"Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

387
1 ОСПАН «Тұран» баспасы Алматы, 2010 УДК 94(574) ББК 63.3 (5Каз) О-78 Кітапты құрастырып, редакциясын қараған: Жəди Шəкенұлы О -78 Оспан: Деректі зерттеулер мен естеліктер /Құраст. Ж.Шəкенұлы. – Алматы: Тұран, 2010. 388 бет. ISBN 9965-9712-3-4 Қазақтың алтын аңызы Оспан батыр Сілəмұлы елі мен жері үшін жауымен өліспей-беріспей күрескен əйгілі батыр, ұлт азаттығы үшін арпалысқан Өр Алтай көкжалы. Қабанбай, Бөгенбай, Жəнібектер бастаған ерлік шежіреміздің соңғы баһадүрі.

Upload: almas-esen

Post on 19-Mar-2016

644 views

Category:

Documents


58 download

DESCRIPTION

"Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

TRANSCRIPT

Page 1: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

1

ОСПАН

«Тұран» баспасы Алматы, 2010

УДК 94(574) ББК 63.3 (5Каз) О-78

Кітапты құрастырып, редакциясын қараған: Жəди Шəкенұлы

О -78 Оспан: Деректі зерттеулер мен естеліктер /Құраст. Ж.Шəкенұлы. – Алматы: Тұран, 2010. 388 бет.

ISBN 9965-9712-3-4 Қазақтың алтын аңызы – Оспан батыр Сілəмұлы елі мен жері үшін

жауымен өліспей-беріспей күрескен əйгілі батыр, ұлт азаттығы үшін арпалысқан Өр Алтай көкжалы. Қабанбай, Бөгенбай, Жəнібектер бастаған ерлік шежіреміздің соңғы баһадүрі.

Page 2: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

2

Кітапқа батыр жайындағы зерттеулермен бірге Уақит Халелұлы, Нəби Оспанұлы, Нұрқожай Молдажанұлы секілді қанды көйлек сарбаздарының естеліктері топтастырылған. Болған оқиға, өткен тарих жайында сыр шерткен қалам иелерінің қарапайым деректері арқылы Оспан батырдың күрескерлік өр тұлғасы мен адал жүрегінің кірсіздігі бірден байқалады.

Бұл кітап ел тарихы мен жер тарихын білгісі келетін, ұлттық рухтың жалғастырушылары болған жастар үшін таптырмайтын оқулық іспетті. Əсіресе студенттердің, магистранттардың, ізденуші аспиранттардың пайда-лануы үшін көптеген деректер ұсынады.

УДК 94(574) ББК 63.3 (5Каз)

ISBN 9965-9712-3-4 © Шəкенұлы Ж. © Тұран баспасы, 2010

БІРІНШІ БӨЛІМ

ОСПАН БАТЫР СІЛƏМҰЛЫ – ҚАЗАҚТЫҢ АЛТЫН АҢЫЗЫ

Page 3: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

3

Жəди Шəкенұлы

АЛАШТЫҢ АҚИЫҚ БАТЫРЫ

Батыр рухына арналған еңбектер Оспан батыр Сілəмұлы (1899-1951) ұлт азаттығы үшін басын

бəйгеге тіккен əйгілі батыр. Оның еңбегі Шығыс Түркістан аталатын Алтай, Іле, Тарбағатайды қамтыған байтақ даланы жат табанынан қорғаумен ғана бейнеленіп қалмастан, бүгінгі Қытай аумағында қалған ежелгі түркі даласының ұлтанды бөлегі – Алтай өңірін кеңестік империяның итермелеуіндегі моңғолдық шапқын-шылардан қорғап қалғанымен де көрінеді.

Оспан туралы əдеби шығармалар, естеліктер, мақалалар өте көп жазылды. Солардың алғашқы бір бөлімін айтар болсақ, Сейітхан Əбілқасымұлының "Оспан батыр" романы, Моңғолиялық Шынай Рахметұлының "Оспан" кітабы, сонымен қатар Оспан бастаған ұлт-азаттық көтерілісін тілге тиек еткен, Шынжаңда жарық көрген Пəтіхан Сүгірбаевтың "Алтай арпалыстары", Шəйсұлтан Қызыр-ұлының "Қайқая шапқан қарагер" атты кітаптары, Жақсылық Сəмитұлының "Сергелдең" романы, Халифа Алтайдың "Алтайдан ауған ел", Хасан Оралтайдың "Елім-айлап өткен өмір", Дəлелхан Жаналтайдың "Қилы заман, қиьн күндер" секілді еңбектерін атауға болады. Бұдан басқа америкалық зерттеушілердің, басқа да шетел жазушылары мен ғалымдарының ағылшын тілінде жазған мақала-лары мен моңғол тіліндегі тарихи естеліктері бар.

1999 жылы Оспан батырдың туғанына 100 жыл толған еді. Өкінішке қарай бұл шара атаусыз қалды.

Page 4: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

4

Сөз орайы келгенде айта кету керек, сол жылдары қазақ топырағына алғаш қадам аттап, Абай атындағы қазақ мемлекеттік университетінің (ол кезде институт) аспирантура бөліміне филоло-гия мамандығы бойынша оқуға түскен едім. Жаңадан келген кезіміз болғандықтан, қоғамның ішкі қатпарына толық үңілуге дəрменсіз едік. Солай болса да, өмір бойы құлағыма жатталып келген, халқы үшін қан кешіп, шəһит болған Оспан батыр рухын көтерсем деген ішкі арманым қолыма еріксіз қалам алдырды. Сөйтіп, 1997-1998 жылдары Оспан батыр туралы бір бөлім естеліктерімді реттестіре бастадым. Бұл бір жағынан – «алда яғни 1999 жылы батырдың туғанына 100 жыл толады» деген ішкі дайындығым еді. Дəл сол 1998 жылы ақын Жəркен Бөдешұлының таныстыруымен «Шалқар» газетінің бас редакторы, ақын Əділғазы Қайырбеков мені жұмысқа алған еді. Əрине, сабақтан бос уақытымыз көп болғандықтан, нан табу жəне шығармашылықта өзімді жетілдіру мақсатында газетке жұмысқа кіруім мен үшін аса қажет те еді. Ол кезде «Шалқар» газеті мен «Қазақ елі» газеті бір шаңырақтың астында болатын. Төбе биіміз – сыншы Бақыт Сарбалаұлы.

Менің Оспан батыр туралы ойларымды құп алған Əділғазы Қайырбеков пен Бақыт Сарбалаұлы мақаланы газетте жариялауға бірден келісті. Əділғазы менен «Оспан батырдың 100 жылдығы келесі жылы емес пе, жаңа жылға дейін əлі 2-3 ай уақыт бар ғой. Жаңа жылдан кейін жарияласақ болмай ма?» деп сұрады. Мен: «Біріншіден, келе жатқан 100 жылдықты ерте бастан қоңыраулатып жұрттың есіне сала берсек, екіншіден мақала əр санға бөліп-бөліп берілетіндіктен биыл бастасақ, келесі жылы аяқтайды. Газеттің таралымы мен оқылуы үшін де жақсы болар еді», – деп шынымды айттым. 1998 жылдың 20 қазан күні қолжазбамды қарап шыққан Ə.Қайырбеков «Алтайдың ақ иық батыры» деген тақырыбын «Оспан батыр» деп өзгертіп, қолын қойып газетке ұсынды. «Оспан батыр» деген тақырыптың астына «1999 жылы Оспан батырдың туғанына – 100 жыл» деген сөз жазылды. Ол кезде менің қытай азаматтығымда болуыма байланысты комунистердің өз қолымен өлім жазасына үкім еткен Оспан есімін бірден көтеру, жеке басыма тиімсіз сезілді. Соны ескеріп мақаланың соңына аты-жөнімді анық көрсетпей, «Ж.Баршабаев» деген бүркеншік атпен жарияладым. «Ж» өз атыма өкілдік етсе, «Баршабай» – үшінші əкем, яғни ұлы əкем Мұқайдың əкесінің аты. Баршабай – Зайсан өңірінде өткен

Page 5: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

5

əйгілі Өтеу байдың ұлы, Қазаннан оқыған оқымысты кісі болған. Сүйегі Зайсанның Қараталында жатыр.

Сөйтіп «Оспан батыр» мақаласы «Шалқар» газетінде 1998 жылы қазанның соңынан 1999 жылы наурызға дейін жалғасты жарияланды.

Менің Қытайдағы қазақтар тақырыбын көтергеніме қызығу-шылық танытқан Бақыт Сарбалаұлы өзінің «Қытайдағы қазақтар» атты кітап құрастырып жатқанын айтып, Қытай қазақтарындағы əйгілі тұлғалар туралы материал беруімді сұрады. Мен Бөке батыр, Зуқа батыр, Ақыт Үлімжіұлі, Таңжарық Жолдыұлы, Оспан батыр, Асқар Татанайұлы, Əшім Дөңшіұлі бастаған көптеген жеке тұлға-лардың өмірбаянын жазып ұсындым. Не себепті екенін білмеймін, бұл материалдар əліге дейін жарық көрмеді.

Ал, менің «Оспан батыр» туралы алдын ала «қоңыраулатқаным да» селге кетті. "Шалқар", "Қазақ елі" газетінен қалса, «Азаттық» радиосы жəне марқұм Батырхан Дəрімбетұлының бас редактор-лығымен шығып жатқан "Жас Түркістан" басылымдарынан басқа, оны ауызға алған ешкім болмады. Ұлттың рухын жоқтайтын ож-данды ұлдар арқылы келер ұрпақка қалдыратын ұлттық ізгілігіміз іздеусіз қалды. Тіпті «Оспан бір рудың, бір ұлыстың ғана ғана батыры» деушілер де табылды. Осылайша өткен ғасырдың Оспанды қаралаған қаралы беттері ағармаған күйі жабылып қалды. Мен секілді «жалғыздың үні» шықпады.

Десе де, игіліктің ерте-кеші жоқ деген рас екен. Жаңа ғасыр туғаннан кейін де батыр есімін көтеруді тоқтатқан жоқпыз. Жақсылық Сəмитұлының Оспан батыр бастаған ұлт-азаттық күресін негіз еткен «Сергелдең» атты төрт томдық романы, Сейітхан Əбілқасымұлының «Оспан батыр» романы бірінен кейін бірі жарық көрді.

Оспан батыр туралы мақалаларды жинақтап, кітап етіп құрастырдым. Сөйтіп жүргенде 2002 жылы Оспан батырдың немересі Өркенбек Нəбиұлы Алматы қаласына келді. Өркенбектің келуі, менің көкіректегі армандарымды қайта қоздатты. Оны үйге шақырып алып, көп кеңестер өткіздік. Өркенбек Алматыда ұзақ тұра алмай, Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсті. Оқуының соңғы жылдары Алматыға жиі келгіштеп жүрді де, мен «Оспан батыр» мақалалар жинағының алғашқы қолжазбасын оның қолына бердім. Ол қолына түскен басқа да мақалалармен толықтырып,

Page 6: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

6

Дəулеткерей Кəпұлының көмегімен, бұл кітапты Аллажар Ыбырайұлы деген азаматтың баспадан шығарып бермекші болға-нын айтты. Мен қуана келістім. Əрі Өркенбектің өтініші бойынша кітап құрастырушылардың қатарына Дəулеткерейдің есімін де кіргіздік. Сөйтіп, 2007 жылы сəуірде аталған кітап Алматыдағы «Арда» баспасынан 2000 данамен жарық көрді. Құрастырушар Ж.Шəкенұлы, Ө.Нəбиұлы, Д.Кəпұлы деп жазылды. Өкініштісі – осы кітап 2007 жылдың соңында аталған баспадан сыртқы мұқа-басы ғана өзгеріп, қайта шыққан екен. Менің атым түсіп қалыпты. Құрастырушылар Ө.Нəбиұлы, Д.Кəпұлы болып жүр. Баспа дирек-торы Асқар Алтайға хабарласқан едім, кінəлі Дəулеткерей екенін айтты. Өркенбек болса: «мен қалай болғанын білмей қалыппын» деді.

Ал, бұл жөнінде менен ешкім кешірім сұрамады да, мен ешкім-ді сотқа бермедім.

Оспан батыр кітабының жарық көруіне демеушілік жасаған Аллажар Ыбырайұлы өзі бас болып, батыр атында айтыс ұйымдас-тыруға мұрындық болды. Біз де игі шараның басы-қасынан табылдық. Сөйтіп 2007 жылдың жазында Алматы қаласында Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Азаттық үшiн жан пида» атты Оспан батыр рухына арналған республикалық ақындар айтысы өттi. Бас демеушi Аллажар Ыбырайұлы тiккен бас жүлде «Джип» автокөлiгiн – семейлiк ақын Ринат Заитов иелендi. Ал, 5 мың долларлық бiрiншi жүлдеге шымкенттiк Ақмарал Iлеубаева қол жеткiзсе, шымкенттiк Маржан Есжанова екінші жүлденi қанжығасына байлады. Оспан рухының аузына құс тістеген ақындар жағынан ақтара жырлануы мен аталған шараға дүйім жұрттың құлағдар болуы баршамыздың мерейімізді бір өсіріп тастады.

Бұл кезде мен «Қазақ əдебиеті» газетінің проза бөлімінің меңгерушісі қызметін атқара жүріп, қосымша халықтың ұсыныс-тілегі бойынша Ер Жəнібек бабамыздың басына кесене орнату ісі мен кітаптарын шығару жұмысын қолға алғанмын. Əрі батыр бабамыз атындағы халықаралық қордың президенттігін де атқарып жүрген едім. Осы орайда Өркенбекке батыр рухын одан ары асқақтату мақсатында «Оспан батыр» халықаралық қорын құру ұсынысын жасаған болатынмын. Бұл ұсынысымды Арыстан Тосын, Досан Баймолда, Аллажар Ыбырайұлы, Ақеділ Тойшанұлы секілді азаматтар батыл қолдады. Сөйтіп барлығымыз бірігіп «Оспан

Page 7: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

7

батыр» қорын құрып, оның президенттігіне Өркенбек Нəбиұлын тағайындадық.

Батырдың жүз жылдығы аталмай қалды деген жүдеу кезімізді ұмыта бастаған шақта, тағы бірнеше еңбек жарқ етіп жұртты елең еткізді. 2007 жылдың соңында «Үш Қиян» (Алматы) баспасынан Ғазез Райысұлының батыр өміріне арналған «Самұрық» атты деректі кітабы жарық көрсе, 2008 жылы «Сардар» (Алматы) баспа үйінен Əбдіуақап Қара дайындаған «Азаттықтың өшпес рухы» атты Нұрғожай батырдың естеліктері жарық көрді. Əсіресе Оспан батырдың сенімді сардарларының бірі – Нұрғожай батырдың Оспан батыр жайындағы естеліктерін тебіренбей оқу мүмкін емес еді.

Мен 2007 жылдың күзінде Дүниежүзі қазақтары қауымдас-тығының шақыруымен «Атажұрт» баспа орталығына жұмысқа орналастым. Ендігі жерде «2009 жылы Оспан батырдың туғанына 110 жыл толады, соған дайындалуымыз керек» деген ой мені тағы мазалады. Бұл ойымды Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевқа алғаш айтқанымда, ол кісі: «Сол Оспан төңірегінде талас-тартыс көп сияқты ғой. Біресе қара қытай-мен біресе қызыл қытаймен соғысқан, тұрақты майданы жоқ дей ме?» – деген екі ұшты күңгірт ойларын білдірді. Батырдың 100 жылдығын атау кезіндегі осы орында отырған Қалдарбек Найман-байды азғырушылардың Талғатқа да жеткенін бірден аңғардым. Ендігі жерде Т.Мамашевқа Оспан жайында «сабақтар» өтуіме тура келді. Сөйтіп жоғарыға іс-жоспарымызды алдын ала жолдайтын жылдағы дəстүрмен 2008 жылдың аяғында алдағы жылы қауым-дастық тарапынан өтетін іс-шаралар қатарына Оспан батырдың 110 жылдығын кіргізіп, оны Мəдениет министрлігінің қолдауына ұсындық.

Оспан туралы өзіндік ойлары қалыптаса бастаған Т.Мамашевқа өтетін «сабақтың» ең орайлы да өнімді сəті 2009 жылдың шілдесін-дегі Қытайдағы сапарымыз болды. Əсіресе сапар жолымыздың Алтай, Баркөл, Гансудың Ақсайы секілді Оспан жүрген жерлерді басып өтуі, тіптен оң ұпай сыйлады. Т.Мамашевтің Оспан батыр туралы шынайы пікірі қалыптасты. Сапардан келісімен, Оспан батырдың 110 жылдығын өткізу шарасын қолға алдық.

Біз көтерген бастамаға Мəдениет жəне Ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тікелей қолдау білдіріп, арнайы қаржы бөлді. Осылайша 2009 жылдың 11 қарашасы күні Қазақстан Жазушылар

Page 8: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

8

Одағының əдебиетшілер үйінде Оспан батырдың туғанына 110 жыл толуына арналған «Азаттықтың өшпес рухы» атты халықаралық ғылми-тəжірибелік конференция өтті. Конференция материал-дарынан арнайы кітап құрастырылып, қауымдастық тарапынан жарық көрді. Менің конференцияда оқыған «Оспан батыр» атты мақалам «Жас қазақ» газетінің 13 қарашасы күнгі (№43) санында жарияланды. Осы мақаладағы оқиғалардың жалғасы іспетті жазыл-ған «Оспан батырдың соңғы күндері» атты еңбегім 2010 жылы мамырда «Қазақия» газетінің бірнеше нөмірінде жарық көрді.

Бұл күнде батыр атына көше, ауыл-аудан аттарын беру сынды игі бастамалар да қолға алына бастады.

Сөйтіп, елі мен жері үшін толарсақтан қан кешіп күрескен батырымен халқы қайта қауышты.

Оспан Сілəмұлының ата тегі мен ұрпақтары

Оспан батыр Сілəмұлы 1899 жылы жазда ҚХР ШҰАР Алтай

аймағы Көктоғай ауданы, Күрті ауылының Арал жайлауында дүниеге келген. Орта жүздің Керей руынан. Керейдің моқы руының Машан атасынан тарайды. Яғни Керей – Молқы – Қожамқұл – Тағанақ – Арық – Машан – Айтуған – Бегалы – Төлес – Райымбет – Райыс – Сілəм – Оспан.

Оспанның арғы атасы Төлес ел арасындағы дау-жаңжалға араласып, билік айтып, шешім шығаратын мықты, беделді кісі болған. Əкесі Сілəм ауыл балаларын оқытқан діни сауатты болған адам.

Оспан батырдың нағашылары – Хамит, Тұтан деген кісілер жарысқа түсіп жүрген мықты палуан, қамшыгер адамдар болған екен. Шешесі – Қайша Хамитқызы денелі, қарулы адам болып, 1930 жылы Көктоғайдың Арал жайлауының Арасанында отырғанда, түнде көгендегі қойға түскен аюды бақанмен ұрып өлтірген деседі.

Оспан ілгерінді-кейінді үш əйел алған адам. Бірінші əйелі – Нұрқызар Жарымбетқызы (руы – шақабай) алты ұл, үш қыз туған. Ұлдарының аты – Зия, Шердиман, Ниғыметолла, Ойдолла, Нəби, Кəри. Қыздары – Зағила, Кəбила, Пəнсия. Бұл əйелі аурудан қайтыс болған. Екінші əйелі – Мемей Белдемшеқызынан (руы – тасбике) үш қыз – Қабиба, Қапипа, Замбия.

Page 9: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

9

Үшіншісі, жеңгедей алған əйелі Баян Бытайқызынан Əмақ атты бір ұл, Мүниба есімді бір қызы болған.

Батырдың балаларынан Зия 1941 жылы тамызда Қуүйдің Шолақсайында окқа ұшып, шаһит болған, ұрпақ жоқ. Екінші əйелі Мемей мен үш ұл, бес қызы – бəрі 9 жан 1942 жылы ақпанда Шың Шысай үкіметінің Бүрбіжап басқарған əскерлерімен соғыста колға түсіп, алғашында Сарсүмбе қаласында (қазіргі Алтай қаласы), 1943 жылы мамырдан бастап, Көктоғай қалашығында "мырза қамақта" отырады. 1944 жылы мамырда Оспан қолының бір реткі қатты соққысына ұшыраған Гоминдаңның Көктоғай қалашығындағы жендеттері қала тұрғындарынан 40 шақты бейуаз бұқараны қырғанда, Оспанның 18 жастағы қызы Кəбила мен 14 жастағы ұлы Ойдолланы Мемейдің көзінше кескілеп өлтіреді. 11 жастағы ұлы Кəри мен алды 12 жасқа, арты 8 жасқа келген үш қызын құдыққа тірі тастап өлтіреді. Мемей өлуге айналғанда, өзін өзенге лақтырып, қашып құтылады.

Қалған үш ұл – Шердиман, Ниғыметолла, Нəби 1941 жылдан бастап негізінен əкесі Оспанмен бірге болады. 1951 жылы Оспан Гансу өлкесінің Хайзы деген жерінде Қытай əскерлерінің қолына түскенде, қашып шығып, Шыңжаңға келіп, байырғы бауырлас-тарын тауып, Алтай, Боғда аралығында қарулы күресті жалғас-тырады. 1952 жылы қыркүйекте əкесінің сүйегін алу шартына орай қару тапсырып, бағынуға мəжбүр болады. Шердиман 1919 жылы туған. Діни медреседе оқыған. 1952 жылдың қазанынан 1959 жылға дейін, Алтай əкімшілік мекемесінде малшаруашылығы бөлімінде, 1959 жылдан 1967 жылдың қаңтарында қайтадан қолға алынғанға дейін, Іле облыстық саяси Кеңес те қызмет атқарады. 1970 жылы 30 сəуірде бақилық болады.

Шердиманнан үш ұл, екі қыз қалған. Үлкен ұлы – Нүсірет. Ол Іле облыстық астық мекемесінде аудармашы болып істейді. Ал, екінші ұлы Ахат болса, Іле жүн тоқыма фабрикасында жұмысшы. Ахаттан Қуаныш. Үшінші ұлы Сəмет Іле педагогикалык институтында оқытушы болып қызмет атқарады. Қыздары – Мүбина, Қарбия. Олар қазір Қытайдың Құлжа каласында тұрады. Оспанның Ниғыметолласы 1922 жылы туған. 1958 жылы Көктоғайдағы дүрбелеңге қатысы бар деген жаламен қолға алынып, ұру-соғу жəне ауыр жұмыстан денсаулығынан айрылып, 1972 жылы қайтыс болады. Одан бір ұл, үш қыз болған. Ұлы Əсет – Көктоғайдың Күрті ауылындағы Өндірқара қыстағында тұрады.

Page 10: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

10

Қыздары – Мүнира, Үмия, Үпат. Əсеттен екі ұл, екі қыз. Ұлдары – Панарбек, Қадыр. Қыздары – Қания, Кəусар.

Нəби 1928 жылы туған. «Мəдениет төңкерісі» аталған зобалаң тұсында оңбай таяқ жеген. Нəбиден алты ұл, бір қыз болып, үлкен ұлы Махан, екінші ұлы Махат, үшіншісі Болат та Көктоғайдың Ертіс қыстағында, төртіншісі Нұрлан – Көктоғай аудандық халық сотында тергеуші болып қызмет атқарған. Қазір зейнетте. Бесінші ұлы Жақаш та Ертіс қыстағында тұрады, алтыншы ұлы Өркенбек – 2002 жылы Қазақстанға біржолата оралған. ҚР-ның азаматы, Түркістан қаласындағы Қ.А.Яассауи атындағы ХҚТУ-ні бітірген, Оспан батыр атындағы халықаралық қайырымдылық қорының президенті. Маханнан Иматбек атты бір ұл жəне Салтанат, Қымбат есімді екі қыз бар. Ал, Махаттан Михат, Үһидат, Яхұп деген үш ұл, Сəмия атты бір қыз бар. Болаттан екі қыз – Сəулет, Самал. Нұрланнан бір ұл – Парасат, Жақаштан бір ұл – Бердəулет, қызы – Сəбира.

Нəби Оспанұлы 2000 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болды. Оспан ұддарынан қазіргі тірі отырғаны Əмақ. Ол қазір

Көктоғай ауданының Күрті қыстағында тұрады. Əмақтан төрт ұл, бір қыз. Ұлдары – Əсенжан, Əкімбек, Кəкімбек, Кəзімбек. Қызы – Нəзигүл.

Оспанның ұлдарының ішіндегі үлкені жəне əке тағдырына қатысты оқиғаларды көп білетін адамның бірі үлкен ұлы Шердиман болса, бірі Нəби еді. Осының ішінде Шердиманның тағдыры, əсіресе оның өлімі өте аянышты болған.

Сөзіміз дəлелді болу үшін Шыңжаңнан шыққан "Іле тарихи материалдары" атты "ішкі жақта таратылады" деген ескертпесі бар саяси оқиғалар топтамасының 1992 жылы мамырда ұйғыр тілінде жарық көрген 6-санындағы Зейнаудын Юсып атты автордың "Шердиман Оспанұлы жайында" атты мақаласынан үзінділер келтірсек. Онда мынадай жолдар бар: "Мен 1963 жылы Іле облыстық саяси Кеңес іне қызметке ауысып келгенде, Шердиман Кеңес кеңсесінің орынбасар меңгерушісі екен. Содан бастап мен Шердиманмен таныстым, əрі оның кейінгі өміріне катысты көптеген істерге куə болдым", – дейді мақала авторы. Осыдан кейінгі жерде Шердиманның өмірі туралы əңгімелер шерте келіп, онын соңғы рет, яғни 1967 жылғы қолға алынуы жəне өліміне қатысты мынадай сырлар шертеді:

Page 11: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

11

"1967 жылы қаңтар айынын 13-і күні біздің саяси Кеңес жəне саяси мектептегі "ереуілшілер" жан-жақты жоспарланған бір үлкен шабуыл бастады. Олар шұғыл жиын шақырып, Шердиман секілді кісілерді ортаға сүйреп шығарып, басына қағаз қалпақтар кигізілді. Олар ұран шақырып: "Саяси Кеңес ке бүлік сап, ішіне жасырынып кіріп алған бандыларды аластайық!", – деген тектес айғайға басып, ұлар-шу болды...

Сол жиында Шердиман да сұраққа тартылды. Шердиман түк сезбегендей тұра берді. Баста қағаз қалпақ кигеніне қатты наразы болса да, "ереуілшілер" зорлықпен кигізді, "ереуілшілер" қойған сұрақка Шердиман былай жауап берді: "...Менің бұдан бұрын өткізген қылмыстарьм болса, ол өте көп. Ол партияға, үкіметке, халыққа аян факт. Бірақ партия дұрыс саясат қолданып, қылмыстық жағынан қайтып, халық жағына өтуге Кеңес берді. Өткен күнəларымды қаузамайтындығы, қателікті түзетіп, жақсы адам болуға орай беретіндігін, əрі маған жəне маған ілескен бұқараның ешқайсына занды жаза бермей, лайықты қызмет жəне тұрмыс жағдайын жасап беретіндіктеріне уəде берді. Сонымен мен партия мен үкіметтің уəдесіне сеніп, келісім шартқа қол қойып, құрал тапсырып, бұқарамды бастап халық жағына өткен едім... Егер партия бүгін мені қьлмысың үшін жазалаймыз десе, оған мен разымын, мен тізе бүгіп бағынғаннан қазірге дейін партияға, социализмге карсы сөз, əрекетте болмадым. Ондай істеу ниетімде жоқ", – дейді. Жан-жақтан көтерілген ұрандар Шердиманның сөзін неше рет бөліп жіберді.

Жиын аяқталар тұста "ереуілшілер" айғай-ұран салып, Шердиманды қоғам қауіпсіздік органына тапсыру жайында қарар қабылдады. Əрі жиын ақырласа салып, Шердиманды жиын залынан алып шығып, Құлжа қалалық қоғам қауіпсіздік мекемесіне алып барды.

Сөзін онан ары жалғаған мақала авторы оның қолға алыну жағдайын былай түйіндейді:

"Демек, Шердиман 1967 жылы қаңтар айының 14-і күні түстен кейін облыстық қоғам қауіпсіздік мекемесіне қолма-қол тапсыры-лып берілді. Жоғарыда баяндалған ахуалдардан біз Шердиман ақиқатқа қайтқаннан кейін, тіпті мəдениет төңкерісінің адды-артында нақтылы қылмыс жасап, заң тəртібі бойынша түрмегс түспегендігін, керісінше ереуілшілердің шектен асқан солшылдық əрекеттері екенін анық көре аламыз", – дейді.

Page 12: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

12

"Шердиман Оспанұлы жайында" атты мақаласын "Шердиман-ның өлімі жөне жерлену жағдайы" деген тақырыппен жалғаған Зейнаудын Юсып ендігі əңгімені былай өрбітеді:

"Шердиман 1967 жылы қаңтар айының 14-і күні түстен кейін облыстық қоғам қауіпсіздік мекемесінің түрмесіне түсіп, үш жыл, үш ай жатқаннан кейін, 1970 жылы сəуір айының 30-ы күні кешке өмірден өтті. Бұл Шердиманның мүшел жылы болып, 51 жасқа шыққан кезі болатын. 1970 жылы мамырдың 1-і күні танертең мекемеге келсем, Лю Пууаң, Шамашырап, Оспанжан қатарлы төрт кісі бар екен. Олар: "Шердиман кеше кеште түрмеде өліпті. Бізге телефон арқылы хабар берді. Сен, Мұхаммед, Кəмел екеуің облыстық қоғамдық қауіпсіздік мекемесінің түрмесіне барып, Шердиманның сүйегін алып шығып, жанұясына тапсырып беріндер!», – деп бұйырды.

Біз облыстық қоғамдық қауіпсіздік мекемесінің түрмесіне барып, түрме кеңсесінен бір қызметшіні тауып, қолымыздағы қағаздарды көрсеттік. Оны көріп: "Сіздер облыстық саяси Кеңес тенсіздер ме?" – деп сұрады. Мен "Иə" дедім. Ол түрме ауласы ішінен екі кісіні шақырып, Шердиманның сүйегін алып шығуды тапсырды. Мен арбадағы киізді əлгі екі кісіге бердім. Олар кіріп кеткенде, түрменің қытай кызметкерінен: "Шердиман ауырьш өлді ме?" деп сұрадым. Əдетте түрмеде аурудан халі нашарлаған науқас қылмыскерлері үйінде емдеуге рұқсат беретін. Шердиманды олай етпепті. Сəл күмəндандым. Ол: "Шердиман түрмеде көп сұраққа алынбаған, кейінгі күндері 3-4 рет сұраққа тартылды. Жатып қалатындай ауруы да жоқ болатын. Тексеріп бір жақты етуді қаншама рет ерекше талап қылды. Осы бір айдан бұрын өзі көп сөйлемейтін, əрі тамақ жеуден бас тартатын, емделуді қаламайтын болған. Күннен-күнге əлсіреп кетті. Ақыры кеше кеште өлді", – деді.

Əлгі екі кісі Шердиманды үстіндегі киімдерімен бірге киізге орап алып шықты, артынан бір құшақ киім-кешегін арбаға салды. Айтса-айтқандай Шердиман арықтап, тізген сүйек болып қалыпты. Мен білетін орта бойлы, шымыр тұлғалы салмағы 90 килограмнан асатын нардай Шердиман небəрі 10-11 жастағы баладай кішірейіп, солып кетіпті. Сүйекті арбамен сағат 11-де үйіне алып келдік.

Бұл кезде мешіттер жабылған, діни қимылдар ерекше шектелген болатын. Ереуілшілердің Шердиманның сүйегінен ат тонын ала қашуы бізге орай болды да, түстен кейінгі сағат

Page 13: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

13

төрттерде біз он шақты кісі, Шердиманның əйелі – Мапаш, өгей шешесі – Дəмила, қызы – Мүбина, ұлы – Нүсірат, Ахат жəне Сəмет, кенже қызы Қарпия бəріміз Хүмдан маһалласының сай құйғанындағы Іле дариясы бойындағы зираттыққа барып, жаназа намазын оқыттық. Арли Ақүн имам болды. Жерлеп, дұға-тəкпір оқып қайттық. Сөйтіп, Шердиман бұл дүниенің ауырлықтарынан біржола құтылды. Іле дариясының солтүстік жағалауындағы жар бойында дария толқынын тыңдап, мəңгілік ұйқыға кетті. 1980 жылы қазанда зираттық көшірілгенде Баяндайдың "Тижаңго" жағалауындағы батыс жар бойындағы зиратқа жерленді.

...Шердиман дүниеден өтті, бірақ оның бала-шағалары Шердиманға тіркеліп, "Кері төңкерісшінің отбасы" деген қара тізімге алынды... Сөйтіп, Шердиманның отбасы 1970 жылы қараша айында мəжбүрлі түрде жүктерін көтеріп, Тоғызтарау ауданының Мохұр 1 коммуна, төртінші үлкен отрядының үшінші кіші отрядына сүргінге айдалды. Шердиманның əйелі Мапаш, 70 жастағы өгей шешесі – Дəмила, үлкен қызы – Мүбина, ұлы – Нүсірат, Ахат, Сəмет, кенже қызы – Қарпия сияқты алды 14 жас, кенжесі төрт жастағы сəби балаларын шұбыртып, ауылдағы егінші-малшылардың қарайласуымен қалт-құлт етіп, он жылын өткізді. Өгей шешесі Дəмила 1975 жылы Тоғызтарауда қайтыс болды".

Зейнаудын Юсыптың өз көзімен көрген Шердиман Оспанұлының тағдыры, міне, осылай. 1992 жылы ақпанда Құлжа қаласында жазылған бұл мақаланың авторы Шердиман отбасының тағдыры тек 1978 жылы оңалып, 1979 жылы Шердиманның ақталғандығын тілге тиек етеді. Біз мақаланың өзіндік стиліне құрмет етіп, кісі аты, жер атын сол бойынша қалдырдық.

Оспанның ел көзіне түсуі

Оспан ер жете бастағанда, Күртінің аяқ жағындағы Екіқызыл

деген жердегі Ақтастыдан көмей алып, егін салған. Əкесі қыста өзен бойына қыстап, жазда жайлауға барғанда Оспан ойда қалып, егіншілікпен шұғылданатын. Ол ат жақты, ұзын жал тұмсықты, қызыл күрең шырайлы, үлкен от көзді, қою шаш, сақалды əрі бойшаң, кесек, толықша денелі, ерен қайратты адам болған. Кем сөзді, сырға берік, өшіккен адамына "тістеген жерде тісім қалсын" дейтін аса ержүрек, сауысқаннан сақ, маузері жастығы астынан кетпейтін, қорамсағы белінен түспейтін, бір аты отта тұрғанда, бір

Page 14: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

14

аты белдеуде тұратын еді. Діншіл, соғыс арасында да намазын қаза қылмай жүретін, шұғыл жағдайда дереу шешім жасап, жол тапқыш, өзіндік көріпкелі бар, заман ауқымын да түйгіш, ерекше ұлтжанды ер болған.

Кезінде Оспан қайны Жарымбеттен бір ат əкеліп, егін басында жатқанда, Зуқаның жігіттері атын ұрлап мініп, зорықтырып далаға тастайды да, ат өледі. «Мал ашуы – жан ашуы» болып жүрген сол күндердің бірінде бір топ ұры əкесінің жылқыларын қуып кетеді. Ұрылардың соңынан атын жайдақ мініп, қуып барған Оспан шұңғыл Қайса, Томажан, Кəрмен, Төлегетай бастаған ұрылардың бəрін бірдей ұрып жығып, байлап əкеледі. Ұрылардың тағы да Зуқаның жігіттері екенін көрген əкесі қоя бергізеді.

Жалғыз өзі бес бірдей жігітті ұрып жыққанын естіген Зуқа Оспанды шақырып алады.

– Оу, балам, бес кісіні бірдей қолға түсіргенің рас па? – дейді. – Рас, – деп, Оспан шұңғыл Қайса бастаған бес тентектің

айыбын мойындатады. – Рас болса, далада бір мас жатыр, соны əкеліп анау төсекке

жатқыз, – дейді Зуқа. Оспан сыртқы іргеде серейіп жатқан алпамсадай біреуді бас

салғанда, анау мас емес екен, жағаласа кетеді. Оспан да күш жинап, алыптың қол-аяғын сығымдап көтеріп əкеледі де, үйдің оң жағына күрс еткізеді.

– Жарайсың, балам! – дейді батыр. Əлгі алып мас емес, Оспанды сынамаққа жатқан Омырауқара деген балуан екен. Батыр қажы Оспанды үйіне қондырып күтіп, ертеңіне ат мінгізіп, асылдан шапан жауып, терең ойға шомып, күбірлеп біраз отырады да, ішіп отырған шəйін ұсынып, былай дейді:

– Е-е, балам, кештім тентектігіңді. Сілəмнің басын оңға қаратады екенсің. Бір тентексіз ел де текті болмас. Келе-келе керейдің кержақ биі атанады екенсің. Атағыңды естіп, алты алаш елеңдейді. Одан соңғысы ма, соңғысы... Əттең, кеш арты бұлыңғыр, көзім жетпейді... Байқа, балам, байқа! Аса қайрат бас жарар, – сөзінің аяғын жұтып барып тоқтайды да, «Ері жоқ – ел жетім», Аллаһ алдыңнан оңғарсын! – деп бата беріпті.

Тағы бір жолы Оспан əкесінің інісі Тоқажанның қызы Куай дегенді моңғол жеріне нағашыларының біріне ұзатып барыпты. Моңғол үкіметі ұзатқан қызды шешесімен қайтарып жіберіп, Оспанды алып қалады. Оны Баян-Өлгей аймағына апарып

Page 15: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

15

қаматады. Қасындағы жолдасы Ақия екеуі қамаудан қашып шығып, шекараға келгенде, қайта қолға түседі. Шеріктер оларды ұстап алып, Баян-Өлгейге тартады. Қапысын тауып, қамданған Оспан əскердің біреуін өлтіріп, бір бесатар, бір қылыш, 500 оқ алып, қашып құтылады. Мылтықты бір жерге жасырып қояды. Бұл 1934 жылдар шамасы еді.

Оспанның ортаға шығуына себеп болған қоғамдық жағдайлар

1933 жылғы 12 сəуірдегі өзгерістен кейін Шыңжаңның əкім-

шілік-саяси қазына билігін қолына алған Шың Шысай бір мезгіл халыққа жақсы істер тындырып берген болса да, айуандық бейне-сін жасыра алмады.

1935 жылдың соңынан бастап Алтай өңіріне де жансыздарын қаптатып, сынықтан сылтау іздеді. Осы арқылы жалалы істерді молайтты. 1939 жылы наурызда Шыңжаң өлкелік сақшы мекемесі Алтай аймақтық сақшы мекемесіне бұйрық түсірді. Онда Үрімжі-дегі Қожанияз, Бұрхан, Баймолла сияқтылар ұйымдастырған жаңа үкіметке қарсы ұйымның Алтайдағы қазақ пен ұйғырлар арасын-дағы тіректілерін ұстау айтылған. Бұл кезде Қазақстан жерінде де сталиндік саяси қуғын мен қырғындау торын барынша кеңге жайған кез еді. Осы зұлматпен тамырласа қастандық сайлаған Шың Шысай да елдің сорпа бетіне шығарларына шырғасын жайды. Үрімжіден Қожанияз, Бұрхан, Баймолла бұл құрбандыққа алдымен ілінсе, Алтайдан Əсен бай, Ғопыр шаңия, Мұхаметхан дамолла бастатқан жиырмага жуық адамды ұстады. Осымен қатарлас ойдан жасалған "Қытай-Мұсылман мемлекетін" құру ұйымының мүшесі деп Алтайдан Сəлім, Шабдан, Қамбар, Темірғали, Ақмолла, Мəңкей, Халел сияқтылар ілгерінді-кейінді қолға алынады. Іле-шала Алтай халқына енді. "Мəуленов делосы" деген пəле жабы-сады да, Алтынбек, Нұртаза, Əбдібек, Əбілқасым, Шерияздан, Нығмет секілді жиырма шақты адам ұсталады. Бұл аз болғандай «үш тал сіріңке оқиғасына» қатысты деп қырық шақты адам нақақ қамауға алынды.

Page 16: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

16

1939 жылы қыркүйекте Шың Шысай үкіметі өлкелік "Моңғол, қазақ, кырғыз құрылтайын" ашамыз деген желеумен Шыңжаңның жер-жерінен үш ұлттың ең беделді 280 адамын Үрімжіге шақырып алды. Алтай аймағынан уəли Шəріпхан, Əлен уаң, Əбілмəжін гүң, Бұқат бейсі, Сағидолла бейсі, Тəбін бейсі, моңғол Шөлтім бейсі, Қабыл тəйжі, Оспан тəйжі, Дəлелхан тəйжі, Жəнімхан тəйжі, Дəулетше тəйжі, Көкенай тəйжі, Ғалым тəйжі, Рахат тəйжі, Боранбай тəйжі, Нəзір тəйжі, Мұқаш Жəкеұлы, Ямылиха мүфти, Раздан имам, Бəди молла, Қалибек үкірдай, Татай тəйжі, Нұрмұхаммед үкірдай, Ыбырайхан үкірдай, Сүлеймен үкірдай, моңғол Жолды залың жəне Нəсіпхан, Қазанбай, Енжілхан, Керейбай сияқты қырық шақты адам Үрімжіге шақырылып, мырза қамаққа отырды. Артынан олардың арасынан Шəріпхан, Əлен, Бұқат, Мұқаш сияқты кісілер қолға алынды. Бұл жағдайлар Алтай қазағына зор қорқыныш пен үрей əкеліп, олардың кегін қозғады. Бұған қоса алман-салық үздіксіз көбейіп, күн көріс қиындай түсті. Əрі түрлі сьлтаулармен Алтайға орналасқан үкімет əскерінің саны 8 мыңға жетіп, оның ат-азығы халықтан болды.

«Қорыққан бұрын жұдырықтайды» демекші, халық ғазабынан сескенген Шың Шысай үкіметі 1939 жылдың қазанынан бастап, Алтайда кару-жарақ жинау қимылын бастады. Халық қолындағы қаруларын берген болса да, үкімет жағы сенбестіктен қысымға алды. Елбасыларын Сарсүмбе (Алтай) қаласына жинап, құрал тапсыруға зорлады. Бұл жəйттен хабар алған Көктоғай, Шіңгіл аудандарының елбасылары "барсақ көретін күніміз сол болмақ" деп қару жинау жиналысына бармай қояды. Осы тұста Шіңгіл ауданынан Рысбек, Керім бастаған 40 əскер ел арасына шығып, Баянбай, Байқадам, Сакса-бай, Бөкейхан, Дөнен, Жақыпбай, Сүйен сияқты адамдарды арт-артынан тұтқындайды. Күллі Алтайға ғана емес, алты Алашқа мағлұм ғұлама ақын, діни басшы Ақыт Үлімжіұлын Көктоғай ауданынан тұтқындап, мешітін өртеп, Құран кітаптарын жыртып, аяққа таптайды. Төменгі Алтайдан Құбыжап, Қарағұл, Өнерхан секілді елбасыларын түрмеге қамайды. Сөйтіп, ел басына күн туып, тыныштық шайқалады. Халық қан жұтып қаймығады. Осылайша Оспан сынды ел ұлдарыньң атқа мінбесіне болмады. "Ереуіл атқа ер салатын, егеулі найза қолға алатын" кез жетеді.

Оспан атқа қонды

Page 17: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

17

Үкімет тыныш жатқан жыланның құйрығын өзі басты.

Ұйқыдағы көкжал орнынан тұрды. 1936 жылы Оспан Моңғолиядан мылтық əкелді деген өсек

шығып, алғаш мылтык, жинаған кезде мылтықты тапсырып береді де, жасырған қылыш пен оқты алып қалады.

1939 жылы 24 желтоқсан күні Шың Шысай үкіметі Ақьт қажыны ұстайды. Жұма намазына жиналған жұрт шеріктер жағы-нан мешітке қамалса да, Ақыт қажының замандасы Иманбай орайын тауып ұлы Есімханға сұмдық хабарды тізгін ұшында жеткі-зеді. Ақынды құтқаруға үлгере алмаған Есімхан бармағын шайнап жүргенде, үкімет өзіне сұғын қадайды. Осындай қысылтаяң сəтте Есімхан Оспанды іздеп табады, əрі ақыл қосып: "Сенде құрал бар ма? Құрал болса, қамданбасақ болмас. Мылтықты үкіметке тапсыр-майық, маған сен", – дейді. Өз ойының үстінен түскен азаматқа Оспанның да іші жылып: "Менде оқ пен қылыш бар, мылтық табу да қиынға соқпас, бірақ ат-көлік жағдайын қамдамасақ болмас. Сенімді серік, сенер ат, сермелер семсер сай болса, қусақ жетіп, қашсақ құтылар едік", – дейді. Сөйтіп ант байласқан соң Есімхан Оспанға əкесі Иманбайдың ақсұр аты мен Тоқажанның қарала аты деген екі сəйгүлікті түнделетіп жеткізеді. Оспан бір сөтке ішінде қару-жарақты дайындап үлгереді. Осы кезде Көктоғай ауданының қуыршақ əкімі Шүй Ырлиң Керім дегенге Есімханды іздетеді. Есімхан оның өзін байлап тастап, ізінше əкім бастаған 7 адамды өлтіріп, қолын қандайды. Алғашқы айқаста Оспан тағы да оққа кетеді де, əкімді өлтірушілердің ішінде інісі Дəлелхан мен ұлы Шердиман болады. Осыдан кейін Оспан, Есімхан бастаған жүзге таяу адам Көктоғай аудан қалашығына шабуылға өтеді. Нəтижеде Мəулия, Сəтіш, Қапас Қобдабайұлы сынды үш адам оққа ұшып, қалашықты ала алмайды.

1940 жылы наурызда Көктоғай елі Шіңгілге қосылады да, жоғары-төменгі елге хабар айтып, құрал тапсырмай, Қытай əскерлерін қуып шығуды үндейді. Көктоғай қалашығына жасалған бірінші шабуылда бір қыдыру қару-жарақ олжалаған Оспан қолы ендігі жерде өліспей, беріспеуге кіріседі. Сүлеймен Нүсіпүлы, Мұса Тұрақбайұлы секілді батыр да мерген азаматтармен қосын нығая түседі. Шіңгіл елі де сарбаздарға үн қосып, жеңісті шерулер етек ала бастайды. Сартоғай, Бұлғын шайқастарынан секем алған

Page 18: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

18

жау қолы шайлыққан жүрегіне кек орнатып, ұлт-азаттық күресін жөргегінде тұншықтыруға ұрынады.

Жау жағы өз күштерін жанталаса көбейтіп, Көктоғай мен Шіңгілдегі əскери бөлімдерінен тыс Үрімжі, Шонжы, Алтайдан екі мыңға тарта құралды жасақ топтады. Танк, соғыс аэропланы, зеңбірек сияқты барлық озық қаруларын іске қосып, қазақ сарбаздарын жалмай салғысы келді. Шағаніргеден басталған сұрапыл шайқастар Асқабыл, Шаймүрат, Жанабіл, Тəлікен, Сағындық, Қасым, Əштен, Ноғайбай, Зəтелбай, Дағыстан, Ақтеке сияқты ерлерді жалмаса да, жау жасағын да қанға батырып, кыр-ғынға ұшыратты. Көптеген қару-жарақ олжалады. Бұлғын, Қаптық, Қарағайты, Ақтас, Қарашора, Қарасу, Күрті секілді жерлердегі қиян-кескі ұрыстарда бірде жеңіп, бірде жеңіліп, тұрған қазақ қосыны өздерінің осал еместігін əйгіледі. Жау жағы бірде зеңбірекпен атқы-ласа, бірде аэропланмен бомбалап, жерден де, көктен де қаһарын төгіп, өлермендене шабуылдады. Өр Алтайдың табиғатын бекініс еткен қазақтар жағы тау-тасты паналап, қайтарма соққы берді.

Осы күндерде, яғни 1940 жылдың шілдесінде Оспан 40 жасағымен жон Алтайдан Жапсар жайлауы арқылы Қуертіс бойына келіп түседі. Өзеннен сал байлап өтіп, Көктоғай ауданына қарасты Күрті деген жерде тұратын Шың Шысай үкіметінің почта пунктін ұстап жатқан 7 əскерін тұтқындайды. Сарсүмбе жақтан Көктоғай қалашығына бара жатқан екі почтальон бұлардың үстіне түсіп қалады, бірі қытай, бірі ұлттық екен. Оспан оларды сұраққа тартып, кейінгі жақтарында 40 əскердің корғауымен 200 түйеге артқан қоры (əскери жүк) келе жатқанын, оның ішінде оншақты түйеге артқаны оқ дəрі, қалғандары азық-түлік, киім-кешек сияқты заттар екенін біліп алады. Андып жатып орайы келгенде тап берген оның қолы еш шығынсыз 200 түйеге артқан жау кіресін қолға түсіріп, қосынын толық каруландырады. Көтерілісші косынға зор медет беріп, келелі жеңістерге рухани жəне заттық негіз қалады. Оспан-ның тікелей жетекшілігімен өріс алған Таршаты, Аршалы, Ащылы, Ышқынты шайқастары түгелімен жау жағын қоғадай сыпырып, қанға бөктірді. Шың əскерлері арт-артынан қырғын тапты.

Оспан тұтқиылдан жол тапты

Арт-артынан ойсырай жеңілген Шың əскерлері қазақ қолын қарумен бағындыруға дəрменсіз болды. Аэроплан арқылы үгіт

Page 19: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

19

қағазын таратып, көтерілісшілерді келіссөз өткізіп, бітім жасауға шақырды. Мырза қамақта отырған Бұқат, Халел секілді кісілерді босатып, Көктоғайға əкелді. Жəнімхан, Рахат, Шəри, Дəлелхан, Нəзір сияқты ел біліктілеріне халыққа насихат айтқызады. Шың Шысайдың қайын атасы Чю Зұңжүн де халықтан кешірім сұрап, ел мен үкіметті жарастыру мақсатында Көктоғайға келді. Сөйтіп, 1940 жылы қазанның 18 жұлдызында көтерілісшілер мен Шың үкіметі алты түрлі бітім шартқа келісті.

1. Бұл жолғы көтеріліске қатынасқандардан ешқашан, ешқан-дай жауапкершілік сұрастырылмайды.

2. Түрмеде барлық адам босатылады. Өлгендердің сүйегі бері-леді.

3. Аймақ, аудан бастықтарына жəне аймақтық мекемелердің негізгі басшылық орындарына жергілікті халықтардан адам қатынасады.

4. Көктоғай, Шіңгіл аудандарындағы Сақшы мекемелерінің бастығы немесе бастықтың орынбасарлары жергілікті халықтан болады.

5. Көтерілісшілер қолдарындағы қару-жарақтарын үкіметке тапсырып береді. Оның есесіне үкімет аймақ орталығында ғана белгілі əскер тұрғызғаннан басқа, өзге аудандарда, өте-мөте Көктоғай, Шіңгіл аудандарында əскер тұрғызбайды.

6. Халықтан алынатын алым-салық жеңілдетіледі. Əрі осы жолғы көтеріліс тұсында қиыншылыққа ұшыраған халықты үкімет көмек көрсетіп құтқарады.

Қашан да жүзінің жылысын сыйлап, тісінің ағымен алдауға тырысатын қытай саясаты көп өтпей, бет бүркенішін алып тастап, айуандығын əшкереледі. Елдің талап-тілегі жайында қалып, Шың үкіметі қаніпезерлік танытты. Халықтын ғазабы қайта көтеріліп, 1941 жылы маусымда көтеріліс қайта бұрқ ете түсті. Бірақ ел ішіндегі алалықты пайдаланған Қытай саясаткерлері "аюдың өз майьмен өз етін қуыруға" кірісті. Бір мезет елді алдаусыратып тұрып, 4 мыңнан астам əскери күш жұмсаған Шың үкіметі жермен де, əуемен де сұрапыл шабуыл жасады. Бір жағынан Жəнімхан сияқты инабатты адамдар «құдай, құран» деп елді құрал тастауға насихаттады. Дағдару күйіне түскен көптеген адамдар үкіметпен шарттасуға келісті.

Ал, Оспан ше? Оспан:

Page 20: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

20

– Кеше ғана өтірік айтып, бізді алдаған үкімет енді шын айтады дегенге кім нанады? Бағынғысы келгендер, қытайға сатылғандар қала берсін, мен кеттім! – деп келіспестік танытты. Осы жайлы əңгіме өрбігенде Оспанмен бірге болған баласы əрі жауынгер қатарындағы Нəби Оспанұлы былай сыр шертеді:

– Аналарды Қаратастағы мəжіліске шақырғанда Төлестен – Əбдірахман ауылы, Оспан ауылы, Тіркеш (Қапастың əкесі) ауылы, Сайеке ауылы сынды төрт ауыл мен Сүлеймен Бектұр бірге көшіп, өзен бойына түсіп кеттік (бұл əсілі елдің бөктерде күземдегі кезі), бізбен бірге Келес, Қəдірбайлар бар еді. Біз Ертістен өтіп бара жатқанда, Ақанай Ақытұлы қатарлы бірнеше адам елбасыларының тапсырмасын жеткізіп:

– Бағынсақ бірге бағынайық, бөлініп-жарылмай, не көрсек те бірге көрейік, – деді.

Бірақ Оспан: – Біз бағынбаймыз, үкіметке олар сенсе де, біз сенбейміз. Ал,

бағынамыз дегендерге тосқауыл да етпейміз, – деп қайтарады. Сонан өзеннен өтіп, Қарағандышібе деген жерге шығып кеттік.

Біздің артымыздан қуып келушілер болмады. Үрімжіден Алтайға бара жатқан кірекештердің түйесі мен күрішін тартып алдық. Ақпанның басында Мəмиле зəңгі, Уатқан би, Мағауия залың сияқты кісілер үкіметке өкіл болып келді. Олар: "Керейдің игі жақсылары бағынды, ал енді қалған аз ғана топ не қылмақ? Бала-шағаның күйін кетірмей, елге зəбір тигізбей бағынған жақсы", – деген үкіметтің сəлемін жеткізді. "Егер бағынбаса, құрал күші арқылы бағындырамыз", – дегенді де айтты деді. Жəне осы мазмұндас жазылған қағазды да əкелді.

Оспан: – Халел мен Бұқатты жетістірмеген үкімет, бізге не жақсылық

қылсын? Мен бағынбаймын. Əрі үкіметке сенбеймін. Өлсем жастығымды ала жатамын! – дегенді айтып кайтарды.

Оспан əккі үкіметтің қанды қақпанын баспастан, ертеңді ойлады. Шың үкіметінің зұлымдығынан қашқандар оның қол астына жиналды. Оспан қару-жарақ сайлап, қосынын ретке салып, ұлт азаттығы үшін бел шешпей күресуге ант етіп, құм даланын құшағын жаралы көкжалдай кезіп, келешегіне асықты.

Оспанның жеке шеруі мен алғашқы қосыны

Page 21: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

21

Шың Шысай үкіметі: "Күн жылынып жаз шықса, Оспанның етек-жеңі кеңіп, Алтай тауына шығып кетсе, еркін қимылдап, бой бермей кетеді. Ең жақсысы құмдағы қиын-қыстау кезінде талап, бас салып жөргегінде құрту керек" дейді де, 1942 жылы наурызда Бүрбіжап атты моңғолды қолбасы етіп, 200 жасақ аттандырады. Бұл мезгілде Оспан қолының атқа мінерлері 40 шамалы ғана еді. Екі жақ Үшбұлақ деген жерде соғысады, əрі жау жағының ұшағы келіп, əуеден оқ жаудырады. Жағдайдың тиімсіздігін аңғарған Оспандар қаша соғысып, құмнан сытылып, ұлы тауды бетке алып, өзен бойына жақындайды. Бірақ жау жағы ұшақпен өлермендене өкшелей атқылағандықтан, амалсыз қатын-балаларын Шəкүртіге тастап, тау жаққа сытылып шығады. Оспан бастаған бұл топта Əбдірахман, Кəмел, Зейнел, Қапас, Абзал, Зейтенер, Ыбыраһим, Шердиман, Сүлеймен Бектұр секілді ерлер бар еді. "Неден қорықсаң, қатерің содан" дегендей, осы қарулы топ ақыры Алтай ананың құшағына еніп кетті. Үкімет əскері колда қалған отбасыларды 10-15 күн шамалы қоршап жатып, мал төлдейтін сəуірде Оспан, Сүлеймен қатарлылардың қатын-баласын Сарсүм-беге айдады. Оспанның əйелі Мемей мен алты баласы бірге кетті. Мырза қамаққа алынды.

Мамырдың басында Оспан: – Үкімет Сарсүмбедегі бала-шағамды əкеліп беріп, сенім

көрсетсе, бағынамыз, – деп жауап қатады. Үкімет жағы: – Інің ауырып қалғандыктан қайта алмады, бала-шағаңды

маусымның басында Қажынаби мен Мағауия залың апарып, қолыңа тапсырады. Ышқынтыға келіп тосып ал,– деп хабарлайды.

Қажынəби Оспан қатарлылардың отбасын 300 əскермен Көктоғайға əкеледі. Олардың қомақты қосынын сырттай көрген Оспандар жау жағының қақпанын баспай, Қайыртының басындағы тауға шығып кетеді. Үкімет жағы неше рет елші жіберсе де, ештеңеге қолы жетпей, мысы құриды. Десе де, ел жақтан жеткен үгіт пен аштық-жалаңаштық жағаласқан түз тұрмысы қосын ішінде енжарлық тудырды да, болашағынан үмітсізденгендер елге кетті. Ақыры Оспан, Шердиман, Сүлеймен үшеуі ғана қалады. Бірақ көп өтпей, Кəдірбай мен Оспанның інісі қолға түсіп, бағынышты болғандарға қайта үрей туады (Кейін Кəдірбай мен інісі Дəлелхан түрмеде өледі). Бұл кезде Ошың ел жайлауға шықса, өзі етекке түсіп, ел орта жайлауға түскенде, бөктерге түсіп, бөрі аңдумен жүрген еді.

Page 22: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

22

1942 жылдың қараша, желтоқсан айларында ел ішінен адам ұстауға шыққан əскерлердің бірнешеуін өлтіріп, Сайып Халелұлы бастаган бірнешеуі Оспандарға қашып келіп қосылды. Осыдан кейін Қапас, Зейнел, Кəмелдер қосылса, іле-шала Жəмшитхан, Əбдіхалық, Шəкер, Яуда, Қапсамет келді. Жəне Келес, Кəдірбай, Мəкен Тоқашұлы, Сейіт сияқтылар қосылды. Сөйтіп, Оспан қолына қосылушылар күн санап молықты. Адам саны қырыққа жетті. Ел ішіндегі күндегі болған істі үкіметке мəлімдеп отыра- тын Мағауия деген жансыздың үйіне келгенін естіген Оспан адам жіберіп, аттырып тастады.

1943 жылы қаңтарда Шың Шысай үкіметі Оспанға қарасты ел орналасқан Өндіркараға 300 əскермен шабуыл жасайды. Қайтарма соққы берген қазақ қолы жаудың 40 шақты адамын өлтіріп, 30-ға тарта қару-жарақ қолға түсіреді. Оспан қолы ендігі жерде Құбының құмына кіріп алады. Наурыздың басында өзендегі елден тіл алу үшін барған Сайып Халелұлы Шың əскерлерімен соғысып қалып, оққа ұшады. Ақпанда Шіңгіл елінен Сұлубай, Тескенбай, Тоқтаубай бастаған жиырмаға жуық адам келіп, қосынға кіреді. Осыдан бастап мамырдың аяғына дейін Шың əскерлері мен Оспан қолы ортасында Қарамайлы, Жиек, Қүланқұдық, Балертіс, Күрті, Құжырты сияқты жерлерде бірнеше рет атыс болады. Бұл атыстардың бəрінде "ақыл мен қайрат жол табар, қашқанға да, қуғанға" дегендей, айла-шарғылармен амалын асырған қазақ қолы жаудың ілгерінді-кейінді 100-ге тарта адамын өлтіріп, қару-жарағын олжалады. Балертістегі атыста Оспанның атына оқ тиіп, қатерде калғанда Сұлубай жаңбырша жауған оқтың арасынан оны міңгестіре қашып, құтылып кетеді.

Оспан қолының алғашқы жеңісті шеруін естігендер мен үкіметтен қорлық-зорлық көріп, тісін басқандар бірден, екіден, бестен, оннан, отыз-қырықтан оның қосынына қосылады. Алтай өнірінен ғана емес, Еренқабырға, Қүмыл, Баркөл, Фуқаң жерлерінен де келіп, көп адам Оспанның қол астына кірді. 1943 жылдың маусымына келгенде жасақ саны 400-ге жеткен кемелді қосынға айналды.

Моңғолияның Оспанды қолдауы

Кеңестер Одағы Германияның соққысына ұшырап, неміс

əскері орыс даласына барынша сұғына кірген тұста Сталинмен

Page 23: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

23

ауыз жаласып келген Шың Шысай одан бет бұрды. Германия, Жапония секілді фашизмнің күшейіп тұрған шағында Шың Шысай олармен тіл біріктіріп, іргедегі Кеңес үкіметіне жаулық білдірсе, оның зардабы да оңай болмас еді. Ендеше, мұндай жағдайда Кеңес Одағы не істеу керек? Олай болса, жаңадан шыққан жас барыс Оспан Шың үкіметінің мазасын алып жатыр екен, əрине оны қолдау қажет болады. Сол арқылы бір жағы Шың үкіметіне маза бермеу, екіншіден Оспанның да моңғол жақтан ойран тудыруының алдын-алуға болатынын болжап біледі. Сөйтіп, Кеңес үкіметі Моңғолия арқылы Оспанмен тіл табысуға жол табады.

1943 жылы тамыздың басында əуелі делуіндік руы молқы Қамқаш бастаған халық өкілдерін жібереді.

Олар: – Сендердің Шың үкіметіне, Гоминдаң ға қарсы қару

көтергендерің дұрыс. Күрес халықтың азаттығы үшін жүргізіліп жатқандықтан Моңгол үкіметі сендерді қолдайды. Кезі келгенде көмек көрсетуге де дайын екенін айтып, туысқандық тұрғыдан бізді жіберді, – дейді.

Оспан жағы келген адамдарды бірнеше күн жатқызып, ақыл құрайды да:

– Біз сендерге тиіспейміз, егер моңғол жағы шынында да бізді қолдаймыз десе, үкіметтің жауапты органынан арнайы адам келсін, біз де сүйеніш болушыдан қашпаймыз, – деп қайтарады.

Көп өтпей моңғол жақтан екі адам келеді. Олар əкелген қағазда: "Сіздер екі рет көтеріліп, екі рет күшпен басылдыңыздар. Біз ұлттық көтерілістеріңізге көмектесеміз, бізден күмəндан-баңыздар, сіздер бізге адам жіберіп, сөйлесіңіздер", – деген мазмұндағы сөздер бар еді.

Оспан оған сенімді батыры Қапас пен өз ұлы Шердиманды жібереді. Олар он шақты күн жүріп қайтып келеді. Моңғол жағы оларды ыстық ықыласпен қарсы алып, екеуіне екі маузер беріп қайтарыпты, əрі қыркүйектің ішінде Үшергеншек, Саралақаз асуынан кездесуге келіседі.

Осыдан кейінгі əңгімені Шынай Рахметұлы былай жалғайды: "...1943 жылы қазанның 5-інде Оспанмен Ішкі істер уəлиінің

орынбасары полковник Дуйінхаржаев кеңесшісі Пахомов Қайырты асуында кездесті. Қастарында Бұлғын отрядының топ бастығы Д. Аюуш, казақ офицері, тілмаш Мардандар бар. Оспан жағынан Ғаппас, Жолдыбай, Александр, Чернеев сияқты 40 адам қатысты.

Page 24: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

24

Дуйінхаржаевтар Оспан қолына 27 винтовка, 2600 оқ, 10 маузер, 600 метр мата, батырдың өзіне 1000 сығым ағылшын автоматын тарту етті. Оның қарымтасына Оспан 82 ат, 8 кілем, 137 грамм алтын сыйға тартты'".

Осыдан көп ұзамай Бұлғында Оспан Батыс шекаралық əскер əмірі Батын Доржымен кездеседі. Ол бұл жолы қару-жарақ мəселесімен қоса, Моңғолияның Уенч, Қүжырты өлкелерінің Алтайға босып барған бір бөлімін ауылдағы өз туыстарымен қауыштыруға кіріседі. Бұл барыста моңғол жағы да тек отырмай: "Өткенде Алтайдың күнгей беті жəне Ханоба, Қатыноба, Бəйтік деген жерлер Моңғол патшалығына қарасты жер болатын. Енді осы жерді өзімізге қаратып алсақ..." дейді. Бірақ Оспан келіспейді. Екі жақ бұдан кейінгі қарым-қатынас жəне қару-жарақ жөнінде тоқтамға келіп, қыста Бұлғында кезігіп, көмек алуға келіседі.

Оспанның хан сайлануы немесе

Жəнібектің ақ туын көтеріп шығуы Алтын Алтай алқабындағы əйгілі арыстың бірі – атақты батыр

Жəнібек Бердəулетұлы еді. Көк бөрі колдаған əруақты батыр жоңғарларды жеңуде зор үлес қосқан болып, жүрегіне түк біткен батырлығымен қоса шешендігі де қатар аңыз етілетін. Елді байырғы мекені болған Алтай, Тарбағатай өңіріне бастап келген оның сүйегі Қалба тауында қалса да, артындағы ұрпағы атын ұранға қосып, өзін қастерлеп келді.

1943 жылы қыркүйектің соңында Оспан Өр Алтайдың Бұлғын деген жерінде қосынын ретке салып, Жəнібектің ақ туын алып шығады. Ақ тудың алдында жүрелеген мыңдаған сарбаз қолын қызыл қанға батырып: "Тірі болсақ, бір төбедеміз, өлсек, бір шұңқырдамыз. Халықтың кегі үшін аттан түспейміз, жауды қуып шықпайынша, бел шешпейміз. Өлсек шəйіт, тірі болсақ қазымыз", – деп ант береді. Мойындарына ақтық байлап, жаназа окытады.

Елдің осы ұлы жиыны батырды хан сайлауды ұйгарып, ақ киізге отырғызып, атпен көтеріп, хан сайлады. Алдымен киіздің екі жағына ағаш байлап, ердің қасына салып көтерді. Əрі Мұхамеджан, Қыстаубай Кəріп зəңгі, Шақабай Ыдырыш зəңгі, Лəтіп сияқты төрт ақылшы сайлады. Əскери істерге жауапты болып Сұлубай белгіленіп, орынбасары Кəмел болды. Молқы жасағына – Қапас, Қарақас жасағына – Қаби Халелұлы, Жəнтекей жасағына –

Page 25: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

25

Тескенбай, Қуанышбайлар жəне Əбдірасыл тағайындалды. Осы науқан тай сойып, бəйге салып, думанмен өтті.

Оспан қолы осылайша кемелді əскери түс жариялап, қатаң тəртіп белгілеп, арнайы соғыс жүйесін қалыптастырды. Моңғолия жағынан ақылшы болып Қалқабай, Бейілхан, Марқаба, Солтан, Ғабдыл, Құрманхан қатарлы адамдар келді.

Оспан мен Чойбалсанньщ кезігуі

Бұл тақырыпта қалам тартқанда сөзді Моңғолиялық қаламгер Шынай Рахметұлына берелік:

"Моңғолияның Батыс шалғайындағы Алатөбе баурайындағы далалық төтенше əскери Тұрпанның штабында Чойбалсанға арнап, екі киіз үй, шатырлар тігілген еді. Киіз үйлердің əдемілігіне көз сүрінеді. Үй қасындағы ұзын сырық басында қызыл-көкала мемлекеттік жалау, əлем-жəлем тулар желбірейді. Маршал далалық төтенше топтьң бастығы Дорж жəне басқа адамдармен, малшы қауымымен кездесіп, əңгімелесті. Сонан соң басты бұйымтайына көшті.

Жаралы жыртқыштай Алтай асқарларын кезіп, азаттық жолын-да жанталаса күресіп жүрген Керей ханы Оспанмен кездескісі келетінін айтты.

Орталықтан ту қиырдағы Алтайға келген басты мақсаты осы еді. Аз уақыттан бері жылы шырайлы қарым-қатынасқа сай Дорж: "Чойбалсанмен кездесесіз бе?" деп хабар жіберіп еді. Оспан бас тартқан жоқ.

– Дорж жолдас, Оспанмен жолыққанда қандай жағдайда болу керек? – деді Чойбалсан сəл жүрексініп, Дорж біраз күмілжіді де:

– Оспан бірбеткей, əрі секемшіл кісі, іске шұғыл, сөзге морт, бір қыңырайса, бұрылмайтын қатты мінезді адам ғой, неғұрлым оңаша кездескеніміз ақыл болар, – деп өткен қазан айында Оспанды қонакқа шакырып, өткізген кездесуін одан кейін де арада болған жайларлы еске алды. Оспанды қарсы алудың қамына түгел қауырт кірісті. Қайтадан хабаршы шапқылатты. Орын-жай, құрметті қарауыл əзірлетті Онымен коса үкімет басшысының "сақтығы ескеріліп, кездесу өтетін үйдщ іргесіне айнала терең ор қазылып, оған қарулы əскерлер отырғызылып, беті далдаланды. Кешікпей-ақ, Абақ керейдің ақырғы ханы, батыр Оспанның өз төбесі де көрінді. Жүз қаралы қол екі-екіден сап түзей, қатты келе жатты да, тақағанда тізгіндерін іркіп, байсалды аяңға басты. Жол

Page 26: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

26

бастаушы қара жорғалы кейін шегініп еді, бірінен-бірі əсем басқан егіз жиренге мінген екеуі еңгезердей ақ боз аттыны ортаға алып, алға түсті.

– Алдарынан өрімдей үш жас жігіт шығып, иіліп сəлем бергенде, алдыңғы үш мейман аттарынан түсті. Даяшы аттың шылбырын қатар ұстамақ еді, иесі ырғып түсіп, тізгінін үстіне бос салғанда ақ боз ат жатырқай, осқырынып кейін шегінді. Оны ұстауға барған жігіт тосаңсып қалды. Меймандарды тамашалап, əсіресе ерке мінезді ақ боз атқа қызыға қараған маршал Чойбалсан бір басып, екі басып, салқын жымия ілгері аттады. Жасы елуге жеткенімен сақал-мұрты тұтасып өскен, денелі, сұңғақтау бойлы, үш құлақты, түлкі тымақ, түйе жүн қалың қара күпі киген қарасұр кісі ақбозына қарап: "Жəй, əуре болма, өзі тұра береді" дегендей жігітке қолын ақырын сермеді. Көксауырлы етікті домбал аяғынын біреуін сілти басып, екі жолдасын ертті де, қарсы алдарында өздерін күтіп тұрған салтанатты топқа қарсы жүрді. Соңғылар əудем жерге іркес-тіркес келіп, жапа-тармағай түсіп, аттарын байлап жатты. Ер əбзелі күміс ақ боз ат күпілі иесін барандап келіп, оқыранып байырқалап тұрып қалды. Ақ боздың иесі – атақты Оспан деген осы.

Қандай көзқарастың адамы екенін саяси жағынан бағалап, кесіп-пішудің өзі қиын, қазақтағы күрделі тұлғаның бірі – Оспан батыр осы еді.

Анау аяғының сылтымасы да өжеттіктің белгісі, айқастан қалған таңба. Ел басына күн туғанда, "Аттан!" сала алғы шепке шыққан батыр айбынды еді:

– Уа, кəпір болмасаңдар, ер соңымнан! – деп атын ойнақтатты. – Ермейді екенсің, құдайдан бездіге санап, аяусыз жазалаймын.

Қасарыссаң, малыңды шауып, ошағыңды ойран қыламын! Қанға, дінге кызған халық тағдырын ойлағандармен қоса Ошыңның сұсынан қоркып, сесінен сескенгендер де атқа конды. Қосылған қол, құрылған сап үсті-үстіне молая берді. Олар осылайша бір ауылдан екінші ауылға келіп, иланбағанына, қоянбұлтаққа салғандарға ашық атой салды. Осылайша топ толыса бастаған бір күні Тескенбай жетті танаурап.

– Жə, не болды? – Ойбай, Мағауия бауырыңыз шүршіттермен байланыс жасай-

тын болыпты!... – Жоғалтындар көзін!.. Əмір осы.

Page 27: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

27

Əмір орындаушылар ат үстінде тұрып, мылтығының үңгісімен маңдайшаны түріп, төрінің қақ басында отырған Мағауия залыңды қасқа маңдайдан атып тастаған...Мəртебелі, құрметті, қош келдіңіз, халіңіз қалай? – деді өз тобынан суырылып шығып, сəлем берген Чойбалсан жылы жүзбен амандық сұрап:

– Дала кезіп, қонысынан ауған елден қандай хал сұрайсың, жайымыз осы ғой, Чойбалсан, өз денің сау, елің аман ба? Еліміздегі арқа тұтқан ағалар, ардагерлер тұтқындалып, Шүршіттің торына түскен соң күніміз қараң болды. Бірақ үмітсіз – шайтан. Құдай оңдаса, бəрі де орнына келер, – деді. Алтайдын қарлы кыраттарын отты қоңыр көздерімен мұңая шолып, терең күрсініп.

– Жарайды, ал енді кіріңіз үйге, асықпай əңгімелесерміз. Сонан соң сіз екеуміз оңаша сөйлессек абзал болар еді-ау? Екеуі бір-біріне қарап, салқын жымиысты.

– Мақұл, десе де менің мынау екі серігім – Сүлеймен мен Тескенбай өзіме ере жүрсін. Бұлар да Кеңес тыңдасын да.

– Мен тек сізбен ғана əңгімелессем деп едім. – "У ішсең, руыңмен"' деген сөз бар біздің қазақта. Мен

руыммен кіргелі тұрған жоқпын ғой, бір ғана кісімен, мына Сүлейменмен кірейін.

– Мақұл, дегеніңіз болсын. Десе де, əдейілеп шақырған қонаққа қас істемейміз. Қанеки, кіріңіз, – деді босағаға таяп келіп.

– Жоқ, алдымен өзіңіз кіріңіз, ханы тағында, халқы ор- нында тұрған отырықты елдің патшасысың. Ал, біз...

– Олай емес Оша, сіз де елбасысыз. Басшы болғанда азаттыққа талпынған елді қой бастаған серкедей соңына ертіп жүрген мəртебелі азаматсыз. Жол-жораға келсек, менің алдымда Сүхбатар болғанын білетін шығарсыз, əрі құрметті қонақсыз, жол сіздікі, – деп Чойбалсан жол береді.

Əскери өкілдердің кездесуі сипатындағы алдыңғы келіссөзде екі жақ мынаған келіскен еді. Оспан сарбаздары Моңғолияға қарсы арандатушылық жасамау жəне МХР-нан материалдық көмек алу, өздерінің үй-жайларын мал-мүлкімен шекара бойына қоныстан-дырып, Гоминдаң ға қарсы күресін жалғастыра беру.

Чойбалсан мəселенің жай-жапсарына қанық бола отырса да, бетпе-бет кездесіп, жүзбе-жүз əңгімелесу үстінде Оспанның шын ажуайын аңғарғысы келіп, тыңнан сұрақ қойды:

Page 28: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

28

– Гоминдаң шылдар сізге де, бізге де жау. Тізе қосып, соған қарсы көтерілсек, күшейе түспес пе едік? Осыны бұрын неге ойламадық?

– Солайы солай ғой. Бірақ "жау жағадан алғанда, бөрі етектен" деп, олар бір жағынан қыспаққа алғанда, сіздер екінші жағынан атойлап, маза бердіңіздер ме? Гоминдаң - мен шегіне соғысып, шекараларыңа жеткенде сол жаумен ауыз жаласқандай-ақ, зең-біректен түтін будақтата қарсы алмадыңдар ма? Сасқан елде не күй бар? Не сын бар?

– Бұл өкпе орынды. Əйткенмен де, осылай-осылай деп алдын-ала мəмілеге келместен, бас-аяғы жоқ баса көктеп кіріп келген соң, сөйтпеске лажы болмаған шығар. Бұдан былай ондай жаңсақтық бола қоймас деп ойлаймын. Ал, анау шекара күзетінде жүрген біздің бірнеше əскерді өлтірдіңіздер, не жазығы бар еді?

– Ə, анау ма? Аз күн болса да, бас сауғалайтын жер шолып жүрген біздің топ жігіттер абайсыздан үстінен түсіп қалған екен. Өздері əй-шəй жоқ оқтың астына алыпты. Сөйтіп, жау болған соң аянсын ба?

– Сонда жауыңыз кім, сіздің? – Дініме, халқыма кім қарсы келсе, менің жауым сол! – Ошеке, ендеше өз қазағыңызды, тіпті қаны, діні, руы бір жап-

жақын ағайыныңызды оққа байлапсыз ғой, оны да естідік. – І-ім, естіген екенсің ғой, – деп Оспан бетінің түгі тіріліп, аузы

ақкөбіктеніп сызданып, сазырайып отырып қалды. Мағауияны Сартоғайда атқызғанын есіне алды да:

– Сенің білетінің сол ғана ма? Ол аз. Қанатының астына алып қорғайын деген аз ғана қолыма азық берме-ен сасық байлардың да ауылын шауып алдым, оны да біл. Ол да жақын туысым. Өзгесіне сабақ болады. Оспанға билеткісі, білгізгісі келмеді. Қалың елдің халін ойлаудан бас тартып, қара басының қамын күйттеген дінсіз, имансыз азғындарға сол керек! – деді ашу үстінде. Сəл сабыр сақтайьш деп іштей өзін тежегісі келсе де, долы мінез бой бермей, оның мінін де бетіне салық кып, табанда айтып салды:

– Əй, Чойбалсан, өткен іс өтті ғой. Менен кеткен ағаттық болса, Құдай кешсін. "Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш" деген, сен де кеш. Мен өзім сөзге доғал(шорқақ) болсам да, ойыма түскенді орайы келгенде айтып тастап, қарап отыратын қазақпын. Сөзге сөз келді ғой. "Аузыңа келген түкірік, қайта жұтсаң – əкүрік" – дейді біздің қазақ. Кірме деп қытайды, қашқын деп ақты қуып

Page 29: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

29

салдың, оның жөн-ақ. Бақдəулет қонған байлардың, дін ұстаған молда мен ламаның, білікті би мен төренің көзін құрттың. Өз заңына сəйкескен дəйек те, оныңа бас изейік. Ал ағайын да бір, жолдас та бір. Осы мен талай жыл қарулас болған қандыкөйлек жолдастарыңның тоз-топанын шығарды деп естимін, осының рас па, неге? – деді.

Чойбалсан сөзден тосылды. Түсі қарайып, тығылып, тістеніп біраз отырды да, зорланғандай езуіне əзер дегенде суық күлкі шақырып қызарақтай:

– Ол біздің ішкі ісіміз ғой. Ошеке, қане, асқа бата қылыңыз, – деп жол тауып, бұлтарып əрең құтылды.

– Алдағы уақытта қайтейін деген ойларың бар? – деді əлден уақытта.

– Бізде не ой болсын. Атамекеніміз – Алтай, енеміз – Ертіс жан-жақтан дұшпанның табаныньң астында тапталып қалды. Аяулы азаматтарымыз азап шегіп, абақтыда жатыр. Соларды азат етуден өзге не мақсат болсын бізде...

...Кешікпей наурыздың бір жаңасында Моңғолия Қобданың Бұлғын сұмын орталығында Оспанды тағы да салтанатпен қабылдап, 395 винтовка, 200 мың оқ, 30 жеңіл, бауыр пулемет, 45 автомат, 2000 гранатты қолбасшы Сүхбырдың ұлы əскери уəлиінің орынбасары полковник Гал-саннын қолымен табыс етті.

...Арада аз күн аралатып, мешін жылы наурыздың басында "сыйға – сый, сыраға – бал" жоралғысымен Оспан өз сарбазы Келес пен ұлы Шердиманды жіберіп, Чойбалсанды Шатыр тастағы ордасына қонакқа шақырды...

Осылайша Оспан батыр мен Моңғолия маршалы Чойбалсан соңғы рет кезігіп айырылды. Екеуінің бірге түскен фото суреті осы тарихқа айғақ болып, кейінге қалды.

Бұл кездесу жайында моңғол тіліндегі деректерді бізге аударып жеткізген Ақеділ Тойшанұлы («Жас қазақ» №24, 22.06.2007ж.) Моңғолия жағының жазбаларына үңіліп, тарих ғылымдарының докторы Лхамсүрэнгийн Баточирдің «Чойбалсан» монография-сынан (Ұлан-Батыр, 1996 жыл) мынадай үзінді келтіреді:

«1944 жылы ақпан айының орта шенінде Чойбалсан нөкерлерімен бірге Қобда аймағы Бұлғын сұмынына барды. Содан Чойбалсан мен Иванов Оспанмен алдымен оңаша, содан көппен бірге бірнеше рет кездесіп, байланыс жасады. Оспанның өкілдері

Page 30: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

30

Бұлғын сұмынына барып, көмекке əкелген қару-жарақты 105 түйеге артып-тартып ризалықпен аттанады.

Чойбалсан осы істің барысында И.Сталин бастаған Кеңес Одағының ресми жетекшілерімен тұрақты байланыс жасап, ақылдасып отырды.

Чойбалсан 1944 жылы 6 наурыз күні И.Сталин жолдасқа радио-шифр арқылы жеделхат жазады: «Мəскеу, И.Сталин жолдасқа. Мұнда келіп, Оспанның жағдайымен терең таныстым. Оларға көмекке əкелген заттарды табыс еттім. Оспандар зор қуанышпен қарсы алып, сый-қошемет көрсетті. Оспан мен оспандықтар Алтайды азат ететініне толық сенім бар. Бұл туралы туған жерді мадақтаған, сағынған əндерді көптеп шығаруда. Оспанды мадақтаған əңдер де туып жатыр. Тағы да қазақтың ежелгі батырларын мақтаған жырлар да көп айтылуда. Орыс пен моңғолға достық ниетте болуды көздеуде. Бұл бағытта іс-шаралар көп»

А.Тойшанұлы осы мəселелерге орай Чойбалсанның хатшысы Пунцагийн Шагдарсүрэннің «Мен білетін Чойбалсан» мемуарынан (Ұлан-Батыр, 2000 жыл) мынадай жолдарды аударған: «Уəделі сағатта Оспан қаруланған он батыр қорғаушысымен бірге аса айбынмен бізге келді. Келіссөзге Оспан өзінің жан досы Сүлейменмен бірге қатысуға рұқсат сұрады. Олар үстіне ішік, басына түлкі тымақ киіп, ағаш қапты маузер мылтық асынған, қара сақалды, кесек денелі келіскен қазақ азаматтары еді. Біздің тараптан кездесуге маршал Х.Чойбалсан, КСРО-ның МХР-дағы елшісі И.Иванов, аудармашы қызметіне Баян-Өлгей аймағының басшылығында жəне мемлекеттік кіші құрылтайда жауапты қызмет атқарған Ш.Ноғай мен Кеңес Одағынан Жапар аудармашы ретінде қатысты. Кездесуде хатшылық қызметті мен атқардым».

Маршал: «Қазақ ежелгі тарихы терең, аса қуатты елдердің бірі еді. Сендердің азаттық үшін күрестерің нəтижелі болады дегенге сенемін», – деп əңгіме өрбітіп, олардың жасын, əлеуметтік тегін сұрастырды. Оспан: «Мен 45 жастамын. Егін егіп тіршілік еткен диқан едім», – деді. Сүлеймен «52 жастамын, бұрын мал ба-қанмын», – деп өзін таныстырды. «Сізбен кездескенімізге ризамыз. Біз сауатымыз кемшін болғандықтан, сіздің кейбір сауалыңызға, достық райдағы пікіріңізге дұрыс жауап бере алмасақ, айып етпеңіз», – деді.

Оспан маршалдың сөзін аса зейін қоя тыңдап, ризашылығын білдіріп, қандастарының тұрмыс-тіршілігі, күресі туралы өз Кеңес

Page 31: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

31

шісіне баяндатқызды. Ол сөзінің соңында Қытайдың қуғын-сүргін талауына ұшырап, оған қарсы күресіп келе жатқан ел-жұртының, ұлт-ұлыстардың жағдайының аса ауыр екенін ескертіп, қару-сайман мен заттай көмекке мұқтаж екенін айтып, жəрдем сұрады. Маршал бұлардың əңгімелерін ықыласпен тыңдап, кейбір мəселелерді анықтап білгеннен кейін: «Сендердің жүргізіп отырған бұл күрестерің Алтай қазақтары жəне олармен бірге өмір сүретін басқа да ұлт-ұлыстардың шайқасып, азаттық алуына ықпал ете алатын əділетті күрес екені хақ. Сендердің тілектеріңе орай, біздің үкімет пен халық күрестеріне рухани қолдау көрсетумен бірге, қару-жарақпен де кемектесуге шешім қабылдады», – деді.

Кездесуден кейін маршал Чойбалсан Оспан мен онын нөкерлерін қонағасына шақырды. Дастарханды моңғолдың ұлттык ас-мəзірімен сəндеп, қойдың құйрық май-ұшасын бітеу асып тарттық. Бастапқыда тосырқағанымен, Оспанның көңілі көтеріліп, бірге келген əншілері əн айтып, күй тартып, қилы-қилы қызықтарды көрсетті. Бір қызықты жайт, Оспан өзінің жас батырларының біреуін шақырып алып, дастарханда тұрған семіз еркек қойдың құйрық майын іркілместен тұтастай жеп бітіруді бұйырды. Ол жігіт білегін сыбана түрегеп тұрып, бітеу асылған құйрық майды кідірместен қомағайлана асап жеп тауысып, құр сүйегін көрсеткенде қайран қалдық. Алтайдың тегене құйрық тайыншадай еркек койының майлы құйрығын жүрегі айнымай, бір демде жеп қойғанына қайран қаласың.

Кездесу аяқталған соң, дастарханға отырардың алдында Оспанның бас ауруы ұстап, қорғаушыларының біріне жіңішке қайыс таспамен басын буғызып, мазасызданды. Оны көріп, жаны ашыған маршал басы ауырғанда өзі ішетін шипалы дəріні Оспанға ұсынғанда, ол күдіктеніп ішпей қойды. Мұның өзі Оспанның əсіре сақ адам екенінің дəлелі сияқты.

Ертеңінде оларға берілетін қару-сайманның əрбірін үстелдің үстіне қойып тамашалатып, барлығы төрт жүз винтовка, екі жүз дана «ППШ» автоматы, алты ауыр пулемет, отыз жеңіл пулемет, екі мың гранат, төрт жүз мың винтовканың оғы, бес дана дүрбіні табыс етіп, бұл саймандарды меңгеруді арнайы мамандар үйрететінін ескертті. Маршал содан кейін Оспан тобына біздің елдің əскери əуе күшінің қолбасшысы, генерал М.Зайсановтың ИЛ-16 ұшағын тамашалатты. Зайсанов ұшақтың күш-қуаты туралы мəліметтерді қазақ тілінде баян етіп, одан кейін əуеге көтеріліп,

Page 32: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

32

жауынгерлік неше түрлі мəнерлерді жасады. Зайсанов жерге келіп қонғанда, Оспан мен оның батырлары қайран қалып, ыстық ықылас танытып, мəз болысты. Маршал еліміздің жастары, оның ішінде қазақ азаматы қазіргі заманның озық техникасын біліктілікпен игергенін көрсету үшін М.Зайсановты ұшағымен бірге бұл сапарға əдейі ертіп əкелген еді.

Азаттық жолындағы арпалыстар

1943 жылдың соңғы жартысында Оспан батырдың атағы төрт тарапқа жайылып, елім дегеннің барлығы оны іздеп жатты. Көктоғай ауданының атқамінер азаматтары түгелдей оның қосынына кірумен қатар, Сұлубай секілді ел серкелерінің бастауымен Шіңгіл халқы да көтерілісшілер қатарына өтті.

Күн сайын күшейіп бара жатқан қазақ қолының құдіретінен сескенген Шың Шысай үкіметі қатты карбаласқа түседі. Жағдайдың өздеріне тиімсіз күйге айналып бара жатқанынан сескеніп, қазанның соңында Сарсүмбе қаласынан бір полк əскер аттандырады. Оған Көктоғайда тұратын бір полк əскер қосылып, Оспан қосынына өлер-мендене шабуылға шығады. Стратегиялық жақтан шегіне отырып, соғыс жүргізуді жөн көрген қазақ колы Шіңгілге қарай шегіне ұрыс салады.

1944 жылдың көктеміне келгенде Дəлелхан Сүгірбаев Кеңестер Одағындағы оқуын аяқтап, Оспанға келіп қосылады. Онымен бірге Кеңес үкіметінің Моңғолия арқылы жіберген ақылшылары да келеді. Ол ақылшылар Темірхан, Əлихан, Əріпбай, Қасен, Құрмаш, Солтан, Жағыпар, Жапар, Дүйсембек, Қали, Нүрман, Сəрди сияқты кісілер еді.

Бұрынғы соғыстардағы тəжірибе сабақтарды қорытындылаған Оспан мен оның кол астындағылар ендігі жерде жүйелі жоспарлар жасай бастады. Қапас пен Кəмел, Қаби мен Жылқайдар, Нұрғожай мен Сұлубай, Келес пен Смағүл басқарған, əрқайсысы 150-200 кісілік төрт жасақ тобын құрды. Сонымен қатар уақытша қолбасшылык үкімет құрылып, Оспан бастық, Дəлелхан орын-басары болады. Бұл кезде Бурылтоғай ауданынан іле-шала Кəріп, Манат бастаған 40 шақты адам салт келіп қосылды. Қосында арнаулы мүшелер бар болып, олар Көксеген, Асхат, Кəмел, Молласлам, Сүлеймен, Əділхан, Келес, Қалқабай, Лəтіп, Əбдірасыл, Беріш сиқтылар еді. Сол кезде еңбек көрсеткен он адамға батыр атағын берді. Бұлар – Есімхан, Сүлеймен, Кəмел,

Page 33: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

33

Сұлубай, Қапас, Келес, Нұрғожай, Қуанышбай, Жұқай, Əбдірасылдар болатын.

Оспан қолының баяғы шағын қосыннан ұлғайып, кемелді əскери күш қалыптастыруы Гоминдаң үкіметінің үрейін алып, бұрынғыдан бетер жанталасқан күйге түсірді. Сонымен олар Алтай төсінде бұрыннан тұратын, өлке мен Гоминдаң орталық армия-сынан кұралған құрлық армия 28-дивизиясы, уақытша 3-диви-зиясы, атты əскери дивизиясы, 46-дивизиясы жəне кауіпсіздікті сақтау бөлімінен қарулы сақшы бөлімшесі қатарлылардан құралған зеңбірек батальоны мен танкі батальонын өз ішіне алған 11 мың шамалы адамы бар мұздай қаруланған қосын арт-артынан Алтайға аттанды.

Оспанның осыншама көп əскери бөлімді өзіне аударуы – Гоминдаң ға қарсы күрес жүргізуші басқа топтар үшін тамаша орай болды. Гоминдаң ды жоюға ұрынған коммунистік партия үшін де айрықша тиімді екені белгілі еді.

Жасақтанып келген жауға жаралы барыстай атылған қазақ қолы 1944 жылдың сəуірінде Шіңгіл ауданының Ағашоба деген жеріндегі жау бекінісіне шабуыл жасады. Ағашоба бекінісі жаудың алғы шепке қойған бірінші қарауылы еді. Ол Оспан қолының шабуылына төтеп бере алмай, тас-талқан болды. Жауды қырып, қару-жарағын олжалаған қазақ, жасағының мерейі өсіп, бүтін Шіңгіл ауданын тастай қашып, Көктоғайды паналады. Сөйтіп, Шіңгіл ауданы Өр Алтайдағы бірінші азат болған ауданға айналды. Бұл 1943 жылғы сəуірдін 13-і болатын.

Алтай аймағы бойынша Шіңгіл ауданы ғана азат етілгенмен, Көктоғай, Бурылтоғай, Алтай, Буыршын, Жеменей, Қаба аудан-дары əлі де болса, Гоминдаңның үстемдігінде болатын. Гоминдаң иелігіндегі қытай əскерінің киер киімі, ішер асы, мінер аты, əрине, халықтан еді. Сол үшін де біріншіден жауды ат-атақсыз қалдыру, екіншіден жауға шабуылдағанда халықтың қырғындалуынан сақтану үшін Оспан халықты Гоминдаңнан бөліп алу шарасын алға қойды. Сөйтіп, өзінің сенімді батырларына арнайы ақылшылар қосқан жасақтар тобын əрбір ауданға аттандырды.

Нұрғожай, Қуанышбай батырлар бастаған бөлімше мен Ноғай, Əбдірасыл, Манат басқарған бөлімше Моңғолия шекарасын бойлап, Өрмегейті, Китіңарша арқылы өте шығып, Қара Ертіс пен Сұмдайрық өзені аралығындағы Құлынембес, Екіарша, Ақбұлақ, Ушілік сияқты төр жайлауларда отырған Сарсүмбе халқының

Page 34: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

34

жартысы мен Бурылтоғай ауданы халықтары арасына келді. Қаби Мұхаммед басқарган бір бөлімше Жағаштай, Қомбасы арқылы өте шығып, "Арал" деген төр жайлауда отырған Сарсүмбенің қалған халқы мен Буыршын халқы арасына келді. Келес, Жылқайдар, Тескенбай батырлар бастаған, Əріпбай, Құрмаш ақылшы болған бір бөлімше Жеменей ауданы мен Қобық ауданына қанаттас Сауыр тауының Қарағайты сияқты төр жайлауында отырған халықтардьң арасына келді. Осылайша Оспан бастамашылдығындағы бүкіл Өр Алтай жауды қуып шығып, атамекенді азат етудің жеңісті шеруіне қадам басты. Ұлт азаттығы үшін ұрандаған ұлдар мынадай марштар айтты:

Ай-хай ел, туған жер, Туысқандар бізге кел. Сауырдан біз бет алдық, жер Қабаға, "Жəнібек" деп сыйынып ер бабаға! Табан асты езгімен қырғындаған, Бұл қытайдан қорыққанмен жан қала ма?! Жан туды ма жалғанда Шəріпхандай, Сəуле шашқан халқына жарық таңдай. Мəнкей, Ақыт, Халелді тағы өлтірді, Жан жағады Қытайға енді қандай?! Бұқат бейсі қазақтьң кемеңгері, Көрге тықты-ау қытайдың жемеңгері. Ел басына күн туды екі талай, Сыналатын кез жетті ердің ері. Ел күйінер арысын ойлағанда, Көкірекке ыза-кек сыймағанда. Қолымыздан біз қашан жіберіп ек, Қажынəби, Көкенай, Бəди кайда?! Қытай қашан халыққа берген пайда, Пайда берсе, кешегі ерлер қайда?! Ел адамын Гоминдаң түгел кырды, Қарап жатпай, атқа мін осындайда. Тұлпар мініп, гу алып, тұрдық сапқа,

Page 35: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

35

Ел құтқару міндеті азаматқа. Ата жауды аластап кек алайық. Аттан енді, айқай ел, қарап жатпа. Ай-хай ел, туған жер, Туысқандар бізге кел!

Немесе:

Азаттықтың туын алып, еркіндікті жасаймыз. Бізді езген дұшпанның қанын судай шашамыз. Ата-баба ақ туы жауынгерлер қолында, Өлсек – шейіт, қалсақ – қазы, исламның жолында, – деген секілді əндерді аскақтата шырқаған қазақ сарбаздары

Алтай даласын ат тұяғымен дүбірлетті. Шіңгілдегі Күмістің құйғанындағы жау бекінісін сəтті басып

алған Оспан қолы ендігі бағытын Көктоғай қалашығына бұрды. Шошынған жау қалашықты тастап, Сартоғайдағы бекінісіне шегі-неді. Жол бойы қазақ жасағының соққысынан өліктерін қалдырып отырған Қытай əскері бекінісіне зорға ілігеді. Сөйтіп, Көктоғай ауданы да азат болады.

1944 жылы қазанның орта шенінде "Алтай төңкерістік уақытша үкіметі" кұрылады.

Ендігі жерде жауды халықтан айырып алу мақсатында Əріпбай, Құрмаш секілді ақылшылар мен Жылқайдар бастаған батырлар Жеменей қосынын жасақтап, ондағы халықты Зайсан жеріне өткізсе, Қаба елі Марқакөлге қарай өтеді. Сөйтіп, Гоминдаң шеріктерін елсіз «жетім» қалдырады. Ендігі жерде жаумен аянбай айқасқан қазақ жасақтары Жеменей, Каба аудандарын азат етіп, ұрыстың бағытын Буыршынға қарай бұрады.

Бұл кезде Буыршын елінің бір бөлімі Моңғолияға қарай асырылса, Сарсүмбе, Буырлтоғай елінің бір бөлімі Шіңгілге қарай көшірілген еді.

1945 жылғы сəуірдің орта шеніне дейін Көктоғай, Жеменей, Қаба аудандары ұлт-азаттық қосындарының қолында болады. Сонымен бірге Гоминдаңның Сартоғайдағы бекінісінің талқан-далуымен Үрімжі-Алтай аралығындағы '"Шығыс жолы" кесіліп қалды. Жарғақ құлағы жастықка тимей, аттың жалын төсеніш қылған Оспан сарбаздарының бұл соқкысы жаудың десін басып, салын суға кетірді.

Page 36: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

36

Сол жылдың қыркүйегінде Буыршын азат етіліп, соғыстың бағыты Сарсүмбені азат етуге ойысады. Жау əскерінің көп бөлімі бағынып, бір бөлімі қашып кетуге мəжбүр болды. Сөйтіп, 1945 жылы 6 қыркүйекте Бүкіл Алтай жаудан дерлік тазарып, қазақ қосыны Сарсүмбе қаласына басып кірді.

Оспан батыр Алтай аймағының уəлилігіне тағайындалды. Дəл осы кезде халықаралық жағдайларда да көп өзгерістер

болып жатты. Атап айтқанда неміс армиясы орыстан жеңілсе, жапондар

қытай аумағынан аластатылды. Кеңестер Одағы жөнінен алғанда халықарада ырықты орынға айналды да, Оспан бастаған ұлт-азаттық күресін жалғасты қолдаудың оларға ешбір қажеті болмады. Қайта сол төңкерісті тұншықтыруға əрекеттене бастады.

Халықтың қаны мен тері арқылы келген жеңісті империялар ендігі жерде өзінің ойыншығына айналдырғысы келді.

Ұлт-азаттық қозғалысына əсер еткен əртүрлі жағдайлар

Іле, Алтай, Тарбағатай сынды үш аймақты негіз еткен ұлт-

азаттық қозғалысының басталуы Алтайдағы Оспан батыр Сілəмұлы басшылығындағы күрес пен Нылқы партизандарының көтерілісі десек те, олардың іш пен сырттың сəйкесуінде өрістетілгенін жоққа шығара алмаймыз. Бұл арадағы сырт деп отырғанымыз, əрине, Кеңес Одағы.

Шың Шысайдың 1937-1938 жылғы Кеңестік зұлматты Шынжаң жерінде, соның ішінде мұсылман халықтарына көшіріп қолдануы зор қарсылыққа ұшырады. 1939-1940 жылдардан бастап қазақ халқының зұлым үстемдікке қарсы қарулы көтерілісі туды. Өр Алтай жерінде Есімхан, Ырысхан бастаған ұлт-азаттық көтерілісін Оспан батыр жалғап, Қытай əкімшілігіне сілейте соққы берді.

Күрестің туылуына Шың Шысайдың қазақтың көрнекті тұлғаларын түрмеге жабуы мен өлтіруі себеп болса да, оның бір жағында ежелден ата-бабадан қалған түркі даласын жат табан қытайларға бастырмау дейтін ұлы идея жатты.

Бұл кезең екінші дүниежүзілік соғыстың басталған мезгілі болатын. Егер Кеңес Одағы Германиядан жеңіліп қалатын болса, бұрыннан Кеңес Одағының досына айналып келген Шың Шысайдың мүддесіне тиімсіз болар еді. Шың Шысайдың есебінше

Page 37: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

37

«есің барда елің тап» деп оның ертерек компартиядан жəне Кеңес Одағынан бас тартқаны өзіне тиімді көрінді. Ал мұны сезген Кеңестіктер де өз бақай қулығын сайлады. 1943 жылы 4 мамырда Кеңес Одағы компартиясы орталық комитетінің саяси бюросы Шынжаң жағдайын талқылады. Мəжілісте: “Сөз жоқ шара қолданып, Шың Шысайды Шынжаңды билеу құқығынан мақұрым ету керек”, – деп атап көрсетті. Мəжіліс рухы бойынша төңкерістік ұйым құрып, Шынжаңдағы төңкерістік күштерді жетілдіру мақсатында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты жерлерінде арнайы мектептер ашылды. “Ұлтты гүлдендіру группасына” офицер жəне алдағы жерде Шынжаң тұрғындарымен бірлікте істейтін үгіт насихатшы тəрбиеледі. “Жаңа өмір”, “Шығыс ақиқаты”, “Қазақ ауылы”, секілді ұйғырша, қазақша журналдарды Шынжаңға кіргізіп таратты.

Бұл əрекеттердің астарында екінші дүниежүзілік соғыстың жеңісі мен жеңілісіне саятын көптеген күрмеуі күрделі мəселелер тұр еді. Бірі Шың Шысай өзінен бет бұрып, жаулық пиғыл танытқан жағдайда, оған қарсы тұра білетін қуатты əскери қосын қалыптастыру жəне сол қосын арқылы Шынжаң жерінде өзінің əскери артқы шебін қалыптастыру мəселесі еді. Екіншісі түптің түбінде орайы оңнан келіп, Кеңестіктердің сақасы алшысынан түсіп жатса, Шынжаңды өзінің бір Республикасына айналдырып алудың қамына кірісе берудің артықтығы жоқ болатын.

Міне осы жəне басқа да қулығына құрық бойламайтын коммунистік əккіліктіктің əртүрлі жолын қарастырған Кеңестіктер Шынжаң жеріне əскери ақылшыларын, тыңшыларын арт-артынан кіргізді. Оның көп бөлімі əртүрлі жолдармен Кеңестік тəрбиеден өткен тұрғылықты халықтың перзенттері еді. Алтай көтерілісіне Моңғолия арқылы барған Дəлелхан Сүгірбаев (1906-1949), Іле көтерілісіне көмекке барған Патих Мүсілімов, Ахметжан Қасыми (1914-1949), Ысқақбек Мононов т.б. Кеңес Одағының тапсырмасын адалдықпен орындап, осындай саяси ойынның құрбандары болды. Шын мəнінде Ахметжан Қасыми 1936-1942 жылдар аралығында Москва жəне басқа да қалаларда білім алып, арнайы тəрбиеде болса, Дəлелхан Сүгірбаев 1941-1943 жылдар аралығында Алматыда арнайы тəрбиеленген. Ысқақбек Мононов 1928 жылы Бішкекте əскери тəлім-тəрбие қабылдаған. Ал Əбдікерім Аббасов қытай қызылының «қол баласы» болатын.

Page 38: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

38

Шың Шысайдың Кеңес Одағынан бет бұруы жəне екінші дүниежүзілік соғыстың жеңісіне деген сенімсіздік Кеңес Одағын Шынжаңнан өзіне керекті басқа да күштерді қарастыруға мəжбүрлеген еді. Осы орайда Үш аймақта тұтанып жатқан күрестер олардың назарынан қағыс қалған жоқ.

Кеңес Одағының жасырын шақыруымен 1944 жылдың 14 қаңтарында Мəскеуге жеткен Моңғолия маршалы Чойбалсан Кремльде Сталиннің қабылдауында болды. Ұзаққа созылған əңгіме Оспан төңірегінде болды. Сөздің бір кезегінде Сталин: «... Сол Оспан қанша əскер жасақтай алады? Қанша қару-жарақ қажет?» – дегенді сұрайды. Жəне армия генералы А.Антонов пен əскери қолбасшы И.Ковалевқа: Оспанға беретін 400 винтовка, ЧПШ 2000, сирақты пулемет 6 дана, жеңіл пулемет 30 дана, гранат 200 дана, винтовка оғы 400.000, 5 дүрбіні Х.Чойбалсанның есебіне беруді тапсырады. («Оспан батыр» Алматы «Арда» 2007ж. 77 бет)

Сөйтіп Сталиннің тікелей араласуымен Оспан мен Чойбалсан бірнеше мəрте кезікті. Аталған қарулар беріліп қана қоймай, Моңғолия арқылы жөнелтілген Кеңес ұшақтары Алтайдың Шіңгіл жеріндегі Гоминдаң дық қытай армиясын бомбылайды. Əрі Оспанға Кеңес Одағында тəрбиеленген əскери ақылшылар жіберіледі. Онсыз да қылышынан қан тамған қазақ қосыны бір жыл ішінде бүкіл Алтай аумағын азат етеді.

Қыркүйекте Ысқақбек іш пен сырттан тəрбие алған қарулы көтерілісшілерді Тасқорған ауданынан бастап Кеңес Одағы арқылы Құлжа қаласына əкелді. 7 қазан күні Құлжа азаттық ұйымы құрылып, Əлихан төре Құлжа көтерілісін қозғады. Қазанның ортасында Кеңестік Патей Юанович Лескин Құлжамен Үрімжінің қатынас алқымы болған Кеңсайда партизандар қосынын ұйымдас-тырып, жаудың Құлжаға əскери көмегін үзді. 6-қарашада Аббасов пен Кеңес Одағының əскери мансаптысы Петр Романович Александров бастаған қарулы қосын Кеңес Одағы үлгісіндегі қару-жарақпен сақадай сайланып, Қорғастан (Жəркент арқылы) шекарадан өтіп, Құлжаға кірді. («Жұңго Шынжаңның тарихы жəне қазіргі жағдайы», Шынжаң халық баспасы, 2006 ж.Үрімжі 279-280 беттер).

Жергілікті партизандар мен Кеңес Одағы армиясының селбесуінде 1945 жылы ақпанға дейін Құлжадағы Гоминдаң дықтар жойылып тынды.

Page 39: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

39

“Нылқы көтерілісі”, “Құлжа көтерілісі” жеңіске жеткеннен кейін Іледе Шығыс Түркістан Республикасы уақыттық үкіметі құрылды. Бұл үкімет Кеңес Одағы əскери істер ақылшыларының көмегінде оңтүстік, солтүстік жəне орта сынды үш шепте соғыс жүргізді.

Солтүстік шеп Тарбағатай, Алтай екі аймағын, орта шеп Жың, Ши хуларды, оңтүстік шеп оңтүстік Шынжаңды азат етуді бағыт етті.

1945 жылы маусымда Кеңес Одағы коммунистік партиясы, орталық комитеті саяси бюросы мынадай бір ерекше қаулыны қабылдаған: «Шығыс Түркістан əскери қосынын бекемдеу үшін, Шынжаңға 500 қызыл армия командирі мен 2000 сержант жəне жауынгерлер жіберіледі. Бұл қызмет жедел орындалсын, сондай-ақ ішкі істер халықтық комитеті бөлімінің бастығы Берия министрлер Кеңес і төрағасының бірінші орынбасары, сыртқы істер халықтық комитетінің мүшесі Молотовқа қағаз жүзінде мəлімет жасап тұрады. Зеңбірек, оқ-дəрі, тасымал автомобилі жəне əскери істер хабарласу, қолбасшылық ету жабдықтары, түрлі жұмсалатын заттарды қамтыған қару-жарақтар Шынжаңға тасып əкелінеді. Кейбір шешуші сипат алатын күрестерде Кеңес Одағы армиясы көтерілісшілермен тізе қоса соғыс жүргізеді», – делінген. Үш аймақ төңкерісіндегі əскери істерге қатысты көптеген мəліметтер Кеңес Одағы коммунистік партиясы орталық комитетіне тікелей мəлім етіліп отырды. Мəселен, 1945 жылы 29 шілдедегі ұлт-азаттық қосынының Шынжаңның Буыршын ауданын тартып алғандығы туралы соғыс хабарын қолма-қол Степанович қол қойып, Берия арқылы Сталинге жеткізген екен.

Кеңес Одағының көмегі қару-жарақ, əскери ақылшылармен ғана шектелген жоқ. Заттық көқмектерден тыс көтерілісшілер қажет болған жағдайда, Қазақстанның əртүрлі обылыстарын қамтыған Кеңес Одағы териториясына кіруіне болатын болды. Олардың Кеңес Одағы териториясына баруы Қытай үкіметі армиясының басым əскери күшінің соққысына ұшырауынан ғана емес, қайта тынығу, емделу жəне əскери күшті қайта ұйымдастыру үшін болды («Жұңго Шынжаңның тарихы жəне қазіргі жағдайы», Шынжаң халық баспасы, 2006ж.Үрімжі 284 бет). Мысалы 1947 жылы 16 қыркүйекте Оспан қолынан жеңілген Дəлелхан Сүгірбаев бастаған Қобық полкін құрамына алған Шығыс Түркістан əскері Жеменейдің Майқапшағай өткелінен Кеңес Одағына қашып

Page 40: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

40

өткенде, «көкесі» оларды қолтығына тартып, əскери көмек қосынымен бірге аттандырып салды. Сөйтіп, Тарбағатайдың Бақтысы арқылы қазанда Қытай аумағына кіріп, армиясын толықтап, Алтайға қайта шабуыл жасайды. Өкінішке орай осы кезде кеңестендірілген Дəлелхан армиясы бейуаз халықтан 200-ден артық адамды оққа ұстаған. Бұл тарихта «Дөрбілжін қырғыны» немесе «құлтайболат қырылған» аталады. Кеңестіктер араласқан барлық «сценарийлерде» қайталанатын зардап шегушілер тағы да қара халық болды.

Шығыс Түркістан үкіметі армиясының орта шебі Үрімжі қаласына бағыттаған шабуылын 1945 жылы қыркүйекте Жың, Шиху шайқасынан бастады. Кеңес Одағының аэропланының, сауытты автомобилінің, зеңбірекшілер қосынының сəйкесуінде тамызда Жың, Шиху қаласын жеке-жеке тартып алып, ілгерінді-кейінді Гоминдаң қорғаныс армиясынан алты мыңнан астам адамды жойып, зор топтағы қару-жарақ, оқ-дəріні олжалады. Қыркүйектің бас кезінде ұлттық армия орталық қала Үрімжіге тек жүз елу шақырым жердегі Манас өзені жағасына жетіп келіп, өзеннің қарсысындағы Гоминдаң армиясымен тіресті. Бұл кезде Гоминдаңның Үрімжіде тек алты батальон əскери күші ғана болғандықтан, “Үрімжіні берік сақтау” шұғыл жоспарын жасамасқа болмай қалды. Ал, бұл кезде Кеңес Одағының үш аймақ төңкері-сіне болған саясатында өзгеріс туыла бастады. («Жұңго Шынжаңның тарихы жəне қазіргі жағдайы», Шынжаң халық баспасы, 2006ж. Үрімжі 286 бет).

1945 жылы 11 ақпанда Кеңес Одағы, АҚШ, Ұлыбритания үш елдің басшылары Кеңес Одағының кримия түбегіндегі Ялтада мəжіліс ашты. Кеңес Одағының Жапонямен соғыс жүргізуі жəне соғыстан кейінгі дүние жүзін орналастыру секілді мəселелер туралы құпия талқы өткізді. АҚШ жақ Германиямен болған шайқас жеңіске жеткеннен кейін, жалаң АҚШ бастаған одақтас елдерге сүйенгенде Жапонияны жеңуге тағы біржарым жылдай уақыт қажет болады. Егер Кеңес Одағы “Жапониямен болған бейтарап шартынан” безіп, Жапонияға қарсы соғысқа қатысса, Жапонияны күні бұрын жеңіп, АҚШ жақтың шығынын зор көлемде азайтуға болады деп есептеді. Кеңес жақ Жапонияға қарсы соғысқа қатысу шартының бірі – Қытай Моңғолияның тəуелсіздік ахуалын сақтау керек деп алға қойды. Бұны АҚШ жақ қолдады.

Page 41: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

41

Ялта мəжілісінде мына істер қаралды: «Кеңес Одағы, Америка, Англиядан құрам тапқан үш ірі ел басшыларының қосылуымен, Германия тізе бүгіп, Еуропа соғысы аяқталғаннан кейінгі екі-үш ай ішінде, Кеңес Одағы одақтас елдер атынан Жапон басқын-шыларына қарсы тұруға қатысады. Ол үшін:

1. Сыртқы Моңғолдың (Моңғолия халық Республикасы) қазіргі жағдайын сақтап қалуы керек.

2. Жапония 1904 жылы уағдасын бұзып, шабуыл жасау арқылы шапқыншылыққа ұшыратқан Ресей мемлекетінің бұрынғы құқықтық-мүдделерін дереу қалпына келтіру керек... (Яғни Далиян, Лүйшұн порты мəселелері ...Шығыс солтүстік темір жолы, оңтүстік Манжурия темір жолы...мəселелерін Кеңестіктердің ұпайына шешу қаралған – Ж.Ш).

3. Кирыл тізбекті аралдары дереу Кеңес Одағына қайтарылуы керек.

Түсіністікті тереңдету үшін, сыртқы Моңғол жəне жоғарыда тілге тиек етілген порттар мен темір жолдар жайындағы келісімдерді комитет бастығы Жияң Жешінің мақұлдауынан өткізуі керек. Генерал Сталиннің өтініші бойынша, Америка президенті амалын тауып, Жияң Жешінің мақұлдауын алады.

Үш ірі елдің басшылары Кеңес Одағының бұл талаптарын Кеңес Одағы Жапон басқыншыларын жеңгеннен кейін мүлтіксіз орындап беруге келісті.

Кеңес Одағы Қытай үкіметі мен «Кеңес -Қытай достық-одақтастық келісім-шартын» жасасып, қарулы қақтығыстың қысылтаяң жағдайында қалған Қытайды Жапонияның шеңгелінен құтқару мақсатына жететіндігін білдірді». Келісімге Сталин, Розыбелт, Чершел үш адам қол қойған. (Юри Михайлович Галинович. «Екі генерал – Сталин жəне Жияң Жеші» Шынжаң халық баспасы, 2002 ж, Үрімжі. 206-бет).

АҚШ пен Кеңес Одағы қысымымен Жияң Жиеші Кеңес Одағының бұл шартына амалсыз көнді. Айырбастауға келсек, Гоминдаң үкіметінің қаулысында былай деп есептеледі: «Алғы шарттарының бірі, Кеңес үкіметі Қытайдың Шынжаң териториясы мен əкімшілік иелік құқына кепілдік етсе, сондай-ақ бұдан кейін “Шынжаңдағы бүлікшілерге” ешқандай көмек көрсетпесе, сонда ғана Қытай үкіметі Кеңес Одағының сыртқы Моңғолдың тəуелсіздігі туралы талабын ойластырады». 1945 жылы 9 шілде де Қытай жақ Кеңес Одағына мыналарды ресми алға қойды: « Кеңес

Page 42: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

42

үкіметі Қытайға көмектесіп Шынжаңдағы бүлікті тыныштандыруға уəде берсе, Қытай үкіметі сыртқы Моңғол тəуелсіздігіне жол береді». Сталин табанда мынаны білдірді: «Мейлі Ян-əн, əлде Шынжаң болсын комитет бастығы Жияң Жиешінің басшылығына бағынады. Қытай үкіметінің талабына сай мəлімдеме жариялауға болады. Қытай жақтың Кеңес Одағының Шынжаңға қару-жарақ тасуға тиым салу жөніндегі талабына мақұл болады». Сөйтіп, үш аймақтың ұлт-азаттық қозғалысы Кеңес Одағының Гоминдаң үкіметін сыртқы Моңғолдың тəуелсіздігіне жол беруге қыстауы барысындағы арзан айырбасының құрбаны болды.

Орыс оқымыстыларының көзқарасына негізделгенде, сыртқы Моңғолдың тəуелсіздігіне жол берумен бірге, екі ел Шынжаңның мəселесін шешті. Шығыс Түркістанның Шынжаң териториясы екенін мойындады. Сонымен Сталин Шығыс Түркістан дербестігін қолдауды үзілді-кесілді тоқтатты. Тамызда Жапонияға қарсы соғысқа қатынасты. Іле-шала Жапония шартсыз тізе бүгіп, дүниежүзілік екінші соғыс жеңіспен аяқталды. Осымен бір уақытта “Қытай- Кеңес достық одақ шартына” қол қойылып, Кеңес Одағы шарттың қосымша нұсқасында: «Шынжаңның жуықтан бергі өзгерісі жөнінде Кеңес Одағы үкіметі достық одақ шартының бесінші тармағында айтылғандай Қытайдың ішкі ісіне аралас-пайды» дегенді білдірді.

Кеңес үш аймақ төңкерісін бар күшімен қолдап табысқа жеткенімен, жағдайдың қажетіне сай, үш аймақ төңкерісіне бағытталған қызметін меңгеруіне, реттеуіне болатын еді. Гоминдаң үкіметі бұл түйінге кəміл сенді, тіпті шарт жасалғаннан кейін Кеңес Одағының сəйкесуінде қол салып дайындық жұмысын жасады. Сөйтіп он ай ішінде саяси тəсілмен Ілені қайтарып алды. 17 қыркүйекте Қытайдағы Кеңес елшісі Педров Кеңес үкіметінің бұйрығы бойынша Гоминдаң үкіметі сыртқы істер министірлігіне: «Өздерін Шынжаң көтерілісінің халық өкіліміз деген ондаған мұсылман Кеңес Одағының Құлжадағы консулына Кеңес Одағы аралықта жүруші болып, Қытай жақпен арадағы қақтығысты тоқтатуға дəнекер болса, деген үмітте екендіктерін білдірді», – деп хабарлады.

Гоминдаңның сыртқы істер министрлігі: «Кеңес Одағы үкіметінің үкіметімізге көмек беруді қалайтындығына үлкен алғыс білдіреміз. Кеңес Одағының консулы Үрімжіге өкіл жіберіп, министр Жаң Жыжұңмен кездесіп, оқиғаны бейбіт жолмен шешуін

Page 43: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

43

сұраймыз», – деген жауап қайтарды. Сонымен бір уақытта Кеңес Сыртқы істер министрлігінің министрі Молоков пен Гоминдаң үкіметі Сыртқы істер министірлігінің министрі Уаң Шыжиемен өткізілген “ Шынжаң Құлжа оқиғасы” жөніндегі Кеңес інде: «Бұл оқиға уақыттық құбылыс, көп өтпей тыныштандырылады», – дегенді білдірді («Шынжаңның үш аймақ төңкерісіндегі ірі істер» 148-149 беттер).

Кеңес Одағының үш аймақ төңкерісі туралы саясаты оның тəуелсіз ұлт-азаттық қозғалысын бар күшпен қолдаудан Гоминдаң үкіметінің Шынжаң териториясы мен иелік құқының кемелдігін қорғау алғы шартымен, дербес Шығыс Түркістан Республикасын күшінен қалдыруға өзгерді.

Сөйтіп үш аймақтың ұлт-азаттық қозғалысы (жүйеден Шығыс Түркістан республикасы) Кеңес Одағының Гоминдаң үкіметін сыртқы Моңғолдың тəуелсіздігіне жол беруге қыстауы барысындағы арзан айырбасының құрбаны болды. Сыртқы Моңғолдың тəуелсіздігіне жол берумен бірге, Шығыс Түркістанның Шынжаң териториясы екенін мойындады. Сонымен Сталин Шығыс Түркістан республикасы дербестігін қолдауды үзілді-кесілді тоқтатты. Тамызда Жапонияға қарсы соғысқа қатынасты. Іле-шала Жапония шартсыз тізе бүгіп, дүниежүзілік екінші соғысты жеңіспен аяқтады. Осымен бір уақытта “Қытай- Кеңес достық одақ шартына” қол қойылып, Кеңес Одағы шарттың қосымша нұсқасында: «Шынжаңның жуықтан бергі өзгерісі жөнінде Кеңес Одағы үкіметі достық одақ шартының бесінші тармағында айтылғандай Қытайдың ішкі ісіне араласпайды», – дегенді білдірді.

Осылайша « Кеңес-Қытай достық-одақтастық келісім-шарты» олардың өздері ойлағандай сəтті қадамдарымен жалғасты.

Шығыс Түркістан Республикасы Гоминдаң үкіметімен тəуелсіз мемлекет ретінде келіссөз өткізуді ортаға қойса да, Жияң Жешінің Шынжаңға жіберген өкілі Жаң Жыжұң мырза Кеңес Одағының Үрімжідегі елшілігіне талай рет кіріп, мəселенің өз ұпайларына шешілуіне жəрдем алды.

Сол жылы қарашада үш аймақ (шын мəнінде Шығыс Түркістан Республкасының – Ж.Ш) ұлттар құрылтайы ашылып, Əлихан төре құрылтайда Кеңес Одағы мен Ахметжан, Аббасовтарды өкіл еткен Кеңес шіл топтың сатқындығына қарсылық көрсетті. Əлихан төре құрылтайда Шығыс Түркістанның тəуелсіздігін дəріптеп жəне

Page 44: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

44

қытайларды қуып шығуға үндеді. Əрі Шығыс Түркістан Республи-касы уақыттық үкіметі дегенді Шығыс Түркістан Республикасы үкіметі деп өзгерту талабын ортаға қойып, Шығыс Түркістанның мүддесін қорғауға бар күшін салды. Құрылтайда мақұлданған қаулыда былай делінген: «Тұтас Шығыс Түркістанды азат ету жолында жалғасты күрес жүргізу керек, Қытай үкіметі бізге еркіндік бермесе, өзіміз қолға келтіруге құлшынуымыз керек, ұлттық төңкерісті Шығыс Түркістанның барлық жеріне кеңейтуіміз керек» («Шығыс Түркістан бостандық газеті» 1945 жыл, 18 желтоқсан).

Сөйтіп Шығыс Түркістанды қуаттаушы үш аймақтың ұлтшыл өкілдері мен Қытай мемлекетінің мүддесін қорғаушы Кеңесшіл топ сынды екі жік қалыптасты. Əлихан төре Шығыс Түркістан тəуелсіздігін дəріптеп, басында өзін қолдаған Кеңес Одағының мұсылман жəне түркі ұлттарының түпкілікті мүддесін құрбандыққа шалған сатқындығына қарсы шықты. Алтайдан Оспан батырдың өкілі болып келген Лəтіп Мұстафаұлымен де ұзақ кеңесіп, кеңестіктердің жаман ниеті мен алдағы күрестің қиындығы туралы сыр бөлісті. Оспан батырмен одақтастығын білдірді. Сауан ауданының əкімі Қалибек Хакіммен де байланыс орнатты.

Шығыс Түркістан мен Гоминдаң арасындағы келісімді «бейбіт жолмен» шешкен кеңестіктер ендігі жерде Шынжаң өлкелік үкіметке жаңадан мүше болып кіретін мұсылмандарды Берияның мақұлдауынан өткізді. Ахметжан Қасыми, Əбдікерім Аббасов, Ысқақбек Мононов сияқты адамдар жоралыққа лайық деп танылды. Осыдан кейін құрылған Шынжаң өлкелік бірлескен үкіметтің төрағасы Жаң Жыжұң болса, төрағаның бірінші орынбасары Ахметжан Қасыми мырза, тағы бір орынбасары Бұрһан Шахиди болды. Ахметжан қатарлы адамдар бірлесіп, «Шынжаңдағы əр ұлт халқына хат» жариялап, мынаны үндеді: «Біз Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарында құрылған Шығыс Түркістан Республикасы үкіметі өз борышын өтеп болды, үш аймақ жеке-жеке өлкелік бірлескен үкіметке тіке қарайды деп жариялаймыз» («Жұңго Шынжаңның тарихы жəне қазіргі жағдайы», Шынжаң халық баспасы, 2006 ж.Үрімжі, 295-бет).

Кеңестіктер жағынан жасалған осы сұрқиялықтарға бастан ақыр қарсы болған екі адам болды. Оның бірі – Əлихан төре болса, екіншісі – Оспан батыр еді. Кеңестіктер енді осы екеуінің көзін жою қарекетіне кірісті.

Page 45: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

45

«1946 жылдың 17 маусым күні Құлжадағы Кеңес консулы Əлихан төреге телефон соғып: Қорғас шекарасында Өзбекстанның сол кездегі бірінші секратары Осман Юсұпов күтіп тұр. Сізбен ақылдасатын маңызды мəселелері бар көрінеді. Тез барыңыз, – дейді» («Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» 10 том, 253 бет. Əлімғазы Дəулетхан «Шығыс Түркістан жұмқұриеті жəне Əлихан төре» мақаласы. «Астана полиграфия» АҚ, Астана 2008). Сөйтіп, Əлихан төрені Жаркент қаласында екі күн ұстап тұрған соң, Алматы арқылы Ташкент қаласына ұшақпен əкетті.

1976 жылы 91 жасында Ташкентте қайтыс болады. Сол Əлихан өзін сұраққа алған Кеңес қызметкерлеріне соңғы өтінішін сұрағанда: «Мен сендердің қолдарыңда тұрмын. Атасыңдар ма, шабасыңдар ма ерік сендерде! ..Мен сендердің жалған уағдаларыңа сеніп, халықты азаттық күреске шақырып едім. Олар маған сеніп, күрес майданына шығып еді. Осы барыста мыңдаған жастар құрбан болды. Жараланып, кемтар болып қалды. Ақыры мынау болды. Олардың қып-қызыл тырнақтары менің жағамда кетті. Алданып, қапы қалған халқымнан кешірім сұраймын. Мəрттік ете алсаңдар, менің осы тілегімді халқыма жеткізіп қойыңдар. Басқа айтарым жоқ!», – деп күңіренген екен («Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» 10 том, 254 бет. «Астана полиграфия» АҚ, Астана 2008).

Əлихан төренің бұл сөздерді өзі бастаған ұлт-азаттық күресінің адал қайраткерлері жəне ақырғы деміне дейін елі мен жері үшін күрескен Оспан батырға қаратып айтқанында дау жоқ.

Тағдырдың қиын сыны, сабындай бұзылып, сайтандай құбылған алдамшы замана пенделерін сынаққа салатын болса, бұл сыннан «қыл көпірден» өткендей сүрінбей өтетін адамдар көп болмаса керек. Сол тұстағы күрестердің ішінде Əлихан төре мен Оспан батыр бастаған күрес тек қана елі мен жерін қорғау сынды адал ниеттен туындаған исламшыл түркіліктің таза ақиқатын көрсете алды. Алайда əртүрлі идея мен мүдделер көлеңкесінде жүгірушілердің көптігі олардың адымын аштырмады. Алысты көре алмайтындар көз алдындағы алдамшы саясаттың құлы болып, ұлттар тағдыры тағы да тəлкекке түсті.

Əлиханның жасырын қолға алынып, Кеңес Одағына əкетілуімен бірге қалыптасқан Оспанға қарсылық идея бір мезет Ахметжан Қасыми, Əбдікерім Аббасовты өкіл еткен қызылшыл топтың күресін үш аймақтағы ықпалды орынға шығарғандай көрінді. Олар өздеріне сырт бере бастаған Оспанның ожар

Page 46: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

46

мінезінен сескеніп, оның алдына барып, одақтасу ниеттерін білдірді. Оспанға «үш аймақтың халық батыры» орденін сыйлады. Олардың қылығына мырс-мырс күлген батыр: «Мен теңге-моншақ тағатын қатын емеспін. «Алтынды көрсе, періште жолдан таяды» деген. Менің күресім атақ-абырой немесе орден үшін емес, ел мен жердің тағдыры үшін!» – деп жауап берді. Оспанды көндіре алмасын білген олар əртүрлі қастандықтар сайлады. Кеңестік тəрбиенің сынағынан өткен Дəлелхан Сүгірбаев олардың оң көзірі ретінде Оспанға қарсы тұрды. Əскер бастап барып, оны қапылыста құртуға да əрекеттеніп көрді.

Бұл арада империялардың ойыны адалдықпен орындалып жатқандай көрінгенімен, сол тұстағы өзін ұлт зиялысы санаған түркі азаматтарында мансап-мəртебеге деген пендешіліктің басым болғаны да өтірік емес. Сол үшін де олар қай кезеңде де белсенділік танытудан қашпаған. Мейлі қызылдасқан Шынжаң болсын, мейлі түрікшіл жас мемлекет – Шығыс Түркістан болсын, олар қалай да мансап бұйырар деген дəмеден аулақ емес болатын. Сол үшін де тарихтың сындарлы кезеңдерінен сүрінгенін уақыт көрсетті. Өзі сенген үкіметке де, халыққа да, сенімсіз саналып, өз ғұмырларын ғана емес, өздеріне ілескен халықты да адастырды.

Бір жағынан Моңғолияның, бір жағынан ішкі ағайынның, енді бір жағынын Кеңес Одағының қысымына ұшыраған Оспанның Гоминдаң шылармен одақтасуды талдауы осы кезең еді. Əрі өз талдауын: «Кезінде ортақ мүдде үшін бір-біріне жау болған қара қытай мен қызыл қытай бірлесіп, жапонға қарсы тұрды. Кеңес Одағы да Америкамен бірлесті. Мен уақыт талабы бойынша Гоминдаң шылармен бірігу арқылы АҚШ сияқты сырт елдермен байланысқа шықсам не болыпты?! Бұл менің Кеңес қызылы мен Қытай қызылан сақтануымның бірден-бір жолы!», – деп түсіндірді.

Кеңестіктердің ойыншығына айналған Үш аймақ қозғалы-сының соңғы тағдыры трагедиямен аяқталды деп айтуға болады.

“Бейбітшілік бітіміне” қол қойғаннан кейін, Үш аймақ үкіметі коммунистік партияның билігін қабылдай бастады.

1949 жылы 17 тамызда Қытай компартиясы орталық комитеті үш аймақ үкіметі өкілдерін Бейжіңде ашылатын “жаңа саяси Кеңес тің мəжілісіне” қатысуға ресми ұсыныс етті. Келесі күні Мау Зыдұң “жаңа саяси Кеңес тің” дайындық көру комиссиясы меңгерушісі атымен Үш аймақ үкіметі мен Ахметжан Қасымиге шақыру хатын жіберді.

Page 47: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

47

20 тамызда Ахметжан Қасыми Іле ерекше район халық өкілдері атынан Қытай компартиясы орталық комитеті Мау Зыдұңға жауап телеграмма берді. Мəтіні төмендегідей:

«Мемлекеттік халық жаңа саяси дайындық комиссясының

меңгерушісі, қадірлі Мау Зыдұң мырзаға: Хатыңызды тапсырып алдық, сіздердің бізге айтқан

істеріңіз бүкіл өлке халқы ұзақтан бері армандап келген істер еді. Біз халық азаттық соғысының ұлы жеңісін бүкіл дүние-жүзінің жəне бүкіл Шынжаң халқының жеңісі деп білеміз. Сондықтан, біз ең қызу ынтамен қадірлі Мау Зыдұң мырзаға алғыс айтамыз жəне қуанышымызды білдіреміз.

Бейжіңге жаңа халық саяси кеңесі мəжілісіне қатына-сатын өкілдер жібереміз. Соған бола осы телеграмманы жолдап отырмыз.

Ерекше районның халық өкілі

Ахметжан, 20 тамыз, Іле («Жұңго Шынжаңның тарихы жəне қазіргі жағдайы»,

«Шынжаң» халық баспасы, 2006 ж.Үрімжі 306-309 беттер). Шығыс Түркістан үкіметінің көптеген жұмыстарының Кеңес

Одағының ықпалында жүргізіліп, əрқандай хат-қағаздарына дейін «сценарий» бойынша жүріп отырғанын ескерсек, «Үш аймақ» үкіметін Қытай коммунистік партиясына бейбіт жолмен сатып беру үшін Ахметжанның қолына Кеңестіктердің «көсеу ұстатып», отты соның қолымен көсеуі əбден мүмкін еді. Ендігі жерде бұл іске куə адамдардың көзі жоғалса болды, Кеңестіктер тарих кінəсінен қағыс қалады. Ахметжан мырза осы хатпен-ақ өзінің «ойыннан шығатынын» сезді ме, жоқ па оны дəл қазір ешкім айтып бере алмайды.

1949 жылы 23 тамызда Ахметжан, Ысқақбек, Аббасов, Дəлелхан секілді үш аймақ төңкерісінің төрт басшысы жəне Шынжаң демократиялық төңкеріс партиясының Үрімжі аймақтық комитетінің жауаптысы Ложы Құлжадан жолға шығып, 24 тамызда Алматы қаласынан ұшаққа мініп, Бейжіңге бет алады. 27 тамызда Ахметжанмен бірге жолға шыққандар Кеңес Одағының ұшағына отырып, Иркутси қаласынан өтіп, Байкал көлі маңына барғанда ауа-райы салдарынан ұшақ апатынан қаза тапты деген хабар келді.

Шын мəнінде 1991 жылы Кеңес Одағы құлағаннан кейін КГБ-ның бұрынғы жетекшілері Шығыс Түркістан Республикасының

Page 48: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

48

жетекшілері 1949 жылғы тамыздың аяғында Сталиннің бұйрығы бойынша Мəскеудің Любянский түрмесінде өлтірілгенін жария-лаған (интернет мəліметі).

Сөйтіп 1949 жылдың соңы мен 1950 жылдың басынан бастап Шынжаң коммунистік Қытайлардың қолына өтті.

Шығыс Түркістан мəселесі сөз болғанда көп жағдайда «Оспан батыр – Шығыс Түркістан батыры», – деген сөз ауызға алынады. Шығыс Түркістан аталатын аумаққа қытай шапқыншыларын кіргізбеуді мақсат еткен Оспанның күресін оң санасақ та, шын мəнінде Оспан жалпылық Отан ұғымын түркі даласымен өлшеп, Шығыс Түркістан атауын иеленушілерге немесе оны ойыншыққа айналдырған Кеңестік қызылдарға өлердей өш болған. Мұның бірнеше себебі бар.

Ең əуелі Оспан ұлтшыл. Ол ұлтын адалдықпен сүйе білген. Мейлі аш-арық жүрген ауыр күндерінде болсын, мейлі жеңістен жеңіске жетіп дəурендеп тұрған шағында болсын, ол жолдастарын, ұлтын, жерін сатпаған. Қайта жауларымен қара тұяғынан хал кеткенше, ақтық демі қалғанша айқаса білді. Ел мен жерге деген шексіз махаббатын өмірімен, өлімімен дəлелдеді.

Екіншіден Оспан діншіл. Исламшылдықты дəріптейді. Бұны оның: «Кім менің тіліме, дініме тиіссе, сол менің – жауым», – деген сөздерінен көруге болады.

Үшіншіден Оспан – түрікшіл. Ол Кеңестер Одағы тіктеген Шығыс Түркістан үкіметіне жау көзбен қарағанымен, сол үкіметтің құлауға айналған тұсында Əлихан төремен астыртын тіл табысып, ол үкіметті құлатпауға, қайта Кеңестер ықпалынан босатып, исламдық жүйедегі Түркі мемлекетін құруды армандаған. Мұны тез сезген Кеңестіктер əуелде өздері қолдап-қуаттап, Шығыс Түркістан Республикасын құруға бар күшін салған идеясынан тез айнып, оны құлатуға əрекеттенді. Сөйтіп кезінде өзі көмек көрсетіп, қару-жарақ сыйлаған Оспан олардың жауына айналды.

Жоғарыдағы қалың қайшылықтардың қай кезеңінде болмасын, Оспан өз қол астына Кеңес жағынан қашып келушілер арқылы ондағы қызылдардың саясатын жəне оның өз елі мен жеріне деген қатерін дер кезінде сезіп отырды. Əрі оған қарсы тұрудың шараларын да шамасынша қарастыра білді. Германия, Жапония елінің шапқыншылығын да біліп отырды. Оларға қолы жетпеген соң АҚШ-елінің елшілігі арқылы олармен байланысқа шықты. Тіпті «Қазірге кезеңде жермен соғысудың уақыты өтіп бара жатыр.

Page 49: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

49

Маған аспанда соғысатын ұшқыш тəрбиелеп беріңдер», – деп өзіне сенімді, рулық жақындығы бар бес азаматты сол елге оқуға аттандырды.

Демек осынша күрделі оқиғалардың артында тұрған Кеңестік-терден ат тонын ала қашуы немесе «қызыл тасқынға» қарсы тұра білуі бұл Оспанның ақиқаты. Бүгінгі шындықтың Оспан жағында екенін ескерсек, Кеңес қуыршағына айналған Шығыс Түркістан үкіметіне қарсы шыққандығын да əбден түсіне аламыз. Кейіннен Кеңестіктер Шығыс Түркістаннан бет бұрған тұста тəлкекке түскен түркілер тағдырына ашынған Оспан Əлиханның идеясын қуаттай отырып, Шығыс Түркістанды қорғауға жанын салды. Бірақ кеш болды. Досынан жауы көп болды. Өрісі өртке оранған Алтайдың ақиығы қанатынан қайрылды. Бейне ағылшын жазушысы Гофедей Лиас айтқандай: «Оспан батыр егер бұдан бес-алты ғасыр бұрын дүниеге келгенде аталары Мөңке, Шыңғыс жəне Темірлан деңгейлес ұлы қолбасшы болар еді».

БАТЫРДЫҢ СОҢҒЫ КҮНДЕРІ

Оспан батыр туралы жазбалардың көбінде оқиға 1949 жылға

дейін егжей-тегжейлі баяндалып келеді де, оның соңғы өміріне қатысты əңгімелер аса тереңге бармайды. 1949 жылғы жаңа Қытай мемлекетінің орнауы жəне олардың Оспан батырды өлім жазасына кесуі себепті біраз дүниенің беті əлі ашылған жоқ. Десе де комунистердің Шынжаңды иелеуінен, Оспанның демі үзілерге дейінгі соңғы өмірі жайындағы жұмбақ сырларға үңіліп, осы мəселелер төңірегінде аз да болса, ой толғауды жөн көріп отырмыз.

Оспанның қызылдармен «ырғасуы»

Осы оқиғалар төңірегінде Нұрғожай батыр бастаған Оспанның

үзеңгілес серіктерінің бізге берер мағлұматы да біршама мол. Нұрғожай батыр комунистер мен Оспанның алғашқы қарым-қатынасына аялдағанда, өз естеліктерінде мынадай сыр шертеді:

«1949 жылы жазда Гоминдаң мен Гоңшандаң (Қытай компартиясы) соғысының хабарлары үнемі келіп тұрды. Гоминдаң əскери басшылары қаша бастады. Америка консулы да болып жатқан уақиғаны айтып тұрды. Мəккирнан:

Page 50: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

50

– Мал жаныңды жергілікті үкіметке бірақ өткіз. Америкаға кет, мал сомасын біз береміз, – деп те айтты. Оспан:

– Отанымда тұрамын. Қашпаймын жердің арғы бетінде жатқан Америка маған Шығыс Түркістан үкіметін құрып бере алмайды. Американың сөзі де өтірік. Рузвельттің екінші дүниежүзілік соғыстағы əрекеті бізге белгілі. Екі тауды бірақ күйретіп, дүниенің үлкен базарын іздеген. Америка қазір Біріккен Ұлттар Ұйымындағы ең үлкен ел еді. Бүкіл Түркістанды орыстар жұтып отырса да, оған үш жүз жылдан бері көрсеткен көмегі жоқ, – деп маған кесіп айтты» («Азаттықтың өшпес рухы» Алматы, «Сардар» 2008 ж.160 бет).

Міне бұл жаңа келе жатқан қызылдарға қарата Оспан батырдың алғашқы айтқаны. Жəне де оның жай ғана адам емес, халықаралық жағдайларға назар аударып, оған баға бере білетін көрегендігінің дəлелі.

Осыдан кейін Оспан Үрімжі өңірінен Жемсары-Шонжыға қарай бет алады. Бұл кезде қызылдардың Гансу өлкесінің Ланжу өңірінен өтіп, Шынжаңға беттеп келе жатқан хабары жетеді. Бұған қарата Оспан: «Біз ешқайда бара алмаймыз. Малды кəсіп еткен көшпелі қазақпыз. Баркөлге барып мал семіртеміз»( («Азаттықтың өшпес рухы» Алматы, «Сардар» 2008 ж. 162 бет) деген жауап береді. Сөйтіп Шонжыдан Мориға қарай көшкен Оспан ауылы Баркөлдің Бəйгетөбе деген жеріне келеді.

«Осы жерден Үрімжіге баруға Уаң Жыңның 30 мың əскері басып өтіп кетті. Құмылда бірнеше күн тұрған екен. 1949 жылы 20 қарашада Пекиннен, яғни Гоңшандаң(Қытай компартиясы)нан төрт өкіл келді. Оның бірі – ұйғыр Əмет, бірі – дүңген, бірі – қытай болатын. Оларға Оспан, Жəнімхандар: «Осы жер малға жайлы екен. Осы жерде қоныстанып отырсақ», – дегенді айтты. Уəкілдер мақұл болып кетіп қалды. Оспан оларға: «Бұрынғы Шынжаң демократиялық өлкелік үкіметімен жасаған он бір тармақты тоқтам бар еді. Осы тоқтам бойынша ұлттық билік өзімізде болатын болсын», – деген талабын қойды. Өйткені Жаң Же Жұң “Шынжаң азаматтары өздеріңді өздерің басқарып кету үшін оқыңдар. 15 жылдан кейін ел болып бөлініп кетесіңдер”, – деп уəде беріп, тоқтамға қол қойған едік. Осы бір ауыз сөз бізге үлкен медеу болған еді. Өйткені Гоминдаңның соңғы кезінде батыс терістік бес өлкенің бастығы болған, оған қосымша Шынжаңды билеген Жаң Же Жұң сол орнында қалып, оны Гоңшандаң (Қытай компартиясы)

Page 51: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

51

батыс терістік бес өлкенің бастығы етіп белгілен еді. Бұл адамның орынында қалуы – Оспанға үлкен медеу берді» («Азаттықтың өшпес рухы» Алматы «Сардар» 2008 ж.162 бет).

Дəл осы кездегі оқиғалар жөнінде бүгінде көзі тірі, Оспан батыр заманының тірі куəгерлерінің бірі Уақит Халелұлы өз естеліктерінде былай дейді: «1950 жылы ақпанда Шынжаң өлкелік үкімет, əскери орны, Шонжы ауданындағы Уақит Халелұлы, ақиқатқа қайтқан полк бастығы Ма, бұрын Оспанға хатшы болған Құрманбай, Оспанның сенімді қызметкерлерінің бірі болған Құмархан Жаңқабайұлы қатарлы адамдарды құралды бір бан(взвод) əскер қосып, Уақитқа жан құрал беріп, ат пен азық-түлік қос артатын бірнеше түйемен, жиырмадай адам құралып, Оспан мен Жəнімханды қайтарып келуге жібереді. Бұлар Баркөлдің Бисан тауы Башаңзы жеріндегі Оспан, Жəнімхандарға келеді. Оспанның үйінде – Оспан, Жəнімхан, Қапас, Нұрғожай, Шердиман, Дəлелхан, Қанатбай, Шаймардан ішінде бірнеше адаммен бірлікте отырғанда, барғандар үкімет жағының жіберген жағдайын айтып, жазған хаттарын береді. Жəнімханұлы Дəлелхан алдымен сөз бастап: «Комунистік партия басшылық еткен жаңа үкімет кең алқапты орманды, шөпті жерді бірақ алып жанған өрт болып келеді. Біз өртті көріп тұрып өздігімізден түспейміз», – деген қарсы пікір айтады. Уəкілдер: «Өрт болып келген үкіметті көрмедік. Халықты тура жолға бастап, қызмет істеп жатқан үкіметті көрдік. Халықтың малы қолында, дін еркіндігі өзінде. Үкіметтен жамандық көргеміз жоқ. Өрт деп қарау – өз көзқарасыңыз» дегенде, Оспан: «Тай-таласты қойыңдар, тамақ ішіңдер», – деп екі жақтың сөзін тоқтатып қояды. Үш-төрт күн өткен соң барған адамдарды Оспандікіне шақырып барады. Оспан-Жəнімхандар алдыңғы қатынасқан адамдарымен бірге отырып, Оспан: «Сендер үкіметтің бізге жазған хатын, айтқан ақыл-нұсқауын жеткіздіңдер. Біз бұрын Шың Шысай зұлымдығына қарсы, Шығыс Түркістанға қарсы əрекет алып барып жауластық. Жаңа үкімет келгенде Баркөлге келіп, үкімет құрып, күш жинап, жаңа үкіметке қарсы тұрайық деп келгеміз жоқ. Үкімет бізге қандай көзқарас қолданады. Бұқара қылып ала ма, жаулық көзқараста бола ма? Мойны ұзақ жерден байқайық деп Баркөлге келіп отырмыз. Бізде албаты үкіметпен қарсыласып, өліп-өлтіруді қаламаймыз. Бізге де тыныштық керек. Біз үкіметке сендік, бұқара боламыз. Өлкедегі үкімет басшыларына жолығып талабымызды жеткізіп, бұқара болғандығымызды айтып, үкіметтің ақыл-

Page 52: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

52

нұсқауын алып, сенім байлауға – мен інім жəне ақылшым Қанатбайды, Жəнімхан қажы інісі жəне ақылшысы Шаймарданды сендермен бірге Үрімжіге жібереміз. Бұл біздің бірлікке келген ақылымыз. Сендер қайтып барғанда, үкімет басшыларына ахуалымызды толық айтыңдар. Хатта жаздық», – дейді. Қанатбай, Шаймарданды өкілдерімен бірге Үрімжіге жібереді. Өкілдерден үш адам Қанатбай, Шаймарданды ертіп, өлке басшыларына жолық-тырды. Өлке басшылары оларды жақсы раймен қабылдап, ақыл-нұсқауын айтып, көптеген сəлем-сауқат беріп, бұрынғы барған-дарды үйлеріне қайтарып, Зəкішің, Нəзірлерді (Зəкішің үкімет əскери орнында, Нəзір өлкелік баспахананың орынбасары болған) оларға қосып, Оспан, Жəнімхандарды орнықтаруға қайта жібереді».

Осы жайлар əңгіме болғанда Дəлелхан Жəнімханұлы 1949 жылы 15 желтоқсанда (бұл уақыт туралы жоғарыда 1952 жыл, ақпан деп көрсетілген-Ж.Ш) Қанатбай жəне Шаймардан Ермекұлынан Үрімжідегі Коммунисттік Партияның бастығы Уаң Эңмао, Бұрхан Шаһиди, Тау Сио жəне генерал Фиң Дехұй атына арналып, бір хат берілгенін айтады. Ол хаттың мазмұны: «Хаттарыңызды алдық. Қыстың қатты суық күндерінде жолға шыға алмадық жəне Үрімжіге бара алмадық. Солай болса да, орнымызға уəкіл етіп екі кісі жібердік. Сіздермен бет көрісіп, жағдайларымызды түсіндірумен бірге, берген нұсқауларыңызды алып қайтады». (Жаналтай Д. «Қилы заман, қиын күндер», Алматы, 2000 ж, 88-бет).

Міне, осы оқиғаларға қарағанда жаңадан келген қызылдар Оспанға қарата бірі өз жағына тартуға тырысқаны, екінші жақтан алдамалай тұру саясатын қолданғаны Байкалады.

Ал, жаңағы екінші барған уəкілдердің яғни Зəкішіңнің Оспанға: «Біз саған қызылдарға сен, сенбе деп уəде бере алмаймыз. Өзің шешсең, өкінбейсің», – деп айтқан екі ұшты жауабы да қайта бүлінуіне себеп болды деушілер де бар. Қалай да осы екінші реткі адамдардың келуімен Оспанның бүлінгені туралы айтушылар көп. Нұрғожай батыр өзінің аталған естелігінде бұл жайлы Оспанның Шаймардан мен Қанатбайды Үрімжіге жібергеннен кейін, тағы да шақырушылар аттандырған Уаң Жынның: «Оспан келсін. Менің күш-қуатымды көрсін. Көп болса, жанында мың үй бар шығар. Бір үйге бір аэропланнан жіберемін», – деп күш көрсетіп қайта шықыртқанын жазады.

Page 53: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

53

Ал, Оспан болса, бір жағынан олардың өз істегенін өзіне істеп, сенім білдіру райында болса, енді бір жағынан «əліптің артын» бақты. Ал, үшінші жақтан өзінің ең сенімді деген адамдарын көрнеуде комунистерге бағынышты қылып, олармен əр күні астыртын байланыста болып, қарсы жағының жан дүниесі мен шынайы іс-əрекетіне барлау жасады. Комунистердің: «бəрін жарылқап тастаймыз» дейтін тəтті сөзінің шын-өтірігін білгісі келді.

Осы арада Оспан жайындағы тағы бір аңыз еске түседі. Гоминдаң аталатын қытаймен ұзақ жыл соғысып, оның 40 мыңдай армиясын жайратып салған батыр, комунист қызылдар келген кезде, маңдайларындағы бес жұлдызды белгісін меңзеп: «Мен Гоминдаң мен он жыл соғысып, алты жұлдыздың əрең дегенде біреуін ғана кеміткенім бе!?» – деп күйзеле күрсінген көрінеді. Бұл мейлі аңыз болсын, ақиқат бослын, бірақ Оспанның мінез-құлқы мен өрлік рухын ашарлық шындыққа жақын əңгіме еді.

Зəкішің бастаған топ жеткізген Уаң Жын айтты деген соңғы сөздің Оспанға жасаған əсері мүлде басқаша болды. Яғни «комунистерге сенуге болмайды» дейтін ішкі күдігін растағандай жүрегін мұздатып, жанын түршіктірді. Өз таңдауын дұрысқа балап еңсесін қайта көтерді.

Комунистермен ат кекілін кесісуі

Шын мəнінде қызылдар мен Оспанның бірігіп кетуі Кеңес

Одағын қуаттайтын топтар мен бұрынғы «Шығыс Түркістан республикасының» орнын иелеп отырған «үш аймақшылдарды» қатты алаңдатты. Кеңес Одағының жол-жорық көрсетуіне жəне оның идеясындағы саяси-əскери топтарға өлердей қарсы болған Оспан батырдың қызылдардың сеніміне бөленуі «жалған төңкерісшілдердің» бет-пердесін айпарадай ашып қана қоймай, олардың жау санаған адамын тарих сахнасына қайта көтеріп шығатын болды. Сыртта АҚШ жəне Кеңес Одағы өз ұпайларын түгендейтін күштерге қолдау көрсетуге жанталасса, іштегі ымыраға келмес алауыз топтар да бас пайдасын ойлап, бақай қулықпен арпалысқа түсті. Сөйтіп ендігі жерде бағынышты болған Шынжаңдағы жергілікті топтар ішінде қызылдарға кім бұрын жақсы көрініп қалар екен деген қызғаныш пен бақталастық қатарынан өмір сүрген тайталасқан жағдай қалыптасты. Олардың

Page 54: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

54

ішінде жақсы көріну ниетіндегі жағатсығандар мен жаулық пиғыл танытып үрке қараушылар да бар еді.

Ерлікпен басталып, өрлікпен жалғасқан ұлт-азаттық қозғалысын «бүлікке» балаған «Үш аймақ» Оспанға бұдан бұрын да шошына қарайтын еді. Бұл туралы «Шыңжаңның үш аймақ төңкерісі тарихы» («Ұлттар» баспасы, 2000 жыл.) атты кітаптың 340-бетінде: «Оспан, Қалибек, Жаужап (моңғол) бүлігі арт-артынан туылғандықтан, үш аймақтың жағдайы күннен-күнге ушығып, мүшкіл халге кіріптар болды. Ұлттық армия əскери күшінің жеткіліксіздігі тұтас үш аймақ үкіметіне ауыр қатер төндірді», – деп жазады.

1949 жылы 14 тамызда ҚКП өз өкілі Дың Личұнды Мəскеудегі сапарынан Алматы арқылы Құлжаға жіберді. Ол «Үш аймақтағы» қызыл қытайшыл топпен тығыз қарым-қатынаста болып, аз ғана уақыт ішінде Шынжаң жағдайы жөнінде ҚКП орталығына 85 телеграма жолдаған екен. Демек, дəл осы кезде Кеңес Одағы мен Қытай қызыл партиясының мүлде құпия, ішкі ымыраға келе отырып, «Шынжаң мəселесін» біржола шешкенін анық аңғаруға болады. Осы жылы 27 тамызда «Үш аймақ» басшыларының Кеңес Одағының ұшағына отырып, Иркутси қаласынан өтіп, Байкал көлі маңына барғанда өртеніп күлге айналуы соның бір мысалы. Əрі Оқиғадан 3-4 күн өте сала, яғни 2 қыркүйек күні Үрімжідегі Кеңес елшісінің орынбасары шұғыл түрде Құлжаға барып, Дың Личұнды Үрімжіге аттанып, Бұрхан Шаһидимен бірлікте жұмыс атқаруға шақырып, көндіреді. Демек бұл «үш аймақшылардың» Ахметжан, Ысқақбек, Аббасов, Дəлелхан секілді «көне» басшыларының көзі құртылғаннан кейінгі іш пен сырттың сəйкесе отырып, Шынжаң мəселесін дереу қолға ала бастаған алғашқы əрекеті еді. (Бұл туралы мəліметтерді «Шыңжаңның үш аймақ төңкерісі тарихы» атты кітаптың 419-420 беттерінен табасыз). Ал, ұшақтан құлағандардың өлімі Шынжаң мəселесі бір жағына шыққанша, жасырын ұсталып, қазанның ішінде ғана жұртқа жария болды. Олардың «сүйегі» аталған танығысыз мүрделер 1950 жылдың 15 наурызында ғана Құлжаға жеткізілді. Ендігі жерде Кеңестіктердің Кеңес ін бұзбайтын, қытай билігіне басы байлаулы «қып-қызыл», жаңа «үш аймақшылар» тарих сахнасына көтерілді. Сөйтіп, қыркүйектің басында «Үш аймақ» жақ ҚКП орталық комитетінің жол-жорық көрсетуіне негізделіп, Шынжаң мəселесін шешудің көп түрлі жолдарын қарастырып, ҚКП-на жауап хат жазды. Аталған

Page 55: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

55

хаттың 6 тармағында: «...Жəнімхан, Қадуан, Оспан, Қалибек т.б көп саяси жəне əскери қылмыстыларды жазалап, мал-мүлкіне дейін мүсəдралауды» сұрады. («Жұңго Шынжаңның тарихы жəне қазіргі жағдайы», «Шынжаң» халық баспасы, 2006 ж.Үрімжі 313-314 беттер).

1949 жылы 26 тамызда халық азаттық армиясы Ланжуды басып алды.

Қытай төрағасы Мау Зыдуңмен Қытай армиясының бас қолбасшысы Жу Дының орналастыруына сай, Қытай қызыл армия-сының 2, 6 корпустары 1-ші əскери полктың қолбасшысы Уаң Жынның қолбасшылығында 1949 жылы қазанның 10 күні Шынжаңды азат етудің жорығын бастады. Шарлаушылар қосынының соғыс автомобиль полкі полковник Ху Жияңның басшылығында 10 қазан күні Жиюшуаннан аттанып, 13 қазан күні Құмылға жетіп, 20 қазан күні сағат 15-те Үрімжі қаласына кірді. Іле-шала Уаңынмау, Голың басшылығындағы 2 корпустың бөлімдері жəне Лу Юанфа, Жаң Шияню басшылығындағы 6 корпустың бөлімдері Шынжаңның жер-жеріне келіп орналасты.

«Осындай жағдайда Оспанды шалған бір ұшық болды. Шыбарайғыр Қапас батыр өз алдына кетіп бара жатып, Үрімжіден Құмылға кетіп бара жатқан Гоңшандаңның (Қытай компартиясы) бір соғыс генералын атып тастады. Екінші ұшық Оспан Америка консулы Мəккирнанды көпке дейін қашырып жібермей, қолында сақтап отырған болатын» («Азаттықтың өшпес рухы» Алматы, «Сардар» 2008 ж,163-бет).

Ал, жаңағы атылған генерал туралы «Шынжаңда белең берген шынайы істер» (3-том. Үрімжі, 2009ж) атты кітаптың 176 бетінде оның бандыларды жоюға аттанған қызыл 16 девизия командирінің орынбасары Ло Шауиүй екенін айтады.

Шын мəнінде бұл да аса үлкен себеп емес еді. Оспанның да, комунистердің де өз есептері мен ішкі таңдаулары бар болатын.

Зəкішіңдердің Уаң Жын Оспанды Үрімжіге екінші рет шақыртып жатыр деп келіп, «Оспан келсін. Менің күш-қуатымды көрсін. Көп болса жаныңда мың үй бар шығар. Бір үйге бір аэропланнан жіберемін», – деп күш көрсетті деуі отқа май құйғандай болды. «Осы сөзге қарата Оспанның: «Менің ұлттық тəуелсіздік құқығымды танысаң барамын. Егер “Шынжаңның ұлттық тəуелсіздігін танымаймын. Баса билеймін. Жұтамын” десең, келіп жұтып бақ», – деп жауап беруі», («Азаттықтың өшпес рухы»

Page 56: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

56

Алматы, «Сардар» 2008 ж, 163-164 бет.) – жаулықтың ашыққа шығуы еді.

Міне бұл Оспан мен қызылдардың ат кекілін кесіскен алғашқы сəті болды. Ендігі жерде оларды татуластыруға талпынушылардан гөрі ажыратуға, ара жігін ашуға ұмтылғандар көп болды. «Үш аймақшылардың» бар ниеті Оспанның көзін құрту еді.

Қытай комунистері мен «үш аймақшылардың» ішкі ойын жақсы түсініп жеткен Оспан ендігі жерде өзіне жасалған əртүрлі қысым мен қоқан-лоққыға қарсы қайта бас көтеру қамына кірісті. «...Қайтадан бір ұйым құрды. Бүкіл армияның бастығы Оспан, оның орынбасары Жолбарыс болып белгіленді. Екі полктің бастығы ретінде мен (Нұрғожай – Ж.Ш) жəне Қапас екеуміз белгілендік. Дəлелхан Жəнімханұлы əскери ат, азық, көлік дайындауға сайланды. Алтынбек, Кəбен, Қатай Баркөл елінің əскери бастықтары болып сайланды» («Азаттықтың өшпес рухы» Алматы «Сардар» 2008 ж, 165-бет.) Міне бұл Оспанның қызылдарға қаратқан текетіресінің басталуы еді.

Осыдан кейінгі жерде Оспан ауылы шегіне соғыс жасап, Гансуге қарай бет алды.

Бір қызығы оларды қызылдардан көрі «Шарқи» аталған «үш аймақшылардың» өкшелей қууы көбірек болған көрінеді. Бұл жайында Нұрғожай батыр аталған еңбегінің 165-166 беттерінде бірінші рет: «Біз Сарқамыста отырғанбыз. Үш аймақ атын жамылып, орыс армиясы келіп басты. Олармен аяусыз соғысып, көп адамын қырып тастадық. Қалған əскерлері жеңіліп, Нориға шегініп кетті» десе, енді бірде «Оспан, Жəнімхандар Тақырбастау, Сарбастауға барып орналасты. Бір жұмадан кейін орыстардың жалған Шарқи Түркістан атындағы əскерлері келіп басты», – дегенді айтады. Демек Оспандардың əлі де болса қызылдармен тіл біріктіруінің мүмкіндігінен алаңдаған Кеңес Одағы өз армиясын кіргізіп, «үш аймақшылармен» сəйкесе отырып, қызылдардан бұрын қармануды ойлаған сияқты. Тіпті ол көмекті «үш аймақшылардың» əдейі сұрап алуы да немесе қызылдырдың түртіп салып, білсе де білмеске салып тасада тұруы да əбден мүмкін еді.

Осылайша онсыз да өрісі отқа оранған Оспанның жаулары көбейді. Үш аймақшылардың арадағы қақтығысты қасақана үрлеуімен, оны өзімізге қарсы оқ атты деп толық сенген қытай қызылы өкшелей қуып, құртуға бел байлады. Ло Юанфа атты қытай генералдың «Құйыршықтарды өкшелей қуып жою» атты

Page 57: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

57

мақаласында бұл жай туралы былайша баяндалады: «Шынжаң əскери бөлімі бұйрық бойынша бүлікті тыныштандыратын болды. Бұған Уаң Жын жолдас өзі бас қолбасшы болды да, ал мен Солтүстік Шынжаңда құйыршықтарды жою алғы шебінің қолбасшысы болдым. Мен 6-корпустың əскери бөлімдері мен ұлттық армияның 40 полкінің танк полкінің тығыз сəйкесуінде, шығыс жəне батыс екі беталыстан шабуылдап, қаныпезер құйыршықтарды құрту бұйрығын түсірдім»(«Шынжаңда белең берген шынайы істер» 3-том. Үрімжі, 2009ж.174-бет).

Ал Нұрғожай батыр Көксерке, Сарбұлақта отырғанда үш мың танкті армия келіп басқанын айтады.

Қызылдармен болған бір реткі соғыста Жəнімхан қажы қолға түседі. Қалған ел Гансуға қарай шегіне соғыс жасап, Қанамбар тауының күнгейіндегі Мақай деген жерге дейін барады.

Елінен кеткісі келмеген ердің соңғы байламы

Оспанның Шынжаңнан шығып, Гансу өлкесінің Мақай деген

жеріне барған кезі оның алдағы күндегі өлім мен өмірді, бас июмен күресті таңдайтын шешуші кезеңі болды.

Тəңірдің орналастыруындай оған «шетелге кету жөнінде» ақыл айтқан көрнекті тұлғалар аз болған жоқ. Дəлелхан Жəнімханұлы Мақайда Оспан батырға амандасып, бірге кетуді ұсынады. Оспан батыр: «Күш-қуат қалмады. Аз күн болса да, демалайық. Жанəбіл батырдың 30-дай адамы, ішінде өзі де бар, жортуылға кетті. Соларды тосып алсақ, жақсы болар ма екен? Олардың ішінде Сұлтаншəріптің азаматтары да бар. Халықтың оларды тастап кеткісі келмейді», – деп ермей қалып қояды. (Жаналтай Д. «Қилы заман, қиын күндер». Алматы, 2000, 99-бет). Қалибек Хакімде ұлы Хасанды 1950 жылы қазан айында қолына бір хат, қасына бірнеше жігіт беріп, Қанамбал тауының етегінде Мақай деген жерде отырған Оспан батырға жіберіп, шетелге көшіп кету жөніндегі ұсынысын жеткізеді. Бірақ Оспан батыр Қалибектің ұсынысын қабылдамай, оған бір хат береді. Əрі «түсімде ақ боз ат мініп, бір жасыл төбеге шығып жүр екенмін», – деп əлі де болса жауларымен соғысу ойының барын, жеңіске жету жолындағы үміт-сенімінде білдіреді. (Хасан Оралтай. «Елім-айлап өткен өмір». Алматы. 2005ж)

Page 58: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

58

Нұрғожай батыр да кетерінде Оспанға барып: «Енді тұрудың қажеті жоқ. Кетелік. Жау басатын болса, жауды жарып шыға алмайсың. Бізге баруың үшін алдыңда кесіп өтетін үш өткел бар: Мақай өткелі, Тəжінор өткелі, Қажыра өткелі. Осының бəрінің сыртында бір тауды қарауылға алып отырмыз, – дейді. «Он неше күннен кейін көшеміз», – деп Оспан қалып қояды» («Азаттықтың өшпес рухы» Алматы, «Сардар» 2008 ж, 170-бет)

Бүгіндері көзі тірі, əйгілі Зуқа батырдың кенже ұлы Сауат қажы да осы жолдардың авторына берген сұхбатында бұл əңгімелерді растап, Солтаншəріптің де сондай бір ұсыныс жасағанын, Оспанның қосылмағанын тілге тиек етеді. Сөйтіп дəл осы арада шетке кететіндер Гас, Темірлік өңірінде отырған елді бетке алып, Тəйжінұр тарапқа, Оспандар Алтайға беталуды мақсат етіп Хайзыға қарай көшеді. Хайзыдан ары Құмыл, Баркөл, Бəйтік, Қаптық арқылы Алтайдың ұлы тауларының кең қойнауына ілініп кетіп, күресті жалғастыруды армандайды. Мүмкін болса коммунизимге жау болып отырған АҚШ, Жапония, Германия елдерінен көмек алсам дегенді де ойлайды.

Бұл Оспанның ешқандай əрі-сəрі болмастан, өз тағдырының шешімін шығарып, соңғы байламға келген кезі еді.

Батырдың қолды болуы

Оспанның өз адамдарын бағындырған сыңаймен қызылдардың

ішіне кіргізіп, аңыс аңдағаны сияқты, қызылдар да өзіне сатылған қазақ жансыздары арқылы Оспанның қыбыр-жыбырын аңдып отырды. Олар ендігі жерде Оспанның мүлде бағынбайтынына толық көз жеткізді. Екеуінің арасының алыстап, жаулыққа өткеніне «үш аймақшылдардың да» қыбы қанып, қылышын сілтеуден тайынбады.

Тəйжінұрдағы Солтаншəріп ауылынан көп адам Гансудың Дұңхуаң қаласына келіп, көшуге керекті азық-түлік алып қайтпақ-шы болғанда, қызылдар оларды тарпа бас салады. Аттарын тартып алып өздерін қамап тастайды. Олардың ішінен жол сырына қанық, жүріс-тұрысқа ебдейлі үш жігітті таңдап алып, Оспан ауылынан тың тыңдап қайтуға жібереді. Əрі олардың жол бастауымен 1951 жылы 19 ақпанның таң қараңғысында Хайзыдағы Оспан ауылын тұтқиыл басып қалады.

Page 59: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

59

Оспанды ұстауға ерекше еңбек көрсеткен қытай əскері Күң Чиңйұн «Оспанды ұстау» атты мақаласында былай дейді: «1951 жылы 19 ақпан күні таң сəріде атты əскерлер бригадасы Оспанның 30 неше киіз үйіне 3 бағыттан тұтқиылдан шабуыл жасады. Шырт ұйқыда жатқан 100 ден аса бандыны тұтқынға алды. Оспанның орынбасар қолбасшысы, атақтайтын батыры Жанарқанды (Жəнəбіл болса керек-Ж.Ш) тұра қашқанда, қуа атысып, оққа ұшырды. Штаб бастығы Қапасты жаралы күйде қолға түсірді. Банды атаманы Оспан ақ боз атына мініп, бандылардан бірнешеуін ертіп, қашып кетті. Ол кезде атты əскер бригадасының 3 взводында мəдениет мұғалімі едім. Атқа мықты болғандықтан, Оспанды қуғандардың қатарында мен де алда келе жаттым. Алдымда қашып бара жатқан Оспанды анықтап көрген тұста жігерленіп, қайратыма мініп дəлдеп ата бердім. Бандылардың бірнешеуі аттан домалап түсті. Ал, Оспан шауып бара жатып, артына қарап оқ жаудырумен болды. Жиырма жастағы тепсе-темір үзетін шағым еді. Құйыршықтардың біздің жауынгер серіктерімізді, бұқараны қырғанын ойлағанымда тұла бойымды шексіз ыза кек кернеп, бандыны қуып жетіп, халықтың кегін қайтаруға бекіндім. Атымды тебіне қамшылап ұштырттым. Оспан бандының артына атқан оғынан етпеттеп, аттың жалын құшақтай шауып жалтардым. Атым Оспанның ақбоз атына жанасалай жақындағанда атымнан Оспанға қарай ұмтыла секіріп, құшақтай бас салып, Оспанды аттан жерге құлаттым. Жерге түскен соң, арпақ-құрпақ алысып сілкілестік. Оспан менен бойшаңдығына, денелігіне сүйеніп, мылтығының найзасымен басымды қасқалай жарды. Жараның жаныма батқанына қарамай, мен де бар пəрменіммен жұдырықтап, тепкілей бердім. Кенет Оспан жанындағы кездігін суырып алып, мені оқты көзімен атып, жарып жібермек болып, тұра ұмтылды. Дəл осы кезде біздің бригаданың аспазы Лю Хуалин шауып жетіп, жалма-жан мылтығының дүмімен Оспанды басқа періп кетті. Қылмысы басынан асқан құйыршық атаманы пышағы қолынан ұшып, есеңгіреп ұзыннан түсті. Барлығымыз жабылып байлап алдық». («Шынжаңда белең берген шынайы істер», 3-том. Үрімжі, 2009 ж, 190-бет)

Бір қызығы күллі қытай тарихындағы мейлі һұн, мейлі түркіге қатысты соғыстың бəрінде қытайлар жеңіске жеткен болып көрінеді. Немесе өздерінің осал тұстары мен жеңілісі туралы жұмған аузын ашпайды. Оспан əңгімесінде де солай. Десе де,

Page 60: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

60

көлеңке жақты көсіле сөйлеп отырып, өз мінін айтып қалушылар да көп болады.

Оспан төңкерісінде əкесімен тізе қоса шайқасқан батыр ұлдары – Шердиман, Ниғыметолла жəне Нəби еді. Шердиман 1970 жылы Құлжада түрмеге қамалып, ұрып-соғумен, аштан өлді. Ниғыметолла 1972 жылы науқастан қайтыс болды. Нəби талай тарғалаң тарихты кешіп, 2000 жылы өзінің туған ауылында, Өр Алтайдың Көктоғайында құдай ажалынан көз жұмды. Сол Нəби өзінің кейінге қалдырып кеткен естеліктерінде əкесінің қолды болуын былайша əңгімелейді: «1951 жылдың басында Мақай деген жерде отырған Оспан батыр ауылы қайта кері көшіп, Алтайға бет алады. Оған себеп – батыр Гималай асып шетке кетуді құптамайды. Көшуге Кеңес бергендерге айтқан жауабы артымда қалған елім бар, жан сауғалап жалғыз кетпеймін деп қайта кері көшіп, Қанамбал тауының бөктеріндегі Хайыз деген көл жағасына келіп түседі. Əрі осы жерге қыстап шықпақ болады.

1951 жылы ақпанның 19 күні таң енді ағарып атып келе жатқанда, жау келіп басып, айғай-шу, азан-қазан болды да кетті. Қытай əскерлерінің айғайының арасынан ұққаным, «Усыман, Усыман!» деген бірнеше ауыз сөз болды.

Əкемнің ақ ордасы мен менің шатырым іргелес болатын. Жүгіріп сыртқа шығып, бірден əкемнің үйінің белдеуіне қарадым. Күндіз-түні белдеуде қаңтарулы тұратын ақбоз ат жоқ. Иə сəт, кетіп қалған екен деп түйдім іштей. Үйдің алдында су ағар жырашық бар болатын, домалап сол жырашыққа түсіп бас көтерместен бүкшеңдеп құлдап жүгірдім. Алла сəтін салғанда алдан екі ағам – Шердиман мен Ниғыметолланы кезіктіріп, үшеуіміз табыстық. Олар менен бірден əкемнің жағдайын сұрады, мен «сыртқа шыққанда белдеуде ат жоқ, құтылған болар», – деген жорамал айттым. Олар «ұзап кетпей тұрып нақты көз жеткізіп алайық», – деді. Алайда, ол кезде Қытай əскерлері ауылды түгелдей қоршап алған болатын. Ағаларым маған «біз амалын тауып қойды ауылға қарай беттетейік, сен қой ішімен еңбектеп, тіл алып қайт», – деген соң, сол айламен қайта ауылға кіріп əкемнің кетіп қалғанын біліп шықтым. Сосын ағаларым: «таң ағармай тұрып, тау жаққа жетіп, бой тасалайық, қоршау бұзғандардың бəрі сол жаққа бет алған болар, аман болсақ табысып ақыл қосармыз», – деді. Су ағарды құлдай сəл жүгіріп, енді алаңқыға шыққанымыз сол еді,

Page 61: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

61

арттан бізді байқап, қуған шеріктердің дауысы естіліп, аспанға оқ атты.

Ағам Шердиман: «Сəл қашып барып бір-бірімізге арқа беріп тұра қалайық, олар бізді тірі қолға түсірмек, сол үшін көздеп оқ атпайды. Келіп айнала қоршайды, сол кезде үшеуіміз бірге айналдыра шайқайық, жалғыз амал сол!», – деді. Расында олар келіп басымыздан асыра оқ атып шыр көбелек айналып қоршап, былдырлап айғайлап жатыр. Шердиманның дауысы шыға үшеуіміз қатар шайқап едік, 10 ат ойнап шыға келді. Аттан үшеуіміз үшеуін мініп, қалғанын айдап, өлген шеріктердің қару-жарағын алып, тез бой тасалап үлгердік.

Ал, əкем жау келіп басқанда қоршауды бұзып шығып кетеді. Алайда, «Оспан қашса, ақбоз атпен қашады, сол ақ атының артынан қалмай, қуалау керек», – деген қатаң тапсырма алған шеріктердің тобы ау дегенде-ақ атпен қоршауды бұзып шыққан батырдың соңынан өкшелей қуады. Оспан батыр қаша соғысып, Хайзы көліне келіп түседі. Ат тағасы тозғандықтан, көл ортасына барғанда шатқалақтап барып, жығылып тұрмай қалады. Қытай əскерлері жақындай береді. Мойынындағы ағылшын автомотын алып, бір айналдырып шайқаған соң, автомот қақалып оқ шығармай қалады. Жан құралының оғы таусылады. Осы сəтте қаптаған сарала шеріктер келіп басады. Батыр қонышындағы қанжарды суырып, бірқаншасын сұлатады. Алайда, шиебөріше қаптаған қалың шерік қойсын ба? Осылай батырды қапыда қолға түсіреді.

Сосын күн шыға батырды түйенің үстіне матап байлап, қол-аяғын кісендеп, ауыл жанынан алып өтеді. Оны көрген қызы Пəнсия дауыс салып, түйе үстінде байлаулы отырған əкесінің аяғын құшып жылайды. Сол сəтте Ошың(Оспан) өзінің батыр қызына ақырып: «Өшір үніңді, дұшпанның алдында көз жасыңды көрсетпе! Мені қытай мықтылығынан ұстаған жоқ, Құдайдың бұйрығымен ұстады. Алла бұйырды, мені байлап алды. Мен өкінбеймін, қайт кейін!», – деп паң күйінде аяқ-қолы кісендеулі түйе үстінде қайқайып кете барады».

Осылайша қолға түскен нар тұлға, жылап-шулаған ауыл адамдарына қарап: «Көз жастарыңды көл қылғанша, естеріңді жинап, ертеңдеріңді ойлаңдар!», – деп қатал əмір етеді. Хайзыдан Дұңхуаңға, одан Үрімжіге жөнелтіледі.

Page 62: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

62

Шаһиттікті таңдау Оспан батыр Үрімжіге əкелінгеннен кейін сұраудың не бір

түрін көрді. Бұл сұрақты тікелей қытайлар емес, манағы айтқан «үш аймақшылардың» «қуана» жүргізгені бесенеден белгілі еді.

«Жаңа» «үш аймақшылардың» өлке орталғындағы жөн сілтеушісі Бұрһан Шахиди болса, нақты жұмысқа жауаптанып, төменгі мен жоғары арасында қызмет атқарушылардың басы-қасында Сəйпиден Əзези болды. 1949 жылы желтоқсанда Сəйпиденмен бірге, қытай коммунистік партиясына бірінші мүше болып кірген қазақтардан Жағда Бабалықұлы, Əнуар Жакулин, Пəтіхан Сүгірбаев секілді «үш аймақ» белсенділері болды. Əнуар Жакулин – Үрімжі аймақтық партия комитетінің мүшесі, Пəтіхан Сүгірбаев – өлкелік халық үкіметінің жорасы, Жағда Бабалық – өлкелік əскери соттың төрағасының орынбасар, əрі өлкелік партия мектебі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Жаңадан қатарға қосылған қызылшыл топ өздері сенген қытай қызылдарына белсене жұмыс атқарумен бірге, «банды қазақтарды» қудалау, ұстау жəне тергеу-жазалау жағында да аса белсенділік танытты.

Осы жайлы əңгіме болғанда көрнекті этногроф, жақында ғана марқұм болған Жағда Бабалықұлы «Айқын» газетінің тілшісі Сəуле Əбединоваға берген сұхбатында былай деген еді: «1950 жылдан 1952 жылға дейін мені Шынжаңдағы халық азаттық армиясының жоғары сотының орынбасары етіп белгіледі. Бұл ең қиын, ең қайғылы дəуір болды. Өйткені бізде ешқандай құқық жоқ еді. Партия «ат» десе атасың, «шап» десе шабасың, «қоя бер» десе қоя бересің. Құлдың да ең жаман құлы болдық. 1952 жылы мені Тарбағатай аймағының əкімі етіп сайлады. Үш жыл сол жерде істедім. Сосын СУАР-дың саяси заң басқармасының бастығы болдым».

Ж.Бабалықұлы айтып отырған «ең қиын, ең қайғылы дəуір» біздің кейіпкеріміздің қытай қызыл армиясына қолды болып Үрімжіге апарылған кезі еді. «Партия «ат» десе атасың, «шап» десе шабасың. Құлдың да ең жаман құлы болдық» дегенінің астарында талай сырлы əңгіме жатқан болатын. Атап айтқанда Жағда Бабалықұлы Оспанды тергеуге тікелей қатысқан адам.

Осы жайларды онан ары анықтай түскен Оразанбай Егеубайұлы өзінің «Көкбөрі немесе тағдыр тəлкегі» (Дүниежүзі

Page 63: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

63

қазақтары қауымдастығы. Арматы, 2006 ж) аталған еңбегінің 52 бетінде өзінің Үрімжі қаласындағы студенттік шағында Оспан батырды ашық сотқа тартқан майданда көрермендер арасында болғанын айта келіп: «Мен» «Оспанның үкім қағазын қадалып тұрып оқып шықты. Соңында алақандай төтбұрыш таңба. Таңбаның ортасында қытайша жəне қазақша Жағда деген есім тұр. Жүрегі тас төбесіне шықты. Бұл қалай? Қазақтың қазақты аттырғаны ма?», – дейді.

Сол тұста Жағда Бабалықұлына қорғаушы болып, бертінде Қарамай деген жерде қайтыс болған Баяқын деген кісі атын айтқысы келмеген қариямызға мынадай əңгіме айтып беріпті: «Ол кезде мен қатардағы жауынгер едім. Бірнеше тіл білетіндігіме бола, қосыннан таңдап алып, белгілі əскери адамға қорғаушы болатындығымды тапсырды. Сөйтсем ол кісі Жағда Бабалықұлы екен. Қасынан қалмаймын, бұйрығын орындап ілесіп жүремін. Бір күні тергеу залының есігінде қақиып тұрғанмын. Жағда бұйрық беріп: «Əлгі банды Оспанды алып келіңдер» деп əмір етті. «Оспан» дегенде елеңдей қалдым. Сақал-шашы өскен, аяғы кісендеулі денелі кісі кірді. Жағда сот тəртібі бойынша оның аты-жөнін жазып болған соң:

– Батыр болсаң бұл араға қалай түсіп қалдың? – деп сұрады. Оспан аспай-саспай:

– Ол сенің ерлігің емес, құдайдың əмірі ғой, – деп жауап берді. Жағда:

– Ел-жұрттан бұлап алған алтын-күмісіңді қайда тықтың? – деді. Оспан сəл ғана езу тартып:

– Алтын-күміс жинайтын қатын емеспін. Менің байлығым – тауым мен далам, – деп жауап берді.

Сұрақ-жауап ұзаққа созылды. Бір кезде Жағда: – Өлім алдында тұрсың, бағынып, кешірім сұрасаң, қылмы-

сыңды мойындасаң, тірі қалуыңнан үміт бар. Тіпті атақ-абырой, мансап берілуі де мүмкін, – деді. Оспан сұрланып:

– Ол қан ішкіш, қара маса сияқты сен секілді сатқындарға мансұқ, мен өз жолымды таңдап болған адаммын. Үй, күпірдің сідігі! – деді. Жағда тапаншасына қол салып, ұратын сыңаймен ұмтыла тұрмақшы болып еді, оның қасындағы Қами деген кісі етегінен тартып, тоқтатып тастады. Бұдан басқа да сұрақ-жауап көп болды. Тоқ етері – Оспан барлық сұраққа қасқая жауап беріп, өзінің

Page 64: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

64

өлім жолын таңдағанын ашық білдіріп отырды. Баяқын айтты деген əңгіменің ұзын ырғасы міне, осылай.

Жалғыз Жағда ғана емес, Оспанды сұраққа алуға лауазымды жұмыс атқарып отырған «сенімді» қазақтың бəрі де тартылған. «Қылмысыңды мойындап, райыңнан қайтсаң, Алтай аймағының уəлилігін немесе өлкелік үкіметтен лауазымды қызмет берейік», – деген əңгімелер де айтылған. Олардың бəріне берген ең соңғы жауабы біреу ғана болған: «Елім-жерім деп күрестім. Енді жауымның алдында берілмей, еңсемді түсірмей, қарсы қарап өлсем болғаны. Маған көмектескілерің келсе, осы соңғы жолды орындауды тездетіңдер», – деген.

Манағы Жағданың «партия «ат» десе, атасың, «шап» десе,

шабасың. Құлдың да, ең жаман құлы болдық» деген өкінішті мұңы осыларды меңзегені еді. Шынында да Жағда: «Ойбай, Оспанды атпаңдар!» десе комунистер оны атпай қоя салмас еді. Ал Жағда: «Атыңдар!» деп əмір еткенмен беталды адамды ата салатын олар да жынды емес. Өз майымызға өз етімізді қуыру – империялардың кəнігі əдеті ғой.

Осылайша Үрімжі түрмесінде қинау мен сұрақтың сан түрін көрген Оспан батыр өз ақиқатын өлімімен дəлелдеп, тарих алдында аппақ арын кірлетпей ұстады. Нағыз мұсылман түркінің қасиетін сақтап шаһит болды. Пайғамбардың ақ туын жамылып, ақиреттеде таза болғысы келді.

1951 жылы сəуірдің 29 күні Қытай Коммунистік партиясының қолынан 52 жасында Үрімжі қаласында өлім жазасына үкім етілді.

Батырдың өлім жазасының орындауы сөз болғанда Нұқсын атты ағамыз Іленің Күнесінде Жұмəділ Омарұлы деген ақсақалдың: «Оспанды аттырғанда мен 14 əскер бастап бардым, он бесінші етіп Əбдірейім деген ұйғырды қосты. 15 мылтық тең атылды. 14 адамдікі өтірік оқ екен, 15-болып атқан Əбдірейімнің бірнеше оғынан кейін Оспан жығылды», – деген дерегін айтады. Ал, сот-тағы негізгі үкімді Бұрһан Шахидидің оқығанын еске алсақ, қызылдардың Оспан төңірегіндегі жазалау əрекетінің тізгін-шылбырын түркі-қазақ қандастары ұстап жүргендей етіп көрсетуінің де өзіндік сыры бар сияқты. Жəне де Оспанмен бірге Ли Иыңчи секілді қылмыскер қытайларды да бірге атуы да тегін болмаса керек.

Page 65: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

65

Оспан батыр атылғаннан кейін де күресті жалғастырып келген Шердиман Оспанұлы 1952 жылы күзде қызыл үкіметке бағын-ғанда, əкесінің сүйегін қайтарып алуды бір шарт етіп, батырдың мүрдесін Алтайдың Көктоғайындағы өз мекеніне апарып жерледі. Қан кешіп жүріп, қызғыштай шырылдап қорғаған қара мекенінен топырақ бұйырды. Шетке кетіп шерлі жүрек болғандардың ішінде: «Өз даласында өлген Оспан батыр да не арман бар екен?», – деп күңіренгендер де болған деседі.

Сөйтіп ұлтының азаттығы жолында азуын айға білеп арпалыс-қан дала көкжалы – Оспан батыр Сіламұлының соңғы тағдыры трагедиямен аяқталды. Өзі өлсе де, артына өлмес өнеге, ерлік рухын қалдырып, қазақтың ғана емес, күллі адамзат тарихында өшпес із қалдырды.

Оспан батыр туралы сөз болғанда айтар əңгіме өте көп. Десе де бұрынғы айтылымдарды қайталамауды көздегендігіміз себепті туған халқының жүрегінен өшпес орын алған батырдың соңғы аңызын да айта кетейік. Осы жолдардың авторы Оспанның көзі тірі сарбаздарымен əңгімеде болғаны бар еді. Сондағы бір қайран қаларлығы «Оспанның құйыршығы» аталып 20-30 жыл қамақ жазасын өтеп келгендердің оған шаң жуытпай, баяғысынша: «ОШЫҢ» – деп атайтындықтары болды. 2000 жылы 27 желтоқсанда Алтайдың Көктоғайында Оспан батырдың өзімен бірге күресте болған ұлы Нəби қайтыс болды. Сол күні «Азаттық» радиосы «Нəби Оспанұлының қайтыс болғанын» хабарлаған. Мұны Оспан ауылынан бұрын «Азаттықтан» естіген Көктоғай қазағы жаназаға мыңдап құйылады. Оспан тіріліп кеткендей үрейленген қытай құқық қорғау органдары жаназаны əскери бақылауға алады. Оспан батыр атылып, қасіретпен қан жұтқан ел-жұртының қаншама сор кешсе де, «ОШЫҢЫН» ұмытпағаны, кісіні еріксіз ойға салады. Бұл – Оспанның иненің жасуындай дағы жоқ періште жүрегіндегі ел мен жерге деген адал махаббатының өлмес куəсі! Рухы жойылмаған халықтың батырына деген ыстық сағынышы! Бүгінгі біздерге, ертеңгі ұрпаққа керек алтын аңызымыздың ақырғы үзігі!

Page 66: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

66

Сұраған РАХМЕТҰЛЫ

1947-1949 ЖЫЛДАРДАҒЫ МОҢҒОЛИЯНЫҢ БАТЫС ШЕКАРАСЫНДАҒЫ САЯСИ

ЖАҒДАЙ МЕН ӨЗГЕРІСТЕР Алтай өлкесіне түгелдей бақылау қойған Шығыс Түркістан

Республикасы армиясының əскері жəне Қытай əскерінің киімін киген КСРО армиясының бөлімдері ұлт-азатшыларды Бəйтік маңында қамауға алуды жоспарлауы ұлт-азатшыларын рухани жағынан құлдырауға ұшыратып, құрылымдық жағынан ыдыратуға əкеліп тіреді. Бұл оқиғаны ұлт-азатшыларының кедергіге тап болған кезеңі деп қорытындылауға болады. Бұл туралы 1947 ж. маусымда АҚШ-тың Үрімжідегі консулы майор Френк Маккернанның жазып қалдырған естеліктерінен көптеген мəліметтерді алуға болады.

Тəуелсіз Шығыс Түркістан Республикасын (ШТР) орнатамыз деген Оспан батыр Сілəмұлы бастаған ұлт-азатшылары тағы да

Page 67: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

67

қиын жағдайға ұшырады. КСРО қарамағында жүзеге асқан “Үш аймақ жеңісі” де, 1946 ж. маусым айындағы 8 ай бойы жалғасып шешімін тапқан 11 тармақты Гоминдаң бітімі де аяқсыз қалды. Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттығы үшін күрескендердің соңына тыңшылар салынды, ел бостандығы тығырыққа тірелді. Гоминдаңның жымысқы саясатына да, орыс коммунистеріне де сенбейтін Оспан батыр Сілəмұлы ең соңғы рет атқа мінді.

Френк Робертсонның айтуындағыдай 1947 ж. Қытай-Моңғолдың шекарасында күрделі жағдайлар қалыптасты. Бұл жағдайға ұлт-азатшылар қозғалысы, өлкелік үкімет əскері, КСРО-ның əскери бөлімдері, АҚШ консулы, Моңғолияның батыс шекара-сының шекара қорғау бөлімдері қатысуын Моңғолияның батыс шекарасы 1946-47 жж. халықаралық деңгейдегі саясатшылардың назарын төтенше тартқандығымен ерекшеленеді.

1947 ж. Моңғолияның батыс шекарасында Оспанның ізіне түсу мақсатында құрылған екі ірі əскери бөлім қызмет атқарғандығы Моңғолия мемлекеттік Қауіпсіздік ұйымының Орталық архивінен /Ф-1, хн.-1/ табылып отыр. Оспан Сілəмұлы басқарған топтың қалған бөлігін жою КСРО тарапынан Моңғолия Қарулы күштеріне жүктетілгендігі белгілі болып отыр. Моңғолия шекара қорғау тарихының көптеген құжаттарында Моңғол шекарашылары Оронбулаг, Хөвий ус маңында қызмет атқарғандығы жазылады. Мысалы, Орон булаг, Хөвий ус маңында Оспан Сілəмұлының 300-ден астам əскері 200-ден астам винтовкамен жəне гранат, жеңіл пулеметтермен қаруланғандығы жөнінде мəліметтер келтіреді. Оспан Сілəмұлының əскерімен бірге 200-дей Қытай əскері Хужирт суының жағасында орналасып, əскер бас сайын жапон винтовка-сымен қамтамасыз етілгендігі айтылады. Бұл деректерге қарағанда Оспан Сілəмұлы мен Гоминдаң əскерлері уақытша бір мəмілеге келгендігін түсінуге болады

Қытайдағы азамат соғысы, күнделікті күш алып келе жатқан Кеңес Армиясына сүйеніп, сес көрсеткен қызыл империя шеңгелі-нен құтылғысы келген азаматтар “Алтайдан Оспан батыр, Қызыл өзен маңынан Халибек бастаған жасақтар Шонжы маңына жиналды” деген хабарды естіді. Моңғолияның батыс өлкесінде де жергілікті халықтар бұл хабарды естіп, дүрлікті. 1947 ж. 17 көкекте Ішкі істер министрлігінің № 0191 бұйрығымен “По-2” маркалы 10 бомбалаушы ұшағы Қобда аймағының Бұлғын ауданының Бодонч

Page 68: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

68

өзенінің жағасындағы əуе алаңына соғысқа əзірлік жағдайында қондырылды.

Батыс шекараны Оспан əрекетінен қорғау бағытымен 1947 ж. 30 тамызда Ішкі Істер Министрінің №550 бұйрығы бойынша Қобда, Баян-Өлгий бағытына қарай Моңғолияның оңтүстігіндегі əскери қосындар, яғни шекарадағы 17, 20, 23, 24, 27, 31 отрядтардан 6 заставаны толық бөліп, бесінші, алтыншы отрядтар құрамына қосады. 1948 ж. 28 қаңтарда Ішкі Істер Министрінің №63 бұйрығы бойынша құрамында 27-30 əскері бар 3 заставаны 6 отрядқа бөліп, бұларды жалпы саны 226 офицер, əскерлерлерден құралған қосымша күштері батыс шекараны қорғауға жіберілді.

1946-1948 жж. КСРО-ның МҚК-нің көмегімен Қобда округын-да Оспанды құртудың əртүрлі жолдары қарастырылды. Оспанның көзін жоюға міндет жүктеген группа мүшелері Құсайын Малшыбайұлы мен Д.Қанапия басқарған ең алғашқы топ Шонжыда қолға түсті. Алтай өңіріндегі қайтадан орын алған саяси жағдай-лардан дер кезінде хабардар болып отырған Моңғолия үкіметі өзінің батыс шекара мəселесіне назар аударды.

Шекара маңынан “тіл əкелу”, яғни шпионаждық науқаны жүрілді. Бұның бір айғағы 1947 ж. 18 ақпанда Алтайда аты шыққан Нəзір тəйжі Бұлғын асуы маңынан моңғол шекарашылары қолына түсті. Сол кездегі Нəзірдің шекарашыларға берген жауабына қарағанда Нəзір тəйжі “Оспан деген сатқын бізді Гоминдаңның қол-аяғы болыңдар деп теріс жолға салды. Оның бұл əрекетін құптай алмай оған қарсы күресіп жүрмін” деген.

Үрімжі қаласынан Оспанды “өлтіруге” міндет алып шыққан бір қытай əскері де моңғол шекарашыларына ұсталды. Ол өз жауабында: “Мен Үрімжі қаласының Гоминдаң əскерінің бас штаб бастығы Зан Шиден арнайы тапсырмамен келемін. Оспан əскеріндегі радио торабына жауаптымын. Оспанның мақсаты - Моңғолия шекара əскерін олжалау, барлау жасау. Сарсүмбе маңында шоғырланған əскерлермен соғыс жаттығу жұмыстарын екі үлкен бөлім арқылы жүргізеді” [1, 5-10 б.] – деген.

Нəзір де, қытай солдаты да Гоминдаңның əдейі жіберген адамдары екендігі соңынан белгілі болды. Олар “Оспан ұлы күш, үлкен қауіп” деген үрейді моңғол жағына туғызып, Оспанға соққы бергізуді мақсат тұтқандығы байқалады.

1947-48 жж. Оспан батыр Сілəмұлын үкіметке ұстап беріп, КСРО басшыларының алдында атақ-абыройға ие болуға Моңғол-

Page 69: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

69

дың батыс шекарасында тірлік ететін көптеген беделді адамдар жəне арнайы группалар, шекара сақшылары көп мəрте əрекет етті. 1947 ж. көктемде Қобда аймағынан Сейітхан Данаұлы, шекаралық арнайы группаның мүшесі, чекист Нэргүй деген торғауытты ертіп, Отынқозы жайлауында отырған Оспанның ауылынан “тіл əкелуге” аттанады. Олар қозы жайып жүрген 14-15 жас шамасындағы ер балаға жолығып, жөн сұрайды. Бала бейтаныс адамдардан үрейленіп, қашпақ болады. Сол кезде Нэргүй баланы бауыздап өлтіреді. Көрінеу жазықсыз жас баланың өліміне куə болған Сейітхан Данаұлы өз міндетінен бас тартып, қасындағы арнайы группаның мүшесін атып тастайды да, Оспан əскеріне беріледі. Бұл жағдайды сол жақта болған моңғолдық барлаушы Сағадай “Сейітхан кісі өлтірді” деп Моңғолия Ішкі Істер бөліміне хабар-лайды.

1947 ж. 1 сəуірде моңғол шекарашылары Гоминдаң əскер-лерінің Моңғол шекарасына таяу Орынбұлақ, Хөвий ус маңындағы 280 адамдық (дүнген, ұйғыр аралас) қарулы топ шекара бұзып жүр, “Оспанның əскерлері бізге тыныштық көрсетпеді» деп орталыққа мəлімдейді.

Осы жағдайды ескерген Моңғолия үкімет басшылары 1947 ж. 3 маусымда бұл жағдайға байланысты ресми қарсылық білдірген хатын, жоғарыда аталған əскери бөлім мен топқа жеткізуге шекара-лық арнайы группаның өкілдері Моңғолияның Қобда аймағының Бұлғын ауданының азаматтары Б.Бадам мен Б.Чулуундайларды жіберді. Ресми хатта: “Шекарада орын алған жағдайды екіжақты келісіммен шешу, осыған қатысты екі жақтың өкілдерін кездестіру, егер жауап берілмесе Моңғол шекарасындағы Гоминдаң əскер бөлімі тұрған жерге соққы береміз жəне 24 сағат ішінде моңғол жерінен кетуді талап етеміз” делінген [2, 71-73 б.].

Бұл хатқа ресми жауап берілмеді. Гоминдаң əскері барған екі елшінің бірі Б.Бадамды қолдарына қалдырып, Б.Чулуундайды кейін қайтарады. Б.Бадам Гоминдаң əскерінің қолынан қаза табады. Осы жағдайдан кейін Моңғолияның батыс шекарасындағы жағдай шиеленісіп, шым-шытырық идеологиялық насихаттар мен қитұрқы саясаттың өзегіне айналды. Сенімді барлаушы ретінде танылған Б.Бадамға Моңғол мемлекеті Халық Ұлы Хуралының 1968 жылдың 14 маусымында №146 Жарлығы бойынша “МХР батыры” атағы берілді. Бұл тарихи құжатта көрсетілгендей Моңғолия мен

Page 70: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

70

Қытайдың батыс шекарасындағы саяси ахуалды КСРО қарулы күштері қолма-қол басқарып отырғандығы айқын көрінеді.

Үш күн өткеннен кейін 1947 ж. 6 маусым таңғы сағат бестер шамасында Ішкі Істер Министрі генерал Шагдаржав пен генерал Зайсанов Мүдəрісұлы бастаған əуе күштерінің арнайы ұшақтары бірнеше сағат бойы оқиға болған маңды бомбалады. Бұл жерде Моңғолия шекара заставасының командирі Чойжилжав, көмекшісі Ж.Нэхийттер Гоминдаңның “саңлақтар” деп аталатын дүңген əскерлерін шекарадан қуып шықты. Үш күнге жалғасқан қарулы қақтығыста командир Норолхоожав, қатардағы жауынгерлер Чимид, Жагар, Чойгинжав жəне Баян-Өлгий аймағы азаматы, офицер Жəнебілхан Жанбазарұлы оққа ұшты [3, 63-68 б.]. Гоминдаң əскері кері айналып шекара асып кетті.

Бұл қақтығыстар тек Гоминдаң əскерлері мен Моңғолия шекарашыларының арасында ғана болмады. Мысалы, 1947 жылдың 5 маусымында Шагдаржав басқарған “И-1” соғыс ұшағы шекара маңында көшіп келе жатқан Алтай өлкесінің бейбіт ауылдарын бомбалады деген дерек табылды. Онда 30-дан астам қазақ азаматтары мерт болды. 1947 ж. 14 маусымда Ш.Зоноров, майор Е.Бямба басқаратын 40 шақты əскерден тұратын топ Хужирт сайының аузында бекінген Оспанның 500-ден астам əскерлерінің қоршауында қалып, маусымның 16 күні жараланған 8 əскерімен қоршаудан шықты [2, 156 б.]. Бұл қақтығыстың болу себебі қара-пайым ауылдарға оқ атқан моңғол шекарашыларының ағаттығынан туындаған мəселе екендігі кейін мəлім болды.

1947 ж. маусымның 19-30 аралығында Гоминдаңның 700-дей əскері шекараға жақын маңайға шоғырланды. 20 маусымда Их тахилт өңіріндегі қытай мен моңғол əскерлері қақтығысып, Гоминдаңның 5 əскері қаза тапты. Ал, маусымның 23-27 күндері Алтан овоо маңында болған қақтығыста шегініп, кері қашқан офицер Доржыны Моңғолия əскери далалық соты ату жазасына кесті.

Шекарадағы болған жағдайдың барлығы “Оспанның кесірінен болды” деген алып-қашпа сөздер басым болғандықтан ел Оспанды өздеріне “жау” санады. Моңғолдың батыс шекарасында немесе Бəйтік-Богда маңында жүріп шекарашылардың қолына түскен бейсауат адамдардың барлығы “Оспан бандысы” деп танылды. Гоминдаң əскерлері мен Моңғолия шекарашыларының ара қақтығысы жергілікті жердегі бейбіт тұрғындардың мазасын алған-

Page 71: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

71

дығы көп деректерден айқын көрінеді. Шекара маңында көшіп-қонып жүрген бейбіт тұрғындар қатаң бақылауға алынып, топтасып жүруден қалды. Оқиға орын алған жерде бір адам жүрсе “тыңшы” делініп, екі адам жүрсе “барлаушылар” аталып, үштен жоғары топ-пен жүрген жүргіншілер мен мал өрісін қуып көші-қонмен жүрген ауылдарды ату-шабу əрекеттері толастамады.

Бұның бір айғағы 1947 ж. тамызда Бəйтік-Богда өңірінің Их тахилт асуынан келген 7 атты кісіні Моңғолия шекарашылар арнайы тобының өкілі Ж.Нэхийт бастаған шекарашылар қоршап, біреуін атып өлтіреді де қалғанын тұтқындайды. Сол ұсталған адам өзін “Секей Темсекұлымын” деп шекарашылардың қойған сұрақтарына жауап берген. Ол: “1947 жылдың шілдесінде Үрімжі қаласынан Оспан батырдың үйіне келген бес адам бір апта бойы жиын өткізді. Олар, “Бəйтік-Богда қытай жері, қазір соғыс өртін тұтатпай тұрып КСРО жəне Шығыс Түркістан мемлекетімен келісім жасалып жатыр. Моңғол Қытайдың қол астына кіреді. Сондықтан Моңғолмен соғысуға болмайды. Келісімнен кейін Бəйтік-Богда толықтай Қытайдікі болады. Шығыс Түркістан үкіметі жойылып, сендер Алтайда қаласыңдар. Егер осы жерге Моңғолдар шабуыл жасаса шегінуге болмайды. Оспан батырдың үйіне жиналғандар тамыздың 2-сі күні кері қайтты” деген біржақты ақпар береді. Бұдан шығатын қорытынды КСРО-ның ықпалымен Шыңжаңда, Алтай өңірінде өрбіген ұлт-азатшылар қозғалысы тығырыққа тіреліп, Гоминдаңның 1945-1946 жылға дейін моңғол шекарасына жасаған əрекеті жүзеге аспаған соң, Шыңжаң үкіметі, КСРО билеушілері тарапынан Оспан батыр Сілəмұлының атына саяси астармен жалған лақап таратып, Алтай өлкесі жəне Моңғолияның Қобда бетін мекендеген қазақтардың арасына əрқилы насихаттар жүргізді.

Моңғолияның батыс шекарасына жаппай үрейлі насихаттар таратылып, Гоминдаңның, Оспанның қаупінен сақтану қажет екендігі барлық əкімшілік жүйесіне ресми түрде тапсырылды. Олар Оспанды моңғол жұртына “құбыжық” етіп көрсетуге тырысып, шекара бұзған, мал барымталағандардың барлығын “Оспанның қалдығы” атап, тіптен жасанды жағдайда ұсталғандарды “Оспан жіберді” дегізуге мəжбүр етті.

Моңғолия шекарасы, оның батыс бөлігінде орын алған Гоминдаң жəне Оспан əскерлерінің қаупінен сақтану ісін нақты жүзеге асырған шекара əскер тарихында алғашқы отряд деп таң-

Page 72: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

72

баланған Қобданың 5-отряды тарихта өзінің атқарған міндетімен ерекшеленіп қалды. Осы отрядты 40 жылдық мерейтойында 1973 ж. Моңғолия мемлекеті Əскери Қызыл ту орденімен марапаттады.

1948 ж. қаңтар айынан бастап Алтай, Қобда өңірінде қар қалың түсіп, жұт болды. Даладағы аң, қорадағы мал аштан қырылып, Моңғолияның батыс шекарасы Қобда, Баян-Өлгий жерін мекен еткен халықтың басына ауыр кезең туды. Моңғолия мен Шыңжаң шекарасындағы Гоминдаң əскері азық-түлік іздеп, аң аулап, шекарадан жиі өтіп кетіп жүрді. Шекара маңын күзетуге міндетті 6-шы отрядтағы 1232 ат пен мініске арналған 213 түйе қатарлы ат-көліктің барлығы жем-шөптің жоқтығынан арықтап, азды. Əскери заставаларға қатынайтын жолдардың барлығын қалың қар басқандықтан 30-40 шақырым жердегі постыларға əскерлер жаяу қатынады. Шекарашылар 865 жирен, 100 шақты құлан, 75 тауешкі, 30 арқар атып, 35 тоннадай ет, азық-түлік қорын жинап, қыстан аман шығу қамын жасады.

КСРО-ның əскерилері Моңғолияның батыс шекарасындағы орын алған осы жағдайға аса мəн бермегендігі байқалады. 1947 ж. тамыз айында шақырылған МХР халықтық министрлер кеңесінің (БНМАУ-ын Ардын сайд нарын зөвлөл) қаулысы: “Батыс шекара-ның əрқилы қайшылықтарына қатысып, Гоминдаң əскерлеріне қарсы жорықтарда қаза болғандарға көмек көрсету” жөніндегі құжаттың нұсқасынан көптеген деректер кездестірдік.

1948 ж. 18 ақпан күнгі мəлімет бойынша бір əскерге берілетін астың мөлшері 1 шыны шай мен ірі қараның 4 сирағы, тұзсыз су көже болды. Тамақтың сапасының аздығынан əскерлер арасында қан тышқақ ауруы тарады. Оларға аздаған мөлшердегі азық-түлік 1948 жылдың 5 наурызында Ажбогд тауларының қыр жолдарын бойлай, жеткізілді. Жылы киім болмағандықтан көп əскерлерге суық тиіп, зертең ауруына шалдықты. 1948 жылғы орын алған жұт пен аштық Шыңжан өлкесіндегі елге де оңай тимеді. Азық-түлік іздеп босқан ел шекара маңына шоғырланды. Малынан, адамынан айрылғандар тоз-тоз болып, бір елдің жерінде тұрақтай алмады.

Сондай-ақ Ч.Алтангэрэл, Ж.Эрдэнэпилдердің “Баруун хилийн бат цайз” (1993), Х.Шагдардың “Баатар вангийн цэргүүд” (2002) атты тарихи зерттеулеріндегі 1947 жылдың мамыр, маусым айындағы қарулы қақтығыстардың дерек көздерін таптық. Моңғолия жағынан қарулы қақтығыстарға Б.Чойжилжавтың əскері, Д.Цэрэнжавтың 4-атты əскерінің арнайы батальоны, Пүрэв

Page 73: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

73

бастатқан арнайы дивизион жəне 4 қылышты бөлімше, 2 автомат мылтықпен қаруланған бөлімше, 1 ірі пулемет бөлімшесі, 3 мино-метпен қаруланған бөлімше, 1 танкге қарсы бөлімше, 1 байланыс-шылар бөлімшесі, 1 барлаушылар бөлімшесі міндет атқарып қыр-уар қаржы жұмсағандығы байқалады.

Біз 1947 жылғы қарулы қақтығыстар жүрілген жерлерді анықтауға тырысуымыз бойынша - Орон булаг, Хөвий ус, Хужиртын гол, Нарийн харгайт, Гурван хар уул қатарлы тарихи жер аттары кездесті. Бұл жерлер Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы мен қазіргі ШУАР, Алтай өлкесінің арасындағы таулы мекендер екендігі айқындалды. 1947 ж. маусым айының 5-і күнгі шайқаста қазақ азаматы Жанбазарұлы Жəнəбілхан оққа ұшқандығы жазылып қалды. Хужирт өзенінің аңғарындағы қарулы қақтығыста Ж.Жəнəбілхан, Ж.Жономоо, М.Чимид, С.Дамдинсүрэн, Д.Готов, Л.Жаргал, Л.Пунцаг, П.Зодов қатарлы 8 əскердің оққа ұшуы жөнінде 1998 жылғы “Хөх толбо” газетінің 38-санынан соны материалдар таптық. Сондай-ақ “Ардын эрх” (1998.09.15 №217) газетіндегі С.Оюунның мақаласында да Моңғолияның батыс шекарасына қатысты құнды деректер қарастырылған. Біз осы құжаттардың барлығына талдау жасау арқылы қалтарыстағы тарихи деректерді ашыққа шығаруға талпындық.

1947-1948 жж. Моңғолдан Алтай өңіріне көшіп бара жатқан кезінде барлық мал-мүлікінен айрылған Ахметхан Қабимолдаұлы, Күлмесхан Бодайұлы, Мұқай Əбілдаұлы мен Қасен сияқты азаматтардың ауылы қайтадан моңғол шекарасына қарай көшіп келе жатып, шекарашылардан қаймығып кері қайтты. Манат, Жылқайдар деген азаматтардың аз ауылдары өздерін аман-есен сақтап қалу үшін талай мəрте моңғол шекарасынан өтпек болып ниеттенсе де шекарашылардың қарсылығынан қатты шығынданды [4, 760 б.].

КСРО-ның саясатымен жүргізілген батыс шекаралық əскери жорықтар туралы біржақты деректер идеологиялық мақсатпен жүзеге асты да, оның нəтижесінде Б.Бадам, Ж.Нэхийтлер Моңғо-лияның батыс шекарасындағы атқарған міндеттері үшін қаһармандық дəрежеге жеткендігін айта кеткен жөн.

Моңғолия Ішкі істер министрлігі, Ішкі əскер басқару орны батыс шекараның саяси жағдайына байланысты 1948 жылдан бастап тағы да шекара отрядтарын күшейте бастады. Төтенше деп көрілген Баян-Өлгиймен шекаралас өлкелерге 6-отрядты 17

Page 74: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

74

заставасымен жұмылдырды. Батыс шекараның жағдайын жаппай тұрақтандыру үшін осы өлкеге төтенше тəртіп жарияланып, Моңғолия Министрлер кеңесінің 1948 ж. тамыз айындағы қаулысына негіздеп арнайы 24-отрядты төтенше тығыз бағыт – батыс шекараға жолдады.

1948 ж. жазында КСРО-ның тапсырмасымен Оспан батырдың көзін жою үшін Моңғолияның батыс шекарасында арнайы құрылған топқа басшылық етуді сол кезде түрмеде отырған полковник Лодонгийн Дандарды жіберді [5, 91 б.]. Оспан батыр Сілəмұлын өлтіруге əзірленген топтың ішінде Д.Гомбожав, Я.Дашравдан, Л.Лувсандамба, Т.Цэвээндорж, қазақ ұлты өкілдері Зұрман Өткелбайұлы, Сандал Рахымұлы, Нұрғазы Мақалайұлы, Жапабай Мұқыұлы, Халидолда Зəкерұлы, Сейітхан Данаұлы сияқты арнайы əзірленген адамдар болды [6].

Оспан батыр Сілəмұлын қолға түсіруге міндет жүктеген арнайы топ 1949 ж. 19 наурызда Қобда аймағының Ішкі Істер бөлімінің бастығы Цэдэн мен 4-ші бөлімнің кеңесшісі КСРО-ның КГБ өкілі Яковленколардың тура көмегімен Зээгийн ус заставасының бақылауындағы Қытай шекарасынан Шыңжанға қарай өтті. 1949 ж. 24 наурызда Шонжының батысындағы Құм шетіндегі Оспанның штабына жеткен топ сол маңайға барлау жасады. Қой жайып жүрген Ақан деген қойшыны ұстап, қорқытып жөн сұрады. Ақан Оспан ауылының алты үйі қыстаудан көшіп, тың жерге қонғанын, сол үйлердің ішіндегі ең үлкен боз орда Оспанның үйі екендігін, оның отыздай оққағарларының əзір екендігінен мəлімет берді. Л.Дандар бастаған топ Ақанның айтуымен келе жатқанда алдынан бір салт атты шолғыншы шығып, оларды көре сала кейін қашады. Топ адамдары оларды атып өлтіріп, оқшау тігілген екі үйге пулеметтен оқ жаудырды. Л.Дандар “Оспан батырды өлді” деп есептеп 1949 ж. 2 сəуірде Моңғолға қайтты. Ол шекарадан өткен соң ғана кейін ғана барлаушылардан Оспанның тірі жүргенін естиді.

Бұл реткі бірінші əрекет жүзеге аспағаннан кейін Моңғолия үкіметі КСРО-ның тікелей ықпалымен Оспан батырды қолға түсіру тапсырылған екінші топты екінші мəрте тағы да Лодонгийн Дандарға басқартты. Бұл жолы онымен Рашын Тавхай, тəржімашы Нямаа, З.Халидолда, Зұрман, Нұрғазылар, Қобдалық Гомбожав, Я.Дашравдан жəне түрмеде полковник Л.Дандардың өзімен бірге

Page 75: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

75

жазасын өтеп отырған Дондов қатарлы арнайы əзірленген адамдар жіберілді.

1949 ж. 29 мамырда Ішкі Істер бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бастығы Базарсад жəне КСРО-ның Қобдадағы үйретуші-лерінің басшылығымен Л.Дандар бастаған топ Улаанбаатардан Қобда аймағына келді. Қобдадағы барлаушылар бөлімінің бастығы Э.Гэрэлчулуун, оның кеңесшісі КСРО-ның Қобдадағы əскери өкілі, КГБ-нің полковнигі Начиевтар оларды “Зээгийн ус” застава-сындағы Кіші Хавтаг асуынан Қытай шекарасына қарай өткізді.

1949 ж. 2 маусымда Л.Дандар басқарған арнайы топ Мулейхо қаласының солтүстігіндегі Богда жотасында бейсауат жүрген 4 кісіні ұстап, Оспан батырдың штабы тұрған жерді айқындап, тектеді. Өздерін Нəзір, Уақан тəйжінің ауылынанбыз деп таныстырғандар Оспанның штабының Шонжы тауының солтүсті-гіндегі сайдың басында орналасқанын, батысынан да, солтүстігінен де бару қиын екенін, Шонжы қаласының қасындағы саймен өрлеп баратын жалғызаяқ жол бар екенін түсіндірді. Ұсталған төрт адамның ішіндегі Нұрғали деген азамат “біз кешікпей Оспан батырдан бөлініп, Моңғол шекарасы арқылы Шығыс Түркістан үкіметіне көшпекпіз. Моңғолдың ресми адамдарымен кездесу жасауға бізден адамдарымыз барады” деді. (Оспанның Лəтіп Мұстафаұлы бастаған əскерлері 1947 ж. маусымда Шіңгілден бір мыңнан астам түтінді Бəйтікке көшіріп алғанда Нəзірге қарасты бір ру ел - Уақан, Батай қажы, Нүкте қатарлы 320-дай түтіні Шіңгілде қалып қойған.) Бірақ Л.Дандар бастаған арнайы топ бұл жолы да өз міндетін атқара алмады.

Оспанды қолға түсіру жөніндегі Моңғол жағының əрекеті тығырыққа тірелді. 1949 жылдың 3 маусымында Лодонгийн Дандар радио байланысы арқылы орталық штабқа мынадай хат жолдайды: “Нəзір, Уақандарға елші жөнелтіп, кездесуге шақырып, олар келгеннен соң ұстап, өзім аз топпен Оспан штабына барам”. Орталық штаб немесе Бұлғын бойындағы барлау тобының бастығы Гэрэлчулууннан келген радио шифрде: “Орталық үкіметтен бір шешім келгенше ешбір əрекет жасауға болмайды, қолға түскен адамдарыңмен бірге қауіпсіз жерге барып бекін» делінген. Бірақ, Лодонгийн Дандар бұл бұйрықты орындаудың орнына “Уақан зəңгінің туысымын” деген Нұрғалиды шақырып, “Нəзір мен Уақанды бізге кездесуге алып кел” деп кері босатып жібереді.

Page 76: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

76

1949 ж. 4 маусымда Морин толгой деген жерге Нəзір тəйжі мен Уақан өкілдеріміз деп Қабылхан Нəзірұлы, оның туысы Қайдарлар келіп “Сіздердің шақырған адамдарыңыз келе алмады. Алтай өңіріндегі ауылдары кері қарай көшпек. Бізді моңғол жерімен Алтай өлкесіне өтуге көмектесіңіздер” деген өтініштерін білдірді. Алайда, бұл уақытта Л.Дандарға орталық штабтан “Нəзір, Уақанмен кездесуге болмайды, қолға түскен тұтқындардың көзін жойып, ары қарайғы міндетіңді атқар” деген радио шифр келді [7].

Лодонгийн Дандардың тобы келген бұйрық бойынша маусымның 5-күні шекара маңына таяу жерге орналастырып, Л.Дандар, З.Қалидоллалармен бірге Оспан штабына бармаққа бекінді. Бірақ, жолдың ауырлығы жəне аттардың болдырғаны олардың Оспанды қолға түсірем деген мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.

Лодонгийн Дандар Нəзірге хат жазып, тұтқында ұстап отырған Мизан деген адамды босатып жіберді. Хатта: “Алтайға қарай көшуге үміттенген ауылдарды көшіруге көмектесу үшін Моңғол шекара басшыларымен келісуге болады” деген міндеттер болды. 1949 ж. 6 маусымда Л.Дандар бастаған топ Моңғолияға алдына қойған мақсатын орындай алмай оралды. Өз бетімен əрекет еткен Лодонгийн Дандарды Моңғол үкіметі де, КСРО-ның Моңғолия-дағы əскери билеушілері де қайтадан мұндай саяси іске аралас-тырмады.

Бұл туралы барлаушы Г.Гэндэндарамның Сағадай Өбішұлына арналған “Сардар ізі” атты күнделігінде: “Оспан біздерден басын алып қашпады. Оның штабында бір қытай тілін білетін орыс радисі жұмыс істеген. Радист жауынгер Оспанның күнделікті жүріс-тұрысын жоғарыға хабарлап тұрды. Американың азаматы ма білмедім, бір шетел азаматы Оспанға үнемі қатынасып, кеңес беретіндігі байқалды” деген жазу жолдары келтірілді [8, 98-109 б.].

1949 ж. қазан айында Шыңжаң Одақ үкіметінің Қаржы меке-месінің басшысы Жанымхан қажы Тілеубайұлы Шыңжаңдағы Оспан батыр Сілəмұлына барды. Ол Құмыл маңында Оспанмен бес айдай қоныстас отырды.

1950 ж. қаңтар айында Оспан батырдың ауылында үлкен жиылыс өткізілді. Жиылысқа коммунизмге қарсы шыққан қазақтың игі жақсылары, ұйғыр, дүнген ұлтынан, Гоминдаң əскери бас-шылары, Шыңжанда тұратын ақ орыс өкілдер қатынасты.

Page 77: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

77

1950 ж. 10 ақпанда тұңғыш рет Құмылдың Қуарша деген жерінде Оспан батыр Сілəмұлы жасағы мен оның қарсыластары арасында үлкен шайқас өтеді. Оспан қолына қарсы соғысқандар - Шығыс Түркістан, кейінгі үш аймақ үкіметінің ұйғыр-қазақ əскер-лері, орыс, қытайдың біріккен 5-корпус отрядтары, Моңғол əскерлері біріккен халық азаттық армиясы болды.

1950 ж. 23 маусымда “Дарақты сай” деген жерге уақытша қоныстанған Оспан батыр, Жанымхан қажы ауылдарына Қытай халық азаттық армиясы түнде соққы береді. Т.Жанымхан қажы қолға түсті. Оның Дəлелхан, Хамит, Мəжит атты ұлдары Оспан батырға ілесіп, құтылып кетеді. Бұл туралы Т.Жанымхан қажының баласы Дəлелхан Жаналтай “Қилы заман – қиын күндер” атты кітабында: “Жанымхан қажы Тілеубайұлы 1950 ж. 7 айдың 1 күні Хотон там деген жерде ұсталды” деп жазды [9, 94-96 б.]. Жанымхан қажы Тілеубайұлы 1952 ж. ақпанның 4-күні Үрімжі түрмесінде азаппен өлтірілді.

Ұлт-азатшыларының басына ауыртпалық кезең туды. Оспан батыр Сілəмұлы бастаған ел Тибет арқылы Үндістан жеріне өтпекке ниеттенді. Оспан батыр тобы Халық азаттық армиясымен аяғына дейін шайқасуды мақсат тұтып, өз сарбаздарымен кейін қалды. Жанымхан Тілеубайұлының балалары Оспанның қасында бірге жүрді [10]. Сондай-ақ, Оспан сарбаздарының құрамында орыстардың да біршама əскері болды.

1949 ж. қазанда Қытай азаттық армиясы Үрімжіге келген кезде Бұрхан Шаһиди бастаған көптеген зиялылар жаңа үкіметке мойынұсынатындығын білдірді [11]. Қараша айында Қытай армия-сы Шыңжаң өлкесін түгелдей өзіне қаратты. Желтоқсанда Оспанның жақтасы Халибек Хəкім Шыңжанды тастап, Қазкөлге қарай көшуді ұйғарды.

1950 ж. күзде Оспан ауылы Гансу өлкесі Мақай маңындағы Қанамбал тауы қойнауына шоғырланып, күннің жылынуын күтті. Кейбір жазбаларда Оспан батыр шайқас барысында жаралы болған сарбаздардың сауығып кетуін күтті делінді [12, 71 б.]. Ал, қаламгер Хасен Оралтай “Оспанның əскерлері Қанамбал тау баурайында қыстап қалуының себебі жолдың барлық нүктелерін қызыл Қытай-дың азаттық армиясының ірі бөлімдері қоршап тұрғандығынан” деп келтіреді [13, 85-101 б.].

Қытай азаттық армиясы Оспанның ауа райы жылынған кезде көшетінін алдын ала болжап, 1950 ж. 15 желтоқсанда

Page 78: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

78

Қанамбалдағы ауылын қоршап алады. Қытай азаттық армиясымен Оспан батыр Сілəмұлы ақырғы рет шайқасты. Қарулы армияға төтеп бере алмасын сезген батыр қоршауды бұзып шығуға əрекеттенді. Бірақ ол 17 жасар қызының жау қолында қалғанын көріп, қайта оралды. Ұрандап келіп баласын іліп алдына отырғызып, қаша жөнелген сəтте жалтыр мұзға аты тайып жығы-лады. Шыңжаң Алтай өлкесінің ұлт-азаттығы үшін күрескен ірі тұлға Оспан батыр Сілəмұлы Қытай азаттық армиясының бірнеше ірі бөлімдерінің арнайы қаруланған əскери жасақтарының түнгі операциясында оғы таусылады да, қолға түседі.

Оспан батыр Сілəмұлын Қытай азаттық армиясының əскерлері Мақайдан Дихуаға дейін жаяу əкетті деп жазды түркиялық куəгер Шеризат Доғыру [14, 11-14 б.]. “Мен Оспан батырды жаралы күйінде көрдім. Оны көшеде алып бара жатты. Сақал шашы өскен. Ол өте сұсты көрінді. Киімі жыртылған, кірлеген. Оны көп азаптаған. Жалаң аяқ, жалаң бас, қолы байлаулы болса да Оспан еңсесін тік ұстап жүрді. Үрейленгені байқалмады. Ол өлетініне нық сенген, əрі өзін асқақ сезгендей көрінді. Тіптен жауға түсіп бермеген күйі, ештеңе болмағандай бекем қалпында жүріп бара жатты. Оспан Сілəмұлы “өлімге қарай емес, неке сарайына тойға кетіп бара жатқандай күйде еді” деп бұл мəселеге көп қалам тартқан Шеризат Доғыру бей, Фокс-Холмстың мəліметіне сүйене отырып қызықты сілтеме келтіреді [15].

Оспан батыр Сілəмұлының мойынына “Оспан” деп арабша əріппен жазылған кішкентай төрт бұрышты тақтайша ілінді. Оны масқаралау үшін көше бойымен жұртшылықтың алдында ашық алып жүрді. Үрімжідегі барлық басылымдарда “Америка тыңшысы”, “Тонаушы банды қолға түсті” деген хабарлар жария-ланды. Оспан батырға “төңкеріске қарсы əрекет жүргізді”, 1175 адамның өліміне кінəлі, оған қоса 340 мың мал ұрлады, көптеген адамдардың үй-жайын өртеді деген айыптар тағылды. Қытай үкіметі оны əйгілі террорист ұсталды деп таныды [16, 37-39 б.].

Оспанды түркішіл Мехмед Емин Бура, Иса Юсуп Алыптекин-дердің ізбасары деп санады [17, 44 б.]. Тағы бір деректерде Оспан батырды «америка тыңшысы» Үрімжідегі екінші дəрежелі АҚШ өкілі Дуглас Маккернанның əріптесі деп ұқты. Себебі ол туралы 1947 ж. маусым айынан бастап байланыста болғандығы жайлы Оспан батырдан алынған тергеу түсініктемесі, тергеу материал-дарында да бар. Тергеу материалында Оспан батыр генерал Сун-

Page 79: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

79

Ши-Лянмен байланыс жасар кезде Американ елішісі Дуглас Маккернан қатысты жəне шайқастарда бірге болды деген [18] түсініктеме жөнінде арнайы хаттама, құжат толтырылды.

Дуглас Маккернан Оспан батыр Сілəмұлын Сун-Шиляндармен бірге коммунизмге, КСРО-ға, үш аймақ төңкерісіне қарсы əрекет жүргізді деп келтірілді айып қорытындысында.

Тергеу барысында “1949 ж. Жон Холмс Факстон, Дуглас Маккернандар Оспаннан соғысты жалғастыруды талап етті” [19] деген куəгерлер де табылды. Сөйтіп, Оспан Сілəмұлы мен төңкеріс-ке қарсы шыққан Ли Жинцилердің қылмысты істері Шыңжан өлкесінің Үрімжі қаласында Қытай Коммунисттік Партиясының Орталық Комитетінің мүшесі Чень Бенцо, Цзе Миндердің тікелей қатысуымен болған сот барысында қаралып, сот шешімі бойынша 1951 ж. 29 сəуірде Оспан батырды Үрімжі қаласында ату жазасына бұйырды. Бұл жөнінде “Жэнь минь Жибао” газетінің 1951 жылғы 5 мамырдағы № 1041 санында түсініктеме жарияланды. Газетте Оспан батыр Сілəмұлының Дуглас Маккернанмен байланысына қатысты заң тергеушісіне берген жауабы келтіріледі. Онда: “1947 ж. маусым айында Үрімжі қаласындағы Америка елшісі Мазан (Дуглас Маккернан) жəне Гоминдаңның Шыңжаңдағы авангард əскерінің бас қолбасшысы Сун-Шилян екеуі 5-армиядан бір бөлім əзірлеп, Моңғолия шекарасы Бəйтік-Богда тауы, Улиастай, Харгайт маңындағы шайқасқа енгізді” дейді де, “Елші Маккернан Бəйтік-Богда тауының Алтан овоо маңында жер жағдайын анықтайтын топографиялық картаны қарап отырғанда Моңғолия əскерлері оқ жаудырды. Маккернан картасын, дүрбісін, құлақшынын тастап, тау басынан домалап етекке түсті” деген.

Сот шешімін орындар алдында Оспан: “Мен тонаушы емеспін. Мен өз адамдарыммен қатар тəуелсіз мемлекет құру жолында оларға көмектестім” деген ақтық сөзін мəлімдеді [20]. Үрімжі радиосы “Оспан батырды Əнуар Жакулен деген қазақ атты” деп хабарлаған. Оспан Сілəмұлының мəйіті көпшіліктің сұранысымен алынып, өзінің туған жері Көктоғай, Күртінің Тамырлы деп талатын жерде ата-бабасының, əкесі Сілəм молла Сайеке əулетінің зиратына қойылды.

Соңғы жылдардағы басылымдарда Оспан батырды əркім əр қырынан көрсеткісі келді. Соның бірі Шыңжаң өлкесін аралаған Дэвидсон деген тарихшы 1950 жж. қытай жазбаларына сүйене отырып “Оспан мəдениетті адам емес, ол саяси дəрменсіз,

Page 80: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

80

Гоминдаңның қол-аяғы” [21, 134 б.] деп жазды. Бұл сөз коммунизм насихатшыларының біржақты қорытындысы.

Бізге бүгінге дейін “Оспан батыр Сілəмұлы асқан қаһарман, ұлт-азаттық жолында құрбан болған күрескер” дейтін құжат табыл-ған жоқ. Оспанды мадақтауға, дəріптеуге қазір де шек қойылып отыр. Біз Оспанның саналы аз өмірін саралай келе, коммунизмнің құрбаны, үстем ұлттың езгісінде қалған ел-жұртын азат ету жолын-да нағыз күрескер болғандығы жайлы дəлелді деректер келтіруге тырыстық.

Оспан батыр Сілəмұлы көп мəрте жеңіс туын қолына алды. Түркі тарихшыларының бағалауынша Оспан “ұшақ жасалып шығу-дан сəл бұрын туса, ол нағыз теңдессіз əскери тұлға болар еді”.

Оспан батыр күрестің барлық сатысында біржақты ғана саясат ұстанған жоқ. Оспан батыр дүниежүзін қамтыған ұлы төңкерістер мен əлемдік саяси тайталас дəуірінде өмірге келді. Ол КСРО-ның кəсіби армиясы, Гоминдаң үкіметінің жазалаушы қосындары, Қытай азаттық армиясының ірі-ірі бөлімдерімен қарулы қақтығыс-тар жасаған тұстарында əскери тактикада көшпелі сардарлар жорығының дəстүрлі үлгілерін пайдалана білді.

Шыңжан өлкесінде, Шығыс Түркістан Ислам Республикасын құру жолындағы оның күресі КСРО-ға жақпай тұйыққа тірелгені айқын. Қазіргі коммунистер “Оспанның Шығыс Түркістан Респуб-ликасын тастап кетуі теріс болды” деген жорамал айтады. Шыңжаң Алтай өңіріндегі ұлт-азаттық күреске бастап шыққан тұлға ретінде, саяси қайраткер, ұлт жанашыры болған Оспан батыр Сілəмұлының тарихи күрделі жорықтары əлі де көптеген зерттеулерді талап ететіні даусыз. Оспан батыр Сілəмұлы Гоминдаң үкіметінің үстемдігі, белгілі ірі ұлттың ұлтшылдық көзқарасы жəне Ұлы империялардың саясатына, коммунизмге қарсы тұрды.

1934-49 жж. арасындағы Моңғолияның батыс шекарасында Оспан батыр мен Қытай жəне Моңғол шекарашылары аралығында болған ірі қарулы қақтығыстар соңы ұлт-азатшылар үшін нəтижесіз аяқталды. Екі жақ та Кеңес Одағының тапсырмасымен Оспан батырды бірнеше рет тұтқындауға əрекет жасап, ақыры 1951 ж. ауылын қоршау арқылы оны қолға түсіріп, сот шешімімен өлім жазасына кесумен Шыңжаң өлкесіндегі өрбіген ұлт-азатшы-ларының қозғалыс тарихына соңғы нүкте қойылды.

Сөйтіп, Моңғолия мен Қытай аумағын мекендеген жергілікті ұлт өкілдерінің бостандық, тəуелсіздік жолындағы күресі аяқсыз

Page 81: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

81

қалды да, қозғалыс қарқыны күшпен басылды. Көтеріліс көсемдері үкімет саясатының құрбанына айналды. Көпшілігі ұзақ жылдар бойы түрмеде азап шекті.

Алайда, жергілікті ұлттардың қысаң саясатқа қарсы бас көтеруі үкіметтің кейбір жеңілдік жасауына мəжбүр етті. 1935 жылдан кейін ҚКП Орталық Комитетінің басшылығына келген Мао Цзэдунь ұлтшылдық саясаттың бір қанатын жергілікті ұлттарға қарсы бағыттады. Демек, нағыз “интернационалист” деп аталған Ван Минь, Бо Гу қатарлы басқа көз қарастағы зиялылар партия қатарынан аластатылумен марксизм ілімі “қытайлана” бастады. КСРО саясатшылары бұл процессті көп жылдар бойы пролетариат идеологиясын жамылған буржуйлардың эклектикалық қағидасы деп таныды. ҚКП мен Гоминдаң партиясының ара қайшылығы ұлт-азатшыларының қозғалысының соңғы нəтижесіне кері ықпал етті.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. МУТТА. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің орталық мұрағаты 1-Ф., 1-п. Ф.1. т.2. хн.766. х.86-87. “Вячеслав Михайлович Молотовыг шагнасан тухай БНМАУ-ын БХТ-ийн 38 дугаар тогтоол” 1940.07.19. (В.М.Молотовты марапаттау жөніндегі қаулы); МУТТА. Ф.1. т.3. хн.1. х.268-269. «Шинжанаас зугтаж ирсэн хасгуудад тусламж үзүүлсэн тухай НТХ-ны Тэргүүлэгчид, АСНЗ-ийн 75/58 дугаар тогтоол” Шыңжаңнан қашып келген қазақтарға көмек көрсету жөніндегі қаулы)1941.12.11.

2. Алтангэрэл Ч. Ховд хязгаарын хил хамгаалалтын товч түүх (Қобда округының шекара қорғау тарихы) Улаанбаатар 2003, 232 б.

3. Орынұлы Х. Есте қалған есімдер. - Өлгий: Баспагер, 1995. - 87 б; Р.Шынай. Оспан батыр. БӨ. 1996, 85 б. Жəнəбілханұлы Бəкел. Ел қорғаған есіл ер. – Улаанбаатар, 2004. 125 б.

4. АЦТА (Халық əскерінің мұрағаты). Б.Чулуундай ісі. 3-іс. № 52. 4-п. 5. Чинзориг Д. Түүхэнд ороогүй түүхэн баримт (Тарихқа енбеген тарихи

құжат). -Улаанбаатар УАХЭГ, 1992. - 209 х.

Page 82: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

82

6. Зұрман Өткелбайұлы, Сандал Рахымұлы, Нұрғазы Мақалайұлы, Жапабай Мұқыұлы, Халидолда Зəкерұлы, Сейітхан Данаұлылардың сұхбаты. // Шұғыла. 1991. №4.

7. Маршал Чойбалсан ба Сталины уулзалтууд (кездесулері) // Өнөөдөр. - 1997. 05.17. № 098

8. Гэндэндарам Г. Алтайн Зоригт шонхор (Алтайдың алғыр қыраны). -Улаанбаатар: УАХЭГ, 1986. - 98-109 б.

9. Жаналтай Д. Қилы заман - қиын күндер . - Алматы, 2000. - 160 б 10. Walter Sullivan // New York Timеs, April 18, 1949 11. Alin Wang. Personal communiction, famil/relatives of Qadiwan in Urumvhi,

Summer 1986. 12. Oraltay H. Alas.Turkistan Turklerinin Milli Istiklal Parolasi Alas. The

Watchword of the Turkistan Turks National Independence. – Istanbul: Buyuk Turkeli Yayinlari, 1973. - 148 s.

13. Қызырбек Қайратолла. Ереулі атқа ер салған. – Алматы: Оралман, 1999. - 142 б.

14. Sirzat Dogru, Memories. pp. 11-14. 15. Хараал ерөөлөөр солигдох нь буй. // Жаңа Өмір. 1992. №35 16. Xinjiand Weiwuer Zizhiqu Gaikuang // A Survey of the Xinjiand-Uigar

Autonomous Region, Urumqi., pp. 37-39. 17. Yili Hasake Zizhizhou Gaikuang (A Survey of Ile-Kazak Autonomous

Prefecture). - Urumqi., 1985, - p. 44. 18. Foreign Relations of the United Stares Diplomatic Paper 1949, Vol. 9,

Washington., 1972. 19. Survey of China Mainland Press (SCMP), No. 102(1951), p.4, translation of

New China News Agency (NCNA) article of May 5, 1951. 20. Arslan Tosun interview // Taibei, Taiwan., 1981. 21. Basil Davidson, Turkestan Alive. - London., 1957, - 134 р.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

ОСПАН САРБАЗДАРЫНЫҢ

Page 83: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

83

ЕСТЕЛІГІ

ЕСТЕЛІКТЕРГЕ ЕСКЕРТПЕ

Халқымен қайта қауыша бастаған Оспан батыр Сілəмұлы жайында оның үзеңгілес сардарлары мен сарбаздары жағынан жазылған еңбектер де көп назарына ұсыныла бастады. Соның бірі жəне бірегейі болған «Нұрғожай батырдың естеліктерінің» де тарихи құны аса жоғары болды. Əсіресе естеліктің Мимар Симан Көркем Өнер университетінің профессоры Əбдіуақап Қара сынды ғалымның қолынан өтуі, ғылыми түсініктемелермен толықтануы тарихи ақтаңдақтарымызды жамауға көп септігін тигізді. «Азаттық-тың өшпес рухы» атымен жарық көрген аталған еңбектің алғы сөзінде, ғалым, тарих ғылымдарының докторы Ə.Қара естеліктің жазылуы жайында былай дейді:

«Естелік 1984 жылы қаңтар айында төте жазумен жазылған. Оны Шынжаңнан Түркиядағы туыстарына қыдырып келген Сұлтан Оспанұлы жазған. Сұлтан Нұрғожай батырға амандаса келіп, естеліктерін жазуды қалайтынын айтқан. Бастапқыда Нұрғожай батыр естеліктерінің еліне қайтқаннан кейін басына пəле болып, ауыртпалық əкелу ықтималы себепті жаздырғысы келмейтінін айтқан. Бірақ, Сұлтан, Қытайдың 1979 жылдан бері əр салада реформалар жасап, есігін əлемге айқара ашып, демократиялық елге айланып келе жатқанын, сондықтан əрқандай шындықтын ашық айтылатын тұсқа жеткендерін айтып, өзіне бұл турасында ешқан-дай қиыншылық келмейтінін атап өткен. Тіпті елге барған соң естеліктерді кітап қып шығаратынын да тілге тиек еткен.

Осыдан кейін барып Нұрғожай батыр, Сұлтанның естелігін жазуына ұлықсат береді. Бірақ не жазса, екеу қып жазып, біреуін өзіне қалдыруын шарт етеді. Сұлтан бұған келісім береді де, екі дəптерге бірдей естеліктерді жазады. Сөйтіп біреуін өзі алып, екіншісін Нұрғожай батырдың өзіне беріп кетеді.

Біз осы естелікті пайдаландық. Бірақ Сұлтан Оспанұлы көп еңбек сіңіріп жазған еңбегін бастыруға мүмкіндік таба алмады. Елге барғаннан кейін, Алтайдағы Компартияның жергілікті белсен-ділері Сұлтаннан естеліктерін тартып алды. Қазір оның қайда екені

Page 84: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

84

белгісіз. 2004 жылы дүниеден озған Сұлтан Оспанұлына топырағы торқа, барған жері ұжмақ болсын дейміз. Ол осы естеліктерді қағазға түсіру арқылы үлкен еңбек сіңіргені дау тудырмайды.

Нұрғожай батыр естеліктерден соң екі жылдан кейін, атап айтқанда 1986 жылы 29 қазанда дүние салды. Оның отбасы батыр-дың естелігін көздерінің қарашығындай сақтап жүрді. Бір қанша адам жариялау үшін сұраса да бермеді. Олар естеліктердің жоға-луынан немесе бұрмаланауынан алаңдады. Сөйтіп естелік 2007 жылға дейін сандық түбінде жатты.

Нұрғожай батырдың бұдан тыс бір естелігін Мимар Синан көркем өнер университеті тарих кафедрасының меңгерушісі, өзім-нің ұстазым профессор Гүльчин Чандарлыоғлы 2006 жылы Ыстамбұлда түрік тілінде жарыққа шығарды. Чандарлыоғлы ол естеліктерді Нұрғожай батырмен сұхбат өткізе жүріп, 1973 жылы бірнеше айда жазып алған. Кейін қарбалас жұмыстармен жүріп сол естеліктерді баспаға дайындауға мүмкіндік таба алмаған.

Біз 2006 жылы осы естеліктердің баспа жұмыстарына көмек-тесіп жүргенде екінші бір естеліктің, тіпті қазақ тілінде бар екені-нен хабардар болдық. Сол естеліктердің ешқандай бұрмалау-шылыққа жол берместен, тіпті мұның кепілі ретінде қолжазба нұсқасымен бірге бастыруды ұсыныс етіп оны жарыққа шығаруға ұлықсат алдық. Сөйтіп бір жылдан аса уақыт жұмыс істеп осы естеліктерді баспаға дайындадық».

Əбдіуақаптың сөзінен бұлайша ұзақ үзінді беруіміздің де өзіндік сыры бар. Бірі – ел ішінің алтын кеніш екенін білдіретін не бір қазыналарымыздың əлі де жасырынып жатқандығын білдіргені болса, екіншісі Оспан есімін көтеруге жол бере бермейтін қытай қоғамының шынайы бейнесін көрсете алғандығы. Анықтап айтар болсақ, өз қолымен атып тастаған адамды қытай қоғамы əліге дейін ақтай алмай отыр. Оспан жайында еркін сөйлеп, жазуға да тиым салынған. Сондықтан да арғы беттен келген əр қандай естелік пен жазбаларға оқырмандар кешіріммен қарар дегенді ескертіп отырмыз. Уақит Халелұлының, Нəби Оспанұлының естеліктері, Көктоғай деректері негізіндегі «Өр Алтай арпалыстары», əрине, сондай тар шеңбердің арасынан шығып, біздің қолымызға əзер тиген деректер есептеледі. Əрі əрбірінің ар жағында компартияға сөз тигізбеуге тырысқан сақтықтары да бірден аңғарылады.

Естеліктер оқиға жағынан бірін-бірі қайталағанымен зерттеу-шілер үшін бірінің кемдігін бірі толықтап отыратын құндылығымен де қымбат деп ойлаймыз. Тіпті ішінара ұқсас адам, жер аттарының өзінде де авторлардың жазу мəнеріне мəн беріп, өзіндік қалам қағидасына құрмет еткенімізді де жасырмаймыз. Бір төбе құмнан

Page 85: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

85

бір шелек қара құм шықса, сол бір шелек қара құмнан уысқа жақын алтын түйіпшіктерінің табылатындығын да білеміз. Қолыңыздағы естеліктер сізге халқының қасиетті ұлы Оспан жəне оның ерлік рухы жайлы сондай алтын түйіршіктерін сыйлай алса, онда мақса-тымыздың орындалғаны деп білеміз. Ендігі төрелік өздеріңізден.

Ж.Шəкенұлы, 2010 жыл қазан

АЛТАЙ ХАЛҚЫНЫҢ ШЫҢ ШЫСАЙ ЗҰЛЫМДЫҒЫНА ҚАРСЫ КӨТЕРІЛІСІНІҢ ҮШ КЕЗЕҢІ

ЖƏНЕ ОСПАННЫҢ ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ҮКІМЕТІНЕН

БАЙЛАНЫСЫН ҮЗІП ЖАУЛАСУ СЕБЕБІ Мен Шынжаң тарихының аса ауыр қаратүнек дəуірі Шың

Шысай үстемдігі мен оған қарсы көтерілген Алтай халқының ұзаққа созылған қарулы арпалысы жөнінде көріп-білгендерімді жинақтап, баяндап отырмын. Осы тарихты білетін адамдардың кем-кетік жерлерін толықтауын, ауа жайылып кеткен орын-дарын дұрыстауын қабыл аламын.

Уақит Халелұлы

Алтай халқының Шың Шысай үкіметінің зұлымдығына қарсы көтерілісінің үш кезеңі

Шың Шысай 1933 жылы 12 сəуірде Жын Шурынды аударып,

Шынжаңның əкімшілік əскери билігін шеңгелдеп, саяси сахнаға көтерілгенде, жиһангерге қарсы тұру, Кеңес Одағымен дос болу, дін еркіндігін қорғау, ұлт теңдігін іске асыру сынды алты саясатты жолға қойып, əуелді бір мезет өркениетті кісі болып көрінді. Сондықтан өлкенің басқа жерлері сияқты Алтайда оқу-ағарту, денсаулық сақтау қызметіне басшылық еткен орындар құрып, тəртіпке түсірді.

Егіншілікті дамытуға Кеңес Одағынан, ауылшаруашылық машина саймандарын əкеліп, халыққа сатып беру жолымен тара-тылып берілді. Мал шаруашылығында малдың нəсілін жақсарту, індетінің алдын алу қызметін Кеңес Одағынан арнаулы келген техниктер жүргізді. Əр ұлт саудагерлері Кеңес Одағымен сауда тоқтамын жасап, астық, бұл, шəй, күнделікті тұрмысқа керек-

Page 86: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

86

жарақтарын əкелді. Ал оның қарымтасы үшін Кеңес Одағы жаққа тірі мал қой, өгіз, малдың шикі заттарын сатып берді.

Сөйтіп Алтайда жалпы беттік оңалу беталысы көрінді. Көп ұзамай мұндай жаңалықтың артынан халыққа ауыртпашылық келтіретін жағымсыз істер майданға келді. 1935 жылы Шың Шысай барлық жерге, əр бір ауданға сақшылық тор құрып, тыңшылар тəрбиелеп, халықтың ыңғылын күзетті. Халықты сақшы басқарып, бір ауданнан енді бір ауданға, аймақтан аймаққа жолаушы баратындар аймақтық, аудандық сақшыдан жолхат алып жүретін түзім орнатты. Бұрынғыдай халықтың еркін жүруі шектелді. 1938 жылы Шың Шысай халықтың ішінен мылтық жию деген лаңды қозғап, қолында «көсеуі» бардың бəрі осы дегенге сенбегендіктен, халыққа қысым жасады. Сақшы орнының рөлін күшейтті. Халық еркін жүру, еркін тұрудан қалды. Халық үкіметтен қорқатын болды. Шың үкіметі өзі жүргізіп отырған саясатына наразы болады-ау, қарсы шығады-ау деген ел басы, халыққа ықпалы бар адамдарды түрлі сылтау тауып қолға алуды бастады. 1938 жылы қыркүйекте Алтайдың Көктоғай ауданындағы Халел тəйжіні жиын бар деп ауданға шақырып, аймақтан шəу Шəріпхан, аудан сақшы бастығы Омарқандар, сақшының əскерін бастап, жиын үстінде Халелді ұстайды. Халел қарсыласып əскерлермен алысқанда, мылтықтың дүмімен, ұрып тісін сындырады. Халелге болысып жиынға еріп барған руы шеруші Көшербай мырза екеуі əскерлермен жағаласқанда, сақшылар екеуін де ұрып жығып, Халелді əскери күшпен ұстап байлап алып, атпен елсіз Қуүй жерімен алып жүріп, Алтайға сақшыға апарып қамайды.

Халелді Алтайға апарысымен Алтай уəлиі мекемесінің бас хатшысы Мəнкей Мəми ұлын қолға алып, əр екеуі бір жолы тұңғыш рет Алтайға қатынаған ұшақпен Үрімжіге алып келіп, түрмеге қамайды. Осы кезде Көктоғайдан Ақтеке би, Сарсүмбеден Қарағұл залың, Шың үкіметінің Алтай уəлиі мекемесіне, Мəнкеймен Халелді кінəсіз қолға алуына наразылық білдіріп, оларды қайтарып беруге хат жазып, айырым адам жібереді. Шəріпхан уəли байланысты орынмен сөйлесіп, бір жақты етеміз, алаңсыз жатып күтіңдер, – деп Халелдің мініп барған атын ер тоқымымен беріп, барған адамдарды қайтарады.

Осы жылдың соңында, Баркөлден Буратай тəйжінің балалары Қабдолла, Қайбар, Əліп үкірдайдың інілері, Қожамерген, Жеңісхан жəне Сейітбай, Қазы, Əйкебай, Ыбырəлі, Қайдар сияқты 18 адамды

Page 87: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

87

бір күнде қолға алып, Үрімжіге əкеліп қамайды. Бұлар кейін Үрімжі түрмесінде түгелдей өлтірілді. 1939 жылы қазан айында «Моңғол, қазақ, қырғыз құрылтайы» деп аталған Шынжаңның жер-жерінен 200-дің үстіндегі ел басшыларын Үрімжіге жинады. Алтайдан Шəріпхан уəли, Əлен уаң, Бұқат бейсі, Тəбін бейсі (Моңғол), Шөлтін бейсі (Моңғол), Əбілмəжін гүң, Дəлелхан тəйжі, Қажынəби үкірдай, Ыбырайхан үкірдай, Рахат Халелұлы, Нұрмұхамет үкірдай, Момынбай би қатарлы Алтайдан қырық неше адам келеді. Жиынның міндеті – қазақ, қырғыз, Моңғол малшы-ларындағы мылтық құралдарын жинап, үкіметке тапсыруды айтып, жиынға келгендер қол астындағы, еліндегі мылтық, оқ дəріні түгелдей үкіметке тапсыруды айтып, артындағы еліне хат жазумен болады. Бұл жиын алғашында құрылтай делініп, бара-бара мылтық-тың сұрағының қамағына айналады.

Ең соңында жиынға келгендердің көп бөлімі абақтыға жабылып, түрмеде өледі.

Үкімет өлкеден ауданға дейін ел қолындағы тығылып қалған қару-жарақты жиып алу комиссиясын құрды. Ауданда мылтық адақтаумен бірлестіріп, ел ішіндегі қалған елбасылармен үкімет өзіне қауіпті деп қарайтын адамдарды жалғасты қолға алды. Алтайдан: аудандардан Бəди молла, Шəмер Мəмиұлы, Шөкей, Мінуəр бай, Мамыт бай, Сағдолла бейсі, Көкенай тəйжі, Мəнкен, Сүлеймен қазы, Баянды, Құлжақазы, Қақыш би, Кəкім зəңгі, Жəмшит, Ағзам, Раздан имам, Əз залың, Борамбай тəйжі, Қалым тəйжі, Қалман қазы, Сақсайбай, Жақсыбай секілді адамдарды үкімет бір мезгілде қолға алып, Алтай халқына қорқыныш үрей салды. Аймақтағы мылтық адақтау жиынында «ел қолында мылтық қалмады, бəрін тапсырдық. Мылтық жоқтығына, үкімет халыққа сенсе екен», – деген сөзді айттың деп Қарағұл залыңды жиын үстінде қолға алды. Кейін түрмеде қинап өлтірді. Көктоғайдан жиынға барған Ақтеке би, Есімхан үкірдай аманында қайтып елге жетіп алу мақсатымен, «елге барғаннан кейін ел қолындағы қалған мылтықты түгелдей жиып, үкіметке тапсырамын» деп қолдарынан хат жазып беріп қайтады. Осы жылы өр керейдің дін басшысы Ақыт қажыны қолға алып, мешіттегі діни кітаптарын өртеп, қалғандарын өзімен бірге алып кетеді. Халықтың діни сенімін қорлайды. Шың үкіметі халыққа əскери ат беру міндетін түсіріп, үкіметтен айырым адам шығарып, ат алатын малшыларға жылқысын жиғызып келіп, 1937-39 жылдары өздері талдап, тез

Page 88: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

88

өлшеммен ат алады. Осындай қат-қабат қысымның күшеюімен Есімхан үкірдай Көктоғай ауданының əкімін өлтіріп, Өр Алтайдағы Шың Шысай үкіметіне қарсы халықтық көтерілістің бірінші рет туын көтерді.

1940 жылы қаңтардың аяғында Көктоғай ауданының əкімі Шүй Ры Лың өлкеден келген мылтық жию комиссиясының адамдарын ертіп, қарулы сақшымен, ауданның Бурылтоғай аудан шекарасын бекітуге дейін елді аралап, халықты мектеп залына жиып, сыртқа күзетші əскер қойып, жиын кезінде адамдарды дəретке шығармай, халықтың қолындағы берілмеген мылтық құралды тізімге алдырып, «үкіметке тапсырыңдар!» деп халықты қыстайды. Ел ішіндегі қалған елбасы жəне үкіметке қарсы шығады деп қарайтын адамдар-ды тізімдеп, атын жариялап, ақпанның басында ауданға барып жиынға қатысуын ұқтырады. Ақпанның екінші жаңасы күні Зағоба-да Оқан зəңгінің үйіне келіп қонады. Мұның алдында Есімхан жиынға барып, қолды болып, қорланып өлгенше қарсыласып өлейік деп шешіп, Өндірқарада ауылдарында жүрген сақшы Кəрім дегеннің мылтығын алып, байлап қойып, сайлауыт отыз жігітпен ел жата Өндірқара жерінен аттанып, Оқан зəңгінің ұлы Табытай мен Рабайұлы Қамиланға жол бастатып, Оқанның үйінің қасына келгенде қарда аяқтан дыбыс шығармау үшін жігіттердің етігін шешкізіп, киіз байпақтарымен жүргізіп, есік терезені алып, Қапас Тіркешұлымен Еңсеген Шағалақұлына бастатып үйге кіргізіп, əкімді жатқан жерінде жайғастырып, басқа сегіз адамды далаға алып шығып көздерін жояды. Жеті мылтық, бір жанқұрал олжа алады. Есімхан Бурылтоғай өзені, шығысы Сартоғай, батысы Қарабұлғын жеріне кісі жіберіп, болған ахуалды хабарлайды.

Ақпанның үшінші жаңасы түстен бұрын, Ақтеке би, Сайып Халелұлын ұстауға келген сақшының Сарноғай бастық үш адамын өлтіріп, Есімхан көтерілісімен бірлеседі. Қарабұлғын жеріндегі Мұтбай зəңгі Дабаби Шамғұн, Зал зəңгі бастаған үш жүзден артық үй Ақтеке биге қосылып, Өндірқара жеріне көшіп барып Есімханға қосылады. Бұларға өзен бойындағы Сартоғай, Шəкүрті, Өндірқара, Сартеректегі Масали молла, Салық би, Тұрдыбек зəңгі, Əбдолла шаңия, Оқан зəңгі, Кəдірбай, Қапырыш, Əубəкір молла, Шағалақ қатарлы бастықтары бар ел қосылып, Есімхан, Ақтеке бастаған көтерілісшілері жеті жүз үйлік топ болып ұлғаяды. Көтеріліс бас алқалары Өндірқара жерінен Көктоғай қаласындағы үкімет орындарын алуға Есімхан, Мұтбай, Кəдірбай, Қапырыш, Сайып,

Page 89: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

89

Зал бастаған бес жүз адам жібереді. Жау қарулы қосынның қарасын бұрын көріп, қаруы сай жау алдымен соғыс ашып, көтерілісшілер ауданды ала алмай Сəтіш, Мəуия, Қапас үш азамат бір мылтықтан айырылып, қайта шегініп елге келеді. Құр қол көтерісшілерді жөргегінде жойып жіберу үшін Шың үкіметі Шіңгілден Ырысбек бастаған сексен-тоқсан əскер, жүз түйеге артқан қорымен Мұса Тұрықбайұлына жол бастатып шығады. Мұса Сартоғайдағы елден Дүйрын атты əйелді атпен жасырын жіберіп, Көктоғай еліне жаудың баратынын хабарлайды. Көтерілісшілер жасақты жаумен соғысу дайындығын көреді. Сүлеймен алғашында ауданға көп адаммен бармай, өзін он мылтықты адаммен жіберуді айтқанда талабы қабылданбайды. Осы рет Сүлеймен өз ру басыларына жаумен соғысу талабын айтқанда шеруші елінің бастықтары Мəсəли молла, Тұрдыбек зəңгі, Кəдірбай, Ынтықандар, шеруші елінің əруақты батыры Байтайлақтың қара шаңырағы(жетінші ұрпағы) Ынтықандыкіндегі Байтайлақтың өзінің туын шығарып, мал сойып тілеу істеп, қар үстінде көрінбейтін ақ бұлдан сым, шапан, күлəпарə тіктіріп, Сүлейменге киізіп, таңдап ат мінгізіп, нағашысы Əубəкірдің үкіметке бермей тығып қалған бесатар мылтығын мойнына салып, ақсақалдар бата беріп туды көтертіп жаудың алдынан аттандырады. Сүлеймен бастаған топ қалың қол-дың алдында жүріп Сартоғайдың орталық терістік қара шоқысынан жаумен алысады. Жау, ə дегенде беті қайтып жеңіліске ұшырайды. Жау келген артына айналып қашады. Сүлеймен бастаған топ алды-нан тосып, артынан қуа қоршауға алып соққылайды. Ақырында Ырысбек үш-төрт адаммен атпен қашып құтылып, түгелдей жойы-лады. Сексен неше мылтық, үш-төрт пулемет, алпыс неше ат, жүз түйелік əскери қорын түсіреді. Көтерісшілер тұңғыш рет жеңіс құшады. Сүлеймен ел көзіне ерлігімен көрініп, батыр атанып, елдің құрметіне ие болады.

Сүлейменнің қысқаша ахуалы

Сүлеймен Түсіпұлы Көктоғай ауданының солтүстік шығыс тау

іші Тараты сайында аздап егін салып күнелтеді. Жəне аң атып жан баққан шабан-шалаң кісі. Сүлеймен 1940 жылы 36-37 жаста тау арасында қар қалың болғандықтан, шаңғымен жүруді үйреніп атқан аң терілерін аудандық сақшыға беріп, аң мылтығын ұстауға рұхсат алып, қорғасын, дəрі, бестон сатып алады. Осындай таныстықтан

Page 90: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

90

аудандық сақшы оған атын бақтырады. 1938 жылы қыста бағымын-дағы сақшының бір атын қасқыр жейді. Сүлеймен сақшыға барып мəлімдесе, «мына қалың қарда қайдағы қасқыр, айтқаның рас болса, қасқырды тірідей ұстап əкел, болмаса атты төлейсің!» дейді. Ызаға булыққан Сүлеймен шаңғы мен қасқырдың ізіне түсіп жүріп, тауып, қуып, жетіп, ұрып, жығып, аяғын мойнына қосып байлап тірідей шанаға басып сақшыға алып барады. Атты төлемейтін болады. Сүйлейменге ат бағудың сыртында ел ішіне барып үкіметке болған елдің ыңғылын байқау міндеті беріледі. Сүлеймен үкіметтен қорқатын үйге барғанда: «үкіметке қарсы сөздерің болса, мен үкіметке айтып барамын, қалаймақан сөйлемеңдер!» деп ескертіп отырады екен. Сүлейменнің 1940 жылдан бұрынғы өмірі кедейшілікпен өткен болып, төңкеріске қатысуымен төңкерістің айбарлы батыры елін жаудан қорғаудағы еңіреген ері болады. Осы жолғы соғыстың жеңісінен Шіңгіл елі Ноғайбай үкірдай, Зəтелбай, Көксеген үкірдай, Мұса мерген, Жылқайдар, Қазанқап, Имандолла үкірдайлар бастап 1000-ның үстіндегі үй Көктоғай көтерісшілеріне қосылып көтерісшілер 1700 үйге көбейеді.

Көтерісшілерді түбегейлі жоюға, Шың Шысай үкіметі Үрімжіден машинамен күндіз-түні қарулы қалың əскерін əкеліп, Сартоғайға төкті. Алтай аймағынан Буырылтоғай өзенінің батысы-нан өрлетіп, əскерін əкеліп батыстан шығыстан қоршауға алып, аттылы-жаяу əскермен, оқ өтпейтін танкісі, əуеден айроплан күшін бірлестіріп, соғыс жүргізді. Көтерісшілер жаудан түсірген азын-аулақ құралы, жонып алған сойыл, соғып алған найзасымен Шатыртас, Дөңті, Сартоғай, Шағанірге, Моншыққызыл, Күмістің-құйғаны сияқты жерлерде ақпанның ақырынан, наурыздың ақырына дейін табаны бір ай зелзала соғысады. Көтеріліс басшыларынан Ноғайбай үкірдай, Зəтелбай үкірдай соғыс алдын-дағы азаматтардан Кішкенебала, Ыбырайхан, Түркістан, Тəлкен, Мақай, Жəнабіл, Тоғыз, Дағыстан, Шəймұрат ішінде қырықтай азамат соғыс майданында құрбан болады. Ақтеке би жəне отыздай азамат соғыста жаралы болып соғыс шебінен қалады. Зəтелбай азаматтарды бастап, өлгенде оқытатын намазын оқытып, жауға сойылмен, найзамен қолма қол кіріп, соғыс салады. Оның сол соғыста құрбан болған шоқысы «Зəтелбайқызыл» деп аталған. Осы бір айлық соғыста көтерілісшілер жаудан мөлшермен 500-дей мылтық, құрал қыруар оқ дəрі, 6-7 жүздей ер тоқымды ат, үш жүзге жақын қор артқан түйе олжалайды.

Page 91: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

91

Соғыстың күрделілігі, жаудың күш басымдылығы себебінен көтерілісшілер Моңғолия үкіметінен паналық талап ету үмітімен Буырылтоғай өзенін өрлеп, соғыса көшіп Моңғолия жері Бұлынға баруға бет алады.

Моңғолия үкіметіне алдын ала негізгі ел бастықтары атынан хат жазып жағдайды айтып паналық тілеп, Шіңгілбай залың, Тұрдыбек зəңгі, Қақыш, Шəкер би, Мəдилерді жібереді. Бұл адам-дар Бұлғын шекарасындағы Моңғолия үкіметіне барған жерінде Моңғол үкіметі жағының əскерлері оларды аянышты өлтіреді. Көтерілісші қалың ел жаудың қыспағымен амалсыз Бұлынға өтіп барады. Моңғолия үкіметі Шың Шысай үкіметімен бірлесіп, ел қонған Бұлғынның орман талы мен ну қамысының ішіне өрт қойып, əуеден ұшақпен, жерден атты-жаяу қалың əскермен соғыс жүргізіп, елді бірақ басып алады. Айдап Шіңгіл аудан жеріне көшіреді. Ел мал-мүлкімен екі үкіметтің бірлескен күшіне жау-ланады. Өрттен, оқтан өлген ондаған адамдар жерленбей қалады.

Осындай қысылтаяң жағдайда Есімхан, Ақтеке, Ырысхан (Ноғайбайдың орнындағы баласы), Мұса мерген, Көксеген үкірдай, Мұтбай зəңгі, Даба би, Елеуіш, Шамғұн, Зал зəңгі бастаған салт азаматтар, аздап қатын бала бар, қашып Арманты, Кіші Қаптық, Үлкен Қаптық жерлеріне баруға бет алды.

Сүлеймен батыр, Мəсали молда, Қəдірбай бастаған 100-дей салт жігіт оңтүстік ой-адыр Қарамайлыға барып бекінді.

Қаптыққа кеткен халықтың артынан 2000 атты əскер қуып, соғысып aйроплан əуеден тексеріп бомбылаумен бірге, жердегі əскерге əуеден жол бастайды. Көтерілісшілер бекіне соғыса жүріп, Үлкен Қаптыққа ілінеді. Осы кезде жаудың алдыңғы жағынан Моңғолияның бір збод əскері тұйықсыз ұшырасып, көтеріс-шілермен бетпе бет келіп үлкен соғыс болады. Жаудың 2-3 адамы атпен қашып құтылып, басқасы түгел жойылады. Қазақ көтеріліс-шілері отыз шақты мылтық, оқ-дəрі бір қатар ат-көлік олжа алады.

Мұса мерген оққа ұшып, ауыр қайғыға батады. Жаудың аспаннан, жерден дамыл бермей соққылауы ат-көліктің арықтауы, азық-түліктің таусылуы, тауы жоқ, суы сирек шөл, жазық адырда жүрудің қиыншылығы соғыста жаралы болғандарды алып жүру ауыртпалығы елді қажытып жіберді. Біреулер «Жері иен Гансу өлкесіне өтіп кетуді» енді біреулер Алтайға қайтып, ел ішіне барып күш толықтап, тауға бекіне соғысуды айтады.

Page 92: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

92

Осындай екі ұдай пікірмен жүріп, Бəйтік тауына ауыр жағдайда ілінеді. Бəйтіктің күнгейіндегі отырықшы қазақ малшыларынан ат-көлік алып, сойыстыққа мал тауып, бірнеше күн ес жинаған кезде көтерісшілер ішіндегі Оспан Сілəмұлы елбасшысы Есімханға Алтайға барып соғысу пікірін айтады. Есімхан: «көтерілісті мен бастадым, басымызға ауыртпашылық келгенде, елден бөлініп кету – жан бағу болады ғой. Мен елмен бірге болайын, сен өз бетіңмен бол», – дейді. Оспан қырыққа жуық адаммен Алтай қайдасың деп аттанып, Өндірқара жерінен түсіп, тасып жатқан өзен суынан жəне Ертіс өзенінен сал буып өтіп, Күрті жеріндегі почта бекетін қорғап жатқан он шақты Шың Шысай əскерін тұтқын етеді. Қолға түскендер Алтайдан 200 түйе əскери қорды, 50 əскер əкеле жатқанын айтады. Оспандар олардың жолын тосып, түгел жояды. Арнаулы 10 түйеге артқан мылтық-құрал, ат-көлік, азық-түлікпен толықтанады. Бұл Оспандардың абыройын асырып Көктоғай Арал елін қосып алуға үлкен себеп болады.

Оспан Арал жері, Ышқынты, Тұлты, Қуүй, Қадыраты, Тəбінбелшір сияқты тау ішіне бекініп елмен байланыс жасап, елбасылар мен сенімді азаматарға мылтық құрал беріп, өз қатарын молайтады. Оспан батыр аталады. Осы кездегі соғыстың бірінде тізесінен оқ тиіп жараланғанда, аяғын сылтып басатын болады.

Бəйтіктегі үлкен топты Шың Шысайдың қуып жүрген атты құралды күші жерден, əуеден жеті айропланмен бірлесіп соғыс жүргізеді. Көтерілісшілер бір күн тосып соғысу арқылы жаудың бетін қайтарады. Көтерілісшілердің негізгі басшысының бірі – Ақтеке би, айропланның атқан бомбысының оғы жеті жерінен тиіп, ауыр жараланып, Арманты тауына жете, елу алты жасында құрбан болады. Қапсемет Қажақынұлы, Мағай Қабиұлы қатарлы он неше жігіт атыста шаһит болады. Сайып Халелұлы, Ақанай Ақытұлы ішінде 20 неше адам жараланады.

Арманты тауына ауыр жағдаймен келгенде Сүлеймен батыр-дың үлкен топтан хабар алуға жіберген Нəби Мəсəлиұлы, Сейітқазы келеді. Есімхан, Ырысхандар олармен Сартоғайдан табысатын күнді белгілеп қайтады. Сүлеймендер жəне 100 адам Қарамайлыда екі айға жуық бекініп, ат-көліктерін семіртіп, күш-қуаты жақсы болып, соғыс қуғынынан күйзелген топқа үлкен күш болып, Сартоғайдан қосылады. Осы селт ете қалған мəре-сəре кезде Ақытұлы Қабсəмет(?) оншақты адаммен қашып, үкіметке бағынып кетеді. Көтерілісшілердің негізгі басшылары Есімхан, Ырысхан,

Page 93: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

93

Сүлеймен, Сайып, Мұтбай, Кəдірбай, Зəл, Көкой Дəуімбайұлы қатарлы адамдар ақылдасып, алдымен Тұрғын жеріне барып Тұрғын басындағы жау қолындағы қарақас, шеруші руын негіз еткен 300 үйді қосып алып, біртіндеп Көктоғай Арал елімен, Шіңгіл елін біріктіріп, күшін ұлғайту жоспарланады. Ақтас, Қаратүңке, Тəкілідегі жаудың үш үлкен қараулынан жол ашып, тау ішінен шығуға Сүлеймен батыр 300 азаматпен соғысқа аттанады. Бұлар Ақтастағы жаумен таң ата соғысып түске таяу Ақтас қарауылы қашып Тəкілідегі қарауылына барып қосылады. Ақтас соғысында жаудан 60-70 мылтық олжа түседі. Көп адамы өліп үлкен зиянға ұшырайды. Осы соғыста бір төбеде соғысып отырған Шінгілдік жігіт Нүрпейіс ауыр жаралы кезінде, отырған төбесіне жауды шығармай, көп адамын өлтіріп, өзі де құрбан болады. Сүлеймен батыр Нұрпейіс ерді «таласқан төбесі, қаны тамған орны» деп төбенің бауырына жерлейді. Осы күнгі соғыста Қымбыл, Үркімбай, Байшағыр ішінде алты азамат атыста өледі. 10 шақты адам жаралы болады. «Таз ашуын тырнадан алады» демекші жеңілген жау өздеріне жол бастап, ертіп жүрген Ибəт Ақытұлы, Нұрғазы Мəсалиұлы секілді 8 адамды қинап, өлтірумен ашуын басады.

Сүлеймен батыр көштің алдында жол тазалаумен жүріп, Қарашораға келгенде Шінгілге əкім болып тағайындалып кетіп бара жатқан қасында қорғаушы 50 əскері бар жау кезігіп, оларды түгелдей жояды. Барлық мылтық құралын түсіріп, 16 түйе қорын олжаға алады. Осы жолғы əкімнің астынан олжаға түскен қарасұр ат Сүлеймен батырдың соғыста арнаулы мініп жүретін аты болатын.

Көтерілісшілер Тұрғын басына шыға салысымен Сүлеймен батыр 400 қолмен Сүртыбасы, Сарбұлақ, Көлбойы, Тараты сияқты жердегі жау қолындағы шеруші, қарақас елі 300 үйді соғысып, жау қолынан құтқарып, Ақбұлақ, Доржы сияқты жерге көшіріп шығарды. Маусымның соңында көтеріліс басшылары ақылдасып, Есімхан үкірдай, Сайып Халелұлы, Самырқан Көшербайұлы бастық 9 адамды Оспанмен бірлесіп, Көктоғайдың Арал жеріндегі елді топқа қосып алуға жіберді.

Бұл кезде жау күші аудан қалашығы, Қайырты, Қүсты, Жінгебұлақ. Ақоба, Құжырты сияқты жерлерді негіз етіп күшін шоғырландырып орналастырып, көтерілісшілерді күнделікті əуеден айропланмен, жерден атты жаяу əскерін жіберіп, жою соғысын

Page 94: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

94

жүргізді. Көтерілісшілер маусымның орта шенінен саршаның аяғына дейін Ақбұлақ, Доржы, Үшқұжырты, Күнгейті төңірегінде қорғану соғысына алып барды .

Осы соғыста Əліпби, Зиядан, Жұпан, Жылқайдар, сияқты мықтылар ішінде он шақты азамат оққа ұшады. Бəтимə Сəли əйелі, баласы Мəрзия секілді он неше қатын-бала айроплан оғынан өледі. Жау күші басымдылыққа өтіп отырған жерде қорғану соғысын жүргізу мүмкін болмағандықтан, Арал жеріне көшіп барып, елге қосылып, күш жиып, соғысу үшін бір бөлім азаматты алдыға шолғыншыға, көп күшті арттағы жаумен соғысуға қалтырып, көшті кəрілер мен қатын-балалар өздері көшіріп, ел Шаңырақтының құзар тігімен, қалың орман арасынан көшті ауыр жағдайда, бір сөтке мөлшерінде, ұсақ малды жауға түсіріп, ірі қара малмен Көктоғай басы Жінге Қайыртыға зорға жетіп барады.

Бұрынғы арал еліне кеткен Есімхандар Оспандар мен бірлесіп, елге қызмет жүргізу нəтижесінде, Арал жеріндегі Зəйнел үкірдай, Сəлиақын тəйжі, Əділхан би, Əбдірахман би, Мұштари зəңгі, Нүсіпбай, Ақмолла зəңгі, Əсербай, Нұрдан зəңгі, Шағатай зəңгі бастаған бүкіл Арал елі – 2000 үй көтерілісшілерге қосылады. Батыс көтеріліс бастықтары ақылдасып, Есімхан, Зəйнел, Оспан, Сайып, Самырқан, Нүсіпбай, Ақмолла, Нұрдан бастап 700 азамат шығыс топты көшіріп, Аралдағы елге əкеп қосуға аттанып, Жінге Қайыртыдан шығыс топқа келеді.

Күшке-күш қосылып, айбындана түседі. Шығыс топ қуғыншы жаумен соғысқа көшіп 9-айдың ішінде Аралдағы елге келіп қосылады. Шығыс– батыстағы екі топ қосылып күшею кезінде, үкімет қолындағы, Салық би. Құмар тəйжі, Қапырыштарға қарасты 400 үй молқы елін, Сүлеймен батыр, Оспандар бастап, 500 азаматпен барып жау қолынан соғысып, тартып алып көшіріп, Қуүй, Қадыраты жеріне əкеліп қоныстандырады.

Көктоғай көтерілісшілері 3000 үй , 2000-нан артық қаруланған азаматы бар күшке айналады. Бұл кезде жау күшін жиып, əуеден, жерден шабуылға өтіп, көтерілісшілерді жою соғысын жүргізеді. Бұл соғыс 9-айдың ортасынан 10-айдың аяғына дейін жалғасады.

Көтерілісшілер тобы адам күші соғыс құралы жақтан едəуір толықтанып, соғыс техника жағында тəжірибелене түседі. Осы бір ай үстіндегі соғыста көтерілісшілер 700-дей мылтық, 400-дей ат, жүздеген əскери қор артқан түйе басқа да заттық олжа алады.

Page 95: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

95

Бұл соғыс барысында, Самырқан Көшербайұлы, Нəсиқ, Əбу, Жақыпбек, Қажыбай, Көксеген, Зия Оспанұлы, Шықай, Жəмет, Борамбайұлы Қақашалар секілді отыздың үстіндегі азамат соғыста қаза болады. Нұрғожай, Қасейін ішінде елудей азамат жаралы болып, соғыс шебінен қалады. Осындай көтерісшілер тобының күш көлемі ұлғаю кезінде Ырысхан үкірдай 250 азаматпен Шіңгіл елін қосып алуға Шіңгілге аттанады.

Осы кезде Көктоғай еліне əуеден айропланмен тыныштық арқылы бітімге келісу туралы үгіт қағазын тастап, Шың үкіметі Бұқат бейсі, Жəнімхан қажы, Рахат Халелұлы сияқты кісілерді көтерілісшілерге уəкілге жіберді. Уəкілдер келетін күні Сүлеймен батыр Тəбінбелшір жерінде мыңнан артық қарулы азаматты жолдың екі жағына сапқа тұрғызып, өзі асынған мауазыр, дүрбі, сирақты бес атарымен уəкілдердің алдынан шығып, аттарынан түсіп амандасып қайта атқа мініп, уəкілдерді ертіп, азаматтардың арасынан жүргізіп Халел тəйжінің үйіне əкеп түсіреді. Қарсы алушы кəрі-жас ер-əйелдер олармен жыласа көрісіп, шашуын шашып, амандасып қарсы алады. Көк қасқа таймен, Ақсарбас қойға бата жасатып, уəкілдер жайғасып отырғаннан кейін, Бұқат бейсі өздерінің Үрімжіге бару ахуалы мен онда болған ахуалды, уəкілге жіберілу жағдайын шолып айта келіп: «Шың Шысайдың өктемдігіне қарсы көтеріліс жасап, үкіметпен теңдесерлік мұндай күшке ие болған тəсірлерің бізге де жоқшы болды. Сендердің осындай төңкерістерің болмаса су түбіне кеткен біздікі де елге оралу болмайтын еді» – дегенде, Сүлеймен батыр: «қорқақты қуа берсе, батыр болады деген мəтел рас екен. Біздің мылтығымыздан емес, Шың Шысайдың шектен тыс зұлымдылығына қарсы жағаласпасақ жан қалмайтын болды. Жағаласқанымыздан мына құралдарды өліп, өлтіріп, жырып жаудан түсіріп алдық. Сіздің келгендігіңізге қуаныштамыз. Бұрында басшымыз болғансыз, бұдан кейін де сөзіңізді естіп, ақылыңызды аламыз. Халық сізге сенеді!» деп құрмет білдіреді.

Осыдан 3-4 күннен кейін Халел тəйжі, Нəзір тəйжі, Дəлелхан тəйжілерді үкімет екінші уəкіл қылып тағы жіберді.

Шың Шысайдың өлкелік халық істер тиңжаңы (министр дəрежелес басшы) əрі қайын атасы Чю тиңжаң елді тоқтатудың бас уəкілі етіп жіберіліп, Көктоғай қаласында тұрады.

Көктоғай көтеріліс басшылары үкіметпен сөйлесіп, бітімге келісуге қосылады. Үкіметтің алдау қаупінен сақтану үшін батыр,

Page 96: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

96

мықтыларды ел ісіне қалдырып, елге сенімді ақыл табатын үкімет уəкілімен сөйлесе алатын ел басылардан Есімхан үкірдай(молқы), Ырысқан үкірдай (шақабай), Зəйнел үкірдай (қарақас), Кəдірбай (шеруші), Нүсіпбай (сарбас), Ақмолла зəңгі(ителі) лерді белгілеп, Ырысханға Шіңгілге арнаулы адам жіберіп жалпы ахуалды ұқтырып өзі жəне лайықты санда бітімге қатынасатын адамды белгілеп, бірге ерте келу айтылады. Ырысхан өзімен бірге Көксеген үкірдай(құлмолқы) Арғынбек молланы(əйгілі ғұлама ақын) ертіп Көктоғайдағы келіссөзге қатынасады. Екі ауданнан 8 адам бір апта тұрып, үкіметпен келіссөз өткізіп, алты тармақты бітім шартына қол қойып келісім жасайды. Тоқтам төмендегі негізінде түзіледі.

1. Үкімет өткен істі қозғамайды, əрі екі жақтан өткен адам, шыққан шығым салауатқа жіберіледі.

2. Көтерілісшілер үкіметтен түсіріп алған мылтық құралдарды үкіметке тапсырып қайтарады.

3. Халықтың үкіметке болған сенімін арттыру үшін аймақ орталығынан басқа аудандарда – əсіресе, Көктоғай, Шіңгілде үкімет əскерін тұрғызбайды. Қазірден бастап үкіметтің бар əскерін ауданнан шығарып əкетеді.

4. Аймақ, ауданның басшылық орнына, қосымша сақшы орны-на, яғни бастықтың орынбасарлығына қазақтан басшы қойылады.

5. Үкімет бұрын қолға алған адамдардың тірісін түгелдей босатып, еліне қайтарады, өлгенін анықтап сүйегін береді.

6. Көктоғай, Шіңгіл еліне үкімет қарызсыз заттық жəрдем береді. Үкімет мал бəжі алуды тоқтатып тұрады. Оқу-ағарту қызме-тін қалпына келтіруге үкімет күш жұмсайды.

1940 жылы қазан айындағы осы келісім бойынша, ел тыныш-талып өз мекендеріне тарап, қоныстанып ежелгі мал бағу кəсібімен шұғылданады. Алтай аймағының уəлиі Бұқат бейсі, орынбасары Жəнімхан қажы, Алтай аймағының əкімінің орынбасары Дəлелқан тəйжі, Көктоғай ауданының əкімінің орынбасары Рахат Халелұлы, аудандық сақшы орынбасарлығына Кəдірбай, Шіңгіл ауданының əкімінің орынбасары Көксеген үкірдай, аудандық сақшының орынбасарлығына Қайым қазы. Алтай аймақтық бəжі мекемесінің бастығына Нəзір тəйжілер белгіленді.

Келіссөз кезінде Ырысхан науқастанып үкімет дəрігеріне көрінеді. Ұзамай қайтыс болғанда «Жəнімхан Ырысханға дəрігер арқылы қастандық етіпті» деген сөз болған.

Page 97: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

97

Үкімет халық ішіндегі қиыншылығы барларды талдап, оларға заттық жақтан жəрдем берді.

Малшылардың балаларын оқытуға қайтадан жағдай жаратып береді. Үкімет Шіңгіл, Көктоғай елінен бұдан бұрынғы қолға алынған Қалман қазы, Шəри зəңгі, Кəрібай, Момынбай би, Борамбай тəйжі, Балапан, Сақсайбай, Жақсыбай, Бурылтоғайдан – Қақыш би, Ыбырайхан үкірдай, Нұрмұхамет үкірдай, Нəсіпхан секілді адамдарды босатып елге қайтарды.

Ақыт қажы, Қарағұл Залың, Өнерхан сияқты 5,6 адамның өлгенін жариялап сүйегін берді.

1940 жылы үкіметпен келісім жасап, кейбір келісімдегі істер орындалғанымен, 1941 жылы көкек айына барғанда үкімет келісімге қайшы қорқынышты істерді барлыққа келтіре бастады. Аудандық сақшы орны өткен жылы бермей қалған, халық қолын-дағы құралдарды үкіметке тізімге алдырып, тапсыру ұқтыруын шығарды. Сақшы орнына тағыда адамдар əкеліп, сақшының адамын молайтты. 1941 жылы мамырда Көктоғай, Шіңгіл аудан-дарына «кен қазады» деген атпен, Кеңес үкіметінің машина-ларымен ең алдымен 1000 адам, артынан 800 адам жұмысшы көрінісімен көп кісіні əкеліп түсірді. Бұлардың машинаға басқан жүгі əскери құрал. Келген адамдардың киген киімі, көріністе жұмысшы киімі болғанымен іс жүзінде əскери адам екендіктерін аудандағы орынбасар сақшы бастығы Кəдірбай ахуалды толық иелеп, зерттеп анықтайды. Кəдірбай бұл күрделі жағдайды орынбасар əкім Рахатқа мəлімдейді. Аудандық оқу бөлімінің бас-тығы Мейірбай, аудандық үкімет хатшысы Қамилан, аудармашы Амандықтар да бұл істерді Рахатқа айтады.

Осындай қауіпті жағдайда аудандық сақшы мекемесі Кəдірбайды жасырын қолға алады. Рахат сақшы мекемесінен Кəдірбайдың қайда екендігін сұрайды. Сақшы орны «ауылына кеткен» дейді. Рахат Кəдірбайдың ауылына бармағандығын анықтап, кəлік алып(күдіктеніп), қырға əкесінің үйіне шығып кетеді. Ол кетісімен сақшылар Рахатты іздеп үйіне келеді. Жоқты-ғын біліп қайтады. Мейірбай, Қамилан, Амандықтар сақшы орны-ның Рахатты іздеп жүргенін хабарлайды. Рахат үйін қырдағы ауылына көшіріп алады.

Рахат аудандағы ел басы, бұрынғы көтерілістің негізгі адамдарын ауылына шақырып ауданда болып жатқан ахуалды айтып ақылдасады. Жиынға келген Қалман қазы, Шəри зəңгі,

Page 98: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

98

Есімхан үкірдай, Зəйнел үкірдай, Сүлеймен батыр, Оспан, Нұрдан зəңгі, Құмар тəйжі, Салық би, Əділқан би, Кəріпбай, Ақмолла зəңгі, Солтыкен Залың қатарлы ел адамдары бірлікке келіп Көктоғай аудандық үкіметпен сақшыға арнаулы адам жіберіп, мына негізінде хат жазылады.

1. Көктоғай, Шіңгілге кен қазуға деген атпен келген адамдардың шын сырын иелендік, өткен жылғы «аудандарымызда үкіметтің бар əскерін шығарып əкетеді. Əскер тұрғызылмайды» деген келісімге қайшы, атын-киімін өзгертіп, əскер кіргізулеріңіз тағы да халықпен жауласудың дайындығы екендігін білдік. Үкімет бұрынғы келісімді қорғайтын болса, екі ауданға түсірген əскерін қайтарып əкетуін талап етеміз.

2. Көктоғай аудандық сақшы жасырын қолға алып отырған басшы адамымыз Кəдірбайды дереу қайтарып берсін! Бұрынғы үкіметпен жауласуымыздың үлкен себебі, басшы адамдарымызды ұстаудан болғандығын еске алыңыздар.

3. «Халық қолындағы тапсырылмаған мылтық-құралды үкімет-ке тізімге алдырып, қайтарып берсін» деген нұсқау күшінен қал-дырылсын! Бұл қайшылықты асқындырудың сылтауы деп қарай-мыз.

4. 1940 жылы қазан айындағы «тыныштық бітім» күшке ие болатын болсын! Талаптарымыз орындалса даңқты бұқаралық міндетімізді даңқпен өтей береміз. Елеусіз қаралса, зорлықты күшке амалсыз қарсылық көрсетпей тұра алмаймыз.

Осы талаптарды үкіметке адам жіберіп айтса да, үкімет қарулы күшті жұмылдырып, Үрімжіден, Алтайдан əскер əкеп, халықтың айтқан талабын əскери күшпен бастыруға кірісті. Бұған Көктоғай ел бастықтары ақылдасып, бірлікке келіп, Көктоғай қалашығынан аудан сыртына шығар жол ашып, Көктоғайға сырттан үкіметтің кіргізген адамын тосуға Көктоғай қалашығының оңтүстік үлкен жолы Белқайыңға Сүлеймен батыр басшылық еткен 50 жігіт қарауыл тұрғызды. Осы кезде Көктоғайға кіруге Кеңес үкіметі машинасымен бір машина əскери адамдары келеді. Қарауылшылар оларды түгелдей жойып, 20 шақты мылтық, бір пулемет, басқа да оқ-дəрі олжа алады.

Осылайша Көктоғай халқының Шың Шысай өктемдігіне қарсы екінші реткі қарулы көтерілісі басталды. Бұл 1941 жылы маусым айының орта шені болатын.

Page 99: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

99

Шың үкіметі құралды күшпен жою дайындығымен бірлестіріп Алтайдан – Алтайдың орынбасар уəлиі Жəнімхан, Əбілмəжін гүң, Қабыл тəйжі, Мəмилə зəңгі, Қажынəби, Дəлелхан тəйжілерді үш рет қозғалысты тоқтатуға елші етіп жібереді. Келісім негізі жоқтығынан олар нəтижесіз қайтады. Шың үкіметі əскери күшін жиып əуеден, жерден атты, жаяу əскерін іске сап, Көктоғай көтерілісшілерін жою күресін жүргізеді. Көктоғай көтерісшілері Арал өңірінде үш жарым ай қарсыласу соғысын табандылықпен алып барады. Құр қол халық 3000 үй, 800 ден астам қарулы азаматы бар күшке айналады. Жау ауыр зияндалады. Бір айроплан атып түсіріледі. Осындай жеңісті күндерде соғыс қолбасшысы Сүлеймен батыр, оның мықты саптастары Сендиков(орыс), Солтікен залың, Қошқарбай, Ахметолла, Зайнел, Əбеу қатарлы он неше батыр бірінің артынан бірі құрбан болып, Нұрғожай, Шаймардан, Қосан, Өрдебай, Ердіхан қатарлы соғыс алдындағы азаматтар соғыста жаралы болып, соғыс шебінен қалады. Бұл ауыр жағдай көтерілісшілер үшін үлкен жеңіліс соққысы болды. Елдің сағы сынды. Азаматтардың жаумен соғысу рухы түсті. Осындай сəтсіздіктің үстіне табиғат та ауыршылық тудырып, қалың қар жауып, көш жолы тосылады. Адамдардың мал айдап, көш алып жүруі, қар күреп басалқа тігіп, азықтануы қиынға соғады. Ерлер соғысқа кетсе, əйелдердің бала-шағасына, малға қарау, көш алып жүру ауыртпалығы артылады. Елді бекіністі жерге қондырып, тосып соғысудың амалы қалмайды. Соғысқа басшылық ететін мықтылардың жоқ болуы, соғыс беталысын тұйыққа тірейді. Осындай бытыраңқы жағдайда жаудың əуселесі асып, барлық құралды күшін əуеден, жерден жұмылдырып, жолды қоршауға алып бірақ басып алады. Тау ішіндегі қарға қамалған елді қайта көшіріп айдап Қара Ертістен өткізіп, Бурылтоғай ауданы жеріне, Қаратас, Көкебұлақ, Сарбұлаққа апарады. Халел тəйжі баласы Рахат, Қалман қазы, Шəри зəңгі, Есімхан үкірдайлар отыздай салт азамат, Оспан қырықтай отбасымен қоршаудан қашып шығып, Халелдер Тəбінбелшір жеріне келіп бекінеді. Шың үкіметі Алтайдың орынбасар уəлиі Жəнімханды жіберіп, Халел баласы Рахат, Қалман, Шəри, Есімхандарға «өткені салауат, өздерің бағынып келсеңдер бұрынғы істерің қоғзалмайды, оны үкімет кешіреді, мал-жандарыңның амандығына, бас еркіндіктеріңе тиіспейді. Біз бұған кепілдік етеміз» деген уəли мекемесінің таң-басын басқан қағазын алып келеді. Жəнімхан: «үкімет айтқанына

Page 100: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

100

иелік етеді, бағыныңдар! Міне иманым, міне жаным, үкімет тиіспейді, өмірлерің, мал-мүліктерің қорғалады. Осы айтқан кепілдігім өтірік болса, екі дүниеде де қан-қарыздарың менің мойнымда болсын!» деп қойнындағы оқып жүрген (дəлел-ғайратын) Құран ұқсас кітабын жүрегінің үстіне соғып, ант су ішеді. Халел бастаған отыздай салт адам үкіметтің «өздерің бағыныңдар, тиіспейміз» деген кепілдік хатына, Жəнімханның жүрегіне құран соғып берген сеніміне, елдің қоршауда отырған ауыр жағдайына қарай отырып, Жəнімханмен бірге үкіметке бағынып барады. Бұлар бағынар кезде Қалман қазы інісі Ақанайды Оспанға жіберіп: «біз бағынатын болдық, бірге бағынайық» деп қағаз жазып айтады. Оспан бағынбайтынын айтып қайтарады. Халелдер елге барғанан кейін 4-5 күннен соң Жəнімхандар Қаратастағы үкіметтің əскери бас штабында ел бастықтарын шақырып жиын ашады. Үкіметтің берген уəдесі рас екендігін түсіндіреді. Жиын артында «Алтайдағы Чю тиңжаңға жолығып, амандасып қайтасыңдар» деп Халелді Жəнімхан өзімен бірге айропланға отырғызып, Есімхан, Рахат, Қалман, Шəри, Зайнел, Қақыш би, Ыбырайхан үкірдай, Құмар тəйжі, Борамбай тəйжі, Кəкім зəңгі, Кəріпбай, Нақыштай залыңдарды атпен жолға шыға бір збод əскер қоршап, Алтай уəли мекемесіне түсіреді. Чю тынжаң үкімет сөзінде тұратындығын айтып «Шың Дубанға бет көрісіп, жолығып келесіңдер» деп, Алтай уəлиі Бұқат бейсіні қосып, 14 адамды бір айропланмен Үрімжіге жіберіп түрмеге қамайды.

Нəтижеде 1943 жылы Шың үкіметіне қарсы бас қылмыстылар деп Бұқат бейсі, Халел тəйжі, баласы Рахат, Есімхан үкірдай, Зайнел үкірдай бесеуін Шың үкіметі аянышты өлтіреді. Құмар тəйжі, Борамбай тəйжі түрме қиыншылығымен аурудан өледі. Қалман қазы, Шəри, Қақыш, Кəкім, Кəріпбай, Ыбырайхан, Нақыштайларды ілгерінді-кейінді түрмеден шығарып елге қайтарады. Жəнімхан осы қан-қарыздың бодауына сүйеніші Шың Шысайдың Шынжаңға өзінен кейін отырған басшыларға таныстыруымен өлкелік қазына назаратының бас назыры(қазына минстрі дəрежелес мансап) болады.

Екінші реткі Шың Шысай өктемдігіне қарсы Көктоғай елінің көтерілісі 1941 жылы қазанда уақытша жеңіліспен үзіліс жасайды. 1941 жылы қазанда Шың Шысай зұлымдығына қарсы екінші реткі көтерілісте Қырықтай үймен қоршауды бұзып, қашып шығып,

Page 101: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

101

бағынбай қалған Оспан Сілəмұлы үшінші реткі көтерілісті жалғастырады.

Оспан 1941 жылы қазаннан кейін, қар түсе қасындағы қырықтай үймен Жоңғар құмы ішіне кіріп, Алтай елімен Үрімжі аймағының шығыс Мори, батыс Мишуан ауданындағы елден мінетін ат, азықтық мал алып бекініп жан бағады. 1942 жылы ақпанда айда Алтай үкімет Мəмилə зəңгі, Уатқан, Мағауия зəңгілерді Оспанды бағындырып келуге жібереді. Оспан: «Үкімет мені бағынсын десе, алдыңғы алдап ұстаған адамдарымызды қайтарсын, болмаса енді алданбаймыз!», – деп қайтарады. Үкімет елші салудан өнім болмағаннан кейін Шың Шысайдың Алтайдағы қорғаныс бөлімінің бастығы Бұрымжапты (Моңғол) 200 əскермен күшпен жоюға жібереді. Оспан жаудың күші басымдылығынан қатын-балаларын бағындырып, өздері салт қашып жан бағады. Бұрымжап басқалардың қатын-баласын елге қосып, Оспанның, Сүлеймен Бектұрдың, Тіркестің, Əбдірахман зəңгінің үйін Алтайға апарып, қатын-балаларын сақшының ішіне отырғызып қамайды.

1942 жылы наурыз айында үкімет Көктоғайда Келесті қолға алмақ болғанда, Келес бастаған бес адам қашып Оспанға қосылады. Келестің артынан туыстары Малгаждар молла, Сейіп, Мəсейдерді Келесті қайтарып келуге жібереді. Келес қайтпайтын болғанда «біз өзіміз барсақ үкімет қолға алады» деп, Келестермен бір жүретін болып қалады. Үкімет Оспандарды жоюға қазақтарға жол бастатып, бір полк əскер шығарып қудырады. Мамыр айында Көктоғай аудандық үкімет Салық би, Əділхан билерді əскерлердің алдында жүріп, Оспандарды бағындыруға елші етіп салады. Оспан əскери қуғынның басымы өзінің сары ауру қиыншылығымен Сүлеймен Бектұр, үлкен ұлы Шердиман – үш адам Үліңгір өзені құм ішіне бекініп, басқа қасындағы адамдарын інісі Дəлелқанмен бірге үкіметке бағындырады. Келес сегіз адамды айырым жан бағуға бөліп жібереді. Үкіметке: «мен Алтайдағы қатын-баламды əкеп берсе, өзіме үкімет тиіспесе бағыну ойым бар» – деп хат жазады.

1942 жылы маусымда Алтай үкіметі Қажынабиді – Оспанның, Сүлейменнің, Тіркеш, Əбдірахманның қатын-балаларын қосып, Оспанды бағындырып келуге жіберді. Қажынəбилердің артынан жасырын 300 əскер жүргізеді. Оспандар бұл ахуалды қарауылдан көріп отырып, бұрынғы табыспақ жерінен жөткеліп кетеді де, олар Оспанға кезіге алмайды. Қажынəби Оспанның, Сүлейменнің қатын-

Page 102: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

102

баласын аудандық сақшыға жіберіп қаматады. Тіркештің, Əбдірахманның қатын-баласын ел ішіне қоя береді. 1942 жылы сарша айында Көктоғай сақшысы Оспанның інісі Дəлелханды қолға алады (1943 жылы азаппен өлтіреді). Бұны көрген Тіркеш, Əбдірахман, Қапас, Камалдар 15 адам салт қашып шығып, Оспанға барып қосылады.

1941 жылы бөлініп кеткен Сендиковтың адамдары Салимов, Александр, Тоқтаған, Келес 8 адам, Арал елінен үкіметтің ұстауы-нан қорқып Əбдіхалық, Боғдабай, Сұлтанбек, Шəкер, Ұлықпан, Солтай, Рақыштар 10 адам, Үрімжіден Мінаптар (Жолдыбай) қашып, Оспанды табады.

1942 жылы маусым айында Үрімжі түрмесіндегі Халел, Рахат, Зəйнелдерге – Жəмшит, Қаби, Қақаша 3 адам, 3 түйе, 4 атпен азық, киім, ақша жеткізіп беруге барады. Олар Үрімжіге бара салысымен ат-көлік апарған заттарын кəмпескеге алып, өздерін айырым қораға мырза қамаққа алады. Бұлар 1942 жылы қараша айында түрмеге алынатындығын естіп, бір түнде қашып, қақпаға қарайтын əскерді байлап, аузына шүберек тығып, мылтығын қасына қойып, жаяу Фукаң жеріне келіп ат ұстап мініп, Алтайдағы үйлеріне келеді. Көктоғай əкімі мен сақшыға Сайып Халелұлы барып, бұлардың келу ахуалын мəлімдеді. Олар: «алаңсыз жата беріңдер, мəлім-дегенің жақсы» дейді. Бірнеше күннен кейін Көктоғай сақшысынан Əшім бастық, 25 құралды əскер келіп Сайыптың үйіне түсіп Халелдің інісі Қаби, Кағыбан, Зəйнелдің ағасы Жəмшит, Халелдің шабарманы Қауметті ұстап, Сайыптың үйіне əкеп байлап қояды. Əскер келгенде Сайып үлкен үйінде отырып тығылып қалады. Əскерлер Халелдің ауылына кісі кіргізбеуге, ауылдан сыртқа адам шығармауға əскери қарауыл тұрғызады. Сырттағы туыстар бұл ахуалды ұғып, Қайырбек деген Сайыптың туысы екі шелек су алып, əйелдің киімін киіп, Сайыптың қасына келеді. Қорқымбай, Қосыман деген екі жігіт бір түйеге шөп артып, əскерлердің атына əкеп түсіріп беріп, Сайыппен бірге болады. Сайыптың 53 жастағы шешесі, екі жеңгесі – Шəкей, Қуанған, екі қарындасы – Мапаш, Нұрғайша, келіні Камал, екі бауыры – Ғазез 16 жаста, Уахит 14 жаста, төрт жігіт 12 адам Сайыптың үлкен үйінде отырып, Сайыпты ұстағанда алысып көруге, сойыл, шоқбар, балта, күрек жиып, Сайыптың мініп жүрген қоян жон көк атын ерттеп, əйелдер кезекпен есіктің алдына ұстап, Сайып үйдің ішкі төрінде, басқалар үйдің іші есік жаққа отырып болашақ ахуалды күтеді.

Page 103: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

103

Таң атып, жарық түсе байлауды төрт адамды екіден тіркеп, атқа сарпостап байлап, Сайып отырған үлкен үйінің алдына келіп əскерлер ат үстінде тұрып, Сайыпты шық бері, шық деп шақырады. Сайып жеңіл киіммен қолын артына ұстап, қолында балта бар əскердің алдына барады. Басқа он бір адам Сайыпты қоршай тұрады. Əшім Сайыпқа дереу атыңа мініп, бізбен бірге жүресің дейді. Сайып: «қолға алатын болсаң, алып көр, болмаса жүрмеймін!» дейді. Əшім: «қол-аяғыңды сарпостап байлап алғанда қайтесің?!» деп атынан түсе бергенде, Сайып ұран шақырып, əскерді ұстап ұруға жүгіргенде, қарындасы Мапаш ала атты əскерге жіберген күрегі атқа тиіп, ат ыршып жиған отынға тоқтағанда, Сайып əскерді атынан жұлып алып, балтасымен ұрып, мылтығын алып, мылтықпен басқа ұрғанда мылтықтың құндағы сынады. Құндағын қайырып, əскерлерді Сайып мылтықпен атқылағанда екі əскер аттан құлайды. Екі əскердің мылтығын Қайырбек, Құсыман алып, үш адам атқанда, олар қашып, байлаулы адамдарды атқанда, сасқалақтап атқан мылтықтың оғы басқаларға тимей, Жəмшитке тиіп ол өледі. Олар адамдарды тастап қашады. Қолдағы адамдардан үшеуі аман қалады. Сайыптар жаудан 3 мылтық оғымен түсіреді, 3 адам өлтіреді. Сайып 13 адам салт қашып жүрген Оспанға барып қосылады. Оспан тобы 50 адамнан асады. 1943 жылы қаңтар айының алты жаңасы қаңтардың 3-і күні Сартерек жеріндегі соғыста Сайып Халелұлы 24 жасында құрбан болады. Оспан тобы қуған жаумен Жоңғар құмы ішінде наурыз айына дейін қаша соғысып жан бағады.

1943 жылы мамыр айында үкімет Мəсəли молла, Халел тəйжінің əйелі Қанипа, Қабыкеұлы Кауынды Оспан тобын бағындыртуға жібереді. Бұлар нəтижесіз қайтады. Осы жылы маусым айында Көктоғай Арал елінен Нəби, Мұқатжан би, Жанəбіл, Бекболат қатарлы 20 адам, Шіңгілден Сұлубай, Тоқтыбай, Мұқай, Тескенбай 6-7 адам қашып, Оспанға қосылады. Үкімет көтерісшілерді күшпен жою соғысын үздіксіз алып барады. Осы соғыстардың бірінде Оспан, Сұлубай бір төбеде бірлікте соғысып отырғанда, жау музыка тартып қарсы жағына басып кіреді. Оспанның бұрынғы оқ тиген аяғынан жүгіре алмағанда, оны Сұлубай арқасына көтеріп, атқа жеткізіп, атқа мініп қарауыл алып соғысып, жаудың бетін қайтарады. Сұлубай содан бастап атыстың қан майданынан көрінетін батыр болып танылады.

Page 104: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

104

Оспанның Моңғолия үкіметімен Байланыс орнату барысы

1943 жылы тамыз айларында көтерісшілер Көктоғайдың Арал

жерінде салт бекіністегі кезінде, көтерілісшілер ішіне киімі жүдеу, сақал-мұрты өскен, орта жас мөлшеріндегі бір адам келіп, бірнеше күн жүріп кетеді. Кейін біраз күн өтіп, Моңғолия үкіметі Оспанмен рулас Қамқаш деген адамды Оспанға арнаулы жіберіп, саяси жəне қаржы жақтан қолдайтындығын айтып, қағаз жазып жібереді. Оспан серіктерімен ақылдасып бірлікке келіп, Сұлубайдың айтып отыруымен Уахит Халелұлына(осы жолдардың авторы) жаздырып, Моңғолия үкіметіне «Сіздер көтерілісімізді қолдасаңыздар, біз жəрдемге мұқтажбыз» деген негізде хат жазып, Оспанның жəне Халел тəйжінің інісі Қабидың атын жазып, мөрін бастырып, Жанəбіл деген жігітті бір жолдасымен Қамқашқа қосып қайтарады.

Алғашқы келген адам Моңғолияның ахуал иелеуге жіберген адамы екенін артынан ұқтық. Жанəбілдер Шегіртай застабынан Моңғолияның адамына жолығып, бір аптада айланады. Моңғолия үкіметі айтқанын орындайды. Жанəбілдерден Оспанға бір мауезэр, бір дүрбі, бір бесатар, Қабиға бір мауезэр, бір дүрбі жібереді. Барған екі адамға екі бесатар мылтық береді.

Екінші рет, сарша айында Моңғолия үкіметіне Қапас Тіркешұлы, Шердиман Оспанұлы, Нəби Тоқтағанұлы бастық 15 адам жіберіледі. Моңғолия үкіметі айтқаны бойынша, оларға 60 бесатар, 10 автомат, 7-8 дүрбі, бір қанша жəшік оқ, Оспанға бір правник жан құрал, бір жеңіл пулемет, Қабиға бір бесатар, Қапас, Шердиман, Нəбилерге бірден мауезэр, бірден дүрбі, бірден бесатар мылтық беріп, кейінгі байланысты Бұлғын өзенінің шығыс солтүстігіндегі Майқантас застабы етіп белгілейді.

Моңғолия үкіметінің байланыс орнатып, соғыстық құрал беру түрткісімен Көктоғай Арал жерінен 1000 үйдің үстінде малшы көтерілісшілер тобына қатынасады.

1943 жылдың қыркүйегінде Шіңгілден Жəнібек батырдың 11-ұрпағы Зарыққан бастаған 30 жігіт, Бурылтоғай ауданынан Абдырасұл, Кəріп зəңгі, Манат, Мəдилер бастап, 40 тай үй көшіп келіп, көтерілісшілерге қосылады. Оспан Зарыққанға, Абдырасұлге бірден автомат, Кəріп зəңгі, Манат, Мəдилерге бірден бесатар мылтық беріп қарсы алады. Шіңгіл елін қосып алуға Сұлубай, Зарыққан, Тескембай, Тоқтыбай бастық 100-дей азамат Шіңгілге

Page 105: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

105

жіберіледі. Қосылған елді Бұлғын жеріне апаратын болады. Зарыққандар Шіңгілге жүрер алдында 1943 жылы қыркүйегінде Көктоғайда, Ертіс өзені ішінде Жəнібек батырдың туын шығару үлкен тойы өткізіледі.

1943 жылы қараша айында Бүркітбайды 14 адаммен Алтай ауданындағы елге қызмет істеуге жібереді. Олардың қазақтар тиспейді деген бейғамдығынан Алтай ауданының Шірікши жеріндегі Тұрдықан зəңгі ұстап, Алтайдағы Гоминдаң үкіметіне апарып тапсырады. Алтай үкіметі Бүркітбай батырды ашық сот ашып, атып өлтіреді. Бүркітбай ақырғы деміне дейін жауына тізе бүкпей қарсыласып, ерлікпен құрбан болады.

1943 жылы желтоқсанда Көктоғай сақшысы Халел тəйжінің, Ақтеке бидің, Қаби, Кағыбанның үйлерін Көктоғай сақшының ішіне көшіріп апарып қамайтын болғандығын Кауын Қабыкенұлы хабарлап, Оспан – Қаби, Қуанышбай, Кағыбан, Əбішаттарды 40 адаммен жіберіп, көшіртіп алып елге қосады.

Үкімет Үрімжіден, Алтайдан құралды əскери күшін жинап, шілденің аяғынан желтоқсанның соңына дейін тау іші, тау бөктері, Бурылтоғай өзені бойында көтерілісшілерді түбегейлі жою күресін жүргізеді. Көтерілісшілер жаудың күш басымдығы, табиғи жағдайдың ауыртпалығымен жауға қайтарма соққы беруде əлсіздік орынға түседі. Оспанның қолынан оқ тиіп, соғыс шебінен қалады. Садық, Отабыл қатарлы 7-8 жігіт оққа ұшады. Осындай қиын-шылық жағдайда 1944 жылы қаңтарда Оспан бастаған 100-дің үстіндегі үй Жоңғар құмы ішімен қуған жаумен соғыса көшіп, ұсақ малды жауға қалдырып, ірі-қара малмен Моңғолия жері Бұлғынға өтіп барады.

Жанат зəңгі, Сағатай зəңгі бастаған 400 үй Жемсары, Фукаң, Шонжы аудандарына көшіп барып үкіметке бағынады. Əділхан би, Əбдірахман би, Момынбай би бастап 600 үй Бурылтоғай ауданына көшіп барып, Алтай үкіметіне бағыныс етеді.

Шіңгілдегі Əсен үкірдай, Жылқайдар, Қазанғап, Жақсыбай бастап, 300 үй Моңғолияға қарасты Бұлғын өзеніне барады. Оспан тобы 400 үйден артады.

Моңғолия үкіметі Майқантас застабынан Бопов(орыс), Мажық (моңғол) генерал, Дембрыл майор, Жапар, Қабдыл, Мардан қатар-лы адамдарын, əскери адамдарын застапқа тұрғызып, Оспанға əскери қару-жарақ бергізіп, халықтың тұрмысына бұл, шай, астық,

Page 106: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

106

тұтыну бұйымдарын бағаға шағып, малға ауыстыру жолымен алып тұрады.

1944 жылы ақпан айында Гоминдаң өлкелік үкіметі «қазақ-қырғыз ұйымының» бастығы Махмұт, Фукаң ауданының əкімінің орынбасары Құсайынды Оспанға уəкілге жіберіп: «Шынжаңда Шың Шысайдың үстемдігін аяқтады. Бұдан кейін шет елге алданып, өз мемлекеттеріңмен жолсыз жауласуларың орынсыз, енді отан құшағына қайтыңдар!» деген негізде хат жазады. Оспан «Шың Шысайдың дағдылы алдау саясаты» деп Махмұтты Моңғолия үкіметіне тапсырып береді. Құсайынды «қайта бер» дейді. Құсайын қайтарында астыртын бұрынғы Оспанның қол астында болған Жолдыбайды(Мынап) ертіп кетеді. Жолдыбайдың Құсайынмен еріп кетуі – рулық байланыс деп, ол кезде тексеріл-меген. 1944 жылы наурыз айында Моңғолия үкіметінің мемлекет басшысы Чойбалсан маршал Майқантас застабына келіп, Оспанмен кездеседі. Оспан ел бастықтары, серіктері қатысты адамдарынан жиырма шақты адам застапқа тігілген үй шатырға барғанда, Чойбалсан өзі сыртқа шығып амандасып, Оспанды тіккен үйге жолдастарымен ертіп кіргізеді. Чойбалсан маршал өзімен бірге жүрген генералдар, аймақ бастықтарын Оспанға таныстырады. Чойбалсан өзі түсіп келген айроплан шопері əскери адамды екінші дүние ұрысында бір өзі 12 айроплан түсірген қаһарман, ұлты қазақ, аты – Зайсанов. Қазір Моңғолия үкіметінің авияциясының бастығы екендігін айтады. Түске дейін əңгімеде болып Моңғолия адамдары сөз аударып, естелік жазып, рəсімге түсумен болды. Тамақты айырым (жеке) отырғызып береді. Қайтар кезде Чойбалсан құндағына «Батыр Оспанға» деген сөз жазылған жазудың үстіне қызыл сырлы қаңылтырмен қапталған ақ күміс өңді автомат береді. Оспанға еріп барғандарға мауезэр, дүрбі, бесатар мылтық, правник жанқұралдан адам басына бірден береді. Тарағанда Чойбалсан Оспанды өзімен бірге бір машинаға отырғызып, Сүлеймен Бектұр, Қапас Тіркешұлын ертіп, Зəкірхан застабына кетеді. Өзгелер үйіне тарап қайтады.

Келесі күн хабарландырумен азаматтар түгелдей жиылып қарулармен Оспан үйінің есік алдынан екі жаққа тізіліп тұрып, Чойбалсан маршал келгенде Оспан алдынан шығып адамдардың арасынан жүргізіп, үйіне кіргізеді. Оспанның қасында Сүлеймен Бектұр, Келес, Қапас, Камалдар қалып, басқа бірқанша азамат қонақ күтумен болады. Басқалар тарап үйлеріне кетеді. Оспан

Page 107: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

107

көкқасқа тай, ақсарбас қой сойып, шамасы келгенше күтіп қарсы алады. Қайтқанда қымбат бағалы аң терілерін беріпті деп естідік. Чойбалсан келгенде Оспанға танкы атар, ұзын жуан мырыш оқты мылтық береді.

1944 жылы наурыз айында Бұлғын жеріндегі қазақ елбасы халыққа ақыл беретін кəрілер, партизан бастықтары, Оспанның серіктері Жəнібек батырдың үйіне жиналып, мал сойып Оспанды бастық сайлауды ақылдасады. Бұрын Оспанның ата-бабаларында жəне өз басында мансап болмаған. Қазіргі рулық мансап атын атау бір руға тəн болады. «Патша» деп атаймыз деп, Оспанды үйдің сыртына ақ текемет киізге отырғызып, кариялар киізімен көтеріп, Жəнібек батырдың үйіне кіргізіп, төрдің алдына киізімен отыр-ғызып: «бұдан кейінгі патшамыз, бастығымыз болды» дейді. Оспанға ақылшы комиссияға Сүлеймен Бектұр, Келес, Мұхаметжан би, Қазанғаптарды белгілейді. Оспанның басқаруында 400 адамдық үлкен отряд құрып, оның орынбасар бастығына Сұлубай, Қапас, төрт жүздік отряд бастығының орынбасарлығына Қаби, Жылқайдар, Қуанышбай, Камал, Нұрғожай, Тоқтыбай, Нəби, Манаттар белгіленеді. Партизандардың мінетін атын əркім өз үйінен мініп шығады. Аты жоқтарды ел басылар бардам отбасылардан алып береді делінеді.

1944 жылы көкек айында Оспан Ағашобадағы Шың үкіметінің 500-ден артық қарауылына шабуыл жасап, жоюға Сұлубай, Қапас бастаған үш отряд жібереді. Он неше күн соғыстан кейін жаудың бір бөлімі жойылып, бір бөлімі қашып Сартоғайдағы бас штабына барып қосылады. Партизандар көптеген құрал, заттық олжалар алады. Сұлубай батыр соғыста құрбан болып, ел сағын сындырады. Осы реткі соғыста Моңғолия үкіметі əскери ақылшы, соғыс айропландарын жіберіп қатынастырады. 1944 жылы көкек айының соңында Оспан ақылшылары, ел бастықтары партизан бастық-тарымен бірлікке келіп, Қаби, Қапас, Қуанышбай бастық 200 адамды Көктоғай елін, Жылқайдар, Камал, Тоқтыбай бастық 200 адамды Шіңгіл елін қайтарып алуға жібереді. Олар елге қызмет жүргізу, тосалқы жаумен соғысу арқылы Салық би, Əділхан би, Əбдірахман би, Нүсіпбай, Ақмолла зəңгі, Момынбай би, Мұштари зəңгі, Көксеген би, Сыдық, Уатқан, Көксеген үкірдай, Имандолла үкірдай қатарлы ел бастықтары ішінде Көктоғай, Шіңгіл елімен 1200 үйді жау қолынан айырып, Шіңгіл ауданына, көтерісшілер ішіне көшіріп əкеліп қосады. Көтерісшілер 1700 үйге көбейеді.

Page 108: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

108

1944 жылы мамыр айында Шіңгілдің Сарбұлақ жерінде Оспан Дəлелхан тəйжінің Моңғолиядан шығып, ел ішіне келу байланы-сымен кейінгі істерді ақылдасуға, ел бастықтары, партизан бастықтарын шақырып жиын ашады. Моңғолия генералдары Бопов, Мажық, басқа жоғары дəрежелі кадрлар Қалқабай, Ноғай, Дембрыл, Қасен, Қабдыл, Жапарлармен бірге Дəлелхан тəйжі де келіп, өзінің «1941 жылы қазан айында Шың Шысай Алтайда қолға алып, одан Үрімжіге апарып қамап, Құмыл түрмесінде еңбекте жүргенде қашып Моңғолия үкіметінен пана тілеп, олар қабылдап енді төңкерістеріңізде бірге болайын деп келдім», – деген ахуалын ортаға қояды. Жиындағылар: «Дəлелхан тəйжі бұрыннан ел басқарған адамымыз, келуін қарсы аламыз, Оспанға жақсы ақылшы болып бір басшымыз болуын қолдаймыз» дейді. Оспанға бұрынғы төрт ақылшыға жаңадан Көксеген би, Əділхан би, Уатқан, Ақмолла зəңгі, Нүсіпбайларды қосып, ақылшы 9 адамға көбейтіледі. Бұрын-ғы ұсталып кеткен, өлген ел бастықтарының орнына балаларын белгілейді. Ырысханның орнына баласы Əсенді үкірдайлыққа, Салық Жуанған ұлын Құмар тəйжінің орнына тəйжілікке, Халел тəйжінің орнына баласы Уахитты уақыттық тəйжіге, Зайнел үкірдайдың орнына баласы Уаңды уақытша үкірдайлыққа белгі-лейді. Халел тəйжі Зайнелдердің ол кезде өтгендігін естіртпеген, партизан саны көбейгендіктен бұрынғы бір үлкен отрядты қысқартып, руды негіз еткен төрт отряд жаңадан құрылады. Оның бастық орынбасарлығына Абдырасұл, Нұрғожай, Қаби, Нəби, Камал, Жылқайдар, Қапас, Тоқтыбайлар болады. Отряд бастықтары құрылымдау, тəртіп орнату, соғыс жүргізу, əскерлердің тұрмысын басқару, мылтық құралдарын реттестіру міндетін үстіне алады. Партизандардың соятын мал азығы, ат-көлігі себебімен шептен қайтқандардың орнына адам жіберу, жаралы болғандарды емдеу орнына жіберу, партизандардың артқы отбасының қиыншылығын шешу ру басыларының жауаптылығында болады деп жиын қарар(қаулы) алды.

1944 жылы мамыр айының ақырында Құсайын ертіп кеткен Жолдыбай(Мынап) қайта қашып төңкерістік топқа келе жатқанда Моңғолия əскерлерінің қолына түсіп, Моңғолия үкіметі өздері тексеріп, Гоминдаңның төңкерістік топ ішіне арнаулы жіберген шпионы делініп, Оспанның ауылына əкеліп Оспан атынан өлім жазасын береді.

Page 109: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

109

1944 жылы маусым айында Оспан, Дəлелхандар Қаби, Қапас бастық 200 адамды Еренқабырға елін қосып алуға жібереді. Олар Мори, батыс Фукаң аудандарынан Зəлебай, Қанатбай, Жүкей бастаған 500 қазақ малшыларын көшіріп, Бəйтік жеріне əкеліп қоныстандырады. 1944 жылы маусым айының аяғында Шіңгілдегі үкіметтің əскери əкімшілік орнындағы 1000-ға тарта адам көтеріслішілердің күшеюіне байланысты, қол астындағы 400 үй қазақ малшылары көтеріліс жасайды деп ауданды тастап, қалашық-ты өртеп, ондағы беюаз он неше қазақ малшыларын өлтіріп, елді күшпен айдап Сартоғайдағы бас штабына барады. Ол жерден күшін реттеп елді Шонжыға айдап көшіреді. Оспан Тоқтыбай басшылы-ғында 200 адам жіберіп қайтарып əкелуге елді қудырады. Олар елге Қарамайлыдан жетіп, жаумен соғысып, сол кездегі Шіңгіл əкімі Тауды өлтіріп, жаудың көп бөлімін жойып елді Шіңгілге көшіріп келеді.

Шіңгіл жеріндегі төңкерістік топ 6000 үй, 30000-ға жақын жан саны 2000 құралды партизаны бар күшке ұлғаяды. 1944 жылы шілде айында Көктоғай ауданын азат етуге Дəлелхан тəйжі 1000 адамдық партизанды бастап аттанды. Көктоғай қаласындағы 2000-ның үстіндегі жауды, 15 күн мөлшері қоршап соғысу нəтижесінде жау қаланы тастап, қашып Қаратүнкедегі үлкен қарауылына қосылып, екі тобы бірлесіп, Сартоғайдағы бас штабына барып бірігеді. Партизандар қуа соғысып отырады. Көктоғай ауданын-дағы Гоминдаңның үш орнындағы негізгі күші Сартоғайдағы бас штабымен бірлесіп Көктоғайдан шығып, Үрімжіге бет алып қашады. Жаудың артынан Əсен, Қапырыш бастық 200 адам қара көрсетіп қуа жүріп, жауды Қарамайлының оңтүстік ойпатына түсіріп жіберіп қайтады. Айтылуда қалың жау шөлден, аштан, адасып адам санының үштен-бірінен айырылып барыпты делінеді.

Көктоғай ауданы азат болып, жауды жоюда 500-ден артық құрал түсіріп, 400-ден артық адамы өліп, көптеген ат-көлік, заттық олжа алады. Партизандардан Мырзахан, Елеміс, Əбіш қатарлы 20 неше азамат өледі. Көктоғайлық 19 жастағы Шайзат ерекше еңбек көрсетіп, соғыс үстінде бір аяғын оқ шағып кетіп, Моңғолия емханасынан кемтар болып жазылады.

1944 жылы шілденің басында Моңғолия үкіметінің орналас-тыруымен Моңғолияның Ақұтты жеріндегі дайындаған орнында Моңғолия генералдары Бопов, Мажық жəне Қалқабай, Ноғай, Қасен, Дембрыл, көтеріліс басшылары Оспан, Дəлелхан тəйжі,

Page 110: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

110

оларға еріп, Қапас Тіркешұлы, Келес, Жылқайдар, Əсен үкірдай, Уахит Халелұлы, Нəби Оспанұлы, Манат Дəлелханұлы, Кашапат, Əбілмəжіндер жиында бірге болады. Жиында келесі айда батыс бес ауданды азат етуге алдымен Келес, Абдырасұл, Жылқайдар, Нұрғожай, Қаби, Смағұлдар бастап, 1000 адам жіберіледі делінеді. Олардың азығын Көктоғай, Шіңгіл елдерінен бəжі малы жиналып, шешім ететін болады. Бəжі малын айырым адам шығарып жинау мақұлданады. Партизандарға Моңғолияның əскери адамдарынан ақылшы қосып беретін болады. 1944 жылы «Ақұтты жиынының» рухы ойынша жоғарыдағы партизан бастықтары 1000-дай парти-занмен Алтай, Буыршын, Қаба, Жеменей, Бурылтоғайдағы елге барып қызмет жүргізіп, қызмет етеді. Алтай, Буыршын, Бурылтоғайдан Ежен бейсі, Сейітқазы мұғалім, Асхат Мəнкей, Нұрғали, Сағдолла, Тəстембай бастаған 500 үйді Нұрғожай, Абдырасұл бастық партизандар Моңғолия жерімен көшіріп, Шіңгілдің Үшкөл жайлауынан асырып Шіңгіл ауданына əкеліп орналастырады. Келес, Жылқайдар, Қаби, Смағұлдар Жеменей, Қаба аудандарында жалғасты қалып, қызмет істейді. 1944 жылы қараша айында Шіңгіл жерінде Оспан, Дəлелхан ауылында ел бастықтары, партизан бастықтары, байланысты адамдарды шақырып, жиын ашып, Алтай халқы ұлттық уақытттық үкімет құрады. Бастығы – Оспан, орынбасары қосымша партизан істеріне жауапты Дəлелхан болып, үкімет бас алқаларына Көксеген би, Əділхан би, Уатқан, Лəтіп, Асхат Мəнкей, Рамазан (Жеменейлік), Молла Сілəм, Сүлеймен Бектұр, Кəріп зəңгі, Момынбай би тағайындалады.

Шың Шысай зұлымдығына қарсы төңкеріс бастаған, төнкеріс жолында құрбан болған, төңкерісте ерлік еңбегімен елін қорғаған азаматтарға халық батыры деген, даңқты атақ беріледі. Бұл атақ Есімханға, Сүлеймен Түсіпұлына, Сұлубайға, тірілерден Оспан Сəлімұлына, Келес, Абдырасұлға, Қапас Тіркешұлына, Кəмел Кəтейұлына, Нұрғожай Молдажанұлына, Қуанышбайға «халық батыры» деген ат береді. Партизан көлемін көбейтіп, жаңадан бес отряд қосып, тоғыз отрядқа кеңейтті. Оның бастық-орынбасар-лығына Молла Бейсі (ұйғыр), Бауеден (ұйғыр), Тəстембай, Смағұл, Қасейін, Жəмет, Əсет, Асқабыл, Тоқтыбай, Манаттар болып партизан саны 2200-ге жеткізілді. 1944 жылы желтоқсанда батыс аудандардағы партизан санын толықтап, 300 адамдық екі отряд жіберілгенде оның бірі Манат Рүстемұлы 1945 жылы қаңтарда

Page 111: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

111

Бурылтоғай ауданына барған жерде, Бурылтоғай əкімі Нұрмұхамед Манаттың ағасы Шетейді Манатқа жіберіп, Гоминдаңның Бурылтоғай үкіметіне Манатты 150 партизанымен бағындырып кетеді. Алтайдағы Гоминдаң үкіметі Манатты аймақтық қорғаныс отрядының орынбасар бастығына белгілеп, Алтайға апарады.

1944 жылы 12-ші айда Бəйтіктегі елдің ахуалын ұғысуға Дəлелхан тəйжі Камал, Қаби, Қуанышбайларды ертіп Бəйтіктегі елге барғанда екі-үш айдан кейін Жүкей бастаған 200 үй Гоминдаң үкіметіне бағынып, Шонжы ауданына қашып көшеді. Дəлелхан Камал мен Қуанышбайды жиырма адаммен Жүкейлерді қайтарып келуге жібереді. Камал, Жүкейлердің көшіне барып кетпеуді, болмаса тосатындығын айтады. Жүкейдің туысы Əбікей Камалды атып өлтіреді. Қуанышбай барып «сендер адам өлтіруге қандай батылдарың барады?!», – деп қасына келгенде, Əбікей Қуаныш-байды жəне атып жібереді. Екі батырдың қасындағы адамдар Əбікейді тірі ұстап, ұрып өлтіреді. Жүкейлер қашып көшкен бойы Гоминдаң Шонжы үкіметіне келіп бағынады. Айтылуда Жүкейлер: «Оспан, Дəлелхан қызылдасып, қызылдың жолына түсіп кетіпті», – деген наразылықпен Дəлелхандардың қызмет істеуіне наразылық-пен қашқан делінеді.

1945 жылы маусым айында Алтайға партизан бастап барған Нұрғожай оның туысы Сүлеймен Бектұр, Кенен жəне Сарыбай зəңгілерді ертіп, 200 адаммен барғанда Жəнімхан кісі жіберіп, хат жазып Гоминдаң үкіметіне бағындырып кетеді. Осы жолы Сүлеймен Бектұр Оспанға: «екеуміз ұзақ мезгіл жақсылықта да, жаманшылықта да бірге болдық. Нұрғожаймен бірге Алтайға келгенімде Жəнімханның жазған хатынан жауымыз Шың Шысай-дың Кеңес үкіметінен қол үзіп Гоминдаң ға өтіп, оның үстемдігінің аяқтағандығын ұқтым. Кеңес үкіметі Шың Шысайдан айырылған-нан кейін бізді торына түсіргендігін байқадым. Мен өз мемлекет қарауыма қайттым. Бұрын мен саған ердім, енді менің жүрген жолымды байқап көр», – делінген.

1945 жылы шілде айында Дəлелхан тəйжі 500 партизанды бастап бұрынғы кеткен патизандармен бірлесіп, бір жарым ай мөлшері Алтай қаласын қоршауға алып тұрып, Құлжадан келген Шығыс Түркістан əскерімен бірлесіп, қыркүйекте Алтай қаласына кіреді. Алтай қаласын қоршау соғысында партизан отряд бастықтары Көктоғайлық Қасейін батыр, Смағұл батырлар ішінде 10 неше азамат құрбан болады. Алтай қаласындағы Гоминдаңның

Page 112: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

112

үкімет əскери орнындағы 3000 адам қаладан шығып, Моңғолияға кетуге бет алғанда, Дəлелхан Гоминдаңның Алтай уəлиі Гау Басю, əскери генералы Уан Линунге құрал тапсырып, бағынудың пай-дасын айтып хат жазады. Олар түгелдей қайтып тізе бүгеді. Осы кезде Жеменейдегі партизан бастығы Шіңгілдік, руы молқы, 1940 жылдан бастап Оспанмен бірге болған Жылқайдар Оспанға «жуықта Құлжадан екі полк əскер келіп, бізге қосылды. Бұлардың киімі, əскери белгілері, құралы, əскери құрлым атаулары, басшы адамдары Кеңес үкіметінікі, Құлжадан Шығыс Түркістан үкіметі құрылды. Біз Алтай, Тарбағатайды азат етуге жəрдемге келдік дейді. Əскери бастықтары ұйғыр, қазақ, бірер орыс бар. Ахуалға қарағанда Моңғолия үкіметі арқылы бізді шырғалап, бізге жəрдем беруі Шығыс Түркістан үкіметін құру, Кеңес үкіметінің үлкен жоспары сияқты, Алтайға келуге асықпаңыз. Толық ұғысайық», – деп хат жазып, кісі жібереді. Сүлеймен жəне Жылқайдардың жеке-жеке жазған хаты Оспанға бір түрлі ой түсіріп, өзгеріс пайда қылады.

1945 жылы 20 қыркүйекте Алтай азат болады. Қазан айының басында Құлжадан Əлихан төре, Ахметжан, Сəйпидендер келіп, Дəлелхан тəйжі негіз еткен Алтайдың басты адамдарымен жиын ашып, Алтай əкімшілік мекемесін құрады. Алтай əкімшілік мекемесі Құлжадағы Шығыс Түркістан үкіметіне қарасты аймағы болады деген қарар алады. Алтай əкімшілік мекемесінің бастығы Оспан, орынбасары – Дəлелхан Сүгірбаев, Əріпбай (Кеңестік), Шəмси (алдында Гоминдаңның орынбасар уəлиі болып тізе бүккен уəли мекемесінің бас хатшысы), Құрмаш ( Кеңестік) болады. Əрбір ауданның жəне аймақтың аудан дəрежелі басты адамдарын белгілейді.

Дəлелхан Сүгірбаевқа 1945 жылы Алтай азаттығында подпол-ковник деген əскери мансап беріледі. Бұдан бұрын Алтайдағы шеруші елінің тəйжісі болған. Материалда бұрынғы атауы қолданылады.

Оспанның Шығыс Түркістан үкіметімен жауласу

себебі жəне оның барысы 1945 жылы қазанда Алтай азаттығындағы Алтай əкімшілік

құрылымындағы жиынға Оспан келмейді. Алтай азат болу қарсаңында бұрынғы серіктері Сүлеймен Бектұр, Жылқайдардың

Page 113: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

113

жазған хаты Шың Шысай өктемдігі мен Гоминдаң үкіметінің парқын түсіндіріп Оспанға өзгеріс ой пайда қылады. Шың Шысайдың дəуірінің аяқтауына көзі жеткендей болады. 1943 жылдың басында өлкелік Гоминдаң үкіметінің Махмұт, Құсайын, Татай тəйжі, Шəри зəңгі, Қайым қазы, Əнуар Мəмидің өзіне жіберілгендегі сөзі шындық екенін түсінеді. Шың Шысайдың бастан-аяқ алдау саясаты деп қарағандығына өкінеді.

Кеңес үкіметінің Шығыс Түркістан үкіметін Құлжадан құрып шығыуы, Моңғолия үкіметінің өзіне жəрдем беріп қолдауы, Дəлелхан Сүгірбаевтің саяси рөлі – Кеңес үкіметінің ыңғайлас-тыруы екенін сезінеді.

Алтай əкімшілігі құрыла салысымен Моңғолияның Оспан тобына бұрынғы берген мылтық құралдары жиналып алынсын деген қарар шығарады. Мұны « Кеңес үкіметінің өзі құрып шыққан Шығыс Түркістан үкіметін күшейту, менің ықпал күшімді əлсірету, құрал жиюға тура болса құралды алған қол мені неге іздемейді. Менің сыртымнан Алтай əкімшілігі құрыла салысымен мұндай басым қарар шығару недеген қауіпті!» деп наразы болады. Алтай азат болып əкімшілік мекемесі алғаш құрылғанда əкімшілік мекемесіне, əскери орынға, заң-сақшы құрылымына, Кеңес Одағы-нан арнаулы əкелінгендер, бір кезде Кеңес Одағындағы социялис-тік өзгертуге қарсы тұрып Алтайға қашып келгендер, Кеңес граждандары деп аталатындар, бұрын Гоминдаң да істеп тізе бүккендер – жаңа басшылық құрамдағы іс жүргізушілер болған. Барлық құқық Кеңес шілдердің қолына өткен. Осындай жағдайдан Оспан Алтайға келмеген. Алтайдағы жаңа басшылық алқа Оспанды Алтайға келуге қызмет істеуге Құлжа əскери бастығы Досконовты жібереді(ол Кеңес адамы). Оспан оған сақталып отырған ахуалды бүкпесіз ортаға қояды. Досконов: «мылтық жиналмайды, басқа ахуалды барғаннан кейін сөйлесіп шешеміз» дейді. Оспан Алтайға баруға мақұл болып, жаңа басшыылқ құрам орналасып болғаннан соң барады. Дəлелхан бастатқан Алтайдағы басшылар Алтай ауданының Тұлты жерінен Оспанның алдынан шығып салтанатты қарсы алады. Қаланың бастысы Шəріпхан дутың аралдан Оспанға тұрақты үй қора-жай береді. Кейін Оспан үйін көшіріп алады. Қызмет кеңсесіне атқа мініп барып тұрады. Оспан Алтайға барғаннан кейін іс жүзіндік жағдайды көзімен көреді. Дəлелхан, Əріпбай, Шəмси тағы-тағылар. Алтай төңкерісіне қатыспаған, төңкеріс сөз болмаған. Соғыста жауға қарсы бір тал оқ атпағандар

Page 114: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

114

үкімет, əскери, заң, сақшы негізгі орындарын иелеп болғандығын, ахуал бұрынғы естуден де күрделі екендігін ұғады. Оспан, Кеңес үкіметінің саяси жоспарының нəтижесін көріп қазірше жағдайға үйлесіп тұрып біртіндеп ахуалға қарай іс көруді ойлайды.

Оспан, Алтай азаттығы өзінің басшылығымен Моңғолия үкіметінің жəрдем беруі Алтай халқының ішінде шығыс үш аудан халқының жеңісі деп білетін.

Алтай азаттығынан кейін жаңа басшылық орынға: 1944 жыл Дəлелхан өзі ішінде болып, Алтай уақыттық ұлттық үкімет құрғанда үкімет бас жорасы болып шығыс үш ауданнан қатысқан – Əділхан би, Уатхан, Кəріп зəңгі, Момынбай би, Келес, Лəтіптер, 1944 жылы Оспанға ақылшы болып төңкеріске көрнекті үлес қосқан Мұхаммеджан би, Қазанғап, Нүсіпбай, Ахметолла зəңгі, Қасен зəңгілер.

1940 жылдан 1945 жыл Алтай азаттығына дейін Алтай төңкерісінде соғыстың алдын бастап, ерлік еңбек көрсеткендігіне «халық батыры» деп даңықты ат берілген – Қапас Тіркешұлы, Əбірасул, партизан бастап төңкеріс үшін соғыс жүргізген, басынан не сияқты қиыншылықтарды өткізіп ел қорғауына ие болған – Жылқайдар, Қаби, Тоқтыбай, Əсен, Жəмет, Нəби, Кəшəпат, Қапырыш, Қабай қатарлы тірі жүрген партизан бастықтарының бұрынғы партизандық стажы, төңкеріске қосқан еңбектері бүтіндей жоққа шығарылып, əскери қосыннан қалтырылады. Керісінше, төңкеріске қатыспаған, партизан қатарында болмаған жаңадан əскери орынға қабылданғандарға, қарсы жақтан бағыныс еткен-дерге əлгі əскери мансап, атақ дəрежелері беріліп, оларға ерекше қамқорлық етіледі.

Алтайды азат етуге қатысқандардың орнын жаңа əскерлер басып бұрынғылар бірен-сараң болмаса түгел үйлеріне қайтып еліне кетеді. Жоғарыдағы аты жазылған адамдардан бастап əдеттегі партизандар қалтырылғанда оларға жаңа құрылған үкіметтің рухи жақтан рахмет айту, заттық жақтан ешқандай жəрдемі болмаған. Еңбегінен пайдалану, өздерін жексұрындатып қалтырып орнын алумен тынады.

Алтайдағы əскери орынға Құлжадан, Тарбағатайдан келгендер кемі Жеменей, Қаба, Буыршын, Алтай аудандарынан толықтанып шығыс үш ауданнан жаңа əскер алу негізінен шектеледі.

Алтай төңкерісін бастаған, Алтай төңкерісіне басшылық еткен 1940 жылдан 1945 жылға дейін əйгілі құрбандар Есімхан, Ақтеке,

Page 115: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

115

Ноғайбай, Зəтелбай, Сүлеймен, Ырысхан, Мұса, Бұқат бейсі, Халел, Рахат, Зейнел, Сұлубай, Камал, Қуанышбай, Бүркітбай, Кəдірбай, Қасейін, Смағұлдардың төңкерістік еңбектері көрілмеді. Төңкерістік құрбан деп танылмады. Осындай себептерден шығыс үш аудан елінің Шығыс Түркістан үкіметіне наразылығы қозғалды.

Оспан, Алтайда тұрған кезде бұл туралы талай сөз қозғаса да сөзі ақпады. Алтай төңкерісінің нəтижесі Шығыс Түркістан болғандығын көрген Оспан ендігі беталысын бұрып, келешек үмітін Гоминдаң ға артты. Шығыс Түркістан үкіметінен іргесін айыруға кірісті. 1946 жылы ақпанда Шəмси, Бəди, Лəтіптерді Құлжадағы Шығыс Түркістан үкіметіне байланысты жұмыспен жібергенде, Оспан Лəтіптен Алтай жөніндегі көзқарасты баяндап Əлихан төреге жан хатшысы Бағдатқа құпия жаздырып жібереді.

Əлихан төре, Лəтіп қайтқанда Оспанға: «бұрын Қорқыт деген өзіне қазылған көрден қашып, айланып жүріп сол қазылған көрге түскен екен, сен сол болдың» деп жазады. Бұл да Оспанның өзгеріс ойына үйлеседі.

1946 жыл ақпанның ішінде, Гоминдаң өлкелік үкіметінің тиңжаңы Жəнімхан өз нұсқаушыларының орналастыруымен Оспанның туысы əрі батыры Қапас Тіркешұлына, Оспанға бұрын ақылшы болған Мұхаметжан биге, Түркістанның ағасы Ырысхан-ның баласы Əсенге, Нəзір тəйжіге Үрімжіден Кенен Əміреұлын жіберіп отанға қайтуды үгіттейді. Бұлар Жəнімхан, Қадуанға адам жіберіп өлкелік Гоминдаң үкіметімен байланыс орнатып, заттық жəрдем алады.

Жəнімхан екінші рет Нұрғожайды Көктоғай еліне жіберіп жасырын қызмет жүргізу барысында, Көктоған əкімдері Салық, Уахиттар оны ұстап, Сəйпіл бастық 12 адам арқылы Алтай уəли мекемесіне жібереді. Бұған Дəлелхан разы болып Нұрғожайды апарған адамдарды сыйлайды.

Қапас, Мұхамеджандар Гоминдаң үкіметімен байланыс орнату ахуалын астыртын білдіреді. Оспан қолдайды, өзі ашыққа шықпайды.

1946 жылы мамырда Оспан: «денсаулығым жақсы емес, қала жақпады, қырға барып дем аламын» деп Көктоғайдағы ел ішіне – Күртіге көшіп келеді. Көктоғай ел бастықтары қатысты адамдарды шақырып жиын ашып, ел ішіне көшіп келу себебін, Түркістан үкімітімен болған қайшылықты айтып, кейінгі беталысты ақылдасады.

Page 116: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

116

Жиынға қатысқандар: «Шың Шысай өктемдігіне қарсы бес жыл қан кешіп соғыстық, көптеген құрбан бердік. Моңғолия мемлекеті дербес мемлекет, бізді алдамайды, дұрыс болыстығы деп жəрдемін алдық. Дəлелханның бұрынғы ахуалына қарап төрімізден орын беріп басшы қылып құрметтедік. Өлкелік Гоминдаң үкіметінің кезінде берген дұрыс нұсқауын тойтардық. Ақырғы күрес нəтижеміз Кеңес Одағының саяси зор жоспарымен Шығыс Түркістанның қолына өттік. Ендігі шығар жол өз мемлекетіміздің қойнына қайтып, Шығыс Түркістанмен байланысымызды үзіп, адасқан беталысымыздан қайтып, өз мемлекетіміздің қарамағына өтейік» деген ақылға келеді.

Осы кезде Кеңес үкіметінен мыңдай адам кен қазамыз деп Көктоғай қалашығына түседі. Оспан оларға Рақыш күнде, Рапығат Ниғыметұлын жіберіп: «Шынжаң өлкесі Алтай аймағы, Көктоғай ауданы мемлекетіміздің айырылмас бір бөлімі. Екі мемлекет тоқтамы болса оны қорғаймыз. Тоқтам жоқ болса сырт мемлекеттің өз білермендігімен мемлекет кен байлығын алуына жол қоймаймыз. Мен Алтай уəлиі Жұңго бұқарасы болу сипатыммен арнаулы адам жіберіп хат жазып отырмын. Екі мемлекет тоқтамы жоқ болса өз келген жерлеріңізге дереу қайтыңыздар, мемлекет байлығын əр қандай жеке өзі біліп басқара алмайды. Сіздер де екі мемлекеттің заң-түзіміне үйлесімді жолмен іс көрулеріңізді ескертемін!» деп хат жазады. Кеңес адамдары тоқтам қағазын көрсете алмайды. «Біз өз мемлекетіміздің нұсқауымен келдік. Жұмыс істеуді білеміз, жоғарғы орнымызбен сөйлесеміз» деп барған адамдарды қайтарады.

1946 жылы мамырда Дəлелхан Сүгірбаев Алтай аудан əкімі Қажынəбиді Оспанға жіберіп қызметіне келуге шақырады. Оспан Қажынəби, Əділхан биді Көктоғайдағы Кеңес адамына екінші рет жібереді. Олар бұрынғы сөзін айтып жолға салады. Оспан, Қажынəбиді Алтайға қайтарып өзінің бара алмайтындығын, уəли мекемесі Алтайдағы Кеңес консулымен сөйлесіп Көктоғайға түсірген адамдарын қайтарып əкетуге хат жазады.

1946 жылы маусымда Ысқақбек генерал, Дəлелхандар Көктоғай Қуүй жеріндегі Оспандікіне келеді. Ысқақбек Оспанға: «Алтай төңкерісіне көрсеткен еңбегіңіз үшін Шығыс Түркістан үкімет басшылары жіберді» деп бес бұрышты алтын медал береді. Оспан: «менің Алтай төңкерісіне қосқан еңбегімнің барлығын білсеңдер болды. Еңбегімнің игілігін сендер көрдіңдер, теңге

Page 117: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

117

тағатын əйел емеспін» деп медалды Ысқақбектің қолынан алып əйеліне бере салалы.

Оспан: Көктоғайға түсірген Кеңес адамының жолсыздығын айтып оны қайтару жағында қызмет істеп жатқандығын, олардың мемлекет байлығын өз білермендігімен алып жатқандығын, қайт-пай отырғандығын, Іледегі, Алтайдағы Кеңес консулымен сөйлесіп, Көктоғай жерінен шығарып кету пікірін айтады. Екі генерал: «Құлжадағы басшылардың хабары болу керек. Сіз оларды қайтаруға асықпай тұрыңыз. Біз барғаннан кейін ақылдасайық» дейді. Оспан екі генералмен тиянақты пікірге келе алмайды. Олар Оспанға наразы болып қайтады.

1946 жылы маусым айының соңында Дəлелхан Сүгірбаев екінші рет Алтайдан бір қанша адаммен Қуүй жеріндегі Оспандікіне келеді. Екі аудан ел бастықтары байланысты адамдар бұрын хабарландырумен Оспан ауылына жиналады.

Оспан Көктоғайға түскен Кеңес Одағының кен қазып жатқан адамдарын қайтаруды жəне де ортаға қойды. Дəлелхан Сүгірбаев Шығыс Түркістан басшыларының пікірін тосуды айтады.

Оспан Қажынəби, Əділхан би, Шəри зəңгі, Əсен үкірдайларды Алтайдағы Кеңес консулына жіберіп адамдарын қайтарып əкетуге хат жазады. Консул: «жуықта өзім барып Оспанмен сөйлесемін, аз күн тоссын!» дейді. Барған адамдар бос сөз алып қайтып келеді.

Оспан: «Дəлелханның сыйын көріп болдым, Кеңес үкіметінің тəрбиелеп жіберген сырын ұқтым, бізді ойлаған жеріне апарды. Мен Шығыс Түркістаннан байланысымды үздім. Енді беталысымды өзім белгілеймін, Дəлелханды жібермеймін!» дегенді айтады. Салық тəйжі, Əділхан би, Шəри, Уатхан қатарлы ел бастықтары: «Дəлелханға тиіспейік, енжарлықты асқындырмайық, сөйлесу жолымен қайшылықты шешейік» деп Кеңес береді. Бұған Оспан лажсыз қосылады. Дəлелхан Алтайға қайтады. Оспан осылайша Шығыс Түркістан үкіметімен байланысын үзіп жауласу басқышына өтеді.

Оспанның Шығыс Түркістан үкіметінен байланысын

үзгеннен кейінгі əрекеттері 1946 жылы шілдеде Оспан Көктоғай ауданында тұрып

Үрімжіге өлкелік Гоминдаң үкімтенің Жаң Жыжұң қатарлы

Page 118: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

118

басшыларына хат жазып Қанатбай, Жанат зəңгі, Қақашаларды жіберіп бірінші рет байланыс орнатады.

Жазған хатының негізгі мазмұны: «Мен 1943 жыл шілдеден бастап Шың Шысай зұлымдығына

қарсы күресте Моңғолия үкіменің ізденуімен олармен байланыс орнатып, мылтық құрал алып соғысқа пайдаландым. Моңғолия дербес мемлекет əділеттік тұрғысынан қолдауы деп сендім. Шың Шысай зұлымдығы мен Гоминдаң үкіметінің саяси парқын айырып білмедім. Өлкелік Гоминдаң үкіметінің үш рет маған адам жіберіп, дұрыс тəрбие бергенде, бір сарын Шың Шысайдың алдау саясаты деп қарап үкімет тəрбиесіне сенбедім. Дəлелханның ішімізге келудегі шын сырын сезбедім.

1945 жылы қыркүйекте Алтайды үкіметтен қайтарып алудан кейін, Іледен Шығыс Түркістан үкіметінің құрылуы, менің Моңғолияның жəрдеміне ие болып өз мемлекетіммен жолсыз соғы-суым. Дəлелханның шын сырын, Кеңес үкіметінің үлкен саяси торына түскендігімді білдім. Қате жол басып мемлекетіме ауыр зиян жеткіздім. 1946 жылы тамыздан бастап Кеңес үкіметі Көктоғай ауданына мыңдаған адамын түсіріп өз білгенінше асыл тас байлығын қазып алып ойрандағанын тоссам да мемлекеттің тудырып отырған ісі болғандықтан тоса алмадым. Жоғарыдағы кейінгі алданып басқан қате жолдан қаттым. Шығыс Түркістан үкіметінен байланысымды шынайы үздім. Ат айланып қазығын табады деп отан құшағына айналдым. Кеңес үкіметінің жетегіне еріп жəне де саяси жақтан сатылып отанға опасыздық істеуге Жұңго граждандық азаматтық ар-намысым көтермеді. Ендігі беталысымды оңау өздеріңізден!» деп Татай Қалымұлына жаздырғанын Оспанның өз айтуынан естуім бойынша жаздым.

Қатанбайлар Үрімжіге келіп Жəнімхан, Қадуан, Зəкішің қатарлы адамдар арқылы Жаң Жыжұң, Лию Мыңчүндермен жолығып, олар Оспанның жазған хатын өзгертіп жаздырып, Оспанның мөрін ойып бастырып, Шығыс Түркістан жақ адам-дарымен бірге отырып қабылдайды. Қанатбайларға жазған хатпен сөздерің бір болсын деп ескертеді. Гоминдаң өлке бастықтары өздері айырым Қанатбайлармен сөйлесіп, Оспанды толық қолдап əскери құрал, заттық жəрдем беретін болады. Қанатбай Қақашаны қайтарып ахуалды Оспанға мəлімдейді. Қанатбай Үрімжіде қалып Гоминдаң үкіметінің Оспанға беретін жəрдемінің нақтылы жұмыстарын орналастырмақ болады.

Page 119: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

119

Аз күннен кейін Оспанға саяси ақылшы етіп Рау, Хуаң фамиллиялы ханзу(қытай), Омар (дүңген) үш адамды бір дана диянтай(радияатция) беріп, Қанатбаймен бірге 15 түйеге бұл-шай түрлі мылтықтың оғы, бір қанша жан құрал, дүрбі басқа да керекті зат беріп тамыздың ортасында қайтып барады.

Оспанға берілетін мылтық-құрал, заттық жəрдемді Шонжыдан Хай Уын шыжаң арқылы беретін болып оны өткізіп алып жіберіп тұратын адам жіберу айтылады.

Оспан екінші рет Жанат зəңгі, Нүсіпбай, Құмархан, Зəйнел Тіркештерді Үрімжіге жібереді. Өлкедегі байланысты басшылар Жанат, Құмарханды Шонжыға жіберіп Оспанға берілетін құрал-заттық жəрдемді жіберіп тұруға орталастырады.

Нүсіпбай, Зəйнелдерді Алтайға қайтарып оларға Асылбек бастық елудің үстіндегі құралды əскерімен алдында жіберген радиятциясы бар ақылшы адамдарын қорғауға ат-көлігімен қосып жібереді.

1946 жылы қыркүйекте Оспан Күртіде, Көктоғай ел бастықтары Салық тəйжі, Уахит тəйжі, Қайсабай үкірдай, Əділхан би, Əбдірахман би, Момынбай би, Əсербай, Ақмолла зəңгі, Сəдуақас молла, Мұштари зəңгі қатарлы ел бастықтарымен Гоминдаң үкіметімен байланыс жасауын жəне кейінгі істер туралы ақылдасады.

Жиынға қатысқан ел бастықтары бірлікке келіп Оспанның қасына Қапас Тіркешұлы, Қаби, Манат, Бұрымжап, Əсербай, Рақым бастық 300 адам тұрғызып қорғаныс күшейтіледі. Оның ат-көлік азығын елден ел бастықтары жиып беру міндетіне алдаы. Шонжыдан келетін мылтық, құрал, астықты уағында жеткізу орналастырылады.

Оспан: Көктоғай ауданы мен Бурылтоғай ауданының батыс шекарасынан, Бітеу, Шібетіден екі орынға 100 адамдық, Манат, Рақым, Бұрымжап, Кəшапат бастаған қарауыл тұрғызады. Оларған Түркістан құралды күшінен қорғану, іздеп соғыспау, азықтық малды, ат-көлікті Көктоғай ел бастықтары арқылы елден шешім етіп, қалаймақан елдің мал-мүлкіне тиіспеу айтылады. 1946 жылы желтоқсаннан бастап Шонжыдан Жанат, Құмархандар Гоминдаң үкіметі берген мылтық-құрал, заттық жəрдемді 100 түйе көлікпен Оспанға уағында жеткізіп тұрады.

Page 120: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

120

1946 жыл желтоқсанның ақырында, Үрімжіге Лəтіп, Əділхан билерді жібергенде, оларға қосып бұрынғы Оспанға жіберген ақылшы Хуаң-ды бірлікте қайтарады.

1947 жылы ақпанда Бурылтоғай ауданы Көктоғай шекарасында Шығыс Түркістан əскері мен Оспанның қарауылы ортасында қысқа уақыт соғыс болып жауласу басталады.

1947 жылы сəуірде Түркістан Алтай əскери районы Оспан тобын əскери күшпен жою үшін, Бəделхан Сүгірбаев, Лескін, Ыбырайымбай, Алмасбек, Дөней бастық екі полк əскермен Шібетіден Қапас, Қаби, Манат, Бұрымжап, Кəшапат бастаған 350 адам қарауылмен соғысады. Қапастар бір күн соғыстан кейін күш аздығынан шегінеді. Сайтанкөз(моңғол) ішінде он неше адамы өледі, жараланады. Қапастар қайтып Уылбай құдығына келгенде Шіңгілден Жылқайдар 200 адаммен жəрдемге келіп, бірлесіп қарсы жақпен соғыс жүргізсе де жеңіліс тауып Қапас, Жылқайдарлар өз келген орнына қайтып тарап кетеді.

Түркістан əскери бөлімі Алмасбек бастық 300 адамды Итекқызыл жерінде отырған Оспанды жоюға Көктоғай елінен Даба бидің ұлы Əкманға жол бастатып шығады.

Əкманның теріс жол жүргенін біліп күн шыға Қызылқұдық ойында Əкіманды атып кетеді. Оспанның қарауылы олармен тосып соғысып олар қайта қашып өз тобына барып қосылады. Оспан бұрынғы жоспарын өзгертіп, артына қайтып, өз туысы жəне Көктоғай елінен 200 үйді ертіп Гоминдаңның Асылбек бастық бір лиян (бөлімнен жоғары) əскерімен Бəйтік жеріне көшіп барып орналасады. Бəделхан, Лескін, Ыбырайымбай, Алмасбек, Дөней бастаған Шығыс Түркістан əскерлері Сағатай зəңгі, Ұлықпан зəңгі, Əділхан би, Əбдірахман би, Қабылғазым, Əсербай, Нұғыман зəңгі бастық Арал елі мен Ұша жеріндегі Уақит Халелұлының ауылдары болып 1500 үйді көшіріп, мұның ішінде Оспанның шешесі отырған үлкен үйі жəне бірнеше туыстарының отбасы алдында, Күрті жеріне көшіп барған жерінен айдап көшіріп, Алтай ауданына өткізіп апарады. Айдалып барған Көктоғай елін Шеміршек, Балқанақ, Күрті, Жəшікқарағай қатарлы көктеулік жерді бастырып Алтай ауданының ең батысы, Ақсала, Өрмегейті, Қарағытай, Тарғытай сияқты жайлаудан орын береді. Көктоғай елінің қолын-дағы Уақит Халелұлының мəуезерінен басқа бұрыннан сақталып келген үлкен-кіші мылтық құралдарын, оқ-дəрілерін Түркістан үкіметі адам шығарып елден жиып алады. Елді орнықтру деген

Page 121: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

121

атпен сақшы орнының адамдарын айдалып барған елдің ішіне қойып бақылау жүргізеді.

Жыл басында Үрімжідегі Гоминдаңның сауда орнынан саудаға алған 300 қойлық – Ғазез, Шегір, Бейсембай сияқты адамдардың пұл-шай заттарын Алтай ауданының əкімі Қажынəби арнаулы шығып, «қазынаға алдық» деп қайтарып алады.

1947 жылы тамызда Алтай уəли мекемесі Əділхан биді Алтай сот бастығына, Уақит Хəлелұлын Көктоғай ауданының əкімі етіп белгілегендігін ұқтырады. Көктоғай елі жалғасты тұрады деген аңыз тарайды.

1947 жылы тамызда Алтай ауданында бұрын «подполковник» деп аталатын Дəлелхан Сүгірбаевке Кеңес үкіметі Шығыс Түркістан үкіметі атынан «генерал майор» деген əскери шен беріліп, Алтай ауданында үлкен той өткізеді.

1947 жылы мамырда Бəйтіктегі Оспан Лəтіп, Қапас бастық 200 адам жіберіп Шіңгілден Лəтіп, Халық зəңгі, Əубəкір залың, Имандолла үкірдай бастық 300 үй, Сəлде, Сəли, Əбшат бастаған 150 үй Көктоғайдан көшіп Бəйтікке баратын болып Сартоғайға барған жерінен Шіңгіл елінің артынан қайтарып алмақ болып қуған Түркістан үкіметінің Хəкім бастық əскери бөлімі Сартоғайдан жетіп, өзен бойындағы елді өзеннің солтүстік қабағынан тосқауыл-шылармен соғысудың сыртында елді қабақтан пулеметпен атқылайды. Сасқалақтаған ел қатын-бала ер-тоқымды атымен, жетелеген түйесімен, өңгерген бесіктегі баласымен оңтүстікке өтуге суға түседі. Бір бөлім адам суға ағып, оқ тиіп өледі. Көп бөлімі ірі қара малмен өтіп шығады. Өте алмай қалған елмен, қашқан елдің 50 мың ұсақ малын Түркістан əскері олжа алады.

Көшіп қашқан ел, Бəйтік жеріне барып Оспандарға қосылады. 1947 жылы маусымның басында, Шіңгілден Əсен үкірдай 150

үйді бастап Оспандарға қосылуға Бəйтікке қашып көшеді. Бұларды Шіңгілдегі Түркістанның Иүсіпжан полковник бастық əскери бөлімі қуып, көшкен елге Сартоғайдан жетіп соғысады. Əсендер ірі қара малмен Сартоғайдан өтіп кетеді. Ұсақ малы мен бір бөлім от басыларын Иүсіпжандар алып қалады.

Əсендер судан өтіп шығуымен алдынан Оспанның Əсендерді көшіріп алуға жіберген Рақым, Зейнел Тіркешұлы бастық 100 адамы олармен кездеседі. Олар Əсендерден адам ертіп Сартоғайдан солтүстікке өтіп шығып Иүсіпжандардың артынан Қайырқын

Page 122: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

122

жерінен қуып жетіп соғысады. Иүсіпжандар жеңіліс табады. Өзі тірі қолға түседі. Əскерінің бір бөлімі өліп, бір бөлімі қашып құтылады. Бір бөлімі бағынады. Əсен елін көшіріп Бəйтіктегі Оспан еліне қосады. Иүсіпжанды Оспан өз нұсқаушыларының ақылымен атып өлтіреді.

Оспан тобы қайтадан қатары кеңейіп, өлкедегі Гоминдаң үкіметінің берген саяси, ықтисат жəрдемімен ес жиып еңсе көтеріп, Үрімжідегі Америка консулымен байланыс орнатады. 1947 жылы маусым ішінде Моңғолия əскерлері кенет Бəйтіктің Алтынобадағы Гоминдаң үкіметінің əскери қарауылына шабуыл жасап кіреді. Қарауыл əскерлері қарсы соғысады. Моңғолия үкіметі əуеден аэроплан жəне атты əскерлерімен күрделі соғыс жүргізеді. Оспан 300 адам ертіп барып Гоминдаң қарауылымен бірлесіп Моңғолия əскерімен соғысады. Моңғолия əскері үшінші күні артына шегініп қашады. Моңғолия əскерінің өлген адамның біреуінің сөмкесі ішінен «Бəйтік – Моңғолия жері, сөзсіз қайтарып алу керек!» деген Моңғолия əскери орнының бұйрығы бар бір материал шығады. Оны Оспан қолына түсіре салысымен өлкелік Гоминдаң əскери басшыларына арнаулы адамнан жібереді.

Гоминдаң əскери орны: «Моңғолия үкіметінен түсіріп жіберген материалдар өте керекті негізгі материал болды. Орталыққа жібердік. Моңғолия үкіметі Бəйтікті өзіне қаратып алып Баркөлге өтіп, Шынжаңды Гансу шекарасы, Шың Шишадан төмен батысын бөліп алып, Шығыс Түркістан үкіметіне өткізіп, Шынжаңды Жұңгодан бөліп алуды жоспарлаған – Кеңес үкіметінің орналас-тыруы. Оспан отанды қорғауда үлкен еңбек көрсетті!» деп, Оспанның абыройын көтереді.

Үрімжідегі Америка консулы Бəйтікте отырған Оспандікіне өзі барып, ахуал ұғысады. Моңғолиямен соғысқан жерді көріп рəсімге тартып алады. Оспанға: «мемлекет шекарасын қорғаудағы еңбегің ерекше көрнекті, біз бұл отаншылдығыңды халықараға таныс-тырамыз» дейді.

Оспан 1947 жылы маусымда Бəйтікте өз күшінің осындай толықтана қалған кезінде Шығыс Түркістан үкіметінен Алтайды қайтарып алуға, Қапас Тіркешұлын бастық етіп 700 құралды адаммен Алтайға жібереді. Қапастар алдымен Көктоғай, Шіңгіл шекарасындағы Сартоғайдағы Түркістан əскери қарауылын алып, жалғасты Шіңгіл жеріндегі Түркістан қарауылын жоюға адам

Page 123: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

123

бөліп, өзі көбірек күшпен Көктоғай қалашығындағы Тұрғын, Қаратүңкедеген қарауыл əскерлерін тұрған орнында бірін-біріне қоспай жиырма неше күнде жойып екі ауданды қаратып алады. Сол кезде Көктоғай ауданы көлемінде 300 дей үй қалып Түркістан үкіметі Қалман қазыны Көктоғай ауданының орынбасар əкімі етіп белгілеп қызмет істеткен кезде, Түркістан əскер бастығы Ыбырайымбай аз адаммен Моңғолияға қашып өту жолында Қалман да онымен еріп тау іші Қаракезең жеріне дейін бір барып, сол жерден бөлініп Қапастарға келіп бағынады.

Екі аудандағы Түркістан əскер бастықтары кейбіреуі Алтайға, кейбіреуі Моңғолияға қашып əскерлерінен айырылады.

Қапастар екі ауданды қаратып алып, тобын жазбай Бурылтоғай ауданына өтеді. Ол жердегі Түркістан əскерлері табандап соғыса алмай, жеке-топтық бағынып бастықтары жеңіліп қашады. Көктоғай, Шіңгіл, Бурылтоғайдағы Түркістан əскерінің жеңіліс жағдайын ұққан Дəлелхан Сүгірбаев адамдарының бір бөлімін өзі ертіп, бір бөлімін үйлеріне қайтарып қатын-баласын алып, соғыса алмай Алтай қаласын босатып беріп, Жеменей шекарасымен Кеңес үкіметіне қашып барады. Қажынəби, Тəстембай, Сəлімжандар (аудан бастығы, аймақтық сақшы бастығы, бас хатшы болған адамдар) 50 адам Алтайдан қашып өз ауылдарына кетіп бара жату жолында Күрті жеріндегі Көктоғай еліне келгенде Əділхан би, Уақиттар оларды қорғап Рақыш күндені қосып ел шетіне шығарып салады.

1947 жылы қыркүйекте Қапас тобы Алтай қаласына кіреді. Алтайдағы Көктоғай ел бастықтары, Алтай ауданының ел бастық-тары Ежен, Жəмлиқа мүпти, Асхат Мəнкей, Кебірахұн қатарлы адамдар Қапастарға барып олардың жеңісін құттықтайды.

Алтай қаласы Қапастардың қолына өтісімен, Алтай аймақтық іс басқару орнын құрады. Аймаққа қарасты үкімет орнындағы басты адамдарын белгілейді. Құралды күшін бөліп, Қаба, Жеменей, Буыршын аудандарын алуға жібереді.

Көктоғай елі мекеніне қайтып көшіп əр ру өз мекеніне орналас-сын деген ұқтыру шығарады.

Қапастың қасындағы Шіңгіл адамдары Түркістан əскерінің Шіңгілде тұрған бастығы Хəкім Өмірбаевті қала ішінде ұстап бұрынғы өшпенділігімен оны ұрып найзалап өлтіретін болғанда

Page 124: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

124

Уақит Халелұлы кездесіп қалып, айырып алып, Қақыш биге хабарлап, ол Кеңес дəрігеріне апарып дауалатып жазады.

Көктоғай елі өз қалауымен көшіп Көктоғай жеріне келуімен Дəлелхан Сүгірбаев, Кеңес үкіметімен Шығыс Түркістан үкіметінің күшін бастап келіп Алтайды қайтарып алады. Көктоғай, Шіңгіл елі түгелдей Бурылтоғайдан бір бөлім ел Түркістан əскерімен соғыспай Үрімжі аймағына көшіп 11 айда Мори, Шонжы, Фукаң, Жемсары, Мишуан аудандарының жері Жоңғар құмы іші, құм жиегіне келіп орналасады.

1948 жылы ақпанда Оспан құм ішін қыстап отырғанда Тескенбай Моңғолиядан 80 неше əскерін бастап келіп Оспан ауылын басып алмақшы болады. Оспандар қарсы соғысып алғыз-байды. Тескенбайлар қайтып кету жолында бейғам отырған Қанатбайлардың ауылдарын атқылап Қанатбайдың қатын-баласы ішінде қырықтан артық бала-шаға адамдарды өлтіріп кетеді.

1948 жылы қаңтарда Гоминдаң өлкелік үкіметінің нұсқауымен əскери орнынан Чың санмужаң (ақылшы), Жəнімхан, Қадуан, Салыс, Зəкішің, Қанапия қатарлы адамдар Шонжыға келіп Көктоғай, Шіңгіл, Бурылтоғай ел бастықтарымен жиын ашып, Алтай уəлилігіне Оспанды, орынбасарлығына Лəтіпті, халық бөлім бастығына Уақитты, қазына бөлім бастығына Зейтінғазыны, Мұқайды, хатшысына Құрманғалиды, Шіңгіл əкіміне Нəзір тəйжіні, орынбасар əкіміне Уатханды, Көктоғай əкіміне Салық тəйжіні, орынбасарына Уақитты, Шəри зəңгіні, Бурылтоғай əкіміне Бұқаны, орынбасарлығына Əбдехан зəңгіні белгілейді. Шонжыда тұрып уəли мекемесінің қызметін жүргізетін іс басқару орны құрылады.

Осындай құрылым орналастырғанымен кейін ісжүзінде Алтай ісбасқару орны аты бар заты жоқ қызмет істеп, басқа аудан-аймаққа аталған адамдар айлық ақшасын алып қызмет істеген емес. Оспан осы аталған жиынға қатынаспаған. 1948 жылы сəуірде Оспан Жемсары ауданының Ташан-Шамбұты жеріне көшіп келеді. Оспанға өлкеден Үрімжі аймағынан басқа аудан бастықтарынан, басқа жерлік ел бастықтары, байлар ат-түйесін жетектеп, қойын айдап, заттық сəлемдемесін алып алдынан шығып амандасып қарсы алады.

Page 125: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

125

1948 жылы шілдеде Оспан Гоминдаң өлкелік үкіметінің орналастыруымен ел басы, серіктері, қатысты адамдарынан 100 дің үстіндегі адамымен Үрімжіге барады.

Өлкелік үкіметтің бас хатшысы Айсабек, орынбасар бас хатшысы Сəліс, Əлен уаң, Жəнімхан, балалары Дəлелхандар қатысты үкімет адамдары Мишуан ауданының Тешанго сайының басынан атпен Оспанның алдынан шығып, өлкенің дайындаған Шимогудегі жатақ жəне тіктірген үйге ертіп келіп түсіреді.

Қадуан, Жəнімхан, жиянса тиңнің тиңжаңы Еменбура (Жиянса тиң – прократура министрі дəрежелес болса керек), Əскери орыннан Чың санмужаң (əскери ақылшы), Ма жүнжияң (Жүнжияң-əскери мансабы), үкімет орындарынан Лю Миңшун сияқты адамдар Үрімжідегі басқада байланысты үкімет адамдары Оспанға жатқан жеріне арнаулы келіп амандасады. Оспанды айырым машинамен апарып Сұң Шилан, Масғұт сияқты үкімет, əскери орындағы негізгі бастықтарына кездестіреді. Оспанды, еріп барған негізгі адамдарын, өлкелік үкімет жəне əскери орындары бірнеше рет қонағасы беріп күтіп алады.

Өлке бастықтары, Америка консулы Оспанмен айырым бір-неше рет кезігіп əңгіме өткізеді. Нəтижеде өлкелік үкімет, əскери орын Оспанды саяси, экономикалық жақтан толық қолдайтын болады. Оспан өлке басшыларына разы болып, Үрімжіде он неше күн тұрып қалады.

1948 жылы шілдеде Үрімжідегі өлке бастықтарымен келісім бойынша Оспан қарауында болатын Жемсары ауданының Сантай жерінде Шіңгіл, Көктоғай, Бурылтоғай елінен құрап 1000 адамдық қазақ əскери полкін құрады. Оның бастығы Манат Рүстемұлы, полктың орынбасарлығына, ақылшылыққа, үш отряд бастықтығына – Бұрымжап, Əбдехан, Құрман, Құмархан, Қабай, Нəси секілді адамдар белгіленді. Гоминдаң əскери орнының адамдары саяси жақтан тəрбиелеп басқарады. Əскердің мінетін атын ел бастықтары елден шығарып беріп, əскери қаражаттың барлығын өлкелік əскери орын қамдайды.

Бұлар 1949 жылы тамызда өздігінен тарап, үйді-үйіне қайтып кетеді. Үкімет адамдары өзі келген орындарына қайтып барады. 1948 жылы қыркүйекте Оспан Нанжиң Гоминдаң мемлекеттік құрылтайына шақырылады. Оспан үлкен ұлы Шердиманды, оған аударушыға Құрманбай Тиянақұлын қосып беріп қатынастырады.

Page 126: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

126

1949 жылы тамызда Сауан əкімі Қалибек, оның серіктері Такыман, Сəду, Ахмет секілді адамдар Шонжыдағы Оспанды іздеп барып, сырт мемлекетке шығып жан бағуды айтады. Оспан: «елді-жерді тастап шетелге шығып кетуді қаламаймын. Құдайдың басқа салғанын жерімде көрмекпін!» дейді. Қалибектер Оспан ауылында төрт-бес күн тұрып, Оспанның ой-пікіріне наразы болып еліне қайтады.

1949 жылы қыркүйектің ақырында Оспан, Жəнімхандар бірдесіп, азаттық кезінде, «кейінгі жағдайды мойны ұзақырақ жерден көреміз» деп 100-дің үстінде отбасы Шонжыдан көшіп, Баркөл жеріне барады.

1950 жылы ақпанда Шынжаң өлкелік үкімет, əскери орны, Шонжы ауданындағы Уақит Халелұлы, ақиқатқа қайтқан полк бастығы Ма, бұрын Оспанға хатшы болған Құрманбай, Оспанның сенімді қызметкерлерінің бірі болған Құмархан Жаңқабайұлы қатарлы адамдарды құралды бір ызбод (бан) əскер қосып, Уақитқа жан құрал беріп, ат пен азық-түлік қос артатын бірнеше түйемен, жиырмадай адам құралып, Оспан мен Жəнімханды қайтарып келуге жібереді. Бұлар Баркөлдің Бисан тауы Башаңзы жеріндегі Оспан, Жəнімхандарға келеді. Оспанның үйінде – Оспан, Жəнімхан, Қапас, Нұрғожай, Шердиман, Дəлелхан, Қанатбай, Шаймардан ішінде бірнеше адаммен бірлікте отырғанда, барғандар үкімет жағының жіберген жағдайын айтып, жазған хаттарын береді. Жəнімханұлы Дəлелхан алдымен сөз бастап: «комунистік партия басшылық еткен жаңа үкімет кең алқапты орманды, шөпті жерді бірақ алып жанған өрт болып келеді. Біз өртті көріп тұрып өздігімзіден түспейміз» деген қарсы пікір айтады. Уəкілдер: «өрт болып келген үкіметті көрмедік. Халықты тура жолға бастап, қызмет істеп жатқан үкіметті көрдік. Халықтың малы қолында, дін еркіндігі өзінде. Үкіметтен жамандық көргеміз жоқ. Өрт деп қарау өз көзғарасыңыз» дегенде, Оспан: «тай-таласты қойыңдар, тамақ ішіңдер» деп екі жақтың сөзін тоқтатып қояды. Үш-төрт күн өткен соң барған адамдарды Оспандікіне шақырып барады. Оспан-Жəнімхандар алдыңғы қатынасқан адамдарымен бірге отырып, Оспан: «сендер үкіметтің бізге жазған хатын, айтқан ақыл-нүсқауын жеткіздіңдер. Біз бұрын Шың Шысай зұлымдығына қарсы, Шығыс Түркістанға қарсы əрекет алып барып жауластық. Жаңа үкімет келгенде Баркөлге келіп үкімет қүрып, күш жинап

Page 127: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

127

жаңа үкіметке қарсы тұрайық деп келгеміз жоқ. Үкімет бізге қандай көзғарас қолданады. Бұқара қылып ала ма, жаулық көзғараста бола ма? Мойны ұзақ жерден байқайық деп Баркөлге келіп отырмыз. Бізде албаты үкіметпен қарсыласып өліп-өлтіруді қаламаймыз. Бізгеде тыныштық керек. Біз үкіметке сендік, бұқара боламыз. Өлкедегі үкімет басшыларына жолығып талабымызды жеткізіп, бұқара болғандығымызды айтып, үкіметтің ақыл-нұсқауын алып, сенім байлауға – мен інім жəне ақылшым Қанатбайды, Жəнімхан қажы інісі жəне ақылшысы Шаймарданды сендермен бірге Үрімжіге жібереміз. Бұл біздің бірлікке келген ақылымыз. Сендер қайтып барғанда үкімет басшыларына ахуалымызды толық айтыңдар. Хатта жаздық» дейді. Қанатбай, Шаймарданды өкілдерімен бірге Үрімжіге жібереді. Өкілдерден үш адам Қанатбай, Шаймарданды ертіп өлке басшыларына жолық-тырады. Өлке басшылары оларды жақсы раймен қабылдап, ақыл-нұсқауын айтып, көптеген сəлем-сауқыт беріп бұрынғы барған-дарды үйдеріне қайтарып, Зəкішің, Нəзірлерді (Зəкішің үкімет əскери орнында, Нəзір өлкелік баспахананың орынбасары болған) оларға қосып, Оспан, Жəнімхандарды орнықтаруға қайта жібереді.

Осы жолы Уақитқа 13 күрек шай, басқада киімдік бұл(кездеме) жəне затпен сйылады.

Алтай көтерілісінде он жылдық тарихи ахуалды өзімнің ішінде болып көрген-білгендерімді, естігендерімді жинастырып жаздым. Шамамша шындықты жазуға көңіл бөлдім. Осы тарихи əрекеттің басынан аяғына дейін Оспан ішінде болып, басты рөл атқарған-дықтан Оспан тарихы сияқты жазылды. Қабілиетімнің төмендігін еске алып артық-кем жеріне сынды пікір беруді қарсы аламын.

Уақит Халелұлы

12.04.1998

Page 128: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

128

НƏБИ ОСПАНҰЛЫ АЙТҚАН ДЕРЕКТЕР

Оспан Сілəмұлы, жылы – тышқан. 1900 жылы Көктоғайдың

Өндірқара деген жерінде туылған. Əкесі Сілəм сауатты, ағайын ортасында белгілі, беделі бар, көпшіл, орта ауқатты адам. Сілəм үш ағайынды, олар үлкені Сілəм, одан кейін Қыдырхан, Тоқажан. Оспан екі ұл, екі қыз төрт ағайынды еді. Інісі Дəлелхан. Сілəм екі əйел алған. Бəйбішесі шеруші руының бақатынан, аты -Қайша. Екінші əйелі базарқұл руынан, аты – Жəлел еді.

Оспан үш əйел алған, үлкен əйелінің аты – Нұрқызар шақабай Жарымбеттің қызы. Одан үш қыз, алты ұл еді. Ұлдарының аты: Зия (1941 жылы тамызда Қуүйдің Шолақсайында оққа ұшып дүниеден озған. Ұрпақ жоқ). Шердиман, Нығметолла, Ойдолла (1944 жылы, жазда Көктоғай Шұңқырында Гоминдаң үкіметі өлтірген) Нəби, Кари (1944 жылы Көктоғай шұңқырында Гоминдаң он тоғыз жасында, зынданға тастап өлтірген). Қызы Зағила (1957 жылы қыста қайтыс болды. Сарбас Быштан дегенге ұзатылған).

Кабила (1944 жылы жазда Көктоғай Шұңқырында Гоминдаң жағынан өлтірілген). Пəнсия (қарақас Қасеннің баласы, Мəт дегенге ұзатылған). Оспанның екінші əйелі Мемей (тасбике Белдемше дегеннің қызы). Одан үш қыз туған, бұлардың алды он екіге келгенде, арты сегіз жас кезінде (Қабия, Қабипа, Зəмбия) 1944

Page 129: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

129

жылы Көктоғай Шұңқырында Гоминдаң жағынан қырылған, жеңге алған əйелі Баян (қарақас Бітай дегеннің қызы). Одан бір ұл (Көктоғай Күрті қыстағында), бір қыз (Мүниба ұзатылған) бар. Баянның бұрынғы күйеуі Шүкіме қажының ұлы Қымбыл еді. Ол 1940 жылы жазда Теректі-Арғылтайдағы соғыста өлген. Ол кісі негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған. Дəлелхан 1942 жылы қолға алынып (жиырма бес жас шамасында) Үрімжіде Гоминдаң жағынан өлтірілген.

Оспан ержете бастағанда Күртінің аяқ жағындағы Екіқызыл деген жердегі Ақтастыдан көмей алып, егін салған. Əкесі қыста өзенге түсіп, қыстап, жазда жайлауға барғанда Оспан сол жерде қалып, егіншілікпен шұғылданатын. Оспан ұсақ-түйек саудамен айналыспаған. Кезінде Оспан қайыны Жəрмембеттен бір ат əкеліпті. Ол егін басында жатқанда аттарын Зуқаның адамдары ұрлап кетіпті де, арықтатып далаға тастап кеткен екен. Аттарын даладан тауып алғанда бірнешеуі өліп қалыпты. Бір күні əкесінің жылқысын тағы да бір топ адам қуыпты. Ол атына міне салып, ұрыларды қуып жетіп, бес адамды ұрып жығып, өз шылбыр-ларымен байлап, ауылға алып келіпті. Сөйтсе олар Зуқаның адамдары екен. Əкесі оларды аттарымен қоя беріпті. Олар қайтып барып Зуқаға болған жайды айтады. Зуқа ұғысып білген соң, Оспанды іздепті. Ақыры қайта-қайта шақыртқан соң, Зуқаның үйіне барыпты. Зуқа жөнін сұрап ұғысыпты. Оспан болған əңгңменң баяндап беріпті. Зуқа батыр бір жағынан Оспанды сынап та көріпті. Оспан сынағынан өтіп риза қылыпты. Зуқа Оспанды қонақ етіп, бір ат жетектетіп, шапан жауып қайтарыпты. «Өлмей тірі жүрсең, кержақ батыр атанарсың» депті. Оспанның əкесінің інісі Тоқажанның қызы Куай дегенді нағашысына ұзатып беріпті. Моңғол үкіметі ұзатқан қызды шешесімен қайтарып жіберіп, Оспанды алып қалыпты. Оны Баян-Өлгей аймағына апарып қамапты. Қасындағы жолдасы Ақия деген екеуі қамаудан қашып, шекараға келгенде, қайтадан ұстап алыпты. Оларды əкетіп бара жатқан кезде əскерлердің біреуін өлтіріп, бір бесатар, бір қылыш, бес жүз оқ алып келіпті де, мылтықты жолдың бір жеріне тығып кетіпті. Бұл 1934 жыл мөлшерінде болған оқиға екен.

1936 жылға келгенде Оспан мылтық əкелді деген өсек шығып, алғаш мылтық жинаған кезде мылтықты тапсырып беріпті де, оқ пен қылышты алып қалыпты. Ақыт қажыны ұстаудың алдында қанша сұраса да оқ, қылыш барын айтпапты. Ақытты жұма күні

Page 130: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

130

ұстапты. Жұмаға жиналған жұртты қамап тастап, Ақытты ұстаған кезде Иманбай Есімханға келіп айтыпты. Есімхан Ақытты айырып алып қалмақ болып, Шəти деген адамға айтқанда, Шəти ақыл айтып тоқтатқан екен. Бұл жағдайды ел ішіндегі жансыздар үкіметке хабарлап қойыпты. Кейін үкімет адамдары Есімханға қолыңдағы құралды түгел тапсырасың деп тапсырма беріпті. Осындай кезде Есімхан Оспанға келіп: «Сенде мылтық құрал бар ма? Бар болса, мен сені де, мылтықты да үкіметке бермеймін», – деп сұрапты. Оспан оқ жəне қылыш бар екенін айтыпты. Бірақ ат-көлік жоқ екендігін айтқандықтан, Есімхан əкесі Иманбайдың ақсұр аты мен Тоқажанның қарала аты деген екі мықты атты елге білдірмей, Оспанға беріп, бір сөткеде Оспан оғы мен мылтық жəне қылыш əкеліпті. Кейін Шуй Рлиң Есімханға Керім деген адамды жіберіп, Есімханды іздеткенде, Есімхан Қажақынның үйінен кезігіп, Керімді байлап тастапты да, молқының айтуғанынан шапқылап жүріп, отыздай мықты жігіттерді жиыпты. Ол жігіттердің үстіне Шақалақтың Еңсеген, Көксеген, Бағжол деген үш жігітін қосып алыпты да, Оқан зəңгінің ауылының сыртынан түсіп, Қамилан мен Тəбітəй Оқанұлын ұстап алыпты. Тəбітайға итті алдаттырып шығарып, үйге басып кіріпті. Осы кезде мылтық атылыпты. Есікті бекітіп алғандықтан, терезені Қапас шағып кіріп, Еңсегендер есікті шағып кіріп іштегілерді өлтіріпті. Жағаласып жүргенде əкім Шердиманның бір бармағын тістеп алыпты. Адам түгендегенде, өлгені алтау болып, біреуі жоқ болыпты. Сөйтсе, біреуі пештің артына тығылып қалған екен. Оны да тауып алып өлтіреді. Ол Қыранбай деген қазақ жігіті екен. Оққа кеткен Оспан əкім өлтірілненнен кейін бір күннен соң келді. Əкімді өлтірушілердің ішінде Дəлелхан, Шердиман екеуі де бар еді. Қолға түскен Керімді кегін алдыру үшін Ақыт ауылына жібергенде олар өлтірмепті де қайтарып жіберіпті. Бірақ, Керімді айдап апарушылардың ішіндегі Мəлтекей қатарлы екі адам қайтар жолында оны өлтіріп тастаған. Осыдан кейін Көктоғайды аламыз деп жүзге таяу адам аудан ортиалғына аттаныпты. Оспан солардың ішінде еді. Көктоғайға барғанда, көтерілісшілерді оққа ұстағанда Мəулия, Сəтіш, Қапас Қобдабайұлы қатарлы үш адам оққа ұшыпты. Ақыры ауданды ала алмай қайтты.

Наурыз айының соңында ел Шіңгілге таман көшіп барып, Шіңгіл еліне қосылыпты. Біздің үйде солармен бірге барды. Оспан қосынның ішінде еді. Тегі сол кезде елде жасырған мылтық бар

Page 131: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

131

секілді. Бұлғынға барып, елді Гоминдаң басып қалып, ер-азаматтар Қаптыққа шыққаннан кейін, ұшақтан оқ атқылап тоқтатпаған-дықтан, Алтай тауына шығып бытырап жан бағуды қарар етіпті. Осы күннен кейін Оспан қырық шақты адаммен бөлініп Өндірқарадан өтіп шығыпты. Елдің алды Күртіге келе бастаған кезі екен. Сол кезде Күртіде Саржайсаң деген моңғол бар еді, сол жерде пункит ұстап жатқан жеті əскер бар екен. Оларды ұстап алып сұрақ сұрайды. Олар сұрақ үстінде бір-екі күннен кейін екі адам келуі мүмкіндігін айтады. Сол сөз бойынша, Айғыркезеңді тосып, айтқандай екі адамды тосып алады. Бірі ханзу, енді бірі ұлттық екен. Жазған қағаз ханзу тілінде екен. Олардың соңынан келген алғашқы жеті адамды да өлтіріпті. Артынан екі жүз түйеге оқ-дəрі, киім-кешек артқан кірені қырыққа тарта əскерімен қолға түсіріп, қырып тастапты. Сөйтіп толық құралданыпты. Он түйеге артқан оқ-дəрі, қалғаны киім-кешек, азық-түлік екен. Бұл Оспанның алғаш рет аты шыққан, дербес əрекеті еді. Осыдан бастап сол жылғы соғыстарда бір рет елдің соғысқа жетекшілік ететін адамы болып қалды. Ел жайлауға барғанда Аралдағы Зейнел Үкірдай бастаған Қарақас елі көтеріліске қосылды. Осыдан кейін Шың əскері мен қиян-кескі соғыс болып, Шың шеріктерінен көп адам өлді. Сөйтіп Шың Шысай əскерлері күшпен ала алмағаннан кейін, алдымен ұшақпен қағаз тастады. Келісім жасауды ортаға қойды. Халел, Жəнімхандар Көктоғайға келіпті. Қазанда екі жақтың келісімі болды.

Онда алты түрлі шарт қойған екен. Біріншіден, қолға алғандарды қайтарып беруді, өлсе, сүйегін

беруді. Екіншіден, біраз уақытқа дейін құралымыз қолымызда болсын.

Үшінші, сақшы қойылып, тыңшы болмасын, қызмет басын-дағылар өзімізден болсын.

Төртінші, халық қиыншылық көрді. Сондықтан заттық көмек берілсін деген шарттар қойылды.

Ақыттың таландыға ұшыраған кітаптары қайтарылды. Шың əскерімен тоқтам болғаннан кейін, Оспан үйінде болды. Ол құралын тапсырмады. Ырысқан он бірінші айдың аяғында өлді. Айтуға қарағанда емдеуден өлді дейді. Осыдан соң екі ай өтпей қысымға алып, құрал жия бастады. 1941 жылы алтыншы айда ел қайта көтерілді. Оны бастаушы Есімхан болып, күрес жасауды ортаға қойып, Халел, Рахат, Қалмандардың қолдауы арқылы күрес

Page 132: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

132

басталды. Осы көтеріліске Оспан да қатынасты. Соғыс бастау туралы ақылдың ішінде Оспан да болды. Осы жылғы жазда болған соғыс аса күрделі болды. Қиян-кескі соғыс бір күнде тыныш болмады. Шың Шысай соғысқа салған əскерлерінде ұйғыр, ханзу, дүңгенде де бар еді. Сүлеймен оққа ұшқаннан кейін, ел ішінде алаңдау болды. Қарақас елі үкіметке бағыну ниетінде болып, ақыры елі бағынды. Шəри мен Əділхан сөзге таласып, Шəри Əділханға мылтық ала жүгіргені бар. Ақыры Есімхан ішінде он үш адамды қолға алды. Оның ішінде Шəри бар. Қайтып келгенінде Шəридің айтуында ұшаққа отырғызып, Бурылтоғайдан өткенде Есімхан «Мыналар бізді өлтіреді, қинаумен өлгенше əрекеттеніп, күзетшіні өлтірейік те, шоперге күшпен ұшақты кері айдатайық», – дейді. Бірақ, басқалары оған қосылмайды. Шəри: «Есімханның жүрегінің тас екенін сонда білдім», – деп отырушы еді.

Басқаларды келісім-шарты сылтауратып Қаратасқа шақырғанда Төлестен Əбдірахман ауылы, Оспан, Тіркеш, Сəйеке ауылы қатарлы төрт ауыл мен Сүлеймен Бектұр бірге көшіп, өзенге түсіп кеттік. Бізбен бірге Келес, Кəдірбайлар бар еді. Біз Ертістен өтіп бара жатқанда Ақанай Ақытұлы сияқты бірнеше адам қалған елбасыларының тапсырулары бойынша бізге келіп: «бағынсақ бірге бағынайық, бөлініп жарылмай бірақ көрейік», – деген сəлемін айтты. Бірақ Оспан: «біз бағынбаймыз. Үкіметке олар сенсе де, біз сенбейміз, ал бағынамын дегендерге бөгет болмаймыз, – деп қайтарды. Осыдан кейін өзеннен өтіп, Қарағанды Сібе деген жерге шығып кеттік. Сол жерде тыныш жатып, анда-санда Қобық жаққа барып мал қуалап, кіре жолын тосып, кірекештерді тонап, азық-түлікті қамдап, Алтай жаққа соқпай, тыныш жаттық. Екі ай болып қалған кезде Мəмиле зəңгі, Уатқан, Мағауия секілді кісілер үкіметке өкіл болып келді. Олар: «керейдің игі жақсылары бағынды. Ал, енді қалған аз ғана топ не қылмақ, бала-шағаның күйісін кетірмей, елге зəбірін тигізбей бағынғаны жақсы», – деген үкіметтің сəлемін жеткізеді. Егер бағынбаса, құрал күші арқылы бағындырамыз дегенді айтып келді жəне осы мазмұнда жазылған қағаз келді. Оспан «Көтеріліс бастаған Халел, оған астыртын ақыл беруші Бұқатты жетістірмегенде, үкімет бізге не жақсылық істемек? Мен бағынбаймын, əрі үкіметке сенбеймін. Өлсем жастығымды ала жатамын», – дегенді айтып қайтарады. Келген уəкілдер екі күн жатып қайтып кетті. Айтуларына қарағанда, келген уəкілдерден Мағауия «Оспанды қолға түсіру үшін арт

Page 133: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

133

жақтағы ел ішіндегі Оспанның туыстарын ұстау керек», – дегенді айтыпты. Ал, Уатқан би: «Оларды жаздан бұрын əскери күшпен қоршап жою керек, егер Оспан Алтай тауына шығып кетсе алдырмайды», – деген ұсынысты қойыпты.

Өкіл келіп кеткеннен кейін біз орын ауыстырып, Бурылтоғай ауданына қарасты адырға кіріп кеттік. Сарыбай ауылына барып ат-көлік тауып алдық. Осы жолы бізден Əлмамбет деген адамды жергілікті халықтар ұстап алып қалды. Оны Сарсүмбеге жөлелтіп жіберіпті. Біз дереу орын ауыстырып Ханоба, Хатынобаға бардық. Осы мезгілде соғысқа жарайтын адамдар қатын-баладан басқа қырықтай еді. 1942 жылы наурызда Алтайдан Бүрбіжап бастаған əскерлер, Шонжыдан да əскерлер шығыпты. Ұшақ келіп атқылады. Біз соғысты жүргізе отырып жылжып өзенге таядық. Қуған жау жан таптырмағаннан кейін қатын-баланы Шəкүртіге тастай салып сарбаздар тобы тауға қарай қашып шықты. Ол, отызға жуық адам еді. Мен үйде қалдым. Қашып шыққандар Оспан, Əбдірахман, Кəмел, Зейнел, Қапас, Абзал, Зейтенер, Ибрахим, Шердиман, Сүлеймен, Бектұр қатарлылар еді. Қашушылар Алтай тауына шығып кетті, олар кеткеннен кейін үйімізді 10-15 күн əскер қоршап жатты. Мал төлдейтін кезде сəуірдің ішінде Сарсүмбеге Оспан отбасы (алты бала, шешеміз Мемеймен жеті адам еді), Шақабай Сүлеймен отбасы (төрт жан бар, Сүлейменнің кемпірі, келіні, екі бала). Осы екі отбасыны Тесіпаққанды басып, Сарсүмбеге айдады. Мен жолда түйе қайырам деген желеумен, Сүлейменнің қарала атымен қашып Сəйеке қызылына шығып кетіп, екі күн бекініп жаттым. Сөйтіп елге баспалап келіп, Ердіхан отбасына келгенде, олар үкіметке хабарлап қойып, қайта ұстап алды. Айдап алып кеткен үйдегілердің артынан Сарсүмбеге апарды. Бір күн сақшыға түнеп, ертеңінде үйге апарып қосты. Алғашында бір үйге кіргізді. Сөйтсем түрме екен. Ертеңінде сақшы сұрағанда далаға ұйықтап қалыппын. Содан адасып қалдым дедім. Отбасымызбен Сарсүмбе-де екі айға таяу уақыт болдық. Бір күні Оспан: «отбасымды əкеліп берсе, бағынамын» депті. Сондықтан Көктоғайға көшесіңдер деді. Азық-түлік қамдап беріп Қажынəбидің бастауында əскерлер қорғап, Қуүйге шыға елге қосылдық. Біз елге қосылғаннан кейін Оспанға уəкіл жіберді. Ол Салық тəйжі мен Əділхан би еді, Бір күні əпкеміз Кабиланы да қосып жіберді. Сонда Оспан Алайғыр, Арасан, Аралдың басында орын ауыстырып жүреді екен. Оспан

Page 134: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

134

уəкілдерге Мəмиле қатарлы уəкілдер келген кездегі сөзді айтып бағынбай қойды.

Ақыры Оспан, Шердиман, Сүлеймен үшеуі ғана қалып, қалғандары бағынған болып ел ішіне келді. 1942 жылдың шілде, тамыз айлары еді. Ел жайлауға шыққанда үйді елмен бірге жайлауға апарып орналастырды. Оспанның бағынбайтынына көзі жеткен соң Оспан, мен Сүлейменнің отбасы мүшелерін айдап Көктоғай қалашығына əкелді. Үйді жығып көшкелі жатқанда мен қарағайға тығылып қашып шығып жеті күн далада жүрдім де Əбдірахман зəңгінің (Камелдің əкесі) үйіне келдім. Ол тығып қойып əкеме қосып берді. Ел жайлауда жүргенде Оспан елмен ұдайы қарым-қатынас жасап, азық-түлік алып отырды. Біз ел жайлауға шыққанда, еңкейіп етекке түсіп, ел орта жайлауға келгенде бөктерге түсіп кетіп отырдық. 1942 жылы күз ішінде жайлауда бағынғандарды қайта ұстайды екен деген сыбыс шықты. Қараша айы мен желтоқсан айының басында ел ішінен адам ұстауға шыққан əскерлердің бірнешеуін өлтіріп, Сайып Халелұлы бастаған бірнеше адам қашып келіп, бізге қосылды. Түрмеге əкету үшін ұстап сығайлап қойған бір қанша адамды құтқарған жалғыз Жамшит деген оққа ұшқан екен. 1942 жылдың соңында екі шешесі бар. Өзі бөлек болып бізге ермей қалып қойған Дəлелхан Сіламұлын ұстады. Наурыз айының басында өзенге түсіп, тіл алу үшін барғанда Шың Шысай əскерлерімен соғысып, осы соғыста Сайып Халелұлы оққа ұшты. Ол жер Қалшағайдың мойны еді. Осыдан кейін күмəнді деген адамдар қашып, бізге бірден қосыла берді. Ең алдымен Қапас, Зейнел, Камел үшеуі қашып шығып, бізге қосылды. Енді бір кезде Жəмшитхан, Əбдіхалық, Шакер, Яуда, Қапсембет секілді бір қаншасы қосылды. Сөйтіп бірден, екіден адамдар қосыла бастады. Өзен бойына түскен кезде қазан айында Келес, Қəдірбай, Мəкен Тоқашұлы, Сейт секілді кісілер қосылды. Малгаждар молда да келді. Осы кезде, тегінде Алтайда болып, кейін Боғдаға кетіп қалған Жолдыбай есімді қарақас «қашып келемін» деп қосылды. Осы кездерде адам саны отыз-қырықтай адам боп қалған еді. Ел ішінде Мағауия деген тыңшы болып, ел қыбыр етсе де үкіметке мəлімдеп отыратын еді. Осы адамға ел кегі күшті болғандықтан, ол басын қорғап Көктоғайдағы сақшы ішіне жатып алған болатын. Ол үйіне қайтып келіпті дегенді естіген Оспан Жəмшитхан, Əбдіхалық, Жолдыбайларды жіберіп, үйінде аттырып тастады. Осы кезде Ердіхан, Зарлыхан деген екі ағайынды

Page 135: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

135

жігіт келіп қосылды. Ителіден Боғдабай, Солтанбек, Əшім деген үш адам қашып келіп, бізге тағы қосылды. Біз Құбының құмына шығып кеттік, осы аралықта ел ішіне орналастырылған əскермен Өндірқарада бір рет атысып алдық. Сол кезде жарым адамда құрал бар, ал жарты адамдарымызда құрал жоқ еді. Отардағы малдан азық жеп жүрдік. Оспанның інісі Дəлелхан екі кəрі шешесі болғандықтан бізге ере алмай, үйінде қалған еді.

Біз құмға жиналып тың тыңдап қана жатып алдық. Жерге көк шыға бастағанда Ителі Сартерегінен өзенге түстік. Осы жолы кірекештер кезігіп, түйесін өздеріне беріп қоя беріп, түйеге артқан ақталған тары, бидай, мейіз екен. Оны алып қалдық. Кірекештер ханзу, дүңген, ұйғырлар екен. Адамдарына тиіспестен жібердік. Алған азықты бұрыннан байланыс орнатып келген, əр бір рудағы тұрмыс күйі төмен жəне бірігіп күнелтіп отырған отбасыларға тараттық. Көктемде Ертіс бойына келдік. Біздің артымыздан түскен əскерде болмады. Ел орта жайлауға көшкенде Таршатының жанындағы Дөңгір сайына шығып кеттік. Біз өзеннен өтіп, Көміркен маңына келгенде бейсауат адамдар кез болды. Олар бізбен сөйлескісі келсе де, біз күмəнданып іш тартпадық. 1942 жылы бізге Александр, Бетио Иванов деген екі орыс қосылған еді. Бұлар Снейковтың қасындағы адамдары екен. Снейков өлгеннен кейін, олар бізге қосылған еді. Бір түні Александр бізге: «мынау сендерге қастандық жасағалы жүр» дегенді айтты. Біз ақылдасып, əшкерелеген Александрды алдын-ала көшіріп жібердік те, Иванов Бетионы атып тастадық. Александр еңбек көрсетіп, адалдық еткендіктен, Келес батыр оны сүндеттетіп, атын Сілəм қойып бала қылып алды.

Ел жайлауға шыққанда біз елдің ең алдына шығып Қарадүрбін деген жерге жатып алдық. Осы жерде жатқанда он шақты адамды Шіңгіл елінен ат-көлік əкелуге жібердік. Бұларды бастап кеткен Кəмел еді. Олар бір талай айналып, маусымның соңы – шілде айының басында келді. Оларға бірнеше адам қосылып он алты, он жеті адам болып келді. Олар Сұлубай, Қуанышбай, Тескенбай, Тоқтыбай, Жұмжұма, Махмет қатарлылар еді. Шіңгілде Сұлубайды бір рет ұстап, бақылауға шығарған екен. Сөйтіп осы адамдарды Гоминдаңның ұстауы мүмкін болғандықтан қашып келіпті. Олардың басына қауіп төнген екен.

Тамыз айының басында Моңғолиядан Қамқаш деген уəкіл болып келді, руы – айтуған. Оның айтуында: «сен Оспанға жақын

Page 136: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

136

адам екенсің, Оспанның əрекетін біз қолдаймыз, сен барып сөйлесіп кел», – деп жіберді деді. Моңғол үкіметі қастандық істейді, алдайды деген күмəнда болмасын, сенсін деп қағаз жіберіпті. Біз бұл адамды бірнеше күн жатқызып қойып, ақылдасып «біз саған тиіспейміз, егер Моңғолияның нағыз жақын ойы болса, үкіметтен бір жауапты адам келсін. Біз сүйеніш болар адамнан қашпаймыз», – деген мазмұнда қағаз жазып қайтардық. Аз күннен кейін Дүгір дарғы деген Моңғолмен бір қазақ келді. Олар жазған хатында: «Сіздер екі рет көтеріліп, екі рет басылдыңыздар. Ал, қайта əрекетке келдіңдер. Біз сіздердің ұлттық көтерілістеріңізді қолдаймыз. Көмек жасауға қол ұшын береміз. Сіздер бізге адам жіберіп сөйлесіп, қайтсаңыздар», – депті. Ал, Моңғолияға баруға ешкім батылдық ете алмады. Ақыры ақылдаса келіп, олардың бейнесін білу үшін Қапас пен Шердиманды ғана жібердік. Олар оншақты күннен кейін қайтып келді. Моңғолия оларды күтіпті. Екеуіне екі мауэзер беріп қайтарыпты. Қыркүйектің ішінде Үшергеншек, Саралақаз асуынан кездесуге тоқтасыпты.

Қыркүйекте Оспан, Сүлеймен бастаған отыз адам уағдалы жерге барды. Əр керейден уəкіл бар. Ел ішінен шақабай Əбілмəжін де бірге барды, Моңғолиядан үш адам екен. Ішінде əскері де бар екен. Олар екі жақтың дос болатындығын тұрақтандырып, мəңгі байланыс жасау үшін тоқтам жасады. Жəне Моңғолия жақ Оспанмен оңаша сөйлесуді ортаға қойды. Бірақ Оспан жалғыз бармай, шақабай Сүлейменді ертіп барды. Онда Моңғолия жақ: «біз тоқтамға мына бір сөзді кіргізсек, өткенде Алтайдың күнгей беті жəне Ханоба, Бəйтік секілді жерлер Моңғол патшалығына қарасты жер, кейін осы жерді бізге қаратса...», – деген талапты қойыпты. Бірақ Оспан оған қосылмапты. Ақыры қыста Бұлғында кезігіп, сол жерден көмек беруге тоқтам жасады. Моңғолия жақ бізден барғандарды күтіп, бір адамға бірден құрал беріп қайтарады. Жон тауға қар түскеннен кейін, етекке түсетін болдық. Осы кезде бір бөлім адамды Бурылтоғай елінен ат-көлік əкелуге жіберган едік. Олардың ішіндегі Сетен Кішанұлы көлікке таласқан Қақыш бидің əйелін атып кетіпті. Осыдан кейін Бурылтоғайдан мал ұрлауды тоқтаттық. Бірақ, біздің атымызды жамылып, Бүркітбай бастаған бір бөлім адамдар төменгі Алтайға барыпты. Бүркітбай соңғы ретте біздің ішіміздегі адам емес еді. Осы мезгілде Көктоғай елі негізінен бізбен ниеттес еді. Бүркітбаймен бірге барып қайтып келгендер Табет, кəрі Зейнел қатарлылар.

Page 137: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

137

Қазан айында Күртіде жатқанымызда қалың Гоминдаң əскерлері шабуылға өтті. Қалың ел ығысып, біз жаққа өте бастады. Соғыс Бурылтоғай өзенінде болды. Дүредегі соғыста Оспанның алақанына оқ тиді, Сетен оққа ұшты. Осы кезде ел үшке бөлінді. Бір бөлімі Бурылтоғайға ығысып, үкіметке қарай, бір бөлімі Боғдаға кетті. Қалған бір бөлімі бізбен еріп, Бұлғынға барды. Бұл 1943 жылдың желтоқсаны еді. Шіңгіл елінен де көп адам қосылды. мөлшері екі жүздей отбасы еді. Бұлғынға барғаннан кейін тоқтам негізінде Моңғол жағы астық, тағы сол сияқты тұрмыстық заттармен қамдады. Моңғолия мен біздің арамызға жүрген Тескембай еді де, есеп-қисап жұмысын Зейтінғазы істейтін. Гоминдаң əскерлері арасына қарауыл салып, олардың жүріс-тұрысын бағып Бұлғында жаттық. Анда-санда өріске алып шыққан əскери аттарын қуып алып, қуғыншыларын қырып тастап отырдық.

1944 жылы жазға салым Үрімжіден Қалман, Шəри, Махмет секілді адамдар уəкілдікке келіп, Қалманды Сартоғайға ұстап тұрып, Шəри мен Махметті бізге жіберді. Олар: «үкімет заң-саясаты өзгеріп оңалды, енді адам ұстамаймыз, ұстағандарды босатамыз, Оспан енді əрекетін тоқтатып, атамекеніне келсін» дегенді айтыпты. Сөйтіп Шəриді ел ішіне алып қалып, Махметті Моңғолияға жөнелтіп жіберген едік. Ал, Қалманды Гоминдаң қайтарып алып кетіпті.

Жазға салым Моңғолиядан бастықтар келетін болды. Сəуірдің басында бір күні Чойбалсан Майқантасқа келіпті. Онымен бірге Доржы, Попов (қазына министрі) жəне Иванович деген бастықтар келіпті. Оған Оспан, Сүлеймен, Келес, Малгаждар, Абдрасұл, Кəріп, Қапас, Сұмғазы, Кəлпе, Кəмел, Қуанышбай, Сұлубай, Қаби, Уақит, Абшат сияқты ел адамдары түгел барды. Моңғолия үкіметі оларды күтіп, бірден жеңіл құрал, дүрбі, автомат беріпті. Оспанға бір ақ автомат берді. Ол жетпіс екі атар еді. Сырт бейнесі де əдемі еді. Автоматтың құндағына ойып жазған жазуы бар еді. Олар екі күн сонда болып қайтып келді.

Осыдан соң, оларды қонаққа шақыруға адам жібердік. Ертеңінде əскер аралас қырық, елу адам қонаққа келді. Чойбалсан да басқа бастықтар да ішінде бірге келді. Біз көкқасқа тай, ақсарбас қой сойып, қонақ еттік жəне кейінгі істер жайында ақылдасулар болды. Оларға арнаулы бес үй тіктік. Олар біз жақтан: «Гоминдаң əскерлерінің база(бекініс) етіп жатқан жерінің атауы не, əскер саны қанша екен?» деп сұрады. Біз əскери базаны айтып, əскер санының

Page 138: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

138

он мыңнан астам екенін де хабардар еттік. Сол кезде Дөңті, Шағанірге, Сартоғай, Келеңсайының ауызы, Қаратүңке, Көктоғай, Шіңгіл қатарлы жерлерді əскери база етіп жатқан еді. Оларды жазып алды. Біз жақтан соғысқа жарайтын алты-жеті жүздей адам екен. Оны да олар жазып алды. Біз оларға құрал толықсыз екенін айттық. Олар бəрін білгеннен кейін: «əуе соғысына қатысты жеті ұшақ беремін, оған ана отырған Зайсанов басшылық етеді, ол екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан», – деді. «Оспанның қасында ақылшы болатын 16-17 адам əкелдім, қолында радиосы бар. Ат-көлік, азық-түлік, өзінен. Жəне ұлттық сақа əскермен бес жүз əскер мың атпен келді. Олардың басшылары Ызғай, Қаби, Сұлтан дегендер. Ақылшылардың бастығы – Бейілхан, Қалқабай, дегендер» деп таныстырды. Бұның сыртында соғысқа пайдалану үшін жеңіл атылатын құралдан сегіз жүз данасын оғымен, елу дана бесатар, елу дана станковай пулемет əкелгенін жəне гранат, зеңбірек қатарлы құралдар беретіндігін айтты. Бұл сөзді Чойбалсаның өзі айтты, арнайы аударушылар аударып отырды. Сөйтіп қонақ болып, Оспанмен тағы да оңаша сөйлесіп, Үшергеншекте қойылған талапты қайта ортаға қойыпты. Оспан: «мен көтеріліс жасап жүргеніммен, Алтайдың ел басылары бар, мен бір адам, менің қолымнан келмейді. Мен билік басындағы адам емеспін», – дегенді айтыпты. Олар кетерде соғыс бастайтын уақыт, белгі қатарлыларды тұрақтандырып, сəуірдің онында соғысты бастау керек деген тоқтамға келді.

Чойбалсан ауылға келмей тұрғанда, елдің ұлы, үлкен жиыны болып, Оспанды ақ киізге отырғызып, атпен көтеріп хан сайлады. Алдымен киіздің екі жағына ағаш байлап, ердің қасына салып көтерді жəне ақылшылық істейтін Мұхаметжан, Кəріп зəңгі (қыстаубай) Ыдырыш зəңгі (шақабай) Лəтіп секілді төрт адамды ақылшылыққа сайлады. Əскери іске жауапты басшыға Сұлыубайды сайлады. Орынбасарына Кəмел белгіленді. Молқы əскеріне Қапас, қарақасқа Қаби Халелұлы, жəнтекейге Тескенбай жəне Қуанышбайлар белгіленді, Абдырасұл да бар еді.

Сонымен соғыс басталып, мыңнан астам адам соғысқа шықты. Соғыс ұшағы жау жатқан жерді түнде барып атқылапты. Жерден əскерлер де шабуылға шығыпты. Екі күн соғысып үшінші күні Сұлубайға бірнеше жерден оқ тиіпті. Оны Моңғолияға апарып емдесе де, өнім бермей жеті күннен кейін қайтыс болды. Əкемнің тапсыруымен мен барып көңіл сұрап қайттым. Гоминдаңның

Page 139: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

139

Сартоғай, Дөңті, Шағанірге, Келеңсайының аузындағы соғыстарға ұшақ араласып отырды. Біздің ауылға ақылшы болып келгендер Қалқабай, Бейілхан, Мархаба, Сұлтан сияқты адамдар еді.

Дəлелхан Сүгірбаев 1944 жылы маусымда Шіңгілдің Үшкөлінде бізге келіп қосылды. Дəлелханның қасында Əлихан, Қасен, Дүйсенбек, Əріпбай, Құрмаш, Омарғали, Нұрман, Сұлтан, Мұқаметжан Сембайұлы секілді көп адам бірге келді. Дəлелхан келгеннен кейін, Үшкөлде той жасап, ат шаптырдық, балуан салдық. Күресте құл молқы Жаңбырбай деген адамды сырт Моңғолдың балуанына салдық. Осы тойға сырт Моңғол адамдары да қатысты. (Жаңбырбай 1945 жылы Алтайды азат ету соғысында Жаңжұңқызыл соғысында оққа ұшқан). Бəйгеде алдымен Пұшпақбайдың көк аты келді. Оның артынан Қалқабайдың жирен төбел аты мен біздің қасқа ат таласып келген.

Осыдан кейін халық жиынын ашып, қазан айында «уақыттық үкімет» деген үкімет құрылды. Бастығы – Оспан, орынбасары – Дəлелхан болды. Мүшелері: Көксеген, Асхат, Кəмел, Молласілəм, Сүлеймен, Əділхан, Келес, Қалқабай, Лəтіп, Абдырасұл, Беріш қатарлылар. Сол кезде ерекше еңбек көрсеткен он адамға батыр атағын берді. Олар: Есімхан, Сүлеймен, Кəмел, Сұлубай, Қапас, Келес, Нұрғожай, Қуанышбай, Жұқай, Абдырасұлдар еді. Моңғолия жақтағы есеп байланыс жұмыстарын істеуге Жақсыбай, Зейтінғазылар белгіленді.

1942 жылы қашып келген Жолдыбайдың (əсілгі аты Мынап деген адам екен, руы қарақас) үкімет жағынан жіберілген шпион екенін бір жылдан кейін сезіп, (Шонжы жақтан келген ел əшкерелеген). 1944 жылы шілде-тамыз айларында үкім шығарып аттық.

Жылқайдарларды Дəлелхан келгеннен кейін, Жеменей ауданына жіберді. 1944 жылы мамыр айы мөлшерінде Жеменейден байланыс жасауға адам келді. Аты толық есімде болмай отыр, онға таяу адам еді. Ішінде Сатылған деген адам бар. Бастығы – Ағзам болуы керек. 1945 жылы Сарсүмбеге шабуыл жасаған кезде қосынның ішінде Моңғолия əскерлері бар еді. Бірақ, соңғы рет Сарсүмбе азат болар кезде Моңғолдан əскер жоқ болатын.

Уақыттық үкімет құрылғаннан кейін, елді Шіңгілге əкелгенде Шонжыдан келген Сарбас қайта бөлініп көшкенде, оны тоқтатуға барған Кəмел, Қуанышбай оққа ұшты. 1945 жылы күзде Алтай азат

Page 140: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

140

болды. Əскерлерді бастап барған Дəлелхан еді. Алтай азат болғанда біздің ауыл Қаратүңкеге келген еді.

Біз Оспан бастап қыркүйек айының жиырма жетісі– жиырма сегізі күні Қаратүңгеден шықтық. Салт отызға жуық адам еді, мен ілесе барғам, Қалқабай, Мархаба, Бейілхандар да барған. (Дəлелхан келгеннен кейін «ақ үй», «көк үйдің» адамдары деген болған еді. Кеңес тен келгендер «көк үйдің адамдары», Моңғолиядан келген-дер «ақ үйдің адамдары» деп аталды). Алтайдың азат болғандығын тойлап, ат шаптырдық. Біз осыдан кейін қайтып үйге келдік. Қалқабайда қайтып келіп, осы күйі Моңғолияға қайтып кетті. Ниғыметолла сыйланып, тойын өткізгеннен кейін біз қараша айында көшіп, Оспанның екі əйелі, екі отбасы болып Сарсүмбеге барды. (Бұрынғы əйелі – Мемей, кейінгі əйелі – Баян ) Бағдат хатшылық істеп барды. Қорғаушылар бастығы Рахым еді. Мен Ержан молдадан оқу үшін ел ішінде қалдым. Қыс ішінде Оспан шойрылып қалып, орындықта дəретке отырды. Наурыз айында мен Шердиман екеуміз бардық.

Мал жаңа төлдей бастағанда (1946 жылдың жазғытұрымғы кезі болса керек) Алтайдан көшіп шығып ауылға келдік. Теріскей Ақсай деген жерде ел отырғанда Оспан көшіп шығардың алдында Ілеге Лəтіп, Шəмси, Бəди қатарлы адамдарды жіберіпті. Олар үздік-создық қайтып келді, ең артынан Лəтіп қайтады екен. Құлжадан Əлихан төре деген адам Оспанға хат жазыпты. Ол хаттың аяғында бір ауыз мақал қосыпты. Ол «Өткенде Қорқыт деген адам көрден қашып жүріп, ең алғашқы қазған көрге түскен екен, сол құсап қалма», – деген сөз жазыпты.

Мамырда өткен кіші шешеміз бен Тіркес деген адамға қорған тұрғызды. Осы кезде Көктоғай-Шіңгіл елінен бір топ елбасылары келді. Олар – Салық, Əділхан би, Шəри зəңгі, Лəтіп қатарлылар еді. Олар бір жағынан Оспанға амандасу үшін, енді бір жағынан «Көктоғайға кен қазушыларды кім əкелді, деп келдік», – деді. Осы кезде Кеңес инженерлері бір адамнан Оспанға сəлемдеме жіберіпті. Келген адамдар: «мыналарды сен əкелгенсің ғой», – деген сөз айт-ты. Ел басыларынан инженерлердің түсуіне наразылығы шықты. 1946 жылы маусымдағы жиын осыдан кейін ашылды. Қуүйдегі жиыннан кейін Оспан мен Дəлелхан арасында қайшылық туылды. Ең бастысы, «Көктоғайға инженерлерді кім əкелді?» мəселесі талқыланды. Жиында Дəлелхан: «Алтай төңкерісі бірде күшейіп, бірде бəсеңдеді. Моңғол Халық Республикасы бізге көмектесті. Ал

Page 141: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

141

оның көмектесіп отырғаны Кеңес үкіметі, сөйтіп, Алтайды азат етуімізге көмектескен бұларды қуып шықсақ бола ма? Екінші, Кеңес үкіметі мен Шың Шысайдың Көктоғай кенін Кеңес үкіметінің қазып алуы жөнінде тоқтамы бар екен. Олардың келіп қалғанын мен де білмедім», – дегенді айтты. Алып-қашпа өсек-аяңдармен Дəлелхан – Оспан арасындағы қайшылық шіиеленісе бастады. Жиында бір ақылға келе алмай қайтты.

Ел жайлаудан түсе бастап Қуүйге келгенде, Алтайдан Дəлелхан, Ысқақбектер келді. Екі-үш үй тігіп, қарсы алдық, төрт-бес күн жатып қайтты, қасында оншақты адам бар. 1946 жылы маусымның соңын ала Нұрғожай, Құрмандар арқылы Үрімжіден бір қатынас келді. Хатта Үрімжідегі Жəнімхан, Əлен уаң, Сүң Шилан сияқтылардың аты бар екен. Мазмұны: «Шың Шысайдың саясаты өзгерді. Оспан өткен істі қумай, Кеңес , Моңғол қызыл-дарына қарамай, Қытай патшалығына қарауы керектігі» туралы жазылған, хатшы Бағдат еді. Осыдан кейін Оспан Үрімжіге Жанат, Қақыш, Қанатбайларды жіберді. Бұл Ысқақбектер келердің алдындағы іс еді. Олар үзақ уақыт хабар-ошарсыз болып кеткеннен кейін Нүсіпбай мен Зейнелді тағы да жіберді. Оспан қыста Сарсүмбені қыстап отырғанда Нұрғожай бір хат əкелген болатын, оны Жəнімхан мен Əлен уаң жазыпты. Алдымен Құбының құмындағы Қапасқа жіберіпті. Сонымен Қапастар Нұрғожайды Сарсүмбеге апарды, оны қалаға апарысқан Ердіхан еді. Оспан көшіп шыққаннан кейін, мырзақамақтағы Нұрғожайды кісі жіберіп, алдырып алған болатын.

1946-жыл қазанның бас шенінде Үрімжіден Хамза деген адам келді. Мұның келгенін көп ел білмейді, ол көп тұрған жоқ, айналасы бір жеті тұрып кетіп қалды. Сарыбай зəңгі мен Сүлейменді де қазан айының басындаЖəнімхан жіберген екен. Ел өзен бойына түсіп қоныстанғаннан кейін Күрті бойында отырғанда Қанатбайлар қайтып келді. Бір қытай жəне Омар деген дүңген екі адамын да радиятциясымен алып келді. Ал, Зейнел, Нүсіпбайлар Сарыбайлармен ілесіп келген болатын. Қараша айына келгенде Жанат, Қақаш, Рапхат қатарлыларды Гоминдаңнан заттық көмек əкелуге жібердік.

Желтоқсан айының ішінде Дəлелханның əскерлерімен Жосаты, Шібеті, Бурылтоғай қатарлы жерлерде қақтығысып қалдық.

Үрімжі жағынан көмек сұрап кеткендер қыс басында ұн жəне күріш қатарлы азықтық нəрсе жіберді де, ортасында алдымен үш

Page 142: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

142

жүз, артынан екі жүз су жаңа кек, қарауылды бесатар əкелді, оғы да көп еді. ақпанның аяғы жəне наурыздың басында мөлшермен 300-дей əскер келді. Бастығы Ма Лианфаң, ішінде Шіңгілдегі Асылбек те бар еді. Жазға салым ел көшіп шығатын болды. Ауыл Құланқазған деген жерге келгенде Акман Дабаұлы алдымыздан шығып, жүк түсіріп, үй тігісті. Бір мылтық сұрады, Күртіге барғанда берейік дедік, ол ертеңінде кетті. Біз көшіп, Көкбектінің басына қондық. Ертеңінде күн шыға ат көздейік десек қалың адам келіп қалыпты. Сонда қорада – Оспан, Қабылбақи, Қыстаубай деген жарболды, мен (Нəби), Пайызқара Зарлыхан ғана бар едік. Біз алдындағы бір төбеге бұрын шығып атыс жүргіздік. Біраз адам жығылды. Бізден Қыстаубай оққа ұшты. Біз қос атпен Ұлыбайдағы əскерге кісі жібердік. Олардан бір қанша адам кешке таяу келді. Əскерлер біздің ауылды іздеп шыққан орыстар екен, олар бізден кеткен Акманға кезігіпті. Оспан ауылын сұраған екен, ол білмеймін депті. Бірақ, жол бастауға зорлаған əскерлерді таң атқанша теріс бастапты. Əбден таң атқанда ғана теріс бастағандығын біліп, Акманды атып тастапты. Біз оларды қоршап, бір бөлімін қолға түсірдік, біразы қашып кетті. Біз іле-шала Күртіге түстік. Түркістан əскерлері тықсырып болмағандықтан, Түңкені қырқып өтіп, Есен дарасына қондық, сөйтіп, Бəйтікке бет алдық. Қолға түскен əскерлердің бəрі қазақ еді. Оларды байлап Тамырты деген жерге тастап кеттік. Ол кезде мал төлдеп жатқан кез еді. Төлдеген малдарын қимай, бізбен ермей қалып қойғандар көп болды.

Біз Бəйтікке барғаннан кейін əскерлерлі қайтарып жібергеміз, біз олардың үстіне бардық. Біз Рапхатқа кісі жіберіп Шонжы үкіметімен сөйлесіп əскерлерді қайтарып əкетуді тапсырдық. Осы кезде бізде көп адам жоқ еді. Бəрі Шіңгіл жаққа кеткен болатын. Осы мезгілде «Бəйтік оқиғасы» туды. Оспан өзі бастап соғысып, Моңғол əскерлерін қуып салды. Бір бастығының медалы қолға түсіп, оны Қанатбай арқылы Үрімжіге жіберіп бердік. 1947 жылы Шитайда бір іс басқару орталығы құрылып, екі арадағы қарым-қатынасты, заттық істерді ыңғайлап отыратын болды. 1948-жылы Шитайда ресми уəли мекемесі құрылды. Бастығы – Оспан, орынбасары – Лəтіп еді. Біздің ішімізде Омар бірге тұрды. Бізбен бірге тұрған ханзу жоқ еді, Шонжыда болса білмеймін. 1947 жылы Бəйтіктегі бірінші реткі соғыстан кейін ауылымызға Макнан келді. 3-4 адам кішкене машинамен келді. Ол Алтын Обаның үстіне шықты. Жер жағдайын көремін дегенді айтқан еді.

Page 143: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

143

1948 жылы маусым айында Оспанды Үрімжіге шақырды. Оспан 250-дей адаммен барды. Бір бөлімі елбасылары да, ендігі бір бөлімі қорғаушы əскерлер еді. Осы жолғы барыстан кейін маусымда Шердиман, Хамза Шөмішбай, Құрманбай, Дəлелхан Жəнімханұлы Нанжиңге барды. Олар бір айға жақын жүріп қайтып келді. 1949-жылы мамыр-маусым айы мөлшерінде Құрман мен Құрманбайлар екеуі тағы да Нанжиңге барып қайтты. Бұлар келгенде «қазір Гоминдаңның жағдайы кетіпті. Соғыс таяп қалған сияқты», – дегенді айтып келді. Осыдан кейін ғана Гоминдаңның жағдайы анық білінді. Бір айға таяу Шонжыда отырдық, осы кезде Қалибек, Шакмандар(?) келіп қайтты. Ішінде Хамза да бар. Қалибек: «біз тұрақтап, тұра алмаймыз, біз кетейік. Осыны ақылдасқалы келдім» деді. Ол, Лобнұр көлін басып, шетелге кететіндігін айтты. Ал, Оспан: «мен онымен кете алмаймын, екеуміз екі жерде отырмыз, кетсең кете бер. Ал, мен өзім білемін», -деп, дұрыс жауап бермеген еді. Сөйтіп, екеуі бірлікке келе алмады. Қалибек кетіп қалғаннан кейін, үстімізге Жəнімхан көшіп келді. Сол жерде бір талай отырдық, елдің кейбіреулері көшетін, кейбіреулері көшпейтін болды. Ел іші ала-бұла бола бастады. Сантайда құрылған əскерлер бытырады. Біздің қолымызда жүзге жуық орыс əскерлері бар еді. Осы орыс əскерлерінің ішінде бөтен адам пайда болғандығын білдік. Сөйтсек, Жəнімханмен бірге Макнан да келіп, сол орыстар ішіне қосылыпты. Ақыры Жəнімхан мен бірге көштік. Мориға барғанда Макынанның орыс əскерлері ішінде екендігі айқын болды. Сонда көшкен үй Жəнімхандардан басқа 100-үйдің шамасында еді. Осыдан көшіп Баркөлге қазанның 10-15 күндері бардық. Баркөлдің тұрақты елі ерудік əкеліп қарсы алды. Осыдан біраз уақыттан кейін Оспан ауылы үстінде жиын ашылды. Баркөл ел басынан: Алтынбек, Солтаншəріп, Салахидден, Жəнабіл (тасбике), Мұқадыл, Адубайдың Қамиы, Құсман Сабырбайұлы, Кабен, Машан Қайбарұлы, Қатай (қарақас) қатар-лылар келді. Біз жақтан: Оспан, Жəнімхан, Дəлелхан, Құсайын ұяң қатарлылар қатысты.

Жиында: Макнанның қайту мəселесі қаралды. Қорытындыда Макнанды құтқаруға болады, жер иен, жер жағдайын толық білеміз, оны қайтсек те Қастегі Құсайынға жеткізуге болады, дегендерді Солтаншəріп, Мұқаділ, Жəнабіл, Салахиддендер айтты. Жол бастауға Зиратбай, Қария секілді адамдарды қосатындығын білдірді. Сөйтіп, жиынға қатынасқандар 15 ат, 10 түйемен

Page 144: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

144

Макынанды жолға салдық. Макынан өзімен екі адам, Жəнімхан оған Қиса дегенді қосты. Оспан жəдік Сəлебайды, орыс əскерлерден екі адам қосты, бірінің аты Ибан, бірі Бетион еді, сөйтіп, Макнан сегіз адаммен, қазан айының аяғында аттанған еді.

Макнанды Құсайынға жеткізгеннен кейін Оспан мен Жəнімхан қосқан адамдар қалып қалып, аналар төрт адам Үндістанға өтіп кетіпті. Макнан кетерде қағаз тастап кеткен екен. Ол қағазды Дəлелхан алып қалыпты. Оны естігеннен кейін, Оспан қағазды қайтарып əкелуге Салебайды қайта жіберді. Бірақ, заман апай-төпей болып кетті де, оны қайта іздестіре алмадық. Бисан бөктерінде отырған кезде Уаң Жын ішінде екі үш ұйғыры бар көп сəлемдемемен өкілдерін жіберіпті, олар машинамен барыпты. Олар: «бүкіл еліміз азат етілді, əр жерге үгіт жүргізіп жатырмыз, солардың қатарында Оспан, Жəнімхан дегендер бар екен. Олар негізінен Алтайдың адамдары екен, енді үрікпей-қорықпай отырсын, алаңдамасын» деп жіберді, – деді. Біз бұл адамдарды мал сойып күтіп, сəлемдемелерін алып, қайтарда қастарына Қанатбай, Құрмандарды қосып Уаң Жынге амандасып келуге жібердік. Олар бір айға таяу жүріп келді. Үкіметтің көптеген сəлемдемелерін ала келді. Біз Бисанның Башаңзы деген жерін қыстадық. Соғым сойып болғаннан кейін, Үрімжіден Уақит қатарлы екі адам уəкіл болып келді. Одан арнаулы қағаз жазған екен. Бізді орнықтыру үшін келіпті. Біз бұл жерден ешқайда көшіп кетпейтіндігімізді айттық та, Уақиттан қағаз жазып қайтардық. Оған Шаймардан мен Қанатбайды қосып, Үрімжіге жібердік. Осы кезде Моңғолия жақтан екі рет шпион келді, оны ұстап алып, байлап қойып жүрдік. Барлығы төрт адам екен. Үш Моңғол, бір қазақ екен. Бірі қашып кетті, қазақты қоя бердік. Біз Бисан тауына Құлыншəрі, Шəшə деген жерге келіп мал төлдеттік. Осы кезде Шаймардан, Қанатбайлар қайтып келді. Қасына Закария мен Нəзір дегендерді қоса жіберіпті. Олардан да үгіт қағаз, сəлем-сауқыт жіберіпті. Үрікпей қайта мекеніне келуді, не Алтайға қайта келуді тапсырыпты. Бірақ, Жəнімхан оларға шын сырын айтпауды тап-сырыпты. Олар Оспанға Жəнімханның үйреншікті сөзін айтты. Оспан: «биыл Бəйтікті жайлаймыз» деді. Уəкілдер қайтпас бұрын Жолбарыс отыздай адаммен қашып үстімізге келді. Осылар қашып келгеннен кейін Жəнімхан: «қырық жыл қызмет істеген Жолбарысқа Құмыл қоныс болмаған да, Оспан екеуімізге Шыңжаң қоныс бола ма?» – дегенді айтты. Ертеңінде келген екі уəкіл қайтты. Олардан қағаз жазып жіберді. Екі-үш күннен кейін

Page 145: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

145

Жолбарысты қуған Халық азаттық армиясы келді. Олар келген соң, атыс басталды да кетті. Ел сол жерде үшке бөлінді. Баркөлдің елі Баркөлге тартты, Жолбарыс солармен ілесті. Бір бөлім ел Мори жаққа бағынуға бет алды. Ал, біз Бəйтікке шықтық, алдымыздан Моңғолия қарауылы кезігіп, артымыздан армия қуып келді. Біз Қарағанды Шібеті Санбастауда отырғанда, бір жағынан Үш аймақ əскерлері мен қызыл армияның қоршауына тап болдық, ел ішінде біраз наразылық болды. Қапас, Кешапаттар Шонжыға бағынып кетті. Маусымға келгенде қайта Бəйтікке барып, Хасанту Көкселге(?) тарттық. Бисанға қайқайғанда алдымыздан əскер тағы да шығып, тағы атысып, Бисан жонына шығып кеттік. Сол жерде əскер басып қалды. Біз күн шығып келе жатқанда құтылып, Бисанның теріскейіне шығып кеттік. Жəнімхан ауылы сайды құлдап кетті де, біз бір белегірден асып кеттік. Осы жерде Нұрғожай, Дəлелхан, Кенендер құтылып кетіп, Жəнімхан сол жерде ұсталып қалды. Осыдан кейін Гансуге бет алып кеттік.

1951 жылдың басында Мақай деген жерде отырған Оспан батыр ауылы қайта кері көшіп, Алтайға бет алады. Оған себеп – батыр Гималай асып шетке кетуді құптамайды. Көшуге Кеңес бергендерге айтқан жауабы артымда қалған елім бар, жан сауғалап жалғыз кетпеймін деп қайта кері көшіп, Қанамбал тауының бөктеріндегі Хайыз деген көл жағасына келіп түседі. Əрі осы жерге қыстап шықпақ болады.

1951 жылы ақпанның 19 күні таң енді ағарып атып келе жатқанда, жау келіп басып, айғай-шу, азан-қазан болды да кетті. Қытай əскерлерінің айғайының арасынан ұққаным, «Усыман, Усыман!» деген бірнеше ауыз сөз болды. Əкемнің ақ ордасы мен менің шатырым іргелес болатын. Жүгіріп сыртқа шығып, бірден əкемнің үйінің белдеуіне қарадым. Күндіз-түні белдеуде қаңтарулы тұратын ақбоз ат жоқ. Иə сəт, кетіп қалған екен деп түйдім іштей. Үйдің алдында су ағар жырашық бар болатын, домалап сол жырашыққа түсіп бас көтерместен бүкшеңдеп құлдап жүгірдім. Алла сəтін салғанда алдан екі ағам – Шердиман мен Ниғыметолланы кезіктіріп, үшеуіміз табыстық. Олар менен бірден əкемнің жағдайын сұрады, мен «сыртқа шыққанда белдеуде ат жоқ, құтылған болар», – деген жорамал айттым. Олар «ұзап кетпей тұрып нақты көз жеткізіп алайық», – деді. Алайда, ол кезде Қытай əскерлері ауылды түгелдей қоршап алған болатын. Ағаларым маған «біз амалын тауып қойды ауылға қарай беттетейік, сен қой ішімен еңбектеп, тіл алып қайт», – деген соң, сол айламен қайта ауылға кіріп əкемнің кетіп қалғанын біліп шықтым. Сосын ағаларым: «таң

Page 146: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

146

ағармай тұрып, тау жаққа жетіп, бой тасалайық, қоршау бұзғандардың бəрі сол жаққа бет алған болар, аман болсақ табысып ақыл қосармыз», – деді. Су ағарды құлдай сəл жүгіріп, енді алаң-қыға шыққанымыз сол еді, арттан бізді байқап, қуған шеріктердің дауысы естіліп, аспанға оқ атты. Ағам Шердиман: «Сəл қашып барып бір-бірімізге арқа беріп тұра қалайық, олар бізді тірі қолға түсірмек, сол үшін көздеп оқ атпайды. Келіп айнала қоршайды, сол кезде үшеуіміз бірге айналдыра шайқайық, жалғыз амал сол!», – деді. Расында олар келіп басымыздан асыра оқ атып шыр көбелек айналып қоршап, былдырлап айғайлап жатыр. Шердиманның дауысы шыға үшеуіміз қатар шайқап едік, 10 ат ойнап шыға келді. Аттан үшеуіміз үшеуін мініп, қалғанын айдап, өлген шеріктердің қару-жарағын алып, тез бой тасалап үлгердік. Ал, əкем жау келіп басқанда қоршауды бұзып шығып кетеді. Алайда, «Оспан қашса, ақбоз атпен қашады, сол ақ атының артынан қалмай, қуалау керек», – деген қатаң тапсырма алған шеріктердің тобы ау дегенде-ақ атпен қоршауды бұзып шыққан батырдың соңынан өкшелей қуады. Оспан батыр қаша соғысып, Хайзы көліне келіп түседі. Ат тағасы тозғандықтан, көл ортасына барғанда шатқалақтап барып, жығылып тұрмай қалады. Қытай əскерлері жақындай береді. Мойынындағы ағылшын автомотын алып, бір айналдырып шайқаған соң, автомот қақалып оқ шығармай қалады. Жан құралының оғы таусылады. Осы сəтте қаптаған сарала шеріктер келіп басады. Батыр қонышындағы қанжарды суырып, бірқан-шасын сұлатады. Алайда, шиебөріше қаптаған қалың шерік қойсын ба? Осылай батырды қапыда қолға түсіреді.

Сосын күн шыға батырды түйенің үстіне матап байлап, қол-аяғын кісендеп, ауыл жанынан алып өтеді. Оны көрген қызы Пəнсия дауыс салып, түйе үстінде байлаулы отырған əкесінің аяғын құшып жылайды. Сол сəтте Ошың(Оспан) өзінің батыр қызына ақырып: «Өшір үніңді, дұшпанның алдында көз жасыңды көрсетпе! Мені қытай мықтылығынан ұстаған жоқ, Құдайдың бұйрығымен ұстады. Алла бұйырды, мені байлап алды. Мен өкінбеймін, қайт кейін!», – деп паң күйінде аяқ-қолы кісендеулі түйе үстінде қайқайып кете барды.

* * *

1947-жылы Оспан əскерлері Алтайдан шегініп келгеннен кейін, біз Шонжы, Нориға таман тарттық та, қар жауа біз бірқанша ауылмен Қызылқабақ деген жерде қыстадық. Біздің ішімізде Мұқадыр, Өтен, Тайжыгүл деген қашып келгендер бар еді. Олар

Page 147: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

147

Сартоғайға тосып, əскерлерге əкеле жатқан азық-түлік, киім-кешектерді алып келді, бізден қырық адам өзенге түсіп тіл алып келуге кетті, ауылда Қанатбай, Құрманбай, радиолы хансу, Омарлар ғана қалды. Оспан құс салып кетті. Мен жылқыдан ат ұстап алатын болып, малға кеттім. Түске таяғанда Түркістан əскерлері отынға барған балаларды ұстап, ауылдың ахуалын ұғысыпты. Олар ахуалды айтып қойғандықтан тапа-талтүсте ауылға басып кіріпті. Қанатбай, Құрманбайлар, хансумен Омарды алып қашып құтылыпты. Ал, қалған қашқындарды əскерлер қыра беріпті. Осы кезде біздің қолымызда шарқидан қолға түскен Қажихан деген азамат бар еді. Сол жігіт үйдегі елу атар пулеметпен атысып, ауылға жолатпапты. Артынан өзенге түскен адамдарды шақырып алдық та, əскерлерді қуып салдық. Осы келгендерді бастап келген Ақыбайлар мен Текесайлар болып, əскерлер түгел Моңғолияның əскерлері екен. Осы жолы біздің ауылдан қырық екі адам өліп кетті.

* * * Оспан хат танымайтын, тек өз атын ғана танитын, оқымаған

адам еді. 1940 жылғы көтеріліс басталған кезде қой жоқ, он шақты қара ғана бар еді. 1946 жылы жылқы бес жүзге, қой мыңға жеткен, түйенің өзі елу алпыстай болатын. Жөнді сиыр жоқ, бұл малды ел сыйлап, оннан бестен жинап берген мал. Енді бір жақтан Оспан Баянды алған кездегі Қымбылдың малынан пайдаланған жоқ еді. Біз ағайындылар Оспандар болып шабуылдан бірде бас мал алып көрмеді. 1947 жылы жылқыдан басқа малды Дəлелхан басып қалған. Ал, 1949 жылы мыңдай қой, жылқы бес жүз еді, осы малды да ел жинап тарту ретінде берген болатын.

Оспанға 1940 жылы шілде айындағы Ышқынтыдағы соғыста оң жақ қабырғасының сүбені аралап, қарынға дарымай, оқ өтіп жараланған. 1943 жылы қараша айында Бітеудегі соғыста оң қолынан оқ тиіп, алақанын тесіп өткен, осыдан үш ай топ болып ауырған. Осыдан аяғы ақсақ болып қалған. Бірі қырқыншы жылы қыста, бірі қырық екінші жылы қыста, бірі қырық алтыншы қыста топ болып ауырған.

Оспанның ұрпақтары жөнінде: 1. Шердиманнан: үш ұл, екі қыз болған, үлкен ұлы – Нұсырат.

Қазір Іле облыстық Астық мекемесінде аудармашы, отбасылы. Екінші ұлы – Ахат. Іле жүн-тоқыма фабрикасының жұмысшысы.

Page 148: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

148

Үшінші ұлы – Сəмет. Қазір Іле педагогика иниситутында оқытушы. Бір қызы болған, ұзатылған.

2. Ниғыметолладан – бір ұлы бар. Аты – Əсет. Күрті ауылы Өндірқара қыстақ комитетінің бастығы, отбасылы, екі қызы болған, ұзатылған.

3. Нəбиден – төрт ұл, бір қызы бар. Үлкені – Мақан, екіншісі – Мақат, екеуіде Ертіс қыстағында мүше, отбасылы. Үшіншісі Болат – Өндірқара қыстағында мүше, отбасылы. Төртіншісі Нұрлан – Көктоғай аудандық халық сотында тергеуші, қызы ұзатылған.

Шердиманның қайын жұрты – Халел тəйжі. Ниғыметолланың қайнысы – қарақас Хасен деген. Нəбидің қайнысы – қыстаубай Шабырбайдың немересі – Түсіпхан.

Естелікке алушы М.Қинаятұлы 1993 жылы наурыздың бірі, дүйсенбі.

Көктоғай Қу Ертіс

НҰРҒОЖАЙ БАТЫРДЫҢ ЕСТЕЛІГІ

(«Азаттықтың өшпес рухы» кітабынан, Алматы. «Сардар» 2008 ж.)

Отбасы жəне балалық шағым

Өз өмірімде үлкен оқу оқып ғылыми жетістіктерім болмаса да,

бір талай уақиғаларды басымнан өткіздім. Артқы ұрпақтар пайдалансын деген үмітпен өз басымнан өткендерді жазып қалды-райын. Абай “Заман соққан жел, дүние жатқан үлкен көл” деген екен. Дүниенің мəңгі жалғаса беретінін ескергенде, бір адамның өмірінің шекті екені даусыз. Шектеулі болса да, өз өмір тарихым кейінгі ұрпақтарға қалса деген арманым бар еді. Сол үшін өз тарихымды жазып отырмын.

Алдымен ата тегімді айта кетейін. Мен Орта Жүз, Алты Арыс ішінде Керей боламын. Ал Керей ішінде Абақ Керей, оның ішінде Жəнтекей руынан едім. Жəнтекейден Сүйінбай, онан Сəменбет болады. Ал Сəменбет ішінде алты Есентайдың бірі – Шақабай руынан тараймыз. Ал Шақабайдан таралуымыз болса мынадай:

Page 149: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

149

Шақабай екі əйел алған. Үлкен əйелі Қосбике болып, осы анадан Қосан, Қоске, Жанбала, Балықбай туады. Екінші анадан Халықбай туып, осы бес Шақабай ішінде Қоске боламын.

Қоскеден бес ұл: Шəукел, Матақ, Тарпақ, Естек, Сегіз Сары (бұл кенже атамыз екен) болып, Сегіз Сарыдан Ұлтарақ жалғыз туады. Ал Ұлтарақтан Сəрсембі жалғыз болып, Сəрсембінің үлкені Серікбайдан Молдажан, Əміре тарайды. Менің əкем осы Молдажан болады. Əміреден Кенен, Омардан, Даукесер, Дəбей тарайды.

Өз өмірімде төрт əйелмен үйлендім. Оның екеуінен бала бар. Үлкен əйелім Асылыдан Имам Ахмет1, Шарбану2. Бұлар тірі. Мекенде отыр. Екінші əйелім Жақсыханнан Имам Нұғман, Аюпхан, Қажыхан ұл болып, Қамар, Шолпан, Ғапура, Макбұза, Айгүл қыз болып, жиыны тоғыз бала өмірге келді. Бұлардан басқа бір ұл (Абдолла) бір қыз (Шамшабану) қайтыс болды. (1)

Өзім 1912 жылы 15 мамырда Қу Ертіс Шақабай тоғамында тудым. Жылым Сиыр. Биыл 72 жастамын. Мен туған кезде ұлы əкем тірі еді. Мен қазақ ғұрпы бойынша үлкен əкенің қолында өстім. Үлкен əкем бес жасымда қайтыс болды. Туған кезімде семьямда 300 тұяқ қой бар еді. Төрт айғыр үйір жылқысы бар еді.

Менің шешемнің аты – Қадиша. Нағашы жұртым Жастабан елі, бай ел еді.

Жас кезімде Сүлеймен молладан бір жыл, Қажыбала молладан бір жарым жыл шамасында оқыдым. Онан соң семьяның малын бағып кеттім. 17 жасымда он екі сəудегермен бірге Қобда аймағына сауда істеуге кеттім. Моңғолиядағы Шыбарайғыр Үмбет залыңның қолына бардым. Оның бір баласы менімен бажа еді. Моңғолияға барып Ыбырайым деген дүңгенмен бірлесіп жасырын сауда істедім. Ол кезде астық сатылмайтын. Сатылатын товарлар апиын мен торғын бұйымдары еді. Бұл заттар Моңғолдар үшін өте қажетті еді. Екі жыл осы кəсіппен шұғылдандым.

Моңғолияда сауда істеген күндерім

Мен 1931 жылы сауда істеп Моңғолиядағы Сақсайға бардым.

Ол жерде қоршау бар еді. Оның бастығы Ботағара Бақат еді. Сол жылы Ақтышқан тəйжі аудан бастығы болды. Үмбет залың Қошуын таңба алған екен. Ботақара Оразбай Қобданың уəлиі екен.

1 Швецияда тұрады. 2 Алтайда тұрады.

Page 150: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

150

Ботақара Нарын Қобданың сақшы мекемесінің бастығы еді. Дайынкөлде Шеруші мен басқа халық район болып тұрды. Ел ішінде Қоран Дарғы, Кешуін Оспан, Шыбарайғыр Орманбай секілді белгілі адамдар бар екен. Тұлбадағы Гүлдары дейтін əйел сол райондағы Кешуіндердің бастығы еді. Делуіндегі Оразбек үкірдай (Қошуыт Молқы) іс жүргізіп тұрды. Махұн Хай, Сара дейтін екі дүңген Тұлба мен Далакөл арасындағы (2) қашау сəудегер еді.

Мен осы екі дүңгенді тауып алып сауда жүргіздім. Сол районды басқарып тұрған Үмбет залың бізбен құда еді. Қарақас Төтебай менің жездем еді. Бұл адам да қашау сəудегер болатын. Бізбен бірге сауда істеп барған Төтебай, Тайкешкен Сүлеймен, (Молқы) Оспан екі батыр (екеуі күресуге барып балуан атағын алып келді) барып, бұл жолы бір жыл тұрып қайтып келді. Яғни 1932 жылдың тамыз айы еді. Қайта келгенде Үш Дабатыдан асып Ақсаламен Құрымтыға келдік. Ол кезде ол жерде алтын қазатын хансулар3 мен дүңгендер бар болатын. Бұл кезде Ламаларға өте керекті заттар болған торғын, оқа, əсіресе етік, шапан, ер тоқымға қажетті нəрселер қашау сəудегерлер арқылы Ласадан шығып, 43 қолдан өтетін. Соның ең ақырғы қолы біз болып тұрдық.

Біз осы бұйымдарды Моңғолияға апарғанда, Ламалар не сұрасақ соны беріп тұрды. Ол кезде Ұланқонда төрт бай қытай сəудегері бар еді. Ал Қобда қаласында бір ғана бай қытай сəудегері бар еді. Бұл сəудегерлер үнемі апиын саудасының кіндігі болып тұрды.

Мен сол жылдары Қобда кенті, одан шығып Бөкемұрынға, одан Құмшаға бардым. Қайта айналғанда Бұғы Аралмен Қайтуға келдім. Қайтудан шығып Ақ Көлді басып, Ақ Салшыққа дейін барып қайттым. Ақ Балшықтан Баян Өлгейге жүріп кеттім. Өлгейден Саркөлді басып Ресейден,4 яғни Қазақстаннан келетін машина жолын басып Тұлбаға бардым. Қай жерде Лама болса, соны іздедім. Құдамыз Шыбарайғыр Үмбет залың қолында қошуын таңба болғандықтан, Моңғолияның сол өлкесін аралауыма жағдай жасалып тұрды. Сол жылы таңбаны Үмбет залың Ақ Тышқан тəйжіге берді. Олардың тілмашы Зейнолла еді. (3) Моңғолия елін аралап сауда істеп жүрген кезімде, Мəскеуден оқып келіп сол ел

3 Қытайлар 4 Естелікте Россия деп жазылған.

Page 151: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

151

арасында жұмыс істеп жүрген Кенжебек, Шəріп, Абайлар да бар еді.

Моңғолияны жаңаша тəртіп мұқыр толғаны күшті өткізіп жатқан кезі болатын. Тоқтыбайұлы Өзенбай, Үмбет залыңның ағасының баласы Жексенбайлар жаңадан келіп жұмыс жүргізіп жатты. Екі рет барып, 1933 жылы тамызда қайтадан үйге келдім. Өзімнің ауылым Бала Ертістің құйғанында екен.

Алғашқы əскери қызметім

Сол жылы Күректіге Жəнімхан қажы ауылдары үркіп көшіп

келген екен. Мені Жəнімхан шақырды. Үйіне бардым. Ол менен – Қобдода қандай өзгерістер болып жатыр? – деп Моңғолияда

туып жатқан саяси жағдайды сұрады. Мен өз білген ахуалымды айтып бердім. Жəнімханның тор

жорға аты жоғалған екен. Осының жайын сұрады. Мен: – Алтайдан бір адам Моңғолияның Оспан деген дарғысына 500

шайға бір тор жорға апарып сатыпты, – деп естіген бір хабарымды айтып бердім.

Əкелген сауда заттарыма тоғыз жүз қой, алпыс қара мал құрап алып, алдыңғы қатарлы семья болып алдым. Ел етекке түсті. Жəнімхан аулы құлдай көшті. Мен ол кезде мырза болып мəдени киім кигендігімнен сырттай қараған елге оқымысты адамдай сезілуші едім. Осы пормама қарап Жəнімхан мені алып кетті. Өйткені Шынжаңда Шың Шысай Қожанияз атындағы ұлт бірлік сап үкіметі құрылып оған дүниеде болмаған əділ үкімет делініп Абай айтқандай “Көрмеген жерге болмаған мақтау” айтылып жатты.

– Қара əкім Яң Сеңжың үкіметі жоғалтылды деп дүр-дүр, – етіп жатыпты.

Жəне Төре Шəріпхан Алтайдың уəлиі болатын болып Керейдің ұлықтарына мың əскер дайындауға бұйрық берген екен. Жəнімхан мені Шақабай атындағы əскердің бастығы едіп жібермек болып алып келді. Сөйтіп Қаратай Ақтайлақ екеуміз Төре Шəріпханды қорғайтын əскердің бастығы болдық. (4)

1934 жылы Моңғолияның Серин армиясы Шіңгіл еліне басып, кіріп Байқадам елін, ондағы Ханкелді Секелді шауып кетті. Осы жағдайды ұғып, елді реттеу үшін өзімізден Баймолла кеткен екен.

Page 152: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

152

Жанында Қаратай Тайқара деген жолдасы бар еді. Біз жиырма5 əскер осы адамды қорғап Көктоғайдағы Каратүңкеге бардық. Біз Каратүңкеге барғанда Моңғолияның елді қуалаған шолғыншы самолеті Каратөнкеге дейін келді. Сол күні кешінде біз Қалым тəйжінің үйіне қондық. Осы үйде қонып жатқанда, артқы елден “Қанафия бейсі өлді” деген хабар келді.

Сондықтан Баймолланың қасына ертіп келген Сейітқазы мұғалім Канафияның жаназасына баруға Каратүңкеден қайтып кетті. Сол күні қашып келген Байқадамды Каратүңкеден көрдім. Кешінде Қалым үйінде қонып ертеңінде Сейітқазыны алып Сарсүмбеге қайтып кеттім. Сарсүмбеге барғаннан кейін əскерлік міндеттен ұлықсат алып босап кеттім. Баймолланың жолдасы Тайқара мəлім себептер арқылы сол түні қашып кетіп еді. Мен 1935 жылы қыркүйекте қызметтен босадым. Осыдан кейін Үсейін, Мəмет, Ғофыр сəудегерлерден Ресейден өткен импорт товарларын алып, ел ішіне апарып сатып, тері, елтірі, қой, жүн, ішек қатарлы заттар жинадым.

1940 жылға дейін саудамен шұғылдандым. Сол кезге дейін өз əкем тірі еді. Əкем мерген болатын. Сондықтан ол аңшылық кəсіп істейтін. Əрі оны сүйетін адам еді. Қосымша тамыр ұстап дəрігерлік те істеп қоятын. Осы кезге дейінгі өмірімге балалық шағы, діни оқу шағы, мал бағу шағы, сауда істеу шағы, əскери міндет өтеу шағы деп қараймын. Сөйтіп ғұмыр мені сүйрелеп 28 жасқа жеткізіп қойды. Бұл кезде үйленген едім. Əйелім, бір балам бар еді. Аты Мафура болып жастай қайтыс болды. Сонымен балалық жəне жастық шақтар көзді ашып жұмғанша өтіп кетті.

Біз Молдажаннан төрт ұл едік. Оның үлкені мен едім. Бірінші інім Нұрғазы, ол бес жасында өлген. Екінші інім Кəбіл, кенже інім Шаймардан. Бұлардан басқа екі қарындасым бар еді. Қарында-сымның (5) бірі менен үлкен еді. Ұзатылып барған жерінде қайтыс болды. Кенже қарындасымыз Бисара қазір тірі, ұрпағы да бар. Жолдасының аты Насихат, руы Қарақас еді.

Қозғалыс қарсаңындағы қиын күндер

Менің ес біліп қоғамдық қызметтерге араласқан кезім бір түрлі

күрделі заман болды. Адам айтқысыз, қым-қуыт қоғамдық түзімдер, Ресей жағынан көшіріліп əкелінген өте қорқынышты 5 Қолжазбада “жиыр” деп жазылған.

Page 153: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

153

саяси тəсілдер Шынжаң халқын, оның ішінде Алтай халқын қауіпті жайдайға түсіріп қойды. Моңғолия қазақтары мен Қазақстандағы қазақтарға жүргізіліп жатқан орыстардың диктатурасы есіткен елді түршіктірді. Қазақстандағы жаныштаудан қашып келген қазақ туыстардың бізге айтып келген үрейлі сөздері біздің елімізді, соның ішінде Алтай халқын бір түрлі тынышсыздыққа түсіріп қойды. Оның үстіне Шынжаңның өз ішінен Шың Шысай атты бір залым қытайдан шығып алты саясат6 жариялап, барлық жақта Ресейдің басшысының тəсілімен елді басқаруға ұмтылды. Сөйтіп орыс-Моңғол басшыларына сүйенген Шың Шысайдың бір апаннан бір күнде шыға келуі халықтың тыныш жатуына жол қоймады.

Шың Шысай ең алдымен оқ, дəрі, мылтық жинады. Көшпелі қазақтарда мылтық завотының жоқ екендігін түсіне тұрса да, оны өзіне қауіпті деген адамдарды қолға алудың бір түрлі саяси тəсілі етті. Ел бастықтарын ұстау, діни адамдарды ұстау, Құран кітаптарды өртеу мұсылман халықтарының қатты қарсылығына ұшырады. Ал орыс, Моңғол, қытай саяси алаяқтарының іздеп отырғаны болса, осы еді. Олар мұны, елді мекеннен, орманнан қуаң бір жазыққа түсіріп қазақтарды жоюдың бірден бір дұрыс жолы деп таңдап алды. (6)

Менің ержеткен кездерім міне осындай күрделі жағдайға ғана жасауыма жол қойды. Өзім үлкен білімнің иесі болмасам да, көшпелі ұлтымның келешегіне төніп жатқан саяси жағдайларды түсініп тұрдым. Ұлт басына төнген қауіптің барлығы бірдей орыстан болып жатқандығын парықтап тұрдық. Ресейден мұзды мұхиттан соғып жатқан дауылдар қазақтардың үрейін ұшырып тұрды. Жұт жеті ағайынды дегендейін қыстың қатты болуы, малдың жұтауы, жердің жиі жиі сілкініп тұруы, ақыр заман болғандай адамдардың да адам шошырлық кереметтер мен түстерді көруі, түнде аруақтардың шуылдары секілді жағдайлар да болып жатты. Халықтың барлығы жер жерде, ата бабасының басына апарып мал сойып, Құран хатым түсіріп, Алладан ізгіліктер тілеп жатты.

Алтайда бізге дейін болған қозғалыстар

6 Шың Шысайдың жариялаған алты саясаты: 1. Жиһангерге қарыс тұру; 2. Кеңес Одағымен дос болу; 3. Ұлттар теңдігін іске асыру; 4. Парақорлықты жою; 5. Тыныштық сақтау; 6. Шынжаңды жаңадан құру. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 29-30-бет.

Page 154: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

154

Асса Шынжаң, қала берсе Алтайда болып жатқан жарты ғасырдағы қозғалыстар қазірге дейін аз сөйленіп келген жоқ. Олардың кінəsы мен қылмысы күні бүгінге дейін көшпелі тұрмыста жасап келе жатқан, əлі күнге орта ғасыр дəуірін басып өтпеген немесе орта ғасыр дəуіріне əлі күнге кірмеген натурал тұйыққа, төрт түлік малға сүйенген халықтардың мойнына жазып қойды да, орыс, қытай, Моңғол халықтарының ішінен шыққан тонаушы саяси алаяқтар өздерін ақтап келе жатыр. Жарты ғасырдан бері қазақтарға жасалып келген фашистік тəсілдер негізінен орыс, қытай, Моңғол халқының ісі емес, сол ұлттың ішінен шыққан қан құйлы, надан, саяси əккі алаяқтардың ісі болып отыр. Біздің көзіміз бұған бүгінгі күнде əбден жетті. (7) Мен ат жалын тартып мінген кезде, Алтайда болып жатқан уақиғалар мынау болды. Ресейден қашып өткен қазақтар жан түршігерлік хабарларды əкеліп жатты.7 Орыстар да жанталасып Шынжаңды қолына түсіріп қалуды ойлады. Америкаға сүйеніп, енді тіріліп келе жатқан Нанжиң үкіметі де Шынжаңнан айрылып қалмауға тырысып жатты.

Үрімжідегі орыс консулы Абласов ең алдымен Үрімжі уəлиі Пан Яунанды қолға түсіріп, Шынжаңды Яң Менжын үкіметін аударып тастауға ұрынып 1928 жылы 1 шілде күні зияпат үстінде Пан Яунан, Яң Зышынды атып өлтірді. Істің сəті болмады. Пан Яунанды атып тастап Ян Зынның орнына Жын Шурын отырды. Орыс сайқалдығының сəті болмай қалды. Жын Шурын Алтайды тыныштандыру жəне Моңғолиямен де, Ресеймен де болған тығыз байланысты күшейту үшін Бурылтоғай ауданына Төре Шəріпханды шəн етіп тағайындап, Зуқаның басын алдырды. Бұл бұйрықты ол кезде орындаған Алтай уəлиі Уый Жыңғо болатын.

Ал 1930 жылы Моңғолияға жолаушылап барған Қабадан Жанат ішінде Тоқай елінен Ыбыке бастық бес семьяны (24 адам, ылғи қатын-бала) Моңғолия əскерлері сотсыз, тергеусіз Қалқын көлі жағасында түгел атып тастады. 1931 жылы Буыршын ауданынан сырт Моңғолияға жолаушылай барғандардан, ішінде Омар зəңгі, Айтбай бастық бар, тоғыз адамды ұстап алып Шеруші Дүлденбай

7 Оспан батыр да осындай хабарлардың салдарынан Кеңес Одағынан төтенше қорқатынын жəне өлердей өш екенін 1947 жылы Шонжыда Шынжаң өлкелік гарнизонының қолбасшысы, генерал-лейтенант Сұң Чиланға былай деп атап өткен: “Біз, Шынжаңдағы қазақтар мен Кеңес Одағында, Қазақстан Республикасындағы қазақтар бұрыннан қандаспыз. Кеңес Одағы Қазан төңкерісінен кейін Ресей қарастылығындағы қазақтарды жауыздықпен жаныштады. Көп адам қырылды. Мал-мүлкі тəркіленді. Діни сенімнен жұрдай болды. Қазір Шынжаңда жасап отырған кейбір қазақ рулары Ресейден қашып келген. Сондықтан, біз қазақтар Кеңес Одағынан төтенше қорқамыз. Жəне оларға өлердей өшпіз...” Сəмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. Алматы, 2000, 236-бет.

Page 155: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

155

аулына алып келіп кезеңді асырып Алтай жеріне əкеліп атып тастады. Оның ішінен Сапарғали дейтін адам қашып келді.

1932 жылы 5 көкекте ІІІ Коминтерн8 “Шығыс Түркістан тəуелсіз ел” деп жарнама жариялағанда Моңғолия арқылы 12 адам Қожаниязға 4.000 мылтық əкеліп таратып берді.9 Бұл екі арада Нанжиң үкіметінің 36 дивизиясының бастығы болған Ма Жұңюң Алтайға Қи Силиңді жіберді. Ма Фұңкөй Шынжаңды дүңген сұрайды деп еліріп Қи Силиңге (8) қашып келіп əскер бастап Алтайды алып Бұқат бейсіні шəн етіп кетті. Қи Силиң армиясы Құмдағы Ақ Орыстар құрған орыс армиясына бармақ болған кезде, орыс армиясы Ресейден қашып өтіп Қом Қанасты мекендеген Қаратай елінен 152 адамды атып кетіп, жөней өткен партизан ретінде көрінген Капитан Қайдармен бірлесіп Қи Силиңге қарсы соғысып дүңген армиясын Шəуешекке аударып жіберді.

Зуқаның өлтірілуі, Қалқын уақиғасының тууы панасында орыстар 1930 жылы Шынжаңға дантай өткізіп, кең көлемде шпиондар əкеп, ел арасында тыңшылар басты орын иелене алды. Уақиғалар бірінің артынан бірі туылып отырды. Мұның үстіне Жантайлақтың өлтірілуі қосылып, Алтай қазағы арасындағы саяси өмір сөзсіз бұзылуға мəжбүр болды.

1931 жылғы дүрбелең кезінде Буыршын ауданында Қуанған қозғалысы пайда болды. Моңғолиядан құн даулаған Қуанған сол елден 500 жылқы қуып келді. Шəріпхан Төре таққа шыққаннан кейін Қуанғанды қолға алып түрмеге салды. Сол кезде мен жаңа 8 Естелікте ІІІ Интернационал тек осы жерде ғана Коминтерн деп аталған. Нұрғожай батыр көбінде оны қысқаша “Энтернат” немесе “Халықаралық Энтернат” деп атап өткен. Біз оларды Коминтерн деп өзгерттік. Белгілі болғанындай, Коминтерн 1919 жылы наурыз айында В.Ленин жəне КОКП тарапынан құрылып, 1943 жылы 15 мамырда Сталин тарапынан тарқатылды. Коминтерн əу бастан Шынжаңға көңіл бөле бастады. Ол өлке, 1919 жылы ортаға салынған “Шығыс төңкерісі теориясы” бойынша талқыланған. Ресейде Қазан Төңкерісі жеңіспен аяқталғаннан кейін, Коминтерн жəне Кеңестік Ресей Шынжаңдағы əскери диктатуралық басқаруға қанаушы басқару ретінде қарады. Сондықтан олар Шынжаң өлкесіне төңкеріс отын кіргізуге қарар қабылдап əлемдік төңкерістің аймағын кеңейтуде маңызды бір аймақ ретінде оны көре бастады. Олардың пікірінше, төңкеріс Ресей мен Орталық Азия аймағында қанат жаюынан кейін, Шынжаңда жаңа бір социалистік төңкерісті іске асыруға болады. Бұл стратегиялық жақтан да Кеңестік басшылар үшін аса маңызды еді. Өйткені Кеңестік үкімет үшін Шынжаң Ұлы Британияның ең ірі колонизациясы болған Үндістанға жету үшін пайдалана алатын ең төте жол еді. L.Sheng. Çin’in Xinjiang Bölgesi Geçmişi ve Şimdiki Durumu. Xinjiang Halk Yayınevi, Urumçi 2006, 164-166-бет. Америкалық тарихшы Бенсын Кеңес Одағы үшін Шынжаңның тек идеологиялық емес, сонымен қатар бай жерасты байлықтарымен де мəнге ие екеніне көрсетуде. Benson L. The Ili rebellion the moslem challenge to chinese authority in Xinjiang 1944-1949, 40-бет. 9 КСРО Компартиясы (б) Орталық Азия Бюросының хатшысы Бауман 1931 жылы қыркүйекте мынадай ұсыныс жасаған еді: “Шынжаңдағы көтеріліс енді ұлт-азаттық қозғалысы сипатына өтті. Сондықтан Шынжаңдағы төңкерістік əрекеттерді белсенді түрде бастатып осы əрекеттің ары қарай дамуына көмектесуіміз керек.” L.Sheng. Çin’in Xinjiang Bölgesi Geçmişi ve Şimdiki Durumu. Xinjiang Halk Yayınevi, Urumçi 2006, 154-155-бет.

Page 156: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

156

құрылған əскери бөлімнің бастығы едім. Жақып Амбының күштеуімен Қуанған тобы түрмеден босатылып кетті. 1933 жылы күзде Шіңгіл ауданы қуаңшылық болып қалғандықтан Шіңгіл елі Қобда аймағына барып қыстады.

1934 жылы Моңғолдар бұл елді қайта жеріне қайтармай, Кенжебек полковникті жіберіп Ұлынғұға жер аударды. Керей, Əкім батырға екі қос атбен Нұрқасымды жіберіп Моңғолияға қарсы бұзылды. Олар Кенжебекті өлтіріп, Əкім батырдың бес жүз əскер күшінің көмегімен Шіңгілге қайтып келді. Бірақ, сол жерде 18 мың төл бірақ қалып қойды. Мал төлеуі үшін Керей Моңғолиядан қайта мал қуды. Бір қанша ауылдарды Моңғолия алып қалды. Бір қанша адамдар қырылды.

Енді сол жылдың күзінде Моңғолияның Серин армиясы Шіңгіл ауданына (9) басып кіріп, Ханкелді Секелден 584 адамды қырып, Жылмасбай Үкірқайды кескілеп өлтірді. Осы кезде мен Баймоллаға еріп барып, осы уақиғаларды Қаратүңкеге қашып келген Байқадамның аузынан естідім. Сол жылы шабылған ел сол бойы Бəйтік тауына шығып кетті.

1936 жылы 5 желтоқсанда Бəйтік Ғұң Ан Жүйі қонаққа шақырып алдап Əкім батыр мен Жетібұт батырды қолға алып, Үрімжіге апарып атып тастады. Қыстаубай Қыраубай мергенді (23 жастағы бала еді) сырттан атқызып кетті. 1936 – 1937 жылдары Моңғолиядан төрт мың үй Керей Құмыл аймағына қашып өтті. Генерал Серин армиясы Құмылға өткен Керейді əскери күшпен Қобда аймағына айдады. Ақтышқан тəйжі бастаған 84 адамды қолға алып Ұлұлан облысындағы Лауғай алаңында өлтірді. Сол себептен 1938 жылдың басында Моңғолиядан Қу Ертіс басына Шегіртайдан Əбден батыр (Базаркұл), Қашкей (Шыбарайғыр Үмбет залыңның інісі) 500 семья қашып өтті. Бұл елді Халел тəйжі тығып қойды.

Оның үстіне сол жылы Халелдің ұлы Рахат Көксеркеде отырған Қожамберген аулына барып қалыңдығын алып келеді. Мəнкей, Халел бастаған Өралтай10 керейлері Гансуға өтіп кеткен. Олар Адубайға Арғын Темірғалиді жіберіп қоныс дайындауды, жолдың суын көруді, сөйтіп елдің көшуіне көмектесуін сұрайды. Темірғали шолақтың Шың Шысай армиясының қолына түсіп, осы мəселе ашылып қалғандықтан 1938 жылы маусымда Мəнкей мен

10 Көктоғай, Шіңгіл аудандары Өралтай; Алтай (Сарсүмбе), Бурылтоғай, Буыршын, Қаба, Жеменей аудандары болса төменгі Алтай деп аталады.

Page 157: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

157

Халел тəйжі ұсталды. Ал Халелдің ұлы Рахатты Бəйтіктен келе жатқанда жолдан ұстап кетті. Шың Шысай үкіметі мен Алтай халқы арасында уақиға барған сайын шиеленісе түсті.

1938 жылы тамызда Нори ауданында, ішінде Сақаба үкірдай, Қожамберген, Қазы, Қақан, Əйкебай, Жеңісхан, Қайдар, Баймолда бар, 17 адамды ұстап кетіп, Үрімжіге апарып атып тастады. 1932 жылы Жемсарыда Ыбырай, Əлімхан, Қанымхан, Пазыл, Дүзелбай, Шəмси, Мамырбай, Ережеп, Байқабыл, Шақан (10) секілді 12 адамды атып кетті. Көбі Уақ азаматы еді. 1933 жылы тамызда Əліптің басы алынып, 10 адаммен қырып тастап Əліптің əйелі жəне бір жас баласын бандит Шың Шысай олжалап кетті. Бұл үшін Шың Шысай Баймолланы жіберген.

1938 жылы Буратайдың төрт баласының қолға алынуы, Сақаба үкірдай, Қожамберген қатарлы 21 адамның қолға алынып Үрімжіге апарып өлтірілуі – бүкіл Құмыл аймағындағы қазақтардың да тыныш ел болып жатып тұруына жол бермеді.

Сонымен Құмыл аймағынан бес мың үй Керей төртке бөлініп Гансу, Шынқай өлкелеріне кетуге мəжбүр болды. 13 айырпланның ұдайы көшкен елді 11 күн бомбылауы қазақ өмірінде тарихта болмаған қырғынға себеп болды.

Бір миллион қой, алты жүз мың жылқы, бес жүз мың сиыр бомбанын өртінде кетті. Бұл малдың бір бөлімі Моңғолия жеріне, бір бөлімі қытай қолына, тіпті Баркөлге дейін қашып келіп Шың Шысай əскерінің азығына айналды. 1928 жылдағы Яң Зышынның өлтірілуінен тартып 1938 жылға дейінгі қу заманда Алтай, Құмыл арасында болып жатқан сұм сұрқия уақиғаларда айналып келгенде сойылдың екі басы бірдей қазаққа тиіп жатты.

Оның үстіне орыс бандиттері Ресейден қашып өткен қазақ азаматтарын сыр табақтай қағыстырып түк қоймай Ресейге алып кетіп жатты. 1935 жылы Қаратай Мұқтарханды ұстап Айдархан Манойлап деген қазіргі Сарсүмбе қаласынын дөң базарында жатқан орыс гарнизоны Саркобыға апарып, сыртынан атқызып тастады.

Орыстын бір батальон армиясы Алтай қаласына 1933 жылдан бастап келіп алды да, біреуді біреуге салып өлтіртіп жатты. Орыстың бір батальоны Бұлғынға түсіп, полковник Зубатов сонда жатып алды. (11) Орыстардың сегіз қызыл белгі генерал Корякский армиясы Құмылға түсіп алды. Орыстар 1937 жылы Мəскеуге апарып Коммунистік Партияға өткізіп алып, Шың Шысайды батыр

Page 158: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

158

деп құтыртып алтын орден қадады. Соңында Шың Шысай арқылы Шынжаңда қанды қырғын жүргізді. Орыстар Қожанияз күнше, Шың Шысай күнше, Ма Жұнйың күнше, Ресейден келген ұйымдастырушылар, Жұнго Күң Сандаңның Атқару Комитеті қатарлы бес күшті бірдей қолына ұстап бірін біріне салып “Қашқанда құдай депті, қуған да құдай депті” дегендей, қуып жүргендері де “орыс” деп айғай салыпты, қашып жүргендері де “орыс” деп айғай салыпты. (12)

Есімхан қозғалысының басталуы

“Ойнақтап толқын жел гулеп, Майсар діңгек сықырлап”

дегендей үш жерде жасап жатқан қазақтардын басынан өтіп жатқан ауыр күндер менің өз үйімде тып-тыныш мал бағып қымызды ішіп, бағланды жеп, қатын-баламды күтіп, “тек жүрсең тоқ жүресің” дейтін мақалды малданып жасап жүруіме мүмкіндік бермеді.

Өткен өмір, көрген түс. Қыдыртатын талайды “Нені тапсаң соны тап жарамады керекке” дегендей біздің сөйлегеніміз бен істеп келгеніміз түкке жарамады.

Қазақтар үшін “ақиқатты оқпен өлшеуден” басқа жол қалмады. “Қорқақты қуа берсе, батыр болады” дегендей, бандит Шың Шысайдың жоқ нəрсені тап дегендіктен, бұл тəсіл біз үшін өмір мен өлімнің арасын белгілегендей заманды өзінен өзі туғызып жатты. Бізді күшті күрес отында нығайтатын күшті конт-революцияның болғандығы біз үшін жаман да болмады.

“Басында Қаратаудың бір топ шілік Айтатын мен ойымнан аз мұңшылық Шың Шысай жоқты тап деп қысаған соң Есімхан шəнді өлтіріп салды бүлік.” деп қажы Ақыт біздің алғашқы төңкерісіміздің шығу себебіне

ғылыми түрде тұжырым жасаған еді. Есімхан атты осы қозғалыс, дұшпан мен екі арадағы ақиқатты оқпен өлшеуден басқа əдіс қалмағандығынан туындаған еді.

1940 жылы қаңтар айында Ақыт қажы ұсталды. Дəл осы орайда, Есімхан үкірдай (Иманбай үкірдай ұлы) “Ақытты тартып алып қалалық” деген пікірді ортаға қойды. Біз Өндірқара, Зақоба, Тұрымның Сартерегі болып жиын ашып ақыл құраған (13) 60 адам едік. Соның бірі мен едім. Өндірқарадан – Масғұт Шағалаұлы, Қажақын, Асыл, Рабай, Қауым, Зақобадан – Сартеректен Сүлеймен,

Page 159: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

159

менің əкем Молдажан, Байкелең, Зал зəңгі, Қарабұлғыннан Сайып Халелұлы, Шамғұн Сарбас, Өндірқарадан Оспан, Ителі Уəли, Шағалақ бар еді. Байкелең Үмітбай қатарлы төрт адам тұрып:

– Қазір қыс уақыты. Қыстың өзі бір қиямет болып тұр. Əкетсе əкетсін, орнында баласы Қалман бар ғой. Жаз шыға бұзылалық, – деп жиналған 60 адамды тоқтатып қойды. Ақыт сол кезде Шəкүртідегі қыстауынан қолға алынған еді. Ақытты тартып алып қалу жайында жиналысты Өндірқарадағы Имамбай үйінде ақылдастық. Ақыры дəл сол үйдің өзінде қозғалысты уақытша тоқтатуды мақұл көрдік.

Арада бірнеше күн өткеннен кейін, Көктоғай ауданының қаласына Қалманды шақырып алып қолға алғандығын естідік. Енді бір жұмадан кейін аудандық үкіметтен Кəрім сарт келіп Ақыт мешітіндегі Құран кітабын жинады. Бір күннен кейін мылтық жинау комиссиясының бастығы Жу Ұянжаң мен Көктоғайдың шəні11 Шəкүртідегі Ақыт мешітінде жиын ашып сөз сөйледі. “Сартеректен бергі ел таңертеңгі сағат 9-дан қалмай келсін” деп хат жазған екен.

Көктоғайдың қытай бастығын өлтіру

Ертеңінде біз Сартеректен бергі ел Ақыт мешітіндегі жиынға

келдік. Жиналыстың өту ахуалы қауіпті болды. Келгеніміз 200-дей адам едік. Адамдарды дəретке шығармады. Есіктен кірген жерден ауыздан уəде алды.

– Мылтықты береміз, – деп шулап кірдік. Шəн сөзінде: – Сендерде мылтық көп. Тауға да тығып отырсың, үйге де

тығып отырсың. Біз білеміз, қолымызда мəлімет бар, – деп соқты. – Бір атым дəрі, бір жез қалмайды, – деп ұқтырды. Қысым

жасай келіп алпыс адамның атын оқыды. – Осы адамдар бізбен бірге ауданға барады, – деп ұқтырды. Бұл алпыс адам Ақытты алып қалсақ деген алпыс адам екенбіз.

Ішімізде тыңшылар болғандықтан (14) бұл хабар əлдеқашан сақшы мекемесіне жетіп барған екен. Есімхан шəнге барып:

– Бір сұмға құл болдық. Ат көлік азықтарымызды əзірлеп киімдерімізді жөндеп алып арттарыңыздан барсақ, – деп рұқсат сұрап алды.

11 Сұй Эрлин

Page 160: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

160

Сонымен шəнге уəде беріп қалып қойдық. Ал шəн кешінде Оқан зəңгінің үйінде қонбақ болып сол жерге адам жіберіп, үйді дайын етіп мал сойғызыпты. Оқан зəңгінің үйінде бір тəуір қыз бар еді. Шəн тарбағатайлық жергілікті қытай, қазақ тілін білгендіктен сол қыздан үміт күтеді екен. Шəн адамдары бізден айрылып Дүренің Көктем мектебіне барып, онда үгіт айтты. Онда да жоғарыдағы бізге қолданған тəсілдерді қолданып аттанып кетті. Көктем мектебінен шығып, Карабұлғындағы Халел аулындағы білім мектебіне барды. Ол кезде Халел ұсталып кеткен еді. Бұл арада Зақобадағы Оқан зəңгінің үйі шəннің бұйрығы бойынша дайындалып қойылды. Қытайлар Жу Ұянжаң, шəн болып барлығы 37 адам еді. Негізінен сақшы адамдары болатын. Шəн екі мектептегі үгітін аяқтатып, кешінде Оқан зəңгінің үйіне келді. Оқан Əсімбекұлы, Молқы ішінде Машан еді. Ал Машан ішінде Есет еді. Біз өзіміз 60 адам осы кеште Жу Ұянжаңды шəнмен қосып өлтіруге Өндірқарадағы Иманбай үйінде серттестік. Қолдағы мылтықты түгел береміз деп Жу Ұянжаңға көк қасқа тай сойып күтіп, оларды бейғамдандырып тастадық. Жүз адам Оқанның үйінің Құм жағындағы бір керіш тауға бекіндік. Жас балаларды жіберіп Оқанның қызынан хабар алып тұрдық.

Бұл уақыт 1940 жылы 6 ақпан күні12 болатын. Шəн ұйықтаған кезде қыздан хабар келді.

– Маған шəн келсін деп адам жіберіп жатыр, – деді. Жер қар еді. Түн қатты суық. Аяқ тықырын білдірмеу үшін етік сыртынан кигіз тұйық тігіп, киіп алдық. Оқтаудай қайынның басын жарып қайың тоз өткізіп алып үйге кіргенде (15) тозды майға малып жарқ етіп кірдік. Өйткені өз адамдарымызды өлтіріп алудан сақтандық. Шəн адамдарының қолында екі орыс бесатар, екі қайбан мырыш, екі сарбауыр берен, төрт наған бар еді.

Біз 37 адамды бір жүз он адаммен қамап алдық. Төрт рет оқ атылды. Одан əрі қару қыла алмады. Біздің қолымызда шоқпар, темір күрек, балта бар еді. Осы күшпен отыз жеті адамды өлтіріп тастадық. Дəл осы түні Халел аулында жатқан Сарноғайды13 Сайып пен Шамғұн өлтірді. Асыл тұқымды мал бағып жатқан Уан атты бір қытайды, Сүлеймен, Ібіш Машейұлы өлтірді. Бұлар ол кезде Тұрымның Сартерегінде болатын. Осы екі адам ең алғашқы

12 Дəлелхан Сүгірбаевтің ұлы Патыхан бұл уақиғаның 1940 жылы 2 қаңтар күні болғанын айтады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 16-бет. 13 Халық татар текті болғаны үшін Сарноғай деп атап кеткен. Шын аты Мұқаметқали болған.

Page 161: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

161

ақылдасылған алпыс адамнын ішінде болатын. Кəрім сарт осы 37 адаммен14 бірге өлтірілді.

Ертеңінде “мен де осы ақылдың ішіндемін” деп Шəри зəңгіден қағаз келді. Шəри ауылы ол жылы Шəкүрті бойында еді. Екі күннен кейін Сарсүмбеден төрт адам келді: Ноғайбай, Зəтелбай, Ақтеке би, Мұса мерген. Бұл адамдар ел ішіндегі мылтықтарды жинап беруге келіпті. Мұса мерген екі оғым бар депті. Соны əкеліп беруге Ноғайбай ертіп келіпті. Ақтеке Аралда төрт мылтық бар соны апарып бермек. Зəтелбей Құлдың мылтығын жинап бермек болып қайтады екен.

Бұл төрт адамнын сөзі мынау болды: – Біздің істегелі келгеніміз сол еді. Бұзылудан басқа жол

қалмады. Комиссияны өлтіріп жақсы істеп қойдыңыздар, – деп қосыла кетті.

Сонымен Ноғайбай, Зəтелбей, Мұса Шіңгіл елін бұзатын болып жүріп кетті. Біз 300 адам болып Көктоғай Сақшы мекемесін алуға жүріп кеттік. үкірдай Есімхан басшы болды. Оспан екеуміз отардағы малды жинауға жүріп кеттік. Меркіт Тиянақтың ұлы бір орыс бесатар əкеліп берді. Орыс Сарбелі, 200 оғы бар еді. (16)

Сақшы мекемесі біздің комиссар мен шəнді өлтіргенімізді əлден естіп қойған екен. Сол тұңғыш соғыста Сəріш Келеңұлы бастаған төрт адам шəйіт болды. Алты мылтық түсіріп алдық. Сақшы орны алынбады. Дəл осы кезде, Шеруші Сүлеймен Тілеубайұлы15 сол шақшы мекемесінде жұмысшы екен. Сүлеймен біздің қолымызға түскен соң Есімхан үкірдай алып келіп кісендеп қойды. Бұл кездегі бұзылғанымыз аз адам еді. Елдің көбі əлі бұзыла қоймаған болатын. Қарабұлғын, Шəкүрті маңындағы аз ғана Айтуған, аз ғана Шақабай еді. Аз ауыл Шеруші, аз ауыл Қарақас, аз ауыл Сарбас Үмітбай тобы еді. Есімхандар қайтып елге келгенде, біз де отардан малды көшіріп қайта оралдық. Барлығымыз Өндір-қараға жиналдық. Бұзылмаған елдермен арамыз ашылып қалды. Бұл уақытта Шіңгілдегі елден тіл ала алмадық. Осы жағдай кезінде Бимыш деген кемпірді Шатыртастағы Салық тəйжі ауылына жібердік. Кемпір аман барып қайтып келді. Салық тəйжі:

– Сақ болсын. Сарсүмбеден Бұлғындағы Ырысбек Дажұйбаңға əмір жіберіліпті. Барлық əскерді алып Өндірқарадағы шəнді

14 Сүгірбаев 11 адамның өлтірілгенін айтады. Сонда. 15 Сүгірбаев, Сүлейменнің ататегін Нүсіпұлы деп айтуда жəне оның əскер бастап келгенін растауда. Бірақ ол оның өздігінен көтерілісшілер жағынан шыққанын атап өтеді. Сонда, 17-18-бет.

Page 162: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

162

өлтірген бұзықтарды өлтіріп, тірі түскендерді Сарсүмбеге алып келсін деп бұйрық беріліпті дейді, – депті.

Бұл сөздерді естігеннен кейін біз дайындық көріп қаруланып Сартоғайға көшпекші болдық. Ауыр жүк қалды. Кісеңдеулі жатқан Сүлеймен түсімде маған аян берді:

– Мұсылман оғынан қаза болуым мүмкін. Кəпір оғынан қаза болмаймын. Соғысқа шығамын, – деп өтінді.

Сүлейменді босатып алдық.16 Бұл кезде ел болып ерікті түрде əскери міндет өтеуге 700 адам жазылып қойды. Қапсəмет молла мен Мəлікаждар молланы алғызып бүтін əскерге жаназасын оқыттырдық. Жаназа оқыған күніміз 1940 жылы 19 наурыз күні еді. Дəл сол күні жылаған қатын-баланың даусы əлі күнге есімнен кетпейді. Бүкіл Алтай тауы дүрілдеп иман айтқандай болды. Бүкіл Сартоғайдан (17) Жеті Аралға дейін соншама қашықтағы ағып жатқан Бурылтоғай өзені ақ қырау мұз жамылып, ормандарды сүңгімен тұман басты. Шалқая сырғып ағып жатқан қос Шіңгіл өзені де аза білдіріп тұрғандай сезіліп, ит ұлып, сиыр мөңіреп, күндіз күн тұтылып, түнде ай тұтылып, жылқы жал құйрығын сүзіп, алдағы күнде болатын ауыртпалықтардың барлығын көз алдымыздан өткізіп жатты.

Біз тəуекелдің атына міндік. Иесіз иен жатқан қазақ, құрып алған мемлекетіміз жоқ, жинап қойған қорымыз жоқ, салып қойған қаламыз жоқ, тіпті осындай жағдайда жаратып аларлық жаратқан Құдай бізге экономикалық негіздерде əуелі адамзатқа енші бөлген-де бізге ондай ғылыми кəсіптерді бермеген екен. Құдай тағала əуелі адамзатқа енші бөлгенде бізге ондай ғылыми табыстарды бөлмеген екен. Біздің шаруашылығымыздың негізін құраған төрт түлік мал, Алтайдың сұрапыл суықтарында əр он екі жылда бір ақсүйек болып тұрады. Сол малды отардан шулатып қыс үстінде айдап келдік. Жылқылар жалын тарап, құйрығын сүзеді. Арықтап шыққан малдар саудырап өле бастады. Арық малдар не ішсе іш тастай бастады. Шың Шысай бандиттерімен бірге Құдайдың мол беретін қазаққа еншісі осы болғандай. “Жұтаған жұртын мақтайды” деп

16 Шынай Рахметұлы Сүлейменнің көтерілісшілерге қосылуын былай деп баяндауда: “Өлгендер мен байланғандарды көргенде Сүлеймен қуанып кетті: - Иə Құдай, тілегeнім осы еді! – деді отыра кетіп. - Ел – жұртым, кешіңдер, мəртебе үшін емес, күн үшін осыларға ерген едім. Енді ел бостандығы жолында басымды бəйгеге тігемін! (Сүлеймен батыр осы сертінен таймады, көтерілістің көш басына көтерілді.) Рахметұлы Ш. Оспан батыр. Баян Өлги, 1995, 19-бет.

Page 163: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

163

қазақ сорлап отырсақ та, əлі де мал кəсібін дүниедегі бар кəсіпке теңемейтін надандығымыз да өзімізбен бірге жасап келе жатыр.

Біз туып ойламаған істерді істеуге жолығып қалдық. Біз қарулы орыспен де, қарулы Шың Шысай бандиттерімен де майданға түсіп алысатын болып қалдық. Бірақ сорға қарай Төре Шəріпханның əскері Ырысбек келетін секілді. Енді қайту керек? Тəуекел, жан аясаң жаралы қаласың. Ол жау ғой, ондай болса тəуекел. (18) Тəуекел атына расында мінуге мəжбүр болдық. Бұл дүние бізге бейнет пен ажалын бірдей əкелді. Орыс пен Шың Шысай бандиттерінің бізді аямайтынын түсініп жаттық. Орыстың мақсаты оларға қазақ керек емес, Алтай керек. Ондағы тас пен алтын керек. Ал қытайдың мақсаты да осы еді. Бізде күш жоқ. Тіпті жəрдем қылатын орын да жоқ. Оның үстіне, орыс пен қытай бізді алғанда, қазақпен алып жатыр. Өзіңді өзіңе салады екен. Ен қорлығы, ең ауыр іс осы болды. Сол заман сол жылы, сол ай, сол күні, біздің қызыл қолымызды еріксіз түрде өз жауымызға қарсы тұруға итермелеп сағым қуғандай апарып осы қанды уақиғаға енгізіп жіберді.17

Ежелден Құдайдың қазаққа берген еншісі аз емес еді. Ежелден қазақты жақсы жарылқап келе жатқан Алланың тағы бір қазынасына іліне кеттік. Бұрын тышқан өлтіруден қорқатын қазақ, бандыларды өлтіргенде лақтан бетер əрі оңай, тіспен де, тырнақпен де бауыздай салатын болып алдық.

Жауға қарсы соғыс комитетінің құрылуы

Біз тағы да Аллаға сиындық. Шіңгілді құлдап келе жатқан

бандит Шың Шысайдың əскерінің алдынан 150 адамды өрлетіп жібердік. Өзеннің оңтүстік жағымен Сүлеймен батыр мен Шамғұн əскерлері өрледі. Олар 200-дей адам еді. Ал өзеннің солтүстік жағынан Қарақас Көкей мен Сарбас Үмітбай мерген, Қаһарман мерген болып 200 адам өрледі. Ең алдымен соғыстың туған жері Шəкүртінің оңтүстік жағындағы жол үстіндегі қысаңда еді. Осы жерден Шың Шысай əскерлері келіп пулемет қойды. Бізден 60

17 Тарихшы Линда Бенсынның пікірінше, Шың Шысайдың қудалау жəне зорлық-зомбылықтары Алтай аймағындағы көпшіліктегі мұсылман халықтар мен азшылықтағы мұсылман халықтар арасында бірдей қытайларға қарсы дұшпандық пиғылды туғызды. Бұл сонымен қатар аймақта түрікшілдік идеяны да күшейтті. Сондықтан көтерілісшілер арасында кейін тəулесіз Шығыс Түркістан мемлекетін құруды жақтайтындар көбейген. Benson L. The Ili rebellion the moslem challenge to chinese authority in Xinjiang 1944-1949, 29-бет.

Page 164: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

164

адам шəйіт болды. Оңтүстік [адам аты жазылмай қалған] (19) батыр мен Шамғұн мерген əскерлері орап келді. Мен осы əскердің ішінде едім.

Біз 30 адам ақ қалпақ, ақ шапан киіп қардың арасынан жүріп, сол əскер жатқан жерге жақын барып атыс бергенде, олардан 30 адам өлтіріп, 13 жапон бесатар түсіріп алдық. Қанды соғыс болып жатқанда, оңтүстік жағымыздан екі қосар атпен Ыдырыш келді. Ол Ноғайбай үкірдайдан “Біз сіздерді тосып тұрмыз, жауды соғыспен алғанда қандай тəсілдер бар. Біз біргеміз. Сендерге Мұса мерген баратын болды” деп жазылған хат əкеліпті. Көп өтпей бізге Мұса мерген 20 адаммен келіп қосылды. Мұсаға олжа мылтықтан мылтық бердік. Олардың қолында мылтық болмағандықтан үш мың оқ əкеліпті. Осы күштердің жəрдемімен бандит Шың Шысай əскерлері жеңілді.

Алғашқы солтүстік бөлікке кеткен əскерлеріміз қайтып өзімізге келіп қосылды. Олар жүрген жақта жау əскерлері болмапты. Бандит Шың Шысай армиясын талқандап, Қайырқын Қадан Сұмнан асырып, Шіңгіл ауданына түсіріп жібердік. Сол күні түнде Өндірқарада бізге бағынбай тұрған Салық елін күшпен көшірдік. Бұл кезде Салық тəйжі Алтай Сарсүмбеге Əбдіқани залыңды жіберіп əскер сұрап жатқан екен. Біз оларды өзімізбен қосып айдап отырып Сартоғайға келдік. Сай аузындағы жазыққа апарып қондырдық. Шамамен 2.800 үй еді. Ноғайбай үкірдай, Нəзір тəйжі елі қыстауынан əлі көшпеген екен. Қаптағай Қарақас дұғалысының ауылы бізге келіп бірікті. Елмен бірге енді Бұлғынға қарай өрлей көштік.

Алдымыздағы Тарының қыстауының түбіндегі үш төбенің бауырында жау əскерінің қоры бар еді. “Осы қорды алсақ. Тезірек əскер жіберілсе” дегендіктен біздің топтан Есімхан қозғалы-сындағы Сүлеймен, Ноғайбай, Ырысхан, Мұса мерген төрт адамның басшылығында барып қорды қоршадық. Ақыры жаулап алдық. Ол қорда 30 адам бар екен. (20) Оларда Қашуын жақтағы Қара төбеге жиналды. Күн бойы атыстық. Алдырмады. Ақшамнан кейін ұран салып, төбенің төрт жағынан бірақ бас салдық. Жауды түгел өлтірдік. Бір адам қашып құтылды. 30 бесатар, 300 түйе жəне əскердің бүкіл азық-түлігі мен киім-кешегін түсіріп алдық. Бірер мың адамдық əскери жабдық түсіріп алдық. Осы жерден барлық ел бастықтары жиналып, Кеңес ашып Соғыс Комитетін құрып шықтық.

Page 165: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

165

Соғыс Комитетінің үш бастығы Ырысхан, Есімхан, Кəдірбай болды. Əскери азық-түлік дайындауға Ақтеке, Ноғайбай, Салық тəйжі белгіленді. Төрт жақты күзететін 400 адам қарауыл əскерлері белгіленді. Соғыс армиялары тізімделді. Саны анықталды. Оң жақ қарауылды Сүлеймен батыр, сол жақ қарауылды Мұса мерген, артқы шеп қарауылды Шамғұн мерген, алдыңғы шеп қарауылды Үмітбай, Қаһарман мергендер өз үстіне алды. Қашанда төрт жақтағы қорғаныс күшін басқару осылайша тұрақталды.

Ұйымдастыру істері аяқталғаннан кейін Жəнібектің туы18 сандықтан19 шығарылып ту тігіп, ақсарбас сойып, тілеу тілеп, мəуліт оқып, хатым шығарып, көк қасқа тай, ақсарбас қой сойып, бүтін ерлер біртұтас əскери міндет өтеуге тізімделді. Ел адамдары қызыл қанға қол матырып, бұзылмасқа серт берілді.

Біз осындай істеп жатқан кезде Шіңгілдегі жау əскерінен Сарсүмбеге хабар беруге кетіп бара жатқан 10 əскерді Қарасайдан тосып ұстап алып барлығын өлтіріп, Жəнібек туын ең алғаш рет қададық. Əскер бастап барған адам Жəнібек немересі Зарыққан болатын. Осыдан бір жұма өткеннен кейін Насыр Ноғай, Шақабай Шыбар қажының баласы Қасен зəңгі, Жамилиқа мүпти бастық үш адам өкіл болып жетіп келді. Олар бізге Шың Шысайдың сəлемін жеткізді. Залым Шың Шысай былай депті:

– Мен үкіметмін, сіздер бұқарасыздар. Əкелі-балалы қатына-сымыз бар. Өткендегі қателік сіздердің емес, (21) Көктоғайдағы мылтық жинау комиссиясының бастығы Жу Ұянжаң мен Көктоғай шəнінің өздерінің қателіктері. Соғыс қылмаңыздар. Тыныш тұрып мекенге келіп орналасып, мал төлдетіп алыңыздар. 18 Ер Жəнібек (1714 – 1792) Абылай хан дəуірінде Керейден шыққан атақты батыр. Керей қазақтары Жəнібек батырдың туы киелі санаған. Ол ту туралы аңызда, Абылай Хан бір шайқаста үлкен ерлік көрсеткен Жəнібек батырға “ердің ері” деген атақ береді. Сондай-ақ одан қалауын сұрайды. Сонда Жəнібек батыр: -Анамыз Абақтың желкілдеген желегін ту қып көтерген Керей елі едік. Сардар сайлап жасақ жасағанда түскен төбеме, шыққан тауыма тігетін туымды белгілеп беріңіз, – дейді. Қалың қолдың алдында Абылай Хан үш құлаш қара тамақ найзаға сапталған, ені кере құлаш қызыл сары жібек шашақты, ақ торғыннан жасалған үлкен туды ұсынады. Ақбоз атына мініп сауытының сыртынан ақ жамылып тұрған Жəнібек туды қолына алады. Абақ Керей: – Тар жол, тайғақ кешуде жанымызды құрбандыққа берсек те, Жəнібектің алдынан кесе көлденең өтпейміз! – деп ант береді. Рахметұлы Ш. Оспан батыр. Баян Өлги, 1995, 26-бет. Есімхан – Ырысхандардан кейін Оспан батырдың да көтерілісінде көтерілген бұл ту 1958 жылға дейін ұрпақтарында сақталып келді. Сол жылы Көктоғайда дүрбелең шығуынан алаңдаған үкімет Шінгіл ауданына арнайы адам жіберіп Ер Жəнібектің туын Алтай сақшы мекемесіне алғызды. Қазір бұл тудың қайда екені белгісіз. Шəкенұлы Ж. “Еліне ұран болған Ер Жəнібек”. Ер Жəнібек. Алматы, 2008, 8-22-бет; Рахметұлы Ш. Оспан батыр. Баян Өлги, 1995, 27-бет. 19 Бұл сандық осы күнде Шынжаң Ұйғұр Автономиялы Республикасы Шінгіл ауданында тұратын Мырзахмет отбасында сақтаулы. Ер Жəнібек кітабында сол сандықтың суреті де берілген. Шəкенұлы Ж. Ер Жəнібек. Алматы, 2008, 224-225-беттер арасындағы фото альбомда.

Page 166: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

166

Ол кезде Есімхан науқас – сары ауру еді. Сондықтан бүкіл қозғалыстың бастығы Ырысхан болды. Оның орынбасары Кəдірбай еді. Біз “Шың Шысай үкіметімен сөйлесу керек пе, əлде соғысу керек пе?” деп Ноғайбай үйінде жиын ашып отырғанымызда, Шіңгіл ауданына Көксеген үкірдай, Баянбай 13 адаммен жетіп келді. Біз бұзылғалы 37 күн болған еді. Шіңгіл шəнін қамап тұрмыз. Шонжыға кеткен біздің базаршыларымыз келді. Олардың айтуынша, Шонжы жолымен көп əскерлер келіп Дабысынға түскен. Бұл əскердің бір бөлімі Нармантыны жағалап, Күміске келіп, одан өрлеп Бұлғындағы біздің əскермен соғысып қалған.

Біздің əскеріміздің қолында мылтық жоқ еді. 400-дей адамдық партизан құраған едім. Ырысхан бұл хабарды естігеннен кейін “қырылып қалар ма екен?” деп жылағандай болып дереу қимыл көрсетіп түнімен əскер жүргізді. Сүлеймен басшылығында 400 адам жүріп кетті. Олар Сартоғайды өрлеп Күміс құйғаннан шықпақ болды. Біз де Мұса мерген басшылығындағы 300 адаммен Дөңті жолымен төтелеп жүріп, Күміс құйғанына бардық. Мұса мерген бұл жердің ахуалын əбден біледі екен. Бейітсайы құйғанынан барып түскенімізде сағат 11 мөлшері еді. Жасырын жолдарменен Бейітсайының аузынан кірдік те басына қарай өрледік. Үкімет əскері бөлім-бөлім болып Көксеген əскерін қоршап алып, соғу алдында тұр екен. Біз Бейітсайының басында отырған үкіметтің 50-дей əскерінің жанына жақын келдік. Бұл жердің қорғанысы азырақ жалаң төбе екен. Мұса, Қаһарман мергендер ата бастады. Жау сытырлап құлай бастады. Байлаулы тұрған 50-дей атты Мұса көріп үркітіп атқылап еді. Ат қашып бізге келді. Атқа келген жаяу əскерлерді қырып жібердік. Мен бір əскерді қуып (22) өлтіріп мылтығын алдым. Жəне бір əскер тұра қашты. Оны қуалап барсам, алдында Ақтайлақ бір əскерді қуалап барады екен. Мен өзім қуған əскерді жəне атып өлтірдім. Ақтайлақ бір əскерді өлтірді. Үш мылтық олжа алып қайтып келдім.

Дəл осы кезде музика даусы естілді. Əскерлер қопарыла қаша бастады. Біздің əскерлер өкшелей қуалай түсті. Бұл армияның бастығы генерал Балғау Лижан екен. Осы генерал қылышпен бес адамды өлтіріп жіберді. Ең ақыры Қарақас Кішкейді аттан жерге бір-ақ ала түсіп екеуі бірдей өлді. Осы генерал өлгеннен кейін əскер біртұтас шегінді. Оның маузерін Кішкейдің інісіне бердік. Сол күні бес жүз түйе түсіріп алдық. Біз өзіміз жиырма түйе олжаладық. Бұл əскер Күмістен асып Нармантының шығыс

Page 167: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

167

тұмсығын басып Дабысынға барып, Бəйтікті бойлап тар жолмен жүріп Шонжыға қайтып кетті. Мыңдаған гранат, 500-ден астам бесатар, 300 жəшік оқ, 300-ден астам ер тоқым, бес жүз түйе түсіріп алдық.

Біз бұдан бұрынғы барыстарда əскери олжаларды руларға бөлген едік. Ырысхан бұл жолды қате деп өзгертіп “жаудан кім не түсірсе алсын” деп бұйрық жариялады.

Бұдан соң Шіңгіл елімен бірлесіп көшетін болдық. Дəл осы жұртта отырғанымызда Үрімжі жақтан 50 айырплан келді.20 Бірі төмендей ұшқанда Мұса атып еді, ол айырплан жанып жерге түсті. Ол мың қойдың үстіне келіп түсіп өртеніп кетті. 200-дей қой шығын болды. Біз өрлей көштік. Шіңгілден екі мыңдай үй қосылып Бұлғынға қарай өрлей көшкенімізде екі айырплан келіп қағаз тастады. Қағазда “Гансуге кетпеңдер, жолдың бəрі шөл, сулардың бəрін əскерлер иелеп алды. Қолдарыңа түскен генерал Ли Ғанды азығын беріп Шонжыға жіберіп беріңіздер.” деп жазыпты. Күндіз жатып, түнде көшіп Моншық Қызылдың баурына келіп қондық. Бұл уақыт сəуір айының (23) соңы еді.

Осы кезде Дабысынды басып Үш Қыздың желкесінен шекара əскерлері келді. Бұл əскерлер Үш Қыздың желкесінен жүріп, екі мемлекеттің шекарасына келіп Жарынтыға орналасты. Біз Моншық түбінде едік. Бүкіл ерлерді əскери қызметке алып, Жарынтыдағы үкімет əскерлерімен соғыстық. Алғашқы соғыста екі пулемет, 300 мылтық түсірдік. Үш Қыз жағымен Мұса əскері кірген еді. Жарынты жағымен Сүлеймен əскері кірді. Мұса жағындағы əскерді Ақтеке би айдады. Сүлеймен жағындағы əскерді Ноғайбай үкірдай айдады. Жарынтының Алтай жағындағы төбені тартып алдық. Екі пулемет түсірдік. Жəнібек туын сол төбеге апарып тігіп қойдық.

Ал Үш Қыз жағына өту үшін жол қиын болды. Қалың тоғай, қыр жəне жерде қатқан мұз болды. Бұл жерде бізді тұзаққа түсірмек үшін жау əскерлері тоғай арасына кіріп жасырынып алып-ты. 300 адам Сүлеймен бастауымен ол орманды жарып шықтық. Бізден, ішінде Ноғайбай бастық бар, 20 адам шəйіт болды. Мұса əскерлерімен жаудың үш жүз адамын қоршап алдық. Күн батар алдында басып кіріп, тірідей жүз адамды ұстап алып қырып тастадық. Қытайлар мылтығын тастай-тастай салып таспен ұрды. Бізден де көп адам шəйіт болды. Зателбай, Ноғайбай, Сейілхан

20 Сүгірбаев, 3-5 соғыс айырпланының күніне екі – үш рет пулеметпен атқылап тұрғанын айтады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 20-бет.

Page 168: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

168

(Молқы), Дағыстан (Шақабай) ішінде алпыс адам өлді. Ақтеке ауыр жараланды.21 Жау əскерлері бұдан кейін тоғайды тастап жазыққа шығып алды да, тоғай бізде қалды. Осы барыста 11 күн соғыстық. Екі айырплан түсірдік. Үш айырплан жаралы болып кетті. 11 күннен кейін Шың Шысай бандиттері Моңғолиямен бірлесіп тұзақ құрды. Қалқадан төрт адам өкіл келді. Əлқиса, Балтабай, Түменбай, тағы бірінің атын ұмыттым. Олар:

– Қалқа мен Жапония бірлесіп кетті. Бізде коммунизм қалмады, – дегеннен кейін Сарбұлақ бен Шуырғынның тауына асып Бұлгын жалпағына қарай көштік.

Мұса мерген, Сүлеймен басшылығындағы 750 адам Жарынтыдағы (24) үкімет əскерімен атысып тұрды. Ел бір күн, бір түн көшіп жалпаққа қонды. Біз Жарынтыда тұрғанымызда Үрімжіден 40 танк жəрдемге келген еді. Жау əскері тағы да əлденіп алды. Танктен оқ өткізе алмадық. Ырысхан елді бастап Жалпаққа көшіп кетті. Мен Мұса мергеннің жанында едім. Мұсаның атын да ұстай білемін. Өзім де жаумен атыса білемін. Мұса мергеннің бір оғы жауға зая кетпейтін. Тіпті бір оқпен қабаттап бірнеше адамды түсіріп отыратын. Мұса мерген Бұлғын жазығына бармады. “Моңғолдар алдап отыр. Мен əзірге Өкбе тауында тұрайын. Жағдай нашар болса, Ырысхан маған хабар берсін. Онда түйемен Гансуге өтіп кетеміз” деп Ырысханға хат берді. Мен сол хатты алып Ырысханға əкеліп бердім. Мен Жалпаққа жақындағанда алдымнан көш шықты. Бұл Көжебай Сұлтанның көші екен. Ол адам маған:

– Мойнындағы мылтығыңды тығып бар. Қалқа мылтықтарды жинап жатыр, – деді.

Мен мылтығымды Көжебайдың түйесінің қомына тығып кеттім. Жалпаққа түсе қалсам, бес əскердің жанында екі шал отыр екен. Оларды ымдап шегіндіріп алып, Мұсаның қағазын бердім. Мен:

– Мына бес адамды өлтірейік, – деп едім. – Тұра тұр күн батсын, – деді. Осыдан кейін мен үйімді тауып алып демалдым. Алты атымыз

бар еді. Оларды Кəбілден суға жібердім. Екінті мөлшерінде бас жақтан да, аяқ жақтан да мылтық даусымен бірге өрт шықты. Пулеметтің оқтары көктен де, жерден де бұршақ болып жауып кетті. Біреуді біреу білмейді. Өрттің арасынан Арал Шақабайынан 21 Сүгірбаев Ақтекенің аяғынан жараланғанын айтады. Сонда, 21-бет.

Page 169: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

169

60 үй қашып шықтық. Ішімізде Шамғұн бар еді. Ол мылтық бермей қалған екен. Түнде қайта барып, қалған жүгімізді алып, шықтық. Ат көлігімізді тауып алып Шұбырғын тауына келдік. Бір жастағы Мафура деген қыз балам қайтыс болды. Сол жерде елді топтап Ырысхан тұр екен. Үркіп шыққан елдің өлгені өліпті, (25) тірісі сол жерге жиналған екен. Ырысхан мен Ақтеке:

– Қатын баланың арасында жүріп соғысу қиын екен. Шетке əсіресе Бəйтік Қаптыққа шығып алып соғысу керек, – деді. Ырысханға еретін еркектер қатын-баласын тастады. Жиыны 600-дей адам болдық. “Ешқандай адам əйел де, бала да алмайды” деп айтылды. Біз Сəрсембінің ұрқынан 40 адам ердік. Бір қысаңнан санап ерлерді өткеріп алдық. Халелдің қызы Мапаш рұқсатпен алып шығылды. Өйткені ол қыз Қожамбергеннің келіні еді. Тірі алдыңғы елге жетсек, апарып беретін болдық. Сарбас Үмітбай:

– Ұлым жоқ еді, – деп бір қызын еркекше киіндіріп ертіп алды. Қиямет-қайым болғандай əркім қатын-баласынан тірі айрылып,

жыласулар болып жатты. 600 адам түнімен жүріп, Көк Адырға келдік. Одан өтіп Өкпеге қарай жүргенде, алдымыздан Мұса мерген шықты.

– Менің жанымдағы адамдардан да бағынып кеткендері болды. Біз сіздерді тосып жатырмыз. Қытай мен Қалқа əскерлері бірігіп бүкіл елді ортаға алғанда біреуді біреу білмей қалды. Сүлейменнің қайда кеткенін ешкім білмейді. 200 неше адам Адамқұл, Көксеген үкірдай Қапшыққа қашып шығып кетіпті. Мен де арттарыңнан барамын. Бірақ қазір туыстарымды тосамын деп қалып қойдым, – деді.

Өкбе тауынан күн-түн демей жүріп, Ыламжыққа бардық. Онда біздің адамдардан қарауыл бар екен. Оларға біз де:

– Осы жерде тұра берсеңдер, артымыздан тағы да адам келеді, – дедік. Жəне бір адамның қарасы көрінген соң оған адам жіберсек 30 кісімен қашып келе жатқан Оспан Исламұлы екен. Оларда бес мырыш, бесатар бар екен. Осылармен бірігіп алып Кіші Қаптыққа бардық. Өзімізбен бірге бара жатып жолда адасып кеткен ағамыз Жақайбайды төрт күннен кейін тауып алдық. (26)

Мұса мергеннің шəйіт болуы

Үлкен Қаптыққа барсақ, алдымызда Көксеген тобы бар екен.

Сонымен мыңға таяу адам болдық. Кіші Қаптықтан Үлкен

Page 170: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

170

Қаптыққа бара жатқанымызда, жолдан қашып келе жатқан екі Сарбас жігіт кезікті. Оларды жер шарлауға үкімет жіберіпті. Оларды ұстап алдық. Бірақ, олар шынын айтқандықтан қоя бердік. Үлкен Қаптыққа бардық. Онда аң көп екен. Қорымыз болмағандықтан ашығу шықты. Гансуға бару да қиын болды. Ал тіпті Алтайға барудың өзі де қымбатқа түсетіндей. Сондықтан Баркөл елін бұзуды ойладық. Мұса мерген мынаны айтты:

– Мен Қалқаны шалып келейін. Артымызда не бар екен? Сендер бір күн тұрып біз келген соң кетіңдер.

Осыны айтқаннан кейін ол 60 адаммен жүріп кетті. Ертеңінде ерте Мұсаның əскері мен Қалқа əскерінің соғысып жатқан хабары жетіп келгендіктен Ырысхан біраз адаммен жəрдемге жүріп кетті. Оның артынан біз бара жатқанда, жиырма неше адам бір адамды өңгеріп келе жатқанын көрдік. Мұса мерген оққа ұшып кетіпті. Барлығымыз жыластық. Жыласып жатқанымызда екі айырплан келіп бізді көріп кетті. Біз Мұсаны аманат Қойсу дейтін жерге қойдық. Бұл жер түнкелі, шилі өзен болып кеткен жер еді. Айтылуына қарағанда Мұсаның оққа ұшқаны былай болыпты: “Осы жерге бізді іздеген Моңғол қарауылы келіп түседі. Оның үстіне Мұса да қарауыл жібереді. Мұса келіп олармен атысып төрт адамды алып түсіреді.

Моңғол қарауылы жатқан жер қалың ши болғандықтан Моңғол əскерлері шидің арасына кіріп жатып алады. Мұса мерген қандай жерде ши бүлкілдесе, сол жерді дəлдеп атып отырып барлық əскерді өлтірді. Ең ақырда жас бір бала:

– Ағатай мен қазақ едім. Бағынам, – деп айғайлайды. – Онда мылтығыңды тастап өзің кел, – деп Мұса кеудесін

көтергенде, оның жанында жатқан екінші бір адам Мұсаны атып жібереді. Оқ Мұсаның дəл маңдайынан тиеді.22 Мұсаның атқан оғы оның мылтығының аузынан кіріп құлағынан шығып кетеді.”

Сонымен Мұса өлді. Орны толмас қайғылы қаза болды. Бүкіл армия болып жер бауырлап жылап аза білдірдік. Тағдырдың ежелден бізді аямағандығын түсінетін едік. Бір Мұса бір дивизия жауды тоқтататын мерген əрі батыр еді. Алланың Мұсаға жіберген қазасының кімді аяғанын түсіну қиын. Жантүршігерлік езгіге ұшыраған біз қазақтарға Алланың тигізген бір көмегі осы болды. Мұсаны жерледік. Жеті қой сойып хатым шығардық. Оның үстіне

22 Сүгірбаев де бұл уақиғаны растайды. Ол Мұса мергеннің жаралы жатқан жау əскерінің қақ маңдайынан атып шəйіт еткенін жазады. Сонда, 22-бет.

Page 171: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

171

əскерлер арасында аштық кіре бастады. Біреудің тамағын біреу ұрлап жеді. Семіз малдарды ұрлап сойып жедік. Жағдай ауырлап барады. Ырысхан, Ақтеке “Гансудағы Адубай еліне барсақ” дейді. Екінші біреулер (27) “Ат арық, жолда су жоқ. Азық жоқ. Елге баралық. Ел ішіне кіріп əлденіп алып ат семіргенде, қыста жердің бəріне қар жауғанда кетелік” десті.

Осындай тартыс кезінде Масғұт, Қапсəмет молдалар кітап ашып “Мұндай өлу шəйіт емес, қатын-баланы қорғап жүріп өлсең шəйіт” деп шариғат сөйледі.

Мұса мерген өлгеннен кейін Ырысхан оның орнына Жəметті белгілеп:

– Мұсаның аталарынан тарихтан бері мерген кетіп көрген жоқ. Алда тағы бір мерген туғызып берер. Мына Жəметке дұға қылың-дар деген еді. Көпшілік дұға қылған. Ал енді Мұса өлтірген əскер бар. Артынан жəрдем келсе ол жердегі мылтықты ала алмаймыз. Осындайда мылтықты алалық. Осыған кім барады? – деді.

Бірінші болып мен жазылдым. Онан соң тағы Кəрім, Қинаят, болып төрт жігіт жазылдық. Арғынбек пен Ырайысхан моллалар көздерінен жас ағызып бата берді. Мен қарауылға барғаннан кейін төбеден жауған қардай ыра жөнелдім. Тақыр жыраның үстінде, төбенің ортаң белінде Қалқаның əскері шатыр тігіпті. Жүгіріп барып шатырдың ішіне кіріп кеттім. Қалқаның оғы құйып тұрды. Шатырдың ішінде екі жəшік оқ, бір былғары қоржын оқ бар екен. Шатырға кірген соң оқ атылмай қалды. Шатырда одан басқа зат жоқ екен. Шатырдың іргесінен Қалқаның əскері жатқан шиге қарасам сары жарғағымен (28) теңкиіп өліп жатқан əскерлерді көрдім. Мылтықтары да жанында екен. Біраз ойландым. Мерген-дердің оғы азайып еді. Соларға Алла жəрдем етсе осы оқты жеткізейін дедім де, қоржынды мойныма салып 1.800 оқты көтеріп алдым. Сөйтіп шатырдан шығып, қайта Ырысханның жанына жетіп келдім. Барлығы шулап:

– Оқ бер, – деді. Ырысхан екі жəшік оқты оларға бөліп берді. 600 оқ өзіме қалды. Ырысхан тағы мынаны айтты:

– Нұрғожай 1.800 оқ əкелді. Өлген əскерлер көп екен. Барлығы мылтығымен жатыр дейді. Қалқадан əскер келіп құтқарып кете ме екен? Осыған тəуекел деп көретіндерің бар ма?

Ырысхан маған қарап: – Нұрғожай сен қайтесін? – деді. – Аллаға тəуекел мен кірейін, – дедім.

Page 172: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

172

Сонымен он екі адам жазылдық. Біз он екі адам төрт жақтан бөлініп алып, ұран салып кірдік. Оқ жауып кетті. Сонда да аман-есен шиге барып, ілініп жата қалдық. Талғатбек жаралы болып қалды. Ол маған:

– Бұлардың арасында тірі адам бар көрінеді. Сақ болыңдар, – деді.

Өлген бір əскердің иығына мылтық қойып бір адам бізді атып тұрды. Ол маған жақын жерде тұр еді. Мен тəуекел деп соған ұмтылдым. Арт жағынан жетіп барсам, ол жаралы адам екен. Ол бұрылғанша, қылышпен ұрып қалдым. Құлап кетті. Мойнындағы нағанын, қолындағы мылтығын тартып алдым. Моңғолдың бүкіл əскері түрегелгенде, аңдып отырған мергендер бірден бірден атып жібергенде, алдымызда жау қалмай қалды. Шидің арасынан үш бесатар алдым. Оның екеуін ағайындарымыз алды. Жаудың барлығы 46 адам болып біртұтас жойылды. Ішінде екі пулемет, екі миномет, бір автомат, бір маузер бар жиыны 48 құрал түсірдік. Одан 33 құралды біздің Шақабай тобы алды.

Жауды жеңіп, артқы қосымызға қайтып келдік. Екі күннен кейін Ырысхан жеті түйе сойғызып, Мұса мергенге хатым түсіртті. Бүкіл əскерлер жиналып (29) болғаннан кейін Ырысхан сөз сөйледі. Ішімізде ел адамдарынан Ақтеке үкірдай, Шамғұн мерген, Үмітбай батыр, Оспан батыр, Есімхан үкірдай бар еді. Ол кезде Ақтеке мен Есімхан екеуі де сырқат еді.

Ырысхан өз сөзінде: – Жолдастар қан кештік. Қаза көрдік. Қатын балалардан

айрылдық. Сонымен қатар бұл жолы бізге ерекше ауыр тиген жағдай, соғысқа бел шешіп қатынасқан ержүрек батыр, атқан оғы жерге түспейтін Мұса мергеннен айрылдық. Бізге ауыр қаза, тіпті орны толмайтын қаза осы болды. Мұсаның ата-бабасынан мерген бір үзілмеген еді. Сондықтан Мұсаның орнына баласы Жəметті, Мұсаның атына мінгізіп, қаруын асындырып қойдым. Алдарыңыз-дан өтсін. Дұға қылыңыздар. Осы жолғы, Мұса мерген оққа ұшқан соғыста, өте қиын бекіністе жатқан жəне осы замандық қарулармен мұздай қаруланған жауды Нұрғожай, Ақтайлақ сынды екі адамның батырлығымен жойып, соншама қару-жарақ түсіріп алдық. Бұл – осы екі адамның батырлығы. Көзбен көрдіңіздер. Сондықтан осы екі адамды батыр деп таныдық. Батырлық атақ бердік. Отырған көпшілік дұға қылыңыздар, – деді.

Page 173: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

173

Хатым аяғында бүкіл халық, бүкіл армия осы үш адамды алдарынан өткізіп бата берді.

Күресуге анттасу

Жау қолынан қашып шыққан адамдар екі ұдай болды.

Ырысхан, Ақтеке тобы: – Гансуге кетеміз, – деді. Масғұт, Қапсəмет моллалар кітап ашып: – Қатын-баланы қорғап жүріп өлсең шəйіт боласың. Өз

басыңды алып қашып жүріп өлсең, шəйіт болмайсың, – деді. Ырысхан, Ақтеке: – Егер біз елге барсақ, жау сендерді үйлеріңе жібереді. Мал-

жаныңды əперер. Біраз қарыңды тойғызған соң біз бұқара едік. Біздің үкіметке қарсы шығу оймызда жоқ еді. Бізді құтыртқан Ақтеке, Ырысхан, Қапсəмет, Көксеген деп ұстап бересіңдер. Сондықтан мен елге баруды қаламаймын, – деді. (30)

Олар сөзін одан əрі жалғап: – Егер сіздер шын ислам ережесі бойынша ұлттық қасиет,

адамдық қасиет бойынша іс көретін болсаңыздар, дұшпанмен шəйіт болғанға немесе бандит Шың Шысай үкіметімен белгілі шарт тоқтамға келгенге дейін күресесіздер. Ол үшін “тірі болсақ бір төбеде, өлсек бір шұңқырда” деп ант бересіңдер. Осындай сенім болса, онда елге қайтып барып соғысу қажет. Барлықтарыңыз көптеген туыстан айрылдыңыздар. Моңғол – орыс – Шың Шысай бандит армиясының тұтқиылдан алдап барып жасаған шабуылы салдарынан он мыңдаған туыстардан қапыда айрылдық. Мыңдаған балалар бесігімен өртке кетті. Біздің Абақ Керей тарихында болмаған ауыр жағдайға, өте ауыр қырғынға ұшырадық. Бұл жолғы шабуыл біздің есімізден мəңгі кетпейді. Ұрпақтан ұрпаққа тарих болып қалады. Сөзге сенген сұм басымыз алдауға мықтап түсіп кеттік. Он мыңдаған қатын-баладан айрылдық, – деді.

Олар сөздерін аяқтағанда, бүкіл əскери адамдар: – Біріміз қалғанша соғысамыз. Алланың атымен ант етеміз, –

деді де “Жəнібек” деп ұран салып, бүкіл Қаптық тауын күңірендірді.

Шамғұн мен Үмітбай бастаған он екі елден он екі адам қасем ішіп серт берді. “Тірі болса бір төбеде, өлсе бір шұңқырда” болатын болды.

Page 174: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

174

Ат арық еді. Азық таусылған болатын. Əскерлермен жылжып жүріп Бəйтікке келдік. Бүркіт Ұясынан шығып Шібетіге келдік. Бұл жер өткенде Қожамберген ауылы мен елі шабылған жер еді. Онда көптеген киіз үйлер тігулі күйінде қалыпты да, жылдар өтіп дауыл соғып құлап-құлап жатыпты. Басқан жерлерде сүйегі қурап жатқан адам өліктерінен аяқ алып жүре алмайсың. Қаңқасы бүтін жатқан көптеген сүйектерді жаназалап көмген болдық.

Біз осы жерде біраз демалдық. Сонсоң Ырысхан Оран Бұлақта жатқан үкімет əскерлеріне шабуыл жасап, ат, азық түсіріп келуге əскер жіберді. Біз елу неше адам бардық. Елден ат, азық алдық. Ол ел қашып Шонжыға түсіп кетті. (31) Бандит əскерлерімен соғысып, 14 адамын өлтірдік. Шыбар Керей 200 неше үйден мал алдық. Бандит əскерлерінен бір қанша мылтық, оның қорынан бір қанша қор түсіріп алдық. Ол жерден көшіп Бəйтіктің теріскейіндегі Қарағайты, Құжырты, Нарын Қарағайты қатарлы үш сайға келіп бекіндік. Төрт жаққа бірдей қарауыл қойып, он күндей тыныш жаттық. Дəл осы кезде Бəйтіктің теріскейін күзеткен өзіміздің қарауылдан хабар келді. Онда “Қарағанды Ұшық дейтін жерге жау келіп түсіп жатыр. Бізге келген жау болуы керек. Дайын тұрсын” делініпті.

Ертеңінде күн шыға екі айырплан жетіп келді. Ұзақтан айналды да, қайтадан Қарағанды жаққа кетіп қалды. Енді бір сағат болмай жатып жеті айырплан келіп бомбалады. Біз аз емес, мыңнан астам адам жəне ат-түйелеріміз бар еді. Оның үстіне осы көліктердің бəрі де арықтап тұрған кезі еді. Тау-таудың арасына бөлініп кірдік. 50 адам шəйіт болды. Ақтеке үкірдай жеті жерден жаралы болды. Көлік көп қырылды. Жау армиясымен екі күн, бір түн атыстық. Жау саны соншама көп болса да, атап айтқанда бес мыңнан астам қарулы жау болса да, бізге басып кіре алмады. Айырплан əр уақыт келіп бомбалап тұрды.

Екі күннен кейін бастықтар ақылдасып “Жадағай жерден жау бізді алып қояды. Нармантыға барып жиналып алып Алтай тауына шығып кетелік.” деп қарар шығарды. Əскерлермен бөлініп бөлініп түн жастанып көшіп, теріскей Ластыны құлдап Дабысынға келдік. Ол жердегі қалың жаумен екі күн сұрапыл шайқасу болды. Дабысында жатқан он мындаған қытай армияларын басып жаншып өтіп, 300 неше мылтық түсіріп Арманты тауына шығып кеттік. Арманты тұмсығына қонған күні Ақтеке үкірдай қайтыс болды. Армантының Ботамойын жағынан кесіп өткен əскерлердің алдынан

Page 175: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

175

тосқан жау əскері шықты. Екі күндік шайқастан кейін жау армиялары шегініп кетті. Ол жерде асқан ерлік көрсеткен Зиядан батыр шəйіт болды. Ырысхан мені Талдысайдың басындағы Ұшықатты кезеңді көріп келуге (32) жер шалғызып жіберді.

Мен сол кезеңге келдім. Менен бұрын жау əскерлері келіп, тастан окоп жасап қойған екен. Менің жанымда інім Кəбіл бар еді. Онан басқа да үш жақсы жолдасым бар болатын. Күн сондай тамаша шыққан екен. Сол күн нұрына қызығып көйлегімді шешіп біраз шуақтадым. Сөйтіп отырғанда айырплан даусы естілді. Қарасам, астындағы жақтан Талдысайды өрлеп бауырлап ұшып бір самолет келе жатыр екен. Нысанаға алып отыра қалдым. Айырплан жетіп келгенде лётчикті дəлдеп атып қалдым. Бір нəрсенің шарқ еткен даусы естілді. Айырплан жалт беріп артқа қарай ылдилап ұша жөнелді. Соның арасында артқы жағымыздан Ырысхан да жетіп келді. Шарқ еткен жерге барсақ, бір сандық түсіп қалыпты. Біз де алды-артымыз жиналғанша кезеңді күзетіп отырған жау əскерлері де сайды өрлей келіп қалды.

Алтай тауына шығу Осы кезең үшін жау əскерлерімен үш күн атыстық. Төртінші

күні өзіне қараған 200 адаммен Көксеген үкірдай бағынып кетті. Оның бағынып кетуі біз үшін ауыр, мұңды жағдай болды. Сөйтіп отырғанда, Тақырбастау, Сарбастау жағынан Сүлеймен батыр өз адамдарымен жетіп келді. Олар қыс бойы тыныш жатып, аттарын семіртіп алған екен. Сүлеймен келгеннен кейін жау əскерлері шегініп Шіңгіл ауданына кетіп қалды. Біз Сүлейменмен бірлесіп, өзеңді құлдап Ақыт мешітіне барып жиналып, сол жерге жұма оқыдық. Шағыролдың аузымен Секпілтайдан кесіп өтіп жайлауға шықпақ болып, мидай жазыққа жүрдік. Жау əскерлері бізді Алтайға шығармаудың барлық тəсілін істеп жатты. Алтайдың жері қиын. Ондағы қалың орманға шығып алсақ, жау үшін қымбатқа тоқтайтынымызды олар да əбден түсінген. Жау жолдың бəрін алып қойған.

Бізге қандай шығын берсек те жауды жарып өту керек болды. Көп адам шəйіт болды. Ақыт ұлы Ибат молла, Кəбіл Шөкеұлы, Нұрнейіс батыр (молқы), Зал зəңгі жаралы болды. Біздің осы

Page 176: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

176

хабарымызды естіп үкімет Секпілтай, Шанқаңда отырған елді айдап, Шіңгіл ауданына апарып жинады. Ақыт қажы тұрғын елдерін, Салық елдерін Көктоғай қаласына апарып қамады. Ырысхан əскерімен бірге Шеруші, Қарақас Халел ауылы еріп бірге шықты. (33) Біздің ішіміздегі доғалы ауылдары Құжырты Доржыға шығып кетті. (Ол жер Тұрғынның басы еді.) Осындай жағдайда Ырысхан:

– Партизан күштерді ел арасына бөліп сіңдіріп, жер-жерден атыс қозғап, жаудың есін шығару керек. Жəне ел ішіндегі мықты жігіттерді құралдандырып, оларды атысқа тəрбиелеу керек. Алтай тауының жері мықты. Жау болса жер сырын білмейді. Сендер жер сырын білесіңдер. Қаша соғысу, қуалай соғысу, жарды орманға қамап төрт жақтан бірдей жою, жауды шаршату, қажыту керек, – деп жер сырынан мықтап пайдалануды баса көрсетті.

Қолдағы құралдарды теңшеп байланыс жасап отыратын адамдарды белгілеп қоя берді. Біз Ырысхандардан бөліндік. Ағамыз екеуміз Арал Шақабайының ішінде едік. Қарашораға бекініп алдық. Ол жерде сегіз күн жаттық. Сол жылы сол тауды қыстаған Қыбырбай Майтас деген Шыбарайғыр бар екен. Сонан бір қой алып жедік. Тоғызыншы күні түнде жүріп Халелдің Тасбастауынан өтіп, Түнкенің арасындағы бір төбеге келдік. Сонда түнеп таңертең тұрсақ күн тұман екен. Жанымызда жақын жерде жаудың қарауылы бар екен. Арғылтай жақтан музика даусы естілді. Бағып қарасам қарауыл төбеден бір əскер бізге қарап түрегеліп сиіп тұр екен. Ағамды оятып көрсетіп едім.

– Атып жібер, – деп бұйырды. Атып жібердім. Құлап түсті. Арғы жағынан тағы біреу шыға

келді. Оны атып жібердім. Екеуі де өлді. Бұл əскер атты əскер екен. Олар мені қуалады. Ағамыз бөлек қашты. Мен қашып отырып Тасбастаудың бас жағындағы Есенқараның бір үлкен жырасына түсіп кеттім. Екі көк атты, бір қарагер атты əскер мені өкшелей қуды. Дəлдеп отыра қалып бір атып едім, қарагер атты құлап түсті.

Жау тоқтап қалған орайды пайдаланып Есенқараға шығып кеттім. Мен бекініске жеткеннен кейін жау тоқтап қалды. Айналып қоршап алған жаумен күні бойы атысып 600 оқ шығардым. Бір əскер батып жаныма келе алмады. (34) Күн бата түн жамылып қаштым. Шұлғау қараның етегімен жүріп отырып Тақырбастаудан шығып, Тұрдыбек бастауына келдім. Бұл жер қамысты, айналасы

Page 177: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

177

қара адыр еді. Сол жерден демалып су іштім. Онан соң атымды суарып біраз отқа қойдым. Таң ата ағам да сол жерге жетіп келді.

– Сенің атқан мылтық даусыңды естіп отырдым, – деді. Ағайынды екеуміз Бұраты ішін құлдадық. Бұл сайдың іші

сойыл мен шоқпарға үйіліп қалыпты. Біраз сонда бекініп алдық. Ертеңінде өз алдына қашып бекініс іздеген Қарақас Сасықбай, Имам Ахмет қатарлы төрт адам келді. Олардың айтуынша, ел аман екен. Үйін сағынғандар жауға барып бағынып жатыр екен. Қаһарман, Зал зəңгі бағынды дегендіктен ағам:

– Олармен еріп мен де бағынайын. Сөйтіп елдің ішкі ахуалын білейін, – деп кетіп қалды.

Ертеңінде қарауылдап бір жартасқа шықсам əкем келе жатыр екен. Əкемді көріп айғайлап едім.

– Əміре қайда? деп сұрады. Мен: – Үйге қайтып кетті, – дедім. Əкем маған: – Мылтығың болса, бағынба. Сүлеймен, Шамғұн бағынбай

Жыраты басында қалып қойды. Соған бар, – деді. Сол жерден бір доғдуадақ атып, алдымен оны пысырып жеп, бетке барып бекініп алып ұйықтадым. Сол түні Сүлеймен Қабдұл деген баласымен, Шамғұн Қопай деген баласымен мен тұрған бастауға келді. Енді қайтадан бес адам болдық. Сонымен Итекке барып бекіндік. Сүлеймен бізге:

– Қапсəмет үш жүз адаммен бағынып кетті. Оспан өз адамдарымен Аралда. Оспан бағынатын емес. Олар Жазықбай Кілби, Мардан сайының аузын жəне Сарсүмбе мен Көктоғай екі арасындағы жолды тосу үшін Ышқынты, Тұлтыда бекініс алып жатыр, – деді.

Оспан күш жинауда

Мен ертеңінде Оспанды іздеп Жазықбай Кілбиге бардым. Онда

елден хабар алып бермек болып төрт хансу мен Қарақас Халелдің інісі Қаби жүр екен. Оларды тар жолдан аңдып, төрт қытайды атып өлтіріп, Қабиды қолға түсіріп байлап алдым. Он екі мылтық түсіріп алдым. Қаби:

– Біз қашанда сіздермен бірге өлеміз. Қазір күн үшін осыны (35) істеп жүрміз, – дегенді айтты.

Page 178: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

178

Қабиды қоя бердім де төрт атты əкеліп, бір таудың арасына бекітіп қойдым. Сонсоң Ышқынтыға қарай жүрдім. Алдымнан он кісімен келе жатқан Зейнел Текешұлына кезіктім. Зейнел:

– Жол тосып жүріп көп адам өлтірдік. Көп олжа түсірдік. Айтуғандардан 50-60 адам ғана қалдық. Сіздер бізге келіңіздер. Қуүйден табысалық. Мүмкін болса, Қайыраты Қу Үйдегі өз елдеріңізді айдап келіңіздер, – деп олар жүріп кетті.

Мен олжаға алған төрт атты алып, қостағы Сүлеймен, Шамғұнға келдім. Ол күндерде өзендердің барлығы тасып жатқан кез болатын. Олар бір күн еру болды да Қопай екеумізді “Өртең сайын шалып келіңдер” деп жіберіп қойды.

«Қопай екеуміз Сарбұлаққа келсек, көшкен елдің ізі Итек Қызылға қарай кетті. Біз осы ізге түсіп қуып келсек, Оқан зəңгі, Сарбас Үмбітай қатарлы сегіз үй екен. Есет Молқы, Қауым, Жазған ағайынды екеу бар екен. Бұлармен табыстық. Біз осы сегіз семья-мен бірлесіп алып Қарасумен асып Сұптыны өрлеп Қайыртыға келдік. Ел ішінде үкіметке хабар беріп тұратын тыңшылар бар екен. Олар Қарақас Бұқар, Найман Қиымды делінді. Сондықтан біз оларды барып ұстап алдық.

Елді айдап Қу Үйге алып келсек, Оспандар сол жерде бізді тосып отыр екен. Дəл осы кезде Көктоғайдағы əскерге азық əкеле жатқан 200 түйені бүкіл азық түлігімен түсіріп алдық. Бұл əскердің бастығы Алиюң дейтін қазақ екен. Осы əскерлерді Жебеті басынан Ақбұлаққа асып түскен тақырдан күтіп алдық. Алиюң өзі қашып кетті. 30 əскерді түйесімен алып, Бала Ертіс басына алып келдік. Бұдан соң Əділхан бейсі, Солтікен залың еліне кісі салып, бағынуларын талап еттік. Олар бізге шарт қойды.

– Кілең, Ақбұт, Күректі, Жолты қатарлы төрт жерді бізге босатып беріңдер. Біз сонда сендерге бағынамыз, – деді. Біз 150 адамдық əскери күшпен Кілеңге келдік. Онда 18 сақшы бар екен. (36) Жəне онда сəудегерлер мен аңшылар да бар екен. Сақшыларды жаулап, Кілеңді тартып алдық. Ақбұт өзінен өзі бос қалды. Күректі мен Жолты екеуі де бос қалды. Күректінің басы Құттыбай Қарақас жайлауы Жіпілікке келдік те Арал елінің ел бастықтарын шақырып жиын аштық. Ол елдің бəріне бағынуды талап еттік. Молқы Əбу, Қани залың, Қарақас Солтікен залың, Тоқтаған зəңгі Сарсүмбеге қашып кетті. Аралдағы Қарақас, Молқы, Ителі, Сарбас, Шақабай елдері біздің талабымызды қабыл етті. Əділхан, Құсайынбай, Сағатай, Əбдірахман, Төлебай, Қажақын, Асыл, Шақабайдан Зал

Page 179: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

179

зəңгі, Ителіден Ақмолла, Үмітбай, Оқан елі түгелдей бізбен бірге əскери міндет өтеуді мақұлдады. Біз олардың ең алғашқы төрт жерін жаудан тартып алдық.

– Енді осы жерлерге қарауыл қоямыз. Сіздер əскер беріңіздер, – дедік.

Сонымен қатар Көктоғайда Салық елі, Машан Молқы аз ғана Моңғол, Шыбар Керейлер бар еді. Оларды үкімет қолынан тартып аламыз деп уəде бердік. Ел бізге ат жинап берді. Мал семірді, жарамды аттар да толайды, ел де тойынды. Біз ол жерден 500 əскер құрап алып Көктоғайға жүріп кеттік.

Оспан, Шамғұн, Үмітбай, Кəмел батыр, Зейнел, Абзал, Ыбыраһим, Қапас, Кəшапат, Ердіхан қатарлы Айтуғандардан қуатты мергендерді таңдап алдық. Бес жүз адаммен Көктоғайға ақшамда барып кірдік. Темекі Бұлақ арқылы Ақмойнақтайтан көпірдің аузын барып алдық. Көпірді күзеткен он əскерден бесеуін өлтірдік. Бесеуі қашып кетті. Таң атқанша біздің əскерлер Қайырты жағын алған еді. Көктоғай жағында үкімет əскері болды. Салық елін, бес жүз үй мен Көкмоншақтағы 150 үйді үкіметтен тартып алдық. Таң ата көпірді тартып алып, судың арғы жағасына өттік. Үкімет əскерінің екі мыңнан аса атын айдап алдық. Көпірді өртеп жібердік. Қайырты жағындағы партизандар тоғай арасына жасы-рындық. Үкімет судың ар жағындағы таудағы қарауылдан ұзақтан атып тұрды. Күн шыға Алтай жақтан екі айырплан келді. Оларды Тас төбеден Оспан тосып тұрып (37) атып еді. Оқ тиіп айырплан жаралы болып қашып кетті де қайта айналып қалаға келіп түсіп қалды. Елді алып болған соң қала ішіне кірмей, біз шегініп шығып кеттік. Қайыртыға жетіп барғанымызда он адаммен бізге Сайып келіп қосылды. Ол бізге:

– Біз Үш Құжырты, Доржы да екі айдан бері атысып жатырмыз. Қолымызда 300-дей үй Қарақас, Шеруші бар. Ырысхан мен Лəтіп ішінде 200-дей салт адамдарымыз бар еді. Біз сіздерді іздеп келдік, – деді.

Шамғұн мен Оспан тұрып: – Ертіс басымен Жінгі Қайыртыны асып бізге қосылыңдар. Біз

мына елді айдап Алаайғырға апарып тастаймыз. Сонансоң тіпті алдарыңыздан шығамын, – деп уəде берді. Сайып қайтып кетті. Ырысхан 20 адаммен Есімхан қасынан келді. Олар да ауылдарын тауып алыпты. Сонымен 600-дей семья құрап алдық. Оспан, Шамғұн, Үмітбай, Ителі Сəли тəйжі, Арал елінің азаматтары болып

Page 180: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

180

Қарадүрбіннен асып қара жолмен жүріп үлкен Қайыртыны астық. Одан əрі жүріп Жінгі Қайыртының құйғанына бардық. Сол жерге түскен соң сол сайды өрлетіп қарауыл жүргіздік. Шолғыншы өрлеп бара жатса алдынан бір адам кезігіп

– Ел келе жатыр, – деп сүйінші сұрапты. Жінгі Қайыртының аузынан елді тосып алдық. Ырысхан, Лəтіп,

Қадырбай, Халелұлы Сайып жəне Сəли, Шеруші Көшербай бастаған 300 үйді Қарадүрбін басынан асырдық. Алаайғыр, Шұлғау Дарасына апарып орналастырдық. Барлық ел бірбіріне қосылды. Біз Жінгі Қайыртының аузында жатқанымызда артта қалған Көкмоншақ елдерін жау əскерлері басып алып, көп күшпен біздің үстімізден түсіп қалды. Кіндік талда бір күн, бір түн атыстық. Ақыры жау Үлкен Қайыртыға барып түсті. Жау басым келгеннен кейін халықтан ат-азығымен 1.500 адам алдық.

Жауға берілген алғашқы соққы

Осы қалың жауға үш төбеден атыс бердік. Бірінші жағы қара

жолдың құйғанындағы қыратпен болды. Оған Оспан Шамғұн 300 əскермен жүріп кетті. Ал Алаайғыр шоқысына Ырысхан, Лəтіп, Сүлеймен батыр 300 адаммен кетті. Кəмел басшылығындағы 300 адам болса Жінгі мен Үлкен Қайыртының арасындағы тұмсықтың астына жөнелді. (38) Онда қытай армиялары түскелі төрт күн болған еді. Атыс ұяларының барлығы қытай қолында болса да, биік таулардың барлығы біздің қолымызда еді. Жау екі үлкен зеңбірек əкеліп орнатты. Əр күні 5-6 айырплан орман іштерін келіп атқылап, бомбалап тұрды. Орман қалың болғандықтан бомба көп зиян қыла қоймайды. Төрт күн соғыстық. Бесінші күні үш жақтағы партизандар жаудың ішіне кіруге уəделестік.

Оспан, Шамғұн жақтағылар төбеге жақын келдік. Таң атуын тостық. Бір бірлеп шалғын шөптің арасымен орманға келіп кіріп алдық. Төбенің бауырын жағалап жаттық. Төбенің бауыры үлкен кең қойнау еді, əрі үлкен үңгір бар еді. Жау төбенің үстінде тұрды. Бір қытай бізге қарап сигенде атып қалдық. Адам жығылып қалды. Сол мылтықты барып алам деп Найман Жақыпбек деген жігіт оққа ұшты. Мен үңгірдің аузына шыға келгенімде бір жау əскері желкемнен жетіп келіп “мəлыкіби” деп айтуға мүмкіндік болмай алыса кеттік. Қойындасып барып көк шөппен бірге бірнеше жерге дейін домаланып кеттік. Бір уақытта үстіне шығып алып

Page 181: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

181

буындырып талдырып барып қылышымды қолыма алып шауып өлтірдім. Артымнан Сүлеймен келді. Бұл жаудан құтылып тоғай арасына кіріп кеттік. Екінші жақтан Кəмел батыр пулеметті атып тұрған қытаймен бірге ат үстінен жұлып əкетті. Ол пулемет атқан қытайды сүйреп алып өлтіргенде 300-дей адам ұран салып қытайға келіп кірді. Шердиманды тауып алған Оспан екеуміз екінші бір атыс беріп тұрған жау əскерінің сыртынан келіп атып 6-7 адамды өлтірдік. Содан кейін Оспан екеуміз акопқа жақындап келіп ішіне 50-ден астам гранат тастап жібердік. Акопта бұғып жатқан қытайдың көбі қырылып, қалғаны сайды құлдай қашты. Арғы жағынан Сүлеймен, Шамғұн əскері, алдыңғы жағынан Кəмел басшылығындағы Айтуғандар ұран салып кіргенде мыңнан астам қытай мылтығын лақтырып жіберіп тасып жатқан өзенге түсіп кетті.23 (39)

Ырысхан шыққан төбе аса қауіпті болды. Ол жақтағы жау əскерлері орман ішіне кіріп алды да, Ырысхан адамдары жалаңаш тақыр төбеде қалды. Сүлеймен сол жаққа барды. Оған еріп мен де барып көмек бердік. Сүлеймен сығалап атып жауды түсіріп отырды. Сүлеймен əсте бір оқты бір адамға зия қылмайтын. Ол Мұса мерген сияқты “бір оғым үш қытай” деуші еді марқұм. Дүрбі салып

– Бір қытай тұр. Осыны атам, – деді. Соны дəлдеп атып еді. Əлгі қытай қарауылдан ұшып акоптың

бір жақ алдына келіп түсті. Оның дүрбісіні барып алам деп Самарқан шəйіт болды. Сол түні Ырысхан жағындағы партизандар ұран салып келіп кіріп еді. Қытай түнімен суға түсіп қырылды. Қалғаны Көктоғайға қарай қашты. Қытай сайдың ішінде жайрап қалды. Ал суға мылтығымен түсіп өлген қытайда сан болмады. Ол кезде су тасулы, əрі лай еді.

Осы соғыс қорытындысында Ырысхан “жаудан түскен олжаны кім түсірсе сол алсын” деп бұйрық жариялады. Соңғы кездердегі соғыстарда, жоғарғы соғыс қолбасшылары ұйымдастырса да, ұйымдастырмаса да əркім талқанды майға араластырып тақыр

23 Бұл уақиғада жаудың қатты соққы жегенін Жақсылық Сəмитұлы былай деп суреттейді: “Ең соңында қамауда қалған қалың əскер басқа ешбір амал таба алмай, өздерін өзенге тастады. Сол кезде көзімен көрушілердің айтуына қарағанда, өзеннің беті қара-шобыр адам болып кеткен. Аздаған су ішері барлары өзенмен ағып барып, аяқ жақтан жағаға шыққаны болмаса, басым көпшілігі асау өзеннің адуын толқынында көміліп өлген. Тобынан бөлініп қалып, адасып, тоғай арасында қаңғып жүрген бірен-саран əскерлерді қойшылар көріп ауылға айдап əкелген. Алғашында айқұлақтанып, қазақты қырып салмақ болып, айбынданып келген Қытай əскерлерінің кейінгі күні осыған қалған. Сəмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. Алматы, 2000, 113-114-бет.

Page 182: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

182

тұлыпқа салып алып ру-руымен кете беретін болды. Қарауыл жұмыстары да жақсы реттелді. Əр ру өзі отырған жақтағы қарауылды өзі мойнына алды. Алтай, Бурылтоғай, Көктоғай, Шіңгіл аудандарының бəрінің айналасы Моңғолиямен шекара жəне қытай əскерлерінің келетін жолдары болғандықтан, сол жолдардың бəрі тізімге түсіліріп қарауылдары маңындағы руларға жүктелді.

Осы жолғы жаудан 1.500 бесатар, 40 маузер, 50 дүрбі түсті. Ат түйелер мыңдап түсті. Ат пен түйе барлығы төменгі Алтайдағы елдің түйесі, елдің аты еді. Ырысхан маузер мен дүрбілерді ел елді ұйымдастырып жүрген ел бастықтарына берді. Онан соң ерекше еңбегі сіңген Сүлеймен батыр, Оспан батыр, мен [Нұрғожай батыр], Ақтайлақ батыр, (40) Ителі Сəли ақын қатарлы ауытқымай ерекше еңбек сіңірген адамдарға таратып берді де “мұнан соңғы олжаларды түгелімен түсірген жеке адам өзі алсын” деп бұйрық жариялады. Бір дүрбіні маған, бір дүрбіні Үмітбайға, бір дүрбіні дəулетін аямады деп Қарақас Құсайынбайға сыйлады. Үлкен мылтықтарды семья санына қарап руларға берді. Ауыр соғыс құралдары атақты батырлардың қолына өткерілді. Əскери соғыс азығы ру-рулардың өзіне жүктелді. Жау қатты қиратылғаннан кейін біздің адамдарымыз қатты көңілді болды. Ұсақ қарауыл соғыс-тарын жүргізіп жол-жолдарға аңду қарауылы қойылды да армия-ның көп бөлімін Ырысхан демалысқа орналастырды. Ел жайлаудан көшіп Таршатының аузына келіп қондық. Нығмет Ырысханды қонаққа шақырып түстеніп жатқанымызда

– Жау келді. Жер қайысып келе жатыр. Бұл жолы Көктоғай Шіңгіл қазағының ұрқын құрыту үшін Ресейден орыс армиялары да келе жатыр екен. Армияның барлық саяси комиссарлары Ресейдің бұрын Шың Шысай тұсында Көктоғай, Шіңгіл жерлерінде тұрған, жер сырын білетін адамдар екен, – деп дүр дүр ете түсті.

Оның үстіне Көктоғайдағы кен районын тексеруге келе жатқан орыс генералы Баненкені Ушаның ішінде Сүлеймен батыр атып тастаған болатын. Генерал Баненкенің құнын да, өшін де аламыз деп Генерал Розбаров деген орыстың батыр генералі келеді деген суық хабар да дүңкілдеп кетті.

Ырысхан бəріміз сол үйден тамақ ішіп шығып Соғыс Комитетіне, ел бастықтары мен батырларға бірін қалғанға дейін жəне ақтық сертке жеткенше, жан бойдан шыққанша соғысуға бұйрық берілді. Қандай адам бас тартса, сатқындық қылып жауға хабар беретіндер болса, қолға түскен жерде атып таста деп бұйрық

Page 183: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

183

шығарылды. Осыған дейін Сүлеймен батыр мұғалім болып жер – жерде шпион болғандардан он екі адамды атқызып тастап ел ішін тазалап алған болатын. (41)

Жер қайысқан 3.000 қарулы армия Сауысқандының жолымен жүріп Тұранды Бұлақтың басынан өтіп Қуқарағайдан асып Қу Үйге келіп түсті. Сүлеймен əскерімен Таршатының аузынан шығып алып жау армиясымен əрі бері соғысқанда панасыз жердегі жау армиясы жайрап қалды. Қытай тамақ ішуге уақыт таба алмай Қуүйдің ішіне қарай кіріп кетті. Жер сырын білмеген дұшпан тағы да Тақыр төбеге шығып “мен міне атсаңдар” деп жап жалаңаш болып еді. Сүлеймен армиясы орман ішіне кіріп кетті.

Біз де жоғарғы жағынан келіп жауды ықтатып атып орманды бекіністі қолға түсірдік. Жауды Қу Үйден қуғанда мергендер 50 неше елу атар пулеметпен ат үстінен атқылады. Олар пулеметті ер тоқымының алдына мінгізіп қойып, өздері ердің артына мініп “Жəнібек, Жəнібек” деп ұран салып лап қойды. Елу пулемет бір құйғанда-ақ мыңдаған жау əскерлері қырылып бірінің үстіне келіп бірі түсті. Сол күні соғыс түстен бастап таң атқанша дамылсыз жалғасып қанды қырғын болды. Əйел əскерлердің барлығы сыртқы қарауылда қалды. Шығын бізде де көп болды. Мəсəли молланың Ерғазы, Серғазы деген екі ұлы бірдей шəйіт болды. Елге жау əскерлерін кіргізбей елді аман алып қалдық. Мыңдаған əйелдер қолына қару алып елді, малды күзетіп тұрды. Қытай шегініп базасын тастап қашып сол сайдың аузына барып кірді.

Ертеңінде əскер күшін жəне толықтап шəйіттердің орнына таңдаулы адамдар алып қытайды артынан қуып кеттік. Күн əдеттегідей жаумай, күн күркіреп жай түсіп ерден қонақтай ақ бұршақ толассыз жауды. Алтай жақтан келген 3.000-нан астам жауға жəрдемге Көктоғайда жұмысшы деген атпен жасырын жатқан орыс армиясы көмектесті. 2.000-нан астам қарулы орыс əскері келіп жау армиясының (42) өлгендерінің орнын толтырып қойыпты. Жауды Ақбұлақтан бір бөлім армия, Қу Үйден бір бөлім армия жол сайдан басынан да, аяғынан да қоршап алдық. Ырысхан:

– Осы жолғы соғыс ең шешуші болсын. Қыс келе жатыр. Күннің жылы уағында əккі жаудың əкесін танытып жіберіңдер. Біз қытайдың жеріне барып соғыс ашып адам өлтіріп отырғанымыз жоқ. Қытай бандиттері біздің жерлерімізді жаулап алып оның үстіне баса билік жүргізіп бізді өлтіріп жатыр. Қытай бандиттерін өлтірсеңдер қазы боласыңдар, өлсеңдер шəйіт. Егер, осы қытай

Page 184: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

184

бізді бізді опықтай жеңеді екен. Онда біздің бұл өңірде жасауымыз қиынға түседі, – деп баса көрсетті.

Алғашқы шайқаста мыңнан астам жау армиясын күйреттік. Бірінші жолғы шайқаста Ақтайлақ батыр, Зиядан батыр бастаған отыз адам қаза болып кетті. Соғыс қыза қыза жер дүние көл болып селдер жүрсе де біз төрт жақтан “Жəнібек” деп ұран салып жаумен араластық.

Екі сағаттық шайқаста, атап айтқанда шоқпармен, қылышпен, автоматпен кіргенде қытайлар бір шетінен Табынбелшірден аса Қара Суды бойлап қашты. Біздің Күртідегі қарауылға елу мергенімен 300 адам жіберілді. Алғашқы қылыштасуда жаудың 2.000-нан астам адамы жайрады. Су қатты тасыды. Қытайлар ат көліктен түгел айрылды. Қай жерде ат тұрса, оны атқылап өлгенін өлтіріп өлмегінін қашырып жинап алып жаттық. Қашқан əскерлерді тұс тұстан атқылап қырып отырдық.

Сүлеймен батыр, Кəмел батыр үшеуіміз қашқан жауды Қара Судың аузынан тосқан едік. Бізге жаудың алды жеткенше жол ортада (43) партизандар бөліп-бөліп алып қалыпты. Сонда оның тамтығы бізге əрең жеткен екен. Бұл жаудан тіл құтқармадық. Жау əскерлері Қара Су аузындағы қарауылға қатты таласты. Біздің адамдарымыз бұл қарауылды бұрын алғандықтан жау жеңілуге мəжбүр болды. Бір қытай командирі төбеге пулеметті қойғызып ең алдымен төбеге шыға келді. Бір бұрымнан мен де шыға келдім. Екі арамызда бір топ үшқат бар еді. Ол атып қалғанда оның оғы жанамалап қабырғамның сыртынан өтіп кетті. Сонымен екеуміз ат үстінде алыса кетіп аттан құлап түстік. Сайға қарай домалап бара жатқанымызда артымнан Сүлеймен келіп қытайды атып мені құтқарып қалды. Қытай маған найза ұрды. Бұл найза киген барқыт шапанымнан өтіп емшегімнің үстіне барып тоқтап, етін жыртып кетті. Қытайдың қара санынан атып тірідей қолға түсіріп байлап қойдық. Сүлеймен аты мен ер тоқымын сұрады. Мен оны Сүлейменге бердім. Бұл Шақабай Сүлейменнің жүйрік қарасұр аты екен.

3.700-ден астам түрлі қару-жарақ, 500 жəшік оқ түсті. Елді аман жаудан айырып қалдық. Елді Қияқты сай, Жебеті, Қу Үй, Томар бұлақ, Шолақ Бұлақ, Қадыраты, Табынбелшір, Шібленге түсіріп орналастырдық. Қарақас Тоқтағанның Нəби деген баласының қытай тілін білетін ұлы бар еді. Оны Сарсүмбеге тіл əкелуге жібердік. Ол барды да қайтып келді.

Page 185: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

185

– Орыс, қытай қатты ашу шақырып жатыр екен. Тағы да 3.000 қызыл армия келе жатыр, – деді.

Сонымен бірге “бүкіл елдің мергендерінен сұрыптап 1.000 адамды төрт тарапқа дайындаған. Бұл армия өте таңдаулы сібе, солаң, Моңғол, орыс, манчулардан сайланған” деген лақап тарап жатты. Патшасынған бандит Шың Шысай өз армиясына “Көктоғайды бүтіндей тазалап қолға аласыңдар. Кері келуге рұқсат жоқ”, – деп қатал бұйрық берген екен. Осы армия əскерлері атқан оғы жерге түспейтін мыңнан бірі делініп (44) суреттеліп жатты.

Ырысхан 400 адаммен Шіңгілге кетпек еді. Бұл тоқтады да Табынбелшірдегі Сарт Бейітінде жиын ашып ақыл құралды. Бұл жолғы жауды Алтайдың ең қиын жері Ышқытыдан тосып соғыс беруге қарар алдық. Жол бойы қарауыл қойылды да жау армиясын Таңбалыдан өткізіп жіберіп онан соң алдан соғыс беріп қаша-қаша жауды Ышқытыға түсірудің жоспары жасалды. Бұл арада “Үрімжіде жатқан Шың Шысай жарлығы бойынша, орыстың осы армиясына бір батальон əскермен 1.700 түйе киім-кешек, ақ тəтті мен күріш келе жатыр” деп Қарашардан хабар келді. Осы жүкті түсіру үшін Сүлеймен батыр 14 адам беріп Оспанды жіберді. Жау армиясының жолын бақылауға Тілеуге жіберілген жау əскерлері Мезім сайымен жүріп, Бала Ертістен келіп өтіп Қияқты сайды өрлеп Таңбалы тастың жолымен шығып Тұлтының құйғанына келіп түсті. Біздің қарауылдан “жауды алдынан азырақ атыс беріп қарсы алдық” деген хабар келді.

Ішінде өзім де бар, Сүлеймен, Ырысхан, Шамғұн əскерлері Ышқынтының солтүстік жағындағы бұйра-бұйра қыраттарды алды. Таңбалы Тас жағындағы қарауылды Кəмел батыр əскерлері, Айтуған мен Қарақас əскерлері алды. Жау армиялары Ышқынтының екі қыратын иелеп алды. Осы замандық қарулармен əбден қаруланған қызыл армия екен. Бір қыратта біздің əскерлер орналасқан. Осы маңда үш күн, үш түн атыстық. Жау санының молдығы мен қарауылдарының зордығына сүйеніп зеңбіректермен толассыз атқылап, кейбір орманды жерлерді алып көзді ашып жұмғанша жайпап жіберген еді. Пулеметтер зіркілдеп сағат сайын емес, минут сайын миллиондаған ажалды бізге қарай төгіп жатты. Бұл кезде табиғат та нөсер құйып, күн күркіреп, нажағай түсіп, жер сілкініп өзгеше суық мінез көрсетіп тұрды. Бір тұлып талқан тауып алып немесе бір тұлып ақ ірімшік, қызыл (45) ірімшікті тұлыпқа салып алып соғысып жүрген қазақтар үшін де табиғаттың осы

Page 186: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

186

мінез-құлқы жақсы болмады. Оның үстіне əр күні дамылсыз 6-7 самолет бізді бомбалап тұрды. Осы соғысқа орыс азаматы Сендиков батыр алты жолдасымен қатысқан еді. Бомбадан мал көп өлді. 50 неше адам өлді. Төрт күн, төрт түн соғыстық. Екі жақ бірдей шаршадық. Соғыстың созылуынан пайдаланып қытайлар акоп жасап көп бекіністі бекемдеп алды. Акоптағы қытайларды сырттан келіп соғу планы жасалды. Бір бөлім адам қосқа жіберілді. Олар азықтанды, азырақ ұйықтап демалды. Олардың жау армиясына сыртынан баратын жолдары белгіленді.

Қарауыл бытыранды жаудың ұстап отырған жерінде кеңірек болып күштердің барлығы теңсіз орында тұр еді. Сүлеймен, Келес, менің əкем Молдажан төрт адам қарауылда қалған болатын. Біз окопты бұзып аламыз деп өрлей-өрлей жауға жақын қалған едік. Қарсы алдымызда бір мерген отыр деп отырғанда, менің əкемнің алдындағы тасқа оқ тиіп тас бытырап келіп əкемнің бетіне тиіп, əкем азырақ жаралы болып қалды. Ол адамның жарасын орап əлгі жау əскерінің өзіне Келес барып оқ ата бергенде оқ Келестің қуыс кеудесінен өтіп кетті. Сөйтіп екі адам жаралы болды. Жаралы адамдар қайтарылып жіберілді. Маған сол қарауылдың солтүстік жағы бос тұрғандай, егер сол жерге барсақ осы қарауылды алғандай сезіліп тұрды. Осы төбені Сүлейменге айтып едім.

– Мен де сол төбені алуға лайық көріп тұрмын, – деді. Орманның ішімен жүріп отырып сол сайдың баурына жетіп

бардық. Сол сайды ақырын өрлеп басына таяп барып атымды байлап қойдым. Қытай Сүлейменге қарап атып жатыр екен. Жердің ахуалын көрдім де қайтадан Сүлейменге мəлімдедім. Сүлеймен:

– Түнде түс көріп едім. Бұл жауды біз аламыз. Сен өз адамыңнан он адам ал, мен он адам таңдап алайын. Жиырма адаммен баралық, – (46) деді. Қайтып қосқа келіп тамақ іштік. Адамдарды іріктеп алдық. Мен Сайпыл, Сөкей, Қалиасқар қатарлы он жігіт алдым. Сүлеймен қасына келсем екі адаммен Кəмел келген екен. Кəмел тұрып тау басындағы дүрбі тартып еді.

– Ол төбеге барып қайтқан кім? – деп сұрады. – Барған мен, – дедім. Сонымен 25 адам сол төбені алатын болып жүріп кеттік.

Бірден-бірден барып төбенің баурындағы жыраның ішіне түсіп алдық. Сайды өрлеп келіп басына таяғанда төбе баурына атты байлап қойып, 25 адам төбеге келіп шықтық. Бізге “əр қайсыларын демалмай бір қатар бестен атыңдар” деп бұйрық берілді. 25 адам

Page 187: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

187

бірдей бұйрық бойынша атып-атып жібердік. Жау қорғанысының сыртқы жағы иен жатқандықтан, жау əскері қапыда қырылды да, қалғаны акопты тастап қашты. Орнына екі пулемет, екі елу атарды тастап кетті. Атқа мініп алып жауды қуа жөнелдік. Төрт ауыр зеңбірек қалыпты. Сайды бойлап қытайды біз қудық. Қыратты бойлап Сүлеймен қуды. Қытайлар қашты, біз қуа соғыстық. Қытайлар жолда жаралы болып түсіп қалып соғысуда. Сайыпбай оққа ұшты. Алдымыздан қашып 16 қытай келеді екен. Бір ғана автоматпен жайратып тастадық. Олар алты түйе алып келе жатыр екен. Түгел жүгі бар. Оның ішінде үш түйенің жүгін ақ бұлмен жауып қойыпты. Енді аз жүрсек қытай қырылып қашып қор артып келген 2.000 түйе бірақ иен қалыпты.

Қарақас Жəнімхан кезігіп еді. Бір мылтық сұрады. Оған бір мылтық бердік. Ақ бұл жапқан жүктер түгел қару-жарақ екен. Қалған түйелер бұл, шай екен. Маған 20 түйе үлес тиді. Үш түйе оқ, дəрі, мылтық тиді. Мылтықтың көбін басқаларға бөліп бердім де, өзімде 16 мылтық қалды. Соғыс комиссарларына мылтық, оқ, дəрі, ат, түйе апарып бердік. Қайтып қосқа келдік. Шамғұн да келген, олжаны оларға бердім. Біздің əскерден Рақадыл, Сайыпбай қатарлы (47) 20 адам шəйіт болды.

Ал бізден басқа Ышқынтыға басып кірген үш қарауылдан да адам шығыны аз болмады. Тек соңғы нəтиже біз де қалды. Төрт ай ішінде үлкенді кішілі 4724 рет соғыс болыпты. Оның ішінде үш реткі шайқас жан түршігерлік болып жау армияларынан жеті мыңнан астам адам өлтіріп 4.000 түйе, 7.000 ат, 7.000-нан артық əртүрлі қару-жарақ олжаладық. Қазақ қазақ болғалы жүргізілмеген соғыс болды. Оспан 14 адаммен Қарашора қарауылында 1.700 түйені жүгімен бірақ түсіріп, жаудың бір батальон армиясын бірақ жойды. Орыс армиясына əкеле жатқан азық түлік біртұтас түсірілді. Орыс армиясының қалғаны азығы жоқ болып тау-таумен Сарсүмбеге қашып кетті.

Алғашқы жеңіс

Орыс пен Моңғол арқа сүйеген бандит Шың Шысайдың

тұмсығы тасқа тиді. Жеті мыңнан артық армиясынан айрылды.

24 Бұл жерде 49 жазылған. Бірақ төменде бұл сан екі рет 47 деп аталған. Сондықтан оны 47 қып өзгерттік.

Page 188: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

188

Қару күшімен бізді ала алмаған Шың Шысай енді айырплан мен жер-жерге қағаз тастап келісім жасауды талап ете бастады.

Біздің 47 реткі соғысымыз бізге тісін қайраған қаһарлы жау-ларды, күшті менен тістіні, бандит Шың Шысайды жеті қабат жердің астына түсіріп жібергендей болды.

Жан қалтасынан саясат шығарып орыс пен Моңғолға арқасын сүйеп, дəуірлеп, айқұлақтанып жердің миын шығарғысы келіп тұрған бандит Шың Шысай енді сұлу əйел бейнесіне кіре қалды.

1940 жылдың басында ауыр зиян тарттық. Ал оның күзінде зор табысқа қол жеткіздік. Көктемде 4.500 үйден астам семья ауып Бұлғын жазығына бардық. Осында 25 мыңға таяу адам едік. Осыдан 11.000 адам бомбалауменен өртке жəне үш мемлекет армиясының зеңбірегінің жеміне кетті. 2.400-ден астам бала бесігімен өртке кетті. (48) 1940 жылы 6 ақпан күні Жұ Ұянжаң мен Көктоғай шəнін мылтық береміз деп алдап, көк қасқа тай сойып, 40-тай адамды бауыздап тастадық. Сол күннен бастап бүгінгі ең соңғы шайқас Ышқынтыдағы қанды қырғын 47 реткі шайқасымыз болып жау адамдарынан 7.000-нан астам адамын жойдық.

Осы билікке қол жеткізу үшін елге қайтып келгеннен кейін алдымен ел ішінде мұғалім болып тыңшылық істеген залымдардан 12 адамды атып тастадық. Бұл тəсіл елдің басын қосудың ең тамаша шарты болды. Осылайша ел бірлігін сақтау арқылы ең соңғы күнде үлкен нəтижелерге қол жеткіздік.

Бізден өлген құрбан аз болмады. Осы жолғы шайқаста Сүлеймен əскерінің əр үш адамнан екеуі шəйіт болды. Олардың атын атап отырмадым. Соғыстарда Ырысханның саяси басшылығы, Сүлеймен, Оспан қатарлы жан аямаған жүздеген мергендер мен батырлар шешуші рөл ойнады.

Тыңшыларды тазалау үшін ең алдымен Ырысханның бұйрығымен Оспан Сарсүмбе мен Көктоғай арасын кесіп тастауға кеткен еді. Көктоғай мен Сарсүмбе арасында Қытайдың почта орны болып онда қазақта болып жатқан уақиғаларды қытай бандиттеріне жеткізіп тұрған Саржас дейтін бес үйлік Моңғол көп рөл ойнап отырған. Оспан ең алдымен осы бес үйді біртұтас қылмысын мойнына артып атып тастады. Өйткені, олар қытайдың сол жердегі қарауылына мəлімдеп бес үйлік ителіні қырғындатқан-ды. Оған қарата осы жауап істелген еді.

Бұлардың сыртында Сартоғай шайқасы, Күмістегі шайқас, Ағашобадағы шайқас (49), Моншықтағы шайқас, Жарынтыдағы

Page 189: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

189

шайқас, Бұлғын жалпағындағы шайқас, Өкбедегі шайқас, Көк Адырдағы шайқас, Қаптықтағы шайқас, Бəйтік тауларындағы шайқастар, Дабысындағы шайқас, Бұтамойындағы шайқас, Үш Арғылтайдағы шайқастар болып жау əскерлерінен 1.984 адам өлтірілді. Сонымен бүкіл бандит Шың Шысай армияларынан 8.984 адам жоғалтылды. Бұның ішінде Моңғолияның Мұса өлген жерде 47 адамдық бір қарауылын біртұтас қырып тастадық. [Бос]25 айырплан атып түсірдік. Дөңті шайқасында орыстың бір батальон əскерін жойдық. Атақты Сары атты Зубатов полковникті ұрып өлтірдік. Генерал Банке он адамымен оңашада атып тасталды. Соңғы Ышқынты шайқасында Генерал Разборов өлтірілді.

Соңғы бітімде орыстар генералдарының басын сұрады. Генерал Банкенің сүйегін бердік. Разборовтың сүйегін бермедік. Өйткені ол соғыс қылмыстысы еді. Көктоғайдағы орыс елшілеріне Ырысхан:

– Сендер 1937 жылы Мəскеуге апарып өлтірген Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынның басын əкеліп беріңдер, – деді. Бұл сөз сонымен тынышталып қалған еді.26

Соғыста бізден шығын көп болды. Бастапқы кезде біз қызыл қолмен қарсы шықтық. Құрал жүре-жүре қолымызға түсті. Түскен оқ, құрал-саймандар руларға таратып жастардың машықтануына беріп отырдық. Сөйтіп алдыңғы адам өлсе, артқы адам орнын басып отырды.

Соғысты соғыстан үйрендік. Жамандықты жамандықтан үйрендік. Уды умен қайтардық. Құтты Сұлубай27 айтқандайын:

Аспанда айырплан бытырлаған, Қайласы бұл қытайдың артылмаған. Біз қазақ малды баққан момын едік, Соғысты бұрын көріп жатылмаған. (50) Соғыс өнерін соғыстан үйреніп алдық. Мал бауыздаудан қорқа-

тын момын қазақтар жауды тырнағымен бауыздауды үйреніп алдық. Бір кезде залым Мадарин Ырысханға:

25 Қанша айырплан екені жазылмай бос тасталған. 26 Бұл жағдай бізге Шынжаң қазақтарының Қазақстандағы жағдайлардан хабардар екенін көрсетеді. Тіпті Ырысханның Алаш қайраткерлерінен бірқатарын көрген болуы да мүмкін. Өйткені, Алаш көсемдері 1918 жылы көктемде Семейде жиналып Шынжаң қазақтарына барып Алаш идеясын насихаттау туралы шешім қабылдаған-ды. Осы шешімге сай сол жылдың жазында Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Салық Аманжолов, Райымжан Мəрсеков Шəуешек жəне Үрімжі қалаларына барып қайтқан-ды. Қайрат Б. Алтай асқан алаш арыстары // Алтын бесік. 2008, № 2, 38-39-бет. 27 Сұлубай батыр (1907-1944) Абақ Керейдің Тасбике руынан шыққан атақты батыр.

Page 190: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

190

“Жауға біткен көзің бар, дауға біткен сөзің бар.” дегендей Ырысхан осы жолы жауға біткен көзінің де, дауға біткен сөзінің де пайдасын көрсетті. Орыстар генералдарының басын сұрағанда оған да Ырысхан ғылыми жауап таба білді. Қазақтың ең соңғы бастығы Бөкейханның басын сұрады. Бұл неткен табылған жауап. Дұшпан-ды он мың баттам шоқпар мен бір салып ұрып жықты. Бірақ біздің жауымыз ұяттан екі мың үш жүз жыл бұрын туғандықтан, қазіргі заманда ондай жауды ұялту мүмкін емес. “Бізге тыныштық болса екен” деген жазуларды айырпланның астына жазып алып қызылды жасыл жалау тағып аспаннан енді қағаз жаудырды. Сол қағаздарда:

“Мылтық комиссарларының, шəндердің өлтірілуі солардың өз қылмысы. Үкімет барлық қылмыстарды өз мойнына алады. Үкімет пен халық болып əкелі балалы адамның қатынасындай тамаша қатынасымыздан айрылып қалдық. Соғысты тоқтаталық. Не тілектерің бар? Елші жіберейік” деп Шың Шысай атты айдаһардың аузынан бал тама бастады.

Оларда одан əрі: “Үкіметіміздің жүргізген саяси іс-шаралары құралды шайқастарға апарып соқтырды. Екі жағымызда орны толмайтын ауыр зияндарға кіріптар болдық. Қандай пікір талаптар болса да шешемін”, деп жазыпты.

Ырысхан барлық бастықтары мен əскер бастықтарын жинап бұл жағдайды оқып берді. Ырысхан:

– Қыс болса таяп келеді. Соғысты жалғасты жүргізіп бүтін Алтайды тартып аламыз ба, жоқ соғысты тоқтатамыз ба? (51) деп сұрады.

Шың Шысаймен тоқтам

Барлық адамдар ақылдаса келіп соғысты тоқтатуға мақұл

болды. Шың Шысай таяу жылдар ішінде қойып келген талап-тарымызды орындаса делінді. Ол талаптардың бастылары мыналар болатын:

1. Алтайдың барлық үкімет билігі қазақтардың қолында болсын.

2. Қару-жарақ өз қолымызда тұрады. 3. Бурылтоғай, Көктоғай, Шіңгіл үш ауданда қытай тұрмайды. 4. Жердің жаратылыс байлығы жергілікті ұлттың өзінде

болады.

Page 191: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

191

5. Қолға алып кеткен ел адамдарының тірісінің өзін, өлгенінің сүйегі берілсін.

6. Бажы, салықтарды Абақ Керей дəуірінің Шанлұң тұсынан асырмаймыз.

7. Ұлттық ішкі билік өзімізде болып, экономикалық қимылдарды өзіміз басқарамыз.

Бұл қаулы атақты “Табынбелшір қаулысы” деп аталды. Осы талаптар жазылғанда мен Ырысханның жанында едім.

Ырысхан əскери басшылардан Есімхан, Сүлеймен, Кəдірбай, Оспан төртеуін шақырып алды да:

– Маған 400 əскер шығарып беріңдер. Шіңгіл елін əкелейін. Сонсоң тоқтам жасалық. Барлық ел біздің қолымызда болсын. Сонда біз күштірек боламыз. Мен келгенше елді төртеуіңіз бас-қарып тұрыңыздар. Қарауылды мықты ұстау керек. Бейғамдық болмасын. Жау тəсілін жақсы түсіну керек. Тоқтам деп бейғамд-анып қалып жау қапыда қиратып кетіп жүрмесін, – деді.

Ертеңінде Ырысханның басшылығында 400 адам алып жолға шықтық. Ол əскердің бастығы мен болдым. Тұрғынның Ертіске құйған жеріне барып бекіндік. Ол жерден шығып Жалаңаш бұлақтың басына барғанымызда бір айырплан көрінді. Бұл күндері айырпландар таяп ұшатын жағдайдан қалып қойған болатын. Түнделетіп жүріп бір жүз адамды Ушаның маңын шалып келуге жібердік. Ушадан 300 ат айдап келе жатқан 30 əскерді қолға түсірдік. Сол əскердің ішінде келе жатқан бір қытай генералы бар екен. Біз енді жүргелі жатқанымызда арттағы елден Шақабай Жирен (52) ұлы Баттал хабар алып келді:

– Сіздер жүріп кеткеннен кейін, айырплан тағы да келіп қағаз тастады. Ол қағазды Жəнімхан жазып: “Мен Көктоғай қаласына барамын. Сол жерге ел бастықтары келсін. Болмаса ат жіберіңдер, мен сіздер тұрған жерге барайын”, депті. Қайтеміз? – деп Сүлеймен батыр мені сіздерге жіберді, – деді.

Ырысхан: – Ел бастықтарына Ырысханды таба алмадым деп бар. Жəне ел

бастықтарына ақырын көп сəлем айт. Əзірше жауап бермесін. Біз Шіңгіл елін қолға түсіріп алған соң комиссиямен сөйлесеміз, – деп жауап беріп Батталды қайтарып жіберді.

Жаудан қолға түскен аттарды Сұптыға 30 адаммен айдатып жіберді. Сол түні жүріп Қозіке сайының аузынан өрлеп шығып таң ата Табын Сала, Көкбұқаға барып бекіндік. Кешінде Шіңгіл

Page 192: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

192

қаласына қарай жүрдік. Түнделетіп үлкен Қобдадан түсіп көпірдің аяқ жағынан өтіп аудандық үкіметті қоршауға алдық. Шəндік үкімет ертеден қорғаныс алғандықтан атыс берді. 100 əскермен жауды қоршап тұрып Шіңгіл еліне айдап қараңғы тоғайға апарып сол жерге елдің бас-аяғын жинадық. Елдің аяғына күзетші қойдық.

Ертеңінде тағы да бір айырплан келіп дорбамен қағаз тастады. Ол қағазда “Мен Жəнімхан, келдім. Ел бастықтары Шіңгілдің аудандық үкімет мекемесіне келсін. Немесе маған ат алып келіңіздер”, депті. Біз ат апармай қойдық. Екі сағат өткеннен кейін қытайлар атқа мінгізіп Жəнімханды алып келді. Жəнімхан түсетін үй тігіп қойған едік. Жəнімханмен аман-сəлем қылдық.

Жəнімханның қорытынды пікірі мынау болды: – Ырысхан сенің тілегіңді қабыл етті болып үкімет мені

жіберді. Қытай үкіметі болған Шың Шысай маған ант беріп сендірді. Ал мен де Шың Шысайға сенімділік білдіру үшін ант бердім. Қозғалысты ең бірінші болып Есімхан бастаған. Бұл қозғалысты жүргізген Ырысхан сенің бауырың екен. Сен оларды сендір деп мені жіберді, – деді.

Біз жиын ашып əуелдегі ортаға қойылған талаптардың ішінен жеті ірі (53) үлкен пікірді, жиырма неше ұсақ тармақтар етіп ортаға қойдық. Олар мазмұн жағынан алғанда “Алтайдың ерікті үкіметі болуы, онда қазақтардың билік жүргізуі, қазақ тілінде оқу-ағарту болуы, қолға алған адамдардың тірісін, өлісінің сүйегін қайтару, жер байлығын орыстардың қазбауы, оның яғни жердін де, байлық-тың да иелік құқығы қазақ қолында болуы, шаруашылық қимыл-дарды қытай райондарында қытайлардың өзі басқару, ұлттық райондарда қазақтардың өзі жүргізуі, мал бажыларының қысқар-тылуы, құрал-жарақтардың қазақтың өз қолында тұруы, қытай əкімшілік күштерінің өз білермендігімен ұлт райондарына суық тұмсықтарын тыға беруіне жол берілмеуі, демократиялық отандас-тықты жолға қою, бейбіт даму, бұқаралық тіршіліктердің үкімет пен халық арасында дұрыс сақталуы, адамдық қасиеттерге құрмет көрсетілуі” сынды пікірлерді барлық ел бастықтары тұс-тұстан кел-ген өкілдерге айтып жатты.

Осы шарттарға Жəнімхан қажы Шың Шысайдың қасам ішіп берген уəдесіне қарата қолына құран ұстап мойнына Дəлелхайрат салып ант берді. Сонымен Ырысхан қатарлы басшылардан бірнешеуін Көктоғайға алып жүрді.

Page 193: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

193

Ырысхан кетер кезде əскери құқықты маған берді. Жəне маған орынбасар етіп Жақсыбай Сағынбайұлы (Шақабай), Əліпби Балғынбайұлын (Құлтайболат) етіп белгіледі. Жəнімхан:

– Құралды бермесеңдер, үкімет сенбейтін жағдай туар ма екен? Құрал жоқ заманда да жан баққан едіңдер, құрал түсіру сендерге тым қиын іс емес екен. Құралды берсеңдер, – дегенді айтып жатты.

Ол одан əрі: – Егер құрал беру мүмкіндігі болса, онда мен белгі беремін.

Сол белгі бойынша құралды аяқтап тапсырып мүмкіндік алып қаласыңдар. Өйткені бұл қытай тарих бойғы сөз тұрмайтын арамза жіңішке саясатын қолданып жүруі мүмкін. Неше мың жылдап Қытайдың арамза саясаты қытай халқының қолын жеткізбесе де, ғылым мен өнерге сүйенбей, ұсақ қулыққа сүйеніп жан бағып келе жатқан дүниедегі ақылсыз халықтардың бірі еді, – деді. (54)

Жəнімхан Ырысхандарды бірнеше адам лаулап Көктоғайға алып кетті. Сондағы жұртымыз Шіңгілдің Қараңғы Тоғай деген жерінде едік. Өткен жылғы соғыста бандит Шың Шысай үкіметі Ырысханның əйелі Жəукенді, баласы Битанды ұстап Сарсүмбеге алып кеткен болатын. Ырысханды Көктоғайға барған соң қаланың сыртындағы көк жасаңға тігіп қойған бір кигіз үйге түсіріпті. Онда əйелі мен баласы отырыпты. Ырысханнан хабар келген соң Сүлеймен, Есімхан, Кəдірбай, Оспан қатарлы əскери бастықтар да сол жерге келіпті. Көтерілісшілердің бастықтары да жиналды. Ал Үрімжіден Шың Шысайдың қайын атасы Чу Силиң, Бұқат Бейсі, Халел тəйжі баласымен, Қалман Қазы, Шəри зəңгі, Нəзір тəйжі, Сақсайбай, Жақсыбай қатарлы адамдарды алып жетіп келді. Чу Силиң:

– Шың Шысай сіздердің тілектеріңізді қабыл етті. Алтайды өздеріңіз сұрайсыздар. Алтайды əкім ретінде Есімхан мен Ырысхан екеуің сұраңдар, – деді.

Сонда Есімхан, Ырысхандар: – Біз екеуміз ондай үлкен үкіметті алып жүре алмаймыз.

Алтайға уəлилік міндетін Бұқат пен Жəнімхан жүргізсің. Шіңгіл ауданына Нəзір, Көктоғай ауданына Рахат, Бурылтоғай ауданына Нұрмұқамет, Алтай ауданына Қажынəби, Буыршын ауданына Əбілмəжін, Қаба ауданына Көкенай, Жеменей ауданына Мұқаш шəн болсын, – деп пікір біллдірді.

Осының арасында Мəнкей, Ақыт, Баянбай, Дөнен, Өнерхан, Байқадам қатарлы адамдардың сүйегін алып келді.

Page 194: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

194

Чу Силиңмен сегіз үлкен шартқа қол қойылды.28 Жүрерде Чу Силиң тұрып:

– Шың Шысайға не сəлемдеме бересіңдер? – деп сұрады. Біз де – Сенім күшейе берсін. Шың Шысай дұрысырақ ойласын.

Сəлемге мылтық берелік, – деп айттық. Бізден құрал алуға Бұқат, Дəлелхан келді. Ырысхан белгісін жіберіпті. Біз ол кезде Шанқанға келіп жамырай ақ жазыққа қонып ақбоз үйлерді тіккен шат көңілді тұрған едік. Бұқатқа үй тігіп қойғанбыз. Бұқатты күтіп алып (55) көк қасқа тай сойып қонақ қып 200 мырыш бесатар беріп оны Көктоғайға жеткізіп бердік. Ырысхан Чу Силиңге:

– Дубанға көп сəлем айтыңыз. Шың əпенді қорыққанда мылтық, оқ, қара дəріден қатты қорқушы еді. Бұл мылтықты біз жасай алмаймыз. Бірақ біз үшін бүкіл дүние жасап жатыр. Қажетті болған кезде ел қолынан мылтықты түсіріп ала білеміз. Алтайдың орманы түгелдей бізге құрал жабдық. Біз тұңғыш рет қайың шоқпармен жауды ұрып өлтіріп осы мылтықты түсіріп алған едік. Мына құралды Шың Дубанға апарып беріңіз. Біздің сізге берген жолдығымыз осы, – деді.

Ел адамдары да Чу Силиңге мынаны айтты: – Шың Дубан жеріміздің топырағын иелеп алды. Оған

үндемедік. Ел бастықтарын қолға алды. Оған да үндемедік. Алман салықтарды тарихта болмаған дəрежеде ауырлатып жүз қойдан төрт қой санап алды. Оған да шыдап тұрдық. Ең ақырда дінімізге шабуыл жасады. Бізді қытайландыруды көздеп діни кітаптарды жинап өртеді. Дəл осы жерге келгенде біз шыдап тұра алмадық. Таудағы бұғы мүйізі сырқырап еді, ойдағы бөкен мүйізі де ауырмай тұра алмады. Біз бұзылдық.

Ырысхан да:

28 Халифа Алтайдың айтуынша, бұл келісімге 1941 жылы 15 қыркүйекте Қаратас деген жерде қол қойылды. Алтай Х. Алтайдан ауған ел. Алматы, 2000, 96-бет. Сүгірбаевтің айтуынша алты шартқа қол қойылды. Олар мыналар: 1– Бұл жолғы көтеріліске қатысқандардан ешқашан, ешқандай жауапкерлік қузастырылмайды; 2– Түрмеде отырған барлық адам босатылады; 3– Аймақ, аудан бастықтарына жəне аймақтық мекемелердің негізгі басшылық орындарына жергілікті халықтардан адам қатынасады; 4– Көктоғай, Шіңгіл аудандарындағы сақшы мекемелерінің бастығы немесе бастығының орынбасарлары жергілікті халықтан болады; 5– Көтерілісшілер қолдарындағы қару-жарақтарын үкіметке тапсырып береді; Оның есесіне үкімет аймақ орталығында ғана белгілі əскер тұрғызғаннан өзге аудандарда, əсіресе Көктоғай, Шіңгіл аудандарында əскер тұрғызбайды; 6– Халықтан алынатын алман-салық жеңілдетіледі əрі осы жолғы көтеріліс тұсында қиыншылыққа ұшыраған халыққа үкімет көмек көрсетеді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 31-32-бет.

Page 195: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

195

– Елді бұзған Есімхан екеуміз. Егер соңғы тарихтарға күнəлі болатын адам қажет болса, онда оған тек Есімхан екеуміз ғана жауаптымыз, – деді.

Чу Силиң қайтып кетті. Ел іші көңілді. Елдің апшысын қуырып тұрған жол хат түзімі де жоғалды. Чу Силиң қарулы соғыстардың барлық зияндарын саламат деп жариялады.

Елдің қайта қозғалуы

Сол жылы недəуір тыныш қыстадық. Бірақ қытайлар əскер-

лерді жасырын кіргізе бастады. Дабысын Келеңсай, Дөңті, Қаратүнке, Көктоғай кен районы болып тас қазады деген сылтау-лармен бандит Шын Сысай өз күшін шоғырландыра бастады. Болып жатқан осындай құбылыстарға қарап мəселенің төркіні болған қазақтардың жерге иелік құқығы деген тармақ бұзыла бастады деп отырғанымызда, Бұқат Бейсі Халелдің құдасы Қақыш биді жасырын Халелге жіберді.

– Кешегі қара қойшы Есімхан, Ырысхан (56) қозғалыс бастап көп нəтижеге иеленген еді. Сіздер қарап жатпаңыздар. Мылтық табылатын болды. Қазір орыстар кен қаза бастапты. Орыстар келіп алса, мəселенің соңы жаман болады, – дейді.

Ал Бұқатты түрткен Алтай Консулі Баймурзин болады. Оның себебі, 1940 жылы мамыр айында екінші дүниежүзілік соғыс басталып29 1941 жылдың басына дейін30 Ресейдің көп жерін немістер жаулап алып қояды. Дəл осы кезде Шың Шысай да Ресейден қол үзудің амалын ойлап жатады. Шың Шысайға қарата Шынжаңда əрекет істеу үшін Баймурзин алдымен Жəнімханды үгіттеді. Жəнімхан бұл жұмыстан бас тартады. Онан соң Баймурзин Бұқатты үгіттейді.

– Біз құрал берелік. Жоғарғы елді қозғаңыздар. Алтайды бөліп əкетіңіздер, – дейді. Бұқат бұған мақұл болып Қақыш арқылы Халелді түртеді. Бірақ бұл кезде Ресейден шыққан белгілі бір тəуелсіз Шығыс Түркістан жарнамасы болмайды.

Міне осындай əңгімелер ел бастықтары арасында болып жат-қанда Көктоғайдағы қытай Силиң Буы бір түнде жасырын

29 Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы қыркүйекте басталған. Кеңес Одағы мен Германия арасындағы соғыс 1941 жылы 22 маусым күні басталды. 30 1942 жылдың басы болу керек.

Page 196: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

196

Көктоғай сақшы бастығы Кəдірбайды атып тастады.31 Халелдің ұлы шəн болған Рахатты қолға алмақ болғанда Рахат қаланы тастап қашып үйіне барды. Сөйтіп “Иттің суық тұмсығы” Халелді бұзылуға мəжбүрледі.

Кəдірбай жайында хабар елге жетіп келген соң Сүлеймен батыр 200 адаммен Көктоғай ауданын қамап алып сақшының 30 адамын өлтіріп 300 атын айдап шықты. Ресейден келіп жатқан орыс инженерлерінің (əйел инженер де бар екен) бес үлкен машина, екі пабиданы Бел Қайыннан тосып Сарбұлаққа жетпей түсіріп адамын өлтіріп машиналарын өртеп жіберді. Онан бұрын Сүлеймен Ушадан Генерал Баненкені атып тастаған болатын. Уақиға міне осылай болып бұрқ ете түсті.

Шың Шысай бандит Көктоғай жеріне батыр армия деп Қашқардың жеті мың армиясын əкеліп түсіріп қойған болатын. Көктоғайда бір үлкен “Шың Зықұй” құрылған еді. Қытай армиялары ең алдымен соғысты Аралдан бастап ең алғаш рет Қу Үйден соғыс берілді. Көк Тұмсықтан жау армиясы келіп кірді. Қолымызда құрал аз, тығулы қалған құралдармен инженерлерден түскен біраз құралдар бар болатын. Бұл жолы Сендиков бар еді. (57) Бүкіл Аралдың Қарақас, Шақабай армиясының бастығына Халел мені белгілеген. Біздің арамыздағы аса қайғылы хабар Ырысхан ауыр сырқаттан қайтыс болып кетті де32 бүкіл қозғалысты бастайтын саяси қайраткер болмай қалды. Менің де бұл соғыстағы арманым осындай болды. Ырысханнның басшылығы өте шебер еді. Енді бізге басшылық ететін Ырысхандай адам табылуы қиын көрінді.

Мен өз əскерлерімді алып Қу Үйдің орман жағынан келіп бекініс алдым. Жау армиясы Көк Тұмсықтан келіп кірді. Сендиков менің жанымда еді. Арамызда Қу Үйдің өзені бар болатын. Шолақ бұлақ құйғанында қарауыл ұстап отырған екі қытайды өлтіріп 31 Сүгірбаев Кəдірбайдың Шың Шысай тарапынан кен қазатын жұмысшылар деп жіберілгендердің негізінде əскер екенін біліп қойғандығы үшін өлтірілгенін айтады. Сонда, 34-бет. 32 Дəлелхан Жəнімханұлы 1940 жылы 15 қыркүйекте Көктоғайға барған кезінде Ырысханның үйінде іші ісіп чемен ауруынан жатқанын айтады. 19 қыркүйекте Шың Шысай Үрімжідегі орыс дəрігерін ұшақпен жіберген. Дəрігер укол құйып жазылып кетесің деген. Бірақ Ырысхан үш айдан кейін қайтыс болады. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 38-бет. Халық арасында Шың Шысайдың дəрігерінің қастаңдық жасағаны жөнінде сенім болған. Осыдан болса керек, Оспан батыр 1947 жылдың басында аяғы ауырып бірнеше ай науқастанып жүрген. Сол кезде Кеңес консулы дəрігерлер жіберіп батырды емдеткен. Бірақ Оспан батыр оларға сенбейтінін сол уақытты Дəлелхан Жəнімханұлына былай деп мəлімдеген: “ Кеңес консулының дəрігерлері түн жарымында басына шекпен киіп келіп, менің ауруымды тексерген болады. Дəрі жазып береді. Мен оларға сенбеймін. Қастық қыла ма? – деп ойлаймын. Берген дəрілерін ішпей төгіп тастаймын, – деді. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 63-бет.

Page 197: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

197

Сендиков екі бесатар алып келді. Сүлеймен жəне Сəйітғазы отыр-ған қарауылға келдім. Ол жерде Шақабай Сүлеймен де отырыпты. Сүлеймен жау армиясынан көп адамды түсіріп жіберген екен. Оны қарағайды паналап тұрып дүрбімен көрдім. Жау екі жағымызға бірдей жақын жатыр екен. Сейітқазы тұрып:

– Түнде кіру керек. Жау қазір əккі болып еркін тұр ғой. Біздегі қару жарақтың əзірше аз екенін жау біліп отыр, – деді.

Сүлеймен батырдың шəйіт болуы

Мен жалғыз орман ішімен судың жағасына келдім. Жеңілтек

болып алдым. Қылыш бар, бір пышақ бар. Судың екі жағасындағы ұзарып шыққан көк шалғын суды көрсетпейді. Сылдырлап əн салып аққан Алтайдың меруерт сулары біздің жүріс тұрысымызды жауға сездірмей өз заңынша қорғап тұрды. Мен судың ішімен жүріп отырып қабақ үстінде өліп жатқан екі қытайдың екі мылтығын алып қайта судың ішіне түсіп кеттім. Жау атқылай бастады. Орманға аман-есен кіріп кеттім. Сол түні Сүлеймен күшімен жау шегінді. Қытайдан ересен көп мылтық түсірдік. Жүк мүгімен 500-ден астам түйе түсірдік. Екі күн демалдық. Қытайлар тағы да шабуылға өтті. Қытайлар Шолақ бұлаққа дейін орман ішін өрлеп бекініс алып жатып алды. Сүлеймен Көк Тұмсыққа шығып қарауыл ұстады да,

– Бізге қарап астынғы жаққа жау келеді. Орманға енгізбеңдер, – деді.

Дөңбек аттай бергенімде оқ тиіп кетіп жатып қалдым. (58) Қапас батыр əскерлерімен кірмек болып келе жатқанда мені көріп олар да қарауыл ұстап жатып қалды. Сендиков жағындағы бір орыс доктор еді. Ол мені азырақ емдеді. Қайтып кеттім. Жау басым бола бастады. Ел Қара Ертіске қайқая көшті. Сүлеймен ол күні əскерімен Қу Үйдің екі ашасына келіп кешке дейін соғыстық. Оспан, Қапас əскерлері Кəмел батыр, Сұлубай əскерлері жер-жерден қарауыл алып жауды бөліп-бөліп алып тыңбай атысып жатты.

Сол күні түнде Сүлеймен түс көреді. Оған түсінде бір адам келіп:

– Жау басым. Ертең Қу Үйдің ішімен өрлеп шықсаң жеңілесің, – дейді. Сүлеймен осыны айтып маған:

– Мен қор қызын құшақтап жатыр екем. Бүгін шəйіт боламын, – деді.

Page 198: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

198

Мен тұрып: – Алдыңғы түсіңіз түс болсын. Қам қылмаңыз. Саяси

қайраткерлік істеп соғыстың ішінде жүріп басшылық ететін Ырысханнан айрылдық. Бұқат пен Халел үйінен шықпай қойды да бізді отқа итеріп жіберді, – дедім.

Ол мені қостап – Бастаған екенбіз бұл соғысты ақырғы демге дейін көрелік, –

дестік. Сонсоң Сүлеймен тұрып: – Мен қаза болып кетсем, Оспан өте табанды. Барлықтарыңыз

Оспанмен бірлесіп, ақылдасып соғыс істеңдер. Намысты бермеңіздер, – деді.

Сүлеймен күн шыға Шыбар Қарағайдан келіп атыс берді де Таршатының ішін өрлей жөнелді. Сүлеймен ол қарауылды тастап жылжығанда теріскейдегі орман ішіндегі Шүршітбай жағындағы жіңішке жолмен жүрді. Таршатының ел қонатын бір қонысынан жау шыға келді. Қарағай арасында бір үлкен қорым болып жатқан тас төбе бар екен. Осы төбе сол қонысқа жақын екен. Сол жерге Сүлеймен еңкейе келіп 30 адаммен өрлеп келе жатқан қалың жауды тосып атыс берді. Қытай не ілгері кете алмады, не артқа шегіне алмады. Жазыққа жау армиясын қамап алып Сүлеймен 600-ден артық адамды түсіріп жіберді.

Сүлеймен алдындағы самырсынның еңкейіп тұрған бір бұтағын қайыра бергенде, Сүлейменнің бас жағы көрініп қалды да қарсы алдындағы қарауылда отырған бір сарттың оғы тиіп кетті.33 Сүлейменнің жанында Қапыш бар еді. Қапырыш Сүлейменді арқасына көтеріп алып артқа шегінді. (59) Дұшпан да ілгерілей алмады. Қайтадан артқа шегініп ирек басынан асып Жебетіге келді. Сайды құлдап келе жатқан елдер Сүлейменнің қаза болғанын естіп жер күңіреніп жылады. Соғысты түртіп қойған месқарындардың барлығы үйінде болатын. Елдің не болып жатқаны, соғыстың не болып жатқанымен Бұқат пен Халелдің жұмысы болмады. Тарих бізді осындай “мықтылармен” ертеден мол қамдаған еді. Сүлеймен өлді. Елі енді қауіпті жағдайда қалды. Елдің бұл соғыста сенгені жалғыз Сүлеймен ғана еді.

Елді Əділхан бастап Қара Ертістен өтіп Сарсүмбеге қарай көшті. Əділхан ту алып келіссөз талап етті. Үкімет адамдары:

33 Сүгірбаев де Сүлейменнің Таршатыдағы соғыста оққа ұшқанын айтады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 37-бет.

Page 199: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

199

– Біздің халықпен жаушылығымыз жоқ. Осы жолғы қозғалысты түрткен адам бар. Сіздерді орыстар түртіп отыр, – деді.

Есімхан тұрып: – Бізді орыс түртпеді. Сіздер жақтан тоқтамға опасыздық

істелінді. Кəдірбайды жасырын атып тастадыңыздар. Орыстарды өздеріңіз əкеліп Көктоғайға тас қаздырдыңыздар. Көктоғайға өздеріңіз біліп Қашқар армиясын жөткеп əкелдіңіздер. Міне, біз осы себептен бұзылдық, – деді.

Осы кезде Халел тəйжі, Рахат, Қалман, Құмар, Боранбай тəйжі, Шəри зəңгі тауда 300-дей адаммен қалып қойды. Оспан, Сүлеймен Бектұрұлы, Кəмел, Молдажан бұлар өздеріңе қараған төлестерді алып Қарағанды, Шібеге шығып кетті. Ол жылы ол жерге көл тоқтаған ауыз су бар еді. Ол жер Барқы Шөмішбай үкірдай құды-ғының астыңғы жағы еді. Қытайға бағынған елден Əбдірахман, Құсайынбай, Əділхан би, Қажақын, Сəлибай, Қажақын Шүкірұлы қатарлы адамдарды жинап қойып, қасына үш кісі ертіп Əділхан Жəнімханға барды. Жəнімхан оларға уəде берді де оларды ертіп алып үкіметке апарды. Үкіметке кезіктіріп алып қайтадан алып келді. Бір жұма демалған соң Сарбұлақ, Көкебұлақ ортасындағы Меркіт елі салған Қаратас мектебіне елді жинап:

– Шынайы бағынамыз десеңіздер мылтықты тапсырыңдар, – деді.

Бұл кезде үкімет əскерінің аттары, түйелері əбден арыған еді. Ала жаздай жаудың ат-түйесіне оттайтын жер бермей қойдық. Ауысай (60) шықса болды ат-түйесін тартып əкеп отырдық. Сондықтан:

– Мылтық сыртында əскер мінетін 1.500 ат, 500 түйе бересің-дер, – деп соқты. Өйткені олардың түйесінің көбін біз тартып алған едік.

– Егер ат, түйе береді екенсің, онда оның бəрін өзіміз таңдап аламыз. Сонан кейін ғана əскерлер жеріне қайтады, – деді. Соны-мен таңдаулы ат, түйені үш күн ішіне жинап əкеліп бердік. Əскерлер қайтты. Қайтарында тау жолы арасында бекініп отырған Қарақас Бəйтіке қажы ауылдарын шапты. Қажы ішінде елу адамды атып кетті. Ал одан шығып жол үстінде қайта көшіп келе жатқан Іргебай, Сіргебай ауылдары бар еді. Бұл елдерді бірақ шауып алып 200-ден астам қатын-баланы қырып кетті.

Жəнімхан Қарақас мектебіне келіп жатып алған. Мені шақыртыпты. Мен ол кезде жаралы едім. Мен барып едім.

Page 200: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

200

– Сенің əкең ақыры Оспанға еріп қашып кетіпті. Оның қолында мылтығы бар екен. Мен үкіметке үш мылтыққа кепіл болдым. Ақмолла, Құмар, біреу сенің əкең еді. Сен барып əкеңнің мылтығын əкеліп бер. Болмаса үкімет мені ұстап кетеді. Сен маған Əділхан мен Құсайынбайды кепілдікке бер, – деді.

Бұл екі адам сол мекемеде отырған екен. Маған ол адамдар кепіл болды. Мен екі адам ертіп алып əкемді Шібетіден тауып алып үйге ертіп келдім. Оның мылтығын Əділханға тапсырып бердім. Ел өздерінің мекендеріне тарап кетті. Оның арасында “Алтайға Чу Силиң келіпті. Тағы да тоқтам болады екен. Ел бастықтары барып Шу Силиңге амандасып өз қателіктері үшін кешірім сұрасын”, деген сумаңдаған суық сөздер ел ішін аралып жүріп жатты. Енді екі күн өтпей Қарақас мектебіне айырплан келіп түсіп қалды. Онда Чу Силиң өзі келіп ел бастықтарымен амандасып:

– Сендердің осы жолғы қателіктеріңді мен кешірдім. Енді Шың Шысайға барып амандық білдіріп кешірім сұраңдар, – деп жатыр деп “Иттің суық тұмсығы көтенге келіп кіріп кетті.” Ежелден саяси қайраткер туып көрмеген бұл халықтың соңғы жағдайы міне осындай. (61)

Ырысханның айы өтті. Месқарын Бұқат, Халелдің азаттық іздейтін хал жағдайының соңы осы болды. Чу Силиң Əпенді,34 Бұқат мырза, Рахат Мырза, Қалман Мырза, Боранбай тəйжі, Зейнел үкірдай, Құмар тəйжі, Есімхан үкірдай, Қыстаубай Ғакім зəңгі, Нақыштай, Кəріппай, Шəри... қатарлы 13 адамды айырпланға салып алды да кетті. Осылардан Ғакім, Нақыштай, Қалман, Шəри төртеуі тірі келіп қалғанын Шың Шысай Мырза тоқтамды бұзып атып тастады.

Оспан қозғалысты бастауда

Менде бір мылтық тығулы қалған еді. Жəнімхан қайта – қайта

кісі салып сары ізіме шөп салғандықтан 1941 жылы 3 қараша күні өзім бармай Жəнімхан жіберген адамына беріп қоя бердім. Заман қалай болады? деп сонда да мүмкіндік сақтап қалдым.

Ойнақтап толқын жел гулеп, Майысар діңгек сықырлап. Ол жүрген жоқ бақ іздеп, Қашпайды бақтан не бойды ұрлап.

34 Адам аты.

Page 201: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

201

деп Абай айтқандай оқымаған болса да Бұқат пен Халелден жүз есе артық болып туған Оспан Исламұлы бандит Шың Шысайға сенбеді. Ол əр сөзінде орыстар да, Моңғолдар да, Шың Шысай да “қойдың басын көрсетіп иттің етін сатады” деуші еді.

Оспан: – Халықараның бізге көмегі болмайды. Түріктердің бізге көмегі

болмайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы екі мемлекеттің пайдасына ғана жұмыс істеп отыр. Біздің істейтініміз “ақиқатты оқпен өлшеу”. Осы ғана дұрыс іс деп қарайтын. Осы жолғы екі қозғалыстың жеңісін Халел тоздырды. Əділхан бүлдірді. Бұқат бүлдірді, – деді де бірде бір мылтық тапсырмай Құмға кетіп қалды.

Оқымаған деп талай адамдар көзге ілмесе де Оспан көрегенділік істеді. Соңғы нəтиже сөйтіп Оспан қолында қалды. 13 адамды ұстап кетті дегеннен кейін Оспан, Кəмел, Қажақын, бүкіл Тіркештің (62) 11 ұлы, бүкіл Айтуған ішінде Төлестер Жұнғар құмына түсіп кетті. Олар сол жылы Құмдағы Ханобаға жəне Қаратазға барып қыстады. Қолдарында сап-сары мырыштар бар еді. Ел іші біраз тынышталып қалды. Біз семьямызбен малымызды алып Құмдағы Сарқазанға келіп қыстадық. Ол қыстауда бүкіл Құттыбай Қарақастар, əсіресе, Қасен, Құсайын байлардың тобы бар еді. Сол қыста үкімет Сарсүмбеден Қасен зəңгі, Мəмила зəңгі, Уатқан, Ұянжан, Мағауия Ібішерұлы (бұл адамдар залың еді) қатарлы адамдарды өкіл етіп Оспанға жіберіпті. Ол адамдар Оспандікіне келіп үгіттерін айтып Оспаннан мылтық тапсыруын талап етті. Оспан болса:

– Ырысхан тоқтамын банды, ит Шың Шысай өзі бұзды. Қытай мен орыстың екі мың жылдан бергі жымысқы саясатын қытай тағы бір істетіп алды. Алдау тəсілі қытайларды тарихтан бері кедейліктен көз аштырмай келе жатыр. “Қуға қу жолықса екі құлағы шұнақ болады” дегендей қытайдың құлағы тарихтан бері шұнақ еді. Қытай Шың Шысай уəдесінде тұратын болса, онда Ырысхан тоқтамы өз күшіне ие болсын. Біз Алтайды қайтадан орналастырайық. Əскери күшін алып кетсін. Ұстап кеткен 13 адамды қайтарып берсін. Сонан кейін біз мылтық тапсырамыз. Болмаса біздің қорытындымыз бойынша, “Ақиқатты оқбен өлшейміз”, – деп келген адамдарды қайтарып жіберді.

Оспан адамдарын жинап алып Қобық ауданын шалып келуге, онда қытай армиялары болса ат түйелерін алып келуге бұйырды. Жəне ол:

Page 202: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

202

– Тарбағатай елінен тіл біліп келіңдер, – деді. Оспандар қатын-балалармен 300-дей адам еді. Сүлеймен Бектұрұлы Оспанның досы еді. Арал Шақабайы мен Төлестер бірыңғай еді. Сауырдан адам-дары да аман келді. Төменгі Алтайдан бандит Шың Шысайдың жиын бар деп əкетіп бара жатқан 250 адамын аман алып қалып еліне қоя берді. Бандит Шың Шысайдың Уаң Жау Уи дейтін атақты шпионың да 30 адамымен атып тастады.

Адамдары қайтып келген соң Сарқазанда жатқан Құсайынбайдың екі айғыр үйір (63) жылқысын айдап кетіпті. Құсайын маған келіп

– Сен Оспан екеуің тату жолдас едің. Көрші едің. Менің ешкімге жаушылығым жоқ. Көптің үйі едім. Қандай адам бір нəрсе сұраса аяғаным жоқ. Ол жылқымен кедей болып қалмаспын. Ағайын едік. Азарымыз болса да, безеріміз жоқ, – деп араша түсуімді сұрады.

Жаныма Қарақас Лұқпанды қосып берді. Мен Оспан ауылына бардым. Қара Сексеуілде отыр екен. Оспан келгенше бені үйіңе кіргізбеді. Оспан келгеннен кейін үйіне кірдім. Оспанға аманнан кейін Құсайынның сəлемін айттым. Оспан отырып:

– Бұл жұмыс қате істелген. Өткен жылы біздің жігіттер жайлауда Құсайынның үйіне барса, қымыз бермеген екен. Соған егесіп төрт биесін алып келіп сойып тастапты. Сенің келгенің жақсы болды, – деді де Текеш, Қажақын, Əбдірахман үшеуін шақыртып əкелді.

– Біз кіммен жау боламыз? Біздің жауымыз бандит Шың Шысай. Біз қашанда болмасын халықпен жау емеспіз. Жауды дұрыс талдап алыңыздар. Сойылған төрт жылқыға төрт жылқы қосып Құсайын жылқыларын мына келген адамына айдатып жіберіңіздер. Тұрмыста қиын істер болса, онда ағайынға адам жіберіп сұратып алыңдар, – деп бұйрық берді.

Мен Құсайын жылқысын аман-есен əкеліп бердім. Үш күннен кейін Кəмел келді. Олар азық сұрады. Құсайын 30 еркек қой, екі мініс ат, төрт бие соғым жіберіп берді. Сонымен сол жылы сол жерде қыстап жата бердік.

Сонымен жыл қандай тез өтті! 1942 жылы туа қойды. Қар кете бастады. Айырплан аспаннан қағаз тастады. Онда “Оспанға ермеңдер. Егер ерсеңіздер аямаймыз. Оспанды да тез арада құртамыз”, деп жазған екен. Мұндай сөзге екі мың жылдан бері үйреніп алған қытай сол шабысына салған екен. Біз Алтайға көше

Page 203: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

203

бастадық. Оспандар көшіп Алтайдың Жөргекті деген жеріне барғанда Оспанның артынан 1.200 əскер қуып барды. Оспандар жаумен атысып отырып Өндірқарадан барып түсті. Сырт жағынан өзінің Молқылары, атап айтқанда Мағауия залың барып (64) Оспанның отырған аулын қоршап алды. Осы қамаудан Оспан, Қапас, Сүлеймен, Кəмел, Зейнел, Шертиман алтауы қашып шықса да, үшеуін қолға түсіріп мылтығын алды. Оспан, Шертиман, Сүлеймен үшеуі қашып шығып кетті.

Біз көшіп Қу Ертіс бойына қой қоздайтын жерге келдік. Үкімет Оспан мен Сүлейменнің қатын-баласын Сарсүмбеге əкетпек болды. Осы жылы Қажнəби Көктоғайдың шəні еді. Мен Қажнəбидің үйіне барып

– Оспан мен Сүлейменнің қатын-баласын Алтайға апармай Көктоғайда тұрса екен, – деп пікір айтып едім.

Ол адам мақұл болды. Мен алғашқы қыста Құсайын жылқы-сына барғанда, Оспанмен келісіп ел ішіндегі мəн-жайды жеткізіп отыратын болып уəде берген едім. Сол уəдем бойынша осы істі барып айттым. Қажнəби:

– Бізде почта жоқ. Мен қағаз жазып берейін. Жəнімханға апарып беріп олардың семьяларының осы жерде тұруына рұқсат алып кел, – деді.

Мен қос атпен Алтай сақшысына бардым. Атым сонда қалды. Мені ертіп Жəнімханға апарды. Менен ол Оспан ахуалын сұрады. Сонымен бірге мені қайтадан тыңшысы етіп белгіледі. Оспанның ахуалын мəлімдеп тұратын болдым. “Олардың қатын-баласы Көктоғайда тұруына болады.” деп қағаз алып келдім. Оспан мұны естіп разы болды. Оспан:

– Семьям Көктоғайда тұрса, бір күн болмаса, бір күн тартып аламын, – деді.

Қажнəби де мені тыңшы етіп белгіледі. Оны да қабыл алдым. Елдің алды қайқая көшуге əзірленді. Оспан бірнеше адаммен қашып Бала Ертіс басына барды. Ел Қу Ертістің етегіне түскенде Қашқырты күнгейінде қашып жүрген Мəлікаждар молла, Келес, Тоқтастарды тауып алды. Сегіз адам болды. Осы мезгілдерде ел ішінде бұрынғы үкіметке мылтық атқандарды ұстайтын өсек аяң тарай бастады. Татай Қалманұлын ұстап кетті. Оны сезген Кəмел, Зейнел, Қапас, Тіркештің барлық балалары Оспанға қайтадан қашып келді. Оспандар тобы молайып Құмға барған соң үкімет əскерлері Қарабұлғын – Дүреге келіп тосып жатты. Ел Ертіске

Page 204: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

204

келіп шөп шауып жатқанда өткен жылы əскер бастап келіп Оспанның аулын шапқыздырған Мағауияны Оспандар ауылына барып (65) атып тастады. Мағауияның ауылы Өндірқараға келіп қонған еді.

Оспандар Қыстаубай ішінде Сары Сүлеймен ауылын шауып кетті. Оспандарды ала жаздай жау өкшелеп қуып жүрді. Ел ішінен бізден тіл алып тұрды. Сондықтан олар тұрақтай алмай ойға түсіп кетті. Ал қыстауда Дүреде жатқанда оларды жау əскерлері қоршап алды. Осы кеште Оспандар аман-есен құтылды. Қытайлар Оспанды өлтірдік деп Қарақас Садықтың басын кесіп алып, ағашқа іліп қойды. Осы ауылдың он неше адамын атып кетеді. Бұлар Қарақас елі еді. Оларды Дүренің керішіне апарып өлтіріпті. Оспан əскерді жаңылтып, Сартоғайға қашып кетті. Сартоғайдағы елден ат алып Құмға шығып кетеді. “Із тастау əдісі болды.”

Дүреде жатқан əскерлер ел ішінен Қарақастардан Қаумет шабарман, Халық (үшеуінің атын ұмыттым) қатарлы бес адамды ұстап алып, Қарабұлғындағы Халел аулына алып келді. Онда Сайып, Қазез, Уақит, Халелдің қызы Шəпіш бар екен. Он əскер түнде келіп Халелдің ауылын күзетеді екен. Таңертең он əскер Қарабұлғындағы қалың əскер жатқан жерге барды. Сайып өзінің ұсталатынын біліп, амал таба алмай тұрғанда екі əскер қайтадан Халел аулына келді. Мəпеш екеуі екі əскерді балталап ұрып өлтіріп екі мылтығын алып, бағанағы байлаулы бес адамның қолын босатты. Оларды алып келген əскермен соғысып, оның біреуін өлтіріп, төртеуі қашып кетеді. Сайып жиыны 15 адам болып (Абшат, Кəгбан, Қазез, Уақит жəне əлгі төрт адам оның бірін қытай атып кетеді.) Оспанға барып қосылады. Оспандар осы кезде Ханобаның бойында болатын. Əскер өрлеп Сартоғайға кетті. Осы əскерді бастап жүрген адам Ноғайбайұлы Түркістан өзінің елінен 20 адам алып, Сұлубай, Замырқан, Жақсыбай, Жүніс, Жəмет, Сөкей қатарлы мергендерді ертіп Оспанды қуалайды. Жəне үкімет əскерлерін Қыстаубай Нəсіпхан бастайды. Рамазан Шібішерұлы, мұғалім Шібішерұлы қатарлы жол білетін көп адамды қытайлар жалдап алады.

Кеңес Одағынан қолдау

Оспанды Ханобадан білдіртпей келіп басады. Оспандар азырақ

атыс беріп аман-есен қашып шығып кетеді. (66) Оспан Түйе

Page 205: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

205

Құмнан қашып Жырадан асып Сарқазанға келеді. Сарқазанда жау əскері келіп тағы да басады. Бұл жерден Оспандар қашып, Бурылтоғайға түсіп кетеді. Сарқазанға үкімет əскері жатқанда айырплан келіп, талмай бомбалап, өз армиясынан 300 ат, 1.000-дай əскерін қырып тастайды. Жау əскерлері арып шаршап суыққа төзе алмай, ақыры ашығып Шонжыға қайтты. Түркістан өзі ертіп жүрген жиырма адамның мылтығын алып, елге қайтарып, өзі Үрімжіге кетіп қалды. Сонымен жаз шығады.

Ел қыстан шығып, бөктерге барып қой қоздатпақ болды. Дəл осы кезде біздің семьямыз Қара Ертістің Көкебұлағына көшіп барып, қой қоздатып жатыр едік. Сарсүмбеден сауда алатын Қасенбайдың баласы Задақанды ертіп Шоқай қажының үйіне келдім. Задақанның қайны болғандықтан əйелін алғалы сол ауылға келіп еді. Күзде бермек болып уəде берді. Мен Сарсүмбеге барып Мамытбек Үсейіннен бұл, шай, сіріңке алдым. Қайтып Көке-бұлаққа келсем, ел енді ғана жайлауға көшпек болып отыр екен.

Сарсүмбеден Уаң Силиң шығып, Оспанның жүрген жерін зерттеу үшін Көкебұлаққа келмек екен. Оның жанына Қарақас жүз басы Мұқай келді. Оның бізбен таныстығы, достығы бар еді. Ол маған:

– Сені ұстамақшы. Барлық құйыршық болғандарды ұстайтын болып жатыр, – деді.

– Менің де күмəнім болып дайын жүр едім. Ауылмен Аралға кел, – дедім де өзім қашып, Күртінің құйғанында жатқан Оспан-дарға барып қосылдым.

Мен барғанда Оспандар 60–тан астам адам екен. Барлығымыз ол жерден жүріп Қарабөгеуге бардық. Ел орта жайлауға келе бастады. Бұл кез маусым айының іші еді. Қарабөгеуде отырғаны-мызда Ертіс алқымындағы Шақабай тоғамында келе жатқан адамды көрдік. Мəдени киімді шолақ ат мінген қара тоны бар екен. Ол адамды ұстап алдық. Бұл адам бізбен өте жақсы амандасты.

– Мен сіздерді іздеп келемін. Сүйегім Найман. Көктоғайдағы (67) орыс адамы едім. Міндетім кəдір, яғни нəшендік. Атым – Қаражақып, мені сіздерге орынбасар консул Баймурзин жіберді. Біздің Шың Шысаймен достық күніміз біткен еді. Мамыр айында елімізге қайтамыз. Қытай үкіметі “бізден қашып жүрген Оспан банды бар. Егер олар сіздерге залал келтірсе, оған біз жауап бермейміз”, деп ұқтырды. Біз сіздерден қорқып сөйлеселік деп іздеп келдік, – деді.

Page 206: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

206

Оспан, Сүлеймен болып ол адамнан бір қанша сұрақтар сұрадық.

– Ресей деген үлкен мемлекет. Қытаймен тоқтамдарыңыз бар. Қашып жүрген біздер. Сіздерге қандай жұмысты шешіп бере аламыз? Біз сені өлтіреміз. Бəріңді жау деп санаймыз. Сен бізден қалайша қорықпай келдің? – дедік.

Ол адам тұрып: – Алтай жерін аралап, кен зерттеп жүрген бір топ инженеріміз

бар еді. Олар сіздердің адамдарыңызға кезіккенде “Біз қытайға аман-есен қарсымыз. Орыстарға қарсы емеспіз”, деп оларды аман-есен қайтарып жіберіпті. Ол адамдар сіздердің адамдарыңызға бір ағаш күріш, мың оқ беріп кеткен екен. Олардың екі дүрбі, бір наған, екі мылтығын алмай қоя беріпті. Осы ахуалды естіген үкіметіміз сіздердің адамдарыңызға үлкен рахмет айтумен мені жіберді, – деді. Осыдан кейін Қаражақып бізге:

– Сіздерде не мақсат бар? Өз үкіметіңізбен неге соғысып жүрсіздер? – деді.

– Үкіметіміз асқан залым болды. Ол залымдарда ғылым жоқ, надан болды. Ғылым болмаған соң өнер кəсібі жоқ. Елдің əр нəрсесін əскери күшпен тартып жейтін жамандық істеуші, алдам-шы алаяқ болды. Ойлайда, сөйлейде, істейде білмейтін тоғышар болып, сүтті суға құйып жатыр. Біз олардан тəуелсіздік талап етіп жатырмыз. Біздің қолымызда құрал жоқ. Сыртқы сүйеніш күшіміз жоқ. Қытайды өлтіріп, мылтық тартып алып жүрміз. Елін құрал беретін болса, біз сатып аламыз. Ондай жолдарыңыз бар ма? – дедік.

– Мен ол пікірлерді Баймурзинге жеткізейін. Маған мал айдап кетуге жол бересіздер ме? (68) 200 машина жүк, он екі мың қой, алты мың сиыр бар еді. Сол малды шығарып əкетсек, – деді.

– Ондай болса, біз Баймурзинмен сөйлеселік. Ортең сайының арасына келсін, – дедік. Ол белгі берді.

– Ең алдымен орыс туы бар үлкен машина шығады. Онан соң бір кішкене машина шығады. Оның артынан тағы да орыс туы тігілген үлкен машина шығады, – деді.

Уəде бойынша 12 маусым күні Оспан, Сүлеймен, Кəмел, Қапас, Зейнел, Абшат, Қазез, мен Нұрғожай қатарлы 26 адам барып тостық. Уəделі күнде үш машина 40 əскермен олар келді. Машина жазықта тұрды. Баймурзин Қаражақыпты ертіп бізге келді. Амандастық. Рахметтерін айтып жатты.

Page 207: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

207

– Неге қашып жүрсіздер? Үкіметпен неге тату болмадыңыздар? Қандай мақсаттарыңыз бар? – деп сұрады. Біз:

– Шың Шысайдан жерімізді тартып алмақ болып жүрміз. Іздегеніміз – тəуелсіздік. Бірақ қолымызда құрал жоқ. Құрал тауып алсақ дейміз. Біз құралды сатып та ала аламыз. Немесе тоқтам жасалып құрал құнын белгілі мерзімге бөліп беруге болар ма екен? – деп жауап қаттық.

– Кеңес Одағы құрал берсе аласыздар ма? – Ресейді құрал жайында жаттық етпейміз. Біздің шын

тəуелсіздігімізге кепілдік етер болса, ол кезде біздің аянар жөніміз болмаған болар еді. 1932 жылдан бергі Ресейліктердің тəжірибе-леріне қарағанда, оның мақсаты басқаша болып келе жатыр, – дедік.

Олардың барлық заттары мен жанды малдарын Көктоғайдан аман шығарып кетуіне біз жол қойдық. Сондықтан осы əрекетімізге олар да үлкен рахмет айта келіп, 11 адамға, əр адамға бір пар костюм, шапан – сым, бірден етік, үш мыңнан оқ, шай, бұл қатарлы нəрселер берді.

– Қолымыздағы мылтықты бермейміз. Еріп жүрсеңдер мылтық берелік, – деді.

Біз еріп бара алмадық. Олар: – Сіздерді қашанда болса, тауып аламыз, – деп уəде беріп жүріп

кетті. Біз олардан айрылып, жолда келе жатқанымызда алдымыздан

Көктоғайға 300 түйе астық əкеле жатқан 30 жау əскері кезікті. Осы жауды түсіріп, астығын жартасқа тығып, түйесін алып кеттік. Адамдарын атып кеттік. (69) Біз енді жайлауға қарай қайқайдық. Осы туралы бір қарар алдық. Жүйрік ат іріктеп алдық. Киетін киім-дерді толықтадық. Қарадүрбінге барып орналастық. Ел үстімізге жетті. Ол жерде біраз демалып, елді алдыға өткізіп жібердік.

Қалқа жеріне жорық

Ендігі жоспарымыз Қалқаның шекарасынан кіріп, ат алу болды.

Оның 1940 жылы бізді алдап Бұлғынға апарып алып, қытайға қырғызып тастағаны есімізден мəңгі кететін емес.

Барлық адамдарымыздың саны дəл 99 еді. Осыдан 31 адам Оспан мен Сүлеймен қолында қасап болып ат бағып қалды. Мен 1931-1932 жылдарда Моңғолияға сауда істеп барған едім. Бас-

Page 208: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

208

қаларға қарағанда жолды, жер сырын недəуір жақсы білетін едім. Менен басқа Молқы Садық деген адам да жол біледі екен. Садық екеуміз жол бастадық. Сұлубай, Кəмел, Қапас, Нəби Тоқтағанұлы, Абшат Ақтекеұлы қатарлы адамдар басшылығында Бала Ертіс басынан Нортыға асып түстік. Нортыдан Бүркіт Ұясына бардық. Одан Ыстық Ойға бардық. Бұл жерде мен Бұзай Дүрбіннен келетін Сақсайдың бір ашасы Үлкен Сақсайдың құйғанында Көбеш бейіті бар еді. Сорқобыға асатын батыр Ашасының басында Үш Дабаты деген үш кішілеу сай болып Үлкен Дабатының аузында Кəрі Өткел дейтін өткел бар еді. Сақсай өзені қорым тас болып албаты жерінен өте алмайтын, тек қорым тасын теріп тастаған жерінен ғана өтетін. Кəр Өткелге мініп тұрған Бұрғысын жағынан келетін Сұр Тұмсық деген үлкен тұмсық бар еді. Ол жер Қалқаның тарихтан бері қарауыл орны болатын. Осы қарауыл орнынан 40 километр қашық-тықта тұратын Қалқаның атақты Сарқобы жастабы35 бар онда.36 Əрқашан жүзден екі жүзге дейін армия сонда тұрады.

Сұр Тұмсықтағы қарауылдан шолғыншылар келіп кетіп тұратын Бұзай Дүрбіннен ағып келген кішкене Сақсай суының жанында бір үлкен шоқы бар еді. (70) Ол осы жердегі əдет қарауылдың өкілдерінің орны еді. Олар əр күні түске дейін келіп жер шалып, түстен кейін шекара орнына қайтып кететін. Тəңертең келіп Ыстық Ойға түсіп демалып ұйықтап кетсем, екі ақ боз атқа мінген ақ киінген екі ақсақал Жəнібек туын алып келе жатыр екен. “Алла, Алла” деп алдынан жүгіріп шығып едім. Ол туды маған берді. Жəне төрт ту берді. Оны екі ақсақалдың бірі берді. Оны ұстап түрегеліп айғайлағанда өз дауысымнан шошып оянып кеттім. Барлық адамдар:

– Не болды? – деп сұрады. – Ілгерілейік алдымызда үлкен олжа бар. Туымыз жоғары

көтеріледі, – дедім. Демалып қарауыл төбеге келдік. Жанды нəрсе көрінбеді. Біз

алдыға көз тігіп қарап тұрғанда Сұр Тұмсық астынан ер тоқымды үш ат шыға келді. Адам бары білінбегеннен кейін үшке бөліндік. Кəмел, Қапас батыр Көбеш өткелінен өтетін болды. Кіші Дабатымен Сұлубай өтетін болды. Менің жанымда Нəби қалды.

35 Қарауыл. Орысша “застава” сөзінен алынған болса керек. 36 Генерал Мəжік 1973 жылы Ұланбатырда жарияланған “Отан үшін соққан жүрек” атты естелі-терінде 1943 жылы 30 шілдеде Сарқобының кіші асуында шекаралық қарауылды 100-ге жуық “бандылардың” қоршауға алғанын айтады. Дорж Б. “Оспанға қатысты оқиғалар”. Оспан батыр. (Монғол тілінен қазақшаға аударған Ақеділ Тойшанұлы), Алматы, 2007, 61-бет.

Page 209: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

209

Қолымызда мылтық жоқ еді. Тек Нəби қолында бір мылтық бар еді. 31 адаммен мен қалдым. Жаратып мініп жүрген жүйрік қаракөк атым бар еді. Ертоқымы жеңіл еді. Киімдерімді жеңілдетіп қолымда қылышымды ұстап мен үлкен жол аузында отырмын. Бір жүгірсем əскерлер дəл көрінетін жердемін. Басқа адамдар судан өтіп əскердің жан-жағын қоршағаннан кейін шаппақшы едік. Бұл жерде маған бір ой келді. Таңертеңгі қарауылдар қазір ұйықтап жатыр. Жерді иен деп көріп кетті. Мен басқалар келместен бұрын шауып түсейін деп ойладым. Жанымда бауырым Кəбіл бар еді. Нəбиге:

– Мылтық атпа! – дедім. Үш адам еңкейе шаптық. Төбенің орта беліне жеткенде əскер бізді көріп қойды да тұра атқылай бастады. Адамдарымыз жатып қалды. Мен тəуекел деп Кəр Өткелдің аузына жетіп келдім. Кəбіл мен Дəуітбай да жетіп келді.

– Мынау суыр қараған Моңғол емес, қарауыл армия, – деді. Мен төбеге шығып қарайын деп жүріп кеттім. Төрт əскер дереу атын мініп кеткелі жатыр екен.37 Мен араласа кеттім. Олардың мылтық атуға (71) шамасы келмеді. Біреуінің аты семіз болып жүгірмегендіктен, атын тастап жаяу қашты. Мен де қуып жетіп:

– Əкел мылтықты, – деп айғайлап едім, едел жедел екі атса да оғы тимеді. Үшінші рет атқанша қылышпен бір салып өлтіріп жіберіп мылтығын алдым. Қалған үшеуін тұра қудым. Оларды ат үстінен атып едім. Біреуінің аты оққа ұшып кетті. Жау алдынан Қапас шауып келе жатыр еді. Қапастың аты оққа ұшып кетті. Қашқан жаудың алдында екі адамы бар екен. Олар келіп суырдың ініне кіріп кетті. Үшеуі сыйып біреуі симай қалды. Оны қарауылға алып атып жібердім. Бізден екі адам оққа ұшты. (Бірі Молқы еді, бірі Жəдік Əділханның балдызы). Біз суыр ату үшін жасалған бір акоп қалқасына келіп орналастық. Аңдып отырып үшеуін де атып түсіріп алты мылтық түсіріп алдық. Екі адамның сүйегін алып қайтқанша Моңғол əскері қаптап келіп қалды. Жаудың өзінен түсірген бір елу атар пулемет бар еді. Атты ұстатып қойып жау əбден жақындағанда қойып жіберіп едім. 80-нен астам адам атымен бірақ қырылды. Басқа қарауылдар 20 неше адам түсіріпті. Бұл жолы 110 адамды өлтіріп қару жарағын алып қосқа келдік. Шəйіт болған екі адамды Нортыға əкеліп жерледік. Сол күні Бала Ертіс ішіне келіп қондық. Моңғолдан келістіріп отырып кек алдық. Екі

37 Осы шайқаста Нұрғожай тобының ішінде болған Қабиқас кейін Монғолияның адамдарына 1943 жылы 30 шілдеде төрт адаммен атысқандықтарын атап өткен. Сонда, 61-62-бет.

Page 210: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

210

қарауылын бірақ талқандап 120 үлкенді кішілі қару олжалап алдық. Ел шеті Сағатай аулының жанына келіп мəуліт оқыттық. Онан соң ақ сарбас айтып мал сойып той жасадық.

Моңғолиямен келіссөз

Бала Ертіс жолына қарауыл қойдық. Оған он адам жіберілді.

Менің қарауыл кезегім келген күні, қарауылдан Бала Ертіске дүрбі салсам, бір жетек аты бар бес адам келе жатыр екен. Ылғи Керейше киініп алыпты. Кестелі шалбар, үкілі тымақ киіпті. Қысаңнан аңдып отырып ұстап алдық. Бұл адамдар түсе қалып (72) амандасты. Оспанға алып келдік. Атын сұрасақ Қамқаш деген адам екен.38 Сүйегі Молқы. Оспандардың туыстары екен.

– Өткен жылдан бері үкіметіміз сіздерді келеді деп күткен еді. Сіздер жақтан хабар болмады. Оның үстіне мемлекетіміздің Ақбұлақ атты жастабын қиратып тастаған екенсіздер. Үкіметіміз сіздермен шынайы сөйлесіп, шынайы дос болуды қалайды. Өткеннен бері екі жағымызда ауыр дəрежеде қарулы қақтығыстар болып келе жатыр. Оның барлығы сол кездегі саясатымыздың қателігі. Үкіметіміз де бандит Шың Шысайға алданып Алтай халқына ауыр зияндар əкелген едік. Іргелес туыстас елміз. Оның үстіне тарихтағы кигіз туырдықты Моңғол атты туыстарыңыз едік. Біз дағы соларды паналап отырмыз. Енді шынайы бірлессек, не талап айтасыздар? Сіздерге туыс деп үкімет мені əдейі жіберді, – деп бес маузер мен бес дүрбіні сыйға тартты.39

38 Монғолия Ішкі Істер министрлігі Оспанмен байланыс жасау үшін бірнеше дүркін адамдар жіберсе де олар Оспанға жолыға алмай келеді. Ақырында Оспан батырға туыс болып келетін Делуінде тұратын Қамқаш Исаұлын табады. Қамқаш Оспан батырдан 14 жас үлкен немере ағасы. Оспанның əкесі Ислам мен Қамқаштың əкесі Иса екеуі ағайын болып жүрген жанашыр кісілер болған. Ішкі Қорғаныс орнының Қамқашпен бірге Оспан батырға ресми хат жеткізуге міндетті кісілер ретінде Батжаргалын Дұгэр, Баатарын Чулұұндай, Паламын Раазан тағайындалған. Олар 1943 жылы 13 тамыз күні Қобда Байтаг бағытынан аттанып тамыздың 23 күні Оспан батырдың штабы орналасқан жерге жетеді. Рахметұлы С. “Оспан батыр жəне маршал Чойбалсан”. Оспан батыр. Алматы, 2007, 109-бет. Бұл туралы генерал Мəжік естеліктерінде былай дейді: “Оспанмен кездесу жасап байланыс орнатқалы көп шұғылданған соң, оның лагеріне, ең бастысы – қазақтың салт – дəстүрін тамаша білетін ысықаяқ, көзі ашық, көкірегі ояу, шындықты танытуға кабілеті жететін тəжірибелі адамды жұмсаған дұрыс деген шешім қабылдадық. Біз көптеген адамды тексеріп, талқыға салып, ақырында Баян-Өлгей аймағының Делуін ауылының тұрғыны У. Қамқаш деген малшы азаматты жіберу керек деп келістік.” Сондай-ақ, Мəжік Қамқаштың 7 қыркүйек күні Оспан батырға аттағанын атап өтуде. Дорж Б. “Оспанға қатысты оқиғалар”. Оспан батыр. (Монғол тілінен қазақшаға аударған Ақеділ Тойшанұлы), Алматы, 2007, 61-63-бет. 39 Сүгірбаев, Монғолия үкіметінің 1943 жылы шілдеде көтерілісшілерге Қамқашты жібергенін растайды. Оның айтуынша Қамқаш былай деген: “Шың Шысай үкіметіне, Қоминдаңға қарсы қару көтергендерің – беталыстарың дұрыс. Бірақ əркімге бір соқтығып, қылықсыз қимылда болғандарыңыз жөн емес. Əрине амалсыздан осылай істеп отырғандарыңды да түсінеміз. Ендігəрі

Page 211: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

211

– Біздің мақсатымыз тəуелсіз ел болу еді. 1940 жылы бұзылып Моңғолияға пана іздеп Бұлғын жеріне барғанымызда бір жақтан Шың Шысайдың армиясын əкеліп, екінші жақтан өз армиясын салып бомбалап 11 мыңнан астам бауырларымызды қырып тас-тады. Жүз мыңдаған мал, мыңдаған киіз үй, үй қазыналары өртке кетті. Немесе Моңғолдар мен қытайлар олжалап кетті. Сіздер достық іздесеңіздер біздің Моңғолия сияқты бір мемлекет бол-ғымыз келеді. Моңғолия осы мақсатымызды таныса, оған шынайы жəрдем беретін болса, дүние елі білетін жарнама жарияласын. Тоқтамдар жасайық. Дəл осындай болғанда ғана шынайы сенім орнай алады. Біздің де аузымыз күйген болатын. Бес маузерге сене алмаймыз. Ондай мылтықты Моңғолиядан да, Қытайдан да тартып ала білеміз. Моңғолияның Байқадам елін шауып, 450 семьяны олжалап кетуі, 584 адам Секелді қырып кетуі, онан соң бандит Шың Шысайға ұстап беріп келе жатқанын ұмытатын емеспіз. (73) Халықаралық заңды құжат арқылы дос болайық, – деп Оспан қайтарды.40

– Бізді көріп қайтыңыздар. Кеңес өткізетін жерлерді көріңіздер. Жаңа келген генералдар бар еді, – деді.

Осы сөзге орай, Қапас, Кəбіл, Ислам, Жанəбіл бастық 13 адам жіберілді. 41 Олар қонақ болу барысында Ислам (асылы мұсылман болған орыс еді) арақ ішіп мас болып

дөрекі əрекеттерден аулақ болыңдар. Мылтық аузын кертартпа үкіметті құлатуға қаратыңдар. Осылай істеуге мақұл болсаңдар, сендерді қолдаймыз əрі көмек көрсетуге де дайынбыз, – дейді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 48-бет. 40 Генерал Мəжік Оспанның өздеріне хат жібергенін айтады. Ол хаттың мазмұны Нұрғожай батырдың сөздерімен бірдей: “Біз 1940 жылы Қоминдаңдық қытаймен сұрапыл соғыс жүргізіп, Бұлғын өзенінің бойына шегініп келгенде, монғолдар тосқауыл жасап, бізді қуғын-сүргінге ұшыратқанын əлі де ұмыта қойған жоқпыз. Егер сендер адал ниетпен қарым-қатынас орнатқалы отырсаңдар, ол мəселені құжат арқылы дəлелдеулерің керек.” Дорж Б. “Оспанға қатысты оқиғалар”. Оспан батыр. (Монғол тілінен қазақшаға аударған Ақеділ Тойшанұлы), Алматы, 2007, 66-бет. 41 Сүгірбаев Қапас, Шердиман, Тескембай секілді бастықтардан бірнеше адамның жіберілгенін айтады. Осы өкілдер Сұлубай айтып Уақыт Халелұлы жазып Оспан мен Қабидың мөрі басылған хатты да ала кетеді. Олар бірнеше күн жүріп разы-хош болысып қайтады. Монғолия олардың əрбіріне бірден маузер, Оспанға арнайы бір автомат, бір дүрбі, Қаби Бітімшіұлына бір маузер сəлемдеме жібереді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 48-бет. Монғол деректерінде бұл кездесудің 1943 жылы 14 қыркүйекте болғаны жəне Оспан тарапынан Жолдыбай, Жанəбіл жəне атқосшы Нұх деген үш өкіл жіберілгені айтылады. Осы кездесуде төрт тармақты келісім жасалған: 1. Келесі кездесу 1943 жылы қыркүйектің 30-ы күні болады. 2. Қажет болған жағдайда ұлт-азаттық күрестің сарбаздарының отбасы мүшелері монғол жеріне паналайды. 3. Келісімге келушілер ақ тумен алдын ала белгі береді. 4. Оспан батырға жіберілетін монғол өкілдері “майор Дэмбэрэлден батыр Оспанға” деген құпия “пароль” арқылы кездесу жасалады. Осы құжат монғол, қазақ тілінде екі дана жасалып, екі жақ құпия сақтауға алды. Бірақ 30 қыркүйектегі кездесуге Оспан сақтық жасап өзі бармай Жанəбіл, Шердиман жəне Қапас бастаған өкілдерін жіберді. Рахметұлы С. “Оспан батыр жəне маршал Чойбалсан”. Оспан батыр. Алматы, 2007, 111-114--бет.

Page 212: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

212

– Оспандарда үлкен негіз жоқ. Тоқтам жасауға қандай кепіл болмақ керек? – деп қалады.

Сонда да олар: – 500 наған алыңыздар, – деген екен. Қапас: – Оны Оспанмен сөйлесіңіздер. Бізге наған қажет емес, –

дегендіктен 13 адамға 13 жапон бесатар мылтық беріпті. Жүзден оғы бар екен. 50-ден оғы бар бес маузер, бес наған беріпті.42 Олар сонымен қатар:

– Қызыл қыядағы Үш ергеншекте біздің белгілі байланыс комитетіміз бар. Сол орынға Оспан, Сүлеймен, Нұрғожай, Кəмел төртеуі келсін. Ресми Кеңес өткізелік, – депті.

Олар мұны айтқаннан кейін, мен (Нұрғожай), Кəмел екеуміз 30 адаммен барсақ, Қамқаш, Дұбдын деген бір əскери полковник пен 20 қорғаныс күші бар екен. Солармен кезігіп амандық білдіріп сөй-лестік. Олар бізге:

– Қазір жол бекіліп қалды. Қар жауды. Ендігі байланысты Бұлғыннан жүргізсек, 50 жапон бесатар оғымен, 10 түйедей бұл, шай тарту əкеліп отырмыз, – деді.

Сауда бастығы Күмберік Жымба43 дейтін адам екен. Олар бізге затын беріп жатқанда Дұбдын:

– Қанша адамдарыңыз бар? Шынжаңды қалай құтқарып қаласыңдар? Қандай шарттар арқылы тəуелсіз ел болып кетесіздер? Қандай жоспарларыңыз бар? – деп сұрады.44 Біз:

42 Генерал Мəжік бұл кездесу 1943 жылы 30 қыркүйекте Хайыртындаваа асуында болғанын айта келе былай дейді: “Алайда бұл жолғы кездесуге Оспанның өзі келмеді. Ол ұлы мен інілерін жіберіп, өзінің 4 қазан күні жолығатынын айтыпты. Оспанның мұнысы – біріншіден сақтық, екіншіден жеке басының дүниеқоңыздығы қозып бізден əлі де мол сый-сияпат, дүние-мүлік дəметкендігі еді. Сондықтан біз оларды жылы шыраймен қарсы алып, əр адамға маузер мылтық, дүрбі, қара барқыт мата сыйлап жөнелттік.” Дорж Б. “Оспанға қатысты оқиғалар”. Оспан батыр. (Монғол тілінен қазақшаға аударған Ақеділ Тойшанұлы), Алматы, 2007, 67-бет. 43 Монғол деректерінде Жамба деген бүркеншік атпен аталуда. Ол, Б.Дұйнхэржав атындағы Ішкі Істер Министрінің орынбасары, шекара отряд бастығы, бригада командирі екен. Бұл туралы қараңыз Рахметұлы С. “Оспан батыр жəне маршал Чойбалсан”. Оспан батыр. Алматы, 2007, 114-115-бет. 44 Мұндай сұрақты кейін Оспан батырмен кездескен Монғолия президенті Чойбалсан да қояды. Кездесуде Чойбалсан Оспанға “Сіздер келешекте қандай, қалай тіршілік етеміз деп ойлайсыздыр?” – деген тосын сауал қояды. Оспан мүдірмей “Мен Алтайдай елді мекенімді сонда ұсталып Қытай түрмесінде отырған сан жүздеген бауырларымды азат ету үшін өмір сүріп жүрмін”, деді. Маршал Чойбалсан “Сіз ойыңызды қалай жүзеге асыра аласыз?” деген екінші сауалға болса Оспан батыр “Алтай жерінде қазақтар ғана емес ұйғыр, торғауыт, ұранхай сияқты ұлт-ұлыстары қазір Қытай шеңгелінен шығуға талпынып, елді мекендерін азат ету үшін, тəуелсіз еркін өмір сүру үшін ой-сана, мақсат-мүдделерін біріктіріп күреске шықты. Біз көтеріліске қатысушы бұқараға бірігіп, оларға қолдау көрсете алсақ табысқа жетеміз. Сонымен қатар, біз моңғол мемлекетімен тіл табыса келіп, келешекте ынтымақтасуды көздейміз. Сіздің елден қару-жарақ алуға көмек берулеріңізді өтініш еткіміз келеді.” Рахметұлы С. “Оспан батыр жəне маршал Чойбалсан”. Оспан батыр. Алматы, 2007, 91-92-бет

Page 213: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

213

– Бұл жөніндегі пікірлерді Оспанға адам жіберіп сөйлесіңіздер. Біз ат үстінде не айтамыз? Біздің күшіміз бүкіл Шынжаңның мұсылман азаматтары деп сеніп отырмыз. Егер сіздердің халықара-лық жəрдемдеріңіз тарихи мазмұн (74) алатын болсын. Тоқтамның болашағын өздеріңіз белгілейтін болсаңыздар, онда оны біз түсіне алмаймыз, – дедік.

– Қандай мемлекет құрмақсыздар? – деп сұрағанда мен тұрып: – Шын45 Түркістан Республикасы болсақ дейміз, – дедім. – Онда Шынға [Қытайға] қарайтын ел болсаңыздар, соғысудың

қажеті жоқ. Бізше Шығыс Түркістан елі болсаңыздар ақылға сыяды, – деді.

– Шығыс Түркістан деп 1932 жылы көктемде жарнама жариялап Қожаниязға берілген жəрдемді бандит Шың Шысайға аударып жіберген едіңіздер.46 Сондықтан біздің ол сөздерден аузы-мыз күйген болатын. Ол жарнаманың сиясы əлі кепкен жоқ емес пе? – дедім.47

– Ендігі Кеңес Бұлғыннан болады. Онда Генерал Мəжік48 деген адам сол жерде дайындық көріп отыр. Сол кезде талқылап көресіздер, – деп хош айтысып жүріп кеттік.49

45 Естелікте “Шын Түркістан” немесе “Шін Түркістан” делінуде. Бұл жердегі “шын” немесе “шін” қазақ тіліндегі “шынайы, шындық” деген сөз емес, түрік тіліндегі “Чин”, яғни “Қытай” деген сөзден бұзылып айтылып отыр. 46 1933 жылы 12 көкекте күшпен билікті тартып алған Шың Шысай Кеңес Одағына жақтас екенін мəлімдеді. Сондықтан КСРО Компартиясы Орталық Комитеті Политбюросы 3 тамызда “Шынжаңға байланысты жұмыстар жөніндегі ережелерді” ортаға салды. Онда үкіметтің Шың Шысайды қолдайтыны жəне Шынжаңды Қытайдан бөліп əкететін саясат пен ұрандарға қолдау көрсетілмейтіні атап өтіледі. L.Sheng. Çin’in Xinjiang Bölgesi Geçmişi ve Şimdiki Durumu, Xinjiang Halk Yayınevi, Urumçi 2006, 155-бет. 47 Нұрғожайдың бұл күдігі орынсыз емес еді. Өйткені генерал Мəжік естелігінде қазақты қазаққа қырғызу үшін байланысқа енгендіктерін жасырмайды: “МХР премьер министрі, маршал Х.Чойбалсан МХРПП ОК-нің бас хатшысы, армияның саяси басқармасының бастығы, армия комиссары Ю.Цэдэнбал жолдастар мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесін дереу ұйымдастырып, олардың тікелей басшылығында Қоминдаң басқыншылары мен Оспан бандыларына қарсы күрес жүргізудің тактикалық тұрғыдан терең ойластырылған жоспары əзірленген еді. Ең алдымен қытайдың жауыз əскери билеушілері мен Оспан бандыларының өзара қайшылығын пайдаланып, оларды бір-біріне айдап салып бірін-біріне құрттыру – біздің негізгі мақсатымыз болды.” Дорж Б. “Оспанға қатысты оқиғалар”. Оспан батыр. (Монғол тілінен қазақшаға аударған Ақеділ Тойшанұлы), Алматы, 2007, 62-бет. 48 Монғолдың Батын Дорж (1914-1982) деген генералының бүркеншік аты. Ол өзінің 1973 жылы Ұланбатырда жарияланған “Отан үшін соққан жүрек” атты естеліктерінде “менің сол кездегі бүркеншік атым Мажиг болатын” деуде. Дорж Б. “Оспанға қатысты оқиғалар”. Оспан батыр. (Монғол тілінен қазақшаға аударған Ақеділ Тойшанұлы), Алматы, 2007, 75-бет. Оның осы бүркеншік аты Монғол емлесі бойынша “Мажиг” деп жазылады. Бірақ біз қазақтар арасында кеңінен қолданылған Мəжік деген емлені қолдануды жөн көрдік. 49 Бұл кездесу туралы генерал Мəжік былай дейді: “Бұл кездесу Бұлғын өзенінің бойында тігілген “Ақ ордада” өткен еді. “Ақ орда” дегеніміз қазақ тілінде үгіт-насихат парақтарын тарататын далалық шағын баспахана үшін тігілген үй. Біз алдымен Оспанға арнап соятын бірнеше қойды сыртқа байлап, тал қиып, мол отын дайындадық. Мұсылмандар өз қолымен бауыздамаса, бөтен діндегі адамдардың

Page 214: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

214

Онан соң барыс-келіс болып алты рет үлкенді-кішілі араласу болды. Үлкен жақтан ұғысулар болмады. Біз төңкерісшілер тау суытып кеткендіктен етекке жөткеріліп келдік. Жебеті басында 300 əскермен мұғалім Ібішерұлы жол бастап келіп бізді тосып аңдып жатқан жау бар екен. Олар алдымен Оспан ауылын көшірді. Қайыңды Бұлақ, Самырсын Сайға асырып кетті деп бізге хабар келді. Біз тауда бекініп жатқан адамдар аттанып сол 300 жау əскерін қоршап алдық. Түнге дейін атыстық. Астымыздағы шұңқырда ел бар, жау қарағай ішін иелеп алды. Оспан бір төбедегі қарауылда отыр еді. Қытай қоршап алып гранат лақтырды. Оспанды атуға таяп қалған бір қытайды мен атып жібердім. Əскерлер қашып кетсе, Оспан сол қарауылда қалып қойыпты. Оспан жаралы болып жау ортасында қалған екен. Маузерді сақылдатып 30-дан астам адамды атып өлтірген Сұлубай Оспанды көтеріп алып қашып келе жатыр екен.50 Алдынан Кəбіл, Қапас, Кəмел төртеуіміз шығып атқа мінгізіп алып келдік. (75)

Түнде айсыз қараңғыда ұран салып кіріп едік қытайдың бірі қалмай қашып кетіпті.51 Сөйтіп Оспан ауылдарын жау қолынан айырып қалдық. Ол жерден көшіп Жебетінің ішіне келіп қондық. Жау Шарбақбай ауылынан бір жігіт, Жамшитханның шешесі болып он екі адамды атып кетіпті. Оспан:

– Жəнтекей баласы жанымды алып қалдың, – деп көк қасқа тай сойып той қылды. Жеті күн демалып едік. Мұғалім Шібішер 500 жауды бастап тағы да келіп қамады. Қайыңды Бұлақтағы сойған малын жемейтін болғандықтан, біз осылайша қойларды тірідей дайындап қойдық. Оспан уəделі мерзімде келді. Қасында жүз шақты қарулы сарбазын ертіп алыпты. Жүрісі өте айбынды. Ал, менің қасымда тұрған 7-8 адамның бірінде де қару-жарақ жоқ. Біз ниетіміздің ақ екендігін білдіру үшін əдейі қарапайым кейіп танытқанбыз. Оспан қайын ағасы Сұмғазы мен Сүлеймен бастаған нөкерлерін ертіп, ішке енгенде, шеріктері үйді неше қабат қоршап алды. Мен Оспанға мейлінше ұғынықты қарапайым тілмен əңгімелесіп, заманның қазіргі тынысы, қазақ халқының көрген бейнеті, Қоминдаңның басқыншылығы мен езгісі, олардың басқа ұлттарды жек көріп кемсіту саясаты туралы ашық айтып, “егер сіздің тарап нағыз халық мүддесі үшін Қоминдаңға қарсы күресетін болса, біз көмектесуге дайынбыз” деп мəлімдедім. Оспан менің сөзіме сенген ниетін білдіріп, өздеріне қажетті қару-жарақ пен бұйымдарды сұрағандықтан береміз деп уəде жасадым. Ал, Оспан Қоминдаңға қарсы күресем деп серт берді. Келіссөз аяқталған соң, Оспан жағы қойларды бауыздап сойып асып жеді.” Дорж Б. “Оспанға қатысты оқиғалар”. Оспан батыр. (Монғол тілінен қазақшаға аударған Ақеділ Тойшанұлы), Алматы, 2007, 67-68-бет. 50 Сұлубайдың Оспанды құтқаруын Сүгірбаев де əңгімелейді: “Бала Ертістегі атыста Оспанның атына оқ тиіп қолға түсуге айналады. Осы тұста Сұлубай жаңбырша құйып тұрған оққа қарамай, тізгін ұшында Оспанды мінгестіре қашып құтылдырып кетеді. Сөйтіп ол көзге түсіп батыр атағын алады.” Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 47-бет. 51 Бұл уақиғаны генерал Мəжік растап былай дейді: “1943 жылы 5 желтоқсан күні Қоминдаңның 200-ге жуық əскері шекарамыздың қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп шеқара қарауылына, Оспан лагеріне шабуыл жасайды. Алайда олардың арам ойлары жүзеге аспай, 22 əскерінің өлі денесін біздің жерде қалдырып, өздері қашып-пысып жоғалды. Дорж Б. “Оспанға қатысты оқиғалар”. Оспан батыр. (Монғол тілінен қазақшаға аударған Ақеділ Тойшанұлы), Алматы, 2007, 69-бет.

Page 215: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

215

Сарбейіттен соғыса отырып Қарасуға келдік. Қапас пен Кəмел бір қарауылға кетіп еді. Қапас жаралы болып қайта келді. Кəмелді он екі қытай қоршап алып бір үңгірге қамап отыр екен. Аузы ораза, оғы таусылған не бары сегіз оғы қалған екен. Ол оқты жау дəл алдына келгенде қабаттап атбақ болып отырыпты. Кəмелдің қоршауда қалғанын естіп екі адам ертіп мен келдім.

Жаудың сыртын қоршап алып алтауын өлтіріп жібердім. Қалған жау қашты. Енді атқа мініп жаудың төменгі сай ішінде қалған 40-тай адамын атуға шаба жөнелгенімде арғы жақтағы беттен атылған бір оқ сап ете түскенде аттан ұшып түстім. Домалап барып тоқтап қалдым. Аққан қан тоқтамады. Қара топырақты салып жіберіп көйлегімді жыртып таңып алдым. Сол уақытта төбе жақтан

– Нұрғожай, – деген дауыс шықты. Бір уақытта Оспан келіп дауыстады. – Жаның бар ма? – деді. Мен дағы тірі екенімді білдірдім. – Адам жібер, – дедім. Əскери міндет өтеген жолдасым Шайза

бар еді. – Соны жібер, – дедім. Ол жүйрік атқа мініп тура шапқанда оқ

құйып кетті. Атпен келіп іліп алып қайта шапты. Жануар көк аяқ ат құстай ұшып жаңбырша жауып тұрған оқтан аман құтылып қосқа келдік. Мұғалім “Қапас пен Нұрғожайды өлтірдік”, деп елге хабар таратыпты. (76)

Жəнібек батырдың туы Қапас екеумізді Қоңырқай дарасындағы бекініске апарып

бақты. Қапас тез жазылып кетті. Өйткені оқ сүбені тесіп өтіп кетіпті. Əкем алтын салған аю өтімен 31 күн емдеп жазылып кеттім. 30 кісі ертіп беріп Сұлубайды Бұлғындағы Жəнібек аулына Жəнібектің туын алып келуге жібердік. Сұлубай туды алып Зарыққанды ертіп Күртіде отырған Оспанға келді.

Ту келгеннен кейін Арал елін шақырып ат шаптырып той қылдық. Жəнібек туын алып шығып бүкіл əскери адамдар мен ел бастықтары тудың алдында ант берді. Соғысты жалғастыра беруге серт берістік.52 52 Жəди Шəкенұлы Оспан батыр туралы мақаласында бұл уақиғаны растап былай дейді: “1943 жылдың соңында Оспан Өралтайдың Бұлғын деген жерінде қосының ретке салып Жəнібектің ақ туын алып шығады. Ақ тудың алдында жүрелеген мыңдаған сарбаз қолын қызыл қанға батырып “Тірі болсақ бір төбедеміз, өлсек бір шұңқырдамыз. Халықтың кегі үшін аттан түспейміз. Жауды қуып

Page 216: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

216

Алтай үкіметінің бастығы Гау Бауиға қағаз жібердік. “Біз ұлт-тық езгіге қарсы күресеміз. Өз тəуелсіздігімізді алмай қоймаймыз. Шынжаң деген бүкіл территорияны босатып аламыз. Өз алдымызға Шығыс Түркістан мемлекетін құрамыз. Бүгіннен тартып бандит Шың Шысай жеріне қайтсын. Шың Шысай өз сөзінде тұрмады. Шың Шысай 1933 жылы таққа шыққаннан бері жазықсыз 15 мыңнан астам қатын-баламызды қырды. Қазақтарды, ұйғырларды езуді бандит Шың Шысай өзінің меншікті мүлкіне айналдырып алды. Шынжаңдағы мұсылман халықтарын құлдыққа айналдырып барады. Сұмырай Шың Шысайдың 1934 жылы жариялаған алты жолы Шынжаң мұсылмандарына пəле мен қаза əкелді. Онан біз əбден сабақ алдық. Біз Шынжаң халқы Жын Шурын атты қасқырды есіктен қуып шығып Шың Шысай атты жолбасырты шаңырақтан түсіріп алғанымызды əбден түсініп болдық. Біздің өлкеміздің негізгі аты Түркістан еді.

1919 жылы Коминтерн құрылғаннан кейін Шығыс Түркістан деп атап кеткенбіз. 1923 жылы Ян Зы Шың Құлжадағы сауда тоқтамын Түркістан – Шынжаң саудасы деп атап Шұй Го Жын қол қойған еді. Сол Түркістанның Шығыс Түркістаны біз едік. 1932 жылы сəуірдің 5 күні Коминтерн “Шығыс Түркістан тəуелсіз ел” деп жариялап жарнама шығарып Қожаниязға (77) халықаралық үлкен жəрдем берілді. Бандит Шың Шысай 1942 жылы қыркүйекте Коминтерннен қол үздім деп жариялағанда 1942 жылы 20 қарашада Коминтерн “Шығыс Түркістан тəуелсіз халық республикасы” деп жарнама жариялады. Соңғы кезінде Оспан тобы осы жарнаманың негізгі орны болып қалды. Бұның барлығы кешегі тарихта еді. Осы тарихи құжаттардың қазірге дейін сиясы кепкен жоқ.

Сонау өткен заман тарихын алып айтсақ оны қытайдың өзі белгілеп 17 өлкесін кесіп 300 жылдық жасаған ұзын қорғаны бар еді. Осы қорғанның сыртының барлығы Түркістан жері, Шынжаң деген сөз 1738 жылы Манчу Хандығының Шынжаңға жіберілген Генералы Зо Зұ Таң қойып алған есімі еді. Сол кезден бұрын да, жəне кейін де осы біз айтып отырған Шығыс Түркістан өлкесі Жұнғария – Қашқария болып екі əкімшілік район арқылы іс жүргізіп келді. Қашқария, яғни Алтышар ұйғыр халқының мекені, ал Жұнғария Қазақ халқының атамекені болып келе жатыр. Сонау

шықпайынша, бел шешпейміз. Өлсек шəйіт, тірі болсақ қазымыз”, деп ант береді. Мойындарына ақтық байлап, жаназа оқытады.” Шəкенұлы Ж. “Алтайдың ақиық батыры”. Оспан батыр. Алматы, 2007, 137-бет.

Page 217: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

217

552 жылы қазақтардың Үйсін Хандығының орталығы қазіргі Жемсары ауданындағы Қағанбұт қаласы еді. Сондықтан біздер Шынжаң деген жер атын танымаймыз. Ол кездегі Жұнғария – Алтай, Тарбағатай, Іле, Үрімжі, Құмыл, Гансудың Жу жуан аймағы еді. Біз төңкерісшілер осы жерлерді дауламай тұра алмаймыз. Үкіметтеріңізге жоғарғы қолбасшыларыңызға жеткізіп қоясыздар” деп Момынбай би, Сəдуақас молланы жібердік.

Осы өкілдерді қорғап Бүркітбай батыр алып барып Сарсүмбе қаласына енгізіп жіберді. Қайтарында Ертіс бойлап Шібеті өрлей келе жатып жау қолына түсіп кетіп 13 адамды бандит Шың Шысай 1943 жылы 18 қыркүйекте Сарсүмбе қаласына апарып атты.53 Осы жылдың жазында 12 адамдық бір шолғыншы жіберілді. Сарсүмбеге дейінгі екі арадағы жер тазалығын тексеруге кетіп еді. Шың Шысай бандылары Алтайдағы Моңғолдан Бурыл бастық 19 адамды Шаңырақты Қызылдағы қарауылға жіберіп ол жердегі Оспан қарауылын талқандап келуге бұйырыпты. Кəмел, Қапас қатарлы адамдар (78) бұл қарауылды қиратып 18 мылтық, ат-көліктерін түсіріп келді. Тек Бурыл дейтін бір Моңғол қашып құтылған болатын.

Осы кезде бандит Шың Шысай Үш Арғылтай құйғаны, Келеңсай, Дабысын, Көктоғай қаласы, Қаратүнке, Күміс құйғаны қатарлы алты жерге мыңнан астам армияны əкеліп орналастырды. Қытайлар елдің етекке түсуін күтіп аңдып жатты. Қар жаумай Арғылтайдағы əскерлермен екі рет шайқастық. Алтай жақтан жау келмеді. Осы барыста Шіңгіл елінен Əсеннің шешесі Жəукен келді. Үрімжіден келген екі мың əскер Шіңгілдегі қыстауымызға түсіп алды. Ел ішінен Тілеулінің ауылы, қатын-бала ішінде жүзден артық адамды өлтіріп Ноғайбайға қарасты ел қашып тауға шықты. “Осы жаудан құтқар” деп бұл əйел Оспанға қағаз əкепті. Бұл хатты Əсен жазған екен. Əсен маған Ноғайбай үкірдайдың мөріні жіберіп “əскерді өзіңіз бастап келіңіз”, – деп баса айтқан екен. Оспан жүз əскер беріп мені баруға бұйырды. Ел бастықтарына Сəли Ақын

53 Бүркітбай батыр (1906 – 1944) туралы берілген бір мəліметте оның Алтай үкіметінің бастығы Тау Бау Сыйға емес, қажынəби Досқайұлын өздеріне қосылуға Оспанның сəлемін жеткізуге жіберілгені жəне 1944 жылы атылғаны айтылады: “1943 жылы қараша айында көтерілісшілер өздеріне қосып алмақ болған Қажынəби Досқайұлына Оспан батырдың сəлемін жеткізуге Бүркітбайды Сарсүмбе қаласына аттандырады. Себебі Қажынəбиге Бүркітбай нағашы болып келетін-ді. Сонымен қатар Бүркітбайдың ержүрек, елпектігі, тілді-ауыздылығы ескеріліп, оны Оспан батыр осы жұмысқа таңдайды. Өкінішке орай қасындағы серіктерімен Шірікши ауданында Қоминдаңшылар қолға түсіріп, Сарсүмбедегі Шың Шысай армиясына тапсырады. 1944 жылы Бүркітбай батырды қасындағы бірнеше адаммен Сарсүмбеде атады.” “ Бүркітбай батыр”. Оспан батыр. Алматы, 2007, 174-бет.

Page 218: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

218

тəйжі, Жанат зəңгіні қосып берді. Мен бес жорға ат, 25 кілем, 30 лаң алтын топтап алып ол нəрселерді халыққа тарту бермек болдық. Менің бір міндетім осы еді. Біз күнді түнге жалғап жол жүріп Шіңгіл ауданына жетіп келдік. Үш Қобыдан келіп өзен бойына түстік.

Моңғолиялық өкілдер

Үш Қобы аяғында Баянбай, Қызыл Шілікіндегі кең қолтықтан

қоныс алып отырған 300 үйлік Əсен үкірдай аулына келдім. Соларды сол жерден айдап шығып едік. Қала ішінен 200 əскер шығып еді. Олармен азырақ шайқасып едік. 7-8 адамдары оққа ұшқан соң қашып қайтадан қала бекінісіне кіріп кетті. Елді айдап отырып Бұлғындағы Моншық Қызыл түбіне апардық. Елді əскерге күзеттіріп қойып Əсен, Сəлиақын, Жанаттарды алып 14 кісімен Бұлғынды өрлеп Жарынтының басындағы Қалқа шекарасына бардық. Қызыл қыяға барғанда алдымыздан Қалқа əскерлері пропуска (белгі) сұрады. Біз өзіміздегі белгіні бердік. (79) Белгіні алғаннан кейін қарауыл бізді ертіп Жалпаққа бардық. Ол жерге екі киіз үй (қазақ үйі) тігіп қойыпты. Бізді Моңғолия өкілдері қарсы алды. Генерал Мəжік сонда келіпті. Мəскеуден жоғарғы лауазымды адамдар келеді деп сегіз күн тостырып қойды. Олар, қорғау-шыларымен келген орыс азаматы Генерал Богдонов пен қасындағы Яман дейтін полковник (бұл Моңғол) екен. Бұл генерал тегінде Алтайда жұмыс істеген, Көктоғайда бөлік командирі болып тұрған адам екен. Азырақ қазақ54 тілін де біледі екен. Ол адамды біздің қазақтардың бір талайы танитын болып шықтық. Ол адам бізге:

– Мен қазір Ұланбатырда істеп жатырмын. Чойбалсан сіздерге мені жіберді. Сіздер Үш Бұлақ жастабындағы барған өкілдерге көптеген пікір айтқан екенсіздер. Сол жайында мен екі үкіметтің жəне Коминтерн қарарларын ұқтырайын деп келдім, – деді. Ол сөзін одан əрі жалғастырып:

– Халықаралық Коминтерн Шығыс Түркістан тəуелсіз ел деп танып жарнамасын жариялап қойды. Шығыс Түркістан Бұлғын, Шіңгіл, Ақ Үй Соғыс Комитеті құрылды. Соғыс Комитеті сіздерге көптеген іс жүргізіп беретін ғылыми қызметкерлерімен көшіп келеді. Соғыс Комитеті жанынан сіздерге қоныс берілетін болды.

54 Мəтінде қай тіл екені жазылмапты. Бірақ кейінгі сөздерден оның қазақ тілін азырақ білетінін аңғарып “қазақ” деген сөзді біз қостық.

Page 219: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

219

Шығыс Түркістан азат болғанша қару жарақты Коминтерн тегін береді.55 Сауда жұмыстары халықаралық заң бойынша жүргізіледі. Шикі заттарыңыз сыртқы Моңғолия, сап моңғол-түрік атынан Ресейге өткізіліп малға айырбасталады. Түркістан 9 юаны Ресейдің импорт ақшасына бір сом есептелетін болды. Оспанға көп сəлем айтыңыз. Сіздерге Чойбалсан 30 мылтық бесатар, төрт мауазер сəлемдеме жіберді, – деп ол құралдарды бізге (Сəли, Əсен, Жанат, маған) берді.

Төрт мауазерді жоғарғы төрт адам алдық. Төрт түйе бұл, шай берді. Біз

– Өзіміз құрған соғыс комитетіміз осы жерге көшіп келсе, – деп талап етіп едік.

– Есігіміз ашық, – деп жарнаманы оқып берді. Тоқтамды оқып берді.

– Оспан өкілін жіберсе, тоқтамға қол қойыңыздар, – деді.56 (80) Оспанға берген сəлемдемені алып қайттық. 30 мылтықты

Əсенге бердік. Олар өзін өзі қорғап тұратын болды. Осы жолы 15 адаммен Шыбарайғыр Қапас бізге еріп жүрді. Күн түн демей жүріп Бурылтоғайға келдік. Оспан осы кезде Бурылтоғайдың Дүресіне көшіп келген еді. Оспан үйінде жиын болып Генерал Богданов, Генерал Мəжік, Генерал Қасеннің барлық пікірлерін жеткіздім.

Қалың жаудың Оспанға шабуылы

300 адаммен Нұрдан батырды Оспан Арғылтай қарауылына

жіберген екен. Мен сол күні түнде семьяма барып қонған едім. Түн ортасында “жау келді” деген суық хабар дүңк ете түсті. Оспан тобының жазыққа түсуін ұзақ күтіп сарғайып отырған қаһарлы жаудың күштісі мен тістісі, кəрлі мен зəрлі қазақтарға неше жүз

55 Сүгірбаев та Коминтерннің, яғни ІІІ Интернационалдың қолдауы болғанын мойындап былай дейді: “Сол тұста Кеңес Одағы Коммунистік Партиясын өзек еткен Үшінші Интернационалдың (жай сөзбен айтқанда, Сталин дəуіріндегі Кеңес Одағының) қолдауында болғаны сияқты, Үш Аймақ Төңкерісі де бұрынғы Кеңес Одағының қолдап қостауы мен жан-жақты көмегі арқасында пайда болған.” Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 204-бет. Сталиннің Шынжаң саясаты жəне оның себептері мен нəтижелері үшін қараңыз: Wang D. Under the Soviet shadow the Yining incident ethnic conflicts and international rivalry in Xinjiang 1944-1949, 414-418-бет. 56 Генерал Мəжік пен Оспан батыр 1943 жылы 5 қазан күні Қайырты асуында кездесіп келісім шартқа қол қояды. Ол келісімде Оспан өзінің баласын екі адаммен бірге (біреуі орыс азаматы) Монғолия өткізіп əскери қару-жарақты үйренеді. Осы мезетте өз адамдарын Монғол жеріне жібермей Гоминдаң əскерімен күресуді жалғастырады. Бұл келісімде монғолдардың дінге шек қоймауы, коммунизм насихатын жүргізбеуі, қандай да бір жағдайда қазақтарды ұстап қыспаққа алмауы ерекше атап өтіледі. Рахметұлы С. “Оспан батыр жəне маршал Чойбалсан”. Оспан батыр. Алматы, 2007, 114-115-бет.

Page 220: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

220

жылдан бері істетіп келген əккі жау Оспанды бірақ жайпап күлін көкке ұшырып жіберетін болып келген екен. Əккі жау он мың түйеге артқан азық-түлік, оқ, дəрімен қазақтарды зеңбіректің жеміне айналдырмақ болып келген екен. Біздің жіберген үш жүз адамымызды басып жаншыған қытай өз өлігін өзі басып-жаншып, долданып үрейді алып Сібірден аяусыз соққан муссон дауылындай келіп жетті. Жау Қарабұлғындағы Оспан тобын солтүстікте Алтайға, оңтүстікте Жұнғар құмына, батыста Үлінгір көліне, шығыста Арманты тауына жеткізбей жайпап тастау бұйрығын алып келіпті. “Қытайлар қазақтардың жілік майымен мылтығымызды майлаймыз деп бандит Шың Шысайға уəде беріп серт етіпті”, деген суық хабарлар сумаңдап ел ішін аралап кейбір жүйкесі əлсіз адамдарды не өзін өлтіруге, не қашуға əкеп соқтырды.

Жаудың мыңдаған зеңбіректері Өндірқарадан Сартерекке, батыста Қанды Бейітке дейін жер сілкіндіріп атылып жатты. Көкте айғай, жерде айғай қазақ қоралары мен қазақ үйлерінің барлығы өртене бастады. Орман тоғайлар өртеніп жатты. (81)

Күн күркіреп, жер сілкініп, аспаннан нажағай түскендей біреуді біреу білмейтін, балалар бесігімен өртке кетіп жатқан, жан түршігерлік сұрапыл ажал бір сағат ішінде қазақтың басына төніп кетті. Жау бізді, біз жауды əбден түсінетін болғанбыз. Тəуекел атына міндік. Көкте айғай – жерде айғай.

Жер-жерде керіштерге “Жəнібек” деп ұран салғызып бүкіл халыққа жауға тізе бүкпеуді ұқтырдық. Құтты Сұлубай:

Аспанда айырплан бытырлаған, Қайласы бұл қытайдың артылмаған. Біз қазақ малды баққан момын едік, Соғысты бұрын көріп жатылмаған- деп айтқандай бұл күндерде Шың Шысай бандиттерінің

бірнеше реткі шайқастарын бастан кешіріп жаудың сегіз мыңнан астам қарулы əскерін өлтірдік. Сөйтіп дұшпанды өлтіруді де əбден үйреніп алғанбыз.

Жер қайысқан қалың жау Қалшағайдан келіп түсті. Жау ашумен келіп зеңбірек атқанда Молқы Жасанбай елдерін жайпап жіберді. Неше жүздеген қатын-бала, мал-жанымен өртке кетті. Алдынан шығып соғысқан Кəмел батыр қарауыл жаудың көптігінен төзіп тұра алмай төрт адам оққа ұшып, төрт адам жаралы болды. Жау өлгеніне қарамады. Жау біздің əскерлерді

Page 221: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

221

басып жаншып қырып отырып Қарабұлғынға келіп түсті. Біз Қарабұлғын Дүре керішіндегі қысаңнан келіп елу неше пулеметпен жауды күтіп алдық. Осы бір қарауылда төрт күн қанды қырғын жүргізілді. Бесінші күні жау көптігімен бізді біртұтас қоршап алды. Түнімен қанды қырғын болды. Қытайдың бір қарауылын атып тұрған пулеметін Кəмел батыр тартып алып өз пулеметімен олардың өзін қырды. Ер Сұлубай бір қарауылды (82) төрт-ақ адаммен ұстап тұрды. Бір қарауылды Оспан екі-ақ адаммен ұстап тұрды.

Осы төрт күнгі сұрапыл соғыста қырылған мыңдаған қытай өліктерінен атпен жүре алмадық. Жаудың қоршауын бұзу үшін жүздей елу атар пулеметті аттың үстіне, атап айтқанда ердің артына бүктеріншек жасап құрып алдық. Жүздей пулеметті бірақ қойып жаудың қоршауын жарып шықтық. Дүренің ақ керішіндегі үлкен қарауылды да тартып алып, жауды өзен бойына айдап түстік. Алтай жақтағы ақ керішті алып сұрапыл соғыс жүргіздік. Жау көптігіне сүйеніп тағы да сыртымызды орамақшы болды. Бөлініп шыққан бір батальон жау армиясын қайтадан қуып өзенге əкеліп тықтық. 120 адам оққа ұшып тақырда сүйегі қалды. Жау ойысып Шаштың қыстауы, Тұғылдардың қыстауы, Көктем мектебі сияқты жерлерге түсті. Жаудың бес күннің алдындағы жер сілкіндіріп келген айғайы енді ойбайға ауыса бастады. Сол түнде соғыс тоқтады. Жау қуатты, əрі көп, əлі де басым жағдайда тұрды. Дегенмен 600 адамдық күшпен он мың адамдық жаудың қарулы күштерін қиратып тұмсығын қайтардық.

Біз жаудан айырған ел Бітеу мен Деңге қарай көшті. Оспан түн ішінде Деңдегі елден əскер жинап əкелуге жүріп кетті. Оспан кетпес бұрын мені шақырып алып

– 300 адамды ал, Қапасты ертіп Мойылтыдан түс. Жау қайда барар екен? – деді.

Мен таң ата жүріп кеттім. Біз сол күні Мойылтыға келіп түнедік. Ел үркіп кеткен. Айнала иең қалған малдар, бомбадан өртенген қоралар, күйіп кеткен адамдар мен малдарға лық толы екен. Əлі күйіп жатқан қазақ қораларын көрдік. Қыстауда қалған отынды жағып иеңде тірі қалған малдардан мал əкеліп сойып жедік. Əскер таяуда екен. Таң ата əскерлер музыка шалды. Мен əскерлерге оқ теңсеп бердім. Əскерлер аттанып Дүренің құм жағында керішке қарай беттеп сеп жайып біздің сол маңдағы əскерлерімізге қарай шабуыл жасады. (83) Алтай жағына қарап бір

Page 222: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

222

бөлім жау əскерлері айналып сырттан келіп соғу үшін өздері күткен жерден барып қарауыл алды. Қапас Алтай жақты ораған жаудың алдын тосты. Дүренің құм жағын алған жаудың сыртқы жағынан барып мен де қарауыл алдым.

Жау басым. Біздің санымыз аз болса да, қарауылды біз бұрын алып қойдық. Жау бізді біліп алды да, бізге қарай ойыса жүрді. Жау тұрмаға таяғанда екі жүз елу атар пулеметті қойып жібердік. Жауда өлгеніне қарамай оғы таусылса арт жағынан оқ жеткізіп атып жатты. Бір бөлім жау сыртымызды орады. Шыбарайғыр Қапас пен Сұлубай аз адаммен ол жаудың алдын алды. Жаудың тұмсығын қайтарды. Көп қырылғаннан кейін жау қайтадан шегініп өзенге түсіп кетті. Сұлубай қолынан жараланып артқы шепке кетті. Қапас менің жаныма қайтып келді. Біз қыян-кескі соғыс жүргіздік. Жау басып-жаншып кеткендіктен біз де шегінуге мəжбүр болдық. Қапас батыр ауыр жаралы болып, оны Кəбіл артқы шепке алып кетті. Мен де шегінгелі тұрғанда, Оспан 300 адаммен келіп қалды. Тағы да күш алып соғыс жүргіздік. Жау көптігінен екі қабат болып ту сыртымыздан орап кетті. Түске дейін шыдадық. Оның үстіне Оспан жаралы болды. Оны да қайтардық. 300 адаммен қалдым. Дүрбі салсам Тіркешұлы Қапас батыр да шегініп соғысып барады екен. Оспан:

– Жау өте басым болып барады. Жер қолайлы емес. Мен дайындық көрейін, елдің бір бөлігі бағынып кеткісі келіп тұр. Сен шыдап соғысып тұр, – деп бұйрық жіберіпті.

Бесінге дейін табан тіреп соғыстым. Өлгені, жараланғаны, кеткені болып 300 адамнан 70-тей адам қалдық. Төбеге дүрбі салып байқасам, жау жағындағы қарауыл төбеден əскерлер домалап бізді алу үшін сайдың аяғына түсіп жатыр екен. Ол жауды атып түгесуге де, тоқтатуға да болмады. Сондықтан əскерлерге “шегін” деп бұйрық бердім. Менің жолдастарым азырақ атыс беріп жаудың алдын ұстап (84) шегініп бара жатқанда Зарыққанға оқ тиді. Оны Жолдыбайға алып кетуге тапсырдым. Жолдыбай оны өнгеріп алып кетті. Мен тұрған қарауылды алуға он адам оң жағымнан өрлей келеді екен. Екеуін атып жібердім. Қалған сегізі қашып кетті. Жанымда бауырым Кəбіл қалған еді. Сол екі əскердің мылтығын алдым. Қашып арғы сапқа келдім. Жау көп қырылды. Бірі өлсе, екіншісі орнын басқандықтан жау қаруын ала алмадық. Түнделетіп ауылға келдім.

Page 223: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

223

– Оспан елі бағынатын болды. Əбдірахман, Əділхан, Тиянақ қатарлы ел адамдары ертең əскердің алдынан шығып бағынып қалсын. Əскерлерге “құйыршық қашып кетті” деп барлық мəселені бізге аударып қойыңдар, – дедім.

Ел ішінен хабар беріп тұратын адамдар белгіледім. Оспанның қолы жаралы. Жүздей семьяны алып түнде қашып шықтық. Қарақастан 30 неше адам, Қыстаубайдан 40 неше адаммен Манат шықты. Сұлубай, Зарлыхан, Шыбарайғыр Қапас 40 неше адам, барлығы жүздей семья, 350-ден артық соғысатын əскери азаматтар сайланып қашып шықтық.

Түнде-ақ төбені басып Шайтан қабаққа келдік. Ол жерде алды-артымызды түгендеп алға жол бастайтын қарауыл, артқа қорғаныс жасайтын қарауыл шығардық. Одан жүріп Сарқазанға келіп, жыраның басымен Қамыстыны басып Қарамайлының жіңішке құмына келдік. Онда екі күн демалдық. Одан көшіп Армантыны басып Бұлғынға кетпекпіз. Жіңішке құмнан көшіп Тұрманы кесіп өтіп Қасқыр соққанымен Ебі Қызылды басып түнде Арманты кенересінен өтіп Арманты Шақайды Бастауды басып жол тосқан жау əскерлерін кесіп өттік те Күміс құйғанына келіп түстік. Бұл жерден демалып Бұлғын бойын өрлеп Моншық Қызылга барсақ, ол жерде орналасқан Əсен елін (300 семья еді) жау шауып кетіпті. Ол елден тіл ала алмадық.

Ол күні Жарынтыдан Қалқа шекарасына таяп барып қондық. (85) 1943 жылы қарашада құрбан айт болған еді. Біз сол Жарынтыда құрбан айт намазын оқып құрбан шалдық. Сол жерде Қалқадан хабар келді.

– Əсеннің бір бөлім елін жау айдап кетіпті. Рамазан Шалапұлы, Нұрпейіс Батыр шəйіт болыпты. Құл Молқыдан Жылқайдар, Токтобай, Жұқай қатарлы жүз неше адам қашып келді, – деді.

Жаудың екі айырпланы келіп Əсен елдерін бомбалағандықтан малдары көбірек шығын болды деген хабарды естідік. Біз айтты өткізіп алып шекарадан өтіп Бұлғын жазығына барып орналастық. Мен сол жылы Мапқан тастың түбін қыстадым.

Бұлғында құрылған ақ үй соғыс комитеті

Біз енді бір жаңа дəуірдің есігін аштық. Бізден бұрын бұл

жерде “Шығыс Түркістан Ақ Үй Соғыс Комитеті” атты мекеме

Page 224: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

224

əлдеқашан құрылып болыпты.57 Профессор Қасен деген кісі Қазақстандық (Кенесарының төртінші немересі екен) сол Ақ Үй Соғыс Комитетінің бастығы екен. Төрт жылдың алдында қырқыс-қан жаумен тағдыр бүгін бізді достастырып қойды. Соңғы күндер-дің кімнің бағы, кімнің соры екенін білмейміз. Тарихты еске алсақ, біздің сорымыз болар деп межеледік. Өйткені сонау 1932 жылы Коминтерн “Шығыс Түркістан тəуелсіз ел” деп жариялап Қожаниязға төрт мың мылтық, 12 кəдір əкеліп берген еді. Орыстар сол қозғалыстың артын қалай тоздырған еді? Бүкіл Шығыс Түркістанның жер байлығы мен шикізатын орыстар жалмап жұтып жатқан еді. Орыстар қазір Шың Шысай бандиттерінен айрылды. Енді Шың Шысайға бізді салып айтпақшы болып отыр. Бізді сендіру үшін “Шығыс Түркістан сыртқы Моңғолия сияқты мем-лекет болып кетеді”, дейді.58 1942 жылы 20 қараша күнгі жарна-масы мен 1943 жылы 6 қаңтар күнгі сырттан жар салған тоқтамды көрсетіп жүріп бізді сендірді. (86) Біз өз басымызға төнген ауыр жағдайдан құтылу үшін:

– Ресей-Моңғолия тағы сол секілді елдердің көмегін алып көрелік. Оның соңғы нəтижесін қазақтар өзі көзімізбен көргеніміз жөн ғой. Тəуекел, – деп бекіндік.

Сөйтіп өз ішімізде пікір бірлігін сақтап қалдық. “Ақ Үй Соғыс Комитеті” жақсы тынығуды көбірек айтты.

– Елге қай мезгілдерде барасыздар? Қытайға қашан шабуыл жасайсыздар? – деп қояды.

– Оның бəрін сіздер белгілеп беріңіздер. Біз тоқтам бар, жарнама бар деп сіздерге келдік. Ал біздің осы тəуелсіздікті қалай қолға келтіру керек? Бұның саяси басшылығы сіздерден болсын. Əскери міндет өтеу бізден болсын, – дедік.

Ақ Үй Соғыс Комитеті: – Біз істейтін жұмыс көп. Бірақ, сіздер үкімет құрып алып бізге

беріңіздер. Біз оны жоғарғы үкімет басшыларына жіберіп бекіткен-нен кейін сол үкіметтеріңіз бізбен халықаралық байланыста іс

57 Монғолияның Оспан батыр бастаған көтерілісшілермен ынтымақ жасау үшін бұрыннан дайындалғаны байқалып отыр. Бірақ Сүгірбаев бұл ынтымақтастықтың көтерілісшілер тарапынан бастатылғанын алға тартады. Ол сонымен қатар “Халықтың Шың Шысай Үкіметіне Қарсы Ұйымы” мен “Алтай Қазақтарының Көркейю Комитеті” атында басшылық ұйтқы ұйымдастырылғанын айтады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 48-49-бет. 58 Маршал Чойбалсан 1944 жылы Оспан батырмен болған кездесуде “Сіздердің əділетті күрестеріңіз табыспен аяқталатын болса, Қазақ елі де біздің тəуелсіз республикамыздай бола алады”, дейді. Рахметұлы С. “Оспан батыр жəне маршал Чойбалсан”. Оспан батыр. Алматы, 2007, 92-бет.

Page 225: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

225

істейтін болады. Үкімет пен арадағы жұмыстар сонда істеледі, – деді.

Біздің үкімет құрылымы жөніндегі ұсыныстарымыз: 1 - Біз Шығыс Түркістан ең жоғарғы үкімет бастығы Оспан деп

белгіледік. Үкімет Зұңлыйы Сүлеймен Бектұр, Шығыс Түркістан əскерлерінін ең жогарғы қолбасшысы Сұлубай, Шығыс Түркістан əскери сот бастығы Көксеген Би делінді.

2 - Төрт соғыс генералы деп Қапас батыр, Келес батыр, Нұрғожай батыр, Манат батырды белгілеп бердік. Осы төрт гене-ралға əкімшілік істерін жүргізіп отыратын кеңсе бастықтарына Қидар, Мұқай, Жақсыбай, Əбшат белгіленді.

3 - Қоғам қауіпсіздік басқармасының бастықтары Кəріп зəңгі, Əсен үкірдай, Тескенбай, Ақбай қатарлы төрт адам сайланды.

4 - Ел бастықтарына Тіркеш, Əбдірасұл, Сақсайбай белгіленді. (87)

Оспан батырдың сегіз комиссары

Біз осы кезде орыстар мен Моңғолдардың 1932 жылы

Қожанияз қозғалысында “Шығыс Түркістан” деп жарнама жариялап соңғы кезде алдап соққаны біздің есімізде тұрды да қондырманын атын “Шын Түркістаны” деп атап бердік.

Барлық істі жүргізетін тоғыз полковник құрастырылды. Оларға біртұтас батыр атағы беріліп қолдарына құжат та ұстатылды.

Олар Оспан батыр, Сүлеймен батыр, Сұлубай батыр, Келес батыр, Кəмел батыр, Нұрғожай батыр, Қапас батыр, Зарыққан батыр, Қуанышбай батыр болып олардың еңбегі тиянақталып атақ беріліп ең жоғарғы үкімет билігін жүргізетін Кеңес , комиссарият-тың мүшесі делінді. Комиссарият тоғыз адамның үштен екісі болғанда ғана қаулы шығаруға құқықты деп жазылды. Біздің мемлекеттік туымыз Жəнібек туы деп жазылды. Сонау 1745 жылы бұл тудың атын атақты Хан Абылай (яғни Əбілмансұр Хан) “санжақ” деп атаған еді. Сол санжақтың астына топталдық.

Тұңғыш осы тудың астына Оспан мен Сүлейменді қойып басқа жеті полковник “өзіміздің ақырғы демімізге дейін ұлт үшін күресеміз” деп серт бердік. Халық алдында “Түркістан отанымыз-дың тəуелсіздігі үшін өз өмірімізді арнаймыз”, – деп уəде бердік. “Басымызға қандай ауыр күндер туса да, жауға тізе бүкбейміз, Құдай аты, Құран сөзі”, – деп ақ сарбас қойды сойып қанына қол

Page 226: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

226

матырып тудың алдынан мылтықты серте ұстап өттік. Біз ант беру ісі аяқталган соң, ең жоғарғы басшы деп танылған Оспан мен Сүлеймен:

– Отан мен халық алдында адал қызмет істейміз. Ақтық демге дейін осы қызметті жалғастырамыз. Жауға тізе бүкпейміз. Жəнібек туын ұстап бүкіл Шығыс Түркістан тəуелсіздігі жолында арымай, талмай қызмет істейміз, – деп Жəнібек туының алдынан өтіп қанға қолдарын матырды. (88)

Сонымен ұлт-азаттық қозғалыстарын мəңгі-бақи жүргізуге белді бекем байладық. “Бұлт ала, жер шола” солай болса да тəуекел дедік. Ел ала. Өйткені саяси сатқындар еліміздің ішінде аз болып отырған жоқ. Біреу орысшыл, біреу қытайшыл, біреу Моңғолшыл. “Болашақ алыс, жол бозаң” бізге түріктен иелік етіп келетін көмек жоқ. Бүкіл Кырым, Кавказ, Түркістандағы 40 миллион түрік тектес халықтар өз алдына қаңғып кетті. Олардың ішінен осынау ұзақ тарих бір саяси қайраткер туғызып бере алмады. Бұл шерміштердің орыстың жемі болып қайта келіп өзіңді алатын болды.

Өз жөнімізден алғанда, қолда қорымыз жоқ. Қару-жарағымыз да аз. Қытайдан тартып алып, келіп беріп кетіп жүрген қаруларымыз бар. Осы замандық соғыс қару жарағымыз да жоқ. Өз арамызда ғылыми жұмыс жүргізетін сауатты адамдар да жоқ. Осы замандық тəртіпті қарулы армиямыз да жоқ. Біздің армиямыз халықтың өзін ру-руға бөліп тізімдеп қойған адамдар ғана. Азығы да, соғысқа мінетін аттары да жеке адамның өзінде.

Коминтерннің бізге қолдауы

Олар, бір тұлып арпа талқанын алып бір ай, екі ай су ішіп кете

береді. Қытай жүретін соғыс жолдарын ру-рулардың өзіне бөліп бердік. Тоғыз полковниктің əскерлерді түгелдей өз туысынан, өз руынан, өз елінен құралды. Осындай ұйымдастыру программалық əрекеттерімізді жазып-сызып, “Шығыс Түркістан Ақ Үй Соғыс Комитетіне” ұсындық.

Жазған хатымыздың соңында “ақиқатты оқпен өлшейміз” деп жазып қол қойдық. Жағдай бізді орыс пен Моңғолға сүйенуге мəжбүрледі. Ентернат жіберген жеті профессордың сөзіне қатты иландық.

Біз 1942 жылы 20 қараша күнгі жарнама, 1943 жылы 6 қаңтар күнгі тоқтамға қол қойсақ та сенім байламадық. Ақ Үй Соғыс

Page 227: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

227

Комитеті біздің Қытай Түркістаны деген сөзімізге қосылмады. Оны Шығыс Түркістан деп өзгертті. Біз олардан қауіптеніп Қытай мемлекетіне қарасты Түркістан болсақ тəуір болар деп ойлаушы едік. Өйткені орыстардың бұрынғы ондай саяси жарнамаларының барлығының соңы (89) реніш, біртүрлі қайғылы етіп жын ойнатып уақыт күтіп отырғанын болжайтынбыз. Бірақ, сол кездегі халықара-лық жағдайда бізге пана болатын басқа мүмкіндік табылмай қалды.

Орыстар Коминтерн жарнамасын Мажұң қозғалысына дайын-дап жариялаған еді. Мақсатына жеткеннен кейін, атап айтқанда шаян бақаны мініп көлден өтіп алған соң, Шың Шысайды пайдаға жаратып алып Қожаниязды қайтып Шың Шысайдың қолымен өлтіртті. Осы барыстарды біз ол кезде түсінетін едік.

1943 жылдағы тоқтамдар болып кетті. 1943 жылы 6 желтоқсанда Ақ Үй Соғыс Комитеті (əсілінде Шығыс Түркістан Бұлғын-Шіңгіл Ақ Үй Соғыс Комитеті) құрылғанда келген адамдар саяси профессор Қасен (Кенесарының төртінші немересі) тарих профессоры Нұрмұхамет, соғыс профессоры Құрмаш, жағрапия профессоры Дүйсебай, сымсыз телеграмма профессоры Алтын Бұлақ Махмұт, ұйымдастыру профессоры Жағпар, атқыштар профессоры Əлихан қатарлы жеті адам еді. Кейіннен олар 28 адамға барып жетті. Алпысбай полковник, Қалқабай полковник, Темірхан полковник, Доскенов полковник, Қаби полковник, Əбділда полковник, Əнуар полковник, Əбдірахман полковник, Есенбай полковник қатарлы адамдар бірінің артынан бірі келіп жатты.59 Олардың сыртында Богдонов, Мəжік атты екі генерал сыртқы жұмыстарға басшылық жасады.60

59 Осы кезде Қазақстаннан 150-дей адам арнайы курстардан өткізіліп жіберілген. Азаттық радиосына 1980 жылдардың басында Қазақстаннан келіп қызмет істеген Махмет Құлмағамбетовқа ағасы Кенжағараның айтуынша, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бүкіл ел бойынша таңдал 150 қазақты Алматыда жинаған. Бұлар судья, прокурор, адвокат, Кеңес жəне партия апаратының мүшелері сияқты жауапты орындарда қызмет істейтін азаматтар еді. Олар Орталық Комитетте Шығыс Түркістанның жағрапиясы, оның халқы, ауылдардың аттары, рулық қатынастары, тіпті жеке адамдардың аттары мен олардың байланыстары туралы арнайы курстардан өткізілді. Оларға қазақтың ескі салтына жарай киімдер тіккізілді. Қазақ ер тоқымымен монғол аттары, қоржын, қару-жарақ сияқты заттар беріліп жүк таситын вагондармен Семей облысына жіберілді. Олар аттарына мініп сол жерден тек Кеңестік жағында күзет болған Кеңес – Қытай шекарасынан ар жаққа өтіп кетті. Кулмагамбетов М. Восточнотуркестанская операция // Континент. 1984, № 42, 242-243-бет. 60 КСРО Компартиясы Орталық Комитеті Политбюросы 1943 жылы 4 мамырда Шынжаң үшін осындай ұйымдастырулар турасында шешім қабылдаған еді. Онда Шың Шысайды Шынжаңдағы билік жəне құқықтарынан аластату үшін бірқатар шараларды қолдану қажеттілігіне көрсетілді. Төңкерістік ұйымдар мен Шынжаң үшін төңкерістік кəдірлер дайындау туралы қарар қабылданды. Сонымен бірге Шынжаңмен шекаралас Қазақстан, Өзбекстан жəне Қырғызстанда “ұлттық даму топтары” үшін арнайы басқарушылар мен келешекте Шынжаңдықтармен бірге жұмыс істейтін үгіт-насихат жүргізуші қайраткерлер дайындайтын бірнеше оқу орындарын ашу туралы да шешім

Page 228: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

228

Осы реткі Ақ Үй Соғыс Комитеті (Бұдан соңгы жазуларда қысқартып осылай жазамыз) 1943 жылы 6 желтоқсанға дейін, яғни көшіп келуіне дейін басынан бір барысты өткізді. 1940 жылғы жəне 1941 жылғы қозғалыстардағы қимылдарды қоспағанның өзінде, комитетіміз негізінде 1942 жылы сəуір айынан бастап əрекеттенген еді. Басқа сөзбен айтқанда, ол комитет өз басынан бір жыл сегіз айлық барысты өткізіп барып осы дəрежеге жеткен еді. 1940 жылы Есімхан, Ырысхан соғысы бандит Шың Шысайды бір танытқан еді.

Ырысхан мен Шу Силиң тоқтамына қол қойылған болса да, бандит Шың Шысай ата бабасының (90) ескі тəсілін қолданып қазақтарды қайтадан жөнге салып аламын деп ойлады. Қытайлар дүние бойынша өзін саясатшы санайды. Бірақ қытайдың саясат-шылары үш мың жылдан бері өз елін өнеркəсіпті елге айналдыра білмеді. Оның саясатшылығы Қытайда көрші болып отырған аз ғана Моңғол, аз ғана мұсылмандарға өтіп жүр. Басқа дүние жүзінің ешқандай жерінде саясатын кəдеге асырып көрген жоқ. Сонау ғұн түрік тарихынан, Яушылар тарихынан, Үйсін тарихынан, Көктүрік тарихынан, Қараханилар тарихынан, Кидан тарихынан, Шыңғыс тарихынан, Темір тарихынан алып айтқанда, қыз беріп түрік нəсілділерді біріне бірін айдап салып жоғалтып келе жатқан тəсілін қазіргі қытай саяси алаяқтары да өздеріне дұрыс тəсіл деп алып келе жатыр. Бүгінгі түрік, бүгінгі Түркістанның қырық миллион ұрпағы оны əбден түсініп отыр. Ырысхан төңкерісі кезінде, орыстар, Моңғолдар, бандит Шың Шысайдан қол үзе қоймаған еді. Сондықтан үшеуі бірлесіп Көктоғай, Шіңгіл аудандарындағы бүкіл қазақты қоныс береміз деп алдап Бұлғын жазығына апарып қырып салды. Оның үстіне 2.400 бала бесігімен өртеніп кеткен еді.

Ал 1941 жылғы қозғалыстарда орыс пен Шың Шысай арасында айрылысу себептері туа бастағанда Алтай орыс Консулының орынбасары қазақ азаматы Баймурзин жасырын Бұқатты, Бұқат арқылы Халелді əрекеттендірді. Олардың қолына берген жарнама жоқ. Тоқтам жоқ. Қару-жарақ жоқ. Қолтықтарына су бүркіп отқа итеріп жіберіп Шың Шысайды құқайлап тұрып қайта қолына түсірмекші болып еді. Бұқат пен Халел үйде жатып базар іздеп еді. Бұл базарды олар кəдеге жарата алмады. Алдымен Қарақас елі Қытайға адам жіберіп өздері бағынып кетті. Алдыңғы Ырысхан тоқтамынан айрылып қалды.

қабылданды. L.Sheng. Çin’in Xinjiang Bölgesi Geçmişi ve Şimdiki Durumu, Xinjiang Halk Yayınevi, Urumçi 2006, s. 156-бет.

Page 229: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

229

1942 жылы қыркүйектің басында бандит Шың Шысай Ресейден қолын үзгендігін жариялағаннан кейін 1942 жылы 20 қарашада орыстар Коминтернның тонын жамылып оның атынан “Шығыс Түркістан (91) тəуелсіз Халық Республикасы” деп жарнама жариялауға мəжбүр болды. 1942 жылы мамыр айының басында Коминтерннен Куйшев келіп Алтайдың бас консулы Красилников, оның орынбасары қазақ азаматы Баймурзин, Алтай қаласындағы қазақтардың белгілі адамдарынан ұйым құрып адам тəрбиеледі. Кейін осы ұйымдағы адамнан 1942 жылы 10 қыркүйек күні Дəлелхан Сүгірбайұлын Баймурзин алып кетіп Ресейде тəрбиелеп 1944 жылы шілде айында “Ақ Үй Соғыс Комитетіне” əкеліп берген болатын.

Біздің ІІІ– қозғалысымыз, яғни 1943 жылы 6 желтоқсанда Ақ Үй Соғыс Комитетіне осындай барыстарды басынан өткізіп келген еді. Оқырмандардың бұл істің тарихын түсінуі үшін кейбір тарихи барыстарды əдейі естеріңізге жол жөнекей болса да сала кетейін. Сонда ғана құбылыстардан өтіп мəнді түсінуге, сөйтіп қозғалысы-мыздың мəн мағынасын ғылымдандыруға болады деп үміт етемін.

1942 жылдарда Оспан аз адаммен қашып жүргенде, Комин-терннен талай адам барса да 1940 жылғы Бұлғындағы қырғынның қоламтасы суымаған еді. Жəне 1940-1941 жылдарда болып өткен шайқастардың бəрі де орыстың, Моңғолдың, Шың Шысайдың үш жақтан бірдей бірлесіп істеген жұмыстарының салдары еді. Сондықтан үш қолды саяси ұрылардың түпкі мақсаты бір деп қарағандықтан Оспан тобы көп реткі Кеңестерге сенбестікпен қарады.

“Жетім қозы тас бауыр, түңілер де оттығар”, деп тұрған едік. 1942 жылы қыркүйекте Шың Шысай Ресейден айрылғандығын жариялады. Оның үстіне орыс-герман соғысы шарықтау шегіне жеткен еді. Моңғол-жапон соғысы да ең жоғарғы шегіне келді. Ресейдің көп жерін немістер тартып алды. Орыстар шегініп келе жатыр. Орыстардың өміріне ауыр қауіп төнгенде, “Шығыс Түркістан тəуелсіз ел” деп жариялап, біз де осы орайдан пайдала-нып қалуды мақұл көріп жарнаманы тапсырып алып тоқтамдарға қол қойып, ел болып кетуді ойладық. Оспан тобы да сол кездегі (92) жағдайды пайдаланбақ болды. Бандит Шың Шысайдың Ресейден қол үзген күні, біздің Ресей мен Моңғолияны қайта тауып Коминтернты қабылдаған күніміз болып шыға келді.

Page 230: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

230

1942 жылы 1 қыркүйекте Шың Шысайдың Сан Мын Жұйды қабылдап Ресейге қарсы жасаған баяндамасы үгіт қағаз ретінде бізге жетіп келді. Шың Шысайдың бұл шарасымен, біз бен тағы да келісім жасауға болар ма? екен деп у тастап қойды. Қан ішіп үйренген əккі Шың Шысайдың мінез-құлқын бұл баяндамасының өзгерте алмайтындығын түсінген едік. Есіктен Жын Шурын атты қасқырды қуып шығып шаңырақтан түсіріп алған Шың Шысай атты жолбарысқа қайта оралуды қажетсіз деп таптық. Шың Шысайдың осы үгітін үгіттеген шпион Мағауия залыңды Оспан атқызып тастады.

Ресейден келген профессорлар бізге кезек-кезек дəріс өтті. Ең əуелі ел билеудің əдіс амалдарын оқытты. Онан соң соғыс жүргізудің саяси тəсілдерін оқытты. Жəне сол кездегі халықаралық жақтағы орыс-герман соғысын, жапон-Моңғол соғысын, Қытайдың ішінде болып жатқан соғыстарды түсіндіріп отырды. Сымсыз телефон əкеліп, теледидар əкеліп орнатты. Оларды қорғайтын əскери қорғаныс күштері келіп түсті. Бізге интернационалды үйретті. Оның халықаралық ұйымдық үлкен күш екенін, оған дүние жүзіндегі елдерден 80 неше ұйым бағынатындығын ұқтырды. Ал Коминтернді халықаралық жақта езілген ұлттардың өзін-өзі билеу, яғни тəуелсіздік құқығын алып беретін ұйым деп түсіндірді. Орыстар:

– 1932 жыл 5 сəуірде Шығыс Түркістан тəуелсіз ел деп жариялап Қожанияз танылған болса да, оның соңғы кезде Шың Шысайдың қолына өтіп кетуі сол кездегі саясат белгілеуші адамдардың қателігі. Оның барлығын жарнамаға да, Коминтернге де артпаймыз. Ал, 1942 жылы 20 қарашада Коминтерн тағы да “Шығыс Түркістан тəуелсіз Халық Республикасы” деп жарнама жариялады. Бұл сіздер үшін үлкен бақыт. Осы ғасыр ішінде сіздерге келген үлкен орай. Осы орайды мықты ұстау керек. Шығыс Түркістан өлкесі (93) осы орайдан пайдаланып өз алдына ту тігіп ел болып кетуі керек. Қазір Коминтерн осы жұмысты Моңғолия өкілдігі арқылы жүргізеді. Моңғолия атынан халықара-лық жəрдем беріледі, – деп үйретті.

Біздің жазып берген үкімет құрылымымызды зерттеп көрген-нен кейін біздің жазба мəліметтерімізді қайта өзгертіп ғылымилан-дырып қайта жазып шықты. Біздің негізгі пікірімізді

– “Шын Түркістаны” болса, – деп ортаға қойған едік. Олар “Шын” деген сөзге қосылмады.

Page 231: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

231

– Коминтерн сіздерді “Шығыс Түркістан Халық Республикасы” деп жариялап отыр. Осы есім сіздерге баянды болады, – деп үйретті.

Ең жоғарғы құқықты органға “Шығыс Түркістан Бұлғын-Шіңгіл Ақ Үй Соғыс Комитеті” деп ат қойды. Оны төменде “Ақ Үй Соғыс Комитеті” деп қысқартып айтамыз.

Республика бастығы Оспан Исламұлы, Үкімет бастығы Сүлеймен Бектұрұлы, Ең жоғарғы əскери қолбасшы Сұлубай батыр, Ең жоғарғы əскери сот бастығы Көксеген Би деп белгіленді. Ақ Үй Соғыс Комитеті бізге: – Барлық Шынжаңда жүргізілетін Түркістан қозғалысына бірақ

жерден басшылық жүргізіледі. Басшылық бір орында болса да, соғыс жер-жерде жүргізіледі. Соғыс Алтайдан, Тарбағатайдан, Іледен бірдей қозғалу керек. Ал Алтай жөнінен алғанда Шығыс Бұлғыннан да, Батыс Жеменей, Қаба ауданынан да соғысты қозғау керек. Қалаларды қоршау, жолдарды кесу, қаша соғысу, өкшелей соғысу төрт жақтан қоршап жою, бөліп-бөліп əкетіп жауды жою торғай соғыстарын жүргізу керек. Өйткені сіздер үшін барлық жақта партизан соғысының осы əдістерін жүргізу тиімді. Сіздер 1940-1941 жылдардағы соғыстардың бəрін осы тəсілмен жүргізіп келдіңіздер, – деп осы тəжірибені еске салды.

Тарихтағы қозғалыстардың барлығы Алтайдан басталып келеді. Тарих бүкіл түрік тайпаларының барлығының дүние жүзіне осы Алтайдан тарағанын көрсетеді. Алтай бүкіл дүние халқына таныс орын. Алтай бүкіл 23 түрік тайпасының атамекені, ана жұрты, ұлы мекені. (94) Ал таяудағы тарихтардан алып айтсақ тағы да барлық қозғалыстар Алтайдан басталып отыр. Соларды еске алатын болсақ, Асылбек қозғалысы, Жарқынбай қозғалысы, Ызғұтты қозғалысы, Далай қозғалысы, Бөке батыр қозғалысы, Көбен батыр қозғалысы, Шөмшекбай қозғалысы, Шөмішбай қозғалысы, Жантайлақ қозғалысы, Зуқа қозғалысы, Əліп батыр қозғалысы. Бұлардың барлығы Алтайдан туған. Дөрбітқан қозғалысы, Қылаң Қиюбай қозғалыстары да осы қозғалыстармен ұштасып жатқан еді.

– Осы қозғалыстардың ең соңғы қортындысын сіздердің орындауларыңызға тарих жүктеп отыр, – деп бізді онан арман шабыттандырып жіберді.

Page 232: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

232

– “Ерікті Алтай” бүкіл Түркістан қозғалысының жаршысы болуға лайықты, – деп қортындылады. Ақ Үй Соғыс Комитеті өзінің қарауында үш соғыс комитетін белгіледі.

1 - Алтай Соғыс Комитеті 2 - Тарбағатай Соғыс Комитеті 3 - Іле Соғыс Комитеті. Оның сыртында Алтай Соғыс Комитетінің қарауында Жеменей

соғыс комитеті ойымдастырылды. Алтай соғыс комитетінің бастығына Əлихан полковник, орынбасарына кейіннен Дəлелхан Сүгірбайұлын əкеп берді. Жеменей Соғыс Комитетінің бастығына Əліпбай полковник, орынбасары Рамазан залың болып белгіленді.

Тарбағатай Соғыс Комитетінің бастығына Əбдірахман полковник, орынбасарына Қалибек үкірдай белгіленді.

Іле Соғыс Комитетінің бастығына Əкбар батыр, орынбасарына Патих, Саяси комиссары Əнуар полковник тағайындалды. Оспан саяси қолбасшы деп Əлиханды бекіттірді. Оспан күш салып өзінің өкілдігінде дербес жұмыс істеп тұруы үшін Əлиханға арнаулы құқық ажыратып берді. Əлихан жөнінде Ресейден келген адамдар арасында талас болды.

– Əлихан біріншіден діни адам, екіншіден Ресейден қашып келген адам. Тілекке сай жұмыс істей алмас па екен? – десе де, Оспан ол пікірлердің барлығын кері қақты. (95) Оспан:

– Əлихан оқымысты адам, өмір көрген адам, оның үстіне халық беделдісі. Қозғалысымыз Əлиханға сүйену керек, – деп ортаға қойды.

Сонымен Оспан пікірі бойынша бұл қарар алынып Ақ Үш Соғыс Комитеті арқылы Коминтерн өкілдігіндегі Чойбалсанның бекітуіне жіберіліп берілді. Оспан мен Əлихан хат алысып тұрды. Чойбалсан біздің ұйымдастыру жоспарымызды бекітіп Моңғолия-ның 6 қарауылында жатып осы істерге көмек беруге Генерал Мəжікті əкеліп орналастырды. Əлихан 1942 жылдың екінші жарымында Оспан тобымен таныстырылған болатын.

Чойбалсан мен Оспанның кездесуі

Біздің құрылысымыз реттеліп болғаннан кейін Коминтерн

өкілдік міндетін өз үстіне алып Оспан мен амандасуға сыртқы Моңғолия Халық Республикасының І. Секретары Маршал Чойбалсан 1944 жылы 28 ақпанда айырпланмен “Шығыс Түркістан

Page 233: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

233

Бұлғын-Шіңгіл Ақ Үй Соғыс Комитетіне” келді.61 Біз бүкіл Оспанның тоғыз полкі мен адамдары шығып қарсы алдық.62 Чойбалсан жанында бір қанша басшы кəдірлері, 30-дан астам қорғаушы күші63, Авиация генералы атақты батыр, қазақ азаматы Жайсановпен бірге келді.64 Москваның өкілі ретінде арнайы генерал Богдонов келді. Алдымен 6 жастапқа түскен тоғыз комис-сармен ел адамдарынан, Жақсыбай, Кəріп, Сақсайбай Əбдірасұл, Кидар барды. Чойбалсан Оспанға көк қасқа тай əкеліп бата қылғызып соны сойды. Қойлар сойылды. Қонақасылар берілді. Ас үстінде Чойбалсан мінбеге шығып микрофон алдында сөз сөйледі:

– Шығыс Түркістан қозғалысындағы барлық жолдастар, респу-блика жоғарғы қолбасшысы Оспан жолдасқа, барлықтарыңыздың деңдеріңізге саулық, істеріңізге табыс тілеймін. Киіз туырдықты Моңғол-қазақ баласы едік. Тарихта екі ел кейде жақсы, кейде жаман өткен (96) болсақ та, ата бабаның өз заманында болып өткен бұраңдылықтарына бүгінгі жасап отырған біздер жауап бермейміз. 61 Бұл кездесу Маршал Чойбалсанның талабы бойынша іске асырылды. Бұл туралы генерал Мəжік маршал Х.Чойбалсанның 1944 жылы 15 ақпан күні Ұланбатырдан машинамен шығып 23 ақпан күні кешкісін Қобда аймағының Бұлғын ауылынын Анагтолғой деген жердегі əскери қосынға келіп түскенін айта келіп былай дейді: “...Маршал Х.Чойбалсан шекаралық əскери бөлімшелерді аралап кездесулер өткізгеннен кейін: “Оспанға жолығайын”, – деді. Мен Оспанға “Маршал кездеспекші” деп хабар бердім. Оспан бұл пікірді ризашылықпен құптады.” Дорж Б. “Оспанға қатысты оқиғалар”. Оспан батыр. (Монғол тілінен қазақшаға аударған Ақеділ Тойшанұлы), Алматы, 2007, 71-72-бет. 62 Сұраған Рахметұлы монғол деректері бойынша жасаған зерттеулері бойынша осы кездесуде Оспанның өзінің толық қаруланған 10 нөкерімен көптеген оқ қағар сақшыларының қорғауында келгенін, олардың киген киімі де өте айбынды, түстері сұсты екенін айтады. Оспанның қатарында Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының Кеңес шісі Сүлеймен Бектерұлы, Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының Кеңес шісі Келес батыр, Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының əскери қолбасшысы Сұлубай батыр, Уақит Халелұлы, Əсей Рысханұлы, Шердиман Оспанұлы, Қапас Тіркешұлы, Шығыс Түркістан ұлт – азаттық қозғалысының бас қолбасшысының оққағары Сұмғазы, Мұхаметжан, Александр Черняев болғанын келтіреді. Рахметұлы С. “Оспан батыр жəне маршал Чойбалсан”. Оспан батыр. Алматы, 2007, 87-88-бет. 63 Генерал Мəжік кездесуде мемлекет басшысын қорғау үшін төтенше шаралар істелгенін былай деп баяндайды: “Біз мемлекет басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жəне Оспанның сеніміне селкеу түсірмеу үшін қаруланған əскердің көзге түспеуін қалап, кездесу болатын үйдің маңына окоп қазып, оған қарулы жауынгерлерді кіргізіп, тасалап қойдық. Дорж Б. “Оспанға қатысты оқиғалар”. Оспан батыр. (Монғол тілінен қазақшаға аударған Ақеділ Тойшанұлы), Алматы, 2007, 72-бет. 64 Маршал Чойбалсанның қасында Ішкі Ыстер Министрі, генерал-лейтенант Б.Шагдаржав, Ішкі Істер Министрінің орынбасары, генерал-майор Б.Дорж, Ішкі Істер Министрінің орынбасары, генерал Б.Дүйнхэржав, Əуе күштерінің командирі, генерал М.Зайсанов, Əскери маман полковник Сүхбаатарын Галсан, Қобда отрядының командирі, полковник Ж.Ламжав; Кеңес Одағының өкілдерінен Моңғол еліндегі Кеңес Одағы елшісі, КГБ генерал полковнигі И.А.Иванов, Байқал – əскери округінің командирі, генерал полковник И.Ковалев, Қорғаныс Министрінің Кеңес шісі, КГБ генералы А.Рубин, НКВД барлау бөлім бастығы, генерал майор Лампанг, Ішкі Істер Министрінің Кеңес шісі, генерал майор Греднеев, Ішкі Істер Министрінің орынбасарының Кеңес шісі, генерал майор Ф.С.Попов; Баян-Өлгей аймағының өкілдері аймақтық партия комитетінің бірінші хатшысы, шекарашыларға көмектесуші топ бастығы Ш.Ноғай, Ішкі Істер бөлім бастығы О.Қалқабай, Ішкі Істер бөлімінің Кеңес шісі, Қазақстан азаматы Жағыпар, Ыбырай Тоқтағанұлы, шекара офицері Мардан Маңғылұлы болған. Рахметұлы С. “Оспан батыр жəне маршал Чойбалсан”. Оспан батыр. Алматы, 2007, 87-88-бет.

Page 234: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

234

Сонымен қатар Орта Азияны айналып, сенделіп көшіп жүрген ел едік. Коминтерннің зор көмегімен бүгінгі күнде қатардағы іргелі бір мемлекет болып отырмыз. Өзіміздің де басып өткен жолдары-мызда бұрандылық көп болды. Кей кездерде біздің де сіздің халықтарды ренжітіп қойған жерлеріміз болды. Бұған өз кезіндегі халықаралық уақиғалар үлкен əсер еткен еді. Бəрінен бұрын айналадағы көп көршілердің ішінде ең алдымен Шығыс Түркістан-ның ел болып кетуін ойласақ та жағдай бізге жар бермей келді. Осындай тарихи себептер сіздің халықтарды біздің халықтары-мызға сенбейтін жағдайға түсірді. Тіпті Моңғолдар бізге дұшпан дейтін көзқарасқа иландырып келген еді. 1940 жылы Есімхан – Ырысхан қозғалысына үкіметіміз ауыр қателіктер өткізіп алды. 1942 жылы 20 қарашада халықаралық Коминтерн “Шығыс Түркістан тəуелсіз ел” деп жарнама шығарған еді. Бірақ сіздің адамдарыңыз көпке дейін сенбестік істеп келді. Сол жарнамаға сай екі ел арасында жасалған тоқтамға да күмəнді қарап көпке дейін қолдар қойылмады. Осы уақиғаның артқа созылуын үкіметіміз өз үстіне алады. Сіздерге осы реттегі халық жағдайын айту үшін өкіл жіберместен халықарадағы ентернаттың тапсыруы бойынша мен өзім келдім. Сіздерді сендіру, яғни сенім байлау, қозғалысты ақырғы демге дейін жеткізудің негізі екі жақтың, яғни екі елдің ең əуелі бір-біріне сенуі басты шарт болып отыр. Мен 1943 жылы 6 қаңтарда Түркістан тоқтамын түздіріп Мəскеуге барып үш ай жатып бекіттірдім. 1943 жылы 6 қаңтардан бастап Мəскеудегі қару-жарақ жасайтын завотта сіздерге арнап кек қарауыл Сарбел бесатардан он мың мылтық заказ еткізіп келдім.65 Өткендегі қателіктерді қайталамау үшін сіздермен тіке жұмыс істеуге генерал Мəжік жолдас, Генерал Жайсанов жолдас жауапты болады. Коминтерн өкілдігінен Богданов жолдастар да бұл істі əр уақыт көріп тексеріп отырады, – деді. (97) Сөзін одан əрі жалғастырды:

– Богданов жолдас Мəскеуден келді. Сіздерді өз көзімен көргелі келді. Коминтерн 1943 жылы 6 қаңтардағы тоқтам бойынша, бүкіл Шығыс Түркістан азат болғанша соғыс қару-

65 Бұл кездесу 1944 жылы 14 қаңтарда болған. Кездесуде Кеңес Одағының Монғолиядағы елшісі И.А.Иванов, Сталин жəне Молотов болды. Чойбалсан Оспанның жағдайын түсіндіргеннен кейін оған қарумен көмектесудің дұрыстығын атап өтеді. Бұл пікірді қолдаған Сталин армия генералы А.Антонов, Байқал сыртқы округінің командирі М.Ковалев екеуін шақырып мəселені түсіндіріп Оспанға деп Чойбалсан құзырына 400 винтовка, 200 ППШ, сирақты 6 пулемет, 30 қол пулемет, 5 дүрбі беруді тапсырады. Ол сонымен осы қару-жарақтарды атуды үйрететін мамандарды да Оспанға жіберілуін əмір етеді. Тойшанұлы А. “Оспан Исламұлы туралы монғол деректемелері” Оспан батыр. Алматы, 2007, 76-77-бет.

Page 235: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

235

жарағын тегін береді. Елдеріңіз біртұтас азат болғанша, Моңғол-түрік есебінде сауда жүргізіліп шикі заттарыңыз өткеріліп қарымтасына тауарлар беріледі. Ресейдің бір сом эмпырт ақшасы сіздердін уақытша үкіметтің 9 сомына тураланады. Бұл тоқтам-дарды Ресей жағы бекітті. Ақ Үй Соғыс Комитетіндегі профе-сорлар оны дайындайтын болады. Оны істеу барысында арнаулы адамдардан пайдаланылатын болады. Осы орайдан мықты ұстау-ларыңызды үміт етемін. Осы орайдан пайдалану керек. Осы қоғам-дық бұзылыс сіздерге келген тамаша орай. Шығыс Түркістан халқы жасасын! Шығыс Түркістан Халық Республикасы жасасын! – деп сөзін тоқтатты.

Ол өзінің сəлемдемеге 1.000 кек қарауыл сарыбел бесатар, 150 елу атар пулемет, 8 зеңбірек, 25 максимом пулемет (250 атар) əкелгенін66, Оспанға Мəскеудің бір пабида жəне бір алтын орден беретінін, – айтты. Оспан:

– Біз қазір тау райондарында соғыста жүрміз. Машинаны істете алмаймыз, – деп рахмет айтты. Қалған мылтықтарды генерал Мəжік арқылы ала беруді тапсырды.

Генерал Жайсанов67 авиация ойындарын көрсетті. Айырплан аспанға барып алып, аунай отырып жерге келіп қонады екен. Оның үстіне оны ұшырған қазақ болғандығынан ба, əйтеуір екі езуіміз жыртылғанша күлістік.68

Тоғыз комиссарға тоғыз автомат, оның құндағына тоғыз адамның атын жазыпты. Жəне барлығында Шығыс Түркістан рет нөмірі жазылған. Оспанның автоматының құндағын оюлап алтын жалатып, өзгеше тамаша етіп жасапты. Тоғыз комиссарға тоғыз наған, тоғыз кек қарауыл бесатар, тоғыз маузер, тоғыз дүрбі əкеліп берді. Ертеңінде Кəри, Қидар, Жақсыбай, Əбдірасұл басшылы- 66 Маршал Чойбалсанның кеңсе ісінің бастығы жəне хатшысы Пунцагийн Шагдарсүрэн “Мен білетін Чойбалсан” атты 2000 жылы Ұланбатырда жарық көрген еңбегінде Чойбалсанның Оспанға берілетін қару – сайманның əрбіреуінен үстелдің үстіне қойып тамашалатып барлығы 400 винтовқа, 200 ППШ, 6.000 винтовқа оғы, 5 дүрбі табыс етіп, бұл саймандарды меңгруді арнайы мамандардың үйрететінің айтты. Тойшанұлы А. “Оспан Исламұлы туралы монғол деректемелері” Оспан батыр. Алматы, 2007, 80-бет. 67 Зайсановты осылай атап отыр. 68 Маршал Чойбалсанның кеңсе ісінің бастығы жəне хатшысы Пунцагийн Шагдарсүрэн бұл уақиғаға қуə болып былай дейді: “Маршал содан кейін Оспан тобына біздің елдің əскери əуе күшінің қолбасшысы, генерал М.Зайсановтың ИЛ-16 ұшағын тамашалатты. Зайсанов ұшақтың күш – қуаты туралы мəліметтерді қазақ тілінде баян етіп, одан кейін əуеге көтеріліп, жауынгерлік неше түрлі мəнерлерді жасады. Зайсанов жерге келіп қонғанда Оспан мен оның батырлары қайран қалып, ыстық ықылас танытып мəз болысты. Маршал еліміздің жастары, оның ішінде қазақ азаматы қазіргі заманның озық техниқасын біліктілікпен игергенін көрсету үшін М.Зайсановты ұшағымен бірге бұл сапарға əдейі ертіп келген еді. Тойшанұлы А. “Оспан Исламұлы туралы монғол деректемелері” Оспан батыр. Алматы, 2007, 80-81-бет.

Page 236: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

236

ғында 120 түйе жіберіп,69 Бұлғын Сартұмсықтағы орта мектептен қару жарақтарды, бұл – шайларды, оқтарды үш рет (98) жүріп əкеліп алды. Оқтың өзі мың жəшіктен асып кетті.

Бір жұмадан кейін Бұлғын жазығына 30 үй тігіп, Чойбалсанды, Богдановты, Мəжік генералды шақырып той жасадық. 200 əскер-мен Мəжік келді. Ат ойын, балуан түсу, айтыс, қызқуар, көкпар тарту ойындары қызу болды. 70

Тоғыз жорға ат, тоғыз кілем, əр жорғаның мойнына екіден орман түлкі іліп Чойбалсан ғана сыйлық берді. Кешінде Чойбалсан қайтып кетті. Ертеңінде Моңғолия əуе майданы Ығрада Жайсанов-тың айырплан ойынын тағы да көрдік. Жайсанов ұшып шығып домалап келіп, соншалық еппен жерге қонып жатты.

Моңғолияның көмегімен жауға соққы

Чойбалсан кеткеннен бір күннен кейін Сұлубай 100 адаммен

Дөңтідегі Лу Зыкұй армиясын көріп келуге кетті. Сұлубай соғыс жерлерін тексеріп, 300 ат тартып алып қайтып келді. Екінші рет генерал Мəжік басшылығында Дөңті армиясын бір-ақ жоюды жоспарладық. Бұл армия ұзақтан бері келіп жатқандықтан жер астына түсіп кеткен еді. Мылтықпен айдап шығу қиын болған-дықтан, бір рет авиация күшін беруді талап етіп едік. Мəжік генерал Чойбалсанға бекіттіріп алып келді. Мəжік бізге мынаны айтты:

69 Монғолиялық зерттеуші, тарих ғылымдарының докторы Лхамжүрэнгийн Бат-Очирдың Чойбалсан туралы еңбегінде Чойбалсанның көмекке əкелген қару – жарақты Оспанның сарбаздары 105 түйеге артып алып кеткенін айтады. Тойшанұлы А. “Оспан Исламұлы туралы монғол деректемелері” Оспан батыр. Алматы, 2007, 77-бет. 70 Генерал Мəжік бұл кездесу туралы толық мəлімет береді: “...1944 жылы 5 наурыз күні сағат 12-де Оспанның өкілі Келес, ұлы Шердиман маршал Х.Чойбалсан қонаққа шақырып келді. Маршал бұл тілекті құптап, нөкерлерімен бірге Бұлғын өзенінің Майхантолғой деген жерінде орналасқан Оспанның үйіне барды. Олар маршалға арнайы үй дайындаған екен. Оспанның қару асынған шеріктері үйдің екі босағасына қаз – қатар сапқа тұрып Оспан өзі əскери қолбасшыларымен бірге есік алдына шығып, маршал бастаған меймандарды зор салтанатпен қарсы алды. Бұл тігілген қазақтың кəдімгі еңселі үйі еді. Үйдің ішіне айналдыра кілем – кілше төсеп, торғын – торқадан шымылдықтар құрыпты. Төрге үстел жасап, оның үстіне кілем жапқан екен. Үстелдің артына қонақтар отыратын ұзын орындық орнатып, оны да кілеммен қаптап қойыпты. Шағын төрт темір пеш бар, оларға бір адам от жағып отыр. Маршал адамдармен амандасып үйге енген соң Оспан мүйізді ақсарбас қойды алдырып, қонақтардан ықылас сұрады. Одан кейін үстелге жайылған ақ дастарханға бауырсақ, қант секілді түрлі тағамдарды əкеліп төкті. Шəй берген шəугімге ожау батырып, шыны аяққа құйып ұсынатын əдеттері бар екен. Меймандар ауқаттанып жатқанда əнші – күйшілер алма – кезек кіріп келіп, əр түрлі дауыспен əн шырқап, тұлпардың шабысын, өзеңнің ағысын елестетіп музыка ойнады.” Дорж Б. “Оспанға қатысты оқиғалар”. Оспан батыр. (Монғол тілінен қазақшаға аударған Ақеділ Тойшанұлы), Алматы, 2007, 73-74-бет.

Page 237: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

237

– Тегінде Қытай елі екі рет біздің шекарамызға өтіп бомбалаған еді. Сондықтан екі рет бомбалауға ғана ақымыз бар. Одан асып кетсе, онда Қытай бізге соғыс жариялап қояды, – деді.71

Генерал Сұлубаймен екі рет бомбалауға келісім жасады. Мəжік белгі берді:

– Самолет біздікі болса, бірінші рет сары оқ, екінші рет жасыл оқ, үшінші рет қызыл оқ атылады, – деді.

Бір жұмадан кейін 400 адам аттандық. Жүз адамды ауыл қорғанысына тастап кеттік. Ол кезде біздің Маралты тауында қарауылымыз бар еді. Онда Қапас батыр, Сайтанкөз72, Биғажылар бар болатын. Сыртқы жауапкершілігін əккі Қуанышбай білетін. Екі күн жол жүріп Лу зықұйды қоршадық. Қос арал төбесіне Кəмел батыр, Қапас батыр, Көк Адыр қарауылына 30 адам мен Шыбарайғыр Қапас батыр қойылды. 30 адам мен Жақсыбайды Шіңгіл өзен жолын бағуға тастадық. (99)

Мен Сартоғай жағындағы Шоқы қарауылына шықтым. Сұлубай полкімен маған қараған əскерлер түгел келіп еді. Таңға бірер сағат қалғанда ілгерілеп отырып дұшпан қарауылының жанына таяу келдік. Қардың тықырымен акопта жатқан Қытай біліп қойды да оқ атты. Біз дайындалып келгендіктен окоптан айдап шығу үшін гранат лақтырдық. Бір сағатқа жетпей окоптың тас-талқаны шығып, қытай қырыла бастады. Қытай окопты тастап қаша жөнелді. Төбені тартып алып, оның орта беліне дейін Қытайды еңкейте қуып тастадық. Бұл кезде соғыс жан-жақтан бірдей басталды. Сағат 9-да Үрімжі жақтан екі айырплан келіп еді. Ол біздің үстімізге келмей өте жоғарылап ұшып тайсап кетті. Ол кезде бізде айырплан ататын мылтық бар еді. Айырплан Шіңгіл ауданына қарап тайсап кетті. Енді бір сəтте бізге көмекке Коминтернден 13 айырплан Көк Адыр Өкпені кесіп, Күміс құйған-нан асып, бағанағы екі айырплан асқан жолмен асып, оңтүстік жақтан Армантыны бауырлап келіп, бір сағаттай ғана Лузықұйды бомбалады.73

71 Генерал Мəжік естеліктерінде 1943 жылы 8 желтоқсан күні Қоминдаңның үш ұшағы шекарамызды бұзып жерімізге 28 бомба тастап, өрісте жүрген малга зиян келтірген деуде. Дорж Б. “Оспанға қатысты оқиғалар”. Оспан батыр. (Монғол тілінен қазақшаға аударған Ақеділ Тойшанұлы), Алматы, 2007, 69-бет. 72 Шын аты Герил болған монғол. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 146-бет.

73 Шынай Рахметұлы Монғол ұшақтарының 1944 жылы 12-13 наурызда Оспан батырға көмек бергенін айтады. Рахметұлы Ш. Оспан батыр. Баян Өлги, 1995, 49-бет.

Page 238: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

238

Қытайдың бес жол қазған жеті мың əскері жатқан бұл окоп бір сағатқа əрең шыдады. Жер астынан жау əскері қашып Сартоғайға қарай еңкейді. Қарауылдың барлығын біз тартып алдық. Үш күн қанды соғыс болды. Қытай ең ақырда, атап айтқанда төртінші күні түнде қашты. Коминтерн самолеті алдыңғы жолғы генерал Сұлубай келісімі бойынша екінші рет тағы келіп бомбалады. Олар бағыты-нан адасып алдыңғы бомбалаған окоптарды қайта бомбалады. Сондықтан оның нəтижесі онша жақсы болмады. Өйткені, бұл уақыттарда окоп иең қалған еді. Қытай окоптан шығып кеткендіктен екінші бомбалар зая кетті. Сұлубай екеуміз жүздей адам Дөңті жолына келдік. Махмұт біздің ішімізде болып, Оспан жəне Мəжікпен сымсыз телефон арқылы сөйлесіп болған ахуалды баян қылдық.

– Қытай қашты, қуа соғыссақ, – деп едік. – Қашқан жауды қумай қайтып келіңдер, – деп бұйрық берді.

Сұлубай мен Жақсыбай осы өңірде туып өскен адамдар еді. Жердің сырын жақсы білетін. Дөңтіден асатын жер өте қысаң еді. Олар:

– Сол (100) екі төбені алсақ тар жерден жауды жамсатып, енді қайтып келмейтіндей қыламыз, – деді.

Сұлубай батырдың шəйіт болуы

Сонымен жүз адам екі төбені барып алдық. Сұлубай екеуміз

Сартоғай жақтағы төбені барып қолға түсірдік. Жақсыбай, Шыбарайғыр Қапас, Зарыққан басшылығында əскерлер Ұтыбұлақ жағындағы төбені алды. Бір сағаттан соң жау əскерлері құлдап біздің үстімізге жетіп келді. Жер қар еді. Жау қарақұрым болып келе жатты. Алдарынан төрт пулеметті бірдей сақылдатып қойдық. Үш сағат аттық. Отыбұлақ жағындағы төбені қытай өлгеніне қарамай басып шаншып өтіп кетті. Ол төбедегі біздің əскерлерден, ішінде Боранбай бастық бар, жеті адам шəйіт болды. Біз жақтағы төбенің қарауылында жау өліктерінен атты адам жүре алмады. Жерге жарық түсе, жау өлгеніне қарамай алға ілгеріледі. Өйткені оларға ажал таяп тұрды. Біз де бұл төбені босатып, Сартоғай жақтағы адырға шегіндік. Осы қарауылға келген соң Сұлубай батыр осы төбенің астында бір қысаң бар еді. Сол жерден бір тосып қалайын деп 13 адамды алып кетіп қалды. Жанында менің інім Кəбіл бар еді. Бір сағат өтпей Кəбіл жылап қайта шауып келді.

– Сұлубай оққа ұшып кетті, – деді.

Page 239: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

239

Мен де шауып барсам, жау оғы маңдайынан тиген екен. Тілсіз сұлық жатыр екен. Дереу Оспан мен Мəжікке телефон бердік.

– Əскерге шегін, – деп бұйрық бердім. Біз де жиналдық. Қытай əскері де жиналып, Сартоғайға түсіп кетті.

Бұл соғыста Кəмел батыр Көк Адыр шайқасында асқан ерлік істеді. Бір төбенің бауырында қытайлар окоп жасап алып төңкерісшілерді пулемет күшімен жүргізбеді. Жер окоп еді. Кəмел жеңіл киініп, көк аяқ атқа мініп, мауазерді сақылдатып қойып, “Жəнібек” деп ұран салып, окоптағы қытайды пулеметімен арғы қабаққа алып шығып кетті. Кəмелді жаратқан Құдайымның құйып тұрған пулемет оғынан қалай қорғағандығын адамдардың ауызша айтып екінің біріне түсіндіруі мүмкін емес еді. Біз оны көзбен көрдік. Сұлубай өлген соң Кəмел батыр Шығыс Түркістан армия-сының ең жоғарғы бастығы болып белгіленді.

Біз Сұлубайды орап алып кетуге дайын болып жатқанымызда екі адаммен жылап еңіреп Кəрет келді.

– Шіңгіл ауданы көшті. Бүкіл елді айдады. Құтқарып қалу керек пе, жоқ па? (101) Елді Шонжыға апармақ. Қазір Тақырбастау-ға келіп қондық, – деді.

Оны қойып тұрып Сұлубайды машинаға салып, бір күн жарым түнде арқа сапқа жеткіздік. Мəскеуден айырпланмен доктор келіп, дереу тексеріп көріп

– Адам болмайды. Миы ағып кетіпті, – деді. Сұлубай ертеңінде қайтыс болды. Ол “Біз қазақ малды баққан

момын едік, соғысты бұрын көріп жатылмаған” деп қарауылға шыққанда мауазерді қолына жұлып алушы еді. Аса мерген, аса жүректі, Оспанға оқ тигенде жауды қойша қырып көтеріп алып шыққан ерекше күштің иесі болған ер Сұлубай Шығыс Түркістан-ның ең жоғарғы соғыс Генералы атағына ие болды. Ол “Қайқая шапқан қарагер, қайрылар ма екен қайран ел” деп ұлты үшін шыбын жанын құрбан етті. Мұса мергеннің өлуі, Сүлеймен батырдың өлуі, Сұлубай батырдың өлуі соңғы тарихта біз үшін орны толмайтын ауыр қазалар болды.

Қош Мұса мерген! Қош Сүлеймен! Қош Сұлубай! Қош Бүркітбай! Алға – алға – алға – алға. Шығыс Түркістан ұлт-азаттық

қозғалысы Сұлубайдың сүйегін Бұлғын қалпағындағы менің

Page 240: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

240

əкемнің жанына жерледік. Ол жерге соғыста өлген көптеген шəйіт-терді əкеліп жерлеген еді. Сұлубай өлді. Асқар таудан айрылдық. Бүкіл армия Сұлубайға аза білдірді. Сұлубайдың табыты алдында ант беріп, ұлт-азаттық қозғалысын мəңгі бақи жүргізуге серт бердік. Сол күні семьясына естірттік.

Жарқылдап рагит жайды айдар Жалынды оттың өртіне Ол жүрген жоқ бақ іздеп Қашпады бақтан бойды ұрлап Міне осындай ер еді. (102)

Шіңгілге жорық

Соғыс Комитеті Шіңгіл елін айырып қашуға бұйрық берді. – Кім барады? – дегенде, – Мен барамын, – деген адамнан елу адам таңдап алынып елу

қосар атпен жіберілді. Елу батыр, елу қосар атпен елді қуып, Қарамайлының Тақырбастау деген жеріне жетіп елді қайырып алдық. Бұл жер көп судың астынғы жағы еді. Онда Қамысты бастау дейтін тағы бір су бар еді. Ол уақытта Сартоғай Келеңсай аузында жау армиясы жатқандықтан, біз Нармантының шығыс жағындағы кенеремен жүрдік. Қуып жетіп Шіңгіл шəнін барлық əскерімен өлтіріп, елді қайта айдадық. Шəннің аударушысы Жəнімхан қарсыласқандықтан оны да атып тастадық. Біз оған қолындағы шəн діяласын тапсыруды талап етіп едік. Ол діяланы бермеді. Елді көшіріп отырып Қарасу қайырымынан асырып, Баянбай Қызыл Шілікке əкеп орналастырдық. Келген ел Құл мен Халықбай Шақабай елі еді.

Біз Лузықұйды қуғанда оның тірі қалғаны Сартоғай-Келең сайының аузына жиналып сонда жатыр еді. Ол жерде ол жауды қоршап тұрып елді өткізіп кеттік. Ел ішінде Нəзір, Лəтіп, Жылқайдар бар еді. Жəне Көксеген, Уатқан, Қайымғазы бар еді.

Елді айдап келіп Нəзірдің үйіне қондым. Қапас пен Тоқтыбай Молқыларға қонбай, бөлек жатып алды. Олар:

– Көксеген, Уатқан, Жылқайдарды Оспанға байлап апарамыз. Бұлар туыс тұрып бізге қосылмады. Жауды қамдап отыр, – деп соқты.

Уақиғаны Нəзір маған айтқандықтан

Page 241: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

241

– Біз сіздерді туыс деп жаудан айырып қалдық. Жəне ауданды босатып алдық. Олармен сөйлесейік, – деп мойнымдағы маузерді Нəзірдің мойнына салдым.

Ертеңінде Баянбайдікіне жəне бір апайымыздың үйіне барып амандық білдіріп құран оқыдым. Ол үй тай сойды. Қонақасыға Қапас бен Тоқтыбай да келді. Қапасқа “Біз бұл елді туыс деп жаудан айырып қалдық. Ел бастықтары өз еркімен Оспанға барып амандассын. Оспан қамай ма, қоя бере ме? Өзі білсін. Олардың қорытындысын Оспан мен Мəжік өзі шығарсын”, деп едім. Олар да бұл пікірге мақұл болды.

Сол екі арада Ақ Үй Соғыс Комитеті бізге “қайтып келсін” деген бұйрық жіберіпті. Нəзір, Лəтіп, Уатқан, Жылқайдар, Көк-сеген қатарлы бес адамды алып жүріп кеттік. Оспан Нəзір мен Уатқанды Шіңгіл ауданына (103) əкім жəне орынбасар əкім етіп белгіледі. Оларға өздеріңді өздерің қорға деп 200 бесатар берді.

– Сонымен бірге үкіметке жыл сайын беретін бажыларың болушы еді. Сол бажыны бізге тапсырып тұрыңдар, – деп тап-сырды. Ел бастықтары бұл пікірге мақұл болып разы хоштық пен аттанып кетті.

Осы кездерде бандит Шың Шысай “Қазақ қолына мылтық түссе, бізді оңдыратын емес. Алтай қазағын Үрімжіге жөткеп алу керек.” деп қарар шығарды. Оспан күшін əлсірету үшін Шіңгіл, Көктоғай, Бурылтоғай қатарлы үш аудан халқын Үрімжі ауданына айдап əкелуге бұйрық берді. Сол жылы Көктоғай Арал елінен Құсайын Солтыкен залыңның елін айдап, Сарсүмбе қаласынан өткізіп жіберді. Бурылтоғай елін де айдап өткізіп жіберді. Аралдағы бір бөлім Қарақас, Ителі, Арал Шақабай жəне Жігіт Молқы, Қажыбай, Момынбай елдерін бөліп алып, Қу Ертіс алқымында қалып қойды.

Осы жағдайға байланысты Ақ Үйде төңкерісшілер жиын ашып, Сұлубайдың орнына Кəмел батырды белгіледік. Ал Кəмел батырдың орынбасары етіп мені белгіледі (яғни Нұрғожай). Біздің соғыс құрылысымыз жоғарыдағы тоғыз комиссар, яғни тоғыз полковник өз күшін сақтап қалды. Маған 130 адаммен Аралда қалған елді айдап келуге бұйрық берілді. Кəмел батыр, Қапас батыр екеуіне де өз əскерлерімен Сартоғай Келең сайындағы жау армиясын қоршап жатуға бұйрық берілді. Көк енді ғана шығып, мал енді ғана қоздай бастаған еді. Бұл мезгіл, сəуір мен мамырдың арасы еді. Мен жол жүріп, Сарбастау бөктеріне келдім. Менен бұрын Зейнел 15 адаммен Арал елінен жесір тартып алуға

Page 242: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

242

Оспаннан рұқсатсыз кеткен еді. Пішайдың қызы Қажақынның келіні болатын. Ол кезде олардың қызды бермегені рас болатын.

Ал екінші жақтан Манат та Оспаннан рұқсатсыз 20 адам алып өзінің жесірі болған Халықтың қызын алып келуге кетеді. Үшінші жақтан Шыбарайғыр Қапас та Оспаннан рұқсатсыз 13 кісі алып ат тауып алу үшін кетіп қалады. Қапастың ерткен əскерлері менің полкімнің адамдары еді. Біз бұл уақиғаны мəлімдегеннен кейін Оспан:

– Оларды түгел ұстап, мылтығын тартып алып, өздерін маған байлап əкел, – деп бұйрық берген еді. (104)

Мен Сарбастауға барғанда қызды тартып əкеле жатқан Зейнел мен Кəшапат кезікті. Олардың мылтығын сыпырып алып Зейнел мен Кəшапатты байлап, бес адаммен Ақ Үйге жібердім. Зейнел байлауын шығарып алып қашып кетті. Кəшапатты мылтығын алып Нұрданға қосып бердім. Олар барған соң Оспан оларды кісендеп тастапты. Қызды Нұрдан зəңгіге тапсырып бердім.

Біз Есенқарада үлкен қара жолды басып өткен көп аттың ізіне жолықтық. Сол жердегі Тасбастауға келгенде алдымыздан 13 адаммен Қапас кезікті. Одан алдымен ел ахуалын сұрадық.

– Ел Итектің басындағы тақыр мен Тұрдыбек бастауына жиналып, Сарсүмбеге көшеміз деп дайындалып жатыр, – деді.

Қапасты алып 20 адаммен қос атпен елге жүріп кеттім. Əскерді Тасбастауға бекіндіріп, Көктоғай жақтан қарауыл ұстауды бұйырдым. Алдымен елдің қойған қарауыл адамдарына кезіктік. Олар менен шүйінші сұрады:

– Келгеніңіз жақсы болды. Ел кеткелі жатыр еді, -деді. Біреу шақырып ауылына алып келді. Оның арасында ел

адамдары қаптап келіп амандасты. Əбдірахман, Рақыш, Тұғылдың Қасені, Шарбақбайдың Мұштəри, Молқыдан Қажбай, Зал зəңгі Боранбайұлы келгенде “Ал қалай көшесіздер?” деп едім.

Оспанға қарай көшеміз, – деді. Қалың ел өрлей көшті. Есенқарамен жүргізіп Тасбастауға əкеліп түсірдік. Кешінде Қасендікі шақырып бір қой сойып, қонақ қылып, тілеу тіледі.

– Есенқараның үлкен жолында қалың аттың ізі бар. Көктоғайға əскер кеткен секілді, – деп едік.

Олар да: – Екі мың əскер Көктоғайды көшіруге кетті деп естідік, – деді. Олар жау болғандықтан жол тосуы мүмкін деп екі жаққа

қарауыл жіберілді. Шалғыр Құйғанына 30 адаммен Жəмет кетті. Үш Арғылтай құйғанына 30 адаммен Шыбарайғыр Қапас кетті. Таң

Page 243: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

243

ата қойдың етін жедік. Шалғыр жақтан мылтық дауысы дамылсыз атыла бастады. Көктоғай жақтан жаудың бізді іздеп келіп, біздің қарауылға кезіккені мəлім болды. Таң ата елді көшірдік. Біз жауға дайындық көруге Балекең Арғылтайының аузына бардық.

Сайды құлдап келе жатқан жаумен уағдаласқандай кезіге кеттік. Жаудың бір бөлімі Ушаға асып түспек еді. Біз оған да жол қоймадық. Ел ат-азық көмегін беріп кетті. Осы жерде табан тіреп үш күн соғыстық. (104а)74 Адай жəне Əли Омарұлы қатарлы төрт адам шəйіт болды. Еренхан жаралы болды. Шалғыр қарауылынан бір адам шəйіт болды. Қара жолдан айрылған жау біздің алдымыздан келіп шықты. Үшінші күні ақшамда бізді алмақ үшін жау армиясы зеңбірек күшін барынша іске салды. 16 полкке біз дағы дəл ме дəл қарсы тұрдық. Олар қарауылды ала алмағандықтан бір қуысқа келіп қамалды. Арамызда бір ғана қырат бар еді.

Күн батып, түн көрпесін жамылғанда, бізден 30 адам гранат күшін істетіп басып кірдік. Қалың қытай айсыз қараңғыда бірін бірі өлтірді. Жау қашып, Көк Құдыққа барып тығылды. Таң ата екі айырплан келді. Жерге жақындай алмай əскер үстіне келіп қағаз тастады. Біздің Сартоғайға жіберген қарауылымыз бар еді. Соның ішінен қос атпен Қажы Кəрім келді. Жау жақын қалды. Оспанға телеграмма бердік.

– Бір бөлім жауды қиратып едік. Сартоғайдан үш мың атты əскер келе жатыр. Оны қайтеміз, – дедім.

– Шегініп келіңдер, – деп əмір келді. Жаудан 400 түйе, 300 сиыр, 350-дей мылтық түсіріп алып,

Теректі Арғылтайына шығып кеттік. Жау мылтығы тайпаң екен, көбі керекке келмеді. Жаудан бір адам қашып келді. Ол Жетпісхан Сəтіпұлы екен. Ол ауылда лаушы екен.

– Неге шегіндіңіздер. Қытайлар бағынбақ болып жатыр еді, – деді. Біз оған:

– Біріншіден, оқ азайды. Екіншіден, Сартоғайдан жəрдемге үш мың атты əскер келе жатыр. Бізге хабар келді. Оның үстіне Оспаннан əмір келді, – дедік.

Лаушы болып бізге қашқан Рабайұлы Қамиланды атып тастаған. Қайтып елге келдік. Онан соң Ақ Үй Соғыс Комитетіне қайта оралдық. Менің жанымда телеграмма беріп отыратын Ақ Үй адамдарынан Ахмет бар еді.

74 Қолжазбада 104-тен кейінгі екі бет 140а жəне 140б деп нөмірленген.

Page 244: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

244

Біз аман-есен қайта келгеннен кейін Оспан бізге мынаны айтты:

– Сіздер өте жақсы істедіңіздер. Егер Сартоғайды қоршаған Қапас шегінбеген болса, сіздер ол жауды біртұтас жоятын едіңіз-дер, – деді. Қапастан 15 адам шəйіт болды деп ұқтырып қойды. Оспан бізге:

– Бұл жолы үш жақсы іс істедіңіздер. Біріншісі, ел аман құтқарылып келді. (104б) Екіншісі, менің бұйрығымды орындап Зейнелдің мылтығын тартып алып, қызды иесіне бердіңіздер. Үшіншісі, жау əскерін мейлінше қырып жойдыңыздар. Бірақ Қапастың табансыздығынан сіздердің нəтижелерің суға кеткендей болды, – деді.

Маған бір дүрбі, бір пистолет сыйлық берді. Осы кезде Оспан ауылы Көк Үйде еді. Біз барғаннан кейін Үш Көлге көшті. Біздің ауыл жəне Ноғайбай ауылы Темірті жайлауына бардық. Кəмел батыр жаралы болатын. Ақ Үй Соғыс Комитеті Көктоғай қаласын алу үшін 800 адам аттандырды. Уақытша соғыс жұмыстарын басқару үшін Кəмелдің орнына Лəтіп белгіленді. Құрмаш полковник соғыс планын сызып шықты. Барлық əскер ертеңінде жолға шығып, Шалғырға келіп түстік. Екі күн ерулеп əрбір полк атыс ұяларына қарай бөлінді. Қапас əскерлері үлкен көпір жақтағы тұмсықтан Тапаты жағындағы кезеңнен орын алды. Бұл кезеңге қарасты бес қарауыл төбе бар еді. Олардың барлығы да жау қолында болып окоптарын қазып, мықты иеленіп алған болатын.

Оспанның балаларының жаудан қаза табуы

Мен жанымдағы Тоқтыбай, Қиса батырмен бірге жүз адам

бірінші төбені алуға міндет алдық. Белқайын Күректі жақтан келетін жолдың аузына Келес, Əубекір əскерлері барып орналасты. Олар екі жүз адам еді. Біз сол күні жауды ықтырып бірінші төбеге жақындадық. Арамызда бір ғана кішкене Қобы сайы бар еді. Біз айналып келіп, сол Қобыға түсіп алдық. Жарым əскерді артқа қалдырып 50 адам ғана іріктеліп келді. Алдынғы сапқа Тоқтыбай, Жəмет, Қиса үшеуі ілгерілеп кетті. Ол күні қар жауып, бүкіл сол маңды тұман басып қалды. Бұл орын жаудың үлкен бекінісі еді. Тұман ашыла окоп түбіне таядық. Жақындап келіп гранат лақтырып, автоматты құйып едік. Екі жүздей жау бар екен.

Page 245: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

245

Қопарылып бір-ақ шықты. Жүзден астамы өліп, 50 адамын (105) тірі ұстап алдық. Төбені келіп тартып алдық.

Максимом пулеметті сақылдатып құйып едік. Қашқан əскермен Жəмет, Қиса, Тоқтыбайлармен бірге араласа қудық. Сөйтіп қуғанда болып, қашқанда болып екінші окопқа жау əскерімен бірге келдік. Төбені бермеді. Қиса аяғынан жаралы болды. Алдыңғы барған адамның қолында гранат болмай қалды. Егер гранат болғанда, окоптың тас-талқанын шығарып, төбені алып қоятын едік. Біз жаралы адамдарды жинап жатқанымызда Лəтіп “шегінсін” деп бұйрық жіберіпті.

Біз қайтып қосқа келдік. Келген соң мен Лəтіпке ренжідім. – Біздің артымыздан əскерді айдасаң болмай ма? Жауды

жапырып бір жағынан тесіп кірмегенде, сонша қалың жауды қайтып алғалы жүрсің? – дедім.

– Бұл жағдайды білмедік. Қателік бізден, – деді. Бірінші қарауылдағы Қапас əскерлері де жауды опырып, қатты қырып жатты. Біз тамақ ішіп алып жиын ашылды. Лəтіп тұрып:

-Үшінші окопқа кім кіреді? – деп сұрады. – Екінші окопқа 40 адаммен мен кіремін, – дедім. Үшінші окопқа Сайтанкөз бен жас батыр Мəуітқан 50 адам мен

дайындалды. Кеш бата окопқа жақындадық. Окоптың астына 15 кісімен бала батыр Шайза кіретін болды. Төбенің жоғарғы жағынан біз келдік. Астынғы қорғаныс ұран салып келіп, окопты гранатпен тас-талқанын шығарды. Шайза жараланды. Төрт адам шəйіт болды. Үшінші акоптан Сайтанкөз батыр шəйіт болды. Түнімен атыстық. Таң ата Сəмидолда дейтін оқушы бала желкесінен кесіліп қашып келді. Басқалар “Танымаймыз атамыз”, десе, бала “Мені Нұрғожай таниды. Сол адамға көрсетіңіздер”, дегендіктен ол баланы маған алып келіпті. Көктоғайда қамауда болған ол бала мынаны айтты:

– Оспанның қатын-баласы, Қарақас Тоқтаған, Хансұлтан, Қабдұл Сүлейменұлы, Молқы Тəуіп, Ақын Қажет бəрімізді күн батқан соң абақтыдан байлап алып шықты. Сіздер оқ атып отырған төбенің астындағы Тасқазған орға алып келіп, адамдарды қылышпен бір салып сол жердегі үлкен құдыққа тастады. Мен қылыш тигенде (106) жыраға құлап кеттім. Қала ішіндегі қазақтарды əкеліп сол құдыққа өлтіріп тастап жатыр. Екі жүзден астам қатын-баланы қылыштап, сол үлкен орға тастады. Ыңырап жатқан адам өлігіне үлкен бір жыра толып кетті. Менің үстіме

Page 246: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

246

талай адам өлігі келіп түсті. Есімді жинаған соң қашып шықтым. Күндіз сіздерді көріп отырдым.

Таң ата біз шегіндік. Қапастар да жауды сілейте соқты. Олар демалуға қарауыл тастап өзен бойына келіп түсті. Дəл осы кезде Оспанның əйелін өлтіргелі бір қанша адаммен айдап келе жатқанда Оспанның əйелі суға қарғып түсіп кетті. Ағып барып Қапастың əскері келіп түскен жерге жеткенде, Қапастар ұстап алып аман-есен шығарып алды. Осы жолы Оспанның бір ұлы, екі қызын дұшпан жағы атып өлтірген.75 Дұшпан бандылары сонымен қатар Сүлейменұлы Қабдұл, келіні Шолпан, Сүлейменнің əйелі Тайтұяқ, үлкен қызы Ханша жəне екінші, үшінші қыздарын атып тастаған. Оның сыртында Көктоғай қаласында 200-ден астам қатын-баланы бандит Шың Шысай армиясы қырып кетті.

Бұл арада “Көктоғай қаласын қорғап қалуға үш мыңнан астам атты армия келе жатыр” деген хабар келді. Қарауыл жіберіп, олардың Қаратүнкедегі қытай армиясына келіп қосылғанын бақылап отырдық. Атшығұл, Балекең, Арғылтай сияқты барлық қажетті қарауылдар біздің қолда еді. Атшығұлдан өтетін машина жолы бар еді. Осы жолды мен тосқан едім. Лəтіп қосты басқарып қалған еді. Біз адамдарымызбен жиналып, тамақ ішіп жатыр едік. Кейінгі елден жайсыз бір хабар келді. Оспан Əубекір залыңды кісеңдеп тастапты дегендіктен, Құлдың əскерлері шегініп шығып алып тұрған қажетті қарауылды тастап қайтып кетіпті. Өзінің шағын тобымен Лəтіп қалды. Екі күннен кейін Нұршыбай тобын жер шалып келуге жіберсек “Қытайлар атты жаяу болып тауға қарай өрмелеп келеді”, деген хабар əкелді. Біз осы кезде Көктоғай қаласын қоршап тұрып, Сартоғай – Қаратүнкедегі қытайдың (107)

75 Бұл уақиғаны Сүгірбаев та растайды: “1944 жылы 5 айда партизандардың бір реткі қатты соққысына ұшыраған Қоминдаңның Көктоғай қалашығындағы жендеттері, қала тұрғындарынан 40 неше бейуаз бұқараны қырғанда Оспанның 18 жастағы қызы Кəбире мен 14 жастағы ұлы Байдолланы Мəмейдің [Оспан батырдың əйелі – Ə. Қ.] көз алдында кескілеп өлтіреді. 11 жастағы ұлы Кəри мен 9 жастағы қызы Сапияны 20 неше метр тереңдіктегі құдыққа тірі тастайды. Онан соң кезек Мəмидің өзіне келеді. Қорлыққа шыдамай, жанынан түңілген ол тасып жатқан өзенге бір-ақ секіреді. Қоминдаң шеріктері жапа – тармағай оқ шығарғандарымен бірде – бірі дарыта алмайды. Соңынан қуа атқылауға таяу маңда бекініс алып жатқан партизандардан қорқып батылдары бармайды. Бір неше жүз метр жерге ағып барып бір иенде талықсып жатқан жерінен Мəмейді партизандар құтқарып кетеді.” Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 109-110-бет. Оспанның басқа балалары жөнінде Сүгірбаев мынадай мəліметтер келтіреді: “Пансия деген қызы 1942 жылы Шың Шысай үкіметі Оспанға жіберген елшілермен бірге барып сол беті əкесінің қасында қалып қойғандықтан бұл жолғы қырғынға ілікпейді. Қалған үш ұлы – Шердиман, Нығыметолла, Нəби 1941 жылдан бастап Оспанның өзімен бірге болады. Сонда, 110-бет.

Page 247: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

247

12.000 адамдық армиясының екі ортасын кесіп тастадық. Менің адамдарым Атшығұл қарауылын келіп алды. Жəнібек туын біз көтеріп келген едік. Сол жерден атыс бердік. Осы кезде жау əскерлерінен біздің қаруымыз өте артық еді. Əсіресе қытайлар автоматтан өлердей қорқады. Алдымен өрмелеп келген жүздей қытай əскерін бір шұнқырға иіріп алып автоматты төгіп жіберіп едік, сексендей адам құлап кетті.

Таң ата қытай армиялары біздің сыртымызды орап кеткен екен. Адам қалың болып бекініс орны жалтаң болғандықтан, негізгі қарауылға 70 адамды қайтарып жібердім. Жоғарғы қарауылдан қытайдың сыртымызды орауынан сақтанудыруды ұқтырдым. 30-дай адам мен бір қойнауда жартасты паналап тұрдық. Алла сақтады. Онан соң бір жартас бізді сақтап тұрды. Қарсы алдымыздағы қыратта жау əскерлері келіп окопты қазып дайын-далып, бекініс жасап жатты. Екінші жақтан оқты жаудырып тұрды.

Дүрбі салып отыр едім. Басқы жақтан бір əскери шинель киген генерал келе жатыр екен. Сол бекініс төбеге келіп шинельді шешіп тастап, сап сарала болып жан-жаққа дүрбі салды. Жолдастарға “Ат”, деп бұйырдым. Атып қалдық. Генерал еңкейе келіп жығыл-ды. Он неше мерген Жəмет ішінде мылтық құйып едік. Генералдың сүйегін ала алмай, əскерлер төбені тастап құлдай қашты. Астыңғы жақтан музика дауысы шығып еді. Штабынан тағы бір генерал шығып, əскерлерді қайта айдады. Кəренді қарауылға жіберіп едім. Азырақ ілгерілеп барып, төбе шашын оққа сипатып қайтып келді.

Осы қыратты жауға бермей, жаудың машина жолын кесіп тастап, жауды Көктоғайға өткізбедік. Жау Көктоғайды қорғау үшін атты, жаяу, машиналы өлігін басып-жаншып саймен өрледі. Екінші қарауылдан Əліпби ішінде бізден 15 адам шəйіт болды. Олар да қарауылды ұстап тұра алмады. Кəмел тобынан алты адам, бізден үш адам Əліпби мен Құматайдың сүйегін алып жерледі. Жау түнімен күш көрсетіп, Қараөткелге келіп түсіп алды. Уша жағына қарауыл жібердім.

Осы қалың жаудың бір жерінен кіріп, оққа ұшып шəйіт болған аяулы жігіттердің кегін алайын деп Соғыс (108) Комитетінен рұқсат сұрадым. Олар рұқсат берді. Жəмет, Жүніс, Қасейін, Молдияр қатарлы адамдардың мықтыларынан жүздей адам таңдап алып, жер сырын білгендіктен Бұраты деген бір кішкене жырамен өрлеп, жау жанына таяп бардық. Бейқам отырған жаудың бір қарауылын басып, 40 адамды өлтіріп, мылтық жабдықтарын бір-ақ

Page 248: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

248

қолға түсіріп, 40 ат алып қайтып келдік. Молдияр батыр шəйіт болды.

Ел айдау саясаты қалай туды?

Аттанып Шалғырдағы қорға оралдық. Бұл жолы жау армия-

сының Көктоғайды оңайлықпен бермейтіндігіне көзіміз жетті. Сонымен бұл жолғы мақсат орындалмайтын болғандықтан Үш Көлге қайтып кеттік. Мен жайлаудағы Қарабалшықтағы ауылыма келдім. Оспан Үш Көлдің орта көліне барып орналасты. Ақ Үй Соғыс Комитеті де сол арада болатын. Үш күннен кейін Оспан жиынға шақыртты. Ақ Үй Соғыс Комитетіне жиналдық. Бұл күндерде Соғыс Комитетінің адамдары да молайған болатын. Əріпбай, Дүйсебай, Əлихан, Темірхан, Сұлтан қатарлы саяси комиссарларға лық толы едік. Жиында көп пікірлер ортаға қойылды. Əрі талқыланды. Жиналыстың қорытындысы ел айдау саясатын əкеліп туғызып қойды.76

Шың Шысай бандит үкіметі Жиемасу, Қарамайлы, Дабысын, Сартоғай, Қаратүнке, Көктоғай қаласының шығыс жағында Дөңті, Шіңгіл қаласына дейін сегіз орында үлкен соғыс базасын құрды. Бұл соғыс базасының үлкен орны Дабысын болып, оның өзінде жер қайысып 12.000 армия жатты. Сартоғайда 5.000, Дөңтіде 7.000, Қаратүнкеде 9.000, Көктоғай қаласында 3.000, Шіңгіл ауданында 3.000 əскер бар еді. Кейін онан да арман толықты. Ал Бəйтік Өкпеден Жарынтыға дейін сыртқы Моңғолия аузын қаратып 12.000 армия төкті. Өндірқараға Бурылтоғайды бақылатып 5.000 армиясын əкеліп төкті. Алтай Сарсүмбе қаласы мен Көктоғай екі ортасында Сұпты Күртіге қарауыл деп 3.000 əскер əкеліп орналастырды. Дабысында жоғарғы Зұң Бу, Дөңті бір Зұң Бу, Қаратүнке Зұң Бу болды да (109) бұл үш аудан халқын айдап Сарсүмбеден төмен алып кетті де Көктоғай, Шіңгіл, Бурылтоғай иен қалды. Қытай 60.000-нан астам армиясының ат көлігі, түйесі, ет азығы, астығы Алтай халқынан айдап əкеліп жатты. Үрімжінің тоғыз ауданындағы

76 Сүгірбаев ел айдау саясатынын “балықты судан айыру” стратегиясы деп атап өтеді: “1944 жылы 6 айда төңкерісшілер қанатын аймақ көлеміне жаю үшін нақты қимылға кірісті. Алдымен Дəлелхан Сүгірбаевтің бастауымен төңкеріс жетекшілері əскери істер мəжілісін ашты. Тұтас Алтайдың нақты жағдайына сай қалашықтарды алуға жəне жау əскерімен кеңірек соғысуға асықпау, оның есесіне халық бұқарасын толық аттанысқа келтіріп, төңкеріс шебіне тарту, сөйтіп жауды “судан айрылған балықтың күйіне түсіру” стратегиясын белгіледі. Сонда, 58-бет.

Page 249: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

249

астық Шонжы арқылы Көктоғайға келеді. Оны қазақтың мыңдаған, он мыңдаған түйесімен артып жеткізіп жатыр.

Шонжыдан Көктоғайға дейінгі 1.100 километр шалғай жолдар осы азықты қорғайтын жау армиясымен толып алды. Жау армиясы бізді аз ғана жерге, атап айтқанда Моңғолиямен шекараға тастап қойды. Əскери қор алатын елден айрылып қалдық.

Қытайлар он мыңдаған қазақтың жалды аты, өркешті түйесін жинап алып жатты. Қытайдың кəдірі, сақшылары, қатын-балалары, армиясы болып 80 мың адамы қазақтардың он мыңдаған қой, сиырларын айдап əкеліп, қырып жеп жатты. Біздің тынысымыз тарылды. Оның үстіне қытай бандиттері қазақтарды қазаққа салды. Қазақтардың мал-жанын жеп, бізбен соғысты. Мыңдаған Қашқар балаларын əкеліп бізбен соғыстырды. Көктоғай, Бурылтоғай елін тұс-тұсынан асырып, Шіңгіл жеріне əкелу үшін Моңғолия жол берді. Елдерді айдап əкелу үшін əскери міндет өтегендер ішінде сол рудың өз адамы барсын деп қаулы шығарылды.

Ол кезде Молқы, Қарақастардың ел шабатын жаман əдеті бар еді. “Итті қонақ жараспайды” дегендей, əскерлер ішінде елді шауып олжа алатын адамдар шығарылып тасталды. Сондай-ақ Оспан:

– Ел шаппайсың, бір адамның бір бүлдіргесін алмайсың, егер осындай əрекет туғызғандарды көрсең атасың, – деп баса бұйрық берді. Ол сонымен қатар

– Жəнтекей ең көп ел. Оларды ашуландырып алсаңдар, ұсақ Абақ зиян тартасыңдар, – деп ерекше ескерту жасады.

Соғыс Комитеті елді айдап көшуге 500 адам беріп мені шығарды. Менің жаныма Кəріп зəңгі, Манат берілді. Артқы шепті сақтау үшін Сартоғайдағы Дөңті қарауылдарын бақылап қоршап тұруға Қапас батыр жүріп кетті. Көктоғайды күзетіп тұруға Мəуітқан, Қиса, екі жас батыр 200 адаммен жүріп кетті. Олар Көктоғай, Қаратүнке екі арасын тілсіз тастауды міндетіне алды. (110)

Əріпбай полковник Жылқайдар, Құрмаш, Мұқай жүз адаммен Жеменейге жүріп кетті. Ол жерде құрылған Алтай Соғыс Комитетінің бір бөлімшесі бар еді. Олар даламен жүріп кетті. Оларға Жеменей, Қобық, Қаба елдерін жаудан арашалап қалу қажет болды.

Мен əскерлерді алып Бұлғыннан асып, Топшын Көлге бардым. Одан жүріп Делуінге бардық. Делуінде Қошақ Молқы Оразбек інісі

Page 250: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

250

Тақыр бар екен. Ол адам бізден он бір адам шақырып қонақ қылды. Олар да бізге жəрдем ететін партизан жинап жатты. Ол жерден шығып Шегіртайды кесіп өтіп, Сарқазды өрлеп, Далакөлге барып түстік. Далакөл толған Ботақара екен. Мен сонау 1931 жылы Қобдада сауда қылып жүргенімде Ботақара Бақат деген адаммен таныс болған едім. Сол үйді іздеп барып амандасып қонып қайттым. Кіші əйелі Қаперіштің қарындасы еді. Ол адам бес ағайынды болып, төрт інісі қолға алынып, сотталып кетіпті. Əйелі бар екен.

– Бақат өлген соң екі байға тидім. Оның екеуі де сотталып кетіп өлген соң мына шалға тидім, – деп өз ахуалын қысқаша баяндап өтті.

Ақтышқан, Шəку ұрқы біртұтас сотталып кетіпті. Адам қалмапты. Көне адамнан Ботақарадан Мұстапа, Қаражан қалыпты. Олар Сарқазда отыр екен. Далакөлден шығып, Сақсайды құлдап, екі күн жүріп, он бір күн дегенде Дайынкөлге жетіп бардық. Сол кезде бүтін Шеруші жайлауда отыр екен.

1928 жылы Қобдадан Алтайға бір қанша Шеруші ауып келген екен. Сəдудің жеті ұлы бар еді. Оның Нəжікен деген ұлы менімен тамыр болып, оның бір жүйрік қара атын алып едім. Сол кезде Нəжікен Мəскеуден оқып келген екен. Баян Өлгейдің уəлиі екен. Нəжікеннің үлкен үйлері туыстарымен Дайынкөл жағасында отырыпты. Біздің хабарымызды естігенде:

– Егер келе жатқан Нұрғожай, Шақабай Нұрғожай болса менімен тамыр дос еді. Шақырып қонақ қыламын, – деп Нəжікеннің ағасы жəне əйелі мені жол үстінде тосып тұрыпты. Олар мені іздеп келіп танысқаннан кейін ертеңінде жиырма адаммен олардың семьясына қонаққа бардым. Көк қасқа тай сойды. Бір түн тамаша өлеңдер мен қызулы сырластық əңгімелер болып өтті. Жеті күн демалдық. Сегізінші күн Алтайға асып түстік. Алдымен Өрмегейті асуынан барып бізден үш адам, Қалқадан үш адам, барлығы алты адам дүрбі тарттық. Шегарада қытай (111) əскерлері бар екен. Бірақ жақындап барсақ əскерлер қытай емес, қазақ партизандары болып шықты. Осылай межелеп қайтып келдік.

Жəнібек туына мал арнап сойып хатым шығардық. Елге қош айтып жолға шықтық. Күндіз келіп, алып түнделетіп үшке бөліндік. Екі шеткі тауға 30-дан 60 адам, орта қарауылда 30 адаммен жүрдім. Əскерге жақындап келіп айғай салдық.

– Қытай болсаң атысамыз. Қазақ болсаң тіл бер, – дедік.

Page 251: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

251

Жақындап келіп едік. Жер қаратас сылдырлап мен-мұндалап жатты. Олар бізді біліп қойып оқ шығарды. Айғай салып едік, оқ үдемелеп құйып кетті. Азырақ жауын жауды. Аздан соң кеш батып түн болды. Мылтық дауысы тоқтап қалды. Сонда жүгіріп төбеге шығып көрінген төрт адамды атып едім. Біреуі оққа ұшып кетті. Ол қазақ екен. Қалғаны дереу қашты. Артынан қусақ, алдымызда тігулі бес үй иең қалыпты. Бастығы Шеруші Рахым залың мылтықтары перен екен. Біз ел ішіне кіріп алып Саршоқыға дейін бардық. Ел жиын екен. Ел бастықтарын жинадық. Оспанның Жəнімханға жазған хатын ақсақ Ыбырай арқылы Сарсүмбеге жіберіп бердім. Манат бүкіл Қыстаубайды Қарағаты басынан асырып айдады. Ел бастықтарын шақырғанда, Жамылиқа келмей қойды. Біз оған:

– Мұбарак ашып бер, – деп едік. – 40 қара берсең ашамын, – деді. – Көш, – деп едік. – 150 үйлік кедейміз. Көлік берсең көшеміз. Үшінші атам

өлгенде, жүз жыл ішінде көшер болсаң сүйегімді алып кет деген еді, – деді.

– Көлік берелік, – деп Манатқа тапсырып қойып Ушілікке Бейсінің аулына жүріп кеттік. Сұмдайрық еліне бармадық. Буыршын елін көшуге Қаби полковник Қом басынан асып түсіп кеткен еді. Қаби əскерінің ішінен Қайнолла Капитан Дəлелханның қағазын алып, Арал елінің ел бастықтарына тапсырып беріп, Дəлелхан өз семьясын көшіріп алып жатты. Онда Есағасы Қосай ауылдары, үш-төрт ауыл Шеруші, төрт ауыл Барқылар өз еркімен көшіп асып кеткен болатын. Сондықтан менің əскерім ол елге бармай, Бейсі аулына жүріп кеткен себебіміз сол еді.

Сол жерде Жəнімхан хат жазыпты. “Елді айдасаңдар тез айда! Қытай армия шығарғалы жатыр” депті.

Борбыжап əскерлерінің Қыран өзенінен өрлеп шығып, біздің Өрмегейті құйғанына (112) тастап кеткен Құмар бастықты 18 адамымен өлтіріп кеткен хабары жетіп келді. Бұл хабарды Мəнкейдің ұлы Асығат жеткізді. Бір рет жылап сықтасып алдық та алдыға түскен елді Ботамойнынан асырдық. Көктоғай Бурылтоғайдан барған ел түгел кетті. Үш мың үй аман өтіп кетті. Жəне Борбыжап бандит ел ішінен Əпендіні атып кетті. Ең аяулы атақты мықты қалмақпен бір шайқаса алмай арманда кетті. Елді айдап жыла қонақтатып, 36 күн дегенде Топшын Көлден асырып,

Page 252: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

252

Бұлғынға əкеліп түсірдік. Келген ел Үш Көл арқылы Жырғылты, Темірті, Бұлғынның басы, Мерткем, Жандылық, Таушағанқолға тарап орналасып кетті. Тұрғын елімен араласты. Көшіп келген ел ішінде Сүкірбай тəйжі ауылдары бар еді. Дəлелхан үйімен бірге келді. Ол кезде қоғам қауіпсіздендіру жұмысын жүргізіп, Оспан жанында Қалқабай полковник бар болатын. Бұл адам Шеруші еді. Дəлелхан екеуі бір ел болатын. Келген ел бастықтарын Дəлелханды, Мəжік генералды шақырып, тай сойып, қонағасы берді. Жырғылтыда ат шаптырып той жасалды. Біз келсек, Сартоғайдағы Қапас қарауылы қайтып келген екен. Көктоғай қарауылы да қайтып келіпті. Ол жерде Қиса батыр шəйіт болыпты.

Керейді көшіру бұйрығы

Екі аудан елін қайтарып алып келдік. Қазірінше қуатты күшке

айналдық. Бұл жағдайды көріп онан арман тұс-тұстан даныш-пандар шығып, Ақ Үй Соғыс Комитетіне пікір ұсынды. Қалған Керейді көшіріп əкеліп, жаудан айырсақ деп гу-гу етіп жатты. Қуатты күшке айналамыз деп қымызға, айранға, етке тойған аламестер үкіметіміздің есін шығарып жатты. Бұл пікірді Соғыс Комитеті тез мақұлдады. Ол “Керей қайда сыяды? Оншалық қалың малды қылышын сүйретіп қыс келгенде қайда апарамыз?” демеді.

– Моңғолия қойнын ашып тұр. Ел қыстайтын жер көп, – деп гуілдеп жатты.

Бұл қылығымыз орыстардың да, Моңғолдардың да қажетіне жарайтындай болып шықты. Ақ Үйдегі Ресейден келген қазақ азаматтарының идеяларынан мұндай іс істеу өтпеді. Бірақ Богдонов, Мəжіктер бір жерден шығып алды да, оған Қалқабай мен Дəлелхан өмешектеп (113) қосыла кетті. Оспан да қосылмаған еді. Ол:

– Алтайда қыс қатты. Бес аудан бұл жақта сыятын жер табылмайды, – деген болса да Ақ Үйде жоғарғы басымдылықтағы генералдар бұл пікірді бекітіп жіберді.

Оның соңғы сырын біз кейін түсіндік. Баратын адамның бірі тағы мен болдым. Өйткені Сарсүмбе ауданына қарайтын ел бүкіл Жəнтекей еді. Елдің аяғы Барқы, Есағасы, Қазыбек, Шақабай, Тасбике, Түкбай, Базарқұл, Есіргеп, Жарылқап, Құлтайболат, Елшібай, Таңырық, Елкелді, Есдəулет болып, бүкіл Сүйінбай сонда деп Жəнтекей болғандығым үшін Соғыс Комитеті мені бұйырды.

Page 253: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

253

Мен Шағанқолдағы Нəзір, Əсен, Сақсайбай еліне əскер жинап, 300 адамды алып, Қараңғы Тоғайға бардым. 300 адам жинап Молқы жақтан Кəмел батыр келді. 250 əскер жинап Бурылтоғай елінен Манат келді.77

Осы жылы шілде айында Үрімжіден Қалман, Қарақас Жолдыбайды алып қашып келген болатын. Оспан Қалманды қажетке жаратпады. Əрі оған сенім байламады. Соңғы кезде Жолдыбайдан тығулы наған шықты. Бандит Шың Шысай өзін атып кел деп жібергендігінен күдіктеніп Оспан Жолдыбайды атқызып тастаған.78

Жəнібек туын Зарыққан маған əкеліп берді. Ол туды əкеліп Қараңғы Тоғайға тігіп қойдым. Мал сойып мəуліт оқып, Жəнібек туы алдында бүкіл əскерлер серт беріп, кəлима шаһадат оқыды. Қалманды əкеліп, мəуліт оқыттырып, шариғат сөйлеттірдік. Қалман биік стол үстіне шығып уағыз сөйледі. Ол сөзінде:

– Ислам жолындағы күрестерде қан төгу, ел талау емес. Бірақ басқалар жағынан ұрлық істеліп, жер суыңды тартып алса, адамға жамандық істеліп, халқыңды езетін болса, оған қарсы тұру керек. Мұндай жолда жауды өлтірсең, қазы боласың. Өлсең шəйіт боласың. Қыямат махшарда сұрақсыз иман иесі сол адам болады. Барлықтарыңыз Оспанды басшы деп таныған соң; оның комиссары Оспанға адал болу керек. Ал мына тұрған əскери міндет өтеген азаматтар əр қайсыларыңыз өз комиссарларыңыздың бұйрығына шартсыз бой ұсынуларың керек. Шəйіт шарттарының ең басты ережесі – бұйрыққа шартсыз бой ұсыну. Ең жоғарғы соғыс қолбасшысы болған Кəмелдің əміріне шартсыз бой ұсыну – Алланың əмірі дегендік. Құдай жолы осы дегендік, – деді. (114)

77 Сүгірбаевтың сөздері де осы жағдайды растауда: “Халық бұқарасы көптен армандап, асыға күткен төңкерістік қимыл Алтай өңіріндегі 7 ауданның бəрінде жарыққа шығады. Төңкеріс жетекшілері бұған қанағаттанып тоқмейілсіп қалмайды. “Темірді қызуында соғуды” жөн көріп Қоминдаң кертарпашыларының қанды шеңгелінде қалып отырған Сарсүмбе, Буыршын халықтарын да қатарларына алып, жауды онан əрі оқшау қалдыру үшін 1944 жылы 9 айдың ішінде Кəмел, Нұрғожай, Əбдірəсұл басқарған 500 кісілік қомақты партизан бөлімін осы екі ауданға аттандырады. Олар айналасы 20 шақты күн ішінде Сарсүмбе халқының бəрін, Буыршын халқының жартысын Алтай тауын бөктерлете көшіріп, Көктоғай мен Шіңгілдегі көтерілісшілер тобына қосады. Сонда, 67-68-бет. 78 Оспанды өлтіруге бағытталған көптеген қастаңдық əрекеттер жасалған. Олардың барлығы Шың Шысай тарапынан емес, Оспан кейін бөлініп шыққан кейін Үш аймақшылдар тарапынан да болған. Сейітхан Əбілқасымұлы осы əрекеттердің Мəскеудің нұсқауымен Моңғолия тарапынан іске асырылуға тырысылғанын айтады. Ол мақаласында Тескенбай, Тұтан Хамитұлы, Сағадай Үбгінұлы сияқты Оспанның ауылана келіп өлтіруге ұмтылғандардың бірнешеуінің атын атайды. Əбілқасымұлы С. “Оспан батыр”. Оспан батыр. Алматы 2007, 13-16-бет.

Page 254: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

254

Барлық армия қол жайып бата оқыды. Сол күні кешкісін, атап айтқанда 1944 жылы қыркүйектің басы еді. Соғыс Комитеті барлық істерді жөнге салуға Əлихан полковникті қосып берді. Əлихан, Кəмел үшеуіміз арнаулы бір үй алдық. Бес күн жүріп Қандығатай құйғанындағы Қызылқайынға жетіп келдік. Ол жерде қалған ел бар екен. Есіргеп Бұзай тобы, Тасбике Мəмила тобы, Табын Бейсі елі еді. Түн жастанып тұс-тұсқа бөлініп түсіп алдық. Бір топ əскер Жаңжұн бұлақтан келіп түсті. Бір бөлік адам Күбіні айналып, Буыршын қара жолын кесіп тастадық. Бір бөлім əскерлер Жеті қырқадан айналып келіп, қаланы қоршап тастады. Айтан, Тұлты, Шеміршектегі елді Ертіске айдап түсірдік.

Кескілескен соғыс болды. Қытайдың айналадағы қорын бір-ақ сыпырып алдық. Қытайдың қор бағып жатқан Тұлтыдағы 300 əскерін түсіріп, қырып тастадық. Оның ішінен қазақ тілін білетін бір Қытайды тірі қолға түсірдік. Ол баланы қағаз беріп, еліне жібердік. “Елдеріңіз өрге көшсін. Біз халыққа жау емеспіз. Егер Өралтайға көшу мүмкіндіктеріңіз болмаса, көшіп үлкен қаланың ішіне кіріп алыңыздар. Қаланың сыртында соғыс болатын болғандықтан ол уақытта зиян тартып қаласыздар” деп жазылған еді. Бала қайтып барды. Дүрбі салып көріп отырдық. Құржалар дереу жиналды. Кешке таман екі адам біз айтқан төбеге қарай сөйлесу үшін барды. Біз ұран салып, Тұлты бойына келіп түстік. Өкіл:

– Біз көше алмаймыз. Бұйрықтарыңыз бойынша қалаға кірсек, – дегендіктен біз оларға тимедік. Рұқсат еттік. 20 ат, 20 кілем тарту əкеліп берді. Тартуларын алмадық. 300 жерде жиналған шөптерді от оқпен атып өртеп жібердік. Өртенген түтін Тұлтыдан Сарсүмбе қаласына дейін қаптап, қара тұман басып кетті. Ол жердегі əскерлер қашып шықты. Оларды тірі қоймай, қырып тастадық. Тұлты районын тартып алдық. Онан соң Табын Бейсі еліне “Көшіңдер”, деп едік. Олар “Біз кедейміз. Көше алмаймыз”, дегендіктен оларға рұқсат бердік. Олар да он неше ауыл Жосатыға көшіп түсіп кетті.

Кəмел Ақ Үй Соғыс Комитетімен арада радиомен сөйлесіп, бұйрық алып тұрды. Алдыңғы саптағы соғысқа мен тіке араластым. Əскерлер ішінен Бүркітбай бастық:

– Өлтірілген 13 адамның кегін аламыз. Шоқай залыңды өлтірсек, – деп Кəмелге барган екен. (115) Əпендінің құнын даулау əскер ортасында сөз болып жатты. Үш полк Мамат əскерлері

Page 255: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

255

Бурылтоғай, Жеті Аралдағы елді айдап келуге кеткен болатын. Олардан хабар əлі келмеді. Соғыс үйі Төсте Тоғамының көмейінде болатын. Сəрсүмбедегі ел бастықтары шыға алмады. Сырттағы ел бастықтарын сол жерге шақырып жинап алдық. Келген ел бастықтары əскерлер ортасындағы сөздерді естіп, ренжулер болды. Кəмелге өш алу пікірлері жетіп келгенде, комитетке мен де бардым.

– Біз өш алу үшін келмедік. Егер Өгізшібай, Мəмила, Шоқай, Тұрдыханды өлтіретін болса, оны Оспан өзі қолымен істеп көрсін. Оспанның қолында жоғарғы сот мекемесі бар. Ел көшіп барғаннан кейін бұл жұмысты солар басқарсын, – деп тоқтатып тастадым.

Ел адамдарынан 60-тан астам адам келді. Шоқай, Шоратай, Тұрдыхан, Өгізшібай, Мəмила, Наурызбай, Жамылиқа болып, қалғандары ел ішіндегі адамдар, қала ішіндегі жиынға кетіп шыға алмады. Оларға біз мынаны айттық.

– Сіздерді Саржайлауда айдап келуге бұйрық алған едік. Ол кезде жағдай жар бермеді. Қытайдың бізбен соғысу үшін қажетті соғыс қоры сіздер болып отырсыздар. Не бізбен бірге қозгалыс істемедіңіздер. Біз ұдайы он жылға таяу соғыс жүргіздік. Қытай сіздердің аттарыңызды көлік қып мініп, қойларыңызды ішіп жеп бізді де, қазақ момын шаруаларын да аяусыз өлтіріп жатыр. Не ол, не бұл болмадыңыздар. Содан бері санағанда ұдайы соғысқа қазір 13 жыл болып отыр. Енді көшіреміз деп келдік. Көшкілеріңіз келмесе Оспан мен Дəлелханға адам жіберіп ұғысыңдар. Оған дейін біз жаумен соғысып қорғаныс алып тұралық, – дедік.

Олар осы пікірге мақұл болып, Тұрдыхан, Шоратай, Ырысжан, Бектұрсын қатарлы төрт адамды Оспан мен Дəлелханға жіберіп қойды. Біз де Оспанға ел пікірін радио арқылы жалғастырып жатқан едік. Елді Ертіске жинап алып, бұйрық тосып жаттық. Жеті Арал елін айдап Манат келді. Олардан 13 адам шəйіт болған екен. Елді Бура Сарқарынынан əкеліп түсірді. Буыршын елінен Орсақ зəңгіге қараған 30 ауыл көшіп келді.

Сарсүмбені қоршап бір ай жаттық. Оспан мен Дəлелханнан “Елді өрлетіп көшірсін” деген телеграмма келді. (116) Бұйрық бойынша 4.500 үйден артық елді өрлетіп көшірдік. Қу Ертіске келдік. Алдымызда Үш Арғылтайда тосып жатқан қуатты жау бар болатын. Елге белгі беріп Үш Арғылтай аузына күшті қарауыл жібердік. Сарбастау мен Қойбағарға елді аман іліндіріп алу керек еді. Елдің алды Қу Ертіс Шақабай тоғамында, арты Сарбұлақ

Page 256: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

256

құйғанында болатын. Үйдің іргесі сыятын жер болмады. Осындайда жылқы айдап келе жатқан Тəукебайды “байлығыңды көрсеттің, жүгімді бастың” деп бір Тасбике жігіт атып тастапты. Осыған бір күн айналып құн белгісін беріп, ертеңінде елді көшірдік.

Елдің алды Сарбастауға барғанда жау қозғалды. Кəмел, Манат, үшеуіміз алдыңғы шептегі жаумен соғыс жүргіздік. Түнде үш қойшы жолдан адасып, 4.000 қоймен қытай қолына түсіп кетті. Жау қарауылынан 40-тан астам адам өлтіріп, елді Шағанқол Қарасу Қойбағар жолымен Секпілтай Шанқанға алып шығардық. Елді бұйрық берген Оспан мен Дəлелханға өткіздік. Біз барсақ Қапас, Жақсыбай басшылығындағы 400 əскер Шонжы, Нори, Жемсары, Пукаң, Сандұя, Құтыби, Санжыдан көптеген елді айдап, Құмға шығарыпты. Бұл жылы қыс ерте түсіп, қар ерте жауды.

Ел қалың, мал қалың. Мал қыстайтын жер жоқ. Кешегі малға қойнын ашып тастайтын Моңғол үкіметі жалт беріп, “қытайдың бізге пікірі болып жатыр” деп жалғыз күнде Қалқа жеріне малды өткізбей, ондағы Алтай елін қайта айдап тастады. Қобық, Жеменей, Қаба елінің малын Жеменей жолымен Əріпбай полковник, Қаба ауданының малын Қаби полковник Қазақстанға өткізіп жіберді. Қабидың Алтай қазағына тигізген пайдасы осы болды. Оның əскері алақандай Қаба ауданының қаласын ала алмай, жөткеліп қашып кетіп соның зардабынан Қабадағы Қытай əскерлері 120-дан астам бұқараны қырып кетті. Есдəулет Ислам оққа ұшты. Оспан мен Дəлелхан да Қалқа жеріне келмей, Моншық Қызылдың түбіне қыстады. Бұл кезде Ақ Үй Соғыс Комитетінің билігі де, Алтай Соғыс Комитетінің билігі де Қалқабай қудың қолына өтіп кеткен еді. Оспанды Қалқабай аңдып сөйлетпейтін болды. Оспанның үйіне əр кім өзі барып сөйлесе беретін еді. Ал Қалқабай Оспан үйіне адам енгізбей қойды. Бұл жағдайды Оспанның өзі де жақтырмады. Біз де жақтырмадық. Қарт Зұңли болған Сүлеймен Бектұр далада қалды. Осы құбылып тұрған құбылыстар бізге (117) өзгеше жағдайларды сездіріп тұрғандай болды.

Моншықтағы құрылтай

Оспан жəне Ақ Үй Соғыс Комитеті көшіп келген бүкіл ел

бастықтарын шақырып жиын ашты. Пікір сұрады. Ең əуелі, “Ел айдауға барған əскерлердің зорлығы – зомбылығы болды ма? Бір

Page 257: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

257

нəрселеріңді тартып алған, ұрдап алған, қымқырып алған, қыр көрсетіп алғандары бар ма?” деп сұрады. Ел адамдары “Зорлық-зомбылық, олжалаушылық болған жоқ, Бірақ қыс келіп қалды. Қыс жылдағыдан ерте түсіп қалды. Біз малға сүйенген халық едік. Мал қыстауы жоқ. Қалың қарға иіре бастадық. Шай жоқ. Бұл жоқ. Астық жоқ. Малсыз кедейлер қазірдің өзінде-ақ қинала бастады. Осынша малды қыстан аман шығарып алатын жағдай бар ма, жоқ па?” дейтін пікірлерді айтты.

Ел адамдарына “Өздеріңді өздеріңіз қорғаңыздар. Бұл біздің қазіргі партизан саясатымыздың негізі осы”, деп 5.000 мылтық жəне оқ таратылып берілді.

Елден оны екі мың өгіз қой алынып, Ақ Үй Соғыс Комитетіне əскер азығы деп сойылып қатырылды.

Комитет сонымен мынадай бірқатар шешімдер қабылдады. 1. Көктоғай – Сарсүмбе арасы Қапас əскері, Манат Келес

əскерлеріне жүктеледі. 2. Бəйтік Үрімжі жолын күзетіп, Бəйтікке мал қыстатуға

қарауыл алуды Дəлелхан, Кəмел, Қуанышбай өз үстіне алды. (Бірақ ол жылы Дəлелхан Оспанды баса билеп үйден де шықпады.)

3. Үрімжіден Бурылтоғайға, одан Алтайға келетін құм жолын Сүлеймен, Нұроғажай əскерлері күзетеді.

Осылайша қыстық қарауыл орындары белгіленіп соларға əскери күштер орналастырылды. Ел осы белгіленген шеңбер ішіне барып қоныстансын делінді.

Осы екі арада үш ауыл Қазбек Арғылтайдан көшкенде, адасып Сартоғайға бара жатқан жау əскерінің қолына түсіп кетті. Бұл ауылдарды қытайлардың Шонжыға алып кеткен хабары естілген-нен кейін, Келең сайындағы қытай армиясын құрту жоспарланды. (118)

Алдымен Сартоғайға əскер Дабысынды басып келеді. Шонжы мен Дабысын жау армиясының негізгі базасы болып келеді. Үрімжіден машина келіп жатыр. Жол кесу керек, күн қатты суық болатын.

Оспан, Кəмел, Қапастар жау машиналарын Дабысын жағынан қарауыл алып тосты. Дəлелхан, Манат жəне менің əскерім болып, біз Келең сайына келетін жолдың аузын тостық. Оспандар шабуылға өткенде, елу машина шегініп артқа қашты. Олар 30 машинаны бөліп алып атысты. Сонда ол машиналар Қасқыр Соққанға қарай шегінді. 15 машина ілгерілеп, Сартоғайға қарай

Page 258: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

258

жүрді. Оның алдынан Сартоғайдан бес машина шықты. Машина біздің үстімізге келгенде біз соғысып, 20 машинаны қоршап алдық. Бес машинаның адамын өлтіріп, машинасын өртеп жібердік. Бес машина жаралы болып жолда қалып, адамы қашып кетті. Ол күні түнімен атыстық. Таң атып күн шыққанда, Келең сайынан атты əскер бізді іздеп шықты. Олардан бұрын қарауылды алып қойдық. Əскерлерді араға алып кешке дейін соғыстық. Əскер қашты. Түнде қуып келіп 180 адамды тірідей қолға түсірдік. 1.100 əскер өлтірілді. Он машинаны өртеп жібердік.

Елді қыстауына көшірдік. Қолға түскен əскерлердің көбі ұйғыр екен. Олар Алтышардың оқушылары екен. Осы жолғы 3.000 армияның 2.000 адамы ұйғыр екен. Өлген адам ішінде ұйғырлар көбірек өліпті. 180 ұйғыр баланы бөліп бөліп алып кеттік. Өзіміз белгіленген қарауылға жүріп кеттік. Дəлелхан, Кəмел, Қуанышбай Бəйтікке жүріп кетті. Махмұт полковник Құмға жүріп кетті. Біз Құмның Қызылша Бел деген жеріне барып орналастық. Қапас, Келес, Манат əскерлерімен Өндірқараға барып орналасты. Олар Сарсүмбе жолын күзетті. Көктоғай екі арасын кесті.

Осы жылы қар қалың болып, тарихта болмаған қыс болды.79 Біздің ісімізге де табиғат осылай көмектесіп жатты. Көшпелі ел, малға сүйенген ел, малды алатын ақсақалды кəр құда келіп қалды. Үрімжінің төрт аудан елі (Санжы, Үрімжі, Пукан, Жемсары) Құмға түсіп алған екен. Біз олардың ел бастықтарының бəрін (119) шақырып алып, оларға қамсыз жатып малды қыстан шығарып алуды тапсырдық.

– Жазда Алтайға шығып жайлайсыздар. Үрімжі жақтағы жолдардың бəріне қарауыл жіберілді, – делініп, олардың қамсыз мал бағуын ұйымдастырып қойдық. Бұл арада 1942 жылы Сүлеймен екеумізге қарасты ел Шонжының Саркөліне ауып барған еді. Бұл жылы қытай үкіметі олардың ат-көлігін жинап алған болатын. Ол кезде олар 80 ауыл еді. Жаз шыққанда Саркөлдің жерлерін қытай құржа бастығы Сең Сен Қудашы дейтін залым қытай біздің сол елден төрт ауылды қамап алып, 150 адамды қырып тастаған. Олар Едіге, Мұса, Сүлеймен інісі Көшербай басшылы-ғындағы төрт ауыл еді. Олардың сүйегін қытай бандиттері өртеп жіберіпті де тірі малдарын бөліп алған еді.

79 Сүгірбаев Көктоғай өңіріндегі қардың қалыңдығынын бір-бір жарым метрге дейін жеткенін жəне температураның минус 35-40 болғанын айтады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 75-бет.

Page 259: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

259

Жемсары Шонжыдан айдап шыққан қазақтармен бірге келген сондағы туыстарымыз өте кедейленіп кеткен екен. Кедей болса да олар да жергілікті елмен бірге көшіп келіпті. Осындай бір шақта тұрғанымызда, Шың Шысай үкіметі Мəмидің Əнуары мен Махметті өкіл етіп жіберген екен. Олар шекара қарауылы болып отырған бізге келді. Бұл екеуін де Оспанға жібердік. Ал Оспан оларды Моңғолияға ұстап беріпті. 1944 жылы Оспан ел шаппауды, бүлдірге олжаламауды қатты айтқан. Бүкіл əскерлерге бұйрық түсірген болатын. Біз өзіміздің өлтіріліп кеткен жүз елу туыс-тарымыз үшін сол қытайдан бір рет өш алуды талап етіп арыз жазған едік.

Оспан жəне Ақ Үй Соғыс Комитеті бір рет соққы беруді бекітіп жіберген екен. Біз елді жинап, 1.500 адам дайын болдық. Елден шығып тоқтамастан Саркөлге келдік. Саркөлге жақындағанда оң жақтан мылтық дауысы естілді. Ішіміздегі адамдарды түгендесек, Қарақас Құрман, Қағбан басшылығындағы 100 адам жоқ болып шықты. Пақыр Ителі Тондыбай келген екен. Азық жинап беріп қоя бердік. Ел аш. Оларға астық алып бермекші едік. 1.500 түйеміз бар.

Құрмандар көп адам ішінен олжа тимейді деп ауаша кетіп қалыпты. Сең Сен Қудашы, Саркөлге барып, бір құржаны шауып алып жатқанда олардың сыртынан келіп қоршап алып, (120) Əбдіхалық ішінде тоғыз адам оққа ұшып шəйіт болыпты. Қағбан ішінде астық артқан адамдар қашып құтылыпты. 30 неше адаммен атысқан Құрбанды қытай қоршап қамап алды. Біз осы жаудың сыртынан келіп атыстық. Сонымен Құрбанды құтқарып алдық.

Осы кезде үкімет əскері келе қалды. Күн бойы атысып, 200-ден астам адамын өлтірдік. 150 адамын қолға түсірдік. Олар ұйғыр болып Дəуіт деген полкжаңның əскері екен. Сөйтіп құржаны басып алдық. Күн-түн демей құржа астығын артып алдық. Əскер бастап келген құржаның бес адамын атып тастадық. Олар қашып Жемсарыға кетті. Сең Сен Қудашаның батырларын жойып тастап, өлтірілген 150 туысымыздың кегін асырып алдық. Жемсарыдан бізді қуып 3.000 əскер шығып келді. Олар ылғи бала əскер екен. Бір шайқасуға келмеді. 250 адамын өлтіріп, мылтық саймандарын тартып алдық. Қалғаны Үрімжіге қарай қашып кетті.

Құржаның астығын, мал-жанын олжалап алып негізгі арқа сапқа қайтып келдік. “Үй иесінен ұрысы күшті” дегендей Шынжаңға келіп байып алған қытай, қазақтарды құл орнына ұстауға əбден əдеттеніп алыпты. Қазақтардың барлығы қытай

Page 260: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

260

құржаларында мыңдап, он мыңдап тамағына істеп келе жатыр. Бір күн еру болғаннан кейін Қапас екеуміз Үрімжі Шонжы арасындағы көпірде отырғанымызда, алты машина келді. Машинаны бір-ақ түсіріп алып адамын қырып тастап, машинасын өртеп жібердік. Бұл жолы Қайса шəйіт болды (Жəдік Əкеми ұлы еді). Елді таратып семьяларына қайтардық. Қазақтарға астық əкеліп беріп, олардың қарнын тойғызып, əккі қытай құржаларының шотын бір рет соғып оларға ескертіп қойдық. Қазақты езіп 300 жылдан бері дəніккен əккі жаудың Үрімжідегі даутайын қойып, құржадағы қарапайым қытайларға дейін бізге билік айтып, текке істетіп дəндеп алған екен. Осы залымдарға “көзіңді аш, бұл өлке Түркістан жері. Бір күн болмаса бір күн есеп беретін уақытың келеді. Сол кезде өкініп қалмай ерте бастан жеріңе, (121) яғни өзің тұрған Қытайға жетіп ал” дегендей ишарат беріп кеттік.

Шың Шысайдан кейінгі жағдай Пукан ауданында ұйғыр, дүнген, қытайлар аралас жасайды.

Жолынғұй қарауылын түнде басып өтіп, ұйғыр мен дүнгенге тиместен, əккі қытай құржаларына басып кіріп, ат азығын сыпырып алдық. Оның бері үш жылдан бəрі тегін істеген қазақтардың еңбек ақысы. Таң ата шегініп Құмдағы қара сексеуілдің арасына келіп едік. Артымыздан 300-дей қытай əскері қуа келіпті. Бізден бір адам шəйіт болды. Бекініс біздің қолда болғандықтан 70 адамын өлтіріп, қалғанын қуалап отырып, Пуканға апарып салдық. Олжаны барлық елге бөліп беріп демалып, тамақ ішіп жатқанымызда арттағы қарауылдан хабар келді.

– Адамдар келді, – делінді. – Қоршап ұстап əкеліңдер, – деп бұйырдым. Олар бұрын қытай

ұстап кеткен Молқы Қажыбала молла, Жəдік Лұқпан жəне Жігіт Молқы Жықай екен. Олардан бұрын қолға алынып кеткен Татай мен Зада болып оларды үш адам ертіп келді. Олар келген соң амандасып, өздерінің өкіл болып келгендігін айтты.

– Шың Шысай кетті. Оның орнына У Жұң Шин дейтін жуши келді, – деп əкелген қағазын көрсетті.

Ол қағазда: “Үкіметіміз өзгерді. Шың Шысайдың саясатын күшін жойдық. Сан мың жұй болатын болдық. Біз сонау 1940

Page 261: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

261

жылғы Ырысхан тоқтамын өз күшінде деп танимыз. Үкіметіміздің саясатын түсіндіру үшін Əнуар мен Махмұтты жіберген едік. Олар күні бүгін хабарсыз кетті. Түрмедегі барлық адамдарды босаттық. Оспанға көп сəлем айтыңыздар. Жəнімханмен сөйлесіп жатырмыз. Оспаннан хабар əкеліп беруге мына адамдарды жібердім. Қытайлар қорқып бармай жатыр. Тез жауап күтемін. Менін естуімде Оспанның қорғаныс қуат бастығы сіз екенсіз. Оспаннан кейінгі жауапты адам болғандықтан бүкіл дүниенің тыныштығын, бүкіл еліміздің (122) тыныштығын, өлкеміздің тыныштығын ойлап көрсеңіз. Ұзақ жылдан бергі соғыстың барлығы халыққа тарихта болмаған апаттарды əкелді. Тезірек жауап беріңіздер. Менін атым У Жұң Шин, Жушимін” деп жазыпты да таңба басыпты.80

Келген адам ішінен Жықайға Кəбілді қосып жіберіп бердім. Жықай бүкіл уақиғаны Оспанға ұқтырды. Оспан Жықайды үш бесатар беріп, біздің қарауымызға жіберіп беріпті.

– Сол жақтағы елдің де, қорғаныстың да иесі Сүлеймен, Нұрғожай еді. Солармен белдесіп іс істеп тұрыңыздар, – депті.

“У Жұң Шұнмен жақсырақ ұғысып тұрыңыздар. Оның мəн жайын маған жеткізіп отырарсыздар” деп қана қойыпты.

Алтайды жайлаған ашаршылық апаты

Осы жылы Құм елі қыстан семіз шықты. Жұт жүрмеді. Ел аман

əрі көңілді болды. Ал төменгі Алтайдан айдап барған 4.500 үй, Керейден 1.300.000-нан астам мал жұтқа кетті. 20.000-ға таяу адам аштан өлген.81 Жəрдемші боламыз деп елді айдатып алған орыс пен

80 Қытай орталық үкіметі 1944 жылы қыркүйекте Шың Шысайды ауылшаруашылығы министрі етіп тағайындап орынан алды. Оның орнына У Жұң Шинді сайлады. У Жұң Шин Үрімжіге келгеннен кейін Сұн Ятсеннің үш принципінің арқасында өлке бойынша тыныштық болады; демократия іске асыралады; ұлттар арасында бірлік күшейеді; түрмедегілер босатылады деп уəде берді. Жаналтай, Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 50-бет; Алптекін И. Doğu Türkistan Davası. İstanbul, 1981, 170-бет. 81 Сүгірбаев көпшілік халықтың малы қыстан негізінен аман шыққанын айта келіп біраз адамның аштан өлгенін де жасырмайды: “Дегенімен, қары қалың, аязы қатты кейбір жерді қыстаған халықтың малы жұтайды. Осының салдарынан 1945 жылдың басында кейбір адамның тұрмысында түрліше, əдауір қиыншылық болады. Тіпті аз санды түтін “аштан өліп, көштен қаларлық” күйге түсіп қалады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 85-бет. Дəлелхан Жəнімханұлы естелік кітабында Алтайда ашаршылық болғанын растайды. Тіпті мұның салдарынан үкіметке бағынулардың болғанын айтады: “1944 жылдың күзінде Оспан батырдың əскерлері Сарсүмбе жəне Буыршын халқын əскери күшпен Өралтайға апарған екен. Қыста Сырт Монғолияға барып қыстапты. Қар қалың жауып, жұт болып, мал қырылып, ашаршылықтан адамдар да өліпті. Сондықтан да 1945 жылы жаз шыға салысымен кембағал адамдар қашып көшіп, өз мекеніне келе бастаған. Манат батыр бағынғаннан кейін бұл кедейлердің келуіне жол ашылған. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 53-бет.

Page 262: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

262

Моңғолдың алдағандығы айқын болды. Сонша елге бір жың астық əкеліп сатып бермеген. Ел бастықтарына 25 кило келетін бір дорба сүйек ұнын бір атқа сатып берген. Малдан айрылған кедейлердің аштан өліп жатқан хабарлары бізге жан жақтан сауылдап ысқырып келіп жатты. Қазақ үшін үкімет құрып, жауды қуып, жер босатып аламыз деп жүріп қазақтарды жаудан бұрын олай айдап, бұлай айдап жүріп, ақыры өзіміз қырғандай болдық. Жауға ат көлік болып жатыр деп жүріп миллиондаған мал ақсүйек болып далада қалды. Орыс пен Моңғолдың Алтай халқын əлсірету үшін ұзақтан күткен дұшпандық торға айналып келіп мықтап түсіп отырғаны-мызды енді сезіндік. (123)

Алтайдағы болып жатқан ашаршылық туралы адам тыңдап тұра алмайтын жан түршігерлік сұм хабарлар бізді қатты мазалады.

– Жаудан аяп жүріп, Керейді қырып алдық-ау, Жəнтекейді қырып алдық-ау. Ел айдамауды бейшара Оспан əуелден қостаған еді. Қалқабай, Дəлелхан қайталап жүріп саяси адам болып алып, Богданов, Мəжік болмай жатыр деп жүріп ақыры Алтай қазағын бұл күйге əкеліп түсіріп қойды. Қайыр... Қаб бəлем, – дедім...

Осы жағдайды көріп тұрып Үрімжі қазақтарын Алтайға апарудың қажеті болмады. Жер тар, ел көп, мал көп. Тағы да біз ойлап көрмеген жұттар болса, онда тарихта бағы болмаған сорға жолығамыз деп У Жұн Шұнға өзі жіберген қажыбаланы қолына хат беріп қайта жібердім. Хатқа: “Біз ұзақ тарихтан бері Үрімжі құржа қытайларының істеген зорлық зомбылығына қарата бір соққы бердік. Бір рет ащы сабақ берген едік. Бір қанша залым құржаларды қырып тастадық. Бандит Шың Шысай жіберген армияларын да аяусыз қырғындадық. Оның бəрі үш жүз жылдан бері жүзгізілген ұлттық езгінің бір ғана қайта соққысы болатын. Үш жүз жылдан бері Манчу қытай зорекерлерінің қазақтарға, ұйғырларға жүргізіп келген зорлығын білеміз. Осы жараны қалай жазып, қандай тоқтам жасау керек?

Бандит Шың Шысай кетті. Татулассақ депсіздер. “Қандай істеу арқылы татулықты қолға келтіру керек?” депсіз. Осы сөзіңіз шын болатын болса, Үрімжі аймақтарының төрт аудан қазағын жер жеріне, мекен мекеніне қайтарамыз. Сонымен қатар, қытай құржалары ісін даулау, мал даулау, өш алу, жасырын кісі өлтіру істері жүргізілмейтін болса” деп жазған едік.

Осы кезде төрт аудан елін Ханоба, Қаратау, Қызылшалы Белге жинадық. Осы кезде Бəйтік елінен хабар келді. Бəйтік елін

Page 263: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

263

Дəлелхан, Кəмел, Қуанышбай Алтайға айдаған екен. Ел ішінен бұзылып шыққан Сарбас Əбікей мерген, Кəмел мен Қуанышбайды (124) атып кетті.82 Əбікей төрт адаммен олар да соғысып шəйіт болды деп естідім.

Үрімжідегі Үкіметтен жазған хатымызға жауап алдық. Онда: “Тарихи дауларды сіздер де қумаңыздар. Өткен жылғы дауды

құржалар қумайды. Өлтірілген əскери дауды қуатын Шың Шысай үкіметі болса құлады. Барлық іске сəлемет. Ел мекеніне қайтып келсін. Біз жер-жердегі аудандық үкіметтерге, əскери орындарға бұйрық түсірдік. Өздеріңіз келіп, Сан Мың Жұй үкіметімен келіссөз жүргізіңіздер. Алтайдағы Жəнімханмен сөйлесіп тұрыңы-дар. Барлық хабарды Жəнімхан арқылы сөйлеселік. Сүлеймен, Нұрғожай екеуіңізді де Алтай өкілі деп танимыз. Жəне екеуіңді Алтайдың Аймақтық Əскери Комитет бастығы деп танимыз. Құржадан алған барлық малды біздің үкіметімізге тапсырып беріңіздер. Мылтық сайман өздеріңіздің қолда тұрсын. Елдеріңізге қайтып келіңіздер” депті.

Сонымен төрт аудан жерін еліне қайтарып жібердік. Елден алынған 10.000 қой, 2.000 жылқы, 1.000 сиыр бар еді. Оны бізге жинап берген еді. Біз Алтайға көшетін болған соң оның бəрін өткізіп бердім. Қажыбалаға Кəбіл мен Шонайды қосып беріп, Үрімжіге жібердім. Бұл екі адам У Жұң Шұнға амандасып болған соң оларды Кау Жоянмен Жəнімханға жіберіп беріпті. Біз ол кезде Бурылтоғайға қарай көшіп кетіп едік. Артымыздан Кəбіл мен Шонай келді. Оларға берген хатында У Жұң Шұн былай деп жазады:

“Сүлеймен, Нұрғожай екеуің Алтай өкілі боласыңдар. Оспан мен Жəнімхан арасында жүріп қандай үкімет құру жөніндегі пікірлерді біліп, екеуінің арасын қосып бір тоқтамға келесіздер. Бұдан былайғы келіссөздердің мазмұнын Жəнімхан арқылы ұғынармыз” Сонымен бірге маған өкілсің деп таңбалы қағаз жіберіпті. (125)

Мен сол бойы көшіп Оспандікіне келдім. Елдің берген сауғаларын Оспанға да, Дəлелханға да, Ақ Үй азаматтарына да таратып бердім. Кешке Оспан үйіне келіп едім, Қасаңбай кіргізбеді. Оны итеріп жіберіп кіріп барсам, Оспан мен Қалқабай отыр екен. Оспан сəлемді алды да ұшып түрегеліп, құшақтасып амандасып

82 Сүгірбаев, 1945 наурызда Кəмел мен Қуанышбайды Жүкейлердің өлтіргенін жазады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 84-бет.

Page 264: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

264

жылады. Мен кеткеннен кейінгі соғыстарда бір қанша батыр азаматтардан айрылғандықтан, екі жағымыз бірдей жыладық. Əсіресе Кəмел мен Қуанышбайдың өлгені бізге үлкен қайғылы хабар еді. Екеуі де Сүлеймен, Сұлубайдан кейінгі аса бір қайраттың иесі болып жетілген адамдар еді. Сөйтіп жыласып тұрғанда Қалқабай:

– Рұқсатсыз неге кірдің? Əдепсіздік, – деп еді. Мен тұрып: – Сен əдепсізсің. Көп жолдастан айрылып қалдым. Мен рұқсат

сұрап тұрмадым. Сен күн түн демей Оспанды қозғалтпай, боқ жеп іште отыратын болыпсың. Біз де елміз. Сендер жоқта да бір күрекпен жауды жапырған біз едік, – дедім.

Қалқабай қатты ыза болды. Оспан күліп: – Қалқабай сыбағаңды алдың ғой. Енді тыныш отыр, – деді.83 Сол дыбыр үстінде бір қанша адамдар келіп кірді. Оспан

Қалқабайға – Сіздер мекемеге барыңыздар. Нұрғожай бүгін осында

жатсын, – деді. Күн кешкіреп қалды. Оспан үлкен əйелін ертіп, далаға шығып,

бір ақ сарбас малды алып кіріп “Бата бер”, деді. Оспан үйіне екі көзі қызыл бір шал келіп кірген еді. Ол адам

төр алдына отырған еді. Мен оған қарап: – Малға бата істеңіз, – дедім. Сонда Оспан: – Мен құт қонған Жəнтекейдің баласы сенің батаңды аламын.

Малға сен бата қыл. Екеуміз қар жастанып, мұз төсеніп, бірге жүріп бірге өстік. Сені сағынып қалдым, – деді.

Мен малға бата қылдым. Ол шал Молқы Мамажан қажы екен. Оспан:

– Осы қажының батасын алмай, жүрегім саған өте жақын болғандықтан, əдейі сенің батаңды алып тұрмын, – деп тағы да бір рет қайталады.

Ет пысқан кезде Жылқайдар, Лəтіп келді. Олармен амандасып жаттық. Жылқайдар қалжыңдап

– Сені елдің бəрі қытайға кеткелі жатыр деп еді. (126) Өтірік болды ғой, – деді. Мен де қалжыңдап:

83 Монғолия өзінің ішкі министрлігінің Баян-Өлгейдегі бөлімшесінде қызмет істейтін Қалқабайды Оспанға ақылшы ретінде жіберіп оның барлық жағдайын жетік игерумен міндеттейді. Əбілқасымұлы бұл жағдайдан мазасыздан Оспанның кейде оны “Қалқабай, демалсаңшы, түнде жазасың, күндіз жүргізесің, жұмысың ауыр ғой” деп қағып қалатынын айтады. Əбілқасымұлы С. “Оспан батыр”. Оспан батыр. Алматы 2007, 11-бет.

Page 265: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

265

– Қарның ашып жүр ғой, қытайдың ақ момасына тойғызайын деп жүрмін. Менің артымнан ер. Жəнтекей мен Жəдіксіз басқа Керей күнің жоқ. Жол бастап көрген емессіз, – дедім.

Оспанмен оңаша əңгімелесу

Тамақ ішіп болғаннан кейін барлығы кетіп қалды. Оспан

екеуміз жалғыз қалдық. Бəйбішесі отауына кетіп қалды. Оспанға барлық ахуалды айтып таныстырдым. Бұрын да хат арқылы айтып келген сөздер еді. Оспан да өткен жылы бізді қарауылға жіберген-нен кейінгі болып өткен уақиғаларды айтып өтті.

Оспанның əнгімесінің мазмұны мынау болды: – Генерал Мəжік келіп тұрады. Қазір Ақ Үй Соғыс Комитетінің

жұмысы тоқтап қалды. Ақ үй жұмысы Қалқабайдың билігінде, Дəлелхан Қалқабайдың билігінде. Қалқабай – Дəлелхан бір адам. Қалқабай күндіз түні менің жанымда. Аузымды аңдып отырады. Сөйлетпейтін болды. Ақ Үйді қорғайды деп Қалқабай Моңғолия-дан 300 əскер əкеліп, жанына қондырып алды. Менің үйіме ешбір қазақ кіре алмайтын болды. Кірген қазақ маған өз пікірін айта алмайтын болды. Сонау 1943 жылғы тоқтамдарды орыс – Моңғол бізден бұрын өздері жыртатын секілді. Бір кезде өзіміз Шын Түркістаны болсақ дегенімізді бұлар “Ой Құдай-ау ол не деген сөз. Онда қытай сендерден мəңгі айрылама деп еді. Коминтерн сіздерді тəуелсіз ел деп, Шығыс Түркістан өлкесі деп танып қойғандықтан осы жарнама сіздерге баянды тəуелсіздік əкеліп береді” деп сендірген еді. Қазір Ақ Үйдегі Қазақстаннан келген профессор-лардың аузынан Коминтерн жоғалып бара жатыр. Қасеннің ақырын баяндауына қарағанда қазір Коминтерн жоқ. Ол ІІ Дүние соғысының кеселінен тарап кетіпті. Сондықтан істі уақытша Мəскеу басқарады. Мəскеу жақын жерден Моңғолияның жəрдемде болуын тапсырып отыр дейді. Осылардың Коминтерні тарап кеткендіктен біздің ісіміз шала қалар ма екен? Егер, Қалқабайдың əрекетін бақсақ, бұл адам жасынан Құңанжұй болып Қобдадағы Шерушінің түбіне жеткен деседі. (127) Қалқабайдың ойы бізді ептеп Моңғолияға да қаратып əкетпекші ме екен?

Оспан Қалқабай үшін ойы бөлек, ары бөтен дей келіп, сөзін былай деп жалгастырды:

– 1942 жылдағы тəуелсіз ел деген жарнама, 1943 жылдағы тəуелсіздік тоқтамы бойынша біз тəуелсіз ел болып кете алатын

Page 266: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

266

емеспіз. Оның бер жағында өткен жылы бес аудан малын айдауды Ақ Үй күштері, əсіресе Қалқабай, Дəлелхан күштеп еді. Бұдан қандай нəтиже шығып отыр? Алтай халқы малдан айрылды. Аштан өлді. Орыс кіріп алып үш аймақтағы шикізатты ақшасыз жесе болды. Орыстың арманы осы. Ал Моңғолда ондай да арман жоқ. Орыстың пайдасына жұмыс істеп отыр. Халықарадан үміт жоқ. Қырым, Кавказ, Түркістан бір адам туғызып бере алмады. Түркия-дан бір саяси қайраткер туып, бізді сүйей алмады. Жағдайға қарай өмір сүру үшін біресе орысты, біресе Моңғолды, біресе қытайды жақтауға мəжбүр болдық. Қазақты азат етеміз деп жүріп, аяғы өзіміз оларды ең алдымен малы мен көп адамдардан айырып қойдық. Алтай халқы бас көтеріп, мылтық ата алмайтын болды. Шаруашылық мүмкіншіліктерінен айрылды. Бұның сыртында мылтық берген көп бұзақылар жау алмай, жер-жерде қазақты шауып əкелді. Оның бұлардың бəріне мен бұйрық бергеңдей көрінемін. Ел шапқандардың бір қаншасын атсақ жөн еді. Бұл мұрсаттан айрылып қалдық. Моңғол мен орыс ең аяғында қол байлап қойды. Орыстар естуімде, Құлжа, Тарбағатайда өзі өткізіп жасырын сауда жүргізген. Ол жақты құрту үшін бұзық адамдарды құтыртып, жергілікті бұқараны дəулеттен айырудың тəсілін жүзеге асырып жатыр. Не үміт бар? Орыс пен Моңғолда сонау 1920 жылдан бері қойдың басын көрсетіп, иттің етін сататын əдет бар. Біздің осы тоқтамымыздың соңғы нəтижесі осы болды. Бірақ мен қозғалмай істеп тұрайын, – деді. (128)

Мен де өз жұмысымды баяндап өттім. – 1942 жылы бізден ауып кеткен 80 ауылды қырған Жемсары

қытай құржаларының сазайын тартқыздым. Төрт аудан ес жиып алды. Кедейлерді қытай құржаларының астығымен бағып шықтым. Малдары семіз шықты. Екі рет өкіл келді. Екеуін де өзіңізге жіберіп бердім. Шың Шысай Нанжинге кетіп, оның орнына У Жуши деген адам келді. Жолымыз Сан Мын Жұй дейді. Өткен заман уақиғаларына, кешегі уақиғаларға саламат деп жариялады. Елді өзінің мекен мекеніне жіберіп бердім. У Жұй Ши мені Алтай өкілі деп белгілеп таңба берді. Əскери əкімшілік өкілі депті. Сізге көп сəлем айтты. Қандай үкімет, қандай мемлекет құрғысы келеді? Жəнімханмен келіссөз жүргізсін. Мүмкін болса Алтайдағы Кау Жоян қайтып келсін. Əскердің барлығын шегіндіріп алайық. Алтайдың əкімшілігін Оспан өткізіп алсын деп жатыр. Бұны қайтесіз? Басқа жұмыстардың барлығы қыс бойы өзіңізге жазып

Page 267: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

267

жіберген баяндамадан тысқары ерекше айтар табысымыз жоқ. Тек ерекше табысымыздың У Жушидің осы жаңа саясаты екенін айттым. У Жуши Шынжаң түрмесіндегі адамдардың бірін қалдырмай босатты, – дедім.

Оспан: – Олар əскерін шегіндірсе, Кау Бауи Алтайдың уəлилік мін-

детін маған өткерсе, осы орыс пен Моңғолдар үлкен шатақ салады ғой. Қазір қазақ қолында қару көп болғандықтан Моңғолия басым-дылық істете алмайды. Мен бір қанша адамдарды құрылыстырып сақтандырып қойдым. Ел айдауым пайдалы іс болмады. Орыс пен Моңғолдың қазған орына барып түстік. Əскерлеріміз ішінде жасырын ел шауып кəніккен адамдар да көп шықты. Оның əуел баста бір нешеуін атсақ жөн еді, – деді.

– Кейіннен іс билігі Ақ Үй Соғыс Комитетіне өтіп кеткеннен кейін біздің өзімізге қайда бар десең, сонда барып жүрдік. Былтыр күз кетіп, биыл жаз əрең келіп отырмын. Екі аймақ арасындағы қарауылды тостым. Үрімжі Шонжы арасындағы қаражолды тосып, жоғарғы үш аудан жақтан асып, мың армияға азық-түлік жүргізбей қойдым. Істегенім сол. (129) Əкелген жаңа хабарым У Жужидың пікірі. Қалғанын жолдастарыңыз бен ақылдаса жатарсыз, – дедім.

Оспан: – Істі өзіміз біліп, өзіміз шешуіміз керек еді. Біздегі ел айдау, ел

шабу саясатымыздан басқа ұлттарды қойып, қазақтардың өзі жиреніп кетті. Біздің қазіргі жұмысымыз 1940, 1941, 1942 жылдардағы үш жылдық қозғалысымыздан əлдеқайда төмен түсіп кетті. Соңғы істеген жұмыстарымыз қазаққа опалы болмады. Қайта қазаққа опасыз істерді істеп отырмыз. “Кемпір араласқан ертек оңбайды” дегендейін орыс пен Моңғол араласқан жұмыстың оңбайтындығын сонау ертеде дұрыс ойлаған едік. Бірақ жағдай бізді алдады. Ең болмаса Моңғолия тектес ел болып кетеміз деп ойлаған едік. Дəл осындай ел болып шыға алмаймыз. Енді демалып тынығуды ойлау керек. Халықаралық жағдай бізге тағы басқа мұрша бере ме, жоқ па? Соны күтелік. Дəлелхан келгенде қуанып едім. Саяси қайраткер болар деп ойлаған едім. Одан үміт жоқ. Мен Дəлелханнан, ішкі жақтан үмітті үзіп қойдым. Əріпбай полковник əскер алып барып, партизандарды құтыртып, Қобық елін шапқызып, бəрін Ресейге өткізіп берді. Жайыр, Дөрбелжін, Шəуешек елдерін шапқызып, бар малды Ресейге өткізіп беріп, аштан өлгелі жатқан орысты етпен бақты. Жеменей елін айдап

Page 268: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

268

барып, бір атқа бір мүшек қара ұн сатып берді. Қаби полковник Қаба елін Қазақстанға айдап өткізіп, бір атқа бір мүшек қара ұн сатып беріп, малды сыпырып алды. Əлихан полковник Сарсүмбе елін айдатып келіп, ұрынған жағдайымыз осы болды, – деді.

Оспан екеуміз бұл адамдардың сырын түсіндік деген жағдайларды ортаға қойдық. (130) Қазіргі күрес созылып қазақтардың өз арасын жіктеп алдық. Жау біздің ішімізге кіріп алып қамқоршы болып еді. Осы досымыз енді жау болып, ішімізден өзімізді өзімізге салады. Бұл орыс пен Моңғолдың əдісі еді. Бұлар тəуелсіздік алып береміз деген атты атап жүріп, ішке енді. Немістер жеңілді. Орыстар жеңді. Шаян бақаны мініп, көлден өтіп алды.

Ақмолла мен Қапас өз алдына рұқсатсыз Құтыби, Манас елдерін барып шапты. Одан соң қытай құржаларын шапқан бұлар кеткен соң, қытай құржалары өзінде бірнеше жылдан бері еңбекші болып отырған қазақ шаруалардан 305 адамды өлтіріп тастап, бір қанша адамды олжалап кетті.

Тоқтыбай, Қариға, Мапян, Рахымдар Баркөл елін шауып, қынадай қырып қазақтың дүниесін алып келді. Біз халыққа қарсы емеспіз. Бандит үкіметке қарсы едік. Ертең біз үкімет болсақ, біздің бұқарамыз кім болады? Мен:

– Біз басқаша ойлап көрелік, – дедім. Оспан: – Əзірше тұрып тұрыңыздар. Қазір Қалқабай мырзаның

қамағында отырмыз, – деді.

Генерал Сүгірбаевты жаудан құтқарғаным Дəл осы кезде Қалқабай мен Дəлелхан Сарсүмбе қаласын

аламыз деп 700 əскер жинады. Мен қарсы шықтым. – Қазір мал арық, ел аш. Керек десең əскер мінетін тың ат та

жоқ. Аштан өліп жатқан қазақ əлі бар. Кім ат береді? – дедім. Сонау ең бірінші құрылымдағы тоғыз комиссардың бəрі өліп,

жалғыз мен қалған едім. Сөзім Қалқабай мен Дəлелханға ұнамады. Əскерді құрап алып, олар жүріп кетті. Мен Сұпты Күртідегі үйіме барған едім.

Он күнге жетпей Оспан 30 бесатар, көптеген оқ артқызып бұйрық жіберді:

Page 269: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

269

“Қалқабай Дəлелхандарды Сарсүмбеден қытай армиясы, Борбыжап армиясы, Манат армиясы, ақ орыс болып төрт жақтан қоршап алыпты. Алынып кету қаупінде тұр. Сен өз əскеріңді алып, күн-түн демей жүріп, оларды құтқар!”

Мен дереу 150 адамды іріктеп алып жүріп кеттім. Жолға шығып Қандытай құйғанына барғанда Қатыранды (Шыбарайғыр) бір хат жазып Жəнімханға (131) жібердім.

“Жəнімхан Кау Жоянмен сөйлесіп Алтайды Оспанға өткізіп беру жағдайы болатын болса Ошырқажы тамынан екі жақ екі ақ боз атпен үш сағат сөйлессек” деп едім.

Олар да сөйлесуді талап етіп еді. “Маған Дəлелханды құтқару бұйрығы берілген. Бұл жолы сөйлесе алмаймыз. Егер Абитаннан адам жіберіп тілдесу қажет болса, бір сағат, көп болса екі сағат уақыт табармыз” деп белгі жіберіп бердім.

Қатран ақшамға дейін келмеді. Таң атқан соң Абитаннан жүріп кеттік. Біздің берген белгіміз көрінбеді. Шеміршектегі Ұйғыр Бақты Тамына барғанда демалып тамақтандық. Сонда Қатранды ертіп Жəнімханның күйеу баласы Уақит келді. Жəнімхан былай депті:

“Дəлелханды соғыстырмай алып қайт. Соғыс біртірдеп тоқтасын. Осы кезде Гоминдаң өз ішінде ала болып тұр. Манат өздігінен бағынған. Онда да қорқыныш бар. Борбыжап да жаман қорқынышты жағдайда тұр. Кау Жоян Уаң Силиңмен соғыса алмай, Сан Мын Жұйды қабылдап, Алтайды Оспанға бере салып кеткісі келіп тұр. Олар елден айрылды. Бір ғана қаланы иелеп тұр. Азық-түлік торабы кесіліп қалды. Сондықтан У Жуши де барлық қысымнан құтылу үшін Алтайды Оспанға бергісі келіп тұр.”

Уақитқа бір бесатар, мың оқ бердім. – Дəлелханды ептеп шегіндіріп алып кетейін. Сіздер партизан

соғысын жүргізбеңіздер. Уаң Силиң ескі Шың Шысайдың құйрығы болғандықтан бізбен соғысуды талап етсе, онда ондық күшіміз бар. Арадағы қатынасты үзіп алмаңыздар, – дедім.

Мен Қуанбайға барсам, Буыршыннан қалың арбамен астық келеді екен. Жаудың негізгі армиясы атақты Көз Ян полкі екен. Оларды төрт жақтан қоршап алып, аяусыз соғыс жүргіздім. Олардың тау жағында Дəлелхан жатыр. Ой жағынан біз келдік. Олармен тіресіп соғысып, Көз Янды қолға түсірдім. Полковник екен. “Ат па” десем де қоста қалған əскерлер оны атып тастапты. Қорын бірақ түсіріп алдық. (132)

Page 270: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

270

Моңғол Борбыжап əскерлері Көз Янды құтқаруға келді. Олармен бір төбеге таласып барып, ақыры біз алдық. Ол жалт беріп құржаның тамына кіріп кетті. Жаныма таңдап он адам алып арық ішімен еңбектеп отырып, тамның жанына таяп барып едім. Қалқажанға оқ тиіп кетті. Оны қайтарып жібердік. Жəне бір Қыстаубай бала оққа ұшып кетті. Оны да қайтарып жіберіп, терең жыраның ішіне кіріп алып жақындадым. 71 атар автомат бар еді. Қақпаны атып едім. Қақпаның тас талқаны шықты. Есік ашылып кетті. Ат пен адам көрінеу қалып еді. Автоматты құйғалы тұр едім. Тамның артынан шығып алып қашты. Он адам, 15 ат өлігі қалыпты. Күн батып кетті. Əскерлермен Қуанбай мешітіне жиналдық. Тексерсек екі адам жаралы екен. Басқалар дін аман. Арба, өгіз, түйе, астық сыймады. Астықты тастың арасына апарып тығып қойдық. Арбаны өртеп жібердік. Жəнімханға хат беріп “Астық-тарды халыққа алғызып бөліп бер” дедік.

Дəлелханды қоршаған Көз Ян, Борбыжап қиратылған соң ақ орыс пен Манат қашып кетіп, оларды аман-есен жаудан айырып алдық. Оларды құтқарып қалғандығым үшін Моңғолия да, Дəлел-хан да маған сеніп кетті. Дəлелхан:

– Ертең Қарашілікке келіңіздер. Сіздердің бізді құтқарып қалғандықтарыңыз үшін той жасаймыз. Ұланбатырға, Богдановқа, Мəжікке, Оспанға телеграм жолдадым. Олардан құттықтау келеді, – деді.

Жаралы адамдарды елден түскен олжамен қайтарып жібердік. Ертеңінде Қарашілікте жиналып, көп өгіз сойып, той қылдық. Оспаннан, Генерал Мəжіктен құттықтау телеграм келді.

“Нұрғожай батырдың 150 адамдық күшпен жеті жүз адамдық Көз Ян полковникті жойғандығы, сатқын Борбыжаптың 300 адамдық күшін талқандап тастағандығы, он мыңдаған қытай əскерінің азық қорын тартып алғандығы үшін ең жоғарғы атақ Шығыс Түркістан Ақ Үй Соғыс Комитетінің І- орынбасары деп белгіледік”, деген əмір келді. (133) Сол жолғы соғыс линиясының орынбасары да мен болып қалдым. Оспан, Мəжік қол қойыпты.84

84 Патыхан 1945 жылы маусым айының ондары шамасында Дəлелхан Сүгірбаевтің 700 партизан тобын басқарып Сарсүмбеге аттанғанын растағанмен, жаудың қоршауында қалған Дəлелханды Нұрғожайдың аман алып қалғанын айтпайды. Тіпті керісінше, Дəлелханның соғыстағы сəтсіздігінің себебі ретінде Нұрғожайды көреді. Оның сөзінше Нұрғожайдың армияның əр қимылын жауға жеткізген тыңшылық əрекеті салдарынан Дəлелхан сəтсіздікке ұшыраған. Бұған дəлел ретінде сол соғыста оққа ұшып ауыр жараланып əл үстінде жатқан Қасейін батырдың ымдағанын көрсетеді. Одан əрі Қасейін батырды Нұрғожайдың өлтіргенін де алға тартады. Ол былай дейді: “Қасейін мойнынан жараланып əл үстінде штапқа келтірілгенде тілден əлдеқашан қалған еді. Көңілін сұрай келген

Page 271: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

271

Ертеңінде ақылдастық. Мен тұрып: – Қайталық, ат арық. Көлік семірсін, – дедім. Дəлелхан: – Шұңқырды басып, Қалутанға шығып, Үштас жайлауына

шығып кетелік. Ат көлік сонда семірсін, – деді.

Үрімжі үкіметімен келіссөз Мақұл болып жүріп, Таралаңға барып қонып, ертеңінде

Бұғыатарға бардық. Шабуыл жерлерін тексердік. Өткел аузында əскер бар екен. Уарыс əскерлері, Манат, Борбыжап əскерлері түгел сол жерге барып алыпты. Сонымен Жуантерекке ойысып түсіп судан өтіп, Түнкені басып, Əміраштайға жетіп бардық. Бірақ алдымыздан ақ орыс əскерлері өткізбеді. Қасейін батыр оққа ұшты. Азық та азайғандықтан ол жерден қайтып, Алағақ Шəку бейітіне келдік.

Қасейін, Кенен, Қали Буыршынға жер шалып барып, 200-ден астам əскер атын алып келді. Қасейінді жаназалап Түнкеге қойып кеттік. Жолдан Жылқайдар, Ақмолланы жүз адаммен Əріпбайға жібердік. Елге барып ат семіртіп, бір айдан соң қайтып келетін болып жүріп кеттік.

Біздің артымыздан жүрген қытай қарауылдары Бурылтоғайдан келе жатқан Смағұл молланы атып кетті. Жəне астық-азық іздеп шыққан Ақылбай баласы Сұлтания ішінде 11 адамды атып кетті.

Алағақты басып Сайырдан асып, Көз Ян өлген жерге келдік. Қаратасқа келіп Ақтеке адырларын басып, Тұлтының аяғындағы Сарқамысқа келіп қондық. Артымыздан Манат, Борбыжап, ақ орыс əскерлері қуып келіп, Қарағаш маңында тоқтап қалды. Тəңертең біздің əскерлер жүріп кетті. Мен 40 адаммен артында қалып едім. Тастембай айналып еді.

Дəлелхан Сүгірбаевті көргенде ол ортан саусағы мен сұқ саусағын шығарып, онан соң бірін бүгіп, бірін қалдырды. Бұл ишараны өзгелер “атойлап алға шыққан екеу едік. Біріміз өліп, біріміз қалдық.” деген мазмұнда түсінеді. Осылай түсінудің де себебі бар: Соғыста екі жақ бір төбеге қатты таласады. Осы уақытта Нұрғожай мен Қасейін екеуі бірінші болып əлгі төбені алады. Басқалар артынан барғанда, Қасейін жараланып Нұрғожай оның басын сүйеп отырады. Дəлелхан Сүгірбаев бұл ишараны басқаша түсінеді. Себебі: Оқ Қасейіннің мойнының қиғаш сол жақ артынан тиген – Демек оқ қарсы алдынан емес, арт жағынан келген. Ал Қасейіннің екі саусағының бірін бүгіп бірін қалдыруы “Алдымен барған екеу едік. Біріміз бірімізді мерт қылдық.” дегені. Сөйтіп Қасейінді өлтіруші қанды қол да, Сарсүмбеге шабуыл жасаған тұста Қоминдаңмен астасып хабар беріп отырған да осы Нұрғожай деген қорытынды жасайды Дəлелхан. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 96-90-бет.

Page 272: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

272

– Жүре беріңдер, азырақ кешігіп жүремін, – дедім. Жанымда Кенен, Нəби, Көкей, Жылқышыбай, Сансызбай бар

еді. Біздің хабарымызды естіген соң үкімет адамдары да алдымыздан шықты. (134)

– Тастембайға ат айдап қайтамын, – дедім де Борбыжап пен Уарысқа Қатранды жібердім. Біз-қару жарағымызбен сақшының ішіне келіп түстік. Атты бағуға əкетті. Мылтықтарды бір үйге жинадық. Ер тоқымды бір үйге жинадық.

– Ісіміз асығыс. Бізді шақырғанда үш сағат деген еді. Жауап алып қайтсақ – дедім.

Қала ішіндегі қазақ бастықтарынан Əлен Уаң, Шəмси, Мұқаш, Қажнəби, Кау Жұ Ян мекемесінде екен. Бізді сол жерге апарды. Ол жерге хат жазып жүрген Жəнімхан келмеді.

Мен ол адамдарға мынаны айттым. – Нанжиң үкіметі Шынжаңға У Жушиді жіберген екен. Маған

У Жуши Алтай өкілі деп таңба беріп сіздерге сөйлесуге бұйырған еді. Əскеріміз жүріп кетті. Қағаз жіберген Жəнімхан қажы келсе екен, – деп талап еттім.

Кау Жоян тұрып: – Бұл болса – мемлекет ісі. Үш сағат ішінде қандай

жауаптасуға болады. Болмаса үш күн қалыңыздар, – деді. Оған да мақұл болдым. Нəби, Жылқышыбай, Кенен, Көкейді

мен жатқан үйге жатқызды. Əскерлерді алып кетті. Екі күн жаттық. Жолдастарымды кезек-кезек апарып, сұрақ қылады. Түн ортасында Көкейді алып кетіп, екі сағаттан соң əкеліп тастады. Оларға мен ренжідім.

– Сендерді кім шақырып жатыр, – деп сұрадым. Олар маған ренжіп:

– Торға жаңылып түсіппіз. Сендер қаланы іштен бұзғалы отырсыздар. Нұрғожай өтірік айтып отыр деп тергеу жүргізіп жатыр. Ұрмаса да ұрғаннан артық, Шəмси тергеу жүргізіп жатыр, – десті.

Тəңертең есік қағып Шəмси кірді. Ол сəлем берді. Мен алмадым.

– Менің шешем бір қой қалжа жеген. Сен Базарқұл болсаң, менің Шақабай жолдастарымды не үшін тергеуге аласың? Мені шақырған кəрит Жəнімхан қайда? Мен екеуіңнің біріңді атамын. Мені өлтірсен қазақтың бір қатыны буаз. Оспан да құрып қалмайды, – дедім.

Page 273: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

273

Шəмси кетіп қалды. Бір сағаттан соң (135) Жəнімхан келді. – Сіз бізді шақыртып алып, сұраққа тартқызып қойғаныңыз не?

Не үшін шақырдың? Екі күннен бері неге келмедің? Мұндай болғанда сіздер Сан Мын Жұйды қабылдамаған екенсіздер. Кəменосқа ұқсап тұрсыздар, – дедім.

Жəнімхан ойланып тұрып: – Шəмсиға кəменос деген сөзіңді айттын ба? – деді. – Айттым, – деп едім. – Бұл адамдарда əлі де Шың Шысайдың əсері бар болып отыр.

Ертең сағат онда бір адам шақырады. Сол адамға барлық пікіріңді қорғанбай айт, – деді.

Сағат онда Кəрманбай ертіп, Кау Жоянға апарды. Сөзімді дұрыс аудара алмады. Осыған байланысты ренжіп едім.

– Кім аудару керек? – деді. – Мұқаш аударса, – дедім. Дереу телефон соғып Мұқашты алғызды. – У Жуши бізге əмір беріп, қан төкбей келісім арқылы іс істеуді

тапсырған еді. Он аймақ өлке Үрімжіде болмақ. Кау Жоян өзі келсін. Алтай уəлиі міндетін Оспан өткізіп алсын дейді деген еді. Біз үш сағат сөйлеспек едік. Қазір үш күн болды.85 Тез жауап бермесеңдер, менің семьяма қиын күндер туылады. Оспанды бақылап отырған Қалқа əскерлері бар, – дедім.

Осыдан кейін Кау Жоян: – Біз өз ішімізде келісе алмай жатырмыз. Уан Силиң біздің

пікірімізді қабылдамады. Оның қолында əскери күш болғандықтан, біз сіздерге жауап бере алмай отырмыз. Мен У Жушидің пікірін қабылдаймын. Ақылдасып көрелік, – деді.

– Оспанмен тіл алысу шарты бола ма, жоқ па? – дейді. – Уақыт өтіп кетті. Біз қазір бір жұма жатып қалдық. Артқы

жақты білу үшін Кененді жіберелік, – дедім. Олар мақұл көрді. Кененді жібердік. Кенен төрт күнде барып,

қайтып келді. – Жұрт жатыр, адам жоқ. Мал-жан жоқ, – деп келді. Енді екі күннен кейін Сүлеймен мен Сарыбай қашып келді.

Нұрғожай бағынып кетті деп Қалға əскерлері мен Молқы əскерлері

85 Сүгірбаев Нұрғожайдың осы кезде бағынып кеткенін алға тартады: “1945 жылы 6 айда Жəнімханның руластығын көлденен тартып шырғалауы арқылы төңкеріске опасыздық жасап, Қоминдаңға бағынып кеткен. 8 айда Жəнімхандармен бірге “заман өзгерісінде” пайдаланатындар қатарында айырпланмен Үрімжіге келтірілген. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 123-бет.

Page 274: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

274

(136) Сүлеймен ауылдарын, Сарыбай ауылдарын түк қоймай малдарын талап алып, ауылдарын шауып кеткендіктен төрт кісімен Кəбіл, Қажыбай қашып шыққан екен.

Ол екеуі Қандығатай жолымен Жаң Жұн бұлақ басына келіп түскенде, қытай əскерлеріне кезігіп қалғандықтан қытайлар ол екеуін атып кетіпті. Ауылдан 17 адамды қолға алып оның ішінен менің баурым Шаймардан жəне Ермекұлы Шаймардан, Келесұлы Əбілмəжін қатарлы төрт адамды Моңғолияға əкетпек екен. “Оспан малдарын шауып алыңдар. Адамдарына тиіспеңдер” деп алып қалыпты. Егер біздің ауыл шабылмай тұрған болса, онда Əлен Уаң бастық бір қанша ел бастықтары алып, Оспанға баратын едім. Жоспар бұзылып кетті. Осындай қайғылы уақиғалар болып жатқанда мені Кау Жоян шақырып

– Не ойлап тұрсың? Қандай жоспарың бар? – деді. – Бауырларым өліпті. Малым шабылып кетіпті. Өкілдік алып

келген істерді уағында шеше алмадыңыздар, – дедім. – Сіздердің барлық залалдарыңызды үкімет өз үстіне алады.

Оларды біз төлейміз, – деп көңіл аулады. – У Жуши маған берген қағазында Алтайға барып осыны жеткі-

зе білсең, қайтып Алтайдан айырпланмен Үрімжіге алғызамын деген еді. Енді менің қарарым Үрімжіге кету, – дегенімде қуан-ғанынан ұшып түрегелді.

– Уаң Силиң екеуміздің арамыздағы қайшылықтан сіздің жұмысты қалай шешуді білмей отыр едім. Мен Үрімжіге телеграмма берейін, жауабын ертең алыңыз, – деді. Ертеңінде Үрімжіден хабар келді.

1945 жылы 8 мамыр күні айродромға жетіп барсам, Əлен Уаң баласымен, Жəнімхан баласы Хамитпен келді.86 Менің жанымда Нəби бар еді. Сүлеймен өзінің Бұқар деген баласын ертіп келді. Сарбай зəңгі қосылып сегіз адам айырпланға отырып бір сағат 55 минутта аман-есен Үрімжі қаласына жетіп бардық.87 (137)

86 Дəлелхан Жəнімханұлы да əкесі, ағасы Хамит жəне Əлен Уаңның У Жушидің шақырыуы бойынша Сарсүмбеден Үрімжіге ұшақпен кеткенін айтады. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 54-бет. 87 Патыхан Нұрғожайдың Үрімжіге баруына басқаша сыйпат беріп былай дейді: “...Сарсүмбедегі Қоминдаң жақ Нұрғожайға еріп кеткен Кенен, Райымжан, Шөлтек секілді адамдарды партизандар арасына “жансыз” етіп жібереді. Олардың берген мəліметі бойынша Қоминдаң мансаптылары бір жағынан қорғаныс жұмыстарын онан ары күшейтеді. Енді бір жағынан “Алтай қолдан кетер болса, қапы қалмаудың қамын жасап Əлен Уаң, Жəнімхан Тілеубердіұлы [Сүгірбаев кітабында Жəнімханның əкесін барлық жерде Тілеуберді деп көрсеткен. Дұрысы Тілеубайұлы – Ə. Қ.], Нұрғожай, Сүлеймен Бектұрұлы, Сарыбай сияқтыларды айырпланмен, Шəмши, Дəлелхан Əленұлын автомобилмен Үрімжіге жолға салады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 94-95.

Page 275: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

275

Бұлғын Шіңгіл Ақ Үй Соғыс Комитетінің бұйрығына сай 1944 жылы қыркүйекте шеру тартып Буыршын, Алтай, Бурылтоғай елдерін жинап айдап, Шіңгіл ауданына əкеліп орналастырған едік. Жеменей, Қаба аудандарының халықтарын Шығыс Қазақстанға айдап өткен болатынбыз. Онымен Шіңгіл, Көктоғай, Бурылтоғай, Алтай, Сарсүмбе, Буыршын, Жеменейдегі қытай үкіметтері мен қытай армияларын ашықтырып барып қырып тастауды жоспарлаған едік. Алтайға келетін екі үлкен жол, оның бірі Шонжы арқылы Сартоғай жолы, енді Тарбағатай арқылы келетін Қобық жолы болып, бұл жолдарды əскери күшпен кесіп тастаған едік.

Əсіресе күшті жол Бəйтік жолын Кəмел батыр, Қуанышбай əскерлері күзеткен. Онан соң Үрімжіден төтелеп келетін Үш Бұлақ Құм жолын мен күзетіп едім. Көктоғай мен Шіңгіл арасындағы қарауыл, Көктоғай мен Қаратүңке арасындағы қарауыл, Сарсүмбе мен Көктоғай арасындағы қарауылдар жіберіліп, қытай күштерін бір-бірінен хабарсыз тастаған едік. Көктоғай, Қаратүңке – Сартоғай Келең аузы, Дабысын, Қарамайлыдан Шонжыға дейін бес жүз километрлік қытай қорғаныстарының барлығын кесіп-кесіп тастап отырдық. Үрімжі Бурылтоғай арасында Үш Бұлақ Отын Қозы жолдарына да мықты күзетшілер қойылды.

Біздің əскерімізде қор болмайды. Бүкіл дүниеде мұндай қарапайым əскерге ие болған басқа бір де бір мемлекет болмаған екен. Азығымыз бір ағаш арпа талқан ғана болатын. Қойдың бір құйрығын ерітіп, сол талқанға араластырып, тұлыпқа салып алып айлап жылдап соғысып келдік. Ат, ертоқым əскердің өзінен. Киімі əскердің өзінен. Мылтықты жаудан тартып алып отырдық. Алтай тауының сұрапыл суықтары, қаһарлы қатты борандары, торғайдай болып түсетін қарлары, бұршақ болып жауып тұратын жауындары, дүрілдеп сілкініп (138) тұратын таулары, бүкіл тауларды қаптаған мың жастан екі мың жасқа келген қарағайлары сияқты өзіндік ерекшеліктері бар. Тіпті Қайсадан бұрын туған қарт қарағай самырсындары талай ғасырдан бергі көрген-білгендерін бізге жеткізіп отырғандай сезілетін. Жер бауырының шалғайлықтары, ол жазықтарда жүгіріп бара жатып ұшып өліп жататын иттер де табиғаттың Алтайдағы қатал мінезін бізге түсіндіріп тұратын.

1944 жылдың қысы, міне осы қыстың өзі болды. Дабысын, Сартоғай, Қаратүнке, Көктоғай қатарлы төрт орында жəне Моңғолия шекарасы Жарынтыдағы 60 мыңнан артық жатқан Шың Шысай əскерінің азыққа жиған қой, өгіз, мінетін аттарын түгелдей

Page 276: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

276

тартып алып, олардың қолын тазалап жібердік. Жолдармен машиналар жүре алмады. Əрі біздің қарауыл, əрі жауған қалың қар оған бөгет болды.

Қытай армиясына ауыр соққы

Жұт ағайынды болғандықтан, сол жылы жеті жұт бір-ақ келген

еді. Қытайлар қолда бар азықтарын жеп болды. Қытай қашуға айналды. Алтайдағы соншама қытай армияларының жейтін түгі қалмады. Ондай қалың күшке айырпланмен де азық тасу да қиын болды.88 Ал айырпланды да атып түсіріп тоқтатпадық.

Дəл осындай ауыр жағдайда тұрғанда екі метрге дейін қар жауған Көктоғай қаласын қоршап алып, зеңбірек астына алғалы тұрдық. Жау жер астынан шығып алып, жаяулы, атты болып Сартоғайға қарай қашты. Ол қырылып отырып Қаратүнкеге келді. Ол жерден түре соғысып Сартоғайға алып келдік. Сартоғайда төрт күн шайқас болып жау армиясы Дабысынға қарай қашты. Соғыстың алдың, ашып қойдық.

Қытайлар Дабысынға келгенде ол жалтаң жер болып, қытай шыдап соғыса алмады. Дабысында 12.000 əскери күш болып, ол күнде ол жерді қытайлар “Зұң бұ” деп атайтын. Осы Зұң бұдан айдап шықтық.

Екінші жақтан Бұлғындағы 7.000 жау əскерлері Жарынтыны иелеп алып, (139) көп уақыттан бері бізге ауыр зиян кетіріп тұрды. Олардың да азық-түлігі таусылды. Екі күндік шайқастан соң қашып Дабысынға келді. Дабысынды тас-талқан қылғаннан кейін, бұл армия Шонжыға шегінуге мəжбүр болды. Сол жылы У Жуши келіп, ауыр жағдайда тұрған Шынжаңды жөнге саламын деп “жоғарғы Көктоғай, Шіңгіл, Бурылтоғайдағы 60.000 армия шегініңдер. Алтайды Оспан өзі билесін. Алтай уəлиі Кау Жоянды қайтып келжін” деген еді.

Соншама қалың күш азықсыз қалып, У Жушидің нұсқауын қабылдаған болатын. Біз солай болса да бұл армияны оқпен ұзатып салуды дұрыс көрдік. Алпыс мың армиядан Шонжыға не бары 7.000-ға таяу армия өтіп, 53.000-нан астамын қырдық.

88 Сол кезде қалада болған Дəлелхан Жəнімханұлы, қаланың қиын жағдайда тұрғанын мына сөздермен суреттейді: “Мен ертесі генерал Уаңға барып амандаса отырып жағдайды Кеңестік, генерал: “Жағдай өте қиын, келешек үмітсіз, -деді. Басқа артық бір нəрсе демеді. Мен де сұрамадым. Екі күннің ішінде дайындалып, қаланы босатуға кірісті.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 54-бет.

Page 277: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

277

Қытай бандиттері бізді, Шығыс Түркістан мұсылмандарын үш жүз жыл өлтірген болса, біз не бары 17-ақ күн сұрапыл соғыс жүргізіп, осыншалық санға ие Шың Шысай бандит армияларын қырып тастадық.

Біз елді айдап, жауды қоршағанда осыншалық зор нəтижеге қол жеткіздік. Біздің шығын да аз болмады. Талай ерлеріміз құрбан болды. Моңғолия бізді алдап малды жұтатып, 18.000 адамды аштан өлтіріп, 1.300.000-нан астам мал ақ сүйек болып қалды. Көшпелі ел қазақ үшін ауыр зиян болды.

1945 жылы 5 тамызда “Екі жақ бітім жасадық. Жендет Шың Шысай кетті. Демократиялық жаңа үкімет құрамыз. Жолымыз Сан Мын Жұй. Алтайдағы қытай армиялары шегініп, Алтай құқығын Оспан өзі өткізіп алсын” дегендіктен мен өзімнің күрес жолымды уақытша қайырып қойдым.

Өйткені көшпелі ел қазақтардың малы жұтап, адамдары аштан өліп, жер-жерде қазақтар үшін болатын зиян өте ауырлай бастады. Оның үстіне бізге Шығыс Түркістан құрып беретін орыс пен Моңғол жасырын (140) тəсіл қолданып, қойдың басын көрсетіп, иттің етін сата бастады. Оспанды да ептеп ептеп жоғалтуды, Оспаншыларды да ептеп атып тастауды ойластырып, өзіміз сенген Дəлелханды қолдарына қондырып, басқаша жұмыс істей бастағандықтан біздің бір бөлім адамдарымыз жіктеле бастады.89 Осы жағдайды көре отырып мен ең алдымен тыныштық бітім дегенге мақұл болдым. У Жушимен болып жатқан əңгімені біртіңдеп Оспанға білдіріп отырдым.

Сол себепті мен өлкелік үкіметке тағы бітім жолын іздеп барған едім. 1945 жылы 7 шілдеде “Шын Силиң шақырып жатыр” деді. Машина келген екен. Сол машинаға отырып генеральный соғыс мекемесіне барсам, сап-сарала бір адам отыр екен. Жанында

89 Сəмитұлы бұл жағдайға байланысты былай дейді: “ Кеңес Одағы жəне Қытай сынды екі үлкен мемлекет өз мүдделері жолында бірлесіп алды да, Шығыс Түркістан деген республика өз жайында қалды. Енді оның қуыршақ бастықтары екі қожайынның ортасында қалып, екеуіне кезек жалпақтап, айтқандарын бұлжытпай орындамасқа шарасы болмады. Сөйтіп олар осы жолғы келісім арқылы Шығыс Түркістан респуликасын жоғалтып, оны Қытай үкіметінің қол астына бағындырып беріп бір-ақ тынды. Сəмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. Алматы, 2000, 143-бет. Осындай жағдайды Дəлелхан Жəнімханұлы да баяндауда: “...Көтерілісшілермен 1945 жылы 10 айда келіссөз басталды. Соғыс əрекеттері тоқтатылды. Орталық Қытай үкіметінің уəкілі генерал Жаң мен Шығыс Түркістан уəкілдері арасындағы келіссөз жоғарыда айтылғандай 1945 жылы 10 айда басталған болса да Шығыс Түркістан деген атауға келіспей, ақыры Үрімжіде тұрған Кеңес консулының араға кіріп, жарастыруымен Шығыс Түркістан Халық Республикасы деген аттың ресми күшін жойып, “Халық Уəкілдері” деген атпен келіссөз жүргізуді шешкен. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 59-бет.

Page 278: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

278

аудармашы болып Бұрхан Шахиди отырыпты. Аман-сəлем болмады.

– Шіңгіл, Көктоғай, Бəйтік жеріне барған 60.000 армиядан Шонжыға 7.000 адам əрең келді. Қытайды осынша қыратын бізде не əкеңнің құны қалған еді? Онша қытайды кімнің күшіне сүйеніп өлтірдіңдер? Қандай бітім жасағың келіп жүр? Сенің бітім дегенің жалған іс. Біздің ішкі сырымызды білгің келіп жүр, – деді.

– Мен Алтайға бітім іздеп барғанда, ондағы Уаң Силиң да осы идеяда болып, елден маған хабар əкеле жатқан бауырым Кəбілді жолдасымен қала сыртында атқызып тастаған еді, – деп жауап қайырдым.

Бұрхан аударды. Мен сөзімді жалғастырып: – Біздің қазақтың мынадай мақалы бар: “Қонағым артыңа қарап

сөйле!” дейді. Сіз де артыңызға қарап сөйлеңіз. Ең əуелі 1940 жылғы бітім қайда? 1940 жылы Моңғолиямен бірлесіп алып, 4.500 үйді Бұлғын жалпағында қырып, 11.000 қатын-баланы қырып тастағаныңызды білемін. 1738 жылдан қазірге дейін Шығыс Түркістан мұсылмандарынан қазіргі тірісінен көбірегін, яғни 6 миллион мұсылманды өлтіріп отырсың. Ал арғы тарихтан алып айтқанда, сонау Ғұн түрік тарихынан бері бүкіл Түркістанды қыз беріп, бірін бірін салып қырып (141) келесің. Қазіргі Бейжин, сол кездегі Ханбалық түріктің сұлу патшасының астанасы еді. Олардың ұрпағы қайда? Естемидің Тардұш дейтін ұлы Күшардан бір миллион адамымен қашып барып пана іздеген еді. Соның ұрпағы қайда? Сенің жерің ұзын қорғанның іші еді. Бұл жерге осыншалық күшпен бізді жаулап алатын сенің не əкеңнің құны бар? Егер екі жағымыз ата құн даулайтын болсақ, онда менің ата-бабамның құны сенде. Сенің ата-бабанның менде құны жоқ. Бұл тұрған жерін тарихтағы Түркістан жері. Орта Азия Түркістан елдерін баса билеу, оны өлтіріп құрту құқығын сен кімнен алдың? Түркістан қазақтарын сатып алып па едің? Не үшін сен бізге ұлттық билік құқығын бермейсің? Адам өлтіруді кім бастап келеді? Сенің үш жүз жылдық езгіңе біз 17 күн ғана қарсылық істедік. Осыны көп көріп отырсың ба? Осы Жұнғарияда дəуіріміздің І ғасырында 630.000 қазақ бар едік. Сол кезде қытай ішкі өлкеде 150.000 адам едің. Қазір сен қанша? Біз қанша болып отырмыз? – дедім.

Бұрхан аударды. Жеткізе аударды. Бұл генерал басыла берді. Ары-бері жүріп келіп күлді де:

Page 279: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

279

– Бітім жасау дегеніміз орынды пікір екен. Жəнімхан, Əлең сіздермен бірге келді ме? – деді.

– Бітім болса деген пікірді Əлен, Жəнімханнан бұрын, У Жушиге мен айтқан едім, – дедім. Бұл іс осымен тоқтап қалды. (142)

Қосымша айтатындарым

1. Біз “Шығыс Түркістан Бұлғын Шіңгіл Ақ Үй Соғыс Комите-

тінің” бұйрығы бойынша 1944 жылы қыркүйекте Буыршын Алтай елдерін айдап, Шіңгіл ауданына апарғанбыз. Кейін елді қорғау үшін Манат əскерлері Өндірқара қарауылын ұстауға жіберілген болатын. Ол адам өзі Жəнтекей, оның ішінде Есентай руынан шыққан еді. Бүкіл Жəнтекей елінің Шіңгілге барып, малдан айрылып жұтағанын көріп, Ақ Үй Соғыс Комитетіне де, Оспанға да өкпелеп Сарсүмбеге бағынып кеткен еді. Кейін оның орнына Əсербай қарауылы жіберілген еді.

2. 1943 жылдың ақырында Оспандар көшіп шекараға барып орналасып, Соғыс Комитеті құрылғаннан кейін Үрімжіден Құрман, əкесі Құсайын, Шəри, Қалман үш адамды өкіл етіп қызмет беріп жіберді. Бұлар Дөңтідегі Лу Зы Қойға барған соң Қалманды алып қалып, қалған екеуін Халел тəйжі аулына жіберді. Шəри Келестің үйіне келді. Олар келіп:

– Моңғол жерінде тұрмаңыздар. Түбінде Моңғол, орыс билігінде болғандықтан опасыздық істейді. Күнəларың сұрал-майды. Өзіміздің жерге көшіңіздер, – деп Үрімжі үкіметі қағаз жазыпты. Халел тобы Қарақастар кетпекші болды. Сондықтан ел ішіндегі алалық кеселінен үкімет құруымыз біраз шегінді.

Оспанның Жəнібек орнына бармағандығы, Ырысхан орнына бармағандығы жəне бір жесір дауы болып Оспанға тағы бір наразылық көтеріліп тұрған еді. Мен Шəри мен Құсайынды қонақ қылдым. Шəри Шың Шысай мен орыстың айрылған хабарын алып келді. Құсайынды Шіңгіл ауданына шəн, Меркіт Қабиды аударушы деп белгілеген екен. Біз бағынбайтындығымызды айттық.

Олар бізге мынаны айтты. – Құмылда ішкі өлкеге апаратын бір миллион 400 мың ат

дайын болып жатыр. Осы атты айдап əкеліңдер. Осы атты айдап əкелуге Моңғолиядан жол беруін талап етіп

едік. Олар мақұл (143) болып жол берді. Оспан:

Page 280: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

280

– Алдымен үкімет құрып алайық. Сондықтан қыс бойы тыныш жат, – деп бұйрық берген болса да мен таңдап жиырма адам алдым да қазақтың малын қытайдан айырып қалайын, қытай мінген ол аттарды өзіміздің əскер мінсін деп жүріп кеттім.

Зейнел батыр да артымнан төрт адаммен келді. Бұлғыннан шығып, Көкадырға бардық. Одан Намжыққа барып, Бəйтік пен Кіші Қаптық арасындағы Торанғылы Қобымен Көк Серкеге шықтық. Ол жер Қуанышбай батырдың мекені еді. Одан шығып алып, Шабылған Бастауға бардық. Онда бір түн тынығып алып, ертеңінде Боз Бастауға барсақ, онда жүз сиыр баққан үш үй қазақ қонып жатыр екен. Қатын-баласын бір үйге жинап алып, бір құнажын сиырды сойып жедік. Сегіз адамды сол жерге қарауылға тастадық. 18 адам Ақбұт Талдықта жатқан жылқыға бардық. Үш үйдің бірі Молқы екен. Соның біреуін ертіп алдық. Қар қалың жауыпты. Ол жерден жылқы жөткеліп кетіпті.

Кенерелеп жүріп Пиязы Сасық Бастауға келдік. Онда Абдолда ауылы деген 20 үй Керей Ителі бар екен. Бұл бастау суы сор болып, бірнеше атымыздың іші ауырып қалды. Ол жерге тілсіз етіп қарауыл тастап кеттік. Ланшор, Құмшорда 2.000 жылқы жатыпты. Бастығы бар, Мұғал деген мал докторы бар екен. Таң ата ауылды қоршап алдық.

– Мұғалда мылтық бар, үйде екен. Мұғалды шақыр, – дедік. Ол үйден:

– Мені кім шақырады? – деп дауыстап еді. Біз тұрып: – Қожаң шақырады, – дедік. Кəбіл мен Боранбай тас арасында

аңдып отырған еді. Келе жатып найзаны көріп қойып қайта қашқан Мұғалды Кəбіл мен Боранбай ұстап алды. Мұғалды, Зəки дейтін Найманды қолға алып 40 жылқышыны ақысын беріп жеріне қайтардық. Зəкиді Зейнел таниды екен. Тегінде Алтайлық екен. Зəки Қонтан жағасында:

– 1.000 ат бар. Елу ат жайлауда, – деді. Ол аттарды айдап келдік. Қонтанға қарай жүргенде Қабдолда

Хайбардың 500 жылқысы жатыр екен. Одан көк ала атты Зейнел ұстап алды. Зəки бастық 15 адамға 15 ат жəне қосар беріп қайтарып жіберіп, 3.000 атты айдап елге қайттық. (144)

Секел Еренқанды қытай ұстап кетіпті. Онан із-түс жоқ екен. Біз Шолақ дөңнен асып, оларға келдік. Қуанышбайға келіп ол жерде Хайбар тəйжінің үйі бар екен. Қабдолланың Сара дейтін əйелі бар

Page 281: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

281

екен. Машан дейтін баласы аң аулап кетіпті. Олар Алтай ахуалын білмейді екен. Бір кесек киіз берді.

Одан жүріп таң ата Боз Бастауға келдік. Сиырдың еті асылып жатыр екен. Етті жеп алып, көмір жолымен жүріп отырып, кеш бата Əліп шабылған бастауға келдік. Азырақ ұйықтап алып таң ақтанша жүрдік. Көксеркеден асырып, Айдар Құмға келдік. Одан жүріп отырып үлкен Қаптықтағы Ұланбəйшінге келіп түстік. Онда демалып, бие сойып жедік.

Ертеңінде Ұланбəйшіннің тар сайында жылқыны санап өткізсек 2.600 жылқы болыпты. Ламжықтан төрт құлан атып, етін тығып кеткен едік, соған келдік. Жер қалың ши болып, шөп жетіліп түсіп кетіп еді. Сол жерге келіп сауға бөлдік. 100 атты Ақ Үйге, 100 атты Мəжік генералға, 30 атты Оспанға, 15 атты Халелдің үйіне, 15 атты Келес пен Шəриге, 15 атты Жанболсын ауылына, 15 атты Кəріп, Əбдірасұл, Манаттарға бөліп қойдық. 100 атты жүлдеге мен алдым. 100 атты Қуанышбайға, 50 атты Зейнел алды. Қалған атты 24 адамға 50 аттан тең бөлдік. Таңдап бестен ат алдық. Бəйтік Қаптық арасында жоғалып 300 ат қалды. Атқа таңба басып болып қос атпен үйге жүріп кеттім. Көк адырдағы Қала қарауылына жолығып, белгіні беріп жүріп кеттім.

Біз келсек Шың Шысайдан Моңғолияға телеграмма келіпті. “Сіздің адамдарыңыз бізден 3.000 ат алып кетіпті. Сол аттарды Құсайын мен Шəриге қайтарып беріңіздер” деп жазған екен. Атты бөлік бойынша бердім. Оспан мен Халелдікі алмай қойыпты. Ақ Үй азаматтары бізді таншон істеп қойыпты. Оспан Жəнібек пен Ырысхандікіне барып, Құран оқыдым. Мен бар елді шақырып, əкемнің қырқын бердім. Бұл пакіттің [мəтіннің] орны жоғарыда қалған еді. (145)

Əлихан бір кезде Оспанға жазған хатында “Сақ болыңыз – орыстар бізге шынайы Шығыс Түркістан мемлекетін құрып бергісі келіп отырған жоқ. Жын ойнатып отыр. Сіздің жасаған тоқтамыңыз бойынша, мен де іс көремін. Жарнама мен тоқтамды мықты ұстаңыз. Коминтерн тарап кетті. Алтайдағы қазақтардың қолын-дағы малынан айрылсақ, Алтайдың шаруашылық күші кетсе, онда құрудан басқа жол қалмайды” деген екен.90

90 Əлихан төре 1946 мамырда Лəтіп арқылы Оспанға жіберген хатында былай деген: “Бітім жасадық [бұл жерде Үрімжімен жасалған келісім айтылып отыр – Ə. Қ.] деп Шығыс Түркістанды қызылдар иелеп алмақшы. Біз мақсатымызға жете алмадық, күрес əлі аяқталған жоқ. Іленің тағдырын мен қолда ұстаймын. Алтайда сен мықты тұр.” Зəкенұлы Т. Шығыс Түркістанның құлауы // Атамұра. 27 Наурыз 1988, 16-бет.

Page 282: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

282

Орыс пен Моңғол істі енді қайдан бастайды? Алтайды əбден тоздырды. Алтай елін Қазақстанға айдатып барды. Моңғолияға айдатып барды. Шіңгілге айдатып барды. Бір қалта сүйек ұнын (жиырма бес килограм) бір атқа берді. Халық малдан айрылды. Адамдардан айрылды. Осы кезде орыстар Құлжа мен Тарбағатайдың шаруашылығын құрту үшін шекарадан жасырын сауда ашты. Бір мылтық елу оғымен маңдай алды бір ат болды. Бұл мен шайды шығарып, кім мал қуып апарса, ол кімнің малы деп сұрамады. Ұрыдан арзан сатып алып əкете берді. Ақырында Қалибек, Хамза тобы да орыстың ұрлық қылығына шыдай алмады. Алтайды əбден тоздырды.

Ысқақбек, Дəлелхан, Ахметжанды жасырын қолдарына қондырып алды да оларды “социализмшіл, данышпан алдағыны көре алады. Алысты болжайды. Коммунизм адамзаттың еркінен тыс келіп қалған қоғамдық түзім екенін Ахметжан, Ысқақбек, Дəлелхан болжайды” деп оқымаған үш надан адамды мақтап, алдап қолдарына қондырып алып, іштен бізді жіктеді. Оспанның, Қалибектің басына саяси қастаңдық істеуге ұрынды.

– Алтай жұтап, халыққа обал болды. Енді қозғалысты Құлжадан басталық, – деп соқты. Онда да көңілде үлкен арамзалық салды. Құлжадағы Тараншының, Қызайдың надандығынан ақымақтығынан онда Лөкшек көп алдын да, артын да ойламайтын адамдардан мықтап пайдаланды. (146)

Оспанның Алтайға уəли болып келуі

Ресей 1944 жылы 7 қараша күні Құлжа Нылқы шек арасынан

Қазақстанның Əнуар полковник армиясынан 2.000 адамын жасы-рын өткізді. Осыдан кейін Ресей үкіметі бандит Шың Шысайдың орнына келген У Жушиге:

– Бізден 2.000 адам қашып өтті. Олар, соғыстан қажыған əрі қашқан отан сатқындары қылмысты элементтер еді. Осы адамдарды ұстап беріңіздер, – деп талап етті. Бұл не деген ептілік!

Құлжа қорғанысы дейтін қозғалыс міне осында, Шығыс Түркістан Бұлғын, Шіңгіл Ақ Үй Соғыс Комитетінің 1943 жылы 6 қантарда Түркістан Соғыс Комитеті қарауындағы Соғыс Комитеті Алтай Соғыс Комитеті, Тарбағатай Соғыс Комитеті, Іле Соғыс Комитеті болып ұйымдастырылған үш соғыс комитетінің бірі болатын. Ұзақ уақыттан бері Оспан Іле жайында Əлиханды танып

Page 283: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

283

онымен байланыс жасап тұрды. Тарбағатай жайында Қалибек қозғалысын ғана өзек етіп келгенбіз. Ол кезде Коминтерн тірі еді. Ол тарамаған құқықты орган еді. Екінші дүние соғысының салдарынан Коминтерн тарап кеткендіктен орыстардың бұл уақиғаны өз қажетіне орайластырып, “бұлар аз ұлт, оның дүниелік рөлі жоқ, осыны сатсам шығыстан үлкен олжаға қарық боламын” деп ойлады.91

“Пəлен жерде бақыр бар, іздеп барсаң жауша жоқ.” Орыстар олжаға салмақшы болған ұлттар əрі көп, əрі тарихи орны, əрі оның Коминтерн мазмұнын түсінетін ақылды адамдары болғандықтан “Лаумаузыны” бір теуіп лақтырып жіберді.

Коминтерннің тарап кетуін пайдаланған орыстар да Моңғолдар да 1942 жылы жарнамамен қаулыны лақтырып тастады. 1932 жылғы Шығыс Түркістан деп жариялаған жарнамасын сырт айналып келіп бандит Шың Шысайды тəрбиелен,92 нəтижені Шың Дубанға аударған еді. Шың Дубан орыстың тəсілін түсінгеннен кейін (147) одан қол үзіп кетті. Мұндай жағдайда орыс пен Моңғол 1942 жылы тағы да Коминтерн тонын жамылып “Шығыс Түркістан тəуелсіз ел” деп жарнама шығарып, Оспанды келіп тапқан еді. Біз, Оспан тобы да бұл кездегі халықаралық жағдайдан пайдалануды ойлап, осы жарнаманы мақұлдап, ең болмаса сыртқы Моңғолия сияқты ел болып кетеміз деп үміт артқан едік.

Орыстар немістердің жеңілу орайынан пайдаланып бақаны мініп көлден өтіп алды. Жалт беріп 1932 жылғы Қожаниязға берген жарнаманы қалай құртқан болса, 1942 жылғы 20 қарашадағы жарнаманы да солай құртатындығы дəл осы кезде жарыққа шыға келді.

91 Нұрғожай батырдың бұл ойын сол кезде жасалған Ялта келісімі растауда. Кеңес Одағы, АҚШ жəне Ұлы Британия жетекшілері 1945 жылы ақпан айында Ялтада құпия келісімге қол жеткізіп онда Сталиннің сыртқы Монғолияның тəуелсіз болуы жөніндегі ұсынысына қолдау білдірілді. Осы орайда Қытайдың Чан Қайшı үкіметіне қысым жасалды. 9 шілде күні Чан Қайшı Кеңес Одағының Қытайдың Шынжаңдағы егемендігіне кепілдік беруі жəне Шынжаң көтерілісін жаншуға қолдау көрсетуі шартымен аталған талапты мақұлдады. L.Sheng. Çin’in Xinjiang Bölgesi Geçmişi ve Şimdiki Durumu, Xinjiang Halk Yayınevi, Urumçi 2006, 164-166-бет. Сəмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. Алматы, 2000, 132-133-бет. Ялта келісімінің шарттары үшін қараңыз: Wang D. Under the Soviet shadow the Yining incident ethnic conflicts and international rivalry in Xinjiang 1944-1949, 423-424-бет. 92 Шың Шысайдың Кеңес Одағымен байланыстары 1938 жылы шарықтау шегіне жетті. Сол жылы тамыз айында жасырын түрде Мəскеуге барған оны Сталин үш рет қабылдады. Сонымен қатар оған ешкімге жасалмаған ерекшелік жасалып КОКП (Большевик) мүшелігіне қабылданды. 1859118 мүшелік нөмір берілген Шың Шысай тікелей КСРО Политбюросына қарады. L.Sheng. Çin’in Xinjiang Bölgesi Geçmişi ve Şimdiki Durumu, Xinjiang Halk Yayınevi, Urumçi 2006, 131-бет.

Page 284: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

284

Іле аймағының елі тарихта қозғалыс жасамаған, қозғалысты істей алмайтын момын ел еді. Қазақстан армиясы Ілені азат етіп, Іледе Шығыс Түркістан уақытша үкіметін құрып берді. Іле армиясы Қалибек армиясымен бірлесіп Тарбағатайды босатып алып, 1944 жылы 16 қыркүйекте Алтайдың Буыршын қаласына жетіп келді. Ондағы армия бастығы Ресейден келген Байнов, Мажаров екі орыс генералы еді.

1944 жылы 17 қыркүйекте Іле армиясы Алтай қаласына келіп кірді. Үш аймақты Құлжаның сарты азат еткен қылып қойды. Бірақ басшылары тіпті он адамдық группа бастықтарына дейін Қазақстан əскерлері еді.

Олардан Алтай қаласына Бекторов полковник келіп жатып алды. Артынан генерал Мəжік келді. Халықарадан 370 адам бар болатын.

Оспанды Алтайдың уəлиі, орынбасарларына Əріпбай полковник, Дəлелхан тəйжі болып, Ақ Үй адамдары басқа мекемелердің бастығы болып орналаса кетті. Сол кезде Оспан қала ішіне келмеді. Əлиханның уақытша Шығыс Түркістан орталық үкіметіне басшы болуы да Оспанның ықпалы еді. Оспан бұл адамды таңдап алған болатын. (148)

1942 жылғы жарнама, 1943 жылғы тоқтам бойынша Шығыс Түркістан Бұлғын Ақ Үй Соғыс Комитеті тұңғыш рет құрылған кезде Шығыс Түркістан ең жоғарғы қолбасшысы Оспан делініп белгіленген.

Ал, 1945 жылы қыркүйектің ішінде Алтай азат болып үкімет құрылғанда, Оспан Алтайдың уəлиі болып қалды. Кешегі үлкен қаташ, бүгін кішкене қаташ болып қалды. Бірақ Оспан бұл сайламға разы болмады. Қала ішіне келіп, міндет тапсырып алмады. Дəл осы кезде Қазақстан Қаба ауданынан өтіп Сарсүмбеге келген еді. Доскенов Сарсүмбеге келгеннен кейін 20 адам ертіп, Қу Үйдегі Оспан аулына барып сəлем беріп, ол жерде бірнеше күн жатып Оспанды қалаға келуге көндірді.93 Доскенов:

– Сол кездегі жарнама, тоқтам барлығы өз күшіне ие. Бүкіл Шынжаң азат болғаннан Шығыс Түркістан Халық Республикасы құрылғаннан кейін сонда сол кездегі жарнама, тоқтам бойынша сол орынға барасыз. Қазір Іледе құрылған үкімет, уақытша үкімет

93 Сүгірбаев Доскеновты бір көнсе саған көнеді деп Оспанға əдейі жіберген еді. 1990 жылдардың аяғында Алматыда қайтыс болған Доскеновты Оспан бөлек бір үйде бірер күн күткізіп əзер қабылдаған. Əбілқасымұлы С. “Оспан батыр”. Оспан батыр. Алматы 2007, 12-13-бет.

Page 285: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

285

болып отыр. Жəне өзіңіздің келісіміңіз бойынша уақытша үкіметтің бастығына Əлиханды белгіледік, – деді. Осындай қиюластырған тəтті сөздер арқылы Оспан қала ішіне көшіп келген еді.94 Жəне Іледен Əлихан төренің де:

– Əзірше Алтайды ұстап тұрғаңыныз жөн болар, – деп айтқан ақылына мақұл болды.95

Оспанның үш үймақшылардан безуі Оспанның негізгі мақсаты Шығыс Түркістан төңкерісінен қол

үзу емес. Оспанның ең соңғы мақсаты Шығыс Түркістан Халық Республикасын құрып алу еді. Бұл мақсатты жеке болсам да құрам деп ойлады. Кейін бір жаққа сүйенгеніміз жөн деп орыс-Моңғол пікірлерін де мақұл көрді. Жарнама тоқтамдарға разы болып барып, ол екі елден көшіп келген соғыс комитетінің барлық пікірін мақұлдаған еді.

Бүкіл осы жағдайлар, Шың Шысай орыстар мен Моңғолдардың басына күн туғанда жалт беріп Ресейден (149) қол үзгенде, орыстардың Шың Шысайдан өш алу үшін істеген бір шарасы ма екен? Оспан:

– Онда оған да көзім жетсін, – деді. Əлихан полковник, Дəлелхандар жеті жүз адаммен Сарсүмбе

қаласын аламыз деп барғанда олар қоршауда қалып, “өлдік” деп телеграмма келгенде Оспан дереу маған бұйрық берді. Мен баруды қаламадым.

– Олар бір жау алып көрсін. Батырлықтарын, саясатшыл-дықтарын сынасын. Өздерін данышпандар орнына қойып отырған адамдар болғандықтан мен бармаймын. Өз атын ерттеп міне алмайтын, мылтық ата білмейтін адамдар өзін сынасын. Біз сонау 1940 жылдан бері соғысқа қатынасқанда бір тұлып талқанды бір

94 Сүгірбаев бұл уақиғаны растап былай дейді: “...1945 жылы 11 айдың орта шенінде Шаңшияу Доскенов арнайы Оспянға барып оны Сарсүмбеге келіп бастықтық міндетін тапсырып алуға үй ішімен көшіріп əкеледі. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 114-бет. 95 Оспан батыр 1945 жылы 10 қазанда 300 атты əскермен Сарсүмбе қаласына келді. Мекеме бастықтары жəне ақсақалдар, жалпы халық құттықтап, қызу қарсы алды. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 57-бет.

Page 286: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

286

жыл азық етіп, бір тонды үш жыл киіп соғысқан едік. Əлихан мен Дəлелхан жүз түйеге ақ нан артып кетті. Айналасын үйден шығып көрмеген мырзалармен көмкерген. Осындай мырзалық жүріс пен тарихта жау алған батыр болған емес, – дедім.

Оспаннан қайта-қайта бұйрық келді. – Ерлік істе. Олар бізді надан деп шетке қақса да, біз адал-

дық істелік. Əлихан, Қалқабай, Дəлелхан дамбалдың сыртынан не қылар дейсің. Бар! – деген еді.

Сондықтан мен өз əскерімді алып барып, қытайдың атақты батыры Көз Ян полковникті полкімен жойып, Борбыжап əскерін қуып қалаға апарып тығып, оларды құтқарып келген едім.

Оспан: – Дəлелхан бізді надан санайды. Ал Дəлелханның өз басы

мектеп көрмепті. Соғыс білмейді. Құрал да ұстай алмайды. Мұндай тəкаппарлыққа не шара? – деп бізге үнемі əңгімелеп отыратын. Ол сонымен қатар:

– Біз арыз айтатын Коминтерн тарап кетті. Орыс пен Моңғол арыз тыңдамайды. Көңіл қалғанша бірлесіп тұралық, – дейтін.

Сол жылы қыста Құлжадағы уақытша үкімет Оспанды жиынға шақырды. Оспан өзі бармай, Лəтіп пен Шəмсиді жіберді. Қалибек өзі бармай, Хамзаны жиынға жіберді.96 Дəл осы кезде орыс-Моңғол

96 Бұл турасында Сүгірбаев былай жазады: “...үлкен мəжіліс болды. Бұл уақытта Оспан Көктоғайда өз ауылында болатын. Оны шақыртқан еді. Келмеді. Үлкен мəжіліс ашылатын болып шақыртып екі рет адам жіберді. Мұнда да оны – мұны сылтауратып келмей қойды. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 104-бет. Жақсылық Сəмитұлы болса бұл мəселеде былай дейді: “1945 жылы қыркүйектің 20-ы мөлшерінде Əлихан төре, Ахметжан Қасыми қатарлы Шығыс Түркістан республикасының басшылары Құлжадан Алтайға келіп он неше күн тұрып қайтады. Осы кезде Ахметжан Алтайдағы əр ұлт, əр сала халқымен бірнеше рет Кеңес өткізіп бұқаралық жиындар ашып, Алтай төңкерісі үш аймақ төңкерісінің бір бөлегі деп қаралатынын, Алтай əкімшілік мекемесін құрып, оның Құлжадағы уақыттық үкіметтің басшылығына бойсұнатындығын жəне оның құрамындағы негізгі басшылардың есімдігін жариялайды. Бұл жиынға Оспан батырды ерекше ұсыныспен шақыртады. Əлихан төре мен Ахметжан Қасымидың Алтайға келуінде екеуінде екі түрлі мақсат болады. Ахметжан Қасыми Алтайды өз қолына қарату үшін алдымен Оспан батырды шырғалап қолға түсірмек болады. Ал, Əлихан төре болса Оспанмен оңаша сөйлесіп, оны өз жағына тартып, Кеңес Одағының шеңгеліне түсіп, жоғалып құрып бара жатқан Шығыс Түркістан республикасын Оспанмен бірлесе отырып құтқарып қалмақ болады. Бірақ Оспан Əлихан төрені де Ахметжан Қасымилер сияқты Кеңес Одағының жіберген қуыршақ бастықтары санап онымен кездесуге қызықпайды. Бірақ кейін 1946 жылы наурыз айында Əлихан төрені түсіне бастаған Оспан батыр оған арнаулы адам жіберіп хат жолдайды. Сəмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. Алматы, 2000, 144-бет. Əлихан төре сол кездегі өзінің ұстанған саясатын Ташкенде өмірінің соңына таман бір тілшіге былай деп баяндаған: “Менің сол кездегі мақсатым – тəуелсіз Шығыс Түркістан республикасын құру еді. Кеңес Одағының соғыста көп көмек бергені рас. Бірақ кейін шұғыл бұрылыс жасады. Қоминдаң үкіметімен бейбіт келісім жасай бастағанда-ақ ниеттері белгілі болды. Осыған қарап менің де пейілім бұзылды. Соғыстың Манас шекарасынан ары бармай тоқтап қалатынын да білдім. Сол үшін басқа шара іздедім. Алтайдағы Оспан батырға, Сауан бойындағы Қалибек батырға кісі жібердім. Солармен бірлесіп ынтымақтасуды мақсат еттім. Солардың күшімен Шығыс Түркістан Ислам республикасын аман сақтап қалуды ойладым. Бірақ уақыт, жағдай оған жар бермеді. Аяғы

Page 287: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

287

адамдары Əлиханды ішіне алып, (150) жасырын жиын ашты. Онда “Оспан да, Қалибек те қауіпті жағдайда тұр. Оспандар қытайдың Үрімжідегі жаңа əкімдерімен жасырын Кеңес өткізіп жатыр. Сондықтан Оспан Алтай уəлиі, Қалибек Тарбағатай уəлиі болған соң екеуін сырттан атып тастау керек” деп қаулы алады.

Бұл қаулы Əлихан арқылы Оспанға да, Қалибекке де жеткен соң, 1946 жылы 6 наурызда Оспан Қапас батыр əскерін Жан Жұн бұлақ жанына əкеліп қойып бір түнде көшіп кетіп қалады.

Оспан уақиғаның ең соңғы сырына көз жеткізген соң, ғана осы істі істеген болатын.

Біз уақиғаның соңы осындай боларын сезіп, Оспанға ерте айтқанда, оның “Асықпаңдар. Қытаймен қырылысып отырғанда жақсы іс табамыз деп істі бүлдіріп алмалық. Орыс, Моңғолдан жарнама, тоқтам негізі бойынша көңіл қалғанша бірлеселік. Қазір көзіміз жетпейді. Жамандық істегісі келсе, алдымен осылардың өздері істеп көрсін. Айрылысқан болса, онда бір-бірімізге өкпесіз болармыз” дегені бойынша жүрдік. Ең ақырғы шот соғылатын болғанда, Оспан жалт беріп көшіп шығып кетті.

Көптен бері күзетіп келген пікіріміз шынға айналды. Орыс пен Моңғолдар қойдың басын көрсетіп, иттің етін сатты. Үш ғасырдан бері орыстар осындай алдау тəсілдері арқылы Қырым, Кавқаз, Түркістанның түбіне жеткен еді. Бұл жолы орыстар өзінің тарихтан бергі фашистік тəсілдерін Коминтерн тонына ораса да жасырып қала алмады.

Шығыс Түркістан тəуелсіз ел болады деген жарнаманы бүгін кім бұзған болып отыр?

ІІІ. Интернационалдың жарнамасы мен тоқтамдарын бұзып отырған соғыс қылмыстыларын қай жақтан іздейміз? Бүкіл дүниеде ұлттық тəуелсіздік бар деген шын сөз бе? Əлде жоқ сөз бе? (151)

Біздің Түркістанның бөлініп ел болмайтын себебіміз неден? Ел ішінде “Оспан барлық қаулы қарарды тастап Сан Мын Жұйға шығып кетті. Оспан жəне оның тобы сатылып кетті” деп жүргендер бар.

өзімді де үкімет басынан тайдырып əкетті. Сонда, 145-бет. Оспан батыр болса 1947 жылы Қытай генералы Сұң Чиланға айтқан сөзінде Əлиханды қолдайтынын білдірген. Ол былай деген: “1944 жылы Іле оқиғасы болған кезде мен Іледегі қазақтардың бастығы Əлиханмен біріншіден, Шынжаңды Кеңес Одағына қаратпау, екіншіден діни сенімді батыл қорғау жөнінде астыртын келіскен едім. Осы екі негізгі пікірге Əлихан мақұлдық білдірген соң ғана мен Ыле оқиғасына қатынасып, олардың қолдаушысы болдым” Сонда, 236-бет.

Page 288: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

288

Біздің адал еңбегімізді жеп сатылып кеткендер, жарнаманы, тоқтамдарды күшінен қалдырып опасыздық істегендер кім болар екен? Оқырмандардың ақыл-таразысына салып, өлшеп көруін сұраймын.

Кейбір ағайындарымыз болса: – Қозғалыстың басы дұрыс еді. Аяғы қате болды, – деседі. Расында да қозғалыстың басы дұрыс əрі ғылыми еді. Оның

аяғын кім бұзып отыр? Оспанмен бастан ақыр бірге болдым. Ең алғашқы тоғыз комиссардың бірі едім. Оның сегізі өлді. Жалғыз мен қалдым. Менің саяси талқыларға араласпаған, соғысқа қатынаспаған күнім болған емес. Жаудың 60.000-нан астам армиясын жойдық. Соңғы кезде ішімізден алалық туды. Қайтадан өзімізге қауіп төнді. Бұл кезде қайту керек? Не өлу керек, не орыс пен Моңғолдың түрмесінде шіріп жату керек еді. Жоқ, əлде болса, күн көру керек еді. Үш жыл үш тұлып талқанмен соғыстым. Осындай қажырлы қайрат бізді жауды тез жоятын қайратқа иелендірген. Жаудың көктегі айырпландарын да атып түсірдік. Кешегі дос, бүгін бізге жау болды.

Біз орыстарға “Кең қазба, тоқтам болсын” дедік. “Жасырын сауда қылмаңыздар, біз құримыз” дедік. “Адамыңды əкет, əскеріңді əкет, өзімізді өзіміз басқарамыз” дедік.

Бұл сөздердің барлығы 1942 жылы 20 қарашада ұлт-азаттығы жəне тəуелсіздігі жөніндегі жарнамаға қарама қарсы істер емес еді. Барлығы да ғылыми ақылға сыятын пікірлер еді. Біз орыс пен Моңғолға құлдарша бодан болуды қаламадық. Бұл жеріміз олардың көңіліне жақпады. Ақ үрпек балапан болып жасау қиын деп сезінген едік. (152)

Сол кездегі халықаралық жағдай 1941 жылы маусым айында басталған ІІ дүниежүзілік соғыс 1945 жылы маусым айында тоқтады. Біріккен Ұлттар Ұйымы “Адамзат қатты күйзелді. Қан көп төгілді. Экономика құру алдында тұр. Дүниежүзіндегі үлкенді кішілі соғыстар тоқтасын” деп қарар шығарды.

Сонда да кейбір жерлердегі соғыстар тоқтамады. Шығыс елдерінің соғысы тоқтамаған соң, 1945 жылы 24 тамызда Америка Жапонияға атом бомба тастап, Жапонияны берілуге мəжбүр етті. Жапония мен Германия ІІ дүниежүзілік соғыстың қылмыстылары делініп жатты.

Бұл кездегі біздің үш аймақтағы соғыстар да тоқтамаған болатын. Үш аймақ соғысы Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарынан

Page 289: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

289

кейін үш ай артық созылды. Осы соғысты тоқтату үшін Америка, Англия, Ресей, Қытай қатарлы елдердің сыртқы істер өкілдері 1945 жылы 3 қарашада Манас көпіріне ту əкеліп тікті де, бұдан соң қарулы соғыстар болмай, саяси соғыстар болып отырады деп тоқтатты.

Үрімжіде Алтай өкілі ретіндегі қызметім Бұл кезде Үрімжіде бандит Шың Шысай үкіметі аударылып,

оның орнына У Жу Шұң Шынжаңға жуши болып келіп жатты. Үш аймақ пен Шынжаң арасындағы келіссөзді басқаруға Жаң Жежұң97 келіп жатты.

Мен осы кезде Үрімжіде мемлекеттік мейманханада жатқан едім. Үрімжіде сан-санақсыз құбылыстар болып жатты. Мен бұдан бір жыл бұрын, яғни 1945 жылы 5 тамызда У Жушидің келіссөз бастау жайындағы пікірі бойынша, Оспанның Алтай атынан жібер-ген өкілі болып Үрімжіге келген едім. Мен сол бойда бір жыл жаттым. У Жуши үкіметі Шынжаңның он аймағынан өкіл шақыр-ды. Үш аймақ өкілі менмін деп Құлжадан Ахметжан, Тарбағатай аймағының өкілімін деп Əбілқайыр төре келді. Олармен еріп Рахымжан Сабыр Қажиёв келді.

– Алтай өкілі сен емессің, – деді. – У Жуши мені Оспанға жіберген. “Біздің əскер (153) шегінсін,

кəдірлер де шегінсін. Алтай уəлиі Оспан сен бол” деп айтқаннан кейін Оспан мені демократиялық өлкелік үкіметті құрысып келуге жіберген, – деп мен айттым.

Екі жақ талас болғандықтан Жаң Жежұң жиын ашып, Алтай өкілі кім болу керек? деген сұрақты ортаға қойды. Лан Қаншау:

– Екі жағына да күмəнмен қараймыз. Оспаннан барып қағаз əкелетіндерің бар ма? – деп сұрады.

– Мен барамын, – деп қол көтердім. Отырған 1.500 өкіл мақұл болды. Маған Молқы Жүніс дегенді

қосып, қос атпен Құмнан шығарып салды. Мен екі күн, екі түн жүріп, Құмдағы Қапас аулына жетіп бардым. Ауылға бармай, Ыбырəкімге кезіктім. Ыбырəкім арқылы Қапасты шақырып алдым. Барлық мəн жайды Қапас ұғынып алып, қос атпен Оспанға кетті. Төрт күн дегенде “демократиялық өлкелік үкімет сайлауына

97 Жаң Жежұң кейін, атап айтқанда 1946 жылы наурызда табысты бола алмаған У Жұң Шин қызметінен алынғаннан кейін оның орына қызметке тағайындалады. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 59-бет.

Page 290: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

290

қатынасатын құқықты өкіліміз Нұрғожай, Сүлеймен, Сарбай” деген таңба ұрған қағазды əкеліп берді.

1946 жылы 2 қаңтар күні, яғни ІІ шаған мейрамында өкілдік қағазды алып жетіп келдім. Түнімен Оспанның қағазы қытай тіліне аударылды. 1946 жылы 4 қаңтар күні тəңертең үлкен жиын ашы-лып, Оспанның қағазы барлық өкілдерге оқып берілді. Сол күні Үрімжі қаласында 12.000 адамдық ереуіл жүрді. Бізге Алтай өкілі деп өлкелік киім кигізді. Белгі тақты. Барлық өкілдерді Чүйдалуға апарып қонақасы берді.

Ахметжан Іленің, Əбілқайыр Тарбағатайдың, біз Нұрғожай, Сүлеймен, Сарбай Алтай өкілі болып орын алдық.

Сол күннен бастап Алтай ерекше танылды. Оспан қолындағы шетелдердің 350 адамы 1946 жылы 13 қаңтар күні сағат 9-да еліне қайтып кетті.

Бұл жолы демократиялық өлкелік үкімет құрылды. Демокра-тиялық үкімет мүшелігіне, оның бірі Оспан болып, 25 адам сайланды. (154)

Қосымша Оспанға Алтайдың уəлиі болып таңба жіберілді. Үш аймақ иесі Оспан батырдың, І нөмірден 8 нөмірге дейін сегіз бөлік мың қарулы армиясы болады. Оны мемлекет қамдайды деп жазылды. Солтүстіктегі Оспанға қарасты үш аймақтың орынбасар уəлилерін өлкелік үкімет жіберіп береді. Оңтүстік Шынжаң аймақтарына орынбасарларды үш аймақтан Оспан жіберіп береді деп жазылды. Басқа тармақтарға тоқталмадым. Қағазға қол қойылып, жиын тарады.

1946 жылы ақпан айының орта шенінде барлық ахуалды Оспанға жеткізу үшін мен жүріп кеттім. Жанымда Доғдыр дейтін Қарақас жігіт бар еді. Екі күн, екі түн жүріп, Құмдағы Қапастың үйіне келдім. Оспан мені Қызылшалы белде тосып отыр екен. Менің осыдан бір ай бұрын келгенімде Дəлелхан тобы біліп қойып, осы жерге Халелдің інісі Қабиды 20 адаммен қарауыл қойған екен. Олар мені аңдып жүріпті.

Мен бірінші жолы келгенімде, бауырым Кененге 20 түйе астық, бұл, шай артқызып жіберген едім. Кененнен менің ахуалымды сұрағанда “Келеді” деп қойғандықтан олар күзетіпті. Мен Ханобаның желкесіне шыға келгенде Қаби мені қоршамақшы болып еді. Біз де екі мауазер, екі бесатар, екі наған бар еді.

Page 291: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

291

– Жақындама! – деп айғай салдым. Бұлардың бізді ұстағалы жүргенін сезіп, 30 адаммен Қапас та келе қалды. Екі жағы атысуға əзірленді. Мен екі жағына да айғай салдым.

– Атыспаңдар! Екі жағың бірдей жүріп мені Алтайдағы Оспан мен Дəлелханға апарып беріңдер, – дедім.

Қабидан Мұқаметжан келді. Қапастан Ыбырəкім келді. Қапастың үйіне барып түстім. Қабилар:

– Үрімжіге қайтарамыз, – деді. Мен: – Алтайға барамын, – дедім. Сол жерді қыстаған елдің үлкен-

дері түгел келді. Қажақын келді. Қажақын тұрып: – Нұрғожай Оспанның адамы. Қалқа оларды шауып кетті.

Туыстарын өлтіріп кетті. Халыққа зияны жоқ. Ұлтқа келтірген пайдасы бар. (155) Дəлелхан ренжімейді. Алтайға барсын. Өз еркімен барсын. Байлап матамайсыңдар, – деді.

Сəйпіл басшылығында 18 адам жүрді. Сол түні Қарабұлғын-дағы Кешікбай аулына келіп қондық. Ол үйде бала оқытып жатқан Ержан молла бар екен. Онда бір күн еру болды. Ол жерге Қасен зəңгі, Зал зəңгі, Сағатай зəңгі, Қажбай зəңгі, Шеруші Мұштари зəңгі, Қарақас Жанат келді. Бүкіл Бурылтоғайдағы ел адамдары жиналды. Олар пікірлесіп:

– Нұрғожайды Сарсүмбеге жібермейміз. Қайтадан Үрімжіге қайтарып жібереміз, – десті.

Сонымен төрт күн еру болды. Бүкіл ел адамдары Оспанға қағаз жіберді. Оспан:

– Нұрғожай менің кісім еді. Жіберіп беріңдер, – депті. Сол бұйрыққа сай 18 адаммен Сарсүмбеге жүріп кеттім. Орта жолда Татандікіне бір қонып, Мұсақанның үйіне бір қонып, Қыранды өрлеп Тұлтыға бір қондым. Тұлтыға қонған күні Дəлелханның екі адамы келіп:

– Байлап алып жүреміз, – деді. Сəйпіл тұрып: – Байлатпаймыз. Оспан мен Дəлелханға барамын деп өзі келе

жатыр, – деді. Осыдан кейін байланбай еркіммен жүрдім. Базарға кіре

бергенде Дəлелхан Жəнімханұлы кезікті. Дəлелхан қырдағы аулы-на бара жатыр екен. Қысқаша амандастық. Əкесінің ахуалдарын қысқа қысқа айтып қойдым. Сұрамаса да үкімет ахуалын қысқа болса да баяндап бердім.

Page 292: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

292

Алтайда абақтыға қамалуым

Мені алып келіп сақшыға түсірді. Ол жерде азықтандық.

Дəлелхан қайтып кетті. Сақшыда отырғанымда Мұқаметов дейтін сұрақ бөлім бастығы келді. Келді де мылтық сұрады. Екі мылтықты беріп қойдым. Киімдерімді дамбал бауына дейін алды. Мені алып жүрді де əкеліп абақтыға кіргізді.98 Мен тұрып:

– Сен неге абақтыға кіргіздің? Мен жоғарғының өкілі едім, – деп едім.

– Сен өкіл емессің, қашқынсың, – деп соқты. Содан 12 нөмірлі түрмеге қамап қойды. Жолдасымды айырым бір түрмеге қамап қойды. Үш күн жаттым. Үш күннен кейін темір пеш əкеліп орнат-ты. (156) Дəретке құман əкеліп берді. Кешінде бір кісілік тамақ келді.

Оспан: – Абақтыға кіргізбе! – депті. Дəлелхан: – Болмаса үш ай жатсын. Орыс консуліне аз да болса көз

қылалық, – деп келісіпті. Сол үйде 27 күн жаттым. Бір кісілік тамақ келіп тұрды. 27 күні

кеште бір бала келді. Ол бала əскерден қашқан Құл Молқы Нұршыбай деген бала екен.

– Базарқұл Құсманның қолынан қашып, Оспанға барып едім. Өзі көшіп жатыр екен. Абақтылап қой деп айдатып жіберді, – деді.

Сөйтіп ол баладан Оспанның қырға көшкенін түсіндім. Демократиялық үкімет Іледе Əлиханның ұсталғанын сездіріп,99 98 Бұл уақиғаны Сүгірбаев басқаша баяндайды: “Жəнімхан бұл келгендерді [Өзіне Оспанның хатын əкелген Мұқаметжан Мүрсəлімұлы, Кенен, Ердіқанды айтып отыр – Ə. Қара] өз шаңырғында 3-4 күн қондырып (бұл Қоминдаңдық қожайындарына мəлімдеп, олардан нұсқау алғанша жасаған аялы еді) қайтарды. Сонымен бірге Қапаспен бетбе бет сөйлесіп жағдайды толығырақ ұғысып, жан – жақты пікір ауыстырып қайту үшін Нұрғожайды Кенендерге қосып жібереді. Бірақ Нұрғожайдың бұл жерге келгенін басқалар сезіп қалады. Қоминдаңмен астасып отырғандығы əшекереленіп қалатын болған соң Қапастар “Ел ішіне жансыздап келіп жүрген жерінен ұстап алдық.” деп Салық пен Уақыттың (бұл екеуі сол кезде Көктоғай ауданының бастығы жəне бастықтың орынбасары еді) жіберген адамы Сейпілдер арқылы аймақтық үкіметке тапсырып береді. Нұрғожай: “Айрылысып кеткеніме көп уақыт болды. Қатын баламның жай – күйін біліп қайтуға ғана келген едім. Ешқандай бөтен ниетім болған емес.” деп шынын айтпайды. Аймақтық сақшы мекемесі оны да тексеріп көрмек болып қамап қояды. Оспанның оған арашашы болуға батылы бармайды. Əйткенменен Оспан – Жəнімхан (шынына келгенде Оспан – Қоминдаң кертартпашылдары) ортасындағы алғашқы жалғасу қысқаша осылай басталады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 123-124-бет. 99 Кеңес Одағы өзінің саясаттарына қайшы келген Əлихан төрені 1946 жылы мамыр айында орнынан жасырын түрде алып тастайды. Бір-ақ түнде жоқ болып кеткен Əлихан төренің қайда кеткенін ешкім білмей қалмады. Үкімет адамдары болса оның Құлжаның Арасан деген жерінде демалып жатқанын айтады. Үкімет бұдан басқа мəлімет бермей уақыт өткізіп халыққа оны ұмытқызып жіберуге тырысады. Негізінде оны Кеңестік қызметкерлер Ташкенге алып қашқан еді. Əлихан төре кейін

Page 293: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

293

“Оспан сақ болсын” деп мені жіберген еді. Əлихан хабарын ұғып, Оспанның көшіп шығып кеткеніне қатты қуандым.100 Менің келген себебім де осы болатын. Орыстар мен Моңғолдар Оспанды алып кетіп қалмасын деп асығыс жіберген еді. Ташкенде бір тілшіге басынан өткендерді былай деп əңгімелеген: “Бір күні кешке тамақ ішіп болып, үйімде демалып отыр едім. Күн батып бара жатқан кез болатын. Бір полковник жетіп келді де: “Өте тығыз жұмыс шығып қалды. Үкімет кеңсесіне тез жүре қойыңыз” – деді. Кителімді кидім де сыртқа шықтым. Машинада алдында бір полковник, сол жақ орындықта бір полковник отыр екен. Мен артқы орындыққа келіп отырдым. Он жағымнан жаңағы полковник келіп жайғасты. Мен күнде осылай жүретінмін. Машина қозғалды да үкімет үйіне қарай жүрді. Үш қақпаның үлкен жолына келгенде, қара жолға шыққаннан кейін оң жақта үкімет үйі болушы еді. Сол араға барғанда машина оңға бұрылмады. Солға қарай бұрылды. Бұл жол Кеңес Одағынан бір-ақ шығады. “Жігіттер, үкімет үйі былай қалды ғой” деп едім, əлгілердің біреуі: “Қария, бұйрық осы, енді түзу отырыңыз”, – деді. Сөйтті де қалтамда кішкене наганым болушы еді, соны суырып алды. Содан Жаркенттен бір-ақ шығарды. Жаркентте ұшақ тосып тұр екен. Соған отырғызды да Өзбекстанның бір жеріне əкеліп түсірді. Сонымен осы арадағы бір мешітті тапсырып, тыным қылды.” Сəмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. Алматы, 2000, 144-145-бет. Ресейлік архив деректері де, КСРО Ішкі Істер Министрлігі мен Мемлекеттік Хауіпсіздік Комитетінің 1946 жылы 17 маусым күні Əлихан Төре Сабирхожаевті Кеңес Одағына кері шақырғанын атап өтеді. L.Sheng. Çin’in Xinjiang Bölgesi Geçmişi ve Şimdiki Durumu, Xinjiang Halk Yayınevi, Urumçi 2006, 169-бет. 100 Дəлелхан Жəнімханұлы, Оспан батырдың 1947 жылы наурыз айының орта шенінде Сарсүмбе қаласынан Көктоғайдағы аулына көшкенін айтады. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 63-64-бет.Сүгірбаев Оспанның көшкенін былай деп көрсетеді: “...1946 жылы 4 айда Оспан “денсаулығым жақсы емес, жайлауға шығып демаламын” деген сылтаумен Сарсүмбеден көшіп Көктоғай ауданының Күрті деген жеріне барып алады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 126-бет. Арада үш ай өткеннен кейін Дəлелхан Сүгірбаев қасына Əбілмəжін ғұң, Көкенай тəйжі, Тəстекбай, Нəби қажы үкірдай жəне Көксеген биді ертіп Оспанды қайта Сарсүмбеге келуге көндіру үшін Көктоғайдағы ауылына барады. Үш күн талқылау болып өтініш жасалса да Оспан райынан қайтпайды. Бармайтын себебін былай деп айтып береді: “1. Əлихан төре келгенде мені тоспастан Алтай аймағын Шығыс Түркістан Республикасының бір аймағы деп пікірлеспестен қоса салған. 2. Сабағат салмастан мекеме бастықтарын өздері меңгеріп, басқарып Қазақстандықтарды орналастырған. 3. Шығыс Түркістан Республикасының президенті Əлихан төрені кім орнынан алды? Менің хабарым болмады. 4. Естуімше, Шығыс Түркістан деген атты жойып Қытаймен 11 тармақты келісімге қол қойды. Одан да хабарым болмады. 5. Көктоғайда демалысқа келіп жацам елімді шауып, малын бұлап, Көктоғай халқын айдап көшіріп əкетті. Осының бəрін істеп отырған Кеңес Одағы жəне оның құрған қуыршақ үкіметі. Мен ешкімге қол жаулық бола алмаймын. Мен бұрыннан коммунизмге қарсы едім. Жəне бұл күресімді соңғы демім біткенше алып барамын. Мен Қытайға қарсы емеспін. Алдымен сендер Қытайды тауып, бірлесіп отырсыңдар. Мен де бірлесіп отырмын. Ол коммунист емес. Мен де кім коммунизмге қарсы тұрса, соған қосыламын. Маған шен керек емес. Қысқасын айтқанда, қалаға қайтып бармаймын, – деді.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 64-65-бет. Бұдан соң Оспанды қайта Сарсүмге келуі үшін Генерал Ысқақбек, Генерал Сүгірбаев жəне Алтайдағы Кеңес консулы да əрекет жасайды. Бұл туралы Дəлелхан Жəнімханұлы былай дейді: “Оспанның демалысқа шыққан кезінде үш аймақтың əскери қолбасшысы генерал-лейтенант Ысқақбек, Алтайдағы қолбасшы генерал-майор Дəлелхан Сүгірбаев жəне Алтайдағы Кеңес консулы Оспан батырдың Сартоғайдағы ауылына барады. Оспан үш күнге дейін бұларды үйіне жолатпайды. Төртінші күні дегенде жолығуға рұқсат етеді. Кеңес консулы сөз бастап: - Арада кейбір түсініспестіктер бар. Оның үшін ағат кеткен істерді кешіріңіз. Жаңа келісімге келейік. Жалпы Алтай халқына, əсіресе Айтуған табына ерекше жəрдемде боламын, бұған сөз беремін, – деп портфеліндегі бір алтын медальді шығарып, батырға ұсынады. Батыр қолына алып: - Мен моншақ тағатын қатын емеспін. Сен тағып ал, – деп жанында отырған зайыбы Баянға береді. Сонымен сөз кесіліп, үшеуі қонақ үйге шығып кетеді. Арада Қанатбай бастық жəне бірнешеуі батырға келіп: - Бұларды жібермейік немесе атып өлтірейік немесе ұстап Үрімжіге əкетейік, – дейді. Батыр олардың ешбіреуін қабыл көрмейді: - Елшіні ұстауға да, өлтіруге де болмайды, – дегендіктен үшеуі сол күні келген жеңіл машинамен Сарсүмбеге қайтып кетеді. Сонда, 62-бет.

Page 294: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

294

Оспанның да Əлиханның алғашқы хал-ахуалын біліп аман-есен тез шығып кеткені жақсы болды. Жүрегім орнықты. Міндетім орындалды. Бір күннен кейін есік ашылды. Тастембай мен Шертиман келді. Сəлем берді.

– Сізге амандасайын деп келдім, – деді. Мен тұрып: – Əкең Оспан мен Дəлелхан менің еңбегімнің пайдасын өздері

алды да, маған тиетін енші осы деп абақтыға салып қойды ғой, – дедім.

Шертиман Тастембайға қарап күлді де: – Біздің батыр қалай сөйлейді? – деді. – Батырыңыз ашуланып жатыр, – деді. Шертиман: – Батырды қырға көшіріп əкетіп барамын, – деді. Алты күннен кейін басыма дорба кигізіп, екі əскермен

Пазылбек алып жүрді. Сұрақ үйге барсақ Мұқаметов, Тастембай, Ахметбай, Ахмет Зəки молланың үлкен ұлы отыр екен. Тамақ іштік. Дастарқан жиналған соң Мұқаметов сұрақ қылды.

– Нұрғожай неге келдің? Сенде осы Алтайға келетін бет бар ма? деді.

– Менің егіп кеткен жемісімді сен жейсің. (157) Сен Іледе тайни болып, 67 адамды өлтірткен едің. Сен неге келіп жүрсің?

– Мен үкіметтің сақшы бастығымын. Сен отан сатқынысың. Ондай сөз сөйлеуге құқығың жоқ, – деді.

– Мен отан сатқыны емеспін. Мен Алтай халқының тəуелсіздігі жолында өткендегі Шығыс Түркістан тоқтамына қол қойған, азаттық туының астында ант берген адаммын, – дедім.

– Мынадай жалған үгіт қағаз неге таратасың? – деп шкаптан суырып алды да бір топ қағазды үстел үстіне лақтырып жіберді.

– Бұл қағазды мен жазған емеспін. Жəне таратқан емеспін. Ол, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1945 жылы маусым айында бүкіл дүниежүзіндегі үлкенді-кішілі соғыстар тоқтатылсын деген қарары. Оған Шынжаң демократиялық үкіметтің орынбасары Ахметжан Қасыми қол қойған. Қажет болса сондай адамдарға сұрап ұғысыңыз, – дедім.

Мұқаметбай сөз таба алмай ұрып қалып еді. Мен де ұруға ұмтылдым. Тастембай мынаны айтты.

– Əй Мұқаметбай, біз сізге айтқан едік. Нұрғожай саған сөз бермейді. Жауап алғанды қойып, төбелесесіңдер деген едік. Ісің не болмақ? – деді. Мұқаметбайды шығарып жіберіп, Тастембай мен

Page 295: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

295

Ахметбай Тынысайбұлы менің қандай жолдармен қалай көшкенімді ғана сұрап жазып алды.

Мен тұрып: – Дəлелхан, Тастембай сендердің алдарыңда қар жастанып, мұз

төстеніп, барлық шайқаста алда болған едім. Мансапты қайырып қойып, істің алдында жүріп едім. Дайын үкіметке ие болып, енді бүгін Шың Шысай тұсындағы Іле халқының түбіне жеткен атақты кəрі шпионды бұл жерге неге əкеліп алдыңдар? (158) Сендерге беретін жауабым жоқ. Ұзақ жыл төңкеріс істедім. Халыққа қарсы емес едім. Фашистік саясатқа қарсы болып келдім. Бүгін сол фашистік саясаттың шпионың əкеп іске салып, мені абақтыға қамап отырсыңдар, – дедім.

Ол күні қайтып түрмеге барып жаттым. Тамақты қысқартып тастаған еді. Дəрет төгуге, демалуға бес минуттық уақыт беретін еді. Бір күні дəрет төккелі бара жатыр едім. Қарауылдың мылтығын төсегіне іліп жатқанын көрдім. Жүгіріп барып мылтығын оғымен тартып алдым. Дарбазаға барып едік, қарауылдағы екі адам мылтық ұстай алды.

– Мен сендерді өлтірмеймін. Тастембайды шақыр, – дедім. Тастембай келді. Бес оқты мылтықтың таңдайына салып

қойдым. Тастембай дірілдеп жақындай алмай қорқып: – Не болды сізге? – деді. – Мені аштан өлтірмексің бе? Үйімнен тамақ алғызып бер.

Сұрағың болса, сұра! Қылмысымды мойныма қой! Ататын болсаң, ат! – дедім.

– Күнəң жоқ. Мылтығыңды маған бер, – деді. Мылтықты бердім. Тамақ молайды. Күндіз жарық үйде

отырдым. Түнде барып түрмеде жататын болдым. Жиырма күннен кейін мені қайта шақырды.

– Сен Үрімжіге барарда 85 адамның мөр басып бергені рас па? деді. Мен:

– Рас. Бүкіл қазақты, яғни бес аудан халқын бір ауданның жеріне апарып қамап қойса, мал жұтаса, қазақтар аштан өлсе, қазақ жейтін кебек ұнды орыстар да, Моңғолдар да сатып бермесе, сондай қиын жағдайда тұрған халық үшін мен тыныштық көкседім. Орыс пен Моңғол қазақтың қырылғанын күтіп отырғанын түсінгеннен кейін тағы да қазақ өкініштікке ұрынбасын деп ойладым, – дедім.

Page 296: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

296

18 күннен кейін түнде шақырды. Бұл жолы жалғыз ерікті едім. (159) Бір үйге енгізіп жіберді. Барсам Дəлелхан, Тастембай екеуі отыр екен. Дəлелхан түре келіп сəлем берді.

– Ағарып алда жүруші едіңіз. Ат құйрығын бермей кеткеніңіз қалай? – деді.

– Өзің Ресейге кеткенде кімге айтып кетіп едің? – дедім. Дəлелхан Тастембайға қарап – Батырың баяғы қайратынан əлі қайтпаған екен, – деді. Үшеуміз сырластық. Барлық жағдайды бастан ақыр айтып

өттім. Дəлелхан осы жағдайлардан хабарсыз екендігін айтты. – Ертең той жасап сізді қайтарамыз. Барлық адамдармен қол

алысып амандасасыз, – деді. Ертеңінде абақтыдан шығып, Тастембайдың үйіне келдім. Көп

адамдар отырыпты. Əбдірасұл мен Келес батыр отыр екен. Көпірде 30 адаммен келе жатқан Дəлелханға тағы да амандастым. Аралға барып, мал сойып той қылды. Менің шығуыма ең бірінші себеп бүкіл Жəнтекей жиылып, 1.500 адам мөр басып қағаз жазып, Дəлелханға тапсырыпты.

– Нұрғожайды босатыңыз. Болмаса қару-жарақ күшімен тартып аламыз, – деген екен. Сондықтан орыстар да мені түрмеден босатуға мəжбүр болыпты.101

1946 жылы 3 шілдеде аман-есен үйіме жетіп бардым. Ауылым Бала Ертістің екі ашасында отыр екен. Дəл отырған жұрты Шұлғау дарасының аузындағы Бала Ертіске құйған жеріндегі жазық екен. Барлық туыстарым арасан басында, жол үстінде тосып отыр екен. Оларға амандасып, үйге бардым. Екі күннен кейін той жасадым. Оспан аулы Ала Айғырда екен. Тойға Оспанды да шақырдым.

Менің малымды Қалқа шауып кеткен болатын. Бүкіл туысқандар 60 жылқы (Оспандікі екі ат), 200-ден астам қой, төрт түйе əкеліп берді. Бүкіл халыққа рахмет айттым.

Үш аймақшылдар туралы Оспанмен пікірлесу

Бір жұмадан кейін Оспан шақырған еді. Сонда бардым. Оспан ақ сарбас айтып, мал сойып той жасады. Барлық мəселені бастан ақыр Оспанға баяндап өттім. (160) Оспан:

101 Сүгірбаев, Нұрғожайды абақтыдан босатқанның Оспан екенін алға тартады. “Көшерінде [Оспанның Сарсүмбеден Көктоғайға көшуі айтылып отыр – Ə. Қ.] қоярда қоймай жүріп Нұрғожайды түрмеден босаттырып əкетеді. Дəлелхан Сүгірбаев оның мұнысына бірлікті, ынтымақты көздеп амалсыз жол береді.” Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 126-бет.

Page 297: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

297

– Орыс үкіметі мен Моңғол үкіметі бізді келістіріп бір алдады. Оның алдайтының сонау 1942 жылдың өзінде-ақ түсінген едім. Ол кезде орыстар мен Моңғолдар герман-жапон соғысының ауыр күндерін басынан өткізіп жатыр еді. “Осындай қиын жағдайда бізге бір мүмкіндік туа ма?” деп ойлаған едік. Олардың мақсаты ауыр кезеңде шикізат тауып алу жəне Шың Шысайдан өш алу еді. Сол үшін жын ойнатты. Шығыс Түркістан тəуелсіз ел болады деп бізді түсіріп кетті. Оның үстіне Шынжаңда орыс пен Моңғолға бергі елу жылда жауаптасып келген Алтай қазағы еді. Сондықтан осы қазақты ептеп құртуды ойлаған екен. Елді айдау саясаты Алтай халқын мол дəулеттен айырып қойды. Дəл осы жерден бізді тақырға отырғызып кетті. Ал екінші жақтан кенді қазірге дейін тегін əкетіп жатыр. Мұнайды тегін алу үшін Ахметжан, Ысқақбек, Дəлелханды қолдарына ұстап алды. Олар да қанша жасайды дейсің, орыс екеш орыс екені рас болса, – деді.102

102 Расында да Үш Аймақ Төңкерісі табысқа жете бергенде Дəлелхан Сүгірбаев, Ахметжан Қасыми, Əбдікерім Аббасов, Ысқақбек Мононов жəне Шынжаң Демократиялық Төңкеріс Партиясы Үрімжі Аймақтық Комитетінің өкілі Лу Жи сынды оның жетекшілері бір айырплан апатында қаза табады. Ол уақиға туралы Сүгірбаев былай деп мəлімет береді: “Шынжаң бейбіт жолмен азат болар қарсаңында Жұнғо [Қытай] Халық Республикасының дүниеге келуін əлемге жариялау тұрғысынан ашылмақ болған 1– кезекті мемлекеттік саяси мəслихат Кеңес інің бірінші мəжілісіне қатынасу үшін Үш Аймақ Төңкерісінің Ахметжан бастаған басшыларымен бірге Дəлелхан Сүгірбаев “Жұнғо Халық саяси мəслихат Кеңес іне дайындық комитетінің” меңгерушісі Мау Зыдұңның ұсынысы бойынша Бейжинге бара жатып 1949 жылы 8 айдың 27 күні бұрынғы Кеңес Одағының Байқал өңірі əуе кеңістігінде айырплан шырғалаңымен бақытқа қарсы 43 жасында қаза болды. Шырғалаңның мəн – жайы былай болған. Дəлелхан Сүгірбаевтар 8 айдың 22 күні Құлжадан автомобильмен аттанып Алматыға барады. Одан соң Кеңес Одағы Үкіметі жақ дайындаған арнаулы айырпланға отырып Иркуцки қаласына барғаннан кейін əуе райы өзгерісімен үш күн аял болып қалады. Бейжинде ашылатын мəжілістің уақыты таяп қалғандығы себепті əуе райының нашар болғанына қарамай 4– күні өкілдер: алдағы бекет Ұланбатыр аэродромының əуе райы ашық болса, бүгін аттансақ деген пікірді айтады. Ақырында олар Иркуцкиден көтеріледі. Байқал көлі өңірінің əуе кеңістігіне ілінгенде жаңбырлы тұманға жолығады. Оның үстіне тағы бір қырсыққа жолығады – айырпланның компасы жұмыс істеуден қалады. Бағдарды айыру мүмкіндігінен айрылған айырплан алды – артындағы аэродромдарға “қатерге жолықтық” деп хабар береді. Екі жақтан дереу бірнеше шарлаушы айырпландар шығып, оларды іздейді. Амал не? Соқыр тұманда біріне бірі жолыға алмайды. Жолаушы айырплан тұманды жарып шығу үшін барынша əуелеп ұшып, екі сағаттан аса уақыт əрекеттенсе де еңбек зая кетеді. Оның үстіне Ұланбатырға жететіндей ғана құйылған жанар зат əбден таусылады. Айырплан Байқалдың батыс оңтүстік жағындағы таудың бір заңғар шоқысына соғылады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 227-228-бет. Үш аймақ жетекшілерінің қазасы не себептен екені белгісіз жұртшылықтан үш бойына жасырылды. Бұл турасында Жақсылық былай дейді: “Сол жылы күзде, яғни қараша айында Сейпиден Əзези Құлжа қаласына келді. Ел жиылып аэдромға шығып қарсы алды. Жəне онан бірінші сұралған сұрақ: “Біздің көсемдеріміз қайда?” – деген сауал болды. Оған Сəйпиден: “Кешкі сағат бесте ОҚАҚ-ы клубына келіңдер, – деді. ОҚАҚ-ы дегеніміз сол кездегі Құлжадағы ұйғыр, қазақ, қырғыз клубы еді. Кешке қарай ел сонда жиналды. Клубқа жиналған қалың елдің алдында Сəйпиден көз жасын ағызып жылап тұрып: “Біздің көсемдеріміз – сүйікті адамдарымыз Пекинге кетіп бара жатқан жолында 28 Тамыз күні ұшақ апатынан қазаға ұшырады” – деп қаралы сөз сөйледі. Олар жөніндегі тұңғыш хабар халық жұртшылығына үш айға жақын уақытта осылай естіртілді. Сəмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. Алматы, 2000, 157-158-бет. Шетелдік ғалымдар осы апаттың табиғый ма, қастаңдық əрекеті ме екендігінін таласты екенін айтады. Forbes A. Warlords

Page 298: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

298

– Мен сіздерге жарнамамен тоқтамды қолға ұстап отырып қалған жерде қалайық деген едім. Бүгін сол қалған жерге келіп тірелдік, – дедім. Оспан:

– Орыстан да, Моңғол үкіметінен де Дəлелханнан да, үш аймақ атты үкіметтен де қол үздім. Аса сенімді ақыл беретін Əлиханнан айрылдық. Бұл бізді Іле үкіметінен айрылуға əкеп соқпай қоймайды. Сарт қашанда табанының қышыры жоқ халық еді. Əкбар қозғалыс бастаса, оны сарттар қызғанып, сыртынан атып тастапты. Керей жиналып Дəлелханмен тату болыңыздар деп жатыр. Бірақ Дəлелханның не істегелі отырғанын бұл Керей жете түсіне алмай отыр. Орыстар да Құлжада жасырын жиын ашып, Оспан мен Қалибекті сыртынан атып тастау туралы қаулы алды. Оның ішінде Дəлелхан бар екен. (161) Мұны мен сенген Дəлелхан емес, бөгде ағайын хабар беріп отыр. Осындай адаммен қайтіп ағайынның тату болуы керек? Мен де орыстарға “Əлиханды қайтарып алып кел. Татулықты сонан басталық. Кең қазатын болсаң, тоқтам жасалық. Жердің жаратылыс байлығының иесі бізбіз. Шаруашылық қимылды біз өзіміз жүргіземіз.103 Қолымызда əскери үкімет болады” дедім.

– Осының бəрін өзің жақсы білесің, – деді. Мен тұрып: – Сіз қайтадан Сарсүмбеге кіріп алсаңыз, ептеп Дəлелханды

тұғырға қондыралық. Бүкіл халық бізді жақтайды. Тіпті орыстардың консулын айдап шығалық. Консул алып беру жөнінде біздің орыспен жасаған тоқтамдарымыз жоқ қой, – дедім. Оспан:

and muslims in Chinese Central Asia. London – New York, 1986, 221-222-бет. Баймирза Хайит Кеңес Одағының жақтасы Дəлелхан Сүгірбаевпен жолдастарының Кытай Коммунистік үкіметін тану турасында көңілсіздік сыңай байқатқандықтарын, өйткені олардың өздерінің өз алдына бір үкімет құру ойларының болғанын айтады. Міне сондықтан олар 1949 жылы 15 тамызда Алматыға шақырылған. Хайит Б. Türkistan Rusya ile Çin arasında. Ыстамбұл, 1975, 330-бет. 103 Сүгірбаев та Оспанның Кеңес Одағының өздерімен келісім – шартшыз кен қазуына үзілді – кесілді қарсы шыққанын атап өтуде: “1936 жылы Шың Шысай үкіметінің ұсынысы бойынша Кеңес Одағының кен барлаушылары жұмыс жүргізген 1937 жылы 7 айда Шың Шысай Москваға барғанда Сталинмен тікелей қол қойысқан келісім бойынша, 1941 жылы 5 айдан бастап Кеңес Одағы үкіметі машина – жабдық, инженер – техник, қаржы шығарып ашқан, кейін Шың Шысай Нанжиң үкіметінің қойнына кіріп, Кеңес Одағынан бет бұрғандықтан Шың Шысай үкіметінің əр алуан қысымына ұшыраған, сонымен бірге дүниежүзілік екінші соғыс шиеленісіп, Кеңес үкіметі адам күшін, заттық күшін неміс басқыншыларына қарсы алдыңғы майданға жұмылдыруға тура келген соң 1943 жылы 7 айда уақыттық тастап кеткен Көктоғай кеніне 1946 жылы 6 айдың басында Кеңес Одағының кен ашушылары қайта оралып орналасады. Бұдан хабар алған Оспан көсемсіп абырой таба қалу мақсатымен өзінің жемтіктестеріне, сойыл соғуларын, басқа да кейбір жұрт беделділерін шақырып жыйын ашып: – Жер менікі тұрса, орыстар бұл жерге менің рұқсатымсыз неге келеді? Оларды қуалап жіберу керек! – деп тұлан тұтады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 129-130-бет.

Page 299: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

299

– Дəлелханға күшіміз жетеді. Консулды айдауға болмайды. Оның келуі жөнінде мемлекеттік тоқтамдар бар екен. Енді бітім жасаймыз деп отырғанда қытай мен орыс арасында қайшылық туып, іс тағы да бұзылады. Халық күйзеліп кетеді. Халықаралық жағдайды күзетіп тұралық. Саясатшылардың дүниедегі ең біріншісі болып орыстар біздің пайдамызды басқаларға айырбастап отыр. Болашақта сол досы, орыстың сазайын тартқызатын болады. Сен жайында орыс консулы “Нұрғожайдың бітім іздегені, тыныштық іздегені қате іс емес. Оның айтпай кеткені қате. Қашып кеткені қате. Ол үшін бір жылдық түрме жазасын берсе болады” депті. Ең ақырда бүкіл Жəнтекей ұран салған соң, олардың да шарасы қалмады, – деді.

11 тармақты бітімнің біреуінде үш аймақтың орынбасар уəлилерін демократиялық өлкелік үкімет белгілейді. Оңтүстіктегі жеті аймақтың уəли орынбасарлары үшін үш аймақ адам жібереді делінген.104 Алтайдың орынбасар уəлиі міндетіне Ноғайбайұлы Түркістан жанында бір жолдасымен келе жатса, Дөрбелжін (162) қаласында орыстар ұрғызып өлтіріпті. Шəмсидін ұлы Нұсратты ғана өлтірмей алып қалған. Осының барлығына Дəлелханның тікелей қатынасы бар. Жалғыз мылтықпен жүргенде де жаратқан Құдай сақтаған. Ұзақтан бері бағы жанбаған қазақтарды осындай аламестер құртып келе жатыр. Қазақстан мен Моңғолиядағы қазақтарға да орыс, Моңғол бандиттері білгенін істетіп келеді.

“Ит ала болса, бөрі азығы” деп Абылай сонау ертеде айтқан еді. Сол қазақ қазірге дейін бөрі азығы болып келе жатырмыз. Біз қазақтар өзімізге қашып келген өзбек, ұйғыр, татар, сібе, солаң қатарлы адамдарды сіңіріп алып едік. Сол адамдарының барлығы бүгін орысқа жағымпазданып отыр. Əсілінде Тары Би айтқандай, ондайларды келсе ішке араластырмай, жолатпау керек екен. Құлжадағы тараншы, татар, өзбек, ұйғыр, сібе, солаң арамызда

104 1946 жылы 6 мамырда орталық үкімет уəкілі Жаң Жежұң, халық уəкілдері Рахымжан, Əбілхайыр төре (ұйғыр), Ахметжан Қасыми қол қойған тоқтамның тармақтары: 1. Сайлау құқығын тану; 2. Дін еркіндігі құқығын тану; 3. Жалпы қатынас істері қытайша жəне ұйғырша болып жазылады; 4. Бастауыш жəне орта мектептер ұлттың ана тілінде тілінде болуы; 5. Ұлттық мəдениет жəне көркем өнерді еркін дамыту; 6. Баспасөз, жиналыс өткізу еркіндігі болуы; 7. Баж істерін тəртіпке салу; 8. Халықтың ел ішінде жəне шетелде сауда істеу еркіндігін тану; 9. Өлкелік үкіметті қайта құру. Үкімет мүшесі 25 болып, Орталық үкімет оның 10 мүшесін тікелей сайлай алады. Қалған 15 мүшесін аймақтағы халық сайлайды; 10. Ұлттық армия құруға жол беріледі; 11. Екі жақ қолға түскен тұтқындарды тоқтамға қол қойғаннан кейін 10 күн ішінде еліне қайтарады. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 59-60-бет. Түпкі нұсқасы Тайван Тарих Институтының архивінде сақтаулы осы келісімнің толық мəтіні үшін қараңыз: Benson L. The Ili rebellion the moslem challenge to chinese authority in Xinjiang 1944-1949, 185-187-бет.

Page 300: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

300

қандай іс істеп отыр? Басқа күн туғанда Абылай “Алаш туған болмас, ағаш құман болмас” деп өте тура айтқан екен.

Оспанның Алтайдан кетуі

1946 жылы 3 маусымда Қу Үйде Оспан мен Дəлелханды

татуластыру шарасы ойластырылды. Дəлелханды жиырма адаммен əкеліп, Оспанның аяғына жығатын он екі Абақ Керей билерінің Кеңес і болып өтті. Бұл уақытта мен түрмеде болғандықтан Кеңес тің мазмұнынан азырақ Оспанның өзі айтқан сөздерінен ғана мəлімет бере кетейін. Сол кезде Қу Үй жиналысында басқа да болған Кеңестерден сөз қозғамадым. (163)

Мен бірнеше уақыт Оспан үйінде əңгімеде болдым. Сонау 1930 жылдан бері болып жатқан ахуалдарды бір рет зерттеп қорытындыладық. Əсіресе 1932 жылғы сəуір айында Шығыс Түркістан тəуелсіз ел деп жариялаған кездегі халықаралық жағдайдың туу себептерін еске алдық.

Сол жылдары Ресей əлі күшейе қоймаған. Қытай Гоңшандаң (Қытай компартиясы)ы105 қашып орыс шекарасына келген еді. Гоминдаң Америкаға сүйеніп, батыс терістік бес өлкені “сен биле мұсылмансын” деп Ма Пұпаңды белгіледі. Ма Пұпаң Гоминдаңнанжиң үкіметінің 36 дивизиясы деп Ма Жұң Юңды Шынжаңға өткізгенде, осы күштен Шынжаңды сақтап қалу үшін орыстар Шығыс Түркістан тəуелсіз ел деп жариялап, Қожаниязды тапқан еді. Бұл арада Жын Шурын қашқан соң Шың Шысайды қолына қондырып алып, Қожаниязды құлатып жоғалтып жіберді де Коминдаңға Шың Шысайды қарсы қойды. Сөйтіп бір көпірден орыстар ептеп өтіп өз шаруашылығын оңдап алды. Шың Шысайды Шынжаңдағы таптық күреске салып айналдырып қойды да шикізаттарды тауыса алмай жұтып жатты. Шың Шысай Ресейліктерге “Шынжаңның шикі затын, кен байлықтарын неге алып жатырсыздар?” дей алмады. Өйткені орыстар Шың Шысайды бір түрлі қиын жағдайда қалдырып, қарсақ жортпас қара адырға салып жіберген еді.

Сонау 1921 жылдың өзінде Коминтерн Шынжаңда Шығыс Түркістан елі болу үшін олардан бір “социал демократтар атты партия құру керек” деп қаулы алған болса да, оны орыстар іске асырмай қойды. 1942 жылғы 20 қарашада жарияланған Шығыс

105 Қытай Компартиясы

Page 301: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

301

Түркістан жарнамасының күйі мен жайы осы. Міне бүгін біз соның ең соңғы нəтижесін көріп отырмыз.

Ал десе аясына алады Алтай, Көргенде көңілге күй салады Алтай. Сұлудай торғын киіп бұлт жамылып, Арқаға əлденеше қарады Алтай. (164) Арқадан тəуелсіздік келеді деп Арқаға үш рет қарады. Қайыр

қазақтарға тəуелсіздік алып беретін қайраткерді тарих бізге орыстан да, Моңғолдан да, қытайдан да туғызып бере алмайды. Біздің қорытындымыз енді осы. Ондай болса, қытайдың Сан Мын Жұйын да көрелік.

Оның пайда зияны айрылған соң барып, оның да қортындысын шығаралық. Сан Мын Жұйдың партиясының күйі де халықарада үстем болып отырған жоқ. Ұлттық ақыны (құқықты) танимын депті ғой. Дей келіп өз пікірімізді қорытындылап, “Біз орыс үкіметінен де, Моңғол үкіметінен де, уақытша Іле үкіметінен де, тіпті Дəлелханнан да іргемізді аштық. Бізге енді сіздермен байланыс жасау қажет. Сондықтан телеграмма аппаратын адамымен жіберіп берсеңіздер.” деп Сарбас Нүсіпбайға үш жолдасын беріп, Үш Бұлақ жолымен барып, Жан Же Жұңнан хабар əкелуге жіберілді. Екі ауыл көшіп Жебетіге келдік. Осы жұртта Оспан шешесінің асын берді. Нүсіпбай барып, Жан Же Жұңнан хабар ала алмай, дəл сол кеткен жұрттың өзінде қайтып келді. Дəл сол жерде жанына екі адам қосып, Қанатбайды қайта жібердік. Бұлар да қос атпен Үш Бұлақ жолымен Жан Же Жұңға барды. Жан Же Жұң:

– Сендердің орыс пен Моңғолдан айрылғандарың рас па? – деп сұрапты. Қанатбай:

– Айрылмасақ неге келеміз? – депті. Жан Же Жұң Яң Кайшын дейтін радиосисты қосып жіберіп

беріпті. Оспан аулы Күртіде отырғанда алып келді. Осы жерде Қалман əкесі Ақыт, шешесі Үкіжанға ас берді. Дəлелханды асқа шақырған еді. Оның орнына Тастембай келді. Ас тарады. Қанатбайдан Түркістанның өлтірілуінің мəн-жайын ұқтық. Түркістаннан жіберілген Алтайдың уəлилік таңбасын орыстардың Дөрбелжін ауданындағы шпиондары тартып алып қалыпты.

Ендігі таңба Бəйтік жолы арқылы жіберіледі деп гүңсе жіберілген екен. “Таңбаны алып Əлен Уаң, Сүлеймен Сарыбай барады. Жəне бірнеше жүз түйе (165)əскери қажетті заттар, бұл, шай жіберіледі. Шонжы – Бəйтік арқылы барады. Бірақ Бəйтік

Page 302: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

302

тауында Қалқаның қарауылы бар. Сіздер Бəйтік тауына қарауыл жіберіңіздер” депті.

Мен Оспаннан: – Осы қарауылға мен барайын. Мал-жанымды Қалқа шауып

кетті. Бір рет өш алсам, – деп талап қойдым. Бұдан бұрынырақ талап етіп өтініш жазғанымда Оспан мақұлдамаған

– Тыныш тұралық. Жақсылық істейміз деп бір кезде жабысқан Қалқаның өзі еді. Бүгінгі жамандық ойлаған да өзі. Алладан күтсін. Бір таудан айрылдық. Тағы бір тауға арқа сүйейміз деп тұрғанда одан да айрылып қалып жүрмелік, – деген болатын.

Осы жолы менің талабымды бекітіп, 24 адам алып жүріп кеттім. Құсайұлы Зарлықан қатарлы сенімді адамдарды таңдап алдым. Күртідегі Оспандікіне барып, рұқсат қағазыма таңба басқызып алдым. Үш күн, үш түн жүріп Бəйтікке бардым да Оранбұлақтың шатына бекіндім. Қойыртақыда қарауыл бар ма деп тексерген едік. Ол жер иен екен. Жаныма үш кісі алып, Нарын Қарағайты жəне Қожыртыға бардым. Қожыртының теріскейіне қар жауған екен. Онда жайылған жылқы ізі көрінді. Жерді шалып, қайтадан қосқа келдім.

Сегіз адамды сол шатқалға тастап, қосар аттарды баққызып Қожырты мен Үлкен Қарағайтының арасындағы дөңнің үстінде алты үй бар екен. Қожыртының суына жақындап, кезеңге шыға келсек, 300 ат, 40 түйе баққан əскерлер енді ғана аттарын жинап қосқа кетіп бара жатыр екен.

– Жасырын жағынан тосып отыр, – деп Зарлықанды жібердім. – Оқ атпа, сездіріп алмалық, – дедім. Бір қанша адаммен барып,

малды айдап шықтық. Малдың енді бір шетінде қарауылдап жүрген бес əскерге кезігіп қалып, қоршап алып, бесеуін де өлтіріп, мылтығын, аттарын қоса алдық. Үйден бір əскер қорқып шыға алмады. (166)

Біз малды алып шыққаннан кейін Зарлықан қарауылды тастап, бізге қарай жүргенде артқы жағынан атқан оқ оның атына тиді. Жəне менің атыма да оқ тиді. Адам аман болып, Қожыртыны өрлеп, малды айдап жолға шығып едік. Артымыздан 12 адам қуып келді. Олармен атысып, төртеуін өлтірдік. Қалғаны қашты. Жиыны 9 мырыш, 300 ат, 40 түйені алып, Оранбұлаққа қайтып келдік те тоқтамастан Өндірқараға түсіп кеттік. Жолдастардың мылтық түсіргендерін өзіне бердім. Екі түйе, бес аттан олжа бердім. Қалған

Page 303: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

303

малдарды Қалқа менің малымды талап алып кеткендіктен өзім алдым.

1946 жылы қыркүйекте Дəлелхан Алтайдың азат болған тойына Оспанды шақыртып Тастембайды жіберіпті. Өткен жылы сол базардан Оспан көшіп шыққанда өзінің орнына Уатқанды қойып кеткен болатын. Осы жолы да, Оспан өзі бармай, “Менің орныма Уатқан қатынассын” деп Тастембайды қайтарып жіберді.

Оспан ауылының жанындағы Ақ Үй Соғыс Комитеті кетіп қалғандықтан тағы да іс жүргізетін бір комиссариат құрдық. Екі үй кеңсе тігілді. Қапас мүпти, Əбдірахман Би, Қасен зəңгі, Ақмолла, Сұмғазы сол кеңседе отырып іс жүргізетін болды. Оспанды қорғайтын бір гарнизон əскери күш, 200 адам шығарылып, оның бастығына Жылқайдар белгіленді.

Үрімжіден келген радиосист қытайға бір үй тігіліп берілді. Үрімжімен қолма қол сөйлесіп отырдық. Үрімжі – Шонжы Алтай сауда жолын аштық. Оспанға үкімет таңбасын Əлен Уаң əкелмекші еді. Əлен ауырып қалып, таңбаны Сарбай, Сүлеймен, Жəнімханұлы Хамит алып келді. Осылармен бірге 500 түйе бұл, шай келді. Ел мен ел арасында сауда болып жатты. Жаңа құрылған іс басқару комиссариаты той жасады.

Сонымен қыс болды. Қар жауды. Оспан үкімет таңбасын тапсырып алып, Өндірқараға (167) көшіп келді. Алдыңғы келген қытай қашып кетіп, оның орнына Жүніс Дүнген келіп орналасты. Оспанға аударушылық қызметіне Құрманбай Тиянақұлы, Татай Қасымұлы орналасты. Оспан аулы Өндірқараға қонғаннан кейін комиссариат мекемесінде Бурылтоғай, Көктоғай, Шіңгіл ауданындағы бізге қарасты болып жіктеліп отырған халықтардың тұрмыс күйлерін, қорғаныс күйлерін зерттедік.

Ел ішінде екі беткей болып отырған Уатқан, Лəтіп, Нəзір тəйжі, Қалман қазы қатарлы адамдарды қайту керек деген мəселе туралы Кеңестік. Кейбіреулер:

– Қолға алып кісендеп қамап тастау керек, – деді. Енді біреулер:

– Ұзақ жылдар өзімізбен бірге қар жастанып, мұз төсеніп төңкеріс істеді. Сонымен бірге олар өзімізбен бір туған, ет бауыр туыс. Жау жағадан алғанда, бөрі болып олар етектен ала қоймас. Оларда қазіргі жағдайдан біраз қорқу бар шығар. Өйткені біз орыс үкіметінен, Моңғол үкіметінен, Құлжадағы уақытша үкіметтен де,

Page 304: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

304

Сарсүмбе қаласындағы Дəлелханнан да қол үзіп қалдық. Төрт жағымыз бірдей жау. Бізде қазір белгілі сүйеніш жоқ, – деді.

Сонымен Шың Шысай кетіп, У Жу Шүн келген соң, Сан Мын Жуимен бітім жасадық. Бұл қытай тарихтан бері үлкен керекке жарамай келген осал халық. Сол жақтан орыс-Моңғол келіп əскери күшпен соғатын болса, онда қытайдың айырып алатын күші жоқ. Қытайдың он жылдан бергі соғысу ахуалын өзіміз жақсы біліп алған едік. Енді біз осы адамдармен сырластық істерін жүргізелік деп Кеңестік.

Комиссар мекемесі мен Оспан аулын қорғау əскерін молайтып, полк етіп құрдық. Оның сыртында үш аудан халқының бəрінде мылтық бар. Моңғол шекарасына, атап айтқанда Дəлелханмен екі ортаға шекара руларын əскерге алмай солардың өзін сол жерге қарауыл етіп белгілеу керек деп қаулы алып, оларды орналас-тырдық.

Мен Жəнімханұлы Хамит, Өмірзақұлы Жанатты алып, Нəзір тəйжіге жүріп кеттім. Ол адамға барып жоғардағы ел өміріндегі тоқталып отырған барлық жағдайды айттым.

– Енді қайтеміз? Қайту керек? Тағы да бұғып қөру керек пе? Əлде болса, болмағанда үш аудан халқы өлсек бір шұнқырда, тірі болсақ бір төбеде боламыз ба? (168) Біз үш аудан халқы ұлы бірлік істеген уақыттарда, жаудың 50-60 мың құралды армиясын жойып, жүздеген самолеттерін, мыңдаған танкілерін қиратып, бүгінгі бауырластарымызды сақтаған едік. “Төртеу тең болып, төбедегі бақытты түсіріп алған да едік”. Кəнеки бізге не ақыл айтасыз? Мені сіздерге Оспан батыр жіберді, – дедім.

Ақыры Нəзір тəйжі барлық жақтан мақұл болып Оспанды қорғауға уəде беріп, інісі Сұлтанды маған қосып берді. Уатқан, Лəтіп олар да түгелдей жолдастарын ертіп, Оспан жанына келіп серт беріп қайтты. Бол жолы жалғыз Қалман келмей қалды. Манат та Дəлелханнан шығып Оспанға оралды. Уатқан, Лəтіп елдеріне жылқы айдап барып келген болатын. Салық тəйжі бір жиын ашқан кезінде өзі бірге болып Оспанды қорғауға мақұл болды. Туысқандық, сырластық бізді аз болса да тағы да бір рет бірлестірді. Шəри зəңгі əуелден берекенің ішінде болатын.

Оспан маған: – Қалманды ұстап əкелуге кетемін. Нұрғожай өзі аттанып маған

келе қойсын, – деп адам жіберіпті.

Page 305: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

305

Мен дереу келсем, Оспандар аттанып Ақыт аулына барған екен. Қалман қашып кетіпті. Біз Оспанға:

– Туыс емес пе? Қаттылық істемеңіз, – деп сабасына түсіріп, Ақыт мешітіне апарып бесін оқыттырдық. Енді бір жағынан Ақыт туыстарын əрекеттендіріп үш сиыр, бір қанша қой сойдырып қойдық. Сонымен Оспан Ақыт үйіне келіп түсіп, түстік тамақ жеді. Оспан отырып:

– Қалман мен шақырсам келмеді. Əкесінің орнын бұлдады ғой. Мен өзім сəлем берейін деп келдім, – деп қойды.

Оспан бұл жолы қатты кəр төгіп келген еді. Біз ол кісінің бір жолғы ашуын тілеп алдық. Оспан жүрерде:

– Қалманның мені сыйламағаны, əкесі Ақытты сыйламағаны шығар, қайыр. Қашып кеткен екен. Қазез мешіт имамы сен бол, – деп Қазезді аулына ертіп қайтты.

Біз жиын ашардан бұрын Өмірұзақ залың Манатпен өкпелесіп 20 адамымен қашып, Оспандікіне келіп жатқан еді. Артынан Манат өзі келіп Оспанға қосылған еді. Сөйтіп үш аудан арасындағы қайшылықтар сырласу арқылы реттелді. (169)

Жаз шыға Дəлелхан соғыс бастайды екен деген сыбыстар ел ішін аралай бастады. Манатты 200 əскер беріп, Дəлелханмен екі ортаға қарауылға жіберді. Қапас батыр Бурылтоғай елімен Сарсүмбе ауданының екі арасына қарауылға жіберілді. Көп өтпей “Бес жүз əскермен Бəделхан шығыпты” деген хабар дүңкілдеп тұрды.

– Біз үш аудан елі соғыстан қорықпаймыз. Он жыл соғысып, соғыс дегеніміз əбден əдеттегі істерге айналып алған. Өлтіріп тұрсақ, өліп тұрсақ, ол біз үшін “қазылық пен шəйіттік” – деп қоятын едік.

Бұл жердегі ең жаман іс мынау болды. Екі жағымыз да қазақ едік. Бауырдың бауырды өлтіруі біздің санамыздан өтпеді. Оның ішінде менің санамнан тіпті өтпеді. Мен жатсам-тұрсам да “Енді не істеу керек? Жау десе жарғақ құлағым жерге тимейді. Жауды құртып, жеңіп болғанша тамақ ішпейтін əдетім бар еді. Мына жау деп отырғанымыз қазақ еді. Қазақ ішінде өзімізбен бірге туған Абақ Керейдің ұл-қызы еді. Япырай орыс пен Моңғолдың өзімізді өзімізге салып кеткені неткен сұмдық еді!

Неткен жадыгерлік! Неткен аянышты тірлік! Неткен бақытсыздық!

Page 306: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

306

Неткен надандық! Неткен қараңғылық! Он жыл соғысып, қазақ үшін қан кешілгенде енді бауырдың

оғынан өлеміз бе деген ойлардың бірі кіріп, бірі шығып тыншымды кетіріп жатты.

Дəл осы кезде 30 адаммен Бəделқан алдын тосып жер шалып кел деп маған бұйрык келді. Мен бұйрық бойынша жетіп келсем, екі аудан ортасында Меркіт Ыбырайхан үкірдай елі бар екен. Жəне Есіргеп Тыштай ауылдары бар екен. Сол жылы Мұсахан өлген еді. Алдымен Мұсахан үйіне барып сəлем беріп сол үйге Құран оқыдық. (170)

Мүрсəлім қыстан құр шыққан қарагер атын Қапасқа берді. Ыбырайхан үкірдай қарала атын маған берді. Екі ат бит домалап түсетіндей тойынған екен. Ол елге:

– Кеуделеп барып малдарыңды қоздата беріңдер, – дедім. Сол ауылдан шығып, жер шалып екі тұмсық айналсақ, үш

адаммен Ежен Бейсі кезіге кетті. Амандасып болған соң жөн сұрадым.

– Ертіске баратын ретің көрінбейді. Жер шалып Дəлелханға шпион болып, тың тыңдап жүрсің ғой. Атаң істемеген істі Оспан істесе жаман болмаған еді. Ең аяғы Дəлелханың болып, Мəми аулың болып Оспанның кəдірін көре алмадыңыздар. Мен қазақты қазақпен соғыстырмай Оспан мен Дəлелханды татуластырсам, – деп жүрмін дедім.

Олардан айрылып қайта келіп Қапасқа айттым. – Қазақ өзімізбен өзіміз соғыспалық. Қазақтың қанын төкпелік.

Бұл елдер қашанда біздікі. Қойларын қоздатып жата берсін. Дəлелхан елдің ылғи соғыс көрмеген жас баласын алып келеді. Олар біздің бір шарпуымызға келмейді де босқа қырылады, – дедім.

Қапас мақұл болды. Біз қайтып кеттік. Бəделхан ілгерілеп келмеді. Қайтып елге барсам “Бекторов, Могтонов саяси комиссарлар болып, Іледен Түсіпқан жынды шпион əскер бастап, Бурылтоғайдан түсіп өрлеп келеді” деген хабар келіп жатыр екен.

Оспан 200 əскермен Түсіпқан шпионды қарсы алуға тағы да мені жіберді. Мен əскерлер мен аттарын ыңғайлап алып, өзенді құлдап жүріп кеттім. Мен əскерді алып Сойтыға барсам, ондағы қарауыл Манат ел қыдырып ойын-күлкімен жатыпты. Ат-көліктерін де қырға шығарып жіберген екен.

Page 307: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

307

Сол жерде алдымыздан шыққан Өмірұзақ залыңның əйелі, жанында Қыстаубай Бұрынбай молланы ертіп Манат жатқан жерге келдік. Түсіпқан шпион Манатқа хат жазыпты. “Манат талай қарабет болған едің. Осы жолы біз келдік. Тағы қарабет боласың ба? Қай жолмен жүресің? Жолыңды таңдап ал. Біз келдік. Осы жолы қолға түссең, атқа сүйретіп өлтіремін” деп жазыпты. Хатты оқыдық та:

– Мына сатқын тыңшы, кəр шпионның күшін қара. Тəуекел Алла. Қазақты қазаққа əкеп салу əлгінің ісі ме екен? (171) Ол да орыстың сұмдығы қой, – дестік.

Біз əскерлерді алып, Бітеудегі Мақан молланың аулына бардық. Құсайынбай, Əділхан би, Əбдірахман би, Расұл залың, Мұштəри, Шарбақбай, Сарбай, Сағатай қатарлы ел адамдары Мақан молланың үйіне жиналды. Кейін Тиянақбай, Қажыбай зəңгі де келді. Оларға ашық айттым:

– Оспанмен соғысқалы орыстар Түсіпқан полкін əкеліп, Бурылтоғайға төгіпті. Мен осымен соғысқалы келдім. Алтай тауы жақта Қапастар атысып жатыр. Енді біздің бұл өзен бойынан атыс бермеуге мүмкіндік болмай қалды. Дəлелхан жақ болсаңдар рұқсат. Құлдай көшіңдер. Оспан жақ боламын десеңдер, өрлей көшіңдер, – дедім.

– Барлығы Оспанға барамыз, – деп уəде беріп, өрлеп кетті. Мен əскерімді алып, түнделетіп жүріп Деңнің керішіне бардым.

Сол жерге барғанда ел арасы сұйықтап үзіле бастады. Əскерді кейін тастап 30 адаммен жер шалып ілгеріледім. Өрлей көшкен Қыстаубай Сабыр қажының қыстауына барып түстік. Аздан соң бір Қыстаубай молла құлдап кетіп бара жатып:

– Жау өрлеп келе жатыр, – деп жетектеген түйесі бар қайта қашып келді.

Сол керіштің Алтай жағында жүретін тағы бір жол бар еді. Соны қарауылдап, жаудың алдын алып тұра қалдық. Жер шалып келе жатқан екі əскер көрінді. Оларға мылтықтың құндағын жоғары көтеріп едік.

– Өз адамдарымыз, – деп жетіп келді. Олар жанымызға келгенде ұстап алып қосқа жібердік. Байжұма деген збот бастығы екен. Жиыны 13 адам бірінің артынан бірі келіп, барлығы қолға түсті. Оларды артқы шепке қоя бердік. Ол адамдардан келе жатқан əскердің ахуалын сұрадық.

– Абайсызда басамыз деп Құм жақтан келе жатыр, – деді.

Page 308: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

308

Біз де Құмға шықтық. Біз оларды бұрын көрдік. Əбден жақындап қалғанда бізді көрді де:

– Ойбай құйыршық мұнда екен, – деп жалт берді. Сол қойнауда өзенге жақын тұрған бір ескі қорған бар екен.

Сол қорғанның ор жағына біз барып: бұрын қарауыл орнын алып қойдық. Біз аз адам болғандықтан бір үлкен қорғанның ығына сиып кеттік. Олар қалың əскер болғандықтан кіші-кірім жерге симайды. Қарауыл бізде болғандықтан елу атар пулеметті төгіп-төгіп жіберіп едік. Бүкіл бір үлкен қойнау жарым сағат ішінде адам мен ат өлігіне (172) үйіліп қалды. Қырылғаннан қалғаны қайта қашты. 80 адам өлген екен. 80 адамды тірідей қолға түсіріп алдық. Бізден бір адам, Ителі Дəлелхан Қасенұлы жаралы болды.

Біздің артымыздан Оспанға бағынып келген Борбыжап əскерлері жəрдемге келді. Түн бойы шпион сатқын қызай Түсіпқан əскерін өзенге де, жыраға да, тоғамға да қамап алып, аяусыз қырдық. Бастықтары орыс екен. Таң ата қашты. Жау қашқан соң біз шегініп, Дүреге келіп бас-аяғымызды жинап, адамдарды түгендедік. Елден келген хабарда:

– Ақдалаға қарай көштік. Шауқарға барамыз, – депті. Қолға түскен 80 адамды атын, азығын беріп, жеріне қайтарып

жібердік. Қазақ бен қазақтың соғысқаны, соншама қазақ жастарының қырылғаны менің идеяма сыймады. Мен Оспанға барып:

– Бəйтікке шығып кетелік, – деп едім. Оған көнбеді. Сұпты Күртіге қарай көшті. Мен елге хош айтып өзіме қараған туыстарымды алып Үрімжіге қарай көштім.

Жол бойы Ішбенін қағы, Отау Керіш, Шөмішбай, Көкбастау, Ханоба, Аштысу, Үшқұдық қатарлы жерлерді басып Пукан ауданының Өлеңді қобы деген жерінен барып шықтық. Үшқұдықтан су құйып алып үш күн көштік. Сонда барып Өлеңді қобыда суға іліндім. Ташанға барып жерлестім. Оспан:

– Нұрғожай біздің жанымызда жоқ, жау қырып кетті ме? Жоқ сіздер жаққа кетті ме? – деп Жəнімханға телеграмма беріпті.

Алдымыздан Жəнімхан адам шығарып іздеген болса да олар шөлден қорқып ілгерілеп бара алмапты. Өзіміз аман-есен жетіп барып орныққаннан соң Сүлеймен екеумізді Жəнімхан шақырған екен. 30 адам ертіп Үрімжіге бардым. Алтайдағы болған уақиғаны демократиялық өлкелік үкіметке баяндадым. (173)

Page 309: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

309

Басымыздан өткендерге шолу Мен жоғарыда өз басымнан өткен уақиғаларды жазып шықтым.

Мен Алтай қозғалысы атты осы қозғалыстың бастан ақыр ішінде болдым. Сондықтан менің осы реткі жазып отырған тарихтарыма естіген сөз бен əрекеттерді қоспадым. Тек өзім сөйлеп өзім істеген істер, Оспанның айтқандары, Оспанның маған берген жарлықтары, “Шығыс Түркістан Ақ Үй Соғыс Комитетінің” бастан ақыр ахуалын, оның мен арқылы болған көптеген іс-əрекеттерін ғана баяндап шықтым.

Мен ең бірінші рет, Оспан ішінде, құрылған тоғыз комиссар-дың, яғни тоғыз полковниктің бірі едім. Ең жоғарғы əскери қолбасшы Сұлубай батыр шəйіт болғаннан кейін барлық əскер құқық Кəмел екеуіміздің қолымызда болды. Ал Кəмел батыр шəйіт болғаннан кейін барлық əскери соғыс қимылдары негізінен менің қолымда болды. Тоғыз полктің адамдары, сол адамдар туып өскен рулардың өз елінен алынды. Шеттен келген қаруларды бөліп беріп отырдым. Ал жаудан түскен қаруларды да теңшеп бөліп беріп отырдым. Əскери азық-түлік жеке адамдардың өзіне міндеттелді. Біздің жауды көп алып отырудағы басты себептеріміз осыдан болды.

Əркім бір тұлып талқан алып, айлап соғыс жүргізді. Онан басқа жаудың əскери қорын тартып алып бөліп беріп отырдық. Жау қаруларын, оның басқа олжаларын түсірген адамдардың өзіне бердік. Ер, əйел, жастарға дейін мылтық үйретіп, бүкіл елді жаппай мылтық ата білетін етіп шығардық. Жаудан мыңдаған, он мыңдаған түскен жəшік-жəшік оқтарды машықтанушыларға үлес беріп отырдық. Бүкіл олжа, оқтың үштен бірі машыққа жұмсалды. Соңғы кезде мал бағатын жылқышылар, қойшылар, түйешілер, сиыр-шылар да қолына мылтық алып кезіккен жаумен атысып малды қорғай алатын дəрежеге жеткен еді.

Əрбір рулар өз алдына қарауыл ұстай алатын болды. Жаудың ұзақ уақыт атқылап күрес отында түрткілеп жүріп нығайтуы бізді талай-талай соғыс қабілеттеріне ие етті. Өралтай аталған үш аудан халқында бөлінушілік болмады. Осындай ұлы бірлік күш бізді өз кезінде көптеген нəтижелерге қолымызды жеткізді.

Оспан оқымаған адам еді. Бірақ шын батыр еді. Оның тоғыз орынбасары да оқымаған немесе сауатты ғана адамдар едік. Бізді заман мылтықпен ер жеткізді. (174)

Page 310: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

310

Бізді бандит Шың Шысай өлтірмекші болды. Біз оның қолында əсте арам өлмекші емес едік. Олар бізді қуалады. Біз қашып жүріп, ең ақырында бандит Шың Шысайды қуалап жүріп соққыладық. Шың Шысайды сақтап қалу үшін орыс үкіметі де, Моңғол үкіметі де барлық күшін жұмсады. Орыстар да Көктоғай Шіңгілге əскер кіргізді. Моңғолдар да Көктоғай Шіңгіл жеріне талай рет əскер кіргізді. Шіңгіл Көктоғай халықтарын орыс пен Моңғол əскерлері аяусыз қырған. Олардың барлығын жылмен, айы-күнімен өз мəнінде жазып қалдырдық.

Шың Шысай Ресейден жалт бергенде, біз де сол кездегі жағдай қажетіне сай, қайтадан орыспен, Моңғолмен дос болып олардан қару-жарақ алдық. Шың Шысай бандит Шынжаңнан кеткен соң, орыс пен Моңғол бізге де қойдың басын көрсетіп, иттің етін сата бастаған кезде тағы да сол заманның қажетіне сай тыныштық іздеп У Жушиді келіп таптық.

Біздің еркімізден тыс дамитын құдірет-егемендік қозғалы-сының ауқым жағдайына бой ұсындық. Ондағы көздегеніміз қазақ пайдасы еді. Қазаққа социал-демократиялық басшылық еді. Ел болып кетудің қамы еді. Бірақ жаратқан Құдай бізге өте бір қажетті нəзік жағдайды туғызып бере алмады. Не лаж!..

Күресіміздегі қаһарман батырлар

Соғысты ұзақ жылдар жүргіздік. Əрбір адам өзінің əскери ат-

көлігін, азығын өзі дайындады. Мылтықты жау қолынан тартып алдық. Жауды қарсы елді бастаған талай сансыз батырлар шықты. Оның көп бөлімі тіпті 99 пайызы жау қолынан қаза болды. Шəйіт болды. Олардың жаны жəннатта болсын. Қалған ел жұртына ағайын туғандарына қатын-балаларына қайырын берсін. Олар мыналар еді:

Есімхан, Ырысхан, Оспан, Сүлеймен, Кəмел, Қапас, Зейнел, Шамғұн, Үмітбай, Ақтеке, Ноғайбай, Зəтелбай, Мұса мерген, Ыдырыш, Жұпар молла, Ырыстан, Ақтайлақ, Сұлубай, Сүлеймен Бектұр, Қаһарман, Зал, Қопай, Қуанышбай, Шəйтғазы, Самырхан, Сайып, Есен, Алдажар, Идат, Нөнен, Қадірбай, Рақаділ, Смағұл молла, (175) Қасейін, Рақым мерген, Тоқтыбай, Шəмей, Мұқай, Жылқайдар, Жаңбырбай, Жұмжұма, Қачыақын, Мырзакелді, Биқажы, Қымбыл, Кəмел Қажақынұлы, Кəшапат, Күпібай, Нəби, Келес, Əбдірасұл, Тілеп, Манат, Мəуітқан, Рамазан Шалапұлы,

Page 311: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

311

Қидар, Зарыққан, Өрдебай, Дағыстан, Зиядан, Шəймұрат, Бүркітбай, Ақмолла, Сəлиақын, Қариға, Мапян, Халел Ыдық, Əлей, Ақыт (Қобдадан келген адам), Қасен, Түкібай, Тəжігүл, Еренқан, Молдияр, Құматай, Қаби Өзенбайұлы, Тағай (Машанұлы), Тағай Базарқұл, Құрман, Қанатбай, Жұқай, Қиса, Тоқтаған, Базар, Көпбосын, Балтабай, Сайтанкөз, Сендиков, Солтікен, Хансұлтан, Мейірбан, Тоқтамыс, Кəби Қарақасұлы, Шотман, Нұғман, Бəлібек, Нəби Тоқтағанұлы, Дəуітбай Қонқабайұлы, Оқан зəңгі, Шыбарайғыр Қапас, Қауым, Қажет Ақын, Ыбырəкім, Қабдұлбаки, Ердіқан, Қарақан, Жықай, Дəуітқан Жықайұлы, Əлпи, Сұлтан Көжебайұлы, Нəби Арынұлы, Бүркітбай Бектұрұлы, Мұса Бектұрұлы, Жағпар, Зада, Қалиасқар, Қанапия, Баттал, Байкелең, Саппай, Үкіліқат, Тəшке, Бесқажы, Қали, Кенесары, Кəбіл, Қажбай, Дəлелхан Қасенұлы, Айырбай, Ақыбай, Байтолла, Зұлжалал, Жəнкен, молла Бейіс қатарлы адамдар мыңдаған, он мыңдаған жау армиясын жоюда олардың орасан зор еңбектеріне сүйендік. Бұдан басқа да талай ерлер бар еді. Кейбіреулерінің атын ұмытып қалдым. Осы адамдардың ұрпақтарына Алла берекет берсін. Əмин.

Мен жоғарыда “Шығыс Түркістан Бұлғын Шіңгіл Ақ Үй Соғыс Комитетінің” кезінде солтүстік жолдарды қаратып алу үшін осы үлкен комитет қарауында үш соғыс комитеті құрылған еді деп айтып өттім.

І. Алтай Соғыс Комитеті ІІ. Тарбағатай Соғыс Комитеті ІІІ. Іле Соғыс Комитеті болған еді. Біз соғыс жүргізумен қатар, ұдайы хат та алысып тұрдық. Ол

жақтағы жүргізілген соғыстардың (176) ішкі ахуалынан көп хабарым жоқ. Бірақ сол кездегі Шығыс Түркістан Бұлғын Шіңгіл Ақ Үй Соғыс Комитетінің бізге əрбір уақыттарда ұқтырған баяндамаларында Тарбағатайдағы Соғыс Комитетінен ерекше еңбек сіңірген Қалибек, Хамза қатарлы көптеген адамдарды айтып отыратын. Тарбағатайда болып өткен шайқастарда Нұрсапа батыр жайында да жəне көптеген басқа батырлар жайында да естіген едім. Ол адамдарды мен бұл жерде əңгімелемедім. Өйткені төңкерістің басшысы болған Қалибек батыр қазірге дейін тірі болғандықтан өз тарихтарын өздері баяндай жатар. Іле Тарбағатай аймағына барған Генерал Қу Зыңнан армияларының топ тобымен қырылуы Қалибек қозғалысындағы жүздеген батырлардың еңбегінің жемісі еді. Қалибек жəне Құлжа төңкерісшілері Тарбағатай, Шиқу соғыс

Page 312: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

312

тораптарына тез жету үшін бандит Шың Шысай армиясының жолын бірақ кесіп тастағандықтан Іле мен Шəуешек тез алынған еді. Осы екі аймақтың тез жеңіске жетуіне Қалибек төңкерісі жəне ондағы жүздеген батырлар ерекше еңбек сіңірді.

ІІІ. Соғыс Комитеті деп аталған Іле Соғыс Комитетіне Əкбар, Пəтих, Қани (Тараншы) барлықтарының еңбектері сіңді. Оның ішінде Қазақстаннан Əнуар полковник армиясы партизан болып өтті. Генерал Мажаров, Генерал Палинов сол жерге тікелей басшылық етті. Бірақ оны соңғы кезде үйінен шықпаған атқа мініп жүре алмайтын, мылтық ата білмейтін саяси ұрылар иелеп кетті. Шетел шпиондары иелеп кетті. Біздің қолымызда халықаралық радио станциясы106 болғандықтан үш аймақта болып жатқан уақиғалар естіліп тұратын. Осылайша сол кезде Оспан арқылы, Ақ Үй азаматтары арқылы естіп тұратын əңгімелерді аз болса да елестетіп қойдым.

Соңғы тарих зерттеушілердің қозғалыстың негізгі бағыты жəне мəн-мағынасынан адасып кетпеуін үміт етемін. (177)

Дəлелхан Сүгірбаев жайындағы пікірім

Дəлелхан тəйжі асылы Моңғолияның адамы. Генерал Бəкіш

1921 жылы ауылын шауып ағасы Дөрбітханды атып кеткенде шешесін ертіп Алтайдағы Жақып ауылына қашып келген болатын. Дəлелхан тəйжіні 1942 жылы 10 қыркүйекте107 Баймурзин орыс консулы Ресейге алып кеткен.

1944 жылы шілдеде108 Бұлғын Ақ Үй Соғыс Комитетіне келіп қызметке араласып Алтай Соғыс Комитетінің орынбасары болған

106 Бұл радиостанциясын маршал Х.Чойбалсан Л.Берия арқылы алғызған-ды. Монғол деректерінде аталып өтілуінше, Чойбалсан 1944 жылы қаңтар айында Оспан батыр мəселесімен Мəскеуге барғанда, Сталин 22 қаңтар күні кешкісін оның құрметіне қонақасы берді. Оған В.И.Молотов, Г.Маленков, Л.Берия, А.Микоян, елші И.А.Иванов қатысты. Осы кеште Чойбалсан Бериямен кездесіп байланыс апараты (радиостанция) қажет екенін айтты. Рахметұлы С. “Оспан батыр жəне маршал Чойбалсан”. Оспан батыр. Алматы, 2007, 84-бет. 107 Сүгірбаев Генерал Дəлелханның Кеңес Одағына өткен уақыты туралы түрліше жылдар береді. 1942 жылы қазан айында, 41-бет, 1941 жылы күзде, 50-бет жəне 1941 жылы қазан айында, 222-бет, 1941 жылы 224-бет, өткенін жазады. 108 Сүгірбаев, Дəлелханның Кеңес Одағынан Алтайға оралу уақтын 1944 жылы үшінші айдың басы екенін атап өтеді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 50, 222-бет. Дəлелхан Жəнімханұлы Кеңес Одағының оны 1944 жылдың аяғында Оспанмен бірге іс алып жүруі жөнінде тапсырмамен жібергенін айтады. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 55-бет. Ал Баян Өлгейлік саяси қайраткер Жеңісхан Дүзелбаюлы болса Сүгірбаевтің Кеңес Одағынан Алтайға оралған кезінде көргенін айтады: “1943 жылы күз аяғында Ақкөл жақпен Баян Өлгейге келді. Сол кезде аймақ бастығы мен едім. “Бірер ай мол айлық бер” деп Чойбалсаннан жеделхат келді. Одан

Page 313: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

313

еді. Дəлелхан бұрыннан он екі Абақтың бірінің ел билеген шаңырақтың адамы еді. Əкесі Сүгірбай Шеруші елінің тəйжісі болатын.

Біз төңкерісшілер Дəлелханға үлкен сенім байлаған едік. Əуелі саяси қайраткер бола ма? – деп үміттенген едік. Бірақ оның Ресейді айналып келгендігіне қарап оған күмəніміз де бар болатын. Шаңырақты құрғанда оның айтқанына сеніп те жүрдік. Біз ол туралы күмəнімізді

– Ол қайтсе де коммунист болып келді, – деуші едік. Өзімізбен бірге өскен адам болғандықтан Дəлелхан Оспанмен

болған сырласуларымыздың ішінде бола келген еді. Ол: – Мен елдің бəріне Гоминдаң ұрлап əкетті. Үрімжіден қашып

шықтым деген едім.109 Мен шынында Алтайдың өзінен Ресейге өтіп барған едім.110 Ресей мені жасырын зорлық қылғандай алып кетті. Мені Ресейге апарып түрмеге салып қойды. “Шың Шысай бізді алдады. Бізбен жауласты. Біз қару-жарақ береміз. Шың Шысайды құлатып Шығыс Түркістанда сыртқы Моңғолия секілді бір ел болып кетіңдер”, – деді. Мен оларға мынаны айттым. “Бұл қызмет менің идеямнан өтпейді. Мен Керей жөнінен айтқанда аз ауылдың адамы едім. Менің туыстарым негізінен Моңғолияда отыр. Алтай дегенде, Керей дегенде ең көп ел Жəнтекей мен Жəдік елі болады. Онан қалса Қарақас, Молқы бар. Қозғалыс бастауға ұлтанды ру адамдары болса, оның ішінде, əсіресе, Жəнтекей елінен адам болса” дедім. Осы пікірім үшін екі айдай түрмеде жаттым. Түрме жазасы жаныма батқандықтан төңкеріс істеуге мақұл болдым. (178) Кеңес үкіметі, Моңғолия үкіметі “Шынайы көмек қыламыз. Жаң Жеші көп өтпей жеңіледі. Қытайлардың ішкі соғыстары өте көп. Олар осындай əлсіз болып тұрған кезінде

Оспанға жеткіз деген бұйрық келді. Атпен Бұлғынның Үлкен Жырғылтысындағы Оспанның қолына ертіп барып табыс еттім.” Рахметұлы Ш. Оспан батыр. Баян Өлгей, 1995, 57-58-бет. 109 Бұл сөзді Сүгірбаев де растайды. Ол бұл турасында былай дейді: “Дəлелханның екі жылдан аса уақыт із-тозсыз жоғалып кетуі адамар арасында Шың Шысай оны да қолға алған болса керек деген ұғым тудырған еді. Сондықтан Дəлелхан да алғаш келген кезде: – Мен Шың Шысайдың түрмесінен шықтым. Ол – шектен асқан жендет, жиренішті зорекер, саяси алаяқ, ол Шынжаңдағы əр ұлт халқының мойнынна мініп лаған қанашуы, ол бүкіл Шынжаң халқының ортак жауы. Оған қарсы өліспей-беріспей, батыл ниетте қарулы күрес жасағанда ғана, оның озбыр үкіметін жойғанда ғана еркін, бейбіт, бақытты тұрмысқа кенелетін боламыз, – үгіт жүргізді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 51-52-бет. 110 Патыхан да кітабында əкесінің Сарсүмбе – Жеменей арқылы шекарадан өткенін айтады. Сонда 41, 50-бет. Дəлелхан Жəнімханұлының келтіруінше, Дəлелхан Сүгірбаевты 1942 жылы Сарсүмбедегі Кеңес консулы ұрлап əкеткен. Оны жүк машинасының арасына қол-аяғын байлап жатқызып Жеменей шеқарасынан өткізіп алып кеткен. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 55-бет.

Page 314: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

314

қозғалыс бастап Шығыс Түркістанда Моңғолия тектес ел болып кетіңдер”, – деп үгіттеді. “Ішкі сыртқы саясаттарыңды Моңғолия сияқты өздерің біліңдер”, – деп пікір айтылып еді. Ақыр мен де мақұл болдым. 1942 жылы 20 қарашада, яғни мен барғаннан кейін 71 күннен кейін “Шығыс Түркістан тəуелсіз ел” деп жариялаған интернационалдың жарнамасын алып келіп мені бірнеше күн оқытты. Сонымен қатар, 1943 жылы 2 қаңтардан бастап Шығыс Түркістан азат болғанша жүргізілетін шикізат, товар, мал саудасының тармақтарын орыстар өздері түзіп əкеліп оқып берді. Бұл тармақтарды мен табандай екі ай оқыдым. Бұдан басқа Шығыс Түркістанды ел етіп құрудың бір қанша саяси дəрістерін оқытты. Сонымен Оспан жайындағы болып жатқан қозғалыстардың ахуалын айтып тұрды. Халықаралық жағдайды əрдайым айтып одан дəріс беріп отырды.111 Алтайдағы қозғалыстарды ұғып жатсам да оған тəуелсіз ел болуды жүзеге асыра алмайды деп қарап келдім. Өйткені оның халықаралық жақта белгілі иесі жоқ. Орыстар 1932 жылы Шығыс Түркістан жарнамасын жариялап Қожаниязды қолдаған болса да, соңғы кезде алдап кеткен еді. Сонымен бірге Алтайдағы көп ел Жəнтекей онда Көкен-Тұпан билігінен басқа орындар билік айтса Жəнтекейлер тоқтамайды. Сондықтан менің мұндай қиын жерде жұмыс істеуім қиынға түседі деп ойлап келдім. Қазір де мен ойымнан арылып көргенім жоқ. Ең ақырда жарнама, жазба тоқтамдар мен Оспан жетістіктерінің біраз ілгерілеп жатқандығын көріп істесем істейін деп келіп отырмын. Ендігі істерді сіздерге сүйеніп істеп көрелік, – деуші еді.

Бірақ кейіннен Дəлелханның алғашқы мінез-құлқынан барған сайын алшақтап Оспанды надан деп қарап112 баса билік жүргізетін əдетке көше бастады. Міне тағдыр Оспан мен Дəлелхан арасына

111 Сүгірбаев əкесінің Қазақстандағы күндері туралы былай деп жазады: “Дəлелхан Сүгірбаев Кеңес Одағына барғаннан кейін Алматыда екі жыл болып, ондағы “Шығыс Дашосында” [Шығыс Университеті] білім асырады. Төңкерістік назария [теория] үйренеді. Əскери тəлім-тəрбие алады жəне бірнеше рет келелі Кеңестерде болады. Төңкерсітік бо – уғандарды, өнеркəсіп, кен кəсіпорындарын, колхоз, совхоздарды, экскурциялайды. Сөйтіп, төңкерістік идеямен, əскери өнермен қаруланады. 1943 жылы 9 айда ол Кеңес Одағы үкіметіне өзінің отанына қайтып төңкеріс жасамақшы екенін, олардың бұл жөнінде интернационалдық көмекте болып, жан-жақтылы қолдауын үміт ететінін білдірді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 51-бет. 112 Оспанға осындай көзқарасты Патыхан да байқатады. Ол еңбегінде Оспан үшін “білім жақтан алғанда, əліпті таяқ деп білмейтін нөл сауат” деп сипаттама береді. Сонда, 106-107-бет. Ал онымен көп уақыт бірге жұмыс істеген Дəлелхан Жəнімханұлы болса Оспан батырды басқаша суреттейді: “Оспан батыр қарапайым бір адам емес. Тума қабілеті күшті, зерек еді... Бұрын үкімет істеріне қатынаспаған, іс-тəжрибесі болмаған болса да, аймақтық əкімшілік мекемесін басқарып, меңгеруде артықша іскерлігі бар еді. Бір нəрсені алдын ала түсініп, кең ойлайтын жəне қайратты, бар іске батыл кірісетін анық батыр еді.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 59-бет.

Page 315: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

315

бұл мінез-құлықты əдейі алып келді. “Ілгері басқанның иті оттайды. Кейін басқанның келіні ұрлық істейді.” (179) Дəлелханның келіні ұрлық істей бастады. Бір кезде Дəлелхан бір сөзінде:

– Əсілінде Ресейге баратын ниетім жоқ еді. Жəнтекейдің белгілі орындарындағы белгілі адамдарының сол кезде Ресеймен байланыс жасап қазақ консулы Баймурзиннің Алтайда ұйымдас-тырып жүрген адамдарының күштеп араласуы арқылы кетуге мəжбүр болдым, – деп те қойды.

Баймурзин Дəлелханнан кейін Бұқатты, Халелді айналдырған. Оны нəтижесінде оларды құртып кеткен еді. Бұқат, Халел құрығаннан кейін Алтайда, əсіресе, Жəнтекей арасында тағы да саяси ұйым құрылғандығын көреміз. Бұл ұйым адамдары кейін бізбен байланыс жасамады. Олардың аттары бізге мəлім болмады. Сондықтан сол кезде туыстық жақтан Дəлелханға сеніп келдік.

Кейін Дəлелхан орыстар мен Моңғолияның адамдарының қолына қонған. Оны біз көріп отырсақ та көпке дейін Оспан батыр:

– Тұра тұр, тұра тұр. Байқайық, – деумен көп уақыт сенісе алмай келдік. Ең ақырда Дəлелхан шын айрылуды талап қылған кезде, Оспан батыр Дəлелханнан бір-ақ күнде сырт айналып, оның есігін бір-ақ жапты.

Орыстар Дəлелханды қолына ұстап тұрып Ысқақбек, Ахметжан сияқты надан адамдардан пайдаланып үш аймақтың мұнай, асыл тас, алтын, барлық шикізатын текке қазып алып арзанға сатып алып бітеу жұтып жатты.113 Ал біз барлық нəрседен қол үздік. Енді өз

113 Сүгірбаев Оспан мен Дəлелхан арасының алшақтап кетуінің себебін талдағанда, екеуінің арасындағы осынау саяси көзқарас айырмашылығын ескермейді. Ол мұны тек екеуінің жеке бастарына қатысты мəселелермен түсіндіруге тырысады. Бұл туралы Сүгірбаев “Дəлелхан мен Оспанның жеке бас араздығы деген мəселеге келейік: Оспанның Дəлелхан жөнінде бүгіп жүрген қандай кегі бар – бұл жағы маған қараңғы. Бірақ Дəлелханның Оспан жөнінде пəлендей жеке басымдық наразылығы болған емес. Қызғаныш етті дейтін мүмкіндіқ тіпті жоқ. Оны жасы, жолы үлкен деп барынша құрмет етуші еді: “Оспан” демей “Ошаға”, “ батыр” деп атайтын. Қызмет жөнінде болса, үнемі ырықтылықпен оның қасына барып пікір айтып, мəслихат көрсетіп, нұсқау сұрап тұратын” деп, – Дəлелханның Оспанға əрқашан сыпайылық жəне құрмет көрсеткенін айта келіп екі қайраткер арасындағы келіспестіктің, Оспанның үш аймақ төңкерісінен бет бұрып онымен жауласуының себебін былай деп түсіндіреді: “...Оның [Оспан айтылып отыр] надандығы, діншілдігі, құрапаттығы, атақ құмарлығы, теріс азу – тоңмойындығы, шегінен асқан мүддешілдігі сияқты нұқсандарды қамтыған табиғаты себеп болды.” Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 220- 221-бет. Оспан батыр 1947 жылы Қытай генералы Сұң Чиланға айтқан сөзінде Дəлелхан тобынан алшақтап кету себебін олардың басым көпшілігінің Кеңес Одағына жақын болғандығы екенін айта келіп былай деген: “Ахметжан қатарлы адамдар менің Əлиханмен болған ара қатынасымды жəне өздерін қолдамайтындығымды білгеннен кейін, мені өздерінің айтқанымен жүрмейді ойлап, көзімді жоғалтып жібермекші болды. Олар Алтай аймағындағы қазақтардың тағы да бір бастығы Дəлелханды маған қарсы қойып, оны менің орныма шығаруға ұрынып көрді. Сондықтан мен орталық

Page 316: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

316

басымызға қауіп төнгенде сол мекеннен қашып шығуға мəжбүр болдық. (180)

Ресей арқылы қолға келтіреміз дейтін ұлттық ақыдан [қақ-құқықтан] үміт үзгеннен кейін Сан Мын Жушидан үміт күткен едік. Ол жағдайды мен жоғарыда баяндадым.

Бұның өзі, құтты Абай айтқандайын “бір үміт, бір қауіп” астында тұрды. Гоминдаң мен Гоңшандаң(Қытай компартиясы)ның кескілескен соғысы болып жатқан қиын-қыстау жағдайды Гоминдаң өзіне бір қажетті базар тауып Шығыс Түркістан өлкесін ең болмағанда “Шын Түркістаны” деп жариялайды деп ойлаған едік. Бірақ осынау ұзақ тарихтан Шынжаңды Шығыс Түркістан өлкесі деп құрып беретін адамды жаратқан Құдай орыстан да, қытайдан да туғыза алмайтындығын түсіндік. Сондықтан уақытша жан бағу қажет болды. У Жуши Үрімжіде демократиялық жаңа үкімет құрғанда осы өлкелік үкіметтің қарауында сегізінші полк құрылған. Осы полктің бастығы Закария полковник еді. Осының І Ландойын бастығы мен болып белгілендім. Полк Пукаң ауданына орналасты. Мен сол жерге барып əскерлерге ат ойының, сынай мергендік үйреттім.

1947 жылы Қалибек тобы Сауаннан бұзылып көшетін болғанда демократиялық өлкелік үкіметтен жəрдем сұрады. Сонда мен ланыммен барып оларды шекарадан аман-есен өткізіп алып келдім.

Үрімжіден екі күн жүріп Құтыби ауданына бардым. Закария сол жерде екен. Жəнімханның Дəлелханы бар екен. Біздің əскерлерге сол жерден құралды толықтап берді. Қалибектерді аман-есен өткізіп алып Шындықозыға қонған соң біз сол жерде бір ай жаттық. Онан соң Жаншетіңге келдік. Онан шығып полктың негізгі орны болған Пукан ауданына келіп түстік. 1947 жылдың ақырына дейін бұл орыннан қозғалмадық. 1948 жылы (181) орыс үкіметі мен Моңғол үкіметінің қуатты армиясының күшімен Ресейдің генералы Бектуров 1947 жылы маусымда Оспанды жəне оспаншыларды қуалап отырып Бəйтік тауына əкеп тастады. Бұл жолы орыстар үш аудан халқынан 80 мың қойды тартып алды. 1948 жылы көктемде сыртқы Моңғолияның Генерал Серін армиясының күшімен Оспаншылдарды қуалап Шонжы ауданына əкеліп тастады.

үкіметтен жəрдем талап еттім. Мен, сөзсіз, олармен ең соңына дейін күресемін” Сəмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. Алматы, 2000, 237-бет.

Page 317: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

317

Американ консулымен байланыстар 1948 жылы Шонжының Ақшиінде Оспан аулына амандасуға

Үрімжіден Əлен Уаң, Закария, Хамит Жəнімханұлы, мен Нұрғожай қатарлы адамдармен келдік. Оспан үйінде жиындар ашылды. Оспанмен Жан Же Жұң арасында əңгімелер болып жүрді. Оспан қашып Үрімжі тауына шықса да Сан Мын Жұйдан үлкен үміт күтпеді.

Америка консулы Мəккирнан114 мен Оспан көп рет əңгіме өткізді.115 Оспан Америка үкіметін дүниежүзіндегі ең алдыңғы

114 Нұрғожай батыр Мəкінан деп атаған Дағлыс Маккирнан (Douglas Mackiernan) (1913-1950) 1947-1949 жылдарында Үрімжі қаласында АҚШ консулының орынбасары қызметін атқарған. Оның аты еңбектерде “Мекернан, Мəкнан, Макернен, Мəккернан, Мəкінан” деп түрліше аталуда. Дұрысы Мəккирнан болуы керек. Біз сондықтан осы есімді қолдандық. 115 Бұл туралы Дəлелхан Жəнімханұлы былай дейді: “Сонымен үрдіс көшіп Шонжы қаласына жақын келгенде Оспан батыр хабар алып отыр екен. 30 кісімен əкемді қарсы алды. Ертесі бір көшіп Шонжыдан өте шығып қондық. Ақшамға таяу Оспан батыр жалғыз өзі əкемнің үйіне келді. Шай ішіп отырғанда Америка консулының орынбасары Мекернан [Мəккирнан] Сентайдағы орыс əскерлерімен бірге біздің ауылға келді. Батырмен бірге барып Мекернанмен амандастым. Үрімжідегі Америка консұлханасында бас консул Факстон бұл кісіні маған таныстырған болатын. Жəне: “Келешекте сіздермен бірге болады” деген. Мекернан орысша біледі. Жанында Бисақ деген Америкалық жігіт бар. Ол монғолша жəне қытайша білетін доктор еді. Бұлар тегінде Алтайдан бірге келген орыс əскерінің бастығы Иосиф Самойловпен тілдес еді.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 84-85-бет. Сүгірбаев та мұны растайды: “...қасында өзінің Ханзу [Қытай] тілі аудармашысы бар Манат қосып берген Мəжит дейтін жігітпен бірге Мəкинан таң шеті сөгілмей жолға шығып Бəйтіктегі Оспанның ауылына барады. Мəккирнан ол арада төрт күн тұрады. Оспанмен күндіз-түні құпия əңгімеде болады. Оспанға хансушаны қазақ тіліне Құрманбай Тиянақұлы аударып беріп отырады. Екі күннен кейін Мəккирнан Жұнғо-Монғолия жақтың жер түзілісін суретке алады жəне картаға түсіреді. Осылайша Оспан əмерикандық достарына да елеулі еңбек көрсетіп олардың сенім-құрметіне иеленеді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 161-162-бет. Америқан деректерінде Мəккирнанның Оспан батырмен алғашқы кездесуі 1947 жылы маусым айының орта шенінде болады. Оның машинасын айдап Бəйтік Боғдадағы Оспанға апарған айдаушысы Эрвин Контесченидің айтуынша, олардың арасындағы əңгімеде басты тақырып Көктоғайда орыстардың кен қазуы болған. Оспан батыр Мəккирнанға сол Көктоғайдағы қандайда бір кенге орыстардың өлердей қызығып алып, тасып жатқанына мəн бере алмағанын, сол тастардың не екенін шеше алмағанын айтады. Сонымен ол тас-кен тасыған бір жүк машинасына шабуылдап қолға түсірген тастардан консулға береді. Мəккирнан сол тастарды Үрімжіге қайтқаннан кейін арнайы апараттармен зерттесе онда радияциялық белгілер табады. Бұл жағдай АҚШ-тың Үрімжіде қызмет атқарған бұрынғы консулы Едмунд Клаптың 1943 жылы орыстар Алтай тауларында уран кендерін қазып тасығаны жөніндегі орталыққа білдірген күдіктерін растады. Мəккирнан Оспанмен болған əңгімелесуді Вашингтонға толық білдірумен қатар сол тастардан да сондағы Ядролық Энергия Комиссиясына да жөнелтеді. Орталық Барлау Агенттігі мен АҚШ Сыртқы Істер Министрлігінің деректеріне жəне қуəгерлердің сөздеріне негізделіп Мəккирнанның Үрімжідегі іс-қимылдары жан-жақты баяндалған “Тибетке қарай” атты кітапта аталғанындай бұл жағдай Сталиннің Кеңес Одағының алғашқы ядролық қаруын жасап жатқандығы жөніндегі мəліметтерді қуаттайды да, Мəккирнан бұл турасында көбірек мəлімет қолға түсіру үшін барлау жұмыстарын бастатады. Laird T. Into Tibet The CIA’s first atomic spy and his secret expedition to Lhasa, Newyork, 2002, 30-35-бет. АҚШ ІІ. Дүниежүзілік соғыстың ақырында атап айтқанда 1945 жылы 6 тамызда Жапонияға ядролық бомба тастап үлкен үстемдікке жеткен еді. Енді оның сыртқы саясаты қолында ядролық қаруы бар дара мемлекет ретіндегі үстемдігін мейлінше ұзақ уақыт сақтап қалуға бағытталды. Бұл үшін АҚШ саясат белгілеушілері осындай қаруды басқа ешбір елдің жасап шығармауы үшін бүкіл күш-қуатты жұмсауға шешім қабылдады. Олар тым болмағанда осы монополияларын мүмкіндігінше ұзартуды ойлады. Бұған қарсы Сталин де 1946 жылы 25 қантарда қандай да ауыр құнға түссе де, осы қаруды жасап шығаруды бұйрық берді. Көп кешікпей Кеңестік қызметкерлер АҚШ-тың ядролық жоспарларын ұрлап қолға түсіріп қару жасауға кірісті. Бірақ сол қару жасаудағы ендігі үлкен

Page 318: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

318

қатарлы қуатты мемлекет ретінде көретін. Тек Америка үкіметіне сүйсенсек түбінде Шығыс Түркістан болып кете алар едік. Орыстар Түркістанның көп бөлімін жаулап алып отыр. Орыстар Тəжікстан, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Қазақстанды жаулап алды. Шығыс Түркістанды қытаймен ынтымағын күшейтуді ойлап, екі рет алдап, екі рет сатты.

1932 жылы 5 сəуірде Коминтерн Шығыс Түркістан тəуелсіз-дігін жариялады. Бұл кезде қытай Гоңшандаң (Қытай компартиясы) қиыншылық ол үшін қажетті көлемде уранның Кеңестік территорияларда табылмауы болды. Мəселен Кеңес Одағының ядролық қару проектінің директоры Игор Курчатов 1943 жылы шілде айында Халық Комиссарлары Кеңес інің Төрағасының Орынбасары Михаил Первукинге жазған баяндамасында атом қаруы жасау үшін 50-100 метрика тонна уран қажет екенін, бірақ қолда небары 1-2 метрика тонна ғана уран бар екенін айта келіп 50 метрика тонна уранды қайдан табатындықтарының белгісіз екенін атап өтеді. Holloway D. Stalin and the bomb. New Heaven – London 1994, 100-бет. Сондықтан Сталин өзінің ықпалы астындағы Шығыс Еуропа елдері мен Шынжаңнан да уран іздете бастайды. Кеңестік алғашқы ядролық қарудың жасалу процесін егжей-тегжейлі баяндалған “Сталин жəне Бомба” атты кітапта алғашқы атомдық қаруда қолданылған уранның небары 33 пайызы ғана Кеңестік кендерден қамтамасыз етілгені келтіріледі. Қалғаны Шығыс Германия, Чехославакия, Бұлғария, Польша сияқты елдер жəне ықпалы астындағы Шынжаңнан əкелінген. Сонда, 177-бет. Осындай жағдайда Оспан батырдың орыстардың Алтайда кен қазуына рұқсат етпеуі Мəскеудің Дəлелхан Сүгірбаевқа қолдау көрсетуіндегі себептердің бірі болғаны анық. Неміс ғалымы Ханс Брекер Бəйтік Боғда уақиғасының да уранға байланысты болу ықтималына меңзейді. Оның айтуынша, Оспан жəне үзенгілестерінің Кеңестік саясаттың бақылаудан шығып кетуі “Пейташұн уақиғасы” яғни “Бəйтік уақиғасы” деп аталады. Оспан батыр Бəйтік тауын паналап бекініс алғаннан кейін Сыртқы Монғолия қосындары шабуыл жасады. Осы қосындарға Монғолия əуе күштері де көмектесіп 1947 жылы 5 мамырда Бəйтіктегі Қытай бекіністерін де бомбалады. Осы уақиғаға Қытай Сыртқы Істер Министрлігінің наразылық білдірді. Кеңес Одағы бұл уақиғаны мойындамай кері қақса да, ол халықаралық үлкен уақиғаға айналды. Брекер шекарадағы бекіністерге таластан туындаған “Бəйтік уақиғасының” сол аймақтағы бай уран кендеріне байланысты болу ықтималына меңзейді. Bräker H. “Çin – Sovyet İlişkilerinde Milliyet Hareketleri”. Stratejik Açıdan Sovyet Müslümanları ve Diğer Azınlıklar. İstanbul, 1988, 203-бет. Шынжаң тарихы жөніндегі зерттеулерімен танымал Линда Бенсын да Қытайдың осы уақиғаларға байланысты Кеңес Одағына айыптағанын айтады. Benson L. Osman Batur: “The Kazak’s Golden Legend”. The Kazaks of China Essays on an Ethnic Minority. Edited by Linda Benson – Ingvar Svanberg, Uppsala 1988, 170-бет Сүгірбаев та “Бəйтік уақиғасына” естеліктерінде кең көлемде тоқталып ол турасында түрлі көзқарастарды егжей-тегжейлі ортаға салады. Қараңыз: Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 159-163 жəне 208-217-беттер. Бұл турасында шетелдік ғалымдар егжей-тегжейлі мəлімет береді. Қараңыз: Forbes A. Warlords and muslims in Chinese Central Asia. London – New York, 1986, 206-215-бет; Wang D. Under the Soviet shadow the Yining incident ethnic conflicts and international rivalry in Xinjiang 1944-1949, 271-277-бет; Benson L. The Ili rebellion the moslem challenge to chinese authority in Xinjiang 1944-1949, 122-125-бет. Мəккирнанның Үрімжіде Кеңес Одағының ядролық қару жасауы мəселесінде тағы бір құпия қызметі болған. Ол осы қызметін Оспан батырлар түгіл, қасында оққағар болып жүрген орыс азаматтарына да айтпаған. АҚШ барлау органдары 1948 жылы шілде айында Кеңес Одағының атом қаруын жасайтынына көзі жетеді де, оны ең ерте дегенде 1953 жылы іске асырады деп межелейді. Holloway D. Stalin and the bomb. New Heaven – London 1994, 220-бет. Ендігі мəселе Кеңес Одағынын сол қаруды қашан іске асыратынын дəл кезінде білу еді. АҚШ ядролық алғашқы сынақтың да Орталық Азияда бір жерде орындалатынын мөлшерлейді. Бұл жағдайды барлау үшін ең ыңғайлы орын деп Үрімжі консулдығы деп табылады. Мəккирнанның əркімнен жасырған құпия қызметі міне осы еді. Ол əуедегі радияция деңгейін өлшейтін арнаулы аппараттарды белгілі жерлерге көміп орналастырады. Сөйтіп 1949 жылы 29 тамызда Семейде алғашқы жарылыс жасалғанда АҚШ-тың Аласқа мен Жапонияның тынық мұхитындағы Кеңес Одағы шеқарасы əскери ұшақтарының əуе сүзгіш апараттары 3 қыркүйекте желмен келген радиоактивтік ұшқындарды белгілейді. Сонымен қатар Мəккирнанның апараттары да радиоактивтік белгілер береді. Сөйтіп АҚШ, тағы басқа текресулерден кейін Кеңес Одағының атомдық қаруға қол жеткізгеніне көзі жетеді. Бұл туралы 21 қыркүйекте президент Труманға мəлімет берілді. 23 қыркүйекте президент мəлімдеме жариялап “бірнеше апта бұрын Кеңес Одағында атомдық сынақтың жасалғанын” əлемге хабарлайды. Laird T. Into Tibet The CIA’Şıncañ first atomic spy and his secret expedition to Lhasa, Newyork 2002, 82-89-бет.

Page 319: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

319

өте əлсіз болып Сан Гəн Ниша шекарасына қашып келген еді. Олар осал тұрған кезінде орыс бандылары Шығыс Түркістанды бөліп жіберіп сыртқы Моңғолия сияқты өзінің бір базасына айналдырмақшы еді. Қытай Гоңшандаң (Қытай компартиясы) күн санап күшейіп Коминдаңға (182) тізе бүкпеді. Бұл жағдайды көріп орыстар Мау Зыдұң үшін Шынжаңды сақтап қалуды ойлады. Сөйтіп болашақта қытайдың өзін əкеліп түсіре салып Мауды бүкіл дүниежүзінде орыс үшін істейтін адамға айналдырмақшы болды. Сондықтан орыстар Шың Шысайды өзінің партиясына кіргізіп алып Шынжаңды уақытша алдамалап ұстап ондағы бес күшті бірін біріне салып қырдыртып отырды.

Кейін Шың Шысай Ресей, Германиямен болған соғысында қайтсе де жеңіледі деп жалт бергенде, орыстар Коминтерннен пайдаланып 1942 жылы 20 қарашада “Шығыс Түркістан тəуелсіз ел” деп жариялап Оспанды келіп тауып, Шығыс Түркістан Бұлғын Ақ Үй Соғыс Комитетін құрған еді.

1943 жылдың аяғында Коминтерн тарап кетті.116 1945 жылы маусымда Германия жеңілді.117 Жұнғо Гоңшандаң (Қытай компартиясы) 19 өлкені тартып алып күшті əскери үкімет құрып алды. Осы кезде орыс бандылары да жалт беріп тағы да Шынжаңды Мауға беру үшін Оспаннан безу, Қалибектен безу, Əлиханнан безу саясатын қолданды. Оларды қолға алатын саяси сылтау іздеп Коминтерн жарнамасын екінші рет Мауға сатты.

Орыстар “Мауды сақтап қалсақ, бүкіл дүниені дүр сілкіндіреміз. Мау арқылы бүкіл дүниеде коммунизм болады да орыс болып шығады. Бүкіл дүниенің қара шаңырағы боламыз”, – деп ойлаған еді.

“Арқада қыс болмаса, ақбөкен неге ауады?” дегендей Алтайда бұрын соңды қыс болмаса Оспан алтын Алтайдан неге ауады? Оқушылардың осы төңкеріске бастан ақыр ғылыми позицияда (183) болуын, ғылыми жолмен қайта талдау жасап қорытынды шығаруын үміт етемін.

Орыс бандиттері өздерінің пайдасы үшін Қырым, Қавқаз, Түркістандағы сатқын түрік нəсілділердің бəрінен əбден пайда-ланып кəніккен ескі əдетін осы жолы да тамаша іске асырды.

116 Коминтерн 1943 жылы 15 мамырда тарады. 117 Мамыр болу керек.

Page 320: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

320

Осы жолы Құлжаның сатқын сарттарынан мықтап пайдаланды. Біз Оспан тобы мұсылман азаматтарын өлтіруден бас тартып, уақытша болса да Алтайды тастап кетуге мəжбүр болдық.

Оспан ауылы келгеннен кейін амандаса ерулік əкелген Əлен Уаңға он екі түйе берді. Өйткені Əлен Уаң ауылын орыстар шауып алып малдарын Жеменей шекарасынан Шығыс Қазақстанның Зайсаң ауданына өткізіп алып кеткен. Онда полковник Моготонов, Капитан Студенков сияқты адамдардың əскери күшін мықтап пайдаланды. Бұл қозғалысқа Құлжаның сарттары мықтап опасыздық істеді.

Жол-жөнекей бір мысал айта кетейін. Ахметжан 1948 жылы Ақсу аймағын ала қоямыз деп үш аймақтан еріктілер армиясын тізімдеп жазғанда бір де бір қазақ жазылмай қояды. Ақсуды сарт өзі алсын батырлығын көрсетсін деген еді. Іленің сарттары Сопақын полковникті ерікті армиялардың бастығы етіп сарттан мың баланы алып Іле тұсынан Ақсуға асып (184) барады. Ақсу Көнешарға барған соң соғысып 600-ден астам ұйғырлар дамыналға түсіп тұңшығып өліп қалған əскер үшке бөлініп қашып төрт ай дегенде батыр Сопақын Құлжаны жүз адаммен əрен тапқан еді.

Бұл турасында екінші бір мысал 1932 жылы Қожанияз қолына қару алып Коминтерн жəрдеміне иеленді. Ол ағылшын ұйымдас-тырған Қашқардағы Түркістан Ислам Мемлекеті деген ұйымды өзіме қосылмадың деп таратып жіберген болатын. Ол кезде ол Коминтерн жəрдемін халықарада үлкен тиянақты күш деп санады. Махмұт Мұхлисидің берген дұрыс пікірін қабыл алмады.

Сол кезде Шіңгіл ауданындағы бір бай шаруа Əміре деген кісі айтқан еді. “Көсе қара жүрген жақтан бір айғай кетпей қойған емес” дегендейін тарихта сарттар жүрген жақтан бір осалдық кетпей қойған емес еді.

Біздің қазақтар кемпір араласқан ертек оңбайды деуші еді. Сарт араласқан соң Шығыс Түркістанның оңбайтынын білген едім.

Өкінішке орай, ол қолға мың жылда келген бір мылтық еді. Бұл мылтықты Қожанияз Шың Шысайға беріп қойды. Кəриттің басын Шың Шысай алдымен мұжиды. “Əттен өзінің шашына су салмай тұрып басын өтпейтін ұстарамен қырар ма еді?” деп тұжырым жасаған еді. (185)

1942 жылғы қозғалыстарда Құлжаның сарттары дəл осы Қожанияз қозғалысының аяғын құштырды.

Page 321: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

321

Мен 1947, 1948, 1949 жылдардың жазында Үрімжі тауындағы Көктал, Толы, Шоя саздарын жайладым. Оспан Шонжы тауындағы Ұлтан Ұзынқыр жайлауын жайлады. Қысында Шонжы ауданының қала маңын қыстады.

Жаң Же Жұң мырза Оспан Үрімжіге таяп келіп отыруын талай рет айтқан еді. Тіпті демократиялық-өлкелік үкімет мүшесі болғандықтан Үрімжінің ішіне кіріп алуын да ұсыныс етті. Оспан ондай пікірлердің сырын түсінген еді. Оның үстіне Жаң Же Жұңды дұрыс адам деп қарамады. Бұрхан, Тау Сионы118 дұрыс адам деп қарамады.

1949 жылы жазда Гоминдаң мен Гоңшандаң (Қытай компар-тиясы) соғысының хабарлары үнемі келіп тұрды. Гоминдаң əскери басшылары қаша бастады. Америка консулы да болып жатқан уақиғаны айтып тұрды. Мəккирнан:

– Мал жаныңды жергілікті үкіметке бірақ өткіз. Америкаға кет, мал сомасын біз береміз, – деп те айтты. Оспан:

– Отанымызда тұрамын. Қашпаймын жердің арғы бетінде жатқан Америка маған Шығыс Түркістан үкіметін құрып бере алмайды. Американың сөзі де өтірік. Рузвельттің екінші дүние соғысындағы əрекеті бізге белгілі. Екі тауды бірақ күйретіп дүниенің үлкен базарын іздеген. Америка қазір Біріккен Ұлттар Ұйымындағы ең үлкен ел еді. Бүкіл Түркістанды орыстар жұтып отырса да, оған үш жүз жылдан бері көрсеткен көмегі жоқ, – деп (186) маған кесіп айтты.

Гоминдаң шегініп бара жатыр. Гоңшандаң (Қытай компар-тиясы) ілгерілеп келе жатыр. Осы кезде Емен Дамолла, Айсабек, Жəнімхан, Оспан, Қалибек, Хамзалар болып өлкеде жиын ашып талқылау жүргізді.

– Гоңшандаң (Қытай компартиясы) келеді. Біздің Жаң Же Жұңмен жасаған 11 тармақты тоқтамды тани ма? Бізге ұлттық ақы [қақ-құқық] бере ме? Ұлттық көзқарасымыз [мəдениетіміз] өмір сүре ала ма, жоқ па? – дейтін талқылаулар болып жатты.119

Бір ақылды қазақ бұрын “жау кеткен соң қылышыңды боққа шап” дегендей олар қылыштарын боққа шауып жатты. Қалибек – Хамзалар Көкілікке түсіп көшіп кетті. Оспан мен Ма Жұң Жаң

118 Шынжаң өлкелік Қоминдаң армиясының қолбасшысы. 119 Хасан Оралтай бұл жиындарда негізінен екі мəселе талқыланғанын айтады. Біріншіден: Қытай коммунисттері суыт түрде жақындап келеді. Олар Шығыс Түркістанға басып кіргенде не істеу керек? Екіншіден: Оған қарсылық көрсете аламыз ба? Бұл жөнінде əркім əртүрлі пікір баяндады. Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999, 88-91бет.

Page 322: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

322

бұрынғы мекендерінде тұра берді. Айсабек Нанжиң үкіметіне кетіп қалды.

Тау Сио мен Бұрхан: – Кететіңдерің кетіңдер. Қан төкпеңдер. Шекарадан аман-есен

шығарып саламыз, – деп үгіт айтып жатты. Тау Сио Масғұтты үкімет бастығынан алып тастап Бұрханды

əкеп қоя қойды. Үрімжідегі қалың “данышпандардың” бірі, алысты көретін социализмшіл данышпан болып түс көріп жатса, енді бірі тəуекел етемін деп өз алдына қашып кетіп жатты.

Жаң Же Жұңның Сан Мын Жуйі жəне оның демократиялық-өлкелік үкіметінің күлі көкке ұшты. Шым – шытырық, қым-қуыт жағдай. Енді біреулер:

– Орыстар батыр болып шықты. Бүкіл дүниежүзін алады, – деп елге суық хабар əкеліп таратып жатты.

– Тіпті коммунизм дегеніміз дүниежүзін алады. Бұл дүниенің шарығы айналып тұратын адамның еркінен тыс болатын заңдылық, – деп түстерін жорып жатты.

Ал енді біреулер – Коммунизмге іліндің болды. Ұзағанда он жыл ішінде иттің

итаяғы алтыннан болады, – екен десті. Сөйтіп жатқанда Ланжу қолдан кетті деген хабар дүнк ете

түскен күні120, ең алдымен Айсебек батыр Қашқар жолымен қашатын қағазын (187) алып жөнеліп берді. Қалибек – Хамзалар Лобнор жолымен кететін болып олар да Қарашарға түсіп кетті. Жəнімхан, Оспан, Сүлеймен, мен де осылардың ішінде болып, шырқ көбелек айналып көшіп Баркөлге бардық.

Оспан батырдың соңғы күндері

Алдымен 1 қыркүйекте Көкталдан көшіп Ұланбайға келдік.

Осы жерде Жəнімхан қажы қазына министрлігінің қызметін өткізіп берді. Мен, Мəжит, Əбдірейм үшеуміз Ма Жұң Жаңға бардық. Ма Жұң Жаң:

– Ма Пу Паң Гоңшандаң(Қытай компартиясы) Ланжудан өтпейді деп еді. Алдымен өзі қашып жоғалыпты. Мен де қашамын, – деді.

– Бізге мылтық беріңіз. Біз қорғаныс істесек, – деп едім.

120 Ланжу 1949 жылы 26 тамызда қолға түсті.

Page 323: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

323

– Бұрынғы 8– полк есебінде, – деп 35 бесатар берді. Осы мылтықтан Əбдіреймге 14 мырыш бердім. Қалғанын Жəнімханға алып келдік. Бұл жерден көшіп Боғданың теріскейі арқылы Үшбұзаумен жүріп Пуканға келдік. Одан көшіп Жым Шонжыға келдік. Одан көшіп Жемсарыға келіп ол жерде еру болмай үлкен Шонжының өзіне келдік. Шонжының жаңшанжаны Əбдіқадыр Шанжаң келді. Асылбек Хаң шанжанның тілмашы еді.

Алдымыздан “Жұнғо [Қытай] үкіметі құрылды” деген үкімет қағазы жетіп келді. Жəнімхан Оспандар:

– Біз ешқайда бара алмаймыз. Малды кəсіп еткен көшпелі қазақпыз. Баркөлге барып мал семіртеміз, – десті.

Бұл жерден көшіп Нориға бардық. Норидан көшіп, Сарқамыс-ты басып, Лотаң Жанзыны кесіп өтіп, Баркөлдегі Бəйге төбеге келдік. Осы жерде қой күземін алдық.

Осы жерден Үрімжіге баруға Уаң Жыңның 30 мың əскері басып өтіп кетті. Құмылда бірнеше күн тұрған екен. 1949 жылы 20 қарашада Пекиннен, яғни Гоңшандаңнан (Қытай компартиясы) төрт өкіл келді.121 Оның бірі ұйғыр Əмет, бірі дүңген, бірі қытай болатын. Оларға Оспан Жəнімхандар:

– Осы жер малға жайлы екен. Осы жерде (188) қоныстанып отырсақ, – дегенді айтты.

Уəкілдер мақұл болып кетіп қалды. Оспан оларға мынаны айтты.

– Бұрынғы Шынжаң демократиялық өлкелік үкіметімен жасаған он бір тармақты тоқтам бар еді. Осы тоқтам бойынша ұлттық билік өзімізде болатын болсын, – деп талабын қойды.122

Өйткені Жаң Же Жұң “Шынжаң азаматтары өздеріңді өздерің басқарып кету үшін оқыңдар. 15 жылдан кейін, ел болып бөлініп кетесіңдер” деп уəде беріп тоқтамға қол қойған едік. Осы бір ауыз сөз бізге үлкен медеу болған еді. Өйткені Коминдаңның соңғы кезінде батыс терістік бес өлкенің бастығы болған, оған қосымша

121 Үш аймақ үкіметі 1949 жылы қыркүйекте бірқатар шешімдер қабылдап Кытай Компартиясына ұсыныстар жасады. Олардың бірінде Жəнімхан, Оспан, Қадуан, Қалибек, Жолбарыс жəне Айсебек қатарлы адамдардың тұтқындалып, мал-мүліктерінің тəркілену керектігі айтылды. L.Sheng. Çin’in Xinjiang Bölgesi Geçmişi ve Şimdiki Durumu, Xinjiang Halk Yayınevi, Urumçi 2006, 181-183-бет. 122 Бұл туралы Сүгірбаев былай дейді: “Уаң Жын Халық Азаттық Армиясын бастап Шынжаң шекарасынан өтіп Құмылға келе сала Уақыт сияқты адамды Баркөлдің көл маңындағы “Тоқтар Сайы” деген жерінде отырған Оспанға партияның саясатын түсіндіріп хат жазып сəлемдемемен жібереді. Олар барғаннан кейін хатты таныстырып беріп халықпен ендігəрі жауласпай дұрыс жолда жүруін, Алтайға немесе Үрімжіге қайтып барып, үкімет жүктеген міндетті осылай істейтін болса, оның өткендегісінің бəрі қузалмайтынын айтады. Бірақ Оспан бір ауыз лебіз білдірмеген бойы жолға салады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 194-195-бет.

Page 324: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

324

Шынжаңды билеген Жаң Же Жұң сол орнында қалып, оны Гоңшандаң(Қытай компартиясы) батыс терістік бес өлкенің бастығы етіп белгілен еді. Бұл адамның орынында қалуы Оспанға үлкен медеу берді.

Осындай жағдайда Оспанды шалған бір ұшық болды. Шыбарайғыр Қапас батыр өз алдына кетіп бара жатып Үрімжіден Құмылға кетіп бара жатқан Гоңшандаң(Қытай компартиясы)ның бір соғыс генералын атып тастады.123 Екінші ұшық Оспан Америка консулы Мəккирнанды көпке дейін қашырып жібермей қолында сақтап отырған болатын.124

Осы екі мəселе жайында Уаң Жың Оспанды Үрімжіге шақырды. Оспан:

123 Сүгірбаевтің айтуынша, Қапас Тіркешұлы бастатқан бірқатар адамдар Жеті Құдық деген жерде жол тосып Шының орынбасары, Командир Лу Шауыйды төрт жауынгермен Құмылдан Үрімжіге келе жатқан жолында атып өлтірген. Сонда, 197-бет. 124 Тибетке қарай кітабының авторы Томас Лерддің атап өтуінше, Мəккирнан 27 қыркүйекте Баркөлдегі Оспанға барды. Оның қасында Васили, Леонид, Стефан жəне Орталық Барлау Агенттінің қызметкері Франк Бесак (Frank Bessac) болды. Мəккирнан да түрлі мылтықтар, екі пулемет, қол гранаталары жəне он килодай алтын бар еді. Мəккирнан Оспан қасында бір айдай болып 30 қазан күні, қасында төрт жол бастаушы қазақпен Тибетке қарай аттанды. Laird T. Into Tibet The CIA’s first atomic spy and his secret expedition to Lhasa, Newyork 2002, 112-120-бет. Сүгірбаев естеліктерінде Оспан Мəккирнанды қасына төрт жігіт беріп 1969 жылы тамыз айында қашырып жібереді, дейді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 192-бет. Ол төрт қазақ жігіті Зəлебай, Қиса батыр, Қариға жəне Зиратбай. Оспан батыр Мəккирнанды соларға тапсырып Гаскөлдегі Құсайын тəйжі ауылына жеткізулерін əмір етті. Солардың бірі болған Зəлебай бірнеше күн жүріп америқалықтарды аман-есен Құсайын тəйжі ауылына жеткізгендіктерін жəне сол жерден маусым айында Тибетке қарай жолға салғандықтарын айтады. Gayretullah H. “Altaylarda Kanlı Günler”. İstanbul 1977, 96, 99-бет. Лерд жолаушылардың Гаскөлге 29 қараша күні жеткендіктерін атап өтеді. Ол жерде төрт айдай болып қыстың өтуін күткен Мəккирнан мен жолдастары 20 наурызда Тибетке қарай аттанып кетеді. Олар көлік ретінде Гаскөлдегі қазақтардан ет жейтін 15 түйе мен 2 ат сатып алады. Өйткені Тибет жолында жазға дейін мал жейтін өсімдік болмайтын. Laird T. Into Tibet The CIA’s first atomic spy and his secret expedition to Lhasa, Newyork 2002, 145-153-бет. Сондықтан Гаскөлдегі қазақтар шөптің ішіне тілімдеп ет салып ат-түйе секілді көліктерді ет жеуге үйреткен. Бесак пен Звансов кейін Лердке егер ет жейтін түйелер болмағанда, Тибетке жетулерінің екіталай екендігін айтқан Сонда, 161-бет. Хасан Оралтай өмірінде тұңғыш рет түйе мінген америкалықтар көріп таң қалғанын “Гаскөлде түйе мінген америқалықтар” деген сөзбасымен былай деп суреттеуде: “Гаскөлге барған күніміздің ертеңінде 1950 жылдың ақпан айында, біздің аулыға қарай түйеге мінген бірнеше бөгде кісінің келе жатқанын көрдік. Олар не қазаққа, не қытайға ұқсайды. Алдында келе жатқан біреуі, мінген түйесін шөгерген бойда, қарғып түсіп құшағын ашып Қалибек Хакімге қарай ұмтылып барып құшақтады. Ол 1949 жылдың көктемінде Үрімжіде Қалибек Хакіммен кездесіп, үйдің шамын сөндіріп қойып қараңғыда отырып сөйлескен. Кейін Оспан батыр, Жəнімхан қажы жəне Қалибек Хакіммен Көктал – Толы жайлауында жиналыс өткізбек болған. АҚШ-тың Үрімжідегі вице консулы, яғни бас консулдың орынбасары Mr. Douglas Mackiernan еді. Жанындағылар консулдың хатшысы Mr. Frank Bessac жəне атшы ретіндегі антикоммунист екі орыс. Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999, 126-бет. Жолаушылыр 1950 жылы 29 көкек күні Тибеттің Шеғар Кұнлұң деген жерінде тибеттік тонаушылардың шабуылына душар болып Мəккирнан, Стефан жəне Леонид қаза тапты. Тек Бесак пен Звансов аман қалып тұтқынға түсті. Кейін оларды Американ үкіметі құтқарып алып кетті. Laird T. Into Tibet The CIA’s first atomic spy and his secret expedition to Lhasa, Newyork 2002, 171-177-бет.

Page 325: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

325

– Қой қоздап болған соң барайын, – деп Шаймардан Ермекұлы мен Қанатбай ...ұлын125 жіберді.126 Уаң Жың қайта бұйрық жіберіпті.

– Оспан келсін. Менің күш-қуатымды көрсін. Көп болсаң жаныңда мың үй бар шығар. Бір үйге бір айырпланнан жіберемін, – деп күшін көрсетіпті.

Осы сөзге қарата Оспан мынаны айтты. – Менің ұлттық тəуелсіздік құқығымды танысаң барамын. Егер

“Шынжаңның ұлттык тəуелсіздігін танымаймын. Баса билеймін. Жұтамын” десең келіп жұтып бақ, – деп жауап берді.127

Осы кезде Оспанға қараған елдер Тарылауды, Қобы, Көксерке, Қасаншу, Құлыншары, Сарбұлақ, Жыланды қатарлы ой тауда отырған еді. (189)

1950 жылы сəуірдің аяғында жүздей адаммен қашып Жолбарыс келді. Оның үстіне Коминдаңнан қалған үш мың армия бұзылып Оспан жанына келді. Осы армияның бастығы Жолбарыс еді. Осы ауыр жағдай үстінде Үрімжіден Закария Генерал (ол осы кезде силиң болған еді), Нəзір дейтін Найман (Бұрханның құдасы болатын) өкіл болып келді. Оспанға “Жолбарысты ұстап бер. Онда сіздердің күңəларыңды кешіремін. Егер Жолбарысты ұстап бере алмасаңдар жəне өздерін келуге көнбесеңдер, онда əскери күшпен жаныштаймын” деген нұсқауды əкеліпті.128

125 Қолжазбада Қанатбайдың əкесінің атының орны бос тасталған. 126 Дəлелхан Жəнімханұлы 1949 жылы 15 желтоқсанда Қанатбай жəне Шаймардан Ермекұлынан Үрімжідегі Коммунисттік Партияның бастығы Уаң Эңмао, Бұрхан Шаһиди, Тау Сио жəне генерал Фиң Дехұй атына арналып бір хат берілгенін айтады. Ол хаттың мазмұны: “Хаттарыңызды алдық. Қыстың қатты суық күндерінде жолға шыға алмадық жəне Үрімжіге бара алмадық. Солай болса да орнымызға уəкіл етіп екі кісі жібердік. Сіздермен бет көрісіп, жағдайларымызды түсіндірумен бірге берген нұсқауларыңызды алып қайтады.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 88-бет. 127 Сүгірбаев та Оспан мен Уаң Жын арасында болған осы байланысты атап өтеді: “1950 жылы екінші айда Шынжаң Өлкелік Халық Үкіметі Оспанға Уақит Халелұлын, Құрманбай Тиянақұлын жəне бұрын Шонжыда тұрған 5 атты əскерлер шысынын ақиқатқа қайтқан полкжаңы Ма фамилиялыны т.б. өкіл етіп жібереді. Олар атпен бір жексенбі жүріп Баркөлдің Бисан деген жерінде отырған Оспанға барады. Оларда Оспанға халықпен, халық үкіметімен жауласып өкініште қалмауды, дұрыс жолға оралуды насихаттайды. Оспан а дегенде өліспей-беріспейтінін айтып сес көрсетеді. Соңына келгенде, Жəнімханның ақыл көрсетуімен зымияндыққа басып: “Бағынсақ – бағынайық. Бірнеше талабымыз бар. Өлкелік үкіметтің бастықтарына ауызба-ауыз айтып қайтсын” деген жауапты беріп Қанатбай мен Шаймардан Ермекұлын өкіл етіп қосып Уақиттарды қайтарады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 195-196-бет. 128 Сүгірбаев осындай өкілдер келгенін растап басқаша сипатта былай деп əңгімелейді: “Өлкелік Халық Үкіметі Қанатбайларды шын ықыласпен күтеді. Олардың талаптарын негізгі жақтан қанағаттандыратынын білдіреді. Сонымен қатар партия саясатын толық түсіндіріп, көптеген сəлемдеме беріп жолға салады. Тағы ілгерілей түсінісу мақсатымен бұрынғы өлкелік қауіпсіздікті сақтау қолбасшылығы бастығының орынбасары Зəкария мен қуыршақ Шынжаң газеті мекемесі бастығының орынбасары Нəзір Омаровты Өлкелік Халық Үкіметі атынан Қанатбайларға қосып

Page 326: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

326

Осыған қарата Оспан тобы қайта бір ұйым құрды. Бүкіл армияның бастығы Оспан, оның орынбасары Жолбарыс болып белгіленді.129 Екі полктің бастығы ретінде мен жəне Қапас екеуміз белгілендік. Дəлелхан Жəнімханұлы əскери ат, азық, көлік дайындауға сайланды. Алтынбек, Кəбен, Қатай Баркөл елінің əскери бастықтары болып сайланды.130

Осылай дайындалып тұрғанда көктемде табиғат мінезі бұзылды. Жұт болды. Оның үстіне əскерлеріміз ашығып екі мың адам бағынып кетті. Қалған бір мың əскермен Жолбарыс Бағраш тауына (Атөрік тауы) шығып кетті. Біз Сарқамыста отырғанбыз. Үш аймақ атын жамылып орыс армиясы келіп басты. Олармен аяусыз соғысып көп адамын қырып тастадық. Қалған əскерлері жеңіліп Нориға шегініп кетті.131

жібереді. Бұл тұста Оспан “шарт – жағдай пысып жетті. Мен үшін ең ұтымды орай осы” деген жерге келіп болған, сондай-ақ Жолбарыс та жиырма неше адаммен Құмылдан қашып шығып, Оспанға қосылып алған еді. Сонда, 196-бет. Дəлелхан Жəнімханұлы Қанатбайлардың қайтып келуі туралы былай деп жазады: “Үрімжіге кеткен азаматтар да келген еді. Олар Үрімжіде Алтайдан барған кісілермен сөйлесіпті. Жəне басқа аймақтардан да қазақ бастықтарының жиналысқа қатынасқанын айтты. Үрімжідегі үкімет орындары жаңадан қайталап Жолбарысбек, Оспан батыр, Жəнімхан қажы жəне Дəкей қажының Үрімжіге келулері керек. Бір дастарханда отырып сөйлесеміз жəне келісімге келеміз депті. Сонымен қабат “Халыққа үлестіріп беріңдер” деп пұл жəне шай жіберіпті.” Дəлелхан Жəнімханұлы осы мəселеге байланысты сөзін жалғастырып былай дейді: “Үрімжіден полковник Зəкария жəне Нəзір екеуі келді. Қолдарында генерал Фиң Дехұйдың жазған хаты бар. Мазмұны: “Үрімжіге келіп келісімге қол қойыңдар. Болмаса əскери шара қолданамыз” деген. Бұл хат батыр мен қажыға (Жəнімханға) арналған екен. Осылайша күш көрсетіп келуге мəжбүр етіп отыр.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 89-90-бет.

129 Оралтай бұл жиналыстың 1950 жылы қаңтар айында болғанын айтады. Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999, 130-бет. 130 Сүгірбаев осы жиналыстың 1950 жылы көкек айында болғанын растайды: “1950 жылы 4 айдың басында Бисанның “Тарсу” деген жерінде Жолбарыс, Сұлтан Шəріп – бəрі бір жиын ашады. Онда қарулы бүлік тудыру жөнінде бекімге келіп тарасады. 196-бет. 131 Сүгірбаев бұл соғыста керісінше үкіметтік армияның жеңіске жеткенін алға тартады: “...1950 жылы 6 айда “Тарсу” деген жердегі бандылар ойнағының төбесінен түсіп олардың тас-талқаны шығарады. Оспан, Жəнімхан, Жолбарыс, Сұлтан Шəріп тағы басқалар жандарын қоярға жер таба алмай, торғайдай тозып Бисан тауының шығыс жақ сілеміндегі жыныс орманға кіріп кетеді. Қапас Тіркешұлы, Кəшапат бастатқан жиырма неше адам Пуқаңға, ал Қанатбай, Құсайын Ұяң, Құрман бастатқан отыздай адам Шонжыға келіп қару тастап бағынады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 197-бет. Нұрғожай батыр, бірнеше жол төменде, Қапас Тіркешұлы, Кəшапат бастатқан адамдардың бұл жерде емес, кейін Болымжы дейтін жерде бағынып кеткеткенін айтады. Дəлелхан Жəнімханұлы да үш аймақ əскерлерінің жеңіліс тапқанын айтады: “Сөйтіп отырғанда “Дашытуға жау келіпті” деген хабар алдық. Полковник Талғатбек басшылығындағы Үш аймақтың атты əскері екен. Елді басып қалмасын деп дереу əскер жіберілді: Нұрғожай батыр, Жəмет батыр, Қапас батыр, Кешəпат батыр, Шыбарайғыр Қапас батыр, Əсен үкірдай жəне ағам Хамит. Сонымен бірге полковник Хаңның басшылығындағы дүнген əскерлері жəне Иосиф Самойлов қарамағындағы орыс əскерлері жауды қамап алып қатты соққы берген. Соңында олар Шонжыға қарай қашқан.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 90-бет.

Page 327: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

327

Біз көшіп Көксерке Сарбұлаққа бардық. Осы жерде үш мың танкті армия келіп бізді басты. Əр жерден соғыс беріп Бəйтікке шығып кеттік. Оспан, Жəнімхан ауылдарымен Шібетіні өрлеп басына барғанда алдымыздан Моңғол армиясы шықты. Олармен соғысып бес адамын өлтіріп бес мылтық түсіріп алып күнгей Ластыға шегіндік.

Мал қатты арық еді. Елді Шонжы, Нори, Баркөлге таратып жібердік. Оспан – Жəнімхандар Тақырбастау, Сарбастауға барып орналасты. Бір жұмадан кейін орыстардың жалған Шарқи Түркістан атындағы əскерлері келіп басты. Мал мен ауылды тастап жеңілденіп алып (190) Қарамайлыны басып Қиғанқұдық, Аштысу, Қырыққұдық, Құйлық Құдығына келдік. Ылғи аққұм арасымен аралап жүріп отырдық. Оспан мен Жəнімханның қазыналары Құйған Құрықта, Шарқи əскерінің қолында қалды. Бұл жерлерді тастап Кəр Торанғыны басып Қуаршаға келдік.

Олымжы, Болымжы дейтін жерлердің суын Уаң Жың əскерлері иелеп алыпты. Түнде ұрланып барып су құйып алдық. Түнде екі армия ортасынан ұрланып өтіп Болымжы суына келдік. Сол суды өрлеп Қуаршаның жонымен жүріп жіңішке суға келдік. Осы жерге келгенде Қапас, Кəшапат, Жамет өздеріне қараған əскерлерімен бұзылды.

– Жəнімхан мен Оспанды қытай ұстайды. Жан бағамыз, – деді. Мен оларға:

– Кетпеңдер, – деп үгіт айтып едім. Олар көріністе мақұл болды да түн жастанып кетіп қалыпты. Біз түнімен жүріп таң ата Жасанқызылға келдік. Сол жерде екі тай сойып демалдық. Сол кезде, дəл сол жұртта 150-дей қатын-балалы адам қалдық.

Түнде көмірлік жолмен жүріп аңдулардан ептеп өтіп кеттік. Сөйтіп Сантақудың жолына келіп түстік. Ағашобаны өрлеп Бисанға шығып кеттік. Түнделетіп жүріп төртке бөлініп Сантақудағы тосқан армиядан ептеп өтіп кеттік. Ағашобадан келіп су ішіп жатқанда, жау артымызда сиыр айдап келе жатқан бір қатынды ұстап содан біздің өтіп кеткенімізді біліп қойып артымыздан қуып келіпті.

Ағашобадан Шанзының басына өрлейтін сайдың басын тау жағын Оспан алды. Дала жақ қарауылын мен ұстадым. Көш Шанзы сайын өрледі. Башанзыға еңкейгенде бір бастау болып оған қытай əскерлері келіп қалды. Біз дамылдап азықтанып алдық да пулеметті зіркілдетіп тұрдық. Жаудан көп адам қырылды. Жер берік

Page 328: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

328

болғандықтан шығын бермедік. Əрі жау ілгерілей алмады. Аман-есен Бисанға шығып кеттік. Одан көшіп Бұғыбастан өтіп Қарабақсыға келдік. Онда жайлап жатқан біраз ел бар екен. Бұрын Гансуге барып келген Құл Молқы, Базарқұлдың елдері екен. (191) Олардың жанына екі күн еру болдық. Олардың берген хабары мынау болды:

– Сұлтан Шəріп, Жанəбіл, Мұқаділ, Алтынбек, Кəбен, Машан, Қарақас, Қатайларды елдерімен Баркөлдің Көңірек деген жеріне жиған екен. Əр күні үгіт айтыпты.

– Тайыншаның мұрнын жұдырық пен кесіп отырған қазақтар Америкаға қалай көшіп жетпекші болып отырсыңдар, – депті.132

Осындай жағдайда тұрғанда бір түнде Қарабақсыдан жау келіп басты. Біз қайтып Бұғыбастауға шегіндік. Түнімен атыс болды. Таң ата Оспан жанынан Шыбарайғыр Смайыл шəйіт болды. Шертиман жаралы болды. Үлкен Дарақтыны жау тартып алғандықтан Бұғыбасты өрлеп Зынданға бардық. Мұқаділ елінен бір қанша ауыл көшіп келді. Базарқұл Бисали ауылдары, Құл Молқы Сүлеймен ауылдары бар екен. Жақыппек Қормалдың баласы, жиені Əмедолла он бір адам болып олар да бізге келіп қосылды.

Үлкен Дараққа барып дамылдадық. Кіші Дараққа барып түнде қондық. Жерді тұман басып күн жауып жер сел болып ақты. Таң ата сағат 10-11-де жау келіп басты. Біз Жəнімхан тобы жаяу бетке қаштық. Бетке шыққандардың бір бөлімін əскер жинап алып кетті. Маған Алакөз Қабдұл жақсы бір ат берген еді. Оған артқан 600 оғым бар еді. Бетке өрлеп шықсам алдымда бала алып Жəнімхан отыр екен. Енді бір жағында Дəлелхан басын тығып алыпты. Оның қолына оқ тиіпті.133 Шайзаға оқ тиіп үйде қалыпты. Менің атымның бауырына оқ тиіп қоржын ауып түсіп қалды. Атты қоя бердім. Енді азырақ өрлесем қолына мылтық ұстап Сүлеймен отырыпты. Соның жанында отырған баламды тауып алдым. Əйелім, баламды Кəдірхан мен Жəнімханның жанына жібердім. Соның арасында менің қалған қоржынымды əскерлер келіп тауып

132 Хасан Оралтай осыған ұқсас бір сөздің “Ей байқұс қазақ! Түйеге мініп Америкаға қалай кетпекшісің! Түйе мұхиттан өте алмайды” деп айтылғанына көрсете келіп, кейінгі жылдары Түркияда осы сөзді еске алған жəне Америкаға барып келген бір қазақтың “Құдайға сенген қазақ түйемен Құмылдан шығып міне Америкаға да барып келді!” дегенін атап өтеді. Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999, 130-бет. 133 Дəлелхан Жəнімханұлы қолына оқ тигенін былай деп əңгімелейді: “Менен 100 метр төмендегі жартастың ар жағында Нұрғожай батыр бар. Менің қарсы алдымда Нұрғожайдың ұлы Ахмет жəне Нəзимен бар. Жартастың арасында жатырмыз. Сол кезде оң жақ қолымнан минометтің оғы тиді.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 95-бет.

Page 329: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

329

оғына таласып ойға түсіп кетіп қалды. Түс ауды. Менің жаныма Сейітхан өкіл болып келді. Мен Сейітқанға:

– Бізді айтпа. Бағынатын болдық деп айғай сал. Қатын-бала кетіп қалсын. Оларға үкімет тимейді. Бізді жоқ екен. Кетіп қалыпты деп бар, – дедім. Ол адам мақұл болды да айғай салып еді. Бетте жатқан қатын-бала түгелдей Сейітханға еріп кетіп қалды. (192)

Мағауия дейтін Құл Молқы Сүлейменұлы: – Оспан бағынып кетті. Біз де бағынамыз, – деп айғай салмақ

болды. Оның мылтығын тартып алдым да: – Қозғалсаң атамын, – деп жатқызып қойдым. Көзім ілініп

кеткен екен. Аяқ жағымнан келіп бір қытай: – Мылтығыңды əкел, – деді. Оянып алып: – Заңға, – дедім. Тұра қалды. Атып тастадым. Əскерлер келіп Жəнімхан

қажыны,134 Кəдірханды, Жақсыханды үшеуін алып кетті. Дəлелхан жаралы жатты.135 Түнде Дəлелханның қолын орап алып жүрдім. Біраз жүрген соң екі атқа кезіктім. Оны Дəлелхан екеуміз мініп алып тағы да жүрдік. Бір атқа Нəзиман136 мен менің балам Имам Ахмет мінді. Жаудың бекінісіне жақын келдік. Тосып едік. Сол заманда қатты боран соқты. Бұршақ жауды. Осының панасында тосқан жерден шығып кеттік.

Біраз жүріп 14 ат тауып алдық. Сірінке жоқ. Отын жоқ. Тамақ жоқ. Күн суық. Киім жоқ. Оспан қашып кеткен екен. Соның ізін тексердік. Жолмен жүру қиын болғандықтан тауға барып бекіндік. Ертеңінде күн шықты да күнге қыздырыңдық. Жанымызда Мағауия бар. Ол Гансиң137 жолын біледі. Мен ілгерілеп жүріп жер шалдым. Дарақтыдағы елдің бəрін қытай жинап алып Баркөлге қарай айдап бара жатыр екен. Қайта келіп осы хабарды жеткіздім.

134 Сүгірбаевтың атап өтуінше, Жəнімхан Тілеубайұлы қыркүйектің жиырмаларында Ақбұлақ деген жерде қолға түседі. 1950 жылы желтоқсан айының соңында Үрімжіде оған өлім жазасы берілді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 197-бет. 135 Бұл уақиғаны Дəлелхан Жəнімханұлы былай деп əңгімелейді: “Біраздан соң Нұрғожай батыр: - Төрт əскер келе жатыр, атайын ба? – деді. Мен: - Атпа! Көп əскер бар, бізді басып кетеді, – дегенімше болған жоқ, ол “тағы екеуі жақын қалды” дегенде: “Ат!” дедім. Біреуінің қолынан оқ тиіп төмен қарай сырғып кетті. Енді біреуі, қарсыдағы жартастың түбінде жасырынып отырған əкемді көріп қалып мылтығын оқтап: “Тұр” дегенде, əкем орнынан тұрған еді. Əкемді танып қойған əскер “жүр” деп айдап кетті. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 95-96-бет. Қолға түскен Жəнімхан қажыны алдымен Құмыл, одан кейін Үрімжіге апарып екі қолын байлап, мойнына ажырғы салып көшелерді аралатып халық алдында айыптатады. 1951 жылы 4 көкекте Үрімжіде атылады. Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999, 131-бет. 136 Естелікте Нəзима деп жазылған. Нəзиман болуы керек. Дəлелхан Жəнімханұлының зайыбы 137 Гансу болу керек.

Page 330: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

330

Кешкісін Төсқайыңға түсіп су іштік. Түнде жатып таң ата бір атқа екі адамнан мінгізіп алып жүрдік.

Мен жайдақ атқа мініп алып, алда жүріп дүрбі салып отырдым. Белге шықсам жан көрінбейді. Сондықтан жұртқа бардым. Əскерлер орнында қалған сіріңке, от, пышақ, нан бар екен. Сейітзаданы бізді жау қамап алған жерге жіберсем, ол барып шүйінші сұрап қайтып келді.

– Мұқаділ, Сүлеймен, Кенен, Хамит, Мəжит барлығы сол елдің ішінде екен, – деді.

Біз қайтып елге келдік. 50 адам өлген екен. Оның жаназасын оқып көмдік. Тоқтаубай шешесі жаралы екен. Барқы Қойшы батыр-дың шоқысынан шықтық. Онда бір жұма демалдық. Бағынатындар кетіп болды. Гансуге жүруге жол бастайтын адам таба алмай отыр едік. Ол жолды білетін Құлдан Жүкей, Құлдан Жапан, Құлдан Болатқан Жасқанбайұлы, Құлдан Қазез алты адам бұлар келді. (193)

Біз Сүлеймен, Кенен, Нəдиме, Ахмет (менің ұлым) Атшыбай Қопан 12 адам, Қарақас он кісі, бірнеше ұйғыр, Алакөз Қабдұл болып тауға бекіндік. Алакөз Қабдұл қайтатын болды. Үш күннен кейін жау келіп басты. Онан қиында құтылдық. Тоғыз сарт қолға түсіп Ғұбайдолла ғана қашып шықты. Одан жүріп Ақтікен деген жерге бардық. Молқы Жүкей баласы Жапон, Болатқан, Қазез, Атшыбай Қопан, екі сарт барлығы 18 адам болып өмір тауына шықтық. Бұл жерде тұрмастан Ноғайды өрлеп келіп Бағрашқа бардық. Біз бұл жерлерге келсек, онда мекендеп тұрған Жолбарыс-тар қашып кеткен екен. Олар тұрған Қызылбұлақты қытайлар иеленіп алыпты.

Қауан қарасындағы суға келдік. Бізді Қазез Қанамбарға алып жүрді. Алдымен кіші жотаға, одан жүріп Шыбардөңге, Алтынқазғанға, бұдан шығып Қарадөңге келдік. Қарадөңнен шығып Уанқуға, онда мал баққан малшылар бар екен. Ланжу көлінің аяғымен жүріп 23 күн дегенде Қанамбарға жетіп бардық. Ол жерде жер шалып жүрген Сағидолда Қайысбайұлы жүр екен. Ол адаммен бірге Қайызға келдік. Қайызда тұрмастан Мақайға келдік. Мақайда тұрғын ел бар екен. Сағидолла, Салакиттен, Қапас (Шақабай), Қəбен, Нұрғали Тұңғышбайұлы ауылдары бар екен. Біз осы жерге келместен үш күн бұрын Жолбарыс, Сұлтан Шəріп, Оспан, Жəнебіл қатарлы адамдар да осы елге келген екен.

Page 331: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

331

Біз Дəлелхан, Нəзиман, Хамит, Мəжит, Сейітзада, Ахмет мен жеті адам Қалибектерге келдік.138 Құсайын ауылдары да сонда екен. Сүлеймен, Кенен, Оспан жанында қалды. Біз Қалибектерге жеті күн жол жүріп келген едік. Олар Қызылтас деген жерде екен. Олардан ат көлік киім кешекті толықтап алдық. Одан шығып Гəскөлдегі Құсайын ауылына келдік. Бір жаз жайладық, Құсайын жақсы жəрдем беріп қуаттанып қалдық.139 Көшіп Тəжінорға барғанымызда Сұлтан Шəріп, Қəбендер көшіп келді. Оспан мен Жəнабіл Қанамбардың етегіндегі Қайызға кетіпті. (194)

Оспанның шетелге шығудан бас тартуы

Баламды Дəлелхан қолына тастап қайтып Қайызға келдім.

Жанымда Сейітзада бар еді. Қайтуға жолдас таба алмай Шақабай Қапастың үйінде тұрдым. Мен тұрған жерге 380 үйді бастап қашып Мұқаділ келді. Əйелім Жақсыхан Мұқаділ семьясымен бірге қашып келіпті. Есен-аман сол жерден тауып алдым. Оспанға барып

– Енді тұрудың қажеті жоқ. Кетелік. Жау басатын болса, жауды жарып шыға алмайсың. Бізге баруын үшін алдыңда кесіп ететін үш өткел бар: Мақай өткелі, Тəжінор өткелі, Қажыра өткелі. Осының бəрінің сыртында бір тауды қарауылға алып отырмыз, – дедім.

138 Дəлелхан Жəнімханұлы Қалибектерге барған алғашқы күнді былай деп əңгімелейді: “Қалибек үйінде жоқ екен. Жолбарысбектің хабарын естіп жолығып қаламын деп Есекбаттыға кетіпті. Ертесі ақшамда келді. “Əкең өлсе де, əкеңді көрген өлмесін” дегендей Үрімжіде хош айтып кеткен Қалибекпен бүгін көрісіп отырмыз. Көңілім босап, көз жасымды тыя алмады. Қалибек те жылағандай болды. Нұрғожай батыр: - Бір Жəнімханнан айрылсам да, үш Жəнімханды алып келдім. [Жəнімханның үш ұлы Хамит, Дəлелхан жəне Мəжитті айтып отыр – Ə. Қ.] Жанабы Алла қалғандарына ұзақ өмір берсін. Адам өзі мың жасамайды. Ұрпағы мың жасайды, – деп бізді уатты. Төрт күн жатып, кір-қоңымызды жудырып, сергіп қалдық. Қалибек: - Іргелі ел ғой, Құсайын тəйжінің еліне барғандарыңыз жөн болар, – деді.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 100-101-бет. Қалибекұлы Хасан Оралтай осы кездесу туралы былай дейді: “1950 жылдың тамыз айының аяғында біз Гаскөлге жақын Қызылтас деген жерде отырғанда, Жəнімхан қажының ұлдары Дəлелхан, Хамит, Мəжит жəне Нұрғожай батыр, Дəлелханның əйелі Нəзима келді. Əкемді көріп бəрі жылады. Жəнімхан қажылар да Абақ Керейдің Жəнтекей ішінде Есентай руынан. Біз қыз алыспайтын жақын рулас, ал екінші жағынан əкем Үрімжіге барғанда көбінесе ол кісінің үйіне түсетін. Əкем Жəкең қажыны өте сыйлайтын.” Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999, 132-бет. 139 Дəлелхан Жəнімханұлы бұл туралы былай дейді: “...Үш көшіп Гаскөлдегі Құсайын тəйжінің еліне келдік. Əбубəкір деген ақсақалдың үйін əзірлеп қойған екен. Сонда жаттық. Ел сау болсын, қазақ сау болсын. Өз ауылымызға келгендей болдық. Əңгімеге жалықпайтын Нұрғожай батыр, Сүлеймен батыр бастан өткен уақиғаларды күндіз-түні айтып жатты. Ел жиналып басымызға алты қанат үй тікті. Қорамызға 500-дей қой қосты. Біреуі ат, біреуі түйе жан-жақтан əкеліп жатты. Үйге төсейтін сырмақ, кілем жəне шай, шəугім əкеліп, керекті заттармен қамдады. Өз алдымызға бір ауыл болып қалдық. Аллаға сансыз шүкір!” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 101-бет.

Page 332: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

332

– Он неше күннен кейін көшеміз, – деп Оспан қалып қойды.140 Сол жұманың ішінде оны қытай қолға түсіріп Жанəбілді өлтірді.141 Олардың жанында шамамен 700 үй бар еді.

Шетелдерге сапар

Мен əйелімді ертіп Тəжінорға келдім. Сол жұманың ішінде

Тəкімен қашып келді. Ырымханның əкесі Сапағай екі адаммен – Аң қарап кетсек аулымызды жау басып айдап кетіпті, – деп

келді. Біз де дереу көштік. Артымыздан жау келіп жұртымызды

басты. Дəлелхан, Сұлтан Шəріп, Құсайын, Бағси, мен қатарлы бір-неше адамдар қашып шығып Тибеттің Саржонына келдік. Ыстан көптеген адамдар қаза болды. Біз жиырма сегіз күн көшіп келгеннен кейін Қалибек, Хамза, Шүкен, Омар үкірдай ауылдарымен табыстық.

Біз Тəжінор, Гəскөлмен қашып келдік. Жол бойы Тибеттен ат азық алып жанды бағып 354 күн дегенде Үндістан шекарасына келіп жеттік. Үндістан қызыл Қытай үкіметін танып қойғандықтан бізге:

– Елдеріңізге қайтасыңдар, – деп шекара жолын бермеді. – Саяси босқын едік. Тəуелсіздік талап етіп келеміз, – дедік.142

140 Далелхан Жəнімханұлы Мақайда Оспан батырға амандасып бірге кетуді ұсынады. Оспан батыр “Күш-қуат қалмады. Аз күн болса да демалайық. Жанəбіл батырдың 30-дай адамы, ішінде өзі де бар, жортуылға кетті. Соларды тосып алсақ, жақсы болар ма екен? Олардың ішінде Сұлтан Шəріптің азаматтары да бар. Халықтың оларды тастап кеткісі келмейді” деп ермей қалып қояды. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 99-бет. Оспан батыр шетелге көшіп кету жөніндегі бір ұсыныс та Қалибек Хакім тарапынан жасалған. Гаскөлде тұрған ол 1950 жылы қазан айында қолына бір хат, қасына бірнеше жігіт беріп ұлы Хасанды Қанамбал тауының етегінде Мақай деген жерде тұрған Оспан батырға жіберді. Хасандар бір апта суыт жүріп Оспанға барып Қалибек Хакімнің сəлемін жəне хатын жеткізді. Бірақ Оспан батыр Қалибектің ұсынысын қабылдамады. Бұл туралы Хасан Оралтай былай дейді: “Сонымен Оспан батырды бізбен бірге Гаскөл жаққа көшуге көндіре алмадық. Марқұм əкеме бір хат берді. Алдағы күндерде үлкен ұлы Шердиманды бізге жіберетінін айтты. Соған Шердиманға қарап: – Биыл елу бір жастамын. Біз қартайдық, яғни Қалибек екеуміз. Жəкең қажы жау қолына түсті. Енді кезек сендерде. Дəлелхан, Хамза сен үшеуің елді құтқарындар... Шердиман ештеңе демеді жөн жымиып күлді. Ошың сөзін жалғастырды: “Сендер ештеңе істей алмайсыңдар. Бірдеме істесек əлі де біз қарттар істейміз” – деді. Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999, 139-141-бет. 141 Бұл туралы 1951 жылы 21 ақпан күні радио хабарында былай делінген: “Америка ипериалистерінің қол жаулығы, Чан Қайшıдің шпионы Оспан осыдан үш күн алдын азаттық армиясы тарапынан Хынхай аймағында тірі қолға түсіілді” Алптекін И. Doğu Türkistan Davası. İstanbul, 1981, 262-бет. 142 Дəлелхан Жəнімханұлы шеқараға келгендері туралы былай деп мəлімет береді: “1951 жылы 8 айдың 15-і күні Үндістанның Чүчіл шекарасына келдік. Шекара əскер бастығы майор Нарансиң жалпылай жағдайымызды сұрады. – Көп шығынға ұшырадық. Қаһарман батырларымыз: Оспан батыр, Қапас батыр, Кəшапат батыр, Жəмет батыр, Шынжаң өлкелік Қазына министрі Жəнімхан жəне мыңдаған кісілер мал-мүлкімен

Page 333: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

333

Бір рет қытай армиясы келіп басты. Əскери күшпен айдап əкетпекші болды. Аяусыз шайқас жүргізіп қытайды қырып тастадық.143 Үндістан шекарасынан күштеп кіріп алдық. Ақыр Үндістан қабылдады. Құрал жабдықтарды бердік. (195)

Сөйтіп шекарадан өтіп алғаннан соң Дəлелханды “Түркияға барамыз. Біріккен Ұлттар Ұйымына барамыз” деп Ладаққа өкіл етіп жібердік. Үндістанға үш жолмен қашып келдік. Қалибек, Хамзалар Лобнор жолымен келді. Айсабек Емен Буралар Қашқар Қарғылық Қарақұрым жолымен асып келді. Бұл ұйғырлар да бізді тосып жатыпты. Ладақта жүргенде Дəлелханға Айсабек кезігіп өзінің Біріккен Ұлттар Ұйымына немесе Түркияға көшіп кету жөнінде арыз жазғандығын айтқан екен. Екі пікір бір жерден шыққан екен.

Қытай екі рет басқан еді. Екінші реткі шайқастар сұрапыл болды. Бізден Тұрды Қари (ұйғыр) шəйіт болған еді. Жəне екі қазақ бірі əйел болып жиыны үш адам шəйіт болды.144 Соғысып жатқанда біздің Үндістанға қабылданған бұйрығымыз келді де өтіп шығып кеттік. 18 күн көшіп Ладаққа бардық. Малдың бəрін саттық. Өзіміз айырпланға отырып Кəшмірге келдік. Сапакəділ деген сарайға келіп орналастық. Түркиядан 40 адам өкіл келді. Олар қабылдайтын болды.

Құсман тəйжі, Хамза Жахяұлы, Беги, Кəріштай, Сауытбай, Халипа Алтай, Қайнолла145 қатарлы адамдар басшылық істеді. қолға түсті. Шынжаңнан қатын, бала-шаға барлығы – 25 мың кісі жəне 5 мың əскермен коммунисттерге қарсы күрес жасаған едік. Амал қанша, жеңіліске ұшырадық. Олардың əскерлері соңымызға түсіп Рудокқа дейін келді. Жол-жөнекей Гирце, Гирже жəне Тинчо деген жерлерде алдымыздан тосты. Шабуыл жасады. Ат-көлік жəне азықтарымызды алып қалса да, мойын бүгіп бағынбастан бүгін Үндістан шекарасына келіп отырмыз. Бізге рұқсат беріңіз, Үндістан шекарасынан өтіп отырайық, – дедім. Майор Нарасин: – Мен шекарадан кіруге рұқсат бере алмаймын. Бірақ өтініштеріңізді жоғарыға жалғастырамын. Əзіргі жағдайларыңызды жазып беріп, қару-жарақтарыңызды тапсырыңыздар, – деді. Біз де мал-мүлік жəне адам санын жазып бердік: Адам саны 174 (Қатын, бала ішінде), түйе 125, ат 97, қотазы 253, қой 2000, есек 2, мылтық 31, тапанша 2, пулемет 1, маузер 1. Біз бұларды қолма-қол тапсырып бердік. Олар алып кетті. Бірақ ертеңінде қаруларымызды алып келіп, бізге қайта берді. -Өздеріңізді қорғап тұрыңдар. Біздің аумағымызға кіргеннен кейін тапсырасыңдар. Сендерді қарусыз тастауға болмайды екен, – деді.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 107-108-бет. 143 Дəлелхан Жəнімханұлының айтуынша ол шайқас былай болған: “9 айдың 27 күні коммунистердің əскерлері Пангур көлінің солтүстік жағынан тауды жағалай келіп басып қалмақшы болғанда біздің қарауылдар көріп қалып атысыпты. Келген 100-дей əскер екен. Олар ілгерілей алмай тауға қарай ығыса бергенде, көлдің басындағы жазықтан Нұрмұхаммед молла оларды мылтықтың астына алып, алға бастырмай бірнешеуін жаралапты. Тасалап тауға шыққанда Нұрғожай батыр, Хамза, Сабихан, Қиса батыр жəне Тұрды қариялар баспалап отырып, қаша бергенде біреуін атып өлтіріпті.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 115-116-бет. 144 Дəлелхан Жəнімханұлы бұл шайқастың 1951 жылы 10 айдың 10 күні болғанын айтады. Сонда, 116-бет. 145 Қайымдолла болу керек.

Page 334: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

334

Түркияға 1954 жылы Сұлтан Шəріппен мен келдім. Бір айдан соң Қалибек – Хамза келді. Сонымен сол күннен тартып түрік мемлекетінің бұқарасы болып паспорт алдық. Кəсіп таңдатты.

Бір бөлім адамдар саудамен қолөнер кəсіп алып Салихлиге орналастық. Бір бөлім адамдар мал, егін кəсіптерін істейтін болып олар да жер алды. Қазір Алтайкөй, Қайсар, Сұлтанкөй дихан болды. Салихли сол кездегі қол өнер кəсіп орны болды. Қазір қолөнерді онан да кеңітіп Ыстамбұл, Анқара біздің мекеніміз болып туыстарымыздың жəрдемінде құлашымызды кең жайып ел болып өсіп өркен жайып отырмыз.

1984 жылы қаңтар. (196) Өз өмірімде басымнан өткен уақиғаларды жазып кеттім. Əкем

дүниеге неге келді екен? Нені істеп, нені сөйледі екен? деп арман етіп жүргенше қайратымның барында басымнан өткен уақиғаларды əдейі жазып қойдым.

Кім қаласа ала берер. Қаласа балаларым, немерелерім, шөберелеріме тарихи мұра болып қала берсін. Өз сөзім өзімдікі. Өскен ел – туған мекен – Алтын Алтай мен қартыңнан саған көп сəлем. Енді бүгін мен құтты Абай айтқандайын:

Дүние деген не деген, қыла жатсам тамаша. Өзім аулақ өзгеден бір орында оңаша, – деп Ыстамбұлда төрт ауызды үй салып жатырмын. Жатқанды

жарылқасаң жаратқан Құдай мені жарылқа дегендей болып отырмын.

1984 жылы 9 қаңтар

Нұрғожай Молдажанұлы

Нұрғожай батырдың естеліктерін баспаға дайындап, ғылыми түсініктемесін жазған Мимар Симан Көркем Өнер университетінің

профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Əбдіуақап Қара

Библиография Алтай Х. Алтайдан ауған ел. Алматы, 2000. Alptekin İ. Doğu Türkistan Davası. İstanbul, 1981. Əбілқасымұлы С. Оспан Батыр // Оспан Батыр. Алматы 2007, 7-

18-бет.

Page 335: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

335

Benson L. Osman Batur: The Kazak’s Golden Legend // The Kazaks of China Essays on an Ethnic Minority. Edited by Linda Benson – Ingvar Svanberg, Uppsala 1988.

Бүркітбай Батыр // Оспан Батыр. Алматы, 2007, 174-177-бет. Bräker H. Çin – Sovyet ilişkilerinde milliyet hareketleri // Stratejik

açıdan Sovyet müslümanları ve diğer azınlıklar. İstanbul, 1988. Benson L. The Ili rebellion the moslem challenge to chinese

authority in Xinciang 1944-1949. Benson L. – Svangberg I. China’s last nomads the history and

culture of China’s Kazaks. New York – London, 1998. Benson, L. Chinese style, turkic content: a discussion of chinese

transliteration of turkic names // Central asian survey, Vol.7, № 1, 1998. 85-96-bet.

Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000. Зəкенұлы Т. Шығыс Түркістанның құлауы // Атамұра. 27

Наурыз 1988. Дорж Б. Оспанға қатысты оқиғалар // Оспан Батыр. (Моңғол

тілінен қазақшаға аударған Ақеділ Тойшанұлы), Алматы, 2007, 54-76-бет.

Forbes A. Warlords and muslims in Chinese Central Asia. London – New York, 1986

Gayretullah H. Altaylarda kanlı günler. İstanbul 1977. Hayit B. Türkistan Rusya ile Çin arasında. İstanbul, 1975. Holloway D. Stalin and the bomb. New Heaven – London 1994. Кулмагамбетов М. Восточнотуркестанская операция //

Континент. 1984, № 42, 240-244-бет. Қайрат Б. Алтай асқан алаш арыстары // Алтын бесік. 2008, №

2, 38-39-бет. Laird T. Into Tibet The CIA’s first atomic spy and his secret

expedition to Lhasa, New York, 2002. Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999. Рахметұлы С. Оспан батыр жəне маршал Чойбалсан // Оспан

Батыр. Алматы, 2007, 81-102-бет. Рахметұлы Ш. Оспан батыр. Баян Өлги, 1995. Sheng L. Çin’in Xinjiang bölgesi geçmişi ve şimdiki durumu.

Xinjiang halk yayınevi, Urumçi, 2006. Сəмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. Алматы, 2000. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995.

Page 336: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

336

Шəкенұлы Ж. Алтайдың ақиық батыры // Оспан Батыр. Алматы, 2007, 121-146-бет.

Шагдарсүрэн П. Миний мэдэх маршал Х.Чойбалсан (Дурсамж). Ұланбатыр, 2000.

Тойшанұлы А. Оспан Исламұлы туралы Моңғол деректемелері // Оспан Батыр. Алматы, 2007, 76-81-бет.

Wang D. Under the Soviet shadow the Yining incident ethnic conflicts and international rivalry in Xinjiang 1944-1949. Hong Kong, 1999.

Wang D. Xinjiang of the 20th century in historiography // Central asian survey, 1995, № 2, 265-283-bet.

ӨР АЛТАЙДАҒЫ АРПАЛЫС

(Көктоғай, Шіңгілде өткен Оспан сарбаздарының деректері бойынша жазылған)

Өр Алтай халқының алғашқы күресі Шың Шысай үкіметінің

қолға ұстаған ел басыларын халыққа салып, қайта-қайта келісімге шақыруымен 1940 жылы уақытша тоқтатылған еді. Бірақ жаудың бет пердесін сыпырып тастап, халыққа жантүршігерлік зұлымдық жасауы оларды қайта көтерілуге мəжбүр етті.

Шың Шысай кертартпа үкіметіне қарсы шыққан Көктоғай малшыларының екінші реткі қарулы көтерілісін Халел, Есімхан, Рахат, Шəри, Қалман сияқты адамдар ұйымдастырды. Көктоғайдың Арал жайлауынан басталған көтерілісті Зейнел үкірдай, Құмар тəйжі, Боранбай тəйжі сияқты адамдар ең алдымен қолдап, елді бастап қарулы көтеріліске қатынасты. Осылайша аз уақыт ішінде

Page 337: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

337

көтерілісшілердің көлемі ұлғайып 800 адамнан асты. Алайда, көтерілісшілерде небəрі 29 дана құрал бар болатын. Бұл құралдардың бір бөлімі 1940 жылы қыркүйектегі Шың Шысай үкіметі мен жасасқан келісім бойынша көтерілісшілер құрал тапсырған кезде Оспан, Сүлеймен, Ордабай сияқты адамдар тапсырмай, тығып алып қалған құралдар болса, тағы бір бөлімі Сүлеймен Белқайыңда жол тосып Көктоғайға келе жатқан Кеңес кеншілерінің машинасын қолға түсірген кезде солардан өткеріп алған құралдар еді. Енді бір бөлімін осының алдында Оспанның інісі Дəлелхан жəне онымен бірге жүрген Ердіхан, Зейнел, Абзал сияқты адамдар Моңғолияның Көктоғай шекарасындағы шарлау-шы əскерін қолға түсірген кезде, солардан түсірген құралдар болатын. Қарулы көтеріліс басталған кезде бұл құралдарды көтерілісші қосындағы Оспан, Сүлеймендерге таратып береді. Ал, қалған сарбаздары қатқан сойыл, бос мойын шоқпар, балта, найза сияқты қарулармен қаруланды. Көктоғай малшыларының екінші рет қозғалып, қарулы көтеріліске қатысуы Шың Шысай үкіметін жəне де абыржытып, қарулы көтерілістің көлемінің кеңейіп жəне күшейіп кетуінің алдын алуға өзінің қайын атасы Чиу Зұңинды Алтайға жібереді. Ол Сарсүмбеге келген соң, өзі Сарсүмбеде қалып, сол кездегі Алтай аймағының орынбасар уəлиі Қажынəбидің бастауында Əбілмəжін гүң, Мəмилə зəңгі, Қабыл тəйжі жəне Қажынəби сияқты адамдарды шілденің бас шенінде Көктоғайға жібереді. Олар Көктоғайға келгеннен кейін «Шың Шысай үкіметі көтерілісшілердің ортаға қойған талаптардың қандайын да орындайды», – деген мазмұнда үгіт жүргізіп, мəселені тыныштық жолмен шешім етуді дəріптеді. Ал, көтерілісшілер уəкілдер үйірмесіндегілерге «Шың Шысай үкіметі өткен жылы екі жақ жасасқан келісім-шарттарындағы басты тармақтарды атқа-мады», – деген талаптарын білдіріп, əрі уəкілдерді өз іштеріне алып 500-ден астам адамдық қосынымен Көктоғай қалашығына шабуыл жасауға аттанды. Көтерілісшілер мен бірге келе жатқан Жəнімхан мынадай бір талапты ортаға қойды: «Сендер уəкілдер үйірмесіндегі адамдарды қоя беріңдер, біз Көктоғай қалашығындағы қоғам қауіпсіздік мекемесіндегі адамдар мен шеріктерді өзімізбен бірге Сарсүмбеге ала кетейік. Ал, Кеңес тің кен ашуға келген адамдарын қайтару мəселесін Сарсүмбедегі Кеңес үкіметінің консулымен сөйлесіп Үрімжі арқылы шешім етейік! Барлық талаптарыңды

Page 338: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

338

Сарсүмбеге барған соң ақылдасып 8 күн ішінде жауап қайтарайық! Егер сендер қойған талаптар орындалмаса Алтайдың тыныш жатқан төмендегі 5 ауданын алып бірлікте қолға алайық! Қазірше сендер үкімет орындарына тиіспей тұра тұрыңдар» деген пікірлерді ортаға қойды. Жəнімхан қажының аузындағы иманы мен қолындағы құранына сенген көтерілісшілер, оның бұл пікірін орынды көрді де, уəкілдерін босатып Көктоғай қалашығына қайтарды. Көктоғай қалашығына шабуыл жасауды тоқтатып, қосынды шегіндіріп қайтарып кетті. Осы орайды пайдаланған Жəнімхан Көктоғай қалашығындағы қоғам қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері мен ауданның жаңадан тағайындалып келген əкімі Уаңбаучан деген адамды өзімен бірге Сарсүмбеге алып кетіп, көтерілісшілердің жазалауынан құтқарып қалды.

Сарсүмбедегі Чю Зұңюн уəкілдер үйірмесінен Көктоғайдағы көтерілісшілердің жағдайын ұғысқан соң, ендігі жерде Көктоғай көтерілісшілерін қарулы күшпен жаныштау бекіміне келіп, Шың Шысай шеріктерінің Сарсүмбеде тұратын 1000-ға тарта адамы бар «Алтай полкін» Көктоғайға жөнелтіп, берік бекініс құрып шабуыл жасау дайындығына кірісті. Ал, Көктоғайдағы көтерілісшілер Жəнімханның уағдалы күнде хабар беруін тосып арал жайлауында жатқан көтерілісшілердің жолғыншылары Сарсүмбедегі Шың Шысай шеріктерінің қомақты күшінің əлдеқашан Көктоғай қалашығынан кіріп орналасып алған хабарын ұғады да, Жəнімхан қажының «барлық талаптарыңды шешеміз» деген уағдасының жалған екендігін, өздерінің Жəнімханға сеніп алдауға түскенін бірақ білді. Қасейін батыр бастаған 100 сарбаз Көктоғай қалашығына шабуыл жасаған болса да, берік бекініс алып күшті қарулармен қаруланған шеріктермен басып ала алмады.

1941 жылы шілденің басынан бастап Шың Шысай үкіметі солтүстік Шынжаңдағы бір бөлім сұрыпталған шеріктерін Алтайға тез əкеліп, Сарсүмбеде қолбасшылық штаб құрды. Қолбасшылық Үрімжідегі жоғары дəрежелі əскери курста оқып жатқан Қашқар аймағы əскери районының слиңы Жаң Юфнды қолбасшылыққа, Фи Тифуды ақылшылыққа тағайындайды. Шың Шысай шеріктерінің Алтайға əкелген 16-полкі, 20-полкі, зеңбірекшілер бөлімі, броневик машина бөлімі жəне Сарсүмбедегі 2,3-ші полк шеріктері түгелдей Жаң Юфн қолбасшының қарауына берілді. Көктоғай малшы-ларының екінші реткі қарулы көтерілісін жаныштау үшін шілденің

Page 339: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

339

басынан 9-айдың соңына дейін ілгері-кейін болып, Көктоғайға 7000 мыңға жуық шерік жөткеп əкелді. Жөткеп əкелінген бұл шеріктердің бір бөлімі Сарытоғай, Қаратүңке сияқты жерлердегі əскери базаларға орналасты. Көктоғай қалашығында Шың Шысай шеріктерінің алдыңғы шеп қолбасшылық штабы құрылды. Іле аймағындағы Лю Жыңшын деген адамды жөткеп əкеліп қолбасшылыққа тағайындады. Сөйтіп, Шың Шысай үкіметі көтерілісшілерді басым қарулы күшпен жою жоспарын іске асыру үшін шерік күшін Көктоғайға топтады.

Шың Шысай үкіметінің көптеп шерік топтап əкеліп күшті бекініс құруы көтерілісшілерге алдағы соғыс қаупін аңғартып соғысқа төтеп берудің дайындық жұмыстарына кірістірді. Олар арнаулы шолғыншы сарбаздар шығарып, Көктоғай қалашығына орналасқан Шың Шысай шеріктерінің жағдайына барлау жүргізіп ахуал иеледі. Көтерілісшілер орналасқан арал жайлауына баратын жол ауыздарына күшті күзет қойды. Өз қосындарын толықтырып сарбаздарды ондықтар мен жүздіктерге бөліп əрқайсысына арнаулы адамды жауаптандырды. Сарбаздардың қолында бар қаруларды ондықтар мен жүздіктерді негіз етіп мергендер мен батырларға орналастырды. Көктоғай қалашығынан сыртқа шығып кететін адамдар болса қоя беру, ал сыртынан бірде-бір адамды Көктоғай қалашығына кіргізбеу үшін Сүлейменнің басқаруында 50 сарбазды Белқайыңға орналастырып жол тосты. Соғыс əзірлігін толық көрген Шың Шысай шеріктері 1941 жылы шілденің басында арал жайлауындағы көтерілісшілерге шабуыл жасады. Тамыздың соңына дейін Арал жайлауындағы көтерілісшілер мен Шың Шысай шеріктері арасында 6 рет қан төгілген қырғын соғыс болды. Мұнда бірінші реткі соғыс Көктұмсық, Мəзінсайы сияқты жерлерде болды. Көктоғай қалашығынан шығып, арал жайлауындағы көтерілісшілерге шабуылға өткен 500-ден астам шерік Көктұмсық-қа келгенде, күн ілгері бекініс алып жол аузын тосып алған көтерілісші қосын сарбаздары қайтарма шабуылға өтті. Тағы бір бөлім сарбаздарды шеріктердің келген жолына жіберіп олардың Көктоғай қалашығындағы қолбасшылық штабы мен болған байланысын үзіп тастады. Шеріктердің көмекші күші мен азық-түлігін дер кезінде əкелмегендіктен шеріктер алдыға аттап баса алмайтын, артқа шегініп кете алмайтын күйге түсті. Соғыс бірнеше күнге созылды. Қамауда қалып ашыққан шеріктер соғыста өлген аттарының өлексесін жеді. Тіпті мініп жүрген аттарын сойып жеуге

Page 340: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

340

кірісті. Алдыңғы шеппен байланысы үзіліп азық-түлік, оқ-дəрі жеткізуге амалсыз қалған Шың Шысай шеріктерінің қолбасшылық штабы соғыс ұшағын шығарып, көтерілісшілер орналасқан жерлерді бомбылап жол ашпақшы болды. Алайда, бомбылаумен ешқандай жол ашып ілгерілей алмады. Жер бауырлай ұшып, пулиметтан оқ жаудырып, шабуыл жасаған жаудың бір айропланын көтерілісшілер атып түсірді. Бұл жолғы соғыста көтерілісшілер 100-ге тарта құрал, оқ-дəрі, көптеген ат көлік қолға түсіріп қару-жарақ қару-жарақпен толық қамтамасыз етілді. Бірінші реткі соғыс аяқталған соң, бас қосқан көтерілісші қосын басшылары жау жағдайы мен жер жағдайына талдау жасай келіп, Шың Шысай шеріктерінің бұдан былайғы шабуылына төтеп беруі үшін Қуүй, Таршаты, Ышқынты сынды үш сайдың аузын тосқан көтеріліс-шілер берік бекініс құрып, шеріктердің талай рет жасаған шабуылын тұмсыққа ұрып, тойтарып отырды. Осылайша көтеріліс-шілер мен шеріктер арасындағы соғыс екі айға созылды. Бұл барыста шеріктердің қолбасшылық штабы айропланмен барлау жүргізіп, көтерілісшілердің өкше ізіне түсіп бомбыласа, атты жаяу əскерін үсті-үстінен көбейтіп, көп рет жер беті шабуылын жасады. Алайда олар қанша жерден жанталаса, əдіс-амалмен шабуыл жасаса да, көтерілісшілерді жойып жібере алмады. Арал жайлауы-ның алдыңғы бөлігіне орналасқан елді де басып ала алмады.

Көтерілісшілер мен шеріктер арасындағы арал жайлауында болған соғыстар ішінде Қуүй, Таршаты, Ышқынты сайларында болған үш реткі соғыс ең сұрапыл, қырылған шерік саны ең көп болған соғыс болды. Шеріктердің өлексесі айқасып қалды. Осылайша үнемі жеңіліске тап болған Шың Шысай шеріктері орын ауыстырып Қуүй өңірінен соғыс ашты. 8-айдың аяғында Қуүй сайында бір неше күн реттеліп күш жинаған шеріктер таң ата басым күшпен көтерілісшілерге тағы да шабуылға өтті.

Соғыс бір күнге жалғасты. Күн бата тағы жеңілген шеріктер бет-бетіне қашты. Қуүй сайын құлдай қашқан 100-ден астам атты, жаяу шерік Таршаты сайының аузына келгенде сарбаздардың шабуылына тап болып, қайтарма соққыға ұшырағандықтан қас қарая Таршаты сайын өрлей шеріктерді қуа соғысып, Таршатының самырсын сайының аузына келгенде, түн бойы жаяу жүріп əбден қалжырап, таң ата самырсынның арасына келіп тығылып, шеріктер ақбоз атқа мінген ақ киім киген Сүлейменді нысанаға алып, атып

Page 341: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

341

түсіреді. Осылайша ойламаған жағдайда қапыда оқ тиген Сүлеймен сол майданда қаза тапты.

Көтерілісшілер Арал жайлауында екі ай бойы машақатты да жеңісті соғыс жүргізді. Осы соғыс барысында көтерілісшілерден 20-дан астам сарбаз қаза тапты. Осылардың ішінде соғыста атойлап алда жүретін қамал бұзғыш азаматтардан Сүлеймен, Сендиков, Солтікен Залфың, Зейнел, Ахметолла, Зия, Əбеу, Ақтайлақ, Жəнəбіл, Зиядан сияқты сарбаздар бар еді. Арал жайлауында болған соғыстарда көтерілісшілер шеріктерден 700-ден астам ауыр-жеңіл қаруларды тартып алып, соғыс барысында өз қаруларын өздеріне қолданды. Арал жайлауында болған соғыстардың көп бөлімінде көтерілісшілер жеңісті соғыс жүргізіп келіп, Сүлеймен сияқты батырларынан айрылған соң, өз күштерінің əлсіреп бара жатқанын аңғарып, соғысуға босаңси бастады.

Екінші реткі қарулы көтерілістің соңғы нəтижесі

1941 жылы шілденің 20-күні жəне де Шың Шысай үкіметі

көтерілісшілер жаққа Əбілмəжін гүң, Қабыл қажы, Мəмилə зəңгі сияқты адамдарды уəкіл етіп жіберді. Келген уəкілдер көтерілісші қосын басшыларына: «Нендей талаптарың болса да айтуларыңа болады. Соғысты тоқтатып келісімге келіңдер», – деді. Бұған Халел бастаған көтерілісші қосын басшылары: «Өткен жылы екі жақ жасасқан келісім шарттары толық іске асырылып, оның нəтижесі көрсетілсін. Шың Шысай үкіметі бұған келіспесе көтерілісті тоқтата алмаймыз» – деп жауап қайтарады. Екінші рет тамыздың орта мезгілінде Шың Шысай үкіметі Жəнімхан, Қажынби, Қақыш сияқты адамдарды уəкіл етіп жіберіп, Халел, Есімхан, Оспан, Зейнел, Рахат, Шəри сияқты көтерілісші қосынның жауаптыларын Сарсүмбеге немесе Көктоғай қалашығына келісім жасауға шақырады. Үкіметтің бұлайша өздерінің атын атап шақыруының біртүрлі құрған қақпан екенін межелеген қөтерілісшілер қалаға барудан бас тартып, шынында «Əңгіме өткізу қажет болса, Чю Зұңюн Кеңес ке қатысатын адамдарды ертіп, өздері тұрған жерге келсін», – деп талап қойғандықтан үшінші рет Чю Зұңюн Бұқатқа хат жаздырып, Дəлелхан арқылы көтерілісшілерге жібереді.

Осылайша үкімет жағы көтерілісшілерге қайта-қайта келісім талап етіп, үш рет уəкіл жіберіп, Кеңес өткізуден ешқандай нəтиже

Page 342: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

342

шықпады. Алайда қыркүйектің соңғы жарымына келгенде, жалпы, жағдай көтерілісшілерге тиімсіз бағытқа бет бұрды. Бұнда Шың Шысай үкіметі көтерілісшілермен келіссөз өткізуді қайта-қайта дəріптесе, енді бір жағынан ыдырату тəсілін қолданды. Шың Шысай үкіметінің алдамшы үгітіне сенген Əбдірахман, Əділхан сияқты ел басшылары өздерінің қарауындағы елді бастап, көтерілісшілерден бөлініп, Шың Шысай шеріктері тұрған орынға көшіп кетті. Ел іші ыдырап, көтерілісшілер күш-қуаты жағынан əлсіреді. Қарулы күшпен көтерілісшілерді жаныштау ниетінен қайтпаған Шың Шысай үкіметі көтерілісшілерге келіссөз өткізуге уəкіл жіберген орайынан пайдаланып, Сарсүмбеде, Үрімжі, Шонжы сияқты жерлерден Көктоғай ауданына 4 мыңға жуық шерік əкеліп, көтерілісшілерді қарулы күшпен жаныштаудың дайындық жұмыстарын толық орындады.

Сөйтіп қыркүйектің аяғында Сарсүмбедегі штабтың бас қолбасшысы Жаңюфн мен алдыңғы шеп қолбасшысы Яу Шюң басқарған 4 полк əскерді іске қосып, көтерілісшілерге жалпы, беттік шабуылға өтті. Жер бетінен шабуылға өткен шеріктерге сəйкесіп əр күні, кем дегенде 3-4 рет айроплан келіп, бомба тастап, пулиметтан оқ жаудырып тұрды. Сонымен бірге қыркүйектің орта шенінен бастап, Алтайдың ұлы тауынан қар жауып, күн суытты. Көтерілісшілердің басқаруындағы ел мен мал тау ішіне қамалып қалды. Күн суытқан сайын бұл өңірде тұрып тіршілік ету қиынға соқты. Адам мен мал қатты күйзелгендіктен, ел көшіп тау бөктеріне түсуге мəжбүр болды. Оның үстіне соғысып жатқан адам күші, қару күші жақтарынан ара парқы өте алшақ болғандықтан, көтерілісшілер барған сайын сəтсіздікке ұшырап шегінуге мəжбүр болды. Сөйтіп жау шеріктерінің қолына түскен бұқара амалсыз айдаумен Көкебұлақ, Сарыбұлақ деген жерлерге келіп орналасты.

Ал, көтерілісші қосын басшыларына Халел, Есімхан, Рахат, Зейнел, Қалман, Шəри бастаған 300 адам қашып шығып, Тəбінбелшірге барып бекініп, жағдайдың соңын бақты. Чю Зұңюн тағы қашып кеткендерге Жəнімханды уəкіл етіп, адамдарды қайтарып əкелуді міндеттеді. Жəнімхан əуелі «табынбелшерлерде» бекініп жатқан Халелдерге кезігіп, «Үкімет өткен істі салауат етеді, ешқайсыларыңды жазықты етіп жазаламайды», – деп Шың Шысай үкіметі атынан кепілдік береді. Осыдан соң, табиғат дүниесі мен ел-жұрттың қамын ойлаған көтерілісші қосын басшылары

Page 343: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

343

Жəнімханмен бірге Көкбұлақта отырған ел ішіне қайтып келді. Арада үш күн өткен соң, Жəнімхан «Қаратас» мектебінде жиналыс жасайды. Барлық ел басшылары сол жерге барсын!», – деп адам жіберді. Халел 40-қа тарта адаммен жиынға келді. «Қаратас» мектебіндегі Шың Шысай шеріктерінің алдыңғы шеп қолбас-шылық штабында тұрған аймақтық қоғам қауіпсіздік мекемесінің бастығы Ли Хұңюн олармен кезігіп, «Қаратаста» шағын жиын өткізеді. Жиында Ли Хұңюн соғыстың тоқтап, халыққа тыныштық орнағандығын құттықтап сөз сөйлеп болған соң, бұқара немесе төңкерілісшілер уəкілінен бір адамның сөз сөйлеуін өтінеді.

Төңкеріс жауаптылары арасынан Рахат Халелұлы сөзге шығып «Тыныштықтың болуы халықтың қалауы екенін, бірақ үкіметтің халықтың мүддесін ойлап, халық талабын орындап, қиыншылыққа жəрдемдессе, бұрынғы келісімдегі уəделер орындалса, халық қашан да тыныштықты сақтайтындығын», – айтып сөз сөйледі. Жиын соңында Лихұңюн ел ағалары ішінде Халел, Есімхан, Рахат, Зейнел, Құмар, Боранбай Қалман, Шəри, Қақыш, Нақыштай, Ыбырайхан, Кəкім, Кəріп сияқты 13 адамның аймаққа барып Чю Зұңюн мен кезігіп, келісулерін өтінді де, Халелді Жəнімханмен бірге самолетпен өзі алып жүріп, басқаларды атпен Сарсүмбеге бастады. Мұндай алдамға сеніп келген ел басшылары Сарсүмбеге келген күннің ертесінде оларды кезіккен Чю Зұңюн: «Сендер Үрімжіге барып Шың Шысайдың қабылдауында боласыңдар» деген желеумен, сол кездегі Алтай əкімшілігінің бастығы Бұқатты қосып, 14 адамды айропланмен Үрімжіге жөткеді. Олар Үрімжіге барып айропланнан түскен заман тосып тұрған сақшы адамдары оларды қолға алып, түрмеге жапты. Түрмеге жабылған осы адамдардан: Бұқат бейісі, Халел тəйжі, Есімхан үкірдай, Зейнел үкірдай, Рахат сияқты бес адамды Шың Шысай үкіметі Алтай бетіндегі қарулы көтерілісті ұйымдастырушы бас қылмыстылар деп тұрақтандырып, 1943 жылы Үрімжі түрмесінде азаппен өлтірді. Қалман, Шəри, Қақыш, Кəкім, Нақыштай, Кəріп, Ыбырайхан ілгері-кейін түрмеден шығып, ел ішіне қайтып келді. Құмар тəйжі мен Боранбай тəйжі аяусыз қинауға шыдай алмай қайтыс болды.

Көтерілісшілер бағынып, қару тапсырған кезде қару тапсырмай қашып шыққан Оспан Ысламұлы, Қабас Тіркешұлы, Сүлеймен Бектұрұлы сияқты адамдардың серік болуында 20 шақты отбасы

Page 344: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

344

жүзге тарта адаммен қыс түсе құбының құмына кіріп қыстай сол жерде бекінді.

Үшінші реткі қарулы көтерілістің басталуы

Оспан 1941 жылы қазан айындағы келісім кезінде аз санды

адамды бастап, қашып шығып кеткен соң, Ертіс өзені бойына бекініп жатып, ел жағдайы мен жау жағдайына қарай алдағы беталысты белгілеу бекіміне келді. Ол, ел ішіне үнемі адам жіберіп ахуал ұғысу барысында құрал тапсырып, қайта барған ел басшылары мен көтерілісші қосын басшыларынан Шың Шысай үкіметінің 13 адамды қолға алып Үрімжі түрмесіне қамағанын, сарбаздар қолындағы барлық қару-жарақты тапсырып алған хабарды алды. Ол осыдан бастап Шың Шысай үкіметіне бағынбау, қарулы көтерілісті қайта жалғастыру бекіміне келді. Сөйтіп жерге қар түсе өз ауылымен бірге Сүлеймен Бектұрұлының жəне Тіркештің ауылынан 20 отбасы, 100-ге тарта адамды бастап құбының құмына барып бекініп, 1942 жылы ақпан айына дейін сол жерде болды. Шың Шысай үкіметінің «Оспанды қолға түсіріп, елді тыныштандырамыз», – деген сылтаумен ел ішінде əлі де адам ұстап өлтіріп, тонап, өртеудей зорлықты қимылы ел-жұрттың бірінен соң бірінің Құбының құмындағы Оспанға қосылуына себепші болды.

Мысалы осының алдында Қарақас елі бас қосып, Үрімжіде түрмеде жатқан Халел тəйжіге азық киім жіберуге Қаби, Жəмшит, Какашаларды жөнелтеді. Олар не бір михнатпен Үрімжіге барғаны-мен Гоминдаң үкіметі оларды қолға алып, түрмеге қамайды. Осылайша қапыда қолға түскен азық апарушылар бір орайда түрменің посын байлап, қашып шығып, Көктоғайға əрең жетеді. Мұнда келген азық апарушылардың кісі өлтірмей, жанын алып қашып келгеніне бола үкіметтің оларды өлтірмесін аңғарған Сайып үкімет орнына олардың келгенін мəлімдеп қояды. Үкімет орын-дары да бұлардың бұқарамен бірге жүре беруін жөн көреді. Ұзамай сол кездегі Көктоғай қоғам қауіпсіздік мекемесіндегі Əшім дуса бастаған Итбай, Мұғалім атты тайнилермен (тыңшылармен) 25 адам Дүреден өрлей адам ұстап келе жатқанын, ұстаған адамдарды Халелге қатысты Қаби, Кəғбан, Қаумет (шабарман), Жəмшиттерді ұстаған хабары келді. Ұзамай кешке Сайып ауылына келген Əшім

Page 345: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

345

Дусалар елді бір-біріне араластырмай, бақылау қойып ұстап əкеле жатқан адамдарды байлап күшті күзет қойды.

Осылайша бір таң əсіресе ерлерді үйден шығуға рұхсат етпей, құралмай қоқаңдап табжылтпағандықтан, Қайырбек деген азамат əйелдің киімін киіп Сайып отырған үйге барып, Сайыпты ұстағалы отырған жау жағдайын хабарлады. Сайып не болса да əрекеттенуге əзірленуді бұйырады. Құсыман мен Қорқымбай екеуі əскердің атына шөп салған болып, Сайыптың қасына келіп орайын тауып əрекет жасауға келіседі. Осылайша Сайыптың жеңгесі Шəкей, Қуанған, Кəмел, Мапаш, інісі Уақит, Қазез 53 жастағы шешесі Қатипа барлығы 12 адам өз іштерінен жаумен алысуға əзірленді. Тəңертең күн көтеріле тұтқындарды атқа қол-аяқтарын байлап мінгізген Əшім бастаған əскерлер, Сайыпты ұстауға кіріседі. Бірақ əйелдер Сайыпты бермейтіндіктерін Əшімге айтып, оларға қарсы шығады. Бұларды көзге ілмей, тебітіп келген ала ат мінген жау əскерінің атын Мапаш қолындағы күрекпен ұрып қалады. Үріккен ат лоқып барып секіргенде ат үстіндегі əскер қалпақша ұшып Сайыптың алдына түседі. Сайып оның иығындағы мылтығын жұлып алып, əскерді мылтықтың дүмімен бір қойғанда, құралдың құндағы үзіліп кетеді. Сайып дереу оқ шығарып əскерлердің бірнешеуін атып түсіріп жібереді. Сасқалақтаған əскерлер бет-бетіне қашады. Ал, ауыл адамдары тұтқындарды құтқаруға ұмтылады. Осы айқаста Жəмшитті əскерлер атып кетеді. Қалған тұтқындар аман қалады. Осындай қатерден құтылған Сайып бастаған азаматтар аттарына мініп, құмдағы Оспан қосынына барып қосылады. Бірақ осыдан көп өтпей, Сайып жау мен атыс барысында шайқас майданында ителі сартерегінде 23 жасында басына оқ тиіп қаза болады. Оспанның Құбының құмына барып бекінгендігінен хабардар болған Шың Шысай үкіметі ақпанда Алтайда Мамила зəңгі, Көтоғайдан Мағауя залың, Шіңгілден Уатқанды уəкіл етіп Оспанды жібереді. Олар Оспанға тыныштық жолмен қару тапсырып, қайта баруды насихаттайды. Ал, Оспан уəкілдерге «Шың Шысай үкіметі айтқан сөзінде тұрмайды, 1940 жылы қыркүйек айында жасасқан екі жақтың келісімі бойынша ілгері-кейін қолға алған адамдарды түгелдей қайтаруға тиісті еді, қазірге дейін бір бөлім адамдарды қайтармады, тағы да 1941 жылы қазан айында Шың Шысай үкіметінің айтқан сөзіне сеніп, қайта бағынған ел басшыларын түгелдей қолға алып, түрмеге жапты.

Page 346: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

346

Мен Шың Шысай үкіметіне сенбеймін, қару тапсырмаймын да, бағынып қайта бармаймын» деп қайтарады. Оспанның уəкілдерге айтқан сөзінен келіссөз арқылы бағындыруға болмайтындығын көрген Шың Шысай үкіметі қарулы күш арқылы бағындыру бекіміне келді. Сөйтіп 1942 жылдың ақпан айында Алтай қорғаныс бөлімінің бастығы Бұрбыжаптың (Моңғол) басқаруындағы 200 адамдық қуғындаушы бөлім жəне Жаң фамилиялы адамның басқаруындағы бір полк атты шерік Оспанның ізіне түсіп, жоюға аттанды. Жау шеріктерінің басым күшпен соққылауына төтеп бере алмаған Оспан тобы қатын баласын жау қолына тастап 18 адаммен салт қашып шығып, Құбының құмы, Бəйтік қаптық жəне Алтай тауларын паналап жүріп, айналмалы соғыс жүргізді. Қорғаныс бөлімі қолға түскен Оспан мен Сүлейменнің қатын-баласын айдап апарып, Сарсүмбедегі аралға қамады да, қамалған адамдардың қатын-баласын Көктоғайдағы ел ішіне қайтарды.

Оспан 1942 жылы сəуір айының аяғына Көктоғайдағы Арал жайлауына шығып кеткендіктен, Оспанды қуғындаушы шеріктер мен қорғаныс бөлімі амалсыз шегініп кетті. Арал жайлауында жатқан Оспан Көктоғай, Шіңгіл, Бурылтоғай аудандарындағы елге Шың Шысай үкіметінің сұрқиялығы мен жаныштауына қарсы қарулы көтерілісті қайтадан жалғастыру жөнінде үгіт жүргізді. Күш топтап, қосын ұйымдастырудың дайындық жұмысына кірісті. 1942 жылы мамыр айында Үкімет тағы Салық би мен Əділхан биді жіберіп, Оспанды бағынып қайта келуге насихаттады. Уəкілдерге келісім берген Оспан жанына Сүлеймен Бектұрұлы мен Шердиманды алып, үш адам Үліңгір өзені бойына бекінді де, Келес бастаған сегіз адамды елге қайтарды. Жау қолында тұрған қатын-баласының мүддесін еске алып, інісі Дəлелханды бірнеше адаммен Көктоғайдағы қуыршақ үкіметке хат жеткізуге жіберді. Хатта: «өз басының амандығына кепілдік етсе, қолға алмаса, үкімет қолындағы тұрған қатын-баласын қайтарып берсе, бағыну ойының барлығын білдірді». Хатты тапсырып алған Көктоғайдағы қуыршақ үкімет сол кездегі ауданның орынбасар бастығы Қажынəби мен Мағауия залың арқылы хатты Сарсүмбе қаласындағы қуыршақ үкіметке жөнелтті. Сарсүмбе қаласындағы қуыршақ үкімет 1942 жылы маусымда Оспан мен Сүлейменнің қатын-баласын Қажынəби мен Мағауяға қосып беріп Көктоғайға апарып Оспанға тапсыруды орналастырды. Əрі Оспанға жолға шығудан бұрын арнаулы алдын

Page 347: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

347

алы адам жіберіп қатын-баласын əкеле жатқан Қажынəбилердің соңында 300 шамалы шеріктің еріп келе жатқанын көріп дереу «Қайырты» жаққа орын ауыстырып кетеді. Белгіленген орыннан Оспанды таба алмаған Қажынəби Мейірбай деген адамды Оспанды тауып хабарласып келуге жібереді Оспан «біз хабарласу бойынша белгіленген орыннан тостық. Қатын балан қайтаруды шырға етіп бізді шері күшімен қолға түсірмек болған қастандықтарыңды көрген соң орын ауыстырып кеттік. Енді бағына алмаймыз». Деген жауап қайтарды. Осыдан соң Қажынəбилен Оспанның қатын-баласын Көктоғай қалашығындағы Гоминдаң қоғам қауіпсіздік мекемесіне əкеліп қамады. 1942 жылдың басынан бастап Шың Шысай кертатрпа үкіметі Көктоғай, аудандарындағы ел ішіне сақшы жіберіп, Оспанмен қарым-қатынасы бар, бірінші, екінші қарулы көтеріліске қатысқан деп күмəндəнған ел басшылары мен ықпалды адамдарды астыртын тізімге алып анықтау жүргізе бастады. Сонымен қатар 1942 жылы тамызда Кəдірбай мен Оспанның інісі Дəлелханды қолға алды. Осымен қоса Оспанға қарасты Айтуған деген бір рулы елден Қасен зəңгі, Бейсекей сияқты адамдар мен Оспанның немерелес туыстары Қабылбақи, Тоқтамұрат, Салмен сияқты он шақты адамды тұтқындап, Үрімжіге əкетті. Осындай күн санап күрделесіп келе жатқан жағдай астында Шың Шысай үкіметінің өздерін ұстап, түрмеге жабуынан қорыққан бір бөлім адамдар арт-артынан ел ішінен қашып шығып, Оспан тобына қосыла бастады. Оспанның адам саны күн сайын көбейіп, 1942 жылдың соңына келгенде 200 адамнан асты. 1943 жылдың бастапқы жарымына жеткенде, Көктоғай ауданы көлемінен көтеріліске қатысқан отбасы саны 1100-ден асты. Осы жылдың қазан-қараша айларынан бастап көтерілісші қосын мен Шың Шысай шеріктері арасында бірнеше рет кішігірім соғыс болды.

Шың Шысай үкіметінің Көктоғайға шерік топтауы

1943 жылдың бастапқы жарым жылында Шың Шысай үкіметі Шəтел Кəрімұлы, Қатым Қабидоллаұлы, Қайым бастаған уəкіл-дерді жеке-жеке Оспанға жіберіп, келіссөз өткізді. «Тыныштықпен қару тапсырып, ел ішіне қайтып келуді» талап етті. Ал, Оспан бұл келісімге келіспей, уəкілдерге: «Шың Шысай үкіметіне сенбейтіндігін жəне қару тапсырып қайта бармайтындығын»,

Page 348: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

348

айтып қайтарды. Сондай-ақ Көктоғай, Шəңгіл, Бурылтоғай ауданындағы ел ішіне адам жіберіп, жалғасты күш жинап, алдағы соғыстарға дайындық көрді. Осындай жағдайда сырт Моңғолиядан Қамқаш деген адам «Оспанды Моңғолиямен ынтымақтасуға» ұсыныс етіп келді. 1943 жылы қыркүйектің 13-күні Оспан сырт Моңғолия халық республикасы үкіметімен жасасқан келісімі бойынша оларға 184 ат, 5 сары алтын, 18 дана кілем беріп, 38-тұрпатты мылтықтан 38 дана, 6 дана мауазыр, 6 жəшік оқ жəне 60 топ кездеме сатып алды. Осыдан соң, көтерілісші қосын қолындағы үлкен кішілі қару 80 данадан асты. 1943 жылдың соңғы жарымынан бастап көтерілісші қосын Шың Шысай шеріктеріне қарсы шабуылға өте бастады. Мысалы: қыркүйектің ішінде көтерілісші қосын Шың Шысай шеріктерінің «қара түңкедегі» базасына тұтқиыл шабуыл жасап, қиян кескі соғыс жүргізу арқылы 100-ге тарта шерікті жойып, 20 дана қару түріп алды. Əрі олардың Көктоғай қалашығындағы қолбасшылық штабы мен болған байланысын үзіп тастады. Осыдан соң Шың Шысай үкіметі Шонжыдағы шеріктерінен бір лиян шерік пен бір бастықтырушы бөлімін жіберіп, көтерілісші қосынға қарата аластау жүргізді. Алайда, одан ешқандай нəтиже шықпаған соң, көтерілісші қосынды келіссөз өткізу, аластау жүргізу тəсілі арқылы болмайтындығына көзі жеткен Шың Шысай кертартпа үкіметі Алтай көлеміне көптеп шерік əкеліп, қарулы күш арқылы жаныштауға кірісті. Сонымен бірге Алтай аймағының Пың фамиланы уəлиіне жəне Сарсүмбеде тұратын əскери районның сылиңюаны Ляңюан деген адамға бұйрық түсіріп, «жерлік орындағы барлық күшті əрекетке келтіріп, жаңадан апарған шеріктермен сəйкесіп, Оспан бастаған көтерілісші қосынды түбегейлі жоюды» тапсырды. 1943 жылы қыркүйектің соңына дейін Көктоғай, Шіңгіл аудандарына апарылған шеріктер «Сарытоғайды» негізгі база етіп, «Бұлғынның құйғаны», «Ағашоба», «Дабысын», «Шағанірге», «Алатөбе», «Дөңті», «Қаратүңке» сияқты жерлерден бекініс алып, шеп жая орналасты. Бұдан сырт Көктоғай, Шіңгіл қалашықтарын қорғау үшін қалашыққа да көптеп шерік орналастырып, берік бекініс құрды. Үрімжі жəне Шонжы жақтан əкелінген шеріктер: 128-ші дивизияның Жаң Шүегау бастаған 3-батальоны бір ерекше міндет өтеу лианы, қорғаушылар пəйі, зеңбірекшілер пəйі, 3-дивизияның Жаң Сыңшан бастаған екі иңы, 3-атты əскер полкі, Ли Гүй бастаған

Page 349: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

349

атты əскер 3-полк, Дəй Күй бастаған 32-полк, екі жаяу əскерлер иңы, төрт амандық қорғау дүйі, зеңбірекшілер бірінші лианы, тəнкішілер пəйі, сақшы дүйі болып, толық қаруланған шеріктерден 2170 адам, жерлік бөлімнен 1400-ден астам адам қазанның 25-ші күніне дейін, жоғарыдағы əскери базаларға орналасып болды.

1943 жылы 30-қазан күні көтерілісші қосын басшылары Лю Жыңшин (Лю зұңхүй деп те аталады) қолбасшылық еткен шеріктердің кең көлемде шабуылға өткелі жатқан хабарын алды. Бұл кез қыс түсуге таяп, Алтайдың ұлы тауын қар басып қалғандықтан тауды база ету мүмкін болмай, жау шеріктері шабуылға өтуден бұрын көтерілісші қосын мен ел жұртты Құбының құмына жөткеп кіргізіп, сол жерді негізгі база етіп шабуылға өткен шеріктерге қайтарма соққы беруге əзірленді. Көтерілісші қосын Құбының құмына қарай жөткеліп келгендігінен хабар тапқан Лю зұңхуй өз қолбасшылығындағы шеріктерін бастап, ізге түсіп өкшелей қуды. Қарашаның 18-күні көтерілісші қосынды қуып жеткен Лю зұңхұйдың шеріктері мен көтерілісші қосын арасындағы соғыс басталды. «Қарабұлғын», «Дүре», «Бітеу» сияқты жерлерде болған соғыс 4 сөткеге созылған кезде көтерілісші қосын Бурылтоғайдан шыққан шеріктер мен Лю зұңхұй бастаған қуғындаушы шеріктердің қоршауында қалды. Сөйтіп күшті шабуылға төтеп бере алмаған көтерілісші қосын мен олардың басқаруындағы ел-жұрт үшке бөлініп көшті. Оспан бастаған 150 отбасы жау шеріктері мен соғыса отырып, Бұлғын өзенінің басындағы Қытай мен сырт Моңғолия шекарасына қарай жөткелді. Жанат зəңгі мен Сағатай зəңгі бастаған 400 отбасы Фукаң, Шонжы, Жемсары жерлеріне шегініп, сол жердегі Шың Шысай үкіметіне бағынды. Əдібқан, Абдырахман, Момынбай бастаған Көктоғайдың «Арал» елінен 600 отбасы жау шеріктерінің қолына түсті. Қолға түскен бұл отбасыларды шеріктер айдап апарып Бурылтоғай ауданындағы қуыршақ үкіметтің басқаруына тапсырып берді. Сөйтіп 1000-нан аса отбасы, неше он мыңнан астам мал Шың Шысай үкіметінің қолында қалды.

Лю зұңхұй басшылық еткен 31-полктың қуғындауында кетіп бара жатқан Оспан қосыны ақпанның 8-ші күні «Бұлғын» өзенінің құйғанына барғанда сол жерде Шың Шысайдың бір айропланы келіп үгіт қағазын тастады. Үгіт қағаздың басты мазмұны : «барлық ізгі ниетті малшылар, бұдан бұрын аз болмаған ойраншылыққа

Page 350: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

350

ұшырадыңдар, бұдан былай аман қалып тыныш өмір өткіземіз десеңдер істеңдер (1) Үкіметке көмектесіп Оспан тобын жоюға күш салыңдар. (2) Бұдан бұрын Оспанға ілесіп адасқандар, Оспаннан бөлініп Үкімет жаққа өтіңдер. (3) Оспанға қарсы тұрып үкіметке адалдық етсеңдер, Оспанның қимылын, əрекетін, жүрген жерін дер кезінде бізге мəлімдер отырсаңдар, үкіметке адал болсаңдар ғана мемлекеттің негізгі бұқарасы есептелесіңдер» делінген. Бірақ көтерілісші қосын Шың Шысай үкіметі таратқан үгітке алданбады. Өкшелей қуған шеріктермен соғыса отырып «Бұлғын» өзенінің басындағы сырт Моңғолияның шекарасының ішіне кіріп орналасты. Көктоғай ауданындағы қарулы көтерілістің қайта туылған күнінен бастап Шіңгіл ауданындағы ел басшыларының Шың Шысай үкіметі жағынан қолға алыну қаупі күн сайын арта түскен еді. Сондықтан олар осындай қауіпті жағдай туылудан бұрын қозғалып, Оспан қосынына барып қосылуға бекінген еді. Осы Бекім бойынша 1ақпанның орта шенінде Əсен үкірдай мен Жылқайдар өз қарауындағы 300 отбасыны бастап көтеріліс жасап шықты. Іле-шала Тақай зəңгі өз қарауындағы 100 отбасыны көтеріліс жасап шықты. Шіңгілдегі бір бөлім елдің көтеріліс жасап шығып «Бұлғын» өзенін өрлей көшкен жағдайынан жау дереу шерік шығарып еді, қайтарып əкелуге аттандырды. Əсен мен Жылқайдардың бастауындағы ел, шеріктер мен соғыса көшіп, 12-ші аяқ шенінде Моңғолияның «Жалпақ» деген жерін қыстап отырған Оспан қосынына барып қосылды. Сөйтіп ілгері-кейін келген 450-ден астам отбасы осы араны қыстап шықты. Ал, Тақай зəңгі бастаған 100 отбасы «Бұлғын» өзенінің «Жалпағына» барғанда шеріктер қоршап алып зорлықпен Шіңгіл ауданына айдап кетті. Осыдан соң Шың Шысай үкіметінің бір айропланы екі рет шекардан өтіп, Моңғолия шекарасы ішіне өтіп бомбылау жүргізгендігіне наразы болған Моңғолия халық республикасы үкіметі Үрімжіде тұратын Кеңес үкіметі консолы арқылы Шың Шысай үкіметіне телеграмма жолдап, олардың шекарадан өтіп бомбылау жүргізгендігіне қатаң наразылық білдірді. Осыдан соң, Шың Шысай үкіметінің шеріктері соғысты тоқтатып, Сартоғай, Дөңті сияқты жерлердегі базаларына қайта шегіндірді. Көтерілісші қосын мен шеріктер арасындағы соғыс уақытша тоқтады. Моңғолия үкіметі 1943 жылы қыркүйекте Оспанмен жасасқан келісімі бойынша елдің шекарадан өтіп қыстауына рұхсат етумен

Page 351: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

351

бірге арнаулы орын құрып, зат жөткеп əкеліп, барған елді əр түрлі тұрмыстық бұйымдармен қамдап, жанды мал, шикізат сияқты өнімдерге айырбастады.

1943 жылдың соңғы жарымына дейін Шың Шысай үкіметінің көтерілісші қосынды жою үшін Көктоғай, Шіңгіл аудандарындағы базаларына жөткеп ілгерінді-кейінді орналастырған шеріктер 10 мың адамнан асты. Ал, 1қаңтардың орта шенінде Шың Шысай шеріктері мен болған соғыста жеңіліп, Сырт Моңғолия шекарасы ішіне барып орналасқан Оспан қосыны адам саны жақтан азайып, күш салыстырмасы жақтан əлсіреді. Көктоғай ауданының көп санды елі Шың Шысай үкіметінің басқаруында қалды.

Моңғолия үкіметімен байланыс орнату

1943 жылдың бастапқы жарым жылына келгенде Шынжаң

жағдайында белгілі өзгеріс болды. Шың Шысай үкіметі бұрынғы Кеңес үкіметімен болған достық қарым-қатынасын үзіп, Гоминдаң кертартпа үкіметі Оспан бастаған көтерілісші қосынға ілгерінді-кейін қанша рет адам жіберіп, байланыс орнатуға шақырды. Бастапқы кезде Оспан Моңғолия халық республикасы үкіметіне онша сеніп кетпегендіктен, адам жіберіп байланыс орнатпады. Əрі көтерілісші қосынның əрекет беталысын да айқын айтпады. 1943 жылдың шілдесінде Ертіс өзенінің басындағы Қытай мен Моңғолияның шекарасы есептелінетін «Жалғыз ағаш» асуында аң аулап жүрген Райхан деген азаматты Моңғолия үкіметінің шекара қорғаушы əскерлері ұстап əкетіп, «Ұланбатырға» апарып Оспан мен көтерілісші қосынның Шың Шысай үкіметінің дара өктемдік жүргізуіне қарсы шығып, қарулы көтеріліс жасап жатқан жағдайы мен басқа да ахуалдарды сұрап ұғысады. Осыдан аз күн өткен соң, Моңғолия үкіметі жіберген Қамқаш жанына Райханды ертіп, «Қарадүрбін» деген жерде отырған Оспанға кезігіп, Моңғолия халық республикасы үкіметінің Оспанға айтқан: «Көтерілісші қосын Моңғолия үкіметімен тілдесу, татуласу, дос болуды қаласа құшақ жайып қарсы алатындығын, көтерілісші қосын Шың Шысай шеріктерінің қуғындауына ұшырап, Алтай бетінде тұру мүмкіндігі болмаған кезде Моңғолия шекарасы ішіне өтіп уақытша күш таптап тұруына жол қоятындығын, Шың Шысай шеріктерімен соғысу қажеті үшін қару-жарақ қажет етсе, Моңғолия халық

Page 352: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

352

республикасы үкіметімен келісім жасасып көмек алса беретіндігін» білдірді.

Оспан Қамқашқа: «Сен Моңғолия халық республикасы үкіметінің қарапайым бір қызметкерісің, үкіметіңнің тапсыруы бойынша бізге тілдесуге келіп отырсың, тарихта Қазақ Моңғол баласы бірге өсіп біте қайнасқан. Киіз, туырлықты ел дедік. Екі тілді екі ұлт болғандықтан жер дауы, жесір дауы үшін кейбір кездері жауласып та, дауласып та жүрдік. Алайда, көп жақтан жат ниет жаман əрекетіміз жоқ, жақсы өттік. Қазір Алтай малшылары Шың Шысай кертартпа үкіметінің езуі мен жаныштауына шыдай алмай, қарулы көтерілісін жасап, Шың Шысай үкіметіне қарсы шықтық. 1940 жылы сəуірде Шың Шысай шеріктерінің қуғындауымен «Бұлғын» өзенінің басындағы Моңғолия шекарасы ішіне кіріп, паналамақшы болдық. Бірақ Моңғолия үкіметі алдымыздан əскер шығарып бейуаз халықты оққа ұстап қырғындады. Елшілікке барған адамдарымызды ұстап тұтқындады. Осыдан бастап біз Моңғолия үкіметіне сенбейтін болдық. Жағдай осындай бола тұра, Моңғолия үкіметі арнаулы адам жіберіп, достасуға шақырған екен. Ақ көңіл адал ниеттер болса біз қашпаймыз» деген пікірін айтып қайтарды.

Арада бір ай мөлшері уақыт өткен соң тамыздың басында Оспанның алдыңғы реткі кезігуде ортаға қойған ұсынысы бойынша Моңғолия үкіметі жақтан Дүйрүн атты дағыны бастап, Қамқаш қайта келіп, екінші рет Оспанмен кезікті. Кеңес барысында Оспан Дүйрүнге, Көктоғай малшыларының қарулы көтерілісіннің жалпы жағдайын таныстырды. Сонымен бірге «Моңғолия үкіметі Көктоғай малшыларының қарулы көтерілісін шын мəнінде қолдайтын болса, қару-жарақ жақтан көмектесуді ұсыныс етті». Кеңес аяқтап, Дүйрүн дарғы еліне қайтқан кезде көтерілісші қосынның уəкілі ретінде Қапас, Шердиман, Тескенбай сияқты үш адамды Моңғолия үкіметімен байланыс орнатуға қосып жіберді. Моңғолия үкіметі байланыс орнатуға қосып жіберді. Моңғолияға байланыс орнатуға барған адамдарды қарсы алып, Моңғолия үкіметінің бұдан былайғы уақытта көтерілісші қосынмен болған байланысты баянды өрістететіндігін, қажет болғанда қару-жарақ, заттық материал жағынан көмек беретіндіктерін білдіріп, оларға 3 дана мауазыр, 3 дана дүрбі тарту етті, Оспанға арнап бір дана

Page 353: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

353

дүрбі, бір дана мауазыр тарту етуден сырт бір қанша бесатар мылтық беріп қайтарды.

1943 жылы тамыздың Моңғолия үкіметінің ұсынысы бойынша Оспан ел басшылары мен ақылшыларынан 30 адамды ертіп, «Қайырты» өзенінің басындағы Қытай мен Моңғолияның шекарасы «Үшергеншек», «Саралақаз» асуынан асып, сырт Моңғолияның «Тұлба Сүмбенің» «Шегіртай» деген жеріне барды. Моңғолия үкіметі жақтан Моңғолияның əскери мансаптысы Маюор, Кеңес үкіметінің əскери тəрбиешісі Козылов, Қазақстандық əскери мансапты Насырқан бастап келген адамдар мен кездесті. Кездесу бүкпесіз болды. Əрі екі жақ өзара қонақасы берді. Кездесу əңгімелесу барысында Сырт Моңғолия үкіметі жақтан келген басшылары «Кеңес үкіметі мен сырт Моңғолия үкіметі езілген ұлттар мен халықтардың азаттық теңдік алу жолында жүргізген əділетті күресін қолдайды. Əрі оны өздерінің міндеті деп есептейді. Біз Көктоғай малшыларының Шың Шысай кертартпа үстемдігін аударып тастау жолында жүргізген қарулы көтерілісін қолдаймыз, қажетті кезде адам күші, қару-жарақ жақтан көмек береміз», – десті.

Кездесу барысында Оспан бастап барған уəкілдер үйірмесі мен Моңғолия уəкілдер үйірмесі арасында бірінші рет келісім жасалды. Моңғолия уəкілдер үйірмесінің ортаға қойған келісім шарттары:

«Бірінші: көтерілісші қосын отбасылары Шың Шысай шерік-терінің шабуылына көтерілген кезде Моңғолия шекарасы ішіне келіп паналауына болады. Ал, қарулы қосын Қытай шекарасы ішінде тұрып Шың Шысай шеріктерімен соғыс жүргізеді.

Екінші: Моңғолия үкіметі бірнеше адамдық ақылшы жəне 250 адамдық партизан қосынын жіберіп көтерілісші қосынға көмектеседі.

Үшінші: Көктоғай, Шіңгіл аудандарының Моңғолия мен шекаралас өңірінде Моңғолия үкіметінің шекарасы қорғаныс əскерлері тұрып шекараны қорғау міндетін өтейді. Сонымен бірге көтерілісші қосынның көлемін кеңейту үшін Алтай аймағының басқа аудандарында астыртын адам жіберіп, Шың Шысай үкіметіне қарсы тұрып, қарулы көтеріліске қатынасу жағындағы үгітті күшейтуді ұсыныс етті».

Оспан бастаған уəкілдер үйірмесі ортаға қойған келісім шарт-тары:

Page 354: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

354

«Бірінші: Моңғолия үкіметі бізбен барыс-келіс орнатып, достасу барысында біздің діни сенім, халықтың өмірі мен мал-мүлкі жақтағы еркіндігіне араласпауы əрі қорғауы керек.

Екінші: Шың Шысай кертартпа үкіметіне қарсы жүргізген қарулы көтерілістің қажеті үшін қару-жарақ жəне адам күші жағынан көмек беруі қажет.

Үшінші: Алтай аймағының Шың Шысай үкіметінің кертартпа үстемдігін аударып, халықты азат еткеннен кейін Моңғолия үкіметі мен Кеңес үкіметі біздің ішкі істерімізге араласпауы, Алтай халқы өз ісін өзі басқаруы керек» деді. Моңғолия үкіметі уəкілдер үйірмесі қайтар кезінде бір адамға бірден үлкенді-кішілі мылтық берді. Кездесу кезінде көтерілісші қосын уəкілдері Моңғолия уəкілдерінің 4-ші реткі кезігетін орны Қытай мен Моңғолияның шекарасы Шіңгілдің «Бұлғын» өзенінің басындағы «Майқантас » заставы болып белгіленді.

Чойбалсанның Оспанмен кезігуі

Көтерілісші қосын мен Моңғол халық республикасы үкіметі

арасындағы барыс-келіс күшейіп, достық қарым-қатынас орнағаннан кейін, Сырт Моңғолия коммунистік партиясы орталық комитетінің бас шужиы, халық республикасының төрағасы, орталық əскери істер комитетінің төрағасы маршал Чойбалсан Оспанмен кезігу үшін генарал Доржының орналастыруы арқылы Қобда жерін қыстап отырған Оспанға арнаулы адам жіберді. Доржы генарал Чойбалсан маршалдың Оспанмен кезігетіндігін білдіреді. 1944 жылы наурыздың 2-күні Моңғолия халық респу-бликасының төрағасы маршал Шойболсын, ақылшы Юанович, Доржы генарал, Бопов генарал жəне авятсия бөлімдерінің генаралы Зайсанов бастаған 20 адам айроплан арқылы «Бұлғын» өзенінің басындағы Моңғолияның «Майқантас» заставына келіп түсті. Келесі күні орналастыру бойынша көтерілісші қосыннан Оспан ел басшылары мен ақылшыларынан Сүлеймен Бекторыұлы, Келес, Камал, Əсен үкірдай, Сұлубай, Мұқай, Қуанышбай, Жақсыбай, Қайанқап, Кəріп, Мұхаметжан, Нəби, Уақит Халелұлы, Сымқазы сияқты 20 неше адамды ертіп «Майқантас» заставына барды. Олар «Майқантас» заставына барып түскен кезде Чойбалсан маршал бастаған Уəкілдер үйірмесін Бұлғын сұмына апарып, əскери машық

Page 355: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

355

ойынын көрсетті. «Бұлғын» сұмына барып-қайту кезінде Чойбалсан маршал мен Оспан арнаулы бір машинаға отырды. Екінші күні Моңғолия үкіметі жақтан Чойбалсан маршал мен Доржы генарал, көтерілісші қосын жақтан Оспан мен Сүлеймен қатынасқан оңаша үйде жарым күн мөлшері əңгіме өткізді. Əңгіме барысында Оспан «Шың Шысай үкіметі ілгері -кейін болып ел басшылары мен көтерілісші қосын басшыларынан көптеген адамды қолға алып, түрмеге жапқандығын, қанша адамды аянышты түрде түрмеде өлтіргендігін, халық бұқарасының экономикалық жақтағы қанау мен саяси жақтағы езгіден бас көтере алмай отырғандығын» айта келіп, «Түрмеде отырған адамдарды құтқару, азаттыққа, теңдікке қол жеткізу үшін Шың Шысай кертартпашыларына қарсы қарулы көтерілісті жалғасты жүргізетіндігін» айтқанда, Чойбалсан маршал: «бұл ойларыңды қалай жүзеге асырмақшы болып отырсыңдар» деп сұрайды. Оспан: «Біз, Қазақ, Моңғол халық-тарын, азаттық теңдік алу жолында көтеріліске жұмылдырамыз. Бізге қазіргі қажет болып отырған əскери қару-жарақ, біз сіздер көмек етеді деп сеніп отырмыз»,– деген көзқарасты айтты. Əңгіме соңында Чойбалсан маршал: «Сіздер жүргізіп отырған қарулы күрес азаттық, теңдік жолындағы əділетті күрес, біз қолдаймыз. Бірақ ішкі істеріңе көлденеңінен араласып кетпейміз. Қазіргі шұғыл қажет болып отырған əскери қару-жарақ жақтан көмектесуге, соғыс тəжрибесі бар ақылшылар жіберуге болады» деді.

Чойбалсан маршал Оспан бастаған уəкілдер үйірмесі қайтар кезде, құндағында «Оспан батырға» деген жазу бар бір автомат тарту етті. Жəне уəкілдер үйірмесіндегі адамдардың əр қайсысына бірден бес атар мылтық жəне бірден дүрбі тарту етті. 1944 жылы 3-ші айының 5-і күні Оспан, Чойбалсан маршалды қонаққа шақырды. Қонаққа шақыруға арнаулы жіберген Оспанның елшісі Келес пен Шердиманның бастауында келген Чойбалсан маршал мен оның серіктерін, көтерілісші қосын сарбаздары Қазақ ұлтының қонақ күту салты бойынша қызу мереймен қарсы алып, ақсарбас қой, көкқасқа тай сойылды. Кеңес барысында Чойбалсан маршал Оспаннан көтерілісші қосын ішіндегі басшылық қосын жəне қосын сарбаздарын басқару формасы жақтағы істерді сұрап ұғысқаннан кейін ол: «көтерілісші қосын ішінде қазірше ұлттық уақыттық төңкерістік ұйым құрып, қарулы көтеріліске белгілі ұйымдық

Page 356: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

356

құрылым арқылы басшылық етуді, қосын сарбаздарын ондықтар мен жүздіктерге бөліп басқару формасын өзгертіп партизандар отряды етіп құруды» ұсыныс етті. Сонымен қатар, «Сырт Моңғолия үкіметі көмекке жіберген ақылшылар да сіздер үшін пайдалы, мол соғыс тажірибесі бар олардан жақсырақ пайдалана біліңдер » деген кеңес берді. Қонақасын аяқтап қайтар кезде Оспан Чойбалсанға ақбас құндыз, бұлғын жəне қара түлкі терісі сияқты естелік бұйымдар ұсынды.

Чойбалсан маршалдың Оспанды қабылдаған кездегі келісімі бойынша Моңғолия үкіметі көтерілісші қосынға көмектесу үшін 250 адамдық, партизандар қосынын, 350 дана пулимёт, 70 дана автомат, көптеген оқ дəрілерді көмекке берді.

Чойбалсан маршалдың Оспанмен кезігіп əскери қару-жарақ жақтан көптеп көмек көрсетуі жəне əскери ақылшыларды жіберуі Көктоғай, Шіңгіл елінің үшінші реткі қарулы көтеріліске қатынасуына жəне көтерілісші қосынның қару-жарақ жақтан күшеюіне шешуші рөл атқарды.

Шағаніргедегі қолбасшылық штабты тартып алу

1943 жылдың соңғы жарымынан бастап Шың Шысай үкіметі

Үрімжі, Шонжы жерлеріндегі шеріктерінен мыңнан астам адамды арт-артынан жөткеп əкеліп Көктоғай, Шіңгіл аудандарының «Ағашоба», «Алатөбе», «Дөңті», «Дабысын», «Қаратүңке» сияқты жерлерге орналастырып, берік бекініс құрып, көтерілісші қосынды жоюдың дайындығына кірісті. Бұдан «Ағашоба», «Шағанірге», «Алатөбе», «Дөңті», «Дабысындағы» бекіністерге орналасқан 10 мыңға жуық шеріктің бас қолбасшысы болып тағайындалған Люжыңшын деген адам «Шағаніргедегі» Шың Шысай шеріктерінің алдыңғы шеп қолбасшылық штабында тұрып, көтерілісші қосынды жою соғысына қолбасшылық ету міндетін өз үстіне алды. Қыстың бірнеше айында көтерілісші қосын мен Шың Шысай шеріктері арасында күрделі соғыс болмады. Алайда, Сырт Моңғолия шекарасы ішін қыстап жатқан Оспан қосыны əр уақыт белгілі сандағы сарбаздарды шығарып, барлау жүргізіп шеріктері арасында күрделі соғыс болмады. Сарбаздарды шығарып барлау жүргізіп, шеріктердің бекіністерге орналасу жағдайын, адам саны жəне жер түзілісі сияқты жағдайын иелеп, ішінара бекіністерге

Page 357: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

357

тиіп-қашты шабуыл жасап отырды. Бір рет барлауға шыққан сарбаздар Бұлғын өзені бойындағы мініс ат бағып жатқан шеріктерге шабуыл жасап, 300-ге тарта атты қолға түсірді. Бірнеше реткі барлау жүргізу, ахуал иелеу алып барған соң алдағы соғыс дайындығы жиналысын ашқан көтерілісшілер мынадай бекімге келді.

Бірінші: Шіңгіл жеріндегі бірнеше бекіністің ішінде Шағанірге бекінісі Шың Шысай шеріктерінің қолбасшылық штабы тұрған оның үстіне орналасқан шерік саны ең көп, бекінісі ең күшті орын болып осы бекіністі басып алсақ, басқа бекіністі талқандауда шешуші рөл атқарады. Ең алдымен көтерілісші қосын сарбаз-дарының күшін топтай отырып, осы бекініске шабуыл жасау, сол арқылы басқа бекіністердегі шеріктерге үрей тудыру.

Екінші: Шағанірге бекінісін қоршауға алумен бірге басқа бекіністермен болған байланысын үзіп тастап, сырттан келетін көмекті тосып шеріктердің шабуыл кезіндегі күшін əлсіретуді белгіледі. Осы орналастыру бойынша 1944 жылы ақпанның, 25-сі күні Камал, Сұлубай, Қапас, Тоқтыбай бастаған 300-ге тарта сарбаз «Ағашоба», «Шағанірге» бекіністерін қоршап шабуыл жасады. Алайда «Шағанірге» бекінісіне орналасқан шерік саны көп, күшті қарулармен қаруланған, бекінісі берік болғандықтан көтерілісші қосын сарбаздарды арт-артынан шабуыл жасаса да, бекіністі басып ала алмады.

1944 жылы 10 наурыз күні Оспан жуырда құрылған ұлттық уақыттық төңкерістік ұйымның алқалары, партизан бастықтары жəне Моңғолия халық республикасы үкіметі жіберген ақылшылар қатысқан жиналыс ашты. Жиналыста екі іс қаралды.

Бірінші: Чойбалсан маршалдың «Қажет болса айроплан жіберіп, көмектесуге болады» деген ұйғарымына сай, Моңғолия үкіметінен айроплан жіберіп, «Шағанірге» сияқты жерлердегі жау бекіністерін қоршауға алып жатқан сарбаздар санын көбейтіп əуе шабуылы мен жерден жасалатын шабуылды ұштастыруды ақылдасып белгіледі. Жиналыстан соң ұлттық уақыттық төңкерістік ұйым атынан Моңғолия үкіметіне телеграмма жолдатты. Ұйымның бұл талабына баста қосылмаса да, ақырында «Ұйымшы», «Бұрдымшы» деген жерлердегі шекара заставы арқылы көмектесуге ілгерінді-кейінді 7 айроплан жіберілді. Бұл айропландар 1944 жылы 3-айдың, 12-15 күніне дейін «Ағашоба»,

Page 358: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

358

«Шағанірге», «Алатөбе», «Дөңті» сияқты жерлердегі Шың Шысай шеріктері орналасқан бекіністерді 67 рет бомбылады. Əсіресе, наурыздың, 15-сі күні 4 сағат бойы бомбылау алып барды. наурыздың, 13-ші күні «Ағашоба», «Шағанірге» бекіністерін қоршауға алып жатқан партизандар бөліміне сырт Моңғолиядан көмекке келген 400 адамдық партизан қосылып, 700 адамдық зор қосынмен Оспан мен Моңғолиядан келген ақылшылардың бірігуі мен «Ағашоба», «Шағанірге» бекінісін қоршауға алып, шабуыл жасады. Партизандар бастапқы шабуыл арқылы «Ағашоба» бекінісін басып алды. Бұл бекіністен қашып шыққан шеріктер «Шағанірге» бекінісін қоршауға алған партизандар мен шеріктер арасындағы соғыс үш сөткеге созылды. Ауа шабуылынан бекінісі ойрандалып, шеріктері қырылып, сырт орындармен болған байланысы үзілген «Шағанірге» бекінісіндегі шеріктер партизан-дардың күшті шабуылына төтеп бере алмай, наурыздың 20-сы күні Люжыңшынның бастауында қоршауды бұзып шығып, «Сартоғай-дағы» əскери базаны бетке алып қашты. Сөйтіп Шың Шысай шеріктерінің алдыңғы шеп қолбасшылық штабы орналасқан «Шағанірге» бекінісін партизандар басып алды. «Шағанірге» бекінісінің қолдан кетуі басқа бекіністердегі шеріктерге күшті үрей тудырды. Шың Шысай шеріктерімен 20 күн мөлшері шайқас жасау барысында көтерілісші қосын «Ағашоба», «Шағанірге», «Алатөбе», «Дөңті», «Дабысын» бекінісін арт-артынан талқандап, бүтіндей басып алды. Осы реткі соғыста жау шеріктерінің 31, 32-атты полкі қатты қырғынға ұшырады. Жоғарыдағы бекіністен жеңіліп қашқан шеріктердің барлығы Шың Шысайды Жоғарыдағы бекіністен жеңіліп қашқан шеріктердің барлығы Шың Шысайдың «Сары-тоғайдағы» негізгі əскери базасына барып тығылды. Ал, көтеріліс-ші қосынның бұдан кейінгі шабуыл жасау түйіні Көктоғай қалашығы мен «Қаратүңкедегі» əскери базаға қаратылды.

«Шағанірге», «Алатөбе» бекінісінен қашқан шеріктер «Дөңтіның қара шоқысына» келгенде Сұлубай бастаған партизандармен бір майдан қианкескі соғыс жүргізген соң партизандар «Қара шоқыдағы» шеріктерді қуып түсіп, бекіністі тартып алды. Осы жолғы соғыста Сұлубайға оқ тиіп ауыр жараланып, Сырт Моңғолияға апарып, дауалатса да өнім бермей, наурыздың соңында қаза болды. Сұлубайға оқ тиіп жараланған

Page 359: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

359

Қара шоқыны батырдың атын еске сақтау үшін халық қазірге дейін «Сұлубай шоқысы» деп аталады.

Көтерілісші қосынның Шағанірге сияқты жерлердегі Шың Шысай шеріктерінің базаларына жер бетінен шабуыл жасаған қимылына сəйкесіп, бірнеше айропланның шабуыл жасау бекініс-терін бомбылағаннан хабар тапқан Гоминдаң үкіметінің сыртқы істер министрлігінің Шынжаңда тұратын ерекше бақылаушысы Уұ Зайшаң наурыздың, 10-шы күні Кеңес үкіметінің Үрімжідегі елшілігінде тұратын бас консулы Пошкин деген адамға наразылық білдірді. Наразылықта: «Кеңестік бес жұлдыз маркалы бірнеше айроплан шекарадан өтіп, еліміздің Алтай аймағының Шіңгіл районындағы əскери бекінісін бомбылады» делінген. Наурыздың, 24-күні Кеңес үкіметінің Үрімжідегі елшілігі екі орынбасар консол Канстанденов пен Годовты Уұ Зайшаңға жіберіп, жауап қайтарды. Қайтарылған жауапта « Кеңес үкіметі айроплан жіберіп, Гоминдаң үкіметінің Алтай аймағының Шіңгіл районындағы əскери бекінісін бомбылады деген наразылығы бүтіндей ойдан шығарылған, жоспарлы түрде Кеңес үкіметіне қаратылған арандатушылық əрекет» екендігін атап көрсетумен бірге Гоминдаң үкіметінің сыртқы істер мазмұндамашысының наразылығына тойтарыс берді. Сонымен қатар Гоминдаң үкіметінің Кеңес үкіметіне қарсы тұру мақсатымен арандатушылық жүргізген əрекетін Кеңес үкіметіне мақсатымен арандатушылық жүргізген əрекетін Кеңес үкіметіне мəлімдейтіндігін атап көрсетті. Осыдан соң яғни 4-ші айдың, 3-і күні ТСС агенттігі Гоминдаң үкіметінің сыртқы істер министрлігі мазмұндамашысының «Кеңес үкіметінің айропландары Қытай мен Сырт Моңғолияның «Бұлғын» шекарасынан өтіп еліміздің Алтай аймағының Шіңгіл районындағы əскери бекіністерін бомбылады» деген наразылығына тойтарыс берді. Əрі Кеңес үкіметінің айроплан жіберіп бомбылау жүргізбегендігін атап көрсетті сонымен бірге Кеңес үкіметі мен Сырт Моңғолия үкіметі қол қойған «Кеңес үкіметі Сырт Моңғолия үкіметімен ортақ қорғанады» деген келісімге сай Сырт Моңғолия үкіметіне көмектесуді өз үкіметінің борышы деп қарайтындығын атап көрсетті. Сөйтіп Гоминдаң үкіметінің Шынжаңда тұратын сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылаушысы Уұ Зайшаңның Кеңес үкіметіне білдірген наразылығы батыл тойтарысқа ұшыраумен ақырласты.

Page 360: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

360

«Шағанірге» сияқты жердердегі Шың Шысай шеріктерінің барлық бекіністерінің партизандар жағынан бүтіндей талқандал-ғандығы жайлы хабар Шіңгіл қалашығындағы қуыршақ үкімет органдары мен сақшы мекемесіне жетісімен Шіңгіл ауданының Тау есімді əкімі түрмеде жатқан Мұсайып зəңгі секілді 10 адамды тағылықпен қырып тастап, 1944 жылы 4-ші айдың, 13-і күні Шіңгіл ауданына қарасты 800 отбасыны «көтеріліс тыныштандырылғанға дейін Шонжы жеріне барып, уақыттық қоныстанып тұрамыз» деп алдап, көнбегендерін құрал күшімен айдап, Шонжы жеріне көшірді. Ал, Шіңгіл қалашығында қалған үкімет органдары мен сақшы мекемесі Көктоғай қалашығына қашып барып паналады, осыдан бастап Шіңгіл ауданының көп бөлім жері көтерілісші қосынның басқаруына өтті. Алдыңғы жолғы орналастыру бойынша Көктоғай қалашығы мен «Қара түңкедегі» бекіністе қоршауға алып шабуыл жасап жатқан партизандар Шіңгіл ауданының Тау əкімі бастаған шеріктердің Шіңгіл елін «Шонжы» жеріне айдап кеткен хабарын алды. Осыдан соң төңкерістік ұйымның басшылары дереу орналастыру жасап, Қапас, Мұқай, Тоқтыбай бастаған 100-ге тарта партизанды, шеріктердің айдап бара жатқан Шіңгіл елін қайтарып əкелуге аттандырды. Айдалып бара жатқан ел «Санбастау» деген жерге барғанда қуып жеткен партизандар мен шеріктер арасында бір майдан соғыс болды. Соғыс барысында тау əкімге оқ тиіп өлді. Қырылғаннан қалған бір бөлім шерік Шонжы ауданына қашып өтіп кетті, сөйтіп зорлықпен айдап бара жатқан ел жау қолынан құтылып, өз мекендеріне қайтып келді.

Көтерілісші қосынның қайтадан ұйымдасуы

1943 жылы қаңтардың орта шенінде болған соғыста жеңіліп,

«Бұлғын» өзенінің басындағы Сырт Моңғолия шекарасы ішіне барып орналасқан Оспан қосынының адам саны азайып, күш-қуаты жақтан əлсіреді. Көктоғай ауданының барлық жері Шіңгіл ауданының оңтүстігі, батысы жəне аудан қалашығы түгелдей қуыршақ үкімет пен шеріктердің басқаруына өтіп кетті. Тек, Шіңгіл ауданының бір бөлім жері ғана көтерілісші қосынның басқаруында қалды. Осындай жағдайда Оспан басқаруындағы 450 отбасының ел басшылары мен ақсақалдарынан 70-ке тарта адам, 1944 жылы ақпанның ішінде Жəнібек батырдың 11 немересі

Page 361: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

361

Зарқанның үйіне жиналып, Кеңес құрды. Кеңес ке ақсақалдар Оспанды арнаулы шақыртып «Біз ел шеті, жаудың бетінде отырмыз. Ел болып, елді құрудың кілті – елге ақыл айтып, жөн сілтейтін ел бірлігін айтып, əділ билік жүргізетін бір басшының болуында, біз ақсақалдар ел атынан сені (патша) сайлауға келістік», – деген ұсынысты ортаға қойды. Бұған Оспан ел-жұрттың өзіне деген сеніміне, ақсақалдардың ұйғарымына мақұл болады, жиналған қариялар оны ақ киізге салып «патшамыз» деп танимыз деді. Оспанда ел алдында бұдан кейін елді онан əрі берекеге шақыратындығын білдіреді. Жиында тағы да Сүлеймен Бектұрұлы, Келес, Мұхаметжан, Қазанқап секілді бес адамды Оспанға ақылшы болады деп белгіледі. 1944 жылы наурыздың 8-күні Оспан өз ақылшылары мен жүздің бастықтары жəне ел басшылары қатысқан жиналыс ашты. Бұл реткі жиналыста екі іс қаралды.

Бірінші: Чойбалсан маршалдың ұсынысы бойынша қарулы көтеріліске басшылық ететін ұлттық уақыттық төңкерістік ұйым құрды.

Екінші: көтерілісші қосын сарбаздарын басқарудағы бұрын атқарылып келген ондық, жүздік түзімді орнатуды ақылдасып белгіледі, осы жолғы жиналыста ақылдасу арқылы «ұлттық уақыттық төңкерістік ұйым» құрылып бастығы Оспан Сілəмұлы болып белгіленді. Ұйымның бас алқалары: Сүлеймен Бектұрұлы, Келес, Мұхаметжан, Қазанқап болды. Сол кездегі көтерілісші қосынның қарауындағы 400-ге тарта сарбазды бар партизан бөлімі етіп құрып, партизан бөлімінің бас қолбасшысы Сұлубай, орынбасары Камал болып тағайындалды. Сонымен бірге партизан бөлімінің бастықтары мен орынбасар бастықтарына Жылқайдар, Қапас, Қуанышбай, Қаби, Абдрасұл, Нұрғожайлар белгіленді. 1944 жылы Оспан ақылшылары мен партизан бөлімінің бастықтары қатынасқан жиналыс ашты. Жиналыста Көктоғай ауданы мен Шіңгілдегі ел ішіне партизандар жіберіп, сол жердегі қуыршақ үкіметтің басқаруындағы елді қайтарып əкелу, күрес көлемін кеңейтуді ақылдасты жəне орналастыру жасады. Жиналыстан соң, орналастыру бойынша Қаби, Камал, Қуанышбай бастаған 200-ге тарта партизан Шіңгілге аттанды. Партизандар ел ішіне барғаннан кейін екі аудандағы ел басшылары мен ықпалды адамдардан Салық би, Əділқан би, Абдырақман би, Нүсіпбай, Мұштари зəңгі, Көксеген үкірдай, Уатқан, Имандолла үкірдай сияқты адамдар мен

Page 362: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

362

жеке-жеке жиналыс ашып, Кеңес құрды. Кеңес барысында олар: Оспан бастаған көтерілісші қосынның Моңғолия халық республикасы үкіметімен достық байланыс орнатқандығын, Чойбалсан маршалдың Оспанды қабылдағандығын, сонымен бірге Кеңес үкіметі Моңғолия үкіметінің қарулы көтерілісті қолдап, əскери ақылшы жəне партизан бөлімін жіберіп қару-жарақ, оқ-дəрі жақтан көптеп көмек көрсетілгендігін айтысып, енді бұқараның өткендегі сияқты жаудың алдауына түспей қуыршақ үкіметтің басқаруындағы районнан көшіп шығып, көтерілісші қосынға қайта барып қосылуды үгіттеді.

Осыдан соң екі ауданнан ілгері-кейін көшкен 1000-нан астам отбасы Шіңгіл ауданының шығыс жағындағы партизандар басқаруындағы районға көшіп орналасты. Сөйтіп, Оспан бастаған көтерілісші қосынының отбасы саны көбейіп 1500-ге, партизандар саны көбейіп 800-ге жетіп зор қосын болып қалыптасты. 1944 жылы маусымның соңында Шіңгіл ауданының тау бөктеріндегі «Сарбұлақ» деген жерде Оспан басқарып, тағы бір реткі жиналыс ашты. Жиналысқа кезінде Алтайдан жоғалып кетіп, осының алдында Моңғолия үкіметі алып келген Дəлелхан Сүгірбаев жəне ұлттық уақыттық төңкерістік ұйымның бас алқалары, партизан бөлімінің бастықтары қатысты. Жиында көтерілісші қосындағы партизандардың саны артуына байланысты бұрынғы бар партизан үлкен бөлімін өзгертіп, əрқайсы руларды негіз еткен 4 үлкен партизан бөлімін құрды. Сонымен бірге партизан бөлімі бастықтарының міндеті жəне партизандардың тұрмыстық игілігі жағында ру басшыларының жауапкершілігін айқындастырды. Партизан бастықтары бөлімінің міндеті – «партизандарды ұйымдастыру, қарапайым соғыс өнерін үйрету, тіктелген түзімнің атқарылу ахуалын бақылау, соғысқа басшылық ету, азық-түлік, ат-көлік, тұрмыстық істерді орналастыруға жауапты болу», ру басшыларының міндеті – «партизандарға қажетті азық-түлік, жатар орын дайындап беру, партизандар отбасысының тұрмыстық істерін ұғысып орналастыру, жараланған партизандарды Сырт Моңғолия шекарасы ішіндегі емдеу орнына жеткізіп, емдетуге жауапты болу» ұйымдастырылды.

Қайта ұйымдастырылған 4 партизан бөлімінің бастығы жəне орынбасарына: Камал, Қуанышбай, Қаби, Жылқайдар, Қапас,

Page 363: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

363

Манат, Смағұл, Абдырасұл белгіленді. Жалпы партизандарға қолбасшылық етуге Оспан мен Дəлелхан жауапты болды.

1944 жылы шілденің басында Моңғолияның Қобда аймағының «Ақұнты» деген жерінде Сырт Моңғолия үкіметінің дайындық көріп, орналастыруымен 2 күндік жиналыс ашылды. Жиналысқа көтерілісші қосыннан Оспан, Дəлелхан қатысты. Оларға Келес, Қапас Тіркешұлы, Жылқайдар, Уақит Халелұлы, Нəби Оспанұлы, Маннан Дəлелханұлы, Кашапан Салменұлы, Əбілмəжін секілді адамдар да бірге барып қатысты. Сырт Моңғолия үкіметі жақтан Бопов, Мажық генерал жəне Ноғай, Қалқабай, Қасен сияқты адамдар қатысты. Жиналысқа екі жақтан қатысқан адамдар төмендегі істерді ақылдасып тұрақтандырды.

(1) Алтай аймағының төменгі бес ауданын азат етудің жоспарын жасап, қатысты істерді ақылдасып бірлікке келді.

(2) Партизандарды қамдауға қажетті азық-түлікті Көктоғай, Шіңгіл елінен алынатын мал бажыға жанды мал алу жолымен шешім етуді белгіледі.

(3) Партизандар санын көбейту, басқаруды күшейту, қарулы күшті ішкі жақтан ыдыратуды сақтану секілді істер орналас-тырылды.

1944 жылы қарашада «Бұлғын» өзенінің құйғанындағы Шіңгіл өзені бойында Оспан мен Дəлелханның басқаруында ұлттық төңкерістік ұйымның алқалары, партизан бөлімінің бастықтары мен ел басшылары қатынасқан жиналыс ашылды. Жиналыста төмендегі істер қаралып мақұлданды.

(1) Бұрынғы көтерілісші қосынға басшылық етіп келген ұлттық уақыттық ұйымды күшін қалдырып, оның орнына «Алтай халқы ұлттық уақыттық төңкерістік үкімет» құрды. Үкімет бастығы Оспан Сілəмұлы, орынбасар Дəлелхан Сүгірбаев болып тағайындалды. Үкімет бас алқалары: Көксеген би, Əділхан би, Асхат Мəнкейұлы, Уатқан, Рамазан, Молласілəм(ұйғыр) Лəтіп, Кəріп зəңгі, Сүлеймен Бектұрұлы, Момынбай болып белгіленді.

(2) Көтерілісші қосын ішіндегі қаза болғандар мен қазіргі тірі жүргендерге атақ беру ақылдасылды. Қаза болғандардан: Есімхан үкірдай, Сүлеймен батыр, Сұлубайға, тірі жүргендерден Оспан Сілəмұлы, Келес, Абдырасул, Камал, Қапас Тіркешұлы, Нұрғожай, Қуанышбайларға «Халық батыры» деген атақ берілді.

Page 364: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

364

(3) Сарсүмбе Буыршын, Бурылтоғай аудандарының елі тамыздан бастап көтерілісші қосынға келіп қосылғандықтан, партизандардың саны көбейіп, 1500-ге тарта адамға жетті. Осыған байланысты бұрынғы бар 4 партизан бөліміне тағыда 5 бөлім қосып құрды. Кейінгі қосылған 5 бөлімтің бастығы мен орынбасар бастығына: Əсен, Тастенбай, Смағұл, Асқабыл, Нəби, Моллапейз, Тоқтыбай, Жамет, Қасейін, Бауден болып белгіленді. Оспан мен Дəлелхан көтерілісші қосын партизандарының қолбасшысы болып, тағайындалды. Сонымен бірге партизандар бөлімінің артқы шеп қамдау жұмысына Əсен үкірдай мен Шердиман жауапты болды. Сырт Моңғолиядан көмекке келген партизан бөлімінің бастығы Ноғай, Қаби болып белгіленді, Моңғолия үкіметі мен көтерілісші қосын арасындағы алым-берім жұмыстарға Зейтінғазы жауапты болды.

1944 жылы шілдеден бастап Оспан, Дəлелхан басшылық еткен көтерілісші қосынның беталысы мен негізгі күшін Алтай аймағының 5 ауданын Шың Шысай мен Гоминдаң кертартпашы-ларының үстемдігінен азат етуге қаратып, ілгері-кейін партизан бөлімін жіберді.

Көктоғай қалашығына шабуыл жасау «Ағашоба», «Шағанірге», «Алатөбе», «Дөңті», «Дабысындағы»

жау бекіністерін талқандап Шың Шысай шеріктерінен ойсырата соққы беріп, Шіңгіл ауданының көп бөлімін басқаруына алған көтерілісші қосын бұдан кейінгі шабуыл түйінін Көктоғай қалашығы мен Қаратүңке бекінісіндегі шеріктерге соққы беруге қаратты. Осы орналастыру бойынша 1944 жылы 4-ші айдың, 24-і күні көтерілісші қосыннан 400-ге тарта қосыннан Көктоғай қалашығын қоршауға алып шабуыл жасады. 4-ші айдың, 25-сі күні қалашықтың шығыс оңтүстік жағындағы Сүн Лишүн баталионы орналасқан шеріктердің алдыңғы бекінісін партизандар талқандап, басып алды. Сəуірдің 26-күні партизандар ішкерлей шабауыл жасап, қалашықтың шығыс жағындағы Кеңес үкіметінің

Page 365: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

365

Көктоғайдағы кен басқару мекемесі орналасқан жерді басып алды. Осыдан соң партизандар қалашықтың орта бөлігіне орналасқан жау шеріктерінің негізгі бекінісіне шабуыл жасады. Қалашықтың орта бөлігіндегі бекініс пен оңтүстік негізгі бекінісіне шабуыл жасады. Қалашықтың орта бөлігіндегі бекініс пен оңтүстік жотадағы бекініске пулимет сияқты күшті қаруларды орналастырғандықтан оның үстіне бұл бекіністердің жері жалтаң болып шабуылға өтушілер үшін тиімсіздік тудырғандықтан, партизанда бірнеше рет шабуылға өтсе де, бекіністі басып ала алмады да, ақыры қалашыққа шабуыл жасауды тоқтатып қайта шегініп «Қара түңкенің» шығыс оңтүстік жағындағы «Сары бастауға» барып орналасты.

1944 жылы 5-ші айдың, 18-і күні партизандардан 1000-ға тарта адам Көктоғай қалашығына екінші рет шабуыл жасады. Партизандар қалашықтың шығыс оңтүстік жағы мен үш көпір жағын жəне батыс солтүтік жағын бастапқы шабуылда иелеп алып, қалашыққа болған қоршау шеңберін тарайта түсті. Партизандар қалашықты қоршауға алғаннан кейінгі екінші күні Көктоғай қалашығына көмекке жіберілген 500-ден астам шерік жетіп келіп, күш-қуаты еселеп артқандықтан партизандар бұл жолы да қалашықты басып ала алмай, қайта шегініп кетті.

1944 жылы шілденің орта шенінде Оспан мен Дəлелханның басқаруында ұлттық уақыттық төңкерістік үкіметтің жиналысы ашылды. Жиналысқа үкімет бас алқалары мен ел басшылары қатынасты. Бұл реткі жиналыста «Ақұнтыда» ашылған жиналыс-тың ашылуы бойынша үш істі ақылдасып шешім жасады.

1. Партизандарға қажетті азық-түлікті қамдау үшін халықтан жинап алынатын бажы өлшемі белгіненіп, əр жүз бас қойдан, бес бас қой бажы алу ақылдасып тұрақтандырылды. Сонымен бірге халықта алынатын жанды мал бажысын жинауға шығатын 4 группаның жауапты адамдары белгіленді. Бірінші группадағы Латып, екінші Группадағы Шəри зəңгі, үшінші группадағы Мұштари зəңгі, төртінші группаға Əбдірахман, бас есепті істеуге Бағдат Қамзаұлы жауапты болды. Екінші қосынның кіршіксіздігін сақтау, дұшпанның ішкі жақтағы бүлдіруінен қырағы болу, сатқындық істеуге Жолдыбайға бұрын Үрімжіде тұрған, кейін Шың Шысай үкіметінің тұтқындауынан қорқып, көтерілісші қосынға келіп қосылған, келіссөз өткізуге жіберген уəкілдер группасының бір мүшесі Құсайын Үрімжіге қайтқан кезде оған ілесіп, Үрімжіге

Page 366: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

366

қайтып кеткен. 1944 жылы 4-ші айда Шың Шысай үкіметі Жолдыбай «қашып шығып қайта келдім» деген желеумен көтерілісші қосынның ішіне енгізіп, ішкі жақтан бүлдіру əрекетін жүргізуді міндеттейді. Арада жарым жылға таяу уақыт өткен соң, көтерілісші қосынды қайта іздеп келген Жолдыбай күмəндəнған көтерілісшілер оны бақылауға астыртын адам орналастырады. Бақылау арқылы оның Шың Шысай үкіметі жіберген тыңшы екені анықталғаннан кейін, осы реткі жиналыста өлімге үкім етіп атып тастады. Үшінші, Көктоғай қалашығына жасалатын шабуылды жағдай пісіп, жетілгенге дейін тоқтата тұруды, қалашыққа сырттан келетін көмек жолдарына партизан бөлімінін жіберіп, сыртпен болған байланысты бүтіндей үзіп тастауды белгіледі. Жиналыстан соң орналастыру бойынша Шонжы, Алтай жақтан Көктоғай қалашығына жер бетінен келетін заттық көмек пен шеріктер басып өтетін «Татыр қара», «Жыңғылды», «Уша», «Қарашора», «Қағылсай» сияқты жерлерді партизандар меңгеруіне алып, шарлап күзетуді күшейтті. Осыдан бастап Көктоғай қалашығының орындармен болған байланысы үзіліп, келетін көмек тоқтады.

Партизандар екінші рет Көктоғай қалашығына шабуыл жасап, басып ала алмай шегініп кеткен соң, яғни, 1944 жылы мамырдың аяқ шенінде қоғам қауіпсіздік мекемесі түрмеде жатқан 40 адамды рақымсыз тəсілдерді қолданып, қырғындауға алып барды. Қырғындау кезінде кейбір адамдарды атып өлтірсе, кейбір адамдарды қылышпен шауып, 20 неше кез тереңдіктегі зынданға тірідей тастап, азаппен аштан өлтірді. Осы адамдардың ішінде Оспан мен Сүлейменнің əйелі мен балаларынан 17 адам бар. Олар: Оспанның 18 жастағы қызы – Кабила, 16 жасар ұлы – Ойдалла, 14 жастағы ұлы – Кəри (тірідей зынданға тастап өлтірді) 12 жастағы қызы – Қабиба, 10-11 жастағы қыздары – Қапия мен Занбия болып, 6 баласын аянышты түрде өлтірсе, солармен бірге Сүлейменнің əйелі – Қойтұяқ, келіні – Шолпан, ұлы Қабдолла, қызы Қаншай сияқты 11 адамды да азаппен өлтірді. Түрмеде жатқан басқа да адамдарда ілгері-кейін шеріктердің қанды қылшынан қаза болды. Көктоғай қалашығына жасалған екі реткі шабуылда бірнеше партизанның қаза болуы, бейкүнə халықтан 40 адамның мезгілсіз қанды қырғынға ұшырауы партизандардың кек отын тұтандырды. Осыдан бастап олар Көктоғай қалашығын қоршауға алу сырттан келетін заттық көмек пен шерік күшін ішке кіргізбеу арқылы берік

Page 367: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

367

бекіністе жатқан үкімет органдары мен шеріктерді ашыққан соң бекіністі тастап, өздігінен шығатын күйге түскенге дейін қоршауды жалғастыруды жөн көрді. Сөйтіп, олар қалашықты 5 айдан астам уақыт қоршауға алды. 1945 жылы ақпанға келгенде ашаршылыққа ұшырап, амалсыз қалған шеріктермен қуыршақ үкімет адамдарды Көктоғай қалашығындағы берік бекінісінен шығып Гоминдаң үкіметінің «Сарытоғайдағы əскери базасын бетке алып қашып, жол бойы ашаршылықпен бірге қалың қар, қатты суықтың тəсірінен шығынға ұшырып қалған аз бөлімі «Сарытоғайдағы» базасына барып тығылды. Осылайша бес айға созылған Көктоғай қалашығын оқшау қалдыру күресі жеңіспен ақырласты».

Бүркітбайдың сапары

Көктоғай малшыларының 1943 жылы Шың Шысай үкіметінің

езуі мен қанауына қарсы қозғаған үшінші реткі қарулы көтерілістің жағдайы күн сайын оңалып, қайтадан жаңа толқынға көтерілді. Осындай тиімді орайды көздеген көтеріліс басшылары көтерілістің көлемін тұтас Алтай бетіне кеңейтуді түрлі формалар арқылы бұқараға кең көлемде үгіт жүргізіп, Шың Шысай үкіметіне қарсы бұқаралық қозғалысты қанат жайдыруды жоспарлады. Олар осы жоспарды іске асыру үшін алдымен Сарсүмбе ауданына қарасты ел беделділерінің ішіндегі сенімді дегендерге үкімет қызметіне Қажнаби сияқты адамдарға арнаулы адам жіберіп олардың көзқарастарын ұғысу, ел ауқымын иелеу, көтерілісшілерге қажетті ат-көлік жағынан көмектесу қызметін істеу үшін арнаулы адам жіберуді белгіледі. Мұндағы себеп Қажынəби Сарсүмбе ауданының орынбасар əкімі əрі есағасы Қазыбек елінің үкірдайы болып бір шама ықпалды адам еді. Сондықтан көтеріліс басшылары Қажынəбимен байланыс орнатуға, Қажынəбидің Бүркітбай Тұяқбайұлына жиен болатын туыстығын негіз етіп, Бүркітбайдың баруын міндеттеді. Бұл міндетті алған Бүркітбай кемді күн дайындық көрген соң жанына 12 азаматты ертіп, 1943 жылы қарашаның орта шенінде Сарсүмбе ауданын бетке алып жолға шығады. Сол жолы Бүркітбаймен бірге барған Тəпен Бұғыбайұлы мен Зейне Мұхаметжанұлы бұл оқиғаға куə болып мыналарды айтты: «Біз қу Ертіс өзенінің солтүстік жағындағы Күртіден аттанған күні суыт жол жүріп, Сарсүмбе ауданына қарасты

Page 368: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

368

«Шірікшидегі» қыстаулықтардың біріне түсіп қалмау үшін түн жастанып, Сарсүмбеге жүрмекші болдық. Алайда, өзен бойына көшіп келіп қыстаулықтан алысырақ қонып жиі отырған «Шірікши» елі бір топ бейсауат адамның Шірікшидегі бір қыстауда жатқанынан хабар тапты ма? Əлде жылқы қуғалы келген адамдар болу керек деп топшылады ма, əйтеуір сойыл-шоқпарларын көтерген бір топ адам, атымыздың ерін алып отқа қойып, демалып жатқан бізді тарпа бас салды. Бүркітбай қаптап келе жатқан қалың адамдарға: «Тоқтаңдар, арттарыңа қайтыңдар», деп айғайлап, бірнеше рет бастарынан асыра мылтық атады. Бүркітбайдың серігі Əбілқасым деген азамат, «алдағы адамдардың атын атып, бетін қайтар, болмаса мылтықты маған бер» деп өтінеді. Бірақ көтеріліс басшыларының жолға шығаруда «қандай жағдай астында да бұқараға қаратып оқ атпаңдар», – деген сөзін еске алған Бүркітбай сабыр сақтайды. Қоршауды қалғандардан Зейнел жəне Құсан деген екі азамат қашып құтылады, қалғандары түгел қолға түседі. Қолға түскен азаматтардан Сарсүмбедегі Гоминдаң түрмесіне апарылғанға дейінгі бір аптадай уақыт ішінде тағы да Тəпен, Мұхаммади сияқты төрт азаматты ондағы жанашырлық еткен Сайполла Қайрақбайұлы, Жеңісқан Молдақанұлы, Күлəндə Батталұлы, Қарақұмаш Əкемиұлы қатары адамдар орайын тауып, босатып жіберді. Бүркітбай жазда жылқысы қуғынға түскен Бекия деген адамның қолына берілді. Шірікшидегі бұл оқиға жансыздар арқылы Сарсүмбедегі қоғам қауіпсіздік мекемесіне жеткізіп беруді ұқтырды.

Осы кезде Бурылтоғай қалашығын қоршауға алып жатқан Сұлубай басшылығындағы көтерілісшілер қосыны Бүркітбай бастаған бір топ адамның Шірікшидегі елдің қолына түсіп, қамауда жатқанынан хабар тауып, Нұрлан зəңгі, Ақмолла, Мəди бастаған 50 адамды Дөрбөлжінге жіберіп, ел басшыларын келісімге шақырды. Қолда тұрған адамдарды босатып, бұдан бұрын қолды болған малдарын қайтарып алуға келіседі. Үкімет құлағына «Шірікшиде» қолда болған адамдарды бұл өңірден бұрын-соңды өр Алтайға қуылған малға айырбастағалы жатыр екен деген хабар жетісімен Сарсүмбедегі Гоминдаң қоғам қауіпсіздік мекемесінің мансап-тылары жанына əскер ертіп, таң ата Тұрдыхан зəңгінің үйіне келіп, Гоминдаң үкіметінің тұтқындарды Сарсүмбеге жөткеу бұйрығын жеткізді. Алғашқы көтерілісшілер мен келісім бойынша

Page 369: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

369

Шірікшидегі ел басшылары мен көтерілісшілер екі төбеге жиналды. Бүркітбайларда осы жерге əкелініп, қол аяғы босатылып қайтарылмақ болып жатқанда, бір бөлім жансыздар қарсы жағына «Тұрдыхан сендерді мұнда əдейі əкеліп, үкіметке қырдырғалы отыр» деген өсек-аяң жеткізеді. Бұл хабардан сасқалақтаған көтерілісшілер келген адамдар құралға қол қояды. Ақыры ел басшылары мен көтерілісшілер арасында қақтығыс туып, құрал жұмсаудан барып, екі адамның өлуі сияқты ауыр оқиға келіп шықты. Осыдан соң Шірікши елінің қолында тұрған Бүркітбай-лардың қол-аяғы қайта байланып, Тұрдыхан зəңгінің қолына өтті.

Тұтқындар Тұрдыхан зəңгінің ауылына айдап əкеплінген күні түнде Бүркітбай Тұрдыханның үйіне қамалды. Ол бұдан бұрын Бекиенің үйінде байлауда жатқан кезінен бастап өзінің ақындық талантымен өлеңін айтып жатқан еді. Ел мен жұртқа деген Бүркітбайдың сол кезде шығарған «Ой Қайша» əнін көзі ашық азамат Мəзен жазып алады. Ұзамай Тұрдыхан зəңгінің қолындағы Бүркітбай, Əбілқасым, Арыстан, Нұрахмет, Расұл, Шудабай, Қобдолла сияқты тұтқындарды түйеге екіден мінгестіріп, əр екі адамның аяғын матастырып, бірден ат кісен салып Сарсүмбеге жөлентті.

Гоминдаң Сарсүмбедегі түрмесіне қамалған Бүркітбай бастаған тұтқындар қайта-қайта сұраққа тартылып, ауыр қинаулар астында 1944 жылы қаңтардың ішінде өлімге үкім етті.

Бүркітбайларды атуға келгенде Гоминдаң үкіметі тағы да сайқалдық істеп ел көзіне шөп салды, 1943 жылы ақпанның ішінде Тасбике ауылының қарауындағы мектепке бір лиан əскер əкеліп орналастырып, адам атудан бұрын алдын ала дайындық жасады. 1944 жылы қаңтардың соңында Гоминдаң үкіметі бір күнде екі орында адам атты. Бұның бірі Бүркітбай ішінде бір топ адамды Сарсүмбе қаласында атты. Осы күні таңертең «Бітеуірге», «Шірікши», «Ақарал» бойындағы елдің адамдарын зорлап, «Ақ өткелге» айдап келді. Өткен түні Сарсүмбедегі түрмеден жөткеп əкелген Бүркітбайдың алты саптасын Тасбике мектебінде жататын шеріктердің айдауымен адам ататын майданға алып барды. Бұның ішінде Бүркітбайлардан бұрын қолға алынған Ақан Қасенұлы да бар еді. Гоминдаң бір əскери мансаптысы жұрт алдында сөз сөйлеп, өткен жылы осы елден бандылар атып өлтірген Қали сияқты екі адамның кегін қайтару үшін атылатын адамдарды үкімет осы жерге

Page 370: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

370

алып келгенін, бұл адамдары туыстары бандылар жағынан өлтіргендері, өз қолдарымен атып кек алу керектігін бұйырады. Гоминдаң үкіметінің бұл сайқалдығын естіген халық қатты түршікті. Бұнысы «Бүркітбайларды ұстаған да, бұндағы елді атқан да осылар» деген аңыс тудыру екенін аңғарып, наразы болғанымен Гоминдаң жендеттері «туыстарыңның кегі үшін қанға-қан алыңдар, неге атпай тұрсыңдар» деп, бұйрықпен алты адамды екі қолмен еріксіз атқызды.

Қарулы көтеріліс көлемінің ұлғаюы

1944 жылы маусымның ішінде ел көшіп, Шіңгіл ауданының

тор жайлауына барып орналасқаннан кейін 3 жылдың алдында Алтайдан Кеңес үкіметі жаққа өтіп кеткен Дəлелхан Моңғолия арқылы айналып, көтерілісші қосын тұрған Шіңгіл ауданына келді. Дəлелханды Моңғолия үкіметінің Бəйтіктегі шекара заставында тұратын Доржы генерал (Моңғол) Бопов Гералар (орыс) секілді адамдар ертіп келді. Осы рет Дəлелхан мен бірге Кеңес үкіметінен Əлихан, Əріпбай бастаған 10 адамдық ақылшы, Моңғолия үкіметінен Қалқабай бастаған 8 адамдық ақылшы келді. Маусымның орта шенінде Шіңгіл қалашығының азат болуы мен екі аудан халқының көтерілісші қосынының басқаруына өтіп, көтерілісші қосынның күш-қуат жағынан күшейе түскендігін қарсы алып, ат шаптырып той жасады. Дəлелханның қайтып келгендігін көтерілісші қосын басшылары мен ел басшылары жəне барлық халық болып қарсы алды.

1944 жылы маусымның аяқ шенінде Оспанның басқарып ұйымдастыруы мен ел басшылары жəне көтерілісші қосын бас-шылары, Кеңес одағынан, Моңғолиядан келген ақылшылар қатыс-қан жиналыс ашылды.

Бұл реткі жиналыста екі түрлі іс қаралды. (1) Көтерілістің көлемін кеңейтіп, Алтай аймағының төмендегі

бес ауданын Шың Шысай үкіметінің кертартпа үстемдігінен азат ету үшін аудандарға көтерілісші қосын жіберу.

(2) Көтерілісші қосын аттанудан бұрын төменгі бес аудандағы ел басшылары мен халыққа көтерілісші қосын басшылары атынан ашық хат жолдап, оларды көтеріліс жасап, Шың Шысай үкіметіне қарсы тұруға үндеу ақылдасып белгіленді. Төмендегі ел

Page 371: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

371

басшылары мен халыққа жолданған ашық хаттың басты мазмұны мынадай еді: «Алтай бетінде кіндік кесіп, кір жуған аға-бауыр, барлық туыстарға: біз бес жыл мөлшері күндіз-түні бел шешпей, ауыздықпен су ішкен, ер етікпен су кешкен не бір ауыр күндерді бастан кешіріп, қар жастанып, мұз төсеніп, Шың Шысайдың кертартпа үкіметіне қарсы қарулы күрес жүргіздік. Біздің бұл күресіміз өз басымыздың ұсталып, қолды болуынан қорқу, өз мүддеміз үшін емес қайта Шың Шысай кертартпа үкіметінің малшылар қауымын құқық мұддесін қорғау үшін күрес жүргіздік. Біз қазақ малшылары алдымен үкіметке қарсы шықпадық, қайта Шың Шысай үкіметі ел басшылары мен алға басар адамдарды «Үкіметке қарсы», «Құрал тапсырмады» деген сылтаумен қолға алып, түрмеге жапты. Халықтың қолында сақтаулы құралдың жоқ екенін көре тұрып, құрал тапсыруға қысады. Дінімізді аяқ асты етіп, құран кітаптарымызды жинап өртеді. Халықтан алынатын алым-салықты ауырлатып, қолымыздағы мал-мүлікті бұлап талады. Басымызда ерік қалмады. Шаруашылығымыз ойрандалып, тұрмыстық жақтан тұралау күйіне түстік.

Осындай жағдай астында Шың Шысай үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы қарулы көтеріліс жасадық. Сондықтан біз Алтай бетіндегі барлық малшылар қауымымен Шың Шысайдың дара үстемдігіне қарсы алға басар азаматтарға мынаны үндейміз. Біз ең алдымен Шың Шысай басшылық еткен кертартпа үкіметтің Алтай бетіндегі қара түнек үстемдігін аударып тастау үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлік, ынтымақта бола отырып, қолымызға қару алып, езу мен қанауға қарсы күрес жүргізуге аттануымыз керек. Уақыттық үкімет құрып, өзімізге-өзіміз қожа болуға өз ісімізді, өзіміз басқаруға қол жеткізуіміз, қарулы қосын ұйымдастырып, өзімізді-өзіміз қорғауға, қарулы күрес арқылы Шың Шысайдың кертартпа үстемдігін аударып тастап, азаттыққа қол жеткізуіміз керек. Бұл біздің Алтай бетіндегі əр ұлт халқының шығарған үндеуіміз, азаттық үшін еркіндік, теңдік үшін күресуді қалайтын барлық азаматтар қолдарыңа қару алып, көтеріліс қатарына келіп қосылыңдар, Шың Шысайдың кертартпа үстемдігін аударып тастау жолындағы əділетті күреске аттаныңыздар, сонда ғана бірнеше жылдан бері Алтай бетіндегі азаттық алу, еркіндік-теңдікке қол жеткізу жолында өздерін құрбан етіп, ғазиз жанын қиған ардагер азаматтардың аруағын разы еткен

Page 372: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

372

боласыңдар, бұдан былай Шың Шысай үкіметінің əмір жарлығын атқармаңдар. Шың Шысай шеріктерінің барлық қимылын көтерілісші қосынға мəлімдеп тұрыңдар делінген еді. Осыдан соң көтерілісші қосын басшылары қарулы көтерілісті бүкіл Алтай бетінде кеңейту үшін 1944 жылы 7-ші айдан бастап нақтылы іске кірісті. Олар ең алдымен көтерілісші қосын басшылары қатынасқан əскери істер мəжілісін ашты. Мəжілісте Алтай жағдайына талдау жасай келіп, қалашықтарға шабуыл жасауға, жау əскерімен көлемді соғыс жүргізуге асықпау, қайта алдымен халық бұқарасын толық аттанысқа келтіріп, қарулы көтеріліс қатарына тарту.

Сөйтіп, жауды оқшау қалдыру стратегиясы белгіленді. Шіңгіл ауданын азат ету күресінің тəжірибесін қолданып, алдымен əрқайсысы аудандарға төңкерістік жағдай жарату. Халықты өз қатарымызға өткізіп алып, көтерілісші қосын иелеп тұрған Шіңгіл ауданы сияқты негізгі базарға көшіріп əкеліп орналастыру, осы арқылы Шың Шысай үкіметі мен шеріктерді оқшау қалдырып, экономикалық жақтан тұқыржылау күйіне түсіріп, сонан соң тіректі бекіністермен қалашықтарға жалпы беттік шабуыл жасап, ең соңғы жеңіске қол жеткізу керек деп қарады. Сонымен бірге əрқайсысы 200 адамдық партизан бөлімін Қаба, Буыршын, Жеменай, Сарсүмбе, Бурылтоғай аудандарына жіберіп, ашық хатты үгіттеу, халықты қарулы көтеріліске қатынасуға ұйымдастыру қызметін жүргізуге жіберді. Сөйтіп 1944 жылы маусымның аяқ шенінде Нұрғожай, Қуанышбай, Абдырасұл бастаған бірінші топтағы партизандар жолға шығып Сырт Моңғолия шекарасын бойлап, «Өрмегейті» асуы арқылы тор жайлауда отырған Сарсүмбе елінің жартысы мен Бурылтоғай елінің ішіне келді. Олар ел ішінде ашық хатты үгіттеп, елді көтеріліс жасап, Шың Шысай үкіметіне қарсы тұруға ұйымдастырды. Ал халық бұқарасы бұларды қарсы алып, қарулы көтеріліске қатынасу жағында болды. Əрі партизандардың бастауы мен қорғауында көтерілісші қосынның негізгі базасы болған Шіңгіл ауданына көшудің дайындық жұмыстарына кірісті. Дəл осы кезде тор жайлауындағы ел ішіне көтерілісші қосын партизандарды келгендігін естіген Сарсүмбедегі қуыршақ үкімет бастықтары Козияң басқарған 300 адамдық қауіпсіздікті сақтау бөлімі мен Бүрбіжап басқарған 300 адамдық қауіпсіздікті сақтау бөлімін аттандырып, партизандардың жолын тосып, көшкен елді алып қалмақшы болды. Осы барысты

Page 373: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

373

партизандар мен жау шеріктері арасында қанша рет үлкенді-кішілі соғыстар болды. Алдыңғы кеткен əскери бөлімдердің партизан-дардан елді айырып ала алмағанынан хабар тапқан Сарсүмбедегі қуыршақ үкімет мансаптылары Янзыфа жəне Күйжиу басқарған əскери бөлімдерді көмекке жіберді. Осындай жағдай астында партизандар жаудың шабуылын бұзып, Бурылтоғай ауданының барлық халқы мен барлық Сарсүмбеге қарасты елден 800 отбасыны көтерілісші қосын өзгермейтін асуы арқылы Сырт Моңғолия шекарасы ішіне өткізіп, əрі шекара ішімен көшіріп, Қытай мен Сырт Моңғолияның «Бұлғын» шекарасындағы асу арқылы Шіңгіл жеріне əкеліп орналастырды. Осы келген елдің ішінде Дəлелханның отбасы да көшіп келіп, «Үш көлді» жайлап отырған Оспан ауылымен қатар қоныстандық.

1944 жыл шілденің басында екінші топты аттанған Қаби бастаған 250 адамдық партизан бөлімі Сырт Моңғолияның «Қарағайты» асуынан асып шекара ішімен барып Доңқарағай асуы арқылы «Үштас», «Бұлбұлдай» сияқты жерлерде отырған Буыршын, Қаба елдерінің ішіне келді. Олардың ең алдымен ел басшыларымен бірлікте ашық хатты үгіттеп, елді Шың Шысай үкіметіне қарсы тұру азаттыққа қол жеткізу үшін қарлы көтеріліске қатынасу қызметін істеді. Сөйтіп екі аудан халқының басым көпшілігі көртерілісшілер жағына өтіп, шілденің, 28-күні Қаби бастаған көтерілісші қосын партизандар мен жергілікті орыннан қатынасқан партизандардан 500 адам Қаба қашалағына шабуыл жасап қоршауға алды. Үш сөткеге созылған соғыс арқылы партизандар Қаба қалашығының бір бөлімін басып алды. Екі жақтан бірнеше адам шығын болды. Партизандар бөлімінің орынбасары Мұхамет қолға түсті. Осы кезде Қаба қалашығының қоршауда қалғанын естіген Сарсүмбедегі қуыршақ əскери қолбасшылық штаб Дəйкүйжиу бастаған бір полк шерікті Қаба қалашығындағы шеріктерге көмектесуге жіберді. Олар Шұңқыр деген жерге келгенде сол жерде тұрған 50 адамдық ақ орыс əскерін ертіп алып, Қаба қалашығын қоршауға алып жатқан партизандарға шабуылға өтті. Күш салыстырмасы жағынан тең келе алмаған партизандар шабуылға өтті. Күш салыстырмасы жағынан тең келе алмаған партизандар Қаба қалашығынан шегініп ел ішіне барып елдің Шың Шысай шеріктерінің талан-таражылауынан сақтану үшін Қаба халқына 1500 отбасыны Қаба шекарасы арқылы

Page 374: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

374

Қазақстан шекарасы ішіне өткізіп Қаби бастаған партизандар өр Алтайға қайтып келді.

1944 жылы шілденің 5-күні Жылқайдар, Келес, Тескенбай бастаған Əріпбай ақылшы болған 300 адамдық партизан бөлімі Жеменей ауданына аттанды. Олар «Қарағайты» сияқты жайлауда отырған ел арасына барып, үгіт қағаздар таратты. Ел басшыларына кезігіп, халықты қарулы көтеріліске қатынасуға Шың Шысай үкіметіне қарсы тұруға ұйымдастыру жұмысын істеді. Осыдан соң көп халық белсенділік қосып, қарулы көтеріліс жасау жағына өтті. Ал, партизандар ел ішінде екі жақтылы қызметте жалғасты жақсы істеуге кірісті. Мұның бір ел ішіндегі аз санды адамдар ішінде өмір сүріп отырған күдік-күмəнді жою. Адамдардың идеясы мен əрекетін толық бірлікке келтіру. Енді бір жергілікті орыннан партизан бөлімін ұйымдастыру басқару алқасын құру жұмысын істеді. шілденің 15-күні Жылқайдар, Келес, Əріпбай бұқаралық жиналыс ашып, жергілікті халықтан уақытша басшылық ұйымдастырды. Оған Рамазан залың бастық, Молла Сілəм орынбасар болды. 6-7 адам жора болып белгіленді. Тор жайлауда тұрған партизандар Жеменей қалашығы ішіндегі сенімді адамдар арқылы қалашық халқын аттанысқа келтіріп Шың Шысай шеріктерінің қимыл-əрекеті жайлы хабар жеткізіп тұруын, партизандар бөлімі қалаға шабуыл жасағанда оларға сəйкесіп ішкі жақ əрекет жасауын ұқтырды. Сонымен бірге Шың Шысайдың Қобық арқылы Алтайға баратын тас жолын қорғауға орналастырған бір лиан əскеріне қызмет істеді. Осының нəтижесінде лиан камандиры Зұңғұрпының бастауында бұл лиан көтеріліс жасап Жеменей ауданымен шекаралас отырған Қобық елінен 200 түтін Моңғол туысқандарды ертіп Жеменей ауданындағы партизандарға келіп қосылды. Барлық дайындық жұмыстары істеліп болған соң шілденің аяғында Жылқайдар бастаған 300 адамдық партизан бөлімі мен Зұңғұрып бастаған 100 адамдық қарулы күш Жеменей ауданын қоршауға алып шабуылға өтті. Бұл кезде Жеменей ауданында Ликүй басқарған бір полк əскер болып шабуыл алғаш басталғанда жау шеріктері қатты қарсылық көрсетті. Екі сөткеге жалғасқан соғыс барысында Ликүй қыруар адамнан, жүзге жуық қару-жарағынан айрылды. Үкімет адамдары мен полк штабындағы адамдар қуыршақ мекемесінің жамбылына барып паналады. Қалашықтың көп бөлімін басып алған

Page 375: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

375

партизандар сақшы жамбылына жалғасты шабуыл жасағанымен тартып ала алмады. Осыдан соң олар орынсыз құрбандық беретін шабуыл əдісін өзгертіп, ұзақ уақыт жамбылды қоршауға алып шеріктерді оқ-дəрі, азық-түлік жақтан тарықтырып, құрал тапсырып, тізе бүгуге зорлау əдісін қолданды. Жеменей ауданын партизандар қоршауға алғаннан хабар тапқан Шың Шысай Сарсүмбедегі қолбасшылық штабы Шүйкы басшылық еткен атты полкды көмекке шақырды. Бұл полк Буыршын арқылы Жеменей ауданына өте шығып шілденің 30-күні қалашықты қоршап жатқан партизандарға шабуылға өтті. Ал, жамбыл ішінде қоршауда жатқан шеріктерде сыртқы жақпен сəйкесіп шабуыл жасады. Екі жақтың арасында бір майдан соғыс болған соң, күшті жауға төтеп бере алмайтындығын межелеген партизандар қалашықтан шегініп шығып, Сауыр тауындағы ел ішіне қайтып кетті. Олар осыдан соң жергілікті халықтан жартылай қаруланған 400 адамдық партизан бөлімін ұйымдастырып, жергілікті халықты қорғау міндетін жүктеді.

1944 жылы тамыздың орта шенінде Ли күй басқару полкіның 3 лианы мен Шүй кы полкі Сауыр тауына келіп партизандарға шабуыл жасады. Соғыс ел ішінде болатындықтан шығын ауыр болатынын білген партизандар Жеменей елін көшіріп, «Ақкемер», «Аққолқа» деген жерлер арқылы тамыздың, 20-күндері шамасында Кеңес шекарасы ішіне өткізіп жіберді. Ел шекарадан өтіп болғанша елді қорғап, көшірген партизандар мен шеріктер арасында үш сөткеге созылған үлкенді-кішілі соғыстар бір қанша рет болды. Көшкен ел Кеңес жеріне өтіп болған соң, Жылқайдар бастаған партизандар бөлімі Шіңгіл ауданына қайтты да, Əріпбай мен Құрмаш Жеменей ел ішінде қалып, қарулы көтерілісті жалғастыруға ұйымдастырды.

Осылайша көтерілістің жалыны бүкіл Алтай бетін шарпып тамаша табыстарға қол жеткізді. Халық бұқарасы асыға күткен төңкерістік қимыл Алтайдың 7 ауданының барлығында жарыққа шығып, Шың Шысай үкіметінің үрейін ұшырды. Қарулы көтеріліс тез қарқынмен дамып осында тамаша жағдайды мықты игерген қарулы косын жетекшілері қазірге дейін Гоминдаң кертартпашы-ларының шеңгелдеуінде отырған Сарсүмбе, Буыршын аудандарына қыркүйектің ішінде Камал, Нұрғожай, Абдырасұл бастаған 500 адамдық партизан бөлімін аттандырды. Олар айналасы 20 күн

Page 376: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

376

ішінде Сарсүмбеге қарасты барлық ел мен Буыршын елінің жарымынан астамын жау басқаруынан ажыратып алып, Алтай тауын бөктерлете көшіріп, Шіңгіл ауданына əкеліп орналастырды.

Осы мезгілге жеткенде Алтай бетіндегі Гоминдаң үкіметі партизандардың соққысына ауыр дəрежеде ұшырағандықан қалашықтар мен əскери базаларын негізі етіп, қорғану соғысын жүргізетін күйге түсіп қалған болатын, сондықтан көшкен елді партизандардан айырып алып қалу үшін қомақты əскер шығар-мады. Тең Бурылтоғай қалашығында тұратын бір иң яғни, 300 əс-кер шығарды.

Олар Ертіс өзінінің «Дөрбөлжін» деген жерінде партизан-дармен ұшырасып қалып, аз уақыт соғысқан соң 30 неше адамнан айырылып келген ізімен Бурылтоғайға шегініп кетті. Бұл соғыста партизандар жағынан Мадыхан бастаған бірнеше адам қаза болғанның сыртында «Қаратөңке» деген жерден өтіп бара жатып, елдің айдап бара жатқан 50 мыңнан астам малын тартып алып 20-дан астам малшыны жазықсыз атып кетеді.

1944 жыл қыркүйектің соңына дейін көтерілісшілер төменгі алты жарым аудан халқын Гоминдаң кертартпашыларының қолынан айырып алып, Көктоғай, Шіңгіл аудандарына əкеліп орналастырды. Буыршын ауданында Гоминдаң үкіметінің қолында қалған елді қорғау үшін шығыс жолы бойына партизан бөлімін орналастырып, күшті күзет қойды. Осы арқылы Гоминдаңның Көктоғай, Шіңгіл өңірлерінде тұратын əскери бөлімдеріне келетін оқ-дəрі, азық-түлік сияқты заттық бұйымдарды үзіп тастауды орналастырды. 1944 жылы қыркүйекте Қуанышбай бастаған 250 адамдық партизан бөлімі Шонжы, Мори өңірлеріндегі ел ішіне келіп, жергілікті халықты көтеріліске қатысуға ұйымдастыр-ғандықтан Жемсары, Мори, Шонжы аудандарынан 500 түтін көтерілісші қосынға енді. Бұл хабарды естіген Шонжы ауданында тұратын əскери бөлімінен Уыңчижу бастаған 300 əскер қазанның бас шенінде Мори «Бес ағаш», «Құм жиегі» сияқты өңірлерінде жатқан партизандармен қиян-кескі соғысқанымен Гоминдаң əскерлері ойсырай жеңілді. Партизандар 3 дана пулимет, 50 дана бесатар мылтық олжалап, өздеріне қарасты 500 түтінді көшіріп, «Бəйтік» тауының Алтай жақ бетіне əкеліп орналастырып, оларға өздерін қорғау үшін 100-ден артық мылтық 3 пулимет қалдырып, қосын Шіңгіл ауданына қайтып келді.

Page 377: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

377

Осылайша Көктоғай малшыларының Шың Шысай кертартпа үкіметінің жауыздығына қарсы шығуынан басталған қарулы көтеріліс 1944 жылдың соңғы жарымына келгенде Солтүстік Шынжаң мен Шығыс Шынжаңдағы бір бөлім аудандарын шарпып, көтерілістің көлемін кеңейтті.

Соғыс түйінін Алтай қаласына шоғырландыру

1944 жылдың соңғы жарымына келгенде Оспан, Дəлелхан

басшылық еткен көтерілісші қосын партизандары адам күші, заттық күш, қару күші жақтан күшейіп, ықпал көлемі жақтан кеңейе түсті. Бүкіл Алтай көлеміндегі қарулы көтеріліс жаңа өрлеуге көтеріліп жағдайда аса елеулі бұрылыс болды. Көтерілістің арт-артынан жеңістік табуы шар тарапқа жайылып, елдің жеңіске деген сенімін арттырғандықтан 1944 жылдың бастап жарым жылынан бастап Іле, Тарбағатай аймақтарында қарулы көтеріліс туып, халық қозғалып, Шың Шысай үкіметінің кертартпа үстемдігіне қарсы соғыс ашты. Сөйтіп батыс солтүстігіндегі үш аймақтың Шың Шысай өктемдігіне қарсы шыққан қарулы көтеріліс бір бүтін тұлға болып қалыптасты. Осы жылдың соңғы жарымына келгенде Алтай аймағының алты жарым ауданының халқы бір тұтас көтерілісшілердің басқаруына өтті. Гоминдаң үкіметінің Алтай бетіндегі əкімшілік органдары мен шеріктері аудан қалашығындағы жамбылдармен əскери базаларға ғана қамалып қалды. Алтай жайындағы осындай тиімділікті көзде ұстаған Алтай ұлттық уақыттық төңкерістік комитеті алқасы жиын ашып, мынадай екі істі ақылдасып белгіледі.

Бірінші: Партизандар қосынының бұдан былайғы шабуыл жасау беталысын қалашықтар мен əскери базаларға қаратып, сол жердегі қуыршақ үкімет пен шеріктерге шабуыл жасап, қоршауға алу, қазірдан бастап олардың əрекет жасау көлемін қалашықтар ме əскери базалар ішінде ғана шектеп тастау Алтай аймағына қарасты жерлерде тұратын қуыршақ үкімет пен шеріктерге Үрімжі, Шонжы жақтан келетін көмекті тосып тастап олардың көшін əлсірету. Ең соңында жеке-жеке қоршап жою үшін тиімді шарт жағдай əзірлеу керек деп орналастырды. Осы орналастыру бойынша шығыс жолға партизандар қосыны, батыс жолға ұлттық армия бөлімдері орналасып, Алтай бетіне келетін оқ-дəрі, азық-түлік сияқты заттық

Page 378: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

378

бұйымдарды үзіп тастады. Жарым жылға таяу уақыт ешқандай заттық көмек ала алмаған қуыршақ үкімет рухани жақтан торығып, заттық күш жақтан барынша əлсіреді. 1944-жылдың соңына келгенде қалашықтар мен əскери базаларға жалпы беттік шабуыл жасаудың орайы жетіп келгенін аңғарған көтерілістік қосын басшылары 1945-жылдың қаңтарынан бастап, партизандардан 1500 адамды қалашықтар мен əскери базаларға жалпы беттік шабуыл бастауға орналастырды осы орналастыру бойынша 1945-жылы ақпанда Келес, Қаби, Тастембай бастаған үш бөлімшенің төрт жүзге тарта адамы Көктоғай қалашығына шабуыл жасауға дайындалды. Ұзақ уақыт қоршауда қалып заттық негіз жақтан əбден əлсіреген шеріктер өздерінің партизандар мен соғысуға дəрменсіз екендігін сезіп, партизандардың қалашыққа шабуыл жасауынан бұрын ақпанның 24-күні өз төңірегіндегі Аққазы, Тұрысбек сияқты қырық неше бұқараны қырғындап шегініп, «Сарытоғайды» бетке алды. Көктоғайдың қалың қары мен суық күніне дəрменсіздік көрсеткен жау əскері жол-жөнекей қырылып, үш күнде Қаратүңкедегі бір шағын базасына жетті. ақпанның, 29күні «Сарытоғайдағы» базасынан Шонжыдан көмекке келген 20-ға тарта автомобиль мен 200 түйеге қару-жарақ, азық– түлігін артып, екі полк əскер келе жатқан хабары партизандарға жеткендіктен, осы күні 400 адаммен шыққан партизандар əуелі «Қаратүңкедегі» бекінісінен шегініп, шыққан жау шеріктеріне қоршап шабуыл жасады. Көмекке келген қосын Сарытоғайдағы əскери базасына жетуге бірнеше он километр қалғанда алдарынан тағы көмекке жіберілген 200-ден астам шерік пен 3 танке, 2 проник машина жетіп келді. Күш жағынан партизандардан үстем орынға шыққан, оның үстіне танк пен проник машинаның жол ашып, қорғауымен шегінген шеріктер қоршауды бұзып «Сарытоғайдағы» əскери базасына жетіп үлгерді. Осылайша бұл жолы да партизандар «Сартоғайды» бетке алып, шегінген шеріктермен 4 тəулік соғыс жүргізіп, 300-ге тарта адамын жойып, 200-ден астам əртүрлі қару жарақты қолға түсірді. Сөйтіп 1945 жылы ақпанның, 24-күні Көктоғай қалашығы азат болды. Екі орыннан қашып шыққан шеріктер наурыздың басында Гоминдаң Сартоғайдағы əскери базасына барып тығылды.

1945 жылы наурыздың бас шенінде партизандардың бас қолбасшылық штабы Гоминдаңның 3 мыңға тарта əскері тұрған

Page 379: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

379

«Сартоғайдағы» тіректі базасына шабуыл жасап, бір жолата талқандауды белгілеп, соғысқа қатынасатын 600 адамдық қарулы қосын ұйымдастырып, дайындық жұмыстарына кірісті. Ал, наурыздың орта шеніне келгенде «Сарытоғайдағы» əскери базада тұрған шеріктер партизандар шабуыл жасаудан бұрын 5 тəнке, 3 проник автомобильдің қорғауымен 30-ға тарта автомобильге соғыстық қару-жарақ, азық-түліктерін тиеп, Шонжыны бетке алып, өздіктерінен шегініп шықты.

Жау шеріктері шегінген заман партизандардың қолбасшылық штабы шеріктерді қуа соққылауға жəне шегіну жағдайын бақылап отыруға Қапырыш, Əсен бастаған 200 адамдық қарулы партизан аттандырды. Олар күні-түні демей жол жүріп, «Өрімбұлақ» маңына барғанда жау əскерлерін қуып жетіп, шабуыл бастады. Жол азабынан əбден қалжыраған жау əскерлері жол-жөнекей алып жүре алмаған танке, автомобиль сияқты ауыр түрдегі соғыстық қаруларын кез-келген жерге бензин шашып өртеп жіберді. Жау əскерлерін қуалай соққылауға барған партизандар тоз-тозы шыққан, басқарусыз кеткен əскерлердің кезіккенін қоршап жойып тастап, бұл жолы 7-8 жүз əртүрлі мылтық көптеген оқ дəрі алып, он неше күнде қайтып келді. Осыдан соң Гоминдаң үкіметінің Үрімжіден Алтайға баратын шығыс жолы бүтіндей үзіліп қалды. Бұл жағдай Сарсүмбе сияқты қалашықтарда қамалып тұрған əскерлерге ауыр қиыншылық əкелді.

Партизандардың негізгі бөлімі Көктоғай қалашығына шабуыл бастаған уақытта Жеменей ауданындағы Молла Сілəм, Əріпбай басшылық еткен 400 адамдық партизан бөлімі 1945 жылы қаңтардың 27-күні Жеменей қалашығын қоршауға алып, қуыршақ үкімет пен əскерлерге шабуыл жасады. Ол кезде Жеменей қалашығында Ликүй бастаған бір полк əскер бар болатын. Олар ұзақ уақыт партизандардың қоршауында қалып, сыртпен қатынасы үзіліп, заттық көмек жақтан əбден тұралаған, бұл полк қалашықты қоршауға алған партизандарға қарсылық көрсетіп, олармен соғыспады. Қайта қаңтардың, 29-ы күні таңертең Жеменей қалашығынан қопарыла шегініп шығып, Буыршынды бетке алып қашты. Олар шегіну барысында біріншіден партизандардың соққысына ұшыраса, екіншіден сол күні «Ноқайда» соққан қатты қарлы боранның соққысына ұшырап, 150-ден астам адамнан айрылып қалған бөлім «Шалшықайға» барғанда Буыршын

Page 380: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

380

қалашығы көмекке жіберген Баристың (орыстың) басқаруындағы Гоминдаңның қауіпсіздікті сақтау бөліміне кезігіп солардың жол бастауымен ақпанның 2-күні Буыршын қалашығына жетті. Бұл ретте партизандар жүзден астам, мылтық бірқанша сондық оқ дəрі қолға түсірді. Сөйтіп қаңтардың 29-күнінен бастап, Жеменей ауданы Гоминдаң билеп-төстеушілерінің қолынан дерлік азат болды. Шығыс жағындағы Көктоғай, Шіңгіл аудандарымен батыс жағындағы Жеменей ауданының азат болуы жəне «Сарытоғай-дағы» тіректі əскери базасының біржолата күйреуі, Бурылтоғай қалашығындағы қуыршақ үкімет пен əскерлерінде əбігерлік тудырып, ақыры 1945 жылы маусымның орта шенінде түн жастана Бурылтоғай қалашығындағы өздіктерінен шегініп шыққан қуыршақ үкімет адамдары мен əскерлер жалпы шұбырып, 2 күн дегенде Буыршын қалашығына жетіп барды. Сөйтіп маусымның орта шенінде Бурылтоғай ауданы бүтіндей азат болды.

1944 жылдың соңынан, 1945 жылдың масымының орта шеніне дейін партизандар 4 аудан қалашығын арт-артынан азат етіп, Гоминдаңның бір орындағы тіректі базасын бүтіндей күйретті.

1945 жылы маусымның бастапқы жарымында Көктоғай, Шіңгіл аудандарында тұратын партизандардан 500-ден астам адамдық қарулы қосын аттанып, Сарсүмбе қалашығын қоршауға алды. Бұл реткі соғысқа Дəлелхан қолбасшылық етті. Ол кезде Сарсүмбе қалашығында Гоминдаң үкіметінің екі жарым мыңнан астам əскері 500 адамдық қауіпсіздікті сақтау бөлімі тұратын олар партизандар Сарсүмбе қалашығына шабуыл жасаудан бұрын қалашықтың маңындағы тау жоталарына тас ботайлар жасап, жерден окоп қазып, берік бекініс жасап, шабуыл жасаған партизандарға төтеп бермек болды. Қалашыққа шабуыл жасаған партизандар 10 миномат, 60-қа тарта пулеметты іске қосып, алғашқы екі күндік шабуылда қалашықтың шығыс солтүстік жағындағы ботайларды талқандап, «Жиаңжүн қызылындағы» орталық ботайға шабуыл жасап, оған қауіп төндірді. Алайда соғыс үшінші күнге барғанда, жағдайда өзгеріс болып, ойламаған ахуал туылды. Кейбір бөлімшелер басып алған ботайларынан қайтадан айырылып қалды.

Партизандар қайсы бекініске шабуыл жасаса, жау сол бекініске күш топтап қайтарма соққы берді. Қысқасы партизандар қандай соғыс тəсілін қолданса да, жау əскерлері оған төтеп берудің əдісін қолданды. Сөйтіп Сарсүмбе қалашығын қоршау соғысы бір жетіге

Page 381: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

381

созылған болсада ешқандай ілгерілеу болмады. Осыдан соң партизандар Сарсүмбеге қоршап шабуыл жасауды тоқтатып, уақыттық шегіну бекеміне келді. Осы реткі соғыстағы жеңілістің сыры көп өтпей, Нұрғожайдың төңкеріске опасыздық жасап, Гоминдаң кертартпашылары жаққа сатылып кетуден екендігі айқын болды.

Əсілі партизандар маусымның басында Сарсүмбе қалашығына шабуыл жасаған кезден бастап, Нұрғожай өз руластарынан пайдаланып, Жəнімхан қажымен байланыс орнатып, «бұдан былайғы уақытта өзінің Гоминдаң үкіметі үшін қызмет өтеу тілегі-нің барлығын» айтып, осы тілегін Гоминдаң үкіметі мансапты-ларына жеткізуді талап еткен, əрі осыдан бастап Сүлеймен Бектұрұлы, Сарыбай сияқты адамдармен бірлесіп, партизандардың соғыстық қимыл əрекетінен Гоминдаң үкіметіне астыртын мəлімет беріп отырған екен, осы оқиғадан соң партизандар үшін ең басты мəселе – қаланы жалғасты қоршап, жау қолынан тартып алу емес, қайта қауіпсіз шегініп кету болды. Өйткені Нұрғожай, Сүлеймен жəне Манат сияқты жер сырына қанық партизандардың ішкі ахуалын толық білетін адамдар жау əскерін бастап, партизандарға қарсы шабуыл жасайтын болса, партизандардың жеңіліп, ауыр шығынға ұшырау қаупі күшті еді. Осындай тиімсіз жағдайды еске алған партизандар дереу шегініп, Көктоғай, Шіңгіл жеріне қайтып келді.

1945 жылы тамыздың басында партизандардың қолбасшылық штабы Сарсүмбе, Буыршын, Қаба қалашықтарына шабуыл жасап, Гоминдаңның қалдық күштерін жойып, Алтай бетін бір тұтас азат етуді белгіледі. Сонымен бірге қолбасшылық штаб Жеменей партизандарына хабаршы жіберді жəне Сарсүмбедегі шабуылға баратын партизан бөлімдерінің дереу іске кірісіп, дайындық жасауын орналастырды. Осы жолғы жорыққа Келес, Қапас Тіркешұлы сияқты адамдар басқарған алты партизан бөлімі баратын болып тұрақтанды, кейбір бөлімнің бастықтары реттелді. Кейбір бөлімнің кем сандары толықтанды, қару-жарақ, азық-түлік жақтан толық дайындық жасап, Көктоғайдан Сарсүмбені бетке алып, жолға шығып, тамыздың бастапқы жарымында Сарсүмбе қалашығын қоршауға алды. Тамыздың 13-күні «Əбитандағы» аэродромды басып алып, Сарсүмбенің Үрімжімен болған əуе жолы қатынасын үзіп тастады. тамыздың 14-күні Алтай аймақтық

Page 382: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

382

қуыршақ үкіметтің əкімі Гау Бойүй мен əскери сылиңы Уан Лиңиүн Үрімжідегі У Жұңшинға телеграмма жолдап, Сарсүмбенің қоршауда қалғанын оқ-дəрі, азық-түлік қалмағанын айтып, тездетіп көмек жіберіп, құтқаруды өтінді, бірақ олардан ешқандай қайыр болмады. тамыздың, 15-күні Жеменей партизандарына жіберген хабаршы қайтып келіп, қобықтан шыққан ұлттық армия бөлімдерінің Алтайға жорық жасап келе жатқан хабары мен қолбасшылық штабының орналастыруы бойынша, Жеменей партизандарына 400 адамның Буыршын қалашығына шабуыл жасауға дайындалып жатқан хабарын жеткізді. Осыдан соң қолбасшылық штаб Сарсүмбе қалашығын жалғасты қоршауға алуды ұлттық армия бөлімдерімен бірлесіп, Буыршын қалашығына Қаба партизандарының Қаба қалашығына шабуыл жасауда Маулықан, Мұқаш басшылық еткен партизандар тамыздың, 28-күні Қаба қалашығына шабуыл жасады. Алайда, Қаба қалашығында тұратын екі лиан əскер, партизандар келуден бұрын яғни тамыздың, 26-күні өздіктерінен қалашықты тастап Сарсүмбеге қашып кеткен болатын. Сөйтіп тамыздың, 26-күнінен бастап Қаба қалашығы соғыссыз азат болды. Осыдан соң партизандар Шоңқыр деген жерге барып, сол жерде тұратын Гоминдаңның Барыс (орыс) басқарған қауіпсіздікті сақтау бөлімін тізе бүктіріп, қарусыз-дандырды.

1945 жылы қыркүйектің 1-күні Жеменей партизандарынан 400 адам ұлттық армияның Лескин басшылық еткен Кеңсай атты 3 полктың көмектесуінде Буыршын қалашығына шабуыл жасады. Буыршын қалашығының оңтүстік жағындағы «Коксұн» тауының етегіне келіп орналасқан партизандармен ұлттық армия бөлімдері, ең алдымен бір бөлім партизандарды жіберіп, бұрамды тартып алып, негізгі бөлімдердің қалашыққа шабуыл жасап кіруі үшін жол ашты. Түн жастана қалашыққа басып кірген партизандармен ұлттық армия бөлімдерінің күшті шабуылына төтеп бере алмаған əскерлердің қырылғанынан қалғандары құрал тапсырып, тізе бүкті. Сөйтіп 1945 жылы қыркүйектің 2-күні Буыршын қалашығы азат болды.

1945 жылы тамыздың ақырына келгенде Алтай аймағының алты ауданы бүтіндей азат болып, тек Сарсүмбе қалашығында Гоминдаң қуыршақ үкіметі органдары мен əскерлерінен жəне қауіпсіздікті сақтау бөлімдерінен 3 мың адам партизандардың

Page 383: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

383

қоршауында тұрған болатын. Қыркүйектің, 3-ші күні партизандардың қолбасшылық штабы қуыршақ үкіметтің уəлиі Гау Бойүй мен əскери қолбасшысы Уан Лиңиүнге хат жазып, адам жіберіп, шартсыз түрде тізе бүгуді ұқтырды. Алайда, екі күнге дейін олар жауап қайтармады.

Қыркүйектің 5-күні ұлттық армияның Кеңсай атты 3 полкі партизандардың қолбасшылық штабы тұрған «Əбитəн» деген жерге жетіп келді. Осыдан соң партизандар мен ұлттық армия бөлімдері бірлесіп, Сарсүмбе қалашығына шабуыл жасаудың дайындық жұмыстарына кірісті. Алайда, қыркүйектің, 6-күні түнде Сарсүмбе қалашығында тұрған қуыршақ үкімет органдары мен сақшы мекемесінің адамдар жəне 2 мыңнан астам əскер мен қауіпсіздікті сақтау бөлімдерінен 500 адам Алтайдың солтүстік тауын бетке алып, «Өрмегейті» асуы арқылы Моңғолияға өтіп, онан соң басқа жаққа кету үшін қашып шыққандықтан Сарсүмбе қалашығы бос қалды. Қыркүйектің, 6-күні партизандар мен ұлттық армия бөлімдері қалашыққа кірді. Қалашық тынышталды. Қыркүйектің 8-күні партизандардың қолбасшылық штабы мен ұлттық армия бөлімдері бірлікте Абдырасұл бастаған 200 адамдық партизандар мен Бекешев бастаған 100 адамдық ұлттық армия жауынгерлері қашқан жауды қууға аттанды. Қашқан жау шекараға жақындап барып, түнеп жатқан кезде, партизандар мен ұлттық армия бөлімдері қуып жетіп, бір бөлім адамдарын олардың алдына өткізіп жіберді де, қалған адамдар жау əскерлері жатқан жердің айналасындағы тау шоқыларын қоршап алды. Таң ата жолға шыққан жау əскерлері алдымен алдын орап барып, жүрер жолын тосып жатқан партизандардың қайтарма соққысына ұшырады. Қоршап жатқан басқа бөлімдер де, от ашып шабуылға өткендіктен жау əскерлері аттап баса алмайтын күйге түсті. Осы орайда партизандар жау əскерлеріне ту көтеріп, уəкіл жіберіп, келіссөз өткізуге белгі бергендіктен, олардан төрт адамдақ уəкіл келді.

Қыркүйектің, 10-күні қуыршақ уəли Гау Бойүй бастаған үкімет мансаптылары мен əскери қолбасшы Уан Лиңиүн бастаған офицерлерден 500 адам, 1700-ден астам əскер, Бүрбіжап басқарған 300 адамдық қауіпсіздікті сақтау бөлімдері, Манат басқарған қауіпсіздікті сақтау бөлімдерінен 200 адам қару тапсырып, тізе бүкті, əртүрлі ауыр, жеңіл құралдардан 700 дана мылтық көптеген оқ жəне гранат тапсырып алынды. Осы рет қашқан Гоминдаң

Page 384: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

384

əскерлерінен полк бастығы Дəй Күйжу мен қуыршақ сақшы бастығы Ли Хұңиүн бастаған 300 адам Үсіген деген жерге барғанда, негізгі бөлімдерінен жасырын бөлініп шығып, Үшбұлақ жолы арқылы Үрімжіге қашып кеткенін партизандар сезбей қалды. Осылайша 1945 жыл қыркүйектің 15-күні бүкіл Алтай өңірі Шың Шысай зобалаңынан аласталып, Алтайда жаңа үкімет тіктелді.

1945 жылы қыркүйектің 20-күні Құлжадан Əлихан төре, Ахметжан Қасми, Сəйпиден Əзези бастаған адамдар Алтайға келіп он неше күн тұрды. Олар осы барыста Дəлелхан сияқты əр сала, əр жіктегі адамдармен бір қанша рет жиын ашып, əңгіме өткізіп, пікір тыңдады. Онан соң кең көлемді мəжіліс ашты. Мəжіліс ашудан бұрын Көктоғайда өз ауылында тұрған Оспанды арнаулы адам жіберіп шақыртқан болса да, ол денсаулығын сылтауратып келмеді. Осы жолғы жиналыста Алтай аймақтық əкімшілік мекемесінің құрылғандығы, ол Құлжадағы уақыттық үкіметтің басшылығында қызмет істейтіндігі, Алтай əкімшілік мекемесінің уəлилігіне Оспан Сілəмұлы, орынбасар уəлилікке Дəлелхан, Шəмши Мəмиев, Əріпбай тағайындалғандығын жариялады. Сонымен бірге зор жиналыста 1945 жыл 9-айдың 6-күнінен бұрын өткен қандай да бір саяси сипатты істердің кешірім етілетіндігін белгіледі. Дəлелхан қосымша ұлттық армия атты полкіның полк бастығы болып белгіленді. Осыдан соң аудандық үкіметтер жəне аймақ аудан дəрежелі басқа да қызмет органдары арт-артынан құрылып, іске кірісті. Көктоғай ауданының əкімі Салық болып тағайындалды.

Қорыта айтқанда 1940 жылы ақпанның 1-күнінен бастап Шың Шысай өктемдік еткен кертартпа үкіметтің саяси жақтан езуі мен экономикалық жақтан қанауына қарсы шыққан Көктоғай малшыларының қарулы көтерілісі 5 жыл, 7 ай уақытқа жалғасты. Осы барысты талай-талай машақатты күндерді жеңіспен жеңілісті бастан кешірді. Азаттық теңдік үшін қолына қару алып, күреске аттанған ардагер азаматтар мен өз елін бастап қарулы көтеріліске қатысқан адам күші заттық күш жақтан еселі үлес қосқан алғабасар ел ағаларынан болып, 100-ге жуық адамды құрбан етті. Шың Шысай шеріктері мен Гоминдаң əскерлерінің қанды қылышынан неше жүздеген жазықсыз бұқара қанды қырғынға ұшырап, қалың малшылар қауымы тұрмыстың ауыр тақсіретті күндерін бастан кешірді. Алайда, азаттық, теңдік үшін күрескен халық өздерін қару күшімен тізе бүктірмек болған кертартпа күштерге бас имеді.

Page 385: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

385

Кезіккен сəтсіздіктер мен қиыншылықтарды жеңе білді. Алдың-ғылар жеңілсе, соңғылары ізін басып, қарулы көтерілісті 1945 жылға жеткенде үш аймақ төңкерісімен ұштастырып, Алтай аймағындағы Гоминдаңның қалдық күштерін біржолата жойып, Алтай бетін азат ету күресінде шешуші рөл атқарды. Сөйтіп, Алтай топырағында жасап жатқан əр ұлт халқы ұзақ жылдар бойы асыға күткен теңдікке қол жеткізді.

ҚХР ШҰАР Көктоғай ауданының

«Көктоғай тарихи материалдарынан» (2003 ж, наурыз) ықшамдап дайындалды

Мазмұны

Бірінші бөлім

Оспан батыр Сілəмұлы – қазақтың алтын аңызы .................. 2

Жəди Шəкенұлы. Алаштың ақиық батыры ............................ 4

Сұраған Рахметұлы. 1947-1949 жылдардағы

Моңғолияның батыс шекарасындағы

саяси жағдай мен өзгерістер. ................................................... 68

Екінші бөлім

Page 386: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

386

Оспан сарбаздарының естелігі ................................................ 84

Ж. Шəкенұлы. Естеліктерге ескертпе ..................................... 85

Уақит Халелұлы. Алтай халқының

Шың Шысай зұлымдығына қарсы

көтерілісінің үш кезеңі жəне Оспанның Шығыс

Түркістан үкіметінен байланысын үзіп жауласу себебі ........ 87

Нəби Оспанұлы айтқан деректер ............................................. 130

Нұрқожай батырдың естелігі ................................................... 150

Өр Алтайдағы арпалыс ............................................................. 338

ОСПАН

Page 387: "Оспан батыр" Сейітхан Әбілқасымұлы

387

Тұран баспасы

Баспа директоры: Қазыбек Иса

Құрастырушы-редактор: Жəди Шəкенұлы Компьютерде терген: Армангүл Солтанмұратқызы

Корректоры: Гүлмира Садықова Көркемдеуші: Гүлжан Құрманова

Басуға 08.10.2010 ж. Қол қойылды. Пішімі 84х108 1/32. Қаріп түрі Times New Roman. Офсеттік басылым.

Есіптік баспа табағы 24,25 б.т. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №