Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп қисапсыз...

12
Т Т а а у у х х и и д д т т і і ж ж ү ү з з е е г г е е а а с с ы ы р р ғ ғ а а н н а а д д а а м м , , Ж Ж ә ә н н н н а а т т қ қ а а е е с с е е п п - - қ қ и и с с а а п п с с ы ы з з к к і і р р е е д д і і

Upload: -

Post on 20-Jun-2015

98 views

Category:

Education


15 download

DESCRIPTION

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен! Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп-қисапсыз кіреді Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, Ибраһим имам, Аллаһқа жасаған құлшылығында ынталы, әрі ханиф еді. Ол серік қосушылардан болмаған» (Нахл сүресі, 129-аят). Тағы да Аллаһ Тағала былай деді: «Әрі Раббыларына серік қоспайтындар» (Муминун сүресі, 59-аят). Хусайн ибн `Абдур-Рахман былай әңгімелейді: “Бірде мен Са`ид ибн Жубәйрда болғанымда, ол былай сауал қойды: «Сендерден кім кеше жұлдыздың құлағанын көрді?». Мен: «Мен көрдім», - деп жауап бердім. Сосын мен былай дедім: «Бірақ та мен намазда емес едім, мені (бірдеңе) шағып алды». Ол: «Ал сен не істедің?», - деп сұрады. Мен: «Руқия оқыдым (немесе: оқытқыздым)», - деп жауап бердім. Ол: «Ал саған бұны істеуге не себеп болды?», - деп сұрады. Мен: «Ша`бидің хабарлағаны», - деп жауап бердім. Са`ид: «Ол кісі сендерге не хабарлады?», - деп сұрады. Мен былай жауап бердім: «Ол бізге Бурайда ибн әл-Хусайбтың былай айтқанын хабарлады: “Руқия – көз тию мен (жыланның немесе шаянның) шағып алуының ең жақсы емі болып табылады”». Ол былай деді: «Естігенін ұғып алған кісі нендей жақсы». Алайда Ибн `Аббас бізге пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын жеткізді: «Маған үмметтер көрсетілді. Мен бір топ адаммен тұрған пайғамбарды, әрі бір немесе екі кісімен тұрған пайғамбарды, сондай-ақ жанында ешкім болмаған пайғамбарды көрдім. Бір уақытта алдымда көптеген адамдар шығып келді. Мен оларды үмметім шығар деп ойлап қалдым. Бірақ маған: “Бұл – Муса мен оның қауымы. Алайда, сен көкжиекке қарап көр!”, - деп айтылды. Міне осы кезде алдымнан үлкен халық шықты. Сонда маған был

TRANSCRIPT

Page 1: Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп қисапсыз кіреді

ТТааууххииддттіі жжүүззееггее

аассыыррғғаанн ааддаамм,,

ЖЖәәннннааттққаа еессеепп--

ққииссааппссыызз ккііррееддіі

Page 2: Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп қисапсыз кіреді

2

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп-қисапсыз кіреді

Мәтін

Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, Ибраһим имам, Аллаһқа жасаған

құлшылығында ынталы, әрі ханиф еді. Ол серік қосушылардан болмаған»

(Нахл сүресі, 129-аят).

Тағы да Аллаһ Тағала былай деді: «Әрі Раббыларына серік қоспайтындар»

(Муминун сүресі, 59-аят).

Хусайн ибн `Абдур-Рахман былай әңгімелейді: “Бірде мен Са`ид ибн Жубәйрда

болғанымда, ол былай сауал қойды: «Сендерден кім кеше жұлдыздың құлағанын

көрді?». Мен: «Мен көрдім», - деп жауап бердім. Сосын мен былай дедім: «Бірақ та

мен намазда емес едім, мені (бірдеңе) шағып алды». Ол: «Ал сен не істедің?», - деп

сұрады. Мен: «Руқия оқыдым (немесе: оқытқыздым)», - деп жауап бердім. Ол: «Ал

саған бұны істеуге не себеп болды?», - деп сұрады. Мен: «Ша`бидің хабарлағаны», - деп

жауап бердім. Са`ид: «Ол кісі сендерге не хабарлады?», - деп сұрады. Мен былай жауап

бердім: «Ол бізге Бурайда ибн әл-Хусайбтың былай айтқанын хабарлады: “Руқия –

көз тию мен (жыланның немесе шаянның) шағып алуының ең жақсы емі

болып табылады”». Ол былай деді: «Естігенін ұғып алған кісі нендей жақсы».

Алайда Ибн `Аббас бізге пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) былай айтқанын жеткізді:

«Маған үмметтер көрсетілді. Мен бір топ адаммен тұрған пайғамбарды,

әрі бір немесе екі кісімен тұрған пайғамбарды, сондай-ақ жанында ешкім

болмаған пайғамбарды көрдім. Бір уақытта алдымда көптеген адамдар

шығып келді. Мен оларды үмметім шығар деп ойлап қалдым. Бірақ маған:

“Бұл – Муса мен оның қауымы. Алайда, сен көкжиекке қарап көр!”, - деп

айтылды. Міне осы кезде алдымнан үлкен халық шықты. Сонда маған былай

айтылды: “Міне осы – сенің үмметің. Олардың жетпіс мыңы Жәннатқа есеп-

қисапсыз және азапсыз кіреді”». Сосын ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) тұрды да, үйіне кіріп кетті. Ал адамдар (Жәннаттың әлгі мекендеушілері

жайында) тартысқа түсті. Кейбіреулер: «Мүмкін, олар – Аллаһ елшісінің

сахабалары», - деді. Басқалар: «Олар Исламда туылып, Аллаһқа ешкімді серік

қоспаған кісілер шығар», - деп айтты. Өзге де пікірлер айтылды. Ал Аллаһ елшісі

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шыққан кезде, олар оған болған жағдайды

хабарлады. Сонда ол былай деді: «Олар – руқия оқып беруді (дем салып беруді)

сұрамағандар, күйдірмегендер (әрі оны жасап беруді өтінбегендер), ырымшыл

болмағандар, әрі Раббыларына тәуекел еткендер». Сол уақытта `Уккәша ибн

Михсан тұрып: «Әй, Аллаһтың елшісі! Мені де солардың қатарына кіргізсін деп,

Page 3: Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп қисапсыз кіреді

3

Аллаһқа дұға етші», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Сен солардан боласың», - деді. Бұдан кейін тағы да бір кісі тұрып: «Мені де

солардың қатарына кіргізсін деп, Аллаһқа дұға етші», - деді. Ал пайғамбар (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «`Уккәша сені бұл нәрседе озып кетті»,

- деді” (Бухари 10/130, 131, Муслим 220, Тирмизи 2448).

Бұл тақырыпта қарастырылатын мәселелер:

1) Адамдардың бірқұдайшылыққа қатысты деңгейлерін білу;

2) Таухидті жүзеге асырудың мағынасы не?

3) Пәк Аллаһтың Ибраһимді: «Ол серік қосушылардан болмаған», - деп

мақтауы;

4) Аллаһтың таңдаулы адамдарды ширктен аман қалғандары үшін мақтауы;

5) Руқия тілеу мен күйдіруден бас тарту, таухидті жүзеге асыруға жатады;

6) Аталған қасиеттерді жинау – тәуекел болып табылады;

7) Осыған тек әрекет ету арқылы ғана қол жеткізуге болатынын түсінген

сахабалар білімінің тереңдігі;

8) Олардың игілікке деген ұмтылысы;

9) Бұл үмметтің санындағы да, сапасындағы да артықшылығы;

10) Мусаның сахабаларының артықшылығы;

11) Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметтердің

көрсетілгендігі;

12) Әрбір үммет өз пайғамбарымен тіріледі;

13) Пайғамбарлардың шақыруына ергендердің аздығы;

14) Оның ізімен ешкім ілеспеген пайғамбар жалғыз өзі тұрады;

15) Бұны білуіміздің жемісі – көпшілікпен алданбау, азшылықтан сескенбеу;

16) Көз тию мен (жылан немесе шаянның) шағып алуынан руқия жасаудың

(дем салудың) рұқсат етілгендігі;

17) “Естігенін ұғып алған кісі нендей жақсы». Алайда...”, - деп айтқан ізгі ата-

бабалар білімінің тереңдігі. Бірінші хадистің екінші хадиске қарама-қайшы

емес екенін білу.

18) Ізгі бабалардың адамды, оның бойында жоқ қасиеттері үшін мақтаудан

аулақ болуы;

19) Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен солардан

боласың», - деген сөздері – пайғамбарлықтың дәлелдерінің бірі.

20) `Уккәшаның артықшылығы.

21) Әңгімеде жалтаруды қолдану;

22) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көркем мінез

құлығы.

Page 4: Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп қисапсыз кіреді

4

Шарх

Таухидті жүзеге асыру дегеніміз – бұл екі куәлікті: “Аллаһтан басқа құлшылыққа

лайықты тәңір жоқ, ал Мухаммад – Оның елшісі” дегенді жүзеге асыру.

Таухидті жүзеге асыру үш нәрсеге қайтады:

1) Ширктің барлық түрлерін тастау: үлкен (әкбар), кіші (әсғар), жасырын

(хофий);

2) Бид`аның барлық түрлерін тастау;

3) Күнәлардың барлық түрлерін тастау.

Таухидті жүзеге асырудың екі дәрежесі болады:

1) Міндетті дәреже (дәражәтун уәжибәтун);

2) Қалаулы дәреже (дәражәтун мустахаббәтун).

Бірінші дәрежеге жоғарыда аталып өткен үш нәрсені тастау жатады. Ал

қалаулы дәреже жайында айтар болсақ, онда оған ғалымдар былай анықтама

береді: проблеммасы бар нәрседен сақ болып, проблеммасы жоқ нәрсені

тастау.

Таухидті жүзеге асыру мына нәрселерсіз мүмкін емес:

1) Білім. Оның не екенін білмей жатып, сен оны жүзеге асыра аламайсың.

Аллаһ Тағала былай айтты: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты

тәңір жоқ екенін біл!» (Мухаммад сүресі, 19-аят).

2) Анық сенім. Егер сен белгілі бір нәрсені білсең, бірақ тәккәппарланып,

оның мағынасына анық сенбейтін болсаң, онда оны жүзеге асырған болып

есептелмейсің. Аллаһ Тағала имансыздардың сөзін жеткізіп былай деді:

«Тәңірлерді жалғыз тәңір етті ме? Шын мәнінде, бұл таңқаларлық

нәрсе» (Сад сүресі, 5-аят).

3) Бойұсыну. Егер сен бір нәрсе туралы білімге ие болсаң, әрі оған анық

сенсең, алайда оның талаптарын орындамасаң, онда сен оны жүзеге

асырған болып саналмайсың. Аллаһ Тағала былай айтты: «Расында,

оларға: “Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ”, - делінсе,

тәкәппарланады. Әрі: “Жынды бір ақын үшін тәңірлерімзді тастаймыз

ба?”, - деп айтады» (Саффат сүресі, 35-36-аяттар).

Егер адам осы айтылғандардың барлығын орындаса, Жәннатқа есеп-қисапсыз

міндетті түрде кіреді. Бұл жерде біз «Аллаһ қаласа!», - демедік, себебі ол

шариғатпен бекітілген үкім. Сондықтан тақырыптың атында да «Аллаһ

қаласа!» сөздері кездеспейді. Ал белгілі бір тұлғаға келер болсақ, біз әлбетте

«Аллаһ қаласа!» сөздерін қосамыз.

Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, Ибраһим имам, Аллаһқа үнемі

Page 5: Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп қисапсыз кіреді

5

бағынушы, әрі ханиф еді. Ол серік қосушылардан болмаған» (Нахл сүресі,

129-аят).

Бұл аятта Аллаһ Тағала Ибраһимді, оның артынан еру керек болған имам

деп, Раббысына әрдайым бағынатын кісі деп, ширктен аулақ болған ханиф деп

мақтап жатыр. Өйткені, ол ең ұлы елшілердің бірі болып табылады. Ол

амалдырында да, істерінде де, күресуінде де бізге үлгі болған.

Егер Аллаһ Тағала біреуді мақтаса, онда біздің екі міндетіміз бар екенін білу

керек:

1) Аллаһ оны жақсылықпен мақтаған кісіні жақсы көру. Тура сол сияқты

керісінше, Аллаһ оны жамандықпен сипаттағанды жек көру. Сондақтын біз

Ибраһимді, ол Аллаһқа бағынушы, әрі ханиф болғаны үшін, сондай-ақ

серік қосушылардан болмағаны үшін жақсы көреміз. Тағы да біз

періштелерді, тіпті олар адам баласының қатарына кірмесе де сүйеміз,

өйткені олар Аллаһтың әмірін ылғи да орындап жүреді. Ал шайтандарды

біз жек көру қерекпіз. Себебі, олар Аллаһқа құлақ аспаған, әрі Оған да,

бізге де жау болған. Сол секілді, олардың артынан ергендерді жек көреміз.

2) Аллаһ Тағала оны қандай қасиет үшін мақтаса, сол қасиетте еліктеп, оны

үлгі тұту. Аллаһ Тағала былай айтты: «Расында, олардың қиссаларында

ақыл иелері үшін ғибрат бар» (Юсуф сүресі, 111-аят). Тағы да Аллаһ:

«Сендер үшін Ибраһимде және оған ілескендерде көркем үлгі болды»,

- деді (Мумтәхана сүресі, 6-аят).

Дәлелдің жүзі (уәжһул-истидләл)

Аллаһ Тағала Ибраһимді (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) имам деп

атады. Ал имам дегеніміз – адамдардың үлгісі, жақсы қасиеттердің барлығын

бойында жинаған кісі. Демек, ол таухидті жүзеге асырған болып табылады.

Сондай-ақ, Ибраһимді Аллаһ «қонит», яғни Оған үнемі бағынып жүретін құл

деп, «ханиф», яғни ширктен бас тартып, Жалғыз шынайы Тәңірге қарай бет

алған кісі деп сипаттады. Ал бұл таухидті жүзеге асырған адамның сипаттары.

Тағы да Аллаһ Тағала былай деді: «Әрі Раббыларына серік қоспайтындар»

(Муминун сүресі, 59-аят).

Бұл аятта Аллаһ Тағала мүміндер туралы хабарлайды. Олар Аллаһқа ешкімді

серік қоспайды. Оған қоса аяттан, біз сол мүміндердің ширктің қандай да түрін

болсын жасамайтынына нұсқау табамыз. Араб тілінің грамматикасына

жүгінсек, нақ осы шақта келген етістік (фи`л мудори`) теріске шығару (нәфий)

сөйлемінде келіп тұрса, жалпы мағынаны беретінін білеміз. Демек, осы аят жәй

«серік қоспайтындар емес», бірақ «ширктің үлкен түрімен де, кіші түрімен де,

жасырын түрімен де серік қоспайтындар» дегенді білдіреді.

Page 6: Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп қисапсыз кіреді

6

Тағы да аятта «Раббыларына» деген сөз келіп тұрғанын көреміз. Бұл таухид

рубубияны (Аллаһтың істеріндегі жалғыздығын) мойындау, таухид улюһияны

(Оның құлшылықтағы жалғыздығын) мойындауға апаратынына нұсқау.

Хусайн ибн `Абдур-Рахман былай әңгімелейді: “Бірде мен Са`ид ибн Жубәйрда

болғанымда, ол былай сауал қойды: «Сендерден кім кеше жұлдыздың құлағанын

көрді?». Мен: «Мен көрдім», - деп жауап бердім. Сосын мен былай дедім: «Бірақ та

мен намазда емес едім, мені (бірдеңе) шағып алды». Ол: «Ал сен не істедің?», - деп

сұрады. Мен: «Руқия оқыдым (немесе: оқытқыздым)», - деп жауап бердім. Ол: «Ал

саған бұны істеуге не себеп болды?», - деп сұрады. Мен: «Ша`бидің хабарлағаны», - деп

жауап бердім. Са`ид: «Ол кісі сендерге не хабарлады?», - деп сұрады. Мен былай жауап

бердім: «Ол бізге Бурайда ибн әл-Хусайбтың былай айтқанын хабарлады: “Руқия –

көз тию мен (жыланның немесе шаянның) шағып алуының ең жақсы емі

болып табылады”». Ол былай деді: «Естігенін ұғып алған кісі нендей жақсы».

Алайда Ибн `Аббас бізге пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) былай айтқанын жеткізді:

«Маған үмметтер көрсетілді. Мен бір топ адаммен тұрған пайғамбарды, әрі

бір немесе екі кісімен тұрған пайғамбарды, сондай-ақ жанында ешкім

болмаған пайғамбарды көрдім. Бір уақытта алдымда көптеген адамдар

шығып келді. Мен оларды үмметім шығар деп ойлап қалдым. Бірақ маған:

“Бұл – Муса мен оның қауымы..."

Шарх

«Хусайн ибн `Абдур-Рахман былай әңгімелейді: “Бірде мен Са`ид ибн Жубәйрда

болғанымда»: бұлар – екі таби`ин кісі.

«Сендерден кім кеше жұлдыздың құлағанын көрді?»: бұл жерде жұлдыздың өзі

туралы емес, бірақ одан атылған метеорит жайында айтылып тұр. Олар

аспаннан хабар ұрлайтын шайтандарды ату үшін арналған.

«Мен: «Мен көрдім», - деп жауап бердім»: яғни, Хусайн жұлдыздың құлағанын

көргенін айтты. Осыдан түсінетініміз, ол түнде ұйықтаған жоқ. Бірақ ол өзі

үшін риядан қорқып, өзі істемеген ізгі амалды істегендей болып көрінбес үшін:

«Бірақ та мен намазда емес едім, мені (бірдеңе) шағып алды», - деді.

«Мен: «Руқия оқыдым (немесе: оқытқыздым)», - деп жауап бердім»: яғни, маған

руқия оқып беретін адамды іздеп жүрдім. Руқия дегеніміз: сырқаттанып қалған

немесе оны бірдеңе шағып алған адамға Құран оқып, әрі дұғалар жасап, ауру

орнына деп салу. Егер дем салушы да, дем салынушы да анық сенімге ие болса,

онда бұл жазылып кетуге себеп болатын ең мықты ем болады. Өйткені, Аллаһ

Тағала Құранды рухани, яғни ширк (көпқұдайшылық), нифәқ (екіжүзділік),

күнәлар сияқты және дене ауруларына шипа ретінде түсірді.

«Ол: «Ал саған бұны істеуге не себеп болды?», - деп сұрады»: осыдан

байқайтынымыздай, ізгі ата-бабалар әрбір сөздері мен істері үшін дәлел талап

Page 7: Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп қисапсыз кіреді

7

еткен. Кімде-кім қандай да бір мәселені айтса, қандай да бір амал жасаса, одан

соның заңдастырылғанына Құран мен Сүннеттен алынған дәлел талап етіледі.

Бұл ізгі ата-бабаларымыздың әдетінен еді.

«Мен: «Ша`бидің хабарлағаны», - деп жауап бердім»: яғни осы менің дәлелім болып

табылады. Ша`би – тәби`ин имамдарының бірі. Оның толық есімі: `Амир ибн

Шурахил.

«Са`ид: «Ол кісі сендерге не хабарлады?», - деп сұрады. Мен былай жауап бердім:

«Ол бізге Бурайда ибн әл-Хусайбтың былай айтқанын хабарлады»: Бурайда ибн

әл-Хусайб әл-Әсләми Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) сахабасы болған. Демек, Ша`би деген тәби`ин Бурайда деген сахабадан

хадис рияуаят етіп жатыр.

«“Руқия – көз тию мен (жыланның немесе шаянның) шағып алуының ең

жақсы емі болып табылады”»: егер біз хадисті арабша нұсқасынан тікелей

аударатын болсақ, онда былай шығады: «Көз тию мен (жыланның немесе

шаянның) шағып алуынан басқаға руқия жоқ». Бірақ біз тікелей аудармадық,

себебі ғалымдар пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) осы сөздерін шектеу мақсатында емес, күшейту мағынасында

айтқанын түсіндірді. Мысалы, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Қажылық – бұл Арафатта (тұру)», - деп айтқан (Әбу Дәуд 1949,

Тирмизи 889, Нәсаи 3016, Ибн Мәжәһ 3015. Шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деп

атаған). Ну`мән ибн Бәшир (оған Аллаһ разы болсын) жеткізген басқа бір

хадисте, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай

дегені хабарланады: «Дұға – міне сол құлшылық» (Әбу Дәуд 1479, әт-Тирмизи

2969, Ибн Мәжәһ 3828. Шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деген). Бірақ, енді біз

бұдан, қажылықтың бір ғана рәсімі бар, ал ол – Арафатта тұру деп

есептемейміз ғой. Бұл хадистердің мағынасы: дұға – құлшылықтардың ең ұлы

түрі, ал Арафат тауында тұру – қажылықтың ең ұлы тіректерінің (рукн) бірі.

«Естігенін ұғып алған кісі нендей жақсы»: Хусайн ибн `Абдур-Рахман өз ісіне

дәлел келтіргенде, Са`ид ибн Жубәйр оны мақтап, жақтап: “Естігенін ұғып

алған кісі нендей жақсы”, - деді. Са`ид хадиске қатысты өз әдептілігін көрсетті.

Ол қазіргі күндеріміздігі көңіл-қалауларына жақпай қалған немесе

мазһабтарына сай келмей қалған хадис жетсе, оны барынша сөгетін кейбір

надандар секілді емес. Осындай адамдар хадисті тіпті «Сахих әл-Бухариде»

келсе де қабылдамай: «Оны елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

айтса да, оның мағынасы дұрыс емес», - дейді. Бұл өте қатерлі іс.

«Алайда Ибн `Аббас бізге пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) былай айтқанын жеткізді»: яғни, Са`идте басқа дәлел бар тұғын. Ол

дәлел бойынша амал ету, алдынғы хадиске амал еткеннен жақсырақ, әрі

пайдалырақ болады. Өйткені, кейбір істер жақсы, әрі пайдалы болуы мүмкін,

ал басқа істер пайдалырақ болады.

«Маған үмметтер көрсетілді»: бұл пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен

Page 8: Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп қисапсыз кіреді

8

сәлемі болсын) мұғжизаларының бірі болып табылады. Оған алдын өткен

үмметтер көрсетілді.

«Мен бір топ адаммен тұрған пайғамбарды»: арабша нұсқасында «топ» деген

сөз «әр-роһт» де оқылады. Оның мағынасы: үштен көп, онан аз адам адам. Яғни,

осы пайғамбардың артынан оннан аз ғана адам ерді.

«әрі бір немесе екі кісімен тұрған пайғамбарды»: бұл пайғамбарға одан аз адам

ілесті. Үмметінің басқа мүшелері Аллаһ пен Оның елшісіне (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) иман келтіруден бас тартты.

«сондай-ақ жанында ешкім болмаған пайғамбарды көрдім»: яғни бұл

пайғамбарды оның қауымы бірі қалмай жасынға шығарды. Ешкім оған мүлдем

ермей қойды. Осыдан түсінетініміз, көпшілік дәлел болып есептелмейді.

Ақиқат кіммен болса, солардікі дұрыс, тіпті олар санымен аз болса да. Тіпті

адам жалғыз болса да, бірақ оның Құраннан және Сүннеттен алынған дәлелі

болса, бңз оның артынан еріп, оның пікірін алға тартамыз.

Имам әл-Әуза`и айтқан: “Бүкіл адамдар сенен бет бұрса да, сәләфтардың

(сахабалардың, ұлы имамдардың) артынан ер! Сөздерімен қанша көркейтсе де,

адамдардың пікірдерінен аулақ бол!” (“әш-Шәри’а” 1/193).

Тағы да ол: “Сүннет ұстанушылары жоғалып кетпейінше, ислам да жоғалмғайды.

Әрі бұл, олардың қатарынан қалада тек бір ғана адам қалғанынша жалғаса береді”, -

деген (“Әхәдис фил-фитән уәл-хауәдис” 27).

Имам әл-Фудейл ибн `Ийәд былай деген: "Тура жолмен жүр, сонда саған

құтылғандардың аздығы зиян әкелмейді. Әрі адасу жолдарынан аулақ бол да, құрып

кеткендердің көптігімен алданып қалма!" (“әл-Әзкәр” 238).

«Бір уақытта алдымда көптеген адамдар шығып келді. Мен оларды үмметім

шығар деп ойлап қалдым. Бірақ маған: “Бұл – Муса мен оның қауымы”»:

осыдан байқайтынымыз, пайғамбарымыз Мухаммадтан соң (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) артынан ілескендірінің саны ең көп болған елші

Муса (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болып табылады.

«Алайда, сен көкжиекке қарап көр!”, - деп айтылды. Міне осы кезде алдымнан үлкен

халық шықты. Сонда маған былай айтылды: “Міне осы – сенің үмметің. Олардың

жетпіс мыңы Жәннатқа есеп-қисапсыз және азапсыз кіреді”»: яғни, Мухаммадтың

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметінен жетпіс мың адам

Жәннатқа ешқандай есепсіз, ешқандай қисапсыз тікелей кіреді. Әрине, бұл ұлы

нығмет болып табылады. Басқалар болса, есепке тартылады.

Ал кәпірлер жайында ғалымдар келіспеушілікке түсті: олар есепке тартылады

ма, әлде Тозаққа бірден түседі ме? Дұрысырақ пікір бойынша, оларға тек

амалдары мойындатқызылады. Ал жақсы істері мен жаман істері арасында

салыстырма қылып, оларды таразыда өлшеу жөнінде айтсақ, онда бұндай

болмайды. Өйткені, олардың ешқандай жақсылығы жоқ. Оларға тек өздерінің

имансыздығы мен күпірлік істері мойындатқызылады. Сосын оларды Отқа

тастау бұйырығы келеді, Аллаһ бізді одан сақтасын! Ал егер кәпірлердің бұл

Page 9: Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп қисапсыз кіреді

9

дүниеде жасаған бір жақсылықтары болса, онда олар соның сыйын осы

дүниеде-ақ алады. Расында, Аллаһ ешкімге зұлымдық қылмайды! Ал ахыретте

олардың сауаптары да, жақсы істері да болмайды.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер

Аллаһ құлына жақсылықты қаласа, Ол оны осы дүниеде-ақ азаптайды. Ал

егер Аллаһ құлына жамандықты қаласа, Ол оның жазасын Қияметке

қалдырып қояды» (әт-Тирмизи 2396, Ибн Мәжаһ 4031. Хадистің сенімділігін

имам әт-Тахауи мен шейх әл-Әлбәни растады. Қараңыз: “Шарх мушкил әл-

әсәр” 2050, “әс-Силсиля әс-сахиха” 1220).

«Сосын ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тұрды да, үйіне кіріп кетті»:

яғни, әлгі жетпіс мың кісілердің кім екенін баяндамай тұрды да, үйіне кірді.

Сахабалар бұл мәселеге қатты қызықты. Себебі, бұл ұлы мәселе. Сөйтіп, олар

жетпіс мың кісілердің кім екендері жөнінде таласқа кірісті.

«Ал адамдар (Жәннаттың әлгі мекендеушілері жайында) тартысқа түсті»: яғни

ізденіп, зерттей бастады. Бұл сахабалардың игілікке деген ұмтылысын және

Ахырет істеріне деген аса көңіл бөлгендерін көрсетсе керек. Ал дүниеге

қызыққан кісілерге келсек, оларға сауда (бизнес) жайында айтылса, сол туралы

сөз тартысып, сол жайында ғана әңгімелеседі.

«Кейбіреулер: «Мүмкін, олар – Аллаһ елшісінің сахабалары», - деді»: Осы жерде

сұрақ туындайды:

Неге сахабалар Жәннатқа есеп-қисапсыз кіретін аталмыш кісілер туралы:

“Мүмкін, олар - сахабалар”, - деді? Сонда олар өздері сахаба болып

табылмағаны ма?

Бұны түсіну үшін, біз «сахаба» терминінің қай салада қандай мағыналар

беретінін біліп алайық.

Шариғаттағы мағынасы:

Сахаба – бұл Аллаһ елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) иман

келтірген күйде кездестіріп, сол иманында қайтыс болған адам.

Бұған дәлел, Әбу Һурайрадан жеткен хадис. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: ”Мен бауырларымызды көрсек қой деп

қалаймын!”, - деді. Адамдар: “Біз сенің бауырларың болып саналмаймыз ба, әй

Аллаһтың елшісі?”, - деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): “Сендер – менің сахабаларымсыңдар, ал менің бауырларым болып,

әлі туылмағандар саналады”, - деді (Муслим 249), яғни мені көрмеген иман

келтіргендер – бауырларым, ал маған иман келтіріп, менімен жолыққандар –

сахабаларым.

Тілдік мағынасы:

Сахаба – жолдас, дос, үнемі қасыңда жүретін адам.

Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері: «Сендердің жолдастарың (сохиб)

Page 10: Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп қисапсыз кіреді

10

жынды емес» (Тәкуир сүресі, 22-аят).

Сахабалардың әдет-ғұрыпындағы мағынасы:

Сахаба – Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен слемі болсы) артынан

ерген алғашқы, ең әуелгі сахабалар.

Біз талқылап жатқан хадистегі «сахабалар» сөзі дәл осы мағынаны көздейді.

Тағы да, мысал ретінде пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) кейіннен сахаба болып табылған Халид ибн Уәлидке айтқан мына

сөздерін келтірсек болады: «Менің сахабаларымды сөкпеңдер. Жаным Оның

қолында болған (Аллаһпен) ант етемін, егер сендерден біреу Ухуд тауындай

алтынды садақа ретінде берсе, бұл олардың бір уыс немесе жарты уыс

садақасымен де тең келмейді» (Бухари 3673, Муслим 3/221). Бұл хадисте

алғашқы сахабалар туралы айтылуда.

Аллаһ Тағала былай айтты: «Сендерден Меккенің ашылуынан бұрын

Аллаһ жолында мал сарып қылып, соғысқан кісі; одан кейін мал сарып

етіп, соғысқан кісімен тең емес. Олар дәреже тұрғысынан ұлырақ. Бірақ

Аллаһ бәріне де ең жақсысын уәде етті» (Хадид сүресі, 10-аят).

«Басқалар: «Олар Исламда туылып, Аллаһқа ешкімді серік қоспаған кісілер шығар», -

деп айтты»: яғни, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) жіберілуінен соң туылған, әрі фитраларында (Исламда) қалған,

сондай-ақ, Аллаһ пен Оның елшісіне иман келтіріп, Оған ешнәрсені серік

қоспаған мұсылман балдары. Осыдан түсінетініміз, адамның мұсылман болып

туылуы жеткілікті емес, ол өмір бойы Аллаһқа серік қосудан қашып, одан

аулақ жүруге тырысу керек.

«Өзге де пікірлер айтылды. Ал Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) шыққан кезде, олар оған болған жағдайды хабарлады. Сонда ол былай деді:

«Олар – руқия оқып беруді (дем салып беруді) сұрамағандар...»: өйткені,

біреуден дем салып беруді сұрау, жаратылыстан бірнәрсе талап ету болып

табылады. Ал бұл өзін олардың алдында төмен қою болып саналады.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:

«Жоғарыдағы (яғни, беретін) қол, астындағы (яғни, сұрайтын) қолдан

артығырақ» (Бухари 1428).

Ал ана кісілер адамдарға мұқтаж емес, олар Аллаһқа ғана тәуекел етеді.

Адамның ешкімнен ештеңені сұрамауы – таухидтің кемелдігінен.

Бірде пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

сахабаларынан ешқашан ешкімнен ештеңе сұрамаңдар деп ант қабылдаған.

Содан кейін олар тіпті қамшысы түсіп қалса да, біреуге: «Алып берші», - деп

айтпайтын.

Алайда, білімге қатысты туындаған сұрақтарды қою бұған кірмейді. Керісінше

ол міндетті болып есептеледі. Аллаһ Тағала: «Егер өздерің білмесеңдер, білім

иелерінен сұраңдар», - деді (Нәхл сүресі, 43-аят).

Page 11: Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп қисапсыз кіреді

11

«Күйдірмегендер (әрі оны жасап беруді өтінбегендер)»: отпен күйдіру

емделудің бір түріне жатады. Тіпті, пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) шипа үш нәрседе бар деп, солардың қатарында отпен

күйдіруді де атап өтті (Бухари 4/32).

Қажет болса, отпен күйдіріп емделу рұқсат амалдарға жатады. Алайда, егер

сен оны басқа біреуден жасап берсін деп сұрасаң, ол мәкруһ болып саналады.

«Ырымшыл болмағандар»: яғни, құстарға немесе басқа нәрселерге қарап, оған

қатысты бір ырымды еске түсіріп, бет алған ісінен қайтпағандар. Ырымшылдық

– ол Аллаһ туралы жаман ойда болу.

Осы хадисті оқыған соң, біз мұсылман адам ешқандай себептер жасамай,

нәтижені күтіп жата беру керек екен ғой деп түсінбеуіміз қажет. Бұл жерде ол

туралы айтылмаған. Руқия жасауға (дем салуға) болады. Пайғамбарымыз (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз-өзіне руқия жасаған, басқалар да оған

руқия жасаған. Алайда ол ешкімнен дем салуды сұрамайтын. Сол сияқты кейде

пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына отпен

күйдіру арқылы емделсін деп нұсқайтын. Және де жалпы айтсақ,

пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) емделген (яғни,

себептер жасаған), әрі емделуді бұйырған. Демек, себеп ету керек, ал хадисте

оған қарсы ештеңе айтылмайды.

«Сол уақытта `Уккәша ибн Михсан тұрып: «Әй, Аллаһтың елшісі! Мені де

солардың қатарына кіргізсін деп, Аллаһқа дұға етші», - деді»: `Уккәша ибн Михсан

әл-Әсәдий – алғашқы сахабалардың бірі. Ол Бәдр шайқасына және тағы

басқаларға қатысқан. Пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсы) кейін де соғыстарға қатысып, солардың бірінде шаһид болып қаза

тапқан. Аллаһ ол кісіге разы болсын!

`Уккәша пайғамбардан дұға етуді сұрады. Осыдан түсінетініміз, тірі және ізгі

кісілерден Аллаһқа дұға жасасын деп сұрау рұқсат етілген.

«Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен солардан боласың», -

деді»: бұл сөздер - `Уккәшаның Жәннатқа есеп-қисапсыз кіретін жетпіс мың

адамның бірі екеніне дәлел.

«Бұдан кейін тағы да бір кісі тұрып: «Мені де солардың қатарына кіргізсін деп,

Аллаһқа дұға етші», - деді. Ал пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

оған: «`Уккәша сені бұл нәрседе озып кетті», - деді»: пайғамбарымыз (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына адамның ондай дәрежеге

жетпегенін білген. Алайда, оны ренжітіп қоятындай, «Сен оған лайықты

емессің!» сынды ауыр жауап бермейін деп: «`Уккәша сені бұл нәрседе озып

кетті», - деді. Бұл – Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) көркем әдебіне нұсқайды.

Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһтың мейірімімен сен оларға жұмсақ

болдың. Ал егер сен қатал, тас жүректі болғаныңда олар маңайыңнан

тарқап кетер еді» (Әли `Имран сүресі, 159-аят).

Page 12: Таухидті жүзеге асырған адам, Жәннатқа есеп қисапсыз кіреді

12

Тағы да Ол: «Расында, сен ұлы мінез-құлыққа иесің», - деді (Қалам сүресі, 4-

аят).

Аллаһ Тағаладан бізді Жәннат бақшаларына есеп-қисапсыз және азапсыз

кіргізуін тілейміз! Расында, Ол - ерекше Мейірімді, Аса Жұмсақ!

"Китәб әт-таухид" сериясы, 3

Дерек көзі: Ханифия форумы