Сақшы №25 (4191)

8
№25 (4191), 5.04.2016, сейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ ТАСҚЫН СУҒА ТАС ТҮЙІН ДАЙЫНДЫҚ ҚАЖЕТ ӨЗЕКТІ ПАРЛАМЕНТ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ АШЫҚ ЕСІК ШАРАСЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РАУЛЬ КАСТРОМЕН КЕЗДЕСТІ ТƏЖІРИБЕ АЛМАСАТЫН ОРТАЛЫҚ АЛАҢ Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің алтыншы шақырылым депу- таттары вице-спикер Владимир Божконың басшылығымен Мəжілістегі кітапханада өткен «Ашық есік» күні шарасына қатысты. Бұл туралы Мəжілістің баспасөз қызметінен хабарланды. Халық қалаулыларын палата Аппаратының Ақпарат-талдау бөлімінің меңгерушісі Жанна Құрманғалиева мен сектор меңгерушісі Қанат Құдайбергенов ақпараттық қорлармен жəне көрмелермен таныстырды. Əлемде көптеген елдердің Парламенттерінің жанынан Ұлттық кітапханалар жасақталған. Ал Қазақстан Парламентінің кітапханасы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Ақпараттық-талдау орталығының құрамдас бөлігі ретінде 1987 жылы құрылды. Оның жалпы кітап қорында 46 мыңнан астам баспа өнімдері, оның ішінде 26 мың кітап жəне 227 мерзімді басылым бар. Кітапхана жұмысында дəстүрлі əдісімен бірге əртүрлі жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады. Парламент кітапханасы қос палатаның заң шығару қызметін қамтамасыз ету мəселелеріне, талқыланатын заң жобаларына, парламенттік тыңдауларға жəне Парламент өткізетін шараларға библиографиялық жəне анықтамалық-ақпараттық материалдар дайындауға ерекше көңіл бөледі. Парламент Палаталарының комитеттерімен жəне аппараттарының бөлімдерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Орталықтың негізгі міндеті елдегі жоғарғы өкілді органның қызметін ақпараттық- анықтамалық, талдамалық жəне кітапханалық- библиографиялық жағынан қамтамасыз ету болып табылады. Парламент кітапханасы Қазақстанның көптеген кітапханаларымен жəне өзге де мемлекеттік ақпараттық құрылымдармен тығыз байланыс орнатқан. Мамандар Есіл, Жабай, Қалқұтан, Сілеті, Шағалы, Нұра, Кеңгір өзендеріне баса назар аударып отыр. Еділ өзенінің жоғары сағасы, Ресей аумағындағы Орал өзенінде, қар көлемі көп түскені аңғарылады. Осыған сəйкес, мұнда су деңгейі көтеріліп, Шаған, Чижа 2, Утва, Өлеңті өзендері, Ақтөбе облысында Темір, Ор өзендері тасуы ықтимал. Бүгінгі таңда Қазгидрометтің мəліметтеріне орай, республика бойынша ал- дын алу жəне көшіру жұмыстарына қатысты кең көлемді шаралар əзірленіп қойылған. Барлық деңгейдегі əкімдіктердің төтенше жағдайлар бойынша ар- найы комиссияларының 321 отырысы өтті. Аймақтарда мүдделі мемлекеттік құрылымдар мен ұйымдардың су тасу кезеңіндегі өзара іс-қимыл жоспарлары мен əрекет ету жоспарлары дайындалып шығарылып, түзетулер енгізілген. Бүгінгі таңда келесі су қоймаларындағы су алдын алу мақсатында азайтылу үстінде: Ақмола облысында – Астана су қоймасы, Қарағанды облысында – Шерубай-Нұра су қоймасы, Самархан су қоймасы, Ақтөбе облысында Ақтөбе жəне Қарғалы су қоймалары. Елді мекендерді инженерлік қорғау үшін 2015-2016 жылдары жаңадан 90 шақырымнан астам қорғаныс дамбалары тұрғызылған, бұрыннан қолданыстағы 455 километр қорғаныс дамбасына жөндеу жүргізілген, су тасу КУБА РЕСПУБЛИКАСЫНА РЕСМИ САПАРЫ БАРЫСЫНДА ЕЛБАСЫ КУБА МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСІНІҢ ЖƏНЕ МИНИСТРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ РАУЛЬ КАСТРОМЕН КЕЗДЕСТІ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықты сауда-экономикалық ықпалдастықты, білім, мəдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларындағы байланыстарды кеңейту жəне саяси диалогты жалғастыру арқылы нығайту жолдарын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Рауль Кастро денсаулық сақтау, фармацевтика жəне биотехнология салаларындағы өзара іс-қимыл мəселелеріне арнайы тоқталды. Осы салада қазақстандық жəне кубалық мамандардың тəжірибе алмасу қажеттілігі атап өтілді. Тараптар халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді де талқылады. Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесін сайлау барысында Қазақстанның кандидатурасын Кубаның қолдауы тұрғысынан қол жеткен уағдаластыққа қанағаттанушылық білдірді. Ресми сапар барысында Мемлекет басшысы Кубаның ұлттық қаһарманы Хосе Марти мемориалына гүл шоғын қою рəсіміне қатысып, мемориал музейін аралап көріп, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Осыдан үш жыл бұрын құрылған Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана Өңірлік хабы бүгінгі таңда бірнеше мемлекеттің тəжірибе алмасатын ортақ алаңына айналып үлгерді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Сапалы мемлекеттік қызмет мақсатындағы əріптестік» атты конференцияда осы ұйымның Басқарушы комитеті төрағасы Əлихан Бəйменов айтты. Отыздан астам елдің өкілдері бас қосқан алқалы жиында сала мамандары мемлекеттік қызметтегі əріптестікті нығайтудың жай-күйі талқыланған болатын. Отырысты ашқан Əлихан Бəйменов: «Қызметке кіріскен үш жылында Өңірлік хаб мемлекеттік қызметті жетілдіруде Орта Азия өңіріндегі баламасы жоқ, озық ұйымдардың біріне айналды. Əрине, біз бұл жерде БҰҰ Тұрақты үйлестіру қызметі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы жəне Еуропалық Одақтың себепкерлігімен шет мемлекеттердің қызметіндегі озық тəжірибелерді еркін қолданысқа енгізе бастадық. Сонымен қатар, біз Мемлекет басшысының Стратегиялық тұрғыда маңызы зор жобалары мен Жолдауда көрсетілген нақты тапсырмаларды жүзеге асыру үстіндеміз», – деді Ə. Бəйменов. Сонымен қатар, ол хаб Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы, БҰҰ Даму бағдарламасының мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі сингапурлық орталығымен бірлескен жұмыстар жүргізіп жатқандығын да айтты. Мұнан бөлек, хаб америкалық мемлекеттік басқару жөніндегі қоғам, Азиялық мемлекеттік басқару жөніндегі қауымдастық, UNPAN жаһандық желісі сынды кəсіби өңірлік қауымдастықтармен жəне мемлекеттік басқару саласындағы жетекші уни- верситеттермен ынтымақтастықты жолға қойған. Айта кетейік, Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабының халықаралық деңгейде ұйымдастырылған конференциясына мемлекеттік қызметті жетілдіру мен заманауи тұрғыдан жаңғырту тетігін меңгерген мамандар қатысып, тəжірибе алмасуда. Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, Астана қаласы «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК-НІҢ ХАБАРЛАУЫНША, СУ ТАСҚЫНЫ БОЙЫН- ША АХУАЛ ЖЫЛДАҒЫДАЙ. НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ БАСЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ, ОРТАЛЫҒЫНДА ЖƏНЕ ШЫҒЫСЫНДА ҚАР КӨЛЕМІ ЕДƏУІР КӨП ТҮСКЕНДІКТЕН, БИЫЛ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН, АҚМОЛА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН, ҚАРАҒАНДЫ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТАРЫНДА ӨЗЕН-КӨЛДЕР АРНА- СЫНАН ТАСЫП, БІРҚАТАР ҚОЛАЙСЫЗДЫҚ ТУЫНДАТУЫ МҮМКІН. қаупі жоғары өзендерде 180 километр жерден жағалауы бекітіліп, табаны тереңдетілген, 88 километр жерден жағалауы түзетіліп, кеңейтілген. 2 мың шаршы шақырым канал бойы жабдықталып, тазаланған. Су тасқынының алдын алу жəне салдарын жою үшін келесідей көлемде қор дайындалды: 28 мың тонна ЖЖМ; 426 мың тоннадан астам инертті матери- алдар; 1,3 миллион дана қап; 105 тонна жарылғыш зат. Биыл тұрғын үйлерді су шайып кету оқиғаларын болдырмау үшін жергілікті атқару органдары елді мекендерден 10 миллион текше метрден астам қар шығарды, қар шығару жұмыстары əлі де жалғасуда. Тұрғындарды су тасқыны кезіндегі іс қимылдарға оқыту бойынша қарқынды жұмыстар жүруде. Қауіпті аймақтарға жататын елді мекендердің тұрғындарына су тасу қаупі кезіндегі тəртіп ережелері жазылған жадынамалар таратылуда. Бүгінгі таңға дейін 121 мың жадынама парақшалары таратылды. Төтенше резервтер мен шұғыл қажет резервтерге əкімдіктерде 14 миллиард 100 миллион теңге (7,1 млрд. теңге – төтенше резервтерге, 6,9 млрд. теңге – шұғыл қажет шығындарға) қарастырылған. Мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіре түсу жəне басқару органдары мен күш-құралдарды көктемгі кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайындау мақсатында 3-4 наурыз күндері «Көктем» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу- жаттығулар барысында жеке құрамы 141 650 адамды құрайтын жəне 17 мыңнан астам арнайы техникасы бар 10 мыңнан астам апаттық-құтқару қызметтері құрылымдарының арнаулы мақсаттағы дайындықтары тексерілді. Одан да басқа кең ауқымдағы жұмыстар жылдан жылға тəжірибе аясында жетілдіріле атқарылуда. Бір сөзбен айтқанда, «Апат айтып келмейді», əйтсе де, тиісті органдар маусым қаупіне қамсыз емес.

Upload: mediaovd

Post on 30-Jul-2016

271 views

Category:

Documents


4 download

DESCRIPTION

Сақшы №25 (4191) 5.04.2016

TRANSCRIPT

Page 1: Сақшы №25 (4191)

№25(4191),

5.04.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

ТАСҚЫН СУҒА ТАС ТҮЙІН ДАЙЫНДЫҚ ҚАЖЕТӨЗЕКТІ

ПАРЛАМЕНТ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ АШЫҚ ЕСІК ШАРАСЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РАУЛЬ КАСТРОМЕН КЕЗДЕСТІ

ТƏЖІРИБЕ АЛМАСАТЫН ОРТАЛЫҚ АЛАҢ

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің алтыншы шақырылым депу-таттары вице-спикер Владимир Божконың басшылығымен Мəжілістегі кітапханада өткен «Ашық есік» күні шарасына қатысты. Бұл туралы Мəжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Халық қалаулыларын палата Аппаратының Ақпарат-талдау бөлімінің меңгерушісі Жанна Құрманғалиева мен сектор меңгерушісі Қанат Құдайбергенов ақпараттық қорлармен жəне көрмелермен таныстырды. Əлемде көптеген елдердің Парламенттерінің жанынан Ұлттық кітапханалар жасақталған. Ал Қазақстан Парламентінің кітапханасы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Ақпараттық-талдау орталығының құрамдас бөлігі ретінде 1987 жылы құрылды. Оның жалпы кітап қорында 46 мыңнан астам баспа өнімдері, оның ішінде 26 мың кітап жəне 227 мерзімді басылым бар. Кітапхана жұмысында дəстүрлі əдісімен бірге əртүрлі жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады.

Парламент кітапханасы қос палатаның заң шығару қызметін қамтамасыз ету мəселелеріне, талқыланатын заң жобаларына, парламенттік тыңдауларға жəне Парламент өткізетін шараларға библиографиялық жəне анықтамалық-ақпараттық материалдар дайындауға ерекше көңіл бөледі. Парламент Палаталарының комитеттерімен жəне аппараттарының бөлімдерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды.

Орталықтың негізгі міндеті елдегі жоғарғы өк ілд і органның қызмет ін ақпараттық-анықтамалық, талдамалық жəне кітапханалық-библиографиялық жағынан қамтамасыз ету болып табылады. Парламент кітапханасы Қазақстанның көптеген кітапханаларымен жəне өзге де мемлекеттік ақпараттық құрылымдармен тығыз байланыс орнатқан.

Мамандар Есіл, Жабай, Қалқұтан, Сілеті, Шағалы, Нұра, Кеңгір өзендеріне баса назар аударып отыр. Еділ өзенінің жоғары сағасы, Ресей аумағындағы Орал өзенінде, қар көлемі көп түскені аңғарылады. Осыған сəйкес, мұнда су деңгейі көтеріліп, Шаған, Чижа 2, Утва, Өлеңті өзендері, Ақтөбе облысында Темір, Ор өзендері тасуы ықтимал.

Бүгінгі таңда Қазгидрометтің мəліметтеріне орай, республика бойынша ал-дын алу жəне көшіру жұмыстарына қатысты кең көлемді шаралар əзірленіп қойылған. Барлық деңгейдегі əкімдіктердің төтенше жағдайлар бойынша ар-найы комиссияларының 321 отырысы өтті. Аймақтарда мүдделі мемлекеттік құрылымдар мен ұйымдардың су тасу кезеңіндегі өзара іс-қимыл жоспарлары мен əрекет ету жоспарлары дайындалып шығарылып, түзетулер енгізілген.

Бүгінгі таңда келесі су қоймаларындағы су алдын алу мақсатында азайтылу үстінде: Ақмола облысында – Астана су қоймасы, Қарағанды облысында – Шерубай-Нұра су қоймасы, Самархан су қоймасы, Ақтөбе облысында Ақтөбе жəне Қарғалы су қоймалары.

Елді мекендерді инженерлік қорғау үшін 2015-2016 жылдары жаңадан 90 шақырымнан астам қорғаныс дамбалары тұрғызылған, бұрыннан қолданыстағы 455 километр қорғаныс дамбасына жөндеу жүргізілген, су тасу

КУБА РЕСПУБЛИКАСЫНА РЕСМИ САПАРЫ БАРЫСЫНДА ЕЛБАСЫ КУБА МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСІНІҢ ЖƏНЕ МИНИСТРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ РАУЛЬ КАСТРОМЕН КЕЗДЕСТІ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықты сауда-экономикалық ықпалдастықты, білім, мəдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларындағы байланыстарды кеңейту жəне саяси диалогты жалғастыру арқылы нығайту жолдарын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Рауль Кастро денсаулық сақтау, фармацевтика жəне биотехнология

салаларындағы өзара іс-қимыл мəселелеріне арнайы тоқталды. Осы салада қазақстандық жəне кубалық мамандардың тəжірибе алмасу қажеттілігі атап өтілді.

Тараптар халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді де талқылады. Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесін сайлау барысында Қазақстанның кандидатурасын Кубаның қолдауы тұрғысынан қол жеткен уағдаластыққа қанағаттанушылық білдірді.

Ресми сапар барысында Мемлекет басшысы Кубаның ұлттық қаһарманы Хосе Марти мемориалына гүл шоғын қою рəсіміне қатысып, мемориал музейін аралап көріп, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Осыдан үш жыл бұрын құрылған Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана Өңірлік хабы бүгінгі таңда бірнеше мемлекеттің тəжірибе алмасатын ортақ алаңына айналып үлгерді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Сапалы мемлекеттік қызмет мақсатындағы əріптестік» атты конференцияда осы ұйымның Басқарушы комитеті төрағасы Əлихан Бəйменов айтты.

Отыздан астам елдің өкілдері бас қосқан алқалы жиында сала мамандары мемлекеттік қызметтегі əріптестікті нығайтудың жай-күйі талқыланған болатын. Отырысты ашқан Əлихан Бəйменов: «Қызметке кіріскен үш жылында Өңірлік хаб мемлекеттік қызметті жетілдіруде Орта Азия өңіріндегі баламасы жоқ, озық ұйымдардың біріне айналды. Əрине, біз бұл жерде БҰҰ Тұрақты үйлестіру қызметі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы жəне Еуропалық Одақтың себепкерлігімен шет мемлекеттердің қызметіндегі озық тəжірибелерді еркін қолданысқа енгізе бастадық. Сонымен қатар, біз Мемлекет басшысының Стратегиялық тұрғыда маңызы зор жобалары мен Жолдауда көрсетілген нақты тапсырмаларды жүзеге асыру үстіндеміз», – деді Ə. Бəйменов.

Сонымен қатар, ол хаб Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы, БҰҰ Даму бағдарламасының мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі сингапурлық орталығымен бірлескен жұмыстар жүргізіп жатқандығын да айтты. Мұнан бөлек, хаб америкалық мемлекеттік басқару жөніндегі қоғам, Азиялық мемлекеттік басқару жөніндегі қауымдастық, UNPAN жаһандық желісі сынды кəсіби өңірлік қауымдастықтармен жəне мемлекеттік басқару саласындағы жетекші уни-верситеттермен ынтымақтастықты жолға қойған.

Айта кетейік, Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабының халықаралық деңгейде ұйымдастырылған конференциясына мемлекеттік қызметті жетілдіру мен заманауи тұрғыдан жаңғырту тетігін меңгерген мамандар қатысып, тəжірибе алмасуда.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, Астана қаласы

«ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК-НІҢ ХАБАРЛАУЫНША, СУ ТАСҚЫНЫ БОЙЫН-ША АХУАЛ ЖЫЛДАҒЫДАЙ. НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ БАСЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ, ОРТАЛЫҒЫНДА ЖƏНЕ ШЫҒЫСЫНДА ҚАР КӨЛЕМІ ЕДƏУІР КӨП ТҮСКЕНДІКТЕН, БИЫЛ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН, АҚМОЛА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН, ҚАРАҒАНДЫ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТАРЫНДА ӨЗЕН-КӨЛДЕР АРНА-СЫНАН ТАСЫП, БІРҚАТАР ҚОЛАЙСЫЗДЫҚ ТУЫНДАТУЫ МҮМКІН.

қаупі жоғары өзендерде 180 километр жерден жағалауы бекітіліп, табаны тереңдетілген, 88 километр жерден жағалауы түзетіліп, кеңейтілген. 2 мың шаршы шақырым канал бойы жабдықталып, тазаланған.

Су тасқынының алдын алу жəне салдарын жою үшін келесідей көлемде қор дайындалды: 28 мың тонна ЖЖМ; 426 мың тоннадан астам инертті матери-алдар; 1,3 миллион дана қап; 105 тонна жарылғыш зат.

Биыл тұрғын үйлерді су шайып кету оқиғаларын болдырмау үшін жергілікті атқару органдары елді мекендерден 10 миллион текше метрден астам қар шығарды, қар шығару жұмыстары əлі де жалғасуда.

Тұрғындарды су тасқыны кезіндегі іс қимылдарға оқыту бойынша қарқынды жұмыстар жүруде. Қауіпті аймақтарға жататын елді мекендердің тұрғындарына су тасу қаупі кезіндегі тəртіп ережелері жазылған жадынамалар таратылуда. Бүгінгі таңға дейін 121 мың жадынама парақшалары таратылды.

Төтенше резервтер мен шұғыл қажет резервтерге əкімдіктерде 14 миллиард 100 миллион теңге (7,1 млрд. теңге – төтенше резервтерге, 6,9 млрд. теңге – шұғыл қажет шығындарға) қарастырылған.

Мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіре түсу жəне басқару органдары мен күш-құралдарды көктемгі кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайындау мақсатында 3-4 наурыз күндері «Көктем» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығулар барысында жеке құрамы 141 650 адамды құрайтын жəне 17 мыңнан астам арнайы техникасы бар 10 мыңнан астам апаттық-құтқару қызметтері құрылымдарының арнаулы мақсаттағы дайындықтары тексерілді.

Одан да басқа кең ауқымдағы жұмыстар жылдан жылға тəжірибе аясында жетілдіріле атқарылуда. Бір сөзбен айтқанда, «Апат айтып келмейді», əйтсе де, тиісті органдар маусым қаупіне қамсыз емес.

Page 2: Сақшы №25 (4191)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№25 (4191), сейсенбі, 5.04.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бетті дайындаған Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

АҚШ

Қытай

Чехия

Ең сұлу əскери əйелдер анықталуда

Жапония

Жұмыстан зорыққан жапондықтар

Білім жүйесіндегі бірізділік

Чехия билігі 25 христиан босқынды Ирак еліне қайтару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Би-би-си.

Чехиялық СТК ақпарат агентт і г ін ің мəліметінше, сенбі күні 25 босқын Германияға бет алған автобусқа отырған. Алайда, оларды неміс шекарашылары тоқтатып, чехиялық тарапқа заңсыз мигранттарды қайтарып алу-ды ұсынған. Елдің Ішкі істер министрі Милан Хованец босқындар чехтардың қонақжайлығын пайдаланғандығын, олар Иракқа қайтуы керектігін айтып отыр.

Полиция оларға жеті күн ішінде сапарға дай-ындалып, қалай еліне жеткісі келетінін таңдау керектігін хабарлады.

ҚАЗАҚСТАНДА ГРАНТТАР ВАУЧЕРЛЕРГЕ АУЫСТЫРЫЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ ЕРЛАН САҒАДИЕВ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ РЕКТОРЛА-РЫМЕН КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА АЙТТЫ.

«Гранттарға қатысты айтатын болсақ, бұл мəселе өткен аптада талқыланды. Ұлттық, мемлекеттік, жекеменшік жоғары оқу орындарының ректорлары болды. Барлығы гранттардың бірыңғай болуы-на келісіп отыр десе болады. Сонымен қатар, олар мұның 2017 жылдан бастап енгізілгенін қалап отыр. Жалпы, бұл орынды. Ректорлардың басым бөлігінің көзқарасы бойынша, гранттардың бұдан əрі дамуы грузиндік модель бағытында жүруі тиіс, оларда гранттар ваучерлерге айналған», – деді Е.Сағадиев.

Ол мұның не екенін түсіндіріп берді. «Яғни, мем-лекет ваучер береді жəне студент сол ваучермен кез келген жоғары оқу орнына бара алады, егер ол оқу орны ваучердің құнынан қымбат болса, ол өзі қосымша ақы төлей алады. Сондай-ақ, студент оқу орны үшін аса қажет болса, яғни ол олимпиадалардың жеңімпазы, өте дарынды немесе аз қамтылған отбасынан болса, онда мемлекет не-месе жоғары оқу орны көмектесе алады, яғни бүкіл əлемдегідей өз гранттарын бөлу арқылы», – деді министр.

Сонымен қатар, кездесу барысында ректорлар жоғары оқу орындарының автономиясы жөнінде сөз сөйледі. Бұған министр өз ойын айтып, алдағы

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ƏСКЕРИ ƏЙЕЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛІП ОТЫРҒАН «БАТЫР АРУЛАР» БАЙҚАУЫНА ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ.

М и н и с т р л і к т і ң м ə л і м е т і н ш е , қазақстандықтардың Қарулы Күштерде қызмет етіп жүрген əскерилердің 12 үздік өкілін өздері таңдауына жақсы бір мүмкіндік туып отыр. Дауыс беру Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында өткізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойын-ша ҚР Қарулы Күштері əскерилерінің 12 үздік өкілі анықталады. Байқау Қазақстандағы қыз-келіншектердің əскери қызметін жария ету үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылды», – делінген баспасөз хабар-ламасында.

2016 жылы «Батыр арулар» байқауына 200-ден аса өтініш қабылданды. Оның ішінде байқаудың техникалық талаптарына сəйкес келген 80 сауал-нама іріктелінді.

уақытта əр жоғары оқу орнының өз үлгісіндегі дип-ломын бере бастайтынын мəлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, біз мұны біртіндеп төрт жыл ішінде енгізуді ұйғардық. Ол мемлекеттік үлгідегі дипломдарды беруді қысқарту арқылы енг і з і лет ін болады, осыдан кей ін , я ғни дағдылануға берілген өтпелі кезең - 2021 жылға дейін жоғары оқу орындары өз арала-рында қатаң бəсекелестік тəртібінде болып, өз үлгілері бойынша дипломдарын бере бастайды. Тиісінше, төрт жылдың ішінде университеттердің іш інде б ірт індеп академиялық ерк інд ікт і ырықтандыру жүреді, ол академиялық еркіндік аккредиттеуші халықаралық ұйымдардың тара-пынан бақыланады. Бұл жүйенің барлығы жалпы ойластырылып қойды. Біз баяндағандай, оның кей тұстары бекітілді», – деді министр.

КЕШЕДЕН БАСТАП ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН СМАРТ-ФОНДАР МЕН ПЛАНШЕТТЕР ПАЙДАЛАНУҒА САЛЫНҒАН ТЫЙ-ЫМ КҮШІНЕ ЕНДІ.

Атап айтқанда, бұған дейін хабарланғандай, мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытында фото-бейне камералары бар, Интернет желісіне қосылатын гаджеттерді пайдаланбайтын болады. Дегенмен, бұндай тыйымның жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысы бол-майды. Мəселен, ҚР Президент Əкімшілігі Басшысының орын-басары Марат Бекетаевтың айтуынша, жергілікті полицияға «WhatsApp» арқылы хабарламалар алуға мүмк і нд і к бер і лед і . «Жалпы , смартфон ұстауға тыйым салу туралы ережені дұрыстап оқысақ, ереже бойынша құпия құжаттар бар мекемелердің қызметкерлері туралы айтылған. Ал , учаскел і к полицияның жұмыс орны аудандардың аумағын қамтиды, сондықтан, байланыс үшін оған смартфон керек», – деді М.Бекетаев.

Айта кетерлігі, Ішкі істер министрлігі Əкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мұндай шешімнің ҚР Премьер-Министр Кеңсесімен келісілгенін айтқан болатын.

«Бірқатар мемлекеттік органдардың басым бөлігінде 1 сəуірден, кейбірінде 4 сəуірден осы тыйым күшіне енеді. Бұның мерзімін əрбір

Салынған тыйым күшіне енді

мемлекеттік орган өздері белгілейді. Ал Ішкі істер министрлігіне келсек, біз 1 сəуірден бастап қызметкерлерге смартфон немесе планшетті жұмысқа əкелуге тыйым салатын боламыз. Басшылардан бастап, қазірдің өзінде қарапайым қалта телефондарына, Интернетке қосылмайтын телефондарға көшіп жатыр», – деген болатын И.Лепеха.

Ал бұндай тыйымның енгізілуіне жоғары ла-уазымды тұлғалардың қолы қойылған бірқатар маңызды қ ұжат тардың Wha t sApp жəне Facebook желісі арқылы жұртшылыққа тарап кетуі себеп болып отыр. Осыған байланысты, қызметтік ақпараттарға, мемлекеттік құпияларға қолжетімділігі бар қызметкерлерге смартфон пайдалануға тыйым салынған.

БҮГІНГІ КҮНІ «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» БОЙЫНША ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУГЕ ЖАТАТЫН 110 МЫҢҒА ЖУЫҚ САЛЫМШЫ-МЕН ҚОСЫМША КЕЛІСІМШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ. БҰЛ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУГЕ ЖАТАТЫН ДЕПОЗИТТЕРДІҢ 20 ПАЙ-ЫЗЫН ҒАНА ҚҰРАЙДЫ.

Мұндай қарқынмен 200 мыңға тарта салым-шы банкпен арадағы

Салымшылар өтемақыдан қағылуы мүмкін

қосымша келісімшарттар жасау мерзіміне үлгермеуі мүмкін. Еске сала кетейік, б а н к п е н с а л ы м ш ы -лар арасында өтемақы б о й ы н ш а қ о с ы м ш а келісімшарттар жасасу 2016 жылдың 8 ақпанынан басталған болатын. Осы үдеріске берілген 114 күнтізбелік күнді есепке алғанда күн сайын орта есеппен 4096 қосымша келісімшарт жасалуы керек болатын. Алайда, бүгінгі күні қабылданып жатқан өтінімдердің орташа саны екі жарым мыңнан аспайды.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» қосымша келісімшарттар жасау мерзімі 2016 жылдың 1 маусымында аяқталатынын ескерсек, онда жоспарланған келісімшарттардың тек жартысына ғана қол қойылуы мүмкін», – делінген баспасөз баянында.

Атап айтқанда, Қарағанды облысы бойынша өтемақы төлеуге жататын 31 433 депозиттердің 5970-іне ғана қосымша келісімшарттар жасалған. Ақтөбе облысында – 32 490 салымшының 7843-і,

Атырау облысында – 17 479 салымшының 3070-і, Алматы қаласында – 56 295 салымшының 13 188-і, Астана қаласында – 62 049 салымшының 18 160-ы ғана қосымша келісімшарттар жасасқан.

«Егер депозиттер сомасына шаға қарастырсақ, 1 млн. теңгеге жетпейтін 352 860 жəне 1 млн. теңгеден жоғары 26 515 салым бойынша келісімшарттар жасалмай отыр. Осылайша, бүгінгі таңда өтемақы ретінде бөлінген 21 млрд. теңгеден астам сомаға сұраным болмауы мүмкін. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бастапқы кезден 467 мың келісімшарт бойынша өтемақы төленетінін жариялаған болатын. Оның ішінде салым мөлшері 1 млн. теңгеден асатын салымшы-лар да қамтылған еді. Өтемақы төлеуге жататын салым сомасы қазіргі күні 153,1 млрд. теңгені құрап отыр.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИ-ЦИЯ ҚЫЗМЕТІН МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОСЫМША 500 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» – ҰЛТ ЖОСПАРЫН ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН БАСПАСӨЗ МƏСЛИХАТЫНДА АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ƏКІМІ СЕРГЕЙ КУЛАГИН МƏЛІМ ЕТТІ.

«Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша екінші қадам аясында Президенттің Жарлығын орындау бағытында Жергілікті полиция қызметі құрылды. Оның негізгі міндеттеріне тоқталатын болсақ, бұл тұрғыда қоғамдық тəртіпті қорғау, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары қамтылған. Жүктелген міндеттерді орындау мақсатында жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін облыс бюджетінде қосымша 500 млн. теңге жос-парланды», – деді С.Кулагин.

Жергілікті полиция қызметіне 500 млн. бөлінеді

БҮГІН ЕЛОРДА ƏКІМДІГІНДЕ ӨТКЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА ХАЛЫҚТЫ ТІРКЕУ ЖƏНЕ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МƏСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ. АСТАНАДА КӨШІ-ҚОН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕЙТІН АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР БЕКІТІЛУІ МҮМКІН.

Елорда əкімдігінің аппарат отырысында тұрғын үйде бір адамға есептелген белгілі бір шаршы метрлер болған жағдайда ғана азаматтарды тіркеу, сондай-ақ, тұруға арналмаған орынжай-ларда (мысалы, саяжай немесе кеңсе) тіркеуге тыйым салу ұсынылды.

Астанада кеңінен тараған мəселелердің бірі – азаматтардың тіркеусіз жəне есепке алынбай тұруы, сонымен қатар, азаматтардың бақыланбайтын ішкі көшіп-қонуы болып табы-лады.

Астанада шектеу шараларының болмауы же-келеген үй иелеріне бір мекенжай бойынша, шын мəнінде онда тұрмайтын ондаған жəне жүздеген адамды тіркеуге мүмкіндік береді. Қалада кейбір пəтерлерде 400-ден астам азамат тіркелген жағдайлар да болды, бұл ретте бір пəтерге 100-200 адам тіркелу кеңінен тараған құбылыс. Көптеген пəтер иелері осылайша ақша тауып келеді, алайда олар тіпті əкімшілік айыппұл төлегеннен кейін де адамдарды тіркеуді тоқтатпайды.

«Тұтастай бір көлеңкелі индустрия жұмыс істеуде. Бұл тəртіпсіздікке заң жүзінде реттелмеуі ықпал етеді», – деді Астана əкімі Ə. Жақсыбеков. Елорда басшысы тиісті мемлекеттік органдар-мен осы мəселені қарауды жəне «Астананың мəртебесі туралы» Заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Елордада тіркеуге тұру қиындамақ

256 адам полицейдің қолынан қаза тапты

Америкалық полицейлер қызметтерін атқару барысында үш айдың ішінде 256 адамды атып өлтірген.

«2016 жылғы наурыз айының аяғына дейін полицейлер 256-шы адамды атып өлтірген. Бұл сан өскен сайын қоғамдағы наразылық та артып келеді», – деп хабарлайды The Washington Post. Ал өткен жылы АҚШ-та тəртіп сақшыларының қолынан 990 адам көз жұмған. Ол адамдардың көпшілігі бейбіт тұрғындарға жəне полицейлерге қауіп төндірген.

Жапонияда жұмыстан зорығып өлген қызметкерлердің саны артуда, деп жаз-ды Gazeta.ru Reuters-ке сілтеме жасап.

Жұмыстан зорығып қаза табуға байланысты талап-арыздар саны жылына бір жарым мың адамға дейін артты. Ұлттық қорғау кеңесінде «кароши» саны он есе азайтылып көрсетілгенін хабарланды.

«Билік симпозиум шақыртып, осы пробле-ма туралы хабарлама жариялайды. Бастысы жұмыс сағатын азайту қажет, үкімет осы бағытта көп жұмыс жүргізуде», – деп мəлімдеді ұйым өкілі Хироши Кавахито.

Жапония еңбек министрлігі «карошидің» екі түрі бар екенін атап отыр: зорығуға бай-ланысты жүрек-қан тамырлары ауруы жəне өз-өзіне қол салу. «Карошиден» қаза тапқан қызметкердің айына 100 сағаттан көп жұмыс істегені анықталды. Бұдан бұрын Ирвиндегі Калифорния университетінің ғалымдары жұмыс пен денсаулық арасындағы байланысты анықтаған болатын.

Табиғат тосын мінез танытуда

Оңтүстік қытайлық Гуандун провинция-сында Эль-Ниньода су тасқыны салдары-нан сегіз мың адам көшірілді, бұл туралы Орталық қытай телевидениесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

Бұдан басқа, оның деректері бойынша, су тасқыны салдарынан провинцияда 150 мың адам зардап шекті.

«Биыл Эль-Ниньо құбылысының едəуір күшеюі салдарынан Янцзы өзенінің маңында төтенше жағдай туындау қаупі жоғары», – деп мəлімдеді ҚХР Су шаруашылығы министрінің орынбасары Лю Нин. Оның айтуынша, елдің бірқатар аудандарында осы жылы мамырда рекордтық жауын-шашын мөлшері күтілуде. Бұл күшті су тасқынына алып келуі ықтимал. Ал Эль-Ниньо тынық мұхиттың экваториалдық бөлігінде температураның жоғарылауын ту-дыратын жылы ағынды қамтиды. Табиғаттың тосын мінезі жел бағытына ықпал етеді. Сондай-ақ, бір өңірлерде нөсер жауын жауса, бір жерлерде құрғақшылық орын алып жатады.

Босқындарды қайтаруды ұйғарды

Page 3: Сақшы №25 (4191)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№25 (4191), сейсенбі, 5.04.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР

ЕСІРТКІ АЙНАЛЫМЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Семинар жұмысына Қазақстан, Қ ы р ғ ы з с т а н , Т ə ж і к с т а н ж ə н е Өзбекстан, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, еуропалық мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік органдарының, Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО), сондай-ақ басқа да беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы атынан барлық құқық қорғау органдары, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, соттық сараптама жəне денсаулық сақтау өкілдері келді.

Қошемет сөзінде есірткіге қарсы күрес ведомствосының бастығы Сұлтан Құсетов ҰҚШҰ-ның жауап-ты аймағына кіретін мемлекеттер Ауғанстаннан келет ін жаһандық

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫ-СЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИ-ЦИЯ ПОЛКОВНИГІ МАНАРБЕК ҒАБДУЛЛИН ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ. КЕЗДЕСУ ӨТЕТІНДІГІ ЖАЙЛЫ ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚҚА АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТІЛІП, ХАБАР ТАРАТЫЛҒАН БОЛАТЫН.

Облыс аума ғында наурыздың 29-ы мен сəуір айының 4-іне дейінгі аралықта белгіленген кестеге сəйкес Орал қаласындағы учаскелік полиция бекеттерінде жергілікті халықпен кездесу жұмыстары жүрг і з і лд і . Алғашқы кездесу қалаға жақын орналасқан Деркөл ауылындағы №14 учаскелік полиция бекетінен басталды. Облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, поли-ция полковнигі Манарбек Ғабдуллин тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беруге тырысты. Тұрғындардың бірін тұрғылықты мекенжайындағы құқық бұзушылық жағдайлары маза-ласа, енді бірі жастардың тəрбиесі, бұрынғы дəстүр бойынша қоғамдық жасақтар дайындау мəселес імен

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚАТАРЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АУЫРЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫН ӨТЕУ ЖОЛЫНДА ҚАЖЫМАЙ ЕҢБЕК ЕТІП, ЕРЛЕРМЕН ИЫҚ ТІРЕСЕ, КҮРДЕЛІ ДЕ ЖАУАПТЫ САЛАДА ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖҮРГЕН НƏЗІК ЖАНДАР ЖЕТЕРЛІК.

МАРАПАТ

БІЛІМ мен БІЛІК

Қазалының Құрметі

Солардың бірі – Қазалы аудандық Ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің əйелдерге қарсы жасалған зорлық-зомбылық көріністерімен күрес тобының инспекторы, полиция подполковнигі Құрмет Есетова. 20 жылдан аса уақытын Қазақстан Республикасына қызмет етуге арнаған ол өз мүддесінен гөрі халықтың мүддесін биік қоя жүріп, тыныштық пен бостандықтың сақталуын басты міндеті еткен. Осы қажырлы еңбегі өтеліп, 29 наурыз күні өткен Əйелдер кеңесінің отырысында Құрмет Мақсатқызы Қазалы ауданының əкімі Шамұрат Нажмадиннің қолынан Алғыс хатқа ие болды. Кеңеске өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы-на үлес қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген қыз-келіншектер де қатысты.

Қазалы ауданының əкімі өз саласында абыройлы еңбек етіп жүрген Құрмет Мақсатқызының мол тəжірибесін, қажыр-қайратын, тəуелсіз еліміздің өркендеуі жолында қосқан үлесін, парасатты парызын жоғары бағалап, əлі де биік белестерді бағындырып, құқықтық Қазақстанның өсіп-өркендеуіне мол үлес қосатынына сенім білдірді.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Оқыту курстары Ішкі істер министрлігі м е н Қ а з а қ г у м а н и т а р л ы қ з а ң университеті қол қойған меморандум шеңберінде сəуір айының 4-і мен 12-сі аралығында өткізіледі. Кеше бастау алған оқыту курстың жұмыс жоспары да бекітілген. Осы 10 күннің ішінде тергеушілер мен анықтаушылар үшін университеттің жетекші мамандары, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, ҰҚК қызметкерлері теориялық білімдері мен тəжірибені ұштастыра отырып дəрістер мен тəжірибелік сабақтар өткізбек.

ФОРУМ

Ресоциализация жүйесінің тиімділігі

Форумда талқыланған негізгі сұрақтардың бірі – бас бостандығынан айыру орындарынан босаған жəне пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды əлеуметтік бейімдеу жəне ресоциализация жүйесін тиімді ұйымдастыру. Шараға Шығыс Қазақстан облысы əкімінің бірінші орынбасары Н.Сақтағанов, облыс прокурорының орынбасары Н.Бижанов, аймақ бойынша ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы А.Əмірғалиев, облыс прокуратурасы 7-басқармасының бастығы О.Морозов, өңір бойынша ҚАЖД бастығы Т.Молдажанов, ҚАЖД бастығының орынбасарлары М.Смағұлов, А.Смағұлов, аймақтық ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Д.Қазақбаев, жергілікті жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығының міндетін атқарушы С.Мырзабиева, денсаулық сақтау басқармасының бастығы В.Овсяников, ҚАЖД пробация қызметі бөлімінің бастығы Қ. Омаров, «Еңбек-Өскемен» РМК бөлімінің бастығы Ю.Нұрмұхамедова жəне ЖШС, ЖК директорлары, БАҚ өкілдері қатысты.

Бір үстел басына жиналған құзырлы орган басшылары мен диалогқа қатысушылар сотталғандарды ресоциализациялау жəне босағаннан кейінгі кезеңде нақты көмек көрсету мəселелерін талқылап, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Облыс бойынша ҚАЖД-нің бастығы, əділет полковнигі Талғат Молдажанов пробация қызметі мемлекеттік жəне жергілікті атқару органдарымен өзара əрекеттесу арқылы сотталғандарға көмек көрсетіп келе жатқанын айтып өтті. Ол сондай-ақ, бұл бағытта жүзеге асырылып келе жатқан жеке бағдарламалардың департамент тарапынан басты назарға алынғандығын да атап өтті. «Бұл дегеніміз жеке бағдарламалардың жүзеге асуында формализмнің орын алуына жол берілмейді деген сөз. Қолға алынған шаралар нəтижелі істерге əкелетіндігі сөзсіз. Мəселен, сотталғандарды жұмыспен қамту, медициналық, құқықтық жəне басқа да көмектер беруде нақты қорытындыға келе аламыз», – деді əділет полковнигі Талғат Молдажанов.

Сонымен қатар, ҚАЖД бастығының орынбасары Миржан Смағұлов көтерілген тақырып бойынша жергілікті БАҚ-қа сұхбат беріп, форумның маңыздылығын жəне негізгі бағыттарын атап өтті.

Шара соңында пробация қызметінің есебінде тұрған жəне сотталғандармен жұмыс істеу бойынша құқық қорғау органдары мен атқарушы органдардың өзара бірлесіп жұмыс жасауы үшін қажетті бірнеше міндет қойылды.

Рустам ТӨЛЕГЕН, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНДА «РЕСОЦИАЛИЗА-ЦИЯ: СЕН ҚОҒАМҒА КЕРЕКСІҢ! ТЫ НУЖЕН ОБЩЕСТВУ! SOCIETY NEEDS YOU!» ТҮРМЕ РЕФОРМАСЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ.

мəселелері сөз болдыАЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА 31 НАУРЫЗДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА-СЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ АҚШ ƏДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІМЕН БІРЛЕСІП ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ЖАҢА ПСИХОАКТИВТІ ЗАТТАРДЫ БАҚЫЛАУ. ТАРАЛУ ҮДЕРІСІ. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МƏСЕЛЕЛЕРІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТƏЖІРИБЕ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕКІ КҮНДІК СЕМИНАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.

ес і р тк і трафиг і нен басқа жаңа психоактивті заттардың, тұздар, мик-стер, шылым қоспасы түріндегі тара-тылатын синтетикалық есірткілер деп аталатын проблемамен кездесіп отыр деп атап өтті.

«Осы деңгейде Қазақстанда оларды тарату əрекеті орын алуда. Сонымен қатар, превентивт і заңнамалық тетіктерді қалыптастыру жəне респу-блика аумағында жаңа психоактивті заттарды таратуға қарсы іс-қимылдың практикалық тет іктер ін əз ірлеу мақсатында барлық мемлекеттік орган-дар қарқынды жұмыс жасауы қажет» деді Сұлтан Тұралинұлы.

Осы мəселеге арналған жəне Орталық Азия өңір інде осындай ауқымда өткізіліп отырған іс-шарада бірқатар мəселелер талқыға салын-

ды. Атап айтқанда, халықаралық се-минар жаңа психоактивті заттардың айналымына қарсы іс-қимылды жəне мемлекеттік бақылауды құқықтық реттеу; көрсетілген заттарға сапалы сараптамалық зерттеу жүргізу жəне оларды тыйым салу категориясына жатқызу; жаңа психоактивті заттар-ды азаматтардың денсаулығына зиян келтірудің медициналық критерийлері бойынша наркология тұрғысынан анықтау жəне оларды пайдалану тəуелділігін қалыптастыру мəселелеріне арналған талқылау үшін тиімді алаң болды.

С е м и н а р б а р ы с ы н д а ж а ң а психоактивт і заттарды таратуға қарсы іс-қимыл мəселелерінің барлық аспектілері қаралды жəне олардың заңсыз айналымына шек қоюдың құқықтық жəне практикалық сипат-та əмбебап жəне барлық қатысушы мемлекеттер үшін модельді шаралары əзірленді.

С о н д а й - а қ , с е м и н а р ұйымдастырушыларының бастама-сымен барлық мемлекеттерге ұлттық заңнамаға сəйкес практикалық қолдану үшін жолданатын тиісті нұсқаулықтар əзірленді.

Өз тілшімізден

Оқыту курстары жұмысын бастады

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ САУАТТЫ ЖҮРГІЗІЛУІ ТЕРГЕУШІЛЕР МЕН АНЫҚТАУШЫЛАРДЫҢ КƏСІБИ БІЛІКТІЛІГІНЕ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ. КЕШЕ ОСЫ МАҚСАТТА АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ІІД-НІҢ ТЕРГЕУШІЛЕРІ МЕН АНЫҚТАУШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП ОТЫРҒАН КƏСІБИ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ 10 КҮНДІК КУРСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ.

«Қызметке жаңадан араласқан анықтаушылар мен тергеушілердің білім-біліктілігін арттыру үшін осын-дай оқыту курстары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Астана қаласы бойынша отыздан астам тергеуші мен анықтаушының басын біріктіріп отырған оқыту курстары барысында жас маман-дар жоғары оқу орны қабырғасында алған білімдерін бекітіп, жаңадан қабылданған заңнамалар негізінде жұмыс істеуге машықтанады. Қазақ гуманитарлық заң университетінің

базасында өткізіліп отырған оқыту к у р с ы б а р ы с ы н д а т ə ж і р и б е л і к жұмыстарға аса көңіл бөлінетін болады. Тəжірибелік сабақтар арнайы зертха-наларда жүргізіліп, онда дəріс алушы-лар теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алады», – деді Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Санжар Əділов.

Оқыту семинарының жұмысына Астана қалалық ІІД-нің аудандық басқармаларынан жалпы саны 34 жас маман қатысуда. Бұл курстың ж ұ м ы с ы н а қ ы з м е т к е ж а ң а д а н қабылданғандармен қатар бірлі жарым жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер де қатысты. Себебі, жоғары оқу орнын бітіре сала тергеу саласына араласқан жас мамандардың біліктілігін арттыру кезек күттірмейтін жұмыс. Тергеушілер мен анықтаушылардан бөлек жетекші құрам мен əкімшілік қызметкерлердің арасында өткізіліп тұратын мұндай оқыту курстары өз нəтижесін беріп келеді екен. «Біздің тəжірибемізде осындай оқыту семинарлары бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл семи-нар жұмысына қатысушылардың көбісі өзіміз сияқты жұмыс тəжірибесі жоқ жас мамандар. Осы он күннің ішінде теориялық біліммен шектеліп қалмай тəжірибелік қарым-қабілеттерімізді де арттыратын боламыз», – дейді курсқа қатысушы жас мамандар.

Онкүндік курстың ашылуы рəсіміне Астана қалалық ІІД-нің басшылық құрамымен қатар Қазақ гуманитарлық заң университетінің қызметкерлері, Бас прокуратура өкілдері арнайы қатысып, жас мамандардың жігерін жанып сөйледі. Бұл курстар олардың қарым-қабілеттерін шыңдап, кəсібиліктерін арт-тыратынына сенім білдірді. Айта кететіні, біліктілікті арттыру курстары аяқталған соң қатысушылардың барлығына арнайы сертификат табысталады.

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

Кездесуде көтерілген мəселелербөлісті, ал кейбіреуі жеке мəселесі бойынша келді.

М а н а р б е к С е р і к қ а л и ұ л ы ə р тұрғынның сұрағына жауап беріп, балаларға арналған ойын алаңын салу, жол мəселесі секілді өзекті мəселелерді жергілікті атқарушы ор гандар өк і лдер і қ а тысуымен өтетін жиында ескертетін ін айт-ты . Ауылда ғы спорт клубының

жетекшісі Мұхит Мəжитұлы есімді ауыл тұрғыны жергілікті учаскелік по-лиция инспекторларының жұмысына тоқталып, айналадағы тазалықты сақтауға ерекше мəн беріп, ауылдағы ардагерлер, жасы үлкен азаматтар ара-сынан ерікті түрде қоғамдық жасақтар құрып, құқық бұзушылықтардың ал-дын алуға септіг ін тиг ізсе деген ұсынысын білдірсе, зейнеткер Федор

Семенихин көршіс ін ің күнделікт і той-томалағы бітпейтін ін айтып, наразылық танытты.

Бұл құқық бұзушылықтар мен ұсыныстарды жергіл ікт і полиция қызметінің басшысы жіті бақылауға алып , т и і с т і шаралар қолдану қажеттілігін атап өтті. Тіпті, кездесу соңында аталған мекенжайларға барып, мəн-жаймен танысып, істің ақ-қарасын анықтады.

«Полиция қызметі халықпен өте тығыз қарым-қатынасты жұмыс істеуі қажет. Қарапайым халық дер кезінде тəртіп сақшысына жүгіне алғаны жөн. Сондықтан азамат-тарды қабылдау жұмыстары апта сайын өтк і з і л і п т ұрады , – дед і Манарбек Серікқалиұлы. – Б ізге жү г і н г ен əр а замат тың с ұра ғы ж а у а п с ы з қ а л м а й д ы . Ə р и н е , учаскелік инспектордың жұмысы қиын. Оның мойнына ауылдың бар ауыртпалығы түседі. Учаскелік ин-спектор болғандықтан, барлығына жауапкершіл ікпен қарау қажет .

Тəрт іп сақшысы халыққа жақын болса, тіркелген қылмыстың саны азайып, оның ашылуы арта түседі».

Келес і күн і Орал қалалық І ІБ жергілікті полиция бөлімінің бастығы Мүслим Жəрдемов 4-шағын аудандағы көп қабатты №12 үйдің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ол ауданға бекітілген учаскелік инспектордың халықпен қызметі туралы тұрғындардан сұрап, олардың қойған сауалдары-на жауап берді. Қызмет бастығы тұрғындарға ауладағы автокөліктеріне, үйдің құлыптарының дұрыстығына мейлінше мұқият болуларын ескертті. Сондай-ақ, үй жануарларын үйде ұстау ережесін де естеріне салып өтті.

Тұрғындармен кездесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Келесі кезекте, қала маңындағы халық көп шоғырланған Круглоозерный, Серебряково, Желаев аудандарына жəне қаладағы бірқатар учаскелік пункт-ке бару жоспарланған.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Page 4: Сақшы №25 (4191)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№25 (4191), сейсенбі, 5.04.2016 е-mail:[email protected]

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ

ҚҰҚЫҚ ЖОЛДАУ ЖОЛДАРЫНАН

Асқақ арман. Кемел келешек. 100 қадам

ЖАЛҒАН ХАБАРШЫ ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

ӨРТ СӨНДІРУШІ ОТ АПАТЫНАН АДАМДАРДЫ ҚҰТҚАРУҒА ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН БІРГЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕЗ КЕЛГЕН ҚАУІП-ҚАТЕР МЕН ДАҒДАРЫСТАРҒА ДАЙЫН, ӨЗ ЕЛІНІҢ БІЛІМДІ ДЕ БІЛІКТІ АЗАМАТЫ БО-ЛУЫ МІНДЕТТІ. ОСЫ ОРАЙ-ДА, РУДНЫЙДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ.

Соңғы бес жыл ішінде ішкі істер органдарында қабылдаған шаралар нəтижесінде терроризм актісі тура-лы көпе-көрнеу жалған хабарлама таратуға байланысты қылмыстардың д ең г ей і а й т арлықтай а з ай ғ ан . Мəселен, 2011 жылы осындай 123 хабар келіп түссе, 2012 жылы 114, 2013-те 91, 2014 жылы 84, өткен жылы 86, ал биыл 16 жалған ақпарат таратылған.

2016 жылдың үш ай ішінде осын-дай қылмыстарды жасағаны үшін 13 адам ұсталған болатын. Оның 10-ы қылмыстық жауапкершілікке тартылса, 3-еуі жауапкершіліктен босатылды.

Талдау көрсеткендей, биыл бұл қылмыс 30-49 жас аралығындағы адам-дар арасында жиі тіркелген. Орта жастағы адамдар жасаған дерек саны 10-ға жеткен. Ал 50-ді еңсерген егде кісілер екі рет жалған ақпарат берсе, жастар жағы бұл қылмыс түрінен алшақ жүретіні көрініп тұр. Жастар телефон терроризмінің тек 1 фактісіне қатысты ғана жауапқа тартылған.

Статистикаға сəйкес осы ессіздіктері үшін жауапкершілікке тартылған адамдардың 31 пайызы қылмыс жа-

Бейнекамералардың к ө м е г і м е н анықталған құқық бұзушылықтардың б а с ы м б ө л і г і ж о л қ о з ғ а л ы с ы ережелерімен бай-ланысты. Тек соңғы б і р айдың іш і нде камералар жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 600-ден астам жаяу жүргіншіні анықтады. Мұндай жа-уапсыз жүргіншілер өздеріне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіреді. Сонымен бірге, камералар назарына қауіпсіздік белдігін тақпай, жол үстіндегі жолақтар мен белгілерге немқұрайлы қараған, көлік тізгінінде отырып телефонмен сөйлескен, көліктің шамдарын қоспай жүргізетін жүргізушілер де жиі түседі.

«Бейнекамералар назарына ұсақ бұзақылық фактілері де ілінеді. Наурыз айын-да камералар қоқыс лақтырған 400-ден астам құқық бұзушыны, қоғамдық орын-дарда мас күйде жүрген 440 адамды анықтады», – дейді Петропавл қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының бастығы, полиция майоры Самат Құспеков.

Сондай-ақ, сақшылар камералардың көмегімен 35 қылмысты ашуға мүмкіндік алған. Заманауи техниканың арқасында ашылған оқиғаның бірі таяуда Петропавл қаласында тіркелген еді. Қаланың 27 жастағы тұрғыны орталықтағы дəмханалардың бірінің шынысын сындырып кеткен. Түнгі сағат үш кезінде

болған бұл жағдай туралы полицияға дүкеннің иесі хабарлаған. Жедел басқару орталығының қызметкерлері бір сағат ішінде күдіктінің жүрген жерін анықтады. Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері жедел басқару орталығындағы əріптестері берген ақпараттардың көмегімен бұзақыны дереу құрықтады.

Ұялы телефон ұрлаумен айна-лысып жүрген өзге қала тұрғыны да бейнебақылау камераларының көмегімен ұсталды. «Қалта қағарға» қатысты берілген бағдар мен оның нақты жүрген жері қылмысты ізін су-ытпай ашуға септігін тигізді.

Алайда , сыбайлас жемқорлық еліміздегі мемлекеттік басқарудың, инвестициялық тартымдылықтың тиімділігін төмендетуге əкеп соғады, қарқынды əлеуметтік-экономикалық дамуды бөгейді.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске емес, оның алғышарттарын жоюға бағытталған ел Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жаңа сыбай-лас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды.

ЕЛБАСЫ Н.Ə.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АРНАҒАН «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» АТТЫ ЖОЛ-ДАУЫНДА БАРЛЫҚ САЛАЛАРҒА ДА ЕРЕКШЕ МƏН БЕРІЛГЕН. ЗАМАН АҒЫМЫ ЖЫЛДА ЖАҢАРЫП, ӨЗГЕРЕДІ.

Білім беру қызметі, оның ішінде қазіргі қоғамға бейімделген, талапқа сай тəртіп сақшыларын даярлау басты міндет саналады.

Өйткені, жоғары білікті, өз кəсібінің шебер мамандарын даярлау мəселесі қашан да өзекті. Еліміздің дамуында маңызды рөл атқаратын кəсіби мамандардың орны қай уақытта да ерекше. Елбасымыздың аталмыш Жолдауында жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері, еліміздің дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері туралы баса айтылған. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ басқан тұста барлық сала маман-дары тиісті жауапкершілік жүгін өз мəнінде атқаруы тиіс.

Бүгінгі ахуал Елбасымыз айтқандай, жетістіктерімізді сынға алып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сəтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай еңбек ету қажет екендігі айтпаса да түсінікті.

Ал, Ұлт Жоспарында полиция қызметкерлерінің іскерлік қабілеттерін жақсарту, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу, жергілікті полиция қызметін құру, қоғамдық кеңес жүйесін құру, ішкі істер ор-гандары жұмысының тиімділігін бақылауға мүміндік беретін «қылмыстық құқық бұзу картасы» порталын құру секілді біршама тиімді жұмыстардың алғышарттары көрсетілген. Қазіргі уақытта құқықтық тəртіп пен қауіпсіздік басты назарда тұрғаны белгілі. Заңның қай салада да үстем болуын қамтамасыз ететін тегеурінді құқық қорғау жүйесі бар мемлекет қана дамудың даңғыл жолына түседі.

Сондықтан да бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған Ұлт Жоспарында құқық қорғау жүйесін жаңғырту жолдары заман талабына сай қарастырылған. Биылғы жыл азат ел атанғанымыздың ширек ғасырлық белесін бағындыратын жыл. Жолдауда айтылғандай ел тəуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар əманда мəңгі болмақ.

Сондықтан озық 30 елдің қатарынан көрінетін күн біз үшін аса алыс емес деп ойлаймын. Еліміз қай салада да жаңа белестерді бағындырып келеді. Білімді, белсенді жастарымыз көп болса, алынбас асу, бағындырмас белес болмайды. Президентіміздің өз сөзімен айтсақ, «шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бəрі жақсы». Əрдайым еңбегіміз ерен, рухымыз биік, бірлігіміз мығым болса еліміздің болашағы жарқын болмақ. Ол үшін Елбасы Жолдауындағы жəне Ұлт Жоспарындағы міндеттер мен тапсырмаларды өз мəнінде жүзеге асы-руымыз қажет.

Жалғасбай ЖЫЛҚАЙДАР,ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚОҒАМДЫ АЛАҢДАТЫП, ЕЛ-ЖҰРТТЫ ҮРЕЙДЕ ҰСТАЙТЫН СУЫТ ХАБАРДЫҢ БІРІ – ТЕРРОРИСТІК СИПАТТАҒЫ АҚПАРАТТАР ЕКЕНІ ДАУСЫЗ. ОСЫНЫ БІЛЕТІН КЕЙ ЕСЕРСОҚТАР ЛАҢКЕСТІК ТУРАЛЫ ӨТІРІК АҚПАРАТ БЕРІП, ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАР-ДЫ АЯҒЫНАН ТІК ТҰРҒЫЗЫП, ЕЛДІҢ ЕСІН АЛҒАНДЫ ҚЫЗЫҚ КӨРЕДІ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА ІІМ ТЕРРОРИСТІК СИПАТТАҒЫ ЖАЛҒАН ХАБАР ТАРАТУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫНА ЕРЕКШЕ МƏН БЕРІП ОТЫР. БҰЛ БАҒЫТТА ҚОЛҒА АЛЫНҒАН ІС-ШАРАЛАР ДА НƏТИЖЕСІЗ ЕМЕС.

сау кезінде мас болғаны анықталып отыр. Сондай-ақ, ұсталғандардың 92 пайызының жұмыссыз жүргенін де айта кеткен жөн.

Қазіргі таңда «телефон терроризмі» қ о ғ амдық қ а у і п с і з д і к к е едə у і р зиян келтіретін ең көп таралған қылмыстардың бірі болып саналады. Орнатылған жарылғыш құрылғы тура-лы əр ақпаратты тексеру кезінде құқық қорғау жəне арнайы органдардың, м е д и ц и н а л ы қ м е к е м е л е р д і ң кешенді күштері мен құралдары жұмылдырылады.

Бұл санаттағы қылмыстар құзырлы органдарға үлкен материалдық шығын келтіреді, жедел қызметтердің оқиға орынына шығуына көп мөлшерде бюджеттік шығындар кетеді.

Осындай бір хабарламаны тексеру үшін кететін шығынның орташа көлемі 120 мың теңгені құрайды. Тексеруге жа-татын объектінің сипатына, орналасқан аумағына, сондай-ақ, елді мекенге (қала, ауыл) байланысты бұл сома өзгеруі мүмкін. Сонымен бірге, көлік инфрақұрылымының жəне өндірістің ірі объектілеріне қатысты келіп түскен террористік сипаттағы жалған хабарла-

маларды тексеру кезінде жұмсалатын шығын мөлшері едəуір ұлғая түсері сөзсіз.

2015 жылы Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша сотталғандардан материалдық шығын ретінде өндіріп алуға 4,8 млн. теңгеден астам қаржы белгіленген болатын. «Көрінеу жалған терроризмнің» қоғамдық қауіптілігі ескеріле отырып, 2012 жылы осын-дай қылмыстардың санкциялары күшейтілді.

Қылмыстық кодекстің 273-бабында көзделген қылмыс (терроризм акті ту-ралы көрінеу жалған хабарлама) ауыр қылмыстар санатына жатқызылып, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды. Бұл жауапкершіл ік 14 жасқа толған ж е т к і н ш е к т е н б а с т а п б ə р і н е қолданылады.

Бүгінгі күні бұл қылмыстар үшін кінəлі адамдар бас бостандығынан айыру сияқты нақты жазаларға тартылады. Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойын-ша қазіргі таңда еліміздегі қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде 36 адам жазасын өтеп жатса, пробация қызметінің есебінде 23 адам тұр.

Мысалы, 2016 жылғы қаңтар айында Өскемен қаласының автобекеті мен орта мектеп ғимараттарында жарылыс болу қауіпі туралы жалған ақпарат таратқан жігіт 3,5 жылға сотталды.

Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көпе-көрінеу жалған хабарламалардың алдын алуға бүгінде ерекше назар аударып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары мен əлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары кеңінен ұйымдастырылып, оқу орында-рында дəрістер өткізілуде.

Профилактикалық жұмыстың басты мақсаты – қоғамда осындай қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығы туралы түсінік қалыптастыру жəне нығайту бо-лып табылады.

Дархан РАЗУЕВ, ІІМ Криминалдық

полиция департаменті Экстремизмге қарсы

күрес басқармасы бастығының орынбасары,

полиция полковнигі

ТАЛҚЫ

АЙМАҚ

Жемқорлыққа қарсы білім жеткіліксіз

Л.АХМЕТҚАЛИЕВА, Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД

ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨСУІ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ƏЛ-АУҚАТЫНЫҢ АРТУЫ – МІНЕ, ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕРДІҢ ЕҢ БАСТЫ-ЛАРЫ ОСЫЛАР. МЕМЛЕКЕТІМІЗДІ ƏЛЕМНІҢ НЕҒҰРЛЫМ БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ОТЫЗ ЕЛІНІҢ ҚАТАРЫНА ЕНГІЗУ ДЕ БАСТЫ ТАЛАПТЫҢ БІРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Динара САҒЫНДЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ.

ІІМ-нің бұйрығымен қабылданған Ішкі істер органдарындағы сыбай-лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жа-сау жөніндегі 2016-2017 жылдарға арналған ведомстволық бағдарлама да ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуді көздеп отыр.

А л а й д а , қ а б ы л д а н ы п ж а т қ а н шараларға қарамастан, ішкі істер о р г а н д а р ы қ ы з м е т к е р л е р і н і ң арасындағы сыбайлас жемқорлық пен заңдылықты бұзушылықтардың деңгейі төмендер емес. Оның негізгі

себептерінің бірі – заңды қолдану кез інде сыбайлас жемқорлық іс-əрекеттер жасау үшін кейде жағдай жасайтын ішк і і с тер органдары жүйесінің қызметін регламенттейтін з а ң н а м а н ы ң ж е к е л е г е н нормаларының жеткіліксіздігі мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің сы-байлас жемқорлыққа қарсы білімінің жеткіліксіздігі болып табылады.

Осыған орай, таяуда Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйес і департамент і Пробация қызмет іне басшылық ету бөл ім і аумақтық пробация қызметтерінің жеке құрамына сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған кездесу өткізді.

Кездесуге «Нұр Отан» ХДП-ның өңірлік филиалы төрағасының орын-басары Гүлназ Құлжанова, Сыбайлас ж е м қ о р л ы қ қ а қ а р с ы і с - қ и м ы л ұлттық бюросының облыс бойынша департаменті басшысының орынба-сары Мирлан Мұхамбетов, облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Ерген Төлемісов, Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбаса-ры Дмитрий Кобцев қатысты.

Кездесу барысында аумақтық про-бация қызметтеріне республика бой-ынша сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол берген ішкі істер органдары қызметкерлері туралы бейне ролик-тер көрсетіліп, шақырылған қонақтар қызметтеріне байланысты мəлімет-деректерді келтіре отырып ойларын ортаға салды.

Ө т к і з і л г е н і с - ш а р а с о ң ы н д а аумақтық пробация қызмет і н і ң қызметкерлері қойған сұрақтарға құзыретті органдар мамандары жан-жақты жауап берді.

Камера көмегімен ашылған қылмыстар

СЕМИНАР

Басты бағыт бекем болуы тиісО н д а ж и н а л ғ а н № 1 а р -

найы мамандандырылған жасақ қ ы з м е т к е р л е р і с е м и н а р д ы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларында көрсетілген еліміз үшін жаңа жаһандық нақты ахуалдағы реформалары мен

даму болашағы тақырыбына арнады. Рудный қаласы ТЖБ бастығы,

азаматтық қорғау подполковнигі Марат Бекпаев атап кеткендей, ең басты-сы – Жолдауда айтылып өткендей, дағдарысқа қарсы алдын алу стратегия-сын жаңа жаһандық нақты ахуалдың талаптарымен салыстыру қажет. Ол – өсу, реформалар жəне даму сияқты

бірнеше ұғымнан тұрады. Осы негізгі тұстарды ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің соңғы Жолдауында халыққа айқын көрсетті.

Сондықтан, Қазақстан Президенті Н . Н а з а р б а е в т ы ң Ж о л д а у ы н д а белгіленген мемлекетті дамытуға бағытталған басты бес бағытты білу əр қазақстандық үшін маңызды.

М а р а т Б е к п а е в т ы ң а й т у ы н ш а , Елбасының Жолдауы болашақта ұлттық экономиканың өсуін нығайту, қазіргі уақыттағы жұмыс орындарын сақтау жəне жаңа жұмыс орындарын құру үшін ерекше мəні бар. «Осы жағдайларда біздің міндетіміз төтенше жағдайлардың алдын алу жəне жою бойынша мемлекет пен тұрғындарды қорғауды қамтамасыз етуден тұрады», – деді ол.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Page 5: Сақшы №25 (4191)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№25 (4191), сейсенбі, 5.04.2016 е-mail:[email protected]

ƏРІПТЕС КЕЛБЕТІ

Сансызбай Егізбаев 1946 жылдың 14 сəуірінде Қарағанды қаласында дүниеге келген . Орта мектепт і бітірген соң Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетіне 1965 жылы оқуға түседі. Оқу орнын 1969 жылы тарих мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітіріп шығып, жалпы тарих кафедрасында оқытушы лауазымында қызмет жа-сайды.

1971 жылдың желтоқсан айы-нан 1973 жылдың желтоқсан айына дейінгі аралықта Алматы шетел тілдері институтының философия кафедрасын-да аспирантурада оқиды.

Сансызбай Қармысұлы 1974 жылдың қаңтар айынан бастап, Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясында табаны күректей 31 жыл қызмет атқарды. Ерекше оқытушылық еңбег імен шəкірттерінің жүрегінен орын таба білген ұстаз өмір бойы оқуды өзінің жеке кредосына айналдырды. Ағамыз философия ғылымдарының кандидаты, профессор атағымен ғылым жолында

Шынар Ақылтайқызы – отбасын-да жалғыз перзент. Анасы əрқашан қамқорлық танытып, жанашыр бола білсе де, Шынардың бойынан еркеліктен бұрын ұстамдылық пен батылдық байқалады. Анасынан басқа тірегі болмаған ол – кез келген істе дəтіне қуат, бойына жігер жинап, тек өзіне жауапкершілік арта білді. Адамды тегінен таны демекші, Шынардың нағашылары ішкі істер органдарында қызмет еткен екен. «Баланың жақсы болары нағашыдан» деген асыл сөздің шындығы да осында болар, бүгінгі кинолог кішкентай кезінен бастап, по-лиция қызметкері болуды армандаған. Кейін бой жетіп, Семей қаласындағы Орталық Азия университетінде заңгер мамандығын 2006 жылы сырттай бітіріп шығып, мақсатына ары қарай талпыну-дан тайынбады. Осылайша, 2009 жылы Көліктегі ІІД-нің Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасына жұмысқа келді. Ал 2013 жылы осы департаменттің Кинология орталығына ауысты.

Шынар Ақылтайқызы бүгінгі таңда Көліктегі ІІД Кинологиялық қызмет орталығының Жарылғыш заттарды, қару-жарақтарды іздестіру бойынша арнайы иттермен жəне шабуылдау-шы иттермен жұмыс тобының кіші инспектор-кинологы. Оның қызметіне қызыққан біз қызмет барысында атқаратын жұмыстарымен танысып, қасында біраз жүрдік. Ол күнделікті Астана теміржол вокзалының ішінде, жүк сақтау камераларында, теміржол перрондарында, сонымен бірге, Астана қаласының əуежайында «Малыш» атты қызметтік іздестіру итімен тінту жұмыстарын жүргізеді. Ондағы мақсат – көлік нысандарында жарылғыш заттардың болмауын қамтамасыз ету. Əрине, бұл өте қауіпті де, қатерлі

Сондай жандардың б і р і – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Əскери институтында қызмет ететін тəжірибелі де білікті маман Ғазиза Қожағұлова. Жүздеген студенттер мен курсанттарға терең біл ім беру жолында қаншама сүйіспеншілік, күш, қайырымдылық, білім, табанды қажырлық қажет болды десеңізші. Үнемі ізденіс үстінде жүретін еңбекқор ұстазды əріптестері де мақтан тұтады.

Ғ а з и з а Қ а й ы р ж а н қ ы з ы – Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. Ұстаздық қызметінде қоғамдық өмірге белсене араласып, жастарды шабыттандырып оты-рудан жалықпаған оның бойында əйелге тəн нəзіктік, сезімталдық, талғампаздық, қайырымдылық, қайсарлық, қайраттылық та бар.

Ғазиза Қайыржанқызы – білікті жəне тəжірибелі маман, фило-логия ғылымдарының кандидаты, доцент. Сабақтарын дəстүрлі жəне заманауи əдіс-тəсілдерді пайдала-на отырып, жоғары əдістемелік деңгейде жүргізетін ол оқу процесінің ғылыми ұйымдастырылуына, курсанттардың кəсіби дайындығына көп көңіл бөледі. Жылдам шешім, дұрыс таңдалған əдіс, шынайылық – міне, ұстаздың сабақтарын салмақты ететін тұстары осылар.

Ол жетекшілік ететін Əскери институттың тілдік дайындық кафедрасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының болашақ офицерлерін оқыту мен тəрбиелеуде үлкен үлес қосуда. Оқыту мен тəрбиелеу тақырыбына іс-шаралар, отандық жəне шетелдік басылымдарда жарияланған 130-дан астам мақала ар-налды. Студенттер мен курсанттарға арналған он екі оқу жəне оқу-əдістемелік құралдары жарық көрді.

Ғазиза Қайыржанқызын əріптестері мен шəкірттері институтта өткізілетін іс-шаралардың жауапты орындаушысы деп біледі. Өзіне де, əріптестеріне де жоғары талап қоятын маманның басқалардың қуанышына ортақтасуды парыз санауы, жанашырлығы, адамды тыңдай білуі қасиеттерін құрметтейді көпшілік. Əріптестерінің пікірі, көзқарастарымен санасып, əр уақытта кеңес беруден жалықпаған ол бірлік болса, шешілмейтін мəселе жоқ екеніне көзіңді жеткізіп оты-рады. Əр ісіне адалдықты ту етіп, жеке басының ақыл-парасатымен кейінгілерге үлгі болып жүрген Ғазиза Қайыржанқызының көп жылғы іс-тəжірибесі, шеберлігі, жоғары азаматтық ұстанымы көптеген ізбасар əріптестеріне үлгі-өнеге. Көшбасшылық қасиеті, жоғары мəдениеттілігі, туралығы, өз ісіне шынайы берілгендігі – осының барлығы кафедра басшысының қызметіндегі табысқа жетуінің қайнар көзі.

Ғазиза Қайыржанқызы үнемі ізденіс үстінде жүретін жан ғана емес, сондай-ақ, шаңырағының берекесін келтіріп отырған аяулы ана, сүйікті əже, қонақжай отанасы. Сол себепті де ұжымның бəрі оны адам өмірінің үлкен бір белесі – зейнет жасына келуімен шын жүректен құттықтайды. Ғазиза Қожағұлованың педагогикалық дарыны, мейірімділігі мен рухани жомарттығы көпке үлгі болып қала бермек.

Венера ЗЕЙНИНА,ҚР Ұлттық ұланының Əскери институты,

тілдік дайындық кафедрасының аға оқытушысы

Наурыз мейрамында Жамбыл облы-сы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері Халилулла Дармаханов п е н Ə б д і к е р і м Ж о л д а с о в т ы ң қара шаңырағына арнайы барып, ақсақалдардың жай-күйлерімен таны-сып, көмек қолдарын созды. Көктемнің шуақты мерекес імен қарттарды құттықтаған қызметкерлер қариялардың əңгімесін тыңдап, ұлағатты өсиеттеріне құлақ түрді. Тыл еңбеккерлері – Ольга Неплюева мен Мадияр Калдыбеков те ілтипатсыз қалған жоқ. Сұрапыл соғыс жылдарын бастарынан өткеріп, бейбіт заманда тілсіз жаумен арпалысқан

КИНОЛОГ ШЫНАРАйнұр ҚАБДОЛДАҚЫЗЫ, Көліктегі ІІД

ШАҢЫРАҒЫНДА АЯУЛЫ ОТАНАСЫ, ҚЫЗМЕТІНДЕ БІЛІКТІ МАМАН РЕТІНДЕ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ ИЕ БОЛЫП ЖҮРГЕН ЖАННЫҢ БІРІ ШЫНАР ИМАНБАЕВА – КӨЛІКТЕГІ ІІД КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЖАЛҒЫЗ НƏЗІК ЖАН.

Ұлағатты ұстазМҰҒАЛІМ ЖƏНЕ ДƏРІГЕР БОЛУ – ЕРТЕДЕН ЕҢ БЕДЕЛДІ МАМАНДЫҚ БО-ЛЫП САНАЛАДЫ. БҰЛ МАМАНДЫҚТАРДЫ ЕРІК-ЖІГЕРІ МЫҚТЫ, ТАБАН-ДЫ АДАМ ҒАНА МЕҢГЕРЕ АЛАДЫ.

жұмыс. Шынардың айтуынша, бұл қызметке итті таңдаудың, оны үйретудің өзі ерекше икемділікті қажет етеді.

«Мысалы, есірткі заттарын іздестіруші қызметтік иттер холерик болу керек. Яғни, есірткі затын тапқан кезде ит бірден жұлқып көрсете бастайды. Тіпті, оның иесін кеудесінен басып, есірткі салынған зат немесе сөмке кімдікі екенін біліп, əртүрлі шапшаң қимылдармен іздестірушілерге белгі береді. Ал жарылғыш заттарды іздейтін қызметтік иттердің ерекшеліг і – байыптылығында. Яғни, жарылғыш затты тапқан кезде ақырын қимылдау талап етіледі. Себебі, жарылғыш зат салынған нəрсені жұлқылап көрсету

аса қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Мұндай қауіпті затты тапқан кезде қызметтік ит ақырын ғана отырады не-месе жатып иесіне белгі береді. Иттерді бұл тəртіп бойынша үйретудің өзіндік қыр-сыры бар. Оны кинолог ретінде тиянақты меңгеру міндет. Себебі, бір жерден қалт кеткеннің өзінде, өзіңнің өміріңнен бөлек, қоғам қауіпсіздігіне тигізер қасіреті үлкен екені түсінігімізде жаттаулы», – дейді ол.

Расымен, Шынардың қасында жүріп оның итіне берген бұйрықтарын, əрбір іс-қимылдары мен əрекеттерін бақылай келе, артылған жүгі жеңіл емес қызметтің бір түрі екенін байқадық.Оның «Малыш» қызметтік-іздестіру иті «орыс спаниелі» тұқымынан екен. 2014 жылы Алматы қаласындағы ІІМ Кинология орталығына оқуға барып келгеннен кейін, бұл итті өзі таңдап алып, содан бері оны үйретіп, бірге жұмыс істеп келе жатыр. «Малыштың» жасы қазір 5-те. Мен оны 3 жасында алдым. Осының алдында Лабродор тұқымды «Хэппи» атты итім болған. Бірақ, ол кезде мен есірткі заттарын іздестіру саласында болдым. Яғни, ол ит менің қазіргі қызметіме жарамайтын еді», – деді кинолог маман.

Шынардың бойынан та ғы б і р байқағанымыз, иттерді қатты жақсы көріп, олармен еркін тіл табыса білетіндігі. Вокзал ішінде ағылған халықтың ішінен қызметтік итке қызығушылық танытқандар да табылды. «Əсіресе, кішкентай балалар итті сипап көргісі келіп, ұмтылып жататындары да бола-ды», – дейді ол. Кішкентай сəбилердің өз итіне деген қызығушылығын ару жылулықпен қабылдайды.

Таяуда к іш і ин спектор - кино -лог тағы да біліктілігін арттырып қайтты. Алдағы уақытта сақадай-сай тиянақтылықты қажет ететін қаншама іздестіру жұмыстары күтіп тұр. Алайда, еңсесін биік ұстаған батыл қызға біз өз ісін тыңғылықты атқарып, бірқатар жетістіктерге жететініне сенім білдірдік.

«Ұстаздық – ұлы тұлға». Ұстаз болу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін мамандық. Бұл мамандықтың ыстығы мен суығына төзе біліп, осы өнердің шыңын бағындыра білген жандардың бірі кəсіби қазақ тілі пəнінің оқытушысы – Ғазиза Қайыржанқызы. Сіздің еңбек жолыңыз сан қырлы, əрі 40 жылдық тəжірибеңіз бар. Ұстаздық жолға ерте араласып ұлағатты да киелі мектеп табалдырығынан бастап, дəл қазіргі күнде адал, Отанын қорғап жүрген Ұлттық ұлан курсанттарын білімнің асылын теріп қазынасымен қуаттандырып келесіз. Ұл-қызыңызды қалай тəрбиелеп оқытсаңыз, біздерді де, яғни курсанттарды да солай тəрбиелейсіз, үйретесіз. Сіздің өзіндік білім беру жүйеңіз, оны қай тұрғыдан болсын түсіндіріп, ұғындырып, тіпті, біздерді сабақ барысымен мұражайларға да сапар шеккеніміз өзгелерден ерекшеленеді.

Курсанттармен сабақ өткізу, сырласу, оймен бөлісу, еркін сөйлесу – бұл əрине сіздің сабақты түсіндіру əдісіңіз іспетті. Сабағыңыз қызықты өтетіндіктен топтың бар баласы асыға күтетіні айдан анық. Əр сөзіңізді мұқият тыңдап, ұғып алуға əрқашанда тырысамыз. Біздер, болашақ офицерлер, білімді де, білікті, адал болуға, өмірден өз орнымызды табуға сіздің тигізер көмегіңіз көп деп сенеміз.

Құрметпен, 3-оқу ротасы, 312 топ курсанттары.

Елбасы айтқандай, «Елдің ең қымбат құндылығы – адам». Еліміздің əр түкпірінде білікті мамандар өз шеберліктерін жетілдіруде. Біздің жоғары əскери оқу орны-мызда өз жұмысын жан-жақты бағытта шеберлендіріп, білімдерін жетілдіріп жатқан оқытушылар біршама. Осы кісілердің ішінен ерекше атап өткіміз келетін жан – білікті маман, ғалым, жоғары марапаттардың иегері, кафедра бастығы Ғазиза Қожағұлова. Ол біздің топқа кəсіби қазақ тілінен кредиттік технология жүйесі бойынша сабақ өткізіп, кісі тану қасиетін түсіндіре білген ұстаз. Болашақта бізге қызмет етудің дұрыс амал-тəсілдерін, ең бастысы, өмірдің қыр-сырын үйретуде. Ұстаздық жолында сан алуан биік шыңдарды бағындырып, талантты маман екенін əрқашанда дəлелдеп жүреді. Біз осындай ұстаздан тəлім-тəрбие алғанымызға өте қуаныштымыз.

Құрметпен, 321-топ курсанттары.

Құрметті Ғазиза Қайыржанқызы! Бірінші сабағыңыздан-ақ сіздің кəсіби деңгейіңізге, адамгершілігіңізге, тез тіл табыса алу қабілетіңізге тəнті болдық. Сізбен өткізген əр сабақ өте қызықты жəне танымды болды. Бізді оқытқан осындай қысқа мерзім ішінде сіз топ курсанттарының білімдерін жаңа деңгейге көтердіңіз, өзімізге деген сенімділікті арттыра түстіңіз. Сіздің бастамаңызбен өткен əрбір іс-шара курсанттардың өміріне жарық түсірді, сенім берді. Сол себепті де біздің сізге деген алғысымыз шексіз! Жұмысыңыз жемісті, деніңіз сау, үй-ішіңіз аман болсын!

Құрметпен, 312-топ курсанттары.

ИГІ ТІЛЕК

ИГІ ІС

АРДАГЕР

Үлкенге құрмет

Академияның ақсақалы

Н.ТҰРАБЕКОВА, Жамбыл облысы

НАУРЫЗ – КӨКТЕМНІҢ БАСТЫ МЕЙРАМЫ, ТАБИҒАТТЫҢ ЖАҢАРУЫ, ЖАҢА ӨМІРДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ БАСТАМАСЫ. ЖЕР-ГЕ МЕЙІРІММЕН ЖАРЫҚТЫҢ КЕЛУ КҮНІ. ОСЫНДАЙ КҮНДЕ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІ – ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР СЫЙ-ҚҰРМЕТТЕН ДЕ, НАЗАРДАН ДА ТЫС ҚАЛМАУЫ ТИІС.

қос қария – Халилулла Д а р м а х а н ұ л ы , Əбдікерім Жолдасұлы Ұлыстың ұлы күні ғана емес, əр мереке сайын ұмыт қалдырмай, амандықтарын біліп, көмектерін аямай келе жатқан департа-мент басшылығы мен қызметкерлеріне ал ғыс тарын б і л д і р і п , жауап ты жұмыстарына абырой-бедел тіледі.

Азаматтық қорғау қызметінің арқалаған ауыр жүгін жақсы білетін ардагерлер мамандарға ақ батасын беріп, бұл жолы ашық хаттар, азық-түлікке толы сөмкелері мен ақшалай сылықтарын ала келген ТЖД қызметкерлеріне өткен өмірлерін

БИЫЛ 70-ТІҢ ТӨРІНЕ ШЫҚҚАЛЫ ОТЫРҒАН САНСЫЗБАЙ ЕГІЗБАЕВ ТУРАЛЫ ИГІ ТІЛЕКТЕРДІ КӨПТЕП АЙТУҒА БОЛАДЫ. ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ІРГЕЛІ ОҚУ ОШАҒЫНЫҢ БІРІ – Б.БЕЙСЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ АКАДЕМИЯСЫНА САНА-ЛЫ ҒҰМЫРЫН АРНАП, ҚАРЫМДЫ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН САНСЫЗБАЙ ҚАРМЫСҰЛЫНЫҢ АРТҚАРҒАН ЕҢБЕГІ ЕРЕН, АДАЛ ҚЫЗМЕТІ ҚАЛТАРЫСТА ҚАЛҒАН ЕМЕС.

өзіндік із қалдырып, болашақ ұрпақ үшін үлгі тұтатын тұлғаға айналды. Еңбек жолын Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясында оқытушыдан бастаған мерейтой иесі уақыт өте кафедра бастығы қызметіне дейін жетіп, оқу ордасында елеулі еңбек етті.

Сансызбай Қармысұлы алғашқы ар-найы атағы ішкі қызмет аға лейте-нантын 1974 жылы алса, 1991 жылы ішкі қызмет полковнигі атағын алды. Еліміз тəуелсіздігін алғаннан кейін де Сəкең КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде барлық тəжірибесі мен білімін арнап, 2005 жылдың желтоқсан айында құрметті демалысқа шықты.

Ғылыми , ғылыми - əд і с т емел і к еңбектер і н е с кер ген Академия б а с ш ы л ы ғ ы қ ы з м е т т е г і ж ə н е педагогикалық шығармашылықтағы жетістіктері үшін Сансызбай Қармысұлын марапаттардан қалыс қалдырған жоқ. «ІІМ үздік қызметі үшін» кеуде белгісі, ІІІ, ІІ, І дəрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдары, «ІІМ құрметті ардагері»

медалімен, Ішкі істер министрі мен Білім жəне ғылым министрінің Құрмет грамо-талары, 1970-1980 жылдары сол кездегі КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің жəне Академия бастығының грамота-лары, алғыс хаттарымен марапатталуы соның дəлелі болар.

Құқық қорғау органдары үшін жоғары білікті мамандарды даярлауда үлкен үлес қосқан ол жас қызметтестердің кəсіби шеберлігін шыңдауға, оларға əдістемелік көмек көрсетуге көп көңіл бөлді. Сондай-ақ, Академияның қоғамдық өміріне де белсене қатысты. Сансызбай Қармысұлы көп жылдық мінсіз қызметі мен кəсіби міндетін үлгілі түрде орындауы талай ведомстволық марапаттаулар мен мадақтаулар арқылы жоғары бағаланды.

Санаулы күндерден кейін 70 дейтін жастың биігін бағындырғалы отырған Сансызбай Қармысұлын Ішкі істер министрлігі Бəрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының басшылығы, ардагерлер кеңесі, профессорлық-оқытушылық құрамы мерейтойымен шын жүректен құттықтап, адам өмірінің айтулы белесі абыройыңызды асқақтата берсін деп тілейді.

ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының

баспасөз қызметі

əдемі əңгімелеп берді. «Наурыз – жердегі барлық адамдардың жəне табиғаттың тұтастық мерекесі, үйлесіммен, жарық жəне мейрімнің мерекесі. Сол үшін осы керемет көктем күндерінде тағы да біздің құрметті ардагерлерге мықты денсаулық, амандық пен бейбіт аспан тілегіміз келеді», – дейді қайырымдылық шарасына ұйытқы болған Жамбыл об-лысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері.

Page 6: Сақшы №25 (4191)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№25 (4191), сейсенбі, 5.04.2016 е-mail:[email protected]

ҚЫЗМЕТ

Айнұр ҚАБДОЛДАҚЫЗЫ, Көліктегі ІІД

КӨЛІКТЕГІ ІІД-НІҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АУМАҒЫНДА ОРЫН АЛЫП ЖАТҚАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ АШУ, КІНƏЛІЛЕРДІ АНЫҚТАП, ІСТІ СОТҚА ЖІБЕРУМЕН КӨЛІК ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ТЕРГЕУШІЛЕРІ АЙНАЛЫСАДЫ. БҮГІНГІ ТАҢҒА ДЕЙІН ТЕРГЕУШІЛЕР АЙНАЛЫСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ ІШІНДЕ ЕҢ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІНДЕРДІҢ БІРІ – ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ АУМАҒЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОППЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҰРЛЫҚ.

Қылмыстардың ашылуы, кінəлілердің əшкерелену і , қарапайым т ілмен айтқанда, əд ілд ікт ің орын алуы – тергеушінің ар таразысына түсіп, кəсібилік сүзгісінен қалай өтетініне тікелей байланысты. Біз бүгін сөз етер сондай тергеушілердің бірі – Көкшетау қалалық ІІБ Тергеу бөлімінің жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу бойынша бөлімшесінің аға тергеушісі, полиция капитаны Рахим Искаков.

Рахим 1985 жылы 1 қарашада Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Сартөбе ауылында дүниеге келген. 2003 жылы өз туған ауылының №17 орта мектебін аяқтаған. Рахимның ата-анасы сол Сартөбе ауылында тұрады.

2008 жылы заңгер мамандығы бойын-ша Д.Қонаев атындағы университетті үздік дипломмен аяқтаған Рахим Искаков алғашқы əскери дайындықтан кейін Көкшетау қалалық ІІБ тергеу бөлімінің меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бойынша тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымына тағайындалады. Ішкі істер

6 СӘУІР – ТЕРГЕУШІЛЕР КҮНІ

Тергеуші əдептен аспауы тиіс

МОРАЛЬ – АДАМ МЕН ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА МҮДДЕЛЕРІН, БАЙЛАНЫСЫН АНЫҚТАЙТЫН БІРДЕН-БІР ҚҰРАЛ ЕКЕНІ ДАУСЫЗ. ОНЫҢ АДАМ МЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮҒА ƏСЕРІ БАР.

Адамның іс-əрекетіне бағыт-бағдар беретін қоғамдық институт ретінде мораль ізгілік нормаларынан, қағидаттардан, ізгілік əрекеттерінен жəне қатынастардан, сана-сезімнен туындайды. Оның мазмұны мен өлшем-белгілері əлеуметтік шындықпен, қоғамдық өмір шарттар арқылы айқындалады.

Мораль – əдептің екінші бір түрі. Басқаша айтсақ, бір заттың екінші жағы. Өйткені, əдеп (этика) – қоғамның ізгіліктік санасының өзі емес, моральдың пайда болуы, мəні, даму заңдылықтары жəне қоғамдық функциялары туралы ғылым. Əдептің категориялары ізгілік ұғымдарымен астасады, ғылыми түсінік береді. Əдеп – ізгілік нормаларын жəне ізгілік сана-сезімді, ізгілік əрекеттерін жəне қатынастарын танып-білуге, осының негізінде алдағы моральдық ұстанымдар мен принциптерді жетілдіруге ұсыныстар əзірлейді. Осылайша адамды тəрбиелеуге жəрдемдеседі. Біз бұл жерде адам дегенде – құқық қорғау орган-дары қызметкерлерін айтамыз. Ол тергеуші де, жедел уəкіл, анықтаушы, тағы да басқалары болуы бек мүмкін. Олардың əдептілік іс-əрекетінен кəсіби этика қалыптасады. Тергеуші əдебін сөз етсек, тергеуші қызметінің күре тамыр саласын құрайтын – құқық əдебіндегі дəстүр мен даму да қашанда өзара ажырамас, тығыз диалектикалық бірлікте болады. Тəрбие бағытындағы тергеушінің ізденістері ғасырлар бойғы қалыптасқан туған халқының отбасылық əдет-дəстүрінен бастау алады. Адамның бойына туа бітетін қасиеттері ертеңгі қызметте өзіне тəн даму арнасын тауып, қылмысты тергегенде тергеушінің істі дұрыс шешуіне кепіл бо-лады. Тергеуші қат-қабат өмір құбылыстарының қыр-сырына қанығып, тəжірибе жинақтаумен кемелденетіні аян. Айналасындағы болып жатқан өзгерістерге өзінің жеткен биігінен қарап, өзіндік бағасын береді, зердесіне қондырған білімімен өлшеп, оң шешім қабылдауға ұмтылады.

Тергеуші қызметінің əдеп негіздерінің бірі – тергеудің жан-жақтылығынан көрінеді. Тергеудегі жан-жақтылық пен объективтіліктің тергеушінің алдына қойған қызметтік міндеттерін адал шешуде, ақиқатты анықтауда, алдын ала тергеудің тəрбиелік мəнін арттырып, тергеу органдарының беделін көтерудегі ықпалы зор. Жан-жақтылық пен объективтілік талаптары заңда айқын көрінісін тапқан. Қылмыстық сот ісін жүргізудің негізі саналатын Қылмыстық процестік кодекстің 24-бабына сəйкес, тергеуші істі дұрыс шешуге қажетті жəне жеткілікті мəн-жайларды жан-жақты толық жəне объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.

Қылмыстық іс жүргізудегі бұл маңызды қағиданың процессуалдық қана емес, адами мұраттарды көздейтін сипаты да бар. Кез келген қылмысты шешуде жан-жақтылық, объективтілік тұрғысынан келу – тергеушінің адамгершілік па-рызы. Сол кодекстің 25-бабында көрсетілгендей, «тергеуші заң мен ар-ожданды басшылыққа алады».

Істің мəн-жайын жан-жақты зерттеудегі жан-жақтылық – жасалған қылмысқа қатысты ұсынылған барлық жорамалдарды, оларды бекітетін не олардан бас тартқызатын дəлелдемелерді тексеруден байқалады. Мəн-жайларды ұсақ-түйегіне дейін егжей-тегжейлі зерттеу дəлелдеме бағыттарын айқындайды, біржақтылық пен субъективизмді болдырмай, дəлелдеудің объективтілігін қамтамасыз етеді.

Объективтілік – əр қылмыстық істің мəн-жайын нақты шындықпен сəйкестендіре зерттеу, дəлелдемелерді жинақтап, тексеріп, бағалауда бейтараптылық таныту деген сөз. Оның ұғымы айыптау үшін қажетті-қажетсіз барлық мəн-жайларды бірдей ескеруге келіп саяды. Байыптап айтқанда, ол қылмыстық іс жүргізу органдарының жинақталған нақты материалдарға барынша əділдікпен қарап, бейтараптылық танытып, бір ғана адалдықты негізге алатын құқықтық жəне адамгершілік талабы десек, асырып айтпаспыз.

Түйіндей айтсақ, əдеп – тергеушінің кəсіби шеберлігін ұштай түсетін көзге көрінбес құралдардың бірі.

Айдос ДҮЙСЕНБЕКОВ,ІІМ Б. Бейсенов атындағы

Қарағанды Академиясының оқытушы-əдіскері, полиция майоры

Соның бірі, 2015 жылдың соңында Шымкент қаласындағы «Рахат -Шымкент» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауласындағы кірме теміржолында жүк вагонындағы конди-тер жүгін есептеу барысында 1 440 240 теңге болатын барлығы 353 қораптағы жүктің кем шығу фактісі. Қылмыстық əрекет орын алғаннан кейін Шымкент стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында жоғарыда аталған қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары, 1994-1993 жылы туған төрт азаматты ұстаған болатын. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қылмыстық істі сотқа жіберудің алдын-да тергеушілер қылмыстық əрекеттің ізін анықтауға кірісті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жоғарыда аталған күдіктілердің қылмыстық əрекеттері толығымен дəлелденіп, 2015 жылдың қараша айында іс Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық сотына жолданды. Соттың шешіміне сəйкес күдіктілер кінəлі деп танылып, барлығы 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

ӘРІПТЕС КЕЛБЕТІ

ТƏРТІП КҮЗЕТІНДЕГІ РАХЫМСауле СҮЛЕЙМЕНОВА, Көкшетау қаласы

ЗЫМЫРАҒАН УАҚЫТ КӨП НƏРСЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ. ӨЗГЕРМЕГЕН АЗ НƏРСЕНІҢ БІРІ – ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІ АРҚАЛАҒАН МІНДЕТ ПЕН ТАЛАП. ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНДАҒЫ БЕТКЕ ҰСТАР БОЛЫП САНАЛАТЫН БҰЛ ҚЫЗМЕТ ƏЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА САНАЛАДЫ. СЕБЕБІ, ТЕРГЕУ БӨЛІМІ ƏЛІ ДЕ БАСЫМДЫЛЫҒЫНАН АЖЫ-РАП ҚАЛҒАН ЖОҚ.

органдарында қызмет атқарудың бас кезінен бүгінгі күнге дейін Рахим Көкшетау қалалық ІІБ тер-геу бөлімінде жұмыс істеп келеді.

«Ауыр қылмыстардың көбі тұрмыстық қарым-қатынас кезінде тіркеліп жатады. Туған-туыстар болмашы нəрсе үшін сөзге келіспей, жанжалдасып жатады. Ашуға арақ қосылғанда, ақыр соңы не боларын өзіңіз-ақ бағамдай беріңіз. Ашу үстінде, арақтың буымен жасалып жатқан қанды қылмыстарды көргенде жүрегің ауырады. Осындай кез-дерде «сабыр түбі – сары алтын» дейтін халықтың даналығына неге жүрдім-бардым қарайды екенбіз деп қынжылам», – дейді полиция капитаны Рахим Искаков. Əрине, аталған санаттағы барлық істер

бойынша тек психиатриялық емес, сонымен қоса кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама өткізіледі. Көптеген азаматтарда сырқат емес, тек өмірдің сынына шыдай алмай алкогольдік əуестікке бой ұрып кеткен күйзелістері ғана анықталады.

Р а х и м И с к а к о в т ы ң а й т у ы н -ша, тұрмыстық жолда жасалатын қылмыстардың бəрін алдын ала болжау мүмкін емес. Өйткені, мұнда көп ретте аяқ астынан болып жататын жайттарды кездестіруге болады. Мəселен, биыл наурыз айында Көкшетау қаласында тұратын бір əйел өз «проблемасын» өзі шешпек болған. Қант диабетімен ауыратын, сонымен қатар, жиі ішетін жұбайымен тұратын ол сырқат жұбайымен бірге оның жастайынан мүгедек ағасына да қарап, күтімін жа-сап отырған екен. Осының бəрінен шаршаған келіншек бір күні күйеуінің мас күйінде ұйықтап жатып, төсегін дəретімен ластағанын көріп, ашуланып кетіп, оны өз қолымен тұншықтырып

өлтірген. Кейін бұл жаға ұстатарлық оқиға жөнінде полиция бөліміне өзі хабар берген.

«Киноларда көрсетілетін жайттардың дені шындыққа сай келмейді. Тіпті, кейде қарап отырып күлкіңді келтіреді. Мысалы, жедел уəк ілдер мүлде шындыққа жанаспайтын қылмыстық істерді тергейді . Сериалдардағы тергеушіде тек бір қылмыстық іс бола-ды жəне оның құзіреттілігінде барлық қылмыстық іздестірудегі қызметкерлер бағындырылған болып шығады. Бұл шындық емес, бұл «тергеушінің арма-ны» ғой», – деп күледі Рахим.

Тергеушінің өміріндегі басты құралы – білімі мен қаламы. Полиция капита-ны Рахим Искаков бізге өндірісіндегі қылмыстық істерді көрсете отырып, тек бір томдық істен асатын əр құжатты жинастырудың өзі шыдамдылық пен өте мұқият болуды, білім-біліктілікті талап ететіндігін түсіндіреді. «Əр қызметтің жұмысы əртүрлі. Əр қызметтің арқалаған өз жауапкершілігі, қиындығы, қызығы да бар. Біздің жұмысымыз осындай» – дейді ол. «Біздің бөлімде еңбек етіп келе жатқан тергеушілердің барлығы жұмысқа бар күш-жігерін жұмсайды, ең аз дегенде жұмасына бір рет – кезекшілік болады, ал қалған уақытта, кез келген ауа райында шақырту түссе, соған аттануға дайын болуы керек. Себебі, жұмыс күніміз нормаланбаған», – деді ол.

Бір таңғаларлығы, бұл кəсіпте тек ынталы, жұмыс істеуге əрқашан дай-ын қызметкерлер ғана қалады екен. Мысалы, тергеу бөліміне қызметке келгендердің біраз уақыт өткеннен кейін бұл менің мамандығым емес деп, кетіп қалып жататындары аз емес екен.

Ұзақ жұмыс күнінен кейін Рахимды берекесі жарасқан шаңырағында жұбайы София мен Омар, Алия жəне Альфия есімді үш баласы күтіп отырады. Кішкентай болса да, əкесінің жұмысы қаншалықты қиын əрі жауапты екенін бауыр еті балалары да жақсы түсінеді. Аға тергеушіге кəсіби мерекелері қарсаңында ықылас-ризашылығымызды білдіріп, темірдей тəртіп пен төзімді талап ететін қызметінде табыс, деніне саулық, отбасында бақыт тілейміз.

ТАБАНДЫЛАР ТАҢДАЙТЫН ҚЫЗМЕТ

ҚК 188-бабы 4-тармақшасы 3 пунктіне сəйкес алдын ала жоспарланған келісім бойынша адамдар тобының аса ірі көлемдегі қоймаға заңсыз кіру жо-лымен бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істің тергеу жұмыстары аяқталды. Қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен ұсталған 3 адамнан құралған қылмыстық топтың заңсыз əрекеттері толықтай анықталды. Олардың бірі – жол стан-сасында жоғары лауазымды қызмет атқарушы қызметкерлердің бірі болып шықты. Ішінде алтынды белсендірілген көмір салынған вагондардың нақты нөмірлері мен келген уақытын білген қылмыстық топ алдын ала жоспар-лау нəтижесінде жабық жүк вагон-дарын бұзып кіріп, ұрлық жасаған. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін, іс сотқа беріліп 2015 жылдың тамыз айында Семей қаласының №2 сотының шешімімен қылмыскерлердің бірі 6,8 жылға, өзге екі қылмыскер 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

көлік полицейлерінің қырағы наза-рына іліккен еді. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті ретінде қылмыстық топтың басшысы – 36 жастағы ер адам ұсталды. 1976, 1977 жəне 1968 жылдары туған келіншектердің басын құрап, қылмыстық топ құрып, оған басшылық жасаған қаскөй Шымкент жəне Астана қалаларының аумағында 2012 жылдан 2015 жылдың маусымы-на дейін жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырып, жеңгетайлықпен айналысып кел-ген. 2015 жылы желтоқсан айында соттың үкімімен қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлімі, 1-тармағы жəне 262-бабы 1-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылып, жаза-сын жалпы режімдегі түзеу колония-сында өтейтін болды. Ал ұйымдасқан қылмыстық топтың 2 мүшесіне 3 жыл-дан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылса, үшіншісіне 5 жылға шартты бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды.

Тергеуші – қандай қылмыстың ізіне түссе де қылмыстық əрекетті тек фактімен дəлелдейді. Көліктегі ІІД тергеушілері тек қылмыстарды ғана тергеп қоймай, теміржол жəне əуе көлігінің апатқа ұшырау фактілерінің ақ-қарасын ажыратады. Мұның өзі үлкен жауапкершілік пен біліктілікті қажет етеді. Сондықтан тергеу амалдарын жүргізуде əлсіздік танытуға болмайды.

Қазіргі таңда Көліктегі ІІД Тергеу басқармасында 20 тергеуші қызмет атқарады. Соның ішінде, ең үздіктер қатарында – полиция полковнигі Сайран Түсіпов, полиция подполковнигі Айдар Сейітжаппаров, полиция майоры Əділ Нұртазин, полиция капитаны Аида Даетова секілді білікті мамандар бар.

Уақытпен санаспайтын осы бір мамандықты табанды əрі шыдамдылар ғана таңдаса керек. Себебі, жалған мен əділеттің аражігін ажыратып, кəнігі қылмыскердің жасаған қылмысын мой-ындату кез келгеннің қолынан келе бермесі анық.

АҚДƏУЛЕТ МАШБАЕВ – ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНЫҢ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІНДЕ ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕК ЕТКЕН АҚСАҚАЛДЫҢ БІРІ. 1936 ЖЫЛЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ИЛЬИН-КА АУЛЫНДА ҚАРАПАЙЫМ ОТБАСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ОЛ БІЛІМ ОРДАСЫН АЯҚТАҒАН СОҢ ИРКУТСК ƏСКЕРИ ƏУЕ-ТЕХНИКАЛЫҚ УЧИЛИЩЕСІНЕ ТҮСІП, КЕЙІН ОТБАСЫ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАТАРДАҒЫ ШЕНІМЕН ОҚУДАН ШЫҒЫП КЕТЕДІ.

Ауылына оралған жас б о з б а л а И л ь и н к а н ы ң «Парижская Коммуна» колхозында түрлі жұмыс атқарады. Еңбектің кер-мек дəмін татып өскен жігіт уақыт өте келе ішкі істер қызметкері болып жұмыс істеуді ұйғарады. Нақты жұмыстарды атқару үшін бұл жүйенің қатаң талап пен тəртіпті қажет ететіндігін б і л е т ұра о сы с аланы таңдайды.

Елдің əлеуметтік аху-алы қиын 1958 жылдары қылмыскерлерді іздестіру, қоғамдық тəртіпті сақтау үшін Ақтөбе стансасындағы ІІЖБ-не милиционер бо-лып жұмысқа қабылданады. Алматы милиция мектебін үздік аяқтаған соң ол Қазақ теміржолы Ішкі істер басқармасының жолдамасымен Орал стансасындағы ІІЖБ-не жіберіліп, анықтаушы қызмет атқарады. Кейіннен Ақтөбе стансасындағы ІІЖБ-не ауыстырылып, жедел уəкіл болып қызметін жалғастырады.

1963 жылы Ақдəулет Машбайұлы осы бөлімде тергеуші болып жұмыс істейді. Қызмет атқара жүріп КСРО ІІМ Жоғары мектебіне сырттай оқуға түсіп, заңгер мамандығы бойынша білім алып шығады. Жұмысқа деген ерекше қабілетінің арқасында Гурьев-2 стансасындағы ІІЖБ-нің бастығы қызметіне тағайындалып, сол жерде милиция подполковнигі шенін алады.

Ел тыныштығын сақтауды, теміржолдағы қауіпсіздік пен тəртіпті қадағалауды мақсат етіп қойған А.Машбайұлы 1978-1981 жылдары қайта құрылған ҚазССР ІІМ Батыс Қазақстан Ішкі істер жол бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы қызметін де абыроймен атқарды. 1981 жылы Ақтөбе стансасындағы ІІЖБ-де тергеуші, тергеу бөлімшесінің бастығы жəне Көліктегі Батыс Қазақстан ІІБ-да аға тергеуші болып қызмет атқарып, 1988 жылы ішкі істер органдарында 30 жылдай еңбек етіп, под-полковник шенінде демалысқа шықты.

Зейнет демалысына шыққан соң да Ақдəулет Машбайұлы қол қусырып отыр-мады. Əр жылдары азаматтық қорғаныс жəне геология саласында инженер, бастықтың көмекшісі, Ақтөбе стансасындағы вагон депосында жолсерік, Ақтөбе стансасындағы ІІЖБ тергеуші-ерікті жалданушы, ІІМ Көліктегі Батыс Қазақстан ІІБ тергеу бөлімінде тергеуші болып еңбек етті. Ардагердің Көліктегі ішкі істер органындағы жалпы еңбек өтілі 35 жыл. Оның 27 жылын А.Машбайұлы тергеу ісіне арнап, ірі жəне аса ірі көлемдегі жүктер мен мемлекет мүлкінің ұрлануына қатысты деректерді тергеумен айналысқан.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

Еңбегі елеулі ер

Осыған ұқсас қылмыстардың тағы бірі – 2014 жылы Жаңа-Семей стан-сасында жүк вагондарынан «Altyntau Kokshetau» ЖШС-не тиесілі 10 қап, яғни, жалпы салмағы 6818 келі болатын алтынды белсендірілген көмір ұрлығына қатысты. Келтірілген залал мөлшері 160 521 516 теңге болды. 2015 жылғы ма-мыр айында Тергеу басқармасымен ҚР

Сотталушылардың əрқайсысының мүлкін тəркілеуге үкім шығарылды.

А л ө т к е н ж ы л д ы ң с о ң ы н д а көлік полицейлері жезөкшелерге арналған притон ұйымдастырған жəне жеңгетайлықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады. Өткен жылдың басында бұл топ келіп түскен жедел ақпараттар бойынша

Page 7: Сақшы №25 (4191)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№25 (4191), сейсенбі, 5.04.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

МУАЙТАЙ

ЖАРАЙСЫҢ!

КӨЛІК САҚШЫСЫ – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫШАҢҒЫ СПОРТЫ

Еуропа Кубогындағы жеңіс

Алға, Айнұр!

Кəсіби қызметтік даярлықтары сыналдыДүбірлі додаға еліміз бойынша 14

команда жəне 110 спортшы қатысқан. Ал 91 келі бойынша бес спортшы өз бақтарын сынады. Осылардың ішінде спорттағы кəсіби шеберлігімен алға озған Шыңғысхан 1-орынды қанжығасына байлады. Осындай ба-тыл да, жігерлі полицейлер ішкі істер органдарына аса қажет екені айтпаса да белгілі.

Шыңғысхан Маратұлы Атырау қаласы əуежайындағы Желілік по-

ШЫҒЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕУРОПА КУБОГЫ ҮШІН ЖАРЫСТЫҢ АҚТЫҚ МƏРЕСІНДЕ ЕКІНШІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.

Серебрянск қаласы ПЧ №19 қарауылының бастығы Дмитрий Бармашов екі ай бойына еркін стильдегі осы жарыста көп түрлі могул бойынша бақ сынады.

Алғашында жарыс кезеңдері Франция, Италия жəне Австрия елдерінде өтті. Соңғылары Санкт-Петербор, Финляндия жəне Швецияда жалғасты. Осы жерде спортшы секіруден озық өнер көрсетіп, сырғанау техникасы мен жылдамдығын танытуға тырысып бақты. Сөйтіп, жалпы есепте ол жүлделі екінші орынға шықты.

Ауылға келгесін де қарауыл бастығы дамыл тапқан жоқ, жақында Глубокое ауданында өткен Қазақстан чемпионатына қатысты. Арасы үзілмей өткен жарыстардан шаршағанына қарамастан Дмитрий мұнда да өте жақсы нəтиже көрсетіп, күміс медальға ие болды.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

С а м б о с а й ы с ы « Д и н а м о » денешынықтыру қоғамдық бірлестігінің 90 жылдығына орай, сондай-ақ, ар-найы бекітілген жоспарға сəйкес ұйымдастырылған болатын.

Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Дабыржан Тыныбайұлының тікелей қолдауымен дүбірлі додаға орталықтан мен деген мықты палуан-дар қатысып, бақтарын сынға салды. Əскери пəндер жəне денешынықтыру дайындығы циклының бастығы, поли-ция майоры Мырзабай Есімханұлының жаттықтыруымен жарысқа 8 салмақ дəрежесі бойынша балуандар дай-ындалды. Сайысты «Динамо» спорт басқармасының бастығы Н.Князев ашып, былтырғы жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 2-орын алған Оқу орталығының командасына кубок жəне мадақтау қағазын табыстап, алдағы уақытта осы-лай жеңіс тұғырынан көрінетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, ол ішкі істер саласында спортқа ерекше көңіл бөлініп отырғанын, қылмысқа қарсы күресетін тəртіп сақшыларының қандай жағдайға да дайын болу керектігін айтып өтті.

Тартысты əрі қызықты өткен сай-ыста Алматы гарнизоны бойынша 9 команданың ішінен Оқу орталығының самбошылары суырылып шығып, жалпыкомандалық есеп бойынша 2-орынды иеленді. Сайыстың жеке қорытындысына тоқтасақ, 57 келі

Бұл шара қоғамдық бірлестіктің Атырау филиалы кеңесінің 2016 жылға арналған спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі күнтізбелік жос-парына сəйкес өтті.

Кір тасын көтеру сайысына атап айтқанда, Атырау облыстық ІІД, об-лыс бойынша ТЖД, Мақат, Қызылқоға, Жылыой, Махамбет, Исатай, Индер аудандық ішкі істер бөлімдері, Атырау қалалық ІІБ жəне Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының құрама командалары қатысып, тартысты да, қызықты сайыс көрсете білді. Бұл сай-ыста спортшылар 5 салмақ дəрежесі бойынша тартысқа түсті.

«Шын мықтыға тұсау жоқ» дейді дана қазақ. Жиналған көрермендердің

НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ СОҢҒЫ КҮНДЕРІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ІІД КАДР ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ЖЕРГІЛІКТІ БӨЛІНІСТЕРДЕГІ ЖЕКЕ ҚҰРАМНЫҢ КƏСІБИ ҚЫЗМЕТТІК ДАЯРЛЫҒЫНА ЖАУАП БЕРЕТІН КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ.

Кадр жұмысы басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Бауыржан Нұрманов атап өткендей, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кəсіби қызметтік даярлығына, яғни олардың саптық дайындық тұрғысында үлгілі болып, атыс жəне денешынықтыру даярлығы бойынша белгіленген нормативтерді орындай білуіне, экстремалды жағдайлардағы психологиялық тұрақтылығына бірінші кезекте кадр аппараты қызметкерлері жауапты.

Екі күнге созылған оқу-əдістемелік жиынға шақырылған мамандар мен тəжірибелі қызметкерлер, арнайы бөліністердің командирлері ой бөлісіп, тəжірибе алмасып қана қоймай, кəсіби қызметтік даярлық инспекторларынан сынақтар қабылдады.

Кəсіби қызметтік даярлыққа жауапты қызметкерлердің 2015 жылдың қорытындысы бойынша жұмыстарының жəне оқу-əдістемелік жиындағы сынақ тапсыруларының нəтижесі бойынша Қызылорда қалалық ІІБ-ның кəсіби қызметтік даярлық инспекторы, полиция капитаны Артур Нұржановтың, Жалағаш аудандық ІІБ-нің кəсіби қызметтік даярлық аға инспекторы, по-лиция майоры Абзал Сералиевтің, Қазалы аудандық ІІБ-нің кəсіби қызметтік даярлық аға инспекторы, полиция майоры Айбек Алиевтің жақсы жетістіктері аталып өтілді.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Ішкі істер министрлігі жəне «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастығы, əділет генерал-майоры Құсетов Сұлтан Тұралинұлына ағасы

ҚҰСЕТОВ Рамазан Тұралинұлыныңқайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады

Айнұр ҚАБДОЛДАҚЫЗЫ, Көліктегі ІІД

КӨЛІКТЕГІ ІІД БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ЕРЖАН САДЕНОВ СПОРТТА ҮЛКЕН ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ШЫҢҒЫСХАН КЕНЖЕБАЕВТЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ МАРАПАТТАДЫ. ШЫҢҒЫСХАН БИЫЛ 20-23 НАУРЫЗ КҮНДЕРІ АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА МУАЙТАЙДАН (ТАЙБОКС) ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА ӨТКЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА 91 КЕЛІ САЛМАҚ ДƏРЕЖЕСІНДЕ 1-ОРЫН ИЕЛЕНДІ.

Уəлихан МЫРЗАБАЙ, ІІМ-нің Алматы қаласындағы Оқу орталығы

ЖУЫРДА ІІМ-НІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ АЛМАТЫ ГАРНИЗОНЫ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН САМБО ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСЫП, 2-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ.

лиция бөлімінің патрульдік полиция тобының полицейі, полиция кіші сер-жанты. Ол бұл қызметті 2014 жылы тағылымдамашы болып бастап, 2015 жылғы сəуір айында ішкі істер органда-рына қабылданды.

Шыңғысханның айтуынша, оны спортқа ең алғаш 2003 жылы алып келген əкесі Марат Аблаев. Осылайша 12 жасында каратэмен айналысудан бастап, сол уақыттан бері спортты ешқашан жанынан тастаған емес. Ал, 2008 жылы тайбоксқа ауысқан. Жаттықтырушылары – Бақытжан Мұхаметəлиев, Айбат Рахман.

Шыңғысхан қарапайым отбасында тəрбиеленген. Əкесі – көлік жүргізушісі, ал анасы – мұғалім. Өзі 2011 жылы Каспий өңірлік колледжін техник бағдарламашы мамандығы бойынша бітіріп, сол жылы əскер қатарына алы-нады. Ал 2015 жылы Орал қаласындағы Қ а з а қ и н ж е н е р л і к - т е х н и к а л ы қ университетінде құқықтану мамандығы бойынша білімін ұштайды.

Оның ең алғашқы жеңісі 2008 жылы Атырау қаласында өткен қалалық чем-пионаттан басталды. Онда жеңіске

жеткен ол – келесі жылы əлем чем-пионатына қатысты. Бұл жарыс-тар Шыңғысханды биік белестерді бағындыруға итермелегендей еді. 2009 жылы ол Атырау қаласында жастар арасында өткен Қазақстан чемпио-натында 81 келі салмақ дəрежесінде 1-орын алды. Бұл жеңіс оған тың серпіліс берді. Осыдан кейін 2010 жылы Ересектер арасында тайбокстан өткен Қазақстан чемпионатында 81 келі салмақта 1-орынға ие болды. 2015 жылы ІІМ-нің Алматы қаласындағы Оқу орталығында оқып жүрген кезінде Алматы гарнизоны бойынша «Динамо» спорт қоғамы ұйымдастырған құқық қорғау қызметкерлері арасында өткен қоян-қолтық ұрыста 85 келі салмақ дəрежесі бойынша тағы да 1-орынды еншіледі.

Шыңғысханды сөзге тартып, алға қойған жоспарларымен бөл ісуд і сұрадық. Бүгінгі күні жас спортшының болашаққа қойған мақсатына деген табандылығы тұғырлай түскендей. Оның көздегені – 2016 жылы Швецияда өтетін əлем чемпионатына қатысу екен. Қазір қызу дайындық үстінде.

САМБО

ЖҮЛДЕЛІ КУРСАНТТАР

салмақ дəрежесі бойынша 2-орынды Оқу орталығының тыңдаушысы Қ.Рамазан иеленсе, 62 келі салмақ дəрежесі бой-ынша 2-орынды тыңдаушы О.Сугуров, 68 келі салмақта Д.Қамаш, 74 келі салмақта С.Бейсембаев, 82 келі А.Жұмақметовтар ерекше көзге түсті.

Сайыс аяқталғаннан кейін жүлделі орын алған самбошылар мадақтау қағазы, медаль жəне сыйлықтармен м а р а п а т т а л д ы . Ж а л п ы ж а с тыңдаушылардың алдағы уақытта үлкен жарыстарда жүлделі орындардан көріне беретіндігіне сенім мол.

ЖЫЛДЫҢ ЖОСПАРЛЫ ЖАРЫСЫГүлнəзира МҰХТАРОВА, Атырау облысы

ТАЯУДА АТЫРАУЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫН-ДА АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ДИНАМО» ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ СПОРТ ҚОҒАМЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ СПОРТ ЗАЛЫНЫҢ АЛДЫНДА КІР ТАСЫН КӨТЕРУ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН САЙЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

қолдауына ие болған спортшылар жүлделі орындарға таласып, өз арала-рында кім мықты екенін анықтады. Додаға спорт десе ішкен асын жерге қоятын Атырау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командасы да өз үлестерін қосты. Үнемі жаттығу жа-сап, спорттың сан түрімен айналысатын басқарма қызметкерлері үшін бұл жарыс-та жеңіп шығу қиынға түспеді. Жарыс қорытындысында салмақ дəрежелері бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды.

60 келіде Е.Қапсалимов (МКҚБ), 70 келіде Н.Рахимов (МКҚБ), 80 келіде А.Мамбетов (ТЖД), 90 келіде Н.Умаров (Исатай аудандық ІІБ), 90 келіден жоғары салмақ дəрежесінде

Е.Аханов (ТЖД) жеңімпаз атанды. Жалпыкомандалық есепте жүлделі 3-орынды Исатай аудандық ІІБ, 2-орын-ды Атырау облысы бойынша ТЖД, 1-орынды Атырау облысының МКҚБ командасы қанжығаларына байла-ды. Сонымен қатар, қазақ күресі де күнтізбелік жарыстың шырайын ашты. Атырау қалалық ІІБ ғимаратының алаңында жайылған боз к ілемде күреске түскен балуандар тартысты ойын көрсетіп, бақтарын сынады.

Жарыс қорытындысында 3-орын-ды А.Аруов (облыстық ІІД), 2-орынды Д.Балимов (МКҚБ), 1-орынды Н.Ыстыбаев (облыстық ІІД) жеңіп алды. Сондай-ақ, арқан тарту сайысында жалпыкомандалық есепте жүлделі 3-орынды МКҚБ, 2-орын-ды Атырау облыстық ІІД, 1-орынды Мақат аудандық ІІБ командасы иеленді. Жарыс жеңімпаздарын облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қ.Бахтыгереев құттықтап, гра-мотамен жəне де бағалы сыйлықтармен марапаттады.

ӨТКЕН АПТАДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ƏЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕР АРА-СЫНДА ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ АЙҚАСТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ.

Бұл жарыста ЛА-155/8 м е к е м е с і н і ң а т ы н а н шыққан тəрбие жұмыстары жөніндегі бөлімнің инспек-торы, полиция сержан-ты Айнұр Мырзабаева өзі өнер көрсететін 75 келіден жоғары салмақ дəрежесінде жеңімпаз болып, Қазақстан чемпионы атанды.

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 15 ко-м а н д а , 2 5 0 с п о р т ш ы қатысып, бақтарын сына-ды. Спортшылар 9 салмақ дəрежесі бойынша жарыс-ты. Бұл сайыстың өтуіне əкімнің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды өкілдік еткен Оңтүстік Қазақстан облысы əкімдігі, ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің Спорт жəне дене тəрбиесі комитеті, «ҚР Қоян-қолтық айқас федерациясы» ҚБ мұрындық болды.

Қарсыластарының мықтылығына қарамастан Айнұр бар күш-жігер, қайратын жиып, бас жүлде үшін күресті. Енді оны жаңа сынақтар күтіп тұр. Себебі, бұдан соң ол Азия чемпионатында Ұлттық құрама қатарында жəне одан кейін ең мықтылар жиналатын əлем чемпионатында еліміздің намысын қорғамақ.

Біз оның бұл жолы да жеңіспен ораларына сенеміз. Сүйікті əріптесіміз, өз ісінің білгірі, əрі ару қызымыз Айнұрға тек жеңіс тілейміз.

Ж.КУБЕЕВ, Алматы облысы ҚАЖД

Page 8: Сақшы №25 (4191)

СӨЗ СОҢЫ№25 (4191), сейсенбі, 5.04.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 13298Тапсырыс: №2403

Нөмірдің кезекшісі: Айткен ШƏМШІ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

КӨРМЕБАЙҚАУ

ШЕБЕРЛІКТІ ШЫҢДАЙТЫН СЫН «Алаш туы аясында»

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВОйлан, тап!

Мотоспорт түрі

Ақын ... Жароков Толған Қожайын

Омыртқа ауруы Құмар ойын МРП (қазақ)

... қоймасы

Ми бөлігі Жасы үлкен ер адам Дала аңы Мектеп түрі

Қытайдағы ұлт

Қазіргі Куйбышев

Əнші ... Павлиаш-

вилиҮй құсы Жарты оқу

жылыЖыртқыш

балық

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ФОТОЛАР МЕН ҚҰЖАТТАР КӨРМЕСІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ. ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП ОТЫРҒАН БҰЛ ШАРА БАРЫСЫНДА ЖҰРТТЫҢ НАЗАРЫНА ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АРНАУЛЫ МҰРАҒАТЫНДА САҚТАЛҒАН «АЛАШ» ПАРТИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНЫЛУДА.

Облыстық мемлекеттік мұрағат ғимаратында өткен фотоқұжаттық көрме көрнекті қоғам қайраткері Əлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналып отыр. Тұсаукесер сол себепті де «Алаш туы аясында» деп аталады.

Ə.Бөкейхан – «Алаш» партиясы көшбасшыларының бірі. 1917 жылы оның ба-стамасымен Алаш автономиясы жарияланып, үкіметтің жоғарғы органы болып «Алаш Орда» атты уақытша Халық кеңесі тағайындалды. 1919 жылы Алаш Орда большевиктерге қарсы көтерілгенімен оңтайлы нəтижемен аяқталмады. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары автономия үшін күреске қатысы барлардың басым бөлігі қуғын-сүргінге ұшырап, жазаланды.

Əлихан Бөкейхан мен оның жақтастарының қызметі туралы материалдар-мен қоса фотоқұжаттық көрмеде «Алаш» партиясы мүшелерінің «қылмыстық» істерінен материалдар алғаш рет көрсетілді.

«Облыстық мемлекеттік мұрағат сұранысы бойынша Шығыс Қазақстан өңірі аумағында репрессияға ұшыраған «Алаш» партиясының 21 мүшесінің мұрағаттық мəліметтерін ұсындық», – дейді облыстық ІІД Ақпараттық-талдау орталығы мемлекеттік мұрағатының аға инспекторы, полиция майоры Мадина Молдақанова.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органдарынан репрессияға ұшыраған азаматтарға қатысты қылмыстық істер қабылдаған еді. Облыстық ІІД-де 18 мыңнан астам осындай істер сақталуда. Бұл деректермен Ішкі істер министрлігінің Веб-порталында ашылған «Мемориал» арнайы бөлімінде танысуға болады.

Өскемен қаласының Головков көшесі, 26/1 мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық мұрағатының ғимаратында өтіп жатқан фотоқұжаттық көрмеге кез келген адам келе алады. Айта кетейік, көрме ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сотталған адамға ең бірінші көмек қолын созатындар – психологтар. Уақыт өткен сайын біздің қоғамдағы орны айқындалып келе жатқан пси-холог мамандарға қойылатын басты талаптардың бірі – өз мамандығына деген шексіз сүйіспеншілік. Жуырда Алматы қаласы жəне Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің психолог мамандары арасында өткен жарыс психологтардың осындай шеберліктерін сынға салды.

Психология дегеніміз өзінше бір əлем десек, осы бір қыры мен сыры астасып жатқан мамандық иелерінің шеберлігіне баға беру де маңызды. «Үздік пенициаторлық психолог» деген атақ үшін тартысқа түскен мамандар байқауының қазылар алқасына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің теориялық жəне практикалық психология кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы Алма Ақажанова төрағалық етті. Психологиялық денсаулық орталығының психологтары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған қазылар алқасы түрме психологтарының қиын да қызықты жұмыстарын барынша əділ бағалауға тырысты.

Жалпы, бұл жарыста жеңілу де-ген ұғым жоқ, өйткені түрме психо-логы болудың өзі жеңіс. Небір жан түршігетін қылмыс жасаған адаммен бетпе-бет отырып жұмыс жасап қана қоймай оның жан дүниесіне бойлап, оны өзгертуге жанын салатын түрме психологтарының жұмысы оңай емес. «Үздік пенициаторлық психолог»

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

БАС ЕРКІНЕН АЙЫРЫЛҒАН АДАМНЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІНДЕГІ АЛАПАТ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТАР ҚАПАСҚА ҚАМАЛҒАН АДАМНАН АРТЫҚ ЕШКІМ СЕЗІНЕ АЛМАСЫ АНЫҚ. «БҰЛ ӨМІРДЕ ЖАСАҒАН ҚИЯНАТЫҢ О ДҮНИЕГЕ КЕТПЕЙДІ» ДЕГЕН ТƏМСІЛГЕ БОЙ ҰСЫНСАҚ ЖАРЫҚ ДҮНИЕДЕ ЖАСАҒАН ЖАУЫЗДЫҚТЫҢ ӨТЕУІ – ЖАЗА.

ҚР ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ҚОҒАМЫНЫҢ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАСПАНАСЫЗ ҚАҢҒЫП ЖҮРГЕНДЕР УАҚЫТША ПАНАЛАҒАН АРНАЙЫ МЕКЕМЕГЕ БАРЫП ҚАЙТТЫ.

Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар түнеуге арналған бұл орын қақаған қыстың үш айында баспанасыз жүргендер үшін үлкен көмек болды. Полиция қызметкерлері үйсіз-күйсіз қаңғып жүрген қаңғыбастарды қаланың қуыс-қуысындағы құдықтардан, жертөлелерден, жылу құбырларынан жинап алып келіп жүрді. Əлеуметтік қызметтер қаңғыбастарды емдеп, төсек жабдықтарымен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Ал таяуда оларға ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамы облыстық филиалының қызметкерлері келіп, жағдайларын көзбен көріп, көмек көрсетті. Мекеме тұрғындарының сұрауы бойынша қаңғыбастарға азық-түлік, аяқ киімдер мен жылы киімдер əкелді. Əкелінген заттардың ішінде күртешелер мен жылы галош-тар үлкен сұранысқа ие.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Оразалин мен Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Айтбаев қайырымдылық ұйымының жетекшісі Сəуле Оразоваға алғыстарын білдірді. Қоғамның бас маманы Айнаш Садықованың айтуынша, осы жолы мұнда көбіне көктемгі суық кезінде киюге арналған жылы киімдер əкелінген. Жыл басынан бері бұл мекемеге 300-ден астам адам келген. Олардың кейбіреуі мұнда апталап тұрады. Олардың тəртібі мен тыныштығына Петропавл қалалық ІІБ тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған қабылдап-тарату бөлімінің қызметкерлері бақылау жасайды. Мұндағылардың əрқайсысына азық-түлік салынған себеттер табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар түнеуге арналған бұл орын облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Білəловтің бас-тамасымен ашылған болатын. Аязды күндері баспанасыз жүрген тұлғалардың ешқайсысы суықтан зардап шекпеді – ал бұл өз кезегінде жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің жұмысындағы бір жетістік. Мекеме көпшілігі үшін тек түнеуге арналған орын ғана емес, күнделікті баспана да болып кеткен.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

ХАБАРЛАНДЫРУІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі поли-

ция полкі қатардағы жəне кіші басшы құрам жəне орта басшы құрамның бос лауазымдарына байқау жариялайды.

Қызмет инспекторы, C-SSP-8 санаты, 68 бірлік, С-SV-12 санаты, 15 бірлік.Лауазымдық жалақысы

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты

min maxC-SSP-8 44884 60859С-SV-12 40359 54453

Функционалдық м індеттер і : Азаматтардың жеке жəне мүліктік қау іпс і зд і г ін қамтамасыз ету , қоғамдық тəртіпті қорғау жəне қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыс

байқауына қатысушылар үш кезең бой-ынша жарысқа түсті.

Бірінші кезең – психологтардың өздерін жəне өзі қызмет атқаратын мекемен і таныстыруы . Өздер ін таныстыруға шыққан психологтар, мекеме туралы түсірілген бейнеролик-терге де барынша түсінік берді. Бұл кезеңнің беташарын:

Армысыздар əріптес қазыларым,Психологтар сайыста сынар бағын.Кетейін мен өзімді таныстырып,Көрермен қошеметпен қабыл алғын,

– деп бастаған ЛА-155/1 мекемесінің инспектор-психологы, əділет лейтенан-ты Гүлнар Тохтахунованың өлеңін осы мекеменің психологы Жазира Ақан да:

Ар-намыстан жаралған қазағымның,Қ а р с ы а л ы ң ы з қ ұ л п ы р ғ а н

қызғалдағын.Сəуле шашқан көктемнің шуағындайЖазира атты психолог қыздарыңмын,

– деп өлеңмен жалғастырды. Бұдан əрі қарай таныстыруды бірінен кейін бірі іліп алып кеткен психологтар өз мекемелерінің ерекшеліктері мен табыс-тарын тілге тиек етті. Бұл орайда қазылар алқасының талабы – əр мекеменің аты-нан сайысқа түскен психологтардың та-ныстыруды қысқа да нұсқа əрі маңызды етіп жеткізулері болды.

Байқаудың екінші кезеңінде пси-хологтар залдағы көрермендермен жəне жанкүйерлермен психологиялық тренингтер өткізді жəне қазылар алқасы тарапынан берілген тапсыр-маларды орындады. Мұндағы мақсат – түрме психологтарының теориялық білімдерін тексеру еді. Көрермендер

салған суреттер арқылы сол адамның мінез-құлқына, психологиялық ойлау жүйесіне сипаттама беру қаншалықты күрделі тапсырма болғанмен, əрбір сайыскер күнделікті жұмыс барысын-да жинақтаған тəжірибесімен бірге теориялық білімін де шебер көрсете білді.

Сайыстың үшінші сатысында əрбір мекемедегі психолог бұрышының безендірілуі, релаксация бөлмелерінің жарақтандырылуы жəне қызметтік құжаттарды толтыру сауаттылығы жағынан жарысқа түсті. Бүгінде психо-логия саласы жыл сайын жетіле түсуде. Əртүрлі əдістерді қолдана отырып адам санасына əсер етуде релакса-ция бөлмелерінің алар орны ерек-ше. Жарысқа қатысушылар осындай бөлмелердің сотталғандардың жан дүниесіне əсер етудегі маңыздылығын барынша ашып көрсетуге тырысты.

Сайыс қорытындысын шығарған қазылар алқасы қыры мен сыры көп психолог мамандығын меңгерген мамандардың шеберлігін əділ бағалап, б ір інш і орынды ЛА-155/6 түзеу мекемесінің аға инспектор-психологы, əділет капитаны Людмила Беличенкоға беруді ұйғарды. Людмила Петровнаның Алматы қаласындағы ЛА-155/6 бала-лар колониясында маман-психолог болып еңбек етіп келе жатқанына алты жылдан асыпты. Колонияда əртүрлі ауыр қылмыс жасаған балалар жазасын өтейді. Олардың санасына тəрбие сіңіру, психологиясына оңды ықпал ету үшін айтарлықтай кəсіби шеберлік қажет. Психолог Людмила Беличенко сайыс барысында осындай қиын балалардың жан дүниесін зерт-тей жүріп өмір тəжірибесін жинақтаған маман екенін толық көрсете білді. «Үздік пенициаторлық психолог» байқауының екінші жəне үшінші орын-дарын Талдықорған қаласындағы ЛА-155/16 түзеу мекемесінің психо-логтары Гүлсім Мешелова мен Зухра Сырмақбаева жеңіп алды. Негізінде тергеу изоляторының психологтарына түсетін күш салмақтырақ. Өйткені, қандай бір қылмыс жасаған, оның ішінде бірінші рет бас бостандығынан айырылған адамдар алғашқы уақытта жанкүйзеліс іне тез беріледі . Ал, соттың үкімі шығып, əртүрлі режимдегі колонияларға барған кезде сотталғандар тағдырдың салғанына мойынсұнып, қолмен істеген қылмыстары үшін тағайындалған жазаны мойынмен көтеруге көндігіп қалады. Үздік психо-логтар Г.Мешелова мен З.Сырмақбаева осындай жауапкершіліктің жүгін абы-роймен арқалап жүрген мамандар екенін танытты.

Жеңімпаз психологтар грамоталар жəне ақшалай сыйлықтармен марапат-талды.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Қызыл Жарты Айдың жарығы

жəне əкімшілік бұзушылықтың алдын алу жəне болдырмау, қылмысты ашуға жəне қылмыскерлерді ұстауға қатысу.

Қойылатын басты талап – қатардағы жəне кіші басшы құрам лауазымдарына

жиырма бес жастан аспаған, орта басшы құрам лауазымдарына отыз бес жастан аспаған, бойы 170-тен кем емес, тиісті білімі бар жəне мерзімді əскери қызмет өткерген азаматтар немесе əскери-оқыту резервін даяр-лау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өткен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мерзімді əскери қызметке шақырудан босатылған не-месе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Иманов көшесі 21, телефон: 20-19-65, 87015593981;

8775331113; 87788888882 кадр жұмысы бөлімшесі.