Дорожкина Л., Сауранбаева...

138

Upload: others

Post on 28-Jan-2020

40 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М
Page 2: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

Дорожкина Л., Сауранбаева М.

«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі

күшейтілген компонентті енгізу бойынша оқытушыларға арналған әдістемелік құрал

(Шығыс Қазақстан облысының пилоттық

колледждеріне арналған)

Алматы 2014

Page 3: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

2

Түсініктеме хат

Бұл әдістемелік құрал Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының бастамасымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының халықтың қоныстануы саласындағы қорының Қазақстандағы офисының (ЮНФПА) қаржылық-техникалық қолдауымен жасалынды және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ПРООН/ЮНИСЕФ/ЮНФПА-ның 2011-2015 жж. арналған «Тұрғын халықтарға көрсетілетін қызметті көрсету мен аймақтық жоспарлауға инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы аймақтық бәсекеге қабілеттілікті арттыру» атты біріккен бағдарламасының аясындағы жүргізілген жұмыстарының бір бөлігі болып табылады (Семей аймағының үлгісі бойынша).

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысында соңғы 12 жыл ішінде 15-19 жастағы жасөсіпірім-қыздар арасында босану санының меншікті салмағы жалпы босану санынан 3%-ды құрайды. Сондай-ақ, 2011 жылы облыста 15-19 жас аралығында жасөсіпірімдер арасында – 100,000 тұрғынға сәйкес шаққанда 8.5 және 25.4 мерезді және гонореяны жұқтырудың жоғарғы саны тіркелген. Тек 2011 жылдың өзінде Шығыс Қазақстан облысында АИТВ-ны жұқтырудың 212 жағдайы тіркелген. 2011 жылға жалпы алғанда Республикада жасөспірімдік жүктіліктің 22081 жағдайы тіркелген, яғни 1000-ға шаққанда 31 жүктілік. Белгілі болғандай, жұқпаның негізгі берілу жолы - жыныстық қатынас.

Жастар мен жасөспірімдердің ЖЖБЖ мен АИТВ-ны жұқтыруға бейімділігінің негізгі себептері – ақпараттандырылудың жеткіліксіздігі, зиянды әдеттер, ата-ананың жауапкершілігінің төмендігі, есірткі құмарлық пен маскүнемдіктің таралуы, жыныстық жолдармен берілетін жұқпалардан және қажетсіз жүктіліктен сақтану құралдары мен репродуктивті және сексуалды денсаулық бойынша көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің төмендігі.

Білім мекемелері жасөспірімдердегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруда, сексуалды және репродуктивті денсаулық, қажетсіз жүктіліктің, АИТВ мен жыныстық жолдар арқылы берілетін жұқпаларды жұқтыру мәселелері бойынша ақпараттандыруды арттыруда жетекші рөл атқаруы керек.

Пилоттық коллеждерге ұсынылып отырған «Валеология» курсы бойынша оқу бағдарламасы жалпы және репродуктивті денсаулықты нығайту мен сақтау мәселелері жөніндегі заманауи, ең алдымен интерактивті оқыту әдістерін қарастырады.

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мен олардың репродуктивті денсаулығын сақтау бойынша алынған білімдері Қазақстан Республикасының жас ұрпақ азаматтарының денсаулығын сақтаудың берік негізін жасауға үндеу бола алады.

Page 4: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

3

Мазмұны

Модуль 1.: Денсаулық пен салауатты өмір салты туралы түсінік (2 сағат). Сабақ 1.1.: Денсаулық. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың негізгі әдістері (1 сағ). Сабақ 1. 2.: Адамның репродуктивті денсаулығы мен демография. Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар (1сағ). Модуль 2.: Ағза функцияларының эндокриндік реттелуі

Сабақ 2.1.: Ағза функцияларының эндокриндік реттелуі (1 сағат). Модуль 3.: Зиянды әдеттер мен олардың адам денсаулығына әсері (2 сағат).

Cабақ 3.1.: Зиянды әдеттер: темекі шегу, алкоголь, есірткі мен уытты заттар қабылдау. Физикалық, психикалық, әлеуметтік тәуелділік (1 сағат). Сабақ 3.2.: Есірткі мен уытты заттектердің адамның репродуктивті денсаулығына әсері (1 сағат). Модуль 4.: Жұқпалы аурулар

Сабақ 4.1.: Жұқпалы аурулар (1 сағат). Модуль 5.: Адамның өнегелі-жыныстық дамуы (8 сағат).

Сабақ 5.1. Отбасы адам өмірінде (2 сағат). Сабақ 5. 2. Қарым-қатынастар. Жауапты мінез-құлық (2 сағат).

Сабақ 5.3.: Репродуктивті жүйе және адам ұрпағының жалғасуы. Адамның өсуі, дамуы, жетілуі және және жыныстық әуесі. Жасөспірімдердің физикалық, жыныстық, интеллектуалдық, психикалық, психосексуалдық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері (4 сағат). Модуль 6.: Бойжеткендер мен бозбалаларда репродуктивті денсаулықты сақтау (4 сағат). Сабақ 6.1.: Адамның репродуктивті денсаулығы мен репродуктивті құқықтары. Жыныстық қатынасқа түсудің салдары мен жауапкершілігі. АИТВ-жұқпасы. Жыныстық жолдармен берілетін жұқпалар (ЖЖБЖ) және олардың репродуктивті денсаулыққа тигізетін әсері. АИТВ-ны қоса алғанда қажетсіз жүктілік пен ЖЖБЖ-ның алдын алу. Контрацепция, отбасын жоспарлау (2 сағат).

Сабақ 6.2. Жауапты тәртіп. АИТВ және адам құқығы. (2 сағат).

Page 5: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

4

Модуль 1. Денсаулық пен салауатты өмір салты туралы түсінік (2 сағат). Сабақ 1.1. Денсаулық. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың негізгі әдістері (1 сағ). Мақсаты:Адам өміріндегі денсаулықтың маңызды рөлін оқушылар санасында

қалыптастыру, салауатты өмір салтын жүргізудің қажеттіліктері мен дағдыларын жасап шығару.

Міндеттері: - Физикалық, психикалық, әлеуметтік денсаулық туралы түсінік беру. - Денсаулыққа әсер ететін факторлармен таныстыру. - Салауатты өмір салтына анықтама беру. - Салауатты өмір салтын жүргізудің қажеттіліктері мен дағдыларының

қалыптасуына жағдай жасау. Түйінді ұғымдар: денсаулық; физикалық, психикалық, әлеуметтік денсаулық;

денсаулыққа әсер етуші факторлар; салауатты өмір салты; салауатты өмір салтын негізгі құраушылар; денсаулықты сақтау мен нығайтудың әдістері; қоғамдық денсаулық.

Сабақты жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын-дәріс, кіші топтардағы жұмыс, шығармашылық жаттығу.

Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магниттік тақта), флипчартты қағаз, маркерлер, мультимедиапроектор, А-4 қағазы; стикерлер.

Сабақ барысы 1. Оқытушы кіріспе сөзінде сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлайды. 2. Бой сергіту. «Қошемет сөздер» ойыны. Оқушылар жұп болып, бір-бірімен тілдеседі: бір-бірін атап шақырады.

Амандасып, бір-біріне қошемет сөздер айтады. Әр қайсысының алдында 3 минут ішінде барынша көбірек оқушылармен сөйлесіп қалу тапсырмасы тұрады.

3. «Ми шабуылы». Сұрақ: Денсаулық деген не? Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады. Сонан соң, оқытушы оқушыларды денсаулық тұжырымдамасын анықтауға

шақырады. Сонымен қатар, оқытушы БДҰ-ның жарғысы бойынша, «денсаулық - аурулар мен

физикалық ақаулардың жоқтығы ғана емес, толық физикалық, жан-сезімдік және әлеуметтік саулық жағдайы болып табылатындығын» хабарлайды. Бірақ, бұл анықтама денсаулықты қауымдастық пен дербес деңгейде бағалу үшін қолданылуы мүмкін емес. БДҰ-ның пікірінше, медико-санитарлық статистикада дербес деңгейде денсаулықтағы пайда болатын ауытқушылықтар мен сырқаттардың жоқтығы түсіндірілсе, қауымдастық деңгейінде – өлім-жітім, ауру мен мүгедектік деңгейінің төмендеу барысы түсіндіріледі.

4. «Физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулық түсінігі» атты

мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі.

Мысал мазмұн.

Page 6: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

5

Денсаулықтың үш түрін бөліп көрсетеді: физикалық, психикалық және өнегелі. Физикалық денсаулық – бұл ағзаның барлық мүшелері мен жүйелері қалыпты жұмыс жасауға негізделеген оның табиғи жағдайы. Егер барлық ағза мүшелері мен жүйелері жақсы жұмыс атқарып тұрса, онда адамның бүкіл ағзасы (өзін-өзі реттеу жүйесі) дұрыс дамып, қызмет жасауда. Психикалық денсаулық бас миының жағдайына байланысты, ол ойлау сапасымен және оның деңгейімен, эмоциялы тұрақтылық дәрежесімен, көңіл мен есте сақтаудың және ерік-жігер қасиетінің дамуымен сипатталады. Өнегелі денсаулық адамның әлеуметтік өмірінің негізі болып табылатын моральдық қағидалармен, яғни белігі бір адамдардың қоғамындағы өмірмен анықталады. Адамның өнегелі денсаулығының ең жақсы белгілері болып, ең бастысы - еңбекке деген саналы көзқарас, мәдениет құндылықтарын меңгеру, қалыпты өмір салтына кереғар болатын әдеттер мен дағдылардан белсенді түрде бас тарту болып табылады.

5. Кіші топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды 4-5 адамнан тұратын топтарға бөледі. 1-3 топ адам денсаулығына әсер ететін жағымды факторларды атауға және талқылауға тапсырма алады, ал 2-4 топтар – жағымсыз факторларды алады. Сонан соң, әрбір топ өздерінің атқарылған жұмыстарын таныстырады.

Таныстыру жұмыстарын талқылап болған соң оқытушы оқушылармен бірге қандай факторлардың денсаулыққа жағымды, қандайы жағымсыз әсер ететіндігі туралы қорытынды жасайды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) сарапшылары негізгі төрт тобы ретінде мынадай факторларды анықтағандығын оқытушы хабарлайды: генетикалық факторлар қоршаған ортаның жағдайы медициналық қамтамасыз ету адамдардың өмір салты мен жағдайы. Денсаулықтың көрсеткіштеріне әр түрлі жағдайлардың әсер ету күші адамның

жасына, жынысына және индивидуалды-типологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Содан кейін қорытындыны кесте түрінде рәсімдеуге болады.

6. Ұжымдық жұмыс. Оқушылар оқытушының жетекшілігімен кесте жасайды.

Адамның денсаулығына әсер етуші факторлар. Факторлардың әсер ету саласы

Денсаулықты нығайтушы факторлар

Денсаулықты бұзушы факторлар

Page 7: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

6

Генетикалық Дені сау тектілік.

Сырқаттың туындауындағы морфофункционалды себептердің болмауы.

Тұқым қуалайтын аурулар мен ағзадағы жағымсыз өзгерістер. Аурушылдыққа тұқым қуалау бейімділігі.

Қоршаған ортаның жағдайы

Жақсы тұрмыстық және өндірістік жағдайлар, қолайлы климаттық және табиғат жағдайлары, экологиялық қолайлы тіршілік ету ортасы.

Зиянды тұрмыстық және өндірістік жағдайлар, қолайсыз табиғат және климаттық жағдайлары, экологиялық жағдайдың бұзылуы.

Медициналық қамтамасыз ету

Медициналық скрининг, профилактикалық іс-шаралардың жоғарғы деңгейі, толыққанды және уақытылы мединалық көмек.

Денсаулық серпініне тұрақты медициналық бақылаудың болмауы, алғашқы профилактиканың төменгі деңгейі, сапасыз медициналық көрсетілетін қызмет.

Өмір салты мен жағдайы Ұтымды ұйымдастырылған тіршілік әрекеті: отырықшы тұрмыстық салты, адекватты белсенді қозғалыс, әлеуметтік өмір салты.

Тіршілік әрекетінің ұтымды тәртібінің болмауы, миграциялық (көші-қон) үдерістер, гипо немесе гипердинамия.

7. Ми шабуылы. Оқушыларға мына сұраққа жауап беру ұсынылады: Салауатты өмір салты деген не? Оқушылардың жауаптары жинақталып, оқытушы жауаптарды салауаттты өмір салты ұғымын анықтау үшін қорытындылайды. Салаутатты өмір салты — денсаулықты нығайту мен сырқаттардың алдын алуға бағытталған адамның өмір салты.

Оқытушы салауатты өмір салтын қалыптастырудың мына негізгі ережелеріне оқушылардың көңілін аударады: 1. Салауатты өмір салтын белсенді түрде ұстанушы болып адамның өзі табылады. 2.Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізінде әлеуметтік, физикалық, интеллектуалдық және психикалық қабілеттері мен мүмкіндіктерін іске асыруға арналған адамның жеке-уәждемелік (мотивациялық) мақсаты жатыр. 3. Салауатты өмір салты денсаулықты, аурулардың алғашқы профилактикасы мен денсаулықтағы өмірлік маңызы бар қажеттіліктерді қанағаттандыруда қамтамасыз етудің ең тиімді тәсілі мен құралы болып табылады.

8. Кіші топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды 4-5 адамнан тұратын топтарға бөледі, әр топқа

салауатты өмір салтын негізгі құраушыларды атауын және оны талқылауын ұсынады. Оқушылардың жауаптары флипчартта жазылады. Сонан соң әрбірі таныстыру жұмыстарын (презентация) жасайды, мысалы:

Page 8: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

7

Салауатты өмір салтын құраушылар:

• ерте балалық шақтан бастап жақсы әдеттер мен дағдыларды адам бойында

тәрбиелеу; • тіршілік етуі үшін қауіпсіз және қолайлы қоршаған орта; • темекіден, есірткілік, уытты заттарды тұтынудан, алкогольден бас тарту; • дұрыс тамақтану; сапалы өнімдерді тұтыну; • физиологиялық және жас ерекшеліктері ескерілген арнайы дене

жаттығуларынан тұратын физикалық белсенді өмір; • денсаулықты сақтау мен нығайтуға септігін тигізетін гигиеналық ережелерді

сақтау; • дәрігерлік көмекке дейінгі машықтарды білу; • шынығу. Оқытушы адамның физиологиялық жағдайына оның психоэмоциялы жағдайы

үлкен әсерін тигізетіндігін хабарлайды. Сол себепті, кейде салауатты өмір салтының келесідей аспектілерін қосымша бөліп көрсетеді: • эмоциялы көңіл-күй: психогигиена, өз жеке басының эмоцияларымен,

мәселелерімен күресе алу; • интеллектуалды көңіл-күй: жаңа жағдайлардағы ең қолайлы іс-әрекеттер үшін

жаңа ақпараттарды қолдану мен адамды тану қабілеті. Позитивті ойлау. • рухани көңіл-күй: шын мәнінде маңызды, конструктивті өмірлік мақсаттарды

құруға, оларға талпынып, қол жеткізуге қабілеттілік. Оптимизм. • «әлеуметтік көңіл-күй» — өзге адамдармен өзара әрекет жасауға қабілеттілік. 9. «Салауатты өмір салтын құраушылар» мультимедиалық

презентациясының сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі. Салауатты өмір салты жүйе тәрізді өзара байланысты және өзара ауыспалы үш

негізгі элеменеттерден, үш мәдениеттен құралады: 1. Тамақтану мәдениеті.2. Қозғалыс мәдениеті. 3. Эмоция мәдениеті. Тамақтану мәдениеті. Салауатты өмір салтында тамақтану анықтаушы,

жүйеқұрушы болып табылады, өйткені, ол қозғалыс белсенділігі мен эмоциялы тұрақтылыққа жағымды әсер етеді. Дұрыс тамақтанғанда тағам даму барысында өндіріліп шығарылатын тағамдық заттардың табиғи түрде сіңірілу технологияларына сәйкестенуге ең жақсы жағдайды жасайды.

Қозғалыс мәдениеті. Табиғат аясындағы аэробты физикалық жаттығулардың (жүру, іш киіммен жүгіру, суда жүзу, шаңғымен сырғанау, егістік-бақшалардағы жұмыс және т.б.) сауықтырушы әсері бар. Оларға күн сәулесі мен ауа ванналары, тазартушы және шынықтырушы су процедуралары кіреді.

Эмоция мәдениеті. Жағымсыз эмоциялардың (қызғаныш, ашу, қорқыныш және т.б.) қиратушы алып күші бар, жағымды эмоциялар (күлкі, қуаныш, ризашылық сезімдері және т.б.) денсаулықты сақтай отырып, жетістікке қол жеткізуге әсер етеді.

Академик Н.М. Амосов денсаулықтың жаңа парадигмасын нақты әрі конструктивті түрде анықтады: "Денің сау болуы үшін өзіңнің тұрақты және айтарлықтай жеке күш-жігерің қажет. Оларды басқа еш нәрсемен алмастыруға болмайды». 10. Қоғамдық денсаулық.

Page 9: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

8

Қоғамдық денсаулық – жалпы қоғам мен қауымдастықтың денсаулығы; «қауымдық және дербес, мемлекеттік пен жекеменшік ұйымдардың, қоғамның саналы таңдауы мен ұйымдасқан күш-жігері арқылы денсаулықты нығайту мен өмірді ұзарту, аурулардың алдын алу өнері мен ғылымы» ретінде анықталады. Қоғамдық денсаулық профилактикасының әдістері – оқыту бағдарламаларын енгізу, саясатты, қызмет көрсетуді жасап шығару, сондай-ақ, ғылыми зерттеулер жүргізу. Қоғамдық денсаулық түсінігі мен вакцина ұғымы тығыз байланысты. Денсаулық сақтау саласына үлкен мемлекеттік бағдарламалардың жағымды әсер етуі кеңінен мойындалды. Бір жағынан, XX ғасырда денсаулық сақтау саласындағы саясаттың нәтижесінде жас нәрестелер мен балалардың арасындағы өлім-жітімнің, сонымен қатар, әлемнің көптеген бөлігінде өмір сүру ұзақтығы тұрақты түрде өсе бастағандығы тіркелді. Мәселен, американдықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 1900ж. бастап 30 жасқа, ал күллі әлемде – алты жасқа артқандығы есептеліп отыр. 11. Шығармашылық жұмыс. Соңында оқушылар ұжымдаса отырып талқылаудан соң «Денсаулық кодексін» жасап шығарып, рәсімдеп, көрнекі орынға іліп қояды. Денсаулық кодексі (үлгі). 1. Есте сақта, денсаулық - бұл бәрі емес, бірақ денсаулық болмаса еш нәрсенің қадірі жоқ! 2. Денсаулық – тек қана физикалық күш емес, сонымен бірге, жан-сезімдік мейірімділік. 3. Денсаулық тек саған ғана емес, сен көмектесуге және қорғауға міндетті адамдарға да қажет. 4. Денсаулық – бұл біздің қажеттіліктерімізді сенің саналы межеде қанағаттандыра алу қабілетің. 5. Денсаулық – бұл біздің тәніміздің физикалық және гигиеналық мәдениеті: адам тәнінен әдемі еш нәрсе жоқ. 7. Денсаулық – бұл адамның ішкі-жан сезімінің мәдениеті: сені қоршаған адамдарға деген мейірімділік, үміт, сенім мен махаббат. 8. Денсаулық – бұл адамның әлеуметтік мәдениеті, адамдық қарым-қатынастар мәдениеті. 9. Денсаулық – бұл адамға деген махаббат пен құрмет: олар сен қалағандай саған қарым-қатынас жасасын десең, сен де олармен сондай қарым-қатынаста бол. 10. Денсаулық – бұл табиғатқа махаббатпен және ұқыппен қарау: табиғат аға да, әпке де емес, ол адамзаттың анасы мен әкесі. 11. Денсаулық – бұл сенің өміріңнің салты мен стилі: өмір салты – денсаулықтың қайнар көзі мен сенің қайғы-қасіретіңнің көзі – барлығы да саған және сенің өмір салтыңа байланысты. 12. Денің сау болсын десең – дене жаттығуымен, таза ауамен және дұрыс тағамдармен дос бол: бәрін де пайдалан, бірақ теріс, асыра қолданба. 19. Өз өміріңнің тәртібі мен стилін, салтын құр: сен оларды өмір бойы орындауың қажет.

21. Сенің денсаулығыңның ең жақсы дәрігері – сен өзіңсің, бірақ дәрігердің кеңестерін тыңдап, оларды орында, оларға құлақ түр және құрметпен қара.

Сау бол! 12. Сабақ қорытындыларын шығару. Оқытушы оқушыларға мынадай сұрақ қояды: Бүгінгі сабақтан кейін сендер

өздерің үшін қандай қорытынды жасадыңдар? Сонан соң оқытушы оқушылардың жауаптарын жинақтайды:

Page 10: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

9

Денсаулықты сақтаудың кепілі – салауатты өмір салты екендігін сеніммен айтуға болады. Егер адам өмірді сүймесе, толыққанды рухани және физикалық ұзақ өмір сүруге талпынбаса, онда ешбір қазіргі заманғы ғылым да, дәрі-дәрмектер мен рецепттер де көмектесе алмайды. Денсаулықты сақтау үшін қандайда бір ғажайыпқа сенудің қажеті жоқ. Ең бастысы жоғары мінез-құлық мәдениеті мен салауатты өмір салты қажет.

Модуль 1. Сабақ 1. 2 Адамның репродуктивті денсаулығы мен демография. Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар (1сағ). Мақсаты:Адамның репродуктивті (өрбу, ұрпақ жаңғырту) денсаулығы мен демография мәселелері бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру, сонымен қатар, бұл екі ұғымның өзара байланысын түсіндіру. Міндеттері:

1. Адамның репродуктивті денсаулығы туралы түсінік беру. 2. Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлармен таныстыру. 3. Елдегі адамның репродуктивті денсаулығы мен демографиялық жағдайдың

өзара байланысын көрсету. Түйінді ұғымдар: репродуктивті денсаулық, репродуктивті кезең, сексуалды денсаулық, демография, демографиялық жағдай, популяция (қауымдастық). Сабақтарды жүргізу әдістері: жалпы пікірсайыс, ми шабуылы, шағын-дәріс, кіші топтардағы жұмыс. Жабдықтар мен материалдар: флипчарт, түрлі-түсті маркерлер, тарату материалдары, мультимедиапроектор, А-4 қағазы; стикерлер; интерактивті тақта немесе экран.

Сабақ барысы13. Оқытушының кіріспе сөзі: сабақтың мақсаты мен тақырыбы хабарланады.

14. Бой сергіту. «Жеміс салаты» ойыны. Оқушылар шеңбер жасап,

жемістердің атауы бойынша есептеледі: алма, алмұрт, қарала, шабдалы. Алмаларға орын ауыстыруын сұраңыз, содан соң алмұрттарға және т.б.

15. «Ми шабуылы». Репродуктивті денсаулық түсінігі.Сұрақтар: Репродуктивті денсаулық деген не? Сексуалды денсаулық деген не? Барлық оқушылардың жауаптарын флипчартқа жазу. Содан соң, оқытушы оқушылармен бірге дұрыс жауаптарды талқылайды және анықтамаларды түсіндіреді. 16. «Репродуктивті және сексуалды денсаулық түсінігі» мультимедиалық

презентациясының сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі. Мысал мазмұн.

Page 11: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

10

Кез-келген мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі - дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін репродуктивті денсаулықты қорғау болып табылады. Репродуктивті денсаулықты қорғау адам өмірінің соңына дейін қамтамасыз етілуі қажет, сонымен қатар ол этикалық және техникалық нормалардың ең жоғарғы мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс.

Өсіп келе жатқан ұрпақта аурудың пайда болуы ерекше алаңдатушылық туғызады, 60%-дан астам қыз балалардың денсаулық жағдайында осындай немесе басқа да ауытқушылықтар бар (Г.М. Савельеваның мәліметі бойынша). Репродуктивті жүйені ерекшелей отырып жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл аударылады. Бұл жастағы топтың денсаулық жағдайы психобелсенді заттарды тұтыну есебінен психологиялық ауытқушылықтар, эндокрин, ас қорыту, қан өндірілу жүйесінің бұзылуы, жаңа өспелердің (ісік) пайда болуы, сонымен қатар, жарақаттар мен уланулар, ал қыз балаларда гинекологиялық патологияның өсуі тіркелуде.

Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелерінің өзектілігі, ҚР-ғы демографиялық жағдайдағы дағдарыспен, жас әйелдерде репродуктивті күш-қуаттың төмендеуімен, төмен репродуктивті нұсқама мен адекватсыз репродуктивті мінез-құлықпен, жағымсыз медико-биологиялық аяның болуымен: бастапқы аурушылық пен созылмалы патологияның жоғарғы деңгейі, репродуктивті жүйенің бұзылу жиілігінің артуымен сипатталады. ҚР-да жасөспірім қыздардың денсаулық жағдайының талдамасы үлкен жағымсыздықты көрсетеді, олардың әрбір екіншісінде (46%) қандай да бір аурудың түрі бар. Жасөспірім қыздардың жартысынан астамында репродуктивті жүйе бұзылған. Жасөспірімдер арасында түсік жасату көрсеткіші жоғары, ал жасөспірімдердегі жүктілік көрсеткіші жүктіліктің жалпы санымен алғанда 10% дейін құрайды. Жасөспірімдердегі жүктіліктің салыстырмалы салмағы жалпы жүктілікті тоқтату санының 5%-ын құрайды.

Жоғарғы сыныптың қыз балаларына жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, олардың 70%-нан астамы лаж жоқ жағдайда, жүктілікті тоқтатудың жалғыз жолы контрацептивтерді қолданудан, ерте жастағы жыныстық байланыстардан бас тарту емес, түсік жасату деп есептейді. Ерте кезден жасалынған жыныстық қатынастар орынсыз жүктілікке әкеліп қана қоймай, жыныстық жолдармен берілетін жұқпалардың (ЖЖБЖ) да жұқтырылу қауіпіне алып келеді.

Жас адамдардың мықты жыныстық және репродуктивті денсаулықпен

қамтамасыз етілуінің үлкен әлеуметтік, экономикалық маңызы бар. Себебі, АИТВ-жұқпасы, басқа ЖЖБЖ-лар, орынсыз жүктілік және денсаулыққа өте зиянды түсік жасату сияқты жағдайлар отбасы мен қоғамға үлкен ауыртпалық болып табылады. Әйтсе де, мұндай ауыртпалықты жеңілдетуге немесе мүлде болдырмауға болады. Осылайша, мектептердегі жыныстық оқу-ағартуды қамтамасыз етуді, Мыңжылдық декларациясында құрылған дамыту саласындағы Мақсаттарға (Мыңжылдықты дамыту мақсаттары – МДМ) қол жеткізуде, әсіресе, 3 МДМ (гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді көбірек қамтамасыз ету), 5 МДМ (аналар өлімінің деңгейін қысқарту мен репродуктивті денсаулықтың жалпыортақ мүмкіндіктеріне қол жеткізу) мен 6 МДМ-ді (АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес) қоса алғанда, жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығын нығайтуда қолғабыс көрсету керек.

«Репродуктивті денсаулық» түсінігі «репродукция» (латынның reproduction сөзі - жаңғыру, яғни табиғаттың қалауымен бала табу мүмкіндігі) сөзінен алынған. Репродуктивті денсаулық – бұл тек аурулардың жоқтығы ғана емес, сондай-ақ, ұрпақ жаңғырту мен отбасы үндестігін қоса алғанда, репродуктивті жүйеге

Page 12: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

11

қатысты физикалық, психикалық және әлеуметтік толық саулықтың да болуы жайындағы барлық мәселелер.

Кез-келген тірі жанның тіршілік етуі тек ұрпақ ауыстыру мен жаңғырту арқылы ғана болуы мүмкін. Бұл жерде адамды айтпай кету мүмкін емес. Адамзат тарихы үздіксіз ұрпақ алмастырумен сипатталып келеді. Егер барлық тіршілік иелерінің жаңғыруы мен ұрпақ ауыстыруы биологиялық бағдарламалардың негізіне және сыртқы жағдайларға тәуелді болса, онда ақылмен үлестелген адам биологиялық бағдарламалардың жүзеге асуына әсер етуі мүмкін, яғни, қоғамның әлеуметтік талаптарын ескере отырып, туылуды ғана қамтамасыз етіп қоймай, ұрпаққа қажетті тәрбиені де қамтамасыз ете отырып, жаңғырту жүйесін басқарады.

Ер адамдар мен әйел адамдар осындай мәселелерден хабардар болуға және жүктілік пен босанудың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін, денсаулық сақтау саласының көрсететін қызметтеріне қолжетімділікпен қатар, экономикалық тұрғыдан лайықты, тиімді, қауіпсіз ақпараттарға қол жеткізуге және олардың қалауы бойынша туылуды реттеу әдісіне де тең құқылы. Репродуктивті кезең – ағзаның физиологиялық мүмкіндіктері тұрғысынан баланың туылуы мүмкін болатын 15 пен 49 жас аралығы. Дегенмен, дені сау баланың туылуы көбіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайға, психологиялық кемелденуге, материалдық мүмкіндіктерге байланысты екендігі сөзсіз. БДҰ-ның анықтауы бойынша, сексуалды денсаулық – бұл ауру-сырқаудан, жұмысқа жарамсыздықтан, зорлықтан және т.б. зиянды әдеттерден аулақ, сексуалды мінез-құлық пен жауапкершілікті қарым-қатынас және де жақсы сексуалды дамуды қоса алғандағы репродуктивті денсаулықтың бір бөлігі. Басқаша айтқанда, бұл сексуалдылыққа байланысты физикалық, эмоциялы, ақыл-ой және әлеуметтік саулықтың ахуалы. Сексуалдық денсаулық - жыныстық қатынастар мен сексуалдылыққа құрметпен және дұрыс қараумен, сонымен қатар, зорлық пен шеттетушіліктен, күштеуден еркін болатын, қауіпсіз жыныстық өмірдің болуын талап етеді. Сексуалды денсаулықты қолдау және оған қол жеткізу - адамдарға тән «сексуалдық құқықты» құрметтеу, сақтау және қорғаумен тығыз байланысты. Сексуалды денсаулық – 2004 жылы БДҰ-ның Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының сессиясында қабылданған репродуктивті денсаулық саласындағы БДҰ-ның ғаламдық Стратегиясының бес басымды аспектілерінің бірі болып табылады.

17. Кіші топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды 4-5 адамнан тұратын топтарға бөледі.

Топтар репродуктивті денсаулыққа қандай факторлар әсер ететіндігін атау және талқылау жайлы тапсырма алады. Оқушылардың жауаптары флипчартқа жазылады. Сосын әр топ өздерінің атқарылған жұмыстарын көрсетеді, мысалы: Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар:

Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі Дұрыс тамақтану Жүктілік, босану мен босанудан кейінгі кезеңдерде сапалы және уақытылы

медициналық қызмет көрсету Жыныс мүшелері ауруларының алдын алу мен емдеу Отбасын жоспарлаудың қазіргі заманғы әдістерін кеңінен қолдану Жаңа туылған және жасы кіші балалардың денсаулығына қамқор болу Отбасын жоспарлау бойынша білім, кеңес беру және қызмет көрсету Қажетсіз жүктіліктің алдын алу ЖЖБЖ, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және емдеу

Page 13: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

12

Жауапты ата-аналық парыз бойынша кеңес беру және ақпараттандыру Өмір шарттары: әлеуметтік, тұрмыстық, экологиялық Отбасындағы моральдық-психологиялық ахуал

Оқытушы оқушылармен әрбір жағдайды талқылайды, толықтырулар енгізеді.

18. Кіші топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды үш топқа бөледі. Әрбір топ талқылауға тиісті және топтық жұмыстың презентациясын дайындауға қажетті бір тапсырманы алады. Оқытушы әрбір топқа белгілі бір сұрақты қояды: 1. Демография деген не? 2. «Халық қозғалысы» деген анықтаманы қалай түсінесіздер? 3. Елдегі демографиялық жағдайға не әсер етеді? Содан кейін әрбір топ өздерінің атқарылған жұмысын көрсетеді.

Презентацияны талқылап болған соң оқытушы топтық жұмыстардың қорытындысын жасайды.

19. «Репродуктивті денсаулық пен демографияның өзара байланысы»

мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі. Демогра́фия — халықтың жаңғыруының заңдылықтары туралы ілім,

сонымен қатар, оның әрекетінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, табиғат жағдайларына, көшіп-қонуына байланысты, олардың санын, аймақтық орналасуын және халықтық құрамын, құрамының өзгеруін, себептерін және сол өзгерістердің салдарын зерттейтін, сондай-ақ, оны жақсартудың жолдарын ұсынатын ғылым.

Демографияның өзінің нақты белгіленген зерттеу нысаны бар – ол халық.

Демография халықтың санын, аумақтық орналасуын және құрамын, заңдылықтарын, сонымен қатар, олардың әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, географиялық факторлардың негізінде өзгеруін де зерттейді.

Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі

болып табылады. Әрбір адам мен қоғамның репродуктивті денсаулығының деңгейі біздің еліміздегі халықтың жаңғыруына толығымен әсер ете отырып, демографиялық жағдайды анықтайды. Бұл өз бағытында адамның репродуктивті денсаулығы мен бүкіл қоғамның жалпылама жағдайының кешенді қорытындысы болып табылады. Демографиялық жағдай — бұл халықтың белгілі бір мезгілдегі немесе белгілі бір аймақтағы қандай да бір уақыт кезеңіндегі даму үрдістері мен ахуалы. Халық жиынтығындағы өзгерісті халық қозғалысы құрайды. Халық қозғалысы деген не? Әдетте халық қозғалысын үш топқа бөледі: • табиғи

Некелесуден, ажырасудан, туылудан, өлім-жітімнен тұрады. Осыларды зерттеу демографияның ерекше үрдісі болып табылады.

• механикалық (көші-қон)

Page 14: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

13

Бұл халықтың барлық аймақтық қоныс аударуының жиынтығы және ол халықтың маятникті және маусымдық жылжымалылығын, тығыздығын, орналасуын анықтайды.

• әлеуметтік Адамдардың бір әлеуметтік топтан екіншісіне ауысуы. Қозғалыстың бұл түрі халықтың әлеуметтік құрылымының ұдайылығын анықтайды. Дәл атап айтқанда, осы халықтың жаңғыруы мен әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерінің өзара қатынасын демография зерттейді.

«Табиғи» немесе «биологиялық» тұрғын халықтың болмысы, туылуы мен өлім-жітім нәтижесіндегі ұрпақ

ауыстыру үрдісі кезінде тұрақты, өзін-өзі жаңартып отыруға қабілеттілігінен көрінеді. Бұл үздіксіз үрдіс халықтың қайта жаңғыруы деп аталады. Қауымдастық (популяция) — өзін-өзі жаңғыртуға қабілетті елдің немесе аймақ тұрғындарының жалпы жиынтығы. Халық санының тұрақты өсуі 2002 жылы басталды, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, 2013 жылы халық саны межені 17 млн. адамға аттап өтті, ал 2008 жылы Қазақстан халқы 15,5 млн. адамды құрады. Бұл 5 жылда халық санының өсуін 1,5 млн. адам құрағандығын көрсетеді. Серпін бойынша өлім-жітім коэффициенті төмендеуде, ҚР халқының өмір сүру ұзақтығы артуда, туылу саны артып келеді – мұның бәрі демографиялық жағдайдың көрсеткіштері болып табылады.

Бірақ, көптеген еуропалық елдерде туылу санының төмендеуі, өлім-жітімнің артуы, еңбекке қабілетті халық санының қысқаруы, халықтың денсаулығының төмендеуі мен олардың қартаюы – демографиялық жағдайда өсудің кемуі (депопуляция) деген құбылыспен сипатталады, яғни, ұлттық масштабта халық санының қысқаруы. Өткен ғасырдың 90 жылдарының басында Қазақстанда туылу саны төмендеп депопуляцияға бет алысы тіркелді, бұған экономикалық және әлеуметтік мәселелер, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі себепші болған. Келесі жылдары туылу серпінінің жағымды баяу өсуі байқалды. Халықтың туылу деңгейінің төмендігі мен жалпы өлім-жітім деңгейінің артуы - ұлттың дамуы мен сақталуының болашағын анықтайтын жалпыұлттық дәрежеде денсаулық пен өмір сүру ұзақтығының мәселесін алға тартады.

Халықтың саны репродуктивті денсаулық деңгейіне тікелей тәуелді. Қазақстандағы әйелдердің репродуктивті денсаулығын әлемдік қауымдастық үшін экономиканың тұрақсыздығы, әр түрлі әлеуметтік-экономикалық факторлар мен бедеулікке себеп болатын дағдарыстық құбылыстар призмасы арқылы қарастыру қажет. Аталған факторлар халықтың репродуктивті денсаулығына айтарлықтай әсерін тигізе отырып, халықтың жаңғыру үдерісін төмендетуі мүмкін. Туылу мен өлім-жітім көрсеткіші - халықтың репродуктивті денсаулығына әсер ететін маңызды параметрлер. Соңғы жылдары Қазақстанда туылу деңгейінің 1000 әйелге шаққанда 22,53-ке дейін артып отырғандығы байқалады.

Халықтың репродуктивті денсаулығының жағдайы күтілудегі өмір сүру ұзақтығының көрсеткішіне тікелей әсер етеді. Экономикалық жағдайлар, сапалы медициналық көмектің қолжетімділігінің төмендеуі, әлеуметтік мінез-құлықтың өзгеруі және басқа да жағдайлар бұл көрсеткішті айтарлықтай төмендетті. 2010 жылы туылу кезеңі бойынша өмір сүру ұзақтығы жобамен 68,41 жасты құрады. Шын мәнінде, бұл көрсеткіш 2009 жылы да болған - 68,60 жас, 2000 жылы туылу кезеңі бойынша, болжамдағы өмір сұру ұзақтығы 65,5 жасты құрады.

Page 15: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

14

Жалпы құрылым бойынша, Қазақстанда халықтың өлім-жітімін қан айналым, тыныс алу, жаңа өспелер (ісіктер) жүйесінің аурулары, сонымен қатар, оқыс жағдайлар, улану, жарақаттар сияқты жағдайлар құрайды. Демографиялық даму мәселелерін біз отбасылық-демографиялық саясат тұрғысынан қарастырамыз: отбасы институты мен отбасылық-некелік қатынастарды нығайту, халықтың демографиялық өсу мәселелері, отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау, ана мен бала өмірін қорғау, еркектер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығына қамқорлық көрсету және т.б.

Қазақстанда, статистика мәліметтері бойынша, отбасы саны 4,3 млн. дейін өсті, бірақ, отбасының орташа шамасы 3,5 адамға дейін төмендеп кетті. Қазіргі заманғы есептемелерге сәйкес, халықтың минималды жаңғыруы үшін ең қолайлы нұсқа - бір әйелге 2,7 баланы құрайды. Осы жағдайда, репродуктивті денсаулықтың рөлі туылудың жағдайы мен алғышарты ретінде айтарлықтай өседі. Отбасы деңгейінде репродуктивті денсаулықты жақсарту - отбасылық-некелік қатынастар мен ажырасудың тұрақсыздығына әкелетін және отбасылық кикілжіңге жиі әкеліп соқтыратын бедеулік және жоспарсыз жүктіліктің болуы сияқты ауыр жағдайлардың санын азайтады. Қоғамның негізі ретінде отбасының мәртебесін көтеру, некелік-отбасылық қатынастарды нығайту, отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау, дені сау балаларды өмірге әкелу, олардың тағдырына жауапкершілікпен қарау – елдің демографиялық дамуының алғышарттарының бірі болып табылады.

Мықты демографиялық саясат елдің ұлттық қауіпсіздігінің жетекші басымдылықтарының дәрежесіне қойылды. Демографиялық даму экономиканың өсуіне, елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуіне және мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Осылайша, Қазақстан Республикасында жалпы алғанда демографиялық өзгерістердің жағымды беталыстары бар (туылудың артуы, өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтануы). Алайда, кейбір жағымды өзгерістерге қарамастан әйелдердің репродуктивті денсаулығы, ана мен бала өмірін қорғауды ұйымдастыру төменгі деңгейде қалып отыр.

20. Сабақ қорытындыларын жасау. Сабақтың соңында оқытушы қорытынды шығарып, оқушылардан өздеріне қажетті нені үйренгендіктерін сұрайды. Содан соң оқытушы оқушылардан алынған жауаптарды түйіндеп, жалпы қорытындыны жасайды: Денсаулық мемлекеттегі адам ресурстарының дамуымен байланысты маңызды медициналық және әлеуметтік дәреже болып табылады. Денсаулықты құрайтын негізгі шарттардың қатарына репродуктивті денсаулық та кіреді. Бала табу жасындағы адамдардың денсаулығы, олардың ұрпақ жаңғыртуға қабілеттілігі, қауіпсіз ана болу мүмкіндігі – халық денсаулығының негізгі аспектілері.

Page 16: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

15

Модуль 2. Ағза функцияларының эндокриндік реттелуі Сабақ 2.1 Ағза функцияларының эндокриндік реттелуі (1 сағат). Мақсаты: Адамның эндокриндік жүйесінің құрылымы мен функцияларын оқып-үйрену, оның адам ағзасының басқа жүйелермен өзара байланысын және ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылған жағдайда зардаптарын көрсету. Міндеттері:

1. Эндокриндік жүйеге түсініктеме беру 2. Адам ағзасындағы зат алмасу мен эндокриндік жүйенің адам ағзасындағы

басқа жүйелермен байланысын көрсету 3. Эндокриндік жүйе ауруларының белгілері мен себептері туралы білім

қалыптастыруды қамтамасыз ету; 4. Эндокриндік жүйенің ағзадағы басқа жүйелермен өзара байланысы туралы

сызба-кесте құрастыру. 5.

Түйінді түсініктер: Эндокриндік жүйе, гуморальді реттеу, гормондар, рецепторлар, бездер. Сабақ жүргізу әдістері: ортақ пікірталас, ми шабуылы, шағын дәріс, топпен жұмыс, іс-тәжірибелік жұмыс. Жабдықтар мен материалдар: флипчарт, маркерлер, А4 қағаз, мультимедиапроектор, эндокриндік жүйенің сызбасы. Сабақ барысы

1. Оқытушының кіріспе сөзінде сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері хабарланады.

2. Бой сергіту. «Үй, адам, жер сілкінісі» жаттығуы. Жаттықтырушы қатысушыларды үш-үштен топтарға бөледі. Екі қатысушы

қол ұстасып, қарама-қарсы тұрып, олар үйді бейнелейді. Үшіншісі олардың арасында тұрады, ол – адам. Бір қатысушы жүргізуші болып қалады.

Жүргізуші «Үй» дегенде, барлық үйді бейнелеп тұрған қатысушылар орындарынан қолдарын ажыратпай өздеріне жаңа адам іздеп жүгіреді. Жүргізуші «Адам» дегенде барлық адамды бейнелеген қатысушылар үй іздеп жүгіреді. Жүргізуші «Жер сілкінісі» дегенде үйді бейнелеген қатысушылар қолдарын ажыратып жаңа үштік құрастыруға асығады. Жалғыз қалған қатысушы жүргізуші болады.

3. Шағын топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды үш топқа бөледі. Бірінші топтың тапсырмасы – Эндокриндік жүйе деген не? – деген сұраққа жауап беру. Екінші топ - эндокриндік жүйеге қандай органдар жататынын талқылап, жазу және үшінші топқа эндокриндік жүйенің функцияларын талқылап, жазып беру тапсырылады. Осыдан кейін әр топ өз жұмыстарын таныстырады. Оқытушы оқушылар берген деректерді талқылайды.

4. «Эндокриндік жүйе және адам ағзасындағы зат алмасу» атты мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс

Мысал мазмұн. Адамның эндокриндік жүйесін коммуникациялық желі іспеттес деуге болады. Кез келген коммуникациялық желі сияқты эндокриндік жүйе де сигналдардың қайнар көзі болып, сигналдардан және сигнал қабылдағыштардан тұрады. Бұл жағдайда

Page 17: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

16

бұл клеткалар гормондарды жасап шығаратын, өзі гормон және оның рецепторы болып табылады. Рецепторлар деген не? Рецептор – клетканың үстіңгі жағындағы молекула, өзіне белгілі бір химиялық заттектің, әдетте гормонның немесе медиатордың байланысына өзінің формасын өзгертумен жауап береді немесе гормоналды белгіге және осы белгіні клетканың ішіне өткізеді. Енді гормондарға анықтама берейік. Сонымен, гормондар – биологиялық белсенді заттек, олар эндокринді бездермен немесе ішкі секреция бездерімен өндіріледі (ішкі секреция бездері деп шығу түтіктері жоқ бездерді айтады) және олармен тікелей ағзаның ішкі ортасына шығарылады, атап айтқанда қанға лимфаға, тканьді сұйықтыққа бөлінеді. Гормондар жоғары биологиялық белсенділікке (сондықтан олар өте аз мөлшерде өндіріледі), спецификациялық әрекеттерге ие, дистантты әсері бар, атап айтқанда гормондардың түзілуі орнынан тыс орналасқан органдар мен тканьдарға ықпал етеді. Қанға еніп, олар бүкіл организмге тарайды, органдар мен тканьдардың функцияларына гуморальді реттеу жасайды, олардың қызметін қоздырады немесе тежейді. Гормондардың негізгі қызметтері:

- Ағзаның ішкі ортасын қалыпты деңгейде ұстауға ықпал ету; - Зат алмасу процестеріне қатысу; - Ағзаның өсуі мен дамуын реттеу.

Гормондар, шын мәнінде адам ағзасының «есіктерін» ашып-жабатын «кілтке» ұқсайды. Ішкі секреция бездерінің қызметі ұзаққа созылатын процестерді реттеуде маңызды рөл атқарады, олар: зат алмасу, өсу, ақыл-ой және физикалық, жыныстық даму, ағзаның ішкі және сыртқы ортаның өзгерісіне бейімделуі, өте маңызды болып табылатын физиологиялық көрсеткіштердің (гомеостаздың) тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен бірге ағзаның күйзеліске қарсы әсері де бар.Сонымен, адамның эндокриндік жүйесі – әртүрлі органдар мен тканьдарда, орталық жүйке жүйесінде орналасқан ішкі секреция бездер жүйесі. Ағзаның реттеу жүйесінің ең бір маңызды бөлшегі болып табылады. Реттеу әсерін эндокриндік жүйе гормондар арқылы жүзеге асырады. Олар (гормондар) жоғары белсенділікке ие (өсу, даму, көбею, бейімделу, мінез-құлық сияқты ағзаның өсу процесін қамтамасыз етеді). Ішкі секреция бездерінің ағзада орналасуы.

Гипоталамус – гипоталамус Щитовидная железа – қалқанша без Надпочечники – бүйрекбез Поджелудочная железа – ұйқы безі Яички – аталық безі

Page 18: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

17

Эндокриндік жүйенің орталық үзбесі гипоталамус пен гипофиз болып табылады. Эндокриндік жүйенің перифериялық үзбесі – қалқанша без, бүйрек безінің

қабығы, сонымен қатар аналық без бен аталық без және ұйқы безінің b-клеткалар аралығы.

Эндокриндік жүйеде гипоталамо-гипофизарлық жүйе маңызды орын алады. Гипоталамус гипофизге ынталандыру немесе тежеу әсерін тигізеді. Гипофиз гормондары арқылы гипоталамус ішкі секрецияның перифериялық бездерінің қызметін реттейді. Мысалы, гипофиздің тиреотропты гормоны (ТТГ) тітіркенді делік, ал соңғысы өз кезегінде тиреоидты гормондардың безімен секрецияны тітіркендіреді. Осыған байланысты бірыңғай функционалды жүйе туралы айту керек: гипоталамус-гипофиз-қалқанша без, гипоталамус-гипофиз-ұйқы без, т.с.с.

5. Ұжымдық жұмыс. Оқушылар оқытушының басқаруымен зат алмасу сызбасын құрастырады.

Жоғарыда айтылып өткендей, ішкі секреция бездерінің қызметі ұзақ мерзімді процесстерді реттеуде маңызды рөл атқарады, жекелеп айтқанда ағзадағы зат алмасу реттелісін қарастырайық.Зат алмасу (метаболизм) дегеніміз әртүрлі өзара тәуелді және өзара шарттасқан процестердің күрделі кешені. Ол процесер организм әрекетке түскен сәттен бастап шығарылып тасталу процессіне дейін жүреді. Зат алмасу өмір сүрудің маңызды шарты. Ағзаның қалыпты қызмет жасауына сыртқы ортадан органикалық азық материалдардың, минералды тұздардың, су мен оттегінің келіп тұруы қажет. Зат алмасу заттектердің организмге түсу, ас қорыту жолдарында олардың өзгеруі, сіңуі, жасуша ішінде өзгерулерден және ыдырау нәтижелерінің шығарылу процестерінен тұрады. Жасушалар ішіндегі заттектердің өзгеруіне қатысты процестер жасуша ішіндегі немесе аралықтағы алмасу деп айтылады. Жасуша ішіндегі зат алмасу нәтижесінде гормондар, ферменттер және неше түрлі қосылыстар жасушалар арасындағы заттектің және жасушалардың құрылуына пайдаланатын құрылымдық материал іспеттес, дамушы ағзаның өсуі мен жаңаруын қамтамасыз етеді.

Қоректік заттар – ақуыздар, майлар, көмірсулар

Химилық

өзгерістер

Түзілу

Ыдырау

Қорытылмаған қалдықтар, несепнәр, тұздар, су, көмірқышқылы

Page 19: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

18

Сонымен, зат алмасу (метаболизм) - бұл ағзаның тіршілік етуін қамтамасыз ететін химиялық процестердің кешені. Ағзадағы химиялық өзгерістер қарама-қайшы екі бағытта жасалады – қарапйымнан (анаболизм немесе ассимиляция) күрделі қосылыстардың түзілуі және күрделі қосылыстардың оңай, қарапайым қосылыстарға ыдырауы (катаболизм немесе диссимиляция).

6. Практикалық жұмыс. Оқытушы оқушыларды екі топқа бөліп, оларға эндокриндік жүйенің ағзаның басқа жүйелерімен өзара байланысын көрсететін кесте құрастыру және өткен материалдарды қайталауға тапсырма беріледі.

Центральная нервная система – орталық жүйке жүйесі Вегетативная нервная система – вегетативтік жүйке жүйесі Стимулирующие гормоны – ынталандырушы гормондар Периферические эндокринные железа – перифериялық эндокриндік бездер Щитовидная и паращитовидная железа – қалқанша және жұпқалқаншалы бездер Надпочечники – бүйрекбез Поджелудочная железа – ұйқы безі Яичник –аналық безі Яички – аталық без Стимулирующее действие – ынталандырушы әрекет

Обратная связь – кері байланыс

Page 20: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

19

Сур. Эндокринді реттелудің гипоталамо-гипофиздік жүйесі: ТТГ-тиреотропты гормон; АКГТ-адренокортикотропты гормон; ФШГ-фолликулоширатушы гормон; ЛГ-лютендендіруші гормон; СТГ-соматропты гормон; ЛТГ-лютеотропты гормон (пролактин); АДГ-антидиуретикалық гормон (вазопрессин) Эндокриндік жүйе орталық жүйке жүйесінің бақылауымен жұмыс атқарады және ағзаның функцияларын бірлесе отырып реттейді. Реттеу факторларын жасау жүйке және эндокриндік жүйе үшін ортақ болып табылады. Гормондарды шығару көмегімен эндокриндік жүйе, жүйке жүйесімен бірлесе отырып, ағзаның жеке дара тіршілік етуін қамтамасыз етеді. Эндокриндік жүйе болмағанда ағза өздерін шексіз шатасқан «сымдар» қатарын елестетін еді. Осы тұста сымдардың көптігіне байланысты «радиомен» хабарлағандай, бірден көптеген жасушаларға рет-ретімен жеткізілетін жалғыз ғана «бұйрық» болар еді. Эндокриндік жасушалар гормондар шығарып, оларды қанға бөліп шығарады, ал жүйке жүйесінің жасушалары (нейрондар) синаптикалық саңлауларға (нейромедиаторлар өтетін нейрондар арасындағы кішкентай кеңістік) бөлініп шығарылатын биологиялық белсенді заттектер (нейромедиаторлар) жасап шығарады. Эндокриндік және жүйке жүйесін байланыстыратын үзбе бір мезетте жүйке құрылу мен эндокриндік без болатын гипоталамус бола алады. Ол эндокриндік механизмдердің реттеулерін жүйке реттеулерімен байланыстырады, бақылайды, сонымен қатар зат алмасу және қан айналым, тыныс алу, ас қорыту, шығару, көбею органдарының қызметін бақылайтын вегетативті жүйке жүйесінің орталығы болып табылады. Гипоталамуста гормондардың шығарылуын басқа эндокриндік бездермен реттейтін нейрогормон деген ерекше заттекті шығару мүмкіндігі бар нейрондар орналасқан. Эндокриндік жүйенің орталық органы сонымен қатар гипофизде жатады. Басқа эндокриндік бездерді эндокриндік жүйенің перифериялық органдарына жатқызады. Сызбада көрсетілгендей орталық және вегетативті жүйке жүйесінен түскен сигналдарға жауап ретінде, гипоталамус гипофизге ынталандырушы (ширатушы) гормондардың шығарылуын үдету немесе тежеу «бұйрықтарын» беруші нейрогормондар бөледі. Сонымен қатар, гипоталамус гипофиздің қатысуынсыз перифериялық бездерге тікелей сигналдар жібере алады. Гипофиздің негізгі ынталандырушы гормондарына тиреотропты, адренокортикотропты, фолликулынталандырушы, лютеиндендіруші және соматропты гормондар жатады. Тиреотропты гормон қалқанша және жұпқалқаншалы бездерге әсер етеді. Ол қалқанша және жұпқалқаншалы бездердің жасалуын және шығарылуын белсенді етеді. Адренокортикотропты гормон бүйрек безі гормондарының шығарылуын ынталандырады. Фолликулоынталандырушы және лютеиндендіруші гормондар жыныстық қызметтердің және жыныстық бездер гормондарының шығарылуын ынталандырады. Соматропты гормон жалпы ағзаның және оның жеке органдарының ішін (оның ішінде қаңқаның өсуін) ынталандырады. Бұл гормон ұйқы бездері бөліп шығаратын инсулинді, глюкагонды және және асқорыту ферменттерін басатын

Page 21: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

20

ұйқы безінің гормондарын да ынталандырады. Ұйқы безінде өте ұсақ аралдар тектес топтанған жасушалардың мамандандырылған 2 түрі бар. Бұл альфа-жасушалар, глюкагон гормондарын шығарушылар, инсулин гормонын түзуші бета-жасушалары. Инсулин мен гормон көмірсу алмасуын реттейді (нақтырақ айтқанда глюкозаның құрамындағы деңгейі). Ынталандырушы гормондар перифериялық эндокриндік бездердің қызметтерін белсендендіре түседі, олардың ағзаның негізгі тіршілік ету процесстерін реттеуге қатысушы гормондарының шығарылуына мүмкіндік береді. Бір қызығы, перифериялық эндокриндік бездердердің шығаратын гормондарының көптігі гипофиздің сәйкес «тропты» гормонының бөлінуін тоқтатады. Бұл теріс кері байланыс атты тірі ағзалардағы әмбебап реттеу механизмінің анық суреттемесі. Ынталандырушы гормондар басқа гипофиз ағзасының тіршілік функцияларын бақылауға тікелей қатысушы гормондарды жасап шығарады. Мұндай гормондарға соматропты гормон (ол туралы біз жоғарыда айтқан болатынбыз), пролактин, вазопрессин, окстиодин және т.б. жатады. Пролактин сүт безінде сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді. Вазопрессин сұйықтықтың ағзадан бөлінуін тежейді және артериялық қан қысымын көтереді. Окситоцин жатырдың жиырылуын тудырады және сүт безінен сүттің бөлінуін ынталандырады. Сонымен, гипоталамус адамның эндокриндік жүйесінің тіршілігінде үйлестіруші және реттеуші қызметтерді орындайды.

7. Шағын топтардағы жұмыс Оқытушы оқушыларды төрт топқа бөледі. Бірінші топқа мына сұраққа жауап беру тапсырылады – Сіз эндокриндік жүйе функцияларының бұзылуын қалай түсінесіз? Екінші топ - эндокриндік бездердің функциялары артқанда адамда қандай өзгерістер болатынын талқылап жазады. Үшінші топ - эндокриндік бездердің функциялары төмендегенде адамда қандай өзгерістер болатынын талқылап жазып беру тапсырмасын алады. Төртінші топ – эндокриндік жүйенің функциялары бұзалмауы үшін не істеу керек. Осыдан кейін әр топ өз жұмыстарын таныстырады. Оқытушы қорытынды жасап, оқушыларға деректер ұсынады.

8. «Эндокриндік жүйе функцияларының бұзылуы және олардың алдын алу» мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс.

Мысал мазмұн. Қазіргі заманның күнделікті өмір тіршілігінің қарбалас сәттерінде жиі орын алатын біз ағзаның жіберетін үрейлі белгілерін біз елемей отырамыз. Көпшілігі жүрек-қантамыр, асқазан мен ішек қызметінің, несептік-жыныстық саулығына алаңдайды. Бірақ, көңіл-күйдің тұрақсыздығы, ашушаңдық немесе ренжігіштік, шамадан тыс тершеңдік, ұйқысыздық – бұл ағзаның эндокриндік жүйесінің бұзылуының қауіпті көріністері. Эндокриндік өзгерулер көбінесе әртүрлі аурулар кейпіне енеді немесе косметикалық ақаулар болады, мысалы, безеу бөртпесі, сондықтан мәселенің негізгі себебін анықтау оңайға соқпайды. Сондықтан, эндокриндік бұзылулардың белгілі симптомдарын білу қажет. Ішкі секреция безінің қызметі бұзылғанда, эндокриндік атты аурулар пайда болады. Бұзылулар (қалыпты жағдаймен салыстырғанда) бездердің қызметінің күшеюімен – гиперфункциямен, бұл жағдайда гормондардың көп мөлшерде

Page 22: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

21

түзіліп, қанға енуі байқалады немесе бездердің төмендеген қызметі – гипофункциямен байланысты, ол кері нәтижелер береді. Ішкі секреция бездерінің негізгі функцияларын қайталап, олардың бұзылу салдарынан болатын ауруларды қарастырайық. Қалқанша без кеңірдектің жағында көмейдің қалқанша шеміршегінен сәл төмен орналасқан. Қалқанша без гормондары құрамындағы йод бездердің қалыпты жұмыс істеуінің қажетті шарты. Қалқанша без гормондары зат алмасуды реттейді, жасушалардың өсуі мен дамуына және жүйке жүйесінің қызметіне әсер етеді. Бездердің гиперфункциясында базедова ауруы (зоб ауруының жеңіл түрі) дамиды. Оның негізгі белгілері: без тканьдарының үлкеюі (зоб), бадырақ көз, жүрек қағысының жиілеуі, салмақ жоғалтуы. Бездердің гипофункциясы ересек адамдарды микседеманың (сілемейлі ісік) дамуына әкеліп соғады, дене температурасының төмендеуінен, дене салмағының өсуінен, беттің ісігі мен өзгеруінен, психиканың бұзылуынан көрінеді. Бездердің гипофункциясы балалар жасында өсуді тежейді, ергежейлілік дамиды, сонымен қатар, ақыл-ой дамуының күрт артта қалуы байқалады (кретинизм). Бүйрекбездер – қос без, бүйректердің жоғарғы полюстарында орналасқан. Бүйректер сияқты бүйрекбездер де әртүрлі әрекет ететін мінезі бар түрлі гормондарды шығарушы екі қабаттан тұрады: сыртқы – қабыршақты, ішкісі – милық. Қабыршақты қабатты жасушалармен шығарылатын гормондар, минералды, көмірсулы, ақуызды және май алмасуды реттейді. Олардың көмегімен қандағы натрий мен калийдің деңгейі реттеледі, қандағы глюкозаның белгілі бір концентрациясын ұстайды, бауыр мен бұлшық еттерде глюкогеннің жасалуы мен жиналуы ұлғаяды. Соңғы екі функцияны бүйрекбездер ұйқы безі гормондарымен бірлесе орындайды.

Бүйрекбездердің қабыршақты қабатының гипофункциясында қола ауруы немесе адиссонов ауруы дамиды. Оның белгілері: теріге қола реңк береді, бұлшық ет әлсіздігі, жоғары деңгейде шаршағандық, иммунитеттің төмендеуі.

Бүйрекбездердің ми қабаты арқылы адреналин және норадреналин түзіледі. Олар күшті эмоцияларда бөлінеді: ашу, үрей, ауырсыну, қауіп. Бұл гормондар қанға түскенде, жүрек қағысының жиілеуі, қантамырлардың жіңішкеруі (жүрек және ми тамырларынан басқа), артериялық қысымның көтерілуі, бауыр мен бұлшықет жасушыларындағы гликогеннің глюкозаға дейін ыдырауының күшеюі, ішек қызметінің төмендеуі, қолқа бұлшықеттерінің босауы. Нәтижесінде төтенше тітіркендіргіштер әрекетінің жағдайында, дімкәстік синдромы атты ағзадағы функцияларының қайтуы, құрылуы болады және күйзеліс ахуалынан өту үшін ағзаның күштері жинақталады. Ағзаның күйзеліске бейімделу мүмкіншілігі көп жағдайда эндокриндік жүйенің осы гормондарының шығарылуының тез төмендеуі мен жауап беру қабілетіне байланысты.

Ұйқы безі айтып өткеніміздей, инсулин мен глюкагон гормондарын шығаратын аралдық жасушалар, олар ағзадағы көмірсу алмасуын реттейді. Атап айтқанда, инсулин жасушалардың глюкоза тұтынуын ұлғайтады, осылай қандағы қант мөлшерін азайтады. Инсулин әрекеттерінің арқасында қанның құрамындағы глюкозаның мөлшері ағзаға жайлы, қалыпты деңгейде ұсталады. Инсулин жеткіліксіз түзілген жағдайда, қан құрамында глюкоза деңгейі жоғарылайды да, қант диабеті ауруына әкеліп соғады. Ағзаға пайдаланылмаған қант зәрмен сыртқа шығарылады. Науқастар суды көп ішеді, азады. Бұл ауруды емдеу үшін ағзаға инсулин жіберу керек. Ұйқы безінің екінші гормоны – глюкагон инсулинге қарама-қарсы болады және қарама қарсы әрекет жасайды,

Page 23: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

22

нақтырақ айтқанда, гликогеннің глюкоза деңгейіне ыдырауын күшейтіп, оның қан құрамындағы мөлшерін көтереді.

Адам ағзасының эндокриндік жүйесінің ең маңызды безі гипофиз екенін естеріңізге салайық. Онда, басқа эндокриндік бездердің функцияларын ынталандырушы (ширатушы) гормондар түзіледі, олар: қалқанша без, бүйрек без, жыныстық бездер, сонымен қатар өсу гормондарының (соматотропин) шығарылуы мен жасалуын ынталандырушы гормондар. Өсу гормоны жеткіліксіз түзілгенде баланың өсуі тежеледі де, гипофиздік ергежейлілік ауруы белең алады (ересек адамның ұзындығы 130см аспайды).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы анықтағандай, адам бойының орташа ұзындығы 160 см (әйелдер) және 170 см (еркектер). 140 см төмен немесе 195 см биік адам өте қысқа немесе өте ұзын болып есептеледі. Рим императоры Максимилианның бойы 2,5 м болғаны, ал египеттік ергежейлі Агибенің бойы бар болғаны 38 см болғаны белгілі. Гормондар көбейіп кеткенде, керісінше алыптық дамиды. Гормон түзілуі жоғарылағанда ересектерде акромегалия ауруы пайда болады, ол жағдайда дененің кейбір бөліктері – тіл, мұрын, қол ұштары үлкейе бастайды.

Басқа гормондар судың кері тартуын күшейтеді және несеп шығаруын төмендетеді және жатыр бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтеді.

Жыныстық бездер – аталық без еркектерде және аналық без әйелдерде. Аталық бездер андроген гормондарын, ал аналық бездер – эстроген гормондарын түзейді. Олар өсіп-өну органдарының дамуын, жыныстық жасушалардың өсіп жетілуін және екінші жыныстық белгілердің қалыптасуын, дәлірек айтқанда, қаңқаның құрылымының ерекшеліктері, бұлшық еттің дамуы, шаштың тері үстіндегі және тері асты майлардың үйлесуі, көмей құрылымы, еркектер мен әйелдердегі дауыс тембрі, т.б. Аналық без бен аталық бездің сыртқы секреторлық функциялары ұрық жасушалар мен сәйкесінше, сперматозоидтардың түзілуінде және жыныстық түтіктер бойынша бөлінуінде болады. Эндокриндік аурулардың алдын алу үшін қандай шаралар өткізу қажет? Уақытылы және сауатты емдеу болмаған жағдайда эндокриндік бұзылулар арта түседі де, келешекте ауыр мәселерге айналады. Эндокриндік бұзылулардың көбісі ерте сатысында емделеді, басқалары үнемі дәрі-дәрмекті қажет етеді. Эндокриндік жүйе ауруларының алдын алуға бел буған адамның, ең бірінші назар аудару керек нәрсесі, ол – рацион. Дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі эндокриндік жүйе қызметінің бұзылуына жиі әкеліп соғады. Сондықтан, тағам рационында А, В, С, Е дәрумендері бар, сонымен қатар, практикалық барлық дәрумендер, әсіресе йоды бар азық-түліктер болуы қажет. Еттің майсыз сорттарын, теңіз өнімдерін, дәнді-дақылдар, жұмыртқалар, сүт өнімдерін, жеміс-жидектер пайдалануға кеңес беріледі. Одан басқа, йодталған азық-түліктер болады, мысалы, тұз. Гормональді бұзылудың алдын алу үшін, салауатты өмір салтын ұстану маңызды. Адамға зиянды әрекеттерден (темекі тарту, ішімдік ішу т.б.) арылу керек, бірқалыпты физикалық жаттығулармен шұғылдану қажет. Әртүрлі психоэмоционалды күштер де бездер жұмысында іркілістер туғызады, сондықтан күйзелістерден өте білу қажет. Қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерін барынша төмендету қажет. Барлық аталған шараларды келесі диаграммадан көруге болады.

Page 24: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

23

Салауатты өмір салты Салауатсыз өмір салты

Адам

Алкогольді, темекітартуды, есіртікінітұтынуды асыра

пайдалану

Бұзылғантамақтану

режимі

Гиподинамия

Медициналықсауатсыздық

Зияндыәдеттерден бас

тарту

Дұрысүйлестірілген

тамақтану

Тұрақтыфизикалық жәнебелсенді қимыл

Толыққандыдемалыс

Қоршағанортаның

әсері

9. Материалды бекітуге арналған іс-тәжірибелік жұмыс. Оқушыларды 4 топқа бөлу. Парталарда бездердің атаулары жазылған кішкентай кестелер жатыр, оларды ашу керек. Орындықтардың арқаларында гормондар аттары жазылған кестелер бекітілген.

1. Гипоталамус 2. Гипофиз – соматотропин, вазопрессин, гонадотропин 3. Қалқанша без – тироксин, трийодтиронин, кальцитонин 4. Бүйрек бездері – адреналин, норадреналин, кортикоидтар,

минералокортикоидтар 5. Ұйқы безі – инсулин, глюкагол.

Сосын әр топтан бездер аттары жазылған кестелерді ұстап (мысалы, біреуі – гипоталамус, екіншісі – гипофиз, т.б.), гормондар аттары жазылған кестелерді пайдаланып, олардың бір-бірімен өзара байланысын көрсетеді.

10. Сабақты қорытындылау. Оқытушы оқушыларға мына сұрақты қояды: бүгін осы сабақтан соң өздеріңе қандай тұжырым жасадыңдар? Осыдан кейін оқытушы сабақты қорытындылайды: Эндокриндік жүйенің барлық органдарының ынтымақты және үйлесімді қызмет етуі сіздің ағзаңыздың қалыпты тіршілік етуінің кепілі.

Модуль 3. Зиянды әдеттер мен олардың адам денсаулығына әсері (2 сағат). 3.1 сабақ. Зиянды әдеттер: темекі шегу, алкоголь, есірткі мен уытты заттар қабылдау. Физикалық, психикалық, әлеуметтік тәуелділік (1 сағат). Мақсаты:Оқушыларда зиянды әдеттерге жағымсыз қарым-қатынас, олардан бас тарту дағдысын қалыптастыруға көмектесу. Міндеттері:

- Зиянды әдеттер туралы түсінік беру.

Page 25: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

24

- Темекі, алкоголь, есірткі және уытты заттардың адам ағзасына зиянды әсерлерінің факторларымен таныстыру.

- Физикалық, психикалық, әлеуметтік тәуелділік туралы түсінік беру. - Темекі шегу, алкоголь, есірткі және уытты заттарды қабылдауды бастаудың

себептерімен таныстыру. - Зиянды әдеттерге деген жағымсыз көзқарасты, жауапты мінез-құлық, тиімді

бас тарту әдеттерін қалыптастыру. -

Түйінді түсініктер: зиянды әдеттер: темекі шегу, алкоголь, есірткі, уытты заттардың денсаулыққа жағымсыз әсері, физикалық, психикалық, әлеуметтік тәуелділік, жауапты мінез-құлық. Сабақты жүргізу әдісі: ми шабуылы, шағын-дәріс, шағын топтардағы жұмыс, «жұмыс парақтары» мен «ашық сыр парақтарын» толтыру. Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магнитті тақта); флипчартты қағаз; маркерлер; мультимедиапроектор, «жұмыс парақтары», «ашық сыр парақтары». Сабақ барысы:

1. Оқытушы кіріспе сөзінде оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

2. Бой сергіту. «Мен қандаймын» жаттығуы. Әр оқушы тұрып, өз есімін және есімге қатысты әріптен басталатын 2-3 сын есімдер (эпитеттер) атайды. Мысалы: Айгерім – ақылды, активті, амбициозды; Серікбол – салмақты, сыпайы және т.б. 3. Ми шабуылы.

Оқытушы оқушыларға сұрақ қояды: 1. Әдет деген не?

Оқушылардың жауаптары флипчартқа жазылады. Осыдан кейін жауаптардың барлығы жинақталып, қорытындыланып, оқытушы оқушыларға мынадай анықтама жасайды: Әдет – бұл, адам үшін орындалмаса болмайтын, орындалуы қажеттілікке айналған, онсыз бәрі ойдағыдай болмайтын іс-әрекет.

2. Қандай әдеттер зиянды болып есептеледі? Зиянды әдеттер – бұл, адам денсаулығына зиянын тигізетін және өз мақсаттарын іске асыруға, өз мүмкіншіліктерін өмірінде толығымен пайдалануға кедергі болатын әдеттер.

3. Зиянды әдеттердің ерекшеліктері қандай? Зиянды әдеттер бірқатар ерекшеліктерге ие: Көбіне зиянды әдеттер, соған ұшыраған адамның денсаулығына жағымсыз

әсер ететіндей, айналасындағылардың денсаулығына да әсері бар. Зиянды әдеттер нәтижесінде, міндетті түрде адамның қалған бар іс-

әрекеттерін, оның ісін өзіне бағындырып алады. Зиянды әдеттердің ерекше белгісі: үйренісіп кету, онсыз өмір сүре алмайтын

халге жету. Зиянды әдеттерден арылу өте қиын.

Page 26: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

25

4. «Жұмыс парақтарын» толтыру. Оқытушы оқушыларға тігінен екіге бөлінген «жұмыс парақтарын» (А-4) таратады. Бірінші бөлігіне: «Жақсы (пайдалы) әдеттер», екінші бөлігіне: «Зиянды әдеттер» деп жазылған. Оқушыларға ойланып, «жұмыс парақтарын» толтыру ұсынылады. Болғаннан кейін бірнеше оқушы өз жауаптарын оқып шығады. Мысал жауаптар: «Жақсы (пайдалы) әдеттер:

• Ерте тұру, • Күнделікті таңертеңгілік жаттығу, • Қарама-қарсы (контрасты) душ қабылдау, • Тісті күніне 2 рет тазалау, • Ұйқы алдында серуендеу, • күнделікті үйді жинастыруға 10-15 минутты арнау, • «Көшеден» соң, дәретханадан соң, тамақтанар алдында міндетті түрде

қолды жуу, • Үнемі денені жуу, • Киімнің, төсектің тазалығын қадағалау, • Бөлмені үнемі желдетіп отыру, әсіресе таңертең және ұйықтар алдында, • Күнделікті серуендеу, • Күн сәулесімен, таза ауамен шынығу, • Жалаң аяқ жүру, • Өмірге қуанып, күлімдеп жүруды үйрену, • Қант, шәй, какао, кофені пайдалануды қысқарту, • Жатар алдында тамақ ішпеу, т.б.

«Зиянды әдеттер»: • Темекі тарту, • Алкогольді қабылдау, • Есірткі қабылдау, • Уытты заттарды қабылдау, • Ойынға тәуелділік, • Шопингомания – «таңылған дүкенге тәуелділік», • Компьютерге тәуелділік, • Теледидарға тәуелділік, • Sms-тәуелділік, • Құмар ойындармен әуестену, • Бас тарта алмаушылық, • Кешігу,• Ұмытшақтық, • Тырнақты тістеу, т.б. әдеттер.

5. Шағын топтардағы жұмыс. Оқушылар 4-5-тен кіші топтарға бөлінеді, зиянды әдеттердің адамға жағымсыз

әсерлері туралы талқылап, флипчартқа жазады. Осыдан соң жұмыстарын презентациялап, жинақтап қорытынды шығарады.

Page 27: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

26

6. «Темекі тарту, алкоголь, есірткі және уытты заттардың адам ағзасына зиянды ықпалы» атты мультимедиялық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс.

Мысал мазмұн. Темекі тартудың зияны

Никотиннің адамға әсері – аса жағымсыз. Никотин тәжірибеде барлық органдарға әсер етеді, бірақ орталық жүйке жүйесіне, жүрек-қантамырлық, эндокриндік жүйелерге әсері тым жоғары. Никотин инсульт пен жүрек ауруларына әкелетін тамыр асклерозының өсуіне себеп болады. Никотин тромбтардың пайда болуына себеп болады, канцерогенді (обырдың (рак) өсуіне себеп болатын) әсерге ие. Адам ағзасына тигізетін зиянды әсерінің ең қауіптісі – бұл, келер ұрпақта тек дами беретін жасушаларды мутацияға ұшырататын қабілеті бар. Никотиннің ағзаға енетін негізгі жолы – бұл өкпе. Никотин және оның басқа компоненттері демді ішке тарту кезінде темекі түтіні кеңірдектен, қолқадан өтіп, альвеоларға түсіп, ол жақтан қанға сіңеді. Бір тартқаннан 8 секундтан соң никотин миға түседі, оның концентрациясы тек темекі тартып болған соң 30 минуттан кейін төмендейді. Никотиннің негізгі метаболизм (алмасу) процессі бауырда, бүйректерде және өкпеде өтеді. Темекі тартпайтындар темекі тартатындардың ортасында болғанда, темекі тартатын адамдарға қарағанда обырға ұшырау қаупі 20% жоғары және егер де отбасында, пәтерде көп темекі тартылса, темекі шекпейтіндерде обырға ұшырау қаупі 70% артады. Ата-анасы темекі тартатын балалар тыныс ауруларымен, ата-анасы темекі тартпайтын балаларға қарағанда 2 есе көп ауырады. Никотин жүйке жасушалары үшін өте уытты. Никотиннің аз дозасы өте қысқа уақытта ми қыртысының қозғыштығын күшейтеді, сосын жүйке жасушаларының қызметін басады, олар бірте-бірте әлсіреп, ақыл-ой қызметі мен мидың басқа да функцияларын төмендетеді. Қозу мен тежелу процесстерінің бұзылуы неврозға тән симптомдарды тудырады, олар қатты бас ауруларымен, ашушаңдық, дисфория, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқысыздық, бас айналу, абыржулық, саусақтардың дірілдеуімен білінеді. Сонымен, темекі тарту қажеттілігі рақаттану үшін емес, невроз симптомдарын өшіру үшін туындайды. Никотин жүрек жұмысын жеделдетеді, қантамырларды тарылтады, қан қысымын көтереді. Никотин әсерінен жүрек қызметінің, асқазан, ішек қызметі бұзылуы, т.б. басталады. Никотин ми тамырларын тарылтатындықтан ми қанмен оттегіні жеткіліксіз алады, сондықтан темекі тартушының ақыл-ой қызметі бұзылады. Темекі тартқанда жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі де зардап шегеді, бұл ауырсынулармен, аяқ-қол сезімталдығының (шаншулар, ұю) бұзылуымен білінеді. Темекі тарту қатты жөтелге, тыныс алудың қиындауына әкелетін қақырықтың пайда болуына себеп болады. Әсіресе таңертеңгі жөтел азапты келеді. Әдетте, темекі тартушыларда қарлыққан, дөрекі дауыс қалыптасады, бұл әйелдер үшін тым жаман. Алкогольдің зияны Ең әуелі, алкоголь миға қауіпті, өйткені, басқа органдарға қарағанда концентрациясының аса көп бөлігі осы жерде шоғырланатындықтан миға аса қауіп туғызады. Алкоголь ми қабығының бұзылуына, ұюына және басқа бөлімдерінің бұзылуына әкеледі. Алкоголь ас қорыту органдарына: өңеш, асқазан, ұйқы бездеріне жағымсыз әсер етеді. Мұнда алкогольдің адам ағзасына әсері, ас қорыту органдарының жасушаларының ішкі қабығының бұзылуына және зақымдануына, тканьдарының

Page 28: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

27

күйіп, солуында; асқазан сөлін шығаратын бездердің атрофияға ұшырауында; инсулин шығарушы жасушалардың жойылуында көрінеді. Бұл, өз кезегінде, қоректік заттардың сіңу процессінің бұзылуына әкеліп соғады, ас қорыту ферменттерінің бөлінуінің азаюы, асқазанда тамақтың іркілуіне әкеледі. Сонымен, алкогольдің денсаулыққа әсері, іштегі күрт ауырсынулармен, асқазан мәселелері, гастрит, қант диабеті, панкреатит, асқазан обыры ауруларымен білінеді. Асқазан мен ішектен алкоголь қанға түседі және мұнда алкогольдің адам ағзасына жағымсыз әсері жалғасады. Алкоголь, адам қанының жасушалары – эритроциттердің бұзылуына себеп болады. Осының нәтижесінде деформацияланған қызыл қанды денешіктер оттегіні өкпеден тканьдарға (көмірқышқыл газын кері) тасымалдауға, сонымен қатар, басқа да бірқатар функцияларды орындауға қабілетсіз болады. Осының салдарынан алкоголь тұтынушы адам жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларына: ишемиялық ауруларға, атеросклерозға, аритмияға ұшырайды. Алкогольдің денсаулыққа әсері, сонымен қатар, қандағы қант реттелуінің бұзылуында болады. Бұл қауіпті зардаптарға: диабетті жағдайларға, тамырлар мәселесіне, жүйке жүйесі мен мидың жұмысының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. Жүрек-қантамырлар жүйесі үшін жастар арасындағы көп тараған зиянсыз сусын болып саналатын – сыраны көп мөлшерде тұтыну қауіпті. Бұл өгіз жүрекке әкеліп соғады – оны тағы да сыралық деп атайды, бұл жағдайда жүректің көлемі үлкейіп, көбірек жиі жиырылуға бейім болады. Осыдан – әртүрлі аритмиялар, қан қысымының көтерілуі пайда болады. Алкогольдің денсаулыққа әсері жүйке жүйесінде де білінеді, соның салдарынан, психикалық уланулардың орталықтарының параличі: зейін мен есте сақтау, қоршаған ортаны қабылдау, ақыл-ой дамуы, ойлау, есірткіге тәуелділіктің пайда болуы, адамның дағдарысқа ұшырау мәселелері. Алкогольдің алдында, әсіресе бауыр қорғансыз болады. Алкогольдің әсерінен бауыр жасушалары жойылады – олардың орнында тыртық пайда болады, ол бауыр функцияларын орындай алмайды, бұл көптеген зат алмасу бұзылуларына әкеліп соқтырады. Алкогольдің денсаулыққа әсерінің нәтижесінде көп тараған бауыр ауруы – бауыр циррозы. Көп жағдайда адамдар одан қайтыс болуы мүмкін. Ақыр соңында, алкогольдің көп дозасы алкогольдік комаға, ажалды нәтижеге әкеліп соқтырады. Есірткі және уытты заттарды қолданудың зияны Есірткі және уыттар заттар – бұл адамның миын, психикасын (жүйке жүйесінің дисфункциясы салдарынан мидың бұзылуы) ақырындап бұзатын у. «Момент» желімі немесе бензин бар болғаны 3-4 айда, кендір – 3-4 жылда адамды жарымеске айналдыруы мүмкін. Морфин тұтынушылар 2-3 айдан кейін іс-әрекетке қабілеттілігін жоғалтады, өздеріне қарауды қояды, адамдық кейіпін жоғалтады. Кокаин қабылдайтын адамдар төрт жылдан артық өмір сүрмейді. Олар жүректің жарылуынан мерт болады, не болмаса, мұрын далдасы (перегородка) жіңішкеріп, ажалды қан кетуге тап болады. ЛСД қолданған кезде адам кеңістікте бағдарлау қабілетін жоғалтады, онда ұша аламын деген сезімдер пайда болып, өз мүмкіншілігіне сеніп, соңғы этаждан секіреді. Есірткі қабылдау зардабының негізгі аурулары – бұл гастрит, гепатит, жүрек бұлшық етінің әлсіреуі, АИТВ. Сонымен қатар, есірткі қабылдайтын адамның тістері түсіп, терісінің түсі өзгереді, бетінде әжімдердің пайда болуы, шын мәніндегі өз жасынан әлдеқайда үлкен болып көрінеді. Барлық есірткі қабылдаушылар, қабылдаған есірткі түріне қарамастан ұзақ жасамайды. Олар өзіндік сақтау инстинктін жоғалтады, сол себептен, есірткіге үйір болған алғашқы екі жыл ішінде, есірткі тұтынушылар суицид жасауға тырысады.

Page 29: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

28

Көбіне бұның орайы келеді. Дозасын асырып алғаннан кейін қайтыс болатындар да аз емес, көбіне есірткі тұтынушының өмірінде бір-ақ мақсат болады – ол дозаны табу. Есірткі бәрін құртады – күштілерді де, ақылдыларды да, дарындыларды да. Бағасы жоғары есірткі заттары ерте ме, кеш пе тұтынушыны қылмысқа итермелейді. Қаражаттың жетіспеушілігінен ұрлыққа баруға мәжбүр болады, адам өлтіруге де барады, есірткі саудасымен айналысады. Жастарға есірткі қабылдау аса қауіпті. Тәжірибеде 30 жастан кейін тұтынушы болғандар жоқтың қасы. Дозасын асырып алудан болған өлім-жітімдік деңгейі тым жоғары. Есірткінің алкоголь мен темекі шегуге қарағанда қауіпі аса жоғары. Есірткі қабылдағанда ағза оны өзінің зат алмасу процессіне қосады, есірткі оған қажет болып тұрады. Әлсіз есірткі заттарды, химиялық уытты дәрілік препараттарды қабылдау зиянсыз, есірткіге тәуелділікті шақырмайды деген пікірге сенбеңіз. Тұтынушылық түрі көп, ал соңы біреу – өлім, тұлғаның күйреуі. Егер де сіз тұтынушылық торына түскеніңізді сезсеңіз дереу дәрігерге көрініңіз, туысқандарыңызбен және жақындарыңызбен кеңесіңіз, сізге көмектесетін уақыт әлі бар. Сіз осыны анықтадыңыз, сездіңіз – демек сіз құтқарылдыңыз.

7. Шағын топтардағы жұмыс. «Жеміс салаты» жаттығуының көмегімен оқытушы оқушыларды топтарға

бөледі. Ол үшін жеміс аттарына бөлінуді сұрайды: алма, алмұрт, қараөрік, апельсин. Сосын оқушылар топтарға бөлінеді: 1-«алмалар», 2-«алмұрттар», 3-«қараөріктер», 4-«апельсиндер».

Әр топ жасөспірімдердің, жастардың ең алғашқы темекі тарту, есірткі, алкоголь, уытты заттар қабылдауды бастайтын себептерін талқылайды. Сосын 4 топтың әр қайсысы презентация жасайды.

Талқылаудан соң оқытушы барлық айтылғандарды жинақтауды және темекі тарту, алкоголь, есірткі, уытты заттарды қабылдауды бастаудың негізгі себептерін тізіп шығуды сұрайды.

Мүмкін болатын себептер: Күшті бейтаныс сезімдерді бастан өткізу үшін Қызыққұмарлықтан Зерігуден Ол заттар спиртті ішімдіктерді алмастырады Компанияда сондай жағымды Бір-біріне еліктеу Өмірге қанағаттанбағандықтан Беделді, сәнді «Әдемі көрінуге» талпыну Ересек болуға ұмтылу Өз бетінше болуға ұмтылу Күшті, батыл болуды қалау Әсемпаздық, қызықтылыққа ұмтылу Бозбалаларға (қыздарға) ұнауды қалау Басқа да себептер

Page 30: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

29

8. «Психикалық, физикалық, әлеуметтік тәуелділіктер» мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс.

Мысал мазмұн Тәуелділік деген не? Тәуелділік медициналық мағынасында «табиғи немесе улы заттарды қайталап

тұтынумен пайда болатын кезеңдік немесе созылмалы улану жағдайын» көрсетеді. Яғни, басқаша айтқанда, тәуелділік – бұл, есірткіге «үйрену», оларды қолдануға үнемі қажеттілік, себебі, препараттың әсер ету мерзімі біткеннен кейін адамда азапты, өзін нашар сезіну жағдайлары басталады, мұның бәрі тек есірткілік құралдарды қолдану арқылы тоқтатылады.

Тәуелділіктің үш түрі болады: әлеуметтік, психикалық және физикалық. 1. Әлеуметтік тәуелділік Адам әлі есірткі тұтынуды бастамаған, бірақ, сол тұтынушылардың ортасында

«оралып» жүреді, олардың мінез-құлық стильдерін, есірткіге қатынастары мен топтың ішкі атрибуттарын қабылдағанда әлеуметтік тәуелділік туралы айтады. Мұндай топқа тек оның қағидаларын шеттетпеуді қаламаушылық соншалықты күшті болуы мүмкін, ол тіпті әдеттегі түсініктерді көлегейлеп, мінез-құлықты өзгертеді. Бұл тәуелділік түрінің ажырамас шарты – топтың болуы (бір есірткі тұтынушының алдында да қалыптасуы мүмкін).

2. Психикалық тәуелділік Есірткі қабылдай бастаған кезде адамда психикалық тәуелділік тез

қалыптасады. Ол адамның, есірткілік масаюды бастан кешірген қалпын қайтадан қайтаруға әрекет жасайтынында білінеді. Ол өте күшті болуы мүмкін, есірткіден ұнамды түйсіктер алуға тырысады, я болмаса, есірткі әсерінде болып, ұнамсыз уайымдар мен жағымсыз эмоциялардың көңілін аудару үшін қабылдайды. Психологиялық пен эмоциялы жайсыздықтан құтылуға тырысушылық әсер күшті болғаны сонша, адам енді кейінге есірткі қабылдаудан бас тартуға шамасы келмейді.

3. Физикалық тәуелділік. Есірткіні ұзақ уақыт қабылдағанда есірткінің зат алмасу процессіне қосылу нәтижесінде физикалық тәуелділік қалыптасады. Бұл жағдайда қабылдауды тоқтатқан кезде ауыртпалығы түрлі дәрежеде болатын физикалық жайсыздық байқалады. – жеңіл дімкәстіктен абстинентті синдромға дейін. Аурудың сатысына байланысты есірткі қабылдау жиілігі де өзгереді – татып көру кезеңінен бастап эпизодты қабылдаудан жүйелі қабылдауға өтеді. Бірақ жүйелі қабылдау міндетті түрде физикалық тәуелділіктің бар болуына байланысты емес одан ертерек басталуы мүмкін. Физикалық тәуелділіктің синдромына кіретіндер:

1. Физикалық құшарлық – есірткі қабылдауға деген, мысалы, аштық, шөлдеу деген сияқты өмірлік қажеттіліктерді де ысырып қоятын, жеңуге мүмкін болмайтын ұмтылу әрекеті. Ол адамның көңіл-күйін белгілейді, мінез-құлқын және есірткі қабылдауын басқарады. Адам «мақұлдау» және «қарсы болу» дәлелдерін таразылауды қояды, сондықтан, барлық оның ұмтылыстары, іс-әрекеттері, амалдарының барлығы тек есірткі тұтынуды іздеумен және оған жету кедергілерінен өту болады.

2. Абстинентті синдром. Тәуелді адамның ағзасы енді есірткісіз қызмет жасамайды және есірткі болмаған жағдайда кезекті дозаның қажеті туралы белгі береді. Ізденіс пен келесі дозаны қабылдау өмірлік қажеттілік болып қабылданады. Қайтадан есірткі қабылдау ниеті әр жаңа дозамен күшейе түседі, есірткіге тәуелді адамдарда «сыну» пайда болады, адам есірткіні жиі қолданған сайын, соғұрлым ол тезірек және жіті шыға береді.

Page 31: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

30

3. Қабылдау формаларының өзгеруі (мысалы, адам ұйқысын реттеу мақсатымен ұйқы дәрілерін қабылдайды, ақырында ол ұйқы дәріні масаю қалпына келу үшін қабылдай бастайды).

4. Ағзаның физиологиялық қабілетінің өзгеруі есірткі дозасының белгілі бір мөлшерлерінің әсерін көтереді. Ауру өршіген сайын үйреншікті доза қалаған әсерді алуға жеткіліксіз бола бастайды (эйфория), тұтынушы есірткі мөлшерін бірте-бірте көбейте түседі.

5. Ағзаның қорғану реакцияларының жойылуы (жүрек айну, құсу, тері қышымасы, қатты тершеңдік, ықылықтау, сілекейдің ағуы, көз ауруы). Бұл ағзаның, есірткі дозасы қауіпсіз шектен асып кеткенде пайда болатын үрей дабылы. Есірткі қабылдаушыны сипаттайтындар:

• Ұйқысыздық пен өңсіздік; • Сілемейлі қабықшалардың құрғауы; • Мұрынның үнемі бітелуі; • Дірілдеген қолдардағы қабынған көктамырлар; • Жиі есінеу мен түшкіру; • Тым үлкейген қарашық немесе кішірейген қарашық, жарықтың өзгеруіне

мән бермейтін көздер. Бірте-бірте әлеуметтік байланыстар үзіліп, мәнділігі төмендейді. Бұл тәуелді

адам қоғам бөлігі болудан қалады дегенді білдіреді. Тәуелділік қалыптасу процессінде құндылықтар жүйесі өзгереді. Бұрынғы мәні бар, қымбат, сүйікті нәрсенің барлығы мағынасын жоғалтады. Жақын адамдармен қарым-қатынастар бірте-бірте нашарлайды. Тәуелділіктің әлеуметтік зардабының тағы бір жағы - ол оқудағы мәселелер. Моральдық нормалар туралы түсініктер бұлыңғырланады, ұдайы қаражат қиыншылықтары оны заңға қарама-қайшы әрекеттерге итермелейді. Тәуелділіктің рухани аспектісі. Бұл аспектіде бастысы, тәуелді адам адамгершілік өзегін жоғалтады. Ол үшін биік рухани идеал және құндылықтар мәнін жоғалтады (Отанға, туысқандарға және жақындарға деген сүйіспеншілік, адамдарға қамқорлық, әлсіздерге, ауруларға аяушылық және т.б.).

9. Шағын топтардағы жұмыс. Зиянды әдеттерге «Жоқ!» де.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырма беріледі: 1 топ: темекі тарту ұсыныстарынан бас тарту нұсқаларын үлкен параққа талқылап, жазып шығу. 2 топ: алкогольді татып көру ұсынысынан бас тарту нұсқаларын талқылап, жазу. 3 топ: есірткі татып көру ұсынысынан бас тарту нұсқаларын талқылап, жазып шығу. 4 топ: уытты заттарды татып көру ұсынысынан бас тарту нұсқаларын талқылап, жазып шығу. Осыдан кейін әр топ презентация жасайды. Оқытушы барлық жауаптарды жинақтап қорытындылайды және оқушыларды мынадай қорытындыға әкеледі: әркім «Жоқ!» деп айта алатын тиімді дағдыларға ие болу керек.

10. Соңында оқытушы оқушылардан «ашық сыр» парақтарын толтыруды өтінеді. Әр қайсысына барынша ашық (анонимді) жауап беру үшін сұрақтары бар «ашық сыр» парақтарын береді: 1. Бүгінгі сабақ қандай сезімдер тудырды? 2. Сені әсіресе не ойландырды (таң қалдырды, әсерлендірді)? 3. Өзің үшін қандай қорытынды жасадың? 4. Қандай сұрақтарға жауап алғың келер еді?

Page 32: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

31

Модуль 3. Зиянды әдеттер мен олардың адам денсаулығына тигізетін әсері (2 сағат). Сабақ 3.2 Есірткі мен уытты заттектердің адамның репродуктивті денсаулығына әсері (1 сағат). Мақсаты:Оқушылардың есірткі мен уытты заттардың адамның репродуктивті денсаулығына тигізетін әсері бойынша білімін көтеру және жауапты тәртіпті өмірлік дағдыларын қалыптастыру.Міндеттері:

- Уытты және есірткі заттардың адамның репродуктивті денсаулығы арасындағы өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсінік беру;

- Жыныстық қауіпсіз тәртіп туралы жаңаша шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру;

- Оқушыларда белгілі бір өмірлік жағдайларды байыптап ойлау мен дер кезінде шешім қабылдау негізгі дағдыларын қалыптастыру.

Түйінді түсініктер: репродуктивті денсаулық, есірткі және уытты заттектер, жауапты жыныстық тәртіп, өмірлік дағдылар. Сабақты жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын-дәріс, шағын топтардағы жұмыс, шығармашылық жұмыс. Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магнитті тақта); флипчартты қағаз; маркерлер; мультимедиапроектор; тарату материалдары. Сабақ барысы

21. Оқытушының кіріспе сөзінде сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

22. 23. Бой сергіту. «Ритмика» жаттығуы. Ойынға қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Қазір ырғақты әуен болатыны

хабарланады. Музыка әуеніне сәйкес шеңбер ішіне қадам жасау керек: «бір» дегенде – оң аяқпен шеңберге, «екі» дегенде – сол аяқты оң аяққа қосып қою керек, «үш» дегенде – сол аяқты шығарып, «төрт» дегенде – оң аяқты шеңберден шығарады. Әуелі осы қимылдарды топпен музыкасыз, сосын музыкамен жасайды. Ойынға кіру алгоритмі қарапайым: әуелі жүргізуші бастайды, сосын бір ойыншыдан, одан сол жағы мен оң жағында тұрғандар, осыдан келесі екі ойыншы т.с.с. ойынға барлығы қатысқанша жалғасады. Ойынға барлық оқушылар кіргеннен кейін, топ бірегей бір ағза, яғни «тыныс алу» (шеңберден қадам) және «тыныс шығару» (шеңберге қадам) болады. Жаттығудың орындалуы оңай, топқа көптеген жағымды эмоциялар сыйлайды және жұмысқа деген ынта шақырады. Оған алақандарды шапалақтауды қосып, күрделендіруге болады. Ол шеңберге кіргенде оң аяқты сол аяққа қосқанда жасалады.

23. Шағын топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі және оларға зиянды әдеттердің не

екенін, олардың ағзаға қалай әсер ететін естеріне түсіреді. Сондықтан бірінші топқа репродуктивті денсаулыққа есірткі мен уытты заттардың әсеріне қатысты өз пікірлерін талдап, айтып беруін сұрайды, ал екінші топқа – мұның жыныстық тәртіп туралы жауапты шешім қабылдаумен қандай байланысының бар екендігіне түсінік беруді сұрайды. Осыдан кейін топтар өз жұмыстарын таныстырады, ұстаз топтардың жұмыстарын қорытындылайды.

Page 33: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

32

24. «Есірткі және уытты заттектердің адам денсаулығына, әсіресе

жыныстық тәртіпке қатысты жауапты шешім қабылдауға әсері» атты мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс.

Мысал мазмұн Көптеген үлкен адамдарға жастардың шартты түрдегі ерте жаста жыныстық

өмірді бастауы, некеге дейін жыныстық қатынаспен белсенді айналысуы, бір серіктеске деген адалдықты сақтамау, қорғаныс үшін мүшеқапты тиянақты қолданбау туралы ойлармен үйренісіп кету қиынға соғады. Мұнан басқа, жастар кейде есірткі, соның ішінде, екпе есірткісін көруге ұмтылады. Осының барлығы, профилактикалық бағдарламаның ерте басталуы, жастардың жыныстық қатынасқа түсуге дейінгі немесе есірткі қолдана бастауға дейін орын алуының үлкен маңызы бар екендігін атап көрсетеді, себебі жастардың көпшілігі олардың салдарынан бейхабар болады.

Жай ғана «үйрену» ол міндетті түрде «әрекетті» білдірмейді. Көптеген жастар өз білімдерін, тәуекел мен тәртіпті түйсінуді өзара байланыстыра алмайды. Көптеген жастарды әлсіздікке ұрындыратын жағдайлар мәселенің тек ішінара ғана түсіндірмесін бере алады. Жастарға қауіпсіз тәртіпке көшуге немесе көмектесе алатынын нақтырақ айтқанда, жасөспірімдерге қарсы тұру стратегиясын шығаруға, өз-өзін бағалау, дамыту мен қауіпті тәртіп мүмкіншілігін төмендететін «қорғаныс факторларын» бірдей дәрежеде түсіну маңызды.

Есірткілер ер адам мен әйелдің репродуктивті жүйесінің жағдайына аса жағымсыз әсер етеді, адамның жыныстық өміріне әсер етеді, кейіннен балаларына да әсер етеді.

Ақыр соңында, есірткі пайдалану отбасындағы психологияның хал-жағдайына әсер ететіні, отбасын бұзып, адамдарды ажырастыратыны дәлелденген. Әйелдер мен ер адамдардың қарым-қатынасына белгілі бір сызат түсіреді, осылай жүйке мен гормоналды бұзылушылықтар салдарынан, сонымен қатар, гипоталамус пен гипофиз арасындағы өте күрделі координациялардың бұзылуынан, әйелдің ерлерге деген жыныстық құштарлығы төмендейді. Мидың дәл осы бөліктері ағзаның жыныстық міндеттеріне жауапты. Марихуана шегетін адамдарды аздаған уақыт аралығында зерттегенде, зерттеушілер олардың ұрықтық сұйқтығында жетілген сперматозоидтарды таппады, оның есесіне көп мөлшерде кемтар формадағы жыныстық жасушалар кездесті. Есірткі әсерінен адамда қандағы жыныстық гормондардың деңгейі, әсіресе, сілемейлі сыртқы қабы мен терінің жүйке ұштарының жыныстық сезімталдығы көтеретін, биологиялық химиялық заттек болып келетін – тестостерон, жыныстық серіктестің жыныстық реакциясы тұйықталған түрде немесе толығымен болмауы мүмкін.

Есірткі қабылдаудың кері зардабы іштегі нәрсетенің қалыптасып дамуына өте жағымсыз әсерін тигізеді. Есірткі қабылдаушы ата-аналардың балалары ақылында және физикалық дамуында әр түрлі ауытқулармен туылады. Одан басқа, есірткі қабылдау анасының құрсағында болғанда ғана емес, туылғаннан кейін де балаларының денсаулығына кері әсер етеді. Есірткі қабылдайтын ана есірткі іздеп үнемі күйзелісте болатындықтан, сондай-ақ, есірткі мен уытты заттар ана сүтінің құрамында болуының себебінен нәрестесін емізе алмайды. Есірткі тұтынушы ата-анадан туған балалар баяу дамиды, ақыл-ой және физикалық дамуы кешеуілдеп, келешекте сабақты да нашар оқитын болады. Есірткі мен уытты заттар адамның санасына әсер ететін ерекше қасиеті бар, сондықтан оның іс-әрекеттері көп жағдайда аса қауіпті болатынын бәріңіз де білесіздер. Адамдардың қарым-қатынасы тек қана әдеп ережелерімен ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз тәртіптің негізгі ережелерімен де белгіленеді.

Page 34: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

33

Бойжеткендер, әр түрлі себептермен қылмыскерлердің, көшедегі тонаушылардың алғашқы құрбандары болады. Сондықтан ұсынылып отырған кеңестер көбірек соларға қатысты, бірақ бозбалалар да мүмкін болатын қылмысты дер кезінде ескертіп немесе алдын алып, құрбыларын қандай қауіптер күтіп тұрғанын білу керек. Сонымен, өмірдегі қауіпсіз тәртіптерге байланысты келесі кеңестермен қаруланып алыңыз.

• Киіміңіз мен мұндалап тұрмайтындай, ашық және айқын болмауы керек. • Киіміңіз қимыл үшін, соның ішінде жылдам қимыл үшін де ыңғайлы

болғаны абзал. • Аяқ киіміңіз тек қана би үшін ғана емес, жүру пен жүгіру үшін де ыңғайлы

болғаны жөн. • Тәртібіңіз әдепті болып, шектен шықпағаныңыз мақұл. • Тым ашық түсті, дөрекі бет әрлеуіңіз өзіңізге назар аудартқыңыз келетінін

білдіреді. • Дөрекіленіп, зорыға күлу, бейәдеп әңгімелер белгілі бейімділігі бар

адамдардың назарын аудартады. • Бейтаныс немесе аз уақыт таныс болған адамдардың көлігіне отыруға

болмайды. • Үйге қайтқанда жарығы мол, халқы көп көшелермен жүру қажет. • Жақындарыңыз сізді күтіп алып немесе шығарып салатындай жағдай

жасауға тырысыңыз. • Қол астында қарапайым қорғану заттарын ұстаңыз (газдалған баллон,

шашқа арналған лак, шпилькалар, ысқырық, ұнтақталған бұрыш немесе темекі пакеттері, т.б.).

Өзіңізге қатысты зорлықтан қашқақтап жүру үшін, өзіңіз үшін ең аз шығынмен шығып кете алатын жолдарын тауып, ойыңызда үнемі әртүрлі жағдайларды ойнап шығу өте маңызды.Сонынмен, қауіпсіз тәртіп – адам өз денсаулығын ең аз тәуекелге ұшырату тәртібі. Жауапкершілік (жауапты тәртіп) – тұлғаның қоғамда қабылданған адамгершілік пен құқықтық нормаларға сәйкес, өз міндетін сезінуімен қатар, өз әрекеттерін бақылай алатын қабілеті болып табылады. Репродуктивті денсаулықтың мәселелері аспектісінде (АИТВ, ЖЖБЖ, қажетсіз жүктілік) өмірлік дағдылар негізіндегі жауапты мінез-құлықтарға жататындар:

• АИТВ, ЖИТС, ЖЖБЖ және қажетсіз жүктілік туралы білімнің болуы. • Жыныстық мінез-құлықтың қайсысы қауіпті, қайсысы қауіпсіз екенін

ажырата білу. • Рухани-адамгершілік құндылықтары негізіндегі қауіпті жыныстық мінез-

құлықтың өзгеруі (серіктеске адалдық, «жоқ» деп айта алу, т.б.). • Зиянды заттарды (есірткі, алкоголь, темекі, т.б.) қабылдауға қарсы тұра білу. • Қысым көрсетуге қарсы тұра білу. • Ата-анаңмен, отбасыңның басқа да мүшелерімен және құрбы-

құрдастарыңмен қарым-қатынас жасай білу. • Жеке тұлғаға қатысты дағдылардың, соның ішінде өз эмоцияларың мен

сезімдерін білдіре алатындай болуы қажет. • Қарым-қатынастарды талдай білу және қоғамда қабылданған социалды

нормалар мен нанымдарды бағалау.

Page 35: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

34

Жоғары деңгейлі қауіп тәртібі – өз денсаулығына қауіп төндіретін мүмкіндіктерді күшейтетін әдеттер мен тәртіп стереотиптері. Мұндай тәртіпке қорғансыз жыныстық қатынастар және есірткі, алкоголь қабылдау, шегу жатады.

БДҰ (ВОЗ) анықтауы бойынша, өмірлік дағдылар дегеніміз – бұл адамға күнделікті өмірдің қиындықтары мен қажеттіліктерін тиімді жеңе білуге мүмкіндік беретін жағымды және бейімделген тәртіпке қабілеттілік.

25. Ұжымдық жұмыс. Оқытушы оқушыларға мақал-мәтел сайысын өткізуді ұсынады. Денсаулық

пен тәртіптің қауіпсіздігіне қатысты мақал-мәтелдерді еске түсіріңіздерші. • Тәні саудың – жаны сау. (Рухани саулық – рухани тән тудырады.) • Арыңды жас кезінен, киіміңді жаңа кезінен сақта.• Басы ауырмағанның тәңірімен ісі жоқ. • Құдайға үміт арт, бірақ өзің қол қусырып отырма. • Еңбексіз қармаққа балық та ілінбес. • Жеті рет өлшеп бір рет кес.

Оқытушы оқушылардың барлық мақал-мәтелдеріне түсініктемелер беріп шығады.

26. Рөлдік ойын. Қатысушылардың таңдау жағдайларында жауапты мінез-құлық практикалық

тәжірибесіне ие болу мақсатында оқытушы қатысушыларды 2 командаға бөліп, «Жауапты шешім» ойынын өткізеді. Берілетін тапсырамалар:

• Бірінші топқа: жыныстық қарым-қатынасты бастау пайдасына жататынын барынша көп дәлелдерді ойластырып, жазып шығу;

• Екінші топқа: жыныстық қатынасқа түсу ұсынысынан бас тарту үшін барынша көп дәлелдерді ойластырып жазып шығу тапсырылады.

Оқытушы жағдайды баяндайды: Жас жігіт пен бойжеткен бір институтте оқиды. Олар екі айдан бері кездесіп

жүр. Бірге жүру оларға ұнайды, бірақ одан да жақын қарым-қатынастың уақыты келгеніне қыз күмәнді.

10 минут ішінде командалар бойжеткен мен жігіттің жақын қарым-қатынасты бастауына «мақұлдау» және «қарсы» дәлелдерін ойластырады.

Осыдан кейін әр командадан 1 ерікті шығады. Бірінші команданың өкілі, өзінің жүретін қызының жыныстық қарым-

қатынасты бастауға көндіруге тырысатын жігіттің рөлін ойнайды. Екінші команданың өкілі оған қарсы уәж айтатын бойжеткеннің рөлін

ойнайды. Оқытушы тақтаға тақырып жазады: жыныстық өмірді шегеру. Тақтаны екіге

бөледі. Бір бөлігіне – «мақұлдау», екіншісіне – «қарсы» дәлелдері жазылады. Жауаптардың мысал нұсқалары: «Мақұлдау» дәлелдері: • Махаббат • Қарым-қатынасты сақтап қалу • Ләззат алу мақсатында • Әуестік • Барлығы осымен айналысатынына сенімділік • Өзін таныту • Жалғыздықтан арылу • Қорғану сезімі

Page 36: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

35

• Ақша немесе сыйлық • Ешқандай мәселе туындамайтынына серіктестің сенімділігі «Қарсы» аргументтер: • Жүкті болу қорқынышы • Соз (венерологиялық) аурулары мен АИТВ-ны жұқтырып алудан қорқу • Физикалық ауыртпалық • Көңіл толмау • Ұят • Ата-аналары біліп қою қорқынышы • Махаббатты білдіретін басқа амалдар • Неке тойын күтейік • Қаламаймын • Махаббат сезімінің болмауы • Жыныстық қатынасқа дайын болмау • Әлі уақыт келген жоқ • Сезімдерді әлі сынау Тапсырмаларды орындап болған соң, оқытушы әр топқа жыныстық

өмірді бастауды шегеруді, жыныстық қысымның алдын алуға өздерінің ойынша, көмектесе алатын кеңестерді талқылап жазып алу ұсынылады.

Әр топ өз жұмыстарын презентациялайды. Жауаптардың нұсқалары. Жыныстық қатынасты шегеруге көмектесетін

кеңестер: • Жыныстық қатынасты қаламасаңыз, өзіңізді сексуалды түрде

ұстамаңыз; • Жыныстық қатынастан басқа махаббат сезімін білдіру жолдарын іздеп

көріңіз; • Кештер мен басқа да шараларға достарыңызбен барыңыз; • Қысымға түсу жағдайына тап болмай тұрып, «шектен шығу»

болатынын шешу керек; • Есірткі мен уытты заттарды қабылдамаңыз; • Алкогольге қатысты өз шамаңды анықтап алыңыз; • Өз сезімдеріңізге назар аударыңыз: жағдай жайсыз бола бастаса

қайтыңыз; • Сізді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеуі мүмкін деген адамдардан

қашық жүретін болыңыз; • Өзіңіз сенім артпайтын адамдардан қашық жүріңіз; • Көмек ала алмайтын бос, қараңғы жерлерден қашық жүріңіз; • Бос уақытыңызды толтыруға тырысыңыз.

Шағын топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды 3-4 адамнан тұратын шағын топтарға бөледі. Әр

топқа карточкалардан немесе таза парақтардан таратып, жыныстық қатынастан бас тарту себептерін ұсынады. Осыдан кейін оқытушы: «Сіз «Жоқ» деп жауап беріп қойдыңыз делік, бірақ сіздің әр жауабыңызға әлдекім дәлел тауып немесе наразылық білдіріп, сізді «Иә» деп айтқызғысы келеді. Келіңіз серіктесіңізді ренжітпей өз ұстанымыңызды жақтап шығуды үйренейік». Оқытушы оқушыларға парақтың сәйкес тұстарын жыныстық қатынасқа итермелеу дәлелдерін жазып шығу ұсынылады.

Қатысушылар беруі мүмкін жауаптар:

Page 37: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

36

Бас тарту себептері Жыныстық қатынасқа итермелеу үшін кім не айтады

________________________________________________________________ Жүкті болу қаупі АИТВ және басқа ЖЖБЖ-ды жұқтыру қорқынышы Ата-ананың құптамауы Жыныстық қатынасқа дайын еместік Мас серіктеспен қаламаймын Бірінші реттен жүкті болу мүмкін емес Мен ауру еместігіме сенімдімін Сенің ата-анаң білмей қалады Барлығы осыны істейді. Сен солардан қаласың ба? Кел бірге ішейік. Бұл сенің көңіл-күйіңді өзгертеді Мәжбүрлеуді қаламаймын Осы адамды жақсы көретініңізге сенімді емессіз

________________________________________________________________ Өмірде барынша көп кездесетін, болуы мүмкін жағдайларды қамту керек. Жыныстық өмірді бастауды саналы түрде шегеру ақылға қонымды екеніне

жастардың көзін жеткізуге көмектесу керек. 27. «Жүрекше» ойыны Оқытушы оқушыларға жыныстық қатынассыз махаббат сезімдерін білдіру

формаларын ойлап тауып, атауларын ұсынады. Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздан қырқып жасалған «жүрекшелер» таратылады

және әр қайсысы осы жүрекшеге өз ұсынысын жазады. Осыдан кейін барлық жүрекшелер флипчартқа жапсырылады, оған жазылған ұсыныстар дауыстап оқылады да, жалпы бірге талқыланады. Жауаптардың мүмкін нұсқалары: гүлдер, өлеңдер, кездесулер, сүйісу, би кешіне бару, кинофильмдер көру, т.б.

28. Ұжымдық жұмыс. Оқытушы тақтаға мына сөйлемді жазады: «Қауіпсіз жыныстық қатынас

дегеніміз – бұл ...». Оқушыларға сөйлемді аяқтап, өз нұсқаларын таратылған қағаз парақтарына жазып шығу ұсынылады. Осыдан кейін оқушылар өз парақтарын бүктеп, ортаға «тренинг шеңберіне» тастайды. Оқытушы жауапты араластырып оқуышыларға бір-бірден, бірақ енді басқа оқушының жауаптарын алуды сұрайды. Оқушылар таңдап алынған жауаптар нұсқаларын оқып шығады.

Қауіпсіз жыныстық қатынас – бұл тек қана мүшеқапты пайдалану емес, бұл ең алдымен жыныстық қарым-қатынасты шегеріп, жыныстық серіктеске деген адалдықты сақтап қалу екеніне назар аударыңыз.

29. Топтардағы жұмыс.

Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі және талқылауға «Қауіпті жыныстық байланысты тәжірибелейтін жастар қандай тәуекелге барады?», «Қорғанбаған

Page 38: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

37

жыныстық қатынасты тәжірибелейтін бойжеткендер қандай тәуекелге барады?» - деген сұрақтарды таратады. Мұндай топтық жұмыс, жыныстық тәртіптің тәуекелді дәрежесін ұғынуға көмектесу үшін өткізіледі. Әр топтың жұмыс нәтижелері тыңдалып, жауаптар толықтырылып, оқытушы қорытынды жасайды. АИТВ, ЖЖБЖ-ды жұқтырудан басқа, осындай қарым-қатынастың салдары бедеулікке, түсікке әкеліп соқтыратын жыныс жүйесінің қабыну аурулары, сонымен қатар, екі серіктестің екеуі де жауапкершілік артатын қаламаған жүктіліктің болуы мүмкін екеніне жіті назар аудару қажет.

30. Жекеше жұмыс. «Келісемін – келіспеймін» жаттығуы.

Оқытушы әр оқушыға «Тәуекелді таразылау» кестесін таратып, оны толтыруды сұрайды. Сұрақ алу нәтижесі бойынша оқушы өз бетімен мына сұраққа жауап бере алады: «Мен өзімді жауапты адаммын деп есептей аламын ба?».

Егер де сіз жасалған мақұлдаулармен келіссеңіз «Иә» деген қатарға белгі қоясыз, егер де жауап беруге қиналсаңыз «Жоқ» және «?» қатарын белгілейсіз.

«Иә» - 3 ұпай, «Жоқ» - 2 ұпай, «?» - 1 ұпай.

Иә Жоқ ? Мақұлдау Мен өз денсаулығымның қамын ойлаймын (мысалы, тартаймын,

сірткі қабылдамаймын) Мен АИТВ мен ЖЖБЖ-дың қалай таралуын және өзімді

ұқпадан қалай қорғау керек екенін білемін Менің өмірімнің осы кезеңінде жыныстық қатынас болмайды. гер де мен ауырып қалған жағдайда маған екпелер қажет болса,

ен тек бір-ақ рет қолданатын шприцтерді қолданамын 5. Мен жыныстық қатынаспен айналысуды шешсем, онда

мен мүшеқапты қолданамын 6. Мен жыныстық қатынаспен айналысуды шешсем, онда

менде тек жалғыз серіктес болады 7. Егер де мен АИТВ немесе ЖЖБЖ-ды жұқтырған

болсам, мен ата-анама айтқан болар едім. 8. Мен залалсыздандырылмаған аспаптарды, татуаж,

пирсинг, т.б. пайдаланбаймын

Жалпы көрсеткіш____________ұпай Жауапкершілік көрсеткіштері: 21-24 ұпай – өте жауапты 18-20 ұпай – жеткілікті 14-17 ұпай – белгілі дәрежеде жауапты 10-13 ұпай – аса жауапты емес 10 ұпайдан кем – сіз тәуекелге барудасыз!

Page 39: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

38

31. Тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру – әртүрлі өмірлік жағдайларда «Жоқ» деп айта алу мүмкіншілігі. Оқытушы оқушыларға, олардың ойы бойынша жақсылыққа апармайтын, істегісі келмеген қандай да бір істі достарының орындалуын өтінгенін және бұл жағдайда өздерінің қандай сезімде болғанын естеріне түсіруін ұсынады. Оқытушы осы туралы бірнеше оқушыдан өз қалауы бойынша айтып беруін сұрайды. Осыдан кейін ол оқушыларға осындай мәселелі жағдайға тап болмау үшін не істеу керек? – деген сұрақ қояды. Оқытушы оқушылардың назарын осындай жағымсыз жағдайлардан құтылып шығу жолдарын табуға тырысатынына көңілін аудару керек. «Жоқ» деп айта алу мүмкіншілігіне ие болу өте маңызды екеніне көздерін жеткізеді. «Тиімді бас тартудың» бес қадамы ұсынылады: 1 қадам – Жағдайға қатысты сұрақтар беріңіз («Не..?», «Неге..?» және т.б.) 2 қадам – Осы жағдайдың қауіпін анықтаңыз («Бұл...») 3 қадам – Салдары қандай болуы мүмкін екенін анықтаңыз («Егер осылай жасасам...») 4 қадам – Балама ұсыныңыз («Неге бізге осының орнына...»)

5 қадам – Кейінірек тұр, бірақ сыртыңнан есікті жаппа. («Егер сен өз ойыңды өзгертсең...»)

32. Рөлдік ойындар. «Қиылыс» жаттығуы. Алынған материалдарды бекіту үшін оқушылардың тәртібі мен эмоциялы реакцияларын үлгілеу мақсатында оқытушы сахналап шығуды қажет ететін бірнеше жағдайлық міндеттерді ұсынады. Оқытушы оқушыларды бес топқа бөліп құрастырылған ойын жағдайлары бар дайындалған карточкаларды таратады.

1. Сіз құрбыңыздың кешіне келдіңіз. Оның үйінде әдеттегідей қонақтары көп емес екен, соның ішінде бейтаныс адамдар да бар. Бір жас жігіт сізге көп көңіл бөледі: жақындайды, әңгімеге тартады, қолыңыздан ұстауға ниеттенеді. Сізді оның тәртібі ығыр етіп, ашуландыра бастайды. Онысымен тұрмай, ол есірткі қабылдайды деседі. 5 минуттың ішінде бойжеткен не істеу керек екенін шешіңіз. Сахналанған түрде осындай жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап шығыңыз.

2. Айгүл мен Ермек бірнеше айдан бері кездесіп жүр. Олар 16 жаста. Олар бір-бірін жақсы көреді, келешекте үйленбекші. Ермек Айгүлге жыныстық қатынасты бастауды ұсынады. Айгүл неке тойына дейін аса жақындықты қаламайды. Ермек оны үгіттеуге тырысады: «Біз бәрібір үйленеміз ғой. Неге осыны қазір жасамасқа?». Ертең Ермектің туылған күні, Айгүл ол тағы өз айтқанын орындатпақшы болады деп ойлайды. 5 минуттың ішінде бойжеткен не істеу керек екенін шешіңіз. Сахналанған түрде осындай жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап шығыңыз.

3. Әмина досының кешінде кідіріп қалады. Кеш болды, көліктер енді жүрмейді. Досы оның үйінде қалуды ұсынады. Ол ішімдік ішіп алғаннан, бара бара табанды бола бастайды. Ол Әминаны қорқыта бастайды. 5 минуттың ішінде бойжеткен не істеу керек екенін шешіңіз. Сахналанған түрде осындай жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап шығыңыз.

Page 40: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

39

4. Сергей досының туылған күніне келді, көңілді көпшілік жиналды, бейтаныс жастар да көп екен. Жігіттердің біреуі Сергейге келіп есірткі ұсынды. Бұған дейін Сергей есірткі татып көрмеген.

5 минуттың ішінде оның не істеу керек екенін шешіңіз. Сахналанған түрде осындай жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап шығыңыз.

Талқылап болғаннан кейін, топтарға нәтижелерді жинақтап және таныстыратын көшбасшы таңдап алуды ұсыныңыз. Оқытушы басқа топтардағы қатысушылардан жауаптарға түсініктемелер беріп, өз ұсыныстарын беруді сұрауына болады.

Жаттығу соңында оқытушы қорытынды жасап, талқылауға мына сұрақтарды ұсынады:

• Қандай да бір жол таңдау неге байланысты? • Таңдауға не әсер етуі мүмкін? • Жағдайларға ең тиімді нұсқа қайсысы болады? • Өзіңе ең қажетті деген шешімді қабылдау үшін не істеуге болады?• Бас тарту жағдайында қандай мінез-құлық жиі кездеседі?

Оқытушы қауіп деңгейін шындыққа жататындай бағалау қажет екенін, жыныстық зорлықты болдырмауды, кез-келген жағдайда қырағылықты жоғалтпауға оқушылардың назарын аудартады.

33. Сабақтардың қорытындысын жасау. Қорытынды сөзінде оқытушы, адам қауіпсіздігі бүтіндей және толығымен өзіне

байланысты екеніне, құқығы мен міндеттері туралы ережелер біліміне, белгілі бір өмірлік жағдайлардағы мінез-құлық тактикасына байланысты екеніне тағы бір рет оқушылардың назарын аудартады. «Адамдарға, адами табиғатына, тәжірибесіне, санасына негізделген адамдық имандылық қажет» Клод Адриан Гельвеций

Модуль 4. Жұқпалы аурулар

Сабақ 4.1. Жұқпалы аурулар (1 сағат).

Мақсаты: Оқушыларды жұқпалы аурулардың түрімен, аурудың таралу механизмімен және ағзаның функцияларын қорғауды күшейту шараларымен таныстыру. Міндеттері:

1. Жұқпалы аурулар және олардың жіктелуі туралы түсінік беру. 2. Жұқпалы аурулардың белгілері мен берілу жолдарын көрсету.3. Отбасында немесе оқу орындарында жұқпасы бар науқас анықталуына

байланысты мінез-құлықтарды меңгеру, сондай-ақ, оларға алғашқы дәрігерлік көмекті көрсете білу.

4. Жұқпалы ауру тараған жағдайда жеке бас қауіпсіздігін меңгеру. Түйінді түсініктер: жұқпалы аурулар, індеттің таралу көзі, берілу механизмі, эпидемия, пандемия, инкубациялық кезең, індетті тасымалдаушы, алдын алу шаралары, залалсыздандыру, иммунитет. Сабақты өткізу әдістері: жалпы пікірсайыс, ми шабуылы, шағын дәріс, топтардағы жұмыс, іс-тәжірибелік жұмыс, бой сергіту. Жабдықтар мен материалдар: Флипчарт, маркерлер, А4 қағазы, мультимедиапроектор, үлестірме материал, кроссворд. Сабақ барысы

Page 41: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

40

1. Кіріспе сөзінде оқытушы сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін хабарлайды.

2. Бой сергіту. «Тізбек» ойыны. Оқытушыларға тапсырмалар жазылған парақшалар таратылады. Парақшаларды

ешкімге көрсетпей тапсырмаларды орындау қажет. (Бір парақшада «О» әрпі және «Үш қолтаңба жина» тапсырмасы, ал бірнеше парақшада тапсырма «Үш қолтаңба жина», ал екі парақшада тапсырма «Ешкімге ештеңе түсіндірме және қол қойма»). Оқушылар тапсырманы орындап бола салысымен, оқытушы қолындағы парақшаларды қарап, кімде «О» әрпі болса, солардың орнынан тұруын сұрайды. Бұл адам ӨРА-мен (ОРЗ) ауырады. Содан кейін бұл адаммен тілдескендер тұрғызылады. Ешкімге ешбір параққа қол қоймағандар мен ешкіммен тілдеспегендерден басқаның барлығы тұрғызылады. Оқытушы сұрақ қояды: «Айтыңыздаршы, өмірімізде тілдеспеу мүмкіндіктері көп пе?».

Енді біз өзіміздің деніміз сау екенімізді еске түсіріп, алақандарымызды бір-біріне сүйкеп, бір қызыл затқа қол тигізіңіздер.

3. Ми шабуылы. Індет және жұқпалы аурулар түсінігі. Сұрақтар: Індет деген не? Жұқпалы аурулар деген не? Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады. Содан кейін оқытушы оқушылармен бірге дұрыс жауаптарды талқылап, анықтаманы түсіндіреді.

4. Кіші топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды үш топқа бөледі. Топтар келесі сұрақтарды талқылау және жауап беру туралы тапсырма алады: Бірінші топ – адамдағы басты жұқпалы аурулардың түрлерінің жіктелуін атап беру? Екінші топ – жұқпалы ауруларды атап өту. Үшінші топ – жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен берілу жолдарын атау. Оқушылардың жауаптары флипчартқа жазылады. Содан кейін әр топ өз жұмыстарын таныстырып, оқытушының дайындаған кестесін толтырады.

Жұқпалы аурулардың тобы Қысқаша сипаттама Топқа кіретін індеттер Толтырылған дайын кестенің үлгісі

Жұқпалы аурулар тобы Берілу жолдарының қысқаша мінездемесі

Топқа кіретін індеттер

Ішек инфекциясы Қоздырғыштар үлкен және кіші дәретпен бөлінеді. Берілу жолдары: тағам, су, топырақ, шыбындар, лас қолдар, тұрмыс жағдайындағы заттар. Жұқтыру ауыз арқылы жүреді.

Іш сүзегі, А және Б қылауы (паратиф), іш ауруы, тағамдық токсикоинфекциялар және т.б.

Тыныс жолдары індеті Жұқтыру ауа-тамшы жолдары арқылы беріледі

Тұмау, туберкулез, дифтерия (балалардың жұқпалы тамақ ауруы), қызамық (скарлатина), табиғи шешек және т.б.

Қан індеттері Қансорғыш жәндіктердің тістеуі арқылы қоздырғыштар беріледі

Бөртпе және қайталама сүзек, безгек, оба, туляремия, кене энцефалиті және т.б.

Жануарлардан Жануарлардың тістеуінен Құтыру

Page 42: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

41

берілетін (зоонозные) індет

берілетін аурулар

Тұрмыстық-қатынас жұқпалары

Дені сау адамның ауру адаммен тікелей қарым-қатынасы кезінде індет қоздырғышының сау ағзаға өтуі. Берілу факторлары жоқ.

Бұл жыныс жолдары арқылы берілетін барлық тері-венерологиялық аурулар: мерез, соз ауруы, хламидиоз және т.б., сонымен қатар қышыма, таз індеттері

5. «Жұқпалы аурулар, олардың белгілері және берілу жолдары» атты оқытушының мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс.

Мысал мазмұн. Жұқпалы ауру деген не? Бұл сұраққа жауап беруден алдын жұқпа түсінігіне анықтама берейік. Жұқпа – бұл ағзада жұқпалы ауруды дамытатын, бактерияларды тасымалдайтын

және микроағзалардың өлуіне әкеліп соғатын ауру тарататын микроағзалардың ағзаға енуі мен көбеюі. Жұқпа дәлірек айтқанда, бұл аурулардың ерекше тобының негізіне жататын - жұқпалы аурулардың осы терминмен анықталатын процессі.

Жұқпалы аурулар – бұл анықталған, тірі қоздырғыштармен: ауру тарататын бактериялар, қарапайым саңырауқұлақтардан туындайтын және ауру ағзадан сау ағзаға берілетін, жаппай таралуға қабілетті ерекше аурудың тобы.

Біз қоздырғыштар туралы не білеміз? Бактериялар – бұл таяқша (іш сүзегінің қоздырғышы), шар (стрептококтар, стафилококтар), ирек жіп тәріздес (спирилла), бүктелген таяқша сияқты (тырысқақ вибрион) формаларын иемденетін біржасушалы микроағзалар. Вирустар – электронды микроскоппен ғана көрінетін кішкентай бөліктер (саңырауқұлақша қоздырғыштары, табиғи шешек, қызылша, АИТВ-індеті). Саңырауқұлақшалар – микоздардың, таз ауруының қоздырғыштары және т.б.

Сырқаттың зардабы, белгілері және нәтижесі көп жағдайда адамның ағзасына, оның физиологиялық ерекшеліктеріне, иммундық жүйесіне байланысты. Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар, жұқпалы аурулармен аз зақымданады және оны жеңіл қабылдайды.

Кейде жұқпалар тез таралып, сау ағзаны зақымдайды, сонымен сол жердегі аурудың кемістігін арттыра түседі. Мұндай таралу эпидемия (індет) деп аталады.

Басқаша айтқанда, эпидемия - бұл әдеттегі ауру деңгейінен айтарлықтай басым түсетін және жұқпалардың ортақ көзімен байланысты, бір атаулы инфекциялық аурулардың жаппай таралуы.

Бірнеше елді немесе құрлықты қамтитын эпидемия пандемия деп аталады.

Адамның негізгі жұқпалы ауруларының классификациясын қарастырайық. 4 түрі бар: 1. Ішек жұқпасы – бұған вирусты А гепатиті, дизентерия, холера, ботулизм және т.б. жатады.

Page 43: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

42

2. Тыныс жолдарының жұқпалары - тұмау, қызылша, қызамық, туберкулез және т.б. 3. Қан жұқпалары – безгек, бөртпе сүзек, оба, сары ылаң және т.б. 4. Сыртқы қабат жұқпалары – қышыма, делбе (столбняк) және т.б.

Бұл аурулардың ортақ белгілері бар:

• Температураның көтерілуі • Қалтырау • Дененің қалжырағандығы • Бас ауруы • Жөтел • Түшкіру • Мұрын ағу • Құсу • Сұйық нәжіс• Іштің ауыруы • Бөртпе

Бұл белгілердің барлығы аурудың белгілі бір кезеңінде білінеді.

Жұқпалы ауруларға келесідей аурудың даму кезеңдері тән: • Инкубациялық (жабық) • Бастапқы • Аурудың негізгі белгілерінің біліну кезеңі • Аурудың белгілерінің басылуы кезеңі (сауығу)

Әр түрлі кезеңдердегі аурулардың өтуін толығырақ қарастырайық. − Инкубациялық немесе жабық кезең - жұқтырылған сәттен бастап алғашқы

белгілердің пайда болуына дейінгі уақыт, бірнеше сағаттардан бастап (тамақтан улануда) бірнеше жылдарға дейін созылады (құтыру кезінде).

− Бастапқы кезең әлсіздікпен, дімкәстікпен білінеді (қалтырау, температура, жүрек айну, бас ауру), бірнеше тәулікке созылады және нақты бір ауруға көрсетілмейді.

− Негізгі белгідердің біліну кезеңі деп аталу себебі – тек сол ауруға сипатты белгілер пайда болады. Бұл кезең егер адам ағзасы ауру қоздырғыштарымен күресе алса, сауығып кетеді немесе басқа жағдайда қайтыс болады.

− Ауру белгілерінің басылу кезеңі негізгі белгілердің жоғалуымен сипатталады. Ағзаның ауру бұзған функциялары толық қалпына келтірілгеннен кейін ғана ағзаның сауығу әрекеті басталады. Егер бұл жағдай орындалмаса, онда ағза толық сауықпаған болып есептеледі.

Page 44: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

43

Жұқпалардың берілу жолдары

Чихание, кашель, разговор – түшкіру, жөтелу, сөйлесу Сосание крови переносчиком – тасымалдаушының қанды соруы Патологическое отделяемое пораженных тканей – зақымданған тіндердің патологиялық бөлінуі Инфекционный аэрозоль – инфекциялық аэрозоль Пища, вода – тамақ, су Насекомые, животные – жәндіктер, жануарлар Предметы окружающей среды – қоршаған орта заттары Вдох – демді ішке тарту Заглатывание пищи, воды – тамақты, суды жұту Укус – шағу, тістеу Контакт с заражеными предметами – зарарлы заттармен байланысу Жұқпалардың берілу жолдары әр түрлі болуы мүмкін:

• Фекальдық – оральды жол – жұқпасы бар адамның нәжісті заты сау адамның аузына түсетін жаңдай ( үлкен дәрет, құсық арқылы ---- кір қолдар---- ыдыстар, азық-түлік---ауыз---асқазан----ішек; дизентерия осылай беріледі)

• Ауа-тамшы жолдары – түшкіру, жөтелу және сөйлесу кезінде жұқпасы бара адамның аузынан, мұрнынан дені сау адамның бетіне аурудың қоздырғыштары түсіп кетеді (түшкіру ----дем алу---жоғарғы тыныс жолдары, тұмау, туберкулез осылай беріледі)

• Сұйықтық – (қан соратын жәндіктер, биттер – дені сау адам, оба, безгек, бөртпе сүзек осылай беріледі)

Page 45: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

44

• Зоонозды – (жабайы және үй жануарлары сау адамды тістеген жағдайда құтыру ауруын жұқтырады)

• Қатынас және тұрмыстық-қатынас (төсек, аяқ киім арқылы саңырауқұлақша аурулары беріледі)

Жұқпалы ауруларды тарататын тірі ағзалар тасымалдаушылар деп аталады. Таралудың келесі жолдары болады:

• Механикалық берілу. Кейбір тасымалдаушы жәндіктер ластанған ауыз қуысы мен аяқтары арқылы механикалық түрде ауру қоздырғыштарын тістеген орнына немесе тамаққа жұқтырады. Мысалы, шыбындар іш сүзегінің, ішек індетінің бактериялық дизентериясын тасымалдауы мүмкін. Бұл, олар әуелі іш сүзегі немесе дизентериямен ауырған адамның нәжісіне қонып, сосын ас тағамдарын ластағанда, жоғарыда аталған аурулардың қоздырғышы болады.

• Ішек арқылы берілу. Біршама жәндіктерде ауру тудыратын микроағзалар ішекте орналасады. Тасымалдаушы жәндіктің ағзасынан нәжіс және сілекей арқылы босап шыққан микроағзалар, шағылған жерге немесе азық-түлікке түседі. (Мысалы: оба, бөртпе сүзегі).

• Биологиялық берілу. Бұл термин, тасымалдаушының ағзасына келіп жету кезеңіндегі жұқпа агентінің көбеюіне қатысты. Жұқпа агенті тасымалдаушының ағзасына қанмен келіп жетеді, бірақ тасымалдаушы жұқпаны біршама кезеңнен соң, яғни жұқпа агенті белгілі бір өзгерістерге көндіккеннен соң ғана бере алады. Безгекті шақырушы қансорғыш, өмірлік циклінің жыныстық сатысы тасымалдаушының (масаның) ағзасында аяқталатын, микроағзалардың үлгісінің қызметін атқарады. Сары қызба вирусы да масалардың ағзасында көбейеді.

Қанекей, сонымен қатар әртүрлі болып келетін жұқпаның берілу шарттарын қарастырайық, олар үш түрге бөлінеді:

• Табиғи – жұқпалы аурулардың табиғи ошағы ауа райына, жануарларға және өсімдік әлеміне байланысты болады (мысалы – Амур облысында сүзек, оба, энцефалит сияқты жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы болып табылатын энцефалитті кенелер өмір сүреді);

• Әлеуметтік – халықтың өте тығыз орналасуы; нашар санитарлы-коммуналды жағдайлар; денсаулық сақтау саласының артта қалуы – Африка мемлекеттері;

• Жеке – ағзаның патогенді микроағзалардың енуіне, көбеюіне мүмкіндігінше жауап қатуы.

6. Ми шабуылы. Жұқпалы аурулардың жұқпалы емес аурулардан айырмашылығы.

Сұрақтар: қалай ойлайсыз, жұқпалы аурулардың жұқпалы емес аурулардан не айырмашылығы бар?

Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады. Содан кейін, оқытушы оқушылармен бірге қандай басты айырмашылықтар

болатынын талқылайды.Оқытушы оқушылардың назарын жұқпалы аурулардың басты ерекшеліктеріне

аударады: • Спецификациялық қоздырғыштармен немесе микроағзалардың әсерінен пайда

болады • Науқас ауруды басқа адамдарға да бере алады • Иммунитет қабылдамаушылығының формалануы • Жүйелілігімен сипатталады

Page 46: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

45

Сонымен, жұқпалы аурулардың таралуының міндетті үш шарты бар: 1. Індеттің ошағы 2. Берілу механизмі 3. Адамның қабылдағыштығы

7. Кіші топтардағы жұмыс. Материалды бекітуге арналған тәжірибелік жұмыс. Оқытушы оқушыларды үш топқа бөліп, үш жұқпалы ауруды (дизентерия, гепатит, тұмау) талқылап, кестелерді толтыру тапсырмасы беріледі. Сосын топтар жұмыстарын презентациялайды және оқытушы топтық жұмыстың қорытындысын шығарады.

Аурулардың атауы

Қоздырғыштар

Белгілері

Берілу жолдары мен ошағы

Аурудың ұзақтығы

Аурудың ағзаға әсері

Науқастарға қатысты іс-шара

Аурулар-дың аталуы

Қоздырғыш

Белгілері Берілу жолдары мен таралу ошағы

Аурудың ұзақтығы

Аурудың ағзаға әсері

Науқастарға қатысты іс-шаралар

Дизентерия

Микробтар (Шигелланың ұрпағы)

Жалпы әлсіздік, дімкәстік, тәбеттің жойылуы, қызу 380 және одан жоғары, іштің төменгі жағындағы ауырсынулар, қан аралас сұйық нәжіс. Тілдің ақ өңезденуі.

Кір қолдар, жұқпаланған құралдар, Азық-түліктер. Шыбындар. Науқас адамдар

Инкубациялық кезең – 1 мен 7 күн арасы, сырқат ұзақтығы 1-2-ден 8-9 күн арасы. Өлім жағдайлары.

Жүйке жүйесі, жүрек-қантамыр жүйесі, зат алмасу, тұзды-сулы алмасу.

Жұқпа стационарында немесе үй жағдайында емделу

Аурулардың атауы

Қоздырғыш

Белгілері Берілу жолдары мен таралу ошағы

Аурудың ұзақтығы

Аурудың ағзаға әсері

Науқастарға қатысты іс-шаралар

Жұқ палы (індетті) гепатит

Вирус Шаршау, буындардағы ауырсынулар, бауырдың өлшемінің үлкеюі, көкбауыр. Несеп қара туске, үлкен дәрет ашық түске, тері сарғыш түске енеді.

Науқас адам және вирус тасымалдаушы. Асқазан-ішек жолдары және қан арқылы.

Инкубациялық кезең – 50 күннен қан арқылы зақымданған жағдайда 200 күнге дейін. Сауығу 18-22 күн арасында өтеді.

Вирус дені сау адамның қанында қалып қояды.

Госпитализациялау.

Page 47: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

46

Аурулардың атауы

Қоздырғыш

Белгілері Берілу жолдары мен таралу ошағы

Аурудың ұзақтығы

Аурудың ағзаға әсері

Науқастарға қатысты іс-шаралар

Тұмау Вирустар

Қалтырау, дімкәстік, әлсіздік, бас ауруы, бүкіл дененің қақсауы, шырышты қабатының қызаруы, мұрыннан бөлінулер, жөтел. Қызудың аздап көтерілуі.

Сырқат ошағы – науқас адам. Берілу жолы – ауа-тамшы жолымен.

Инкубациялақ кезең – бірнеше сағаттан бастап 2 күнге дейін. Сауығу 5-6 күндері өтеді.

Кез келген орган мен жүйеде күрделіленуі.

Науқасты оқшауландыру.

8. Ақпарат көздері. ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР Вирусты гепатиттер – бұл, бауырдың өлшемінің үлкеюі және функционалды қабілеттерінің бұзылуынан, сонымен қатар улану белгілерінің түрлі сатысынан көрінетін ауру тобы. Клиникалық диагностика А вирустық гепатиті нәжіс-ауыз жолы арқылы беріледі, ауру жіті, циклді түрде өтеді, уланудың қысқа белгілері, бауыр қызметінің бұзылуы, аурудың қатерсіз барысымен сипатталады. Инкубациялық кезең 10-нан 45 күн арасы. В вирустық гепатиті парентералды жолмен беріледі (қан және залалсызданбаған құралдар арқылы), аурудың барысы ұзақ, жай дамиды, созылмалы гепатит пен бауыр обырына айналу қаупі бар. Инкубациялық кезең 6 аптадан 6 ай аралығында. Гепатиттер келесі белгілердің пайда болуымен бірге жүреді: дене қызуы, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу, іш ауруы, сұйық нәжіс (диарея), буын, бұлшық ет аурулары, ұйқының бұзылуы, ашуланшақтық. Кезеңнің соңында несеп қара түске, үлкен дәрет ашық түске енеді, бауыр ұлғаяды. Сауығу кезеңі. Бауырдың өлшемі, оның функционалдық жағдайы қалпына келеді. Науқастарға және байланысушы тұлғаларға қатысты іс-шаралар. Міндетті түрде госпитализациялау. Сырқатқа шалдыққан күдікті диагностикалық палатаға ауыстырылады, зертханалық тексерулер жүргізу үшін 1-3 күн аралығында үйінен оқшауланады. Байланысушыларды оқшаулау. Жүргізілмейді. А вирустық гепатитімен ауыратын науқаспен байланысушыларға 35 күн шамасында медициналық тексерулер жүргізеді. Оқу ғимаратына кіруге рұқсат. А гепатитімен ауыратын науқас сырқаттың ауырлығына, шығарылу кезіндегі жағдайына және қосарланған сырқаттардың болуына байланысты 2-4 апта жұмысқа жарамсыз деп есептелінеді. Олар ауыр физикалық міндеттерден 3-6 айға босатылады. В гепатитімен ауыратын науқас оқуға 4-5 аптадан соң ғана келе алады. Ауыр физикалық міндеттерден босатылу мерзімі 6-12 айды құрау қажет, ал нұсқаулар бойынша одан да көп болуы мүмкін. Диспансерлік бақылау: барлық науқастар 1 айдан соң емдеуші стационар дәрігердің тексерілуінен өтеді. А гепатитін жұқтырған ересектер, зардаптардың қалуы салдарынан 3

Page 48: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

47

айдан соң емханада қаралып, тіркеуден шығарылуы мүмкін. В гепатитін жұқтырған ересектер емханада 3, 6, 9, 12 айдан соң тексеріледі. Спецификациялық сақтандыру А гепатитімен ауыратын науқаспен байланыстан соң иммуноглобулинді егеді (адам қанынан жасалған дәрі). Иммуноглобулинді уақтылы пайдалану, дәріні қабылдаған 100-ден 95 адамды қорғап қалады. Бірақ, өкінішке орай, иммуноглобулиннің көмегімен түзілген иммунитет 2-3 айдан артық қорғамайды. А гепатитінен қорғанудың тағы бір әдісі бар – ол екпе. Бұл әдіс қазіргі таңда ең сенімді әдіс болып есептеледі. А гепатитіне қарсы тұрғындарды вакцинациялау, сақтандыру екпесінің күнтізбесі арқылы жасалады. Вакцинаны қабылдау 98-99% жағдайда аурудан қорғауды қамтамасыз етеді. В гепатитіне қарсы вакцинация 98% жағдайда аурудың бетін қайтарады. Иммунитет кем дегенде 8-10 жыл көлемінде, бірақ көбіне өмір бойы сақталады. Бейспецификациялық сақтандыру Зарарсыздандыру: су құбырларының, азық-түлік сақтау қоймаларының және балалар ғимаратының ахуалы мен санитарлық жағдайларын бақылау; тұрғын аймақты санитарлық тазалаулар, ЕПМ-дегі санэпидтәртіп, парантералды зақымданудан сақтану (қан немесе зарарсыздандырылмаған құралдар арқылы). ТҰМАУ Тұмау – бұл, ауа-тамшы жолымен берілетін, жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайтын өткір жұқпалы ауру. Бұл аурудың қоздырғыштары – тұмаудың үш түрлі вирустары: А, В, С. Бұл вирустарды қабылдағыштық тым жоғары. Тұмаумен барлық жастағы адамдар кез келген жыл мезгілдерінде ауыра береді. Дегенмен аурудың шыңына жететін кезі күз-қыс мезгілдері, бұл кезде адамдар көп уақытын жабық, желдетілмеген мекемелерде өткізеді және ағза дәрумен жетпегендіктен әлсірейді, температураның айтарлықтай төмендеуіне ұшырайды. Тұмаудың вирустары үнемі адамдардың арасында жүретіндіктен генетикалық материалдар алмасу және тез өзгеру қабілетіне ие. Инкубациялық кезең 1-2 күн. Басталуы жоғары температура, әлсіздік, тершеңдік, бұлшық ет ауырсынулары, көз қарашығының ауруы, жасаурау, жарықтан қорқу. Соңынан құрғақ жөтел, жұқтыншақтың жыбырлауы, дауыстың қарлығуы, мұрынның бітелуі, мұрыннан қан кету қосылуы мүмкін. Науқастарға және олармен қарым-қатынас жасаушы тұлғаларға қатысты іс-шаралар Көрсеткіштері бойынша сырқаттың ауыр жолымен ауырып жатқан науқасты госпитализациялау. Қарым-қатынас жасаушыларды оқшаулау. Мектепке дейінгі ұжымдарда медициналық бақылау жүргізеді де, қарым-қатынас жасаушыларды басқа топтармен 7 күнге дейін араласуын тоқтатады. Оқу орнына кіруге рұқсат. Аурудың басталуынан 10 күннен соң, сауыққаннан кейін. Диспансерлеу: Клиникалық айығудан соң науқасқа 2 аптадан кем емес уақытқа сауығу тәртібі орнатылады. Спецификациялық сақтандыру Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ) бұл жұқпадан сақтанудың жалғыз сенімді жолы тұмауға қарсы екпе салу және ұжымдық иммунитет қалыптастыру мүмкіндігін ұсынды. Қазақстан Республикасындағы тұмаудан және басқа да ӨРВИ-ден сақтану туралы сұрақтар, ҚР ДСМ Бұйрығымен 1 қазаннан 15 қарашаға дейін бүкіл Қазақстан территроиясына тұмауға қарсы екпе жүргізу арқылы регламенттелді. Ағзаның иммундық белсенділігі 6 ай бойы (кейде жылға дейін) сақталады да, тұмау вирусына қарсылығын бүкіл жұқпа науқаны бойына қамтамасыз етеді. Осы заманғы

Page 49: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

48

тұмауға қарсы екпелердің иммундық тиімділігі 70-90%-ды құрайды, қызығы сол, адам тұмаудың жеңіл түрімен ауырады және ауру қиындықтардың дамуынсыз өтеді. Бейспецификациялық сақтандыру Ауруларды дәріханалар мен емханаларға келуін шектеу, ал дені сау адамдарға, әсіресе балаларға – қатаң іс-шаралар орнату: бетперде тағу, оксолин мазін қолдану, желдету, УФО және мекемені зарарсыздандыру. ДИЗЕНТЕРИЯ Дизентерия – бұл, Шигелл ұрпағы микробтары тудыратын, тоқ ішектің шырышты қабатын айтарлықтай зақымдайтын, асқазан-ішек жолдары (АІЖ) жұқпалы аурулары. Инкубацялық кезең – 1-7, көбінесе 2-3 күн. Дизантерияның негізгі белгілері жалпы уланулар болып есептеледі: дененің жоғарғы температурасы, тәбеттің төмендеуі, құсу, бас ауруы, естен тану, құрысқақ, іштің бүріп ауруы, тәулігіне 5-12 реттік дәрет (сырқаттың ауырлығына байланысты), қан жолақтары. Науқастарға және олармен қарым-қатынас жасаушыларға арналған іс-шаралар Сырқаттың ауырлығына байланысты госпитализациялау. Қарым-қатынас жасаушыларды оқшаулау. Жүргізілмейді. Ауру ошағының қайталануына байланысты 7 күн ішінде медициналық бақылау жүргізіледі. Босату шарттары. Клиникалық сауығу, дәреттің және дене қызуының қалпына келуінен 3 күннен соң. Оқу орнына рұқсат қосымша бақылауларсыз беріледі. Спецификациялық сақтандыру Жиі кездесетін Зонна шигелласынан ғана сақтандыруға қарсы екпе болады. Екпеден соң иммунитет 1 жыл аясында сақталады. Бейспецификациялық сақтандыру Су құбырларына, канализацияларға санитарлық қадағалау және қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру; азық-түлік өндірісіне және қоғамдық тамақтандыру орындарына, санитарлық оқу-ағарту орындарына санитарлық бақылаулар жүргізу.

9. Кіші топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі және бірінші топқа, егер де, оқу орнында

немесе үйде жұқпалы аурулармен ауырған науқас пайда болған жағдайдағы мінез-құлық алгоритмін талқылап, құру тапсырмасы беріледі.

Екінші топ ағзаның қорғаныс функцияларын күшейту шараларын талқылап, көрсетуі тиіс.

Содан кейін топтар жұмыстарын презентациялап, оқытушы топтық жұмыстардың қорытындысын шығарады.

10. «Отбасында немесе оқу орнында жұқпалы аурумен ауыратын науқас пайда болған жағдайдағы мінез-құлық тактикасы. Ағзаның қорғаныс функцияларын күшейту» атты мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі.

Мысал мазмұн. Ауыруы мүмкін күдікті оқушыны өзін жаман сезінуінің себептерін анықтағанша

оқшаулайды. Жұқпалы ауру пайда болған жағдайда, бірден жұқпаның таралуының алдын алу

шараларына кірісуі қажет. Жұқпалы аурумен ауыратын күдікті анықталған жағдайда жедел жәрдем және оқу орнының медициналық қызметкерін шақыру қажет, олар шұғыл хабарлама картасын толтырып, оны аудандық немесе қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияға жөнелтуі тиіс (СЭС).

Page 50: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

49

Науқасты оқшаулау – бұл, адамдардың науқастармен қарым-қатынасын, сонымен қатар, күдіктілер мен науқастармен қарым-қатынас жасаушыларға, жұқпаның алысқа таралуының алдын алуға арналған індетке қарсы іс-шара.

Науқасты арнайы жұқпа емханасына жөнелткеннен соң, науқастың үйіне және оқу орнына зарарсыздандыру шаралары жүргізіледі. Барлық қарым-қатынас жасаушылар санитарлық бақылаудан өтеді және оқшауланады (үйде немесе арнайы мекемелерде).

Нақты диагноздың қойылуына байланысты науқас зақымданудың бүкіл кезеңінде; ал науқаспен қарым-қатынас жасаушылар – белгілі бір мерзімге, инкубациялық кезеңнің ең ұзақ мерзіміне оқшауланады.

Қарым-қатынасты тыюдың келесі түрлері қолданылады: • Госпитализация, • Үйде оқшаулау, • Оқшаулағышқа көшіру,

Бір жұқпалы ауруларда госпитализация міндетті болып саналса, енді біреулерінде – эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштеріне байланысты жүргізіледі.

Қарым-қатынасты тыюдың түрлеріне қысқаша тоқталып өтейік: Госпитализациялау жолдамасы емхананың дәрігерімен немесе жедел жәрдем

қызметімен рәсімделеді. Жолдамаға жұқпалы аурумен ауыратын науқастармен байланысы, елден сыртқа шыққандығы туралы, күдікті жұқпалы аурудың қай жерде тіркелгендігі, балаларда жоспарлы екпелердің барлығы туралы көрсетіледі. Жұқпалы аурулар емханасына госпитализациялау арнайы көлікпен, шұғыл көрсеткіштер бойынша – жедел жәрдем қызметімен жеткізіледі. Тасымалдаудан кейін автомашинаны санитарлық өңдеуден өткізеді.

Үйде оқшауланған кезде науқасқа жеке бөлме немесе қорғаныш қалқамен бөлінген бөлменің бір бұрышы, жеке ыдыс-аяқ және өзге де тұрмыстық қажеттіліктер беріледі, үнемі зарарсыздандыру шараларын жүргізіп, бөлмені желдетіп тұру қажет. Науқасқа күтім жасайтындарға мүмкін болатын зақымданулардан қорғану шаралары туралы ақпарат беріледі (марльі бетпердесін тағу, науқаспен қарым-қатынастан соң қолды жуу және т.б.).

Оқшаулағышқа көшіру науқасты госпитализациялағанға немесе үйде оқшаулағанға дейін, ұжымдарда (мысалы, оқу және балалар ғимаратында), емханаларда қолданылатын уақытша іс-шара. Оқшаулағыш үшін арнайы жабдықталған немесе мамандандырылған мекемелер қолданылады.

Егер үйде біреу жұқпалы аурумен сырқаттанса, аурудың алғашқы белгілері біліне салысымен науқасты оқшаулап, дәрігер шақыру қажет. Науқасқа бөлек ыдыс-аяқ, сүлгі, сабын және дәретсауыт беріледі. Таңертең және кешке, бір уақытта оның қызуы өлшеніп, термометрдің көрсеткіштері арнайы температуралық парақта нақты уақыты және күнінің көрсетілуімен жазылады. Науқастың киімдерін жуып болған соң, екі бетін де үтікпен мұқият жүргізу қажет. Пәтерді күніне бірнеше рет желдетіп, зарарсыздандырушы ерітінділермен тұрақты түрде сүртіп тұру керек. Науқастың тағамы тез сіңетін, дәрумендерге бай болу керек және сұйықтықты көп ішу керек.

Науқасты күтуші мақта-дәкелі таңғышын, халат (немесе соған ұқсас киім), қолғап, шұғыл және мамандандырылған дәрі-дәрмек қолдану қажет; ол қолының (тырнақтар қысқа болып алынуы керек) және киімінің тазалығына мұқият болу керек. Науқаспен, науқастың төсегімен, ыдыс-аяқтарымен және басқа да заттарымен жанасқанда міндетті түрде қолды жуып, оны 1% хлорамин ерітіндісімен залалсыздандыру керек. Сонымен қатар, бір шетінде залалсыздандырушы қоспасы бар сүлгі тұтынуға болады. Барлық үй-іші жеке бетперде тағып, науқасқа қызмет көрсетіп болған соң, қолды антисептиктердің көмегімен жуу керек.

Page 51: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

50

Жұқпалы аурулардың алдын алу

Носить ватно-марлевые повязки – мақта-дәкелі таңғыштарды тағу Изолировать больного – науқасты оқшаулау Провести дезинфекцию – заласыздандыруды жасау Госпитализировать больных – науқастарды госпитализациялау При возникновении очага инфекции – ввести карантин – жұқпа ошағы туындауы кезінде – карантин жүргізу Принимать антибиотики – антибиотиктер қабылдау

Сонымен, жұқпалы аурулардан сақтану шаралары жоспарланып, үш бағытта жүргізілуі керек:

1. Жұқпаның қоздырғышын жою (карантин, обсервация) 2. Жұқпаның ошағының берілу жолын кесу (дезинфекция, дезинсекция,

дератизация) 3. Адамдардың вирусты қабылдамаушылығының жоғарылауы (екпе)

Жұқпалы аурумен ауырған науқасты уақтылы емдеу, ерте оқшаулау және госпитализация басты рөл атқарады. Жұқпаның таралу жолын кесуде қоғамдық және жеке гигиеналық тәртіпті сақтау маңызды болып есептеледі. Дезинфекцияны сыртқы жұқпа қоздырғыштарын жою мақсатында жүргізеді. Дезинсекция – жәндіктерді жою. Дератизация – кеміргіштерді жою.Дезинфекциялау (залалсыздандыру) әдістері:

• Физикалық – қайнау, жағу, ыстық ауа, қаныққан су буы, ультракүлгін сәулелер. • Химиялық – дезинфекциялаушы заттар ерітінді түрінде, сонымен қатар бу және

газ түрінде пайдаланылады. Көп қолданылатыны хлорлы әктас, хлорамин. • Механикалық – бөлмені ылғалмен сүртіп шығу, қолды жуу, мекемені желдету.

Page 52: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

51

Дезинсекция механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық әдістерді қолданады. Жәндіктерді жою түрлі қақпандардың, жабысқақ қағаздың көмегімен, киімдерді және ішкиімдерді ыстық үтікпен үтіктеу, дезинфекциялық камераларды ыстық ауамен және бумен өңдеу арқылы жүзеге асырылады. Көп қолданылатыны ерітінді түріндегі химиялық заттектер, эмульсиялар және аэрозолдер, сонымен қатар, өсімдік инсектициді және бактериялық дәрі-дәрмектер де пайдаланылады.

Дератизация. Жұқпалы аурулардың көзі болып есептелетін кеміргіштермен күресуге қажетті улы заттар, көзін жоюға арналған түрлі қару-жарақтар мен әдіс-тәсілдер, сонымен қатар, кеміргіштерге ауру тудыратын бірақ адамдарға және үй жануарларына қауіпсіз болып табылатын бактериялар қолданылады.

Жұқпалы ауруларға қатысты тағы бір түсінікті қарастырайық. Карантин – індеттің ошағынан таралатын жұқпалы ауру туралы ескерту шаралар жүйесі. Карантин, әдетте, оба, шешек, тырысқақ сияқты өте қауіпті аурулар пайда болғанда орнатылады. Карантин орнатылғанда жұқпалы ауру ошағы толық оқшауланады. Бұл үшін ошаққа қарулы күзет орнатылады, адамдардың келуі, кетуі тоқтатылады, қандай да бір мүлікті дезинфекциялаусыз өткізуге тыйым салынады, мектептің, клубтардың, кинотеатрлардың және шағын тұрмыстық қызмет ету кәсіпорындарының қызметі тоқтатылады, карантин аймағына енуді қадағалайтын бақылау-өткізу орындары ашылады. Обсервация (латынша observation – бақылау) оба, шешек, тырысқақ, сары ауру ылаңдары таралған елдерден немесе тұрғын аудандарынан шыққан, я болмаса сол елдерге баратын адамдарды арнайы оқшауланған ғимараттарда бақылау бойынша шаралар жүйесі.

Адамдардың жұқпалы ауруға қарсы тұру қабілетін жоғарылатуына байланысты сақтандырушы іс-шаралар, адам ағзасының жұқпалы ауруларға қарсы тұра білу қабілетін, иммунитетін көтеруге арналған сауықтыру іс-шараларының орындалуын тұспалдау болып табылады.

Иммунитет – бұл, ағзаның жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың агенттері мен заттектеріне қарсы, бөгде құрамға ие, қарсы тұра алушылық қасиеті.

Мұндай агенттерге бактериялар, вирустар, шыққан тегі жануарлар мен өсімдіктер болып келетін улы заттектер және ағзаға жақпайтын басқа да азық-түліктер жатады.

Иммунитет екі негізгі түрге бөлінеді: туа біткен және жүре пайда болатын. Туа біткен иммунитет басқа генетикалық белгілер сияқты ұрпақтан ұрпаққа

беріледі. (Мысалы, оба ауруына қарсы тұра алатын қабілеті бар адамдар болады). Жүре пайда болатын иммунитет екпеден соң немесе жұқпалы аурудың

салдарынан пайда болады. Вакцинация – адам ағзасына жұқпалы ауруға қарсы, әлсіретілген немесе өлтірілген микроағзалардан жасалған арнайы дәрілерді, вакциналарды енгізу арқылы белсенді иммунитет қалыптастыру әдісі. Анатоксиндер – антигендік қасиетін сақтаған, микробтардың уытының залалсыздандырылған формалині. Дифтерия, сіреспе және басқа да жұқпаларға қарсы вакцина есебінде қолданылады.

Жүре пайда болатын иммунитет тұқым қуаламайды. Ол ағзаға енгізілген немесе түскен, анықталған микроағзалардың әсерінен ғана пайда болады.

Жұқпалы аурулардан сақтану шараларында иммунизация - жұқпалы аурулардың спецификациялық профилактикасы үлкен рөл атқарады.

Иммунизацияға, екпе күнтізбесімен сәйкес келетін профилактикалық екпені жүргізу жатады. Күнтізбеде екпенің екі тобы бейнеленген. Бірінші топқа туберкулезге, полиомелитке, көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, қызылшаға және басқа да ауруларға қарсы екпелер жатады. Аталған ауруларға қатысты иммунизация індеттің жағдайына қарамастан, туылған соң белгілі бір уақытта, барлық балаларға жүргізіледі.

Page 53: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

52

Екінші топқа ішек сүзегіне, бруцеллезге, сібір жарасына, тырысқаққа, обаға қарсы екпелер жатқызылады. Бұл екпелер зақымдалу жағдайы тым жоғары болып тұрған індеттің таралу аймағында жүргізіледі. Иммунитетті нығайту үшін не істеу керек? Келесі кеңестерге құлақ асу қажет:

1. Салауатты өмір салтын ұстану; 2. Белсенді демалыс; 3. Физикалық жаттығулар; 4. Еңбек және демалыс режимі; 5. Денені суық сумен сүрту; 6. Жеке гигиена ережелерін сақтау; 7. Дәрумендерге бай азық-түліктерді қолдану; 8. Зақымдалу ошағымен байланысқа түсуден бас тарту; 9. Күйзеліс жағдайларынан бас тарту.

10. Шығармашылық тапсырма. Оқытушы жұқпалы ауру тараған жағдайдағы жеке бас қауіпсіздігі ережелерін құрастыруды сұрайды. Мүмкін болатын жауаптардың тізімі: Азық-түлік тағамдарын жылумен өңдеу, ыдыс-аяқтарды тұрмыстық химия

препараттарымен жуып, жақсылап шаю керек; Тамақ алдында және дәретханаға барып-келген соң қолды жуу; Жеміс-жидектерді қайнаған сумен жуу; Суық тиіп ауырған науқасқа жеке ыдыс-аяқ беру және оны залалсыздандырушы

ерітінділермен жуып тұру керек; Медицина қызметкерлерінің иммунизация туралы ұсыныстарын уақтылы орындап

тұру қажет (екпе, анатоксин егу және т.б.); Арнайы рұқсатнамасыз мекен-жайды тастап кетуге болмайды; Мақта-дәкелік таңғыш тағып жүру; Күн сайын мекемені залалсыздандырушы ерітінділермен тазалап тұру; Қайнаған суды ғана ішу керек.

Қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерінің алдын алу шараларын жеке атап өтсек: Ауа. Үнемі желдетіп тұру режимін сақтаңыз. Оқу орындарында, тұрғын үйлерінде ауаның кварцтануы болады. Жабық мекемелердегі іс-шараларға баруды шектеңіз (цирк, кинотеатр, дискотека). Жұқпаның нақты белгілері бар адамнан кем дегенде 1 метр қашықта болыңыз. Топырақ. Жеке гигиена ережелерін сақтаңыз. Жұмыстан кейін, көшедегі ойыннан соң, дәретханадан шыққан соң, тамақтанар алдында үнемі қолыңызды жуыңыз. Бұл өткір ішек сүзегінен, вирустық инфекциялардан, паразитті және жұқпалы тері ауруларынан сақтанудың алтын ережесі. Су. Ішуге тек тексерілген су ғана жарамды. Ашық су қоймаларынан, бұлақтан және құдықтардан су ішу санитарлық талаптарға сай емес және ішуге жарамсыз деп есептеледі. Азық-түлік тағамдары. Азық-түліктің сақталу ережесі мен мерзімін қатаң сақтаңыз. Сатып алған кезде сапа сертификатын талап етіңіз. Рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық-түлік алмаңыз. Айналамыздағы заттар – ойыншықтар, есік тұтқалары, сатының жақтаулары, ақша, ұялы телефондар, үй жануарлары және құстар жұқпаның таралу факторлары болуы мүмкін. Оларды ұстағаннан соң қолды сабынмен мұқият жуыңыз. Үй жануарлары мен

Page 54: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

53

құстары, тұрақты түрде жылына кем дегенде 1 рет ветеринарлық маманның бақылауынан өту керек. Қаңғыбас жануарларды, ауру және өлі жануарлар мен құстарды жалаңаш қолмен ұстамаңыз.

11. Қорытындыға арналған қосымша материалдар. Материалды қорыту үшін оқытушы бірнеше жаттығу өткізеді. «Шатасу» жаттығуы. Сөйлемдегі сөздердің орны ауысып кеткен. Сөздерді керекті орнына қойып, сөйлемнің бастапқы қалпына келуіне көмектесіңіздер. 1. Ауа-тамшы, арасында, жұқпа, аурулардың, ең, тұмау бұл, жұқпалы. 2. Науқас, ошағы, болып саналады, жұқпаның, адам. 3. Құқық, адам, ауруханалық, есептеледі, жұмыс істеуші, парақтарды, қолдануға. Кроссвордты шешу.

1. Кір қолдан жұғатын ішек жұқпасы. 2. Сапасыз азық-түлікті қолданудан болатын ауру. 3. Жұқпалы аурумен ауырған науқастың барлық заттарын және пәтерін өңдеу. 4. Жұқпалы ауруға қарсы иммунитет тудыратын инъекция (укол) (орысша нұсқасы). 5. Бауырды зақымдайтын вирустық ауру. 6. Тұрғындардың жаппай жұқпалы аурумен ауыруы.7. Қатты қышыну әсерін тудыратын жұқпалы тері ауруы (орысша нұсқасы).

Жауаптары. 1. Дизентерия. 2. Ботулизм. 3. Дезинфекция. 4. Прививка (екпе). 5. Гепатит. 6. Эпидемия. 7. Чесотка (қышыма). «Лото» жаттығуы. Оқытушы еріктілерге «Науқасты күту ережелері» деген тақырыпқа сұрақтар бар карточкалар таратады. Ойынның ережесі мынадай: оқытушы сұрақты оқығанда, оқушы дұрыс жауапты таңдап, оны өзінің карточкасымен жауып қояды. Егер жауабын білмесеңіз, бұл сұрақты өткізіп жібересіз. «Науқасты күту ережелері» карточкасындағы сұрақтар:

1. Науқас қандай азық-түліктермен тамақтануы керек? 2. Науқастың таблеткалар мен микстураларды пайдалану жиілігі қандай болу керек? 3. Науқастың қызуын күніне қанша рет өлшеп отыру керек? 4. Науқастың бөлмесінде гигиеналық тәртіптің қандай ережелерін сақтау керек?

Күніне 2-3 рет Қызуын өлшеген соң

Аптасына бір рет шаңдарды сүрту

Сапалы

Күнделікті желдетіп тұру, ылғалмен сүрту

Кез-келген азық-түлікпен

Сағат сайын Дәрігердің рұқсатымен

Page 55: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

54

Жауаптар: 1. Сапалы. 2. Дәрігердің рұқсатымен. 3. Күніне 2-3 рет. 4. Күнделікті желдетіп тұру, ылғалмен сүрту.

12. Сабақты қорытындылау. Сабақ соңында оқытушы қорытынды шығарып, оқушылардан сабақтың қай бөлігі қызықты болғанын сұрайды. Содан кейін оқытушы берілген жауаптарды түйіндеп, жалпы қорытынды шығарады: Біздің әлемімізде шапшаң, үнемі күйзеліс пен айналамыздың ластануынан тұратын өмірімізде денсаулық мәселесі өте маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда, бұрынғыға қарағанда денсаулығымызға көп көңіл бөлуіміз керек, ерте ме, кеш пе біз өте қарапайым шындықты түсінеміз: түрлі аурулардан емделіп, оған қаражат, көп уақыт құртып, жүйкемізді жұқартқанша, деніміз сау болып жүрген жақсы.

Модуль 5. Адамның өнегелі-жыныстық дамуы (8 сағат). Сабақ 5.1. Отбасы адам өмірінде (2 сағат). Мақсаты: Отбасының адам өміріндегі рөлін және болашақ отбасылық қарым-қатынастарды жоспарлау жауапкершілік сезімін оқушылардың түсінігінде қалыптастыру. Міндеттері: - Отбасының адам және қоғам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру. - Отбасы институтына, ата-анаға және отбасылық құндылықтарға құрмет сезімін, отбасы мүшелеріне қатысты жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру. - Ерте некеге тұру мен адам құқықтарының бұзылуы арасындағы өзара байланысты көрсету. - Ата-ана жауапкершілігі түсінігін ашу. - Некеге тұру және ата-ана болу жауапкершілігін қалыптастыру. - Болашақ отбасын құру дағдысын қалыптастыру.

Түйінді сөздер: отбасы; отбасылық құндылықтар; отбасының адам өміріндегі рөлі; отбасының қоғамдағы рөлі; отбасы құрылымы; жауапкершілік, құқық, отбасы мүшелерінің міндеті; ерте некеге тұру; гендерлік теңдік; адам құқығының бұзылуы; болашақ отбасы; жауапты, жыныстық өмір мәселелері; отбасы мүшелерін қолдау қызметі. Сабақты жүргізу әдістері: эссе жазу, ми шабуылы, шағын-дәріс, кіші топпен жұмыс, пікірталас, рөлдік ойын, синквейндер құрастыру. Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магнитті тақта); флипчартты қағаз; маркерлер; мультимедиапроектор; «ашық сырлар парақтары»; қағаз парақтары (А-4); мақұлдау парақтары; жағдайдың тақырыптары жазылған карточкалар. Дайындық жұмысы: мұғалім оқушыларға алдын ала осы сабаққа байланысты «Отбасы адамға не үшін қажет?» деген тақырыпта шығармашылық тапсырма жазу үшін эссе береді (7-10 сөйлем). Сабақ барысы 1. Оқытушы кіріспе сөзінде сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлайды. 2. Жаттығу. Оқытушы оқушылардан «отбасы» сөзі оларда қандай ұқсастықтарды тудыратындығын ойлануын сұрайды. Оқушылар әр қайсысы тізбектеліп, екіден асырмай ұқсастықтарды атайды. Ұқсастықтар қайталанбауы тиіс. Мәселен: жылу мен жайлылық; достық пен махаббат; қолдау көрсету мен қамқор болу; өзара түсіністік пен көмек және т.б.

Page 56: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

55

3. Жаттығу. «Отбасы туралы мақалдар мен мәтелдер». Оқытушы оқушылардан отбасы туралы мақалдар мен мәтелдерді еске түсіріп және

айтып беруін сұрайды. Мысалы: Отбасы жоқ адам тамырсыз ағашпен тең. Шаңырағы бірдің отбасы берік. Бірліксіз отбасында береке болмайды. Отбасы – бақыттың тірегі. Жақсы отбасыдан жақсы балалар өсіп шығады. Махаббат пен кеңес бар жерде қайғы болмайды. Отбасындағы татулық қазынадан да асыл. Ұқыпты үйде – тоқшылық, жалқау үйде - жоқшылық. Отбасында ауызбіршілік болмаса, береке болмайды. Тату отбасына бақыт әрқашан жол табады. Отбасында араздық болса, берекеге орын жоқ. Бірлігі жарасқан отбасына бұлт төнбес. Тұспалдаушылықтар мен жазғырулар – отбасындағы ақау. Тату отбасына күннің суығы да ызғарын тигізе алмас. Өз шаңырағыңда қабырғаң да көмекшің. Тату отбасын мұң шалмас. Отбасында келісім болса, ісің алға басар. Төрт құбыласы түгел отбасының көңілі тоқ. Жақсы отбасының ақылы артар. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. Әке – асқар тау, шеше – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ. Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің. Ұлым – қолымдағы қуатым, қызым – асыл қазынам. Әкеге қарап ұл өсер. Ағайын тату болса – ат көп болар, абысын тату болса – ас көп болар. Үйіңнің жылы не суықтығын – қыс түскенде білерсің, кімнің жақын, кімнің алыс

екендігін – басыңа күн туғанда білерсің.

4. «Адамға отбасы не үшін қажет?» эссесін талқылау. Оқытушы оқушылардан алдын ала тапсырылған «Отбасы адамға не үшін қажет?»

тақырыбында жазылған эссені оқуын сұрайды. Талқылаудан кейін оқытушы оқушылардың жауаптарын жинақтайды. Отбасы адамға не үшін қажет деген сұраққа жауап беру үшін, алдымен біз не үшін

өмір сүріп жатқандығымыз туралы ойлануымыз қажет. Көп адамдар өмірде барлық нәрсені көру, тырысып бағу қажеттігін алға тартады, бәрін көріп, барлық орындарда болып, ұмытылмас әсер алу керек дейді... Бірақ бұл бәрі емес. Ең бастысы бұл өмірден елеусіз өтпей, ұрпағыңды абыроймен жалғастыратын өзіңнің бір бөлшегіңді – ұлыңды, немереңді қалдыру, яғни артыңнан із тастау. Жай отбасын құрып қою ғана жеткіліксіз. Барлық отбасы мүшелерімен жылы қарым-қатынасты сақтап, балаларға жақсы тәлім-тәрбие беру маңызды. Отбасы адам үшін үнемі тірегі мен сүйеуі болуы керек. Әрқашан, әр түрлі жағдайда пайдалы кеңес, қолдау мен көмек алу үшін отбасындағы сенімді қарым-қатынастан жақсы ештеңе жоқ.

Өкінішке орай, барлық отбасында өзара түсіністік әрқашан бола бермейді, туыстар кейде ортақ тіл табыса алмай әркім өзі жеке өмірімен өмір сүреді. Бұл мәселеден құтылу үшін біздің өміріміздегі отбасының ең басты мәнін-мағынасын ұғыну керек. Әрбір адамға

Page 57: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

56

оның жақындары мен туыстарынан артық ешкім, ешқашан оны жақсы көре алмайтындығын және бағалай алмайтындығын түсіну қажет.

5. «Отбасының адам өмірі мен қоғамдағы рөлі» мультимедиалық

презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс. Отбасы құрылымы. Мысал мазмұн. «Отанға деген махаббат отбасынан басталады», - бұл сөздерді кезінде философ

Френсис Бэкон айтып кеткен, ол қоғамда отбасының қалыптасуы үдерістері кезінде қандай үлкен рөл атқаратындығын көрсетіп отыр.

Дәл отбасы – бұл біздің бірінші қоғамымыз болып табылады. Біз онда өміріміздің алғашқы жылдарын өтікземіз, ол кездері өмірлік құндылықтар мен басымдылықтары қалыптасады, сондай-ақ, әлеуметтік мінез-құлық нормалары құрылады. Нақ отбасы мүшелерінің өзі адамның әлеуметтенуінің негізгі бастама нүктелерін береді: алдымен, бұл ата-аналар, сонан соң отбасының басқа да мүшелері.

Отбасы қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды құраушысы болып табылады, бұл қоғам жаңғыруын қамтамасыз ететін негізгі әлеуметтік институт. Жай сөзбен айтқанда – отбасы біздің өмірімізде алғашқы орындардың бірін алады және отбасыдан қымбат, маңызды ешнәрсе жоқ.

Отбасы – келесідей тұрақты ажырамас белгілермен сипатталатын қоғамның негізгі (базалық) ұяшығы: еркек пен әйелдің одағымен; некеге тұру еріктілігі; отбасы мүшелерінің тұрмыстық ортақтықпен байланыстылығы; некелік қарым-қатынасқа түсу; балалардың туылуына, оларды әлеуметтендіруге және тәрбиелеуге ұмтылу.

Отбасы маңызды қоғамдық құндылықтарға жатады. Адам өмірлік кезең сатыларында оның міндеттері мен отбасындағы мәртебесі

біртіндеп өзгере бастайды. Ересек адам үшін отбасы - оның бірқатар талаптарын қанағаттандырудың көзі және оған әр түрлі және едәуір қиындау тапсырмалар беретін шағын ұжым болып табылады. Сәби үшін отбасы – физикалық, психикалық, эмоциялы және интеллектуалды даму жағдайлары жиналатын орта.

Отбасы – бұл тұрмыстық ортақтық пен өзара жауапкершілікпен байланысты неке мен қандық туыстыққа негізделген адамдардың бірігуі. Отбасы ғасырлар бойы үлкен құндылық ретінде құрметтеліп келді, әсіресе, адам қиын жағдайларда тіршілік ету үшін күресуде үлкен ұжымға мұқтаж болды. Заманауи қоғамдағы отбасы: 1. Негізінде эмоциялы сезімі бар туыстас одақ – махаббат (алдымен жұбайлық, сонан соң ата-аналық, ұл перзенттік немесе қыз перзенттік). Эмоциялы жақындыққа негізделген отбасылық қатынастар қоғамның ең қорғансыз мүшелеріне – қарттар мен балаларға қамқорлықтың жасалуына түрткі болады. 2. Отбасында халық жаңғыруының маңызды биологиялық және әлеуметтік міндеттері атқарылады. 3. Отбасында тәрбие беру, яғни жаңа ұрпаққа тәжірибе, белгілі бір тіректер мен құндылықтарды беру жүзеге асырылады. Отбасылық игі дәстүрлер – қоғамның тұрақтылығы мен ізгілігінің көзі.

Page 58: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

57

Отбасы құрылымы Отбасы құрылымы мен құрамының көптеген әр түрлі нұсқалары бар:

- «нуклеарлық отбасы» күйеуі, әйелі мен олардың балаларынан тұрады; - «толысқан отбасы» - ерлі-зайыптылар жұбы мен олардың балалары, оған қоса басқа ұрпақтың туыстарынан, ата-аналарынан тұрады, мысалы: отбасының құрылымын құрайтын әжесі, атасы, ағасы, жеңгесінен тұрады және олар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болады;- «аралас отбасы» ажырасқан адамдардың некесінің салдарынан түзілген «қайта құрылған» отбасы болып табылады. Аралас отбасы өгей ата-ана немесе өгей балалардан тұрады, өйткені, әуелгі некенің балалары отбасыға жаңа мүше ретінде қосылады; - «жалғызбасты ата-ананың отбасы» мұнда ажырасудың, жұбайының кетіп қалуы немесе қайтыс болуынан, я болмаса неке қиылмағандықтан шаруашылық істерін тек бір ғана ата-ана (анасы немесе әкесі) атқарады.

Отбасы құрылымының сипаты әлеуметтік-тарихи жағдайлардың сипатымен анықталады: қоғамдағы әйелдердің теңсіздігі оның отбасында да теңсіздікке тап болуына әкеледі. Қоғамдағы иерархиялық (төмендегілердің жоғарыдағыларға бағынуы) қатынас отбасында да иерархиялық қатынасты тудырады.

Отбасы түрлері: - партриархалды отбасы, мұнда отбасы мемлекетінің басшысы болып әкесі табылады; - матриархалды, мұнда үлкен абырой мен ықпалға анасы ие; - эгалитарлық (тең жұбайлық) отбасы, мұнда айқын белгіленген отбасының басшысы жоқ, әкесі мен анасының арасында билік жағдайға сай бөлінеді.

Отбасылық қарым-қатынастардың 2 түрін бөліп көрсетуге болады. 1. Авторитарлық (жетекшілік), мұнда отбасындағы барлық жетекшілік пен

ұйымдастыру жұмыстары отбасының барлық мүшесінің қолына тапсырылған. 2. Екінші – демократиялық (серіктесік), мұнда міндеттердің теңдей бөлінуін,

отбасы мәселелерін шешуде бірдей қатысуды мақұлдайды, айтарлықтай ілгерілік бар. Соңғы уақытта жұбайлар арасындағы қатынаста теңдікті қалаушылар көбейіп

келеді.

6. «Ми шабуылы». Отбасы құндылықтары туралы түсінік. Сұрақ: Отбасы құндылықтары деген не? Оларды атаңыздар. Оқушылар жауап береді, олардың жауаптары тақтаға жазылады. Сонан соң оқытушы оқушыларды анықтама жасауға жинайды: Отбасы құндылықтары — бұл, барлық отбасы мүшелері құрметтейтін, бағалайтын маңызды, олардың қызығушылықтарының ортақ алаңы. Көбісі үшін отбасы құндылықтары шамамен бірдей: махаббат, ата-аналық ету, адалдық, сенім, өзара сыйластық, қайырымдылық, ата-аналармен байланыс, үй... Бір сөзбен айтқанда, онсыз отбасын отбасы деуге болмайтын барлық нәрселер. Отбасының өзі осы жағдайларды жинақтаушы элемент болып табылады, ол да құндылық!

7. Кіші топтардағы жұмыс. Отбасы құндылықтарын саралау. Оқушылар 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Оқытушы әрбір топқа тақтада жазылған отбасы құндылықтарын саралауын сұрайды. Сонан соң талқылау басталады.

Page 59: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

58

Үлгі жауаптар:

Махаббат Қатынастарда өтіріктің болмауы Өзара түсіністік Құрмет Ортақ қызығушылықтар Тұрақты жыныстық өмір Балалар Материалдық ауқаттылық Туысқандар Өзара сенім Келісімге келе білу.

8. «Ми шабуылы». Отбасы міндеттері. Сұрақ: Отбасы қандай міндеттерді атқарады? Оқытушы оқушылардың жауаптарын жинақтайды.

9. «Отбасы міндеттері» мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс.

Мысал мазмұн. Отбасы – әр түрлі міндеттердің бірқатарын толықтай атқаратын күнделікті өмірде

адамдар арасындағы қатынастың тұрақты жүйесі. Отбасы міндеттері – оның мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін

қанағаттандырумен тікелей байланысты отбасының тіршілік іс-әрекетінің аясы. Отбасы мүшелерінің қанша қажеттілік түрлерін қанағаттандыра алатын болса,

отбасында сонша міндеттер бола алады. Отбасының репродуктивтік міндеті – өмірдің биологиялық жаңғыруы,

балалардың туылуының арқасында үздіксіздікті қолдау. Ол адамның ұрпағын жалғастыру үшін қажет.

Отбасының әлеуметтік-демографиялық (халықтың жаңғыруы) міндеті. Қоғам алдыңғы ұрпақтың санына қарағанда қазіргі ұрпақтың санының көп болуына терең көңіл бөлуде. Бұл адамның адамгершілік-эмоциялы қажеттілігі де болып табылады. Отбасы баласыз кеміс.

Балалардың алғашқы әлеуметтену міндеті – қоғамдағы отбасына баланы жайлап кіріктіру, бұл қоғамға тән барлық заңдылықтармен оны таныстыру.

Бала туылған күнінен бастап, әсіресе алғашқы туылған жылдардан бастап анасымен және әкесімен жеткілікті түрде психоәлеуметтік байланыста болса үйлесімді жеке тұлға болып өседі. Баланы тәрбилеуде, әсіресе, туылған сәтінен бастап оны жеке қарым-қатынас жасаудан айырса, онда балада физикалық және жүйкелік-психикалық дамуының тежелуі байқалады. Ондай балалар қоғамдағы өмірге бейімделуде қиындықтарды сезінеді.

Отбасының тәрбиелеуші міндеті алдыңғысына жақын. Отбасы махаббат сезімін ұластырады, ата-аналар мен балаларда сенім,

бауырбасушылық сезімдерін қалыптастырады, әсіресе, отбасылық қатынастардың эмоциялы негізін құрайтын: үлкендерді, әйелдерді құрметтеу, қарттар мен жас балаларға қамқор болу деген сияқты адамгершілік сезімдердің тәрбиеленуінде отбасының рөлі өте үлкен.

Дұрыс жынысық тәрбиені бәрінен бұрын отбасы беруі керек, себебі, дұрыс сексуалды бағдар – бұл репродукивті денсаулықты сақтаудың кепілі.

Page 60: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

59

Отбасы балаға эмоциялы жайлылық пен қорғанушылық сезімін береді. Тілдесу, қызметтік іс-әрекет, марапаттау, жазалау, тәртібін бағалау арқылы әсер ету – дұрыс тәрбиелеудің кепілі.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта отбасының тәрбие беру потенциалының төмендеп кеткендігін байқауға болады.

Отбасының демалыс уақыты міндеті де адамгершілік тәрбие беруге септігін тигізеді. Демалыс уақыты – бұл балалардың дамуы үшін маңызды эмоциялы, тәрбиелеуші жағдай. Ата-аналарымен өтікізілетін уақыт балалардың адамгершілік-эстетикалық, мәдени деңгейін көтеру үшін, олардың рухани дамуы үшін аса маңызды.

Қоғамдық тәрбие қосымша болып табылады, егер отбасы берекесіз болса, онда отбасы тәрбиесін де алмастырады: - жанжалды отбасы, мұнда отбасыішілік жанжал болады (ата-аналар арасында, ата-аналар мен балалары арасында және т.б.). - ұйымдаспаған отбасы, мұнда отбасыішілік қатынастарда қысым байқалады; жұбайлардың қоғамдық талаптар мен ережелерге жауап беретін құнды бағдарларының бұзылуымен жиі толығып отыратын ортақ өзара түсіністік пен қызығушылықтардың болмауы.

Отбасындағы жағымсыз зардаптар мен берекесіздіктің балаға әсері – психикалық ақаулар, қиын мінез-құлық, әлеуметтік бейімделушіліктің болмауы және девианттық тәртіп, бұлардың әсерінен тек отбасы ғана емес, қоғам да толығымен зардап шегеді.

Экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық міндет отбасының биологиялық өмір сүруін (тамақ, тұратын жер, киім және т.б.) қамтамасыз етуден тұрады. Отбасындағы өмір ең алдымен тұрмыстың материалдық қамтамасыз етілуінен, еңбекке жарамсыз туыстарға бірігіп материалдық қамқорлық көрсетуден, жасөспірімдерді қолдаудан тұрады.

Медициналық міндет немесе отбасы мүшелерінің физикалық денсаулығын қолдау ең алдымен профилактикалық сипатпен көрсетіледі. Ол салауатты өмір салтын сақтаудан, зиянды әдеттерден бас тартудан, белсенді демалыстан, гигиеналық дағдыларды меңгеруден және сауықтыру іс-шараларын жүргізуден тұрады. Отбасы мүшелері денсаулық мәселелері туралы ақпараттармен қамтамасыз етілуі, уақытылы көмек пен кеңес алу үшін меджұмысшыларға барып, олардың тағайындалымдарын орындауы қажет.

Жиынтықтағы аталған міндеттер отбасылық қатынастар жүйесін көрсетеді. Отбасы міндеттерінің қайсы-біреуін елемеу немесе орындаудан бас тарту отбасылық өмір салтын бұзады.

10. Кіші топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды топтарға бөледі. Әр топқа мынадай тапсырма беріледі: бір

бағанға - қоғам әдетте қыз балаларға беретін қасиеттерді, екінші бағанға – ұл балалардың қасиеттерін жазу. Каждой группе дается задание записать в один столбик качества, которые обычно приписываются обществом девочкам, а в другой столбик – мальчикам.

Сонан соң топтар өз жұмыстарын таныстырады. Оқытушы талқылауды ұйымдастырып, атқарылған жұмыстардың қорытындысын жасайды.

Page 61: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

60

11. «Гендерлік рөлдер мен гендерлік теңдік» мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс.

Мысал мазмұн. Еркектік және әйелдік бастаманы екі мағынада түсіну керек – биологиялық және

әлеуметтік-мәдени. Ол үшін ғалымдар екі түрлі мағына енгізді – биологиялық - «жыныс» (әйелдер мен еркектердің биологиялық айырмашылығы) және әлеуметтік - «гендер» (әйелдер мен еркектердің мәдени айырмашылығы).

Гендер – бұл әлеуметтік рөлдердің жинағы. Жыныс емес гендердің өзі әйелдер мен еркектерде психологиялық қасиеттермен, қабілеттермен, қызмет, мамандық және іс түрлерімен қамтамасыз етеді.

Гендер әйелдер мен еркектер арасындағы табиғи, биологиялық және болмысты болып табылмайтын айырмашылықтарды тудырады. Гендерлік теңсіздік отбасында, достық қарым-қатынаста, қоғамдық немесе қауымдық өмірде (мысалы, еркектің/ұлдың абыройлы мәртебесі) орын алады.

Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер ер адамдар мен әйел адамдардың отбасындағы және күнделікті өмірдегі мәртебесінде, бір-біріне және балаларға қатынасы бойынша олардың міндеттері мен құқықтарын түсінуінде айтылып өтті. Отбасылық өмірдің аясы еркектер мен әйелдердің рөліне заманауи және дәстүрлі көзқарастарға оқыс қарсыласу орны болып табылады. Отбасында гендерлік рөлдердің өзгеруінің мысалы бойынша, қоғамдық санада патриархалдылықтан заманауи әйел кейіпіне ену қадамдарына жылжығандықты айқын байқауға болады.

Әйелдің әлеуметтік дәстүрлі рөлі – бұл ана мен жардың рөлі. Осы тұрғыдан оның гендерлік мәртебесі – үй бикесінің, ошақ қорғаушысының, балалардың қамқор және эмоциялы тәрбиешісінің және т.б. мәртебесі. Еркектің мәртебесі керісінше, балалармен айналыстпайтын, тек отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін үй қызметтерін тұтынушы, табыскердің, іскердің рөлін көрсетеді.

Қоғам мен мемлекет отбасы саулығына мүдделі, олар бірігіп қызмет атқарады, өзара байланыста және бір-біріне өзара әсер етеді.

Елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың қиындығына орай, әсіресе, жас балалы отбасыларда әйелдердің қолында үй шаруаларын басқару (отбасының басқа мүшелері арасында міндеттерді бөліп беру, қаржыны басқару) және қоғамдағы әйелдің рөлін күшейтудің арқасында отбасын басқару рөлі феминизацияланады (әйелдер рөлінің артуы).

Сонымен қатар, бұл отбасылық рөлдерді дәстүрлі түрде бөлу көптеген отбасыларда үйлеседі: ері (әкесі) – табыс табушы және асыраушы, әйелі (анасы) – үй бикесі және балалардың тәрбиешісі. Әкенің рөлін көтеру отбасында ер адамның билігін мықтап құрады, ол болашақта отбасы рөлдерінде ұл балалардың бағдарларын күшейтуде байқалады.

Отбасындағы әке мен ананың рөлі Барлық уақытта да ана мен әкенің рөлі ұлы және ештеңемен теңеспейді.

Табиғатынан және қоғамда әйел адам – ана мен жар болуға дайындалған сияқты, әрбір ер адам да ері, әкесі болуға дайындалады.

Некеге отырған соң ер адам өзіне үлкен жауапкершілік алады – әке болып, отбасында тірек болады. Бірақ, шындығында қаланың өмір салтының таралуына орай, көбіне отбасылық өмірді әйел-зайыбы, ана басқарады. Заманауи пәтерлерде барлығы бар, сол себепті, балалар әкесінің еңбектену үлгілерін жиі көре алмайды. Оның еңбегі толығымен отбасынан тыс қалып қояды. Ана – бұл басқа іс. Ол өндірісте жұмыс істесе де,

Page 62: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

61

үйде де оның жұмыс күні бар. Дегенмен, әке бәрібір – тұрмыстық мәселелерде күш, ақыл және отбасының тірегі болып табылады.

Әкелік ету – ер адамның әлеуметтік және адамгершілік тұрғысынан пісіп жетілуіне емтихан болып табылады. Некеге отырып алып әке болуға дайын емес жастар әрқашан кездеседі. Бала – отбасының мықтылығына арналған үлкен сынау.

Біздің уақытымыздағы балалар бақшасында және мектептерде негізінен әйел адамдар жұмыс істейді, ер адамардың балаларға әсерінің жоқтығы білінеді. Сол себепті, әкелер отбасылық қатынастарда өзінің әсерін толықтырып отыруы қажет.

Балалардың бос уақытын, ата-аналарға көмек көрсету бойынша, балалармен қосымша білімді алу бойынша және басқалай жақсы ұйымдастыру – міне осылар әкенің бірінші деңгейлік тапсырмасы. Балалардың жанында бола отырып әкесі мейірімділік, адалдық, бауырмалдық сияқты өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсетеді.

Балаларды тәрбиелеуде әкенің жанды үлгісі өте қажет. Балалары көбіне әкесінің өмір салты мен ойларын көшіреді: сөйлеу мәнерін, жүрісін, дене қимылын үлгі етіп алады. Олар әкесінен рухани мықтылық, күш, еркектік сенімділік, тапқырлық, қарама-қарсы жыныс өкілдеріне қатынас сияқты ерекшеліктерін қабылдап өседі.

Айтып өткендей, әкенің рөлі тек балаларды тәрбиелеумен ғана шектелмейді. Ол аналарымен бірге отбасын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. Ол отбасының алдында тұрмыстық керек-жарақтарға жауапты. Пәтерді жөндеу, шаруашылықтағы еңбекті көп қажетсінетін жұмыстар, азық-түлікпен қамтамасыз ету – бұл ең алдымен әкенің міндеті.

Отбасында ананың рөлі үлкен және баға жетпес. Анасы ерекше эмоциялы әсерге, жылылық пен ізгілікке, рухани жұмсақтық пен

сезімталдылыққа ие болғандықтан балаларды мейірімділік пен махаббатқа үйретеді, адамгершіліктің алғашқы сабақтарын, адамдарға жылы қатынас ету сабақтарын береді. Ана – бұл баланың өз бейнесін көретін айна, сол себепті, ананың жанды жақсы үлгісі өте маңызды.

Балаларды тәрбиелеуден бөлек, анасы үйдегі үй-бикесі де болып табылады. Ол кір жуады, үй жуады, ас дайындайды және көптеген басқа шаруаларды атқарады. Әйелдің үй жұмыстарының орташа ауырлығы еркектің үй жұмыстарының орташа ауырлығына қарағанда екі есе көп, ал оның (әйелдің) орташа еңбек ауыртпалылығы еркектің орташа еңбек ауыртпалылығына қарағанда 15-20 %-дан жоғары. Әйел-анада екі еселенген жұмыс күні бар – өндіріс орнында және үйде.

Жоғарыда айтылғандардың бәрінен отбасына әке де, ана да қажет екендігі туралы қорытынды жасауға болады. Өйткені, анасынан балаларлар адамдарға деген нәзіктік, жылылық, мейіріміділік пен сезімталдылықты қабылдап өссе, әкесінен батылдықты, ерікті күш-жігерді, күресе білу мен жеңуді үйреніп өседі. Тек осы қасиеттердің үйлесуі толыққанды жеке тұлғаны қалыптастырады.

Отбасындағы міндеттерді бөлудің заманауи әдісі жұмыс істеу, мансаппен айналысу сияқты күйеуінің де, әйелінің де мүмкіндіктері мен құқықтарын тең екендігін мойындайды. Күйеуі де, әйелі де балаларға қатысты жылылық, қамқорлық пен көңіл бөлу арқылы бірдей дәрежеде оларға тәрбие бере алады. Осы әдіске сәйкес, заманауи қоғамда ер адамның жағынан өз баласына жұмсақ қарым-қатынас жасауы әйел адамның жағынан балаға жасалатын әдістен ешқандай айырмашылығы жоқ. Оның үстіне, балалар оған (әкесіне) қатты бауыр басып қалғанда, әкесі анасына қарағанда балаларға жақсырақ қамқорлық жасайды. Барлығы да гендерлік дәстүрлерге емес, нақты адамдар мен жағдайларға байланысты.

Page 63: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

62

12. Пікірталас. Отбасында гендерлік рөлдерді бөлуге көзқарас. Оқытушы оқушыларға пайымдамалары бар парақтарды тарқатып, оларға әрбір

пайымдаманың қарсы тұсына «келісемін» немесе «келіспеймін» деген пікір жазуын ұсынады. • Жұмыс – бұл әрине жақсы, дегенмен, әйел адам балалармен үйде болу керек. • Үй бикесі болу – бұл жұмысбастылықпен бірдей. • Мектепке дейінгі жастағы бала, оның анасының үнемі жұмыс істеуінен зардап шегеді. • Еркектер әйелдерге қарағанда эмоциялары аз болып келеді. • Жұмысбасты ана жұмыс істемейтін ана тәрізді баласымен жылы және мықты қатынастар орната алады. • Жұмысы болу – әйел үшін тәуелсіз болудың ең жалғыз шешімі. • Ері де, әйелі де үй шаруашылығына материалдық қазына әкелуі тиіс. • Әкелер де аналардың деңгейінде балаларға қамқор бола алады. Сонан соң, берілген пайымдамалардың 2-3-нен пікірталас ұйымдастырылады.

13. «Қатынасу мен отбасындағы психологиялық ахуал» мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс

Мысал мазмұн. Отбасындағы өмір ері мен әйелінің, ата-аналары мен балаларының

қатынастарынсыз мүмкін емес. Отбасындағы қарым-қатынас отбасы мүшелерінің бір-біріне қатынасы мен олардың өзара байланысынан, олардың арасында ақпарат алмасу мен олардың рухану байланысынан тұрады. Қарым-қатынас жасау - жұмыс, үй шаруашылықтары, денсаулық, достар мен таныстардың өмірі туралы сөйлесуден басқа, балаларды тәрбиелеуге, өнерге, саясатқа және т.б. байланысты әңгімелесуді де қосады. Отбасылық қарым-қатынастарда ең бастылардың бірі болып табылатын - өзгені құрметтеу, оның «Менін» құрметтеу сияқты аса маңызды адамгерішілік қағидаттар.

Дегенмен, айна-қатесіз қарым-қатынастан, яғни тек қана келісімнен тұратын қатынас болмайды. Мұндай жағдайларда отбасы мүшелеріне бір-бірінің жағдайларын түсіну, өзін басқа біреудің орына қойып көру өте маңызды. Кей кездері келісімге келе білу де пайдалы, яғни бір-біріне жол беру. Сондай-ақ, басқалардың қателесуге құқы болатындығы сияқты өзінің қателіктерін де мойындай білу өте маңызды. Жылы сөздерге, мақтау сөздерге берілмей өз ойларымен жиі бөлісу де маңызды. Қарым-қатынас жасау мәдениетінің негізгі құрамдас бөліктері уайым-қайғысына ортақтасу, шыдамдылық, көнбістік, ізгіниеттілік болып табылады.

Отбасындағы толыққанды қарым-қатынасқа балалар да зәру. Қарым-қатынас балада жеке-тұлғаны қалыптастырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Көптеген отбасыларда, көбірек өзімізде балалар әкесіне қарағанда, анасымен көбірек тілдеседі. Кейбір балаларда, тіпті әкесіне де, анасына да сенімді қарым-қатынас жоқ. Бұл жағдай көбіне, жұбайлар арасында және ата-аналар мен балалар арасында жақын рухани байланыстар орнамаған отбасыларда болады. Бұл балалардың бойында толыққанды қарым-қатынастың қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Қарым-қатынас жасай алмау -отбасын бұзуға дейін алып барады. Отбасында мұндай қарым-қатынастың салдары, қоғамға алып әлеуметтік зиянын тигізетін ұрыс-керіс пен ажырасудан болуы мүмкін.

Ата-аналарда осылай, балаларының бойында адамдық қарым-қатынасқа қабілеттілік тәрбиесін қалыптастыру жауапкерішілігі жатыр. Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынас жасай білуіне, көбіне, отбасының барлық мүшелерінің адамгершілік-психологиялық саулығы байланысты.

Page 64: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

63

Отбасындағы психологиялық ахуал қарым-қатынас жасауға байланысты - олардың рухани толғаныстарының, бір-біріне, басқа адамдарға, жұмысқа, айналадағы оқиғаларға қарым-қатынасының нәтижесінде пайда болатын отбасы мүшелерінің көңіл-күйлерінің жиынтығының нәтижесінде пайда болатын тұрақты эмоциялы көңіл-күй.

Психологиялық ахуалды отбасы мүшелері жасайды. Отбасындағы жақсы психологиялық ахуалдың негізі, ең алдымен ері мен әйелінің жалпы адамгерішілк көзқарастары болып табылады. Отбасындағы жақсы психологиялық ахуал үшін ұжымдық ұйымшылдық, ізгіниеттілік, бір-біріне талаптылық, эмоциялы қанағат және қорғаныш сезімі, отбасын мақтан ету, ішкі жоғарғы тәртіптілік, жауапкершілік, ұстанымдылық тән.

Отбасындағы жақсы психологиялық ахуалдың маңызды көрсеткіштері – оның мүшелерінің бос уақыттарын бірге өткізуге тырысуы, отбасының ашықтығы, туыстармен, көршілермен, достармен және таныстармен жылы қарым-қатынастар.

Отбасындағы жағымсыз психологиялық ахуал күйзеліске, ұрыстарға, психологиялық қысымға, жағымды эмоциялардың азаюына әкеліп соқтырады. Егер отбасы мүшелері бұл жағдайды жақсы жаққа өзгертуге ұмтылмаса, онда отбасының өзінің өмір сүруі екі талай.

14. Кіші топтардағы жұмыс. Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері. Оқытушы оқушыларды 4 топқа бөледі. Әр топқа тапсырма беріліп, оларды

талқылау және флипчартта жазу тапсырылады: 1. Ата-аналардың құқықтары. 2. Ата-аналардың міндеттері. 3. Балалардың құқықтары. 4. Балалардың міндеттері. Сонан соң топтар жұмыстарын таныстырады.

15. «Отбасы мүшелерінің міндеттері мен құқықтары» атты оқытушының шағын-дәрісі.

Ата-аналық құқықтық қатынастар бала мен оның әрбір ата-анасының арасында

туындайды және құқықтар мен міндеттер ата-аналарда да, балаларда да болғандықтан екіжақты сипатта болады.

Ата-аналық құқықтар мен міндеттердің белгілі бір ерекшеліктері болады. Біріншіден, ата-аналар өз балаларына қатысты тең құқық пен тең міндеттерге ие.

Бірақ, бала заңды некеде туылды ма, жоқ па оның қатысы жоқ. Екіншіден, ата-аналық құқық уақытпен шектелген. Бала кәмелеттік жасқа толғанда

немесе кәмелеттік жасқа толмаған балалар толық қабілетсіздікке ие болғанда ата-аналардың құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.

Үшіншіден, ата-ананың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында баланың мүддесінің басымдылықтары сақталуы қажет. Ата-ананың мүддесі баланың мүддесіне кереғар болып жатуы – өмірде жиі кездесетін жағдай. Баланың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналар кәмелетке толмағандардың құқықтарына шек қояды.

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің төртінші ерекшелігі - ата-аналар өзге адамдардың алдында өз балаларын тәрбиелеуге құқығының артықшылығының болуы. Өз балаларын тәрбиелеу бойынша ата-аналардың құқықтары мен міндеттері өзіне мыналарды қосады:

Page 65: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

64

• өз балаларының дамуы мен тәрбиесіне деген құқық; • өз балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және

адамгершілік дамуына қамқорлық жасау міндеті. Сол уақытта, заң ата-аналарға балаларына қатысты келесідей әрекеттерді жасауға тиым салады:

• балалардың физикалық және психикалық денсаулығына зиян тигізуге; • баланың адамгершілік дамуына залалын тигізуге; • адамдық намысты таптайтын, дөрекі, қатал, немқұрайлы қарым-қатынасқа

байланысты баланы тәрбиелеу тәсілдерін қолдануға; • баланы қорлауға; • балаларды жұмысқа жегуге.

Ішкі және халықаралық заңнамалардың ережелеріне сәйкес, әрбір бала отбасылық қатынастардың аясында келесідей ережелерге ие:

• тегін, есімін, әкесінің атын алуға; • отбасында тәрбиеленуге және өмір сүруге, ата-анасын білуге; егер бала ата-

анасынан алыс тұратын болса немесе солардың біреуімен тұратын болса, ата-анасымен, туысқандарымен араласуға, сондай-ақ, егер ата-аналары әр түрлі мемлекеттерде өмір сүретін жағдайда болса, отбасымен қауышуға, қажет жағдайда - елден шығуға немесе елге кіруге рұқсатнама алуға;

• өз ата-анасының және отбасының басқа да мүшелерінің қамқорлығын қабылдауына;

• ата-анасынан және оларды алмастырушылардың қамқорлығын алуға және егер бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалса, мемлекеттен қамқорлық алуға; ата-анасы немесе оларды алмастырушылары тарапынан қиянат етілсе, намысын қорғауына және құрметке ие болуға;

• ата-анасымен, әжесімен, атасымен, ағаларымен, әпкелерімен, басқа да туысқандарымен қарым-қатынас жасауға;

• өзінің жеке ойын айтуға.

Балалардың міндеті • әрбір кәмелетке толмаған бала негізі орта білімді алуға міндетті; • кәмелетке толмаған ер жыныстылар әскери тіркеу мен әскери қызметке дайындық

түрінде әскери міндетті алады; • 17 жастағы кәмелет жасына жетпегендер тіркеуге тұруға байланысты әскери

шақырту бойынша баруға міндетті, сонымен қатар, жаңа тұрғылықты жері туралы хабарлауға, әскери тіркеуден алынып, жаңа тұрғылықты орынға көшуіне байланысты екі апталық мерзімге әскери тіркеуге тұруға міндетті. Отбасындағы зорлық. Сонымен бірге, кейбір отбасыларда отбасының ересек мүшелеріне де, балаларға да

қатысты зорлық түрінің әрқалай жағдайы орын алып жатады: - отбасындағы физикалық зорлық – жапа шегушінің өліміне әкелетін немесе әкелген, денсаулығына физикалық немесе психикалық бұзылушылықтар, оның ары мен намысын қорлаған ұру, дене зақымдары сияқты отбасының бір мүшесінің екінші бір мүшесіне ойластырылып жасалған зорлығы; • отбасындағы сексуалдық зорлық – басқа бір отбасы мүшесінің жыныстық дербес құқықтығына екінші бір отбасы мүшесінің құқығына қайшы қол сұғушылық әрекеттер

Page 66: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

65

жасауы, сонымен бірге, отбасының жасы кәмелетке толмаған мүшесіне қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер; • отбасындағы психологиялық зорлық – отбасының бір мүшесі екінші бір мүшесінің психикасын сөзбен қорлау немесе қорқыту, ізін аңду, үрейін алу, сияқты әсерлермен зорлық көрсету түрі, оның салдарынан эмоциялы сенімсіздік, өзін қорғауға қабілетсіздік және психикалық денсаулыққа зиян тигізуі;• отбасындағы экономикалық зорлық – отбасының бір мүшесінің екінші бір мүшесін үйден, тамақтан, киімнен және басқа да мүліктік құралдардан ойластыра айыруы, ол заттарға жапа шегушінің толық заңдық құқысы бар, ондай жағдай оның өліміне, денсаулығының физикалық немес психикалық бұзылушылықтарына әкеліп соқтырады.

Қайда хабарласу керек? Егер сіз отбасылық зорлықтың құрбаны болсаңыз, онда ең алдымен келесідей

құрылымдарға хабарласыңыз: - учаскелік милиция инспекторының қызметіне; - кәмелеттік жасқа толмаған жастар ісі бойынша комиссияға, оның уәкілеттілігі мынадай жағдайларға жүреді: егер отбасындағы зорлық құрбаны немесе жасы 18-ге толмаған басқа бір адамға зорлық жасалу қауіпі шын мәнінде төніп тұрса; - кәмелеттік жасқа толмағандарды қамқорлыққа алу және қорғау органдары; олар өздеріне қатысты отбасында зорлық жасалудың нақты қауіпі төніп тұрған немесе жасалынған, сот тәртібі бойынша олар қабілетсіз деп танылған ата-анасы бар және отбасында тұратын кәмелеттік жасқа толмағандардың, жетім балалардың және отбасы мүшелерінің құқықтары бұзылған жағдайда, оларды қайта қалпына келтіріп, заңдық мүдделерін қорғауды жүзеге асырады; - отбасындағы зорлық құрбандары үшін арнайы мекемелер, оларға мыналар жатады: • отбасындағы зорлық құрбандары үшін психологиялық, педагогикалық, медициналық

және заңдық көмек көрсетуді ұйымдастыратын, сондай-ақ, зорлықтың құрбандары болатын немесе болған отбасы мүшелеріне уақытша пана беру мүмкіндіктерін ұсынатын психологиялық, педагокүйзелістік орталықтар (күйзеліс орталықтары);

• отбасындағы зорлық құрбандарын медико-әлеуметтік айықтыру орталықтарына, сол орталықтың медициналық комиссиясының шешімінің негізінде (олардың келісімімен немесе олардың өтініші бойынша) жапа шегушілер орналастырылады. Бұл орталықтарда емделуге және психоәлеуметтік айығуға қажетті мерзім аралығында бола алады.

Қазіргі уақытта елде 28 күйзеліс орталықтары жұмыс істейді, олардың қызметі қауіпті күйзеліс жағдайындағы немесе зорлыққа ұшыраған әйелдерге арнайы мамандандырылған кешенді көмек көрсетумен (заңдық, психологиялық, әлеуметтік, медициналық және т.б.) байланысты.

Кейбір күйзеліс орталықтары әйелдер мен оның балаларына өз ғимараттарынан пана беру мүмкіндіктеріне ие. Зорлық құрбандары хабарласып, көмек сұрауға алатын күйзеліс орталықтарында сенім телефондары бар. Орталықтың көмегі анонимді, құпия және тегін.

Қазақстан бойынша Алматыда алғашқы «ЕрАзамат» қоғамдық бірлестігінің базасында ер адамдардың әлеуметтік тұрақты топ өкілдеріне арналған күйзеліс орталығы ашылды.

Күйзеліс орталығының міндеті – гендерлік теңдікке қол жеткізу арқылы азаматтық, демократиялық қоғамды қалыптастыру, гендерлік стереотиптерді жеңу және күйзеліс жағдайларына түскен ер адамдарға көмек көрсету.

«Құрбылар» күйзеліс орталығыСенім телефоны: +7 727 303-39-26

Жазыңыз: [email protected]

Page 67: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

66

9. Рөлдік ойын. Отбасының өмір сүруі үшін қажетті жағдайлар. Оқушылар «Гүлшоғы» (раушан, шегіргүл, қызғалдақ, нарғызгүл) қағидаты

бойынша төрт топқа бөлінеді. Әрбір топқа тақырыптары бар карточкалар беріліп, өздеріне отбасының тіршілік ету үшін қажетті шарттардың бұзылғанды орын алатын әртүрлі өмірлік жағдайларды елестету ұсынылады, ол жағдайларды талдап, рөлдерді таратып, оны ойнап шығу қажет.

Мысал жағдайлар: 1. Ері мен әйелінде бір-біріне деген құрметтің болмауы. 2. Әйелі толығымен материалдық жағдайда күйеуіне тәуелді. 3. Ері балаларды тәрбиелеуден қашқақтайды. 4. Ері мен әйелінде ортақ қызығушылықтар болмайды.

Әр топ ойнап болғаннан соң талқылау жүргізіледі.

10. Шығармашылық тапсырма. Эссе жазу. Оқушыларға қағаз парақтары тарқатылады (А-4) және «Мен болашақ отбасымды

қалай елестетемін» тақырыбында (7-10 сөйлем) эссе жазу тапсырылады. Бірнеше оқушы (қалауы бойынша) өздерінің шығармаларын оқиды, сонан соң, оқытушы айтылғандардың бәрін жинақтап, қорытынды жасауын сұрайды.

11.Синквейн құрастыру. Оқытушы оқушыларға «Отбасы» тақырыбында ұжымдық синквейн құрастыруды

ұсынады. Егер оқушылар бұл жұмыс түрімен таныс болмаса, оқытушы оларға түсініктеме береді.

Синквейн (француз тілінен алғанда «бес») – оқу материалдарын белгілі бір тақырыпта бірнеше сөзбен мазмұндауға көмектесетін әдіс.

Синквейнді құрастыру ережелері: 1.Бірінші жолда тақырып бір сөзбен белгіленеді (зат есіммен). 2.Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есімдер). 3.Үшінші жол – осы тақырып аясында іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау (етістіктер, есімшелер) 4.Төртінші жол – тақырыпқа қатысы бар төрт сөзден құралған сөз тіркестері (әр түрлі сөз таптары). 5.Бесінші жол – бір сөз, тақырып синонимі.

Синквейндердің үлгілері:

Табиғат 1. Өмір 2. Жемісті, асыраушы 3. Туылу, өмір сүру, күнелту 4. Табиғат – таусылмас шабыттың қайнар бұлағы 5. Жер-ана Денсаулық 1. Құндылық 2. Саулық, қажеттілік 3. Өмір сүру, баю, гүлдену 4. Денсаулық – кез-келген жастағы сұлулық 5. Игілік

Page 68: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

67

Барлығы тапсырылған тапсырмаларды орындап болғандығына көз жеткізгеннен кейін оқытушы қалаушыларға «Отбасы» тақырыбында бірнеше синквейндерді оқуын сұрайды.

Үлгі жауаптар: Отбасы 1. Отбасы 2. Үлкен, тату 3. Жақсы көреді, қамқор болады, өмір сүреді 4. Отбасы – өмірлік құндылық 5. Қоғамның ұяшығы

12. «Ми шабуылы». Ерте жастағы некелер. Оқушыларға 3 сұраққа жауап беру ұсынылады: 1.Неке деген не? Шамалы жауаптар: Неке – бұл еркек пен әйелдің арасындағы отбасылық ерлі-зайыптық

қатынас. Неке «бақыт» сөзімен байланысқан. Неке моральдық қанағаттану, сенімділік сезімін және ертеңгі күнге деген

тұрақтылықты береді. Неке өмірдің бақытты болуын және балалардың анасы мен әкесінің

болуының да кепілдігі болып табылады. Балалар үшін неке – бұл апасының әкесімен бірге тұруы, олардың

ұрыспауы, олардың әрқашан күлімдеп тұруы және сыйлықтар беруі. Неке – бұл жалғыздықтан қашу мақсатындағы екі адамның біріккен одағы. Неке – бұл тұрақтылықтың, жылылықтың, жайлылық пен сенімділіктің

сезінуі. Неке – бұл үлкен жауапкершілік пен үлкен еңбек. Дегенмен, бәрі бір

жасалса, онда ол тұрақтылық, сенімділік пен қорғаныш сезімін де береді, әлеуметтік мәртебе береді, ол да маңызды.

Неке көптеген жас адамдар үшін болашақ жоспарлардың бөлінбес бөлігі болып табылады.

2. Сіздердің көзқарастарыңыз бойынша неке қай жаста ерте болып саналады? Үлгі жауаптар: 14-16 жастағы неке. 15-17 жастағы неке. 18-жасқа толғанға дейінгі неке. Ерте неке – бұл адамдар отбасы үшін жауапкершілік алуға дайын

болмауы. Ерте неке – бұл жас жұптардың ата-анасының көмегінсіз өмір сүре

алмауы. Ерте неке – бұл көп жағдайда ересек адамдардың ойынын- ойнау.

Дегенмен, асығудың қажеті жоқ, 18-19 жас – мұндай шешімдерді қабылдауға әрқашан жеткілікті жас болып табыла бермейді.

Page 69: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

68

13. «Ерте жастағы некелер мен оның салдары» мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс

Мысал мазмұн. Неке – бұл заң белгілеген тәртіп пен ережелерді сақтай отырып бекітілген,

бір-бірі мен, балаларға қатысты жұбайлар арасындағы өзара құқық пен міндеттер және отбасын құру мақсаты бар еркек пен әйелдің ерікті және теңқұқылы одағы.

Некенің келесідей белгілерін бөліп көрсетуге болады: 1. Неке – бұл еркек пен әйелдің одағы. «Одақ» сөзі «келісім-шарт» немесе «мәміле» сөздеріне қарағанда мағынасы кең, өйткені, отбасында міндеттердің бөлінуімен қатар, әйел мен еркектің одағы қандайда бір рухани ортақтық пен бір-біріне бейімделушілік, басқаларға ізет сияқты ұйғарымдарды қосады. 2. Неке – бұл бірнекелік одақ, яғни, қалаушылық, тілектер тек бір серігіне арналатын одақ. Моногамия – бұл Қазақстан пен батыс елдерде қабылданған некенің жалғыз түрі. Мұсылман діні басқаратын кейбір елдерде полигамды некелер бар (көпәйелділік). 3. Неке – бұл ерікті одақ. Некеге ерікті және еркін тұру некенің бұзылуы және еркіндік қағидасы сиякты теңбе-тең. 4. Неке – бұл теңқұқылы одақ. Неке тұрып жатқан еркек пен әйел жеке құқықтарында, мамандық таңдауда, балаларды тәрбиелеуде тең құқықта болуы сияқты, бірге жинаған мүліктерге қатысы бойынша да тең құқылы. 5. Неке – бұл азаматтық хал-ахуал актілерінің жазбасының (АХАЖ) органдарында тіркелетін одақ. Атап айтқанда, некені тіркеген сәттен бастап жұбайлардың міндеттері мен құқықтары пайда болады.

«Отбасы» және «Неке» – бұл екі түрлі ұғым, бірақ, екеуінің арасында тығыз байланыс бар: неке жұбайлар арасында салмақты, бір қалыпты қарым-қатынастың құрылуына әсер етеді.

Неке – бұл ер адамдар мен әйел адамдарды отбасылық өмірге кіргізетін, жұбайлар арасында заңдық құқықтарды және міндеттерді тудыратын институт, одақ. Бұл әйелге де, еркекке де қатысты.

Отбасы – кең ауқымдағы ұғым, себебі, некеге қарағанда қарым-қатынастың ауыр жүйесімен көрсетіледі. Ол тек қана жұбайлар мен олардың балаларын ғана біріктіріп қоймайды, сондай-ақ, басқа да туысқандарды, отбасы мүшелеріне жақын және қажетті адамдарды да біріктіреді.

Ерте жастағы некелер Ерте жастағы неке – бұл әдетте қоғамдағы жағдайдан тыс орын алатын,

ерте жас шамасындағы тіркелген отбасының құрылуы. Бұл қоғамның ойы бойынша, отбасылық өмірге әлі тым жас болып табылатын жас адамдардың жұбы.

Формальды ерте жастағы некелер – 18-20 жаста, яғни кәмелеттік жасқа тола сала қидырылған некелер. Бұған арнайы әкімшілік органдардың рұқсаты бойынша некелік жасқа жетпей қидырылған некелер кіреді.

Өмірде ерте жастағы некелерді - ортақ мақсаттары жоқ адамдар арасындағы неке, өз аяқтарында әлі де нық тұра алмайтын, өздерін қамтамасыз ете алмайтын және бір-бірін құрметтеп үйренбегендер деп атайды.

Ерте жастағы неке – өздерін есейдік деп санайтын және жеткілікті өмірлік тәжірибесі жоқ балалардың өздеріне артатын жеткілікті ауыр жүгі.

Page 70: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

69

14. Кіші топтардағы жұмыс.

Оқушылар «Орман» (терек, үйеңкі, қарағай, қайың) ережесі бойынша топқа бөлінеді.

«Терек» пен «Қарағай» топтарына ерте некеге отырудың себептерін флипчартта жазып, оны талқылау тапсырмалары беріледі.

«Үйеңкі» мен «Қайың» топтарына ерте жастағы некелер қандай салдарларға әкеліп соқтыратындығын флипчартта жазып, оны талқылау тапсырмалары беріледі.

Топтар өз жұмыстарын таныстырады.

15. «Ерте жастағы неке мен ана болудың себептері мен салдары» мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс.

Мысал мазмұн. Ерте жастан некеге отыру себептері:

1. Махаббат – үйленуді/күйеуге шығуды өте жиі армандайтын тілек, ол аяқ астынан пайда болады. Кез-келген ғашықтық сезім жалғыз және ең күштісі болып қабылданады. Сонан соң жас жұп алып-ұшқан көңіл-күйдің әсерінен, ойланбай неке отырады. 2. Қажетсіз жүктілік – ерте жастан отбасын құруға жиі себеп болады. Жас адамдар жыныстық өмірді ерте бастайды, оның салдары некеге отырып, өздерінің қатынастарын рәсімдеуге итермелейтін жүктілікке әкеледі. 3. Ата-ананың қамқорлығынан қашуға ұмтылу. Жастар отбасылық өмірге ене отырып, өздерін не нәрсеге итермелеп жатқандықтарын жиі түсіне бермейді, дегенмен, ата-ананың қарауынан кетіп қалу сезімі күштірек болады. 4. Қате түсініктер. Ерте некеге тұрудың жиі кездесетін себебі – қате түсініктер: қыздар болашақ күйеуі – ол «ақ тұлпардағы ханзада» деп, ал отбасылық өмір ертегідегідей болады деп ойлайды. 5. Кейде ерте неке оның сезімдеріне теріс жауап берген сүйіктісінен кек алу ретінде құрылады, ондай некелер, әрине, тез бұзылады.

Ерте некеге тұрудың әсерінен болған жағымсыз құбылыстар мен олардың салдары:

1. Мұндай некелердің зиянды салдары арасындағы – отбасы және достармен ажырасу, құрдастарымен сөйлесуде және қоғамдық өмірде қатысуда еркіндіктің болмауы, сонымен бірге, білім алу мүмкіндіктерінің төмендеуі.

2. Білім мен мансаптық өсудің болмауы. Ата-анасы материалдық тұрғыдан көмектеспесе, отбасын асырау үшін ер адамға жоғарғы білімді ұмытып, жұмысқа шығуына тура келеді. Әйелге де оқу мен білім туралы ұмытып, баланы өсіруге тура келеді.

3. Невроз және тұрақты психо-эмоциялы қысым. Жас, жасөспірімдік психика өмірдің мұндай өзгерістеріне, қатал, күнделікті қайталанатын өмір сияқты себептер дайындалмаған жүйке жүйесіне көбірек әсерін тигізе отырып, күйзеліс салдарын тудырады.

4. Көңілі қалу. Ерте жастағы некелер екі жыныс өкілдерінің жүздерінде көңілі қалушылықты алып жүреді. Жас жігіт қызынан аналық қамқорлық пен махаббатты күтеді, ал қыз ертегіге тап болып, өзінің барлық армандарының орындалуын қалайды, себебі, оның таңдағаны – ол үшін барлық ерліктерге баратын – сері ғой, солай ол өзін ханшайымдай сезінгісі келеді.

5. Жұбайының көзіне шөп салу. Жүктіліктің әсерінен немесе ата-анасынан қашуға ұмтылудың салдарынан пайда болған неке, шөп салушылықтың жиі себебіне айналатын өзінің сүйіктісінен тез көңілі қалуға әкеліп соқтырады.

Page 71: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

70

6. Статистика ерте некенің көбісі бұзылатындығын алға тартады. Зерттеу нәтижелері бойынша, шамамен ерте некенің 82% алғашқы 1-2 жыл бірге өмір сүруден кейін ажырасумен аяқталады. Халықаралық зерттеулер ерте некенің салдары ауыр екендігін анықтауда. Жекелеп

айтқанда, неке тіркелмейді, оның себебінен бала заңсыз туылады да, оған туылу туралы куәлік берілмейді. Ерте некелердегі ажырасудан кейін жас әйел баспанасыз және нансыз қалатыны сирек жағдай емес. Сонымен қатар, ерте некеден пайда болған балалар жиі аурушаң болып туылады.

Жасы 18 жастан төмен аналар арасында олардың алғашқы жылдарында жаңа туылған балалардың өлім-жітімі ересек әйелдің туылған балаларымен салыстырғанда 60% жоғары. Ерте жүктіліктің нәтижесіндегі қиындықтар – 15 пен 19 жас аралығындағы қыз балалардың өлімінің басты себебі.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) ерте күйеуге шығудың жасөспірім-қыздардың денсаулығы үшін ұзаққа созылатын физикалық және психологиялық жағымсыз салдары бар екендігін атап айтады. Олар айғақ бойынша балалықтан айырылады, білім алу мен жанына жақын жұмыс табу мүмкіндігінен де айырылады. Әлеуметтанушылардың пікірінше, ерте некелер қыз балаларды олардың толыққанды ересектер өміріне кірісуі үшін ең негізгі құқықтарының бірі – білім алу құқығынан айырады. Ерте неке гендерлік феномен және адам құқығының бұзылуы ретінде қарастырылады.

Әйел құқықтарын қорғау саласы бойынша сарапшылар, жас қыздардың ерте жастан күйеуге шығуын тұрмыстық зорлық айғағы ретінде қарау қажет екендігін алға тартады. БДҰ, БҰҰ-ның тұрғын халықтар аясындағы Қоры мен оның халықаралық серіктестері, ерте некенің тәжірибесін тоқтату керектігі туралы шешімдерге толық. Олар мемлекеттерді ерте күйеуге шығудың «адам құқықтарын бұзу, жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер тудыру екендігін және бұл зиянды дәстүрдің алдын алу бойынша стратегия құру керек екендігін» мойындауға шақырады.

Адам құқықтарын сақтау - еркектер мен әйелдердің теңдігігн қадыптастыруға көмектеседі. Гендерлік теңдік сексуалды мінез-құлық және отбасын жоспарлау туралы шешімді теңқұқылы шешуге көмектеседі. Әрбір адам сексуалдық асыра пайдаланушылық, жағымсыз мінез-құлық пен жыныстыққа негізделген зорлық сияқты адам құқығының бұзылушылықтары мен гендерлік теңдікке болысуға міндетті.

16. «Ми шабуылы». Жауапкершілік түсінігі. Оқушыларға мына сұраққа жауап беру ұсынылады: Жауапкершілік деген не? Жауаптар жинақталады.

17. «Жауапкершілікті ата-аналық ету» мультимедиапрезентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс.

Мысал мазмұн. Балалардың жалпы туылуы санының азаюына қарамастан, жас қыздар бұрынғы

кездерге қарағанда қазір көбірек босануда. Олардың көбісі жалғызбасты ана атанады, ал кейбіреулері некеге отырып, өздері сияқты жас жұбайымен отбасын құрады.

Жас ата-ананың балалары ересек жастағы ата-ананың балаларымен салыстырғанда қолайсыз жағдайда қалып отырады. Олар ата-анасының басқаларға қамқор болуы мен басқаларды ойлау тәжірибесінің жоқтығынан қиналады. Сондықтан бұл жастағы ата-аналар күйзеліс пен фрустрацияны (өзінің жеке мүмкіндіктері мен күштеріне деген сенімді жоғалтудан болған жабырқау ахуалы) бастан кешеді, олар балаларын жиі

Page 72: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

71

елемейді және олармен қатаң сөйлеседі. Жас ата-ананың балалардың даму мен когнитивтік өсуінде жиі артта қалады. Отбасында бір мезгілде кедейшілік, ерлі-зайыптылар арасында алауыздық сияқты факторлармен қатар ата-аналардың білімі төмен болса, балада мәселелердің көбею мүмкіндігі арта түседі.

Табиғат адамның ұрпағының жалғасуын қарастырған – бұл баланың құрсақта дамуы мен туылуының таңғажайып және құпия құбылысы. Дегенмен, болашақ ата-аналар баланың туылу мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Болашақ ана құрсақтағы ұрықтың дамуына және баланың туылуына ықпал ететін жағымсыз әсерлерді білуі қажет.

Сол себепті, әр жас жігіт, жасөспірім мен қыз бала ата-ана және отбасылық адамның рөліне дайындалуы қажет. Бала табу міндеті отбасы үшін әрқашан маңыздылардың бірі болып саналып келеді. Тәжірибе бойынша, әрбір адам ерте ме, кеш пе ата-ана атанады, ал бұл рөлді табысты түрде жүзеге асыру үшін, оның бойында ата-ана болуға дайындықты, өзінің ата-ана екендігін ұғынуды және жұбайымен бірге жұп болып балаларды тәрбилеу дағдыларын қалыптастыру қажет.

Ата-аналық ету – бұл ата-ананың құнды бағдарларының, алдағы күтілетін әрекеттері мен құрылымдарының, ата-аналық сезімдердің, қарым-қатынастардың және көзқарастардың, ата-аналық жауапкершілік пен отбасының тәрбие беру стилінің жиынтығын қосатын жеке тұлғаның біріккен әлеуметтік-психологиялық сауаттылығы.

Кең мағынасында «Жауаптылық» түсінігі саналы және еркін жасалынатын кез-келген мінез-құлық аталады. Сол себепті, жауапты деп мұны жасағандығына және ол нәрсе не себепті болғандығына түсінік бере алатын адамды атай аламыз.

«Жауапты ата-аналық» – бұл ер адам да, әйел адам да –екеуі де баланың

туылуына жауаппен қарап, бұл қадамды жоспарлап, бала тәрбиесі бойынша міндеттерді бөлуі.

Жауапты ата-аналықтың бірінші шарты баланың туылу жағдайлары болып табылады. Ол некеде туылды ма, жоқ па, бұл бала жоспарда болды ма, әлде «солай болып қалды» ма, қалауланған ба. Жауапты ата-аналық жолында әр жас жұптарға жыныстық өмірді бастауға тырыспау керек және заңды некеге тұруға асығудың қажеті жоқ, өзінің репродуктивті денсаулығына жауаппен қарау керек.

Жауапты ата-ана – бұл мейірімді немесе қамқор ата-ана деген емес. Жауапты ата-аналық ету – бұл ең алдымен тәрбие берудің әр түрлі қырларын теңестіру, баламен қарым-қатынаста ішкі әсер берудің жоғарғы деңгейі, оны материалдық тұрғыдан қолдау қабілеттілігі мен тілегі, бірақ оның сауаттылығына, дамуына, жеке қабілеттеріне кері әсері болмауы тиіс.

Жауапты ата-ана баламен тұрақты сөйлеседі, оның талаптары мен қызығушылықтарына үнемі көңіл бөліп тұрады. Ол оның кейбір қызығушылықтарын бөлісуге дайын, сонымен бірге, саналы түрде оларға әсер ету, соның ішінде, балалық толқынға эмоциялы беріле отыруы. Жауапты ата-ана тек баламен сөйлесіп қана қоймайды, сонымен бірге, онымен қоса толғанады. Ол бала үшін әлеуметтік институттармен қатынсуда толыққанды ересектік тәжірибесі бар – балада жоқ тәжірибе, сарапшы ретінде танылады. Жауапты ата-ана үшін ең маңызды жауапты тапсырмалардың бірі - баланың денсаулығы мен оның өзінің өмірін сақтау мен нығайту болып табылады.

Ата-аналарға балаларды материалдық қамтамасыз ету жауапкершілігі де тапсырылады. Баланы тамақтандыру, киіндіру, оның саналы бос уақытын төлеу, оған қалта ақшаларын беру қажет. Қаржылық мәселеде әлі аяққа тұра қоймаған ата-аналар бұл ата-аналық парызды атқара алады ма екен. Осыларға байланысты әрбір адам осы тапсырмалардың бәрін орындап шығып, жауапты ата-ана бола алатындығын ойлау қажет.

Page 73: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

72

Егер әйел мен еркек туралы айтар болсақ, онда бала – олардың ортақ және армандаған қуанышы. Әйел адам бала дүниеге келген сәттегі қуаныштарды ғана емес, сонымен бірге, оған байланысты барлық қиыншылықтарды да бөлісетін қасында серігі болса, ол әйел бала табуға көбірек ұмтылады.

Гендерлік теңдіктің мақсаттық болжамы бойынша ер адамдар да, әйел адамдар да өздерінің жеке армандарына сәйкес отбасын, балаларды, қарым-қатынасты құрады. Бұл анасына да, әкесіне де бірдей мүмкіндіктерді қарастыратын отбасындағы жеке рөлін таңдау. Бұл мүмкіндіктер мемлекет деңгейінде қамтамасыз етілген, қоғаммен қабылданған, екі серікке де түсінікті және екеуі де меңгерген.

Бала – бұл қоғамның барлық мүшелерінің оған ыңғайланатын үлкен қуаныш пен құндылық екендігін, бала – өмірдің стилін өзгертетін адам өміріндегі маңызды қадам екендігін барлығы да (мемлекет, жұмыс берушілер, ата-аналардың өздері) ұғынады.

18. Қорытындыға келгенде оқытушы оқушыларға «ашық пікірлер парақтарын» толтыруын ұсынады.

Әр қайсысына барынша ашық жауап беру қажет болатын сұрақтары бар «ашық пікірлер парақтары» таратылады (анонимді): 1. Бүгінгі сабақ сенде қандай сезім қалыптастырды? 2. Сені әсіресе қайсысы толғандырды (таң қалдырды, әсер қалдырды)? 3. Сен өзің үшін қандай қорытындылар жасадың? 4. Сен қандай сұрақтарға жауап алғанды қалар едің?

Модуль 5.

Адамның адамгершілік-жыныстық дамуы (8 сағат). Сабақ 5. 2. Қарым-қатынастар. Жауапты мінез-құлық (2 сағат). Мақсаты: Оқушыларда жеке тұлға аралық қарым-қатынас мәдениеті мен жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: - Жеткіншек жас және оның ерекшеліктері туралы түсінік беру. - Мәдени-адамгершілік құндылықтар бозбалалар мен бойжеткендердің өзара қарым-қатынастарының негізі болып табылатындығын көрсету. - Оқушыларда жауапты мінез-құлық пен өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру. - Жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас жауапкершілігі туралы түсінік беру. - Топтық қысымға қарсы тұра білу дағдысын қалыптастыру. - Жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас үлгілерін қалыптастыру. Түйінді түсініктер: жеткіншек жастың ерекшеліктері; жеке тұлғалардың өзара қарым-қатынасы; достық пен махаббат; жауапты мінез-құлық дағдысы, топтық қысым; өзін-өзі бақылау; жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас жауапкершілігі. Сабақты өткізу әдістері: эссе жазу, ми шабуылы, шағын-дәріс, пікірталас, шағын топтардағы жұмыс, шығармашылық жаттығу; синквейндер құрастыру. Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магнитті тақта); флипчартты қағаз; маркерлер; мультимедиапроектор, «ашық сыр парақтары», жағдайлар жазылған карточкалар. Дайындық жұмыс: оқытушы оқушыларға сабаққа қатысты «Достық және махаббат» тақырыбына эссе жазу шығармашылық тапсырмасын алдын ала тапсырады ( 12-15 сөйлем).

Page 74: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

73

Сабақ барысы

1. Кіріспе сөзінде оқытушы сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. 2. Бой сергіту.

Оқытушы оқушылардан өздерін қандай жануарларға ұқсататындығын ойланып, оның не себепті екендігін қысқаша айтып беруін сұрайды. 3. Топтардағы жұмыс.

Оқушылар «жеміс салаты» қағидасы бойынша 4 топқа бөлінеді (алма, алмұрт, қараөрік, апельсин).

Әр топқа 5-7 минуттық тапсырма беріледі: «Ересек болып көрінгім келеді» тақырыбында жағдайды елестетіп көру және оны сынып алдында ойнап шығу тапсырылады. Сонан соң, талқылау ұйымдастырылып, оның барысында оқушылардан көріністің қайсысында нағыз ересектікті көргендігін, ал қайсысында жалған ересектік байқалғандығын айту ұсынылады. 4. «Жеткіншек жастың ерекшеліктері» атты мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс. Мысал мазмұн.

Жеткіншек жас – бұл әдетте 11-12 жастан басталып, 16-17 жасқа – адам «ересек өмірге» аяқ басу кезеңіне (психологиялық сөздіктен) дейін жалғасатын жеке тұлғаның даму сатысы.

Бұл жас шамасы ағзаның қарқынды психологиялық және физикалық өзгерістерімен, екпінді физиологиялық өзгерістермен сипатталатын кезеңнен тұрады.

Бұл кезеңде жас жеткіншек жылдам өсе бастайды. Сонымен қатар, бұлшықет тканьдарының дамуына қарағанда қаңқаның өсуі тез жүреді, осыдан дененің келіссіздігі, үйлесімсіздігі, шығыңқылығы пайда болады. Жүрек пен өкпенің көлемі бірден ұлғая түседі, өсіп келе жатқан ағзаны оттегімен қамтамасыз ету үшін тыныс алу тереңдігі де арта түседі. Сондай-ақ, артериялық қан қысымының біршама ауытқуы да байқалады, жиі көтеріледі, бас ауру да жиі болады.

Ағзада маңызды гормоналды өзгерістер, жыныстық жетілу жүреді. Қыз балаларда эстрогендердің саны, ал ұл балаларда — тестостерондардың саны артады. Екі жыныс өкілдерінде де екінші рет жыныстық белгілердің дамуын тудыратын бүйрекүсті андрогендерінің деңгейі арта түсетіндігі байқалады.

Жеткіншектерге мына қасиеттер тән: •Мақсаткерлік, табандылық және албырттық. •Босаңдық апатияға, ұмтылыстың және әрекет жасауға құлшыныстың жоқтығына әкелуі мүмкін. •Асқан өз-өзіне сенушілік, пікір-ойдың аппеляциясыздығы ренжігіштік пен өзіне сенімсіздік сияқты қасиеттермен жылдам ауысып кетеді. •Тілдесуге қажеттіліктің туындауы оқшауланумен алмасып отырады. •Мінез-құлықтағы көргенсіздік кейде, ұялшақтықпен үйлесіп отырады. •Романтикалық көңіл-күй арсыздықпен, есепқорлықпен жиі шектеледі. •Жұмсақтық, биязылық балаға тән емес қатігездіктің аясында болып тұрады.

Бұл жас шамасының сипатты ерекшелітері болып мыналар табылады: білуге құмарлық, ақылдың ұшқырлығы, ақпарат пен үйренуге талпыныс, мол білімге ие болу.

Жасөспірім шақтағы жасқа ересектік сезімі тән. Бала ер жетіп келеді деп айтқанда, оның бұл өмірдің тең құқылы қатысушысы ретінде ересек адамдар қоғамындағы өмірге дайындалуын айтады. Жасөспірімнің сыртқы келбетінің ешбір жері өзгермейді: сол

Page 75: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

74

мектепте оқиды, сол отбасында өмір сүреді. Отбасында балаға баяғысынша «кішкентайға» қарым-қатынас жасағандай қарайды. Көп нәрсені өзі жасайды, көп нәрсені жасауға оған ата-анасы рұқсат бермейді, солай оған айтқанды тыңдауға тура келеді.

Жасөспірімге нағыз ересектікке жету үшін – физикалық түрде де, психологиялық түрде де, әлеуметтік түрде әлі алыс. Ол объективті түрде ересек өмірге қосыла алмайды, бірақ, оған ұмтылады және ересектермен тең құқылы түрде талаптанады. Қазірше ол еш нәрсені өзгерте алмайды, бірақ сырттай ересектерге еліктейді.

Осыдан келіп «жалған ересектік» атрибуттары туады: темекі тарту, подъездегі тусовкалар, қала сыртына шығу, кешке үйге кештетіп оралу және т.с.с. Ересектікке деген наразылықтар жиі қисынсыз, кейде зиянды болады, ал еліктеу үлгілері – жақсы болып шықпайды.

Ересектіктің нағыз құнды нұсқалары да кездеседі. Бұл шын мәніндегі ересек интеллектуалды іс-әрекетке қосылу, яғни жасөсіпірім белгілі бір ғылым немесе өнер саласымен шұғылданады, өзін-өзі жетілумен терең айналысады. Бұл отбасының қамқорлығы, күнделікті отбасылық мәселелерді шешуге қатысу, кішкентайларға қамқорлық көрсету, көмекке мұқтаж болған отбасы мүшелеріне қол ұшын беру.

Жасөсіпірімнің сырт бейнесі отбасында жиі болып тұратын түсінбеушілік пен дау-жанжалдың негізі болады. Жүріс-тұрысы, мінезі мен сырт келбеті өзгере бастайды. Кеше ғана еркін қимыл-қозғалыстағы бала бүгін қарасаң екі қолын қалтасына салған күйі шырт түкіріп, алшаң басып, сөйлеу мәнерінде жаңа сөздер мен түісініктер пайда бола бастйды. Қыздар өз киімдері мен шаш сәндеуін көшедегі, журнал мұқабаларындағы көрген үлгілерімен қызғана салыстыра бастайды. Жасөспірімдердің жеке тұлғалық ерекшеліктері: 1. Ересек болу сезімі. 2. Өзіндік сана-сезімнің дамуы. 3. Ойдың сыншылдығы, рефлексияға бейімділік, өзін-өзі тексерудің қалыптасуы. 4. Өсудің қиындығы, жыныстық жетілу, сексуалдық уайымдар, қарама-қарсы жыныс өкіліне қызығушылықтардың болуы. 5. Көтеріңкі әсершілдік, көңіл-күйдің жиі ауысуы, ұшқалақтық. 6. Ерік-жігерлі қасиеттердің айтарлықтай дамуы. 7. Өзін-өзі танудың, жеке мағынасы бар іс-әрекеттің қажеттілігі.

Бұл жас шағындағы басты әрекет коммуникативтілік (қатынастық) болып табылады. Жасөсіпірімдер үшін мағынасы жағынан бірінші құрдастарымен қарым-қатынас жасау тұрады. Жасөспірім олармен тілдесе отырып, ең алдымен, өмір туралы қажетті білімді алады.

Жас жеткіншек үшін ол тиесілі топтағы құрдастары өзі туралы не айтатындығы өте маңызды болып табылады. Белгілі бір топқа тиесілілік оған қосымша сенімділік беретіндігі ақиқат. Жас жеткіншектің топтағы орны, ұжымда жүріп пайда болған оның қасиеттері, оның мінез-құлықтық уәждемелеріне елеулі түрде әсер етеді.

5. «Ми шабуылы». Дос. Оқушылар өздері үшін «Дос» түсінігі қандай мағына беретіндігі туралы сұрақтарға

жауап береді. Олардың барлық сұрақтары жалпыланады.

6. Жаттығу. Дос туралы мақалдар мен мәтелдер. Оқытушы оқушылардан дос туралы қандай мақалдар мен мәтелдер білетіндігін,

оларды еске түсіруін ұсынады. Сенімді бір дос, жүз қызметшіден артық. Бір-біріне арқа сүйеу – барлық істе батыл болу.

Page 76: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

75

Достың қадірі басыңа күн туғанда білінер. Басыңа іс түспей, достың қадірін түсінбейсің. Досың үшін өлімге дайын болудан асқан махаббат жоқ. Досыңның үйінде ішкен су балдан да тәтті. Достық қамқорлық пен көмектің арқасында берік болады. Бейбітшілік үшін дос болсақ – соғысқа орын жоқ. Берік достықты балтамен шапсаң да бұза алмайсың. Дос табу оңай, достықты сақтау қиын. Досыңның кім екенін білу үшін бір пұт тұзды бірге жеу керек. Дос деп танылдың ба, қиындықта көмектес. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болған артық! Досың жоқ па ізде, таптың ба, достықты сақтауға тырыс. Жақсы дос оқыстан тап болмайды.

7. Кіші топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды 4-5 адамнан тұратын топтарға бөледі және адамдар

арасында достықтың туындау себептерін талқылап, оны флипчартқа жазуды тапсырады. Сонан соң оқушылар өздерінің атқарылған жұмыстарын таныстырады.

8. Пікірталас. Достық пен махаббат. Оқытушының сұрауы бойынша, бірнеше оқушы өздері алдын ала жазған «Достық

және махаббат» тақырыбындағы эссе-шығармаларын оқиды. Сосын шығарманы талқылау ұйымдастырылып, оның барысында мына

сұрақтарды талқылау ұсынылады: 1. Достықтың махаббаттан қандай айырмашылығы бар? 2. Махаббатсыз достықтың болуы мүмкін бе? 3. Достықсыз махаббат болуы мүмкін бе?

9. «Достық» және «Махаббат» тақырыбына синквейндер құрастыру. Оқытушы оқушыларды 2 топқа бөледі. Бір топ «Достық» тақырыбына, ал екінші

топ – «махаббат» тақырыбына синквейндер құрастырады. Мысал жауаптар:

Достық сенімді, берік құрметтеу, сену, көмектесу адамдардың риясыз, позитивті байланысы өзара қарым-қатынас

Махаббат мықты, нәзік қадір тұту, құрметтеу, таңырқау күшті және адал сезім қатынастар 10. Оқытушы оқушыларға «Сенің түсінігіңдегі достық» атты сауалнаманы

толтыруды ұсынады: 1. Дос деген кім? 2 .Достық деген не? 3. Дос адамға не үшін қажет? 4. Достық қандай міндеттерді қояды? 5. Сендерде достар бар ма? 6. Сендерді не біріктіреді?

Page 77: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

76

7. Сендер өздеріңде қандай достардың болғанын қалайсыңдар? 8. Сендер өз достарыңнан нені күтесіңдер? 9. Сендер өз достарыңның бойындағы қандай қасиеттерін көбірек бағалайсыңдар? 10. Адамның қандай кемшіліктері достықпен келіспейді? 11. Достықты іздейді ме әлде күтеді ме? 12. Сендердің достық идеалдарың. Оқытушы сауалнамаларды жинайды.

11. Топтардағы жұмыс. Шешім қабылдауға арналған жағдайлар.

Оқытушы оқушыларды 3 топқа бөледі. Әр топқа карточка беріледі, онда шешім қабылдауға арналған жағдайлар жазылған.

1. Бұл топта бірінші рет болып тұрған жасөсіпірімге құрдастары алкогольдік сусын ішіп көруге қатысуын ұсынады.

2. Құрбысы қызға гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтін пирсинг жасатуға көндіреді.

3. Болат пен Светаның танысқанына бірнеше күн болды. Бозбала бойжеткенге қала сыртындағы саяжайға барып, екеуі сонда демалуын ұсынады.

Әр топ жағдайды талқылауы керек, сонан соң, шешім қабылдау қадамдарын талқылап, ортақ шешім қабылдаулары қажет.

Шешім қабылдау қадамдарын флипчартқа жазып, таныстыру қажет. Шешім қабылдау қадамдарының үлгі тізімдері:

1. Жағдайды ойластырыңыз. 2. Отбасылық және жеке тұлға құндылықтарын ескеріңіз. 3. Мәдени құндылықтарды ескеріңіз. 4. Досыңыздан, үлкендерден кеңес сұраңыз. 5. Шешімнің барлық нұсқаларын ойластырыңыз. 6. Шешімнің әрбір нұсқалары қандай салдар мен нәтижелерге әкелетіндігі

туралы жан-жақты ойластырыңыз. 7. Ең жақсы нұсқаны таңдап, шешім қабылдаңыз. 8. Қабылданған шешімнің орындалуына жауапкершілікті өз мойныңызға

алыңыз.

12. «Әсерлі қарым-қатынас дағдыларын дамыту және сексуалды қатынастар жағдайларының мәселелерін шешу» атты мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс

Мысал мазмұн. Әрбір адамның өмірінде адамдармен қарым-қатынас жасау айтарлықтай маңызға

ие. Көпшілдік достармен, ата-анамен, ересектермен, мұғалімдермен тілдесуде, туындаған шиеленісті шешуде, сендіруде немесе «өз» көзқарастарын, т.б. қорғауда білінеді.

Жасөспірімнің қанша досы, қанша қастасының бар болуы, сыныптастарының оған деген көзқарасы, жүретін қызының (жігітінің) болуы, я болмауы, алатын бағалары, бос уақытын қалай өткізетіндігі, мектептегі және үйдегі тәртібі – осы қарым-қатынастың барлығы жеткіншектің көпшіл болуы мен айналасындағы адамдарды түсіне алуына байланысты.

Қарым-қатынастың әсерлілігі өзіне сенімділікке, өзіндік танымға, өз сезімдері мен эмоцияларын басқара білуге және тағы да басқа көптеген қасиеттерге байланысты.

Page 78: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

77

Әр адамның болашағы оның өз қарым-қатынастарын дұрыс қоя білуіне, оны қоршаған адамдармен әсерлі қатынас жасай алуына байланысты.

Өз болашағыңа дайын және өзің нық сеніммен қадам жасау үшін не істеу қажет? 1. Конструктивті қарым-қатынас жасау мен позитивті мінез-құлық дағдыларына

ие болу. 2. Тыңдауды, өз көзқарасыңды айтуды үйрену, келісімді шешімге келу және басқа

адамдарды түсіне білу. 3. Өз әрекеттеріне жауапкершілікті алуды үйрену. 4. Сенімді мінез-құлық пен топтық қысымға қарсы тұру дағдыларын өзінде

қалыптастыру. 5. Өзінің жеке сезімдері мен эмоцияларын басқара білу. 6. Өзінің өмірлік келешегін, өмірлік мақсаттарын, жолдарын және оларға қол

жеткізу әдістерін ұғынуға талпыну. Мұндай – достық, махаббат сияқты сезімдердің қалыптасуының негізі қуаныш,

нәзіктік, ләззәт және т.б. жағымды эмоциялар болып табылады. Достық деген керемет сезім әр түрлі қызығушылықтары бар адамдар арасында да

пайда болады. Жасөспірім өз досынан түсіністік, ұқсастық пен бірге уайым бөлісу сияқты қасиеттерді іздейді. Дос – бұл тыңдап, сезіміне ортақ болып, жақсы кеңес беретін адам.

Жасөспірім шақтағы достық, әдетте, бір жынысты құрдастар, әсіресе сыныптастар арасында басталады. Жеткіншектің қарым-қатынас аясы бұрынғыдан да кеңейе түседі. Бұл кезеңде жасөсіпірмдердің таныстары мен достары көбейіп, тек қана өзара мейіріммен емес, сонымен қатар, ортақ қызығушылық, қандайда бір ортақ істермен шұғылдануы, көңіл көтеру тәсілдері, бос уақытты өткізу орындарының ортақ болуы және компаниялар мен топтар құрыла бастайды.

Достық қарым-қатынас деп өзара түсіністік, рухани жақындық, сыйластық, бір-біріне өзіне жасағандай қарым-қатынас жасау деп түсінеді, оның жан-дүниесінде өзіндік, шынайы «Мені» қалыптаса бастайды.

Біз бәріміз де сүюге және сүйікті болуға ұмтыламыз. Махаббат – бұл үнемі біз ойлайтын құбылыс, оны ақындар барлық ғасырларда жырлайды, әншілер әніне қосып айтады, режиссерлер фильм түсіреді. Махаббат хикаялары әрбір адамның жанында, әрбір жүректе болатын ішектерді қозғай түседі. Махаббат барлық адам сезімдерінің ішіндегі ең жұмбағы болып табылады. Махаббат тақырыбы мазмұны жағынан бай, әр қилы және сарқылмайтын, қайталанбас көріністер. Бұл түсініктің көп мағыналылығы және көп түрлілігі таусылмас. Отанға махаббат. Анаға махабат. Әке махаббаты. Бозбалалық махаббат. Музыкаға махаббат. Өз ісіне махаббат. Өмірге махаббат.

Үлкен жеткіншек кезеңде, әдетте ұзаққа бармайтын, зор эмоциялық тебіреніспен қатар жүретін романтикалық махаббат пайда болуы мүмкін.

Жеткіншектердегі романтикалық және ғашықтық қарым-қатынастар әлі де сексуалдылықпен байланысты емес. Жеткіншектерде сексуалдылық жыныстық жетілудің белгілері ретінде бозбалалық шақта пайда болады, бірақ та әлеуметтік ересектікке жеткендігін білдірмейді.

Жоғары эмоциямен тілдесуі, құрдастарымен қарым-қатынас кезіндегі жоғары мәнділік, әлеуметтік тәжірибенің жетіспеушілігі жеткіншектердің жеке тұлғаға қатысты әуестігі психологиялық қылықтарындағы мәселелермен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.

Алғашқы махаббат – бұл шаттыққа, романтикаларға, уайымдарға және күйзелістерге толы алғашқы жарқын сезім. Жеткіншектердің бұл сезімге берілетіндігі сондай, олар тіпті физикалық жақындық пен некеге баруға да дайын тұрады. Бірақ, бұл бар болғаны ерлер мен әйелдер арасындағы өзара қарым-қатынас қиындықтарын танып-білуге кедергі келтіреді.

Page 79: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

78

Психологтардың пайымдауынша, адамдар әуестік, ғашықтық және махаббат сезімдерін бір-бірінен ажырата білу керек. Әуестік, ғашықтық, махаббат сезімдерін ажыратудағы ең жақсы көмекші – ол уақыт. Ғашықтық – күшті сезім, кейде дәл осы адам өмірлік серік бола алатындай сезіледі, бірақ біршама уақыт өткен соң жай ғана жақсы достар болып қала береді. Сол себепті де ата-аналар әрқашан да «асығыстық жасамауға!» кеңес береді және олардың осы кеңесі ақылға қонымды болады.

Өзіңнің достыққа бейімділігің мен басқа адамдарды жақсы көре білетіндігіңді көрсетудің әртүрлі әдістері бар. Достық пен махаббат адамдардың өзін жақсы сезінуіне көмектеседі. Кемтарлық немесе денсаулық жағдайы достық және басқа да қарым-қатынастардың немесе махаббаттың дамуына кедергі бола алмайды.

Махаббат, достық, көңіл көтеру және сексуалды тартымдылық әртүрлі эмоция тудырады. Тығыз қарым-қатынас кейде сексуалды қарым-қатынасқа айналуы мүмкін. Қарым-қатынас жақсы және жаман болуы мүмкін. Гендерлік рөлдер жеке қарым-қатынастарға әсер етеді, ал гендерлік теңдік жақсы қарым-қатынастың бөлігі болып табылады. Қарым-қатынастағы зұлымдық пен зорлық гендерлік рөлдер мен стереотиптерге тығыз байланысты. Күштеп жасалған қарым-қатынас жаман қарым-қатынастың бір мысалы болып табылады. Махаббат, серіктестік, гендерлік теңдік, бір-біріне қамқорлық және өзара сыйластық отбасы және жақсы қарым-қатынастың тиімді жұмыс істеуіне үлкен үлес қосады.

Адамның жыныстық немесе сексуалды тәртібі әлеуметтік тәртіптің бірден бір нұсқасы болып табылады. Биологиялық бақылау тұрғысынан алып қарағанда тірі ағзаның жыныстық мінез-құлығының басты мақсаты - ұрпақ өрбіту.

Жеткіншектер үшін жыныстық мінез-құлықты тағы екі маңызды түрге бөлуге болады:

1. Жыныстық құмарлықты қанағаттандыру. 2. Өзін-өзі қанағаттандырудың сексуалды тәсілі.

Сексуалды мінез-құлыққа қатысты ұтымды шешім қабылдауда әр түрлі тосқауылдар болуы мүмкін. Эмоциялар сексуалды мінез-құлыққа байланысты шешім қабылдауда бірден-бір әсер етуші фактор болып есептеледі. Ішімдік пен есірткі де жауапты шешім қабылдауға кедергі болады. Сексуалды тәртіп бойынша шешім қабылдауда болуы мүмкін зардаптардың бәрін есепке алу қажет. Сексуалды тәртіп туралы шешім жеткіншектің денсаулығына, болашағы мен өмірлік жоспарларына әсер етуі мүмкін.

Сексуалды мінез-құлықтың зардаптары өзіне де, басқаларға да бірдей әсер етеді, оның салдары заңнамалық салдарға, қажетсіз жүктілік немесе ЖЖБЖ-ға, оның ішінде АИТВ-ға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Ұлттық Заңнама жастардың нені істеуге болатынын және нені істеуге болмайтынын анықтап бере алады. Жыныстық пен репродуктивті денсаулыққа қатысты, адам құқығын реттейтін (мысалы, CEDAW, КПР) жыныстық байланысқа және т.б. рұқсат етілген жас шамасында медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізуді қамтамасыз етуге байланысты Ұлттық Заңнама бұрмаланған жағдайда алға тартатын пайдалы құжаттар болып саналатын Халықаралық конвенциялар мен Келісімдер бар.

Көптеген елдерде озбырлық қарым-қатынасқа тыйым салатын заңдар бар. Адамдарға зорлық қарым-қатынасты анықтау дағдыларын үйретуге болады. Адамдар зорлық-зомбылық туралы хабарлама жасау керек. Әдетте, адамдарға зорлық-зомбылыққа апаратын іс-әрекеттерге тыйым салатын құқықтық механизмдер бар.

Page 80: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

79

Күйзеліс жағдайларында отбасы мүшелері шағымдана алатын қолдау көрсету қызметтері жұмыс істейді. Отбасылар, егер де оның мүшелері бір-бірін қолдап, өзара сыйластықта болса, күйзелістерді жеңіп шыға алады.

13. Топтардағы жұмыс. Сексуалды қатынасқа түсу уәждемелері. Оқушылар 2 топқа бөлінеді.Әр топ талқылауға және бозбалалар мен бойжеткендердің сексуалды қатынасқа

түсуінің уәждемелерінің тізімін құрау тапсырмаларын алады. Мысал тізім: • күшті сексуалдық әуестік; • махаббат; • тәжірибенің жинақталуы; • көңіл көтеру; • әуесқойлық; • серігін ұстап қалуға ұмтылу; • өзін-өзі тану; • балалы болу тілегі; • отбасын құру мақсаты; • «бәрі сияқты болу» тілегі; • мәжбүрлеу; • ақша табу тілегі.

14. Пікірталас. Отбасыішілік қарым-қатынас.

Оқытушы оқушыларға келесідей сұрақтарды талқылауды ұсынады: 1.Сексуалды өмір мен жыныстық қатынастардың мәселелері отбасына қандай әсерлерін тигізуі мүмкін (мысалы, АИТВ-оң статусын, қажетсіз жүктілікті мойындау, бір жынысты сексуалды қатынасқа түсу)? 2. Егер отбасының жас мүшесі өзінің АИТВ-оң статусын немесе жүктілігін хабарлағанада, келісімді некеден бас тартқанда немесе өзінің сексуалды бағдарын ашық айтқанда отбасы мүшелерінің рөлі өзгеруі мүмкін бе?

15. «Ми шабуылы». Адам құқығы. Оқытушы оқушыларға «құрмет», «шыдамдылық», «келісім» түсініктеріне

анықтама берулерін сұрайды. Оқушылардың жауаптары жалпыланады, оқытушы шыдамдылық, келісім және

құрмет деген құндылықтар жақсы қарым-қатынасты ұстаудың негізгі кілттері болып табылатындығына қорытынды жасайды. Әрбір адам құрметке лайық.

Сонан соң, оқушыларға «ырымшылдық», «қате түсінушілік», «стигматизация», «шыдамсыздық», «дәмешілдік», «бас тарту» және «буллинг» терминдеріне түсінік беру тапсырмасы тапсырылады.

Оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе оқытушы мынадай шешімге келеді: біреуді денсаулығының жағдайына, терісінің түсіне, пайда болуына, сексуалды бағдарына немесе басқа да айырмашылықтарына қарап, солардың негізінде дәмешілдікке немесе буллинге итермелеу адамның құқығын бұзу және қорлаушы мінез-құлық, құрметсіздік таныту болып табылады.

Айырмашылықтың негізіндегі стигматизация мен дискриминация адам құқығын бұзу болып табылады. Әрбір адам дәмешілдікке (домогательство) немесе буллингке тап болғандарды қорғауға міндетті.

Page 81: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

80

Әр адам қате түсініктер мен сабырсыздыққа қарсы шығуы қажет. Дискриминация жеке адамдарға, қауымға және қоғамға жағымсыз әсерін тигізеді. Әдетте дискриминация мен стигматизацияға тап болған адамдарға көмек көрсетудің құқықтық механизмдері болады. Көптеген елдерде дискриминация мен стигматизацияға тиым салатын заңдар бар.

16. Сабақ соңында оқушыларға «ашық сыр парақтарын» толтыру ұсынылады:

1. Барлық сабақ бойында Сіздер қандай сезімдерді бастан кешірдіңіздер? 2. Сабақта Сіздерге ұсынылған ақпараттар Сіздерге қажетті деп есептейсіздер ме? 3. Материал түсінікті, ұғымды баяндалды ма? 4. Осы сабақты Сіздер Жеке тұлғаны қалыптастыруда «бір қадам алға» басушылық деп

есептейсіздер ме? 5. Адамдармен әсерлі қарым-қатынас жасауды құру жоспарында Сіздерде сенімділік пен

оптимизм арта түсті ме?

Модуль 5. Адамның адамгершілік-жыныстық дамуы (8 сағат). Сабақ 5.3 Репродуктивті жүйе және адам ұрпағының жалғасуы. Адамның өсуі, дамуы, жетілуі және және жыныстық әуесі. Жасөспірімдердің физикалық, жыныстық, интеллектуалдық, психикалық, психосексуалдық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері (4 сағат).

Мақсаты: Адамның репродуктивті жүйесінің физиологиясын және анатомиясын, жасөспірімідердің жыныстық жетілу кезеңдерінің ерекшеліктерін үйрену.

Міндеттері: 9. Еркектер мен әйелдердің репродуктивті жүйесінің анатомиясы және

физиологиясымен, ұрықтану үдерістерімен таныстыру . 10. Жыныстық жетілу кезеңдерінде жасөспірімдерде болатын өзгерістерге

түсіністіктің қалыптасуына көмектесу. 11. Жасөспірімдің жасында жеке бас гигиенасының ережелерін жасау. Өзін-өзі

бағалау, шешім қабылдау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын жасап шығары және сол дағдыларды күнделікті өмірде жүзеге асыру.

12. Сексуалдылыққа, оның даму кезеңдеріне және сексуалдық мінез-құлыққа формаларына түсінік беру. Жасөспірім жасында сексуалдық қатынастар туралы білім, мақсат, құныдылықтарды қалыптастыру.

Түйінді сөздер: репродуктивті жүйе, жыныстық мүшелер, жыныстық жетілу кезеңі, ұрықтану, дене гигиенасы, сексуалдылық.

Сабақ жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын дәріс, топтармен жұмыс, ұжымдық жұмыс, сергіту, пікірталас.

Жабдықтар мен материалдар: Флипчарт, маркерлер, А4 қағазы, мультимедиапроектор, «Ер адамдардың

Репродуктивті жүйесінің Анатомиясы мен Физиологиясы» атты тарату материалдары, «Әйелдердің Репродуктивті жүйесінің Анатомиясы мен Физиологиясы» атты тарату материалдары.

Page 82: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

81

Сабақ барысы

44. Оқытушы кіріспе сөзінде сабақтың тақырыбын, міндеттері мен мақсатын хабарлайды.

45. Сергіту. «Жел соғады» жаттығуы. Жүргізуші шеңберге тұрып, «Жел кімде ... , соған қарап соғады» деп,

қатысушыларға сәйкес келетін киімнің бір белігісін атайды. Ойынның шарты – аты аталған киімнің элеменетін ұстап қалу. Егер аты аталған киімнің белгісі бірнеше адамда болса, онда бірнеше адамды да ұстауға болады. Мысалы, «Жел жолақ свитерлері бар адамдарға соғады». Барлығы жолақ свитерлері бар адамдарды ұстап қалулары керек. Кім соңынан ұстайды, сол жүргізуші болады.

46. Кіші топтардағы жұмыс. Еркектер мен әйелдердің жыныс мүшелерінің анатомиясы.

Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі. Топтар талқылауға және келесідей сұрақтарға жауап беруге тапсырмалар алады:Бірінші топ – қай мүшелер еркектердің жыныстық жүйесіне жатады, олар қандай қызметтерді атқарады? Екінші топ - қай мүшелер әйелдердің жыныстық жүйесіне жатады, олар қандай қызметтерді атқарады? Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады. Сонан соң оқытушы тақтаға «Ер адамдардың репродуктивті жүйесінің анатомиясы» және «Әйел адамдардың репродуктивті жүйесінің анатомиясы» деген суреттерді іледі де, жыныс мүшелерінің атаулары жазылған карточканы оқушыларға көрсетіп, сонан соң оны тақтадағы суреттен көрсетуін сұрайды.

Талқылап болғаннан соң оқытушы оқушылармен бірге қорытынды шығарып, адамның репродуктивті жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы туралы айтып береді.

47. «Еркектің және әйелдің репродуктивті жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы» атты мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі.

Мысал мазмұн.

Жасөсіпірімдер (БДҰ-ның мәліметі бойынша, 10 мен 19 жас аралығы жасөсіпірімдік жас болып табылады) эмоциялық, физикалық, әлеуметтік және интеллектуалдық аяда балалықтан ересектікке өту кезеңіне байланысты ауыр өзгерістерді бастан кешеді. Бұл кезең жыныстық жетілу кезеңі деп аталады.

Репродуктивтік жүйенің не екендігін еске түсірейік?

Репродуктивтік жүйе бұл мүшелердің көбеюіне жауап беретін ағза мүшелерінің жүйесі. Біз алдында эндокриндік және жүйке жүйесін, олардың репродукцияға қатысты өзара байланысын талқылап өткен болатынбыз. Бүгін біз репродукциялық жүйенің негізгі бөлігі болып табылатын жыныстық жүйе туралы сөйлесетін боламыз.

Page 83: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

82

Ер адамдардың репродуктивті жүйесінің анатомиясы мен физиологиясын қарастырайық.

Анатомия – құрылым туралы ілім, физиология – бұл адам ағзасының тіршілік іс-әрекеті туралы, оның жеке мүшелерінің және мүшелер жүйесінің іс-әрекеті туралы ілім.

Ер адамдардың репродуктивті жүйесінің мүшелерінің мақсаты келесідей міндеттерді атқаруы болып табылады:

• Сперма (шәует) (еркектердің жыныстық жасушалары) мен қорғаныш (ұрықтық) сұйықтығын бөліп шығару, ұстап тұру және тасымалдау.

• Секс жасау барысында әйелдің репродуктивті трактіне сперманы (шәует) тастау. • Еркектердің репродуктивтік жүйесін ұстап тұруға жауап беретін еркектердің жыныстық

гормондарын өндіру және бөліп шығару.

Мужская половая система – еркектердің жыныс жүйесі Мочевой пузырь – несеп қуығы Мочеиспускательный канал – несеп шығару жолы Мужской половой член – еркектің жыныс мүшесі Семенный пузырек – ұрықтық қуықша Предстательная железа – қуық асты безі Семявыводящий проток – ұрық шығарушы түтік Придаток семенника – атабез қосалқысы Семенник – атабез

Page 84: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

83

Әйелдердің репродуктивтік жүйесінен айырмашылығы – еркектердің репродуктивтік жүйесінің көп бөлігі дененің сыртында орналасқан. Сыртқы жыныстық мүшелерге қаса (пенис), ұма (мошонка) және атабез мүшелері жатады.

• Қаса (жыныс мүшесі) бұл 3 бөліктен құралған еркектік мүше: қарынның қабырғасына жабысқан тамырдан; денеден немесе өзектен тұрады; және қасаның ұшындағы конус тәріздес болатын кішкене бастан тұрады. Еркектің жыныс мүшесінің басы – шеткі мүше ұшы деп аталатын бос тері қабатымен жабылған мүшеден тұрады. Бұл тері кейде шеткі мүше ұшын кесіп тастау (сүндеттеу) арқылы деп аталатын процедура арқылы алынып тасталынады. Үрпінің тесігі – ұрықтық сұйықтық пен несепті тасымалдайтын түтікше-қасаның ұшында орналасқан. Сондай-ақ, қасада көптеген сезімтал жүйке ұштықтары бар. Қаса тітіркенгенде үлкейіп, едәуір маңызды тығыздыққа ие болады. Бұл жыныстық міндеттердің атқарылуында маңызды рөл атқаратын қызмет эрекция деп те аталады. Жыныстық мүше көмегімен жыныстық жасушалар әйелдердің қынабына енеді.

• Ұма (мошонка) бұл қасаның артында ілулі тұратын бос қалташа. Ол атабезден және көптеген қан жүретін тамырларынан тұрады. Ұма атабездер үшін қатысты «ахуалды қадағалау жүйесі» болып қызмет атқарады. Шәуеттің дұрыс бөлінуі үшін атабездің температурасы дене температурасынан төмен болуы қажет. Ұманың қабырғасындағы арнайы бұлшықеттер жылыну қажет болғанда атабезді денеге жақындатып, температураны төмендету үшін денеден алыстатып ширатып және босаңсытады.

o Атабездер (яички) бұл зәйтүн көлемімен шамалас ұштары құрылымдармен бекітілген ұмада жататын ұрық арқаншалары. Көп ер адамдарда екі атабез болады. Атабездің ішінде ұрықтық каналдар деп аталатын көптеген ирек түтікшелер бар. Бұл түтікшелер сперматозоидтардың түзілуіне жауап береді. Атабездердің негізіг қызметі – сперматогенез (сперматозоидтардың түзілуі), атап айтқанда еркектік жыныс жасушаларының түзілуі. Олар 15-16 жасқа бет алғанда жетіледі. Белгіленгендей, болашақ нәрестенің жынысы сперматозоидтардың ерекелігіне байланысты: оның генінде (тегәнде) сақталатын Yхромосомаларының болуы баланың туылуына себеп болады, Х-хромосомалар – қыз баланың дүниеге келуіне әсерін тигізеді.

o Атабез қосалқысы (ұрықтың қосалқылары) – әр атабездің артқы жағында орналасқан ұзын иілген түтікше. Ол атабезде түзілетін шәуетті тасымалдап, сперматозоидтарды сақтап тұрады. Атабез қосалықлары да шәуеттің түзілуне жауапты, себебі – атабезден бөлінетін шәует жетілмеген және ұрықтануға қабілетсіз болып келеді. Сексуалды тітіркену уақытында, жиырылу нәтижесінде шәует ұрық шығарылатын түтікшелерден өтеді.

o Ұрық шығаратын түтіктер бұл тура несеп қуығы артындагы атабез қосалқысынан жамбас қуысына баратын ұзын бұлшықетті түтікше. Ұрық шығаратын түтіктер шәует шашуға дайындық кезінде жетілген шәуетті несеп немесе шәуетті дене сыртына үрпі-түтікке тасымалдайды.

o Үрпі (несеп шығарушы канал) – бұл несепті несеп қуығынан дене сыртына шығаратын түтікше. Ер адамдарда ол қосымша еркектік оргазм сәтінде (шәует шашу) ұрықтың сұйықтық шығару қызметін орындайды. Секс кезінде қаса тітіркенгенде несеп ағыны үрпі ішінде бөгеледі де, оргазм кезінде ұрық сұйықтықтары ақтарылады.

Page 85: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

84

o Ұрықтық қуықшалар – бұл несеп қуығының соңында ұрық шығарушы түтіктерге бекітілген қалташалар. Ұрықтық қуықша сперматозоидқа қоғалыс мүмкіндігін беретін қуат көзі болып табылатын қантқа қаныққан сұйықтық (фруктоза) өндіреді.

o Қуықасты безі тік шектің алдыңғы жағында және несеп қуығынан төмен орналасқан, үлкендігі грек жаңғағындай көлемді құрылым. Қуықасты бездің сұйықтығы да шәуетті қоректендіруге септігін тигізеді.

o Үрпі баданалық бездер (бульбоуретальные железы) бұл атбас бұршақ тәріздес үрпінің жан-жағында, қуықасты безден кішкене төменде орналасқан бездер. Бұл бездер тура үрпіге барып түсетін мөлдір сұйықтықты бөліп шығарады.

Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы.

Әйелдің репродуктивті жүйесі әйелді жаңа өмір жасап және аналық қуанышқа бөлейтін мүмкіндіктерге ие болатын таңқалаларлық механизм.

Әйелдердің жыныстық жүйесі ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінен құралады. Сыртқы жыныстық мүшелері жиынтығы сарпай (вульва) деп аталады.

Яичник – анабез Матка – жатыр Шейка матики – жатыр мойнағы Прямая кишка – тік ішек Влагалище – қынап Мочевой пузырь – несеп қуығы Малая половая губа – кіші жыныстық ернеу Большая половая губа – үлкен жыныстық ернеу

Page 86: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

85

Ішкі жыныстық мүшелерге мыналар жатады:

• Анабездер – пішперде қуысының төменгі бөлігінде орналасқан, байламдармен бекітілген жұп мүше. Ұзындығы 3 см-ге дейін болатын анабездер бадам дәнінің пішінін еске түсіреді. Анабезде ұрық жасушаларының жетілу процесстері жүреді.

• Жатыр (фаллопиев) түтікшелері немес ұрық түтігі. Олардың ұшында түтікке жетілген анабез түсетін құйғы тәріздес кеңею үрдісі болатын қызмет бар. Түтіктер ішінде ұрықтануға дайын ұрықтың жасушаларды жатырша түтігіне жіберетін кірпікшелер орналасқан. Ұрықтық жасушаның ұрықтану процессі түтікшеде болады. Жатыр түтікшелері екінші ұшымен ұрықтың жасушалар бағытталған жатырдың жоғарғы жағына ашылады. Жатыр жасушаларының ұрықтануы жатырға енеді де, онда олар қалыпты дамып, тулығанша болады..

• Жатыр — үлкендігі ересек адамынң жұдырығындай алмұрт тәріздес мүше. Ол ішперде қуысының ортасында, несеп қуығының артында орналасқан. Жатырдың қалың бұлшықет қабырғалары болады. Жатыр қуысының ішікі беті қан жүретін тамырлардың қалың торы өтетін сілемейлі қабықшамен төселген. Жатыр қуысы қынапқа өтетін қалың бұлшықетті сақина арқылы өтетін қынап каналымен байланысады. Ол жатыр мойнағы (мойыны) деп аталады. Қалыпты жағдайда ұрықталған жасуша жатырша түтігінен жатырға өтеді және іштегі нәрестеге дейін жетіліп, бұлшықетке жабыстырылады. Жатырда іштегі нәрестенің қалыпты өсіп туылғанша болады.

• Жатыр мойны жартылай қынап шығып тұратын цилиндир пішіндес (әлі босанбағандарда ол конус типтес болады) мүше. Мойнының ортасында жатыр каналы – ұршық тектес канал бар. Осы каналдың ішкі аңқа деп аталатын жоғарғы ұшы жатыр қуысына ашылады. Сыртқы аңқа деп аталатын төменгі саңылауы қынапқа ашылады. Цервикалды канал ұынап пен жатыр қуысын байланыстырады. Цервикалды каналдың сілемейлі бездерінің шығаратын тұтқырлық сілемейі «сілемейлі тығын» жасайды. Жатыр мойнының сілемейлі «биологиялық қоқыстың» (өлі жасушалардың денелері, бактериялар, т.б.) жатыр қуысына барар жолындағы тосқауыл болады. Қынап жатыр мойны каналымен бірге босану кезінде іштегі нәресте өтетін туылу жолдарын құрайды.

• Қынап — бұл жатырдан басталып шығу жолы әйел денесінің сыртында болатын жуан бұлшықетті түтік. Қынап жыныстық қатынас кезінде ұрықты қабылдаушы болып табылады, сонымен қатар, баланың жатырда дамуы аяқталған соң шығатын туылу каналы, жолы міндетін атқарады.

Әйелдің сыртқы жыныс мүшелеріне мыналар жатады:

• Үлкен жыныстық ернеулер — бұл іштің төменгі шетінен артқа өтетін, ішінде май ткані және венлық өрімдері бар екі терілік іркістер орналасқан. Ересек әйелдерде олар түкпен жабылған. Үлкен жыныстық ернеулер әйелдің қынабына микробтар мен басқа да денелердің түсіп кетуінен қорғау міндетін орындайды.

Page 87: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

86

• Кіші жыныстық ернеулер үлкен жыныстық ернеулердің ортасында орналасқан, әдетте солардың арасында жасырынған болады. Олар түксіз, алқызыл түсті, екі жұқа тері іркістері болып көрінеді. Алдыңғы (жоғарғы) байланыс нүткелерінің жанында, әдетте үлкендігі көкбұршақтай сезімтал мүше – шұртекей орналасқан.

• Шүртекей әйелдердің көпшілігде ол тері іркістерімен көмкеріле жабық тұрады. Шүртекейде нервілік ұштар өте көп. Шүртекейден төмен жерде несеп шығаратын каналдың (үрпінің) сыртқы тесігі орналасқан. Әйелдерде ол тек несеп қуығынан несеп шығару үшін қызмет етеді. Шүртекейдің төбесінде іштің төменгі жағында май тканьдерінен тұратын шағын жуандау болады. Ол ересек әйелдерде түкпен жабылған. Ол ұма немесе «венерин бугорок» деген атауға ие.

• Қыздық перде — бұл тесігі бар жұқа жарғақ сілмейлі қабыршақты іркіс (складка). Ол түрлі пішіндерде: сақина, жарты ай, шашақ, т.б. тәріздес болып келеді, ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінің ортасында қынапқа кіретін жолды жауып тұрады. Ереже бойынша алғашқы жыныстық байланыс кезінде бір қалыппен ауырсыну сезімі мен аздап қанау болады, солай ол жыртылады.

• Әйелдердің репродуктивтік жүйесіне жататын көкірегінің алдыңғы жа,ында орналасқан терілік жұп құрылымдары – сүт бездері бар. Бездің орта шенінде айналасы реңделген тері (ареола) дөңгелегі – емшек ұштары бар. Без, сүт жолдары бар безді тін бөлшектерінен және майлы тіннен құралады. Жолдар бір-бірімен байланыса отырып, сүт безінің емшек ұшына ашылатын шығу түтіктерін құрайды. Етеккір циклы, овуляция мен ұрық жасушаларының ұрықтануы. Етеккір циклы – бұл бала көтеру мен жүкітілікке дайындайтын әйелдің жыныстық жүйесінің жалғасып отыратын циклдік өзгерістері. Ол өзіне бірнеше процесстерді жатқызады: фолликулдың жетілуі, овуляция – ұрық жасушаларының анабезден шығуы, оның жатыр қуысына өтуі, эндометрияның жуандауы және оның ажыратылуы, сырт көзге жатрдың қан ағуы болып көрінетін етеккір ( жай сөзбен – айлық деп те атайды). Алғашқы етеккір (менархе) әдетте, қыз балалардың жыныстық жетілу кезеңінде 10-15 жас аралығында көрінеді. Алғашқы уақытта етеккір ереже бойынша ретсіз, 2 айдан 3-6 айға дейін жоғалып кетіп қайта пайда болады. Тұрақты етеккір циклы бойжеткеннің жыныстық жетілу шамасына байланысты 1-1,5 жылда реттеледі. 15 жастан кейін етеккірдің болмауы физикалық өсудің бұзылуының белгісі, сондықтан бұл жағдай гинекологке көрінуі үшін нақты себеп болады. Етеккір циклының ұзақтығы етеккірдің келген бірінші күнінен бастап келесі етеккірдің бірінші дейінгі аралық болып есептелінеді, қалыпта 28±7 күн, әдетте 28 күн – бір ай болып есептеледі. Жатырдағы қан ағу процессі 3 күннен 6 күнге дейін созылады. Шартты түрде етеккір циклы 14±3 күн деп ортасын анықтайды, ал оның екі жартысын немесе фазаларын бірінші және екінші деп белгілейді. Бірінші фаза кезінде фолликулынталандырушы гормон гипофиза – ФЫГ-ның (ФСГ) әсерінен анабезде ұрық жасушалары бар ондаған фолликулдар (жетіліп келе жатқан ұрық жасушасы бар қалташа) жетіле бастайды. Кей біреуінің ұзындығы 14 мм-ге жеткенде, қалғандарының өсуі тоқтайды да, біреуі ғана өсуін жалғастырады. Ол доминантты фолликул деп аталады. Бірінші фаза кезеңінде ана без эстрогендерді (әйелдердің жыныстық гормондары) бөліп шығарады. Олардың әсерінен жатыр қуысындағы ішкі қабаты жуандап ол ұрықтанған ұрық жасушаларын қабылдауға дайындалады. Анабез жатырда өтіп жататын процесстерді есептеп етеккір циклінің бірінші фазасын фолликулярлы фаза деп атайды.

Page 88: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

87

Етеккір циклының ортасында (14 пен 28 күн аралық циклында) лютеиндеуші гормон гипофизі – ЛГ әсерінен доминантты фолликул жарылып, жетілген ұрық жасушалары алдымен жатыр қуысына, сонан соң жатыр түтікшесін түседі. Бұл процесс овуляция деп аталады. Қалыпты жағдайда овуляция бір етеккірлік циклыда бір рет болады. Етеккір циклы кезінде аналық без фолликулдарының дамуы

Желтое тело – сары дене Овуляция – овуляция Яйцеклетка – ұрық жасушасы Первичные фолликулы – алғашқы фолликулдар Доминантный фолликул – доминантты фолликулдар

Егер осы кезеңде ұрық жасушалары сперматозоидпен кездессе, барлық сперматозоидтардың ішінен біреуі ғана ұрық жасушасының ішіне ене алады, жасушалардың өзектері (ядро) бірігеді де ұрықтану басталады. Сонан соң ұрықтанған ұрық жасушалары жатыр түтікшесінің ішінен жатыр қуысына жылжиды. Жатыр түтігінде ұрықтанған ұрық жасушалары бөліне бастайды. Овуляция сәтінен 8-ші күнге таяғанда ол ұрыққа айналады да жатыр қусына түсіп, ішкі қабатқа бекітіледі. Бұл процесс имплантация деп аталады. Осылай жүктілік басталады. Егер ұрық жасушасы еркектік жыныстық жасушаларын кездестірмесе, онда ол 12-24 күн ішінде бұзылып, етеккір қанымен немесе жатырдың сілемейлі қабығымен жыныстық жолдар арқылы ағзадан шығып кетеді. Әдетте етеккірлік цикл кезеңінде бір фолликул жетіледі. Сол уақытта жарылған фолликул басылып, оның қуысында шамалы ұйыған қан қалады да жарылған орны қайта жабылады. Лютеиндеуші гормон гипофиздің әсерімен анабезде «сары дене» атты уақытша эндокриндік без пайда болады. Сары дене әдетте, 14 күн қызмет етеді, нақты айтқанда, етеккір циклының барлығы екінші жартысын жүктілікті бір қалыпта ұстайтын прогестерон гормонын жасап шығарады. Егер ұрықтаун процессі болмаған жағадйда, сары дене кері даму сатысына түседі де прогестеронның қандағы деңгейі төмендейді. Осыған байланысты жатырда ішкі

Page 89: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

88

қабаттың ажыратылуы – етеккірлік процесс өтеді, ал анабезде жаңа фолликулдың жыныстық жетілуі басталады. Анабезде сары дененің пайда болуына байланысты етеккір циклының екінші фазасы лютеинді фазой деп аталады. Етеккірдің басталуымен жаңа цикл пайда болып, жоғарыда қарастырылған процесстер қайталанады.

Жыныстық жүйенің қызметін байланысты әйел өмірінде бірнеше кезең анықталған. Оларды білу маңызды, себебі, әр кезеңде өзіне тәне әйелдік ағзаның өзгерістер болып жатады. Бұл өзгерістер заманауи әйелден белгілі мінез-құлық ережелерін сақтауды талап етеді. Нәрестелік пен балалық шақ кезеңі 7-8 жасқа дейін жалғасады да біз тікелей сөз ететін жыныстық жетілу кезеңі басталады. Жыныстық жетілу кезеңі. Уақыты бойынша 10 жылға дейін созылады, оны жас шекарасы 7(8) – 17(18) жас аралығы болып есептелінеді. Осы уақыт бойы репродуктивтік жүйенің жетілуінен тыс әйелдік ағзаның физикалық дамуы аяқталады: бойдың, түтік сүйектерінің өсуі аяқталады. Дене бітімі аймағыны және әйелдік тип бойынша майлы тін бұлшықет тінінің орнығуы қалыптасады. Жетілу процессі - ұзақ та күрделі процесс. Жыныстық кемелдену кезеңі және репродуктивті кезең. 16(18) жастан 45 жасқа дейін 30 жылға созылады, тұрақты етеккірлік цикл мен ағзаның тәжірибелік үнемі жүкті болуға дайын болуымен сипатталады. Бала көтеруге қолайлы дас 23-25 аралығы болып есептеледі. Дәл осы жасқа дейін қаңқалыө өсу аяқталады – сүйектің өсу аймақтары жабылады да шын мәнінде кальций қажеттілігі төмендейді (өсіп келе жатқан іштегі нәресте осы минералға мұқтаж екені жасырын емес қой, ал оны ол өз анасынан алады). Климактериялық кезең. Әйелдің өміріндегі анабездің гормоналды қызметінің бірте-бірте таусылып, бала көтеру қабілеті төмендеп, етеккірдің келуі азайып, орта есеппен 51 жас шамасында тоқтатылу кезеңі. Осы кезеңнің жас шегі 45-69 жас. Соған байланысты жыныстық гормондардың деңгейінің төмендеуіне байланысты ағзаның майлы, көмірсулар мен минералдарының алмасуында өзгерістер болады.

48. Кіші топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі. Топтар келесідей сұрақтарға жауап беруге және талқылауға тапсырма алады: Бірінше топ – қыз балаларда жыныстық жетілу кезеңінде болатын физикалық өзгерістер мен мәселелерді атап шығу. Екінші топ – ер балаларда жыныстық жетілу кезеңінде болатын физикалық өзгерістер мен мәселелерді атап шығу.

Оқушылардың барлық жауаптары флипчартта жазылып, топтық жұмыстар таныстырылады. Таныстырудан кейін оқытушы оқушыларға келесідей сұрақтарды қойып, пікірталас жүргізеді:

• Жасалынған тізімдерде қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? • Жыныстық жетілу кезеңінде болатын физикалық және эмоциялы

өзгерістерді жеңу үшін бір жыныс өкілі екінші жыныс өкіліне қарағанда көбірек дайын деп ойлайсыздар ма?

Оқытушы оқушылармен бірге қорытынды шығарады.

Page 90: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

89

49. «Ер балалар мен қыз балалардағы жыныстық жетілудің ерекшеліктері» атты мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі.

Мысал мазмұн. Жыныстық жетілу – өте қиын процесс, ағзаның ересектікке апаратын физикалық,

психикалық және әлеуметтік қайта құрылуы. Сөзшең, ақкөңіл және ашық бала аяқ астынан тік мінезді, күйгелек, дөрекі болып

кететінін жиі бақылауға болады. Бұл әдетте 10-15 жастағы балаларда кездеседі. Оның мінез-құлқы ғана емес, сыртқы түрі де өзгереді. Олар тез өседі, арықтайды, ебедейсіз болады, кейде бет терісін безеу басып кетеді. Жасөспірім шақта ағзада не болады? Жасөспірім шақта балалық шақтан ересектікке өту әрекеті болады. Бұл кезеңде ағзада жылдам гормондық қайта құрылу әрекеттері басталады: ішкі секреция бездерінің тіршілігі күшейеді.

Дененің, барлық мүшелер мен тіндердің жылдам өсуі байқалады, бірақ дененің әртүрлі бөлігінің өсу жылдамдығы әртүрлі болады. Бәрінен де көп байқалатыны - аяқ пен қолдың өсуі. Дененің жеке бөліктерінің өсуінің әркелкілігі қозғалыстың уақытша бұзылуына әкеледі – ебедейсіздік, оралымсыздық, шығыңқылық тудырады. 15-16 жастан кейін бұл құбылыс жайлап жоғала бастайды.

Жасөспірімдердегі физикалық дамудың сыртқы көрінісіне ұзындық, дене салмағы және көкірек қуысының маңайы жатады. Сонымен қатар, мүсіннің жағдайы, бұлшықеттердің даму сатысы, бұлшық ет тонусы, тері астындағы май жасушаларының дамуының үлкен маңызы бар.

Жасөспірім кезеңде дененің үйлесімділігі мен сыртқы бейнесінің жеке ерекшеліктері біржола анықталады. Бұл кезеңде, ұлдарда ерте жастағы дөңгелек пішіндер жойылып, арқа мен көкірек бұлшық еттерінің сұлбасы қалыптасады, тері асты майы қабатының көлемі азаяды, дене мен аяқ-қол бұлшықеттерінің дамуына қатысты, бір уақытта бұлшық еттердің салмағы айқын түрде ұлғая бастайды.

Қыздарда бұлшықет дамуы мен өсуімен қатар, тері асты майы қабаты бірқалыпты ұлғаяды, оларда дененің жоғарғы жағы айқын үлкейеді, бөксесі жалпақтанады, бұдан қыздың пішіні жұмыр бола бастайды.

Бұл жастағы адамның физикалық дамуына маңызды болып табылатын мұрагерлік жағдайлар ғана емес, сонымен қатар, сыртқы факторлар, экологиялық жағдай, тамақтану мен демалыс режимі, физикалық және ақыл-ой еңбегінің ауысуы, белсенді қимыл және басқалары әсер етеді.

Сіздердің құрдастарыңыз тартымды көрінгісі келгендіктен, сыртқы келбетіне көп назар аударады, бұл кейде шектен де шығып кетіп жатады. Әлі жасөспірімдік даму басталмаған 15 жасар ұл бала өзінің сыныбындағы қыздан 15 см кіші болуы мүмкін, ал 14 жасар қыз бала 165 см ұзындық пен 65 кг салмаққа тартуы да мүмкін. Осы себепті көптеген жасөспірімдер ұялшақ және жасқаншақ болуы мүмкін, сондықтан физикалық ерекшеліктер терең назар аудару мен зерттеуді қажет етеді. Жасөспірім қандай жолмен болса да осы кемшіліктерден құтылуға тырысады, себебі осы бір жағымсыз, физикалық стандарттан шеттеп қалу, оны құрдастарының әжуасына, мазағына қалдыруы мүмкін. Сырт келбетіне деген мұндай көзқарастардың шоғырлану себебі, жасөспірім өзін жеке тұлға деп сезінбейтіндігінен туындайды, сондықтан «Мен қалай көрінемін?», «Мені басқалар қалай көреді?» деген сұрақтарды «Мен өзімнен не көрсете аламын?» деген сұрақпен шатастырады. Жасөспірім қыздар сүт бездерінің дамуын қатты сезеді, оны бақылап қана қоймай, өзіндегі параметрлерді құрбыларынан және таныстарынан көру арқылы салыстырады.

Page 91: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

90

(Ұлдар да құрбы қыздарының сүт бездерінің өсуін байқайды және кейде оларды сыныптастарыныкімен салыстырып отырады; осы себептен қыздарда олардың өлшемдері қысқа деген ыңғайсыз сезім туғызады). Жасөспірім ұлдар мен олардың жолдастары ержету деп бойы өсу, бұлшықеттердің ұлғаюы, сақалдың өсуі және дауыс тембрінің төмендеуін ұғады. Физикалық жағынан жай дамыған жасөспірімдерге бұлшық етінің жетіспеушілігінен киім шешінетін жерде денесін жалаңаштап, құрдастарының алдында мазаққа қалу қорқынышы белгілі. Көп жағдайда бұл құбылыстарға байланысты физикалық және психикалық қамығулар жайлап жоғалады, бірақ ерте жастағыларға бұл мәселелердің аса жоғары маңызы бар. Соңына келгенде, әркімнің өз денесіне қатысты уайымдары толықтай орынды, себебі жастар арасындағы қоғамда физикалық тартымдылық пен әлеуметтік статус тікелей байланысты.

Жасөспірім кезеңде ата-анаға аз тәуелді болу қажеттілігі пайда болады. Жасөспірімдер ата-анасына қарағанда құрбы-құрдастарымен көбірек тілдеседі немесе тәуелсіздікке жету үшін өзінің жүйесін құра бастайды. Жасөспірімдер мен ата-ананың арасы алшақтай бастайды және жасөспірім тарапынан қарсылыққа да апаруы мүмкін.

Ұл балалардың жыныстық жетілуі. Жыныстық жетілу кезеңінде бала ағзасында физиологиялық, сонымен қатар психо-

эмоциялы өзгерістер қатар жүреді. Дауыс ырғағы өзгереді. Дауыс кейде шайқалады, сөздің немесе сөйлемнің ортасында өзінің биіктігін өзгертеді. Бұлардың себебі - дауыс тізбегі мен көмекей шеміршегі өсунен немесе өзгерунен көрінеді. Ұма, аталықбез және жыныс мүшесінің өлшемі ұлғаяды, жыныс мүшесінің айналасына түк өсе бастайды. Қолтық асты бойында да түк өсе бастайды. Аяқтағы түктер түнереді және ұзара бастайды, еріннің жоғарғы жағында және иекте қатты түк – болашақ мұрт пен сақал пайда бола бастайды. Әдетте бұдан 20 жыл өткен соң көкірекке де түк өсе бастайды.

Қыздардағы алғашқы етеккір сияқты, ұлдардағы поллюцияның пайда болуы, ересек сперматозоидтардың пайда болу процессі басталғанының айғағы. Олар 14-15 жас аралығында байқалады және әдетте айына 1-2 рет болып тұрады. Поллюция бұл көбінесе ұйқыда жатқанда ұрықтың еріксіз сыртқа шығуы.

Ұл балаларда жыныстық белгілердің пайда болуының салдары

10-11 жас – жыныстық мүше мен аталықбездің өсуі; 11-12 жас – простатаның ұлғаюы, көмейдің өсуі; 12-13 жас – жыныстық мүше мен аталық бездің айтарлықтай өсуі; қасада түктің өсуі;13-14 жас – жыныстық мүше мен аталықбездің бұдан былайғы өсуі, емшек облысының тығыздалуы, дауыстың өзгеруінің басталуы; 14-15 жас – қолтықта түктің өсуі, дауыстың бұдан былайғы өзгеруі, бетте түктің пайда болуы, ұманың пигменттелуі, алғашқы шәует шашу; 15-16 жас – сперматозоидтардың жетілуі; 16-17 жас – қасаның еркектерше түктенуі (түктің тігінен өсуі), барлық дененің түктенуі; 17-21 жас – қаңқаның өсуінің тоқталуы. Жыныстық жетілу кезінде ұлдар тез өседі. Осы кезеңде олардың бойы 20 см-ге ұзарады. Бұл «бой шабысы» деп жиі аталады. Өте қысқа уақыттың ішінде бала 5-8 см-ге өсіп, біршама уақытқа дейін оның денесі тек қол мен аяқтан тұратын секілденеді. Оның қимылы дөрекі бола түседі, оған әлі үйренбеген денесін басқару қиынға түседі. Дененің әртүрлі бөліктерінің тез, әркелкі өсуі, жасөспірімде ебедейсіздік пен абыржу туғызады. Сонымен қатар қаңқаның еркек пішініне айналуы басталады: бұлшық еттер белсенді дамиды, көкірек жасушаларының кеңеюі жүреді. Ұлдар салмақ қосады, сол себепті тері асты майының қабаты кішірейеді. Жыныстық жетілудің барлық кезеңінде аталатын ішкі

Page 92: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

91

секреция бездерінің күшейген тіршілік әрекеті, тері және май секрециясының жоғарылағаны туралы ескертеді.

Қыздардың жыныстық жетілуі. Жоғарыда айтып өткеніміздей, әйелдердің репродуктивті жүйесінің басқа

жүйелерден айырмашылығы - ол ағза қайта жаңғыруға дайын болған 16-17 жасында функционалдық белсенділіктің ең жоғарғы шегіне жетуі. Әйел ағзасының тіршілігінде жыныстық жетілу маңызды кезең болып саналады. Жыныстық жетілу кезеңіндегі қызды – сәбге де, бірақ әйелге де жатқызбайды. Ол кезең жаспен есептегенде 7(8)-17(18) жас аралығындағы 10 жылды қамтиды. Жасөспірім қыздарда сыртқы келбетінің өзгеруі басталады. Дене тез өседі, аяқтар айқын түрде ұзарады. 13 жастан кейін дене басым түрде өседі. Бұл жастағы қыздар әдетте арық болып, ата-анасының мазасыздануын тудырады. Шамамен 14 жастан бастап, бойдың өсуі сияқты болмаса да, дене салмағы арта бастайды. Салмақтың артуы, эстрогендердің шығарылу көзі болып есептелетін, жамбас, бөксе, іштегі (әйел тұрпатты) тері асты майының қабаты дамиды. Бұл кезеңдегі дамуда қыздар ұлдарды қуып жетеді.

Қыз балаларда жыныстық белгілердің пайда болуының салдары 9-10 жас – жамбас сүйегінің өсуі, бөксенің дөңгеленуі, сүт бездерінің мардымсыз көтерілуі; 10-11 жас – емшек бездерінің күмбез тәрізденуі («гүлшанақ» сатысы), шатта түктің пайда болуы; 11-12 жас – сыртқы және ішкі жыныстық мүшелердің ұлғаюы, қынап эпителийінің өзгеруі; 12-13 жас – емшек безіндегі без талшықтарының және оның айналасының дамуы, емшектердің пигменттелуі, алғашқы етеккірдің пайда болуы; 13-14 жас – қолтықта түктердің өсуі, тұрақсыз етеккір; 14-15 жас – бөксе мен жамбас формасының өзгеруі; 15-16 жас – безеулердің пайда болуы, тұрақты етеккір; 16-17 жас – қаңқаның өсуінің тоқталуы. Қыздар жыныстық жетілу кезіндегі ағзада болып жатқан өзгерістерді түсінгені маңызды, ол етеккір жайлы ақпараттарға қанық болу керек; ол пайда болғанда, болуы мүмкін сырқаттарда не істеу керек екенін білуі керек. Бозбала қыздар ағзасындағы етеккір кезеңінде болатын процесстердің мәнін түсінуі керек. Қыздардың ағзасында болып жатқандарды түсіну, бозбалаларға қыздарға – болашақ әйелдер мен аналарға деген дұрыс көзқарастың қалыптасуына жәрдемдеседі.

50. Кіші топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі. Топтар жасөспірім шақтағы жеке гигиена талаптарын құрастыру туралы тапсырма алады. Бірінші топ – қыздарға арналған. Екінші топ – ұлдарға арналған. Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады және топтық жұмыстар презентацияланады.

51. «Жасөспірім шақтағы гигиенаның ерекшеліктері. Жеке өмір және физикалық қол сұғылмаушылық» атты мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі.

Мысал мазмұн Жасөспірім шақтағы гигиенаның ерекшеліктері.

Page 93: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

92

Жеке гигиена – адам денсаулығының сақталуы мен күшеюіне үлес қосатын гигиеналық ережелер жиынтығы. Жалпы гигиеналық талаптар барлық жастағы адамдарға қатысты: ақыл-ой мен физикалық еңбектердің дұрыс алмасып келуі, физикалық жаттығулармен айналысу, тамақтануды реттеу, еңбек пен белсенді демалыстың алмасуы, толыққанды ұйқы. Жеке гигиенаға, сонымен қатар, денені, төсек-орындарды, киім, тұратын орынды, ас дайындау кезіндегі гигиеналық талаптарды сақтау жатады. Жасөспірім шақта сабақ орындау, ұйқы, демалыс, тамақтану режимдерін тиімді құрастыру өте маңызды. Жыныстық жетілу кезінде бұлшықеттерді қатайтуға арналған жаттығулар жасау маңызды орын алады. Қаңқаның майысуын (омыртқа жотасының және жамбастың) болдырмау үшін, бұл қыздарда босану кезінде жағымсыз әсер етеді, мектептегі оқушылардың мүсінінің дұрыс қалыптасуын қадағалау қажет. Жасөспірім жаста ми зорланып жұмыс істейді, сол себептен ұйқы уақытында және 8-9 сағаттан кем болмау керек. Бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұру қажет. Бала өз төсегінде жату керек. Төсек тым жұмсақ, жылы болмау керек, түнгі киім бос және жеңіл болуы шарт – бұл әсіресе, жыныстық мүшенің зақымдалуына әкеліп соғу мүмкіндігі бар тар ішкиім киетін ер балаларға қатысты. Дененің тазалығына әрқашан мән беріп жүру керек. Себебі, жасөспірім шақта қолтық астында және жыныстық мүшелердің аумағында орналасқан тер бездері белсенді функциялана бастайды. Бөлініп шыққан тер бактериялармен бірігіп, айналаға жағымсыз иіс тудырады. Ұйықтар алдында сумен жуынып алған дұрыс. Күнде кешкісін аяқты жуып тұру ағзаны шынықтырады, тек аяқты ыстық сумен емес, жылы сумен сабындап жуып тұру керек. Тағы бір мәселе – жасөспірімдік безеу – беттегі май бездерінің белсенділігі, терідегі ұсақ тесіктерді бітеп тастайтын тері майын бөліп шығарады. Тері майы бактериялармен біріккенде, тері қабынып, безеулер пайда болады. Бұл жағдайда ең маңыздысы – жеке гигиенаны сақтау. Бетті күніне кем дегенде екі рет жуып тұру керек, безеуді сығуға болмайды, әйтпесе жұқпалы ауру жұғуы мүмкін. Сулық, лосьондар, безеуге қарсы кремдер пайдалануға болады. Егер безеу жоғалмаса, дерматологқа немесе косметолог мамандарға көрінуге болады. Жасөспірім шақта үй тапсырмасын орындау ұзақтығы 2,5-3 сағаттан аспау керек. Сабақты орындап болғаннан кейін 3 сағаттан кем емес уақыт таза ауада болу ұсынылады (серуендеу, физикалық жаттығулар). Тамақтану режимі үлкен мағынаға ие. Балалар күніне арасына 4 сағат салып, күніне 4 рет тұрақты түрде тамақтанып тұру қажет. Тамақ әртүрлі және жас ағзаға қажетті барлық заттардан тұру керек. Қаңқаның жылдам дамуы (қатаюы), сүт тістердің орнына үлкен азу тістердің шығуына және ақыл тіс деп аталатын тістің пайда болуына – жеміс-жидектерде болатын дәрумендер мен тұздар қажет, сонымен қатар тағам жетерліктей калориялы болуы керек. Ішектің жұмысына баса назар аудару қажет. Әдеттегі созылмалы іш қатулар кіші жамбастағы қан айналымын тоқыратып қоюы мүмкін. Жас қыздарда іш қатудың әсерінен етеккір бұзылады, ақ етеккір пайда болады (жыныстық мүшедегі бөлінуер). Іштің қатуымен балалық шақтан бастап күресу керек. Белгілі бір уақыттарда ішекті босатып тұруды үйрену керек. Ұйықтар алдында міндетті түрде тісті тазалау керек. Түні бойы тістің арасындағы қалдықтар ыдырайды, соның нәтижесінде тісті құртатын микробтар көбейеді. Ағзаны шыңдау үшін сумен жуыну ұсынылады. Аптасына бір-екі рет ванна немесе душ қабылдап, күн сайын тер мен кір көп жиналатын жерлерді (тізені, жыныстық мүшелерді, қолтықты және т.б.), бет пен мойынды айтпасақ та болады, жуып тұру қажет.

Page 94: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

93

Жасөспірімдер кейде шаршағыштық, жаттығу кезінде жүректің шаншуы туралы шағымдар айтады. Физикалық жаттығулардың дұрыс жинақталған кешені жүрек бұлшықетінің жұмысын жақсартып, әлгіндей жағдайларды болдырмайды. Оқу жылындағы ұйықтау мен тамақтану режимі каникул уақытында да сақталуы тиіс. Демалыс пассивті болмай (компьютердің алдында аз отыру), белсенді, алуан түрлі (туризм, саяхаттау, ойындар) болуы шарт. Режимнің дұрыс құрылуы – қалыпты өсу мен ағзаның дамуының тамаша кепілі.

Ерлердің жыныстық мүшесінің гигиенасы ерте жастан бастап жыныстық мүше мен оның айналасын тұрақты түрде жуып тұруға негізделеді. Жыныстық мүшенің қабынуы мен іріңді бөлінулер болған жағдай міндетті түрде уролог-дәрігерге көріну керек. 5 жастан кейін көп адамда жыныстық мүшенің ұшы жыныстық мүшенің басын ашуға мүмкіндік береді, ол шырышпен, дәреттің тамшысымен қоректенетін микробтардың жиналатын жері болып есептеледі. Жуу күнделікті жылы сумен сабындап, құрғату әрекеттері арқылы жүргізіледі. Жасөспірім жаста ер бала жыныстық мүшесін өзі күтуді әдетке айналдыру керек. Жасөспірімге поллюцияның пайда болатындығы туралы ескертіп, оны бұған психологиялық түрде дайындау қажет. Поллюциядан кейін жыныстық мүшені міндетті түрде жылы сумен жуу керек.

Жыныстық мүшені таза ұстау бала мен ересектердің өмір бойғы әдетіне айналуы тиіс.

Етеккір кезіндегі гигиена ерекшеліктері. Етеккір кезінде міндетті түрде дене мен жыныстық мүшенің сыртқы жағының тазалығын сақтау керек. Денеге тамған қан оны ластайды және микробтар үшін жақсы тамақтану орны болып табылады. Қынап пен жатырға түссе, ісіп қызару процессін туғызады. Бойжеткен етеккір кезінде күніне 2-3 рет, алдын ала қолын жуып, жылы қайнаған сумен сабындап жуынып тұру қажет. Сыртқы жыныстық мүшелер, анус аймағын, бұтаралықты ағып тұрған сумен алдынан артына қарай бағытта жуу керек, сосын таза жұмсақ матамен құрғатып сүрту керек. Етеккір күндерінде ванна қабылдауға және өзенде немесе теңізде шомылуға болмайды. Мұндай жағдайда душ қабылдау ұсынылады. Ішкі киімді жиі ауыстырып отыру қажет. Дәріханалардан гигиеналық пакеттер, төсемелер сатып алуға болады, оларды бөлінулердің көлеміне байланысты әр 3-6 сағатта ауыстырып отыру қажет. Етеккір кезінде бойжеткендер, аса көп күш жұмсау мен қатты шаршаудан бас тартып қарапайым өмір салтын ұстануларына болады. Бірақ кейбір шектеулер бәрібір қажет-ақ. Сонымен, етеккір күндерінде ұзақ уақытқа мүмкіндігінше ауыр заттарды көтеру, тасымалдау сияқты ауыр физикалық жұмыстарды істеуге болмайды. Мұндай күндерде көп физикалық әрекеттерді талап ететін спорт түрлерімен (ескек есу, жүзу, ат үстінде жүру, снарядтардағы гимнастика, коньки тебу, волейбол, теннис ойнау) айналысуға тыйым салынады. Етеккір кезінде қатты тоңудан, әсіресе дененің төменгі жағы мен аяқтарға суық өтуден сақтану керек, себебі, бұл етеккірдің күшеюін, ауырсыну, жалпы әлсіздік тудыруына әкелуі мүмкін. Бұл кезеңде ащы тағамдар, ақжелкек, уксус, бұрыш, қыша қолдануға, сонымен қатар алкогольді ішімдіктерді ішуге болмайды, себебі олар жыныстық мүшедегі қан кернеуінің көбеюінен етеккірдегі қан ағу күшеюі мүмкін. Несеп қуығы мен ішектің толып кетуінен сақтану керек, себебі бұл жағымсыз әсерлер шақыруы мүмкін (ауырсыну, етеккір кезіндегі қан ағуды тежелуі және басқалары). Жыныстық өмірдің басталуында,алғашқы жыныстық байланыстан соң 2-3 күн қыздық перденің жыртылуы жазылғанша физикалық жақындықты тежеу керек. Үдемелі

Page 95: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

94

инфекция мен қан ағу қаупіне байланысты етеккір күндерінде де жыныстық қатынастан бас тарта тұрған дұрыс. Төсемелерді пайдаланып болғаннан кейін оларды өртеп жіберу керек немесе газетке орап қоқыс шелекке тастау қажет. Мұны ұқыпты түрде істеу қажет. Интимді заттардың бөтен адамдардың көзіне түсуі жағымсыз әсер етеді. Іш киімнің сапасына көңіл бөлу керек, етеккір күндерінде және басқа уақытта да капрон немесе нейлоннан жасалған іш киімдерді кимген жөн, бұл әсіресе суық, ылғалды күндері зиян. Мақтадан жасалған, тоқылған іш киімдерді қолданған жөн. Бойжеткенге етеккір күнтізбесін жүргізген дұрыс, оған етеккір келген мерзімді, оның ұзақтығын және қан ағу көлемі туралы (шамалы, көп, өте көп) деректерді енгізіп отыру керек. Сонымен қатар, етеккірдегі ауырсынулар мен оның қарқындылығын да белгілеп қойған жөн. Етеккір аяқталған соң қыз жыныстық мүшесін күту ережелерін сақтап, күніне екі рет қолды жуып алған соң жылы сумен сабындап жуып отыру қажет. Іш киім күн сайын ауыстырылып тұруы тиіс.

52. Топтық пікірсайыс. Оқытушы оқушылар талқылауы үшін бір жағдайды ұсынады.

Қызы анасымен құпия бөлісті – оған сыныптасы ұнап қалыпты, ол да қызды ұнатады екен. Бүгін олар мектептен қайтқанда, бала оның портфелін үйге дейін көтеріп келіпті. Кешкі тамақ уақытында анасы бұл оқиғаны әкесі мен әжесіне айта бастады. Қыз қызарып кетіп, көзіне жас толып, басқа бөлмеге қаша жөнелді. Анасы сол уақытта артынан барып, не болғанын сұрады. Қызы оны құпиясын айтып қойғаны үшін айыптай бастады. Анасы қызынан кешірім сұрап, оны тыныштандырды да бірге бөлмеге қайтып оралды. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді:

- Анасыныкі неге дұрыс болмады? - Анасы қызының қандай құқығын бұзды? Жеке өмір деген не? Мектептегі жеке өмір туралы мысал келтіріңіздер. (мысалы, сенің портфелің, сенің заттарың және т.б.)

Қорытынды: Жеке өмірге қол сұқпау құқығы бірнеше құқықтар жиынтығынан тұрады. Оны тастардың үйіндісімен салыстыруға болады – олар үлкен немесе кіші болуы мүмкін, олардың біразы бөлініп, біразы қосылып қалуы мүмкін. Бірақ адамды өмірінің қол сұғылмайтын бөліктеріне байланысты құқығынан айыру, тіпті қоғамдық қорғау үшін де еске түсіруге болады, егер тасты біртіндеп тасый берсе, тастардың үйіндісі де елеусіз жоғалып кетеді. Дербес өмірге қол сұқпаушылық жеке өмір сияқты отбасылық өмірді де еске түсіреді. Жеке өмірдің элементтері: бедел, стиль, тұрмыс салты, қажеттіліктер, бейімділіктер, әуестену және т.б. Отбасылық өмірдің элементтері: жұбайлық қарым-қатынас, отбасылық құқық, отбасылық міндеттер, отбасындағы тәртіп, балалармен қарым-қатынас, отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. Осыған байланысты, дербес өмір – бұл адамның өзі қаламаса, ешкімді кіргізбеуі тиіс кеңістік.

Page 96: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

95

53. Топтық жұмыс. Оқытушы оқушыларды үш топқа бөліп, келесі жағдайларды талқылауды ұсынады. Бір қыз күнделік арнады. Бір күні ол күнделікті өткен күзде Астана қаласына барғандары туралы құрбы қыздарына оқып беру үшін сыныпқа алып келді. Күнделіктің бар екендігі байқаусызда тағы бір сыныптас қызы біліп қойды. Ол тағы бір қызды көндіріп, екеуі Сәния деп аталатын қыздың сөмкесінен жайлап ұрлап алды. Күнделіктің жоғалғандығы көп ұзамай байқалды, бірақ кімнің алғаны белгісіз. Басқа күні сабаққа келген Сәния екі сыныптас қызының бір партада отырып алып, құпия түрде бірдеме көріп отырғанын байқады. Кейін сыныптың барлығы жиналған соң, бір қыз қатты дауыспен мынаны хабарлады: барлығың тыңдаңдар, біздің Сәния түрі Джастин Биберге ұқсайтын тамаша математик ханзаданы армандайды екен. Сұрақтар: Бұл хат сізді қандай сезімге бөледі? 1-топ бұл жағдайды Сәнияның көзімен қарап шығу. Сәнияның халін жазып және оған бұл қиын жағдайдан шығудың лайықты жолын айтыңдар. 2-топ бұл жағдайды Сәнияның сыныптастары көзімен қарап шығу. Сыныптастардың қыздың ісіне қатысты қарым-қатынасының бірнеше нұсқасын жазып шығыңдар, болған жағдайға өз көзқарастарыңызды білдіріп, қызға бұл жағдайдан шығудың жолын айтыңдар. 3-топ бұл жағдайды ата-аналардың көзімен қарап шығу. Сәнияға бұл жағымсыз жағдайдан құтылу үшін қалай көмектесуге болады, балалардың құпия күнделік арнауына қалай қарайтыныңызды жеткізіңіз. Оқытушы талқылаудың қорытындысын шығарады. Әрбір адамның талап етуіне және қолдануына болды:

- Физикалық дербестікті - Өзі туралы жеке ақпараттарды қорғауына - Жеке әңгімелерде сақтауға - Үйін қорғауға

Адам мемлекет пен қоғамның бір бөлігі болып табылады, дегенмен ең үлкен бағалысы болып дербес жеке өмірі саналады. Әрбір адамның ұнататын, ұнатпайтын әдеттері болады. Құпиялар, армандар, тілектер және басқалары бір сөзбен айтқанда – жеке өмір болып табылады. Бөтендердің әңгімелерін, хаттарын оқуға болмайтынын бәріміз білеміз. Әр қайсысымыздың жабық күйінде қалуын қалайтын жеке өміріміз болады. Бұл сіздің жан дүниеңіздегі, үйдегі, отбасындағы жағдайлар болуы мүмкін. Адам жеке және отбасылық құпия сақтауға құқылы.

54. Пікірталас. Оқытушы қатысушыларға бұл жаттығуды орындауда қате жауап беруден қорқудың

қажеті жоқтығын түсіндіреді. Әр қатысушыға бір карточкадан тарату керек. Карточкаға «секс», «сексуалдылық» және «сексуалды мінез-құлық» терминдеріне жеке түсінігін жазбаша немесе сурет салу арқылы жеке жеткізуін сұраңыз. Содан кейін әрбір қатысушы карточкасын оқып немесе көрсетіп, тақтаға немесе флипчартқа жапсырып қояды. Әрбір қатысушы жоғарыда айтылған терминдер туралы өз ойларын дауыстап айтып береді.

Келесі сұрақтар оқушылармен бірге талқыланады: Бұл жаттығуды аралас жынысты топта орындау кезінде өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Неліктен? Ерлер мен әйелдердің эмоционалды ерекшеліктері бар ма? Қандай? Бойжеткендер мен бозбалалар тартымды көріну үшін өздерін қалай ұстайды? «Сексуалды қыз», «сексуалды жігіт» деп жиі айтылады. Бұл нені білдіреді?

Page 97: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

96

Некеге дейінгі жыныстық қатынасқа қалай қарайсыз? Жыныстық қатынасқа бармай-ақ біреуге махаббатыңызды білдіре аласыз ба?

Қалай? Оқытушы пікірталастың қорытындысын шығарып, жоғарыдағы терминдерге түсінік береді.

55. «Сексуалдық түсінігі, оның даму сатысы мен сексуалды мінез-құлықтардың түрлері. Жасөспірімдерде сексуалды қатынастар туралы білім, құндылықтар және оны орнатуды қалыптастыру» атты мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі.

Мысал мазмұн Сіздің көптеген құрдастарыңыз жыныстық қатынас туралы барлығын білетініне сенімді, бірақ әдеттегідей олар толық емес, күмәнді және дұрыс жеткізілмеген ақпараттарға ие. Сексуалдылық адамның бүкіл өмірінде өзгеріп және дамып отырады. Жасөспірім кезеңде сексуалдылықтың дамуының мәні зор, бұл айналасындағыларға жеке және әлеуметтік қарым-қатынас құруға ерік береді. Сексуалдылық пен секс – бір нәрсе емес. Секс – ағылшын тілінен аударғанда «жыныс» дегенді білдіреді. Секс (латынша sexus – жыныс; синонимі – жыныстық қатынас) – жыныстық құштарлықты қанағаттандыру мақсатында дене, психикалық және әлеуметтік процесстер мен қарым-қатынастар жиынтығы. Сексуалдылық – туылған сәттен бастап адамның бүкіл өміріне қатысты, өмірдің көптеген аясын қамтитын өзіне тән ерекшелігі. Сексуалдылық адам болмысының табиғи және ажырамас бөлігі болып табылады. Сексуалдылық адамның өзіне, өзіндік және қарама-қарсы жыныспен қалай қарым-қатынас жасайтындығымен анықталады. Сексуалдылық – құштарлықты білдіру құралы, белгілі бір жынысқа ғана қатысты, әр адамның өзін және өзгелерді тану мүмкіндігі. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы сексуалдылықты «қарым-қатынас жасауға, нәзіктік және махаббатты білдіргісі келуінен туындайтын физикалық, психологиялық және әлеуметтік энергиясы» деп түсіндіреді. Сексуалдылықтың астында сексуалды құмарлық, сексуалды реакция, сексуалды белсенділік және т.б. жатады. Сексуалдылық мыналарды қамтиды: Адамның жеке тұлға ретінде сезінуі Адамның өзін болашақ еркек немесе әйел ретінде сезінуі Репродуктивті денсаулық, қайта жаңғырту (бала туу) Сезім, ой, тәртіп

Сексуалдылықтың пайда болуы әртүрлі, еркек пен әйелдің физиологиялық және психологиялық шарттасуы, өмір бойы меңгеретін және дамытатын гормональды ерекшеліктері, жыныстық рөлдерінің алмасуы (достық, махаббат, бала біту және босану, отбасындағы қарым-қатынас және басқалары). Сексуалдылық – адам өмірінің бір бөлігі. Негізгі құндылықтары – таңдау, абырой, алуан түрлілік, теңдік және құрмет. Сексуалдылық контекст сонымен қатар мыналарды білдіреді:

таңдау: таңдау еркіндігі, сексуалдылықтың пайда болуы, мәжбүрсіз бір-бірі туралы ақпараттарға, қызметтерге, құрметке ие болу құқығы;

абырой: әрбір адам жасына, нәсіліне, классына, жыныстық қажеттіліктерге және бағдарлауға, ұнатуға, салт-дәстүріне және басқа да анықтаушы статус-факторларға қарамастан бағалы;

Page 98: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

97

теңдік: ер мен әйел тең, бірдей құрметке ие және жыныстық денсаулығына қатысты барлық ақпараттарға, қызметтерге бірдей мүмкіндігі бар;

құрмет: барлық ерлер мен әйелдер құрметке ие болу құқығына ие.

Сексуалды мінез-құлық – адамның белгілі бір жынысқа қатысты қажеттіліктерді бағалау әрекеті. Бұл негізінен сыртқы ерекшеліктерге (шаш үлгісі, косметикаларды қолдану, бояну және т.б.), киімге, өзін ұстау мәнеріне, тілді пайдаланудағы қылықтар жүйесіне байланысты құрылған мінез-құлық. Жыныстық танымдардан құралған аталған ерекшеліктерді пайдалану, өзінің жыныстық иеліктерін көрсету болып табылады. Сексуалды мінез-құлық негізінде әулетті жалғастыру инстинкті жатады. Қоғамның көрсеткен жыныстық тәрбиесі, жыныстық және жас аралық айырмашылыққа ие. Ерлерге рұқсат етілген нәрсе әйелдерге рұқсат етілмейді, және керісінше де болады. Бұндай екіжақты норма «екіжақты стандарт» деп аталады. Жыныстық мінез-құлыққа жас нормалары да әсер етеді. Балаларға жарамды нәрсе жасөспірімдерге жарамсыз және басқалары.

Жыныстық қарым-қатынас балаларда ерте жастан басталады, ьірақ сексуалды құмарлық жыныстық жетілу кезеңінен басталады. Дәл осы уақытта, ер мен әйелді айыратын қосымша жыныстық белгілер пайда болады. Дәл осы уақыт кезеңінде жастар нақты сексуалды соққы мен физиологиялық қажеттіліктер сезіне бастайды. Бұл көбірек ер балаларға қатысты. Жасөспірім кезеңдегі қыздарда сексуалды ояну көмескі және негізінен эмоцияларға, романтикалық жағдайларға байланысты болады.

Физиологиялық қажеттіліктердің оянуы жастық шақта, атап айтқанда бозбалаларда пайда болады, бұдан бозбалада ересектерге мінезінің қиындығын көрінетін тынымсыздық қалыптасады. Жасөспірімдердің көңіл-күйі ауыспалы болып кетеді. Оларға бір нәрсеге ұзақ уақытқа назар аудару қиын болады. Көбіне олардың мектеп тапсырмалары да орындалмай қалады. Жастар әдетте көп уақытын достарымен бірге белсенді ойындарға жұмсауға қызығады.

Психо-сексуалды ересектікке жеткен бозбала мен бойжеткен, өзгелердің ішінен махаббат пен достық үшін әлдекімді таңдап ала алады.

Жасөспірімдік кезең – бұл, кезекті жақын қарым-қатынасқа дайындалу уақыты. Жасөспірімдер өз эмоцияларын басқаруды үйренеді. Олар сүйе білу және сүйікті бола білу, басқа адамдармен жақын қарым-қатынаста болу мүмкіндіктерін дамытады.

56. Топтық жұмыс. «Сексуалдылықтың даму сатылары» Оқытушы үш флипчартқа уақыт сызықтарын (өмір сүру ұзақтығының сызығын) салады, 0 ден 100ге дейін үстемемен, беске дейін өсу ретімен жазады. Содан кейін оқушыларды үш топқа бөліп, алдын ала дайындалған, сексуалды дамудың негізгі сатылары жазылған карточкаларды таратады:

o Сексуалдық реакцияның көрінуі басталады o Жыныстың жатыр ішінде жіктелуі o Жыныстық ерекшеліктер/даралықтар түсінігін көрсетеді o Тұқымдық рөл түсінігін көрсетеді o Балалар қайдан пайда болатынына қызыға бастайды o Романтикалық қызығушылық туа бастайды o Жыныстық жетілудің алғашқы физикалық белгілері пайда бола бастайды o Шәует түзіле бастайды (ұл балаларда) o Етеккір басталады (қыздарда) o Романтикалық қарым-қатынас басталады o Секспен алғашқы рет айналысып көреді o Некеге тұру

Page 99: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

98

o Бала туу o Менопауза o Ерлердегі климактериялық кезең (ерлер гормондарының деңгейі төмендейді) Оқытушы оқушыларға мынаны түсіндіреді, аталған әрекет қай жаста болады деп

есептесе карточканы сол кесілген жерге орналастыру керек. 0ден 100ге дейінгі сан туылған сәттен бастап өлгенге дейінгі адамның жасын көрсетеді. Карточкалар уақыт сызығына орналастыра салысымен, оқытушы оқушылардан карточкалардың қойылу жағдайына қалай қарайтындығын сұрайды.

Қатысушылар талқылап болған соң, оқытушы оларға дұрыс жауаптарын беріп, карточкаларды негізі тұратын орнына қойып шығады.

Содан кейін оқытушы келесі сұрақтарды талқылауға береді: o Сексуалды даму қай уақыт аралығында көп өтеді? o Жасөспірім қай жаста сексуалды білім алады? o Қандай да бір карточкалардың орналасу жағдайына таң қалдыңыз ба? Қайсысына?

Неге?

57. «Ер мен әйелдің сексуалды және әлеуметтік дамуының негізгі сатылары» атты мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі.

Сексуалды және әлеуметтік дамудың белгілі бір қырлары адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде басталады. Бірнеше жыл көлемінде жүретін негізгі сатылары:

• Жүктілік кезінде ананың ағзасының ішінде құрсақтағы жыныстың жіктелуі жүреді.

• Нәресте өзінің жыныстық мүшесін бірінші рет зерттейді және ынталандырады. 6 айдан 1 жасқа дейін өтеді. Нәрестелер өзінің ағза/денесін зерттеуді бастайды.

• Биологиялық дербестік түсінігін көрсетеді. 2 жаста өтеді. Балалар өзінің биологиялық жынысын біледі.

• Тұқымдық рөл түсінігін көрсетеді. 3тен 5 жас аралығында өтеді. Балалар қоғамдағы ер мен әйел қалай істеу керек екені туралы ақпараттарға назар аудара бастайды.

• Балалар қайдан пайда болады деген сұраққа қызыға бастайды. 3тен 5 жас аралығында өтеді.

• Романтикалық қызығушылықтар туындай бастайды. Мәдениетке байланысты болса да 5тен 12 жас аралығында өтеді. Бұл сатыда балалар жынысқа байланысты сексуалды қарым-қатынастардың алғашқы белгілерін көрсете бастайды.

• Жыныстық жетілудің алғашқы белгілері көріне бастайды (балалық шақтан ересек жасқа өту). 8 бен 13 жас аралығында өтеді. Бұл саты ұл балаларға қарағанда қыз балаларда тезірек туындайды.

• Шәует түзіле бастайды (ұл балаларда). 11ден 18 жас аралығында өтеді. • Қыздарда етеккір басталады. 9дан 16 жас аралығында өтеді. • Романтикалық белсенділік басталады. 10нан 15 жас аралығында өтеді. Бұл саты

мәдени факторларға байланысты. • Жыныстық қатынасқа алғашқы рет түседі. Дербес және мәдени факторларға

толығымен байланысты, соңғы жасөспірім кезеңнің ортасында болады. • Некеге тұру. Дербес және мәдени факторларға байланысты. • Менопауза. Әйелдерде 50 жаста болады (30 жастан сәл жоғары немесе 40 жастан

да басталуы мүмкін). Әйел физиологиялық процессті басынан кешіреді, овуляция, етеккір және бала туу қабілеті тоқтайды.

Page 100: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

99

• Ерлердегі климактериялық кезең (ерлер гормонының деңгейі төмендейді). 45тен 60 жас аралығында өтеді. Ер адам тестостеронның өндірілуінің азаюынан болатын физиологиялық өзгерісті басынан кешіреді.

Құндылықтар жүйесі. Құндылықтардың дербес жүйесінің құрылымы өзін-өзі танумен, ізденумен қатар

жүреді, жасөспірімнің дамуында басты көрініс береді. «Өзімнен не ұсына аламын?» деген сұраққа жауап берумен қатар, сіздің құрдастарыңыз мына сұрақтарға да жауап іздейді: «Менің көзқарастарым қандай?», «Мен неге сенемін?», «Еліктеу үшін кімді таңдауым керек?». Жасөспірім мінез-құлық үшін шындықты немесе кейде бір нәрсеге жету үшін өтірікті таңдауы да мүмкін. Жасөспірімдер құндылықтардың жүйесін анықтау керек. Ата-анасы мен өзге де ересектер оларға фундамент қалауға көмектесу керек. Дегенмен бұл кезеңде жасөспірімдер үшін өзге ақпарат тасушылар маңызды орын алады, олар: құрбы-құрдастар, бұқаралық ақпарат құралдары, мектеп және т.б.

Достар мен құрдастар сіздер үшін өте маңызды болады. Сізге міндетті түрде солардың арасында қалаулы, танымал болуыңыз керек. Құрбы-құрдастардың қалаулысы болу үшін солардың тәртібін, мінездемесін қабылдау керек болады (жаргонмен сөйлеу, шегу, сол шаш үлгісін ұстау, киім және т.б.). «Барлығы сияқты болу» тілегі жыныстық қатынасқа түсу мен есірткі шегудің бірден бір себебі болып табылады. Жасөспірімдер үшін құрдастарының көрсеткен қысымы, ересектердің көрсеткен қысымына қарағанда күштірек болады.

Жасөспірімдік кезеңнің маңызды сатысы, сексуалды қарым-қатынастың ережелері мен әдет-ғұрыптарын меңгеру болып табылады. Осы себепті жасөспірімдер рұқсат етілген шекті біледі, сексуалды күйзелісті сөзбен немесе басқа әдістермен білдіруді үйренеді, түсініспеушіліктен қашады (қыздарға сылаңдаған біреу сияқты әсер қалдырмау және ұлдар үшін агрессивті және сезімтал емес болып көрінбеу), серіктеске саған не ұнайтынын, не ұнамайтынын көрсету. Жасөспірімдерде осындай сексуалды қарым-қатынастағы жинаған тәжірибе мен сенімділік, ересек өмірде аса қажет болады. Тым тұрақты қызқұмарларға «жоқ» деп айту немесе кештегі жабысқан жігіттен тактикалық түрде босап кету, қыздарға есейген кезде өзін бұдан қиын жағдайларда сенімдірек сезінуге көмектеседі. Сексуалды қарым-қатынаста сәтсіздікке ұшыраған жасөспірім, болашақта жақын қарым-қатынасқа абайлап түетін болады.

58. Пікірсайыс. Оқытушы «Толығымен келісемін», «Келісемін», «Келіспеймін» деп жазылған карточкаларды оқушылар жанына тұра алатындай етіп жапсырып қояды. Оқытушы келесі мақұлдауларды оқиды, ал оқушылар өздерінің пікірінше қайсысымен келісетінін таңдап, содан кейін өзінің шешіміне сай пікірдің жанына барып тұрады:

• Мүшеқаптар кез келген жастағы жасөспірімдерге қолжетімді болу керек • Некеге дейін секске түсуге болады • Сексуалды қарым-қатынас туралы білім, ерте жастағы секске немесе тәртіпсіз

жыныстық байланыстарға әкеліп соғуы мүмкін • Некеден тыс жыныстық байланыс ұлдарға қарағанда қыздарда жаман • Мүшеқаптар – жастар үшін тууды бақылаудың тамаша әдісі және олар ЖЖБЖ-дан

қорғайды • Жас адам репродуктивті денсаулық аясындағы қызметтерді қолданбайды, тіпті

оған ұсынса да • Сексуалды және репродуктивті денсаулық саласындағы көрсетілген қызметтер,

оларды ерте жыныстық байланыс пен сексуалды азғындыққа әкелуі мүмкін

Page 101: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

100

Барлығы таңдауын жасап болғаннан кейін, әр топтан бір еріктінің сөйлеуін өтініңіз. Дәл осылай әрбір таңдалған мақұлдауларды жалғастырып шығыңыз. Оқушылар өз пікірлерін айтып, келісетінін немесе қарсы екенін аргументтеп шығуы керек. Оқытушы барлық мақұлдауларды қайталап шығып, мынадай сұрақ қояды: Қай мақұлдауға пікір білдіру қиын болды? Неге?

59. Сабақтардың қорытындысын шығару. Соңында оқытушы қорытынды шығарып, оқушылардан сабақтың қай бөлігі қызығырақ болғаны туралы сұрайды. Қайсысын түсіну қиын болды? Содан кейін оқытушы оқушылардан алынған жауаптарды түйіндей келіп, жалпы қорытынды шығарады: Жыныстық жетілу кезең жас адам үшін қиын сәттер болуы мүмкін. Адамдар сексуалдылықты қоғамдағы өз білетін дүниелеріменн ғана беруге әдеттенген, бірақ сексуалдылықтың мәні әлдеқайда кеңірек және көптеген факторлардың әмерінде болады: мәдениет, жас ерекшелігі, отбасылық құндылықтар. Бұл факторлардың көбісі жасөспірім кезеңде қалыптасып қойылған. Сонымен, жасөспірімдер – сексуалдылыққа ие болған адамдар екенін ұмытпайық.

Модуль 6. Бойжеткендер мен бозбалаларда репродуктивті денсаулықты сақтау (4 сағат). Сабақ 6.1 Адамның репродуктивті денсаулығы мен репродуктивті құқықтары. Жыныстық қатынасқа түсудің салдары мен жауапкершілігі. АИТВ-жұқпасы. Жыныстық жолдармен берілетін жұқпалар (ЖЖБЖ) және олардың репродуктивті денсаулыққа тигізетін әсері. АИТВ-ны қоса алғанда қажетсіз жүктілік пен ЖЖБЖ-ның алдын алу. Контрацепция, отбасын жоспарлау (2 сағат). Мақсаты: Оқушылардың санасында жыныстық жолмен берілетін жұқпалар (ЖЖБЖ), өзінің мінез-құлқы мен профилактикалық шараларына жеке жауапкершілік мәселелері туралы қажетті білімді қалыптастыру. Контрацепция мен отбасын жоспарлаудың заманауи тәсілдерін меңгеру. Міндеттер:

13. Жыныстық қатынасқа ерте түсудің салдарын талқылау. 14. Оқушыларды ЖЖБЖ, АИТВ және алдын алу шаралары туралы негізгі

мәліметтермен таныстыру.15. Репродуктивті денсаулық пен отбасын жоспарлаудың заманауи әдістерімен

таныстыру. 16. Жауапкершілікті жыныстық мінез-құлық арқылы өзінің жеке денсаулығы мен

серіктесінің денсаулығын сақтау туралы уәждемені (мотивация) қалыптастыру. Түйінді түсініктер: репродуктивті құқықтар, ЖЖБЖ, АИТВ, отбасын жоспарлау, контрацепция әдістері, жауапты мінез-құлық. Сабақты жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын-дәріс, топтардағы жұмыс, пікірсайыс, бой сергіту, ситуациялық тапсырмалар. Жабдықтар мен материалдар:

Флипчарт, маркерлер, А4 қағаз, скотч, стикерлер, қайшылар, желім, түрлі түсті қағаз, мультимедиапроектор, тарату материалдары.

Page 102: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

101

Сабақ барысы 1. Оқытушы кіріспе сөзінде, сабақтың тақырыбын, мақсатын және тапсырмаларды

хабарлайды. 2. Бой сергіту. «Ең ұзын сызық» жаттығуы.

Бөлмеден кеңірек орын таңдаңыз. Оқушыларды екі топқа бөліңіз (егер оқушылардың саны жетсе, одан да көбірек топқа бөліңіз). Тек оқушылардың өзінде бар заттарды пайдалана отырып, еденде барынша ұзын сызық жасау керек екендігін түсіндіріңіз. Қосымша заттар мен пәндерді қолдануға рұқсат етпеңіз. Тек оқушылардағы киілген, тағылған заттарды, мысалы, сағатты, аяқ киімді әшекейлерді қолдануға болады. Егер оқушылар осы тапсырмаларды шығармашылық тұрғыдан орындаса, онда сызық ұзындығы басқа командадан ұзын болуы үшін барлығын қолданады. Оларға тіпті, еденге жатуға да болады. Сызығы ұзын болған команда жеңеді. Бой сергітуден кейін, бұл жаттығу команданың құрылуына қаншалықты әсер ететіндігін талқылаңыз.

3. Ми шабуылы. Сұрақтар: Жасөспірімдерді ерте жыныстық байланыстарға түсу сезімін оятатын себептерді атаңыздар. Жыныстық қатынасқа түсудің салдарын атап шығыңыздар. Оқушылардың барлық жауаптарын флипчартқа жазып қою. Содан кейін, оқытушы оқушылармен бірге қорытынды шығарып, шағын-дәрісті бастауға өтеді.

4. «Ерте жыныстық байланыстарға түсудің салдары» атты мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен оқытушының шағын-дәрісі.

Мысал мазмұны Жасөспірімдік кезең – бұл, тәжірибеге әуесқойлылық пен оны қанағаттандыру

кезеңі. Қажетсіз жүктілік, ЖЖБЖ және АИТВ/ЖИТС – мұның бәрі жасөспірімдердегі жыныстық белсенділіктің салдары. Жастар жауапты шешімдер қабылдауға дайын болмағандықтан және жеткілікті

ақпараттарды білмегендіктен, әсіресе, ЖЖБЖ мен АИТВ/ЖИТС-қа әлсіз болып келеді. Ержету кезеңінде жасөспірімдер көбінесе тез ересектер қатарына қосылуды жыныстық қатынас деп ойлайды.

Жыныстық қатынас көбіне алкоголь мен есірткі тұтынуға ұласып жатады, ал бұл өз нәтижесінде мінез-құлық қауіптілігіне және нақты шешімдер қабылдаудың төмендеуіне әкеліп соғады.

Жастар көбіне өздерін әлсіз деп ойламайды, олардың қатынастарын «бұл жағдай менде болмайды» деген сөздермен анықтауға болады.

Белгілі бір адамдар тобына жатпай-ақ, қауіпті мінез-құлық нәтижесінде ЖЖБЖ мен АИТВ-ні жұқтыруға болады. Сенің кім екенің маңызды емес, сенің не істейтінің маңызды.

Зерттеу мамандары, соңғы жылдары алғашқы рет жыныстық байланысқа түсу жасының төмендеу үрдісі байқалатындығын анықтады. Қазіргі заманғы жастарға ерте жыныстық байланысқа түсу қалыпты жағдайға арналған. Психологтардың анықтауынша, қазіргі жасөспірімдерде жыныстық мәселелерге деген қызығушылық пайда болған. Жасөспірімдер теледидардан немесе видеофильмдерден жыныстық мағынасы бар көптеген көрініске куә болады, көп ақпаратты интернеттен алады. Әлі толық жетілмеген жасөспірімнің санасы ақпаратты дұрыс түсінбейді және оны дұрыс қолдана алмайды, нәтижесінде өмірлік дағдысына айналып кетеді. Жастардың жыныстық қатынасқа деген көзқарастарының жеңілдігі сондай, бұл облыстың әлеуметтік тыйымдарына мән бермейді. Жасөспірімдер арасында мүлде бейтаныс адамдармен жыныстық қатынасқа түсе беру кең таралған. Жыныстық өмірді 16 жасқа дейін бастаған бозбалалардың саны, осы жастағы бойжеткендердің санына қарағанда әлдеқайда жоғары. 16 жасқа дейін жыныстық өмірді бастаған оқушылардың саны, жалпы білім беретін

Page 103: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

102

мектептерге қарағанда, арнаулы мамандандырылған оқу орындарында оқитын оқушыларда жоғары.

Жасөспірімдерде жыныстық байланыстарды ерте бастаудың себептері. 1. Өзін аз жалғыз сезіну немесе танымал болу; 2. Өзін ата-анаға тәуелсіз екенін көрсету; 3. Өзіндік «Менін» жыныстық қатынас арқылы анықтау, себебі өзін өте сенімсіз

сезінеді және осылай өзінің тартымдылығын танытпақшы. Бозбалалар өздерінің ер екендігін, ал қыздар әлемге және өзіне қалаулы екенін дәлелдегісі келеді;

4. Махаббатын сақтап қалу үшін; 5. «Барлығы осыны істейтіндіктен».

Ерте жыныстық байланыстар адам денсаулығына, ең әуелі репродуктивті денсаулығына жағымсыз әсерлерін қалдырып кетеді. Негізгі әсерлері:

1. Қажетсіз жүктілік (аборт немесе жастайынан ана болу); 2. ЖЖБЖ/АИТВ жұқтыру; 3. Көңілін қалдыру; 4. Жаман атақ және т.б.

Әлі өзі ержетпеген ата-ана баласын бір нәрсеге үйрете қоюы екіталай. Ерте босану салдары әйелдің бүкіл өміріне әсер етеді. Өкінішке орай, жасөспірімдердің жыныстық белсенділігінің артып бара жатқандығын мойындауға тура келеді – бұл шындық. Бұл жыныстық жолмен берілетін аурулардың санын апатты жағдайда артуына; абортқа, жастайынан ана атануға, кейіннен балаларынан бас тартуға және әлеуметтік жетімдікке әкеліп соғатын жасөспірімдік жүктіліктің артуына әкеліп соғады. Жасөспірімдердің отбасылық өмірге дайын еместігі ажырасудың артуына да әсерін тигізеді. Сондықтан, жасөспірімдердің ерте жыныстық байланысы олардың жалпы (рухани және физикалық) және репродуктивті денсаулығына жағымсыз әсерін тигізеді. Жасөспірімдердің ерте жыныстық байланысқа түсуінің себебі, дұрыс тәрбие мен өмірлік ұстанымдарының жоқтығы. Жасөспірім жыныстық есеюге байланысты физиологиялық сұраныстарға көп көңіл бөледі. Түсініңіз: сіздің жасыңызда өмір біткен жоқ, енді басталды, сондықтан, лайықты өмір сүру үшін оған салмақты дайындалу керек, асығудың қажеті жоқ, барлығының өз уақыты бар.

6.Ми шабуылы. Қандай ЖЖБЖ-ларды білесіздер? Оқытушы оқушылардан өздері білетін ЖЖБЖ-ларды санап беруін сұрайды. Оқытушы ЖЖБЖ аттары жазылған кестелерді алдын ала дайындап қояды, онда – мерез, В және С гепатиті, АИТВ – қызыл түспен, ал қалған ЖЖБЖ – көк немесе жасыл түспен белгіленеді. Оқушылар ЖЖБЖ-ның аттарын айта салысымен кестелер тақтаға, екі бағанның бойымен жапсырылады: оң жағына – екі түрлі жолмен – жыныстық және қан арқылы (мерез, «В» және «С» гепатиті, АИТВ) берілетін, сол жағына – тек жыныстық жолмен берілетін аурулар (соз ауруы, трихомониаз, хламидиоз, папилломавирусты жұқпа және басқалары). Егер біреу туберкулез немесе тұмауды ЖЖБЖ деп айтып қалса, оны дереу флипчартқа жазып қойып, кейіннен олардың ЖЖБЖ-ға неліктен жатпайтындығын түсіндіріп беру керек. ЖЖБЖ-ның 20-дан аса түрі болатынына баса назар аударылады.

Page 104: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

103

Аталуы мүмкін жұқпалардың тізімі: 1. Мерез 2. В және С гепатиті 3. АИТВ 4. Соз ауруы 5. Трихомониаз 6. Хламидиоз 7. Папиллом – вирусты жұқпасы 8. Ұшық

Егер оқушылар қандай да бір жұқпаны қалдырып кетсе, оқытушы оны өзі қосады. Оқушылардан ЖЖБЖ неге бұлай бөлінгені анықталады. Екі топқа бөліну себебі анықтала салысымен, оқытушымен бірге берілу жолдары да анықталады.

7.Топтардағы жұмыс. ЖЖБЖ белгілері. Оқытушы оқушыларды аталған жұқпалардың санына қарай бөліп, оларға ЖЖБЖ аттары жазылған карточкалар таратады, оған өздері білетін ЖЖБЖ-лардың негізгі белгілерін жазуды сұрайды. Содан кейін әр топ өз жұмыстарын презентациялайды. Презентациядан соң, көптеген аурулардың белгілері ұқсас болып келетіндігі анықталады. Мысалы:

• Жыныстық жолмен ерекше көбікті бөлінулер (іріңді, шырышты-іріңді, сарғыш немесе жасыл түсті, кейде жағымсыз иістермен);

• Қышыну, ісіну немесе жыныстық органдардың сыртқы жағындағы ауырсынулар; • Несеп шығарудың бұзылуы (жиі, ауырсынулармен немесе күйдіре); • Жыныстық органдардағы жаралар;• Жыныстық органдардағы көпіршік тәріздес бөртпелер; • Жыныстық органдардағы бездер (кондиломалар); • Шаптағы лимфатикалық түйіндердің үлкеюі (дөңгелек немесе жұмыр пішіндес,

ұстап көргенде ауырсынулар); • Жыныстық қатынас кезіндегі қан кету; • Дене қызуының көтерілуі.

Оқытушы қорытынды шығарған кезде, көптеген ЖЖБЖ-лар әртүрлі емделгенмен, белгілері ұқсас болатыны аңғарылады. Сондықтан, осы белгілердің біреуі байқалысымен дәрігерге көріну қажет.

8.Ми шабуылы. ЖЖБЖ салдары. Оқытушы оқушылардан өздері білетін ЖЖБЖ салдары туралы айтуды сұрайды. Барлық айтылғандар флипчартқа жазылады. Мүмкін болатын зардаптар:

• Ер мен әйелдің бедеулігі • Жатыр мойыншағының обырға шалдығу қаупі • Белсіздік • Жүйке жүйесінің бұзылуы • АИТВ жұқпасын жұқтыру қаупі • «В», «С» гепатиті кезіндегі бауыр циррозы • Етеккір кезіндегі қан кету • ЖИТС-пен ауыру кезіндегі өлім

Оқытушы ЖЖБЖ-ның барлық бөлімдерін қорытып, оқушыларды шағын-дәрісті тыңдауға шақырады.

9.«ЖЖБЖ. Берілу жолдары, белгілері және салдары» атты мультимедиялық презентацияның сүйемелдеуімен оқытушының шағын-дәрісі.

Мысал мазмұны

Page 105: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

104

Соңғы жылдары адамнан адамға жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар кең таралуда. Қазіргі таңда жыныстық жолмен берілетін 20-дан аса жұқпалар белгілі. Оның негізгі себебі – жастардың жыныстық қатынасқа деген жеңіл көзқарастары, бұл облыстағы әлеуметтік тыйымдар оп-оңай тыс қалуда. Ерте жыныстық қатынасқа жеңіл көзқарас, әртүрлі серіктестермен кездейсоқ қатынастар ЖЖБЖ зақымдалуының қаупін күшейте түседі.

Жыныстық жолмен берілетін жұқпалар (ЖЖБЖ) – бұл, қоздырғыштары жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар тобы.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметі бойынша, жыл сайын әлемде жыныстық жолмен берілетін 300 млн-ға жуық жұқпа жұқтыру тіркеледі екен, АИТВ-инфекциясымен зақымдану қаупі 5-10 есеге өсіп келеді. ЖЖБЖ-мен ауырудың ең үлкен деңгейі 20-21 жастағыларда, содан кейін 15-19 жастағыларда кездеседі екен. Бұл аурудың саны Қазақстанда да артып келеді. Сіздердің назарларыңызды ЖЖБЖ-ға қатысты біршама маңызды пункттерге аударғым келеді.

1. Бұл аурулар ұзақ (емделмеген жағдайда), толқын тәрізді және сырт көзге байқалмайтындай болып өтеді.

2. ЖЖБЖ кезінде өзін-өзі емдеу деген болмайды, сонымен қатар, арнайы емнің көмегінсіз емделу мүмкін емес.

3. Дәрігерге қанша ерте барсаңыз, сонша аурудың асқынуының алдын аласыз және тез сауығасыз:

• Ер мен әйелдің бедеулігі • Созылмалы солғын түрінің жіті түрде өтуі • Жыныстық органдар жүйесінің ісіп ауыруы • Жатыр мойнағының обырға шалдығу қаупі • Белсіздік • Жүйке жүйесінің бұзылуы • АИТВ жұқпасының қаупі • «В», «С» гепатиті кезіндегі бауыр циррозы • Етеккір кезіндегі қан кету • ЖИТС ауруынан қайтыс болу 4. Көптеген ЖЖБЖ анадан балаға өтуі мүмкін.

Жоғарыда айтып өткеніміздей көптеген ЖЖБЖ-лар келесідей ұқсас белгілерге ие: • Жыныстық мүшедегі қышыну мен күйдірулер.• Жыныстық мүшедегі көпіршік тәрізді бөртпелер. • Жыныстық мүшеден ерекше бөлінулер. • Жыныстық мүшенің айналасы мен артқы жақтың қызаруы. • Жиі несеп шығарудағы ауырсынулар. • Лимфатикалық түйіндердің ұлғаюы. • Жыныстық мүшеде ауырмайтын жаралардың пайда болуы. • Жыныстық мүшедегі бездер (кондиломалар). • Жыныстық қатынас кезіндегі қан кету. • Дене қызуының көтерілуі.

Бірақ ЖЖБЖ-ның белгісі зақымдалудан соң ұзақ уақыт білінбеуі мүмкін, мұның зұлымдығы да сонда. Жұқпаланған адам өзін дені сау сезінуі мүмкін, бірақ ол жыныстық серіктесін зақымдайды. Сондықтан, егер сіз өзіңізді ЖЖБЖ жұқтырып алған деп есептесеңіз, бірден маман-дәрігерге қаралыңыз.

Page 106: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

105

Кең таралған ЖЖБЖ: Мерез. Мерез шақыратын микроб өңсіз спирохена деп аталатын, жұқа спиральтәріздес тізбек. Ол зақымдалмаған тері және шырышты қабат арқылы енуі мүмкін. Зақымдалудың жиі тараған жолы – жыныстық қатынас, сүйісу, науқастың қолданған үй тұрмыстық заттарын (тіс щеткасы, қасық) пайдалану, науқаспен бір темекіні шегу. Ағзаға енгеннен 3-4 аптадан соң жоғарғы жағы көптеген спирохет болып келетін, тығыз және өте жұқпалы жара пайда болады. Жараның пайда болғанына 1 апта өткен соң лимфатүйіндер ұлғая бастайды. Осы сәттен бастап адам зақымданған болып есептеледі және емделмесе, өмір бойы осылай қалып қояды. Ана мерезді балаға жүктілік кезінде беруі мүмкін, онда бұл туа біткен мерез деп аталады.

Соз ауруы. Гонококк (соз ауруының қоздырғышы) микроскоптан бұршақтәріздес болып көрінеді. Гонококк тек зәр шығару органдарын ғана емес, тікішекті де, ауыздың шырышты қабатын да, жұтқыншақты пен көзді де зақымдайды. Кір киімнен, сүлгіден тұрмыстық зақымдалу да болуы мүмкін. Бұл ең «танымал» ауру, себебі өте жарқын белгілері байқалатын (әсіресе ерлерде), құсу мен іріңді сарғыш-жасыл зәр шығаруды байқамай қалу қиын. Білінулер зақымдалған сәттен 3-7 күннен кейін басталады. 10-14 күнде шағымдар емсіз-ақ жоғалып кетуі мүмкін, бірақ қуануға әлі ерте: сырқат уақытша «жасырынып» - басқа сатыға өтеді. Аурудың негізгі белгілерінен басқа, әйелдерде – іш ауруын, ерлерде – ұманың ауырсынуын байқауға болады. Егер адам өзі немесе достарының айтқаны бойынша емделуге тырысса, онда ауру бақылаудан шығып, созылмалы гонореяға ұласуы мүмкін. Ауруды емдеу кешенді, жеке, екі серіктес үшін де бір уақытта жүргізілуі қажет.

Хламидиоз.

Хламидия атты ерекше бактериялардан туындайды. Инкубациялық кезең. Орта есеппен, екі аптадан бір айға дейін. Бұл аурудың пайда болуы білінбейді. Хламидиоз кезінде мардымсыз, мөлдір, желім сияқты бөлінулер болады. Хламидия тек зәр шығару мүшелерін ғана емес, сонымен қатар көз, ішек, тыныс алу мүшелерін де зақымдайды. Хламидиоз ерлердегі бедеулік сияқты, әйелдердің бедеулігіне де алып келеді, сонымен қатар, жүктіліктің үзілуінің себебі болып табылады. Ауру жүкті әйелден баласына өтуі мүмкін, ол кейіннен балада өкпенің қабынуы, көз ауруы, қыздарда – зәр шығару мүшелерінің туа біткен хламидиозына алып келеді. Хламидиоз нашар емделеді. Тек арнайы тексерілуден кейін ғана диагноз қоюға болады.

Трихомониаз. Микроб арқылы емес, біржасушалы қарапайым жәндік, «кішкентай жануар» - трихомонадия арқылы пайда болады. Ол сыртқы ортаға өте төзімді.

Аурудың алғашқы белгілері 4 күннен 3 апта аралығында байқалады. Трихомониаз әдетте әйелдерде анық байқалады, бірақ көбінесе ерлерде ешқандай белгілерсіз пайда болады. Негізгі белгілері: қатты қышыну және тітіркену, жағымсыз иісті көпіршікті бөлінулер. 3-4 аптадан соң, емделмеген жағдайда, трихомониаз созылмалы түрге өтеді. Қыздар 5 жасқа дейін гигиена ережелерін өрескел бұзған жағдайда жұқтырып алуы мүмкін. Қоздырғыштары герпес вирусы болып есептеледі. Жыныстық жолмен беріледі және жыныстық мүше мен оның айналасында жараның пайда болуына әкеліп соғады. Мұндай

Page 107: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

106

пайда болулар әр бірнеше аптада пайда болып, бірнеше күнге созылуы мүмкін, содан ұзақ уақытқа жоғалып кетуі мүмкін. Тіпті толық сауығудан кейін де вирус ағзада қалып, аурудың қайта пайда болуы мүмкін. А.И.Куприн мен Н.Г.Гарина-Михайловскаяның шығармаларындағы мерездің көркем әдебиет тілінде қалай суреттелгенін тыңдаңыздар.

А.И. Куприн «Ор» повесінде төңкеріске дейінгі Россиядағы жезөкшелер үйіндегі әйелдердің өмірі туралы жазған: «...әйелдер... көбісінің дауысы қарлыққан немесе мыңқылдаған, мұрындары жартылай ішіне түсіп кеткен». «Адамның барлық жері ауырады: сүйектері сырқырайды, сіңірлері, миы... Дәрігерлер аурудан жазылуға болады дейді. Қайдағы! Ешқашан жазылмайсың! Адам он, жиырма, отыз жыл шіриді. Секунд сайын сал ауруына ұшырауы мүмкін, сондықтан оң жақ беті, оң қолы, оң аяғы өледі, адам емес оның жартысы ғана өмір сүреді. Жартылай адам - жартылай өлік. Көбісі есінен ауысады. Және әр адам түсінеді... Әр адам... Әрбір осындай науқас жей алатынын, ән сала алатынын, сүйісе алатынын, тіпті тыныс алатынын түсінеді, - ол айналасындағыларды, жақындарын – әпкесін, әйелін, баласын зақымдап алатынына сенімді емес... Барлық мерездердің балалары кемтар, жетілмеген, зобталған, көкжөтел, жарымес болып туылады. Міне, Коля, бұл аурудың көрінісі осы!»

Н.Г. Гарина-Михайловскаяның «Матренаның ақшасы» әңгімесінде шаруаның отбасында мерездің пайда болуы

туралы суреттеледі: «...барлық отбасы жаман аурумен ауырып жатты. Қарт, Корнейдің қайынатасы, тірідей шіруге айналды. Үлкен томпақ мұрны ісінген, үлкен қызыл көзі шарасынан шыққан – тегіс жара. Пештің үстінде жүре алмай отыратын. Үйдегі ауа, тіпті жазда да адам төзгісіз болатын. Қарттың Маркел деген інісі болатын, одан тіпті жаман мүңкиді: оған тіпті көшеде де жақындай алмайсың. Ал Маркелдің кішкентай, шіріген лашығында тағы да 7 адам болды, барлығын да жара басқан: сол сияқты мұрынсыз, саңырау, нақұрыстар. Олар осылай қорқынышты, хайуан төзгісіз жағдайда, бірақ санасы адамдікіндей, хайуаннан да нашар өмір сүріп жатты».

Медицинаның заманауи жетістіктері ЖЖБЖ-ны тиімді емдеуге мүмкіндік береді. Барлығы уақтылы дәрігерге көріну, ұқыптылық және емдеу курсының аяқталуына байланысты.

10.Топтардағы жұмыс. АИТВ және ЖИТС дегеніміз не, берілу жолдары, тестілеу.

Оқытушы оқушыларды үш топқа бөледі де, әр топқа мына презентацияларды талқылап, дайындау тапсырылады: Бірінші топ – АИТВ және ЖИТС деген не? Зақымдауға жеткілікті мөлшерде АИТВ жиналатын ағзаның биологиялық сұйықтығын атау. Екінші топ – АИТВ-ның берілу жолдарын және жұқпаланбайтын жолдарын атау. Оқытушы жағдайлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, қандай жағдайда АИТВ жұғатынын талқылауды сұрайды.

Page 108: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

107

Үшінші топ – АИТВ жұқтырған адамды қалай анықтауға болады? Топтардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады, содан кейін команданың бір өкілі шығып презентация жасайды. Оқытушы оқушылармен бірге топтық жұмыстың қорытындысын шығарады.

11. «АИТВ. Берілу жолдары, АИТВ-ға тестілеу» атты мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен оқытушының шағын-дәрісі. Мысал мазмұны. АИТВ/ЖИТС індеті – Жер шары үшін жаңалық емес. Ол миллиондаған адамдардың

өмірін жалмау арқылы бүкіл әлемге жайылып келеді. Біз, ұлттық және мемлекеттік шекараларға қарамастан адамдардың қарым-қатынасы

қарқынды түрде артып жатқандықтан, қоғамдық қарым-қатынас қиындауы нәтижесінде, адамдағы иммунодефицит вирусы (АИТВ) әлемдік өркениетке қауіп төндіретін ең маңызды мәселеге айналған заманда өмір сүріп жатырмыз. Зерттеушілердің айтуынша ТМД мемлекеттері АИТВ таралу жылдамдығы бойынша әлемде бірінші орынға шыққан. АИТВ-ны жұқтыру адамның істеген ісіне байланысты, егер зақымдалу қаупі бар іс-әрекеттер жасаса, кез келген адам жұқтырып алуы мүмкін.

АИТВ деген не? АИТВ – бұл адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы. Вирустар бактериялардан әлдеқайда кіші жұқпа агенттері арқылы көрсетіледі. Вирустар өмір сүруге қажетті маңызды элементтен айырылған, сондықтан олар қожайынның жасушаларына еніп, оның өнімдерін пайдалануға мәжбүр. АИТВ өзінің тіршілік әрекетін қолдау үшін иммунды жүйелер жасушасын – осының әсерінде иммунитет тапшылығы пайда болатын лимфоцитті пайдаланады.

АИТВ тек адам ағзасында өмір сүретін вирустарға қатысты. Құрылымына байланысты олар жануарлар мен жәндіктердің ағзасында өмір сүре алмайды. Бұл вирусты «18» гайка кілтімен салыстыруға болады, ол кіші өлшемді гайкаларға ілінбейді, ал үлкен өлшемді гайкаларға тіпті де сыймайды.

«АИТВ қайдан шықты?» деген сұрақ жиі қойылады. Қазіргі таңда АИТВ-ның пайда болуы иммунитет тапшылығы вирусының эволюциялық дамуы кезеңінде, тұқымдық тосқауылдардан өтіп, адам үшін ауру тудырушыға айналған деуге толық негіз бар. Бұл оқиға ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының соңы мен 50-ші жылдарының басында орын алды. Ал ЖИТС-пен науқастану жағдайы бірінші рет 1981 жылы АҚШ-та орын алды. Иммунитет тапшылығы вирусын 1983 жылы Франциядағы Пастер институтының ғалымы

Page 109: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

108

Люк Монтанье және онымен бір уақытта, оған тәуелсіз АҚШ-тық ғалым Роберт Галло ашты, бұл жаңалықтары үшін екі ғалым да Нобель сыйлығын алды. Кейіннен АИТВ-мен ауырушылар басқа елдерде де бар екендігі тез анықталды. Әсіресе зақымдалу Африка елдерінде көп болып шықты.

АИТВ-жұқпасы бірнеше сатыға бөлінеді: Бірінші сатысы – біріншілік АИТВ-жұқпасы. АИТВ адам ағзасына түскен соң, суық

тиіп аурудың белгілері пайда болуы мүмкін (қызудың көтерілуі, тұмау, жөтел, лимфатүйіндердің ұлғаюы). 2-3 аптадан соң өткір кезең өтеді. Айта кету керек, 60-70% жағдайда күшті ауырсынуларсыз басталады. Аурудың бұл даму сатысында зақымдалу фактісі анықталмауы мүмкін. Бірақ, осы уақыттан бастап жұқпаланған адам, өзі де білместен басқаларға жұқтыра алады.

Екінші сатысы – жасырын кезең – жұқпаның созылмалы және тұрақты түрде дамуы. Бұл саты АИТВ-жұқпасының жасырын, нышандарсыз бағытымен сипатталады. Бұл сатыда АИТВ-жұқпасын тек қанға арнайы зертханалық бақылаулар жүргізу арқылы анықтауға болады. АИТВ жұқтырған адамдар өздерін дені сау сезінеді және жұмысқа толық қабілеттілігін сақтайды. Нышандарсыз сатының орташа ұзақтығы 10 жылды құрайды.

Үшінші саты – дамыған АИТВ-жұқпасы. Ағзаның қорғаныш күшін төмендету мақсатында әртүрлі қосымша аурудың белгілері пайда болады: лимфатикалық түйіндердің ұлғаюы, дене қызуының көтерілуі, ішек қызметінің бұзылуы, салмақ жоғалту және басқалары. Адам әлі де еңбекке қабілеттілігін сақтайды.

Төртінші саты – ЖИТС. Бұл сатыда органдар мен жүйелердің зақымдалуы қайтымсыз сипатқа ие болады.

ЖИТС – адамда иммунитет тапшылығынан пайда болатын, АИТВ-жұқпасының соңғы сатысы болып есептелетін синдром.

Алғашқы АИТВ-жұқпасы мен клиникалық белгілердің пайда болуына дейінгі орташа уақыт 10-15 жылды құрайды.

Вирустың дамуын тежейтін және АИТВ-ның кесірінен пайда болған зақымдалуларды емдейтін дәрілер бар, бірақ АИТВ-жұқпасы толық емделмейді.

АИТВ-жұқпасы Біріншілік АИТВ-жұқпасы АИТВ-ның енуіЖасырын кезең Созылмалы және тұрақты

жұқпаның дамуы Жетілген АИТВ-жұқпасы Иммунитет тапшылығы (әр

түрлі екіншілік жұқпаның белгілері)

АИТВ-жұқпасының соңғы сатысы

Жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС)

АИТВ берілу жолдарының үш түрі болады: • Парентералды (қан немесе оның компоненттері арқылы) • Жыныстық • Вертикальды – анадан балаға өтуі

Page 110: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

109

Сонымен, АИТВ адам ағзасының белгілі бір сұйықтықтарымен және белгілі бір жағдайларда ғана беріледі. АИТВ берілуі мүмкін адам ағзасының сұйықтықтары:

• Қан; • Шәует (семенная жидкость); • Қынаптағы бөлінулер; • Емшек сүті.

АИТВ берілуінің парентералды жолы Есірткіні күре тамырға салу АИТВ жұқтырудың ең қауіпті түрінің бірі болып

табылады. Бұл көбіне есірткі тұтынушылардың ортақ ине мен шприцті пайдалануына байланысты болып келеді, ал науқастың қаны сау адамның қанына келіп түскенде одан құтылу мүлде мүмкін болмайды.

АИТВ келесі жағдайларда беріледі: • Стерилденбеген (АИТВ жұқтырылған) хирургиялық және инъекциялық

аспаптарды пайдалану, қандай да бір дәрі салу үшін ине салу, құлақ тестіру, татуировка, пирсинг салдыру;

• АИТВ жұқтырылған қан немесе оның құрамдас бөліктерін құйдыру, зақымдалған донордан мүшелер мен тіндерді орнату;

• Қырыну үшін бөтен ұстараны пайдалану. Жыныстық жол

Жыныстық қатынас кезіндегі АИТВ жұқтыру факторлары: • АИТВ жұқтырушымен қорғаныш құралдарынсыз жыныстық қатынасқа түсу; • Жыныстық жолмен берілетін жұқпаның бар болуы.

Жыныстық қатынас кезінде жұқпалану мүмкіндігі ерлерге қарағанда әйелдерде жоғары болады. Бұл әйел ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Әйелдерде АИТВ-ға шалдығу қаупі жыныстық жолмен берілетін жұқпалардың әсерінен ұлғая түседі, жатыр мойнағының қабынуы, жарақаттануы немесе шырышты қабатының қабынуы, етеккір кезінде, сонымен қатар қыздық перденің жыртылуы кезінде беріледі.Алкоголь мен есірткі қолдану өз іс-әрекетіне бақылауды төмендетіп, қауіпті жыныстық іс-әрекетке ұрындырады. Қазіргі таңда Қазақстанда АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуі басым болып және ол 60% шамасын құрайды.

Вертикальді жолы (анадан балаға өтуі) АИТВ-жұқпасының науқастанған анадан балаға берілуі жүктілік кезінде, босану

және емшек сүтімен тамақтандыру кезінде беріледі. Жүктілік және босану кезінде арнайы антиретровирусты терапияны (АРВ – терапия) қабылдау АИТВ-ның берілуін 15-18%-ға төмендетеді.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ұсынуымен, толғатқан әйел қанында вирус көп шоғырланған жағдайда, АИТВ-ның балаға берілу қаупін төмендету мақсатымен босандыру баланы іштен жарып алу отасы арқылы жүзеге асады. АИТВ жұқтырған аналардың балалары қолдан тамақтандыруға көшіріледі. Қандай жағдайларда АИТВ берілмейді? АИТВ мына жағдайларда берілмейды:

• Қол қысысқанда, жанасқанда, құшақтасқанда, зақымдалмаған тері вирус үшін нағыз бөгет болып табылады;

• Гигиеналық бұйымдардан; • Тұрмыстық жолмен: киім, төсек, сүлгі арқылы; • Бассейндерде, ваннада, моншаларда;

Page 111: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

110

• Жәндіктер шаққанда; • Сүйісу кезінде.

АИТВ-ға қашан тексерілу қажет? АИТВ-нің анализін вирустан емес, ондағы антидене арқылы анықтайды. Антидененің

жасалуы үшін 3 ай шамасында (кейде 6 айға дейін) уақыт керек. Ерте тексерілу, тіпті ағзада вирус болған жағдайда да теріс нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан, жұқтыру болмағанына көз жеткізу үшін, «қауіпті» жағдайдан немесе жыныстық қатынастан соң 3 айдан кейін тексерілуден өту керек, бұл аралықта тек қауіпсіз іс-әрекет жасаңыз.

Пайда болысымен дәрігерге қаралуыға тиіс болатын қорқынышты белгілер: • 1 ай бойы ұдайы жөтел • Қысқа мерзімде салмақтың 10 пайызын жоғалту • 1 айдан асқан дене қызуының көтерілуі • 1 айдан асқан іш өту

АИТВ-ға арналған тесттер. АИТВ жұқтырғаныңды білудің жалғыз тәсілі – тестілеуден өту. АИТВ-ға зерттеу

жүргізу ерікті, анонимді және құпия түрде өтеді. Адам өзі қаламаса, ешкім оны АИТВ-ға қарсы бақылаудан өтуге күштей алмайды. Бұл дегеніміз, АИТВ-ға тексерілуді адам өзі шешу керек. Бақылаудан өту үшін, ЖИТС-қа қарсы күрес пен алдын алу орталығында немесе осындай бақылау жүргізетін басқа да медициналық мекемелерге барып қан тапсыру керек.

АИТВ-ны вирус емес, осы вирустың антиденесі көрсетеді, сондықтан, тексерілуден ағза көзге көрінуге жетерліктей антиденелерді бөліп шығарған кезде ғана өту керек. Нақты нәтиже алу үшін, ереже бойынша, емделушіге қайтадан қан тапсыру ұсынылады. Қайта қан тапсыру, қан алу, зертханаға жіберілу, тіркеу кезінде мүмкін болатын қателіктердің алдын алу үшін қажет. Егер бірінші және екінші тексерілулердің нәтижелері сәйкес келсе, анығырағы АИТВ антиденесіне жағымды нәтиже берсе, нақты өзіндік ақуыздары бар АИТВ антиденесі анықталған жерге қорытынды зерттеу жүргізіледі. Егер нәтижелер бланкісінде АИТВ антиденесі табылған деп көрсетілсе, нәтиже дұрыс және бұл адам АИТВ-ны жұқтырған деп есептеледі. Егер тест нәтижесі – теріс, АИТВ антиденесі анықталмаған болса:

• Адам зақымданбаған немесе • Адам зақымдалған, бірақ заманауи әдістермен анықтау үшін, ағза әлі антидененің

жетерліктей мөлшерін шығармады. Вирус ағзада бар, ал антидененің көрінетіндей мөлшері әлі пайда болмаған кезең – «терезе кезеңі» деп аталады.

Тесттің теріс нәтижесіне сенімді болу үшін, 1 айдан соң тексерілуді қайталау қажет. Күмәнді нәтиже – алынған нәтижені анық түсіндіре алмаушылық. Бұл жағдайда тексерілуді екі аптадан немесе 1 айдан соң қайталау қажет.

12. «ЖЖБЖ-дан өзіңді қалай қорғау керек?» блиц-интеллектуалды ойыны. Оқытушы әр қатысушыға доп лақтырады. Допты қағып алған адам, ЖЖБЖ-дан

қорғану әдісін таңдайды. Бір қатысушы барлық айтылған қорғану әдістерін тақтаға немесе флипчартқа жазып

тұрады.

13. «ЖЖБЖ және АИТВ-ның алдын алу шаралары» атты мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен оқытушының шағын-дәрісі.

Page 112: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

111

Адамдар арасында ЖЖБЖ-ның таралуы адамның мінез-құлқына байланысты, адам өзін неғұрлым қауіпті ұстаған сайын ЖЖБЖ-мен зақымдалу қаупі соғұрлым арта түседі. Қорғанудың сенімді әдістерін қолдана отырып, адам өзін және жақынын ЖЖБЖ-дан қорғай алады. Қорғанудың сенімді әдістеріне:

• Ең тиімді әдіс - ересек жасқа жеткенше жыныстық қатынастардан бас тарта тұру.

• Егер сіз жыныстық белсенді болсаңыз, ең қауіпсіз жолы – бұл бір ғана сенімді серіктеске ие болу. Егер серіктес бұрынғы өмірінде қорғансыз жыныстық байланыстар жасаса, оған бақылаудан өту керек.

• Нұсқауларды қатаң, тұрақты және дұрыс түрде сақтай отырып, мүшеқап қолдану, яғни, тек сенімсіз серіктеспен ғана емес, әрбір жыныстық қатынас кезінде қолдану қажет.

Әңгіме ЖЖБЖ/АИТВ жұқтыру, керексіз жүктілік жайлы болса, мүшеқап қолдану қауіпсіз жыныстық қатынастың ең басты түрі болып табылады. Мүшеқапты дұрыс қолдану кезінде ғана қорғаныс тиімді болады. Сапалы мүшеқаптар төзімді латекстен жасалады және арнайы зертханалық тексерілулерден өткізіледі. Зертханалық тексерулердің көрсеткеніндей, сапалы латексті мүшеқаптар, АИТВ-ны қосқанда барлық микроағзаларға тосқауыл бола алады. Майлы жақпалар латексті құртады және мүшеқаптың жыртылуына әкеліп соғуы мүмкін, сондықтан жақпа үшін сулы жақпаларды пайдаланған жөн. Мүшеқаптың соңғы жағында ауаның қалып қоюы, жыныстық қатынас кезінде оның жыртылуына әкеліп соғуы мүмкін. Мүшеқапты пайдалану ережелері:

• Мүшеқап сатып аларда оның шығу мерзімі мен сыртқы қабатына назар аударыңыз. • Мүшеқапты оның сақталу шарттары сақталатын жерден алыңыз (бұл салқын,

құрғақ және қараңғы орын болуы керек). • Мүшеқапты бүлдіріп алмау үшін, оны қолмен абайлап ашыңыз (тіспен, тырнақпен,

қайшымен ашуға болмайды). • Мүшеқапты қозған жыныстық мүшеге кигізіңіз. Майланған жағы сыртта болуы

тиіс. Ішкі жағы сулы жақпамен майланған. • Түп жағында (спермақабылдағышта) ауаның болмауын қадағалаңыз. Ол үшін киер

алдында мүшеқаптың түбін екі саусағыңызбен қысып тұрыңыз.• Мүшеқап жыныстық мүшені ұзына бойы толық жауып тұруы керек.• Ұрық шашудан кейін (жыныстық мүшенің қозуы сақталып тұрғанда) жыныстық

мүшені мүшеқаптың тағулы тұрған күйінде қынаптан шығарып алу керек. Ішіндегісін серіктесіңізге құймаңыз.

• Қолданылған мүшеқапты түйіндеп байлап, қағазға орап қоқысқа тастаңыз.

Материалды пысықтауға арналған қосымша жаттығулар

1. Топтардағы жұмыс. «ЖЖБЖ деген не?» Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі. Әр топ команда үшін сұрақ таңдайтын

көшбасшыны белгілейді. Оқытушы топтарға дұрыс жауаптардың саналатындығы туралы ескертеді. Командалар бір-біріне бетпе-бет отырады, сұрақтары бар қорап екі топтың ортасына қойылады. Топ көшбасшылары кезекпен қораптан бір сұрақтан алып, оны оқиды. Егер бір топ жауап бере алмаса, басқа топ жауап береді. Оқытушы флипчартқа командалардың нөмірі мен екі баған сызып, оған дұрыс берілген жауаптар үшін балл қойып отырады.

Page 113: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

112

Әрбір дұрыс жауап 10 баллмен бағаланады. Егер басқа командаға берілген сұраққа дұрыс жауап берсе 20 ұпай қосылады (10 ұпай дұрыс жауапқа, қалған 10 ұпай бонус есебінде). Егер екі команда да дұрыс жауап бере алмаса, оқытушы жауап береді. Соңында барлық баллдар есептеліп, көп балл жинаған команда ұтады.

Бұл жаттығуды өткізу үшін, оқытушы төменде көрсетілген сұрақтар мен жауаптар кестесін пайдаланады.

Кесте Сұрақтар мен жауаптар

Сұрақтар (қағаз парақтарында бір-бірлеп

жазылған және қорапқа салынған)

Жауаптар (есеп шығару және қабылданған жауаптарды түзеу

үшін оқытушы оларды өзіне қалдырады)

ЖЖБЖ деген не? ЖЖБЖ – бұл жыныстық жолдармен берілетін жұқпалар. ЖЖБЖ жыныстық қатынас кезінде ағазадағы сұйықтықтардың алмасу процессі жүргенде беріледі.

ЖЖБЖ-да тағы қандай атау бар?

Соз аурулары; жыныстық жолдармен берілетін аурулар.

Бірнеше ЖЖБЖ-ды атаңыз?

Мерез, гонорея, урогенитальді хламидиоз, трихомоноз, микоплазмоз, генитальді герпес, генитальді кандидоз, В және С гепатиттері, генитальді үшкір кандиломлар және басқалар (барлығы аурудың 20 түрі).

Барлық ЖЖБЖ-лар жазылады ма?

Бәрі емес, бірақ көбісі. Герпес, АИТВ, В гепатиті сияқты вирусты ЖЖБЖ-ларды қоспағанда.

ЖЖБЖ жұққанын бірден анықтауға бола ма?

Әр қашан анықтауға болмайды, себебі, жұқтырғаннан кейін бірнеше уақыт аралығында инкубациялық кезең жүреді, ЖЖБЖ-ның алғашқы белгілері белгілі бір уақыт аралығынан кейін ғана білінеді. Кейде ЖЖБЖ-лар бірден білінбеуі мүмкін немесе белгілері аз байқылып өтеді. Хламидиоз ұзақ уақыт білінбейді, тек әйелдерде жүктіліктің әр түрлі патологиясы болғанда ғана білінуі мүмкін.

ЖЖБЖ жұқтырылғанда қандай белгілер болуы мүмкін?

Еркектер мен әйелдерде: ауыз қуысының шырышты қабығында, тік ішек

аймағында, жыныс мүшелерінің шырышты қабатында және теріде жаралар, түйіндер мен көпіршіктердің болуы;

зәр шығару кезінде ауыру мен ашу әсерлері болғанда; жыныс мүшелерінде қышу, ісіну болады; қалтырау, тері беттерінде бөртпелер, денеде сырқырау

болады. Әйелдерде:

қынаптан жағымсыз иісі бар, түсініксіз бөлінуілер болады;

қарынның төменгі жағында ауыру әсері; етеккір аралығы кезеңінде қынаптан қан тәріздес

бөлінулер; жыныстық қатынас кезінде қынаптың терең жағында

Page 114: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

113

ауыру байқалады. Еркектерде:

зәр шығару каналдарынан бөлінулердің болуы. ЖЖБЖ не үшін қауіпті? Көптеген ЖЖБЖ-ның қоздырғыштары адамның бала

табу органдарын зақымдап, бедеулік, импотенция, жатырдан тыс жүктіліктің пайда болуы, түсік тастау сияқты жағдайларға әкеліп соғады. Мерезді уақытында емдемесе, соңы ұрпақтан ұрпаққа беріледі, орталық жүйке жүйесін, ішкі мүшелердің қиын жағдайға өзгеруін тудырады. Кейбір ЖЖБЖ-лар қауіпті ісіктердің пайда болуына әсер етеді. ЖЖБЖ-лары бар адамдарда АИТВ-ны жұқтыру қауіпі он есеге артады. Көптеген әйелдер мен еркектерде жыныстық жұқпалар анықталмай қала береді, себебі, кейде олар білінбейді, кейде байқалмайды да, солай адамдар өзінде аурудың бар екендігін сезбей, ауырып, басқа адамдарға жұқтырып жүре береді.

АИТВ/ЖИТС ЖЖБЖ-лар қатарына жатады ма?

Иә, сондай-ақ жыныстық жолмен берілгендей, АИТВ қан арқылы және анасына балаға беріледі.

Егер сіз ЖЖБЖ-ларды жұқтырып алдым деп ойласаңыз не істеу қажет?

Дұрыс диагноз қойдыру үшін және толық емнің курсын алуға дәрігерге (венеролог) баруыңыз керек. Жыныстық серіктестерді де хабардар ету қажет.

Дәрігер сізге 10 күнге қабылдайтын дәрілерді жазып берді, бірақ ауру белгілері дәрі қабылдағаннан кейін бесінші күні жоғалып кетті. Сіз дәрілерді қабылдауды тоқтата аласыз ба?

ЖОҚ, ЖЖБЖ-ның қоздырғыштарын өлтіру өте қиын. Сол себепті, дәрігер сізге жазған дәрілерді барлық емделу уақыты бойында қабылдауыңыз қажет.

Не үшін ЖЖБЖ-лары бар адамдар АИТВ-ны жұқтыруға бейім болады?

Көптеген ЖЖБЖ-лар шырышты қабықтың және терінің зақымдануы (жара, қабыну) арқылы білінеді, оның салдарынан АИТВ адам ағзасына оңай енеді.

ЖЖБЖ-лары бар әйел өзінің баласына жұқтыруы мүмкін бе?

ИӘ, бала жатыр ішінде (мерез), туылу барысында босану жолдары арқылы (гонорея), емшек сүтін ему арқылы (АИТВ) жұқтыруы мүмкін.

ЖЖБЖ-ны емдеу кезеңінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?

ЖОҚ, өзіңнің серігіңе де жұғуы мүмкін (немесе өзің басқа да ЖЖБЖ-ды жұқтырып аласың), тіпті ЖЖБЖ-дан ем ала отырып та. Сол себепті толыққан айыққанша жыныстық қатынастарға түсуге болмайды.

Суды және сабынды қолдану ЖЖБЖ-дан қорғай ала ма?

ЖОҚ, ЖЖБЖ қоздырғыштарын су да, сабын да кетіре алмайды.

Контрацептивті дәрілер ЖЖБЖ-лардан қорғай ала ма?

ЖОҚ, контрацептивті дәрілер ЖЖБЖ-лардан қорғай алмайды. Тек мүшеқапты қолдану ЖЖБЖ-лардың берілу қауіпін азайтуы мүмкін.

ЖЖБЖ-ларды дәріханадан дәрі сатып алып, өзім емдеуіме бола ма?

ЖОҚ, ЖЖБЖ-ны диагностикалау және емдеуді тек дәрігер жасауы керек.

Емделіп болғаннан кейін ЖЖБЖ-ны қайта жұқтыру

Иә, ЖЖБЖ-ларға қарсы иммунитеттер өндірілмейді.

Page 115: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

114

мүмкін бе? Кейде ЖЖБЖ-ның белгілері емсіз біраз уақыт аралығында өтіп кетеді?

Иә. Бірақ, бұл аурудың өтіп кеткендігін білдірмейді.

Бір мезгілде бірнеше ЖЖБЖ-ларды жұқтыру мүмкін бе?

Иә. Көбіне солай болады.

ЖЖБЖ тек жыныстық жолдармен беріле ме?

Көбіне солай. Бірақ, тұрмыстық жолдармен берілетін ЖЖБЖ-лар (мерез, гонорея) да бар және де қан арқылы жұғатын ЖЖБЖ-лар (АИТВ, гепатит В, С) да бар.

Бір серігіне ғана ЖЖБЖ-дан емделіп қою жеткілікті ме?

Жоқ. Егер екеуі де емделмесе, онда қайта жұқтыруы мүмкін.

1. Ұжымдық жұмыс. Оқытушы алдын ала дайындалған бірінші және үшінші бағандарға мәліметтер

жазылған дайын кестені экранға шығарады. Оқушыларға қандай ауру түрі екендігін табу және екінші бағанға ЖЖБЖ-ның атауларын жазу тапсырылады.

Қашан? (жұқтырғаннан

кейін қанша уақытта?)

Не? Қалай білінеді?

7–10 күн Гонорея Шірікті бөлінулер, қызару, зәр шығару кезінде жиі болатын ауырсынулар

Трихомоноз Арнайы иімі бар бөлінулер, қышу

3–4 апта Мерез (Сифилис)

Жара (шанкр), лимфотүйіндердің үлкеюі, дене температурасының көтерілуі, бөртпе

Бірнеше күн – 2–3 ай Герпес Қызару – көпіршіктер – ауыру мен ашу арқылы болатын

эрозия

1 ай – 15 жыл АИТВ-жұқпасы, ЖИТС

Бастапқы сатысында – ӨРА (ОРЗ) белгілері, ЖИТС сатысында - пневмония, ісік, тұрақты ашытқы-саңырауқұлақтар, туберкулез

2 апта – 1 ай Хламидиоз Білінбейтін әйнек тәріздес шығындылар, сондықтан оларды ешкім байқамайды.

2. «Тәуекел театры» жаттығуы. Бұл жаттығу алдын ала картоннан дайындалған, тақтаға ілінген адам бейнелерін пайдалану арқылы жүргізіледі. Жаттығуды өткізу үшін қағаздан адам бейнелерін жасап алу керек (қыздар мен ұлдар: бір беті ақ, ал қарама-қарсы беті қызыл болады). Бір заманда Дина мен Тима атты екі жас болған екен. Бір күні олар кездесіп, бір-бірін ұнатып қалыпты. Бейнелер тақтаға ілінеді. Оларда бұрын нағыз махаббат сияқты шынайы және сенімді қатынас болмаған екен. Бұрын әрқайсысында болып өткен жайттар, екеуі үшін ешқандай маңызы жоқ екен. Бұл кездейсоқ кездесулер, шынайы емес қатынастар, және олары тым көп емес екен. Динада бір қысқа ғана жазғы роман болған екен. Ал Тима бұрын 2 қызбен жақын қарым-қатынаста болған екен. Динаның бұрынғы жігітінің жүретін қызы көп, тіпті ұшқалақ болған екен. Ал Тиманың бұрынғы қыздарының бірі жеңіл жүрісті екен. Сол үшін олар ажырасып кетіпті. Екінші қызы басқа қалаға көшіп кеткендіктен, біз оның қанша жігіті болғанын біле алмаймыз.

Page 116: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

115

Егер бұл сызбаны ары қарай сыза берсек, біз айтқан адамдар, басты кейіпкерлермен таныс емес, Тима және Дина жайлы естімеген де шығар. Неге біз оларды есімізге алдық? Себебі осы адамдардың бірі АИТВ-жұқпасына шалдыққан (бейненің қызыл түсін бұрып қояды), және онымен жақын қатынаста болған әрбір адам зақымдалуы және жұқпаны өзінің серіктесіне беруі мүмкін (барлық бейнелердің қызыл түсі бұрылып қойылады). Сондықтан, ең жақын адамымызбен де қорғанышсыз жыныстық қатынасқа түскенде біз тәуекелге барамыз, себебі бір уақытта оның бұрынғы серіктестерімен де қатынасқа түсеміз. Бұл қорқынышты көрінуі мүмкін. Бірақ, вирусқа кімді зақымдаса да бәрібір, өйткені онда адамгершілік жоқ. Сонымен қатар, сызбада көрсетілгендердің қайсысы жұқпа жұқтырғанын біз білмейміз. Мұндай «тосын сый» кез келген адамның өмірі мен махаббатын талқандауы мүмкін. Бақытымызға орай, бұл тек ойдан шығарылған оқиға. Бірақ ол кез келгеніміздің басымызға келуі мүмкін.

3. Рөлдік ойын. Төменде келтірілген көрініс, ЖЖБЖ мен АИТВ-ға шалдығудың қаупін талқылауға тамаша мүмкіндік береді. Оқытушы 4 еріктінің шығуын өтініп, оларды екеуден екі топқа бөледі. Әр жұп бір жағдайды алып, оны ойнап шығады. Қалған қатысушылар оларды бақылап, рөлдік ойын соңында жағдайды талқылайды.

1. Сіздің бір құрбыңыз, жігіті біраз уақыт қолданып жүрген есірткіні пайдаланып көрмекші болады. Бұл жігіт айтқан, есірткі тамаша сезім шақырып, ол отбасындағы және мектептегі барлық мәселелерді ұмытасың деген. Сіз қалай әрекет жасайсыз? Не ойлайсыз? Құрбыңызға не айтасыз? Не істейсіз?

2. Сіздің досыңыз, кеште болып, алкогольді сусындар татқаны, сонда кездескен әйелдермен жыныстық қатынаста болғаны туралы айтып мақтанды. Ол осы түні болған оқиғаларды түгел білмейтінін айтты. Осындай ұқсас жағдайлар әр аптаның соңында бола береді. Сіз оған не айтасыз?

14. Сабақтардың қорытындысын шығару. Сабақ соңында оқытушы қорытынды шығарып, оқушылардан сабақтың қай бөлігінің қызығырақ болғандығын сұрайды. Содан кейін оқытушы алынған жауаптарды түйіндеп, жалпы қорытынды шығарады: ЖЖБЖ-дан қорғанудың ең сенімді тәсілі ретсіз жыныстық қатынастардан толықтай аулақ болу. Сексуалды серіктеспен байланыс кезіндегі жұқтырудың алдын алу үшін міндетті түрде контрацепция құралдарын пайдалану керек және жеке гигиена ережелерін сақтау қажет.

Модуль 6. Бойжеткендер мен бозбалалардың репродуктивті денсаулығын сақтау (4 сағат) Сабақ 6.2. Жауапты тәртіп. АИТВ және адам құқығы. (2 сағат). Мақсаты: Оқушылар санасында репродуктивті денсаулықты сақтауға көмектесетін, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты және жағымды көзқарас қалыптастыру. Міндеттері:

- Жауапты мінез-құлық түсініктемесінің мағынасын ашу. - Стигма (таңба) және дискриминация (шеттеушілік) түсініктемелерінің мағынасын

ашу. - Жыныстық қатынасқа түсу жауапкершілігін қалыптастыру.- АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқығымен таныстыру.

Page 117: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

116

- Жеке басының, айналасындағылардың, туыстары мен достарының қауіпсіздігіне жауапты көзқарас қалыптастыру.

- Өз мінез-құлқын саналы басқару қабілетін қалыптастыру.- Жыныстық қатынасты бастауды саналы түрде кейінге шегеру ақылға сыйымды

балама екеніне көз жеткізуге көмектесу, «жоқ» деуді үйрету. Түйінді түсініктер: жауапты қауіпсіз мінез-құлық, толерантты қарым-қатынас, стигма және дискриминация, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқығы. Сабақ жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын-дәріс, шағын топпен жұмыс, пікірталас, щығармашылық тапсырма, рөлдік ойындар, синквейндер құрастыру. Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магнитті тақта); флипчартты қағаз; маркерлер; мультимедиапроектор; талас пікірлер жазылған 4 парақ; анкеталар; «ашық сыр парақтары»; жағдай тақырыптары жазылған карточкалар. Сабақ барысы

1. Оқытушы кіріспе сөзінде сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. 2. Жаттығу. Менің үміттерім.

Оқытушы оқушылардан осы сабақта нені білгісі келетінін анықтап алады. Әр оқушы өз үміттері туралы айтады.

«Үміт ағашын», «үміт себетін» немесе «үміт гүлшоғын» жасауға болады. Ол үшін тақтаға гүлшоқтың, себеттің немесе ағаштың жобасы салынады, оған балалар осы сабақтан нені күтетіндері туралы жазылған түрлі-түсті стикерлер (сәйкесінше гүлдер, жемістер, жапырақтар) жапсырылады.

3. «Талас пікірлер» ойыны. Алдын ала дайындалған 4 парақ қағаздың әр қайсысында келесідей пікірлер

жазылған: «Толық келісемін», «Келісемін, бірақ түсініктерімен», «Толықтай келіспеймін», «Білмеймін, сенімді емеспін» - бөлменің төрт қабырғасына бекітіледі.

Оқытушы АИТВ мәселесіне байланысты талас пікірлерді оқып шығады. Әрбір пікір оқылып болған соң оқушылар өз көзқарастары бейнеленген парақтардың жанына барып тұруы тиіс.

Оқушылардан неге дәл осы пікірді таңдағаны туралы түсіндіріліп айту өтініледі. Әртүрлі көзқарастарды тыңдап болған соң оқушылар өзіне лайықты деген пікірлерді таңдауға рұқсат беріледі, сәйкес пікірлер жазылған параққа өтеді.

Талас ой-пікірлер: 1. АИТВ-мен ауыратын балалар балабақша мен мектептерге баруға болмайды. 2. АИТВ-мен ауыратын адамдарды қоғамнан оқшаулау керек. 3. Ер адамдар мен ер балалар АИТВ туралы қосымша мағлұмат алуға мұқтаж емес,

бұған тек қыздар мен әйелдер мұқтаж. 4. АИТВ-мен ауыратын адамдарды жұмыстан шығаруға болмайды. Талқылау:

• Осы сұрақтар бойынша ой өрбіткенде қандай сезімдерге бөлендіңіз? • Қатысушылар алдында өз көзқарасыңызды айтып беру оңай болды ма, әсіресе

сіз шағын топта болып қалғаныңызда?• Өз көзқарасыңызды өзгерту оңай болды ма? Осыдан кейін істелінген жұмыс бойынша қорытынды жасалады. Ол үшін

оқушылар осы жаттығу қандай сезімдерге бөлегені туралы «Ашық сыр парақтарын» толтыру қажет.

Page 118: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

117

4. «Ми шабуылы». Стигма және дискриминация. Оқытушы оқушыларға жауап беруге сұрақ ұсынады: «Стигма» деген не және «дискриминация» деген не? Оқушылардың жауаптарын жинақтап оқытушы оларды «стигма» және

«дискриминация» түсініктемелерінің анықтамаларына әкеледі. Стигма – таңба ілу: қандай да бір адамның айырмашылығы көзге түседі және ол өз

иесінің көкейкесті айырмашылығының көрсеткіші болып саналады. «Стигма» термині ежелгі грек сөзі «клеймо» сөзінен пайда болған; оны қандай да бір

жаман қасиетін көрсету үшін адам денесіне түсірілетін болған. Таңбаланған адамдар өз атына айтылған сынды кемсіту деп қабылдауға мәжбүр болған немесе тағылған стереотиптерге қарсы шығып, саналы түрде стигматизация процесін жоққа шығарған.

Дискриминация – ниетті шектеу немесе нәсіл белгілері бойынша қандай да бір ұйымдарды немесе мемлекеттерді, жеке тұлғаларды артықшылықтарынан, құқықтарынан айыру.

5. Оқытушының «АИТВ кезіндегі стигма және дискриминация» атты шағын дәрісі. АИТВ-ға байланысты медициналық күтім және тиімді алдын алу шараларын іске

асыру жолында стигма және дискриминация аса салмақты тосқауыл болып саналады. Дискриминацияға тап болу үрейі адамдарды өзінің АИТВ статусын ашық

мойындаудан ұстап тұрады. АИТВ-жұқпасы бар немесе болуы мүмкін адамдар медикосанитарлық көмек алуға, баспаналы болуға, қызметке тұруға, сақтандыруға, шетел мемлекеттеріне шығуға рұқсат етулмей ме деп, олардың достары мен қызметтестері теріс айнала ма деп қауіптенеді. Кейбір жағдайда оларды өз отбасылары үйлерінен қуады; жұбайы ажырасуға арыз береді; зорлық-зомбылық көрсетіледі немесе өлтіріген жағдайлар да белгілі.

АИТВ-ға байланысты стигма келер ұрпаққа өтіп, АИТВ-дан қайтыс болған ата-аналарының қазасының зардабын жеңуге тырысып жүрген балалардың иығына түскен ауыр жүк болып табылады. Стигма мен дискриминацияға соғыс жариялап барып қана АИТВ-ны жеңіп шығуға болады.

Дүние жүзіне АИТВ індетінің таралу тәжірибесі көрсеткендей, бұл адамдардың жақсы да, жаман да қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Үкімет, қоғам және жеке тұлғалар тарапынан ынтымақтастық остракизмге қарсы күреске, сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көмек көрсетуге біріккенде, жақсы қасиеттер көзге түсе бастайды. Ал егерде туыстары мен жақын адамдары және бірлестіктер тарапынан адамдар стигматизация мен остракизмге ұшыраса, сонымен қатар жеке тұлғалар мен қоғам тарапынан дискриминацияға тап болса, онда жаман қасиеттер біліне бастайды.

Неге барлық жұқпалы аурулардың ішінде дәл АИТВ стигмаға «жолы болғыш» болады? Стигманың таралуының негізгі себебі: сауатсыздық пен қорқыныш. Егер де адамға мәліметтер жетпесе, онда оның орны жинақталған және ойдан шығарылған, жалған стереотиптермен толығады. Егер осы стереотиптер адамды үрейлендіретін нәрсемен байланысты болса, онда осындай қасиеттері бар адамдарға қорқыныш сезімдерін қуаттайтын жағымсыз ерекшеліктер жазылады. АИТВ-сы бар адамдардың стигматизациясына бірқатар факторлар әсер етеді:

1. АИТВ – адам өміріне қауіп төндіретін ауру, ал өлім тақырыбы біздің қоғамда тыйым салынған және қорқынышты тақырып болып саналады.

2. АИТВ-дан мәліметі аз адамдар, оны өте нашар көңіл-хошпен, сыртқы бет-бейненің өзгеруімен теңейді.

3. АИТВ жұқпалы болып саналады және оның таралу жолдары туралы хабарсыздық әлі кездеседі.

Page 119: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

118

4. Адамдар АИТВ-ны қоғамда стигматизацияға ұшыраған адамдарды есірткі тұтынушылармен, секс-жұмысшыларымен, гомосексуалдармен теңейді.

5. АИТВ датталған, түрлі үрей, күнәлармен, т.б. байланысты жүретін секс тақырыбын қозғай жүреді.

6. АИТВ қоғамда көбіне тең емес және шеттетілу ахуалындағы адамдарды көбірек қозғайды: әйелдер, жасөспірімдер, ер адамдар, ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсушілер, есірткі тұтынушылар және т.б. Қоғамда стигманы және оның зардаптарын қалай азайту керек екені әлі белгісіз.

Сонымен қатар өзінің тиімділігімен ұсынылып отырған екі маңызды тәсіл бар: Адамдарды логикаға жатпайтын көзқарастар мен қорқынышты ойлардан – білімнен

басқа ешқандай антидискриминацияның қолынан келмейді. Бұл тұрғыда маңыздысы сол, адамдар вирустың таралу жолдары туралы ғана емес, сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқығы, АИТВ-ның алдында стигма мен дискриминация туралы да білімдерін толықтырғаны абзал.

Эмпаурмент – «күшке ие болу», бұл індетке іліккен адамдардың өздері білім мен дағды жинақтап, іштей стигманы жеңіп, көпшіліктің көзқарасы мен дискриминацияға қарсы тұра білуі. Эмпаурмент АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға өздерінің құқығын қорғап қалуға, АИТВ-ға қатысты шешімдер қабылдауға тікелей қатысуға, әр түрлі құрылымдарда өз мүдделерін ортаға салуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде қалыптасқан теңсіздік жойылады және дискриминацияның пайда болуы мүмкін болмай қалады.

Егер АИТВ-індетінен қандай да бір сабақ алуға болатын болса, ол тек қана адамзаттың өз түсініктерін өзгерту және стигмаға адамдар өмірін күйретуге жол бермеу керек.

Стигма адам құқығының бұзылуы мен қоғамдағы дискриминацияның басты себебі болып саналады. Жағдайды өзгерту үшін әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Өз денсаулығымызды әр күн сайын ойлап, АИТВ-ның әркімге қатысты екендігін саралап, вирустың таралу жолдары мен таралу қауіпін төмендетуін анықтау керек.

6. Өмірлік жағдайларды ойнап шығу. Оқытушы оқушыларды 3 топқа бөледі. Әр топқа өмірлік жағдайлардың біреуін

кейіптеп шығу ұсынылады: 1. Колледждегі позитивті оқушыда АИТВ-ның пайда болуы. 2. АИТВ-ны жұқтырған адам бір мекемеге жұмысқа тұруға келеді. 3. Отбасы қызының барып жүрген балабақшасында АИТВ-ны жұқтырған баланың

пайда болғаны туралы біледі. Оқушылар рөлдерге бөлініп, топ алдында кейіпті жағдайды ойнап шығады.

Жағдайларды тамашалап болған соң оқытушы оқушыларға талқылауды ұсынады.

7. «Ми шабуылы». Жауапты қауіпсіз тәртіп. Оқушыларға мына сұрақтарға жауап беру ұсынылады: Жауапкершілік деген не? Қандай тәртіп қауіпсіз және жауапты болып саналады? Оқушылар жауабын жинақтап, қорытындылай отырып, оқытушы оларға

түсініктердің анықтамасын ұсынады.

Жауапкершілік – өз істері мен әрекеттері және олардың зардаптарына субъективті жауап беру міндеті.

Page 120: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

119

Жауапкершілік – адамның жағдайды барынша талдауға мүмкіншілігін суреттейтін, осы жағдайда өзінің әрекеттерін немесе әрекетсіздігінің зардабын алдын ала болжай алатын және іс-әрекеттерінің формаларын таңдауға, таңдаудың зардабын болмай қоймайтын айғақ ретінде қабылдауға дайын болу, адамның жеке мінездемесі.

8. Шағын топтардағы жұмыс. Қауіпті жағдайлардағы тәртіп ережелерін жасау. Оқытушы оқушыларды 4-5 адамнан тұратын шағын топтарға бөледі. Топтарға

«Қауіпсіз тәртіп ережелерін» жасау тапсырылады. Оқушыларға, қалыпты өмір сүретін жасөспірімдерге қауіпті жағдайларға ұшырап қалмау үшін нені істеп, нені істемеу керек екендігі туралы тізім жасау ұсынылады. Сосын әр топтың жазбалары таныстырылады да, жинақталып қорытынды жасалады. Ережелер тақтаға ілінеді.

Қауіпсіз тәртіп ережелеріне мысал Әрқашан Ешқашан Ата-анаңа (немесе ересектерге) қайда баратыныңды, қашан келетініңді хабарлап отыру.

Жедел шешім қабылдаудың әсерінен бейтаныс адамдармен бір жаққа баруға болмайды.

Үйде өзің араласатын достарыңның телефондарының тізімін көрнекі жерде ұстау.

Кешке, ішінде жолаушылары бар таксиге отыруға болмайды.

Қандай жағдайда да өз достарыңмен алдын ала ақылдасып алу (сізбен танысуға келгенде, бір жаққа шақырғанда, бір нәрсе ұсынғанда).

Жолыңды қысқарту үшін гараж арқылы немесе бейтаныс аулалармен жүрме.

Үнемі жаман атағы бар жерлерге (компанияларға) жолама, ішімдік ішуден, басқа да зиянды нәрселерді пайдаланудан аулақ бол.

Қайтарда жалғыз оралуға тура келетін компанияларға барма.

Үйге қайтқанда жарық көшелермен жүр. Шығу тәсілі белгісіз сусындар мен азық-түікті пайдаланбау.

Бейтаныс көлікке отырар алдында, есікті ашу тұтқасының орналасқан жерін көріп ал.

Лифтке сезікті адамдармен кірмеу.

Таксиге дейін жеткізіп салуды біреуден өтіну және таксидің нөмірін есте сақтап қалу.

Сен ең мықты екеніңді дәлелдеуге тырыспау.

Баратын жеріңе жеткенің туралы үйге хабарлап отыру қажет.

Бейтаныс адамдарға өз мекен-жайыңды, телефоныңды берме.

9. Ұжымдық жаттығу. Жыныстық қатынасқа түсуді кейінге қалдыру. Тақтаға жыныстық қатынасты кейінге шегеру себептері жазылған үлкен парақ

ілінеді. Оқушыларға жас адамдардың әдетте жыныстық қатынасты шегеруге немесе ұзақ

мерзімге кейінге қалдырудың басты 4 себебін іріктеу ұсынылады. Жүкті болу үрейі: 100% тиімді сақтану тәсілдері жоқ. ЖЖБЖ үрейі: АИТВ және ЖЖБЖ-лар жыныстық қатынас кезінде беріледі. Отбасылық дәстүр: ата-аналарымыз біздің жасымызда жыныстық қатынас мүмкін

емес деп болжайды. Зорлық-зомбылық қорқынышы: жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрліктің болуы. Достық: достық қарым-қатынасты нығайту үшін уақыт керек.

Page 121: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

120

Сіз немесе серіктесіңіз мас: алкоголь жаман шешімдер мен зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін.

Діни құндылықтар: менің діни нанымдарым некеге дейін немесе некеден тыс жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат бермейді.

Жас шамасы: біз тым жаспыз, салмақты қарым қатынасқа әлі дайын емеспіз. Мінезі және басқа қасиеттері бойынша тура келмейтін адам: өзара махабаттың

болу қажеттілігі. Серіктесіңе деген сенімділік: неке тойына дейін күту.

4. Шағын топтардағы жұмыс. Жыныстық қатынасқа түсу себептері. Оқытушы оқушыларды «орман», яғни: шырша, қарағай, қайың, емен қағидаты

бойынша кіші топтарға бөлінуді ұсынады. Әр топқа жасөспірімдердің жыныстық қатынасқа түсу себептерін талқылап,

флипчартты параққа жазу ұсынылады. Осыдан кейін әр топ өздерінің жазбаларын көпшілік назарына ұсынады.

Себептердің мысалды тізімі: • «барлығына» ұқсас болу, • зерігу, • алкогольді масаңдық, • қаржылық пайда, • өзіне назар аударту тілегі, • серіктесін ұстап қалу тілегі, • өзін-өзі қанағаттандыру, • есейгенін көрсету, • зорлық-зомбылық.

5. «Орындық» ойыны. Топтық қысымға қарсы тұру дағдысын үйрету. Бір оқушы (қалауы бойынша) орындыққы отырады. Топ әртүрлі тәсілмен, әрине,

күш қолданбай, оны басқа орындыққа отырғызуға тырысады. Талқылау: 1. Ойыншыны басқа орындыққа отыруға қандай тәсілдер қолданылды? 2. Орындыққа отырған балаға үгіттеуге көнбеу оңай болды ма?

Ойын аяқталғаннан кейін оқытушы оқушыларды мынадай қорытынды жасауға шақырады: басқа біреуді нақты себебін түсіндірмей, тек қана кінәләумен, жағымпаздықпен, басқа біреуге сілтеумен және т.б. көндіру күштері қысым делінеді. Әсіресе топ қысымына қарсы тұру қиынға соғады, себебі адам әдетте қандай да бір топ мүшесі болғысы келеді, сол топтың ережелері мен құндылықтарына сәйкес болғысы келеді.

Көбіне жасөспірімдер жеке адамның және топ қысымына қарсы тұра алмай еріксіз мойынсұнады (мысалы, есірткі қабылдау, темекі шегу және жыныстық қатынасқа түсу). Демек, бұл оның өз шешімі емес, оны басқалар үгіттейді. Саған қысым жасауға тырысатын жағдайды ажырата білу өте маңызды.

Page 122: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

121

6. «Жасөспірім кезеңдегі жауапты қауіпсіз тәртіп» атты мультимедиалық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын дәрісі.

7.Жыныстық өмір дегеніміз тек қана ер мен әйел арасындағы тікелей байланыс емес,

ол ер мен әйелдің жан-жақты сексуалдылығының көрінісі, ер мен әйелдің рухани бірігуі. Тек махаббат, нәзіктік, сыйластық және өзара түсіністік қана шын мәнінде жыныстық өмірді үйлесімді және бақытты ете алады.

Қазір көптеген елдерде, соның ішінде біздің елімізде де жастарда жыныстық белсенділіктің артуы байқалады. Қазіргі заманғы жасөспірімдерге әлеуметтік жетілудің жеткілікті болмауы мен өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімінің жетіспеушілігі аясында, оның ішінде жыныстық өмір, жедел физиологиялық жетілу тән. Жыныстық қатынастарға жасөспірімдердің тарту себебі, бұл олар үшін ересектер әлеміне ену, өз замандастарының арасында өзінің маңыздылығын дәлелдеу болып табылады.

Жыныстық қарым-қатынас – бұл өте мұқият таңдауды, өзіне және басқаларға тыйым салуды қажет ететін қарым-қатынас түрі.

Жыныстық қарым-қатынас – бұл жасөспірімдер үшін қарым-қатынас аймағы, көбіне олар тәжірибелеу аймағына ұқсас болады. Сондықтан, осы қарым-қатынастар жасөспірімдердің денсаулығы мен тағдырына психикалық және физикалық зардабын тигізбейтіндей әрекетер жасау керек, көңілі қалушылық пен жан жарасына әкеліп соқтырмау керек, себебі дәл осы алғашқы сезім мен алғашқы жақындық адамның келешек өміріне үлкен әсерін тигізуі мүмкін.

Бәрінен бұрын жасөспірімдерге ең дұрысы жыныстық жақындасуды шегеру қажет. Олардың жасында шегеру зиян емес екенін олар білуі керек, ең қауіпсіз өмір – бұл ерлі-зайыптылардың өз отбасындағы өзара адал өмірі.

Көптеген психосексуалды қарым-қатынасқа байланысты уайымдар мен мәселелерден құтылуға болады, егер бозбала немесе бойжеткен өзіне немесе басқа біреуге «жоқ» деп қарсы жауап айта алатын болса. Бұл үй қамауда болу, достарың мен компаниялардан бас тарту деген сөз емес. Бірақ интимді қатынасқа түсуге табанды ұсыныстарға тап болғанда, әркім өзіне сұрақ қою керек:

• Шын мәнінде осыны қалаймын ба? • Жыныстық қатынас жоқ жерде өзімізді жақсы сезінеміз бе? • Жүктілік болғанда біз не істейміз? • Сақтану үшін қандай амал қолданамыз, егер де мен ұсынсам, жалпы қолданамыз

ба екен? •

Егер осы сұрақтарға жауап беру қиын болса, натық түрде «жоқ» деп айтудан қорықпаңыз. Нақты емес «білмеймін», «мүмкін» деген сөздер – жалтақ жауаптар жиі бүркемеленген келісім болып есептеледі. Ал бұл жағдайда нақтылық өте қажет.

Кейбір жастар кейінге шегеру зиян, ол күйзеліс, ісік ауруы және тері ауруларына әкеліп соқтыруы мүмкін деп ойлайды. Шын мәнінде, дені сау жас адам уақытша шегеруге қабілетті. Артығырақ айтсақ, жас кезде шегеру мүлде қауіпсіз болып саналады.

Жыныстық шегеру тілектер мен мұқтаждықтарын бақылау, оларды басқару қабілетін дамытады. Жасөспірім кезеңде жыныстық шегеру әлеуметтік және физиологиялық ереже болып есептеледі. Бұл жаста шегеру денсаулық пен әлеуметтік қызметке кері әсер етеді. Ең ұтымды амал – назар мен қызығушылықты жыныстық қатынас аясынан басқа затқа, шығармашылық, танымдық, спорттық істерге ауыстыру керек.

Саналы әрі ерікті түрде жыныстық өмірден бас тарту - есті және құрметке лайықты әрекет. Достардың басымшылдығына берілудің қажеті жоқ. Басқалардың

Page 123: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

122

басынан кешкен жыныстық өмірі туралы әңгіме естіп, мен көп нәрсе жоғалттым деген ойлармен өз-өзіңізді қинамаңыз. Бұл әңгімелерде әдетте, көбісі асыра айтылған немесе жай ғана ойдан шығарылған болады.

Бір-біріңе деген ыстық сезімсіз, шынайы психологиялық жақындық болмаса, мұндай жыныстық қатынас өзінің қажетсіздігімен, жасандылығымен, табиғисыздығымен өте қорқынышты.

Бірақ, өкінішке орай, біздің өміріміздің шындығы сол, көптеген жасөспірімдер жыныстық өмірдің тәжірибесімен ерте танысады. Жыныстық өмірді қалайша қауіпсіздендіруге болады және қауіпсіз жыныстық қатынас дегеніміз не? Адам денсаулығына психикалық жарақаттар мен зиянды зардаптарды тигізбеу мүмкіншілігі бар жыныстық қатынасты қауіпсіз деуге толық құқығымыз бар.

Күтілмеген жүктілік қаупі мен жұқпалы ауруларды жыныс жолдарымен жұқтыру қауіпі ең аз болғанда және кез-келген (физикалық және психикалық) күштеу формалары жоқ болғанда – жыныстық-қатынас қауіпсіз болып саналады.

Қауіпсіз жыныстық-қатынас кілті – шындық және ашық өзара сырласу, серіктестердің өзара жауапкершілігі, өз мұқтаждарын басқа кісінің қызығушылығы мен сезімдерін еске ала отырып, бақылай білу.

Петтинг – ер мен әйел арасындағы әр түрлі жыныстық толғаныстарды бастан кешетін, бірақ жыныс мүшелерінің жанасуы болмайтын, жыныстық қатынастың бір формасы. Петтингтің ең қарапайым формасы – сүйісу мен құшақтасу, басқа да формалары – ашық және терең еркелетулер болып табылады. Бірақ кейде петтинг кенеттен бойжеткен үшін алкогольді ішімдік салдарынан жыныстық қатынасқа әкеліп соқтыруы мүмкін екенін есте сақтау керек. Мұндай сәттерде кейбір еркектер күш көрсетуге баруы мүмкін. Өзара еркелетулерде, жас адамдармен тығыз қарым-қатынас алдында бойжеткендер мынаны білуі қажет: жас адамдар құмарлық әсерінен кейде батыл түрде өзгеріп, өзін басқара алмай қалады.

Кез-келген адам өмірінде көптеген қызықтарға тап болады. Бейәдеп кейіптер, тұрпайы қылықтар, өзіне тарту көзқарастары, шамадан тыс макияж, оңашалануға дайын тұру – осының барлығы – жыныстық қастандықтықтың тек кейбір факторлары ғана екендігі белгілі, себебі жас адамдардың санасында олар қолжетімділікпен бірлестіріледі.

Көптеген сылтаулар жасөспірімдерді жыныстық байланысқа итермелейді, бұлар: қызыққұмарлық, жалғыздықтан арылуға тырысу, махаббат сезімі, серіктеске деген аяушылық немесе онымен айырылудан қорқу сезімі, қысым да болуы мүмкін.

Егер екі серіктес те тығыз қарым-қатынасқа түсуге бел буса, онда олар АИТВ-дан, ЖЖБЖ-дан сақтану үшін, қауіпсіз жыныстық қатынастың мәселелерін талқылап алу қажет, сонымен қатар, күтілмеген жүктілікті қаламаған жағдайда, қандай контрацептивтер қолдану қажет екенін де шешу керек. Сақтану туралы серіктестің өзі әңгіме қозғайды деп күтудің қажеті жоқ – бұл мүлде болмауы да мүмкін! Әр адам ең алдымен өзі үшін өз денсаулығына жауапты. Серіктес сізге үнемі қамқор болады деп сенім артуға болмайды.

Жауапты жыныстық тәртіп – еркек пен әйелдің қарым-қатынасының ажырамайтын бөлігі болуы шарт. Егер қазіргі таңның ақиқаты түрлі тыйымдар мен некесіз жыныстық қатынасқа жағымсыз көзқарас өз позицияларынан көбірек шегінетін болса, онда оның орнына көп тер төгуді қажет ететін – жеке жауапкершілікті тәрбиелеу міндеттері орын алады.

Page 124: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

123

8. Топтардағы жұмыс. Жасөспірімдік жастағы жыныстық қатынастың салдары. Оқытушы оқушыларды 2 топқа бөледі. Әр топқа жасөспірім жасындағы жыныстық

қатынас зардаптарын талқылап, флипчартты параққа жазу ұсынылады. Осыдан кейін әр топ өз жазбаларын презентациялайды.

Жасөспірім жасындағы жыныстық қатынасқа түсудің салдарының мысалдары: • Түрлі зардаптары бар түсік жасатумен аяқталатын ерте жүктілік; • Жыныстық есею шағына толмай отбасы құрған бозбала мен бойжеткеннің

некесі ұрпақсыз болуы ықтимал, мұндай ата-аналардан туған балалар әлсіз болып келеді;

• АИТВ-ны қосқанда, жыныс жолдарымен өтетін жұқпалы ауруларды жұқтыру қауіпі мен жыныс жолдарының қабыну аурулары;

• Жасөспірім жаста жасанды түсік, жүктілік және босану салдарынан болатын гинекологиялық аурулар;

• Ерте ата-ана атануға байланысты туындайтын шешімі қиын әлеуметтік және моральді әдеп мәселелері;

• Ерте басталған жыныстық өмір, осы жаста енді қалыптасып келе жатқан репродуктивті жүйенің гормоналды реттелудің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

9. Жаттығу. «Жоқ!» деп айта алу дағдысы. Оқытушы оқушыларға оларды біреу жыныстық қатынасқа түсуге көндіргісі

келетінін елестету сұралады: «Сіз «Жоқ!» деп айтып қойдыңыз деп елестетіңіз, бірақ сіздің бас тартуыңызға әлдекім қарсылық білдіріп, сізді «Иә» деп айтуға көндіргісі келеді. Келіңіздер, серіктесті ренжітпей-ақ өз дегенімізде тұруды үйренейік».

Осыдан кейін, парақтардағы сәйкес бағанға «Жоқ» деген мағынасы бар кейбір мысал сөйлемді және «Иә» деп айтуға, көндіруге арналған сөйлемдер жазу ұсынылады.

Мысал жауаптар:

Жыныстық қатынастан бас тартып «Жоқ» деп айтуға қандай себептерді келтіре аласыз

Сізді «Иә» деп айтқызып, жыныстық қатынасқа көндіру үшін не айтулары мүмкін

Жүкті болу қауіпі Алғашқы реттен жүкті болу мүмкін емес АИТВ мен ЖЖБЖ-ды жұқтыру қауіпі Мен ауру емес екеніме сенімдімін. Ауруға

ұқсаймын ба не? Ата-ана қарсы болады Сенің ата-анаң білмейтін болады Құрбылар айыптайды Олар сені көре алмайды Жыныстық қатынасқа дайынсыздық Бәрі де осылай жасайды. Сен бәрінен артта

қалғың келе ме?Сіздің жігітіңіз (қызыңыз) масаң Кел бірге ішейік. Бұл сенің көңіл-күйіңді

көтереді Сіз бұл адамды сүймейсіз Сенде басқа осындай мүмкіншілік

болмайды Сіз бұл адамды сүйесіз, бірақ физикалық байланысқа бармайсыз

Мені сүйетініңді дәлелде, бұл біздің махаббатымыздың күшеюіне, гүлденуіне

Page 125: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

124

көмектеседі Сүйіспеншілікті білдірудің басқа жолдары бар

Мейлің қала бер. Мен басқасын табамын

Өз абыройын былғағысы келмейді Бәрі де осылай жасайды, заманға сай болу керек

Сізге билік жүргізетін адам тарапынан қысым көрудесіз

Менің айтқанымды орындауыңды талап етемін

10. Шағын топтардағы жұмыс. Жағдайларды ойнап шығу. Оқытушы оқушыларды шағын топтарға «гүлдесте» (раушан, қызғалдақ, қалампыр, жасмин) қағидатымен бөліп, әр топқа алдын ала дайындалған тесттер бойынша жағдайлардың біреуін ойнап шығу ұсынылады.

Мүмкін жағдайлар: 1 жағдай. Сізде әлі жыныстық байланыста тәжірибе жоқ. Сіздің достарыңыз өз айтулары бойынша, жыныстық қатынаста болған, олар сіздің үстіңізден мысқылдап күлуде. Бұл сіздің намысыңызға тиеді, ренжисіз және сіз оларға тойтарыс бермекшісіз.

2 жағдай. Сіздің қарама-қарсы жынысты құрдасыңыз сізді мүлде бейтаныс компанияның кешіне бірге баруға шақырды. Оның өтініші сізді қатты қобалжытып, үрейлендірді. Оның үстіне, сіздің құрдасыңыздың мектептегі абыройы мақтанарлықтай емес. Сіз оған «Жоқ!» деп айтуға бел будыңыз.

3 жағдай. Сіз татуировка жасап, құлақ тестірмек болдыңыз. Сіздің досыңыз оны жасатуға болатын, өзіне белгілі бір мекемені ұсынды. Ол жерге барғаннан кейін, бұл орын санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес екенін көрдіңіз. Сіз АИТВ мен лас инелер туралы естіген едіңіз. Жағдайды бағалап, сіз табанды түрде «Жоқ!» дейсіз де, досыңызға тез арада бұл жерден кетуді ұсынасыз.

4 жағдай. Сіздің ата-анаңыздың танысы сізді үйіңізге жеткізіп салуды ұсынды. Сізге ол адам ұнамайды, сіз оның жанында өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз. Сіз бірден онымен бірге барудан бас тартасыз.

Топттағы оқушылар жағдайларды ойнап шыққаннан кейін, оқытушы әр топқа басқа оқушылармен өз тәжірибелерін бөлісуді ұсынады. Осы мақсатпен әр топқа келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылады:

• Қандай жағдайларға немесе пайымдауларға жауап беру қиынырақ болды? Қайсысына оңайырақ? Не себептен?

• Басқа адам сенді ме? • Бұл жағдайлар шынайы ма?

Page 126: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

125

11. Мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін «Зорлық пен адам саудасы» атты оқытушының шағын-дәрісі

Зорлық – адам ағзасына және психикасына, оның еркіне қарсы және ықтиярынсыз қоғамға қауіпті, адам құқықтарына қарсы ықпал.

Ықпал ету нысаны мен механизмі бойынша зорлықты 2 түрге бөлуге болады: 1. Физикалық, адам денесіне әсер ететін сыртқы ықпал мен әр түрлі заттардың

көмегімен адамның ішкі ағзасы мен психикасына да әсер ететін сыртқы формальді ықпал (оған жататындар: ұрып-соғу, физикалық түрде еркіндікті шектеу, басқа да физикалық ауыртпалықтар келтіру, сонымен қатар жеңіл дене жарақаттары).

2. Психикалық зорлық – адам психикасына хабарлау арқылы әсер ететін зорлық (ең көп тарағаны – қоқан-лоққы жасау). Отбасындағы зорлық – дүние жүзінде, әртүрлі мәдениеттерде, әртүрлі халықтарда

кездесетін әмбебап көрініс. Физикалық, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық болып келеді, ол – әйелдің, қыздың қоғам мен отбасындағы орнына қатысты дәстүрлі патриархалды көзқарастардың салдары болып табылады.

БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдар, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлықты, қоғамдағы гендерлік теңсіздіктің пайда болуының дәл өзі, адам құқығының бұзылуы деп қарастырады, барлық елдер оның түбірімен жойылуын өз жауапкершілігіне алады. Бүгінгі таңда 89 мемлекетте (соның ішінде Қазақстанда да) тікелей отбасындағы зорлықпен күресуге бағытталған заңнамалар жұмыс істейді.

Мыңдаған әйелдер мен қыздар жыл сайын қазіргі заманның құл сатушыларының құрбаны болуда, жүздеген қыздарды өзін-өзі жойған мәдени дәстүрлерге еріп, күштеп тұрмысқа беріп, тағдырларына балта шабуда. Түрлі формалардағы зорлық әрбір төртінші отбасында байқалады. Бұл сандар Қазақстанда әйелдерге деген зорлық мәселесі өршіп тұрғанын көрсетеді.

Отбасындағы зорлық – бұл кез келген ойластырылған физикалық, жыныстық, психологиялық және экономикалық бағыты бар, отбасының бір мүшесінің екінші бір мүшесіне қатысты іс-әрекеттері. Егер де осы әрекеттер отбасы мүшесінің адам және азамат тұрғысынан конституциялық құқығы мен еркіндігін бұзып, оған моральді зақым және денсаулығына физикалық немесе психикалық зиян шектірген жағдайда солай аталады.

Отбасы зорлығының құрбаны кез-келген: күнде күйеуі ұрып-соғатын әйел, өгей әкесінің жыныстық қудалауынан зардап шеккен жасөспірім қыз, маскүнем анасынан таяқ жейтін бала, өз балалары жек көретін қартайған әже де болуы мүмкін.

Жыныстық зорлық деп кез-келген қаламаған кісіге күштеп көрсетілетін жыныстық іс-әрекет деп түсінеміз.

Жыныстық зорлықта зорлау мен жыныстық сипаты бар зорлық-зомбылық, жыныстық әрекеттерге мәжбүрлеу, жыныстық қанаулар жатады. Соңғы кезде балалар мен жасөспірімдерге жасалатын зорлықтың жиілегені байқалады. Жыныстық зорлықтың түрі әр түрлі болып келуі мүмкін – вербальді, визуальді, физикалық. Зорлық нысаны әйелдер, балалар және еркектер болуы мүмкін.

Зорлық – бұл назардан тыс қалдыруға болмайтын мәселе. Кез келген зорлық – бұл жеке адамның өсуін талқандау болып табылады. Зорлық – арқылы адамды шексіз билеуге, басқа адамның іс-әрекетін, ойларын, сезімдерін толық бақылауға қол жеткізеді. Осы тәріздес билік пен бақылауға қол жеткізу тәсілдері: кемсіту, балағаттау, қоқан-лоққы жасау, қорқыту болып табылады.

Page 127: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

126

Міндеттердің шешімін әр түрлі салалар қызметкерлерімен: әлеуметтік, кешенді, құқық қорғау органдарымен, жұмыспен қамтамасыз ету қызметі және медицина, ғылыми мекемелермен т.б. бірлесе отырып орындайды.

Әлеуметтік қызмет маманы жедел және кешенді қызмет көрсетеді (жедел экономикалық көмек, заңдық, медициналық қызмет алуға септігін тигізу). Жәбірленушімен қатар оның отбасына да әлеуметтік патронаж жүзеге асырылады.

Зорлықтан қорғау стационарлы жағдайда да, стационарсыз мекемелерде де орындалады. Стационарсыз мекемелердегі жұмыс, әдетте, құқық қорғау органдарының қызметі әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің қызметімен ұштасады. Біріншілері зорлықты тоқтатса, екіншілері жәбірленушіге айықтыру (оңалту), заңдық және басқа да көмек түрлерін көрсетеді. Соңғы жылдары елімізде әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету орталықтарының жүйесі даму үстінде.

Адам саудасы – адамдарды сату және олардан табыс табу мақсатында пайдалану. Бұл мәжбүрлеу немесе алдап-арбау арқылы жезөкшелікке итермелеу, қайыр сұрауға немесе қара жұмысқа жегу болып табылады.

Бірақ, өкінішке орай, көп жағдайда азаматтар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, нәтижесінде қауіпті жағдайларға тап болады.

Адам саудасы немесе трафикинг (ағыл. Trafficking «заңсыз сату немесе қайта сату») – адамдарды алып-сату, оларды пайдалану, жұмысқа жегу, тасымалдау, қолдан қолға өткізу, жасыру және күш көрсету арқылы немесе басқа да жолдармен мәжбүрлеу, ұрлау, алаяқтық, билікті асыра пайдалану сияқты жазалануы тиіс қылмыс.

Адамды пайдалану мақсатына ең жоқ дегенде жезөкшелік мақсатпен басқа адамды пайдалану немесе жыныстық пайдаланудың басқа формалары, мәжбүрлеу еңбегі немесе қызметі, құлдық немесе құлшылыққа сәйкес әдет-ғұрып, еріксіз қалып немесе органдарды алу кіреді.

Яғни, адам саудасы дегеніміз адамды зат есебінде сатуға, сатып алуға, алмастыруға, сыйлауға, кепілдікке қоюға, жалға беруге т.б. болады деген сөз.

Адам саудасы келісіммен де, келісімсіз де, алдау, жегу, жасыру, қолдан қолға өткізу, тасымалдау, ұрлау, қайта сату мақсатымен, жыныстық немесе қылмысты іс-әрекеттерге қатыстыру, соғысқа пайдалану мақсатында, порнографиялық бизнесте пайдалану, қара жұмысқа жегу мақсатында, құлшылық, сонымен сәйкес әдет-ғұрыптарда, ұзақ мерзімді немесе коммерциялық мақсатта асырап алушылық болып жасалады.

12. Шағын топтардағы жұмыс. Оқытушы оқушыларды шағын топтарға гүлдесте қағидатымен (көктікен,

түймедақ, лола, георгин) орналастырады. Әр топқа зорлық құрбаны болмау үшін сақталатын қауіпсіздік шараларын

талқылап, флипчартты тақтаға жазу ұсынылады. Осыдан кейін әр топ өз жазбаларымен таныстырады.

13. Сабақ соңында оқушылар «ашық сыр парақтарын» толтырады. 1. Бұл сабақ сенде қандай ойлар мен сезімдерді тудырды? 2. Сен өзің үшін қандай қорытындылар жасайсың? 3. Осы тақырып бойынша сен тағы не білгің келеді?

14. Оқытушы толтырылған ашық сыр парақтарын келесі талдау үшін жинап алып, сабақ қорытындысын жасайды.

Page 128: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

127

Түсініктеме бет

1. Ми шабуылы. Отбасын жоспарлау деген не? Оқытушы оқушыларға мынадай сұрақ қояды – Отбасын жоспарлау деген не? Барлық жауаптар флипчарттарға жазылып, оқушылармен бірге талқыланады, оқытушы отбасын жоспарлау туралы түсінік береді.

2. Топтық жұмыс. Контрацепцияның заманауи әдістері. Оқытушы оқушыларды төрт топқа бөліп, әр топтан бір өкілден келуін сұрайды.

Алдын ала дайындалған, белгілі контрацепция әдістері (тосқауылды, гормональді, жатырішілік құралдар (ЖІҚ) және жедел контрацепция) көрсетілген карточканың біреуін таңдауы қажет. Әр топ таңдап алған әдісі бойынша талқылап, жауап дайындауы тиіс.

Әр топтан бір өкіл шығып, топтың жұмыс нәтижесін презентациялайды, қалғандары оны толықтыруына болады. Оқытушы қорытынды жасайды және әр әдіс туралы қысқаша мәліметтер береді.

3. «Отбасын жоспарлау, заманауи контрацепция әдісі» атты мультимедиялық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі.

Мысал мазмұн Репродуктивті денсаулықты сақтаудың маңызды мәселесінің бірі – жасөспірімдердегі жүктілік болып табылады, Қазақстан оның деңгейі бойынша орта көрсеткіштері бар елдердің қатарына жатады. Сонымен қатар, бойжеткендер мен бозбалалар контрацепцияны үнемі қолданбайды немесе қолдануға қорқады, себебі, ол туралы толық және шынайы деректер аз.

Отбасын жоспарлау – бұл әйелдер мен балалардың аурушаңдығын төмендетуге, денсаулықтарын сақтауға бағытталған, сондай-ақ, ерлі-зайыпты жұпқа келесідей мәселелерді шешуге көмектесуді алдына мақсат етіп қойған шаралар кешені.

1) Қаламаған жүктіліктен қашқақтау 2) Жүктілік арасындағы үзілістерді реттеу 3) Балалардың саны қалағандай болуы 4) Жүктіліктің жақсы өтуіне және дені сау баланың туылуына септігін тигізу.

Бұл міндеттер келесі тәсілдермен шешіледі: 1) Лайықты жатырішілік құралдарды таңдау 2) Бедеулікті емдеу 3) Түсіктерді болдырмау

Басқаша айтқанда, отбасын жоспарлау – бұл балалардың кездейсоқ емес, ерлі-зайыптылардың қалауы бойынша болуы. Отбасын жоспарлау процессінде баланың туылуы үшін әйелдің жасын анықтаудың маңызы зор. Жасы 20-ға дейінгі босанған әйелдерде жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде қиындықтардың туындауына байланысты олар қауіпті тәуекел тобына жатады. Ал жасы 35-тен асқан босанатын әйелдерде баланың генетикалық ауытқулармен (мысалы, Даун синдромы) туылу қаупі бар. Басты себебі заңсыз қолдан түсік жасату болып табылатын аналардың өлімін төмендетуде жолдарында - отбасын жоспарлау маңызды рөл атқарады. Жасанды

Page 129: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

128

жолмен жүктілікті тоқтату көбіне, әйелдердің репродуктивті денсаулығын түзетуге болмайтын зардаптарды әкелуі мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, егер де 16 жасқа дейінгі әйелде бірінші жүктілігі жасанды түсікпен аяқталса, онда келесіде, сәтсіз екінші жүктіліктің пайызы жоғары болмақ (түсіктің өздігінен түсуі, ерте түскен түсік). Балалар денсаулығы мен балалардың өлімі де ананың жасы мен балалардың туылуы аралықтарындағы үзіліске байланысты. Туылу аралығы 2 немесе одан жоғары болатын жылдар аралығына қарағанда, туылу аралығы бір жастан төмен болатын аралықта балалардың арасында өлімі-жітім екі есеге жоғары.

Контрацепция – репродуктивті жастағы әйелдерді жүктіліктен сақтандыру әдісі. Контрацепция әдісін таңдау күрделі міндет болғандықтан контрацепция әдісін таңдаумен дәрігер айналысады. Жасөспірімдерге арналған контрацептивтік құралдар контрацепцияға қолданылатын заманауи талаптарға сай болуы қажет.

Жасөспірімдер контрацепцияның ережелері: 1. Жоғары тиімділік (сенімділігі). 2. Контрацептивтердің қолжетімділігі (дәріханаларда болуы, қолжетімді баға,

қарапайымдылығы, қолданудағы ыңғайлылық). 3. Қауіпсіздік (денсаулыққа зиянсыздығымен анықталады). 4. Қайтымдылығы (тәсілді тоқтатқаннан кейін жүктілік қабілетінің қалпына келуі). 5. Жекелік әдіс (жасөспірімдердің контрацепцияға, тәртіпке, зиянды әдеттерге

қатынасы, өмірлік жоспарлары, әлеуметтік қарым-қатынастары, сырқаттарының болуы мен қарсы көрсетілімдерді есепке ала отырып қарастырады).

Контрацептивтердің классификациясы (жіктемесі). 1. Тосқауылдық әдістер: мүшеқаптар, қалпақшалар, диафграммалар, спермицидтер

(жыныстық қатынас алдында қынапқа салатын химиялық дәрілер – таблеткалар, жақпалар).

2. Гормональдық әдіс: жүкті болуға қарсы дәрілер, дәрі құю, пластырлер, ЖІҚ, импланттар.

3. Жедел контрацепция. 4. Жатырішілік құралдар (ЖІҚ). 5. Хирургиялық зарарсыздандыру.

Контрацепцияны таңдаудағы маңызды ақпарат - әдісті қолданудағы және жанама әдістердің ережелерін қатаң түрде сақтау болып табылады. Бірнеше жыныстық серіктес болған жағдайда, сізде ЖЖБЖ-ның қауіпітілігі мен олардың профилактикасы да жадыңызда болуы шарт. Сонымен қатар, контрацептивті таңдағанда оның қолжетімділігі мен препараттың бағасы үлкен маңызға ие болады. Аралас оральді контрацептивтер (жүктілікке қарсы таблеткалар) мен мүшеқаптар – жасөспірімдер үшін контрацепцияның ең оптимальді және өзін-өзі ақтайтын құралдары болып табылады. ЖЖБЖ-ды жұқтыру мүмкіндігі мен жас қыздардың жыныстық жетілу кезеңіндегі репродуктивті жүйе жағдайының ерекшеліктерін назарға ала отырып, тұрақты жыныстық өмірде немесе емделу мақсатында қолдану үшін екі таблетканы бір уақытта тұтынуға болады (таблеткалар мен мүшеқаптар). Бұл екі еселік голландтық әдіс деп аталады. Аралас препараттардың үлкен жинағының ішінен нақты бір препараттарды таңдау кезінде жасөспірімдерге ең тиімділері - заманауи, микродозалық жатырішілік таблеткалар екенін есте сақтау керек (ең аз гормондар дозасы бар таблеткалар).

Page 130: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

129

Контрацепцияның кейбір түрлерін қарастырайық. ЕРЛЕР МҮШЕҚАБЫ Ол не? Ерлер мүшеқабы – жыныстық мүшеге кигізетін, көбіне латекстен жасалатын (кейбірі полиуретан, ал біреулері қойдың ішегінен жасалады) жұқа қабықша. Оны қалай қолданады? Ерлер мүшеқабы ұрықтық сұйықтықты ұстап тұрады. Мүшеқап жыныстық мүшеге жыныстық қатынас алдында кигізіледі. Сосын оны абайлап шешіп алады. Мүшеқапты тек бір-ақ рет қана қолдануға болады. Ол қаншалықты тиімді? Егер мүшеқапты әрбір жыныстық қатынас кезінде дұрыс қолданатын болса, жүктілік пен ЖЖБЖ-ды жұқтыруыдан тиімді қорғайды.

Оны қолданудың қандай артықшылықтары бар? • АИТВ мен басқа да ЖЖБЖ-дан қорғайды • Рецептісіз алуға болады • Гормональді жанама әсері жоқ

Қандай жанама әсерлер болуы мүмкін? Мүшеқап кейде аллергиялық реакция тудырады (латекске немесе сперматозоидты бұзатын жақпа заттарға).

Жасөспірім осы тәсілді таңдаған кезде, нені басты назарда ұстау қажет? Ерлер мүшеқабы жасөспірімдер үшін таңдаудың бірінші әдісі болып табылады, себебі оған рецептісіз рұқсат бар, ЖЖБЖ-лар мен қажетсіз жүктіліктен қорғайды. Мүшеқапты дұрыс қолдана білу үшін және серігін де сол жайлы ақпараттандыру үшін мүшеқапты қолдану дағдыларын жақсылап меңгеру қажет.

ӘЙЕЛДЕР МҮШЕҚАБЫ/ҚАЛПАҚША

Ол не? Әйелдер мүшеқабы – бұл полиуретаннан жасалған, қынапқа енгізілетін қалпақша. Олар қалай әсер етеді? Әйелдер мүшеқабы ұрықтық сұйықтықтың жатырға түсуінен қорғайды. Мүшеқап қынапқа дәл жыныстық қатынас алдында енгізіледі. Мүшеқаптың/қалпақшаның ұшындағы кішкене пластик сақина оны орнына мықтап бекіту үшін жатыр мойнына орналастырады. Жыныстық қатынастан соң қалпақша ұқыппен сыртқа шығарылады. Олар қаншалықты тиімді? Әйелдер мүшеқабын дұрыс қолданса, жүктіліктен және көптеген ЖЖБЖ-дан сақтайды. Бірақ әйелдер мүшеқабы, еркектер мүшеқабына қарағанда жүктіліктен сақтануда оншалықты тиімді емес, себебі белгілі қолдану дағдылары болу қажет.

Оларды қолданудағы артықшылықтар қандай? АИТВ жұқпасынан және басқа ЖЖБЖ-дан қорғайды Жүктілік пен ЖЖБЖ-дан сақтану үшін әйелдерге осынау тәсілді өздерінің

қолдануына мүмкіндік береді Рецептісіз алуға болады Үнемі контрацептивті құралдарды пайдаланғысы келмейтіндерге бұл тамаша әдіс

болып табылады Жанама гормональді әсері жоқ

Page 131: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

130

Ол латекстен емес полиуретаннан жасалатындықтан ішкі жағына лубрикант жағылған (кейбір ерлер мүшеқабы сияқты), сондай-ақ, онымен бірге майдың немесе судың негізінде жақпа заттарды да қолдануға болады.

Оларды қолданудағы кемшіліктері қандай? Кейбір аудандарда оның табылуы қиын Бағысы ерлер мүшеқабынан қымбатырақ Тиімділігіне жету үшін қолдану дағдылары болу қажет

Қандай жанама әсерлері болуы мүмкін? Ешқандай жанама әсері жоқ Жасөспірімдер осы әдісті таңдауда нені басты назарда ұстауы қажет? Әйелдер мүшеқабы жасөспірімдер үшін отбасын жоспарлауда жақсы әдіс болып табылады, себебі олар ЖЖБЖ және қажетсіз жүктіліктен қорғайды, рецептісіз алуға болады. Әйел мүшеқабын дұрыс пайдалану үшін оны дұрыс қолдану дағдыларын дамыту керек және ол туралы серіктеспен келісіп алу керек.

ЖҮКТІЛІККЕ ҚАРСЫ ТАБЛЕТКАЛАР

Ол не? Жүктілікке қарсы таблеткалар – бұл әйедің ауыз арқылы қабылдайтын таблеткалары. Олар қалай әсер етеді?

Таблеткалар ұрық жасушаларының анабезден шығуын ай сайын алдын алады. Сонымен қатар, олар сперматозоидтың жатырға енуіне, жатыр аузында сілемейдің қоюлануына байланысты кедергі болады. Қолдану нұсқаулығына сәйкес, таблеткаларды күнде қолдану керек.

Олар қаншалықты тиімді? Жүктілікке қарсы таблеткаларды дұрыс қолданған жағдайда қажетсіз жүктіліктен 100% қорғай алады.

Қолдануда қандай артықшылықтары бар? Әдетте етеккірлік циклді реттейді, етеккір кезіндегі қан ағу мөлшерін төмендетеді Безеулік бөртпелерді төмендетуі мүмкін Жыныстық байланысты үзудің қажеті жоқ Оларды пайдалануды қалаған уақытыңызда тоқтата аласыз

Қолдануда қандай кемшіліктері бар? Табеткаларды күнде қабылдау қажет, ал кейде оларды қабылдауды ұмытып

кететін кездер болады ЖЖБЖ-дан қорғамайды Кейбір жанама әсерлері болуы мүмкін

Қандай жанама әсерлері бар? Жүрек айнытуы мүмкін Сүт бездерінде ауырсыну сезімдері тудыруы мүмкін Етеккір арасындағы әлсіз қан кетудің пайда болуы мүмкін, еттеккірдің мөлшерін

көбейтіп және азайтуы немесе тоқтатуы мүмкін Көңіл-күйдің ауысуы мүмкін

Page 132: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

131

Жасөспірімдер осы әдісті таңдауда нені басты назарда ұстауы керек? Жүктілікке қарсы таблеткалар жастар үшін лайықты және қауіпсіз әдіс. Бірақ, басқа жас тобына қарағанда жасөспірімдер арасында оральді контрацептивті құралдардан қолданудан бас тарту көрсеткіші жоғары болып отыр. Жоғары көрсеткіштің алғашқы басты себебі – білімнің таяздығы немесе ретсіз/мезгілсіз таблетка қабылдау салдарынан, жас әйелдер таблеткаларды қабылдауды жиі естен шығарады. Таблетканы уақтылы қабылдауды еске салатын әдіс-амалдарды пайдалану қажет (ұялы телефонмен еске салу, тіс щеткасы, т.б.).

ДӘРІ ҚҰЮ (ИНЪЕКЦИЯ) ТҮРІНДЕГІ КОНТРАЦЕПТИВТІК ҚҰРАЛДАР

Ол не? Дәрі құю түріндегі контрацептивтік құралдар (мысалы, Депо-Провера, Нористерат) – бұл әйелдің білегіне немесе бөксесіне салынатын жүктілікке қарсы құралдар. Олар қалай әсер етеді? Дәрі құю түріндегі контрацептивтік құралдар ұрық жасушаларының анабезден ай сайын шығуының алдын алады. Сонымен қатар, олар жатыр аузындағы сілемейдің қоюлануына байланысты сперматозоидтың жатырға енуіне кедергі болады. Қолдану нұсқауларына сәйкес, әйел Депо-Провер инъекциясын әр екі ай сайын қабылдау қажет.

Олар қаншалықты тиімді? Дәрі құю түріндегі контрацептивтік құралдар контрацепция әдісінің ең тиімдісі және 100 пайызды құрайды. Қолданудағы артықшылықтары қандай?

Жыныстық қатынасты үзудің қажеті жоқ Қолданғаныңызды ешкім білмейді Күнде қабылдауды еске салудың қажеті жоқ

Қолданудағы кемшіліктері қандай? Дәрі құюды тоқтатқаннан кейін жүктіліктің келуі (6 айдан 12 айға дейін) кешігуі

мүмкін Етеккір циклінде өзгерістер болуы мүмкін, мысалы, етеккір арасында қанның аз

келуі, етеккір кезінде шығатын қан мөлшері ұзарып немесе көбейеді, я болмаса етеккір мүлде тоқтауы мүмкін

Әр үш ай сайын дәрігерге көрініп тұру керек ЖЖБЖ-дан қорғамайды Жағымсыз жанама әсерлер тудыру мүмкін

Қандай жанама әсерлері бар? Бас ауруын тудыруы мүмкін Салмақ қосуды тудыруы мүмкін Етеккір циклінде өзгерістер болуы мүмкін

Жасөспірімдер осы әдісті таңдаған кезде нені басты назарға алу керек? Дәрі құю түріндегі контрацептивтік құралдар жасөспірімдердің таңдайтын әдісі емес.

Page 133: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

132

ЖЕДЕЛ КОНТРАЦЕПЦИЯ

Ол не? Жедел контрацепция, сонымен бірге оны шұғыл/өртті, «таблеткадан кейінгі таң» деп те атайды. Оны қажетсіз жүктіліктің алдын алу үшін қолданылады. Егер де бойжеткен үшін жыныстық қатынас қорғалмаған болса, немесе мүшеқап жыртылып қалса, жүктіліктің алдын алу үшін 72 сағат ішінде режим бойынша таблеткалар қабылдауына болады.

Ол қалай әсер етеді? Жедел контрацепция имплантацияның және ұрықталған атабездің жатырда өсуінің алдын алады. Бұл таблеткалар, ұрықталған атабезге қауіпті орта туғызатын, синтетикалық гормондардың жиынтығы.

Бұл әдіс қаншалықты тиімді? Зерттеулер көрсеткендей, егер қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін 72 сағат ішінде таблеткаларды қабылдаса, жедел контрацепция қажетсіз жүктіліктің 75%-ға дейін алдын алады. Жедел контрацепцияға пайдаланатын таблеткалардың екі түрі болады. Шұғыл жағдайдан соң 48-72 сағат ішінде арасына 12 сағат салып, күніне 2 рет 1 таблеткадан ішеді. Және шұғыл жағдайдан соң 5 күн ішінде 1 рет қабылданатын таблеткалар бар.

Артықшылықтары қандай? Жедел контрацепция зорлау немесе жүктілікке қарсы құралдың механикалық кемшілігінен жүкті болу қаупін төмендетудің жалғыз нұсқасы болып табылады.

Осы әдісті қолданудың қандай кемшіліктері бар? ЖЖБЖ-дан қорғай алмайды Жағымсыз жанама әсер тудыруы мүмкін

Қандай жанама әсерлері болуы мүмкін? Бас ауруын тудыруы мүмкін Бас айналуын тудыруы мүмкін Жүрек айнуы мен құсудың пайда болуы мүмкін Іш ауруын тудыруы мүмкін

Жасөспірімдер осы әдісті таңдағанда нені басты назарда ұстау керек? Жедел контрацепция төтенше жағдайларда қолданады. Қорғалмаған жыныстық қатынастан соң жедел контрацепция таблеткасын неғұрлым тезірек қабылдаса, соғұрлым әдістің тиімді болуына мүмкіндік көбірек болады. Жедел контрацепция 72 сағаттан соң тиімсіз болады, жылына 2-3 реттен артық қабылдауға болмайды, себебі етеккір циклінің бұзылуына әкеліп соқтырады.

Page 134: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

133

ЖАТЫРІШІЛІК ҚҰРАЛ (ЖІҚ)

Ол не? ЖІҚ – әдетте пластиктен/пластмассадан немесе мыстан жасалған кішкентай икемделген құрылғы. Дәрігер немесе басқа да меңгерген медициналық қызметкер ЖІҚ-ні әйел жатырына енгізеді. Ең жиі қолданылатын - мыстан жасалған ЖІҚ, жатыр ішінде 10 жылға жуық бола алады. ЖІҚ қалай әсер етеді? ЖІҚ сперматозоидты ұрық жасушаларымен ұшырасуын ұстап тұрады.

ЖІҚ қаншалықты тиімді? ЖІҚ контрацепция әдістерінің ең тиімдісі болып табылады.

ЖІҚ-ні қолданудың қандай артықшылықтары бар? Жүктіліктен 10 жылға дейін қорғай алады Жыныстық байланысты үзудің қажеті болмайды Әйелге күнделікті қосымша шараларды қолдануды ескертудің қажеті болмайды

ЖІҚ-ні қолданудың кемшіліктері? ЖЖБЖ-дан қорғамайды Жамбастағы қабыну ауруларының қауіпін күшейтеді

ЖІҚ-нің мүмкін болатын жанама әсерлері қандай? Етеккір циклінің өзгеруін тудырады. Мысалы, етеккір арасында әлсіз қан кету, етеккір күндерінің өзгеруі, қатты қан кету немесе етеккір кезінде ауырсынулар сезімдері болуы мүмкін. Жасөспірімдер осы әдісті таңдағанда нені басты назарға алулары қажет? ЖІҚ жасөспірімдер таңдайтын контрацепция әдісі емес. 20 жасқа дейін тумаған әйелдерде ЖІҚ түсіп қалу қаупі немесе етеккірлік ауырсынулар болады, себебі ЖІҚ жамбастағы қабыну ауруларының қаупін күшейтеді.

Қажетсіз жүктіліктен ең сенімді қорғану әдістері қандай? Контрацепцияның ең сенімді тәсілі (100%) – өзін ұстау (жыныстық өмірден бас тарту). Гормональді дәрі-дәрмектер – 98-99%. Тосқауылды – 80-90%, мүшеқап – 85-98%. Жатырішілік спираль – 97-98%. БДҰ-ның (ВОЗ) анықтамасы бойынша, репродуктивтік (ұрпақ жаңғырту) құқықтары – бұл ерлер мен әйелдердің мәліметтер алуына және өздерінің таңдауына сәйкес, қауіпсіз, тиімді, қымбат емес және бала тууды реттейтін тәсілдерге қолжетімді болуға құқығы, сонымен қатар, әйелдер қауіпсіз жүктілік пен босануды қамтамасыз ете алатын, сонымен қатар, ерлі-зайыптыларға дүниеге дені сау ұрпақ әкелуіне ең жақсы мүмкіндіктер жасай алатын денсаулық сақтау ұйымдарының көмегін алуға құқығы.

Сондай-ақ, түйінді құқықтар болып мыналар табылады: барлық ерлі-зайыптылар мен жеке тұлғалар балалардың санына және олардың туылуы арасындағы үзілістерге қатысты, еркін жауапты шешім қабылдау, сол үшін қажетті мәліметтерге, білім құралдары мен дайындықтарға ие болуы – негізгі құқықтары болып табылады; ең жоғарғы репродуктивті және жыныстық денсаулыққа жету құқығы; қандай да болмасын шеттетулерсіз, мәжбүрлеусіз, зорлықсыз ұрпақ әкелуге қатысты шешім қабылдау құқығы.

Қазақстан Республикасының Заңнамалық тәжірибесінде күшіне енген нормаларына сәйкес, кәмелетке толмағандарға қатысты медициналық араласуға келісімді олардың

Page 135: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

134

заңды өкілдері береді, олай болса, медициналық араласуға ерікті келісім қағидаты ең әуелі ата-аналарға беріледі (Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі). Өз бетімен, ата-анасыз және қамқоршыларынсыз, қыздарға дәрігерге қаралу құқығы тек 18 жастан беріледі. Қазіргі қалыптасқан жағдай жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығын қорғау қызметіне қол жеткізу қиындатады және жастарға оң қабақ танытатын клиникалардың қызметінің тиімділігін төмендетеді. Кестеден жасөспірімдерге қатысты негізгі құқықбелгілеуші құжаттарды көруге болады.

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың

құқықтық мүмкіншіліктері

Баланың жасы

Құқық, міндеттер, жауапкершілік

Құқықбелгілеуші құжат

«Бала» түсінігі Бала – он сегіз жасқа толмаған тұлға (кәмелеттік жас).

Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі Қазақстан Республикасының «Неке мен Отбасы туралы» Заңы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Заңы

16 жастан Келісім жасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі

16 жастан Әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексі

16 жастан Дәлелді себеп болған жағдайда некеге тұру мүмкіндігі

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы

18 жастан Неке жасы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы

18 жастан Медицинаның араласуына ерікті түрдегі ақпараттық келісім

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі

Page 136: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

135

4. Сабақтың қорытындысын шығару. «Қорытынды шеңбер». Барлығы шеңбер бойымен отырады. Кімнің қолында доп болса, соның сөйлеуге рұқсаты бар (немесе басқа бір кішірек зат). Оқытушы допты шеңбер ішіндегі біреуге тастайды. Ол: «Маған бүгін не ұнады?» деген сұраққа жауап беруі тиіс. Оқытушы қорытынды жасап, түйіндейді. Қазақстан үшін халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау бірінші кезекте жастардың – бұл, сонымен қатар мемлекеттің репродуктивті және демографиялық потенциалын сақтау болып табылады.

Page 137: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М

Бұл әдістемелік құрал Біріккен Ұлттар Ұйымының халықтың қоныстануы саласындағы қорының Қазақстандағы офисының (ЮНФПА) қаржылық-техникалық қолдауымен жасалынды.

Алматы қаласы Толе би к-сі 67 +7 727 312 19 79 +7 727 312 19 93

Page 138: Дорожкина Л., Сауранбаева М.ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf · Дорожкина Л., Сауранбаева М