған II мемлекеттік думаға сайланады. думаға қатыса жүріп , Б.Қаратаев қазақ даласына орыс мұжықтарының көшірілуімен елде басталған аграрлық шиеленістің қолдан жасалғандығын көпшілікке жеткізеді. 1907 жылы 16 мамырда II думаның мінбесінде сөз сөйлеген Б.Қаратаев «Қырғыз-қайсақ халқының атынан бұл мінбеден ешкім сөйлеген жоқ; соған қарамастан мемлекетіміздегі шиеленісіп отырған аграрлық мәселені шаруаларды далалық облыстар территориясына, атап айтқанда, орал, Торғай, Ақмола,Семей және Жетісу облыстарының территориясына қоныс аудару арқылы шешкісі келетіндер бар» - деп Ресейдегі мәселені қазақтарды атамекенінен ығыстыру арқылы шешуді қою қажеттігін жа-рия етеді. ол «сөз жоқ , қырғыздар, қырғыз-қайсақ, деп аталатындар, әлі дамудың төменгі сатысында тұрған қауқарсыз халық: сол себепті де олармен ортақ тіл табысуға болады және оларға зорлық көрсетудің ешқандай жөні жоқ» - деп қорытады (7,75-76бб).

1907 жылы 3 маусымда II дума таратылғаннан кейін Б.Қаратаев елге оралып, адвокаттық қызметін жалғастырады. Соған қарамастан ол қазақ қоғамындағы жер, дін өзге де мәселелермен шұғылданып, Ә.Бөкейхановпен, Санкт-Петербургтегі жерлес інілері Х.досмұхамедов, Ж.досмұхамедов, Н.Ипмағамбетов т.б. байланысын жалғастырып оны шешудің жолдарын іздестіреді. 1910 жылы ол Ә.Бөкейхановқа хат жолдап «Қазақ халқы үшін екі жау бар: біріншіден, оның надандығы мен көшпелі мәдениетсіздігі болса, екінші жағынан қалайда өзінің қызметін күшейтуге мүдделі қоныстандыру ұйымдарының озбырлығы мен арсыздығы. Бұл жаулардан құтылу жолы бар ма? Конституция жоқ. Мемлекеттік дума қоныстандыру ұйымы жағында» деп ақылдасып одан шығудың жолын іздестіру қажеттігін алға тартады. Хатында қазақтар арасынан шыққан пайдакүнемдер мен жалқаулықты қатты сынға алды. «Пайдакүнемдік барлық «бас адамдарының» қызметін жоғарылатуға себепші болды. Қазақтардың психологиясы азғаны соншалық... олар-ды ешқандай қоғамдық қызмет, ешқандай қоғамдық қажеттілік сияқты маңызды мәселелер толғандырмайды. Қазақ жері қоныстанушыларға көптеп алынып жатыр. Екі жүзді «бас адамдар» өздерінің жерін то-наушыларды мақтап, керісінше өз жерлерін қорғау үшін басшылыққа қарсы шыққан қазақтарды жазалауда» деп қатты өкініш білдіреді. осы хатында Б.Қаратаев Ә.Бөкейхановқа қазақ халқын басқаратын ұлттық

196 197

ұйым керектігі жөнінде ой тастап «Меніңше, жалғыз сен халықтың сеніміне лайықсың. Жалғыз сен халқыма қызмет қылдым деп айтуға құқылысың» деген азаматтық сенімін жолдайды (8,86-91бб.).

Б.Қаратаев жер мәселесін әр уақытта назардан тыс қалдырмады. Кейін өз ойларымен жолдасы Б.Сыртановпен де ой бөліседі. Ал 1912 жылғы елдегі қуаңшылыққа байланысты қатты алаңдады. Ашаршылық туралы думаға хат жолдап, қазақ халқы үшін арнайы қаржы бөлу керектігін атап көрсетеді. оған дума депуттарынан жауап хат жолда-нады.

Елдің жыл санап қиындап бара жатырған жағдайын сезінген Б.Қаратаев өзге де зиялылармен бірге Жалпы қазақ съезін шақырып, бас қосу қажеттігін бірден қолдайды. Міне осы арада Ж.Сейдалин «Қазақ зиялыларының тарландары Б.Қаратаев, Ә.Бөкейханов, Б.Құлманов, бұл үшеуінің өзі үш рулы ел болса да Алаш дегенде басы бір жерге қосылса керек» деп «Қазақ газетіне» жариялады (9,53б.). Көп ұзамай қазақтың басты мәселелері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арқылы елге тарала бастайды. М.дулатов өз еңбегінде Б.Қаратаев қазақтар жер-ге тұрақтап қала болу қажет, А.Байтұрсынов т.б. әзірше «қазақ оған дайын емес сондықтан, көшіп-қонуды жалғастырған дұрыс. оған өз уақыты келеді» деген пікірлерді көпшілік назарына ұсынады. Қазақ зиялыларының бұл арада ең басты көздегені халқына ой тастап, оны тұтастай ел болып талқыға салып, бірлесіп алдағы мақсатты анықтау еді.

Б. Қаратаев Ж.Сейдалиннің «Айқап» журналы арқылы жал-пы Қазақ съезін өткізу туралы зиялыларға тастаған пікірін бірден қолдайды. оған Б.Қаратаев, Ж.Тілеубергенов, К.Шалқаровтың «Біз сиез керек деген сөзіңізді бек ұнатамыз... осы келешек халық жұмысына қызмет етуге біз даярмыз» деген жеделхат жолдауы дәлел болады.

Б.Қаратаев 1914 жылы мамырда Санкт-Петербургте өткен мұсылман фракциясы мәжілісіне қатысады. ол фракцияның бүкіл Ресейлік мұсылман съезін шақыру керек деген шешімін Ә.Бөкейханов, Б.Сыртановтармен бірге қолдайды. Мәжілістен бұрын 15-25 мау-сым аралығында қазақ өкілдері өзара кеңес өткізеді. осы кеңесте Б.Қаратаев орыс патшасының қазақ даласында жүргізіп жатырған құйтырқы саясатын әшкереледі. ол «Қазанның бұратана школын басқарушы миссионер чиновник Ильминский деген шықты. Бұл адам қазақтар мұсылман емес, «шаманый» деген дінсіз халық. оларды православныйға айналдыру бек оңай» дегені патша үкіметі саясаты-мен астасып жатқандығын жеткізеді (10,С.211-212). Ал 25 маусымда өз жұмысын бастаған Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне 35 делегат қатысты. Съезде де Б.Қаратаев қазақ өкілдері кеңесінде көтерілген

мәселелер туралы баяндама жасады. Сонымен бірге мұсылмандар фракциясы мүшелері бірінші дүниежүзілік соғыста жараланған жау-ынгерлерге қолдау көрсету үшін уақытша комитет құрады. оның ережесін Б.Қаратаев дайындады. осы жылы ол кадеттердің ұлт және аграрлық мәселелерді шешуге құлықсыздығын анық байқаған соң оның қатарынан шықты.

Патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы 19-43 жас аралығындағы ер азаматтарды тыл жұмыстарына алу туралы заңның ел ішінде наразылық тудырған тұсында да Б.Қаратаев ұлт алдындағы па-рызын түсіне білді. ол жарлыққа қарсы ашық наразылыққа шақырған Т.Бокин, Ә.Жангелдин, С.Меңдешов, Б.Құлманов, Т.Рысқұловтарды қолдамай, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.дулатов сияқты көтеріліске шыққан қазақ жастарын патша үкіметі аяусыз жазалайтындығын ескертеді. Сол үшін Б.Қаратаев тамыз айында Санкт-Петербургке келіп, патша әкімшілігіне тыл жұмыстарына қазақтарды алуды тоқтата тұру жөніндегі өз жазбасын жолдайды. Тарихта «Қазақтар жөніндегі естелік жазба» атауымен сақталған хатында Б.Қаратаев орал өңіріндегі халық наразылығын хабарлады. осы жазбаны Ж.Ә.Сейдалин М.Шоқай арқылы дума төрағасы М.в.Родзянкоға жеткізеді. Жазбада қазақ жаста-рын шақыртуды 1917 жылдың мамырына дейін тоқтата тұру қажеттігі баса айтылады. Содан Б.Қаратаев елге оралады. оның жазбасымен танысқан Ж.досмұхамедов, Ж.Сейдалин, М.Шоқай IV мемлекеттік думаға арнайы мәселе етіп шығарды (11,130-133пп.).

Ресейдегі шиеленістің түбі патша үкіметінің құлауына әкелді. Б.Қаратаев оны пайдалана отырып, орал қаласында Қазақ комитетін құруға кіріседі. 1917 жылдың 7 наурызында Жайық өзенінің сол жағалауын қоныстанған қазақ ауылдарын басқару мақсатында Азаматтық комитет құрылып, төрағалығына Б.Қаратаев бекітіледі. 10 наурызда Азаматтық комитет Уақытша комитет болып, өзгертіліп төрағалығына Ғ.Әлібеков сайланып, Б.Қаратаев мүшелігінде қалдырылады. Ал 19-22 сәуірде орал облысы қазақ съезінде Уақытша комитет өз билігін орал облыстық қазақ комитетіне тапсырады.

Б.Қаратаев 1917 жылы мамыр айының алғашқы 10 күндігінде Москва қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысады. Кейін өз естелігінде ол съезге «қазақ интеллигенттері заңгер Ж.досмұхамедов, дәрігер Х.досмұхамедов, агроном К.Жәленов, орта білімді Ғ.Әлібеков және дінбасылары, имам, молдалар Қуанай, дәулетияр, Қажығали және т.б.» қатысқандығын жазды. Съез-де Б.Қаратаев соғысты тоқтатып әскерді үйіне қайтару қажеттігін ұсынады (12,40п.).

Бұл кезеңде Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларының Ресейдегі

198 199

Уақытша үкіметке деген сенімі ақталмағандығы дәлелдене бастады. осы аралықта (мамыр айының соңында) Уақытша үкіметтің соғыс және ұлтттық-территориялық автономия жөніндегі ұстанымдарына қарсы келген Б.Қаратаев большевиктерді жақтаушы деген айып-пен «ауылынан ешқайда шықпау» жөнінде орал әскери үкіметіне қолхат беріп, «үй тұтқыны» жағдайында орал уезі Көкбақты болысы милициясының қатаң бақылауына алынады.

Қазан төңкерісі кезінде Б.Қаратаев өз ауылында тұтқын жағдайында болатын. Өз естелігінде: «Қазан революциясынан кейін, 1918 жылдың наурыз айына дейін мен өз жолдастарыммен бірге қырда қазақ жігіттерінен соғыс күшін ұйымдастыруға кірістім. Бұл жұмысқа қоныс аударып келген украиндарды да тарттық»- деп жазады. 1918 жылы 18 наурызда орал қаласында өткен кеңестердің II облыстық съезінде Б.Қаратаев облыстық юстиция коммисары болып тағайындалды. Бірақ 28-29 наурызда болған төңкеріс әсерінен Б.Қаратаев 15 сәуірде қайтадан тұтқынға алынады. орыс-казактарының әскери далалық соты оны ату жазасына кескенімен, кейін өз үкімін 6 жылға қамауға ауыстырады. ол турасында Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясында толығырақ жазылған. Кейін Б.Қаратаев «ел арасындағы беделімнің жоғарылығы және заңгер мамандығымның болуы арқасында аман қалдым. Ел ішінде наразылық көтерілісінің күшейіп кетуінен қорыққан Әскери үкімет мені өлтірмеді» деп мойындады.

1919 жылы 24 қаңтарда в.И.Чапаев дивизиясы орал қаласын орыс-казактарынан азат еткен кезеңде Б.Қаратаев түрмеден босады. Түрмеден босап

4-армияның Әскери революциялық кеңесінің қаулысымен құрылған облревкомға мүше ретінде енгізіледі. Міне осыдан кейін Б.Қаратаев 6 ақпанда РКП (б) қатарына қабылданады. Тарихшы, жерлесіміз И.Кенжалиев Б.Қаратаев пен Б.Құлманов большевиктердің автоно-мия береміз дегеніне сеніп, олардың жағына шықты деп түсіндіреді. Қайткен күнде де елде түбегейлі өзгерістер басталды. Большевиктер біртіндеп елдегі билікті өз қолына алып, ұлт зиялыларының қойған талаптарын мойындайтындығына уәде бере отырып, оларды өзіне тарта бастады. 1919 жылы 3 ақпанда облыстық ревком Б.Қаратаевқа Ұлт істерін меңгеру ісін тапсырса (13,18п.), 10 сәуірде Батыс Ала-шорда бөлімі басшылары Жанша және Халел досмұхамедовтермен келіссөз жүргізуді жүктеді (14,2п.). Ревком Б.Қаратаевтан қазақтың алғашқы атты әскер жасағын құруға да көмек сұрады. Кейін Б.Қаратаев большевиктердің сөзі мен ісі арасындағы алшақтықтарды сезініп қазақ жігіттерінен ерікті армия құру ісінен бас тартады. оның себебін қазақ жігіттеріне қамқорлық жасалмай, соғыс өнеріне әзірленбей, ешқандай

дайындақсыз соғысқа қатыстырылумен түсіндіреді. осындай батыл пікіріне қарамастан большевиктер оны 1919 жылы 24 шілдеде Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Әскери революциялық комитетке мүше ретінде тағайындайды. Ревком құрамында Ә.Жангелдин, С.Меңдешев, А.Байтұрсынов, М.Тұңғаншин т.б. болатын. оның мүшелері тамыз ай-ында орынборға келіп қызметке кіріседі. осында Б.Қаратаев бөрітпе, сүзек ауруына шалдығады. 1919 жылы 19 қыркүйекте орал-Бөкей облы-стары қазақтары үшін арнайы Қазәскерревком құрылып ондағы ұлттық істерді басқаруды Б.Қаратаевқа жүктеді. Ревкомда жүріп Б.Қаратаев А.Байтұрсынов және Б.Қаралдиндермен бірге кеңес үкіметіне қарсы шыққан қазақтарға кешірім беру туралы қаулы қабылдап оны елге таратты. Батыс Алашордашылар бұл мәселеде Б.Қаратаевқа, оның қамқорлығына сенім артты.

1920 жылы 23 ақпанда Қазәскерревком Б.Қаратаевты әділет бөлімінің меңгерушілігіне тағайындайды. Бұл қызметті оған дейін Б.Қаралдин басқарған болатын. Қызметін атқара жүріп Б.Қаратаев өзге де зиялылармен қазақ шекарасын сақтап қалуға күш салады. ол адай уезінің шекарасындағы таласты мәселелерді дәл көрсете білді. Бірақ көп ұзамай большевиктердің Б.Қаратаевқа Алаш зиялыларымен қарым-қатынасы үшін сенбейтіндігі байқалады. Кеңес үкіметі Алашорда үкіметінің қатарында болған ақ гвардияшылардың тыңшылары деген айыппен А.Қоңырбаев, С.Асанов, Е.Арғыншиевтер түрмеге қамағанда Б.Қаратаев, Ә.Әйтиев, М.Мырзағалиевтер оларды тұтқыннан босат-ты және Б.Қаратаев А.Кенжин, А.Мырзағалиевпен бірге Алашорда үкіметімен жасырын байланыс жасады деген айып тағады (15,9 іс,3п.). Содан 1920 жылы 6 шілдеде қайтадан Жымпиты уездік милициясының бақылауына алынып, 28 шілдеде Қазәскерревкомдағы қызметінен бо-сатылады. оған «қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін» , «пара алғаны үшін» деген айыптар тағылады. Б.Қаратаев 33 күн қамауда от-ырады. Кейін өзінің заңды ешқашан бұзбағандығын, халқы үшін адал қызмет еткенін дәлелдеп шығады. оған да риза болмаған РКП (б)-ның Қазақстан облыстық бюросының Президиумы мүшелері И.А.Акулов, С.М.Киров, в.А.Радус-Зенковичтер 1920 жылы 21 қазанда жиналып, тергеуді тоқтатып, Б.Қаратаевты болашақта жауапты басқару лауазы-мына қоймау туралы шешім қабылдады. Содан ол 6 қарашада Қазақ өлкелік әскери коммисариатына қызметке орналасып, 1921 жылы сәуір айында өз еркімен қызметінен кетеді. 1921 жылы 8 сәуірде орынбор уезі, доңғыз ауылынан жер алып, «Еңбек» ауыл-шаруашылық жер игеру артелін құрып, халқын ашаршылықтан сақтады. Бұдан кейін Б.Қаратаев орал губерниялық сотында қызмет жасады. ол адвокат бола жүріп елін сауаттандырды. 1923 жылы 7 мамырда Б.Қаратаевқа

200 201

«Кеңес заңына қайшы әрекет жасады» деген тағы да жала жабылады. Бұл жолы оны Юстиция Халық комиссары Н.Нұрмақов қорғап қалады. Содан қорғаушылық қызметіне қайта орналасады. Ал 1925 жылы шілдеде әйелі Саржанның ауруына байланысты Ақтөбеге біржолата көшеді. 1925 жылы 4 қазанда Ақтөбе губерниялық сотына қарасты қорғаушылар алқасы мүшесі болып қызметке қабылданады. осы ла-уазымда жүріп, 19 Кар19 жылы 6 ақпанда кірген большевиктік пар-тия қатарынан 1927 жылы өз еркімен шығады. Б.Қаратаевтың кейінгі өмірі таза ғылымға арналды. оның қаламынан жарық көрген 20-дан астам еңбектері халқымыздың өткен тарихынан мол мағлұматтар береді (16).

Қай кезеңде де өз халқының қамы үшін маңдай терін төккен, ешкімнен қамықпай шындықты өмірлік ұстанымы етіп өткен қайраткер, біртуар тұлға 1934 жылы 24 тамызда Ақтөбе қаласында дүние салады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қаратаев Б.Б.обзор материалов по истории колонизации казахского края 1869-1870гг. Қолжазба,ҚР Ұлттық кітапханасының сирек қор бөлімі,№257

Идресова Ү.Х. Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі (1860-1934 жж.) Тарих ғыл. Кандидаты ғылыми дәрежесін алуға дайындалған дис-сертациясы қолжазбасы.орал 2007,26б.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Б.Б.Қаратаев қоры Өзбекұлы С.Арыстары Алаштың. Тарихи очерк.-Алматы,Санат,1997.-318б.

алғашқы қазақ мұнайшылары және ағайынды нобельдер* Бүгінде әлемнің назары Каспий өңіріне ауып отырғаны белгілі.

Тартылыс күш теңіз аумағы мен оған жақын маңдағы қара алтын мұнай болып отыр. Қазіргі таңда мамандардың болжауынша Каспийдің қазақстандық бөлігінде 40 млрд. баррель мұнай қоры бар екен. Міне сондықтан да энергетикалық ресурстар маңыздылығын сезінген дүние жүзінің ірі - ірі компаниялары Теңізшеврон, Аджип т.б. қазақ мұнайын әлем нарығына шығарды. АҚШ, Ресей, Қытай т.б. алып

елдердің де мүдделері осында тоғысқан. Соңғы жылдардағы Қазақстан үкіметінің мұнай бағытындағы, соның ішінде Қарашығанақтағы үлесін арттырудағы батыл қадамдары байлық иесі қазақ екендігін айқын дәлелдеді. Мұндай мол қазынаны қызғыштай қорып, ұрпағына аманаттап қалдырған ата-бабамызға, сөз жоқ, мәңгілік қарыздармыз. Cонау XVIII ғасырда «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті, ақыр за-ман келгенше қазақтар бұл жерден ешқашан айырылмайды» - деген Әбілқайыр ханның аталы сөзі халқымыз жүрегінде сақталғаны анық. Cонымен адам баласы, қазақтар мұнаймен қашаннан таныс, қалай пайдалана бастады? Тарихи деректерге назар аударсақ Таяу Шығыс елдері тұрғындары осыдан 6000 жылдай бұрын мұнайды қару - жарақ жасауға, құрылыс материалдарын (битум, асфальт) дайындауға пай-далана бастаған. Кейін б.э.д. 347 жылдары Қытай бамбук ағаштарын пайдаланып жер астынан мұнай өндіреді. Ал Каспий теңізіндегі, оның төңірегіндегі мұнай туралы мәліметтер жазба деректерге V ғасырларда енген. олай болса жергілікті тұрғындардың оны көне заманнан -ақ мүмкіндігіне қарай пайдаланғаны белгілі болады. 1927 жылы Қазақстан мұнай кәсіпшілігінде еңбек еткен, қазақ жастарына арналған алғашқы «Мұнай» атты оқулығында С.Шарипов «орал-Жем аймағындағы мұнай 40-50 жылдан бері ізделіп жүрілген. одан арғы жерде де, сондағы тұрғын қазақтар мұнайдың бар екендігін білген, керегінше пайдаланған. Құдық қазып, не болмаса жердің не судың үстіне шығып жатқан мұнайды алып жұмсаған. ол мұнаймен қазақ кәсіп қылмаған. Түйенің қотырына, адамның іші ауырғанда, болмаса қотыр болғанда ем қылып, сондайға ғана жұмсаған. оның отын орнына жарайтынын білмеген, жағып пайдаланбаған. Сол қазақтар мұнайдың атын «Мұнай» деп қойған», деп анықтаған-ды. Мұрағат қорларынан табылған құжатта «орал облысындағы ең алғашқы белгілі болған мұнайлы мекен Мәтен Қожа Май болатын. ол ойыл өзеніне жақын, Бүйрек, Тайсойған құмдарының ортасында, Калмыковск станция-сынан 100 шақырым жерде. Мекен ХІХ ғасыр басында өмір сүрген молда Мәтен атымен аталған. Мәтен молда осы кезеңде қазақтарға мұнайдың емдік қасиеттерін пайдалануды үйреткен» (ҚРоМА 916 қ., 1 т.,91 іс 8-п.; Мұқтар Ә.Қ. Қазақ мұнайының тарихы.-Алматы: Өлке, 2006. -25б.).

ХIХ ғасырда өмір сүрген Мұрат Мөңкеұлы Еділдің бойы қанды қиянЖайықтың бойы шаңды қиянМаңқыстаудың бойы майлы қиян –деп жырлаған екен.олай болса қазақтар да мұнаймен ертеден таныс. Сайын даладағы

мыңғыраған төрт түлік малына сенген ата-бабамыз дегенмен мұнайды игеріп, кәсіп қылуға асықпады ...

*Мақала «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 26 қазанындағы са-нында қысқартылып жарияланған.

202 203

Қазақ мұнайының аты ХІХ ғасырдың ІІ жартысында – ақ іскер кәсіпкерлерге белгілі болды. Көп ұзамай Жайық-Жем ауданына Ресейдің зерттеуші ғалымдары ағылды. оған белгілі дәрежеде мұнай саласындағы жаңалықтар-1849 жылы Канадалық геолог Абрахам Геснердің керосинді өндіріске енгізуі, 1859 жылы АҚШ-та мұнай өндіріліп, алғашқы скважиналардың бұрғылануы т.т. оң ықпал етті. Бір сөзбен нақ осы 1859 жыл дүниежүзінде мұнайдың өндіріске айналған жылы ретінде қабылданған. Мұның өзі Каспий аймағын екпінді зерт-теуге әсерін тигізді. Зерттеушілер Н. Северцев, И. Борисовтер 1857 жылы, П.С. Паллас 1863 жылы, д. Кирпичников 1874 жылы, 1886 жылы Новаковский қазақ даласында болып, Мәтенқожа, доссор, Еске-не, Қара Шүнгіл т.б. мекендерде мұнайдың барлығын анықтағанымен, табиғат жағдайының қиындығын (ауа-райының құрғақтығын, ауыз судың тапшылығын т.б.) алға тартып, мұнайды игеруге болатындығына күмән келтірген (ҚРоМА 1479 қ., 2 т., 711 іс, 14-15пп.).

1890 жылы Түркістанға темір жол салу мәселесі күн тәртібіне шыққан кезеңде Жайық-Жем аралығын қайта зерттеу басталды. Содан 1892 жылы Ресей-орал темір жолы Никитиннің басшылығымен жер қыртысына барлау жүргізіп, доссор, Ескене, Қара Шүнгілде қолмен 7-9 метрге дейін қазып тексерген. осы жылы Соль-Илецк адвокаты Ю. Лебедев патша үкіметінен алғаш рет Құнқұлақ сор мекенін арнайы зерттеуге рұқсат алған. Мұндай рұқсат 1892 жылы доссорға, 1894 жылы Қара Шүнгілге де берілді. Ю. Лебедев 1893 жылы өз рұқсатын Н.Н.Леман, доппельмаер және Грум-Гржимайлоға сатты. Ал олар іздестіру және барлау құқығын ала отырып, 1898 жылы «Леман және Ко» компаниясын құрды. Cөйтіп, қазақ жерін зерттейтін алғашқы мұнай компаниясы дүниеге келді. Н.Н. Леман құрған компанияға белгілі кен орындарының көпшілігі концессияға берілді. Сол кезеңде компанияға орал облысының Гурьев, Калмыково уездерінің 6 болысындағы кен орындары қарады. осы жылы Гурьев қаласында компанияның сенімді өкілі басқаратын арнайы мекемесі ашылды. Зерттеуші Л. Бердіғожиннің есебінше 1898 жылы мұнайды зерттеу барысындағы түрлі жұмыстарға 59 қазақ тартылған екен. олар мұнай іздеген экспедицияларға жол бастаушы, керуен жұмысшысы, атшы, жүк тиеуші, күзетші, қара жұмысшы ретінде тіркелген. 1898 жылы Жылыойда, Мұнайлыда, Қара Шүнгілде, Ембіде т.б. кәсіпшіліктерде Балымбеков Қошқар, Құдайбергенов Есжан, Шаудыров Шапқын, Ба-ласов Шолпан, Адасов Көпесін, Сандықов Мұхамед, Құмқаров Ізтілеу, Есмағамбетов Рысжан, Жұмырыв Тыныс, Байназаров Мұхаррам, Зейнуллин Сейфолла, Ғұбайдуллин Нәрен, Биғалиев Ерім, Хамзин

Мұртаза, Қожамбетова Меңдібай, Жайманов Ығылман, Құттыбаев Шоқты, Тайлақов Бал, Мырзабеков омарбай, Құттыбаев, Құрманов Сатыбай, Илабаев Елеу, Айназаров Мыржық, Өсербаев Айтілеу, Өтебаев Мырзағали, Мәмбетов Ығжан, Наурызали Исатай, Сексенба-ев Басарбай, Байдалиев Игілік, Бәлімбеков Шапақ, Құлжан Бұғызлан, Көзіров Жаңқабай, Шолпанов Төлеспай, Чаадуров Өтеп, Байымбетов Құрбан, Жұбатов Бекбай, Нысанов Аймаған, Сартымбай Төлешов, Ізбасар Күшбай, Мыржық Айназаров, Жұмағұл Әбілбасаров, Ізтөлеу Күмісбаев, Қашқынбай Әбілбасаров, Қабыл Қаражанов, Құлжанов Әлжан, Баймағамбетов Тілеулі, Жандыбаев Елікей, Жандыбаев дүйсәлі, Жұқиев Кесікбай, Мұқанбетов Қотырбай, Құлжанов Нұрым, Шырда-баев Байділдә, Сатыбалдиев Сүйеу, Ахмадуллин Ғилман, Ысмағұлов Мұқан, Нысалы Коскендиев, Өтеп Шағыров, Сарсенбаев Базарбай, Ағылман Жығылғановтар есепте тұрды (Бердіғожин Л.Қазақстан мұнай-газ өндірісі саласы маман кадрлары.-Қызылорда, 2007. 46 б.).

1899 жылы тамыз айының ІІ жартысында Қазақстанға жаңа экс-педиция аттанды. оның құрамында белгілі Н.Г. Чернышевскийдің ба-ласы Михайл, әскери инженер в.К. Фельдт, инженер С.в. Трубецкой т.б. болды. олар 24 қыркүйекте Индер көлінің жағалауына жақындап, Бай Мөңкеден өтіп, Грум-Гржимайло т.б. басқаратын Ембі - Закаспий бірлестігі орналасқан Қошқар көлге келіп тоқтаған. М.Н. Чернышев-ский өз күнделігінде мұнай іздеудің 8 жыл бойына жүргізілгенімен нәтиже бермеді дей отыра, әзірше мұнайға ең бай жер Қара Шүнгіл деп жазады. Сол сәтте ол жерде 6 скважина, 60 жұмысшы еңбек еткен. 1899 жылы 18 қарашада Қара Шүнгілде 40 метрден алғашқы мұнай фонта-ны атқылады. Сөйтіп, тәулігіне 12-25 тоннадан мұнай алына бастады. Н.Н. Леман қарауында еңбек еткен 89 адамның 40-ы қазақ болатын. осында негізінен қара жұмысшылар легін құраған қазақтар арасында Көккөз Бегимов, Өтебай Баймағанбетовтар осы айда 5 сомның үстінде еңбек ақы тапқан (ҚРоМА 680 қ.,4 іс, 3-4 п.).

Қазақтардың мұнай саласына тартылуы туралы 1929 жылы Мо-сква мұнай институтына инженер-геолог мамандығына түскен На-рен Имашев 1935 жылы өз қолымен толтырған өмірбаянында Қазан төңкерісіне дейін-ақ үш ағасының Мартук, Итассай, Жосыдағы мұнай іздеу жұмыстарына қатысқандығын жазса (ҚРоМА 5-қ.,19-т.,597 іс,125 п.), 1931 жылы Баку мұнай институтына түскен Сафи Өтебаев естелігінде 1916 жылы мұнай жұмысшыларымен алғаш рет доссорда жұмыс жасайтын ағалары Ғұсман, Қалилар арқылы танысқандығын алға тартады. Ал Түркімен-Адай болысының Тәңірберген ауылының қазағы Тілеулі Бимағамбетов 1912 жылы доссор-Ракуша мұнай

204 205

құбырын бақылаушы болып келісім шартқа отырған екен. олай болса, қазақтар үшін мұнайды өнеркәсіптік игеру, оның барлық салаларына белсенді түрде қатысу күн тәртібіне уақыт талабымен шықты.

Бірден мол байлыққа кенеле алмаған Н.Н. Леман 1907 жылы «қазақ даласы 300 жыл өтсе де екінші Баку бола алмайды» деген қорытындыға келіп, патша үкіметінен өз билігіндегі кен орындарын сатуға немесе косымша капитал тарту үшін шетелдіктермен аралас қоғамдар құруға рұқсат сұрады. ол алдымен ағылшын, кейін Швейцария синдикатта-рымен келіссөз жүргізді. оны Ресейдің қаржы министрі С.Ю. витте қолдап, «Ресей қаржылай көмекті судағы қанттай қажет етеді» деп жар салды. 1908 жылы Н.Н. Леман И.И. Стахеевпен одақтасып, «Эмба-Каспий» қоғамын құрғанымен діттегеніне жете алмады. 1909 жылы 2 мамырда Гурьев-Эмба тұзды көлдерін бақылаушысының хабарына сен-сек Гурьев уезінде И.И. Стахеев қана мұнай іздестірумен шұғылданған екен. оның қарамағында Ескенеде 69, доссорда 31 адам еңбек еткен. Бақылаушы жұмысшылар жағдайының ерекше ауырлығын атап өтеді (ҚРоМА 678 қ.,1 т.,2 іс,62-63 п).

1909 жылғы жағдайды саралаған Н.Н. Леман шетелдік азаматтарға мұнай іздестіруге беру құқығына ие болды. Мұнайлы ауданға бірден ағылшындар назар аударды. олар Жайық-Ембі аралығына инженер-геологтарын жіберіп, Н.Н. Леманнан концессиялық құқығын сатып алды. 1910 жылы 22 желтоқсанда Н.Н. Леман Ұлыбритания азаматтары Эдвард Юм-Шведерь, отто Листьпен бірлесіп, Жайық-Каспий мұнай қоғамын (УКНо) құрып, Гурьев қаласында арнайы кеңсесін ашты. Қоғамға орал облысының 9 болысындағы мұнай іздестіру жұмыстары 1912 жылдың 12 қарашасына дейін берілді. Қоғамның негізгі капиталы 3.500.000 сомға жетті (ҚРоМА 681 қ., 1 т.,13 іс, 15-17 п). Ал И.И. Ста-хеев болса өз жұмыстарын тоқтатып, қызметкерлерін Москва, Қазан қалаларына жіберуге бұйрыққа қол қойып, көп мұнайдың жоқтығына сене бастады.

Жұмыстарын жалғастырып жатқан орал-Каспий қоғамында 1911 жылы 23 сәуірде Ескенеде 32, доссорда 67, Мақатта 31 жұмысшылар тіркелген. Міне осы жұмысшылар қазақ мұнайының бетбұрысты оқиғасына куә болды. 1911 жылы 29 сәуірде доссорда басталған мұнай фонтаны хабары алысқа тарады. Фонтан 30 сағат бойы атқылап арты өртке ұласты. доссор мұнайды Қара Шүнгілден бірнеше есе көп бере бастады. доссор кен орынында осы жылы жұмысқа атақты қазақ мұнайшыларының бірі Сабыр Зорбаев (1893-1970) орналасты. Кейін ол осы доссор, Мақат, Ескене мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде жұмысшыдан директорға, басқарма директорының орынбасарына дейінгі еңбек жолдарынан өтті. онымен қатарлас Жайық-Каспий

қоғамында 1912 жылдан Бекқазы Шаманов, 1914 жылдан Шағыр Бе-кенов, Боқбала Әлімбаев, Бақтыбай Қарашолақов, 1915 жылдан Сар-сен Баубеков, Алмағамбетов Құлбатыров, 1916 жылдан Есен Сарсен-баев, Наурыз Есмағамбетовтар жұмыс жасады (ҚРоМА 695 қ., 1т., 349 іс, 8-9 п.).

Қазақ жұмысшылары өз құқықтарын қорғауды, жұмыстың жағдайын жақсарту үшін күресті осы жылдары бастады. 1913 жылы доссордағы жұмысшылар ереуілін Сафи Өтебаев (1909-2008) өз естелігінде «жергілікті жұмысшылар адам төзгісіз, қайыршылық жағдайда өмір сүрді. олар ең ауыр жұмыстарды атқарса да, еңбек ақыны басқа жұмысшылардан кем алды » деп жазды (Утебаев С. Өмір мұраты. – Алматы, 1988. -25б.). 1914 жылы қаңтарда доссорда өткен мұнайшылар ереуіліне Хакім Башбеков, Бораш Жұбатқанов, Аққали Айбаров, Түсіпқали Сартов, Сұлташ Тағыбергенов т.б. қатысты. Сөйтіп, жергілікті қазақтар арасынан болашақ ұлттық мұнайшы ма-мандары қалыптаса бастады.

доссор кен орны ашылғаннан кейін қазақ мұнайына атақты Но-бельдер ұрпақтары келді. олардың Ресей империясындағы тарихы 1837 жылы Эммануил Нобельдің Стокгольмнен Санкт-Петербургке келуімен басталады. Теңіз жарылғыштарын жасаудан бастаған ол кейін қару-жарақты шығаруға көшті. 1851 жылы «Нобель және балалары» фирмасы сол жарылғыштың патентін Ресейге сатылған қаражаттан құралды. оның баласы Людвиг 1862 жылы қазанда механикалық завод ашып, өндіріс пен ғылымды қатар ұштастырды. ол бауыры Робертті 1873 жылы Кавказға жіберіп, Каспий жағалауындағы мұнайды барлап, Бакуден кішкене жер, шағын мұнай өңдеу заводын сатып алады. Содан 1879 жылы «Ағайынды Нобельдердің мұнай өндірісі серіктестігінің» құрылтайшылары қатарына енді. Серіктестік акционерлік қоғамға айналғанда оларға көмекке інілері атақты Альфред келді. Жарылғыш заттар жасаумен атағы шыққан Альфред, 1867 жылы динамит жасап, оны құрылысқа қолдануды енгізді. 1878 жылы қоғамға құрылтайшы болып, мұнай құбыры арқылы үздіксіз мұнай тасымалдау тәсілін тау-ып, 1880 жылы Бакуден Қара теңіз порттарына құбырды жүргізуді ұсынды. ол 1896 жылы 10 желтоқсанда қайтыс боларында артына өзі жиған - тергенінің белгілі бір пайызын адам баласының пайдасы үшін ғылымға бағыттауды кейінгі ұрпағына өсиеттеген. оның өсиетін швед королі қабылдамай, күшін жоюға әрекет жасағанымен, немере інісі Людвигтің ұлы Эммануил өсиетті бұзбай 1897 жылы оның бар жинағы 2 млн. фунт-стерлингті Нобель қорына аударды. Қор Нобель сыйлығының қаржылық негізіне айналды. Кейін әкесі Людвиг қайтыс

206 207

болған соң Нобельдер құрған компания басшылығына Эммануил от-ырды. ол 1889 жылы орыс азаматтығын қабылдап, мұнай өндірісіне шындап ден қойды.

Жайық-Жем аралығындағы жаңалықтардан хабардар Э.Л.Нобель 1911 жылы алдымен «Ағайынды Нобельдердің» кеңсесін Гурьев қаласында ашты. Мұндағы өзгерістерді сезген соң осы жылы Санкт-Петербургте орал облысында, Кавказда мұнай іздестіру үшін және табылған мұнайды сату мақсатында «Ембі» акционерлік қоғамын құрды. Қоғам үкіметтік шешіммен 1912 жылы 10 сәуірде бекітілді. оның құрылтайшылары Э.Л. Нобель, стат кеңесшісі Т.в.Белозерский және И.И. Стахеевтер болды. Гурьев қаласында қоғамның кеңсесі ашылды ( ҚРоМА 681 қ.,1 т.,13 іс). 1912 жылы 12 мамырда Санкт-Петербургте қоғам акционерлерінің алғашқы жиналысы болып, өз жұмысын бастады. Міне осы күнді Нобельдердің заңды түрде Қазақстан мұнайына келуі деуімізге әбден болады. Нобельдер қаражаты «Ағайынды Нобельдер серіктестігі» мен «Ембі» қоғамында шоғырланды. олардың біріншісі дербес акционерлік серіктестік ретінде тіркелсе, екіншісі орыс серіктестігіне мүше болды. 1914 жылы Жайық-Жем ауданында Нобельдермен қатар «Колхида», «Ембі-Каспий» қоғамдары мұнай іздеу, өндірумен шұғылданды. Қоғамдар ішінен 1912-1914 жылдар аралығында ауданда өндірілген 14.101.169 пұт мұнайдың 37% Нобельдерге, ал 63% «Жайық-Каспий» қоғамына тиесілі еді. Бұл бәсекелестік кейін де жалғасты. Қазан төңкерісіне дейін ең көп мұнай өндірілген 1914 жылы (272,2 мың т.) Нобельдер өз үлесін 39,4 %-ке жеткізді. Нобельдер өз жұмысында үнемі барлау және бұрғылап мұнай іздестіру істеріне назар аударды. Соның әсерімен олардың игерген скважиналардың саны 43-ке жетті. Сөйтіп Нобельдер Қазақстандағы мұнайлы кен орындарын игерудегі екінші ірі компания деңгейіне көтерілді. Яғни, Нобельдердің ақыл-ойы мен іскерлігінің тарихта қалдырған ізі бүгінгі Нобель сыйлығы екенін мойындасақ, адамзат үшін жұмсалып жатқан мол қаражатқа 1912 жылдан кейін қазақ мұнайы да өз үлесін қосты деп сенімді түрде айта аламыз. Со-нымен бірге Нобельдер және өзге де шетелдік компаниялар қаражаты мен тәжірибесі мұнайлы Қазақстанды сол заманда әлемдік нарыққа шығарып қана қоймай, өндіріске өз уақытындағы алдыңғы қатарлы технологияны енгізіп, қазақтардан мұнайшы мамандарды дайындауға оң септігін тигізді. Алда ыждағатты еңбек пен оқып-үйрену, талмас та-лап пен қажырлы ұмтылыстар жатты.

Тегінде бар тектілік...(академик Зұлқарнай Алдамжар хақында)

Академиктер Манаш Қозыбаев пен Өмірзақ Сұлтанғазин 1997 жылы 10 желтоқсанда Зұлқарнай Алдамжарға жолдаған жеделхатын-да «Алпысқа әркім жетеді. Біреу өрлеп келеді, біреу терлеп келеді. Біреу шауып келеді, өз үлесін дүниедегі тауып келеді. Енді біреу зорға келеді, өмір бойы жарымай, арқалаған жүгі жоқ, өмірге берген түгі жоқ, мойнында дорба келеді. Енді біреу айқайлап туып, алдына мыңдаған жылқы айдағандай дүбірлетіп келеді, тарихқа есімі енеді, еліне, халқына барын береді, жалындап жанып, құйрықты жұлдыздай ағып өтеді, өнеді», - деп тұлғаның Қостанай өңірінде, жалпы Қазақстанның білімі мен ғылымына қосқан үлесін саралап, тілегінің қорытындысы ретінде «орда тіктің ғылымға еңбегің сіңіп ғалым болдың, бала өсірдің, не-мере сүйдің, шәкірт тәрбиеледің, халық ағарту ісін, жоғары білім беру үшін ұйымдастыру жолында қайраткер болып қалыптастың», - деген жоғары баға берген-ді (1).

Сонымен Алдамжар Зұлқарнай Алдамжарұлын көрген, дәрісін тыңдаған, тәрбиесін сезінген, болашаққа бағыт-бағдар, арман арқалаған біздер үшін ол несімен қымбат? Алдыңғы буын ағалар берген жоғары бағаға, кейінгі толқын інілер сезінген қайраткерлікке қалайша жетті?

Сөз жоқ алдымен ата-бабасының қаны, олардың тәлім-тәрбиесі екендігі айтпаса да түсінікті. Зұлқарнай Алдамжарұлы мені Сырым баба тарихын жаңаша зерттеуге бағыттай отыра, 2000 жылы Кіші жүздегі Шойтас батыр туралы материал жинауды да тапсырған-ды. Кейін ба-тыр баба тарихымен таныса келе оның Зұқаңның үлкен атасы екенін түсіндім. Шойтас Сырлыбайұлы XVIII ғасырдың соңғы ширегінде елге танылған, Сырым датұлының азаттық үшін соғысына белсене қатысып, Жайық- Еділ аралығын қайтаруға күш салған тұлғалардың алдыңғы шебінде жүрген. Жерлестері Шойтас батырды Қара Шойтас деп атаған. Тұлға туралы мұрағаттағы алғашқы құжаттар 1785 жылмен хатталған. ол бойынша орыс үкіметіне қарсы көтерілген қазақтардың соңына 2669 жауынгерді ертіп генерал-майор Смирнов, 1250 казак-орыспен орал әскерінің старшындары Калпаков пен Паномарев, 405 орал казак-орыстарымен премьер-майор Назаровтар бастаған қарулы әскер аттанған кезеңде оларға Сырым, Барақ, Жиеншөре, т.б. бірге Қара Шойтасты да ұстау тапсырылған (2). Міне осы уақыттан бастап Ре-сей Шойтастың ел ішіндегі беделін таныды деуімізге болады. Шойтас Сырлыбайұлы өзге би-батырлармен бірге Еділ-Жайық аралығындағы

208 209

жайылымды қайтаруға барын салды. Соның нәтижесінде Кіші жүз қазақтары 1786-1787 жылдағы қыста малдарын ішкі бетке өткізуге қол жеткізді. Патша үкіметінің Жайықтан өту туралы рұқсат қағазында 45 400 түтінге арнайы 20 старшын және 1 сұлтан тағайындалған. Тізімге назар аударсақ, ысық Қаратау би 10 000, беріш Шойтас батырға 7000, шеркеш Жарқынбай батырға 3000, алаша Сыпыра биге 3000, масқар дөнен Итемгеновке 1000 түтінді басқару сеніп тапсырылған (3). Мұның өзі Кіші жүздегі белді рулардың бірі жетібаулы беріштің тұтастай Шойтас батырға сенім білдіргенін айғақтайды.

Ата шежіреде Шойтас батыр Нұралы ханмен құдандалы болған делінеді. Қиын-қыстау кезеңде ол Сырымның азаттық күресін қолдай отыра, Уфада тұтқында болған Нұралы ханды ешуақытта естен шығармады. 1790 жылы тамыз айында Нұралы хан қайтыс болғанда Шойтас батыр өзге би-батырлармен ел бірлігі үшін қызмет жасайды. 1791 жылы наурыз айында Сырым батыр Ресейдің отарлау саясатына қарсы тағы да қол жинаған кезеңде Кіші жүздегі беделді тұлғаларға хат жолдайды. Сырым Беріш руының би-батырлары Бөдене, Сар-жала, Шойтастарға жолдаған хатында «Қыс бойында Жайық пен Қаракөлді жайлайтын халқымның жас балаларын аяп және шекараға соққы берсек, орыс әскерилері сіздерді шауып, тонайтынын ескеріп атқа қонбадық»,- деп ағынан жарылады (4). Ел арасында қазақ пен орыс қарым-қатынасы шиеленіскен XVIII ғасырдың 90-жылдарында болашақ жоспарын ақылдасу үшін Сырым датұлы ақылгөй билермен кеңесіп, ат басын арнайы данагөй қарт Көбек биге бұрып, батасын алған екен деген сөз қалған. Көбек өзінің берген батасында:

Арғымақ атын арытқан,Хан төрені қаратқан, Қапияда сөз тапқан,Қараңғыда жол тапқан,Сырлыбай бек сойынан,Қажымас қара Шойтасқа да жолықшы,- деп Шойтас батырдың қоғамдық -саяси өмірдегі орнын анықтап бер-

ген екен (5). 1797 жылы наурыз айында Есім хан өлтірілген кезде Шойтас ба-

тыр өзге де тұлғалармен бірге қазақтың жікке бөлінуіне жол бермеу-ге ат салысты. Мұрағаттық деректе беріш руынан Бекқали Ағатаев, Матай Байболатов, Шойтас Сырлыбаев, Саржала Жамбаевтар Жайық бойындағы тыныштықты сақтау жолында күш салғаны дәлелденген (6). Кейін Шойтас батыр ысық Қаратау, шеркеш Құлмамбет, алаша Сыпыра өзге де белгілі азаматтармен бірлесе Қаратай сұлтанды хан тағына көтереді.

Міне қоғамдағы белсенділігімен көзге түсіп, белді деген тұлғалармен араласқан, өзара сыйласқан Шойтас батырдың інісі Мәмбетәліден Төлеп, Төлептен Бегейсін, Бегейсіннен Есет, Есет-тен Алдамжар, Алдамжардан Зұлқарнай тарайды. Зұлқарнай Алдамжарұлының өз атасы Есет бабамыз да аталар дәстүрін жалғастырып, ұрпағын елдікке тәрбиелейді. Есет Бегейсінұлы да - та-рихта өзінің парасатымен, әділдігімен белгілі тұлға. З. Алдамжар өз атасы турасында: «Менің атам Есет Бегейсінұлы Қазан төңкерісіне дейін көп жылдар бойы Бөкей ордасында беріш руының Есенғұл, Сыр-лыбай бөлімінің старшинасы болған... . Есет атам әрі би, әрі шежіреші болған адам. Қазақ тарихының мәселелерін одан артық білетін кім бар деп ойлайтынмын. Әсіресе Кіші жүз тарихын ағытқанда өте терең еді... Бір ғажабы Есет атамыздың деректері мен Халел досмұхамедов, Ығылман Шөреков еңбектері өте үндес. Бұл кісінің қолында Шойтас бабамыздан басталып, жиналған тарихи деректер, шежірелер болған-ды»,- деп жазды (7).

Сөз жоқ, аталар мұрасы Зұқаңды алға сүйреді, үлкен ғылымға ұмтылдырды, тарихшы мамандығын таңдауға итермеледі. Сөйтіп ол 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1962 жылы үздік дипломмен бітіреді. Бұл жылдар ғылым сүйген тұлғаға айрықша әсер етті. ҚазМУ-дың тарих факультетінде атақты Ермұхан Бекмаханов, академик С.Покровский, профессор А.Алиев, Ә.Тұрсынбаев, С.Кенжебаев, Н.дауылбаев, Ә.Қанапин, Кеңес Нұрпейіс, Г.дахшлейгер т.б. ғалымдар дәріс оқитын. З.Алдамжармен бірге оқыған атыраулық белгілі тарихшы, т.ғ.к., профессор Ғинаятолла Нығмет: «Бізді бірінші курстан бастап тарих үйірмесіне қатыстырып, баулыған Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Б.Бекмаханов пен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Хажым Хабиев еді. Кейін Зұлқарнай Алдамжарұлының ғылыми зерттеуіне басшылық еткен про-фессорлар Г.Ф.дахшлейгер, К.Нұрпейіс, доцент Халел Әділгереев және басқалар еді»,- деп еске алады (8). Әрине, бір ғана Е.Б. Бекмахановтың өзі болашақ тарихшылар үшін айтып жеткізе алмайтын үлкен өнеге болатын.

З.Алдамжардың Қостанайлық шәкірті, тарих ғылымдарының кандидаты Серікжан Исмаилов Алматы қаласындағы мұрағаттарда жұмыс жасау барысында Бекмаханов мұраларымен танысу үстінде ұстаздың З.Алдамжарға үлкен үміт-пен қарағандығын айғақтайтын құжатпен танысқанын талай мәрте жарияла-ған болатын. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.к. Қаби Есімов: «Біздің курстас достарымыздың бір-бірімен қарым-

210 211

қатынастары жақсы, оқу үлгерімі жоғары болды. олардың арасын-да көзге ерекше көрінетін марқұм Зұлқарнай еді. оның көпшіліктен ерекшелігі- оқу озаты, қоғамдық жұмыстарды тиянақты орындауы ғана емес, ол өзінің сабырлы мінезімен, көпшілдігімен, орынды қалжыңдарымен де құрдастары-ның арасында құрметке бөленген жігіт болды»,- деп тұлғаның адами қасиеттерін ашып көрсетті (1,92б).

З.Алдамжардың ғалым ретінде қалыптасуында оның ұстазы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Г.Ф.дахшлейгердің еңбегі ерекше. Академик К.Нұрпейіс өзінің «Г.Ф. дахшлейгер – настав-ник и человек» атты мақаласында «Я сам могу засвидетельствовать: если одной из проблем, которой я занимаюсь постоянно являются во-просы общественно-политической жизни Казахстана в 20-30-е годы ХХ века, то в выборе этой темы и определении круга ее аспектов большую роль сыграл Г.Ф.дахшлейгер. То же могут сказать о себе Малик Ханте-мирович Асылбеков, Зулхарнай Алдамжарович Алдамжаров, владис-лав Константинович Григорьев, Жулдыз-бек Бекмухамедович Абыл-хожин и многие ученые, работавшие и работаюшие в системе НАН РК и вузах республики», - десе, академик М.Х.Асылбек «Г.Ф.дахшлейгер өте салмақты, білгір, жоғары мәдениетті, көпшілікпен тіл таба білетін, артық сөзі жоқ, ірі ғалым еді. Институт дайындаған күрделі еңбектер, әсіресе екі томдық және бес томдық «Қазақ КСР тарихы» сияқты басылымдарды Григорий Федорович басынан аяғына дейін өзі қарап, алып-қосып, жүйелі түрде бір ізге түсіріп, мүқият редакциялап шығатын», - деп ғалым-ұстазға жоғары баға берді (9). Міне осын-дай ұстаз, жетекшіге кездескен Зұлқарнай Алдамжарұлы 1967 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аспирантурасына жолдама алады. Көп ұзамай өз зерттеуіне ұқыптылықпен кіріскен аспирант ғылым канди-даты атанса, араға жылдар салып, 1985 жылы тарих ғылымдарының докторы атанды. Бұл жайды т.ғ.д, профессор Лесқали Берді-ғожин «З.Алдамжардың тарихнамашы ғалым ретінде қалыптасып, танылуын-да Г.Ф. дахшлейгердің еңбегі ерекше. «Қазақстандағы Кеңес өкіметінің орнауы» тақырыбында басталған кандидаттық диссертациялық ізденісі іргелі монографияға жалғасып, З.Алдамжар 1985 жылы Мәскеудегі КСРо тарихы ғылыми-зерттеу институтында докторлық диссертаци-ясын сәтті қорғады. Белгілі тарихшы, академик И.И. Минцтің «Ұлы Қазан революциясының тарихы» атты 3 томдық зерттеу еңбегінен кейін ұлт республикасын өкілінің бұл тақырыпқа қалам тартып, докторлық диссертацияны Мәскеуде қорғауы үлкен ерлік еді»,- деп тарихшы ізденісінің қаншалықты салмақты екендігін айқындай түседі (1, 131 б.). Біздіңше, өте орынды дәл айтылған пікір. Кеңестік заманда

мұндай күрделі тақырыпты зерттеп, оны сол идеологияны негіздеуші Мәскеулік ғалымдар алдында қорғауы, олардың қазақты мойындауы нағыз ерлікке татитын іс. Бұған қоса З.Алдамжар - 07.00.09 – Тарих-нама, деректану және тарихи зерттеу әдістері мамандығы бойынша қорғаған қазақтың алғашқы ғылым докторы. Міне мұның барлығы тарихшыға үлкен жауапкершілік жүктеді. Соны сезінгендіктен де ол тарихшылардың жаңа буынын дайындауға күш салды. Атырау педагогикалық институтында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор бола жүріп, ұстаз төңірегіне жас ғалымдар - Ғ.Кенжебаев, Қ.Мұхитов, Л.Бердіғожин, Ө.Исенов, Б.Нығметов, С.Сапанов, А.Сабиров, А.Ахмет, Ұ.Т. Ахметова, Ә. Мұқтаров т.б жинады. Кейін 1989 жылы Зұқаң Қостанай мемлекеттік институтының ректоры болып тағайындалған кезеңінде де төңірегіне жас ғалымдар - С. Исмаилов, А. Айтмухам-бетов, С.дәрменов т.б. жинап, қанаттандырды. олардың барлығы сол кезеңде нақты зерттеу тақырыбын алып, ғылымға құлшына кірісті. Қазақстанның солтүстігінде жоғары білікті тарихшы ғалымдарды дай-ындау мақсатында аспирантура ашып қана қоймай, арнайы 07.00.02.- отан тарихы (Қазақстан Республикасы тарихы) мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғататын диссертациялық кеңес ашты. оның жемісін Қостанайлықтар көрді. Бүгінде жоғарыда аталған бір уақыттағы жас оқытушылар ғылым докторлары, ғылым кандидат-тары ғана емес, сонымен бірге үлкен лауазым иелері. Мен де 1988 жылы қазақ мұнайшылары тарихын зерттеуге қадам алып, сол жолда ұстазымның талай ақыл-кеңестеріне қанық болдым. З.Алдамжардың ерекшелігі шәкірттеріне сенім білдіріп Мәскеу, Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтарға, солар арқылы оның беделді ғалымдарына өзі хабарласып жіберуі және тапсырманың орындалуын қадағалап от-ыруы еді. Біз Лесқали Бердіғожинмен бірге бірнеше рет Мәскеудегі мұрағат институтында болып, ондағы КСРо-ға белгілі ғылым доктор-лары в.А.Муравьев, А.И. Зевелевтермен кездесіп, үлкен ғылымның дәрістерін тыңдауды жалғастырдық. Кейін баға жетпес тәлім-тәрбиені Алматы қаласындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және эт-нология институтындағы, жоо-лардағы ғалымдар – М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, К.Есмағамбетов, Ж.Қасымбаев, Х.Әбжановтардан жалғастырдық. Мұның барлығы ізденушілер үшін таптырмас байлық болатын. Аталған ғалымдар ішінде Зұқаңның Кеңес Нұрпейісұлы мен Көшім Лекерұлына ықыласы ерекше еді. олардың оң қарым-қатынасы бізді әрдайым алға ұмтылдырды, қажет кезеңінде қанаттандырды, бағыт-бағдар сілтеді. Белгілі тарихшы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов «2005 жылы Қазақстан тарихшылары К.Нұрпейістің 70 жасқа то-

212 213

луын дүркіретіп тойлады. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі әріптестері мен шәкірттері де тарту-таралғысын жасады. Арада бірер ай уақыт өткенде Алматыдағы бір ғылыми бас қосуда Кеңкеңмен жолығудың сәті түсті.

- Ертең түсте үйге кел! Менің мерейтойымда Зұлқарнай Алдам-жар болған жоқ еді. ол да осында екен. Екеуіңді күтем, - деді ағам.

Зұлқарнай – Қостанай әлеуметтік–техникалық университетінің президенті, кезінде Қостанай мемлекеттік университетін басқарған, Жоғарғы Кеңес депутаттығына сайланған азамат. Кеңкең екеуі құрдас, ежелден дос, сырлас жандар. Бірін-бірі ауыздарынан тастамай жүретінін жұрттың бәрі біледі.

Айтқан уақытында жиналдық. Мұнтаздай киінген ағамыз, жүзінен күлкі кетпейтін апамыз қарсы алды. Бұл үйдің дастарқаны ешқашан жиылған емес, қонақ күткенде тіптен құлпырып кететін салты бар. Несін айта берейін, сол күнгі отырыс, әңгіме-дүкен, пікірлесу бір жылға бергісіз байлық екен-ау. Сөйткен Кеңкең де, Зұқаң да бүгінде ортамызда жоқ ... «Қарап тұрсам бұл дүние шолақ екен. Бір-біріне адам-дар қонақ екен» деген жолдар осындайдан туғанына енді күмәнденіп көріңіз», - деп еске алады (10). Мұның барлығы алдыңғы буын ағалар мен ізбасар тарихшы інілердің өзара сыйластығынан туған шынайы пікірлер екендігі даусыз.

2008 жылы 28-29 ақпанда Х.досмұхамедов атындағы Аты-рау мемле-кеттік университетінде т.ғ.д., профессор Зұлқарнай Алдамжарға арналып өткізілген «отан тарихының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда бас баяндама-шы болған Х.Әбжанов: «Профессор З.Алдамжар тарихи ілгерілеуде, ғылыми танымда да ұрпақ сабақтастығын маңызды фактор қатарына қояды. ол таяу болашақтың өзінде-ақ халқымыздың ұлан-ғайыр тарихи тағдырын зерттеу салмағы, жас буын тарихшыларға түсетінін қапысыз ұқты. «ал жастарға, - деп жазыпты «ұлттық тарихымыздың өзекті мәселелері» зерттеуінде, - әрқашан да жаңашылдық, сыншылдық ұшқыр ойлылық, білімпаздық, іскерлік пен батылдық тән. сондықтан да қазақ тарихшыларының жас ұрпағына орталау көңілмен қарап, осылар өзі парасатсыздық қамауында (интел-лектуальный вакуум) қалып қоймас па деп үрейлену, сенімсіздік білдіру ұлтжанды қазақ жастарының азаматтық табиғатын, жаңалық пен әділеттілікке ұмтылысын түсінбеушілік болар еді. ақиқаты сол – үміт те, жаңару да, жақсылық та жастан». осынау ұлағатты сөздер тұлғаның нұрлы әлемін көз алдымызға елестетеді», - деген жоғары бағамен қорытты (11).

Уақыт өз дегенін жасап жатыр. Бүгінде Зұқаң да, Кеңес аға да ара-

мызда жоқ. Бірақ олардың ісін жалғастырар інілері-біздер тарихшы-лар қауымы бармыз. оған да шүкіршілік етеміз. Өйткені ұстаз салған ғылыми сара жол жалғасып, тәуелсіз еліміздің азаттық тарихы жазылып жатыр. оның жолында Зұлқарнай Алдамжар шәкірттері де тер төгіп еңбектеніп, үлестерін қосуда (12). оны т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтардың 2 монографиясы мен 2 оқу құралы, т.ғ.д. Л.Бердіғожиннің 1 монография-сы, т.ғ.д. Ұ.Ахметованың 1 монографиясы, тарих ғылымдарының кан-дидаттары Ө.Исенов, С.Исмаилов, С.дәрменов, А.Айтмухамбетовтың т.б. диссертациялары, жүздеген мақалалары дәлелдейді. Мұның өзі тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Ал-дамжар қалыптастырған тарих ғылыми мектебінің өміршеңдігін айғақтайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Алдамжар З. Еске алу кітабы. Книга памяти. -Алматы 2007, 146б.ороММ. 5 қ., 1т., 15 іс, 60-63 п.Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828гг). -Москва-Ленинград,

1940, С.86-87ороММ. 5 қ., 1 т., 29 іс, 94-97, 134 п.Алдамжар З. Ұрпақтар сабақтастығы-тарихи проблема // Атамекен, №29,

қазан, 2000 жылороММ. 5 қ., 1 т., 63 іс, 64-71 п.Таным таразысында. (мақалалар жинағы). -Атырау, 2006, 38-40б.Нығмет Ғ. Академик З.Алдамжар зерттеуіндегі Ахмет Байтұрсынов

тағылымдары // «отан тарихының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конф. матер. жинағы. –Атырау: Х. досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 2008. 45-46б.

Қазақстанның тарих ғылымы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 60-жылдығына арналады.- Алматы, 2005. – С.250, 253-254

Алаштұлғалы. Кеңес Нұрпейісұлы туралы естеліктер / Құраст. Т. Нұрпейісов. –Алматы, 2010. -222б.

Әбжанов Х. Профессор З.Алдамжар зерттеулерінің тарихи-методологиялық әлемі // «отан тарихының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конф. матер. жинағы. –Атырау: Х. досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 2008. 19б.

Мұқтар Ә. Азаттық таң жолында. Монография. –Алматы, 2001. 257б.; Соныкі, Нұралы хан және Сырым батыр. оқу құралы. –Қостанай, 2001. 116б.; Соныкі, Қазақ мұнайының тарихы. Монография. –Алматы, 2005. -224б.; Соныкі, Тарих тұңғиындағы тұлғалар. оқу құралы. –Алматы, 2008. -240б.; Бердіғожин Л. Қазақстан мұнай-газ өндірісі саласы маман кадрлары. – Қызылорда, 2007.; Ахметова Ұ.Т. Арынғазы хан. – Алматы, 2004.-168б.

214 215

Қанатты жастар қамқоры еді (академик Кеңес Нұрпейіс хақында)* Уақыт қай заманда да адам ырқына бағынбай өз дегенін жасайды.

Бірақ осы мәселені әркім өзінше түсінеді, алла тағала берген азғана мүмкіндікті өзінше пайдаланады. Мұның өзі сайып келгенде әрбір пенденің тікелей ата-баба қанымен келетін болмысына байланысты. оған қосымша оны шыңдай түсетін еңбекқорлық пен ізденушілік, жігер мен намыс қосылса адамның көптің алдына шығып ел сыйлай-тын қадірлісіне айналатындығы белгілі.

Шүкіршілік, қазақ халқында көпшілік құрметіне бөленген, әрқашан үлгі тұтқан ағалар баршылық. олардың арасында, сөз жоқ,маңдайы кереқарыс, жүзінен мейірім-шуағы төгілген Кеңес Нұрпейіс дарала-нып тұратын. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Кеңес Нұрпейісұлының аты алты алаштан асып, дүниежүзі оқырмандарына белгілі тұғын. Кез келген қазақтың қара баласы онымен таныстығын, ия болмаса көріп амандасқанын мақтанышпен айтып отыратын.

Мені Кеңес ағамен танысып, қоян қолтық араласып, үнемі ақылдасып отыру деңгейіне жеткізген ұстазым Зұлқарнай Алдамжарұлы болатын. Сонау 1990 жылы Атыраудан Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантура бөліміне түскен кезімде-ақ Зәкең бірден Кенеақаңа бағыттап, таныстырған-ды. З.Алдамжарұлы ол кезеңде бүгінгі А.Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік университетінің ректо-ры қызметін атқарған. Иә, менің өмірімде жаңа бетбұрысты кезең ба-сталды. ол еліміздің белгілі тарихшыларымен танысумен ерекшеленді. Әрине, оның басында Кеңес ағамыз тұрды. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кең бөлмесінің төрінен орын ала орналасып, айнала қоршаған аспиранттары мен докторанттары ортасында нақты тапсырмалар беріп жатқан ғалым-ұстаз сыртынан бақылап тұрған жастарды бірден баурап алатын. Мұндай жағдайда са-лихалы дидарласуды бұзудың еш реті жоқ. Сондықтан ұстазды күтудің өзі жастар үшін жаңа бір жарқын істердің бастамасы болатындай. Мен де замандастарыммен бірге Кеңес ағаны тағатсыз күте тұрып, онымен бірге Шевченко көшесімен бірге жүре Желтоқсан көшесінің

қиылысына дейінгі сұхбаттасуын өзім үшін ерекше құрмет көрдім. Алғаш кездесуімізде ағамыз З.Алдамжардың қал жағдайын сұрап, арасында тарих ғылымындағы түрлі түйткілді мәселелер жөніндегі менің пікірімді анықтағандығын кейін сезіндім. 1993 жылы 14 сәуірде кандидаттық диссертациямды Алматы мемлекеттік университетінде қорғаған кезімде К.Нұрпейісұлы мен зерттеген кезеңнің маманы ретінде бірінші оппонентім болған-ды. Сәл кейін соңғы сөз диссертант маған берілген кезеңде қатар отырған Зәкең мен Кенеақаңның ортасы-нан «мына баланы дайындаса доктор болатын түрі бар» деп айтылған пікірді анық естідім. Мұның өзі болашаққа деген үлкен ұмтылыс жасауға серпін берді. Мұндай әкелік қамқорлық Кенеақаң о дүниелік болғанша жалғасты. Меніңше кез келген тарихшы үшін шынайы ақыл-кеңес қай уақытта да қымбат. Соның арқасында бір үйден екі ғалым шықты. Жолдасым Ұлжан Төлегенқызы 2003 жылы белгілі қайраткер Арынғазы Әбілғазыұлының қоғамдық-саяси қызметі туралы Кенеақаң басқарған Қайнар университетіндегі диссоветте кандидаттық диссер-тациясын қорғады. Мұндай Кенақаңның қамқорлығын талай жастар сезінді. олар оны бүгінге дейін жыр қылып айтады. Сондықтан да шын көңілмен осыншама шәкірт дайындаған ағамызды ғұлама ұстаз деуімізге әбден болады.

Кенеақаңның бойындағы асыл қасиеттердің бірі өзінің жолда-старын, көзі көрген ағаларын, жанында жүрген інілерін әрдайым үлгі тұтып мақтанышпен айтып отыратындығы. Мұндай жақындықты, әрі сыйластықты мен оның З.Алдамжармен, К.Есмағамбетовпен, Т.З.Рысбековпен т.б. аралас-құраластығынан анық байқадым. Алматы қаласына барған іс-сапарларда талай рет жоғарыда аталған тарихшы-лармен бірге ағамыздың дәм-тұзын таттық. Әдетте мұндай кездесу-лерде шама келсе үлкендер әңгімесіне араласпай оларды тыңдап, шы-найы әзіл-қалжыңдарын көре отырып, осы арада ұстаздың кім-кімге де ақылшы екендігін байқайсың. осындай сәттерде ағамыздың жанында отырған Мәрия анамыз кездесудің сәнін келтіретін. Қай уақытта да анамыздың қазанында асы қайнап жататын. Мұндай сәттерде ағаның інілері анамызды мақтаудан жалықпайтын. Кеңес ағада оларды қостай отыра бәрі де Мәкеңнің арқасы деп көтермелеп қоятын. Қостанайдан келген З. Алдамжар міндетті түрде раушан гүлінен бес тал ала келетін. оны көрген Мәрия апай бір рақаттанып күліп, Зәкеңді мақтай ала жөнелетін. Бұл да ағалар арасындағы ерекше сыйластық деп білемін.

Кеңес Нұрпейісұлы тұтастай оқырман қауым білген, артына сүбелі зерттеулерін қалдырған шынайы тарихшы болатын. Бүгінде оның қаламынан туындаған қаншама еңбек кейінгі ұрпаққа қалды. олардың барлығы ,сөз жоқ, алдымен қазақтың байлығы. Ғалымның

*Мақала «Алаштұлғалы». Кеңес Нұрпейісұлы туралы естеліктер / Құраст.: Т. Нұрпейісов. – Алматы: «Ан Арыс», 2010 жинағында жарияланған.

216 217

ұлт-азаттық қозғалыстар, аграрлық мәселелер, қазақ мемлекеттілігі та-рихы, тарихымыздағы тарихи тұлғалар тағдырларына айрықша маңыз бергендігі көпке белгілі. Солардың ішінде ағамыз Алаш азаматтары тарихына ерекше сүйіспеншілікпен қарағанын байқадық. Кезінде айтылуға тыйым салынған Е. Бекмахановтың еңбектері мен мұраларын қайтадан халқымен қауыштырғанда К. Нұрпейіс болатын. Өзінің 1995 жылы жарық көрген «Алаш һәм Алашорда», 1996 жылғы «Халел досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы» еңбектері арқылы отандық тарих ғылымындағы жаңа тәуелсіз ізденістің негізін қалады. 2005 жылы Кенеақаң еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанда» (15 ақпан) «Қайсарлық және қасірет. Е.Бекмаханов пен оның басты кітабының жариялануы жайында» атты мақаласы көпшіліктің көңілінен шықты. Өйткені оның ұстазы Е.Бекмахановтың жүріп өткен жолдары алғаш рет тұтастай қалың қауымға жол тапты. Соның алдында 2000 жылы К.Нұрпейіс «дискуссия по книге Бекмаханова Е.Б. «Казахстан в 20-40 годы ХІХ века» еңбекке жауапты редактор болған-ды. Яғни ұстаз ғалым әрқашанда өзінің ізденістерін үнемі толықтырып, жаңа ізденістерге ой тастап, бағдар беруді парыз санаған. Ғалымның осын-дай еңбекқорлығы өз тарихына деген адал сүйіспеншілігі шәкірттеріне дарыды. олардың барлығы ғалым салған сара жолды қазірде әрі қарай сол қарқынмен жалғастыруда. Қорыта келгенде К.Нұрпейісұлы өзінің артына мол мұра қалдырған ғалым ғана емес, сонымен бірге қазақтың біртуар азаматы, тәлімі мен тәрбиесі мол тұлға болатын. оны зерттеп өскелең ұрпаққа жеткізіп, ұлықтау тікелей біздің міндетіміз.

ұстазға тағзым*

Бүгінгі Халел досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дамуына үлес қосқан ғалымдар қатарында тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Күләш Қайырбекқызының орны ерекше. Біз ұстазымызбен оқу орнына түсіп, студент атанған кезімізде таныстық. ол 1981 жыл болатын. Сол жылы тарихшы мамандығына құштар 50-ден астам атыраулық, оралдық, маңғыстаулық, ақтөбелік жастар оқуға түсіп, Гурьев педагогикалық институтының «Тарих-филология» факультетінің студенті атандық. «Тарих-филология»

факультеті ішіндегі тарихшы мамандығы Кеңестік кезеңде ең сұраныстағы мамандық болатын. оны бітірушілер еліміздің барлық әлеуметтік-экономикалық салаларында, түрлі мемлекеттік мекеме-лерге қызметке бірден алынатын. Факультетімізде тікелей тарихшы-ларды дайындайтын екі кафедра – КСРо тарихы және жалпы тарих кафедралары қызмет ететін. Жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі Күләш Қайырбекқызының бізбен етене араласуы алғашқы күндерден-ақ басталды. Кафедра меңгерушісі ретінде, соның ішінде бірінші кур-ста оқитын ежелгі дүние тарихы пәнінен дәріс беріп, біздерді тарих ғылымына баули бастады. Әлі есімізде, Күләш апайымыз әрбір оқыған дәрісінен кейін тақырыпқа қатысты түрлі тапсырмалар беріп, оның орындалуын қатаң қадағалайтын. Емтихан қарсаңында өзіміз қолдан жасаған көрнекі құралдармен қаруланып, замандастарымыз жоғары бағаға ұмтылатын. Әркімнің дайындығын семинар сабақтарынан жақсы білетін ұстазымыз ондай сәттерде қосымша сұрақтармен біраз қинап, соңында тиісті бағасын қойып, болашақта нені назарда ұстау керектігін дәл айтатын. «Сіздер әзір өздеріңді студент емеспіз деп есептеулерің ертерек. Өйткені алдарыңда алғашқы сессияларың – емтихандарың күтіп тұр. оны өте жақсыға тапсырғандар ғана сту-дент атауына лайықтысыңдар» – деп айтудан талмайтын. Біздің заман-дастарымыз оны сол кезеңде-ақ ұғынды. Бірінші курс студенттеріне алдыңғы курстарда оқитын студенттер Күләш апамыздың өзіндік та-лаптарын айтып, оның азаматқа тән қадір-қасиеттерін жыр қылатын. олардың айтуынша, ұстазымыз студентке ең жақын адам болатын. Сол жылдары бізге ұстазымызбен замандас т.ғ.д., профессор Зұлқарнай Алдамжар, т.ғ.к. Ибатолла Кәмешұлы, т.ғ.к., профессор Жиенбай Базарбайұлы, т.ғ.к., профессор Ғинаятолла Нығыметұлы дәріс беретін. Біз олардың ҚазМУ-де қатарлас оқып, сол кезеңде бірге жүріп, бір-бірімен қатты сыйласатынын көріп, қызыға қарайтынбыз. олардың бірі проректор, бірі декан, бірі кафедра меңгерушісі болатын. Қатарласып жүріп ер-азаматтар ортасындағы Күләш Қайырбекқызын қолдап, көтермелеп, бірауыз сөзін жерге тастамайтындықтарына куә болдық. Студенттік жылдардың алғашқы емтиханын Күләш апамыздың Ежелгі дүние тарихынан тапсырып, өте жақсы деген баға алып, алдыма үлкен мақсаттар қойдым деп сеніммен айта аламын. Студенттердің алдыңғы алған жоғары бағаны ұстап қалуға тырысатындығы айтпаса да түсінікті емес пе?! осы бір емтиханды бүгін де еске алсақ, оған біраз белгілі азаматтар қарыздар болады-ау деп ойлаймын. Қатарлас оқыған тарих ғылымдарының докторлары – Ғабит Кенжебаев, Сайфолла Са-панов, тарих ғылымдарының кандидаттары – Лесқали Бердіғожин, Бақтылы Боранбаева, Файруза Рысқалиева, Қабибек Мұхитов, Бо-

*Мақала 2009 жылы Атырау қаласындағы «Ақ Жайық» баспасынан жарық көрген «Қалдырған ізің мәңгілік...» атты мақалалар жинағында жарияланған

218 219

лат Нығметов, Өтеген Исенов, Аққали Ахмет, Ұлжан Ахметова, Әділбек Тұрдалиев, Көпжасар Меңдігереев т.б. ұстазымыздың тәлім-тәрбиесін алғандар. Күләш Қайырбекқызымен алғашқы сынақтан кейін-ақ байланысымыз кеңейіп, ғылым жолына бағыт алдық. Күләш Қайырбекқызы студенттерді үнемі қолдап, олардың жанұялық ерекшеліктерін ескеріп, біріне жатақхана, біріне стипендия алуларына қолдан келген көмегін аямайтын. Институттағы оқуды тәмамдағаннан кейін мен Кеңестер әскер қатарына алындым. 1987 жылы әскерден келіп, Сарытоғай орта мектебіне мұғалім болып орналастым. Содан 1988 жылы күз айында Күләш апайымыз ауылдағы маған Лесқали Бердіғожинді жіберіп, институтқа шақырып, өзі басқаратын кафедраға аға оқытушы қылып жұмысқа орналастырды. Араға уақыт сала рек-торымыз Ж.С.Ақылбаевқа өзі бірнеше рет барып, жатақханадан орын алып берді. Мұның өзі шынайы қамқорлықтың үлгісі емес пе?! осы кезеңде онымен ақылдаса отырып, ғылымға ден қойып, ғылыми жетекшілікке Зұлқарнай Алдамжарды бекіттірді. Содан 1990 жылы оқу жылы басында мен аспирантураға жолдама алып, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне түсіп ғылымға бір жола ден қойдым. 1993 жылы ғылым кандидаты атанып, өзім оқып, білім алған Атырау педагогикалық институтына оралдым. Бұл кезеңде Жиенбай Базарбайұлы басқаратын Қазақстан тарихы кафедрасында еңбек етсем де, Күләш Қайырбекқызымен бір факультетте болғандықтан байланы-сымыз үзілмеді. Бұл тұста да ұстазымыздың азаматқа тән қасиетіне куә болдық. 1995 жылы Қостанай мемлекеттік университетіне жұмысқа ауысқан сәтімде де ұстазым ақ батасын берген болатын. Мұндай өзара сенімді, сыйласқан қарым-қатынасымыз бүгінге дейін жалғасын тап-ты. 2003 жылы елге оралып, факультет деканы, проректор лауазым-дарын атқарған тұсымда да Күләш Қайырбекқызы бізге, шәкірттеріне үлкен сеніммен қарады, әрбір ісімізді уақытында бағасын беріп, оң бағыт-бағдар көрсетті. онымен қатарлас жүрген замандастары Ғ.Нығыметов, Ж.Бақиев, Ж.Мұстафин, Т.Төлепбергени, А.Шамғонов т.б. ұстазымызды қиналған сәттерінде қолдап, демеп отырды.

Бүгінде Күләш Қайырбекқызы ортамызда болмаса да, оның ар-тында қалдырған ізі, азаматтығы, іскерлігі көпке үлгі боп қалмақ.

Қадірі биік аға еді...*

Қайран, Ғалекең. Күні кеше арамызда үлкенге қадірлі іні, бізге ақылшы болып жайраңдап жүрген ағамыз пәниден бақилыққа аттанды. Не шара?!. Өмір өз дегенін жасап, тірі пенденің ырқына көнбейтіндігін тағы дәлелдеді. Абай атамыз ол турасында:

Адамзат бүгін адам, ертең топырақ,Бүгінгі өмірі жарқылдап алдар бірақ.Ертең өзің қайдасың білемісің,Өлмек үшін туғансың, ойлан, шырақ, - деп аса көрегендікпен

жауап берген екен. Яғни, барша адам баласының барар жері – ақын толғанысындағы қара топырақ... Бірақ кім қалай барады? Кеткен адам артында не қалдырды? Кейінгі ұрпақ ағалар жолынан қандай тәлім-тәрбие алады? Міне, мұның өзі адамзат баласы үшін сауал мен сау-ап. Сауал толғандырса, сауап нұрландырады. Өмір-өзен ой тастап аға бермек. Кейінгі толқын ағысын көлденең тоспа тоқтатпасын дейік. Өмірі өнеге бола білген Ғалекең ел жадында үлкен жүректі азамат, адал бауыр, дос, көрнекті педагог-ұстаз, жоғары оқу орнының ірі ұйымдастырушысы ретінде қала бермек. Жарқын істері өз биігімен тарихқа енбек.

Ғалекең ғалым ретінде артына мол еңбек қалдырған кісі. Солардың ішінде тегін таратып жазған «Ұлағат соқпағы» (2009 ж.) көңілге ерекше қонымды. Бұл еңбекті оқыған адам Ғалымжан Жұмабайұлының әке-шеше шаңырағына, олардан тараған бауырларына ыстық сүйіспеншілігін байқайды. Бауырлары да Ғалекеңді айрықша қадірлеген-ді. оны ел бо-лып жоқтаған қаралы жиындағы қалың бұқараның жан күйзелісінен сезіндік.

Ғалекең жан-жағына нұрын шашып, өзінің кеңпейілдігімен, адамгершілігімен, қолының ашықтығымен дос-інілерін жинаған-ды. Біз осындай інілердің қатарында болып, ағамыздың талай жақсылығына куә болдық. Мен Ғалымжан Жұмабайұлымен өткен ғасырдың 90 жыл-дарынан жақын араласа бастадым. ол кезеңде ғылым қуған атыраулық жастар алдыңғы буын ағаларды арқа тұтып, алдағы жоспарлары тура-лы ой бөлісетін. Ағамыздың талай жасқа берген ақыл-кеңесі бұлжымас бағыт-бағдар бола білді. 1995 жылы Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетінің ректоры, жерлес ағамыз, ұстазымыз Зұлқарнай Алдамжардың шақыртуымен жұмысқа

*Мақала «Ана тілі» газетінің 2012 жылғы 6-12 қыркүйегіндегі санында қысқартылып жарияланған.

220 221

ауысуымды бірден қолдаған да Ғалекең болатын. ол «әрдайым өзге де жоғары оқу орындарында жұмыс жасауға тәуекел ете білу керек. ол арқылы көпті танисың, тәжірибе жинақтайсың» деп қоятын. Кейін өзі Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне ғылыми жұмыстар мен халықаралық байланыстар жөніндегі про-ректор болып қызметке ауысқан тұста кейінгі інілеріне толық қолдау көрсетті. Мен ол кезеңде докторлық диссертациямды бітіріп, қорғауға шыққан болатынмын. Содан маған жетекші ұйым ретінде аталған университеттің Қазақстан тарихы кафедрасы бекітілген-ді. Кафедрада белгілі ғалым Хангелді Әбжанов Ғалекеңнің бір ауыз сөзін жерге та-стамай қолдау көрсетіп, қамқорлаған күндерді қалай ұмытасың?!. осы таныстық маған кейінгі жылдары да көп көмектесті. Бүгінде Хангелді ағамыз заманында қазақ ғұламалары - Ә.Марғұлан, Б.Сүлейменов, Р.Сүлейменов, А.Нүсіпбеков, М.Қозыбаев, Кеңес Нұрпейіс еңбек еткен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, этнология институтының директоры. Ғалекең мен Ханекеңнің достығы талай атыраулық тарихшы-ғалымның қалыптасуына себепкер болғанына куәміз. Тарих ғылымдарының док-торлары А.Сәрсенов, А.Ахмет, Ұ.Ахметова, Л.Бердіғожин, Ғ.Кенжебаев, ғылым кандидаттары Б.Нығметов, Ө.Исенов, Қ.Сүндетов... Бұл тізім осылай жалғаса береді. Тіпті бірде Ғалекең М.Өтемісов атындағы Ба-тыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі тарих ғылымдары бой-ынша диссертациялық кеңестің бір отырысын өзінде өткізіп, Ақтөбе қаласына үлкен ғалымдарды жинаған-ды. Сол жиынға қатысқан кеңес мүшелері кейін үлкен ризашылық сезімін білдірген-ді. осындай кез-десулерде Ғалымжан Жұмабайұлы қазақы дәстүрді қатаң сақтап, аға буын ғалымдарға айрықша назар аударатын. осындай бір кездесуде Ғалекең ел ағалары Үркенбай Қыдыралин мен Хисмет Табылдиевке өз атынан құрмет көрсетіп, ақсақалдардың батасын алып еді.

Ғалымжан Жұмабайұлы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры қызметін атқарған жылдары өзінің көреген басшы екендігін дәлелдеді. ол тағайындалған 2004 жылдан өмірінің ақырына дейін оқу орны республикадағы айтулы жоғары оқу орында-ры қатарына көтерілді. Институттың материалдық-техникалық базасы күшейді, жаңа ғылыми мектептер қалыптасты, ғылыми әлеует қатары өсті. Педагогикалық институт еліміздің рухани-мәдени орталығына айналды. Жас ғалымдарды төңірегіне топтастырған ректор олар-ды биік асуларды бағындыруға жұмылдырды. Соның нәтижесінде Нұрпейіс Байғаниннің мол мұрасы алғаш рет жинақталды. Әбілқайыр хан, Арынғазы хан, Қобыланды, Бөкенбай, Жарас батырлар, Әйтеке, Сарышоңай билердің қоғамдық-саяси қызметтері жаңа қырынан зерттеліп, көпшілікке баспасөз арқылы ұсынылды. Ғалекең өзі

ұйытқы болып, бірнеше республикалық, халықаралық конферен-ция ұйымдастырды. Талай мәрте ағамызбен қатарласа президиумда отырып, бас баяндамашы болған күндер ізсіз өтпеді деп ойлаймын. осындай баяндамалар уақыт өте өңделіп, еліміздің бас газеті «Еге-мен Қазақстанда» жарық көрген тұстарда да Ғалекең оқып, бірінші болып пікірін білдіретін. ол да адамгершіліктің, ғалымдықтың белгісі емес пе! Конференция жинақтары елге тарады. Қажырлы еңбек қорытындысында жастар диссертацияларын аяқтады, ғылым канди-даттары, докторлары болып шыға келді. осы жылдары Ғалекең ин-ститутынан ондаған тарихшы республикаға танылды. Мен білетін, әрі сыйлайтын ғылым докторлары Н.А.Абдоллаев, Г.Сұлтанғалиева, Н.Мухлисов мектептері нақ осы жылдары беки түсті. Әсіресе Нұртаза Ақишанұлы Ғалекеңді қатты құрметтеп, «іні болса да көргені жетерлік, берері көп» деп жиі қайталайтын.

Ғалымжан Жұмабайұлы ректор болған жылдары мен ақтөбелік азаматтармен кеңірек араласа бастадым. олардың ішінен Ғалымжан Төрехановты, Самат Есқалиевті, Сабыржан Мұхтаровты, Нұрдәулет Алдашевты, марқұм Серік Бермағамбетовты бөліп айтуға болады. Ғалымжан Төрехановпен бірлесе қазақтың маңдай алды батырлары Бөкенбайды, Жарасты, Алыбайды, билері Әйтеке мен Сарышоңайды зерттедік. осы мақсатта тарих ғылымдарының кандидаты, тарих факультетінің деканы С.Есқалиев Москва мұрағаттарында жіберілді. Ал Сабыржан жиналған материалдарды оқырманға жеткізуді қолына алды. Кейін Пұсырманұлы Жарас туралы үлкен жинақ елге тарады. оған да ұйытқы – біздің Ғалекең болатын.

Ғалекең ғалымдығымен, үлкен ұжымды басқаруымен қатар жанұясының тірегі, тұтқасы бола білді. Жеңгеміз Күнімханмен қол ұстаса жүріп, өмірдің бар қызығын бірге көрді, елінің ыстық ықыласына бөленді. Амал нешік, ағамыз бен жеңгеміз жұбын жазбаған күйі келместің кемесіне қатар отырыпты. Жандары жаннатта болсын, нұрлары пейіште шалқысын! Ендігі тілек олардың орындалмаған ар-мандары мен бастаған істерін ұрпақтары жалғастырсын...

222 223

МазМұны

Тұлғалар тарихына арналған құнды еңбек...............................................3

і ТараУТұлғалар Тарихын зерТТеУ МӘселелеріТөл тарих оған жаңаша көзқарас қажет...................................................6Тұлғалар тарихын зерттеу және оларды оқулықтарға енгізу мәселелері...............................................................12Қазақ батырлары тарихының зерттелуі және К.Л. Есмағамбетов.......16 Еліңнің егемендігі – зор бақыт.................................................................26Шоқайтануға қосылған сүбелі еңбек......................................................34Ақиқат жолын бұзбаған дұрыс................................................................38С историей следует быть осторожнее.....................................................41

II ТараУел азаТТығы ҮШін КҮрес жӘне Тарихи Тұлғалар (хVIII ғасыр)Әйтеке би ұрпақтары тарихынан (мұрағат ізімен)................................46 XVIIІ ғасырдың І жартысындағы қазақ-түркімен қарым-қатынасы...59Әбілқайыр хан және Нәдір шах: Қазақ және Иран мемлекеттерінің XYIII ғасырдың I жартысындағы қарым-қатынасы хақында...............67Әбілмәмбет Болатұлының қоғамдық-саяси қызметі.............................75 Мен-қазақтың үш Алашының ханымын...............................................103Жарас мерген және азаттық үшін күрестегі ұрпақтар сабақтастығы..........................................................120Алыбай Қосакөзұлының өмірі мен қызметі.........................................126Мыңбай батыр.........................................................................................133 III ТараУXIX ғасырдағы ҚоғаМдыҚ–саяси жағдай жӘне ТұлғаларБөкей ханның қоғамдық-саяси қызметі................................................140 Бекет ата тағылымы................................................................................150Сарышоңай бидің өмірі мен қызметі....................................................154

Сыпыра Қарабатырұлының өмірі мен қызметі....................................162Шерғазы Қайыпұлының қоғамдық-саяси қызметі..............................170Арыстан еді-ау Исатай............................................................................186

IV ТараУТарихҚа енген ТұлғаларҚайраткер Бақытжан Қаратаев..............................................................192 Алғашқы қазақ мұнайшылары және ағайынды Нобельдер...............200Тегінде бар тектілік... (академик Зұлқарнай Алдамжар хақында).....207Қанатты жастар қамқоры еді (академиик Кеңес Нұрпейіс хақында)...................................................214Ұстазға тағзым.........................................................................................216Қадірі биік аға еді....................................................................................219

224

Тапсырыс № 37. Көлемі 13,9 б.т. Таралымы 500 дана. офсет қағазы.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің

Редакциялық баспа орталығы.орал қаласы, достық даңғылы, 162.