Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

15
Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

Upload: -

Post on 14-Jun-2015

153 views

Category:

Education


9 download

DESCRIPTION

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен! Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді? Әһлю-Сунна ғалымдарының бірін жамандап, оған тіл тигізіп немесе күпірлікте айыптайтын адамдардың жолдары да, тәсілдері де бір. Бұған себеп, ғалымдар олардың адасушылығын көрсетіп, бид`аын бетіне басқан кезде, өз көңіл-қалауына ерген адамдар ғалымдардың сөзіне құлақ салып, ойланудың орнына, оларды жерден алып, жерге салып жамандай бастайды. Қазіргі кездегі ағымдар шейх Ибн Баз, әл-Әлбәни, Ибн ‘Усәймин, Салих әл-Фәузан және т.б. сияқты ғалымдарды үкіметтің адамы дей отырып, жамандап, ғайбаттап, әрі оларды пасықтық пен күпірлікте айыптайтынын осыған мысал ретінде келтіруге болады. Бұл ғалымдарды қаралайтын адамдар сауатсыз мұсылмандардың алдында өз дәрежелерін көтеріп, олардан асқан білімді, батыл екенін көрсеткісі келеді. Мұндай адасқан топтар ғалымдардың деңгейін төмендеткісі келіп былай дейді: “Иә, бұл ғалымдар өз кабинеттерінде отырып алып, нақты қалыптасқан жағдайды білмейді”, “Саясат мәселесінде оларға сенуге болмайды”, “Олар басшыларға жағатын фәтуә беруге мәжбүр, өйткені олар басыбайлы бағыныштылар ғой”, “Олар етеккір мәселесінің ғалымдары” және т.б. Дәл осындай сөздерді бұларға дейін көптеген жылдар бұрын өмір сүрген өз көңіл-қалауларына ергендер айтқан болатын. Имам әш-Шәтыби былай деген: “Бізге бид`атшылар жетекшілерінің бірі философияның фиқһтан жоғары екенін көрсеткісі келіп былай дегені жетті: “Шынында, имам әш-Шафи’и мен Әбу Ханифаның білімі етеккір (хайд), бала туғаннан кейінгі қан кету (нифас) мәселелерінен әрі асып шықпайды”. Міне, ауытқығандардың сөзі осындай, Аллаһ оларды құртсын!” (Қараңыз:

TRANSCRIPT

Page 1: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

Ғалымдарға

адамдар неге тіл

тигізеді?

Page 2: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

2

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

Әһлю-Сунна ғалымдарының бірін жамандап, оған тіл тигізіп немесе

күпірлікте айыптайтын адамдардың жолдары да, тәсілдері де бір. Бұған себеп,

ғалымдар олардың адасушылығын көрсетіп, бид`аын бетіне басқан кезде, өз

көңіл-қалауына ерген адамдар ғалымдардың сөзіне құлақ салып, ойланудың

орнына, оларды жерден алып, жерге салып жамандай бастайды. Қазіргі кездегі

ағымдар шейх Ибн Баз, әл-Әлбәни, Ибн ‘Усәймин, Салих әл-Фәузан және т.б.

сияқты ғалымдарды үкіметтің адамы дей отырып, жамандап, ғайбаттап, әрі

оларды пасықтық пен күпірлікте айыптайтынын осыған мысал ретінде

келтіруге болады. Бұл ғалымдарды қаралайтын адамдар сауатсыз

мұсылмандардың алдында өз дәрежелерін көтеріп, олардан асқан білімді,

батыл екенін көрсеткісі келеді. Мұндай адасқан топтар ғалымдардың деңгейін

төмендеткісі келіп былай дейді: “Иә, бұл ғалымдар өз кабинеттерінде отырып

алып, нақты қалыптасқан жағдайды білмейді”, “Саясат мәселесінде оларға

сенуге болмайды”, “Олар басшыларға жағатын фәтуә беруге мәжбүр, өйткені

олар басыбайлы бағыныштылар ғой”, “Олар етеккір мәселесінің ғалымдары”

және т.б. Дәл осындай сөздерді бұларға дейін көптеген жылдар бұрын өмір

сүрген өз көңіл-қалауларына ергендер айтқан болатын. Имам әш-Шәтыби

былай деген: “Бізге бид`атшылар жетекшілерінің бірі философияның фиқһтан

жоғары екенін көрсеткісі келіп былай дегені жетті: “Шынында, имам әш-Шафи’и

мен Әбу Ханифаның білімі етеккір (хайд), бала туғаннан кейінгі қан кету (нифас)

мәселелерінен әрі асып шықпайды”. Міне, ауытқығандардың сөзі осындай, Аллаһ

оларды құртсын!” (Қараңыз: “әл-И‘тисам” 2/239).

Әбу Са’да былай деген: “Бір күні Уәсыл адамдардың алдында сөйледі, ал ‘Амр

ибн Шу’айб : “Оны тыңдаңдар! Ал Хасан әл-Бәсри, Ибн Сирин, Ибраһим ән-Нәха’и

мен әш-Шә’бидің сөздеріне келер болсақ, олардың сөздері етеккір кезінде

пайдаланылып, кейін лақтырылып тасталған төсемнен (орыс. «прокладка») басқа

дәнеңе де емес”, - деді” (әл-‘Уқайли “әд-Ду’афә” 3/285).

Ислам үмметінің имамдарын етеккір мәселесінің ғалымы деп қаралауды

бастаған кім екендігіне ерекше назар аударыңыздар! Олар сауатсыз

мұсылмандардың алдында ғалымдардың артықшылығын төмендету үшін

осындай сөздерді айтады. Білімі таяз мұсылмандар күпірлікте айыптау

(такфир), жиһәд, мұсылман басшысына қарсы шығу (хуруж) және т.б. сияқты

өте маңызды мәселелерді ғалымдарға жүгінбес үшін бид`атшылар бар ынта-

жігерін осыған арнайды.

Page 3: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

3

Шейх Ибн ‘Усәймин былай деген: “Адамдар тіпті пайғамбарларға зиян

тигізген, бірақ олар сабыр қылды. Тіпті біздің пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) туралы да: «олжаны әділетсіз бөлді және Аллаһ үшін емес» деген

сыңайлы сөздер айтылды! Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

туралы бұл сөздер һижра жыл санауы бойынша сегізінші жылы айтылды, яғни оның

миссиясының бастапқы кезінде емес, керісінше Аллаһ Тағала оны бекітіп, оның

шынайылығы анық болғаннан кейін, әрі Аллаһ оның кереметтерін көрсеткеннен

кейін айтылды. Егер мұндай сөздерді сахабалардың бірі пайғамбарға (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) айтқан болса, онда сен адамдардың: «Бұл ғалым осындай

да, осындай, әрі оның мынадай-мынадай нәрселері бар» деп кемшіліктер таңғанына

таң қалмай-ақ қой. Мұндай адамдарды ғалымдарды қаралауға шайтан итермелейді,

себебі, егер олар ғалымдарды қараласа, олардың сөздерінің адамдар арасында салмағы

болмай қалады да, Аллаһтың Кітабына алып баратын адам қалмайды. Егер

ғалымдардың сөздері сенімге лайық болмаса, адамдарды Аллаһтың Кітабына кім

алып барады?! Адамдар шайтан мен оның тобының ізінен еретін болады! Осы

себепті, қарапайым адамдарға айтылған ғайбаттан гөрі, ғалымдардың сыртынан

айтылған ғайбат өте үрейлі. Қарапайым адамның сыртынан айтылған ғайбат – бұл

жеке ғайбат, ал егер ол зиян әкелсе, онда тек ғайбат айтқан мен ғайбатталған адам

ғана жапа шегеді. Алайда ғалымның сыртынан айтылған ғайбат – бүкіл Исламға

зиян әкеледі, өйткені Исламның байрағын көтеретін осы ғалымдар ғой, ал егер

олардың абыройы төмендесе, олармен бірге Исламның байрағы да төмендейді, әрі бұл

Ислам үмметінің барлығына зиянын тигізеді” (Қараңыз: “Шәрх Рияд әс-салихин”

1/106).

Дей тұрғанмен, мына жайт та адамның таңдайын қақтырады: ғалымдарды

қаралайтын адамдардың көңіл-қалауына кейбір ғалымдардың сөзі сәйкес келсе,

олар бұны қолданып, оны көтермелеп, жұрт арасында тарата бастайды.

Ақиқатында, бұл яһудилердің сипаты! Әнәс жеткізген хабарда, ‘Абдуллаһ ибн

Саләм есімді бір яһуди Ислам қабылдағаннан кейін пайғамбарға (оған

Аллаһтығ игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: “Әй

Аллаһтың елшісі, шынында, яһудилер өтірікшілер, егер олар менің Ислам

қабылдағанымды сіз олардан сұрамас бұрын естісе, олар маған өтірік жала жаба

бастайды”. Яһудилер келген кезде пайғамбар (оған Аллаһтығ игілігі мен сәлемі

болсын): «Сендердің араларыңда ‘Абдуллаһ ибн Саләм қандай дәрежеде?» - деп

сұрады. Олар: “Ол – біздің арамыздағы ең білімдісі және арамыздағы ең

білімдінің баласы, әрі ол – біздің арамыздағы ең жақсысы және арамыздағы ең

жақсының баласы!” - деді. Сонда Аллаһ елшісі: «Егер ‘Абдуллаһ Ислам

қабылдаса, не деп айтар едіңдер?» - деп сұрады. Олар: “Бұдан Аллаһ

сақтасын!” – деді. Сол кезде ‘Абдуллаһ шығып былай деді: “Аллаһтан басқа

құлшылық қылуға ешбір тәңір лайықты емес екендігіне куәлік беремін, әрі

Мұхаммед – Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беремін!” – деді. Сонда олар: “Ол –

біздің арамыздағы ең нашары және арамыздағы ең нашарының баласы!” – деп

жамандай бастады” (әл-Бухари 3329).

Міне дәл осылай, бүгінгі күні өз көңіл-қалауына ергендер өздерімен

Page 4: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

4

келіскендерді қолдап, қолпаштайды да, ал олармен келіспейтін, әрі олардың

адасушылығын әшкерелегендерге күйе жағып, даттайды, тіпті қоқан-лоқы да

көрсетеді! Мұның бәрінен де қатты таң қалдыратыны – ұлы ғалымдарды

«үкіметтің адамы» дей отырып, оларға саясат пен жиһәд мәселесінде сенуге

болмайды деп есептейтін надандардың көбісі, бұған қарамастан, сенім (‘`ақида)

мәселесінде дәл сол ғалымдарға сеніп, оларға жүгінеді! Олар мұсылман

адамның діні мен өміріндегі ең маңызды `ақида мәселесін дәл сол ғалымдарға

сеніп тапсырады! Ол мәселе – адамды Тозаққа не Жәннәтқа жетелейтін иман

мен имансыздық (куфр) мәселесі! Бірақтан, олар діннің басқа мәселелерін

ғалым деген атаққа лайықты емес баз біреулерге сеніп тапсырады, тіпті жиһәд,

такфир немесе басшыға қарсы шығу секілді өте ауыр мәселелерді сеніп

тапсырады. Ақиқатында, бұл нәрселер өте қатты таңқалдырады! Бұл әрекетті

надандық пен көңіл-қалауына еру деуден басқа қалай түсіндіруге болады?

Көптеген сауатсыз мұсылмандар адамның мойнына түскен қиыншылықтар мен

сынақтар – оның көзқарасының дұрыс болуының шарты деп есептейді.

Олардың ойынша, шынайы ғалым – бұл түрмеде отырып шыққан адам, әрі

ақиқатты айтқаннан кейін қудаланбауы мүмкін емес. Мынадай сұрақ

туындайды: «Мұндай шарттарды кім орнатқан?». Кейбіреулер Құрандағы

мына аятты дәлел қылып келтіреді:

«Адамдар: “Сендік” деумен сыналмай қаламыз деп ойлай ма? Рас олардан

бұрынғыларды да сынаған едік» (‘Анкәбут сүресі, 2-3-аяттар).

Құранның мағынасын ең жақсы білетін, ең білімді тәпсірші Аллаһ елшісі (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Шын мәнінде, сендердің

бақыттыларың сынақтан алыс болғандарың! Сендердің бақыттыларың

сынақтан алыс болғандарың, ал кімде-кім сынаққа ұшыраса, сабыр қылсын»

(Әбу Дәуд. Сенімді хадис. Қараңыз: «Сахихул-жәми’» 1637).

Осы үмметтегі пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейінгі

ең жақсы адам Әбу Бәкр былай деген: “Маған сынаққа ұшырап, соған сабыр

қылғаннан гөрі, игілікте болып, соған Аллаһқа шүкірлік айтқаным ұнамдырақ”

(Қараңыз: “Фәтхул-Бәри” 6/179).

Сонымен қатар, сынақ тек азап көріп, түрмеде жатумен шектеледі деп кім

айтты? Осы дүниедегі өміріміз толықтай азғыру мен сынақ емей немене? Бұл

аздай, пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі оның

ішінде әйелдер мен байлықты атап өтті! Мұндай сынақтарға көптеген

ғалымдар кезікті, соның ішінде шейхул-Ислама Ибн Тәймия – оны адасқан

ағымдар атын атаған кезде, міндетті түрде оны жала жауып, күйе жағады, тіпті

кейде кәпір деп те атайды, Мухаммад ибн ‘Абдул-Уәһһәб – сопылардың бұдан

асқан жауы жоқ, тіпті оны ағылшын шпионы деп те атайды.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деген: “Өз-өзіңді азаптау мен

қиыншылыққа тырысу арқылы Аллаһтың разылығы мен махаббатын іздеуге

болмайтынын білу керек. Кейбір надандар амал қаншалықты қиын болса,

соншалықты жақсырақ, әрі сауаптың мөлшері қиыншылықтың деңгейіне

байланысты деп ойлайды. Жоқ! Бұл түбегейлі қате сенім! Амалға берілетін

Page 5: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

5

сауаптың мөлшері әкелетін пайдасына байланысты”. Қараңыз: “Мәжму’ул-

фәтәуә” 25/281.

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Өз-

өздеріңе қатысты қатал болмаңдар, әйтпесе Аллаһ сендерге қатал болады!» (Әбу

Дәуд. Сенімді хадис. Қараңыз: “әс-Силсилә әс-сахиха” 3124).

Бір күні Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) соншалықты

төзуге келмейтін, тіпті балапанға ұқсап қалған бір адамның халін білуге келді.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан: «Сен дұға

қылмайсың ба, Раббыңнан жақсылық сұрамайсың ба?» - деп сұрады. Ол:

“Мен: “О Раббым, егер Сен мені о дүниеде жазалаймын деп шешсең, одан да мені осы

дүниеде жазала” деймін”, - деді. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) бұған: «Субхан-Аллаһ! Шын мәнінде, сен бұны көтере

алмайсың, сен бұған төзе алмайсың! Сен неге былай айтайсың:

“Раббымыз, бізге осы дүниеде де, о дүниеде де жақсылық бер, әрі Тозақ

отынан сақта!”», - деп айтты (әт-Тирмизи 3/128. Хадистің сенімділігін имам

Әбу ‘Иса әт-Тирмизи мен шейх әл-Әлбәни растады).

Ғалымдарға тағылған айыптаулардың бірі – бұл оларды «үкіметтің адамы әрі

басшылардың теріс қылығына көз жұма қарап, оларға ғана ұнамды нәрселерді

ғана айтады-мыс. Мұндай сөздерді айтатын адамдар «ғалымдар күнә жасап,

әділетсіздік қылатын басшыларды еш кінәламайды» деп өз сөздеріне дәйек

ретінде келтіреді.

Бұл бид`атты оп-оңай бірнеше дәлелмен әшкерелеуге болады. Біріншеден,

ғалымдар басшыларды кінәлап жатыр ма, жоқ па екендігін олар қайдан

біледі?! Екіншіден, басшыларды кінәлау жұрттың көзінше болу керек деп кім

айтты?! Көптеген мұсылмандар жұма намазында немесе өз лекцияларында

араб елдерінің басшыларын жамандап, қаралап жатқан адамдарды батыр

санайды. Мұндай нәрсе біздің ізгі ата-бабаларымыздың (сәләфтар) жолына

қайшы келеді, өйткені басшылардың сыртынан ғайбаттап немесе жұрттың

көзінше оларды кіналау пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) бұйрығына сай келмейді. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) былай деді: «Ең күшті жиһәд – бұл әділетсіз басшының бетіне

айтылған шынайы сөз» (әт-Тирмизи, Ибн Мәжәһ, әл-Хәким. Хадистің

сенімділігін хафиз әд-Думьяты мен шейх әл-Әлбәни растады. Қараңыз:

«Сахихул-жәми’» 1100).

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басшыларға

қалай насихат айту керек екендігін айтып былай деді: «Кімде-кім басшыға

насихат айтқысы келсе, бұны ашық емес, жасырын айтсын» (Ахмад 3/403,

Ибн Әбу ‘Асым 1097. Хадистің сенімділігін имам әл-Хәким, Ибн Баз мен әл-

Әлбәни растады).

Замандастарымыздың кейбіреулері бұл хадисті әлсіз деп, аталмыш хадиске

қарсы әрекеттер жасаса да, оның мағынасы алдындағы хадиспен және

сахабалардың іс-әрекетімен бекітіледі. ‘Умар ибн әл-Хаттаб халиф болып

тұрған кезінде былай дейтін: “Әй адамдар! Расында, сендер бізге жасырын насихат

Page 6: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

6

айтып, жақсылықта көмектесулеріңе біздің сендерде қақымыз бар!” (Ханнаә ибн

әс-Сарий “әз-Зухд” 2/602).

Шәқиқ былай деген: “Бір күні Усамә ибн Зайдтан: “Сен неге ‘Усманмен сөйлесу

үшін бармайсың?” – деп сұралады. Ол: “Арамызда болған әңгіменің барлығын сендерге

айтып беруді қалайсыңдар ма?! Аллаһпен ант етемін, мен онымен жалғыз

сөйлестім және арамызда болған нәрсені бірінші болып ашқым келмейді”, - деп жауап

берді” (әл-Бухари 3267, Муслим 2989).

Ибн ‘Аббәстан басшыға насихат айту туралы сұрағанда, ол: “Егер сен осыны

істегің келсе, онда араларыңда ешкім болмайтындай етіп істе және өзіңнің имамың

(басшы) туралы ғайбат айтпа!” – деп жауап қатты (Ибн Әбу Шәйбә 15/74, Са’ид

ибн Мәнсур 4/1657. Сенімді иснад).

Міне, Аллаһтың дінін дұрыс түсінген біздің үмметтің ғалымдарының сөздері

осындай. Ибн ән-Нухас, әс-Синди, әш-Шәукәни, Ибраһим ибн ‘Абдул-Ләтыф

және т.б. имамдар былай дейтін: “Басшыға насихат айтуды адамдардың көзінше

емес, жасырын жасау керек” (Қараңыз: «әл-Мәтбу’» 24/50 және “Сайлюл-жәрар”

4/556, “әд-Дарару-ссания” 9/119).

Көптеген имамдар мұсылман басшысын жаман істерден қайтаруды жалғыз

өзімен болған кезде жасаудың қажеттілігін айтқан болатын, әрі бұл сенімді

Сүннетте бекітілген және осыған бұл үмметтің сәләфтары ерген (Қараңыз:

“Шәрх Муслим” 6/619, имам әл-Қуртуби, “Фәтхул-Бәри” 13/57, “Танбихул-

ғафилин” 60).

Ғалымдарды жамандайтын адамдар бізге не ұсынады: ғаламтордағы надан

ақымақтар секілді немесе араб елдеріндегі көпшілік уағыздаушылары секілді

Сүннетке қарсы шығып, басшылардың сыртынан ғайбат айтуымыз керек пе?!

Ешқашан олай болмайды!

Содан соң, ғалымдар басшыларға насихат айтатын шығар, алайда олар

құлақ аспай, өзінің қалағанын істеп жатқан тәрізді, ал ғалымдар дәрменсіз

болып қалуы мүмкін. Немесе ғалымдар өзі үшін қауіптенетін шығар, ал бұл –

олар үшін ақтау болып табылады ғой. Одан кейін, ғалымдар үндемесе, олар

қашаннан бері үкіметтің адамы немесе басшылардың күнәларын құптайды

дегенді білдіре қалды?! Са’ид ибн Жубәйр былай деген: “Мен Ибн ‘Аббәстан:

“Басшыны жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтарайын ба?” – деп сұрадым.

Ол былай деп жауап берді: “Егер ол сені өлтіреді деп қорықсаң, онда жоқ” (Ибн Әбу

Шәйбә 15/74, Ибн Әбу Дәуд 1/113. Сенімді иснад).

Сондай-ақ, Әбу әд-Дарда былай деген: “Біз кейбір адамдардың бетіне күліп

қараймыз, алайда жүрегіміз ол адамды лағінеттеп тұрады” (әл-Бухари 2/243).

«Ғалым қаншалықты басшыға жақын болса, ол соншалықты Аллаһтан алыс»

деген сыңайлы сөздерге келер болсақ, оның Исламда ешқандай негізі жоқ, тіпті

пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығына

қарсы келеді: «Шын мәнінде, Аллаһ сендердің үш нәрселеріңе разы, үш

нәрселеріңе разы емес. Ол сендердің тек Аллаһқа ғана құлшылық қылып, басқа

ешкімді серік қоспағандарыңа разы; Аллаһтың жібін бірігіп ұстап,

бөлінбеулеріңе разы; сендердің үстіне қойған басшыларыңа насихат

Page 7: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

7

айтуларыңа разы. Өсектерді таратқандарыңда разы емес; ысырапшылық

пен көп сұрақ қоюларыңа разы емес» (Ахмад 2/367, әл-Бәғауи 1/202. Хадистің

иснады сенімді).

Сондай-ақ, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз

сөзін үш рет қайталап былай деді: «Дін – бұл адалдық көрінісі (нәсыха)!» Одан:

“Әй Аллаһтың елшісі, (ол адалдық көрінісі) кімге қатысты?” – деп сұрады. Ол:

«Аллаһқа, Оның Кітабына, Оның елшісіне, мұсылман басшыларына және

қатардағы мұсылмандарға қатысты», - деді (Муслим 55).

«Ғалым қаншалықты басшыға жақын болса, ол соншалықты Аллаһтан алыс»

деген сөз пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) анық,

әрі екімағыналы емес сөзіне айқын қарама-қайшы келіп тұрған жоқ па?!

Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі басшыларға

кіріп, насихат айтуға адамдарды ынталандырып, әрі ол үшін үлкен сауап

болатынын айтып және осы істің маңыздылығын білдірді. Му’аз ибн Жәбәлдан

жеткен хадисте, Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

былай дейді: «Мына бес амалдың бірін істеген адам Құдіретті Аллаһ

Тағаланың қорғауында болады: науқасты зиярат ету; жаназаға қатысу;

әскери жорыққа шығу; басшыны (шындықта) қолдап, оған құрмет көрсету

үшін кіру; өзінің зұлымдығынан адамдарды қорғап, әрі өзгелердің

зұлымдығынан өзін қорғау үшін үйде отыру» (Ахмад 5/241, Ибн Әбу ‘Асым

1021, әл-Бәззар 1649. Хадистің сенімділігін имам Ибн Хиббән, Ибн Хузаймә, әл-

Хәким және шейх әл-Әлбәни растады). Хадистің басқа нұсқасында: «Міне, осы

амалдардың біреуін істеп өлген адам Жәннәтқа кіреді», - делінген.

Онымен қоса, үмметіміздің имамдарының көбісі басшыларға кіріп, оларға

насихат қылған, әрі пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

бұйрығын орындап, олармен жақсы қарым-қатынаста болған. Хафиз Ибн

‘Абдул-Бәрр “Жәми’ул-бәян” 1/180 кітабында басшылармен жақсы қарым-

қатынаста болған мынадай имамдарды атап өтеді: Ибн Шиһәб әз-Зуһри, әш-

Шә’би, Әбул-Миқдам, Хасан әл-Бәсри, Әбу Зинәд, әл-Әуза’и, әш-Шәфи’и және

т.б. көптеген ғалымдар. Сондай-ақ, бұл тізімнің қатарына Мухаммад ибн

‘Абдул-Уәһһәбты да қосып қоюға болады.

Біздің үмметтің осындай ұлы имамдары басшыға жақын болғаны себепті

Аллаһтан алыс болған немесе үкіметтің адамы болған деп енді кім айта алады?!

Ибн Әбу Хатим былай деген: “Бір күні имам Мәликке: “Басшы әділетсіз болған

кезде, сен оған кіресің бе?” – деп сұрады. Ол: “Аллаһ сені мейіріміне алсын, оған

ақиқат туралы басқа кім айтады?!” – деді” (Қараңыз: “әд-Жәрху уә-тта’дил”

1/30).

Имам Ахмадтан Исхақ ибн Рахауәйһ туралы сұралғанда, ол: “Ол туралы

менен емес, Исхақтан мен туралы сұрау керек!” – деді. Оған: “О Әбу ‘Абдуллаһ,

біз сізден ол жайында хадис туралы сұрап жатқан жоқпыз, бірақ оның

басшыларға кіретіні, әрі олардан ақша алатындығы туралы сұрап жатырмыз!” -

деді. Ахмад: “Иә, ол басшыларға кіреді, олардан ақша алады, оларды Сүннетке

шақырады және Сүннетке үйретеді. Мүмкін ол басшылардың алдында біреулерді

Page 8: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

8

мақтайтын да шығар, нәтижесінде басшы сол мақтаған адамды бір қаланың әкімі

етіп тағайындар, ал ол болса тұрғындарды Сүннетке шақыратын болады. Сонда

осының сауабының барлығын Исхақ алады”, - деді (Қараңыз: “әл-Жәлису-ссалих”

204).

Имам әш-Шәукәни былай деген: “Артықшылық жіне білім иелерінің

басшылармен өте жақсы қарым-қатынаста болған тарихи мысалдарды, олардың

соншалықты көптігінен санап бітіру мүмкін емес” (Қараңыз: “Раф’ул-әсатын фи

хукмил-иттисал би саләтын” 80).

Сонымен қатар, имам Әбу Ханифаның шәкірті Әбу Юсуф халифаттың

жоғарғы соты болғаны сияқты хафиз Ибн Хәжәр да кезінде жоғарғы сот

болған.

Көптеген мұсылмандар пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) тек тақуа, ізгі басшыларға ғана бағынуға бұйырды деп ойлап

қателеседі. Хузайфәдан жеткен хадисте, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) былай дейді: «Менен кейін менің жолыммен жүрмейтін,

әрі менің Сүннетіме сай өмір сүрмейтін басшылар шығады. Сондай-ақ,

сендердің араларыңнан жүрегі адам кейіпіндегі шайтанның жүрегіне

ұқсайтын адамдар шығады». Хузайфә: “Егер олардың кезінде өмір сүрсек, біз не

істейік?” – деп сұрады. Сонда пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын): «Билік иесін тыңдаңдар да, бағыныңдар, тіпті егер ол сені

арқаңнан ұрып, мал-мүлкіңді тартып алып жатса да!» – деді (Муслим 1847).

Енді, осы хадисте тақуа, әділетті басшы туралы сөз болуда деп кім айта алады?!

Қол сұғып жатқан кез-келген адамнан өз өмірің және өз дүние-мүлкіңді қорғау

– міндетті екенініне қарамастан, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) мұсылмандардың әміршісін ерекшелеп, осы жалпы ережеден

тысқары қалдырды. Имам Ибн әл-Мунзир былай деген: “Еш қақысыз өмірің мен

дүние-мүлкіңе қол сұғылып жатқанда, оны қорғау міндетті екеніне білім иелері

бірауызды келіскен. Алайда, бұнымен қоса, бүкіл хадис ғұламаларының айтуынша,

осы жалпы ережеге билік иесі кірмейді. Бұған билік иесінің тарапынан болған

әділетсіздікке сабыр ету және оған қарсы шықпау туралы хабарлар нұсқау бола

алады!” (Қараңыз: “Фәтхул-Бәри” 5/148).

‘Ади ибн Хатим: “Әй Аллаһтың елшісі, біз сізден тақуа басшыға бағыну туралы

сұрамаймыз, бірақ егер олар мынадай-мынадай іс-әрекеттер жасаған кезде не

істейміз?” – деп әділетсіздік туралы сұрады. Сонда пайғамбарымыз (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһтан қорқыңдар, билік

иесін тыңдаңдар да, бағыныңдар!» (Ибн Әбу ‘Асым 2/508. Шейх әл-Әлбәни

хадисті сенімді деді).

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылман

әміршісіне, тіпті олар әділетсіз, әрі оның жолымен жүрмейтін, тіпті Сүннетті

бұрмалайтын болса да, оларға бағынуды бұйыратын хадистері өте көп.

Ибн Кусайб әл-‘Адауи былай деген: “Бір күні мен Ибн ‘Амирдің минбарының

қасында Әбу Бәкрамен бірге болдым. Ибн ‘Амир жұқа киімде хутба оқып тұрған

болатын, сол кезде Әбу Биләл: “Пасықтардың киімін киетін біздің басшымызға

Page 9: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

9

(әмир) қараңдар!” – деді. Сонда Әбу Бәкра оған былай деді: “Үніңді өшір, мен Аллаһ

елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естідім:

«Кімде-кім басшыны қорлайтын болса, Аллаһ Тағала ол адамды қорлайды»”

(Ахмад 5/42, әт-Тирмизи 2224. Шейх әл-Әлбәни хадисті жақсы деді).

Му’ауия былай деген: “Бір күні Әбу Зарр «Рабза» атты жерге шыққанда, ол

Ирактық бір топ адамды кездестірді. Олар: “Әй Әбу Зарр, басшы сенімен не

істегені туралы бізге хабар жетті. Егер қаласаң, ту көтер және саған қанша адам

қаласаң, сонша адам қосылады”, - деді. Бұған Әбу Зарр былай деді: “Әй мұсылмандар,

тынышталыңдар, тынышталыңдар! Шынында, мен Аллаһ елшісінің (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естідім: «Менен кейін бір

басшылар болады, оларды ұлықтаңдар. Ал кімде-кім оларды қорлағысы келсе,

Исламды тесіп алады және барлығын орнына келтірмейінше, ол адамның

тәубесі қабыл етілмейді»” (Ибн Әбу ‘Асым “әс-Сунна” 499. Шейх әл-Әлбәни

хадисті сенімді деді).

Имам Әбу Ну’айм әл-Әсбәһани былай деген: “Басшысымен шыншыл болған

адам, тура жолмен жүргені, ал олармен шыншыл болмаған, тура жолдан адасып,

шекарадан асқаны” (Қараңыз: “Фәдыләтул-‘адилин” 140).

Имам әл-Бәрбәһәри былай деген: “Егер сен мұсылман басшыларына тіл тигізіп

жатқан адамды көрсең, оның өз көңіл-қалауының жақтаушысы екенін біл. Ал егер

сен басшыларға жақсылық тілеп, Аллаһқа дұға қылып отырған адамды көрсең, оның

Сүннетке еруші екенін біл” (Қараңыз: “Шәрху-Ссунна” 113).

Басшыларға кіріп шығудан сақтандыратын кейбір хабарлар туралы айтар

болсақ, оларды дұрыс түсіну керек. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кімде-кім басшыға кіріп шықса, азғыруға

кезігеді» (Ахмад. Сенімді хадис. Қараңыз: «Сахихул-жәми’» 6296).

Бұл хадисте басшының ықыласына ие болып, материалды табыс табу, әрі

барлық нәрседе оның көңілінен шығу мақсатында, оған кіріп шығуға

талпынудан сақ болу керек екендігі туралы сөз болуда. Ал біздің үмметтің

кейбір имамдарының басшымен суық қарым-қатынаста болғандығы туралы

мысалдарға келер болсақ, негізінен, бұған себеп – олар білімді өте қатты

бағалаған, әрі құрметтеген, сондай-ақ олар басшының үйіне білімді алып

барудың білімді кемсіту деп есептеген. Сонымен қатар, имамдардың

әрқайсысы белгілі бір уақытта басшымен араласқан кезде қалай өз-өзін ұстау

керек екендігін жақсы білген, әрі мұсылмандарға да, өздеріне де пайда әкелетін

іс жасаған. Сондай-ақ олар мұсылмандарға зияны тиетін әрекеттерге бармаған.

Бұған мысал ретінде мына оқиғаны келтіруге болады: адамдар келіп имам

Ахмадтан «халиф Уәсиққа қарсы көтеріліс жасау рұқсат етіле ме, жоқ па?»

деген сыңайдағы сұрақ қойған кезде, Ахмад оларға бұны тыйым салып былай

деді: “Сендер оны жүрекпен қайтаруларың керек және оған бағынудан бас

тартпауларың керек, әрі бойұсынбауларының кесірінен мұсылмандарға қиыншылық

туғызбаңдар және өз қандарыңды да төкпеңдер, мұсылмандардың да қанын

төкпеңдер!” (Қараңыз: “әт-Табәқат Ибн Әбу Я’лә” 1/144).

Page 10: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

10

Имам Ибн Жәмә’а басшыға қатысты он міндетті атай отырып былай деді:

“Оның ұлықтығын, қақысын, ол қаншалықты құрметке ие екендігін білу керек

және оны сыйлау қажет. Біз оны Аллаһ Тағала көтерді деп мойындай отырып,

бұларды істеуге тиіспіз. Сондықтан, Ислам үмметінің ұлы ғалымдары өздерінің

дүниеден безгендеріне, күмәнді нәрседен аулақ болуына, әрі басшылар иемденген

нәрсені иемденуді қаламайтындығына қарамастан, басшыларға тиісті қақысын

берген және олар шақырса, барған. Ал өздерін дүниеден безуге байланыстыратын,

алайда басшыларға қатысты әдепсіздік көрсететін кейбір адамдарға келер болсақ,

бұл Сүннетке қарама-қайшы нәрсе” (Қараңыз: “Тахрирул-әхкәм фи тадбирил-

әһлил-Исләм” 63-65).

Егер ғалымдар, кейбір ақымақтардың оны қалайтынындай, басшылармен

қарым-қатынасты үзсе, әрі олардан алшақтайтын болса, олардың орнына надан

адамдар немесе ғалымсымақтар келеді де, мұсылмандардың емес, керісінше

тек өз пайдасын көздейтін болады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) былай дейді: «Аллаһ Тағала адамдарға қандай пайғамбар

жібермесін, әрі ол өзінен кейін қандай мирасқор қалдырмасын,

мирасқордың міндетті түрде екі сыбайлас тобы пайда болатын еді;

бірінші топ оны жақсылыққа итермелеп, оған түрткі болды, екінші топ

оны жамандыққа итермелеп, оған түрткі болды» (әл-Бухари 7198).

Сонымен қатар, ғалымдарға тағылған айыптаулардың бірі – олар қазіргі таңда

жиһәдқа шақырмайды-мыс. Олар ғалымдарды ең бірінші кезекте жиһәдқа

шақырудың орнына, Таухидке, Сүннетке еруге және бид`атан аулақ болуға

шақырады деп кінәлайды.

Бүгінгі күні мұсылмандар Ислам үмметінің ішінде де, сыртында да пұтқа

табынушылық пен ширкке батқанын өз көздерімен көріп, куә болып жүр, әрі

кейбір мұсылмандарды бұл жағдай түк ойландырмайтыны адамның таңдайын

қақтырады. Олар осы құбылысты құрту үшін ешнәрсе істемейді де, керек

десеңіз, тіпті ширкпен күресетін ғалымдарды тілдеп сөгеді, әрі ғалыммен

байланысуға басқа адамдарды тежеуге тырысады. Олар ең басты нәрсені

ысырып қойып, әділетсіз басшылар, жиһәд пен күпірлікте айыптау (такфир)

сияқты мәселелерде қам жиді. Олар әрбір бұрышта, басшылардың озбырлығы

мен кәпірлердің мұсылмандарды қалай қорлап жатқаны туралы айқай салады.

Бәрінен бұрын қатты таң қалдыратыны – мұсылмандардың көпшілігі ширкке

батып, қабірлерге сиынып, өлілерден дұға тілеп жүргенін естіген кезде, оларда

жаңағыдай қызбалық байқалмайды,оларға бұл түк әсер етпейді.

“Біздің үммет қансырап жатыр, әй мұсылмандар, ояныңдар, қашанға дейін

шыдаймыз, кеттік соғысайық!” – деген сөздерді өте жиі естуге болады. Өкінішке

орай, олардың ешқайсысы ешқашан: “Біздің үммет ширк пен бид`атқа батып

кетті! Әй мұсылмандар, ояныңдар, өз пайғамбарларыңның (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) жолына оралыңдар!”, - деп айтпайды. Бұл сөздерді

тек білім иелері мен дінде ненің ең маңызды екенін түсінетін адамдар ғана

айтады.

Page 11: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

11

Өкінішке орай, көптеген мұсылмандар діннің негізі не екенін білмейді я

ұмытып та кеткен шығар. Мәлик ибн Динәр: “Осы өмірдің иелері бұл өмірден

ондағы ең жақсы нәрсенің дәмін татпай кетті”, - деп рас айтқан. Одан: “Әй Әбу

Яхя, ол не нәрсе?” – деп сұралғанда, ол: “Аллаһ Тағаланы тану!” – деп жауап

берді (Әд-Динури 1879, Әбу Ну’айм 2/358).

Еріксіз мынадай сұрақ туындайды: “Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын): «Шын мәнінде, ең жақсы сөз – бұл Аллаһтың Кітабы, ал ең

жақсы жол – бұл Мұхаммедтің жолы. Ең жаман амалдар – бұл дінге енгізілген

жаңалықтар, ал әрбір дінге енгізілген жаңалық – бұл бид`а, ал әрбір бид`а – бұл

адасушылық, ал әрбір адасушылық Тозақта!» деп әрбір жұма намазының

алдындағы хутбада айтатындай, сахабалар үнемі ширк пен бид`а істеген бе? Не

үшін бұл сөздерді жұма сайын үнемі сонша қайталай берді?” (Муслим 867).

Сондай-ақ, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс

болар алдында өз сахабаларына былай деді: «Шын мәнінде, сендерге дейін

болған адамдар өз пайғамбарларының қабірлерін құлшылық қылатын

орындарға айналдырған. Бірақ сендер қабірлерді мешіттерге

айналдырмаңдар, өйткені мен оны сендерге тыйым саламын» (Муслим 532).

Осылайша, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең

алдымен өте қорқынышты күнә - ширктен сақтандырып, оны әрдайым

олардың есіне салып отырғанын, әрі бүкіл мүмкіндігін пайдаланып таухидті

қорғағанын көруге болады. Уа мұсылмандар, қалай ойлайсыңдар: егер ширк

пен ширкке алып баратын бид`адан пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) өз сахабаларына ол кезде әлі олардың арасында ширк те,

бид`а да болмағанына қарамастан, өте жиі одан сақтандырып, сол тақырыпты

үнемі қайталай берген болса, онда қазіргі кезде, мұсылмандардың арасында

жалғыз бид`а емес, тіпті ширктің кең етек жайған заманда біз не істеуіміз

керек?!

Сонымен қатар, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

тіпті жиһәдтің кезінде де таухид туралы айтуды тоқтатпаған. Әбу Уәқид әл-

Ләйси былай деген: “Бірде Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

сахабаларымен бірге Хунайнға жол тартады. Олармен бірге жақын арада Ислам

қабылдаған мұсылмандар болады.

Кенет, көпқұдайшылар көпке дейін жанынан шықпай, әркез бата сұрай отырып

қару жарақтарын ілетін (Зәт әл-ануат деген) бір талдың жанынан өтіп бара

жатқанда жақын арада Ислам қабылдаған мұсылмандар: "Иә, Аллаһтың елшісі! Біз

де олардыкіндей Зәт әл-ануат болуын қалаймыз"-дейді. Сонда Аллаһ елшісі (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһу әкбар! Бұл бұрынғылардың салты.

Жаным қолында болғанмен ант етемін, сендер Исрайл ұрпақтарының

Мұсаға айтқан сөзін айтып тұрсыңдар: «Бұлардың тәңірлері сияқты бізге

де тәңір жасап бер. Мұса оларға: "Шынында сендер надан қауымсыңдар»

(Ә‘раф сүресі, 138-аят). Шын мәнінде, сендер өздеріңнен бұрын болғандардың

жолдарымен жүретін боласыңдар!», - дейді” (Ахмад 5/218, әт-Тирмизи 2181,

Ибн Хиббән 6702, әл-Хумәйди 848. Хадистің сенімділігін имам Әбу ‘Иса әт-

Page 12: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

12

Тирмизи, әл-Мунәуи, шейх әл-Әлбәни мен шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнәут

растады).

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Исламды енді

қабылдаған мұсылмандардың айтқан сөздеріне қалай елең ете қалғанына назар

аударыңыз! Бұл жорық Меккені ашқаннан кейін болған, әрі иманында әлі

бекімеген мұсылмандар іштей ренжіп, жорықты тастап кету мүмкіндігіне

қарамастан, пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды

дереу айыптады, себебі жиһәдтың мақсаты да осы болатын: Аллаһтың сөзін

ұлықтап, ширкті құрту! Мұсылмандардың бірігуі немесе мұсылман

жауынгерлерінің көптігінен гөрі, ширктен аулақ жүріп, оның алдын алу

маңыздырақ боылып саналады. Ал өздігінен мұсылмандардың түрлі

сенімдеріне көңіл бөлмей, оларды біріктіруге тырысу ешқашан Исламның

мақсаты болып табылмаған. Исламның мақсаты – бұл біртұтас, сау ислами

сенімнің негізінде бірігу! Имам әл-Фудайл ибн ‘Ийәд былай деген: “Адамдарның

жандары жауынгерлер сияқты: бір-бірін танығандар, бірігеді, ал бір-бірін

танымағандар, бөлінеді. Сүннет ұстанушы адам бид`ашыға көмектесуі мүмкін

емес, әйтпесе ол екіжүзділіктің белгісі болады” (Қараңыз: “Шәрх усул и’тиқад”

1/138).

Міне, жалғыз осыған ғана бүкіл пайғамбарлар шақырған, тек бір нәрсеге:

«Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ, ендеше Оған

құлшылық қылыңдар!».

Ибраһим пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі және өз

жанұясы үшін ширкке түсіп қалудан қорқып Аллаһтан былай деп тілейтін:

«Раббым! Осы қаламды бейбіт қыл! Мені және ұлдарымды пұттарға

құлшылық қылудан аулақ ете гөр!» (Ибраһим сүресі, 35-аят).

Ол неге Аллаһтан дәл ширктен сақтауын сұрады?! Неге ол өз кезіндегі

Аллаһтан қысым көрсетуші, әрі әділетсіз, рақымсыз басшыдан қорғауды

сұрамады?! Оған жәбірлеуші басшылар үлкен зиян тигізуі мүмкін еді ғой!

Өйткені, ширк – екі дүниеде де ең үлкен ауыр жаза болып табылады. Ибраһим

әт-Тайми былай деген: “Егер пайғамбарлардың атасы болған және ханиф болған

Ибраһимның өзі ширктен қорықса, одан кейін ширкке түсіп қалмаймын деп кім

өзіне кепілдік бере алады?!” (Қараңыз: “Тәфсир әт-Табәри” 7/460).

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Шын

мәнінде, Аллаһтың пайғамбары Нұхқа, оған сәлем болсын, ажалы

жақындағанда, ол өз ұлына: “Мен саған “лә иләһә иллә-Лләһты” өсиет етемін,

өйткені ақиқатында, егер таразының бір жағына жеті қат аспан мен жеті

қат жерді қойса және екінші жағына “лә иләһә иллә-Лләһты” қойса, онда

таразының осы сөз тұрған жағы ауыр тартады! Және де мен саған ширкті

тыйым саламын”» (Ахмад 6583 және хадисті сенімді деп атаған әл-Хәким 1/148.

Сондай-ақ, “әс-Силсилә әс-сахиханы” 134 қараңыз).

Сондай-ақ, Я`қуб пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өлім

төсегінде жатқанда өз ұлдарынан:

«“Менен кейін кімге құлшылық қыласыңдар?”, - деп сұрады. Сонда олар:

Page 13: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

13

“Сенің Тәңіріңе, Ибраһим, Исма’ил, Исхақ аталарыңның Тәңірі - Жалғыз

Бір Тәңірге құлшылық қыламыз. Сондай-ақ Соған бой ұсынамыз”, - деген

еді» (Бәқара сүресі, 133-аят).

Ұлдары да пайғамбар болып табылғанына қарамастан, Я`қубтың соңғы өсиеті

бірқұдайшылық еді!

Таухид! Міне, осы қай кезде, қай жерде болмасын, ең басты нәрсе болып

табылады!

Сонымен қатар, ғалымдарға тағылған айыптаулардың тағы да бірі –

маңыздырақ нәрсемен айналысудың орнына, олар тек бид`аны әшкерелеумен

ғана айналысады.

Мұндай сөздерді тек қана дінде бірінші кезектегі нәрсенің не екенін білмейтін,

түсінбейтін адам айта алады. Адасқандар мен дінге жаңалық еңгізудің

жақтастарын әшкерелеу – Аллаһтың жолындағы жиһәд болып табылады. Бұл

туралы Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:

«Аллаһ Тағала маған дейін белгілі бір қауымға қандай да бір пайғамбар

жібермесін, әрдайым оның Сүннетіне еріп, бұйрықтарын орындайтын

ізбасарлары мен сахабалары болатын. Содан соң, олардан кейін өздері

айтқанын істемейтін, әрі өздеріне бұйрылмаған нәрселерді істейтін адамдар

келді. Міне, соларға қарсы қолымен жиһәд жасаған адам - мүмін. Оларға қарсы

тілімен жиһәд жасаған адам - мүмін. Оларға қарсы жүрегімен жиһәд жасаған

адам - мүмін, ал одан кейін қышаның дәнінің салмағына да тең келетін иман

жоқ!» (Муслим 50).

Бұл хадис пайғамбарлардың ілімін бұрмалаған бид`атшыларға қарсы жиһәд

жасаудың артықшылығын көрсетсе керек!

Исламды ішінен қорғау өте маңызды. Имам әл-Әуза’и былай деген: “Егер

бид`аттар таралса, әрі оларды білім иелері жоққа шығармаса, онда адамдар

бид`атты Сүннетке айналдып алады” (Қараңыз: “Шәрафу әсхабил-хадис” 19).

Имам Әбул-Фәдл әл-Хамдани былай деген: “Бид`атшылар мен хадисті ойдан

шығаратындар (дін үшін) дінсіздерден де жаман, себебі дінсіздер дінді сыртынан

бүлдіруге тырысады, ал аналар іштей бүлдіруге тырысады. Олар қаланың ішінде өмір

сүріп, қаланың жағдайын бүлдіруге ниет етіп, сыртта тұрған дінсіздерге қорғанның

есігін ашып берген адамдарға ұқсайды. Олар Ислам үшін кәпірлерден де жаман” (Ибн

әл-Жәузи “әл-Мәуду’ат” 1/51).

Имам әл-Бухари мен Муслимнің шейхы – Яхя ибн Яхя былай дейді:

“Сүннетті қорғау – Аллаһтың жолында жиһәд қылудан да жақсырақ”. Одан: “Адам

өз дүние-мүлкін жұмсайды, қиындықтарды көтереді және соғысады, ал анау

бұдан да жақсырақ па?!” – деп сұрады. Ол: “Иә, әлдеқайда жақсы!” – деді

(Қараңыз: “Заммул-кәләм” 111).

Имам әл-Бухаридің ұстазы имам әл-Хумәйди былай деген: “Аллаһпен ант

етемін, мен үшін кәпірлермен соғысқаннан гөрі, пайғамбардың (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисін жоққа шығаратын адаммен соғысқан

ұнамдырақ” (әл-Харауи 1/228).

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деген: “Бид`атшыларды әшкерелейтін адам

Page 14: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

14

– мужәһид болып табылады” (Қараңыз: “Нәқдул-мәнтық” 12).

Шейх Ибн Баз былай деген: “Егер Сүннетті ұстанушылар үндемесе және Құран

мен Сүннетке қарама-қарсы келетіндердің қателерін түсіндірмесе, олар Кітап

иелеріне – ашуға ұшырағандар мен адасқандарға ұқсап кетеді” (Қараңыз: “Фәтәуә

Ибн Баз” 3/72).

Үмметіміздің имамдары адасқандар мен дінді бұрмалайтындарды

әшкерелеп, тіпті әлгілер өзінің істеп жатқанын жете түсінбей, тек жақсылықты

қалағанына қарамастан, олардың адасуларын теріске шығаруға ерекше зейін

аударған. Олар белгілі бір бид`атты теріске шығару үшін арнайы еңбектер

жазды. Осы еңбектердің ішінде имам Ахмадтың «әр-Радду ‘алә әз-занәдықа

уәл-жәхмия», имам әд-Дәримидің «әр-Радду ‘алә Бишр әл-Мәриси», имам әл-

Бухаридің «Халқу әф’алил-‘ибәд», шейхул-Ислам Ибн Тәймияның «әр-Радду

‘алә әл-Әхнәи» мен «әр-Радду ‘алә әл-Бәкри» кітаптарын ерекше атап өтуге

болады. Мұндай еңбек өте көп және бұның өзі адасушылықты теріске

шығарудың (әр-радд) әһлю-Суннаның ерекшелігі болып табылатындығына

дәйек болса керек. Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деген: “Хадис

жеткізушісінің жағдайы мен бид`атшының ауытқуын анықтау шариғатта

міндетті болып табылады. Бұл Құран мен Сүннетке қарсы келетін

бид`атшылардың жетекшілеріне де қатысты, шынында, олардың жағдайын

түсіндіріп, үмметті олардан сақтандыру – бірауызды келісім бойынша, міндетті

болып табылады!” (Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтәуә” 28/231).

Хафиз Ибн Ражәб былай деген: “Аллаһқа, Оның Кітабы мен елшіге (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысты адалдық көрінісі – Құран мен

Сүннеттің көмегімен адасқандарды әшкерелеп, оны түсіндіретін ғалымдардың

істері жатады. Сондай-ақ, бұған ғалымдардың әлсіз сөздерін жоққа шығару да

жатады” (Қараңыз: “Жәми’ул-‘улюми уәл-хикәм” 96).

Шейх ‘Абдур-Рахман ибн Хасан былай деген: “Ибн ‘Аббәс, әш-Шәфи’и, Мәлик

пен Ахмадтың айтқанындай, Құран мен Сүннетке қарама-қайшы келетін адамды

әшкерелеу міндетті болып табылады, әрі олар бұл мәселеде бірауызды келісімде

болған! ” (Қараңыз: “Фәтхул-Мәжид” 344).

Мұсылмандарды (әсіресе түрлі сайттар мен форумдарда) оқыған, естіген

нәрселерінің кез-келгеніне сене беруге болмайтынын, ал кейін кімнен шыққаны

белгісіз, әсіресе үлкен ғалымдар туралы тексерілмеген ақпаратты әрі қарай

таратудан айтып сақтандыру қажет. Әрбір мұсылман мынаны білуі тиіс:

өтірікші болу үшін өтірік айту міндетті емес. Адам өтірікші болу үшін

тексерілмеген ақпаратты таратқанының өзі жеткілікті. Әбу Һурайрадан жеткен

хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:

«Адам өтірікші болу үшін өзінің естігенін тек әрі қарай айтудың өзі

жеткілікті» (Муслим 1/10).

Сонымен қатар, Аллаһ Тағаланың Өзі ақпаратты тексеруді бұйырып былай

деді:

Page 15: Ғалымдарға адамдар неге тіл тигізеді?

15

«Әй иман келтіргендер! Бұзық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар!

Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер»

(Хужурат сүресі, 6-аят).

Имам Мәлик былай деген: “Естігенінің барлығын айта беретін адам

құтылмайтынын біл! Егер ол естігенінің бәрін айта беретін болса, ешқашан имам

бола алмайды” (Муслим 1/18).

Аллаһ жақсырақ біледі!

Дерек көзі: Ханифия форумы