АНА ТiЛi - eduportal.uzeduportal.uz/umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii...

192
МЕКЕМБАЙ ОМАРОВ АНА Т I Л I ЖАЛПЫ ОРТА БIЛIМ БЕРЕТIН МЕКТЕПТЕРДIҢ 4- СЫНЫБЫНА АРНАЛFАН ОҚУЛЫҚ Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен Алтыншы басылымы ТАШКЕНТ «O‘ZBEKISTON» 2017

Upload: others

Post on 01-Jan-2020

62 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

МЕКЕМБАЙ ОМАРОВ

АНА Т IЛ IЖАЛПЫ ОРТА БIЛIМ БЕРЕТIН МЕКТЕПТЕРДIҢ

4-СЫНЫБЫНА АРНАЛFАН ОҚУЛЫҚ

Өзбекстан Республикасы Халыққабілім беру министрлігі бекіткен

Алтыншы басылымы

ТАШКЕНТ – «O‘ZBEKISTON» – 2017

Page 2: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

У£К 811.512.126 (075)KБК 81.2 Қаз-9 О-52

П i к i р ж а з ғ а н д а р :А. Қалдыбекова – Низами атындағы Ташкент Мемлекеттік педа-

гогикалық университетінің профессоры, педа-гогика ғылымдарының кандидаты;

А. Нысанбаева – Ташкент Мемлекеттiк педагогика университе-тiнiң «Бастауыш бiлiм беру жəне спорт мəдениеті» факультетiнiң оқытушысы, педа-гогика ғылымдарының кандидаты;

Б. Жолдыбекова – Ташкент облысы, Шыназ ауданындағы12-мектептiң бастауыш сынып оқытушысы.

Өзіндік (практикалық) тапсырмалар:

— Жаңа сабақ

— Ізденушілік деңгейдегі жаттығу

— Шығармашылық деңгейдегі жаттығу

— Үй жұмысы үшін берілген жаттығулар

ISBN 978-9943-01-081-9

© М. Омаров, 2004–2017© «O‘ZBEKІSTON» БПШҮ, 2004–2017

Республикалық мақсатты кітапқорының есебінен басылды.

Page 3: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

3

II, III сыныптарда өткенсабақтарды қайталау

СӨЙЛЕМ

1-жаттығу. 1. Мəтінді түсініп оқыңдар. Мəтінде не ше сөй лем бар екeнін айтыңдар.

Бірінші қыркүйек – күз мезгілінің алғашқы айы.Осы ұлы күн 1991 жылдан бастап Өзбекстан Рес публикасының Тəуелсіздік күні ретінде сал-танатпен атап өтіледі.

Тəуелсіздік мейрамын еліміздегі мектеп оқу-шы лары да мерекелейді. Екінші қыркүйектен жаңа оқу жылы басталады.

Page 4: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

4

Алғaшқы сабақ Тəуелсіз еліміздің мемлекет-тік рə міздерінің бірі – Əнұранды шырқаудан бас талады.

Əн нің асылы, ұранның басымы – Əнұран.

2. Екінші сөйлемде не туралы айтылған?3. 2 қыркүйектен не басталады?4. Соңғы сөйлемдегі «Əннің асылы, ұранның басы-

мы да – Əнұран» дегенді қалай түсінесіңдер?

2-жаттығу. Диалогтарды кезектесіп оқыңдар. Сөй-лемдердің соңына тиісті тыныс белгісін қойып жа-зыңдар.

– Өзбекстан қандай ел– Өзбекстан – тəуелсіз ел– Тəуелсіз елдің қандай рəміздері бар– Тəуелсіз еліміздің өз Туы, Елтаңбасы жəне

Əн ұраны бар– Өзбекстан қандай елдермен шектеседі– Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Ауғанстан

жəне Түрік менстан елдерімен шектеседі

3-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Тотықұстың көзінің салмағы миынан екі есе ауыр болады. 2. Адамның əдептілігі оның сөзінен байқалады. 3. Теріскен — далада өсетін өсімдіктің түрі. 4. Бал – өте пайдалы тағам.

2. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрі еке-нін анықтаңдар.

Page 5: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

5

Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөй-лем құрамындағы сөздер өзара байланы-сады. Əр сөйлемнің бірінші сөзі бас əріппен жазылады.

4-жаттығу. Сөйлемдердің қай əріптен бастап жа зылғанына көңіл бөліңдер. Əр сөйлемнің соңына нүкте қойып жазыңдар.

ƏСЕМƏсем – өте тəрбиелі, əдепті қыз Оның са бағы

өте жақсы Ол «Қазақ тілі», «Əдебиеттік оқу» са бақтарынан жарысқа қатысып жүр «Нұрлы жол» газетіне ма қала да жазып тұрады Біз оның оқуға деген ынтасының жақсы екенін білеміз Сондықтан Əсемге Əсел апай да көмектесіп жүр

5-жаттығу. Өлеңді түсініп оқыңдар да, көшіріп жа-зыңдар.Жері қандай?Елі қандай?Желі қандай?Жерұйық – құтты мекен.Ер көңіл, тіпті бөтен.Санаңды сайрататынӨзгеге бітті ме екен?

(Қайыпназар Шотбасов)

2. Өлеңдегі сұраулы сөйлемдердің астын сызыңдар.3. Сөйлемдегі сөздердің жуан, жіңішке екенін анық-

таң дар.4. Неліктен сол сөздер жуан, жіңішке болып тұр?

Page 6: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

6

6-жаттығу. 1. Əр сөзді өз орындарына қойып, сөй-лем дерді дұрыс құрастырып, байланыстырып жа зың-дар.

1. барып жүр, домбыра үйірмесіне, Бақыт.2. ұзын көйлек, киемін, мен.3. қыз, Жадыра –, өте ақылды.4. қала, көрікті, Ташкент – .

2. Жалқы есімдердің астын сызыңдар.

7-жаттығу. 1. Сөйлемдерді түсініп оқып шығың дар.Сұрау мағынасындағы сөйлемдерді көшіріп жа зың-дар.

1. Бұл ат тұяғының ізі десем, сенер ме едің?2. Олай болуы мүмкін емес!3. Күн ұясына еңкейіп қалыпты.4. Ата, шын айтып тұрсыз ба?5. Қайдағыны айтпай, кетші!

2. Тұяғының, ұясына, қайдағыны, бағытын, атаңның сөздерінің түбірін анықтап, қай септікте тұрғанын ай-тыңдар.

8-жаттығу. Сөйлемдердің жігін тауып, тыныс бел -гілерін қойып, көшіріп жазыңдар.

Сен жақында қандай қызықты кітап оқыдың кітап қалай аталады кітап кейіпкерлерінің қы-лығы саған ұнады ма ұнаған кейіпкерлерің ту-ралы баяндап бер.

Page 7: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

7

9-жаттығу. 1. Сөзжұмбақтың шешуін табыңдар.

Б

А

Б

2. Сөзжұмбақ шешуі болған сөздердегі дауысты дыбыс əріптерін тауып, астын сызыңдар.

10-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңдар. Хабарлы сөй-лемдерді үлгіге қарап, сұраулы сөйлемдерге айналды-рып жазыңдар.

1. Бидай – астық. 2. Ол бидай орды. 3. Нан – ел байлығы. 4. Күн күлімдеді. 5. Ай шықты. 6. Мен мектептен келдім. 7. Айсұлу шашына ақ бантик байлады.

Ү л г і : – Бидай – астық.– Бидай астық па?

Бір нəрсе жайында хабарлау мағына-сындағы сөйлемді хабарлы сөйлем дей-міз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады.

11-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңдар. Хабарлы сөй лем -дерді сұраулы сөйлемдерге айнал дырыңдар.

1. Самарқант – өзбек халқының көне қала-лары ның бірі.

2. Самарқанттағы жəдігерліктер қыштан са-лын ған.

Page 8: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

8

3. Самарқантта Мырза Ұлықбек бабамыздың обсерваториясы бар.

4. Бұл қалада ұлы сайыпқыран Əмір Темір бабамыздың да сəулетті кесенесі бар.

5. Самарқанттың наны – өзгеше нан.

Па й д а л а ныл а ты н с ө зд е р : қандай, ма, қайда, кім нің, ма, па?

12-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Қай сөй-лем аяқталған ойды білдіріп тұр?

1. Дүйсенбі күні. 2. Болат күшікті үйге əкелді. 3. Біздің сынып. 4. Жалғыз аяқ жолмен.

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ

Сөйлемде белгілі сұраққа жауап бо-лып, өзара байланыста айтылып, белгілі мүшелік қызметте жұмсалатын сөздер мен сөз тір кестерін сөйлем мүшелері дейміз.

13-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

Бас ... . 2. Шеке ... . 3. Ауыз ... . 4. Қабырға ... . 5. Сүйек ... . 6. Тізе ... . 7. Қарын ... . 8. Шаш ... .

Ти і с т і с ө з д е р : тырысады, ауырады, қайысады, ашы лады, бүгіледі, қақсайды, таралады, ашады.

2. Сөйлемдерде ойдың негізі болатын бастауыштың ісі мен қимылын білдіріп тұратын баяндауыштардың астын өз белгілерімен сызыңдар.

Page 9: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

9

14-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Баста-уыш пен баяндауыштардың астын сызыңдар.

Қоян түнде тіршілік етеді. Жайлауға қараңғы түскенде шығады. Қараңғыда оны байқау қиын. Қысқа қарай қояндардың жүні түседі. Бұрынғы ескі жүннің орнына қалың жаңа түбіт өсіп шы-ғады.

15-жаттығу. 1. Төмендегі тиісті сөздерді орнына қо йып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Бостандық ауданы – ... аудан.2. Мынау – ... суы.3. Бəрінен де ... жақсы.4. ... тұрған адамның бір ісі артық.

Тиісті сөздер: Қарасудың (ненің), үлкен (қандай?), оқушыларға (кім дерге?), ерте (қашан?).

16-жаттығу. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүше-леріне талдап, көшіріп жазыңдар.

1. Қызықты қыс басталды. 2. Оқушылар ата-анасына көмектесті. 3. Арухан, Ділназ – озат оқу-шылар. 4. Алтын күн нұрын шашты. 5. Ас панда ақ бұлт жоқ. 6. Оттан да ыстық Отанды сүй.

қандай? не? қайтті?Ү л г і : Қызықты қыс басталды.

1. Қызықты – сын есім, анықтауыш.2. Қыс – зат есім, бастауыш.3. Басталды – етістік, баяндауыш.

Page 10: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

10

ДЫБЫС ПЕН ƏРІП

Қазақ тілінде 36 дыбыс, 42 əріп бар.Əріп – сол дыбыстардың таңбасы. Осы

42 əріптің ішінде ешқандай ды быстарды таңбаламайтын екі белгі бар. Олар мына-лар: ъ (айыру бел гісі), ь (жіңішкелік бел-гісі). Мысалы: отан сөзінде 4 дыбыс ([о], [т], [а], [н]) жəне 4 əріп (о, те, а, эн) бар.

17-жаттығу. 1. Сөздерді оқыңдар.

Мектеп, сынып, балалар, əдеп, гүл, лақ, ғарыш, ваза, дала, жəндік, емен, зейін, йод, көктем, ина баттылық, қарындаш.

2. Сөздерді алфавиттік ретімен көшіріп жа зыңдар.

18-жаттығу. 1. Сөздерді оқып, əрқайсысында неше əріп, неше дыбыс бар екенін анықтаңдар. Сөздердегі дыбыстардың айырмашылықтарына назар аударыңдар.

Бол – бөл. Дау – тау. Ұш – үш. Ал – əл. Үзіп – үсіп. Дал – дəл. Кеше – кесе.

2. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құ растырып, көшіріп жазыңдар.

Үл г і: 1. Жақсыдан үлгі ал. 2. Көкемнің бойында қуат, əл бар.

19-жаттығу. 1. Мəтіндегі жуан айтылған сөз дер ді бір бөлек, жіңішке айтылған сөздерді бір бөлек жазыңдар.

ӨЗЕН ЖАFАСЫНДА(Əңгіме)

Қармаққа балық қапты да, қалтқы тоң қаң етіп, екі елідей тереңге қарай жыл жып, шым

Page 11: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

11

батып кетті. Əбдірахман «əйт» деп үлгергенше, бала құрығын қос қолдап көтеріп алып, басы-нан асыра кері қарай серпіпті. Судан сопаң етіп шығып, қармақ бауымен бірге жоғары көтерілген кіш кене балық əуелеп келіп, жерге тарс ете қалды.

(Хамза Есенжанов)Үл г і:

Жуан айтылған сөздер Жіңішке айтылған сөздер

Қармаққа, балық, Етіп, екі,

2. Мəтінде жуан-жіңішке аралас айтылған неше сөз бар?

У ДЫБЫСЫ

20-жаттығу. 1. Сөздерді оқып, кестедегі бағандарды əрі қарай толтырып жазыңдар.

Қуат, бояу, түстену, жүру, жұғу, аяз, иілу, өсу, тоқтау, қою, ию, қию, кию, жиын, жиі, жирену, жидек, таяз, пияз.

Жуан у, и, я, ю дыбыстары бар сөздер мыналар:

Жіңішке айтылғансөз дер

Қуат, ..., ... Түстену, ...,

2. У, и, ю, я дыбыстары неліктен кейде жуан, кей-де жіңішке айтылады?

У дыбысы дауыссыз дыбыстан соң келсе, онда дауысты дыбыс болады: су, қу, ну, ту-ған, қу-рай, су-рет.

Page 12: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

12

21-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті əріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

МАҚАЛДАР1. Саға – дария с...ының көлге құятын жері.

2. Батыр т...са – ел ырысы. 3. Т...рашыл да т...ға ның болсын. 4. Т...ысы бірдің ...ысы бір.

У дыбысы буын құрайды: бу-лан-ды, гу-ле-ді, жа-зу-шы.

Алдағы буынның жуан жіңішкелігіне қа-рай у дыбысы да жуан, жіңішке болады.

Мəселен, жуан у дыбысы: а-лау, жа-лау, па-лау.

Жіңішке у дыбысы: се-леу, же-леу, е-геу.У əрпі дауыстыдан кейін келетін болса,

онда ол дауыссыз дыбыс болады: бау, сау, лау, бесеу, алтау, жетеу.

У əрпі екі дауыстының арасында келсе, онда ол дауыссыз дыбысты таңбалайды: да-уыл, дə-уір, тə-уір, сə-уір, ке-уіл, ті-ре-уіш, са-уық, а-уыл.

22-жаттығу. 1. Өлеңді оқып шығыңдар.

МЕТАГРАММАЛАРЖазда өсіп, піседі,Дəмі тəбет ашады.«Қ»-орнына «Ж» қойсаң,Көктен тамып түседі,Жердің шаңын басады.

(Қауын-Жауын)

Page 13: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

13

2. Қауын, жауын сөздеріндегі у дыбысы жуан ба, əлде жіңішке ме? Неліктен жуан, жіңішке?

3. Қауын, жауын сөздерін буынға бөліп жазыңдар.

23-жаттығу. Сөздердің ішінен у дыбысы дауысты дыбыс болған сөздерді көшіріп жа зыңдар.

Хабарландыру, байқау, ілулі, бу, жаулық, қауыз, тəулік, оқушы, тау, ау, аула.

Дауыссыз дыбыстан соң қатар келген қос у дыбыстарының екеуі де дауысты дыбыс бо лады: қуу, туу, суу, көсекті шуу, қапты буу.

Қатаң п жəне ұяң б дыбыстары кей -де үнді у дыбысына ауысып ке теді:қап – қабады – қауып алады, теп – тебеді – те уіп жібереді, жап – жабады – жауып қояды.

Қазақы, қалмақы дейтін сөздер дегі ы ды бысының алдындағы қа таң дыбыс ұяңға айнал май жа зылады.

24-жаттығу. 1. Буынға бөлінген сөздерді біріктіріп жазың дар да, у дыбысы қандай дыбыстан соң келгенін айтыңдар.

Бау-лық, тау-лы, та-уық, қыр-ға-уыл, қа-уын, бел-беу, сəу-ле.

25-жаттығу. Сөз ортасындағы көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қойып жазыңдар.

1. Қазанда ыстық су бар. 2. Ыстық су су...ға тиіс. 3. Қолыңды тазалап жу. 4. Тамақтанудан бұрын қолыңды сабынмен жу...ға тиіссің. 5. Түл-кіні қу. Қусақ, жақсының жолын қу...ымыз керек.

Page 14: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

14

ҚОСАРЛЫ ДАУЫСТЫЛАР

Қосарлы дауыстылар мыналар: ё, я, ю.Я қосарлы дауысты дыбысы й + а, ю қо-

сарлы дауысты дыбысы й + у, ё қосарлы дауысты дыбысы й + о.

26-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, қатар келген ый əрпінің орнына и жазылатынын байқаңдар.

Дұрыс емес: Дұрыс:

шоқ-ый-дыоқ-ый-дыый-ықтоқ-ый-ды

шоқидыоқидыиықтоқиды

27-жаттығу. 1. Сөздерді оқып, көшіріп жа зыңдар.

Қиыр, биыл, жиын, қиын, киіз, иіс, аян.Баян, бояну, қоян, жаю, қию, жуас, иір, иін,

биік.

2. Бір сөздің құрамында қатар келген дауыс тылар-дың астын сызыңдар. 3. Бұдан басқа қандай қосарлы дауыстысы бар сөз-

дерді білесіңдер.

28-жаттығу. Қате жазылған сөздерді қал дырып, дұ-рыс жазылған сөздерді көшіріп жа зыңдар.

Ойу, қыйын, тоқұу, ою, шалқыйды, шал қиды, мая, аққұу, тоқу, жойу, жою, майа, аққу.

Page 15: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

15

29-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қойып, сөздерді қатесіз көшіріп жа зыңдар.

1. Əл...я – батыр қыз. 2. Экскурс...яға барсақ, дұрыс болар еді. 3. Қар...яларға көмек бер. С..я таусылып қалды. 4. Көп тамақ жеу – аса з...ян. 5. Бұл шық еті бұлт...ып тұр. 6. Ағашты ...ю жақсы əдет емес.

2. Осы сөздердің жазылуын есте сақтаңдар.

Сый, тый сөздерінен өрбіген сөздерде -и емес, -ый жазылады. Мыс а лы: сый-ғызу, сыйдыр, тыйы лу, тыйылмады.

30-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жа зыңдар.

1. Анаңа тек қана гүл сыйла. 2. Ол да – жақсы сыйлық. 3. Сыйласаң, сый табасың. 4. Қызға қырық жерден тыйым. 5. Беталды сөй лей бер мей, тіліңе тыйым салып отыр.

31-жаттығу. Кестеден дұрыс жазылған сөз дерді көші ріп жазыңдар.

Дұрыс емес: Дұрыс:

си-лау-шыси-лан-дыси-дыси-ла

сый-лау-шысый-лан-дысый-дысый-ла

Page 16: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

16

32-жаттығу. 1. Төмендегі сөздерді қатыс тырып, сөйлем құрастырыңдар.

Мия, сия, қия, қию, жию, кию.

Үл г і: Киімді таза кию – əдептіліктің басы.

2. Жоғарыдағы сөздердің жазылуын есте сақтаңдар.

Cөз ішіндегі и əрпінен соң, а, у жазыл-майды, оның орнына я мен ю жазылады.

Мысалы: Бердияр, естияр, қияр.

33-жаттығу. 1. Сөйлемдерді оқыңдар.

1. Хайуан да баласы үшін жанын қию ға əзір. 2. Шашылған мақтаны жию да – сауап. 3. Да риядай шалқы. 4. Қа риядай қадірлі бол. 5. Ша дияр, шатақ салма.

2. Қарамен жазылған сөздерді қатесіз кө шіріңдер.

34-жаттығу. Көп нүктенің ор нына тиісті сөздерді қо йып, сөйлемдерді көшіріңдер.

СӨЗ МАFЫНАСЫН БІЛЕСІҢ БЕ?1. ... – таудың, төбенің беткейі. 2. ... – бір

нəр сені кесу, қырқу. 3. ... – көпжылдық өсімдік. 4. ... – зорлық, əділетсіз деген сөз. 5. ... бір нəрсені дəл келтіріп ұштастыру. 6. ... – алыс жер.

Ти іс т і с өз д е р: қию, қияқ, қия, қиюлау, қиян, қиянат. (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен.)

Page 17: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

17

Сый, тый сөздерінен өрбіген я, ю əріп-терінің алдынан и емес, ы жазылады.

Мысалы: тыю, сыю, сыяды, тыяды.

35-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қатесіз көшіріп жа-зыңдар.

1. Iш ауырса, ауызды тыю керек. 2. Не жақ-сы, дос тардың арасына сыю жақсы. 3. Біздің ауылға малың да, жаның да сыя ды. 4. Нұртай жаман əдеттерін тыяды.

Қазақ тіліндегі 12 дауысты ды быстың ішінде ё, ю, я жоқ. Бұлар – екі дыбыстан құралған əріп тер. Ё – й + o қос дыбысының таң басы. Ю – й + у қос дыбысының таң-басы. Я – й + а қос дыбысының таңбасы.

Я əрпі й + а дыбыстарының таң басы.Мыс а лы: яғни, бояу, дария, сия, ая,

мая.

И əрпі ый əрпі

иманинабаткиікқиыққия

сыйлықсый, сыйлаусыйымдысыядысыймайды

тыйымтый, тыйылуытыядытыймайдытыймаған

2 – Ана тілі, 4-сынып.

Page 18: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

18

36-жаттығу. 1. Өлеңдердің екінші жолындағы көп нүк телердің орнына тиісті ұйқас болған сөздерді қойып жазыңдар.

– Өзінше ноян,Қорқақ не?– ...

– Бəрі бірдей жұмысқаШығатын не?– ...

– Бата алмас түлкі,Үсті тікен не?– ...

– Маңайын түгел көріп,Биіктен қарайтын не?– ...2. Шешу болған сөздердегі дыбыстардың жуан да-

уыссыз немесе жіңішке дауыссыз екенін аңғарыңдар.3. Үсті, биік сөздерінің қарсы мағынадағы сөздерін

айтыңдар.

37-жаттығу. Кестедегі сөздердің дұрыс жазылғанда-рын қатесіз көшіріңдер.

Дұрыс емес: Дұрыс:тиюсиюсиядытияды

тыюсыюсыядытыяды

Page 19: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

19

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР

Айтқанда ауаның ешбір кедергіге ұшы-ра май шығуынан жасалатын дыбыстар бола ды. Ондай дыбыс тарды дауысты дыбыс тар дейміз.

38-жаттығу. Сұрақтарға жауап жазыңдар.

1. Дауысты дыбыстар қай дыбыстар?2. Қандай дыбыстар буын құрауға не гіз бо-

лады?3. Дыбыстар не арқылы таңбаланады?4. Бір-біріне ұқсас дыбыстар қай дыбыстар?

39-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздердің астын сызыңдар.

Тыйым сөздер

1. Пышақ жүзін жалама.2. Жаман іске үйренбе.3. Түнде үй сыпырма.4. Мезгілсіз жүрме.5. Кірдің суын баспа.6. Инені тістеме.7. Иесіз үйге кірме. 8. Орынсыз күлме.

Page 20: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

20

40-жаттығу. 1. Сөйлемдегі көп нүктенің (...) орны-на төмендегі тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

1. Алып ... туады. 2. Жақсы сөз – ... азығы. 3. Сөз ... бəлеге жолығады. 4. Білген ... сөйлейді, білмеген ... сөйлейді. 5. Отан ... да ыстық. 6. Ауа да, су да – ... .

Ти і с т і с ө з д е р : жан, анадан, тауып, қуған, байлық, қауып, оттан.

2. Мақалдардағы сөздердің бастапқы буындарына на зар аударыңдар.

Тілдің қатысына қарай дауысты ды-быстар ж у а н жəне жіңішке дауысты ды быстар болып екіге бө лінеді.

Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, (у).Жіңішке дауыстылар: ə, е, ү, і, ө, э, и,

(у).Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты

дыбыстар ашық жəне қысаң дауыстыларға бөлінеді.

Жақтың кең ашылып, ауаның еркін шы-ғуы нан жасалған ашық дауыстылар: а, ə, о, ө, е, э.

Жақтың сəл ғана ашылып, ауаның қы-сылып шығуынан жасалған қысаң дауыс-тылар: ы, і, и, ұ, ү, у.

41-жаттығу. 1. Қысаң дауысты дыбысы бар сөздерді бір қатарға, ашық дауысты дыбысы бар сөздерді екінші қатарға жазыңдар.

Page 21: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

21

Күз, жаз, күлкі, қанат, қонақтар, биік, əсем, өлке, ана, орамал, орақ, тілу.

2. Əрбір сөздің мағынасына назар ауда рыңдар.3. Бірыңғай жуан дауыстылар мен бірыңғай жіңішке

дауыстылардың сөз ішінде келгенін аңғарыңдар.

42-жаттығу. 1. Ашық дауыстылары мен қы саң да-уыс тылары араласып келген мына сөздерді қатыс-тырып, сөй лем құраңдар.

Өсімдік, көгершін, кендір, өндіріс, өткір, теңіз, қасқыр, жолбарыс, əнші, əйгілі, көмір, жеміс.

2. Сөздердің жазылуын есте сақтаңдар.

43-жаттығу. 1. Сөздердің ортасындағы көп нүктенің орнына тиісті ашық, қысаң дауыстыларды қойып, көшіріп жазыңдар.

ЖАЙЛАУ

Page 22: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

22

Ау...л қон...п жайл...уға,Жаз...ққа бас байла...да.Жас жеткіншек ...л мен қызС... жағалап ойна...да.

(Оразақын Асқар).

2. Жайлау көрінісі суреттелген сурет пен өлең-де қай жерлері ұқсас келеді? Айыр машылығын ай-тыңдар.

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР

Айтқан кезде ауаның еркін шық пай, ке-дергіге ұшырап шығуынан жасалған ды-быстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді. Олар мыналар: қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстар.

Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, с, т, ф, х, ш, ч, ц, щ.

Ұяң дауыссыздар: г, ғ, б, з, д, в, һ, ж.Қатаң, ұяң болып жұп құрайтын дауыс-

сыздар мыналар:Қатаң дауыссыздар: п, ф, к, қ, т, с, ш.Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, з, ж.

Үнді дауыссыздар: р, л, й, у (бау, ауа, сау), м, н, ң.

44-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қойып, оқып шығыңдар.

1. Асқар ... ау.... ау бізге керек емес.

Page 23: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

23

... ана мөңіреді.

... ана ақыл айтты.Əнді айтып ... ауыс.Құлаққа жақсы ... ауыс келіп жетті.

2. ... ай іш.... ай іс.... ек бер.... ек көр.

45-жаттығу. 1. Өлеңді көшіріп жазыңдар.

КІТАПКөзіңді ашып, ойды өсіріп,Айтады кітап өмір сырын.Адамдыққа ақыл беріп,Үйретеді өнер, білім.Сол кітаптан үйренесің,Көп əңгіме, қызық кеңес.Оқып біл де, анық түсін,Жаттап, жазып ертелі-кеш.

(С. Бегалин)

2. Өлең сөздерінде кездесетін дауыссыз дыбыстар-ды бөлінуіне қарай топтап жазыңдар.

ДАУЫССЫЗДАРДЫҢ ЖУАН,ЖІҢІШКЕ БОЛУЫ

Əр сөздің бастапқы буынындағы да-уысты дыбыс жуан болса, ондағы дауыс-сыздар да жуан болады.

Мысалы: ын-ты-мақ, дос-тық.

Page 24: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

24

Əр сөздің бастапқы буынындағы дауыс-ты дыбыс жіңішке болса, ондағы дауыс-сыздар да жіңішке болады.

Мысалы: бе-ре-ке, бір-лік, ке-лі-сім.Қ – к, ғ – г дауыссыздары – жуан түрінде

де, жіңішке түрінде де жұп құрайтын да-уыссыз дыбыстар.

Жуан Жіңішке дауыссыз дауыссыздыбыстар: дыбыстар:

Қ К

46-жаттығу. 1. Құрамында қ, к, ғ, г жəне х да-уыссыз дыбыстары бар сөздерді көшіріп жазыңдар да, дауыссыздардың астын сызыңдар.

ƏЖЕЖел қатая түсті. Суыт жүргеннің өзін де үш-

төрт сағаттық жол бар əлі. Əжем де үнсіз. Шаң-ғытып келе жатқан батыс жаққа қарай береді. Төлеген қос торыны сар желіске салды.

Əжемнің бір бауыры қатты сырқатта нып жа-тыр деген хабар келіп, жолға суыт шыққанбыз.

Барар жерге қозы көш жер қалғанда, күн де ұясына қонған. Үрінді қар тегістеп кеткен жол нобайы əрең көрінеді. Ауыр жол аттарды титық татып тастаған сияқты.

(К. Сегізбаев)

47-жаттығу. 1. Орны ауыстырылған сөздерден сөй-лем құрастырыңдар.

Page 25: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

25

1. Аяғынан, қарлығаш, жараланыпты.2. Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.3. моншақ, Жапырақ, шың, бетіндегі, тəрізді.4. Жинайтын, қоңыс, қурал.5. қатысты, қара, қазақтың, Жарысқа, қыздары.

48-жаттығу. Сөздерді салыстырып жазыңдар.

Қ əрпі һ əрпі Х əрпі

Қанатқазақ

қарындаш

қаһарманқаһарлыгауһар

хатхалықтарих

Дауыссыз б, д дыбыстары сөздің ба-сын да, ортасында қолданыла бе реді. Мы-салы: бақыт, бала, бала пан, хабар, да-уыл, долана, дə нек, ыдыс.

Дауыссыз в дыбысы тек қана орыс тілі нен енген сөздерде жазы лады: волей-бол, ав тобус.

Дауыссыз б, в, г, д дыбыстары орыс ті лінен енген сөздердің ғана соңында қол-данылады: штаб, мик роб, велосипед

49-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына дауыссыз б, в, г, д дыбыстарының тиістісін қойып, көшіріп жазыңдар.

1. ...ағ...ан, ...аспа, ...анк, ...ір, ...ақа – шаян.2. ...елосипед, ...итамин, а...томат – телефон.3. ...алстук, ...араж, ...радусник.4. ...оп, ...ала, ...əуір, ...аңқ.

Page 26: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

26

50-жаттығу. Сөздерді салыстырып оқыңдар.

Б əрпі В əрпі П əрпі Ф əрпі

ботабесікбақытбала

бəйшешек

велосипедвагонваннаваза

вазелин

пішенпіл

пəтерпердепингвин

фабрикафермафильмфильтрфото

51-жаттығу. Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөй-лем құрап жазыңдар.

Бейсенбі күні, опера жəне балет театры, ви-негрет, волейбол, гараж, газ, галстук, дуадақ, диірмен, дала.

Ф, ц, ч, щ əріптері орыс тілі арқылы келген сөздер мен адам аттарында жа-зылады: фабрика, ко фе, цирк, центнер, чемодан, Щорс.

Щ əрпі ащы, тұщы, кеще дейтін сөз-дерде ғана жазылады.

Һ дыбысы: қаһар, қаһарман, қаһарлы, гауһар, жиһан, еһе, уһ, уһілеу, баһадүр дейтін сөздерде жазылады.

52-жаттығу. Көп нүктенің орнына ф, ц, ч, щ əріпте-рінің тиістісін қойып, қатесіз көшіріңдер.

1. ...утбол, ...естиваль, ...анер, гра...ик, ас...альт.2. ...емент, ...ирк, ...иркуль, ...ентнер, ...ех,

редак...ия.3. у...или...е, бор..., ...и.

Page 27: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

27

53-жаттығу. Жұмбақтарды көшіріп жазыңдар. Қа-таң дауыссыздардан басталатын сөздердің астын сызыңдар.

Сексен сегіз тілі барСан құбылған үні бар.

(А. Асылбеков).

Аяқпен теп, баспен соқ,Қол тигізбе, құқың жоқ.

(Е. Елубаев)

2. Жұмбақтағы жəне одан басқа қай сөздердің қазақ тіліне орыс тілі арқылы енгенін айтыңдар.

54-жаттығу. 1. Төмендегі сөздерді қатыстырып, ха-барлы, сұраулы сөйлем құраңдар.

Фанер, асфальт, футбол, цирк, цех, щетка.

Үл г і: 1. Құрылысқа фанер керек.

2. Ф, щ əріптері сөздердің қай буынында келіп тұр-ғанын айтыңдар.

ҚОСАРЛЫ ДЫБЫСТАР

Сс, лл, тт, мм дыбыстары – қо сарлы дыбыстар.

Қосарлы сс, лл, тт, мм дыбыс тарына аяқтал ған сөздер түбір қал пында өзгеріссіз жазылады. Мысалы: прогресс, металл, ки-ловатт, грамм.

Page 28: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

28

Қосарлы дыбыстары бар бұл сөздерге қосым ша жалғанғанда қос дауыссыздың соңғы сыңа ры түсіп қалады.

Мыс а лы: прогресс – прогрес -тің, про-гресс – прогрес-ке, про гресс – прогрес-і; ме -талл – метал-дың, метал-ға, метал-ы; кило -ватт – киловат-ы; грамм – грам-ға, грам-ы.

55-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қойып жаттығуларды көшіріңдер.

1. м – мм: үш килогра... ..., екі килогра...ы, телегра... ...а, бағдарла...а;

2. л – лл: түсті мета... ..., мета...ды өндіру ісі, арти... ...ерия;

3. т – тт: ва ... ..., ва ... қа.2. Емлесі қиын сөздерді орфографиялық сөздіктен

қа рап, қатесіз жазыңдар.

56-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосарлы ды бысы бар сөздерді қойып көшіріп жазыңдар.

1. Мың – ... пернелі Домбыраны көрген кім?

(А. Асылбеков)

2. Алтынның бір ... да – алтын.3. Есептегіш неше ... көрсетіп тұр?4. Он киловатт – сағаттың бес ... ғана ақша

төлеймін.Ти і с т і с ө з д е р : миллион, грамы (мысқал), кило-

ватт, киловатына.

Page 29: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

29

57-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына қарсы мəндес сөздерді тауып, жаттығуды көшіріңдер.

Тез – ... Бала – ... Жаз – ...Терең – ... Бай – ... Бар – ...Таң – ... Бас – ... Алыс – ...2. Бірінші, екінші бағандағы сөздердің бірыңғай қа-

таң, ұяң дауыссыздардан басталғанын айтыңдар.

БУЫН

Дауыссыз дыбыстар дауысты ды быс-тар сыз өздігінен буын жасай алмайды.

Дауысты дыбыс дауыссыз ды быспен тір ке сіп келіп те, жеке тұрып та буын құрай алады. Мыс а лы: а-на, а-та, ə-же, о-тан.

Буын жасалуы үшін дауысты ды быстың болуы шарт.

58-жаттығу. 1. Сөз құрамындағы буындардың неше буын нан құралғанын айтыңдар.

Бір, астық, сіріңке, он, қызылша, жүз, қалта, мың, ынталы, тоқсан, бес, еркелік, балалары-мыз, қыс, жетпісінші, асау, əн, əнші, оқытушыға, еңбек тену.

2. Бір, екі, үш, төрт, бес буынды сөздердің əрқай-сысын бөлек жазыңдар.

Үл г і:1. Үш, ...2. Қал - та, ...3. Ын - та - лы, ....4. Ең - бек - те - ну, ...5. О - қы - ту - шы - ға, ...

Page 30: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

30

59-жаттығу. 1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Сөйлем неден құралады?2. Сөз неге бөлінеді?3. Сөздегі буын санын қалай анық таймыз?4. Сөз жолға сыймай қалса, онда ол қалай

жазы лады?5. Тасымал дегеніміз не?6. Неше буынды сөздер тасымалдан байды?7. Қазақ тілінде қандай дыбыстар буын құ-

райды?

2. Сөйлем, тасымал, тасымалданбайды деген сөз -дерді буынға бөліп жазыңдар.

Жалғыз буынды сөзді жəне жал ғыз да-уысты дыбыстан құралған буынды тасы-малдауға бол майды.

Жеке əріп тасымалданбайды: Орал, Əсем, Əмір.

Кісінің аты мен əкесінің атынан қыс-қарған бас əріптер фамилиядан бөлініп та сымалданбайды.

Мыс а лы: А. Құнанбаев, М. Ма қатаев, т.б.Санмен тіркесіп келген, қысқар тылып

алынған атаулар тасымал данбайды.Мыс а лы: 5 кг, 10 см, 24 км, 10 га.Дауыссыз дыбыстардың тіркесін жолда

қалдыруға немесе келесі жолға көшіруге бол майды.

Мысалы: элек-тр, ст-анция, ансам-бль.

Page 31: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

31

60-жаттығу. 1. Салыстырып оқыңдар.Дұрыс емес Дұрысме-ктепкіт-апдə-птерқағ-азсаб-ақжа-қсы

мек-тепкі-тапдəп-терқа-ғазса-бақжақ-сы

2. Екінші бағандағы сөздерді көшіріп жазыңдар.

БІРІККЕН СӨЗДЕР 61-жаттығу. Сөздерді оқып, сөз құрамына талдаңдар.

1. Аққорған, Жаңажол, Үшқұдық – аудан аттары.2. Аққу, түйеқұс, жарқанат – құстар.3. Ақбөкен, қарақұйрық – жануарлар.4. Айыппұл, айыпкер, айыпдоп – сөздері қан-

дай сөз?

62-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, біріккен сөздердің астын сызыңдар.

1. Ташкент пен Шымкенттің арасы машинаға бір сағаттық жол. 2. Асқабақ биыл да мол өнім берді. 3. Тасбақа жол үстінде көрінді. 4. Нұрсұлтан кең далаға қарап, Қазанғаптың күйін тартты. 5. Қо лың бос кезде Орал Таң сықбаевтың мұ-ражайына ба рып, суреттерін тамашала.

Екі түбірден жасалып, бір мағына бере-тін сөздерді біріккен сөздер дейміз: ақ + қу, тас-бақа, шек-ара, Елібай, Айсұлу, Сырда-рия.

Page 32: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

32

63-жаттығу. Ертегіден үзіндіні оқып, көшіріп жа зың-дар. Біріккен сөздердің астын сызыңдар.

КЕРҚҰЛА АТТЫ КЕНДЕБАЙ

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, Қара-тау дың ойында, Қарасудың бойында Қазанғап деген бір кедей болыпты. Қазанғап құс атып, балық аулап күн көреді екен. Əйелі ау тоқып, жыртық жасайды екен. Қазанғаптың Кенде-бай деген ұлы болыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті: алтын күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті. Алты жылда алып жігіт болыпты.

64-жаттығу. 1. Сөздерді көшіріп жазыңдар.

аққу ақ + қуақбөкен ақ + бөкенасқабақ ас + қабақалмұрт ал + мұртАйсұлу Ай + сұлу

2. Біріккен сөздерді екі түбірге бөліп жазсақ, айыр-машылық бола ма?

65-жаттығу. Адам аттарын дұрыс жазыңдар:

Аман + келді АмангелдіЕсен + келді ЕсенгелдіЕсен + қали ЕсенғалиАман + қали АманғалиБай + қожа БайғожаҚазан + қап Қазанғап

Page 33: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

33

Алдыңғы түбір сөз дауысты ды быстар мен ұяң, үнді дыбыстарға аяқталса, келесі түбірдің басқы дыбыстары ұяңдап, ғ, г əріптері жа зылады: Нұргелді, Есенғали, Бо та гөз, Айғыз.

Алдыңғы түбір қатаң дыбысқа аяқ-талса, келесі сөз қатаң қ, к əріптерімен жазы лады: Қоскелді; Сейітқұл, Аққыз.

Алдыңғы түбірдің соңғы дауысты жəне ұяң, үнді дыбыстарынан соң қ, к дыбыс-тары ұяң болып ай тылса, ғ, г əріптері жа зылады.

66-жаттығу. Біріккен сөздің бірінші түбірін екінші түбірден «+» белгісі арқылы бөліп жазыңдар.

1. Сарыағаш суы. 2. Сарыөзектің ауа сы. 3. Сұл танмахмұт Торайғыров – ақын. 4. «Сары-арқа» күйі. 5. Зеңгіата ауданы.

Үл г і: Сары + ағаш, ...

Біріккен сөздердегі қатар келген екі да-уысты дыбыс сақталып жа зылады: С а -ры арқа, Сарыөзек.

Жер-су аттарын білдіретін бірік кен сөз-дер бас əріппен жазылады: Қоскөпір, Қос-рабат, Жаңажол, Нұрата.

Екі сөзден құралған адам атта рындағы қа тар келген екі дауысты дыбыстың бі-реуі түсіп қалады:

2 – Ана тілі, 4-сынып.

Page 34: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

34

Дұрысы:1. Жұма + ахмет – Жұмахмет.

Дұрысы:2. Жұма + əділ – Жұмаділ.

67-жаттығу. Бірінші жəне екінші қатардағы сөздерді біріктіріп, бір мағына беретін біріккен сөз жасаңдар.

1. Ақ, ақ, ақ, тас, ит, шек, қалам.2. Құтан, сақал, қу, бақа, мұрын, ара, сап.

Үл г і: итмұрын, ...

ҚОС СӨЗДЕР

Қос сөздер бірнеше əдіспен жа салады.Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған

қос сөздер: көре-көре, сөйлей-сөйлей, топ-топ.

68-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті қос сөз-дерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жа зыңдар.

1. Ол аяғын... басып келеді. 2. Көй легіңді ... етіп жыртып алма. 3. Бесік тауда ... шыңдар бар. 4. Жа сыңда қылжың болсаң, қартайғанда мылжың боласың. 5. ... сөйлей берме, қадірің кетеді. 6. ... жігіттер жиналып, көшені жөндеді.

Ти і с т і с ө з д е р : ауыл-ауылдан, бостан-босқа, биік-биік, тілім-тілім, əрең-əрең.

2. Қай сөйлемде қос сөз жоқ екенін бай қадыңдар?

Page 35: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

35

69-жаттығу. Өлеңдерді көшіріп жазыңдар. Қос сөз дерді тауып ай тыңдар.

1. БӨРТЕ ЛАҚШөре-шөре, лағым,Тентек болма, шырағым!Секектеме, деміңді ал,Селтеңдемей құлағың.

ƏУКЕШІМƏукім-əукім, əукешім!Қасиыншы əукесін.Енең əне келеді,Ақ мамасын береді.

(«Тіл ашар» кітабынан)

2. ЖАЗFЫТҰРЫМОй, балалар, балалар!Жылы-жылы жел соқты,Жылғалардан су ақты.Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,Жер қарайды, жаз кепті,Желкілдейді көк майса,Желіндейді мал жайса...

(Iлияс Жансүгіров)

70-жаттығу. Өлеңді мəнерлеп оқып, қос сөздердің арасына дефис қойып жазыңдар.

САЛАҚ

Ұят екен, Ырымбала,Сия сия түрін қара.

Page 36: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

36

Қаламдарды көбейтпей-ақ,Дұрыс ұста бірін ғана.Салтақ салтақ түрін қара,Ұят екен, Ырымбала!Өмірі су тимегендейКиген көйлек бүгін ғана.

(Кəрім Сауғабаев)

Қос сөздер екі түрлі сөздің қо сарлануы арқылы да жасалады: ақыл-ес, үш-төртеу, жалт-жұлт.

71-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қос сөздерді теріп жазыңдар.

1. Арыстанды көргенде мысықтың зə ре-құты қалмады. 2. Əр күні болмаса да, оқта-текте атың ның жалын сипа. 3. Түс кезінде алай-түлей боран басталып кетті. 4. Түнімен жаңбыр құйып, сай-сала суға толды. 5. Күріштің ішінде бірен-саран күрмек бар.

(Боран Қыдыров)

72-жаттығу. 1. Сөйлемдерді оқып, қос сөз дердің астын сызыңдар.

1. Қыздың ата-анасына жолығып, хан ның сə лемін айтады. 2. Кемпір-шал қат ты сасады. 3. Қа ра шаш қалың малға: он бес лақ-те ке,бесті-айғыр береді. 4. Екі- үш күнге дейін хан-мен ха бар лас пайды. 5. Бұған таң қалған хан Жиреншені ша қыртып алып, мəн-жайын сұрай-ды. 6. Көр ген-білгеніңді бұрын айтатын ба едің?

(Мəлік Fабдуллин)

Page 37: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

37

Кейде сөздің алдына күшейткіш буын-дар қосылуы арқылы да қос сөздер жа-салады: ап-анық, кіп-кішкене, үп-үлкен.

73-жаттығу. 1. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстыра оқып, көшіріп жазыңдар.

1. Ашық аспан. 1. Ап-ашық аспан.2. Түзу көше. 2. Түп-түзу көше.3. Дұрыс сөз. 3. Дұп-дұрыс сөз.4. Қызыл алма. 4. Қып-қызыл алма.

2. Күшейткіш буындардың астын сызыңдар.

74-жаттығу. Төмендегі сурет бойынша «Сая хат-шы лар» деген атпен əңгіме жазыңдар.

Page 38: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

38

Əңгіменің жоспары:

1. Саяхатқа дайындық жасау.2. Сапарымыз басталды.3. Тау көріністері.4. Көл жағасындағы демалыс.

ҚЫСҚАРFАН СӨЗДЕР

75-жаттығу. 1. Бағанның екі жағындағы сөз дерді көшіріп жа зыңдар.

1. АҚШ Америка Құрама Штаттары2. ТашМУ Ташкент Мемлекеттік Университеті3. га гектар4. кв квадрат5. см сантиметр

2. Қысқарту үлгісі бойынша жазылған сөз дердің астын сызыңдар.

76-жаттығу. Қысқарған кісі аттарын көшіріп жа-зыңдар.

Ə. Науаи, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, А. Қады ри,М. Əуезов, О. Таңсықбаев, А. Арипов, Е. Ва хи дов,О. Сүлейменов, Т. Айбергенов, М. Мақа таев, С. Сайид, Ф. Оңғарсынова, Ө. Қожамұратов.

Бірнеше сөзден тұратын атаулар дың қыс қартылып айтылуы мен жазылуын қысқарған сөздер дейміз: 10 м, 20 см, 2 км, ҚХР, ӨР.

Page 39: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

39

77-жаттығу. Сыныптастарыңның аты-жөнін əліпби-лік ретпен жазыңдар.

Ү л г і :1. Арманов Асқар.2. Əлішеров Əлібек.3.

78-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, қысқарған сөз-дердің астын сызыңдар.

1. Машинаны МАИ қызметкерлері тоқ татты. 2. Шыршық өзенінде бірнеше ГЭС бар. 3. Түске дейін 5 га жердің арам шөбін отадым. 4. Үй алдына «Газ-51» машинасы келіп тоқтады.

79-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазың-дар.

1. Біздің елде ГФР-дің елшілігі бар. 2. ӨР мен ҚР – егеменді мемлекеттер. 3. Бес км жерге жүгірсем де, шар шамадым. 4. 4 кг бал сатып алдық. 5. Сиырдан 8 л сүт саудық.

80-жаттығу. 1. Қайсысы қысқарған сөз екенін анықтап, көшіріп жазыңдар.

Ақша, АҚШ.ӨР, өрік.Ту, «Ту-154».ҚР, қыр.

Қысқарған сөздердің астын сызыңдар.

Page 40: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

40

СӨЗ ТАПТАРЫ

81-жаттығу. 1. Қарамен жазылған сөздердің үстіне сұрақтарын жазыңдар.

1. Алтын – түсті металл. 2. Алтындай жар-қырап, қадірің арта берсін. 3. Бар ойыңды алтында. 4. Ал ты – жұп сан. 5. Анау – менің атым. Бері жүрмей, ары жүрді.

2. Осы сөздердің əрқайсысы қандай мағы наны біл-діріп тұрғанын байқаңдар.

82-жаттығу. Кестені көшіріп жазыңдар.

№ Сөздер Қандай мағынаны білдіреді? Сұрақтары

1. Алтын Зат есімдік мағынаны білдіреді. Не?

2. Алтындай Сын есімдік мағынаны білдіреді. Қандай?

3. Алтында Қимылдық мағынаны білдіреді. Не істе?

4. Алты Сандық мағынаны білдіреді. Неше?

5. Ары Өзінше беретін мағынасы жоқ, дəнекерлік қызмет атқарады.

Мағынасына, тұлғасына жəне сөйлемдегі қызметіне қарай бөлі нетін сөздерді с өз т а бы дейміз. Əрбір сөз табының өз аты бар.

Page 41: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

41

83-жаттығу. Қазақ тіліндегі сөз таптарын санаңдар.

№ Сөз таптары1. Зат есім – заттық мағынаны білдіретін термин

сөз: адам, көл, өзен, арман.2. Сан есім – сандық мағынаны білдіретін термин

сөз: бір, үш, елуінші, мың.3. Сын есім – сындық мағынаны білдіретін тер-

мин сөз: қоңыр, биік, жап-жарық.4. Есімдік – есім сөздердің орнына жүретін тер-

мин сөз: мен, сен, ол, біз.5. Етістік – істелген, істелетін істі, қимылды білді-

ретін термин сөз: бастады, ойнады, күлді.6. Үстеу – өзінің соңындағы сөзге үстеме мағына

бе ретін термин сөз: шапшаң, тез, асықпай.7. Шылау – сөздерге дəнекерлік, көмекшілік, шылау-

лық қызмет атқаратын термин сөз: үшін, дейін.8. Одағай – əртүрлі көңіл күйіне байланысты тер-

мин сөз: қап! уф!9. Еліктеуіш сөздер – көру, есту қабілетіне елік-

теуден пайда болған сөздер: лап-лап, лүп-лүп, шырт-шырт, пыс-пыс.

84-жаттығу. Сөз таптарын топтап жазыңдар.

Жиырма бес, сабақ, жақсы, бол, тер, тершең, бой, бойшаң, күлкі, күлкішіл, орындары, жау-ды, арыстан, түк, түксиді, əдемі, əлем, көтерді, Қамбар, алпыс алты.

1. З а т е с ім: сабақ, ...2. Сан есім: алпыс алты, ...3. Сын есім: күлкішіл, ...4. Етістік: түксиді, ...

Page 42: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

42

85-жаттығу. 1. Сөздерге жұрнақтардың тиістісін жал ғап, дефис арқылы жазыңдар.

Тіс, ақыл, көл, қара, күміс, бала, жаз, көр.

Ти іс т і ж ұр н а қт а р: -ды, -ла, -те, -ік, -дей, -ғаны, -тей, -лық.

2. Үстіне сұрақтарын қойып, қай сөз табына жата-тынын анықтаңдар.

86-жаттығу. 1. Мəтінді оқып шығып, қарамен жа-зыл ған сөз дер дегі тəуелдік жалғауларын дефис арқылы бөліп жазыңдар.

Шыжыған ыстық. Қолдарында ол-пұл затта-ры бар, терлеп-тепшіген үш адам автобус аял да масына келді. Бірі – Бол жан атты кіш-кене бала, екіншісі – соның шешесі, үшін-шісі – əжесі. Көп күттірмей керекті автобус та келе қалды. Жолау шылар қаптап жерге түскен соң, аял дамадағы он шақты кісі автобустың ішіне кірді.

Оң жақтағы орындарға күн сəулесі тү сіп тұр. Басқа жолаушылар сияқты Бол жан да сол күн аптабындағы орын дардың біріне отырды. Əжесі мен шешесі кө леңке жаққа жайғасыпты. Ол екеуіне бірдеңе айтқалы аузын аша бер-генде, ше шесінің даусы естілді.

(Машқар Гумеров)

Үл г і: аялдама-сы-на, ...

2. Мəтінде жылдың қай мезгілі баяндалып тұр?

Page 43: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

43

87-жаттығу. Суретте бейнеленген тау, көл, оқу-шы ларға ат қойып, «Туған жер» атты қысқа əңгіме жа зыңдар.

88-жаттығу. Жыр жолдарын мəнерлеп оқып, тə -уелденген сөздерді біріктіріп жазыңдар да, тəуелдік жал ғауының астын сызыңдар.

Ойда жоқ жерде от шығып,Қоныс-ы-мыз тарылды;Қызу-ы-на шыдамай,Жүрег-іміз жарылды.

Өртеп кетіп барадыӨзеннің бой-ы – қалыңды.Шарпу-ы жұртқа тиеді,Өшірмесең жалынды.

(«Қамбар батыр» жырынан)

Page 44: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

44

89-жаттығу. 1. Сөздерге тəуелдік жалғауын жалғап, тəуелдеңдер.

Отан, ел, ауыл, халық.Үл г і:

Жекеше: Көпше:I жақ. Менің халқ-ым. Біздің халықтар ...II жақ. Сенің халқ-ың. Сендердің ... Сіздің халқ-ыңыз. Сіздердің ... III жақ. Оның халқ-ы. Олардың ...

2. Ауыл, халық сөздеріндегі ы əрпі неліктен түсіп қалды?

ЗАТ ЕСІМ

Заттың, нəрсенің атын білдіріп, кім?, не? немесе кімдер?, нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді зат есім дейміз: Айбек, оқушылар, кітап, қарындаштар.

Зат есімнің жекеше түріне кім?, не?, көп-ше түріне кімдер?, нелер? деген сұрақтар қойылады.

Кісінің аты-жөні (Əлішер Науаи, Абай Құнанбайұлы), жер-аттары (Ташкент, Нөкіс), көше аттары (Өзбекстан көшесі), хайуанат аттары (Құлагер, Мойнақ) бас əріппен жа-зылады.

90-жаттығу. 1. Сөйлемдерді оқып, зат есім дерді та быңдар.

1. Еңбек пен ерлік даңқыңды асы рады. 2. Таш кент – Өзбекстан Республи касының аста-

Page 45: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

45

насы. 3. Бұл жер – ха лықтар достығының туын биікке көтерген құтты мекен. 4. Өз үйің – өлең төсегің. 5. Күз айында бұл Отанда күріш жи-налып, мақ та те ріледі.

2. Еңбек, ерлік, Ташкент, жер, үйің, күріш, мақта деген сөздердің үстіне сұрақтарын жазыңдар.

3. Осы сөздердің бəрі де қандай сұраққа жауап бе-ріп тұр?

91-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.

1. ... бал-бұл жанып тұр. 2. ... аяқтала бере, Олжасқа ... қол соқты. 3. Олжастың өз ... –Сəрсенбай жырау. 4. Оның ашық ... құлағымнан кетпейді. 5. ... оған ерекше қасиет сыйлаған.

(Ағира Хайдарова)

Ти іс т і с өз д е р: терме, жүзі, даусы, табиғат, көрермен, əкесі.

2. Зат есімге жататын сөздердің астын сызыңдар.

92-жаттығу. 1. Тəуелдік, көптік жəне жіктік жалғаулы сөздерді кестедегі бағандарға топтап жазыңдар.

Сахнасы, бұлттар, баламын, теледидары, кө-лің, қыздар, жыршымыз, əңгімесі, əншісің, жур-налдар, журналы, бишілер, симфо ниясы, ойы, ректор мын, директорымыз.

№ Тəуелдік жалғаулы сөз

Көптікжалғаулы сөз

Жіктік жалғаулы сөз

ойы қыздар əншісін

2. Симфониясы, ректоры де ген сөз дердің мағы-

насын мұғалім арқылы біліп алыңдар.

Page 46: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

46

93-жаттығу. 1. Сөздерді оқып шығыңдар.

Қарауыл, тырна, қиял, ой, бор, қызғыш, сұр-ғылт, ақ, желкілдеді, ысқырды, күлді, тоқсан то ғыз, он бес, елу жеті, үш.

2. Заттық, сындық, қимылдық жəне сандық мағы-наларды білдіретін сөздерді топтап жа зыңдар.

Ү л г і :

1. Заттық мағынаны білдіретін сөздер: бор, ...2. Сындық мағынаны білдіретін сөздер: ақ, ...3. Қимылдық мағынаны білдіретін сөз дер: күл-

ді, ...4. Сандық мағынаны білдіретін сөздер: үш, ...

94-жаттығу. 1. Сөздерді оқып, жалпы есім дерді мағы насына қарай кестеге орналасты рыңдар.

Өжеттік, арыстан, дауыл, батырлық, желсіз, жол барыспын, ептілік, қасқыр, борансың, шегірт-кемін, тышқансыңдар, қаһармандық, құйын, қаз.

№ Жалпы есімдер Жіктік жалғаулы сөз

1. Жануарлар мен жəндіктердің аты

2. Заттық ұғымды білдіретін сөздер

3. Құбылыс, табиғаттағы құбылыстардың аты

2. Бұл сөздер қай сөз табына жатады?3. Өжеттік, батырлық, қаһармандық, ерлік дейтін

сөздерді қатыстырып, 4 сөйлем құраңдар.

Page 47: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

47

95-жаттығу. 1. Жаңылтпаштарды көшіріп жазыңдар.

Əні – сəніƏрі – сəріƏлі, СəліƏлі сары.

2. Қарамен жазылған сөздер қос сөз бе, біріккен сөз бе?

3. Адам аттарын білдірген сөздердің астын сызың-дар. Үстіне сұрақ қойыңдар.

ЗАТ ЕСІМ ЖАСАЙТЫН ЖҰРНАҚТАР

Зат есім жасайтын жұрнақтар екіге бөлі-неді:

1. Есімдерден зат есім жасайтын жұр-нақтар.

2. Етістіктерден зат есім жасайтын жұр-нақтар.

Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар:1) -шы, -ші: оқушы, биші, қойшы, əнші.2) -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: бала-

лық, қорлық, батылдық.Етістіктерден зат есім жасайтын жұр-

нақтар:1) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: жарма,

көрме, қақпа, кеспе.2) -ыс, -іс, -с: айтыс, егіс, қоныс, бұры-

лыс.3) -ыш, -іш, -с: қуаныш, сүйініш.4) -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: сызғыш, сор-

ғыш.

Page 48: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

48

96-жаттығу. 1. Өлеңді көшіріп жазыңдар.

Теңізші

Соға түссе дауылы,Арта түсер айбыны.Теңізшінің ауылы –Шалқар теңіз айдыны.

(Төлеген Мұқаев).

Жылқышы

Əншейінде ұрыншақ,Қит етпейді құлыншақ.Мінсем деймін бір атқа,Қорқып жүрмін бірақ та.

2. Қай мамандық иесі екенін білдіріп тұрған сөз-дердің қосымшасын (жұрнағын) түбір сөзден бөліп жазыңдар.

97-жаттығу. Екпінділер деген сөздің əріптерін пайда-ланып, бірнеше зат есім жасап жазыңдар. Сөздердегі қосымшалардың астын сызыңдар.

98-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына -шық, -лық, -дік,-дық, -шақ, -шек, -дік, жұрнақтарын қойып, сөздерді көшіріп жазыңдар.

Қала – қала ... . Бола – бола ... .Бала – бала ... . Келе – келе ... .Жүз – жүз ... . Іні –іні ... .Сараң – сараң ... . Тəртіпсіз – тəртіпсіз ... .

Page 49: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

49

99-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазыңдар. Қане, ол қандай жұрнақ екен?

Сəскең бе, түсің бе,Мейлі, түн ішіндеІшің бе, тісің бе,Ауырса,БауыршаБолады кім əбігер?– Дəрі ...!

(Тынышбай Рахымов).

Біз пішен... боп алдық,Жұмыстан кеш оралдық.Жақсы болды түтін ...,Біз масадан құтылдық.

(Адырбек Сопыбеков).

Т и і с т і ж ұ р н а қ т а р : -шы, -ші, -кер, -гер.

ЗАТ ЕСІМНІҢ СЕПТЕЛУІ

Зат есім жекеше, көпшеге бөлініп, тə-уел денеді, жікте леді жəне сеп те леді.

100-жаттығу. Мəтінді оқыңдар. Асты сызылған сөз-дердегі түбір мен қосымшаны дефис арқылы бөліп жа зыңдар.

Бұл – біздің ауыл. Ауылдың арғы жа ғында өзен бар. Өзенге барып тұрамыз. Бірде Қарсыбай ды сонда көрдім. Оның досында гүл бар екен. Гүлден əсем не бар?

Сапармен бірге ауылға жүр.4 – Ана тілі, 4-сынып.

Page 50: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

50

101-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғау-ларды қойып, сөздерді қатесіз көшіріңдер.

Ара... көзі, қаз... қанаты, ат... жалы, іні... сөзі, көл... беті, бесік... басы.

Т и і с т і ж а л ғ а у л а р : -ның, -дың, -тың, -дің, -нің, тің.

2. Зат есім қайда? Астын сызыңдар.Жұмаш,Көзіңді жұм, аш!

Септік жалғауы – жалғаудың бір түрі.Септік жалғаулары да басқа жал ғаулар

сияқты сөйлемдегі сөздерді байланысты-рады.

Зат есімге септік жалғауының жалғанып, септелуін зат ес імн ің септелу і дей-міз.

Зат есімді басқа сөзбен байла ныс ты-ратын жалғауларды с е пт ік ж а л ға у л а -ры дейміз.

Септік жалғаулары жетеу: атау, ілік, ба-рыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

102-жаттығу. 1. Үлгіні оқып шығыңдар.

Зат есімнің септелуі

Септік атта-ры

Зат есімге қойылатын сұрақтар

Септік жалғауларының

түрлері

Зат есімнің септелуі

Атау септік Кім?, не? – Жылқы, піл

Ілік септік Кімнің?, ненің?

-ның, -дың, -тың,-нің, -дің, -тің

жылқының, пілдің

Page 51: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

51

Барыс септік Кімге?, неге? -ға, -ге, -на, -не,-қа, -ке, -а, -е

жылқыға, пілге

Табыс септік Кімді?, нені? -ны, -ды, -ты,-ні, -ді, -ті

жылқыны,пілді

Жатыс септік Кімде?, неде?

-да, -де, -нда-та, -те, -нде

жылқыда,пілде

Шығыс септік Кімнен?,неден?,

-нан, -дан, -тан,-нен, -ден, -тен

жылқыдан,пілден

Көмектес септік

Кіммен?,немен?

-мен, -бен,-пен

жылқымен,пілмен

2. Септіктерді жаттап алыңдар.

103-жаттығу. Сөздерді оқып, оларға сұрақ қойыңдар. Жалғанған септік жалғауларын дефис арқылы бөліп жазыңдар.

1. Атау табиғат еңбек2. Iлік табиғаттың еңбектің3. Барыс табиғатқа еңбекке4. Табыс табиғатты еңбекті5. Жатыс табиғатта еңбекте6. Шығыс табиғаттан еңбектен7. Көмектес табиғатпен еңбекпен

104-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Бостандық – таулы аймаққа орналас қан ау-дан. Оның орталығы Fазалкенттің болашағы үлкен. Жұрт сенбі күні Шар баққа бет алады. Белдер сайды көрдің бе? Шаңғыңды алып, қыста сонда бар. Жазда таудан керемет жел

Page 52: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

52

еседі. Қа палдағы жолмен жүру де бір бақыт қой.

(Зиямиддин Масатов).

2. Мəтінге ат қойып, мазмұнын айтыңдар.

105-жаттығу. 1. Қарамен жазылған сөздер қай жал-ғаулар арқылы байланысқан?

1. Ұлын ұяға қондырды, қызын қия-ға қон дырды. 2. Ол аяқ киімін шүбе рек-пен сүртті. 3. Қолыңа қо ңыр дəп терді ал. 4. Бұл – атамның дəптері. 5. Анам ның даусы асыл мұраттарға үндейді. 6. Айтқан сөздерің көкі регімде сайрап тұр.

(Зиямиддин Масатов).

2. Өзара байланысқан сөздерді көшіріп жа зыңдар.

АТАУ СЕПТІК

А т а у с е п т іг ін д е г і зат есім дердің сұ -рақтары:

1. Жекеше түрінде: кім?, не?2. Көпше түрінде: кімдер?, нелер?Атау септігінің арнаулы жал ғауы жоқ.Атау септігіндегі сөздер басқа сеп тік-

тердегі сөздерге негіз болады.

106-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына сөйлемнің ма-ғынасына қарай атау септігіндегі зат есім дерді қойып, сөй лемдерді көшіріңдер.

1. ... – зор байлық. 2. ... – білім бұлағы. 3. ... – халықтың гүлі. 4. Ел... – дуалы. 5. Ер

Page 53: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

53

... – ат. 6. ... туа жаман емес, жүре жаман бо-лады. 7. ... төлден өседі. 8. ... баққандікі, ... жыртқандікі.

(«Қазақтың мақал-мəтелдері» кітабынан).

К е р е к т і с өз д е р: қыз, аузы, кітап, жер, денсаулық, адам, түлік, мал, қанаты.

2. Қай сөз септелмейді? Астын сызыңдар.Келді, оқу, «бестік», бауыр, елім.

107-жаттығу. Асты сызылған сөздердің үс тіне сұрақ тарын жазыңдар. Бұл сөздер қай түрде (жекеше, көпше) қолданылған?

1. Балалар шөп орды. 2. Мұғалім сабаққа ерте келді. 3. Сапар Таразда жасайды. 4. Көгершін дерге көмек бер. 5. Ұшақ аспанға көтерілді. 6. Ұш қыштардың шеберлігі мол. 7. Аққуларға тас атпаң дар. 8. Аққу – киелі құс.

108-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Атау септігіндегі зат есімдерді тауып, астын сызыңдар. Сұрақ тарын үстіне жазыңдар.

1. Аулада алма, өрік, алша өсіп тұр. 2. Же містер балбырап пісті. 3. Кеше ағай əн салды. 4. Əншілер Құтбайдың əнін айтты. 5. Сиыр – сүтті мал. 6. Жыл қы – құтты мал. 7. Жануарлар көк май сада жайы лып жүр.

не?Үл г і: Қара бұлт көрінді.

Page 54: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

54

109-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қойып, жаңылтпаштарды көшіріп жа зыңдар.

Ақжарда үш ...ар бар,Əр ...арда жүз ...ар бар.

Ти іс т і əр іп т е р: ш, ж.

2. Жар, шар деген сөздер қай септіктің сұрағына жауап беріп тұр?

3. Бұл сөздер қандай мағынаны білдіреді?

110-жаттығу. Сөздердің жалғауларын алып тастап, атау септігіне айналдырып жазыңдар.

1. Ырыстың, қанарға, араны, балада, тонна-ны, кептермен.

2. Қозылардың, түйелерге, сиырларды, ешкілерде, еліктерден, киіктермен.

Үл г і: 1. Тон, ...

Киіктер, ...111-жаттығу. 1. Өлеңді мəнерлеп оқыңдар.

МҰЗБАЛАҚ

Екі тəулік өткен-ді,Ата бүркіт аш қалды.Қия тартты тастарды.Күз ығысып кетті енді,Қиямет қыс басталды.Азық табу оңай ма,Ақ иығын талдырды.Аңдар ығып тоғайға,Адырларды қалдырды.

Page 55: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

55

Үңірейген сайлардаҮлбіреген қар жатты.Қан базарлы жайлаудаТірі жəндік қалмапты.

(Мұқағали Мақатаев).

2. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойып, олардың қай септікте тұрғанын айтыңдар.

112-жаттығу. Сөйлемдерді мағынасын түсініп оқың-дар. Атау септігіндегі зат есімдерге сұрақ қойыңдар.

1. Күндерде бір күн хан алыс жолға аттанды. 2. Бұл хабар жұртқа тегіс жа йылды. 3. Бала жол жүреді. 4. Əскерлер су таба алмай, шөлдеп қы рылатын бо лады. 5. Өгіз мөңіреп барып, бір жерді сүзе құлайды. 6. Бала бір үйір жылқы береді.

(«Қазақ ертегілерінен»)

113-жаттығу. 1. Қазақ əйелдері, ер азаматтарының атауларын көшіріп жазыңдар.

Ана, мама, шеше, əже, ене, апа, апай, əпке, сіңлі, қарындас, ханым, ханша, ханзада, бике, бикеш, жеңеше, қайынсіңлі, құдағи, құдаша, балдыз, ата, атай, баба, аға, ағай, іні, көке, қайын, құда, хан, бек, би, жезде, ...

2. Осы сөздердің ішінен 4-еуін қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.

3. Атау септігіндегі сөздің астын сызыңдар.

Атау септігіндегі сөздер көбінесе бас-тауыш болады.

Page 56: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

56

114-жаттығу. Атау септігінде тұрған сөздің астын бастауыштың (–) белгісімен сызыңдар.

1. Жайлауда қозы жүр. 2. Кеңес Шең гелдіде жасайды. 3. Əн бəрімізге ұнады. 4. Бүгін күн ашық. 5. Ол баға алды.

IЛІК СЕПТІК

Iлік септігінің сұрақтары:1. Жекеше: кімнің?, ненің?2. Көпше: кімдердің?, нелердің?Iлік септігінің жалғаулары: -ның, -нің,

-дың, -дің, -тың, -тің.Қосымшалар жуан буыннан соң жуан түр-

де (-ның, -дың, -тың), жіңішке буыннан соң жіңішке түрде (-нің, -дің, -тің) жал ғанады.

115-жаттығу. Сөйлемдердегі асты сызылған сөз-дерге сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын жазыңдар.

1. Ташкенттің жазы да, қысы да жақсы. 2. Қай елге болмасын, бейбітшіліктің пай дасы көп. 3. Ас қардың, Жұмабектің, Ела манның, Аманның аулы гүл жайнап тұр. 4. Жақсы бала атасының сөзін екі етпейді.

116-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғау-ларды қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.

1. Сынып... қабырғасы. 2. Үй... іші. 3. Мысық... құлағы. 4. Машина... мо торы.

Page 57: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

57

5. Ұшақ... даусы. 6. От... жылуы. 7. Түйе... шұбаты. 8. Сиыр... сүті. 9. Би дай... дəні.

2. Iлік септігі жалғауларының астын сызыңдар.

117-жаттығу. 1. Атау септігіндегі сөздерді ілік сеп-тігіндегі сөздерге айналдырып жазыңдар.

Орамал, бəтеңке, киім, құс, жануар, диқаншылық, егіншілік, тау, қарағай, жартас, қайың, жыра, үй, жолаушы.

2. Iлік септік жалғауларын атаңдар.

118-жаттығу. 1. Сөйлемдерді оқыңдар да, ілік сеп-тігіндегі сөздердің жалғауын түбірден дефис арқылы бөліп жазыңдар.

1. Күлтайдың ағасы осы ауылға қыз метке кел ді. 2. Ағабектің мақтанышы қойнына сый-май кетті. 3. Күннің көзі көрінді. 4. Ата-ененің жоралғысы бойын ша басына бөрік кигізді. 5. Алыстан Асыл ханның төбеті көрінді.

2. Iлік септігіндегі сөздің астын ирек (~~~~), атау сеп-тігіндегі сөздің астын түзу сызықпен сызыңдар.

Iлік септігіндегі сөздер сөйлемнің анық-тауыш мүшесі болады: Бұл – қаздың майы.Анау – ауылдың тұсы.

119-жаттығу. Iлік септігіндегі сөздерді теріп жа-зыңдар.

1. Менің əкемнің беті қып-қызыл, бойы ұзын, шашы қап-қара. 2. Ақтайдың үйінің іші-

Page 58: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

58

тысы бірдей салтанатты, көрікті. 3. Мə дениет са райының үлкен залында жи налыс өтті. 4. Сиыр дың терісі қалың, өзі денелі, жұмыр, зор келеді.

120-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жазыңдар.

Қастерлеген ... шаңырағы,Бүкір əжем алдында аңырады.

(Қобыз).Тілін бассам, сандығымАйтады ... барлығын. (Күйсандық).

Ти і с т і с ө з д е р : əннің, қазақтың.

2. Сөйлемнің анықтауыш мүшесі болған сөздің ас-тын ирек сызықпен сызыңдар.

БАРЫС СЕПТІК

Барыс септігінің сұрақтары:1. Жекеше: кімге?, неге?2. Көпше: кімдерге?, нелерге?Барыс септігінің жалғаулары: -ға, -ге, -қа,

-ке, -на, -не, -а, -е.Барыс септігінің жалғаулары жуан бу-

ын нан соң жуан түрде (-ға, -қа, -на, -а), жіңішке буыннан соң жіңішке түрде (-ге, -ке, -не, -е) жалғанады.

Тəуелдеулі зат есімдерден соң -на, -не, -а, -е жалғаулары жалғанады.

Page 59: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

59

121-жаттығу. 1. Сөйлемдердегі асты сызылған сөз-дерге сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын айтыңдар.

1. Мейірман қалаға барды. 2. Оның көзі жаңа құрылысқа түсті. 3. Саяжайлар гүлге толы екен. 4. Бір топ адамдар цирк ке бара жатыр. 5. Ол Ас қарға, Мұстафаға, Ақылбекке, Нұржанға жолықты.

122-жаттығу. Көшіріп жазып, барыс септігінде тұрған сөздерді тауып, қосымшаларын анықтаңдар.

1. Кітапханаға мүше бол. 2. Алдағы мереке-ге ұқыпты дайындалыңдар. 3. Қа бырға газетіне ма қа ла жазып, сыныптың хал-жағдайымен көпшілікті таныстырың дар. 4. Досыңа адал бол. 5. Бөбегіңе ауыр сөз айтпа.

123-жаттығу. Сөздерді барыс септігі бо йынша сеп-теп жазыңдар.

Жаз, күз, қыс, көктем, қаңтар, ақпан, сəуір, мамыр, маусым, шілде, қыркүйек, қазан, қара-ша, жел тоқсан.

Жазың, күзің, қысың, көктемің.

124-жаттығу. Көп нүктенің орнына барыс сеп тігінің жалғауларын қойып, сөйлемдерді кө шіріңдер.

1. Мал... бар. 2. Ел... көш. 3. Айтыс... шық. 4. Iс... кір. 5. Бөлмең... қара. 6. Жолдасың.... жəрдем бер.

2. Жалғанған барыс септік жалғауларының астын сызың дар.

Page 60: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

60

125-жаттығу. 1. Өлеңді мəнерлеп оқыңдар.

ИІСКөк майсаға құлайық,Сауық-сайран құрайық.Көбелекті қуалап,Құмардан бір шығайық.Көктем тойын тойлайық,Күн батқанша ойнайық.Көк шалғынға көміліп,Көк тоғайға бойлайық.Қызық күтіп тұрғасынҮйде оңаша кім қалсын, –Қырға шығып қайтайық,Қане, бол тез, жүр, досым?!

(Темур Убайдулла)

2. Жаттығуды көшіріп жазып, барыс септігінде гі сөз-дердің астын сызыңдар.

3. Майсаға, шалғынға, тоғайға, қырға сөздері не ды -быстық, буындық талдау жасаңдар.

Барыс септігіндегі сөздер сөй лемнің то-лық тауыш мүшесі болады.

126-жаттығу. Барыс септігіндегі сөздерді те ріп жа-зыңдар.

1. Жолдасқа қиянат еткен оңбас. 2. Жақ-сы жаныңа жолдас, жаман малыңа жол дас. 3. Тарғыл итім талға оралды. 4. Ата ңа не қылсаң, алдыңа сол келер. 5. Бір адам таққа

Page 61: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

61

мінсе, қырық адам атқа мі неді. 6. Түйе қараған жауға жолығар, сиыр қараған тойға жолығар. 7. Досыңа ат берме, ат берген соң: «Ақырын жүр!» деме.

(«Қазақ мақал-мəтелдері» кітабынан)

ТАБЫС СЕПТІК

127-жаттығу. Көшіріп жазып, табыс сеп тігіндегі сөз-дерді тауып, қосымшаларын анық таңдар.

1. Қадіріңді білмеске қадамыңды кө терме.2. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз

бұзар.3. Ақылды мақтанса, істі тындырар, ақымақ

мақтанса, аяғын сындырар.4. Ұрыс ырысты қашырар, ынтымақ халықты

асырар.(«Қазақ мақал-мəтелдері» кітабынан)

128-жаттығу. Төмендегі кестені сызып сұ рақтарды, жал ғауларды, мысалдарды көшіріп жазыңдар.

№Септіктіңаты Сұрақтары

Жалғау-лары Мысалдар

табыскімді?, нені?,кімдерді?,нелерді?

-ны, -ні,-ды, -ді,-ты, -ті,н

баланы, ініні,аңды, белді,хатты, шитті,

күрегін

Табыс септігінің сұрақтары:1. Жекеше: кімді?, нені?2. Көпше: кімдерді?, нелерді?

Page 62: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

62

Табыс септігінің жалғаулары: -ны, -ні, -ды, ді, -ты, -ті, -н.

Табыс септігінің жалғаулары жуан буын-нан соң жуан түрде (-ны, -ды, -ты), жіңішке буыннан соң жіңішке түрде (-ні, -ді, -ті) жалғанады.

Тəуелдеулі зат есім сөздерінен соң -н жалғауы жалғанады.

129-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғау-ларды қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.

1. Ақтөс құйрық... босатты. 2. Кө кем көк сиыр... қыл ар қанның ұшымен байлап кетті. 3. Ақтөс көзі... бір ашып қалып еді, содан қай-тып ашқан жоқ. 4. Қолына рогаткамен атқан-нан бері тісі... қайрап жүр. 5. Қолындағы ап-теч касы... жерге қойды. 6. Ақтөс оған көзінің қыры... да салған жоқ. 7. Сəду аптечкасы... ақ тарып, дəрі-дəрмегі... əзір леді.

(Сұлтан Қалиев)

2. Жалғанған табыс септік жалғауларының астын сы зыңдар.

Табыс септігіндегі сөздер сөй лемнің то-лық тауыш мүшесі болады.

Толықтауыштың белгісі – «-----». Мы-салдар:

1. Киікті балалар ауылға бастап барды.

2. Байқаусызда жыланды басып алма.

Page 63: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

63

130-жаттығу. Табыс септігіндегі сөздерді те ріп жа-зың дар.

1. Халық бидайды ардақтап, қастер лейді. 2. Сөз ді ұққанға айт. 3. Ше гені балғамен қағады. 4. Аға лар бала ларға əкелген сыйлықтарын тап сырды. 5. Ұн ды машинаға салып əкетті.

131-жаттығу. Асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын айтыңдар.

1. Қайтып кірер есікті қатты жаппа. 2. Жол-дасты жол айырады. 3. Саналы адам сағыңды сындыр мас, санасыз адам жағыңды тындырмас. 4. Ерді қорласаң, састырады, асты қорласаң, құсты рады. 5. Ердің атын еңбек шығарар.

132-жаттығу. Берілген сөздерге табыс септік жал-ғауларын жалғап, сөйлем құрастырып жазыңдар.

Ауыл, білім, шеге, домбыра.

133-жаттығу. 1. Керекті сөздерді көп нүк тенің ор-нына қойып, сөйлемдерді көшіріп жа зыңдар.

1. ... таңамыз. 2. ... киеміз. 3. ... бай лаймыз. 4. ... тураймыз. 5. ... үріптейміз. 6. ... ішеміз.

К е р е к т і с өз д е р: етті, орамалды, қамырды, бəтеңкені, сорпаны, белбеуді.

2. Сөйлемнің толықтауыш мүшесі болып тұр ған сөз дердің астын толықтауыштың (-----) белгісімен сы-зыңдар.

Page 64: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

64

ЖАТЫС СЕПТІК

Жатыс септігінің сұрақтары:1. Жекеше: кімде?, неде?2. Көпше: кімдерде?, нелерде?Жатыс септігінің жалғаулары: -да, -де,

-та, -те, -нда, -нде.Жатыс септігінің жалғаулары жуан буын-

нан соң жуан түрде (-да, -та), жіңішке буын-нан соң жіңішке түрде (-де, -те) жалғанады. Тəуелдеулі сөздерге -нда, -нде жалғанады.

134-жаттығу. Сөйлемдердегі асты сызылған сөз-дерге сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын айтыңдар.

1. Талғат Мұсабаев пен Сəліжан ға рышта бо лып қайтты. 2. Біздің ғарыш керлерде нағыз ер лік бар. 3. Fарыш керлер Байқоңырда болды. 4. Fа рыштық кемеде болған қандай жақсы. 5. Тал ғатта ғарышқа тағы да ұшу ойы бар.

135-жаттығу. Көшіріп жазып, жатыс септігінде тұр-ған сөздерді тауып, қосымшаларын анықтаңдар.

1. Үшқұдықта, Тамдыда, Кенимехте аға-йын да рымыз жасайды. 2. Боқантауда қызу өмір қай нап жатыр. 3. Балқы Базар, Өмірзақ Қожамұратов, Совет Жаманқараев, Лəтіп ақындар осы елде туыл ған. 4. Жа манқара күй-шіде ерекше дарын болған.

136-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғау-ларды қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.

1. Атам... ұлылық бар. 2. Анам... жылылық бар. 3. Ағам... ыстық мейір бар. 4. Iнім...

Page 65: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

65

жақсы пейіл бар. 5. Əп кем... ырыс бар. 6. Қарындасым... əлі атқаратын көп жұмыс бар.

2. Жалғанған жатыс септік жалғауларының ас тын сызың дар.

137-жаттығу. Жатыс септігіндегі сөздерді те ріп жа-зыңдар.

1. Жемісте əртүрлі витаминдер мол. 2. Сен білесің бе, өрікте не болады? 3. Оның көзі өрік тегі тəушеде. 4. Өрік, алма – бəрі аулада бар. 5. Ас панда жұл дыздар сирей бастады. Бір ұрыста Мəлік Fабдуллин бастаған автомат-шылар тобы жеңіп шықты.

138-жаттығу. 1. Өлеңді мəнерлеп оқып, көшіріп жа-зыңдар.

Аман болса əр мекен,Өсер қырда лала гүл...Артық нəрсе бар ма екенБақытынан баланың?

(Темір Убайдулла)

2. Септік жалғауы бар сөздерге сұрақ қо йыңдар.3. Жатыс септігіндегі сөздің астын сызыңдар.

139-жаттығу. Асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын айтыңдар.

1. Ерте заманда Шықбермес Шығай бай дей -тін сараң бай болыпты. 2. Оның мал-мүлкін-де есеп болмапты. 3. Ақы рында елден ірге сін аулақ салған, ен далада жалғыз үй отыр ған 5 – Ана тілі, 4-сынып.

Page 66: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

66

Шығай байдың үйіне келеді. 4. Ай, өзің иегің-де бір тал қылшығың жоқ, сақал-мұрттан тұл-дырсыз көсеудей көсе екенсің!

(«Алдар Көсе мен ШықбермесШығайбай» ертегісінен)

140-жаттығу. 1. Төмендегі сөздерге жатыс сеп-тігінің жалғауларын қосып, көшіріп жазыңдар.

1. Дала, дəрігер, дəн, дəнек.2. Сəт, уақыт, күн, ай, жыл, ғасыр.

2. Дəрігер, күн, ай сөздеріне сөйлем құрастырыңдар.

141-жаттығу. 1. Керекті сөздерді көп нүк тенің ор-нына қойып, сөйлемдерді көшіріп жа зыңдар.

Соғыс басталғанда мен жеті ... едім. Ер-аза-мат түгел ел қорғауға аттанды. .... сауды рап кемпір-шал мен бала-шаға қалды. Ең бол маса, майданнан келген хаттарды оқи алатын да адам жоқ. Ересек балалар жаз бойы егінде, ... шөпте жүреді.

К е р е к т і с өз д е р: малда, ауылда, жаста.

2. Жатыс септігіндегі сөздердің астын сы зыңдар.

142-жаттығу. 1. Жатыс септігінде сөздерді теріп жа зыңдар.

1. Қадірде үлкен ойыншық бар. 2. Үйде ба-лалардың қарт əжесі ғана бар. 3. Əкесі мен шешесі жұмыста еді. 4. Шырағым, біздің тұ-

Page 67: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

67

қым да біреудің ала жібін аттаған адам жоқ. 5. Бар айып сенде екен.

(Нəсіреддин Серəлиев)

2. Жатыс септігіндегі сөздердің астын сы зыңдар.

ШЫFЫС СЕПТІК

Шығыс септігінің сұрақтары:1. Жекеше: кімнен? неден?2. Көпше: кімдерден? нелерден?Шығыс септігінің жалғаулары: -дан,

-ден, -нан, -нен, -тан, -тен.Шығыс септігінің жалғаулары жуан бу-

ын нан соң жуан түрде (-дан, -нан, -тан), жіңішке буыннан соң жіңішке түрде (-ден, -нен, -тен) жалғанады.

Шығыс септігіндегі сөздер толықтауыш та болады.

143-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, асты сы-зылған сөз дерге сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын айтың дар.

1. Екі-үш салт атты таудан қарағай сүйретіп келеді. 2. Екі түбірден біріккен қандай өсімдік, аң, құс атауларын біле сіңдер? 3. Екі сөзден біріккен қандай əн, күйлерді білесіңдер? 4. Оның бойы менің иығымнан келеді. 5. Аспаннан жаң-быр там шылары себелей бастады.

Page 68: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

68

144-жаттығу. Көшіріп жазып, шығыс сеп тігіндегі сөз-дерді тауып, қосымшаларын анық таңдар.

МАҚАЛДАР1. Құлақтан кірген суық сөз

Көңліңе барып, мұз болар.2. Еттен өткен таяқтан

Сүйектен өткен сөз жаман.3. Сөз сөзден туады,

Сөйлемесе, қайдан туады.

4. Тіл қылыштан өткір.(«Қазақ мақалдары» кітабынан)

145-жаттығу. Төмендегі кестені сызып, сеп тіктің атын, сұрақтарын, жалғауларын жəне мысалдарды кө-шіріп жазыңдар.

№ Септіктіңаты Сұрақтары Жалғау-

лары Мысалдар

шығыс

кімнен?,неден?,

кімдерден?,нелерден?

-дан, -ден,-нан, -нен,-тан, -тен

ұядан, жиде-ден, арланнан, жүннен, оттан,

кілттен

146-жаттығу. Сөздерді шығыс септігі бойынша сеп-теп жазыңдар.

Нəресте, бөбек, сəби, балдырған, бүл діршін.

147-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті жал ғау-ларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жа зыңдар.

1. Қонақ... қонақ ұлық. 2. Бұлт... шық қан күн ащы. 3. Бұрын шыққан құлақ... кейін шыққан

Page 69: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

69

мүйіз озады. 4. Көз... кетсе де, көңіл... кет-песін. 5. Тізем... сүріндірсең сүріндір, тілім... сү ріндірме. 6. Бетеге... биік, жусан.... аласа. 7. Жақ сы... үйрен, жаман... жирен.

(«Қазақтың мың бір мақал-мəтелі» кітабынан).

2. Жалғанған шығыс септік жалғауларының астын сызың дар.

3. Шығыс септігіндегі сөздер толықтауыш болады.

148-жаттығу. Алты септіктің атын, сұрағын, жалғауын байқап, септелген сөздерді қатесіз көшіріңдер.

Жекеше КөпшеАтау септік кім? не? кімдер?, нелер? оқушы оқушыларIлік септік кімнің?, ненің? кімдердің?, нелердің? оқушының оқушылардыңБарыс септік кімге?, неге? кімдерге?, нелерге? оқушыға оқушыларғаТабыс септік кімді?, нені? кімдерді?, нелерді? оқушыны оқушылардыЖатыс септік кімде?, неде? кімдерде?, нелерде? оқушыда оқушылардаШығыс септік кімнен?, неден? кімдерден?, нелерден? оқушыдан оқушылардан

Page 70: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

70

149-жаттығу. Шығыс септігіндегі сөздерді теріп жа-зыңдар.

ЖҰМБАҚТАРКүннен көзін алмайды,Мойны бірақ талмайды.

(Күнбағыс)

Қанатсыз құс мaңып барады,Көзінен жас тамып барады.

(Бұлт) (Қадыр Мырзалиев)

150-жаттығу. сз , зс əріптерінің тиістісін қалдырып,

сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Қыссз тан жақсы мезгіл жоқ. 2. Мы на қысздан үлгі ал. 3. Анам түсз ден кел ді.

151-жаттығу. Мақалдарды жатқа жазыңдар.

Адамнан үлкен ат жоқ.Наннан үлкен ас жоқ.Белгі жолдан тайдырмас,Білім сөзден жаңылдырмас.

152-жаттығу. 1. Түбір сөзге шығыс септік жалғаула-рын қосып жазыңдар.

1. Қыз ана-дан үйренбей өнеге алмас.2. Ұл ата-дан үйренбей сапарға шықпас.

(Қорқыт ата)3. Сен өз бақытыңды оқу-дан, еңбек-тен, ғы-

лым-нан, халыққа қызмет ету-ден табасың.(К.Д. Зелинский).

Page 71: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

71

КӨМЕКТЕС СЕПТІК

Көмектес септігінің сұрақтары:1. Жекеше: кіммен?, немен?.2. Көпше: кімдермен?, нелермен?.Көмектес септігінің жалғаулары: -мен,

-бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен.Көмектес септігінің жалғаулары жуан

буын нан соң да, жіңішке буын нан соң да (-мен, -бен, -пен) жал ғана береді.

153-жаттығу. Сөйлемдердегі асты сызылған сөз-дерге сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын айтыңдар.

1. Жолмен жүрсең, жортып жүр. 2. Жақ сымен жүрсең, жетерсің мұратқа, жа манмен жүрсең, қаларсың ұятқа. 3. Қо шақанмен бөрі ойнайды. 4. Ер еңбе гімен сыйлы. 5. Асықпаған арбамен қоянға жетер. 6. Сумен ойнама, батарсың, от-пен ойнама, жанарсың.

154-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті жал ғау-ларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Жаңбыр... жер көгерер, алғыс... ер көге-рер. 2. Əркім өз кездігі... өлшейді. 3. Тілің... жү гірме, білім... жүгір. 4. Ұры... жақын болсаң, ұятқа қаларсың, бөрі... жақын болсаң, қораға шабарсың. 5. Кісі болар баланың кісі... ісі бар. 6. Ер елі... жақсы, жер кені... жақсы.

(«Қазақ мақалдары» кітабынан)

2. Жалғанған көмектес септігі жалғауларының астын сы зыңдар.

Page 72: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

72

155-жаттығу. Жеті септіктің атын, сұрағын, жалғауын байқап, септелген сөздерді қатесіз көшіріңдер.

Атау септік кім? не? кімдер? нелер? Айгүл гүлдерIлік септік кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? Айгүлдің гүлдердіңБарыс кімге? неге?септік кімдерге? нелерге? Айгүлге гүлдергеТабыс кімді? нені?септік кімдерді? нелерді?

Айгүлді гүлдердіЖатыс кімде? неде?септік кімдерде? нелерде?

Айгүлде гүлдердеШығыс кімнен? неден?септік кімдерден? нелерден?

Айгүлден гүлдерден Көмектес кіммен? немен?септік кімдермен? нелермен?

Айгүлмен гүлдермен 156-жаттығу. Көмектес септігіндегі сөздерді теріп

жа зыңдар.

1. Қар суымен іле көтерілген қыз ғал дақ қысқы ызғардан енді ғана арқасы босап, бу-сана бастаған сұрғылт далаға шырай кіргізді (Б. Азнабаев). Сен тауық пен дос емес пе едің?

Page 73: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

73

2. Кең далада Асқар көкем трактор мен жерді сүдігерлеп жатыр.

3. Біздер Айгүлмен, Айдынмен, Əйге ріммен көршіміз (Ағира Хайдарова).

157-жаттығу. 1. Мəтінді оқып, көшіріп жа зыңдар.

КҮШІК ПЕН МЫСЫҚ

– Кел, екеуміз дос болайық, – деді күшік мы-сыққа.

– Сен тауықпен дос емес пе едің?– Онымен араздасқым келіп жүр.– Егер сен тауықпен аяқ астынан араздасар

болсаң, менімен де дос болып жарытпассың, –деді мысық.

(Халық ауыз əдебиетінен)

2. Септік жалғауы бар сөздерге сұрақ қо йыңдар.3. Көмектес септігіндегі сөздің астын сы зыңдар.

158-жаттығу. 1. Сурет бойынша «Кел, ба лалар, оқы лық!» атты əңгіме құрастырыңдар.

Page 74: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

74

Əңгіменің жоспары:1. Кітапханада.2. Оқуға деген сүйіспеншілік.3. Кітапханашы апай.

159-жаттығу. Түбір соңындағы қ, к, п дыбыстарының қай дыбысқа айналғанын бай қаңдар.

Жуан буын Жіңішке буынқайрақ – қайрағ-ым-да елек – елег-ім-дебайрақ – байрағ-ым-ның бесік – бесіг-ім-ніңбұлақ – бұлағ-ым-ды шелек – шелег-ім-дікітап – кітаб-ым-нан шеп – шеб-ім-нен

160-жаттығу. Берілген сөздерді жекеше, көпше түр-де жіктеп жазыңдар.

Кітапханашы, сатушы, дəрігер, оқушы.

161-жаттығу. Сұрақтарға жазбаша жауап бе ріп, жақ-ша ішіндегі атау тұлғалы сөзге тиісті жалғауды жал-ғаңдар.

1. Ер несімен көзге түседі (ерлік)?2. Ақын несімен ерекшеленеді (ше берлік)?3. Асылбек немен марапатталды (мақтау қа-

ғазы)?4. Абай немен оқыды? (ықылас)?5. Аязбек немен жүреді? (есеп)?6. Қаңтарбек немен келді (ат)?Үл г і: Қаңтарбек атпен келді.

Сөзге тəуелдік жалғауы жалғанса, түбір-дің соңындағы қ, к, п дыбыс тары ғ, г, б дыбыстарына айналады.

Page 75: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

75

162-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қойып, сөздерді көшіріңдер.

1. Саба... басталды. 2. Алманың саба...ы үзіл месін. 3. Шынаш...тай бала. 4. Шынаша...ым шет те тұр. 5. Бес сауса... . 6. Аулыңды бес сау са...ыңдай біл.

ТƏУЕЛДІК ЖАЛҒАУЛЫ ЗАТЕСІМДЕРДІҢ СЕПТЕЛУІ

163-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріңдер. Тəуелдеулі сөздердің астын сызың дар.

1. Құдықтың басы тап-таза, мұнтаздай болсын, балам. 2. Абылайдың аулы гүлге толып кетті. 3. Сіз дің досыңыз – біздің досымыз. 4. Олардың ауласы кең екен. 5. Біздің жасымыз 12-де. 6. Кем пірдің кебежесі ашылды. 7. Таяқтың ұшы екеу. 8. Атаңның батасы бəрінен күшті.

2. Тəуелдеулі сөздің алдындағы сөздер қай септікте тұр?

164-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жəне тəуелдік жалғауларын жалғап, сөздерді көшіріңдер.

Мен... дəптер..., сен... дəптер..., сіз... дəптер..., о... дəптер..., біз... дəптер..., сендер... дəптер..., сіздер... дəптерлер..., олар... дəптерлер... .

Зат есімдер тəуелдік жалғаула рының жал ғануы арқылы тəуелде неді: қалам-ым, көше-м, гүл-ім, сөз-іңіз.

Тəуелденген зат есімдер заттың, нəр-сенің кімге, неге тиісті, тəуелді екенін біл-

Page 76: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

76

діреді: менің гүл-ім, сенің гүл-ің, сіздің гүл-іңіз, оның гүл-і.

Заттың кімге немесе неге тиісті, тəуелді екенін білдіретін жалғау ларды тəуелдік жалғауы дейміз.

Тəуелдеулі зат есімдерге септік жалғау-ла рының жалғанып септелуін тəуелдеулі зат есімдердің септелуі дейміз.

165-жаттығу. Тəуелдеулі сөздерді теріп жа зыңдар.

1. Əзірше сыйға арнаған Гүліңнің, апа, ал гүлін.

2. Нұрланның Бөрібасары – ауылдағы ең күш ті ит. Үлкендігі тайыншадай. 3. Ав тобус аялдама сы қаптаған халық. 4. Икрам анасы-на көмек тесті. 5. Ты ныштығымды бұздыңдар, ұйықтайтын уа қыт болды. 6. Олар сендердің желаяқтарың нан да, балуандарыңнан да артық қой. 7. Марат пен əкесі қызыл тұт ағашынан жасалған бесік алды.

166-жаттығу. 1. Тəуелдеулі сөздердің тұсына оның тү бірін жазыңдар.

Сабыңда, қабыңнан, қалағымды, бала ғыңды, күрегіңнің.

Үл г і: Сабыңда – сап,

167-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті тəуелдік жалғауларын қойып жазыңдар.

1. Мына апай – менің ана... . 2. Ана-м-ның қол...нда домбыра. 3. Домбыра-ның пернелер...

Page 77: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

77

көп. 4. Анамыз Құрманғазы күйлер ... н тарт-қанды ұнатады. 5. Мен ана...ның қас...нда туған жер табиғат...н қылқаламмен бейнелегенді жақсы көремін.

168-жаттығу. қғ , гк , бп , ғг əріптерінің тиістісін қал-

дырып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Қазықғ ыңды ала кел. 2. Бесігк іңді түзе.

3. Шөбп іңді сала тұр. 4. Шұлығг ыңды жыртып

алма.

169-жаттығу. 1. Төмендегі сөздерді септеп жазың-дар.

Шана, шанам, шанаң.

2. Сөздің түбірін табыңдар.3. Бұлар қандай сөздер?4. Тəуелдеулі сөздер қайсылар?5. Шанам, шанаң деген сөздер нешінші жақта тұр?

Page 78: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

78

170-жаттығу. 1. Тəуелдеулі зат есімдердің септелу үлгісін оқыңдар.

ТƏУЕЛДЕУЛІ ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢСЕПТЕЛУ ҮЛГІСІ

№ Жай септеу Тəуелдеулі септеу1. А. қармақ

инеқармағ-ымине-м

қармағ-ыңине-ң

қармағ-ыине-сі

2. І. қармақтыңиненің

қармағ-ым-ныңине-м-нің

қармағ-ың-ныңине-ң-нің

қармағ-ы-ныңине-сі-нің

3. Б. қармаққаинеге

қармағ-ым-аине-м-е

қармағ-ың-аине-ң-е

қармағ-ы-наине-сі-не

4. Т қармақтыинені

қармағ-ым-дыине-м-ді

қармағ-ың-дыине-ң-ді

қармағ-ы-нине-сі-н

5. Ж. қармақтаинеде

қармағ-ым-даине-м-де

қармағ-ың-даине-ң-де

қармағ-ы-ндаине-сі-нде

6. Ш. қармақтанинеден

қармағ-ым-нанине-м-нен

қармағ-ың-нанине-ң-нен

қармағ-ы-нанине-сі-нен

7. К. қармақпенинемен

қармағ-ым-менине-м-мен

қармағ-ың-менине-ң-мен

қармағ-ы-менине-сі-мен

171-жаттығу. I, II, III жақта тəуелденген төмендегі сөз дерді көшіріп жазыңдар.

Жекеше: Көпше:

I жақ.Менің көсег-ім. Біздің көсег-іміз.

Page 79: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

79

II жақ.Сенің көсег-ің. Сендердің көсек-тер-ің.Сіздің көсег-іңіз. Сіздердің көсек-тер-іңіз.III жақ.Оның көсег-і. Олардың көсек-тер-і.

172-жаттығу. Мақалдардағы тəуелдік жалғаулы сөз-дерді тауып, септеп жазыңдар.

Бала – көлдің гүлі, көздің нұры.

Ат – адамның қанаты.

173-жаттығу. 1. Төмендегі сөздерді көшіріп, қай сеп тікте тұр ғанын түсіндіріңдер.

1. Домбырасы, шертері,домбырасын, шертерін.

2. Домбырасына, шертеріне,домбырасымен, шер терімен.

2. Тəуелді сөздердің жалғауының астын сы зыңдар.

174-жаттығу. 1. Мына сөздерді септеңдер.

Алма, алмам.

2. Тəуелдеулі сөздің астын сызыңдар.

II жақтағы тəуелдеулі зат есім дерге ба-рыс септікте -а, -е септік жалғаулары жалғанады.

Мысалы: нағашым-а, нағашың-а, жие-нім-е, жиенің-е.

Page 80: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

80

175-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғау-ларды қойып, мəтінді көшіріп жазыңдар.

– Мен сенің бөлмең... гүл қойып кет тім.– Оны вазам... салып қойдым. Рақмет.– Кітабым... келдің бе?– Иə, кітабың... келдім.– Онда ала ғой, сөмкең... сал.– Жарайды.Ти іс т і ж а л ға у л а р: -а, -е.

176-жаттығу. 1. Сөз құрамына талдаңдар.

Отан-ым-а, отан-ың-а, ел-ім-е, ел-ің-е, рес-публика-м-а, республика-ң-а.

2. Негізгі түбір мен қосымшаларды қосып жазыңдар.

177-жаттығу. 1. Мына сөздерді септеңдер.

Жағасы, ернеуі.

III жақтағы тəуелдеулі зат есім дерге ба-рыс септігінде -на, -не, табыс септігінде -н, жатыс сеп тігінде -нда, -нде жалғаулары жал ғанады.

178-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.

1. Атам ...на қарады. 2. Орамалды Бақыттың ...не бер. 3. Мысықтың ...н не деп атайды? 4. Сая жайлар Ташкент ...нда көп. 5. Iлестің ...нде ізет бар.

Керекті сөздер : баласы, жиені, інісі, қаласы, малы.

Page 81: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

81

179-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жал-ғауларын қойып, жұмбақты көшіріп жазыңдар.

Жайласа даҚалың орман арасы...Тастамайды төбесі...Бұтақ-бұтақ ағашы...

180-жаттығу. 1. Тəуелдеулі сөз бен қосым шаның ара сына дефис қойып көшіріп жазыңдар.

Құсына, құсын, құсында, еменіне, еменін, еменінде, қалтасына, қалтасын, қалтасында.

2. Тəуелдеулі зат есімнің астын бір, барыс, табыс, жатыс септік жалғауларының астын екі рет сызыңдар.

ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ

Зат есімнің бəрі бірдей жіктеле бер-мейді.

Ж ік т ік ж а л ға уы – жалғаудың бір түрі.Басқа жалғаулар сияқты жіктік жал ғау-

лары да сөйлемдегі сөз дерді бай ла ныс-тырады, бас тауыш пен баянда уышты қи-ыс тыру үшін қол данылады.

181-жаттығу. Сөйлемдердегі жіктік жалғаулы зат есім дерді теріп жазыңдар.

1. Біз – Таукент дейтін елдің азамат тарымыз. 2. Мен суретші боламын. 3. Олар – қыбырайлық диқандар. 4. Сен дер – еліміздің болашағысың-дар. 5. Сіз дер – инженерсіздер.6 – Ана тілі, 4-сынып.

Page 82: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

82

182-жаттығу. 1. Төмендегі күрделі сөздердің сыңа-рына тиісті жіктік жалғауларын жалғаңдар.

Мен оқушы..., сен дəрігер..., сіз диқан..., біз дос..., сендер биші...дер, сіздер егінші...дер.

К е р е к т і ж а л ға у л а р: -сыз, -сің, -мын, -сің, сіз, -пыз.

Үл г і: Мен оқушымын.

2. Жіктік жалғауларының астын сызыңдар.

183-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жал ғау-ларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Үмітпенен жол қуғанТалабы алда бала...

(С. Торайғыров)

2. Қалықтаған аспандаИтелгі мен сұңқар...

(«Бозінген» ертегісінен)

3. Хан емес..., қасқыр...,Қас албасты басқыр... .

(Махамбет)

Жіктік жалғаулары мыналар: -мын, -мін, -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз, -сың, сің, -сыз, -сіз.

Зат есімге жіктік жалғауының жалғанып түрленуін з а т е с ім н ің ж ік т е л у і дей-міз.

I, II жақтардың қосымшалары болса, III жақтың жалғауы бол майды.

Page 83: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

83

184-жаттығу. 1. Сөйлемдерді оқыңдар.

1. Мен дəрігер-мін. 2.Сен бала-сың. 3. Сіз ана-сыз. 4. Біз емдеуші-міз. 5. Сендер оқушы-сың-дар. 6. Сіздер жақсы перзент-сіз-дер.

2. Жіктік жалғауларын түбір сөзге жалғап жазыңдар.

Жіктік жалғаулары жалғанған зат есім сөйлемде баяндауыш болады.

Жіктік жалғаулары зат есімнің жай тү-ріне де, тəуелдеулі түріне де жалғана бе-реді.

185-жаттығу. 1. Үлгіні көшіріп жазыңдар.

ЖІКТІК ЖАЛFАУЛАРЫЖекеше

Жекеше Көпше

І жақ. -мын, -мін, -бын,-бін, -пын, -пін

-мыз, -міз, -быз,-біз, -пыз, -піз

ІІ жақ. -сың, -сің,-сыз, -сіз

-сың(дар), -сің(дер),-сыз(дар), -сіз(дер.

ІІІ жақ. Жалғауы жоқ. Жалғауы жоқ

Page 84: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

84

КөпшеЖуан буын Жіңішке буын

І жақ. Мен оқушы-мын. Мен əскер-мін.ІІ жақ. Сен оқушы-сың.

Сіз оқушы-сыз.Сен əскер-сің.Сіз əскер-сіз.

ІІІ жақ. Ол – оқушы. Ол – əскер.

2. Тəуелдеулі зат есімнің астын сызыңдар.

Жуан буын Жіңішке буынІ жақ. Біз оқушы-мыз. Біз əскер-міз.ІІ жақ. Сендер оқушы-сың-дар.

Сіздер оқушы-сыз-дар.Сендер əскер-сің-дер.Сіздер əскер-сіз-дер.

ІІІ жақ. Олар – оқушылар. Олар – əскерлер.

186-жаттығу. 1. Асты сызылған сөздердегі жіктік жалғауын түбірден бөліп жазыңдар.

1. Біздер құстарға қамқоршымыз. 2. Сен-дер теңізшісіңдер. 3. Сіздер ауда нымыздағы ең жақсы кітапханашысыздар. 4. Біз техникпіз. 5. Мен əн шімін.

2. Жіктелген зат есімдердің үстіне сұрақтарын жа-зыңдар.

187-жаттығу. Көп нүктенің орнына жіктік жалғау-ларын қойып, сөйлемдерді қатесіз көші ріңдер.

1. Сыныптас балалардың бəрімен дос... . 2. Əри не, адамға ең керегі —жан жылуы. Сен дер соны білетін аза мат...дар. 3. Ене сі-нің бөксесіне, бүйіріне соққылап келе жатқан құлын... .

Page 85: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

85

188-жаттығу. Мына сөздерді жіктеп жа зыңдар.

Сатушы, дəрігер, биші, сазгер.

189-жаттығу. 1. Құлыншақ, бота, лақ сөз дерін сеп теп жазыңдар.

2. Жіктік жалғаулары мен септік жалғауларын салыс тырыңдар.

ТƏУЕЛДЕУЛІ СӨЗДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ190-жаттығу. Көшіріп жазыңдар.

Жай зат Тəуелдеулі сөз немесе тəуелдеулі зат есім

ата ата-м, ата-ң, ата-сыана ана-м, ана-ң, ана-сыбала бала-м, бала-ң, бала-сы

2. Жай зат есім мен тəуелдеулі зат есімнің айыр-машы лықтарын салыстырыңдар.

191-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті тəуелдік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.

1. Бұл – менің қарлығаш... . 2. Кеше қарын-дас 100 килограмм мақта терді. 3. Iні – ағаға сүйеу. 4. Iн... егісті ара лады. 5. Сəби бесікте жатыр. 6. Ана сə би... тербетті.

2. Жай зат есімдердің астын бір, тəуелдеулі зат есім дердің астын екі сызыңдар.

192-жаттығу. Мына тəуелдеулі сөздерді жіктеп жа-зыңдар.

Қозым, тайың, ботасы.

Page 86: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

86

Үл г і:I жақ. Мен қозыңмын.II жақ. Сен қозымсың. Сіз қозымсыз.III жақ. Ол – қозым.

193-жаттығу. Жіктік жалғаулы зат есімдерді теріп жазыңдар.

Оқушымын, барамыз, келесің, доспыз, оқи-мын, келдіңіздер.

194-жаттығу. 1. Өлеңді көшіріп жазыңдар.

ЛАҚЛағым, лағым, лағымсың,Лақ ішінде ағымсың.Кешке таяу қорағаҚозылар да ағылсын.Лағым, лағым, лағымсың,Тұяқтары лағылсың.Сені қуған қу қасқырҚақпанға кеп қағылсын.

(Мекембай Омарұлы)2. Жік телген тə уелді сөздердің астын сызыңдар.

195-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жал ғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Шүкір, ауылдың ең жас шопаны... . 2. Шо-панның перзенті болсам да, оның сертке берік, сенімді көмекшісі... . 3. Кі шінің ағасы..., үл кен-нің інісі... . 4. Ұлы Отан! Əдепті де талапты ұла ның... .

Page 87: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

87

196-жаттығу. Төмендегі тəуелдеулі сөздерді септең-дер.

Добым, машинасы, зауыты.

СЫН ЕСІМ

Заттың, нəрсенің түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіріп, қандай?, қай? сұрақта рына жауап беретін сөздерді сын есім дей міз.

Сын есімдер заттың, нəрсенің түрі мен түсін (қызыл, ала), сапасын (қалың қар), дəмін (тəтті), көлемін (үлкен) білдіреді.

197-жаттығу. Көп нүктенің орнына сын есім жасай-тын тиісті жұрнақтарды қойып, көшіріп жазыңдар.

Тау... көл..., ат..., ит...; Ақыл..., ес...;Ұйым..., көп...; Айт..., біл...;Тиісті жұрнақтар: -дай, -дей, -тай, -тей; -сыз, -сіз;

-шыл; -шіл; -қыш; -гіш.

198-жаттығу. Төмендегі сөздердің қасына заттың атын білдіретін сөздер тауып жазыңдар. Сонан соң сын есімдерге сұрақ қойыңдар.

Жасыл, қызық, таза, қалың, əдепті, суық, жүйрік, жақсы, ұзын, үлгілі.

Ү л г і : Жасыл (көйлек).

199-жаттығу. 1. Мəтінді оқып, сын есімдерді табың-дар. Оларға сұрақ қойыңдар.

ҚЫЗҒАЛДАҚҚар суымен іле көтерілген Қызғалдақ қыс-

қы ызғардан енді ғана арқасы босап, бусана

Page 88: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

88

бастаған сұрғылт далаға шырай кіргізді. Көктем шуағын тамашалап, зыр жүгірген балалар қыз-ғалдақты теріп, алқа жасап, омырауларына тақ-ты. Тату достар біріне-бірі гүл шоқтарын сыйға тартты. Өмірге көрік əкелгеніне Қызғалдақ қуан-ды. Хош иісін де, əсем гүлін де, бойын дағы бар асыл қаси етін де көпке ба ғыштады.

(Баймұрат Азнабаев)

2. Сын есімдер қай сөзбен байланысып тұр?

200-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, сын есімдердің астын сызыңдар.

АЛА МЫСЫҚБір күні ала мысықБолды демде қара мысық.Аузы ашық пеш ішінеКіріп шықты іші пысып.

Танымайсың, масқара!Ала мысық қап-қара.Екі көзі жалтырап,Келе жатыр қалтырап.

(«Балдырған» журналынан)

201-жаттығу. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойып, мақалдарды көшіріп жазыңдар.

1. Жыртық үйді жел табар,Өтірік сөзді жан табар.

2. Өтпес пышақ қынға қас,Өтірік сөз жанға қас.

Page 89: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

89

202-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Зат есімнің алдында келіп, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп тұрған сөздерге көңіл бөліңдер.

Жуас (қандай?) түйе, ақ (қандай?) көңіл, до малақ (қандай?) қызанақ (помидор), шырын (қандай?) қауын, дəмді (қан дай?) əң гелек.

203-жаттығу. Бірінші қатардағы зат есім дердің жа-нына екінші қатардағы сын есімдердің тиістісін тіркеп, сөз тіркесі жасаңдар.

1. Үй іші, шөп, көз, қағаз, сақал2. Қоңыр, жұқа, жап-жарық, ақ, жап-жасыл

Үл г і: Үй іші жап-жарық.

ҚАРСЫ МƏНДЕС СЫН ЕСІМДЕР

Мағыналары қарама-қарсы сын есімдер-ді қарсы мəндес сын есім дер дейміз: ақ – қара, биік – төмен.

204-жаттығу: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қо-йып, көшіріп жазыңдар.

1. Үй қараңғы болғанмен, көңіл ...2. Қысқа киім мен ... киімдерді бөлек-бөлек

қой. 3. Арық сөйлеп, ... шық.4. Тоқ бала ... баланы ойлаушы ма еді?

Ти і с т і с ө з д е р : жазғы, жарық, аш, семіз

Page 90: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

90

205-жаттығу. 1. Мақалдарды көшіріп жазып, сын есім дерді та бың дар.

1. Жуас түйе жүндеуге шығады. 2. Кə рі түйе ойнақтаса, жұт болар. 3. Ақсақ түйенің аузына жел айдаған қаңбақ түсер. 4. Жаман түйе жа-буын жер, жаман жігіт аулын жер. 5. Жалғыз түйе бақырауық, жалғыз бала жылауық.

(«Қазақтың мақал-мəтелдері» кітабынан)

2. Сын есімдердің қарсы мəндесін табыңдар.

206-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазыңдар.

ТілАщы, бірде тəттісің,Жұмсақ, бірде қаттысың.Жарылқайсың досыңды;Жасытасың жат күшін.

(Қабыл Боранбаев)

2. Қарсы мəндес сын есімдер болған сөздердің ас-тын сызыңдар.

ДАРА ЖƏНЕ КҮРДЕЛІСЫН ЕСІМДЕР

207-жаттығу. 1. Cөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Қа-рамен жазылған сын есімдерге көңіл бөліңдер.

1. Көлдің үсті көк ала кілем дерсің. 2. Ақ сары бала ауылға келіп, қара көк тұлпарды мініп кетті. 3. Қара ала сиыр шалғындағы

Page 91: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

91

бұзауына қарай жүрді. 4. Қа ра қасқа тайым кісінеді. 5. Торы ала қауындар Алайдың база-рына түсті.

2. Сын есімдердің үстіне сұрақтарын жа зыңдар.

Сын есімдер дара, күрделі болып екіге бөлі неді.

Бір сөзден құралған сын есімді дара сын есім дейміз: ақ, сары, қоңыр, биік, кең, тар.

Екі-үш сөзден құралған сын есім дерді күрделі сын есімдер дейміз: ақ сұр, қара торы, қара қасқа.

Күрделі сын есімдердің құра мындағы сөздер бөлек жазылады.

208-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріңдер. Сын есім-дерді та уып, дара, күрделі екенін анықтаңдар.

1. Құрғақ жер жазықты, ойпатты, қы ратты, таулы болады. 2. Қиқар мінез кімге жағады? 3. Жыл пос жанға жақын жүрме. 4. Əдемі сөз əрқашан да əдемі. 5. Тер шең ат.

209-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріңдер.

1. Сəлім қара кер атын мақтады. 2. Си ыр-лардың ішінде тарғыл аласы он, қызыл шұбары бесеу. 3. Қа ра торы жігіт қолына кетпенді алып, тоғанға қарай аяң дады.

2. Күрделі сын есімдердің астын сы зыңдар.

Page 92: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

92

КҮРДЕЛІ СЫН ЕСІМДЕР

Қос сөз ретіндегі сын есімдер күрделі сын есімдер болады.

210-жаттығу. 1. Төмендегі сын есімдерді қатесіз көші ріп жазыңдар.

Қысқа-қысқа, ірілі-ұсақты, мөп-мөлдір, тəп-тəуір, жұп-жуан, жұп-жұмыр, əп-əдемі, биік-биік, ұзын-ұзын.

211-жаттығу. Берілген сын есімдердің дарасын бір бөлек, күрделісін бір бөлек топтап жазыңдар.

Биік, сары, сары ала, ақылды, қызыл қоңыр, ауыр, қара көк, жұмсақ, жарық, үлкен, үлкен, қызыл сары.

212-жаттығу. 1. Əртүрлі түбірлердің қосар лануы ар-қылы жасалған күрделі сын есімдердің екінші сыңа-рын тауып жазыңдар.

Ескі – .... киім. Ала – ... ағаштарАзды – .... табыс. Шикілі – ... тамақ

213-жаттығу. 1. Өлеңді көшіріп, күрделі сын есім болған сөздің астын сызыңдар.

ШЫРШАЖап-жасылсың неліктенҚыс, көктем, жаз күзде де?Таңырқаймын көріп мен,Сырыңды айтшы бізге де!..

(Байбота Серікбайұлы)

Page 93: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

93

214-жаттығу. Суретке қарап шағын əңгіме жазыңдар. Мына күрделі сөздерді əңгімелеріңе қатыстырыңдар: биік-биік, кіп-кішкене, шегіншек, тебіншек, сөйлегіш, ақ-қара.

215-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті дара, күр-делі сын есімдерді қойып жазыңдар.

Жалғыз тілім шəк-шəктіЖеп отырған ...

(Б. Ысқақов).– Қырды асып, белді басып,Жолды салған қандай ер?– Ол ..., ол ...,Қайтпас, ... жұмыскер.

Ти і с т і с ө з д е р : қайратты, тəп-тəтті, қайсар.

216-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

ОТАНОтан дейміз ... астананы,... жайлау, ... жол, ... қаланы.Отан дейміз өсірген елімізді,... тау, ... көлімізді.

К е р е к т і с ө з д е р : кең-байтақ, жасыл, жаңа, жас, биік, мөлдір.

Page 94: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

94

САН ЕСІМ

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздерді сан есім дей міз: бір, он, жүз, мың, бірінші, оныншы.

Сан есімнің сұрақтары: қанша?, неше?, нешінші?, нешеу? Сан есім зат есіммен тіркеседі: он оқушы, үшінші үй.

217-жаттығу. Мəтіндегі сан есімдерді тауып, көшіріп жазыңдар.

1. Көк киттердің кейбіреулерінің ұзын дығы отыз метр болса, салмағы жүз елу тартады. Кит аулаушылар мұндай киттің біреуінен ал-пыс тонна ет, отыз тонна май алады. Киттің ті лі төрт тоннаға жуық, бауыры бір тонна бо-лады.

Жаңа туған бала киттің ұзындығы екі-үш метр, салмағы екі тонна болған. Бала киттің салмағы күн сайын жүз килограмм ауырлайды. Ал жеті-сегіз айда оның ауыр лығы жиырма төрт тоннаға жуық, бауыры бір тоннаға жетеді.

(«Биология» кітабынан)

218-жаттығу. 1. Өлеңді көшіріп, сан есім дердің ас-тын сызыңдар.

ҚАНША СƏБІЗ ЕДІ?Біздің үйде көжек көп,Iштерінде өжет көп.Əсіресе бес көжек,Маған нағыз дос көжек.

Page 95: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

95

Қолымнан кеп жем жейді,Басқалары келмейді.Сəбіз бердім қос-қостан.Бір сəбізім соңында,Қалып қойды қолымда.Сəбізімді əуелгіСанап берші ал енді.

(«Балдырған» журналынан)

2. Сан есімдерге сұрақ қойыңдар.3. Сан есімдер қай есіммен байланысып тұр?

219-жаттығу. Сұрақтарға жауап жазыңдар.

1. Сан есім дегеніміз не?2. Сан есім болатын сөздер қандай сұрақ-

тарға жауап береді?3. Есептік сан есімдерді атаңдар.4. Реттік сан есім қай сан есімнің негізінде

жа салады?5. Реттік сан есімді есептік сан есім ге айнал-

дыруға бола ма?

220-жаттығу. Мына сан есімдерді есептік сан есімге айналдырып жазыңдар.

Жиырмасыншы, отызыншы, қырқыншы, екі жүз елу екінші, елу алтыншы, сексен сегізінші, тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы, мыңыншы.

221-жаттығу. 1. Сан есім сөздерінің астын сызыңдар.

Қазақтың бір ғана емес, барлық ба ласы білуге тиіс үш жұрт бар. Бірінші жұрт – ағайын

Page 96: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

96

жұрт, өз елің. Екінші жұрт – нағашы жұрт. Үшінші жұрт – қайын жұрт. Үш жұртқа да бірдей ырыс, бақ, дəулет тіле.

(«Күнтізбеден»)

2. Сан есімдер қай мүше болып тұрғанын айтыңдар.3. Мəтінге ат қойыңдар.

222-жаттығу. 1. Бірінші қатардағы сан есім дердің жанына екінші қатардағы зат есімдердің тиістісін тіркеп, сөз тіркесін жазыңдар.

1. Үш, тоғыз, бір, үшінші, минут.

2. Тоңқылдақ, нөмір, алпыс, жұрт, Шіңкілдек

Үлгі: Үш жұрт,

2. Зат есімдер қай септікте тұрғанын ай тыңдар.

223-жаттығу. 1. Суретте бейнеленген оқиға ны те рең түсініп алып, жоспар бойынша əңгіме құрастырыңдар.

Page 97: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

97

Жоспар:1. Жағалауда.2. Көңілсіз оқиға.3. Жедел жəрдем.4. ...5. ...2. Сан есім сөздерінің астын сызыңдар.

ДАРА ЖƏНЕ КҮРДЕЛІ САН ЕСІМДЕР

Сан есімдер дара, күрделі болып, екіге бөлінеді.

Бір сөзден құралған сан есімді дара сан есім дейміз: бір, бес, жүз, мың, мил-лион.

Екі-үш сөзден құралған сан есім дерді күрделі сан есімдер дей міз: он бес, елу алты.

Күрделі сан есімдердің қатарын дағы сөз дер бөлек жазылады: тоқсан тоғыз.

224-жаттығу. Жұмбақтарды көшіріп, сан есімдердің астын сызыңдар.

1. Арқасы екеу, Аяғы алтау

(Адам мен үстел)

2. Екі езуі құлағына жетеді, Тамақ жесе, ызың-ызың етеді.

(Шыбын)

7 – Ана тілі, 4-сынып.

Page 98: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

98

3. Жетпіс аяқ бауырында,Екі қолы жауырында.

(Ағаш кесетін ара)

4. Бес балаға бір қора.(Қолғап)

(Жинаған Қыдырəлі Саттаров)

225-жаттығу. 1. Өлеңді көшіріп жазып, дара сан есім дердің астын сызыңдар.

Бір дегенім – бесік,Екі дегенім – есік.Үш дегенім – үміт,Төрт дегенім – түлік.Бес дегенім – батыр,Алты дегенім – ақыл.Жеті дегенім – жалын,Сегіз дегенім – сұрау.Тоғыз дегенім – толғам,Он дегенім – орман.Он жасында талайлар.Елге қорған болған!

(Жарасқан Əбдірашев)

226-жаттығу. Санамақты түсініп, мəнерлеп оқың-дар.

Екі қанат қазда бар,Сайрандайды сазда олар.Екі қанат құрда бар,Құр ауласаң, қырға бар.

Page 99: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

99

Қаздың да екеу аяғы,Құрдың да екеу аяғы.Екеуінің аяғыТөрт болады баяғы.

Төрт қанатпен ұшады,Екі бұлбұл ұшқанда.Сегіз аяқ қашады,Екі қоян қашқанда.

Аққу сейіл құрады,Шарлап көлдің қақ төрін.Алты аққудың тұрадыҚанатынан дəптерің.

(Төлеген Айбергенов)

2. Дара сан есімдерді теріп жазыңдар.3. Қай сан есім жасырынған?

227-жаттығу. Дара, күрделі сaн есім де ген сөзді тиісті бағанға жазыңдар.

? ?

Екі жыл. Екі мыңыншы жыл.

Шілденің оны. Шілденің он сегізі.

Төрт үй. Қырық төрт үй.

Үш сөз. Үш-төрт сөз.

Қос сөз ретіндегі сан есімдер күрделі сан есім дер болады.

Page 100: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

100

228-жаттығу. 1. Төмендегі сөйлемдерді қа тесіз кө-шіріп жазыңдар.

1. Жанындағыларға дейін бір-бір ат, шапан ки діріп қайырған. (Сұлтанмахмұт Торайғыров) 2. Ша яхмет – бірден-бір жа ғымды жігіт. (Iлияс Жансүгіров) 3. Көпір астындағы жүз жиырма жігітті қырық-қырықтан үшке бөлдім. (Бауыржан Мо мышұлы) 4. Екі-екіден бөлініп, Бостандық жаққа қарай кетті. (Боран Қыдыров) 5. Бас қа кісі кіргізбей, үшеу-төртеуің барып келе ғой. (Сұл танмахмұт Торайғыров).

2. Күрделі сан есімдердің астын сызыңдар.3. Күрделі сан есімдердің қалай жасалып тұрғанын

айтыңдар.

229-жаттығу. 1. Сұрақтарға жауап жазыңдар.

1. Таңертең сағат нешеде тұрасың?2. Жуынуға қанша уақыт жұмсайсың?3. Неше минут тамақтанасың?4. Сабақ нешеде басталады?5. Үлкен үзіліс қашан болады?2. Жауаптарыңдағы сан есімдер қай сөзбен (сөз

табы) байланысты екенін айтыңдар.

230-жаттығу. Əртүрлі түбірлердің қосар лануы ар-қылы жасалған күрделі сан есімдердің бірінші сыңарын тауып жазыңдар.

... – елудей кітап. ... – төртеуің бар.

... – он бес шақырым. ... – екеуін өзің ал.Ти іс т і с өз д е р : бір, он, үш, қырық.

Page 101: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

101

231-жаттығу. 1. Латыш жəне литван халықтарының жұм бақтарын оқып шығыңдар. Төмендегі тиісті есептік сан есімдерді көп нүктенің орнына қойып жазындар.

Билеп-билеп жығылдым.... бұрышқа тығылдым.

* * *...жыртқыш жарысады,Жақтары қарысады.

* * *... аяқсыз жүйрігім,Бұлғар саған құйрығын.

(Аударған Қадыр Мырзалиев)

Ти і с т і с ө з д е р : төрт, бір, екі.

2. Неше мəрте естігеннен неше көрген абзал?

232-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, күрделі сан есім-дері бар сөйлемдерді көшіріп жазыңдар

1. Алтыдан жисаң, артады, Жетіден жисаң, жетеді.2. Айдың он бесі жарық болса, Айдың он бесі қараңғы.3. Жеті өлшеп, бір рет кес.4. Бір адам көпір салады, мың адам өтеді.5. Қойды қорадан бір-бірден шығар.6. Жиырма бесінші пойызбен кел.7. Іздеп ек бір-бір құр, Қу екен құр құрғыр.

Page 102: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

102

233-жаттығу. Суретке қарап, сұрақтарға жа уап беріңдер.

1. Көгалда не ше бала бар?2. Жайылып жүрген жылқылардың саны не-

шеу?3. Қанша ақ гүл жайқалып тұр?4. Бала неше балмұздақ жайлы ойлап жа-

тыр?2. Жауаптарыңды дəптерлеріңе жазыңдар.

234-жаттығу. Күрделі сан есімдерді сөзбен жазың-дар.

3–4. 5–6-дан. 22-қаңтар. 7-үй.5-тарау, 6-бөлім. 10–10-нан.

235-жаттығу. 1. Сан есімдердің астын сызындар.

Қырық құлып,Құлып қырық.

Page 103: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

103

Құлып та қырық,Құрық та қырық.

2. Сан есім қай септікте тұрғанын айтыңдар.3. Қырық құлып сөздері қай дауыссыздан (ұяң, үн-

ді, қатаң) басталғанын да айтыңдар.

ЕТІСТІК

Заттың, нəрсенің, қимылы мен іс-əреке тін білдіріп, не істеді?, не қылды?, не іс теуде?, не істетті? деген сұрақ-тарға жауап беретін сөздерді етістік дейміз.

236-жаттығу. Көп нүктенің орнына етістік жасайтын тиісті жұрнақтарды қойып, көшіріп жазыңдар.

1. Сабақты баға... . 2. Мына нəрсені шеге... . 3. Арықтан ат... . 4. Жақсылықты көп іс... . 5. Өзің ой... . 6. Өзің пікір... . 7. Дұрыс тамақ... . 8. Жақсы еңбек... . 9. Ойланып ойн... . 10. Жақ-сыға жақсыны тең... . 11. Адалға жол... . 12. Кішіпейілге кез... .

Тиісті жұрнақтар: -ла, -ле, -та, -те, -ла, -ле, -тан, -тен, -а, -е, -ық, -ік.

237-жаттығу. 1. Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазың-дар.

Ақша қар жапқан қысқы дала айнадай жар-қы райды. Күн сəулесі жылт-жылт етіп, көзді қарық тырады.

Page 104: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

104

Қар сабындай көпіріп, тасыған сүттей тез ұл-ғайды. Əне-міне, дегенше жаяу борасын жүріп берді. Желдің екпіні артып, ызғары күшейді. Қар -дың бетке, қолға соққан түйірі тікендей қа далады.

(Захардин Қыстаубаев)

2. Етістіктердің астын екі сызыңдар.3. Мəтінге тақырып ойлап табыңдар.

Түбір тұлғадағы етістіктерге - ма, - ме, - ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы ар-қылы болымсыздық етістіктер жасалады.

238-жаттығу. 1. Бағанның екі жағындағы сөздерді са лыстырыңдар.

Оқы оқы-ма бар бар-маКел кел-ме жаз жаз-ба2. Болымсыздық етістіктерді теріп жазыңдар.

239-жаттығу. 1. Қайтті? не істеді? дейтін сұрақ-тарға жауап беретін сөздердің үстіне сұрақтарын жазыңдар.

1. Қар жауды. 2. Біз сырғанадық. 3. Зə мира да Нұрланға көмектесті. 4. Нұр хан əн салды. 5. Теле дидарды тамаша ладық.

2. Етістіктердің астын екі сызыңдар.

240-жаттығу. Болымсыздық етістіктерін болымды етіс тікке айналдырып жазыңдар.

Алма, шалма, айтпа, көрме, жылама, төкпе, тастама, көрінбе.

Page 105: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

105

241-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Болымды етістік қандай мағынада айты-лады?

2. Болымды етістік қимыл мен əре кеттің, істің несін білдіреді?

3. Болымсыздық етістіктер қимыл мен əре-кет тің, істің несін білдіреді?

242-жаттығу. Болымсыз етістіктердің жұрнақ тарын қо сып, сөйлемдерді қатесіз көшіріңдер.

1. Болмағанға болыс-па. 2. Ағайынмен ере-гіс-пе. 3. Сөз қуыс-па. 4. Iніні балағатта-ма. 5. До сыңа мақтан-ба.

243-жаттығу. Əр бағандағы сөздерді оқып, сұрау белгісі қойылған жерге етістіктердің қай сысына жата-тынын жазың дар.

? ?айт айт-па-дықайт қайт-па-дыкөр көр-ме-дібер бер-ме-ді

2. Салыстырып оқыңдар

244-жаттығу. Болымды, болымсыз етістіктерді теріп жазыңдар.

1. Білмегенді біліп қой. 2. Суды жа ман жерге қойма. 3. Өзіңді елге əнің мен таныт. 4. Ағайынға жаман қабақ та нытпа. 5. Құмырсқаға да жақ-

Page 106: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

106

сылық жаса. 6. Ешқашан, ешкімге жамандық жасама.

Үл г і:1. Болымды етістіктер: қой, ...2. Болымсыз етістіктер: қойма, ...

ДАРА ЖƏНЕ КҮРДЕЛІ ЕТІСТІКТЕР

Бір сөзден құралған етістіктерді дара етіс тіктер дейміз: бар, барды, барған, тер, терді, терген.

245-жаттығу. 1. Дара жəне күрделі етістік тердің астын сызыңдар. Үстіне сұрақтарын жа зыңдар.

1. Шөп ордық. 2. Гүлмира, Қадиша, Қамбар да шөп орып жатыр. 3. Ал Бұрхан, Шоқан шөп орып келді.

1. Жазда кел. 2. Біздің ауылға келіп тұр. 3. Əнеки, ағаларым келе жатыр.

2. Сөйлем құрағанда етістіктің сөйлем соңын да ке-ле тінін еске түсіріңдер.

246-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қо йып, сөйлемдерді қатесіз көшіріңдер.

1. Көкем етік ... . 2. Iнім киімін ... отыр. 3. Қар ... . 4. Таудың басындағы мұз енді ғана еріп ... жатыр. 5. Қо лымдағы балмұздақ əлде-қашан ... болды.

Ти іс т і с өз д е р: тігіп, тікті, еріп, келе, еріді.

Page 107: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

107

Екі, үш сөзден құралған етіс тіктерді күрделі етістіктер дейміз: бара жатыр, бара жатыр еді, бара жатқан еді.

247-жаттығу. Дара етістіктерді теріп жа зыңдар.

1. Iздеген мұратына жетеді. 2. Екі кеме құйры ғын ұстаған суға кетеді. 3. Та лаптымен таласпа. 4. Күш атасын таны майды. 5. Ерді намыс өлті реді. 6. Ту ған жерге туыңды тік.

248-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, күрделі етіс-тіктердің астын сызыңдар.

1. Азға қанағат етіп жүр. 2. Берекені еңбектен тілеп келеді. 3. Ол іске ал ғашқы күннен кірісіп кетті. 4. Ас дегенің балдан тəтті болып шықты. 5. Оның сөзі еңсемді көтеріп жіберді. 6. Алтын дəн қырманға жөнеліп жатыр.

Етістіктер сөйлемде бастауыштың іс-əрекетін білдіріп, баяндауыш бо лады.

249-жаттығу. 1. Мына сөздерді күрделі етістіктерге айналдырыңдар.

Күлді, шегелеген, келді, салды.

2. Күрделі етістіктерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.3. Сөйлемнің баяндауыш мүшесінің астын екі сы-

зыңдар.

Page 108: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

108

250-жаттығу. 1. Төмендегі сұрақтарға жауап жазың-дар.

1. Жаңбыр қайтіп тұр?2. Бұлбұл орманда қайтіп жатыр?3. Қарға ағаш басында неғып тұр?4. Таң қайтіп атты?5. Күн қалай батты?

Үл г і: Жаңбыр қайтіп тұр? – Жаңбыр жауып тұр.

2. Дара, күрделі етістіктердің астын сызыңдар.

251-жаттығу. 1. Жұмбақтың шешуін табыңдар.

Қос батырдың қолындаƏмірлерін орындап,Бір-бірімен иықтасады,Батырларға тиіп қашады.

2. Етістіктердің астын сызыңдар. Дара түрінің астын да, күрделі түрінің астын да екі сызықпен сызыңдар.

ЕТІСТІКТІҢ ЖІКТЕЛУІ

Етістікке жіктік жалғауларының жалға-нып жіктелуін етістіктің жік телуі дейміз: жатыр-мын, жатыр-сыз.

Етістіктер үш жақ бойынша жік теледі.Жіктік жалғаулары етістік сөздер ге тө-

мен дегідей жалғанады:I жақ. Жекеше түрі: -м, -мын, -мін:

оқыды-м, бара-мын, келе-мін.

Page 109: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

109

Көпше түрі: -қ, -к, -мыз, -міз: оқыды-қ, келді-к, бара-мыз, келе-міз.

II жақ. Жекеше түрі: -ң, -сың, -сің: оқыды-ң, бара-сың, келе-сің.

Көпше түрі: -ңыз, -ңіз, -сыз, -сіз: оқыды-ңыз, бара-сыз, келе-сіз.

III жақ. Жекеше түрі мен көпше түрінде:-ды, -ді, -ты, -ті: оқы-ды, бар-ды, кел-ді,

кет-ті.

Дара етістіктің жіктелуіЖекеше Көпше

І жақ. Мен отыр-мын. Біз отыр-мыз.ІІ жақ. Сен отыр-сың.

Сіз отыр-сыз.Сендер отыр-сың-дар.Сіздер отыр-сыз-дар.

ІІІ жақ. Ол отыр. Олар отыр.

Күрделі етістіктердің жіктелуіЖекеше Көпше

І жақ. Мен отыр-мын. Біз отыр-мыз.ІІ жақ. Сен отыр-сың.

Сіз отыр-сыз.Сендер отыр-сың-дар.Сіздер отыр-сыз-дар.

ІІІ жақ. Ол отыр. Олар отыр.

252-жаттығу. 1. Етістіктердің қай жақта тұр ғанын ай тыңдар. Жіктік жалғаулары қай сөз табына жалған-ғанын анықтап, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Кетпеншілерге көмек беріп тұрмын. 2. Ла-герьде ойнап-күліп жүрсің. 3. Бəрің де қатарда

Page 110: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

110

барсыңдар. 4. Көктем кіріп келе жатыр. 5. Мен үйге кіріп келе жа тырмын. 6. Ағам қазір ойнап-күліп жүр.

2. Жіктік жалғаулары жалғанбаған сөйлем дердің ас-тын сызыңдар.

253-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріңдер. 2. Асты сызылған сөздің қай жақта тұр ғанын анықтаңдар.

БОСТАНДЫҚ

Бостандық – ну орманды гүл мекенім,Толтырған ұланының гүлге етегін.Туысқан қазақ, өзбек, қырғыз, тəжік – Достығын өзгелерге үлгі етемін.

(Үсен Өмірзақов)

2. Жіктік жалғауының үстіне «жіктік жалғауы» деп жазып қойыңдар.

254-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріңдер. Етістік-терді тауып, оларға жал ғанған қосымшаны ажыра-тыңдар.

1. Күнге қарап күлімдедім. 2. Айға қарап жы-мыңдадық. 3. Қай жұлдызды көрдіңіз? 4. Ас-панға қарап, көп нəрсе білдік. 5. Бір-бірден жұлдыз таңдадық. 6. Жеті қарақшы жұлдызы жарқырады.

Page 111: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

111

ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ

255-жаттығу. Етістікке жалғанған жіктік жалғауларын негізгі түбірден дефис арқылы бөліп жазыңдар.

1. Отырмын, отырсың, отырсыз, отырмыз, отыр дық, отырасыз, отырдыңыз.

2. Жүрмін, жүрсің, жүрсіз, жүрміз, жүрдік, жүресіз, жүрдіңіз.

2. Жіктік жалғауларының астын сызыңдар.

256-жаттығу. 1. «Етістік» сөзжұмбағы.

Етістік

2. Сөзжұмбақтың шешуі болған сөздерден сөйлем құрастырыңдар.

3. Сөзжұмбақтағы қатаң дауыссыз дыбыстан бас-талатын сөздер қайсылар?

Етістіктер қимылдың, іс-əрекеттің жүзеге асатын мезгілін білдіреді.

Етістіктің үш шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.

Сан.Астана.Құрмет.Оқу құралы.Рəміз.Септік.Түс.

Page 112: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

112

257-жаттығу. Көшіріп жазыңдар. Етістіктерді тауып, астын екі сызықпен сызыңдар.

1. Мен үйде отырмын. 2. Кеше ауыл ға бар-дым. 3. Енді Жаңабазарға бара мын. 4. Аға-мыз дың құлынын көріп келдік. 5. Көбелек енді ұшады.

ОСЫ ШАҚ

Осы шаққа қазір болып жатқан істерді атайтын істеп жатырмын, жүгіріп жүр, айтып тұр, күліп тұр, қарап отыр, жы-лап отыр сияқты сөздер жа тады.

258-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті етістік-терді қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.

1. Жаңбыр ... . 2. Көбелек гүлге ... .3. Атам қауын ... . 4. Асылхан аула да ... .Ти іс т і с өз д е р: жүгіріп жүр, сойып отыр, қонып

тұр, себелеп тұр.

2. Етістіктердің қай шақта тұрғанын айтыңдар.3. Сөйлемдердегі бастауыш пен баянда уыштың ас-

тын сызыңдар.

Осы шақ етістіктері не істеп отырсың? не істеп жатырсың? не істеп тұрсың? не істеп отырмын? сияқты сұрақтарға жауап береді.

Тұр, отыр, жүр дейтін сөздер да ра тұ-рып та осы шақ бола алады.

Мыс а лы: Əжем аулада жүр. Бабам орын дықта отыр. Қасында інім тұр.

Page 113: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

113

259-жаттығу. 1. Осы шақ етістіктерінің ал дына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді қа тесіз көшіріңдер.

1. ... төңкеріліп жатыр. 2. ... соғып тұр. 3. ... өсіп тұр. 4. ... шырылдап жатыр. ... қозғалып отыр.

К е р е к т і с өз д е р: Тас, сағат, бəйшешек, жел, ше-лек.

2. Керекті сөздердің қай сөз табы екенін атаңдар, сұрақ қойыңдар.

260-жаттығу. 1. «Математикалық ойындар» деп ата латын ойынымыздың шарты жаттығуда (Т+10 = тон) көр сетілгеніндей етіп оқып шығыңдар.

100 + ім = қ + 10 + ақ =Т + 10 = тон 3 + кір6 + н = 5 + ік = 7 + К = с + 10 + а =к + 2 + л= 8 + көз =

2. Осы сөздерді негізге алып, осы шақты білдіретін 5 сөйлем жазыңдар.

Үлгі: 1. Арухан жүзім жеп тұр.

ӨТКЕН ШАҚ

Өткен шақ етістіктері бұрын бол ған істі біл діреді: алыпты, жа ныпты, беріпті.

Өткен шақ етістіктеріне не іс тедім? не істедің? не істеді? дей тін сұрақтар қойылады: бардым, бардың, барды.

8 – Ана тілі, 4-сынып.

Page 114: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

114

261-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріңдер.

1. Мен сабақ дайындадым. 2. Содан соң кітап оқыдық. 3. Балжан əн салды. 4. Жан дос малға қарады. 5. Мұғалім күнделікті тексерді. 6. Кино көрдіңіздер.

2. Асты сызылған сөздерге сұ рақ қо йыңдар.

262-жаттығу. Сөйлемдердің мағыналарын анықтап, асты сызылған сөздердің қайсысы етістік, қайсысы зат есім екенін жазыңдар.

1. Ағайындар əлдеқашан табысты. 2. Бір тиын да болса, табысты ортаға сал. 3. Көкесімен шындық үшін көп таласты. 4. Таласты көбейтіп қайтесіңдер?

2. Етістік пен зат есімге қойылатын сұрақ тардың əр түрлі екенін айтыңдар.

3. Етістік пен зат есім қосымшаларының ұқсастығы мен айырмашылықтарын айтыңдар.

4. Табысты, таласты етістіктері қай шақта тұр?

263-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Сəлімжан жаңа жұмысқа қабыл дан... . 2. Əлім жан сыйлықпен сыйлық тан... . 3. Өт кен күні бір топ аққу біздің ауылға кел... . 4. Жы-лан ағаш басына қа рай өрме...ді. 5. Ағашты сүргімен сүргі...ді.

Т и і с т і ж ұ р н а қ т а р : -ды, -ды, -ді, -ле, -ле.

Page 115: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

115

2. Өткен шақ етістіктерінің астын екі сы зықпен сызың-дар.

3. Аққу, сыйлық, сыйлықтану сөздерінің қалай жазы латынын есте сақтаңдар.

264-жаттығу. Мына сұрақтарға жауап жа зыңдар:

1. Мысық не істеді?2. Ит қайтті?3. Бұзау не істеді?4. Қаз қайтті?

Ти іс т і с өз д е р: сілкінді, жаланды, таранды, қаң-қылдады.

265-жаттығу. Етістіктерді шақтарының тұсына теріп жазыңдар.

Ойнап жүр, ойнап, ойнаған, бұраған, бұрап тұр, бұрайды, жазып тұр, жазған, жазбақ.

1. Осы шақ: ойнап жүр.2. Өткен шақ:3. Келер шақ:

Жекеше Көпше

І жақ. Мен cөйледім. Біз сөйледік.

ІІ жақ. Сен сөйледің.Сіз сөйледіңіз.

Сендер сөйледіңдер.Сіздер сөйледіңіздер.

ІІІ жақ. Олар сөйледі. Олар сөйледі.

Page 116: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

116

266-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Осы шақ етістіктерінің астын бір, өткен шақ етістіктерінің астын екі, келер шақ етістіктерінің астын үш сызыңдар.

1. Күн бүгін құлпырып тұр. 2. Ағам осын-дай шақта қалаға барады. 3. Мен де қалада биік-биік үйлерді көп көр генмін. 4. Ағаларым менің сөзіме қо сылып тұр. 5. Бөлінген болса, қосылар. 6. Əң гімені Асқар жақсы жазған еді.

КЕЛЕР ШАҚ

Келер шақ етістіктері енді неме се келе-шекте болатын істі білді реді: айтады, ба-рады, келеді, ше гелейді.

Келер шақ етістіктері не істеймін? не іс-тейсің? не істейді? дейтін сұ рақтарға жа-уап береді.

267-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Қолынан келген ғана қапты көте реді. 2. То ғыздың кезінде үйден шы ғады. 3. Мен сендердің бөлімшелеріңе бармақпын. 4. Сіздің сөзіңізді ойлап көр мекпін. 6. Көзімен көргеннің бəрін де күнделігіне жазбақ.

2. Бұл сөздер қашан болатын істі білдіріп тұр?

268-жаттығу. 1. Етістіктердің қай жақта жəне қай шақ та тұрғанын жазыңдар.

Page 117: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

117

Мен барамын. Сен барасың. Сіз ба расыз. Ол барады. Біз бармақпыз. Сен дер бармақсыңдар. Сіздер бармақсыздар. Олар бармақ.

2. Етістіктерге сұрақ қойыңдар. 3. Ойлан, ізден. Келер шақтағы сөзді тап.

Қалауын тапса, қар қайтеді?

269-жаттығу. 1. Көшіріп жазып, келер шақ етістік-терінің астын сызыңдар.

1. Əкем келгенше шөп шабамын. 2. Айт-қан жерге барамын, кел деген жерге келемін. 3. Иə, алдағы уақытта ол отын аралайды. 4. Түс тен соң малға барамыз. 5. Ағам үште Ташкент тен ке леді.

2. Етістіктердің қай мүше болып тұрғанын айтыңдар.

270-жаттығу. 1. Мəтінді оқып, ішінен келер шақ етіс тіктерін теріп жазыңдар.

ҚОЛ ДОБЫ

Жазыққа аумағы 4 × 8 метрлік алаң сызы-лады. Ойынға екі команда қатысады. Əр ко-манда алты адамнан құралады. Командалардың ойыншылары алаң ішінде аралас-құралас тұра береді.

Бастаушы допты алаңға əуелетіп тас тай ды, оны қағып алған ойыншы дереу өз коман-дасының ойыншысына лақты рады. Егер ол да допты қағып алса, ко мандаға ұпай жазылады.

Page 118: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

118

Əлгі ойыншы да бөгеліп қалмай, доп ты тез келесі жақ тасына тастайды.

(«Балдырған» журналынан)

2. Келер шақ етістіктерінің қай жақта тұр ғанын анық таңдар.

271-жаттығу. 1. Өлеңдерді көшіріп, қарамен жа-зылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

АЯЗАТАБізбен бүгін ойнайды,Жаңа жылды тойлайды.Барлық бала бақытты.Болса екен деп ойлайды.

(Қуаныш Ахметов)

ҮЙ ЖАҚСЫ МА, БАҚША ЖАҚСЫ МА?Үй жақсы ма, бақша ма?Білмей жүрмін сол жағын.Екеуіне сондықтанОртақ бала боламын:Күндіз ойнап бақшада,Үйге келіп қонамын.

(Фариза Оңғарсынова)

2. Қарамен жазылған сөздерді жекеше, көпше түрде жік теңдер.

272-жаттығу. 1. Өлеңді көшіріп жазыңдар. Көп нүк-тенің орнына керекті сөздерді қойыңдар.

Қой төлдесе уызынТөлден бұрын ...

Page 119: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

119

«Суар» десе, Күн ұзынҰнжырғасы ...

К е р е к т і с өз д е р: түседі, ішеді.

2. Көп нүктенің орнына қойылған сөздердің қай сөз та бы екенін атаңдар.

ЕСІМДІК

Зат есім, сын есім, сан есім дердің ор-нына қолданылатын сөз дерді е с ім д ік дей міз.

Есімдіктер мыналар: мен, біз, сен, сіз, ол, олар, бұл, осы, мы нау, анау, не?, кім?, қашан?, неден?, неге?, өз, бəрі, барлығы, баршасы, бірдеңе, əркім, əлдекім, кейбі-реу, əрқайсы, ешкім, ештеңе, еш, еш-нəрсе.

273-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп, есім діктердің ас тын сызыңдар.

Икрам, Құлназар Самсерекке барды. Олар-ды Алтынбек ағам қарсы алды. Бəріміз тауға шықтық. Мен сол жерде «Құсайын», «Асайын» деген жү зімдерді көрдім. Бабыр бабамыз ек-кен шы нарға көздерің түскенде, сендер қатты қуан дыңдар.

2. Бəріміз деген сөз Икрам, Құлназар деген сөз-дердің орнына қолданылып тұр.

Page 120: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

120

274-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, есім діктердің астын сызыңдар.

1. Мен кітап алдым. 2. Сен оны оқып шық. 3. Егер мүмкіншілігі болса, сіз де оқыңыз. 4. Одан кейін ол оқысын.

275-жаттығу. Көп нүктенің орнына сұрау мағыналы есімдіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Қолыңдағы ... зат? 2. Үйге келген ...? 3. Сыз ғышты ... алып едің? 4. Əдеп ... баста-лады? 5. ... сиырға шөп саласың?

Ти іс т і с ұр а у е с ім д ік т е р і: кім?, не?, неден?, қашан?, неге?

Бұл, осы, мынау, анау – сілтеу есімдік-тері.

276-жаттығу. 1. Өлеңді көшіріп жазыңдар.

ТүйелерӨзі кұмның «кемесі»,Ерекше ірі денесі.Қырға барып көрдің бе,Түйелерді сен осы?

(Əнес Нарымбетов)

2. Есімдіктердің астын сы зың дар.

277-жаттығу. 1. Өлеңді мəнерлеп, түсініп, оқындар.

Көгінен көктемі ерте қатады тіл,Жазын дəн шайқап жатады кіл.

Page 121: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

121

Жасаған өз қолымен молшылықтыКең ойлы кемеңгерлер Отаны...2. Көп нүктенің орнына сілтеу есімдіктерінің (Осы, мынау, бұл, анау) бірін қойып жазыңдар.3. Соңғы сөйлемдегі осы сөз қай сұраққа жа уап

бе ріп тұр?

278-жаттығу. 1. Асты сызылған сөздердің қай сөз табы екенін жазыңдар.

1. Бұл үйде нағашым жасайды. 2. Ме нің айт қан аулым – осы ауыл. 3. Мынау – Сыр да-рия ның тұсы. 4. Анау – ертең біз баратын ел.

2. Ойлан, ізден. Сілтеу есімдіктерінің астын сы зың-дар.

Бұл бұл ма,Бұл бұлбұл ма?

Бəрі, барлығы, баршасы, күллі – жалпы-лау есімдіктері.

279-жаттығу. Диалогтарды көшіріп, есім діктердің астын сызыңдар.

– Iстің қаншасы бітті?– Iстің бəрі аяқталды ғой.– Жарайсыңдар. Меңдеш, Бердияр, Сұлтан,

Нұрлан – барлығың бірге істей сіңдер ме?– Иə.– Онда достарыңның баршасына мың рақмет.– Сізге де рақмет.

(Құлназар Ибрагимов)

Page 122: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

122

280-жаттығу. 1. Көшіріп жазыңдар. Жалпылау есім-діктерінің астын сызыңдар.

Не керек жаныңа,Осында бəрі бар.Сыйым көп тағы да,Ие бол, бəрін ал!

(Əбдікəрім Ахметов)

2. Бəрі, бəрін сөздерінің айырмашылығы қайсы? Олар қай септік жалғауларында тұр?

Əрқайсы, əлдекім, əркім, бір деңе – бел-гісіздік есімдіктері.

281-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді қатесіз көшіріңдер.

1. Ұят, ар ... балада болуға тиіс. 2. Бал-ды көп жеген дұрыс дейді, .... ол пікірге қосыл-майды. 3. До бымды ... алып кетіп еді, əлі əкелген жоқ.

Ти іс т і с өз д е р: кейбіреу, əлдекім, əрқайсы.

Бірде-бір, ешкім, ештеңе, ешқан дай, еш-теңе, дəнеңе сөздері – бо лымсыздық есім-діктері.

Өз деген сөз – өздік есімдігі.

282-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, есім діктердің астын сызыңдар.

Page 123: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

123

1. Бірде-бір құстың жаманын көрге нім жоқ. 2. Ешкім, ештеңе ұмытыл майды. 3. Оқимын, үйре немін дегенге ешқандай тосқауыл жоқ. 4. Қо лыңа қару емес, кітаптан өзге ештеңе ал-ма. 5. Қыр тө сінде гүлден басқа дəнеңе жоқ.

6. Өзің оқып, өзің жаз.

283-жаттығу. 1. Мақалдарды оқыңдар.

Өз үйім – өлең төсегім.Өзі суықтың сөзі суық.Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан

бол.Өзіне қарама, сөзіне қара.Өзіңнің шыққан тауың биік болсын.Өзімен болғанның басқамен ісі жоқ.

2. Өздік есімдігіне жалғанған жалғауларды бөліп, те ріп жазыңдар.

Ү л г і : Өзі – өз – і.

284-жаттығу. Есімдіктерді қатыстырып, «Өзен де» дейтін тақырып бойынша шығарма жазыңдар.

ӨЗЕНДЕ

Шығарманың жоспары:

1. Өзен маңының көрінісі.2. Өзенге мұз қатты.3. Өзеннің пайдасы.

Page 124: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

124

ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІ

Жіктеу есімдіктері 9 сөз: мен, сен, сіз, ол, біз, біздер, сендер, сіздер, олар.

Жіктеу есімдіктері 3 жаққа бөлі неді:Жекеше Көпше

I жақ мен бізII жақ сен сендер

сіз (сыпайы сіздер түрі) (сыпайы түрі)

III жақ ол оларI жəне II жаққа жататын жіктеу есім-

діктеріне кім?, кімдер? деген сұрақтар қойы лады.

III жақ есімдіктеріне кім?, кім дер?, не?, нелер? деген сұрақтар қойылады.

285-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына белгілі бір жақта тұрған есімдіктерді қойып, көшіріп жазыңдар.

1. ... жүрдім. Содан соң ... жүрдің. Не ке-рек, сол күні ... ойнадық. 2. ... сабақтарыңызға барыңыздар. 3. ... да үйірмеге қатыссын.

2. Бастауыш болған сөздердің астын бір, баянда-уыш болған сөздердің астын екі сызыңдар.

286-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті қосым-шаларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Сіз... ме... көмегім қажет емес пе? 2. Мөл-дір ... сөзін де елең қылмай жүре берді. 3. Түлкі:

Page 125: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

125

«О, əлемде теңдесі жоқ патшам! Бұл өмірде сіз... қайратты, ақылды, етті жоқ. Сондықтан да біз сіз... патша етіп сайлағанбыз», – депті. 4. Біз... ымырт кезінде күтіп алды.

(«Халық ертегілері» кітабынан.)

Ти і с т і қ о сымшалар : -ге, -нің, -дің, -ден, -ді, -ді.2. Есімдіктердің қай септікте, қай жақта тұрғанын

айтыңдар.

287-жаттығу. 1. Өлеңді көшіріп жазыңдар.

Мен атама тартқанмын:Өнегесін аламын.Домбырасын тартамын,Шырқап əнін саламын.Өнер қуған баламын,Мен атамдай боламын!

(Əдібай Табылдиев)

2. Суретте кімдер бейнеленгенін ай тыңдар.3. Жіктеу есімдіктерінің астын сызыңдар.4. Өлеңді жаттап алыңдар.

Page 126: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

126

288-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сұрақтарды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Біз (....) қар күреуге шықтық. 2. Ал ма, алша көшеттерін қыста отырғызбайды. Қыста отыр ғызса олар (....) көктемей қалады. 3. Мен (....) соны білгендіктен, сендерге: «Көктемде егейік», – дедім. Ол (....) осыған көнді.

289-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті жіктеу есім дігін қойып, сөйлемдерді қатесіз көшіріңдер.

1. Қоян ба, қарсақ па, əйтеуір неге де болса зиян тигізбеуді ... үйреттіңіз. 2. ... еліміз ұлан-байтақ. 3. ... Самарқантты, Бұхараны тамаша-лады. 4. ..., балам, анаңа сырыңды айт.

2. Жіктеу есімдіктеріне сұрақ қойып, сөздердің астын сызыңдар.

3. Жұмбақтағы есімдіктерді ата.

Сен: «Мен» десең, «Мен!» дейді,Сен «Кел!» десең, келмейді.

290-жаттығу. Мəтінді көшіріңдер. Сөйлемнің баста-уышы мен баяндауы шының астын сызыңдар.

Күн күлімдеп шықты. Мен де көшеге күлімсі-реп шықтым.

Апам:– Сен неге күлімдейсің? – деді.– Өйткені, үйге қонақ келді. Біз күтіп алдық.– Сендер оны неге айтпадыңдар, – деді апам, –

олар қайда?Арғы жақтан келіп қалған жеңешем:

Page 127: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

127

– Апа, қонақтар қазір біздің үйде отыр, – деді.Апам жеңешеме алғыс айтты.2. Есімдіктерді атаңдар. Олардың қай септікте, қай

жақ та тұрғанын айтыңдар.3. Мəтінге тақырып ойлап табыңдар.

Қосарланған есімдіктер дефис арқылы жазылады.

291-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріңдер. Əр сөйлем-нің мағынасын түсініп оқың дар.

1. Ата-ананың қолына су құятын кім? 2. Кім-де-кім мемлекеттік тілді жəне басқа да тілдерді жетік білсе, сол əрқашан ұтады. 3. Оқудың жағдайын түсінбей-ақ қойдың ғой бір. 4. Түстен соң доп қуып кетпей, кітабыңа бір-бір қарап қой.

292-жаттығу. Сауысқан туралы əңгімені ке зектесіп оқыңдар.

САУЫСҚАНТуабітті дағдысымен сақтана əрі сұқ тана жү -

ретін сауысқан күндердің бірінде шықылық тап оты рып, балапанына былай деп насихат ай тыпты:

– Балдырғаным менің, біздің дұш пандарымыз көп. Сондықтан да, үнемі сақ жүргенің абзал.

– Сол үшін не істеуім керек?– Мысалы, тамақтанып отырсың делік, əркез

бір шоқып, айналаңа бір қарап қой.– Ал, онда мен... – депті сауысқанның бала-

паны кеудесін одан сайын кере тү сіп. – Бір шо-қып, бір қарау былай тұрсын, тіпті, бір шоқып, екі қараймын.

Page 128: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

128

Балапанының зеректігі мен пысықты ғына са-уыс қанның көңілі толып:

– Жарайсың! Менен де асырып жібер дің, –депті.

(Құдірет Рақмет)

2. Əңгімені жоспар бойынша мазмұндап жазыңдар.

293-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, есімдіктердің астын сызыңдар.

1. Ол қателігін түсініп, досынан кешірім сұ-рады. 2. Сен түстен кейін балық аулауға ба-расың ба? 3. Артымнан біреу менің атым-ды атап, шақырғандай болды. 4. Біз бос уақытымызда шахмат ойнаймыз.

294-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, қосарланған есім діктердің астын сызыңдар.

1. Оқушылар не-не оқитынын біледі. 2. Бел-дерсайда шаңғы тебуге кім-кім барары анық емес. 3. Бір табақ етті өзді-өзі жеп отыр. 4. Мына бала қалай-қалай сөйлейді?

ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІНІҢ СЕПТЕЛУІ

Жіктеу есімдіктері септелгенде, фонети-калық өзгерістерге ұшырай ды: мен – ме-нің, сен – саған, ол – оған.

295-жаттығу. Сөздерді салыстырып оқыңдар.

Септіктер Жіктеу есімдіктеріАтау мен сен олІлік менің сенің оның

Page 129: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

129

Барыс маған саған оғанТабыс мені сені оныЖатыс менде сенде ондаШығыс менен сенен оданКөмектес менімен сенімен онымен

296-жаттығу. 1. Жоғарыдағы өзгеріске ұшы раған сөз дерді теріп жазыңдар.

2. Оған, саған, маған деген есімдіктердің толық түрі қандай болуға тиіс еді?

3. Оған дейтін есімдіктің толық түрі – олған.Қай дыбыс түсіп қалып, оған болып тұр?

297-жаттығу. 1. Сөздерді салыстырып оқып көшіріп жазыңдар.

Мен – мен+нің – менің – н түсіп қа лады.Мен – мен-нен – менен – н түсіп қа лады.Сен – сен-нен – сенен – н түсіп қалады. 298-жаттығу. 1. Өлеңді көшіріңдер, есімдіктерге

сұрақ қо йың дар.КӨБЕЛЕК

Көбелек-ау, көбелек,Саған осы не керек?Гүлге жаңа қонып ең,Ойың бар ма жөнемек?!Құрметтейді ел сені,Көзің əсем – моншағың.Ұстаймын деп мен сені,Қуа-қуа шаршадым.

(Iлияс Айынов)

2. Есімдіктердің қай есімдік екенін жəне қай жақта тұрғанын айтыңдар.9 – Ана тілі, 4-сынып.

Page 130: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

130

299-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жал-ғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Мынау – се... дəптерің. 2. Ма... кітапты кім береді? 3. Қаламұшты ме... сұра. 4. Кино са... ұнады ма? 5. Ол мені... ауылға барады. 6. Се... бала кезден ардақ тұтамын.

Керекті жалғаулар: -ған, -нің, -ған, -ен, -ні, -мен.

300-жаттығу. Мына есімдіктерді ауызша септеңдер.

Мен, сен, сіз, ол.

301-жаттығу. Төмендегі зат есімдерді септеңдер.

Асқар, алма, əн, сезім.

ҮСТЕУ

Қимыл, іс-əрекеттің жай-күйін, мезгілін, мекенін, мөлшерін, т.б. белгілерін білді ре-тін сөз табын үстеу дейміз.

1. Біз ертең Ташкентке барамыз. 2. Атың-ды ерттеп; бері кел.

Үстеу қайда?, қашан?, қалай? деген сұ-рақтарға жауап береді.

қашан? қайда?1. Бағана кітапханаға бардық. 2. Мұнда

өте жақсы кітаптар көп.

302-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

1. ... күн райы ашық болды. 2. Біраздан соң күн көтеріледі. 3. Сыртта тұрма ... кір. 4. Адам-да ... күттіресің бе? 5. Балалар ... жүріп келеді.

Page 131: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

131

Ти і с т і с ө з д е р : жедел, осынша, ішкені, жоғары, бүгін.

303-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріңдер, үстеулердің астын сызыңдар.

1. Қайда барсаң да, ерте бар. 2. Апам ағам-мен кешке келді. 3. Кешкісін жұлдыздар шығады. 4. Əуелі тəртібіңді түзе. 5. Бұрын барсаң, орын бар.

304-жаттығу. Өлеңді түсініп, мəнерлеп оқыңдар да, іс-əрекеттің уақытын, мерзімін білдірген үстеудің астын сызыңдар.

Бақытжанның папасы –Ерте тұрды Мүбəрəк.Таба алмай жүр етігін,Қайда кеткен? Бұл не гəп?

305-жаттығу. Үстеу сөздерді қатесіз көшіріп жазың дар.

Əзір, əлі, бағана, бұрын, ылғи, əзер, əрең, дереу, кенет, жылдам, құр, оңаша, түгел, аса, ең, мүлде, өте, тым, тіпті.

Мезгіл үстеулері

Іс-əрекеттің, қимылдың, мезгілін білді-ретін сөздерді мезгіл үстеулері дейміз. 1. Ол əлі жүріп келеді. 2. Ол шындықты əзір айтты.

Мезгіл үстеулері қашан? деген сұраққа жауап береді.

Page 132: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

132

306-жаттығу. Қашан? сұрағына жауап беретін сөз-дердің астын сызыңдар

1. Қыстың қары маған əрдайым ұнайды. 2. Апам енді келіп отыр. 3. Роман емес, əзірше ертегі оқып тұр. 4. Балам, кеше қайда болдың?

307-жаттығу. Əуелі мезгіл үстеулерінің соңынан ме-нен үстеуінің астын сызыңдар.

Кешегі елсіз жатқан маңАты аңыз боп жатталған.Жер астының мұнайынТеңіз қылып ақтарған.Апаларым көп мұнда.

(Ф. Оңғарсынова)

308-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті үстеулерді қойып жазыңдар.

1. Ала... əн сал да, би билей бер.(Абай)

2. Талай ұрпақ куəсі,Тобыл ағар қыр асып.Көктем келсе бұрқырап,... жуасып.

(С. Асанов)

3. Атам менің əмандаƏдепті жан бол деген.

(Ə. Асылбеков)

Page 133: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

133

4. Қалада өскен МанарбекАйтты бірде маған кеп:«Жазда ауылға барам!» деп.

(Қ. Баянбаев)

Мекен үстеулері

Іс-əрекеттің, бағытын білді ріп, қайда?, қайдан? деген сұрақтарға жауап беретін үстеулерді мекен үстеулері дейміз: төмен, жоғары, кері, мұнда, сыртқары, тысқары, ішкері, ілгері.

309-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

1. Көкемнің қойлары... – ... жүр.. 2. Жұмысты ... – ... қып аяқтама. 3. ... бір жұлдыз көрінеді. 4. ... жатқан балалар қашан оянды?

Ти і с т і с ө з д е р : мұнда, ілгеріде, жоғары-дан, одан-бұдан, онда-мұнда..

310-жаттығу. Сөйлемдердегі мекен үстеулерінің ас-тын сызып, үстіне сұрағын жазыңдар.

1. Қаздар иттер əріде тұр. 2. Төменде үл-кен қала шырақтары көрінді. 3. Сіздің ауыл біздің ауылдан ішкері екен. 4. Жаман əдеттен де, жаман əдептен де əрі жүр. 5. Жұлдыздар жоғарыда тұрады.

Page 134: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

134

311-жаттығу. Мекен үстеулерін жазыңдар

1. Ала қасқыр əрмен кетті. 2. Қара кер ат бермен жүрді. 3. Ата-анамның туған жері осын-да. 4. Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде. 5. Мал бағуға кейінірек шық.

312-жаттығу. Берілген мезгіл, мекен үстеулерін бө-ліп жазыңдар.

Əуелі, төмен, əлі, жоғары, бағана, əрі, əуелде, əрірек, жаздай, ішкері, онда-мұнда.

1. Мезгіл үстеулері: əуелі;2. Мекен үстеулер: онда-мұнда,

Сын-бейне үстеулері

Іс-əрекеттің сын бейнесін білдіріп, қа-лай?, қалайша?, қайтіп?, кімше?, не си-яқты? деген сұрақтарға жауап беретін сөз дерді сын-бейне үстеулері дейміз: аман, əрең, əзер, бекер, дереу, жай, же-дел, тез, оқыс, шұғыл.

313-жаттығу. Сөйлемдердегі сын-бейне үстеулерінің соңына сұрақтарын қойып жазыңдар.

1. Ол қар басына əзер шықты. 2. Асқар қарт кісіге дереу жедел көмек берді. 3. Анаңа жетемін десең, жылдам жүр. 4. Сұрағына

Page 135: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

135

қысқаша жауап бер. 5. Құлаған бала аздап жарақат алды.

Ү л г і : Сұрағанға қысқаша (қалайша?) жауап бер.

314-жаттығу. Көп нүктенің орнына сын-бейне үстеу-лерін қойып жазыңдар.

1. Гимнастшы бала етпетінен түсті.2. Шалқар ... жүзді.3. Ол ... жеңіске жетті.4. Махамбет ... сөйлейді.5. Етті ... же.Ти іс т і ү с т е у л е р : шалқасынан, етпетінен, орыс-

ша, пісілей, осылайша.

315-жаттығу. Сын-бейне үстеулерін қатесіз көшіріп жазыңдар да, 4 сөйлем құрастырып жазыңдар.

Айрықша, əлінше, ерекше, осылайша, өзінше, өзгеше;

Жартылай, осылай. тірілей, тікелей;Кенеттен, төтесінен, шалқасынан;Аздап, жаппай, сеспей.

Күшейткіш үстеулері

Қимыл-əрекетті не өте күшейтетін, не өте кемітетін үстеулерді күшейткіш үстеу дейміз: ең, тым, тіпті, өте, əбден, кілең, т.б.

Page 136: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

136

316-жаттығу. 1. Сөйлемдегі күшейткіш үстеулерді те ріп жазыңдар.

1. Сенің шырқаған əнің өте жақсы. 2. Ла-шын – тым жоғарыда ұшатын құс. 3. Əрең «5»-тік баға алдым. 4. Қарияға көмек бергендерің тіпті жақсы. 5. Гүлстан – кілең жастар қаласы. 6. Домбыра тартсаң, əбден жақсы!

317-жаттығу. 1. Берілген үстеулерді те ріп жазыңдар.

Жаңа, əлі, төмен, əрмен, ерте, бүгін, ілгері, өте, əзер, кешке, тым, жаздыгүні, мұнда, ет-петінен, əбден, шалқасынан, тіпті, онда-мұнда.

Мезгіл үстеулері: ерте,Мекен үстеулері: төмен,Сын-бейне үстеулері: етпетінен,Күшейткіш үстеулері: тым,

318-жаттығу. 1. Өлеңдердегі үстеулерді теріп жа-зыңдар.

БүркітБүркіт ірі, қайратты,Сұлу өзі айбатты.Көтеріліп тым биік,Көзбен шалар аймақты.

БүркітшіАңшы, бірақ бұл тіптенШықпайды аңға мылтықпен.Аң мен құсты бүркітшіАулайды ылғи бүркітпен.

Page 137: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

137

ШЫЛАУ

Жеке тұрған кезде мағынасы болмай-тын, бірақ басқа сөздерге көмекшілік қызмет атқа ратын сөз дерді шылау дейміз.

Шылаулар: сайын, үшін, жөнінде, ту-ралы, секілді, сияқты, туралы, мен, бен, пен, жəне, əрі, да/де, та/те, ба/бе, па/пе, дейін, шейін, қой/ғой, қана/ғана, -ақ, -ау.

Мен, (пен, бен), жəне шылаулары

Сөз бен сөзді байланыстыратын шылау-лар мыналар: мен, (пен, бен), жəне.

319-жаттығу. 1. Бағандағы сөздерді салыс тырып оқың дар.

1. Лақ, қозы. Лақ пен қозы.2. Бұлт, жауын. Бұлт пен жауын.3. Асан, Үсен. Асан мен Үсен.4. Жаз, күз. Жаз бен күз.

2. 2-бағандағы сөздердің пен, мен, бен шылаула-ры арқылы байланысып тұрғанына көңіл бөліңдер.

3. Байланысып тұрған сөздер қай сөз табына жа-тады?

320-жаттығу. Сөздерді оқып, көп нүктенің орнына керекті шылауларды қойып жазыңдар.

бала ... қыз аң ... құсаспан ... жер сəбіз ... күріш

Page 138: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

138

от ... су қырғыз ... өзбек

2. Сөздерге сұрақ қойыңдар.3. Сөздердің қай сөз табына жататынын айтыңдар.

321-жаттығу. Мəтіннің ішінен шылауларды өзі бай-ла ныстырып тұрған сөздерімен көшіріңдер.

1. Екібастұз кенін тапқан – Қосым Көш-кінбайұлы жəне Баянауыл қызы Та тьяна Белде-нинова. (Ə. Жосалин.) 2. Қо қан мен Əндіжан —əсем қала лар. 3. Əнші мен күйші ауылға барыпты. 4. Ақмоншақ пен Тайбурыл же ле жор тып кетті.

Да (де), та (те) шылаулары

Өзінен алдыңғы сөзге тек қана қосымша мағына беретін шылаулар: да(де), та(те).

Бірыңғай сөздермен бірге бірнеше рет қайталанып келген осы шылаулардың арасына үтір белгісі қойылады: Менің əжем де, сенің əжең де – аяулы жандар.

Да(де), та(те) шылауларын жатыс сеп-тігінің жалғауларымен (-да, -де, -та, -те: суда, көлде, атта, електе) шатастыруға болмайды.

Қосымшалар сөзбен бірге (баламен, гүл мен), шылаулар бөлек жазылады: Мұғалима да, оқушылар да саяхаттан кө-ңілді оралды.

Page 139: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

139

322-жаттығу. 1. Бағандағы сөздерді салыстырыңдар.

1. Сынып, мектеп таза 1. Сынып та, мектеп те таза.2. Нан, шай дайын. 2. Нан да, шай да дайын.3. Күн, түн бірдей ме? 3. Күн де, түн де бірдей ме?4. Қыс, жаз қызықты. 4. Қыс та, жаз да қызықты.

2. Сөз бен сөзді байланыстырып, қосымша мағына үстеген сөздердің астын сызыңдар.

323-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылаулар-ды қойып жазыңдар.

1. Арпа ..., бидай ... – дəнді дақылдар.2. Жас бала өтірік ..., өсек ... айтпайды.3. Елді ..., ерді ... қадір тұт.4. Адам ..., ат ... қағылады.5. Қыс ..., көктем ... өтіп барады.Ти і с т і шыл а у л а р : да, да, те, те, де, де, да,

та, та, де.

324-жаттығу. 1. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазың-дар.

1. Сіз деген де, сен деген де бір ауыздан шығады.

2. Ірімшік те, құрт та, май да, айран да сиыр сүтінен алынады.

3. Көктемде, күзде ағаштың жапырақтарын байқаңдар.

Page 140: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

140

Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары

Өздері тіркескен сөздерге сұрақ мағы-насын беретін шылаулар: ма(ме), ба(бе), па(пе).

Қайталанған осы шылаулардың арасы-на үтір, соңғысынан соң сұрақ белгісі қойылады.

325-жаттығу. 1. Өлеңді мəнерлеп оқып, қатесіз кө-шіріп жазыңдар.

Енеңді сен көрдің бе,Қозым, қозым, қозым?«Мамалап» кеп емдің бе,Өзің, өзің, өзің?

(Байбота Серікбайұлы).

2. Сұрау мағынасын бергізген шылаулардың астын сызыңдар.

326-жаттығу. Сөздерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қосып жазыңдар.

Қала ... ауыл. Жұмбақ ... жаңылтпашЖазу ... сызу Бөрік ... тақияҚұс ... аң Тоғыз ... он

327-жаттығу. 1. Бағандағы сөздерді салыстырыңдар.

1. Нан ұсағын баспа 1. Мына шашы жуылған бас па?2. Сандықты ашпа. 2. Сенің қарның аш па

Page 141: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

141

3. Маған жаман 3. Ол алманы алар ма? көзіңмен аларма

2. Шылаулардың жазылуына көңіл бөл.

Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары

Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары өзі тіркескен сөздерге үстеме береді.

328-жаттығу. 1. Сөйлемдерден шылауларды тауып, астын сызыңдар.

1. Ел үшін батырлар мерт болған.2. Үйге дейін əңгіме айтып бар.3. Адалдық туралы ертегі оқы.4. Сағат үшке шейін ата-анама көмектесемін.

329-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, шылаулардың астын сызыңдар.

Ел үшін еңбек етсең, халық сүймек,«Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп,Ер өлсе де, еңбегін ел өшірмес,Неше мың жыл өтсе де тарих білмек!

(С. Торайғыров).

330-жаттығу. 1. «Шылау» сөзжұмбағын шешіңдер.

шылау

ТөсенішБереке.Түс.Жеміс.Шылау.

Page 142: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

142

2. Туралы шылауын қатыстырып 2 сөйлем құраңдар.3. Ту-ра-лы шылауындағы у дыбысы дауысты ды-

быс па, дауыссыз дыбыс па?

Қой (ғой), қана (ғана) -ақ, -ау,-ай, -мыс, -міс шылаулары

Қой (ғой), қана (ғана) -ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс шылаулары өздері тіркескен сөздерге түрлі мағыналық рең береді: бос сөз ғой, саған ғана, барады-мыс.

Қой (ғой) шылаулары өзінен бұрынғы сөзбен бірге сөйлемнің баяндауыш мүшесі болады: Балам, оқуыңа бара ғой.

331-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңдар. Сөйлемдегі шылау мен қосымшаларды сұрақ қою арқылы ажыра-тып жазыңдар.

1. Айдана мен Арухан – жақсы қыздар.2. Айданамен бірге Арухан мектепке барды.3. Мен 4-сыныпта оқимын.4. Қарындаш пен сызғыш – оқу құралдары.5. Ол суретті қылқаламмен емес, қарындаш-

пен салып жүр.

-ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ды, -ді сияқты шылаулар өзінен бүрынғы сөздерден де-фис (-) арқылы бөлініп жазылады: көрікті-ақ, айтыпты-мыс, япыр-ай, апыр-ау.

Page 143: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

143

332-жаттығу. Шылаулар қатысқан сөздердің астын сызып, көшіріп жазыңдар.

Бұрынғыдай емес, қалаларымыз бүгінде өте сұлу-ақ. 2. Балам-ау, нанның өзі де – нан, ұса ғы да – нан. Шашпай-төкпей-ақ жесеңші. 3. Ауылға ғалымдар, жазушылар келіп, оқушы-лар мен кез десу өткізеді-міс. 4. «Елім-ай» əнін білесің бе?

333-жаттығу. 1. Салыстырып оқып, айырмашылық-тарды байқаңдар.

1. Ұзамай ақ төбет 1. Ұзамай-ақ төбет қуып жетті. қуып жетті.2. Балаларым-ай, 2. Балаларым, ай көрдіңдер ме? көрдіңдер ме?3. Үлкен ақ 3. Үлкен-ақ үйдің үйдің төбесі. төбесі.

(Мамытбек Қалдыбаев).

СӨЗ ТІРКЕСІ, СӨЙЛЕМ ЖƏНЕСӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ

334-жаттығу. 1. Сөздерді екі топқа бөліп жазыңдар, əр топ тағы сөздерді бір-бірімен байланысты рыңдар.

1. Үлкен, жемісті, еңбекке, темір, балалық, шап шаң, бес, жылы, түлкі.

2. Шақ, кел, оқушы, тəртіп, ағаш, баулу, айна, үй, тымақ.

Үл г і: жылы үй, түлкі тымақ.

2. Мағыналық қатынастағы сөздердің қай сөз табы-нан екенін атаңдар.

Page 144: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

144

335-жаттығу. 1. Салыстырып оқыңдар.

үй ал жер берЖылы жел Алманы же су кес сөз тер2. Əрбір жұп сөздердің мағыналарын түсінуге əрекет

жасаңдар.

336-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына керекті сөз-дерді қойып, сөз тіркесін толықтырыңдар.

... гүлі, .... құмған, қамыс ..., темір ..., орман ..., ...ақсақалы, ... директоры.

К е р е к т і с өз д е р : мектеп, ауыл, алқабы, тор, ши, жез, алма.

2. Сөз тіркестері зат есімнен екенін аңға рыңдар.

337-жаттығу. 1. Сөз жұптарын оқыңдар. Бі рінші сыңа рының қай септікте тұрғанын ай тыңдар.

1. Атыңнан құласаң да, елдік сал тыңнан құ-лама. 2. Жақсыдан үйрену – менің мақсатым. 3. Еш қашан бағыттан адас пау керек. 4. Ауыл ма лы өріс тен қайтты. 5. Бүгін де, ертең де сабақ тан қалма. 6. Шомыла бермей, судан шық.

2. Атыңнан құласаң (аттан құлау), салтыңнан құлама (салттан құламау), бағыттан адаспау, өрістен қайтты (өрістен қайту), сабақтан қалма (сабақтан қалмау), су-дан шық (судан шығу) – бəрі де бірінші сыңары шығыс септігінде тұрған сөз тіркестері екеніне көңіл бөліңдер.

Page 145: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

145

338-жаттығу. 1. Сөз жұптарын оқыңдар. Бірінші жа-тыс, көмектес септігіндегі сөз тіркестерін бөлек-бөлек көшіріңдер.

Далада ойнау, жолмен жүру, дəлізде ұйықтау, желіммен желімдеу, суда шо мылу, кітаппен сырласу, шекарада болу, жолмен жүру, жолда жүру.

Үлгі:1. Далада ойнау,2. Жолмен жүру,2. Сөз жұптарының бірінші сыңарына сұрақ қойың-

дар.

Жаңа мағына тудыру үшін тір кескен сөз дердің тобын с өз т ір к е с і дейміз: екі бала, темір күрек, ал малы ауыл, тез оқу, есеп шығару.

339-жаттығу. 1. Төмендегі мақал-мəтел дердің көші-ріп жазыңдар. Олардың қандай сөйлем екенін, құ-ра мында неше сөйлем, неше сөз тіркесі барын ай-тыңдар.

1. Елдің көркі – мал, өзен көркі – тал, жылқы көркі – жал. 2. Алып анадан туады, ат биеден туады. 3. Асыл ердің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды. 4. Адам болар жігіттің етек-жеңі кең болар. 5. Жақ сы ат жанға серік. 6. Байлықтың атасы — еңбек, анасы – жер.

2. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді сөз тапта-рына талдаңдар.

Page 146: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

146

340-жаттығу. 1. Төмендегі өлеңді қатесіз көші рің-дер.

БЕС САУСАҚБас бармағым – атам – үйдің данасы,Балаң үйрек – əжем – ошақ анасы,Ортан терек – əкем – отау панасы,Шылдыр шүмек – анам – шаңырақ ажары,Титтей бөбек – мен – бəрінің базары.

(Ермек Өтетілеуов)

2. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есім болған сөз тіркестерінің астын сы зыңдар.

341-жаттығу. Өлеңді көшіріңдер. Бір сыңары ілік сеп ті гінде, екінші сыңары тəуелдік жалғауында тұрған сөз тір кесін атаңдар.

МЕКТЕПМектеп – ұя, жол басы,Балалардың мектебі.Мектеп – білім ордасы,Ағалардың мектебі.

(Серікбай Оспанов)

342-жаттығу. 1. Сөз тіркестерін көшіріңдер.

1. Салқын, тəтті, биік, əдемі, сұлу, кең.2. Маңдай, қыз, жазу, тау, самал, қауын.Үлгі: тəтті қауын, ...

2. Бұл сөз тіркестерінің қай септікте тұрғанын айтыңдар.

3. Сын есім мен зат есімнен сөз тір кес терін жасаңдар.

Page 147: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

147

343-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Бір сөй лемде неше сөз тіркесі барын ай тыңдар.

1. Жазық дала төсінде жақсы адамдар жүр.

2. Мөлдір бұлақ ақты.

3. Төрт оқушы жылы жаңбыр астында тұрды.

Үш оқушы кітапты оқи бастады.

3. Екі кісі ығысса, неше кісіге орын бар: Екі кісі жə не бір кісі деген сөз тіркестері қай сөз таптарынан жасалған?

344-жаттығу. 1. Сөздердің жұптап жазыңдар.

Хат, су, кітап, қыздың, асау, ішті, жаздым, оқыдық, биік, көркі, жүрек, тау.

Ү л г і : су ішті.

2. Əрі сөз тіркесі, əрі сөйлем қызметінде тұрған сөз тіркесін табыңдар.

Сөз тіркесі жеке де айтылады: таза ауа, биік тау.

Сөз тіркесі сөйлем ішінде де ке леді: Бос тан дықтағы таза ауа жа ныңды жа ды -

ратады.

Page 148: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

148

345-жаттығу. 1. Суретте бейнеленген жердің атын атаңдар.

2. Астық алқабы, ақ бидай, екі комбайн, ыстық нан жəне жас наубайшы сияқты сөз тіркестерін қатыс-тырып əңгіме жазыңдар.

ЖАЙ СӨЙЛЕМ МЕН ҚҰРМАЛАССӨЙЛЕМ

Бір ғана тиянақты ойды білдіретін сөй-лемді ж а й с өй л ем дей міз: Отанды сүю керек. Барлық нəрсе Отаннан бас талады.

346-жаттығу. 1. Мəтінді қатесіз көшіріп жазыңдар.

Сəуле мен Маржан – дос. Олар мектепте үз дік оқиды. Екеуі өзенге барды. Өзен суы мөп-мөлдір екен. Екі дос жаңа өлеңдерін асау өзенге арнады.

Өздері де осыған қуанды.(Ағира Хайдарова).

2. Мəтіндегі сөйлемдердің əрқайсысы да аяқталған бір ойды білдіріп тұрғанына назар аударыңдар.

Page 149: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

149

3. Сөйлемдер қай мақсатты білдіріп тұр деп ойлай-сыңдар?

347-жаттығу. 1. Мына мəтіндегі қателіктерді дұрыс-тап жазыңдар. Тыныс белгілерін қойыңдар

Сайымжан үндеген жоқ Сығырайып күліп қана қойды Сайымжанның биыл бірінші сыныпқа баратын жылы еді Ол тарғыл мысықты үйіне ала кетті Екеуі əбден достасып алды Ол солай болуға тиіс «Жақсылыққа жақсылық» деген – осы

(Рамазан Тоқтаров)

2. Бұл мəтінде неше сөйлем бар екен?3. Сөйлем аяқталған жерде қай тыныс белгісі қо-

йылды.4. Келесі сөйлемдерді қай əріптен бастап жаздың-

дар?

348-жаттығу. Көп нүктенің орнына төмендегі тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.

Шалғышыға ... алғысы көп.Шалғышысының ... қалғысы жоқ.

* * *Мақанға Қаман ... бермеді.Қаманға Мақан ... бермеді.

Ти і с т і с ө зд е р : шалғышының, шалғышыдан, бор, бой.

2. Жаңылтпаштарды жаңылмай оқуға əрекет ет.3. Жазған сөйлемдеріңнің қай сөйлем екеніне көңіл

бөліңдер.

10 – Ана тілі, 4-сынып.

Page 150: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

150

349-жаттығу. 1. Екі бағандағы сөйлемдерді көшірің-дер.

1. Қыс өтті. Көктем келді. Қыс өтіп, көктем келді.2. Күн жылынды. Жер көгерді. Күн жылынып, жер көгерді3. Марат пен Жанат қуанды. Өздері жасайтын көшеге көшет отырғызды.

Марат пен Жанат қуанып, өздері жасайтын көшеге көшет отырғызды.

2 Əрбір сөйлем неше ойды білдіріп тұр?3. Екінші бағандағы сөйлемдерді оқығанда, қандай

ты ныс белгілерін аңғардыңдар?4. Бірінші жəне екінші бағандардағы сөй лемдердің

баяндауыштарына сұрақ қойыңдар.

Екі немесе одан да көп жай сөй лем-дер ден құралған сөйлемді құрмалас сөй-лем дейміз. Еліміздің туы желбіреп, ме-рейімізді тасытып тұр.

350-жаттығу. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлем-дерге айналдырып жазыңдар.

1. Бала ойнап жүр. Байқамай қымбат шыны-аяқты сындырып алды.

2. Болат жымиды. Кішкене Бекжанның кекі-лінен сипады.

3. Кірпіштер түсірілді. Құрылыс жұмы сы қызу жүріп жатыр.

4. Күн көтерілді. Қымыз қотарылар шақта Нұр жан ақсақалдың үйінде ауыл қарияларының басы қосылды.

(«Балдырған» журналынан)

Page 151: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

151

Ү л г і : Бала ойнап жүріп, байқамай қымбат шы ны аяқты сындырып алды.

351-жаттығу. 1. Өлеңді қатесіз көшіріңдер. Бұл өлең де неше құрмалас сөйлем барын айтыңдар.

ШІЛДЕШілдеде шалғын ұзарып,Сарғаяр егін алабы.Қарақат пісіп, қызарып,Көзіңнің жауын алады.

(Несіпбек Айтов)

2. Əрбір құрмалас сөйлемнің құрамында неше жай сөйлем бар?

3. Əрбір жай сөйлемде қанша сөз бар?

352-жаттығу. 1. Мəтінді көшіріңдер. Сөйлемнің со-ңын да қандай тыныс белгісі қойыл ғанын айтыңдар (нүк те, үтір, сұрау белгісі).

ТАЙМАСҚуаныштар қала шетіндегі жекеменшік бөлек

үйде тұрады. Мұндай жерде бір иттің артық өтпейтіні рас. Қақпаның қа сына күрке жасап, Таймасты шынжырлап байлап қойғаны сондық-тан. Құлағы тікі рейген азулының тұқымы бол-са да, Таймас – долылығы жоқ, заты жуас ит. Көзін бір ашып, бір жұмып үйшігінің алдын-да жа тады да қояды. Қақпаның сыртындағы тықырға құлақ тігіп, көп елеңдемейді де.

(«Балдырған» журналынан)

2. Құрмалас сөйлемдердің астын сызыңдар.

Page 152: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

152

353-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар Құр-малас сөйлемдердің құ рамында неше жай сөйлем ба-рын айтыңдар.

1. Сүттей нұры дірілдеп, ай туды кү лімдеп. 2. Күн шықса, жер беті құл пырып, құстар сай-рай бастайды. 3. Ауыл да той басталып, сах-на төріне ақындар шығыпты. 4. Мес қайыққа мініп, иінағаш ты іздеп тауып кел, ағысты жер-де қалқып бара жатқан шығар. 5. Үйге келсем, аға ларым мен жең гелерім күтіп отыр екен. 6. Жаңбыр жауа, өзен тасиды. 7. Маң дайдан ақ терің тамшылап, ылғи адал еңбек ет.

2. Құрмалас сөйлемдердің баяндауыштарын табың-дар.

354-жаттығу. 1. Құрмалас сөйлемдерде интонация-лық кідірістің əртүрлі болатынын аңғарыңдар.

1. Қурайдың ащы сазына үн қосып едім, көз ден жастың мөлт еткені. (Саттар Еруба-ев). 2. Бай жан суырдың інін те реңдетіп қазып көрсе, арғы жағы сіресіп жатқан тас көмір екен. (Fабит Мүсі репов). 3. Абай əлпеншектен түсті де, жеке лене шеткері шықты. 4. Ол есіктен кіре бер генде, те лефон шылдыр ете қалды. (Сə бит Мұқа нов). 5. Өзі қораш болғанмен, осы төбенің аты зор. (Fабиден Мұс тафин).

2. Кідіріс қай сөйлемнен кейін болып тұр ғанын айтың дар.

Page 153: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

153

Құрмалас сөйлемдердің құрамын дағы жай сөйлемдер ең кемінде екеу болады: Басқалар қалай қуан са, мен де солай қуанамын.

Құрмалас сөйлемдердің құрамын дағы жай сөйлемдердің арасына сəл дауыскі ді рісі жасалып айты лады: Кім көп істесе, сол көп алады.

355-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті баянда-уыш тарды қойып, құрмалас сөйлемдерді көшіріп жа-зыңдар.

МҰНДАЙ ДА БАР

Балалар көшеде доп ойнап жүр. Се ріктің апа сы доп ойнауға ..., кітап оқытып қойды. Терезе нің алдында ..., кітаптан гөрі ойынға көп қарай ды. Ақыры ..., ұрланып сыртқа шыға беріп еді:

– Мені алдап, қайда безіп барасың? – деп, апасы соңынан қуа шықты. Серік ұстатпай кетті. Бірақ түнге қарай орал ғанда сыбағасын алды. Ертеңіне мек тепте де жер шұқылай берді.

(Елнұра Саттарова)

Т и іс т і с өз д е р : отырып, жібермей, шыдай ал-май.

Page 154: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

154

Құрмалас сөйлем жасайтын жай сөйлем-дердің ортасына үтір жəне қос нүкте қойы лады: 1. Де гелек келді, жаз болды. 2. Таң атты: шымшық тар шырылдап, əтеш ша қырды.

356-жаттығу. 1. Өлеңді оқып, көп нүктенің орны-на д, а əріптерінің тиістісін қойып, оны бас əріппен жазыңдар.

ҮЗІЛІСТЕ ЖƏНЕ САБАҚТАҰстаз сабақ сұраса,...ыбысы да шықпайды.Үзіліске шыға сап,...узы-аузына жұқпайды.

(Ерлан Бағаев)2. Өлеңдегі құрмалас сөйлемнің құрамында тұрған

əр бір жай сөйлемнің бас əріптен бастап жазылатынын еске ріңдер.

357-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Cөй-лем дердегі жай жəне құр малас сөй лемдердің ас тын сызыңдар.

1. Апам келді. Тамақ пісірді.Апам келді де, тамақ пісірді.

2. Бауыржан əн салды. Жанар бибиледі.Бауыржан əн салса, Жанар бибиледі.

3. Үсен қолын созды. Асқар да оған қолынсозды.Үсен қолын созған соң, Асқар да оған қолын созды.

Page 155: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

155

ЖАЛАҢ СӨЙЛЕМ МЕНЖАЙЫЛМА СӨЙЛЕМ

Бастауыш пен баяндауыштан құ ралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз: Таң атты. Əтеш шақырды.

358-жаттығу. 1. Екі сөзден құралған сөй лемдерді көшіріп жазыңдар. Сөйлем мүшесіне талдаңдар.

1. Нұрлан, Аян, Сабыржан – бəрі бір мектепте оқи ды. 2. Біз көшеміз. 3. Ба уыржан, Бақтияр қош тасуға келді. 4. Мен күлдім. 5. «Ауылға ба рып орна ласқан соң, хат жазыңдар», – деді. 6. Марат қуанды. 7. Нұр болат көкем мақталықта жүр.

2. Еккен, сепкен сөздеріне орады, алады сөздері тіркестіріп жалаң сөйлем құраңдар.

359-жаттығу. 1. Екі қатардағы сөйлемдерді салысты-рыңдар.

Біз оқыдық.Біз кітапты (нені?) оқыдық.Қар жауды.Қар ертеңгісін (қашан?) жауды.Су ақты.Су сарқырап (қалай?) ақты.Өлең жазылды.Өлең тауда (қайда?) жазылды.2. Бірінші қатардағы сөйлемдерде қай мү шелер

бар?3. Екінші қатардағы сөйлемдерде қай мүше лер бар?

Page 156: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

156

Құрамында тұрлаулы мүшелері де, тұр-лаусыз мүшелері де бар сөйлемді ж а -йылма сөйлем дейміз. Аққу ертең гісін ұшты. Аққуды адамдар аялайды.

360-жаттығу. 1. Сөйлемдерді бас əріппен бастап жа зыңдар. Тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.

Ангрен – əсем қала онда менің Қай сар дейтін ағам еңбек етіп, ер атанды осы Ан-грен қа ласында маңызы үлкен құ рылыстарды уақтылы бітіріп, пайдала нуға тапсырған – үлкен ағам өзіміз тұ ратын қалада жақсы адамдардың барына қуа нып, бəріміз риза болып жүрміз. біздің қаламыз – əсем Ангрен қаласы

2. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдердің айырма-шы лығын ескеріңдер.

361-жаттығу. 1. Тиісті сөздерді пайдаланып, жалаң сөйлемдерді жа йылма сөй лем дерге айналдырып жа-зыңдар.

1. Балық шоршыды. 2. Өрік гүлдеді. 3. Отын жарылды. 4. Найзағай жар қылдады. 5. Қонақ келді.

К е р е к т і с өз д е р: аспанда, көктемде, өзенде, үйге, көп.

2. Тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңдар.3. Балық, өрік, отын, найзағай, қонақ сөздері қай

сөз табына жатады? Қай септік жалғауында тұр?

362-жаттығу. 1. Жайылма сөйлемдерді оқыңдар. Сөй лем мүшелеріне талдаңдар.

Page 157: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

157

1. Fарышкерлер Ташкентке келді. 2. Еркін Вахидов халқымен кездесті. 3. Марат əн салды. 4. Суретшілер көр меде болды. 5. Құрманғазы күй тартты.

2. Бастауыш пен баяндауыштан басқа мү шелердің қай септікте тұрғанын айтыңдар.

363-жаттығу. 1. Сурет бойынша сөйлем құрас тырып жазыңдар.

Үлгі: Бұл – балабақша. Біз осында ойнаймыз. Бат-пырауық көкте ұшады.

364-жаттығу. Жайылма сөйлемдерді көшіріңдер. Бі рінші жəне екінші қатар лардағы сөйлемдерде қан ша сөйлем мүшелері бар екенін айтыңдар.

1. Белдерсайда шаңғы тептік.Белдерсайда кеше шаңғы тептік.

2. Балжан əн салды.Балжан домбырамен əн салды.

3. Жандос мал бақты.Жандос жайлауда мал бақты.

Page 158: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

158

СӨЙЛЕМНІҢ ДАРА ЖƏНЕКҮРДЕЛІ МҮШЕЛЕРІ

Бір ғана сөзден жасалған сөйлем мүше-сін сөйлемнің дара мүшесі дейміз: Сайда шегірткелер шырыл дады.

Екі яки одан көп сөзден жасал ған сөй-лем мүшесін сөйлемнің күр делі мүшесі дей міз: Сайда шегірт келер шырылдай бас тады.

365-жаттығу. 1. Жайылма сөйлем құра мындағы тұр-лау сыз мүшелердің қай септікте тұрғанын айтыңдар.

1. Таза суға түкірме. 2. Ағайынның баласы-мен араздаспа. 3. Алыстағы аға йынға келдік. 4. Біз ағайынды таптық. 6. Ағайынның аты озды.

2. Тұрлаусыз мүшелер қай сөз таптарынан жа сал-ғанын айтыңдар.

3. Баяндауыш болған бұл сөздер дара мүше ме, күрделі мүше ме?

366-жаттығу. 1. Көшіріп жазыңдар. Дара жəне күр-делі сөздерді табың дар.

1. Жеті септік жалғауы бар.Жетпіс жеті дəптер алдық.

2. Бес сөйлем мүшесі.Жаңа айға он бес күн қалды.

3. Оқушылар серуенге шықты.Күн шыққалы жатыр.

Page 159: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

159

4. Бала көшеде жүр.Қыздар ойнап жүр.

2. Күрделі сөздердің астын сызып, олардың қай сөз табына жататынын айтыңдар.

367-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына тиісті күрделі сөздерді қойып, сөйлемдерді қатесіз көшіріңдер.

1. Биікте құстар ... . 2. Дегелектер көлден ... . 3. Не дейтінімді ағам ... . 4. Бір сыныпта ... оқушы бар. 5. Ағам мен əкем ... .

Ти іс т і с өз д е р: сырласып келеді, жиырма алты, біліп тұр, ұшып өтті, ұшып жүр.

2. Баяндауыштың астын екі сызыңдар.

368-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Шындықты сізге айтпасам бол май қалды. 2. Жақсы істі бастау керек. 3. Қаламұшын ты ғып қойған шығар. 4. Ол мойнын орамал-мен таңып тас тапты. 5. Мұндай аққуды басқа жақтан ұшырата алмайсың. 6. Жұрт Абай əнін естігісі келеді.

2. Қарамен жазылған сөздердің қан дай мүше екенін айтыңдар.

369-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Күр-делі мү ше лердің астын сызыңдар.

1. Таң атты. 2. Арайлы таң атып келеді. 3. Құстар қайтты. 4. Құстар қайтып барады.

Page 160: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

160

5. Мал ұзады. 6. Мал ұзап барады. 7. Көк шықты. 8. Көк шығып келеді.

2. Күрделі мүшелердің астын белгісімен сы-зыңдар .

370-жаттығу. 1. Мəтінді көшіріп жазып, жалаң сөй-лемдердің астын сызыңдар.

Көктем басталды. Тал, терек көгерді. Тау қарлары еріп біткен.

Мынау – жол.Сиырлар өріске бет алды.Трактор табандап тұр. Биік үйлер көз тарта-

ды. Əйгерім сіңлісін жетектеп барады.(Ағира Хайдарова)

2. Мəтінге ат қойыңдар.

Page 161: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

161

СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢFАЙ МҮШЕЛЕРІ

Сөйлемде бір сұраққа жауап бе ріп, бір-дей тұлғада айтылған сөз дерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.

1. Қыс, көктем, жаз, күз – жыл мезгіл-дері.

2. Ауылға, өзенге, көлге не же теді.3. Су ағады, толқиды, мұздайды.Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір-ақ

мү ше мен байланысады.Бірыңғай мүшелердің арасына үтір (,)

қойылады.371-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп жазың дар.

Қара мен жазылған сөздерге көңіл бөліңдер.

1. Мұқағали, Оспанхан, Төлеген, Нармахан, Қадыр – бəрі бір көшенің адамдары. 2. Фариза мен Ханбибі, Марфуға мен Ақұштап – бұлар қазақтың белгілі ақын қыздары. 3. Қыбырай ау данында алма, алша, өрік, жүзім — бəрі өседі. 4. Бала болған соң ойнай ды, күледі, секі реді. 5. Айтуарға, Ақшагүлге, Құл ма хан-ға, Нау рызбайға, Тұрсыматқа адам дар ал ғыс айтты.

2. Қарамен жазылған сөздер неше сұраққа жауап беріп тұрғанын айтыңдар.

372-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп жа зыңдар да, сөй лемдердің асты сызылған сөз деріне сұрақ қойыңдар.

1. Орманда аңдар жүр.Орманда аю, қасқыр, жолбарыстар жүр.

Page 162: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

162

2. Елімізде өзендер бар.2. Елімізде Шыршық, Əмудария, Сырдария,

Зарафшан, Ангрен, Бозсу, Қарасу бар.3. Үйге қыздар келді.3. Үйге Манат, Гүлнəр, Анар келді.2. Асты сызылған сөздердің қай мүшемен байланыс-

қа нын айтыңдар.

373-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріңдер. Бір сұрақ-қа жа уап беретін сөздерді тауып, астын сызыңдар.

1. Баласы Əмір ұзын бойлы, ат жақты, ап-арық, сылыңғыр қара жігіт болатын. 2. Менімен де, балалармен де бірде-бір ісі болмады ғой. 3. Үйдің құты да, берекесі де, ажары да – əйел. 4. Сенің тұла бойыңда пəктік пен нəзіктік, иба-лы лық, адалдық қасиеттер тұнып тұруы қа жет (Қ. Сейданов).

2. Шылау сөздерді атаңдар.

374-жаттығу. 1. Өлеңді көшіріп жазып, сөй лемнің бі рыңғай мүшелерін табыңдар.

1. Ағашқа қонып, қаранып,Қанатын, жүнін таранып,Болмақшы еді мəз-мейрам.

2. Iсіндің, кебіндің,Сонда да не пайда?Түрі жат өгіздің,Сен қайда, ол қайда?

(Абай)

2. Бірыңғай мүшелерге сұрақ қойып, астын сызыңдар.

Page 163: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

163

375-жаттығу. 1. Сөйлемдерді оқып, мазмұнын ай-тыңдар.

1. Түн мен күн ауысқандай бақташы мен кү-зет ші орын ауыстырды (F. Мұс тафин.). 2. Жер мен күннің жасанды се ріктерін ұшыру жүзеге асты. Айға, Шол панға, Марсқа ұшқан планета-аралық авто маттық станциялар да – соның ең бегі. Адамзат тарихында «Восток» жəне «Вос ход» корабльдері космос кеңістігіне аза-маттарды алып ұшты. (Е. Əкімқұлов)

2. Бірыңғай мүшелерді теріп жазыңдар.

Үл г і: түн мен күн, ...

376-жаттығу. 1. Өлеңді көшіріп, бірыңғай мүше-лердің астын сызыңдар.

«А»

– Ата, зейін салдың ба?Бар əріптің алдындаНеліктен «А» тұрады? – Деп бір күні сұрадым.Атам менің сауаттыБылай берді жауапты:– Ата,Ана,Ақыл,Ар,Адам ...«А»-дан басталар.

Page 164: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

164

Содан шығар, Құрбаным,«А»-ның алда тұрғаны!..

(Қадыр Мырзалиев)

2. Бірыңғай мүшелердің қай септікте тұрғанын ай-тыңдар.

3. Осы өлеңде қай сөз жалқы есім болып тұр?

Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тірке сінен де жасала бе реді:

1. Қозы, лақ, тай өрісте жүр.2. Қара қозы, ақ лақ, асау тай өрісте жүр.

377-жаттығу. 1. Өлеңдерді түсініп оқыңдар да, көші-ріп жазыңдар. Бірінші шумақтағы екі жолды салысты-рыңдар. Оларға қандай сұрақ қоюға болады?

Келте жалды құлыншақ,Серке санды құлыншақ.Бұра шапты бұлтылдап,Жібек жалы жылтылдап.

(Садық Қасиманов)

«Кəне сабақ айт», – десең,Жұмған аузын ашпайды.«Сиырды айдап қайт», – десең,Аяғын бір баспайды.Үзілісте көр оны,Ойынға бір тоймайды.Ерін, аяқ, қолы оныңТым шебер-ақ ойнайды.

(Жəнібек Кəрбозин)

Page 165: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

165

378-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Ата, ана – тамыр, бала-шаға – жапырақАта мен ананың бірі – құлып, бірі – кілт.Аяған көз, көлге шөп түсерҚырағы көз бен көлдің қадіріне жетейік.Жеті, тоғыз – киелі сандарСағат жеті мен тоғыздардың арасында кел.

2. Бірыңғай мүшелерге сұрақ қойыңдар3. Мен, бен – септік жалғаулары ма əлде шылау ма?

Бірыңғай мүшелер жəне, мен, пен, бен шылаулары арқылы жазылған кезде, бұл шылаулардың алдынан да, соңынан да үтір қойылмайды: Қыз бен бала – біздің болашағымыз.

Бірыңғай мүшемен қатар келген да, де, та, те шылаулары қай таланғанда, олардың арасы на үтір қойылады.

379-жаттығу. Бірыңғай мүшелердің арасына қалып кеткен тыныс белгіні қойып жазыңдар.

1. Бақшада жүзім алма өседі. 2. Халқымыз бүгінде бақытты қуанышты өмір сүріп жатыр.

3. Қарағай мырзатерек қайың – бəрі де ағаш тар. 4. Кітап пен дəптер қаламсап пен қа рындаш та бар. 5. Сырдария Амудария – үлкен өзендер.

11 – Ана тілі, 4-сынып.

Page 166: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

166

380-жаттығу. Бірыңғай мүшелердің арасына қалып кеткен тыныс белгіні қойып жазыңдар.

Алмада жүзімде бай дəрумендер бар. Алма да, жүзім де ауылда көп.

Атта есекте таға бар.Ат та, есек те жайылып жүр.Пейілде, көңілде кірбің болмасын.Пейіл де көңіл де таза.

2. Сөйлемдерді салыстырыңдар.

381-жаттығу. 1. Өлеңді оқыңдар да, мағынасын тү-сініп алыңдар. Сөйлемнің бірыңғай мүшесі болып тұр-ған жыл аттарын буынға бөліп жазыңдар.

ЖЫЛ САНАУ

Жылдармен таныс:Тышқан, Сиыр, Барыс.Əрі қарай бұдан:Қоян, Ұлу, Жылан,Одан арғы көшің:Жылқы мен Қой, Мешін.Тауық пен Ит, Доңыз –Он екі жыл деңіз.Жасты өлшеп-пішер,Он екі жыл – мүшел.

2. Бірыңғай мүшелердің астын сызыңдар.3. Бірыңғай мүшелердің қай септікте тұрғанын ай-

тыңдар.

Page 167: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

167

382-жаттығу. 1. Өлеңді көшіріп жазып, бірыңғай мү ше болған сөздердің астын сызыңдар.

АНА ТІЛІАна тілің – елдігің, Ана тілің –Төрің, Ай,Жерің, КүніңЖыр-əнің. Құшағына алатынКеңдік жəне теңдігің, СарқылмайтынӨз дауысың, байлығың,Ұраның. Ұшар болсаң – қанатың.

(Шаймерген Əлдибекұлы)

2. Төрің, күнің сөздерінің бірінші дыбыстарын алып тастасақ, сонда не өзгереді?

3. Бірыңғай мүшелердің арасына қандай белгі қойдыңдар?

СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРІ.БАСТАУЫШ

Кім?, не?, кімдер?, нелер?, кімім?, кі-мің?, нешесі? дейтін сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесін бас тауыш дейміз.

Кім?, не? туралы айтылатын не гізгі ой-дың иесі – бастауыш.

383-жаттығу. Жақшаның ішіндегі көп нүктенің ор-нына керекті сұрақты қойып жазыңдар.

1. Бақыт (...) орманға келді. 2. Ол жерде қа-йың (...) жайқалып тұр екен. 3. Оқушылар (...)

Page 168: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

168

оған таңданып қарады. 4. Мен (...) оқулықта-рымды, дəптерлерімді жинадым. 5. Біз (...) таби ғатты қорғауға тиіспіз. 6. Ағаштар (...) бүр ашты.

2. Жіктеу есімдіктерін айтыңдар.

384-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп, мағы насын аң ға рыңдар.

1. Жел тұрды. 2. Бостандықта жидек тер көпөседі. 3. Мектепте қоңырау со ғылды. 4. Те міршікүрек жасады. 4. Арық тазаланды. 5. Бəрі міз бірге тамақ іштік. 5. Мəншүк, Əлия, Лəз зат – қазақтың ба тыр қыздары.

2. Бастауыштардың астын бір сызықпен сызыңдар. 3. «Батыр қыздар» атты шағын əңгіме құрастырың-

дар.

385-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті баста-уыш мүшені қойып, сөйлемдерді қатесіз жазыңдар.

1. ... таусылады, ... таусылмайды.2. ... көпке жеткізер, көкке жеткізер.3. ... – ананың бауыр еті.4. ... қартайса, тышқан аулайды.5. ... зынданнан жаман.

К е р е к т і с өз д е р: білім, байлық, өнер, ақыл, бала, бүркіт, зұлымдық.

Page 169: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

169

БАЯНДАУЫШ

Баяндауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүше-ле рінің бірі.

Баяндауыш көп ретте жіктік жал ғауында тұрады.

Баяндауыштың сұрақтары: не іс теді?, қайт ті?, қайтеді?, қандай?, кім?, не?, не іс тепті?

386-жаттығу. Төмендегі сөздердің ішінен қимылды білдіріп тұрғанын тауып, қатесіз көшіріңдер.

Аспан, ашылды, күн, күркіреді, əтеш, шақыр-ды, есек, ақырды, көмек, көмектесті, кесе, ке седі.

387-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жал-ғауларын жалғап, сөйлемдерді кө шіріңдер.

1. Мен қазір өзеннен келе... . 2. Біз онда ба-лық аула... . 3. Сіз үлкен... . 4. Желмен ұшып бара... . 5. Бұлбұл болып кей үйдің шатырында сайрай... .

Баяндауыш барлық сөз табынан жаса-лады. Баяндауыш қай сөз табынан жа-салса, сол сөз табының сұрақтарына жа-уап береді.

388-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар:

1. Мен оқушымын. Зат есімнен.

Page 170: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

170

2. Алты жерде алты – отыз алты. Сан есім-нен.

3. Оның беті – қып-қызыл. Сын есім нен.

4. Жаңбыр жауды. Етістіктен.

2. Баяндауыштың қай сөз табынан екендігіне көңіл бөліңдер.

СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ

Бастауыш пен баяндауыштың сындық, сапалық, заттық ерекшеліктерін білдіретін сөйлем мүшелерін сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дей міз.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: толық-тауыш, анықтауыш, пысықта уыш.

389-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді оқың дар. Қа -ра мен жазылған сөздерге жəне оның жанындағы сұ-рақтарға көңіл бөліңдер.

1. Біз ауылға (қайда?) бардық. 2. Он да əже-мізді (кімді?) көрдік. 3. Əжеміз таудан (қай-дан?) бүгін келген екен. 4. Жылы (қандай?) жел соғып тұр. 5. Мен əжемнен (кімнен?) риза бол дым. 6. Бүгін (қашан?) əжемнің жақсы адам екеніне əбден көзім жетті.

390-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Зəмира Ташкентке (қайда?) кетті. 2. Сүй-мегенге (кімге?) сүйкенбе. 3. Жы ғылған сүрін-

Page 171: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

171

генге (кімге?) күледі. 4. Ол керекті кітапты (нені?) оқыды. 5. Кітаптың (ненің?) пайдасы көп. 6. Кеше (қашан?) қар жауды.

2. Тұрлаусыз мүшелердің қай септікте тұр ғанын айтың дар.

391-жаттығу. 1. Сөйлемдерді оқып шығып, қатесіз көшіріп жазыңдар.

Азамат – азат елдің баласы.Азаматтың ешкімге өкпесі жоқ.Азаматқа жігіттер əдейі келген.Азаматты көріп, ел-жұрт келдіАзаматта ұят та, ар да бар.Азаматтан кітап алдым.Азаматпен дос бол.

2. Азамат сөзінің атау, ілік септігінен басқа септік жал ғау ларында келіп, басқа мүшелерді толық тырып, толық тауыш болып тұрғанын аңғарыңдар.

ТОЛЫҚТАУЫШ

Кімді?, нені?, неге?, кімнен?, не ден?, кім-де?, неде?, кіммен?, немен?, кім туралы?,не туралы? дейтін сұ рақтарға жауап бере-тін сөйлем мү ше сін толықтауыш дейміз.

Толықтауыш сөйлемнің баянда уыш мү шесін мағыналық жақтан толықтырып тұ ра ды: Қам бар аға сына (кімге?) барды. Кі тапты (не ні?) қадір тұт.

Page 172: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

172

392-жаттығу. 1. Жақшаның ішіне тиісті сұ рақтарды қо йып көшіріп жазыңдар.

1. Олар бізбен (...) көп таласты. 2. Қо-зы енесімен (...) табысты. 3. Əдепті бала төбелестен (...) қашып жүреді. 4. Хан шайымға (...) жібек көйлек кигізді. 5. Жо лаушы шоқыны (...) айнала бергенде, аты ұмтыла түсіп тоқтады. 6. Жолаушы қас қырды (...) атып алды.

2. Толықтауыш болған сөз таптарының қай септікте тұр ғанын атаңдар.

393-жаттығу. Көшіріп жазыңдар. Толық тауыштардың астын «----» сызықпен сызып, сұрақтарын үстіне жа-зыңдар.

1. Төзе білгін ыстыққа да, суыққа да. 2. Ту -ған жерді ұмытпа. 3. Асулардан асуларға асып өт. 4. Ақы лыңмен, білі міңмен, өне ріңмен, көркіңмен мейлі елді жүгіндір. 5. Есіңнен шығар бəрін (Н. Ома рова)

неге? неге?Үл г і: Төзе білгін ыстыққа да, суыққа да,

394-жаттығу. 1. Өлеңді көшіріп жазыңдар. Толық-тауыштарға сұрақ қойыңдар.

КӨБЕЛЕК

Діттеген ... табады,Бұрын да ... татқандай.... ашып-жабадыШапалақ шалып жатқандай

(«Балдырған» журналынан.)

Page 173: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

173

Тиісті сөздер; нəрін, гүлін, қанатын.2. Гүл деген зат есімге -шы, -ші жұрнақтарының

тиістісін жалғаңдар. Сонда бұл сөз қандай сұраққа жауап береді?

395-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті толық-та уыш тарды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Сұрақтарын жақша ішіне алыңдар.

1. ... көрген, ... көрген қарттарым. 2. Айныма лы ... үлгі етпе. 3. Айналдым ... аңқылдаған (Қ. Қа-лиев). 4. Армандап алыс ... , толқынның көр дім аққанын. 5. Біздер айттық ... термені. 6. ... недемекпін жатқан өтіп? (А. Мырзахметов)

Ти і с т і т о л ы қ т а у ыш т а р : өмірге, домбырамен, жа ғаны, аналардан, достықты, анамды, атамды.

Үл г і: Анамды (кімді?) көрген, ...

396-жаттығу. Толықтауыштарды теріп жа зыңдар.

1. Егіншілер егінді орып жатыр. 2. Сыртқа киі-мімді киіп шықтым. 3. Ма нат баланы жұбатты. 4. Мұ ратбай Сə кенге қарады. 5. Көшкен ел ма лын ай дады. 6. Ол денсаулық туралы ба-яндама жасады. 7. Iшерін ішіп болды ма?

Үл г і: егінді,

397-жаттығу. 1. Өлеңді мəнерлеп оқып, көшіріп жазың дар. Толықтауыштардың астын сызыңдар.

ҚЫРЫҚҚАБАТƏзіл айтсаң түйінді,Ол Сатайға тиеді.

Page 174: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

174

Өйткені ол киімдіҚабат-қабат киеді.Қат-қат киім СатайдыДомалатып матайды.Оны көрген балаларҚырыққабат деп атайды.

(Р. Тышқанбаев)

2. Сатайдың киімдерін сипаттайтын сөздерді атаң-дар. Бұл сөздерді қандай сөздер дейміз?

3. Біріккен сөз қайсы сөз?

АНЫҚТАУЫШ

Қандай?, қай?, қайсы?, кімнің?, не нің?,қан ша?, неше?, нешінші? дейтін сұрақтар-дың біріне жауап беретін сөйлем мүшесін анық тауыш дейміз.

Анықтауыш анықталушы сөздің ал-дында келеді: жеті (неше?) оқушы, шы рақтың (ненің?) сəулесі, бұл (қай?) ауыл.

398-жаттығу. 1. Жақшаның ішіне тиісті сұрақ тарды қо йып сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Қатты (...) боран басталды. 2. Жүз (...) жігітті атқа мінгіздік. 3. Аспанды қара қоңыр (...) бұлт торлады. 4. Бөрікті (...) балалар мен сəукелелі (...) қыздар.

Page 175: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

175

399-жаттығу. Көшіріп жазыңдар. Анықта уыштардың астын ~~~~~~ сызықпен сызыңдар. Сұрақтарын үстіне жазыңдар.

1. Түркінің қасиетті жері. 2. Əскері үш мың екен. 3. Тəтті сөз. 4. Кедей ха лықты бай қылдым, аз халықты көп қыл дым. 5. Алып кісілер бізге шабуыл жа сады. 6. Сол дұшпанды жояйық («Күл тегін», «Тоныкөк» жазуларынан.)

қай?Үл г і: Сол дұшпанды жояйық.

~~~~~

400-жаттығу. Анықтауыштарды теріп жа зыңдар.

1. Жиенқұл – қызыл шырайлы, толық, қыр мұ рынды, қастары қап-қара сұлу жі гіт. 2. Əр боз торғайдың өз əуені бола тын. 3. Таудың таза ауа сы Иірсу өңірі мен мөлдіреп ағып бара жатқандай. 4. Са сырлардың түбінде қозықұйрық та көбейіп қалған шығар. 5. Аюдың ағымен аман дасып, қоңырымен қолтықтасып та жүрдік. 6. Артынша жұқал таң қабағын қайта түйе қояды. 7. Екінші қабаттың баласы жақында телевизордан тақылдап тұрып тақпақ айтты (М. Байғұтов.)

нешінші? ненің?Үл г і: екінші, қабаттың, ... ~~~~~~~ ~~~~~~~~~~~

Page 176: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

176

Анықтауыш өзінен соңғы сөздің белгісін, санын, түр-түсін, кімге, неге тиісті, мен-шікті екенін анық тап тұрады:

кімнің?1. Адамның баласы.

ненің?2. Үйдің ауасы.

нешінші?3. Үшінші сыныпта оқиды.

кімнің?4. Менің бөлмем.

қай?5. Осы ауыл бізге ұнайды.Сөйлем мүшелерінің байланысы:Ағамның баласы үйге келді.

401-жаттығу. 1. Қарамен жазылған сөздердің үстіне сұрақтарын жазып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрға-нын айтыңдар.

САРЫЖАЙЛАУ

Жазира, жасыл кілем өрнектеген,Туған жерге, дариға, жер жетпеген!Кең өлкем, əлдилей бер, сен деп келем,Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.

Қайырмасы:

Саумал бұлақ – балдай дəрім,Салқын самал – баурайларың.

Page 177: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

177

Саялаған, беу, туған жер,Сағындырған Саржайлауым.

(М. Мақатаев)

2. Өлеңді қатесіз көшіріп, жаттап алыңдар.3. Қарамен жазылған сөздер қай сөздермен бай-

ланы сып тұрғанына көңіл бөліңдер.

402-жаттығу. Төмендегі сөздерді анықтауыш ретінде қолданып, сөйлем құраңдар.

Абайдың, Ыбырайдың, судың, теректің, үш, мың, осы, жетінші.

403-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына керекті сөз-дерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. ... сəулесі көл бетінде тұр. 2. ... алмасы-нан ... алма жоқ. 3. Бүгін сенің үйіңе ... келіп, кеттім. 4. ... сөзі – ... көзі. 5. ... кітаптың ... беті секілдіміз.

К е р е к т і с өз д е р: екі, бір, ақылдың, аталардың, екі, тəтті, Наманганның, айдың.

2. Анықтауыштарға сұрақ қойыңдар.

ПЫСЫҚТАУЫШ404-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріңдер. Асты сызыл-

ған сөздерге сұрақ қойың дар.

1. Туғанда дүние есігін ашады өлең. (Абай.) 2. Жа уында басқалар жатса да, мал-шы жатпайды (F. Мұстафин) 3. Күңкенің ау-

Page 178: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

178

лына барып, екі қор жын басы кітап əкелді. (М. Əуезов) 4. Кө кіректегі бай лаулы арыс тан қозғалып, бос тан дықты ойлап ақы рын қи-мылдайды. (С. Сей фуллин) 5. Абай үншіл жүй рік домбыраны əдейі Əйгерім үшін тарта-тын. (М. Əуезов)

405-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерде бас тауыш, баян дауыш, анықтауыш, толықтауыш бар ма? Пысық-тауышы бар сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

қандай? не? қайтті?1. Жаңбырлы мезгіл басталды.

Кеше жаңбырлы мезгіл басталды.2. Ол айтты.

Ол қысқа айтты.3. Мынау айтылғанды аңғарды.

Мынау айтылғанды тез аңғарды.4. Асқар жақсылық жасады.

Асқар талай жақсылық жасады.5. Балық шоршыды.

Балық шапшаң шоршыды.

2. Cөйлемдерді салыстырғанда, екінші қатар дағы сөй лемдерде қандай мүшенің бар екенін аңғардыңдар?

3. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызықпен көрсе тіңдер.

Сөйлем мүшелерінің байланысы:

Үл г і:

Кеше жаңбырлы мезгіл басталды.

Page 179: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

179

Қалай?, қайтіп?, қайдан?, қашан?, не се бептен?, не мақсатпен? дейтін сұрақ-тардың біріне жауап беретін сөйлем мүшесін пы сық тауыш дей міз.

Пысықтауыштар іс-əрекеттің (баян да уыш-тың) мекен, мезгіл, себебі мен мақ сатын білдіреді.

406-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, пы сықтауыш-тардың астын (-.-.-) сызықпен сызыңдар. Сұрақтарын үстіне жазыңдар.

1. Салқында жүгіруге ыңғайлы, ыс тықта олай емес. 2. Ол киімдерін буып-түйіп болған ғой. 3. Ас қар кеше келді. 4. Ертең таңертең шөп оруға бар. 5. Қо залар жаппай гүлдепті. 6. Оның сө зінде бірен-саран қате болса керек. 7. Бұл ауыл ға əдейі келдім. 8. Ташкентке оқу мақсаты мен келгендер көп.

не мақсатпен?Үл г і: Ташкентке оқу мақсатымен келгендер көп.

407-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, пысықта уыштарды теріп жазыңдар.

1. Білгендіктен сұраққа жауап беріп тұр. 2. Аз сөйле, көп тыңда. 3. Лезде тау басына күн шы-ғып кетті. 4. Айжан қасақана күй тартқан жоқ. 5. Ақ қулар ілгері басты. 6. Таршылықта саспа, кең шілікте таспа. 7. Көктемде жібек жел еседі.

-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.

Page 180: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

180

қашан?Үл г і: Көктемде, ...

408-жаттығу. Төмендегі сөздерді пысық тауыш ретінде қолданып, сөйлем құраңдар.

Былтыр, іңірде, тысқа, əрең-əрең, дереу, ар-найы, жорта.

409-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына керекті сөз-дерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

1. Пойыз ... келді. 2. ... күн суиды. 3. ... мың оқу шы оқиды. 4. Əпкем ... сиыр сауа-ды. 5. Есен ғали ... тұрды. 6. Өзен ... ағады. 7. Бердияр ... кетті.

К е р е к т і с өз д е р: ерте, кешке жақын, мектепте, фермада, кеш, толқып, Сырдарияға.

2. Пысықтауыштарға сұрақ қойыңдар.

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНІҢБАЙЛАНЫСЫ

Сөйлем мүшелері жалғау арқылы да, жал ғаусыз да байланыса береді.

Сөйлем мүшелерінің байланысын сұрақ қою арқылы айқындаймыз.

410-жаттығу. 1. Өлеңді оқып шығыңдар.

Етектейін ерінненЕкі елісі қалыпты.

Page 181: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

181

Қиған қамыс құлақтанБір тұтамы қалыпты.Жалбыраған жалынанЖалғыз қарыс қалыпты.

(«Ер Тарғын» жырынан)

2. Əрбір сөзге сұрақ қойыңдар.3. Жалғыз деген сөзді қай сан есіммен ауыстыруға

болады?

Үл г і: Етектейін (қандай?) еріннен (неден?)

Екі (неше?) елісі (несі?) қалыпты (қайтіпті?).4. Байланысқан сөйлем мүшелерін табыңдар.

Үл г і: етектейін ерін, ...

411-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңдар. Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемді бөлек-бөлек жазыңдар.

1. Қара жерге қар жауады. 2. Қар жауды. 3. Отау дай омыртқаң бар. 4. Омыртқа сынба-ды. 5. Алты қабат ала арқан сүйреттім. 6. Күн шықты. 7. Түтін бұрқырады. 8. Мұржадан бу-дақтап түтін шығады. 9. Шолпан – оқушы. 10. Ас панда шол пан жұлдыз жарқырады.

1. Үл г і:

1. Шолпан – оқушы.2. Аспанда шолпан жұлдыз жарқырады.а) – Кім оқушы?– Шолпан.– Шолпан кім?

12 – Ана тілі, 4-сынып.

Page 182: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

182

– Оқушы.ə) – Не жарқырады?– Жұлдыз жарқырады.– Қайда шолпан жұлдыз жарқырады?– Аспанда шолпан жұлдыз жарқырады.

412-жаттығу. Тыйым сөздері бар сөйлемдерді оқың дар. Қай сөйлем мүшелері бір-бірімен байланы-сып тұр ғанын айтыңдар.

1. Адамды, малды аттама.2. Түнде суға барма.3. Шашыңды, тырнағыңды өсірме.4. Үйдегі қонақтарды санама.5. Үйге қарай жүгірме.

Ү л г і :Кімді аттама?Адамды аттама. Адамды аттама.

Нені аттама?Малды аттама. Малды аттама.

кімді? нені? не істеме?Адамды, малды атама.

Адамды, малды, аттама.

Сөйлемнің толықтауыш мүшелері мен баяндауыш байланысып тұр.

Page 183: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

183

ҚАРАТПА СӨЗ

Басқа біреудің назарын, көңілін аудару үшін қолданылатын сөзді қа р а т п а с өз дейміз: Аға, үйге жүріңіз.

413-жаттығу. 1. Сөйлемдерді салыстырып оқыңдар.

1. Зəмира бері келді.

Зəмира, бері келші!

2. Азамат əн салды.

Азамат, əн саласың ба?

3. Нұрлан Сырдариядан өтті.

Нұрлан, Сырдариядан өттің бе?

2. Бірінші бағандағы Зəмира, Азамат, Нұр лан сөз-дері бастауыш болып тұр.

3. Екінші бағандағы Зəмира, Азамат, Нұр лан сөз-дері белгілі бір мүше емес, тек назарды аударушы сөз ретінде қолданылып тұр.

Қаратпа сөз көбінесе сөйлемнің басын-да ке ліп, одан кейін үтір қо йылады: До-сым, тоғайға да қам қоршы болайық.

Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында кел-се, оның екі жағынан да үтір (,) белгісі қойылады: Мен сені, қара ғым, Самарқантта көргенмін.

Page 184: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

184

414-жаттығу. 1. Сөйлемдерді қатесіз көшіріп, қа-ратпа сөздердің астын сызыңдар.

1. Ақша бұлттар, аға, қайда асығып барады? 2. Кім нің баласы болсаң да, қарағым, əділетті, ибалы бол. 3. Сайрай бер, бұлбұлым, сай-рай түс. 4. Таукентке, қарлығашым, келдің бе? 5. Біз дің елге, ардагерлер, қош келдіңіздер!

2. Қаратпа сөз сөйлемнің қай жерінде келіп тұр-ғанын айтыңдар.

Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, қарат па сөзден бұрын үтір (,) қойылады: Сабаққа барасыз ба, көке?

415-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, қаратпа сөз сөй лемнің қай жерінде тұрғанын айтыңдар.

1. Амансыңдар ма, шырақтарым? 2. Қайда жүр сің, балам? 3. Отан да анаң секілді қасиетті, шы ра ғым! 4. Жаңбыр болып себелеңдер, ақ бұлттар! 5. Тиіндер əдемі екен, əке?! 6. Да-уыл ба сылды ма, Шоқан?

ТӨЛ СӨЗ БЕН АВТОР СӨЗІ

Басқа кісінің өзгертілмей, сол қалпында ай тылған сөзін т өл сөз дейміз.

Төл сөзді қолданушы адамның өз сөзін автор сөзі дейміз.

Page 185: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

185

«Кел, балалар, оқылық!» – деді ағартушы Ыбырай Ал тынсарин.

Осы сөйлемдегі басқа біреудің өз гертілмей айтылған сөзі – «Кел, балалар, оқылық!» Ен-деше, «Кел, балалар, оқылық!» төл сөз бо-лып табы лады.

Төл сөзді қолданушы адамның сөзі – «деді ағартушы Ыбырай Алтынсарин». Сондықтан да «деді Ыбы рай Алтынсарин» – автор сөзі.

Төл сөз тырнақшаға алынып, бас əріп-пен жазылады: «Ананы ардақ тай біл!» –деді Қоныс қария.

416-жаттығу. 1. Мəтінді оқып, төл сөздердің астын бір, автор сөзінің астын екі сызыңдар.

Ышқына теуіп, допты қақпашы Қара ханның екі аяғының астынан бір-ақ зу еткізді.

— Гол! – деп айқайлап қалды əлгі қа риялар-дың бірі.

— Сен, тіпті, мұны да біледі екенсің ғой, – деді екіншісі.

– Осы балаларды шақырып, күрестіріп көрсек қайтеді? – деді Дəрібай қарт.

(Ө. Жолымбетов)

Кейде төл сөздің алдына сы зықша қо-йы лып, бас əріппен жа зылады. Мəселен:

– Сумен ойнама! – деді атам.– Отпен əзілдеспе! – деді əжем.

Page 186: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

186

Төл сөз автор сөзінен кейін кел се, ав-тор сөзінен соң қос нүкте қойылады:

1. Абай былай деді: «Fылым тап пай, мақтанба».

2. Мұқағали Мақатаев мынадай деді: «Жігіттер, мақтанбалық, мақ танбалық!»

Төл сөз автор сөзінен бұрын ке летін бол са, онда төл сөзден кейін үтір мен сы зықша қойылады.

1. «Туған жеріңді сүй», – деді Ша ды ба-бам.

2. «Ерте тұрған кісінің бір ісі ар тық бо-лады», – деді Əміре əжем.

3. «Талас өзенінің суы Шыршық суын-дай мөп-мөлдір», – деді Несі белі анамыз.

417-жаттығу. 1. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Page 187: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

187

Суреттен он бес балықты таба алдыңдар ма?Балықтардың түсі қандай?Балықтар қалай жүзіп жүр?

(«Балдырған» журналынан)

2. Жаттығудың шартындағы сұрақтар мен оқушы-лар дың жауаптарын төл сөз бен автор сөзі етіп жа-за мыз.

418-жаттығу. 1. Төмендегі сұрақтарға жауап жа-зыңдар.

1. Қаратпа сөз дегеніміз не? Қаратпа сөзден кейін қандай тыныс белгілері қойылады?

2. Төл сөз дегеніміз не?3. Автор сөзі дегеніміз не?4. Төл сөз бен автор сөзінен кейін қандай

тыныс белгілері қойылады?5. Төл сөз қалай жазылады?

419-жаттығу. 1. Өлеңді мəнерлеп оқып, қатесіз кө-шіріп жазыңдар.

Өзбекстан

Сен – шығыстың күн – і – сің,Сен – бостандық нұр – ы – сың.Сен – хош иіс өлке – сі ,Мəңгі көктем гүл- і – сің.Бақытты ел- ім , ұлы ел- ім ,Құдірет- ің – ді білемін.

Page 188: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

188

Еркін еңбек күш- і – менЖаңардың да, түледің.

(Назармат)2. і дыбысы сияқты айтылатын дыбыс қай дыбыс?3. і-нің қай жалғау екенін айтыңдар. Тəуелдік, жіктік

жалғауларын өлең жолдарынан табыңдар.

420-жаттығу. 1. Сөзжұмбақтың шешуін табыңдар.

421-жаттығу. 1. Өлеңді мəнерлеп, түсініп оқыңдар.

КИІЗ ҮЙКиіз үйге кірді де,Ақтаудағы Айнабек,Ерсі көріп тұр міне«Терезесі қайда?» деп.Үйлеріндей қаланыңБөлек-бөлек бөлме жоқ.Есесіне, түсугеЖайлауымның көлі көп.

(Аманқос Ершуов)2. Өлеңдегі септік жалғаулары

жалғанған сөздерді теріп жазыңдар.Үлгі:

үйге – барыс септігінде,

2. Осы сөздерді əуелі тəуелдеңдер, жіктеңдер жəне сеп-теңдер.

Page 189: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

189

МАЗМ ҰНЫ

II, III сыныптарда өткенді қайталау. Сөйлем ...................3Сөйлем мүшелері ..................................................................8Дыбыс пен əріп ...................................................................10У дыбысы ............................................................................. 11Қосарлы дауыстылар ..........................................................14Дауысты дыбыстар ..............................................................19Дауыссыз дыбыстар ............................................................22Дауыссыздардың жуан, жіңішке болуы ............................23Қосарлы дыбыстар ..............................................................27Буын .......................................................................................29Біріккен сөздер .....................................................................31Қос сөздер ............................................................................34Қысқарған сөздер .................................................................38Сөз таптары .........................................................................40Зат есім .................................................................................44Зат есім жасайтын жұрнақтар ...........................................47Зат есімнің септелуі ............................................................49Атау септік ............................................................................52Iлік септік ..............................................................................56Барыс септік .........................................................................58Табыс септік .........................................................................61Жатыс септік ........................................................................64Шығыс септік ........................................................................67Көмектес септік ....................................................................71Тəуелдік жалғаулы зат есімдердің септелуі ...................75Зат есімдердің жіктелуі .......................................................81Тəуелдеулі сөздердің жіктелуі ...........................................85

Page 190: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

190

Сын есім ...............................................................................87Қарсы мəндес сын есімдер ...............................................89Дара жəне күрделі сын есімдер .......................................90Күрделі сын есімдер ...........................................................92Сан есім ................................................................................94Дара жəне күрделі сан есімдер .......................................97Етістік ...................................................................................103Дара жəне күрделі етістіктер ..........................................106Етістіктің жіктелуі ...............................................................108Етістіктің шақтары .............................................................. 111Осы шақ .............................................................................. 112Өткен шақ ........................................................................... 113Келер шақ ........................................................................... 116Есімдік .................................................................................. 119Жіктеу есімдіктері ..............................................................124Жіктеу есімдіктерінің септелуі..........................................128Үстеу ....................................................................................130Шылау ..................................................................................137Сөз тіркесі, сөйлем жəне сөйлем мүшелері ................143Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем ...............................148Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем ...........................155Сөйлемнің дара жəне күрделі мүшелері .......................158Сөйлемнің бірыңғай мүшелері .........................................161Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш....................167Баяндауыш ..........................................................................169Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері ......................................170Толықтауыш .........................................................................171Анықтауыш ..........................................................................174Пысықтауыш ........................................................................177Сөйлем мүшелерінің байланысы ....................................180Қаратпа сөз ........................................................................183Төл сөз бен автор сөзі ....................................................184

Page 191: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

O‘quv nashrі

Mahkamboy Umarov

ONA TILI

Umumiy o‘rta ta’lіm maktablarіnіng 4-sіnfі uchun darslіk

Oltіnchі nashr

(Qоzоq tіlіda)

Orіgіnal-maket «O‘zbekіston» nashrіyot-matbaa іjodіy uyіda tayyorlangan.100011, Тoshkent, Navoіy ko‘chasі, 30

Редакторы Г. Нишанова Көркемдеуші редакторы Х. ҚутлуковТехникалық редакторы Т. ХаритоноваКомпьютерде беттеген Г. Құлназарова

Баспа лицензиясы АI № 158, 14.08.09.Басуға 2017 жыл 24 майда рұқсат етілді.

Пішімі 70×901/16. Кеглі 14,5, 12,5 шпонды. Офсеттік қағаз.«Arial» гарнитурасы. Офсеттік тəсілмен басылды.

Шартты баспа табағы 14,04. Есепті баспа табағы 5,97.Таралымы 5217 дана. Тапсырыс № 75-17.

Өзбекстан Баспасөз жəне ақпарат агенттігінің«O‘gіtuvchі» баспа-полиграфия шығармашылық үйінде басылды.

100206, Ташкент, Юнусабад массиві, Янгишахар көшесі, 1.

Омаров, Мекембай.Ана тілі: Жалпы орта білім беретін мектептердің

4-сыныбына арналған оқулық / М. Омаров. –6-басылы-мы. –Т.: «O‘zbekіston», 2017. –192 б.

ISBN 978-9943-01-081-9УЎК 811.512.122 (075)KБК 81.2 Қоз-9

О-52

Page 192: АНА ТIЛI - eduportal.uzeduportal.uz/Umumiyfiles/darsliklar/4/ona_tili_4_qozoq.pdf3 ii, iii сыныптарда өткен сабақтарды қайталау СӨЙЛЕМ 1-жаттығу.1

Пайдалануға берiлген оқулықтыңжағдайын көрсететiн кесте

¹Îºóøû-íû¦ àòû,

ôàìèëèÿñû

κó æûëû

κóëûºòû¦ ïàéäàëàíó¬à áåðiëãåíäåãi

æà¬äàéû

Ñûíûïæåòåê-øiñiíi¦ºîëû

κóëûºòû òàïñûð-¬àíäà¬û æà¬äàéû

Ñûíûïæåòåê-øiñiíi¦ºîëû

123456

Пайдалануға берілген оқулықты оқу жылы аяқ талғанда қай тарып тапсырады. Жоғарыдағы кестені сынып жетекшісі төмендегі бағалау өлшемдері негізінде толтырады.

Æà¦à κóëûºòû àë¬àø ðåò ïàéäàëàíó¬à áåðiëãåíäåãi æà¬äàé

Æàºñû̵ºàáà á¯òií, îºóëûºòû¦ íåãiçãi á£ëiãiíåí àæûðàë-ìà¬àí. Áàðëûº ïàðàºòàðû áàð, æûðòûëìà¬àí, ê£øïåãåí, áåòòåðiíå æàçáà¬àí æ¡íå ñûçáà¬àí.

Îðòàøà

̵ºàáà åçiëãåí, àçäàï ºàíà ñûçûë¬àí, øåòòåði æåéië-ãåí, îºóëûºòû¦ íåãiçãi á£ëiãiíåí àæûðà¬àí æåðëåði áàð. Ïàéäàëàíóøû æà¬ûíàí ºàíà¬àòòàíàðëûº æ£í-äåëãåí. Ƶëûí¬àí, êåéáið áåòòåði ñûçûë¬àí.

Íàøàð

̵ºàáà áûë¬àí¬àí, ñûçûë¬àí, æûðòûë¬àí, íåãiçãi á£ëiãiíåí àæûðà¬àí íåìåñå ì¯ëäåì æîº, íàøàð æ£íäåëãåí. Áåòòåði æûðòûë¬àí, ïàðàºòàðû æåòiñïåéäi, ñûçûï, áîÿï òàñòàë¬àí. κóëûº ºàëïûíà êåëòiðóãå æàðàìàéäû.